Айтыскер ақын Самархан
Т. Сүгірбаев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Айтыскер ақын Самархан. Т. Сүгірбаев
САМАРХАН ЖҰМАДИҰЛЫ
Қазақ ұлды болса «ұрпағым, өмірім жалғасады» деп, қызды болса «өрісім, қонысым кеңейеді» деп қуанған. Осы біздің облысымызда талай ұлдар мен қыздар осы фәни дүниеге келді, бақи дүниеге кетті. Өмір заңы осылай, осылай жалғаса береді. Есіл топырағында дүниеге келген осындай азаматтардың бірі облысқа белгілі ақын Самархан Жұмадиев еді. Ол 1900 жылы Петропавл уезі Жамантұз болысы Бәйгісі ауылында (қазіргі Есіл ауданы Қарағаш ауылының маңайы) кедей шаруа отбасында туған. 1910- 1915 жылдары туған ауылында молдадан білім алған. Ал, 1916-1924 жылдары Жамантұз болысында Иванов, Чунаев деген бай-кулактарда жалшы болып істеген. Жалшылықтан құтылғаннан кейін Ақмола губерниялық әкімшілік бөліміне милиционер болып орналасады. Міне осы 1924 жылдан бастап Самархан атамыз өмірінің 16 жылын тәртіп сақтау саласына арнайды. Бір жылдай Бейнетқор болысында аға милиционер, содан кейін Қызыләскер, Төңкеріс болыстарының милиция- сының бастығы болады. Төңкеріс аудандық милициясын басқарган жылдары Самархан атаның Сәбит Мұқановтың Мәриям апайға үйленуіне де септігі тиген екен. Ол жөнінде атақты жазушы өзінің «Есею жылдары» атты кітабында былай деп жазады: ...Ойым осылай толқыған мен: -Нар тәуекел! - дедім Баязитке. - Жіберейік милиционерді! Қасына сенімді адам қосай.
-Кімді?
-Имақ Тоқпановты.
-Білем. Бірінші ауыл советтің председателі. Қолайлы адам. Аудандық милиция начальнигі - Самархан Жумадиев дейтін, кіші милиционер Қасым Сәдуақасов дейтін жігіттер болатын. Екеуі де көңілді, ойнарқы адамдар. Болыстықаткомжумсаған Самархан, Қасым, Имақ - үшеуі кешке аттанып, ертеңіне ертемен қызды алды да келді. (179-180 беттер). 1928 жылдың мамырынан 1931 жылдың жел- тоқсанына дейін Төңкеріс ауданы кредиттік серіктестігінің төрағасы қызметін атқарды. Одан кейін екі жыл осы ауданның милиция бөлімінің уәкілі болған. Өзбекістанның Қоқанд қаласындағы милиция басшыларын дайындайтын арнаулы мектепті бітір- геннен кейін Октябрь аудандық милиция бөлімінің бастығы болып екі жыл істейді.1936 жылдың ақпа- нынан 1939 жылдың қаңтарына дейін Қарағанды облысының Есіл аудандық милиция белімініңбастығы болды. Бұдан кейін Баян орта мектебінде мүғалім, Преснов аудандық коммуналдық шаруашылықтың меңгерушісі қызметтерін атқарған. ¥лы Отан соғысы басталғанда майданға аттанып, елге тек 1945 жылдың қыркүйегінде оралды. Соғыстан кейінгі кезде Преснов аудандық мемлекеттік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Баян селолық Кеңесінде, Октябрь орман шаруашылығы мекемесінде әр түрлі қызметтер атқарып, 1955 жылы денсаулығына байланысты зейнеткерлікдемалысқа шыққан. Зейнеткерлікке шыққан соңайтысқа қатысып, талай тарлан ақындармен сөз жарыстырған Самархан атамыздың шығармашылығы да жан-жақты. Ол кісі өте турашыл, бетке айтып салатын жан еді. Оның бойында біреуге жағыну, жалпаю, кішірею деген сияқты қасиеттер мүлдем болмайтын. Ел аузындағы аңыздарды, шежірені, халықтың мақал-мәтелдерін молынан білетін. Елдің, ағайынныңбірлігін айтып отыратын. Будан 50 жыл бұрын Баян және Киров атындағы колхоз ақындарыныңайтысы болды. Айтысқа «Баян» колхозынан Самархан атамыз, Киров атындағы колхоздан Сұлтан Қанафин түсті. Айтыс екі колхоздың экономикасы мен мәдениетін нығайтуға бағытталған сын дәрежесінде аса қызықты болып өтті. Екі ақынның сөзінде көңілге қонымды, құлаққа ұғымды ұзақ ойда қаларлық, біздің халқымыздың табыстары туралы және сынға арналған сөздер көп- ақ. Екеуі де өздерінің ақындық өнерін ұжымдардағы жетістіктер мен кемшіліктерді ашып көрсетуге арнаған. Олардың айтысымен таныса отырып, ой дәлдігін, сөз шеберлігін айқын аңғарамыз. Самархан ақын айтыс үстінде Баян ұжымшары еңбекшілерінің шаруашылық және мәдениет саласындағы тамаша табыстарын, өмірімізде, адамдар арасында кездесетін көптеген кемшіліктерді жұрт- шылық алдында, поэзиялық өнер таласы үстінде көрсетіп берді. Бүгінгі және келер үрпақ еліміздің өткен тарихын тереңірек білсін деген мақсатпен осы айтысты бүл кітапта жариялап отырмыз. Осы жылдары облысымызда ауданаралық ақындар айтысы өткізіле бастады. Сондай айтыстардың бірі Преснов және Октябрь аудандарының ділмар шешендерінің арасында да болған еді. Олардың көркем сөзінен екі ауданда істеліп жатқан тамаша істерді кө- реміз. Озат сауыншы, үздік диханшы, таяғы қут шопан, жылқышы есімдерін естиміз. Мәдениетті, ауқатты ауыл-село емірінің көркем суреті алдымыздан елес беріп етеді. Шымшыма тілді, әр сөзі юморға толы Самархан ақын Преснов ауданының еңбеккер ұл-қыздарын мақтай отырып, Октябрь ауданының кейбір адамдарының көңіл толмас, жүрдім-бардым істерін қатаң сынға алады. Ол әсіресе, жүгері егу, тың көтеру мәселелеріне ерекше маңыз бере отырып, Октябрь ауданының шаруашылықтың осы саласындағы кейбір кемшіліктерін сынап өтеді. Ақын атамыз сонымен қатар Отанымызды ңәрбір кезеңдегі емір шындығын шамасы келгенше осы айтыста көрсетуге тырысқан. Ол елімізде болып жатқан тамаша жетістіктерді, еңбекшілердің өміріндегі айтақаларлықтай жаңалықтарды, ел ерлерінің, ғалымдардың табыстарын жырлайды, олардың игілікті істеріне үн қосады. 1962 жылы облыс ақындарының Қазақстанның 40 жылдық мерекесі қүрметіне арналған айтысы болған еді. Самархан атамыз осы үлкен дүбірде Преснов ауданыныңтабыстарын көрсетіп, аудан намысын қорғау үшін айтысқа түсті. Ол аудан еңбекшілерінің табыстарын, салтанатты тұрмыстарын халық алдында паш етті. Және қарсылас ауданның кейбір кемшіліктерін мықтап сынады. Мәселен, өткен қыстағы кейбір колхоздарда мал азығының жетіспеуі, мал қораларының қысқа ұқыпсыз дайындалғандығы, соның салдарынан оларда мал басының едәуір кемігендігі ақын сынына ұшырады. Сонымен бірге көктем егісі кезінде кейбір жерлерде техниканың сапасыз пайдаланғандығы, астық тұқымының шығынға ұшырауы қарсыласақынды топ алдында қызартты. Кейбір колхоз, совхоз басшыларының, малшылар мен егіншілердің ішкілік салдарынан өзінің қоғамдық міндетін атқаруға немкетті қарауы олардың қатты ұялуына себеп болды. Ақын осындай кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмауымыз керек, біз әрқайсымыз өз орнымызда тамаша еңбек табысына жетіп, саналылығымызды өміріміздің талаптарына сай көтере беруіміз керек дейді. Самархан ақын келешекте өзі айтысатын ауданға сапарға шығып, ондағы шаруа жайымен танысып, нақты өмір фактілерін айтыс объектісіне айналдыруды дәстүрге енгізді. Еркін ойлайтын, батыл айтатын, бетінен ешкім қақпаған кең тынысты ақын еді. Ол қоғамдық, әлеуметтік саладағы көлеңкелі тұстарды дөп басып, дәл танып, жетер жеріне жеткізіп айтуға тырысты. Жеткізіп айтты да. Самархан ел өмірі-не қатысты кемшіліктерді айта қалса, жүрт қолдап отыр- ды. Бұл оныңел алдындағы беделін көтерді. Бір сөзбен айтқанда, айтысып отырған ақынға мін тақпай, ел ішіндегі келеңсіз құбылыстарды да дәл басып, тайға таңба басқандай қылып, маңдайға урып отырып айта білу Самарханға тән қасиет. Ақынның осы кітапта жарияланған айтыстарын оқып отырғанда оның егіншілермен малшылар арасында көп болғандығын, сол еңбек адамдарының ісін, сезімін терең білетіндігін айқын көреміз. Айтыстарында колхоздар мен совхоздарды ңегіс даласындағы, мал фермаларындағы еңбек адамдарының ісін, сезімін жырлайды. Самархан атамыз қолына қалам үстап, өлең шығара бастағаннан бері туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті негізгі тақырып етеді. Елімізде болып жатқан үлан асыр өзгерістерге үн қосып, халқымызбен бірге болды. Облыс, аудан көлемінде үйымдастырылған түрлі мәдени шараларға қатысып, азаматтық танытатын. Апқалы жиындардың шырайын арттырып отыратын. Иә, Самархан жүрегін кернеген сезімдерін жырмен өрнектеп, ақын атанды. Ол өзін толқытқан, тебіренткен жәйттерді езінің бар көңіл-күйімен сезім серпілісін өлең жолдарымен бейнелеп айтып берді. Сондықтан да оның жырлары жүрекке жақын, ойлы, мағыналы, сырлы болып келеді. Жалпы Самархан өлеңдері өзінің өмірге қоян-қолтық жақындығымен өзгеше бағалы. Қазақта «Тау алыстаған сайын асқақтай түседі» деген сөз бар. Табиғаттың заңы арамыздан Самархан атамызды алып кеткелі де 39 жыл болған екен. Міне содан бері оның азаматтық кескін-келбеті, бітім-болмысы айқындала түсіп, өмірде жасаған тірлігі, артына қалдырған ізі кейінгі ұрпаққа аманат болып қалып, оның дәстүрлі өнерін жалғастырушылар көптен саналып жатыр. Артында ізі қалды деген бәлкім осы да шығар. Бұл жақсылық, әрине. Оныңтастап кеткен өнері өзіне соғылған ескірткіштей уақыт өткен сайын жарқырай, асқақтай түсуде. Өзіне өте үлкен талаппен қарап, алға қойған мақсатына жету жолында аянбай еңбек ету қажет екенін жақсы ұғынғандықтан да болар, жұбайы Бөпей екеуі дүниеге әкелген 7 баласының тәрбиесіне де мұқият қарайтын. Осындай әке-шешенің мейірім шапағатынан, тәрбиесінен алған үлгі-енегені балалары емірлеріне азықетіп келеді. Самекеңні ңемірінің, қалдырған ізініңқаншалықты мағыналы екендігін бұл күндері ұғынып жатырмыз. Осығай орай Қазыбек бидің: Уа, сұңқарымыз тұғырдан ұшты, Салмағы келіп сізге түсті. Бәрінен тағдырдың жазмышы күшті, Сүңқар ұшып, тұғыр қалды. Ақыры соңында ұл-қызы қалды, Өткеннің берекелі ісі мен игі ізі қалды, - деп айтқан сөзі еске түседі. Иә, Самарханның артында ұлдары мен қыздары, өнегесі, мағыналы өмірі, игі істері қалды. Артында өсіп- өнген ұрпақтары бар. Бул күндері олар жарасымды өмір сүріп, алды зейнеткерлікке шығып, кейінгілері еңбекетуде, білім шыңына шығуда. «Өлді деуге бола ма, айтыңцаршы, Өлмейтуғын артында сез қалдырған?!» - деген Абайдың дана сезін Самархан атамызға қаратып айтса жарасады. Өйткені оны жерлестері ардақтап, ел ағасы ретінде, айтыс ақыны ретінде жүректерінде сақтайды. Ол аталы сөз айтты, артына өнегелі сез қалдырды. Осы кітап беттерінде облыстың кернекті ақыны Самархан туралы, оныңөнері туралы сағынышқа толы ой-пікірлер, естеліктер айтылды. Ал айтылмаған, алайда айтылатын әңгіме-сыр қаншама әлі?! Ақын атамыздың артында айтыстары, елеңдері қалды. Соларды келер үрпаққа жеткізсек, соларды бүгінгі жастар білсе деген ниет осы кітаптың беттерінен табылып жатса, алдымызға қойған мақсатымыздың орындалғаны.
Таңат Сүгірбаев.
АЙТЫСТАРЫ МЕН ӨЛЕҢДЕРІ
ІІ
"БАЯН" ЖӘНЕ КИРОВ КОЛХОЗДАРЫ АҚЫНДАРЫНЫҢ АЙТЫСЫ
1958 жылы "Баян" және Киров атындағы колхоз ақындарының айтысы болып өтті. Айтысқа "Баян" колхозынан Самархан Жұмадиев, Киров атындағы колхоздан Сұлтан Қанафин түсті. Айтыс екі колхоздың экономикасы мен мәдениетін нығайтуға бағытталған сын дәрежесінде аса қызықты болып өтті. Бүгінгі және келер үрпақ аулымыздың өткен тарихын тереңірек білсін деген мақсатпен осы айтысты төменде оқырманға үсынып отырмыз.
Самархан:
Ал енді шырқашы бір шаттықжырым,
Аузымнан ақтарылсын абзал сырым.
Алдына сәлем беріп бас иемін,
Бас қосқан әр тараптан тойшыл жиын.
Өлеңмен мерекеңе шашу шашам,
Қабыл ал қартжүректен тартқан сыйым.
Тасқындап келіп қалған өлең шіркін,
Серпілтті қозғау салып көңіл күйін.
Мен кеше ескі өмірді көзбен көрдім,
Былайша екі заман куәсімін.
Бастаған табыстардан табыстарға
Арнаймын партияға сөз асылын.
Айтысу үлы жиын мерекеде,
Жол қалған ақындардан бүдан бүрын.
Ескі ақын зар илесе байды мақтап,
Біз міне бастамақпыз жаңа түрін.
Көркейген дәулеті мол колхоз "Баян"
Ежелден атақты ол сіздерге аян.
Табысын жаңа жылдың таныстырып,
Мен дағы өлеңменен жұртқа жаям.
Пәрменді қарқынменен өрге тартып,
Атағы елімізге болған аян.
Мадақтап табыстарды жырға қосып,
Даңқыңды асырайын келсе шамам.
Байлық пен мәдениет егіз өсіп,
Дамыған колхозыма мақтана алам.
Сүлтаным ілеспейсің шаңыма да,
Әлі көп теңесуге бізге саған.
Қырық жылды қарсы алдық табыспенен,
Өрлеп өсіп барамыз шабыспенен,
Партияның міндеті алға қойған,
Әдетте озып шығу жарыспенен.
Батыр бар Алиакпар Еңбек Ері,
Озат үздік еңбектің кемеңгері,
Пар мен зябьтыңжоспарын орындадық,
Бізде дайын егістің көктем жері.
Тазарып тұқым тегіс болды дайын,
Бітік өнім аламыз жыл-жыл сайын.
Маман барҒарып, Данил, Оразбайдай,
Ертеден білетұғын жұмыс жайын.
Бізде жақсы қолдағы малдың күйі.
Салынған мал басына көркем үйі,
Дүрыстап қоғам малын бақылауға
Арналған әр адамның еңбек сыйы.
Озат бар Фрида, Мина сиыр сауған,
Сиыр сүті бүлақтай аққан таудан.
Алдыңғы қатардағы сауыншы деп,
Бүларды бағалайды біздің аудан.
Малшы бар Еслям, Шөкеш, Есембайдай,
Үздіксіз мал бағады қысы-жаздай,
Жылқышы Әбділдәға толды отыз жыл,
Айтшы сен бар ма озатың міне осындай?
Жетеміз қашандағы қойған сертке,
Ақылдасып істейміз қалың көпке.
Семіртіп жақсы семіз күйіменен
Қой мен сиыр малдарын бердім етке
Бордақы етке шошқа дайындаймыз,
Әр істі алдын ойлап байымдаймыз.
Міндетген партиямыз алға қойған,
Болса да қиын жүмыс тайынбаймыз.
Қазылды екі қүдықжетпіс мыңға,
Колхозшы жарып қалды ауыз суға.
Қазылған қүдықтарың қатып қалды,
Қалайша үялмайсың осы сынға?
Жыл сайын молаяды малдыңбасы,
Қаланған қосылумен ірге тасы,
Міндетті артығымен орындауға
Колхоздың еңбек істер кәрі-жасы.
Біз бардық колхозыңмен танысуға,
Үлгісін озаттардыңалысуға.
Колхозыңныңжетістігін сал ортаға,
Біз дайын көп жыл бойы жарысуға.
Көруге өте нашар қойдың базы,
Белшеден тазармаған оның сазы.
Бастықтар баз салуды ойламаған,
Белгісіз етіп кеткен күнніңжазы.
Баз емес мұның өзі ескі қора,
Шіруден қисайып тұр көп жыл тұра,
Жиырма жыл балшық ірге қаланғанға,
Нанбасаң Қали қарттан барып сұра.
Орын жоқ жас төлдерге салған арнап,
Қойлар жүр су іше алмай күртік қарлап,
Малшыларға қоныс жоқ мал басында,
Қайтады кешке жақын өгіз парлап.
Сұлтан:
Ақынның қалай жыры төгілмесін,
Өрнектер жөні келді сөз үйлесін!
Менімен айтысуға ниет етсең,
Айтып бер шаруаңның бар жүйесін.
Ақынды ұнатушы ем шындықты айтқан.
Жұртшылық сынап отыр екі жақтан.
Көзге түсер жетістік қандай еді.
Құлағыма кірмейді ұсақ мақтан.
Тақылдар айтыс десе біздің таңдай,
Шертейін домбырамды саусақ талмай.
Көзі бар жан көреді жетістікті.
Колхозым кеше қандай, бүгін қандай.
Әр үйде Ильич шамы жарқыраған,
Радио өмір сәні саңқылдаған.
Техника істейді бар шаруамды.
Еселеп өнім беріп қарқындаған.
Ертеден іргелі елсің колхоз «Баян»,
Байлығыңсол кезден-ақ жүртқа аян,
Өзін теңдес колхоздан қалып қойдың,
Қарқының өте баяу, өгіз аяң.
Ақыным дәріптеме «Баяныңды»,
Қайталап айта берме баяғыңцы.
Аз жылда қуып жетіп басып оздым,
Жеткің келсе, пысық бас аяғыңды.
Өлеңің болып кетті қу сылдыр сөз,
Әділ сынды айтайын оған да төз.
Үш жылдай артта қалдың сүт сауудан,
Себебін көпшілікке түсіндір тез!
Алдыңдар жетпіс мыңға бүзау қора,
Ағашы екі жылда болды дода.
Ақыры кеңсе қылып көтердіңдер,
Байыпсыз бастықтардың ісі бү да.
Қүрылыс ісі сөз болмаған кеңесіңде,
Ақыным төзе алмайсың егесіме,
Бір кеңсеге жетпіс мың табыс кетсе,
Еңбеккүнге жанқасын бөлесің бе?
Кемшілік бүл салада жатыр толып,
Кетіпті басшыларың салақ болып,
Сығылысып отырсыңдар сондықтан да
Советтің кеңсесіне қоңсы қонып.
Мақтанып қүр бекерге сөз қозғайсың,
Орныңнан жөнді ілгері қозғалмайсың,
Бізбенен жарысқалы он жыл болды,
Тым болмаса бірер жыл неге озбайсың.
Алиакпар асып шыққан Еңбек Ерің,
Сүйінетін оған бар әбден жөнің.
Ер болып Калмыковым шықпады ма
Сондықтан мақтанады меніңелім.
Еңбек сүйгіш озаттар бізде де бар,
Жас түгіл жай отырмас кемпір мен шал,
Апса Ленин орденін Оразбайың,
Төсіне Хамитымның кезіңді сал!
Ағызды сүттен өзен Моор Фрида,
Өлке, облыс, ауданым түгел риза!
Жетпіске жасы жеткен Жылқыбайым
Шүйгіп жүр сиыр бағып сыйдан-сыйға.
Атасы жүгерінің Иван қартым
Тыңдамай табиғаттыңешбір шартын.
Келелі еңбегімен көрсетуде
Мичуриндік ілімнің салтанатын.
Бойымды билей бермек шабыт жігер,
Өз бойымнан шығады талай өнер,
Еңбегі бағаланып орден алды,
Маршалы машинаныңер Майснер.
Самархан:
Мастанбаймыз табысқа, Кетсе де атақ алысқа.
Қалыспаймыз қатардан, Бейбіт өмір жарыста.
Ауырлықжоқ істеуге,
Жұмысқа бұрын танысқа.
Еңбекке толық қатысып
Жол бермейміз қалысқа.
Еңбекке тегіс барамыз,
Өнімді көптеп аламыз.
Толықсиды егінмен,
¥лан байтақ даламыз.
Бытыраңқы ауылдан
Орнады біздің қаламыз.
Адымдап аяқ басамыз,
Аққан судай тасамыз,
Ілгері кеткен елдерді,
Қуып жетіп асамыз.
Партия қойған міндетке,
Үлесті біз де қосамыз.
Бастаған бізді жеңіске,
Компартия жасаңыз!
Кездесіп екі колхоз тойымызда,
Сақталсын күш-жігерің бойыңызда.
Міндетті алға қойған орындаңцар.
Ашылған кемшілікті жойыңыз да.
Бұрылмай қызмет істе түзу жолдан,
Жұмыс жоқ келмейтұғын біздің қолдан.
Отанның қырық жылдық дәуірінде.
Құтылдық артта қалу ескі сордан
Мен еліңе барғанда анықтағам,
Ойланып көрген істі нарықтағам.
Кей енжар салақтардың кеселінен,
Фермада жетпіс тайша арықтаған.
Шалыға тайшаларды қойған қамап,
Іргесін бекітіпті қармен қалап.
Көтеріп мұрнын көкке қарасады,
Тұрғандай бәрі бірдей жұлдыз санап.
Шөбің мол колхозыңда, малың арық,
Көрдің бе малдың жайын өзің барып.
Кейбір малдың күйлері өте төмен,
Басқармаң да салмай жүр оған парық.
Шыдамас арық тайша зорлығыңа,
Көнбейді мал да болса қорлығыңа,
Қорапқа шөпті басып кетті Тоқаш,
Бүлардың кім жол берді үрлығына.
Үш сиыр көтеремнен түра алмайды,
Сылдыр сөз өлең болып қүралмайды,
Аз күнде өлуге түр жануарлар,
Бүл неге малшылардан сұралмайды?
Отанныңжер серігі аспанда үшқан,
Халықтың арманы еді көп жыл тосқан,
Табысқа табыспенен жауал беріп,
Миллиард пүт астық бермек Қазақстан.
Екі жүз жетпіс мың пүт міндетке алдық,
Үлесі біздің колхоз оған қосқан.
Іргелес колхоз едің ерте күннен
Айта бер табысыңды бізден асқан.
Жүмыста кемшілік бар, Сүлтан көрші
Шындықты бетіне айтқан болмас ерсі.
Тізбектеп бәрін бірдей айта берсем
Есімнің терлемей ме маңдай терісі!
Түсінген айтқан сыннан алар сабақ
Жоялық кемшілікті шытпай қабақ,
Бірлесіп кепшілікпен жумыс қылса,
Колхозда орын теппес арам тамақ.
Іргелес елің жақын көрісерміз,
Үлгісін озаттардыңбелісерміз.
Бегет болып ауыр жүмыс туа қалса,
Күш қосып екі колхоз жеңісерміз.
Бар болса сал ортаға табысыңды,
Мен дағы бере алмаймын намысымды.
Жаңадан орта мектеп салмақ болып,
Дайындап қойдым керек қамысымды.
Қасқырды асырадың қүлын сойып,
Бағусыз малды жеді қасқыр тойып,
Он екі жас қүлынын шаруаның
Жібердің ерте күннен басып жойып.
Еңбекке қатыспайды Аққу, Бикен
Енбексізге біздерде алғыс-сый кем.
Жиырма әйел минимум еңбектаппай отыр,
Жүмысқа бола алмай жүр олар икем.
Еңбектен қалыспайды Қажыкен қартым,
Әр сөзді айту керек ойлап артып,
Ақыным, жеңемін деп үміт қылма,
Оздырмау, таласқанда ескі салтым.
Сұлтан:
Желіні сиырымның жер тіледі,
Әр емшегі тонна сүт келтіреді.
Ауыспалы Қызыл Ту шашағымен
Бақташым адал теріп желпінеді.
Семіздігін сиырымныңосыдан біл,
Аяғын екі аттаса ентігеді.
Күтімін осылайша келістірген
Сиыршы еңбеккер үл Петр еді.
Біздің мал сіздің малға үқсамайды,
Ойнақтап тана тайыншам секіреді.
Сендердей сары жамбас бір сиыр жоқ,
Төсегі астындағы көпіреді.
Бір айда үш сиырың өліп қалған,
Ажалға олар қалай шетінеді.
Күрк-күрк етіп көп бүзау жөтеледі,
Ала өкпеден сау ма еді көкірегі?
Бұзаутаз төлдеріңде қаптап кеткен,
Жазылып олар қашан жетіледі?
Бүл қылығы ай сайын қайталанса,
Түбінде Хайрудтинов өкінеді!
Жылқы жайын айтайын, енді сақтан,
Ала көнек бием бар түлпар тапқан.
Ер қанаты ат деген сөз рас боп,
Зәрулік көрмеді елім мінер аттан.
Шабдарды, сүр атпенен білесің бе?
Шаппай бер сәйгүлігің бірге шапқан!
Екі бірдей аттарың артта қалып,
Тұлпардың серпінінің шаңын қапқан.
Тегінде жылқы малын жек көресің,
Жал, жая, қазы майын жеп көресің,
Жоспарға отыз жылқың жетпесе де,
Жылқы санын өзіңше көп көресің.
Жеткіздікжылқы санын нысанаға,
Айтысқан ақынға бұл зор сыбаға.
Күтімін жылқылардың әбден білген,
Колхозда Хамза дейтін Қамбар ата.
Қой базым Қосыбайдың саласында,
Жел өтпес қалың нудың арасында.
Қыс емес күз тартқанбыз жемшөптерін,
Үюлі жақын тұрар қорасына.
Жүз қойдан жүз жиырма бес қозы алмақшы
Исенов, Бекішовтай шопандарым.
Әр қойдан 3 килодан жүн бермекші,
"Баянда,: бар ма ондай адамдарың?
Сендер бізге ешқашан күлмейсіңдер,
Айтар ек "қой бағуды білмейсіңдер!"
Кейбірінжылтыр қарын мәрбас қылып,
Тырбитып қойларыңды жүндейсіңдер.
Қораңда қойдыңжүні жатыр қоқып,
Ақылды алар кім бар мыйға тоқып,
Қой қырқып аман-есен қозы алудан
Кетіңдер біздің елден он күн оқып.
Қойларым күн-күн сайын сүрлем жейді,
Сіңіріп ас қылады берген жемді.
Алдында кесек-кесек тұздары бар
Кешегі комиссияңезі керді.
Қарқынды колхоз болдық қанат жайған,
Жерім жоқ, ақын аға, серттен тайған.
Аз жылда мол табысқа жеттім міне,
Зор ферма ұйымдасты бес торайдан
Төлеп ем бес торайға бес жүз теңге,
Көп кіріс кірді одан біздің елге.
Алты жүз пұт ет бердік мемлекетке,
Ойлашы қай табыстан осы кенже?
Азық мол, тұрар орын өте жайлы,
Жоғарғы күйлері бар қарыс майлы
Өлім жоқ, бауыры бүтін, төлі түгел,
Бір мегежін он төрттен торайлайды.
Бүл өзі екі жылдық табысымыз,
Үндеуге сай келеді бар ісіміз.
АҚШ-ты ет, сүт, майдан қуып жетіп,
Дейміз біз: "енді бізбен жарысыңыз!"
Әзіл ғып қазақшылық айтқандарға,
Шошқашы десе келмес намысымыз.
Отырсың шылқы майға белден батып,
Өрбітіп торайларды томпаңцатып.
Есіңе сірә бізді алдың ба екен
Шошқаңды бордақыға байлап жатып.
Шошқа өсіріп жатқанда барлық әлем,
Артта қалып "Кірпіден" алдың сәлем.
Көршіңді бүйтіп күлкі қылмайын деп,
Шошқа бердім, тағы да ал, болса
дәмең.
Қүстарыңа туыпты қатер хауіп,
Аз күнде опат болды жетпіс тауық,
Бүл өзі бір-ақ жылғы шығын емес,
Кездесіп түратын іс ауық-ауық.
Қүсыңцы міне осылай қырып салып,
Завфермаң бетімен жүр қүрып сауық.
Қашаннан ымырашылдық әдетің бар,
Стагын етегіңмен қойдың жауып.
Қамың жоқ жаздың жақын қалғанына,
Туқымың ақталды ма албарыңда.
Төбесі албарыңның құлап түскен,
Қарамай жүргеніңде жан-жағыңа.
Жазғы егістің тұқымын тап-таза ғып,
Енгізіп алдым түгел албарыма.
Жыртылған жүз процент зябьті айтсам,
Ентігіп ере алмайсың шаңдағыма.
Самархан:
Еңбекке қатысады барлықжастар,
Кәрілер Қожахметтей жасты қостар.
Шебер бар Бекмағамбет,
Төкен қарттай Еңбекке кепшілікті өзі бастар.
Бөкеңнің кемдігі бар аяғында,
Сүйенбей еңбек істер таяғына.
Азайды жатып ішер тоғышарлар,
Шіреніп бос жүретін баяғыда.
Мәдениеті жоғары біздің елдің,
Қасына қоныс салған Маса көлдің,
Жеті мың дана кітап бар қарауында,
Көрнекті кітапхана, өзің көрдің!
Клуб, кино, бізде бар орта мектеп,
Жас ұрпақ білім алар жылда көптеп.
Салынбай мәдениет орталығы,
Колхозың әлі күнге жүр ғой шеттеп.
Аты бар кітапхана Сабыр бастық,
Есігін құлыптаулы әрең аштық.
Тар бөлме өзі суық жағылмаған,
Шыдамай бул түріне біз де қаштық.
Жастары көрмейді екен ойын-сауық,
Ойын қояр жерде жоқ орын тауып,
Бір клуб орталыққа сала қалса,
Болады басқармаға қандай хауіп.
Акушерка жүреді үйден-үйге,
Фельдшерің түрады екен пәтер үйде,
Аяғы ауыр әйелге қамқорлық жоқ,
Ақыным, кім шыдайды мүндай күйге?
Жүресің көп жыл бойы мектеп салмай
Тапсырған көпшіліктіңтілін алмай,
Клуб, мектеп, дәрігер үйін салып,
Қатарға шығу керек кейін қалмай.
Сәлем айт Шайкин Есім басқармаға,
Оған да үш жыл болды басқарғанға,
Осы жаз қүрылысты алсын қолға,
Біз дағы тілектеспіз жақсарғанға.
Мүғалім Кәрім газет алмайды екен,
Көпшілік қоғам іске бармайды екен.
Күйбеңдеп өз үйінде дамылы жоқ,
Жақындаса колхоздан қармайды екен.
Өткен жылы сүттен алдық бірінші орын.
Қатарлас жүруші едік бүдан бүрын.
Алдыңа жаңа жылда "Баян" шықты,
Өнімнің білгеннен соң ішкі сырын.
Келіңдер жарысайық осы жылда,
Жеңісті бере алмаймыз түрған қолда
Колхоздың өнім жағын молайта бер,
Арындап, тоқтап қалмай орта жолда.
Колхоздың байлығының табыстарын
Үдетіп социалистік жарыстарын,
Өнімді жан басына молайтайық,
Жүмыстың жақындатып алыстарын.
Сәлем айт басқарманың мүшесіне,
Қыдырып бос жүрмесін көшесінде!
Сын түзелмей міндерің түзелмейді,
Көп еңбек етсін соның есесіне.
Түқымың себуіңе жарамайды,
Сынаушы ажарыңа қарамайды,
Жақсы түқым сарайыңа қүйылғанша,
Бүл түқымыңбарлыққа саналмайды.
Көргенде балшық үйдің ішін күйген,
Ел еді "Айтуар" да еңбек сүйген,
Жас бала білім алмас тозаң жүтқан
Қалайша шыға алмайды балшық үйден?
Жасапсың мектебіңді балшық үйден,
Қалыңдатып тебесін балшық үйген,
Жүргенде борандатар топырағы,
Төбесі байқаусызда басыңтиген.
Мүғалім сол мектепте сенің өзің,
Түседі еденіңе басқан ізің.
Төрт сағат сабақберіп қайтқаныңша,
Тозаңнан қызарады екі көзің.
Ақыным, алдым еріксынауыңа,
Төзгісіз кейбір сөзің шыдауыма.
Бір сөзің бір сөзіңнен үркіп жатыр,
Жата ма көпшіліктің үнауына.
Бізде бар ән-күй өлең өнерпазы
Көрсетер ойын-сауық қыс пен жазы,
Ән салса Қайкен, Қуат, Серікпайым,
Сүңқылдап қүттықтайды көлдің қазы.
Диплом бірінші орын алып келді,
Барғанда Алматыға өткен жазы.
Осындай көркемөнер сізде бар ма?
Белгілі айтпасаң да, оның азы.
Жақында бүл жастарым Мәскеу
бармақ,
Алдында Отанымның барын салмақ,
Көрсетіп асқақ өнер табыстарын,
Жүлдесін астананың тағы да алмақ.
Сұлтан:
Сөз қылдың мәдениет мәселесін,
Кеудеңді кейде орынсыз көтересің.
Мен білмейтін «Баянда» сыр бар ма
еді?
Жөнелсем тізіп бәрін кетер есің.
Аңдамайсың жеріңді жеңілетін,
Тәйкеңнен түсіретін келді ретім.
Идеялық тәрбие сіздерде аз,
Кейбіреудің қисаттың түзу бетін.
Бар дейсің колхозымда жақсы клуб,
Есігіңнен түспейді қара қүлып.
Осындай мерекелі күннен басқа,
Отжағылмас, ызғарлы іші суық.
Істесе клубында үлкен пайда,
Халыққа көлемді үгіттаралмай ма?
Өзара сын еліңде өріс алып,
Тоғышарлардың тақымы бұралмай ма?
Көп болды акация еккеніңе,
Оның да құн-жұн болып кетпеді ме?
Қызығын қаба сақал теке көрді,
Қоршауға соны шамаңжетпеді ме?
Көшеңде кез тігетін бір нәрсең жоқ,
Көрсеткіш тақтасы мен ұран қайда?
Клубыңның сыртына қарай бермей,
Халық қамын, ақыным, түгел ойла!
Ортақкөл өгей ана баласындай,
Ескерусіз қалыпты қиыр шетте.
Киноға, электрге, радиоға
Аңсаумен қарайды екен күнде кешке.
Жақында қырық үй салды біздің колхоз.
Жігер болса бойыңда, осыдан оз!
Он тоғыз машиналы колоннам бар,
Осындай жетістікке қолыңцы соз.
«Айтуар» меніңдағы інім еді,
Түрленіп май гүліндей күлімдеді.
Өздеріңкеше келіп кеткен кезде,
Алшақтықекі ауылымда білінбеді.
«Қүдық жоқ» —деп кемшілік болдың тапқан,
Сен өзің етесің бе оны мақтан?
Баяғыдан суға бай болсаң, былтыр
Мен дедің бе сықақ қып «Кірпіге» айтқан?
Суға аузың биыл ғана тимеді ме?
Бүрын судың қадірін білмедің бе?
Қүдық үшін газетке шығыпты деп
Байбосын мен Бейсекей күлмеді ме?
Ақыным, дәуірлемей сөзге тоқта!
Қызарып, үяласың жиын топта,
Маскүнем медфельдшері Горчиковың
Өзіңнің жағаңнан да алған жоқ па?
Уа, ақыным-ақыным,
Көршім, әрі жақыным.
Кейбір бастық сіздерде
Халықтың алмас ақылын.
Жаба тоқып жауырды,
Жүріп жатыр ақырын.
Ұғына алмай жүрсіңцер,
«Ақырын жүріп, анық бас»
Деген Абай ақылын.
Ортақкөлдей еліңнің
Ескермейсің халқын.
Олар кино көрмейді,
Жаңалық ешкім бермейді
Барғысы келмес ол елге,
Бодров деген батырың.
Мектебің сенің де жоқ іске татыр,
Болмаса бүркенгені темір шатыр.
Он біржерден қойыпсыңтіреу дінгек.
Таба алмай одан басқа амал ақыл.
Өлеңім ерге басып, өрнек салған,
Сөзімде еш уақытта болмас жалған.
Сауданың айналымы екі еліңде,
Естимін, он бірінші орын алған.
Дүкені Ортақкөлдің ашылмайды,
Товары уақытылы сатылмайды.
Баянда екі-үш айдай дүкен жабық,
Бүл неткен тексерісің таусылмайды?
Біздің елді айт дүкеншілер зор еңбекпен,
Бірінші боп ауданда сыйға іліккен.
Қажымай талмай жүру арқасында,
Колхозшының керегін үймелеткен.
Самархан:
Жармастың сынаймын деп Ортақкөлге,
Жеңісте бұл да шыққан талай өрге.
Он бес үйде радио қабылдағыш,
Бұлар қалай жатады арттағы елге?
Жағылмақ осы жылы Ильич шамы,
Кірістік дайындауға оның қамын.
Үйде жарық, радио тұрса сөйлеп,
Көркейтіп жібермей ме ауыл сәнін?
Белгілі машинаңбаржиырма шақты,
Ескіні іске аспайтын сатып апты.
Сапарға жолдамамен шыға қалса,
Жүре алмай талайлары жолда қапты.
Келешек өркендейді алды көрсең,
Жарамас бар кеміңді тере берсем.
Колхозың көп пайдаға кенеледі,
Утильге машинаңныңонын берсең.
Айқайлап ән саласың, көкке сермей,
Ашып айт кемшілікті, өсек термей!
Кеңсеміз қарағай үй алдыңда тұр,
Көзіңці жұмып жүрдің бе оны көрмей?
Ақыным, айтысуды енді қойдым,
Таусылмас асыл жыры терең ойдың.
Арналған еңбеккерлер құрметіне,
Созылсын басқа түрі қызықтойдың.
Сұлтан
Кемшілік сізде де бар, бізде де бар,
Халқым өзі салмақтап білген шығар.
Жай айтысып біз бүгін тарап кетпей,
Міндеталсақ, көңілім сонда тынар.
Тіл безеп, жүрт алдында қылдық егес,
Бүл өзі жеке адамның намысы емес.
Сөз семсері жарқылдап сөйлегенде,
Өзара сын пайдалы жақсы кеңес.
Сен қойсаң айтысуды менде қойдым,
Әйтпесе желісі бар талай ойдың.
Қолың бер кемшілікті түзеймін деп,
Үстінде салтанатты осы тойдың!
Екі ақын дәл осылай кезек қағыса отырып, өз табыстарын мақтан ете келіп, кемшіліктердің бетін батыл ашады. Колхозшыларды алда тұрған міндеттерді ойдағыдай орындап шығуға шақырады.
КЕЗ КЕЛДІ ОЙ ТИЕГІН АҒЫТАТЫН, ҚОЛЫҢА АЛ ДОМБЫРАНЫ, ШЫРҚА, АҚЫН! (1959 жылдың желтоқсанында болған Октябрь, Преснов ауданы ақындарының айтысы)
Игібай:
Жолдаймын елден сәлем партияма,
Бастаған ынтымаққа елді жаңа.
Безбені бейбітшілік басып ауыр,
Жер жүзін таңырқатқан ұлы дана.
Күш алып бір өзіңнен жерді айналдық,
Бір емес үш қайтара Айға бардық.
Тау бүзып, тың қопарып, мүзды уатып,
Жеті қабат жер астын сайрандадық.
Армансыз әлемде жоқ біздей халық,
Бақытты, күні-түні бірдей жарық.
Құрметтеп малшы, маман, жас кәріні,
Қоршаған ақындарым ортаға алып.
Кеудемде шаттық сыймай кернеп бүгін,
Ән мен жыр даламызда өрлеп бүгін,
Тап былтыр осы уақытта Москвада,
Ән салатын күнім еді терлеп бүгін.
Қарт ақын ашындырып ащы айғайға,
Халқына той бастарын жолдамай ма?
Зулаған Жердің ұшқыр серігіндей,
Жеткізер желпінте бір күн мен Айға.
Топ жарған ақындарым келіп отыр,
Естілер дыбыстары өр Алтайға.
Жай мақтан, көпірме сөз керек емес,
Сөз сейле тигізерлік елге пайда.
Арылар бүгін талай ақын сөзі,
Сайысар шаршы топта келді кезі.
Салақ, олақ, төрешіл кей басшыны,
Сілейтер найзағайдай сынныңтезі.
Сөйлеңдер ақындарым ел намысын,
Көрсетіп күрестегі ер намысын.
Тың билеп, темір илеп, мал көбейткен,
Әрқашан қуат еткен ел алғысын.
Арқау боп жырларыма өр қозғалыс,
Айқындар биыл талай өтті жарыс.
Ерлердің еңбектегі үлестерін
Айту керек шындықтан кетпей алыс.
Домнаның қызуындай қайнап жатқан,
Жалынды қызды қайрат, елде намыс.
Облысым ет пен жүнді берген артық,
Сүт пен май дариясы жатыр шалқып,
Оларды бас-басына мен айтпаймын,
Кәзір міне ақындарым береді айтып.
Мысалы атақты ақын Ахметжандай,
Сөзі өткір сынға шебер ақ найзадай.
Жаны қас салақ басшы жалқау жанмен,
Қоймайтын әділ сынды тік қадамай.
Әрі әнші Темірғали, әрі ақын,
Айтыс десе қомдаған қос қанатын.
Лапылдап сөз жалыны қызған сайын,
Келтіріп ән өрнегін шалқытатын.
Басқа да ақындарым келіп отыр,
Өмірдің өр талабын көріп отыр.
Сөзге сөз қайтаруға қиғыр тілмен,
Тоятшыл лашындай төніп отыр.
Тасыған тасқын судай Самарқаным,
Кезек келсе жеңем деп сеніп отыр.
Түзейтін олқылықты өзара сын,
Деп партиям нүсқауын беріп отыр.
Айтылсын жетістігім түгел талдап,
Көтеріп жыр қанатын көкке самғап.
Ахметжан, Самарханға сөз берілді.
Тыңда жүрт әр тарауын терең аңдап.
Ахметжан:
Сәлеммен бас иемін халқым сізге,
Бүл айтыс болған еді өткен күзде.
Жарыстың барысынан сөз қозға деп,
Партиям ірі міндет қойды бізге.
Еліміз коммунизм сапарында,
Ұмтылмай бүл сапарда жатырмын ба.
Ел көшсе түндік бауын сен де шеш деп,
Қазақтың айтқан сөзі бар мақалында.
Біз қолды бойға сеніп Айға создық,
Айға жетіп оны да басып оздық.
Қоммунизм елімде орнауына,
Кім күмәндік туғызар енді сөз ғып.
Әлемге ленинизм жарық берді,
Шат турмыс, бақытты өмір алып берді.
Еліміз бейбітшілік кіндігі деп,
Басқа елде түсінді әбден танып көрді.
Партия жолдамасын алып биыл,
Хрущев Америкаға барып келді,
Соғыстың қуралдарын шығармауды,
Есіне тағы да айтып салып келді.
Тың көтер деп партия ұран салды,
Ол үран да үзамай орындалды.
Сары арқа деп айтатын сар даладан,
Миллион путтан еліміз астық алды.
Октябрь ауданымыз аты мәлім,
Үш колхоз, он төрт ірі совхоздарым.
Екі жүз тоқсан мыңға егін салып,
Шығынсыз тегіс жинап алдық бәрін.
Түқымды алтындай алып ақтап,
Хрущев, Москварецкий совхоздары.
Облыстың алды екені елге қанық.
Жоспарын орындады бүлар артық,
Сіздердей қалғаны жоқ қарға малтып.
Сегіз жүз мың пүт астық жоспардан тыс,
Жіберді мемлекетке тағы да артып.
Сүтім дария жатқан бір толқып тасып,
Салмағым бүл жерде де жатыр басып,
Өткен жылмен отырып салыстырсам.
Жеті жүз тонна сүтіміз жатыр асып,
Болса да қай жағынан күшім басым
Қызарып ұялғаннан қышыр басың
Етжоспарын екі есе бердік тағы
Орындадық жүн, тауық жүмыртқасын.
Іргем кең, дәулеті мол біздің елдің
Преснов дей алмассың бізбен теңмін.
Облыстың астығының үштен бірін
Білесіз биылғы жыл берген менмін.
Бар еді жасасқан шартжарыстарың.
Бегеліп неге ере алмай алыстадың
Жыл сайын қала беріп әдеттеніп,
Қызарып келмейді екен намыстарың.
Шығады қызған сайын сөздіңдүмі
Еліңнің алақанда айтсам сыры
Сүрініп атжығылып қүлағандай
Өрескел толып жатыр бойда міні.
Ақыным жайың қалай ісіңді айтшы
Егіннен, малдан өнген түсімді айтшы
Еңбекте абыройлы алда жүрген
Халыққа көрсетерлік кісіңді айтшы.
Самархан:
Ал енді келсе кезек маған бүгін,
Сайрасын, тартынбасын кызыл тілім
Алдында халайықтың сөз қозғаймын
Өлеңім жан жүрегім адал сырым
Өнерін кәрі-жастыңерістеткен,
Партия ел қамқоры жарық күнім.
Армансыз болар едім қартайғанда,
Халықтың кәдесіне асса жырым.
Бүл күнде әр адамныңжаны ақын,
Жыр берген, шабыт берген жаңа өмірім.
Ғажайып тарихта іс істедік,
Кім еді Айға ұшқан бұдан бұрын.
Бірнеше Жер серігі жүр әнекей,
Қаптаттық, жарқыраттық көктің жүзін.
Мәңгілікжатқан ана тыңды игердік,
Жасадық ет пен сүттің молшылығын.
Әлемге бейбітшілік туын тігіп,
Отаным абыройы асты бүгін,
Осындай дархан, жиын қуанышта
Табысын жырламақпын ауданымның.
Ауданым Преснов аты әйгілі,
Игерген сары арқаның байтақ тыңын
Тыңдаушы таныстырам аудан жайын,
Мал азығы, қорасы бәрі дайын.
Жоспарын ет пен сүттің орындауда,
Ауданым алда келер әр жыл сайын.
Ауданда он колхоз бар, совхоз сегіз,
Күтімі оңды, малдары бәрі семіз.
Шопаным Бірімжан мен Қапаш қарттың,
Жүз қойдан отыз саулық болады егіз.
Жоспары жүн қырқуда болады артық,
Зат емес еңбек қылмай алған тартып.
Қой басы бес килодан жүн қырықтық,
Миллион сом тапты пайда совхоз сатып,
Науқанда алда келер біздің аудан
Жарыста облыстың туын алған
Миролюбовта сауыншы Яровая 3500 әр сиырдан сүтті сауған.
Сый берді Гришкова совхоз мақтап,
Қашан да еңбек істер сенімді ақтап,
Бетінен қызыл тақта орын алды,
Бузауды 1400 бас аман сақтап.
Директор 30 жыл Ларин қартым,
Өсірді мол бидайды сап-сары алтын.
СовхозыңСтепной, Интернационал,
Бермейді мәліметтің ылғи артын.
Жүмыс жоқ істеушіге болмай қалған,
Егіс жоқ бір гектарда ормай қалған,
Донченко, Бабақовтың совхозында,
Жоспар жоқ мезгілінде толмай қалған.
Мал басы жеткілікті сүрлем салған,
Жоспарлы шөп, сабанды тасып алған.
Приешімде, Брагиндей жүгеріші,
4000 пүт гектарынан өнім алған.
Жиырма бес жыл басқарма Сексенбайым,
Облыс, аудан түгел білер жайын.
Алғашқы жыл Абайда істегені,
Үш жылдық жемшөп қорын қылды дайын.
Асыра астық сатты колхоз Абай,
Еңбексіз табыс емес қелген оңай.
Колхозың Калининде жүмыс нашар,
Үлгі алып еңбек қылсын ол да солай.
Жоқ екен сіздің елде көркемөнер
Көрмеуге ойын-сауық кімдер көнер
Жалғыз кино жұртшылық көретіні
Болмаған ән мен күйі көңіл бөлер.
Ахметжан:
Жоспардың жетіжылдық түңғыш жылын
Өткіздім зор табыспен айтсам сырын
Етпен сүт, жүн жоспарын «Шит» колхозым
Орындап шықты биыл екі ай бүрын
Сапалы түзды шөпті еркін жесіп,
Семіріп өркендеді малым өсіп
Арттырып мал өнімін жылдан-жылға
Отырмыз айтарлықтай үлес қосып.
Бір аты совхозымның Марьевка
Еңбек пен ісі мәлім болды көпке
Төрт түлік мал жоспары орындалып
Өсірді бітік егін, екпе шөп те.
Басқарған бұл совхозды Әуелбеков
Оқыған жас инженер іске жетік
Үлгі алып тәжірибелі істерінен
Көршілес совхозда жүр келіп-кетіп
Ыбраев Ысқақтай батырым бар,
Ғалым мен Игібайдай ақыным бар.
Үкіметті өз қолынан орнатысқан
Партизан Нояндиндей жақыным бар.
Мүғалім Шияп, Қалау, Ғазез, Кеңес,
Көше алмай бір баласы қалған емес
Нүрсұлу, ¥лпан, Валя Нестрева,
Өмірі бір ескерту алған емес.
Қайыржан, Байғали мен біздің Шайжан
Жылқысы жүре алмайды шайлап майдан
Заряның қамыс-құлақ көп жылқысын
Жайылымға жазы-қысы еркін жайған.
София баққан семіз тарландарын
Өгіздей деп айтар еді керген жаның
Жыл сайын колхозым мен совхозыма
Бүл түлік мол кірісті берген малым.
Жүреді Қабдолымды ауылым мақтап
От жерге малды еркімен жайған баптап
Өрістен алшаң басып сиырлары
Келеді сүті кернеп шатқаяқтап.
Сауыншы Қазина мен Нина, Ирма,
Жасасқан шарттары бар алған қолда.
Сүт берді әр сиырдан үш мың литр,
Қиын ба сертті орындау комсомолға.
Батыстан келген жастар жолдама алып
Орнықты тың басына қоныс салып
Бөлініп сый-қүрметтің қүшағына
Көңілді, қуанышты гүл-гүл жанып.
Онжылдық мектеп сапдықтың басына
Бүл жөнде келе алмайсыңсен қасыма
Хрущев совхозында бүл мектебім
Әдейлеп салған арнап тың жасына.
Самархан:
Болмайды шындықісті көрмесіңе,
Жеңісті күшіңжетпес бермесіңе,
Түралин Сексенбайдай озаттардың,
Қос орден жарқырайды кеудесінде.
Шаруашылықесіп келер ылғи ерлеп,
Орынсыз мақтанбаймын көкке сермеп
Есіләм, Шоғыр баққан сауын сиыр,
Желіні жер сызады сүті кернеп,
Есенбай, Іліөкеш бақты 500 бойдақ,
Семірген сиырлары салады ойнақ.
Тапсырды мемлекетке семіз малды,
Жоспарлы колхозыныңетке айдап.
Октябрь үлкен аудан облыста,
Тыніцы игеріп кірісті мол қүрылысқа.
Астықты екі-ақ совхоз орындады,
Ақыным жасырмайық сонысы распа.
Бордақылау совхозы аты «Бүлақ»,
Жүмысы аз көпшілікке түрған үнап,
Сауысқан жаралаған тайшалары,
Шалы да қарға батып жатыр қүлап
Совхоздың жазғы шапқан шөбі қайда?
Есілде шөп шығады барлық сайға.
Бүлақта дайындаған шөптің қорын,
Жетер деп шамалайды енді екі айға.
Семіртіп мал бере алмас совхоз «Бүлақ»
Мүңына жүмыскердің салмас қүлақ.
Сақыпкереев, Кармановтай шешендері
Сөз бермес бір адамға алдыңды орап
Сиыры сабан жеген семіре ме?
Тоқ болса қора іргесін кеміре ме?
Аяғын зорға басқан арықтары,
Бастыққа семіз болып көріне ме?
Қалдырдың қар астында егін сеуіп
Мамандарың мақтанар, ісіп-кеуіп
Кім ашты жаңалықты ауданыңда,
Қара мал азықтанар қарды теуіп,
Булақтың февральға шебі жетер,
Кезінде март, апрель қар да кетер.
Сандалса сабан жеген сиырлары,
Директор Ыбраев сонда не етер?
Булақта 800 жылқы дайындаған,
Кісі жоқ артын ойлап байымдаған.
Соғымға 40 жылқыны бөліп алып
Топастар заңсыз істен тайынбаған.
Жумыскер еңбек алмас бірнеше айлап,
Пәтер жоқ олар үшін қойған сайлап.
Маскүнем сол совхозда етек алып,
Күн сайын кеңсесінен шығады айдап.
Ауыл бар сол совхозда «Жаңаталап»,
Көпшілік совхоз болды өзі қалап.
Мәдени турмыс жақтан артта қалып,
Совхоздан жумыс таппай отыр қарап.
«Булағың» не күтеді клуб салмай,
Тілегін журтшылықтың қулаққа алмай.
Көбейсін клуб, мектеп ауданыңда,
Көршілес аудандардан кейін қалмай.
Адамдар кетіп жатыр жумыс іздеп,
Совхозда өгей бала болдық біз деп.
«Жаңажол», «Кеңес» ауылы бәрі солай,
Басшы жоқ булар жайын турған көздеп.
«Булаққа» келмей жүр ме шамаларың,
Қылмыс қой барып турған мыналарың.
Істейтін жумыс бер деп келіп жүр ғой.
Приишім совхозына ағаларың.
Облыс, аудан болып көзін салсын,
«Бұлаққа» иланбаушы өзі барсын.
Көршілес Приишім совхозына,
Жумыстың тәртібінен сабақ алсын.
Бәриің алалмай жүр жылы киім
Тексеріп кермейді екен турмыс күйін
Жұмыстың өнімдігі артар еді,
Қашан да беріп тұрса еңбек сыйын.
«Кеңестің» оқымайды балалары,
Ренжиді ата мен аналары.
Оқитұғын мектебі "Жаңа жолда",
Жаяуға алыс екен аралары.
Шаруаның неге алдыңцар малын тартып,
Асылбеков қалды ғой кінәні артып.
Мелшерден тыс мал болса шаруада,
Еркімен бермес пе еді өзі сатып.
Шығарды бүл жобаны кімдер ойдан,
Орынсыз шаруалар малын сойған.
Еріксіз қорасынан алып кеткен,
Козлов айрылып жүр жалғыз қойдан,
Жазығы Козловтың қойы семіз,
Жылына жүн береді кило сегіз
Жануар асыл тұқым болса керек,
Алты айда табады екен қозыны егіз.
Козлов жүр әр жерге арыз айдап,
Жолына осы қойдыңбасын байлап.
Шаруа қойын алмай қояр емес,
Жүрседе қой соңында бірнеше айлап
Жетпейді ауданында жемшеп азық,
Өлмей ме шөп жоқтықтан малдар азып,
Совхозда тоң қопарар кісі жоқ деп,
Сүрлемін бермей отыр малға қазып.
Қүбылтып бірнеше түр әңге салса,
Тыңдаушың көңілденіп қабыл алса
Сынымыз айтқан жерде қалып қоймай
Дүрыс қой іс жүзінде орындалса.
Басшысы бағаламас кейбір аудан
Аңызын ассадағы ала таудан.
Сынға іліккен адамды үркітеді
Бітті деп бүдан былай сенің саудаң.
Айтылған кемшілікті мойындайық,
Сынға да сынауға да қорынбайық,
Алға үстап басшылығын партияның,
Жоспарын жетіжылдық орындайық.
Ахметжан:
Ауданым мекендеген Есіл бойын
Көк Есіл күміс етек алтын қойын
Гүлденген сол Есілдің өңірінде
Өткіздім жетістіктің талай тойын
Бірнеше тас жолым бар салған жайлы
Темір жол ауданымды аралайды
Мүқтажын совхозымның тасып жатыр.
Техника, темір, көмір, қарағайды.
Жалғыз-ақ шала біткен жолдарың бар
Оның да жүруіңе жарамайды
Көктемде шоферларың жол таба алмай
Ленин мен Приишімді жағалайды.
Қалыпты қар астында астықтарың
Ақ қарға алтын дәнді жастықтадың
Көп астық жиып алса жатыр әлі
Бүл жөнде не ойлап жүр бастықтарың.
Белдерін қызыл бидай бүкірейтіп,
Мүз қатып мұрттары тұр тікірейіп.
Салынып салақтыққа бастықтарың,
Жүріпті шляпасын шікірейтіп.
Арық атпен аралап ақындарың,
Жыртылды тепектеумен тақымдарың
Ауданыңда машина болмады да,
Қалайша, жаяулауды мақұлдадың.
Аралап Суаткөлді көрдік барып
Неге жоқ радио мен онда жарық
Жаңалықтан ол ауыл хабарсыз боп
Құлаққа ұрған танадай отыр халық
Совхозың Миролюбов нені бақты
Оңдалмай тракторы жайға қапты
Қәнеки амандыққа, саулыққа деп
Бабкинің көрінгенмен шәшке қақты.
Сен барып көріп пе едің
Ортақкөлді Қалдырдың неге елеусіз мұндай елді
Арқанға монша іздеп бір шана адам
Іңірде тоңып жаурап жетіп келді.
Көп елің судан неге қансып отыр
Сусызбыз деп шуласып халқың отыр
Пресновтың бесінші бөлімшесі
Шелегін лай суға малшып отыр.
Сәбит елін тіпті ұят біреу көрсе
Кемшілігі көп жатыр жіпке терсе.
Кітапхана, клуб та, кино да жоқ
Не бетіңді айтасың Сәкең келсе.
Алпысқа біздіңСәкеңтолғалы отыр
Ақын тойы аулында болғалы отыр.
Басшыларыңбаяулау көрінеді.
Осы бастан ол істі қолға ала отыр.
Сәкең ауылы сәнді боп тұрса жайлап
Клуб салса көрнекті баптап жайлап
Ильич шамы жарқырап кешелерде,
Үй бас сайын радио түрса сайрап.
Үлгінің дәрігер кызы табылды да,
Катранға әлде пәле жабылды ма
Қыз үрлайтын қылықтар қашан қалған
Есінен ауысып ол жаңылды ма.
Не сұмдық сүймегенді зорлайтүғын
Мүншама басынатын қорлайтүғын
Озбырың Катранның бүл жұмысы
Намысын барлық қыздың қозғайтұғын
Қызды алып Айтуарға барағапты
Қыз қашып бір сабанды паналапты
Жабылып Айтуардың бар адамы
Үстауға жан-жағынан қамалапты.
Жаңыл ер, Жаңыл адал, Жаңыл батыр
Құтылды озбырлыққа көнбей ақыр
Жел өкпе, жеңіл мінез жастарыңның
Есіне бұдан былай түсер ақыл.
Тағы да бір масқараңТалпындағы,
Еліңнен ескілік іс сарқылмады
Араққа тойып алып ардан безіп
Жастарың бірін-бірі алқымдады
Жансары деген сенен батыр шыққан
Мас болса бүкіл ауыл одан бүққан
Жазықсыз Нұржамалдай бәйбішенің
Бойлатып бүйіріне пышақсұқкан.
Өрескел түрлі осындай ісің басым
Аулыңда арақ болды сүйген асың.
Осындай төбелестің салдарынан
Айрылды бір көзінен Еркін жасың.
Келіні Мүсәйіптің Сара қайда.
Жүмысқа түйедей боп жарамай ма
Өмірі сәкісі де су көрмейді
Ол шіркін ар-ұятқа қарамай ма?
Мінезі асқан тентек долы емес пе,
Адамның өте жалқау қоры емес пе?
Таппайды тайлақтай боп бір еңбеккүн
Масылы күйеуінің соры емес пе.
Самархан:
Ново-Покровка совхозындағы түйе қайда?
Түйені өсіретін ие қайда: Соғымға бар түйені сойып алып,
Түйеден болмады ма түсер пайда?
Совхозда көрнекті үгіт жоқтың қасы,
Клуб жоқ, қаланыпты ірге тасы.
Жиналып әрбір үйде қарт ойнайды,
Көре алмай кино, концертсовхоз жасы.
Бар екен «Бостауында» кітапхана,
Бөлме суық, өзі тар аты ғана,
Бәйкенің кітап бермей оқушыға,
Суықтан шыдамай түр бүржең қаға.
"Бостауың" іргелі ел ауданында,
Көруге барып оны болмады ма
Клуб жоқ, кино көрер орын да жоқ,
Уақыт жетті оны да қолға алуға.
Көруге жастар қүмар ойын-сауық,
Ойын қояр жер де жоқ орын тауып,
Хрущев совхозының клубына,
Күтуге қамап қойған мыңдап тауық.
Семиполка жайып жүр қойын қарға,
Келіспес бұл жүмысы шөбі барға.
Директор Мальченко бұйрығы деп,
Шопан жүр қой соңында амал барма.
Сатушы Мүхитдиннің «Зарядағы»,
Жұртшылықтілегіне қарамады.
Дүкенді жұмасына екі-ақ ашар,
Өзінің шаруасы қарағаны.
Сіреңке, шай мен сабын алу үшін,
Көпшілік көрші ауылды аралады
Мінезі тым күйгелек шәлкес дейді,
Соқтықсаң өз жағаңнан алар әлі.
Мұғалім Кейқуатың ол да сонда,
Істеген оның дағы ісі оң ба:
Сатпастан мемлекетке қара ешкіні,
Бауыздап тастады ғой қолма-қолда.
Сәден мен Күлшарадай мүғалімдер,
Кітапты оқымайды алып қолға,
Кемшілік мектебінде толып жатыр,
Жоюға кірісіп көр күлкі болма.
Мүғалім болалмайма ешкі жимай
Әбішевте ешкі көп жүр ғой сыймай,
Екі бие, үш сиыр, басқа малы
Оқу бөлімін сақтап жүр оны қыймай.
Қатыран жаны қүмар сергелдеңге,
Зорлықшыл жігіт екен салды белге,
Жастықтың қызбалығы ұят етті,
Мұндайлар бар емес пе сіздің де елде.
Марияш саналы жас мектеп көрген,
Қосылып Байсекейге езі келген,
Ермешпен он күннен соң қашып кетті,
Әркімнің азғырынды сөзіне ерген.
Жастардың жұмыс жүрмес арасында,
Сезім жоқ кей жасыңның санасында,
Махаббат зорлығына жол беріп жүр.
Жаны ашымай өзінің баласына.
Айтуға кемшілікті жасырмайық,
Жалтақтап сырлы сөзге бас ұрмайық.
«Заряда» Кәкімжанов Айдархандай,
Өтірік цифр қосып асырмайық.
Ахметжан:
Сабан тасу жағынан қиын халың
Жеп болып тасып базға жиылғанын
Приишімнің бірінші фермасында
Қар теуіп жатыр екен сиырларың
Ондағы отыз бес үй қазақтарың
Қазақша хабарларға көрдім зарын.
Түсінбей орысшаға қарт адамдар
Естуге құмар отыр қазақ әнін.
Қазақша газетке де өте құмар,
Жазылған көрінеді тегіс бұлар.
Зәрезет болған талай өткен жылы
Газеті қолға тимей кетіп бұлар.
Магазин бұл фермада жоқтың қасы
Сыймайды екі адамныңоған басы
Адамның колы тиіп сыланбаған,
Секілді жыртық күпі қабырғасы.
Сатушы сенде Шәріп Айтжан ұлың
Өсірген өзі билеп товар құнын
Жамбылдың совхозының басшылары
Елемей отыр әлі газет сынын.
Үлгініңсатушысы Қабиденің
Кітапты қойды сатпай жауып тегін
Арақ ал кітапты қой шақыр мені
Айтайын кітап сөзін дейді тегін.
Көп жатыр кемшілігіңайтсам қашап,
Білдірмей ептілерің кетті ме асып.
Тоғыз айда бес жарым миллион сом
Отырғой совхоздарыңзиян шегіп.
Пайдалы жете айтылса істің міні,
Совхозың Благовещенка осы жылы
Олар да бір мың бес жүз сомға жетті,
Бір центнер шошқа етінің өзіндік қүны.
Буденный совхозыңыз жылда кейін,
Түра ма олқылыққа өзі бейім.
Себебін неге атақтап ашпайсыңцар,
Қүр үрса бергеніңше жылда шейін.
Алыстық жарыстың біз барысынан
Байқадым аяғыңды алысыңнан
Көтеріп желпіте айтып кете алмадың,
Шаруаның кейінірек қалысынан.
Жарыста үнамайды кейін қалмақ,
Бүл үят білгендерге ауыр салмақ.
Тағы да айтысармыз келер жылы,
Қырықжылдық Қазақстан тойына арнап.
Жояйық соған дейін болған мінді.
Ұмытпай еске сақтап айтқан сынды,
Дүрыстап аша білсек кемшілікті
Болады айтысымыз сонда қүнды.
Самархан:
Уа, ақыным, ақыным!
Талдау жасап әр іске,
Сөздіңтыңда мақүлын.
Сіздің елде кей бастық,
Қисая тартып қыңыр жүр.
Халықтың алмай ақылын
Мұхитдендей маскүнем,
Ішіп алып арақты,
Күнде сабар қатынын.
Бүған күшің келмей ме?
Тезге салып түзетіп,
Бүрауға оныңтақымын.
Шаруаға мал қоймас,
Қуантайдай қолшоқпар,
Әпербақан батырың.
Биялай іздеп зарлап жүр,
Табалмай сауда орнынан,
Колесников пақырың.
Совхозда шөбіңжетпейді,
Сабанға қамап малыңды,
Шаптың ба жердің тақырын.
Сатушы бар сендерде,
Ебін тауып екі асап,
Ақша үрлаған жасырын.
Бастықтар бар бауырмал,
Іс келмейтін қолынан
Жанына жинап жақынын.
Есімізге сақтайық,
«Ақырын жүріп андап бас».
Деген Абай нақылын!
Ақыным кезекбітті, менде қойдым,
Таусылмас қымбат жыры терең ойдың,
Қомданып басқа ақындар күтіп отыр,
Қызығын халқым көрсін осы тойдың.
ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ - СӨЗ САРАСЫ
(1960 жылдың шілде айында болған Преснов және Октябрь аудандары ақындарының айтысы)
ТОЙ БАСТАР
Білгенге бұл айтыстыңжөні басқа
Толғанда туған елім қырық жасқа.
Кеңінен құлаштаңдар, ақын достар,
Ақтарып алтын жырдың аузын аш та.
Ахметжан иығын көтереді,
Талай жерде айтысып төтеледі
Әттеңдуние кезегі келмей отыр,
Саулатып кезек тисе кетер еді.
Салмақбоп Самарқанға кәрі азуды,
Самарқан бола ма оған о да азулы.
Екеуі де қояды тісін қайрап
Айтыспен әдет қылған бой жазуды.
Уахитқа теніп отыр Темірғали,
Қозғандай айғай салса аруағы.
Байқаймын оған сасар Уахит та жоқ,
Дегендей сейлесерміз соңыра әлі.
Қарайды жас ақындар асыққандай,
Бұқпайды баяғы бір жасықтардай.
Көңілі шат, иықтары көтеріңкі
Өлеңніңдариясын тасытқандай.
Болғанда сөзім бұлақ, әнім асқақ,
Азырақ тынысташы бір толастап.
Халайық, тыңцаңыздар құлақ қойып,
Сөз бердім ақындарға тойды бастап.
Ахметжан:
Қуаныш жүректегі бойды кернеп,
Тереңжыр, ұшқыр қиял ойды тербеп.
Топ жарып, тойға кіріп толғасам жыр,
Өлеңім теңіздейін кетер сел боп.
Шалқысын, шарықтасын, қызсын ойын,
Көтерсін ойнап күліп халық бойын.
Еңбекпен аты шыққан озаттарым
Қайырлы құтты болсын келген тойың.
Бұл тойға келе алмады еріншектер,
Еңбекте жалқау жігіт, келіншектер.
Талпынсаң тамған терің ел ырысы
Мал өсіп, егін шығып жерім көктер.
Айтысқа оныншы реттұрмын түсіп,
Алайын сәлемдесіп қолды қысып.
Алдыма келген адам абыржитын,
Абдырап қалып жүр ме зәрең ұшып.
Бастаушы Компартиям дана басшым,
Өнердің неше түрлі кілтін аштың.
Құлындай қолға үйретіп табиғатты,
Тасыды дәулетіміз болып тасқын.
Қазақтың қай ауылын араласаң,
Сауатсыз бір адамды таба алмассың.
Осындай аттанысқа ат салысып
Қалайша кірпіш болып қаланбассың.
Кешегі сұм заманның көрдім соңын,
Қазақтың болмап еді ісінде өнім.
Қырық жылдық өмірімде өзгеріс көп,
Еңбекпен ел төрінен алдың орын.
Қаулысын партсъездің қурал етіп,
Қопардың жомарт жердің алтын қорын.
Еңбекте, майданда да аты шыққан
Өсірді сан батырды туған елім Ыбыраев
Ысқақ пен
Энгель,Антон,
Оларды атап кету болады орын.
Білім зор, дәулетім мол бақытты еліміз
Ұсынсам айға жеткен еркін қолым.
Бүкіл ел біздің елмен өте тәуір,
Туғандай бір анадан болды бауыр.
Көтерген бейбітшіліктуын көкке,
Тамаша салтанатты біздің дәуір.
Жарыспен еңбекте алып күштер қайнап,
Еліміз көк Есілді жатыр жайлап.
Сапырды сары арқадан ұл-қыздарым,
Сары май, алтын астық, аппақ қаймақ.
Келсеңіз айтысқалы Сәке бізбен
Сайысып көр кәнекей белді байлап.
Октябрь ауданымыз көлемі зор,
Шетіне жете алмайсың жүрсең айлап.
Егінді сенен биыл бүрын салып,
Көктеді жерім тегісеңбекжанып.
Жастарым осы тойға келіп отыр,
Жайнатып Қызыл туын қолына алып
Ауданым сен жарысқа түскен бүрын
Әдеті озып шықпай алмас тыным.
Жыл сайын облыстың астығының
Береміз мемлекетке үштен бірін.
Асыра орындадық сүт пен жүнді,
Табасың қай ісімнен айтшы мінді.
Ауданыңбар жүмыстан кейін қалды,
Айтарлық табыс бар ма сенде қүнды.
Жоспар жоқ орындалмай бізде қалған,
Келеміз тағы да алда шөп пен пардан.
Жарысқа түсіп түрып жанаса алмай,
Жарамас көршім ылғи кейін қалған.
Жырымды шыңға шырқап өрлетейін,
Көңілін тыңдаушымның тербетейін.
Еңбекте озат шыққан адамымды
Халыққа таныстырып бір өтейін.
Марьевка совхозында біздің Еркін,
Байытты гүлдендіріп совхоз көркін.
Өткен жыл үкіметтен наград алды,
Орындап партияға берген сертін.
Шенкович, Яркин, Гусев директорым,
Білетін маман адам істің сырын.
Алда озып келе жатыр совхоздары
Жыл сайын астықты елден беріп бүрын.
Төрт бірдей директорым наград алды,
Партия ардақтайды ондай жанды.
Лариннен басқа сенің директорың
Ауызға алынбастан босқа қалды.
Мария, Күләш, Күлпәш келіндерім,
Оларды ардақтайды елім менің.
Алты айлық сүтжоспарын артығымен,
Орындап шықты сертпен сенімдерін.
Бағила біздің Әбдір келініде,
Мол сүттің ие болған өніміне,
Елгезексаусақтары епті қандай, Сиырдыңжақындаса желініне.
Бақташы Шындәулетов балуаным,
Еңбекке берілген ол салып жанын
Көрсеңіз көңіліңіз шат болады,
Жайылымда жайындай боп жүрген малын.
Қой басы төрт килодан берген жүнді,
Қойшым бар Широков пен Қабдол сынды.
Жүз қойдан, жүз он екі қозы алған,
Еліме бағаладым өте құнды.
Атақты Атаманюк тракторшы,
Озаты облыстыңосы күнгі.
Көктемде көлеңкеде жатып қалып,
Ауданың болған жоқ па жұртқа мінді.
Буденный, Украинаңегіндері,
Кеш бітіп, көктеген жоқ әлі күнгі.
Жылқышы Лақбаев пен Базарбеков,
Оларға жылқышың жоқжүрген жетіп
Өсірді жүз биеден сексен құлын,
Нығайып құлындары алды бекіп.
Самархан:
Жиналып облыстың адамдары,
Мінекей басталып түр той думаны.
Өлең мен домбыраға кезек тимей,
Қашан да келмейтұғын тойдың сәні.
Ақынның шабытына қозғау салып,
Ағылсын ұшқыр ойдай жырдың нәрі.
Осындай салтанатты бас қосуда
Қалмасын, ақтарылсын ойда бары.
Әлемге аты әйгілі Қазақстан,
Ұлы іске сарқылмайтын үлес қосқан.
Тың игеріп, мол астық өндіруде,
Ел болдық табысымен даңқы асқан.
Халқымыз жеңіп шығып алды теңдік,
Орнады бірдейшілік, болмай кемдік.
Коммунизм құрудыңсапарында,
Қиындық бөгеттердің бәрін жеңцік.
Көркейді ауыл, қала, барлықелім,
Компартия қол басшы кемеңгерім.
Үздік еңбек, озат ілім саласында,
Күшейді партияға барлықсенім.
Аңсаған осы өмірді ерте кезде,
Мезгілсіз қаза тапты талай ерім.
Күресте өз бастарын құрбан етті,
Баймағанбет, Кәрімдей жерлестерім
Преснов аты әйгілі біздің аудан,
Көшесі құлпырып тұржасыл баудан.
Жүздеген сауыншы бар Сеслерімдей
Екі мың литр әр сиырдан сүтті сауған.
Бауэр мен Николаева ол да солай,
Еңбексіз табыс емес келген оңай.
Сауыншы жоқ сіздерде қатарласар,
Жарыста жеңілмейсіз енді қалай.
Бүзаушы бар ма сізде Күлімжандай,
Өзгеге үлгі болған еңбек қандай.
Ленин орденімен наградталды,
Бәрі де озаттардың болсын сондай.
Айта бер озаттарды сіз де мақтап,
Еңбекте озып шыққан сенімді ақтап.
Жарты жылдық еңбегі Күлімжанның,
Екі жүз бас бүзау қосты аман сақтап.
Шопандар Бірімжан мен Қапаш
қартым,
Орындап жүр алдына қойған
шартын.
Жүн қырқу, төл алуда үлгі болды,
Аудан түгіл облыс біледі атын.
Жүз жиырма қозы өсірді әр жүз қойға,
Қатысып өздері отыр осы тойға.
Қапаш қарт алпыс жастан асса дағы,
Сақтаулы жігер-күші әлі бойда.
Міндетін орындады алға қойған,
Кездескен қиындықтың бәрін жойған.
Асыра төрт килодан жүн қырықты,
Өзінің қарауында болған қойдан.
Біреуі үздік шопан Әбутәліп,
Көрген жоқжарысында кейін қалып.
Тонналап жүн тапсырды мемлекетке
Бес кило әрбір қойдың жүнін алып.
Біз барамыз қашан да алдыңды орай,
Қысылсаң жібер бізге көмек сүрай.
Зубатенко, Геллердей шошқашылар,
Өсірді мегежіннен онбес торай.
Міне отыр үш жүз адам озаттарым,
Үлгі етіп салды ортаға бойда барын,
Бәрі де колхоз, совхоз ардагері,
Еңбекте жібермейді намыстарын.
Мол сүтті сиыр басы сауып жатыр,
Күн сайын жаналық іс тауып жатыр.
Қүнарлы мал азығын дайындауда
Тонналап гектарынан шауып жатыр.
Қораға шөпті шұғыл тасып жатыр,
Бұл жағы да сіздерден басым жатыр.
Заряда шабылған шөп жиналмастан,
Кетіріп берекесін шашып жатыр.
Жөндеуден өтті қазір бар комбайын,
Тілемсектік бізде жоқ сарыуайым.
Қолдағы мүмкіндікті іске асырып,
Июльдің жиырмасына қылар дайын.
Жоспарын жазғы пардың орындадық,
Кездейсоқ бөгеттерден қорынбадық,
Жанар май, құрал-сайман жеткілікті.
Сырттан іздеп біз оны тарылмадық.
Совхозым бар атақты Приишім,
Көрдік бе онда елдің еңбек ісін.
Берілген тапсырманы орындауда,
Үйымдасып жұмсайды барлық күшін.
Көрсеттім жарты жылдық табыстарын,
Озаттар бере қоймас намыстарын.
Сауыншы біздің елде озат шықты,
Кейін қалдың келсе де қалыспағың.
Он күнде аяқталды көктемгі егіс,
Шықпай қалған тұқым жоқ өрді тегіс.
Жоспарды жартыжылдық орындауда,
Жарыста социалистік бізде жеңіс.
Озатбар Колмаковтай Еңбек Ері,
Артта қалып көрген жоқжурген жері
Коммунистік еңбектің екпіндісі,
Жеңісті берген емес кептен бері.
Жоспарлы орындадық малдың басын,
Ерінбей еңбек қылар кәрі-жасым.
Керекті мал қорасын дайындауда
Бул жағы да әзірше бізде басым.
Асыра орындаймыз жемшөп қорын,
Жетімсіздік болған жоқ бізде бурын.
Сүрлем салу, шөп шабу маусымында,
Облыста аламыз бірінші орын.
Ахметжан:
Жырым бар бейне теңіз шалқығандай,
Сүйсініп тыңдаушылар балқығандай.
Жанына жалқаулардыңжара салып,
Қызартып отпен бетін шарпығандай.
Ауданым, астығы мол алтын қойын,
Теңеліп сенің маған жетпес бойың.
Орындап алған барлық міндетімді,
Қарсы алдым Қазақстан ұлы тойын.
Жұртпенен сіз де шауып келдің тойға,
Сөзіңці сөйле Сәке шақтап бойға.
Сүт пенен жүн жоспарын орындамай,
Келгенің ұятты боп бар ма ойда!
Сыры көп көк Есілдің білсең анық,
Бүйірің жер келіспей шықпас жарып.
Қазаны ортаймаған қашаннан да
Тамаша балы тамған дәмді балық.
Жүздеген сәйгүліктер бағылады,
Қымыздан мыңдап кіріс алынады.
Тай қымыз, құнан қымыз, дөнен қымыз,
Бәрі де келсең бізден табылады.
Аузына ала жаздай қымыз тимей,
«Баяның» қымызды аңсап сағынады.
Қызығын қымыз ішіп көрмеген соң,
Құр бағып қысырақты неқылады.
Көріңіз тәрбие ісі бізде қандай,
Үлгерді класында бала қалмай.
Еңбегі елге сіңген мұғалімді
Өтеді ақын қалай аузына алмай.
Катя мен Кузнецова, Лиза, Шульга,
Мұғалім тәжірибелі өнер қолда.
Өзінің баласындай бар баланы,
Тәртіппен үйретеді дұрыс жолға.
Шияппен, Сейтен, Құрмаш аты мәлім,
Тамаша неше түрлі әдіс сонда.
Сендерде Кеңпейілов мұғалімің,
Берілген дін жолына болып молда.
Әйелі ораза ұстап аштан қатты,
Тәрбие коммунистік берген сол ма?
Үгіті өз үйіне жүрмеген жан,
Қаратар кімнің бетін дұрыс оңға.
Самархан:
Қүттықтап қарсы аламын табысыңцы,
Көрсеттің қалыңтопқа шабысыңды.
Жүмыста кемшілік бар кімде болса,
Қорғап ал аудан болып намысыңды.
Айтамын кемшілікті қабылдасаң,
Жоюға көмектесіп дабылдасаң.
Сырттан өсек таратып жүргендер бар, Солардыңтілегінен табылмасаң.
Танысып мен де көрдім аудан жайын, Жемшөптен кемтар болар әр жыл сайын.
Кей совхоз сабан тойын созуда жүр,
Кірісті шөп шабуға болмай дайын.
Ауданың шөп шабуда артта қалды,
Пайдаға асырмады қолда барды.
Степной, Интернационал совхозында
Үш жүз гектар жүгерің шықпай қалды.
Тұқымның септің неге жамандарын,
Көрмей ме егісіңді мамандарың.
Сапа қумай, сан қуып жұмысыңда,
Құр бекер жер қарайтып амалдадың.
Кейбір қу дүкен маңын жағалайды,
Ақша үшін ар-үятқа қарамайды.
Бұлақта Ниетжандай сатушыңыз,
Үстеме әр товарды бағалайды.
Өз еркі сатқан затқа баға қояр,
Құлқыны бүл шіркіннің қашан тояр.
Өрескел мінездерін тастамаса,
Үзамай енді аз күнде басын жояр.
Жүрсіз бе Көктеректі барып көрмей,
Петров та шыдап жүр жылдап келмей.
Алты жыл совхозбенен қосылғалы,
Не күтеді бүларға көңіл бөлмей.
Дүкені Көктеректің ағаш сарай,
Өтіпті салынғалы жылдар талай.
Қабырғасы қисайып құлауға түр,
Сатушы қызмет істер онда қалай?
Бостауында әлі түр клуб бітпей,
Тоқтады деп айтады қаржы жетпей.
Төртжылдай қабырғасы қаланғалы,
Бітірген дұрыс болар маусым күтпей.
Қайсың бар маскүнемге жаза берген,
Сондықтан да оларың кеткен керден.
Мас болып жол бойында жығылғанды
Келер күні табасыңжатқан жерден.
Семиполка мәз боп жүр сабан тойға,
Өткен қыс қар тепкізді барлық қойға.
Шөп шабуда қарқынды еңбегі жоқ,
Бүрынғы кемшілікті алмайды ойға.
Жалтырда қойдың басын неге жойған,
Жас төлді аналықпен бірге қойған.
Бес айда сексен үш бас қаза тапты,
Жетпіс қозы алыпты әр жүз қойдан,
Қисайып құлауға тұр қойдың базы,
Базы жоққа ұнайды малдың азы.
Бастаған құрылыстары бітпей жатыр,
Құр бекер өтіп жатыр күннің жазы.
Жастары өтеді екен кино көрмей,
Үмытқан малшыларды киім бермей
Айналмадан қойлары өліп жатыр,
Көруге мал дәрігері о да келмей.
Басшылар көзін салсын Бұлағыңа,
Қол апартпас Титовтың құлағына.
Керекті құрал-сайман дайындамай,
Кірісті пішен шабу орағына.
Механик Титовтың жүр басы қатып,
Сырқат қой ақшасына алған сатып.
Маңына мастерской сирек барар,
Ақанның алған күні дәмін татып.
Өткен жыл Социалда клуб салған,
Айтамын шындық істі емес жалған.
Қисайып құлауға тұр төбе ағашы,
Қалайша мамандарың көрмей қалған.
Шеберді көп ақшаға жалдағаны,
Көруге бастықтардың бармағаны.
Қабылдап құрылысқа акт жасап,
Прораб мемлекетті алдағаны.
Кеңсе мен клуб тұр қатар жуық,
Қыс күні бөлме толған ызғар суық.
Кездейсоқ бара қалған шаруалар
Тұлып киіп отырар белін буып.
Керекті жабдықтар жоқ онда қойған,
Сәкісі жылдар бойы жуылмайды,
Сазына едеңцегі аяқ тайған.
Бұларда бір ауыл бар Жаңа талап,
Онда да бір клуб тур қойған қалап.
Қой, ешкі мекендеген көпжыл бойы,
Күн сайын қойғандай-ақ әдейі қамап.
Клубы халық пайдасына жарамайды,
Өздері қүлайды деп санамайды.
Төбесі жиын топқа түсіп кетсе,
Болғаны ауыр зардап үнамайды.
Жақсы ғой кінәліні алсаң тауып,
Клубты пайдалану үлкен қауіп.
Ұсталған қаражатқа бетті сыйпап,
Есігін қойған дүрыс мықтап жауып.
Мезгілі жетті аларлық бүларды ойға,
Қалмасын көп тілегі бекер жайға.
Ынтымақ, Жалтыр ауылы, Көктеректе,
Радио, беріп тұрған жарық қайда.
Көрдің бе Ынтымақты өзің барып,
Олар жүр жаңалықтан кейін қалып.
аларлық орындар жоқ, Мәдени дем
Беретін мезгіл жетті кпуб салып.
Ахметжан:
Теңіздей сапырсам сез сарқылмайды,
Ауқатты, салтанатты, халқым жайлы.
Чапай мен Бағанаты бақшасында
Жастарым саяхаттап салқындайды.
Салынған сәнді клуб, мектептерім,
Көп жатыр бізді қуып жетпекке елің,
Мәдени істеріңнің кемшілігін.
Былтыр да айтыста айтып өтпеп пе едім,
Тиген соң сөздің қыры қытығыңа.
Қызарып қарай алмай кетпеп пе едің,
Өзгерген әлі күнге бір ісің жоқ.
Жауырды жаба тоқып өтпек пе едің!
Совхозың Есперліні еске алмапты,
Ауылдың жағдайына кез салмапты,
Ауданның басшылары бұл ауылға.
Бурылып жыл бойына бір бармапты.
Шым уйлер тұрған әбден шыны жетіп,
Тіреумен тұрған үй көп зорға бекіп.
Ешкілер төбесінде ойын салып
Түспейді қуаласаң, ұрсаң зекіп.
Көрмедім көшеге еккен талдарыңды,
Қинауға жалқаусыңдар жандарыңды
Сақалын салбыратып ешкілерің
Жеп қойып соқтырды ма сандарыңды Жамбылдың сиыршысы Қыстаубаев,
Болды оның біраз малы көзден ғайып.
Бастықта, бақташы да кінәланбай,
Шығынды жаба салды жуып-шайып.
Айтыста ашсам толық істің сырын,
Аз болмас арқаңызға артқан жүгің.
Бір күнде айтып адам үлгере ме,
Сан талай толып жатыр істе мінің.
Есептің етек-жеңін жинамастан,
Маскүнем Мауэс деген бухгалтерің.
Бағасын екі есе артық қымбаттатқан
Жүн менен шошқа етініңтүсер құнын.
Директор Татиевский не бағып жүр,
Аз ғана шаруаға болмай мығым.
Қапшығын қанағаттыңтышқан тескен
Адамдар тауып жүр ме істің қыбын.
Басқармасы «Баянның»,
Бірімжан Шайпы баласы.
Таусылмайтын есепсіз,
Ісінде көп шаласы.
Сексенбайдай емес деп
Халыққа көзқарасы,
Шулап отыр колхоздың
Кәрі, жасы, баласы.
Бимағанбет секілді,
Мүгедек жандар өте көп.
Үйіне кірген тосын жан,
Адасып мүлде кетер ед.
Қаптаған тіреу қараңғы үй,
Жүре алмайсың төтелеп.
Үй салып оған беруге
Колхоздың қоры жетер ед.
Көрмейсіңдер сондайды,
Көрсетпесем жетелеп.
Самархан:
Әбішев мұғалім ғой Социалға,
Қулықпен жетіп жүр ғой мүндай халға
Пәтерші есебінде түрады екен,
Енесін ие қылып барлық малға,
Енесі келген екен сексен жасқа.
Ие болар түрі бар ішкен асқа,
Үш жылқы, екі сиыр, он ешкі бар,
Қағазда түрады екен өзі басқа.
Әбішев бірге тұрар малын бағып,
Қызметке қолы тиер оның неғып.
Жазы, қысы қолында осы малдар
Жүреді кездескенге кеуде қағып.
Өсекдеп сынаушыны бағалайды,
Ескі әдет жиын-тойды сағалайды.
Сындарға бірнеше рет ілігіп жүр,
Бүл кімге арқа сүйеп паналайды?
Пәтерде мұғалім тұр балшық үйде,
Бала оқыту қиын ғой мұндай күйде.
Керекті жатақ үймен қамсыз етсе,
Бүлдағы болар еді жақсы игі.
Қүлап жүр маскүнемің талай жардан
Айырылып арақ үшін барлық ардан
Баласы Мырзахмет, Баяш, Шәмет
Мектепте Қошқарбайдың басын жарған.
Қошекең келіп қалды алпыс жасқа,
Арағы бар тиді шыны кәрі басқа.
Бутылка сынып арағы төгіліпті,
Тигендей уатылып қара тасқа.
Мезгілі жетті арақты қоятұғын,
Мөлшер жоқ маскүнемге тоятұғын.
Осылай арақ ішіп сенделгендер,
Қашан да ар-намысын жоятұғын.
Ойым жоқ кінәсізді қаралауға,
Біреудің ар-намысын жаралауға.
Түйрейік маскүнем мен бұзақыны,
Таппасын олар орын паналауға.
Бибінұр Тілекеңмен бірге тұрған,
Орынсыз кінә, тағы жанжал құрған.
Кеңседен мезгілінде келмейсіңдеп,
Күйеуін қисын тауып талай ұрған.
Бір күні кеңсеге енді ашу кернеп,
Соғыпты сүйреңтілмен әбден жерлеп.
Жаралы Тлеуберді болды дейді,
Жіберген көсеуменен бастан сермеп.
Жұмысы сот алдына түсті десті,
Көсеу тиген бастары істі десті.
Ерін ұрған әйелге кінәжоқдеп
Жазасын сот алдында кешкен десті
Ахметжан:
Бастаудың сіз клубын барсаң көріп,
Преснов тегіс сыяр сөзсіз анық.
Тойына Октябрьдің бітірмек боп
Жабылып жатыр қазір біраз халық.
Мектебін Баянның көре түрып,
Күлесің сен біреуге айтшы неғып.
Іргесін былтыр ғана салып еді,
Неліктен биыл жатыр құлап қалып.
Тағы бір жалған сөзді жеппелетпе,
Радио, жарықта бар Кектеректе.
Қызық қой осы Сәкең қысылғанда
Өтірікті қосады сеп көрет те.
Өсекке әдеттеніп қулақтарың,
Сен биыл Бүлақты аса үнатпадың.
Екі есе ет жоспарын орындады,
Бүлаққа енді бар ма сүрақтарың?
Жамбыл атты совхозда,
Мендібаев Әшім жүр.
Жүмыс десе сырғақсып,
Атына міне қашып жүр.
Дамылсыз ішіп арақты
Миманасы тасып жүр.
Жазығы жоқ жандарға,
Жұдырықты басып жүр.
Інісінен таяқжеп,
Ыбрай әбден жасып жүр.
Алпыс қозы табылған,
Петровкада боқтықтан.
Қыс күтімі нашар боп,
Апатқа төлің соқтыққан.
Жүз жиырма бес қой өлді,
Баз қүлап, басып шоқтықтан.
Жазықсыз қойларжайрады,
Жауапкер адам жоқтықтан.
Сүрағаның сыралы,
Қос ауыз мылтық қүралы.
Ішіп алса жыл сайын,
Бір кісі атып жығады.
Сондадағы фермаға,
Бастық болып үнады.
Жуырда тағы кісі атты,
Аяғы немен тынады?
Жалтырдың қойын көрдім
жатқан өліп,
Біздағы Есперліңді келдік көріп.
Маскүнем Маховский жүз бүзауды,
Өлтіріп Суаткелге кеткен көміп.
Болса да салып кеткен жарасы көп,
Қалыпты Маховский қағасы боп.
Сытылып аман-есен шыға келіп
Алыпты поссоветтің ағасы боп.
Жарайды айтысам деп келгеніңе,
Бөгелмей сөзге жауап бергеніңе.
Мың сәлем, миллион сәлем бізден
деңіз,
Еңбекте озат шыққан ерлеріңе.
Сәлем айт Қапаш қарттай шопаныңа,
Көрдік біз жатқан қойын «Қопалыда».
Жыл сайын егіз тауып, өсіп төлі
Орнатқан мол ырысты қотанына.
Шопырың Қасмақасов Жағыпарың,
Жырымды соларға арнап ағытамын.
Жастарым Жағыпардай жақсы
істесең,
Болады жұрт алдында үстем бағың.
Абайдыңсауыншысы алтын бармақ,
Арнадым сәлемімді Тендікке арнап.
Мушесі комсомолдың жас балдырған
Жарыста топтан озған ол бір саңлақ.
Бас қостық облыстың ақындары,
Ақынға іс озаты жақын бәрі.
Табысың таудан да асып тасқындасын,
Еңбектің үздік шыққан батырлары.
Ауданым ие болды табысқа зор,
Аламыз тағы биыл өнімді мол.
Береміз он бес миллион пұт астықты.
Ең қымбат алда түрған міндетім сол.
Сөзімдітым батырмай өттім жанап,
Онымды оңай көріп жатпа қарап.
Биғожин, Лепехинге сәлемімді айт,
Болмасын шаруаға енді салақ.
Топ жарып тойға кірсем жүзім жарқын,
Көтердік көркем жырмен ойын салтын.
Осымен сөз қадамын қысқартайын,
Қош боп тұр жолыққанша келген халқым.
Самархан:
Айтылған адал сынды өсек дейсің,
Өзіңді ектем басқадан есептейсің.
Он рет айтысқа сен қатыссаң да,
Қазбалап артықсөзді кесектейсің!
Алдыңба Қуантайды қорғауыңа,
Қарсымын сынама деп зорлауыңа.
Сен, сен деп бірнеше рет қайталадың,
Сіз деген сыпайы тіл болмады ма.
Өсек деп кей сөзімді бағалайсың,
Нақ баспай шындық істі жағалайсың.
Халыққа қарайтүғын түріңжоқ деп,
Неліктен көп алдында қаралайсың.
Қарсымын кінәліні жақтауыңа,
Жақсы көп сыярлықтай мақтауыңа.
Сындарды өткен жылғы жіпке тізіп,
Осы жыл топ алдында ақтауыңа.
Ақынныңенді қозғалсын,
Білгенге жоқ қиындық.
Домбырасын қолға алсын,
Жыртөгілтіп көмейден,
Ойдағыны жеткізіп
Ұшар құстай қомдансын.
Сөзім қымбат алтындай,
Жүрекке тиет сүйкімді
Тыңдаушы халқым қолдасын.
Үйлесін іздеп оғаштау,
Байламы жоқ маңызсыз,
Артықсөздер болмасын.
Төрешіл топас басшыны,
Ажарыңа қарамай,
Аямай ақын жондасын.
Маскүнем мен бүзақы
Жүмысқа бөгет қашан да,
Соқ аямай оңбасын.
Екі аудан түсті жарысқа
Жоспар ортақ, мақсат бір,
Соз қүлашты қарышта,
Үгіт ісін жақсартып,
Міндетті алған орындап,
Жол бермейік қалысқа.
Жетіжылдық жоспарды,
Бес жылда толық орындап,
Жетуге оған алыспа!
Колхоз, совхоз нығайды,
Қолдан келмес жүмыс жоқ,
Мастанбайық табысқа.
Үгітші болсын ақындар,
Әділ сынға мойындап,
Тырысайық намысқа.
Жүртшылық өзі табады,
Озып шыққан ауданды,
Социалистік жарыста.
Ал, тыңдаушы халайық
Айтылған сындар бос қалмай,
Оны да еске алайық.
Кемшілік бар жүмыста,
Жоюға тез кірісіп
Табысты мыңцап санайық.
Ет пен сүттен молшылық,
Жасауға биыл елімде
Бірлесіп күшті салайық.
Жүн, жүмыртқа, майлы егіс
Мезгілінде тапсырып.
Миллиондап пайда табайық.
Озаттардан үлгі алып,
Күнделікті еңбекте,
Асыра науқан орындап.
Артта қалмай бір аудан
Бәріміз алда болайық.
Ұйымдасып бар істе
Әр гектардан жүз пүттан,
Мол астықты орайық.
Жарты жыл толды байқалды
Алған міндет аз болса,
Оны да қайта қарайық.
Орындалмай бір науқан
Октябрьден қалмасын,
Уәде солай, тарайық!
«ПРИИШИМ» ЖӘНЕ «ЖАМБЫЛ» КЕҢШАРЛАРЫ АҚЫНДАРЫНЫҢ АЙТЫСЫ 1962 жылы Преснов ауданының «Приишим» және «Жамбыл» кеңшарлары ақындарының айтысы бо- лып өтті. Сол айтыста «Приишим» кеңшарының атынан сез додасына қатысқан Самарханның сезін беріп отырмыз.
Жырымды мен арнаймын 40 жылға,
Қазақ елі болды ие байтақ тыңға.
Жаңашыл озаттар көп өндірісте,
Өрлеуде мол табысы мыңнан мыңға.
Жеті жылдықты 5 жылда орындауда,
Жарыспен социалистіктүстік сынға.
Ет пен сүт, тың астығын молайтуда,
Қол жетпес көтерілдік биік шыңға.
Бізжеңцікталай істі болған қыйын,
Жеңіспен қарсы алуда үлы жиын.
Жоспарды міндетке алған орындауда,
Озат көп алып жүрген еңбек сиын.
40жыл жасап отыр Қазақстан,
Отанның дамуына үлес қосқан.
Гагарин мақтанышы біздің елдің
Айналып жердің шарын, аспанға ұшқан.
Космосқа ушқан жан жоқ бізден бұрын,
Бізде ғылым, техника бірінші орын.
Советтік 44 жыл дәуірінде,
Жойдық біз қараңғылық ескі торын.
Қалдырдық таласқанның бәрін матап,
Гагарин алды жеңіп батыр атақ.
Шет елде ушамыз деп талап қылды,
Не күйді, не қулады болып шатақ.
АҚШ тағы ушырды ракетасын
Айналып шығу еді жердің бетін.
290 милде аспанда ушып.
Жетпеді орындауға қойған сертін.
Ұшқышы Алан Шепард шықты жолға,
Меңгерген техникасын алып қолға.
Ұзамай дарияға қулап түсті,
Қутқарды қорғаушысы әрең зорға.
Біз жеңцік бейбіт өмір жарысында,
Меңгердік жолдың жақын алысында.
Шет елдің даурықпалы ғалымдары,
Қалды ғой қорғай алмай намысын
да.
Соғыспау, бейбіт өмір біздің тілек,
Қару-жарақ аз ғана топқа керек.
Жойылсын жер бетінен соғыс қумар,
Соғады сол мақсатқа миллион
жүрек.
Біз құрдық коммунизм ірге тасын,
Берілген Отанына кәрі-жасым.
Бастаушы компартия арқасында,
Басқа елдің бәрінен де болдық
басым.
Біз келдік мол табыспен осы тойға,
Қиялды орындадық алған ойға.
Шолпанға ұзақ сапар ұшуда жүр,
Советтік белгі қойдық аспанда айға.
Сауықшыл сайрандауда біздің
халық,
Партия нұрлы сәуле берген жарық.
Болады сөзің құнды тыңдаушыға,
Боямай айта білсең болғанды анық.
Айтысу жаңалықты алға салмақ,
Ұят қой жарысқанда артта қалмақ.
Жетістік, кемшілікті жеткіз, таныт,
Үлгісін озаттардың әркім де алмақ.
Құр бекер көрінгенді мактамаймын,
Жасырып кемшілікті жақтамаймын.
Өрескел сынға жатар міні болса,
Бетжүзіне кім болса да қарамаймын.
Совхозым Приишім меніңтұрған,
Іргесін совхоз болып ерте құрған.
Жыл сайын 26 мың гектар егін салып,
Гектарына 100 пұттан астық орған.
Өсірді жоспарлаған малдың басын,
Меңгерді техниканы барлықжасым.
Өткен жыл екі қыстық шөпті шаптық
Ақыным бүл жағы да біз де басым.
Семіртіп қой мен сиыр бердік етке,
Молайған сауын сиыр майлы сүтке.
Жыл сайын жүздеген тонна семіз еттен, Совхозым беріп отыр мемлекетке.
Донченко Приишім директоры,
Адамның еңбек сүйгіш бүл да бірі.
Мүшесі Жоғарғы совет неше жылдан,
Болған жоқ кемшілікте жүрген жері.
Совхозы саналған жоқ артта қалған,
Жүлдесін облыстыңжеңіп алған.
Саласын бар науқанның орындауда Көсемніңорденімен наградталған.
Жапаров сияқты мал мамандары
Іргелі басып келер қадамдары.
Бәрі де өз ісінің инженері,
Жарыста озып шыққан адамдары.
Брагин жүгерінің инженері,
Жарыста озып шыққан ердің бірі.
Гектарына 4000 пүттан өнім берді,
300 гектар жүгеріні еккен жері.
Жүгеріден алдамыз облыста
Түсейікжүгері үшін кел жарысқа
Гектарға 100 центнер өнім алмай,
Жете алмай қалып қойды өте алыста.
Шақырам совхоздарды жарысуға,
Озаттан үлгі, тәжрибе алысуға,
Жүгерішің Приишимге келіп кетсін,
Ісімен Брагиннің танысуға.
Бізде көп озат шыққан үздік малшы,
Өзінің еңбегімен болған жаршы.
100 қойға 140 қозы алған бар
Солардың еңбегінен өнеге алшы.
Теңдесер шопаның жоқ Қапаш қартқа
Еңбек қылар бүлжытпай қойған шартқа.
100 қойдан 130 қозы өсіріп,
Ертеден болған ие жақсы атаққа.
Қүрметке ие болып орден тақты,
Озат еңбек табыспен елге жақты.
ЗО- жыл Приишимде шопан болып
Өсіріп барлық қойын аман бақты.
Шопандар Бірімжан мен Абуталіп,
Саңлақтар озып жүрген топты жарып,
Жыл сайын қозы өсіріп, жүн қырқуда
Көрген жоқ бүлардағы артта қалып.
Есенбай асып кеткен 60 жастан
Ауданда сиыршы жоқ бұдан асқан.
Жыл сайын қарауында болған малы,
Тәулікке 500 грамм салмақ қосқан.
Басшыларың жүргізбейді үгіт ісін
Қолданар көпшілікке жарлық күшін.
Орынсыз қоныс салған орталығың,
Жұмыстан бос отыр ғой талай кісің.
Бөлімшеде көрінбейді салған үйің,
Малшының түзеу керек тұрмыс-күйін
Совхозда мал қорасы жетімсіз боп,
Жағдайы көп малыңныңболған қиын.
Қойларың совхозыңда болған жауыр,
Арттың ба арқасына жүгіңді ауыр.
Тулақгай тақыр екен кейбіреуі
Сыртынан көрінгендей өкпе-бауыр.
Келдік қой қатысуға осы тойға.
Сөзіңді айту керек шақтап бойға
Төл беретін малдарың қысыраған
Алыпсың 70 қозы әр 100 қойға.
¥натпас басшыларың сынағанды,
Істеп жүр өздеріне ұнағанды.
Санасын жұмыскердің бәрін бірдей,
Күтпесін балшық үйлер құлағанды.
Көрдің бе Жарқын менен Суаткөлді
Меңгеріп қоныстаған жақсы жерді Шаруаныңтұрмысына көзін салмай,
Қалдырған үмыт неге мұндай елді.
Директор бұл жағына көзін салсын
Күш жетпесе Приишимнен көмек алсын
Әр фермаңда мәдениет ордасы боп
Көңілді кеп шаруа демін алсын.
Көрнекті мәдениетке көшсін бәрі,
Түзелсін барлық шаруа тұрмыстары.
Жәйлі үйге жарығы мол орналасып,
Жойылсын ескі әдеттер одан әрі.
Келіп жүр тоқсан сайын өнеге алсаң,
Қайтарсың қымыз ішіп бізге барсаң. Жүмысыңжақсы жүрер қашандағы
Кеңесіп, көпшіліктіңтілін алсаң.
Жүрсіңцер жүгеріден өнім алмай,
Ақылға агротехника қүлақ салмай,
Совхозың көтерілер мезгіл жетті
Жыл сайын бар жұмыстан артта қалмай.
Еріншек бастықтарың аралауға,
Білмейді көп жұмысты шамалауға.
Іздеген оңай олжа, жеңіл табыс
Жамбылдан қоныстапқан паналауға
Жамбылдың орталығы жақсы қала,
Гүлденген кектем келіп барлық дала.
Тұргын үй салынбаған Аманкелді,
Ойланшы бұл жағын да есіңе ала.
Кектемге біз кірістікболып дайын,
Жұмыстың сіздердегі кердім жайын.
Егістен нашар салған түсім болмай,
Жоспарың орындалмас әр жыл сайын.
Бар екен үстүрт салған егістерің,
Тырмалап қара балшықтегістедің.
Асығыс егісіңді аяқтауға,
Сапасыз, сан жағынан беріспедің.
Шығыпты малың қыстан әрең зорға,
Көп тайша арықтықтан болды жорға.
Мал басы жүгеріден сүрлем салмай
Жетімсіз болған дейді жем-шеп қорға.
Таныстыр көпшілікке совхоз жайын,
Өткіздің ауырлықпен қыстың айын,
Сауған сүт сиыр басы олқылықта,
Маусымды қарсы алмаған болып дайын.
Андрей Суаткөлде үйін сатқан,
Сумасы 8 мыңдай пайда тапқан.
Үйін сатып, совхоздан пәтер алып,
Бастыққа мұндай қулар қалай жаққан.
Көрдің бе Біржан, Бұлан балшық үйін Малшының білмейсіңдер тұрмыс күйін.
Үйлері бұлар тұрған құлап жатыр,
Бір күні басып қалса болар қиын.
Отырмыз 40 жылды біз де тойлап,
Қортынды жасау керек сіздер де ойлап.
Өзің айт көпшілікке себептерін,
Жұмыскер жалақы алмас бірнеше айлап.
Жыл бойы тыңға келген ағылады,
Оларға жайлы қоныс табылады.
Есебін келген-кеткен байқаушы жоқ,
Ақша ұсталып, қағазбен жабылады.
Кейбіреу бір совхоздан барса қашып,
Сіздерге ондайларға есік ашық.
Тексермей қандай адам оның өзі,
Қоныс салып бересің үйін тасып.
Көп адам совхозыңа келіп жатыр,
Тоқтаусыз ол совхозға еніп жатыр.
Тұрақты жұмыскерді байқағанда
Оны қалып бесеуі кетіп жатыр.
Тексерсе көп табылар былықтарың,
Жасырған жаба тоқып қылықтарың.
Қаржы алып совхозыңнан кетіп қапты
Куликов - Шабулиндей бұзықтарың.
Жан бар ма бүл жағдайды жүрген санап, Совхозға келгендер көп өзі қалап.
Мекендеп мөлшерден тыс целинчиктер Жұмыссыз кеп адамың отыр қарап.
Смирнов байып алған үйрек-қазға,
Қарайды ақылсыз деп малдары азға
Екі сиыр, терт шошқа, ондаған қой
Орны жоқ қамамаса совхоз базға.
Мөлшерсіз мал көбейткен міне солай, Жем-шөбін сонша малдыңтапқан оңай.
Бір әйел Жамбылыңның кешесінде
Бағып жүр бір мегежін, тоғыз торай.
Қосылған совхозыңа колхозды ауыл
Бірлескен бірнеше ұлт болып бауыр.
Құтылмай жарығы кем балшық үйден
Болыпты кей шаруаныңтүрмысы ауыр.
Ісің бар көпшілікке жарамаған
Ауданда бүл туралы сынамаған.
Фермаңцы басқарып жүр келушілер,
Бір адам жергілікті үнамаған.
Жақсы ғой жүріп жатса жұмыстарың
Жатады мақтауыңа қоныстарың.
Орындаған жылыңжоқжоспарыңды,
Орынсыз қайда кетті табыстарың.
Ауру мал сауларымен араласқан,
Жетімсіз ескі базға паналасқан. Шаруаныңмалдары Қарағашта,
Суатқа ауру малмен бір таласқан.
Базыңның мал симайды тарлығына
Бағынған директордың жарлығына.
Қосымша салмағына төлемейді,
Байғожин баққан малдыңбарлығына.
Клубы Қарағаштың бұзау қора,
Тозғаннан қисайыпты көп жыл тұра.
Мәдениет орыны жоқ бір фермаңда
Жағдайын директордан өзің сұра.
Қарсымын кемшілікті жасыруға,
Жоқты бар деп өтірікпен асыруға.
Орында жоспарыңды артта қалмай,
Пайда жоқ бос уәде алысуда.
Жоқ екен совхозыңда жалғыз тауық,
Жасыршы келсе кушіңетекжауып.
Бедеу ме уйректерің совхозыңда
20 дан жұмыртқаны берген тауып.
* * *
26 тиын жумыртқаны бағалаған
Кей қулар құстың маңын жағалаған.
Қус пен шошқа күтуге белсенділер,
Күн сайын сол ферманы сағалаған.
Тауықтың өте қымбат жүмыртқасы
Қымбатқа түскен екен ішкен асы.
Қүстарың 27 мың қаза тауып,
Шығынын арқалаған тірі басы.
Болды ма істе осал мамандарың,
Табыспен көп алдына түсе алмадың.
Жыл сайын мемлекетке зиян беріп,
Екіге төртті қосып амалдадың.
Болғанда сөзің семіз, ісің арық,
Көрдің бе совхоз жайын өзің барып?
Үгіт аз жұмыскердің арасында
Сондықтан совхозың тұр артта қалып. Тапсырған кім фермаға базды салма
Қарқын қос, сүтпен еттен артта қал ма.
Өткен жыл 5 миллион зиян бердің
Қолайсыз жұмыс қылдың амал бар ма?
Өзіндік құны қымбат азықтарың,
Көрсетші қай салада озықтарың.
Үгіт жоқ, құрғақ әкім жұмысыңда
Басқарудан болды ма жазықтарың.
Аманкелді барсаңыз
Көресің қызық тамаша.
Екі будка ауылдан
Шеткері тұр оңаша.
Конторы деп ферманың
Таныстырды бір адам.
Тақтай будка аласа
Екі адам сиып зорға отыр.
Есігін ашып қараса
Екі орындық, бір стол.
Келгендер отыр таласа
Сөйлесуге олармен.
Бізде бардық жанаса,
Жалтақтап отыр жас жігіт
Жасырынған балаша
Директордың бүл ісі
Емес пе рас тамаша
Қазақ ауылына келтірген
Ісі осылай жаңаша.
Бүйрықпен шығарыпты бүларды айдап
Контор қып түрған екен 5-6 айлап.
Қосындай жылқышыныңтақтай будка
Совхоздың берген орны әдейі сайлап.
Берілген жайлы қоныс келгендерге,
Ұнамас сын көзімен кергендерге.
Конторды пәтершіге берген десті,
Ізденіп оңай табыс жүргендерге.
Үйшікте бүлар отыр амалдасып,
Қиын ғой қарсы келу жамандасып.
Директор өзі түгіл басы симас
Кетпесе сырттан қарап амандасып.
Кездестік бүдан кейін Қарағашта
Жағдайы бүлардыңда елден басқа.
Бөлмесін бүзау қора контор қыпты
Толғанда Қазақстан 40 жасқа.
Маңайы лас екен, толған қоқыр,
Ілулі бір қағаз жоқ адам оқыр.
Турмысын қазақ аулы бір көрмеген,
Болғанба бастықтарың ылғый соқыр.
Семсерін өткір тілдің суғарма еді,
Өзін де сол қораға тығарма еді.
Шақырып исполкомге жайын тыңдап,
Оқытса бірер жұма ұғарма еді.
Совхозың шөп шабуға емес дайын
Ақыным сен көрдіңбе оның жайын.
Тұқымға бидай сеуіп егісіңце
Қаптатып шығарыпсыңмалашайн.
Ал, тыңдаушы халайық,
Партия жолы -ұлы жол.
Сөзге құлақ салайық,
Етпенен сүт, мол астық,
Барлықжерде алайық.
Әр гектарға 100 пұттан
Тыңегісін орайық,
Төрешіл топас, тоң мойын
Ескі әдетті жояйық.
Ор көкірек, тоқ мейіл
Ол мінезді қояйық.
Жыл сайын алған міндет бар
Берген сертте тұрайық.
Бас көтерген жау болса
Тұрмастай қып ұрайық.
Жиырма екінші партсъезге
Жетістікпен барайық.
Үдетеміз жарысты
Көпшілік қол бірлесіп
Орындайық бар істі
Жол бермейміз, жоямыз
Жумыста артта қалысты.
Түзетеміз кезінде
Шәлкем, қисық, шалысты.
Орындайтын міндет көп
Бәсеңдетпе шабысты
Бізде қуат, бізде күш
Бермейміз қолдан намысты.
ЖҮМАҒАЙЫРҒА
Директорға бердім арыз т^рмыс айдап, Жауапсыз қалып қойды бірер айлап. «Молда» деп директорың қарсы алды ғой, Түсініп шеше алмадым күн-түн ойлап. Сен білдің қалайша деді «молда», Барма екен мәліметі оның қолда. Өмірде естімеген жаңа сөзім, Түсінбей қайттым үйге шыным ол да. Осылай қарсы алды ғой біздің бастық, Бүркеулі талай сырдың бетін аштық. Қан айдап екі күндей мазам кетті,
Арнаулы істегендей маған қастық.
40 жыл партияда болғаныма, 65 жасқа биыл толғаныма.
Жабылып сырқат, түрмыс, кәрілігім, Азайып жақ етімнің солғанына.
Тексерді «пенсияны алдыңқайдан», Қалады көңіл шіркін осындайдан.
Жақын түскен бомбадан болдым сырқат, Отан қорғап жүргенде қанды майдан.
Екі айдай сөйлей алмай болдым сақау, Жарылды ауыр бомба бізге тақау.
Қан айдайтын бір сырқат болды пайда, Сондағы жүрегіме түскен ақау.
Белгілі облыстың болдым ақын, Танысып жақсылармен жүрдім жақын. Айтыста шешендермен талай-талай, Басқада кеткені жоқ сөзден ақым. Мен сонда ауданымды мақтап едім, Белсеніп шындық істі жақтап едім. Дипломды райкомға табыс етіп,
Сенімін партияныңақтап едім.
СовхоздарЖамбыл,
Приишим жарысқанда,
Баянға ақындар келіп табысқанда, Найзасын өткір сынныңсұғып едім, Тартысып майда тілмен жабысқанда.
Куликов сонда айтысты өзі көрген,
Менде жоқ жағымпаздық өсек терген. Болған ба төрешілдеу әлде қалай,
Маған ол тоқтамады қолым берген.
Аялдап аз да болса қарамады,
Кісі деп тұрғандарды санамады.
Кимелеп кезек күтпей кіріп жатыр,
Бұлары күткендерге ұнамады.
Кезек күтіп мен түрдым 4,5 сағат,
Тұруға аяқ басып жетпей тағат.
Келушіге арналған орындық жоқ,
Қоймаған бар нәрсені осы да ағат.
Болса да жасы кіші Донченко аға,
Талайға пана болған үлкен жаға.
Түсіндір арызымды, берсін жауап
Көп шалдың бірі демей арзан баға.
Бермесін сұрағанды, мейлі берсін,
Баянда өсекші бар, сөзіне ерсін.
Картішкем 40 жылғы кірлемеген,
Керек қылса райкомға барып көрсін.
Кейбірі аудан, облыс маған таныс, Болмасын қоныс бірге көңіл алыс.
Алдына енді ешкімнің бара қойман,
Қарсы алса дәл осылай тәлкем-талыс.
Жазығым директорға арыз жазған,
Кезінде болдым жүйрік кептен озған. Ауданда көп жыл қызмет істеп едім
Кәрілік, сырқат жеңіп енді тозған.
Арнаулы Жұмағайырға жазған хатым, Шыққан жоқ көп алдына жаман атым. Түсіндір Андрейге мән-жәйімді,
Самархан Жұмадиұлы менің атым.
Бергізген рабкопке ұның қайда?
Керек болып тұр еді осындайда. Орындалмай бүл дағы қалып қойса Түрмайтын қапшық үнға қүным қайда?
Біраз үн Баянға келіп жатыр,
Түндікке үш килодан беріп жатыр.
Біреуде он жан болса, біреу жалғыз,
Амал жоқ осыған да көніп жатыр.
САҒЫНДЫҚ ЗЕЙНЕҮЛЫ БЕКТұРОВҚА
Бул хатты арнап жаздым Сағындыққа,
Көп жыл күтіп біз оны сағындық та
Шырылдап дүниеге келген күні
Қуанып естен талып қалдықта.
Сағындым сені бөбегім, Сен ғана едің тілегім. Маңдайыңнан искесем, Елжірейді жүрегім.
(әр шумақ артынан)
Сен қазір көз тоқтатып күлемісің,
Туысты алыс-жақын білемісің.
Қаз түрып апыл-ғүпыл аяқ басып,
Соңынан ата-ананың еремісің.
Бір қызық шала-шарпы шықса тілің,
Жүгірсең жалаң аяқ алмай тыным.
Сайрандап жеті жаста мектеп барып
Көп дыбыс қүрастырып алсаң білім. * * *
Сағындық Бектүров деп жазсаң хатты,
Үйретіп мініп алсаң асау атты.
Ата-ана, ағайынды бірдей санап
Қызықты өмір етсең тәту-тәтті.
* * *
Бітірсең үздік оқып орта мектепті
Тайсалмай бар адамнан жүрсең өктеп
Қатардан қалтырмасаң жолдасыңды
Ере алмай басқаларға жүрген шеттеп.
* * *
Кәріні ата, үлкенді ағаласаң,
Айырып жаман-жақсы бағаласаң.
Аралап Ленинград-Москваны,
Кіруге Кремльді жағаласаң.
Ер жетіп ата-анаға болсаң серік,
Салмақты жігіт болсаң тілге берік
Білімің басқалардан артық болса,
Адамға айнымайтын ол бір көрік.
ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ
Біреуі он алты республиканың Қазақстан, Отанда үшінші орын көмір, мыстан. Бүрынғы түйе жеккен қазақ елін,
Теміржол аралап жүр барлық түстан.
Орныққан совхоз, колхоз даласында, Көркейген жаңа қоныс қаласында. Өркендеп жылдан жылға өсіп келед, Шаруашылық барлық түрлі саласында.
Мол байлық Қарағанды,
Қарсақбайда
Жоспарын орындап жүр әрбір айда. Екпінді озаттар көп өндірісте
Келмекші мол табыспен ұлы тойға.
Таусылмас кен байлығы Сарыбайдың Тұрмысқа керек заттың бәрі дайын.
Дария тасқынындай болар еді
Тоіқгатып көрер болсаң Ембі майын.
Бізде мол алтын, күміс, темір, көмір,
Жүз вагон бір күнде артсақ емес кемір. Қазына байлығы мол Қазақстан,
Жасады социалдық қызық өмір.
Салынды көрнекті үйлер қабат-қабат, Барлық жан еңбек етер қылмай тағат.
Октябрь алыс жерді жақындатты,
Естілер Кремльден соққан сағат.
Бастаған Компартия жолға дұрыс,
Қан төгіп Октябрьде салған ұрыс.
Лениннің шамшырағы нұрын төкті,
Өзгерді негізінен ескі қоныс.
Езілген ел үлес қосты Октябрьге,
Аттанды жауға қарсы көппен бірге. Жасұрпақбасын иіп құрметтейді,
Әліби, Амангелді атақты ерге.
Ел еді артта қалған біздің қазақ,
Езуде көп жыл бейнет, көрген азап.
Аз жылда өндірісті елге айналды, Қүрылыста социалдық кеттік ұзап.
Тартыста көп жыл жүрдік партия бастап, Тұрмысқа жол бермеді еңбек қанап. Октябрь арқасында өзгеріс мол, Жекелеп елу жылды көрсек санап.
Сәулетті елімде көп жаңа қала, Оқу, өнер жолында барлық бала.
Көкорай, бау-бақшалы жерге айналды. Бүрыңғы құлазыған тастақ дала.
Сауатсыз бір адам жоқ қазағымда,
Езілген үстем таптың мазағында. Октябрьдің арқасында теңцік алды, Байлардың жүрген бұрын азабында.
Жырымды арнадым мен ұлы тойға, Тұрғанда күш-қуатым әзір бойда.
Асыл жыр орындалмай ағылады, Толғанып Октябрьді алсақ ойға.
Сан жетпес Октябрьдің табыстары, ¥ласқан социалистікжарыстары.
Тексеріп аспан-әлем кеңістігін
Құлашты айдан асып қарыштады.
Таусылмас толған байлық жерімізде, Орнаған социализм елімізде. Қатары молаюда озаттардың Тағылған алтын жұлдыз төстерінде. Ескілікті көп жаңалық басып жатыр, Бегетсіз еңбек қайнап тасып жатыр. Бүгінгіні ертең көрсеңтанымастай, Бір жылғы жүз жылғыдан асып жатыр. Октябрь алтын сәуле нұрын шашқан, Жойылды қара түнек елді басқан. Кезінде ескі дәуір болмағанның Ішінде елу жылдың көбін ашқан. Орнады ¥лы Октябрь алыспенен, Шаруашылық еркендеуде жарыспенен. Кертартпа жалқаулық жоқ өндірісте, Бірлесіп куреседі қалыспенен. Октябрь жер жүзіне берген көрік, Бастаушы Компартия сондай берік. Қатары тәуелсіз ел молаюда,
Күресіп ез басына алған ерік.
БОРАНДЫ ТҮНДЕ
Бір сырқат көп жыл болды жабысқалы, Ем жасап сол аурумен алысқалы. Қолым ауырып дәрігерге бара қалдым, Жәйді айтып оларменен танысқалы. Қан айдап қысым жасар біздің басқа, Мөлдіреп көз толады қанды жасқа. Денең ауыр, жүрегің әлсізденіп, Болмайды тәбетің ішер асқа.
Дәрігер салды аурухана бөлмесіне, Барған соң ерік барма көнбесіңе.
Уколды қайта-қайта беріп жатыр,
Әркімде емін қылар өлмесіне.
Жатуға аурухана болды суық, Қабырға ызғар берер барсаң жуық. Мезгілсіз мен сүранып шығып кеттім, Әйтпесе шығарған жоқешкім қуып. Ауруханадан шыққанда қатты боран, Бораннан көрінбейді жақын орам. Жаяулап көшеменен кете бардым Аялдап енді кімді күтіп түрам.
Кездестім Біркен мен Елшібайға Кетуді соларменен алдым ойға. Бірлесіп жүріп кеттікекі шана Бар еді арамызда бір жас бала. Қатты жел, долы боран қарсы болды Жолменен елге қарай шықсақ дала. Елшібай кейін қалды аты жүрмей, Алыстап қалып қойды аяңға ермей. Оларды Біркен іздеп кете барды, Адасып қалады деп бізді көрмей. Кешікті қайта айналып Біркен келмей, Мен түрмын не қыларды енді білмей. Тоңған ат тоқтамады үстауға да, Айналып жұла тартты қүлаш сермей. Жабысып мен де кеттім шанасында, Кешкі сағат алтының шамасында. Жирен ат өз еркімен келе жатыр, Ол қайда мен де сонда барамын да. Бір кезде ат жығылды қалың қарға, Бүл жағдай кездескен соң амал бар ма. Бүрылып кейін қарай шыға алмады, Түскендей қалың күртік терең жарға.
Мінген ат батқан екен Оман көлге, Шамасы төрт шақырым түрған елге. Босатып атты ағытып аламын деп, Орынсыз қимылдаумен түстім терге. Сол жерде қалып қойды шана, сайман, Таусылды бұдан басқа ақыл-айлам. Жирен ат талпынумен зорға шықты, Енді жаяу табармын елді қайдан. Жетектеп ат пен бала алдым қолға, Малтақтап батқан жерден шықтымда да. Түн қараңғы, жел қатты, күшті боран Жөн тауып жүру қиын оң мен солға.
¥замай алдықтауып жазғы жолды,
Боран күшті, көңілге қауіп төнді.
Тағы да жолдан шығып кете бардым, Жирен ат жетектегі тартып қалды.
Суық қар кіріп жатыр денемізге,
Белгісіз долы күшті жеңеміз бе?
Жығылсақ түра салып аяңдаймыз
Елді тауып алуға сенеміз де.
Жаяуға менен гөрі бала пысық,
Босатсам кетер еді желден озып. Саулықаз, шаршағаным сезіледі,
Жүруім бәсеңдеді денем ысып.
Сүріну барған сайын жиіледі,
Қоршаған қатты боран түйіледі.
Боранда жолға шыққан ісім ағат
Соны ойлап жүрек шіркін күйінеді.
Жирен ат баламенен жетегімде,
Сүрініп мен келемін етегіме.
Екеуін екі қолға үстап келем,
Басқаша амал таппай не етерге.
Қолымнан бала шықты талай-талай, Мүндайда жөн табарсың енді қалай. Ақырын жел соғысын байқап алып, Өзімше бетті бүрдым елге қарай. Күш азайды жүруге енді жаяу, Келемін қалжыраудан үйқылы-ояу. Белгі жоқжүрген жерім байқалмайды, Қозғалыс барған сайын болды баяу. Бала менен сұрайды «Келдік бе елге?» Алысып боранменен түстіктерге. Өмірмен қоштасуға жақын қалдым, Сонда да кіру қиын тірі көрге.
Қай жерде, қайда жүрмін білінбейді, Адым жер аяқ басқан көрінбейді.
Белгісіз қанша мезгіл жүргеніміз Көп ойлар жүрек түбін тілімдейді.
Алысып боранменен жүрдік солай, Жөн табу адасқанда болама оңай. Күшті жел екпінімен ыққа айдайды Мүндайда жөн табарсың енді қалай?
Жүрдік солай адасып, дала тоқтар жәиім
Шаршауменен санасып, сүйретіліп
кележартырмын
Өмірмен өлім таласып, елге хабар жетк
Бес жігіт шыққан іздесіп, кездеспедік олар
Жүрсекте жақын жанасып.
Тұра сала жүреміз
Жығыла-сүріне қүласып, жүруіміз бітпейді
Бірден-бірге үласып, үйге хабар жеткенжер
Балалар жатыр жыласып, ел кезіп жүр
Адасқан мені сөз етіп.
Қоршап жүр басымызды талай қауіп,
Жүрмейді екі аяғым кезек аурып.
Енді бір жығылыстан түрған кезде,
Бос тұрған бір сарайды алдық тауып.
Кездесіп таптық солай елдің шетін
Жанғандай дуылдайды екі бетім.
Аялдап енді азырақ дем алыстық,
Кеткендей бойдан шығып барлық дертім.
Жолдасым Мақыш қызы 14 жаста,
Шаршамай жүріп келед ылғи қаста.
Сөйлесіп серік болып келе жатыр,
Ере алмас деп ойлап ем әуел баста.
Баян сүрай береді «ауыл қайда?»
Жатырмыз қарға батып тағы сайда.
Кездеспей ел маңына жүрсек тағы,
Үмітбар табылар деп әлі де ойда.
Белгісіз енді ауылға барамыз ба,
Бір баз бар елмен біздің арамызда.
Қаһарын қатты боран соғуда тур,
Болмаса қар астында қаламыз ба?
Алға қойып келемін совхоз базын
Көп жүрген жер болатын қысы-жазы.
Жөн таба алмай келемін сондадағы
Өмірдің кім біледі үзын-қысқасын.
Бала төтеп бермейді соққан желге,
Қалықтап жүргендейміз аққан селге.
Жақындап келгендеймін дең басына
Ескі орны Қазымбеттің деген жерге.
Кім көрген бүдан бүрын адасқанды,
Бір тал шөп ағаш болар жанасқанда.
Епілене соғады боран шіркін,
Жеңуге бізбен әдейі таласқандай.
АУДАНДАҒЫ ДИІРМЕН ТУРАЛЫ
Воронов жүр кезекпен бидай алмай,
Балтықтар жүр шағымға құлақ салмай,
Тасалап тақтай забор жүлікте жүр
Тамақ шертіп, сипалап қалта қармай.
Саудагер жүр заготконторға өнім сатып, Еңбексіз пайда тапқан үйде жатып. Шаруа жүр бидайын өткізе алмай, Қасында диірменнің жаурап-қатып.
Малшы түр талып күтіп тесігінен
Қулар жүр алып есігінен. Ұрысып жанжалдасар кейбіреуі
Қалдық деп қағаз алмай кесіріңнен.
Он күндеп шаруалар күтіп жатыр,
Үмітсіз қажығандар кетіп жатыр.
Мартиннен келген бидай трактормен.
Тоқтаусыз диірменге өтіп жатыр.
Біреулер талон сатар арын жалдап,
Мүгедек Нүрмолдадай ақсақты алдап.
Ақаң болса бәрі де болады деп,
Жүліктер көктөбеттей аузын қандап.
Кілтші жүр қалжырап мастығынан,
Ұялып қызармай бастығынан.
Жығылып мүзға тайып шаруа жүр,
Өзініңбейнеттауып астығынан.
Жолсыздық диірменде толып жатыр,
Үміт қылған адамдар тосып жатыр.
Диірменге бірер адам астық берсе,
Бидайын басқалар да қосып жатыр.
Қиындық жоқ бастығына болсақ таныс,
Мінезі қатал екен шәлкей шалыс.
Қарсы келгенге кәрін төгіп, Маңынан диірменнің қуады алыс.
Жәй бір сөз диірменде кезек деген, Жүгіріп шаруа жүр безектеген. Бармақ басты, көз қысты толып жатыр, Ойында жоқ қылмысын сезед деген.
Кезегім деп келіпті колхоз Абай,
Күткендер ренжімес енді қалай.
Жазуда 200 қап болсадағы,
500 қап бидай берді олар да оңай.
Ұн алам деп диірменге бару қиын,
Топталған машин, көлікбәрі жиын.
Бейнетсіз кейбіреулер беріп жатыр,
Кілтші мен бастығына берген сиын.
Бар екен диірменде қосымша есік,
Одан да күтуші бар ірі несіп.
Сөз болды 8 декабрьде,
Бір машин үн шығарды сыртқа десіп.
Ұн, бидай қарагермен тасып жатыр,
Оған да сол есікті ашып жатыр.
Ішіне бір әйелді қамап тастап,
Мықты кілтті сыртынан басып жатыр.
Ол әйел қапшықтады 4 қап ұнды,
Басқадан диірменге болды құнды.
Судьяның әйелі десті біреу
Бұдағы күткенде болмады оңды.
Ауданда басшы қайда көзін салған,
Шындық іс айтқандарым емес жалған. Тексерер диірменді қожа болса,
Аз көпті байқар еді өзі барған.
Жүгімді мен апарған қайттым сүйреп,
Мүгедек, саулығым аз жаным күйреп.
Жоймаса жолсыздықты біздің аудан, Жазармын басқа жерге тағы түйреп.
Жалған жоқ бидай беру қиын десек, Мүгедек, сырқат, кәрі болмайды есеп. Тексерсе алған-берген документті, Ашылатын жолсыздықтардан болмайды есеп. Бұдан былай бармаспын диірменге, Барғандар кездесіп жүр сергелдеңге. Жүре жауап берді ғой Мәлік бастық Арызыңды айтарсың енді кімге? Хатымды арнапжаздым Бауыржанға, Көпшілік есептейді тәуір жанға. Қабылдамай есіктен қайтардыңғой, Таң қалдым ғой сіздің де ісіңізге. Ауданда жер таппадым шағым берер, Заңорны милиция қашан көрер. Тексермей толып жатқан қылмыстарды, Дерексіз кейбіреудің сезіне ерер. Қызым едің Шолпаным, Алпысқа биыл толғаным. Диірменді күзетіп, Естен кетпес тоңғаным.
Бес күн жатып ауданда
Мезі қылды қонғаным. Тексерілмей қалмасын, Жаздым істің болғанын.
ҚҰТТЫҚТАУ
Біз келдік мол табыспен осы тойға, Қиялды орындадық алған ойға. Партия жеңбейтін қиындықжоқ, Советтік белгі қойдық аспанда айға. Тартыспен қиын-қыстау өттікжылдан, Құтылдық бұғауды үзіп ескі тордан. Гүлденген 40 жылдық қарсаңында Жүмыс жоқ келмейтұғын біздің қолдан. Шолпанға аспандағы создық қолды, Космосты меңгеруде аштықжолды. Жер жүзінде космосқа тұңғыш ұшқан, Өсірдік Гагариндей батыр ұлды. Советтің азаматы аспанға ұшты, Нажағай шапшаңдығы бұлтты құшты Айналды 80 минут жердің шарын Отанда білім, техника сондай күшті. Ерлігі таңцандырды жердіңжүзін Шет елде бақылады берген сөзін. Қарсы алып құттықтады барлықхалық Юрийдің аман-есен түскен кезін.
Гагарин орындады қиын істі,
Басқа елдер неге ұшпайды болса күшті.
АҚШ-та бірнеше рет ұшпақ болып, Ұзамай алыс сапар құлап түсті.
Қүттықтап қарсы аламыз үлы тойды, Орыс алып үлғайтқан білім ойды. 40 жылда 100 жылдық жұмыс істеп, Ескілік артта қалу бәрін жойды. Жеңіспен жүмыскер тап алды теңдік, Қиындық, бегеттердіңбәрін жеңдік. Жойылды негізінен қараңғылық Кезінде ескі дәуір болған теңдік. Қаладық коммунизм ірге тасын Берілген Отанына кәрі-жасым. Ғылым мен техниканы меңгеруде Батыстан бәсекелес болдық басым. Сапалы аяқталды көктемгі егіс, Көгеріп шықты қаулап бәрі тегіс. Өткен жыл миллиард пүт астық сатып Табысқа ие болдық ұлы жеңіс. Баянды етпек болды табыстарын, Жояды кей салада қалыстарын. Міндетті алға қойған орындаймыз Үдетіп социалистік жарыстарын. Қарқынды үдетеміз жылдан жылға, Совхоздар ие болды миллион тыңға. Ет пен оүт, тың астығын молайтуда Жарыспен күшті қосып түстік сынға. Жарыста талай рет шықтық алға, Симайды ен даламыз өскен малға. Жасасын Компартия жолбасшымыз, Жеткізген үлы табыс мүндай халге. Жолдады көп-көп сәлем аудан халқы Өрлесін, өсе берсін деді даңқы. Бір тілек, миллион білек бір мақсатта Партия болған емес деді жалқы. Кемшілік келтірмейміз облысқа, Жан пида социалистік қүрылысқа. Еселеп орындаймыз алған міндет Көнбейміз табиғаттық қүбылысқа. Кездейсоқ бегеттерден қорынбаймыз, Жолынан компартия бүрылмаймыз. Жиырма екі партсъезд құрметіне, Міндетті артығымен орындаймыз. Жетуге берді уәде қойған сертке, Партия сенсін деді қалың кепке. Үлгілі дайындықпен кірісеміз Егін ору, мал азығы қалың шөпке.
Саламыз жеткілікті малдың базын, Орынсыз өткізбейміз жаздың күнін.
Совхоздар биылғы жыл етке бермек
Өсірген неше мыңдап үйрек, қазын.
Гүлденген керкем қаламыз,
Бейнежасыл бақша ғой.
Тың игерген даламыз
Мол астықты оруға
Күш, жігерді саламыз.
120 пүт гектардан алтын бидай орамыз
Етпен сүтті молайтып
Айтқан сертте түрамыз.
Табыспен Отанды нығайтып
Коммунизм қүрамыз.
Бар міндетті орындап,
Съезді қарсы аламыз.
Партия қайда біз сонда
Бір тілекте боламыз.
Еселеп өнім беруде
Биікке өрлеп тасамыз.
Азық-түлік жан басы
АҚШ-тан озып асамыз
ҰЛЫ ТОЙҒА ТАРТУ
Ауданым мекендеген Есіл бойын, Аптын дән ағылады ашсаң қойын. Жоспарды орындаумен қарсы аламыз Елу жылдық Октябрьдің ұлы тойын. Жаңа аудан орталығы Сергеевка Табыспен аты таныс барлық көпке. Жүздеген жаңа үйлерді салып жатыр, Таласып тұрғандай-ақ аспан көкке. Жолы бар асфальттаған Есілді өрлей Өтпейді бір жолаушы елді көрмей. Ақын да, жазушы да ауданымда Жарыспен ән шырқайды көкке сермей. Қайнаған қарқынды еңбекдаласында, Кеп жүйелі шаруашылық саласында. Кез тартар толықсыған егісіміз Қоныстас колхоз, совхоз арасында. Өткен жыл екі жоспар бердік артық, Біздерде болған еместабыс мастық. Ауданда орындалмай науқан қалмас, Тойында Октябрьдің елу жастық.
Жоспардан артық өсті малдың басы, Үлгілі еңбекетер кәрі-жасы.
Тұрмыста мәдениетті барлық совхоз
Ауылдың қаладан жоқ айырмасы.
Берді де Ленин орденін облысқа, Жеткізген Компартия бүл тұрмысқа. Бүгінгіні ертең керсең танымастай, Өзгеріс кеп социалистік қүрылыста Мейрамды қарсы аламыз табыспенен, Қарқынды үйымдасқан жарыспенен. Өркендеген білімнің арқасында, Жақын жер бәрі бірдей алыспенен. Жоспарды орындадық ет пен сүттен, Еңбексіз келген зат жоқ езі көктен. Алдыңғы қатардағы озаттардан Көп адам орден алды мемлекеттен. Тағылды алтын жүлдыз орақ, балға, Міндетін орындады қойған алға. Атанды Еңбек Ері бірнеше адам Жеткізген Ұлы Октябрь мүндай халға. Совхозым Приишим еді өзім түрған Жолына коммунизм бетті бұрған. Мезгілі 30 жылдан асып кетті, Ауданда бірінші рет совхоз болған.
Донченко сол совхоздың директоры Табылар өз ішінен керектері.
Батыр бар Еңбек Ері Құрманғали,
Соғады Отан үшін жүректері.
Көрінбес жаяу адам егісінен
Ауданда барлық совхоз тегісінен. Астықты өткен жылдан көп береміз, Құттықтап Октябрьді жеңісімен. Кірістік дайындауға шөптің қорын, Жоспарды орындаймыз жұрттан бұрын. Жарты жылдықтапсырманы орындауда Приишим абыроймен алды 1-ші орын.
Шөптерін тасып жатыр баз басына Ағайын көргің келсе кел қасыма. Екі мың литрден асырған сауыншы бар, Қарауындағы сиырдың әр басына. Бұл көрсеткіш жарты жылдың табыстары, Қарқынды ¥лы Октябрь жарыстары. Сауыншылар Щербакова мен Чеканина, Басқадан озып шығып алыстады.
Шопан көп қойлары семіз отарында, Қой келер ел маңына жатарында. Жүз қойдан жүз отыздан қозы өсірген, Қапаш қарт озаттардың қатарында.
КЕЛДІМ СІЗГЕ КӨМЕК СҮРАЙ
Мен бірі облыстық ақыныңыз, Маған да керекболды ақылыңыз. Үш қызым оқи алмай қалып барады, Жоқ еді көмектесер жақынымыз. Көрсетіп толығырақ арыз жазғам, Айтыста облыста талай озғам. Жетпіс келіп желкеге асылған соң, Денеден қуат кетіп енді тозған. Қырықжыл партияда болғаныма, Алты жыл өтті алпысқа толғаныма. Оқыту балаларды болды қиын, Күш азайып, жақ етім солғанына. Оқымай қаларма екен балаларым, Алматы, Қызылжарды араладым. Оқу іздеп бір қызым кетіп еді, Тосуы қиын болар бір хабарын. Сондықтан келдім сізге көмек сүрай, Табар деп бір жағдай қөңілге орай. Кәрілік, ауру, түрмыс үшеулеп тұр. Жүруім қиын болар бүдан былай. Сырқат кейде қысады қанымды айдап, Кәрілік қол аяқты қойды бойлап. Жігітім асырайтын 11 жасқа биыл толды Қажимын кей кездерде соларды ойлап. 50 сом пенсия алам мемлекеттен, Зарлаған жан демеңіз өзі неткен. Нақ сізге арыз етіп іздеп келдім, Мақсатым ойлап жүрген бұрын кептен.
ЕСТЕЛІКТЕР
КЕҢ ТЫНЫСТЫ САМАРХАН
Самархан ақынды бірінші көруім сонау Ұлы Отан соғысынан кейінгі 1947 жылдың мамыр айында еді. Сол жылдан бастап бұрын еш жерде болып көрмеген «ақындар айтысы» болады деген қауесет ел арасында желдей есіп кетті. Бұрынғы өткен заманда Орынбай - Шөже, Сүйінбай -Тезектере, Біржан -Сара айтыстары болды дегенді аздап білетінбіз. Ал Совет өкіметі тұсында «ақындар айтысы» болады деген хабар біздер үшін айды аспанға шығарғанмен бірдей естілді. Және бұл айтыс дәл іргедегі Тауағаш ауылында өтеді деген сөз біздің Сарман ауылының да жыр сүйер қауымын қопаңдата түсті. Тауағаш ауылына сол ақындар келіп қалыпты дегенді естігендер ауылдан Тауағашқа ағылды-ай келіп. Барсақ ол ауыл да дүрлігіп жатыр екен. Көктемгі егіс аяқталып, жұрттың жұмыстан босаған кезі болатын. Қыз-қырқындар әлем-жәлем киініп те алған. Ауыл қотаны абыр-сабыр. Тауағаш ауылы орналасқан дөңде бұрындары әрі биік, әрі қалың жал ағаш өсіп тұрған. Осы аққайың орман алыстан қарағанда таудың заңғар сұлбасындай болып көрінеді екен. Сонау колхоздастыру жылдары осы орманды бауырлай ауыл орнай бастайды да, ауыл аты өзінен-өзі Тауағаш атанып кетеді. Іргеде қалың орман ауыл ағашты отын ғып кесе берген ғой. Сол заңғар таудай орманнан кейінде көсенің сақа- лындай селдіреп ауылдың батыс жағында бессандыра қалған ғой. Жиналатын қауым мектеп үйіне симайтындықтан, ауыл төрелері жиынды осы бессандыраның келеңкесінде өткізуді қалапты. Бүкіл ауылдың төсеніш киіз-алашалары осы бессандыра қайыңдар- дың өңіріне төселіпті. Жұрт тұс-тұстан осы араға ағылып келіп жатты. Ақындар колхоз басқармасы Қозы- байдың үйіне түскен екен. Сол үйден бусана шыққан қонақтарды жиналған жүрт қақ жарыла қарсы алды. Ақындарды сол кезде бастап келген Октябрь ауданы орман шаруашылығының директоры Ахметжан Нүртазин екен. Орта бойлы дембелше келген, қараторының келбеттісі ақындарды таныстыра бастады. Қазақ әр уақытта үлкенін сыйлаған деп бастады ол - ортада сонау Оралдың ақиығындай төне отырған еңселі адам Молдахмет Тырбиев деген ақын ағамыз. Одан әргі арықша Меңдібай ақын. Анау ашаң еңді жүқа қияқ мүртты Игібай ақын. Оның жанындағы атақты Үкілі Ыбырайдың жиені Мұса Асаинов деген ақын. Оның жанында түбірде тұрымтайдай қонақтай отырған жас талапкер Тұрсынбай ақын. Одан бергісі көрші ауылдан келген Базар жырау. Ал менің оң жағымдағы Тау- ағаштың таудай ақыны өздеріңе белгілі Темірғали Қасенов, ал сол жағымдағы Самархан ақын деп таныстырды. Біз ауданаралық жарысқа ақындарды таңдағалы келдік, - деді Ахметжан. Мен Самархан ақынды сонда бірінші көрдім. Бұл кісінің көзге ұрынып көрінген бірінші ерекшілігі басқалардан өзгеше киінуі болды. Әлде әскерден жаңа оралған ба, әлде милицияда істейме ме, білмедім. Басында картөз, әскериден де ерекше гимнастеркз шалбар, аяғында жалтыраған хром етік. ЖалпақкүреИ былғары белбеуді иықтан асыра тартып тастайтыН ілмешегі бар. Дөңгелек толық жүзді, кең маңдайлы - кесек басты, бурылдау муртын ширата қойған, кәдуілг» қазақтың бір қаракесек офицері. Ақындарға бірінші күніауыладамдарықызмететгі. Бүл ауыл ежелден әнші-жыршы ел болатын. Қисс жырларын аянбай-ақ ақтарды. Ақын қонақтар да шамашарқынша өнерлерінің шоқтығын шығара көрсетті. Ақындар айтысы екінші күні басталды. Мүны ашу Тырбиев Молдахмет ақынның үлесіне тиді. Содан кейія кезек Самарханға тиді. Самархан байсалды басып орта- дағы орындыққа келіп отырды. Хром етігін жарқырата, аяғын айқастыра салды да домбыраны күйге келтірді Сосын қоңыр дауысты домбыраны алқымдата күңі' рентіп жіберді. Әні де домбыра үніне лайықты шықты- Алысқа шабатын бәйге атындай кең тынысты екен- Дайындап келген жыры термеге үқсас екен. Терме негізінен Советтік қүрылысты марапаттауға арналды. Әсіресе Ұлы Отан соғысы, оған бар халықтың жүдырықтай жүмылып кірісуі фашистерді ез ордасында талқандап, қызыл туды Рейхстах үстіне көтерген жерін асқақтата өзінше бір ерекше мақтанышпен серпіле сілтеді. Ағаш келеңкесінде отырса да мамыр айының ыстығы, әрі серпіле кесілген ән қызуыма етженді Самархан ақын әбден терледі. Ұзақжырын аяқтаған соңдом- бырасын жанындағы ағашқа сүйеп, қалтасынан шүба- тылған ақ орамалын суыра алып, шүйде желкесінен орай беті-басын саспай суртінді. Тыңдаушы жүрт оған дән ризашылығын білдіріп, узақ қол шапалақтады. Тегінде Самархан ақын сол кезде әлде милицияда, әлде НКВД да істейтін болу керек. Сөзі, журіс тұры- сынадейін, тіпті айтқан ғақлияттарына дейін саясатқа тым жақын адамға уқсайтынын білдіргендей. Сонда маған Самархан ағамыз мына ақындар тобының саяси жетекшісі болып көрінгендей болды. Қанша айтқанмен Советтік туста жаңадан туындап жатқан ақындар айтысы жаңа үрдіс еді. Оның үстіне ақын дегендерің өздері әр нәрсеге соқтығымпаз, асау мінезді болып келеді. Сеңсоққандай көрінгенге соқтығатындары да болатыны анық мәселе. Ауылдан шықпай жатып айналсоқтап, бірезулеп кететіндері және бар. Дер кезінде жетектеп жөнге салып жібермесе мүндайлар ақиқатты асқындырып жіберуі ол кезде кәдік іс. Жаңа түрпаттағы айтыстар қалай болмақ, жөн-жобасы қайсы, өзек, тамырлары қалай соқпақ. Осының бәрі күні бүрын ескерілген де болу керек қой деп ойлаймын. Айтысты халық санасына қайта сіңцірудің бағдар ба- ғыты қалай болмақ. Мүндай жаңа үрдістің алды-артын байқап, бақылап, сүзіп, жіті қадағалап отыратын саяси жетекші ол түста болмауы тіпті мүмкін де емес еді ғой. Самархан ағамыз сол кездегі дырдуда осындай жауапты саяси жетекшілік міндетті алған да болу керек деген ой келеді бүл кездерде. Не дегенмен де осындай көсемсөз саналатын ақындар айтысының дәл орта- сындабарын базарлап жүруі, өлең-жыр патшалығы- нан қүр алақан еместігін айқын аңғартады. Самархан ағамызды екінші рет керуім 1950 жыл. Мен ол кезде Баян орта мектебінде мұғалім едім. Сол жылы Баянға жазушы Иван Шухов пен Самархан ағамыз келе қалды. Оларды Баян басшылары колхоз кеңсесінде қарсы алды. Ондағы алғашқы кеңес аяқталған соң мектептің сол кездегі директоры Садық Ахатов Шуховты мектеп ұжымымен кездесуге шақырды. Колхоз басқармасы Тұралин Сексенбай Иван Шухов пен Самарханды мектепке бастап келді. Бұл жолы Самархан ақын қарапайым киініп келген. Үстінде бозғыл түсті костюм, басында қалпақ. Шалбар балағын баяғы жылтыр қара етікке салыл алған. Бір ғажабы екеуінің бойы да, түр-тұлғасы да, тіпті киген киіміне дейін бірдей, бір анадан егіз туғандай дермісің. Шуховтың мұрты жоқ демесең, екеуі орыс пен қазақтың арасынан шыққан елең етіп қарар егіздердей. Жиында Шуховтың шығармашылығы жайында, өзі басқарып отырған республикалық «Простор» журналы жайында әңгімелер өрбіді. Сол түста оның «Горькая линия» романының даңқы аспандап тұрған кезі. «Қасіретбелдеуінің» шығу тегі, құрылуы, ондағы сая- си қайшылықтар жайы кеңінен әңгіме арқауына айналды. Көптеген сұрақтарға қызықты мәлімет- термен жауап берді. Ал Самархан ағамыз болса Шухов өмірбаянының бүге шігесіне дейін қалдыр- май айтып берді. Жазушы өмірін осылайша тарқа- та баяндаудың сырлары байқалып қалды. Жазушының кітаптарындағы хикаяларынан тыс ойын-әзілдерін де осы арада тілге тиек ете сөйлеп, жиналғандарды бір күлкі керуеніне мінгізіп әкеткендей болды. Өйткені Иван мен Самархан бала шақтарында ауыл аралас, қой қоралас дегендей туып ескен ауыл-се- Лолары керші орналасқан ғой. Балалықтың бал базар- Ларын көп жағдайда бірге қызықтаған сияқты. Самар- Хан станицаға барғанда қырыққабат сорпасымен сый- лайды екен. Ауылға жеткенше қарны ашып оралып. келісімен саптыаяқ айранды тоңқарып алады екен. Ал Шухов ауылға келгенде майлы теңкермені алдына Қояды екен.Майлы қою теңкермені жеген Иван екі Күндей ас ішпегенін айтады. Ертедегі қазақтардың ат үстінен түспей үзақ сапар шегетінінің мәнісін Самархан Жасап берген теңкерменің тоқшылығынан екенін аңғардым деп әзілдейді жазушы. Сонда Самархан түрып: Осы сен бала кезіңде Сәбит, Ғабитпен асық ойнағандарыңды кітапқа жазасың да, біздің ауылға менімен бакпай ойнағаныңды Жазбағансың? - деп өкпе-назын апға тартады. Тегі олар өзіңцей жазушы болған соң біріңді бірің мақтай берген- сіңдер ғой, сірә, - деп сын семсерін сілтей түседі. Бүл түста Шухов мойындағандай сыңай танытты. Қателік сенен де болған, осыныңқарымындай менен де болған шығар. Міне, осы жолғы сапардан кейін ол кемшілікті түзеймін. Барысымен Преснов ауданы бойынша бірінші миллионер атанған Баян колхозы атты очерк жазамын. Міне, сонда сол шығарманың басты кейіпкері болуың да ғажап емес. Әрине, бүл іс сенің тәртібіңе, маған деген ықылас-ілтипатыңа қарай болмақ. Баянға бүл жолы бекерге ертіп келгенім жоқ. Мына отырған Сексенбай Түралин барын жоғын бізге ақтара көрсете- тін шығар. Шығарма дегенің де сонда ғана шырайлы шығатынын, оқыған-тоқыған адамсыңдарғой, ездерің білесіңдер, - деп сөз төркінін әртінге тереңдетіңкіреп әкетті.
-Сөз жоқ, көңіліңізден шығуға тырысамыз, - деді Сексенбай. -Иван досым, менің де қүр жаяу емес екенімді өзің ертеден білесің. Сенің қолыңда қалам болса, менің қолымда домбыра. Сенің келгеніңді Баянға әйгілеп бір ән салып жіберейін. Самархан домбырасының қүлағын бүрап бабына келтірді де, кең тынысты қоңыр әніне басты. Дауысы домбыраның үнімен үйлесімді шықты. Кең тынысты зор дауысы биік мектеп үйінің ішін күңірентіп жіберді. Жазушы досының сырлы сүлу сөздерін тілге тиек ете, жерлес жазушыныңжелегін көтере, дәрежесін асыра жырға қосты. Қара домбыраның киелі қасиеті, ақынның кең тынысты үні осы еңселі мектеп үйінен серпіле шы- ғып, Баян ауылының көгінде самғай қалықтап бара жатқанға ұқсады. Жазушы Иван Шухов сондағы Самарханға берген уәдесін орындады да. Арада көп ұзамай облыстық «Ленинское знамяның» айқарма беті сол Баяндағы кездесу-жүздесуге арналыпты. Кейінде осы кезде- сулер өзі басқарып отырған «Простор» журналының беттерінде үлкен де қызықты хикаятқа айналған.
Ожан Қали, жазушы.
Самархан Жұмадиұлы мен зайыбы Бөпей
Самарханның қыздары Зиля мен Балзира
«'•• *ч.ч> 11. V .«• Саиіяціам м<*л.ЩСіҚ.І.МҚІ Ч.ИІІІІНЦ •»» ДЫЛЛИГМІМ <І|ИМ »* * І.иі (Інл-гуі-уік Қ.и«іік< т,ін пПм-іс і ык, у гн|>іімим ,ічми.хп|» .нітмі ыил.і [1-5:І>|ІМІІ .І.ЧМ !» іьыіыяич • лні. )»!•"«г. /ао*.
»'"«« Ссисро-К.«.хс™1юко„ и0лвст„. ппе ! . '"'^0'* «^„*та„ оГ,лЫсть<к •ИМ-ІИ...І »КМ„ЛМ|, П,}гмгы„л„ у^д^ илаіл — \
■ілм Қазақстанның 40 жылдығына арналған Солтүстік Қазақстан облыстық ақындар айтысында жүлделі екінші орын үшін берілген диплом Самархан ақын облыстық ақындар айтысында жүлделі үшінші орын алып, дипломмен марапатталды
Ақынның зайыбы Бөпей
Еркебұлан Самарханұлы сыныптастарымен (екінші қатарда оң жақтан екінші)
мен
Күлзира апай, оның інісі Еркебұлан сіңлісі Балзира мен Ақынның ұлдары Серік пен Еркебұлан балаларымен
Студент Еркебұлан жолдастарымен
Зәуре, Самарханның қыздары Баян мен Зиля
Серік Самарханұлы баласы Талғатпен
Еркебұлан мен Бақыттың үйлену тойында
Еркебұлан мен Бақыт Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауданында қызметте
Еркебұланның балалары Арай, Аружан, Қайрат, Асылхан
Отставкадағы подполковник Әкпар Байтақұлы зайыбы Күлшарамен Еркебұлан үйінде
Бөпей апайдың Ынтымақ ауылында тұратын інісі Сағындық зайыбы Күлямаймен
Ақынның жиені Балға Мағзұмұлы, ұлдары Еркебұлан мен Серік, немересі Аружан Самарханның ұлдары Серік пен Еркебұлан, келіні БақытСамарханның күйеу баласы Бауыржан, Зәуре, келіні Ботагөз,қызы Зиля, немерелері Талғат пен Самал
Ақынның қызы Нәзира, күйеу балалары Болат, Жаңалық, келіні Бақыт, немересі АсылханАқынның кіші келіні Бақыт лейтенант атағын алған күні
Арай мен Қайрат Бурабайда демалыс кезінде
Арай, Қайрат, Асылхан, Олег атақты Бурабайда
Туыстар Болат пен Нәзира уйінде
Самарханның жиені ¥лан, оның қалыңдығы Динара
Ақынның немересі Арайдың тұсауын кескенде
Ақынның келіні Бақыт қызы Аружанмен саябақта
Бақыт, қызы Арай, жиені Ғалымжан Талдықорған қаласында
Асылханның туған күнін тойлау кешінде
Еркебұлан балаларымен әкесінің зиратына келіп тұрӨмірден ерте озған Самарханның қызы Балзираға қойылған құлпытас
Бақыт жас отау құрған Самат пөн Оляны құттықтауда
Той дастарханында Зиля, Күлзира және Бақыт
ТАЛАЙ СЫННАН ӨТІП ЕДІ
Менің әкем Айдарханов Әбдірахман 1926 жылы дүниеге келген. Шыққан тегі Қойлы Атығайдың Ақ киі- гінен. Қазан төңкерісіне дейін, тіпті коллективизация- дан да кейін ол ата-аналарымен Рублевка селосынан үш шақырым қашықтықта орналасқан Жәпекауылында түрған. Біздің ата-тегіміз төмендегідей: Менің атам - Айдархан, ұлы атам -Жұмади, одан Қаумен, Есім. Біздің атамыз, Жұмадидің баласы Айдархан, 1898 жылы қазіргі Есіл ауданының Қарағаш ауылының маңындағы Жәпек ауылында туған. Олар төрт ағайын- ды болды. Ең үлкені Қабдолла жасөспірім кезінде қайтыс болды. Одан кейін Айдархан, Самархан және Әділхан туды. Әділхан өкпе ауруынан 1935 жылы дүниеден өтті. Айдархан жас кезінде Петропавл қаласына кетіп, диірменге жүк тасушы болып орна- ласады. Осында тағдырдың жазуымен біздің болашақ әжеміз Мәрияммен кездеседі. Ол осы кезде былғары зауытында жұмыс істеп жүрген болатын. Менің атам секілді ол да кедей шаруаның отбасынан шыққан еді. Ол ата-аналарыныңең кенже қызы болатын. Ең үлкен апасы Фатима 1983 жылы тоқсаннан асып дүниеден өткен. Одан кейін Майнұр деген апасы болды. Әжемнің Гайнулла, Хайрулла атты інілері болған. Бұлардың бәрі тері өңдеумен айналысты. Хайрулладан ұрпақ жоқ. Ол соғысқа дейін қаза болды: қыстыгүні Мещан орманынан отын әкеле жатып, далада үсіп қатып қалған. Хайрулланың қыздары болды. БіреуініН ^ білмеймін, бірақ ол Қарағандыда тұрады, балалары бар. Шаминұр дейтін қызы отбасымен Петропавлд тұрады. Әкемнің апасы Майтап 1923 жылы туған, әкем одан уш жас кіші. Екеуінің арасында Қабдолла деген үл болған, бірақ ол жасқа жетпей дүниеден өткен. Атамыз, қаланы жайлаған сүзек ауруынан қорқып, отбасын Жәпек ауылына көшіріп әкеледі. Бұл жерде бірнеше жыл тұрып, қайтадан қалаға көшіп келеді. Мұнда оның әкесі Киров көшесінен бір жер үйді сатып алады. Қазіргі МЛД заводына күзетші болып орнала- сады, әжеміз үй шаруашылығымен айналысатын (аты Мәриям, 1904 жылы туған, Петропавлдың тумасы). Олар өте кедей тұрды. Көп ұзамай отбасына жас нәресте - ең кіші сіңлісі Мағпура қосылды. Бүл уа- қытта қаланы сүзек ауруы жайлап кеткен еді. Менің әкем мен оның қарындасы осы ауруға шалдығып, ұзақ жатты. Ақыры әкем аман қалып, қарындасы қайтып кетті. Атамыз, баласы тәуір болған соң, 1931 жылы Қостанайға барып, осында милицияныңбасшыларын дайындайтын біржылдық курсын бітіреді. Оқуды бітірген соң оны милицияның Айыртау аудандық бөліміне қызметке жібереді. Жұмысы өте ауыр да қауіпті еді. Бұл кезеңде байлар мен кулактарға қарсы күрес жүріп жатқан. Жолдарды бандиттер мен қарақшылар билеп алған еді. Бұған қоса, осы жылы астық шықпады. Солтүстік Қазақстанды аштық жайлады, кулактар мен байлар астықтарын тықса, бандиттер ас- тықтиелген керуендерге шабуыл жасады. Әсіресе халық аштықтың зардабын қысты күндері көрді. Әкем іссапарда жүмалап, кейде одан да үзақ жүріп қалатын, үйге азық-түліксіз оралатын. Үйде оны аш балалары қарсы алатын. Аштықтан олар ісіне бастады, содан інім о дүниелік болды. Осы жағдайдан кейін атам басқа бапаларды аман алып қалу үшін тағы да Петропавлға, әйелінің туыстарына жақын көшіп келді. Мүнда да азық-түлік тапшы болды, карточка жүйесі енгізілген еді. Дегенмен Айыртаудағыдан дүрысырақ болды. Атам 1935 жылға дейін НКВД саласында қызмет істеп, содан денсаулығы сыр бергеннен кейін бүл жүмыстан кетуге мәжбүр болды. «Красный караван» артеліне ат әбзелдерін дайындайтын болып орналасты. Ал әжеміз бас киімдер тігетін артельде істеді. 1935 жылы әкем К.Сүтішев көшесіне орналасқан татар бастауыш мектебіне оқуға түсті. Үлкен апасы Майтап қаланың демалыс саябағының жанындағы Ленин атындағы жетіжылдық мектепте оқыды. Көп үзамай атама Марьевкада аудандық милиция бөлімінің бастығы болып жүрген інісі Самархан келді. Ол атамды өзімен бірге жаңа қызмет орны Қыйма селосына кешуге көндірді. Тағы да отбасы сапарға аттанды. Пәтер болмағандықтан атам сарайды таза- лап, соған түсті. Қыс түскеннен кейін олар пәтер алды. Атам орталық асхананың меңгерушісі болып орна- ласты, кейінірек сельпоның терағасы болды. Ал ше- шем асханада аспазшы болып істеді. Атам 1938 жылы Петропавлда төрағалар дайын- дайтын қысқа мерзімді курсты бітірген. Әкемніңнәбәрі 5-ақ сыныптық білімі бар еді. 1939 жылы қуғын-сүргін науқаныныңжүріп жатқан кезі. Мүның құрбаны болған Самархан еді. Өтірік жаланың зардабынан оның партбилетін алып қойды. Саяси қуғын-сүргіннің құрығына ілекпеу үшін атам тез арада бұрынғы Ленин ауданының Қарағаш ауы- лына қоныс аударады. Атамның денсаулығы сыр бере бастайды, әжем де аурыңқырайды. Соған қарамастан оларда өмірге деген талпыныс күшті еді және дүниеге інім Совет келген еді. Атам алдымен колхозға үсташы болып орналасты. Сонымен қатар ол жақсы етікші болатын. Көп кешікпей Қарағашқа біржақтан шебер маман Василий деген көшіп келді. Менің атам да техниканың тілін жақсы білетін еді. Мүның өзі оған Василиймен бірігіп колхозшылардың көптен армандап жүрген диірменді салуға септігін тигізді. Ал бүл диір- мен он жылдан астам ауылдың пайдасына асып, үнмен қамтамасыз етті. Атам күндіз диірменде істесе, кешкілікуақыттарда етік, бәтенке, туфлилер тікті. Оған тапсырыстар өте көп болды, өйткені ол әдемі де сапалы тігетін еді. Әкем жергілікті мектепте оқыды, жаз айларында колхоздың шөбін, астығын жинасуға кемектесті. 1941 жыл да келіп жетті. 22 маусымда атамды ерте оятып, кеңсеге шақыртты. Үйде ол Орталықтан келген ауылдық Советтің хатшысы соғыс басталғанын хабар- лағанын айтты. Шешем азамат соғысында колчак- тықтар әкесін елтіргенін, ал мына соғыс немен аяқта- латын білмейтінін айтып жылады. Сонымен маусымның 25-інде алғашқы 25 адам майданға аттандырылды. 1942 жылы кезек біздің отбасына да келді. 8 наурызда соғысқа атам кетті. Кетер алдында атам өзінің азамат соғысынан аман келгендігін, коллективизацияның ауыржылдарын бас- тан кешкендігін, аманшылық болса бұл соғыстан да жеңіспен оралатындығын айтып анамды жұбатқан еді. Өкінішке орай бұл арманы орындалмады. Оның баласы мен қызының есінде соғыс ұзаққа созылуы мүмкін деген әкелерінің сөзі есте қалыпты. «Мұндай жағдай болса Совет деген үлыммен бізді бірге тосуға тура келеді саған», - деген еді атам әжеме. 1942 жылдың тамызында атам «хабарсыз кетті» деген қара қағаз алдық. Кейінірек әкем әртүрлі ор- гандарға, қорғаныс Министрлігіне атам жөнінде толық мәлімет алмақшы болып сұрау салғанымен ешқандай нәтиже болмады. Әкем бірнеше жолдастарымен 10 сыныптың ем- тиханын экстерно тапсырғанмен аттестат алуға үлгермей, тек мектепті бітірді деген анықтама қағаз ғана алды. Алдымен ол трактор бригадасында есепші және май құюшы болып істеді, ал егістікжинау кезінде лобогрейкаға отырды. 16 жастағы жасөспірім үшін жұмыс өте ауыр болды. Жұмыс күні таңертеңгі сағат 6-да басталып түнгі 11-12-де аяқталатын. Осындай үзақ жұмыс күніне екі пар яғни төрт атта шыдай алмайтын және ат айдаушылар қатты шаршағандықтан отырған орындарында қалғи бастайтын. Бірнеше жылдар еткеннен кейін осыныңбәрін есінетүсіріп, әкем осыған қалай тезгеніне езі таңқалатын. Дала қосынан үйге жұмасына бір-екі ретғана келетін. Мұндай қиын- шылық 1942 жылдың тамызына дейін жалғасты. 1942 жылдың 14 тамызында дала қосына ауылдық кеңестің хатшысы келіп, әкеме таңертең кешікпей аудандық атқару комитетіне келу керектігін айтты. Шешем бұдан кеңіліне күдікалып, нан пісіре бастады. Ақыры таңертең әкем Явленкаға аудандық атқару комитетіне барды. Мұнда әскер қатарына шақырылған- дардың көпшілігі қыздар мен әйелдер екен. Олардың бәріне еңбек армиясына алынатындығы, сейтіп Қа- рағанды облысындағы Ақтасты станциясына темір жол салатындықтары айтылды. Жолға жинауға екі күн беріліп, содан кейін Петропавлға не Смирноваға келу тапсырылды. Жұмыс істейтін жерге келгеннен кейін ер адамдар атты скреперлермен айналысты, ал әйелдер балшық таситын болды. Осылай бұлар жаз бойы істеді және бәрі бір жалпылай шатырда тұрды. Қыстыгүні оларды казармаға ауыстырды. 2 казарманың әрқайсысында 400 адамнан болды. Және олар екі ярусты еді. Еркектер мен әйелдер бірге тұрды. Төсек деген болған жоқ. Жұмыс күні 11-12 сағатқа со- зылды. 16-17 жастағы ер адамдар 7 кг салмағы бар балғалармен қатып қалған жерге сынаптар қақты. Қазып алынған түйір-түйір балшықтарды ұсақтағаннан кейін әйелдер оларды носилкаларға салып келешек теміржол торабынан алысырақжерге апарып төгетін. Осылай 1942 жыл да артта қалды. Киімдері тозып бітті, тамақты өз ақшаларына алатын, ал табыс өте аз болды. Өзімен бірге жұмыс істеп жүрген 1925 жылы туғандарды әскери комиссариатқа шақырды, ал әкем 1926 жылғы болатын. Осыдан кейін ол шешесінен ауылдық Кеңестен езін 1925 жылы туды деген анықтама алып бер деп өтінеді. Ойында ештеңе жоқ апасы тез арада қажет анықтаманы алып Осакаров әскери комиссариатына келеді. Сейтіп, 1943 жылдың ақпанында әскер қатарына алады. Алдымен ол Боркиде әскери дайындықтан етеді. Бір ай дайын- дықган кейін оған кіші командир атағын береді. Ал 1944 жылдың ақпан айының соңғы күндерінде оны Ленин- град майданына жібереді. Мұнда ол 709 атқыштар полкінің взвод командирінің орынбасары болып та- ғайындалады. Бірнеше күннен кейін оларды солтүс- тікке Ленинград бағытына қарай аттандырады. Бірінші жауынгерлік сынақтан Вязьма қаласы үшін болған шайқаста өткен еді. Осындағы вокзалда жасырынып қалған неміс солдаттарының көзін құртқан болатын. Әкем 178 атқыштар дивизияның құрамындағы жоғарыда аталған полкымен бірге алға жылжумен бол- ды. Алдағы кездескен барлықбөгеттерді, қиыншылық- тардыжеңе отырып, немістерді ығыстыра бастады. Әкеме тағы бір сыннан өтуіне тура келді. Бірде немістер қарсы шабуылға шығайын деп жатыр деген хабар алынады. Ал біздің алдыңғы шептегі жауын- герлеріміздің оқ-дәрісі бітуге жақын болатын. Сондық- тан да рота командирі менің әкеме «екі солдатты ал да қоржын қаптарыңа толтырып оқ-дәрі әкеліп, жауын- герлерге жеткізіңдер» деп буйрық береді. Бул буй- рықты олар бұлжытпай орындайды. Бірақ қайтып келе жатқанда жаулар автоматтан оқ жаудырады. Бір оқ басындағы каскаға, екіншісі плащ-палаткасыныңжап- қышына тиіп жыртып өтеді. Оқ бытырмалы болған- дықтан, оның жарықшақтары мойнына және қолда- рына қадалады. Жараланғанына қарамастан әкем ротаға жетіп, командирге тапсырманың орындалғанын баяндайды. Содан кейін оны дәрігерлік пунктке жібе- реді. Ақыры ол Ленинградтағы 368-ші госпитальдан бірақ шығады. Тәуір болған соңтағы да майданға жібе- ріледі, бұл жолы 43 атқыштар дивизиясының 147 пол- кына. Советтік Прибалтиканы азатетуге, Нарва, Псков қалаларын жаудан тазартуға қатысты. Шынжыр табанды алты стволды жаудың қаруын жоюда көрсеткен батырлығы мен қайсарлығы үшін «Ерлігі үшін» медалымен, ал Эстонияның Атепе қаласын азат етудегі ерлігі үшін ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Әкем 1944 жылдың 17 қазанында екінші ретауыр жараланды. Ярославл облысындағы Рыбинск қала- сында операция жасағанға дейін бірнеше госпи- тальдарда емделді. 4 айға жақын аталған госпитальда жатуға тұра келді. Ақыры арнаулы комиссия оны соғыс мүгедегі деп шешім қабылдаған соң, біржолата әскери қызметтен босатылды. 1945 жылдың 12 сәуірінде Қарағашқа келді. Анамның, інім мен сіңілімніңқуаныштарында шекболмады. Бірақ бүл қуаныш үзаққа созылмады. Әкем сузек ауруына шалдығып, шешем оны Явленканың ауруханасына апарып сапды. Бір айдан кейін ол сауығып үйге орапды. Өкінішке орай үйде қатты ауырып інім Советжатыр еді. Ақыры ол дүниеден өтіп кетті. Сонымен бейбіт күндер басталды. Әкем әскери комиссариаттыңжолдамасымен Қарағаш жетіжылдық мектебіне әскери жетекші болып орналасты. Қарағаш мектебінде әскери жетекші болып жүргенде Валиева Бағдимен - езінің болашақ жүбайымен, менің анаммен танысады. Ол бүл уақытта осы мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып істейтін еді. Алғашқы кездегі екеуі- нің арасындағы жылы қарым-қатынас үлкен махаб- батқа үласты. Сөйтіп 1947 жылдың ақпанында екі жас отау қүрды. Сол күннен 50 жыл бірге өмір сүріп, 4 ба- ланы дүниеге әкеп, тәрбиелеп өсірді. Бүл соғыстан кейінгі ең бір ауыр жылдар еді, қираған халық шаруа- шылығын қалпына келтіру жылдары еді. Бүкіл халық- пен бірге менің әке-шешем де осы қиыншылықтарды бастан кешіріп, бір-біріне деген махаббатын өмірінің соңына дейін берік сақтады. Әкем өмірден өткеннен кейін де анам отбасының үйтқысы, қамқоршысы, ақылшысы болды, материал- дық жағынан да бізге көмектесіп тұрды. Анамыз о дүниелік болғалы да төрт жылдан асты, өзіміз де ержеткенмен, бірақ осы уақытқа дейін бізге оның аналық махаббаты, ақылы мен ынтасы жетіспейді. Әкем қызмет істеп жүріп Петропавл мүғалімдер институтын бітірді. Осыдан кейін Леонидов жеті жылдық мектебінің директоры болды. Кеп кешікпей майдангер-коммуниске ішкі істер органында жұмыс істеу женінде ұсыныс жасалады. Сөйтіп 1953 жылдың ақпанынан оның өмір жолы осы саладағы жұмыспен тікелей байланысты болады. Милицияның балалар бөлмесінде инспектор және тәрбиеші болғанда бұрынғы мектептегі іс-тәжрибесі кеп септігін тигізді. Өз ісіне ұқыпты да тынғылықты тәрбиеші бірден көзге түсті. Сондықтан оны ИТУ-дың бір бөлімшесі- нің отрядына бастық етіп тағайындады. Жауынгер- лік наградаларына бейбіт өмірдегі еңбегіне беріл- ген наградалар қосылды. Көп жылғы мінсіз қызме- ті үшін «За безупречную работу» медалінің ІІІ дә- режесімен, Ішкі істер Министрлігінің Құрмет Грамо- тасымен марапатталған. Осы наградаларымен бірге оның кеудесінде «Еңбек ардагері» медалі жарқырап тұратын еді. Әкем жастардың ұстазы болды. 30 жыл ішінде жас қызметкерлердің үлкен бір тобын тәрбиелеп шықты. Көп-теген оның шәкірттері бұл күндері басшы қыз- меттерде істеуде. 1984 жылдың ақпанында әкемді салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарды Бірақ ардагер көп уақыт үйде отыра алмады. Азаматтық қорғау саласына қызметке орналасты. Ұжымның қоғамдық жүмыс- тарына белсенді қатысып, партбюро мүшесі болып сайланды. Жас қызметкерлер арасында әскери тәртіпті және заңдылықты нығайту женінде көп жұмыс істеді. Сот- талғандар алдында жиі лекциялар оқып, әңгімелер өткізетін. Бірақ уақыт өткен сайын денсаулығы сыр бере бастады. ¥заққа созылған ауыр науқастан әкем 1998 жылдың ақпанында дүниеден етті. Иә, бұндай тамаша да дарынды, қамқор адам біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Г. Уаисова
ЕСІМІЖҮРЕКТЕ МӘҢГІ САҚТАЛАДЫ
Өткен ғасырдың 50 жылдарының екінші жарты- сында республика көлемінде ақындар айтысы уйымдастырылып, өткізіле бастады. Ақындар ауыл- дармен аудандарды аралап, шаруашылық жағдай- лармен танысып, жетістіктерін насихаттап, кемшілік- терді өткір сынға алды. Осының нәтижесінде еңбек ужымдарында оң өзгерістер болып, айтарлықтай табыстарға жетті. Ал ауыл мұғалімдері жас ұрпақ- тың білім мен өнерге деген құштарлығын арттыра түсті. Сол кездегі айтыс ақындары Ахметжан Нұртазин, Игібай Әлібаев, Темірғали Қасенов, УахитТемірбеков, Самархан Жұмадиевтер облысымыздың экономикасы мен мәдениетінің дамуына мол үлес қосты. Мен 1949 жылы қазіргі Шал ақын ауданының Кеңес Одағының Батыры Ысқақ Ыбраев атындағы ауылдың орта мектебін бітіріп, өзімніңтуған ауылым Мектепке келдім. Үйге кіріп келсем төрде түс-тұрпаты батырға лайық, кесек тұлғалы, кескініне жарасымды ақ сұр мұрты сыртына қарай қайырылған бейтанысбір кісі отыр екен. Мен тура сол кісіге барып, ассалаумаға- лейкум деп сәлем беріп, содан кейін ел адамдарына сәлемдестім Ауылдастар менің мектепті бітіріп кел- генімді білсе керек, бәрі қайырлы болсын айтып, жақсы тілектерін білдірді. Ал төрде отырған біздің ауылға қонаққа келген Самархан Жұмадиев ағамыз екен. Өте қарапайым, отырыстардың сәні болып отыратын адам еді. Әңгіме жағынан сурасаң ерінбейді және барған жердегі үйдің иелерін де риза етіп, тамаша әңгіме айтатын. Самархан аға туған елі Қарағаш ауылы болғанымен, елуінші жылдарға дейін, соғыстан аман оралғасын 1945-47 жылдары Преснов аудандық ішкі істер бө- лімінде жүмыс атқарыпты. Денсаулығына байла- нысты бүл жүмыстан босап, Октябрь аудандық ор- ман шаруашылығына қызметке орналасып, Мектеп, Көктерек ауылдарында орманшы болып істеді. 6 жыл- дай осы қызметті атқарғанда Самархан аға жастар- дың ақылшысы, ауылдың беделді азаматы болғаны есімде қалыпты. Ағамыздың папкасы бума-бума қа- ғазға толып жүретін. Ол қағаздарға ел ішінде, шаруа- шылықтарда болып жатқан оң өзгерістер, қол жеткен игі істер, сонымен қатар орын алып отырған кемші- ліктер де тәптіштеп жазылып отыратын. Осы де- ректердің бәрін айтыстарында пайдаланып, жүртшы- лыққа көркем сөзбен жария ететін. Жас кезімде, қыз- метті жаңа бастаған жылдары мен облыстың халық ақыны атағын апған Ахметжан Нүртазин мен Самархан Жүмадиевпен жиі кездесіп, талай үлағатты сөздерін естіген едім. Екеуі де айтысқан уақытта өздерінің әрбір сөзін еліміздің экономикасы мен мәдениетінің күн сайын қарыштап өскендігін көрсетуге, еңбек адамдарының тамаша табыстарын дәріптеуге, олардың үлгілі істерін кең таратуға, сонымен бірге адамдар арасындағы некен-саяқ кездесетін кейбір кемшіліктерді әшкере- леуге арнайтын. Олардың әрбір сөзін жұртшылық зор ықыласпен тыңдайтын. «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» дейді хал- қымыз. Олай болса, Самархан ағаның есімі ол кісіні білетін әрбір азаматтың жүрегінде мәңгі сақталады деп ойлаймын.
Жумаш Сейітбеков, зейнеткер, халық ағарту саласының үздігі.
ӨНЕГЕЛІ ӨМІР КЕШТІ
Мен осы шағын естелігімде Самархан жездемнің шын мәнінде нағыз азаматболып өткендігін, енегелі өмір кешкендігін айтпақпын. Жақсы адамның көзі тірісінде, ортамызда жүргенде айтылмаған, еленбеген қырлары мен сырларын аша түсуге аз да болса сел- тігім тисе екен деп ойлаймын. Самархан менің бала кезімде біздің туысымыздың өте келбетті, сүлу қызына үйленді. Есімі Бөпей бола- тын. Самархан бүл жылдары милицияда істейтін, ол біздің апайымыздан 20 жастай үлкендігі болды. Осы екеуінен туған үл-қыздар қазіргі уақытта Қызылжар қаласында түрып жатыр деп естідім. Бір жылдары Самархан жездем Көктерек ауылына көшіп келді. Осында орман қызметкері болып істеді. Еңжақсы жолдасы өзімен жас жағынан шамалас Әйіп Рыспаев болды, оның Қайыржан атты баласы болған, екеуі де өмірден еткен. Жазғы, қысқы каникулдарда мен жездем үйінде болатынмын. Ол үйде жүргенде жездемнің атын жегем, оны ағытамын, суарып жем салатынмын. Оның шалқайма қорапты арбасы болды, қорабы жылқының терісімен қапталған еді. Міне, осы арбаға мініп алып жолға шығамыз. Самекең маған: «қазір кардонға барамыз, онда Ақбүзау деген кісінің үйіне түсеміз», - дейді. Ал Ақбүзаудың үйі ну орманның ішінде жалғыз. Мына қалың ағаштардың арасынан қалай адаспай жүреді екен деп ойлаймын. Арбаның қорабында жездемнің мылтығы жататын, бірақ оны алып не қүс, не қоян атқанын мен көргенім жоқ. Осылайша біраз жерді аралап кешке үйге келе- тінбіз. Самархан жездемнің Телеген атты туысы болды, ол менен жас жағынан үлкенірек болатын. Сол екеуіміз қыстыгүні атты шанаға жегіп, лом, балта алып Есілге барамыз. Мүнда мүз ойып, онымен шананы толтырып үйге келеміз. Үйде мұздарды бір таза, шаң баспайтын жерге үйіп, оның үстін жақсылап үлкен жапқышпен жауып қоятынбыз. Ап бұл мұзды шайға, асқа пайда- ланатын. Тағы бір есте қалған жағдайды айта кетейін. Бір күні атты жегіп, жездем, Бөпей апай, балалары - бәріміз Есілдің бойына келдік. Мен жездеме «Мұнда не істейміз?» - дедім, «Құндақ жинаймыз» - деді. Құндақты мен бұрын көрген де білген жоқ едім. Ол талға, ағаштарға шырмауық шөп сияқты оралып шы- ғады екен. Ал оны жинау үшін не талға, не ағаштын басына шығу керек, не болмаса талды, ағашты төмен қарай майыстыру керек. Былайша айтқанда, ешқандай қиын жұмыс емес. Сәті түскенде, біз бір құндағы мол жерге келіппіз. Үйден бір-екі шелек ала шыққанбыз. Заматта әлгі ыдыстарымызды толтырып алдық. Құндағың кепкен гүл сияқты үлпілдек жеп-жеңіл нәрсе екен. 2-3 сағаттың ішінде бір қап жинап алдық.
-Мұны не істейсіңдер? - деймін жездеме.
-Бұны нан пісірердің алдында ұнға қосады сонда
нан мақташа көтеріліп, дәмді болып піседі, - деді ол.
Ал жалпы әлгі қүндақты жақсылап кептіріп, содан кейін қыста белке нан пісіргенде қосатын көрінеді. Самарханның туа біткен дарындылығы, тапқыр сөздері, әзіл-қалжыңы есте сақталып, жадымызға үмытылмастай болып қалғандары көп-ақ. Өнегелі, жанға жағымды әңгімелерін естіген сайын кеңілім жадырап сала беретін еді. Осыған байланысты бір жай ойыма оралып отыр. Бір жылы жездем Чапай ауы- лында белгілі айтыскер ақын Игібай Әлібаевпен кездесіп, әңгімелесіп, сез додасына түсті. Оларға Жа- най Жүсыпов қосылып, шығарған өлеңдерін жазып алып «Ленин туы» (қазіргі «Солтүстік Қазақстан») га- зетіне жіберген болатын. Біз ол кезде өте жаспыз, өлеңдерінің мазмүны есте қалмапты. Бәрінен де екініштісі, аяулы жездеміз үлдары мен қыздарының үйленгендерін, түрмысқа шыққандарын тойлап, «ақ сақалды, сары тісті шал» деген атаққа енді ілінеді-ау деп жүргенімізде дүниеден өткені. Жатқан жері жарық болып, жаны жәнатта болсын дейік. Самарханды жезде деп отырған мен - Нүрғожа Қалиүлы Бектүров - Чапай ауылының тумасымын, туған жылым қой, руым Көшебе, аталық шақтан шығып бабалық шаққа шықтым, 3 қызым, бір үлым, үш немерем, бір шөберем бар. Осыған тәуба!
Бектұров Нұрғожа, зейнеткер.
ЖИІ ЕСКЕ АЛАМЫН
Осы естелікті жазуға Самархан жездем туралы кітапты шығарумен тікелей айналысып журген келіні Бақыттыңтелефон шалуы басты себеп болды. Кезінде облыстың халық ақыны аталған Самарханның көзі тірі болса биыл 109-ға толатынын, ол туралы білетіндер- дің естеліктері жиналып жатқанын айтты. Осыған байланысты оны көзкөрген азамат ретінде менің де оның атасы туралы есте қалғандарымды жазып беруімді өтінгеннен кейін, көп жыл өтсе де келіннің тілегін қайтара алмадым. Иә, мен Самархан ағамды жастайымнан білемін. Ол кісінің жұбайы Бөпей бізге жиен болғандықтан, туыс болдық. Айымжанға жиі келіп, үнемі ат басын біздің үйге бүратын. Ол меніңәкем Байтақпен тығыз арала- сып түрды, көңілдері жақын, сыйластық қарым-қаты- наста болды. Мен ол кісілердіңжарасымды әзілдеріне, сыпайы қарым-қатынастарына, тіршілікте көрініс тауып отыратын адамгершіліктеріне, бауырмалдықтарына қызыға қарайтынмын. Жездем атын ағытып болған сон бірден Мүратбек, Қали, Нұрман, Малгаждар ағамдар- дың амандығын біліп, сәлем беруге кететін. Ал дастар- хан басында бар әңгімені бастайтын да, оны аяқгайтын да жездем еді. Арасында ел ақсақалдары да сөзге араласып қоятын. Талай кездесулердің әрқайсысының өз әсері бар. Таңданып отырып тыңдайтын ғажайып әңгімелер айтылушы еді. Кейбір үлкен ағаларымыз әңгіме үстінде әлдекімдерді естеріне алып, көз жастарын да сығымдап алатын. Үлкендер жағы еткен- кеткен, шыққантегін, олардың туған-туыстарын басып айтып отыратын. Ерекше бір есімде қалғаны, ол жүқа нанды майға батырып, қою күрең шайды ішкенді жақсы көретін еді. Оны өзі «семіз шай» деп атайтын. Самекең «ақты ақ» деп, «қараны қара» деп тіке айтушы еді. Әр уақытта Төле бидің: Өзіңе өзің кәміл бол, Халқыңа әділ бол, Жауыңа қатал бол, Досыңа адал бол, - деп айтқан сөзін қайталап оты- ратын. Өзі де осы қағиданы ұстанатын. Осыған орай есіме мына бір оқиға түсіп отыр. Бірде ауылдық Кеңеске барса, осы кеңестің хатшысы Нүркен Зикирин мен орман қызметкері интернаттың бір баласын ортаға алып, үрсып, жер жебіне жетіп, қорқытып жатыр екен. Не болып қалды деп сүраған жездеме олар «мына бала түнде орманнан үрлап ағаш кесіп әкеліпті» дейді. Мүны естіген ол «баланың қандай кінәсі бар, оны жұмсаған мектеп директоры мен интернаттың меңгерушісін неге шақырып, жазаламайсыңцар?» - деп, ащуланып, отырған орындығын орманшыға қарай лақтырады. Иә, жездем аңшылықты өте ұнататын және ат десе жанын беретін. Ат үстіндегі отырысы қандай еді. Бейне бір ертегінің батырларындай. Өте төзімді болды. Қыстыгуні қырық градусты қақаған аязда малақайдың қүлақшынын түсірмейтін. Қос ауызды мылтығы және аңды шошытатын бір ерекше қүралы болды. Аңшы- лыққа байланысты айтқан мына бір әңгімесі есімде қалыпты. Бірде біздің ауылға келе жатса, Киікбай деген орманның қасында бір қасқыр мүның алдына да, артына да шығып, әбден діңкесін қүртады. Жездемнің мылтығы үйде қалса керек. Ауылға келе сала елдің жігіттеріне айтады. Олар тез арада жиналып, бірер сағаттың ішінде қасқырды соғып алады да жездеме байлайды. Соғыстан кейінгі жылдары Самекең Преснов аудандық қамсыздандыру бөлімінің бастығы болып істеді. Ол кеңсебасты болып, бір орында езіліп отыра бермейтін. Ел аралап, шаруашылықтың басы-қасында жүретін еді, уақытпен санаспайтын, ерте кетіп, кеш қайтатын. Қызметке мінетін бір қара аты болды, өте шабан еді. Ал ауылдарға шыққанында мені ылғи өзімен бірге алып жүретін. Бірде Үлгі ауылына келіп, Әубәкір басқарманың үйіне ат басын тіреді. Әбекеңнің бәйбішесі Абзал өте сабырлы, баяу қимылдайтын кісі екен. Шәйді ішіп болғаннан кейін, жездем бәйбішеге "Сенің шайыңды үш сағат тостық. Ана етің піскенше кеш болады және күн борандатып түр. Етіңці дорбаға сал, үйге барып жейміз" деді. Ақыры солай істеді де. Міне осындай жүрістерде оның үлкен адамгершілік қасиетіне, адал көзқарасына қашанда тәнті бола- тынмын. Ол шыншыл, турашыл еді. Аяулы жездемнің ақындығы бөлек әңгіме.Айтыс са- ласында тер төге еткен ерен еңбегі өзінше бір тебе. Осыған байланысты өзім куә болған мына бір жай есіме түсіп отыр. Самекең қашан да біздің үйдің еткізетін үлкенді-кішілі шараларына мүмкіндігінше қатысып отырғандығын жоғарыда айтқан болатынмын. Сондай бір той жиында ол айтыскер ақын Әшім Меңдібаевпен кездесіп, сөз додасына түсіп еді. Осы айтыста Саме- кеңніңсөзді табанда тауып айтатындығы, қайдағы бір адамның ойына келмейтін елеусіз жағдайлардан тудыратын тапқырлығы мен әдемі әзіл-қалжыңы оның бойына туа біткен қасиеті екендігін аңғардым. Қызметке ерте араласқанның арқасы болар, жездемнің алақанының жылуын сезініп өстім. Қазір жігіт ағасы болған кезімде оны жиі еске алып, жадымда сақталған адамгершілік қасиетіне осы кезге дейін таңцай қағып, таң қалып отырамын. Жездемнің адам- ды жасына қарамай ерекше мұқияттыңдап отыратын, жүрекке жылы тиетін әзілі әлі көз алдымда. Жақсы адамдар жадыңда сақталып қалады, ұмытылмайды екен. Қазір Самархан жездемді ойласам кино лента- сындай оның өткен емірі, кездескен уақыттарымыз, дастархан басында айтқан сөздері бәрі-бәрі кез алдымнан етіп жатады. Тағдырым Самархандай адаммен дәм-тұздас етіп, оныңөткен күндерін, жылдарын осылайша сағыныш- пен еске алуды, бүгінгі күнгі қағаз-қалам үстап, бәрін ақ парақбетіне түсіруді менің үлесіме қалдырған болар, бәлкім.
Әкпәр Байтақов, отставкадағы подлолковник
¥МЫТЫЛМАС КЕЗДЕСУ
Мен 1959 жылы Қазақтың мемлекеттік уни- верситетінің тарих факультетін ойдағыдай аяқтап, жумысқа орналасуға Көкшетау облысына жолдама алып, оның Қызыл ту ауданына келдім. Кейін бүл аудан Уәлиханов ауданы атанып, біздің облысқа қарайтын болды. Біржыл Кішкенекөл мектебіндетарих пәнінен және бастауыш әскери дайындықтан дәріс бердім. Ол кезде бүдан сабақ бергендерді мектеп директорының БӘД женіндегі орынбасары дейтін. Осы жылдары аудандық партия комитетініңбірінші хатшысы Иванов дейтін азамат еді. Сол кісі бірде мені шақырып алып «өзің тарихшысың, партияға мүше болуың керек, өйткені, тарих партиялық пән» деген соң дайындалып, партияға өтіп алдым. Бір жылдан кейін мені Чапаев орта мектебіне оқу ісінің меңгерушісі етіп тағайындады. Ал бүл мектеп аудан орталығынан 220 километр қашықтықта орналасқан. Ол кезде тәртіп қатты, партия айтты бітті, барасың. Сонымен осы мек- тепте бес жыл қызмет істеп, 1965 жылы өз облысы- мызға ауысып, Муром сегіз жылдық мектебіне ди- ректор болып орналастым. Ап Муром мен Баян ауы- лының арасы бес-ақ шақырым. Жиын-тойларда Баян- ныңжігіттерімен жиі кездесіп түрамыз. Бірде Баян орта мектебінің Әбілкәрім атты мүғалімі бір тойға шақырды Осы мәжілісте қалың мұртты, сұсты бір кісі мені әң- гімеге тартып, қай жердің азаматы екенімді сұрады Өзімді таныстырғаннан кейін ол кісі менің әкемді білетін болып шықты. Балалық шақтарын бірге еткіз- ген достар екен. Және рулас, елдес болып шықты. Бүл кісінің есімі Самархан екен. Менің де ол жөнінде аздап естігенім бар еді. Мен жеті жылдық мектепті Ленин ауданының Қарағаш ауылында Медиев Гакку деген кісінің үйінде түрып оқығанмын. Ол Самархан отағасының немере туысы екен. «Самархан шет жақта жүріп жатыр», - деп Гакку айтып отыратын. ...Сол алғашқы кездесудің ертеңіне Самархан отагасы өзінің кіші қызы Назира екеуі біздің үйге келіп қалды.Әкей екеуі қүшақтасып амандасқаннан кейін, екеуара әңгіме қүрып үзақ отырды. Тіпті кешке жатарда төсекті бір бөлмеге салғызып, әңгімені жалғастырып түні бойы үйқы көрмеді. Артынан білсек, әкеймен оның кездеспегеніне 50 жылдай уақыт болыпты. Ертеңіне мен жүмысқа кеттім. Ал Самархан кетерінде бізді үйіне ерулікке шақырыпты. Бөлімше басқарушысынан ат сүрап алып Баянға бардық. Барсақ, Самекең елдегі өз қатарлы біраз адамдарды жинаған екен. Олардың ішінде өзім танитын Ахметжан, Сүраған, Қажымүрат, Уақпан, т.б. ақсақалдар бар. Ал Қажымүрат Үмітбаев мен Ленин ауданының Еңбекорта мектебінде оқығанда колхоз басқармасы болып істеген еді. Қос орденнің иегері, соғыс кезінде танк колоннасын жабдықтауға 60 мың сом өз қаражатын бергенін естігенбіз. Бүл, әрине, әркімнің қолынан келе бермейтін іс! Тағы бір есте қалғаны, Қажымүрат асқан саятшы болатын. Өте толық болғандықтан ол атқа салт отыра алмайтын. Сондықтан қос ат жеккізіп, аңға шанамен шығатын. Өте мерген еді. Жалғыз ауыз мылтықпен үшқан құсты атып түсіре беретін. Сонарда бізді бір-бір салтатпен тал-шілікті аралатып, аң-құсты қақпалап шығаруға жұмсайтын. Бүл жиында онымен қатар отырған Тажин Уақпан кезінде ол да ауылдық кеңестіңтөрағасы, бір жылдары аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары болған. Ол кісі жөнінде айтылып жүретін талай қызық әңгімелерді білуші едім. Иә, бұл бір келісті тамаша отырыс болды. Өздері жастары шамалас болған соң, әзіл-қалжыңдары да жарасып, біраз мазмұнды әңгімелер шертілді. «Жақсы адаммен бір сағат сөйлессең, бүкіл ғұмырыңа азық» деген сол ғой. Екінші жағынан, «осы Баянныңсол кез- дегі шапдары түгел басқарма болған ба?» деп те ойлап қалдым. Ел ақсақалдары біраз ащы судан да алып қояды екен. Шекелері қыза келе өлең де айта бастады. Самекең бір уақытта домбырасын қолына алып, жиналғандардың назарын өзіне аударып, сөзін бастады. «Мынау Омар деген балалық шақты бірге өткізген досым, 50 жылдан бері керіспеген бауырым» деп таныстырды да, отырғандардың аты-жөнін айтты Самархан түріне қарасаңсұсты көрінгенмен негізінде ақжарқын сөзшең кісі екен. Жанға жайлы қоңыр дауы- сымен «ауылдың алты ауызын» бастап берді. Сұрас- тыра келе, Самекеңніңталай рет облыстық ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындарға ие болғанын білдік.
...Сонымен кезекжиналғандардыңішіндегіеңжасы Бірімжан Шайпинге келді, «Шайпенко, сен бірдеме деп жібер», - деп жұрт қолқа салып жатыр. Мен «Шайпен- косы не?» деп таңданып отырмын. Жанымда отырған Сүрағаннан сүрағанымда, ол кісі мына әңгімені айтып берді. Бірде облыстан келген бір бастықтар егін басында Бірекеңді кездестіріп «совхоз директоры кім» деп сүрайды. Ол «Донченко» дейді. Бас агроном кім дегенде «Онищенко», бас есепші Нестеренко, дирек- тордыңорынбасары Матвиенко деп совхоз басшыла- рын түгел атап шығады. Ал өзіңіздің фамилияңыз кім деп сүрағанда «Шайпенко» деген екен. Келген бас- тықтар аң-таң болып кете барады. Содан бері Шайпин Шайпенко аталып кетті. Сонымен кеш жақсы өтіп, көтеріңкі көңілмен үйге келдік.Осыдан кейін Самархан ағамызбен жиі қаты- насып түрдық. Оның отбасында бес қыз және Серік, Ерік атты екі үлы болды. Бәрі де ер жетті, жоғары білім алды, өмірде өз орындарын тапты. 1967 жылы Самекең ауырып жатыр деп естіп көңілін сүрауға бардым. Біраз әңгімелесіп, көңілін көтердім. Кетейін деп жатқанда маған жем-шөп жөнінде кө- мектесуімді сұраған еді. Ол өтінішін орындап, қолым- нан келгенше көмекжасап тұрдым. Ақыры көп ұзамай Самархан ағамыз дүниеден өтті. Елден немере туыстарының бәрі келді. Олардың ішінде Медиев Гакку, Қуанышпай мен Қаппас т.б. болды. Осылай ағамызды соңғы сапарға шығарып салдық. Көп кешікпей мен де қызмет ауыстырып, Троицк совхо-зының партия ұйымының хатшысы болып сайландым. Бірде жол түсіп Баянға барып Самекең үйіне соқтым. Үйде бірнеше орыстар тамақ ішіп отыр. Бүлар кімдер деп сұрасам, ағамызға там салып жатқан адамдар екен. Тамның қабырғасын қалап болыпты, бірақ үстін жабатын материал болмай қалыпты. Содан Троицкіге барып, жүк машинасына керек материалды кранмен тиеп, түн ішінде Баянға келіп, жұмысты бітіріп кеттік. Бұдан кейін де Самекең үйіне талай рет барып; қатынасып тұрдым. Кейін ағамыздың ұлы Серік оқу бітіріп, Москва ауданына қызметке келді. Бертін келе ара қатынасымыз үзілді.
Қазбек Омаров, ардагер үстаз.
ТУЫСТАН ДА АРТЫҚ ЕДІ
Облысымызға белгілі ақын Самархан ата Айым- жанға жиі келетін, негізгі түсетін үйі - Байтақ атам үйі. Байтақ- атақты жылқышы, аты Одаққа мәлім адам еді. Содан кейін біздің үйде болатын. Әкем Малгаждармен кеңесіп, туыстай сыйласушы еді. Ол кісі келген сайын біздің үйде қазан көтеріліп, мәре-сәре боп қуанып қалатынбыз. Айымжан аулында ол кезде 7 жылдық мектеп. Ауданда қазақ тілінде орта білім беретін жалғыз ғана мектеп бар. Ол - Баян ауылында. Аулымыздан 50 ша- қырымдай жерде. Мұнда жалғыз Айымжан балалары емес, сол төңіректегі барлық қазақ ауылдарының балалары жиналады. Мектеп қасында интернатбар. Шеттен келген балалар сол интернатта түрып оқиды. Самарханды біз жезде, ал Бөпейді апатай дейміз. Неге жезде деп атағанымызды күні - бүгінге дейін білмеймін. Сірә бізден үлкен балалар солай атаған болуы керек. Бірде Самархан жездем мектеп қасынан мені көріп амандасып, біздің үйге келіп тұр деді. Мен бала көңіліммен ол кісіні өте жақын туысымыз деп есептейтінмін. Сондықтан да қасыма қыздарды ертіп алып, ол үйге жиі барып тұрдым. Үлкен қызы Күлзира тәтей бізге математикадан сабақ береді. Мектеп директорынан қорықпайтын оқушылар тәтейден қорқады. Өйткені, тәтей сабағын жетеңе жеткізіп түсіндіреді де, солай талапетеді. Тәтейден қымсына-қымсына барсақта, үй ішіндегі жайдары қарсы алушылық оның бәрін тез арада үмыттырып жіберетін. Кішкене ғана, әлі мектеп жасына толмаған жездем- нің үлдары Серік пен Ерік «Дикандар келе жатыр» деп алдымыздан шығып, қүшақтайды. Үйде қыздары Бал- зира, Нәзира, Баян, Зиля қарсы алады. Барғансайын олар бізді өте сағына күтіп отырғандай сезінетінбіз. Ал жезде мен апатай жылы-жылы сөздермен жаны- мызды жадырататын. Әке-шешені, елді сағынып жүр- геніміз бірден үмытылып, тап әке-шешенің қүшағында отырғандай сезінуші едік. Мен Самархан жездемді дәл әкемніңтуған інісіндей көретінмін. Кәзіройлап отырсам туған інісінен де артық дос-жолдасы екен ғой. 10-шы сыныпта оқып жүргенде Садықов Совет, жоғарыда аталған Байтақ атамның қолында өскен жиені, ДТ тракторына будка тіркеп, оқушыларды қысқы каникулға алып келуге келді. Өзі былтырғана мектепті бітірген еді, енді механизаторлық мамандықты игеріпті. Ол түс ауа келген соң қонайық деді, үйді сағынған біз «жоқ, кетеміз» деп бой бермей жолға шықтық. Далада аяз, қараңғы. Біраз жүргеннен кейін Совет: - Мен адасып кетсем сендерді үсітіп аламын, кейін қайтайық, - деді. Біз кейін қайтып Баянға жеткенше түннің бір уағы болды. Советтағы да: - Сендер интернатқа тара- маңдар, ертең бір жерден аттануға әзір болу үшін Самархан үйінежатамыз, - деді. Түн ішінде келген 10- шақты балаға үй иелері орындарынан үшып тұрып, қазан көтеріп, ас қылып, бәрімізге төсек салып беріп, бізді күтті. Ешқандай реніш, кею шілік жоқ, жүздерінде үнемі қуаныш тұратын. Үйде бір-бірімен ақырын ғана байыппен кеңесетін, қатты сөйлеу, қабақшытудегенді білмейтін бір ерекше отбасы еді. 1960 жылы менің қасымдағы дос-қүрбым Молда- баева Гүлжан екеуміз мектеп бітіру кешіне және соңғы қоңырауға киюге арнап жақсы матадан көйлек тіктірдік. Ол кезде ешқандай ателье жоқ, Күлзира тәтей сол екі көйлекті уақытын бөліп, бізге тігіп берді. Өте сәнді, әсем тігілді. Хор қызына да ондай көйлек тігілмеген шығар. Бір айта кететіні ол кезде сиса көйлекпен жүре беретін қыздар. Ондай көйлек тіктіру ешкімде жоқ еді. 1963 жылы сол Баян аулының Сүгірбаев Таңат деген жігітіне түрмысқа шықтым. Енді «келін» деген атым бар. Ол кезде келінге деген сын көп. Әкем мені еркелетіп өсіргендіктен, енді келінге деген сынды көтере алмас деп абыржулы болады екен. Одан менің хабарым жоқ. Сонда Самархан жездем үйі қүрбыла- рыммен қосып, мал сойып қонаққа шақырды. Өйткені жолдасым Алматыда оқуын жалғастыруға кетті де, мені жалғызсырамасын, әкеңдей тірек боламын деп жігерлендіргені еді жездемнің. Енді бірде әкем Мал- гаждар келді, менің амандығымды біліп кетуге. Баян- ға кірер жол сол Самархан жездемнің үйінің маңын- да болатын. Әлде өзі көрді ме, әлде біреу айтты ма, іле жездем келді. Ал әкем келе сала биені ағытты да, бірден Қалы атты атамыздың амандығын білуге кеткен, мен аулада жүргенмін. Жездем келіп әкем- ді сүрағанда не дерімді білмей кідіріп қалдым. Себебі үйдің қасында бір емес, төрт ата болатын: Бейсекей, Байболсын, Қалы, Исабай. Өздері ағайынды. Егер атаға кетті десем, төртеуі де ата, үлкені Қалы еді 90-ға келіп қалған. Сол жайды ойлап қалай айтуым керек, мен бүрынғыдай ерке бала емеспін, келін атым тағы бар. Дегенмен: - Тоқсанға сәлем бере кетті, - де- дім. Ол кісі езу тартып күлді де, дереу сол үйге қарай бет алды. Онда барған соң менің тапқырлығыма мәз болып, өздері біраз күліп алыпты. Содан кейін Қалы ата мені жақсы тәрбиелі деп әкеме көп жылы сөздер айтыпты. Сонда әкем мақтағанға өте разы болып келді. «Өмірге біреу келіп, біреу кетер, жалғанын бүл фәнидің осыдан біл» деп Әсет ақын жырлағандай, біркездері қамқорлығын көрген Самархан жездемнің арамыздан кеткеніне аза тұтсам да, артында әкежолын қуар ұрпақ қалғанына қуанамын. Олар «Әкеміз туралы естелік кітап шығарайық деп жатырмыз. Көзін көріп едіңіз, не айтарыңыз бар» дегенінде жанарыма жас үйірілді. Теңізге тамған тамшыдай болса да қосқан үлесім болсын деп үлкен толғаныспен қолыма қалам алып, осы жолдарды жаздым. Сонымен мен бұл естелігімде Самархан жездемнің кең пейіл, ақжарқын бейнесін суреттей алдым ба, жоқ па білмеймін. Әрине жездемнің ақындығы өз алдына, ал адамгершілігі адам айтып тауыспастай бір төбе еді. Оны көңілде сайрап тұрған ыстық ілтипатты сөзбен жеткізу өте қиын екен. Сол бір асқар таудай жез- деміздің бейнесі қанша алыстаса сонша биіктей бе- реді.
Дикан Малгаждарқызы.
АПА-ЖЕЗДЕМ АРДАҚТЫ ЕДІ
Самархан туралы кітап жазылып жатыр дегенді естіп, ол кісі менің туысым болған соң, аз да болса естелігімді қосайын деп ойладым. Бөпей менің ше- шемніңтуған бауыры, сіңлісі болады. Сонда Самархандай абзал адам жезде боп келеді маған туыстық жолында. Біздің руымыз - Атығай. Ал Бөпей мен шешемнің руы - Керей, Ынтымақ аулыныкі. Менің 6 жасымда шешем қайтыс болды. Сондықтан шешемді көз алдыма елестете алмаймын. Меніңерекше бір есімде қалған оқиға, ол 1945 жылы Зейне нағашым соғыстан аман-есен келіп, соған байланысты өткен той. Сонда бірінші рет нағашы апам Бөпей мен жездем Самарханды кездестірдім, кердім. Ал әкем 1946 жылы қайтыс болып, мен жалғыз қал- ғаннан кейін Қали нағашым қолына алып келді. Наға- шымда Нұрғожа атты бір ұл ғана болған. Оған мен қосылдым. Үйде бір ул, бір қыз болып кемістік көрмей, қатар өстік. Сол нағашымның қолында болғанымда Самархан жездем мен Бөпей апаммен жиі-жиі ара- ласып түрдық. Ел арасында өте сыйлы болған аяулы апа, жездем көрген сайын ақылын айтып, көңілімді жаздай жайнатып кететін. Олардың келесі келуін сағына күтіп жүретінмін. Жанашыр туыстың жені бөлек қой! Ержетіп түрмысқа шыққан соң (олардың есейген кезі), мен жас болып араласа алмадым. Қатынас сирей берді. 1980 жылы Бірлік ауылына барған едім, сонда Бөпей апам қызының үйінде деп естідім. Сол үйге іздеп барып екеуміз біраз сырластық. Өткен, кеткенді еске түсіріп бір жылап, бір күлістік, сырымыз бен мұңы- мызды айтып көп отырдық. Ол жездемнің дүниеден өтіп кеткен кезі болатын. Бұл кездесуіміз соңғы кездесу болған екен. Содан кеп ұзамай аяулы апам Бөпей де дүниеден өтті. Оның маған деген жылы мейірімін әрқашан еске алып отырамын. Иә, Самархан жездем мен Бөпей апам дүниеден ерте озғанымен оларды білетін, дәмдес болған жанның есінен ешқашан кетпестей орын алды. Олардың адамгершілік қасиеттері, кеңпейілділігі, тереңойлы- лығы кімді де болмасын өзіне тартпай қоймайтын. Нағашымнан қалған ұл Нұрғожадан басқа бірге туған туысым жоқ. Ол қазір Астанада тұрады. Ол кісімен қатынасып тұрамын. Өзіме тағдыр екі қыз, екі ұл силады. Сол балаларды өсіріп, тәрбиелеп кәзір солардың ортасында осы Қызылжар қаласында тұрып жатқан жайым бар.
Дүйсенбина Сартай Зікірияқызы.
Самарханова Кулзира Күлзира Самарханқызы 1931 жылы Баян ауылында дүниеге келген. 1949 жылы орта мектепті жақсы бітіріп, Алматыдағы қыздар институтының математика факультетіне оқуға түсті. Жоғарғы оқу орнын ойдағыдай аяқтаған Күлзира 1953 жылы туған елі Баянға мүғалім болып орналасады. Тұрмысқа шыққанға дейін сол мектепте үзбей жұмыс істеді. 1960 жылы Айымжан ауылының сыйлы азаматы, бөлімше меңгерушісі Касенов Мағзұмға тұрмысқа шықты. Осы ауылдыңорта мектебінде зейнетжасына жеткенше математикадан сабақберді. Балға атты бала сүйді. Айымжан клубы облысымыздың ішінде бірінші болып «Халық театры» атағын алған болатын. Сол атақты үстау үшін ел адамдары бәрі бірдей ат салысатын. Күлзира үй ұстап, бала тәрбиелеп, мектептегі мүғалімдігімен қоса сол театрдың белсенді мүшесі болып ең бір басты рольдерді орындайтын. Қоғамдық жүмыстардан бас тартпай, елдің абыройы үшін әрдайым дайын тұратын. Сондықтан кәзіргі күні немерелерін тәрбиелеп, көп жылғы еңбегінің зейнетін көріп отырған ел силайтын құрметті әже.
Жүмадиева Балзира Жумадиева Балзира Самарханқызы 1946 жылы туған. Петропавл педагогикалықучилищесін бітіргеннен кейін Баян, Айымжан орта мектептерінде, Бірлік сегізжылдық мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды.
1993 жылы қайтыс болды.
Жумадиева Назира
Жумадиева Назира Самарханқызы 1949жылдыңЗ маусымында туған. 1967 жылы орта мектепті бітіргеннен соң, Көкшетау қаласындағы сауда- кооперативтіктехникумын тәмамдады. Еңбекжолын 1970 жылы Приишим сельпосында бастады. Міне содан бері сауда саласында қызмет істеп келе жатыр. Жұбайы Асанов Болат Шал ақын ауданынын тумасы, мамандығы - мал дәрігері. Отбасында үш ұлы бар. Азаматы - күзет саласында еңбек етсе, Батыры - ішкі істер мекемесінде, лейтенант, ал Ұланы -жеке кәсіпкер, құрылыспен айналысады.
Жумадиева Баян Жұмадиева Баян Самарханқызы 1952 жылдың 2 ақпанында туған. 1969 жылы орта мектепті бітіріп, осы жылы Целиноград медицина институтына қабылданды. Институтты ойдағыдай тәмамдап Солтүстік Қазақстан және Түмен облыстарында дәрігер болып істеді Қазір қүрметті демалыста. Жүбайы Шоткин Жаңалық Жаңажол ауылының тумасы. Отбасында бір үл, бір қыз бар. Ұлы Бақыт қүқық қорғау органында прокурор, ал қызы Дана - санэпидстанцияда қызмет істейді.
Жумадиева Зиля Жұмадиева Зиля Самарханқызы 1955 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. 1972 жылы Баян орта мектебін ойдағыдай бітіріп, Целиноград медицина институтына оқуға түсті. 1979 жылы осы институтты бітіріп, дәрігер мамандығын алып шықты. Зейнеткерлікке шыққанға дейін Солтүстік Қазақстан мен Түмен облыстарының денсаулық сақтау мекемелерінде қызмет істеді. Жүбайы Зикирин Бауыржан екеуі Самат, Әсел атты балаларын тәрбиелеп есірді. Ұлы Самат Новосибір қаласында магистратурада оқиды.
Жүмадиев Серік Жүмадиев Серік Самарханүлы 1958 жылдың 27 қаң- тарында туған. Баян орта мектебін бітіргеннен кейін Целиноград инженерлік-құрылыс институтына түсіп, қүрылысшы-инженер мамандығын алып шығады. Көп жылдар Солтүстік Қазақстан және Ресейдің Түмен облыстарының ішкі істер органдарында қызмет атқарып, 1996 жылы зейнеткерлікке шықты. Зайыбы Ботагөзбен төрт бала тәрбиелеп өсірді. Ұлы Талғат ҚР ІМ ішкі әскерінде қызмет атқарды, әс- кери шені - капитан. Қыздары: Самал -жеке кәсіпкер, Ғалия - Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универси- тетінің студенті. Кенже үлы Саят—қазақ классикалық гимназияныңб-сынып оқушысы.
Жүмадиев Еркебулан.
Жүмадиев Еркебүлан Самарханүлы 1960 жылдың 2 қыркүйегінде Баян ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін бір жыл тракторшы болып істеді 1978 жылы Целиноград инженерлік-қүрылыс институтына түсіп, осы оқу орнын 1983 жылы ойдағыдай бітіріп шықты. Осы жылдан бастап ішкі істер органдарында, үлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарды. Қазіргі уақытта облыс прокурорының көмекшісі болып істейді. Полковник. Зайыбы Бақыт Қожабекқызымен төртбала тәрбие- леп өсірді. Арайы - заңгер, Қайраты - Қазақ мемлекеттік медициналық академиясының студенті, Асыл- ханы - классикалық гимназияның 8-сынып оқушысы Аружаны - төрт жаста.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру