Шығармалары 2 том
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Темірбек Қожакеев
Темірбек ҚОЖАКЕЕВ Шығармалары 2-том Алматы УДК 821. 512. 122 ББК 84 (5 Қаз)-44 Қ 56 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша жарық көрді.
ҚОЖАКЕЕВ Т. Шығармалары. – Алматы: “Айғаным” баспа үйі, 2014. ISBN 978-601-03-0261-7 Т.2. - 286 б. ISBN 978-601-03-0263-1 Белгілі ғалым, профессор Темірбек Қожакеев шығармалары жинағының екінші томына ұлттық сатирамыздың халықтық табиғаты, бастау-бұлақтары жөніндегі зерттеу еңбектері еніп отыр. Автор қазақ сатирасын түбегейлі де терең талдап татымды еңбек атқарған. УДК 821. 512. 122 ББК 84 (5 Қаз)-44 ISBN 987-601-03-0261-7 © «Айғаным баспа үйі», 2014 ISBN 978-601-03-0263-1 Қ 56
БІРІНШІ БӨЛІМ САТИРА СЫРЛАРЫ САТИРА, ЮМОР: ЖАЛПЫ ҰҒЫМ Сатира мен юмордың күштілер қаруы, тәрбие құралы екенін айтпас бұрын, олар туралы жалпы мағлұмат бере кетейік. Сатира терминінің шығу тарихын, этимологиясын әркім әр түрлі түсіндіреді. Біреулердің айтуынша, ежелгі гректер жүзім өсірушілердің, жүзім шарабын жасаушылардың құдайы – Дионистің ән салып, би билеп, күлдіріп көңілдендіріп жүретін жол серіктерін «заіигоз» деп атаған. «Сатира» атауы сол сөзден шыққан. Екінші бір зерттеушілердің пікірінше, бұл терминнің тарихы латынның «Заіига» – «смесь» – аралас, әр нәрсенің қосындысы, «всякая всячина» анау-мынау деген сөзінен басталады. Кейінірек ежелгі Рим әдебиетшілері сынап-мінеуші, әшкерелеуші сипаты бар шығармаларды «заіига» деп атаған. Қазір «Сатира» атауы әр түрлі мағынада қолданыла береді. Біреулер оны әдебиеттің бір тегі (род) деп
түсінеді. 1941 жылы шыққан «Шетел сөздерінің сөздігінде»: «Сатира – болмыстың жағымсыз құбылыстарын ащы күлкіге айландыратын көркем әдебиеттің тегі (род)» делінген. Енді біреулер сатираны нақты өмір елестерін, болмыс сәттерін суреттеп, жазып, айтып берудің әдіс-тәсілі ғана деп түсіндіреді. Мысалы, сатираны көп зерттеген, бұл түрдің үлкен теоретигі Я.Эльсберг: «Сатира – болмысты әдебиет пен өнерде көрсетудің бір әдістәсілі»1 дейді. «Үлкен совет энсиклопедиясында» да осы анықтама берілген. Тағы біреулердің ұғымынша, сатира – жағымсыз болмыс, құбылыс атаулыны сынапмінеп, әшкерелейтін әдеби шығарма. Мысалы, Д.Н.Ушаковтың редакциялауымен басылған «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде»: «Сатира – өмірдің жағымсыз құбылыстарын күлкілі, келемеж түрде көрсететін әшкерелеуші әдеби шығарма» деп жазылған. Сол сияқты С.М.Бонбидің басқаруымен 1940 жылы басылған «Поэтикалық терминдер сөздігінде»: «Сатира қоғамдық дерттерді келемеж етуді немесе әшкерелеуді мақсат ететін әр түрлі (роман, әңгіме, фельетон, эпиграмма, т.б.) әдеби шығарма» делінген. Ал А.П.Квятковский: «Сатира – болмыстығы жағымсыз құбылыстарды сынап, әшкерелеуді, күлкі етуді мақсат етіп қарасөзбен немесе өлеңмен жазылатын көркем әдебиеттің түрі»2 деп анықтайды. 1 Я.Эльсберг. Вопросы теории сатиры. М., 1957. Стр., 27. А.П.Квятковский. Поэтический словарь, М., изд. «Сов. Энциклопедия», 1966. Стр., 253.
Сөйтіп, сатираның қоғамдағы жағымсыз болмыс, құбылыстарды, адам бойындағы ұнамсыз мінезқылық, әдеп-тәртіптерді әшкерелеп, күлкіге жығу,келемеж ету ниетімен жазылатыны жөнінде әдебиет зерттеушілерінің пікірлері бір арнаға саяды, бәрі де оның осы пафосын мойындайды. Бірақ олардың бірі үшін сатира – әдебиеттің бір тегі (род), екіншісі үшін өмірдің жеке елестерін суреттеп берудің әдіс-тәсілдері, үшіншілері үшін әшкерелеуші әдеби шығарма, төртіншілері үшін көркем әдебиеттің өзіндік түрі. Байыптар болсақ, осы пікірлердің бәрі де қате емес. Олардың әрқайсысы сатираның әр қырын, әр қасиетін айтып отыр. Шынында да, сатира – алымды да шалымды нәрсе, оның өмір сүру, көрініс табу мүмкіншілігі мол, болмыс-құбылыстарға үңілу, аралас, суреттеу жолдары да әр қилы. Сатира әдебиеттің бір тегі ретінде де көріне алады. Ақын, жазушыларымыздың бастан-аяқ күлкілі ситуацияға негізделіп, сықақтық тіл, стильмен жазылған, таза сатиралық шығармалары әдебиеттің дербес бір тегін құрайды. Өйткені оларда өмірді зерттеп білудің, суреттеп берудің өзіндік эстетикалық принциптері, көркемдік әдіс-тәсілдері пайдаланылады. Болмыс-құбылыстарды бағалап, түсінудің ерекше түрлері қолданылады. Яғни сатира қиялдауға, шарттылыққа, кездейсоқтыққа, түсінбестікке, әсірелеуге негізделеді. Шарждауға, карикатуралауға, гротеск, сарказм, иронияға иек артады. Сатирада ащы кекесін, күлкі ету мазақ қылу, жоққа
шығару, үкім айту, адам қиналысын аңлау, адам жүрегінің түпкіріне үңілу, көңілділік пен күрсініс, тенденциялық пен қатаң әділдік, лирикалық сезім мен ғылыми талдау тоғысып жатады. Сөйтіп, сатира қарама-қайшылықтардың бірлігінен туындайды. Белгілі бір сатирик творчествосының ерекшелігі осылардың қайсысын қай тұрғыда, қандай ниетпен пайдаланғанына қарай аңғарылады. Аристофан сатирасында қайғылы үн, Щедринде өмірді трагедиялық тұрғыдан сезіну, Гогольде күйзеліс, Чеховтан күрсініс басым дейтіні де сондықтан. Таза сатиралық туындылардың эпосқа да, лирикаға да, драмаға да жатпай, әдебиеттің өзіндік дербес тегін құрайтындығының басқа да сырлары бар. Сатирада, эпостық туындылардығыдай авторға, оқушыға деген қатыссыздық, бейтараптық объективтилік бола бермейді. Мәселен, Л.Н.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік», М.Әуезовтың «Абай жолы» сияқты эпостық шығармаларды оқығанда, автор да, оқушы да көрінбейді, олардың қатысы, көзқарасы, күрсініс-күйзелісі сезілмейді. Оқиға оларға тәуелсіз түрде, өзінше өтіп жатады. Осы эпостық объективтілік сырттай суреттеліп, баяндаушылық сатирада болмайды. Онда сыналып отырған факті мен құбылысқа автордың қатысы, пікірі белгілі дәрежеде білдіріледі. Сондықтан да сатира эпостық бола алмайды. Сол сияқты, таза сатиралық шығармаларды автор мен лирикалық кейіпкердің сөз етіп отырған жағымсыз құбылыстар жөніндегі жан дүниесі, ішкі сезімі лирика туындыларындағыдай барынша
ақтарыла ашылмайды, тек реніші, кейісі аңғарылады да қояды. Осы жағынан ол әрі лирикаға да жатпайды. Сатираны драмаға да тели салуға болмайды. Эпостағы объективтілікті, лирикадағы ішкі сезім сырды терең ашуды ұштастыра келіп, характерлер қақтығысына құрылатын, сахнада ойнауға лайықталатын драма белгілері де сатирадан түгел табыла бермейді. Сондықтан, ол – драма да емес. Ендеше, болмысқа эстетикалық қатысының өзіндік ерекшеліктері бар, өмір құбылыстарын зерттеп, бағалауда, көрсетуде дербес әдіс-құралдары, өзіне тән табиғаты, сыр-сипаты бар сатира – өзінше әдебиет тегі. Сатираның жеке бір іс, құбылысты зерттеп білудің әдіс-тәсілі ретінде көрінетіні де рас. Бұл сапада ол эпостық, лирикалық, драмалық шығармалардың бәрінде, барлық түр жанрында пайдаланыла береді. Олардағы белгілі бір елестер мен образдарды суреттеп берудің құралы, поэтикалық әдісі түрінде ғана қолданылады. Мысалы, І.Жансүгіровтың «Жолдастары», М.Әуезовтың «Абай жолы», Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлкесі» – эпостық шығармалар. Сөйтсе де олардың кей беттері сатиралық үн-тілмен жазылған. Сатира жеке бір эпизод, образдарды суреттеп, сипаттап берудің құралы, тәсілі ретінде көрінген. Мысалы, Ілияс Ықсан молданы былай суреттейді: «Қымызға келгенде түк жоқ кісі – ноғай Ықсан молда. Алдына келген аяқты жерге қоймайды. «Алқамды лелла» деп, бір кекіріп алады да, басына бірақ төңкереді, өзі үлкен үйелмендей кісі. Майдан
көзі бітіп, мұрны үшкірленіп қалған. Мойны мен жауырыны тұтасып, басы итбастанып қалыпты. Омырауы есіктей болып, қарны дастарханға сүйретіліп отыр. Бұған берген қымыз тек бір сабадан бір сабаға қотарылған сияқты. Өзі бұрыннан құрсақты молда, іші кеңіген сайын айы жақындаған әйелдей айналып отыра алмай, тек сүйретіліп отыр. Ыңқ-ыңқ етеді. Сөйлесе, қоздайтын қойдай мекіренеді»1. Ілияс романының «Сары ала қаз пәтуасы» бөлімінде Шалматай, Есентай қажылар да осылайша сатиралық әдіспен сүмірейте суреттелген. Автордың елестетуінше, «тығыз сары Есентай қажынының иектен бұғағы асып, шүйдесі шодырайып, майдан екі көзі айналып кеткен. Бұл қажының қымызды жұтқан сайын беті берен шымылдықтың тозығы сияқтанады». Осы сияқты, М.Әуезов Қарқаралы дуанының әміршісі, орыс ұлығы қызыл сары майырды былай сипаттайды: «Үлкен көк көздері қылилау келген. Бет-аузын қалың бұйра сары сақал басқан. Шүйдесі қып-қызыл, екі қатпар болып тұратын. Мұны қазақ атаулы өз атымен атамай, өзге майырлар сияқты, сырт белгілерімен атайтын. Жалғыз-ақ, бұрынғы майырларды бірақ белгімен: «сұлу майыр», «семіз майыр», деп немесе бетінің секпіліне қарап «тарғақ майыр» десе, мынаның сыртқы түсі, түгі талай ат атауға өз-өзінен сұранып тұрушы еді. Сондықтан мұның атын неше саққа мінгізіп кеп, бірде «шапыраш» майыр, бірде «жүндес» майыр, 1 І.Жансүгіров. Шығармалар. 3-том. А., 1962, 46-б.
бірде «піскен» бас майыр деп атасатын. Құнанбай, Алшынбай айналасы оны ақылсыз деген болжаммен көбінесе, сол «піскенбас» майыр деуші еді»1. «Піскен бас» майырдың тілмашы Қасқаны Мұхаң «сақалы шошайған, өзі қағілез келген, арық сұр» кісі еді деп алып, Құнанбайға «ін аузында отырған ақкөт торғай сияқты қылп-қылп еткеніңді қойшы осы» дегізіп тағы әшкерелейді. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлкесіндегі» Жұман бай, Күреңкөз қажы төңірегінде де талай сатира жүр. Осының бәрінде де сатира – жеке бір бейне, мінездерді болмыс, факт, елестерді суреттеп берудің құралы, тәсілі ретінде ғана қолданылған. Бір орайда сатираның әшкерелеу пафосымен жазылатын көркем шығарма екені де рас. Сатиралық роман мен повесть те, сатиралық әңгіме мен мысал да, пародия, шарж, эпиграмма да, фельетон, памфлет – бәрі де көркем туынды. Бәріне де әдемі тіл, әдеби ажар шарт. Оларды оқырмандар, сөз жоқ, көркем шығарма деп оқиды. Сөз жоқ, сатираның көркем шығармалар ішіндегі өзіндік бір түр екені де даусыз. Әр жанрда жазылған сатиралық дүниелерді бер жерге үйіп қойып: «бұл не?» десек, «бұл – сатира, бұл – әдебиеттің сатира түрі», – деген жауапты естір едік. Яғни сатира – көркем шығармалардың бір түрі, сатиралық туындылардың жалпылағыш, жиынтық аты. «Сатира» деген атаудың бұлардан басқа да мағынасы бар. Кейде ол стильдік ағым атын 1 М.Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағының 3-томы, А., 1979, 118-б.
білдіреді, әр стильдік тенденция өзіне тиімді, өзін үйлесімді, үндесімді түрде қалайды. Мысалы, гротеск, гиперболаны, шарж, карикатураны, сарказм, иронияны басты құрал етіп пайдаланатын ағымдағылар сықақ, мысқылды таңдайды. Сондықтан да олар сатира ағымындағылар деп те айтылады. Сатира нақты жанрлар түрінде де көріне алады. Белгілі бір сықақ туындылар өзінің бітім-сипатымен, көркемдік ой-пікірінің берілу ерекшелігімен, әшкерелеудің тілдік, стильдік құраләдістерін қолдану деңгейімен сатираның нақты бір жанрының сипатына ие болады да, сол жанр деп танылады. Қазір біздің фельетон, памфлет, пародия, мысал, сықақ әңгіме, сатиралық роман, повесть деп жүргендеріміз – сатираның осы жанрлық көріністері. Кейде сатираның өзі «жанр» деп те танылады. Кейбір зерттеушілер сатира жанр емес, оны «сатира жанры» деп атауға болмайды дейді. Мысалы, М.Тілеужанов жолдас «Сатиралық термин төңірегінде»1 атты мақала жариялап, онда қажетті, жұртты толғандыратын мәселе көтерді. Сатираға байланысты терминдерді орнын тауып, біліп қолдануға шақырды. Бірақ осындай орынды ой қозғаған мақалада автор салған жерден «кейбір әдебиетшілер сатираны жанр дейді. Біз бұған қосылмаймыз» деген пікір білдіреді. Біріншіден, сатираны жанр ма, жанр емес па деп таласу сатиралық термин жайын сөз ету емес. Ол – сатираның тектік, теориялық мәселесі. Демек, 1 «Қазақ әдебиеті» газеті, 2 август, 1974 ж.
автор мақаласының негізгі мазмұны оның атына сай келмейді. Екіншіден, автор сатираны жанр деуге «біз қосылмаймыз» деп кесіп айтып, «жанр» деген сөздің қандай-қандай мағыналарда қолданылатынын білмейтіндігін аңғартады. Үшіншіден, автор сатираны жанр деуге болмайды дейді де, «енді оны не дейміз?» деген сұрақ төңірегінде өзіндік ешбір пікір айтпайды. Шындығында, «сатира» термині сияқты, «жанр» деген атаудың да ұғымы көп. Ол да әр қилы мағынада қолданыла береді. Бір орайда, сатираны «жанр» деп ұғынуға да болады. Өйткені, әдебиеттің әр тегін кейде «жанр» деп те атайды. «Жанр термині, – дейді әдебиеттану ғылымының үлкен теоретигі, профессор Л.И.Тимофеев, – кейде әдебиеттің тегі (род) деген мағынаны, яғни эпос, лирика, драма дегенді білдіреді». Осы мағынада З.Қабдолов: «Эпос... өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр», – деп жазады. .Осылайша әдебиеттің әр тегін «жанр» деп атауға «эпос жанры», «лирика жанры», «драма жанры» деп жазуға болатын болса, «әдебиеттің дербес тегі» деген мағынада қолданылатын тұста сатираны да «жанр» деп тануға, «сатира жанры» деп жазуға болады. М.Тілеужанов «сатираны жанр деу – оның қай жанрда да кездесетіндігін елемеушіліктен секілді» дейді. Оның бұл болжамы да негізсіз. Сатираны бірде «жанр» деп танып, «сатира
жанры» деп жазып жүруіміздің сыры одан емес, әлгіден. М.Тілеужанов аталған мақаласында біздің әдебиеттану ғылымымызда «жанр» деген ұғымға поэзия, фраза, драматургия жататынына күмәні болмаса керек» деп жазады. Бұл да бекер. Өйткені әлгі жанр осылар ғана деп отырған поэзия, фраза, драматургиялардың әрқайсысы басқа жанрларға жіктелмей ме?! Мысалы, фраза да – роман, повесть, әңгіме; поэзиядан – поэма, баллада, лирикалық өлең; драматургиядан – комедия, трагедия, одевель сияқты түрлер тарайды ғой. Сол сияқты сатирадан мысал, пародия, памфлет, эпиграмма, шарж, сықақ өлең өрбиді. Бұлардың да әрқайсысын жеке-жеке жанр деп жүрген жоқпыз ба? Совет сатирасының көрнекті зерттеушілері Д.Николаев та, Л.Ф.Ершов та, У.Гуральник те сатира сырларын осылай түсіндіреді. Бірінші аталған автор «сатира – маңызды, пайдалы нәрсе, бірақ бұл совет өнерінің айқындаушы жанры емес»1 деп, сатираны жанр ретінде қарайды. Енді бірде оны «типтендіру әдісі» дейді. Оның үстіне, ол да «біреулер сатираны жанр деп те біледі, біреулер болмысқа көзқарастың бір көрінісі деп санайды, енді біреулер типтендіру әдісі деп атайды. .Тағы біреулер әдебиеттің тегі, түрі ретінде таниды» деп ашық айтады2. Л.Ф.Ершов «Сатириконда» (журнал аты, Т.Қ.) күлкілі новелла, фельетон, юмореска, анегдот және 1 Д.Николаев. Смех – оружие сатиры. М., 1962, стр., 30. 2 Д.Николаев. Смех – оружие сатиры. М., 1962, стр., 215.
жеке шумақ жетекші жанрлар болды»1 деп жазады. Сол сияқты әлгі Д.Николаевтың «ескіден келе жатқан әдеби сатиралық жанрлардың бірі – мысал (басня)», У.Гуральниктің «...дүркінді баспасөз қазір жолсапар, очерк, ашық хат, қала шетіндегі ескертпелер (заметки на полях), сын түсіндірме (критический комментарий), шолу – пародия сияқты жаңа деректі сатиралық жанрды нәтижелі дамытып келеді»2 деген сияқты пікірлері де осыған айқын дәлел. Енді юмор туралы. Юмор да, сатира атауы сияқты, бірнеше мағынада қолданылады. Ең алдымен ол да – өмірдегі күлкілі болмыс, құбылыс, факт, оқиғаларға эстетикалық қатыстың бі түрі. Кез келген күлкілі нәрсені сатиралық тұрғыдан, сықақтық тәсілмен бағалай салу жөнсіз. Кейбір қоғамда, жалпы моральға зиянсыз күлкілі жайлар, жеке адамдардың қайырыммен, кешіріммен қарауға болатын әпенділік әрекеттері, әлсіз жақтары кездеседі. Мысалы, Чапаевтың «әлем әскеріне командир бола алмаймын-ау, өйткені барлық тілді білмеймін ғой» деген өкініші, бір мәселе туралы өз пікірін, өз көзқарасын сұрағанда, «Ленин қай жағында болса, мен де сол жағындамын» деуі – күлкілі жайттар. Бірақ батырдың осы аңғалдығы, түсінбестігі сатираға негіз бола алмайды, сықақтық тұрғыдан талдап, бағалауды көтермейді. Осы сияқты 1920 жылы Одессаны жаудан босатқан қызыл әскерлердің кейбірі «әлгі Антанта деген қатыны қайда, соны да құртып біржола тынышталайық» 1 Л.Ф.Ершов. Из истории советской сатиры. М., 1961, стр., 13. 2 У.Гуральник. Смех – оружие сильных. М., 1961, стр., 13.
деп оны іздепті. Бұл да білімсіздік, күлетін комизм. Бірақ мұны да – сықақтап шенеуге болмайды. .Өмірдегі негізінен жағымды нәрселер мен құбылыстардың осындай жеке бір мінін, «әттегенай!» дегізерлік әлсіз, жөнсіз жағын жеңіл күлкі, әзілоспақпен көңілді, іш тарта тәлкек етудің, бағалаудың түрін юмор дейді. Ол құр күлу үшін емес, белгілі бір құбылысты жақсырақ көру, дұрыс бағалау үшін пайдаланылады. Мысалы, О.Әубәкіров «Түкпірдегі дүкен» деген өлеңінде сауда қызметкерлерінің «бір жағы Қызылқұм, бір жағы Қарақұм, шалқар көлі жоқ, самал желі жоқ» шөлде жатқан ауыл дүкеніне шілдеде сазан, қайық, кеме түсіргенін жеңіл юмормен тәлкек етеді. Осы ойланбай істелген істі «шөлдегі ел шөлдеп өлсін дегенің бе?», «Шөлдегі елге кеме деген неменеге керек?»3 деп мысқылдайды. .Кейде жазушыларымыз сатирамен сылқита соғуға болатын сорақылықтарды да юморлық әдіс-тәсілмен, жеңіл күлкі ғана тудыра қоятын үн-стильмен іліп-шалып кете салады. Мысалы, Ғ.Мүсірепов Күреңкөз қожаның «есек құйрығын жусаң да, әйтеуір мал тап!» деген қағиданы қатаң тұтынған, осы «өсиетпен» жылт еткен жерден құр қалмауға тырысатын пайдакүнем, дүниқоңыз жан екенін мына бір юмормен сипап өткен: «Күреңкөз қожа Омбыдан олжалы қайтқан Байжанның үйіндегі екі жас баланың піштірілмеген шөтейлерін басқа бір надан қағып кете ме деп, әдейі бұрылып келіп еді. Шөтейлер әзір аман сақтаулы 3 «Лениншіл жас» газеті, 6 январь, 1984.
екен. Қожакең көңілденіп, Байжанның аса діндар адам екеніне қоса, Жұбайдың қою құла торы шайын да мақтап алды»1. .Міне, мұндағы юмор да болмысқа қатыстың ерекше әдісі, түрі, нақты бір оқиға, фактіні, объект – нысананы суреттеп, бағалап берудің тәсілі ретінде көрініс тауып отыр. Өмірлік болмыстың әлгідей күлкі келтіретін ерекше құбылыс, көріністері болады. Сол комизмдер юмор арқылы күлкі етіледі. Юмор да бір сара шығрмалардың жалпылауыш аты мағынасында қолданылады. Жоғарыда аталғандар сияқты, сатиралық уыт-зілмен жазылмаған, алдына әшкерелеушілік мақсат қоймаған, жеңіл күлкіге ғана негізделген әзіл-оспақтық шығармалардың жиынтық аты – юмор. Қазір қазақ әдебиетінде де таза юморлық леппен, достық рәуіштегі симпатиядан туған күлкімен жазылатын, зілсіз, көңілді отырып оқылатын әңгіме, шарж, пародия, эпиграмма, юморескалар көбейді. Осының бәрін оптап алып атағанда – қазақ әдебиетіндегі юмор. Енді бірде өмір, болмыс құбылыстарының күлкілі қырын, тәлкек етуге болатын белгілерін іздеп тауып, көріп қоя білетін адам қабілетін юмор дейді. Әрине, бұл сапа – қасиет тек юмористке ғана емес, сатирикке де тән, қажет. Юморлық сезім, юмористік қабілеті бар кісі күлкілі құбылыстарды, тұрмыстіршіліктің жағымсыз жақтары мен жарамсыз белгілерін келемеж ете алады. Максим Горький: «Мен кімді жазсам да, мейлі, 1 Ғ.Мүсірепов. Таңдамалы, үш томдық, екінші том, А., 1980, 242-43-бб.
дәуірдің ұлы адамын жазсам да, міндетті түрде оның ерекше, тіпті бір қарағанда, таңқаларлық әдет-дағдысын табуға тиістімін. Соны сығалап көру арқылы мен оқушыны іштей жымыюға мәжбүр етемін», – деген екен. Осы творчестволық принцип Ғабит Мүсіреповте де бар. Ол да сыртына күлкі шығып тұрмаған болмыс-құбылыстардың езу тартқызарлық белгілерін іздеп тауып, көрсетіп жіберіп, оған оқушыны күлдіре қоюға өте шебер. Мысалы, Қиналған мен Ақан – жұмсасаң, «ыңқ» демейтін, еңбектен күш ірікпейтін, жоспарды артығымен орындайтын, момын, бейнетқор жандар, яғни ұнамды адамдар. Бір қарағанда, олардың, бойында сынарлық, күлерлік мін жоқ сияқты. Бірақ жазушы юморлық сезім арқылы солардың өзінен күлкіге негіз боларлық белгілер табады. Ол – әлгілердің өздерін адаммын деп сезініп, бір мезгіл еңсе көтермейтіндігі, өнер-білімге ұмтылмайтындығы, намыс пен жігерден айырылып, жай күшкөлік сияқтанып кеткендігі. Олардың, осысын автор «өздері ешнәрсе ойлап таппайтын», «орысша «ноны» білмейтін», «қазақша қара танымайтын» жандар еді деп сипаттағанда оқушы еріксіз жымияды. «Ақан әуелі бір тон, оның сыртынан бір күпі, оның сыртынан бір шекпен киіп, бәрінің төбесінен сеңсең тымақпен бір бастырып, белін қайыс белбеумен сірестіріп тұрып тартады да, қорбаңдап күзетке жөнеледі»1. Оның осы киінісінен юморлық 1 Ғ.Мүсірепов. Таңдамалы, үш томдық, бірінші том, А., 1980, 76-бб.
бейімі жоқ жазушы еш айып аңғармақ емес. Қайта «жақсы бопты, суыққа тоңбайды» дейді. Ал Ғабит осыдан күлкі етерлік кемшілік көреді. «Тек, жалғыз бір кішкене қауіп, жазатайым болып, Ақан тайып жығылса, өз бетімен орнынан тұрып кетуі екі талай еді...» дейді. Сонда барып күзетшінің әлгіндей тым қалың киінуі жөнсіз екен-ау, колхоз жаулары анталап тұрған сол шақта, түнде келіп, біреу-міреу ұрынса, орнынан өзінше тұра алмастай болып киінген Ақан қарсылық көрсете алмайды екен-ау деген пікір сап ете түседі. Міне, осы «пәлені» Ғабит юморлық сезім арқылы сезеді де, фактінің бұл сырын, Ақанды айыптайтын, оған кешіріммен қарап, риясыз ашып суреттеп, оқушылардың жеңіл күлкісін шақырады. Юморлық сезім осылайша ұнамды нәрселерден мін, күлкілі жәйт таба алудан ғана көрінбейді. Ол адамның өз басындағы бір әлсіздігін, юморға тиек боларлық кемшілігін аңғарады, мойындай білуінен де көрінеді. Ғабитпен әңгімелесіп отырғанда Сілекеевтердің кенжесі: «...Мен сізге екі рет хат жазып едім, жауап бермедіңіз» деп жабысады. Сонда жазушы: «Мүмкін... ондай жалқаулығым жоқ емес»1, – дейді. Осы жерде оқушы жымияды. Бұл да – автордың юморлық сезімінің ісі. Мұндай сипаттағы юморлық сезім өз күшіне, өз шеберлігіне сенген, халыққа еңбегі сіңген, өмірге үміті, көзқарасы бар адамдар ғана болады. Қандай адамдар сатира, юморға икемді, 1 Сонда, 400-б.
бейім болады? Бүгінгі буржуазиялық эстетика, буржуазиялық әдебиет теориясының өкілдері сатира, юморға бейімділікті адамның характерінен, мінезінен іздейді. Олардың айтуынша, өзінен гөрі, басқаның қамын көбірек ойлайтын, адамға деген, болашаққа деген сүйіспеншілігі, жан жылылығы мол, кешірімді, қайырымды адамдар юморист болады. Ал өзімшіл, қара басының қамын ойлайтын, жақсылығы өзінен артылмайтын, менмен тәкаппар адамдар сатирик болады. Мысалы, осы мінездік (характерологиялық) мектептің ірі өкілдерінің бірі, Голландия филологы В. Панненборг Гогольдің сатириктігін, нысанаға деген қатқылдығын оның мінез ерекшелігімен былай түсіндіреді: «Гоголь – тұйық мінезді, жалғыздықты жақсы көретін адам. Ол жұртты жан тәнімен жек көреді. Ол өзіненөзі ұзап кете алмайды, басқаға іш тарта білмейді. Ол сүйіспеншілік атаулыны мансұқ етеді. Гоголь ешқашан ешкімді ұнатқан емес. Ол өз игілігіне үмітсіздікпен басқаның игілігін де сатирамен төпеген»1. Осылай дейді де, автор «юмор қайырымдылыққа, сүйіспеншілікке, сатира, сын нысанасына сезімсіз қарауға, күдікке негізделеді» деп қорытынды жасайды. Бұл, әрине, ғылыми дұрыс қағида емес. Біздіңше, сатира, юморға, біріншіден, тазалық пен тұрақтылық, игілік пен ізгіліктің қадірін білетін, адамгершілігі, қайырымы мол адамдар бейім болады. Басқаның да, жалпы ел-жұрт, қоғам 1 Теория литературы (роды и жанры литературы), изд. «Наука» М., 1964, стр., 364.
атаулының қамын ойлайтын, қамқорлар ғана, ненің дұрыс, ненің теріс екенін тап басып тануға ақылпарасаты жететіндер ғана барады. Бірақ, сатира, сатирик қайырымдылығы дегенді дұрыс түсіну керек. Ол – дерттің зияндылығын кішірейтіп көрсету, барды жасырып, жоқты асырып, сынды сыбырлап айту, кінәлілердің маңдайынан сипау емес, қайырымдылық – әшкереленуге тиісті жаны жат, теріс бағыттарды игі ниетпен ашық та бүкпесіз келекелеу, достың жылатып айтуы. Екіншіден, сатира юморға өз құнын, өз қадір-қасиетін бағалай отырып, өз бойындағы әлсіздіктерді, күлкілі мінез-міндерді көре білетін, соларға сын көзімен қарап, өзін-өзі сынай алатын, соған жетесі жететін адамдар бара алады. Яғни адамның өзін-өзі сыйлауы, өз-өзіне сын көзімен қарауы, өзін-өзі күлкіге жыға білуі, тоғысқанда ғана адамда сатириктік рух, юморлық сезім айқынырақ көрінеді. Әрбір жазушы, әсіресе, сықақшы, өз творчествосына сын көзімен, юмор, ирониялық талаппен қарауға тиіс. Өзіне-өзі күле қарап, өзін-өзі түзетіп отыратын адам ғана басқаның да мінін көре қояды, күлкі ете алады. Әрі бұл сапа қасиет өзінөзі артық бағалап бара жатқандардың «кеудесін басады», «сабасына түсіреді», аспандатпай, жерге табан тигізіп, төңірегіндегі елді, өмірді көруге мәжбүр етеді. Үшіншіден, сатира, юморға кемшілік атаулыны, тіпті ұсақ, түкке тұрғысыз, ұнамсыз нәрселерді байқағыш, оларға төзбес, ашуланбай, ызыланбай тұра алмас адамдар бейім келеді.
Яғни сатира, юмор – келеңсіз көріністерді көре отырып, тепсінбей қалмайтын, онымен ымыраға келмейтін, принципшіл, әділ адамдардың үлесі. Сергей Михалковтың «Неге сатиралық пьесалар жазасыз?» деген сұраққа «Менің табиғатым – адамдардың өмір сүріп, жасампаздық жасауына, өздерінің мүмкіндіктерін еркін көрсетуіне кедергі келтіретін, адамшылдыққа жат, кісілікке жатпайтын өнегесіздіктерге, мещандыққа қарсы күресуді қажет етіп тұратын болуы керек» деп жауап беруі – осы пікіріміздің бір дәлелі. Төртіншіден, сатира, юмор – батыл, туралықты айтудан тайынбайтын, қорқақтыққа, жасқаншақтыққа бой алдырмайтын, дертті түйреп тастайтын адамдардың құралы. Жалтақтық – стира, юмор атаулының жауы. Олар тегеурінді белсенділікті, күрескерлікті, күреске тайсалмай баруды қажет етеді. Яғни, сатира, юмор – үлкен рухани, идеялық күштіліктің белгісі. Бесіншіден, сатира, юморға біреудің табысына, жақсылығына қуана білетін,басқаны, жалпы адамды сүйетін, құрмейттейтін, соларды қуантуды өзіне ғанибет санайтын, жұртпен сырласып, әзілдеуді мұрат тұтатын адамдар бейім тұрады. Танымал юморист Ю.В. Никулин былай деп жазады: «Менің кәсібім – елді күлдіру, қайткенде де күлкі тудыру. Бірде ұлым қатты ауырып, ол кезде әлі сәби болатын, дәрігерлер оның өміріне күдікпен қарап отырғанда, мен Ленинградта күніне үш реттен (мектептердегі каникул күндері еді) ойын көрсетіп жүрдім. Күні бойы ұлым туралы ойлаймын, үйге тәулігіне бірнеше
рет телефон соғып, баламның хал-жайын сұрап тұрамын. Бірақ сол күндердің бәрінде де күн сайын сағат 11.30-да алғашқы көрсету басталатынын, онда клоундарға күлу үшін келген екі мыңға жуық балалар болатынын ұмытқан емеспін»1, – деп, ауру баласын сылтау етіп, соларды тастап кетпегенін, күлкісіз қалдырмағанын айтады. Міне, бұл елге деген сүйіспеншіліктен туған юморлық сый еді. Алтыншыдан, сатира, юмор – жаны сау, тәні сау, көңіл күйі жақсы, әлеуметтік саяси теңдігі, өзіндік пікір білдіруге еркі бар адамдардың сыбағасы. Осы жағынан, мәнді, нағыз сатира, юмор – совет сатириктерінің тұрақты серігі. Сонымен, сатира, юмор дегеніңіз – адам баласының алуан түрлі сезімдерімен, қабілетқасиеттерімен, әлеуметтік тұрмыс күйімен, қоғамдық ортасымен тікелей байланысты. Солардың өзіндік сипатпен көрініс табуы. Сатира, юмор – әрі көңілді, жеңіл, әрі зілді, қуаныш-ренішке бейім өнер. Олардың күші де осында. Оларды ұлы мақсаттарға, елді ұлы істерге жұмылдыруға, жұрт жүрегінде қайырымды сезімдер туғызуға, жаңа қоғам құруға кесел келтіретін ағаттықтарға өшпенділік оятуға кең пайдалануымыздың да сыры осында. Бір ескертер нәрсе: юмор жеке тұрып әдебиеттің өзінше бір тегі бола алмайды. Өйткені, ол көбіне сатирамен бірлесіп қызмет етеді. Ол екеуі бірбірімен шендеспейтін екі дүние емес. Олардың арасында қытай қорғаны немесе терең қазылған ор 1 Ю.В.Никулин. Почти серьезно... М., изд. «Молодая гвардия», 1982, стр., 570.
жоқ. Олар бірін-бірі толықтырып, күшейтіп тұрады. Бұл жөнінде атақты фельетонист Михаил Кольцов: «Юморсыз сатира болмайды. Ең өткір, ең ызалы, ең қайғылы сатираның өзінде юмордың нышаны болуға тиіс. Әйтпесе, ол сатира болудан қалады», – деген. Әрі юмор да көбіне сатира қолданатын тілдік, стильдік құрал-әдістерге иек артады. Сондықтан да сатира мен юмор екеуі бірігіп, әдебиеттің бір тегін құрайды. Сатира, юмор неге үнемі қатар аталады, бірге жүреді? Неге егіз қозыдай бөлінбейді? Өйткені, олардың арасында көптеген ұқсастық бар. Біріншіден, сатира да, юмор да – сын құралы, сын мен өзара сынның әдеби түрі. Екеуінде де көңілсіз көріністерді сынап-мінеп, тәлкек ететін қабілет, қасиет бар. Максим Горькийдің айтуынша, юмор да ақымақтарды күлдіру үшін емес, күлкіге жығып, келекелеу үшін қажет. Осының бір ғана дәлелі ретінде Ғ.Мүсіреповтің жоқ-жұқана кедей, іскер де ісмер үйші Сандыбайды күлкіге жыққан тұсын оқып көріңіздерші! Сонда Игіліктің мың-сан, көгалалы жылқыларына Сандыбайдың таңырқап таңдай қағуын, аузын ашып, көзін жұмып қисынсыз қиялға берілуін «Мына бір бұлт ішінде бір үйір жылқы келе жатыр десе де, Сандыбай аспанға қарайтын еді»1 деп, юмормен іш тартып отырып-ақ сынап, келемеждеп тастаған. Екіншіден, екеуі де өмірдегі күлкілі жайларға – комизмге негізделеді. Екеуі де – юморлық сезімнің 1 Ғ.Мүсірепов. Бес томдық шығармалар жинағы, ІІІ том, А., 1974, 106-б.
жемісі. Екеуі де сол арқылы әлгі комизмді көріп біледі де, тапқырлықпен суреттеп, жазып, талдап береді. Көп ретте екеуі де күлкіге сүйенеді, құрал етіп, шығарманы тұзды етіп пайдаланады. Үшіншіден, сатира да, юмор да жаңаның, ілгерішіл, болашағы бар нәрсенің жағында тұрып сөйлейді, соның бағыт-бағдарын қолдайды, ескіні мансұқ етіп отырып, жаңаны жақтайды, болашаққа үндейді. Олар күні біткенді, заманы өткенді қолдап беделді де, көркемдік жағынан күшті де бола алмайды. Сондықтан, екеуі де жаңа өмір жаршысы ретінде көрінуге тырысады. Сатира болмыстың теріскей жақтарын қанша сынап, әшкерелеп, жоюды ниет еткенмен, онда да, юмордағы сияқты, игі идеал, ізгілікті құптарлық, өмір орнықтырарлық ниет, пафос болады. Ол да, бір жағынан, жағымсыз, жат нәрселерді революцияшылдық тұрғыдан әшкерелеу құралы, екінші жағынан, ұнамды идеяларды насихаттау құралы. Сатира мен юмордың өзара осыншама ұқсастығы болса да, олар бірігіп, кірігіп, бірақ нәрсе болып кетпейді. Өйткені олардың өзара айырмашылықтары да бар. Бірінші – сатира өз объектісін негізінен, түгелдей жоққа шығарады, қажет болса, мүлде мансұқ етеді. Ал юмор белгілі бір сәтті нәрсе мен ұнамды құбылыстың жеке мінін, жайсыз жағын ғана достық рәуіште іліп-шалып, әзіл-әжуа етіп түзетуді мақсат тұтады. Яғни, ол, негізінен, жағымды нысананың жеке бір, екінші қатардағы әлсіз, келіссіз жерін ғана жоққа шығарады.
Екінші – құртып, жою мақсаты сатираға әшкерелеуші үн, ащы тіл, кекесінді стиль, кермек күлкі беруді қажет етеді. Ол жеңіл ғана, қайырымды түрде іліп-шалумен шектеле алмайды. Сатира – жай сынау емес, мазақтай, келемеждей сынау, өткір, уытты етіп, кекете шенеу. Ол – буырқанып бұрсанған ыза-кекпен, өжет өшпенділікпен әшкерелеу. Ал юмор алған нысанасын шенеп, мінеп, жеке міндерден арылтуды, сөйтіп, жақсы болған үстіне мүлде әдемі, ешбір мінсіз етуді ниет еткендіктен, әзіл-қалжыңмен, игі ниеттен туған зілсіз күлкімен, көңілге қаяу салмас тіл, стильмен жазылады. Үшінші – сатира объектісі – әр кез жағымсыз болмыс, адамға, қоғамға зиянды құбылыс. Ол еш кезде ұнамды фактіге, қуанышты күлкіге негізделмейді. Ал юмор кейде тек мақтанарлық, шаттанарлық фактіге негізделіп, қуанышты, көңілді, риза болу, мәре-сәре болу жағдайында туып, таза жағымды сипатта да көрінеді. Бұл ретте онда ешбір сын элементі, келемеж ниеті болмайды. Бұған қазақтың белгілі сатиригі О.Әубәкіровтің юбилейіне арналған мына юморлық жолдарды дәлел етейік. Сөздерімен сүзеген Кем-кетікті түзеген. Қыңырларды күзеген, Басып тұрып тіземен. Халқының ол – қамшысы, Әділеттің сақшысы. Қонған оған бақ құсы, Келіп отыр елуге
Қазақтың бір жақсысы. Атасы сықақ, күлкінің, Міні болса жұртының, Осып алар Осекең, Таппай жаны бір тыным. Жүзге келсін Осағаң, Шетінемей бір тісі. Қажымасын түр-түсі, Ажырамасын ешқашан Езуінен күлкісі. Жағымды фактіге, жарастықты, жан семіртер іс-қылыққа негізделген, сынсыз, зілсіз таза юмор деген осы. Сөйтіп, юмор жеке адамдардың іс-тіршілігіндегі, тәртібі мен мінезіндегі ұсақ-түйек міндерге қарсы күрес құралы ретінде де, табыс, көрсеткіштерімізді шаттық күлкіге айналдырып, жырлаудың әдісі ретінде де қолданылады. Төртінші – сатира үнемі идеал мен болмыстың арасындағы қайшылықтың негізінде туады. Ізгі мақсатқа, моральға үйлеспейтін ұнамсыз құбылыстың зияндылығын жете көрсету үшін, оған төзуге еш болмайтындығына көз жеткізу үшін ол қиялдауға, гротескке, әсірелеп көпсітуге, бұрмалауға көп барады, батыл барады. Мысалы, бір карикатурада кейіпкердің басы жоқ, бас орнына – машинка. Одан будақ-будақ қағаз шығып жатыр. Әрине бұған қарап, сатираға ешқашан реализм тән емес, оны қалай болса солай жаза салуға жол беріледі деп түсінбеу керек. Шыншыл өнердің басқа
түрлері сияқты, сатирада да реализм болуға міндетті, ол да өнердің шыншылдық заңдылықтарына бағынуға тиісті, одан да сенімділік, орындылық, өмірге үйлесімділік талап етіледі. Ал әлгі бастың орнына машинка қойып көрсетуге келсек, мұның өзі – реализм. Олай дейтініміз көптеген мекеме бастықтары жұмысты баспен, ақылмен ойланып істеудің орнына, ойсыз механизм, ақылсыз автомат сияқты істейді. Оңды-солды қағаз, қатынас жолдаумен болады. Мұндай парасатсыздарды әлгідей етіп көрсету шындықты бұрмалау, бейнені бүлдіру емес, бұл – өмірдің өзіндегі бұрмаланғандық, кейбір кейіпкерлердің өз басындағы бүлінгендік. Бұдан шығатын қорытынды сатиралық кейіпкер жасау үшін тұрмыстық дәлдік сақтала бермейді, өмірлік шындық басшылыққа, негізге алынады. Бұл орайда юморды алсақ, өзі суреттеп отырған нысанаға іш тартатын, симпатиямен қарайтын болғандықтан, ол әлгідей мүлде басқаша көрсетуге, тым бұрмалауға бара бермейді. Тіпті, әсірелеуге жол берілетін достық шарждардың өзінде кейіпкер кейпінің дәлдігін, табиғилығын сақтауға, суретін ұқсатып шығаруға тырысады. Бесінші – сатира күні өткен, тағдыры шешіліп, талқаны таусылып бара жатқан ескінің қалдықтарына, зиянды құбылыстарға шабуыл жасайтын болғандықтан, онда трагедиялық та, комедиялық та, драмалық та мотивтер кең орын ала береді. Шенеу (сарказм), кекету (ирония), іліпшалып әзілдеу (шарж), бұра суреттеу (карикатура), мысқылдау (юмор) қалмай ілесіп отырады.
Осылардың молдығы, бірінші қатарда тұруы шығарманың сатиралық дүние екендігін танытады. Ал юмор, негізінен, күлкілі әуендерге, жеңіл күлкі ғана тудыратын болмыс-құбылыстарға құрылады. Мұнда әзіл-қалжыңға тән тілдік құралдар мен бояулар бірінші қатарда тұрады. Сонымен, жоғарыдағы айтылған ұқсастықтар сатира мен юморды бір-бірімен шендеспейтін, шектеспейтін екі нәрсе деп түсінуге, екі сай өрлетіп жіберуге жол бермейді. Екеуін үнемі бірге алып қарауға, қатар атауға мәжбүр етеді. Ал әлгі аталған айырмашылықтар оларды бір нәрсе деп ұғынуға, екеуін біріктіріп жіберіп, не «сатира», не «юмор» деп атай салуға тыйым салады. Демек, қоғамдық, әлеуметтік кемшіліктерге, жеке адамдар бойындағы міндерге қарсы күресте сатира, юмор бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, түсінісіп, бір майданның сарбаздарындай бірлесіп кетеді. Өзара ұласып, септесіп барып, дертті әшкерелейді, күле отырып, оны жоқ етеді, жойып шығады, жеңіске жетеді. Әр елде сатиралық, юморлық белгі, қасиеті бар, әзіл-қалжың ретінде айтылып, біреуді іліп-шалып, қағытып-мұқататын сыншыл сөз, мінсіз пікірлер көп ұшырасады. Қаншалықты уытты, тапқыр, күлкілі болса да, біздіңше, оларды сатира, юморға жатқызуға болмайды. Өйткені, біріншіден, сатира, юмор айналадағы болмыс-құбылыстарды ұзақ уақыт байқап-көрудің, зерттеп-білудің нәтижесінде туады. Ол көп ойланып, толғанудың, ақыл-ой, дүниетаным елегінен өткізудің жемісі ретінде көрінеді. Ал
әзіл-қалжың түріндегі шымшыма сөз, пікірлер табан астында, күтпеген жерден тілмарлықпен, тапқырлықпен айтыла салынады. Олар – бақылапболжаудың, үңіліп-ұғынудың жемісі емес, бір нәрсеге адамның аяқ астынан көңіл бөле, ой жүгірте, пікір білдіре қоюының жемісі. Екіншіден, сатира, юмор белгілі бір дүниетанымның, саяси-әлеуметтік көзқарастың көрінісі, сәулесі ретінде, ресми шығарма түрінде туғызылады. Ол баспасөзде жарияланып, эфирден естіліп, экраннан көрсетіліп, жалпы жұртқа паш етіледі. Ал, әзіл-қалжың кез келген жерде, отбасы, ошақ қасындағы, той-томалақтағы отырыста реплика түрінде айтыла салады. Онда ресми сипат, жалпы жұртқа кең танымалдық болмайды. Үшіншіден, әзіл-қалжың, сатира, юмор сияқты, ескінің әлеуметтік қалдықтарына, қоғамның ілгері дамуына кесір-кесапат келтіретін зиянды дерттерге қарсы бағытталмайды. Оның міндеті, мақсаты мүлде басқа. Ол әңгіме-дүкен құрыста сөз қақтығысы, пікір таласы, тапқырлық жарысы ретінде көрініс табады. Сөз сайысына түсіп отырған адамға ғана бағытталып, одан тапқырлықты асыруды, соны жүйеге жығуды, күлкіге қалдырып, жеңіп кетуді ниет етеді. Осыған дәлел болатын жақсы бір мысалды Созақ ауданынан Тоқан Әшірбеков жолдас жазды. «Ауылымызда, – дейді ол, – қатарлас екі кісі өмір сүрді. Бірін-бірі қағытпаса, қажамаса, тілдері қышып тұратыны да бар-тын. Оның бірі – таз, екіншісі шотыр болатын... бір жолы, науқастанып
қалған құрбысына бірер жолдасымен шотыры көңіл сұрай келеді. Дертінің беті бері қараған сырқат қарап қалмай: «Осы құртта да ес жоқ-ау» деп, мойын бұрып, досының бетіне сынай қарайды. Тап осы сәтті күтіп жүргендей шотыр: «Құртта ес болса, бастан бастамас еді-ау», деп, үй-ішін қыран-топан күлкіге бөктіреді»1. Міне, бұл – екі құрдас арасындағы әзл-қалжың, бір-бірін сөзден ұстау, тапқырлық көрсету ниетімен айтылған орынды әзіл-оспақ. Мұнда үлкен қоғамдық, әлеуметтік мән, сын жоқ. Төртіншіден, сатира, юмор кемшілік иелерінің бәріне бірдей бағыттала береді, ал әзіл-қалжың дәстүрлі реті бар, жөні бар адамдар арасында ғана, яғни құрбы мен құрдас, жезде мен балдыз, құда мен құдаша, жеңге мен қайын, нағашы мен жиен, қайын жұрт пен күйеу арасында ғана айтылады. Рас, «Әзілің жарасса, атаңмен ойна!» деген сөз де бар. Бірақ осы мәтелді өсиет тұтып, басшылыққа алып, келіннің атасымен, кішінің үлкенмен әзілдесуі, сөз тартыстыруы, қалжың-оспақ айтысуы қазаққа тән емес нәрсе. Тіпті, бұл мәтелдің жөнін таппай, адамын таппай орынсыз қалжыңдасып, көргенсіздік көрсетіп алғандарды ақтау ниетімен, ұялтпау мақсатымен айтыла салған болуы да мүмкін. Әлгідей туыстық, жекжаттық жақындығы бар адамдар арасында айтылып, бізге жеткен әзілқалжыңдар көп-ақ. Бірде нағашысы Мәделі қожаның қасында еріп келе жатқан Майлықожаны аты үркіп, жығып кетеді. Сонда Мәделі: 1 «Лениншіл жас» газеті, 4 январь, 1983.
Сен атаңнан туғанда бор боп тудың, Мен атамнан туғанда зор боп тудым. Ат аяғын көтерсе, жығыласың, Әкең Шотанқожадан қор боп тудың, – деп қағытады. Жиені оған: Мен әкемнен туғанда бор боп тудым, Сен әкеңнен туғанда зор боп тудың. Алпыс үйлі қожаға құн төлетіп, Зор болмадың, Мәделі сол боп тудың, – деп, жұлып алғандай жауап беріпті. Бұл – нағашы мен жиен арасындағы әзіл-қалжың. Жігіт шағында Жаяу Мұса ат суғарайын деп Ертіске барса, бір қыз еңкейіп өзеннен су алып жатыр екен, сонда ақын қызбен қалжыңдаспақ боп былай депті: Ағашы бұл Ертістің буын-буын, Шіркіннің атып алдым ұшқан қуын. Шошқаның торайындай тоңқаясың, Ертістің құртамысың аққан суын? Оған қыз: Піседі өкпе буға, азбан дуға, Қайғысыз семіреді қара суға. Шешеңнің ұйытып қойған қатығы емес, Қарауыл боламысың аққан суға! –
деп жауап қайырыпты. Бұл құрбы-құрдас, қызжігіттер арасындағы қақтығыс. Бесіншіден, сатирада зіл, өшпенділік үн болады. Сүйектен өтетін сөз қолданылып, көңілге келетін пікірлер айтылады. Ол сайсүйекті сырқыратып, сегізкөзді сыздатады. Сынаған адамында ашуыза, кек, дық қалдырады. Ал әзіл-қалжыңда кек болмайды, одан көңілде зіл қалмайды. Өйткені оның іліп-шалуы жеңіл, жайдары, жарастықты түрде келеді. Осы жағынан ол юморға жақындайды. Мысалы, бірде біздің Қалтай Мұхамеджанов Әзиз Несинмен кездесіп, одан Түркиядағы бір таныс жазушысының амандығын сұрайды. Сонда Несин: «Ол әйелімен ажырасқысы келетінін айтып роман жазып жүргелі бес жыл болды, иншалла, енді бір он бес жылда романын аяқтап, әйелімен ажырасып та қалар»1, – дейді. Міне, бұл – Әзиз Несиннің қаламдас досына тигізіп, сыртынан айтып тұрған әдемі әзілі, зілсіз қалжыңы. Алтыншыдан, шығарма түріндегі сатира, юморға творчестволық юмор, әзіл-қалжыңға өмірлік юмор тән. Әдебиеттегі юмор мен өмір-тұрмыстағы юмор – басқа-басқа нәрселер. Олай дейтініміз – жазушысатириктің творчествосы юморға өте бай келіп, өзі өмірде көңілсіз, күлкіге, әзіл-оспаққа шорқақ адам болуы мүмкін. Керісінше, біреулер өмірде, отырыста, ауыз екі сөз қақтығысында өте қуақылық, тапқырлық көрсетіп, жұртты қыран-топан күлкіге кенелтіп отырады. Ал солардың қолына қағаз, қалам бере 1 «Қазақ әдебиеті» газеті, 21 август, 1981.
қойсаң, әлгі қабілетінен мүлде айырылып, түк жаза алмай отырып қалады. Осыдан-ақ өмірдегі юмор басқа, әдбиеттегі юмор басқа екені байқалады. Рас, кейбіреулер өмірдегі юмористігін әдебиетте де жарқыратып көрсете алады. Бұл – тұрмыстық юморды да, творчестволық юморды да бірдей меңгергендіктің белгісі. Әрине, әзіл-қалжыңның да орындысы, орынсызы, ақылдысы, ақылсызы болады. Ол жөнімен табылып айтылса, жан семіртеді, отырысқа көңілділік әкеледі, адамды ойландырады, толғандырады, тапқырлыққа, парасаттылыққа баулиды. Осының жақсы бір мысалын тілші Г.Жолдасбекова былай деп баяндайды. Екі құрдас – қазақ Тоқабай мен өзбек Әптықайым тату-тәтті көршілер екен. Бірде Әбекең Тоқаңды сыйлап, алдына ас қойып, әңгіме-дүкен құра отырып, кең дастархан басында кемел кешін арнапты. Тоқаң да байқамай келімдәріні көп жей отырыпты. Дағдыланбағандықтан ба, әлде ащыны көп тұтынбағандықтан ба, аузы ашыса да алып тастауды ұятсынып, жұтып жібереді. Бірақ келімдәрі көзін жасауратып әбігерге түсіреді. Қалтасынан орамалын алып, сүртінген болып кейіндеген Тоқаңа Әбекең: – Ә, Тоқа, ас алыңыз. Ойыңызға әлдене түсті ме, көңіліңіз бұзылып отыр ғой, – дегенде, Тоқаң жай ғана жымиып: – Рахмет, Әбеке, сіздердің тілдеріңіз неге ащылау болады десем, келімдәріні көп қолданады екенсіздер ғой , – деген екен1. 1 «Лениншіл жас» газеті, 21 декабрь, 1979.
Міне, бұл – әлгі айтылғандай, оғаштығы жоқ, зілі жоқ, көңілге тимейтін, сыпайы да сындарлы айтылған, адамға көңілділік сыйлап, жан дүниені желпіндіретін, доспен жайдары, жайсаң түрде қағыса білуге тәрбиелейтін өнегелі әзіл-оспақ. Ақылды да орынды қалжың деп осындайларды айтамыз. Енді бір қилы әзіл-қалжың дөрекі, оспадар болып келеді. Қағысып отырған қарсыласының көңіліне қаяу салады, намысына тиеді. Жүз шайысып, бет жыртысуға апарады. Г.Жолдасбекова бұған да бір мысал дәлел келтіреді. Етжеңді, толықтау келген Жүсекең кеңседе бағбан Елекеңді кездестіреді. Кездестіреді де: «Оу, Елеке, бізде бір түп алма бар, жемісі өнімдіақ. Жылда салады. Бір келеңсіздігі – жемісі үлкен болғанымен, жеуге қатты, әрі кешеуілдеп піседі. Біздің оны қалай пайдаланғанымыз қолайлы болар екен? – деп ойындағысын шаруажайлықпен жеткізіпті. –. Оны шошқа жейді, шошқа! – деп Елекең жайына кетеді. Жүкең отырып қалады, үн жоқ. Тым-тырыс. Біраз уақыт өтеді... бір кезде шот қағып отырған жігіт ағасы: –. Жүсеке, жұмысты да атқарып, жемістеріңіздің де сорттылығын ажыратып алдыңыз ғой, – депті. Сонда Жүсекең: –. Нем бар еді сол алмасы бар болғырды айтып, – деп шыға жөнелген екен». Бұл ақылсыз, парасатсыз әзіл-қалжың, замандасының етжеңділігін бетіне салық қылып,
«қатты алманы сен сияқты шошқа жейді» деу – тапқырлық емес дөрекілік, әзілдей білместік. Ар-ожданды аяққа басатын, намысқа тиіп, жанға бататын қасиетсіз қалжың – осы. «Аңдамай сөйлегенді ауыртпай өлтіретін» де осы. Бұл – «ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле!» – деген халық қағидасын ескермегендік. Әзіл-қалжың да – өнер. Ол да оқуды, тоқуды, көп ізденіп, тәжірибе жинауды, қақтығысқа жиі түсіп ысылуды қажет етеді. Осыны ескерген көп ел әзіл-қалжыңға, қуақылыққа жаттығу жарыстарын өткізіп отыруды дәстүрге айналдырған. Мысалы, әр жылы қыс күндерінде Сербияда тапқырлықтың өткір де уытты айта білудің республикалық турнирі, ал жазда Хорватия астанасы Загреб қаласында оңтүстік славяндар фольклорының үлкен мерекесі болып тұрады. Жыл сайын Болгарияның Габраво қаласында да күлкі жарысы өткізіліп отырады. Оның халықаралық «Хитрый Петр» атты бәйгесі де бар. Бірде Қалтай Мұхамеджанов Әзиз Несиннен жаңа әңгімелерін беруді өтінеді. «Біз қазақшалап шығарайық» дейді. Сонда Әзиз Несин Түркияда жыл сайын «Қожанасыр күлкісі» деп аталатын әзіл-сықақ күндері өткізілетінін айтып, қазақ жазушыларын соған шақырады. «Өзімді ғана көргендеріңіз болмас, Түркияға келіп, менің кейіпкерлерімді көріңіздер, сонда әңгімелерімді аудару оңайлай түседі» дейді. Қазақ фольклоры да қылт етпе тапқырлыққа, сипай қамшылаған әзіл-оспаққа өте бай. Соның бәрін оқып-игеру, бойға сіңіру, соларға еліктеп
әзілқой да қалжыңбас болып қалыптасу – әр адамға парыз. Әзіл-қалжың да – юморлық сезімнің жемісі. Юморлық сезім ғана, қарсыластың пікірін парықтауға, оның астарын түсінуге, оған өткір жауап тауып айтуға мүмкіндік береді. Әзіл-қалжыңға әлінше әркім-ақ бейім. Жаман-жақсы, дұрысбұрыс, жөн-жосықсыздықты әркім-ақ ажырата, оған назар аудара, зейін қоя біледі. Айналадағы болмыс-құбылыстарға бей-жай, бейтарап қала алмайды. Осының бәрі юморлық сезімнің әркімдеақ болатынын аңғартады. Біздің қазақ – қалжыңқой халық. Ол от басы, ошақ қасында, той-томалақ, бас қосу-отырыстарда қалжыңдаспай, қағыспай, тақаспай, күліспей отыра алмайды. Әр нәрсенің өз орны, өз нарқы, өз парқы бар. Ешбір сатиралық, юморлық шығарма әзілоспақ, қағытпа қалжыңды ауыстыра алмайды. Отырыста, кездесуде күлкі келтіріп, көңілділік тудыратын, жақсылық ниетпен ғана, риясыз іліпшалатын жылы әзіл-қалжыңның жөні бөлек. Сондықтан, бұл өнерді де қырнап, сырлап әдемілей беру, ширата беру – парыз. Бұл орайда Г.Жолдасбекованың «әзіл-қалжыңды дамыта түссек, ой-қиялды тәртіпке келтірер, адамдарға ләззат, сүйіспеншілік әперер құрал ретінде дамыта берсек, сөз қадіріне жетіп, кісіні құрметтеу, көңіл қалдырмау, абайлап, тәрбиелі сөйлеуді дәстүрге айналдырсақ»1 дегені – қостайтын пікір. Әзіл-қалжыңның сәтті, ұстамды, тапқыр шығуы 1 Лениншіл жас» газеті, 21 декабрь, 1979.
қақтығысушы екі жақтың да ізетті, инабатты, мәдениетті болуын талап етеді. Қырсықты қысыр сөзі көп бейауызбен қалжыңдасып көрші, құтыла алмай қор боласың. Оның «іріген ауыздан шыққан шіріген сөздері» жаныңды жегідей жейді, өзіңді ұятқа қалдырады, абыройыңды төгеді. Ендеше, әзілқалжың қақтығысына қатысатындардың бәрінің де тәрбиелі, талғамды болғаны лазым. Әңгіме-дүкен құрып, бас қосысқанда әзілқалжыңнан басқа анегдот дегендер де айтылады. Олар да күлдіреді, олар да отырысқа көңілділік береді. Бірақ анегдоттың да анегдоты бар. Ақылды айтылған, парасаттан туған, тәрбиелі адамдардың шын бейнесін көрсететін, мораль, психологиясын дұрыс беретін, күлдіре отырып, демалдыратын ойлы анегдоттар болады. Оларды біз қолдаймыз. Ал кейбір жауапкершіліктен айырылғандар, саяси ұстамды, ұстамсыз нәрселерді ажыратуға өресі жетпейтіндер, әйтеуір, елді күлдіріп, тапқыр да тілмар көрінейін, отырыстың гүлі болайын деп, жұртты ойната отырып, ойландыра алмайды. Бір қилы анегдоттар арам ниетпен, жат пікірмен туғызылады. Тарихи белгілі адамдардың рөлін, халыққа сіңірген еңбегін төмендету, оларға деген жұрт сүйіспеншілігін, жастардың еліктеуін, солардай болуға талпынысын жою үшін айтылады. Оларда әлгі адамдар тұқыртылып, ақымақ, кездейсоқ ауызға ілінген етіліп көрсетіледі. Мұндай зиянды, жат ниетті анегдоттар идеялық жағынан пісіп жетілмеген, саяси жағынан аңғал да алғыр, қоғамдағы азаматтық орнын түсінбейтін
адамдарға қатты әсер етеді. Оларды теріс түсінікте қалдырып, дұрыс жолдан тайғызады. Сондықтан, мұндай анегдоттарға ортамызда орын болмауға тиіс. Сонымен, сатира, юморды әзіл-қалжыңмен, анегдотпен шатыстырмау керек. Сатира, юмор – фактіні көре алатын, оны жинақтап, типтендіре білетін, болмыс-құбылыстардың әлеуметтік мәнін көркем де бейнелі тілмен ашып, суреттеп беретін әдебиет саласы. Сөйтсе де біздің кейбір сатира, юмор деп жазған шығармаларымыз өмірден, шындықтан алыстау тұрады. Өз міндет-мақсатына, өзіне қойылар талап-шарттарға сай шыға бермейді. Кейде өте қарадүрсін, аңғырт әзіл-қалжыңға, жайдақ анегдотқа сайып жатады. Оқырмандарды таңдандырып, ренішін тудырады. Әр уақытта сатира, юмордың қасиеті төмендеген, оты әлсіреген жерде мешандық ақылгөйсулер, тоғышарлық пайымдаулар, ақылсыз анегдоттар етек алады. Ондай парасатсыз, кенеусіз дүниелер пайда бермек түгіл, идеялық-эстетикалық тәрбиемізге нұқсан келтіреді. Сатира, юмор – қиын да биік өнер. Ол ерекше ақыл-парасатпен қатар, биік идеялылықты, тапқыр таланттылықты, болашаққа үңіле білуді, идеалға сенуді қажет етеді. Сатира мен юмор қашан, қайда пайда болған? Бұл сұрауға жауап беру, олар алғаш пәлен ғасыр, түген елде пайда болды деп кесіп айту мүмкін емес. Бүгінге жеткен жазбаша сатира үлгісі – біздің эрамызға дейінгі V ғасырдың аяғы мен IV ғасырдың басында өмір сүрген Аристофан мұрасы. Бұған
қарап сатира, юмор бұдан екі жарым мың жыл бұрын ғана, Грек жұртында алғаш пайда болған екен деп түсінуге болмайды. Одан бұрын адамзат баласы сатиралық рухани байлық жасамаған екен, қуанып күлмеген, ренжіп кекетпеген екен деп түсіну қате. Миллиондаған жылдар бойы өмір сүрген ата-баба бұрын да қарап жатпаған, небір рухани сатиралық байлықтар жасаған. Бірақ олары бізге жетпеген, бізге жеткені әлгі Аристофан сатирасынан ғана басталады. Белгілі сатира зерттеушісі Д.Николаевтың айтуынша, «...бір нәрсе анық: «сатира» деген атаудың өзі тумай тұрып пайда болған»1. Бұл – дұрыс пікір. Сөз жоқ, дүниеге алдымен бөбек келіп, оған ат сонан кейін қойылатыны сияқты, тарихи аренаға алдымен сықақтық дүниелер келген, сонан соң «мұны не деп атаймыз?» деген сұрақ туған. Сонда ғана «сатира» деген атау пайда болған. Д.Николаевтың әлгі пікірі – дұрыс болғанмен, нақтылай түсуді, толықтыра жеткізуді қажет ететін пікір. Дәлірек айтқанда, сатира, юмор, адамзат қоғамымен бірге туған деп болжауға болады. Адам баласы дүниеге әзіл-оспақ, күлкіні өзімен бірге ала келмеуі мүмкін емес. Өйткені адам бар жерде өмір бар, өмір бар жерде сәттілік, сәтсіздік бар, күресталас бар, сол талас-тартыста жеңіс пен жеңіліс бар. Сәттілік пен жеңісте қуанбау, сәтсіздік пен жеңілісте қынжылмау мүмкін емес, сол сезім-құбылыстардың сыртқа теппеуі, сатира, юмор болып көрінбеуі тағы мүмкін емес. Тіпті, сөйлеу тілі шықпаған, сөйлеу 1 Д.Николаев. Смех – оружие сатиры. М., 1962. Стр., 6.
қабілеті болмаған кездің өзінде де адам баласы қуаныш, реніш сезімінен құр болмаған. Сол сезімді білдірмей тұра алмаған. Мысалы, олардың аңдыған аңын шоқпармен соғып, сойылмен сұлатып салғанда, ымдасып жымыңдаспауы, сілтеген сойыл тасқа соғылып, жер қауып қалғанда, «қап» дегендей өкініп, ыммен ренжіспеуі, тістеніп-тепсінбеуі мүмкін емес. Осының бәрін адам тілсіз-ақ, сөйлемей-ақ аңғарта алған. Махаббат сезімінің жүрек түбінде, тереңде жатқан неше қатпар сырларын көзбен, ішпен сездіре білген адам, сыртқа теуіп шығып тұрған қуаныш пен ашу-ыза кегін ыммен, мимикамен жеткізіп бере алмасын ба?! Ендеше, адам бар жерде сын-сықақ бар, күлкі бар. Сондықтан да орыстың ұлы драматургі А.Островский «жұрт әзілдесе жүріп, өмір сүріп, әзіл-күлкімен өледі» деген. Осыған үндес пікірді біздің ұлы ойшыл Абай да айтқан. Оның «туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» жолдарының түйіні – адам бұл жалғанда өлеңдете, әзіл-қалжың айта жүріп, еңбек етеді, күле жүріп, күреседі, өмір сүреді дегенде жатыр. Қазақ халқы да сын-сықақ, әзіл-оспаққа икемді екенін ертеден-ақ танытқан. Орыстың белгілі ғалымы Н.М.Ядринцев Шоқан юморы туралы айта келіп, «Шоқан көңілді, қуақы болатын, бұл оның халқының қасиеті еді» деген. Шынында да, сатира халқымыздың бүкіл өмірімен біте қайнасып, қанау мен тонауға, әділетсіздік пен теңсіздікке қарсы күресінде ең айбынды қару болып
келеді. Ол қуанып күлсе де, қайғырып күңіренсе де, сатира онымен бірге жүрді, оның қасынан табылды. Демек, сатира да – қазақ халқының әр кездегі салт-санасының көрінісі, күрес жолының елесі. Белгілі бір халықтың ішкі дүниесі, жан сыры оның күлкісінен де айқын көрінеді дейтіні, сондықтан. Сөз жоқ, адамзаттың алғашқы тапсыз қоғамындағы сатира мен юмордың сипаты, мақсаты кейінгі таптық қоғамдардағыға қарағанда өзгеше еді деп болжауға болады. Ол тұста сатира, юмор жалпы адамдарға ортақ көңіл көтеру, пікір тапқырлығы, ой ұшқырлығы жағынан өнер жарыстыру құралы ретінде қолданылған. Ондағы сатира, юмордың сынап-мінеп әшкерелеуден гөрі, әзіл-оспақтық, жай қалжыңдық сипаты, рөлі басым болған. Яғни тапсыз қоғамда сатирадан да юмор кеңірек етек алған, алдыңғы қатарда тұрған. Ал, адамзаттың кейінгі тарихы – таптық қоғамдар тарихы. Қарама-қарсы таптарға бөліну теңсіздікті, адамның адамды қанауын, ұлттар мен мемлекеттер арасындағы антогонизмді, ол антогонистік қайшылықтар тап тартысын туғызып, күшейтіп отырды. Осы орайда Ф.Энгельс өзінің «Германиядағы шаруалар соғысы» деген кітабының алғы сөзінде былай деп жазды: «Олар күресті көпшілігінде қуақылықпен жүргізіп отырды, ал бұл олардың өз ісіне сенетіндігінің және өздерінің артықшылығын түсіне білуінің ең жақсы дәлелі болып табылады»1. 1 К.Маркс, Ф.Энгельс. Таңдамалы шығармалары, үш томдық, екінші том, А., 1976. 409-бет.
Мұнда Ф.Энгельс езілген еңбекші ел өзінің азаттық жолындағы күресінде сатира мен юморды тап дұшпанына қарсы жұмсар қару ретінде пайдаланғанын, қолдан күш кеткен кезде тілмен, күлкімен күрес жүргізгенін айтқан. Осы сияқты, К.Маркс жылы «Луи Бонопарттың он сегізінші брюмері» деген кітабының екінші басылуына арнаған алғы сөзінде де сатира мен юмордың, күлкінің тарихи рөлін, таптық күрес құралы мәнін жоғары бағалаған. «...Француз әдебиеті тарихы зерттеу, сын-сықақ және өткір сөз қаруын жұмсап, Наполеон туралы ертегілерді біржолата жойды»1, – деп жазған. Байқап қарасақ, мұнда да сықақтың, күлкінің таптық қоғамда тап күресі құралының қатарына жататыны, оның құртып-жоярлық зор күш-қуаты бар екені аңғартылған. Демек, теңсіздік қоғамда езілуші таптың езуші тапқа деген өшпенділігі, антипатиясы артады. Бұл олардың арасындағы қайшылықты шиеленістіріп, күресті күшейтеді. Ал қайшылық, күрес күшейген жерде таптар сатира туғызбай, сатира қолданбай тұра алмайды. Сатираның гүлдену, кемелдену, айбынды көріну дәуірінің қиян-кескі күрес, аласапыран алысжұлыс жылдарына келетіні де сондықтан. Езілген еңбекші бұқара бірте-бірте сатира мен юморды өзінің фольклорлық туындыларында пайдаланып, сол арқылы құдайлар мен патшаларды, помещиктер мен алпауыттарды, елді езуші басқа да үстем тап өкілдерін әшкерелеуді күшейткен. Мұнан 1 Бұл да сонда, 1-том, А., 1976, 409-бет.
кейін сатира мен юмор фольклорлық мұраларда ғана емес, нақты авторлардың да творчествосынан орын тебе бастаған. Сатираның алғашқы үлгілері жоғарыда аталған Аристофан (б.э.д. V ғасырдың аяғы мен IV ғасырдың басы) творчествосында айқын көрінген. Ол қырыққа тарта комедия жазып (оның он бірі бізге жеткен), өз тұсының қоғамдық дерттерін, өз заманының күштілерін батыл әшкерелеген. Мысалы, «Салтаттылар» – («Всадники») (б.э.д. 424 ж.) комедиясында Афины мемлекетінің «басшысы» демагог Клеонның өзін масқара еткен. Сөйтіп, сатира, күлкі Аристофан творчествосымен үлкен қоғамдық күш ретінде танылған, әдеби түр ретінде өмір сүру правосын алған. Бұдан кейін сатира әдебиеттің бір саласы ретінде б.э.д. ІІ-ІІІ ғасырларда ежелгі Римде даму табады, 239-169 жылдарда өмір сүрген Квинт Энний «Заіига» (Смесь») деген атпен өз сықақ шығармаларының жинағын жариялаған. Оған әр түрлі тақырып, мәселені сөз ететін мысал, анегдот, диалогтық көрініс, ұсақ өлеңдер енгізген. Ежелгі Римнің нағыз сатиригі – Гай Луцилий (б.э.д. 180-102 жылдар), сатираны әдебиеттегі әшкерелеуші әдіс, түр ретінде қалыпастырып, дамыта түсті. Отыздай сатира кітабын жазды. Сатира түрі беріректе Гораций (б.э.д. 658 жылдар) мен Юневал (б.э.д. 501-427 ж.ж.) творчествосында шын өрлеу тапқан. Орта және кейінгі ғасырларда Юневалды Римнің ең таңдаулы сатиригі деп таныған. Оның күшті сарказмы, ашу-ыза, кекпен
шеней жазатыны үшін бағалаған. Феодализмге қарсы күрес дәуірінде Батыс Еуропа сатириктерінің көбі Юнева творчествосымен рухтанған. Оған ХІХ ғасырдағы орыс ақындарының да ықыласы түскен. Мысалы, ұлы Пушкин деспотизмге қарсы күресте: О, музасы жалынды сатираның Лапылдап келші маған, шақырамын! Қажетсіз сыңғырлы үні лиралардың, Бер маған шыбыртқысын Ювеналдың! – деп тілек білдірген. Ювеналдан кейін бұл түрді ілгерілетуші – ескі грек сатиригі Лукиан (б.э.д. 120-180 ж.ж.). Ол, әсіресе, сатираның проза түрін дамытты. «Құдайлардың әңгімелесуі» («Разговоры богов»), «Теңіз әңгімелесулері» («Морские розговоры»), «Өлілер патшасындағы әңгімелесулер» («Разговоры о царстве мертвых») деген сияқты философиялық сатиралық диалогтер жазды. Автор бұл туындыларында құдайларды дөрекі, ақымақ етіп масқаралаған. Лукиан мұрасына байланысты К.Маркс «Гегельдің право философиясының сынына» деген еңбегінде былай дейді: «Дүниежүзілік – тарихи форманың ең соңғы фазисі (ақталар шегі – Т.Қ.) оның комедия болуы. Бір рет Эсхильдің «Бұғауланған Прометейінде» өлмеші болып трагедиялық жарақат тапқан Греция құдайлары Лукианның «Әңгімелесулерінде» («Разговоры») комедиялық түрде тағы да өлуге тура келді. Тарих неге бұлай дамиды? Бұл адам баласы өзінің өткендегісімен көңілді түрде қош айтысу
үшін керек»1. Ұлы адамның бұл пікірінің біздер үшін екі түрлі мәні бар. Мұнда ол ежелгі әдебиеттегі Лукианның орнын, оның творчествосының қоғамдық мәнін ашқан. Әрі сатира мен юмордың қоғамдағы рөл, маңызын, түрлік ерекшелігін түсіндіріп берген. К.Маркстың айтуынша, тарихи дамудың белгілі бір сатысында ескі қоғам, оның құрылысы, тәртібі ел-жұртты қанағаттандырудан қалады. Халық риза болмай, оның барлық тәртіптерін жоққа шығарып, жаңа құрылыс, жаңа салт-сана іздестіруге бет алады. Бара-бара өз өкпесіне жабысқан, іріп-шіріп, тозығы жеткен әлгі қоғамдық құрылысты жұрт келемеж етіп, мазақтай бастайды, оны күлкіге айналдырады. Ақыры сол ескі құрылыс, қоғамдағы қажетсіз, жарамсыз, зияны болмаса, пайдасы жоқ деп тауып, өз әндерін салғызып, өз билерін билетіп тұрып, тарих сахнасынан ажуалап, айдап шығады. Сатира беріректе араб әдебиетінде күшті дамыған. Арабтар сатираны «мақамдар» – беседы – әңгімелесу деп атаған. Араб әдебиетінде бұл түр Х-ХІІ ғасырда биік белеске көтерілген. Әсіресе, бұл өрлеу Ал-Харири (1054-1122 ж.ж.) творчествосынан айқын байқалған. Соңғы ғасырларда әр халық өзінің ірі сатириктерін туғызып, өз жазба әдебиетінде сатира, юморды мүлде биікке көтеріп әкеткен. Әр халық, әр дәуір өзінің классикалық сатирасын жасаған. Көңілді күлкі күнін өткізуді салтқа айналдырған. 1 К.Маркс и Ф.Энгельс. «Об искусстве», т, І. М., «Искусство», 1957, стр., 53-54.
«Алдау күні» дағдыға Шығыстан енген. Көңіл көтеру, әзілдесу ниетімен біреуді алдап әуре қылу әдеті Индияда, Қытайда, Жапонияда ежелден бар көрінеді. Еуропада «Күлкі күні» әдетте көктемде, 1-апрельде өткізіледі. Ол әр елдің өзіндік жөн-жосығымен, өз бояуымен ерекшеленген. Францияда апрель айы әзілдеп, қалжыңдап алдау күнімен басталады. Мұның себеп-сырын әр аңыз әр түрлі түсіндіреді. Бұрын Жаңа жыл Францияда 1-апрельден басталған. 1564 жылы Карл ІХ жаңа жыл басын 1-январьға көшіру туралы заң шығарыпты. Келесі жылы 1-апрельде жұрт бұл заңға наразылық ретінде бірінбірі жаңа жылмен құттықтап, бұрынғыдай өзара алдасқан. Содан 1-апрель күлкі күні, әзіл-оспақ күні болып қала берген. Англияда да 1-апрель күні түн ортасынан түске дейін әркім өз таныс, өз достарын қылжақ етуге, алдауға әдеттенген. Аңғалдық істеп, мазақ болғандарды жұрт күліп айқай-шумен қарсы алған. Алдау әдістері алуан түрлі. Амалы көптер ондаған, жүздеген адамдарды әуре етіп, ақымақ қып кете береді. Финляндияда 1-апрель салты қалаға да, далаға да бірдей тараған. Әсіресе, шаруалардың әзіл-қалжың сипатында өзіндік ерекшеліктері бар. Олар көбіне жоқ нәрсені әкел деп балаларды көршіге жұмсайды. Көршідегілер «анау үй алып еді, солардан барып ал», – деп оны келесі үйге алдап жібереді. Осы сияқты, Түркияда да жыл сайын «Қожанасыр күлкісі» деп аталатын әзіл-сықақ күндері өткізілетін көрінеді. Бірақ кімнің, қашан, қай елде алғаш күлкі
күнін өткізгені белгісіз. Әйтеуір бір елде біреулер ең бірінші болып күліп, басқаларға қайырымды, зілсіз, көңілді күлкіні «жұқтырған». Сол ежелгі әдет-салт өз дәстүрімен біздің күндерге жеткен. Бұл да юморлық сезімнің, болашаққа деген сенімнің, өмірге деген құштарлықтың бір көрінісі болып қала бермек, жасай бермек. Қазір әлемде сатира, юмор үйі де бар. Ол Гаврово қаласында. Оның девизі «Әлем күлкімен аман қалған» дейді. Ұлы Октябрь революциясынан кейін жаңа дәуір басталды. Сатираға жаңа бағыт, тың мазмұн, соны серпін берді. Сөйтіп, биік идеялы, гуманистік үнді советтік сатираны қалыптастырды. Сөз жоқ, советтік сатира тыңда, тақырда туған жоқ. Оның нәр алған бастауы, үйренген мектебі, сүйенген дәстүрі классикалық сатирада жатыр. Сөйтсе де, советтік сатира – рухы басқа, тынысы басқа жаңашыл сатира. Оның классикалық сатирадан көптеген айырмашылықтары бар. Біріншіден, классикалық сатира өз қоғамының, өз тұсындағы құрылыстың іргесін шайқалтуға, оны әлсіретуге, құлатуға қызмет етті. Өз қоғамының әлсіздігін, іріп-шіріп ел тілегін қанағаттандырудан қалғандығын әшкереледі. Орыстың классикалық сатирасы да осылай етті. Н.В.Гоголь Фонвизиннің «Неодоросль», Грибоедовтің «Горе от ума» сияқты тамаша туындылары туралы пікір айта келіп: «Біздің комиктер өз басындық емес, қоғамдық себептермен қозғалды, жеке адамдарға емес, бүтіндей шектен шыққан заңсыздықтарға, бүкіл қоғамның тура
жолдан ауытқуына қарсы көтерілді1, – деген. Ал советтік сатира, керісінше, өз қоғамының іргесін орнықтыра, нығайта түсуге қызмет етеді. Яғни бұл екі сатираның міндеті, мақсаты екі басқа. Екіншіден, классикалық сатира қоғамның өз негізіндегі мерездерге, өз жүйесіндегі дерттерге қарсы бағытталып жазылса, советтік сатира қоғамымыздың жеке мүшелерінің ісіндегі, тәртібіндегі, мінезіндегі ұнамсыз, теріс қылықтарға негізделіп жазылады. Яғни классикалық сатираның мазмұны – өз тұсындағы ескі қоғамның әлеуметтік мерездері, сондағы кескілеспей бітіспес қайшылықтар. Ал советтік сатираның мазмұны – жеке адамдардың теріс іс, жаман қылық, жат мінездері ғана. Классикалық сатира мен советтік сатираның осы мазмұн-міндетіне орай атақты түрік сатиригі Әзиз Несин бізге мынаны айтады: – Сіздердің, қоғамдарыңыз, – зиялы, тәрбиелі қоғам. Оның бойында біздің қоғамдағыдай мерез жоқ, сорақылық жоқ. Сіздер өз қоғамдарыңызға ризасыздар, оны құрметтейсіздер. Сіздер қасиетті қоғамдарыңызға лайық емес жекелеген кісілердің теріс қылықтарын әшкерелеп күлесіздер. Ал біз өзіміздегі капиталистік қоғамның бізге, кейінгі ұрпағымызға жасап отырған зұлымдықтарын, кесапаттарын әшкерелеп күлеміз. Сіздер өз қоғамдарыңыз үшін өмір сүресіздер. Біз өз қоғамымызды жою үшін өмір сүреміз. Сіздер күлгенде – көздеріңізден жас ағады. Біз күлгенде – 1 Н.В.Гоголь. Полн. собр. соч., т. 8. Л., 1952. стр., 400.
көзімізден қан ағады!1 Міне, осы – рас пікір, дұрыс пікір, біздің әлгі айтқандарымызды тап басып, қуаттайтын пікір. Үшіншіден, классикалық сатира бүтін қоғамдық құрылысты, оның заң-закон, жөн-жосық, жүйесін әшкерелейтін болғандықтан, сол қоғамның заңын, тәртібін, моралін қолдап, жүзеге асыруға күш салып, қызмет етіп отырған үстем таптар мен топтарды, солардың ірі өкілдерін сын объектісі етеді. Ал советтік сатирада мұндай таңдау, лауазым иелеріне ғана ұрыну жоқ. Ол қоғамның жауапсыздық, кемшілік жіберген кез келген мүшесін сын нысанасы етіп ала береді. Төртіншіден, Н.А.Добролюбовтың айтуынша, буржуазиялық қоғамда дерттің, пәленің, іріпшірудің көбі объективті себептерден, құрылыстың, заң-тәртіптің кесірінен болады. Осыны ескерген классикалық сатира өз тұсындағы жағымсыз жайлардың объективтік себептерін ашуға баса көңіл бөлді. Жеке адамдардың қылмыс-кінәсінің сырын қоғамдық құрылыстың сипатынан, тәртібінен іздеді. Ал жақсы болуға, жөндем жүруге барлық жағдай жасалып отырған әділетті социалистік қоғамда жеке адамдардың бұзылуы тікелей өздеріне байланысты. Сондықтан да советтік сатира ұнамсыз қылықтардың субъективті себептеріне терең үңіледі. Оны адамдардың өзінен іздейді, олардың өздерінің жауапкершілігін талап етеді. Әрине, советтік сатира кемшіліктердің тек субъективті себептерін зерттеп, ашып, тіркеп 1 «Қазақ әдебиеті» газеті. 21 август, 1981.
отырумен шектелмейді. Жеке адамдарды теріс әрекет істеуге, жат мінез көрсетуге апарған объективтік себептерді ашуға да барады. Бесіншіден, классикалық сатира ескірген, аяққа оралғы, кесапат болған реакциялық нәрселерді әшкерелегенде идеялық жеңіс сезіміне ғана ие болатын, ол практикалық жағынан қолдау, қостау таппай, дегені іске аспай, дәрменсіз болып қала беретін. Ал, советтік сатира өзі сынаған кемшіліктерді жоюға, түзетуге болатынына кәміл сенеді, өз дегенін іс жүзіне асыра алады. Өйткені бізде оның жетістігіне қуанып, кемшілігіне ренжіп, оны дамытуға жағдай жасап отыратын қамқоршы бар. Үкімет пен партия, жалпы халық сатириктік әділдік, дұрыстық жолындағы қайраткер, ел мүддесінің жоқшысы екенін жақсы түсінеді, сондықтан, қолдайды. Алтыншыдан, классикалық сатира буржуазиялық, помещиктік қоғамдағы дерттер мен мерездерді батыл әшкерелеумен шектелетін. Жағымсыз болмыс-құбылыстарды қанша төпегенмен, оның діттеп отырғаны, көңілдегі идеалы ашық жырланбай, бар дауыспен йтымай, көмейде іркіліп қалатын. Шаттана айтар, мақтана жырлар фактілерді таба да бермейтін. Ал советтік сатира қоғамымызды жаңғырта, жасандыра, дамыта беруде балақтан тартып, етектен басар кесір-кесапаттарды тартынбай жоққа шығара отырып, соншалықты батылдықпен жаңалық біткенді, прогрессивті нәрсе атаулыны, «өз кезіміздің жеңімпаздық маршын» жырға қосады,
паш етеді. Бұған В.Маяковскийдің «Баня», бір жағынан, төрешілдерді жуады, жуындырады, екінші жағынан, ол жұмысшы табының өз республикасын қалай құрып жатқандығы жөніндегі «қуанышты есеп» деген сөзі – айқын дәлел. Міне, осы жоғарыда аталған ерекшелік, айырмашылық атаулының бәрі – совет сатирасының жаңашылдық белгілері. Бұл қасиеттердің түп төркіні, сыр-қыры оның экономикалық және идеологиялық туу, даму негізінде жатыр. Мысалы, классикалық сатира әлеуметтік теңсіздік қоғамда, езуші тап үстемдік еткен, адамды адам қанау етек алған, жеке меншіктің психология шегіне жеткен капиталистік қоғамда туып, дамыды. Ал советтік сатира адам адамды қанау жойылған, бір тапқа екінші таптың үстемдік етуі жойылған, барлық байлық-дәулетке халықтық, қоғамдық меншік орнаған, теңдік, бостандық, әділдік салтанат құрған социалистік қоғамда туып, дамып отыр. Таптық қоғамдарда үстем тап өкілдері сатира мен сатирикке мүлде қатал қараған, мейірімсіз болған. Оларды атып, асып, айдап, жер аударып көзін жойып, үнін өшіріп отырған. Мысалы, ескі эра мен жаңа эраның арасында (б.э.д. 43 – б.э. 17 жылдар) өмір сүрген Римнің ұлы ақыны Публий Овидий Назон император Августы келемеж еткені үшін Дунай жағасына жер аударылған. Өмірінің соңғы 9 жылын сонда өткізген. Орта ғасырларда да, инквизацияның лаулап тұрған тұстарында да көптеген сатириктер құрбандыққа шалынған. Тәжіктің ұлы ақыны Фирдоуси (934-
1025 ж.ж.) өз мекені – Туса қаласының төңірегіндегі шаруалардың егінжайын жыл сайын көктемде тасыған өзеннің жайпап кетіп отырғанына қиналған. Ұлы ақын дихандарға көмек беріп, олардың егінін тасқынның таптауынан құтқарып қалып отыруды ниет еткен. Бұл үшін, әрине, үлкен бөгет салу қажет. Ал ол көп шығынды керек ететін. Ондай қаржы ұлы ақында болмаған. Сонда Фирдоуси Иран патшалары туралы орасан зор кітап жазып, оны саманидтерге сыйға тартуды, түскен қаржыға әлгі бөгетті салғызуды ойлаған. Халықтың айтуынша, «Шахнама» – «Патшалар туралы кітап» осы ниетпен ондаған жылдар бойы жазылған. Бірақ ол біткенше саманидтер үстемдігі әлсіреп, құлауға айналған. Ақыры олардың орталығы – Бұхарада Қарахинидтер династиясы орнаған. Ал, Амударьяның арғы бетіндегі саманидтер мемлекетінен бөлініп қалған үлкен территорияға бұрын түрік гвардиясынан шыққан, саманидтердің әскер басы Махмуд сұлтан үстемдік етіп қалған. Фирдоуси «Шахнамасын», міне, осы Махмудқа сыйға тартады. Бірақ ұлы туынды сұлтанға ұнамайды, қайта оның ашу-ызасын шақырады. Өйткені, поэмада қайырымдылық жырланып, қараниеттілік әшкереленді. Ақын қаскүнемділік пен мейірімсіздікке лағнат айтып, адамгершілікті паш етті. Бұл зорлық-зомбылықты, қаталдықты кәсіп еткен Махмудтың шымбайына тиді. Әрі ұлы ақын «Шахнамада» ирандарға іш тартып симпатия білдірді де, Махмудтың тегі – тұрандықтарға антипатия танытты.
Міне, сондықтан да Махмуд поэма авторын діннен безген, дұрыс жолдан тайған деп тауып, оны піл табанымен таптап өлтіруге бұйрық берген. Фирдоуси тұра қашып бара жатып, жол-жөнекей Махмудқа қарсы сатира жазған. Оны қатыгез, тиран ретінде әшкерелеп, жер үстіндегі қараниеттіліктің символы етіп суреттеген. Оған қарсы қайырымдылықтың, халық мұңының жаршысы ретінде ақынды көрсеткен. Фирдоуси қашып жүріп, жоқшылықтың тақсіретін тартып өлгенде, дін иелері оны бейітке жолатпай көмусіз қалдыруды ойлаған. Халқы өз бауының ішіне қойғызған. Сатирик Фирдоусидің тағдыры міне осылай біткен. Сатирикке, сатираға деген қуғын беріде де қалмаған. ХVІІІ ғасырда, яғни, ағарту (просвещение) дәуірінің өзінде феодализм мен түнекке, шіркеуге қарсы күрескер, әдебиет пен публицистиканың зор алыбы Вольтер соққыны аз көрмеген. Сатиралық өлеңдері үшін түнекті Бастилияға екі рет отырғызылған. 1726 жылы өзі мақтап-мадақтаған Франциядан қуылған. Ол тек 1778 жылы Людовик ХV өлгеннен кейін Францияға оралған. Вольтердің отандасы, кіші замандасы, «халық досы» аталған Жан Поль Марат өткір сатирасы мен памфлеттері үшін жазаланып, өлтірілген. Орыс сатириктерінің де тағдыры осы тақылеттес. Сықақ журналдары үшін Новиков 1792 жылы Россия бастилиясы – Шлиссельбург қорғанына қамалып, 4 жыл отырып, есеңгіреп шыққан. Сол қорғанға өткен ғасырда «Шедро – Ферроти қолдауындағы
орыс үкіметі» деген памфлеті үшін Писарев лақтырылған. «Түс» деген сатиралық поэмасы үшін Тарас Шевченко Маңғыстауға жер аударылған. Он жыл отырған оны 1855 жылы Александр ІІ кешірім берілетіндер тізімінен сызып тастаған. Патша фамилиясын мазақ қылғаны үшін кешірмеген. Герценді сатиралық сыны, үні үшін Россиядан аластаған. Лондонда да оны өлтірмек болған. Салтыков – Щедрин 7 жыл бойы ссылкада қаңғытылған. Сатираға төзбеу, сатирикті қудалау шет елдерде дәл осы ғасырда да қойылған жоқ. Заманның тамаша киносатиригі Чарли Чаплин елінен безіп, Швейцарияда қуғында жүріп өлді. 1949 жылы Рим папасы Пий ХІІ күшті сатирасы мен памфлеттері үшін совет сатиригі, коммунист Ярослав Галанды балтамен шапқызып өлтірді. Сатираны, сатирикті қудалау қазақ тарихында да көп болған. Езілген елдің жоғын жоқтап, сұлтандардың қылмысын бетіне батыл басқаны үшін қазақтың жауынгер ақыны Махамбет туралып өлтірілген. Бай-бек, болыс-би, қожа-молдаларды шеней келемеждеп, олардың парақорлығын, әділетсіздігін, әшкерелегені үшін ақын Абай сан рет өсек-аяңға ұшырап, сотқа тартылған. Сол сияқты, Шорманның Мұстапасы мен Поштаев Хусаинның не қилы қылмысты, арсыздық әрекеттерін әнге қосып, келемеждегені үшін Жаяу Мұса тұтқындалып, Омбыға жаяу айдалған. Сөйтіп, классикалық сатира өз қоғамынан қолдау таба алмаған, қамқорлық көре қоймаған. Қайта
әділетсіз қоғам тарапынан қуғын-сүргін тапқан. Тұншықтырудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін бастан кешірген. Таптық қоғамда үстем тап өкілдері сатира мен сатирикке неге осынша қатал қараған, неге осынша мейірімсіз болған? Бұл сұраққа К.Маркстің жоғарыда келтірілген: «Дүниежүзілік тарихы форманың ең соңғы фазисі – оның комедия болуы» деген пікірімен жауап беруге болады. Яғни, белгілі бір тарихи форманың жұртқа күлкі бола бастауы, комедияның нысанасына айналуы – оның тозығы жетіп, іргесі шайқалып, құриын, құлайын дегеннің белгісі. Міне, сондықтан да таптық қоғамның билептөстеушілері өздерін, өздерінің қоғамдық тәртібін біреулердің күлкі ете, мазақ қыла бастауын «біздің әлсірейік дегеніміз екен, іргеміздің шайқалғаны екен» деп түсініп, сынап-сықақтаушыларға ешбір төзбеген, өлердей қарсылық, адам айтқысыз қаталдық көрсетіп отырған. Жоғарыда айтылған таптық қоғамдағы үстем тап өкілдерінің сатира мен сатирикке күн көрсетпей, қуғынға ұшыратып отыруларының басты себебі, міне, осында. Сөз жоқ, үстем тап өкілдерінің бұл түсінігі мен бұл қаупінің де жаны бар, жөні бар. Қарапайым еңбекші елдің оларға қарсы сын айта, мін қоя бастауы, тілінің шығуы – өздерін «үстемдік етушілерден кем емеспіз, сорлы емеспіз, сөз таластыратын, иық тірестіретін дәрежеге біз де жеттік», «Қолға қару алып қарсы тұруға шамамыз келмесе де, тілмен күресе аламыз» дегені. Ф.Энгельстің жоғарыда неміс шаруалары
өз езушілеріне күресті көп ретте юмормен жүргізді деп отырғаны – осының айғағы. Шынында да, сатира, юмор – күштілердің қаруы, өз күшіне өзі сенгендердің серігі. Кім күшті, сол күледі. Күштінің ғана күлуге моральдық правосы бар. Әлсіздің күштіге күлуі – арсыздық. Ол – жығылып жатып сүрінгенге күлу». Біздің қазақ «Күлсең, кәріге күл!» деп тегін айтпайды. Бұл – күні өтіп, дәурені бітіп ескірген, әлсіреген нәрсеге күл дегені. Демек, кемшілік, олқылық, жамандық атаулыға қарсы күресте біз дерт иелерінен анағұрлым биік тұруға, идеялық, моральдық жағынан күшті болуға тиіспіз. Сонда ғана сын нысаналарын тұқырта жөнге сала аламыз. Марксизм-ленинизм классиктері өздерінің күрес жолында барлық ғылыми, публицистикалық шығармаларында сатира, юморды кеңінен пайдалануда күштілік көрсеткен. Зілді сықақ, ызалы күлкі, ащы әжуаның күшімен жұмысшы табының жауларын талай рет сілейте соққан. Мұны өздеріне үлкен бір ғанибет көрген. Ф.Энгельс 1883 жылы 22 майда И.Ф.Беккерге жолдаған хатында былай дейді: «Соңғы күндері мен 1842-1862 жылдардағы хаттарды қарап шықтым. Менің көз алдымда өткен күндер мен бізге жауларымыз туғызған көңілді минуттар қайта тірілді. Мен бұл ескі тарихқа жиі-жиі көзімнен жас аққанша күлдім. Жауларымыз бізден еш уақытта юморды тартып ала алмаған екен»1. 1 К.Маркс, Ф.Энгельс.Сочинения, первое изд. т., 27, стр., 316.
Сол сияқты, 1884 жылы 29 июньде Э.Бернштейнге жазған хатында Ф.Энгельс «түйреуішпен түрткенге назар аудара берме, бұл – күрестегі алғы шарт. Сонымен бірге есіңде болсын: өз жауыңды келемеж етуден, бас терісі келіспеген ақымақтарды ащы әзілмен күлкі етуден артық ғанибет жоқ»1 дегенді айтады. Марксизм-ленинизм классиктерінің күлкісықақ, әзіл-оспаққа үйір болғандығын, үлкен сенім артқандығын Ф.Энгельс «Маркс және «Жаңа Рейн» деген мақаласында тағы атап көрсетті. «Біздің, – деп жазды ол, – өңкей ғана жиіркенішті жауларымыз болды. Сондықтан біз олардың бәріне де түгелімен өте жирене қарадық. ...Біздің тарапымыздан тек келеке мен мазақ етушілікке ғана кездесіп отырды»2. Бұл газеттің басты сатирик-фельетонисі Георг Веерт болған. Оның сатиралық туындылары туралы пікір айта келіп, Ф.Энгельс Веерттің фельетондарындай өткір де тапқыр жазылған дүниелер басқа газеттерде бола қойды ма екен деген. Ф.Энгельс сатира мен юморды пайдалана білген өзге газеттерге ризалық білдіріп отырған. 1890 жылғы «Социал демократ» газетінің оқушыларына қоштасу хат» деген еңбегінде ол буржуазиялық баспасөзде өлердей көңілсіздік үстемдік етіп тұрғанда, «Социал-демократта» әдетте біздің жұмысшылар полицияға қарсы күрес жүргізетін 1 К.Маркс, Ф.Энгельс.Сочинения, второе изд. т., 36. 1964,, стр., 150. 2 К.Маркс, Ф.Энгельс.Үш томдық, таңдамалы шығармалары, қазақшасы, А., 3 т., 1981. 183-б.
сергек юмор кең көрініп тұрды»1 деп жазды. К.Маркс пен Ф.Энгельстің сатира, юмордың мән-маңызы туралы пікірлерін В.И.Ленин онан әрі дамытты. Ол да сатира, юморды жоғары бағалады. Бір ретте Максим Горькиймен әңгімелесіп отырып: «Юмор тамаша – саулық сапасы. Юморды мен жақсы түсінемін» деген. Әлем пролетариаттарының кемеңгер көсемі, коммунистік партиямыздың ұйымдастырушысы, социалистік мемлекетіміздің негізін қалаушы В.И.Лениннің өмір жолы гүл төселіп жатқан даңғыл жол емес. Ол – революциялық күрестер мен қуғын-сүргінге, алыс-жұлыс, айтыс-таласқа толы жол. 54 жыл ғұмырының ішінде ұлы көсем үш рет тұтқындалып, 1,5 жылдай түрмеде отырды, 3 жыл айдауда болды, 14 жылдай эмиграцияда жүрді. Осы қиын-қыстау жылдарда жойымпаз, шақырымпаз, либерал, меньшевик, кадет және басқа да идеялық жау топтар В.И.Ленинді қасқырша анталады. Олардың ішінде аузы алты қарыс, арамдығы алты қат жауыздар да жүрді. Соларға қарсы шайқаста ұлы көсем алуан-алуан күрес құралын іске қосты. Опасыздар ортасын ойрандап, тоз-тозын шығару үшін сатира, юморды да шебер пайдаланды. «Біздің жұмысымыз – пролетариат пен шаруалардың алдында шындықты мейлінше айқын, тура, аяусыз, ашық әшкерелеу...»2 деп В.И.Ленин 1 К.Маркс, Ф.Энгельс.Сочинения, второе изд. т., 22. 1962,, стр., 82. 2 И.В.Ленин. Шығармаларының толық жинағы, А., 1976 ж. 15том, 62-б.
осы ғасыр басында-ақ сатираға иек артты. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында: «Бізде нақ залал тигізушілерге қарсы іскерлік, аяусыз, нағыз революциялық соғыс жоқ» деп, сатира, юморды дерт иелеріне қарсы күрес құралы ретінде пайдалана алмай отырғанымызды ескертті. Осының бәрі пролетариат көсемдерінің өз жауларынан биік тұрғандығын, идеялық, моральдық жағынан күшті болғандығын, өз мүмкіншіліктеріне қалтқысыз сенгендігін, жалтақтыққа, тайсақтыққа ойыспас батылдығын көрсетеді. Мұның бәрі – бүгінгі сатириктер үшін үйренетін, еліктейтін асыл қасиеттер.
САТИРАҒА БАРАР ЖОЛ Біреулер «сатира, юмор негізі неде жатады, оларға барар жол неден басталады?» деп сұрайды. Бұған сатираның да, юмордың да негізі комизмде жатады, оларға барар жол сол комизмнен басталады деп жауап берген жөн. Ал комизм деген не? Қоғамдық жүйе мен оның заң-тәртібіндегі, өмір, тіршілік пен болмыс, құбылыстардағы, жеке заттар мен адамдар бойындағы, өнер туындылары мен оның әдіс-тәсіл стиліндегі көңілге қонбайтын, кісінің күлкісін келтіретін, күлуге негіз беретін, себеп болатын жайттарды комизм дейміз. Кейде оларды күлкілі нәрселер (комическое) деп те атайды. Комизм өмір, болмысқа сырттан енгізілмейді, сатириктің қуақылығымен, қиялымен телінбейді. Ол – объективті құбылыс. Н.В.Гогольдің айтуынша, комизм көп нәрседе, барлық ретте өзінше, дербес, адамнан тәуелсіз өмір сүреді, жазушы, оқушы еркінен тыс орын алып жата береді. Егер суреткер оны тауып алып, өнер туындыларында көрсетсе, сахнаға шығарса, біз күлкіден қирап қаламыз, бұрын мұны қалай білмегенбіз деп таңырқап таңдай қағамыз. Осыған ұқсас пікірді В.Г.Белинский де айтқан. «Күлкілілік элементтері болмыста карикатураланған, әсіреленген түрде емес, өзі қалай
болса, сол қалпында жатады» деген ол. Комизм неден туады, оның негізінде не жатады? В.Г.Белинскийдің айтуынша, «күлкіліліктің қайнар көзі өмірлік құбылыстар мен парасатты болмыс заңдылықтары арасындағы қайшылықтарда жатады»1. Яғни жеке факт, оқиға, құбылыстардың осы сәттегі орын алу сиқы мен олардың көрініс табу табиғилығы арасындағы үйлесімсіздік, үндеспестік комизм тудырады. Бұл қайшылық, бұл сәйкессіздіктердің көрінер географиясы өте кең, көрініс табар жолдары алуан түрлі. Бұған дәлел келтіруді капиталистік дүниеден, жат ортадан бастайық. Империализм қайраткерлері біз де бейбітшілікті жақтаймыз, соғысты тілемейміз деп соғады. Сөйтеді де жаппай қарулануды уағыздайды, адамзат баласы ғасырлар бойы жасаған бар байлық, игілікті табанда жоқ қылатын қару-жарақтың жаңа түрлерін тежеусіз өндіреді. Сөз бен істегі осы үйлесімсіздік – комизм, осы алшақтық, осы қайшылық сатираға негіз бола алады. Сондай-ақ, соғысқұмар әумесерлер адамдыққа, адамгершілікке жатпайтын қылмысты әрекеттер істейді де, оны гуманизм, гуманистік іс деп түсіндіруге тырысады. Атап айтқанда, олар қоғамның ең қымбат байлығы – адамдарды, тірі жан-жануар атаулыны қас қағым сәтте күйдіріп құртып-жойып жіберетін нйтрон бомбасын жасады да, бұл гуманистік қару: «Бұл өзі таза дүние, зиянсыз мүлік, үйіңе, зиянсыз, тау-тас, далаңа, зиянсыз әсем қалаңа» деп шықты. Міне, осылайша адамдыққа жат нәрсені гуманизм үлгісі 1 В.Г.Белинский. Собр. соч. в трех томах, М., 194, т, І. стр., 480.
деу де – комизм. Дәурені өткен, талқаны таусылып, құрып бітуге айналған қоғамдық құрылыс пен оның көсемдерінің тарих сахнасынан кеткісі келмеуі, өмір сүруге, жасай беруге жанталасуы, үстемдік жүргізе беруден дәмегөй болуы да – комизм. Мысалы, қазір Чилиде Пиночет үстемдігіне қарсы ұлттық наразылық күшейді. Көшелерде саяси теңдік, саяси бостандық, экономиаклық жеңілдік талап еткен манифестациялар көбейді. Ашаршылық жариялау жолымен көтеріліс жасаушылар да бар. Пиночетті тақтан тайғызу талабы да ашық айтылуда. Соған қарамастан, Чили хунтасы өз билігін жүргізе беруге, үстемдігін сақтап қалуға жанын салып жатыр. Бұл – әлін білмей әлек болу, көрпесіне қарамай көсілу, күшсіздің жөнсіз күшенуі. Осының бәрі – ішкі мазмұнның ішкі мүмкіншіліктің сыртқы әрекетке сай келмеуі, үйлесімділік таппауы, қайшылықта болуы. Сондықтан мұнда да комизм бар. Н.Г.Чернышевскийдің түсіндіруінше, атақдаңққа, лауазымға ақыл-парасат, ой-өрістің сай келмеуінде де комизм жатады. Күлкілік мәні, – дейді ол мазмұнды, маңызды болып көрінгісі келетін сыртқы бітім-пішіннің ішкі қуыстығы, ішкі бостығы, іштей түкке тұрғысыздығы. Осыған бір ғана қарапайым мысал келтірейік. Жоғары оқу орындарына кейбір абитуриенттер грамоталымын, медалиспін деп келеді. Емтиханда олардың бәз біреуі Россияда қанша революция болғанын, бірінші дүниежүзілік соғыстың қашан басталғанын, М.Әуезовтің қандай пьесалар жазғанын, «көсемше»
дегеннің не екенін білмейді. Медаль бар, білім жоқ. Міне, осы сәйкессіздік, медалист атана тұрып, түк білмеуі – комизм. Кейде комизм негізінде екіжүзділік жатады. Мұның неқилы үлгілерін капиталистік дүние аяқ аттаған сайын көрсетеді. Мысалы, олар еңбекші елді езіп-жаншып, қинап, кедейшілікке, аш-жалаңаштыққа ұрындырып отырып, соларға қамқоршы, жанашыр да болып танылуға тырысады. Бірақ дәлірек айтайық. Батыс Берлин өкіметі барлық театрларда жұмыссыздарға билет арзан бағамен сатылсын деп шешім қабылдаған. «Күні бойы еңбек биржасының алдында иіріліп титықтаған жұмыссыздар кешке қарай театрға барып еңсесін көтерсін. Келесі күні еңбек биржасына тың күшпен қайта оралсын»1 деп көкіген. Бұл «қамқорлық» – күлкілі қамқорлық, екіжүзділіктен туған комизм. Екіжүзділік кейде екі жаққа бірдей жағынудан немесе біреуді көзінше мақтап, сырттай даттаудан, жақсы адамбыз деп алып, басқа болудан, дұрыс айтып, басқаша істеуден көрінеді. Мысалы, молдақажылар екіжүзді. Олар өтірік айтпа, ұрлық істеме, кісі ақысын жеме, нәпсіқұмар болма деп елге ақыл айтады, сөйтеді де, өздері суайттық істейді, ұрлық-қарлық қылады, өлі-тіріні бірдей тонайды, зинақорлық жасайды. Олардың өсиеті мен ісіндегі осы қайшылығы, осы екіжүзділігі комизм туғызады. Бір нәрсенің өз орнын таппай тұруы да – комизмнің орын алуына себеп. Мысалы, қандай екен деп кейбір 1 «Комсомольская правда», 28 апр., 1983.
калхоз, совхоздың клубына кірсеңіз, онда қозы-лақ жусап жатады, көк есектер көлеңкелеп тұрады. Мұны көргенде күлесіз. Өйткені – бұл комизм. Клуб – мәдениет ошағы, онда адамдар отыруға, жаңа адамды жаңаша тәрбиелейтін шаралар жүргізілуге тиіс, оның орнына клубты ұсақ жәндіктер жайлаған, ол есек қораға айналған. Яғни клубтың атқаруға тиісті қызметі мен қазіргі сиқы сәйкес келмейді, үйлеспейді, екеуінің арасындағы осы қайшылық комизм тудырып тұр. Немесе бір зоотехник мектепке барып, тарихтан, географиядан сабақ беріп тұрса, сонда ол Маяковский ұлы Отан соғысына белсене қатысты, немістер Берлин түбіндегі Нева өзенінің жағасында қатты қырғынға ұшырады деп бөссе, Африка мен Америкаға, Америка өзендерін Азияға шығарып жіберіп, өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етіп сықпыртса, күлеміз. Комизм маманның өз орнын таппай, өз кәсібімен емес, басқаның ісімен айналысып, оны білмей тұрғандығында. Адамның, заттың заңды, табиғи сиқын, түр-түсін жоғалтуында да комизм болады. Мысалы, клоун екі езуін екі құлағына дейін созып, қолағаштай мұрын жасап, екі құлағын салпитып, екі шекесін қушитып қып-қызыл болып шыға келгенде, жұрт қыран күлкіге көміледі. Мұндағы комизм – адамның қазіргі бет-пішінінің табиғи, заңды бейнесіне ұқсамауында, шынайы түр-түсінің жоғалып, басқа кейіпке енуінде. Осы сияқты адам сықиған костюм киіп, галстугін тағып, сызылып-сымбаттанып, таранып-тазаланып
жұрт алдына шықса, ешкім де күлмейді. Өйткені бәрі табиғи, бәрі үйлесімді, бәрі өз орнында. Енді сол адам тасаға кетіп, шешініп тастап, қара батпаққа аунап, басын ұнға тығып ап, қайта шыға келсе, жұрт қыран жапқандай күледі. Неге? Өйткені бұл көрініс – адамның жұрт алдына шығу заңдылығына қайшы. Этика, эстетика, жөн-жосық бойынша, ол елге алдыңғыдай болып, адам құсап көрінуге тиіс еді. Оның орнына, басын ұнға тыққан қара мысыққа ұқсап шыға келді. Мұндағы комизм табиғилықтан осы ауытқушылықта, осы қайшылықта жатыр. Кейбір шаруашылық басшылары аудан, облыс көлеміндегі жиындарда, үлкен адамдар алдында сөз сөйлеуге, көтеріңкі міндеттеме алып, орындауға уәде беріп, сендіруге құмар. Олар барды-жоқты аңыратып, ақылды болып көрінгісі, іскер кадр ретінде танылғысы келеді. Түкке тұрғысыз ойын данышпандық пікір етіп көрсетуге, істің байыбына бармай жасаған тілек-талап, ұсыныстарын орынды, толғағы жеткен мәселе етіп дәлелдеуге тырысады. Ақырында оның айтқандары да, уәдесі де, міндеттемесі де бос сөз болып шығады, қағаз жүзінде қалады. Осындай ақымақтардың ақылды, мәнсіздің мәнді, орынсыз нәрсенің орынды болып көрінуге тырысып арамтер болуы да – комизм. Міне, бұл айтылғанның бәрі – қоғамдағы, өміртіршіліктегі күлкілі жайттар, комизмнің объективті болмыстағы көріністері. Енді мұның әдебиеттегі, сатиралық туындылардағы үлгілеріне тоқталайық. Көркем шығармаларда комизм кейіпкерлердің ойпікірінде, суреттелген оқиғаларда, заттардың елес
көріністерінде, жеке сөздер мен сөз тіркестерінде, тағы басқа компоненттерде жата береді. С.Адамбековтың Майлыбас есімді қуақы кейіпкері Сыбан молдамен арбасып отырып: – Оһо, сіз өте терең адамсыз. Осы ақылмен молда болмай, совхоз директоры болсаңыз, бір қойдан төрт қозы алар едік... Сіз қайда оқыдыңыз, ата? – дейді. Осында ирония бар. Өтірік мақтап молданы кекету бар. Мұны айтып отырған Майлыбастың ішкі сырын түсінбей, әлгі сөздің арғы астарын аңғармай молда гүпілдей жөнелді. – Е, Майлыке, мен Бұхарада жер астында жеті жыл, Стамбулда көк үстінде сегіз жыл оқыдым. Бұл бүкіл Сырдария губірнесі, Әулиеата оязында мендей ғұлама молда жоқ... адамды отырған жерінде есек қып ақыртып, ит қып үргізіп жіберер едім, амал қанша, заманның ауанынан қорқамын! – деп бөседі. Келеке етіп отырғанын молданың түсінбегенін сезген Майлыбас онан сайын арандата түседі. – Сіз гипноз жасайсыз ба, көз байлағыш өнер оқытты ма жоғары дін мектебінде? – деп сұрайды. – Әлбәтта, әлбәтта, мен оқитын дұғалар аспаннан тасбақа жаудыра алады. Мен бір «сүп» дегенде... қарашұбар, аққара бас жыландарыңды көк аспанға инеге сабақтаған жіптей тізіп қоямын салбыратып,1 – деп молда онан сайын бөседі. Осы елесте комизм бар. Н.Г.Чернышевскийдің айтуынша, ақымақтық (глупость) – біздің келемеждеуіміздің басты нысанасы, күлкіліліктің негізгі төркіні. Сол айтпақшы, мұндағы комизм 1 С.Адамбеков. Атылған қыз туралы аңыз. А., 1980, 19-20-бб.
молданың өтірік мақтап, келеке етіп отырғанды ұғынбай, әлгі қолпаштауды тура мағынасында түсініп, ақымақ болуында жатыр. З.Асабаевтың «Далабай мырс етті»1 деген әңгімесінде ферма меңгерушісі Бақкерей жоғарғы жаққа жақсы атану үшін қабырға газетін шығармақ болады. Жазу-сызуға икемі бар адам іздейді. Мектеп мұғалімі Далабайды табады. Сұранады. Жалынып жанын қоймаған соң: – Ендеше... мен алдымен ферманың жайжапсарымен толық танысайын, – дейді Далабай... Біраз күннен кейін Бақкерей Далабайды дала қосында кездестіреді. – Газет қайда? Шықты ма? – Шыққанда қандай, әне тұр! Бақкерей жетіп барып, газетті оқи бастайды. «Биылғы маусымда екі мың бас саулық іш тастады», «Егін себу бір апта кеш басталды», «Малшыларға тұрмыстық жағдай жасалмаған», «Дала қосында ауыз су жоқ», «Ферма бастығы халықтың мұқтажын салғырт тыңдайды» деген сындарды оқығанда: «Ах, найсап!», – деп отыра кетеді . Мұндағы комизм ситуацияда. Бақкерей қабырға газетін шығарып жақсы атақ алам, абыройға ие болам деп жүріп, әшкере болады. «Артық етем деп. тыртық етіп» алады. Пайда етем деп, зиян шегеді. Газеттің өзі күткендей емес, басқа мазмұнда шығарылуы, сөйтіп, оның саздап қалуы – комизм. Енді мына үзіндіні оқып көріңіздер! «...алдына қазы-қарта үйілген астау келгенде, қонақтардың 1 З.Асабаев. Шаңсорғыш-аю емес. А., 1981, 100-б.
көзінше қолын спиртпен сүртіп, газды сумен жуып, енді пышақ ұстай бергенде, үсті-үстіне түшкіріптүшкіріп салды Қамырбай. Мұрны қолағаштай адам астауға қарап түшкірген соң не оңсын, үйілген қазы-қартаға ентелеп, тамақтары бүлкілдеп отырған жолдастар бетін басқан күйі шалқаларынан құлап, қирады да қалды. Пышақ ұстаған бойы алдында құлап жатқан қасқа бастардың, бұйра шаштардың қыбырлаған кірпігіне мүсәпірсіп қарап тұрған Қамырбайдың желкесінен шап берген Жаманқара құйрығынан бір теуіп, есіктен итеріп жіберді оны”1. Бұл да – күлкілі ситуация. Қонақтарға ет турау құрметіне ие болған Қамырбайдың абыройсыздыққа ұшырап, бөксеге тебіліп, қуылып шығуы, тазалықтың биік үлгісін көрсетем деп тұрып, түшкіріп жіберіп, қазы-қартаны арамдауы – күлкілі жағдай. Яғни комизм Қамырбайдың игі ниеті мен оның олақ та оспадар әрекеті арасындағы қайшылықта. Кейбір комизм арам ойсыз, теріс ниетсіз, арнайы мақсатсыз, абайламай қателесудің нәтижесінде көрініс табады. А.Корнейчуктің «Правда» атты пьесасында Кузьма, Тарас деген екі кейіпкердің бір-бірімен өз аттарын атап танысатын жері бар. Бір жолы осы пьеса жүріп жатқанда Тарасты ойнайтын актер шатасып, Кузьмаға өзін Кузьма деп таныстырады. Анау сасып не дерін білмей тұрып қалады. Ақыры үнсіздікті Кузьманың өзі бұзып, жоқ, Кузьма – менмін, ал сен Тарассың ғой! – дейді. Жұрт ду күледі. Одан әрі ойнауға мүмкіндік 1 С.Адамбеков. Атылған қыз туралы аңыз. А., 1980, 34-35-бб.
болмайды. Шымылдықты жабуға тура келеді1. Бұл да – комизм. Бірақ жұртты әдейі күлдірейін деген ниеттен емес, еріксіз, өз-өзінен туып кеткен комизм. Мұның да негізінде кейіпкердің дәл аты мен өзін таныстыруға үйлесімсіздік, қайшылық жатыр. Комизм көп ретте сұрықсыз, сұмпайы етіліп салынған портретте жатады. Мысалы, «Түйенің жетім қалған қатпа қара тайлағындай бет-аузы бір уыс, шөкімдей, қыңыр иық, құрыс жауырын қарғыс атқан тірі жан, әйтеуір. Осы сықпытына қарап, құдайым тайға артқан қоржындай мінезін де бұлт етпе берген», «қалың қабақ, қошқар тұмсық, жайынауыз иттің шешесі де бес биенің сабасындай сарыжалақ қатын еді» (С.Әлжіков) деген портреттерде комизм бар. Ол адамдардың заңды, табиғи сиқының бұрмаланып суреттелуінде, олардың әдеттегі, өмірдегі болуға тиісті сыйымды, келісімді пішіндері мен мына суреттелген портреттері арасындағы үйлесімсіздікте. Комизм белгілі бір нәрсенің сөзбен сипатталған елес көрінісінде де салынған, суретінде де жата береді. Мысалы, «Шылбырынан ұстап жетелеп алған құла атының құйрығы тілерсегіне жетпей, турсишаң адамша екі бұты сидиып тұр»2 дегенде, аттың қазіргі сиқына, түріне күлесің. Құла ат табиғи бітімімен, тоқпақ жалды, жерге тиер төгілген құйрықты етіліп суреттелсе, комизмге негіз қалмас еді. Ал аттың болуға тиісті көркі мен мына сықпытының арасындағы сәйкессіздік комизм 1 «Литературная газета». 7 сентября, 1983. 2 Ж.Алтайбаев. Нақ, нақ. Жинақ. А., 1981, 325-б.
тудырып отыр. «Аңғалбайдың балағы түрулі, аяғы балшық. Ботинкасының бауын бірімен бірін байлап, иығына салып алыпты. Жамалбикенің де туфлиі қолында» (О.Иманәлиев), «Маймыл келді... Шамасы, істеп жатқан жұмысын тастай сап жүре берсе керек, балағы түрулі, кең көйлегінің етегі ышқырына салынбаған» (З.Асабаев) деген суреттеулерде де комизм бар. Жөн-жосық, қалыптасқан дәстүр бойынша, ауданға белгілі басшы адамдардың бірі Аңғалбай Жорабек аулына бәтеңкесінің жұлығы шаң болмай жетуге тиісті еді, ал ол батпаққа батып, жалаң аяқ, жалаң бас, пұшайман боп, зорға жетіп отыр. Күлкіліліктің бір негізі осы келіспестікте. Екіншіден, күлкіні заттардың қазіргі сиық көрінісі шақырып тұр. Аяққа киілетін туфли мен бәтеңкенің қолда, иықта салбырап жүруі, шалбарланып алынатын көйлек етегінің бос жіберіліп, тізеге түсіп, аяққа оралып жатуы – әдет-дағдыға үйлесімсіздік. Комизм осы үйлесімсіздікте, заттардың әлгідей орнын, өз жөнін таппай тұруында. Енді комизмнің жеке сөз, жеке сөз тіркестерінде кездесетіндігіне дәлел, мысалдар келтірейік. «Шошаңдаған қолдар, сумаңдаған тілдер, ақшаңдаған көздер» (С.Адамбеков), «...қошқардың күйегіндей салпыншағын мойнына асқан, ит жылмаң, ұры көз балдыз» (С.Әлжіков), азайын деген адам «бүгін кекілін, ертең бұрымын кеседі, ышқырын қынап, балақты тонайды» (Ж.Алтайбаев) деген сөздер мен сөз тіркестерінің қай-қайсысында болса да комизм бар. Олардағы комизм қол мен тілге,
көз бен бет-пішінге, қыздардың сумкасына берілген өткір эпитет, ащы теңеулерде. Бұлар адамның түртүсі мен мүшелеріне, пайдаланатын бұйымдарына ұнамсыз сұр, сықпат беріп тұр. Байсалды қимылдап, сабырмен іс тындыратын қол шошаңдап кеткен. «Жылы-жылы сөйлесе, жыланды інінен шығаратын» сыпайы да сырлы тілді сумаңдатып жіберілген. Жымыңдап, күлімсіреп, іштегі терең сырларды сыртқа аңғартып тұратын нұрлы көзді ақшаңдатып қойған. Демек, олар табиғилығынан жұрдай болып, басқаша сипат тапқан. Осы үйлесімсіздік, осы алшақтық – комизмге негіз. Сол сияқты, белді қынап, балақты тарылту да басқаша бағаланып, комизм тудырарлық етіліп айтылған. Тағы бірде комизм кейіпкерлердің іс-әрекетінде жатады. Әдетте күлкі келтіретін ақымақтық, әрекеттер де, риза ететін тапқырлық әрекеттер де болады. Мысалы, С.Адамбековте парторг Шынтас бір күн өз үйіне қонбай қалса, әйелі қызғанышпен өзінің бар киімін жыртып, үйдегі кесе-шәйнекті қиратып тастайды. Бұл да – комикалық әрекет, бірақ ақымақтық әрекет. Енді мына әрекетпен танысыңыздар! «Бір жолы Мамырбек аттаныстан қайтқан бетінде қарны ашып келе жатып, іңірде бір ауылдың үстінен шығады. Қасындағы жолдасына: «Сен осы арада ат ұстап тұра тұр, мен мынау ауылға барып, тамақ тауып әкелейін», – дейді. Сырт киімдерін тастап, көйлек-дамбалшаң жалаң аяқ ауыл төріндегі үлкен бір боз үйге келеді. Есікке тұспа-тұс, қора шетінде айтақтап күзетші отырады. Бірақ сонда да епті ұры
үйге жабысып, жылыстай-жылыстай келіп есікке кіріп кеп кетеді. Осы мезетте күзетші де оны көріп қалған екен: – Үйге біреу кіріп кетті! – деп айғай салып, есікті сыртынан кеп жаба қояды. Үй іші оянып, ауыл адамдары жиналып қалады. Амалы таусылған Мамырбек ши ішінде ұйытулы тұрған бір тай қазан қатықтың ішіне түсіп, қақпағын жауып алып отыра кетеді. Жұрт үйді жатып кеп тінтеді. Тұскиіздің, жүктің артын, шидің ішін қарайды. Кебежеге дейін ақтарып, теңдерді шешіп қарайды. Тірі жан жоқ. Ыза болған ел: – Сені албасты басайын десе керек! – деп күзетшіге келді. – Оллаһи, беллаһи, осы үйде біреу бар. Әлгінде ғана кіріп кетті, – деп ол безектейді. Бірақ оның сөзіне ешкім сенбей, жұрт үйді-үйіне тарап кете барады. «Осы үйден біреу шықпаса, менің атымды өзге қой», – деп шығар ауызда күзетші отырады, сойылын көлденең ұстап. Енді не істеу керек? Күзетші тапжылар емес. Сәлден соң таң атады... Қой, боса да қолға түскен екенмін, одан да бір далбаса жасап көрейін деген ойға келеді Мамырбек. Қақпақты ашып қазаннан шығады да, көйлегінің етегін қайырып үсті-басынан сорғалаған қою қатықты соған жинайды. Сонан соң ептеп босағаға жетеді де есіктен көз алмай отырған күзетшінің бетіне етегіндегі қатықты шаша-маша, шыға қашады»1. Бұл – тұтылудың қамымен, қысылған жерде 1 Ж.Алтайбаев. Нақ, нақ. Жинақ. А., 1981, 302-б.
айла-шарғы іздеумен, жандалбасамен істелген тапқырлық әрекет. Әшейінде адам тай қазандағы қатыққа киіммен кіріп кетіп, басты ғана қылтитып, қақпақты жауып отыра алмайды. Осы өмірлік шындық пен қиналған кездегі әлгі әрекеттің арасындағы дағдысыздық комизм тудырып тұр. Кейде комизм жауапсыз айтыла салған пікірде жатады. С.Адамбековтің роман-сатирасында Жаманқара айдауда асылып өліпті деген хабарды естігенде оның Кәрім деген жанашыры: – Ешкім менен сұрамаса да, өзім құн төлеймін. Жетісіне бір ту бие байлаймын, Көкеш жеңгемнің босағасына. Қазы-қарта жеп аруақтардың мұрты бір майланып қалсын. Қырқына нар соямын. Жәкем марқұм пейішке түйе мініп барсын. Жылына машинамды тігемін. Жаманқара тәтем «Волгамен» аруақтарды серуенге шығарып, о дүниені тағы бір шайқасын!1 – деп бөседі. Мұның бәрі – әшейін айтыла салған, іспен бекітілмейтін, Кәрім орындамайтын пікір. Әрі өлген аруақтардың қазы-қарта жемейтіні, пейіш дегеннің жоқ екені, оған ешкімнің ешнәрсе мініп бара алмайтыны, о дүниеде «Волгамен» серуендеуге болмайтыны белгілі бола тұрып, Кәрімнің әлгідей деуі комизм тудырады. Айтылған сөз бен істің, пікір мен өмір шындығының арасындағы алшақтық, құлаққа кірместік – комизм негізі. Енді бірде комизм пікірдің берекесіздігінде болады. З.Асабаевтың «Хих» деген сықақ әңгімесінде 20 жыл стажы бар кітапханашы 1 С.Адамбеков. Атылған қыз туралы аңыз. А., 1980, 92-б.
Маймышқа тәжірибеңді баянда, басқалардың ортақ игілігіне айналдырайық делінеді. Сонда «Е...е!» деп бір еліріп алған Маймыш сөйлей бастайды. – Несібе осыған жазылған екен. Қолдан келгенше істеп жүрміз, шырақ, жақсы атымыз болмаса, жаман атымыз шыққан жоқ. Келгеннің бәрі мақтап кетеді, әйтеуір... Түйір түйін, титтей де тәжірибе жоқ бұл сөзге қанағаттанбаған жұмысшылар комитетінің председателі: «Ей, тәжірибеңді айтпаймысың, бар ма ол, жоқ па?» деп қалады. – Табылады ғой... мәселен бе?.. ім... м... Біз уақтылы ашамыз. Уақытылы жабамыз. Оқимын деген адамға кітап береміз... Солда... – деп Маймыш міңгірлейді. Мәкеннің «тәжірибе» деп бұл айтып отырғаны – күлкілі жайт. Ол комизм ашылуға тиісті тәжірибе мен мына айтылғанның арасындағы үйлесімсіздікте, пікірдегі берекесіздікте. Бір ескертетін нәрсе: комизм біткеннің бәрі бірдей күлкі шақырмайды. Кейде ол ызалы, кекті сезім тудырады. Ойға қонбайтын, сұмдық сорақылықтарымен оқырман, көрермендердің шашын тік тұрғызып, жанын түршіктіреді. Күлкіні адамның өңешінде қалдырады. Бұл күлкі мүлде жоғалды, жойылды деген сөз емес. Ол көмейге келіп, кептеліп қалады. Сыртқа күлкі ретінде емес, «өмірде мұндай да сұмдық болады екен» деген адамның ашу-ызасы, наразылығы, кекті таңырқауы ретінде шығады. Яғни мүлде жат іс, жауыздық әрекеттер күлкіні тұншықтырып жібереді де, оны
кекке, тепсініске, ашу-ызаға айналдырады. Бұл туралы Н.Г.Чернышевский: «Ызалы, өшпенді нәрсе өзінің барлық сиықсыздығына қарамастан, үнемі үрей туғызады да, күлкілі болудан қалады»1, – дейді. Ұлы ойшылдың осы пікіріне сатираның белгілі зерттеушісі Я.Эльсберг қосылмайды. Оның ойынша, әлгі пікір белгілі бір кезеңде, нақты бір тарихи жағдай тұсында ғана дұрыс. Ал тағдырының мүшкілдігі, тарих сахнасынан кететіндігі белгілі бола бастағанда, қаһарлы, қауіпті нәрсенің өзі күлкіге айнала береді. Күлкілілікті ешкімге зияны, кесір-кесапаты жоқ, жәй нәрсе, кешіре салатын қате-кемшілік деп қарауға болмайды. Ол – көңіл көтерудің, әзіл-қалжың айтудың себебі емес, әлеуметтік ой тастаудың, қоғамдық пікір қозғаудың негізі. Сондықтан да әр жазушы, әр сатирик комизмнің қайда жатқанын, қалай туғанын, сыры неде екенін көре білуге, тап басып тани алуға тиіс. Күлкілі нәрсені көре қою үшін не керек? Бұл үшін ең алдымен юморлық сезім керек. Юморлық сезім – парасаттылық тереңдігімен, эмоциялық сезім күрделілігімен, болмыс құбылыстарын көру, зерттеу, бағалау қабілетімен адамға туа бітетін биік қасиет. Ол – интеллектуальдық ой-өрістің бір қыры, өмірді қабылдау, түсіну, оған қатыс білдірудегі ерекше бір ракурс. Өмірдегі, адам бойындағы, заттар қалпындағы комизм белгілерін көре қою, оларды өнер туындыларына арқау ете қою – осы юморлық сезім ісі, соның үлесі, соған тиісті міндет. 1 Н.Г.Чернышевский. Полн. собр. соч. М., т, 2.стр., 187
Ол болмыстағы әрқилы қайшылықтар салдарынан орын алған күлкілі жайларды, комизмді табады, суреттейді, келемеждейді. Юморлық сезім арқылы неқилы бейнелер жасауға, мінездерді ашуға, портреттерді салуға болады. К.Маркс өзінің «Лорд Джон Рассел», «Лорд Пальмерсон» атты публицистикалық памфлеттерінде буржуазиялық саяси қайраткерлердің сатиралық күлкіге толы, мүлде соны, тек өзіндік бейне, портреттерін сол юморлық сезім көмегімен жасаған. Комизмнің бәрі бірдей көзге ұрып, бірден көрініп, мен мұндалап тұрмайды. Оның бұғып, ұрланып, жасырынып жататындары да көп. Тіпті, жағымды, жақсы, пайдалы нәрсенің бойында күлкіге негіз беретін, келемеждеуге болатын комикалық белгілер жүреді. Соларды көре білетін көңіл көзі, аңғара алатын алғыр қасиет керек. Сол көз, сол қасиет – юморлық сезім. Юморлық сезім ғана комизмді кез келген тығылған інінен су құйып суырып алып, ел алдына сүйреп шығады, қағып-сілкіп келеке етіп, шаңын қағады. Көп сатириктер күлкілі сюжет іздейді. Сөз жоқ, кей нәрселер тепкілеуге, жерден алып, жерге салып сынауға сұранып, күлкісі сыртына шығып тұрады. Мысалы, әне бір жылдары М.Әбішев деген университетте оқыпты. Күндердің күнінде ол оқуды тастап, университеттен алған төсек-орынды өткізбей кетіп қалыпты. Бұл жайт сотқа хабарланады. Ол: «М.Әбішевтен университет пайдасына 200 сом өндірілсін!» – деп шешім шығарады. Оның орындау қағазын тұс-тұсқа жөнелтеді.
Бір күні Қарағандының М.Әбішев деген қарт шахтері кезекті айлығын алуға кассаға келсе, 200 сомы кем. – Бұл қалай? – Шахтер аң-таң. – Сіз университеттің төсек-орнын алып, бас пайдаңызға жаратып кетіпсіз. Сот шешімі бойынша соның құнын ұстадық, – дейді ондағылар. Мен университетте оқымақ түгіл, өмірімде Алматыны көрген адам емеспін, – деп шахтер безілдейді. Бухгалтериядағылар орындау қағазындағы «М.Әбішев» деген фамилияны көрсетеді. Мұндай хикаялардың негізінде күлкілі сюжет құру қиын емес. Сәл өңдеп, әрлесе-ақ, олар жұртты сықылықтата бастайды. Бірақ барлық факт – оқиға осылай күлкілі сюжетке лайық, ыңғайлы болып тұрмайды. Мұндайда суреткер ондағы күлкілілікті тауып алып, соның негізінде өзі комикалық сюжет жасайды. Бұл үшін, әрине, юморлық сезім қажет. З.Асабаевтың «Құқ етпе!»1 әңгімесінде бір ғалым бар. Автор суреттеуінше, «Ол жұмыс орнында көп бола алмайды. Бірақ жұмысты тастап, үйінде жатып алатын да адам емес!». Үнемі қоғамдық әрекетпен, қоғам қайраткері ретінде жүретін сияқты. Аспирантының алып барған алты бет жұмысын оқуға уақыт таппай, алты ай ұстайтын көрінеді. «Бақсам бақа екен» демекші, сатирик осы сырға үңіліп, әлгі қайраткер ғалымның тіршілік сыңайынан сынайтын, күлуге болатын жағымсыз белгілер аңғарады. Байқаса, өзіне қатысты, қатыссыз 1 З.Асабаев. Шаңсорғыш – аю емес. А., 1981, 102-104-бб.
болсын, ол ешбір жиналыстан қалмайды, тамақты ресторандарды аралап жүріп таңдап ішеді, модашыл әйелдер сияқты ательелерді аралауға құмар, сән түзеп қонаққа баруды жек көрмейтін көрінеді, қыруар уақытын өз машинасын күтіп-баптаумен өткізеді. Ғалымның дағдысындағы жасырынып тұрған осы үйлесімсіздікті, комизм тудыратын осы қайшылықты сатирик юморлық сезім арқылы байқай қойып сықақ еткен. С. Әлжіков «Мен кеттім су түбіне» сатиралық повесінде аудандық мал дайындау мекемесінің бастығы Ертілеу Бесбалуанов дегенді мақтайды. «Жіпсік көзінен шақпақ тастай жігердің ұшқынын көрдім, әрбір сөзі мірдің оғындай өткір де уытты. Пысық жігіт көрінеді. Мән-жайды айтпай-ақ, өзінің бұрын-соңды араласып жүрген адамдарындай баурап алды»1, – дейді. Бірақ осы өткір де іскер жігіттің бойында да комизм бар екен. Сырттай ол «көзге қораш, уызына жарымаған жетім тоқтыдай әлжуаз біреу» көрінеді. Сыртқы пішін мен парасат, қабілеттегі осы үйлесімсіздік, түр мен мазмұн арасындағы сәйкессіздік Ертілеу бейнесіне комизм берген. Автор мұны да юморлық сезім арқылы аңғарған. Юморлық сезім барлық адамда болады. Сондықтан да олардың бәрі күлкілі нәрсе – комизмді таниды, оған күле біледі. Клоундар әрекеті мен сөзін, жақсы комедияларды, «күлкі төңірегінде» («Вокруг смеха») атты телевизиялық программаны жалпы жұрттың күле қабылдауы – осының айғағы. Бірақ 1 С.Әлжіков. Мені құттықтауыңызға болады. А., 1978, 34-б.
юморлық сезім барлық адамда бірдей дәрежеде дамымаған. Юморлық сезімі күштілер ғана шын сатирик, юморист болады. Бірақ жоғарғы сортты, нағыз юморға бейімділік – адамда сирек кездесетін қабілет. Жұрттың бәрінің күлдіргіш жазушы бола алмауы осыдан. Юморлық сезім ерекше дарығандар ғана белгісіз жерде, қиырда, қиында жатқан күлкілі нәрсені көре алады, солардың негізінде тың тақырыптар қозғайды. Біздің көп сықақшыларымызда өмірдегі комизмді аңғара қоятын осы юморлық сезім жетіспейді. Сондықтан да олар көбінесе тұрмыс тасқынының бетінде жатқан, жалпы жұрт көріп-біліп отырған ұсақ кемшін-міндерді ғана байқайды. Өмірдің сан сырлы, терең қатпар-қабаттарындағы тұнып тұрған жағымды құбылыстардың ар жағындағы қоғамдық мәні бар комикалық белгілерді көре алмайды. Осыдан барып, бірыңғай күлкілі жайттарды сөз ете беру, белгілі нәрселерді шиыр қылу, тақырып, пікір қайталау, ұсақтау жиі ұшырайды. Болгарияның «Стыршел» атты сатиралық газеті редакторының орынбасары, юморист-жазушы Денчо Узуновтан бір тілші: – Қалай деп ойлайсыз, юморлық сезімнің жоқтығы адамның сыртқы бітім-пішініне әсер ете ме? – деп сұрапты. Сонда ол: – Ондайлармен кездескенде менде жайсыз сезім пайда болады, ол мүлде жалаңаш адам сияқты болып көрінеді,1 – деген. 1 «Комсомольская правда» газеті, 1 январь, 1979.
Адамдағы юморлық сезімді СССР халық артисі, белгілі кинорежиссер Юлий Райзман да аса жоғары бағалайды. «Юморлық сезімі мол адамдарды сүйемін. Бұл сезім кісіні өмірге құштар етеді, оған табандылық мінез береді»1, – деп жазды ол. Шынында да, көңілді, жайдары, жарқын жүретін адам – бақытты адам. Адамға бұл эмоциялық көңіл күйді көп ретте юморлық сезім береді. Демек, жаңа мазмұнды сатиралық дүниелер туғызу үшін жазушы, бір жағынан, өмірді үңіле зерттеуші, екінші жағынан, терең юморлық сезімді болуға тиіс. Осы екеуі арқылы ол болмыстағы бұрын ешкім көрмеген, ешкім жазбаған күлкілі жайларды көркем бейне, өткір анықтамалармен ашып беруге, ойда жоқ ой айтуға, соны пікірлер қозғауға мүмкіндік алады. Өмірдегі комикалық жайттарды табу, оның күлкілі сырларын ашып, көркем туындыларда көрсете білу – болмысты суреттеудегі сатиралық басты принцип. Бұл юморлық сезімсіз жүзеге аспақ емес. Бір ескертер нәрсе: юморлық сезімі мол сатирик болу – күлегеш болу, жыртақай, жеңілтек болу деген сөз емес. Асылы, юморлық сезім жазушыны ұстамсыздыққа, ұшып-қонбалылыққа, өз айтқанына, өз жазғанына өзі сұқтанып, таңдай қағып тақылдай беруге жетелемейді, қайта салмақты, парасатты болуға, жұртты күлдіріп, желпілдетіп қойып, өзін ойланып-толғанып отыруға бейімдейді. Көп сатириктің тәжірибесі, психологиясы, өз пікірі, олар туралы жұрттың айтқаны осы шындықты рстайды. 1 «Известия» газеті. 1 декабрь, 1983.
Мысалы, юморлық сезім теңізіне сүңгітіпсүңгітіп алған Әзиз Несиннің өзі – «сауалы да сирек, жауабы да сараң, тым байсалды», «Күлмесханның» дәл өзі көрінеді. 1976 жылы СССР Жазушылар одағының VІ съезіне келгенде, онымен қазақтың бірсыпыра жазушысы табақтас болыпты. Солардың бірі, Қ.Мұхамеджанов былай деп жазады: «Сол күндері бір топ қазақ жазушыларымен дастархан басында ұзақ сұхбатта да сөзге жарығанымыз шамалы. Әдебиет туралы білгентүйгендерімізді әрі-бері жалаулатып көріп едік, оған да онша пейіл бермеді. Байқаймын, ол оқыған, аспаннан найзағай шабысып, бұлты тебісіп, нөсерін төгіп жататын күлкі теңізінің иесіне мүлдем ұқсамайды. Шыбындап жүріп, бір ауыз әзілді тауып айтсақ, тақиямызды аспанға лақтыруға үйреніп кеткендіктен бе, маған Әзиз Несин өмірі күліп көрмеген тым бұйығы, тұйық адам болып көрінді. «Нағыз сатирик осындай болады деуші еді, рас екен ғой» дедім ішімнен өзіме-өзім ренжіп»1. Келесі күні бұлар Әзиз бейді Аркадий Райкиннің ойынына апарады. «Дәу де болсаң, осы жолы ішегің бір қатар» деп ойлайды біздің жазушылар. Әзиз Несиннің келіп отырғанын білген Райкин де бар өнерін салып, әр номерін жүзіктің көзінен өткендей етіп шебер орындайды. Оның әр пікір-сөзін түрік тілін судай білетін аудармашы Вера Феонова желпіне айтып жеткізіп жатады. Сөйтсе де екі сағат бойы күлкіден көз ашпаған қалың елдің ортасында отырып Әзиз Несин бір рет те езу тартпайды. 1 «Лениншіл жас» газеті. 1 май, 1980.
«Оңаша болсаң бір сәрі, дәл қасында отырып, қайтақайта ыржыңдай беру маған да ыңғайсыз болды», – дейді Қ.Мұхамеджанов. Осы көңілсіздіктің, Райкин тапқырлығына бейжайлықтың сырын кейін сұрағанда, Әзиз Несин былай депті: «Әрине, Райкиндерің – жақсы-ақ актер. Бірақ әр қоғамның, әр халықтың күлкісінің өзінің нысанасы, мақсаты, әшкере етер кеселкесірі болады. Біздегі күлкінің нысанасы басқа, осы тұрғыдан салыстырсақ, сіздердегідей майдашүйдеге күлетін дәрежеге біз әлі жеткен жоқпыз»1. Рас, советтік қоғамда антогонистік қайшылықтар, революциясыз, дүмпусіз шешілмейтін қайшылықтар, олардан туатын кесір-кесапаттар жойылған. Біз күресіп, біз жеңіп жатқан олқылықақаулықтар – Несиндер үшін әлі ешнәрсе емес, төзе тұруға, кешіріммен қарауға, «басқамыз келісіпті де, осы қалып па?!» деп әзірше елемеуге болатын кемшіліктер болар. Сондықтан да оларды сөз ету Әзиз Несинге ұсақ-түйек көрінген, оны күлдіруге жарамаған шығар. Дегенмен де, түрік сатиригі осында, бір жағынан, Райкин күлкісінің тұрмыстық ұсақ-түйекке негізделетінін сездірсе, екінші жағынан, өзінің күлдіруге бар, күлуге жоқ адам екенін танытқан. Бұл пікір әрі өз қоғамы, өз ортасы оның кеудесіне көңілашар күлкіден гөрі, күрсіністі көбірек ұялатқанын, қайда жүрсе де өкінішпен, уайыммен, «өзегін өрт, денесін дерт» басып отыратын адам болуға мәжбүр еткенін көрсетеді. «Ұлықтарымыздың мені жақсы көретіндігі 1 Сонда, 1 май, 1980.
соншалық, Түркиядан аттап шығармайды. Егер шығара қалса, қайтып оралғанша іздеп, сағынып отырады»1 деген ащы кекесінді пікірі де оның осы хал-күйінен хабар береді. Шынында да, «сананы тұрмыс билейді» демекші, юморлық сезімнің көрінуіне, тиісті нәтиже беруіне, комизмдегі күлкілілікті көре қойып, лайықты реакция жасауына капиталистік орта, оның заңтәртібі, тұрмыс күйі, өмір салты теріс, тежеуші әсер етеді. Газеттердің жазуына қарағанда, бүгінгі Американың моральдық-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық ақуалы юморлық сезімге, күлкіге жемді, негізді аз береді. Осы кемшілікті жөндеу, жұрттың юморлық сезімін айқындау ниетімен АҚШ ғалымдары психологиялық зерттеу жүргізетін арнаулы орын ашқан. Бір әдісінде олар сынаққа алынатындарға әртүрлі тақырыпты анекдоттар айтқан да, жұрттың оған деген реакциясын қадағалаған. Сонда тәжірибе мардымды нәтиже бермеген. Жай жымиғандар мүлде аз да, қарқылдап күлушілер мүлде болмаған2. Бірде Болгарияның юморист жазушысы Денчо Узнавтан: «Сіздің өз фельетондарыңыз өз күлкіңізді келтіретін кездер бола ма?» – деп сұрағанда, «Құдай сақтасын, жоқ!»3 – деді. Осы сияқты, қазіргі орыс сатириктерінің бірі Аркадий Арканов: «Сіз өзіңіз табиғатыңызда күлегеш, көңілді адамсыз ба?» – деген сұраққа: «Өмір дегеніңіз көп қырлы, алуан 1 «Қазақ әдебиеті» газеті, 21август, 1981. 2 «Литературная газета», 7 ноября, 1983. 3 «Комсомольская правда», 1 января, 1983.
сырлы ғой, сондықтан да онда әлдеқалай жиі күлу бола бермейді»1, – деп жауап берді. Бұл пікірлер де сатириктердің өздері көп күлмейді, жұртты күлдіріп қойып, ойда отырады деген қағиданы қуаттайды. Сонымен, сатира, юморға барар жолда суреткер алдымен юморлық сезім көмегімен комизмді тауып алады. Мұнан соң оны зерттейді, түсіндіреді, бағалайды. Сол юморлық сезімнің құдірет-күшімен комизм негізінде жатқан қайшылықты, одан туатын күлкінің мәнін ашады. Күлкі деген не? Күлкі – адамның өмір серігі. Ол арқылы адам өзінің жан дүниесін, көңіл-күйін, белгілі бір болмыс-құбылысқа қатысын аңғартады. Кісінің ойы, сезімі, күйініші, қуанышы, не көз жасы ретінде, не күлкі ретінде сыртқа шығады. Адам табиғатының осы екі сәтінсіз күлкі туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Күлмей жүре алмаймыз, тұра алмаймыз, күлкісіз еңбек ету, ізгілік үшін күресу жоқ. Өмір бар жерде – күлкі бар. Сырбай ақынның: Күлкі көрем көгілдір көл бетінен, Күлкі көрем аспаннан, жер бетінен. Күлкі, күлкі, жан-жағым толған күлкі, Күлкіменен дүние тербетілген, – деуі де – күлкісіз өмір жоқ деген сөз. Бірақ күлкінің өзі қанша көп болса, оның сипаттары да сонша көп. Күлкі біткен бірдей емес, әр қырлы, алуан сырлы. Негізінен, олар екі түрлі 1 «Вечерняя Алма-Ата», 1 ноября, 1983.
себептен пайда болады. Бір алуан күлкі қанағаттанғандықтың, екінші бір күлкі ренжігендіктің нәтижесі. Алдыңғысы қуаныш күлкісі, соңғысы келемеж күлкісі ретінде көрініс табады. Келемеж күлкісі – юморлық сезімнің комизмді тауып алып, зерттеп-біліп, бағалау, түсіндіру үстіндегі адамның одан алған әсерінің, соған қатысының жемісі. Күлкі негізі комизмде жатады, юморлық сезім соны ашып айтып, жұрт назарын аударады, сонан соң ғана адам оған көңіл қояды, күледі. Демек, юморлық сезім мен күлкі бір нәрсе емес, бір ұғым білдіретін синоним атаулар емес. Юморлық сезім комизм сырын ашқанда, адамның одан алатын әсері, оған деген қатысы әр қилы, әр дәрежелі болады. Соған қарай келемеж күлкі де алуан сипатта көрініс табады. Алар әсер, жасар реакцияның деңгейі комизмдегі жағымсыз белгілердің қаншалықты зиянды, қаншалықты кесір-кесапатты екеніне тікелей байланысты. А.Луначарскийдің айтуынша, кейде бір күлкілі құбылысқа көзқарас, пікірімізді білдіргенде, «бұл қызық екен» деп жымиып қоя саламыз. Мысалы, О.Иманалиевтің Ошан Жорабек ағасымен сөйлесіп отырып «...Өткен жылы газете бір өлең шығып еді, соны сізге арнаған-ау, шамасы!» дейді. Сонда Жорекесі: «Не деп?» – деп селк ете түседі. Ошан тақпақтай жөнеледі. Өлең оқылып біткенде: «Сен мұны қай газеттен оқыдың?» – деп, Жорабек орнынан атып тұрады. «Екінші айтушы болмағын, бұл өлең шыққан газетті жинап әкел маған» деп
нұсқау береді.1 Осы даң кеуделікті, Дон Киходтықты оқығанда, мырс етіп қана күлеміз. Бұл күлкі – Жорабектің әлгі әрекетінде үлкен қауіп-қатер, зияндық болмас, ешнәрсе етпес деген ойдан туған қайырымды күлкі. Бұл сипатты күлкі Ғ.Мүсіреповтің «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Жапал ағамыз төңірегінде де бой көрсетеді. Оның да көп іс-әрекетіне Еңлік те, Кебек те, көрермендер де риясыз күледі, мархабатпен күледі. Енді бірде күлкі фактінің келісімсіз, ұнамсыз екеніне кешіріммен қарауға, төзе тұруға итермелейді. Е.Айтмұханбетовтің «Табылған туыс» әңгімесінде бір қу тұтынушылар одағы бастығының үйін жағалап жүріп, өз әйелін оның бәйбішесінің бөлесі етіп шығарады. Сөйтіп, бастықпен бажа болып алады. Бұрын танысып, шақырып шай бермегеніне кешірім сұрап, таяу арада дәм татыратынын құлаққағыс етеді. Көп ұзамай әлгі қу бастыққа телефон шалады. Ол «иә, шаруаңды айт!» дейді. «Шаруам онша көп емес, мына жаман бажаңның, бас киімге жарымай жүргені... Бір ондатр құлақшын керек еді»2 деп салады бажасы. Міне, осында да күлкі бар. Бірақ қудың есеппен туыс бола қалғанын түсінеміз де, жай жымың етіп қоямыз. Бұл – оның бақай есебіне кеңшілікпен, ашу-ызасыз қарағандық. Тағы бірде күлкі жарамсыз жайтқа төзіммен қарай алмай, оның зиянды екенін аңғартыңқырап, 1 О.Иманалиев. Сыңар кебіс. А., 1977. 135-б. 2 Е.Айтпағанбетов. Құлақтың қырсығы. А., 1977, 32-33-беттер.
зілдірек болып көрінеді. Әрі аяушылық, әрі әшкерелеушілік деңгейге көтеріледі. Ғ.Ахметчиннің Әбігер есімді мақтаншақ, даңғаза кейіпкері бар. «Әбігер аға, сіздің етігіңізден су өте ме, өтпей ме?» – десең, ол: «Әрине, өтпейді, нанбасаң, міне, көр», – деп, тізеден келетін суды кешіп жүріп алады екен. Артынан оңашалау, тасалау жерге барып, малмандай болған шұлғауын сығып алып жатқанының үстінен түссең, «мана таңертең осы су қалпында киіп алып едім» деп жеңсік бермейді. .Кейде оған «Әбігер аға, сіздің қолыңыз отқа күйе ме, күймей ме?» десе, «е... неге күйеді, күймейді. Нанбасаңдар, міне көріңдер!?» – деп жанып тұрған отқа қолын жүгіртіп-жүгіртіп алады. Жалаңдаған от Әбекеңнің қолын күлдіретіп кетеді. Сонда да ол «күйген мұндай болмайды» деп бой бермейтін көрінеді1. Осыны оқығанда қаттырақ күлеміз. Денсаулыққа зиянды, ақымақтық мәрттікке, даңғойлыққа ызаланып ашуланыңқырап күлеміз. Әрі оның «етігімнен су өтеді», «отқа қолым күйеді» деп айтқаннан гөрі, тоңып қалуға, күйіп өлуге бар намысқойлығына ішіміз жылып, аяушылықпен күлеміз. Және бірде күлкі жарылыс түрінде «хахахалап» қатты шығады. Мұндай күлкі комизм орынсыз, әдет-дағдыға сыйымсыздау, дөрекілеу, оспадарлау болғанда көрініс табады. Мысалы, С.Адамбековтің «молдекең кетік шалдың ең жанды жерінен шап 1 Р.Ахметчин. Көзі сынық тебен. А., 1983, 66-67-бб.
беріп, құшырлана тартқанда, оның, ойбайлағаны сонша – мына көкжиденің түбін қазып жатқан мылқау қайыршыға дейін күліп жіберді», «Шаты ісіп кеткен кетік шал аяғын әрең басып, кеңірдегі шодырайып, аузынан түкірігі шашырап, ашуланып тұрды», «Сыбан молданың, жаны қысылғаны сонша, мәсісіне бір ыссы су құйылып кетті» деген жолдарын оқығанда, қатты қарқылдап күлеміз. Бұл комизмнің кісіге еткен әсері мен адамның оған жасаған кері реакциясының күштілігінен. Демек, өмірдегі, әдебиет, өнер туындыларындағы комизмнің бізге еткен әсері мен біздің оған жасаған реакциямыздың дәрежесіне қарай күлкі көп сатылы, үдеме үстемелі болып келеді, жымиып қана қоюдан қарқылға дейін көтеріледі. Әрі оның мазмұны да, келемеж уыты да әр түрлі сипат табады. Сондықтан да қазақ бетте ойнайтын күлкі, көзге ілмейтін күлкі, сайқымазақ күлкі, табалау күлкісі, тәлкек ету күлкісі, миығынан күлу, мұртынан күлу, мырс етіп күлу, қарқылдай күлу деп, әрқайсысын өзінше атап, бөліп-бөліп саралап тастайды. Бір ескертетін нәрсе: комикалық белгілер шын, дұрыс, оны бағалауымыз, оған деген көзқарасымыз әділ, объективті болғанда ғана күлкі туады. Өштестік, жала күлкі шақырмайды. Көп ретте жаулар озат идеялы, прогресшіл адамдарға, революционерлерге күлкімен, келемежбен қарсы тұрғысы, оларды жұрт алдында масқара еткісі келеді. Бірақ олардың ол әрекетінен ешнәрсе шықпайды, айтқандарына жұрт күлмейді. Өйткені қойып отырған кінәсі – шындыққа жатпайды, өтірік, өсек, жала.
Рас, бұған да тарихи тұрғыдан қарау керек. Дамудың төмен тұстарында, надандық меңдеп, жақсы-жаман, дұрыс-бұрысты жыға тануға шама келмей, өре жетпей жатқан кездерде жұрттың әлгідей арандатуға ілесіп, еліктеп, орынсыз күліп қалулары кездескен. Осы орайда В.Г.Белинский кейде қалың тобыр үшін күлкілі нәрсенің қоғамдағы зиялы тап үшін ешбір күлкілілігі жоқ деген. Шынында да, кейін ояну, рухани өсу процесімен байланысты жалпы халық әлгідей қаскүнемдік ниетпен күлдіруге еліктемейтін, ілеспейтін болған. Келемеж күлкісі – комизм иесін тұқыртатын, жәбірлейтін сын күлкісі. Оған ұшырау – ескіліктің, екі жүзділіктің, жалғандықтың бет пердесі сыпырылды, ғұмырсыздығы, күн өткендігі айқындалды, әшкере тапты деген сөз. Ал күлуші үшін өз күшіне сенгендіктің, өз артықшылығын сезінгендіктің белгісі, өз позициясын нығайтудың, өз қадірін бағалаудың құралы. Осы үшін де В.Г.Белинский «көп ретте күлкі – шындықты өтіріктен ажырататын ұлы сарапшы» деген. Күштілердің күлкісі ғана күшті. Ол ниеті – бұзық, ісі – кесір, бағыты басқа адамдарды кекетіп, мұқатып тұқыртам, әлсіретем деп жұмсалады. Өйткені сын күлкісі – кемшін-мінді түзеуге барар, зиянды болмыс-құбылысты жөндеуге, жоюға апарар жол. Осы игі мақсатпен күліп кеп жібергенде дәл табылған, теріс іс-қылығы тап басып әшкереленген дерт иелері есеңгіреп қалады, жым болып күлкіге қарсы қайрат көрсете алмай, сабасына түседі. Яғни қорқынышты, айбарлы, азулы деп жүргендердің өзі
күлкіге жығылып, келемеж етілген соң, қорқынышты болудан, үрей туғызудан қалады. Байқайсыздар ма, алғаш үстіңгі ернімен көк тіреп, төменгі ернімен жер тіреп, көтеріп тұрған аспанын тастап жіберердей шіреніп, шатынап келген Көтібар Айман мен Шолпанның, Қодар Баянның мысқыл, сын күлкісінен кейін жұмсара, жуаси қалады, барабара әбден бишара болады, жалпының мазағына айналады. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде фашизм армиясы, оның техникасы туралы қорқыныш, үрей туғызатын әр қилы лақаптар таратылды. Осының бәрі жалған қауесет екенін әшкерелеп, фашистердің «өлексесін ит-құс жеп, екі аяғы көктен кеп» жатқанын, «Жолбарысының» өңменін оқ үзіп сұлап қалғанын күлкімен келекелеп көрсеткеннен кейін олар қорқынышты болмай қалды. Фашистердің де өлетін, жеңілетін жау екеніне, олардың техникасын да күйрете қиратуға болатынына жұрттың көзі жетті. Бұл гитлеризмге қарсы күресті күшейтті, жеңіске деген сенімді арттырды. Сондықтан да күлкі болудан қорқынышты нәрсе жоқ, күлкі – сынның ең әсерлі, ең өткір түрі деп айтылады. Сын күлкісі, бір жағынан, ескінің тұралап қалған, сұмпайы нәрселердің бет пердесін сыпырып, оның негізсіз, зиянды, кесапатты қасиеттерін әшкере етсе, екінші жағынан, күлкі иелері мен сырт бақылап, көріп-біліп, оқып, естіп отырған ұнамды қауымды рахатқа батырады, мәз қылады. Күлкіні «біреу үшін – түрпі, біреу үшін – күлкі» дейтініміз осыдан. Келемеж күлкісінің күші дерт иелерін тұқыртуда,
жуасытуда, «емдеп» тәрбиелеуде ғана емес, әрі одан сауларды сақтандыруда, саудың көзін ашып, күшін нығайтуында, яғни күлкі күші дерттен алдын ала сақтандыруында, аурудың алдын алуында. Күлгенде шалды да шырайлы көрсететін, кісінің әрін кіргізетін қуаныш күлкісі қайшылықтан, үйлесімсіздіктен тумайды, комизмге негізделмейді. Ол – бір нәрседен ләззат алғандағы, риза болып, қанағат тапқандағы эмоциялық сезімнің дыбыс болып сыртқа тебісі, арман-аңсар, тілекниетіміздің орындалғанына масаттанғанымыздың, шаттанғанымыздың белгісі, сезімді селт еткізіп, жан жадырататын жақсылыққа адамның жағымды қайтарымы. Ол да ризашылық көңіл күйіміздің, тапқан рахатымыздың дәреже-деңгейіне қарай бірде жай, бірде орташа, бірде мүлде қатты шығады. Қуаныш күлкісінің көрінісі, себеп-негізі шексіз. Бұл күлкі балаға да, үлкенге де тән. Мысалы, жас сәби ашығып, шөліркеп жылап отырады. Ананың ақ мамасын еміп, мейірі қанып, тойынған соң оның бетіне күлкі үйіріледі, аздан соң арсалаң қағады. Немесе жас бала қаладан келе жатқан папасының алдынан жүгіріп шығады. Ол балақайына базарлық ұстатады. Бала оны ала салып, алақайлап күліп, мәзмәйрам боп үйге қарай зымырайды. Тезірек жетіп басқаларға көрсетпек, мақтанбақ болады. Сондай-ақ, «Ұлы Октябрь революциясы жеңді, елімізде жаңа қоғам орнады, енді теңдік, бостандық салтанат құрады», «Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды» деген жақсылық хабарлар жеткенде, ғасырлап тепкіде келген Россия еңбекшілері мен
жеңісті аңсаған жалпы ел екі езуі құлақтарына жетіп, қалпақтарын аспанға атып шаттанды. Қазір біздің көшелерде ерсілі-қарсылы адамдар өтіп жатады. Бәрі де бір-біріне жымың қағады, жүздерінде күлкі ойнайды. Міне, осының бәрі – қуаныш күлкісі. Ол адам жанын жасартады, рухын көтеріп, игі істерге құлшынтады. Оған сергек сезімдер бітіріп, үміт отын тұтандырады. Осындай күлкімен күле жүріп еткен еңбек те жемісті, орнатқан тұрмыс та сәнді. Қуаныш күлкісінің де сыншылдық, шенеушілік пафосы бар. Ол, бір жағынан, жақсылығымызды паш етіп, екінші жағынан, сол арқылы қол жеткен игіліктерімізді көре алмайтын, қызғанатын жаны жаттарды мұқатады. Оларға «ішің күйсе – тұз жала!» дегенді аңғартады. Қазіргі советтік бақытты заман, шадыман өмір, дәулетті тұрмыс, күнделікті көл-көсір табыс, партия мен үкіметіміздің тарапынан шексіз қамқорлық, барлық игілік, ізгіліктің адам мүддесіне бағындырылуы – қуаныш күлкісінің сарқылмас көзі. Мұның үстіне шілдехана, тілашар, қыз ұзату, келін түсіру, туған күн, юбилейлік жасқа толған күн, күміс той, алтын той деген сияқты әр үйдің, әр адамның өз салтанаты да қуаныш күлкісін тудырар себеп, негіздер. Бір қилы күлкі жас адамдар бойындағы өмірлік күш-жігердің, қайрат-қуаттың асып-төгіліп, буырқанып-бұрсануының нәтижесі ретінде көрінеді, денсаулығының, жансаулығының белгісі түрінде сыртқа тебеді. Бұл күлкіге де байсалды кісі
күлмей-ақ қоятын жайттар түрткі болады. Алматы облысының Кеген ауданынан Гүлнәр Т. есімді қыз былай деп жазды: «Физика сабағы өтіп жатқан. Мұғалім ағай менен үйге берілген тапсырманы сұрады. Тақтаға шығып, формулаларды жазып, сабақ айтып тұр едім, ұлдар маған қарап күле бастады. Сөйтсем, бетіме бор жағып алыппын. Ұлдар дарақылана, қарқылдап, класты бастарына көтерді. Тіпті, күлкілері келмесе де өтірік күліп жатыр. Мен қатты қысылып, айтып тұрған сабағымнан да жаңылып қалдым. Ақыры «екі» алдым. Сабақ айтып тұрған адамның ойын бөліп, ыңғайсыз жағдайға қалдырып, ұялтуға бола ма? Күлетін жағдай болса да, күлкінің өз жөні бар емес пе?»1. Міне, осы факт – жастардағы тән саулығының, жігер-қайраттың күлкі түрінде бой көрсетуінің мысалы, бойдағы артық қуатты күлкіге айналдырып шығарудың дәлелі. Бұлардан басқа қулық-сұмдықтың, қылжақтықтың, сасқандықтың нәтижесінде бой көрсететін күлкілер болады. Қулық күлкісі зымияндықтан, аярлықтан шығады. Өз пайдасы үшін біреуді алдаусыратып отырып, шоққа отырғызу ниетінен туады. «Іштен үңгіп, адамның жанын жейтін, күлкілер бар адамды жәбірлейтін» дейтін күлкі – осы. Жантықтың Қодарды қайрап, арандатып, тасадан тап беріп Қозыны өлтіруге айдап сап тұрғандағы күлкілері – қулық күлкі, арамзалық күлкі, Қодарды отқа итерген опасыз күлкі, көлгір күлкі. Шын бетін жасырып, «өліктің күлкісіндей 1 «Лениншіл жас» газеті, 2 январь, 1979.
адамның бет-әлпетін бұзып тұратын» осындай өтірік күлкі «Атылған қыз туралы аңыздағы» Сыбан молданың басында да жиі кездеседі. Оның да көп күлкісі – аяр күлкі, жымысқы күлкі. Жандалбаса күлкісі сасқанда, қорыққанда көрініс береді. Жетіскендіктен тумайды, біреуді сынап-мінеп қиратып тастайын деген ниет те болмайды. Ол – бір пәле болып қалар ма екен деп жалтақтаудың белгісі. Мысалы, сабақ басталып кетті. Ұстаз лекция оқып тұр. Осы кезде бір студент сүйретіліп, жасқана басып, айыпты пішінмен ішке кірді. Оған студенттер ду күлді. Сабаққа кешігіп келген сабаз да төңірегіне қарап ыржиды. Міне, оның осы күлкісі – далбаса күлкі, айыпты болып, не қыларын білмей сасқандағы күлкі. Ал отырған көптің күлкісі – жалпы жөн-жосық, тәртіп пен студенттің мына келісінің арасындағы үйлесімсіздіктен туған мазақ күлкі. Олар әлгінің жөнсіз кешігіп келгенін келемеждеп, сынай күліп жатыр. Немесе, бюро мәжілісінде бір камсомол мүшесінің тәртібі қаралуда. Оның айыбын кезек-кезек бетіне басып, сынап жатса, ол төмен қарап ыржың-ыржың етеді. Қазақтың «ақылдыға айтсаң, біледі, ақымаққа айтсаң, күледі» дейтіні – осы. Бұл тақілеттес сорлы күлкі нашарлардың лауазымы, атақ-даңқы барларға жалпаң қып, жалбақтаған сәттерінде де бой көрсетеді. Олар «Ләппай, тақсыр не бұйырасыз?», «Келіңіз!», «Төрлетіңіз!» деп, басы жерге жеткенше иілгенде, ыржиып тұрады. «Жалпылдап, жақсы қарсы алды» десін деп арсалаңдай түседі. Міне, бұл да әлгі
далбаса күлкі. Қылжақ күлкі – әлеуметтік мәнсіз күлкі. Ол тапқырлықтан, адалдықтан тумайды, ойсыздықтан, парасатсыздықтан, себеп-салдарсыз туады. Комизмге де, қуанышқа да негізделмейді. Герценнің айтуынша, ол парасатсыздарға, дөрекілерге, жыртақайларға тән. Ол – бос сықылық, бос қарқыл, әйтеуір күлу үшін күлу. Колхоз клубы. «ХХVІ съезд шешімдері және жастар тәрбиесі» деген тақырыпта диспут өтіп жатыр. Бұл – жалпы жұртты ойландыратын, толғандыратын келелі мәселе. Ауыл жастары әрбір пікір, ұсынысты жалықпай, жәудірей тыңдауда. Тек оң қатардың орта шеніндегі екі қыз бұғып алып, жырқ-жырқ етеді, бастарын көтере беріп, қайта кеңк-кеңк күледі. Артынан білсек, әлгі екі қыздың алдында қос шыбын құшақтасып келіп құлапты. Осы олардың сықылық күлкісін тудырыпты. Күлмейтін нәрсенің негізінде туған мұндай күлкі сырттан байқап тұрған есі дұрыс кісіні таңқалдырады, тіпті, оны күлдіреді. Сөйтіп, ақымақ күлкінің өзі күлкі болады. Ал парасатсыздардың өзіне барлық күлкі қонымды, орынды боп көрінеді. Олар жылайтын жерде де ыржалақтай береді. Кемтарлардың қайғы-қасіретіне, бақытсыздығына, жыртық киімнен денесінің жылтылдап жүруіне үстем тап өкілдері ерігіп отырып, қымызға қызара бөртіп отырып, атша кісінеп күліп, бара-бара тынысы бітіп, қиқылдап, шиқылдап құлап қалатын болған. Олардың осы күлкісі де
– ақымақ күлкі, басқаны түсінбейтін өркөкірек өзімшілдің күлкісі. Мұндай ессіз, субъективтік күлкілердің өзі объективті комизм болады да, екінші жақтың есі дұрыс күлкісін тудырады. Халқымыз жөнсіз сықылықтай беруді, жыртақай болуды, ойсыз күлегештікті жақтырмайды. Ондайларға, О.Әубәкіров сөзімен айтсақ: Шын күлкі – ардай биік шын бір өнер, Айналайын, жырқ-жырқ етпей шын күле гөр! деген. Адамды мәнді, ойлы күлкіге шақырып отырған, сөйтіп, күлкі біткеннің бәрі бірдей күшті емес, бәрі бірдей күштінікі емес, бәрі бірдей қасиетті де қажетті болмайды. Бізге әлеуметтік, коғамдық мәні бар, көпке пайдалы халықтық күлкі, комизмнің, қуаныштың объективті мәнін дәл ашатын күлкі керек. Сын күлкісі – түзелуге, оңалуға апаратын жол, қуаныш күлкісі – өмір тіршілігіміздің деңгейін байқататын барометр. Бізге осындай күлкілер қажет. Солар өмір серігіміз болуға тиіс. Мұндай күлкісіз өткен әр күн – бос өткен күн, ізсіз кеткен күн. Ұлы адамдардың айтуынша, заман сипаты, заман қасіреті, кезең рухы оның күлкісінен танылады. Күле отырып, дәуір қайшылықтарын ашамыз. Осыны түсінгендіктен болар, Ж.Б.Мольер өз тұсының билеп, төстеушілеріне «мені дүрелей беріңдер, бірақ күлкімді тиюшы болмаңдар, еркін күлуге мүмкіндік беріңдер» деп тілек білдірген. Ал енді өткір тілділік, тапқырлық (остроумие) дегеніміз – юморлық сезім арқылы аңғарған
комизмді дәл де әсерлі бағалай қоятын, шебер де ойнақы етіп айтып, жазып бере қоятын суреткерлік қабілет, комизмдегі күлкіні шебер ашатын, оны оқушыға ойландыратындай, толғандыратындай етіп жеткізе алатын суреткер бойындағы қасиет. Сатира, юморға көркемдікті, уыттылықты осы өткірлік тапқырлык береді. Егер сатира солғын да сұрқай, дәмсіз де нәрсіз болса, оны тудырған суреткерлерде бұл қабілет-қасиеттің кемдігі. Тапқырлық көрінісі көп. Әрекет тапқырлығы, пікір тапқырлыры, сөз тапқырлығы, елес-сурет тапқырлығы болады. Суреткерлер бойында осылар тоғысқанда ғана сатира, юмор сапалы шығады. Енді осы тапқырлық түрлеріне мысалдар келтірейік. Ұлы Отан соғысы күндерінде Сергей Клименко деген мерген Солтүстік Кавказда неміс фашистеріне қарсы соғысып жүреді. Бір күні ол жау жағының абырсабыр болып, бекіністеріне бірі келіп, бірі кетіп жатқанын байқайды. Осылардың ойы, жоспары не екен, білейінші деп барлауға шығады. Арадағы жар қабақты терең сайдың табанына түсіп, фашистер шебіне қарай жылжиды. Әлден уақытта алдыңғы жақтан гүріл естіледі. Әне-міне дегенше айналма мұрыннан бір неміс танкісі шыға келеді. Сергей бұта арасына тығыла қалады. Не істеу керек? Мылтықпен атса, танкист сығалап отырған саңылауға дәл тимеуі мүмкін де, мүның өзін таптап өтеді. Белдегі екі гранатаны тастаса, олар танкке шыбын шаққан құрлы әсер етпейді. Танкіні өткізіп жіберсе, жау көп нәрсені барлап қайтады да, зиян шектіреді.
Осылайша не істерін білмей, дал болып отырып байқаса, бір неміс оқта-текте люктен басын шығарып, төңіректі бір шолып өтіп, қайта сүңгіп кетіп келеді екен. Осы мүмкіндікті пайдалануға бел байлап, Сергей мысықша атылып қасынан өтіп бара жатқан танктің үстіне шығады. Шығады да белдіктегі қынынан кездігін суырып алып, люк кақпағының ашылар қалқасына отыра қалады. Әлден уақытта қақпақты серпіп тастап неміс қайта көріне бастайды. Кеудесіне дейін көтеріліп, төңірекке көз сала бастағанда, ол іннің аузында тышқан аңдып отырған мысық сияқты, Клименконы көреді. Көреді де, көзі ежірейіп, есі кетіп люкті жауып ала қоймақ болады. Біздің солдат оған пышақ салып үлгереді, фашист бақырған бойы ішке құлайды. Сергей кішкентай гранатаның бірін қоса тастайды да, люк қақпағын жаба салып, үстіне отыра қалады. Іштегі жарылыс толқыны қақпақты теуіп жібергенде, мұның өзі қоса ұшып кете жаздайды... Танк тоқтайды. Клименко ішке түседі. Екі неміс жайрап жатыр. Жүргізуші рычагқа асылған қалпында қалыпты. Тапқырлықпен, ерлікпен қолға түсірген олжаны енді қайтіп айдап кетем деп тұрғанда, танкистің есі кіріп, касында тұрған мұны көреді. Пистолетке жармасады. Клименко оның қолын қағып жіберіп, қарусыздандырады. Тұтқындалған неміске танкті айдатып, өз бөлімшесіне оралады1. Міне, бұл – әрекет тапқырлығы. Сол арқылы бір адам танкті бүкіл экипажымен тұтқынға алып, айдатып әкеліп отыр. Егер сатириктеріміз 1 «Литературная газета», 30 апрель, 1975.
өз кейіпкерлерін осындай тапқыр әрекеттермен қамтамасыз ете білсе, осындай ойға келмейтін ісқимылға апарса, сатира да тапқыр сюжетті, қызықты да тартымды болмақ. Тапқыр пікір де – сатира жаны. Қадыр Тайшықов “Шым-шытырық” деген әңгімесінде Құдай туралы молдалармен пікірлеседі. Сонда небір тапқыр пікірлер айтып, молдекеңдерді жерге қаратады. “Құдайекең қайда тұрады екен?” деген сұраққа “Алла тағала көкте де емес, жерде де емес, үйі, пәтері, мекені жоқ дүр” деп жауап береді молдалар. Сонда автор: “Жансыз болса, құдай бола ма? Жанды болса, мекенсіз, пәтерсіз бола ма?... Жанды болып үйі-күйі жоқ болса, нағыз беспризорный қорғансыздың өзі болмай ма? Олай болса, округтік қамсыздандыру кассасына неге көмек сұрап арыз бермейді”, – дейді. Автор: “Сол Алла тағаланың өзінің жынысы кім? Еркек пе, әйел ме?” деп сұраса, молдекемдер: “Астапыралла. Атай көрмеңіз, еркек те емес, әйел де емес” деп шошып кетеді. “Екеуі де болмаған күнде... әрі еркек, әрі ұрғашы, яғни қызтеке шығар” деп сатирик молдекеңді тағы састырады. Бұдан кейін сатирик әңгімені кұдайекеңнің семья жағдайына, кәсіп-тіршілігіне қарай бұрады. Сонда молдекең “Алла тағала бір дүр, әке-шешесі жоқ дүр, істейтін кәсібі жоқ дүр” деп соғады. “Біреу болса, біреу шығар. Баласы жоқ болса, қубас шығар. Не еркектігінде кәдурет бар шыгар... Әке-шешесі жоқ болса, жастай жұтқан жетім шығар... Кәсібі жоқ болса, безработный жұмыссыз шығар... Соңғысы болғанда, бержіге барып учетке алынуы керек ғой”,
– деп сатирик тағы тақымдайды. Молданың зәресі мүлде ұшады. Тапқыр да өткір пікірлерге уәж айта алмай, жерге қарайды. «Құдай қай тілде сөйлейді? Құдекеңнің аты-жөні кім?» деген сұрақтарға жауап бере алмай және сорлайды. Сатирик Ғ.Қабышев “Аузыңа ие бол!” деген сықак әңгімесінде 19 кітап шығарып, оның сегізіне “роман” деп айдар тағып, сонда да “жазушы” атала алмай жүрген Ілдебай дегенді күлкі етеді. Сонда “егер Ілдебайдың өзін орап көмсе, ит жеп кетпесе, жүз жыл шірімей жатар еді”1 деген пікір бар. Осы да – тапқыр айтылған пікір. Тапқырлық арқасында ол ауыр да ащы шыққан. Бір фельетонист пәтерлердегі температура 8 градусқа түскенше жылу бермеген тұрғын үй шаруашылығының басшыларын сынай келіп: “Жылытыңдар үйлерді. Отын таппасаңдар, суық тиіп тұмауратып, төсек тартқандардың аурулық қағаздарын (больничный лист – Т.Қ.) жинап алып жақсаңдаршы. Біраз күнге олар да жетеді” деген. Бұл да тапқырлықпен айтылған ащы кекесінді пікір. Сатира да сөз тапқырлығын керек етеді. Өйткені, ол сын нысанасын әшкерелеуді, айтыса, таласа отырып тұқыртуды, оның мінін, кінә, күнәсін бетіне басып мойындатуды, жөнге, жүйеге жығуды көздейді. Осы мақсат-ниетке жету үшін тілмарлық, шешендік, сөз тапқыштық қажет-ақ. Сатириктің сөз тіркесі, сөз саптауы, тілдік құралдарды таңдауы, орнын тауып қалауы сырлы да сымбатты, бейнелі де бедерлі болуға тиіс. 1 Ғ.Қабышев. Күлеміз бе, қайтеміз... А., 1975, 18-б.
Мысалы, С.Әлжіковтен “Тышқанның жабуындай” бір диплом керек болып тұр бауырыңа”, “Түйенің жетім қалған тайлағындай тыриған арық, қатпаш қара”, ”Ақыл – қалтаның аузы-аузына жұқпай, қаймақтай қып-қызыл жұқа ерні шаянның кұйрығындай қайқайып кететін-ді, аршылған сәбіздей қып-қызыл боп ол отыр” деген жолдарды оқыдык. Осылардағы асты сызылған теңеулер – сөз тапқырлығының жемісі. Олар әрі ащы, әрі сын обьектілерінің портретін, мінезін дәл аңғартуымен мәнді. Енді мына бір сабаздың мына бір сықпытын оқып көріңіздер! “Қашаннан бері су бұйырмай, қайызғағы күлге айналған қайран шашы желкесін көміп, екі иығын ен жайлап алған шалағай шопан қырықпастан тоғытқан мәліш құйрық қойдың бауыр жүніндей білте-білте. Ал бет-әлпетін жүрек тоқтатып түгендеп айту, әй, қиын-ақ, баяғы ақ құба өңінен елес те жоқ, оның орнында отқа күйген көн тәрізді бірдеңе бар. Бір кезде шырадай жанып тұратын жап-жас жанар өайда: ініне жете алмай қансырап өлген суырдың көзін көр де, Дүрімбайдың көзін көр. Күлкі үйіріліп тұратын көркем ерні жидіген теріге ұқсас”1. Осында да небір тапқыр теңеу, уытты ұқсату, саздата салыстыру жүр. Сол арқылы сатирик сықақ сабазының сұрықсыз сықпытын сүмірейте суреттеген, туындының өткірлігін, уыттылығын арттырған. Сатира сапасын көтеруде тапқыр салынған суреттердің де мәні зор. Ол да оқырмандар көз 1 Ғ. Қабышев. Күлеміз бе, қайтеміз... А., 1975, 85-б.
алдына әдемі елестер келтіріп, туындыны тұшына оқуға жағдай жасайды. Сұрықсыз, сиықсыз керіністерге ашу-ыза, кекпен қарауға, көрікті, көңілді көріністерден эстетикалық әсем әсер алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі сатириктер творчествосынан да оқырман сезім-тұшымына әлгідей жағымды, жағымсыз әсер етер, тапқырлықпен салынған сурет-елестерді көп кездестіруге болады. Мысалы, Жүсіп Алтайбаев біздің ен даланы, оның жасарған жаңа келбетін, шалқыған шаруашылығын көру үшін келген қонақтар сапарларынан мынадай бірелес береді: “Бастаушы қонақтарды сай табанында жатқан жүз қаралы түйенің үстінен әкеп шығарды қасақана. Шын тамаша, міне, осында болды. Қаусырма өркеш үлкен қара шолақ інгеннің жанына келгенде, қонақтар ертеде осы жаққа ұзатылып кеткен кәрі апасын көргендей мәз-мәйрам болды да қалды. Біреуі мойнынан құшақтаса, екіншісі құйрығынан тартады. Сөйтіп тұрғанда, енді біреуі келіп, оны шапқа түртіп кеп қалған еді, “апасы” ашуланып кетті білем, “ааффутфу!” деп салды. Мейман “мұным әбестеу болды” дегендей ұялып: “Кешіріңіз!”1 – деді. Осында автор қонақтардың түйені көріп таңырқауынан әсерлі елес берген. Олар “кәрі апасын көргендей” шұрқырасты да қалды; айналшықтап, тиіп-қашып, түртіп жүріп, түйені құстырып алды; “апасы” ашуланып “аффутфу!” деп салды дегеннің бәрі – тапқырлық. Әлгі абзацты оқығанда көзге 1 Ж.Сыпырғыш, А.Алтайбаев, 1369, 24-25-бб.
шебер салынған сурет елестейді. С.Адамбеков “Төтенше өкіл” атты сықақ әңгімесінде түскен арызды тексеруге жоғарыдан келген өкілді келемеж етеді. Ақ қар, көк мұзда ол қырға тар шалбар, шолақ пальто, істік тұмсық туфли киіп келеді. Қалың қарда қарға адым аттай алмай, бүрсең қағып, сорлап қалады. Осыны пайдаланған шаруашылық басшылары алдымен өкілді бір маяның түбіне апарып, коньякқа тойғызып, жылындырып, көзін бұлдыратып алады. Сонан соң «сізге маяларды аралап көріп, оларды өлшеп әуре болудың қажеті қанша, шөптің молдығына былайақ көз жеткізуіңізге болады» деп, өкілді ферма меңгерушісі – мойлаулы дәу қара Қаспақовтың иығына шығарады. Осы сәттен автор мынадай елес-сурет береді: “Жоқ, сіз мына жақты қараңыз, – деп Қаспақов өкілдің қолтығынан алып, тік көтеріп, басынан асырып тұрды. – Аяғыңызды иығыма қойыңыз. Қорықпаңыз, құлатпаймын. Қойдыңыз ба?.. Енді анау тебелерді көрдіңіз бе? Төбелердің астындағы төбелерді көрдіңіз бе, оның ар жағындағы қарауытқандарды байқадыңыз ба? Соның бәрі – біздің совхоздың маялары. Енді былай қараңыз, енді солға бұрылыңыз. Қаспақов екі аяғын иығына салып, діріл қаққан істік мұрын өкілді біраз оңғасолға бұрып, сирағынан мықтап ұстап тұрды. – Көрдім, өте жақсы көрдім. Туу, не деген көп шөп... Ах, оңбаған арызқойлар. Қалай ұялмай өтірік айтады. Түсіріңіз енді. Тірсегі майысқан өкілдің құлап кетем бе деп
жүрегі суылдады. Қаспақов өкілді дік еткізіп жерге қойды...”1. Бұл да – сатириктің елес берудегі, сөзбен сурет салудағы тапқырлығы. Арыздағы фактілерді індетіп тексеріп, анық-қанығына көз жеткізудің орнына, өкілдің совхоз маяларын шаруашылық басшыларының бірінің иығына шығып тұрып санауы – күлкілі елес, тапқырлықпен салынған сурет. Бұл – әрі өкілді ақымақ қылу. Мұнан соң директор: «Енді жаяу жүріп шөпті өзіңіз өлшеп қайтыңыз, кәне, алға түсіңіз» деп, өкілді тағы ақымақ етеді. Бұта паналаған торғайдай сиыр кеулеген мая үңгіріне кіріп дірдектеп отырған өкіл “ойбай, өлшемеймін, сіздерге сенемін, өзім де көрдім” деп безілдейді. Міне, осындай тапқыр әрекет, тапқыр пікір, тапқыр тіл, тапқыр елессуреттер ғана сатира, юморға әр береді, нәр береді. Оны көркем де сапалы етеді. Сондай ауыз тұшып, эстетикалық әсер алып оқитын сатиралық туындының ғана құны бар. Сөз жоқ, сатирадағы тапқырлық парасатты, салмақты болуға тиіс. Біздегі кейбір “тапқырлық” жеңіл күлкіге, мәнсіздікке саяды, совет адамдарының шын бейнесін, парасатын бұрмалайды. Мысалы, “Бастығым, басбухым және мен” деген сықақта бір совет мекемесінің бастығы мүлде ақымақ, топас етіліп көрсетілген. «Сіз гастрит екенсіз» десе, ол “Қасқыр ит дейсің бе?” – дейді. «Сізде бронхит бар екен» десе, «Бұралқы ит деген не?» дейді, «менингит» десе, «менен де ит дейсің бе?» дейді. 1 САдамбеков. Қожанасыр қуырдағы. А., 1967, 9-б.
Басбух: “Мен ансамбльге баратын едім”, десе бастық: “Әсем белің кім, ей? Қыз ба”1 – дейді. Кейіпкерді әлгідей сөздерге тілі келмейтін, олардың мәнін білмейтін етіп суреттеу, сол арқылы жұртты күлдіру 30-жылдардағы әдіс. Бұл тәсіл бүгінгі парасатты оқырмандарды күлдірмейді де, сендірмейді де. Оқушыны әйтеуір күлдіремін деген әуремен кейбір сықақтар түсінбестікке (недоразумение), қағыс естушілікке негізделеді. Мысалы, бір шопанның жұбайы әйелдер босанатын үйге түседі, босанады. Не туыпты деп сұрағандар “Волга” туды («қырық жеті» деген мағынада) деген жауапты қағыс естіп, “полға туыпты” деп хабар таратып жібереді. «Роддомға барып полға туғанша, үйде туса болмай ма?!» деп» күйеуі тұра шабады. Міне, осы мәнсіз тапқырлыққа негіздеп “Ара” журналы салақұлаш материал жариялады2. Сатиралық тапқырлық көрсетуде қиялдап, шалықтау, ойдан қосып (вымысел), жорамал жасау (домысел), шарттылық, әсірелеушілік орын ала береді. Сөйтсе де, ол көркемдік талап-шарттарға қалтқысыз жауап беруге, шыншылдықты, сенімділікті, типтілікті, логикалық жүйелікті сақтауға тиісті. Сонымен, сатира мен юморға барар жолда қаламгер юморлық сезім арқылы алдымен комизмді табады, мұнан соң оның күлкілі сырын ашады, одан кейін содан алған әсерімізді, оған кері қатысымызды, 1 «Ара» журналы, № 6, 1970. 2 «Ара» журналы, № 7, 1970.
жауабымызды тапқырлық көмегімен шебер де әсерлі баяндап, суреттеп береді. Сөйтіп, сатиралық, юморлық шығармалар тудырады. Яғни, сатирада юморға барар жолда суреткерге қажет нәрселер – юморлық сезім, комизм, күлкі және тапқырлық. Осы тұста күлкіге, тапқырлыққа орай сатиралық атау, терминдер хақында кейбір пікір айта кету лазым. Кейде күлкі (смех), күлкілілік (комическое) деген атаулар бір мағынада, синоним сөздер ретінде қолданылады. Ал шындығында күлкі, жоғарыда айтқанымыздай, өмірде, әдебиетте, өнерде кездесетін күлкілілікті, яғни комизмді қабылдауымыздың, соған кері жауабымыздың нәтижесінде туатын құбылыс. Ал күлкілілік (комизм) – біздің күлкімізден тыс, обьективті түрде өмір сүре беретін нәрсе. Сол сияқты, тапқырлық (остроумие) пен юморды, ирония, сарказм мен сатираны бір нәрсе деп түсінушілік те кездеседі. Сөз жоқ, бұларды бірбірімен мүлде жанаспайтын, шендеспейтін ұғымдар деп қарауға болмайды. Сөйткенмен де, олар өзара еш айырмасы жоқ бір нәрселер емес. Әрі сатира мен юмор сияқты, олар да кейде болмысқа қатыстын, оны бағалаудың өзіндік түрі, тәсілі ретінде бой көрсетеді. Енді бірде сатира мен юмордың тілдік, стильдік құралдары ретінде пайдаланылады. Ирония – кер кетіп тұрып кекету, жіңішкелеп отырып, парасатсыз адам сезбейтін етіп кекету. Мысалы, “Жөргембаевты танушы едім. Жай-күйі қалай екен?!» деп, көзіммен іздесем, бесеу-алтауы үркердей болып оқшау отыр. Жөргембаевым самай сақалын ширатып, шалқиып жатыр. Оң жағында
– сықпа қара жігіт жантайған. Сол жағында – жалпақ бетінің жарымын қара-көзілдірікпен қымтап тастаған жирен жігіт. Бағанағы шикіл сарымыз да сонда екен. Жіпсіп отырған – кілең жайсаңдар”1. Сол жиналыста ауданнан келген өкіл Жаманқараның өте шешен адам екенін бірінші сезіп, трактор бригадасына есепші етіп кеткен. “Бұл жұмыс Жәкеңнің өкпесіне жағымсыз болды да, көктемде жүн жинау жағына тайқып шықты”2 деген сөйлемдерде ирония жатыр. Бұл – шын мақтағансып, көтермелегенсіп отырып кекету. Алдыңғы үзіндіде “кілең жайсаңдар” деп көпшік қойып, соңғысында Жәкеңнің жанына жайсыз болды деп, жаны ашыған боп, кекету бар. Иронияның жоғары сатысы – сарказм. Ол ызалы, зілді кекесін, ашынған, ашық та ащы кекесін. Мысалы, “досқа – күлкі, дұшпанға таба қылғаныңа рахмет!” десек, бұл – ызалы иронияның сарказмға ойысуы. Үмбетбай Уайдин сатиралық повесін “... Негатив ашылды. Өмірден тағы бірнеше түп арам шөп жұлынды. Мешітбай Шүренов – көкеміздің процесінің басы-қасында болып, тұла бойы көк болат темірден құйылған бүркеулі машинаға өз қолымыздан мінгізіп салдық”3 деген сөйлемдермен аяқтайды. Осындағы алаяқ антұрғанға “көке” делініп, көпшік қойылуы, оны жарылқағандай боп, «құрыштан құйылған, тор терезелі машинамен 1 Ғ.Қабышев. Мысықта сақал неге жоқ? А., 1972, 57-б. 2 С.Адамбеков. Атылган кыз туралы аңыз. А., 1980, ЗЗ-б. 3 Ү.Уайдин. Тілсіз қоңырау. А., 1980, 69-б.
өз қолымыздан аттандырып салдық» деу – ащы сарказм. Мұндай зілді де ашық шенеуге О.Әубәкіров көп барады. Оның “Қаңғыма, қарағым” деген сатиралық әңгімесі бар. Сонда бір колхоздың қалаға қалпақ алуға келген Қошқыл есімді азаматы автостанцияда шашлық жеп тұрған арық қара Айдаубаймен кездеседі. Танысады. Екеуінің жолы бір боп шығады. Бірге қайтады. Жол-жөнекей Қошқыл құрғақ ізет, “сарт мезірет” істеп, “Айдеке, ауылға түс, қонып кет!” деп қолқа салады... Айдаубай ауылдағы қатын, бала-шағаны ұмытып, қош келген қонақ боп, үш күн жатады. Құшақтасып қоштасып ажырасарда қонақ иесі оған бүктеулі қағаз ұстатады. Айдекең, “ақша екен” деп оны “алысқа аттандырады”. Оңаша шыққан соң, ораулы қағазды ашса, онда “ақша да жоқ, албасты да жоқ”, тек екі парақ хат жатыр. Ол “Айналайын, Айдаубай” деп басталыпты. Одан әрі Қошекең “... айып болмаса, саған айтар бір-екі ауыз ақылым бар” депті. Сол ақылының ішінде ашуызамен аяусыз да ашық әшкерелеу, “айналайын”, “бауырым”, “көңіліңе алма!” деп жақын тартқан боп отырып, сарказммен кекетіп шенеу, сарказммен жерден алып, жерге салып төпеу бар1. Әдебиетші М.Тілеужанов жоғарыда айтылған “Сатиралық термин төңірегінде”2 деген мақаласында сатира мен юморға байланысты қолданылып жүрген жеке сөз, атауларды баламасын тауып, 1 О.Әубәкіров. Сиқыр. А., 1971, 12-14-бб. 2 «Қазақ әдебиеті» газеті, 2 август, 1974.
аударып пайдалану жөнінде пікір қозғаған. Осы тұста ол термин мен рубрика аттарын, орыс, қазақ тілдеріндегі жай сөздерді шатастырған. Қазақтың “бірқақпай”, орыстың “издевка”, “насмешка”, “улыбка”, “шутка” деген сөздерін термин деп түсіндірген. Бұлар, әрине, термин емес. Сондықтан, орыстың әлгі сөздерін қазақшалау, ана тіліміздегі баламасымен беру керек деген пікір – дұрыс. Ал автордың Сұлтанмахмұт “сатира” ұғымын “шалдуар” деген сөзбен берген, сол сияқты юмор, ирония, сарказм терминдерін де қазақшалау керек деген пікіріне қосылуға еш болмайды. Өйткені, бұлар, біріншіден, интернационалдық терминдер, оларды орыс әдебиетшілері де аудармай алып жүр. Екіншіден, ол терминдер де әр ретте әр қилы мағынада колданылады. Автордың “мазақ, келеке, келемежді астарлы түрде күлу деп атамай, көбінде ирония деуге әуестеніп алдық. Немесе, мысқыл күлкі деуден көрі – сарказм, сықақ етуді – юмор деп атап жүрміз” деп ренжуі мүлде ретсіз. Оның үстіне, юморды сықақ ету, сарказмды мысқыл күлкі, иронияны астарлы түрде күлу деп аудару мүлде үйлеспейді. Мысалы, жоғарыда “юмор” деген терминнің өзі бірде белгілі бір адамның өмірдегі күлкілі жайт – комизмді көре біліп, күлкіге айналдыра қоятын қабілет-қасиеті деген ұғымда, енді бірде болмысқа эстетикалық қатыстың типі, негізінен, жағымды объектінің жеке бір кемшін-мінін сынаудың әдісі, тағы бірде юморлық шығармалардың жиынтық аты деген мағынада қолданылатынын айттық. Ендеше
оны қалайша “сықақ ету” деп аудара саламыз. Ирония, сарказм туралы да келісуге болмайды. Әлгіде айтқанымыздай, бірде олар да болмысқа қатыстың өзіндік түрі, белгілі бір құбылысты, нысананы зерттеп, суреттеп берудің тәсілі. Тағы бірде юмор мен сатираның тілдік элементі ретінде қолданылады. Л.И.Тимофеев ирония мен сарказмды юмордан сатираға өтудегі аралық құралдар дейді. Яғни, объектіге қайырымды түрде, симпатиямен, әзіл-оспақты араластыра күлу жеткіліксіз болып, оны кекете, келемеждей сынау керек болғанда, иронияға ауысамыз, ал, кекетіп қою жеткіліксіз деп табылып, нысананың шаңын қағып шеней әшкерелеу қажет болғанда, кектен, ызадан, тепсінуден туатын сарказмға ойысамыз. Осыдан барып юморлық дүние сатираға айналады. Бізде сатиралық терминді аударамыз деп олардың мәнін бұрмалау да жоқ емес. Мысалы, “дружеский шарж” дегенді “достық әзіл” деп алып жүрміз. Бұл, біздіңше, қате. Өйткені шарж әзіл емес, олфранцузша әсірелеу (преувеличивать) деген сөз. Ендеше “әзіл” әрі “ шарж” деген атаудың баламасы бола алмайды. Сондықтан “достық шарж” деп, аудармай алу дәл де тиімді. М.Тілеужанов мақаласының кез келген жері көңілге қонбай, пікірлері бір-бірімен қабыспай, айтыс, таласқа негіз беріп жатыр. Оның “Егер күлкіні ирония сарказм, юмор деп кекетіп – мұқатуды – издевка, қалжың-әжуаны – насмешка, езу тартуды – улыбка, қағыта шенеп, оспақтауды – пародия, жәй әзілді шутка деуіміз керек пе?” дегенін қалай
түсінуге болады. Қазақтың түсіндірме сөздігі көрсеткендей, әзіл-қалжың емес, әжуа-мысқыл – мазақ емес, ажуа немесе шенеу. Осыларды енді орыс тіліндегі мағыналарымен берсек, әзіл-шутка, қалжыңнасмешка, сарказм; шенеу-пародия болып кетеді” дегеніне қалай қол қоярсың. Әзілді әжуа, қалжыңды сарказм, шенеуді пародия деуге қалай қосыламыз! Автор өз мақаласының аяғында “Жалын” альманағының “спецификалық” деген сөзді аудармағанына, біреудің “сел” араб сөзі дегеніне дау айтады. Бұл төңірегіндегі пікірлер де мақала мазмұнының атына сай келмейтінін тағы да дәлелдей түседі. Өйткені, бірінші сөздің аударылмауын, екінші сөздің қазақ сөзі екенін айтудың сатиралық терминдер жөніндегі әңгімеге ешбір қатысы жоқ. Қорыта айтқанда, “сатира”, “юмор”, “сарказм”, “ирония” деген терминдердің көп мәнді, әр ретте әр мағынада қолданылатынын түсінейік. Термин мен жай сөздерді жыға танитын болайық. Барлық тілге сіңген интернационалдық терминдерді аударудың, оларға балама іздеудің қажетсіз, тиімсіз екендігін ескерейік. Әдебиеттің тегін, түрін, олардағы жанрлық көріністерді бір-бірімен байланыста алып қарайық. Тіпті, жалпы әдебиеттегі, оның ішінде сатира, юмордағы тілдік құралдар мен болмысты зерттеу бағалау, көрсету әдіс-тәсілдерінің өзара тығыз байланыста екенін ұмытпайық! Рас, бұл салада ойласатын, таласатын жайттар көп. Олар төңірегінде айтыс ашып, пікір жарыстырудың, ұсыныстар жасаудың еш артықшылығы жоқ. Тек
біліп таласайық. Әдебиетте “шынға ұқсас”, “шындық сияқты” (правдоподобие) және “шындық” (правда) деген ұғымдар бар. Бұлардың біріншісі-болмыс құбылыстардың суреттелу сиқының өмірлік жөнжосық, пішін-формаға жақын, сәйкестеніңкіреп келуі, екіншісі – олардың суреттелу жайының реалистік өмір мәнімен дәл де үйлес шығуы. Сатиралық шығармаларда көркемдік суреттеудің бір әдісі ретінде осының алғашқысы жиі қолданылады. Сатира факт, окиғаны көбіне шындыққа жақындатып, шынға ұқсатып суреттейді. Өмірлік құбылыстарды өзіміз көріпбіліп жүргендей, тұрмыс-тіршіліктегідей етіп елестетеді, С.Адамбековтің “Атылған қыз туралы аңыз”, С.Әлжіковтің “Мен кеттім су түбіне”, О.Иманалиевтің “Күн кешкіріп барады”, Ү.Уайдиннің “Негатив” повестері тұтас дерлік әлгі шынға ұқсату, шындық сияқты етіп көрсету (правдоподобие) әдісімен жазылған. Мысалы, О.Иманалиев повесіндегі жатып атарлардың қоймай жүріп Жабайды директорлықтан түсіргені, оның орнынан Жорабектің дәмегөй болуы, бұл лауазымға жету үшін не қилы айлашарғыға баруы, араға Аңғалбайды салуы, аупартком хатшысының былыққа былғанбай, мәселені партиялық, принцип, қоғамдық мүдде тұрғысынан шешуі, совхоз директоры етіп Еңбек Ері, озат шопан Әбенді тағайындауы, Аңғалбай, Жорабек, Ошандардың жер қауып отырып қалуы – бәрі де шынға ұқсатылып, шындыққа жанастырылып
көрсетілген. С.Әлжіков повесіндегі Тастесердің де мансап жолындағы айналасына еткен опасыздығы, жалған жалпаңдығы, колхоз қойын құртып диплом алуы, Алматыдан адам тауып, аузын алып, ғалымдықтан ниет кылуы, сауда орындарын жегідей жеуі жанасқан жақындардың отбасыларын лайлауы, ақыры әшкере тауып, заң құрығына ілінуі шынға ұқсайды, шындық тәрізді елестейді. Осылар сияқты, басқа сатиралық шығармалардағы жағдайлар мен елес-көріністер де өмірде болатындай, көңілге қонатындай, құлаққа кіретіндей етіліп суреттеледі. Оқырмандарды негізінен иландырады, көп күдік, сенімсіздік туғызбайды. Бірақ бұлардың бәрінде де суреттелген болмысқұбылыс, оқиға, факті “қаны сорғалаған” шындық, шындықтың дәл өзі деңгейінде қалмаған. Сатиралық әдіс-тәсіл, тілдік, стильдік құралдар, сықақтық интонация арқылы ептеп көтермеленіп, көпсітіліп көрсетілген. Өйткені сатира-үлкейткіш әйнек, ол әрбір нәрсеге лупамен қарайды, сонда қалай көрінсе, солай елестетеді. Өмірлік болмыс, құбылыстарды суреттеудегі сатира қолданатын екінші бір әдіс – әсірелеу, қиялмен (фантастика) қанаттандыру, шартты түрде шырқату. Нысананы, оқиғаны ұлғайтып, әсірелеп, мүлде көтеріп көрсетуде стильдік тәсілдер – гипербола мен гротескке барамыз. Гипербола – гректің “һурогһоіе” – шындықтан өтіңкіреу, қалыптан асыңқырау, өсіру, үлкейту деген сөзі. Онда нысана етіліп отырған нәрсенің
шын көлемі, аумағы, саны күш-қуат мүмкіндігі асыра, көбейтіле көрсетіледі. “Аузының айналасы ат шаптырым”, “кабинетінің төріне дейін тай шаптырым”, “жауырыны – жалпақ жатқан дала” дегендердің бәрі – гипербола. Сатираға барудағы әлгі айтылған екінші әдісте гиперболаға жиі иек артамыз. Мысалы, бір лирикалык кейіпкер әкесін былай сипаттайды: – Менің әкем Қарпық кішігірім Алатау секілді, дөй денелі, тұлғалы адам болатын. Бұл кісінің өзім білетін екі-ақ қана кәсібі бар. Біріншісі – кез келген қара жұмыс, екіншісі – тамақ. Әкем тамақ жегенде шықшыты шықырлап, танауынан жел соғып, құлағы қозғалып, тақиясы жылжып, бет-аузы білеуленіп, асқа дегенде бүкіл денесімен қайрат көрсететін. Осындай тамақ ішіп отырғанда, бір әкем көзіме бір топ адам сияқты көрінуші еді. “Келісіне қарай, келсабы” демекші, бұл кісінің темекісі де өзіндей денелі келетін. Аудандық газетті төртке бөліп, бір бөлігіне темекі орайды”1. Осында әкенің тамақ жегендегі бет-пішіні, одан кейінгі темекі тартысы әсіреленіп, өсіріліп көрсетілген. Енді мынаны оқыңыз! “Кешкілік әйелі күйеуіне күндіз көрген-білгенін, естігенін айтып отырады да, “осы біздің көршіміздегі кемпірдің тілі тап бір құлаш екен” деп құлашын керіп көрсетеді”2. Мұнда да гипербола бар. Кемпір тілінің ұзындығы тым өсіріліп, әсіреленіп көрсетілген. Сонымен, гиперболаға барғанда сатирик өмірлік 1 О.Әубәкіров. Сиқыр. А.. 1971, 59-б. 2 Ә.Карарұлов. Шоқ ине. А., 1975, 81-б.
шындықтан мүлде аттап кетпейді. Негізі бар, рас нәрсені тек сан, көлем-аумақ жағынан көптіріп, молайтып көрсетеді. Гиперболизациялау шындықты тек ғана өсіру, үлкейту, көбейту. Ал гротеск (француз сөзі) комизмді, ақылға қонымсыздықты айқын ашу ниетімен оқиға, көріністің сыртқы белгілерін, кейіпкерлердің қасиеттері мен әрекет сипаттарын өмірге сыйымсыз, шындыққа жанаспайтын, құлақка кірмейтін етіп әсірелеу. Ягни, гротеск – бұрмаланған елестер, көрмеген көріністер, үйренбеген үйлесімсіздіктер. Ауыз әдебиеті – тола гротеск. Желаяқтарды табаны жерге тимей ұшып кетпесін деп аяқтарына тас байлап қойып жүгірту, жеті басты жалмауыз кемпірді отқа салса, күймейтін, суға салса, батпайтын етіп көрсету, тайбуырылдың тіктеп тиген тұяғының тастарды саз балшықтай илеуі, батырлар атының тұяғы тиген жердің от орнындай боп ойылып қап отыруы – бәрі гротеск. Қ.Аманжоловтың бір балладасында Сұлтанмахмұт бейіті басында оның мұрасына бас иетін ақ жүрек ақын мен ол туралы өсек таратып жүрген қараниет ақын төбелеседі. Осы елесті Қасым былай суреттейді: Жанжалы екеуінің кетті қызып, Аң қарап, құстар ұшып етті қызық, Дүбірі екеуінің жер сілкінтіп, Соғысты бір-бірінің аузын бұзып. Толқып су, дүрілдеп тау, қалшылдап тас, Сұрапыл қабыр басы болды айқас.
Жыртылған жаға мен жең желге ұшып, Бұлттай боп бұрқырады жұлынған шаш1. Бұл – өмірлік шындықты шектен шыға әсірелеу. Екі адамның қимыл дүбірінен жер сілкіне ме? Екі кісі төбелескенде су толқып, тау дірілдеп, тас қалшылдап кете ме? Екі адамның жұлынған шашы бұлттай боп күн көзін жаба ма? Екі ақынның шекісіне аңдар аң-таң қап, кұстар қызықтай ма? Жоқ. Мұның бәрі әсірелеудің гротеск түрі. Осы сияқты, екі кісі сөйлесіп отырып, бір-бірінен Шығанақ өсірген “Ақ бикеш” атты ақ тарының ірілігі бидайдай екені рас па деп сұрайды. – Рас та, өтірік, – дейді екіншісі. Мұны қалай түсінеміз? Оны мынадан жорамалдауымызға болады... Бір үйде осындай шай ішіп отыр едім, сол үйдің далада ойнап жүрген баласы ағаш атқа мініп алып, шауып келді де: “– Әже, шөлдедім, тайы бейші”, – деді. Кемпір оған қақалып қаларсың деп, тарының бір дәнін екіге жарып бергенін көргенде, мына екі көзім шарасынан шығып кете жаздады. – Сонда ол бидайдан да ірі болғаны ма? – Әрине тап бауырсақтай, – деп бәрі дастархан үстіндегі бауырсақты көрсетіпті. Осында гротеск те, гипербола да бар... Гротеск те – болмыс, құбылысты көрудің, бағалаудың түрі. И.С.Тургенев сөзімен айтсақ, оның бір тобы – табиғи шындықтан, реалистік үйлесімділіктен саналы түрде ауытқу, алшақтау, 1 Қ.Аманжолов. Шығармаларының толық жинагы, А,, 1955.
екінші тобы – шындықты үлкейткіш әйнекпен қарағандай әсірелеп, көптіріп көрсету. Сатираға барар жолдағы осы оқиға, құбылыстарды әсірелеп көрсету әдісінде қолданылатын ендігі бір құрал – фантастика. Сықақтағы фантастика – болмысты бұрмалау, шындықты аттап өту, одан ұзап кету емес, сол өмірде бар, орын алып жүрген нәрселерді мазақ етіп әшкерелеудің формасы ғана. Сыналатын жайттардың күлкілі мәнін айқынырақ ашу үшін жазушы фантастикалық ситуацияны әдетте болмайтын жүріс-жорықты ойдан жасайды. Осының айқын бір мысалы – Н.В.Гогольдің “Мұрын” (“Нос”) повесі. Гоголь тұсында шенге, атақ-лауазымға бас ұру, өзінен қызметі жоғарыға құлшылык ету дертке айналған. Сондықтан, әркім-ақ карьераға, лауазым сатысымен өрмелеуге, өсуге тырысқан. Қулықсұмдықпен, дәулет-дүниемен биік лауазымға ие болған “жер құрттарының” алдында олардың кешегі қожайындары құрдай жорғалаған, түшкірсе, “жаракім алла” деп бас иіп, тізерлеп тұрған. Ұлы сатирик осы әдет-тәртіпті маскараламақ болып “Мұрынды” жазған. Әлгі дертті әсерлі етіп әшкерелеу үшін ойдан фантастикалық оқиға жасаған. Повесте өссем, өрмелесем деген арман-аңсармен жүрген колледж асессоры Ковалевтің мұрны ұштыкүйді жоғалып кетеді. Иесі жоғын жатып-тұрып іздейді. Ақыры ол “алтынмен аптап, күміспен күптеп” тастаған мундир киіп, аспаһани қайқы қылыш асынып, қайқайып тұрған мұрнын көреді.
Байқаса, мұрын өзінікінен жоғары шенге ие болып қалыпты. Енді Ковалев өз мұрнынан өзі именіп, дірілдеп-қалтырап, оған жақындай алмай пұшайман болады. Осында әлгі хал, дертке айналған әлгі жөнжосық фантастикалық тәсілмен елтіре мазақталған. Бүгінгі қазақ сатирасында да, сирек те болса, қиялдауға бару байқалады. Қ.Аманжоловтың Сұлтанмахмұт туралы жоғарыда аталған фельетонбалладасы фантастикалық хикаямен аяқталды. Екі ақынның сұрапыл айқасының ақыры былай бітеді: Ғажайып, күн күркіреп, етті жалт-жұлт, Қабырдың бет тақтайы сынды сарт-сұрт. От шашып екі көзден, “тоқтаңдар”, – деп, Бейіттен шыға келді Сұлтанмахмұт. Екеуі тұра қалды есі кетіп, Мұздай боп тұла бойы, дір-дір етіп. Қорыққанын екеуінің білгеннен соң Сұлтекең амандасты жайлап жетіп: Жігіттер, қош келдіндер, жоғарылат, Рақмет, ұмытпапсыз, ер-азамат. Қабырды жай қақсаңдар шығамын ғой, Азырақ жанжалыңыз болды-ау ағат. Жас ақын Махмұтке айтты сырын, Жолдасы өсек айтып жүргендігін. Сұлтекең сабырлы оймен тыңдап болып, Мырс етіп бір күлді де, деді: – Інім! Өлгем жоқ, иланыңдар, шынымды айтам, Өлді деп айта берсін кейбір сайтан. Жүр, баста, Жазушылар одағынан Мүшелік билетімді алып қайтам.
Сен, жігіт, өсек айтып жүргенше құр, Моламды мен қайтқанша күзете тұр, – Деді де қолтықтап ап жас ақынды, Сұлтекең жүріп кетті, шырқатып жыр. Осында Сұлтанмахмұттың тірілтілуі, бейітінің бет тақтайын сарт-сұрт қиратып шыға келуі, төбелесіп жатқан ақындарды ажыратуы, олармен сөйлесуі, менің ақын болғандығымды ешкім жоққа шығара алмайды, керек десең, Жазушылар одағынан мүшелік билетімді алып қайтам деп әндетіп Алматыға аттануы – бәрі де фантастика. Мұндағы сөз етілген шындық – Сұлтанмахмұтты ешкімнің де әдебиет тарихынан сызып тастай алмайтындығы, бұған күдік келтіретіндер өсегінің өрге баспайтындығы. Осы шындықты Қасым фантастика әдісімен әлгідей етіп әсерлі жеткізген. Демек, мұнда болмыс бұрмаланбаған, тек оны жеткізіп айтып берудің формасы ғана әсіреленген. Е.Домбаев та “Болмаған оқиға” повесінде осы тәсілге барған. Мұнда Н.В.Гогольдегі Ковалевтың мұрны сияқты, кассир Әбен Нысанбаевтың бес мың сомы “жан бітіп” тыққан жерде тұрмайды. Сандыққа салып кұлыптап, мылтық ұстап қарап жатса да, шүберекке түйіп, білегіне байлап қойса да, қайта-қайта қашып құтылып, колхоз сейфінен шыға береді. Осы тұста ашық айтар бір нәрсе: жазушыларымыз сатирада фантастиканы қолданудың жөнін, жолын, заңдылықтарын әлі игере алмай жүр. Сатира да реалистік әдебиет, өмірдің, шынайы
шындығына негізделген дүние болуға тиіс. Ол да шыншылдығымен, сенімділігімен адамның ақылой, парасатына әсер етуі керек. Кейбір сықақшылар осыны ескермей, сатирада фантазияға жол беріледі деп туындыларын құлаққа кірмейтін хикаяға айналдырып жібереді, ертегі соғып, оны сатира деп ұсынады. Солардың біреуінің мазмұны мынау: «Ешкібас деген ер болыпты, оның “таңғажайып велосипеді” бар екен. Ол колхозда кілтші қызметін істеп жүріпті. Азық-түлік, әбзел-жабдық, жанар май мен жағар май бәрі соның қоймасында жатыпты. Күндердің күнінде бастығы: – Аудан шақыртьш жатыр, қоймада бензин бар ма? – депті. Ешекең: – Жоқ, – депті. Бастық: – Аспанға ұш, жерден қаз, бензин тап, – деп, сұс көрсетіпті. Ешкібас бензин іздеуге аттаныпты. Таңғажайып велосипедін мініп, жарылғыш зат құйылған цистернаның үстіне шығып тұрыпты да, оған от қойып аспанға атылыпты. 45 шақырымдық биікке шырқап шыққан соң, сағатына 150 километр жылдамдықпен батысқа беттепті. «Әш-пәш» дегенше Торғайдың төбесінен төніпті. Велосипедін аспанда қалдыра тұрып, өзі жерге түсіп, бензин алмақ болыпты. “Тұлпарын” байлап кетер қазық кездесе қоймаған соң, өсіп тұрған ағаш іздепті. Аспанда ағаш өсетінін ол бұрыннан біледі екен. Сонда тұрып алма-алмұрттың талайын жеген көрінеді.
“Іздеген табады” емес пе, бір зәулім бәйтерек аспаннан табыла кетіпті. Соған велосипедін байлай салып, Ешекең арқанмен жорғалап жерге түсе қойыпты. Бензин беретін қыли көз Әскербайға “бір бөшке бензинді арқанға байла” деп әмір етіпті. Бензинді арқалап, оқша атылып Ешекең велосипедіне келіпті. Келіпті де оның артына бөшкені байлап, терекке көз салыпты. Сөйтсе, онда әрқайсысы бір-бір тонналық қызыл алмалар тұнып тұр. Біразын арқанға тізіп алып, айналасы шай ішім уақытта ауылға оралыпты. Бастық уақтылы ауданға аттаныпты1. Біз жоғарыда сатирадағы фантастика шындықты бұрмалау емес, сол шындықты айқын да әсерлі ашып берудің формасы ғана болуға тиіс дедік. Міне, осы талап бұл әңгіме мен әлгі “Болмаған окиға” повесінде ескерілмеген. Фантастика бұларда өмірлік шындықтан ұзап, ертегі айтып, құлаққа қонбайтын өтірік соғуға айналып кеткен. Шарттылық та – оқиға құбылысты суреттеп көрсетудің түр-тәсілі. Ол да фантастикамен шектеседі. Шарттылықта оқиғаның болған жері, орын алған мерзімі, қатысқан адамдардың нақты аты-жөні, ел тарихы, жер географиясы дәл көрсетілмейді. Бәрі ойдан шығарылады. Бұл әдіс жалпы әдебиетте, оның ішінде сатирада өте жиі қолданылады. Ол мына тұрғыда көрініс табады: – Рұқсат па? – Кіріңіз. – Талаптының біріміз. 1 Құлиясов Т. Кесілген бұрым. А., 1977, 13-14-бб.
– Танысалық. – Өзіңізге таныс алып. – Қымқырбаев Майбасар. – Жымқырбаев Жембасар. – “Өзім” дейтін елденбіз, – “Жеймін” дейтін жерденбіз. – Ағаеке, туыс болдық қой, – Біз де содан келгенбіз. – Бұра тартар бұрыштан қалт жібермес мергенбіз. Байқайсыздар ма, осында адам аттары да, жер аттары да шартты түрде алынған. Кездесудің болған жері де белгісіз. Демек, шарттылық әдісі қолданылғанда сықақ шығармаға дау айтатын, сойылын сүйретіп “соғысқа” шығатын нақты адресті адам болмайды. Бұл еркін көсілуге, шартты нысананы қалай болса, солай төлеуге, олардың қолынан келсе, ретін тапса, істеуі, айтуы мүмкін нәрсенің бәрін үйіп-төгіп суреттеуге мүмкіндік туғызады. Яғни, шарттылық шығармаға сыйымдылық береді, әлеуметтік жинақтауға көтерілуге жағдай жасайды. Сонымен, әдеби формадағы әсірелеуді мазмұнды әсірелеу деп түсінбеу керек, оны шындық емес, өмірлік болмысты бұрмалау деп ұғынбау керек. Сатира формасындағы әсірелеу – мән-мазмұнды басқаша айтып беру, басқаша жеткізу ғана. Сатираға барар жолда болмысты шындықтай етіп суреттеу (правдоподобие) әдісін де, бұрмалап, әсірелеп, гиперболизациялап, гротесктеп көрсету әдісін де жоққа шығармаймыз, біріне-бірін қарсы қоймаймыз. Мұның екеуі де қажетті, екеуін де пайдалана білу – парыз.
САТИРАНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ Қазіргі тәуелсіздік дәуірінде адам жаны, адам санасы, адам парасаты үшін күрес, оларды биік мақсаттарға баулу – жаңа қоғам құрудың алғы шарттарының бірі болып отыр. Қоғам адамдарын, әсіресе, жастарды жоғары адамгершілік, ізгілік, коммунистік идеяларға сенімділік, партия, халық алдындағы парызға, советтік патриотизм мен пролетарлық интернационализмге адалдық, буржуазиялық идеологияға ымырасыздық рухында калыптастыру – бүгінгі өнер туындыларының, оның ішінде сатираның да басты міндеті. Партияның
XXVI съезінде социалистік өмір салтын жетілдіру, жаңа адамды тәрбиелеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұл туралы КПСС Орталық Комитетінің1 “Идеологиялық, саяси-тәрбие жұмысын одан әрі жақсарту туралы” қаулысында да арнайы айтылған еді. Қоғамдық еңбекке, социалистік байлық – дәулетке, азаматтық борыш – міндеттерге, коммунистік мораль принциптеріне адал қарауды әр адамның жеке басының сеніміне, әдет-дағдысының нормасына айналдыру үшін ықпал етудің, тәрбиелеудің барлық құралдары жұмылдырылсын делінген-ді онда. 1 С.Кенжахметов. Қуырдақ. Л., 36-37-бб., 1969.
Осы міндет КПСС Орталық Комитетінің 1983 жылғы июнь Пленумында да қойылды. Оның қаулысында советтік өмір салтын, социализмнің іргелі жеңістерін творчестволықпен шебер насихаттау керектігі атап керсетілді. Мемлекеттік, қоғамдық мүлікті жеке баю мақсаттарына пайдалану, алыпсатарлық, парақорлық, біздің құрылысымыздың адамгершілігін пайдаланып, алуан түрлі арамдық жасау сияқты құбылыстарға ымырасыздық жағдайын туғызу керек. Олармен күресте бұқараның белсенділігіне, заңның бұлтартпас күшіне дәйекті түрде сүйену, жеке адамның парасатты қажеттерін, мүдделерін қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізу парыз делінді. Жаны жайсаң, ары таза, тәні сау, мұраты биік жаңа адамды тәрбиелеу не үшін қажет? Бұл проблема күн тәртібіне неге қатты қойылып отыр? Мұның да көп себептері бар. Біздің түпкі мақсатымыз – коммунизм. Ол – идеалды коғам. Ол –адамзаттың ежелгі асыл арманы. Коммунизмге жан дүниесінде бықсық жатқан, санасы төмен, сезімі дөрекі, ниеті жат, қиындыққа төзімсіз, іріп-шіріген дүниенің саркыншақтарынан арылмаған адамдармен баруға болмайды. “Бір кұмалақ бір қарын майды шірітеді” дегендей, ондай ескінің “көздері” жаңа қоғам мүшесі болып жарытпайды. “Ауру қалса да, әдет қалмайды” демекші, олар әр қашанда да пасықтық жасамай, кесапат әрекеттер істемей тұра алмайды. Сондықтан, болашақ коммунизм ұрпақтарын, коммунизм адамдарын кемелденген, мінсіз жандар
етуде казіргі коммунизм құрылысшыларының өзін жан-жақты жетілген, “сегіз қырлы, бір сырлы” етіп тәрбиелеу керек. Әрі сол коммунизмді орнату үшін жан-жақты жетілген жаңа адам керек. Әрбір қоғамды адам жасайды, адам орнатады. Адам, қоғам – егіз. Марксизм-ленинизм классиктерінің үйретуінше, адам мен қоғамды бір-бірінен бөліп алып қарауға болмайды. Адамсыз қоғам жоқ. Қоғамсыз адам өмір сүре алмақ емес. Бірақ басты роль адамда. Адам – қоғамды жасаушы. Қоғамдар тарихы мен тағдыры соның қолында. Адам өзінің аз өмірін қорлықта, езгіде, тепкіде емес, тапшылық, жокшылықта емес, еркіндікте, теңдікте, молшылықта, жақсылықта өткізгісі келеді. Еңбекші адамдар мұндай тілекниетті қанағаттандыра алмайтын қоғамды мансұқ етеді. Әлгідей жайлы, сәнді, молшылық өмірді беретін, бар мұқтаждықты қамтамасыз ететін қоғамдық құрылысты, заң-тәртіп, жөн-жосықты қажетсінеді. Россия еңбекшілерінің Октябрь революциясын жасауы, социалистік жаңа коғам орнатуы осы қажеттіктен туған-ды. Еліміздің жаңа Конституциясында социалистік қоғамымыз бен совет адамдарының ара қатынасы, бірлігі терең ашылған. Совет мемлекетін орнатып, нығайтудағы, оны не қилы шабуылдан қорғап, бүгінгі дәрежеге жеткізудегі совет халқының теңдесі жоқ ерлігі атап көрсетілген. Адам – жаңа қоғамды орнатушы ғана емес, әрі оның иесі, басқарушысы. Қоғамның заң-тәртібін, міндет-мақсат, бағыт-бағдарын оның өзі белгілейді.
Белгілейді де: олардың орындалуын бақылайды, жүзеге асырылуы үшін күреседі. Социалистік қоғамды зор да күрделі машина десек, советтік әр адам сол машинаның бір-бір тетігі. Оның әрқайсысы өз орнында тұрып, өз міндетін атқару арқылы әлгі алып машина – қоғамды қозғалысқа келтіреді, басқарады, оның дамуын қамтамасыз етеді. Мысалы, кішкентай ғана еңбек адамы – темір жол бөлімшесінің диспетчері басқару пультінде отырып, тасымал жұмыстарының ретімен, тоқтаусыз жүргізілуін, поездардың соғылысып қалмауын, аэропорт диспетчерлері самолеттердің кезекпен ұшып-қонуын қадағалап, қоғамның ең қымбат байлығы – адамдардың амандығын, күрделі машиналардың қирап қалмауын қамтамасыз етеді. Осынысымен олар қоғамның дәулетін арттырады, оны дамытады. Өмірге қажетті материалдық, рухани байлықты жасау арқылы да адам қоғамды ілгерілетеді, бір сападан екінші сапаға ауыстырады. Сондықтан да жаңа Конституцияның 14-статьясында “Қоғамдық байлықты молайтудың, халықтың және әрбір совет адамының әл-ауқатын жақсартудың қайнар көзі – совет адамдарының қанаудан азат еңбегі”, – деп жазылған. Осы қағидаға адал берілген совет адамдары жарты ғасыр ішінде өз социалистік қоғамын өнеркәсібі өркендеген, ауыл шаруашылығы дамыған ең бай елге айналдырды. Қазір Совет Одағында жер жүзіндегі халықтың 6 проценті ғана тұрады. Сол халық дүниежүзілік өнеркәсіп өнімінің 20 процентін өндіреді.
Қоғамның дамуын тездететін ғылыми-техникалық революцияны жасайтын да – адам. Сондықтан да Коммунистік партиямыз адамдардың, мамандардың еңбегіне ерекше маңыз береді. Ұлы коммунистік партияның Ұлы Программасында былай деп жазылған: “Коммунизмнің сәулетті сарайы совет халқының – жұмысшы табының, шаруалардың, интеллигенцияның қажырлы еңбегімен салынып жатыр. Олардың еңбегі неғұрлым табысты болған сайын ұлы мақсатты жүзеге асыру – коммунистік қоғамды орнату соғұрлым жақындай түседі”1. Партиямыздың XXVI съезі он бірінші бесжылдықтың негізгі бағыттарын белгіледі. Халық шаруашылығының құрылымы мен техникалық дәрежесінде терең, сапалы өзгерістерге жетуді, оның бүкіл бітім – құрылымын едәуір өзгертуді міндет етіп қойды. Осы зор істерді жүзеге асыратын да – адам, совет адамдары. Сөйтіп, адам – қоғам алдында дәрменсіз құл емес, жасампаз күш, ескіні қиратушы, жаңаны жасаушы, өз бақыты үшін күрескер, әрекет, еңбек иесі. Белгілі бір қоғамның ілгері дамуының тездігі, нәтижесі адамның, яғни, сол қоғам мүшелерінің санасы мен қабілетінің дәрежесіне тікелей байланысты. Материалистік көзқарасы қалыптасқан, биік идеялы, мамандығы жоғары, шеберлігі шыңдалған, еңбекке саналы қатысы бар адамдар ғана өз қоғамын интенсивті түрде дамыта алады. Социалистік мемлекет өз мүшелерінің 1 Совет Одағы Коммунистік партиясының Программасы, Алматы, 1977 ж, 64-б.
саналылығымен күшті. Сондықтан да партиямыз өзінің ұлы программасында совет адамдарын әр қырынан жетілдіре тәрбиелеуді күн тәртібіндегі басты міндеттердің бірі етіп қойды. Міне, сондықтан да жеке адамды жаңаша қалыптастыру, совет адамдарын жетілдіру ниетімен бізде саналы да жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. “...Партия коммунистік саналылық, коммунизм орнатуға әзірлік және шеберлік рухында тәрбиелеуді өзінің үнемі қамқорлық жасайтын ісі деп санайды”. Коммунистік қоғамның жаңа адамын қалыптастыру әрекеті совет адамдарының өз мүддесіне де тікелей сай келеді. Бұл олардың білімді болып, бойына ізгі қасиеттерді мол сіңіруіне, өз қабілет-таланттарын айқын көрсетуіне жағдай жасайды. Өйткені, жаңа адам үшін күрес материалдық байлық өндіруге жұмсалатын уақытты қысқарту, окуға, ізденуге қажетті уақытты молайту арқылы жүргізіледі. Өндіріс, ғылым, техника, өнер саласында қабілет, дарын, талант көрсетуге барлық мүмкіншілік туғызылады. Совет адамдарына апта сайын екі демалыс берілуі, олардың жыл сайын ақылы демалыста болып тұруы, кей мамандық иелері жұмыс күнінің қысқартылуы – бәрі осының қамы. Совет адамдарының бұл правосы да жаңа Конституцияда алтын әріптермен жазылған. Жаңа адам үшін күрестің осындай әлеуметтіксаяси мән-маңызын ескере отырып, партия мен үкіметіміз совет адамдарын жан-жақты етіп, үйлесімді дамытуда құрал біткеннің бәрін жұмылдыруда. Солардың сапында сатира да
тұр. Бұл ретте бүгінгі казақ сатирасы адамтану проблемаларын қозғауды бірінші қатарға шығарды. “Ап кетті”, “жеп кетті” деп қылмыс, ұрлық-қарлық төңірегінде аттан салудың орнына, адамдардың санасезім, мінез-құлқындағы ескінің сарқыншақтарына жиі үңілетін болды. Мысалы, Т.Құлиясовтың “Жарықтық... тартынбайды” атты әңгімесінде “көрпесіне қарай көсілмей”, трактордың моторы қай жерінде тұратынын білмей бас инженер болғысы келген Кәдірбайдың мәнсапқорлығы мазақталады. “Қара қалпақ”, “Соңғы үкім”, “Кесілген бұрым” әңгімелерінде арақ ішсе, ақылын ішіп, ақымақтық әрекеттерге баратындар сықақталады. “Жілік шағарда” жұртты сойылға жыққыш Айдаржандай әумесерлер әшкере табады. Е. Айтмағанбетов бір әңгімесінде қараниеттілікпен шоққа отырып қалған, жерлес, туыс іздеп тауып, ауырдың үсті, жеңілдің астымен жорғалағысы келген жездекейлерін күлкіге жыққан. “Өзгерген телеграммада” айнымалы адамгершілікті, “Табылған туыста” есеппен бауыр бола қалуды мансұқ еткен. Ақырғы рет болғай да” әңгімесінде “ал, кеттім!” деп “қорқытатын”, жүз кетіп, жүз қайтып келетін кесапатты келіндер келемежделген. К. Әмірбеков “Жоғалған студент” сықағында кейбір тентектердің содыр-сойқандыққа, басбұзарлыққа үйірлігін, “Сайтанды көрдіңіз бе?” дегенінде сәнқой стилягалардың сықпытын сынаған. Осындай мораль – этика мәселелеріне ойысуды басқа сатириктер творчествосынан да аңғарамыз. С.Әлжіковтың “Кәрі сайтан”, “Арамза”, “Намыс”
әңгімелерінде жаназасы шыққандардың мал-мүлкін талап алып, артында қалған жетім-жесірлерді жәудіретіп қоятын мейірімсіз діндарлар сахнаға шығарылған. “Ескі қыстау” сықағының сынағаны – малсақтық, ашкөздік, қорқаулық. Ш.Смаханұлы “Сандықтан шыққан сайтан” әңгімесінде баянсыз махаббат иелерімен, көрсеқызар нәпсіқұмармен таныстырды. Оқуға түстім деп өтірік айтып, үйінен ақша сұрай-сұрай, бала-шағасының өзегін жалғап отырған жалғыз сиырын сатқызып, әке-шешесін саздатып кеткен суайттарды “Жорабай мен баласы” атты әңгімеде таңбалады. Адамдарымыздың мінез-құлқындағы, әдет-дағдысы мен санасындағы ескіліктің сарқыншақтарына негізделіп жазылған әлгідей сатиралық дүниелердің қоғам мүшелерін коммунистік, адамгершілік рухта тәрбиелеуде зор роль атқаратыны даусыз. Сатира жаңа адамды қандай әдіс-тәсілдермен тәрбиелейді? Енді осы жағын саралайық. Біреулердің ұғымынша, сатира өмірге, болмысқа тек қара көзілдірікпен қарайды, тек дертті, кемшілікті көреді. Көреді де, соның бәрін мансұқ етеді. Ол ешбір игі ниет көздемейді, ол – қайырымсыз нәрсе, тек төпеуді, құртыпжоюды мақсат етеді. Бұл, әрине, теріс түсінік. Сатираның негізгі мақсаты – ізгілік, игілік. Ол совет адамдарын адал өмір сүруге, арлы болуға, намысшыл болуға үйретеді. Жалақорлар мен өтірік, өсек таратушыларға қарсы күресе білуге баулиды. Табысқа, бакытқа барар жолды кесіркедергілерден тазартып отырады.
Рас, жоғарыда айтқанымыздай, сатира сынға алған нысанасын, негізінен, жоққа шығарады, әшкерелеп тастайды. Кейде, тіпті, діттеген сын нысанасын жерден алып, жерге салып төпеп жібереді. Өктем үн, ащы тілмен мансұқ ете кеп, оны жауапқа тартуды, жазалауды талап етеді. Мысалы, сонау 1926 жылы Қызылордадағы 40 ауылдың Жүсіп Қыстаубаев есімді безбүйрегі Шегір деген тақыр кедейдің 13-14 жастағы қызын зорлап алып қашып, тоқал етеді. Бұл тағылығы туралы хабар заңға жетеді. Түскен тықырдан құтылу ниетімен, ол сондағы ауылнай Қосқұлақұлы Жаманқұлға пара беріп, Балшөкеннің (қыздың аты – Т.Қ.) жасы 17де деп жалған документ жасатады. Шегір сорлы намысқа шыдамай, тиісті орындарға мұң шағып арызданады. Оқиғаның осы тұсынан сол кездегі фельетонист-журналист А.Сегізбаев мынадай елес береді: “Келте мұрны таңқиып, қайқы кірпік, секпіл төртбақ келген 13-14 жасар әйел бала кеңсеге келді. Февральдың қара суығы тоңдырып, қысқа танауынан жылтылдаған жіліктің майындай маңқасын қосқостан тартып жан-жағына алақтады. Етегі сүйретілген, жеңі шұбатылған, иығы салбыраған ұзын, ескі күпісі өз киімі емес екені куә болып тұр. Қыздың жанындағының бетіне әжім кірген, іс көрмеген жарғақ торсықтың түсіндей сіріңке сұр әйел, көпті көрген жұқа ерні көгеріп, жыпылдақ, сөзшең екеніне айғақ еді. Көйлегін шалбарланып кірлі қызыл орамалы желке шашын қымтауға жетпей, байының тозған
шекпенін қобырайтып киген, мұрны шошайып, жағы қушиып, қабағы қатпарланып кішірек бір мүсәпір әйел тағы да сол қыз баланың жанында еді”1. Кеңседегілер бұл аянышты үш қонақтың, жай жүрмегенін біліп, не айтар екен дегендей тына қалады. Сонда сұр әйел суырылып сөйлей жөнеледі. – Қызды осы Қызылордаға тіркетуге әкелгенде отын сатып жүрген бір жеңгесін көріп, қыз жылап, одан айрылмай үйіне ілесіп келді. Осыны газетке басыңдар! – дейді. Аузынан сөзі түскен момын, кішкене әйел (қыздың шешесі екен): – Ия... мүсәпір адамбыз.., – деп көзі жасаурап кетеді. – Мені зорлап әкетті, оны сүймеймін, өзі кәрі, – деп, кірпігі қайқиып, танауы делбиіп, жас қыз да сөйлей бастайды. Кеңседегілер 13 жасар нәрестенің “Мен оны сүймеймін” дегеніне таңырқайды. Шынында сүюдің не екенін, не себепті сүю керек екенін біле қоятын кезі болмаған баланың сәби екені бар адамға белгілі еді дейді. Ақыры іс сотқа тапсырылады. Жаманқұлдың басынан бақ кетіп, қолынан қаруы (мөрі) алынып, түрмеге жабылады. Автор осы жайдың бәрін ашуызамен баяндап кеп, фельетонын: “Қылмыстылар жазасын тартар. Ақ-қарасын кеңестің әділ соты шешер. Өтірік іс қылуға батылы барғандарды әйгілер. Бірақ 14-інде зорлық көріп, 1 «Еңбекші қазақ» газеті, 13 май, 1927.
адамшылығына дақ түскен Балшөкен қарындастың айуан мінезді адамның мейірімсіздігінен жастай жаншылған арына кім жазалы?.. Бұған кеңес заңына қарақшы болуға сайланған кеңес ағасы жауап берер”, – деп аяқтайды. Міне, осы – үлкен кекпен, тепсініспен жазылған сатиралық туынды. Ол әлгі жауыздық әрекет иелеріне советтік өмірден орын жоқ, оларды соттау, айдау керек деп отыр. Бірақ осы ауыр үкімнің өзін ол игі ниетпен айтып отыр. Жүсіп Қыстаубаев пен Жаманқұл Қосқұлақұлын құрбандыққа шалып жіберіп, басқалардың қамын жеп отыр, жалпы жұртты мұндай тағылыққа бармаңдар, әлгілердің кебін киіп қалмаңдар деп сақтандырып отыр. Бұдан жасалар түйін – сатира тек объектіні құртыпжою үшін жазылмайды, оқырмандар сабақ алсын, сақтансын, сақ болсын деп жазылады. Бірде әлгідей жат элементтерді мансұқ ете отырып, солардың тағдырының есебінен басқа елді жақсылыққа үндейді. Бұл – оның жаңа адамды тәрбиелеудегі бір әдісі. Енді бірде сатира қос қыртысты, қос өрімді болып келеді. Яғни, жақсылық пен жамандыққа, ескі мен жаңаға негізделіп туғызылады. Оқиға солардың арасындағы қайшылыққа, тартысқа құрылады. Онда сатириктің мансұқ еткісі келген жағымсыз жайттары мен жақтағысы, насихаттағысы кеп отырған болмыс, құбылыстары қатар, жарыстырыла суреттеледі. Оқырмандар теріскей мен күнгейге бірдей киліктіріліп, жағымды нәрсенің фонында ұнамсыз жайттардың зияндылығына, тиімсіздігіне
көз жеткізіледі. Осыны аңғару үшін Ғ.Қабышевтың “ Аш желке” атты сатиралық әңгімесінен мына үзіндіні оқып көріңіздерші. “Бір күні әкем екеуіміз пішеншілер қосынан қайтып келе жаттық. Қалың жаңбыр жауып, жұмыс тоқтап, пішеншілердің бәрі үйді-үйіне қайтқан. Біз бір атқа мінгескенбіз. Ауданға асатын қырқа жолды қиып өте бергенімізде әкем ат басын іркіп: “Осы сүмекте ауданға ұрып кетіп бара жатқан бұ қай күйеу?!” – деп таңырқай сөйледі. Маған көрінбеген күйеудің аты пысқырды. – Ассалаумағалейкум, Сәке! – деді бір дауыс. – Өй, сенбісің? Жол болсын! – деді әкем. – Әлей болсын, Сәке. –Тыныштық па? – Жай. Сәке, оны-мұны. – Қой, жай емес шығар? – Ой, Сәке-ай.. – Шыныңды айтқың келмейді, ә? – Қайдағы... – Бәрібір, біліп тұрмын, көзің айтып тұр. – Біліп тұрсаң, қайтейін, өле қалайын ба, шүу... Әкем оқыс ұмтылып, бірдеңені сарт етіп ұстай алды. Аттан ырғып түсті. Жолаушының бір қолын дізгін-мізгінімен қоса қармапты. Е, дегенше болмады, жолаушыны ат үстінен жұлып алды: – Осы сен-ақ ауылға қасқырша шауып болдың ғой! Тағы кімге жала жауып, арыз құшақтап барасың? – Қоя беріңіз, кәне, қоя беріңіз. Менің өз правом өзімде... – Мә, саған право! – деп әкем жолаушыны
шапалақтай жөнелді. Бейшараның бет-аузына көз тоқтатып та үлгермедім. Әкем шапалақтап жүр, көңіліндегісін айтып та жүр. – Қалидың үстінен арыз жаудырдың! Дүйсенге жала жаптың! Биғайшаға жала жаптың! Ауылымыздың ағасы, ақсақалы болып отырған Шөкеңе жала жаптың! Сен қаралайсың – ауыл ақтайды. Сен қаралайсың – аудан ақтайды. Сен қаралайсың – облыс ақтайды. Осы сенің істемеген сұмдығың қалды ма?! Сен күйе жақпаған кім қалды? Қайтейін осы?! – Ойбай-ай!.. – Ойбайдың көкесін көрмей жүрсің сен! – Әкем қарулы болатын. Қояр емес. Жолаушыны қалбырша елеп жүр. Әлжуаз бейшараның екі қолы ербеңдеп, тоқпақтай денесі тымақша қалбалақтайды. Әкем оның шаңын біраз қағып алған соң тағы сұрады. – Қайтейін осы?! Сен бүгін де тек кетіп бара жатқан жоқсың. Таза болсаң, түкір менің бетіме, кәне, түкір! – Өлтірдің... – Шыныңды айтпасаң, қазір өлтірем. – Әкем қызық адам еді. Пәленді түген жәбірлепті немесе тілдепті дегенді естісе: “Ойпырай, ә! Иттігін-ай, ә!” деп өз-өзінен күйіп-пісетін. Енді не дауа. Тағы төне түсті. – Шыныңды айт, кәне, әйтпесе, мына иен далада сүйегің шашылып калады! Айтамысың?! – Айтайын, ағеке... – Айт тез! Кімнің үстінен арыз әкетіп барасың? – Әкем екі мықынын таянып, төне қарады. Анау, әлдеқандай заман болады дегендей, ербеңдеген екі қолымен бет-аузын қорғаштап тұр. – Айт, кәне, бол!
– Омарлар жаз деген соң... солар апар деген соң... – Кімнің үстінен деймін мен саған! – Әбілхайырдың... – Жазғаның қайда? Қайда шимайың?! – Төс, төс қалтамда, берейін... – Болды! Ендігісін көңірсітпей-ақ қой! Қазір Әбекеңнің үйіне барамыз, сонда оқып бересің! Мін атыңа! – СәСәке-ау... – Жетті, доғар! – Әкем маған бұрылды. – Әй, Төлеу, бері кел, мынаған мінгесесің. Әкем мені әлгінің атына көтеріп мінгізе бере: “Қойнынан қағаз-мағаз алып жыртуға айналса, маған айғай сал, байқап отыр”, – деп сыбырлады. Жолы кесілген жолаушы тұқырып келіп атына мінді. Мен оның белбеуінен ұстадым. Сөйтіп, әкемнің соңынан ілестік...»1. Осы әңгіме, бір жағынан, жағымсыз әдетдағдыны әшкерелеп жатса, екінші жағынан, зиянды іс-әрекеттерді теріске шығарып, соған қарсы күрес жүргізуші жандарды паш етеді. Мұндай туындылар оқырмандарды домалақ арызқойлардың қылығынан безіндірсе, ондайларды шапалақтың астына алып, жөнге салатын Сәкеңдердің ісіне еліктетеді. Бұл тақілеттес сатира сыналғандарға түрпі боп тисе, жалпы жұрт үшін – жасампаздар жеңісі, жеңімпаздар қуанышы. Мұндай дүниелер өзінің ұнамды құбылыстарды суреттеуімен совет адамдарын ізгілікке үйретеді, ұнамсыз әдетдағдылардан тартындырады. 1 Ғ.Қабышев. Бұл әлгі кім ғой. Жинақ, А., 1982., 74-76-бб.
С.Адамбековтің “Құмдағы жиын”, Ж.Алтайбаевтың “Менің қуанышым”, О.Әубәкіровтың “Телефон”, Ү.Уайдиннің, “Барахолка базары”, Қ.Шыңғысовтың “Мінез” деген сықақ әңгімелері де әлгідей қос өрім етіліп, жақсы-жаманға негізделіп жазылған. Бұларда да публицистика мен бейнелілік, ұнамдылық пен ұнамсыздық, лирика мен мысқыл тоғыстырылған. Бұл әдіспен тудырылған сатиралық шығармалардың тиімділігі – олар жұртты әрі жағымды фактілер негізінде тәрбиелейді, әрі теріс нәрселерді, ұнамсыз кейіпкерлерді өздерінің күлкілі кейпі айқын көрінетін жағдайға душар етіп, олардың зияндылығына, оған төзуге болмайтындығына жұрт көзін терең жеткізеді, сын нысанасын автор өз атынан сөгіп жатпай, даттамай, жағымды кейіпкерлерге әшкерелетуге мүмкіндік береді. Бұл – жаңа адамды тәрбиелеуде сатира қолданып жүрген екінші әдіс. Кейде сатира ең жағымсыз кейіпкерлерді қағыстырады. Онан қашқан, мұнан қашқандарды, тарихтың тастандыларын өзара қырқыстырады. Сонда олардың екі жағының да бет пердесі жыртылып, ниет-тілегінің терістігі, заман рухына зияндығы, арман-аңсарының арамдығы ашылады. Бұдан да совет адамдары сабақ алады, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін аңғарады. Әлгілерден басқа болуға, биік тұруға талпынады. Бұл – жаңа адамды тәрбиелеудегі сатира қолданатын үшінші бір әдіс. «Мынадай тағамдарды сирек көріп жүрген Балпан Жотанның бүйірінен түртіп-түртіп койды. Арақтың
алдынан сары майдан бір-екі қарбытып-қарбытып жіберсе, жуық арада мас бола қоймайтынын жақсы білетін Балпан сары май салынған тола тәрелкені орталап-ақ тастады. Шай ішіліп жатыр. Көк мойындар көрінбейді. Есік сықыр ете қалса, Балпан мен Жотанның құлағы елең ете түседі. Бірақ арақ жоқ. Шайдың орта шенінде бере ме? Ашқарынға әдейі бермей отырау, мына қу, – деп түйді олар. Бірақ арақтан дерек болмады. – Диқан, өзеуретпей... – деп қала жаздап, Шәбен аузын жұма қойды. Бұрыннан көк езу атанып жүрген ол әзір сыр бермей отыр. Шай үстінде “ақаңнан” күдер үзген олар ақ самауырынның суы орталанбайақ кеселерін бірінен соң бірі төңкере бастады. Үй іші жым-жырт. – Бұларың не, тым-тырыс отырғандарың? – деп, Диқан радиоқабылдағыштың құлағын бұрап қойды. – Ей, соныңды қойшы әрі, жұрттың басы ауырып отырғанда, – деді Шәбен бағанадан шыдай алмай отырған. – Шәке, басың ауырса, сенің басың ауырып отырған шығар, ал мыналардың ән тыңдағысы келер? – Дұрыс, дұрыс, ән-күй тыңдағанға не жетсін! – десті төрде отырғандардың біразы. Бірақ оларға Балпан мен Жотан бөтен ауылдың бұқасындай көздерін аларта бір-бір қарап қойды. Әлден уақытта ет келді. Диқан бірде сорпа әкеліп, бірде қолдың майын сүртетін қағаздар дайындап кіріп-шығып жүр. Балпандар тобының назары
дастарқанда емес, Диқанның қолына жәутеңдеп жыламсырай қарайды. Бірақ көк мойын жоқ. – Бергенін қайтармай іш енді! – деп Жотан Балпанды табалай сөйледі. – Мынаның пейілі тарылған екен! – деп өзара күбір-күбір сөйлесіп қояды. Қонақтардың біразы ішкілікті жақтырмайтын жандар еді. Олар келген асты қомағайлана жеді. Ал Балпан бастаған топ табақтағы еттің мұртын да сындырмады. Дастарқан жиналды. Диқан қонақтарына қарап: – Құрметті меймандарым, енді мына бөлмеге барайық, – деп үлкен бөлмесіне қарай ертіп жүрді. – Е, бәсе, шарап ішетін орны мұнда екен ғой! – деп Балпан мен Жотанның жанарына нұр ене бастады. Сүріне-қабына жұрттан бұрын кірді олар. Бұл бөлмеден де орындықтардан басқа еш нәрсе көрінбеді. – Шарап түгіл, сайтан да жоқ! – деп Жотанға Балпан тағы да сыбыр ете қалды. Жұрт жайғасып отырысымен-ақ, Диқан: – Енді кино көресіңдер! Әдейі сендерге арнап совхоз жұмысшылар комитетінің бір күнгі киносеансын сатып алдым. Арақ ішіп, мас болғанның несі қызық! – Отырғандар бір-біріне қарап: – Бұлай боларын ойламаған едік, мынау нағыз жігіт екен ғой, – десті. Тек Балпан мен Жотан ғана төмен қарады...»1. Сатиралық, юморлық туындыларда осындай озат әдет-дағды, жөнді жөн-жосық мадақталып, 1 О.Иманалиев. Сыңар кебіс, жинақ. А., 1977, 87-89-бб.
насихатталса, бұл халықты жалпыға пайдалы, жанға жайлы, өмірге жарасымды салт-санаға икемдейді. Жаңағыдай жаңалықтардың тұрмысқа тез енуін, советтік өмір салтымызға тез сіңісуін қамтамасыз етеді. Әлгі әңгіме елді қонаққа шақырып; арақ құйып мас қылудың орнына, кино көрсетіп, концерт беріп, көңілді әңгіме айтып, жақсы демалдыруға дағдыландырады. Мұндай жағымды факті, ұнамды құбылысқа негізделген сатира әрі қоғамның қалыңқы мүшелерін де жаңаша тәрбиелейді, ескіліктің шырмауында жүргендерге қарсы күрес құралы ролін атқарады. Социалистік жарыста озаттар артта қалушыларды өзінің биік көрсеткіштерімен сынайтыны, сөйтіп оларды өз қатарына тартатыны сияқты, ол да жеке адамдардың биік моральдық қасиеттерін мадақтау арқылы зиянды іс-әрекет иелерін жөнге шақырады, жағымды жандар қатарына қосады. Мысалы, Социалистік Еңбек Ерлері Кәмшат Дөненбаева. Ұлбала Алтайбаева, Жансұлтан Демеев, Алтынбек Дәрібаев сияқты шам-шырақтардың зор табысын, моральдық қасиеттерін жағымды күлкімен мадақтау арқылы басқаларды солардай болуға, соларша еңбек етуге жұмылдырады, олардың өмірге саналы көзқарасын қалыптастырады. Демек, советтік сатира ұнамсыз нәрселерді әшкерелеу арқылы ғана емес, тамаша адамдарымыз бен олардың биік керсеткіштерін тамсандыра жырлау арқылы да қоғамның игі мұратты мүшелерін тәрбиелейді. Бұл – оның коммунизм адамын қалыптастырудағы қолданып жүрген төртінші бір әдісі.
Сонымен, сатира жаңа адамды тәрбиелеуде жағымсыз кейіпкерлерді де, жағымды бейнелерді де бірдей пайдаланады. Алдыңғылары оқырмандар мен көрермендердің жиіркеніш сезімін туғызады, ашуызасын оятады, өздерінен безіндіреді. Содан барып саналы совет адамдары өмір қандай, өздері қандай болу керек екенін түсінеді, қорытынды жасайды. Яғни, сатира адамдарымыздың өз міндетін, өз жөнін түсініп білуде сауатын ашады, жаңа ұғым, тың түсінік береді. Н.Г.Чернышевскийдің айтуынша: “Күлкілі нәрсе өз құнымызды білуді үйретеді, өз қадірімізді сезіндіреді”. Жаңа қоғамның келіскен, толысқан адамын тәрбиелеуде сатира қолданатын бесінші әдіс – сыналатындарды күлкімен келемеждеп әшкерелеу. Күлкі – сатира құралы, оның ерекше белгісі, басты элементтерінің бірі. Сатира күлкіні жұртты құр сықылықтату үшін пайдаланбайды, өз “сабаздарын” мазақтап, азып-тозған, күні өткен, болашағы жоқ жексұрын жандар екеніне, ішкі желбуаздығына көз жеткізу үшін, басқаларды олардан безіндіру үшін пайдаланады. Болгарияның сатирик-драматургі Станислав Стратиев «Күлкі мен үшін қара бастың қамы емес, көрермендердің өмірлік белсенді позициясын қалыптастыру, оларды тоғышарлық, өркөкіректік, селқостыққа қарсы ояту қамы» дейді. Осы сияқты, А.В.Луначарский де «күлкі – белгілі бір таптың әлеуметтік өзіндік тәртібін нығайтуда немесе бір таптың басқа таптарға қысым көрсетуінде қарымды қару» деген. Бұл пікірлерде, әрі күлкінің тәрбиелік мәні аңғартылған, әрі оның таптық құрал
екені айтылған. Жоғарыда айтқанымыздай, өмірдегі күлкі және әдебиет пен өнердегі күлкі болады. Бұл екеуінің арасында үлкен айырмашылық бар. Алдыңғысы жайдан-жай, айналадағы болмыс, құбылысқа қатысымыздың, кері жауабымыздың нәтижесі ретінде ешбір ой-мақсатсыз, жеңілтектіктен де көрініс табуы мүмкін. Ал, екіншісі одан гөрі жауаптырақ, мазмұндырақ. Белгілі бір мақсатпен, нақты ниетпен пайдаланылады. Атап айтқанда, әдебиет пен өнердегі күлкіні дүние таным басқарады, ол соның нәтижесі, жемісі ретінде көрінеді. Сатира оны игі бір идеяны оқырман мен көрерменге жеткізу, көрсету мақсатымен, автордың ой-ниетін ашып, нысанаға деген қатысын білдіру, идеялық-саяси бағытын аңғарту үшін қолданады. Осы ретте күлкі оқырмандардың дерт иелеріне деген ашу-ызасын тудырады, оларды жек көрінішті етіп елестетеді, тағы бірде рухани бейшаралығынан, мәнсіз-нәрсіздігінен түңілдіреді, сөйтіп адамды жаманынан безіндіріп, ізгілікке жетелейді, жақсылыққа тәрбиелейді. Мысалы, О.Әубәкіровтің “Нерв деген не?” атты әңгімесінде лирикалық кейіпкер бір төбелестің үстінен шығады. Шекіскендердің “бірі егделеу келген, еңгезердей неме екен де, екіншісі қалың бетті, қалың денелі, қысқа мойын жастау неме екен”. Жұрт оларды арашалағансып айтақтап жүріп, біраз төмпештестіріп алыпты. Егделеу неменің жейдесінің екі жеңі иықта, галстугі білекке ілген құрықтай салбырап жалаңаш мойнында қалыпты. Әбден қызыққа батқан ел әлден соң екеуін
ажыратады. “Тез жуасыған жастау немені” жұрт жетектей жөнеледі. Ол бәйгеден келген жүйріктей демігіп, солығын баса алмай бара жатады. Егдесінің екі көзі шекесіне шығып, шекесі төбесіне шығып тасырайып тұра-тұра ұмтылады. “Жібер деймін, ойбай, жібер! Жетпегірдің кеңірдегін жұлып алайын!” деп шабынады. Иегі шошаңдап, еріндері дірілдеп әлгі әріптесінің тұқым-тұяғын түгеңдеп, жол-жөнекей әке-шешесін де алып кетіп тұрады. Сонда бір жалпақ бет келіп: – О, Бәке, не болды өзі? Шатақ неден шықты? Айып балада болса, басын кесіп, бас терісінен башмақ жасап берейік, – дейді. Басқалар да “бәленің басы неден шықты, соны айт та, қайт” деседі. Сондағы егделеу деген Бәкеннің айтқаны: – Әлгі ботадай бұғалтыр әкесіндей адамнан бойдақ салық ұстап, нервімді шотқа салып, жүйкемді жүндей түтіп бір өлтіріп алды дедім ғой. Қайталай бермейін, содан қояншығым ұстап, кімді ұрарымды білмей, нервім нетіп келе жатсам, жаңағы иттің баласы, танысам, таңым атпай қалсын, ұялмай-қызармай: “Сәлеметсіз бе?” – дегені. Ой, өлгенім-ай. Өмірде көрмеген итім. Қаным қайнап басыма шықты. “Не дедің, қайта айтшы!” десем, шімірікпей: “Сәлеметсіз бе?” – дедім дейді. Танымайтын былай тұрсын, танитын адамға сәлем бермейміз кейде. Сәлемді де саясатпен беретін саналы заманда алды-артын ойламай, аузы-басы қисаймай танымайтын адамына “сәлеметсіз бе?” деуін қарашы қарақшының?! ҮҺ, нервім-ай, өлдімау!
“Танымасын сыйламас” деуші еді, мақал білмейтін малғұн, танымайтын адамға сәлем беріп не жыны бар? – деп Бәкең қалшылдаған “құмырсқаларын” қайырып, “илеуіне” жинастыра бастады»1. Міне, осында Бәкең сәлем берген үшін ғана өзінен кіші адаммен төбелестіріліп ақымақ етілген. Оқырман оның бұл надандығына күледі. Күлкімен мазақталған Бәкеңнің іс-әрекетінен, түсінігінен түңіледі. Мұндай парасатсыз, ақылсыз болмайық деп түйеді. Ж.Алтайбаев “Әумин” деген фельетонында кейбір мекемелердің есерсоқ басшыларының бассыз бұйрықтарын күлкімен келемеж етеді. “Бұл бұйрық бойынша қызмет уақытында, жазатайым, әкесі өле қалса, оны бірде-бір қызметкердің көмуге хақы жоқ. Алда-жалда, ол әкесін қалайда көмбей тынбайды екен, онда рұқсат сұрап бастыққа арыз жазуға және сол әкесін көмген күніне көктиын еңбекақы алмауға тиіс. Сонан соң, бастық рұқсат берсе, әкесін көмеді, бермесе, көмбейді. Немесе қызметтен кейін... түнде көмеді”2. Бұл “данышпандық” бұйрықты оқығанда да жұртшылық күледі. Бірақ күле отырып, күңіренеді. Оқырмандардың әлгідей бұйрық берген ақымақ, адамгершіліктен жұрдай бастықсымақтарға ашуызасын келтіреді. Оларды өздері атқа, “таққа” міне қалса, бассыз бастық болудан сактандырады. Осынысымен жөнге тәрбиелейді. 1 О.Әубәкіров. Сиқыр. А., 1971, 26-27-бб.Советский фельетон. М., 1959, стр., 459. 2 Ж.Алтайбаев. Нақ, нақ. А., 1981, 102-б.
Сөйтіп, күлкіге жығылған, мазақ болған нәрсе әр кез әшкере табады, әлсірейді, теріс тәрбие беруден, зиянды әсер етуден қалады. Өйткені, пәле белгілі болды, ол туралы күлкі шықты деген түсінік дерт иелерін соншалықты састырады, тұқыртады. Ал, күліп отырғандар олардан жоғарылайды, биіктейді. Сатираға тәрбиелік мән, пәрменділік, әсер-ықпал берудің жолдары қайсы? Мұның да әдіс-тәсілдері, сырлары көп. Бұл үшін ең алдымен сатирикте жүрек, ақыл, өзіндік сенім, наным, табандылық, тұрақты бағыт-бағдар болу керек. Әрі оның қызу қанды, талапшыл, іскер, қатал болғаны абзал. Қорқақ, жалтақ, айнымалы, жағымпаз адамнан сатириктер шықпайды. Өйткені, сатира күрес, талас, тартыс, “соғыс”. В.Маяковский сатириктерден батыл әрекеттерді талап еткен. Реті келгеңде дертпен шайнасып, тісті сындыру өкінішті де аянышты емес деп түсінген. Бірақ бұл қасиеттер юморды, күлкі мен көңілділікті, жайдарылылықты, қайырымдылықты жоққа шығармайды. Бұлар да көңіл-күйді көтереді, өнімді еңбек етуге, жақсы демалуға, өмірлік проблемаларды ойластыруға, қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Яғни, сатирик нағыз адам болуға тиіс. Сонда ғана ол игілікті, ізгілікті қолдайды, жоқтайды, сол үшін күресе алады, тәрбиелік мәні бар, ой саларлық әсері, ықпалы бар пікірлер қозғайды. Әрі онда өз сенім, нанымын басқаға бере алатын, айтып жеткізе алатын қабілет болуы шарт. Тәрбиелік мәні, ықпалы зор дүниелер туғызу үшін сатирик әрі өз елінің шын жанашыры, шын
патриоты болуға міндетті. Осынша өткір сатираны неге жазасыз дегенде, Н.В.Гогольдің «Өз Отаным – Россияны шын сүйгендіктен» деп жауап беруі тегін емес. Сондықтан да Н.А.Добролюбов жазушыларды орыс өмірін түзетуге, жақсартуға септігін тигізетін оқиға, құбылыстарды тауып алып, соларды орыс патриоттарының жанына, сезіміне тиетіндей етіп суреттеуге шақырған. Сонда ғана олар орнынан қарғып тұрып, “бұл не деген сұмдық”, “бұл не деген түрме, бұдан былай бұл тамұқта тұрғанша, өліп-ақ кетейін!” деп дүр сілкініп күреске көтеріледі1 деген. Ал сатириктің өзі патриот болмай, бұлай жазуы, жұртты күреске оятуы мүмкін емес. Біздің сатириктер де тәрбиелік мәні күшті, әсер, ықпалы мықты шығармалар тудыру үшін өздерінің патриоттық биік сезімін қалыптастыруға тиісті. Сонда ғана олар өмірдегі зиянды болмыс-құбылыстарға жұрт ашу-ызасын оята алады, олардың кесірлі, кесапатты екеніне оқырман көзін жеткізе жазады. Сатираның тәрбиелік құны, оқырманға әсерықпал ету күші заман, дәуір, кезең рухын айқын түсініп, сол тұстағы өмір тынысының тамырын тап баса білуге, не туралы жазу қажеттігін сара ұғуға байланысты. Яғни, сатирадан дәуір үні, заман лебі есіп тұрса, жақсы. Бұл үшін ол өз тақырыптарын сол кездің тарихи документтерінен, партия мен үкіметтің нұсқау, директиваларынан, қаулы-қарар шешімдерінен, басшы адамдардың сөйлеген сөздерінен табуға тиісті. Өз кезеңінің жұрт боп 1 Н.А.Добролюбов. Избр. философские сочинения, М., 1946, т., 2, стр., 402-403.
жұмылып шешіп жатқан көкейкесті мәселелеріне килігуге, үн қосуға міндетті. Сонда ғана ол жұрт жүрегіне жол табады. Сонда ғана оны ел елең етіп ескереді, пікіріне құлақ қояды. Мұның үстіне, сатира халық мүддесін, халық мұқтажын жоктауға тиіс. Ол “осы туралы жазса”, “осыны әшкерелесе” деп жұртты ойландырып, толғандырып жүрген проблемаларды қозғауы керек. Халықтың жүрегін ауыртып, ашу-ызасын келтіріп жүрген көңілсіз көріністерді қалың бұқара пайдасына ыңғайландыра әшкерелеген сатира ғана қоғамдық мәні бар сатира болып саналады. Қоғамдық сатира ғана әсерлі, ықпалды болмақ. Біздің көптеген сатиралық шығармаларымызда осы талап ескерілмейді. Мысалы, О.Әубәкіровтің “Сенің атың Хамит”, “Жалаңаш оқ”, “Ассалаумағалейкум, ата!” “Маскүнем тауық”, “Қастандық”. О.Иманалиевтің “Есебі бар жігіт”, “Ұры сиыр”, Т.Құлиясовтың “Тәкеевтің рогаткісі”, Ш.Смаханұлының “Тарғыл танкетка”, “Асқазанның аһ ұруы”, Е.Айтмағанбетовтың “Көмектесеміз”, “Құлақтың қырсығы” деген дүниелерінің қоғамдық, әлеуметтік мәні жоқ. Көбі – бос қылжақ, әшейін күлкі үшін жазыла салған нәрселер. Бұларда сатира жүгі мүлде жеңілдетіліп, қарадүрсінділікке жол берілген. Мұндай сатирадан ешбір тәрбие, ешқандай қайыр жоқ. Сатираның тәрбиелік мәні, ықпалы болу үшін ол жағымсыз жайларды жай хабарлай салуға тиісті емес. Кемшілік бар, дерт бар деп айқайлау жеткіліксіз. Сатира кім не істеді, неге істеді, не болды,
қалай болды деген сұрақтарға жауап берумен ғана шектелмеу керек, дерт иелері осыны істеуге қалай қалыптасты, неге мәжбүр болды; бұған жеткенше, осынша құлдырағанша қандай жолдардан өтті. Қазір ол сүйеніш, тіректі кімнен, неден тауып отыр деген сұрақтарға жауап беруге міндетті. Демек, бізге теріс мінез, зиянды құбылыстардың орын алу себебін, тамырын ашып, аршып көрсететін сатира қажет. Осы орайда, Н.А. Добролюбов «Сатира жалпы халықтық кемшіліктер мен азып-тозудың неліктен болып, неліктен дамитынының, қаһарлы әшкерелеушісі болуға міндетті» деген. Әрине, бұл – орыстың классикалық сатирасына қатысты пікір. Советтік сатираның да басты мақсаты – жөнжосықсыздықтардың қалай пайда болып, неден негіз табатынын көрсету. Бұл орайда, Максим Горький де «Сатирик дерт сырына, оның табиғатына қанық болуға тиіс» деген. Біздегі көптеген сатиралық дүниелерге осы тереңдік жетпейді. Олар фактіні тіркеп баяндаумен шектеледі. Болмыс-құбылысты хабарлай, суреттей салады. Мысалы, Ғұмар Ахметчиннің бір сықақ әңгімесінде лирикалық кейіпкер өзінің тоғышарлық әрекеттерін жалаң баяндап ұзак сөйлейді. (Ол көп ретте тоғышарлықтың не екенін түсіне де қоймайды – Т. Қ). Бірақ бүкіл әңгіме бойында не автор, не кейіпкер тоғышарлықтың түп-төркіні неде екенін, оның қандай орта, қандай жағдайда қалыптасатынын ашып бермейді. Сықақ сабазы бірде тоғышарлықтың сырын мүлде қарадүрсін түсіндіреді. Былай дейді: “Әлқисса... қызметте
де, қоғамдық орындарда да “тоғышар” деген сөз көлеңкем сияқты қасымнан екі елі қалмайды. Неге дейсіздер ғой. Менің аузым – нағыз қағынған ауыз. Бес-алты жасымнан бері шылым тартып келем. Отырып тартам, жатып тартам, ұйқымнан оянып тартам, самолетте ұшып келе жатып тартам, автобуста келе жатып тартам. Қысқасы, менің аузым қайда – шылым сонда. Бір минут тартпасам, өкпем өкпелеп, табанымнан шығып кететін тәрізді көрем. Осынымды жұрт ұнатпайды”1. Сонымен, кейіпкеріміздің тоғышар болуы, айналасына “тоғышар” деп танылуы оның темекі тартқандығынан екен. Адам бойына бітетін жаман әдет-дағды – тоғышарлықтың түп-тамырын бұдан артық қарадүрсін түсіндіру бола қоймас. Осы автор тағы бір әңгімесінде Ізбай дегеннің қоқиланған қызыл қоразы бар екенінен хабар береді. Сатириктің, айтуынша “Ізбай осы қоразын “бақыт құсы” деп есептейді. Оны базардан сатып әкелгелі бір шыбышы да өліп, не жоғалып көрген емес, жиырма тауығы жүзге жетті, сатылған мен желінгенінде есеп жоқ, қоразды әкелген күні төсек үстінде көк түйнегі ұстап жатқан Қатипа жастықтан басын көтеріп, тілге келді, үш күннен бері бұзаулай алмай жатқан шолақ құйрық қасқа сиыры мөңіреген ұрғашы бұзау туды, әлдеқашан өліп қалды деген жетім қара қозының өзі қалың шіліктің арасынан көзі тікірейіп, тірі табылды, аманның жеті қабатына кіріп, жоғалып кеткен құлынды биесі кісінеп үйге келді. Осының бәрі қораздың құтты жолынан болды 1 Ахметчин Ғ. «Көзі сынық тебен». Жинақ, А., 1953,16-б.
деп Ізбай ырым етер еді”1. Ізекеңнің осы ырым-жырымы мен соқыр нанымының сыры неде? Әңгіменің басты идеямақсаты негізсіз, жалған осы ұғымға соққы беру, соның сырын ашу болуға тиіс еді. Сонда ғана бар жақсылықты әлгідей бір нәрсеге тели салатын діни нанымдағылар әшкере табатын, әрі сабақ алатын еді. Сатираның тәрбиелік мәні, пәрменділігі оның көркемдік сапа, қасиеттеріне де тікелей байланысты. Кемшілікті көрсеткен, сынаған нәрсенің бәрі сатира емес. Тәжірибеде сын материал, сатиралық материал, жағымсыз кейіпкер, сатиралық кейіпкер дегендер болады. Сын материал сатиралық дүниеге айналу үшін автор ондағы жағымсыз құбылысқа, ұнамсыз нәрсеге ерекше шүйіледі. Соның астын сызып, үлкейтіп, өсіріп, бірінші қатарға шығарып көрсетеді. Яғни, оған үлкейткіш әйнекпен қарайды. Сондағы көргенін күле, кекете, мысқылдай суреттейді. Тіл мен стильдің сатиралық құралдарын мол пайдаланады. Осысымен кемшілікке жұртшылықтың назарын тез аударады, тез толғандырады. Мұның бәрі – сатиралық шығарманың тәрбиелік әсер-ықпал ету белгісі. Мысалға, С.Адамбековтың жоғарыда аталған “Молдалар соғысы” атты әңгімесінде, әлгі айтылған әсірелеу де, кекету де, күлу де – бәрі бар. Мұндай уытты, зілді туындыларды белгілі сатириктер творчествосынан ғана емес, жергілікті жас сықақшылардың өз газеттерінде жариялайтын шығармаларының арасынан да кездестіреміз. 1 Бұлда сонда, 28-б.
Талдықорған облысында Софичев деген алаяқ елдің сағатын сапасыз жөндеп, ақысын асырып алып, бас пайдасына жаратып отырған. Күндердің күнінде ол алтын сағаттарды арқалап тайып тұрған. Жұрт жер соғып, оның орнын сипап қалған. Осы туралы облыстық газет “Талтүсте жоғалған адам” деген сықақ заметка жариялады. Соның мазмұны былай болып келеді. “Заказ иесінің бүгін жөндетіп алған сағаты араға апта салып жүрісінен жаңылатын, болмаса, “жүрек соғысы” мүлдем тоқтап қалатын болды. Сол сағаттың бір-екеуін қазір Софичевтің көзіндей көріп, төрімізге іліп қойып, бетіне қарап отырмыз”1. Осында ащы кекесін, ирония жатыр. Асты сызылған тіркестер, ұқсатулар мен теңеулер сықаққа уыт, зіл беріп тұр. Жағымсыз кейіпкерлерді жай сөздермен, қарапайым баяндаумен-ақ сипаттай беруге болады. Оларды ашуда тұрмыстық дәлдік сақталады. Мысалға, мынаны оқиық: “Ауылға өкіл келді. Орта бойлы, шағын денелі, төртбақ, қара торы, былайша денсаулығы мықты жігіт тәрізді. Әрине, спорт қоғамының бастығы болған соң оған таңқалмай-ақ қойыңыз. Қырықтың қырқасына шықса да, спорт қоғамының құлағын мығым ұстап келе жатқанын сөз арасында бірнеше рет ескерте айтып, өзін көбірек таныстырды. Бір кезде атақты боксер едім деп те көтеріліп қойды. “Әйтеуір, спортқа сіңірген еңбек ұшан-теңіз, мен болмасам, ауданда спорт жайы не күйде болар еді”, деп шын сырын «шүу» дегеннен маздатып салды!” 1 «Октябрь туы» газеті, 4 март, 1983.
Осында мақтаншақтау өкілдің бейнесі тұрмыста жиі қолданылатын сөздермен, кім болса сол айта алатын елес-пікірлермен-ақ баяндалып, сипатталған. Ал, сатиралық бейнелерді жасауда тұрмыстық дәлдік сақталмайды, өмірлік шындық ғана сақталады. Нақты бір сурет, құбылыс, портрет бұрмаланып, қисайтылып, мазақталып суреттеледі. Мысалы, “Жанына келдік. Тірі ұрыны алғаш көргендіктен бе, неге екенін білмеймін, әйтеуір мен бұдан шошиын дедім. Аузы итаяқтай, екі құлағы тебінгідей, балтырлары бураның санындай дәу тұр қарсы алдымызда” (Ж. Алтайбаев), “Желке иесінің басы қау шөптің арасында кездесетін көк шегірткенің басындай, қарақұсы шодырайған, самайлығы сығыңқы... Шаштан ада бола бастаған тайпа қызғылт төбесінде тырнақтай ойық тыртығы бар” (Ғ.Қабышев), “қазандай қарындарын сипап, қалқан құлақтарын тосып тұрған ағайынды Қошман, Ошман қайтадан қорадан қорбаңдап шыға жөнелді” (С.Адамбеков), “Құрманбай ұзын бойлы, қиық көз, сопақ бет, маңдайы мен қос қабағының арасы қосылып кеткен, шикіл сары, көк көз жігіт болатын” (О.Иманәлиев), дегенде портреттерді шарждау, карикатуралау бар. Сықақтық бейнелер осылайша жасалады. Сиықсыз, сұмпайы етіліп суреттелген сатиралық кейіпкерлер оқушыны өзінен жирендіреді, бездіреді, басқа, түңілдірмейтін, түсі жылы, жібі түзу, іш тартуға, еліктеуге, ұқсауға тұратын бейнелер іздеуге мәжбүр етеді. Демек, сатиралық образдарды иін қандыра, келістіре суреттеу де шығарманың
тәрбиелік әсер-ықпалын күшейтеді. Сатиралық туындының пәрменділігін, тәрбиелік мәнін, сезімге тиер күш-қуатын арттырудың тағы бір шарты – тілдің бейнелі, көркем болуы. Сатира да көркем туынды, оған да әдеби ажар шарт. Оқушының оны да тұшынып оқуы қажет. Қазіргі совет адамдары сауатты ғана емес, білімді де мәдениетті. Ненің сәтті, ненің сәтсіз екенін жақсы біледі, жыға таниды. Талғам, тұшымы өскен біздің жұртшылық жазушы, сатириктерден нағыз көркем, шын өткір туындыларды талап етеді. Осы биік талапқа жауап берерліктей етіп, бейнелі, әсерлі жазуға талпынушылар бізде жоқ емес1. Мысалы, С. Адамбеков творчествосында “Сыбан молда қол жайды да, үйдегі бар ерін біраз үнсіз жыбырлап, тарбиған саусақтар әжім басқан беттерді тырмалап өтті”, “...Қоянның көжегіндей аппақ келіншек төбесінің тақыры дәл осы тоғайдағы алаңнан айнымайтын ұзын бойлы сары кісінің қолтығына кіріп тұрды... ақ келіншек кіндігінен ғана келіп тұрған тақыр басты шал екі бүктеліп кеп, келіншектің тамағынан емірене иіскеп, қайтадан басын көтергенде, тайларын емізіп тұрған түйеден айнымай қалады”, “бұл жақтағы сауысқан да бүгінгі жаназаға қатынасып, құран оқып, жыртыс алатындай, ауыл айналасын айналдырып, әр жерге бір қонып жүр”, “...тоғайдағы жалғыз түп кәрі ағаштың бұтақтары қураған басына салған дегелек ұясы кәдімгі қорықшылардың шайласынан да үлкен болатын. Әр жерден молданың ізін бір көріп, сол 1 Т.Құлиясов. Кесілген бұрым. А., 1977, 27-б.
қойнаудағы ескі қыстауларды тінтіп, шөмеле-шөмеле шөптерді бесақамен аударып тастап, жанталасып жүрген Жаманқара дәл осы басына дегелек үй тіккен жалғыз түп ағаштың көлеңкесінде жатқан ала сиырдың қасына келіп отырды. Ентігін басып, енді омырауын көлеңке самалына аша бергенде, тал басынан шыңғырған бір жаман дауыс шықты. Жаманқара шошынып, орнынан атып тұрғанда, молданың көн кебісінің бір сыңары төбесіне тақ ете қалды. Біреу төбесінен таспен ұрғандай сезініп, анадай жерге қашып барып, Жаманқара тал басына қарағанда, дегелек ұясын бұзып шығып, тыпырлап жатқан адамның екі сирағын көрді. Қайта жүгіріп келіп, төбесіне тақ ете қалған молданың кебісін таныды Жаманқара... Жаманқара молданың кебісін бір сәт көкірегіне басып тұрды да, тал басына маймылша өрмелеп кетті” деген сияқты тартымды жолдар, әдемі елес-суреттер мол ұшырасады. Бұларды оқығанда ынтықпай, толғанбай, тамсанбай отыра алмайсың. Олардан бірде күлкілі елестер, енді бірде карикатуралық суреттер көресің. Тағы бірде айтылып отырған күлкілі жағдайлардың ішінде өзің жүргендей сезінесің. Дәл табылған теңеулер, ащы анықтамалар мен өмірлік қимыләрекеттер күлдіріп, оқиғаның шындығына көз жеткізіп, иландырып отырады. Соңғы үзіндідегі заң алдында жауап беруден тайқып дегелек ұясында жасырынып жатқан молданың түс көріп, түсінде біреулермен алысып-жұлысуы, шошынып айқайлауы, тыпырлап жатқанда екі аяғының дегелек ұясын тесіп шығып, сирағының көрініп
қалуы, сыңар кебісінің сыпырылып кетіп, төменде отырған Жаманқара басына сарт ете түсуі, сөйтіп молдекеңнің өзін-өзі ұстап беруі – бәрі-бәрі әрі шындық тұрғыда, әрі күлкілі етіліп суреттелген. Мұндай әсерлі оқылатын, сезімге тиетін сөз, сөйлем, сурет, елестер әр сықақшыда-ақ мол ұшырасады. О.Иманәлиевтен мыналарды оқыдық: “...ашқарынға ащы арақты ішу ұстарамен шашын алғызған басты тұзды сумен жуғандай шығар”, “Қаздың еті деген шошқаның етінен де ауыр. Тап бір қайын жұртына барған жігіттей асқазанда тоғыз сағат жатып алады... Мұны тәуір ет деп жүрсек, ауыр ет деңіз? Мүмкін, асқазан оны жақсы көрген соң қимастықтан жібермейтін шығар”, “ауданнан бастық келген сайын жайылып жердің құртындай бүкірейесің, ал совхоз жұмысшыларына мысықтың мұртындай тікірейесің. Сенің түбіңе жететін жегі құрт – сол”. Осында да өткір теңеулер, ұтымды ұқсатулар, жансызға жан бітіру, заттарды адамдандыру бар. Бұлар да сатира тіліне нәр беріп, оның әсер ету ықпалын күшейтіп тұр. Мұндай үйірімді жазылған сықақтарды облыстық газеттерден де тауып оқуға болады. “Ленин жолы” (Қызылорда) газетінің “Қармақшыға бармақшы боп...” атты сықағынан үзінді келтіріп көрейік! “Өзекті жылдың кезекті қаңтарының қалтарысында қалған қол байлаулар мен жол байлауларды, кері кеткен керенаулық пен кенеуі қашқан кемістіктерді жалғанның жарығына шығаруға шындап бел байлаған Қожекең есегінің
айылын тартып, жабуын жалаулатып Қармақшы уәлаятының шаруашылықтарын бетке алып жүріп кетті. Келе “Майлыөзек” совхозының бас агрономы Жанәділовке оқыс тиісті: Аты-жөніңді ауданнан жаңа біліп, Өзіңе келіп тұрмын, Жанәділов. Тұқым қайда, көң қайда, сен қайдасың. Не қылғаның, ісіңді шала қылып?!»1. Осы жолдар тілдік, стильдік жағынан сәтсіз емес. Мұнда қисынын тауып жатық шыққан сөз, сөйлем бар. Сықақтық үн, адуынды екпін, леп бар. Міндет – алдағы уақытта күннен-күнге шебер жазу, ұқсата жазу. Бұл үшін сатириктеріміз кәсіптік шеберліктерін тынбай шыңдауға, өміріміздің жағымды, жағымсыз құбылыстарын парасатты бағалай білуге міндетті. Сатиралық шығарманың тәрбиелік мәнін, оқырманның түйсігін ояту құдіретін арттыруда оқиға, әрекет табиғилығы да үлкен рөл ойнайды. Сөз етіп отырған күлкілі жағдай өмірге сыйымды, құлакқа кіретін болмаса, оқушы оған иланбайды, сенбейді, одан өмірлік сабақ алмайды. Біздің көп сықақ дүниелерде осы шыншылдық, табиғилық жетпейді. Кейде сыртқы әсер тудыру ниетімен сюжетті жасанды шиеленістіру байқалады. Мысалы, О.Иманалиевтің “Күн кешкіріп барады” повесінде мынадай бір жайт баяндалады: “Екінші бөлімшедегі Әліптің үйіне қаладан екі 1 «Ленин жолы» газеті, 12февраль, 1983.
қыз келіпті деп Құрманбай, Жотан, Шәбен, Үпек төртеуінің жарғақ құлақтары жастыққа тимей зыр жүгіреді. Бірақ олардың бұл не қылған қыздар екенінде шаруалары болмайды. Тек Бағланкүлдің оларды ұнатпай: “Мейман қыздардың сұлуынай! Өздерінің киімдері де, түрлері де, шаштары да иықтарына түсіп, бір-бірінен айнымайды екен”, – деген әзілі қамшы болады. Сонымен, тәуекелге бел байлаған Құрманбай мен Жотан “тегін” жүрген қыздардың екеуіне үйленгісі келіп, шұғыл әрекет жасайды. Ымырт жабылған шақта қыздар ауыл маңындағы өзеннен серуендеп қайтып келе жатады. Сол сәтте қалың жыңғылдың ішінен төртеуі шыға келіп, екі қызды шап беріп ұстап алады да, ауыздарына орамал тығып, домалақ машинаның ішіне сүңгітіп-сүңгітіп жібереді. – Ой, масқара-ай!... – Жә, масқарасы әлі алда. Қонақ қыздарды қозыдай өңгеріп әкеп шымылдықтың ішінен бірақ шығарады. “Келін келді” деп Балпан жүгіріп, Жотанның үйі бір жағынан аңқылдап ақтарылып жатқанда, келін шыңғырып жіберіпті: – Апатайлар-ау, мен әйелмін ғой! Қасымдағы күйеуім еді, босатыңыздаршы! – деп, шымылдықтан атып шыққанда, үйдегілер шалқасынан түсе жаздапты. Ал Балпанның үйіне түскен “келіннің” қолы босаған заматта Құрманбайды тұмсықтан бір ұрып есінен тандырыпты. Шынында да, ол Жотанның үйіне түскен “келіннің” күйеуі екен...”1 Сатира да өзінің шыншылдығымен оқырманның 1 О.Иманәлиев. Сыңар кебіс, жинақ, А., 1977, 170-171-бб.
ой-санасына, көзқарасына әсер-ықпал етеді. Әлгідей сенімсіз, тек сыртқы әсер туғызатын қисынсыз хикаялар оқушы жүрегіне жол таппайды, көңіліне қонбайды. Олардан тәлім-тәрбие алу, көргенділікке үйрену екіталай. Осы сияқты, Ш.Смаханұлының бір әңгімесінде еркек кісі толғатып, әйелдер босанатын үйге жөнелтіледі. Мұндай өтіріктің қандай тәрбиелік мәні, ақыл-парасатқа қандай әсер-ықпалы болмақ? Сатираға арқау болатын күлкілі жайттар да тіршіліктұрмыс шындығына, өмір логикасына негізделген болуы керек. Сықақ туындыларының тәрбиелік ықпалкүші олардың биік идеялы, саяси сауатты, қате де жат пікірлерге ымырасыз болуына тікелей байланысты. Сондықтан да партиямыз өнер туындыларының идеялығы мен көркемдік сапасын әрқашан тұтас алып, бірлікте қарайды, оларды әдебиет шығармаларын бағалаудағы басты өлшемкритерий деп біледі. КПСС XXVI съезі шешімдері мен Орталық Комитетінің “Әдеби-көркем сын туралы” қаулысында да, июнь (1983) Пленумының материалдарында да шығармалардың саяси жағынан ұстамды, эстетикалық жағынан тұшымды, мәдениетті болуын ескертті. Сөз жоқ, қаламгерлеріміз партияның қойған талап, міндеттерін ескеріп әдебиет, өнер туындыларының сапасын үнемі жақсартуда. Бірақ, әлі де идеясыздықтан, талғам-тұшымсыздықтан толық арылып бола алмай келеміз. Кейде фактіге, айтқан пікірге баға бере алмау кездеседі. Осыдан
қате пікірге ұрынып, совет шындығын теріс көрсетіп отырғанымызды байқамай да қаламыз. Мысалға Желбір Жекеннің мына екі шумақ “сықағын” оқып көрейік: Біреулер алашасын тұсына ұстап, Қырық тиынын қырық күн санап, Біреулер алтынменен аяқ майлап, Сәндік үшін күміспен таяқ майлап. Біреу таппас шалапқа езер қатық, Әзер тұрып жүргені, әзер жатып. Біреулер балконына қос ит ұстап, Есігіне қойыпты кез орнатып. Осы өлеңнің алғашқы алты жолын оқығанда Сұлтанмахмұттың “Бір адамға”, С.Дөнентаевтың “Заман кімдікі?” деген өлеңдерінде суреттелген әділетсіздік еске түседі, сол заман, сол ортадағы таптық теңсіздік айтылып отыр екен деп ойлайсың. Бірақ соңғы екі жолды оқығанда барып, автордың әлгі пікірлерді бүгінгі советтік өмірімізге теліп отырғанын түсінесің. Түсінесің де, қынжыласың. Бұл қате, бұл шындығымызға үйлеспейтін нәрсе ғой дейсің. Ойлаңыздаршы! Бізде біреулер кілем басып жүрсе, біреулер алашасын тұсына ұстап отыр, біреулер азын-аулақ тиын-тебенін қайта-қайта санап, қалт-құлт етіп зорға күн көріп жүр, біреулер шалап етіп ішерге қатық таппай отырса, біреулер аяғын алтынға, таяғын күміске малып отыр деуде қаншалықты шындық, дүрыстық бар? Мұндай
пікірлер оқырмандарға оң тәрбие бермек емес. Сатира әсерін, сатира ықпалдарын арттырып, одан жақсы нәтижелер шығару үшін жергілікті партия ұйымдары мен совет органдары сатира сынына құлақ асуға, оны қолдауға тиіс. Оған қырын қарап, дұрыс қабақ танытпайтын мекеме, ұйым, өндіріс басшыларының тәртібіне принципті баға беру керек, оларды партиялық, әкімшілік жолмен жауапқа тарту қажет. Жергілікті партия, совет орындарының баспасөз бетіндегі сатиралық сынды қолдап, қостап отыруы журналистер қауымының беделін күшейтеді, бұкаралық хабар мен насихат құралдарының идеологиялык әсер-ықпал ету күшін арттырады. Мұны ұмытпаған жөн. Сатиралық материалдардың пәрменді, тәрбиелік әсер-ықпалының жоғары болуы редакцияның ұйымдастыру жұмысының деңгейіне де тікелей байланысты. Ол әр кез сын материалдарының қолдау табуын, жоққа шығарылмауын, нәтижелі болуын қадағалап отыруға тиісті. Олардың тағдыры немен біткенін, сын бойынша кімдер жауапталып, қандай шаралар белгіленгенін өз оқырмандарына хабарлап отыруға міндетті. Өйтпесе, жұрт “газет сыны қолдау таппаған екен, өтірік боп шыққан ғой” деген ойда қалады. Бұл ел алдындағы газет беделін төмендетеді. Осылай болмау үшін де қазір газетжурналдарымыз: “Біздің дабылымыздан кейін”, “Сынап едік, нәтиже қандай?”, “Бізге жауап береді”, “Бізге хабарлайды”, “Газет сынап еді, не істелді?!” деген сияқты толып жатқан тұрақты рубрикаларды
үзбей беріп отыруға ұмтылады. Баспасөздегі сын, сатиралық материалдардың аяқсыз қалмауын қадағалайды. Кейде сатиралық материалдардың пәрменділігін қамтамасыз ету үшін газет-журналдар бұрын бір көтерген мәселесіне қайта айналып соғады. Баспасөз сынына ықыласы түспей, алдаусыратып жауап сүйкей салғандарды қайта әшкерелейді. Айталық, “Октябрь туы” (Талдықорған) газеті сонау 1981 жылы 15 майда сынаған, бірақ әлі жойылмаған кемшіліктеріне 1982 жылы 27 мартта қайта айналып соқты. Сынды сөзбұйдаға салып, тақымға баспақ болғандардың “шаңын қақты”. Өзінің сын, сықақ материалдарының пәрменді, нәтижелі болуы үшін баспасөз органдары табанды, принципті күрес жүргізуге тиіс дегеніміз, міне, осы. Партиямыздың үйретуі бойынша, сын, сықақ материалдарды халықтың өзі жазса, оның тәрбиелік мәні, пәрменділігі жоғары болады. Өйткені, халықтың өз өкілдері оның жүрек соғысын, есілдертін жақсы түсінеді, сәтті жазады. Сондықтан да партия еңбекшілер хатына, ауыл, село тілшілерінің материалдарына ерекше ілтипатпен қарауды, баспасөз бетінен кеп орын беруді талап етеді. Газет, журналды редакция қызметкерлерінің күшімен ғана шығаруды, солардың материалдарымен толтыруды зиянды тәжірибе деп есептейді. Қазір баспасез беттерінде еңбекші бұқара материалдары, сын, сықақтары жиі жарияланып жүр. Мысалы, Қызылорда облыстық “Ленин жолы” газетінен дәрігер Қ.Шардановтың (12.3.83), шофер
Қ.Құдайбергеновтің (11.6.83), почта қызметкері П. Байзақовтың сықақ өлең, фельетондарын оқыдық. Осы сияқты “Көкшетау правдасы” газеті “Оқырман фельетоны”, “Біздің Араның” почтасынан” деген рубрикалармен ауыл, село, жұмысшы тілшілерінің сатиралық дүниелерін беріп тұрады. Олардың тиімділігін, пәрменділігін арттыра берудің жолдары, шаралары тынбай қарастырылуда. Сатираның пәрменділігі мен тәрбиелік мәнін арттырудың тағы бір шарты – оған тұрақты трибуна беру. Сонда ол жиі көрінеді. Жиі көрінгенде ғана ол барлық проблемаларды жан-жақты қамтып, қозғай алады. Үнемі жазылып сан қырлы мәселелерге киліккенде ғана сатира бар жанр, бар түрімен өрнекайшық табады. Түр байлығы, жанр молдығы ғана сатираны кемелдендіріп, мазмұндандырып, оның қалың бұқара белсенділігін арттырудағы, қоғамдық сананы қалыптастырудағы ролін күшейтеді. Сондықтан да қазір сатира, юморға мән бермейтін, көңіл бөлмейтін газет, журнал жоқ. Өйтпеске жұрттың өзі де қоймайды. Өткенде бір оқырман инженер: “Егер “Комсомольская правдада” сатира, юмор бұрышын ашпау – газеттің принципі болса, ол неге негізделген, егер олай емес, жай ғана ұмытқандық болса, ол неге жылдарға созылады?” деп мәселені бүйірінен қойды. Газет бұл пікірді орынды деп тапты. Сықақ бұрышын ашуды ұйғарды. Сатириктер мен юмористерді, суретшілер мен фотографтарды, тапқыр таланттар мен қуақы, қалжыңбастарды қатысуға шақырды. Идея, тақырып ұсынуды, күлкілі нәрселердің адресін хабарлауды
сұранды1. Партия мен үкіметіміз әр кез сатира, юморды өркендету; баспасөз бетінде тұрақтандыру қамында. Олар барлық жерлерде арнаулы сатиралық журналдар шығаруға жағдай жасайды, қаржы бөледі, оның кадрларын даярлатады. “Ара” “Шмель” журналы да осы қамқорлықтың нәтижесінде жарыққа келді. Бұдан кейін “Араның” ізбасарлары, інілері бой көрсетті. Одан үлгі алған, өнеге үйренген аудандық, қалалық, облыстық газеттер өз беттерінен сықақ бұрыштарын ашты. Сөйтіп, сатира бізде де тұрақты трибуна алды. Сықақ бұрыштары қазір кемшілік атаулыға қарсы күрес аренасына айналды. КПСС Орталық Комитеті “Идеологиялық, саяси-тәрбие жұмысын одан әрі жақсарту туралы” (апрель 1979) қаулысында өмірдегі кемшіліктер жөнінде үндемеу, шешілмеген мәселелерді орағытып ету тәрбие жұмысының бүгінгі міндеттерімен ешбір үйлеспейді деген еді. Осыны ескеріп сықақ бұрыштары кемшіліктердің сын төркінін ашып, оны жоюдың жолдарын белгілеп отыруға бой ұруда. Өйткені, кемшілік атаулыға қарсы күрес дегенде, сол баяғы сатира мен юморға, баспасөздегі сықақ бұрыштарына айрықша ден қойылады. Осы бір өткір түрді әрдайым пайдалануға, оны шебер жүргізе білудің сырларын игеруге үнемі қамқорлық жасалып келеді. КПСС Орталық Комитетінің “Тамбов облыстық партия ұйымындағы сын мен өзара сынның жайы туралы”, “Әдеби-көркем сын туралы” қаулылары да – осының 1 «Комсомольская правда». 28 октября, 1983.
үлкен айғағы. Көптеген республикалық, облыстық газеттеріміз әлгі нұсқауларға орай “Правда” (“Сатирическим пером”), “Известия” (“Удивительные истории”), “Литературная газета” (“Клуб стульев”) газеттерінен жол-жоба көре отырып, сықақ бұрыштарын жүргізуді дәстүрге айналдырды. Олар өндіріс орындары мен мекемелерде, колхоздар мен совхоздарда шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізудегі алуан түрлі оралымсыздықтарды, жеке адамдардың ісіндегі, тәртібіндегі, санасындағы жағымсыз әрекеттерді жоюда, жұртты ізгілікке баулып, жақсымен таныстырып, жаманнан жирендіруде көп қолғабыс көрсетуде. Соңғы жылдардағы әзіл-оспақ, сын-сықақтың еңселі көрінуі, қабілетті сатириктердің қалыптасуы да сықақ бұрыштарының игі ісімен тікелей байланысты. Бұл бұрыштар әрі газет-журналдарымыздың беделіне бедел қосты, жалпы әсерін, пәрменділігін арттырды. Дегенмен, сықақ бұрыштарын жүргізуде бар мүмкіншіліктерді пайдаланып болдық, мол тәжірибе жинақтап үлгердік деп айта алмасақ керек. Бұл істе әлі де шешілмеген, ескерілмеген жайттар жоқ емес. Ең алдымен айтарымыз – сықақ бұрыштарын бір жүйеге келтіріп, уақтылы, мазмұнды шығаруды әлі үйренгеніміз жоқ. Бірсыпыра республикалық, облыстық газеттер оны тұрақтандыруды, сапасын жақсартуды әдетке айналдыра алмай-ақ келеді. Мысалы, “Қызыл ту” (Павлодар), “Еңбек туы” (Жамбыл), “Коммунистік жол” (Маңғышлақ), “Орал өңірі”, “Коммунизм жолы” (Ақтөбе) газеттерінің
сықақ бұрыштары сирек көрінеді; “Семей таңы” өз сықақ бұрышын айлап, жылдап ұмытып кете береді. “Ленин туы” (Солтүстік Қазақстан) тек 1983 жылдың 23 июлінде “Күлкі – көңіл кілті” атты әзіл-оспақ бөлімін ашты. Ол ай сайын сәлем беріп, шығып тұрады деп еді. Кейде оны да көре алмай қаламыз. Зорға табылған “көңіл кілтін” жоғалтып алмаса дейміз. Біздіңше, әрбір баспа органы өз сықақ бұрышын жүйелі де мазмұнды шығарып тұру үшін оның мақсатын, мазмұнын, жоспарын айқындап, саралап алуға тиіс. “Литературная газетаның” тәжірибесінен осыны байқауға болады. Оның сатира-юмор бөлімінің меңгерушісі Виктор Веселовскийдің айтуына қарағанда, сықақ бетін жүргізушілер сейсенбі сайын редколлегия мәжілісінде ертеңгі – сәрсенбідегі және алдағы екі номердің жоспарын талқылап бекітіп отырады. Мұнда басқа бөлімдер заявкасы, авторлар мен тілші хаттары мол пайдаланылады. Редакция айына үш мыңнан аса хат алады екен. Соның үштен бірі сатира, юмор бетіне түсетін көрінеді. Осындай бұқаралық, ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесіңде бұл газет, міне, ширек ғасыр бойы ай сайын емес, апта сайын сықақ бетін тынбай, талмай шығарып келеді. Әрине, облыстық баспасөз органдары мен “Литературная газетаның” арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Олардың міндеті де, мүмкіншілігі де әр қилы. Әңгіме тек әдебиет газетінің творчестволық ізденімпаздығынан, авторларды табу, тарту, жалпы сықақ бетін жүргізу тәжірибесінен
үйрену, үлгі алу туралы болып отыр. Әлгідей тәуір ізденіс, жақсы нәтижелер кейбір облыстық газеттеріміздің тәжірибесінен де байқалады. Мысалы, “Көкшетау правдасы”, “Октябрь туы” (Талдықорған), “Ленин жолы” (Қызылорда) газеттері жоспарлы жұмыс жүргізіп, автор, тілшілермен жүйелі байланыс жасау нәтижесінде өз сықақ бұрыштарын уақтылы шығарып отырады. Сықақ бұрыштарын жүргізудегі екінші бір олқылық – олардың көбі тым жұпыны, жанрға бай емес. Әсіресе “Семей таңы” газеті сықақ бұрышын айнымас, адастырмас бір қалыпқа салып алды. Әр ретте белгілі бір орында, бірдей көлемді екі сықақ суреттемені береді де отырады. Шығыс Қазақстанның “Алтай арасы”, Гурьевтің “Атырау сонасы”, Маңғышлақтың “Бөгелегі” әдетте нақты фактіге негізделген бір-бір сықақ өлең, сықақ заметка жариялаумен шектеледі. Әрине, бұлардан үлкен әсер-ықпал, тәрбиелік мән күту қиын. Асылы, жанр, түр таңдау авторлардың субъективтік талғам-тұшымына ғана байланысты емес. Сөз етілетін тақырып, факт, солардың негізінде айтылатын пікір, идеяға қарай лайықты жанрды таңдауды қажет етеді. Жанрын тапқанда ғана материал мақсатына жетеді, нысанаға тиеді. Әрі сатиралық жанрлар әркімге әр қилы ықпал жасайды. Біреуге сықак әңгіме, біреуге сықақ өлең ерекше әсер етсе, енді біреулерге фельетон, тағы біреулерге пародия және біреуге әзіл-сықақ, шымшымалар қатты әсер етеді. Осыдан келіп
сықақ бұрыштарында алуан-алуан жанр, түрдің пайдаланылу заңдылығы туындайды. Сондықтан да “Литературная газетаның” 16-бетінде роман, повестен бастап, күлкілі фразаларға дейін кездеседі. Онда фельетон мен мысал да, эпиграмма мен пародия да, сықақ өлеңдер мен памфлеттер де, шымшымалар мен анекдоттар да, достық шарж бен карикатуралық суреттер де жарыса көрініп жатады. Әр жанрдың өзі бірнеше бөлімде, алуан-алуан айдармен беріліп отырады. Осылайша жанр, түр молдығын қазақ газет, журналдарының да қарастырғаны абзал. Бұл жөнінде “Оңтүстік Қазақстан”, “Октябрь туы” (Талдықорған), “Ленин жолы” (Қызылорда) газеттерінің игі ізденістерін бөлек атап айтуға болады. Олар әр сықақ бұрышында жанры әр түрлі 4-5 материал жариялауға тырысады. Осы орайда бір айта кетер нәрсе – сықақ бұрыштарын түрлендіруде сөз бен қылқалам, фотоайыптау қуатын тоғыстыра пайдалану шарт. Сөз бен сурет бірігіп қызмет еткенде бірін-бірі толықтырып, күшейтіп тұрады. Әрі материалдардың, әшкерелеушілік, тәрбиелік мәні арта түседі. Беріліп жүрген сықақ бұрыштарындағы ендігі бір басты кемшілік – сапа төмендігі, материалдардағы уыттылықтың, өткірліктің кемдігі. Көп газеттер “Сықақ бұрышы” дегенді сын бұрышы деп ұғатын сияқты. Сын біткеннің бәрі сықақ емес екенін ескермейді. Сатира мен юморға жатпайтын нәрселерді тықпалап “бұрыштың” қадірін кетіреді, беделін түсіреді, жұрттың сықақ туралы ұғымтұшымын әлсіретеді.
Әсіресе Қарағанды облыстық “Орталық Қазақстан” газетіндегі “Бесеудің бұрышы” бұл жөнінен төмен талғам көрсетіп жүр. Оның “Қарын ашырады”, “Наныңыздар бұған”, “Аяулы қазына орны аяқ асты емес”, “Тамшының тарихы”, “Қарттар неге аң-таң?”, “Пайда көзі”, “Үш жылға созылған өтініш”, “Уәде қайда, ағайындар?”, “Шөмшекай шәй де ішпеді”, “Көмек күтеміз” дегендері – “Редакцияға хат” деңгейінен аспаған, қарадүрсін, отсыз да уытсыз дүниелер. Тіпті, Бесеу Біріккеновтың өзі “фельетон” деп жазған “Жемқорларға жем болды-ау, қайран жылқы!”, (“Тәйірі, соны да шырын деп...”, “Жалақыны жатып ішкендер”, “Мақтаулы адам” деген материалдардың да татым-тұшымы, сықақтық тұздығы шамалы. Жариялап жүргендерінің сықақ емес, жай сын нәрселер екенін газеттердегі жолдастардың өздері де мойындайды. “Пәлен номердегі сын мақалаға”, “Түген номердегі сын материалға жауап келді” деп жазып жатады. “Көкшетау
правдасы” газетінің сықақ материалдары да сапа жағынан төмен деңгейде. Газет бірде сықақ бұрышының жұмысын қорытындылай келіп: Тізем батып, тілімнің уын жұтқан кейбір сабаздар “бұл Ара деген қызылкөзден аулақ жүрейік”, деп тасаға ұмтылады”... “Сегіз өрме, бұзау тіс сын қамшысымен осып едім көктемде. Соққым қатты тиді ме, қалай, көп мекемелер мен жеке адамдар сынымнан қорытынды шығарды”, – деп күпініңкіреп кетті. Сөз жоқ, оның кейбір материалдарының өткір де уытты шығатыны рас.
Бірақ көп ретте олар сықақтық уытсыз, түйреп түсер тілсіз, сұрқай стильмен жазылады. Мысалы, газеттің “Орындықты өзің апармасаң...”, “Берік ішінде қала бере ме?”, “Қызығын қой-ешкі көреді” деген дүниелерін сықақ бұрышында жарияланатын нәрсе деп айту қиын-ақ. Қат нәрсе құрылыста блок деген, Бұл іске қарасаңыз жүрекпенен. Қарқыны артар еді-ау сол құрылыстың, Блокты тұрсаң беріп “срокпенен”. Осы шумақты өлең деп айтуға аузыңыз бармайды. Немесе “Біздің Араның” мына бір “кереметін” оқып көріңіз: Көл керек пе, орталыққа келіңіз, Маңдайшасы “М”, “Ж” дейтұғын(?!) Бір орынды көріңіз – Айналасы “мекеменің” осынау Болды нағыз “айдын-шалқар көліміз”. Мұның да айтар пікірі жағынан да, өлеңдік көркемдігі жағынан да ешбір сын көтермейтін нәрсе екені даусыз. Сықақ бұрышы материалдарының да міндеті – жағымсыз болмыс-құбылыстарды хабарлау, фактілерді мұрнынан тізу ғана емес, олардың орын алу сырын, себебін ашу, жойылу жолдарын ұсыну, оған кінәлі адамдарды атап көрсету. Міне, бірсыпыра материалдарда осы талап-шарт орындалмайды.
Мысалы, “Семей таңының” “Одағай оқиғалар” бұрышында жарияланған “Оңтайсыз басшы, орынсыз шығын” деген материалда шеккен зияндардың саны, сомасы айтылды да қойды. Ал неге шығын көп, оны болдырмаудың жолдары қайсы деген сұрауларға жауап берілмеді. Талдауы жоқ, зерттеуі, тереңдігі жетпейтін әлгідей материалдардың, әрине, пәрменділігі болмақ емес. Партиямыздың Орталық Комитеті бір кезде сатирамызда бір жақтылық орын алып жүр. Ол жоғары қызметте отырғандарды ғана сынау деп көрсеткен еді. Қазір керісінше сияқты. Сықақ бұрышында қатардағы, “кішкентай” адамдар көбірек сілкіленеді. Сатира, юмор – демократияшыл нәрсе. Оның жілігі татитын ірі-ірі лауазым иелерін де “мазалауға” қақылы екенін ескерту керек сияқты. Олардың ішінде де сықақ объектісі боларлық сабаздар, шүкіршілік жоқ емес. “Бүгінде коммунист болу өте кұрметті, – деді КПСС Орталық Комитетінің Июнь Пленумында. – Сонымен бірге, өте жауапты және тіпті де оңай емес... Ол адамдардың көзқарасы мен көңіл-күйіне сөзімен ғана емес, өзінің жұмысқа көзқарасымен, өзінің тұрмыстағы мінез-кұлқымен де ықпал етеді... Коммунистің, әсіресе басшы коммунистің адамгершілік өнегесінің күші аса зор. Ол әрқашан да бұқараның көз алдында, сондықтан неғұрлым жоғары қызмет істеген сайын оған солғұрлым үлкен жауапкершілік жүктеледі. Мұны ұмытқандарды, өзіндік бір “жоғарылау дертіне” ұшырағандарды елеулі қауіптер мен сәтсіздіктер күтіп тұрады. Дандайсу, дөрекілік, сөзбұйда
фактілермен де ұшырасуға тура келеді. Өз қалтасы мен мемлекет қалтасын ажырата алмайтын, қызмет бабын өз басына пайдаланатын басшылар да бар. Мұндайлардан партия үзілді-кесілді арылып отырады”1. Мұнда сенімді ақтамайтын, басын алып жүре алмайтын басшы коммунистер, ірі лауазым иелері жоқ емес, оларды сатира объектісі етуге, әшкерелеуге әбден болады, қажет болса, жазалау, аластау, мүлде мансұқ ету керек делініп отыр. Бұл – лениндік нұсқау. В.И.Ленин жеке басшылардың, коммунистердің арамдық әрекеттері мен қылмысты істерін сөз еткенде, оларға мүлде қайырымсыз болуды талап еткен. Саяси бюроға жазған бір хатында соттар, коммунист еместерге қарағанда, қылмысты коммунистерді қатаңырақ жазалауға міндетті. Мұны орындамаған халық соттары мен заң комиссариаты коллегиясының мүшелері қызметтен қуылуға тиіс деген. В.Маяковский коммунистердің мәжіліс құмарлығын сілейте сынағанда, ұлы көсем оны қатты қостаған. «Өлең жағына жетік еместігімді толық мойындасам да, мен оның ақындық талантына бас июшілердің қатарына жатпаймын. Бірақ саяси және әкімшілік тұрғыдан алғанда, көптен бері менің мұндай айызым қанған емес. Ол өзінің өлеңінде мәжілістердің түгін қалдырмай мазақтайды және мәжіліс үстіне мәжіліс жасайды деп коммунистерді мысқылдайды. Поэзия жағынан қалай екендігін 1 КПСС Орталық Комитеті Пленумының материалдары, 1983 жылғы, 14-15июнь, А., 1983, 54-55-бб.
білмеймін, ал саясат жағынан мұның мүлтіксіз дұрыс екендігіне кепілмін», – деп ризашылық білдірген. Ендеше, сатира объектісі бұзаушы, сауыншы, сатушы, тоқушы, оқушы ғана болмасын. Басқаларды да, бұғып жатқан былықты бастықтарды да көрген жөн. Оларды да мазалаған, ажуалаған мақұл. Өмірге кең қарасақ, тереңірек үңілсек, сатира сабаздары әр сипатта, әр деңгейде көрінеді. Өз бейнесін фельетондар мен сатиралық әңгімелерден, памфлеттер мен мысалдардан, сықақ өлеңдер мен қисық суреттерден көруге лайық сабаздар самсап жүр. Сөз лауазым иелерінің, әсіресе коммунистердің кемшілігі, теріс ісі туралы болғанда сатираны бар күш-қуатымен, бар уыт-жалынымен пайдалану керек. Өйткені, партия бағытының, партия саясатының мүлтіксіз жүзеге асуына ұйытқы болуға тиісті басшылар мен коммунистердің өзі жауапсыздыққа салынса, бұрмалаушылыққа барса, басқадан не үміт, не қайыр. Сықақ бұрыштарының мазмұнын тереңдетіп, сапасын жақсарта беруде басқа да істелетін жұмыстар аз емес. Жергілікті маман авторларды жиі тарту арқылы проблемаларды көбірек көтеру, жұмысшы село тілшілерімен бұқаралық жұмысты күшейтіп, жұрт сүйіп оқитын сатириктерді тәрбиелеп шығару, тақырыптарды терең игеріп, сықақтаудың тың тәсілдеріне бару – әлі де шешімін таппаған міндеттер. Қостанай облыстық “Коммунизм таңы” газетінің сықақ бұрышы “Семсер” деп аталады. Осы семсердің
қандай мағынада екенін газет қызметкерлерінің өзі әлі күнге дейін білмейтін тәрізді. Семсер суретінің салулы тұрғанына, “Семсер” дөп тиді” деп жауап беріп отыруына қарағанда оны қылыш, қару мағынасында түсінеді екен деп ойлайсыз. Ал кейбір материалдардағы “ассалаумағалейкум, Семсер ақсақал!”, “Семсер қарт”, “Үлкен кісі” деп жазғанын көргенде, оны кісі аты мағынасында қолданып жүр екен ғой дейсіз. Енді бірде газеттен “Қадірменді Семсержан!” дегенді оқисыз. Сөйтіп, Семсерді бірде қару деп, біресе адам деп түсініп, адам болғанда, оның не қарт екенін, не жас екенін пайымдай алмай дал боласыз. Газет кейінгі кезде “Семсерін” жиі ұмытып, сатираны “Сықақ”, “Сықақ бұрышы”, “Күлкі – көңіл көркі”, “Әзіл-оспақ” деген рубрикалармен жариялай сап, мүлде жүйесіздікке ұрынып жүр. Пәрменділік, тиімділік, сапа бүкіл өміріміздің басты шартына айналған бүгінгі таңда талғампаз окырманның биік талабы деңгейінен көріну – абыройлы борыш. КПСС Орталық Комитетінің “Идеологиялық, саяси-тәрбие жұмысын одан әрі жақсарту туралы” қаулысы бұқаралык информация құралдарында жанрлардың түр-түрін көбейтуді, стильге, тілге ерекше көңіл бөлуді міндеттеп отырған осы тұста мұның айрықша маңызы бар. Газеттер мен журналдардағы сықақ бұрыштарының сапасын осы талап деңгейіне көтеру – сатириктеріміздің парызы. Ескерте кетер бірер жайт бар. Сықақ бұрыштарында көбіне документальды сатира жарияланады. Ол – нақты адам, нақты фактіге,
болған мерзімі, орын алған жері белгілі оқиғаларға негізделіп жазылатын адресті сатира. Бұл түрдің әсері, ықпалы, пәрменділігі күштірек. Ол өз оғын, шартты сатира сияқты, “тисе – терекке, тимесе – бұтаққа” деп жай ата салмайды. Сынға алған адамның тұрағын, жұмыс орнын, лауазымын көрсетіп, атын атап, көзіне шұқып шүйіледі. Сонда сықақ сыны шынбайына батқан сабазың ашынады, ашуланады, бұлқынады, ойбайға басып, сойылын көтеріп айтысқа шығады. “Опровержение” беруді талап етеді. Ал шартты, адрессіз сатираны ешкім де өзім туралы деп түсініп, бұлай байбалам салып қарсы алмайды. Сықақ бұрыштарының материалдары – көбіне публицистикалық сатира. Бұл түрдің ерекшелігі мен күштілігі сатиралық талдауда, сатиралық әуез-ырғақта жатады. Ол кекесінді баяндаумен жазылады. Публицистикалық сатирада ирония сыналатындарды түйреудің, әшкерелеудің, айтысқа тартудың құралы. Материалға сатиралық леп беретін де – осы ирония. Публицистикалық сатира көбіне белгілі бір кезең проблемаларына, науқандар барысына байланысты жазылады. Демек, ол да нақты факт, нақты дерек, оперативті оқиғаларға негізделеді. Солар жөнінде хабарлайды, бірақ ол – жай хабар емес, сезімтұшымға әсер ететін, әрленген, нәрленгеи хабар. Бұлардың түрін таңдауда да авторларға мол еркіндік бар. Публицистикалық сатира қоғамдық дамудың нақты бір кезеңіндегі проблемаларға байланысты жазылатындықтан, оның ұзақ уақыт тұрақты
мән-маңызы болмайды, өз сөзін айтып, өз ісін істеген соң күні өтеді. Әр заман, әр дәуір өзінің публицистикалық сатирасын жарыққа келтіреді. Совет сатирасының пәрменділігін арттырып, ол арқылы жұртшылықты саяси сауатты, биік мұратты, патриоттық сезімді етіп тәрбиелеуде халықаралық тақырыптарды қозғаудың да мәні зор. Біздің сатираның басты міндеттерінің бірі – езілген елдер еңбекшілерінің бостандық, бақыт, теңдік, социализм жолындағы күресіне көмектесу. Максим Горький, В.Маяковский дәстүрін жалғастырып, бейбітшілік жауы, прогресс жауы – империалистік дүниенің шектен шыққан ақылсыз әрекеттерін, дендеген дерттерін әшкерелеу. Империалистік жыртқыштардың, соғыс құмарлық психологиясы, бүкіл әлемді аузыма қаратып, билеп-төстеймін деген сандырақ ниеті, “американдық өмір салты”, “американдық демократия”, “американдық бейіш” деген сияқты жалған лақаптар – совет сатирасының ерекше ыза-кекпен, тепсіне отырып шаңын қағатын қасиетсіздіктер. Ойдан шығарылған осы өтіріктердің шын сырын ашу, еңбекші халықты тонап, қанап, жұмыссыздыққа, ашаршылыққа, кедейшілікке ұрындырып жатқан қайырымсыз капиталистік құрылыстың бет пердесін сыпыру, шын сиқын көрсету социалистік құрылыстың, советтік Отанның артықшылығына өз адамдарымыздың көзін жеткізеді, оған деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттырады, патриоттық сезімін күшейтеді. Халыкаралық тақырыптарды қозғаудағы қазіргі сатира, юмордың басты тақырыбы, ерекше пафосы
бейбітшілік үшін күрес болуға тиіс. Әлем халқы үшін бұдан зор проблема, бұдан үлкен көкейтесті мәселе жоқ. Рас, қанша күрескенмен, қанша тірескенмен сатира, юмордың соғыс қаупін тоқтата алмауы да мүмкін. Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихтан орын алуы – бұған айқын дәлел. Оның қарсаңында фашизмді әшкерелеп кітаптар да жазылды, кинофильмдер де шығарылды, публицистика да сапта тұрды. Сөйтсе де мұның бәрі соғыстың болмауын қамтамасыз ете алмады. Дегенмен, өнер туындылары, сатира, юмор, біріншіден, фашизмді әшкереледі, оған деген жұрт өшпенділігін, ыза-кегін оятты, екіншіден, гитлеризм туралы ары-сәрі боп жүргендердің көзін ашып, әділеттілік жағына шығуына көмектесті, үшіншіден, біздің ісіміз, саясатымыз әділ екеніне, біздің жеңетіндігімізге жұрттың көзін жеткізді. Осының бәрі фашизмді талқандауға көмектесті. Бейбітшілік жолындағы дипломатия санаға ғана жетеді, ал әдебиет, сатира, юмор жүрекке жетеді, сүйектен өтеді. Бұлар жалпы жұрттың санасын, жауапкершілігін арттырып, іштей ширатып етекжеңін жинақтауға, сақ болуға жұмылдырады. Демек, өнер күшімен де бейбітшілік үшін күресуге болады. Сондықтан, бейбітшілік жаулары, соғыс құмарлар туралы саяси сатира жазуға тиіспіз, оның ықпалкүшіне сенуге міндеттіміз. Сатираның биіктен көрінуі, тарих аренасына бар дауыспен атой сап шығуы көбіне таптық талас-тартыстың, саяси күрестің күшейген тұстарына келеді. Қазір әлеуметтік-саяси күрестің,
идеологиялық күрестің мүлде белең алып тұрған шағы. Ендеше, бұл – саяси сатираның да бар айбын, бар отты жарқылымен көрінетін кезі. Осыны ескеріп, 1983 жылы Москвада, СССР Көркемөнер академиясында “Сатира бейбітшілік үшін күресте” деген тақырыпта IV Халықаралық көрме өткізілді. Оған 30 елден сурет салу стилі, қолтаңбасы әрқилы 300 суретші 2000 шығармасын тапсырды. Соның 700-і таңдалып көрсетілді. Олардың ішінде, әсіресе, отандық сатираның корифейлері, СССР Халық суретшілері Кукрыникстер мен Б.Ефимовтің, М.Абрамовтың бейбітшілік проблемаларын қозғаған, нысанаға дөп тиетін сатиралық плакаттары мен саяси карикатуралары адам тағдыры, тыныштық мүддесі үшін батыл күреске өктем үнмен шақырып тұрды. Әр суретші бар дарын, бар қуатымен бейбітшілікке төнген қауіпті тоқтатуды талап етті. Көрме экспонаттарынан сатирик-суретшілердің бейбітшілік үшін күресте өз қылқаламдарын солдат найзасына айналдырып отырғаны, әлемді жаңа қасіреттен қорғауға әркез дайын екені айқын көрінді. Планета сатириктері бейбітшілік жауларына ашу-ыза, кекпен қарғыс таңбасын басты. Ар үніне, ақыл-парасат үніне қүлақ аспай, миллиондар наразылығымен санаспай адамзатты ядролық тұңғиыққа итермелеп отырған империалистік соғыс құмарларды, әсіресе, Вашингтонның адам атаулыға қарсы, адамгершілікке жат саясатын батыл әшкереледі. Херлуф Бидструп бастаған халықаралық жюри
көрме-конкурстың алтын, күміс, қола лауреаттарын анықтады. Жоғары награданы “Крокодил” суретшілерінің ұжымы алды. Көрме жабылған соң, оның экспонаттары алдымен Совет Одағы қалаларын аралатып жіберілді. Онан соң шет елдерге жөнелтілді. Мұндай өнер көрмелерінің де адам тәрбиелеудегі ролі зор. Өйткені, сатиралық плакаттар мен карикатуралар да көрермендерді езу тартқызып күлдіру үшін емес, теріс іс-әрекеттердің мән-сырын әшкерелеу үшін, соны жұртқа түсіндіріп, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу үшін салынады. Мұны батыл түрде сурет өнеріндегі халықаралық ұғынысу тілі (эсперанто) деп атауға болады. Өйткені, бұл аударуды, қосымша түсіндіріп жатуды қажет етпейді, барлық әлем адамдарына бірдей етене де түсінікті. Қарап жібергенде-ақ оның айтпағы, идеясы, мазмұны ойға қона кетеді, бірден көрерменнің кері жауабын шақырып, кекке булықтырып, нысанаға деген ашу-ызасын оята қояды. Халықаралық тақырыптарды қозғау одақтық сатираның ғана міндеті деп қарауға болмайды. Бұған әрбір ұлт сатирасы да үлес қосуға, ат салысуға керек. Осыны түсінген қазақ сықақшылары халықаралық тақырыптарға қалам тартып тұрады. Бірақ оларында тереңдік, шеберлік жетпейді. Көбіне газет материалдарының мазмұнын жайдақ, жадағай хабарлай салады. Сөз етілген оқиға, фактілердің сыр-мәні ашылмайды. Сөйтіп, жазғандары нағыз халықаралық памфлет, фельетон болмай шығады. Осы мінді айтқанымызда, бір әдебиетшінің:
“Бұл – кешірімді, заңды. Өйткені, біздің сатириктер шет елдерде, ондағы окиғалардың басы қасында болмайды ғой”, – деп олқылықты ақтауға, жуыпшаюға тырысқаны бар. Оның ойынша, әлгі себептерді тілге тиек етіп халықаралық тақырыпқа қалай болса, солай, жауапсыз жаза беруге кеңшілік. Біздіңше, көргеміз жоқ деп, олар туралы жүрдімбардым, жеңіл-желпі сүйкей салуға, бір қайнауы ішінде жүрген шалағай дүниелер беруге ақымыз жоқ. Халықаралық тақырыптарға жазылған сатира документальді дәлдігімен, көркемдік биік өресімен ерекшеленуге тиіс. Сонда ғана ол совет адамдарына мықты әсер-ықпал етеді, олардың ұғым-түсінігін молайтып, қырағылығын күшейтеді. Сатира тәрбие құралы ретінде қандай нәтижелерге қол жеткізеді? Ең алдымен, жұрт өмірлік болмыс, құбылыстардың қайсысы зиянды, қандайы пайдалы екенін, нені қолдап, неге қарсы күресу қажеттігін ұғынады. Жаңа қоғам, жаңа сананың адамдары келісе алмайтын, төзе алмайтын ағаттық-олқылықтардан түсінік алып, олардың зиянды әсерінен сақтанады. Соларға қарсы күресіп, оны жоюдың жолдарын үйренеді. Адам тазалығы, болмыс, табиғат тазалығы үшін күреске дағдыланады. Сөйтіп өмір сүре, жеңіске жете білудің мектебінен өтеді. Өмірдің көлеңкелі, теріскей жақтарын көре отырып, ондағы өсіп, қалыптасып келе жатқан жаңаны, болашағы мол нәрселерді, адамдардың сүйкімді қасиеттерін танып, біледі, соған бейімделеді. Сонымен бірге совет адамдарының өз-өзіне сын
көзімен қарап өз қадірін, өз қасиетін, неге қабілетті екенін түсінуіне көмектеседі. Олардың адамгершілік жағынан дерт иелерінен жоғары тұратындығына, ақаулық, арамдық атаулыны жоюға болатындығына, өмір тұрмыстың сұрықсыз көріністерден арылып, күннен-күнге жақсара түсетіндігіне көздерін жеткізеді. Бұл – заңдылық деген үміттілік сезімін оятады. Сыналғандарды ойландырып, толғандырып, ақыл-парасатын арттырып, саналы етіп, творчестволық еңбекке жұмылдырады. Жалпы жұрттың игілікке ұмтылысын, жаңашылдық қабілетін күшейтіп, күш-қуатын Отан игілігі жолында сарқа жұмсауын қамтамасыз етеді. Мұның үстіне, Коммунистік партия мен үкіметіміздің жауларына совет адамдарының өшпенділігін оятады, саяси қырағылығын күшейтеді. Империализмге, расизмге кекпен, ашуызамен қарауды, оған қарсы күресуді үйретеді. Өз отанына деген мақтаныш, патриоттық сезімі оянып, күрескерлік рухы көтеріледі. Сатира, юмор әрі совет адамдарын күлкіге кенелтіп, қуанышқа бөлейді. Оларға ләззат беріп, бойын сергітеді, шаршаған жүйкелерін демалдырып, жанын жадыратады. Яғни, ол – дертке бой алдырмаудың алдын ала шарасы. “Дәрідәрмек артқан жүз есектен де, бір клоун адамға көп денсаулық әкеледі” деген әзіл тегін айтылмаған. Тәрбие құралы ретіндегі сатира, юмордың берер жеміс, нәтижелері, міне, осындай.
ЕКІНШІ БӨЛІМ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ САТИРАСЫ ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ САТИРАСЫ Адам, қоғам, сатира деген үш ұғым өзара кейінде ғана жанаспаған. Олар бүкіл тарихымен тамырлас, дамуымен тағдырлас. Бұларды бір-бірінен бөліп алып қарау, зерттеу мүмкін емес. Мысалы, сатираны алып көрейік. Сатира проблемаларын зерттеушілердің бірі Д.Николаевтың айтуынша, “...бір нәрсе анық: сатира “сатира” деген сөздің өзі тумай тұрып пайда болған”1. Бұл – дұрыс пікір, бірақ жеткіліксіз. Анығырақ айтқанда, сатира адаммен, адамзат қоғамымен бірге пайда болған деп болжауға негіз бар. Адам баласы дүниеге әзіл-оспақ, күлкіні өзімен бірге ала келуге мәжбүр. Өйткені, адам бар жерде өмір бар, өмір бар жерде сәттілік, сәтсіздік бар, күрес, талас бар, сол талас-тартыста жеңіс пен жеңіліс бар. Сәттілік пен жеңіске қуанбау, сәтсіздік пен жеңіліске қынжылмау мүмкін емес. Сол сезім, көңіл күйлерінің сыртқа 1 Д.Николаев. «Смех — оружие сатиры». М, 1962, стр., 6.
теппеуі, сатира, юмор болып көрінбеуі тағы мүмкін емес. Сондықтан да орыстың ұлы драматургы А.Островский «адамдар күлкі-әзілмен өмір сүріп, күлкі-әзілмен өледі» деген. Осы пікірді Абай да айтқан. “Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең”, – деген ол. Ұлы ақынның бұл пікірінде әр түрлі ой жатыр. Оны адам дүниеге шыр етіп келіп, кеткенде ел-жұртын, туыс-тұрағатын күңірентіп, күрсінтіп, жылатып кетеді деп те адам баласы өмір бойы өлең айтып, әзіл-қалжың жарыстырып өтеді деп те түсінуге болады. Демек, адам бар жерде әзілқалжың бар, күлкі бар, яғни, сатира мен юмор бар. Осы болжам, осы пікірді А.В.Луначарский де айтады. Ол былай дейді: – “Мәдениеттің мүлде қарапайым сатысының өзінде бір рудың екінші руға, не бір тайпаның екінші тайпаға қарсы қоятын ұйымдасқан түрдегі күлкісі болған, екі тайпа бірінбірі күлкі жарысына шақырып отырған деп үйретеді этнография”1. Сөз жоқ, адамзаттың алғашкы тапсыз қоғамындағы сатираның мазмұны, мақсаты кейінгі таптық қоғамдардағыға қарағанда өзгеше деп болжауға болады. Ол тұста сатира жалпы адамдарға ортақ коңіл көтеру, пікір тапқырлығы жағынан өнер жарыстыру құралы ретінде пайдаланылған. Ондағы сатираның сынап-мінеуден гөрі, әзіл-оспақтық, әзіл-қалжыңдық рөлі басым болған, яғни ол тұстағы сатираның юморлық элементтері молырақ. Ал 1 А.В. Луначарский. О смехе, «Литературный критик». 1935, №4,стр.,6.
таптық қоғамдар тұсында сатираның мазмұн, мақсаты мүлде өзгеріп, ролі, маңызы күшейе түскен. Енді ол көңіл көтеру, өнер жарыстыру құралының үстіне, таптардың бірін-бірі мұқату, әшкерелеу құралына, яғни, тап күресінің құралына айналған. Езілген еңбекші халық бірте-бірте сатираны өзінің фольклорлық туындыларында пайдаланып, құдайлар мен патшаларды, помещиктер мен алпауыттарды, басқа да үстем тап өкілдерін әшкерелеуге бағыттаған. Сол арқылы қоғамның дамуына, адамдардың мінез-құлқы психологиясының өзгеруіне әсер етіп отырған. Қазақ фольклорындағы сатира мазмұны да осыған саяды. “Қазақ әдебиетінің тарихында” Шернияз Жарылқасұлының сатирасы туралы айтыла келіп, былай делініпті: “...Ирония, сарказм Шернияздан бұрынғы халықтық ауыз әдебиетінде де кездеседі. Бірақ ол кездесулерде заңды жоба бар дей алмаймыз. Сондықтан, ол кездейсоқ қана нәрсе. Кездейсоқ қай кезде болсын жоққа тең”1. Осы пікірге қосылу қиын. Өйткені, сатира, юмор тек қана ауыз әдебиетімізде кездеседі, оның өзі де жобасыз, кездейсоқ нәрсе, ол жоққа тән деу даусыз қате. Бұл – фольклорлық сатирамыздың қоғамдық әлеуметтік мәнін жоққа шығарғанда, халқымыздың мәдени, әдеби мұра жасаудағы дарын қабілетіне, сықақшыл, әзілкеш қасиетіне шек келтіру, оның бастан-аяқ ирония мен сарказмге құрылған күлдіргі, аңыз ертегілерін, аңыз-әңгіме, хикая-анекдоттарын, жұмбақ-жаңылтпаш, мақал1 Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1961, ІІ-том, 1-кітап, 142-б.
мәтелдерін менсінбегендік. Қазақ ауыз әдебиетінің сатира, юморға өте бай екендігін мойындамағандық. Ешбір халық өз фольклорындағы сатира, юморға бұлайша олқысынып қарамайды. Қайта, мұнсыз ауыз әдебиеті жоқ деп дәлелдейді. Белгілі әдебиет зерттеушілерінің бірі Д.Молдавский: “Сатира орыс фольклорының барлық жанрын бірдей аралап өтеді”1 – деп жазады. Қазақ ауыз әдебиеті жөнінде де осыны айтуға болады. Оның да сатира, юмор араласпайтын саласы жоқ. Академик Мұхтар Әуезов тек ертегілердің өзінен бұл түрдің сан-қилы сипаттарын таныды. “Хайуанаттар жайындағы ертегілердің өзгешеліктері көп кезде ірі сатира түрінде келетінін еске ала отырып, қазақтағы бұл алуандас ертегідегі сатиралық элементтерді айқындап ашу қажет”2 – деп ауыз әдебиетіндегі сатираның болашақта зерттелетін проблема екенін айтқан болатын. Күлкі ғасырлар бойы неше түрлі теңсіздік пен әділетсіздіктің куәсі болды. Рас езілген таптың адамдары соры көп, бейнетке белшесінен батқан замандарда, ауыр азапта, қанау мен тонауда жүрген кездерде еркін күле алмаған. Басыбайлы шаруалар, құлақ кесті құлдар шіркеу-мешіттерде, салтанатты сарайларда, қожа-әкімдер мен помещикалпауыттардың алдында күлуге еркі болмаған. Күлсе, бәлеге қалған, дүре жеп, айыпталған. Қазақтың қара табан жарлы-жақыбайлары да ерікті 1 Русская народная сатира. Л., 1967, стр., 6. 2 Қазақ әдебиетінің тарихы, І том, 1-кітап, Алматы, 1960,23612-13.
күле алмай, қысылып өткен. Қазақ әйелдері ерлердің басы қосылған жерге бара алмайтын, олардың көзінше күле алмайтын. Бөтен кісі алдында күлсе, көргенсіз атанып, күнақар саналатын. Осындай теңсіздік тежеуіне қарамастан, әр елдің мысқылшыл кедей-кепшігі ретін келтіріп, ебін тауып күліп я үрген, үстем тап қиянатын сынапмінеп, оларға қарсы сатирамен күрескен. Қазақ халқы да өмір үшін талай алыс-жұлыс, талас-тартысқа түскен. Әділетсіздік пен теңсіздікке, жамандық пен оңбағандыққа еш төзбеген. Ондай дерттерге ашуланған, ызаланған, жырымен, тілімен соққы беріп отырған. Бұл ретте өзінің өткір тілді, шешен де тапқыр, әзілкеш жұрт екенін еркін танытқан. Н.М.Ядринцевтің “Шоқан көңілді, қуақы болатын, бұл оның халқының қасиеті еді, қазақтар үлкен күлкішіл халық”1 дегені тегін емес. Біздің ел бірде күңіреніп, бірде күйзеліп, тағы бірде жадырап жүріп, ұлттық, юморын, әр қилы күлкі-сықақ, аңызәңгімелерін мол туғызған. Бұл сатиралық, юморлық туындылар еліміздегі қоғамдық дамудың, халқымыздың әдет-салт, кәсіп тіршілігінің айнасы, көңіл күйі мен күрес жолының із-айғағы сияқты. Олардың әрқайсысының тудырылған мақсаты, атқарған іс-қызметі бар. Максим Горький 1934 жылы СССР жазушыларының бірінші съезінде ауыз әдебиетінің 1 Тойбастар. Ғылыми кітапхананың қолжазба қоры, 1083-папка, 1-6. (Бұдан былай «қолжазба қоры» деп беріп отырамыз). Н.М.Ядринцев. Воспоминания о Чокане Валиханове. Записки Русского географического общества, Т.ХХІХ, стр., XXXVI
адам баласының еңбек-тірлігімен байланысты туғанын баса көрсетті. Фольклорлық сатира да таптық қоғамның, ондағы теңсіздіктің тууымен байланысты пайда болған. Езілуші ел өз жауы көрінісімен, оған қарсы күлкіні, сатира мен юморды күрес құралына айналдыра қойған, Демек, әр халықтың күлкі-сықағының ұзақтан басталар тарихы, дәстүрі, қоғамдық-әлеуметтік мәні мен таптық бағдары бар. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде сатира, юмор толыққандығы жанр ретінде де, белгілі бір болмыс-құбылысты суреттеп, айтып берудің әдістәсілі ретінде де көрінеді. Әдіс-тәсіл сапасында ол халқымыздың ең көне досы, өмірінің айнасы – тұрмыс-салт жырларының өзінде-ақ мол кездеседі. Әдетте күлкі-сықақ, әзіл-оспақ халықтың өз күшқуатын сезінген, көңіл-күйінің көтерілген сәттерінде туады. Үй-ішіндегі қуаныш-қызық, қыз ұзату, келін түсіру сияқты жайлар соған себеп болады. Сондықтан да сатира, юмор соларда айтылатын той бастар, жар-жар, беташарларда көбірек ұшырасады. Сонымен бірге, тұрмыс-салт жырларының бұл түрлерінің қуану, масаттану мақсатының өзі күлкінің болуын талап етеді. Әзіл-оспақ, акылды қалжың мол болса ғана, той қызықты өтеді, той бастар мен бет ашардың тындаушыға әсері күшті болады. Тойға жұрт қызық көреміз, көңіл көтереміз деп келеді. Той бастаудың бірінде:
Жиналар той дегенде тірі – тірлік, Жарасар қыз-жігітке күлкі, серілік. Екіншісінде: Той – базар, той-той-базар, тойлап келдік, Қолға алып алтын сақа, ойнай келдік. Тойларға мұндай-мұндай келмес те едік, Өтерін дүниенің ойлай келдік1. делінуі осы сырды аңғартады. Мұнда тойға келген қыз, жігіттер ойын-сауықты қыздыруға тиісті, жұрт тамаша көруге келіп отыр, тірлікте ойнап-күлген ғанибет деп халықты әзіл-қалжыңға шақыру бар. Той бастар бұлайша ойын-күлкіге шақырып қоймай, оны өзі қыздыра түседі. “Біз келдік той дегенге гулей-гулей, әкелдік төрт қап өлең тойға сүйрей”2, деп жұртты бір серпілтіп алады. Серпілмеске, жымимасқа лаж жоқ. Бірінші жолдың аяғындағы қос сөз тойға келген жұрттың көңіл күйін, дабырай, жамырай келгенін тап басып айтып тұр. Өлеңді қаппен өлшеуі тағы күлдіреді. Оны «сүйреп келдік» деуінен де күлкілі қимыл-әрекет елестейді. Осылай елді көңілдендіріп алған соң, той бастар сынға ойысады: Наданға қазақ сөзі оқылмайды, Оқымай, көкірекке тоқылмайды. 1 Бұлда сонда, 29-б. 2 Сонда.
Кей жаман той дегенде өлең таппай, Әшейін өз үйінде тақылдайды1, – деп бір қояды. “Әшейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас” деген мәтелді еркін пайдаланып, бір жағынан, жұртты өлең айтуға шақырса, екінші жағынан, жайшылықта ыңылдап құлаққа маза бермейтін, “ал, айт!” дегенде әлдеқандай бола қалатын “әншілерді” мінейді. Бет ашарда да осылай әзіл-шын, күлкі-сын араласа жүреді. Келінге “бәлендей, түгендей болма”, “үйтпе, бүйтпе” деп ақыл айту, тілек білдіру үстінде жаман әйелдердің ұнамсыз әдет-дағдысы, мінезқылығы келемеж етіле кетеді. Мысалы, “қаптың аузы бос тұр деп, құрт ұрлама, келіншек” дегенде, оған акыл айта, талап қоя отырып, кейбір әйелдердің суыққолдылығы, жымысқылылығы ажуаланады. “Аузы-мұрның сүйреңдеп өсек айтпа, келіншек” дегенде де, ақыл-кеңес берілуімен бірге, бірсыпыра жеңгеміздің өсек-аяңға үйірлігі, сүйреңдеп сөзді көбейтіп жүретіндігі сықақталады. Бет ашар келінге сәлем жасатар тұста жылы юморға ауысады. Сәлем етілетін адамдардың ойниеті, тірлігі зілсіз күлкімен, жеңіл қалжыңмен баяндалады. Бірде: Қарт атаң отыр көрем деп, Көрімдігін берем деп. Екі қара көп қой деп, Бір қара берсем дөп қой деп. 1 Сонда, 2-3 бб.
Ерінбесең, келінжан, Атаңызға бір сәлем!1 – дейді. Мұнда бет ашар айтушының көрімдік дәметіп отырғаны, екі қараны қайдам, бір қараны өзі де берем деп отыр деп қайынатаны қайрағаны еріксіз езу тартқызады. Мұндағы күлкіні: Ана отырған қайынағаң – Қоралы жылқы айдаған. Қазы менен қартаны Қия бір кесіп шайнаған. Апыр-ай, келін түскесін Не берсем деп ойлаған. Ерінбесең, келінжан, Қайынағаңа бір сәлем! – деген шумақ күшейе түседі. Қайынағасын мақтауының сиқына бір күлсек, “көрімдікке не берсем екен деп, ол көптен ойланып жүр” дегеніне екі күлеміз. Бұл, әрине, тіленшектік емес, парыз. Жаңа түскен келінге көрімдік сұралмаса, менсінбегендік, оның келуіне қуанбағандық. Онда той қызықсыз, келін көңілсіз болмақ. Сондықтан да бет ашушы қайын жұрттан мақтап-мақтап көрімдік сұрайды. Енді бірде ол: Ана отырған қайнысы, Атан-түйе – бәйгісі. Ағам қатын алды деп, 1 Қолжазба қоры. 1092-папка, 42-б.
Кезек маған қалды деп, Жылмаңдайды байғұсы, – дегенді айтып, қайнысына бір сәлем еткізіп қояды. Бұл тұста жұрт қыран-күлкі болады. Қайнысы көрімдікке атан түйе береді деп қайрағанға емес, “ендігі қатын алу кезегі менікі деп, ол жылмыңжылмың етеді” дегеніне күледі. Бұл күлкі басыларбасылмаста бет ашушы: Ана отырған бикеші – Жібектен ескен шүйкесі. Мен де келін болам деп, Құрып бір отыр жүйкесі, – деп тағы бір ду-ду еткізеді. Мұнда, бір жағынан, сен ғана емес, қыз біткеннің бәрі сенің кебіңді киеді деп келінді жұбатса, екінші жағынан, үй бойжеткенінің “мен қашан келін болам деп діңкесі құрып отыр” деп жұртты күлдіреді. Ескерер ерекшелік: мұндағы күлкі, юмор сөз жүйесінде емес, айтылған пікірдің мәнінде, мазмұнында жатады. Жар-жарда әзіл-оспақ қалжың жігіттер жағының өлеңінде ғана болады. Олар кететін боп мұңданып, қайғыланып отырған қыздың көңілін көтеріп, жұбату үшін жеңіл, көңілді, әзілді өлеңдер айтуға тиісті. Ал қыздар жағының өлеңінде күлкі-қалжың емес, реніш-күйініш, сын-мін болуы мүмкін. Мысалы:
Әке менен шешенің мейірі қатты, Өз баласын қызығып малға сатты. Байлап беріп жат елге танымаған Жетім балаға ұқсатып жаутаңдатты1, – деген зарлауда ата-анаға деген үлкен өкпе, олардың дүниеқорлығын, мейірімсіздігін сынау бар. Тіпті, қызды малға сатуға, жатқа байлап беруге жол ашып қойған сол қоғамға, сол ортаға деген наразылық бар, замана, дәуірге деген қарыз, лағнат үні естіледі. Сатира, юмор элементтері бәдік өлеңдерінде айқын көрінеді. Профессор Б.Кенжебаевтың айтуынша, “Бәдік айтысы әуелде ескілікті шаман дін салтынан шыққан. Бірақ бері келе халық оны жай ойын-сауыққа айналдырып әкеткен. Бәдікті дін парызы, дін салты ретінде айтпай қол бос кезде бас қосып, ойнап-күлу, қалжың, әзіл айту, көңіл көтеру ретінде айтатын болған. Айта білсе, бәдік айту да тойдан қызық деп қараған да кез болған”2. Ауру адам мен малды емдеу ниетіндегіден гөрі, осы соңғы мақсатта өткізілетін бәдік кештерінде, ондағы айтылатын өлеңдерде әзіл-қалжың, сынсықақ күшті көрінген. Мысалы, қыздар жағы: Уа, бәдік, көшер болсаң, мүритке көш! Тырнаған шидің түбін ұры итке көш! Таппасаң көшер жайын, мен айтайын, Сыланған зипа мойын жігітке көш! – 1 М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1964. 2 Қазақ әдебиетінің тарихы, А., 1948, 43-б.
деп, әзіл-қалжыңмен замандас құрбыларына тиіседі. Уа, бәдік, кешер болсаң, өзіме кеш! Өзімнің айтып тұрған сөзіме кеш! Білмесең көшер жайын, мен айтайын, Қыздардың мөлдіреген көзіне көш1 – деп жігіттер жауап қайырады, қыз жолында, қыз қызығы үшін не көрсек те, тәуекел деген ниетпен бәдікті өздерін шақырады. Бірақ, көкейіндегі қыз көзін де ұмытпайды. Бара-бара, қыза-қыза бәдік айтысы екі жақтың бір-бірін сынап-мінеуіне айналады. Өйткені, қайткенде де жеңу керек, айтыстың аты – айтыс. Осы ниетпен кыздар: Уа, бәдік, көшер болсаң, құрсайға көш! Баласы көк биенің сұр тайға көш! Білмесең көшер жайын, мен айтайын. Ішінде осы топтың сұмпайыға көш, – деп жігіттерді шала бастайды. Оларды тұқырта, жасыта түсуді көздейді. Бірақ жігіттер де берілмейді. Уа, бәдік, көшер болсаң, жұлдызға көш, Базарда бәсі қымбат құндызға көш. Таппасаң көшер жайын, мен айтайын. Ішінде осы топтың сұм қызға көш, – деп жауап береді. Сөздеріне қарай сөз қайырады. Осылай егесіп, жамандасып айтыса отырып, 1 Қолжазбалар қоры, 1092-папка, 6-б.
бәдіктегі сын сықақ күшейе береді. Кейбір бәдікте екі жақ мүлде жамандасып, ұрысып, тілдесіп тарқасады. Халықтың бейауыз әйелдерді “бәдік қатын” деп атауы осыдан қалған деп түсінуге болады. Еңбекші елдің таптық санасы оянған дәуірден бәдіктерде сын-сықақ жаңа сипат алған. Енді жастар бір-бірін қажап қалжыңдаумен бірге, езілген таптың жауларын да келемеж етіп, ажуалайтын болған. Уа, бәдік, көшер болсаң, молдаға көш, Мойныңа әшекейлеп тұмар тағар, – деп бәдікке, ауру-дертке молда-қожаларды құрбан еткен. Олар әшекейлі тұмарын бәдікке тақсын, ішірткісін өздері ішсін деп, келекелеген. Бір назар аударатын нәрсе орыс фольклорындағы сатираның басты объектісі – поп. Осы персонаж оның барлық жанрында сазайын тартып жүреді. Сол сияқты қазақ ауыз әдебиетіндегі сатираның да көп шүйілер “сабазы” – осы молда. Ол да фольклорымыздың барлық түр-саласында мейлінше соққы жеп жүреді. Поп сияқты, молда да пайдакүнем, сараң, әзәзіл, арсыз болып суреттеледі. Орыс ауыз әдебиетінде олар “қолында кресі бар, бірак поп емес” деп мінезделсе, қазақта “аузында алласы бар, бірақ молда емес” деп сипатталады. Бұдан еңбекші елдің жалпы дін атаулыға деген көзқарасы көрінеді. Енді бірде ел бәдікті байларға қарай қуалайды. – Болмаса, балпаң басқан байларға көш, үстіңе ақ
мақпалдан шапан жабар, – дейді. Молда тұмар тақса, бай шапан жабады, соларға бар, солар жарылқайды, бізде нең бар дегенді айтады. Бұл – қатты ажуа. Бәдікті үстем тап өкілдеріне қарай айдау, солар жарылқайды деу – ирония, кекесін. Бұдан еңбекші жұрттың барлар дәулетінің алдында бас имегенін, оның бәрі опасыз, ешкімге қажетсіз байлық деп білгенін аңғарамыз. Бәдікті көшіруші ел оған қайда көшсең де, өзің біл, қалағаның болсын деген де сыңай білдіреді. “Таппасаң көшер жайды, қойшыға көш”, бірақ, одан пайда таппайсың, “құйрықтап қу таяқпен қуып сабар” – дейді. “Болмаса, көк балғалы ұстаға көш”, бірақ одан да береке таппайсың, “Төбеңнен тойтармалап шеге қағар”, – дейді тағы. Әйтеуір, бәдікті еңбек адамына жолатпайды. Оның аурулысырқаулы, дертті болуын қаламайды. Бәдікті одан үркіте, қорқыта бездіреді. Әрі еңбекші елдің күшқуатын, қайрат-жігерін паш етіп, дәріптейді. Сөйтіп, бәдік кеші, профессор Б.Кенжебаев айтқандай, күлкі-думан кешіне, үстем тапқа қарсылы-наразылық білдірер, қоғамдық, сын-сықақ, әлеуметтік пікір айтар орынға айналған. Жұрт келер бәдік кешін асыға, сағына күтетін жағдайға жеткен. Кезекті бәдік кеші басталғанда олар: Уа, бәдік, анда-санда келіп тұршы! Тиеді осындайда бізге пайдаң. Бәдікті өз қолымнан көшірейін, Құрбылар, ал бастайық сауық-сайран, –
деп тілек білдіріп, қуанысып, жамырасып қалатын болған. Тұрмыс-салт жырларының қайғылы, қорқынышты, көңілсіз жағдайда туғызылатын түрлерінде сатира, юмор элементтері кездеспейді. Өйткені, мұндай сәттерде жұрттың күлкілі жайларға бой ұруға, біреуді сықақтап келекелеуге көңіл қошы болмайды. Сонымен бірге, ондайда айтылатын өлең, жырлардың мақсатының өзі басқа құдайға жалбарыну, жанталасып, үрейленіп арбау, өлгенді жоқтау, естірту, ел-жұрттан айырылып сыңсу, қоштасу. Тұрмыс-салт жырларының жар-жар, бәдік сияқты көне айтыс түрлерінен беріректе қыз бен жігіт айтысы келіп шығады. Бұл бұрынғыдай қыз ұзатарда, ауруды емдерде ғана емес, жалпы той атаулыда – бала көріп, шілдехана жасағанда да, келін түскенде де, айт болып, ас берілгенде де, басқа да үй-ішінің қуаныш-қызықтарында айтыла беретін болады. Бұл жар-жардағыдай кетер қызды жұбату, бәдіктегідей ауруды көшіру мақсатын емес, өзара танысу, сырласу, өнер жарыстыру ниетін көздеген. Қыз бен жігіт қақтығысы шапшаң жауаптасып, бір-бір шумақтан қайтарылып отыратын, диалог ретіндегі қайым, түре айтыс түрінде келеді. Міне, айтыстың осы түрінде бұрынғы жар-жар, бәдіктегі кездесетін әзіл-қалжың, сын-сықақ жаңа белең алады, түрлене түседі. Қыз бен жігіт әрі бірбірін жеңу, әрі жұртты күлкіге кенелту ниетімен сөзбен шалуға, кекетіп-кемсітуге көп бой ұрады. “Бұл ретте, – дейді академик М.Ғабдуллин, –
айтысушылар бір-бірінің бойындағы мін-кемшілігін де өлеңмен күлкі ететіні болады”1. Бұл пікірдің растығына дәлел көп. Мысалы, бір айтыста қыз жігітті былай мазақтайды: Қызға барған ел білсін атағыңды, Түзетіп ки мұнан соң шапаныңды. Қыздан көңілі қалмаған қу көкірек, Қырғызсаңшы бір қап жүн сақалыңды2. Мұнда қу қыз жігіттің шапан киісін де, қыздан дәмесін де, қауқиған сақалын да келемеж етеді. Менсінбегендік сыңай аңғартқандай. Бірақ жігіт бұған тоқталмайды: Бала жастан баяғы салған әнім, Сақал шіркін кіргізер беттің сәнін. Сан-сапалақ сақал көп шыға берер, Жиырмадамын, өзіме жасым мәлім, – дейді. “Сөздің көркі – мақал, адам көркі – сақал” деген уәж айтады. «Сақалдан қорықпа, жас, жалынды жігітпін», – деп қызға жабыса түседі. Қыз сонда да қоймайды: Екі көзің жылтырап сенің қалған, Басқан жерін басыпты сақал – дархан. Он бір ұршық күзеп ап иіргенде, Екі тең жіп шыққандай, тоғыз арқан. 1 М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1964, 298-6. 2 «Айтыс» жинағы, І том, А., 1965ж., 627-б.
Сақалыңды айнаға көрші қарап, Ту құйрықтан маңызды төрт-бес қадақ. Аулыңдағы бақалға күзеп сатсаң, Алты сабын береді, жеті тарақ, – деп масқара қылады, әбден ажуалайды. Жігіт те оңайлықпен “жан бермейді”: Олай деме, ақын қыз, тіліңді тарт! Толып жатыр аулыңда сақалды қарт. Түгенбай, Түгелбайдың, Изенбайдың Сыпырып, жақсы болса, сақалын сат, – деп өзі де қызға ауыз салады. Әзіл-шынын араластыра сынап-мінейді. Байқап қарасақ, бұл айтыстағы сатира, юмордың дені қыз сөзінде жатыр. Ол, көбінесе, сөздік құралдар арқылы көрініс тапқан. Мұндағы әзілкүлкі жігіт сақалын қаппен өлшеп, ту құйрыққа теңеп әсірелеуде, одан екі тең жіп, тоғыз арқан есуге болады деген гиперболада. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының өзінде сатира күшімен адамдарды ширату, тәрбиелеу, әдет, жаман қылықтан сақтандыру, олардың таптық сын қалыптастыру, үстемдік өкілдеріне деген ыза-кегі, ояту ниеті көзделеді. Көптеген міндеттерге сол тұстары қоғамдық құрылыстың кінәлі екендігі аңғартылады. Ойын-сауық, той-томалақта айтылатын әлгі қыз бен жігіт қақтығысы әдебиетіміздегі күрделі “айтыс” жақтарының алғашқы көрінісі болды. Осы түрдің
негізінде қоғамдық ірі мәселелерді қозғайтын, таласып-тартысып қырқысып-шайқасып қалатын кейінгі ақындар айтысы туды, дамыды. Сатира, юмор қазақ ауыз әдебиетінің шешендік сөздер саласында мол. Бұл түр көбіне сөзбен қақтығысып пікір аңдысып отырғанда, даукер боп жүйеге жүгінгенде немесе үстем тап өкілдерінің кекетіп, мұқатып ұрынуын жауап беру үстінде туады. Сол аңдысуда жеңіп, дауда істі өз пайдасына шешіп, тиіскен шонжарды шоққа отырғызып кету үшін шешендік сөз шенемей-түйремей тұра алмайды. Яғни, оның туу, айтылу жағдайы мен міндет мақсатының өзі сын-сықақты талап етеді. Шешендік сөздерде сатира әр қилы сипатта көрінеді. Бірде ол ұрланып, тасаланып, бұғып, байқалмай тұрады. Мысалы, Жапалақ құс мақтанса, Жардан тышқан алдым дер. Жаман адам мақтанса, Жақсыны аяқтан шалдым дер, Сол жерде бір теңеліп қалдым дер1. Табансыз жолдас серігін жауға тастар. Табанды жолдас серігін қиынға бастар2, – деген шешендік сөздерде, бір қарағанда, сын-сықақ жоқ сияқты. Үңіле оқысаң, олай емес. Халық – дана, халық – тапқыр. Ол алып та, шалып 1 Қолжазба қоры, 1057-папка, 141-б. 2 Бұл да сонда, 1065-папка, 101-б.
та жығады. Бірде өз сынын ашық түрде сарказммен айтса, бірде емеурінмен, тұспалмен, ишарамен аңғартады. Айқайлап, сөгіп, жекіп айту үнемі әсерлі, тиімді болмайды деп қарайды, майдалап, жақауратып шеней отырып, ақыл айтады, қамқоршы болады. Әлгі екі сөзде осы әдіс қолданылған. Оларда қос қилы сыр-сипат бар. Алғашқы сөзде, бір жағынан, кейбір надандардың жаксының етегінен алғанына мәз болатынын, соны өзіне мәртебе көретінін, “үйттім”, “бүйттім” деп мақтан ететінін жанамалап мінесе, екінші жағынан, жалпы жұртқа солардай болма деп өсиет айтып отыр. Екінші сөзде әрі опасыздықты, қорқақтықты сынаса, әрі табанды бол, дос үшін жаныңды сала біл, қиын-қыстау сәттерде оның қасынан табыл деген өсиет жатыр. Осы қасиетіне қарай мұндай мұраны дидактикалық, сатира деп атаймыз. Бұл түр Абай дәуіріне дейінгі, оның өз тұсындағы көп ақындардың толғау, термелерінде жиі ұшырасады. Ақан сері творчествосынан осы үлгіні көп кездестірген ақынғалым Әбділдә Тәжібаев оны “...ақыл-нақыл мен сатираның құрандысы, қосауыз мылтық”1 деп өте әдемі бейнелеп айтады. Кейбір шешендік сөздер дидактикасыз, таза сатира түрінде айтылады. Мысалы, Байды құдай ұрарда, Барымталасып дау бастайды. 1 Ақан сері, Шығармалары, А., 1963, 21-б.
Кедейді құдай ұрарда, Егін салып, сусыз тастайды. Қатынды құдай ұрарда, Ел қыдырып, үйін иесіз тастайды. Ұлықты құдай ұрарда, Елдегі ақымақтың сөзі қостайды,1 – деген шешендік сөзде ешбір дидактика жоқ. Байдың барымташыл, даукестігі, кедейдің салақтығы, қатынның қыдырымпаздығы, ұлықтың бұзықтығы ашық та тура сыналған. Онан ұлыққа ауыз салуының ерекше мәні бар. Бұл – қоғамдық құрылысқа, оны билеушілерге деген қарсылық. Сараңнан бермес туады. Безерден көнбес туады. Өтірікшіден сенбес туады. Арамзадан оңбас туады,2 – деген шешендік сөзде де дидактика жоқ. Бұл да сараңдарда, тілге көнбес, жөнге келмес безерлерге, өзінен басқаға күдікпен қарайтын қараниеттерге, береке таппас адамдарға тура айтылған ащы сықақ. Сондықтан да бұларды шешендік сатира деп атаймыз. Бірқилы шешендік сөздерде сатира астарланып, мысалданып келеді. Мына бір сөзді оқып көрелік: Кейбір тырна көкте жүр, Қиқу салып текке жүр. 1 Қолжазба қоры, 1068-папка, 70-бет. 2 Қолжазба қоры, 1065-папка, 105-бет.
Ала қарға қаңқылдап, Өлексені жеп те жүр. Тышқан аулап мысық жүр, Алдап көзін қысып жүр. Ін таба алмай саршұнақ, Ол да сасып пысып жүр. Құйрық сорып борсық жүр, Түлкі жалдап жортып жүр. Құдай аман сақта деп, Қой мен тауық қорқып жүр.1 Міне, бұл – мысалдап айтылған үлкен қоғамдық сатира. Мұндағы әрбір персонаждың ар жағында таптар өкілінің бейнесі, іс-қылығы жатыр. Мысалы, көкте текке қиқулап жүрген тырна – еңбекші елге пайдасы жоқ оқығансымақтар, өлексені жеп жүрген ала қарға – арамнан жиналған мал-дүниемен күн көрген болыстар, көзін қысып тышқан аулаған мысық – елді алдаушы молда-қожалар кірерге ін таппай пысып жүрген саршұнақ, елдегі ұрықарылар құйрық сорған борсық – байлар, жортып жүрген түлкі – елдегі пысық, қу-сұмдар құдай сақта деп қалт-құлт етіп жүрген қой мен тауық – жоқжұқана, момын кедей. Байқап қарасақ, мұнда әр “сабазға” іштей де, сырттай да ұқсас келетін персонаждар табылып алынған. Солардың жүріс-тұрысы, тіршілік сыңайы делініп отырып, езушілердің барлық сүм1 Қолжазба қоры, 1068-папка. 128-б.
сұрқиялығы дәл сыналған. Шешендік сатираның бірсыпырасы қарасөз болып келеді. Олар көбіне таптық жауларға қарсы табан астынан табылып айтылған сатиралық реплика ретінде көрінеді. Мысалы, қымыз ішіп, қызара бөртіп отырған билердің үстіне бір қойшы келіп қалады. Үй иесі оған қымыз ұсынады. Билер дыбысын шығармай қылғытып отырғанда, қойшы «қылқ-қылқ» еткізіп жұтады. Мұны жөн көрмеген бір би: – Мына патшағар түйеше сораптайды ғой, – дейді. Сонда қойшы жігіт: – Қылғытып жұтатын кілең есектердің ішінде бір түйе болмай ма екен1, – депті. Міне бұл – өткір сатиралық реплика, шешендіктің, тапқырлықтың үлгісі. Мұнда қойшыны сөгем деген бидің өзі масқара боп, бір ауыз сөзбен шоққа отырып қалған. Шешендік сөздер сықақсыз, жеңіл күлкілі түрде де айтыла береді. Мысалы, үйіне келіп, амандасып тұрғандарға арғын Мұнасып батыр былай деп сәлем жауап айтады: Түзде жүрсем, батырмын, Үйге келсем, қатынмын. Қатын ауру, бала жас, Тары түйіп жатырмын. Менің атым Мұнасып, Жүрем десең, жол ашық 1 Қолжазба қоры, 1068-папка, 89-б.
Түсем десең, үй мынау, Алдыңдағы лашық1. Бұл – термелеп, тақпақтап айтылған әзілқалжыңды шешендік жауап. Мұнда ешбір сықақ, сықақтык объекті жоқ, бірақ күлкі бар. Күлкі екінші және төртінші жолдарда. Батырдың ақкөңіл ашықтығына, “...қатынмын, тары түйіп жатырмын” дегеніне күлесің. Ішің жылып, риясыз күлесің. Өйткені “ұлық болсаң, кішік бол!” демекші, түзде батыр болып, үйде бейнетқор, бала-шағаға қамқор болудың еш айыбы жоқ. Сөйтіп, қазақ ауыз әдебиетіндегі асыл мұраның бірі – шешендік сөздер, бірде, халқымыздың езушілерге қарсы жұмсар сын-семсері, таптың күрес құралы ретінде қолданылса, тағы бірде, әзілдей айтылып, күле отырар рухани азық ретінде пайдаланылды. Енді бірде ұлықтардың өзіне ауыз салып, оларды сынап-мінеп тұқырту арқылы, қоғамдық тәртіп пен жөн-жосықтың жаңа сипат алуына ықпал етіп отырған. Шешендік өнердің бір саласы – мақал-мәтелдер. Бұл да сын-сықаққа өте бай түр. Қоғамдық дамуда мақал-мәтелдердің де үлкен әлеуметтік мән-сыры болған. Байқап қарасақ, мақал-мәтел – жатқан бір ғылым, өсиет, өнеге. Халық өзінің өмір-тәжірибесінде, іс-тіршілігінде алған ащы сабағын, көрген-білген, ойға түйген байқау-болжауларын кейінгіге жеткізетін өсиет етіп қалдырмақ болған. 1 Қолжазба қоры, 1057-папка, 123-б.
Халық даналығы ұзақ сонармен айтуға тұрарлық үлкен ой-пікірлерді бір-екі ауыз ұшқыр да ұтымды, қанатты сөздермен жеткізіп беретін болған. Бұл әрі жадында сақтауға оңай болсын, әрі мәнді болсын деген ниеттен туған. Демек, мақал-мәтел белгілі бір қоғамдық, әлеуметік-саяси жағдайға, тарихи оқиға мен өзгеріске байланып отырған адамдарды сол арқылы масқаралаушы туып, ел ішіне тарап отырған. Мақал-мәтелдердің ұрлықты, сұғанақтықты, сараңдықты, көре алмаушылықты, тағы басқашылықты сынайтын түрлері де көп. “ Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам”, “Өтірік айтқанша, өлген жақсы” деген сияқты мақалмәтелдер – осының айғағы. Мақал-мәтелдердің бір тобы салт-санадағы ұнамсыз жайларды, жөн-жосықсыздықты қозғайды. Мысалы, “Екі сиыр сауғанның айраны бар, қос қатын алғанның ойраны бар”, “Екі қатын алғанның дауы үйінде” деген мақалдар да қостап, үштеп әйел алу сияқты феодалдық-байшылдық әдеттің қалдықтары кекетілген. Жаугершілікті, жорық-жосықты көп көрген қазақ халқы ерлікті, батырлыкты асқақтата дәріптеп, ездікті, қорқақтықты, аярлықты ажуа ететін мақалмәтелдерді де көп айтқан. “Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі”, “Бір батыр мың кісіге олжа салар, бір қорқақ топ адамның берекесін алар” деген мақалдар осы ниеттен туған. Бұларда қорқақтар мінеліп қоймай, олардың зияндылығы неде екені де айтылған.
Сөйтіп, әр дәуірдің ұлы өзгерісі, салт-сана, әдетғұрпы, дәстүрі мақал-мәтелдерге жаңа тақырып, жай мазмұн беріп отырған. Жер дауы, жесір дауы, құн, барымта сияқты егес-талас, жанжалдарда бітім айту үшін мақал-мәтел күшті қару болған. “Шын шешендер ердің ісін екі ауыз сөзбен бітіреді” деген мақтаулар мақал-мәтелдің күшін көрсетеді. Демек, мақал-мәтел әрі тілмарлық белгісі ретінде пайдаланылса әрі бітім айтушылардың сүйенер заңы, айтысушылардың алдына жайып салып көз жеткізетін, ашу-арынды тоқтататын бәтуа ретінде қолданылған. Сонымен бірге ол езілген елдің езушілеріне қарсы жұмсар, олардың қиянат зұлымдығын бетіне басар күрес құралы болған. Шешендік сөздердің ендігі бір көрінісі – жұмбақ, жаңылтпаштарды да халық жауларын әшкерелеу құралы, күлкі құралы еткен. Орыс ауыз әдебиетіндегі құстар туралы сатиралық өлеңдерде сословиелік монархия аяусыз әшкереленеді. Мысалы, “Құстар шағымы”1 атты сықақта көкек: “ұямды жұтатып кетті, балаларымды қол-аяғын байлап сабап кетті, жиған-терген ақшамды ұрлап кетті”, – деп карғаның үстінен арыз береді. Ақ қырғауыл тексеруге жапалақты жібереді, қарғаның үйін тінтуге бұйырады. Жапалақ оның үйін көк майсаның ішіндегі көк аршаның басынан табады. Ішіне кірсе, бір жағы – мамық төсек, кұс жастық, бір жағы – толған астық. Бас жағында – ақша, аяқ жағында – үш дегелектің мұжылған басы жатыр. – Мұның бәрін қайдан алдың? 1 ”Народно-поэтическая сатира”, Л., 1960, стр.,68.
– Тиындап, бір дәндеп жинап алдым, – дейді қарға. Көкектің қиянат көргеніне көзі жеткен ақ қырғауыл қарғаны дүрелетіп, тұмсығын қарып түсіріп, жер аударып жібереді. Міне, осындағы қараниет қарға бейнесінде әлсіздерге дізе батырып, олардың сыбағасын тартып алып, байып жүрген орыстың алпауыт помещиктері мазақталған. Езуші, езілушілер құстар бейнесінде суреттелген. Қанаушылардың сазайын тартқызатын, езілгенге теңдік әкелетін әділетті заман болады деген сеніммен ақ қырғауылды енгізіп, қарғаның сазайын бергізген. Осы сияқты, қазақтың құстар туралы жұмбақтары да қиянатшыл билеп-төстеушілерді, қарапайым халықты талап жатқан обырларды әшкерелеп отырады. Жапанда жаратылған бір бәйтерек, Төбесі көкке жақын тұрар тиіп. Тілегін қақтағала берсе керек, Терекке бұтақ шыққан иіп-иіп. Қорқады, қалжырайды жүрек шайып, Бәйтерек жапырағын кеткен жайып. Жұмыртқа басып-шайқап екі ителгі, Өргізіп, тұрғызады бір бидайық. Баласы аз атаның өзі қыран, Лашын құс жеті-сегіз жүрер баулып, Жегенін қотыр құзғын мен жеймін деп, Талпынар он қаршыға ыңғайланып.
Ішінде жүзден аса күйкентай бар, Олар да қорек алар тышқан қағып. Осынша бір ағаштан құс өрбітіп, Тауып бер бәтуасын ойға шағып1. Осында өткен ғасырдағы қазақ сахарасын сүліктей сорған әкімдер жыртқыш құстардың бейнесінде суреттелген. Мұндағы бәйтерек – бір губерния ел, екі ителгі – уезд бастықтары, бидайық кұс – болыс, лашын – билер, құзғын – елубасылар, қаршыға – ауылнайлар, күйкентай – он басылар. Халық даналығы билеу жүйесінің әр сатысында тұрып езуші әкімдерді өз іс, өз табиғатына лайық құстарға балап жұмбақтаған. Сол құстардың ісі деп отырып, қазақ елін билеп тұрған сұмдардың сұрқияларын сықақтаған. Елубасыларды құзғынға, он басыларды күйкентайға теңеу, олардың да елді жымысқылап жеп жүргенін тышқан қаққанға балау әрі қонымды, әрі ащы. Бұл жұмбақ – қоғамдық сатира. Онда халықтың патшалық, өкіметке, оның билеу жүйесіне деген наразылығы айтылған. Кейбір жұмбақтар жеке адамдардың істіршілігіндегі жат мінез, зиянды қылықтарды сынап-мінейді. Мысалы, Бірігіп кейбіреулер шай ішеді, Қарасаң шай ішкеннің бәрі де бай. Байлығы аузыменен жаннан асқан Болсашы тым болмаса бір қотыр тай2, – 1 Қолжазбалар қоры, 1072-папка, 70-б. 2 Бұл да сонда. 1071-папка. 160-б.
деген жұмбақ, араққа тойып ап, сырдың суы сирағынан келмейтін маскүнемдерді әжуалаған. Ал жаңылтпашта сатиралық мотив, әшкерелеу ниеті болмайды. Осыны дұрыс аңғарған академик М.Ғабдуллин: “Жаңылтпаш айтқанда екі нәрсе ескерілетін секілді. Біріншіден, жиналған жұртты күлдіру, екіншісі – әрбір сөзді асқан шапшаңдықпен шебер айтуға, тіл ұстартуға үйрету” деп жазды. Шынында да, жаңылтпаш той-жиын мәжілістерде көңіл көтеріп, күле отыру үшін айтылады. Сөйтіп, қазақ жаңылтпаштары бір мезгіл елдің ойнап-күлу, көңіл көтеру қажетіне жараған. Қазіргі көркем сөз оқу өнерінің алғашқы көрінісі, алғашқы жаттығуы сияқты қызмет атқарған. Қазақ әдебиеті тарихында өтірік өлең тұрмыссалт жырларының қатарында қаралыпты. Біз оны шешендік сөздердің құрамында сөз етуді жөн көрдік. Өйткені, ол туу, айтылу себеп-салдары жағынан, көркемдік сапа ерекшелігі жағынан, тұрмыс-салт жырларынан гөрі, осы түрге көп жақын. Ол да шешендіктің, тапқырлыктың жемісі, қиналған, сынға түскен, екі талай жайда хан қаһарынан құтқарған сөз өнері, тіл өткірлігі. Сатира, юмор халық даналығының осы бір түрінде де бар қасиет, мол жарқылымен айқын көрінген. Академик Ә.Марғұлан: “Өтірік өлең әзіл, сықақ түрінде ескіліктің халыққа жағымсыз қылықтарын шенейтін шығармалар тобына да кіреді. Мәселен, қалыңмал, ежеқабыл, құдалық сияқты өрескел салттарды ажуа сықақ етеді”1, – деп өте дұрыс 1 Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1964, 1-т.,1-кітап, 140-б.
көрсетті. Сонымен бірге, өтірік өлең қарапайым халықтың өкілі – тазшаның тапқырлығын, ақыл, алғырлығын паш етіп, ханды жерлеп, жеңілдіріп көрсетеді. Бұл да, өзінше, үстем таптың парасат кемдігін сынап-сықақтау. Өтірік өлең – әрі шын мәніндегі жылы юмор, қажау-қаяусыз күлкі. Мұндағы күлкі құлаққа кірмейтін, өмірде болмас, адамды иландырмас өтірікті шебер қиыстырып айтқызу арқылы беріледі. Сөз жоқ, өтірік біткеннің бәрі күлкі шақырып, юморлық әсер туғыза бермейді. Татымы жоқ, құр сандырақты жұрт күле қабылдай қоймайды. Өтірік арқылы күлдіру үшін онда өте тапқырлык, жеті күн ойласаң да ойға түспес пікір, сөз, мол фантазия, сиқырлы сыр, әсем де әсерлі түр болуға тиіс. Сол арқылы әлгі өтірік әдемі айтылған, көркем туынды болуға керек. Өтірік болса да, қызықты мазмұнымен, қисынды айтылуымен тыңдаушыны тартып тұрсын. Сонда ғана ол ерекше күлкі күйлер туғызады. “Қырык өтірікте”, міне, осы қасиет, осы шеберлік бар. Мысалы, Сауысқан алып ұшты бөлтірікті, Айтпаймын қыз берсең де өтірікті. Шіркіннің тебісінің қаттысын-ай, Бір қызды шыбын теуіп өлтіріпті, – дегенде, өтірік айтпаймын деп отырып, өтірікті сүмірейтіп жібергеніне күлеміз, күлгенде, оны қиыстырып, тапқырлықпен тауып айтқанына дән риза болып күлеміз. Сонымен бірге, шыбынның
әл-қуаты мен адам теуіп өлтіруіндегі үйлеспейтін қайшылыққа күлеміз. Өтірікші: “Масаның арқан естім шудасынан”, “Ауынан өрмекшінің кілем тоқып”. “Айғырын шегірткенің ұстап мініп, Алдында қайын атамның қырыңдадым”. Ұялмай жүз тоқсаннан сатып тұрдым, “ Аспанға алты жерден тіреу қойдым, Той қылып мың масаны сонда сойдым”, “Сауысқан таудан алты аққуды іліп, Бір көлді қызғыш өртеп салды бүлік”, “Мың кісі бір тышқанға мінгескенде, Япырым-ай, бәрін тулап өлтіріпті”, – деп те соғады. Сонда да жұрт оған қисынсыз өтірік айтты деп ренжімейді, күледі. “Сөз тапқанға қолқа жоқ”, жаза жоқ, жазғыру жоқ деп қарайды. Сатираны “үлкейткіш әйнек” десек, өтірік өлеңде осы қасиет қалмай ілесіп отырады. Ондағы барлық болмыс құбылыс әлгідей гиперболамен, әсірелеумен айтылады. Қоңызбен қоян ұрып шабанды жүйрік, инелікке көш артып әлсізді алып етеді. Қоянды қоңызға көтеріп қоя аямай, жеңілді батпақ, бір түлкінің сүйегін қырық арбаға сыйғыза алмай, түймедейді түйедей етеді. Кемпірді таскенеден құлатып өлтіріп, аласаны биік құзға, Сырдың суын сырлы аяқпен тауысып, молды азға айналдырып жібереді. Осы қайшылық, осы контрастан барып күлкі туады. Өтірік өлеңдер қазіргі творчестволық
фантазияның түп төркіні, қиялдаудың алғашқы жаттығулары болды десек, қателеспейміз. Өйткені, карикатура жасау, шарждардың басты белгілері сол өтірік өлеңдерде жатыр. Сөйтіп, академик Ә.Марғұланның айтуынша, “Өтірік өлеңдер қазақ ауыз әдебиетінің аса бір қызық қырғын күлкілі оқиғаларға құрылған жанры болып табылады. Халықтың ойын-сауық өмірінде бұл алуандас өлеңдердің алатын орны айрықша болған”1. Қазақтың шешендік, тапқырлық, тілмарлық негізінде туған бай күлдіргі – аңыз әңгімелері бар. Бұл сала түгелдей сатира мен юмордың айқын көрінісі. Олар әр түрлі дәуірде, әр түрлі ниет-мақсатпен айтылып, ел арасына таралып отырған. Бұлардың бір тобы езгіні көп көрген қазақ халқының теңдік, бостандық іздеуінен, әділдікті аңсауынан туған. Жоқ-жұқана жұрт үстем тапқа қарумен қарсыласуға өресі, шамасы жетпеген шақта оларға деген ашу-ызасын, кекті үнін әзіл-оспақ, астарлы юмормен жеткізген. Сол арқылы үстем тап өкілдерінің озбырлығын, қиянатын, ұрлығын, сұмдығын сынап отырған. Мысалы, “Ризамын, сәлдем, саған” деген әңгімені алайық. Бір ауылда елдің қой-қозы, ешкі-лағы жоғала береді. Оны кімнің ұрлап жүргенін ешкім білмейді. Ауыл адамдары ұрыны ұстамақ болады. Әр жерге аңдушы, тыңшы қояды. Солардың бірі Жасыбай деген молданың үйінің сыртынан келіп 1 Ф.Энгельс. «Немістің халықтық кітаптары» атты мақаласы. А., 1960,І т., 1-кітап. 142-б.
тыңдаса, ол ұрлап әкелген семіз бағланның етіне тойып алып: Әр уақыт ризамын, сәлдем, саған. Сен тұрғанда күмәнданбайды ешкім маған. Ақ сәлдемнің арқасында Айында әкелемін бір тана, Күнде жеймін сылқылдама,1 – деп әндетіп отырады. Сөйтсе, молдекең ел малын ұрлап жеп, сәлдені салып, “алқамын” айтып, түк білмегенсіп жүре береді екен. Аңдушы жігіттер кіріп кеп, мүләйімсіген ұры молданы сабап-сабап, ел малының бодауына оның бар қойын айдап әкетіпті. Осы сияқты, “Алданған молдалар”, “Молданың сауалына Мықының жауабы”, “Құдайды мен де алдадым”, тағы басқа әңгіме-аңыздарда да халық дін өкілдерінің сұрқиялық істерін өлтіре әжуалаған. Бостандығы үшін күресінде, үстем таппен таластартысында саяси ықпал жасауға, әсер тигізуге, үгітші болуға тиіс дегенді айтады. Сол айтқандай, қазақтың күлдіргі аңыз әңгімелерінің ендігі бір тобы еңбекшілерге өз бостандығы үшін күрестің, үстем тап өкілдеріне қарсы тұрудың тиімді жолдарын аңғартады, өш алудың әдіс-тәсілін меңзейді. Мысалы, “Құрыш қу сараң байдың сазайын тартқызды” атты күлдіргі әңгімеде Құрыш қу Қожақ деген байдың соқыр екенін көреді де, бір көзін қысып, соқыр бола қалады. Сонан соң: “Байеке, сіз де, мен де соқыр екенбіз, келіңіз, көр көзді көретін 1 Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелері», А., 1963, 16-б.
етейік!” – дейді. Бай: “Қайтіп?” – деп қуанып кетеді. Құрыш қу бір солқылдақ шыбықты алады да: “Осымен жон-теріңізден 3-4 рет тартып-тартып жіберсем, көзіңіз ашылып шыға келеді”, – дейді. Бай алданып қалғысы келмей: “Алдымен сенің көзіңді ашып алайық”, – дейді. Құрыш мақұл деп жотасын тосып жата кетеді де бай бір тартып жібергенде-ақ: “ашылды-ашылды” деп қарғып тұрады. Қараса, шынында да екі көзі бірдей ашық, көріп тұр. Рас екен ғой деп, енді бай жонын тосады. Құрыш қу оны местей етіп дүрелейді. Бірақ көр көз ешбір ашылмайды. Сонда ол: “Дүниеге құныққан, зұлымдықпен жан баққан сендей байдың көзі өмір бақи ашылмақ емес”, – деп жөніне жүре береді. “Құлақайдың мешітте айып төлеуі” атты күлдіргі әңгіме қарапайым халықтың сана-сезімін, үстем тапқа деген ыза-кегін ояту үшін, оларға өздерінің күш-қуатын бостандық правосын аңғарту үшін туғызылған. Мазмұнын алып қарайықшы. Қаламен танысып жүрген Құлақай бір мешіттің мұнарасына шығып алып, бар дауысымен айқай салып тұрған азаншыны көреді. Көреді де оған: – Ей, ақымақ! Түсе алмайтының бар, сонша биікке неге шықтың? Өзің сақалың қауқиып тұрса да, бала секілді ессіз неме екенсің! – дейді. Мұны естіген біреулер: “Алланың киелі үйінің жанында тұрып, құдайдың құлы, ғаділ кызметшіге тіл тигіздің”, – деп оны қажыға сүйреп алып барады. Қажы Құлақайға бес теңге айып салады. Құлақайдың он теңгесі бар екен, соны түгелдей салады. Қажының көзі жайнап кетеді. Он теңгені
түгел алғысы келген ол: – Саған қайтарып беретін бес теңге жоқ еді, енді қайттік, – дейді. Сонда Құлақай қажыдан: – Балағат сөз аллатағаланың осы үйінің сыртында айтылса да, ішінде айтылса да, шариғат заңының айыбы бірдей ме? – деп сұрайды. Қажы: – Балағат қайда айтылса да айып – бес теңге, – депті. Сонда Құлақай орнынан тұра беріп: – Ей, алаяқ, сұм қажы, қараңғы елдің қанын сорып жүрген сен де ит, төбеде үріп тұрған итаршың да ит. Ал, осы екі айыбым үшін қолыңдағы он теңгені түгел ал. Бірақ алғаның бұйырмасын, әумин! – депті. Сонда сасып қалған қажы да бетін сыйпапты. Ал Құлақай мешіттен шығып жүре беріпті. Міне, қазақтың мұндай аңыз әңгімелері еңбекші елге бай-манап, қажы-молдаларға да қарсы күрес жүргізуге болады екен ғой, оларды да жеңудің жөні, жолы бар екен ғой деген ой, сенім, үміт тудырады. Езілген еңбекшілердің санасына ықпал жасап, оларды күреске оятады. Бұл – халық сатирасы, халық күлкісі таптық қоғамда тап күресі құралының ролін атқарады деген пікірдің айқын айғағы. Күлдіргі аңыз әңгімелердің үшінші бір тобы еңбекші елдің ақыл-ой парасатының, шешентілмарлығының өз қожайындарынан кем емес, қайта артық екендігін көрсету, дәлелдеу үшін туғызылған. Мысалы, бір бай атақты алдамшы қойшының дақпыртын естіп, іздеп шығады. Кездестіреді де оған: – Кәне, мені алдап көрші! – дейді. – Қазір алдай алмаймын, алдайтын таяғым үйде
қалып кетіпті, – дейді қойшы. – Менің атыма міне сап алып келе ғой, қойды мен баға тұрайын, – депті бай. Байдың атын мініп, оған қойын бақтырып кеткен қойшы сол кеткеннен мол кетіпті. Бай алданғанын бір-ақ біліпті. Міне, бұл тақілеттес күлдіргі әңгімелерде жоқжұқана кедейлер үстем тап өкілдерін ақымақ етіп алдап, шоққа отырғызып, бармағын тістетіп кетіп жатады. Олардың хикаясын қызыға айтып отырып, қарапайым еңбекші ел міне осындай ақылды, міне осындай кемеңгер деген ой тастайды. Ф.Энгельс әлгі аталған мақаласында халық кітаптарының бір міндеті – “күні бойы ауыр жұмыс істеп, арып-талып қайтқан шаруаның көңілін көтеру, ойын ояту, ауыр азабын ұмыттыру, оған өзінің тастақ даласын исі жұпар аңқыған гүл бақшасы етіп көрсету”1 деген. Демек, кітабы, баспасы жоқ қазақ халқы бір топ күлдіргі-сықақ, әңгімелерін жадырай күліп, көңіл көтеру үшін туғызған. Ауызша әжуалары арқылы өз рухын, өз еңсесін көтерген. Мысалы, “Ұсақ бауырсақ” атты әзіл әңгімеде Есалы деген жайдары да ақкөңіл, аңқау кісі құдасына қонаққа келеді. Оның алдына дастарқан жайылып, шай қойылады. Күні бойы еш жерге түстенбей, ашығып келген Есекең қойдың құмалағындай ұсақ бауырсақты ауызға үшеуден, төртеуден салып шай ішуге кіріседі. Шай құйып отырған құдаша Есалының қомағайлығын мысқылдамақ болып: 1 К.Маркс, Ф.Энгельс. Из ранных произведений, М., 1956, стр,, 344-352.
– Сіздің елде қойды қораға қамарда біртіндеп айдай ма, топтап айдай ма? – деп сұрайды. Қалжың сырын түсіне қойған Есалы: – Ірі болса біреуден, ұсақ болса үшеу-төртеуден айдаймыз, – деп жауап беріпті. Сол сияқты, “Түйе сатушы” деген күлдіргі әңгімеде біреу қан базардың ортасында түйесін мақтап: “Өзі нар түйе, түсі сары түйе, өзін көр, көзін көр, бір көзі көр, көрді көр”, – деп сарнап тұрады. Иесінің тақпақтата, құйқылжыта мақтауына қарағанда мінсіз екен деп біреу сұрағанын беріп, нарды жетелеп кете барады. Жолда ауылдастары кездесіп: “Батыр-ау, түйең соқыр ғой!” – дейді. “Қап, мынаның мені алдағаны-ай” деп, әлгі кісі базарға қайта келеді. Түйе сатқанды тауып алып: “Мұның қалай?” – деп сұрайды. – Атай көрмеңіз, – дейді ол, – мен алдағаным жоқ көк базардың ортасында: “Өзін көр, көзін көр, бір көзі көр, көрді көр де көр деп айқайлап тұрмадым ба?” – дейді. Аңқау алушы бағанағы тақпақ, сырлы сөздің мағынасын сонда ғана ұғып: “Бұйырғаны осы екен”, – деп жөніне кете барады. Міне, бұл аңыз-әңгімелер от басы, ошақ-қасында жиын-сауық, той-думанда әзіл-қалжың жарастырып, жақсы отыру үшін пайдаланылған. Бірақ, бұдан олар еріккеннің ермегі, бос қылжақ, бос сықылытық еді деген қорытынды шықпайды. Бұларда ескірмейтін әлеуметтік мән, қайырымды әзіл, қуақы да өткір ой бар. Бұл сипаттас әңгімелердің бірін естігенде ішек-сіле қатқанша күлсек, екіншісін естігенде
табан астынан тауып айтылған жауаптарға, ұтқыр да ұшқыр сөздерге дән риза боламыз. Соларды естіп тапқырлыққа, шешендікке үйренеміз. Әлгі сияқты көңілді әңгімелер бас қосып, сұқбаттасып отырғанда көңіл кірін шаяр, жанды жадыратар, еңсені көтерер рухани азық ретінде мән-мағынасын әр дәуір, әр заманда да жоймақ емес. Әділетті еңбекші халық және бір топ күлдіргі әңгімелерінде өз өкілдерінің бойындағы жарамсыз жайт, ұнамсыз іс-қылықтарды ажуа етуді мақсат еткен. Мысалы, “Ергенегі мойнында, екі намаз соңында” атты күлдіргі әңгімеде осы идея айқын көрінеді. Онда намаз оқыған кісі күнәдан арылып, ұжымаққа барады дегенді естіп, ауыл адамдары мал жинап, намаз сатып алмақшы болады. Малды Айжарық дегеннің алдына салып, базарға айдатып, намаз әкел деп жібереді. Айжарық малды бұлдап, намаз іздейді. Аңқаулығын байқап бір саудагер оның ақшасын қағып алмақ болады. Аш аралар қамалған қауақ ұстап, Айжарықтың алдынан көлеңдеп шыға келеді. – Мұның не? – деп сұрайды Айжарық. – Намаз. – Сатасың ба? – Сатамын. Айжарық әлгі “намазды” қымбатқа алады да саудагерден: – Мұны қалай үйренеміз? – деп сұрайды. – Намаз үйренемін деуші талапкерлерді бір үйге жина, үйдің есік-тесігін тас қылып бекіт. Өздерің
тырдай жалаңаш болып шешініңдер де, намаз салған молда науатының аузын ашып жіберіңдер. Сонан соң намаз гуілдеп шығып, бойларыңа шымырлап дари бастайды, – дейді саудагер. Айжарық ауылға келіп, намаз алуға мал бөлгендерді тегіс жинайды. Саудагердің айтқанын бұлжытпай істейді. Аш аралар қабақтан гулеп шығып, жалаңаш жұртты талай бастайды. Алғаш жұрт “Жарықтық бойға дуылдатып, ашытып дариды екен ғой”, – деп шыдап байқайды. Аздан соң жанын қоярға жер таппай, үй ішінде сеңдей соғысады. Ақырында үйді бұза-мұза бет-бетімен қашады. Үйдің ергенегі Айжарықтың мойнында кетеді. Әлден уақытта ел есін жиып, бірін-бірі іздей бастайды. Айжарықты сұрағанға біреу: Ергенегі мойнында, Екі намаз соңында, Өзі хақтың жолында, Анау қырдан асып бара жатыр, – депті. Міне, мұнда халық өз ішінен шыққан адал да ақ ниетті адамдардың аңқау-аңғалдығын, жөнсіз сенгіштігін күлкі етеді, әжуалайды. Екінші бір әзіл әңгіме мынаны айтады: Бір жалқау аласа жаппасында әйелімен бір уыс қуырған бидайды шашып жіберіп, шай ішіп отырыпты. Тер шығып, терісі кеңіген кезде жалқау әйеліне: – Қатын, біз осы алдағы көктемде қауын-қарбыз
ексек. Мол өнім алсақ. Оның бір тоғызын Жұмаш байға тартсақ. Өзі көңілшектеу неме еді, бір бие беріп қалса, енді бір тоғызын Өгізбайға апарсақ, ол сәтін салып, бір байтал берсе... деп шұбырта жөнеледі. Сонда әйелі: – Қошқарбайдың әкесі-ау, ниетің дұрыс, бірақ бәрі бие болып кетті ғой. Айғырсыз олар қысыр қалмай ма? – дейді. – Пәлі, ол жағы естен шығып барады екен ғой! Онда қауын-қарбыздың қалған-құтқанын жинап, Бәтесбайға апарып тартсам, кұнаннан дөнен шығар айғырын алсам... – Шіркін, оны мен төркініме мініп барсам, – депті әйелі көзін жұмып қиялдап. Сонда ері: – О, антұрған, жалғыз айғырды сен мініп кетсең, биелер қысыр қалмай ма? – деп, кесесімен әйелін ұрыпты. Сөйтіп, жалғыз-жарым кесесінен айырылыпты. Мұнда халық өз ішіндегі жалқаулықты, бос қиялшылдықты әжуалайды. “Бас көзіңді, молдекеде” ұмытшақтықты, “Он саусақтай он едіде” өтірікшілікті күлкі етеді. Бірақ бұл ниет, бұл идеялардағы сықақтарда күлкі достық рәуіште, зілсіз, қуақы күлкі ретінде көрініп отырады. Ал енді қазақтың осы күлдіргі сықақ әңгімелерінің ерекшелігі неде? Біріншіден, олар бірде зілді этюдтер, бірде ойнақы диалогтар, енді бірде қысылған жерде ауыздан шыққан қызықты пікір, табан астынан табылып айтылған ұтқыр жауаптар болып келеді. Тағы бірде миниатюралық көріністер, өсиет-өнеге
берер әңгіме-новеллалар түрінде айтылып отырады. Бұлар біздің қазіргі сықақ әңгіме, этюдтеріміздің алғашқы көріністері. Екіншіден, оларды анекдот деп атауға болмайды. Өйткені, анекдот біткеннің бәрі шыншыл, ойлы бола бермейді. Оның бос қылжақ үшін шығарылған сенімсізі, мәнсізі, дөрекі-оспадары көп болады. Ал әлгі қазақ аңыз-әңгімелерінің бәрі дерлік үлкен ой арқалап, білім қосарлық, тәрбие берерлік мәнмазмұн көтеріп тұр. Бізді күлдірген анекдоттар көпті күлдіре алмай, ұзақ есте қалмай, жоқ болып, жойылып кетіп отырады. Ал, әлгі халық даналығынан туған юмор ғасырлар бойы өлмеген. Ұрпақтан-ұрпаққа, ауыздан-ауызға ауысып, қайта түлеп, қайта жанданып жасай берген. Оны әр кездің ел билеген көсемдері, ақпа ақын-шешендері, терең ойлы қарттары мен парасатты жастары жалықпай тыңдап, ұмытпай айта жүрген. Үшіншіден, халықтың күлдіргі сықақ әңгімелері көлемі жағынан шағын, айтар ойы жағынан терең болып келеді. Бірер сөз сайысының, сөз қақтығысының өзінде-ақ ыммен, нобай-тұспалмен айтар ойды жеткізіп, мораль-идеяны беріп, қылт етпе күлкіні шакырып болады. Бірде тапқыр сөз – жүйемен күлдірсе, көбіне тапқыр іс-әрекетпен күлдіреді. Онда қанатты сөз, мақал-мәтел, толғаулы ойлар көп болады. Оның көбі халқымыздың кәсіп тіршілігінен, салт-дағдысынан шығарылып айтылып отырылады. Қазақ ауыз әдебиетінің сатира мен юмор айқын көрінер ендігі бір саласы – ертегілер. Халқымыздың
бүкіл ой-қиялы, мол сырлы күлкісі, өткір мысқыл кекесіні, бүкіл ертегілерді аралап өтеді. Ертегілердің сын-сықақ кездеспейтін түрі жоқ. Тіпті, тұрмыссалт ертегілерінің бірсыпырасы бастан-аяқ таза юморлық, қуақы күлкіге құрылған. Олар әдебиеттік тарихымызға “Күлдіргі ертегілер” деген атпен енді. “Бұл ертегілер,– деп жазды академик М.Әуезов, – бала мен үлкенге бірдей ортақ, тапқыр күлкіге, қызықты жеңіл түйіндерге құрылған әңгімелер”1. Халық күлдіргі ертегілерді бой көтеріп, көңіл ашу, өз даналығын паш етіп, үстем тап өкілдерінің ақымақ, бейшара екендігін келекелеу үшін туғызып отырған. Осы мақсатпен өз ертегілерін күлкілі етудің, юмормен байытудың алуан-алуан амалын тапқан. Ең алдымен, халық олардың кейіпкерін ерекше адамдар етіп алады. Кейіпкерлердің кескін-кейпі, түр-түсінің өзі күлкілі, оқыс болып келеді. Сол бейнелеріне лайық оларға адам күтпеген қызық аттар тауып береді. “Тоғыз тоңқылдақ”, “Бір шіңкілдек”, “Шибұт”, “Қағанақбас”, “Қылтамақ”, “Қаңбақ шал”, “Қу тазша”, “Тазша бала” деген аттарын естігендеақ тыңдаушы жымиып сала береді. Кейіпкердің кім екені, бітім-жаратылысы әлгі аттарынан-ақ көзге елестей қояды. Бұл ертегілердің “қайраткерлері” қызықты ныспысымен ғана күлдірмейді, күтпеген іс-әрекет, сапар-саяхатымен де ішек-сілені қатырады. Өйткені оларға әлгідей түр-түс, келбет-пішініне, аянышты да дөрекі тұрпатына мүлде сай келмейтін жүріс1 Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1960, І том, 1-кітап, 249-б.
жорық, қайрат-қуат беріледі. Олардан күтпеген әрекеттер шығады. “Ойпыр-ай, қайтер екен!” – дей бергеніңде, қысылтаяңнан қиналмай шыға келеді. Міне, осыған күлесің. Яғни, шебер жасалған қарамақайшылыққа, жер мен көктей шалғай жатқан, ұқсамай жатқан жағдай-жайтты жақындастыра, жымдастыра түскен контрастқа күлесің. Бұл тұста да дана халық өз ой-қиялына еркін құлақ серметеді. Қырық өтіріктегі шебер әсірелеудің әдіс-тәсіліне бой ұрады. Мұнда да болмағанды болдыру, қолдан келместі келтіру бар. Мысалы, “Қаңбақ шал” ертегісіңдегі персонаж – “жел тисе ұшып, күн тисе қурап” тұрған қарт. Ол масадан әлсіз. Сөйте тұрып, Қаңбақ шал теуіп жіберіп жердің миын шығарып, дию дәулерді жанынан түңілтеді. Яғни, халық кейіпкеріне бойбасына лайықсыз іс істетеді. Күлкіні оның ерсілік, әсірелік әрекеті арқылы шақырады. Бұл тұста халық юморы достық жаршыға, жағымды карикатураға ұқсайды. Халық өзінің Қаңбақ шалына әсіре әрекет беріп қана қоймайды, ақыл, тапқырлық, айла-шарық та береді. Сол арқылы Қаңбақ шал күн көріп, неше қилы қауіп-қатерден құтылып отырады. Мұндағы ой – қиянат-зорлыққа, әділетсіздікке қарсы, тек білекпен, күш-қуатпен күресіп қоймай, ақыл-амал, айла-тәсілмен де күресу керек дегенді айтып, бұл да жеңіске жеткізетін, абырой-атаққа апаратын зор қару дегенді аңғартады. Осы “Қаңбақ шалда” халық батылдықтың, қайтпай қорқыта, үркіте сөйлеп, тай-таласа кетудің
де жеңіске жеткізер, бір ретке сыр білдірмес, аяқтан шалдырмас әдіс екенін аңғартады. Мысалы, үш дәу келіп Қаңбақ шалға қауіп төндіргенде ол орнынан тұрмастан жамбастап жатып: “Жоғары дәудің басын ас, төменгі дәудің төсін ас, ортаншы дәудің өзін ас!” – дейді. Сонда дәулер тұра қашады. Мұнымен халық тап жауларына, пәле-жалаға қарсы күресте аяп қалар, іркіп қалар құрал-қару болмау керек. Керекті кезде, қысылған шақта айла мен өтірікті де пайдаланып жіберуге болады, әйтеуір, жеңіске жету керек. Мұндайда алдап кетсе де, айла-шарық істесе де айып емес дегенді айтып отыр. Ф.Энгельс “Новая Рейнская газетадағы” кезін еске ала келіп, «Біздің толып жатқан жауларымыз бартын-ды. Қарсы күресте олардан аяп қаларымыз болмайтын. Оларға деген күлкіміз, мысқыл-кекесініміз, масқаралайтын тағы басқа құралдарымыз әзір тұратын еді» дегенді айтқан еді. Халықтың әлгісі Ф.Энгельстің осы пікірімен үндес жатыр. Тағы бірде халық күлкіні кейіпкерлердің жүрісжорығымен емес, сөзімен, айтқан пікірімен шақырады. Мысалы, бір шал жатып ішіп-жейтін шағында бейнет кереді. Су тасып отын арқалап қор болады. Жаны күйінген ол: “Қүдайым, мұндай өмір бергенше, маған өлім берсейші!” – дейді. Мұны естіген ажал: “Мені неге шақырдыңыз?” – деп шыға келеді. Сонда шал: “Мына отынды көтеруге көмек бере ме деп шақырып едім”, – депті. Осындағы күлкі шалдың отын алып, су тасыған әрекетінде емес, ажал келгенде маған көмектессін
деп шақырып едім деген сөзінде, өлгісі келмей, жанының тәтті екенін білдіріп алуында. Екінші бір ертегіде құран оқып отырған молданың желкілдеген сақалын көріп, бай жылап жібереді. Молда одан: ‘Құран мақамына бойыңыз балқып, жылаған боларсыз?” – деп сұрайды. Сонда бай: “Жоқ, сіздің желкілдеген сақалыңызды көргенде, жақында өлген сақалды серкем есіме түсіп жылап отырмын”, – депті. Мұндағы күлкі де кейіпкерлер сөзінде. Бай мен молданы өздерінің диалогымен әшкерелеген. Серке үшін жыладым деу байдың өзінің мал жандылығын көрсетеді. Серкемнің сақалы сіздің сақалыңыздай еді деуі – молданы теңеп мазақтауы. Демек, күлдіргі ертегілер тек көтеру үшін, халық даналығын паш ету үшін ғана үстем тап өкілдерін келекелеп, мұқату, қоғамдық теңсіздіктерге наразылық білдіру үшін де айтылатын болған. Кейбір ертегілерде халық сөзбен және ісәрекетпен күлдіру әдістерін бірге қолданады. Мысалы, Былғақ деген тапқыр тентек қатты ауырып жатқанда ағайындары: “Бір құдайға тапсырдық, бір құдайға тапсырдық!” – дей беріпті. Сонда Былғақ: “Сол тапсырған құдайыңның өзінен қорқып жатырмын-ау” – депті. Міне, бұл – сөзбен күлдіру. Былғақ тентек өзеннен айдап өтпек болғанда, қойлары суға түспей қойыпты. Бұлар кебісім су болады деп тұр ғой депті де, барлық қойдың қара тұяғын сылып тастап айдапты. Ал бұл – іс-әрекетпен күлдіру. Кейде күлдіргі ертегілердің персонажы адам
емес, заттар болып келеді. Солар ойда жоқ жерден қырғын қызық, ойран-сойқан жасайды, өрескел әрекеттер көрсетеді. Мысалы, ұр тоқпақ сияқты заттардың халі мен ісі, оқыс қимылы күлкіні еріксіз шақырады. Күлдіргі ертегілердегі сатира, юмор аңыз ертегілерге ауысып отырады. Олардың ішінде сатира, әсіресе, Алдар көсе, Қожанасыр есімімен байланысты аңыздарда бар сыр-сипат, өрнекайшығымен көрінеді. Аңыз ертегілердегі сатираның күлдіргі ертегілердегі сатирадан айырмашылығы – онда, құр күлдіруден гөрі, мәнді бүлдіру болады, таптық, саяси бағыт, әлеуметтік тартыстың тарихтық шындығы, болмысы жатады. Яғни, олардағы сатира зор мағыналы, қоғамдық сатира болып келеді. Халық үстем тап өкілдерінің адам төзбес арамдықтары мен сорақы мінез-қылықтарын кейде күлкісіз, салқын жүзбен, жиренумен, ашумен сынапмінейтін болса, кейде Алдар көсе әңгімесі сияқты әжуа-юморға толы, мазақ еткіш, көпке қызықты, мысқыл-күлкілі ертегілермен әшкерелейтін болған. Алдар көсе әңгімелерін естігенде, одан алданып қалған Шығайбай сияқты байларға: “Сауап бопты! Оларға сол керек еді”, – деп жұрттың айызы қанып отырады. Алдар көседей айлалы, алдағыш адамдарды тудырып, ел арасына әрекет еттіріп жіберудегі халықтың мақсаты, біріншіден, ең қумын, сұмымын дегендерді де зар қақсатып, жер қаптырып кететін Алдардай адамдарымыз болса деп аңсау, екіншіден,
олардай ел өкілінің талантын, тапқырлығын, сайқымазақтығын таныту, үшіншіден, Алдардай адамдардың іс-әрекеті, күлкілі қылығы арқылы елге рух беру, олардың езгіден басылған еңсесін көтеру, төртіншіден, Алдардың алдауы аркқлы үстем тап өкілдерін мазақ ету, масқара ету. Алдар әңгімесі бір уақыт қарапайым еңбекші елдің сараң, сасық байға деген таптық наразылығын, соларды сынап-мінеп мазақ етіп сорлату керек деген ниетін, таптық өшпенділігін білдіреді. Мысалы, “Алдардың Шык бермес Шығайбайды алдағаны” атты әңгімеде халық күлдіре отырып, дүние қоңыз, шірік, арамза, қу құлқынның құлы байларды өлтіре мазақ етеді. Тағы бірде халық, Алдар әңгімелері арқылы діншілдерге, діни нанымдарға шабуыл жасайды. Молдалар қу етіп, құбыжық етіп көрсететін шайтанды Алдарға қақпалатып мінгізіп қояды. Шайтандар жиналып Алдардың үстінен шағым айтып, әзәзілге барады. Әзәзіл ашуға басады. Алдарға алдаудың көкесін көрсетіп, оны тасқа отырғызып, шайтандарға өш алып бермек болады. Сонымен, әзәзіл Алдарға келіп: “Алдасайық!” – дейді. Алдар да: “Алдассақ, алдасайық. Бірақ менің “алдар қалтам” үйде қалып еді, соны әкеле қояйын, сен мына бұзылған қораны көтеріп тоса тұр!” – дейді. Әзәзіл келіседі. Алдар сол кеткеннен мол кетеді. Әзәзіл қора көтеріп мықшиып, Алдарды күтіп әлі тұр деп айтады. Міне, осында халық молда-қожалардың діни, соқыр сезім сандырақтарына өзінің сенбейтінін,
ислам дінінің уына әлі улана қоймағанын аңғартады. Жұртты ақымақ қылғысы келген дін иелерінің өзін ақымақ қыла ажуалайды. Молдалар шайтанды жаннан асқан қу, сұм етіп керсетсе, халық өзінің Алдарын одан асырып түсіреді. Сол арқылы молдаларды өтірікші етеді. Ақылдылықты, пайымдылық пен парасаттылықты қажет ететін, бағалай білетін халық аңқаулық пен аңғырттықты да Алдарға мазақ еткізеді. Саудагерді аңқау, ақымақ етіп көрсетіп, оның 40 өгізін Алдарға алғызады. Бұл аңызда, біздіңше, екі идея бар: біріншіден, үстем таптың ойсыз, қамсыз өкілдеріне қарағанда, қарапайым халық өкілінің айлалы, алымды-шалымды келетінін көрсету, екіншіден, халық бұқараны ойсыздықтан, аңқаулықтан – сақтандыру. Алдар аңызы ел арасына көп тараған. Қазір жақсы да қызықты, алдауға, айла-амалға құрылған әңгіме болса, Алдар көсе әңгімесі сияқты екен дейміз. Шығайбайдың шық берместігіндей сараңдықты саудагерлерге тән қомағайлық пен пайдакүнемдікті мазақтайтын өткір мысқыл болса, бұл Алдар көсенің ісі сияқты екен дейміз. Демек, Алдар жинақталған образ-кейіпкерлерге айналып кеткен. Алдар айналасындағы күлкі екі түрлі жағдайдан көрінеді. Ең алдымен, ол күлкі персонаждың кейпінде, атында тұр. Бетіне маса тайып жығылатын жып-жылмағай, жылтыр иекті жылпосты көз алдымызға елестетіп бір күлсек, “Алдаймын, атым Алдар” деп айқайлап тұрған атына екі күлеміз. Оның аты мен сорлатам, мен жер қаптырам, қажет
болса ақымақ етем, қу мен сұм, қайдасың, қайсың маған қарсы келесің, қайсың менімен өнер, айлаамал таластырасың? Кім болсаң да, не болсаң да, алып та жығам, шалып та жығам деп тұрады. Алдар аңыздарындағы күлкі көрінер екінші сипат – оның іс-әрекеті, жорық-жосығы. Алдар әрекетінің бәрі – күлкілі күрес, күлкілі тартыс. “Алдаймын” деп айқайлап, мақтанып тұрған Алдарына халық кедергі-бөгетті де қиыннан тауып береді. Не бір шыт-шытырманға айдап салады. Бірақ, бәрінде де Алдарын алғызбай, шалғызбай алып шығады. Мерейін үстем етіп, оған сараңның бермесін алғызады, бірді екі, екіні он етіп жүрген саудагерлерді тонатады. Оларға “ұрыны қарақшы қарақшылаптының” кебін кигізеді, бақсыны “көріп кел” кісесінен адастырады, ажал ұясы, ызғары мол, кәрі қатты хан сарайын масқара еткізеді. Алдаркөсе аңыздары қарақалпақ, өзбек, түркімен халықтарының ауыз әдебиетінде де бар. Өзбек аңызында Алдар өледі деп айтады. Оның өлу себебін қызық түсіндіретін көрінеді. Бір адам Алдардың кескінін, көселігін мазақ етеді. Соған жауап таба алмаған Алдар жарылып өліпті-міс. Бұл, әрине, ойға қонбайды. Бұл біздіңше, үстем тап өкілдерінің Алдар әңгімесінен әбден соққы көргендердің шығарғандары. Бізді құртқан Алдардың да сазайын тартқызар адам болады, болған деп айту үшін, халық өкілі Алдардың мерейін үнемі үстем етіп көрсетпеу үшін, күлкіге күлкімен жауап беру үшін олар осылай деп аңыз таратқан болуы ғажап емес. Болмаса, не бір сыннан
сүрінбей шығатын Алдардың “көсесің” деген сезге жауап таба алмай жарылып өле кетуі мүмкін емес. Халық оған бұлай еткізбейді, оны мұндай тағдырға қимайды. Ал қазақта Алдарды өлді, ел оны көмді деп айтпайды. Оның себебін академик Мұхтар Әуезов былай түсіндіреді: “Алдар аты – күлкі аты, күлкіге өлім жоқ. Ендеше сол күлкі өшпейтіндей, Алдар да өлмес жан бейнесінде әңгімеленуі шарт. Қазақ аңызында Алдардың туысы айтылмаса, өлімінің де айтылмайтын мәні осыдан... Күлкі – өлмес елдің өшпес күші”1. Қожанасыр әңгімелері де күлдіргі, мысқылюморлы әңгімелерге жатады. Бірақ, Қожанасыр әңгімелерінің Алдаркөсе аңыздарынан идеялық жағынан да, мазмұн жағынан да үлкен айырма, ерекшелігі бар. Халық, Алдар әңгімелерінде өз кейіпкеріне басқаларды мазақтатып, ақымақ еткізіп отырса, Қожанасыр әңгімелерінде, көп ретте, кейіпкердің өзін аңғал, аңқау етіп көрсетіп отырады. Бірінші жағдайда басқалардың ақымақ болып, алданып қалғанын айтып, жұртты соған күлдірсе, соңғы жағдайда персонаждың – Қожанасырдың өзінің аңғал-аңқаулығына, әпенділік әрекетіне күлдіреді. Бірақ мұнымен Қожанасырдың өзі сыналыпмінелмейді. Оның аңқаулығының ар жағында ащы әжуа, шебер қуақылық, ақылдылықпен астасқан тапқырлық тұрады. Сол арқылы үстем, өктемдерді 1 Қазақ әдебиетінің тарихы,А., 1960, І том, 1-кітап, 255-б.
келемеждеп жатады. Қарсы жақты аңқаусып отырып, әжуалап тастайды. Қожанасыр образы арқылы халық, қажет болса, қулықты, тапқырлықты қумын, сұммын дегендерден де асырып жіберетініне көз жеткізеді. Осы үшін де күлкіні ерсі жай, оқыс оқиғалар арқылы шақырып, аңқаусырап отырып алып, ұрып тастап жатады. Жалпы, Қожанасырды не өзбек, не түркімен, не қазақ деу жөн емес сияқты. Бұл – Орта Азия жұрты мен қазақ өзінше бөлек-бөлек халық болып қалыптаспай тұрғанда туғызылған кейіпкер. Сондықтан да оның өзін, әңгімелерін түркі тектес халықтардың бәріне ортақ өкіл, орта мұра деп қараған дұрыс. Тіпті, Қожанасыр туралы аңыз-анекдот шығарған барлық халықтың өз Қожанасыры бар десек те жөн. Басында оны белгілі бір халық тудырса да, кейін әр халық өз Қожанасырын аренаға шығарған. Қазақ халқы да өз Қожасын тудырып, ел арасына әрекет еттіріп жіберген. Оның есімімен байланысты көптеген өзіндік аңыз анекдоттар туғызған. Мұндағы мақсат – Қожанасырдың табиғаты мен мінезінен еңбекшілердің ақ көңіл, ақылды мінезін, кісіге зияны жоқ, сенгіш-нанғыштығын, қулық, сұмдық, арамдықтан таза екенін аңғарту, оның аңқаулығының ар жағында жатқан ащы мазағы арқылы үстем тап өкілдерін сынап, сықақтап масқара ету. Халық қиял-ғажайып ертегілерінде де қаскөйлік пен маскүнемдікті, арамдық пен дұшпандықты, жақсылыққа жамандықты сықаққа жығып, сынап отырады.
“...Қиял-ғажайып ертегілерінде, – деп жазды М.Әуезов, – өзге барлық ертегілер түріндей, сатиралық ертегілер өзгеше орын алады. Қанаушыл, зорлықшыл, қаскөй күштерге қарсы арналған халықтың ащы мысқылды, аямас әжуасы бұл жөнінде де үлкен қызықты үлгілер тудырады”1. Тек мұндағы сатираның объектісі де, персонажы да астарлы, өзгеше бір сындарлы болып келеді. Ел қиялынан туған ерлерге ұдайы қарсы күресетін, қас күш болып есептелетін – жалғыз көзді дию, жалмауыз кемпір, жеті басты жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақ. Орыс фольклорындағы осылар тәріздес сорақы, сұмырай персонаждар туралы айта келіп, Максим Горький былай дейді: “Бұлардың бәрі де табиғатқа құдіреті жүретін ерекше күш иелері және өздері адамға өзгеше қас, ызалы. Осыларды кім тудырған, бұлар қалайша араласқан, бұлар кімді қорқытады, ол арасын айыру қиын, бірақ, мөлшермен болжағанда жасырын білімнің қуатын билеуші осы сұмырайлар уақиғаларға араласқанда әдейі қорқыту, шошыту үшін араласатын сияқты”2. Біздіңше, мұның басқа да идеялық сырлары бар. Біріншіден, халық өз ертегісіндегі ерлерін ерекше бір ақылды, айлалы, әрі күшті етіп көрсету үшін олардың қарсы күресер жауын да шектен тыс керемет, сұмдық та сұмпайы, жаны сірі етіп суреттейді. Өз батырларын жалмауыздай ажал, тажалдарға қарсы қояды. Оларды оңай да осал жау 1 Ч.Валиханов. Собр. сочинений в пяти томах. А., 1959, т., I. 2 Т.Ш.Горького. М., 1954, стр, 237-238.
етпей, жетіден басы бар, жеті күн ойласаң, ойға келмес алуан айла-амалы бар зымиян етіп көрсетеді. Олар бір басы қалғанша, денесі жеті бөлінгенше соғыс жүргізеді. Ертегідегі ерлер соның бәрін де жеңеді. Сөйтіп, халық өз ерлерінің жеңілмес күш екенін дәлелдейді, соған сендіреді. Екіншіден, халық игі ниет, мақсат қуған, елдіңжұрттың мүддесі үшін жүрген ерлерге, батырларға істелетін пасықтықты, қорқаулық пен қараниеттілікті әшкерелеу үшін әлгідей әсіре, жантүршігерлік, персонаждарды алады. Міне, осы игі ниетті ерлер мен сорақы қас күштердің арасындағы күресті суреттеу тұсында сатира, сарказм бой көрсетеді. Әлгі ажал-тажал күштердің түр-түс, келбет-бейнесі қандай қорқынышты болса, олардың қаскөйлігі, зиянды әрекеті сондай қорқынышты, сондай қауіпті. Осыны көрсету арқылы халық, қоғамдағы, жеке адамдардың басындағы жат мінез, жаман қылықтықаскүнемдікті, игілікті етектен басуға тырысар жауыздықты, еңбекші ел өкіліне үстем таптың қарсы қояр, айдап салар арам күшін әшкерелейді. Кейбір қиял-ғажайып ертегілерінде аңыз ертегілері мен лиро-эпос жырларының айтпақ ой, идея мақсаты жүреді. Мысалы, “Жайық пен Еділ” ертегісінде суреттелетін жалмауыз жерге қарап қалған жоқ-жұқана емес. Оның өріп жатқан қорақора қойы бар, үй-жай, ак ордасы бар. Үш баласы, үш келіні тағы бар. Сөйте тұрып, ол ел тонайды, ел үшін жүрген ер Жайықты жейді. Еділді де ұстап жемек болады. Ал өріп жатқан
қой-қозысына тіс тигізбейді. Дәулетке дәулет қоса берсем дейді, көзі тоймайды. Ол мейлінше өзімшіл. Жеріне, шегіне адам жуытқысы келмейді. Билеген өңіріне басып барған адамға іркіп қалар сұмдығы болмайды. Міне, осы жалмауызды, оның ісін көргенде, Алдар алдап соққан Шығайбай сараң, Қозы мен Баянға аталық мейірімі түспеген малқор да дүниеқоңыз Қарабай еске түседі. Әлгі ертегіде де ішпей-жемей малды айдап өткен сасық сараңдарды әшкерелеу мақсат етілген. Демек, бұдан фольклорлық туындылар, оның жанрлары бірінің пікірін бірі дамытып, ұқсас ой, ұқсас идеяны беріп отыратынын көреміз. Ал енді хайуанат жайындағы ертегілерде сатира, юмор басқаша әдіс-тәсілмен көрінеді. Мысалы, салт ертегілерде сын ашық айтылып, халық езушілерді өз өкілінің тапқыр сөз, шешен тілімен тура әшкерелеп отырса, мұнда астармен, аллегориямен келекелейді. Тіпті, мұндағы сын-сықақ, әлгі қиялғажайып дүниелердегіге қарағанда, күрделірек, мәндірек болып келеді. Ертегілердің бұл түрінің осы қасиеттерін терең түсінген М.Әуезов осылай деп жазады. “Бұндағы шеберлік қасиеттің бір алуаны – бейнелеу (олицетворение). Сол тәрізді көркемдік әдістер арқылы, көбінше неше алуан хайуандар, жыртқыш аңдар, қанқорлар арқылы хандардың, билердің, әкімдердің жайлары, таптық-қоғамдық тұлғалары көрінеді. Осыған байланысты қазақтың хайуанат жайындағы ертегілері қоғамдық сатира екендігін, сол арқылы тап тартысының астары,
тамыры тереңдеп ашыла отырғанын, көп уақытта юморлық, мысқыл әжуаның өтімді, күлдіргі тілдің тамаша шебер үлгілерін танытатынын есте тұту шарт”1. Мұнда М.Әуезов хайуанаттар туралы ертегілердегі сықақтық мысал түрінде келетінін, оның әлеуметтік, таптық дерттерді қозғайтын қоғамдық сатира екендігін ескерткен. Осы пікірді растайтын мысал келтірейік. Бір ертегіде тышқан тамақ іздеп кеткенде оның ініне жылан кіріп жатып алады. Міне, осының өзімен-ақ халық үстем таптың әлсізге етер қиянат-зорлығын айтып отыр. Халық бұл ертегіде “біреуге шұңқыр қазсаң, өзіңе ор қазылар” дегенді де ескертеді. Зорлықшыл жыланды адамға өлтіртіп, қиянатшылға да зауал бар, оны құртар күш бар дейді. Ақыры тышқан өз ініне қайта оралады. Мұнда да қорланған, езілгендер түбі теңдікке жетеді деген зор оптимистік идея жатыр. Ал “Түлкі мен ешкі” ертегісінде құдыққа құлап сорлап тұрған түлкі үңіліп қараған ешкіге: “Кел, салқындап, су ішіп ал”, – дейді. Ақымақ ешкі құдыққа құлап кетеді. Түлкі оның үстіне қарғып шығып одан сыртқа атыла жөнеледі. Ешкі құдықта қалып қояды. Міне, осында түлкі бейнесінде біреуді алдап, отқа тастап, өзі құтылып кететін залымдар сыналып отыр. Ешкі бейнесінде аңқау, алданғыш парықсыздар келекеленген. Хайуанат туралы кейбір ертегілердің осындай астар-сырын жақсы аңғарған академик М.Әуезов пен профессор Е.Ысмайылов былай деп те жазды: 1 Қазақ әдебиетінің тарихы, А., 1960. І т. 1-кітап, 236-б.
“Хайуанат жайындағы әңгіме, аңыздардың екі түрі бар. Бірінде хайуан мінез-құлықтарын дәл хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа бейне, тұспал, мысал есебінде қолданған. Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, осындай сын арқылы жаманшылықпен алысу үшін мысал етіп алу болған. Хайуан мінездерін әңгіме етудің екінші бір түрі – хайуанды анық хайуан етіп суреттейді1. Әлгі біз талдаған ертегілер осының бірінші түріне жатады, оларды мысал-ертегілер деп атауға болады. Сөйтіп, дана халық бұрын-ақ жан-жануар тірлігінен, мінез-табиғатынан адамзат өмірінде болатын қатынас-құбылыстарды таныған. Адамдар қауымында кездесетін жаман мінез-дағдыларды, зорлық-қиянат, қомағай-жебірлік, настыққорқаулық, сұмдық-аярлық, қаскөйлік-кекшілдік сияқты дерттерді көрген. Ертегілер – ел даналығының айқын айнасы. Онда халықтың керемет қиялы да, шалқыған ақылойы да, тапқырлық, шешендігі де, қуақы күлкісі мен ащы әжуасы да тоғысқан. Біз ертектердің өткен замандардағы қаталдық пен зұлымдықты, жиіркенішті салт-сананы әшкерелейтін, езгіден еңсесі түскен еңбекшілердің күлкімен рухын көтеретін қасиеттерін ғана ашуға тырыстық. Сатира, юмор батырлар жыры мен ғашықтық дастандарда да мол. Олардың кейбір эпизод, кейбір бейнелері түгелдей сықақтық стильде берілген. Сатиралық бейнелердің өзі әр тек, әр ортадан 1 Қазақ ертегілері, І т., А., 1957, 21-б.
шыққан, әр түрлі әдіс-тәсілмен әшкереленген болып келеді. Мысалы, “Алпамыс” жырындағы ерекше бір ашу-ызамен масқараланған сұрқия кейіпкер Ұлтан – Алпамыстың өз айналасынан алынған батырдың немере ағайыны. Бір кезде ол кемдік те көріп жүрген. Бірақ сонда-ақ теңдік, әділдік табуды емес, үстемдік құруды, қатыгез болуды аңсаған. Ұлтан осы арманына Алпамыс жауға кеткенде жетеді. Батыр елін тұрғызып-отырғызатын әкім болады. Бұрын-соңды теңдесі жоқ жауызға айналады. Халық мұнымен қанішер үстем таптан ғана шықпайды, қарадан шығып та қатыгез болады, ол адамның пиғыл-ниетіне, арман-аңсарына байланысты деп отыр. Осы пікірді дәлелдеу үшін жырда Ұлтанға көз көріп, құлақ естімеген әрекеттер істетеді. Оның шарықтау шегі – Алпамыстың жеті жасар жалғыз ұлы Жәдігерді көкпарға беруі. Халық Ұлтанның жауыздығын осындай сұмдық іс-әрекетімен бір әшкерелесе, оның жексұрын кейіп-келбетін сүмірейте суреттеп екі әшкерелейді. Ұлтанның: Кеуделері кепедей, Мұрындары төбедей, Күрек тісі кетпендей, Кеңірдегі жүһиттің көріндей, Отырған орны алты қанат үйдің төріндей, Құлақтары қалқандай, Мұрындары сығымдалған талқандай, Көздері терең зындандай,
Басқан ізі от орнындай, Аузы ошақтай, Азу тісі пышақтай, Мұрын тесігі үңгірдей, Иегі сеңгірдей, – деген түрін көргенде, жаныңнан түңілесің. Жауыздығы анау, түрі мынау, бұдан өткен жексұрын болмас деп ой түйесің. Оған деген ашуөш, ыза-кек арта түседі. Мұнда халық сатиралық бейнені әрі іс-әрекет, әрі портрет арқылы жасаған. Портретті беруде небір ұсқынсыз теңеу, жексұрын сипаттарды жиып-терген. “Қобыланды” жырында сықақтық бейне батырлар арасынан алынған. Сатира найзасына шын қаһармандарға серік бола алмаған, нағыз айқасар сәттерде жалт беріп, жалтақтық істеп, қорқа соғып, қолды тастап кететін Қараман сияқты ездер ілінген. Қараман қорқақ қана емес, қайратсыз, жігерсіз. Ол кеудесін Қобыланды шауып түсіргенде, ат үстінде кеткен Көбіктінің бөксесін аударып ала алмай сорлайды. М.Ғабдуллиннің айтуынша, “бұл арада жыршылар Қараман турасындағы мысқылын үдетіп жібереді, мазақ етеді”1. Қараман бишаралығы мұнымен де бітпейді. Ол – бір қайыршы. Қобыланды жауды жеңіп, елге тыныштық орнатайын, теңдік әперейін деген ниетте болса, Қараман мал жиып, олжа табу қамында жүреді. Әр жеңістен кейін сауға сұраумен болады. Халықтың айтпағы – батыр біткеннің бәрі ел үшін, 1 Қазақ әдебиетінің тарихы, А., 1960, І т., 1-кітап, 365-б.
игілік үшін күреспейді. Олардың ішінде құлқын құлдары, қара басының қамымен жүргендері де көп болады. Халық енді бірде өзі сүйген батырларға қарсы тұрған ақымақ, аңғой батырсымақтарды сықақтайды. Қамбарға тап берген оның бірін: Ашуға мінді Қабыршақ, Адамда жаман сол еді, Сақалы ұзын ақымақ, Айқайын салып келеді. Бақырауық неме еді, Әңгі есектей аңқылдап, – деп, келемеж етеді. Ел жау жағының батырсынғандарын сықақтауда ауыр сөзден тартынбайды. Оларды ел “ақымақ”, “әңгі есек” деп жерлейді. “Ер Тарғын” жырында сатира объектісі етіліп хандар алынған. Ақша хан, Ханзада сияқты жұрт жауының зұлымдық, арамдық әрекеті ерекше бір ыза-кекпен сықақталады. Әсіресе, Ханзададай бәтуасыз, жақсылыққа жамандық істейтін хандарға қарғыс айтылады. Ол жауын Ер Тарғынға талқандатып алып, ауырып жатқан оны жұртқа, өлімге тастап кетеді. Кейін қызымды берем деп тағы алдап, Тарғын қолымен және “от көсеп алады”. Оның осы опасыздығын Сыпыра жырау «әділмін деген хандарға өтірік майдай жағады, олар одан өлмейді» деп келекелейді. Жалт бергіш, алдамыш, сұрқия Ханзадаға халық
жұртта қалған Тарғынның өз аузымен де қарғыс айтқызады. Батыр ызалы күйзелісте жатып, ол залымды аяусыз шенейді. Ашу-ыза батырды “атаңа нәлет” деп тілдеуге дейін апарады. Академик Хажым Жұмалиев:”... Поэмада Ханзаданың көр көздігі арқылы басқаларды да шенейді”, – деп жазды. Шынында да, “Ер Тарғын” жырындағы Ханзадаға айтылған жерлеу-шенеу – жалпы хан атаулыға, үстем таптың басқа да өкілдеріне басылған қарғыс таңба. Қазақ халқы осылардай әрқилы сатиралық типтерді лиро-эпоста да жасаған. Бай біткеннің дүниеқоңыздығының, ашкөздігінің, мейірімсіздігінің, қаражүректігінің белгі – символындай етіп Қарабайды қалдырған. Академик М.Әуезов сөзімен айтсақ, “Оның айқын сипатының бірі – сараңдық, мал құмарлық, құлқы жаман қомағай байлық. Мал-дәулет қасында оған туған ел, дос-жар, іштен шыққан баланың көз жасы түк емес. Бұл жағынан ол шық бермес Шығайбайға, қарғыс бейнелі Қарызбайға тартқан. Елдің жауыз байды жиренішті етіп көрсеткен бір мол көрінісі осы образда”. Анау-мынау батырсымақ, жігітсымақтар лироэпос жырларында да аяусыз ашуланады. “Қозы Көрпеш – Баян сұлуда” Қодардың, “Айман – Шолпанда” Көтібардың басбұзар сотқарлығы, қиянат-зорлығы, жөнсіз өркөкіректігі әбден келекеленген. Әсіресе, Көтібар күні өткен батырлардың сарқыншағы ретінде тағдыр мазағына қалады. Тоқалына тоқтам айта алмайтын
ол лақылдап шабады, Айманды алмақ болады. Бірақ ол ойы күлкімен, келемежбен бітеді. “Бұл, – дейді Б.Майлин, – тек Көтібар мен Маманды ғана мазақтау, сонымен қатар, олардың күні өтіп бара жатқан заманын ескі салтын, жаңа дәуірге үйлесі жоқ мінездері мен әрекеттерін келеке, сыкақ ету”. Ғашықтық жырларда қазақ ішіндегі күншілдік, би таластық, қызғаншақтық сияқты моральдық, міндер сынала, сықақтала отырады. Бұл әлгі Қодар, “Қыз Жібектегі” Бекежан хикаясымен берілген. Олар екі жастың бақытына, сүйіп қосылуына қарсы қас күш, екі гүлдің ортасына біткен арам тікен. Бірі Баянға Қозымен таласса, екіншісі Жібекке Төлегенмен таласады. Бұл оларда күншілдікке, қызғаншақтыққа апарып ұрындырады. Ақыры оларда бақытқа не ғашықтарды жеткізбей, не өздері жетпей опат болады. Халықтың мұнымен айтары күншілдік, бақталастық ешқашан ешкімді де көгертпейді. Бұл – бүкіл феодалдық қоғам дертіне айтылған қарғыс, сын. Жоғарыда ескерткендей, батырлар жыры мен лиро-эпоста жеке эпизод, жеке образдар ғана сықақтык әдіспен беріледі. Олар тұтастай сатиралық, туынды емес. Сондықтан бұл түрлердегі сатира, юморға бұдан артық кең тоқтаудың қажеті жоқ. Жазба әдебиеттегі сияқты, фольклорында да сатира, юмор тұрмыстағы күні өткен құбылыстарға, ескірген этикалық тәртіп-нормаларға, тоқырап, реакциялық сипат алған қоғамдық системаға қарсы бағытталады. Әдебиеттің, мәдениеттің бүкіл
тарихымен бірге жасай отырып, халық сатирасы әр кез кедей-кепшік, жоқ-жұқананың жоғын жоқтаған. Солардың үстем тапқа деген өшпенділігін сездіріп отырған. Ол да адамдардың теңдігін, бақытты болашағын идея етіп көтерген. Байқап қарасақ, барлық елдегі халықтық сатираның нысанасы, негізінен, бір, ұқсас. Қазақ фольклорындағы басты объектісі – байлар, ғасырлар бойы езген, соның еңбегін қанаушылар. Халық солардың сараңдығы мен дүниеқоңыздығын, қайырымсыздығы мен қиянатын ашына әжуалап отырады. Өз өкілін солармен жалғастырып, тартысқа шығарады, сол күресте жеңіске жеткізіп, мерейін үстем етеді. Бай, бектер ақымақ боп, опық жеп, шоққа отырып қалып жатады. Халық сатирасының ерекше бір құндылығы әр дәуірдегі ел билеп, өкім етушілерге ауыз салуында, жұрт басқару системасына назар аударуында. Халық әкімдердің, билердің әділетсіздігін, парақорлығын әшкерелеп қоймай, хан, ханзадаларға да шүйіледі. Олардың басқыншылығын, қарақшылығын, білекке, күшке салған зорлығын ерекше сынайды. Үстемдік, билік етудегі қиянатқа қарсы бұл мотив халықтық сатираның мәнін көтеріп, оның қоғамдық, әлеуметтік сипатын айқындай түседі. Халық өз сатирасын үстем тап өкілдерін мінепшенеу, соларға қарсы айбат көрсету үшін ғана емес, өз ішіндегі, кейбір өз өкілдерінің бойындағы ұнамсыз мінез-қасиеттерді сынап, түзету ниетімен де тудырған. Қарапайым адамдардың жөнсіз аңғалдығы мен ұмытшақтығын, жалқаулығы мен
бос қиялшылдығын, жігерсіздігі мен олақтығын да әжуалаған. Халық сатирасының ендігі бір объектісі жалпы адамгершілікке, гуманизмге қайшы, шартты тұрғыдағы моральдық міндер болып келеді. Ол сорақы да сұмпайы, жан шошырлық кейіпкерлер тауып алады да, солардың бейнесінде қаскөйлік пен маскүнемдікті, арамдық пен жауыздықты, опасыздық пен ождансыздықты мансұқ етеді. Бұл идеялар, әсіресе, қиял-ғажайып ертегілерінде көп көтеріледі. Басқа халықтардағы сияқты, қазақ фольклорында да сатира әр түрлі, әр текті. Бірде ол мінді, дертті бетке айтар ашық сатира болса, бірде ақыл-кеңес бере отырып, сынап-сықақтайтын дидактикалық сатира болады. Тағы бірде шартты түрде тақпақтай әшкерелейтін шешеңдік сатира түрінде көрінсе, енді бірде объектісі мен идеясы астарлап айтар аллегориялық сатира ретінде қазақ ауыз әдебиетіндегі күлкі, юмор да алуан сипатта болады. Күлдіргі ертегі мен әзілдегі юмор, көбінесе, жұртты жадырата күлдіруді, аулауды көздейді. Әдемі әзіл әжуалар айту арқылы езілген елдің еңсесін, рухын көтермек болады. Бір жағынан, еңбекші елдің тапқырлығын, тілмәрлығын, байлығын паш етеді. Мұндағы күлкі достық рәуіште, зілсіз, қуақы түрде көрінеді. Ал аңыз, хайуанаттар жайындағы ертегілердегі юмор мәндірек болады. Онда таптық, саяси бағыт әлеуметтік тартыстың тарихтық, шындығы, болмысы жатады. Яғни, ол қоғамдық күлкі
дәрежесіне көтеріледі, Халықтық сатира мен юмордың туу, көріну тәсілі әр қилы. Тұрмыс-салт жырлары мен шешендік сөздерді ол тіл жүйесінде емес, айтылған пікірдің мәнінде, мазмұнында жатса, өтірік өлеңдерде тілдік құралда – гипербола мен әсірелеуде жатады. Күлдіргі – аңыз әңгімелер мен ертегілердегі сатира, юмор бірде тапқыр сөз жүйесімен, пікірімен берілсе, көбіне қызықты іс-әрекет, жүріс, жорық, хикая арқылы беріледі. Батырлар жырында сын сықақ жыршының өз атынан баяндауымен, сипаттауымен айтылса, лиро-эпоста сатиралық образдардың өз аузымен айтылады. Күлкілі әрекет, күлкілі сөзді солардың өздері істеп, өздері айтып жатады. Халықтық сатира мен юмордың мазмұн-идеяны берудегі қолданар әдіс-тәсілі де басқа-басқа. Бұл, әсіресе, ертегілерден айқын көрінеді. Күлдіргіаңыз ертегілер езушілер халық, өкілінің тапқыр сөз, шешен тілімен ашық сыналса, хайуанат жайындағы ертегілерде олар астармен, аллегориямен, мысалданып сыналады. Алдардың әңгімелерінде басқалар алданып, ақымақ етіліп, мазақталып жатса, Қожанасыр әңгімелерінде оның өзі аңғал, аңқау етіліп көрсетіліп жатады. Сөйтіп, қазақтың халықтық сатирасының басты ерекшеліктері осындай. Ол үлкен үлгі, өнеге қалдырды. Одан бірде от шашып тұрған тапқырлық, бірде тепсініп тұрған қатал сарказм, енді бірде көтере әсірелеу, тағы бірде ирония сияқты сықақтық әдіс-тәсілдерді үйренді. Яғни, халық мұрасы әр кездегі әдебиетіміздің ұлы мектебі болды.
АБАЙҒА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚ САТИРАСЫ Бұл тұстағы адам, қоғам, сатира ара қатынасына тоқталмас бұрын бір айта кетер нәрсе бар, біз әдебиетіміздің тарихын сөз еткенде, ерте дәуірден кейінгі кезеңге XVIII және XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетін жатқызып жүрміз. Осымыз жөн емес сияқты. Бұлай деуге бірнеше негіз бар. Біріншіден, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілдері деп жүрген Дулат 1871, Шернияз, Шортанбай 1881, Сүйінбай 1896 жылға дейін өмір сүрді. Демек, бұлардың творчествосы XIX ғасырдың дәл ортасында тоқталып, аяқтала қалған жоқ, үлкен өзгеріссіз, сол түр, сол мазмұнмен 1870 жылдарға дейін созылды. Екіншіден, қазақ әдебиетінің даму тарихындағы жаңа дәуір, жаңа бетбұрыс XIX ғасырдың дәл ортасында жасала қалған жоқ. Мұндай елеулі өзгеріс, мазмұн, түр жаңалығы 1870 жылдарға қарай көрінді. Бұған себеп қазақ елі Россияға осы тұста түгелдей қосылып болды. Әдебиетке жаңа түр, жаңа мазмұн берер, жеке ақын, жазушыларымыздың дүниеге көзқарасын басқаша қалыптастырар экономикалық, рухани үлкен жаңалықтар осы кезде
туды. Әдебиетімізде ұлы өзгеріс жасаған Абай творчествосы осы тұста өрледі. Әдебиет аренасы болып табылатын қазақ баспасөзі осы жылдарда шыға бастады. Міне, сондықтан да XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихының бірінші кезеңін “Абайға дейінгі қазақ әдебиеті”, екіншісін “Абай дәуіріндегі қазақ әдебиеті” деп атау жөн. Біз аталған ғасырлардағы қазақ сатирасын осылай дәуірлеп, қарастырдық. Абайға дейінгі дәуір ұлы тарихи окиғаларға мысалы, XVIII ғасыр қазақ халқының тарихында кескілескен күрес, аласапыран алыс-жұлыс дәуірі болды. Қазақ хандықтарына шығыстан Жоңғар шапқыншылары, тыстан қалмақ феодалдары, оңтүстіктен Бұхар, Хиуа хандықтары шабуыл жасап, жаугершілік істеп жатты. Қазақ хандықтары өз тарапынан қорғану, өзін сақтау күрестерін жүргізді. Ал XIX ғасырдың бірінші жартысы қазақ елінің тұс-тұстан қыспақ көріп, патшалық отаршылық езгі феодалдық езгінің тақсіретін бірдей тартып отырған кез еді. Бұл езгілер қарапайым еңбекшінің, оның бас көтерер азаматтарының ыза-кегін оятып, отаршылдыққа, теңсіздік пен әділетсіздікке деген өшпенділігін күшейтті Халықтың ханға деген қастығы, сенімсіздігі молая берді. Хан, хандықтар азып-тозып әлсірей бастады. Азаттық аңсаған шаруалар қозғалысы етек алды. Тарихтан белгілі, езілген халықтардың азаттық үшін арпалысы, экономикалық жэне моральдық даму жолындағы күресі ақын, жазушылардың
парасаты мен сезіміне қозғау салады. Әдебиет, мәдениет атаулыны осындай әлеуметтік оқиғалар туғызып, дамытады. Әдебиет әр кезде ұлт-азаттық қозғалыстарының мұраттары, идеялары үшін күреседі. Ақын, жазушылар сол қозғалыстардың жетекшілері мен қас күштеріне өз қатысын білдіріп отырады. Мысалы, әдебиет құлдыққа, бұғауға қарсы қол көтеріп, қылыш сермеген Спартак, Ганнибал сияқты ер жүрек ұлдарды дәріптесе, Александр Македонский, Шыңғыс хан, Наполеон сияқты тирандардың озбырлығын, қанқұмарлығын бетіне басты. Бұл тенденция қазақ әдебиеті тарихында да сайрап жатыр. Әдебиетіміздегі өлең, тарихи жыр, дастандарды ата-бабаларымыздың бостандық, теңдік, тыныштық, ынтымақ жолындағы күрес, арманы аңғарылады. Оларда батырларымыздың осы жолдағы қайсар қимылы, өр өжеттігі паш етіледі. Сол игі ниетке талпынған азамат адамдарымызға қарсы тұрып, қастық істеген жаттардың жауыздығы, сатқындығы әшкереленіп, сыналып, шенеліп отырады. Абай дәуіріне дейінгі қазақ әдебиетінде де әлгі тарихи тайталастар із қалдырды. Ақын-жазушылар сол тартыстардағы хандардың, сұлтан мен билердің тәртібін, тың іс-әрекетін сөз етіп, оған деген өз көзқарастарын білдірді. Көп ретте олар ел атынан, жұрт атынан бірлік тыныштықты талап етсе, енді бірде кей хандардың осы ниетке қайшы келетін, кесір келтіретін қылықтарын, шен тәуекелдерін шенеп тастап отырды. Сөйтіп, сыншыл-сықақтың
мәні бар өлең-жырлар туа бастады. Сыншылдық үн, ең алдымен, Бұхар жырау Қалқаманұлы (1693-1787) творчествосынан естілді. Бұхар өз заманының хандық, бектік, феодалдық дәуір екеніне, “хан айтты – үкім”, “би айтты – бітім” деп қол қусырып отыратын кезең екеніне қарамай, үстем тап өкілдерін сынап-шенеп тастайтын болған. Тіпті, Абылай ханның өзінің алдында “құп, тақсырлап” тұра бермеген. Рас, ол көп ретте Абылайды мадақтап, оған деген ел сүйіспеншілігін арттырмақ, оның беделін көтермек болады. Бұл қасиетті білмей бара жатқанда, хан екен демей, оны сынап-сынап алады. Абылай бір жылы орыспен соғыспақ, оны қаратып алмақ болады. Бұхар оған: “Он сан алаш билігі қолыңда тұр, осы күніңді көп көрме, орыспен жауласам деп бағыңды тайдырма”, – деп ақыл береді. Сонда Абылай: “Жарықтың азуын шалған екен, ақылдан танған екен. Осы он сан алаш баласы аузыма қарап тұрғанда орыспен соғыспа, пәлен жерге қала салады, түген жерге қала салады деп оның аруағын сонша көтеріп, мені түкке жарамайтын етіп тастағаны несі!”1 – деп, көкірек қағып болмайды. Табынған ханды қайрап, қолтығына су бүркіп Бөгенбай батыр шығады. Сонда жырау алдымен ханға кіреді. Өкпеңменен қабынба! Өтіңменен жарылма! 1 Қолжазба қоры, 334-папка, 44-б.
Басына мұнша көтерген Жұртыңа жаулық сағынба! – деген жолдармен шындықты айтқанға жаның шықпасын, аспа, таспа, өкпеңді бас, хан көтерген халқыңа қасірет іздеме деп ақылға шақырады. Бірақ ақылдың ар жағында зіл жатыр, сын жатыр. Жыраудың мұнысы – ханға ғана емес, халыққа еткен қамқорлық. Бұхар жырау мұнан соң Бөгенбайға шүйіледі. Түн баласы тыным таппас ұры екенін айта келіп, қай қамалды қиратып тастаған едің, қайдан батыр бола қалдың деп тұқыртады. Білек пен күш билеген жуан жұдырықтың сол жазда әр ел, әр ру қолпаштап көтеріп, басқаға айбат етіп көрсету үшін өзінің бір тәуіріне “батыр” деп ат қойып, айдар таққан. Шындыққа жүгінсек, сол батырлардың көбі қамал бұзбақ түгіл, тышқан мұрнын қанатпаған. Бұхардың айтқаны – осындай жасанды, жалған батырларды келекелейтін сықақ. Бізге Бұхардан байлар сараңдығын да әшкерелеген бірер өлең жеткен. Алпысқа келіп арыған жырау өз ағайыны Ақан байдан бір аттың майын сұрайды. Сараң бай “Мал алыс жайылымда еді, ауыл пәлен жерге қонғанда келерсіз!” – деп қайтарып жібереді. Енді келгенде бірер кез шүберекпен шығарып салмақ болады. Бұхар кіріп келгенде, керегедегі ілулі кездемені көріп, бай ниетін түсіне қояды. Түсіне қояды да, “Ақан төбет” атты өлеңін ағылтады. Онда алдымен байды төбетке теңеп тұқыртып, өктем сөйлеп ықтырып алады. “Осыдан атты бермей
көрші!” деген сыңай білдіреді. “Бергенде де, семізін беретін боласың”, – деп зіл тастайды. Бір арықты мінгізіп, тең қақтырып, мені жұртка күлкі қыла алмайсың дейді. Жыраудың қаһарына қалайын деп тұрғанын сезген бай өзі мінетін құла атын көлденең тартады. Өлеңде рухани күштіліктен туған өктемдікпен қатар, сынай, шеней, халық мақалын өзінше жырлап, өзінше жандандырады. Әлгі шумақтарын дидактика” деп білеміз. Бірде: Ұранды бермеген сараң емей немене? Кісі ақысы бөле жеген арам емей немене? дейді. Байқап қарасақ, мұндай сөз саптас, өзіндік пікір айту жоғарыда келтірілген мысалдағылардан басқарақ. Ондағыдай ақыл-өсиет, жағынба айтып жанамалай сынау жоқ. Қайта жаманның, сараңның, арамның не екенін тура, ашық айтып бетке басу, мінездеу бар. Бұл пікірді жырау тақпақтап, термелеп, мәтелдеп жеткізген. Ендеше бұл шешендік сатираның көрінісі. Қайырсыз итке мал бітсе, Аңқаң құрып келгенде Саумал бермес ішерге, – деген сияқты өлеңдері кешенді сөздер түрінде жасалған. Сондықтан да онда жоғары айтылған дидактикалық сатира мен шешендік сатира үлгілері
көп көрініп отырады. Мысалы, жырау сараңдықты әлгіндей ойсыз қаттыларға арнап айтқан. Олардың аразы елдің сенімін кетірер. Абысынның аразы ауыл сенімін кетірер1, дегенде, жалпы адамзатқа пайдалы бірлікті, ынтымақты уағыздаған. Бір жағынан, елге, жұртқа тату-тәтті бол деп, ақыл-кеңес айтса, екінші жағынан, береке кетірер арамдықты мінеп отыр. “Алтау ала болса, ауыздағы кетеді”. Бір айтар нәрсе: дидактикалық сатира да, шешендік сатира да шартты түрде, өмірде қорытындыланған, жинақталған пікір негізінде айтылады. Олар көбіне моральдық-этикалық мәселелерді қозғайды. Басты пафосы адам санасы үшін, адамгершілік үшін күрес болып келеді. Сын-сықақ сонау Бұхар жырау заманындаақ сыртқа да қарсы қолданыла бастаған. Басқа хандықтың жасаған қиянатын да әшкерелеп отырған. Мысалы, Жалайыр Жанкісі би өзінің “Қоқан ханына айтқаны” деген өлеңінде оның қазақка зорлық-зомбылық көрсетіп отырғанын былай шенеп-мінеген: Айтайын десе ұрады, Ұрмақ түгіл қырады. Алға салып айдайды, Ашулансақ, байлайды. Әкімі жоқ қазақта Теңдік жоқ деп ойлайды. 1 « Үш ғасыр жырлайды» (революцияға дейінгі қазақтарының шығармалар жинағы), Алматы, 1965, 57-58-бб.
Алған малға тоймайды, Біз жыласақ, ойнайды. Жақсыларды сөгеді, Ат үстінен тебеді.1 Бұл – шын мәніндегі сатирада алушы, тонаушы болғаны ашық айтылған. Жанкісінің бұл шағым шығармасындағы жергілікті жауыны іс-әрекеті сатира, юмор өз көркі, өз сипатымен Шал Құлекеұлының (1760-1831) творчествосынан да көрінеді. Ақын мұрасына алғаш назар аударған ғалым Малыбаев: “Ол, (Шал – Т.Қ.) әсіресе, сынау, мінеу, өсиет-ақыл өлеңдерін көбірек айтқан”2, деп дұрыс атап көрсетті. Біздің елде Жүзбай бар. Жүзбайдың жүрген жерінде Жылау менен ойбай бар, – дейді ол. Әдебиетте сыншылдық және сықақшылдық деген болады. Бұл екеуі бір нәрсе емес, бірақ шендеспейтін екі дүние де емес. Сыншылдық кемшін-мінді қарадүрсін хабарлап, баяндап, ашып айтумен тынады. Егер сатира элементтерін пайдаланудың белгілі бір дәрежесіне көтерілсе, ол сықақшылдыққа айналады. Бұхар мен Жанкісінің әлгі айтқандарының бірсыпыра сын сатирадан гөрі жай сынға жақын, 1 А.С.Пушкин атындағы көпшілік кітапхананың қоры, 204фонд, 236-237-бб. 2 «Қазақ әдебиеті». 1958. 28-ноябрь.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру