Мағжан Жұмабаевтың шығармалары ІІ том
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Мағжан Жұмабаев
C C М. Жұмабаев C C Шығармалары 2-том Алматы “Жазушы” МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
C C Шығармалары C C Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша шығарылды Жұмабаев Мағжан Шығармалары (әдеби басылым). 2-том: Әңгіме, ғылыми еңбек, мақалалар, аудармалар, жарияланбаған өлеңдер / Құраст. Сәндібек Жұбаниязов. – Алматы: Жазушы, 2013.– 376 бет. ISBN 978-601-200-443-4 М. Жұмабаев шығармаларының екінші томына ақынның «Шолпанның күнәсі» атты әңгімесі, «Педагогика» деп аталатын ғылыми еңбегі және мақалалары мен аудармалары, сондай-ақ бұрын жарық көрмеген өлеңдері енді. ISBN 978-601-200-443-4 (2-том) ISBN 978-601-200-441-0 (ортақ) УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-44 Ж 87 Ж 87 © Жұмабаев М., 2013 © «Жазушы» баспасы, 2013 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-44
C C М. Жұмабаев C C ӘңгІме
C C Шығармалары C C ШОЛПАННЫҢ КҮНӘСІ І Шолпан Сәрсенбайға шыққан жылы өзіндей жас келін шектермен аулақта кеңескенде: «Баласыз өмірдің қызығы жоқ қой»,– деп аузымен ғана айтушы еді. Мал орнына сатылып, жаны сүймеген жанға жар болатын қазақтың сан сыз қыздарының ішінен әлдеқалай өзінің сүйгеніне тиген Шолпан шынында бастапқы жылы бала керек қылмады. Ақ отаудың ішінде оңаша жатса да, яки күйеуін құшақтап жатса да, ол ылғи ішінен: «Жасаған-ау, бала бере көрме?!»– деп тілейтін еді. «Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады-ау»,– деп ойлайтын еді Шолпан... Бала туса, күйеуімен екеуінің ортасында бір тікенек өсетіндей болушы еді... Қиюласып қосылған екі жанның арасына жат бір үшінші жан түскен соң, екеуінің де жалынды, екпінді махаббаты бүлінер, бәсеңдер, суынар деп қорқушы еді Шолпан. Осы ойлармен талай түндерде, талай таң мезгілінде Тәңірден: «Бала берме!»– деп тілеп еді. Күншығыстан ақ жібектей таң атып келе жатқан мезгілде, өзге адам сәждеге құлап, маңдайын топыраққа былғап, тасқа ұрып, Тәңірден бақытты тұрмыс, өшпес бақыт, кетпес байлық, әсіресе бала сұрайтын кезінде, Шолпан күрсіне-күрсіне, Жасағанға: «Бала бере көрме!» – деп жалынып еді. Затында баланы жек көргендіктен емес, ерімен екі ортасындағы жібектен нәзік махаббат жібі үзілмеу үшін, екі жанды бір-біріне қоса білген иманнан да ізгі махаббатқа басқа бір жан келіп тап салмау үшін, бала болмауын тілеп еді Шолпан. Жас жүректің ұйтқыған ондай есалаң тілегі қабыл болды ма, кім білсін, түскеніне үш жыл толды, Шолпан
C C М. Жұмабаев C C құрсақ көтерген жоқ, құрсақ көтермегеніне Шолпан шын разы еді. Ері мен екі ортадағы махаббат оты күн сайын дүрілдемегенімен, бәсеңдемей, бір қалыпта тұрғаны сол баланың жоқтығынан ғой деп ойлады Шолпан. Үш жыл бойы ері де ешбір уақыт бала жоқтамаған сықылды еді, үш жыл бойы Шолпаннан басқа, Шолпанның оттай ыстық, желдей жібек құшағынан басқа ештеңе тілемеген еді. Оның өмірінің басы да, аяғы да, «ағузисы» да, «сүбіханысы» да Шолпан ғана сықылды еді. Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең, Шолпанның ерінің жанының терең түбінде қандай ой, қандай тілек жатқанын кім білсін, әйтеуір, Шолпанға осылай көрінуші еді. Қысқасы, Шолпан үш жыл бойына оны осы ойдан қайтаратын ешбір сөз де естіген жоқ, ешбір іс те көрген жоқ. Дұрысы, баласыз өмір – бос өмір деген сөзді басқа талай адамдардан естіді, бірақ жаны сүйген жарынан естіген жоқ. Ғашық адамға Құран ның аяты қасиетті емес, жарының сөзі қасиетті, жарынан басқа адамның сөзін не қылсын Шолпан! Бірін-бірі қуалап ай соңынан ай озды, бірін-бірі жетелеп жыл соңынан жыл озды, не керек, Шолпанның «бала болмасын» деген ойы бекігеннен бекіді. Бірақ... жалпы жаратылыста да, адамның өмірінде де, адамның ойында да, өзгерістің даярлығы болмаса, дәл өзі ұзақ созылып барып болмақ емес. Өзгеріс қашанда болса кенет болмақ. Екі ай, үш ай, күз дейміз. Сонда күздің келгенін адам екі-үш ай бойына сезіп жүрмейді. Бір-ақ уақытта, айталық, бір-ақ түнде әжімді жүзі жылауық күздің келгенін сезіп қалады. Шолпанның «бала болмасын» деген ойы да бір-ақ түнде өзгеріп шықты. Ұршыққа оралған жіптей басыаяғы жоқ қыстың ұзын кеші еді. Іңірде мал жайлап болған соң, Шолпанның ері әңгімелесіп отыру үшін құрбысы Нұржанның үйіне кеткен. Нұржанның үйленгеніне бес жыл болып еді. Бес жылдың ішінде үш баласы бар еді: екеуі ұл, біреуі қыз. Шолпанның ері Сәрсенбай Нұржанның
C C Шығармалары C C үйінде ұзақ отырып қалды. Сәрсенбайды ұзақ отырғызған Нұржанның ұзақ әңгімесі емес, оның үш баласы еді. Әңгіме дейтін әңгіме де болған жоқ, тек бәрі үш баланың қызығына қарасып, мәз-мейрам болысты да отырды. Нұржанның екі ұлы былдырласып өлең айтқан болысады. Білектерін сыбанып, алақандарына түкіріп, тұшталаңдап, бір-бірімен күресеміз деп ұстаса бергенде, аяқтары бір-біріне шалынысып қалып, біреуі жығылады, екіншісі оның үстіне жығылады. Үйде отырған жұрттың бәрі қарқ-қарқ күліседі, балаларды кезек-кезек шақырып алып сүйіседі. Нұржанның әкесі немересін шақырып алып, асты-үсті, алды-артынан, тіпті сүймеген жерін қалдырмайды. Әсіресе, Нұржанның кішкене қызының қылығы, тәттілігі балдан да тәтті еді. Сәрсенбай Нұржанның үйінде осы балалардың у-шуы мен ұзақ отырып қалды. Жұртпен бірге ол да қарқ-қарқ күлді. Ол да балаларды кезек-кезек сүйді. Нұржанның үйінде Сәрсенбай ұзақ отырып, қайтуға шыққанда, ауыл дың бәрі-ақ жатып қалған еді. Қайтып үйге кірсе, Шолпан да жатқан екен, бірақ ұйықтаған жоқ екен. Шешініп, Шолпанның қасына жатты да, Нұржанның балаларының ісін, олардың тәтті қылықтарын әңгімелеп айта бастады. Уһілемей, күрсінбей, «біздің баламыз жоқ-ау» деген уайым да айтпай, қайта күле-күле сөйледі. Сәрсенбай әңгімесінің арасында жай сөздің екпінімен: «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген сөз ыпрас-ау дегенде, Шолпанның басында жаңа бір ой жарқ ете түсті: үш жылдан бері балам болмасын деген тілегінің, қате болғанда да, есалаң екендігі, бала болмаса, екеуінің өмірінің қу мазарға айналатындығы еді. Араларындағы жалынды махаббаттың заманның озуымен бірге бірте-бірте май шамдай еріп сөнетіндігі, құшақтың ыстығы өмір бойы бір қалыпта тұрмайтындығы, екі жүйрік жүректің екпіні баяулаған кезде бір-бірінен жирендірмей, бір-біріне берік байлайтын бала екендігі, баланың ер мен әйел арасындағы
C C М. Жұмабаев C C дәнекер екендігі – міне, осы ойлардың бәрі сол сағатта апайқын боп Шолпанның көз алдына келді. Сәрсенбай балалардың тәтті қылықтарын күле сөйлеп, ұзақ әңгіме етіп айтты. Төсекте жатып ол шын ынтасымен қарқ-қарқ күлгенде, Шолпан да бірге күлді. Бірақ бұл күл ген Шолпанның жаны емес, бет терісі ғана еді. Сәрсенбай манағы мақалды айтқаннан кейін Шолпан ның сұңқардай ұшқыр жанын, желдей еслаң жүрегін қара жыландай қап-қара ойлар орап алып, улай бастап еді. Түпсіз теңіздің қара көк толқындарындай қап-қара ойлар бірінің артынан бірі келді... Үш жыл бойына созылған есалаң тілек. Әлдеқайда алыста бұлдырлап келе жатқан кәрілік. Көзінің оты сөніп, сұп-сұр күлге айналған, күздей көңілсіз кәрілік. Жанның қанатын қырқатын, жүректің отын сөндіретін кәрілік. Бала болмаса, сол кезде сөніп бара жатқан өмірге кім сәуле берер, кім оны жылытар?.. Бала болмаса, сол кезде ішіндегі дәні шіріп, кеуіп қалған шөптің қауызындай бос өмірдің кемтігін кім толтырар?.. Жоқ-ау! Әлдеқайда алыстағы кәрілікті қоя тұршы. Оған өмір не жетер, не жетпес, сол кәрілік жетпей-ақ, осы күннің өзінде-ақ, өмір босап қалайын деп тұрған жоқ па? Жаһанда онан күшті нәрсе жоқ деп иман келтірген махаббаттың күші ерімен екеуін бір-біріне берік байлауға үш-ақ жылға ғана жетіп, енді өз-өзінен сөнейін деп тұрған жоқ па? Ессіз Шолпан үш жыл бойына бала болмасын деп тіледі. Енді сол бала болмағандықтан ертегідей, әдемі өмір қу мазарға айналайын деп тұрған жоқ па? Міне, Шолпанның жанында қара көк теңіздің толқындарындай ұйтқыған ойлардың қорытындысы осы еді. Сәрсенбай әлдеқашан ұйқыға кетті. Бірақ Шолпан анау ойлармен уланып, кірпік қаққысы жоқ. Қыстың ұзын түні шайтанның шашындай ұзайғаннан ұзайды. Шолпанның ойлары да тереңдегеннен тереңдеп, қарайғаннан қарайды... Күншығыстан ағарып алтын таң атып келе жатқанда, Шолпан болар-болмас күбірлеп: «Жасаған-ау, бала бере
C C Шығармалары C C гөр!» – деп, жас балаша өксігін баса алмай, Жасағаннан бала сұрап жатыр еді. ІІ Осы түннен былай қарай Шолпанның бар тілегі бала болды. Жатса да, тұрса да, ояу болса да, ұйықтаса да: «Жасаған-ау, бала бере гөр!» деген тілекті Шолпанның не аузы, не жүрегі айтушы еді. Бірақ бірін-бірі қуалап ай соңынан ай озды, тілей-тілей тілек тозды. Соға-соға жүрек тозды, тілек тозды, жүрек тозды: өмір тозды. Талай түндерде көзден емес, жүректен ыстық жас төкті. Сопы болды, ылғи дәрет алып, таза жүрді, намаз оқыды. Күн сайын таң сібірлеп келе жатқанда-ақ тұрып, сәждеге құлады, таспиғын санап, «сұбханалла» айтты. Бірақ бала болмады. Шолпан өзінің сопылық жолға түсу себебі «бала» екендігін ешкімге айтқан жоқ. Жанынан жақын ері Сәрсенбайға да айтқан жоқ. Сондықтан Шолпанның мынау мінезі Сәрсенбайға да, басқаларға да жат, оғаш көрінді. Жақыны да, жаты да күлісті, келемеж қылысты. «Ой, сен пірәдар болайын деп жүрсің бе?» – деп күлетін болды Сәрсенбай. Ауыл-аймақ Шолпанға: «Пірәдер келін», «Пірәдер жеңге», «Пірәдер абысынымыз» деп ат қойды. Үлкен де, құрбы да, бала-шаға да күлді. Бірақ Шолпан жүрегіндегі жараны ешкімге ашқан жоқ. Ашқанмен, олар ұғар ма еді? Тегінде адамның жүрек сырын шеттің ұғуы мүмкін нәрсе емес қой. Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер мен сырдың көлеңкесі, сәулесі ғана шықпақ. Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам – шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім. Осы ойлар Шолпанның жанында таспиқтай тізілген ретті болмаса да, оның жаны соқыр сезіммен осы ойларға өзі барып тірелген еді әм Шолпанның жүрек жарасын ешкімге сездірмеске
C C М. Жұмабаев C C тырысуының себебі осы еді. Не керек, жақын, жаттың ортасында жалғыз болды. Бітеу жара болды, жалғыз өртенді, жалғыз жылады, дүниеден безді, сопы болды. Бала сұрады, қалайда бала болмады. Бала... сол бала үшін қандай ессіздік істемеді есті Шолпан! Ұшыраған молдадан дұға алып бақты. Аты естілген қожадан ішірткі жаздырып ішті. Көрінген сәлдеге үшкіртті. Шиқандай қып-қызыл бетті қожа бесті бұқадай суға қарап: «Тіпу-тіпу!» – деп үшкіргенде, қожаның «қасиетті» лебі шетке бытырамай, тура түгел ішіме барсын деп, жүрегі ойнап, жүзі бір қызарып, бір ағарып, бетін қожаның аузына тақап, тосып отырушы еді Шолпан. Ылғи: «Көзім қарайып, басым айналады»,– деген сылтау тауып, өзін бақсыға да қаратты. Тағы... тағы... не істемеді Шолпан?! Өртке ұшырап аласұрған жан не істейтін болса, Шолпан да соның бәрін істеді. Бірақ бірін-бірі жетелеп жыл соңынан жыл озды. Баладан белгі болмады. Шолпан тілеуден талмады. Көзінде жас қалмады. Дүниеден безді. Пірәдар болды, әулиеге ат айтты, қорасанға қой айтты: «Жасаған-ау, бала бере гөр!»– деді. Бірақ тілек іске аспай, аяғы жоқ жыр болды. Көл болып төгілген көздің жасы жерге сіңді, тілек тозды, өмір озды, Шолпан бала көтермеді. Қанша жалынса да, қанша жыласа да Жасаған оған бала бермеді. Кім біледі, Тәңірінің Шолпанға бала бермеуі өзінше дұрыс шығар, өзінше жөн шығар. Бастапқы жылдардағы Шолпанның «Бала бере гөрме!» деген тілегін қабыл қылып, тозбайтын, қайта түзелмейтін тақтайына жазып қойған шығар. Шолпанның ендігі тілегі – болары болып, бояуы сіңген, соңғы пайдасыз бос тілек шығар. Ірі саудагерлердің бір айтар: «Сауда жоқ!» дейтін мінезі, кім біледі, Тәңірде де бар шығар. Тегінде, Тәңірі де ауыздықсыз, арсыз саудагер. Тізгінсіз, менмен әкім мінездері де бар секілді. Мұндай мінезі болмаса, бұйрығымды бұздың деп, ата мыз Адамды жұмақтан тырдай жалаңаш айдап шығар
C C Шығармалары C C ма еді? Топырағыма табынбадың деп, әзәзілді ібіліске айналдырар ма еді?.. Кім біледі, Тәңірі ежелгі осы белгілі белдігіне салды ма? Қалайда Шолпанға бала бермеді. Дұғалық нағыз, ішірткі ішу, үшкірту, түкірту, қақтырусоқтыру, намаз, ораза, садақа, нәзір һәм басқа басы-аяғы жоқ құлшылдықтан ақырында Шолпан шаршады. Бұл құлшылдықтардан ешбір пайда болмайтындығына көзі жетті. Тілегі қабыл болмады – Тәңірден тәуелі қайтты, өмір шіркін ескен желдей озып барады. Өмір – бір құрулы машина. Тоқтау білмейтін, шаршау білмейтін жансыз машина. Әлдекімнің жас орнына қан жылағанын, әлдекімнің үміті өшіп, гүлі солып жатқанын, дөңгелектің арасында әлдекімнің қолы, аяғы, басы – барлық денесі кеткенін, денесі ғана емес, жаны, жүрегі кеткенін не қылсын?! Қайрылып қарау білмейтін, аяу білмейтін өмір Шолпанның да жүрегінен саулап аққан қанына, қанаты сынып өліп жатқан жанына кідіріп, бұрылып қараған жоқ. Жалғыз аузынан емес, бар денесінен көбігі бұрқырап, таудан құлаған есалаң өзендей есалаң өмір озып бара жатты. Өмірдің әрбір минуты сайын Шолпан ойының, Шолпан жанының әрбір ұшқыны өліп жатты. Өмір озады, тілек тозады – бала жоқ. Енді не қылмақ керек? Жоқ, дұғалығы, молдасы, қожасы құрысын! Құлшылы ғы құрысын! Айтқанынан қайтпайтын қасарған тәкаппар Тәңірісі бар болсын! Жоқ, бала болудың кілті көкте емес, адамның өзінде шығар. Бала болу ер мен әйелдің өзіне байлаулы шығар. Шол панның бұл күнге шейін бала көтермеуі, кім біледі, оның шын әйел бола алмағандығынан шығар. Ермен жатқанда, барлық қазақ әйеліндей қаннен-қаперсіз жай бір жұмыс істегендей салқын жатуынан шығар. Ермен қосылғанда, сол қосылу ісіне жан-денесімен беріле білмеуінен, оның құшағының жалыны әлсіз болғандықтан, сүюінің оты кем болғандықтан шығар...
C C М. Жұмабаев C C Осы әрі тәтті, әрі улы ойлардың билеп айдауымен Сәрсенбайға жатқанда, тіпті екінші түрлі жата бастады. Денесі өртке, құшағы жалынға, аузы отқа айналды. Сәрсенбайдың қойнына жата бастағанда, мойнына бұғалық түскен киіктің асау лағындай, өміріне ер затын бірінші рет көретін он үш жасар жас қыздай дірілдеп, күйіп-жанатын болды. Құшақтағанда, Сәрсенбайдың қабырғаларын бірбіріне қабыстырғандай қысып-қысып құшақтайтын болды. Аузынан Сәрсенбайдың бетіне от жібергендей құшырла нып, жалындап сүйетін болды. Шолпанның улы құшағында сең соққан балықтай соқтығып, у ішіп айныған адамдай елжіреп жатып Сәрсенбай: «Ой, сен кәрі боз, қартайғанда жорға шығарайын деп жүрсің-ау!» – деп ырс-мырс күлетін еді. Сәрсенбайдың мынау күлкісі Шолпанның жүрек жарасына бұрыш себетін еді. Сол кездерде оның көздеріне меруерттей мөлдіреп жас келетін еді. Жанынан жақын көрген Сәрсенбайдың оның жан сырын, жүрек жырын ұқпағанына зығырданы қайнаушы еді, жүрегі уға толушы еді. Бала үшін дүниеден безіп, сопы болып жүрген кезінде «пірәдар» деп келемеж қылғанына, сол бала үшін жан-тәнімен беріліп, әдейі есалаңданған шақтарында оған «Жорға» деп ат қойғанына – Шолпан Сәрсенбайға шын-шын ренжуші еді. Бала... бала екеуінің де жоғы емес пе? Екеуіне бірдей керек байлам емес пе? Сәрсенбай сол ортақ жоқты неге бір ге іздеспейді? Баласыз өмірдің бос екенін неге сезбейді ол? Ол неге сол іздеу отына Шолпанмен бірге түспейді, бірге жанбайды? Еркек атаулы бала дегенде, ішкен асын жерге қойғанда, Сәрсенбай неге бала деп аузына алмайды? Әлде... әлде... жоқ... болмас... болмас... кім біледі... жоқ... ендеше, ол неге бала іздемейді? Неге... неге... шынында ол, әлде бедеу еркек пе екен? Тәңірім, Тәңірім... егер ол шынында, ол бедеу болса... құлшылықтың кемдігінен, құшақтың салқындығынан болмай, Сәрсенбайдың бедеулігінен болса! Бес жылдан бері Шолпанның жүрегіне түскен жара мәңгі жазылмайтын жара болғаны ма? Жайнамаз үстінде төгілген
C C Шығармалары C C ыстық жастар, жалынды құшақтар, отты сүюлер – бәрі әсерсіз, желге кеткені ме? Бала деген құр сөз болып, сағым қиял болып қалғаны ма? Енді қалған өмірдің жапырағынан айрылған қайыңдай жап-жалаңаш болып озғаны ма? Жалынды махаббатпен қосылған өмір қиюы кеткен екі ағаш тай бір-бірінен бірте-бірте айрылмақшы ма? Заулап жанған махаббат бірте-бірте бесеңдеп, бықсып сөнбекші ме?.. Махаббат сөнсе, өмірде не қызық қалады?! Сөз жоқ, Сәрсенбай – бедеу. Сондықтан бала жоқ. Бала жоқ болған соң, мен бақытсыз... мен бақытсыз болғанда, Сәрсенбай бақытты ма? Оның жүрегі жанбай ма? Өзінің екі өмірді улаушы екенін ойлап, оның жүрегі жанбай ма? Қартайған күнде өмірді жылытатын от – бала оған керегі жоқ па? Сөз жоқ, мен бақытсыз болсам, Сәрсенбай да бақытсыз. Ендеше, осы батып бара жатқан өмір кемесін бақыт жарына кім сүйреп шығара алады? – Шолпан! Жалғыз Шолпан. Бір өмір үшін емес, екі өмір үшін Шолпан осыны істеуге міндетті. Шолпан бала табуға міндетті. Теңізден терең, таудан зор күнә қылып болса да, ол бала табуға міндетті. Ізгі тілек үшін істелген күнәні Жасаған кешпес пе екен? Жоқ, Құданың рақметі мол, ол кешеді. Тәңір кешер-ау, бірақ адам кешер ме? Ұрлық қыл да мал тап, Ойнас қыл да бала тап. Осы мақалды шығарған кісіге лағынет жаусын! Ла ғынет!.. Жасаған-ау, өзің кеше гөр, бір өзің... Шолпанның осы күнәлі ойлармен уланып, ыстық жасқа шомылып жатқаны Сәрсенбайға тигенінің сегізінші жылы еді...
C C М. Жұмабаев C C ІІІ Май айы. Ауыл қыстаудың жанына жылжып қана қонған. Шаршы түс мезгілі. Кішкене жел бар. Маса жоқ есебінде. Көкте көк ала торғын бұлттар маужырап қалғып, ерініп қана әлдеқайда жылжып бара жатыр. Ауада торғын оралып жүрген сықылды... Желіде еркелікпен тартылып, мойнының ауырғанына қарамай қиястанып асау құлындар тұр. Олардың жанында құйрығы мен арқасын анда-санда салмақпен сипап тұрған сақа биелер. «Құлыным-ау, құр мойның ауырады, қиястықтан пайда жоқ» деп ақыл үйреткен сықылды. Құлынның алды-артына түсіп: «Бұ не болды саған? Не болды саған, құлыным?» – деп абыржып қулықтар жүр. Қулықтардың бұл мінезін ұнатпай, «өй, елпеңдеген сорлы, сабыр қылсайшы, ешбір бәле жоқ!» дегендей, кәрі айғыр құлағын әлсін-әлсін жымитып қояды. Қой әлі өрістен келген жоқ. Үйшіктегі қарны ашқан қошақайлар «мә-мә» деп зарлап тұр... Сол уақытта ақ отауының алдында күнге жылынған мысықтай керіліп Шолпан отыр еді. Ол бір нәрсе тігіп отырған сықылды. Бірақ шынында ол тігіп отырған жоқ. Үш айдан бері аруақтай артынан қалмай жүрген күнәлі ойларын ойлап отыр еді. Бір ай болады, Шолпан күнәға белін берік байлаған. Ізгі тілек үшін ізгі күнә істеуге, бір бала үшін жан жары Сәрсенбайға қиянат қылуға ол ойын бекіткен. Сәрсенбай бүгін қонаға қалаға шығады. Әйтеуір істейтін болған соң, ұзаққа созып, умен құр улана беруде не қасиет? Жарайды, соза беруде қасиет жоқ, бірақ лайық кім бар? Болашақ балаға ата болуға лайық кім бар? Жылқышы Адамқұл... Дұрыс, құлмен жүрсе, сыр шетке паш болмас еді, жабулы қазан жабулы күйінше қалар еді. Бірақ... Адамқұлдан қандай бала тумақ? Күңнен күң, құлдан құл тумақ емес пе? Болса, бала құл болмасын, ұл болсын. Бала болса, мүт болсын, мүт болмаса, жоқ болсын. Ынжық,
C C Шығармалары C C жасық құл баланың болғанынан болмағаны игі... Жоқ, жоқ, Адамқұлы адыра қалсын! Жә, енді кім бар? Ешкім жоқ. Махаббаттың ақ қанатын кірлетуге тұратын, әсіресе болашақ балаға ата болуға лайық ешкім жоқ. Шынымен еш кім жоқ па? Шойбай... жоқ... Жұмағали... жоқ... Әзімбай... Әзімбай... Әзімбай қалай болар? Текті атаның баласы, өзі жас, дені сау, сымбатты жігіт. Жасы 18-19-дан артық жоқ шығар. Ұзын бойлы. Екі жауырынына екі кісі мінгендей. Ылғи күліп қана тұратын қой көзді. Жаңа шығып келе жатқан қара мұрты қара жібек сықылды. Ойбай-ау, сол Әзімбайдың өзі үш жылдан бері Шолпанға «жеңге» деп күңкілдеп жүрген жоқ па еді? Әлі ысылмаған жас қой: Шолпанға сөз айтқанда, сақа бозбалалардан естіген сөзді жаттап келіп қана айтушы еді. «Жас жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір...». Ұршыққа оралған жіптей бас-аяғы жоқ ойлардың дәл осы жеріне келгенде, Шолпанның ерні күлгендей болды... Дәл сол мезгілде үй артынан Әзімбай шығып: «Жеңге, іске сәт!» – деп, Шолпанның жанына жантая кетті. Ақын айтқандай, «бетке шықпай қала ма жүрек ізі», Әзімбайды көргенде Шолпан жүрегі аузына тығылып, бір қуарып, бір қызарып кетті. Шолпанға күнә қылып жатқанда, біреу үстінен шығып қалғандай, күнәлі ойларын Әзімбай біліп қойғандай көрінді. – Ерте-кеш қолыңнан бір іс түспейді-ау, жеңге. Тігіп отырғаның не?– деп, Әзімбай Шолпанның тізесінің үстіндегі көйлекті ұстаған болып, Шолпанның санын шымшыңқырап алды. – Қойшы, сал жігіт! Біртүрлісің-ау!.. Жақсы ағаң бүгін қонаға қалаға шықпақшы еді. Соның бір көйлегінің жеңін ұштап отырмын. Сені де қалаға жүреді деп еді ғой. – Жақсы ағам бүгін қалаға жүре ме?.. Жә, жеңге үш жылдан бері айтып жүрген сөзім өмір бойы аяқсыз қала ма? Жүрегің бір елжіреуді, аяуды білмейтін тас екен!..
C C М. Жұмабаев C C – Тағы бастадың ба! Сал жігіт, мені әуре қылып не қы ласың? Анау пісіп тұрған қыздарға сөз айтсайшы. – Мен сенен қыз сұрадым ба? Саны көп, сапасы жоқ қыздары құрысын. «Орамал тастайды ғой теңдесіне» дегенді білмейсің бе? – Жиырмаға жетпей алжысайшы. Сегіз жыл біреуге қатын болған сенің теңің мен бе? Осы сөзді айтып күліңкіреп, көзін ерке мысықтай сығы райтыңқырап сынап, Шолпан Әзімбайға қарады. Шолпан ның мынау сөзінен, мынау көзқарасынан сасыңқырап, тығылыңқырап қалған Әзімбай: – Жоқ. Жақсы көрген дегенім ғой. Тәңірі, неше жыл қатын болса да, бала таба алмаған әйел кәрі бола ма? Өзінің мынау сөзінен Әзімбай тіпті тығылып қалды. «Бала» деген сөзбен Шолпанның жүрек жарасына тиіп, оны өзінен алыстатып алғанын сезіп, Әзімбай үзілген сөзді енді жалғап алып кетуге шамасы келмей, сөз орнына қолымен Шолпанның сол жақ санын қысып-қысып қойды. Шолпан санынан Әзімбайдың қолын алды да, көйлекке қарап біраз ойланып отырып: – Жақсы көргенің рас шығар... бірақ жақсы ағаңның көзіне қалай шөп сал дейсің? Балалардың: «Ұрлық қыла йық, қылсақ, қылайық, Құдайды қайтеміз?» дегеніндей, Құдайды қайтеміз?.. Және сен жассың. Аузыңа да ие бола алмайсың ғой... Мынау сөздерді айтқанда, Шолпанның қара көздері тұңғиық түпсіз теңізге айнала бастады. Әзімбайдың көз дерінде есалаң от ойнай бастады... Әзімбай күнә, құдай деген жаққа аяқ баспай, бар түйін соның сөзінде тұрғандайақ, асығып-сасып өзін бекітуге кірісті: – Сыр шашып мен бала ма? Жоқ, саған қаспын ба? Әй, жеңге-ай, менің жақсы көргенімді білмейсің ғой... Жә, үш жыл бойы сүйрегенің де жетер. Бүгін түнде келейін бе?.. Келем...
C C Шығармалары C C Әзімбайдың қолы жеңі ұшталып жатқан Сәрсенбайдың көйлегінің ғана үстіне емес, Шолпанның өз көйлегінің үстіне барып қалып еді. – Жарайды... бірақ... жарайды... – Бір сүйгізші!.. – Сабыр қылсайшы. Әне, біреу келеді... – Сал жігіт, үйге кіріп, ас ауыз ти... ...Жібек Майдың сұлу түні. Көкте бір бұлт жоқ. Қара көк барқыт кең көкте ойменен, мұңменен, салмақпен ақ алтын Ай жүзіп барады. Не іздейді екен ол? Жарынан айырылған әйел ме екен? Баласынан айырылған ана ме екен?.. Қыстаудың сыртындағы сулы шіліктегі көлбақалар шулап жатыр. Бақ-бақ-бақ. Не дейді екен олар? Жан керек, жар керек, бала керек дей ме екен? Көл бойынан дамылсыз «құдірет-ау, құдірет-ау» деген дауыс естіледі. Өмір бойы құдіретті аузынан тастамайтын қандай ауыр күнә істеді екен ол құс?.. Төсек ағаш үстінде Шолпан жатыр. Жатар алдында иісті сабынмен жуынған, сандықтан жаңа көйлек алып киген. Ол кім үшін жуынған? Кім үшін киінген? Кімді күтеді ол? Әзімбайды күтеді. Сегіз жыл бал алы сып тұрған, еш шай деспеген жан жары Сәрсенбайдың кө зіне шөп салу үшін Әзімбайды күтеді. Не үшін? Бала үшін! Жасаған-ау, өзің кеше гөр, кеше гөр... Аяқ даусы... Есікті ашып, үйге кірді... Әзімбай тура төсек ағашқа келе жатыр... Шолпанда үн жоқ. Мойнына құрық түскен құландай денесі дір-дір етеді. Жүрегі дәл аузында тұр. Бір үн шығарса-ақ жүрегі аузынан атып шығатындай. Денесінің бір жері мұз. Түлкі алған жас тазыдай екі иінінен демін алып, жалма-жан шешініп, Әзімбай көрпеге кіріп келе жатыр. Тап сол минутте тазының көздеріндей Әзімбайдың көздері де қып-қызыл шығар. Шолпан «ой, кет!» деп айқай салып жіберуге ойлады. Жоқ, үні шықпайды. Әзімбай көрпеге кірді де, «жеңге» деп жұлмалай бастады. Шолпан
C C М. Жұмабаев C C соққы жеген адамдай сыбырлап: «Сал жігіт, кішкене жай жата тұрсайшы...» – деді. Ол күнә есігінен кірер алдында жүрек жарасын Әзімбайға ашпақшы еді. Жанын жеген жегіні суырып алып, Әзімбайға көрсетпекші еді. Туғаннан бері қиянат жолына баспай, тас болып келген жүректің не үшін бүгін жібігенін айтпақшы еді. Оның іздегені отты, жынды құшақ емес, бала екенін білдірмекші еді. Әзімбайды өз қасіретіне ортақ қылмақшы еді... Бірақ Әзімбай оны тыңдаған жоқ. Қоян қуған төбеттей көрпеге кіргеннен-ақ аласұра бастады. Бір ауыз сөзге келместен, Шолпанның денесін умалай бастады. Ойын бітті... Шолпан сұлап жатқан өлік сықылды жатыр еді. Есалаң, мас Әзімбай мас ойынмен әуре болып жатқанда, Шолпанның бота көздерінен мамық жастыққа ыстық мөлдір жас сорғалап жатыр еді. Әзімбайдың Шолпанның жанымен, көзінен аққан жасымен ісі болған жоқ. Өзімен-өзі әуре, Шолпанның денесімен әуре... Шолпанның басы астындағы мамық жастық шылқылдаған су болды. Түн ортасынан ауған кезде су жастыққа беті тиіп, Әзімбай: «Өй, сен неге жылайсың? Бірадар десе, бірадарсың-ау»,– деді. Есалаң Әзімбайдың Шолпанды ұққаны осы болды... Таң ағарып келеді... Шолпанның бетінен бір сүйді де: «Енді мен қайтам, ертең ертерек келем»,– деді Әзімбай. Жылап-жылап шаршап-талып жатқан жас баладай сұлық жатқан Шолпан: «Жоқ, енді тіпті келме!» – деп айтуға оңтайланып еді, бірақ оның іздегені не еді? Бала. Осы бір түннен бала болса жақсы, болмаса... мынау түн өмір бойы Шолпанның мойнында лағынет қамыты болмай ма? Мынау күнә өмір бойы күнә болып қалмай ма?.. Бота көзінен мөл дір жасын жеңіменен сүртіп, Шолпан күбірлеп қана: «Кел, сал жігіт... кел... кел...» – деді.
C C Шығармалары C C ІV Шолпан екіқабат. Бес жыл бойы санадан сарғайып күткен тілегі болды. Уланған өмір гүлденді. Күнә күнә болып қалған жоқ, күнә сауапқа айналды. Бала біткенін білген кезде қандай қуанып жүрді Шолпан, бір минут қабағы жабылды ма? Күн-түн күлкіден аузы тыйылды ма? Кішкене ғана аулақ қалса, алақанымен қарнын сипап-сипап, сол алақанын сүюші еді, ессіз Шолпан ішіндегі жаны жоқ бір кесек етті, ерні күбір-күбір етіп, айналып-толғанушы еді. Ессіз Шолпан! Жә, іздеген жоғы табылды. Басты байлап, естен айырылып, күнәға айдаған кесел жойылды. Енді Шолпанның Әзімбаймен арасын үзбеуі қалай? Шынымен-ақ оның суық жолға түсіп кеткені ме? Шолпанға да ойнастың әдетке айналғаны ма? Жоқ, ойнасты өнеге көретін, суық жолды әдет қылатын әйел Шолпанба-ай? Ендеше! Бұл ендешеге жауап жоқ. Теңіз терең емес, әйелдің жаны терең. Жеті қабат жер астындағы нәрсені білуге мүмкін, бірақ әйел жанының мінезін білуге мүмкін емес. Бір қарасаң, әйел – бала, күйерін білмей отпен ойнайды. Әйел – ердің тәңірісі, жарата да алады, жоқ қыла да алады, сүйдіре де алады, күйдіре де алады. Әйел – ердің құлы, табанының астында топырақ болады, ердің көлеңкесіне айналады, өзі жоқ болады. Әйелдің аруағы басса, ер күйеді, жанады. Бірақ өзінің жеке бір адам екендігін ұмытпайды, жоймайды. Ердің аруағы басса, әйел адамдықтан шығып, жоққа айналады. Есінен айырылады. Тілі байланады. Әсіресе әйел бұзық жанды болмаса. Ол уақытта мұндай әйелдің ердің көнгіш күңі болуында еш дау жоқ. Шолпан осындай әйелдің бірі еді. Жанынан денесі, денесінен жаны айырылмайтын. Кімге берілсе де, жан-денесімен түгел берілетін әйел еді. Әзімбайға денесін уақытша ғана беріп, жанын аман алып қаламын деп ойлады Шолпан. Бірақ ой мен ісі біріне-бірі қабыспады. Үш-төрт айдың ішінде Шолпанның жаны да Әзімбайға құл болып, берік байланып
C C М. Жұмабаев C C қалып еді. Дұрыс, Шолпанның жаны Әзімбайдан айырыла алмағанға бала іздегеннен аз азап шеккен жоқ. Ежелден көз жасына сараңдық қылып үйренбеген Шолпан бұл туралы да талай түндерде жылады. Бірақ көз жасымен жанды түзетіп бола ма? Шолпан да болдыра алмады. Әзімбайды көргенде басы айналған болып, денесі дірілдеп, тілі күрмелуші еді. Денесінде ыстық қан ойнаған мас Әзімбайдың жансыз нәрседей жұлмалап, умалауына қалай көнетінін Шолпан өзі де білмеуші еді. Шынын айтқанда, есалаң Әзімбай тілге келуге, ойлауға мұрша да бермеуші еді-ау. Жарайды, не болса да Жасағанның жазуы шығар, іштегі баланың атасы болғандықтан, Әзімбаймен араны үзуге тиіс емес те шығар. Күнә да емес шығар. Сәрсенбай некелі ері болса, Әзімбай – баласының атасы: Жасаған өзі кешірер. Бірақ мынау жегідей жайылып бара жатқан өсекпен қалай күреседі Шолпан? Жас Әзімбай. Мас Әзімбай. Есалаң Әзімбай! Мынау сырды тырнақтай жасыруды білмейді. Кісі бар-ау деп айылын жиюды білмейді. Көрінген жерде күшіктей арсалаңдап жатқаны. Жолық қан жерде жұлмалап жатқаны... Өсегі құрғыр жайылғаннан жайылып барады. Пірәдар келін қар келін деп аталса, Шолпан жұртқа не бетімен қарар? Анау күні енесі: «Осы, келін, Әзімбай сенің отауыңа неге қалжыңдап келе береді?» – дегенде, Шолпан жерге кіріп кете жаздады-ау! Жұрты құрысын. Енесі құрысын. Өмірі құрысын. Сәрсенбай... жанынан жақсы көрген Сәрсенбай... Сол Сәрсенбай Шолпанға баяғыдай ма? Неге ол бұрынғыдай жадырап жүрмейді? Неге ол ылғи ойлы? Екі жанды байлаған жібектей нәзік махаббат жібі үзілген сықылды емес пе? Баласы құрысын! Сүттей ақ махаббатты, балдан тәтті өмірді улаған баласы құрысын! Сегіз жыл бойы «сен» демеген Сәрсенбай бір жылы сөз айтудан қалды. Қит етсе, сынықтан сылтау тауып, балағаттап тастайтын болды. Балағаттың аяғы жекуге, қамшыға айналып бара жатқан жоқ па? Күні кеше Сәрсенбай Шолпанды
C C Шығармалары C C неге ұрды? Бұрын барлық дүниесі суға ағып бара жатса ләм демейтін Сәрсенбай Шолпанды неге сілейтіп салды? Не үшін? Бір шыны аяқ шоғыры қолдан түсіп кетіп сынған үшін, сол үшін бе? Жоқ. Әзімбаймен ойнас қылғаны үшін! Ұрам деп айтып ұрмайды. Неге ол аузына тас салғандай үндемейді? Ол бірдеңе десе, Шолпан да айтар еді. Өзінің не үшін күнә қылғанын, бала үшін ойнас қылғанын айтар еді. Жоқ, үн жоқ, балағаттау бар, тепкілеу бар. Махаббат жібі үзілді. Өмір бұзылды. Бәріне лағынет жаусын! Өмірді улаған сол іштегі балаға лағынет жаусын!.. Талай түндерде мынау түйінді шешу үшін қасіретпен сарғайған Шолпан талай ой теңізіне кірсе де, ой түбіне жете алмады. Мынау жанды жеген жұмбаққа «ортасында екі оттың – мені, Тәңірім, қор еттің» деп зарлаудан басқа жауап таба алмады. Сәрсенбаймен екі ара шиеленіскеннен шиеленісе берді. Екі жанның арасы алыстағаннан алыстай берді. Бірақ дүниеде адам таппаған жұмбақты заман таппақ. Адам құрығынан құтылғанмен, заман құрығынан құтылып кететін еш нәрсе жоқ. Сәрсенбай мен Шолпан арасындағы мынау түйінді де ұзатпай заман өзі шешіп берді. Сентябрь жұлдызының соңғы күндері. Ауыл қыстаудың ғана алдында отыр. Салқын түн. Түсі суық сұр бұлттар аспанда бір-бірімен жарысып бара жатыр. Жердің бетін аппақ кебіндей болып боз қырау жапқан. Арба астында байлаулы жатқан бұзаулар тоңып, анда-санда «мө-мө» дейді. Олардың жандарында қарны кебежедей болып жатқан сиырлар еш нәрсені елең қылмай «пыс-пыс» етеді. Сәрсенбай бүгін таңертең ғана қалаға мал айдап кеткен. Отауда, төсек ағаш үстінде шыт көрпеге оранып Шолпан жатыр. Оның қойнында ерке баладай көлденеңдеп жатқан Әзімбай қор-қор етеді. Шолпан да ұйқыда... Арбаның тысырлағанындай бір дауыс. Шолпан селк етіп оянып кетті. Сүйкеніп жатқан сиыр ма екен!.. Жоқ, Арба. Арбалы.
C C М. Жұмабаев C C «Әзімбай!..» «Ім-м-м-м-е-е», – деді Әзімбай. Шолпан тағы: «Әзімбай! Әзімбай!» – деп бір рет айтты да, сөздің пайдасыз екенін біліп, Әзімбайдың санын шымшып келіп алды. – Ой, сені жын соғып кетті ме? – Ойбай, масқара болдық, бір арба келе жатыр, тұршы. Кетші. Жақсы ағаң болмаса игі еді... – Мынау есінен адасқан шығар! Ол ұшып келе ме? – Ойбай, тұр деймін тұр. Әне, келіп қалды!.. Әзімбай жылжып шығып, үйдің артына қарай жүре бергенде, есік артында Сәрсенбай арбадан түсіп жатыр еді. – Бұл кім, әй!– деді Сәрсенбай. «Мен» деген жауап орнына қыстау желкесіндегі шілікке қарай жүгіріп бара жатқан Әзімбайды көрді. Сәрсенбай атты доғармастан үйге кіріп, үстіндегі қаптал күпіні жұлып тастай беріп, қолындағы құнтпен төсек ағаш үстінде жатқан Шолпанды шықпырта бастады. Көзін қан жауып кетті. Еш нәрсені көрмеді, еш нәрсені ойлай алмады. Ақылын ашу биледі, қолын құнт биледі. Шып-шып-шып... шып. Көрпенің астында жатқан Шолпанда тірлік белгісі жоқ. Өлген адамдай сұлық жатыр. Шолпанның бұлай жатуы Сәрсенбайдың зығырданын тіпті қайнатты. – Ах-е-е, иттің баласы!– деп, Сәрсенбай қолындағы құнтты лақтырып жіберіп, шыт көрпені жұлып тастап, кө зінен жасы бұршақтап жатқан Шолпанды қолынан сүйреп, төсек ағаштан жерге түсірді де, тепкілей бастады. Шолпанда ләм-мим деген бір сөз жоқ. Жеңіменен көзін сүрте береді. Басы тепкіленді, қабырғасы тепкіленді. Үн жоқ. Етіктің өкшесі өкпеге тиген кезде «Ах-ах!» дейді Шолпан. Тағы үн жоқ. Өкше ішке тиді. Шолпан алақанымен ішін басып: «Бала!..» – деді. Мынау сөз Сәрсенбайды құтырған қасқырдан бетер құтыртты. – Иттің ғана баласы, мен сенен бала сұрадым ба?.. Мен саған ойнас жасап, бала тауып бер дедім бе? Сен иттің адал ісімді арамдап жүргеніңе жарты жыл болды ғой!.. Шығарма
C C Шығармалары C C дыбысыңды!.. Өлтірем мен сен итті! Өлтірем! Күнде күй генше, бір-ақ күйейін!.. Өл, ит, өл!.. Сәрсенбай мынау сөздерді айқайлап айтқандықтан, ауылдың бәрі-ақ оянып қалып еді. Алдымен үлкен үйден жаман күпісін жамылып сүйретіліп Сәрсенбайдың кәрі шешесі келді. Оның артынан іле-шала, жалаңаш етіне байының ескі жеңсізін киген, жыртық ішкі киімінен тізесі жылтырап, көрші бадырақтың қатыны келді. Екеуі де есіктен ойбай сала кірді. – Ойбай-ау, кісі өлтіресің бе, ойбай?.. Балам-ау, ақылмен іс қылсайшы... – Ақылдарың өзіңе, жұмыстарың болмасын. Өлтірем бұл итті, өлтірем!.. Кемпір мен қатын арашаламақшы болды. Ойбайласты, елбелеңдесті, біреуі қолмен қағылып кетті, біреуі аяқпен соғылып кетті. Болмады. Беті құп-қу, көзі қып-қызыл болған Сәрсенбай тепкілеуден тоқтаған жоқ. Шолпанда тірлік белгісі жоқ. Бір кәлима сөз жоқ, дем де алмайтын сықылды. Әлде талып жатыр, әлде біржола өліп қалды? Екі қатын өздерінен еш қайрат болмайтынына көздері жеткен соң, ауылды жимақшы болды. Бадырақтың қатыны есік алдына шығып: – Ойбай-ау, ойбай! Өліп қалдыңдар ма? Келсеңдерші! Мұнда кісі өліп жатыр!– деп ойбай салды. Өздері үрпиісіп отырған ауыл мынау ойбайды естіген соң үйлерінен жүгіре шықты. Кимешегін қисық киіп, аяғы на кебіс іле салып шыққан қатын, қақырынып-түкірініп, елді басына көтерген отағасылар, мәсісін қоңылтаяқ киген, өзінен-өзі ұялатын келіншектер, кең қоныш етік, кең қолтық қаптал киіп, дамбалының ауы салақтап, семіз болмаса да семіз адамдай талтаң-талтаң басатын жаңа атқа мініп келе жатқан кісімшіктер... сырыған ақсұр бешпетін киіп, қолына асасын алып, зекет жиып жүріп, бір үйде қонып жатқан Темір қожа да келіп қалды. Ауылдың жиылуын күтпей-ақ,
C C М. Жұмабаев C C бадырақтың қатынының ойбайы шыққан соң, Сәрсенбай ұрудан өзі-ақ тоқтап еді. Шолпанда тірлік әсері жоқ, сұлық жатыр. Үстіндегі көйлек пара-пара. Денесі, беті, басы бәрі қан. Аузынан да, мұрнынан да қан кетіп жатыр. Сәрсенбай төсек ағаштың үстіне шығып отырды... Ой жоқ, ес жоқ, сөз жоқ, тіл жоқ. Оның өзі де талықсыған сықылды еді. Есіктен халық ағылып кіріп жатыр. – Мына шіркін есінен адасқан шығар,– деді біреуі. – Ойбай, бетім-ау, өліп қалған жоқ па?– деді екіншісі. – Өлсе, өлсін, қар неме!– деді үшіншісі. Азан-қазан, абыр-сабыр. Темір қожа Шолпанның білегін ұстады да: «Су бүркіңдер!» – деді. Біреуі алып келіп су бүрікті. Әлдене уақытта Шолпан дем алып, болар болмас: «Алла...» деді. – Алладан садаға кет, иттің баласы!– деді Сәрсенбай. – Сәрсенжан, шырағым, сабыр қыл. Әйел ұрмайтын ер болмайды, бірақ... – Тақсыр, сіз бұл араға кірмеңіз. Өлсін ол ит, өлсін!.. – Сәрсенжан, ақылыңа қайт, кісі өлтіру... – Әйтеуір, ол маған қатын болмайды. Талақ болсын, Талақ! Талақ! – Сәрсен, ашу дұшпан, ақыл дос, сабыр қыл. Пәлен жыл еш шай деспеген қосақтан айырылу оңай емес. Заты адал ас арамға айналса, қайтадан адалдап алу шариғатта да бар нәрсе... Мысалы, әйелдің олай-бұлай оғаш мінезі білінсе, оны шешіндіріп, төбесінен қырық шелек суық су құю керек дейді шариғат... Қожаның аузынан мынау сөз шығар-шықпаста-ақ, бесалты қатын жаңа есін жинап келе жатқан Шолпанды сүйре леп ала да жөнелді... Сентябрьдің салқын түнінде қараңғы шорам үйде бесалты қатын тырдай жалаңаш шешіндіріп, сүйемелеп ұстап тұрғанда Шолпанның шала-шарпы есі бар еді. Бір қатын тістеніп келіп, үлкен темір шелекпен мұздай суық суды
C C Шығармалары C C Шолпанның басына құя салды. Үн шығармады, бірақ селк ете түсті Шолпан. Тап сол секундта Шолпанның миында бүкіл өмірі нажағайдың отындай жарқ етіп өтті... ...Жаңа шолпы тағып, сол шолпыны әдейі сылдырату үшін жүкті әдейі қайта-қайта бұзып жиғаны... Апасынан жалынып сұрап қыз ойнаққа барулары... Сәрсенбайдың босаға аттағалы келгені... Бірінші түн... Үшкірген қожаның бұқа көзі... Әзімбайдың қара мұрты... Тістенген қатын күбірлей-күбірлей екінші шелек суды құйып жіберді. Шолпан болар-болмас: «Алла...» деді... – Қар бетпақ, саған Алла не керек?!– деді бір қатын. – Ештеңе етпес, қарағым, жастық та... құдай таупық берсін,– деді екінші біреуі. Шолпанда басқа сөз болған жоқ, ой да жоқ еді. Денедегі қанның мұзға айналуымен ой да күңгірт тартты, сөнді. Шолпан көзін жұма берді. Үшінші, төртінші, бесінші... шелек. Біразға дейін суық суды құйып жібергенде, дене селк етіп кеткендей болып тұрды. Біраздан соң ол да бітті... Ертеңіне түс кезінде Шолпан күшпенен көзін ашып, сыбырлап: – Балам қайда? Әлгі неге келіп бір көріп шықпайды?– деді де, көрпенің бұрышын құшақтағандай болып, ерні беубеу дегендей қимылдап, сұлық болып тағы талып кетті... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Күнмен таласа Шолпан да өмірімен қоштасты.
C C М. Жұмабаев C C ғылыми еңбек
C C Шығармалары C C ПЕДАГОГИКА Тарту Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғағімдердікі. Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір қазақ мұғалімдері! Колымнан келген осы еңбегімді сендерге тарту қылам. Ниетімнің тазалығы үшін тартуымды қабыл көріп алы ңыздар. Мағжан Жұмабаев СӨЗ АЛДЫ Бұл кітап 2–3 жыл бұрын қысқа уақыттық мұғалімдер курсында оқылған дәрістерден түзілген еді. Бұл күнге шейін басылып шығып жарық көре алмады. Бұл айып менікі емес, бүлінген замандікі. Кітапты бір орыс кітабынан тура тәржіма деуге болмайды. Алдыма бір кітапты жайып қойып, бұрылмастан желе бергенім жоқ. Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ қанына қабыстыруға тырыстым. (Көп пайдаланылған Рубинштейн, Скворцов, Смирновтардың педагогика туралы еңбектері). Бізде бұрын жасалған пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге тап басқандай қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан
C C М. Жұмабаев C C тілі болып кеткен шет сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиісті таппадым. Мен педагогика майданында бәйгі алып жүрген жүйрік емеспін. Кітаптың құрылысында, тілінде, түрлі ат қоюда, хатта, кітаптың жалпы негізінде көп кемшіліктер болуға мүмкін. Мұғалімдер тексеріп оқып, қате жерлерін көрсетсе, сансыз рақмет айтар едім. Мағжан Жұмабаев, 1922 жыл, 15 сентябрь, Қызылжар. ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА Жетекші сөз Тәрбие деген не? Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзінеөзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі. (Адамзат дене һәм жан аталған екі бөлімнен тұрғандық тан, бұл екі бөлімнің соңғысы, яғни жан, адамзат үшін аса қадірлі болғандықтан, дұрысын айтқанда, адамға шын ма ғынасымен «адам» деген атты осы жан ғана беретіндіктен, адам баласын тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының әсіресе жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек). Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, зағып, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы – туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан.
C C Шығармалары C C Мінеки, адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды. Тәрбие бөлімдері Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне, осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын. Бала аурулы, зағып болса, баладан емес, тәрбиешіден. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мақау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген иран елінің мәтелі – шын дұрыс мәтел. Тәрбиеден мақсұт Тәрбиеден мақсұт – адамды һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиеден мақсұт – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару.
C C М. Жұмабаев C C Педагогика қандай пән? Біз жоғарыда адам баласының тәрбиеге мұқтаж екен дігін, оған қандай тәрбие беру керектігін һәм ол тәрбиені не үшін беру керек екендігін айттық. Жә, тәрбие керек. Бірақ балаға дұрыс тәрбиені әрбір тәрбиеші (ата-ана, мұғалім) тәрбие жолын ешкімнен үйренбей-ақ, ешнәрсені оқыпбілмей-ақ өз бетімен бере ала ма? Әркім өзі-ақ жол тауып кеткендей бала тәрбиесі соншама бір жеңіл нәрсе ме? Жоқ, бұлай емес. Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек. Сол басқа адамдардың майданындағы тәжірибелерін көрсеткен жеке бір пәнмен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек. Тәрбие пәні педагогика деп аталады. Педагогика – грек елінің сөзі. Пед – бала, агоги – жетектеу деген екі сөзден құралған. Баяғы Грецияда балаларды бағып, мектепке алып келіп жүретін кәрі құлдар педагог деп аталған. Педагог деген аттың бұрын мақтаулы болмағандығы осыдан көрінеді. Бірақ соңғы заманда пән, ғылым өсіп, адамзат өнерленген сайын педагог деген ат қадірлі, қасиетті болып барады. Педагогикамен жақсы таныс болудың керектігі Бала тәрбие қылғанда әрбір тәрбиешінің алдымен қол данатын жолы – өз тәжірибесі. Яғни бала күнде өзі қандай тәрбие алған һәм баланы бұрын өзі қалай тәрбие қылған. Міне, осы жолмен жүреді. Әрине, бұл жолды тіпті қисық жол деуге болмайды. Қисық болу былай тұрсын, тәрбие туралы әрбір тәрбиешінің өз тәрбиесі аса қымбат нәрсе. Адамның өз тәжірибесі – жүріп кеткен жолы. Ол жолдың
C C Шығармалары C C жақсы-жаман жағы көз алдында сайрап тұр. Естігеннен – көрген анық. Көргеннен – бастан кешкен анық. Бірақ бұл әркімнің өз тәжірибесі қанша қымбат болғанмен, қатесіз жол деуге болмайды. Бір адамның тәжірибесі – тым тар, тым бірбеткей тәжірибе. Тәрбиешінің өзіне қолайлы болған жол тәрбие қылатын балаға қолайлы болмасқа мүмкін. Тәрбиеден мақсұт – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес. Келешек өз заманына лайық қылып шығару ғой. «Балаңды өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет!» деген Әзірет Әлінің сөзінде көп шындық бар. Бұл – бір. Екінші, әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәр биесі. Әрбір ұлттың бала тәрбие қылуы туралы ескіден қалып келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасыңда, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті. Бірақ ұлт тәрбиесін, ұлттың тәрбие жолында ұстаған жолын түгелімен дұрыс деуге болмайды. Ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп болған сықылды, жамандық жағы да көп. Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр. Баяғыдан бергі ұлт тәрбиесінің ішінде ұнамсыз, зиянды әдет, жол-жоралар толып жатқан ұлттың біреуі – біздің қазақ. Қысқасы, ұлт тәрбиесі қанша қадірлі, керек жол болғанмен, адастырмайтын дұрыс жол деуге бола бермейді. Жоғарыда айтқаннан көрінеді, балаға шын дұрыс тәрбие беру үшін тәрбиешінің өз тәжірибесі һәм ұлт тәрбиесімен таныс болуы жетпейді екен. Бұлар – бірбеткей шикі тәжірибелер. Бұлар сыннан өткізіліп, пісірілмеген күйде берік негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан
C C М. Жұмабаев C C жақсы-жаманын, алтын мен мысын тізіп ала білу үшін тәрбие майданында шынығып ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен, қысқасы, тәрбие туралы дұрыс жолға түсіретін шын тәрбие дәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс болу керек. Педагогикаға жәрдемші пәндер Педагогика адамның денесін һәм жанын дұрыс тәрбие қылу жолдарын ізденетін пән болғаңдықтан, педагогика пәнімен дұрыс пайдалана білу үшін, екінші түрлі айтқанда, адамды дұрыс тәрбие қыла білу үшін адамның денесі һәм жанының жайын кеңес қылатын басқа пәндермен таныс болуға тиісті. Бұл пәндер төмендегілер. Д е н е т у р а л ы п ә н д е р: А н а т о м и я. Адам денесінің құрылысын баяндайды. (Денеде қандай мүше бар, жаралысы қандай?) Ф и з и о л о г и я. Адам денесінде болатын көріністерді баяндайды (тұру, жүру, демалу сықылды). Г и г и е н а. Саулықты сақтау пәні. Г и м н а с т и к а. Саулықты бекіту үшін түрлі дене қозғалысы туралы пән. Ж а н т у р а л ы п ә н д е р: П с и х о л о г и я. Адамның жанының жайын, жан тұрмысын, жан көріністерін, жан күштерін, ақыл-ойдың жайын баяндайтын пән. Л о г и к а. Дұрыс ойлау жолдарын көрсететін пән. Э т и к а. Құлық туралы пән. Яғни адамшылық не? Осыны баяндайды.
C C Шығармалары C C П е д а г о г и к а ғ а т а ғ ы б і р к е р е к т і п ә н Педагогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан? Міне, педагогика тарихы – осыларды баяндайды. Педагогика бөлімдері Педагогика пәні беске бөлінеді: 1) Ж а л п ы п е д а г о г и к а. Адамның дене һәм жан күштерін, тәрбие жолдарын көрсетеді. 2) Д и д а к т и к а. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді. 3) М е т о д и к а. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту жолын көрсетеді. Мысалы, мектепте қазақ тілін қай жолмен оқыту керек екендігін үйрететін пән «қазақ тілінің методикасы» деп аталады. 4) М е к т е п т і б а с қ а р у. Бұл пән мектеп қалай салы нуға, қалай ұсталуға тиісті, кластарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу пәнін қалай белгілеу керек, міне, осылар сықылды мектеп құрылысы жұмыстарын көрсетеді. 5) П е д а г о г и к а т а р и х ы. Бұл пәннің не нәрсені кеңес қылатындығы жоғарыда айтылды. Жалпы педагогика Жалпы педагогика екі нәрсе жайынан сөйлейді: 1) дене тәрбиесі, 2) жан тәрбиесі жайынан. Дене тәрбиесі Жаңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. Оның жан тұрмысы әлі білінбейді. Сондықтан ата-ана жас баланы тәрбие қылғанда күшінің көбін баланың дене тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға бол-
C C М. Жұмабаев C C майды. Жан дұрыс тәрбие қылынса болады, дененің қанша керегі бар деп ойлау дұрыс емес. Дене – жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене – жанның құралы. Құрал мықты болса, иесі де мықты. «Сау жан сау денеде ғана болады» деген адамзат дүниесінің ескі мәтелі – шын дұрыс мәтел. Жаңа туған баланы тәрбие қылуға кіріскенде тәрбиеші төмендегі нәрселерді білуге һәм істеуге тиіс. Ө л ш е у. Егерде сау болса, жаңа туған баланың салмағы 8 қадақ шамасында болады. Нашар, аурулы бала 6 қадақ шамасында, нағыз сау, таза бала 10–11 қадақ шамасында салмақты болады. Бастапқы 2–4 күн ішінде түрлі себептерден баланың туғандағы салмағынан 1/2 –3/4 қадақ шамасында кемиді. Мұнан соң бірте-бірте салмағы арта бастайды. 7–10 күнде туғандағы салмағына қайта түседі. Айдың аяғыңда туғандағы салмағынан 1/3 артады. Мұнан соң салмақ арту шабаңдай береді. Екінші жыл бойына бастапқы салмағының 1/5, үшінші жыл бойына 1/10, ал енді төрт жастан онға шейін жылына 4–5 қадақтан артып отырады. Бала сау болып туды ма, аурулы болып туды ма, сау болып өсіп келе ме, жоқ ауруға айналды ма – осыларды дұрыс біліп отыру үшін жоғарғы мөлшер бойынша баланы өлшеп отыру керек. Бастапқы айда күн сайын, мұнан соң жыл толғанша жетіде екі-үш рет, екінші жылда жетіде бір, үшінші жылда айында бір өлшеп отыру мақұл. «Баламды безбенге сал» деп айттың деп қазақтың ыр шып кетуінде сөз бар ма? Тәрбиенің басқа түрлерін ести келе, адуын әжелер ыршымақ түгіл ұрсып, сөгіп тастар. Әйткенмен, амал қанша, көтереміз. Мойнымыз жуан болғанмен, өзіміз жуаспыз. Біздің бар тілегіміз ырши-ырши, бізді ұрса-ұрса, айтқанымызды істесе екен. Қайткенменде біреу болмаса біреу, жүзден біреу болмаса мыңнан біреу
C C Шығармалары C C осы педагогика көрсеткен жолмен жүрер деп сенеміз. Біз өзімізді ақынның: Сөзімді біреу алмас, біреу алар, Құлағын біреу салмас, біреу салар. Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар, Солардан аз да болса белгі қалар,– деген сөзімен жұбатамыз. Жылылық. Баланың да, жеткен адамның да өлшеулі жылылығы (Цельсий бойынша) 37–37, 5 градус болады. Бірақ жаңа туған баланың денесінің жылылығы бастапқы күндерде түрлі себептермен мынау өлшеуден 2–3 градус кем болады. Әйткенменде ұзамайды, бұрынғы қалпына түседі. Және баланың да, жеткен1 адамның да жылылығы бір тәуліктің ішіңде бір қалыпта тұрмайды. Біресе өлшеуден асып кетеді, біресе төмен түседі. Жылылықтың төмендейтін уақыты – таңертең. Жоғарылайтың уақыты – кеш. Дене жылылығы «термометр» деген бір құралмен өлшенеді. Осы құралмен баланың денесін күн сайын өлшеп тұру керек. Жылылық белгілі өлшеуде тұрса, баланың сау болғаны, не жоғарылап, не төмендеп кеткен болса, баланың ауру бол ғаны. Жылылық өлшеніп отырса, келе жатқан науқастың алдын алуға болады. Болмаса науқас билеп алып, баланы қолды-аяққа тұрғызбай шыңғыртқанда, оның науқас екенін білу, көбінесе пайдасыз білу болып шығады ғой. Дем алу. Жаңа туған бала бір минутта 40–44 рет дем алады. Мұнан соң бірінші жыл бойына – 35–40 рет, екінші жылда – 28, үшінші жылда – 26 рет. Сөйтіп, кеми-кеми 15 жаста бір минутта 17–20 рет дем алатын болады. Міне, дем алудың осы мөлшерден артық, яки кем болуы баланың сау болмауын көрсетеді. Баланың дем алуын ояу отырғанда са1 Жеткен – ержеткен, ересек деген мағынада.
C C М. Жұмабаев C C нау қиын. Ойнап қозғалып отырғанда дем алуды мөлшерден арттырып жібереді. Дұрысы – ұйқтап жатқанда санау. Тамыр соғу. Жаңа туған баланың тамыры бір минутта 150 рет соғады. Екі жасар баланың тамыры 120-ға шейін соғады. Жеткен адамның тамырының соғуы бір минутта 65–70-тен аспайды. Бала ояу отырғанда, әсіресе жылағанда тамыр соғуы жиіленіп кетеді. Мұндайда мөлшерлі соғудан 20–25 артық соғады. Баланың тамырын бала ұйқтап жатқанда байқау керек. Сонда белгілі мөлшерден тамыры артық я кем соқса, баланың сау болмағаны. Тамырын ұстаумен бір адамның ауру, сау екені білінетін болса, тамыршылық деген әулиелік емес екені өз-өзінен көрініп тұр. Бірақ надандыққа не шара, біздің надан еліміз тамыршыны жынымен сөйлесіп, күбірлесіп, тәңірімен тілдесіп отыр деп біледі. Бала бөлмесі. Мынау сөзді оқығанда «атыңның басы тиіп, жорғасы қалып па?» дегендей, қазақтың өзіне үй бітіп, баласының бөлмесі қалып па деп күліп кекетуші де болар. Шынын айтқанда, қазақта үй дерлік үй бар ма? Жоқ. Өнерлі елдің адамы түгіл малы жатпайтын бір былық қора. Қазақтың қысқы үйінің көбі – жермен-жексен болып жатқан шымнан жасалған бір қуыс. Терезе деген тышқан ның көзіндей бір тесік. Есіктен, тесіктен, астан, үстен аңырап тұрған суық. Желдің жыбыр-жыбыр сөйлегенін, дауыл боранның адасқан аңдай ұлығанын естігің келсе, сорлы қазақтың қысқы үйіне кір. Шым қабырғадан, төбедегі сирек салынған сырғауылдың арасынан сорғалаған су. Жер әбден саз. Босағада қатар-қатар малдың төлі. Иіс, қоқыс, түтін. Егер қазақ жаз шығысымен мынау сасық үңгір заңдемін тастап киіз үйге шықпаса, сөз жоқ, бірнеше жылдың ішінде қырылып бітер еді. Мінеки, жыл он екі ай ішінде сегіз, тоғыз ай қазақ тұратын үйдің түрі осы. Әрине, мұндай үйде
C C Шығармалары C C тұрған қазаққа бала бөлмесі пәлендей болсын деп айту тіпті орынсыз болар еді. Бірақ біздің үмітіміз келешекте сорлы қазақ мәңгіге сасық үңгірде құрттап, шіріп жата бермес, тұрмысын, үйін, күйін түзетер деп сенеміз. Бізді жұбататын ақынның әлгі өлеңі. Сөзге келейік. Бала бөлмесінің ішінде бес-алты куб сажын ауа болсын. Және жиі-жиі ауа жаңартылып тұрсын. Бала жататын үйде кір жуу, кір кептіру, кірлеген киімді тастау жарамайды. Себебі кірдің кірі бу болып, ауа болып баланың ішіне кіріп, саулығына зиян келтіреді. Бала бөлмесінің жайлылығын да бақылап тұру керек. Жаңа туған бала жататын бөлменің жылылығы Рьюмер бойынша 17–18 градус, бір жеті мен алты жеті арасында 16–17 градус, сонан соң 15–16 градус болу тиіс. Қандай үйдің болса да жарық болуы керек болатын болса, бала бөлмесінің жарық болуы тым керек. Қараңғы үйде тәрбиеленген баланың өсуі шабан болады. Тамағы қанша жақсы болса да, зағып, нашар болып өседі. Сондықтан бала жататын бөлменің жарығы мол болу керек. Бөлменің жарығы мол болу үшін оның терезелері не аузы түстік-күн шығысқа, не оңтүстік-күн батысқа қарауы шарт. Терезелер тура оңтүстікке қараған бөлме қыстыгүні жарық, жылы болғанмен, жаздыгүні ыстық, қапа болады. Ал енді терезелері солтүстікке – түн жаққа қараған бөлме қашанда болса һәм қай жақтан болса да қолайсыз. Сөз аяғында қазақтың киіз үйде бала өсіруі, асырауы туралы бір-екі сөз айтып өтейік. Бала тәрбиелеу үшін киіз үйді аса қолайлы деуге болмайды. Аңғал-саңғал, ашық-тесік киіз үй баланың жел тиіп, суық-тиіп ауру болуына көп себепші. Бірақ баланы киіз үйден бір жола бездіріп алып кетуге орын жоқ. Киіз үйдің зиянды жағы болған сықылды, пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің ішіңде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа
C C М. Жұмабаев C C сол киіз үйде болмағанда қайда болады? Тегінде жараты лыспен бауырласып құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді. Бұл сөзбен мен балаңды баяғыдай «шалбардың ішіне салып асыра» деп отырғаным жоқ. Ол заман озды ғой. Әйткенменде қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл. Баланың тамағы. Баланың жақсы өсуі үшін оның тамағы жақсы болуға тиіс. Тамақ баланың өсуіне қарай өзгеріп отыру кереқ. Бастапқы кезде балаға ең дұрыс тамақ – ананың сүті. Сүттің ішінде денеге керек тамақ заттарының бәрі бар. Ана сүті бала өскен сайын өзгеріп отырады. Ана бір себептерден баласын емізе алмайтын болса, әрине, қолдан асырауға тура келеді. Бірақ емізуге мүмкін болғанда абзалы – ананың өзі емізуі. Статистика – санақ пәнінің көрсетуі бойынша ана сүтін емген 100 баладан бір жылда 15–20-сы ғана өледі. Ал қолдан асыраған 100 баладан бір жылда 65 шамалы өледі. Қолдан асырау. Қолдан асыралғанда балаға лайықты тамақ – есек сүті мен ешкі сүті, Бұл екеуінің бірі болмаған күнде сиыр сүті. Бірақ сиыр сүтінде ақ (белковина) пен май көп, қант аз. Сондықтан сиыр сүтін сұйылту һәм тәттілеу керек. Жаңа туған балаға берілетін сиыр сүтіне үш есе су қосу керек. Мұнан соң 2–3 айға шейін бір бөлім сүт, екі бөлім су, 3 айдан 6 айға шейін екеуін де бірдей, ал тоғыз айдан былай таза сүттің өзін беріп отыру керек. Бір ішкізгеннен қалған сүтті екінші рет беруге жарамайды. Балаға беретін сүттің жылылығы адам денесінің жылылығындай болу керек (Цельсий бойынша – 35–37°, Рьюмер бойынша – 26–28°). Сүтті тәттілеу үшін сүтке кәдімгі қант салу керек. Бір стакан сүтке бір бал қасық қант жетеді. Балаға берілетін сүт сау сиырдың жаңа сауылған сүті болсын. Әр сиырдың сүтін
C C Шығармалары C C бір бергеннен бір ғана сиырдың сүтін берген дұрыс. Сүт, ыдысы таза болсын һәм берілетін сүт қайнатылуға тиісті. Емізік. Қолдан асырағанда балаға тамақ беру үшін қолайлы әдіс – емізік. Көбінесе емізіктің емшегі желімнен жасалған болады. Болмаса сиыр емшегі кигізіледі. Ішіндегі сүтін еміп болған соң құр емізікті балаға сорғызып қою тіпті дұрыс емес. Бірінші, баланың іші желге толып аурулы болуға себеп болады. Екінші, желімнен жасалған емшек баланың денесіне зиян келтіреді. Баласына құр емізікті сорғызып қойып, қол қусырып өсек аңду анаға лайық іс емес. Баланы таба білсең, ерінбей дұрыс баға біл. Аралас тамақтандыру. Анасы емізген бала біраз өскен соң анасының сүтінен басқа тамақ та тілей бастайды, Ол уақытта ана сүтінен басқа тамақ бере бастауға мүмкін. Балаға жай тамақты алты айсыз бере бастау дұрыс емес. Жай тамақ бергенде әуелі жеңілінен бастап, бірте-бірте ауырына көшу керек. Мысалы, былай: сиыр сүті, бал қаймақ, ақ ірімшік, қатық (ащы қылып ұйытпау шартымен), қаймақ, жұмыртқа һәм сорпа. Ал енді жас балаға (бір жасқа толмаған) май, нан, ет беру тіпті дұрыс емес. Қызыл иегімен қажалатқызып балаға нан беріп, ет беріп, сорғалатып май беріп қойған ана – баланың досы емес, қасы. Маған майлы бауырсақ, не болмаса қазықарта шайнап бере гөр дегендей баласына ет, нан шайнап беретін ана – ананың нағыз оңбағаны. Барлық денесі, асқазаны тіпті нәзік баланың нан, май, ет жеп көтеретін қанша күші бар? Қазақ баласының ауру болуы, көбінесе осы талғамай тамақ жегеннен болады. «Ауру – астан» деген қазақ мақалынан айналып кетсең болмай ма?! Тамақтандыру тәртібі. Баланы ананың өзі емізсе де, яки қолдан асыраса да, баланы белгілі бір тәртіппен тамақтандыру керек. Баланы ана емізген күнде емізу тәртібі былай: жаңа туған баланы күндіз 2–3 сағатта бір, түнде 3–4
C C М. Жұмабаев C C сағатта бір емізу тиіс. Ал енді бала өскен сайын емізуді сиректете беру керек. Былайша бірінші айда тәулікте – 8–9 рет, 4 айға шейін – 7–8 рет, жарты жасқа шейін – 7 рет, 9 айға шейін – 6 рет. Түн – ұйқы уақыты. Сондықтан баланы түнде сирек емізуге әдеттендіру керек. Мысалы, 5 айлық баланы түнде бір емізу жетеді. Баланы қолдан тамақтандырғанда да тамақтандыру тәртібі – осы. Бірақ қолдан тамақтандыр ғанда тамақ белгілі бір мөлшермен беріліп отыруға тиісті. Бала тамағының мөлшері баланың асқазанының зорлығына байлаулы. Жаңа туған баланың асқазанына бастапқы жетіде 3 қасық ас сыяды. екінші жетіде – 6 қасық, екінші айда – 9–10 қасық. Міне, осы асқазанның зораюына қарай балаға берілетін тамақ мөлшері де зорайып отыруға тиісті. Балаға тамақты тәртіппен беру оның дұрыс өсуіне, аурулы болмауына, хатта, мінезінің дұрыс болуына да көп пайдасы бар. Балаға тамақ тәртіпсіз, ретсіз, былапыт берілсе, бала аурулы болады. Асқазаны бұзылады. Ішкен, жеген тамағын сіңіре алмайды. Ит тию сықылды бала аурулары сол тәртіпсіз тамақ беруден. Жер жүзінде балаға тәртіпсіз тамақ беретін әйел екеу болса, біреуі – қазақ әйелі. Бала ұйқысы қанып оянса да, бір жері ауырып, яки төсегі тынышсыз болып жыласа да, оны шешіп алып қарау жоқ, емшегін алып барып баланың аузына сала қояды. Бала түн де ың етсе, бесікті албастыдай басып отырып алады. Емшек балада, ана ұйқыда. Жазаласа баласын басып өлтіріп те тастайды. Баланың аузынан емшегін алса, баланың қолына басқа бір тамақ ұстатады. Сорлы баланы бір минут тамақтан босату жоқ, яки мынадай іс те болады: Шеше не бір жұмыспен, не жай қыдырып кезіп кетеді. Мана кеткен шеше әлі жоқ. Ерте күн түс болды. Түс кеш болды. Бала аштан аш жатыр. Қарны ашады. Шырқырап ішегі қатып жылайды.
C C Шығармалары C C Бейшара бала жылап-жылап әлсіреп талып барып ұйқтай ды. Кешке келіп ұйқылы-ояу талып жатқан баланы көріп, «құлынымның тамақ іздемей, жыламай тәтті ғана ұйқтап жатқанын қарашы» дейтін шешеге не дерсің? Қазақ қатыны! Өзіңде өзіңнің қастығың болмаса, баланың аузын астан алмай, аспен ұрып жығып, болмаса тамақ бермей, аштан қатырып, талдырып ұйқтатып бала асырауыңды қой. Тамақты беріп-беріп, балаңды қарнын қабақтай, бұтын таяқтай көк қарын, ши борбай қылма. Балаңды аурулы қылма. Асты мезгіл-мезгіл беріп, тәртіпке үйрет. Тамақты тәртіппен берсең, балаңның дені сау болады. Құр ас иесі қомағай болмайды. Аузынан ас алмайтын мешкей болмайды. Тамақты тәртіппен ішіп үйренген баланың мінезі де дұрыс болады. Емшектен айыру. Бала аурулы болмаса, бір жасқа тол ғанда ана сүтінен басқа ас ішіп, біраз тісі (8–12) шыққан болады. Міне, осы уақытта баланы емшектен айыру керек. Айырғанда күл, көмір, насыбай жағып әурелемей-ақ емізуді сиректетіп, баланы бірте-бірте бездіру керек (3–6 жеті ішінде). Ал енді кейбір қатындардың еркелеткеннің жөні осы екен деп 5–6 жасар баласын арда емізіп қоюлары – тым-ақ ұнамсыз іс. Ұнамсыз ғана емес, балаға да, анаға да зиянды іс. Екі жасар һәм үш жасар баланың тамағы. Екі жасар баланың денесі әжептәуір берік болады. Сондықтан бұл жаста балаға бірте-бірте ет, нан сықылды күшті ас беруге мүмкін. Ет бергенде жеңілінен бастау керек. Ешкі, қой, сиыр еті. Жылқы еті ауыр. Оны 2–3 жасар балаға бермеген дұрыс болар. Баланың асқазанына лайық нан – бидай ұнынан пісі рілген нан. Балаға май ішкізу дұрыс емес. Кәмпит, пряник, өрік, мейіз сықылды тәтті беруге де жарамайды. Бір жасқа толмаған жас бала түгіл 2–3 жасар балаға да қымыз ішкізу
C C М. Жұмабаев C C мақұл емес. Қымыз баланың тынышын алып, мең-зең бейшара қылады. Екі-үш жасар балаға тәулікте төрт рет тамақ беру керек. Түнде емес, күндіз, төрт сағатта бір. Балаға тамақты бөлек үйде беру артық. Үлкен кісілермен бірге ішіп, бірге жесе, үлкендерді иектеп мөлшерден артық ас ішеді. Мұның зиян екендігі белгілі. Баланы шомылдыру. Баланы шомылдыру оны кірден арылтады. Бойын жеңілдетеді, еңсесін көтереді. Жаңа туған баланы шомылдыратын судың жылылығы үш айға шейін Рьюмер бойынша – 29°. Үшінші айдан жыл аяғына шейін – 28°, екінші жылда – 27°, мұнан соңғы жыл төмендегенде 22°-тан кем болмасқа тиісті. Жаңа туған баланы су ішінде – 5 минут, ай жарымдық баланы 8 минут ұстау керек. Бұдан артық ұстауға жарамайды. Бала әлсіреп қалады. Әуелгі 9 күн ішінде тәулікте екі рет, ай жарымға шейін бір рет, алты айға шейін күн ара, екі жасқа шейін жетіде 2–3 рет, екі жастан соң жетіде бір шомылдырып отыру керек. Баланы тамақ берердің, ұйқтардың алдында шомылдыру артық. Баланы шомылдыратын үйдің жылылығы 17–18°- тан жоғарырақ болсын. Баланы шомылдырып болған соң оның бар денесін, әсі ресе қолтықтарын, мойнын, шабын жақсылап қарау кереқ. Көзін, құлағын, басын таза ұстау керек. Былық қолыңмен баланың көзін тазартушы болма. Неше түрлі көз ауруы осыдан болады. Тамақ бергеннен кейін баланың аузын тазартып отыру керек. Таза шүберекті қайнаған суға малып, шыныаяққа орап тазарт. Есін білген баланы ас ішкеннен кейін аузын шайқауға үйрету керек. Аузы иісті болмайды, тісі бұзылмайды. Қазақ қатынының баланы тұзды сумен шомылдыруын теріс деуге болмайды. Еттің пісуіне, шынығуына тұзды судың пайдасы бар. Ал енді баланы маймен сылау тіпті дұрыс емес. Май терінің тесіктерін
C C Шығармалары C C бітеп тастайды. Еңсені көтертпейді, ауру етеді, кірлетеді, терлетеді. Баланы «өс, өс, өс» деп денесінің құрысын, тырысын жазу аса теріс болмас. Бірақ еп керек. «Өс, өс, өс!» – деп баланың бір жерін шығарып алып жүрме. Киім. Баланың дұрыс өсуінің негізгі бір шарты киімнің дұрыс болуы. Баланы желге, күнге тигізбеймін деп орап, шымқап, үлбіретіп өсіруде қасиет жок. Бұлай өсірген бала ауырымпаз келеді. Шынықтырамын, денесін берік қыла мын деп жалаңаш-жалпы ұстау да жарамайды. Шынық тырамын деп жүріп ауруға шалдықтырып, жазаласа өл тіріп алуға да мүмкін. Киім дененің жылылығын сыртқа, сырттың суығын денеге жібермейтін болсын, сондықтан бала киімі жұмсақ, жеңіл нәрседен тігілу керек. Бала киімін үлкен кісілер киімімен бірге жууға жарамайды. Үлкен кісі киімінен бала киіміне бір нәрсе жұғуға мүмкін. Жеткен адам денесіне зиян келтірмеген нәрсе жас баланың денесіне зиян келтіруі оп-оңай. Баланың киімі қолпылдаған кең, денені қысып тұрғандай тар да болмасын, шақ болсын. Балаға биік өкшелі етік кигізу, белін белбеумен қысып тастау жарамайды. Жалпы айтқанда, бала киімі әдемі болсын деп емес, ыңғайлы болсын деп білу керек. Бөлеу һәм бесік. Педагогика ғалымдары бала бөлеуге атымен қарсы. Баланың дұрыс өсуіне, қаны жүруіне, асы сіңуіне кесел деп көп дәлелдер көрсетеді. Бұл дәлелдердің салмақты екендігіне талас жоқ. Бірақ қазақ тұрмысы көзінен қарағанда бөлеуден безуге бола қоймас. Көшпелі абыр-сабыр тұрмыста бөлеудің пайдасы да болып шығар. Әңгіме бөлей білуде. Тас қылып бөлеп тастасаң, қанын тоқтатпақ түгіл, жанын да шығарып аларсың. Саулығына зиян келтірмей бөлеу туралы ой жүгірту үшін бесік хақында сөз қозғамай болмайды. Қазақ бесігі – аса ұсталықпен жасалған нәрсе. Жөргегі, тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен баланың
C C М. Жұмабаев C C таза, жинақ жатуына көп себепші. Бірақ әңгіме мұнда, осы бесікке баланы қалай бөлеу керек. Қазақ қатыны баланы жөргекке орап, бесікке екі жерден кеудеден бір, аяқ үстінен бір тас қылып таңып тастайды. Бұлай таңып тастау, әрине, балаға зиянды. Баланы бесікке бөлейтін болсақ, осы зияннан қалай құтыламыз? Маған мынадай бір ой келеді, баланы екі жерден қысып, қан жүруіне кесел қылмас үшін тартпаны кеңейту жолын қарастыру кереқ. Менің ойымша тартпаны екеу қылмай, біреу қылсақ. Біреу қылғанда, баланың мойнынан аяғына жететіндей қылсақ. Енді тартпа демей-ақ, жабу дейік. Жабу бесіктің бір жағына, айталық, 6–7 баумен байланған болса, баланы жөргегімен орап, төсегіне салып, әлгі жабуды жаппай жауып, бесіктің екінші жағынан алып келіп, тағы 6–7 баумен байласақ. Міне, осындай жабумен таңылса, қысу бар денеге тегіс түскендіктен, аса зиянды болмас еді. Бұл бір – тәжірибе көрмеген ой. Мүмкін, қате болуға. Мен үшін емес, баласын дұрыс тәрбие қылу үшін ата-ана осы ойды бір тәжірибе қылып көрсе, игі болар еді. Жә, баланы бесікке бөлеуді мақұлдадық. Қалай бөлеу туралы да ой жүгірттік. Еңді тербетуге келейік. Күн батып барады. Үй іші қара көлеңке. Қыс болса, са сық үңгірдің ішінде терезе аталған тесіктерден суық жел азынап кіріп, аш аңдай ұлып тұр. Жаз болса, туырлықтың етегінен, шидің арасынан жыландай жүз бұралып, қоңыр жел кіріп, жолдасын жоғалтқан жандай мұңды, зарлы қоңыр бір әнге басады. Үйдің бір босағасында бесік тұр. Ішінде бөлеулі бала жатыр. Жылап-жылап шаршаған. Енді айғай салып жылауға шамасы жоқ. Әлсіз ғана ыңыранады. Бесік жанында баланың анасы жоқ. Әлдеқайда кеткен. Мал жайлап, шаруа қылып жүр ме? Әлде көрші үйдің қатынымен басын шұлғи-шұлғи бір қысыр кеңесте отыр ма? Кім білсін, бесік жанында көзі көрдей сұп-сұр бір кемпір
C C Шығармалары C C отыр. Құрысқан қолы бесіктің арқалығында. Салмақпен бесікті тербетеді. Бала ыңыранады, жел күңіренеді, кемпір де күңіренеді. Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем... Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін. Байқұтанның құйрығын, Жіпке тағып берейін... Әлди-әлди, әлди-ай...– деп күңіренеді кемпір. Кемпірде талу жоқ. Тербетеді, кү ңіренеді, тербетеді. Баланың ыңылы баяулап келеді. Басылды. Бала ұйқтады. Кемпір күңіренеді. Болмаса сол кеште, бос үйде бесіктің жанына жас баланың жеті жасар апасын отырғыз. Жел жылайды, бесіктегі бір жасар да жылайды. Жанында отырған жеті жасар да жылайды. Бос үйде дауыс шығарып, қорқуын азайту үшін бесікті тарсылдатып тұрып тербетеді. Әлде не уақытта бала ұйқтайды. Бесік жанында өксігін баса алмай апасы әлі отыр. Не болмаса, мынадай картинаны көз алдыңа алып кел. Түн. Бала бесікте бөлеулі жатыр. Жанындағы төсектегі шешесі қалың көрпені жамылып шырт ұйқыда. Қарны ашты ма, тоңды ма, төсегі тынышсыз болды ма, бір мезгілде бала оянып жылайды. Бастап ақырын жылайды. Елең де қылған ана жоқ. Дауысты молайтыңқырайды, оянған ана жоқ. Шыр-пыры шығып, пырылдап, ішегі түйіліп жылайды. Ыңырана түсіп шеше оянады. Бастап тербетіп ақырын қозғайды. Оған бала уанбайды, «тұрмадың» деп ашуланғандай айқайын үдете түседі. Үй ішінде жел долданады, шеше де долданады. «Өй, көгала келсін, шешек шықсын», – дейді шеше. Тарс-тұрс, тарс-тұрс тербетеді.
C C М. Жұмабаев C C Баланың айғайын бесіктің тарсылы жеңеді. Әлде не уақытта бала ұйқтайды. Баласын күбірлеп қарғай-қарғай қорылдап ұйқыға кетеді шеше. (Әрине, қазақ қатынының көбі мұндай емес қой. Бірақ көбі осындай десек, аса адаспаймыз. Пысық, сергек, бала қадірін білетін аналардан мына сөзіме кешірім сұраймын.) Жә, күңірене-күңірене баланың әжесі ұйқтайды. Жылай-жылай бала ұйқтайды. Қарғай-қарғай баланы, ана ұйқтатады. Баланың осы ұйқысы сау ұйқы ма? Шын ұйқы ма? Жоқ. Бұл дұрыс ұйқы емес. Бұл ұйқтау емес, шайқап-шайқап баланың басын айналдыру, басын айналдырып, естен тандыру. Тербетіп ұйқтату – баланы талдырып ұйқтату деген сөз. Тербетіп ұйқтатылған бала ұйқтап жатқан жоқ. Талып жатыр. Өзіңді бір нәрсеге тас қылып таңып тұрып, ерсілкарсыл шайқап-шайқап тербетіп-тербетіп талдырып тастаса, жақсы болар ма? Қазақ әйелі! Балаңда қасың болмаса, тербетпе баланы. Бесік – баланың жататын орны. Естен тандырып, талдыратын орны емес. Осыны ұғыну керек, ұғу керек. Ұйқы. Ұйқысы тыныш болу үшін баланы көзді шағы лыстыратын жарығы жоқ, құлақты жаратын айғайы жоқ жерде ұйқтату керек. Әсіресе кенет айқай болмасын. Баланың тыныш ұйқтауына себеп болатын бір нәрсе – баланы белгілі бір уақытта ұйқтату. Және баланы жа ратылыстың өзі ұйқы үшін белгілеген уақытында яғни түнде ұйқтату керек. Баланы түнде ұзақ ояу отырғызу дұрыс емес. Баланы тамақ берісімен ұйқтату тіпті жөнге келмейді. Ұйқысы тынышсыз болады, һәм саулыққа зиян. Тамаққа тоя сала ұйқтату – біздің жалпы зиянды әдетіміз. Ұйқтағанда дененің, мүшенің бәрі демалатын, тыншығатын уақытта, асқазанға сен тынықпа, мынау жеп-
C C Шығармалары C C ішкеніңнің бәрін сен қайнатып денеңе сіңіріп қой деу тіпті жөнге келмейтін бір зорлық емес пе? Ол сорлы қайтсін, бұл қызметті атқара алмайды. Міне, осындайдан асқазан бұзылып, адамда неше түрлі аурулар пайда болады. Жас бала тіпті көп ұйқтайды. Жаңа туған бала ұйқыдан тамақ үшін ғана оянады. 24 сағат бір тәуліктің 20 сағатын ұйқымен оздырады. Бала жарты жас шамасында әжептәуір уақыт ояу отырады. Әйткенмен де екі жасқа қарағанша ояуынан ұйқысы көп болады. 2–3 жасар бала күндіз 1–3 сағат, түнде 9–12 сағат, 4–5 жасар бала күндіз сирек ұйқтағанымен, түнде 10–11 сағат ұйқтайды. 6–7 жасар бала 8–10 сағат, 12–13 жасар бала 8–9 сағат ұйқтайды. Жеткен адамға 6–7 сағаттан артық ұйқы дұрыс емес. Қозғалуы. Адам денесі қозғалуды тілейді. Адам неғұрым жас болса, солғұрлы қозғалуды көп тілейді. Екі жасар дені сау бала бір минут тыныш отыра алмайды. Күні бойы шаршау білмей, ойнайды да жүгіреді. Бала жүре бастамаған күнде де тек отырмай, аяқ-қолын шолтаңдатып отырады. Бірақ бастапқы кездегі баланың қозғалуы оймен, тілеумен қозғалу емес, «рефлекс» бойынша соқыр қозғалу. 5–6 айдан былай бала маңайындағы нәрселерді ұстауға, қолына алып ойнауға өзі тілей бастайды. Міне, бала қозғалуды өзі тілей бастаған кезде ана оған түрлі жеңіл ойын көрсетіп, көмекші болу керек. Бірақ көмекші боламын деп қозғалуға шамасы жоқ баланы зорлықпен қозғалуға үйрету дұрыс емес. Жаңа туған бала басын һәм барлық денесін билей алмайды, оның шамасының келетіні – жату. Бала төрт ай толмай басын билей алмайды, жеті-сегіз ай толмай еркін отыра алмайды. Сондықтан 4 айға толмаған баланы жатқан орнынан көп қозғай беру жарамайды.
C C М. Жұмабаев C C Тегінде, баланы өзінің отыруға шамасы келмейтін кезде еріксіз отырғызу қате. Бала бүкір болып калуға ықтимал. Жас баланы көтеру де дұрыс емес. Денесіне зиян келеді, бұл – бір. Екінші, көтеріп үйрету ата-анаға бір пәле ғой. Аяғы бар, тілі бар дардай баланың «Апа, көтер, әке, көтер» деп мазаны алуы ұнамды ма?.. Жас баланы арбаға салып сүйреу – қазақтың бір қате жұмысы. Тақтай арбаның ішіне жаман көрпеге оратқызып, баланы салып алып, 6–7 жасар балалар: «Мен ағамның қара кер атынша шабамын» деп тұрып арбаны дүрілдет кенде баланың не жаны қалады? Үлбіреген жас денеге зиян келетін болған соң, аман жаннан не пайда? Баланы еңбектеуден тыюға дұрыс емес. Еңбектесін, қозғалсын, жас күшін жұмсай берсін. Бірақ бала еңбектейтін жер таза, тегіс болсын, мүмкін болғанда тегіс жерге кілем төселген болсын. Қазақтың еңбектеген баласының күні қараң ғой. Ол баланы қараушы болмайды. Бала еңбектеп от орнына барып күйіп қала ма, күл, көмір жей ме, нәжіске былғана ма, сызға, сазға отыра ма, оны бақылаушы жоқ. Үсті-басы күл, топырақ, үрпиіп ылғи сызда, сазда отырады. Баланың неше түрлі ауру болатындығы осы сыз өтуден. Сызда, былық жерде асыралса, мал баласы да оңбайды ғой. Адам баласы мал баласы емес, баланы жақсылап бағу керек. Баланы қолынан ұстап тәй-тәй қылуды дұрыс деуге болмайды. Денесінің бір жеріне зиян келтіруге мүмкін. Кейбір ата-ана баланың тәй-тәй болғанын қызық көріп, тәй-тәй болғысы келмей орнынан тұрмай отырған баланы еріксіз тұрғызып тәй-тәй қылады. Бұл істері, әрине, қате. Балаға итарба жасап беру дұрыс емес демейміз. Бірақ итарбамен зорлап жүргізбе дейміз. Жағалағысы келгенде үстелді бала өзі-ақ жағалайды ғой. Итарба да баланың жанында жай тұрсын. Жүргісі келсе бала өзі де жүреді. Шеше бірақ байқап оты-
C C Шығармалары C C рып, баланы арбаға дұрыс ұстатқызып жіберсін. Тоғыз ай мен он алты ай арасында бала жүруге үйренеді. Есте болу керек, баланың мешел болуы тәй-тәй кеш болғандықтан, итарбасы болмағандықтан емес, аурулы болғандықтан. Балам мешел болмасын десең, балаңды дұрыс күт... Серуен. Ылғи үйде, нашар ауада бала құп-қу, нашар, меңіреу болады. Сондықтан баланы күн сайын таза ауаға серуенге шығарып тұру керек. Киіз үй ашық ауамен бірдей. Киіз үйдегі баланы шығарсаң да бір, шығармасаң да бір. Ал еңді қазақтың «қысқы үй» деп аталған үңгіріндегі баланы әлсін-әлсін серуенге шығарып тұрмай болмайды. Үй саулыққа дұрыс салынған болса да, баланы серуенге шығарып тұру керек. Себебі үйдің ауасы бұзылып отырады. Алты ай толмаған баланы қыстыгүні серуенге шығару жарамайды. Баланың саулығы нашар болса, доқтырлар бір жасқа толмай қыстыгүні шығаруға қоспайды. Күзгі, жазғы 2 градустық салқында бір жылдық баланы күн сайын 15–20 минут серуенге шығаруға болады. Ал енді 2 жастан былай баланы күн сайын кем дегенде 15–20 минут серуенге шығарып отыру керек. Жаңа оянған яки шомылдырылған баланы су жаялықпен серуенге шығару дұрыс емес, серуенге шығаруға нағыз қолайлы уақыт – түстен кейінгі 2–4 сағат арасы. Тісеу. Тісеу – баланың дене тұрмысында зор өзгеріс. Жас иекті жарып бірінші тісі 6–8 ай арасында шығады. Иекте тамыр көп болғандықтан, тісей бастағанда бала әжептәуір ауырады. Ұйқысы тынышсыз, бас-аяғы ыстық болады. Аузынан сілекей шұбырады. Бала әлсін-әлсін қолын аузына сала береді. Мұндай уақытта баланы таза ауа, серуенге жиі шығару керек. Жылы суға жиі-жиі шомылдыру керек. Балаға тісі төмендегі ретпен шығады. Тісі төрт түрге бөлінеді.
C C М. Жұмабаев C C Бірінші түр – күрек тіс. Саны 8 болады. 5–12 ай арасында шығады. Екінші түр – ит азу. Саны – төрт. 12–16 ай арасында шығады. Үшінші түр – ас азу. Саны – 4, 17–20 ай арасында шығады. Төртінші түр –түпкі азу. Саны – 4, 20–24 ай арасында шығады. Міне, осымен баланың 20 сүт тісі болған болды. 7 жаста бұл сүт тісі түсе бастап, 7–11 жас арасында балаға дәйімгі тісі шығады. Яғни жаңағы айтылған – 20 тісі түсіп қайта шығып, олардың үстіне тағы азу қосылады. 12 жаста тағы төрт азу шығады. Сөйтіп, дәйімгі тістің саны 28-ге толады. 22–25 жас арасында төрт азу шығады. Мұны ақыл азуы дейді. Баланың сүт тісі өте нәзік болады. Ыстық та, суық та жарамайды. Қатты асты шайнай алмайды һәм бұзылымпаз келеді. Сондықтан баланың тістерін таза ұстау керек. 3 жастан былай тамақ берген сайын баланың аузын жуып отыру керек. Тісті жаман бұзатын нәрсе – тәтті. Жас балаға тәтті беруге жарамайды. Біраз өскен соң беруге мүмкін, бірақ аз һәм сирек беру керек. Жан тәрбиесі Бастапқы кезде жөпшенді білінбейтін баланың жан тұрмысы бала өскен сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар алып бару керек. Қатар алып бару емес, бала өскен сайын тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай беруге міндетті. Тегінде берік ұғу керек: адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де сол – жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол – жан. Жанды дұрыс тәрбие қыла білу үшін жанның жайын баяндайтын ғылыммен таныс болу керек.
C C Шығармалары C C Психология (Жан тілі) Психология – ескі пән. Бұл пәнді пән қылып дүниеге шығарушы – Айса пайғамбардан бұрын болған грек ұлтынан шыққан Александр Македонский (Ескендір Зұл харнайын) патшаның тәрбиешісі Аристотель данышпан. Психология деген сөз грекше екі сөзден құралған. Психо – жан, логос – сөз деген мағынада. Яғни жан туралы сөз, жан туралы пән деген сөз болып шығады. Жанды ешкім көрмесе де, жанның барлығында дау жоқ. Бірақ бұл жан деген не нәрсе? Жанның не нәрсе екендігі туралы үш пікір бар. Үшеуі үш түрлі философия пікіріне негізделген. Біріншісі, жан денеден бөлек өз алдына бір нәрсе дейді. Бұл – баяғыдан бері келе жатқан пікір. Қазақтың жан шыбын сықылды бір зат, өлгенде ауыздан ұшып шығып кетеді, ұйқтағанда мұрнынан шығып серуендеп жүреді-мыс деген ертегісі – осы пікірдің бір сәулесі. Бұл жан денеден тіпті бөлек, өз алдына қандайда болса бір зат деген пікір «спиритуализм яки идеализм» деп аталады. Екінші пікір – жан деген дене іскерлігінің әсіресе нерв системасы мен ми іскерлігінің бір түрі дейді. Яғни жан деген жеке зат жоқ, жан деген – дененің бірлігі деген сөз. Бұл пікір «материализм» деп аталады. Үшінші пікір – жан деген жан көріністерінің жиынтығы дейді. Яғни жан деген ойлау, сезу һәм барлық жан көрініс терінің жалпы аты дейді. Бұл пікір «феноменализм» яғни эмпиризм деп аталады. Қайткенмен де адамзат бұл күнге шейін жанның не зат екенін біле алған жоқ. Жанның не зат екені білінбеуінен жанның барлығына қүмән қылуға болмайды. Жан бар. Барлығы сол – оның істері, көріністері бар. Ақша қарда жосылып жатқан айқын ізге түссек, алдымызда аңның барлығына күмән қыламыз ба? Бұ да сол сықылды,
C C М. Жұмабаев C C жалғыз-ақ айырма мынау – ізіне түсіп зерттеп отырып адамзат аңды баяғыдан бері соғып келсе де, жанға жете алған жоқ. Яғни істері, көріністері бойынша жанның не зат екенін қанша білмекші болса да, әлі күнге біле алғаны жоқ. Бірақ бұдан бала тәрбиесі ақсамайды. Баланың жанын жақсы тәрбие қылу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ, оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді. Жан көріністерінің дене көріністерінен айырмасы Жан көріністері мен дене көріністерінің арасында көп айырма бар: 1) сыртқы дүние заттарының бәрі, мысалы, қазан, дөң бек, құдық белгілі бір орын алып тұрады. Қандай зат болса да, оның орын алатыны бізге белгілі. Егерде бір заттың алып тұрған орнын өлшеген болсақ, пәлендей орын алып тұр дейміз. Өлшемеген болсақ, пәлен зат зор, не болмаса кіші, яки пәлен зат пәлен заттың не оң жағында, не сол жағында тұр дейміз. Сыртқы дүниедегі заттың өзі түгіл ол заттың ісі де белгілі бір орын алады, яғни белгілі бір орында болады. Мысалы, жүру – адамның ісі. Осы іс белгілі орында болмай ма? Әрине. Ал еңді жан көріністері белгілі орын иелемейді. Мысалы, біз бір ойымызды пәлендей орын иелеп тұр, яки пәлен ой пәлен ойдың оң жақ, яки сол жағында тұр деп айта алмаймыз. Жан көріністері жалғыз уақытпен ғана өлшенеді. Біз жан көріністері туралы, ой туралы пәлен уақытта болды, яки қазір ғана болып тұр дей ғана аламыз. Бұл – бір айырма. 2) Сыртқы дүние заттары һәм көріністері сезім мүшелері арқылы білінеді. Мысалы, бір малды көріп, бір иісті иіскеп, жылылықты сипап білеміз. Ал енді жан көріністерін сыртқы сезімдермен білуге болмайды. Мысалы, ұялу деп аталған жан көрінісін не көріп, не татып, қысқасы сезім мүшелерінің біреуімен біліп бола ма? Әрине, жоқ.
C C Шығармалары C C Біз екінші адамда болып тұрған жан көрінісін өзіміздіөзіміз сынаумен ғана білеміз. Мысал үшін ұялу деген жан көрінісін алайық, қасымызда бір кісі бір орасан істі істеді де, қызарып кетті, біз осы кісіде ұялу жан көрінісінің болғанын біле қоямыз. Мұны қалай білдік. Ұят деген бір зат болып көзімізге көрінді ме? Яки иіс болып мұрнымызға келді ме? Жоқ, бірі де болған жоқ. Біз жалғыз-ақ қарсыда отырған кісінің бетінде кенет қызылдық көрдік, басқа еш нәрсе сезгеніміз жоқ. Олай болса жаңа қарсыдағы адамда ұялу жан көрінісі болды деген білім бізге қайдан келді? Мұның мәнісі мынау: күндерде бір күн біз де орасан бір іс істеп, жанымыз қысылып қалған, яки ұялған, жанымызда осы ұялу көрінісі болып қалған уақытта бетіміз дуылдап, қып-қызыл болып кеткен, сонда біз біліп қойғамыз: «Ә-ә-ә... жанда ұялу көрінісі болғанда бет қызарады екен» деп. Жаңа қарсымыздағы адам қызарғанда біздің оны ұялды дегеніміз осы. Яғни ана адамның бетінде қызылдықты көргенде, біз дің өз басымыздан кешкен іс есімізге түсе қалды, яғни біз өзімізді-өзіміз сынай қойдық. Қысқасы, жан көріністерін адам сыртқы сезімдерімен біле алмайды, өзін сынап қана біледі. 3) Сыртқы дүниеде бірнеше заттар, яки көріністер бір уақытта бола береді. Мысалы, денеде қан жүру, дем алу сықылды дене көріністері бір уақытта болып жатады, біріне-бірінің бөгеті жоқ. Ал енді жан көріністері бір уақытта болмайды. Олар бірінің артынан бірі болады. Мысалы, біз бір уақытта екі ой ойлай аламыз ба? Жоқ. Дұрыс, кей уақытта ойлар бірінің артынан бірі нажағайдың жарқылындай тез-тез келгенде, бізге осы ойлар бір-ақ уақытта болған сықылды көрінеді. Бірақ бұл көрінуі ғана, шынында әрқайсысы әр уақытта, яғни бірінің артынан бірі келіп-кетіп жатыр.
C C М. Жұмабаев C C Жан көріністері мен дене көріністері арасындағы байлам Жан көріністері мен дене көріністері арасында қанша айырма болғанымен, араларында тіпті жақындық жоқ емес, қайта бірлік, байлам бар. Дене жанға, жан денеге байлаулы, біреуінің біреуінсіз күні қараң. Өзімізге мәлім: денеміз сау болса, жанымыздың ісі де сау, жақсы болады. Яғни ақылымыэ түзу, сезіміміз дұрыс, қайратымыз берік болады. Егерде денеміз ауру болса, яки жұмыс қылып шаршаса, жанымыз да ауру, жанымыз да шаршайды. Басқа ауру, мидың ауруы жан ісіне жаман әсер қылады. Нашар ауа басты айналдырып, қанды дұрыс жүргізбей, денеге әсер қылады да, жанға барып қол салады. Яғни жанның ісі шабандайды, бұзылады. Ой күңгірт тартады, сезім топастанады. Қайрат жасиды. Денең салбырап ауырған кезде ыстық қою шайды ішіп жіберсең, денең жадырап кетеді. Денең жадырап кеткен соң, жаның жадырап кетеді. Бұл мысалдармен біз жанның денеге байлаулы екенін көрсеттік. Ал еңді дене де жанға байлаулы, жан көріністері денеге қатты әсер береді. Адамның көзқарасы, дауысы, аяқ басуынан жанның қандай күйде екені көрініпақ тұрады. Қайғы һәм ойлау денені жабықтырады, қуаныш адамды күлдіреді. Бетке қан жүгіртеді. Ақынның «бетке шықпай қала ма жүрек ізі» дегені жанның жайын білетіндігі ғой. Қорыққанда дене дірілдеп, қан қашып кетеді. Аса қатты қорыққаннан, яки аса күшті қайғыдан бірнеше сағатта шаштары аппақ болып қалғандар да болған. Міне, жан көрінісінің денеге әсер беруі қандай дәрежеге жетеді.
C C Шығармалары C C Жан көріністерін үйрену жолдары Әр нәрсені үйренудің белгілі түзу жолдары бар. Жан көріністерін үйренудің жеке жолдары бар. Өзін бақылау жолы Жан көріністерін үйренудің жолы, бірінші – өзін бақы лау. Адам өз жанының көріністерін өзі бақыламаса, жан көріністерімен таныс бола алмайды. Мысалы, ашу, қуаныш сықылды жанымыздың көріністерін бақыласақ қана біз олардың қандай мінезде екенін һәм араларында қандай айырма бар екенін біле аламыз. Бірақ бір жан көрінісін сол көрініс болып тұрғанда бақылау оңай емес. Себебі өзін бақылау деген сөз адамның яғни жанның бір уақытта екі іс істеуі, әрі бақылаушы, әрі бақыланатын зат болуы деген болып шығады. Бұл істе мүмкіндік аз. Бұған мысал алайық. Менде ашу деген жан көрінісі болып тұр, яғни мен ашуланып тұрмын. Егерде мен осы ашуланып тұрғанымда осы ашу көрінісін бақылай бастасам, яғни ашудың тууына не себеп болды, ашу деген қандай нәрсе екен деп ойлай бастасам, сол ашу бұрынғы күйінде тұра ма? Әрине, тұрмайды. Мұндай ойға кірісумен ашудың күші кеми бастайды. Осы мен неге ашуланам деп ойлай бастасаң, ашуың біте қалады. Міне, өзін бақылаудың оңай емес екендігі осыдан көрінеді. Әйткенмен де, жан көрінісі артық күшті болмаса, өзін бақылауға болады. Мысалы, жеңіл ашуланып отырған адам сол ашуының себебін тексеріп отыруға мүмкін. Бірақ өзін бақылау деген сөздің шын мағынасы – өткенді еске түсіру деген сөз. Мысалы, ашу деген жан көрінісін бақылау үшін біз бұрын өткен бір ашуымызды, яғни бұрынғы бір ашуымыздың не себептен туғанын, қалай кү шейгенін, қандай мінезді болғанын һәм қалай басылғанын еске түсірсек, сол уақытта біз ашу деген жан көрінісін өзін бақылаған жолмен бақылаған боламыз. Өзін бақылау деген
C C М. Жұмабаев C C сөз – бұл мағынада бұрын болып озған жан көріністерін ес ке түсіріп тексеру деген сөз болып шығады. Адамға өзін-өзі тексеру, өзіне-өзі есеп беру деген оңай нәрселер емес. Өзінөзі тексеріп, қаталарын көруге адамның менмендігі бөгет болады. Әйткенмен де, бұл адамның өзін-өзі тексеруі – оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне бірінші шарт. Өз қатасын көре білген адам келешекте сол қатаны істемеуге ұмтылады Адамның өзін-өзі яғни өз қатасын өзі көре білуі оның жанының идеалға, қасиетті қияға ұмтылатын мінезі барлығын көрсетеді. Міне, осы себептен зор жазушылардың өздері жазған әсерлеріне көңілі толмайды. Қайта-қайта түзейді. Жазаласа, өртеп, жыртып та жібереді. Жалба-жұлба киім киіп, ашжалаңаш жүретін бұзақылық, күнә деген нәрсені білмейтін дуаналардың өз кеуделерін өзі жұдырықтап: Кешіре гөр, құдайым, Көп қой менің күнәйім,– деп зарлаулары өздерін тым тексеріп, кішкене қаталарын тым зор көріп жіберулерінен, жандары ұмтылатын қияның тым биік болуынан ғой. Дұрыс, адамның бәрі дуана болмағанмен, өзін тексермесе, адам ілгері баса алмайды. Өзінен ешбір кемшілік көрмей, қата таппай, өзіне-өзі риза болып, мәз болып жүретін адам зор адам емес, шөбір адам болады. Жаны жабайы, ауданы тар болады. Бақылау Жан көріністерін үйренудің екінші жолы – бақылау, яғни бір адамның өзінен басқа адамдардың жан көріністерін бақылауы. Бірақ, біз жоғарыда айтып өткеміз, жан көрі ністерін сыртқы сезімдермен бақылауға болмайды деп. Сондықтан басқа адамның жан көріністерін бақылау дегенде оның жан көріністерінің сыртқы белгілерін бақылау,
C C Шығармалары C C тексеру керек деп ұғу керек. Мысалы, біреудің пішініне, қозғалуына, сөзіне, жүріс-тұрысына қарап, бақылап, солар бойынша жан көріністерін тексереміз. Біз егер өзін бақылау жолымен басқа адамдардың жан көріністерін бақыламасақ, біздің жан көріністері туралы біліміміз толық болмас еді. Сондықтан байқауы көп адам бір адамның пішінінен, жүріс-тұрысынан, бір-екі ісінен, біраз сөзінен ол адамның қандай мінезді екенін біліп ала қояды. Мүмкін болғанша тәрбиешінің шыншыл «физиономист» болуы керек. Жан тұрмысының түзу болу шарттары Жан тұрмысының, жан көріністерінің түзу, сау болуы үшін нерв системасының сау болуы шарт. Нерв системасы Жан тұрмысын жарыққа шығаратын жан мен дене арасында тіл хатшы болатын құрал, жан мен денені бір-біріне байлайтын байлам-нерв системасы деп аталады. Нерв системасы екі бөлімнен тұрады: орда бөлім (ми, жұлын) һәм бұтақ бөлім. Нерв системасының бәрінің түбі – бастағы ми. Мидан 12 егіз нерв шығады. Бұл нервілер мидан шығысымен бұтақтанады. Онан соң бір-біріне қосылады, бір-бірімен топталады. Барып-барып тағы бұтақталып, денеге жайылады. Бұлардың кейбіреулері теріге барып бітеді. Кейбіреулері сыртына шығып, жат бір түрде шоғырмақталып бір құрал болып, аппарат болып бітеді. Нерв системасының қызметі Нерв системасының ағасы, биі – ми. Ми – жанның құралы. Жан ми арқылы сыртқы дүниеде һәм өз денесінде не болып жатқанын біледі. Миды жұмсап, жан денені
C C М. Жұмабаев C C қозғайды. Егер ми зағып болса, яки зиянданса, адамның жан тұрмысы дұрыс болмайды. Мидың белгілі бір жері зиянданса, адамның қол-аяғы қозғалмай қалады, яғни «паралич» болады. Мұны біздің қазақ «пері соққан» дейді. Яки тілі, кеңірдегі сау болып тұрса да, сөйлей алмай тілсіз болып қалады. Яғни афазия ауруы пайда болады. Ал енді мидан шығатын нервілер телеграмның сымы сықылды мидан денеге, денеден миға бұйрық тасиды. Бұл нервілер қызметтеріне қарап екіге бөлінеді. Біреулері әсерді сыртқы дүниеден, яки денеден ордаға, яғни миға алып барады. Бұл нервілер сезу нервілері, яки ордаға ұмтылатын нервілер деп аталады. Бұл нервілер арқылы біз салқын, жылымық, жарық, дауыс сықылды сыртқы дүние көрініс терін білеміз. Ал енді біреулері әсерді ордадан нервінің ұшына алып барады. Бұлар қозғау нервілері, яғни ордадан қашатын нервілер деп аталады. Бұл нервілер арқылы біз қол-аяқ һәм бар денемізді қозғаймыз. Егерде бір мүшенің сезу нервілері кесілсе, мысалы, саусақтың, ол уақытта саусақ еш нәрсені сезбейтін болады. Егерде, мысалы, саусақтың қозғау нервілері кесілсе, ол уақытта саусақ тіпті қозғалмайтын болады. Нерв системасының саулығын сақтау Жоғарыда айтылғаннан нерв системасының қандай нәзік һәм қандай қымбат екендігі ашық көрініп тұр. Олай болса, жалпы нерв системасын, әсіресе миды сау қылып ұстап, оған зиян келтірмеске керек... Мысалы, балаға миға зақым келтіретін ойын ойнауға жарамайды. Және баланы басқа ұру жарамайды. Балаға насыбай атқызуға, шылым тартқызуға жарамайды. Біздің қазақтың кейбір атқа мінгендерінің жап-жас баласына шылым тартқызып, «қарағымның аузынан түтінді пәлен төредей шығаруын қарашы» деп қарқ-қарқ күліп мәз
C C Шығармалары C C болатындары бар. Мұның надандық, есерлік екендігінде не сөз бар? Балаға алкоголь, яғни мас қылатын арақ тұқымды нәрсені ішкізудің дұрыс еместігі өз-өзінен белгілі тұр. Нерв системасын өсіру һәм берік қылу Нерв системасының сау болуы керек болған сықылды, оның дұрыс өсуі һәм берік болуы да керек. Бар дененің жақсы өсуінің шарты денені тек жатқызбай жұмыс қылдыру болса, нерв системасының жақсы өсуінің һәм берік болуының да шарты сол. Нерв системасына әсіресе миға істететін жұмысы сол мидың өсу дәуірлеріне тура келетін болсын. Есте болсын, адамның бар денесі бастапқы кезде өсуді ғана біледі. Біраздан қозғалымпаз һәм сезімпаз болады. Ұлғая келе ғана адамда есті тұрмыс басталады. Сондықтан балаға бастапқы кезде оның сыртқы сезімдерін ұлғайтатын һәм дене мүшелерін көп қозғалтатын жұмыстар істету керек. Сурет салдыру, жабыстыру (балшықтан түрлі заттар жасау), қол еңбегі һәм гимнастика сықылды. Мұнан соң бала ұлғая, өсе келе оның істейтін жұмыстары да тереңдей беру керек. Қысқасы, нерв системасының тәрбиесі дененің өсуіне қабысып отыруға тиісті. Белгілі жолдармен басқыштап тәрбие қылынған ми сау, өткір һәм талмайтын берік болады. Миын іскер қылып үйренген адам қартайып, бар денесі қаусап іске жарамай отырған күнде де сау милы, дұрыс ойлы болады. Ал енді «жасыңда қылжың болсаң, өскенде мылжың боларсың» деген мақал ып-ырас. Мидың қажуы һәм оны тынықтыру. Ми – дененің бір мүшесі. Ол жұмыссыздықтан қажыған сықылды жұмыстан да қажиды. Қажыған соң тынығуды керек қылады. Миды бет алдына жұмсай беру күшін азайтады, хатта оны паралич соғып, адам есалаң болып қалады. Денемен жұмыс қылсаң да, мидың өзімен жұмыс қылсаң да, мида бір у пайда болып отырады. Сол уды қан жуып алып кетіп, миды тазартып
C C М. Жұмабаев C C отырады. Егерде жұмыс тым қатты болса, миға у тым көп жиылады да, қанның жуып алып кетуіне шамасы келмей қалып, нерв системасының бәрі уланады. Және миға қатты жұмыс істеткенде, қан миға ұмтылып, өзге дене ашығып қалады да, әлсірейді, сола бастайды. Міне, осы себептен ақылға жұмыс қылдырғаннан кейін әр уақыт тынығып отыру керек. Тынығу екі түрлі болады: не біржола жұмысты доғару, не болмаса жұмысты жаңарту. Жұмысты жаңартқанда да, яғни бір жұмыстың орнына екінші жұмыс қылғанда да адам тынығады. Мысалы, көру жұмысынан соң (оқу, жазу) есту жұмысына көшсе (әңгіме тыңдау), бала әжептәуір тынығып қалады. Әйткенмен бұл тынығу жұмысты біржола доғарып тынығуға жетпейді. Әсіресе жас балаларды жиі-жиі жұмыссыз тынықтыру керек. Ал енді тынығу уақытында бала не қылады? Бұған жауап беру үшін мынаны білу керек: бала қозғалмай отыра алмайды. Баланы ең қажытатын нәрсе – тек отыру. Сондықтан баланы тынықтыру дегенде оны таза ауада ойнату, таза ауада гимнастика жасату деп ұғу керек. Ойын һәм гимнастика туралы алдымызда тағы сөз қозғармыз. Жан көріністерін тап-тапқа бөлу Жан көріністері қанша түрлі болғанмен, оларды түп негіздері бойынша үш тапқа бөлуге болады: білу яки ақыл көріністері, ішкі сезім көріністері һәм қайрат көріністері. Қазақтың данышпаны Абай бұл үш тапты ақыл, жүрек, қайрат деп атайды. Біз бір заттың яки көрінісінің сынын белгілейміз, заттар яки көріністер арасындағы байламды яки айырманы табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз. Бұл – ішкі сезім ісі. Біз бір істі істемекші боламыз, бір мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл – қайрат ісі.
C C Шығармалары C C Жан тұрмысының бірлігі. Адамның жан көріністері жоғарғы үш тапқа бөлінгенімен, бұл үш тап бір-біріне жуымайтын емес, бұл үш таптың арасында берік байлам бар. Яғни адамның жан тұрмысында бірлік бар. Екінші түрлі айтқанда, адам бір іс істегенде, осы үш тап жан көріністерінің үшеуі де қатынасады. Мысалы, біздің бір саусағымыз ауырды. Сонда біз саусағымыздың ауырғанын сеземіз. Бұл – ішкі сезім ісі. Саусақтың ауырған себебін тексереміз. Бұл – ақыл ісі. Сол ауруды жеңілдетуге, бітіруге, жазуға ұмтыламыз. Бұл – қайрат ісі. Ал енді адамның әрбір ісіне осы үш тап жан көріністерінің үшеуі қатынасатын болғандықтан, сол ақыл, ішкі сезім, қайрат үшеуін бірдей тең тәрбие қылу – тәрбиешінің міндеті. Бір адамның осы үш тап жан көріністері тең болмай, біреуі таразыны басып билеп кетсе, ол адам бақытты болмақ емес. Бұл туралы данышпан Абайдық төмендегі сөзі шын дұрыс сөз. Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды асық жүрек, Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, Бұл қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек. Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
C C М. Жұмабаев C C Ақыл көріністері яки жанның білуі. Әсерлену Әсерлену ұғымы. Нерв системасы алып келген әсерді жанның ұғуы, аңдауы әсерлену деп аталады. Жан алдымен білімді осы әсерлену арқылы алады. Әсерлену көрінісі қалай болады? Әсерлену көрінісінің болуы былайша: сыртқы дүниедегі бір зат біздің денемізге, яғни нервінің ұшына (периферия нервілеріне) әсер қылады. Мысалы, дауыс құлақ нервісіне әсер қылады. Осы әсерді нерв орда нервіге, яғни миға алып барады. Ми осы келген әсермен әсерленеді, яғни мида бір аңдау пайда болады. Міне, осы нерв системасы алып келген әсерді жанның аңдауы – әсерлену деп аталады. Әсерлену көрінісінің болу шарттары. Жанда әсерлену көрінісі болу үшін төмендегі шарттар табылу керек. 1) Әсер білінгендей күшті болсын. Яғни әсер тым әлсіз болса, яки тым күшті болса, әсерлену болмайды. Мысалы, бетке шаң қонады. Сол шаң беттегі нерв ұштарына, әрине, әсер бермей қоймайды. Бірақ бұдан әсерлену болмайды. Яғни жан бетке шаң қонғанын білмейді, аңдамайды. Мұның себебі әсердің тым әлсіз болғаны. Және әсер тым күшті болса да, әсерлену болмайды. Мысалы, күшті дауыс құлақты тұндырады, шулатады. Бірақ одан жан дұрыс әсерлену ала алмайды. 2) Бір әсерден соң екінші әсерге шейін белгілі бір уақыт өтсін, яғни бірі артынан бірі болған екі әсерден екі әсерлену болу үшін екі әсердің арасында белгілі бір уақыт өтуге тиісті. Мұның мәнісі мынау: сыртқы бір заттың нервке берген әсері тоқталған күнде не нервтің өз-өзінен біразға шейін қытығы басылмай тұрады. Сондықтан екінші әсер бірінші әсердің артынан іле-шала келсе, екі әсер қосылып кетіп, екеуінің де мінездері өзгереді. Мысалы, зырылдауық
C C Шығармалары C C қатты айналғанда, бір дөңгелек болып қана көрінеді. Егерде сол зырылдауықты түрлі бояуға бояп зырылдатсаң, ана бояулардың бірі көрінбей, зырылдақ сұр болып көрінеді. 3) Әсер миға барып жетсін, һәм жан миға келген әсерге іскерлігін жұмсасын. Егерде әсер миға барып жетпесе, әсерлену болмайды. Мысалы, көру нервісін мидан айырсақ, жанда көру әсерленуі болмайды. Және миға келген әсерге жанның іскерлігін жұмсауы шарт. Бұлай болмаса, яғни жанның іскерлігі басқа затта отырса, жанда әсерлену болмайды. Мысалы, біз бір қызық кітап оқып, яки қызу әңгімеге кіріп отырсақ, есіктен кірген адамды байқамаймыз. Қан майданда көзіне қан толып жан алып, жан беріп жүрген жауынгер денесіне түскен жараны сезбейді дейді. Грек ғалымы Архимед туған, өскен шаһарына жау кіріп, шаһар іші азан-қазан, айғай-ұйғай болып жатқанда, ешбір дыбыс естімей, өзінің ойына батып, бір сызықтарын сызып отырды дейді. Әсерленудің іші, күші һәм тоны. Әсерленудің сынсипаты әсерленудің іші деп аталады. Яғни біз бір сыртқы сезім арқылы болатын әсерленуден екінші сыртқы сезім арқылы болатын әсерленуді айырамыз. Мысалы, бір дыбыс ты, түсті, иісті, дәмді бір-бірінен айырамыз. Мысалы, қара ны ақтан, жусан иісін сасыр иісінен айырамыз. Түрлі сезім арқылы алынатын әсерленулердің, хатта бір сезім арқылы алынатын әсерленулердің арасындағы айырма зор. Зорлығы сонша: оларды-бір-бірімен салыстыруға болмайды. Мысалы, біз қызыл түс пен тәтті дәм арасында, яки жусан иісі мен адамның айғайы арасында қандай айырма барын, яки қызыл түс пен сары түс арасында, тұщы дәм мен ащы дәм арасында қандай айырма барын айта алмаймыз. Себебі, бұларды салыстыруға мүмкін емес. Бір әсерленудің сынын білу үшін сол әсерленудің адам жанында болуы шарт. Мысалы, тума соқырға түстің не екенін,
C C М. Жұмабаев C C тума саңырауға дыбыстың не екенін ұқтырып болмайды. Себебі олардың жаны дыбыстан, түстен әсерленіп көрген емес. Әсерлену көрінісінің дәрежесі әсерленудің күші деп аталады. Мысалы, біз ауыр салмақ пен жеңіл салмақты, қатты дыбыс пен ақырын дыбысты айырамыз. Әсерленудің күші сыртқы әсердің күшіне байлаулы. Сыртқы әсер күшті болса, әсерлену де күшті болады. Бірақ әсерленудің дәрежесінің артуы әсер дәрежесінің артуына ылғи тура келіп отырмайды. Яғни әсер бір есе күшейгенде, әсерлену де бір есе күшейіп, яки әсер екі есе күшейгенде әсерлену де екі есе күшейіп отырмайды. Мысалы, бір қолға бір қадақ гир ұстап тұрып, тағы бір қадақ гир алсақ, салмақтың артқанын, яғни әсерленудің күшейгенін айқын сеземіз. Ал енді, егер біз қолымызға бір пұт гир ұстап тұрып сол бір пұтқа бір қадақ гир қоссақ, онда салмақтың артқанын тіпті сезбейміз. Күшею үшін әр түрлі әсерлену әсердің әр түрлі өсуін тілейді. Мысалы, салмақ һәм дыбыс әсерленулері күшею үшін әуелгі әсердің үстіне жаңадан сол әсердің өзінің үштен бірі қолданылуы шарт. Ал енді жарық әсерленулері күшею үшін яғни күшейгені сезілу үшін әсердің тағы жүзден бірі қосылуы шарт. Әсерленудің жұғымды яки жұғымсыз болуы әсерленудің тоны деп аталады. Мысалы, дыбыс әсерлеулерінің жұғым ды һәм жұғымсызы бар. Бақырған дауыс – жұғымсыз. Қоңыр әуен – жұғымды. Әсерленудің тоны көбінесе біздің денеміздің қандай күйде екенін көрсетеді. Дене сау болса, әсерлену жұғымды болады. Дене ауру болса, әсерлену жұғымсыз болады. Мысалы, ауру адамға еш нәрсе ұнамайды. Нағыз жұғымды әсерленулер де оған ләззат бермейді. Кейбір аурулар тіліне бұрыш яки насыбай салғанда, хатта аяғын кескенде аурудың не екенін сезбейді. Есалаң адам өз денесін өзі тас-талқан жара қылса да, ауруды білмейді.
C C Шығармалары C C Әсерленулерді орындастыру. Әсерлену орда нервте, мида, жұлында ғана болса да, денеміздің қай жеріне әсер болса, біз әсерленуді сол жерге алып барамыз. Мысалы, саусағымызды суық затқа тигізгенде, суық саусаққа әсер бергендіктен, біз суық әсерленуін саусаққа алып барып жапсырамыз. Яғни саусақ тоңды дейміз. Міне, осы әсер денеміздің қай жерінде болса, сол жерге әсерленуді орындастыру. Перцепция. Әсерленуді туғызған себепті яки затты табу перцепция деп аталады. Мысалы, біз бір саусағымызды шоққа басып алып күйдіріп алсақ, біздің жанымызда күю әсерленуі пайда болады. Сол уақытта біз алдымен қай жерде әсер болғанын табамыз (локализация), одан соң не себептен бұл әсерлену болғанын, яғни саусақты шоққа басып алғаннан мынау әсерленудің болғанын ойлап табамыз (перцепция). Апперцепция. Әсерленуді бұрынғы болған тәжіри белермен толықтыру апперцепция деп аталады. Мысалы, біз бір шағым қант көрсек, соның бір ақ зат екендігі туралы әсерлену алып, осы әсерленуді бұрынғы тәжірибемен яғни қанттың қаттылығы, тәттілігі һәм суға салғанда еритіндігін еске түсіріп толықтырамыз. Перцепция мен апперцепция арасындағы байлам мы надай: перцепция неғұрлым күшті болса, апперцепция сонша әлсіз болады. Һәм керісінше, апперцепция күшті болса, перцепция сонша әлсіз болады. Мысалы, бір затты ең алғаш көргенде бізде перцепция күшті. Көп көргенде апперцепция күшті. Ал енді апперцепция перцепцияны тіпті жеңіп кететін болса, ол уақытта адамда иллюзия яғни сезім алдауы пайда болады. Иллюзия – болып тұрған әсерленуді бұрынғы әсерлену жеңіп кеткенде болатын сезім алдауы. Келе жатқан бір
C C М. Жұмабаев C C кісіні екінші біреу деп ойлап қалу, шілікті қасқыр деп білу, міне, осылар – иллюзия. Аристотель тәжірибесі яғни орта саусақ пен сұқ саусақты айқастырып (ортаны сұқтың үстіне салып), екеуінің арасында бір домалақ нәрсені домалатқанда, әлгі бір домалақ нәрсенің екеу болып көрінуі, бұ да иллюзия. Екі қолымызға екі ыдыс алсақ, екеуі бірбіріне тіпті ұқсас болса, екеуі де бір нәрседен жасалған болса, екеуінің салмағы да бірдей болса, бірақ екеуінің зорлығы екі түрлі болса, осы екі ыдысты біз екі қолымызбен көтерсек, бізге зор ыдыс жеңіл көрінеді. Мұның себебі – біз зор нәрсенің салмағы ауыр болатындығына әдеттенгенбіз. Зор ыдысты көтермекші болғанда біз мұның салмағы ауыр ғой деп күшті көп даярладық. Бірақ күткеніміздей күшіміз көп жұмсалмай қалды. Сондықтан зор ыдыс бізге жеңіл болып сезіліп отыр. Міне, бұ да иллюзия. Бала әсерленулері мен жеткен адам әсерленулері арасындағы айырма. Бала әсерленулері бастапқы кезде тұманды болады. Бала әсерленудің ішін де, күшін де айыра алмайды. Және бала локализация, перцепция һәм апперцепцияны да жасай алмайды. Айталық, баланың қолы ауырады екен, бала құр жылайды, тынышсызданады. Яғни балада ауру әсерленуі болады. Бірақ бұл әсерлену қай жерден болып тұр, оны білмейді. Ауырған жерінің аяқ екенін білмейді, яғни әсерленуге локализация жасай алмайды. Және осы аурудың не себептен болғанын білмейді, яғни перцепция жасай алмайды. Балада апперцепция жоқ. Сондықтан шоққа қолын басып алады. Шыр ете түсіп, тағы апарып басады. Бұл істерге бала бірте-бірте, әсіресе сипау һәм көру сезімдері арқылы үйренеді. Шоққа қолын көбірек басса, күю қолда болғанын, оны күйдірген шоқ екенін, шоқтың күйдіретіндігін біледі. Әсерленуді бөлу. Барлық әсерленулер екіге бөлінеді: жалпы сезім яки дене әсерленулері һәм сыртқы сезім әсерленулері.
C C Шығармалары C C Жалпы сезім яки дене әсерленулері. Дене әсерленулері денеміздің қандай күйде екенін білдіреді. Дене әсерленуле рін былай бөлуге болады: 1) ет әсерленулері (кесіп, соғып алғанда, ұйып қалғанда, шаршағанда, демалғанда болатын әсерленулер); 2) нерв әсерленулері (нервтің солуы һәм ауруы, саулық әм жадырау әсерленулері); 3) тамақтану һәм қан жүру әсерленулері (ашығу, сусау, жүрек айну һәм жүрек ауырғанда болатын әсерленулер); 4) дем алу әсерленулері (тұншыққанда, жөтелгенде, таза ауаға шыққанда болатын әсерленулер); 5) жылылық, суықтық әсерленулері. Бұл дене әсерленулерінің адамның дене тұрмысына болмаса, білу-ақыл тұрмысына артық пайдасы жоқ. Бірақ бұлардың дұрыс тәрбие қылуы адамның ақыл тұрмысына да әжептәуір әсер береді. Мысалы, ерке болып, тым бетімен өскен бала дене тұрмысы кішкене ғана бұзылса да, айталық, бір жеріне бір нәрсе тиіп кетсе де, кішкене жөтелсе де, жылап, тынышсызданып, мазаны алады. Бұл дене әсерленулерінің жақсы тәрбие қылынбағандығынан. Сыртқы сезім әсерленулері. Сыртқы сезім – 6: көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі. Осы 6 сезім бізді сыртқы заттармен таныстырады. Яғни олардың түсі, түрі, дәмі, иісі һәм басқа сындарымен адам жанына түрлі білімді осы 6 сезім береді. Бұлар түгел болмаса, адамның жан тұрмысы түгел болмақ емес. Бұл алтаудың ішінде адамның жаны үшін аса қымбаттары – көру мен есту. Бұлардан соңғы – сипау. Сипау – ет сезімі. Ал енді иіскеу мен тату сезімі жан тұрмысы үшін аса қымбат сезімдер емес. Бұлар көбінесе дене тұрмысына қызмет қылады. Сыртқы сезімдерді тәрбие қылу. Сыртқы сезім адам ның жан тұрмысы үшін аса қымбат болғандықтан, баланың бұл сезімдерін аса жақсы тәрбие қылу керек. Бірінші, бұл сезімдердің сау һәм берік болуына, екінші, бұл сезімдердің өткір, терең, дұрыс болуына ыждиһат қылу керек. Және
C C М. Жұмабаев C C бұл сезімдерді тең тәрбие қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы тәрбие қылынып, біреулері нашар тәрбие қылынса, жан-тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес. Онда да кетіктік, кемдік болмақ. Енді сыртқы сезімді жеке-жеке тексерейік. Көру. Көру құралы – көз. Көз ұясы деп аталған шұңқыр дың арт жағында мидан көру нервтері келіп бұтақтанады. Сыртқы дүниедегі бір зат яки бір көрініс көру нервтеріне әсер береді. Нервтер бұл әсерді миға алып барып, миды оятады. Мидан әсерді жан қабыл қылып алып, жанда көру әсерленуі болады. Таза көру әсерленулері екеу: жарық әсерленулері һәм түс әсерленулері. Бұлардан басқа тағы екі әсерлену бар: заттың қозғалысы һәм түрінен әсерлену, екінші түрлі айтқанда, зорлық һәм қашықтық әсерленулері ұзақ тәжірибелерден соң ғана болады. Бұл сөздің дәлелі мынау: тума соқыр адам операция жасап доктор көзін ашып жібергенде заттардың түрін айырмайды дейді. Мысалы, заттардың қайсысы домалақ, қайсысы төрт бұрышты екенін айырмаса керек. Және көзі ашылған тума соқыр заттардың қашықтығын да айырмайды дейді. Яғни заттардың бәрі көзге жап-жақын тұрғандай. Аяқ аттаса соғылып қалатындай көрінсе керек. Тегінде жас бала да бастапқы кезде осы көзі жаңа ашылған тума соқыр сықылды болатын шығар-ау. Баланың көру әсерлері. Баланың көру сезімі бірте-бірте көп тәжірибелер арқылы ғана ұлғаяды. Бастапқы кезде баланың көзі тіпті көрмейді деуге болады. Жаңа туған баланың көзіне жақындатып бір затты алып барсаң, бала кірпігін де қақпайды. Тегінде баланың ұзақ уақыт кірпік қақпауы – көрмегендіктен. Жұмыс қылмаған дене шаршай ма? Қажи ма? Әрине, жоқ. Бала ең алдымеи жарықты көреді, шамға қарайды. Шамды жүргізсең, шамға еріп көзін жүргізеді. Бірақ балада екі
C C Шығармалары C C көзбен бір жерге қарау тез болмайды. Баланың бір көзі бір затқа қарағанда, екінші көзі екінші затқа қарап тұрады. Яки басы бір жаққа бұрылғанда, көзі екінші жаққа қарап тұрады. Үшінші айға қарағанда ғана бала екі көзімен бір жерге қарай алады. Және бала бастапқы кезде көзін билеп, өзі тілеп, бір затқа қарай алмайды. Баланың көзін билеп, өзі тілеп қарай бастауы екінші айда басталады. Ал енді үшінші, төртінші айда бала бақылап қарауға үйрене бастайды. Бұл уақытта баланың бар ісі заттардың түсін һәм түрін айыру болады. Үш жасқа дейін бала түстерді төмендегі тәртіппен айырып үйренеді: сары, қызыл, күрең, қара, алқызыл, сұр, жасыл, көк. Түр айыру қиынырақ болғандықтан, заттардың түрін бала кеш айырады. Әйел бала түстерді, ер бала түрлерді тезірек айырады деседі. Ал енді заттардың қашықтығын айыру балаға өте қиын жұмыс. Алты айға толған бала да кішкене саусақтарын жайып аламын деп айға ұмтылады. Бала заттардың қашықтығын көп тәжірибелерден соң ғана айыра бастайды. Екі жасқа қарағанда бала кәдімгідей көретін болады. Көру сезімін тәрбие қылу. Көру сезімін тәрбие қылу дегенде алдымен көзді зиянды нәрселерден сақтау деп ұғу керек. Көзге шаң, түтін тигізбеу, көзді әлсін-әлсін жуып тұру, былық саусақпен ұстамау, уқаламау, шағылыстырғандай жарыққа қаратпау, қараңғыдан жарыққа кенет шығармау керек. Және балаға нәрсені тым жақын алып келіп қаратпау тиіс. Көз бен нәрсенің арасы 5–10 дюймнен жақын болмасын. Жақын қаратып әдеттендірсең, бала сығыр (близорукий) болады. Яғни сығалап қарамаса, көрмейтін болады. Баланы нәрсеге түзу қаратпай, қисық қарату да зиянды. Баланың жүре қыли болуы да осыдан. Көру сезімін жақсы тәрбие қылу үшін көзді зияннан сақтау ғана жетпейді. Бәлки, көру сезімінің күшті болуына күш жұмсау керек. Біз жоғарыдағы сөзден білдік: бала
C C М. Жұмабаев C C түрді, түсті һәм қашықтықты кеш айыратын көрінеді. Міне, тәрбиеші балада осы әсерленулердің дұрыс оянуына көмек көрсетуі керек. Яғни ойнау үшін түрлі түсті доп, түрлі түсті қағаз һәм ағаш беруі мақұл. Бұлармен бала түстерді айырып үйренеді. Ал енді заттардың түрлерін беріп үйрету үшін балаға түрлі зорлықта һәм түрлі қағаз һәм ағаш беріп, қағаздан түрлі зорлықта, түрлі түрде кескізіп үйрету керек. Көру сезімінің күшеюі, ұлғаюы үшін ең пайдалы нәрсе – балаға сурет салғызу. Сурет салу баланың көру сезімін ұлғайту үстіне әдемілік сезімін де ұлғайтады. Көру сезімінің жан тұрмысына керектігі. Сыртқы алты сезім ішінде жан үшін ең қымбаты – осы көру сезімі. Жанымызда болатын барлық әсерленулердің, екінші түрлі айтқанда, біз барлық білімнің 3/4-ін осы көру сезімі арқы лы аламыз. Басқа сезімдер арқылы алынған білімдерді, әсерленулерді көру арқылы анықтауға ұмтыламыз. Мысалы, бір дыбыс естісек, сол дыбыс шығарған затты көргіміз келеді. Хатта басқа сезімдерді жабайы, өтірікші көреміз. Көзбен көрмеген соң қойшы дейміз. Адамның әдемілік сезімінің ұлғаюына да көру сезімі көп көмек көрсетеді. Әдемі түс, әдемі түр, жаратылыстың сұлу заттары, сұлу көріністері адамның әдемілік сезімін тереңдетпей қоймайды. Есту сезімі. Есту сезімінің құралы – құлақ. Мидан шығып, құлақта есту нервтері бұтақтанады. Бір дыбыс осы есту нервтеріне әсер береді. Әсерді нервтер миға алып барып, оны оятып, мидан жан қабыл алып, жанда есту әсерленуі болады. Есту әсерленулері екі топқа бөлінеді: шу һәм дыбыс. Белгілі бір тәртіпсіз шыққан түрлі дыбыс жиынтығы шу деп аталады. Желдің зуылы, судың сылдыры, жапырақтың сыбдыры, күннің күркіреуі сықылды. Ал енді белгілі бір тәртіппен шыққан түрлі дыбыс жиынтығы тура дыбыс деп,
C C Шығармалары C C яки музыкалы тон деп аталады. Әннің әуені, домбыраның, қобыздың күйі, адамның сөзі сықылды. Адам сөзі азғантай ғана негізгі дыбыстардан яғни сол дыбыстардың бір-бірімен бір олай, бір былай қосылуынан тұрады. Қазақ сөзі 24-ақ дыбыстан тұрады. Баланың есту әсерленулері. Бастапқы кезде бала тіпті естімейді десе болады. Мысалы, жаңа туған баланың бесігі жанында айғай салып сөйлескенде, оянбайды. Баланың есту сезімі екінші, үшінші жетіде біліне бастайды. Төртінші жетіде бала күшті дыбысқа селт етпесе, оның мылқау болғандығы. Үшінші, төртінші айда балаға бесік жыры әжептәуір әсер береді. Бұл уақытта бала дыбыстың жұмсақ, қоңырын, қатты, тынышсызын айыратын болады. 4–5 айда бала дыбыстың қайдан шыққанын біліп, дыбыс шыққан жаққа бұрылатын болады. Алты айда дыбысты өзі тілеп тыңдайды. Бір жылдың аяғында дыбыстарды түгел айырып, сөздерді ұғып, хатта сөйлеудің тонын, ыңғайын да (ашулы сөз, жылы сөз) байқай алады. Екінші жасқа қарағанда бала сөз дыбыстарын өзі айта алатын болады. Есту сезімін тәрбие қылу. Баланың есту сезімін тәрбие қылу – алдымен оның құлағын түрлі зияннан сақтау деген сөз. Мысалы, баланы қисық яки еңкейтіп ұстау жарамайды. Себебі, басқа шапшыған қан құлаққа зиян келтіреді. Қатты дыбыс, құлаққа суық тигізу, шомылдырғанда су жіберу жарамайды. Құлық ағып, яки басқа түрлі баланың құлағы ауыра бастаса, тез докторға емдету керек. Надан алдауыш дәрігерге емес, ғылым иесі докторға. Әсіресе қызылшадан соң баланың құлағы ауырымпаз болады. Қысқасы, ауру білінсе-ақ, емдету керек. Баланың құлағын зияннан сақтаумен бірге баланың сақ құлақ болуына да көмек көрсету керек. Құлақтың сақ, естімпаз болуы үшін баланың түрлі дыбысты ести беруі шарт. Сондықтан ана баланың жанында ешбір уақыт
C C М. Жұмабаев C C үндемей отырмауы керек. Дұрыс, ол анасының сөзін ұқпайды. Әйткенде де әдеттене берсін. Біз айтпай-ақ, баласы еш нәрсені ұқпаса да, баласын шын сүйген ана өзі-ақ айналып-толғанып жатады ғой. Қысқасы, балаға қандайда болса дыбыс естіртпей қою дұрыс емес. Бала жансыз заттардан шығатын шуды, судың сылдырын, жібектің судырын, шөптің сыбдырын, темірдің қаңғырын, һәм жанды заттардан шығатын дыбыстарды, жылқының кісінеуін, қойдың маңырауын, мысықтың мияуын, құстың шырылын ести берсін. Бала малдың дыбысына еліктегіш болады. Бала қошақанша маңыраймын деп әуре болып жатады. Баланың есту сезімін ілгерілету үшін біраздан балаға түрлі музыка құралдарының үнін естірте беру керек. Домбыраға түрлі күй тартып отырсаң, алдыңда отырған бала тырп етпей, шын ынтасымен тыңдап отырмай ма? Баланың есту сезіміне аса көп әсер беретін – бесік жыры. Баланы қолына алған, баланың бесігі жанына келген ана аузына тас салғандай үндемей отырмасын. Жырлай берсін. Бала сөзін ұқпаса да күйінен әсерленеді. Жас балаға қазақтың «Әлди-әлди, ақ бөпем» деп басталатын ескі бесік жырын жырлау керек. Бұл жырдың күйі де, сөзі де тәтті. Біраз есейген балаға жырлау үшін қазақ әйелі төмендегі бесік жырымен таныс болса игі болар еді.
C C Шығармалары C C Бесік жыры Күнім, айым, Еркетайым,
Бөлейін енді. Тыста дауыл, Жатқан ауыл, Ұйқың да келді. Жұмсақ бесік, Жылы төсек, Жата ғой, қозым. Әлди, бөпем, Әлди, бөпем, Ұйқта, жұм көзің. Кұлыншақтар, Қозы, лақтар, Бәрі-ақ ұйқыда. Сен жұлдызым, Сен көз нұрым, Кір тәтті ұйқыға. Сая жаным, Балапаным, Соқсын дауыл, жел. Болма алаң, Сүйген анаң Сақтар, анық біл! Бәу-бәу, бөпем, Бәу-бәу, бөпем, Әлди-әлди-ай. Сәулем, еркем, Күні ертең Толарсың сен-ай. Пісіп алмам,
C C М. Жұмабаев C C Толып бағлан,
Жүгіріп жүрерсің. Сұлу сүйрік, Жорға жүйрік, Тайға мінерсің. Қара жарғақ, Түлкі тымақ, Шақтап киерсің. Қуанып, қалқам, Ерке марқам, Қысып сүйермін. Мініп тұлпар, Алып сұңқар, Тауға кетерсің. Сен боп сөзім, Жасты көзім, Сағынып күтермін. Қуып бақыт, Тілеп тақыт, Жолдар шегерсің. Жүрек жара, Мен бейшара, Жастар төгермін... Қайнап қаның, Батыр жаның Ерікке ұмтылар. Сен еріме, Жас бөріме Қарсы кім тұрар? Алмас қылыш Найза құрыш Белге буарсың. Сен сырттаным,
C C Шығармалары C C Арыстаным,
Жауды қуарсың. Туған жерден, Өскен елден Ерге не қымбат?! Жас жолбарыс, Жаумен алыс, Шаңға, қанға бат! Айбатыңды, Қайратыңды Көріп қарт анаң, Төгіп жасын, Жайып шашын, Тілер: «Бол аман!» Күтем, күйем, Көрсет, ием, Сол алтын күнін!.. Ұйқың қатты, Ұйқың тәтті, Қозым, құлыным. Жаным да сен, Тәнім де сен. Қарашығым-ай! Әлди, бөпем, Әлди, бөпем,
Әлди-әлди-ай... Есту сезімінің жан тұрмысына керектігі. Адамның дыбысы жан тұрмысына байлаулы. Жан жат болса, дауыс та жат шығады. Жан күңгірт болса, дауыс та күңгірт. Жанның терең түкпірінде жатқан ыстық сырларды ашып, шешіп беретін адам сөзінен қымбат дүниеде не нәрсе бар? Міне, бізді шет адамның жанымен шын табыстыратын нәрсе – осы есту сезімі.
C C М. Жұмабаев C C Бізді сыртқы жаратылыспен таныстыратын да осы есту сезімі. Біз егер жануарлардың шулауы, бұлттың күркіреуі, судың сылдыры сықылды жаратылыстың түрлі әуенін естімесек, жаратылыс бізге жансыз, мылқау болып көрінер еді. Есту сезімі адамның көру сезіміне де көп көмек көр сетеді. Көз нәрсенің сыртын көреді. Құлақ бізге бір заттың ішін, жанын шешіп береді. Грек данышпаны алдында тұр ған кісіге: «Қане, сөйлеші. Мен сені көрейін»,– дейді екен. Мылқауға қарағаңда тума соқырдың ақылды, құлықты болуы һәм оның жанының, жүрегінің жұмсақ, нәзік болуы осыдан. Адамның әділеттілікті сүю сезімін тереңдететін де – осы есту сезімі. Әдемі ән, сұлу күй бойды билеп, денені балқы тып, адамға терең ой салмай ма? Құлақтан қіріп бойды алар Тәтті ән менен мұңды күй. Жүрекке терең ой салар Әнді сүйсең, менше сүй, – дейді Абай. Күй адам жанын белгілі бір күйге түсіреді. Шат күй – шаттыққа, мұңды күй мұңға батырады. Кісі өлгенде өлім күйі, тойда қуаныш күйі, соғыста адамды есалаңдандырып көтеріп жіберетін соғыс күйі ойналуының мәнісі осы. Грек елінде бір әдемі ертегі бар. Орфей деген күйші күйімен, әнімен тағы аңдарды ұйытып алады екен. Қазақтың әдемі ертегісінде Қорқыт қайда барса да алдынан кез келе берген көрден, яғни жанын жеген өлім туралы ойдан құтылам ба деп бір тоқтаусыз қобыз тартатын болыпты. Қысқасы, баланың жаны кетік болмай, бүтін болсын десе, тәрбиеші баланы әннен, жырдан, музыкадан қашырмасын. Сипау сезімі. Сипау сезімінің құралы – адамның терісі. Мидан һәм жұлыннан шығып, сипау нервтері теріге келіп
C C Шығармалары C C бұтақтанады. Сипау нервтерінің көп жиылған жері – қол. Қол болғанда, саусақтардың ішкі жақ бас терісі. Мұнан соң – алақан, тілдің ұшы, ерін, мұрынның ұшы, сау сақтардың сыртқы жағы, табан һәм жақ терісі. Сипау сезімінің ең әлсіз жері – арқа. Сипау сезімі арқылы біз заттардың үстін, яғни қаттылы ғын, тегістігін, бұдырлығын, өткірлігін, топастығын һәм ыстықтығын, жылылығын, суықтығын білеміз. Баланың сипау сезімін жақсы тәрбие қылудың керекті гінде дау жоқ. Сипау сезімін тәрбие қылу үшін алдымен сипау сезімінің құралы – теріні түрлі зияннан сақтау керек. Теріні кір басып кетсе, сипау сезімі топас болып қалады. Екінші, балаға түрлі нәрсе бере беру керек. Сипау сезімі жақсы тәрбие қылынса, тіпті өткір болады. Мысалы, кассада отыратын адамдар саусағымен бір сипап жіберіп, қағаз ақшаның асылы мен жасығын айыра қояды. Соқырлар қолымен ақшаларды, һәм жазылған қағаз бен жай қағазды айырып біле алады. Сипау сезімінің адамға қымбаттығы сонша, адамның көрген, яки естіген нәрсесін ұстап көргісі келмей қоймайды. Ет сезімі. Ет сезімінің құралы – терінің астындағы ет. Етке келіп тараған қозғау нервтері бар. Ет сезімі арқылы біз өз денеміздің қандай халде екені, яғни қозғалып тұр ма, тек тұр ма, қозғалғанда қалай қозғалып тұр, тек тұрғанда қалай тек тұр, міне, осыны білеміз. Бұл бір. Екінші, ет сезімі арқылы түрлі заттардың салмағын білеміз. Баланың еті оның ойыны мен секіруі, жүгіруімен өседі һәм бекиді. Сондықтан баланың еті жақсы өсіп, берік болсын деген тәрбиеші баланы ойыннан қыспау керек. Ал енді бала мектепке кіріп, сабақ оқи бастағанда оған әлсін-әлсін гимнастика жасату керек. Бірақ гимнастиканың шарттары бар. Сол шарттар табылмаса, гимнастикадан пайда орнына зиян шығады. Мысалы, гимнастика лайықты киімде, таза
C C М. Жұмабаев C C ауада болсын. Әсіресе гимнастика бір міндетті іс сықылды, сабақ сықылды болмасын. Мұндай гимнастикадан бала безіп кетеді. Ет сезімі адамның жан тұрмысы үшін яғни адамның білімін арттыруына көп көмек көрсетеді. Біздің сыртқы дүниедегі заттар туралы толық білімді болуымызға осы ет сезім себепші. Заттардың түрін һәм салмағын біз осы сезім арқылы ғана білеміз. Иіскеу һәм тату сезімдері. Иіскеу сезімінің құралы– танаудың терісі. Сол теріде иіскеу нервтері бар. Ауада ұшып жүрген иіс сол нервтерді қытықтап, одан әсер миға барады. Иістің арнап қойылған аттары жоқ. Иіс не заттан шықса, сол заттың атымен жүргізіледі. Мысалы, сасырдың иісі, жұпардың иісі деген сықылды. Тату сезімінің құралы – тілдің үсті. Сол тілдің үстіне тату нервтері тараған. Негізгі дәмдер мыналар: тәтті, қышқыл, ащы, тұзды, тұщы. Иіскеу һәм тату сезімдері адамның жан тұрмысы үшін аса қымбат сезімдер емес. Бұлар – денемізге қызмет қы латын сезімдер. Бұл сезімдер басқа ішкі сезімдерді оятуға ұста болады. Мысалы, жақын адамның иісі сіңген бір нәр сені иіскесең, әлгі адамың есіңе түсе қалады. Жас бала қолына түскен нәрсенің бәрін аузына апарып салады. Мұның себебі ең алдымен оянатын – осы тату сезімі. Бала қолына түскен нәрсені татып білмекші болады. Балада татудан соң оянатын сезім – сипау. Біраздан соң көру һәм есту, бәрінен соң иіскеу сезімі. Іскерлік Адам жанында әсерлену болу үшін жалғыз әсерлену ғана емес, барлық жан көріністері болу үшін бір шарт бар. Ол шарт – іскерлік. Іскерлік сыртқы дүниедегі бір затқа яки ішіміздегі бір жан көрінісімізге, ойға, ішкі сезімге, қайратқа
C C Шығармалары C C жанның төнуі, нүктеленуі деген сөз. Іскерлік болмаса, біз сыртқы заттардан әсер алып, олармен таныса алмаймыз. Ойымыздың дұрыс, ашық болуы, ішкі сезімдеріміздің жанды болуы, қайратымыздың түзу бет алуы осы іскерлікке байлаулы. Іскерліктің түрлері. Іскерлік төмеңдегі түрлерге бөлінеді: 1. Әсер берген заттың яки көріністің мінезіне қарап екіге бөлінеді. Еріксіз іскерлік һәм ерікті іскерлік. Біз тілемеген уақытта яки тілегімізге қарсы бір нәрсе біздің іскерлігімізді еріксіз тартса, міне осындай уақытта болатын іскерлік еріксіз іскерлік деп аталады. Мысалы, біз шын ынтамен бір кітап оқып отырмыз. Іскерлігіміз кітапта, кенет үй артында біреу ән шырқай бастады. Сонда осы ән біздің іскерлігімізді кітаптан еріксіз тартып алады. Ал енді егер біз өзіміз тілеп бір нәрсеге іскерлігімізді өзіміз аударсақ, міне осындай уақытта болатын іскерлік ерікті іскерлік деп аталады. Мысалы, біз қазір бір өлеңді жаттап алайықшы деп жаттап отырғанда іскерлігімізді өз еркімізбен өлеңге жұмсап, жан-жақта сөйлесіп жатқан сөздерді естімейміз. 2. Іскерлік табандылығына қарап екіге бөлінеді: табанды іскерлік, табансыз іскерлік. Бір затқа қажымай қадалған іскерлік табанды деп аталады. Мысалы, жан-жаққа көз, құлақ салмай, бар дүниеден безіп үйрену үшін бір әнді қайта-қайта домбыраға салып отырған жігітте табанды іскерлік болып отыр. Ал енді бір затқа тұрақтай алмай, бірінен-біріне секіретін іскерлік табансыз іскерлік деп аталады. Өзі бір әнді домбыраға салып үйренем деп отырып, біресе сөзге кірісіп, біресе домбыра тартып отырған жігітте табансыз іскерлік болып отыр. 3. Іскерлік тартатын заттың тұқымына қарай іскерлік екіге бөлінеді: ішкі іскерлік һәм тысқы іскерлік. Сыртқы
C C М. Жұмабаев C C дүние затына жұмсалған іскерлік сыртқы іскерлік деп аталады. Өзіміздің бір көрінісімізге жұмсалған іскерлік ішкі іскерлік деп аталады. Баланың іскерлігі. Баланың іскерлігі жеткен адам іскерлігінен көп төмен, көп нашар. 1. Баланың іскерлігі ерікті емес, еріксіз яғни бала өзі тілеп іскерлігін бір нәрсеге байлай алмайды. Бір нәрсе еріксіз тартса, сонда ғана бала іскер бола алады. 2. Баланың іскерлігі ішкі емес, сыртқы. Яғни сыртқы заттарға ғана іскер бола алады. Өз жанында болып жатқан көріністерге іскер бола алмайды. 3. Баланың іскерлігі табансыз. Бала бір нәрсеге табанды іскер болам десе де, бола алмайды. Бір нәрседен екіншіге әп-сәтте ауып жүре береді. «Жас бала жеңсікқой, әуесқой» деп қазақ дұрыс айтады. Балада табанды іскерлік 11–12 жастарда ғана бола бастайды. Іскерліктің қымбаттылығы һәм оны тәрбие қылу жолдары Іскерлік – жан тұрмысының негізі. Бала іскер болмаса, ешнәрсе ұқпайды һәм ешнәрсе үйрене алмайды. Іскерлік осындай қымбат болса, сөз жоқ, оны тәрбие қылу керек. Тәрбие қылудың жолдары мыналар: 1. Әсер күшті болса, бала еріксіз іскер болады. Мысалы, мұғалім қатты сөйлесін, тақтайға жазғанда айқын қылып жазсын, балаға көрсететін суреттің бояуы ашық болсын... Балаға кеспелі әліп-бидің берілетін себебі осы. Және де есте болу керек, әсер неғұрлым күшті болса, іскерлік те сонша күшті болады дедік қой. Ал енді сол әсердің өзінің күшті болуына бірнеше шарт бар. Бірінші, әсерді қабыл алуға сыртқы сезімдер неғұрлым көп қатынасса, әсер сонша күшті болмақ. Сондықтан балаға бір нәрсені білдірмекші болғанда, сол нәрседен әсер алуға баланың көп сыртқы
C C Шығармалары C C сезімдерін қатынастыруға тырысу керек. Мысалы, баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қойма, алып келіп балаға көрсет, көрсетіп қана қойма, сол заттың суретін салдыр, суретпен ғана қанағаттанба, балаға балшықтан сол затты жасат. Әсердің күшті болып, іскерлікті көп тартуының бір шарты осы. Екінші, әсерді қабыл алу денеге қолайсыз болмасын. Денеге қолайсыз болса, әсердің қүші бітеді. Әсердің күші бітсе, іскерлік бітеді. Мысалы, бір нәрсеге қанша іскер болып отырсаң да, отыруың қолайсыз болса, іскерлік бітіп қалады. Баланы партаға жатқызбау, таяндырмаудың керектігі осыдан. 2. Әсер жеке болсын. Егер біздің көз алдымызда бір ғана зат тұрса, біз сол затқа іскерлікті көп жұмсап, тексеріп қараймыз. Егер бірнеше зат тұрса, іскерлігіміз бытырап, жақсы қарай алмаймыз. Бір әсермен әсерленіп, соған іскерлігін жұмсап отырып, екінші әсердің өзін тыйып қалу балада тіпті болмайтын жұмыс. Бала бір әсерден бір әсерге тез көше береді. Сондықтан балаға сабақ берген уақытта баланың алдында оның іскерлігін бөлгендей беріліп отырған сабаққа жанасы, қатынасы жоқ ешнәрсе тұрмасқа тиіс. Балада жақсы оқысам, молдадан мақтау, сый аламын, жаман болсам, молдадан таяқ жеймін, ұрыс естимін деген ой да болмасын. Мұндай болса, баланың іскерлігі соған жұмсалып, мұғалімнің беріп отырған сабағын білейін деген шын ынтамен тыңдамайды. 3. Әсер жаңа болсын. Әсер неғұрлым жаңа болса, іс керлікті сонша көп тартады. Бір нәрсе қанша жат, қызықты болғанмен, ылғи көз алдымызда тұрса, біраздан соң ол біз дің іскерлігімізді оятпайтын болады, біз оны байқамайтын боламыз. Сондықтан бала іскер болсын десең, балаға әсерді жаңалап беріп отыру керек. Мысалы, бір сабақтың артынан екінші түрлі сабақ. Қазақтың ендігі жас балалары баяғы күн батқанша балдырған жас балаларды қалғытып, мүлгітіп
C C М. Жұмабаев C C «әліпсін-ә, әлбәсін-әй, әліптүр-әу» дегізіп шұлғытып қоя тын надан молдалар заманында тумағанына қанша шүкірлік қылса да аз-ау. Түрлі сабақты ауыстырып отыру ғана емес, бір сабақтың өзін де түрлендіріп, жаңалап беруге болады. Мысалы, бір харіппен таныстырғанда, мұғалім әуелі харіпті көрсетіп, онан соң кеспе харіптің ішінен тапқызады. Онан соң жазғызады. Қысқасы, баланың іскерлігі сөніп қалмас үшін әсерді жаңалап отыру керек. Бірақ түрлендіргеннің жөні осы екен деп, үсті-үстіне бастырмалай беру жарамайды. Онда бала біреуіне іскерлігін тоқтата алмай қалады. Мі не, баланы түрлі ойыншыққа көміп тастаудың дұрыс емес екендігі осыдан. Жаңа бастаған жас балаға 5–10 минуттан артық сабақ беру дұрыс емес. 4. Жаңа алынатын білім мен ескі білімнің қатынасы болсын. Біз өзіміздің туғандарымыз яки таныстарымыз туралы сөз естісек, іскерлікті жұмсап, құлақты түріп тыңдай қаламыз. Егер жат кісілер туралы сөз болса, тыңдамаймыз. Міне, балаға білім бергенде осы жолды ұстау керек. Яғни балаға білім бергенде жақыннан алысқа, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек. Мысалы, балаға дыбыстарды айыртқанда, балаға таныс сөздерді алып, дыбыстарға айырту керек. Жағрафия оқытқанда тұрған ауылдан бастау керек. 5. Болашақ әсерге даярлану болсын. Яғни бір нәрсені күтіп барып жолықтырсаң, сол нәрсеге іскерлік күшті болады. Сондықтан мұғалім балаларға жаңа бір нәрсені білдірмек болғанда балаларды күткізіп, даярландырып қойсын. Мысалы, сұрауды жалпы класқа берсін. Сонда бар класс құлағын түріп тұрады. Іскер болмау себептері. Жоғарғы айтылған шарттар табылмаса, адам іскер болмайды. Олардан басқа іскер болмаудың тағы мынадай себептері бар:
C C Шығармалары C C 1) Дененің һәм жанның шаршауы. Жұмыс қылып дене шаршаса, яки бір іс істеп жан шаршаса, адамда іскерлік болмайды. Класта отырғанда баланың тез шаршауы оның ақылының жұмыс қылуынан, әсіресе тік отыруынан һәм ауаның бұзылуынан. Сондықтан сабақ уақытында балалар іскер болмай бастаса, мұғалім дереу балаларды босатып, жүгіртіп, ойнатып, кластың ауасын жаңарту керек. Бір сабақтың ішінде де балаларды тұрғызып, отырғызып гимнастика жасатып, ән салдырып алуға болады. Мұндайда бала сергіп қалады. Ән мен гимнастиканы бір келтіруге де болады. Бір сағаттық сабақтың орта кезінде солай істелсе, балалар тіпті көтеріліп қалады. Мысалы, балалар қосылып айтады1. Баяғыда болыпты тоғыз тоңқылдақ, Тоғызы, тоғызы, тоғыз тоңқылдақ. Олар ішпейді, жемейді, Қарнымыз ашты демейді. Бір уақыт істеді былай (дегенде екі қолды жоғары көтереді); Құрсақтары тоғыздың тоғыз қорқылдап, Тоғызы, тоғызы, тоғыз қорқылдап, Сонда да олар жемеді, Жыртаң-жыртаң күледі. Сөйтіп істеді былай (дегеңде қолдарын қанаттай жаяды); Жата берді тоғызы тоғыз қоңқылдап, Тоғызы, тоғызы, тоғыз қоңқылдап, Олар ішпеді, жемеді, Бәрі де аштан өледі. Өлгенде істеді былай (дегенде екі қолды төмен жібереді). 1 «У дедушки Якова семеро детей» әнімен – М.Ж.
C C М. Жұмабаев C C Мұғалімдер қолайлы тапса, осы өлеңді айтқызып, гим настика жасатар. Әрине, бұл өрнек үшін ғана. 2) Жанның толқынданып тұруы, яғни бір іспен, яки уақи ғамен жан толқынданып тұрса, жанда іскерлік болмайды. Толқын басылып, жан тыныштануы керек. Мысалы, ойнап, жүгіріп, ән салып тоқтасымен бала іскер бола қоймайды. Мұғалім осыны ескеру керек. 3) Іскер болмаудың үшінші себебі – бейғамдық (рассеянность). Бейғамдық тума да болады, жүре де болады. Бейғамдық екі түрлі – тіпті ешбір нәрсеге іскерлікті тоқтата алмайтын адамның бейғамдығы һәм бір нәрселерге іскер болып, басқа нәрселерге іскер болмайтын адамның бейғам дығы. Бұл екі бейғамдықтың бастапқысын бір ауру деп атауға болады. Бұл – терең, ұзақ тәрбие тілейді. Ал енді екіншісін зиянды бейғамдық деуге болмайды. Қайта мұндай бейғамдық данышпан адамдарда көп ұшырайды.. Жоғарыда саналған іскерлік түрлерінің ішінде адамға ең қымбаты адамның терең, толық білімді болуына себепші болатыны, сөз жоқ, ерікті іскерлік. Сондықтан тәрбиеші күшін баланың ерікті іскерлігінің өркендеуіне жұмсау керек. Ерікті іскерлікті өркендету әсіресе, жоғарыда айтылған іскерлік шарттарын орындаумен танылады. Суреттеу Суреттеу ұғымы. Бір заттан яки көріністен болған әсерлену, зат яки көрініс жоғалса, ол да, яғни әсерлену де тоқтайды. Бірақ әсерлену өзі тоқтағанмен, жоғалғанмен, оның жанда ізі қалады. Яғни жанды заттың яки көріністің суреті қалады. Мысалы, біз жаздыгүні көрген кемпірқосақ ты қыстыгүні суреттей аламыз. Міне, осы заттың өзі бізге әсер беруден тоқтаған күңде де, біздің ой мен жанымызда сол затты тірілте алуымыз,
C C Шығармалары C C сол заттың суретін көз алдымызға алып келуіміз суреттеу деп аталады. Суреттеу мен әсерлену арасындағы айырма. Суреттеу мен әсерлену арасындағы айырмалар: 1) әсерленудің бо луына жан да, дене де қатысады. Ал енді суреттеу – жалғыз жанның ғана ісі; 2) әсерлену әсер беріп тұрған зат болса болады. Зат жоғалса, тоқтайды. Ал енді суреттеу қайта зат жоғалса – болады; 3) суреттеудің күші әсерленудің күшінен кем болады. Мысалы, күн күркіреуді есту бар. Күн күркіреуді еске түсіріп, оймен суреттеу бар. Күн күркірін ойлап, суреттеп отырғанда біз естіп отырғандағыдай қорықпаймыз. Ал енді егер суреттеудің күші әсерленудің күшіне жетсе, ол уақытта суреттеу ауруға айналады. Аурулы суреттеу галлюцинация деп аталады. Галлюцинация – бізге ешбір әсер бермеген бір затты яки көріністі суреттеу деген сөз. Бұл адамның миы, жалпы сау болмағандықтан болады. Мысалы, өлген адамды көру, жын, пері көру, әлдеқайдағы бір затты көру, жоқ дауысты есту сықылды. Қазақтың бақсы-балгері осы галлюцинация ауруына ұшырағандар ғой. Суреттеулердің бөлінуі. Суреттеулер ауданына қарап екіге бөлінеді: жалқы суреттеу һәм жалпы суреттеу. Егер біз жалқы бір затты суреттесек, жалқы суреттеу деп аталады. Мысалы, Сәрсенбай деген бір жалқы адамды суреттеу болады. Ал енді біз бір-біріне ұқсас, тұқымдас көп затты суреттесек, жалпы болады. Мысалы, жалпы сиырды суреттеу жалпы суреттеу болып шығады. Суреттеулер ішіне қарап тағы екіге бөлінеді: жабайы һәм күрделі суреттеулер. Заттың өзін емес, сынын ғана суреттеу жабайы суреттеу деп аталады. Мысалы, қаралықты яки қызылдықты суреттеу сықылды. Ал енді затты барлық сындарымен суреттеу күрделі суреттеу деп аталады. Мысалы, қара сиыр, жирен атты суреттеулер сықылды.
C C М. Жұмабаев C C Баланың суреттеулері. Бір затты дұрыс суреттей алу үшін сол заттан адам жанында көп әсерлену болу шарт. Егер бір заттан бірлі-жарым ғана әсерлену болса, ол уақытта заттың барлық сыны жанда қалмайды. Баланың әсерленулері әлсіз. Бұл – бір. Сыртқы заттармен бала жаңа танысып келеді, яғни балада әсерлену әлі көп болған жоқ. Бұл – екі. Міне, осы себептерден бастапқы кезде баланың суреттеулері дұрыс болмайды. Жас балада бір заттан әсерлену болғанда, заттан түгел әсерлену емес, сол заттың бір балаға жат көрінген сынынан ғана болады. Мысалы, бала қанттан әсерлену алғанда қантты қатты ақ зат деп емес, тура тәтті бір зат деп қана біледі. Сондықтан ол екеуі де тәтті болғандықтан, қант пен кәмпитті айыра алмайды. Балада дұрыс суреттеу болу үшін оның жанында көп һәм ашық әсерленулер болуы шарт. Сондықтан тәрбиеші баланы көп заттан әсерлендіруге, әсерлендірген соң, дұрыс һәм ашық әсерлендіруге ыждиһат қылу керек. Суреттеу ассоциациясы Біздің жанымызда сансыз көп суреттеулер бар. Осы суреттеулер қанша көп болғанымен, біз оларды бірбіріне араластырып, жанастырып алмаймыз. Мұның себебі біз суреттеулерді байлам-байлам қылып байлаймыз да, жанымыздың әр түкпіріне тастаймыз. Бізге бір байламның ішіндегі бір суреттеу керек болса, біз сол суреттеулерді алып келеміз. Бұл суреттеу анау өзімен бірге байлаулы тұрған суреттеулерді бірге ала келеді. Міне, осы суреттеулерді бір-біріне байлау суреттеулер ассоциациясы деп аталады. Бірақ суреттеулерді беталдына бір-бірімен байлай беруге болмайды. Байлаудың яғни ассоциацияның белгілі жолдары бар. Олар: 1) жақындық ассоциациясы; 2) тұқымдастық ассоциациясы.
C C Шығармалары C C Жақындық ассоциациясы Бір уақытта яки бірінің артынан бірі болған әсерленулер ді біз бір байлам қылып тастаймыз. Яғни сол бір уақытта яки бірінің артынан бірі болған әсерленулердің біреуін суреттегенде, сонымен бірге байланған әсерленулер өздері келіп суреттеледі. Жақындық ассоциациясы дегеніміз осы. Жақындық ассоциациясы екі түрлі болады: 1) орында бірлік ассоциациясы һәм 2) уақытта бірлік ассоциациясы. Орында бірлік ассоциациясы. Біз бір затты суреттесек, сол заттың жаныңда тұрған басқа заттарды да суреттемей қоймаймыз. Мысалы, біз киіз үйдің оң жақ босағасында тұрған кебежені суреттесек, соның жаныңда тұрған қазан, ошақ, шелек, астау өздері ана кебежеге еріп келіп суреттеледі. Балада осы орында бірлік ассоциациясы күшті болады. Мұның себебі бала басқа сыртқы сезім құралдарына қарағанда көзді көп жұмсайды. Балаға не нәрсе үйретсең де, көрсетіп (наглядно) үйрету керек екендігі осыдан. Балаға берілетін кітаптың ірі харіппен басылуы және осыдан. Орында бірлік ассоциациясы балаға, әсіресе жағрафия оқығанда көп көмек көрсетеді. Картадан бала бір жерді атаса, соның жанындағы екінші жер көз алдына елестей қалады. Уақытта бірлік ассоциациясы. Бір уақытта яки бірінің артынан іле-шала суреттеулердің бірі келсе, басқалары да соған еріп келеді. Мысалы, біз ұстау үшін бір атқа құрық салғанымызды суреттесек, аттың үркіп кеткендігі, біраз барып тоқтағаны, біздің жүгендегеніміз өздері келіп суреттеледі. Уақытта бірлік ассоциациясы балаға әсіресе тарих оқығанда көп көмек көрсетеді. Бір нәрселерді, мысалы, өлең жаттағанда да біз осы уақытта бірлік ассоциациясымен пайдаланамыз. Яғни белгілі бір сөздерді бірінің артынан
C C М. Жұмабаев C C бірін айтуға біздің кеңірдегіміз машинаша үйреніп қалған болады. Егер жаттаған өлеңді суылдатып айтып отырғанда тоқтай қалсақ, біз қазір жаңылып қаламыз. Осы уақытта бірлік ассоциациясына ұқсас, себеп ассоциациясы бар, яғни екі көрініс іле-шала бірінің артынан бірі келеді. Соңғы көріністің болуына әуелгі көрініс себеп болады. Сіреңке сызсаң, жарық болады. Бірақ барлық бірінің артынан іле-шала бірі болатын екі көріністің әуелгісі соңғының болуына себеп деуге болмайды. Бұлай болу әншейін тура келіп қалудан, қазақ айтқандай, мергеннің басуына құланның қасынуы тура келгеннен яки басқа бір себептен болуға мүмкін. Мысалы, қонақ келген күні қой егіз тапса, қонақтың құттылығынан емес. Қой егіз қозыны қонақ келген соң көтерген жоқ қой одан пәленше ай бұрын көтерген. Қойдың егіз табуы қонақтың келуіне тура келіп қалды. Бірінің артынан бірі болатын екі көріністің біреуі біреуіне ылғи себеп болып отырады деп ұғу адамды зор қатаға түсіреді. Қазақтың неше түрлі ырымдары осы қате ұғынудан туған. Тәрбиеші баланы осы қатеден, яғни ырымшыл болудан сақтау керек. Тұқымдастық ассоциациясы Біз бір нәрсені суреттесек, соған тұқымдас, ұқсас екінші нәрсе бір орында, бір уақытта болмаса да, ана нәрсеге өзі еріп суреттеледі. Тұқымдастық ассоциациясы дегеніміз осы. Тұқымдастық ассоциациясы екі түрлі: 1) ұқсастық ассоциациясы һәм 2) қарсылық (контраст) ассоциациясы. Ұқсастық ассоциациясы. Біз бір нәрсені суреттесек, соған ұқсас екінші бір нәрсені де суреттейміз. Мысалы, біз бір адамды суреттесек, сол адамымыз пішіні, сөзі, жүріс-
C C Шығармалары C C тұрысымен біздің бір досымызға ұқсайтын болса, сонда біз мынау досымызды да суреттейміз. Осы ұқсастық ассоциациясы бойынша оқуды тез һәм жақсы меңгеріп алу үшін оқу материалын концентр қылып құрудың керектігі келіп шығады. Концентр – бір пәнді басқыштап, кеңейтіп оқыту деген сөз. Қарсылық ассоциациясы. Бір нәрсені суреттегенде соған тіпті ұқсамайтын қарама-қарсы нәрсені суреттеуге болады. Қысты суреттегенде – жазды суреттеу, қараны суреттегенде – ақты суреттеу, байды суреттегенде кедейді суреттеу сықылды. Бұл қарсылық ассоциациясы тұқымдастық ассоциациясына жатады. Себебі біз тұқымы жат екі нәрсені бірбіріне байлай алмаймыз. Суреттегенде, соған қарсы болып, тіпті тұқымы жат екінші нәрсе суреттелмейді. Мысалы, қысты суреттегенде, оған қарсы сиырды суреттемейсің, бәлки жазды суреттейсің. Себебі қыс пен сиырдың тіпті тұқымы басқа. Балаларды оқытқанда қарсылық ассоциациясының көп пайдасы тиеді. Бір нәрсені балаға ашық ұқтырмақшы болсаң, сол нәрсенің қарама-қарсысын алып кел. Мысалы, балаға жер ортасының ыстығын түсіндірмекші болсаң, солтүстіктің суығымен салыстыр. Ес (зейін) Ес һәм еске түсіру. Суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталады. Ал енді сақталып тұрған суреттеулерді бұрынғы түрі, бұрынғы ретімен жанның тірілтіп алып келе білуі еске түсіру деп аталады. Әр адамның есі әр түрлі. Кейбіреулер тез алып, яғни тез жаттап алып, тез ұмытады. Кейбіреулер шабан алады, бірақ тез ұмытпайды. Кейбіреулер тез алады, сонда да ұмытпайды. Адамның білімді болуына, әрине, естің осы төртінші түрі, онан соң үшінші түрі пайдалы.
C C М. Жұмабаев C C Адамның есі тағы төмендегі түрлерге бөлінеді: 1) Көру есі. Көру есі күшті адам нәрсенің сыртқы түрін есінде ұстап қалады. Мысалы, таныс адамдарының пішіні есінде болады, аты, фамилиясы есінде болмайды. Яки бір шәкірт бір пәннің бір жерінен жауап беріп тұрғанда сол пән кітабының айтып тұрған сөздер жазылған бетін көргендей болады. 2) Есту есі. Есту есі күшті адам заттың дыбысын есінде ұстампаз болады. Мысалы, кейбір адам таныс адамдарының аты, фамилиясы, пішінін де ұмытып қалып, жалғыз даусын ғана есінде ұстайтын болады. Яки кейбір шәкірт сабақты өзі оқығаннан да мұғалімнің сөйлегенін тыңдағанда тез жаттап алатын болады. 3) Қозғалу есі яки мотор есі. Қозғалу есі күшті адам заттың қозғалуын есінде ұстайтын болады. Мысалы, кейбір адам таныстарының жүріс-тұрысын ұмытпайтын болады. Адамда осы ес түрлерінің біреуінің күшті болуы көбінесе тұқым қуалайды. Мысалы, әнші, домбырашы, өлеңшінің баласында есту есі күшті болады. Және бір адам көңіл қойған нәрселеріне есті болып, көңіл қоймағандарына ессіз болуға мүмкін. Мысалы, өлеңші өлеңді тез жаттампаз болады. Атақты жаратылыс ғалымы Линей өсімдік аттарын жаттауға шебер болған да, шет тілдерді үйренуге тым-ақ топас болыпты. Адам өмірі үшін естің керектігі. Ес өмір үшін аса керек. Ес болмаса, бүгін жаттағанын бүгін ұмытып тұрса, өмірінде адамның білімі артпас еді. Адам адам да болмас еді. Ес болса ғана адам білімді бола алады. Ес болса ғана адам дұрыс ойлай алады. Ес неғұрлым мол, бай болса, ой да терең болады. Терең ойлы адамдардың аса есті болғандығы бізге тарихтан белгілі. Балада ес болмаса, оған ешбір нәрсе үйретуге мүмкін емес. Сондықтан тәрбиеші баланың есті болуына аса көп күш жұмсау керек.
C C Шығармалары C C Баланың есі. Жеткен адамның есіне қарағанда баланың есі тым әлсіз. Бала тез ұмытады. 2–3 жасар бала аз уақыт ата-анасынан айырылып тұрса, оларды танымай қалады. 9–12 жасар бала шетелде ана тілін біржола ұмытып қалады. Бала ұмытып қалып, бір нәрсенің атын қайта-қайта сұрай береді, бір көрген нәрсесін қайта-қайта қарай береді. Ес түрлерінен балада есту есінен көру һәм қозғалу есі күшті. Есті өркендету жолдары. Естің өркендеуі үшін тө мендегі шарттардың орындалуы керек. 1) Әсердің күштілігі. Әсер күшті болса, есте ұзақ ұста лады. Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды күшті көріністер тез ұмытылмайды. Қатты дауыс пен ашық ұқтырылған сабақ баланың есінен шықпайды. Бір сабақтан бала күшті әсер алу үшін баланың сол сабаққа құмар болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмар болу керек. Мұғалім сабақ бергенде өзі есіней түсіп, ыңылдап тұрса, шәкіртте құмарлық бола ма? 2) Сыртқы сезімдердің көбінің қатынасуы. Бір затпен танысқанда сыртқы сезімдердің көбі қатынасса, ол зат ұмытылмайды. Міне, балаға бір нәрсені білдіру керек бол ғаңда, осы жолды ұстау керек. Яғни, мүмкін болғанынша, баланың сыртқы сезімдерінің көбін қатынастыру керек. Мысалы, бір заттың түрін де көрсет, дыбысын да естірт, ұстатып та көр, иіскет, дәмін татқыз, сипат, суретін салғыз. Баланың жаратылысының өзі осыны тілейді. Бала өзінің көрген нәрсесін ұстағысы келеді, естіген нәрсесін көргісі келеді. Ұстаған нәрсенің дәмін татқысы келеді. Міне, осы жолды ұстағанда баланың білімі берік болмақ. Мысалы, дұрыс жазу үшін құр ережелерді білу жетпейді. Қолдың, көздің, құлақтың әдеттенуі шарт. 3) Жаңа білімді бұрынғы біліммен байлау. Бір нәрсенің еске тез алынуы һәм естен тез шықпауы үшін ол нәрсенің бұрын есте бар нәрсеге байлануы шарт. Мысалы, саудагер
C C М. Жұмабаев C C заттардың бағасын есте ұстампаз келеді. Мұғалім осыны ескерту керек. Яғни бір нәрсені бала есіне тез алсын һәм есінде ұзақ ұстасын десе, балаға жаңа беретін білімді жат күйінше бермесін, баланың бұрынғы таныс білімдеріне байлап берсін. 4) Пысықтау. Бала жаңа білімді неғұрлым көп пысықта са, есінде сонша берік болып қалады. Бұрынғы Рим елінен қалған бір дұрыс мәтел бар «пысықтау – білудің анасы» деген. Мұғалім балаға оқытқан нәрсесін көп пысықтату керек. Бірақ, мұғалім, құрғақ жаттауға кірісіп, баланы бұзып алып жүрме. Осы жоғарыдағы айтқан шарттар табылмаса, адам ессіз, ұмытшақ болады. Бірақ психология пәні адамда біржола ұмыту болмайды дейді. Яғни адам бір білген нәрсесін біржола ұмытпаса керек. Тек кейбір нәрсені еске түсіру қиын болады дейді. Адамның жасындағы өзгеріске қарап ес өзгерісі. Бастапқы кезде нәрсені еске шабан алып, тез ұмытады. Естің аса күшті болатын кезі – 7 мен 15 жас арасы. Сыртқы дүниемен, адамзат тұрмысымен жаңа таныс болып келе жатқанда адам бір нәрсені білуге, бар білгенін есте ұстауға ұмтылады. Естің қатынасуын қатты керек қылатын ғылымдарды үйренуге нағыз қолайлы шақ – осы 7 мен 15 арасы. Бұл жеткіншектік шағы деп аталады. Бұл жасында бала өмірлік білім даярлайды. Яғни бұл жаста баланың міндеті ой жүргізіп білімді іске асыру емес, білімді молайта беру, даярлай беру, бар нәрсені еске ала беру. Ал енді жігіттік жасында адам жаңадан жаттай беруге емес, бар білімді оймен тереңдетуге ұмтылады. Жігіттіктен соңғы кекселік шағында адам ойын белгілі бір бетке салып, өзінің ұстаған жолына қатынасы бар нәрселерді ғана еске алатын болады. Ал енді шалдық шағында адамның есі бірте-бірте сөне бастайды. Бір нәрсені тез еске алмайтын, алса, тез
C C Шығармалары C C ұмытып қалатын болады. Шалдық шағында адамның жас күніндегі естері көзге елестей береді. Шалдардың жастық шағын кеңес қыла беретіңдері сол. «Балаларым, тегі, мен қартайсам керек, жастықтағы істерімді көп айта беретін болдым-ау!» – депті Абылай хан. Қиял Қиял ұғымы. Жанның өзінде бұрыннан бар сурет теулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады. Мысалы, қанатты ат, яғни тұлпар болады деп қиял қылу, жеті басты адам яғни жалмауыз болады деп қиял қылу сықылды. Бірақ адам жанында тіпті болмаған суреттеулерден сурет жасай алмайды. Мысалы, тума соқыр заттардың түстері туралы қиял жүргізіп, түстерді ешбір уақыт біле алмақ емес. Еріксіз һәм ерікті қиял. Егер жанымыздағы суреттеу лерді біз билемей, суреттеулер бізді билеп алып кетсе, яғни жанымыздағы суреттеулерден жаңа бір суреттеу жасаймыз деп өзіміз қайрат жұмсамай, бар суреттеулерден жаңа суреттеулер өздері жасала берсе, міне, жанның осы ісі яғни бұрынғы суреттеулерден жаңа суреттеудің өз еркімен жасалуы еріксіз қиял, бос қиял яки мечта деп аталады. Ояу отырып берекесіз бос қиялға батып отыру, яки ұйқтап жатқанда түс көру сықылды. Ал енді жанымызда бар суреттеулерден жаңа суреттеулерді қайрат жұмсап, өзіміз тілеп жасау ерікті қиял, берекелі қиял яки фантазия деп аталады. Мысал үшін Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалын» алайық. Дәл романда суреттелгендей Жамал деген қыз қазақта болған емес. Бірақ Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбала... деген қазақтың қыздары бар. Осы – сүйгенімен қосыла алмай, қосылса, бақытты өмір сүре алмай, сар даланы көз жасымен көл қылатын қазақтың сорлы қыздарын оймен бірге жинасаң, солардың бәрінен сорлы, бәрінен
C C М. Жұмабаев C C бақытсыз Сәрсенбайдың Жамалы келіп шығады. Міне, Міржақып жанында бұрыннан бар суреттеулерден яғни Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбала... суреттеулерінен жаңа суреттеуді, яғни бақытсыз Жамал суретін қайрат жұмсап өзі тілеп жасап отыр. Фантазия төмендегі жолдармен жасалады: 1) Заттардың өздерін яки олардың бір мүшелерін зорайту яки кішірейтумен. Мысалы, біз бойы бір тұтам ергежейлі деген адам болады екен деп, төбесі көкке тиіп жүретін алып болады екен деп қиял қыламыз. 2) Әр заттың түрлі мүшелерін алып қосумен. Мысалы, адам басты, ит кеуделі, жылан құйрықты бір жануар болады-мыс деп қиял қылу сықылды. 3) Реті келгеңде өздері де жиыла алатын көріністерді бір суретке жиюмен, түрлі адам мінездерін бір адамға жиюмен. Мысалы, Міржақып Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбалалардың мінезін һәм олардың тұрмысындағы болған көріністерді, уақиғаларды Жамалға жинап отыр. Міржақып қолдан жасамай-ақ, сондай мінезді, сондай тұрмысты Жамал деген қыздың шынында болуы да мүмкін. Адам өмірі үшін фантазияның керектігі. Фантазия өмірдің гүлді, көрікті болуының түпкі діңгегі. Фантазиясыз адам – тұсаулы есек. Фантазия ақылды кеңітеді. Фантазиясыз жаңадан бір нәрсені ойлап табуға мүмкін емес, фантазия құлықты түзейді. Біз құлықсыз адамның орнына өзімізді қойып, құлықсыздықтан жиренеміз. Фантазия әдемілік сезімін тереңдетеді. Біз неше түрлі әдеміліктерден фантазия арқылы ғана ләззат ала аламыз. Фантазиясыз адам өмірі үнсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мылқау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды гүлді, көрікті қылатын, бізді арсыға аяқ басқызып, тәңірімен тілдестіретін – сол фантазия. Осы фантазияны қазақтың ең терең сыршыл ақыны Шәңгерей Бөкеев мынадай деп суреттейді:
C C Шығармалары C C Таудағы тас ұядан, Лашындай сарыққан қиядан Шалқып сөзім шығады, Ойласам пікір-қиялдан. Аспалап қиял кетеді, Шыққан оқтай жаядан. Жасындай барып жалт етіп, Көк капусын ашады, Жарығына алданып, Дидарға қадам басады... Баланың қиялын – фантазиясын тәрбие қылу жолдары. Біз жоғарыда қиял деген жандағы бір суреттеулерден жаңа суреттеу жасау дедік. Бұдан көрінеді: қиял терең һәм бай болу үшін жанды суреттеулер көп болу керек екен. Адам неғұрлым білімді, тәжірибелі болса, қиялы да сонша бай болсын десек, оның білімді болуына ыждиһат қылу керек. Бала тұрмыспен көзбе-көз таныссын. Оның есінде, жанында көп білім болсын, жан-жануардың тұрмысын бақыласын. Жаратылыстың тұрмысымен таныс болсын. Міне, сонда баланың қиялы өткір һәм бай болмақ. Қиялды өркендетудің екінші жолы – баланы қиялды аса керек қылатын ғылымдармен таныс қылу: әдебиет, тарих, жағрафия, жаратылыс сықылды. Сөз арасында арнап қазақ баласының қиялы туралы бірекі сөз айтып өтейік. Жаратылыстың құшағында, меруерт секілденген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада туып, өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті. Бірақ қазақ қиялы тәрбие көрген жоқ, әлі тағы, әлі бала. Біз күндер, жылдар өткен соң қазақ қиялы тәрбие алып, тереңдеп, адамзат дүниесін бастайтын бір жарық жұлдыз болар деп иманымыз кәміл.
C C М. Жұмабаев C C Тағы бір сөз. Орыс учительдерінің аузыңда және солардан сабақ алған қазақ оқығандарының аузында бір сөз бар – қазақ баласы әдебиет, тарих сықылды ғылымдарға зерек болмайды, бәлки математика, есеп пәніне зерек болады деген. Мен бұл пікірді қате ме деп ойлаймын. Менің ойымша, қазақ баласы математикаға емес, әдебиет, тарих, жағрафия, жаратылыс сықылды ғылымдарға зерек болуға тиісті. Дәлелім: қазақ баласының жаратылысы осыны тілейді. Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы қазақ баласы да қиялқұмар болуға тиісті. Яғни ол әдебиет, тарих сықылды қиялды көп керек қылатын ғылымдарға ұмтылуға тиісті. Ал енді орыс школасында оқыған қазақ баласының математикашыл болуы: әдебиет, тарих сықылды ғылымдарды сөйлеуге, жазуға орыстың тілін білмеген соң бейшара қазақ баласы тіл керек қылмайтын математиканы, есепті айналдырмағанда қайтсін. Баланың фантазиясы һәм оның өркендеуі. Балада қиял ерте оянады. Бірақ оның жанында суреттеулер аз болғандықтан, қиялы да бай емес. Әйткенмен де бала әсер ленімпаз болғандықтан, оның аз, тайыз қиялы ашық, жанды болады. Бала түсін өңім деп біледі. Балаға дүниедегі бар заттың бәрі жанды сықылды көрінеді. Баланың түсінуінше дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ. Бәрі мүмкін, бәрі болатындай. Бала ертегінің бәрі шын деп ұғады. Жоғарғы ерні қыбырлап, төменгі ерні жыбырлап Қобыландының Тайбурылы сөйлейді десең, көк ешкінің құйыршығы жұлынып қалған соң, бір құйыршық бала болыпты десең, қотыр тай құрық салғанда құнан болды, жүгендегенде дөнен болды, ерттегенде бесті ат болды десең, бала осылардың бәрін шын көреді. Ертегі. Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі – тым қымбат нәрсе. Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды. Ер-
C C Шығармалары C C текке шын көңілімен нанады. Бала құрғақ ақылды ұқпайды. Жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады. Мысалы, балаға өтірік айтпа деген құрғақ сөзің желге айтылғанмен бірдей. Егер сен балаға өтірікші туралы ертек айтсаң, сол ертекте өтірікшінің өтірігінен қор болғанын, зиян көргенін суреттеп алып келсең, міне, бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады. Қысқасы, балаға ертегі – тым қымбат нәрсе. Бірақ ертегінің ертегісі бар. Кейбір ертектер баланы бұзудан басқаға жарамайды. Мысалы, дию, пері, жалмауыз кемпір, аруақ, көрден кебінін жалмап шығатын обыр, жыншайтан секілді ертегілерді балаға айту тіпті дұрыс емес. Мұндай ертегілер баланы бұзады, қорқақ, жасық қылады. Қазақтың баланы «бөки келеді», «қызыл көз келеді» деп қорқытулары да тым-ақ жарамайтын іс. Бала ойыны. Баланың қиялы әсіресе ойыңда жарыққа шығады. Ойын – балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала әсерлерімен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыста нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашады, біреуі құрық салады. Шырпыларды тізіптізіп көш жасайды. Балшықтан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап, таныстырады, күйеу келтіреді, құда түсіреді. Жалқы һәм жалпы ойын. Тіпті жас бала жалқы ойынды – жалғыз ойнауды жақсы көреді. Әлі тілі еркін же тілмегендіктен, ол басқа балалармен қатынаса алмайды. Ал енді өскен сайын жалпы ойынды бірігіп ойнауды жақсы көре бастайды. Жалғыз ойнаса, іші пысады. Жалпы ойын баланың тілінің өркендеуіне көп пайда. Бірігіп ойнағанда тоқтаусыз қозғалып, күліп, былдырлап сөйлей береді. Жалпы ойын жалпы тұрмысқа яғни басқа адамдармен бірігіп тұруға үйретеді. Өзінің сөзін, тілегін біреуге тыңдатып, басқаның тілегін, сөзін өзі тыңдап, қысқасы біріккен тұрмыстың бірінші шарты – жалпы заңдарды орындап, атқарып үйренеді. Ал енді жалқы ойын яғни жалғыз ойнау
C C М. Жұмабаев C C баланың алаңғасар, еліктегіш болмай, өз ісіне ынталы, тиянақты болуына пайдалы. Бірақ осы екі түрлі ойынның екеуінің де кемдік жағы бар. Ылғи жалғыз ойнап үйренген бала тағы, менменшіл болып, ылғи көппен бірге ойнап үйренген алаңғасар, тиянақсыз, еліктегіш болып шығуға мүмкін. Сондықтан дұрысы – ойынның екі түрін кезекпен ауыстырып отыру. Осы түрдің қай түрімен болса да ойнап отырған баланың ойынын бақылауға тәрбиеші міндетті. Бірақ бақылаймын деп бүлдіріп алма. Бүлдіріп алу былай болады: былай ойна деп бұйырсаң, баланың ойыннан ынтасын суытып аласың. Баланың ойынына үлкен адам кіріссе, балаға ойынның қызығы бітеді. Ойын – баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсені бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болу керек, бақыла деген сөз қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп қақиып тұр деген сөз емес. Олай тұрсаң, бала ойнай алмайды. Егер енді баланың ойынына қатысқың келсе, өзің бала болып қатыс. Яғни ойындарына бөгет, оралғы болма. Балалар сенің жеткен адам екеніңді сезбейтін дәрежеде болсын. Ойыншықтар. Ойыншық деген сөз – баланың жанын дағы суреттеулердің белгісі деген сөз. Балаға уқалауына көнетін, не қылса соған жарайтын жабайы ойыншық баланың ішін пыстырады. Балаға нағыз қолайлы ойыншық бір үйім құм деген бір педагогтің сөзі дұрыс сөз. Базардан алып келген әшекейлі ойыншығыңнан бірде құрық болатын, бірде ат болатын бір шыбық балаға көп артық. Әшекейлі жат бір ойыншықпен бала сүйіп ойнамайды. Алады да, сындырып тастайды. Және балаға көп ойыншық беру жарамайды. Олай болғанда балада іскерлік болмайды.
C C Шығармалары C C Ойлау Ойлау ұғымы. Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял жүргізу арқылы біз бір затты түгелімен білеміз, яки оның бөлімдерін, мүшелерін білеміз. Мысалы, мен бір жылқыға қараймын, оның бар мүшелерін, ол мүшелердің қандай екенін һәм қандай қызмет атқаратынын байқаймын. Осылай тексеріп қараған соң сол жылқы көз алдымнан кетсе де, мен оны суреттей аламын, бірталай заман өтсе де мен оны еске түсіре аламын. Егер көп жылқыны көрген болсам, қиял жүргізіп, басқа түрлі жылқыны да суреттей аламын. Мысалы, бір арғымақ жылқы болар деп ойлай аламын. Міне, менде осы жоғарыда айтылған жан көріністері болса, мен жылқыны білген боламын. Тағы мен жылқыны қарап, тексеріп тұрып мынадай нәрселер істеймін: жылқыға мына мүшелер неге керек екен, мына бір мүше болмаса, жылқыға не болар деп ойлаймын, яғни жылқының мүшелерінің арасыңдағы байламды табамын. Бұл ғана емес, тағы ойлаймын, жә, жылқының мүшелерінің арасында мынадай байлам бар екен. Бұл жылқының мүшелері қойдың мүшелеріне ұқсай ма – ұқсайды. Жылқының ана мүшесі қойдың ана мүшесіндей, мынасы мынасындай. Ә, қой мен жылқы, екеуі де төрт аяқты жануар екен деймін. Енді мен жылқыны жалғыз біліп қана тұрғам жоқ, ұғып тұрмын. Яғни жылқының мүшелері арасында қандай байлам барын, жылқы мен басқа төрт аяқты жануар арасында қандай ұқсастық, қаңдай айырма барын мен ұғып тұрмын. Міне, осы заттарды ұғу үшін жұмсалатын жан көрінісі ойлау деп аталады. Ойлау ұғым, хұкім һәм ой тізулерді жасаумен болады. Енді осы үшеуін шешейік. Ұғым һәм оның жасалуы. Бір-біріне ұқсас бірнеше заттарды суреттесек, біз сол заттарды бір-бірімен салыстырамыз. Мысалы, біздің жанымызда суреттері бар көп адамды біз бір-бірінен айырамыз. Себебі оларды бірінен-бірін
C C М. Жұмабаев C C айыратын сындары бар. Бірақ сол адамдардың айыратын сындары болған сықылды соларды бірін-біріне ұқсататын да сындары бар. Дене бітімдері сықылды. Әрине, салысты ру үшін заттарды тар тапта алсақ, олардың ұқсастықтары көп болады. Егер кең тапта алсақ, ұқсастықтары аз болады. Мысалы, жылқы мен сиыр арасындағы ұқсастықты табу оңай. Себебі араларында ұқсастық көп. Ал еңді жылқы мен ағаш арасындағы ұқсастықты табу қиын. Себебі араларында ұқсастық аз. Қысқасы, біз бір затты бір затпен салыстырғанда олардың әрқайсысының өздеріне ғана арналған дербес сындарын алып тастап, ортақ сындарын ғана аламыз. Ортақ сындарды екеуіне де жабамыз, ортақ сындарды жалпылаймыз. Яки екі заттың, яки көп заттың ортасынан оймен жасалған бір зат шығады. Мысалы, мен адам туралы ойлаймын. Сәрсембай, Бейсембай, Фахыредден, Иван туралы емес, жалпы адам туралы. Сонда мен Сәрсембайдың қара шашын, Фахыредденнің сопақ басын, Иванның сары сақалын, яғни солардың әрқайсысының дербес сындарын алып тастап, бәріне ортақ сындарды, мысалы, екі аяқты, екі қолды болуы, сөйлей, ойлай білуі сықылды ортақ сындарды аламын. Міне, осы көп заттардың ортақ сыңдарын алып жия білу, екінші түрлі айтқанда, зат туралы ой, ұғым деп аталады. Ұғым мен суреттеу арасындағы айырма. Суреттеу қашанда болса жалқы болады, яғни бір затты суреттеу деген сөз – сол затты белгілі бір орында, белгілі бір уақыттағы түрімен, барлық сындарымен тірілтіп алып келу деген сөз. Мысалы, адамды суреттеу деген не Сәрсембайды, не Бейсембайды, әйтеуір дербес бір адамды суреттеу болып шығады. Белгілі бір түрсіз жалпы адамды суреттеу мүмкін емес. Ал енді ұғым жалпылықты тілейді. Жалпыламасаң, яғни бір топ заттардың әрқайсысының дербес сындарын
C C Шығармалары C C алып тастамасаң, ұғым болмайды. Мысалы, жылқы туралы ұғым – әрбір жылқының дербес сыңдарын алып тастасаң, торылығын, көктігін, жалдастығын, қайқылығын сықылды, сонда ғана ұғым болады. Яғни ұғым болу үшін заттардан алып, жалпы зат жасау керек. Бірақ дүниеде жалпы зат болмайды. Мысалы, дүниеде жалпы жылқы жоқ: не көк, не қара... Сондықтан ұғым – ойдың ғана ісі. Ұғымды оймен ғана жасауға болады. Ойлау мен қиял арасындағы айырма. Қиял суреттеулерден жасалады. Ал ойлау болса ұғымдардан жасалады. Мысалы, Қобыландының Тайбурылы туралы біз ойлаймыз, қиял жүргіземіз. Жалпы жылқы туралы біз қиял қыламыз, ойлаймыз. Қиял – суретті, жанды көрініс, ойлау – белгісі бір тірі суретсіз жалаңаш көрініс. Қиял мен ойлау арасындағы айырма – осы. Ұғымның іші һәм ауданы. Бір ұғымды басқа ұғым дардан айыратын сол ұғымның сындары ұғымның іші деп аталады. Сол ұғымға кіретін заттар ұғымның ауданы деп аталады. Мысалы, құс деген – ұғымның сыны, яғни ұша алатындығы, тұмсығы, қанаттары – бұлар іші болады. Ал енді құс деген ұғымға кіретін заттар: торғай, қарға, бүркіт, үйрек... – ұғымның ауданы болады. Ұғымның іші мен ауданының арасы. Іші мен ауданын салыстырғанда әр ұғым әр түрлі. Іш пен аудан арасында қарсылық бар, яғни ұғымның іші неғұрлым кең болса, ауданы сонша тар болады. Ал енді аудан неғұрлым кең болса, іш сонша тар болады. Адам һәм қазақ, ағаш һәм қайың деген сықылды. Ұғымдардың ішіне қарап бөлінуі. Егерде ұғымның бір ғана сыны болса, ондай ұғым – жабайы ұғым деп аталады. Мысалы, тәттілік деген ұғым – жабайы ұғым. Ал енді ұғымның сыны көп болса, ондай ұғым күрделі ұғым деп аталады. Мысалы, ағаш деген ұғымның сыны көп,
C C М. Жұмабаев C C сондықтан ол – күрделі ұғым. Егер бірнеше ұғымдардың бір яки бірнеше ортақ сындары болса, мұңдай ұғымдар ұқсас ұғымдар деп аталады: қасқыр, түлкі сықылды. Егер бір ұғымның сындары екінші ұғымның сындарына қабысатын болса, мұндай ұғымдар қабысатын ұғымдар деп аталады: хайуан һәм жануар, қазақ һәм алаш сықылды. Ортақ сындары болмаған ұғымдар ұқсамайтын ұғымдар деп аталады. Адам һәм тас сықылды сындары бір-біріне қарсы болған ұғымдар қарсы ұғымдар деп аталады: жақсылық, жауыздық сықылды. Жалаңаштау. Біз жылқы, ағаш, адам сықылды заттар туралы ғана ойлаймыз. Сол заттардың қаралық, аласалық, кәрілік, қайырымдылық сықылды сындары туралы да ойлаймыз. Яғни бір затты жалаңаштап, сынын бөліп алып, сол сынды жеке бір зат сықылдандырып ойлаймыз. Заттың сынын заттан бөліп алып, сол сынды жеке бір зат қып ойлау жалаңаштау деп аталады. Осы заттан бөлініп алынған сын ұғымы жалаңаш (абстракты) ұғым деп аталады. Қаралық, алыстық, жақсылық сықылды барлық сындарымен алынған зат ұғымы киімді (конкретті) ұғым деп аталады: жылқы, ағаш, мұрын сықылды. Ұғымдардың қомағына қарап бөлінуі. Көп заттарды қомағына алатын ұғым жалпы ұғым деп аталады. Қомағына санаулы заттарды ғана алатын ұғым дербес ұғым деп ата лады. Қомағына бір-ақ затты алатын ұғым жалқы ұғым деп аталады. Жалпы ұғым дербес ұғымның тұқымы деп аталады. Дербес ұғым жалпы ұғымның түрі деп аталады. Бір ұғым оны қандай ұғыммен салыстыруымызға қарап, әрі жалпы, әрі дербес, әрі тұқым ұғым, әрі түр ұғым болуға мүмкін. Мысалы, «адам» деген ұғым «қазақ» деген ұғымға қарағанда, жалпы һәм тұқым ұғым. Ал енді сол «адам» ұғымы «жанды зат» деген ұғымға қарағанда дербес һәм түр ұғым.
C C Шығармалары C C Өзінің қомағына басқа ұғымдарды алатын ұғым соның қомағына кіретін ұғымдарға қарағанда бағындырушы ұғым деп аталады. Ал енді бағындырушы ұғымның қомағына кіретін ұғымдар бағынушы ұғым деп аталады. Жоғарғы бір ұғымға бір дәреже бағынатын ұғымдар бірге бағынатын ұғымдар деп аталады. Мысалы, «ағаш» ұғымы терек, қайың, қарағайға қарағанда бағындырушы ұғым, терек, қайың, қарағай бағынушы һәм бірге бағынушы ұғымдар. Жалпылау һәм шектеу. Дербес ұғымдардан жалпы ұғым жасау жалпылау деп аталады. Мысалы, біз ағаш тардың, шөптердің, гүлдердің дербес сындарын алып тас тап, ортақ сындарын ғана алып, өсімдік деген жалпы ұғым жасаймыз. Ал енді жалпы ұғымдардан дербес ұғымдар жасау шектеу деп аталады. Мысалы, біз сындарды қосақоса қайың деген ұғым жасаймыз. Категория. Бір ұғымдарды жалпылай-жалпылай ең жалпы, ең жоғарғы ұғымға жетеміз. Ең жалпы, ең жоғарғы ұғым категория деп аталады. Категория үшеу: 1) зат (адам, жануар, тас, зат); 2) сын (түс, түр, сын); 3) іс (сөйлеу, бөлу, істеу). Хұкім Хұкімнің жасалуы. Ұғымдарды жеке-жеке ойлаған сықылды, біз оларды бір-біріне байлап та ойлаймыз. Яғни біз екі ұғымды қатар алып, сол екеуінің арасында не байлам барын, не байлам жоғын табамыз. Мысалы, бізде «жылқы», «шабу», «ұшу» деген үш ұғым бар. Біз осы ұғымды бірбіріне байлап байқаймыз да, «жылқы» ұғымына «шабу» ұғымын байлау мүмкін екенін тауып, «жылқы шабады» дейміз. Сол «жылқы» ұғымына «ұшу» ұғымын байлау мүмкін емес екендігін тауып, «жылқы ұшпайды» дейміз. Осы екі ұғым арасында байлам хұкім деп аталады.
C C М. Жұмабаев C C Хұкім берілген ұғым – ие деп, иеге жапсырылған ұғым айтылыс деп аталады. Айтылыс иенің ісін көрсеткендіктен, ол хұкімнің іші деп аталады. Ұғым мен хұкім арасындағы айырма. Бір заттың ұғы мын ойлағанда, сол заттың сыны заттың өзімен бірге, яғни зат сынымен қосылып, бір зат болып ойланады. Ал енді сын заттан жеке ойланып, біз сол жеке сыңды затқа алып барып не бекітеміз, болмаса заттан сол сынды алып тастаймыз. Мысалы, «қызыл сиыр» деген сөз ұғым болады. «Сиыр қызыл» деген сөз – хұкім болады. Біріншіде сиыр деген заттың қызыл деген сынын затпен бірге ойлап отырмыз. Екіншіде қызыл сынын шеттен алып келіп бекітіп отырмыз. Хұкімдердің бөлінуі. Хұкімдер былай бөлінеді: 1) жасалуына қарап, 2) қомағы яки санына қарап, 3) іші яки сынына қарап, 4) ие мен айтылыс арасындағы байланысқа қарап, 5) хұкімнің шындық дәрежесіне (модальность) қарап. 1) Хұкімнің жасалуына, яғни біз иеге айтылысты қайдан алып отырмыз, соған қарап екіге бөлінеді; а) шешетін хұкім (анализ хұкімі). Егерде иеге сол иенің өз ішінде жоқ бір сынды айтылыс қылсақ, шешетін хұкім жасаған боламыз. «Көмір қара, қар суық» деген сықылды; б) қоспа хұкім (синтез хұкім). Егерде біз иеге сол иенің өз ішінде жоқ бір сынды айтылыс қылсақ, қоспа хұкім жасаған боламыз. «Құлақ құлдыр, шаш сары» деген сықылды. 2) Қомағы яки санына қарап хұқім үшке бөлінеді: а) жалпы хұкім. Егерде ие қомағы таратылмай, өзіне бағынатын дербес ұғымдардың бәрімен кәдімгі күйінде алынып хұкім жасалған болса, мұндай хұкім жалпы болады. Адам ақылды деген сықылды; б) дербес хұкім. Егер иенің бұрынғы қомағы таратылып алынып хұкім жасалған болса, – бұл хұкім дербес болады. «Кей адам ақын болады» деген сықылды;
C C Шығармалары C C г) жалқы хұкім. Егер иеміз жалқы болса, хұкім де жалқы болады. «Абай ақын болған» деген сықылды. 3) Ішіне яки сынына қарап хұкім екіге бөлінеді: а) бекітетін хұкім. Айтылыс сын иеге жапсырылып бекітілсе, бекітетін хұкім болады. «Жылқы шабады» деген сықылды; б) бекітпейтін хұкім. Айтылыс иеге бекітілмей, бекерленсе, бекерлейтін хұкім болады. «Жылқы ұшпайды» деген сықылды. 4) Ие мен айтылыс арасындағы байламға қарап үшке бөлінеді: а) кесімді хұкім. Егерде сын (айтылыс) затқа (иеге) күдіксіз, шартсыз байланатын болса, «адам өледі деген сықылды; б) шартты хұкім. Егерде сын затқа белгілі бір шарттар мен ғана байланатын болса, «қалауын тапса, қар жанады», «жаз жетсе, қар ериді» деген сықылды; г) бөлмелі хұкім. Егерде затқа бірнешесі жапсырылып, бірақ қайсысы екені көрсетілмесе, яки бір айтылысқа бірнеше ие көрсетілсе, «мынау әйел не ұл табар, не қыз табар», «Я мақсұт, яки өлім – екіден бір» деген сықылды. 5) Шындық дәрежесіне қарап хұкім үшке бөлінеді: а) мүмкін хұкім. Егерде айтылысты иеге байлаудың мүмкін екендігі ғана көрсетілсе, «мүмкін Марста халық бар шығар», «сар далада адасып, суық кебін жамылып қалармын, кім біледі» деген сықылды; б) шын хұкім. Егерде айтылыстың иеге жапсырылуы тәжірибе, бақылау, куәлік арқылы тексеріліп, шын деп табылса. «Ақмолла – қазақ ақыны», «Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілін көп тексерген», «Абылай – данышпан хан болған» деген сықылды; г) міндетті хұкім. Егерде дәлелдермен бекітіліп, бір сынның бір затта болуы міндетті болса, «сезгіш адам сүйгіш келеді», «суықта су қатып мұзға айналады» деген сықылды.
C C М. Жұмабаев C C Хұқімдер жоғарыда саналған бөлімдерге бөлінгенмен, бір хұкімде әлденеше бөлім табылуға мүмкін. Мысалы, «қар суық» деген хұқім – әрі шешетін, әрі жалқы, әрі бекітетін, әрі киімді, әрі шын, әрі міндетті хұкім. Ой шығару Ой шығару қалай жасалады? Біз бір ұғымды екінші ұғымға байлап қойып, яғни хұкім жасап қана қанағат танбаймыз, бәлки осы хұкімді басқа хұкімдермен салыстырып, осы хұкімді анықтаймыз. Мысалы, біз «Сәрсембай» һәм «өлу» деген ұғымды аламыз да, осы екеуінен жасалатын «Сәрсембай өледі» деген хұкімді анықтау үшін басқа хұкімдермен салыстырамыз, яғни «Сәрсембай һәм өлу» ұғымдарын «адам» деген ұғымға байлап қараймыз, яғни былай ой жүргіземіз: «Адам өледі. Сәрсембай – адам. Ендеше Сәрсембай да өледі»,– дейміз. Осында біз «Сәрсембай өледі» деген жаңа хұқімді ана бізге бұрыннан белгілі екі хұкімнен шығардық, туғыздық. Міне, осы бір яки бірнеше хұкімдерден жаңа бір хұкім туғызу ой шығару деп аталады. Ой шығару үш түрлі жолмен болады: 1) дедукция, 2) индукция, 3) аналогия. Дедукция – ойдың бір жалпы заңнан дербес бір көрініс ке көшуі, екінші түрлі айтқанда, жалпы ойдан жалқы бір ой шығару дедукция деп аталады. Мысалы, жалпы адамзат өледі деген ойдан Сәрсембайдың өлетінін шығарамыз. Көп пәнді, әсіресе математиканы үйренгенде, дедукцияның көп пайдасы тиеді. Жай тұрмыс үшін де дедукция көп қолданылады. Мысалы, доктор әрбір аурудың жалпы сындарын білген соң, ауырып жатқан бір адамның ауруы не екенін табады. Силлогизм – дедукцияның көп қолданылатын түрі. Силлогизм бағыты – екі хұкімнен жаңа бір хұкім шығару.
C C Шығармалары C C Жаңа шығарылған хұкім нәтиже деп аталады. Нәтиже шығарылған екі хұкім қазба деп аталады. Қазбалар һәм нәтиженің ішіндегі ұғымдар термин деп аталады. Былайша нәтиженің айтылысы – зор термин, нәтиженің иесі – кіші термин. Ал енді қазбалардың ішінде болып, нәтиже болмаған ұғым орта термин деп аталады. Орта термин зор термин мен кіші терминді байлайды. Ал енді ішінде зор тер мин бар қазба зор қазба деп, ішінде кіші термин бар қазба кіші қазба деп аталады. Мысалы, «адам өледі, Сәрсембай – адам, ендеше Сәрсембай өледі» деген сықылды. Силлогизмде «өледі» деген ұғым – зор термин. «Сәрсембай» ұғымы – кіші термин. «Адам» ұғымы – орта термин. «Адам өледі» – зор қазба, «Сәрсембай – адам» – кіші қазба. Толық һәм шолақ силлогизм. Үш бөлімі де түгел, яғни орта, зор қазбалары һәм нәтижесі бар силлогизм толық болады. Ал енді екі қазбасының біреуі түсіп қалған силлогизм шолақ силлогизм (интимема) болады. Мысалы, біз «Адам өледі, ендеше Сәрсембай өледі» десек, кіші қазбаны түсіріп, қалдырып, шолақ силлогизм жасаған боламыз, сөйлегенде көбінесе осы шолақ силлогизм қолданылады. Силлогизмдердің бөлінуі. Силлогизмдер жабайы һәм күрделі атанып екіге бөлінеді. Егерде нәтиже екі хұкімнен яғни зор һәм кіші қазбадан ғана тудырылған болса, мұндай силлогизм жабайы деп аталады. Жабайы силлогизм өзі үшке бөлінеді: кесімді, шартты, һәм бөлмелі. Мысалдар: а) Борышын жасырған өледі. Сәрсембай борышын жасырды, ендеше Сәрсембай өледі; б) Суық болса, су қатып қалады. Көлдің суы қатып қалды. Ендеше суық болды; г) Мынау жылқы не сенікі, не менікі. Жоқ, ол сенікі де емес, менікі де емес екен. Ендеше мынау жылқы басқанікі. Егер бірнеше силлогизмдер қосылып, солардың бірінің нәтижесі екіншісіне негіз болып отырса, міне осылай бір неше силлогизмнен жасалған бір силлогизм күрделі силло-
C C М. Жұмабаев C C гизм деп аталады. Мысалы, Сәрсембай – адам, әрбір адам өз ұлтын сүйеді, ендеше Сәрсембай да өз ұлтын сүйеді (бірінші силлогизм). Сәрсембай өз ұлтын сүйеді, өз ұлтын сүйген адам ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады, ендеше Сәрсембай да ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады. Күрделі силлогизмдер де көбінесе сөйлеудің сұлу болуы үшін ортадағы нәтижелер қалдырылып, ең соңынан бір-ақ нәтиже шығарылады, яғни күрделі силлогизм қыс қартылады. Қысқартылған күрделі силлогизм сорит деп аталады. Сенека данышпанның сориты: «есті адам қанағатты, қанағатты адам тиянақты, тиянақты адам көнтерлі, көнтерлі адам қайғысыз, қайғысыз адам бақытты, ендеше кім есті адам – сол бақытты». Күрделі силлогизмдер де жабайы силлогизмдер сықыл ды кесімді, шартты һәм бөлмелі аталып үшке бөлінеді. Силлогизмнің дұрыс болу шарттары: 1) Екі қазбаның біреуі бекінетін болу керек. Әйтпесе екі бекерлейтін қазбадан нәтиже шықпайды. Мысал: «Адам – мал емес, маймыл – адам емес. Ендеше?». 2) Екі қазбаның біреуі екіншісіне қарағанда жалпы болсын. Әйтпесе екі дербес қазбадан нәтиже шықпайды. Мысал: «Кейбір адам өнерлі, кейбір адам қысық көз. Ендеше?». 3) Орта термин екі қазбадан да болсын, болғанда бір мағынадағы бір ғана сөз болсын, әйтпесе нәтиже шық пайды. Мысал: «Наурыз – ұлт мейрамы. Менің атым Наурыз. Ендеше?». Силлогизмнің керектігі. Силлогизмнің жан тұрмысы үшін пайдасы сол: негізгі бір заң бойынша толып жатқан көріністерді шешеміз. Дүниеде сансыз заттарды, толып жатқан көріністерді адам өзі сынап, өзі бақылап бітіре алмайды. Мысалы, жер жүзіндегі бар адамның, болған
C C Шығармалары C C һәм болашақ адамның бәрінің өлетіндігін адам өзі сынап бітіруге мүмкін емес. Біз бір адамның өлуі туралы хұкім шығармақ болсақ, пәннің һәм кәрі тәжірибенің «адам өледі» деген хұкімін аламыз да, «пәлен адам өледі» деп хұкім шығарамыз. Бала «өтірік айту нашар» деген негізгі заңды білсе, өзі де өтірік айтпайтын болады. Индукция. Ойдың дербес көріністерден жалпы кө ріністерге көшуі, екінші түрлі айтқанда, жалқы ойдан жалпы ой шығару индукция деп аталады. Мысалы, біз тарихтан бақылауымызша: «Жер жүзіндегі әрбір тап елдің ұлтшылдық арқасында ғана өнерленгенін біліп, біз жалпы адамзат ұлтшылдық арқасыңда ғана өнерленеді» деген жалпы заң шығарамыз. Индукция түрлері. Индукцияның екі түрі бар; толық һәм кем индукция. Егер біз шығарылатын жалпы негізгі заңға кіретін көріністердің бәрін өзіміз сынап, бақылап барып жалпы заң шығарсақ, біз толық индукция арқылы шығарған боламыз. Мысалы, біз бір жылдағы он екі айдың әрбір айының күнін санап, ешбір айда отыз бір күннен артық күн болмайды деуіміз сықылды. Бұл толық индукция адамның білімін арттырмайды. Егерде біз бірнеше заттарды яки көріністерді бақылап, сол бақыланған заттар, көріністерге ұқсас, тұқымдас барлық заттар, көріністер туралы бір ой шығарсақ, онда біз кем индукция арқылы шығарған боламыз. Мысалы, біз жер жүзіндегі барлық ағаштың суда қалқығанын бақылаймыз. Жоқ, өмірімізде бірнеше ағаштың қалқығанын бақылағанымыз бар. Бірақ біз аз ғана ағаштың қалқығанын бақыласақ та, жер жүзіндегі барлық ағаш суда қалқиды деген жалпы заң шығарамыз. Кем индукцияның дұрыс болуының шарты – бақыланған көріністер арасындағы байлам берік болуға тиісті. Байлам берік болмаса, мысалы, бір көріністің жанында екінші
C C М. Жұмабаев C C көрініс уақытша тұрған болса, нәтиже шықпайды. Мысалы, қазақ көбінесе тымақ киеді. Соған қарап қазақ біткен тымақ киеді, тымақ кимеген адам қазақ емес деп нәтиже шығару, әрине, дұрыс емес. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген сықылды ырымдар – бәрі индукцияның қаталығынан туған. Индукцияның керектігі. Адам білімін осы индукция арқылы ғана байыта алады. Әсіресе кем индукция арқылы. Біз индукция арқылы заттар, көріністер аралығындағы байламды белгілейміз, негізгі заңдарды табамыз. Заттар, көріністер араларындағы байламға қарап тап-тапқа бөлеміз. Бұл – бір. Екінші, біз аз ғана бақыланған заттар, көріністер арқылы бақыланбаған, көрмеген, білмеген сансыз заттар, көріністерді шешеміз. Хатта келешекті де болжаймыз. Баланы үйреткен уақытта біз оған бірнеше мысалдар арқылы жалпы заңды баланың өзіне тапсырамыз. Бірақ біз заттарды, көріністерді жақсылап бақыламай, араларындағы байламды терең тексермей, асығып үстірт нәтиже шығарсақ, бұл нәтижеміз қате болады. Осыдан сақ тану керек. Асығып үстірт нәтиже шығару балада көп болады. Өзінің аты бар, тоны бар бала жер жүзіндегі баланың бәрінін аты, тоны бар деп нәтиже шығарады. Дүниеде аш, жалаңаш, сорлы балалар бар десең, нанбауға мүмікін. Аналогия. Екі заттың бірнеше ұқсас сындары бар екенін тауып, сол екі заттың басқа сындарының да ұқсас екендігін ойлап шығару, екінші түрлі айтқанда, ойдың дербес көріністен дербес емесіне көшуі аналогия деп аталады. Мысалы, астрономдар (көк ғылымына жетік адамдар) айтады: Марста біздің Жердің ауасындай ауа бар, суындай су бар, ендеше Жердегі сықылды Марста да жан иесі бар дейді. Міне, бұл – аналогия бойынша шығарылған нәтиже. Аналогия жай тұрмыста да, пәнмен бір нәрсені тексер генде де көп қолданылады. Әсіресе бала көбінесе осы ана
C C Шығармалары C C логиямен ойлайды. «Пәлен бала тайға мініп жүр, мен неге мінбеймін». «Пәлен баланың пәлендей ісін мұғалім ұнатпа ды, ендеше, онда мен ондай іс істемеймін» деп ойлайды бала. Аналогия да индукция сықылды кейде қате болуға мүмкін. Қате болуы екі зат, яки екі көріністің бір-біріне болмашы бір сында бір-біріне ұқсауынан барлық сында ұқсайды деп ой шығарудан болады. Мысалы, киімдері ұқсас екі адамның білімдері де бірдей деп нәтиже шығару, әрине, қате. Гипотеза. Кейбір көріністердің арасындағы байламды бақылауға мүмкін болмайды. Ол уақытта біз бұл көріністер туралы жалпы заңды жорып, болжап қана шығамыз. Жалпы заңды жорумен, болжаумен шығару гипотеза деп аталады. Мысалы, физикадағы әрбір зат молекула аталған негізгі ең ұсақ бөлімнен тұрады деген гипотеза сықылды. Баланың ойлауы. Бала айналасындағы заттарды, көріністі біліп қана қоймайды, соларды ұққысы келеді. Яғни солар туралы ұғым жасауға, хұкім һәм ой шығаруға ұмтылады. Үш жастан былай бала дамылсыз «Мынау не? Бұл неге жатады? Мынау іс не үшін істеледі?» деген сықылды сұрауларды бере береді. Міне, осы сұраулар балада ойлау болатынын көрсетеді. Бірақ баланың ойлауы терең ойлау емес. Балаңың жанында суреттеулер аз. Суреттеулерден ұғым жасай алмайды. Сондықтан баланың бір зат туралы ұғымы сол заттың суреті болады. Мысалы, бала ағаш туралы ойлағанда, белгілі бір ағаш туралы ғана ойлайды. Баладан «Зат деген не?» деп сұрасаң, «Жылқы» дейді. «Бөрік деген не?» деп сұрасаң, «Менің бөркім, атамның бөркі» дейді. Баланың жаңа ой шығаруы да терең емес. Дедукция бойынша жалпыдан жалқыға, индукция бойынша жалқыдан жалпыға ой жүргізуді бала білмейді. Бала аналогия бойынша ойлайды. Мұнда да көбінесе сыртқы болмашы сындарына қарайды. 2 жыл 10 айлық бір бала тәрелкеге су құйып, ішіне ет салыпты. Не үшін? Етті суға
C C М. Жұмабаев C C ерітем деп. Бұрын солай қантты еріткені бар екен. 10 жасар бір америка баласының мұғалімі тапал бойлы ашуланшақ адам болыпты. Бір уақытта осы мұғалім кеткен соң әкесі басқа бір мұғалім алыпты. Бұл мұғалім де тапал екен. Сонда жаңа мұғалімте бала айтыпты: «Мен сізден қорқам, сіз ашуланшақ шығарсыз»,– деп. «Оны қайдан білдің?» – деп сұрайды мұғалім. «Сіз де тапал екенсіз»,– депті бала. Ойлаудың жан тұрмысы үшін керектігі һәм оны өркендетудің тиістілігі. Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа жануар сықылды заттарды, көріністерді құр жадына, есіне ғана алып, жат бір көрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, оған түсіне алмайтын бір жан иесі ғана болар еді. Келешекте не болатынын, тұрмысы қалай өзгеретінін білмейтін бір саңылаусыз соқыр болар еді. Адам ойлау арқасында ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған себептерді табады. Келешекте оларға ие болатынын ойлап шығарады, келешекті болжай алады. Қысқасы, ойлай білетін адам – шын мағынасымен адам. Ойлау осындай қымбат көрініс болса, әрине, оны өркендету керек. Әсіресе тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керек. Тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, хұкімді теріс жасауға, қате ой шығаруға үйреніп кетеді. Мұндай бала тар ойлы, соқыр сенгіш, ырымшыл адам болып шығады. Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Өркендету жолдары мыналар: 1) Баланың жанында дұрыс әсерленулер һәм ашық суреттеулердің көп болуына ықтиһат қылу керек. Әсер ленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс һәм ашық болмаса, баланың ұғым, хұкім жасауы һәм ой шығаруы қате болады. Ойдың өзінің терең болуы үшін әсерлену һәм
C C Шығармалары C C суреттеулердің көп һәм ашық болуы керек. Қанша дегенмен адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір пікірді ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш пікірді айтуда қасиет жоқ, бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып алсын. 2) Бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша тап-тапқа бөліп үйренсін. Мысалы, дыбыстарды, харіптерді бөлу, өсімдікті, жануарды тап-тапқа бөлу сықылды. Бірақ баланы заттарды, көріністерді тап-тапқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармауға керек. 3) Бала көріністердің, ойлардың араларындағы байламды һәм олардың қайсысы қайсысына себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже – заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады. Адам жанының ақыл яғни білу ісі туралы жалпы бір-екі сөз. Адамның ақыл-есіне жалпы көз салсақ, көреміз: ақыл-есі бірте-бірте басқыштап өркендейді екен. Былайша: біз сыртқы сезім құралдары арқылы сырттан түрлі әсер алып, бізде түрлі әсерлену болады. Яғни әсерлену арқылы біз сыртқы заттардың сындарымен танысамыз. Бұл – сыртқы дүниені біле бастауымызда бірінші адым. Заттың түрлі сынынан болған әсерленулерді бірге қосып, барлық сыны мен заттың өзін суреттейміз. Яғни біздің жанымызда суреттеу болады. Бұл – білудің екінші адымы. Онан соң сол заттан біз айырылсақ та, біз оның суретін бұрынғы қалпында еске түсіреміз. Сол есте сақталған суреттерден жаңа бір сурет жасаймыз, яғни қиял қыламыз. Онан соң суреттеулердің сындарын оймен тексеріп, олардан ұғым жасаймыз. Ұғымдардан хұкім жасаймыз, хұкімдерден жаңа бір ой шығарамыз. Бұдан көрінеді: ақыл ісі әсерленуден басталып, суреттеу, ес, қиялды өтіп, ойға жетеді екен. Ақылдың осылай басқыштап өркендеуін білген тәрбиеші сөз жоқ баланы дұрыс тәрбие қылу жолын білуге тиісті.
C C М. Жұмабаев C C Тіл Жанның жайын жарыққа шығару жолы. Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар: біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика дегеніміз – жанның сырының дене арқылы сыртқа білінуі (бас изеу, күлу, жылау сықылды). Мимика тілін әркім-ақ ұғады. Бірақ мимикамен бар нәрсені ұқтырып болмайды. Мимика – ішкі сезім тілі. Мимика арқылы ойды жарыққа шығаруға мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз һәм басқа адамдардың ойларын біле аламыз. Сөз болмаса, адамда білім болмас еді. Атын атап, сөзбен бекітіп тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сөз болмаса, сөзбен адамзаттың бірін-бірі ұғысуы болмаса, жер жүзіңдегі осы күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді. Қысқасы, жан көріністерінің ең қымбаты – ой, ой тілі – сөз. Тілдің адам өмірінде һәм ұлт өмірінде ұстаған орны. Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып, басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы бар. Жазушы, ақын деген сөз – ойлаған ойын әдемілеп жарыққа шығара алатын адам деген сөз. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып, айтуға тілің жетпесе, іш қазандай қайнайды да. Қысқасы, адамның толық мағынасымен адам аталуы тіл арқасында. Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт
C C Шығармалары C C болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Казақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші. Қазақ тілін қолданбақшы. Осы күнде-ақ айналып келе жатыр. Татардың әдебиет тілі жыл-жыл сайын қазақ тіліне жақындап келеді. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ ұлты төрден орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік. Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Таралған түрік балаларын бауырыңа Ақ қолыңмең тарта аларсың сен, тілім. Баланың тілі. Бала а дегенде іңгәлауды ғана біледі, яғни мағынасыз бір дыбыс. Іңгәлау – баланың жанында болған жағымсыз әсерле нулерді дыбыспен жарыққа, сыртқа шығарғаны. Екінші айдың аяғыңда, үшінші айда бала дауысты дыбыстарға бірте-бірте дауыссыз дыбыстар да қоса бастайды. Ең алғаш ерінмен айтылатын дауыссыз дыбыстарды қосады. Сол кезде баланың жанында суреттеулердің, һәм ұғымдардың ұшқындары да бола бастайды. Яғни, маңайындағы заттарға қарап, олардан әсер алып, әсіресе олардың күшті бір сыны-
C C М. Жұмабаев C C нан күшті әсер алады да, сол затқа сол баланың қарауыңда күшті сыны бойынша ат қояды. Яғни сөз жасайды. Мысалы, сиырды «мө» дейді, мысықты «мияу» дейді. Екінші түрлі айтқанда, бала затқа атты сол заттан шыққан дыбысқа еліктеп қояды. Бір жылдың аяғында бала көп сөздерге түсінетін болады. Бірақ өздері айта алмайды. Бір жасар баланың білетін сөздері 10-15-тен артпайды. Ал енді бала жаңа жүре бастаған кезде (2-нші жаста) оның сөз үйренуі біраз тоқтап қалады. Жүріп үйреніп алған соң, тағы сөзге кіріседі. Бір жарым жас кезінде бала бірта лай сөз айта алатын болады. Бірақ түгел айта алмайды. Сөздің не басын, не аяғын ғана айтады. Мысалы, баланың ішем дегені де – «іш», ішеді дегені де – «іш», іш дегені де – «іш». Ал енді бала айта алмайтын дыбыстың орнына екінші дыбыс қолданады. Мысалы, «р» орнына «и» жүргізеді. Кейбір адамдардың баланың өз тілінше сөйлеп, балаға тез ұқтырам деп, яки баланы еркелетіп әдейі тілдерін бұзып, балаша шолжыңдап сақау болып сөйлейтіндері бар. Бұл – зор қате. Бұлай сөйлеу баланы түземейді, бұзады. Баланы адастырып, оның сөзді дұрыс сөйлеп үйренуіне бөгет болады. Бала сөзін дұрыс сөйлеген үлкен кісінің сөзіне қарап дұрыстайды ғой. Бала бастап заттардың атын (зат есімдерді), онан соң заттардың ісін (етістіктерді), онан соң заттардың сынын (сын есімдерді) айтып үйренеді. Екінші жылдың аяғында бала қысқа сөйлемдерді айта алады. 3–4-інші жылда бала жап-жақсы сөйлейтін болады. Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек. Және балаға ұқпайтын жат сөз үйретпеу керек. Екінші – баланы өзі теңді балалармен бірге ойнату керек. Баланы ешбір уақыт сөзден тыймау керек. Былдырласын, шолжыңдасын – сөйлей берсін. Ал енді баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын – мектеп.
C C Шығармалары C C Ішкі сезім көріністері Біз жан тәрбиесіне кіргенде жан көріністерін үшке бөліп едік: ақыл көріністері, ішкі сезім көріністері һәм қайрат кө ріністері деп. Ақыл көріністерінің қандай түрлерге бөлінуін һәм оларды қалай тәрбие қылу керек екендігін біз жазып өттік. Енді ішкі сезімдерге көшеміз. Ішкі сезімдер. Адам бір нәрседен әсерлену алып, сол нәрсемен таныс болып тұрғанда, адамның жаныңда не жағымды, не жағымсыз бір күй болмай қоймайды. Мысалы, жағымды дыбыстан әсерлену алғанда, жан жағымды күйде болады. Жағымсыздан жағымсыз күйде және болып озған бір әсерленуді суреттеу жасағанда да жанда не жағымды, не жағымсыз күй болады. Мысалы, біз жақсы көрген адамдарымызды суреттесек, жанымыз жағымды күйде болады. Жек көрген адамымызды суреттесек, жанымыз жағымсыз күйде болады. Қысқасы, әсерлену уақытында яки суреттеу уақытында жанымызда не жағымды, не жағымсыз бір толқын болмай қоймайды. Міне, осы әсерлену һәм суреттеу уақытында жанда болатын толқын ішкі сезім деп аталады. Әсерлену мен ішкі сезім арасыңда көп айырма бар. Әсерлену дене мен жанның қатынасуымен болатын көрініс. Ішкі сезім – таза жан көрінісі. Бұл – бір. Екінші, әсерлену арқылы біз сыртқы заттармен танысамыз. Ал енді ішкі сезім арқылы біз заттарға, көріністерге баға береміз. Егер қадірлі деп тапсақ, жанымыз жағымды күйде болады, қадірсіз деп тапсақ, жанымыз жағымсыз күйде болады. Ішкі сезімдердің жасалуы. Адамда ішкі сезім болу үшін біздің жанымызда бұрын бірнеше әсерленулер һәм суреттеулер болу шарт. Себебі ішкі сезім бір тұқымдас бірнеше әсерленулерді һәм суреттеулерді бір-бірімен салыстырумен болады. Мысалы, біз «мына қартина әдемі екен» десек, сонда біз сол картинаны оймен басқа картиналармен са-
C C М. Жұмабаев C C лыстырып айтып отырмыз. Салыстырылатын бұрынғы мен жаңа екі суреттердің бұрынғысы ішкі сезімнің негізі деп, соңғысы ішкі сезімді оятушы деп аталады. Негізгі суреттеу әр адамда әр түрлі болады. Әрбір адамңың ішкі сезімі сол адамның жанының қандай күйде тұруына, оның біліміне һәм денесінің қандай күйде тұруына байлаулы болады. Мысалы, бір әннен бір уақытта жағымды әсерлену, екінші уақытта жағымсыз әсерлену алуға мүмкін, яки білімді, оқыған адам бір нәрседен жағымсыз әсерлену алғанда, сол нәрседен оқымаған надан адамның алған әсерленуі жағымды болуға мүмкін. Яки сау адамның бір нәрседен алған әсерленуі жағымды болғанда, сол нәрседен ауру адамның алған әсерленуі жағымсыз болуға мүмкін. Ішкі сезімдердің сыртқа шығуы. Жаңда болған әрбір ішкі сезім сыртқа шықпай, яғни денеге әсер бермей қоймай ды, не бет өзгереді, не дауыс өзгереді, не жай денеде бір әсер болады. Мысалы, ұялғанда бет қызарады, қорыққанда дауыс, дене дірілдейді. Халық ішкі сезімдердің орны жүрек деп біледі. Бұл пікірде әжептәуір дұрыстық бар. Шынына келгенде әрбір ішкі сезімнің болуына ми себепші, бірақ ішкі сезімнен көп әсерленетін – жүрек. Мысалы, қуаныш уақытында жүрек жұмысын жылдам атқарады – «ойнайды», ал енді реніш уақытында жұмысын шабан атқарады – «қысылады». Ішкі сезімдердің бөлінуі. Бірінші, ішкі сезімдер мінезіне қарап екіге бөлінеді: жағымды һәм жағымсыз ішкі сезімдер. Яғни қандай болса да ішкі сезім мінезіне қарағанда не жағымды, не жағымсыз болмай қоймайды. Екінші, ішкі сезімдер күшіне қарап бөлінеді. Күшіне қарағаңда сезімді екіге айыруға болады: жанның күйі һәм аффект жан күйі. Адамда бір ішкі сезімнің ұзақ болуы ж а н к ү й і деп аталады. Мысалы, адамда қайғы ұзақ болса, оның жан күйі де қайғылы мінезді болады. Кейбір адамдардың жаны өмір
C C Шығармалары C C бойы бір күйде болады. Мысалы, туғаннан бері тарлық, кемдік, жоқтық, науқас көрмеген адам ылғи қуанышты, шат болады. Өмір бойы кемдік, тарлық көрген қу қанжыға адам жадырауды білмейтін болады. Аффект. Тіпті күшті болған ішкі сезім аффект деп аталады. Аффект көбінесе кенет болады. Оны құйынмен ұқсастыруға болады. Ішкі сезім аффект дәрежесіне жеткен уақытта жанның басқа күштері әлсіреп, жұмысы шабандап қалады. Мысалы, ашу уақытта, қатты қорыққан уақытта ақыл жөнді жұмыс қыла алмайды. Аффект тым күшті дәрежеге жеткенде, не істеп, не қойғанын ойлай алмайды. Мысалы, күшті аффект уақытында адам төбелесіп қалады. Кісі өлтіріп тастайды. Кенет күшті болатын аффект адамның денесіне де күшті әсер береді. Бетті қуартады, қызартады. Денені дірілдетеді, күлдіреді, жылатады, кейде кенет шашты ағартады. Аффект нерв системасына күшті әсер береді, аффектіден соң адам әлсіреп қалады. Ішкі сезімдер тағы екіге бөлінеді: өзімшілдік (эгоизм) ішкі сезімдер һәм көпшілдік (альтруизм) ішкі сезімдері. Кіндігі өзімізде болған, яғни біздің не әлсіздігімізді, не күштілігімізді көрсететін ішкі сезімдер өзмшілдік ішкі сезімдері деп аталады. Ұялу, қорқу, батырлық, ашу, жек көру, тәкаппарлық, күншілдік сықылды. Ал енді басқа адамдар һәм жаратылыс үшін болатын ішкі сезімдер көпшілік ішкі сезімдері деп аталады: достық, аяу сықылды. Баланың ішкі сезімдері. Баланың тұрмысында ішкі сезім зор орын алады. Бала бір нәрседен әсерлену алғанда, ол әсерленудің жағымды яки жағымсыздығын бірінші орынға қояды. Баланың ішкі сезімдері тез, жеткен адам сезімдерінен былайша айрылады: 1) баланың ішкі сезімдері (ұшқыр. – ред.) болады. Жылдам оянады. Мысалы, бала тез қуанады, тез қайғырады, күлуі де, жылауы да тез; 2) баланың ішкі сезімдері күшті, құйындай екпінді болады.
C C М. Жұмабаев C C Мысалы, баланың қолындағы ойыншығын ойнап қана алсаң да, ол қатты ашуланады; 3) баланың ішкі сезімдері тұрақсыз, құбылымпаз, құйындай тез басылады. Мысалы, қатты ашуланып тұрған бала бір қызық нәрсе көрсе, қуанып кетеді, күліп жібереді. Ішкі сезімдердің адам өмірінде ұстаған орны зор. Әсіресе баланың өмірінде ішкі сезім көп рөл ойнайды. Біздің ісімізге белгілі бет алдыратын – көбінесе осы ішкі сезімдер. Біз жағымды нәрсені істейміз, жағымсызды істемейміз. Бізде жағымды сезім оятпайтын істі біз шабан, көңілсіз істейміз, оятатын істі шаттықпен, шын ынтамен істейміз. Адамның бақытты, бақытсыз болуы да осы ішкі сезімдерден. Жөпшенді нәрседен жағымсыз ішкі сезім алмайтын адам бақытты, тым сезімпаз адам бақытсыз. Сондықтан ішкі сезімдерді дұрыс тәрбие қылу керек. Ішкі сезімдерді тәрбие қылу, тәрбиеден мақсұт һәм тәрбие жолдары. Баланың ішкі сезімдерін тәрбие қылғаңда тәрбиеші алдымен баланы үйрету керек. Дұрыс, пайдалы, жоғары нәрседен ләззат алуға, төмен, пайдасыз нәрседен жиренуге һәм осы ұмтылу мен жиренуді терең, берік қылуға тырысу керек. Бұл мақсатқа жеткізетін жолдар: 1) Дұрыс ішкі сезімдердің көп болуына, нашарлардың болмауына жәрдем көрсету керек. Яғни баланы ұнамсыз ішкі сезімдерді оятатын себептерден сақтау керек. Мысалы, балалардың біреуіне базарлықты, ойыншықты көп беріп, біреуіне аз беріп, арада күншілдік туғызбау керек. Жануарды, малдың төлін, мысықты әуре қылғызып, ұрғызып үйретпеу керек, бала қатал болып шығады. 2) Баланың маңайындағы адамдар балаға жақсы мысал. Бала еліктегіш, маңайындағы адамдардың, әсіресе атаанасының мінезіне салып алады. Бала жүргенде, сөйлегенде ата-анасындай болуға тырысады. Ата-ана қатал болса, бала да қатал; ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ. Қымс етсе
C C Шығармалары C C ашуланып, ақырып-бақырып қоя беретін ата-ананың баласы да сондай. Сондықтан баланың маңайындағы адам дұрыс мінезді болу керек. Өзімшілдік ішкі сезімдердің біреуі – ашу. Екінші кісі тарапынан бізге әдейі көлденең тартылатын бір бөгетке, кедергіге ұшырасақ, біздің жанымызда ашу сезімі пайда болады. Бізге бір жансыз нәрсе зиян қылса, кедергі болса, яки бір адам байқамай бізге кедергі жасаса, біз оған ашуланбаймыз. Қысқасы, ашу сезімі адамда екінші бір адамға қарсы ғана оянады. Баланың ашуланып қуыршақты, шыбықты ұруы баланың сол нәрселерді жанды деп білуінен. Ашу ең күшті дәрежеге, құтыру дәрежесіне жеткенде, адам ақылынан айырылып, не істегенін білмейді. Балада қайрат әлсіз, бала өзінің күшін шамалай алмайды һәм маңайын дағы нәрсенің бәрін жанды деп біледі. Сондықтан балада ашу сезімі тез оянады: ол жылдам ашуланады. Баланың ашуы жылаумен, айғай салумен һәм ашу тудырған нәрсеге зиян келтіруге ұмтылумен жарыққа шығады. Бала қатты ашуланғанда не шалқасынан, не етпетінен домалайды, жер тепкілейді. Қолына түскен нәрсені тырнайды, тістейді. Баланың мұндай ашуын бітіру үшін долданып жатқан баланы байқамағандай болу керек. Бала өзі басылған соң, ұрыспай, жай ғана балаға былай долданудың ұнамсыз екенін, түбі пайдасыз екенін ұқтыру керек. Ашуланған бала сол ашуды туғызған нәрседен өш алуға ұмтылады. Балаға өш алдырып үйретпеу керек. Адамнан, малдан өш алдыру былай тұрсын, жансыз нәрседен де өш алдыру дұрыс емес. Мысалы, табалдырыққа сүрініп жығылған балаға табалдырықты ұрғызу яки ұру жөнге келмейді. Өш алды рып үйрету баланы малға, жанға – бәріне де қайырымсыз, қатал қылып шығарады. Қорқу сезімі адам жанында адам бір бақытсыздық күткенде болады. Қорқу сезімінің бірнеше басқышы бар.
C C М. Жұмабаев C C Жеңіл қорқу тынышсыздану деп, қатты қорқу үрей ұшу деп аталады. Қорқу сезімінің күштілігі келе жатқан қорқыныш тың шамасына, дененің сезімпаздығына байлаулы. Қиялы бұзылған яки денесі ауру адам қорқақ болады. Корқу сезімі неғұрлым күшті болса, оның жанға һәм денеге әсері де сонша күшті болады. Үрей ұшқанда адам қозғала алмай, сөйлей алмай қалады. Есінен айрылады, кейде кенет шашы да ағарып кетеді. Бала тым қорқақ келеді. Мұның себебі – баланың қиялы тым тірі һәм денесі әлсіз. Бала желден, сықырлаған есіктен қорқады, қозыдан, лақтан қорқады, жат кісіге жоламайды. Әсіресе көп қорқытылған бала тым қорқақ болады. Ал енді қорқытылмай өскен бала батыр болады. Мұндай бала қараңғы үйге кіріп жүре береді. Жалғыз жатып ұйқтай береді. Баланы қорықпайтын ер қылып өсіру үшін оның денесін һәм жанын сау, берік қылып тәрбие қылу керек. Алдымен баланы ешбір уақыт қорқытпау керек. Бөки келеді, жалмауыз кемпір келеді, пері, жын, шайтан, албасты, обыр келеді деген сықылды сөздермен баланы қорқыту қып-қызыл зиян. Мұндай сөздерді, ертегілерді, әңгімелерді естіп өскен бала өмір бойы су жүрек, қорқақ болады. Жасында қорқытып үйренбеген бала өскенде ер болады. Ер болып үйренуден адамға ер болу керек деген құр сөз пайда бермейді. Ерлікке іспен үйрету керек. Мысалы, қараңғы үйге кіруге қорқатын баланы үлкен адам өзі бірге алып кіргізіп үйретсе, бала қорықпайтын болады. Тырсылгүрсіл, қатты атыс, соғыстың ішінде жүрген адам қорқудың не екенін білмейді. Жоғарыда айтылған баланы қорқыту қате деген сөзден балаға жаза қылудың дұрыс еместігі келіп шығады. Яғни баланы жазамен қорқыту еш дұрыс емес. Жазамен қорқытқанда бала нәрсені істегісі келіп істеп, болмаса істемегісі келіп істемейді емес, жазадан қорыққаннан ғана
C C Шығармалары C C не істейді, не істемейді. Яғни бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді. Баланы ұру, соғу ісі – адамшылыққа ұнамайтын іс. Ұрылып, соғылып тәрбие қылынған бала жанының бар жақсы мінездерінен, ақылынан, есінен айрылып, миғұла болады. Өтірікші, алдауыш болады. Су жүрек, жасқаншақ болады. Ұру баланың денесіне де көп зиян келтіреді. Қазақта бала ұрмайтын ата-ана сирек шығар. Талай ата «жүгермек» деп, талай ана «көкала келгір» деп жап-жас балаларын салып-салып жіберіп, сілейтіп тастаушы еді-ау! Әсіресе молдекелер! Таң атқаннан күн батқанша, көк шыбық сынғанша сабайды. Баланың көзі кітаптан кішкене бұрылып кетсе, салып жібереді. Қарғыс тигір көк шыбықтың сорлы баланың арқасына шып-шып тимейтін шағы бар ма еді? Көк шыбық тиген сайын қайқаңдап, жас жүрегіміз елжіреп, көзіміз ыстық жасқа толып, зарменен әліпсін-ә, әлбәсін-әй деп талайымыз отырмап па едік? Молда атын көтерген хайуан бар күшімен құлағымыздан тартқанда, тістеніп тұрып тілімізді тартқанда, талайымыздың құлындағы дауысымыз құраққа шықпайтын ба еді? Надан молданың осындай хайуандық әсерінен талайы мыз-ақ «сабақ», «молда» деген сөздерді естігенде денемізге суық су құйып жібергендей болмаушы ма едік. Қазақтың кейінгі буын балалары! Хайуан құлықты надан молдалар заманында тумағаныңа қанша шүкірлік қылсаң да аз. Ал енді баланы ұрма, ұрыспа, сөкпе дегеннен бала бір жола тізгінсіз болсын, істеген істері туралы ешкімге жауап бермесін деген сөз шықпайды. Абзалы, тәрбиеші баланың нашар істі өзі істемеуіне, нашар мінезден өзі қашуына тырыссын. Яғни ешкім айтпай, қорқытпай, баланың өзі жамандықтан, нашар мінездерден жиренетін болсын. Баланы мұндай қылып шығару қорқыту, үркіту арқасында емес,
C C М. Жұмабаев C C бәлки махаббат, жылы сөз, жұмсақ іс арқылы ғана болуға мүмкін. «Жылы-жылы сөйлесе, жылан інге кіреді» есте бо лу керек. Таяқ адамды емес, үйретсе аюды ғана үйрете алар. Жоғарыда біз бала істеріне жауапты болуға тиіс дедік. Бұл сөздің мағынасы баланың нашар ісіне жаза шеттен алынып келінбесін. Яғни бір нашар іс үшін баланы ұру, ұрсу, бір нәрсе бермеймін, яки бір нәрсесін алып қоямын деп қорқыту жарамайды. Бұлай істегенде бала нашар істен сол істің нашар болғандығы үшін тыйылмайды, бәлки таяқтан, сөзден аман қалу үшін, бір нәрсені алу, яки бір нәрседен айрылып қалмау үшін ғана тыйылады. Ал енді бала нашар істен сол істің нашарлығын біліп тыйылсын десек, сол істің нашарлығын іспен көрсету керек. Яғни нашар істің нәтижесі де нашар болатынын бала іспен көрсін. Мысалы, өтірік айтқан адамның сенімі кетеді, ұрлық қылған адамның қадірі кетеді. Ұялу сезімі. Егерде біз өзіміз қымбат көретін адамдарымыз мінегендей бір мін іс істесек, біздің жанымызда ұялу сезімі болады. Жер жүзінде ұялмайтын адам жоқ. Бірақ білімі, тәрбиесі, мінезіне қарай әр адамның ұялуы да әр түрлі болады. Мысалы, білімсіз адам айылын жимайтын істен білімді адам ұялып өліп қалады. Жұмсақ мінезді адам ұялшақ келеді. Ұялу оңай нәрсе емес. Адамға ұялудан күшті жаза жоқ. «Өлімнен ұят күшті» дейді қазақ. Қазақтың бұрынғы күнде нашар іс істеген адамдарға істеген жазаларының көбі ұялту болған. Мысалы, қазақтар әйелді қара өгізге теріс мінгізіп, бетіне күйе жағып, үстіне құрым жауып ауылды айналдырады екен. Әрбір елдің заңыңда ұялтуға негізделген жаза нағыз қатты жаза деп саналады. Сондықтан тәрбиеші баланы ұялтып, жаза қылуға өте сақ болуы керек. Ұялту, келемеж қылу баланың жақсылыққа, жоғарылыққа ұмтылатын барлық ынтасын байлап, өлтіріп, баланы жасық, ынжық қылады. Бала қорғаншақ, өзіне-
C C Шығармалары C C өзінің сенімі жоқ, жасқаншақ болады. Ұялу сезімінің қарсысы – өзіне-өзі разы болу сезімі. Адамда бұл сезім басқалар оны жақсылағанда, мақтағанда болады. Өзіне өзі ылғи риза болып жүретін тәкаппарлық сезім пайда болады. Тәкаппарлық сезімі яғни адамның өзін ірі деп санауы, шектен шығып кетпесе, әрине, дұрыс сезім, дұрыс мінез. Бірақ шектен шығып кетпесін, яғни адам өзінің істері, мінездері ірілігін емес, төмендігін көрсетіп тұрғанда, өзін ірі адам деп санайтын болмасын. Жоғарыда айтылған себептерден баланың өзіне-өзі разы болу сезімін өте сақтықпен тәрбие қылу керек. Баланың өзін мақтама, ісін мақта. Мақтағанда мақтауға тұрарлық ісін мақта. Баланың жеңіл істерін мақтай беру балада менмендік, ретсіз тәкаппарлық туғызады. Қайта бір жеңіл дұрыс ісі болса да, нашар шәкіртті мақтау керек. Қалайда мақтауға мырза болу жарамайды. Бір шәкіртті, бір баланы мақтау басқа балалардың рухын түсіреді, ынтасын өлтіреді. Ал енді жақсы оқуы, дұрыс құлқы үшін шәкірттерге сый (наград) беру, үлестіру тіпті дұрыс емес. Мұндайда сый алған балалар сый алу үшін ғана тырысып, кеуделеріне орынсыз менмендік, ретсіз тәкаппарлық кіріп, сый алмаған балалар күншіл һәм өзіне-өзі сенбейтін жасық болып шығады. Күншілдік ішкі сезімдерінің бірі – аяу һәм достық. Аяу сезімі әр адамда болады. Адам бір нәрсені аяғанда бір мақсұт үшін яки сол нәрсе дұрыс болғандықтан аямайды, тек сол нәрсе аяныш көрінсе, аяйды. Біз суға батып бара жатқан адамды көрсек, осыны құтқарып, осыдан олжа алайын деген оймен емес, ешбір ойсыз, жанымызды өлімте байлап толқынға кіріп кетеміз. Яки біз өзінің тиісті, жолды жазасын тартып жатқан, яки тартайын деп тұрған бір жазалы адамды көрсек те, аяймыз. Қасірет, бейнет көрген адам неғұрлым бізге жақын болса, сонша терең аяймыз.
C C М. Жұмабаев C C Біреуді біреу аяп, қайғысына ортақтасқандай, қуанышы на ортақтаса алмайды. Біреудің қуанышына ортақтасу орнына адамда күншілдік пайда болады. Бұл жалпы адамдықтың бір төмен, ұнамсыз мінезі. Бір ғалым айтыпты: қайғыға ортақтасу үшін адам болу жетеді. Қуанышқа ортақтасу үшін періште болу керек. Тәрбиеші балада осы мінезді де әлсіретуге ұмтылу керек. Достық сезімі адамда сол адамның жанына екінші бір адамның жаны барлық мінездермен үйлесетін болса, сонда болады, Аяғанда адам ойламай, аңдамай аяйды. Дос болғанда ойлап, аңдап дос болады. Екі дос бірге болса, араларында достық беки береді. Егер айрылса, достық әлсірейді. Аяу сезімі адамда ерте басталады: бір жасқа толмаған бала күлсең – күледі, жыласаң – жылайды. Ал еңді достық ақыл біраз орныққан соң болады. Жеткен адамдардың баланы аяуы балаға өте қымбат. Баланы кім аяса, оған сол жақын. Ата-анасы өліп, жетім қалған баланы ең алғаш кім бауырына тартса, бала соған бауыр басып кетеді. Бала біраз есейіп, басқа балалармен ойнай бастаған кезде, онда достық сезімі оянады. Бірге ойнайтын балалардың ішінен бала өзіне дос тауып алады. Достық сезімінің балаға көп пайдасы бар. Досының көңілін тауып үйреніп, бала өзімшілдік мінездерден аулақ болады. Өзінің дос баласы ның сөзін бала үлкен адамның сөзінен артық тыңдағыш келеді. Сондықтан тәрбиеші баланың достарының дұрыс балалар болуына қам қылуға міндетті. Ішкі сезімдердің біреуі – іш пысу. Іш пысу – көңілсіз бір сезім. Іш пысудың жоғарғы дәрежесі – еш нәрсеге қызықпау, еш нәрсеге ұмтылмау. Еш нәрсеге қанағаттанбау дәрежесінде іш пысу апатия деп аталады. Іш пысудың бас себебі – іссіздік. Ісі жоқ, жұмысы жоқ адамның іші пысымпаз болады. Ылғи еңбек қылатын адам
C C Шығармалары C C іш пысудың не екенін білмейді. Баланың сотқар, тентек болуы өзіне лайық іс таппай іші пысқандықтан. Іші пысқан соң әр нәрсеге тиісіп, бүлдіре береді. Іш пысудың екінші себебі – бір түрлілік. Бір түрлі әсерлер, бір түрлі суреттер адамды жалықтырады, қа жытады, ішін пыстырады. Мысалы, біз бір кітапты қайтақайта оқысақ, бір әңгімені қайта-қайта тыңдасақ, біздің ішіміз пысады. Мұғалім бір сөзді ұзыннан-ұзақ соза берсе, шәкірттің де іші пысады. Әсерлер, суреттер тез алмасса да, адамның іші пысады. Мысалы, көз алдымызда түрлі-түрлі нәрселер тез-тез алмасқандықтан, біздің отарбада кетіп бара жатқанда ішіміз пысады. Мұғалім үсті-үстіне төпеп, түрлі білімді, түрлі сөзді айта берсе, баланың да іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімінің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен, жинақты, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың іскерлігін өзіне қарата алады. Болмаса баланың іскерлігі басқа нәрсеге ауып кетеді. Сабақ уақытында балалардың ойнауы, тыныш отырмауы, бір-бірімен сөйлеулері мұғалімнің жинақ, жігерлі бола білмегендігінен. Ішкі сезімдердің адам үшін ең қымбаттары – сұлулық һәм құлық сезімдері. Сұлулық (эстетика) сезімдері Жаратылыстың һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдырлаған бұлақ, шетсіз-түпсіз қара көк теңіз, түрлі шөптер мен толқын данған дала, бұлтпен таласқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерке сұлу ай, жұлдызды түн, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері яки искусствоның тылсымдай жанды билеп алып кететін ән, сиқырлы сөз, сұлу картина сықылды әсерлері адам
C C М. Жұмабаев C C жаныңда бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды. Архитектура, сұлу сурет (живопись), скульптура сықылды пластика искусствосы адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады. Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылынуға тиісті. Сұлулық сезімдерін тәрбие қылу. Әр адамңың сұлу лық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі музыкадан, біреудікі сұлу суреттен, біреудікі поэзиядан. Искусствоның әйтеуір ірі бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиешінің міндеті – балада искусствоның қандай-қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады: 1) Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Бала бұлақтың былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің гүрілдегенін естісін; жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көкті, түрлі түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын. Балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың іскерлігін аудара білу керек. 2) Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза болсын. Таза деген сөзді қымбат деп ұғу қате. Тегін де қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Баланың ма ңайындағы нәрсе қымбат болмасын, таза, ретті, тәртіпті болсын. Үйдің іші, киім-кешек, ыдыс-аяқ – бәрі таза болуға
C C Шығармалары C C тиісті. Баланың үсті-басы, денесі, беті-қолы – бәрі таза ұс талуға тиісті. Баланың маңайындағы жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға міндетті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былыққа үйренген бала былық болады. Ас жеп отырып әжесі жалаңаш қолымен мұрнын сіңбіріп яки баланың нәжісін ұстап, қолын жөндеп шаймастан тағы асқа кіріссе, бала да осыны істейді. Кейбіреулердің былықтықты ырыс көруі надандықтың әбден асқынғандығы ғой. Баланың маңайындағы сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Былық сөздерді естіп өскен бала өмір бойы былық, былапыт тілді болады. Отағасы-ау! Бала-шағаның алдында былық-былапыт сөздерді сапырып сөйлеуіңді қой. Қайдағы құдай атқан сөздерді естіп өскен ұлыңда қандай әдеп болады, қызыңда қандай қылық болады?! Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұ рыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Жер жүзінде біздің қазақтың денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан жексұрын дене, жексұрын жүріс-тұрыс кемде-кем-ақ шығар. Аяғы қисық, жауырыны қушық. Ақыл қарында тұратындай-ақ, қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би болады-мыс! Семіз болып пысылдап отырса, айбынды «адам» болады-мыс! Кейбір мырзалар сал боламын деп жүргенде қиқаңдай ма керек, бұраңдай ма керек, қарап тұрсаң жүрегің айнып, құсқың келеді. Осыларды көріп өскен қазақ баласының денесінде не сұлулық болады? Қазақ! Жұртқа күлкі болмайын десең, бұл мінездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып өсір. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты сүйсе, оған ауру үйір болмайды. 3) Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін. Неше түрлі сұлу
C C М. Жұмабаев C C түрлерді, түстерді көрсін. Сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының әуендерін тыңдасын, сурет салып үйренсін, ән салып, музыка құралдарын ойнап үйренсін. Міне, осыларды естісе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді. Білу керек, топас адам – тірі өлік. Құлық сезімдері Адам өзінің әрбір ойына, әрбір ісіне ішінен баға беріп отырады. Ізгі ой, ізгі іс адамда жағымды сезім туғызады. Адамға қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретін ой һәм іс ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу – адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе. Ойдың яки істің ізгі яки жауыз болуына қарап, сол ойға яки іске іштен баға бергеңде, адамда болатын жағымды яки жағымсыз сезімдер құлық сезімдері деп аталады. Құлық сезімдері жасқа, дұрысын айтқанда білімге қарап, әр адамда әр түрлі болады. Білім неғұрлым төмен болса, құлық сезім дері де сонша төмен, тар болады. Мысалы, білімі кем адам бір ой яки іс түбінде пайдалы болып шығар ма, жоқ па, оны байқай алмай, сол уақытында жағымды, пайдалы болса, оны ізгі ой, ізгі іс деп біледі. Ұрлық қылған надан адам «ұрлық түбі қорлық» екеніне көз жібере алмай, уақытындағы пайдасын ғана көреді. Бала барлық еркелігінің, барлық тілегінің орындалып отырғанын ғана жақсы көреді. Еркеліктің орыңдалуын ізгілік деп біледі, еркеліктің орыңдалмауын жауыздық деп біледі. Ал енді адам есейген сайын, дұрысы, білімі артқан сайын оның құлық сезімдері де жоғарылай, тереңдей, кеңейе береді. Яғни адам ақылы тереңдеген сайын дүниеде ол жалғыз өзі тұра алмайтындығын, басқа адамдармен бірге тұруға мұқтаждығын, өзінің ойын һәм ісін басқа адамдардың ойлары һәм істерімен қабыстырып отыруға міндеттілігін, яғни өз басына келетін пайдаға ұмтылып, өз басына келетін зияннан безбей, сол өзгемен
C C Шығармалары C C бірге дүниеде тұратын басқа адамдарға да пайда келіп, зиянның болмауын тілеу тиістілігін, міне, адам білімі, ақылы тереңдеген сайын осыларға ұмтылады. Яғни оның құлық сезімдері осылай тереңдейді. Мысалы, балада бір ауыздан анасын сүю сезімі оянады. Ананы сүю, анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу деген сөз. Біраз ес білген соң туысқандық сезімі, яғни араласып айналасында жүрген адамдарды сүю сезімі оянады. Онан соң білім тереңдеңкіреген кезде адамда елін сүю сезімі оянады. Өз-өзін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық адамзатты сүю сезіміне алып барады. Бұл сөздердің көрінісі – ізгілік деген сөздің дұрыс, һәм толық мағынасы мынау екен: әр адамның өзін сүюі, яғни жауыздықтан безіп, ізгілікке үмтылуы, туысқандарын сүюі, яғни оларға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, өз елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеу, һәм басқаларға зиян келтірткізбеу, ең негізінде біткен адамзатты дос, һәм бауыр көру екен. Міне, кімде-кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе біткен адам баласы бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз. «Әсіресе» деген сөзді қосуымыздың мәнісі мынау: адамның өзін-өзі сүюі, туысқандарын сүюі бұл ол адамның құлық-мінездерінің төмен тұрғандығын көрсетеді. Өзін-өзі соқыр сезіммен мал да сүйеді, пайдаға ұмтылады, зияннан безінеді. Туысқандарын мал да сүйеді, бие құлынын қорғайды. Адамның шын мағынасымен адам болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт. Өзінің һәм жақындарының ғана пайдасын іздемей, жалпы момын халықтың пайдасын іздеуі шарт. Халық пайдасын өз пайдасынан да ілгері қоюы шарт. Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін. Қазақтың жазушысы Міржақып Дула тов бір өлеңінде:
C C М. Жұмабаев C C Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, Емеспін жемісі көп тамаша ағаш. Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш,– дейді. Міне, алашты халық десек, халықты шын сүйген адам «жарты жаңқасы» қалғанша халық үшін қызмет істеуге тиісті. Өз елін сүю дегеннен адам өз халқынан басқа халықтарды мейлінше жек көрсін, басқа халықтарға қасқыр болып тисін деген сөз шықпайды. Бұлай болса жер қанға тұншығып, бұзақылық белең алып, жауыздық өрлеп, жер жүзінде тыныш тұрмыс болмас еді. Европа мемлекеттерінің мына 1914 жылдан бері қан төгіп жатқаны, одан бұрынғы да соғыстар бұған айқын дәлел. Әрбір халық бір-біріне жау болсын деп ұғу қате, адам өз халқының адамдарын сүюінің үстіне басқа халықтардың адамдарын да сүюге міндетті. Міндетті ғана емес, еріксіз сүймек. Жер жүзіндегі адам адамды сүймек. Бұл – адамның жаратылысындағы негізгі мінез. Осы жерде «дін сезімдері» деп аталатын сезімдер туралы бір-екі сөз айтып өтейік. Бірқатар адамдарда мынадай бір пікір бар: адамның құлық сезімдері күшті болу үшін, яғни адам ізгі болу үшін, жауыздықтан тыйылып, еркіндікке ұмтылу үшін адамда дін сезімдері күшті болуы керек. Дін сезімдерінің негізі – дүниені жаңартушы, дүниеде бар лық нәрсені істеп тұрушы бір тәңір бар деп сену һәм сол тәңірге адам өзін пенде деп білу. Тәңірінің құдіреті алдында адам өзінің әлсіздігін сезіп, тәңірге құлшылық қылу, яғни жауыздықтан тыйылып, ізгілікке ұмтылу. Барлық кемшіліктен азат тәңірге жағу үшін барлық кемшіліктен безу. Ізгілік істесе – тәңірінің көңілін табуға, разылығын алуға, махаббатын тартуға яғни жұмаққа кіруге сену. Жауыздық
C C Шығармалары C C істесе – тәңірінің наразылығын алуға, ашуына, қаһарына ұшырауға яғни тамұққа кіруге сену. Міне, дін сезімдерінің негізі – осы. Осы дін сезімдері күшті адам яғни тәңірінің барлығына, құдіретіне сиынып, онын махабатын алуға, қаһарына ұшырамауға ұмтылатын адам өмір бойы ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан безбек. Дін сезімдері туралы пікір осы. Бұл – баяғыдан бері келе жатқан пікір. Бұл пікір туралы бұл күндегі үстем ой, ғылымға сүйенген үстем ой мынадай: дін сезімдеріне мұнша артық баға беру, адамды жауыздықтан бездіріп, ізгілікке ұмтылдыратын – дін сезімдері ғана деп ұғу дұрыс емес. Құлық сезімдері, яғни адамның жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылатын мінезі адамның жаратылыстарында бар. Кісі өлтіру, ұрлық қылудың жауыздық екенін білу үшін дінді білу шарт емес. Ізгілікті сезу – адамның жаратылысына, табиғатына берік байланған нәрсе. Дін ескі емес, адам ескі. Дін ескі емес, жаратылыс, табиғат ескі. Ізгілікке ұмтылдыратын дін адамның жаратылысын жасаған емес, ізгілікке ұмтылатын адамның мінезі дінді туғызған. Сондықтан адамның кұлық-сезімдеріне дін сезімдерін негіз қылып алу, адамның құлықты болуын дінді болуына байлау дұрыстыққа келмейді. Бұл – бір. Екінші, адамның бір нәрседен тыйылуы, бір нәрсеге ұмтылуы екінші бір затты сыйлағаннан, сол затқа жағыну үшін болмай, дұрыстық үшін болса, нағыз тынымды, тиянақты, игі ұмтылу һәм тыйылу осы болмақ. Бір адамды сыйлап істелген ізгілік рия болса, «тәңіріні» сыйлап істеген ізгілік те рия. Рияның адамға пайдасы жоқ. Рия адамды түземек емес, бұзбақ. Кемшіліксіз идеал бар: адам дүниеде ісін идеал үшін істесін, идеал үшін тұрсын, және сол идеалдай түгел боламын, кемшіліксіз боламын деп ұмтылсын.
C C М. Жұмабаев C C Құлық сезімдерін өркендету жолдары Кұлық сезімдерін өркендету үшін төмендегі жолдарды көрсетуге болады. 1) Баланың маңайындағы адамдардың құлықты болуы. Бала ізгі құлық пен жауыз құлықты айыра алмайды. Оларды бала маңайындағы ересек адамдардың сөздері һәм істері бойынша ғана айырады. Солар бойынша ғана ізгі мен жауыз құлық туралы ұғым жасайды. Мысалы, бала атасының ұрлық қылғанын білсе, ұрлық қылу ізгі құлықтан саналады екен деп ұғады. Сондықтан баланың ізгі құлықты болуы үшін оның маңайындағы адамдар, ата-ана, туғантуысқандары өздері ізгі құлықты болуға тиісті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны қылады. Және баланың бірге ойнайтын жолдастары да дұрыс, ізгі құлықты болсын. Балаға ересек адамнан өзіндей бала жақын. Бала өз құрбысына еліктегіш, өз құрбысының тілін алғыш, құлқына, мінезіне сенгіш келеді. Өзінің ізгі, жауыз құлқын бала құрбылары арқылы жарыққа шығарып әдеттенеді. Сөгіседі, ұрысады, төбелеседі, ұрласады, өті рік айтысады. Осы себептерден тәрбиеші баланың жол дастарының дұрыс құлықты болуларына өте ықтият қылу керек. Балада құлық сезімдерінің бекуі, кеңеюі, тереңдеуі үшін балаға әдебиеттен, тарихтан өрнек әңгімелер сөйлеу һәм оқыту керек. Әрбір ұлттың әдебиетінде ізгі һәм жауыз құлыққа өрнек болғандай әңгімелер толып жатыр. Солармен дұрыс пайдалана білу керек. Яғни әдепті бол, әділ бол, өтірік айтпа деген сықылды. Құрғақ, жалаңаш сөзде пайда жоқ. Баланың алдына құлықтың әрбірі әдейі киініп өрнек күйінде ғана келсін. Өрнектен нәтижені бала өзі-ақ шығарып алады. 2) Үйде һәм мектепте дұрыс тәртіп болу. Үй һәм мектептегі тәртіп баланы ізгі құлықтарға әдеттендірсін.
C C Шығармалары C C Әдеттендіру мынадан табылады. Үй һәм мектептегі тәртіп құбылмалы болмасын, яғни ата-ананың, мұғалімнің күйіне қарап тәртіп өзгеріп отырмасын. Тәртіп өзгермейтін ізгі құлық заңдарына негізделген болсын. Болмаса, бүгін жараған іс ертең жарамайтын болып отырса, балада тәрбиешіге сенім қалмайды. Бұл – бір. Екінші, баланың жаратылысы, табиғаты тілейтін нәрседен баланы тыю дұрыс емес. Жүгіруден, ойыннан тыю сықылды. Баланың жаратылысы тілейтін нәрседен тыйсаң, бала бұл жасама тәртіпті оп-оңай бұрып кетеді. Яғни бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді. Баланың өтірік айтуы, алдауы оны жасама тәртіп ішіне қамаудан. Маңайындағы тәртіп, тұрмыстың құрылысы баланың жаратылысына қайшы болса, бала ондай тәртіпті аттап өтеді. Үшінші, тәрбиеші мен баланың арасы өте жақын болуға тиісті. Екеуі біріне-бірі шет, жат деп қарамасын. Екеуінің арасында сенбеушілік болмасын. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата алғандай, қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше алғандай досым деп білсін. Бала тәрбиешіні осылай деп білсе, ол уақытта одан ешбір ойын, ешбір ісін жасырмайтын болады. Жасырмайтын болса, өтірік айту, алдау сықылды ұнамсыз құлықтарға орын да қалмайды. 3) Баланы құлық туралы ой жүргізіп үйрету. Бала барлық ізгі құлықтарды өзі басынан кешіріп, яки маңа йыңдағы адамдардан көріп, біліп бітіре алмайды. Алдағы өмірінде құлықтардың әлденеше түрлеріне ұшырауға мүмкін. Ол уақытта мен мына құлықпен таныс емеспін, сондықтан мұны ешнәрсе деп айта алмаймын деп отыра алмайды ғой. Алда, болашақ өз істеріне һәм басқа адамдар ісіне құлық көзінен баға бере алуы үшін оның құлық туралы ерте күннен ой жүргізіп үйренуі тиіс қой. Сондықтан тәрбиеші, балаға түрлі істерді құлық көзінен са-
C C М. Жұмабаев C C лыстырып, сынатып үйретуге міндетті. Бала салыстырып, сынап үйренсе, құлық туралы белгілі берік бір ұғымға ие болады. Ол уақытта алдағы өмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен қараны дұрыс һәм жеңіл айыратын болады. Қайрат Біз кітабымыздың басынан бері жан көріністерінен ақыл һәм ішкі сезім көріністерін баяндадық. Енді жан көріністерінің үшінші түрі қайратқа көшеміз. Қайрат ұғымы. Біз ақыл көріністері арқылы сыртқы заттар туралы, яғни олардың өзі, ісі һәм күші туралы білім аламыз. Ішкі сезімдер арқылы жанымызда түрлі күйдің болғанын білеміз, һәм ол күйді жағымды не жағымсыз деп бағалаймыз. Ал енді жанымызда тағы бір күш, тағы бір көрініс бар. Жан бір нәрсені істеуге, болдыруға ұмтылады, яки істемеске, болдырмасқа ұмтылады. Және бұл ұмтылу соқыр ұмтылу емес, аңды, саналы ұмтылу. Міне, осы бір мақсатқа жету үшін жанның аңды ұмтылуы қайрат деп аталады. Әрине, жан құр ұмтылып қана қоймайды, сол ұмтылғанын болдыру үшін денені іске қосады. Жанның қайрат күші арқылы істелетін іс ерікті іс деп аталады. Ал енді адамның қайрат қатыспай, еріксіз істейтін істері де болады. Мысалы: 1) Импульс ісі. Яғни кейбір істерді сырттан ешбір әсер болмай, белгілі бір мақсатсыз істейді. Мысалы, ұйқыдан оянғанда адам керіледі, созылады. 2) Рефлекс ісі. Яғни сыртқы бір әсерге адамның аңы қатыспай, денесінің ғана жауап беруі. Мысалы, көзге бір затты жақындатсаң, кірпік жабылады, тоңсаң, дірілдейсің. 3) Соқыр сезім (инстинкт) ісі. Атадан қалған мұра бойынша адамның аңын қатыстырмай істейтін істері. Соқыр сезім адамның өзінің һәм тұқымының аман болуына қызмет
C C Шығармалары C C қылады. Мысалы, бала ешкім үйретпей, емшек емеді. Яки құс қыс жақындағанда жылы жаққа ұшып кетеді. Ал енді адамның қайрат туғызған ісіне аң қатыспай болмайды. Мысалы, менің жазғым келсе, аңменен, ойменен қағаз алам, қалам алып, сияға малам һәм осылар сықылды басқа тиісті істер істеймін. Міне, бұл қайрат ісі. Қайраттың бет алысы екі жақ: жан көріністері һәм сыртқы дүние. Мысалы, мен қайрат жұмсап бір ойды еске түсіремін. Яки жерде жатқан бір нәрсені көтеру үшін еңкейем. Қайрат түрлері. Қайрат төмеңдегі түрлерге, дұрысырақ айтқанда, басқыштарға бөлінеді: тартылу, ұмтылу һәм тілеу. Қайрат адамда ә дегеннен берік, ашық болмайды. Бастапқы кезде бір әсер мен белгілі бір беталыс болмай, белгілі бір мақсұт болмай, бір нәрсеге жан жай тартылады. Мысалы, бала аштықтан жылайды, тыпырлайды, жаны жағымсыз күйде болады. Жанында бір азап болады. Бірақ бала осы жағымсыз күйдің, осы азаптың аштықтан екенін аңдап біле алмайды, оған сүт керек екенін біле алмайды. Міне, жанның осындай күйі тартылу деп аталады. Ал енді тартылуға аң қатысса, яғни адам, не нәрсеге болса да өзінің мұқтаж екендігін аңдап, анық білсе, бірақ сол мұқтаж нәрсенің не нәрсе екендігін анық біле алмаса, жанында ұмтылу болады. Мысалы, біз ыстықта сусаймыз, сусын тауып, сусынды қандыруға ұмтыламыз. Бірақ бізге кез келетін сусынның қандай болатынын білмейміз. Егерде біз белгілі бір нәрсеге ұмтылсақ, ол уақытта ұмтылу тілеуге айналады. Тілеу, суреттеу һәм ішкі сезім арасындағы байлам. Бұл үшеуінің арасында берік байлам бар. Суреттеу болмаған нәрсені адам тілей алмайды. Мысалы, естімеген, білмеген тамақты тілеуге мүмкін емес. Және адамның жағымсыз ішкі сезімі беретін нәрсені де тілеуі мүмкін емес. Бір нәрсенің суреті біздің жанымызда неғұрлым ашық болса һәм оның жанымызда жағымды сезім туғызуы бізге белгілі болса, біз сол нәрсені қатты тілейміз.
C C М. Жұмабаев C C Қайрат қалай жасалады? Қайрат төмендегі басқыш тарды өтіп барып іске асады. Жанымызда бір тілек бар. Сол тілекті іске асырғымыз келеді. Тілектің іске асуының тиістілігін бекітетін себептер дәлел яки мотив деп аталады. Бұл – қайраттың бірінші басқышы. Ал енді бір тілектің іске асуының тиістілігін көрсететін қарсы себеп те болады. Қарсы себеп – қарсы дәлел яки контр мотив деп аталады. Дәлелге қарсы дәлел шыққанда, біз бұл екеуін салмақтаймыз, салыстырамыз. Осы дәлел мен қарсы дәлел салмақтау дәлелдердің күресі деп аталады. Бұл – екінші басқыш. Егер дәлел мен қарсы дәлелдің қүші бірдей көрін се, адамда толқу пайда болады. Дәлелдер күресінен кейін ақырда адам екі жақтың бір жағына жеңгізіп, бетін бір жақ қа түзейді. Бұл үшінші басқыш. Бетті бір жаққа түзеу бекіту деп аталады. Бекітуді іске асыру орындау деп аталады. Бұл төртінші басқыш. Орындау жолында адам түрлі бөгетке ұшырап, бөгетті жеңе алмай қажып, жасып, бекітуін қайтып алуға мүмкін. Бұлай істемес үшін адам табанды болу керек. Табанды адам – қайраты күшті адам. Қайраттың керектігі. Қайрат адам өмірінде аса қым бат орын алады. Адамның дене һәм жан ісін тізгіндеп, белгілі жолға салып өркендететін – сол қайрат. Мысалы, нәресте шақта адамның денесі қайрат қатыспай өз бетімен қозғалады. Ес кірген соң қайрат жұмсалып қозғалады. Жүргенде аяқ қозғалуы сықылды. Жан ісінде қайрат іскер лікке көп қатынасады. Шынында, қайрат жұмсамай адам іскер бола алмайды. Қайраттың ішкі сезімдерге әсері мол. Қайнап келіп қалған ашуды біз сол қайраттың қаруымен басамыз ғой. Қысқасы, қайрат адамның барлық ісін тізгіндеп жолға салмақшы, жүзеге шығармақшы. Қайрат арқылы ғана адам жанындағы қалың күштер жарық көрмекші. Өмірде адам басына қиын-қыстау істер келгенде, қажытпай
C C Шығармалары C C алып шығатын – сол қайрат. Сермеген қолды аспандағы айға жеткізбесе де, ойлаған ойға жеткізетін – сол қайрат. Сондықтан тәрбиеші баланың қайратын өркеңдету үшін қызмет қылуға міндетті. Қайратты өркендету жолдары 1) Тәрбиеші баланы денесін дұрыс билеп, дұрыс қоз ғалуға үйретсін. Дене мүшелері қайраттың тез қозғалатың, тез орындайтын қаруы болуға тиісті. Бала мүшелерін те ріс қозғап үйреніп бара жатса, тәрбиеші тез түзесін. Сол уақытта бала қандай іске қай мүшені қозғау керек һәм қалай қозғау керек, соған әдеттенбекші. Жазғаңда, тіккенде саусақтарды қалай ұстау сықылды. Тәрбиеші баланы әсіресе жан істерін қайратқа дұрыс бағындыруға үйретсін. Бала әсіресе тілегіне қожа бола алмайды. Не тілесе, соны жүзеге шығарғысы келеді. Бала болмайтын нәрсе болмайды деп ұғады. Тура мағынасымен аспандағы айға ұмтылады. Тәрбиеші баланы осындай қияңқылықтан сақтауға міндетті. Балаға әрбір тілектің алдын, артын, болдыратын һәм болдырмайтын себептерін салмақтатып, тексеріп үйретуге міндетті. Терең тексеріп келіп, тілекті жүзеге шығару қайраттылық болатыны сықылды, тексеріп келіп, тілекті тоқтатып қалу да зор қайраттылық. Есте болу керек: арыстан айға шапса, мерт болмақшы, өтпес жарлық бойға қорлық болмақшы. Тілектің алдын, артын тексеріп үйренген адам балалықта ебетейсіз еркеліктен, қияңқылықтан, есейгенде есерліктен аман болмақшы. 2) Баланың қайраты күшті болуы үшін тәрбиеші баланың барлық ісін тізгіндей бермей, әрбір істе балаға ерік берсін. Бала өз еркімен денесін қозғап, жүгіріп үйренсін. Әсіресе жанды жұмсап үйренсін. Яғни бала өз бетімен бір нәрсені
C C М. Жұмабаев C C тілеп, сол тілектің алдын, артын тексеріп, сонан соң иә болдыруға, иә болдырмауға өзі әдеттенсін. Сол уақытта баланың қайраты өркендемек. Әрине, баланың ісі, тілегі пайдасызға, зиянға айналып бара жатса, тәрбиеші кіріседі ғой. Бірақ баланы ылғи тізгіндеуден сақтану керек. Әдет. Әрбір іс дене ісі болсын, жан ісі болсын, алғаш істелгенде бірталай қиындықпен істеледі. Екінші істелгенде қиыңдық біраз жеңілденеді. Егерде көп істесек, ол істі тіпті жеңіл істейміз. Және сол істі ылғи істегіміз келіп тұрады. Істемесек, бір нәрсені жоғалтқандай боламыз да тұрамыз. Белгілі шарттар болғанда, белгілі бір түрде іс істеу әдет деп аталады. Мысалы, жазған уақытта саусақтарды былай ұстау, әрине, қиын. Оған қанша қайрат жұмсалады. Бірақ біраздан тіпті жеңілге айналады. Ойламай-ақ, ешбір қайрат жұмсамай-ақ, саусақтарымыздың өзі солай икемделе бере ді. Адам өмірінде әдет көп орын алады. Лейбниц деген ғалым адамның барлық ісінің төрттен үшеуі әдет болады дейді. Әдеттің адамға көп пайдасы тиеді: 1) Әдет арқасыңда адам белгілі ғана істерді істеп, тақақтап ұшына шығады, анық орындайды. Әрбір істің басын шала бермейді. 2) Істің тиянақты, көрікті болуына себепкер, әдеттенген істі адам тиянақты істейді. 3) Уақытты һәм күшті далаға жібермейді, бәлки үнемдейді. Әдеттенген істі көп күш жұмсамай адам тез һәм жеңіл істейді. Әдеттену болмаса, адам бір істің соңында мыжып отырып қалып, басқа жаңа істерге уақыты болмас еді. Әдет – әсіресе, тәрбиешінің қолында күшті құрал. Әдеттендіру арқасында ғана баланы дұрыс жолға салуға мүмкін. Шекспир: «Жақсы әдет – жақсылыққа бас тайтын періште»,– дейді. Орыстың тәрбие ғалымы Ушинский: «Жақсы әдет – өсімге берген ақша, адам өмір бойы соның өсімін пайдаланады. Жаман әдет – борыш, адам өмір бойы сол борыштың бір өсімімен азап шегеді»,– дейді. Адам өмірінде әдет осындай зор орын алатындықтан, тәрбиеші барлық күшін жұмсап, баланы неғұрлым жақсы
C C Шығармалары C C лыққа әдеттендіруге міндетті. Бала нашарлыққа бір әдеттеніп қалса, оны қайта түзету оңай нәрсе емес, есте болу керек. Ауру қалса да, әдет қалмақ емес. Әдет тым бойға сіңсе, құмарлыққа айналады. Құмарлық шектен шықпай белгілі мөлшерде болса, әрине, пайдалы. Құмарлық болмаса, адам өмірде белгілі бір жолды қуып та кете алмайды. Бірақ көбінесе құмарлық шектен шығып кетеді. Көбінесе адам бір нәрсеге құмар болса, басқа барлық нәрседен көзді жұмып безіп кетеді. Бір тілекке басқа тілектің, бір нәрсеге басқа нәрсенің бәрін құрбан қылады, құмар болған нәрсенің пайдалы, пайдасызына да қарай алмайды. Сол құмарлық жолында ұяттан, ардан, барлық адамшылықтан айрылады. Мысалы, қиссадағы Қарынбайдың малға құмарлығы сықылды. Маскүнем адамның арақ құмарлығы сықылды. Мұндай құмар адам – сау адам емес, ауру адам болады. Мұндай құмарлық адамды өрге сүйремейді. Сондықтан тәрбиеші балада мұндай құмарлықты болдырмауға міндетті. Мінез Бір адамның барлық ісін басқа адамдардың істерінен айыратын сипаттар мінез деп аталады, адамның ойының яки ішкі сезімдерінің сипаты мінез ұғымына кірмейді. Ойы бір дәрежеде һәм сезімдері бір қалыпты адамдардың мінезі әр түрлі болуға мүмкін. Яки жауыз һәм мейірімді адам, құлықты һәм құлықсыз адамдар мінездес болуға мүмкін. Сондықтан мінез ақылға яки сезімге байлаулы нәрсе емес, қайратқа байлаулы һәм мінез қайрат дәрежесіне қарап былай бөлінеді. Егер бір адамның қайраты күшті болса, сөзінен бір айрылмайтын, екеуі екі бөлек жайылмайтын болса, ондай адамның мінезі қатты мінез, күшті мінез, берік мінез деп аталады. Егер-
C C М. Жұмабаев C C де сөзбен, оймен іс бір-біріне қабыспайтын болса, ауыз айтқанда, қол істей алмаса, ондай адамның мінезі жұмсақ мінез деп аталады. Мінездің жасалуы. Мінез адамның жаратылысына қарай тума болады һәм басқа сыртқы себептермен тұрмыс түрі, жаратылыс, жолдас, тәрбие сықылды жүре пайда болады. Тума мінез көбінесе тұқым қуалап келеді. Дененің аурулы яки сау болуы, ақылды, ақымақ болу, ашулы, жасық болу сықылды тума мінез темперамент деп аталады. Темперамент. Әрбір адамның жаратылысы бойынша тума бір түрлі мінезі болады. Мысалы, сыртқы дүние әсерлерінен өзінше бір түрлі әсерлену яки ішкі сезімдердің өзінше бір түрлі оянуы сықылды. Міне, осындай тума мінез темперамент деп аталады. Темперамент төрт түрлі. Сангви ник, холерик, флегматик һәм меланхолик темпераменттері. 1) Сангвиник темпераменті – сыртқы әсерлерді жеңіл һәм тез алу, бірақ терең ала алмау. Сангвиник адам ұшқыр, ойнақы, еті тірі болады. Бірақ бір әсерден екінші әсерге секіріп түсе беретін, бір әсерге аялдап тұра алмайтын тиянақсыз адам болады. Әрбір істі бастап тұрып, тастап кететін болады. 2) Холерик темпераменті – сыртқы әсерлерді тез һәм терең алу. Холерик адам әрбір әсер артынан салпақтай бер мейді. Бір алған әсеріне мықты, бекем болады. Көздеген мақсатын қадағаламай, тиянақтамай, жолда шала қалдыр майды, табанды, қайратты болады. Қиын-қыстау мәселені тез шешеді, тез орындайды. Бірақ холерик адамның ашуы шапшаң һәм қатты болады. Сол ашу себебімен көп уақытта ұнамсыз істер істеп тастайды. Тіпті бір бет, қияңқы болады. 3) Флегматик темпераменті – әсерлерді әлсіз алу һәм ішкі сезімдердің созалаң оянуы. Бірақ түбі берік болады. Флегматик адам – ауыр мінезді адам, түрлі әсерге көрсе қызар болмайды. Мәселені тез шешуге асықпайды, іс
C C Шығармалары C C істегенде саспайды. Шапшаң ашу, қызу мінез болмайды, салқын қанды болады. Басын жарып, көзін шығарып, жан алып, жан беріп істі тез бастап кете алмайды. Бірақ бір бастаса, салпақтап артынан қалмайды. 4) Меланхолик темпераменті – адамның ішкі сезімдер дің билігінде болуы, өзінің ішкі сезімдеріне, жалпы айтқанда, өзінің ішкі дүниесіне берілген. Меланхолик адам аулақты жақсы көреді. Ешкімге сенбейді. Істе қалтылдақ, жасқаншақ болады. Тұрмыста кедергі ұшыраса, оның жүні жығылып, қайраты сөніп, жасып қалады. Меланхолик адамның үміттен уайымы, қуаныштан қайғысы көп болады. Аз ғана кедергі оны қалың уайымға, қайғыға түсіреді. Меланхолик адам өзіне берілген. Өзім деген кісіге құл болғандай жақын болады. Бірақ ана кісіден бұған жақпайтын қарсы мінез шығып қалса, оған қас болып кетеді. Мұндай меланхолик адамның сіркесі су көтермейді. Сондықтан мұндай адам бір бет, қыңыр-қисық болады. Темпераменттің бұл төрт түрі бір-біріне қатыспай, та за күйінде ғана болады деуге болмайды. Көбінесе бұлар бір-біріне аралас болады. Мысалы, бір адамда сангвиник темпераменті мен холерик темпераменті аралас болады. Бір адамда флегматик темпераменті мен меланхолик темпераменті аралас болады. Һәм темперамент тұрмыстың һәм тәрбиенің әсерімен өзгереді. Және темпераменттің түрлі болуы біраз жас, ер, әйелдік һәм тұқымнан да болады. Мысалы, көбінесе жас шақта адам сангвиник болады, ерлікте холерик болады, кәрілікте флегматик болады. Көбінесе әйел сангвиник болады. Ер холерик болады. Қалайда әрбір адамда осы төрт темпераменттің біреуі денірек болмай қоймайды. Денірек болатын темперамент хатта нәресте шақтан біліне бастайды. Сондықтан тәрбиеші баланың нәресте шағында-ақ оның тума мінезін һәм темпераментінің түрін байқап, біліп қоюға тиіс, балаға оның
C C М. Жұмабаев C C темпераментінің түріне қарай тәрбие беру үшін. Бірақ берік білу керек: темпераменттің анасы жақсы, мынасы жаман, анадай темпераментті ірі адам, мынадай темпераментті төмен адам деуге болмайды. Адамды ірі қылатын темперамент емес, ақыл мен құлық. Ақылы терең, құлқы сау адам қандай темпераментті болса да тізгіндеп, түзу жолға түсіп кете алады. Темпераментті тізгіндей білу үшін адамның жақсы тәрбиеленуі керек. Мінез тәрбиесі. Балада берік һәм дұрыс мінез пайда болу үшін тәрбиеші мынау негізгі екі шартты орындау керек: 1) Баланың өз қолынан келетін іске балаға толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келмейтін істе ғана тәрбиеші көмек көрсетіп жіберуге міндетті. Күштен асатын іске кірісіп баланың тауы шағылмас үшін. 2) Баланы құбылмайтын, ұсақтықпен қажытпайтын темір тәртіпке (дисциплина) бағындыру керек. Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, темір тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Осы екі жағы тең адамның мінезі күшті болмақ қой. Баланы тіпті еркіне жібермеу оны жасқаншақ, жасық, қорқақ қылады. Ал тіпті тізгінсіз қоя беру, ләм-мим демей, оның бар еркелігін орындай беру баланы бейбастақ, ессіз тентек қылып шығарады. Осы екі жақтың біреуіне аударып жібермей, баланы ортада ұстай білу үшін тәрбиеші мынаны істеу керек: 1) Балаға бір нәрсені істе дегенде ақырмай-бақырмай, салмақпен һәм былай да жарайды деген сықылды табансыз дық көрсетпеу керек. Тәрбиешінің табансыздығын сезсе, бала оны сыйлаудан, тілін алудан қалады. Және тәрбиеші өз ісінде тиянақты, табанды болуға керек. Бала адам айтар емес, еліктемпаз болады. Тәрбиеші тиянақты болса, бала оның тиянақтылығына еліктейді. Тәрбиеші тиянақсыз болса, бала оның тиянақсыздығына еліктейді.
C C Шығармалары C C 2) Балаға бір нәрсені істе дегеңде де, істеме дегенде де сол бұйрықтың себебін ұққандай қылып балаға ұқтырып отыруға керек. Себебін ұқса біраздан соң бала өз бетіменақ дұрыс іске ұмтылып, теріс істен тыйылатын болады. Ерінбей, жалықпай балаға әрбір істің себебін ұқтыра беру керек. Мәні-жайын ұқтырмай, құр бұйрық беруші адам – тәрбиеші емес. Данышпан Абай айтқандай, «ұстаздық қылған жалықпас үйретуден балаға», тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы болмасын, жұмсақ жолдасы болсын. Баланың жалпы жаратылысы Біз кітабымыздың басынан бері жан көріністерін, яғни ақыл, ішкі сезім һәм қайратты баяндадық. Ержеткен адам ға қарағанда баланың сол айтылған көріністері басқарақ түрде болатынын білдік. Мысалы, баланың әсерленуі, суреттеуі, ойлау һәм сезуі ержеткен адамнан әжептәуір басқа. Баланың бұл жан көріністерінің әрқайсысының жекежеке алғанда басқалығы болған сықылды, бұлардың бәрін тұтас алғанда да басқалық бар. Бірінші, баланың барлық жан істері бір-біріне берік байланған болады, бірімен-бірі берік жүреді. Мысалы, баланың денесі мен жаны, ақылы мен сезімі, сезімі мен қайраты – бәрі бірге іс қылады, бұлар бір-бірімен күресе білмейді, бірін-бірі тізгіндей білмейді. Бала бір нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты – бәрі бірге жұмсалады. Бала шақта алынған әсердің өмір бойы естен шықпауының мәнісі сол: бала шақта алынған әсер ержеткенде адамның ақылының, ойпікірінің һәм мінезінің қандай дәрежеде һәм түрде болуына негіз салады. Балалықта ылғи жағымды әсер алынса, адам өмір бойы шат көңілді болмақ. Балалықта жағымсыз әсер алынса, қорлық, жоқшылық көрілсе, адам өмір бойы қасіретке бейім болмақ.
C C М. Жұмабаев C C Екінші, бала ылғи іске ұмтылады. Дені сау бала тіпті қарап отыра алмайды. Бірақ бала не істеуге һәм қалай істеуге білмейді. Сондықтан ол ересек адамдардың не істегенін һәм қалай істегенін өнеге қылады. Баланың еліктемпаз болуы осыдан. Еліктеу, затында, тіпті теріс нәрсе емес. Еліктеу адамның жаратылысында бар нәрсе. Еліктемейтін адам болмайды. Себебі бар нәрсені өз ойымен таба алмайды, оған өмір де жетпейді. Бәлки басқалардан қалған ұнамды нәрсені ала қояды. Жалғыз-ақ жан ісі тіпті әлсіз балада еліктеу тым-ақ күшті болады. Жоғарыда айтылғанша, баланың жаратылысы ересек адамның жаратылысынан басқа болғандықтан, тәрбиешінің негізгі ұстайтын жолы: 1) Бала еліктемпаз болғандықтан, баланың ылғи сұлу һәм құлықты әсерлер алуына ыждаһат қылу керек. Әсіресе баланың ата-ана һәм тәрбиешісі – солардың өздерінің барлық істері сұлу һәм үлгілі болуға тиісті. Баланың елік тейтіні – солар. Және бала тіпті сенімпаз болады. Сон дықтан баланы өз күшіне өзін сендіріп үйрету керек. Қо лыңнан түк келмейді дей берсең, бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек. 2) Бала ешбір уақытта іссіз тұра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді. Болмаса, балаға пайдалы іс берілмесе, ол уақытта бала өз бетімен қайдағы нашар, зиянды істерге әдеттеніп кетеді. Ұзын сөздің қысқасы, бала кәдуілгі адам болғанымен, баланың жаратылысында көп басқалық бар. Мұхамбет пайғамбар: «Сөзді әрбір адамның ақылына қарай сөйле»,– депті. Сол айтқандай, балаға тәрбиені өзінің шамасына, жаратылысына қарай беру керек. Жас бала – жас бір шы бық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан
C C Шығармалары C C түзеймін десең, сындырып аласың. «Баланы – бастан» деген сөздің мәнісі осы. Тәрбие деген – баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Яки отырса басқа, тұрса аяққа ұрып, көрбала қылып өсіру де емес. Баланы тәрбие қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса – өзін, асса – барлық адам баласын адал жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі болатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы мұндай адам қылу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек. Данышпан Абайдың төмендегі сөзімен біз кітабымызды тамамдаймыз: Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға. С о ң ы
C C М. Жұмабаев C C мақалалар
C C Шығармалары C C БІРІНШІ МАЙ МЕЙРАМЫ Бірінші май – жер жүзі пролетариатының жұмыскерлер табы мейрамы. Бірінші май жер жүзі пролетариатының бір жолда, бір тілекте екендігін білдіретін, капиталға, озбырлыққа қарсы соғыс ашқан пролетариаттың күшшамасын көрсететін сын мейрамы. 1889 жылы жиналған екінші интернационал (жер жүзі пролетариатының ұйымы) әр жыл Бірінші майда жер жүзі пролетариаты мейрам қылсын, жұмысын қойып, тұрмысы түзелуі, жұмыс күні... 8 сағаттан аспауын тілеп, ұран салып көшеге шықсын деп бекітті. Міне, сол жылдан бері жер жүзінің пролетариаты Бірін ші майды мейрам қылып келеді. Капитал қоршауында қан жылаған пролетариат сол жылдан бері капитал мен күресті жеңбей тоқтатпайтынын білдіріп, әлемге ұран салып, жер жүзін жаңғыртып келеді. Бірінші майды бастапқы жылдарда күнбатыс Европа һәм Америка пролетариаты ғана мейрам қыла алды. Себебі олардың пролетариаты ерте оянған, ерте ойланған. 1890 жылы Англия, Франция, Германия, Австрия пролетариаты бірінші май күні жұмысын қойып, қолдарына ту алып, революция жырларын жырлап, түрлі тілектермен көшеге шығады. Капиталистер оларға қарсы әскер, полиция, жандарм, топ, пулеметтерді даярлап қояды. Көп жерлерде екі жақ ереуілге келісіп қалады. Американың Чикаго қаласында
C C М. Жұмабаев C C 8 кісі өлім жазасына бұйырылды. 1890 жылдың Бірінші майында – бірінші ұран, бірінші құрбан. Жыл соңынан жыл өтті. Жерге жан беретін жазбен бірге пролетариат қырмызы туын желбіретіп, май сайын мейрам жасай берді. Талай қалалардың көшесі қанға боялды. Пролетариат қанды көріп қорыққан жоқ. Құрбанды көріп қорғанаған жоқ. Бірінші май мейрамын жамылған пролетариат қозғалысы жер жүзіне тарағаннан тарады. 1891 жылы Россия пролетариаты да жарыққа шығып, күресшілер қатарына тізіліп, Бірінші майды мейрам қылады. Бірақ бұл бірінші мейрамшылар жалғыз Ресей пролетариаты ғана еді. Мұнан соңғы мейрамшыларға Россияның басқа қалалары да қатынаса бастайды. 1903 жылы Россияның 6 қаласының пролетариаты мейрамға қатынасады. 1905 жылдан соң Бірінші майды барлық Россия пролетариаты мейрам қыла бастады деуге болады. 31... жыл кішкене ғана тілекпен майданға шыққан пролетариат жыл сайын кеңейте, тілегін арттыра берді. Жер жүзіндегі мұңдастарын қатарына қоса берді. Ту басында тар ауданда саяси азаттық қана сұрап шыққан пролетариат бұл ауданды кеңейткеннің үстіне адамзат тұрмысында теңдік, ортақтық негізін құру деген жаңа жалынды тілек қосылды. Осы жаңа ұранмен Россия пролетариаты 1917 жылы ақсүйек капиталистер құрсауын бұзып, билікті өз қолына алды. Пролетариаттың талай төгілген қаны босқа кеткен жоқ екен. Талай берген құрбаны қабыл болмай қалған жоқ екен. Соң туса да оң туған Россия пролетариаты. Қазақ елі адамзат тұрмысында өз бетімен жол салу дәрежесіне әлі жеткен жоқ. Үміт келешекте. Осы күні қазақтың ел болуы жер жүзі пролетариатының бағына байлаулы. Олардың бағын ашса, қазақ бағы да ашылмақ.
C C Шығармалары C C Россияда билік пролетариат қолында тұрса ғана қазақ көгіне күн шықпақ. Қазақ пролетариат қатарына кіріп, теңдік ұранын бірге салса ғана құлдықтан құтылмақ. Жылдар өтер, адамзаттың келешек ойын әділдік, азаттыққа қызмет сіңірген ерлер-әйелдер таптардан таспық тізіп, соларды құрметтеп тәкбір етіп, сәждеге құлар. Сол тізілетін таспықтың бір тасы болуға ұмтыл. Қазақ, әділдік туын көтерген пролетариат қатарына қосыл! Оның қайғысы – сенің қайғың! Оның қуанышы – сенің қуаны шың! Бірінші Май мейрамы – сенің де мейрамың. Сиын да қуан, сиын да мейрам қыл. Өркендесін Бірінші май мейрамы! ЖАЗЫЛАШАҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ҺӘМ МЕКТЕБІМІЗ Қазақстан үкіметінің ағарту комиссары һәм ҚССР госиздаты алдындағы жазушылар ұйымының 14 январьда болған кеңесінде қазақтың І, ІІ басқыш еңбек мектебіне оқу құралдарын даярлау туралы шығарған қаулыларын газеттерден оқыдық. Сөздің іске асатын кезі келген шығар, іске сәт. Қаулыда І, ІІ басқыш қазақтың еңбек мектебіне пәлендей құралдар пәлендей уақытта жазылып бітсін деген. Бірақ ол құралдар қандай негізде құрылу керек, қандай түрде болу керек, бұл көрсетілмеген. Көрсетілмеуі: сөз жоқ, қолайсыз. Ағарту комиссариаты ресми бұйрықпен көрсетсе, сөз жоқ, қолайлы болар еді. Бұл сөздің мәнісі мынау: оқу құралдарының құралатын негізі – мектеп. Оқу құралдардың мінезі – мектеп мінезінің айнасы. Түрлі пәннің (предмет) мектепке қай шамада, қай түрде кіруі де мектептің өзінің қаңдай негізге құры луына, қандай мінезді болуына байлаулы нәрсе. Олай
C C М. Жұмабаев C C болса, жазылашақ біздің оқу құралдарымыздың да мінезі мектебіміздің мінезіне байлаулы болуға тиісті. Ойлауға мүмкін, үстеріне кітап жазу міндеті артылған азаматтардың ішінен көз жұмып, әйтеуір жазылып кітап бола берсін деп іске кіріскендері сықылды, ана «байлаулардың» басыңда басы қаңғырып, дағдарып отырғандары да болар. Осы дағдарыстың болуыңда тамаша жоқ. Әңгіме былай. Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебін де салмақ. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл – ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Тарихты аз ғана болса да ақтарған кісі мұны біледі. Бисмарк айтса, айтпаса да неміс елінің соңғы біраз заман ішіндегі дәуірлері мектебін құра білуден болған еді. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) қабы сатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт. Қазақ мектебі осы күні үш жолдың әрелігінде тұр. Біреуі – артында. Оны жүріп шықты деуге болады. Екеуі – алдында. 10-15 жыл бұрын біздің мектебіміз сиыр көзді, сәлделі молдасы, былдырлаған балаларды шыңғыртатын көк шыбықтары, бисынба, биясынби, битүрүлері, уал, қадір, кире үшремін, аллатағалалары, тағы толып жатқан бір деңелерімен тұп-тура өлімнің ұясы еді. Жан, денені бірдей улайтын схоластикалық сасық зынданы еді. Тұрмыс, жаратылыс туралы балаға ешбір білім бермейтіні былай тұрсын, оқу, жазуды да білдіре алмайтын еді. Соңғы 10 жыл ішінде қазақ оқыған азаматының біраз жандануымен мектебіміз де біраз жандана бастады. Мектеп
C C Шығармалары C C төрінде тізгінсіз тәңірілік құрған әліпби орнына «ғылым» мол кіріп отырды. Ми шірітуден басқаға жарамайтын мектебіміз хат танытатын мектепке (школа грамоты) айналды. Бұл – мектебіміздің 1917 жылға шейін жүріп шыққан жолы. 1917 жылғы үлкен толқын қалғып отырған қазақ азаматын да қағып оятты. Саясат һәм шаруашылық жағынан елінің қолын жеткіземін деп ұмтылған азамат қазақ мек тебін де жаңа жайлы, таза негізге құрмақшы болды. Қала сайын дерлік курстар ашылды. Көздерінде, көкіректерінде ұшқыны бар мұғалімдер шығарылды. Мектеп пен тірі дүние ортасындағы қытай қорғанын бұзып, мектепті білім беріп, тұрмысқа даярлайтын, келешекте ел ісінің иесі болатын азаматтар шығаратын жер жасауға: мектепке тұрмыс һәм жаратылыс ғылымдарын кіргізуге бет алды. Тіпті құр қампиту емес, 1917, 1918, 1919 жылдар қазақ мектебі үшін күнбатыс Европа мектебіне ояну (ренессанс) дәуірінің істеген қызметін істемек еді. Ояну дәуірінде мектептен схоластика қуылып, мектеп тұрмыс һәм жаратылыстың айнасы болсын деп, Ребле, Муннен, соңғы таман Каменскийлер шықса, өткен 2-3 жылдың ішінде қазақ мектебін жаңа негізге құрмақшы болған азаматымыз да кішкене дүниесінде кішкене Ребле, кішкене Муннен, кішкене Каменскийлер еді. Бірақ басталған жыр бітпей үзілді. Қолға алынған іс тыя нақталмай қалды. Төңкерістен төңкеріс болды. Толқыннан толқын қақты. Тегінде «тағдыр жазған» жолымен қалтақтап келе жат қан қазақ елі Россия революциясы толқынының екпінімен кете барып қанша ұтты, қанша ұтылды, бұл істері жұмбақ, анық шешуін тарих берер. Қазіргі күнде екпіндеп бара жатқанымызда өзімізге өзіміз есеп беруге қол тимейтін түрі бар.
C C М. Жұмабаев C C Бірақ мектеп ісімізге аз ба, көп пе есеп беруге болады. Мектебіміз белгілі берік бір негізге құрыла алмады. Бір жақтан – әліпби һәм ғылым – ол, екінші жақтан – ұлт тілі, жаратылыс, үшінші жақтан – орталық һәм машина (социальный индустриализм) негізіне құрылған еңбек мектебі. Міне, қазақ мектебі осы күні осы үш оттың ортасында отыр. Әліпбиді еллалла қырық молдамен зорға етіп, екінші жолға аяқ баса бергенде, үшінші от жарқ ете түсті. Дұрыс, еңбек мектебін совет үкіметі тіпті жоқ жерден шығарып алған жоқ. Мектепті еңбек негізіне құру педагогика дүниесінің көптен бері көксеген ізгі тілегі болатын. Еңбек мектебінің совет кезінде атой беріп шыға келу себебі – совет үкіметі һәм коммунизм жолындағы адамдар еңбек мектебін саяси күреске құрал қылып отыр. Дұрысы, құрал қылайын деп отыр. Жоғарғы сөздердің қорытындысы – үш тарау жолдың ортасында дағдарып тұрған мектебімізді белгілі бір жолға нұсқап жіберу – ертеңге қалдыруды көтермейтін міндетіміз. Қалайда мектебімізге берік бір негіз салу керек. Мектебімізге негіз саламыз дегенде ескеретін іс соңғы кезде соқыр еліктеу ауруы біздің жанымызға сіңіп барады. Еліміздің саяси ынтымағы һәм шаруашылық тұрмысын жаңа жолға қоймақшы болғанда да біз еліктеу ауданында жүрміз. Қазақ жанын қайшылап отырып жат қалыпқа салмақшымыз. Жат қалыпты қазақ жанына қабыстыру яки жаңа қалып жасау тәжірибесіне кірісуіміз қарадай қорқытады. Мектебімізге негіз салғанда біз тағы осы жолға түсіп кетпесек игі болар еді. Дұрыс, бізге жақын жерден үлгі болатын – орыс мектебі. Бірақ орыс мектебінің өзі осы күңде тоғыз жолдың торабында тұр. Жалпы адамзат өсіп-өну тарихында не істесе, бір адам да өсіп-өну тарихыңда соны істейді. Тарих таңында жалаңаш,
C C Шығармалары C C тағы адамды жан, ақыл билеген жоқ, дене биледі. Бері келе-келе жан мен ақыл денеден тізгінді ала берді. Мектеп те осылай құрылуға тиісті. Қол еңбегі, дене еңбегі, әрқилы мектеп бас кезінде тізгінді баланың денесіне берсін, ілгерілей келе жанның, ақылдың әкім болуына қызмет қылсын. Яғни, мектеп биогенетический негізге құрылсын депті Гансберг, Рубинштейн. Кітап – мәдениеттің негізі емес, мәдениеттің негізі қол еңбегі, олай болса, кітап әншейін көмекші болып, мектеп басынан аяғына шейін қол еңбегі негізіне, яғни мануалистический негізге құрылсын депті Диюби, Зидель. Жоқ, мәдениеттің қол-аяғындағы құрсауды тас-талқан қылып, оны ерікке шығаратын – машина, олай болса, кітаптың керегі шамалы, мектепке түскен адам бітіріп шыққанша машинаны айналдырсын, соны үйренсін, яғни мектеп индустрия негізіне кұрылсын депті аналардың шәкірті – орыстың Блонскийі. Есебі – Блонский адамды машинаға тас байлап, машина жанды қылып шығармақ. Адам жанын байлап, машинаның құрбаны қылуға ұмтылу – адамзат дүниесінің соңғы ауруы. «Машина мәдениетімен көбік шашып күресіп жүрген дер – сол мәдениетпен нағыз уланғандардың өзі деп ойлауға күшті дәлелдер бар»1,– деген профессор Рубинштейн сөзі дұп-дұрыс деуге болатын шығар. Тағы-тағы толып жатқан деділер... Қысқасы – тоғыз жолдың торабы... Жалғыз-ақ осы толған тораптың арасынан ашық көріне тін нәрсе – біздің дағдарып тұрған мектебімізді бастап алып 1 «Есть все основания думать, что машинная культура особенно глубоко пустила корни именно у тех, кто наиболее просто воюет с ней...» (Проф. М.М. Рубинштейн. Основы трудовой школы: Иркутское отделение. Иркутск, 1920, стр. 53.) (М. Жұмабаев ескертпесі).
C C М. Жұмабаев C C кететін талассыз даңғыл жоқ. Сол жолдардың біреуін талассыз деген күнде де, сынамай, икемдемей, даяр қамытты қазақ баласының мойнына кигізе қою тарих алдында, еліміздің тағдыры алдында кешірілмес күнә болар еді. Бұл мақала – педагогика дүниесінде мектеп құрылысы туралы қандай ағымдар бар, һәм біздің мектебіміз қандай негізге құрылуға тиісті – осыларды осы бірнеше сөзбен аша қою ойымен жазылып отырған емес. Мақаланың мақса ты – ескерту. Оқу құралдарын жаздырып жатқан ағарту комиссариаты, жазып жатқан азаматтар бұл оқу құралдары қандай мінезді мектепке арналады, сол туралы ой жүгіртсе игі болар еді деген үміт. Кең қазақ мектебіне негіз іздегенде, таза пән кезінен, яғни мектеп құрылысының қазақ жанына қабысуы жағынан келу дұрыс болар еді деген ой. САЙЛАУ Газетіміздің өткен санында да хабар айтып едік: Ақмола губернасында 15 августан қалдырмай губерна лық ревком таратылып, болыстық, ояздық һәм губерналық исполкомдар құрылмақ болды. Екінші түрлі айтқанда, губернамыздың барлық ісі жоғарыдан белгіленіп, уақытша отырған адамдардың қолынан алынып, елдің өзі білетін, өзі сенетін, өзі сайлаған адамдардың қолына тапсырылмақ. Тегінде ұғу керек: советтің негізгі заңы бойынша, жалпы Россия республикасының һәм республикадағы әрбір ауданның топ иесі, анық қожасы ревкомдар емес, исполкомдар, ревком – төңкеріс комитеті деген сөз. Оның мағынасы – әр жер төңкеріс болып, жаудан жаңа алынса, яки сол жерде аяқ астынан бір күшті көтеріліс шығып қалса, міне осы сияқты істердің артынан төңкеріс комитеті, яғни ревком құрылмақ. Мұндайда уақыт та, іс те тығыз болғандығынан ревком мүшелерін ел сайламайды, жоғарғы өкімет белгілеп
C C Шығармалары C C қояды. Бір жерде төңкеріс яки көтерілістен кейін болатын жүгенсіздіктерді жөнге салу үшін жоғарғы айтылған түрде құрылатын ревком, әрине, нағыз қолайлы мекеме. Бірақ ревком мүшелері жоғарыдан, көбінесе, шет жер адамдарынан белгіленетін болғандықтан, мүшелер жергілікті тұрмыспен жақсы таныс болмай, кей уақыт жергілікті елге жағдайсыз істер істеп тастауы мүмкін. Және адамның бәрі әулие емес, кей мүшелер төңкеріс комитетінде отырған соң төңкеріс жолымен елге күшті төрелік, орынсыз әкімдік көрсетіп жіберулері де ықтимал. Ал енді исполком қандай мекеме, бұған мүшелерді кім сайлайды? Жауабы мынау: исполком жоғарыдан жасырып беретін мекеме емес, елдің өзі құратын мекеме, һәм оның мүшелерін ел жиылыс қылып өзі сайламақ. Жақын болсын, жат болсын ел өзі білетін, өзі сенетін адамдардан сайламақ. Жоғарыда исполком елдің түп иесі дегеніміздің мәнісі осы. Биыл Ақмола губернасы Қазақстан республикасына көшкен соң, түрлі толқынды себептермен біздің губернамызда ревком да құрылып еді. Болыстық, ояздық һәм губерналық. Бұл күнде губернамызда ревкомдар құрылуға себепші болған жағдайлар жайланды. Толқындар басылды. Сондықтан уақытша қожа ревкомдар таратылып, түпкілікті исполкомдар сайланайын деп отыр. Ақмола губернасының қазағы! Өзіңе қолайлы, жағдайлы мекеме керек болатын болса, ерте күннен даярланып, күніңе, шаруаңа пайда келтірер деген азаматтарыңды кіргізіп, мына исполкомдарыңды сайлап ал. Іс басында жүргендер әрбір әу дегендерін істеп, өз адамдарын сайлап қояды, бізге тізгін бермейді деп қарадай қажуға орын жоқ. Россия республикасында барлық істі жүргізіп отырған коммунист (большевик) партиясы биыл жазғытұрым болып өткен 10-жиылысында бұдан былай іс басына коммунист партиясында болмаған адамдар да кіруі мүмкін, мүмкін
C C М. Жұмабаев C C емес, кірсін; болмаса яғни партияда болмаған елге сенімді адамдар іс басына отырмаса, мемлекет ісін жақсы алып барарға болмайды деп қаулы шығарып отыр. Міне, осы сөз – сөз. Жергілікті жолдастардың бұл сөзді аңдап оқып, енді билікке салулары мүмкін емес, сондықтан иеңді тап, ие тапқанда, кім болса о болсын, пайдалысын, адалын тап. Бұрынғы аурулары аздай-ақ соңғы бір-екі жыл ішіңде біздің ел тағы бір ауру жамап алды. Пысықша бір адам бір жиналыста делегат болып сайланады. Жиналыста болып, сайлаған елдің жай-күйін айтып елге пайдалы іс етейін деген оймен емес, жұмысқа айдамасын, лау тартқызбасын деген сықылды ұсақ ойлармен. Осындай пысықшалардың елге келтірген зияны аз емес. Сайланып тұрып бармай қалып, талай жиылыста қазақ делегатының саны аз болып, қазақ осы талай ұтылып жүр. Ел сені адам деп сайлаған соң ерінбей жиылысқа барып, елге пайдалы адамдарды сайлап, жағдайлы мекеме құрып бер. Пәлен-түгендер «төре» болып алып, қиындап барады деп зарлайсыңдар. Құр көз жасымен не біткен? Алма өзі ауызға қашан түскен? Түгендердің төре болмауы, ел, өзіңнің колыңда. Ел, даярлан. Түпкілікті исполкомдарыңды сайлап ал.
C C Шығармалары C C АҚАН СЕРІ Ақын туралы білгендерін айтып һәм жа зып берген Мырзалыұлы Баялы, Шынғысұлы Қоқыш, Бозайұлы Ысмағұл ақсақалдарға һәм Самыратұлы Қазыға көп рақмет айтамын. Мағжан. Ұшы-қиыры жоқ сары дариядай Сарыарқаның ортасында аралдай көгерген Көкшетау, Абылайдың ордасы құрылған, Кенесары, Наурызбайға отан болған Көкшетау алаштың ақындығының да ордасындай жер еді. Соңғы 5060 жыл ішіңде алты алашқа атағы шыққан ақындарымыз дың бірталайы сол Көкшетаудың маңайыңда туып-өскен. «Кең сабаның қорындай, Бертағының баласы Орынбай», екі аяқты адамның ділмәрі, улы тілді соқыр Шөже, Тойлыбай бидің ұлы Арыстан, үні зарлы Атығай соқыр Тоқжан, терең ойлы Атығай шал, аспанға өрлеп ән шырқайтын Біржан сал, өмірі ертегідей әдемі Ақан сері – осылардың бәрі сол күңіренген Көкшенің маңайында туып-өскен ақындар. Бұл ақындардың ішінде адамның іскерлігін алдымен өзіне аударатын – Ақан сері. Сөзінің сұлулығы, тереңдігімен демейміз, өмірінің сұлулығымен. Ақынның өмірі – ертегі өмір. Судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа жат, жұмбақ өмір. Сондықтан біз Ақанның алдымен өмірін жазып, онан соң сөздерін тексе реміз. Ақанның өмірі Ақанның сүйегі – Орта жүз арғын ішінде қарауыл. Ұлы әкесі қарауылда – нар шөккен Жарқынбай. Жарқынбайдың бір ұл, тоғыз қызы болған. Ұлы Қорамсадан көпке шейін бала болмаған соң, Жарқынбай бәйбішесі һәм тоғыз қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып тәңіріден не-
C C М. Жұмабаев C C мере тілейді. Сол тілектің артынан жалғыз ұлы Қорамсаның қосағы Жаңыл жүкті болып, одан ұл туады. Ұлдың атын Ақжігіт қояды. Біздің Ақанымыз осы. Ақан 1843 жылы Көкшетау қаласынан күнбатыс пен солтүстік әрелігіне қарай 70 шақырым жердегі Қоскөл деген жерде туған. Ақанның әкесі Қорамса бай, саудагер адам болған. Ол маңайда ол кезде ақша ұстаған қазақ сол Қорамса болды. Әрі малға бай болса, әрі ақша болса, әрине, Қорамса елге қадірлі болмақшы. Ақан 13 жасқа келгенше Бұхардан оқып қайтқан Күнту деген бір молдадан сабақ оқып жүреді. Бірақ біраз ес кіре бастаған соң, молданың балдыр-батпағына зирек Ақанның көңілі отырмай бастайды. Сөйтіп, 13 жасында Ақан молдасымен бір шариғатқа таласып, «маған қарсы келдің» деп молдасы оны ұрған соң, «шыбыққа сүйенген шариғатыңды ұрайын» дейді де, оқуыменен қоштасып кете барады. Осыдан былай Ақанның жалпақ жұртқа жат көрінген серілік өмірі басталады. Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт Ақанда болады. Қалың қарауылдың ойын-тойының көркі Ақан болады. Біріне бедеу мінгізіп, біріне бүлде кигізіп дегендей, 15-20 жігітті өзі тәрбиелеп, нөкер қылып алады. Жүргенде сол жігіттердің алдында қолбасыдай оқшау отырады. Біресе боз атқа мініп, ақ киген. Біресе қара атқа мініп, қара киген. Біресе торыға мініп, күрең киген. Басында – бұлғақтаған үкі, қолында – домбыра, аузында – ән... Жігіттердің бәрі балуан, бәрі әнші. Бірақ Ақанның әні өзгеше. Даланы күңірентіп Ақан ән шырқаса, би билігін, кемпір өрмегін, сұлу кестесін қойып, аңырып тыңдай қалады. Қалың қарауылдың қара көздері «Ақанның әні-ай!» деп күрсінеді. Сүймесе сері дер ме еді, қалың қарауыл Ақанға сері деп лақап береді. Солай жүргенде Ақан бұрын атастырып қойған қалыңдығы ІІІомат қожаның қызы Бәтиманы ала-
C C Шығармалары C C ды. Онымен он жылға жақын отасып тұрады. Бәтимадан бір ұл, екі қызы болады. Бірақ ұлы тілсіз болады. Он жыл шамасында Бәтима өледі. Бірақ серіліктің соңында жүрген Ақан Бәтиманың өлімін елемейді. Серілікті бұрынғыдан да үдетеді. Құлақ естір жерден алғыр қыран, құмай тазы, жүйрік жияды. Зілғараның баласы Әлібек батырдан бір жылда алпыс түлкі алған Қараторғай деген бүркітті, Сайрат төреден бір жылда тоғыз қасқыр алған Базарала деген итті алады. Қалың қарауылға аты шыққан Ақтоқты деген арумен көңіл қосады. Тап сол кезде Ақанның қолына алты алашқа аты шыққан Құлагер түседі. Құлагер көбей-қарауыл Шөкетай жылқысынан шыққан. Жабағы тай күнінде Құлагер кез келген жерде, хатта, күртік үстінде өлген малдай серейіп ұйқтай береді екен. Шөкетайдың ағасы Әбілторы сыншы Құлагерді тай күнінде тұлпар болады деп сынаған екен. Құлагер дөненінде қарауыл ішінде алдына қара салмай, сол Құлагерді Ақан сол күнде жүз сомға сатып алады. Бестісінде Құлагер Шабан асында дара келеді. Бұдан былай шет елдерге Ақан мен Құлагердің аты бірге шығады. Ақан қолында Құлагер Арқаның талай зор астарында аузымен құс тістеген сан жүйріктерден озып жүреді. Арғын-алтай Аққошқар-Сайдалының (Сайдалысының) асында Құлагер 300 аттан жеке-дара келеді. Бірақ, сол аста бір көңілсіз әңгіме болып қалады. Құлагердің артынан Барақбай дегеннің Кетеберкөк деген аты келе жатады. Белгі алуға шыққан Барақбай құлдырап келе жатқаң Құлагердің шылауынан ұстаңқырап қалса керек, мұны көріп тұрған Ақанның Барақбайға тілі тиеді. Осы уақиғадан Барақбай дың ішінде Ақанға қарсы кек қалады. Осылай Ақанның атағы талай жерге жайылып тұрған кезде мұның өмірінде бір өзгеріс болады. Желдей ұйыт қыған серінің жүрегіне мін деуге бола ма, сол кезде Ақан Ақтоқтысынан айнып, қарауыл Тіналы қажының қызы
C C М. Жұмабаев C C Ұрқия сұлуға өз әнімен өлең шығара бастап, сол Ұрқияны алып қашады. Бірақ жаны сүйіп алған жары Ақанмен ұзақ отаса алмай, үш-ақ ай тұрып, шешек шығып дүниеден қайтады. Жаның сүйген жар нажағайдай жарқ етіп дүние салса, жанға жеңіл жара бола ма? Ұрқия өлгеннен былай Ақанның жаны қасіретке орала бастайды. Ұрқия өлген жетінің ішіңде Ақанның жақсы көрген бір інісі өліп, қасірет үстіне қасірет жамалады. Жараланған жүрек жазылу үшін тағы махаббат іздейді. Ақан айналып Ақтоқтыға келеді. Енді айналып иілгенде Ақтоқтының ұзатқалы жатқан шағы болады. Ақтоқты өкпесін айтып, разы еместігін білдіреді. Ақан қалайда Ақтоқтыны алмақ болады. Ақтоқтының беріліп отырған күйеуі ақсақ екен, қыздың көңілін күйеуден қайтару үшін Ақан сықақ қылып улы өлеңдер шығарады: Бәрекелді, Ақтоқты, тапқаныңа, Жібеқтен шоқ шекеңе таққаныңа. Бұдаң артық құдайдан не тілейсің, Шолақ қасқыр түсіпті қақпаныңа...– деп, мысқыл қылады Ақан. Бірақ өкпесі күшті Ақтоқты бұрылмайды. Ақан танысып келе жатқан қызды жалғыз өзі Құлагерімен алып қашады. Қыз қалайда. разы бол майтындығын айтқан соң, алдында келе жатқан қыздың сүбесіне сапыны сұғып алып, бір томардың қабағына тастап кетеді. Бірақ Ақтоқты тірі қалып, берілген күйеуіне барады. Ақанның жүрегінде махаббат та, ашу да күшейеді: Ақтоқты, кеткенің бе шыныңменен, Бал бердің талай жерде тіліңменен. Басыңды Сарымида кесіп алып, Өмірімше даулассамшы құныңменен... Дарияның қайраңындай қалқа бала, Зарланып ән шырқаймын уайымменен, – деп ашулы зар шығарады Ақан.
C C Шығармалары C C Ақан енді көңілін мал да болса жолбарыстай қолындағы Құлагерімен көтермекші болады. Құлагерді (тағы) астан асқа алып жүріп отырады. Ұрқия, Ақтоқты уақиғасына бір жыл шамасы болғанда, керей Сағынайдың асы болады. Ақан сол асқа Құлагерді қосады. 323 аттың алдында Құлагер жұлдыздай ағып келе жатқанда, анау Сайдалы асында ішіне қан қатқан Барақбай Құлагерді көлденеңнен соқтырып өлтіреді. Асқа жиылған құмырсқадай қалың ел шуылдасып, гулесіп, бәйгесін алып, ойын ойнап жатқанда, Ақан мидай далада жолдасы Құлагердің басында кәдімгідей мөлдіретіп көзінің жасың төгіп отырады. Күн былай тұрсын, түн бойы күңіреніп Құлагерінің, сандалкерінің, еркесі, үркеккерінің басын құшақтап отырады. Жан жолдасын қолымен өлтірген адамдай күйінеді. «Әлдеқайдағы Ерейменге неге алып келдім? Мал да болса, адамнан есті жануар-ай, шабуға жіберерде салбырап, басын төмен салып, кәдімгідей көзінен жасы бұршақтап тұрды-ау! Осы сұмдықтың боларын білген екен ғой еркекерім»,– деп өкінеді. Керейдің игі жаксыларының өздері келіп көңіл айтып, қол қусырып ауылға шақырғандарына жұбанбай, бармай, күңіреніп, бір күн, бір түн далада өлген еркесінің басыңда отырады. Сол отырғанда өзі мен сандалкеріне өлең шығарады: Жануар Құлагерім қолдан кетті. Дұшпанның қастығынан қаза жетті. Қаржас боп, қанжығалы, керей, алтай, Қуандық, Сүйіндіқ боп намыс етті. Тамам жұрт көтермекке аттанғанда, Алдынан қарсы бармай маған нетті? Жиыннан жеке келген тұлпарым-ай, Үмітсіз қандай дұшпан қағып өтті. Қырмызы, қара құлпы құйрығың-ай, Суырылып топтан озған жүйрігім-ай.
C C М. Жұмабаев C C Жеріне Ерейменнің, айдап келген Тәңірінің айналайын бұйрығын-ай...– деп күңіренеді Ақан1. Жараға жара қосылып, ауыр қасіретпен Ақан еліне қайтады. Тағдыр шіркін тас бауыр ғой, тап сол жылы Ақанның алғыр қыраны – Қараторғай һәм Базарала тазысы өледі. Қазақ: «Ер жігіт тұлпардың тұяғымен, сұңқардың қияғымен, сылдыр қаққан судың бойымен, алма мойын сұлудың қойнымен жұбанады», – дейді екен. Енді Ақанға өмірде жұбанарлық не қалды?.. Жан сүйген жары Ұрқиядан өлі айрылған, «талай жерде тіліменен бал берген» Ақтоқтысынан тірі айрылған, тұлпарын көмген, сұңқары мен құмайы өлген, енді не қалды? Енді Ақанға теңізден терең ой қалды. Қорғасыннан ауыр, түннен қараңғы қайғы қалды. Удан ащы қасірет қалды. Жасы да отыздың ішіне кіріп қалған. Өмірдің жайнаған гүлін көріп келген Ақан өз өмірінің бықсып-күйіп күлге айналғанын көре бастайды... Сол уақыттан былай Ақанның жанында үлкен өзгеріс болады. Бұхардан оқып қайтып, Көкшетауда дәріс айтып тұрған, белгілі Науан қазіретке анда-санда барып сабақ алады. Дінге, сопылыққа беріледі. Хақ асығы дуанадай малдан, елден безіп, дінменен жан тазартуға кіріседі. Бұрын судай сұлу махаббатты жырлайтын Ақан сопылықпен жан тазарту жайын жырлай бастайды. Бірақ сүйегіне біткен серілік серіліп кетпейді. Бәлки, серіліктері жұртқа жат, ұғымсыз түрге кіріседі. Ақанда мынадай кенет ірі өзгеріс көрген соң, ел күңкіл қыла бастайды. Күңкілдің түбі Ақанға пері иеленіпті деген сөзге айналады. Шынында Ақанның құлқының, істерінің жай адамның құлық-істеріне үйлеспеуі мұндай сөздерді еріксіз шығаратындай. 1 Ертеңінде Құлагердің басын кәдімгідей кебіндеп жерге көмеді. (М. Жұмабаевтың ескертпесі).
C C Шығармалары C C Жаз шығып, жан-жануар қыбырлап, қалың ел қайта жайлауға көшкенде, Ақан сақау баласымен Қоскөлдің сыр тындағы – Сарыкөлдің жағасындағы ағаш үйде жалғыз қалады. Қалың қамысты көл. Қою қалың, иесіз қыстау. Ақан. Тілсіз бала. Түн болады. Жел шығады. Қою қамыс зуылдайды, сықыр-сықыр қалың қайың шайқалады. Иесіз үй күңіренеді, үй ішінде Ақан күңіренеді. Сақау балада үн жоқ. Екі көзі жаудырап Ақанға қарайды да отырады... Күндіз де сол... Ішуге де, дәретке де суды Сарыкөлден ғана алады. Сарыкөлдің суына тірі тышқан түсірмейді. Мінген атын да суармайды. Мал келе жатса, алдынан шығып айдап жібереді. Ақан анда-санда жайлаудағы елді аралайды. Астындағы – жүзіктің көзінен өткендей жаратып тастаған бедеу. Екі жағында – екі сұлу ат. Қайда барса, бір елі қалмайды. Шақырса екеуі екі жақтан келіп, тізесіне иектерін сүйеп тұрады. Ақанның өзінен басқа тірі жанды маңдарына жолатпайды. Өздері – туғалы жүген-құрық кимеген шу асау. Ақан бір ауылға түссе, далаға барып оттап, Ақан аттанарда келеді. Ақан кез келген ауылға түсе де бермейді. Қалың қарауылдың ішінде өзінің таңдап алған белгілі ордалары бар. Сол ордаларға ғана түсіп, солардың ғана асын ішіп, солардың ғана төсегіне жатады. Болмаса қазы-қартаға бөлеп қойса да, кез келген үйге түспейді Ақан. Түсіп отырған үйінің ыдыс-аяғында кір, қыл көрсе, яки сол үйдің әйелінің бір былықтығын байқап қалса, пісіп тұрған дәмді тастап, рұқсат алып, аттанып кете барады. Киімі кір адаммен отырғанда, тізелесіп те отырмайды. Төсегі кірлеу үй болса, үйге жатпай, далаға жатады. Жаз болса, көлдің жағасына барып, қыс болса, үюлі шөптің ішіне барып, кейде Алланы аузынан тастамай, басын сәждеден көтермейтін болады. Жанды дінмен тазарту керек дейді. Ал енді кейде Алланы ұмытқандай болып, дінін, намаз,
C C М. Жұмабаев C C оразасын – бәрін қойып кетеді. Күні-түні күңіреніп өлең жазады, ән шығарады. Далада болсын, ауылдың жаныңда болсын, өзінің зарлы сарынымен ән шырқайды. Ақанның осы мінездерінің, осы істерінің бәрі жат, бәрі жұмбақ, бәрі ұғымсыз, ел не деуге де білмей қалады. Жын ды деп-ақ қояр еді, қалың қарауылда Ақаннан есті, Ақаннан шешен, Ақаннан көсем кім бар? Ермін деген ерлер шеше алмаған түйінді Ақан шешеді. Екі жақсы бас қосса, сөзді Ақан бастайды. Қандай ұшынған дау болса да Ақан бітіреді. Ендеше, Ақан – жынды емес. Оған мұсылман перісі иеленген болар дейді жұрт. Күн-күн сайын осы сөз өседі. Бастап еміс-еміс боп, өлімсіреп туған өсек, барған сайын бойы өсіп, бұғанасы қатып дәуірлей береді... Ақан. Ерейменде Құлагердің басында түнеп отырғанда, таң алдында салқыншалау жел шығады. Ақан тоңазығандай болады, шерлі Ақан күңіреніп отыра береді. Сол арада болар-болмас қобыздың қылын, домбыраның ішегін шерткендей нәзік мұңды дауыс жан-жаққа жайылғандай болады. Әлгідей болмайды, жорғалаған желдің ішінен жібектей судырлап, талдай бұраңдаған, жүзіне кәдімгі айдың нұрындағы нұр төгілген бір әйел шыға келеді. Ол келген мұсылман перісінің ханының қызы екен. Адамзаттың еркесі Ақан сері қалың шерге душар болған соң, ханның қызы ерке сұлу Ақанды жұбату үшін желге мініп, ұшып келген екен. Келіп жұбатады... Сол күннен былай Ақан мен пері күндіз айрылып, түнде қосылатын болады... Жоқ, пері Ақанға Ерейменде иеленген емес екен. Періге иелену Ақанның тұқымында бар екен. Олардың қонысы – Қоскөлдің өзі ежелден перінің мекені екен. Марқұм Қорамсаның өзі перімен айналысқан адам екен. Қорамсаның өзі де бірнеше күндеп, айлап ешкімге тіл қатпай, үйден шықпай, бұқбанау жасап аулақ отырып алатыны бар екен. Сол уақытта оның пері жары келеді екен. Ақанға пері қызын қосқан оның пері
C C Шығармалары C C шешесінің өзі екен. Осылардың бәрі құр «екен» ғана емес, ап-анық нәрсе, көзбен көрген де кісі бар... Шұңғырша қарауыл Әбіш деген жігіт күздігүні шөп шапқалы қыстауға барып, іңірде шошалада балта қайрап отырады. Ортада от бықсып жатады. Шошаланың іші қара көлеңке. Бір мезгілде жел шыққаңдай, қыстаудың желкесін дегі қалың қайыңның жапырақтары сыбдырлағандай, қораның төбесіне жапқан қамыстар судырлағандай, сыр ғауылдар сықырлағандай болады. Желмен ашылғандай ақырын ғана есік ашылып кетеді. Үйге үш әйел кіреді. Алдыңғысы денелі, ұлғайған бір бәйбіше; екіншісі – орта жастағы әйел; үшіншісі -талдай нәзік, талдырмаш бір қыз. Үшеуінің де жүзінен сорғалаған сәуле төгіліп тұрғандай. Киімдеріне көз тоқтамайды. Үшеуі де қолдарымен жүз дерін тасалай бергендей. Келіп босағаға отырысады. Әбіш қалтырап, тоңғандай, тісі сақылдап «құлқуалланы» оқи бастайды. Мұсылман пері құраннан қаша ма, үш әйел отыра береді. Біраздан бәйбіше сары іңгендей ыңыранып сөз бастайды. «Шырағым, Әбіш, танымаған соң, сен бізді жатсынып отырған шығарсың. Мен – Қорамса атаң үйіңдегі шешеңмін. Мынау – Ақан ағаң үйіндегі жеңгең, анау – менің кіші балам еді. Таза жүретін, мұсылман адамға беруге ойым бар еді. Үй-ішіміз болып сені ұнатысып, саған қосқалы келіп отырмын»,– дейді. Бәйбіше соңғы сөздерін айтқанда, сұлу қыз қағынған аққудай күлімдеп, керіліп қояды. Әбіште құт жоқ, зәре жоқ. «Әлхямді құлқиуалладан» қайран болмаған соң, Әбіш жандәрмен тізесінің астында жатқан балтаны ала ұмтылады. Сол уақытта үш әйел күбіркүбір сөйлескендей болып, судырап үйден шыға жөнеледі. Әбіш оттың басында талып қалады. Есін жиған соң, аулына қайтып, ауруға айналып, өмір бойы шала естілеу болып қалады...
C C М. Жұмабаев C C Жоқ, жалғыз Әбіш емес, басқа да көрушілер болған. Ақанның қыстауының сыртындағы тоғайдан өткенде перілердің шулап, сақ-сақ күліп, ойнап жатқанын талайларақ естіген. Шөбектің немересі Жаналы мырзаға да сол перілердің біреуі қара мысық болып келіпті-міс деседі. Бұл «еміс-емісті» қоя тұрып, Ақан ұйқтап жатқанда алысырақ тұрып қараса, әркім-ақ оның перімен жатқанын көруге болады. Ақан жатқанда көрпенің астында ылғи екеу болып жатады екен... Міне, Ақан қырыққа аяқ басқанда, сұлулықтың асығы Ақан жарынан, тұлпарынан, сұңқарынан айырылғанда, өмір айдынында ән салып жүзіп бара жатқан қу қанатынан қайырылғанда, Ақанның жүйрік жаны ой дариясына шомып, сұлулығы жоқ былық тұрмыстан безгенде, халық оны ұға алмай, Ақанның жұмбақ өмірін шеше алмай, оны алып барып періге байлайды. Бірақ халық соқыр сезімімен кешегі ерке серісі – Ақанның сұлу тұрмысына кір жаққысы келмей, жанды затты сұлу періге апарып қосады. Жұмбақ та сұлу; таппаса да, шешпесе де сұлу. Дұрыс, Ақанға пері иеленіпті деген сөзді әдейі тарату шы, өлімсіреп туған өсекке әдейі жан беруші, жел беру шілер де болған. Әсіресе, «қалың қарауылдың қыдыр орнаған ордасы» – Шөбек балалары. Перғауынсыз Мұса бола ма? Бірақ Мұсаның өзі перғауынға соқтықпаса, тиер ме еді? Тағы бірақ маңайындағы перғауындарға соқтық паса, Мұса болар ма еді? Қарауылдың сөз білем деген ерлерін, әсіресе, көршісі – Шөбек балаларын Ақанға қас қылған – улы тілі. Шынында, Ақанның тіліңдей улы тіл сирек болар. Тиген жерін удай ойып жібереді-ау! Ақан бір жерде отырып, Шөбек немерелері туралы мынау өлеңді айтады:
C C Шығармалары C C Тас мұрынды – Бегалы, Сар тоқалы Сердалы, Іскен басы – Сералы, Қотыр ауыз Мұқанәлі, Көнтек ауыз Нұралы, Бос сопағы – Баялы, Ералы, Жаналы, Сайдалы – Сауытбектің сарала иті сықылды, Енеңді ұрайынның балалары... Боқтыбай айтқандай, пәлі-пәлі...1 Мынадай сөзді есітіп отырып, Шөбектің көп баласы қалай намыстанбас, қалай Ақанды қорлап өсек таратпас?.. Қысқасы, Ақан туралы өсектің тарап кетуіне алдымен оның мінезінің жаттығы себеп болса, екіншіден, оның ащы тілі де қосымша болған. Қалайда, қазақ баласының шешені, сөз тапқыры Ақанға ешкім – досы да, қасы да – бетіне келіп, ісің жат-ау, саған пері иеленіпті деген сөз бар деп айтуға бата алмаған. Достары түгіл, қастары да алдында «Ақан аға» деп жорғалайды екен. Осылай жұмбақ өмірмен Ақан елуге таялып келе жата ды. Сұлу өмір жарқ етіп, нажағайдай өте шыққан. Өткен күн қиял туғызған ертегі сықылды. Көп ішінде көпке ұсамайтын бір өзі, көп ішінде жалғыз. Қалың қарауылдың ішінде жанын ұққан жан жоқ. Жұбатарлық досы жоқ, жаралы жанын жазарлық жары жоқ. Әлдеқайда бетпақ шөл, бетпақ шөлде жалғыз жол. Сол жолменен жалғыз жан табанын тасқа тілдіріп, маңдайын күнге күйдіріп кетіп бара жатқандай. Қайдан шыққанын, қайда бара жатқанын, не үшін бара 1 Боқтыбай – екі сөзінің бірінде «пәлі-пәлі» деп отыратын бір шал екен (М. Жұмабаевтың ескертпесі).
C C М. Жұмабаев C C жатқанын өзі білмейді. Тілек жоқ, үміт жоқ, мақсат жоқ. Түннен қараңғы, қорғасыннан ауыр ой ғана бар. Осындай күйде келе жатқан Ақан кәріліктің босағасынан бұрылып кетіп, қайтадан өмірдің сұлу жолына түспек болады. Оймен ойланып семген қайғының қары қарып сөнген жүрек тағы тіріле бастайды. Елу жыл жасап талай күйіп күл болған, талай талып есін жиған жүрек тағы отқа, махаббатқа, жарға ұмтыла бастайды. Махаббат іздеп тағы аласұрып, шарқ ұрады. Қанды көз қыран қияға қонып, қиянға қарай бастайды. Ол күңде қалың қарауылдың ішінде аты ауыздан түспейтін үш ару бар. Шөбектің немересі Ұрқия, аға сұлтан Шыңғыстың немере қарындасы, Абылай тұқымынан Жүсіп төренің қызы – Жамал. Сұлулыққа қырағы Ақан үш сулуды қиядан көреді де, қанатын қағынады. Жүйрік жүрек үш аруға да шеңгел салғысы келеді. Үзілген үміт жалғанғандай болып, Ақан тағы махаббатты жырлай бастайды. Үш аруға «Үш тоты» деп ат қойып, өлең шығарады. Бірақ бір нәрсеге байланбай жүрек тұра алмақ емес. Бір аздан Ақан үш арудың біреуіне ауа бастайды. Ол ауғаны – Жамал. Жамал он алты жаста-ақ. Жібек желден жаратылғандай ару, Жиреншеден тәлім алғандай шешен, Едігеден бата алғандай данышпан. Қалайда Ақан Жамалды осылай сипаттайды. Осы жас Жамалға Ақанның жүрегі байлана береді. Жүйрік жүрек бір бастаса, не сүйіп қосылмай, не қосыла алмай күйіп, күл ден кебін кимей тоқтай ма, Ақан бара-бара жас Жамалды біржола берік сүйеді. «Үш тотының» ішінен «қалқа бала» деп Жамалды бөліп алады. Бұл сүйгенін: Қыздарды мен не қылам қылам-сылам? Қалайша ғашық отқа сабыр қылам? Жаңартқан өмірімді қалқа бала, Басы – жым, ортасы – мим, аяғы – ләм,–
C C Шығармалары C C деп жұртқа өзі жария қылады. Кірсіз махаббат көптің көңілін не қылсын?! Өмірде екі сүю болмайды дейді жұрт. Жұрт не демейді? Өзіндей болмаған үшін Ақаңды «пері соққан» дейді. Жұрт аспанға өрлеген жүйрік жүректі мойнына құрық түссе, құлағы салпиып тұра қалатын мұжықтың мәстегі болсын дейді. Жұрт желден жүйрік жүрекке мойныңа түскен бұ ғалықтан бұлқынып шығам деуші болма деп, шіріп қалған шындықтан сабақ береді. Жүйрік жел ұшпай тұра ала ма? Жүйрік жүрек құшпай тұра ала ма? Жүрек сүюі болмаса, салқын, бос қуысқа айналмай ма?! Жиһанда жалғыз мәңгі нәрсе махаббат емес пе, өлген махаббат екінші түрде, екінші түсте қайта тірілмек емес пе?! Ендеше, Ұрқияны сүйген Ақанның Ұрқия өліп, көп жыл өткен соң Жамалды сүюінде де ешбір таң нәрсе жоқ. Кім біледі, Ақан жас Жамалда тіріліп келген Ұрқияны көрген шығар... Қалайда, Ақанның Жамалды сүюі барған сайын арта береді. Жасы елуден асып, кәрілікке барып қалған Ақан іштен сүйіп, іштен күйеді. Бастап сырттан өлең шы ғарып жүргені болмаса, Жамалдың өзіне білдірмейді. Екі жастың арасы қыс пен жаздай болған соң, бұл сүюдің пайдасыз екенін ойлап күйінеді. Жамал жүректі құр өртейтін әйел болып туғанша, ұл болып неге тумады екен деп назаланады. Тал бойың Құлагердің сағағындай, Тамағың піскен алма сабағындай. Қаз мойын, мөлдіреген қарақат көз, Иегің ителгінің тамағындай. Ішінде өз жұртыңның еркелейсің, Айдынның ақ қайраны, шабағындай. Осынша жүрегімді жандырғанша, Ұл боп тусаң не етеді, қарағым-ай?..– дейді Ақан. Бірақ қалың оттай жүректе заулаған махаббат сыртқа шықпай тұра алмайды. Дүниеде күшті нәрсе екеу-ақ
C C М. Жұмабаев C C қой: өлім һәм махаббат. Адам өзгені айналып өтсе де, өлім мен махаббатты айналып өте алмақ емес. Ақан өзін қанша тыймақшы болса да, сол күшті махаббаттың күйдіруімен өзіне-өзі ие бола алмай, сүйгенін ақыры Жамалға білдіреді: Бұраң бел, жазық маңдай, сүмбілден шаш, Тартылған бойың сымдай, қиылған қас. Ақ жүзің түстік жерден көрінеді, Секілді жарқырайсың брилиант тас. Сипатың жұмақтағы Хорылғайын, Көрген жан жамалыңа болады мас. Сайраған қапастағы тоты құссың, Білмейді кәдіріңді бұл күнгі жас. Айтуға тура түйреп жасың кіші, Сыртыңнан иемдеймін, ей, қарындас. Тау-тасты шабыт қылған ақиықпын, Болмайды сені ойласам ішкенім ас. Жорытқан түс секілді жіберейін, Бұл сөздің пайымын біл де, түндігін аш... Алдына далбай тастап шырғаладым, Шабытқа келе алмасаң, қылғаның қас,– деп жазады Ақан. Бір ғана емес, көп жазады. Желдей ек пінді албырт жастай, өрт болып жанған жүректен шыққан жалынды өлеңдер жазады. Бірақ қанша есті болғанымен, жас Жамал Ақанның жанын қайдан ұға алсын?! Оның сүттен таза махаббатына қайдан баға бере алсын? Кім біледі, баға берген де шығар-ау, бірақ жұрттың сөзін аттап өтіп, елуден асқан адаммен қалай өмірін қоса алсын. «Қара қазақтың, жабайы адамның қызы болса, бір сәрі. Жүсіп төренің қызы мұны істесе, біткен төренің сүйегіне таңба емес пе?» Қалайда, Жамал Ақанға жылы жауап бермейді. Жамалдың бұл мінезі Ақанның өзегін тіпті өртейді. Махаббаты бұрынғыдан мың есе күшейеді. Ақан Жамал маған жылы жауап бермеген екен деп, өкпелеп, ғашықтығын
C C Шығармалары C C тоқтатпайды. Шынында, ғашықтық деген алып-салмалы қолдағы нәрсе емес қой. Жамалдың сүюін білдірмеуіне көзі жеткен соң, Ақан іштен сүйіп, іштен күюге айналады. Күн-түн күңіреніп өлең шығарады. Ән шығарады. Ақанның Жамалға қатты ғашық екендігі, оған арнап ылғи өлең, ән шығаратындығы, Жамалдың ол ғашықтыққа ілтифат қыл мауы жұртқа жайылып кетеді. Замандастары ұшырасқан жерде мысқыл қылыңқырайды. «Ақан-ау, қыз саған мой нын бұрмайды, осы ғашықтықтан не пайда?» – деседі екен. Осындай сөздерге Ақан: «Менің ғашық болуым үшін оның ғашық болуы шарт па екен, ғашықтық бір нәрсеге байланып жүре ме екен?» – дейді екен. Ғашықтықты дұрыс ұғу деген осы болады ғой. Не керек, жоғалтқан тәңірісін кәрілік босағасында қайта тапқан Ақан, сол тәңіріге таза ниетті құл болып табынуға арланбайды, қажымайды. Сүюден-күюден, күндіз-түні күңіреніп махаббатты толғаудан талмайды. Барған сайын махаббат тереңдей берді. Сөйтіп жүргенде жас Жамалдың ұзатылатын шағы болып қалады. Жамал ұзатылады. Алыстан көрінсе де, көңілге медеу болып жүрген Жамал енді жоғалады. Мал берген жабайы күйеу сұлу Жамалды меншіктеп алуға келген. Жамал танысып жүр, айдынның деңіндегі ауылда ойын-той, айдынның қара толқыңдары арасында қанаты сынып, құс төресі – аққу отыр. Аққу әлдеқайда алыста алтын сәуле көреді. Ескі күші есіне түсіп ұмтылады, қағынады. Көтеріліп кетуге дәрмен жоқ. Жырлайды да, жылайды; жылайды да, жырлайды. Алыстағы алтын сәуле оған ілтифат қылмай, созылып, күлімдеп өз жолына бара жатыр. Соңғы минут, сәуле жоғалып барады. Тұңғиық айдын. Құтырған толқын. Жаралы аққу. Қалған барлық қүшін жиып ұмтылады, пайда жоқ, толқын күшейгендей. Хал біткендей. Сәуле сөніп бара жатыр. Енді Аққудың аузынан жыр төгіледі. Мұңды үн құйылады: өлім менен өмірдің үні. Үзіліп бара жатқан
C C М. Жұмабаев C C жүректің жыры... Жамал ұзатылардағы Ақанның шығарған «Сырымбет» әні – сол өліп бара жатқан құс төресі аққудың әні. Біздің зарлы әндеріміз көп. Бірақ «Сырымбеттей» терең зарлы ән сирек болар. Жердің жүзіндегі мұң, адам баласының барлық зары сол «Сырымбетке» жиналғандай. Жамал ұзатылатын күндерде Ақан күндіз-түні күңіреніп «Сырымбетін» шырқайды да жүреді. Ақан түндерде «Сы рымбетті» шырқағанда, кім ғана жыламаған, қалың қарауыл жылаған. Жас пен кәрі жылаған, әсіресе, нәзік жанды жас Жамал жылаған. Аулың қонған Сырымбет саласына, Ғашық болдым ақсұңқар баласына. А-а-а-ау, сәулем! Қарындас-ау, енді есен бол... Бидайыққа лайық қалқа бала, Бөктергіге қор болып барасың да... Аулың қонған Сырымбет саласына, Ғашық болдым ақсұңқар баласына. Дариға, қайрылмадың, қалқа бала, Жүректің енді ем жоқ қой жарасына... Алтын қайық жарасар күймесімен, Назым тартпас бұлбұл құс сүймесімен. Қоскөл жаққа таныса киіп барған Бешпетіңді бер, қалқа, түймесімен. А-а-а... сәулем. Қарындас-ау, енді есен бол... Сырымбет тауы – Жамалдың әкесі Жүсіп төренің қоны сы. Ақанның Жамалға ғашықтығын жүйрік жүректің соңғы соғылуы, «Сырымбетті» Ақан жырларының ең соңғы сұлу жыры деуге болады. Жамал ұзатылған соң, Ақан тұңғиық қайғысын құшақтап, қалың елдің ішіңде жалғыз қалады.
C C Шығармалары C C Ақанның мұңды соңғы өмірі гүлсіз, үнсіз, жырсыз, түрсіз өмірге айналады. Бұрынғы жат мінездері тіпті жат, ұғымсыз түрге кіреді. Бірақ, дариға, жүйрік жүректің қайғымен жылынып, сөнгенін, терең жанның оймен уланып өлгенін кім ұққан?! Ақан алпыстан асқан кезде қазақ даласында қарашек пендердің қаптап келіп жатқанын айқын көріп, жақсы жерінен айырылған соң, елдің кедей болғандығын, елдің алды қараңғы екендігін жырлай бастайды. Әсіресе, қарашекпендер Ақанның ата мекені Қоскөлдің желкесіндегі Сарыкөлге қол салғанда, Ақан ылғи жүректен шығатын жырларымен қазақтың жерін жоқтай бастайды. Ақанның соңғы өмірі жырмен жер жоқтауға, Сарыкөлді іздеуге жұмсалған деуге болады. Бірақ қанша ізденсе де, Көкшетау мен Қоскөлдің арасын жүре-жүре жол қылса да, Сарыкөлді өзіне қалдыра алмаған, Сарыкөлге мұжық қаласы түскен. Туған жері мұжыққа кеткен соң, Ақан 50 шақырым жердегі Сасықкөлдегі бір күйеуіне көшіп барады. Сол күйеуінің қолында алты алашқа аты шыққан Ақан сері сұлу жырларымен, зарлы әндерімен, әсіресе басқа адамға үйлеспейтін жат мінездерімен аты шыққан Ақан ауырып, жетпіс жасында, 1913 жылы дүниеден қайтады. Сөйтіп, аласұрған ұшқыр жан, шарқ ұрған жүрек, жабайы жұртқа ұғымсыз, жат мінезді ірі жүрек, сұлулық іздеп, өмір бойы от болып заулап жанған жүрек мәңгі мұзға айналады... Ақанның жат мінездерін, өмір бойы тәңірі көріп сұлулыққа табынуын көз алдыма алып келсем, менің есіме Англияның ақыны Оскар Уайльд келіп түседі. Оскар өмір бойы сұлулықты жырлаған, жалпы жұрттан сері деген лақап алған. Жұрт оны да сері деген. Сол серілігі үшін абақтыға жапқан... Ақан да сұлулыққа табынған. Алты алаштан сері деген ат алған... Бірақ Ақанның сұлулыққа табынуы тереңірек. Ақанның өмірінің жұмбағы түйіндірек. Мұның
C C М. Жұмабаев C C өмірі – мұң мен зар. Сол сұлулыққа табынудан туған мұң мен зар. Егер Ақан Оскар Уайльдтай өнерлі елдің ішінде туса... бұл тілекке жауап табу қиын. Мұндай тілекке жауап іздей бастасаң, еліңнің заулаған оттай баяғысы, қап-қара түндей кешегісі, жалпылдаған жындай бүгінгісі, қара тұман келешегі көз алдыңа келіп, Ереймен тауының бауырында өлген Құлагердің басын құшақтап күңіреніп отырған Ақан серінің қасіретіндей жаныңды терең қасірет билеп алып кетеді... Сөздері «Ақан серінің сөзінен өмірі сұлу» деп біз Ақанның өмі рін жазған мақалада ескерткенбіз. Алайда, оқушыға Ақан туралы аз ба, көп пе қоғамдық ұғым беру үшін Ақанның сөздерінің мінезін білдіріп, түрлерін көрсетуді керек деп білдік. Тағы бір ескертетін нәрсе – біздің қолымызға Ақанның барлық өлеңдері түскен жоқ. 1922 жылы жаз бірер ай әдейі Ақанның сөздерін жинамақ үшін Көкшетау оязын аралағанымызда, Ақан өлеңдерінің қорлы болып жиналған жерін ұшырата алмадық. Әркімнің аузынан бір-екі ауыздан жиюға тура келді. Жалғыз-ақ Шыңғысұлы Қоқыш ақсақал мен Самыратұлы Қазыдан біраз жазылған өлеңдер ала алдық. (Қазының айтуына қарағанда, бұл өлеңдердің бірталайы Ақанның өз қолымен жазылған болса керек.) Сонда да қолымызда Ақанның 3–4 жүз ауыздай өлеңі бар. Аз да болса, осы өлеңдері бойынша оның ақындығын шолмақпыз. Жалпы жолға қарсы болса да, Ақанның сөздерін мағына жағынан тексермес бұрын, біз Ақанның тілінен бастамақ шымыз. Бұған себеп – Ақанның тілінің таза еместігі. Қазақ ақыны Ақанның қазақ тіліне араб, фарсы, (жазаласа) орыс
C C Шығармалары C C сөздері көп кіріп кеткен. Оның мағына жағынан, әсіресе, сурет жағынан сұп-сұлу өлеңдерінің тілдері шұп-шұбар. Ақан бұл шұбар жолға өзі қалап түскен емес, оны заман түсірген. Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз. Ақан – заманның баласы. Ол заман – өткен тоқсан тоғыз, жүзінші жылдар, қазақ даласын оңтүстік пен солтүстіктен екі албастының келіп басқан заманы. Біреуі – Бұхардан ишандардың, қазіреттердің, молдалардың, халфелердің шаңырақтай сәлделеріне, күпілерінің күйектей етектеріне жабысып келген мұсылман албастысы. Екіншісі – болыстардың знак, мөрлеріне, тілмаш, «учительдердің» қақиған картоздарына, сымпиған шалбарларына оралып келген орыс албастысы. Ол дәуір – осы екі албастының кесірінен елдің өмірі іріп, шіріп, тілінің тарғылданған дәуірі. Ол дәуір халфелердің: Фараухун уә райханун әнфісәк сәні, Болғанда хуснун уәе абиз тәнің,– деп, тілмаштардың: Көйлегің сексен теңге серо-бурый, Дамбалың московский материя,– деп, учительдердің: Милая, тебя вижу, қырындаймын, Без ответ, все таки, ұрынбаймын,– деп қыздарға хат жазатын дәуірлері. Ақан қазақ тілінің сол тарғылданған дауірінде өмір сүрген. Оның үстіне өмір ден соққы жеген Ақан сопылық, дін жолына түсіп, жан тыныштығын табамын деп жүріп Бұқардан оқып қайтып, талай елдің осы күнге шейін көзін аштырмай кеткен көк шетаулық Науан қазіретке шәкірт болған. Ақанның тілінің
C C М. Жұмабаев C C тарғыл болуының себебі – осы. Оның тарғыл тіліне ең ашық мысал мынау өлең: Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия, Көптен-көп сәлем айттым, Гүлназия, Тағырифын тамам қылып танығандай, Діл бардан ділмар керек шаибазия. Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия, Шери зат дұхтар саһи гүлнаһия, Әр нақыш мәдахымды түсінерсің, Діл араи, діл хафзаи гүлнахия. Сәдәфтің шашыраған жәуһәры сіңіре, Көңілімнің зәһрасына салған ұя. Гәсуа дарын секілді бент махбуб, Ксәния секілді кінәзия. Көптен-көп поклон айттым, скажия, Сырымды кімге айтамын, сізден зия. Именной, искренный, ескеріңіз, Хорошенько, сестра, сватия. (Құдаша, қарындас дегені ғой!) Мынау шұбар тіл үшін, әрине, Ақанға рақмет айтарлық ештеңе жоқ. Бірақ Ақан ның сол тарғыл тілді өлеңдерін адам ұғып оқыса, тегінде суреттеуге шебер. Ақанның сол тарғыл тілмен де суреттей алғандығын көруге тиісті. Ақан бір өлеңінде Қалқа баласына былай дейді: Тағрифін тамам қылып жеткізе алмас, Қамыстар болса – қалам, бахыр1 – сия. Мынау құранның құдайды суреттеген сөзімен ақын Ақан Қалқа баласын суреттегені ғой! 1 Бахыр – теңіз (М. Жұмабаевтың ескертпесі).
C C Шығармалары C C Тағы ақын Ақанның молдадан үйренген мұсылмандық пен, арабша үйреніп, молда болғандығымен қалай пайда ланғанын мынау суреттеуі шешіп береді. Ақан Қалқа баласын былай суреттейді: 1. Қасың қара қаламның сиясынан, Қолың нәзік өзеннің миясынан... 2. Ақша бетің үстіне нәркес көзің – Ақ қағаз нүктесіндей нонға тартқан... 3. Сымбатыңды қарасам, Қалқа бала, Мен секілді «машайық» шынға тартқан... (Мінсіз басың «машайықтың» мемі секілді, бұраңдаған бойың мем-нен соң бұраңдаған «машайықтың шыны» секілді дегені ғой). Мынадай суреттер екіден бірдің-ақ қолынан келетін нәрсе. Онан соң, Ақанның өлең ұйқастыруына да молдалықтың шарапаты тимей қалған емес, сол жолда Ақанға, әсіресе, әсер қылған – атышулы «Мұхаммадия» болған. Мұсыл манша оқығандар біледі, «Мұхаммадияның» өлеңдері ылғи ұйқас қуып кетеді. Мысалы, бір өлең «я-ға» ұйқас тырылса, сол өлең бір-екі бетке созылса да «я-ға» ұйқастырылады да отырады. Ақан өлең ұйқастарында көбінесе осы «Мұхаммадияның» жолына түскен. Бұлай ұзақ ұйқастырудың өлеңнің сырт сұлулығына пайдасы болғанмен, лайықты сөз табылмай қалып, мағынасы аз сөз кіріп кету қаупі де зор. Ақанның да ұзақ ұйқастырылған өлеңдерінде осы себептен, мағынасы аз сөздер әжептәуір орын алады. Бірақ өлең ұйқастыру ауданының кеңеюі көзінен қарағанда Ақанның бұл тәжірибесін онша мінеуге болмайды. Қысқасы, қазақ тілінің қуғын көрген дәуірінде өмір сүрген Ақанның тілінің тарғыл екені рас. Бірақ тарғыл
C C М. Жұмабаев C C тіл шын Ақанның тілін тұтықтыра алмаған. Ақын Ақан қауырсын қаламын сықырлатып жазатын «н» харпінен, жазаласа, ишанның машайығынан, құранның аятынан, шәкірттің қағаз-сиясынан, молданың мың бейнетінен, өзіне керек суретті жасай білген. Енді Ақанның сөздеріне мағына жағынан келгенде оның өлеңдерін беске бөлуге болады: І. Сықақ. 2. Ғашықтық. 3. Айтыс һәм мақтау. 4. Сопылық. 5. Қазақ қайғысы туралы өлеңдер. Бұл бөлімдердің сықақтан басқасы Ақанның өмірінің түрлі дәуірлеріне байланған. Бұл туралы Ақанның өмірін жазған мақалада айтып өткеміз. Жалғыз-ақ сықақ – Ақанның сүйегіне біткен сипаты. Ақан өмір бойына өзінің көңіліне ұнамаған адамды сықақ қылып, іліп тастамай қойған емес. Ілетін орны келгенде пәленше-түленше деген атына, затына қараған да емес. Қарауылдың ақсақалдары осы күнге шейін Ақан десе, алдымен оның улы тілін есіне түсіреді. Ұнамаған адамға Ақанның тілінен құйылғаң у талайталай заман шыбжыңдатса керек. Тілінің уының күшті екенін Ақан өзі де білген. Қағысқанды қыламын под надзором, Патшаның мизамындай мен де сотпын,– дейді Ақан. Достыққа баға бере алмай, сыртынан өсек жүргізгені үшін Жүсіп деген белгілі бір төреге Ақан былай дейді: Жүсіп-ау, төрелік жоқ баяғыдай, Дәрежең қара қазақ аяғындай. Досыңды дұспан көріп айбаттайсың, Мінезің әзәзілдің таяғындай.
C C Шығармалары C C Жүсіп-ау, неше мысқал басыңда ми? Айдаған мал, үстінде тігулі үй. Қиямет таразысы құрған шақта Айса, Ермек, Тортай болады би. Мүңкір-нәңкір бесеулеп ұрған шақта, Көтіңнен шығады ғой сонда бір қи. Майын мінген аттай ғып қайтарарсың, Күңшеңнің1 арқасынан шығармай ши. Қарауылдың белгілі Шөбегінің немересі – қотыр ауыз Мұқанәлі деген Ақаңды періге иеленген деп жамандап өлең шығарады. Ақан оны білмейді. Бір жерде ол өлеңді ести салып, сөздің ыңғайынан кім шығарғанын біле қойып, Ақан айтыпты: Адамды сырттан айбат жарамайды, Айбатсыз ақымақ асы тарамайды. Мына өлеңді шығарған ақымақтың Аузына жағар ма еді қара майды. Бір жиында Ғалиянұр деген бір ноғай молда Ақанмен айтыспақ болады. Ақан ноғайдың ормақ мұрнына тие сөз бастайды. Ноғай «мен ормақ болсам, пайғамбар да ормақ мұрын болған» десе керек. Сонда Ақан: Мұхамбет – құдай досы, пайғамбары. Пайғамбарды көрген жоқ жұрттың бәрі. Пайғамбардың сипаты сендей ме екен, Ормақ мұрын, шегір көз, ақжал сары,– дейді. 1 Күңше – Жүсіп төренің қатыны. Айса, Ермек, Тортай – қарсы партиядағы адамдар. Күңше сол тұқымнан болса керек (М. Жұмабаевтың ескертпесі).
C C М. Жұмабаев C C Ақанның ғашықтық өлеңдеріне келсек, басқа өлеңдері мен салыстырғанда оның шеберлігі сонда көрінеді. Сері Ақанның мұндай өлеңге шебер болуының, әрине, таңы жоқ. Ғашықтық өлеңдерінде Ақанның әрбір сөзінен ақындық иісі аңқып тұрғандай, ұсатусыз, суретсіз сөз жоқ деуге болғандай: Оралдың мен ақиық сырандағы. Сен, сәулем, қызыл түлкі қыраңдағы. Қия тас қиынына кетсең дағы, Қамшылап қанатымды бұрам дағы. Қия тас қиынында бекінсең де, Тәуекел майданында тұрам дағы. Асыл зат, алқызыл гүл қарындасым, Серуайдың1 саясында ерем дағы. Есілдің құба талы, шынарым-ай, Алдымнан майысып шық бұрал дағы... Көріндің хордай болып жұмақтағы, Өткірсің нар кескендей қынаптағы. Сөзіңді ешбір жанға ұстатпайсың, Қалбырға құйып қойған сынап тағы. ...Жігіттің ғасы болған пері едіңіз. Аспанда ұшып жүрген сіз ақ тұйғын. Екіден үшке жеткен түлегіңіз. Сұқсұрдай су ішіңде мекен етіп, Ілінбей қармағыма жүр едіңіз. Көрініп қолға түспей жүрсің, қалқа, Қай жерде мекен еткен түнегіңіз. Түн қайтып, түнегіңнен ұшқаныңша, Үзілмес, сірә, сізден күдеріміз. Жұмысым көңлімдегі бітер еді, Артылса ақ төсіңе білегіміз... 1 Ағаш (М. Жұмабаевтың ескертпесі).
C C Шығармалары C C Ақанның ғашықтық өлеңдерінің ішінде көп жерге тарап кеткені – «Ақ көйлек» өлеңі. Бұл – Ақанның ең сұлу өлеңінің бірі. Ту басында жүз бірнеше өлең болса керек, бәрі «Ақ көйлек» деп басталған. Бір ауызы: Етегі ақ көйлектің ілмеленген, Қастарың харіф мәттей сүрмеленген. Сүмбіл шаш, лағыл ерін, асыл қалқа, Іш-бауырым ғашық отпен тілмеленген... Мынау өлеңдеріне қарағанда, ғашықтыққа Ақанның көзқарасы мен жай бозбаланың көзқарасы арасында артық айырма жоқ сықылды. Алайда Ақан ғашықтыққа тереңірек қараған адам. Ол ғашықтықты «ақ төске білектің артылуы, артылмауымен» ғана байлап қойған емес. Бұл – Ақанның өмірінен белгілі – бір. Екінші, мынау өлеңдерінде ишара бар: Кісідей өкпелеген мойның бұрмай, Білдің бе кемшілік деп ғашықтықты?.. Жоқ болса айтар сөзің жұбайыма, Жүрейін, амалым не, өз жайыма. Обалың, айнымасам, маған емес, Жаратқан жақсы қылып құдайыңа. Сен сүймей кетсең де, мен сүйе бермекпін. Сені мендік болғаның үшін емес, жақсы жаратылғаның үшін сүйемін... дегені ғой. Ақанның айтыс һәм мақтау өлеңдері туралы ешнәрсе деуге мүмкін емес. Мұндай өлеңдері менің қолыма түспеді. Жұрттың айтуына қарағанда, бірнеше ақынмен ауызбен де, жазысып та айтысқанға ұқсайды. Өзгесін жеңді, бірақ Орымбайдан жеңілді деседі. Орымбайға Ақан былай дейді (Орымбай жиында әйелдер отырған үйге кіріп шықса керек):
C C М. Жұмабаев C C Ореке, сөз бастайын, жолың қисаң, Мурит боп ең ғой пірге сен Зейнолла ишан. Жаңа тағы өңкеңдеп қол тапсырдың, Шулаған, ақ сәлделі бұ қай ишан? Сонда Орымбай қартың: Ақыл аста, күш атта, сөз малдыда, Ақыл, айла болмайды жоқ-жарлыда. Парыз, уәжіп баршасын тамам қылып, Жалғыз-ақ әйел деген сөз қалды ма?– деп Ақанның ораза, намазға салақтығын бетіне басып, тоқтатып кетті деседі. Ақынның сопылық туралы өлеңдері де менің қолыма жөнді түспеді. Алайда, серілік пен сопылықты қоса білген, намаз, оразаны жанының тілеген уақыттарында ғана атқаратын Ақанның сопылығы жанына жын ұялаған, сиыр көзді соғылғандардың сопылығынан бөлек болған десек, құрғақ сәуегейлік қылған болмаспыз. Бұл пікірге алдымен Ақанның өмірі күшті дәлел болса, мынау өлеңі де ишара қылады: Дүниенің қызығын кешіп өтіп, Тәттіліктің алмадық еш ләззәтін. Пәруадигар сопылардың жолыменен Құдайға құлшылықта ғибадатым. Айырушы алла бар, не қамым бар, Адамның ішкі сырын, заһыр, батын. Енді Ақанның қазақ қайғысы туралы өлеңдеріне келсек, оның сері Ақан болумен бірге жаралы елдің шын азаматы болғандығы сол өлеңдерінде көрінеді. Дұрыс, бұл өлеңдер таза ақындық, сұлу сурет, ұйқас теру жағынан басқа өлеңдерінен көп төмен. Бірақ бұл төмендікті оның ойлы азаматтығы жуып кете аларлық. Ақан бұл өлеңдерінде елдің қайғысын көре білген, сол қайғының себебін таба білген.
C C Шығармалары C C Ол қайғы – қазақтың ата тұрмысының аз дәуірдің ішінде көріне көзге қирағаны, қираудың себебі – қазақ даласына қарашекпендердің құжынап келіп орнағаны. Ақан соны жырлайды. Жерінен айрылған елдің көзінің жасы болғанын айтады. Қарашекпеннен көрген қорлықты санайды. Үкі меттің орыс, қазақты ала ұстайтынын білдіреді. Тасыған қазақ көзі бұлақтай боп, Соятын крәсиянға лақтай боп. Патшаның сүйікті ұлы келгеннен соң, Шетке шығып қалдық қой брактай боп... Қор болып крәсиянның табанында, Қалайша күн көрерміз дәурен кешіп? Темір айыр, ақ балта қолдарында, Тілге келмей ұрады өңмеңдесіп. Іштен келген тоң мойын, надан халық, Бұл жұртты ойран қылмай ма төбеленіп!.. Осы күнде мағылұм сұрасаңыз, Талай жанның тастап жүр басын кесіп. Қасиетті ата-баба зиратының Үстіне егін салды, жайлап есіп. Тірі түгіл, өлінің көрін алып, Бұлайша іс қылады ерегісіп. Қай дума, комиссия болса дағы, Бұған закон сұраймыз төрелесіп. Жетпіс екі милләтте жол бар ма екен Сүйекті, дінді қорлауға тепкілесіп? Құдайдан кітап келген халық болса, Іс қылмас айуандарша көрді тесіп. Россия патшасының мизамында, Мұндай іске «Інжілде» закон нешік? Бұларға патша мизам білдірмеп пе? Надандықпен қыла ма гуілдесіп? Бір орыстың тимейді моласына!. Қазаққа әдейі қыла ма дүрілдесіп? Қазақтың халқынан да крәсианға
C C М. Жұмабаев C C Ит баласы қадірлі бір көк күшік. Жыртқыш, айуан мінез халықпенен Қалай отыр дейсіздер біргелесіп? Қалайша күн көресің, қазақ байғұс, Күнде сот, күнде бунт боп, зар илесіп? «Інжілдің» аяты шіркеуде ән салуға ғана жарап қал ғанын, үкіметтің төбе-төбе, том-том закондарымен іс қылатынын, олар болса бір сәрі-ау, жандаралдардың «тауығының тұмсығы қанаса, көршіңдегі қазақты қират» деп шығарған бұйрықтарымен қарашекпендердің қимыл қылатынын Ақан сорлы қайдан білсін! Қазақтың мұндай күйге түскенін Ақан ә дегенде жер гілікті әкімдердің надандығынан, қаралығынан деп біледі. Патша алыс, жете алмаймыз Петрборға Және де сегіз санат алыс қия,– дейді. «Ақ патша», сегіз санат қазақ даласыңдағы мынау зомбылықты білмей отыр ғой, білсе олар аяр еді дейді бала елдің бала ақыны. Мал өсірген халықпыз, егін екпей, Аз жерге сия алмаймыз сызғандай-ақ. Шеттен келген төрелер норма қылған, Қазақ жайын білмейді жалғыз қарап. Петрбордан шафқатты санат келсе, Патшадан жарлық алып құдай қалап. Қазақ үшін қайғырып жылар еді, Ол мейірбан ер болса ұялмай-ақ. Қойдан қоңыр не қылған халық еді деп, Көз жасын қайтар еді тия алмай-ақ. Есті Ақан ұзамай-ақ мынау ақ көңілділіктен құтылады. Бәленің басы Петрбордағы «патша ағзамда» екенін біледі. Енді Ақан Петрбордан жай мархамат күтудің орынсыз
C C Шығармалары C C екенін ұғып, «ақ патшаға» баяғы жеріңе тимеймін деген уәдеңнен тайдың деп, қыр көрсетіп, өкпе айтады. Мұндай қыр, өкпеден де ешнәрсе өнбейтінін біліп, үкіметке тіпті бізді аямай-ақ қой, өз мемлекетіңнің пайдасын ойлашы. Өзің үшін қазақ жерін, қазақ малын құртпағаның пайдалы ғой дейді. Мұндай негізді пікірге ол күнде екінің бірі-ақ ие болған шығар: Парапар крәсиянға тең болмадық. Тартылып қай жараға ем болмадық? Малымыз, жерімізден пайда тиіп, Қалайша патшамызға дем болмадық? Орыс, ноғай, сарт-сауан саудагерге Қалайша малмен, жермен тең болмадық! Сексен бес жыл болыпты бодандыққа, Қайырсыз патшамызға ел болмадық. Құр мен қоян секілді алуға оңай, Қай жұртқа аңқаулықпен жем болмадық. Қазақ малы азайса, халқың азар, Қалайша бай-көпестер дүкен жазар? Патшалық дүкендердің бәрі кемір, Сезімнің дәлеліне салсаң назар. Қазақ малы кемісе, бәрі кемір, Ірбіт, Мәскеу, Мәкәржі – күллі базар. Сиыр, қой, жылқы қылы, май, терісі. Фабрик те асыл пұлды жүннен тозар. Шолақ мәстек, қу бөшке крәсиян Қазақтың байлығына бермес ажар. Сендер үшін қазақ малы азайды деп, Фабриктер крәсиянның шашын күзер, Зираттың тақтайларын ұрлап алып, Айуанша қараңғыда қазып мазар, Үстіне егін шықса қырқып алып, Аузына не түскенін итше қажар. «Біз солдат патшаға бердік» дейді, Омырауға салады өңкей ожар.
C C М. Жұмабаев C C Қай жауды әскер беріп мұқатыпты? Соғыста солдаттары жүреді әзер. Күллі халық кәсібі қазақпенен, Қисап неге қылмайды думашылар? Пайдасы қрәсияннан кейін бе екен Қазақтың қайран малы көлге жүзер? Әскерге де ат керек, тамақ керек. Данышпандар қисапты қылса сезер. Жер, суын, баққан малын алдыңыз да, Қазақтан бұл уақытта болдың безер. Дариға, дертті заман келгеннен соң, Қаламға жөн қалмады тізгін тежер... Газет, журнал оқымаған, пікірлі азаматтың бетін көр меген надан Науанның шәкірті – Ақанның мынадай пікірге келе білгендігі шынымен тамаша, өз миымен шаруа түр лерінің арасындағы байламды көре білген Ақан, не десең де, тым-ақ жабайы жан емес. Соңғы кезде Ақан патшаға көшіп кетеміз деп қоқан-лоқы қылады. Өзі шынында құтсыз қоныстан ауу керек деген пікірге келеді: Бостаншылық берсе егер басымызға, Патшамыз мархамат қып ризаласып, Бетімізбен біз де өлмес қүнін көріп, Тынышты жай іздер ек арып-ашып. «Құрметті» крәсианға жер кеңісін, Орнымызды сол алсын еһлесіп. Өлтірсе құн, сатылсақ пұлымыз жоқ, Құр елді не қыласыз «құрметтесіп»? Ақанның соңғы сөзі: Мархабат патшамыздан ала алмадық, Я Бұқар кетеміз бе, я Турция? Ворон иттің астында қалғаныңша, Тірлікте ізденіңіз исламия,
C C Шығармалары C C Бір үш кез жер тимейді өлгеніңе... Бұ не кеп, бұ не қасірет, ғамкіния? Соңғы сөз: «бұл не кеп, бұл не қасірет, ғамкіния». Шерлі Ақан осы сөзбен дүниеден қайтқан. Ақанның сөздері – осы. Соңғы өлеңдерінің мағынасы дұрыс екені даусыз. Ілгергі өлеңдерінде бірталай сұлу сурет бар екені рас. Сонымен бірге, соңғы өлеңдерінің тілі тұтқыр, барлық өлеңдерінің тілі тарғыл екені рас. Осы өлеңдерді шығарған Ақаннның өз өмірі жалпақ елге жат болғаны, жұмбақ болғаны тағы рас. Бұлардың бәрінің себебі Ақанның өмір сүрген дәуірінде. Ол дәуір – Нухақтың толқындары арасында қазақтың қайығы қалтылдап батып бара жатқан дәуір. Ойы – тұман, тілі – тарғыл да жасыған, ділі де жасыған. Қалың қазақ қайықтың батып бара жатқанын білмейді. Бірақ Ақан сықылды бірен-саран сезімпаз ұлдары ғана болар-болмас сезген де, көпке алдымен өзінің өмірімен ереуіл жасаған, оның өзінің – сері, жолдасының – пері атанғаны осыдан. Тұманды дәуірдің ұлы – Ақанның тілінің таза болмауы тағы осыдан. Ақанның барлық кемшіліктерінің үстіне бір сұлу сипаты – елдің сол дәуірдегі өмірін өлеңдерімен, әсіресе, өзінің өмірімен суреттей білген. Өмірді өлеңмен ғана емес, өзінің өмірімен суреттей білу ірі жанды адамның ғана қолынан келмек. Біздің міндетіміз – өткенді аударып, ішінен көрнектіле рін аршып ала білу, кешегі милы қазақтың «Ескісіз жаңа болмайды» деген мәтелін киімнің қолтығына ғана қамап қоймай, балапан әдебиетімізге де қабыстыру. Сөз соңында Ақанның сөздерінің тегіс жиналмағанды ғын ескертеміз. Көкшетаудағы Біләл жолдас жинауға кіріссе дұрыс болар еді.
C C М. Жұмабаев C C БЕРНИЯЗ КҮЛЕЕВ 29 январьда Қазанда жас ақынымыз Бернияз Күлеев өзін-өзі атып, дүниеден қайтты. Жиырма-ақ жаста екен. Бернияз Ақтөбе уезіне қарайтын Кіші жүз Әлім руынан. 11 жасына шейін үйінде молдадан сабақ оқыған. 11–12-де Томаркөл болыстық школында оқыған. Туған әкесі Бекен ол школдан алып, Ақтөбе гимназиясына берсе де, шығынын ауырсынып, қайтып алып, Бөрте болысындағы екі класты школға кіргізген. Бұл школды бітірген соң Бернияз 16 жылы Орынборға барып, даярланып, 17 жылы учительский школға түскен. Апалаң-топалаң заман тәртіпті ғылым алуға ырық бермей, онда бір-ақ жыл оқып, жас бала жеке тұрмысқа, әлеумет ісіне кіріп кетеді. 18 жылы Торғайдың облыстық комитетіне мүше болады. 20 жылы «Ұшқын» газетінің бір жазушысы болады. 21 жылдан былай қарай Қазақстан елді ағарту комиссариаты қызметімен Орынбор жаққа анда-санда аз уақытқа келіп-кеткені болмаса, ылғи Қазанда болады. Сол Қазанда қайтыс болып отыр. Бернияздың өмірінің сырты осы. Жас жанның өмірінің ыстық асқары да болмақшы. Бірақ бұл асқарда елге үлгі болатын нәрсе аз болар. Біз әлі біреудің тұрмысы мен талантын айырып үйренгеніміз жоқ. Сондықтан біз әрбір үлгілі өмірден талант іздейміз, әсіресе, жиырма-ақ жаста қайтқан Бернияздың өмірінен үлгі іздеу, әрине, қисынсыз. Оның ел алдында аз ба, көп пе – бағасы болса, оған бұл бағаны беруші оның өзі емес, сөзі. Бернияз төңкеріс заманында туған ақын, бірақ төңке ріспен дүниеге шыққан шағы бір келгені болмаса, төңкеріс туғызған ақын емес еді. Тегінде, әдебиет көктен түсетін пайғамбарлық емес. Әдебиет – елдің жанында жүре бас таған толқындардың жарыққа шыққан жаңғырығы. Төң керіске шейін жаңа оянған жас баладай елімізді әдебиеті
C C Шығармалары C C алдынан тәй-тәйлап жетектеп келе жатты. 15–20 жыл бұрын еліміздің көзі жасты еді. Әдебиетіміздің де көзі жасты болды. Бірақ алдында келе жатқандығын ақтап, жұбата білді. Соңғы 10–15 жылдарда елімізге елдік сезімі кіре бастады. Алыста үміт елестей бастады. Сондықтан әдебиетіміз де екпінді, отты мінез алды. «Кекті кексей», алыстағы үмітті жырлай бастады. Әдебиетіміздің жүріп келе жатқан табиғи жолы осы еді. «Ұшқын» бетінде жарыққа шыққан жас Бернияз әде биетіміздің сол табиғи жолымен шықты. Бірақ екпін тым күшті еді. Біраз өлеңдері басылған соң-ақ, оқушы оған жалт беріп қарап қалған еді. Екпін зор еді. Оның екпіндерінде әдебиетіміздің ескі екпініне төңкерістің әсерімен жаңа күш қосылған сықылды. Бірақ біздің жалпы әлеумет тәрбиесі нашар болғандықтан, һәм баспа ісінде тәрбие аз болғандықтан болар, 21–22 жылдарда Бернияздың өлеңдері еш жерде көрінбеді. Жалғыз-ақ 22 жылдың аяғында «Еңбекші қазақ» пен «Өртеңде» бірнеше өлеңдері һәм «Қызыл Қазақстанда» бір поэмасы басылды. Бұл өлеңдерінде, әсіресе, поэмасында Бернияздың бұрынғысынан бірталай ілгері кеткендігі көрініп-ақ қалып еді. А деп бұл қалам ұстап шыққанда, оянған үмітіміз біржола бекіп еді. Бернияздың әдебиетіміздің берік бір бағанасы болуына сеніп едік. Бағытты бір қылып, таспиқ болып тізіліп келе жатқан аз ғана жазушыларымыздың қатарына жас Бернияз да келіп тізіліп еді. Бірақ, не лаж, таспиқтан сол тас үзіліп түсті. Бернияздың өз өмірін өз қолынан бітіруіне қандай себеп болғаны бізге мағлұмсыз. Алайда, жастықпен, әсіресе, тәртіпті дұрыс тәрбие алмаудан туған бір себеп болуында шүбә жоқ. Олай болса, жас жанның мұндай жолға түсуіне өзінен бетер әлеумет айыпты. Түзу жолға сала білмеген, дұрыс тәрбие бере білмеген әлеумет. Аласұрған жас
C C М. Жұмабаев C C жанның қолына мылтық беруші сол. Осыны ұғыну керек. Үмітті жасымыз неге ерте кетті деп емес, неге ерте кетірдің деп ренжу керек. Күнә сенікі емес, көптікі, Жаның тыныш болғай еді, жас ұлан! БАЗАР ЖЫРАУ Өткен дәуірдегі теңіздей тұңғиық әдебиетіміздің бізге бұл күнде адасқан ұшқындары, тентіреген тамшылары ғана жетіп отыр. Көбі, көбі болғанда ең сұлулары ұмытылған, желдей ескен жыраулармен бірге топыраққа айналған. Баяғыда отыз күн, отыз түн айтылатын Қобыландылардың ауызда адасып азғантайы ғана қалған. Талай түндерге созылған ертегілердің басы қайырылып, аяғына жетіп, шоп-шолақ болып қалған. Талай жүйріктердің тұңғиық таза толғаулары – араб, парсы, сарт-сауанның сөздері араласып, балдыр-батпаққа айналған... Бірақ, талайлар ұмытылып қалды деп қанша өкінгенмен, әлде болса да ауызда аман қалған әдебиетіміз талай елдер дің ауыз әдебиетінен бай. Әлде болса да ауыз әдебиетіміз бір елдің жазба әдебиетіне негіз болуға жарарлық. Өзінің ауыз әдебиетін негіз қылмай ешбір елдің жазба әдебиеті өркендемек емес. Біздің де жазба әдебиетіміз ауыз әдебие тін негіз қылуға міндетті. Алдымен сабақты шеттен емес, өзінен алуға міндетті. Жазба әдебиетімізге қайтуға міндетті. Мағына аз десе де, түр аз десе де. (Бұл туралы толық пікірді екінші бір уақытқа қалдырдық.) Осы күні біздің оқушыларымыз қазақ әдебиеті десе, Абайдан бергі әдебиетті ғана ойлайды, қазақ ақындары десе, Абайдан бергі ақындарды ғана көреді. Әдебиетті білсе де, ақындарды білмейді. Білсе де, білгісі келмейді.
C C Шығармалары C C Ақындардың қатарына қосқысы келмейді. Ауызға алынбайтын олардың жазасы не? Жазалары – шығарған нәрселерін Қазандағы Каримовтерге, Орынбордағы Хұсайыновтарға, яки осы күнгі Госиздаттарға бастырмағандықтары ма? Бұл ауыр жаза емес қой. Шынында, сол өткен ақындардың көбінен жаңа ақындар әлі озып кете алды ма? Өзгені қоя тұрайық, жұрт келемеж қылатын Шайхысламұлы Жүсіпбектің «Қыз Жібегіндей» кім не нәрсе жазды? Ол ойланатын әңгіме. Сол «бейкүнә» ұмытылып бара жатқан ақындардың біреуі – менің бір-екі сөзбен таныстырайын деп отырғаным Базар жырау. Базардың дәл қанша терең ақын екендігі туралы мен бұл жерде толық пікір айта алмаймын. Қолымда Базардың 4-5-ақ өлеңі бар. Мұндай өлеңмен ақынды өлшеуге болмайды ғой. Бірақ осы төрт-бес өлеңінде-ақ Базардың сөзге жүйрік, ойлы ақын екендігі сезілетін сықылды. Базар Қазалы үйезіне қарайтын Кіші жүз ШөмекейБалқы руынан болса керек. Жуырда, 10–15 жылдың ішінде, өлгенге ұсайды (Базардың өмірі туралы ешнәрсе біле алмадым). Қазалылық Жомарт молда Базар жырауды жоқтаған бір өлеңінде былай суреттейді: Кеңесі кеңінен келген кертағы еді. Үш жүзге орман-дария ортақ еді. Иіріліп, толықсып аққан дариядай Шалқыған шартарапқа орқап еді. Бұл Базардың ақындығының кеңдігін, тереңдігін, сөзге жүйріктігін айтқаны ғой. Шынында, Базарың көржерді өлең қылып, көрінгенді мақтайтын құр мал тапқыш болмас. Асса, елдің қамын ойлаған, қалса, өзінің ойына терең бойлаған «кеңесі кеңінен келетін» ақын екендігі өлеңдерінен байқалады.
C C М. Жұмабаев C C Базар жырау сол Шөмекейдің ағасы өлген біреуіне мынадай деп көңіл айтады: Бұл заманда би бар ма Темір тұяқ Мұрындай, Белі жуан құр аңдай. Ақылыңа болайын Тасты жарып, қайнаған Баһардағы бұлақтай. Олардың айтқан сөзіне Халқы салар құлақты-ай, Жапырылып құрандай. Бешенемде өткен дүниеден Атаңның салған жолы деп, Анамның пішкен тоны деп, Бейшараны жылатпай, Жылатқанды ұнатпай Анадан туған сен едің, Тай жолбарыс сияқты-ай. Тиген жерін тілетін Айбалтаның бауырына Болаттан салған қияқтай... Жоқтамайтын ер бар ма Атасы бірге бауырды? Шын аруана қаса нар Қабырғадан саз кешсе, Қайғырмай тартар ауырды Қабағын қағып білдірмес Арқадағы жауырды. Алдыңда аға барында Атандай бұтыңды алшайтып Жарасты керсең ауыңды. Байтаққа керек сен едің, Тілейміз Хақтан сауыңды.
C C Шығармалары C C Бұл өлеңде Базардың қазақы сөзге шеберлігі көрініп тұр. Сонымен бірге бір ескеретін нәрсе мынау. Оқушылар бұрынғы ақындардың бәріне, қанша ақындығы күшті болғанымен, мақтауға тұрса-тұрмаса да байды, мықтыны мақтамайтыны жоқ деп қарайды. Бұл пікірде бірталай қате бар. Тегінде, ақын біткеннің бәрі мықтыны, бай біткеннің бәрін мақтай берген емес. Шын ақындар өздерінше мақтауға тұрарлығын ғана мақтаған. Мысалы, Базар жырау «Темір тұяқ Мұрынды» мақтаса, халқы «құрандай жапырылып» сөзіне құлақ салғаны үшін, яғни жалпақ елдің ақылгөйі болғаны үшін мақтап отыр. «Жекенді» бишараны жылатпағаны, жылатқанды ұнатпағаны үшін мақтап отыр. Мынау көңіл айтқан мырзаның өзіне, байтаққа керек болған соң ғана, саулығыңды тілейміз деп отыр. Қысқасы, қазақ тың шын ақыны ешбір уақытта аты мықтыны мақтаған емес. «Байтаққа пана болған» мықтыны мақтаған. Ылғи қарадан шыққан қазақтың ақыны еш уақытта қарасын ұмытқан емес. Өткеннің бәрін өртеп жібереміз дей бермей, мұны біз де ұмытпауымыз керек. Жоғарыда біз Базар жырауды «асса, елдің қамын ойлаған, қалса, өзінің ойына терең бойлаған ақын» дедік. Бұл сөзді төмендегі өлеңдермен шешуге болады. Базар жырау патша Арыс, Түркістанды жаңа алған кезде өмір сүрген адамға ұқсайды. Ол кез – Жайдан сықылды қырғыздың соғылғандары, Байзақ, Құдайберген сықылды қазақтың құдай ұрғандарының шенді шекпенге қарық болып, жалпақ елдің «аузы түкті гәуір, жеті басты ауыр» деп қан жылап жүрген кезі ғой. Сол кезде кешегі көкжал Кененің ер ұлы Сыздық «елім» деп жортып жүріп, Шөмекей ішіне барса керек. Сонда Сыздық бастаса гәуірден құтыламыз деп жалпақ елмен бірге Базар жырау да қуанғанға ұсайды. Базардың ә дегенде Сыздыққа айтқаны:
C C М. Жұмабаев C C Кенеден туған Сыздық жүр Көрмеймін деп гәуірді. Қорлығына көнбен деп, Қолдан тізгін бермен деп, Көңілі осылай бөлінді. Сыбанып батыр білекті, Қайтпаған қайсар жүректі, Тәңірі оңғарса тілекті, Кенеден туған ер Сыздық Келтірер өзі реңді. Дариға, бірақ құдай бергенмен, құдай атқан азған елге жалғыз Сыздық не қыла алсын? Жалғыз өзі «реңді» қалай келтіре алсын? Аласұрған ер Сыздық ойдан қырға жортумен өмірі озады. Жалпақ елдің де иманы бәсендей береді. Сонда көкірегін ыза кернеп, Базар жыраудың жырлағаны: Қызыл тілін безеген, Дұспанға оғын кезеген. Сауытын киіп салынып, Қызыл қанға малынып, Наз бедеуін жебеген. Бес қаруын белсеніп, Көмілген жолды кезеген. Дариядай толқып кернеген. Бенде еркіне көнбеген, Дұспанның жолын зерлеген, Көзі бір қанды ер Сыздық Қайданы тола ашумен, Қияда жүрді-ау қажумен... Бізде жүрді аз ғана, Жолбарыстай ыңыранып Қанаға симай тасумен. О, дариға, дүние-ай, Өкси-өкси күн өтті-ау, Аласұрған жүректі Екі қолдап басумен...
C C Шығармалары C C ...Оның жалынды жастығы болған. Оның да іздеген бағыты болған. Жете алмаған, қажыған. Жеңдім деген, алданған... Осыларды жырлайды Базар. Бірақ шерлі елдің шын баласы ғой Базар. Өз шерін толғап отырып, елдің шеріне түсіп кетеді: Дүниені қудым ізденіп, Ұстамаққа кездесіп, Дүние қырын салмады, Ешбір маған әмір ғып. Бұл жалғанға келген соң Әр тарапқа толқытты, Көңіл мұндар желденіп. Дүние қызық көрінді, Алтайыдан алдымда Соқпаққа көрдім серменіп, Құлпырған қара құндыз деп, Тұңғиыққа, тереңге Талай құлаш сермедік. Жолбарыстай ыңыранып, Қайрат сыймай қанаға Нар бурадай көлбедік... Опасы жоқ дүние, Түспей қолға қуғанмен, Неше бір алуан түрленіп. Өткіздік өмір ғақлатпен, Атаңа нәлет дүниенің Алдағанын шын көріп. Хақ шариғат ойламай, Дүниенің кірімен Қалды бір көңіл кірленіп... Талма-тал түс болғанда, Талықсығанға ұқсаймыз; Дүние – киік, адам – ит, Қуа-қуа ізденіп, Елдерде азап шектірді
C C М. Жұмабаев C C Атаның мекен қонысын Гәуір алып жерленіп, Азаттыққа қару жоқ... Қарусыз жауға бару жоқ... Осы күнде біз тұрмыз Саңлау таппай көздейтін... Бұрынғы өткен ерлердің Еске түссе істері, Іш толады шерленіп... Көкіректің қабы жарылып, Ретімен шығарға Сөз сыймайды кернеліп... Өлім босағасында тұрып Базар жыраудың айтқан ұзақ өлеңінің ішіңде мынадай сөздер бар: Дүние, бір толқыттың, бір қорқыттың, Айрылып аждаһадай ақыр жұттың. Болғаңда бізге жолдас сертің қайда? Достықты құшақтасқан неге ұмыттың?.. Құлаштап, дүние, сені қармансақ та, Кері келгенге ұсайды-ау Қорқыттың... Осы азғана өлеңдерден Базардың бірталай терең ақын екендігі байқалуға тиісті. Бірақ Базар туралы толық бір пікірге келу үшін оның барлық өлеңдерімен таныс болу керек. Бұл менің қолымда жоқ. Менің мақсатым сұлу сөздері бар Базар атын білдіру еді. Түркістандағы, әсіресе, Қазалыдағы хат білетін азаматтардың Базардың сөзін жинаулары тиіс. Әсіресе, Базарды «кеңесі кеңінен келген кертағы» деп әдемі жоқтай білген Жомарт молданың тірі болса жазып беруі игі болар еді.
C C Шығармалары C C ӘБУБӘКІР АҚСАҚАЛ ДИБАЕВ Елге еңбегін сіңірген ер қымбат. Ердің елге бағасы қаны бір болуда емес, жаны бір болуда; қуаныш-қайғысы ортақ болуда. Ердің бағасы елге еткен еңбегінің зор яки кішілігінде емес, ел деген жүрегінің таза болуында; тілегінің елмен ортақ болуында; ер өмірінің өрі мен көрі ел өмірінің өрі-көрімен бір болуыңда. Әбубәкір ақсақал – қазақ-қырғыз елімен қаны дәл бір болмаса да, жанын бір қылып, шамасы келгенше еңбек қылған адам. Қырық жыл бойына арымай, жапанда жатқан қазақ-қырғыз елін шет жұртқа танытқан адам; қырық жыл қазақ-қырғыз елімен қуаныш-қайғысын ортақ қылған адам. Әбубәкір ақсақал қазақ-қырғыз елімен қаны дәл бір болмағанымен, түбі бір түрік баласы, қазақ-қырғыз бір бауыры – башқұрт тұқымынан. Ата мекені – Үпі губернасы. Істерлі тамақ уезі. Тоқай ауылы. Өзі Орынбор қаласында 1855 жылы туған. Жасынан орысша оқып, Орынбордағы кадетский корпусты бітіріп шыққан соң, жиырма жасында әскерлік қызметімен Түркістанға келген. Бірер жылдан соң әскерлік қызметінен босанып, Сырдария облысы губернаторының кеңсесіне тілмаш болып кірген. Ол күнде Сырдарияның губернаторы Гродеков деген адам екен. Бұл – қазақ-қырғыз елін орыс үкіметіне әбден бағындырып, ноқталап алу үшін қазақ-қырғыз елінің жайын, күйін бұзық оймен тексеріп жазып жүрген орыстың шенқұмар бір төресі. Өмірде себепсіз іс болмайды. Әбубәкірдің қазақ-қырғыз елінің жайын тексеруге кірісіп кетуіне сол Гродековтің бұзық оймен болса да осындай жолда жүруі, Губернатор кеңсесіне келген соң Әбубәкірдің қазақ-қырғыз елімен араласа бастауы һәм өзінің тұрмысы қазақ-қырғызға жақын башқұрт баласы болуы себеп болған.
C C М. Жұмабаев C C Осы себептерден Әбубәкір 1883 жылдан былай қазаққырғыз елінің жай-күйін тексеруге кірісіп кеткен, бірақ Гродековше қазақ-қырғыздың азат басын ноқтаға кіргізе беру үшін емес, қазақ-қырғыз елін жауына жақсы жақтан таныстыру үшін, қазақ-қырғыз еліне тұмсығымен су тасыған қарлығаш болу үшін. Қарлығаштың қымбаттығы тасыған суының молдығында емес, жүрегінің адалдығында. Әбубәкір ақсақалдың да қазақ-қырғызға қымбаттығы еткен еңбегінің ұшан-теңіздігінде емес, адал ойлы қамқор болуында. Алайда Әбубәкір ақсақалдың еңбегі бір адамның өмірі не татырлық. Әбубәкір ақсақал қырық жыл бойына қазаққырғыз елінің ауыз әдебиетін, жол-жорасын жинаған. Елдің елдігін сақтайтын – әдебиеті, тарихы, жол-жорасы. Қазақ-қырғыз елінің ел болуын тілеген Әбубәкірдің әдебиет, жол-жора жинау жолына кіруінің мәнісі осы. Ол күндерде қазақ-қырғыз тілінде газет, журнал жоқ болғандықтан, Әбубәкір жинаған әдебиет орыс тіліне аударылып, орыстың газет-журналдарында бастырып отырған. Ол күндерде қазақ-қырғыз елін аузын арандай ашып жұтып жатқан орыс елі қазақ-қырғыз елінің жақсы жағымен, терең жанымен, сұлу сөзімен Әбубәкір бастырған әдебиет арқылы танысқан. Түрік халқын тексеріп, таза ғылым жолында жүрген орыстың Радлов, Катанов, Бартольдт, Самойлович сықылды ғалымдары Әбубәкірдің қазақ-қырғыз туралы жазған мақалаларына кең орын беріп, қабыл алып, сол Әбубәкір мақалалары арқылы қазақ-қырғыз елінің жайын арғы Европа ғалымдарына да білдірген. Сөйтіп, қырық жыл бұрын Сырдария губернаторының кеңсесіне тілмаш болып кірген Әбубәкір қырық жыл бойына жапанда қазақ-қырғыз елі мен орыс һәм Европа арасына адал тілмаш болған.
C C Шығармалары C C Қазақ-қырғыз елі Әбубәкір ақсақалдың бұл ұзақ уақыт тық адал еңбегін бағаламай қойған жоқ һәм қоймақ емес. Бағалаудың қымбаты – алдына айдап мал салу емес, шын көңілден разылық білдіріп, елдің оны «Сен – менің ұлым» деуі. Осы 1923 жылы 22 мартта Ташкентте Қазақ-қырғыз бі лім комиссиясының бастауымен қазақ-қырғыз елі Әбубәкір ақсақалдың қырық жылдық енбегіне ұлы той (юбилей) жасап, өзінің шын ризалығын білдіріп, Әбубәкір ақсақалға: «Ұлым...»,– деді. Ердің еңбегін ел ақтады һәм ақтамақ. Ақтағаны – шын көңілмен мақтағаны, елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат. Әбубәкір ақсақал осы күні 68 жаста отыр. Әлі де болса қайратын жоймаған, қолынан қаламын тастамаған қария. Әлі де болса қазақ-қырғыз елінің әдебиетін жинау, байыту, өзі қазақ-қырғыз елінің мәдениетті болуын тілеу. Өмірдің сары белінен ел үшін еңбек қылып асып бара жатқан ақсақалдың қасиетті тілегі қабыл болғай еді.
C C М. Жұмабаев C C НАУРЫЗ Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Қай уақытта, қай халықта болса да жаңа жыл сол халықтың, сол уақыттың шаруа жағдайына қарай белгіленген. Европа жұрттарының бір жерінде жаңа жыл 1 январь, бір жерінде – 1 сентябрь, тағы осындайлар. Азияда жаңа жыл – жазғытұрым, қазақ елінде – марттың 22-сі. Қай елдің жаңа жылын алсақ та, негізінде шаруашылық жағдай болады. Дін әсері жаңа жылдарда аз, жоқтың қасы болса, қу молдалардың мал табу үшін жалған қондырмасы (надстройка). Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін әдеттері жасалмайды. Бар болғаны ел бірбірімен көрісіп: «Жасың құтты болсын!» – дейді. Жаңа жыл қүні қазақ күн райына қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз болады деп болжау жасайды. Қар тез кете ме, жаз жылдам бола ма деп болжау жасайды. Жаңа жыл күні қазақ әдетінше әр үйде қазан-қазан көже пісіріледі. Көженің ішіне қысқы соғымның тек басы салы нады. Көжеге көп сүт құйылады. Басты, шекені қарттар мүжіп, құлақты балаларға кесіп беріп, басқа жұрттар көжені талап ішеді. «Ауыз ақтан айрылмасын, қызылды уақытымен (қыс) көрсетсін, жас құтты болсын»,– деп бата жасап тарқасады. Бұл көже ішу (сүт құйған) – келе жатқан жазбен ұшы расып, қарсы алып, ас ішу ретінен аққа (сүтке) көшу. Көжеге тек бас салып асып жеу – қарлы қыспен, қыс тамағы етпен (қызыл) қоштасу. Міне, қазақтың жаңа жылының барлық маңызы – ша руашылық маңыз. Қазақ жаңа жылы – жазғытұрғы күн мен түннің теңелген күні (22 мартта) болады. Жаңа жылдың ертеңіне жарық,
C C Шығармалары C C жылы күн қараңғы суық түннен ұзара бастайды. Бұл реттен қазақ жаңа жылы ғылым қойнына да барып кіріп қалады. Қазақ жаңа жылын «наурыз» дейді. «Наурыз» әулиенің, әнбиенің аты болмаса керек. «Наурыз» күн райын, шаруа ыңғайын дұрыстап зерттеген бір шоңғал, оқымаған агроном қазақтың, я түріктің аты болуға керек. Сондықтан қазақтың наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамы. Бұл мейрамды дұрыстап өткізу керек. Бұл мейрамды тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып, қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл адамдарын тап-жігімен ұйымдастыратын мейрам ету керек. Мектеп оқушылары наурызды оқыту программасына айырым комплекс жасап ендіруі керек. Жастар ұйымдары, партия ұялары наурызды басқа ел тонайтын молдалар, елді адастыратын дін мейрамдарына қарсы қойып, халықтың басын, денесін дін дуасынан құтқаратын, сақтайтын үгіт-насихат жүргізуі керек. Наурыз тарихын сарқа жазуды білімділерден күтіп, біз осы қысқа әңгімемен тоқтаймыз. Ауылдың көзі, құлағы – мұғалімдерді, жас буын оқушыларды, ауыл кедейлерін жаңа жылмен құттықтап, жаңа жылында жаңа жұртшылы ғының өркендеуін, жаңа-жаңа, татымды жемістер беруін, шаруашылығының жаңа жолмен социалшылық жолымен ілгерілеуін тілейміз.
C C М. Жұмабаев C C аудармалар
C C Шығармалары C C * (Арабтан) Көңілде қайғы қалдырмас Қандай да болса үш нәрсе: Көкорай шалғын, ағын су, Әдемі жарың әсіресе. БАЛА МЕН ҚҰС (Орысшадан) – Жыршы құс, тілімді алып, келші мұнда, Жасыл шөп, жасыл ағаш қалсын онда. Қапаста жаның тыныш отырасың, Жазы-қыс жейтін ұрық бәрі қолда. Мен сені жан досымдай қадірлеймін, Ерінбей, тамағыңды әзірлеймін. Мөп-мөлдір саф күмістей, тәп-тәтті су Күнде ерте, жалғаны жоқ: «Әзір!» – деймін. Ас-суың керегіңше даяр қылам, Кем-кетік жерің болса, даяр тұрам. Жаз жетсе – қорқынышсыз, қыс уайымсыз, Далада мың қорқыныш, суық боран.
C C М. Жұмабаев C C Аңшы да мылтығымен ата алмайды, Қаршыға жақындауға бата алмайды. Күн ұзын жырың жырлап отырасың, Басқа жан мұндай рақат таба алмайды. – Жоқ, мырза, бұл мақтаған қапасыңа, Кірмейтін боран, суық лапасыңа Бермеймін қалың ағаш, өзен-суды, Келсе де мың бір пәле бұл басыма! Жайнаған түрлі гүлмен кең даламды, Қай жаққа ұшсам-қонсам ен даламды, Балақай, асу-суыңмен сыйланам деп, Жанымнан, өз еркімнен құр қалам-ды. – Кең дала, қалың ағаш, аққан бұлақ, Сүйкімді маған дағы жасыл құрақ. Құсеке, соны ойлашы, суық болса, Қыласың үсіместей қайда тұрақ? – Кетемін онда ұшып жылы жаққа, Қысы-жаз қар жаумайтын біздің баққа. Қар кетіп, сіздің жақта жылы болса, Қайтадан ұшып келем ескі таққа. – Адассаң жазатайым жолдан шығып, Құр тоңып өлмейсің бе боран соғып? – Шырағым, оның үшін қорқа қойма, Жасаған жол көрсетер қайырым қылып.
C C Шығармалары C C ЕРТЕҢГІ СӘУЛЕЛЕР (Орысшадан) Көкте жүзіп жарық күн, Нұрын шаша бастады. Оянсын деп жер жүзі, Алтын сәуле тастады. Бірінші сәуле ұшты да, Бозторғайды оятты. Сескеніп, сасып торғайың, Жалмаң қақты қанатты. Көтеріліп аспанға, Көктем жырын жырлады: (Кірісті іске шаттықпен, Жалқауланып тұрмады) «Қандай жақсы ертеңгі Саф ауада демалу, Таза, жақсы ауадан Бұл денеге ем алу!» Екінші сәуле ұшты да, Барып түсті қоянға. Шаттықпенен секірді Секситіп құлақ қоян да. Шықты шөпке секіріп, Ертеңгі тамақ іздеді. Жұмсақ, тәтті сұлы шөп Көп ішінен көздеді.
C C М. Жұмабаев C C Үшінші сәуле тауықтың Ұясына дәл түсті. «Кукареку» деп әтеш те, Қақты қанат, сілкіді үсті. Тауықтар ұшып ұядан, Қыт-қытқа басып, шөп-шарды Аралап, іздеп бір тынбай Арасынан құрттарды. Төртінші сәуле араның Ұясына түсті дәл. Балауызды ұядан Шықты жимақ болып бал. Терезеге отырды, Қанатын түзеп оңтайлап. Зұм-зұм ұшты, жөнелді, Бал жиямын деп ойлап. Иісі жақсы шөптерден Ерінбей-талмай бал жияр. Өлеңін айтып күңіреніп, Жібектей шөпте хал жияр. Бесінші сәуле тұп-тура Түскен екен балаға – Еңбексіз, жалқау, еріншек, Істен қашқан шалаға. Өткір сәуле көзіне Оятам деп түссе де, Айналған, жатқан, ұйықтаған, Хабарсыз, дүние көшсе де.
C C Шығармалары C C Ойлап тұрсаң, мінеки, Дәл осындай біздің жай. Сәулесіне білімнің Басқа жұрт ашқан көзін-ай. Өнерлікпен көкке асқан Көре алмадық азын-ай. Жамылдық, жаттық, ұйықтадық, Келдік өлер кезіне-ай! ШАЛДЫҢ ҮМІТІ (Кольцовтан) – Ерттеп мінсем бір жүйрік ұшқыр атты, Шапсам, ұшсам сұңқардай құстан қатты, Жалпақ дала, кең теңіз бәрін өтіп, Қуып жетіп, қайтарсам жастық шақты. Солқылдап жігіт болып кейін қайтсам, Жаңғыртып ен даланы өлең айтсам! Қартайғанда, «кет!» деген бұраң белмен Бұрынғыдай айқасып бірге жатсам! – Жоқты күтпе. Оқ қайтпас, бір атқан соң, Қайтып татар нәрсе емес, бір татқан соң. Ізі жоқ іздеп табар, құр қаңғырма, Күнбатыстан күн шықпас, бір батқан соң!
C C М. Жұмабаев C C ТҰТҚЫН (Лермонтовтан) Абақтыдан құтқарып, Сәулесін күннің көрсетші. Қаракөз жанға қыз салып, Қара жал жүйрік ат берші. Жас сұлуды жүрекке Қысып әуел сүйейін. Сонан соң ырғып жүйрікке, Желдей ұшып гулейін. Есік берік, әйнек те, Дариға, бірақ тым биік. Қаракөзді аулақта Жатқан шығар жат сүйіп. Жасыл қырда ерігіп, Жүгенсіз жүр ғой тұлпар-ат Құйрық-жалы төгіліп, Бос ойнақтап, көңілі шат. Жоқ жұбаныш, жалғызбын, Жалаңаш тас – айналам. Шашады әлсіз жарығын Сөнетін оттай сорлы шам. Естіледі жалғыз-ақ Ар жағында есіктің Күзетші жүр үнсіз, сақ, Аяғын басқан есеппен.
C C Шығармалары C C * (Әбу Фирастан) Жау жеңді, берік қамады, Кісендемін – тұтқынмын! Тамшылап қаным ағады, Сарғайтасың өтпей, күн! Еш дыбыс жоқ, қара түн, Жұлдыздар әлсіз сәулесін Шашып тұр... естіп талған үн, Таныдым шешем дауысын. Көптен енді қан жұтып, Шақырасың, қарт анам. Тұтқын боп, қолдан ерік кетіп, Бара алмай тұр жан балаң! Сабыр қыл, анам, сарғайма Дамылсыз зарлап күні-түн. Қуан, қыл шүкір Құдайға, Иманым үшін тұтқынмын.
C C М. Жұмабаев C C КҮН ШЫҒАДЫ ДА БАТАДЫ (М. Горькийден) Күн шығады да, батады, Абақтым қара әрі тар. Түнде, күндіз күзетшілер Тереземді бақылар. Бақылаңдар, мейілдерің, Қаша алмаймын мен сорлы. Жүрек ерікке ұмтылады, Үзе алмаймын шынжырды. Ай, шынжырлар, шынжырларым, Сендер – темір сақшылар. Үзе алмас та, сындыра алмас Сендерді асқан батырлар. Қарға, қарға, қара қарға, Неге төніп келесің? Көзің сүзіп күтпе бекер, Мен сенікі емеспін.
C C Шығармалары C C АРАБТАН Қаһармен қарғып, шапшып, ақырып ұмтылған, Арыстанға қарсы шапқан ерлерің – Барқылдаған бір төбеттен қаймығып, Қалайша іздер таса, сая жерлерін?! Жазғытұрым көл боп жауған жаңбырың Жомарт ердің бергеніне жете алмас: Қапшық-қапшық алтын-күміс ер берер, Тамшылаудан жаңбыр асып кете алмас. Тамаша-ау жазғытұрым жеткенінде, Көк жылап, мазақ қып жер күлгеніндей. Жайнаған жердің жүзі алтын-күміс, Сақтық қып ерте Тәңірі көмгеніндей. Сопысынба, қара жүрек бол да қал, Тізе көрсең қара жүрек адамнан! Көп наданның мәжілісіне кез келсең, Білем деме, болып көрін наданнан! * Басқа келген қорлыққа Жалғанда жан шыдамас. Шыдап тұру зорлыққа Арлы жанға ұнамас!
C C М. Жұмабаев C C Қу қазықты жаны жоқ Алмасақ егер есепке, Қорлыққа, намыс-ары жоқ, Шыдайтын жалғыз есек те. Сендей сұлу тірі жан Көргенім жоқ жалғанда, Сендей бала таба алмай, Талай ана арманда! * Кемшіліксіз сын-сымбат, Көп артықсың хордан да. Жаратылдың еркіңмен, Еркіңе Құдай салған да! ДӘРІГЕР (Дмитриевтен) Маған айтты бір дәрігер: – Таба алмассың бір ауру Ұнамады деп айтқан Мен істеген ем-дәру. Ойладым: «Иә, дәрігерім, Теріс деп ісің кім айтар! Айтуға да қаратпас, Өлім келер, тіл байлар!»
C C Шығармалары C C ОРМАН ПАТШАСЫ (Гетеден) Қараңғы салқын түнде кім Аяңдамай, желеді? Жанында жас ұлы бар, Жолаушы жортып келеді. Әкесіне дірілдеп Тығылды бір уақ нәресте. Құшақтап қысып баласын Жылытады қарт әке. «Неге қорқып тығылдың, Айтшы, көзім қарасы?» «Көз алдымда жарқ етті, Жан ата, орман патшасы. Сақалы оның қоп-қою, Қара тәж киген Қарахан!» «Жоқ, жаным, су үстінде Тұман ғой ол ағарған!» «Мойныңды бұр, балақай, Маған қара, нәресте. Не тілесең, менде бар Сансыз қызық көп нәсте! Хош иіске толтырар Феруза гүлдер маңайын. Бұлақтарым – меруерт, Саф алтыннан сарайым!» –
C C М. Жұмабаев C C «Жан ата, орман патшасы Сөйлеседі менімен, Меруерт, маржан қуаныш, Береді алтын кенімен!» «Жаным, жаңылыс естіпсің, (Берген патша ол неткен?!) Жел ғой ол жаңа оянып, Жапырақты тербеткен». «Келші маған, нәрестем, Тоғайымның ішінде Сұлуларым көрерсің, Көрмеген ондай түсіңде. Ай жарықта сұлулар Тоқтаусыз ойнар да ұшар. Тылсымды ойын, бал шумен, Сәулем, сені ұйықтатар!» – «Жан ата, орман патшасы Шақырды қара қастарын! Арасынан бұтақтар Шұлғиды қыздар бастарын!» «Қорықпа, балам, қараңғы Түнде жоқ еш қорқыныш. Ол – ақ шашты ағаштар, Жай ғана тұр ғой тып-тыныш!» «Жараланды жүрегім, Ғашықпын, бала, көркіңе. Енді маған келерсің! Қоймаспын, сірә, еркіңе!» –
C C Шығармалары C C «Жан ата, орман патшасы Қуып бізге жетті ғой. Келіп қалды мінеки, Қысылдым, демім бітті ғой!» Жолаушы енді қысылып, Шаппайды, ұшып келеді. Қайғырады нәресте, Нәресте жылай береді. Құйындатып жолаушы, Үйіне ұшып келіпті. Бірақ оның қолында Нәресте жолда өліпті. БҰТАҚ (Мятловтан) Айтшы, бұтақ, қай жаққа, Жолың болсын, жүзесің? Толқыннан таудай қорықпастан, Теңізді түпсіз кезесің! Апырм-ай, жаным, байқай көр, Ашулы теңіз мерт қылар. Шамаң бар ма теңізбен «Білгенің қыл!» – деп серт қылар? Бұтақ дейді: «Теңізден Сақтану маған не керек? Мен – құрыған бір дене, Жоқ енді менде тіршілік!
C C М. Жұмабаев C C Ата-анам – ағаштан Айырды мені жауыз жел. Енді мейлі айдасын Тілеген жаққа су, дауыл! ЕКІ БЕТІҢ, СҰЛУ ҚЫЗ... (Гейнеден) Екі бетің, сұлу қыз, Розадай ойнап, жанып тұр. Жас жүрегің бірақ мұз, Жүрегімді қарып тұр. Мұның бәрі өзгерер, Көрерсің әлі-ақ, сұлу қыз, Жүрегіңе жаз келер, Екі бетте орнар қыс. АЙРЫЛДЫМ СЕНЕН, ЖАН СӘУЛЕМ (Гетеден) Айрылды сенен, жан сәулем, Көруге енді жоқ үміт. Бірақ соңғы сөздерің Кетпейді естен боп ұмыт. Жапанда жалғыз жолаушы, Аспанда торғай жырласа, Көзі көкте, тілегі – Көріп жақын, тыңдаса...
C C Шығармалары C C Мен де сондай қапамын, Тоғайға, қырға қараймын. Қайғымен жалғыз күңіреніп, «Жан-жарым!» – деп жылаймын. КҮННІҢ БАТУЫ (Генрих Гейнеден) Толқындаған дарияға Қызарып оттай күн батар. Жұқа, ақшыл бұлттар Құрмет қып оны ұзатар. Қарсыда, қара бұлттан Қайғылы аппақ туар Ай. Тұманды көкте жыбырлар Жұлдыздар ұсақ ұшқындай. Баяғы ерте заманда Бұларда артық бақ болған. Ай әйел боп, Күн – ері, Толықсып тұрған шақ болған. Нұрлары балқып екеуі Қосылысқан бір мезгіл. Айнала жұлдыз – балалары – Жайнаған өңшең алмас гүл. Жайнатып бақытын қоймаған, Өтірік, өсек жайылған. Көрместей ғып бір-бірін, Дұшпан қып бұларды айырған.
C C М. Жұмабаев C C Осы күнде тәкаппар Күн көкте жалғыз жайнайды. Сәулесіне алтын мәз болып, Күн ұзын көкте ойнайды. Бақыты мол адамдар, Көрмеген қасірет жамылып, Оған еш зат тең келмес, Тәңірі қып хатта табынып. Түн болса, аппақ қайғылы Қорқып қана Ай туар. Апалап ерген артында Балалары – жетім жұлдыздар. Бақытсыз, жанған жас қыздар Қайғыда оны ес көрер: Мұңын жырлап аулақта, Ащы, ыстық жас төгер. Айнымас әйел көңілмен, Айбынды Күн күйеуін – Ұмытқан жоқ Ай сорлы Әлі күнге сүюін. Кешкі мезгіл көп уақыт Дірілдер, қорқар, ағарар. Жұқа бір бұлт астынан Батқан Күнге ол қарар. Жүрегі жанып мұңайып, Көзінен Күнді батырад. Айтатындай өтініп: «Тоқта!– деп,– балалар шақырад».
C C Шығармалары C C Тәкаппар Күн қарамас Мұңды Айдың түсіне. Онан жаман қызарар, Ашу сыймай ішіне. Айыпсыз Айға қарамай, Жатары барып тұл төсек. Күн мен де Айды айырған Не қылмас дейсің бұл өсек! САРҒАЙЫП КЕЛГЕН ЕГІН ТОЛҚЫНДАНСА (Лермонтовтан) Сарғайып келген егін толқынданса, Жас орман, жел күңірентіп, әнге салса, Жапырақтың жасыл ләззатты саясында Бақшада мойыл қаймақ жасырынса; Себілген алмас шықпен шын хош иіс, Сары алтын – ерте, яки қырмызы кеш. Бір топтың қолтығынан күліп қана Бас иіп есендесер күміс ландыш. Секіріп салқын бұлақ ойнап сайда, Батырып көмескі түс, тұманды ойға, Шапқылап шыққан жерін әңгіме ғып, Былдырлап ақ бетінен сүйгізсе Айға,– Сол уақыт жай табады асау жаным, Сол уақыт жадырайды қас-қабағым. Шын бақты тапқандай боп осы жерде-ақ, Көремін көк жүзінде Жасағаным...
C C М. Жұмабаев C C Максим Горькийден СҰҢҚАР ЖЫРЫ Сары бас жылан таудың қиясына өрмелей шығып, бір дем қапсағайда иіріліп теңізге қарап жатты. Жоғары Көкте Күн жарқырап, тау ыстық демін Көкке жіберіп тұрды. Төменде толқындар тасқа соғылып жатты. Таудың қапсағайында, қараңғыда, жан-жағына шашырап, тасқа соқтығып, күркіреп, теңізге қарай бет алып, бұлақ сарқырап жатты. Ақ шашты алыптай бұлақ көбігі бұрқырап, тауды бұзып, ашумен ұлып, теңізге құлап жатты. Бір мезгілде сары бас жылан иіріліп жатқан қапсағайға көктен төсі жаралы, қанаты қанды сұңқар құлап түсті... Сұңқар бір саңқ етіп, жерге құлап, әлсіз ашумен төсін тасқа соқты... Сары бас жылан сескеніп, жалма-жан өрмелеп шетке кетсе де, біраз байқап тұрып, құстың екі-үш-ақ минут өмірі қалған екенін білді... Содан соң ол жаралы құстың жанына жылжып келіп, тура көзіне ысқырып қалды: – Немене, өлейін деп жатырсың ба? – Иә, өлейін деп жатырмын!– деді Сұңқар ауыр уһілеп.– Мен өмірімді ерлікпен өткіздім!.. Мен бақыттың не екенін білемін!.. Ерлерше алыстым мен!.. Мен Көкті көрдім... Сен өміріңде Көкті жақыннан көре алмайсың!.. Ей, бейшара! – Жә, Көк деген не?– Бір бос жер... Мен оған қалай өрме леп шығайын? Маған осы мекенім ұнайды... жылы, демді! Сары бас жылан Ер Құсқа осылай деп жауап беріп, ішінен сұңқардың есалаңдығына күліп қойды. Және мынадай бір ой жүргізіп алды: «Ұш, өрмеле – бірібір, барлық зат жерді құшпақ, барлық зат топыраққа айналмақ...».
C C Шығармалары C C Бірақ Ер Сұңқар кенет қағынып, біраз көтеріліп, қап сағайдың жан-жағына көз салды. Сұр тастардың арасынан су жылап шығып, қараңғы қап сағайда әуе тишу еді, шірік иісі шығып тұрды. Барлық күшін жиып, қасірет-зармен саңқылдап жіберді Сұңқар: – Уа, дариға-ай! Көкке енді бір көтерілсем!.. Жауымды төсімнің жарасына жаныштар едім... Менің қаныма тұншығып өлер еді ол!.. Әй, соғыстың сайраны-ай!.. «Сұңқардың осынша күңіренуіне қарағанда, Көкке шығу, тегінде, жақсы болуға тиіс-ау» – деп ойлады сары бас жылан. Ойлады да, Ер Құсқа айтты: – Сен мына қапсағайдың шетіне жылжып бар да, төменге құла, кім біледі, қанатың қағуға жарап, көксеген Көгіңде біраз тұра аларсың... Сұңқар селк ете түсті де, тәкаппарлықпен бір саңқ етіп қалып, тайғақ таста тырнағы тая-тая жардың шетіне келді. Келді де, қанатын жайып, кеудесін кернеп бір дем алып, көзін оттай ойнатып, төменге қарай домалап кетті. Домалағанда, тас үстінде сырғанаған тастай, қанатын сындырып, жүнін жұлғызып, тез домалап кетті... Домалап келе жатқан Сұңқарды бұлақтың толқыны қа ғып алып, қанын жуып, көбікке бөлеп, теңізге зырқыратып ала жөнелді. Теңіздің толқындары, қасіретпен күрілдеп, тасқа со ғылып жатты... Бірақ теңіздің бетінде құстың өлігі кө рінбеді... Сары бас жылан қапсағайда Сұңқардың өлімін, оның Көкке құмарлығын ойлап жатты... Жатты да, жанды ылғи бақыт қиялымен еркелететін көк майданға қарады.
C C М. Жұмабаев C C – Өлген Сұңқар мынау түбі жоқ, қиыры жоқ көк шөлде не көрді екен? Сол Сұңқар сықылдылар өлсе де, өздерінің Көкті көксеулерімен неге жанның тыныштығын алады? Көкте не көреді екен олар? Көкке біраз ғана ұшып шығып, Көктің сырын мен де біліп алар едім-ау. Айтты да, істеді. Дөп-дөңгелек болып иіріліп әуеге аты лып кетіп, күн сәулесінің ішінде жіңішке жібектей жарқ ете түсті. Өрмелеу үшін туған жан ұша алмақ емес!.. Жылан мұны ұмытып, тасқа жып етіп құлап түсті. Бірақ өлген жоқ, күліп жіберді... – Көкке ұшудың қызығы мынау екен ғой! Қызығы құлау екен ғой!.. Әй, есер құстар! Жерді білгісі келмей, қасірет шегіп, олар Көкке ұмтылады. Ыстық шөлден өмір іздейді. Ол бір бос жер ғой. Онда сәуле көп, бірақ тірілерге тамақ жоқ, тиянақ жоқ. Тәкаппарлық неге? Теңсінбеу неге? Бұлар оларға өздерінің тілектерінің есалаңдық екенін бүркеу үшін, өздерінің тұрмысқа жарамсыздығын жабу үшін керек пе? Есер құстар... жоқ, олардың сөзі енді мені алдай алмас!.. Енді өзім бәрін білем: Көкті көрдім мен... Көкке ұштым, Көкте ұштым, Көкті өлшеп шықтым, құладым, онымен қирағаным жоқ, бірақ өзіме өзімнің сенімім артты. Мейлі жерді сүйе алмайтындар өздерінің еслаңдықтарымен бола берсін. Олардың жел сөздеріне енді сенбеймін. Жер баласы – жеріммен болам мен. Сары бас жылан, сөйтіп, өзіне өзінің көңілі толып, тас үстінде иіріліп жатып қалды. Теңіз жарқырағаннан жарқырап, толқындары қаһармен жарды сабап жатты. Толқындардың жолбарыстай күңіренуінде Ер Сұңқарды жоқтаған жырау бардай.
C C Шығармалары C C Толқындардың ұруынан жартастар дірілдеді, қаһарлы жырдан Көк дірілдеді. Ерлердің ессіздігін жырлаймыз біз! Ерлердің ессіздігі. Тұрмыстың түпкі түйіні – осы. Ер Сұңқар! Жауларыңмен қарсыласып қансырадың... Күн келер – сенің ыстық қаныңның тамшылары тұрмыс қараңғылығында ұшқындай жарқырап, талай ер жүректерге жарық пн азаттықты аңсататын от бере! Өлсең, өл! Сен бірақ ерлердің жырларында өлмессің! Жарыққа, азаматтыққа жөн сілтейтін айбынды үлгі болар сың! Ерлердің есіздігін жырлаймыз біз!..
C C М. Жұмабаев C C ЖҰРТЫН СҮЙГЕН ЖҮРЕК Теңізден таудың жалына ұқсаған түсі суық, ауыр қара бұлт көтеріліп, қырға түнеріп төніп келе жатты. Оның қиясынан кішкене бұлттар жырылып, ілгері озып, жұлдыздарды бір-бірлеп сөндіріп отырды. Теңіз шуылдап тұрды. Жанымыздағы жүзім бауында біреулер сүйіскендей, сыбырласқандай, күрсініскендей, жат бір иіспен танауды қытықтап, тамырларға тиіп, ауа тарайды. Бұлттардан жерге түскен қою көлеңкелер жерде сырғанап, еңбектеп, жоғалып кетіп, тағы көрініп тұрды. Ай сөніп, оның орнында ақ табақтай тап қалды. Ол тапты да көшкен бұлттар әлсін-әлсін біржола жоқ қылып, жауып тастап тұрды. Ішіне бір нәрсені тығып, өзі жасырынған секілді болып, қорқынышты қара түсін алған алыс қырда кішкене ғана зеңгір оттар жылт-жылт етіп тұрды. Бұл оттар кірпік қаққанша жылт етіп, сөніп тұрды. Қырда жоқ іздеп жайылып жүрген бірталай адам әлсін-әлсін шырпы тұтатып, ол шырпыларын жел сол сағатында-ақ үрлеп сөндіріп тұрған секілді еді. Ойды ертегіге қарай бұратын жат зеңгір от тілдері еді бұлар. – Ұшқындар көресің бе?– деп сұрады менен Изергиль. Мен қырға қарай қол сілтей: – Анау зеңгір ме?– дедім. – Иә, солар... Ұшып жүр екен ғой әлі! Жә!.. Мен мына оларды көре алмаймын. Мен осы күні көп нәрсені көре алмаймын. – Бұл ұшқындар неден?– деп сұрадым кемпірден. Мен бұл ұшқындар туралы бұрын біраз ертегі естісем де, Изергиль кемпірдің әңгімесін тыңдағым келді. – Бұл – Данконың жанған жүрегінің ұшқындары, от болып жанып кеткен бір жүрек болған баяғыда. Мынау ұшқындар содан. Мен саған бәрін айтайын... Бұ да ескі
C C Шығармалары C C ертегі... ескі. Бәрі ескі! Баяғының бай екенін байқайсың ба?.. Бұл заманда еш нәрсе жоқ – баяғыдағыдай іс те жоқ, адам да жоқ, ертегі де жоқ... Бұл неліктен? Қане, айтшы? Айта алмайсың... Сен не білесің? Барлық жастар, сендер, не білесіңдер? Еһе-еһе... Баяғыға қырағы қарау керек. Онда бар жұмбақтың шешуі бар... Міне, сендер қарамайсыңдар да, өмір мәнісін білмейсіңдер... Мен осы күнгі өмірді көрмей отырмын ба? Жоқ, көзім көмескі болса да, бәрін көріп отырмын! Менің көріп отырғаным мынау: осы күнгі адам бар өмірін бақастыққа, ит тартысқа құрбан қылып отыр. Бар өмірін желге жіберіп, өздерін-өздері ұрлап тауысқан соң, тағдырға жылайды, ол жерде тағдырдың не кінәсі бар? Әркім өзіне-өзі тағдыр! Мен осы күні әр түрлі адам көремін, бірақ қайратты ерлер көрмеймін! Олар қайда? Сұлулар да азайып барады. Осы заманда қайратты ерлер мен сұлулардың жоқтығы туралы ойға қалып, кемпір жауап іздегендей, қараңғы қырға қарады. Басқа бір нәрсе сұрасам, шетке шығып кетер деп, мен үндемей, әңгімесін күтіп отырдым. Себебі, Изергиль өткен күндерін есіне түсіре бастаса, философиясының тегеуріні астында жоғалып кетуші еді. Дұрысы, Изергиль философиясы жүгенсіз, жабайы философия болғанмен, замана ұсталықпен орап тастаған, бас-аяғы табылмайтын, түрлі түске боялған домалақ жіпке ұқсайтын еді. Изергиль әңгімеге кірісті. * «Дәл қай жерде екенін білмеймін. Баяғы заманда бір ел болыпты. Бұл елдің мекенінің үш жағын тірі жан өтпейтін ормандар қоршап алып, төртінші жағы ашық қыр екен. Уайымсыз, күшті, қайратты, қанағатшыл еді бұл ел... Бір мезгіл бұл елдің басына ауыр заман келді: әлдеқайдан бір жат ел
C C М. Жұмабаев C C пайда болып, ұларды орманның ішіне қарай тықсырып қуды. Орман іші батпақ һәм қараңғы еді. Неге десең: қара орман еді, бір-біріне оралып, шырмалып, жырмалып қалған бұтақтар арасынан күн көрінбейтін еді, күннің сәулелері жапырақтар арасынан төменге, батпаққа зорға ғана жол табатын еді. Бұл сәулелер батпақ суға түскен соң, сасық иіс көтеріліп, ел қырыла бастады. Қатын, бала жылауда болып, ерлер ауырды, қалың қасіретке түсті. Қалайда болса, бұл орманнан шығу керек. Шығуға екі-ақ жол бар: не ілгері, не кейін. Кейін жүрсе, алдында – буындық-буындық тамырларын жабысқақ ми-батпаққа терең жіберіп, жуан бұтақтармен бірін бірі құшақтап дәу ағаштар тұр. Бұл ағаштар күндіз сұрғылт қара көлеңкеде қозғалмай, үнсіз тастай қатып тұрып, кеш болып от жағылғанда қозғалып, жақыннан халықтың үстіне төніп келе жатқандай болатын еді. Айналадан күндіз-түні серпілмейтін қою қараңғылық ен қырға, жарыққа әдеттенген мынау елді басып өлтіретіндей, таптап тастайтындай болып тұрды. Ел енді, қатты жел ағаш бастарын сабалап, қалың орман қолтығына жаудан жасырынған елге өлік басында жырау айтқан секілді күбірлей күрілдегенде, қорқыныш тіпті күшейетін еді. Бұл ел қайратты болған соң, өлімге басты байлап, жеңген жаумен соғысар-ақ еді, бірақ олардың қасиетті тілегі бар еді. Соғыста бәрі қырылса, қасиетті тілек те жарыққа шықпай қалады ғой, міне, сондықтан олар ұзын түндерде батпақтың сасығымен уланып, орманның мылқау күйін тыңдап, ауыр ойларда болды. От басында осылай ойлап отырғанда, жан-жақта секіріп, үнсіз билеп жүрген көлеңкелер оларға көлеңке емес, орман менен батпақтың жын-перілері ойнап, билеп жүрген секілді көрінетін еді... ерлер ауыр ойда болды. Жыландай жүректі соратын қасіретті ойлар секілді адамның жан, денесін еш нәрсе жабықтырып, қажытпақ емес, жұмыс та, әйел де он-
C C Шығармалары C C дай қажыта алмайды. Ойлардан ерлер қажиды. Қорқыныш туып, зорайып, күшті қолдарды кісендеді. Сасық иістен өлгендерді жоқтап және қорқып, құр жаны қалған тірілердің тағдырын ойлап, жылап, азан-қазан болған әйелдердің шуы қорқынышты тіпті күшейтті. Сөйтіп бастап, ақырын, соңынан қаттырақ болып, орманда қорқу сөздер де шыға бастады... Өлімнен қорыққан ел, құлдыққа көніп, өздерін де, қасиетті тілектерін де жауларына құрбан қылмақшы болысып қалып еді. Дәл осы мезгілде Данко шықты да, жалғыз өзі барлық елді құтқарды». Шамасы, кемпір Данконың жанған жүрегінің әңгімесін көп айтса керек: оның аузынан сөздер майда да ұзын жіпке ұқсап төгіліп отырды. Оның қарлыққан, қырылдаған даусынан құлағыма батпақтың сасық уынан қырылып жатқан елдің еңіреуі немесе желмен сырласқан орман жапырақтарының шуылы естілгендей болды. «Данко сол елдің сұлу бір жас жігіті еді. Сұлу адам ер болады. Данко жолдастарына, елінің азаматтарына айтады: – Бір домалап кеткен басты құр оймен кейін қайтаруға мүмкін емес, түк қылмаған адамға түк те болмайды. Кү шімізді неге құр ой мен қайғыға запы қыламыз?! Тұрыңдар! Орманның ішімен жүріп отырып, шетіне шығайық. Дүние де шетсіз нәрсе жоқ қой, бір шеті болу керек! Жүрейік! Жүрейік! Жә! Ей!.. Халық оған қарады да, оның артық туған ер екенін білді. Неге десеңіз, оның көзінде қайрат пен от жарқырап тұр еді. – Жол баста!– деді халық. Данко бастады». Кемпір сөзін тоқтатып, қырға қарады. Қырда қараңғы лық қоюланғаннан қоюланып бара жатыр еді. Әлдеқайда алыста жылт-жылт етіп тұрған Данконың жанған жүрегінің ұшқындары көзді ашып-жұмғанша шешек жарып, солып тұрған зеңгір гүлдерге ұқсап тұрды.
C C М. Жұмабаев C C Данко елін бастап алып жүрді. Оған бір сенген соң, халық артынан тегіс ерді. Машақатты болды бұл жол! Айнала қап-қараңғы, батпақ қомағай шірік аранын ашып, аяғын аттаған сайын адамдарды жұтып, ағаштар тас қимадай жолды бөгеді. Бұтақтары жыландай бір-біріне оралған, тамырлары жан-жаққа тарам-тарам жайылған ағаштар арасынан әр адам аттаған сайын көп тер, көп қан төгілді. Ұзақ жүрді олар... Орман қоюлана берді, күш кеми берді!.. «Тәжірибесі жоқ жас бізді әлдеқайда алып бара жатыр» деп, халық Данкоға күңкілдей бастады. Данко жарқын жүзбен, қайратпен оларды бастап бара жатты. Бір мезгілде орман үстінде күн күркіреп, ағаштар қорқынышты мылқау күбірге кірісті. Орман іші, дүние жаратылғаннан бері болып өткен түндердің бәрі жиыл ғандай, қап-қараңғы болды. Кішкене адамдар дәу ағаш тардың арасында кетіп бара жатты. Дәу ағаштар шайқалып, сықырлап, ашулы әнге салып,күрілдеп, орман үстінде ұшып жүрген нажағай орманды салқын көк отпен жарық қылып, дереу жоқ боп кетіп, адамның құтын ұшырып тұр ды. Қараңғылық қапасынан қашқан адамдарға нажағайдың салқын оты мен жарқ-жұрқ етіп тұрған ағаш та құжырқұжыр ұзын саусақтарын созып, саусақтарын тығыз тоқылған аудай біріне-бірі айқастырып, оларды жолдан тоқтатпақшы болып тұрған тірі бір нәрсе секілді көрінді. Кетіп бара жатқан халыққа бұтақтардың қараңғы саласынан қап-қара, сұп-суық қорқынышты бір нәрсе қарап тұрғандай көрінді. Машақатты жол болды бұл. Халық қажып, жасып қалды. Бірақ олар жасығандарын мойындарына алуға арланып, ашу-ызалары қайнап, алдарында жолдарын бастап келе жатқан Данкоға дүрсе қоя берді. «Сен жол бастау білмейсің!» – деп оны айыптады. Қажыған, ызаланған халық тоқтап, орманның шуы һәм дірілдеген қараңғылық астында Данконы тергей бастады:
C C Шығармалары C C «Сен түкке тұрмайтын адамсың! Бізге жаусың сен! Бастаймын деп, бізді қырып бітірдің, енді сен аман қалмайсың!» – деді халық. Нажағай ойнап, күн күркіреп, олардың сөзін қолдады. – Өздерің «баста!» дедіңдер, мен бастадым!– деп олардың қарсы алдында кеудесін керіп, Данко күркіреді.– Менің қайратым бар, сондықтан сендерді бастадым! Ал сендер? Сендер өздерің өздерің үшін не қылдыңдар? Сендер құр жөңкілдіңдер, ұзақ жолға қайраттарыңды сақтай алмадыңдар! Сендер қой сықылды құр жөңкіліп жүруді ғана білдіңдер! Мынау сөз халықты тіпті жындандырып жіберді. «Өлтіреміз! Өлтіреміз!» – деп ұлыды халық. Олардың айқайына ән қосып, орман күрілдей берді, нажағай қараңғылықты пәрша-пәрша ғып жырта берді. Данко азап шегіп, артына ерген адамдарына қарап, олардың бәрінің қан ішер аңға айналғанын көрді. Айналасында адам көп еді, бірақ біреуінің бетінде де адамшылық әсері жоқ еді. Олардан енді аяу күтуге мүмкін емес екендігі білінді. Сол уақытта Данконың жүрегінде ашу қайнап кетті. Бірақ елін аяғандықтан, бұл ашу тағы сөнді. Ол өз елін қатты сүйетін еді. «Мен болмасам, бұлар қырылып қалар» деп қорықты. Сондықтан елін құтқарып, жеңіл жолға жеткізу тілегімен оның жүрегі от боп жанды да, сол күшті оттың сәулелері оның көздерінде ойнап кетті... Халық Данконың көздеріндегі отты ашу оты деп ойлап, өздеріне ұмтылғалы тұр деп сезіктеніп, қасқырдай құлақтарын тіге қойып, оңай ұстап алып өлтіру үшін бір-біріне тығылысып, Данконы жақындап, қоршай бастады. Данко халықтың бұл ойын білді. Олардың бұл бұзық ойы Данконың жүрегінде қасірет туғызған соң, оның жүрегі тіпті лаулап жанды. Орман қап-қара жырау айтып, күн күркіреп, жаңбыр сабап тұр еді. «Елім үшін не істер екем мен?!» – Күннен күшті күркіреді ер Данко.
C C М. Жұмабаев C C Сөйтті де, ол тез қолымен төсін сөгіп, ішінен өзінің жүрегін суырып алып, жоғары көтерді. Бұл жүрек күндей болып, тіпті Күннен де артық жарқырап жанып тұрды. Мынау зор ел махаббатының шырағымен орман жарық болып кетіп, шуынан тоқтай қалды, қараңғылық жүректің жарығынан кұлпәрша болып, қалт-қалт етіп, орманның қою жеріне, батпақтың шірік аранына барып құлады. Таң қалған халық тас болып қалды. Жанған жүрегін жоғары көтеріп ұстап, артына ерген елінің жолын жарық қылып: «Жүріңдер!» – деп айқай салып жолға түсті ер Данко. Халық таң-тамаша қалып, оның артынан жөңкіліп еріп кетті. Орман таңғалып, басын шайқап, тағы шуылдай бас тады. Бірақ бұл шуыл жүгірген халықтың дүбірімен жоқ болып кетті. Жанған жүректің тамаша көрінісіне қызығып, халық қуанып, қайрат бітіп, жүгіріп отырды. Әрине, әлде болса да, өлгені өліп жатты, бірақ зарлану, жылау-сықтау болған жоқ. Данко халықтың алдында еді, оның жүрегі заулағаннан заулады, заулағаннан заулады! Бір мезгіл орман ашыла бастады. Ұзамай-ақ семіз, мылқау дәу артта қалды. Данко мен оған ерген адамдар күн сәулесі һәм жаңбырмен жуылған таза ауа дариясына кірді. Арттарында – орман үстінде күн күркіреп тұр, алдарында – алтын күн ойнап, еркін қыр еркелікпен күрсініп, жаңбырдың жауһарларымен себілген шөптер жылтылдап,. алтындай жарқырап өзен жатыр... күн батып бара жатқан шақ. Батып бара жатқан күннің сәулелері тұнып тұрған өзеннің бетіне түсіп тұр. Ол бейне Данконың сөгілген төсінен саулап тұрған қанға ұқсайды. Өлім алдында қайсар ер Данко кең қырға қырандй бір көз салып, азат жерге қуанышпен бір қарады да, күлді. Күлді де, жығылып, жан берді. Артта қалған ағаштар ақырын сыбырласты, Данконың қаны тамған шөптер анау сыбырға сыбыр қосты. Қуаныш
C C Шығармалары C C сол. Кеуделерін үміт кернеген халық Данконың өлгенін байқамады. Оның денесінің жанында заулап жанып жатқан жүрегін де көрмеді. Жалғыз-ақ, бір сұңғыла адам байқап еді, бірақ екінші бір нәрседен қорқамын деп, мынау ер жүректі аяғымен басып кетті. Жүрек ұшқын болып шашырады да сөнді... – Міне, дауыл болар алдынан қырда жылтылдайтын зеңгір оттар сол жүректің ұшқындары! Кемпір әдемі ертегісін бітірген кезде қыр тіпті тыптыныш еді. Ол да ешбір сый сұрамай, ел үшін жүрегін жандырып өлген ер Данконың ерлігіне таңданып, қатып қалған сықылды еді. Үзім салынған астауға арқасын сүйеп, кемпір қалғиды. Мен оған қарап: «Оның есінде енді қанша ертегі қалды екен?» – деп ойға баттым. Мен Данконың жанған жүрегі, сансыз сұлу күшті ертегілер ойлап шығарған адамзаттың қиялы, ерлері һәм айтарлық істері мол баяғы заман туралы және күшті адам мен көрнекті істерге кедей осы күнгі қайғылы заман туралы, өлік жаратылған жүректі адамшылықтардың бар нәрсеге күліп қарайтын салқын сенбеуше, имансыздыққа бай сорлы замандары туралы ауыр ойларға баттым... Қатты ұйқыға кірген Изергиль кемпірдің жырым-жырым көйлегімен ойнап ескен жел оның кеуіп қалған төсін жалаңаштап тастады. Мен оның қураған денесін киіммен жауып, өзім оның жанына жерге жаттым. Қыр тып-тыныш һәм қараңғы еді. Көкте салмақпен, ерініп бұлттар жүзіп жатты... Теңізден қасіретті мылқау шу естіліп тұрды.
C C М. Жұмабаев C C АНА Көк темір киінген қалың жау бірнеше қаланы құрсаудай қоршап алып, қамап тұрды. Түн сайын жағылатын от қапқара қараңғылық ішінен сансыз қызыл көздерімен қаланың қорғанына қарайтын еді. Қызыл көздері қалаға қарап сүйсініп жалындады. Оттың бұлай, аңдығандай ылғи жанып тұруы қаланы ойға батырды. Қала халқы қорғаннан жау құрсауының жыландай жиы рылғанын, от айналасында жаудың қап-қара көлеңкелерінің ойнағанын көріп тұрды. Жаудың бабындағы аттарының кісінегені, қару-жарақтарының күңгірі, қарқылдаған күлкі лері естіліп тұрды. Жеңуіне күмәні жоқ жаудың қуанышты әндері қалаға айқын келіп тұрды. Жаудың күлкісі мен әнін естуден ауыр не азап бар? Қалаға су беріп тұрған барлық бұлақтарға жау өлексе тастады, үзім бауларын күйдіріп жіберді. Даланы таптап тастады, бау ағаштарын қырып салды. Сөйтіп, барлық беті ашылып қалған соң, қалаға жаудың доп-зеңбіректері шойын мен қорғасын себе бастады. Соғыстан қажыған аш қол тар көшелерде тұнжырап жүріп жатты. Үйлердің терезедерінен жаралылардың ыңқылы, жанталасқан сандырағы, әйелдердің Аллаға сиы нып сақтанғаны, балалардың шулап жылағаны тасыған судай далаға төгіліп тұрды. Халық үрейі ұшып, күбірлеп қана сөйлесіп, бірінің сөзін бірі бөліп: «Жау от қойған жоқ па?» – деп тақақтап, тыңдап тұрды. Әсіресе, түндерде, тым-тырыста ыңқыл мен жылау шуы ашығырақ-ашығырақ шыққанда, алыстағы таулардың үңгірлерінен қаракөк көлеңкелер еңбектеп шығып, жаудың қолын басып, жасырынып, қаланың қирап жатқан қорғанына қарай бет алғанда, таулардың сорайған қара тістерінің үстінде өткір қылыш дал-дұл қылған мыс қазандай болып ай туғанда,
C C Шығармалары C C әсіресе осындай түндерде өмір үміті біржола үзілгендей болатын еді. Ешқайдан күткен жәрдемі болмай, бейнеттен, аштықтан қажыған халық күн санап үмітінен айрылып, кеудесін қорқыныш кеулеп, анау айға, таудың сорайған тістеріне, үңгірлердің қап-қара аранына, шулап жатқан жаудың қолына қарайтын еді: бұлардың бәрі оларға өлімді ойлататын еді. Жалғыз жұлдыздар оларды жұбатып, жылы жүзбен жарқырайтын еді. Халық қорқып, отты үйде тұ тата алмағандықтан, көшелерді қоп-қою қараңғылық басып кетті. Сол қараңғылықта өзеннің тереңінде жүзген балықтай, басына қара жамылған бір әйел үнсіз ғана бара жатты. Халық оны көріп, бірінен-бірі сұрады: – Ананың өзі ғой? – Иә, сол. Көрген халық оның бетіне келе алмай, қақпалардың астына жасырынып қалды. Болмаса, төмен қарап, жанынан жүгіріп өтіп кетті. Жалғыз-ақ, қарауылшылардың бастықтары былай деп сақтандырды: – Тағы көшеге шықтыңыз ба, донна Марианна! Байқа ңыз, мұндай уақытта оққа ұшу оңай. Кім жазалы екенін ешкім тексермейді де... Ірілікпен басын жоғары көтеріп жіберіп, кідіріп, күте қалды. Бірақ қарауылшылар не оған бата алмады, не әйелге қол көтеруді өздеріне ар көрді, қалайда өте берді. Қазалы адамдар өлексені айналып өткендей, әйелді алыстан айналып өтіп жатты. Әйел қаланың барлық бақытсыздығынан жаралған мылқау бір қара болып, қараңғылық ішінде көшеден-көшеге жылжып, жапа-жалғыз жүре берді. Оның артынан қалмай қасіретті үндер еңбектеп бірге жүрді: ыңқыл, жылау, жырау, жауды жеңу үмітінен айрылған қолдың тұнжыраған күбірі.
C C М. Жұмабаев C C Азамат һәм ана еді бұл әйел. Ана ұлы мен ұлты туралы ойлап жүр еді: қаланы қиратып жатқан қолдың бастығы оның ұлы еді. Қайғысы жоқ қатал ұл. Жуырда ғана бұл ана анау ұлына, өзі туып-өскен һәм ұлын тауып, өсірген тұрағы – қаласының халқына көмек үшін өзі салған қорған деп, өзінің ұлтына берген бағасыз сыйы деп қарайтын еді. Үзілмейтін ұзын сансыз жіптермен ананың жүрегі – ескі тастарға, бабалары үйлер салған, қаланың қорғанын қалаған ескі тастарға, туған-туысқандарының сүйегі жатқан жерге, ұлтының ертегілері, жырлары, үміттеріне – ананың жүрегі берік байланған еді. Ананың сол жүрегі жақын адамын жоғалтып, жылауда еді. Жүрегі таразы сықылды еді. Бірақ ұл махаббаты мен ұлт махаббаты екеуін күндізтүні салмақтап, қайсысы ауыр, қайсысы жеңіл екенін біле алмады. Ана осы халде түндер бойы көше кезіп жүре берді! Танымаған адамдар қара жамылған ананы «бәрімізге жақындаған өлімнің өзі ғой» деп қорқысты, таныған адамдар ұлтын сатқан ұланның анасынан әдейі аулақ жүрді. Бір уақытта қалың қорғанның түбінде бір мылқау түкпірде ана екінші бір әйелді көрді: бір өліктің басында шөкелеп, жердің төмпешігіндей қозғалмай, қасіретті жүзбен жұлдыздарға қарап дұға оқып отыр екен. Оның төбесінде, қорғанның үстінде, қарауылшылар ақырын ғана күбірлесіп, мылтықтың оқтары қорғанның тас тістерін тістеп, тістерін шықырлатқандай. Ұлтын сатқан ұланның анасы сұрады: – Ерің бе? – Жоқ. – Аға-інің бе? – Балам. Ерім өлгелі он үш күн болды. Мынау бүгін...– деді де, өліктің анасы тағдырға разы болған түрмен айтты:– Мәриям ана бәрін біледі. Бәрін көріп тұр. Мен оған шүкіршілік қыламын.
C C Шығармалары C C – Не үшін?– деп сұрады бірінші әйел. Анау жауап берді: – Ұлым ұлты үшін құрбан болып отыр. Бұрын менің көңілімде күмән бар еді. Өз елінің үстіне бастап жау алып келіп, әрі Құдайдың, әрі адамның дұшпаны болған, жел өмірдің ғашығы, жел көңіл Марианнаның ұлындай менің ұлым да жел өмір, атақ үшін елін сатып кете ме деп қорқу шы едім. Нәлет жаусын Марианнаның ұлына! Оны көтерген ананың құрсағына нәлет жаусын! Марианна бетін жапты да, шығып кетті. Ертеңіне ертемен қаланы қорғап тұрған қолға барды да айтты: – Менің ұлым сендерге жау болып кеткені үшін не мені өлтіріңдер, болмаса қақпаны ашыңдар, мен ұлыма кетейін... – Сен азаматтығың бар әйелсің, туған жер саған қымбат болуға тиісті. Сенің ұлың біздің жауымыз болса, сенің де жауың. – Мен анамын. Ұлымды сүйемін. Ұлымның мұндай болғанына өзімді кінәлі деп білемін. Қорғаушы қол біраз кеңесті де, мынадай сөзге келді: – Ұлыңның күнәсі үшін сені өлтіруіміз адамшылыққа жатпайды. Сенің қасіретіңнің ауыр екенін де шамалаймыз... Бірақ мынау қалаға сенің кепілдікке де керегің жоқ. Ұлың сені керек қылмайды ғой, ол малғұн сені ұмытқан шығар. Күнәңді өзің мойныңа алсаң, сол жаза саған жазалыққа татыр. Бізге өлімнен де ауыр көрінеді бұл жаза. – Иә, ауырырақ...– деді ана. Қол қақпаны ашып, әйелді қаладан шығарып жіберіп, оның туған жерінде, өзінің ұлы қанға тұншықтырған туған жерінде, қалай кетіп бара жатқанына қарап қалды. Ана аяғын зорға көтеріп аттап, ақырын ғана кетіп бара жатты. Жолшыбай қаланы қорғап қаза тапқан ерлердің өліктеріне тәжім қылып, қирап жатқан түрлі қару-жарақты аяғымен жеркене теуіп жіберіп бара жатты, ананың бәрі-ақ
C C М. Жұмабаев C C қан төгетін қаруды жек көріп, жаудың қолын қайтаратын қаруды ғана қабыл көреді ғой. Ана шапанының астына толық бір кесе су тығып алып бара жатқандай, қаттырақ бассам, суды шайқап төгіп алармын деп қорыққандай болып, ақырын бара жатты. Алыстаған сайын кішірейе берді. Қорғаннан қарап тұрған қолға қаладан үмітсіздік, қасірет сол әйелмен бірге шыққандай көрінді. Ана орта жолға жеткен соң, басындағы бүркенгенін алып, қалаға ұзақ қарап тұрғанын қол көрді. Жаудың қолы далада келе жатқан жалғыз қараны байқаған соң, бірнеше адам сақтықпен оған қарсы жүрді. Келіп, кім екенін, қайдан келе жатқанын сұрады. – Сендердің қолбасшыларың – менің ұлым,– деді ана. Бұл сөзге қолдың біреуі де күмән қылмады. Қол ананы ертіп алып, жолшыбай оның ұлының ақылдылығын, ерлігін көтеріп мақтап отырды, ана басын иместен тыңдап бара жатты. Бірақ таңданған жоқ, оның ұлының өзі солай болуға тиіс еді ғой. Ана ұлына келді. Тумастан тоғыз ай бұрын білген ұлына, ылғи ғана жүрегіндей тербеткен ұлына келді. Келсе, ұлы жібек пен барқытқа, қару-жарақ, асыл тастарға көмілген. Дұрыс, осылай болуға тиісті еді. Ана ұлын ылғи түсінде де осылай көруші еді: бай, атақты, жалпы халыққа сүйкімді. – Ана,– деді ұл, анасының қолын сүйіп,– менің ісімді мақұлдағаның ғой, сен келдің. Енді мынау малғұн қаланы күні ертең аламын... – Өзің туған қалаңды...– деп есіне салды ана. Жортқанда ылғи жолы болып жүргеніне есірген, зор атаққа сусаған ұлан жастықтың жүгенсіз жалынымен жалындап сөйлеп берді: – Мен жаһан үшін туғанмын. Жаһанды таң-тамашаға қалдыру үшін туғанмын. Мына қаланы мен сен үшін ғана
C C Шығармалары C C аяп тұр едім. Болмаса, бұл қала аяғыма кірген шөгірдей, бақытқа, атаққа бара жатқан жолымды бөгеп тұр еді. Енді таң атсын!– Қайсарлардың ұясын қиратайын... – Әрбір тасы сенің бөбек күніңді білетін, әлі күнге ұмытпаған ұяны...– деді ана. – Тастар мылқау ғой. Ол тастарға адамзат тіл бере алмаған болса, мен барлық тауға тіл берем. Тау-тасқа өзімді мақтатып, күңірентіп қоям. Менің тілейтінім осы... – Елді қайтесің?– деп сұрады ана. – А-а-а, елді ұмытқан жоқпын. Анам, маған да ел керек, ердің ерлігі ғана есінде қалады ғой... – Ер деген кім? Өлімге ерік бермей, өмір құрған, өлімді жеңген адам, сол – ер!– деді ана. – Жоқ!– деді ол,– құрушы адам ер болса, қиратушы да ер... Өзің ойлашы, Рим шаһарын Ромул салды ма, Еней салды ма, біз оны білмейміз. Ал енді Аларих сықылды Римді қиратқан ердің аты бізге айқын белгілі... – Ол ерлердің, болса, ауызда өшіп бара жатқан аты ғана бар. Римнің өзі көз алдымызда әлі тұр ғой,– деп есіне салды ана. Ұлы мен ана күн батқанша осылай сөйлесті. Бірақ уақыт озған сайын ұлының ананың сөзін бөлуі сирей берді, анасы да төмен иіле берді. Ана – жаратушы, құрушы. Ана – қорғаушы. Ананың алдында қиратуды, бұзуды айту оған қарсы сөз айту болып табылады. Ұлан мұны білмеді. Ананың Тәңір берген қасиетін жоққа шығарды. Ана – ылғи өлімге қарсы. Кімде-кімнің болса да үйіне өлім кіргізген адам – ананың жауы. Жүректі өлтіретін атақтың салқын сәулесі көзін қаптаған ұлан мұны көрмеді. Өзі құрған, өзі қорғаған өмірге біреу қастық қылса, ананың қатал, бір-ақ есті аң болып кетуін де ұлан білмеді.
C C М. Жұмабаев C C Басын бұғып отырған ана қолбасының қымбатты ша тырының етегінен қаланы көрді. Қазір соны қиратпақ болып отырған бөбектің бойына біткен шағындағы тәтті минутын өткізген, осы бөбектен босанғандағы бейнеттерді кешірген қаланы көрді. Қаланың қорғанына, мұнараларына күннің қызыл сәулелері қан төгіп тұрғандай еді. Қала бір жаралы жандай, оның сансыз жараларынан қызыл қан шапшып тұрғандай еді. Уақыт озды. Қала өліктей қарая берді. Қаланың үстінде, аспанда өлікке жаққан шырақтай жұлдыздар жағылды. Жаудың көзіне түспесін деп қорқып, от жақпаған қараңғы үйлерді, қараңғылыққа, сасық иіске, өлім күткен адамдардың күбіріне толған көшелерді – ана бәрін көрді, бәрін. Туған ел, туған жер ананың аузынан не шығар екен деп, бәрі көшіп оттың алдына келгендей болды. Ана енді өзін барлық ұлтының анасы деп сезді. Таудың қара қияларынан бұлттар сырғып түсіп, өлімге байланған қалаға қанатты қалың жылқыдай шабуыл жасады. – Егер түн қолайлы – қараңғы болса, біз, бәлки, осы түнде-ақ қаланы шабармыз. Күндіз қару-жарақ жарқылдап көзді шағылдырғанда, күн шақырайып тура көзге қарап тұрғанда, кісі өлтіру қолайсыз болады,– деді ұлы, қылышын жалақтатып. Анасы айтты: – Мұнда кел. Басыңды менің көкірегіме қой да, өзіңнің бөбек күніңді, қайырымды, қайғысыз болғаныңды, жұрт тың бәрінің сені жақсы көргенін есіңе түсіріп жатып, тынық... Ұлы ананың тілін алып, тізесіне жатып, көзін жұмды. – Мен атақты сүйемін және мені осындай қылып тап қаның үшін сені ғана сүйемін... – Әйел сүймейсің бе?– деп сұрады анасы, басын төмен бүгіп.
C C Шығармалары C C – Әйел деген көп қой. Бірақ тәттіден тез шыққан сықылды адам әйелден тез безіп кетеді ғой. Ананың ең соңғы сұрағаны: – Сен балаң болуын тілейсің бе? – Баланың керегі не? Біреуге өлтірткізу үшін бе? Мен сықылды біреу балаларымды өлтірмекші. Ол маған ауыр болады ғой. Ол уақытта мен қартайып, қуатым кеткен болам. Олардың кегін ала алмаспын. – Сен сұлусың, ұлым, бірақ нажағай сықылды сенің де жемісің жоқ,– деді күрсініп. Ұлы күлімсіреп: – Иә, нажағайдай...– деді. Деді де, анасының көкірегінде кішкене бөбектей қалғып кетті. Сол уақытта ұлын қара шапанымен жауып, жүрегіне пышақ сұғып алды. Ұлы селк етті, сол сағатта өлді. Ұлының жүрегінің қай жерде соғып тұратынын білетін ана ғой ол. Баласының өлігін қажыған қарауылшыларға қарай домалатып жіберіп, қалаға қарап былай деді ана: – Ұлт үшін ананың қолынан келетін істі түгел істедім. Өзімнің ұлымның жанында қалдым мен... Екінші ұл табу уақытынан өткенмін. Менің өмірім енді ешкімге керегі жоқ. Ұлының жылы қаны, дұрысы, өзінің жылы қаны суын баған әлгі пышақты ана енді өзінің кеудесіне қадады. Қадағанда, дәл жүрекке қадады. Ауырған жүрекке дәл қадау оңай болмақ...
C C М. Жұмабаев C C ТЕМІРДІ ЖҰМСАРТҚАН АНА Бар нәрсені жеңетін тірліктің бұлағы – әйел-ананы мақталық! Бұл жерде сөз Темір туралы. Өмірінде жаудан жеңіліп көрмеген сайыпқыран, жұлдызы оңынан туған ақсақ барыс туралы. Гәуірлер оны Темірлан деп атаған. Бүткіл дүниені қиратамын деген ойы болған адам туралы сөз болмақшы. Ақсақ Темір жер үстінде елу жыл жүрді1. Елу жыл бойына пілдің аяғы құмырсқаның илеуін таптағандай, оның темір аяғы талай шаһарларды, мемлекеттерді таптады. Оның жүрген жолдарынан жан-жаққа адам қаны қызыл өзен болып ақты. Жеңілген елдердің сүйегінен биік мұнаралар жасады ол. Күш сынасып, ажалменен жекелесіп, тірлікті қиратты ол. Ұлы Жәңгірді алғаны үшін ажалдан кек алмақшы болды. Құтырған Темір ажалдың асын тартып алмақшы болды. Ажал малғұн аштан, азадан өлсін деді ол. Шын халқын жеңіп қайтып келе жатқан Темірді, оның Жәңгір ұлы өлген соң, Самарқан халқы қара салып, бастарына күл-топырақ сеуіп қарсы алған күннен бастап қайсар Темір Отырарда ажалменен айқасып, ажал оны жыққан сағатқа шейін отыз жыл бойына бір езу тартып күлмеді. Осылай отыз жыл бойына жұмған ернін бір ашпай, өмір бойына ешкімге бас имей, тірі жанды жүрегі аяу дегенді білмей өмір сүрді Темір. Ажал оның алдында бас иетін – жалғыз күшті, әйелананы мақталық! Бұл жерде ана туралы бір шындық айтылмақшы. Жерді қанға тұншықтырған болат Темірдің, ажалдың әрі қызметкері, әрі құлы Темірдің сол ананың алдында бас иіп, кішірейгені айтылмақшы бұл жерде. Әңгіме былай болған. 1 Ақсақ Темір 1333 жылы туған, 1404 жылы өлген (Басқарма).
C C Шығармалары C C Ақсақ Темір Қанығұлдың әдемі алабында сауық құрып жатыр еді. Қалың бұлттай гүлдер жапқан Қанығұлдың алабын Самарқанның ақындары «гүлдердің махаббаты» деп атаушы еді. Бұл алаптан зор шаһардың заңғар мұнаралары, мешіттердің заңғар күмбездері көрініп тұрушы еді. Жабылған кең желеуіш сықылданып сол алапта бәрі де жауқазын гүлдей он бес мың отау-шатыр құрылған. Әр шатырдың үстінде әуелеп тұрған гүлге ұқсап жүздеген жібек жалау желкілдеп тұр. Сол шатырдың ортасында, күңдердің ортасында тұрған ханшадай Ақсақ Темір Көрегеннің шатыры тұр. Бұл шатыр төрт бұрышты, кеңдігі жүз адым, биіктігі үш найза. Ортасында адамның жуандығындай он екі алтын бағана бар. Төбесінде заңғар күмбез. Шатыр қара, сары, зеңгір түсті жол-жол жібектен тігілген. Көкке көтеріліп кетпес үшін бес жүз қызыл баумен жерге бекітілген. Төрт бұрышында төрт күміс қыран құс тұр. Ал күмбездің астында, шатырдың дәл ортасында бесінші қыран отыр. Бұл қыран хандардың ханы, өмірінде жаудан жеңіліп көрмеген Ақсақ Темір Көрегеннің өзі еді. Үстінде аспан түсті жібектен тігілген кең киім. Ол киімге меруерт себілген. Себілген өңшең әр меруерт бес мыңнан аса қоймас. Иә, аса қоймас!.. Оның ақ шашты аруақты басында ақ бөрік, ақ бөріктің шошақ төбесіне қып-қызыл жақұт орнатылған. Шошақ төбе тоқтаусыз шайқалғанда қанды көзі әлем біткенді ішіп-жеп бара жатқандай болады. Ақсақтың беті мың рет қанға малынып, тот басқан жалпақ сапы сықылды. Көздері қысық болса да, бар нәрсені көретін қырағы. Бұл қысық көздердің оты қояншық ауруды өлтіретін, гәуірлер оны зұмырт деп атайтын. Арабтың сүйген тасы зуфаржәттің салқын сәулесіне ұқсайды. Ханның құлақтарында сұлу қыздың ерніне ұқсайтын цейлонның қып-қызыл жақұттарынан жасалған сырғалар. Жерде баға жетпес кілемдердің үстінде шарапқа толып үш жүз алтын құмыра һәм хандардың сауығына керек
C C М. Жұмабаев C C басқа түрлі заттар самсап тұр. Темірдің артында сырнайкернейшілер отыр. Жанында қатар отырған тірі жан жоқ. Төменде, аяқ жағында туысқандары, хандар, бектер, қолбасылар отыр. Ханға жақын Кермани отыр. Өзі мас. Кермани ақын еді. Жаһанды қиратқан жиһангер Темірдің бір уақытта: – Кермани! Әгәр мен сатылатын болсам, сен маған қанша берер едің?– деген жер жүзіне қорқыныш пен өлім себушінің сұрағына: – Жиырма бес әскер берем,– деп жауап берген екен. – Мынау не дейді? Бұл менің белбеуімнің ғана бағасы ғой!– деп таңғалып, Темір ақырыпты. – Мен сол белбеуіңді ғана ойлап отырмын. Сен өзің түкке тұрмайсың,– депті Кермани. Хандардың ханымен, жер жүзіне жауыздық һәм қорқы ныш себетін адаммен ақын Кермани осылай сөйлесетін еді. Темірдің атағынан шындықтың досы ақынның атағын артық көрелік біз! Жалғыз-ақ Тәңірісі бар, ол Тәңірісі – сұлу айтылған шындықтың тура сөзі болған ақындарды мақталық біз! Шын ақындардың жалғыз Тәңірісі – сұлу айтылған шындықтың тура сөзі ғой! Солай, Ақсақ Темір Қанығұлдың алабында сауық құрып жатты. Халық мәз-мейрам болып, есалаңданып, өткен-кеткендерді, жорықтарды, әрнелерді еске алып, ханның шатырының алдында сырнай-керней гүрілдеп, халық шуылдап ойнап жатты. Шұп-шұбар киінген сансыз сайқы-мазақтар секіріп, балуандар күресіп, ойыншылар да денелерінде бір тал сүйек жоқ сықылды иіліп, майысып, арқанда ойнап, батырлар адам өлтіруге бәсекелесіп, найзаменен сайысып, біреулерін қызыл, біреулерін жасыл түске бояп, біреулерін қорқынышты, біреулерін мазақ қылып, пілдерді шығарып, халық мәз-мейрам болып жатыр. Тап
C C Шығармалары C C сол сағатта – Темірдің ерлері Темірден қорыққаннан, Темірдің атағының айбатынан, жорықтан қажудан, шараптан, қымыздан мас болып отырған тап сол есалаң сағатта – ың-жыңның ішінен, бұлт ішінен шыққан нажағайдай сұлтан Баязитті жеңген жауынгердің құлағына қыранның саңқылдағанындай бір әйелдің айқайы келді. Өлімнен аза шеккен, сол азаның кесірінен адамзатқа һәм барлық тірлікке қатал болып кеткен Темірдің жанына таныс дауыс еді бұл. – Мынау зарлы дауыс кімдікі екен, біліңдер!– деп бұй рық қылды Темір. Шабармандар келіп айтты: – Үсті-басы шаң, жалба-жұлба бір қатын, өзі есалаң сықылды. Арабша сөйлейді. «Ханға жібер, үш ықылымның ханына жібер!» – деп қасарып тұр. – Алып келіңдер!– деді хан. Ханның алдына әйел келді. Жалаң аяқ, үстінде күн жеп қойған киімдердің жалба-жұлбасы шыққан, жалаңаш төсін жабу үшін қара шашы тарқатылған. Беті мыс сықылды, көздерінде қайрат бар. Ақсаққа созылған қара қолы дірілдемейді. – Сұлтан Баязитті жеңген сенбісің?!– деп сұрады әйел. – Иә, мен! Мен оны да жеңгенмін. Басқа талайды да жеңгенмін. Әлі жеңуден қажығаным жоқ. Сен не айтпақ шысың, әйел? – Тыңда!– деді әйел.– Сен талай істі істесең де құр адамсың. Ал мен анамын! Сен өлімге қызмет қыласың, мен өмірге қызмет қыламын. Сен менің алдымда жазалысың. Міне, мен саған сол жазаңды жу деп келіп отырмын. Маған жұрт сенің ұраның «күш – әділдікте» деген деп айтты. Мен бұған нанбаймын. Бірақ сен маған әділ болуға міндеттісің. Неге десең – мен анамын! Әйелдің шанышпа, сорақы сөздерінің артындағы жасы рын күшті сезгендей хан ақылды еді. Ол айтты:
C C М. Жұмабаев C C – Отыр да, сөйле! Мен тыңдаймын! Әйел кілемнің үстіне, хандардың қатарына ыңғайланып отырып, мына әңгімені айтты: – Мен Салдырне деген жерденмін. Ол алыста, айдалада, оның қайда екенін сен білмейсің! Менің әкем де, ерім де – балықшы. Ерім бақытты еді. Сондықтан сұлу еді. Оны бақытқа қандыратын мен едім. Менің бір ұлым бар еді. Жер жүзінде ең сұлу ұл сол еді. – Менің Жәңгірім сықылды,– деп күбірледі қарт қыран. – Ең сұлу, ең ақылды менің ұлым алтыға келгенде, жаға ға теңізде жүретін мұсылман қарақшылары келіп, әкем мен ерімді һәм басқа көп адамдарды өлтіріп, сол ұлымды алып кетті. Міне, төрт жыл болды, жерді шарлап сол ұлымды іздеп жүрмін. Мен енді білем. Ұлым қазір сенің қолыңда, неге десең, Баязиттің қолы қарақшыларды ұстап алған. Сен Баязитті жеңіп, оның барлық затын алғансың. Енді, сен, менің ұлымның қайда екенін білуге міндеттісің, ұлымды өзіме тапсыруға міндеттісің! Халықтың бәрі күліп жіберді: – Мынау есалаң ғой!– десіп, Темірдің хандары мен дос тары, бектер мен қолбасылар күлісті. Бірақ әйелге қоңыр салқын түспен Кермани қарап тұрды. Таң қалып Темір де қарап тұрды. – Бұл ана болғандығынан есалаң ғой,– деп күбірледі мас ақын. Жаһанның жауы Темір айтты: – Әйел! Сонау жат жерден, дарияларды, өзендерді, тау ларды, ормандарды өтіп, қалай келдің сен? Саған аңдар қалай тимеді, көбінесе аңдардан жауыз болатын адамзат қалай тимеді? Қолда күш бар шағында жауға тастамайтын қорғансыздардың жалғыз досы – қару да жоқ қой қолыңда! Саған нануым үшін, таңқалуым сені ұғуға кесел болмас үшін маған осылардың бәрін білу керек.
C C Шығармалары C C Қандай берік бөгеу болса да, махаббаты аттап өтетін, барлық жаһан емшегін емген әйел-ананы мақталық! Адам ның бар жақсылығы күннің сәулесі мен ананың ақ сүтінен келеді. Бізге өмірді сүйгізетін осылар. Әйел Темірге айтты: – Жолда бір ақ дарияға ұшырадым, дарияда арал көп екен. Балықшының қайықтары да көп екен. Сүйгеніңді іздесең, жел оңыңнан шықпай ма?! Дарияның жағасында тұрып өскен адамға өзеннен жүзіп өту оңай ғой... Таулар? Мен тауларды байқағаным жоқ... Сол жерде мас Кермани масайрап кетіп, соғып жіберді: – Сүйген жанға тау дегенің дала ғой... – Жолда орман болды ма дейсің ғой... Иә, болды. Орманда қабан, аю, сілеусін һәм құт ұшырып, ылғи жер сүзіп жүретін бұқалар ұшырады. Екі қабат маған барыс қарады. Көздері сенің көздеріңдей еді. Бірақ аңдардың да жүрегі бар ғой. Мен олармен сенімен сөйлескендей сөйлестім. Олар менің ана екендігіме нанды. Аяғандары емес пе, күрсініп теріс қарап кетті. Сен аңдардың өз балаларын сүюін, сол балалардың тірлігі мен азаттығы үшін олардың жауларымен алысуын сен білесің бе? – Солай, әйел!– деді Темір.– Мен білем, аңдар, көбінесе, адамдардан күштірек сүйіп, жауларымен адамдардан гөрі табандырақ алысады. – Адамның бәрі – анасының баласы ғой,– деді әйел бала ша. – Неге десең, әйелдің жаны жүз есе бала ғой. Әйел айтты: – Әркімнің анасы бар ғой. Арам да, кімнің болса да ұлы ғой, қарт-ау, білесің бе сен? Сені де бір нұсап әйел тапқан. Тәңіріңе таңданарсың, анаңнан сен де танбайсың, қарт! – Солай, әйел!– деді көтеріліп ер ақын Кермени. – Солай. Өңкей бұқадан бұзау тумайды. Күнсіз гүл гүлдемейді. Махаббатсыз бақыт болмайды. Әйелсіз махаббат болмайды. Анасыз ақын да болмайды, ер де болмайды.
C C М. Жұмабаев C C Әйел тағы айтты: – Бер баламды өзіме. Неге десең, мен – анамын, сүйемін ұлымды... Әйелге құлдық ұралық! Мұсаны, Мұхаммедті, зор пайғамбар Исаны тапқан сол әйел ғой. Жауыздардың Исаны өлтіргені рас. Бірақ, Шарафатдин айтқандай, ол тірілмек. Шам да тірілмек! Бізге қажымас қыран тауып беретін – әйел. Анаға құлдық ұралық! Аристотель сол әйелдің ұлы, Фердауси, балдай тәтті Сағди, у қосылған шараптай Омар Хайям, Ескендір мен Соқыр Ғұмар – осылардың бәрі сол ананың балалары, бәрі ананың сүтін ішкен. Бойлары бетегеден аспайтын күндерінде солардың әрқайсысының қолдарынан ұстап, жетектеп өмірге кіргізген сол ана. Өмірде ауызға аларлық барлық әр зат сол аналардан. Қалаларды қиратқан ақ шашты алып ойға кетті. Ақсақ Жолбарыс, Темір Көреген ұзақ үндемей отырды. Біраздан соң, барлық халыққа былай деді: – Мен, Тәңірі құлы Темір, тиісті сөзді айтамын! Мен өмір сүрдім, өмір бойына табанымның астында қара жер күңіреніп келді. Осы қолыммен отыз жыл бойына ажалдың егінін қиратып келемін. Қиратуымның мәнісі сол – мен ажалдан ұлым Жәңгірдің кегін алмақпын. Ажал малғұн менің жүрегімнің күнін сындырды ғой... Менімен жауларым өздерінің хандықтары – қалалары үшін алысты. Бірақ ешкім, еш уақытта адам үшін алысқан жоқ. Адамның менің көзімде бағасы да болған жоқ. Адам деген не? Менің жолымда неге тұр ол? Оны мен білгенім де жоқ. Міне, мен – Темір, жеңген соң, Баязитке мынау сөзді айтқанмын: «А, Баязит, байқайсың ба, патшалық та, адам да Тәңірінің алдында түк емес екен. Қарашы, Тәңірі әкімшілікті екеумізге беріпті. Сен – қыли, мен – ақсақ!» Баязитті маған кісендеп алып келгенде, Баязит кісеннің салмағына шыдай алмай
C C Шығармалары C C тұрғанда, осылай деп едім мен оған. Мен бақытсыздыққа ұрынған Баязитке қарап осылай деп, өмірдің ескі жұртқа шығатын жусандай ащылығын сездім. Мен – Тәңірі құлы Темір – тиісті сөзді ғана айтамын. Міне, менің алдымда бір әйел отыр. Мұндай әйелдер сансыз ғой. Осы әйел маған бұрын білінбеген сезімдер оятты. Ол маған өзінің теңіне сөйлегендей сөйледі. Және өтінбейді! Бұйырады! Ұқтым мен һәм көріп отырмын – бұл әйелдің неліктен осынша қайратты екенін. Ол сүйеді. Оның ұлының қалай жүз жылдар бойына сөнбейтін жалын туатын тірліктің бір ұшқыны екенін оған осы махаббат білгізіп отыр ғой. Пайғамбардың бәрі бала болмап па? Ерлердің бәрі әлсіз нәресте болмап па? Оң көзімнің нұры Жәңгірай, кім біледі, сенің маңдайыңа тағдырда жерді жылытып, жерге бақыт себу жазылған шығар-ау? Мен жерді қанға тұншықтырдым, қанға бөккен жер іркілдеп тұр ғой!.. Талай елдерді еңіреткен ер тағы бірталай үндемей ойлап отырып, ақырында былай деді: – Мен – Тәңірі құлы Темір – тиісті сөзді ғана айтамын! Қазір үш жүз адам аттанып, маған қараған жердің бәрін кезіп, мынау әйелдің ұлын тапсын. Әйел осында күтеді. Онымен бірге мен де күтемін. Кімде-кім баланы алдына мінгізіп алып келсе, ол адам бақытқа жетеді. Бұл сөзді Темір айтып отыр. Осылай ма, әйел! Әйел бетіне түскен қара шашын қолымен қағып жіберіп, ханға қарап күлімсіреп: – Солай, хан!– деді. Сол уақытта қайсар қарт орнынан түрегеліп, үндемей әйелге басын ұрды. Сол уақытта ақын Кермани қатты қуанған бала сықылданып, мынау өлеңді соғып жіберді: Көкте жәуһар сансыз жұлдыз жарқырап, Жерде гүлдер гүл-гүл жайнар балбырап.
C C М. Жұмабаев C C Қай жер сұлу жұлдыз, гүлді жырлаудан, Сүю жыры – сұлу дейді әркім-ақ. Талма түсте Күннен сұлу не десең, Ғашық айтар: «Сүйгенім ғой, жан-шырақ!» Қара түнде жұлдыз сұлу – білемін, Алтын Күннен күндіз сұлу – білемін. Маған барлық үлбіреген гүлдерден Бота көзді бір қыз сұлу – білемін. Сол жанымның бір жымиып күлгені Күннен сұлу, көремін де күлемін. Солай, талай сұлу-сұлу жырлар көп, Бірақ жалғыз жырдай сұлу бір жыр жоқ. Бұл сұлу жыр жырлар өмір бұлағын, Бұл бұлағың – кіп-кішкене жүрек иесін Бар адамзат жырлайды бір ана деп!.. Осылай деп жырлайды ақын Кермани. Ақсақ Темір ақынға айтты: – Солай, Кермани, әділдікті, шындықты айтуға сенің аузыңды епті қылғаннан Құдай қателескен жоқ екен. – Иә! Құдайдың өзі жақсы ақын ғой!– деді мас Кермани. Әйел жымиып күлді. Хандар, бектер, қолбасылар һәм басқа солардай балалар әйел-анаға қарап, бәрі де күлді. Осы айтылғанның бәрі шын. Осы сөздердің бәрі ақиқат. Осылардың бәрін өзіміздің аналарымыз біледі. Сұраңдар, олар айтады: – Иә, осының бәрі шын! Біз ажалдан күштірекпіз! Жи һанға бір тоқтамсыз данышпандар, ақындар, ерлер тауып беретін біз. Жиһанға барлық жақсылықты себетін біз. Иә, ажалдан күштіміз біз!– дейді олар.
C C Шығармалары C C ХАН МЕН ҰЛЫ ...Қырымда Мүсәлайма Асбап деген хан болған. Ол ханның Толайық Әлхалла деген ұлы болған... Әр-бутыс ағашының қызыл күрең бойына арқасын сүйеп отырып соқыр татар тіленшісі мынау сөздермен ескі әңгімелері көп жарты аралдың ертегілерінің біреуін бастады. Оның айналасында заман қиратқан хан сарайының сынық тастары үстінде қызыл ала шапан, алтынмен кестеленген төбетей киген бірталай татар отырды. Кеш мезгілі еді. Күн ақырын ғана теңізге құлап бара жатты. Оның қызыл сәулелері қираған сарайдың маңайындағы жасыл шөптер дің қара қабаттарынан өтіп, мүк жамылған жабысқақ жасыл пүліске оралған тастардың үстіне алтын тап болып тұнып тұрды. Әу, кәрі шынар ағаштарының қолтығында жел зуылдап, шынардың жапырақтары сыбдырып тұрды. Әуелде көзге көрінбей сылдырап бұлақ ағып жатқан сықылды еді. Соқыр тіленшінің даусы әлсіз еді. Дірілдеп тұрды. Оның тас сықылды бетінің әжімдерінде тыныштықтан басқа нәрсе білінбеді. Жатталып қалған сөздер оның аузынан бірінің артынан бірі құйылып тұрды һәм тыңдаушылардың көз алдында өткен күндердің күшті сезімге бай картиналары теріле берді. Соқыр айтты: – Хан қарт еді, бірақ оның һарамында әйел көп еді. Ол әйелдердің бәрі де қартты сүйетін еді. Себебі, оның әлі күші қайтқан жоқ еді, оты сөнген жоқ еді. Оның құшағы әлі әйелді күйдіруші еді. Әйелге ердің шашы ағарғаны, бетінің әжімденгені есеп емес, тек ер құшағында әйелді өртей білсе?! Кімнің құшағы отты болса, әйел соны сүймек. Сұлулық – терінің майдалылығында, беттің қызылдығында емес, сұлулық күште. Ханды бәрі сүюші еді. Бірақ хан Днепр даласында қолға түскен бір казак-орыс қызын ғана
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру