Рух-Сарай
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Бейбіт Қойшыбаев
Бейбіт Қойшыбаев РУХ-САРАЙ Танымдық туындылар топтамасы Бесінші кітап «Тəж» сериясы Қостаған Біз - қазақ ежелден... Көрік Алматы
УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз - 7 Қ 60 Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті “Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша шығарылды. Б.Қойшыбаев. Рух-Сарай. Танымдық туындылар топтамасы. 5-кітап. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2012 – 572 бет. ISBN 978-601-03-0128-3 «Рух-Сарай» танымды туындылар топтамасының бесінші кітабынан аталмыш деректі шығармалар циклінің «Тəж» сериясы бастау алмақ. Бұл кітапқа аталған желінің үш шығармасы енген. Оқырман мұнда түпкі ой ортақтығын білдіретін «Қостаған» деген атпен біріктірілген, тəуелсіздіктің алғашқы жəне қазіргі жылдарынан сыр шертетін көркем этюдтермен, ой-сана азаттығы ізденісінің жемісі іспетті «Біз – қазақ ежелден... Өзіңді-өзің тану тəжірибесінен» атты көлемді зерттеу-толғаумен жəне «Көрік» публицистикалық хроникасымен танысады. Кітап Отан тарихына бейтарап қарамайтын азаматтарға, көпшілікке арналған. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз - 7 ISBN 978-601-03-0128-3 ISBN 978-601-03-0127-6 (жалпы) ©Қойшыбаев Б., 2012 Қ60
«Тəж» сериясына кіріспе Мен «Рух-Сарай» танымдық туындылар топтамасын жасау жолында еңбектеніп жүрмін. Мұным оқырманға жалпылама мəлім ғой деп ойлаймын. Дегенмен бір-екі сөзбен оның негізгі сипатын еске сала кетейін. Бұл бір құдды байырғы жəне қазіргі өркениетті қол алыстыратын, алыс-жақын тарихты астастыратын топтама болмақ. Ол өзінің бейнелемек əлемімен қазақылықтың кəдімгі киіз үй сынды мəңгілік символын елестетуге тиіс. Топтама жобасында осынау елес-үйдің – жорымалы рухани ғимараттың – іргесі тəрізді «Топырақ» жəне оның қаңқасын құрайтын конструкция сынды «Кереге» мен «Уық», кереге басына байланған уықтар шаншылатын шаңырақ іспетті «Тəж» желілерінің шығармалары бар. Түрлі жанрмен тарихтың əр кезеңінен жазылған жəне жазылатын этюдтер. Солардың бəрі жұмыла келе, біртұтас «Рух-Сарай» полотносын сомдамақ. Сол арқылы бұл жоба оқырман санасына тың дерек-пайымдармен байытылған жаңа сезім егіп, ұлттық рухты жаңғыртуға қызмет етпек. Əзірге төрт томы шыққан танымды туындылар топтамасы хақындағы шағын ақпарат осындай. Енді мен оқырманға осы бір ауқымды жоба сүйегінің шаңырағын құрайтын серия жайын баян етуге тиіспін. «Тəж» – жаңа заман этюдтерінен тұратын рух-кірпіштермен өріліп соғылатын ерекше шаңырақ болмақ. Желінің аты айтып тұрғандай, бұл шаңырақ – құдды бір бай да көркем зерімен, кеуде толтыра мақтануға тұратын нақышымен көз тартатын, яғни оқырманды отаншылдықтың тамырымен жалғастыратын,
өміршеңдікпен, жасампаздықпен сусындатып, нəріне қанықтыратын, айналаға отансүйгіштік рухтың биіктігін паш етіп, мақтанышты сезім шашатын ғажайып тəжді бейнелейді. Түсініктірек етіп айтқанда, «Тəж» желісімен елдіктің ерен қасиеттерін тұжырымдамақ танымды туындылар
топтамасының айрықша жиынтығы түзіледі. Мимырт тіршілікке көндіккен жалпақ жаһанды дүр сілкіндіріп, тағдырлы өзгерістердің, болашақ мемлекеттік тəуелсіздіктің хабаршы-белесі болған кезең жəне одан бергі бостан дəуір көріністері осы желі бойында жүйелеп ұсынылмақ. Олардың арасында ой-сана азаттығы мүмкін еткен, бұрынсоңды еркін жүргізіліп көрмеген түрлі ізденістердің кей жемістері де болады. Тəуелсіздіктің жиырма жылдығы жəне аңсап жеткен тəуелсіздік пен тоталитарлық қасаң заман арасындағы өткелек іспеттенген қайта құру саясаты аясында өткен бес жыл – жиынтығы ширек ғасыр уақыт – қалам қайраткерлері үшін, сөз жоқ, сарқылмас зерттеу нысаны. Бұл шақ тек жаңа мемлекет құру кезеңі ғана емес, сонымен бірге, ұлттық сана-сезімнің шындап оянуы да. Осынау екі мыңжылдық тоғысында орын алған айтулы дəуір жұртқа замана талабына сай түйсініс əкелді. Осы уақыт кесіндісінде жаңа сана қалыптаса бастады. Сонылығымен тартымды таным қол бұлғады. Əркім өзін-өзі мазасыздана іздеуге кірісті. Тиісінше, осындай бағыттармен рухани күрес жүргізілді. Тоталитарлық жылдарда қалыптасқан құндылықтар осы кезеңде түбірлі өзгеріске ұшырады. Көбі кей ретте байырғы бағасын жоғалтты. Алға басқа құндылықтар тартылды. Айрықша сезімді ұлт мүддесін күйттеушілер бастан кешті жəне күні бүгінге дейін кешуде. Осылардың бəрі аталмыш серия туындылары көтеретін тақырыптар болмақ. Бұлар, баршамыз араласып жүргендіктен де, бəрімізге таныс, яғни кім-кімнің де жанды жеріне тиіп кетуі ықтимал этюдтерде көрініс табады. Ұстараның жүзіндей қылпылдап тұрған, алмастай өткір мəселелер тоқылған туындылар «Тəж» безендірмесіне қадалған асыл тастардай көз ұялтып, оқырманын сырына бойлай қарауға шақырмақ. Ниет адал, мақсат айқын. Басқасын оқырманның өз пайымына қалдырамыз... Автор.
ҚОСТАҒАН І ҚҰШТАРЛЫҚ Тəуелсіздік таңының атуы қиялды шарықтатты – мен журнал шығармақ болдым. Алайда, идеямды тиянақтап, қажет құжаттарды əзірлеуге құлшына кіріскенімді қайтейін, бетке ұстаған негізгі құрылтайшымның ықыласы мүмкіндігіне сəйкес еместігін аңғармаппын. Болашақ журналдың дүниеге келуіне пұрсат берілді. Ниетімді жақсы сөзімен қоштап жүрген құрылтайшым мені бұл оқиғамен құттықтады. Ресми рұқсат қағаз алынған басылым құдды бірден тұсауын кесіп, тəй-тəй басып кетіп бара жатқандай, енді дүрілдетіп шығара беруіме тілектестігін білдірді. Бірақ журнал жəй ғана тілестестікпен жарық көре алмайды екен, оны өмірге шындап келтіру үшін кəдімгі ақша – едəуір мөлшерде қаржы-қаражат керек көрінеді. Санаға кеңестік дəуір сіңірген масылдық сезім посткеңестік кезеңде бірден жойыла қойсын ба, Үлкен Үйге едəуір жалтақтадым. Қолыма алған соншалықты игілікті шаруаға, көп мүддесін, айналып келгенде ел мүддесін көздеген пиғылымның жүзеге асуына жоғарыдан жəрдем тиіп қалар деп едəуір дəмелендім. Мақсатымның тəуелсіздікке, егеменді жаңа мемлекеттің нығаюына қызмет ету екендігін қаншама дəлелдеп, алдарына ап-айқын бағдарламамды бүкпесіз жайып салсам да – ресми орындар маған таяу мерзімде көмектесерлік ыңғай танытпады. Ақыры мен биліктің өкіметтен сусып, ақшалы адамдарға көшіп бара жатқанын парықтадым. Мұндайда ахуалды жіті діттеп, дəл жəне есеппен əрекет жасай білген кісі көздегеніне жетеді. Маған осындай ой келді. Сонда мен де заман талабына икемделуге бекіндім.
Дұрысында – өзгермелі уақытқа əлдеқашан бейімделіп, қантөгіссіз ауызға түскен капиталистік құрылыстың алғы шебіне шыққан, ақша табудағы пысықтығы мен іскерлігі арқасында еліміздің келешегіне баланып жүрген жаңа буынмен қол ұстасуға ниеттендім. Жас кəсіпкерлердің бірін бері бұрсам, дəулетін жылтыраған алыс-жақын шетел əншілеріне шаша бермей, бір мезгіл енді ғана ояна бастаған ұлт мүддесін күйттеген ұлттық басылымды қаз тұрғызуға жұмсауына көндірсем деген ойға кеттім. Мəдениетке қарасқан бай адамның абыройы артады... *** Өткінші жаңбыр төгіп өтіп, күн күлімдеп шыға келгенде – мен, ақыры, құрған жоспарымды жүзеге асыруға бет алдым. Жауын жуған жасыл желегі мен жолтабан жəне, əрине, ғимараттары жаңара көз тартып, еңсені көтерген бір ғажап шақ. Көшемен жеңіл басып жүріп келем. Жұпар ауамен рахаттана тыныстаған сайын мақсатымның орындалуына санаулы-ақ сағат қалғанын қуана ойлаймын. Қолтығымдағы портфелімде журналымның тіркелу құжаттарымен бірге бір жылдық ықтимал кіріс-шығысты тиянақтаған есеп-қисабым жатыр. Жалпы шығын мөлшері түнеугүні мəскеулік əртісті шақыруға жұмсалған қаржының оннан біріндей ғана болады деп жобалағам. Есесіне – одан күтілер қайтарым қандай десеңізші! Біздің қалам тербеуші ағайынға əкелер рухани серпілістің өзі неге тұрады... Ертең оқырман қолынан түспес сүйікті басылымға айналғанда – демеушіміз баршамызбен қатар рухани лəззат түйсініспей ме! Танымал журналға тікелей қатыстылығын сезініп, айдарынан жел есіп жүрмей ме! Сапарымның табысты аяқталарына еш күдіктенбестен, оюлы биік шойын шарбақпен қоршалған тап-тұйнақтай екі қабат үйге келдім. Қақпадан өтіп, мəрмəр баспалдақпен көтеріле бердім. Қарсымнан қызғылт ұлутаспен қапталған əдемі ғимараттың үлкен жарма есігінің бір қанаты ашылды. Сəнді ақшыл костюм киген ашаң жігіт көрінді. Маған қарап əнтек
бас изеді де, жылдам басқан қалпы, қасымнан шапшаң өте шықты. Қызық, мені танығаны ма, əлде жəй сыпайылығы ма? Өзі мен қатарлы ма дедім. Бəлкім бұрыннан білерміз? Тек мен ұмытқанмын да... Шынында, көрген тəріздімін... Мыс тұтқаны ұстай бере артыма қайрылдым. Анау ғимарат іргесінен жартылай көрініп тұрған сұр машинаға қарай бұрылып бара жатты. Жыға танырлық айрықша ештеңе аңғарылмады. Мен ішке ендім. Кіреберістегі кезекші үстелі жанында телефонмен түрегеп сөйлесіп тұрған мосқал кісі трубканы орнына қойып, менен жөн сұрады. Айттым. Жеке куəлігімді көрсеттім. – Екінші қабатқа көтеріліп, оңға бұрылыңыз – коридор фирма президентінің қабылханасына тіреледі, – деді ол иегімен кілем төселген сатыны нұсқап. *** Қазіргі заманғы офис жиһазымен жабдықталған кең де жарық қабылханада ешкім жоқ екен. Хатшы қыз, шамасы, бастығына кірген болу керек, орнында беті ашық əлдебір қалың дəптер жатыр, компьютері де өшірілмеген – қырын қойылған экраннан көгілдір сəуле байқалады. Кірген бетте біраз тұрдым. Сосын іргедегі диванға жайғастым. Тым-тырыс. Папкамды тіземе алып, қағаздарымды бір қарап шықтым. Келтірер дəйектемемді іштей жүйелеп, түрлі ықтимал сауалға орайластыра пысықтаумен əлі отырмын, əлі отырмын – хатшы қыз орнына оралар емес. Мұндайда, бəлкім, бастықтың есігінен сығалап, кіргің келетінін сездіру əбес болмас? Мүмкін хатшысы қазір кеңседен бір жаққа шығып кеткен шығар? Тəуекел! Фирма президентінің есігін имене тартайын. Саңылаулана бере байқасам – жарты метр əріректе екінші есік тұр. Сонда мен бергісін батылырақ аштым да, табалдырықтан
аяғымның ұшымен аттап, ішкісін жəйлап итердім, – адам бары сезілмейді. Ақырын басып кабинетке кірдім. Қолымды есіктің тұтқасынан айырмай, аң-таң қарап тұрмын. Іште тірі жан жоқ екен. О, құдай, мен мына иесіз есікті күзетіп отырғанмын ба? Тіпті, бірден кіруге жүрексіндім-ау! Кабинетті көңілім құлази назарладым. Су жаңа, супермодалы кеңселік дүние-мүлік түк əсер етпеді. Мен шығуға ыңғайландым. Осы кезде төрдегі ағаш қабырғаның бір пұшпағы жылжып кеткендей болды. Таңырқай көз тоқтатқаным сол – қабырғадан ажыратылмайтын есік ашылып, сымдай тартылған сымбатты жас жігіт бермен қарай шыға келді. – Сəлеметсіз бе... – дедім мен ақырын ғана. Сымдай тартылған сымбатты жас жігіт əнтек селк ете түскендей болды, ізінше маған салқын жүзін жақтырмай бұрып, орысша тіл қатты: – Сізге не керек еді? «Менің амандасқанымды түсінбей қалған екен-ау», – деген ой келді маған. Сəлемімді орыс тілінде қайталадым. Бірақ анау бəрібір селт етпеді. Сəл кідірдім. Сосын артынша, сыпайы ғана: – Мен фирма президентіне жолықсам деп едім... – дедім. Сымбатты жас жігіт cуық сарынмен немкеттілеу тіл қатты: – Мен қазір қабылдамаймын. Фирма президенті соның өзі боп шықты. Бірақ қазір қабылдамайды екен. Не дерімді білмедім. Өзінің хабарының мағынасын менің ұға қоймағанымды бажайлады білем, алдында қалшиып қатып тұрған маған «неғып кетер емессің?!» дегендей кескінмен бағжиып, əлгі мəлімдемесіне: – Дүйсенбі күні түстен кейін келіңіз, – деген ымыралы сөзін қосты. Даусынан сызаттап шыққан шытынаңқы екпін сезілді. Өзіңнің жарты жасыңдай ғана баланың бұлай кісімсуі күтілмеген жағдай-тын. Бірақ соған күнің түсіп тұрса – қайтерсің енді... тыңдау лəзім де...
– Айып етпеңіз... Əйтсе де, біршама бойым үйренген бе, əлде, алдағы дүйсенбіге дейін əлі бес-алты күн бары ойыма сап ете қалғандықтан ба, қалай... Əйтеуір, шығып кетудің орнына, оған қарсы беттеп, бірер қадам ілгері жүрдім. – Менікі үш-төрт-ақ минуттық шаруа еді... Осы кезде əлгі құпия есік тағы ашылды. Ішке талдырмаш сұлу қыз кірді. Ешқайсымызға да жүзін бұрмастан тезтез, тық-тық басып, қабылханаға қарай өте берді. Фирма президенті терең тыныс алды. – Ана бойжеткенге өтінішіңізді айтыңыз, – көзімен қабылдау бөлмесіне шығып бара жатқан қызды нұсқады. – Ол сізді тиісті адамдарға жалғастырады. Əңгіме бітті дегендей, үміт артып келген президентім кері бұрылды. Дағарадай үстелін айналып барып, арқалығы төбе тіреген тақытына отырды. Отырған бетте, менің кабинетінде бар-жоғымда жұмысы болмайтынын көрсеткені шығар, телефонға жармасты... Мен терең бір күрсініп, қолымды шарасыздана жайдым да, амалсыз шығар есікке беттедім. *** Жаңа заманның жаңа тұрпатты жап-жас бастығы тап осындай төрешіл болар деп кім ойлаған. Қарныңның ашқаны емес, қадіріңнің қашқаны жанға батады дегенді осындайдан айтатын шығар... Еңсем түсіп кетті. Сүйретіліп бастықтың бөлмесінен шыққанымда, маңызды кескінмен мониторға қадалып отырған əлгі қызды көрдім. Ол маған қарай мойнын маңғаз бұрып: – Құлағым сізде, – деді, – қандай шаруамен келіп едіңіз? Құдды менің өзіне жіберілгенімді біліп тұрғандай. Мен жанына тақалдым. Көзіммен отыратын орындық іздеп едім, жанында жоқ, тым алыста – қабырға жақта екен. Түрегеп тұрып шаруа айтуға тура келді. – Мына бір жаңадан шығатын журналға сіздің фирма
демеушілік жасар ма екен деген үмітпен келіп едім. – Папкамды ашып, құжаттарымды суырдым да, алдына қойдым. – Тым болмаса бір мəрте жəрдем берсе... Хатшы қыз менің қағаздарымды қолына да алмады. – Біз ондай іспен айналыспаймыз, – деді. Менің құжаттарыма назар аудармастан, қырын қарап отырған қалпы: – Маңызды мəселе бастан асады, – дей салды. Мониторға үңілді. Мен одан кешірім өтініп, өзімнің осында келуіме осы мекеменің мүмкіндіктерін білетін жұрттың кеңесі итермелегенін сездірдім. Оныма, бірақ, маған қайтып қарамастан өз шаруасымен шұғылданып отырған маңғаз қыз илікпеді. – Қазір фирма балалар үйіне жəрдемдесуде, – деді жұмысы арасында немкетті үнмен, – бөгде сұраушылардың ешқайсысының тілегін қанағаттандыра алмаймыз. Мен тəуекел етіп, фирма президентіне айтпаққа əзірлеп келген дəйектерімді суыртпақтауға көштім. Тəуелсіздік қалыптастырған жас іскердің ұлттық намысын оятпақ сөзімді түгелімен оның мына бəрін білгіш нəзік қызхатшысына табанды түрде, сеніммен айта бастадым. Екінші ана тіліміздің өзіме мəлім бай байлығымен мөлдір ете жеткізуге тырыстым. Алайда фирма қожайынының есігі алдына бар шаруаны алдын ала сүзгіден өткізіп алу үшін қондырылған бұл нəзік қызыңыз темірдей қатты болып шықты. Компьюторде əлдене істеп отырған қалпы, маған бір құлағын салып қана немқұрайлы тыңдап отырса да, əлсін-əлсін қысқа сөйлеп, мірдің оғындай өткір сөзін нысанасына дөп тигізіп қояды. Сараң тіл қата тұрып, мен секілді тіленшіге етектегі орнын ұмытпауы жөн болмағын ескерткендей. Не көп – газет-журнал көп дейді мұрнын шүйіріп, – бəріне қалай көмектесерсің. Рас-ау, дегенмен талғап, таңдап жəрдем беруді ойға алған жағдайда... Не айтпағымды ұға қойғандай, сөзімді бөледі. Талғам деген де бар... Сосын мен секілді ақылсызға кеңес беріп те қояды. Өздерін өздері асырап
жүргендерден үйрену керек қой дейді. Менің қазақы намыс жыртпақ болғаныма мүлдем күле қарайды. Ұлттық басылым болса қайтейік деп иығын қиқаң еткізеді. Тіліне қарамау керектігін, елге қажеттілігін еске ұстау жөн болмағын, басылым біткеннің баршасы біздің тəуелсіз елімізде тең құқықты, соны ұмытпаудың дұрыстығын еске салады. Əдемі танауы қусырылыңқырап кетеді. Алалауға болмайды ғой... Мұндай пайыммен келіспеу қиын. Бірақ келісе салуға да дəтің шыдамайды. Ойымдағымды орағытып қайта қозғаймын. Сұлу да суық қызды өзімше қолпаштап қоям. Иə, пікірі дау-дамайсыз оң... Жөн айтады, баспасөз базарына шығуға ұмтылған басылымдарды алалауға болмайды... Тек, сахнадан кеткен саясат тұсында кенжелеп қалған, дұрысында, əдейі пəсейтілген рухты озық саналатын рухпен теңестіруге жегілмек басылымды қолдау парыз емес пе... Өкініштісі сол, ескі саясаттың салқыны кетіп біткен жоқ, көзі ашықтардың өздерінің көбі қазақша оқымайды, осы ахуалды өзгерту үшін де септесер азаматтық көрсетуді тілеп кегенім ғой... Жүрекжарды сөзімді арнап тұрған бастық-қызым көз алдымда мұздап қоя берді. Ел оқымаса – ондай газетжурналды шығарып керегі не, жабу керек деді. Қазір елдің бəрі сауатты, орысша оқи алады... Мəс-саған, безгелдек! Енді қайттім?! Қолды шалт сілтеп кетіп қалсам ба екен? Бірақ одан не табам? Намысымды ауыздықтаймын. Ойым шарқ ұрып, мына көркем де берік қамал-қыздың қорған-пайымын тағы қайтіп, қандай əдіспен шабуылдаудың жолын іздестірем. Тапқандаймын. Таптым! Тым болмаса осы жолмен қаржы бөлсе... Тамағымды кенеп алып, жаңа заманға сай келетін өркениетті тəсіл хақында сөйлеймін: менің осынау жаңа журналыма фирма өзінің жарнамалық материалын беріп те қолдаушылық көрсете алар еді. Тал шыбықтай қаздиып отырған көркем қыздың жіңішке қасы бір керіліп қайтты. Жарнама? Біз жарнама жариялау үшін орыс тілді басылымдарды қалаймыз,
өйткені олардың оқырманы көп. Ықтимал əріптестеріміз бен тұтынушыларымыздың бəрі орысша оқиды. Біздің де потенциалды оқушыларымыздың қатары мол дей ме? Е, онысы əзірге жорамал ғана ғой. Алдымен сонысының шындыққа айналғанын көрсетсін... Тағы бір мəрте рабайсыз əрекет жасаймын. Менің жəрдем сұрауымның мəнісі де сол – беделді фирма ертеңшіл жобамды ақиқатқа айналдыруға қолұшын берсе деген тілек қой... Бірақ сүзгі-орында отырған нəзік бойжеткен мұқият тыңдағандай-ақ көрінгенмен, жалынышты үнімді естімейді. Құдды бесаспап роботтың жетілдірілген соңғы буыны... Үміттендіріп те қояды: кейін, таралымыңыз өсіп жатса – сізге де жарнама берерміз. Сосын кесімді сөз айтады. Ал қазіргі таңда фирма сіздің ешкім білмейтін журналыңызға еш көмек жасай алмайды. Одан жалыққанын да жасырмайды: бос əңгімені енді тоқтату лəзім. Алайда бұл мен үшін бос əңгіме емес. Шешінген судан тайынбайды деген... Бірақ қайтадан болат қалқанға тірелем. Президенттің өзімен сөйлессем? Жаңа естіген жоқсыз ба, ол кісінің қолы тимейді. Алдында ешкім жоқ қой, бір ауыз тілдесіп шықсам... Болмайды. Мəселесінің бұл мекемеде шешілмейтінін білетіндіктен, референт-хатшы үзілдікесілді осылай деп, президентке кіруіне қарсы болып отыр. Түсінсін. Ойпырмай, неткен қазымыр едіңіз... Егер өзіңізге фирма жұмысын үйлестіруші қызметкердің осынша уақытын бөліп, шыдамдылықпен жасаған білікті түсіндірмесіне қанағаттанбасаңыз, жарайды, фирманың бас экономисімен сөйлесіп көріңіз... Сол ұсынысына риза болуға тура келді. Референт-хатшы қыз телефонмен фирманың бас экономисін іздестіре бастады. Көңілім құлазып, жаңа қоғам құрмақ жаңа ұрпақ өкілдерінің бар ақыл-ойымды сарп етіп жасаған игілікті жоспарымды оп-оңай быт-шыт қылғанын шарасыздана пайымдадым. Шарасызданған ойға беріліп, телефонмен сөйлесіп отырған мына іскер де əсем, бірақ соншалықты
суық хатшы қыздың алдында мүсəпір қалыпта сүмірейдім де тұрдым. Бір кезде оның трубкаға менің шаруам жайында айтып жатқан сөздері санама жете бастады. Өзінің жағдайды егжейтегжейлі түсіндіргеніне бұл келуші тіпті де қанағаттанар емес. Болымсыз, перспективасыз шаруасына бола президентке сұранады, сондықтан алдымен сізге жолықса деп ойлаған еді... Алайда ол да қазір қабылдай алмайтын сияқты... – ...бүгін келмейсіз бе? ...Ертең қай кезде соқсын? ...Кім екен дейсіз бе? Хатшы қыз телефоннан құлағын алмаған қалпы, көзінің қиығымен маған қарады: – Аты-жөніңіз? Мен атадым, ол естігенін трубкаға қайталады. – Күте тұрсын дейсіз бе? – Қасын дөңгеленте керді. – Қазір соғасыз ба? Айтайын. Жақсы. Мен қызға сұраулы жүзімді тостым. Ол трубканы орнына қойды да, маған қарап жымиды. Суық жүзі жылып қоя берді. Тап қазір есік алдына, көше жиегіне шыға беруіме болады. Жолығуға тиіс кісім бара жатқан жағынан маған бола кері оралып келеді. Ала кетпек. Шамасы, тілегімді жолшыбай тыңдар... Сүзгі-орындағы лауазымын мінсіз атқарып отырған қатал кескінді көркем қаршадай қызға сыпайы бас иіп алғысымда айттым да, түсініксіз көңіл-күймен тысқа беттедім. *** Сыртқы есікті күзеткен ширақ қартпен бас изесіп қоштастым. Бейжай басып көшеге жиегіне келдім. Күтіп тұрмын. Ақыры, ағылып жатқан көліктер арасынан əлдебір сұр машина жүрісін баяулатып, шарбақ аузына бұрылды. Менің жаныма баяу жүзіп келіп тоқтай қалды. Кабинадан: – Келіңіз! – деген дауыс шықты. – Отырыңыз! Қарадым. Қарадым да, бірден есіме түсірдім. Машинаны айдап келе жатқан – бағана баспалдақ үстінде маған қарсы кездескен мен құралпы сұр костюмді жігіт екен. Сол қолымен
руль доңғалағынан ұстап, оң қолымен алдыңғы есікті созыла ашқан. Бауырмал үнмен ішке шақырып тұр. Отырдым. Ескі таныстарша қол алысып амандастық. Ол қолымды ықыластана сілкіледі. Жүзінде бір іштартушылық бар. Қызық. Машина ақырын сырғып жүріп кетті. – Танымадыңыз білем, – деді жүргізушім рулін айналдыра беріп. Мен үндемедім. Ол сөйлей бастады. – Иə, табиғи-ақ жəйт... Қанша жыл өтті! Сіз содан бері мені көрген емессіз. Біз көлеңкеде келеміз емес пе. Ал сіз газетжурнал, теледидар арқылы көрініп, өзіңізді ұмыттырмайсыз. Маған жүзін жымия бір бұрып қойды. Мен оған қадала қарадым. – Айып етпеңіз, – дедім, – кешіңіз бұл кещені... Ол менің сөзімді үзіп жіберді: – О не дегеніңіз! Мен сізге ешқандай кінə арта алмаймын. Қалай ғана мен сіздің есіңізде қалмақпын? – Əйтсе де біз, дегенмен, – қысыла күрсіндім, – əлдебір ретте танысқан болсақ керек... – Мұныңыз рас. – Ол жолдан көз айырмай, басын изеді. – Жас кезімде мен комсомолда істеген едім, ал сіз комсомол газетінің тілшісі болатынсыз... Санам шайдай ашылды. Еске түсірдім. Көз алдыма зу етіп, оның кесімді түрде оқыс та оғаш сөздерді тұжыра айтып тұрған сəті елестеп кетті. Ап-арық, өрімдей жас-тын ол кезде... Уақыт шіркінді қойсайшы. Мен оның толысқан түр-түсіне тесіле қарадым. Отыз жыл, о тоба, содан бері бақандай отыз жыл өткен екен ғой... *** Ол кезде комсомол қоғамның тыныс-тіршілігінде елеулі орын алатын. Партияның ізбасары, жас ұрпақты ұйытушы мəйек... осылар тектес биік эпитеттер сол шақта жиі айтылушы еді ғой. Шынында, қандай ұран көтерілсе де, алғы шепке комсомол
жұмсалатын. Мен істейтін жастар басылымы қашаннан оның жаршысы əрі шежірешісі іспеттес-ті. Комсомол тұрмысын жазу біздің басты да жауапты міндеттеріміздің бірі санатынан-тын. Сол жолы мен тың көтеру жылдары ашылған көп кеңшардың (мемлекеттік ауылшаруашылық өндірісі ұжымының анықтамасы, «кеңестік шаруашылық» деген тіркестің қысқартылып айтылған түрі, тоталитарлық дəуірде «совхоз» деп, тек орысшасы қолданылатын) біріне редакция тапсырмасына орай іссапармен барған-тұғынмын. Кеңшардың егін орағына əзірлігін аралап көріп, жас механизаторлардың тыныс-тіршілігімен танысып жүргем. Сонда комсомол тарапынан келген өкілмен талайақ ұшырастым. Сондағы өкіл осы жігіт еді. Жергілікті жігіттермен бірге екеуіміз бөлімшелерде еңбек етіп жатқан жас диқандар арасына талай бірге бардық. Жұмыс істеп жатқан шақтарын көрдік, өндірістік мəжілістеріне, демалыс сағаттарындағы ойын-сауықтарына қатыстық. Бірақ, қазір ойлап келем, ол менің жадымда мүлдем басқа жағдайға орай сақталыпты... Көкжиекпен тұтаса жайқалған астықты алқап ортасындағы кішкене арал іспетті дала қосына келгенімізге бірнеше сағат болған. Бүгін-ертең ораққа шықпақ комбайндар сапына жөндеуден өткізілген соңғы дала кемесінің ырғатылып барып қосылғанын көрдік. Шабуыл сағаты туғанша дамылдай тұрмақ үшін шалғысын жерге түсіргеніне куə болдық. Көңілкүйлері көтеріңкі механизаторлармен біраз сөйлестік. Сосын жөндеу алаңшасынан таяқ тастам əрідегі кешенге беттедік. Шиферлі ұзын бастырмамен жалғасқан қос үй. Бергісіне – қызыл бұрыш пен жатақхана, арғысына – асхана жайғасқан. Бізді қос иелері арғысына бастады. Онда бəрімізді диқан қосының дастархан мəзірі тосып тұр екен. Тақала бергенімізде алжапқышты бір əйел қолжуғыштар басына ақ шытыр орамалдар іліп кетті. Қол жуып, бастырма астына өттік. Ұзын үстелдің асүйге тақау ұшына жиналдық. Шашына қырау түскен мосқал кісі төрге жайғасты. Қасындағы кеңшар мамандары, бөлімше басшылары мен
комбайншылар айнала отырып жатты. Жастар жағының ошарылып қалғанын аңғарып, төрдегі кісі: – Балалар, келіңдер, – деп, бізді үстелге шақырды. Ол осы кеңшардағы жұмысшылар комитетінің төрағасы еді. Бірден жағдайымызды сұрауға кірісті. – Сендердің шаруаларың қалай, азаматтар, оңғарылды ма? Қайрат, меймандарыңа жағдай жасай алдың ба? Байқа, шаршатып қойма... Қайрат – бізді бастап жүрген жігіт, кеңшар комсомол ұйымының хатшысы. Еркін, ойнақы үнмен: – О не дегеніңіз, Кенжебай аға, мына отырған ағаларымыздың арқасында ешнəрседен таршылық көрген жоқпыз, – деп жауап берді де, бізді үстел басына қарай икемдеді. Отырған соң мен де, комсомолдың алматылық өкілі де там-тұмдап, көрген-білгеніміз бен алған əсерімізді əңгімеледік. Бізді сөзге жетектей отырып, Кенжекеңнің өзі шаруашылықтың жай-күйін талдап айтып берді. Бір уақта əңгіме арнасы күрт өзгеріп сала бергенін сездік. Алжапқышты əйел алдымызға қасық, шанышқыларын жағалай қойып бара жатқан еді. Кенжекең айналасына қарағыштай қозғалақтап: – Айтпақшы, азаматтар, осы қоста жылда істейтін аспаз келіншектің биыл жоқтығын байқадыңыздар ма? – деп қалды. Бір сəт бəрі тыншып, тіс жармады. Сосын таңырқаған дауыстар шыға бастады. – Басқа жаққа ауысып кеткен деңіз? Апырай, күні кеше сияқты еді – тұқым себу кезінде қолынан дəм татқанбыз... – Ой-бо-о-й, келісті келіншек еді ғой! – Иə, диқандар тамақтануға бас қосқанда оның көркіне қарап бір жасап қалатын... – Қайда жібердіңіздер? – Неге? Кенжекең күміс шалған самай шашын бір сипап, жөткірінді. Мəселенің мəн-жəйін бəрі болмаса да, көпшілігінің білмейтіні анық-тын. Бұған ол шүбəланбайды.
Əрі, алыстан келген біз секілді қонақтардың одан мүлдем бейхабар екендігі белгілі... Ол бізге күлімсірей көз тастады. Мүлдем бейхабар екеніміз рас. Біз секілді алматылық пақырлар үшін бұл бір беймəлім əңгіме-тін. Əлдеқандай аспаздың жеке басының оқиғасы бізді қызықтыра қояр деп ойламағандығынан да шығар, бізді қарсы алып, бірнеше күннен біздің бері қасымызда, іссапарлық мақсатымыздың орындалуына мүмкіндік жасап жүрген Қайрат та ол жөнінде ештеңе айтпаған. Тиісінше бұл осы сəтке шейін біз еш əуестік танытпаған тақырып. Алматыдан келген екеуіміз де сыпайыгершілікпен жымидық та қойдық. Кенжебай ағамыз сұқ саусағын шошайтты. Ендеше мұны осында отырғандардың баршасы білсін. Өйткені онда өте маңызды имандық мəселе бар. Ал бұл алматылық жас меймандарға да қызық болуға керек. Ас келгенше еске түсіре отыралық... Бұл өзі, мəселенің турасын айтқанда, тек қазіргі жастардан ғана шығатын, əзірге өте сирек кездесетін оғаш, түсініксіз жəйт... Өте маңызды имандық мəселе деді... Жастардан ғана шығатын жəйт деді... Сирек кездесетін оқиға деді... Оғаш деді, түсініксіз деді... Қызықтырарлық, еліткіш жем сəтімен тасталды, қармақ қапты... Бəріміз жұмысшы комитеті төрағасының лауазымын алып жүрген Кенжебай ағамыздың аузына қарадық... *** Кенжебай бұл кеңшар тіршілігіне сонау алғаш құрылған шағынан бастап араласты емес пе... Шартараптан лек-лек ағылып келіп осында талай тың игеруші деп аталатын жұрт қоныстанған. Біраз уақыт жер жыртып, егін егіп, астыққа орақ салып, талайы қоңданып алған. Одан соң көп ұзамай, осынау ел əспеттеген «жаңа жерлерді бағындырушылардың» алды бір-екі жылда сетінеп, кері жөңкілген. Солардың бəрі оның көз алдында өтіп жатты ғой. Иə, Кенжекең қоғам аспанға көтерген тыңгерлер ортасында
баяғыдан бері маман ретінде қоян-қолтық қызмет істеп келе жатқан. Онысы өз алдына, былтырдан бастап жұмысшы комитетін басқаруда. Сондықтан да ғой осындағы аспаз келіншектің тарихын тəп-тəуір білгені... Бұл əйел кеңшарға осыдан үш-төрт жыл ілгеріде көшіп келген-ді. Үлбіреген жас келіншек, түрі көздің жауын алады. Мінезі де ғажап – ашық-жарқын, бауырмал, жүзінен бір асқан тартымды ізеттілік нұры ұшқындап тұрған жан... Кеңшар асханасына аспаз боп орналасты. Науқан сайын осы қоста істейтін. Күйеуі бір момын адам болатын, машинатрактор шеберханасында ұсталық құрып, тып-тыныш, өзімен өзі, міндетін адал орындап жүріп жататын кісі еді. Екеуінің үш баласы бар екен. Алды кəдімгідей есейіп қалған, алтыншы, яки жетінші класта оқиды. Кішілері де осы күзде мектепке ілігетін сыңайлы-ды. Не керек, кеңшарға тату-тəтті тамаша шаңырақ қосылғандай-тын. Шатақ аяқ астынан, осы көктемде бұрқ ете түсті. Түрі жас болғанмен, отыз төртке келген, үш балаға ана болып үлгерген əлгі сүйкімді аспаз келіншегіміз күйеуінен ажыраспақ көрінеді. Партиялық-кеңестік стандарт дəуірі емес пе, ал Кенжекең – оның сол шақтағы адал солдаты. Əрі парткомның берген бағдары бар... Не керек, мұндай шетін оқиғаны шұғыл талқыға салып жіберу керек-тұғын. Бірақ аспаз əйел не комсомолда, не партияда жоқ боп шықты. Комсомолдан жасы өткен, ал партияға кірмеген көрінеді. Сол себепті мəселені кəсіподақ қолға алды. Кəсіподақ комитетіндегілер бұған арнайы тексеру жүргізуді мақұл көрді. Кенжебай да осынау оғаш оқиғаға өзге əріптестерімен бірге көп уақытын бөлді. Шаңырағы құлағалы тұрған отбасының ересек мүшелерімен де, ұйыған отбасын сондай апатқа ұшырауға мəжбүр еткен себепкермен де жеке тілдесті. Сосын, жұмысшы комитеті құрған комиссияның пікірін тыңдай келе, оларды комитет отырысының арнайы талқылауына шақыруды хош көрді. Сонымен, жұмысшы комитеті мəжіліске бас қосты.
Комиссия бастығының қысқаша хабарламасынан соң, аспаздың өзін тыңдау керек деп шешісті. Аспаз келіншек бəрін əлдеқашан жан-жақты ойластырып алған болса керек, жүзі сəл алабұртқанмен, қысылыпқымтырылмай, аспай-саспай сөйлейді. Өзінің бала емес екенін, əр қадамын ойлап басатын жасқа əлдеқашан жеткенін, сол себепті, бұл шешіміне саналы түрде барғанын айтады. Комитет мүшелерінің бірі, кеңшар экономисі болып істейтін интеллигент кескінді егде əйел дауысын шошына көтеріп: – Сіздің үш балаңыз бар ғой! – дейді. Келіншек көзі дөңгеленіп, басын изейді. Сонда комитет мүшесі мұның сол шиеттей өскіндерді ұмытуының жөн еместігін айтып, ұялтпақ болады. – Сіз олардың тағдырын ойладыңыз ба? – деп, шын қинала сұрайды. – Айтыңызшы, анасы тастап кеткен балалардың күні не болмақ?! Кенжебайдың қайран қалғаны – анау жанына тигізе-ақ айтқандай еді, əйткенмен аспаз келіншек селт етпеді. – Мен оларды ешқашан ұмытпаймын, – деді жайбарақат үнмен. Жұмысшы комитетінің арнайы комиссиясы құрамында мəн-жаймен тəп-тəуір-ақ танысқан тағы бір кісі ақырын күрсінді: – Ешқашан ұмытпауыңыз оларға азық бола қояр ма екен... Аспаз əйел іле-шала ширақ тіл қатты: – Мен алимент төлеп тұруға бармын. Комитет мүшелері тіксініп, іштей жағаларын ұстады. Зайыбы еріне балалары үшін алимент төлемек. О тоба, бұл не сұмдық? Егде қызметкер əйел енді «сенге» көшіп, таусыла тіл қатты: – Қалқам-ау, сенің азын-аулақ тиын-тебенің ішіңді жарып шыққан өз қаныңа ешқашан жан азығы бола алмайтынын ойламағаның ба?! Ол сенің сəбилеріңе аналық қамқор қолың мен мейіріңді алмастыра алмайды ғой! Келіншек сəл күрсінгендей болды: – Оныңыз рас.
Ахлақ күзетшісі сынды кейіппен сөйлеп отырған кəсіподақшы əйел іші ашыған, қобалжулы үнмен тағы бір мəрте: – Ендеше не болды саған?.. – деді, беті бері қарар ма екен дегендей сарынмен сұрады. – Ойланбаймысың? Өзіне үміттене көз тіккен экономист əйелге келіншек ə дегенде тік қараған еді, іле жанарын тайдырып əкетті. Сосын төмен қарап, сыбыр етті: – Мен оларға өмір-бақи қарыздармын... Дауысы баяу, дірілдеп шықты. Кабинет іші бір сəт тымтырыс боп қалды. Кенжебай алқымына тығылған толқыныс түйінін əрең жұтып, үнсіздікті бұзды. – Айтыңызшы, сіз күйеуіңізден зəбір көрдіңіз бе? – Жоқ, ол мені əрдайым сыйлайтын, – деп келіншек жадырай жауап берді. – Ал, өзіңіз ше? – Мен де оны құрметтеймін. – Келіншек сəл-пəл мүдіріп, бəсең үнмен: – Қазір оның алдында өзімді кінəлі сезінемін, – деп қосты. Кенжебай қасындағыларға қарады. Байқайды, бəрі айранасыр. – Демек... Ол келіншекке жүзін бұрып, тергеу билігін өз қолына алғанын сездіргендей, жөткірінді. Сосын: – Демек, араларыңызда ешқандай ұрыс-керіс болған емес қой? – деп нақтылай сұрады. – Құдай сақтасын! – Қалай? Екеуіңіз ешбір жүз жыртыспастан?.. – Біз əрқашан тату болдық! Кенжебай бір сəт тосылып қалды. Ал ендеше! Онда ажырасуға не себеп? Комитетшілердің көкейіне де осы сауал оралғанына күмəн жоқ. Шынтуайтқа келгенде, мұның жауабын Кенжебай да, басқалар да біледі. Сыры белгілі бұл сұлудың. Тек, қылығының шын дəйегін өзі қалай, қайтіп, қандай сөздермен жеткізер екен?
Əй, айтар деймісің?! Өйткені мұның елді дүрліктіріп отырған бұл қадамында дəйекті себеп болуы мүмкін емес қой! Беті жылтыраған əдемі əйелдің ұялмай-қызармай елге əшкере етіп отырған осынау тірлігін ақталмайтын айып ретінде бағалау лəзім. Серіктерінің де дəл солай ойлап отырғаны анық, оған Кенжебай шəк келтірмейді. Басқаша болмақ емес – қасіретті салдар көз алдарында... Əне, тастап кетпек төлдері отыр жетімсіреп! Үш бала тапқан ананың қайсысы отбасын өз қолымен бақытсыздыққа итереді? Жайнаңдауын қарашы... Тасжүрек! Жұмысшылар комитетінің төрағасы аты бар емес пе, іштей күйіп кетсе де сабыр сақтап, жолдастарына көз жүгіртіп алды. Сосын... одан артыққа шыдай алмай, қабағы түйіліп: – Ондай жағдайда сіз қалайша мұндай қылмысқа барып жүрсіз? – деді. Қаны қайнап отырған себепті даусын көтере сөйледі. Əсіресе қылмыс деген сөзге екпін қоя айтты. Селт етпеді-ау жазғаның... Үндемеді... Тек бірте-бірте көзі тұманытып бара жатты. Антұрғанның ашуланғаны да көркіне көрік қосып тұр. Кенжебай одан көзін алмай: – Мұндай қылмыс жасауға құдайдан да қорықпаған екенсіз, – дей салды. Əлгіндегі ашулы үнін бəсеңдетіп, мүлдем жəй ғана, немкеттілеу сарынмен айтты. Бірақ сонысы майға от тастап жібергендей əсер етті – аспаз əйел жұлып алғандай: – Бұл қылмыс емес, – деп шар ете түсті. Тағы үнсіздік. Комитетшілер төрағаға сенгендей, тымтырыс отыр. Кенжебай, ақыры, жəй ғана: – Неге олай ойлайсыз? – деген сауал қойды Анау жайбарақат қана: – Мен махаббатымды кезіктірдім, – деді.
Кенжебай қасын керіп, таңдана сұрады: – Сіз күйеуіңізге сүймей тиіп пе едіңіз? Келіншек жеңіл күрсінді. Содан соң Кенжебайға жанарын тіке қадай қарап, ұстамды жауап берді. – Мен тұрмысқа жүрегімнің қалауымен шыққанмын. Кенжебай кейін өзін-өзі сын найзасына түйреп: «Орынсыз қытымыр да қазымыр мінез таныттым-ау сонда», – деген өкінішті мойындауды əлденеше рет ойына алған, бірақ, қайтерсің, міндеті ғой... Əлсін-əлсін комитет мүшелері де бірлі-жарым сауал қойып, мəжілісте орнаған тəптіштей тергеу ахуалын қуаттап қояды. Əйтсе де, мəселені негізінен жападан-жалғыз өзі қазбалады... – Яғни... сіз осы уақытқа дейін күйеуіңізді сүйіп келдіңіз? – Иə, – деп келіншек шытынай тіл қатты, – иə, мен күйеуімді жақсы көрдім! Алайда бұл өткен іс!.. Экономист əйел ме екен, əлде басқасы ма, есінде жоқ, əйтеуір кəсіподақ комитеті мүшелердің бірі кекесінді үнмен шап етіп қадала кетті: – Қазір ше? Қазір сүймейсіз бе? Махаббатыңыз таусылып қалды ма? Ғажап! Тікенекше қадалуға тиіс бұл улы сөздер келіншекке шипалы дəрідей əсер етті. Оның əлгінде енді ғана сызат бере бастаған ашуын жазып жібергендей болды. Мүлдем жаймашуақ жауап берді: – Əлгінде айтып едім ғой – мен оны өте-мөте құрметтеймін. Бұрылып, именбей, күйеуіне бір көз салып қойды. «Найса-а-ап», – деп іштей бір шегін тартып, бақытсыз ошақ басына Кенжебай да назар тастады. Бақытсыз отағасы бұрышта отыр. Есік жақ бұрышта, бауырына ұйлыққан үш баласының ортасында, жер болып отыр. Балаларының жанарлары жаутаңдап, жүздерін түсініксіз, қайғылы сұрақ жайлаған. Қастарында сұп-сұлық əке, көзі жасаурап, жақ ашпайды. Айдаладан оларды бұлар аяғанда, бас айыпкер боп тұрған мына антұрғанның түк тебіренбеуін қарашы... Кенжебай еркін, батыл ежіктей берді: – Айтыңызшы, өзіңіздің мына сүйіп қосылған жарыңызға
қыз кезіңізде қалай ғашық болсаңыз, енді ана жігітке де тап сондай дəрежеде ғашық боп жүрмісіз? Комитет мүшелері қозғалақтап, түрегеп тұрған келіншекке тесіле қарады. Төрағаның қазбалап сұрауын бəрі құп көруде, анық. – Жоқ, – деді аяусыз тергеуге асқан шыдамдылықпен төтеп беріп, өз абыройын биіктете, асқақ көрінген сұлу келіншек аспай-саспай. – Менің қазіргі ғашықтығым өзгеше, ол бұрынғымнан өлшеусіз көп жоғары. – Қызық екен... Бастан өткергеніңіздің орны бөлек емес пе еді... Неліктен осы бір құмарлыққа елігуіңізді жастық шақтағы сүйіспеншілігіңізден күшті деп ойлайсыз? Ешқандай қағыту, кеміту ойда жоқ, шын көңілден, таңырқап сұрады. Өзінше сыпайылап айттым деп ойлады. Өйткені тілінің ұшында, жасыратын несі бар, бұл тірлікті нəпсі құмарлық ретінде бағалаған ауыр сөздер үйіріліп тұрған еді. Кабинетте отырғандар түгел іштен тынып, не дер екен деп отыр. Күллі жанардың өзіне тоғысқаны бұған таңсық емес, ол жиын басталғаннан бері өзін емін-еркін ұстауымен бəрінен жоғары тұрған. Сол жолы қайтарған жауабы оны тіпті биіктетіп жіберді. – Себебі, – үнінде əнтек діріл бар, толқи сөйледі, – себебі, мені бұл өмірде бір-ақ рет кездесетін ғаламат зор сезім тапты... Бөлме ішін тыныштық жайлады. Бойжеткенше толықсыған бұл жас келіншектің əлгі сөзді соншалықты риясыз, ағынан жарыла айтқанын Кенжебай өткір түйсінді. Тағы сұрақ қояр-қоймасын білмей дағдарып қалды. Комитет мүшелері де үндемеді. Дегенмен үнсіздік ұзаққа созылған жоқ. Алдарындағы жауапкер əйелдің өзі сөйлеп кетті. Шын жүректен, тебіреніп, ұзақ сөзбен сыр-сандығының қақпағын айқара ашты... Ол өзін талқыға салушылардың назарын аударып: – Түсініңіздер мені, – деп бір саңқ еті. Сосын бəсең, бірақ сенімділік ескен үнмен:
– Бір сəт менің жанымды ұғуға ықылас қойып, көңіл бөліп көріңіздер... – деп, сөзін одан əрі сабақтауға кірісті. Даусы дір қағып кетті. – Мен теңдессіз сезімге ұшырастым, түсініңіздер. Мен ешқашан мұндай сүйіспеншілікті сезінген емеспін, ой жүгіртіңіздерші менің осы сырыма. Мен жеткіншек емеспін ғой, ойласаңыздаршы. Мен балаларымның əкесіне қылаудай да кінə артпаймын. Ол мені сүйеді, білемін. Мен де оны жақсы көрген едім. Жасырмаймын, жан-тəніммен жақсы көргенмін. Бірақ мен нағыз махаббатыма енді кезіктім. Мені өмірдің өзіндей ыстық ғашықтық оты шарпыды, оның қасында бұрынғы сүйдім-күйдім дегенімнің өзімді өзім алдау боп шыққанына көзім жетті. Түсінемісіздер? Даусынан шынайы құштарлық күш ескендей болды. – Сіздер, менің шаңырағымның құламауын күйттеп отырған қамқор адамдар, мынаны ойлаңыздар: мен бақытымды таптым! Мен бұдан былай осынау жаңа сезіміммен өмір сүргім келеді. Осы ойға тоқтап, белімді бекем буғалы қашан! Арызым сотта баяғыдан жатыр, ажырасуым хақ – шешілген шаруа. Неге сонша жанымды жеп барасыздар?! Ұғыңыздаршы, бұларыңыздан түк шықпайды. Талқылап, үгіттеп əуре болмай-ақ қойыңыздар. Сұраймын сіздерден, жалынып сұраймын, менің ішкі əлеміме, жандүниеме бұдан əрі қол сұқпаңыздаршы. Құдай үшін! Маған жаратқанның өзі сыйлаған сезім лəззатын татуға мүмкіндік беріңіздер, өтінемін! Жүректен шеңгелдер жан айқайы осындай-ақ болар. Қолқаға өксік тіреліп, тіл қатуға мұрша берер емес. Кенжебай ернін тістеп, терең дем алды. Əлдекім қорс еткендей болды. Кенжебай көзінің астымен барлады: аспаз келіншектің күйеуі екен. Көзінен жас парлап кетіпті. – Диля... Адалят...– дейді ол тұншыға кемсеңдеп. Отырғандар тегіс солай қарай мойын бұрды. – Қош... – Ол орындықтан апырақтай көтерілді. Екі қолымен қаумалап балаларын демеді. Аналар қоса тұрды. – Қош бол... Қош, қош...
Балалар, жанарларына мұң тұнған қасіретті перзенттер, ұйлыққан қалыптары, əке жетегімен есікке таман шегіне берді. Үй-іші түгіл, күллі қауымға қасқая қарсы шыққан аналарына үрейлене жалтақтап барады. Келіншек те олардан жүзін алмай, тұнжырай қарап тұрды. Жар жəне ана ретінде өзінің опасыз екендігін өзі бүкпесіз ашып айтқан əдемі Адаляттан ең жақын жандарының төртеуі де жұрт көзінше безді. Төртеуі де мəжіліс бөлмесінен іркестіркес шыға жөнелді. Ал бұл олар кетіп қалғаннан кейін де есіктен көзін тайдырмады. Не ойлағанын кім білсін, дымқыл еріндері сəл ашылған қалпы, тарс жабылған есікке мұң шалған көзі дөңгелене, ұзақ қарады. Бұдан əрі тағы бірдеңе сұрастырудың артықтығы айқынды. Комитетшілер нысананы өзгертті. Сауалдар жебесі енді негізгі айыпкерге – түкпірдегі орындықта елеусіз отырған жас жігітке, ұйыған отбасының шырқын бұзған іріткіге, азғырушыға бағытталды. Бұл алтын шашты бұйрабас əскер қатарынан босанғаннан кейін, осы кеңшарға күзде ғана келген. Ол, енді, комитет мүшелерінің бəріне белгілі дерек. Кеңшардың мейманханасына орналасып, жүк машинасын айдап жүрген. Тек, ол осы бір қыс ішінде өзінен мүшел жас үлкен əйелдің басын айналдырып алар-ау деп кім ойлапты. О тоба, үріп ауызға салғандай үш бірдей нəрестесі мен некелі жарынан ашықтан ашық бас тартқызып отыр емес пе... Əлде бар пəле ана сайқалдың өзінен бе? Бəлкім, сол шығар мұны қылмаңдаған қылығымен магнитше тартып алған? Сұлу ғой сайтан, арбаса арбар. Қысыр жыланша еліктіре бұралаңдаған көркем келіншекке – түк көрмеген сарыауызды сиқырлап тастау не тұрады... Бəрі де оның жүрекжарды сөзіне тəнті болды əлгінде, рас. Дей тұрғанда да, Кенжебай мен оның мына мəжіліс үстелі айналасында отырған үзеңгілестері осындай пендешілік ойдан аулақ емес. Кім болмасын осылай ойласа керек... Келіншек пиғылы айқын, ал мынау... Бар болғаны – алыстағы бір балалар үйі мен кеңес армиясында тəрбиеленіп,
қиырдағы осынау тың кеңшарына өз бетінше еңбек жолын бастауға келген жас жігіт. Осында келе сала əзəзіл торына түскен, əлде сонау əзəзіл тұзағын өзі құрған жас жігіт. Қалай болғанда да – имансыз... Енді барша кəсіподақ қайраткерлері сол имансызға дүрсе қоя берісті. Анау орнынан көтерілді. Өзіне жаңбырша жауған сұрақтарға мейлінше сабырмен жауап беріп тұрды. Айналып келгенде, ол да əйелді өліп-өшіп жақсы көретін көрінеді. Одан əрі əңгіме тізгінін Кенжебай өз қолына алып, мына əдемі болғанмен кəрі келіншектің ернінен сүт табы кетпеген жас көңілдесін көп көңілінен шығар сұрақтар астына алды. – Жас жігіт, сіз қалайша бұл əйелге ғашық болып жүрсіз – ол сізден бақандай он екі жас үлкен ғой? – Бұл маңызды емес, – деді анау былқ етпей. – Əлгінде сіз де, біз де – бəріміз көрдік – көңілдес əйеліңіздің дардай-дардай үш баласы бар, заңды, он алты жыл бірге тұрып келе жатқан ері бар. Ұлының алдын көрдіңіз жаңа – ересек, сізге барабар жігіт болып қалған. Сіз бұ жəйтке ой жүгіртіп көрдіңіз бе? – Бұл да маңызды емес, – деді жігіт құдды автомат секілді, біркелкі сарынмен, Кенжебайдың сауалына іле-шала үн қатып. – Есіңізді жиыңыз! Ойланыңыз! Сіз жиырма екі-ақ жастасыз! – Біріншіден, жиырма екі – аз жас емес. Екіншіден, аз деп санасаңыз да – онда ештеңе тұрған жоқ, ол да маңызды бола алмайды. – Енді не маңызды? Көркі болды ғой! Сізге, шамасы, бұл əйел елден асқан сұлу көрінер? – Бəрінен де сұлу. – Иə. Сондықтан да сізге біз келтірген дəйектердің бəрі маңызды емес. Алайда, сіз мынаны білесіз бе? – əйел көркі тез таяды! Ол өзі қысқа да тамаша көктем маусымындай ғана құбылыс. Мұны сіз ойландыңыз ба? – Сонда сіз оны енді аз уақытта қартаяды демекпісіз? – Иə.
Жүргізуші жігіт бойын тіктеп, иегін сəл көтере, сенімді үнмен: – Сүйікті əйел қартаймайды, – деді. Тым асқақ мəлімдеме. Ай, жастың албырт аңғалдығыай... Кенжебай саусақтарын ойлана сындырып отырып, өз уəжін айтты. – Ықтимал, – деп бір тоқтады. – Ықтимал. Тек – рухани тұрғыдан ғана! Айта түссе екен дегендей, кəсіподақшылар оны дымын ішіне ала қуаттап, айыпкер баланың бет-жүзінің құбылысын аңдып отыр. – Лапылдаған жас адамсыз, – дейді Кенжебай өзінің баласымен жасты жас жүргізушіге – ісі күллі кеңшар естиярларын ренжіткен осынау сарыауыз айыпкерге – нақыл айтқандай қалыппен, – қазір жан сарайыңызды сондай сезім құдды мəңгілік орныққандай жаулап алғанына таңғалмайақ қояйық. Егер таңғалсақ – онымыздың теріс боп шығуы ғажап емес. Бірақ бұл, сеніңіз маған, өткінші иланым. Табиғатқа құдіретіңіз жетпейді, жас жігіт! Оған тіршілік біткен бағынышты. Уақыт бəрін өзгертеді. Сұлуыңыздың бетін ертең əжім басады. Ол тəни қартаяды. Əрі со бір көңілсіз құбылыс сіз ойлағаннан пəлен есе шапшаң жүрмек! Табиғаттың ащы шындығымен сіз күні ертең-ақ бетпе-бет келесіз, есіңізде болсын! Комитет мүшелері бастарын шұлғысты. Алайда айыпкер жігіт басын кегжите қатып тұрған қалпы, əр сөзін нығарлай сөйледі: – Бізді қосқан, бізді біріктіріп тұрған, бізді мəңгі ажыратпайтын жəйт – тəннің емес, жанның тартылысы. Отырғандар бір-біріне, сосын төрағаға қарады. Төраға аспани пəлсафа соққан жүк машинасын жүргізуші жас жігітке салқынқанды сарапшы кескінімен тесіле көз тікті. Сосын əлгі пайымын басқа қырынан сабақтады. – Жақсы сөз-ау мұныңыз... Алайда, бар болғаны – жүрекке жайлы жақсы сөз ғана. Дүнияуи пендені алдаусыратуға ғана жарайтын, аспандатқан, асқақ та тəтті декларация ғана...
яғни, орындалуы екіталай алдамшы үміт. Айтпады демеңіз, ажары тайған кемпірді көргенде бүгінгі өрт көңіліңіз ертең су сепкендей басылып, суып сала береді. Өзіңізге де, өзгеге де обал жасамауды ойласаңызшы! – Қисындарыңыздың бір де бірі менің шешімімді өзгерте алмайды. Жігіт шаршаңқы кейіппен жүзін терезеге бұрды. Кенжебай үзеңгілестеріне шарасыздана көз жүгіртті. Бəрі түнеріңкі, үнсіз. Дұрыс болсын-болмасын – қай-қайсысы да мəжіліске ошақтың бұзылмауына септессек деген оң ниетпен келіп еді, бос əурешілік екен... Соңғы сауал: – Аңғардыңыз ба, сіздің есіл-дертіңізді билеген ғашығыңыз күйеуінен ажырасқаннан соң үш баласы үшін алимент төлеп тұрмақшы. Алған əйеліңіздің алиментші болуы сізді жайсыздандырмас па екен? Байқаймысыз оғаштықты? Еркек емес, əйел, сүйіп алмақ жарыңыз басқа біреуге ақша беріп тұрмақ. Сіз бұған қысылмайсыз ба? – Ешқандай да! Партияда жоқ міскіндерге не батушы еді... Шіркін, коммунистерден мораль тазалығын талап ету оп-оңай еді ғой! Кіршіксіз ахлақи бейне – бұлжымас өлшем, барша мойындаған критерий болатын. Əлгіндегідей жосықсыз жəйт түгіл... Кенжебай жұрт есіне бір анекдотты салып, бір күлдіріп алды... ...Əйелінің ерсі қылықтарына əбден күйінген күйеуі бірде оған жұдырық ала ұмтылады. Бірақ, ұрмақ болып төніп келе бере, тоқтап қалады. «Əттең, КПСС* мүшесімін, əйтпесе көкеңді көзіңе көрістірер едім», – деп кіжінеді. Сонда, бүрісіп қорқып отырған əйелі орнынан атып тұрып: «Слава КПСС! Партияның даңқы арта берсін!» – деп билеп кетіпті... – Күлеміз-ау, – деді ол сосын, байыппен, – бірақ партия шынында да ахлақтың қырағы күзетшісі тəрізді ғой... Иман тəртібін бұзбау, шартын сақтау – коммунист үшін алтын ереже, заң, бұл анық...
Кенжекең кəсіподақтың қауқарсыздығына, əлгі комитет мəжілісінде қараған ахлақтық мəселеге келгенде көрсеткен шарасыздығына шын қынжыла сөйледі. Жаңа тұрпатты ғашықтарды жұмысшы комитеті əлі келгенше сілкілеп, жан-жақты ұялтып көрді. Болмады. Ақыры бəрі жайына қалды. Көп ұзамай, сұлу келіншек неке бұзу куəлігін алып, жаңа күйеуімен қол ұстасты да əлдеқайда аттанып кетті. Жұртта қалған ері де үш баласымен бірге артынша көшті. Əлде туған еліне, əлде басқа өңірге. Əркім əр саққа жүгіртеді, турасын ешкім білмейді. Не керек, айналасы бес-алты күн ішінде олар Жаңбырлымен біржола қоштасты. Əрқайсысы əр жаққа өз бақыттарының шақыруымен жол тартты. Мына жайқалған астық ортасындағы дала қосы өзінің соңғы жылдарғы тұрақты аспазынан осылай айрылған болатын... ** Ыдыс-аяқ, тамақ тасып, дастархан мəзірін реттеп жүрген даяшы жұмысына көңіл аудармай, Кенжекеңнің əңгімесін біз ұйып тыңдадық. Сол шақтағы билеуші партия атының аббревиатурасы. КПСС-КОКП – Кеңес Одағы Коммунистік партиясы.
Біразымыз алдымызға келтірілген дəмді шұқып жей отырғанбыз, ал кейбір табақшалардағы қуырмаштар мұрты бұзылмастан суыды. Əйтсе де əзірге асқа қарай қоятын жан көрінбеді. Оқиғаның ұзын-ырғасымен таныстар баршылық тəрізді, тек, Жаңбырлы үшін кездейсоқ адамдар хикаясы болғандықтан ба, олар ел арасынан кетісімен пыш-пыш сөз бірден басылған екен. Алайда ұмытылмаған. Құдды күл астында бықсып жатқан шала. Кенжебайдың еске салуы оны жел соққандай тұтатты. Гуілдеп сөз жарыстыра бастаған кісілерге біз үн-түнсіз
құлақ түргенбіз. Қызық болатын. Оғаш жəйт, түсініксіз тағдырлар. Отырғандар «бесіктен белі шықпаған сарыауыз бозбала мен беті жылтыраған, қылмың қаққан, бірақ сарқарын кексе əйелді» жерден алып, жерге салысты. Көбі əсіресе келіншекке шүйлікті. Үш балаға ана бола тұра нəпсі жетегінде жүрудің азғындағандық екенін дəлелдеп, бірқатары қызу-қызу сөздерді айтып-айтып жіберді. Екіншілері, соған көздері мүлдем жетіп тұрғандай, жапжас жігітті айналдырып алған да сол сайқал деп қостайды. Əлбетте, деп мақұлдасады үшіншілері, жұтынған жас еркек, ақыл да, түр де бар, оған, немене, өзіне тең қыз табылмайтын ба еді, арбауға түскен де əншейін... Осылай дуылдап-дуылдап басылар ма еді, қайтер еді... Бір кезде, манадан бері тым-тырыс тыңдап отырған біреуіміздің жануы саябырсыған отқа май құйып жібергеніміз... *** Ол кезде бұл талдырмаш жасөспірім еді. Өрімдей едіау, өрімдей! Мен оны алғаш көргенде мектеп оқушысы ма екен деп қалғанмын. Сонда да, қасымызға ерген бір кішкене бала секілді, Қайрат екеуіміздің арамызда отырған. Рас, біз үшеуіміз аралап барған жерлерде аз сөйлесе де саз сөйлеп, еңбекші жастардың көкейіндегіні дөп басатынын аңғартатын. Оның білікті қызметкер екеніне дау жоқ-тын. Бірақ одан тап мына басқосуда əлдеқандай оғаш қылық шығар деп кім ойлапты... Ал ол іріден кетті. Алақанын қатты соғып-соғып жіберіп, жұрт назарын бірден өзіне аударды. Сосын таңырқаңқы жүздерін бері бұрған ересек кісілерге қасқая қарсы қарап, түрегеп тұрып: – Қателесесіздер, ағалар, – деп саңқ ете түсті. – Сіздер тым қарабайыр пайым жасап отырсыздар... – Оһо! – Үстел төріндегі Кенжебайдың дауысы қаттырақ шығып кетті. Көзі дөңгеленіп: – Та-ма-ша! – деді. – Жə, тыңдайық астана жастарының пікірін?!
Міне сонда сөйледі дейсің өрімдей «астана жасы»... Кейпі тап қазіргідей – отыз жылдан кейін сол қолын машинасының руліне салып, маған аса бір байыпты да бауырмал жүзбен көз салып қойып отырғанындай байыпты қалыпта. Үлбіреген балауса жүзінен пəлен есе есейіңкі сарынмен, кісіні есінен тандырар пайымын төгіп кеп берді. Мен оған басымды шалқайта, төменнен жоғары қадалып, аузымды аша қарадым да қалдым. Тұп-тұнық сəби өңінен кісі сүйсінер байсалдылық еседі. Тек мен емес, отырғандардың бəрі оны əрі таңырқай тыңдады, əрі тəуелсіз пайымы үшін құрметтей тыңдады. Қалай болғанда да, маған солай көрінді. Ол əйелді де, жігітті де ақтай сөйлеген. Жəне мұнысына дəйек ретінде – əлгіндегі баршамыз естіген Кенжебайдың баяндауының кей тұстарын ұтымды түрде сөзінің айналымына тартып, оғаштау көрініп кететін оқыс тұжырымдар жасап отырған-ды. – Махаббат – ұлы сезім, – деген ол сөзін қорыта келе. Бұл бір əлімсақтан белгілі, мəңгілік, өлмес шындық қой. Анық та қарапайым жəйт. Бірақ осы ақиқатты қорғайтын сөздің тап осында айтылуы біртүрлі көрінді. Ондай əңгіменің мына қасымдағы мен секілді жас баланың – менің алматылық құрдасымның аузынан Алматыдан шалғай, ауылдық жерде, бөтен ортада, бізден əлдеқайда ересек жандар ортасында шығуы оғаштау болды ма дедім. Сол оғаштау сөз отырғандардың көбін таңырқатты. Əйтеуір мені қайран қалдырды. Бұл сонда ешқандай да қысылып-қымтырылмастан, орнына жайғасып отырды да: – Нағыз махаббат ертелі-кеш кімге де болсын бір соғады, – деп, монологын қоңыр үнімен аспай-саспай жалғастыра берді, – жан-дүниеңді билейтін шын ғашықтық – Тағдырдың өзі таңдап ұшырататын ерек сый бұл. Тəңір сыйы! Шын құштарлық! Жан-тəнін құштарлық билеген адам ғана аңсаған арманына жете алады! Қандай аспани сөз! Алматыда, оқығандар арасында айтылуға лайық сөз... – Оған, бірақ, екінің бірі тиісті қабылдау көрсете алмайды.
Əсіресе біздің заманымыздың түрлі шарттылықтары салатын тұсауды үзуге кімнің батылы жетпек? Ірі сауал. Оған жауап беруді ешкім де ойлай қоймаса керек. Бұл да оны күтпегендей. Өз сұрағына өзі жауап береді. Ізінше оған пікірін білдіреді. Оның ойынша, заманымыздың түрлі шарттылықтарына қарамайтын жүрекжұтқандар жоқтың қасы. – Егерде сондай жандар ілуде-шалу кездесе қалса – ондайларды қолдау керек, – дейді ол қарсылықты қош көрмейтін өр үнмен. Неліктен? Мұндай сауалға оның жауабы əзір: шарттылықты ұлы сезім жетегіндегілер ғана бұза алады. Ал ұлы сезімге мойынсұна білгендер – мадаққа лайық. Əлі-беріден кейін, ол баршамызға мəлім поэзиялық теңеу мен нақылды алға тартты: – Ғашықтың тілін – тілсіз тіл демеуші ме еді данагөй бабамыз, көзбен көрдік екен – одан арғысын іштен білмейміз бе?! Орнынан көтеріліп кеткен. Айнала қарап тұрып: – Ал біз оларды талқыға саламыз, – деп терең бір күрсінді.. Астанадан келді дегені болмаса, ол сонда отырғандардың бəрінен кіші, кескіні мүлдем аузынан сүт табы кетпеген дерлік. Дастархан басында менімен іргелес отырған сол бозбаланың сондағы айтқандары бүгінгі тəуелсіздік дəуіріне лайық сөз екен ғой, ойлап қарасам. Иə, сол шақ үшін, күллі тыныс-тіршілікті кеңестік идеология реттеп-бағыттап тұрған заман үшін бұл бір төбеден түскендей сөз еді. Сондықтан да жұрт оны ішін тарта отырып тыңдады. Мен өз басым, есімде, бір ысып, бір суып, ақыры терге малшынып кеткен болатынмын. Сонда менің сол кеңшарда қызмет бабымен барып танысқан алматылық құрбым: – Өзара келісімдерімен тағдырларын қосақтаған адамдар түгіл, əркімнің, тіпті, осы отырған əрқайсымыздың ешкім қол сұғуға хақы жоқ өз əлеміміз барын ойламаймыз, – деген. Мені осы сөздер мен олардың одан əрмəн таратылуы ерекше толқытқан еді. Ол ішкі дүниеңнің қасиетті
шекарасынан өзгенің аттауы, сенің қастерлейтініңе бөтен біреудің сұғанақ көз тастауы – дұрыс еместігін айтты. Мұндайдың қай-қайсымызға да жақпайтынын парықтау қаперімізге кіріп шықпайды деп күйінді. Сосын сабырмен сөйлеп, пендешілікке бой алдыра бермесек деген тілегін айта келе, ойын былай тұжырымдады: – Шынтуайтқа келгенде, қадірлі Кенжеке, қате тірлік жасағансыздар: бірін бірі сүйетін жандарды жиналысқа салу, олардың жан-дүниесіне айтып жеткізгісіз дөрекілікпен, тұрпайы түрде тиісіп, өз дегеніңе көндірмек болу, жұмсартып айтқанда – имандылық емес! *** Машинаны көшенің ортасымен дыбыссыз зуылдатып келе жатқан жүргізушім сонау балауса, көкөрім шағында, қиырдағы бір тың кеңшарының дала қосында осындай ірі сөз айтуымен есімде қалған екен. Мені сонда оның мүлдем есейіңкі сөз саптауы қайран еткен-ді. Жаңылыспасам, ол сонда өз тұжырымына отырғандарды түгел тəнті етті. Тіпті, ересектер арасынан айыптағандай естілген: – Оу, бала, не тантып отырсың? – деген қаһарлы сөздердің өзі жылы, мейірімді үнмен айтылды. Кенжебай əлгі дауысқа тоқтау салғандай, қолын жоғары көтерді де: – Қанеки, астана жастарының ойын ақырына дейін біліп алайық, – деп, сəл кідірді. Жұрт тынши қалды. Кенжекең жүзін біз жаққа бұрды. – Айтыңдаршы, ұйыған отбасын бұзудың имандылыққа жатқаны ма сонда? Сонда менің жанымда отырған бұл сəби кескінді жас жігіт тосылмастан тағы сөйлеп қоя берді. Тілге тиек болулы оқиғаны себеп пен салдарға жіктеп, олардан тиісті анықтамалар мен қорытындылар туындатты... *** Осының бəрі қас-қағым сəтте ел дес берген еді. Найзағайша жарқ еткен көріністің артынша мен:
– Есіме түсті, – деп дауыстап жібердім. Жүргізушім сұраулы жүзбен маған бір көз салып қойды. Одан алдына қарады да, көшеден назарын алмай, ақырын ғана: – Не есіме түсті дейсіз? – деді. – Біз Жаңбырлы ауылында кездескенбіз. – Мен оған табан астында ашқан жаңалығымды күлімдей, қуана хабарладым. – Тың кеңшарында. Есіңізде ме? Отыз жыл ілгеріде! Бірден танымай қалғаныма айып етпессіз... Өзімді кінəлі сезінгенімнен-ау, көзімнің жыпылықтап кеткенін аңдадым. Бірақ ол мен жаққа қараған жоқ. – А-а... Жаңбырлы... – Машинаның жүрісін бағдаршамның қызыл жарығына орай тежеп, жаяу жүргіншілер жолына тірей аялдатты. Сосын басын изеді. – Иə, сол жылы механизаторлардың ораққа дайындығын көруге барғанбыз... Дегенмен ол бір ғана сəт қой... Сіз бен біз əлденеше мəрте комсомолдық есеп беру-сайлау науқандарында бір жерден нұсқау алып, жиналыстарға да бірге барып жүрген едік... Ғажап... Бұл менің есімде қалмапты... Жоқ, комсомол жиналыстарынан талай есеп жазғанымды білемін, жадымда сақталмағаны – сол науқандарда тап осы жігітпен бірлесіп жұмыс атқарғандығым. Қызық, менің зердем оны мүлдем ұстамаған. Елестете алмадым. Есесіне... Мен оның ойлы кескініне тесіле қарап: – Сіздің Жаңбырлыда бір ғашықтарды қызу қорғағаныңыз əлі көз алдымда... – дедім. Санамда зу-зу етіп жаңғыра жарқыраған дала қосы, үстел айнала отырған жұртты аузына қаратып ірі пайымын төгілткен бала жігіт... Ол басын бері бұрды. Бір сəт көздеріміз түйісіп қалды. Жүзін болымсыз бояу шалғанын аңдадым. Əлдеқандай естелік табы бетіне лып етті білем. Тез назарын жолға аударды. Бағдаршамның жасыл көзі жанды. – Е-е, иə, – дей бере, ол машинасын қозғады. Үнсіз көше қиылысынан өтті. Мен де тіс жармай, күтіп отырмын. Ашық жолға түскен соң жылдамдығын шапшаңдатып жүріп келе жатып, əлден-уақытта:
– Маған олардың шешімталдығы қатты əсер еткен еді, – деді. – Өйткені, соның алдында ғана, өзімнің студент шақтағы жақсы достарымның – бақыты үшін күресе білмейтін жандардың бір көңілсіз оқиғасына куə болғанмын... – Іркіліп қалды. – Жə, бұл өзі ұзақ əңгіме... Үндемей қалды. Сəлден кейін мен жəй ғана: – Бірақ қызықтырып барады мені... – деп, сол «ұзақ əңгімеге» ынтыққанымды сездірдім. Салдардың себебін шын-ақ білгім келген, алайда ол иліге қоймады. Немқұрайлы үнмен: – Онда, бəлкім, кейінірек айтып берермін, – дей салды. Тағы кішкене үнсіздіктен соң: – Қазір сізді қайда апара жатқанымды білемісіз? – деп сұрады. Мен қасымды кердім де қойдым. Ол, əрине, менің жауап беруімді тосқан да жоқ. – Мəселеңіздің шет-жағасын əлгінде біздің референт қыз жеткізді ғой, сізді сондай шаруаға оң қабақ танытатын бір кісімен таныстырмақпын. Түсінікті, сұраншақтан құтылудың оңтайлы əдісі... Құдды менің көңілімнің суып сала бергенін аңғарғандай, жүргізушім қолынан келгенінше маған жəрдемдеспек ойда екенін шапшаңдата ескертті. Бұл сөзі мені қуантты. Иə, мұндай ойы жанға жағады. Алайда, сонымен бірге, таңырқатып та келеді. Егер бұл жігіт менің ниетіме шынымен де қолдау көрсеткісі келсе, онда неге «сондай шаруаға оң қабақ танытатын» өзгеге сілтемек? Өзі қызмет атқарып жүрген беделді фирма бастығына кепілдік берсе де болмай ма... білікті маман ретінде... Жігітім күлімсіреді. Өзі істейтін, əлгінде президентімен менің өзім жүздескен фирманың болашағы зор екенін айтты. Əсіресе менімен қысқа да салқын тілдескен фирма президенті Алан Тайманов өте перспективалы азамат көрінеді. Ол туралы күні ертең күллі журналистер, осы өзі сырласып келе жатқан жазушы Бағдат та үлкен ілтипатпен
жазатын болады əлі. Өйткені оның потенциалы өте биік. Мəскеуден оқып келген, жоғарғы жақтың ерекше тізімінде тұрған маман. Бірге оқыған курстастарының алды қазір Үлкен Үй сеніміне кірген, біліп жүрсін мұны жүргізушінің қаламгер жолаушысы. Елдегі экономикалық реформаларды жаңаша бастауды солар қолға алған, жүргізетін де солар болатын түрі бар. Күні ертең Алан да сол қатарға қосылады. Дұрысында, ол бүгін де солармен бірге. Қазірдің өзінде олардың ортақ ішкі есептері бір. Жəне біртіндеп, ойларын жүзеге асырып келеді. Бұған Бағдат мырза сене берсін... Ғажап. Бірақ мен, дегенмен, ұға алар емеспін: осынша мадаққа лайық азамат қалайша менің ел мүддесін көздеген кішкене ғана бұйымтайыма оң көзімен қарай алмайды? Мен əлі түсінбеген екенмін, Алан – құлашты кеңге сермеп жүрген жігіт. Қазір бұлар жекешелендіру сынды ауқымды науқанға бел шеше атсалысып жүр, басқа ұсақтүйекке алаңдауға уақыттары да, ықыластары да жоқ. Олар макроэкономика дертімен ауырған, тиісінше, бастарын макропайымдар ғана жайлауда... Шыңға шығуды көздеген адам төбені елемейді. Біздің жанымызды ауыртатын ұлттық мəселе оған əзірге бейтаныстау. Керек десеңіз, ол сондай проблема бар деп те есептемейді. Онысы, əрине, келісімсіздеу қасиет, бірақ, əрине, уақытша ғой... Ат айналып қазығын табады демей ме... Қайдам, мұндай көзқарасы оны бізден одан сайын алыстатып жүрмесе... Бағдат мырза саспасын, əзірге одан еш зиян жоқ. Шетел кəсіпкерлерімен байланыс орнату, шетелге шығу, ондағы қалталыларды біздің мүддемізге бұру бүгінгі таңда ондай тəжірибеден жұрдай, шет тілін білмейтін, қазақы мүддемен шектеліп қалған біздің қазақтың қолынан келмейді. Сондықтан да Алан үлкен мақсат жолында – ұсақ ұлттық мүддені күйттеген, сонысымен оның батысқа қол созған ниетіне кертартпалық жасайтын мен сияқтылардан гөрі, озық ойлы орыс əріптестерімен қызметтес болғанды ұнатады...
Дəл қазіргі сағатта Алан күллі білім-білігі мен іскерлік қабілетін қилы байланыс-таныстықтарымен ұштастырып, əлгінде айтылғанды ойдағыдай еңсеруге қажет шарттың бірін орындаумен – қайткенде мол ақша жасау əрекетімен басын қатыруда. Сол себепті, мен көтере келген мұндай ұсақ-түйек шаруамен шұғылданғысы келмейді. Əлі ұға алар емеспін бе? Ол, турасын айтқанда, əлем азаматы. Əлі де жеткіліксіз бе? Ол жалпыадамзаттық игіліктерге ғашық, құштар. Сондықтан да ол əлемдік, жаһандық проблемаларды ғана ойлайды. Бұл ретте оның өзі секілді серіктері де, тілектесі де көп. Айналасында да, басқару буындарында да. – Жүргізушім маған жымия қарады. Мұнысын түсіндім-ау, барша сүйіспеншілігін жалпы адамзатқа ортақ игіліктерге бағыттауы да санама ептеп жетіңкірейтіндей... Бірақ осынау жап-жас жігіттің сондай орасан зор ғаламды құшағына алатын мүмкіндігі бола тұра, біздің кішкене бұйымтайымызға көңіл аудармайтыны неліктен деймін-ау... Жүргізуші жігітім көзін жолдан алмай, басын шайқады: қасына отырғызып алып келе жатқан қаламгер танысы, дегенмен, мəселені жете түсінбеген екен. Мен қысылыңқырап қалдым, ойпырмай-ə, дедім іштей, мұнша топастық танытқаным ыңғайсыз болды-ау... Машина көше ортасымен жүйткіп келеді. Мен көкжиектен жарқырай көрінген ақбас тау шыңдарына қараймын. Сосын жолбасшымнан кешірім өтінем: пендешілік көрсеткеніме айып етпесін, ұққызбай тұрған – құштар боп жеткен тəуелсіздігімізді баянды етуге үлес қосуды күйттеген мүдделілік те... Ол күледі. Аланның көзқарасы өзіне көптен мəлім болғандықтан, жағдайды тым үстірт баян ғып, мəселені маған жеткілікті түрде айқын түсіндіре алмаған өзі кінəлі болуға керек... Солай деп алады, содан кейін мені тыныштануға шақырады. Жə, бұған алаңдамайық, сіз бен біздің тілегіміз бен ойымыз бір жерден шығары кəміл дейді.
Ақшалы жігіттердің көздегені тым жоғарыда. Олар біздің елдің болашағы кіммен қалай ынтымақ құруға байланысты болмағын бізден пəлен есе артық біледі. Біздің түсімізге де кірмейтінді олар алдын ала болжайды. Сондықтан да осынау əлем азаматтары елімізді əлемдік экономикалық жəне рухани тыныс-тіршілікке жақындастыру, одан соң тіпті жымдастырып кіріктіру, қысқасы, үлкен аренаға алып шығу жолын табу үшін бас ауыртып жүр. Бұлардың бəрі менің қамқоршыма бес саусағындай мəлім, сол себепті ол менің Аланды кішкентай өтінішіммен алаңдатпауымды қалайды... Əйтсе де мен көтере келген мəселенің дұрыс шешімін табуына атсалыспақ. Ол үшін əуелі білетіндермен ақылдасқан дұрыс деген ойда. Қазір ол бара жатқан жерде баспасөз ісінен хабардар бір жақсы жігіт бар, мені сонымен жүздестіреді – кеңесе тұруға. Одан арғысын өзі сондағы бір мекемеде бұйымтайын айтып, шаруасын бітіріп алған соң, үшеулеп, бірге ойластырар... *** Шынында солай болды. Машина əлдебір бұрынғы жобалау институты ғимаратының алдына тоқтады. Көлігімізді сол жерде қалдырдық та, екеуіміз ішке беттедік. Төменгі қабаттағы бір кішкене бөлмеге басымызды сұға бергеніміз сол еді, іштегі жас жігіт үстелінен ұшып тұрды. Бізге қарай қалбалақтай ұмтыла бере: – О, Əсет аға, төрлетіңіз, – деп дауыстай қарсылады. Елгезек бала екен. Алдымыздан шығып қол беріп амандасты. Бауырмал үнмен іші-бауырымызға кіріп барады. Менімен танысып та үлгерді. Қолтығымыздан демеп, қабырғаға жағалай қойылған жұмсақ орындықтарға қарай бұрды. Бізді жайғастырып барып, өзі қасымызға отырды. Хал-жағдай сұрастырып болғаннан кейін, Əсет мені оның жанына аз уақытқа қалдырып кететінін айтып, менің шаруамның жай-күйін мұқият біліп алуын өтінді. Талап есімді бұл бала жігіт алғашқы қауышқандағы
жылы қалпын бұзбай, менің жұмысымды тəптіштеп сұрастыруға кірісті. Оның ықыласы мені баурап алғаны сондай, мен жүзеге асырмақ жоспарымның пəлсафалық тиянақтарын ақтарыла аян еттім. Сонда ол менің жобам мен замана ағымы хақында өзінің ой-пікірін білдірді. Мен оны рахаттана тыңдадым. Ол қайта құрудың соңғы жылдары бір жолдасымен тəуелсіз жеке басылым ашып, біраз уақыт тер төккен көрінеді. Мəселе оған таныс... Есік көзінен Əсет көрінді. Бұл кезде біз базар заманында журнал шығарудың кеңес дəуіріндегі ахуалдан айырмашылығын саралауға кіріскенбіз. – Қалай, Талап, Бағдат ағаңа көмегіміз тиер ме екен? – Шаруасын жайғап оралғаны көрініп тұр, беймарал кейіппен қасымызға отырды. – Əлдебір пайдалы ой қорыта алдық па? Мен үндемедім. Ол қайтып келгенше біз талай əңгіменің басын қайырдық. Əйткенмен тап осы басты мəселені нақтыламаппыз. Сонда да, бұл келісіміздің мəнісін елгезек Талап онсыз да шамалаған болса керек. Асықпай, құлағының түбін қаси отырып сөйлеп: – Шын мəнінде салмақты шығармашылықпен алаңсыз айналысу үшін басылымның бір жылдық, құрығанда алты айлық бюджетін қамтамасыз етіп алу керек қой. – деді. – Бірақ қаржыландырушы табыла қояр ма екен... Əсет аға, сіздің Бағдат ағаны осында ертіп келуіңіздің астарын ұғам, алайда, біздің директорымыз Қалан аға тап осындай мəселеге қырын қарайды. Рас, соңғы кездерде... Сөзін жұтып қойды. Əсет те, мен де одан көзімізді алмадық. – Ал егер Қалан ағаның тілін таба алсаңыздар, – деп сабақтады ол ойын ақыры, – тамаша журнал шығаратындарыңызға көзім жетіп тұр. Мазмұнды, тəлімді, пəрменді, қызықты басылым болатын тəрізді. Жоба мақсатын жоғары бағалағанына алланың нұры жаусын, мен оған ризашылықпен басымды изедім. Дегенмен біз Əсет екеуіміз осында келе жатып, мұндай ықтималдықты ауызға алмаған едік. Жалпы, Əсеттің осынау Талап есімді
бауырмал інісі істейтін мекеменің менің журналымды қаржыландыруы мүмкін бе, жоқ па деген сұрақ та тумаған. Дұрысында – менің тарапымнан. Ал Əсеттің іштей соны көздеп келе жатқаны мүмкін екен-ау... Солай тəрізді... Əсет оның қарынан қағып: – Бізге сенің пікірің маңызды, – деді. – Қалан ағаңа қазір бірге кіріп шығайық... Алайда Талаптың Қалан ағасы бірден ұстата қоймады. Өзі Талапқа аға болғанмен, ыңғайы, бізден едəуір жас көрінді. Заман іскерлікті талап еткен кезде аспай-саспай, ұпайын түгендеп алған іскер жігіт тəрізді. Алдымен бізді алдына алып кірген Талаптың таныстырмасын тыңдап болар-болмастан: – Сен барып өз жұмысыңды істей бер, – деді. Көп сөзі ішінде қалғандай көрінген Талап бізге қысыла иілді де, кабинеттен шығып кетті. Қалан Əсетпен əлсін-əлсін кəсіпкерлер жиындарында кездесіп қалып жүрген сияқты, жақсы жүзтаныс, жасы үлкен аға ретінде сырттай сыйлайтын адамы екен. Мені де сыртымнан тəп-тəуір білетін көрінеді. Қазақша басылымдарды қарап тұрады ғой... Екеуімізді өзінің осынау жұпыны кеңсесінде көргеніне қуанышты. – Аллаһ-Тағала қош көрсе, біздің фирманың жаңа үйіне де келерсіздер, – деп, өзінің əне-міне жаңа да дербес жеке ғимаратқа көшкелі отырғанын естіртті. Біз оның осынша табыспен жүріп келе жатқан бизнесіне сəттілік тіледік. Ретімен өз келісіміздің мəнісін айтқан болдық. Бірақ ол тікелей жауап беруден жалтарды. Жалпы əңгімеге ауыса берді. Орағытып, сөз арасында, өзінің, жалпы, бізді толғандырған бұл салаға да бейтарап қарамайтынын, түрлі ретпен араласып қоятын əлдеқандай қатысы барын сездірді. – Сіздің бізді түсініп отырғаныңыз қуантады, – дедім мен, – мақсатымыз... О, ол баспасөз мұңын жақсы біледі. Қазір өзі, шындап келгенде, күллі сала қиындық көріп жатыр ғой... Үстіміздегі өтпелі кезеңде талай ұйым күнкөріс көзі қалмағандықтан, ұжымын таратып, жабылып жатыр емес пе...
Қалан өзінің алғырлығы мен іскерлігі арқасында, тəубə, ешкімге тəуелсіз, талайлар көзін сүзетін мықты фирма шаңырағын көтеріп алды. Шүкір құдайға. Бүгінде тіпті үкіметтің өзі бұған арқа сүйейді. Маңызды келіссөздер жүргізулері үшін ол былтырдан бері үкімет адамдарының бірнеше рет шетелге барып келу шығынын көтерді. Əріптесі Əсет пен оның жақсы жолдасы Бағдат ағалар мұның астарын түсіне ме? Қазір ақшаң болмайынша бірдеңе тындыруың мүмкін емес! Осы күнгі билік тұтқасын ұстағандар мен өнердің биігіне шыққандардың бірқатары он жерден лауазымды, талантты болса да, еркін экономика тетігін игерген Қаланның қамқорлығына тəуелді болып қалды! Қалан есіп, шалқи сөйледі. Əсет қабағын керді. Иə, деді, бұл өзі де бизнеске бекем кіріккен фирмада қызмет атқарып жүргендіктен, бұдан хабардар ғой... Мен оның шалқыған көңілмен серпіле шерткен сырына үнсіз құлақ түрген қалпы, қосарым болмағандықтан, тымтырыс отыра бердім. Əсет əрəдік оны қоштап қояды. Қалан бабында тұр екен, тағы біраз уақыт ағынан жарылып, өзінің жұртқа істеген жақсылықтары жайында біраз сыр ашты. Қаржыдан қысылып тұрмыз деген соң, бірер əдеби басылымға жəрдем бергенін де ауызға ала кетті. – Бірақ олар артынан өзіңді лезде танымай қалады екен, – деп күлді. Сосын бұл тақырыпқа көп тоқталмай, өзінің жоқжітіктерге ұдайы көмек беріп жүргенін айтты. Жалпы, қазақы жігіт боп шықты. Тəуелсіздіктің арқасында ұлттық мүддені батылырақ ойлауға бет бұрғандар қатарывнан көрінеді. Қазақтың жыртығын түгендесуді парызы санайтынын, сол ретте пəленшеге, түгеншеге көмектескенін, мұсылмандықты қолдап, мешіт салам деген еліндегі азаматтарға қаржы жібергенін əңгімеледі. Онысы қызықты еді, бірақ біз жəй ғана тек оның мырзалықтары хақында тыңдап қайтуға келген жоқпыз ғой... Əсет маған бір қарап қойып, тағы да тəуекел етті: кең
ауқымда осынша мырзалық жасап жүрген жігіттің менің ниетіме демеушілік жасауға ықыласы болар ма екен? Жөткірініп алды да, су жаңа баспасөз органын қаз тұрғызып жіберуге осынау ауызға ілігіп жүрген іс адамы Қаланның қалай қарайтынын сұрады. Баспасөз бе? Əлгінде айтты ғой, иə, Қалан қазақ баспасөзін көтерісуге де атсалысып келеді. Бірақ осы жазушылар мен ғалымдардың жақсылығыңды ұмытып кететіні бар екен. Мəселен, ана бір жолы бір үлкен журналдың шығынын көтергені бар. Не болды дейсіз ғой? Сонда мықты журнал бетінде теп-тегін жарияланғандар аяқтары аспаннан салбырап түскендей болып, бұны ауыздарына да алмады, тіпті танымайтын түр көрсетіп жүр. Кімнің арқасында жазғандары жарыққа шыққанын ойларында ұстамаған соң, салың суға кетеді екен де... Жалпы, сөздің ретіне қарай айтып жатқаны ғой, Əсет секілді қадірменді ағаны, тиісінше, бұл кісі өзімен бірге алып келіп отырған, елге белгілі Бағдат ағаны да сыйлайды ғой. Қазақ үшін еңбек етіп жүрген бір бағыттағы азамат ретінде. Бұл кісілерді өзіне сілтеген Талапты қарамағындағы қызметкері болғандықтан жақсы біледі. Оның пікірін алдағы уақытта тағы бір мəрте тыңдап, тиянақтап зерттеп байқар. Осы іске мұрындық бола келген Əсет ағаның сөзін жерге тастамауға тырысар. Олардың пікірімен мұның санаспауы мүмкін емес. Саспасын ағалар. Не керек, Бағдат ағаның журналын қолдау жайын ойластырып көрер. – Тағы соғатын шығарсыздар, сонда толығырақ сөйлесерміз. Ол телефон аппаратын өзіне қарай жылжытты. Мейман айып етпесін. Қазір уақыт тарлау боп тұр, Қаланның бір кісімен кездесуге асығып тұрған жайы бар... Қалан бізбен қоштасқанша асықты. Əсет мені оған кейін де алып келді. Сырғыта сөйлесіп, тағы ештеңесіз шығарып салды. Əсет менің алдымда ыңғайсызданыңқырап: – Мен сізді əуреге салып қойдым білем, – деді. –
Қазақылығын естіп жүргендіктен, тап бүйтер деп ойламап едім... Мен қобалжымауын сұрадым. Жаңа заман жаңа адамдарды тудырып келеді. Шамасы, ескі дəуір екпіні қанымызға əбден сіңіп кеткендіктен, бізге бұлар бейтаныс көрініп жатқан да... Олар да ескі дəуірден тамыр алады... Ендеше тани алмағанымыз да... Дегенмен біз де осы тасы өрге домалап тұрған тамаша жігіттің жай-жапсарын біршама біліп қалдық. Қалан оңай шағылатын жаңғақ емес, бұл анық. Ертеде түстіктегі қазақ əлдебір ерекше пысықты сыпаттағанда «Тəшкен көрген» дейтін тіркесті қолданатын, соны бұған да айтуға болады екен. Əсет те, мен де сондай ойға келдік. Бұл жігіт бертінге дейін, ата-анасының тіршілігі ыңғайымен барып қалған өзбек елінде көбірек жүрген екен. Тіпті сол ағайындардың арасында өскен, оқыған, солардың табиғи ықпалымен, тиісінше, базар талабына кеңес дəуірінен-ақ бейімделіп үлгерген азамат болып шықты. Оқу-тоқуы, бастапқы еңбек жолы сол жақпен байланысты. Алматыға демократияның алғашқы лебі еркін соға бастаған шақта қоныстанған да, қайта құру саясатының нағыз сезімтал тұтынушысы бола білген көрінеді. Алғашқылар қатарында серіктестік құрды, түрлі үйлер салды. фирмасына да əдемі ғимарат тұрғызып алды. Өзі айтқандай, жақын күндері сонда көшеді. Сонда жаңа да ауқымды жұмыстарды қолға алады... Əңгімесінен байқалатыны, ақша жасаудың тоқсан тоғыз əдісін біледі. Бұл орайда ол мұсылмандықтан да пайда табуға болатын жол тапқан тəрізді. Əлдебір шет ақшалыларының қаржысын пайдаланып, болашақта жұрттың намазды қазақ сөздерімен айтуына қол жеткізгісі келетін көрінеді. Əсеттің айтысына қарағанда, оның президентінің де девизі “ақша жасау” болуға керек. Ендеше екеуі бұл тұрғыда тұқымдас. Бірақ жасаған ақшаларын жұмсау объектілеріне келгенде, біріне бірі ұқсамайды. Қаланның бұл ретте бір əлсіздік көрсетіп қоятыны бар,
оны біз де шамаладық, Талап та сыр етіп, бүкпесіз айтты. Қалан ағасы өзін өте жақсы көреді, деді ол, баспасөзде өзі туралы көбірек жазылса, іскерлігін дəріптесе, мақтаса дейді. Ашып айтпайды, бірақ солай. Көмек берген адамдары мұны аузынан тастамай, əрдайым төбесіне көтеріп жүрсе дейді. Ол айлық беріп, жұмысында журналист ұстайды екен. Фирмасын насихаттап жазса дейді. Астары белгілі ғой, өзі жайында жəне өзінің атынан мақалалар жазылуын күтеді. Бірі көңілінен шығады, бірі шықпайды, əйтеуір, осы уақытқа дейін бірнешеуі ауысты. Біздің жас досымыз Талап та қызметке сондай мақсатпен алынған көрінеді. Бірде өзінше бір мақала жариялаған екен, бəлеге қалыпты: «Мен саған ақша төлеп отырмын, демек, мұнда жазғаныңның бəрі менікі! Ешкімге өз атыңнан сұқбат бермейсің, өз атыңнан еш газетте ешқандай материал жарияламайсың!» деп ашық шектеу жасапты. Содан бері Қалан ағасының аты-жөні құдды мұның шығармашылық лақап аты. Мұны Талап шарасыз мойынсұнған кейіппен, күле отырып айтты. Бірнеше ай болды, Қалан ағасының қалағанының бəрін соның атынан жазып жүр. Қазір оның бір кітабын жазып дайындау үстінде... Осы бір осал жерінен Қалан ағасын бұлардың да ұстағаны жөн тəрізді... Сонда, қалай, оған бірдеме жазып берем деу керек пе? Жоқ-а, ол не дегеніңіз... Бəлки, оны журналдың алқасы құрамына кіргізсе жарап қалар, ол сондай бір атақтарды жақсы көреді. Сонымен бірге мына бір жəйтті Талап бұл жақсы ағаларына құпиялап айтып қойсын: Қалан ағасының өзі не қазақша, не орысша сауатты жаза алмайды, соған қарамастан, үлкен газеттерде өз атынан мақала шыққанын жақсы көреді. Сосын əлдекімдер дайындаған əлдебір ұсыныс, мақала, хат дегендерге белгілі адамдармен бірге қол қойғанды ұнатады... Егер Бағдат аға, мəселен, оның осы фирмасы мен алғыр кəсіпкер тұрпатындағы өзі жайында журналында жүйелі түрде жазып тұруға уəде етсе... Əсет маған қарады. Мен басымды изедім: ойлануға тұратын пікірлер...
– Бəлкім, Əсет аға, баспагерлік істі бірнеше фирма бірлесіп көтеруге уағдаласатындай жағдайға қол жеткізген дұрыс шығар, – деді идеяшыл жас жігіт. – Сонда бұл ағайдың журналына жағдайласу оңайлар еді. Осындай жолмен де қызметтестік жасау сұлбасы сызылғандай болды. Сол күннен бастап, Қаланмен келіссөздерді үзбей жалғастыра келе, өзге де жолдарды қарастыра бердік. Менің шаруамның орындалу қисындары бірте-бірте айқындала түсті. Əсет інісімен бірге менің шын жанашырыма айналды. Екеуі, əрине, негізінен Əсеттің өзі, менің журналым үшін демеушілер іздеді. Ақыры Əсеттің əлдебір танысы мəрттік көрсетіп, жаңа журналға бір мəрте демеушілік жəрдем көрсетуге уəде етті. Бұл бізді кəдімгідей желпінтті. Сол күні біз Əсет екеуіміз əжептеуір сырластық. Əуелі тау баурайындағы қымызханда отырып, айналамыздағы жаңа заман мен еліміздегі өзгерістер жайында əңгімелестік. Сосын Əсеттің үйінде, кішкене жұмыс кабинетінде біраз сыр шертістік...
*** Ол екеуіміз кездескелі бері санамызды жаулаған мəселеден туындатып, адамдар тіршілігінің қозғаушы күші жайында пəлсафа соқты. Мен де шама-шарқымша, пікірлесу отын үстемелесіп отырдым. Біз мынаған келістік: жаңа дəуір жаңа құбылыстар туғызды. Жаңа тұрпатты кəсіпкерлер пайда болды. Өте білімді, европаша мəдениет тəрбиесінен шыққан Алан секілді əлем азаматтары ел тұтқасын қолға ұстауға белсене кіріскен. Біліктілікпен қимылдайды олар, өздері сықылдылармен жəне шетел алпауыттарымен бірлесе əрекет етеді. Бірақ қазақ мүддесін анық ұсақ ая көреді. Ал қазақ үшін Қалан сияқтылар тер төгуі ықтимал. Бірақ бұлардың, бəрі демейік, көзіміз көріп тұрған епті жігітті алғанда, өресі тарлау, өзектерін орынсыз өзімшілдік пен қызғаныш өртейтінін байқайсың. Осы тұрғыда сынға алып, өлшемге салғанда, былай ойлайсың: бұлардың өздері байыр-ау,
даңқын да асырар, бірақ шын мəніндегі елдік тірлік жасай алулары неғайбыл, тіпті күмəнді... Соған қарамастан, осынау екі тұрпатты тырбанушыларға ортақ бір қасиет бар, ол – алға қойған мақсаттарына ұмтылудағы табандылық. Екеуінің де бойын мықты сезім, ерен құштарлық билеген. Төбеге жетуге құмарлық, ақшаға, билікке деген сүйіспеншілік сезім олардың есін алған деуге болады. Осынау екі тұрпатты, екі ұстанымды іскер азаматтарға тəн ортақ қасиет – көздеген биіктеріне табанды түрде, жолындағы кедергі болатынның бəрін ысырып тастап, өзгеше бір құштар ынтамен бет алу... – Білесіз бе, Бағдат, – деді Əсет ойлы жүзбен, – құштарлық кейде адамшылықтың басқа қасиеттерін ұмыттырып жібереді екен ғой?! Мен оған сұраулы кескінмен қадала қарадым. – Иə-иə, – деді ол, – бойды құштарлық билегенде, өзге қажеттіліктер – айталық, əділдік, ар-ұят, адамгершілік дегендер – адырам қалады... Мен одан сайын таңырқадым. Оның бұлай ойлауына не жорық... Ал оның бұндай пайымға ерік беруіне менің ойда жоқта есіне салған алыс заман естелігі серпін берсе керек. Алан мен Қаланға ортақ қасиеттер жайында ойлау барысында соларды өзара ұштастырып отырған екен... Осы бір жəйт біздің сырласу ауқымымыздың кеңеюіне себеп болды. Сөйтіп, құштарлықтың құбылмалы түрлері хақында жаңаша ой түюі нəтижесінде, ол алғашқы күні аяқталмаған əңгімені сабақтап, маған жаңаша көзқарасымен байытылған сырын шертті. Мына тауарихты мен оның кішкене жұмыс кабинетінде естідім. – Сізбен кездескелі бері көптен ұмыт қалдырылған жəйт қайта еске түсті емес пе. Əлгі диқандар қосындағы əңгімені айтам. Шіркін, албырт жастықты қойсайшы. Неменеге қызындым екен деймін... Бұл қазіргі ойым ғой. Бірақ оным бұдан отыз жыл ілгергі жиырманы енді ғана орталай бастаған жас жігіттің сезімін
күстаналау сияқты шығатынын сезем. Сондағы өмірі көрмеген-білмеген біреулердің қылығын суырылып шығып жападан-жалғыз қорғаштауым, шынын айтқанда, біртүрлі оғаштау тірлік қой. Соның себебін айтпақпын. Түнеугүнгі алғашқы жүздесуімізде өзіңіз түрткі болғалы бұл мəселе жадымда əлденеше жаңғырды емес пе. Жаңғырып қана қоймай, жаңа таразыға түсуде. Жаңаша безбенделіп жүр. Сол жолы еріксізден-еріксіз ұшығын шығарғанымда, өзіңіздің «қатты қызықтырып барады» дегеніңіз есіңізде ме? Сондағы күткен əңгімеңізді сізге қалай баяндасам екен деп көп ойландым. Ақыры мынаған тоқтадым: мен сізге бір сырлы хаттарды оқып берем. Бəрін емес, соңғыларын. Олардың əлдебір құпиялығы болуы ықтимал-ау дейтін мерзімі өткендіктен, əрі ұзақ уақыт менде сақталуы себепті, ендігі менің меншігіме айналғаны анық. Сондықтан да олар тек маған тиесілі жазбаша айғақ-құжат. Сол оймен, одан бері сонша жыл өткенде, сіздің еске салуыңыз түрткі болып, тəуекелге бел будым да, сізбен кездескен күні талай жыл бойы қалтарыста жатқан бір бума хатты тұңғыш рет өзім оқыдым. Түйгенім – сізді солардың кейбірімен таныстырудың өзі қызығушылығыңызды қанағаттандыруға жеткілікті болып қалар... Қайдан келген айғақ-құжат дерсіз... Оны менің бір жылдары пəтерде бірге тұрған университеттес досым Қанат қалдырған еді. Мен диплом алдындағы іс-дағды машығынан өтуге аттанғанымда ол оқуын бітіргелі тұрған. Қайта оралғанымда көрдім, ол маған қысқа хат жазып, бір бума қағазын жатақхана қоймасына өткізулі менің заттарымның арасында қалдырыпты. Содан бері менде сақталып келеді. Шынын айтқанда, өмір жолының əр тарамына əр жақта түскен біздер көптен хабарласқан да емеспіз. Отыз жылда сұрамаған қағазын енді ол іздей қоймас. Тіпті əлдеқашан ұмытқан да болу керек, жоғалғанға балауы да ықтимал. Сақталды-ау деп ойласа да, енді кездесу мүмкіндігі қисынсыз себепті, менің оларды отыз жылдан соң оқығанымды білмес, білген күнде, оқыды деп те ұрыспас...
Қысқасы, тыңдай беріңіз... Ол тартпасынан қатталған көне конверттерді шығарды. Үстіңгісін қолына алып, ішінен оқушы дəптеріне жазылған хатты суырды. – Алматы мен оның иегінің астындағы немесе таяқ тастам жердегі Қаскелеңде тұрып та хат жазысу қазіргі жастардың түсіне де кірмес, қалай ойлайсыз? Ол маған қарап күлімдеді. Үш-төрт ай бойы поштамен хат алмасып тұрған қыз бен жігіттің сол шақтағы көңілкүйін бірге елестетіп көрейік деді. Түсінікті себеппен ол бір ғана тараптың жазған хаттарын оқып бермекші. Басқасын екеуіміз іштей елестетіп, өз қиялымызбен толықтыра берерміз... Қысқасы, тыңдай берсін... Əсет хаттарды байыппен, дауыстап оқуға кірісті. Қоңыр үнімен азын-аулақ түсініктеме де беріп қояды. Оның бірінші оқып отырған хаты Алматы іргесіндегі қалашыққа педагогикалық практикаға барған студент қыздың орталықта қалған досына жазғаны екен. Біздің көз алдымызға отыз жыл ілгергі жағдай, алыстан келген ауыл жастарының астанада оқыған шағы елестеп жатты... «Қаскелеңнен сəлем! Амансың ба, Қанат! Хал-жағдайың қалай? Кеше өзіңнен кеткеннен кейін жатақханаға түнеп шығып, таңертең сағат 7-де тұрып кеттік. Мен сабағыма үлгеріп едім, бірақта, дайындығым болмаған соң мектепке бара алмадым. Қазір Нұрғанымды жіберіп отырмын. Ол кеше келіпті. Бұл жерде күн суық екен. Қазір қар жауып тұр. Үйге тоңып зорға жеттік. Зинканың түстен кейін сабағы бар, ол соған дайындалып отыр. Ал мен саған хат жазып болғаннан кейін жатпақпын. Өзіңде қандай өзгерістер болып жатыр? Кеше Ырзабектікінде қондың ба? Біз енді күнделікті бірқалыпты өмірге қайтадан келіп кірістік. Менің кездесерміз деген үмітім бар əлі де. Ал, сау болып тұр. Сəлеммен Раушан деп білерсің. 10/Х-1966 жыл.»
Хатты төңкерді де, Əсет өз білігінше, оның астарын ашуға тырысты. Бұл қыз бен жігіт мектеп қабырғасынан жүретін болса керек. Содан олар студенттік жылдарында əлдебір себеппен елеулі түсініспеушілік мерзімді бастан кешкен екен. Ғашық жастар арасында кездесе беретін сезім шарпыстары ғой. Болымсыз бірдеңеден ренжіскен, сосын табысқан. Мынау – мазмұнынан байқалып тұрғандай, екеуі татуласқаннан кейінгі алғашқы хат... Əрі қарай кеттік... «Сүйікті Қанатым! Оқып шықтым. Маған ұнағандай болды. Жақсы жазыпсың. Бірақта кейбір жерлерін толық түсініңкіремедім. Жолыққанда түсіндірерсің. Қанат, дегеніңе жет. Менің де тілегім сенікіндей. Бірінші қадамың құтты болсын. Қадамыңа нұр жаусын. «Қиындықпен тапқан бақыт тəтті де адал!» Екеуіміздің махаббатымыз одан да зор арта түссін! Менен бір цитат сұрап едің ғой, соны жазып отырмын: «Кісіні сорлы ету əркімнің қолынан келеді. Мықты болсаң – бақытсызды бақытты етші», – Белинскийдің сөзі. Сəлеммен сүйікті Раушаның. 31/Х-66ж. Сағат кешкі 9-45. Енді ұйықтаймын. Түсіңе мен кірейін». Алғашқы хатпен араны үш апта бөліп тұр. Екі хат сарыны екі басқа. Арада нендей тəтті кездесу-қауышулар, сырласулар өткенін шамаларсыз? «Қаскелеңнен сəлем! Амансың ба, Қанат! Хал-жағдайың жақсы ма? Денің сау ма? Қандай жаңалықтар бар? Қанат, сен суббота күні неге келмедің? Мен əбден күтекүте шаршадым. Екі көзім төрт болды. Қанат, мен бүгін Алматыға барып қайттым. Келіп отырғаныма он минуттай болды. Мені қыздардан анау үй шұғыл шақыртып жіберіпті. Түскі сағат 2-де кетіп, қазір келдім. Саған соға алмадым. Себебі, ертең менің сабағым бар ғой. Егерде қонатын болғанымда, саған барып кетер едім. Қанат, сен неге маған хат жазбай жатырсың? Міндетті түрде күту керек менің хатымды, а? Бұрын жазсаң – онда тағыңнан түсіп қаласың ғой?!! Қанат, хатты Əмзеге бердің бе? Немене, келетін болды ма?
Соның хабарын дереу жазып жіберсін деп жатыр Тоня. Қанат, сен əлі Зинкаға барған жоқсың ба? Неге бармай жатырсың? Ол саған өкпелеп жүрген көрінеді. Анада Ырзабек барған бізбен бірге, қай жерде жататынын көрген, барып тұрам деп уəде беріп кеткен. Ол да əлі бармапты. Саған адресін апарып бермекші болған, алмадың ба, əлде қолың тимей жүр ме, қайдам? Қанат, таблицаны 3-күні ала кел. Мені ауылға барасың ба деп шақыртқан екен, мен бармаймын деп келдім. Неменеге барамын, бар-жоғы 15 күн қалғанда. Осыным қалай? Ендігі сенбіге дейін қалай шыдайтынымды қайдам, əбден сағынып жүрмін. Сен сағынған жоқсың білем, сағынсаң – бір хабарыңды берер едің ғой. Ертең кешке Нұрғаным мен Тоня Алматыға кетеді, мен əжеймен үйде қаламын. Маған тағы көңілсіз болады. Сенбі күні кешкі сағат 8-ге дейін үйде жалғыз отырдым. Егерде Нұрғаным мен Тоня екеуі жолдары болмай қайтып келмеген болса... Сол күнгі саған өкпем бе! Қанат, тез кел маған. Əңгімелесетін əңгіме бар сенімен. Бүгін қыздарға жолықтым. Сен туралы. Сəлеммен Раушан. 28/ХІ-66ж. Сүйемін». Бірнеше күннен соң, дəстүрлі амандықтан кейін: «Мен уəдемде тұрмай, саған бірінші болып хат жазып отырмын. Шыдай алмай кеттім, – деген сөздермен жаңа хат сабақталыпты. – Сен əлі маған хат та жазған жоқ шығарсың. Қанат, сенбі күні сол сағат 3-4 кезінде келетін бол сен бізге. Біздің қыздардың тілегі бойынша. Қара, қызыл тушь, плакатное перо ала кел. Қыздарға таблица жазып бересің. Маған жазушылардың бір набор открыткасын ала келші, мұнда альбом жасап беруім керек қой. Ал өзіңде қандай жаңалық бар, еш жаққа қыдырған жоқсың ба? Мен кеше түсте келдім, жолдағы серігімді өзің көргенсің, жол бойы ол маған сөйлеген де жоқ. Келсем – үйде Тоняның досы отыр, біздің үйге қоныпты, түстен кейін ғана кетті. Келісімен жатып қалғанмын, содан міне бүгін түрегеліп отырмын. Жаман ауырдым. Енді, мінеки, қыздар мені
мазақтап отыр. Түнімен ұйқы бермедің ұйқысырап деп. Сонда неше түрлі сен туралы айтқанмын ба, білмеймін өзім. Сен менің басымды əбден айналдырдың ғой. Менің басымдағыны тура сенің басыңа берсін... Біздің практикамыз 13-не бітетін көрінеді. Так что осы апта ғана қалды бізде. Сенің таблицаңды бүгін апарып өткізермін. Қандай сын айтар екен, оны өзіңе əңгімелеп беремін. Қанат, сенің кешегі новеллаңды оқыдым. Сен тура өзің барлығын басыңнан өткергендей жазыпсың. Маған өте ұнады. Қыздарға да ұнады. Тоня айтады: мына Қанат қазақтың Мопассаны ғой дейді. Ал, Қанат, маған тезірек хат жазшы. Мен шыдай алар емеспін. Тезірек жаз. Сағындырмай келші тездетіп, Хат жазғанша өлеңдетіп, – мына өлеңнің осы жері ойыма сап ете қалып еді, саған жаза салдым. Қайтем, менің өзімде талант жоқ шығара салатын. Қанат, сен ауылдан хат алдың ба? Қалған сабағыңды жылдамырақ отработка жасап, кел маған. Мойныңа қарыз қылмай. Саған қыздардан, менен, т.б., Л-тен, Э-тен сəлем! Сау бол. Сүйемін сені. 6/ХІІ-66ж.» Бақытты жанның сөздері... Бұдан кейін тамаша кездесу де, қимас қоштасу да орын алған тəрізді... «Қаскелеңнен сəлем! Амансың ба? Алматыға қалай жеттің? Ауылдан хабар алдың ба? Ырзабектің халі қалай екен? Менің денім сау, өзің көрген жағдайдамын». Соңғы үш сөздің астын баттитып сызып қойыпты... Əсет соны маған көрсетті де, сұрауды жүзін көтерді: астын сызып қойған бұл соңғы үш сөз қандай сыр бүгіп тұр деп ойлайсыз? Сөз жоқ – бақыттылықтың бір нышанын... Жалпы, ғашықтың тілі – тілсіз тіл... «Нұрғаным мына менің қасымда, саған сəлем айтып отыр. Ал Тоня өзінің досымен кездесуге кетті. Апа да үйде отыр. Қанат, неге маған хат жазбай жатырсың? Əлде менен күтіп жүрсің бе? Мейлі, енді жазбасаң да болады. Аз күнде өзіміз де барамыз ғой. Қанат, біз документтерімізді жинақтап
жатырмыз. Ертең сабақ беремін. Біздің группадан басқасын босатты мұғалімдері. Ал біз сəрсенбіге дейін сабақ беретін болдық. Мен саған сəрсенбі күні сағат 4-ке «Қазақстанның» алдына кел деп едім ғой, соны білмеймін – сəрсенбі күні жете аламыз ба, жоқ па. Сол себепті сен мені 5-ке дейін тос, келмесем – бейсенбіде сол уақыт аралығында соғарсың. Əрине, егерде ренжімейтін болсаң. Уақытың болмаса – келмессің. Мені сағындың ба, жоқ, сағынған жоқсың ба? Мен бүгін ауылдан хат алдым. Қашан келесің деп жазыпты. Мне что-то совсем неохота уезжать. Білмеймін, қандай себеп бар екенін. Қайдам. Мүмкін былай болар: «Келіннің бетін кім бұрын ашса – сол ыстық...» Түсіндің бе, Қанат? Екеуімізді жақындатқан осы Қаскелең емес пе? Ал, Қанат, басқа немене жазам. Сау бол. Сəлеммен Раушан. Қанат, кеше маған жазған плакатыңның қатесін түзетпепсің ғой? Мен ұмытып кетіппін айтуға, ал сен əдейі солай қалдырдың-ау?! 13/ХІІ-66ж. Целую тебя». Аңғарамысыз: жастар жанын жадыратар астарлы сыр бар емес пе... Əсет келесі хатты ашты. Бас жағын көзімен шолып өтіп, қыздың жігітіне тағы бірнеше күннен соң, шамасы, каникулға шығып, еліне кеткеннен кейін, алыстан жазғанын оқыды: «Төңкерістен сəлем! Амансың ба, Қанат! Кеше түсте аман-есен үйге жеттім. Енді бүгін саған хат жазып отырмын. Үй-іші тегіс аман-есен, жағдай жаман емес. Кеше Тимка сөйлесті, записканы алыпты. Қалай алғанын сұрағаным жоқ, өзің бердің бе, əлде қойып кеттің бе? Бұл жақта еш жаңалық жоқ көрінеді. Сау бол. Сəлеммен Раушан. 17/ХІІ». Əсет бұл жазбаның сарынына тоқталмады. Төңкерістен тағы он күн өте жазылған хатта дəстүрлі амандық-саулық сұрап болып былай жалғастырыпты: «Сабақ барысы қалай? Қандай жаңалығың бар? Почему молчишь? Мен саған өткенде, 17 декабрьде бір хат жазып жіберген болатынмын, соған əлі жауап қайтармадың. Алмадың ба, əлде қолың тимей жүр ме, бог знает?
Аманшылық болса сол 3-4-інде барып қалармын. Шығарымда хабарласамын ғой. Менен Ырзабекке сəлем. Сау бол. Сəлеммен Раушан. 27/ХІІ-66ж.» Студент достардың бірі каникулдан оралып, екіншісі каникулға кетіп жатқандағы хат жазысулары. Жоғарыда оқығандарымыз – қыздың үйінен қалада қалған жігітіне жазғандары болса, енді, арада біраз уақыт өткенде, керісінше, ауылына каникулға кеткен жігітіне қыздың Алматыдан жолдаған сəлемін оқимыз. Əсет оны түйсініп оқиды. Қыз каникулдан оралғаннан соң жігітімен Алматыда қауышып, бір айдан кейін, жігіті каникулға кеткен жаққа жазған мына хатына назар аударайық: «Алматыдан сəлем! Қалай жеттің үйге? Ауылда қандай жаңалықтар бар екен? Менің денім сау, жағдай жаман емес. Тек ептеп көңілсіз... Қанат, мен қазір кинодан келіп отырмын. Біз «Граф МонтеКристоны» көрдік. Өте жақсы картина. Осы фильмнен соң менің көңілімнің қандай болғанын білсең! Сондай тамаша картина, келгенде міндетті түрде көрші. Мен өзімді өзім таныр емеспін. Тіпті өзіме өзім ұқсамай отырған сияқтымын. Менің хатымды өзіңнен басқа ешкім оқымас деп сенемін. Білесің бе, мені саған хат жазуға итерген осы кино болды. Сен ол романды оқыған едің ғой. Сен ауылдан оралған соң екеуіміз бірге көрейікші, жарай ма? Жақсы демалып қайт. Менің қолым дірілдеп отыр, бұған жалғыз сен кінəлісің. Бұған жалғыз сен кінəлісің! Ал, сау бол. Жылдам кел. Тезірек кездескенше. Сəлеммен сенің досың Раушан. 30/І-67ж.» Əсет хатты өзге оқылғандардың үстіне қаттап қойды, басқасын ашқан жоқ. Сосын маған ойлана қарап, өз пайымын суыртпақтата тарқатты. Міне, енді ойлайық: осынау қарапайым, аңқау да сырлы хаттар жас жүрек лүпілін, шын сезімді, терең ғашықтық сезімді айғақтап тұрған жоқ па? Бұларды нағыз махаббаттан, шын құштарлықтан туған деуге болады емес пе? Қарапайым,
аңғал, аңғырт, бірақ бақытты сөздер екені анық қой. Біріне бірі құмар, ашық жандардың сезімін байқататынына кім күмəнданбақ? Алпысыншы жылдарғы Алматыда жоғары білім алған ауыл қызының махаббат сезімі өз қолымен осылай таңбаланған. Шынайы сезімнен хабар береді ғой, солай емес пе?! – Отыз жылдан кейін сіз бен біз жолдар арасында жасырынған сөздерді жүрекпен оқып отырғандаймыз. Маған солай көрінеді. Бəлкім олардың сүйіспеншілік күйді бастарынан кешкен кей шақтарын өзім көргендіктен бе екен... Мен оны үнсіз тыңдап отырмын... – Сізге олардың қарым-қатынасы бұл хаттардан айқын көрінбей тұр ма? Иə-иə, бұл хаттар арасында талай тəтті кездесулер болғанын орынды аңғарып тұрсыз, мəселе соларды ежіктей беруде емес, мəселе – бірін-бірі осынша сүйген жандардың ақырында қосыла алмауында. Мен əлгі Жаңбырлы дала қосында қызбаланып үлкен кісілер көңіліне тиген болсам – тек сол өкініш өршіп тұрған шаққа тап келгендіктен ғана. Қазір басқаша қарар едім. Жастыққа максимализм тəн, қайтерсіз. Дегенмен, не болды екен оларға кедергі келтірген? Алайда Əсет оны ежіктегісі келмеді... – Сонда мен шын күйінгенмін-ді, – деді бар болғаны, – өз бақытын өзі қорғай алмады деп, махаббатын, жан құштарлығын пендешілікке, сенімді адамдары уəде еткен жақсы тұрмысқа құштарлық көрсету əлсіздігіне жеңдірді деп, ол кезде Раушанды іштей қатты кінəлайтынмын. – Сосын Жаңбырлы дала қосындағы сəтті көз алдына елестетіп кетті білем, маған тік қарады да, сөзін былай сабақтады: – Сондықтан да аспаз келіншектің ештеңеге қарамай, тіпті пəлен жыл отасқан, бірнеше перзентті бірге сүйген жарына, төлдеріне алаңдамай, өзіне кезіккен құштар сезімі жетегінде жүру батылдығына риза болған едім ғой. Соншалықты оғаш қылыққа қайран қала отырып, құптау сезімімді сондықтан да ерекше құштарлықпен білдіргенмін, есімде.
– Сіздің сондағы батылдығыңызға, менің ойымша, қоста болғандардың бəрі риза болды. Əсет иығын қозғады да қойды. – Бірақ мұның бəрі ертегі, – деді ол сосын, – қазіргі жастар мұндайға күледі, сенбейді, қолын бір-ақ сілтейді. Не айтары бар, қазір жүрек ісіне де рационализм кірігіп кеткен. Құштарлық дегеніңіз де тиімділік тұрғысынан реттеледі. Дұрысында, біздің ұрпақ түйсінген дерт, жан дерті, үлкен əріппен атауға ылайық шын құштарлық, адал махаббат бұларға беймəлім... *** Мен дөңгелене түскен ірі де əдемі əріптермен жазылған хаттарға үңіле қарап, іштей қайталап оқып отырмын. Егжейтегжейлерін түгендеудің қажеті шамалы екені хақ, осынау қарапайым хаттардың өздері-ақ үлкен сезім хабаршысы болып тұрғанына күмəн жоқ. Тек Əсет қазіргі жастарға бекер күйе жағады. Əр кезеңде-ақ аға ұрпақ өзінен кейінгі буын тəрбиесіне күдік келтіріп келген... Əсет басын шайқады. – Құндылық кестесінің бүгінде аяғы аспаннан келтірілген, – деді ол, – адамзаттың күллі жан тебірентер əсем ұғымдары ысырылып етекке түсіп, байлық пен мансапқа тəуелді болып қалған. – Бұ мəселеңіз бұрын да соның о жақ, бұ жағында емес пе еді, – деп күлдім мен, – «Тоқырау» деген ен – əділетті дəулет жығып кеткеннен соң тағылса керек... – Тап қазіргідей көзге ұрмайтын. Əсіресе жүрек саласында. Сіз бен біз сөз еткен ақ сезім, тəңірдің сүйіспеншілік сынды ғажап сыйы бүгінде жəй ынтызарлық пен құштарлықтан ажыратылмайтын күйге енді. Басқаны былай қояйық, біздің бүгінгі жас іскерлер тірлігін білесіз бе, олар тек өткір түйсік тоятын ғана мойындайды. Жалғанды жалпағынан басып жүргендердің жақында бір еркін газетке берген хабарландыруын көріп шошынғаным бар. Сіздің көзіңізге түсті ме, жоқ па, онда əлдебір фирма өзінің іс-шаралық
кешінде еркін махаббат жағдайы жасалатынын ескерткенді. Не керек, бүгінгі жас іскерлеріңіздің ішінде ғасыр басындағы «бір стақан су» теориясын жүзеге асырғандар жетіп артылады... Əсет істейтін фирмаға алғаш барғаным, президенттің бос бөлмесінде тұрып көргенім көз алдыма елестеді. Əйткенмен мойындағым келмеді. – Сезім тəрбиесі, сүйген жанға құштарлық, тəңірдің ерек сыйын қадірлей білу мəселесі менің журналым үзбей қозғайтын тақырыптардың бірі болады... Тəуелсіз елде журнал шығарудың ішмерез əріптестеріңе тəуелді шырғалаңы қалай боларын бажайламастан, шығармашылық қиялға берілдім. Алда не бір өткелек тосып тұрғанын менен гөрі Əсет сезді ме, қайдам: – Алла жар болсын, – деді ойлы, баяу үнмен. – Құштарлықтың небір қыры барын шамаларсыз... ол жүрек саласында ғана емес, үлкен елдік істерде де көрініс табады. Тек, адалы қайсы... Соңғы күндері сіз бен біз байқаған жəйт – əлдебір мақсатты орындауға құштар болу көріністерінің қайсысы өміршең, қайсысын қолдаған жөн, кім біледі. Сіз басылымыңызда осындай мəселені жіті қарауға тиіс шығарсыз... Біз жас кезімізде революциялық құштарлық жайын айтқанды ұнатушы едік... Оны тыңдай отырып, менің көзім терезеге түсіп кетті – қараңғылық қоюланып төніп келеді екен... 30.06.2001.
ІІ ЖҮРЕГІҢЕ СЕН ТƏУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫНЫҢ СЫРЫ
Таудан күзгі ызғырық жел есіп тұр. Бұлт торлаған аспан аласара түскен. Ауа дымқылданып кеткен. Əне-міне жауатын жаңбырдан хабар бергендей. Мен күртемнің сырғымасын алқымыма дейін көтердім. Түнерген көкке бір көз тастап: – Аялдамаға жылдам жетіп алайық, қазір төгіп жібередіау, – дедім. – Иə, сөйтейік, – деді Гүлнұр, – у-у-у... – Басына капюшонын киді. Біз оқу корпусынан шығып келе жатқанбыз. Кенет қасымыздан қызыл галстугі жарқыраған Нұғман пайда бола қалды. Маған немкетті жүзбен қолын созды да, лып етіп жанымнан өтті. Сосын Гүлнұрдың құлағына əлдене деп сыбыр етті. – Иə, бұл жақсы болар еді, – деді Гүлнұр естірте сөйлеп. Біз біраз жерге дейін қатарласып бірге келдік. Сосын екеуі менімен жүре қоштасты да, сол қолдағы жіңішке жолға бұрылды. Көліктер тұрақжайына қарай апаратын жол. Тұрақжайда Нұғманның су жаңа мəшинесі бар. Иəиə, онда оны сүйріктей жұтынған сұр авто тосып тұр. Маркасын білмеймін, əйтеуір жапондық. Жазғы каникулға дейін мініп жүргені басқа болатын. Жылда ауыстырады. Біз университетке түсіп бірге оқи бастағалы астынан бірнеше түрлі мəшине көрдім-ау деймін. Мен оларға немкетті түрмен бас изедім. Иығымдағы сөмкемді бір дұрыстап алып, озып бара жатқан жүргіншілердің соңынан жүре бердім. *** Біз жиырмаға келдік. Тəуелсіздікпен жастымыз. Бізді бұл құрдастық ерекше қуанышқа бөлейді. Өйткені біз еліміздің ұлы оқиғасымен жастымыз. Ересектер айтқандай,
тəуелсіздікпен бірге есейіп келеміз. Сол ұлы оқиғаның арқасында – əр «дөңгелек» жасымыз жұрт назарында. Иə, солай. Мəселен, мен он бес жасымда «Тəуелсіздік құрдастары» деп аталған мектеп кешінде кластастарыммен бірге мақтана толқып тұрдым. Ғажап болған-ды. Ал биылғы жаңа оқу жылы басталғанда, арамызға арнайы ректордың өзі келді. Айтулы мерейжыл құрметіне. Курстастарымыздың ішіндегі жиырма жасқа толғандарды құттықтады. Тəуелсіздіктің құрдастары ретінде. Иə, солай болды. Осыдан екі-үш-ақ ай бұрын. Сонда, жиналыста, жиырмадағы студенттер арасынан осы Нұғман мінбеге шықты. Шықты да, дөңгелек мерейжылмен құттықтауға жауап ретінде, сөз сөйледі. Бəріміздің атымыздан. Ректор ағайға бəріміздің атымыздан алғыс сезімімізді білдірді. Сөйтіп, біздің баршамыздың осынау тарихи құрдастықты керемет бағалайтынымыз жайында саңқылдап қоя берді. Өзімізді еліміздегі ұлы оқиғаға сай ұстау – қайқайсымызға да зор мəртебе деді. Тағы сол сияқты ғажап нəрселерді майын тамыза айтты. Əрдайым жақсы оқуды, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуды бүгінгі тəуелсіздік құрдастары басты міндетіміз деп ұғады. Білікті маман болуға тырысады. Қысқасы, тəуелсіздік құрдастары отан үмітін ақтайды. Ағай бұған сенсін. Біз оны қоштап, ду қол шапалақтадық. Міне ол осындай, жанып тұрған жігіт. Менің курстас жолдасым. Ылғи сымдай тартылып, жинақы жүреді. Классикалық үлгіде киінеді. Үстінен ақ көйлек, мойнынан галстук түспейді. Арамызда оқ бойы озықтығымен үнемі ерекшеленіп тұрады. Белсенді, өжет, шешен. Бұл оның туа біткен қасиеті болуға керек. Ол жалынды сөзін аяқтады да, мінбеден түсіп, біздің қасымызға келіп отырды. Гүлнұр оның жақсы сөйлегенін айтып сыбыр етті. Мен де бас изеп қостап қойдым. Тағы бірнеше сөйлеушіні тыңдадық. Сосын жиналыс бітті. Аудиторияларға тарқап, сабағымызға кірістік.
*** Ортаңғы аллеямен төмен түсіп келем. Оларды елемегендей түр көрсетем. Ал ішім қыз-қыз қайнайды. Көше жаққа шығам да, тіке аялдамаға беттеймін. Мен көңілсіз ойларға шомып автобусты тосып тұрмын. Кенет жұтынған сұр мəшинесімен келе жатқан Нұғманды көрем. Қасында Гүлнұр отыр. Капюшонын шешіп, шашын екі иығына түсіріп қойған. Екеуі тура алдымнан зыр етіп жүйткіп өте шығады. Мен теріс айналам. Мен бұл қызды жақсы көрем. Жақсы көретінім сондай, оған басқа оқу тобындағы Нұғманның əдейі келіп жолығып жүргенін байқаған сайын жыным ұстайды. Қалай жынданбайсың. Əдепкіде ол менімен жолдас саналатын. Соңғы кездері маған үйірілгенін қойды. Неге қойғанын енді түсінем. Түсінем де жынданам. Тек сездірмеймін. Сəлем бергенінде, қолын немқұрайлы алам да қоям. Сөйлеспеймін. Алайда оның да менімен сөйлесуге құмартып тұрмайтынын білем. Ол менімен алғашқы курста танысқан қалпынан көп өзгерген. Қазір маған еріксіз, Гүлнұр қасымда тұрғандықтан ғана көңіл аударады. Гүлнұрға үзіле, ерекше телміре қарайды. Сондайын көргенімде – түңіліп кетем. Тіпті, құсқым келеді. Былай қарағанда, курстас жолдастардың бірі. Бірақ өзінің оңбағандық қылығымен мен үшін жеркенішті типке айналып үлгерді. Осы типтің тура жанымызға келіп, жағымпаздана емінгені аздай, кейде Гүлнұрдың да оған сүйсіне бұрылатынын қайтерсің. Шынымды айтайын, сондайды көргенімде, жарылып кете жаздаймын. Əзірге, əйтеуір, өзімді əрең ұстап келем. Айттым ғой əлгінде, ол өзі бір барып тұрған белсенді. Шолақ белсенді дер едім мен оны. Өзін бір маңызды да маңғаз тұлға етіп көрсетуге құмар. Кей-кейде ыңыранып, сыздап, əр сөзін жарылардай боп санап шығаратыны бар. Біреулерге еліктейді-ау деймін. Ал, жалпы, сөзуар. Тіл мен жағына сүйенген неме. Қанша ұнатпағаныммен, шешендігін мойындаймын. Аузы аузына жұқпайды-ау... Күні кеше біз студенттік пікірсайыс клубында бас қосқанбыз. Нұғманның сондағы серкелік сөздерін естіcеңіз
ғой. Соншалықты бір паң кескінмен, тамағын қынай сөйлеп, біздің айналамыздағы қазіргі ахуалды өзінше түсіндірген болды. Оның қасында оқытушымыз жолда қалатындай. Бейне бір əлеуметтану ілімінің жеке-дара шыққан жалғыз көсемі тура осы сияқты. Жеркеніп кетесің. Ол жастардың əлдебір қалалық ұйымының жұмысына белсене қатысады. Содан да шығар, оның ой түю көкжиегі біздікінен көп көтеріліп, кеңейіп кеткен. Білгіш. Тіфу! – Білесіңдер ме, достар, – деді ол сонда, бізге жоғарыдан төмен қарап тұрып, – қазір қоғамымызды үш қабаттан тұрады деуге болады. Галстугінің түйінін бір дұрыстап алды да, əлгі айтқан қабаттарын нобайлайтын сызықтарды ауада екі қолымен сызуға кірісті. Əңгімесін ұғымға жеңіл ете түсу үшін. Қоғамымыздың үш қабатының қалай орналасқанын бейнелегені кəдімгідей-ақ түсінікті шықты. – Жоғарыда, – оң қолын кеуде тұсында жаюлы сол алақанының үстіне апарып, екеуін де көкке көтерді, – дəулеттілер тобы бар. Олар аз, бірақ бəрінің үстінде тұрады. Бəрін билеп, елді басқаратындар – солар. Үкіметке жеке басының байлығын жасап алған адамдар барады. Мұны үлкен кісінің өзі айтқан. Өйткені біз байлар қоғамын құрудамыз. Ал елді қалай байытуды солар біледі. Мен жақтырмай: – Сен де білесің бе? – дей салам. Ол менің сұрағымды жауапсыз қалдырады. Тамағын кенеп, биіктегілердің макроэкономика құрғаны жөніндегі макротолғамын бастап кетеді. Үлкен бизнес элитасы жайында айтады. Бəрі оған таңырқай, сүйсіне қарап отыр. Таңырқайтын, сүйсінетін реттері бар: ол біз біле бермейтін жəйттер хақында өте еркін, тым сенімді сөйлейді. Ақыры, мəселені анықтай түскісі келгені болар, Гүлнұр: – Бұл ең биіктегі топ қой? – деп сұрайды. – Иə. Ал одан төменіректе қомақты бір қабат бар. Ол төменіректегі қомақты қабатты тағы да қарама-қарсы жайылған қос алақанымен ауаны сызғылап бейнелейді. Сосын оның атауын:
– Орташалар тобы, – деп нақтылайды. – Мұны қоғамымыздың сүйегі десе болады. Əлдебір ақылдылардың жиындарына барғыштап жүріп, құлағына құйып алғаны болса керек. Көлденең ұстаған оң қолын маңғаздана көтеріңкіреп: – Осы топтан жоғарғылар ішіне өтетіндер болады, – дейді. – Табысы молайған жағдайда, əрине... Сосын сол қолының алақанын төңкере түсіріңкіреп: – Керісінше, əлдебір сəтсіздікке ұшараған жағдайларда, жоғарыдан төмен сырғитындар да кездеседі, – деп қояды. Одан қос қолын жоғарылы-төменді айқыш-ұйқыш қозғалтады: – Қысқасы, бұл екі топ ішінде өзара алмасулар жүріп жатады. Түсіндік. Біреулер өте байлар қатарына қосылады, ал өте байлардың кейбірі аздап кедейленеді. Оларда да жұт тəрізді бірдеңке ұшырасып қалатын шығар. Нұғман осы үдерісті сипаттауын аяқтай бере: – Бұлардың табанында қара құрым астыңғы қабат бар, – дейді. Өзара байланысты қос топтан өстіп төмен түседі. Сосын астыңғы қабаттың қара құрымға толы көлемін құшағын жая бейнелейді. Қолдарын үстелдің үстін жаба керіп, аумақтылығын көрсетеді. Гүлнұрдың əуестігі билеп: – Ал бұл көлемді төменгі қабаттағылар кімдер? – деген сауал қояды. Ананың көзі жарқырап кетеді. – Неудачниктер, – дейді. Гүлнұрға күлімдей қарайды. Ізінше нақтылайды. Өзінше түсіндіреді. – Бұлар – қалың қара тобыр, – деп саусағын шошайтады. – Өмірде жолы болмағандар. – Мұрнын шүйіреді. – Олар, əдетте, өз күндерін өздері көруге тырысып, ілдəлап жүргендер. Тапса – біреудің жұмысын істейді, итшілеп жүріп алған тиын-тебенімен күнін көреді. Талайы ондайды да таппайды. Кəсіпсіз, жұмыссыз... Қыз-жігіттер оның қоғамымызды осынша түсінікті етіп
жіктеп бергеніне тəнті. Бірге оқып жүрсек те, бізден көп ілгері екенін көрсеткісі келген курстас жолдасымыздың данышпандығына бас шұлғып отыр. Байқаймын, Гүлнұр да разы. Сонда мен қитыға қалам. – Бізді қай қабатқа жатқызасың? – деймін. – Біз қай топта тырбаңдап келеміз? Саспайды бұл саппас. Паң кейпін бұзбастан: – Біз əлі мамандық алып үлгерген жоқпыз, – дейді, – сондықтан, оқу жолындағыларды бірден төменгі қабатта деуге менің аузым бармас еді. – Көзін айналдырып, төбеге тастайды. – Дəл картина ертең, біз университетті бітірген соң айқындалады. – Жөткірінеді. – Жұмыссыз қалсаң, – маған қарап, жұмбақтау сарынмен сөзін сабақтай береді, – онда өзіңді төмендегі топта, яғни неудачниктер мен əлеуметтік аутсайдерлер қатарындамын деп есептей бер. – Ал егер сен жұмыссыз қалсаң ше? – Мен қаным қайнап тұрса да, мейлінше сабырлы болуға тырысып, сұрағымды толықтыра түсемін. – Сен де өзіңді жолы болмағандар мен қатарға ілікпей қалғандар санатына түстім деп ойлайсың ба? – Мен жұмыссыз қалмаймын. – Нұғман танауын көкке көтереді. – Тек ақылсыздар, білімі жоқтар ғана жұмыс таппайды. – Ну, Нұғман, сен дегенмен асыра сілтеп тұрсың, – деді менің арт жағымда отырған əлдекім. – Талай білімділер жұмыссыз жүр... Нұғман қасын керіп, қолын жаяды. Отырғандар күледі. Гүлнұр да мəз. Күйіп кетем. Тістеніп, тағы бір сауал қоюға ыңғайланам. Бірақ біреулер киежарып, төменгі қабат жайын жарыса əңгімелей жөнеледі. Нұғманның айтқандарын алыс өңірде ереуілдеп жатқан жұмысшылар жағдайымен салғастырады. Нұғман разы. Оның теориясының өмір тəжірибесімен дəлелденіп тұрғанын тыңдармандары айтуда. Демек ол – данышпан... Шынымен де солай қабылдаса керек, Гүлнұрдың көзі тұманданып барады. Данышпаннан назарын айырмайды. Қалай қапаланбассың.
Балалар орын-орындарынан жарыса үн қатып, дискуссияны жалғастыра берді. Біреуі төменгі қабатта жұмыссыздық көп екенін еске салды. Сол орайда олардың түрлі наразылық шараларын жасауы ықтималдығын екіншісі ескертті. Оған үшіншілері келісіп, енді біреулері күдігін, келесісі толықтыруын айтып жатты. Ал Гүлнұр үнсіз құлақ түруде. Оған да шүкір. Бір кезде тура жанымнан пікірсайысшылардың тағы бірі: – Сондықтан қилы толқулар солардан шығады, – деген болжамын естіртті. Оны келесісі: – Демек, ондай келеңсіздіктердің алдын алу керек, – деп дамытты. Мұның айтуынша, келеңсіздіктердің алдын алу – жұмыссыздардың тілін табуға тырысу дегенді білдіреді. Дұрыс ой тəрізді. Алайда ондай мүмкіндікке шəк келтірушілік те айтылмай қалмады: – Алайда бұлар көп-ау, олардың тілін табу оңай болмас. Осы кезде біздің данышпанымыз əңгіме тізгінін өз қолына алды. – Олардың тілін табудың не керегі бар? – деді асқақ үнмен. – Өмірде жолдары болмағанын өз талайларынан көрсін. Егер жағдайларын дұрыстауға тырысса, маңдай терлерін аянбай төксін. Сонда, маңдай терлерін төге келе, біртіндеп ортаңғы топқа тақалулары мүмкін. Болмаса – сол қалың тобырдың ішінде жүргендері. – Иығын қиқаң еткізеді де, даусын көтере сөйлейді. – Достар, естеріңде болсын: артта қалатындар əрдайым кездеседі. Өмір – бəсеке, күрес. Онда тек күшті ғана жеңеді. Табиғаттың өзі сұрыптайды. Бұл бүкіл əлемде солай, біздің елде оқыстан пайда болған тосын жаңалық емес. Көсемсуін. Бүткіл жұртты аузына қаратып, əрдайым шамшырақша жанып тұрғысы келетіні анық байқалады. Көзім шалып қалды: Гүлнұр оның үйлесімді шатпақтарына арбалыпты, аузын ашып алға ұмсына түскен. Тағы да басы айналды десейші. Ызам келеді. Бірақ мейлінше сабырлы болуға тырысам.
– Тыңда, достым, сен жəне біз – тəуелсіздік құрдастарымыз, – деймін, – сол себепті тəуелді дəуір шындықтарымен тікелей таныс емеспіз. Алайда сол заманды көрген ересек ұрпақтың айтуынша – бұрын біздің елде мұндай əлеуметтік қабаттар бары естілмейтін. Нұғман тосылмайды. – Совковая показуха, – деп бір кесіп тастайды да, сөзін немкетті сарынмен сабақтайды. – Кеңестік кезде де мұндай топтар болған, тек айтылмайтын... Мен онысымен келіспеймін. Нұғманның да бұл өмірге осы отырғандардың көпшілігі секілді тəуелсіздікпен бір жылда келуі себепті, Кеңес өкіметі шындығының исі мұрнына бармайтыны анық. Сондықтан да оны соншама немқұрайды кескінмен жамандай салуы жынымды келтіреді. Қазіргі жаргонмен «советтік дəуірдің жасанды жағымдылығының көрінісі» деуін қарай гөр... Сыпайы ғана: – Əйтсе де дəл осы күнгідей əділетсіздік ол заманда болмапты, – деймін. – Жұмысшылар жалақыны кеңсе қызметкерлерінен əлдеқайда көп алатын деседі... Сондай сыпайыгершілікпен сөйлегеніме өзім таңғалам. Гүлнұр да таңырқаған сияқты. Селт етіп, үстел арқалығына сүйенеді. Маған көзінің қиығын тастап, күлімдейді. Жүрегім дір ете түседі. Сыр білдірмей, пікірлесу барысын аңдаған болам. Оным дұрыс та екен. Өйткені Гүлнұрдың жүзі тезақ қайтадан төрге бұрылады. Анау жоспарлы тіршілік пен бəсеке еңбек хақындағы бірдеңелерді құлақ құрышын қандыра гөйітіп жатқан. Күйесің бе, күймейсің бе – соған Гүлнұр қайтадан елтиді де қалады. Рас, бұны бір құдды көктегі күн дерсің. Ылғи назарда. Меніңше, шақырайған, бірақ жылуы жоқ қысқы шамшырақ секілді. Соған да алданады екен-ау... Көңілсізденіп кетем. Клуб мүшелері еске алғандай, алыс бір қиырда Нұғман айтатын төменгі топтағы аутсайдерлер пəлен ай бойы ашық аспан астында қол жайып отыр. Одан өзге мəлімет сараң. Бірақ бірден бір білгіш – осы Нұғман. Сондықтан да құрбыларымның бəрі соған қарайды. Алайда заманамыздың бұл жарық жұлдызына мен сенбеймін.
Маған оның айтқандары жасанды тəрізді. Себебі, жолы болмағандарды түсінем бе деймін. Оларға жақтасам ба, жоқ па, қайдам, бірақ жүрегімнің түкпірінде олардың ақтығына деген сенім жатқандай. Мынау соларды жамандаған сайын – бұған емес, ішкі түйсігіме сенгім келеді. Неге екенін білмеймін, бірақ солай. Менің күйетінім – Гүлнұрдың соған бар ынтасымен құлағын тоса қалатыны. Онысын түсінетін де сияқтымын. Бұл қаншама биік, аспани сөздер айтуда. Көктегі күнше жарқырап тұр. Қазіргі замандағы еңбек қатынастарын соншама əрлеп жырлауда. Өз пайымын дəлелдеу үшін, тіпті, Конфуцийді алға тартқанын қайтерсің. Жұмыс беруші мен жалданушының өзара қатынасы əке мен баланың арақатынасындай болу керек дейді. Айтарын алып ойшылдың фəлсафасымен тұздықтағанынан ба екен, Гүлнұр ғана емес, күллі клуб мүшелерінің аузын ашып, көзін жұмып отырғаны. Құдды бір кемеңгерді тыңдағандай. Жыным келеді, бірақ білдірмеймін. Мен бұл бəрімізден озған курстасыма бəрібір сенбеймін. Маған оның конфуцийшілдігі жалған көрінеді. Маған өз мүддесін қорғаушылар жақын. Əділдік сұрағандары үшін. Бітті. Ал оларды менсінбейтін шешенге, курстасым болса да, жеркеніп қараймын. Солай. Бірақ, амал не, оның жылтыр сөздерімен қатарымызды, əсіресе Гүлнұрды тəнті еткенін көзім көріп тұр. Ыза болам. Қимаймын. Ішкі сезімім оның өз жағымда екеніне, əйтеуір, күдік келтіртпейді. Менің қалаулым жылуы жоқ жарқырауыққа алданбауға тиіс. Менің жүрегімнің түкпірінде сондай үміт бар. Мен соған сенгім келеді. *** Тəуелсіздік монументі түбіне бір қора жұрт шоғырланған. Мен елдің артын ала келіп тұрам. Аязды күнгі ауада аузының демін бұрқ-бұрқ будақтатып, бір байырғы саясаткер сөйлеп тұр. Дауыс зорайтқыш жоқ, сондықтан тамағын жырта айқайлауда. Қолын жігерлене сермеп қояды. Алыста орын алған тəртіпсіздіктер үшін жорымалы біреулерге кінə артуда.
Кеше кешкісін бір көңілді алаңдатқан хабар естігенбіз. Мына кісі соны өршелене дамытуда. Ол жұртты əлдебір жаққа баруға шақырып, сөзін ұрандата аяқтады. Сосын монумент баспалдақтарымен нық басып төмен түсті. Топты жарып шетке шықты да, алаң жиегімен көшеге беттеді. Соңынан жақтастары топырлап кетіп бара жатты. Мен биікке көтерілген келесі шешенге қарадым. Ол қолымен айналасын нұсқап, алаңның бұдан ширек ғасыр ілгергі кейпі жайында айтып жатты. Көкейдегіні айтып жатқан секілді: халық сөзін əлсін-əлсін қол шапалақтап қолдап қояды. Сосын бір ақын жұлқынып өлең оқыды. Тыңдаушылар ризашылықпен қол соқты. – Нығмет, – деді ақырын үн ту сыртымнан. Мен дір ете түстім. Тұла бойымды қуалап ыстық қан жүгіріп өтті. Үндемеймін. Мелшиіп тұрмын. Ол қатарыма келеді. – Неге ештеңе айтпай кетіп қалдың? Мен əрең дегенде оған қарай бұрылам. Жан-дүниемді еріткен нəзік үн иесіне бір жылы сөз арнағым келеді. Сол кезде сонадайда тұрған Нұғманға көзім түсіп кетеді. Ойымнан айнып қалам. Көзіммен монумент түбіндегі жұртты нұсқап, салқын ғана: – Мен мана ескерткішке мыналармен бірге тағзым етіп едім ғой, – деймін, – содан осылардың соңынан жүре бердім. Əлгінде онымен «Тəуелсіздік таңы» жанында кездескенмін. Сол кезде Нұғман да сап ете қалды. Амандасты. Сосын бізді ескерткішке гүл қоюшылар сапына тұруға шақырды. Гүлнұр ұсынысты қуана қабыл алды. Ал мен үнсіз ығысып, кері шегіндім. Олармен жүргім келмеді. Екеуі кезек күтіп тұрған топ жаққа кеткен. Ал мен ескерткіш етегінен шығып, Тəуелсіздік монументіне бет алғандарға қосылғам. Бар болғаны сол. – Нығмет, қазір бір маңызды кездесу бар екен. Кешегі дүрбелеңді оқиғаға байланысты. Жастар арасына белгілі жазушылар келмек көрінеді. Нұғман апарам дейді, жүр, бірге барып қайтайық. Тағы Нұғман... Мен тітіркеніп кеттім. Бастарттым, əрине.
Олар монументтің артын айналып, төменге беттеді. Төменде Нұғманның мəшинесі тұр. Мен алаңмен оңға қарай жүрдім. Жылдам жүріп кеттім. Олардың мəшинеге қалай мініп жатқанын көрмесем деймін. Алдымнан əлдебір түсініксіз қарбаласты аңғардым. Алаңнан төмен созылған көше бойы қыбыр-жыбыр. Екіүшеу жақсы киінген ересек кісіні қолтықтап сүйретіп барады. Тағы біреулер адамдарды бір-бірлеп автобусқа мінгізіп жатыр... *** Соткам əндете шылдырады. Гүлнұр. Қуанып кеттім. Нұғман екеуі барған кездесу оған үлкен ой салған екен. Содан жоспар құрыпты. Мен қайтадан күрт көңілсізденем. Көңілсізденіп, одан əрі тыңдаймын. Ол жоспарын менімен бірге жүзеге асырғысы келетін көрінеді. Нұғманмен емес. Менімен бірге. Менің ішім жылып сала берді. Терлеп кеттім. Гүлнұр өтінішін айтты. Менің Ерік ағаммен сұхбат жүргізсем дейді. Ерік ағаны өзі танымайтындықтан, келісімін алып беруімді жəне, əрине, сол кісіге ертіп апаруымды қалап тұр. Менің Ерік ағам – жазушы. Тау шатқалындағы үңгірден қазына тапқан балалар жайында жазған сол кісі. Тамаша хикая. Мен оны мектеп шəкірті кезімде оқығам. Университетке түскенде, Гүлнұрға айтып бергем. Ол білмейді екен, кітапты менен алып оқып шықты. Қатты ұнатты. Екеуіміз хикаяның мазмұнын əлденеше мəрте сөз етіп, кейіпкерлердің дүниетанымдары жайында қызу пікір таластырғанбыз. Енді, міне, Гүлнұр сол кішкене қаһармандар бейнесін жасаған қаламгерді таңдапты. Арнайы сұхбат жүргізу үшін. Мен Ерік ағамның үйіне телефон соқтым. Сағыныш тəтем алды. – Тəте, – деймін асығыс-үсігіс, – үйде боласыздар ма? Ерік ағам ешқайда кетіп қалмас па екен? – Үйдеміз, əрине, – деп жайдары жауап берген тəтем, артынша, қобалжыңқы үнмен: – Жəй ма? – деп сұрайды.
– Жəй, тəте, ағама біздің бір қыз бірер сауал қойғысы келеді. Редакциясы жұмсапты. Ол сабақтан бос кезінде сонда істейді. Сағыныш тəтем жадырай күледі. Онда ағаңмен сөйлескенің дұрыс дейді. Менің ағам тамаша адам. Қарсы емес. Біз аялдамада кездестік. Дəл ағамның үйінің жанында. Сырт киімімізді шешісімен, Сағыныш тəте бізді ағамның кабинетіне бастап кірді. Ерік аға жылы жүзбен қарсы алды. Гүлнұр сөмкесінен кішкене диктофонын шығарды. Cосын алғашқы сауалын қойды. Ағам буырыл тартқан шашын саусағымен бір тарамдап өтіп, күрсінді. Бір-екі күннен бері тосын хабардан жүрегі күпті болып жүргенін айтты. Мəселенің мəн-жайын таратып əңгімеледі. Мен Гүлнұрға сүйсіне қарап отырмын. Ол қысылыпқымтырылмай, менің жазушы ағаммен еркін сөйлесуде. Кейінгі күн оқиғаларынан, əсіресе жастардың зиялы қауыммен кездесуінен өзінің түйгендерін айтады. Сосын ағамның пікірін сұрайды. Ағам да ағынан ақтарылуда. Осынау шынашақтай қызды түк те баласынбайды. Ашық сөйлейді. Ол Гүлнұр сұрастырған жəйттерді əділеттілік, адалдық, имандылық қасиеттер тұрғысынан сараптады. Бізді толғантқан жəйтті қолмен қойғандай етіп талдап берді. Қанша жарқырап көз қарытып тұр десек те, біздің клубымыздың жарық жұлдызының пайымы бір жақты, қарабайыр. Мұны Гүлнұр да түсінді-ау деймін, ағаны бар ынты-шынтысымен тыңдауда. Менің бақыттан басым айналып кетеді. Сосын Сағыныш тəте шəйға шақырды. Шəй үстінде Ерік аға бізге – тəуелсіздік құрдастарына – бекем азаматтық көзқарас қалыптастыру хақында ғаламат ақыл айтады. – Нығмет, – деді Гүлнұр сыртқа шыққанымызда, алқымын түймелеп тұрып, – рахмет саған, мен енді сұхбатты тездетіп жазып тапсыруым керек...
*** Мен кеш бойы əлемдік өрмектор желілеріндегі бекеттерді кезек-кезек ашумен болдым. Мереке күнгі оғаш көріністермен жəне солардан туған ой-пікірлермен тағы таныстым. Бір лауазымды оқымысты мейрам күні елдің берекесін алғандарды аямай жазалау керектігі жайында сөйлеп жатты. Келесі бір видеохабарда жергілікті əскери бастық ереуілдеген тобыр жағына шыққан əріптесін атып жібергені жайында хабарлады. Шені одан да үлкен бір лауазым иесі кіжініп, егер бұзақылар тағы бас көтерсе, ондайларды атуға өзі бұйрық беретінін мəлімдеді. Ызғарлы сөздер. Мен сайттарды ақтаруды доғардым. Клубымыздағы кезекті бас қосуға жиналдық. Қыстың осы бір беймаза күндері баршамыздың өз беттерімізше теледидардан, интернет желілерінен естіп білгендеріміз шамалас сияқты. Бірақ, баяғы Нұғман... Ол қашанғысынша бізден көп хабардар. Араласатын ортасы биік дəрежелілерден, сол себепті бізге беймағлұм жəйттер оған мəлім. Міне ол сөз алды. Алыс өңірдегі əлемді елеңдеткен келеңсіздікке түсіндірме жасап отыр. Баяғы əлеуметтік қабаттарын тіліне тиек етеді. – Жоғарғы жəне ең төменгі топтар арасын ушықтыруға мүдделі біреулер бар, – дейді ол, – бүлікшілдерді алыстан қаржыландырып, шоқ-шоқ деп қарап отыратын зиянкестер. Соларды ұстап алып, сазайын тартқызу керек. Осының да шығармайтыны жоқ. Мен тыжырынып: – Қаржыландырғаны қалай? – деп сұраймын. – Не қалайы бар, қаладағы жұмыссыздардан топ құрған. Əрқайсысына жиырма мың теңгеден ақша берген. Сөйтіп соларға ғимараттарды өртеткен. Мейрам өтіп жатқан жерді ойрандатқызған. Полицияға қарсы айдап салған. Əне, ақша не істетпейді. Нұғман мұны өз сөзіне өзі соншалықты бір иланған кескінмен айтты. Мен оның əлдекімдерден естіген сөздерді қайталап отырғанына күмəндаймын. Тотықұс ол. Айнытпай
қайталайды. Бірақ тағы да соған менің Гүлнұрым ұйып отыр. Қалай күймейсің. Бірақ қолдан келер шара жоқ. Клубтан шыққаннан кейін мен оған: – Ерік ағаға барайық, – деймін, – төрелігін сұрайық. Гүлнұр күлімсірейді. Қажет емес дейді. Сосын мені одан сайын торықтырады. Тағы да Нұғманның шақыруын қабыл алады. Маған елеусіз иек қағады да, оған ілесіп, автотұраққа қарай жүре береді. *** Мен Ерік ағама өзім баруға бел байладым. Бардым. Бірақ ойлап келгенімді сұрай алмадым. Оның қажеті де жоқ болып шықты. Өйткені, сонда кіргенімде, күллі естіп-көріп білгеніме төңкеріс жасаған бір жəйтке ұшырастым. Ерік аға кішкене немересімен бірге отыр еді. Балақайды атасы мен апасына əке-шешесі бес-он күнде бір əкеліп, бірнеше сағатқа қалдырып кететін. Сонда ол атасының тізесіне мініп алып, бірден компьютерді иемденетін. Талай көргем. Курсорды ютуб терезешесіне апарады. Одан клавиатураны кішкене саусақтарымен нық басып, жаттап алған əріптерін тереді. Сосын жыпырлап шыға келген суреттаңбаларға қарайды. Таңдап, өзінің жақсы көретін мультигін ашады. Мен оның Айда туып, Жерге түскен бір ғаламат тіршілік иесінің бастан кешкендерін жалықпай қызықтайтынын білетінмін. Тағы да сол ғаламат достары қоршаған Айбегін көріп отырған шығар деп шамаладым. Аса дұрыс шамаламаппын. Ерке сəби бұл жолы атасына əмір жүргізбеген сияқты. Бұрынғысынша алдында отырғанмен, монитордағы əлдебір ересектер бейнеленген көрініске атасымен бірге үңілуде. Жандарына келдім. Киноға көз cалдым. Алыста – өртке оранған ғимараттар. Көшеде мұздай құрсанған қалқанды жауынгерлер саппен кетіп барады. Атасының көңіл-күйін анық сезінген Толағай балақай көрініске түсінік беруін сұрап отыр. Аналар кімдер... мыналар ше... тарсылдап жатқан не... Кенет көшеден үйлер арасына қарай қашып бара жатқан
адамдар көрінді. «Ойбай, бірдеңе болды анаған!» – деп шошынған əйел даусы естілді. Біреулер құлап-құлап түсті. Олардың бірі ұшып тұрды да, қайта құлады. Өзге де қимылсыз қалғандар көрінді. Жығылған жерінен жанұшыра көтерілген келесісі жалғыз аяқпен секеңдеп қашты. Енді бірі жандəрмендеп еңбектеп бара жатты. Қалқандылар оны қуып жетіп, шоқпармен соққылауға кірісті. Монитордан көз алмаған бала жыламсыраған үнмен: – Неге өйтеді?! – деп қалды. – Жамандық жасауға болмайды ғой! Сағыныш тəтем қасына жетіп барды. Шекесінен иіскеп, сүйіп, жұбатып жатыр. Бұл кино ғой дейді. Өбектеп, бəйек болды. Біз үндемедік. Видеобейне таусылды. Ерік ағам діріл араласқан дауыспен: – Мына көріністер алдамшы дүниені төңкеріп тастады, Нығметжан, – деді. Денемді суық тер жауып кетті. Мен үйге келіп, компьютерімді қостым. Əлгі роликті тауып алдым. Гүлнұрдың ұялы телефонының нөмірін тердім. Ол аң-таң. Желіде мұндай бейнекөрініс пайда болғанынан əлі бейхабар екен. Сосын қорқып кетті. Видеоның мазмұнын шошына сұрастырды. *** Ертеңіне университетте осы уақытқа дейінгі хабардың астан-кестенін шығарған ролик жайын əңгіме еттік. Курстастармен кездескен бетте. Біз бұл жайында дəрістердің ара-арасында қызу пікір алыстық. – Құрастырылған, – деді Нұғман қашанғысынша менмен білгірлікпен. – Өте шебер қолмен жасалған монтаж. Оны істегендер əлі-ақ табылады. Заң алдында жауап береді. – Жоқ, – дедім мен, – ол ешқандай да монтаж емес. Табиғи суреттер. Анау өз пікірінен таймады. Балалар екіұдай ойда қалды. Жаңа видеотаспа біразына бейтаныс екен. – Арандатушының қылмысы көп ұзамай-ақ ашылады,
– деп, Нұғман кесімді сөз айтты. – Оны кім түсіргенін із кесуші арнайы орган ендігі анықтаған да болар. Нағыз халық жауы – сол жауапсыз. Ол əлі түрмеде шіриді. – Ол – жауапсыз емес, ол – нағыз жауапты адам, оны мақтау керек, – дедім мен қырсығыңқы үнмен тістене сөйлеп, – онда құрастырылған дəнеңе де жоқ, ол сенің жалған ақпараттарыңды əшкерелеп тұр. Сол қысқа көріністі түсірген жəне ебін тауып желіге салған адам – нағыз қаһарман! Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам! – Кімдікі өтірік екенін əлі көрерміз, – деді Нұғман. Гүлнұр үндемеді. Жүзі əлемтапырық. Дəрістер аяқталғанға дейін ешқайсымызбен сөйлескен жоқ. Оқу корпусынан шығып, қар басқан ортаңғы аллеяға түстік. Нұғман əдеттегісінше Гүлнұрға қапталдаса тақалды. Əдеттегісінше өзімен ала кетпекке шақырды. Білем, көргенмін: автотұрақта оны жап-жаңа əппақ внедорожнигі тосуда. Мен көңілсізденіп кетем. Анау əлдене деп сөйлеп келеді, ал мен оларға назар аудармаймын. Елемеген түр көрсетем. Дұрысында, жорта солай етем. Ернімді қыршып ала жаздаймын. Гүлнұрдың дыбысы шықпады. Көзімнің қиығымен аңғардым: басын шайқады. Олар тағы бірлі-жарым тіл қатысты. Сосын Гүлнұр маған қарай ығысты. Мен түс бермеймін. Көзімді алдымнан алмаған беті, онымен қадамымды теңестірем. Екеуіміз қатарласып, төмен қарай жүре бердік. Мұндайды күтпесе керек, Нұғман аңтарылып, қалшиды да қалды. Автобустың аялдамасында тұрмыз. Алдымызға үлкен ақ джип келіп тоқтады. Нұғман. Түсіп, бергі жаққа шықты. Мəшиненің екі есігін де айқара ашты. Бізді ішке шақырды. – Келіңдер, үйлеріңе апарып салайын... Мен Гүлнұрға көз тастадым. Ол басын шайқады. – Міне, автобус та келді, – дедім мен. Гүлнұр басын изеді. Біз аялдай берген автобусқа қарай жүгіре басып кеттік. 02.03.2012
БІЗ - ҚАЗАҚ ЕЖЕЛДЕН... ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ ТАНУ ТƏЖІРИБЕСІНЕН Біз кімбіз? Қайдан шықтық? Біз қалай Ұлы Дала мұрагері болдық? Біздің шынайы тарихымыз қандай? Бұл сауалдар төңірегінде тəуелсіздік жылдары талай жан ізденіп, сан түрлі жауап ұсынды. Мəселе – солардың ішінен қажетіңді тауып, көкейіңе тоқуда. Телегей-теңіз əдебиеттен керегіңді іздеуде. Айналып келгенде, өзіңді іздеуде. Тамырыңды, терең тарихыңды өз санаңда өзіңше түйсіне отырып жаңғыртуда. Азаттық жылдары бұл тарапта күрт көбейген қилы еңбек осы жолдар иесіне де өзіңді-өзің тану, өз ойыңды қорыту мақсатымен өзіндік тəжірибе жасап көруге түрткі болды... 1. Қазақ тарихын жазып жүргендер көп. Оған əркім өз тəсілімен кіріскені сондай, бүгінде əр рудың шежіресі түзіліп, өз тауарихы жаңғыртылған. Солардың бəрінің басын қоса келе, бəлкім, нағыз қазақ тарихын жасауға болар. Бірақ бұл – қолыңды құшақ жетпеске жайғанға парапар тірлік. Мен Жалқыдан Жалпыға барғанды қош көрдім. Жекелеген тайпа шежіресін қарастыру жолымен жалпықазақ шежіресіне көз салмақ болдым. Елімізде ерекше аталатын бір рудың өткені арқылы баршаға ортақ тарихқа жол салмаққа ниеттендім... «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясының 9-томында Шапырашты руының қазақ халқының құрамындағы Ұлы жүзге кіретін тайпа екені көрсетілген. Энциклопедия мақаласында оның дəстүрлі қазақ шежіресіне сүйенген тарихы да беріледі. Шапырашты тайпасының ұраны – Бақтияр, Қарасай, таңбасы — айтаңба болып келген1 . Ал 1 «Қазақстан» .Ұлттық энциклопедия. 9-том. – Алматы, 2007. –443-б.
тағы бір елеулі деректер көзінде: Шапыраштының ұраны – Қарасай, таңбасы – Ай, Тұмар деп көрсетілген2. Шежіре мəліметтері бойынша: Абақтан – Бəйдібек, оның екінші əйелі Зеріптен – Жалмəмбет (Жəлменде), одан – Шапырашты, Ысты, Ошақты тарайтыны айтылады. Диқанбай батырдың шежіресіне қарағанда, Шапыраштыдан Асыл, Шыбыл, Екей, Еміл, Ескожа, Айқым өрбитін көрінеді. Бұларды «Бесшам Шапырашты» деп те атайды3. Шапырашты тайпасы туралы ежелгі заманнан қалған мəліметтер өте сирек. Жазба дереккөздерінде Шапырашты деген атау ұшыраспағанымен, оның құрамындағы шыбыл мен еміл рулары Махмұт Қашқаридың жазбасында Чигил (Жікіл), Чумул есімімен аталады. Этнолог ғалымдар бұл екі руды шыбыл мен еміл, кейде екей болуы да мүмкін деген тұжырым ұстанады. Ортағасырлық қытай жазба əдебиеттеріне карағанда, Батыс Түрік қағандығындағы нүшбелер одағында азғыр (əскіл), қасо тайпалары өмір кешкен. Олар Шапыраштының асыл, есқожа руларымен үндеседі. Əскілдер Шыбар Ахилаш қаған тұсында нүшбелер арасындағы ең қуатты тайпа болған. Шапырашты атауының қайдан шыққаны жөнінде де əртүрлі пікір бар. Кейбір деректер бұл тайпа адамдарының көзі шапыраш болып келетіндіктен тайпа да солай аталып кеткен дейді. Тағы бір жорамал бойынша ол атаудың Шыбар Ахилаш қаған есімінен бастау алуы ықтимал. Оның «Ахилаш» есімі «ақи», «шапыраш» болып айтылып, уакыт өте келе, семантикалық-тілдік реңкін өзгертуі мүмкін. Аталуы қайдан шықса да, Шапыраштының Жетісуды ерте замандардан мекендеп келе жатқан көне тайпа екендігі белгілі. Оның аталымы Жоңғар шапкыншылығына қатысты мəліметтерде жиі кездеседі. Сол заманда Шапырашты тайпасы басқаларға карағанда көп шығынға ұшырап, ауыр зардаптарды басынан өткерген. Халық арасында жоңғарларға, кейіннен қоқандықтарға қарсы күрес жүргізген Қарасай, Кəшке, Бөлек, Жəпек, Байторы, Байқұлақ, Қаумен, 2Бəйдібек баба – Алып бəйтерек . Ұрпақтар шежіресі. – Алматы, 2000. –79-б. 3«Қазақстан» .Ұлттық энциклопедия. 9-том. – Алматы, 2007. –443-б.
Қастек, Наурызбай, Сатай секілді көптеген батырлардың ерлігі жайлы əңгімелер көп тараған. 2. Алыс замандардан бері Жетісуды мекендеп келе жатқан Шапырашты руы Қазақ хандығы құрамына кірді, басқа да тайпалар құрайтын азаматтық қоғам секілді өзін-өзі басқарып, бір мемлекеттік орталыққа қарайтын қазақ халқының бір құрамдас бөлігі ретінде өмір кешті. Əртүрлі жаулап алушылардың басқыншылық, отаршылық ісқимылдары салдарынан қазақ мемлекеттігінің түрлі ахуалды бастан кешкені мəлім, сол шақта да ол, қилы ауыртпалықтарға қарамастан, тарихи атамекенінде тұрып қалды. Қазақ елінің жер-суын Ресей империясы толығымен отарлаған дəуірде, сол шақтағы əкімшілік бөлініспен қарағанда, Шапырашты руының адамдары ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Верный, Əулиеата үйездерінде (қазіргі Алматы облысының шығысы мен Жамбыл облысының батысында) өмір сүрген4. Шапыраштылар жайындағы бірер деректі белгілі тарихшы Николай Аристовтың еңбектерінен табуға болады. Бұл ғалымның өмірбаяны қазақ оқырманы үшін назар аударуға тұрарлық. Ол 1847 жылы офицер отбасында дүниеге келген. Қазан университетінің заң факультетін камералистикалық (сарай қазынасылық, кең мағынасында –мемлекеттік) шаруашылықты жүргізу жөніндегі əкімшілік жəне шаруашылық білімдер жиынтығын қарастыратын ғылымдар бөлімі бойынша бітірді. 17 жасында Тобыл губерниялық басқармасына стол бастығының көмекшісі болып бекіді. Сеніп тапсырылған жұмысты үнемі бар ынтасымен мұқият орындады жəне еңбекқорлығы арқасында сонда губерниялық хатшы, қазына палатасының санақ бөлімінде бухгалтер болып істеді. Жауапкершілігі мол, тəртіпке бағынған қызметші ретінде, жақсы орындаушылық қабілетімен көзге түсті. Сондықтан да ол Тобыл губернаторының ұсынуымен 3-ші 4 «Қазақстан» .Ұлттық энциклопедия. 9-том. – Алматы, 2007. – 443–444-бб.
дəрежелі Əулие Станислав орденімен марапатталды. Одан тура сол мемлекеттік награда алған 1868 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қызметке жіберілді. Содан оның Түркістандағы жəне Дала өлкесіндегі отарлаушы билік орындарында отар чиновнигі ретінде қызмет етуі басталды. Алғашында Жетісу облыстық басқармасында іс жүргізуші болып тағайындалған. Əскери губернатордың айрықша тапсырмаларын орындайтын кіші дəрежелі чиновник дəрежесінде қызмет істеді. Білімі бойынша заңгер болғандықтан, 1869 жылы түрме комитетін басқарды. 1871 жылы Құлжаға қарсы соғыс науқаны басталғанда, генерал Колпаковскийдің жорық кеңсесінің меңгерушісі болды. Тікелей соғыс қимылдарына да қатысты. 2-ші дəрежелі Əулие Станислав орденімен марапатталды. 1872 жылы Түркістан генерал-губернаторлығындағы Басқару туралы ереже жобасын жасайтын комиссия құрамына іс жүргізуші ретінде енгізіліп, Ташкентке жіберілді. 1873–1874 жылдары Семей, Сергиополь жəне Жетісу облыстарындағы жер дауын реттеу жөніндегі билер съезін басқарды. 1879 жылы əуелі облыстық статистика комитетінің мүшесі, одан оның төрағасының көмекшісі болды. 1881 жылы Жетісу облыстық басқармасының əскери губернаторы көмекшісінің, одан əскери губернатордың міндетін атқарушы болып тағайындалды. 1882 жылы Дала генерал-губернаторлығына ауыстырылды. жылы доғарысқа шығып, Санкт-Петербургке кетті5. Ресей империясының отар аймағында чиновник болып ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған Н.Аристовтың белсенді ғылыми-зерттеушілік қызметі де оның сол доғарыс алып, зейнетке шыққанынан кейін басталған. Əрине, ол қызметінің түркістандық кезеңінде əлсін-əлсін орталық жəне өлкелік мерзімді баспасөзде жергілікті тақырыпқа арналған мақалаларын жариялап тұрды. Олар негізінен 5Аристов Н.А. Усуни и кыргызы или кара кыргызы. Очерки истории и быта населения западного Тянь-Шаня и исследования по его исторической географии. – Бишкек, 2001. – V–VII-бб.
өзінің чиновниктік міндетін атқаруына байланысты қағазға түскен жазбалар болатын. Жетісу облысында қызмет істеп жүргенінде Н.Аристов қазақтар мен қырғыздардың жер-суға қатысты мүдделерін реттеумен жəне оларды əкімшілік тұрғыда қайта жайғастыру жобаларын жасаумен шұғылданды. «Жетісу облысының жерсуға жайғастырылуы туралы жазба» («Записка о поземельном устройстве Семиреченской области») деген оның алғашқы көлемді еңбегі сол жұмыстарды атқаруы нəтижесінде, 1871 жылы жазылған. Бұл ғылыми-практикалық жазба Түркістан генерал губернаторлығының мұрағатында жатып қалған жəне ол əлі күнге дейін жарияланған жоқ6. Аристовтың жетісулық жергілікті халықтардың жер-суға жайғастырылу мəселесіне көзқарасы жайын неғұрлым толық түсінуге жəрдемі тиеді деген оймен, оның сол жарияланбаған еңбегінен академик В.М.Плоских мынандай үзінді келтіреді: «...Орта, Үлкен жəне Қырғыз (Дикокаменная) ордаларды біздің бодандыққа қабылдай отырып, онда орын алып тұрған жер-су қатынастарын үкімет толығымен өз күшінде қалдырған болатын... Үлкен жəне Қырғыздық (Дикокаменная) ордада 1869 жылға дейін əкімшілік болыстарға бөлудің өзі болған жоқ, сондықтан қазақтар руларға бөлініп жатты. Оларды мұрагерлік жолмен ру сұлтандары басқарып, оларға рулардың бөліктері болып табылатын болыстардың мұрагер басқарушылары бағынатын. Үлкенордалықтар (қазақтар) мен қаракиргиздерді (қырғыздарды) басқаруға осылай араласпағандықтан, үкімет жер-су қатынастарына да мүлдем тиіскен жоқ, тек əрəдік пайда болып қалып жүрген дау-дамайларды тыюмен ғана шектелді... Жер-суға жайғастыру ісіне мемлекеттің осылай қарауы салдарынан, өзінің басты сипаттары бойынша, ол қазір де орыстар тұңғыш тап келген күйде сақталған. Жерге ие 6Плоских В. Н.А.Аристов и его фундаментальный труд по истории кыргызов и Кыргызстана// Аристов Н.А. Усуни и кыргызы или кара кыргызы. Очерки истории и быта населения западного Тянь-Шаня и исследования по его исторической географии. – Бишкек, 2001. –VII-б.
болуға негіздеме оның көнелігі болып табылады. Бірақ рулардың тек ұсақ бөліктері ғана емес, тұтас рулардың өзі орыннан орынға тұрақты түрде ұдайы көшіп жүретіндіктен, қазақтардың белгілі бір жерді иелену көнелігі соншалықты терең емес: көшпендіні жерге ешкім байлап қоймайды, жер мен шабындық пұшпағы табылса болғаны, ал бұларды ол күллі дала кеңістігінен тауып ала алады. Соған қарамастан, белгілі бір ру тым болмаса бір ұрпақ ғұмыры бойы немесе бірнеше жыл бойы көшіп-қонып жүрген жер сол рудың меншігіне саналады...»7. Этнограф ретінде Аристов əуелде 6-ғасырда қытайлар жазып қалдырған, одан Рашид ад-Дин мен Əбілғазы еңбектерінде келтірілген жалпы түркі шежірелеріне назар аудара келе, «тарихи оқиғалар туралы естеліктердің екіүш ұрпақ ауысқаннан кейін айқындығы жоғалатынын» айтады8. Сол сияқты, зерттеушінің пайымы бойынша, рулық одақтардың құрылу жағдайы, олардың түрлерін өзгертуі мен ыдырауы да сондай күйге ұшырайды. Содан да түркі-көшпенділер өз шығу тектерін адамдардың табиғи өсіп-өнуі нəтижесінде пайда болған деп біледі. Профессор М.Ковалевскийдің 1886 жылы Мəскеуде шыққан «Алғашқы қауымдық құқық» деген еңбегінде дəлелденгендей, рулық қоғамдық топтарда оларды біріктіріп-тұтастыратын жəйт «шығу тегін ортақ бір ру басы еркектен басталады деп білетін ұғым жəне осы ру басы болған адамның культі (жеке басына табыну)» болып табылады. Аристовтың айтуынша, ауызша шежірелер көшпенділік өмір салтын жəне рулық тұрмысты сақтаған түркілерде жиі кездеседі. Қазақ руларында онымен қатар жазба шежірелер де болған. Сондай шежірелердің бірі ретінде, этнограф Аристов 1876 жылы қайтыс болған Диханбай батырдың жазбасын 7Аристов Н.А. Усуни и кыргызы или кара кыргызы. Очерки истории и быта населения западного Тянь-Шаня и исследования по его исторической географии. – Бишкек, 2001. – VII-б. 8Аристов Н.А. Опыт выяснения этническаго состава киргиз-казаков Большой орды и каракиргизов, на основании родословных сказаний исведений о существующих родовых делениях и о родовых тамгах, а также исторических данных и начинающихся антропологических изследований. – С.-Петербург, 1895. -4-б.
атайды. Оның артында қалған шежіреде Адам атадан бастап Əбілқайырға дейін 54 буын аталады. Əбілқайырдан үш ұл: Байшора (үлкен орданың ру басы), Жаншора (орта орданың атасы) жəне Қарашора (кіші орданың ру басы) туған. Байшорадан Жұманбай, одан Кейкібай, одан Төбей. Төбейдің төрт ұлы болған. Үлкені Майқыдан да төрт ұл туған. Оның үлкен ұлы Бақтиярдан Үйсін жəне Сіргелі деген балалар болған. Үйсіннен Ақсақал (абақ-таңба) жəне Жансақал (тарақ-таңба), Ақсақалдан Қарашаби, одан Бəйлібек (осы күндері Бəйдібек деп аталады) туған. Бəйдібектің үлкен əйелі Сары бəйбішеден Сарыүйсін деген ұл, Зеріп атты екінші əйелінен Жолмамбет, оның Мапыраш есімді үлкен əйелінен Шапырашты, екінші əйелінен Ысты, үшінші əйелінен Ошақты деген балалар туған. Ал Бəйдібектің Домалақ есімді үшінші əйелінен Жарқышақ, одан Абдан (Албан болса керек), Дулат, Суан деген ұлдар туған. Осыларды Диханбай батыр дерегі бойынша келтіре отырып, Аристов бұл шежірені Шымкент қазақтарының басқаша тарататынын да айта кетеді. «Шапыраштының бес ұлы болған: Икей (Екей – Б.Қ.) (бұл есіммен аталатын ру қазіргі таңда Верный үйезінің Ұзынағаш облысын құрайды), Исходжа (Есқожа – Б.Қ.) (қазір Қастек, Кіші Алматы жəне Үлкен Алматы болыстарының бөлігі), Асыл (Түрген жəне Күрті болыстарында), Чибыль (Шыбыл – Б.Қ.) (Күрті ауылының екі ауылы) жəне Айқым (сол үйездің Қарғалы болысы)», – дейді қазақ шежіресіне сүйенген жəне отарлық басқарма чиновнигі ретінде үйез қазақтарының жер-суға орналасу тəртібін жақсы білген этнограф-зерттеуші9. Жетісу аймағындағы жергілікті халықтың орналасуын қарастырғанда, Аристов Шапыраштының Верный үйезіндегі бес ірі бірлестігін екшей келе, Екейлер Ұзынағаш пен Шамалған болыстарындағы Қарасу, Тəуке-Тайлақ, 9Аристов Н.А. Опыт выяснения этническаго состава киргиз-казаков Большой орды и каракиргизов, на основании родословных сказаний исведений о существующих родовых делениях и о родовых тамгах, а также исторических данных и начинающихся антропологических изследований.–С.-Петербург, 1895.–46-бб.
Қасқабұлақ, Қызылауыз, Ұзынағаш, Сасықбай, Текенді, Сүмек, Сары Шыбыр шатқалдарын мекендейтінін жазған. Оның көрсетуінше, Қастек, Кіші Алматы, Үлкен Алматыда, ішінара Үзынағаш болысының Қарақастек, Құтырған, Найманбай, Түгереккөрші, Жиренайғыр, Қастек, Самсы өзендері бойындағы, Қойжалдамалы, Қарабастау мен Тасөзек шатқалдарында есенқожа руының көптеген аталары қыстаған. Шыбылдар Күрті болысының Тоқмоласаз, Қараөткел, Кемпірсай, Құрманбай, Қалбұлақ, Өтеген мен Үшшоқы шатқалдарын жайлады. Жайлаулары Іле Алатауында болды. Асылдың көптеген аталары Түгелсай мен Күрті болыстарындағы Терісбұтақ, Қаракемпір, Талдыбұлак, Жаманбұлақ, Қосағаш, Ақсеңгір, Шыбық пен Үшарал қойнауларын мекендеді. Бір тобы Кіші Алматы болысындағы Құрөзек, Талдыжидек пен Шамалғанға жақын Қаскелең өзені бойын қыстап жүрген. Айқым руы Қарғалы болысының жерінде орналасты. Кеңес өкіметі орнағанға дейін Шапырашты руының өкілдері отырықшы жəне жартылай отырықшы өмір салтымен өмір сүрді. Егін, баубақша екті, төрт түлік мал өсірді10. Н.Аристов Шапыраштының жалпы санын 7 мың түтін деп көрсетеді11. Ол бұл мəліметін Н.Гродековтың деректерін пайдалана отырып келтірген. ал М. Тынышбаев Шапырашты руына жататын адамдар саны 1917 жылы Верный үйезінде 70 мыңдай болған деп санайды12. 3. Мемлекеттік тəуелсіздік алғанымызға жиырма шақты жыл өткеніне қарамастан, қазақ халқының шығу жəне қалыптасу тарихы жайында ғалымдарымыз бекем көзқарас қалыптастыра қоймаған тəрізді. Бұған Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақ халқының ежелгі жəне орта ғасырлар тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих 10«Қазақстан» .Ұлттық энциклопедия. 9-том. – Алматы, 2007. - 444-б. 11Аристов Н.А. Опыт выяснения этническаго состава киргиз-казаков Большой орды... -8-б. 12Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 9-том. – Алматы, 2007. - 444-б.
ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбековтің «Шынайы тарихымызды қалпына келтіре алдық па?» деген проблемалық мақаласы13 дəлел бола алады. Оның ойынша, бұл мəселе əлі күнге дейін əртүрлі этногенетикалық жəне этносаяси мəселелер төңірегінде айтыс-тартыстар туғызып, ғылыми негізі берік емес, біржақты тарихи болжамдарға жол ашуда. Ғалым мұның өзіндік себептері бар деп есептейді. Олардың бəріне тоқталып жатпайтынын ескертіп, ең бастыларының бірі ретінде, қазақ халқының этностық тарихына қатысты пікір білдірушілер əр түрлі ғылымдар саласындағы мамандардың ғылыми ізденістерінің негізінде тарихи-салыстырмалы зерттеулер жүргізу қажеттігіне ой жүгірте бермейді дейді. Сондай жолмен жазылғанда ғана қазақ тарихының бір ізге түсіріліп, жүйелі сипат алатынын айтады. Өкініштісі, дейді ол, ғалымдарымыздың ежелгі жəне орта ғасырлардағы тарихи кезеңдерді зерттеуде мұндай бағытта жасап жүрген ізденістері əлі де көңіл көншітпейді. Жарық көріп жатқан еңбектерге көз салсақ, біріншіден, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан евроцентристік көзқарастан күні бүгінге дейін бас тарта алмай отырғанымыз аңғарылады. Екіншіден, ежелгі жəне орта ғасырлардағы тарихымызға қатысты деректердің жеткіліксіздігі де өз əсерін тигізуде. Мойындау керек, əсіресе, өзіміздің көшпенді атабабаларымыз қалдырған нақты жазба жылнамалардың жоқтығы немесе өте аздығы өткен жолымызды жаңғырту сынды аса жауапты мəселеде көп қолбайлау болуда. Сол жоқтық салдарынан əртүрлі үстірт, публицистикалық сипаттағы болжамдар мен тұжырымдар көптеп туды. Автордың орынды атап көрсеткеніндей, қазіргі таңда тарихымыз туралы əркім ойына не келсе соны айтады, ақ пен қараны ешкім дəл ажырата алмайды. Оның үстіне мерзімді басылымдарда, тіпті түрлі жеке шығарылымдарда ғалымдар бірін-бірі бірыңғай мақтаумен жəне жарық көрген 13Омарбеков Т. Шынайы тарихымызды қалпына келтіре алдық па?//Егемен Қазақстан, 29 желтоқсан 2010 жыл.
жұмыстарды көтермелеп көрсетумен шектелетін болып алды. Қазақ тарихын жазуға бел буған адамдардың шын мəнінде терең түйсініп ескере бермейтін тағы бір маңызды мəселесі бар. Ол – қолына қалам алған тарихшы, əдебиетші, журналист, тіпті қарапайым қатардағы тарих жанашыры санасында жалпықазақтық сезімнің өзге түйсіктерден əрдайым үстем тұруын басты парыз, міндеттілік, қажеттілік деп білу. «Қазақ деген кеңпейіл де жомарт халықтың тарихын жазуға бет бұрған адам, ең алдымен, өзінің жүрегін пендешілік жəне басқаларға деген өшпенділік пиғылдан тазалап алуы керек, – дейді жоғарыда аталған автор. – Ұлтымыздың біртұтас тарихын белгілі бір жүзді немесе нақты қазақ тайпасын басқаларынан аспандата асыра дəріптеу жəне өзіне ұнамайтындарды кемсіту немесе мұқату тұрғысынан жазуға ешкімнің қақысы жоқ». Ол халқымыздың өткен жолын шұқшия зерттеп жаңғырту барысында ғылымда бекем орын алған бұрынғы атақты оқымыстылардың еңбектеріне де сын көзбен қарауға шақырады. Бұл ретте ғалым əйгілі шығыстанушы, академик В.Бартольдтің өз еңбектерінде найман, керей, дулат тайпаларын «олар түркілер емес, моңғолдар болатын» деп бағалағанына назар аударып, мəселеге тап осылай үстірт қараудан сақтанғанды жөн көреді. Мұндай ұстанымдардың негізсіздігін, қазақ халқы Ресей мемлекетіне басыбайлы отар болып отырған 1897 жылдың өзінде-ақ, орыс ғалымы Н.Аристов айтып кеткен. Т.Омарбековтің ойынша, еліміздің мемлекеттік тəуелсіздігі дəуірінде өмір сүріп отырғанымызға қарамастан, бүгінде өзіміздің зерттеушілеріміздің кейбіреулері В.Бартольдтың бұдан ғасырдан астам уақыт бұрын салған таптаурын жолына түсіп, ұлт тарихын жауапсыздықпен бұрмалауға бет бұрғандарын аңғара алмай отыр. Ескеретін жəйт, дейді ол, қазақтың этностық тарихын «Н.Аристов тəрізді қастерлейтіндер орыс зерттеушілері арасында бұрын да, қазір де саусақпен санарлықтай аз болған, бұл ешкімге құпия емес. Кезінде оның еңбегіне сын көзбен қараған
В.Бартольд бұдан тағы да біржақты қорытынды жасап», орыс шығыстанушыларын басқалардан жоғары қойды. В.Бартольдтың мұндай пікірі Н.Аристовтың «Түркі тайпалары мен ұлыстарының этностық құрамы жөніндегі жазбалар жəне олардың саны жайындағы мəліметтер» деген еңбегіне байланысты жазған рецензиясында, шынында, бар. Əйтсе де оны соншалықты əділетсіздікпен тұжырымдалған деу артықтау болар еді. Мəселен, Н.Аристовтың бұл кітабын В.Бартольд «сөз жоқ, шығыстану бойынша біздің əдебиеттегі ең қуанышты құбылыстың бірі» деп бағалап, «ғылымның ресми өкіліне жатпайтын риясыз зерттеушінің» «пəннің əдебиетін толық біліп» жазған осынау «еңбегі құрметтеуге лайық» екенін атап өтеді. Ал оның қазақтың кейбір ру-тайпаларының (мəселен, атауы моңғолдың «сегіз» деген сан есімінен шыққан деп саналатын наймандардың) ертедегі тегін моңғолдарға жатқызуына келсек, ондай ойларының да көптеген дереккөздерді қарастырған ғылыми ізденістер, зерттеулер нəтижесінде айтылғанын көреміз. Шығыс тарихын зерттеу В.Бартольдты «қарапайым ақиқатты түсінуге» алып келді: ол «Шығыста да, Батыстағыдай сияқты, кең көлемді қозғалыстарды тұлғалардың кең көлемді топтарының мүдделері тудырғанын», «Азияда да, Европада да бір ғана, бірдей тарихи эволюция заңдары əрекет ететінін» көрді. Сондықтан да оның көз алдында «Европа (əсіресе неміс) шығыстанушылары еңбектерінің ықпалымен «Алтын Шығыс, ғажайыптар елі», «Мың бір түн» Шығысы біртіндеп аңыздар саласына» ығысқанын, есесіне, «шығыс халықтарының нақты өмірі жаңғырып, олардың тарихы жəне солардың адамзат тарихындағы рөлін нақтылаған себептері айқындалып жатқанын» атап айтты. Сол орайда, «Орта Азияға біздің өткеніміз де, қазіргі өміріміз де жақын болғандықтан, əлемдік тарихи əдебиеттегі бос кеңістіктің тек орыс ғалымдарының жігерлі түрде қатысуымен ғана толықтырылуы ықтимал»14 деп, 14Бартольд В.В. Сочинения. Том V. –Москва, 1968. –266, 273–275, 279-бб.
Т.Омарбеков айтқандай, «тағы да біржақты қорытынды» жасады15. Шынында да, ғылымның ресми өкілдерінен өзгелерге сын көзбен қарау өз алдына, ғылыми күш қатары жайындағы мəселеге де тап осылай үстірт қарау қасиеті оны жергілікті халықтан шыққан бірлі-жарым зерттеушілерді ашық менсінбеуіне əкеп соқтырған тəрізді. Осы орайда мына жəйтке назар аударайық. Түркістан өлкесінің жергілікті баспасөзінде «туземдік халықты басқаруға шақырылған адамдарға қарамағындағылардың тілін білу қажет» деген тілек көрініс тауып жүретін. Бұл олардың туземдіктермен тікелей, тілмəштің араағайындығынсыз-ақ түсінісуі үшін керек-тін. Мұндай тілекке өлкенің жоғарғы əкімшілігі құлақ асады. Шығыстанушы, этнограф, доғарыстағы офицер, өзбектер арасында едəуір уақыт өмір сүріп, жергілікті халықтың тілін үйренген, тарихы мен қолжазба мұрасын зерттеген Владимир Петрович Наливкинге (1852–1918)16 жергілікті тілді білгісі келген орыс чиновниктері мен офицерлеріне сарт тілінде дəрістер курсын оқу тапсырылады. Осы шақтарда өлкеге империя астанасынан ғылыми сапармен В.Бартольд (1869–1930) келіп жүрген. Ол 1894 жылы Ташкентте шығатын «Окраина» газетінде (№ 19, 7/19 шілде): «Сондай оқулар граф Н.Я.Ростовцовтың бастамашылдығымен енді Самарқанда да өтіп жатыр. Бұл істі жүргізу Самарқан əскери губернаторының аудармашысы Лапин мырзаға тапсырылған. Ол бұл шаруаны ақысыз-пұлсыз атқаруды өз мойнына алды», – деп хабарлай отырып, одан əрі «Лапин мырзаның өткен жылғы 10-шы қарашада оқылған кіріспе лекциясы жайындағы есеп «Орынбор парақшасының» («Оренбургский листок») үстіміздегі жылғы 6-шы нөмірінде басылғанын» жазады. «Самарқанда туземдіктердің сөйлеу тілін үйрету» деп аталған сол мақаласында шығыстанушы Бартольд бірден: «Өкінішке қарай, «Сарттар жəне олардың тілі» деп аталған 15Егемен Қазақстан, 29 желтоқсан 2010 жыл. 16Қазақ Совет энциклопедиясы. 8-т. –Алматы, 1976. -264-б.
бұл мақала өте оғаш, ақылға қонбайтын əсер туғызады», – деген сөздермен, оны өте теріс бағалайтынын жария етеді. Ол Лапиннің бұл мақаласын «іс жүзінде халық ретіндегі сарт та жоқ, сарт тілі де жоқ» деген мəлімдемемен бастайтынын ашықтан-ашық жақтырмай, оның «білімсіздігін» көзіне шұқығандай сарында айтады. Бартольдтың мақаласына қарағанда, мəселені ə дегенде жоғарыдағы мəлімдемесімен атап өткен Лапиннің ойынша, сарт деген сөз сары ит деген тіркесті бұрмалап айтудан шыққан, мұндай мысқыл-атауды өлкенің отырықшы халқына, шыққан тегін айырып қарамастан, көшпенді-қазақтар берген көрінеді. Бұл анықтаманы қазақтардың өздері де айтады екен. Тіпті, сол сөздің шындығын растау үшін, əркім-əркім ел аузындағы аңызды да еске алатын сияқты. Сол аңызды өз мақаласында Лапин мырза да келтіреді дейді автор. Лапин мырза, əрине, Бартольдтің айтуынша, аңыздың шындыққа сай келетініне сене қоймайды, бірақ оның туу себебін: «... дала төсімен өтіп бара жатқан қазақ бір кезде киіз үй тігулі болған жұртта ...жалынышты үнмен ұлып тұрған сары итті көреді, сол сурет оған отырықшы тұрғынды елестетті де, ол оны сарт деп атай бастады, ал осы əжуə аталымды боямалау үшін, қазақтар арасында жоғарыда айтылған аңыз қалыптасты», – деп пайымдайды17. Одан əрі: «Автордың келесі пікірі теңдесі жоқ күлкілілігімен ерекшеленеді», – дей келіп, Бартольд Лапиннен мына үзіндіні келтіреді: «Өзінің арбаға жегілген аты (ат жегілген арбасы – Б.Қ.) үстінде аяғын жинап алып, тізелерін екі жағына кере, басын шалқайта көкке қарап, өзінің көңілсіз-мұңды, бір сарынды шексіз əнін шырқап отырған арбакеш-сартқа көз тастағанда, сол суреттің оларға қазақ берген лақап атауды өте көрнекі түрде еске салатынын лезде түйсінеміз». Көшпенділер ойлап тауып, отырықшы бауырларына таққан сонау əжуəлі мазақ ат, Лапиннің растауынша, 17Бартольд В.В. О преподавании туземных наречий в Самарканде//Сочинения. Том ІІ. Часть 2. –Москва, 1964. -303-б.
барлық отырықшы халықтың жинақталған атауы сияқты мəнге ие болып, қазақтар арасында тұрақты да табанды түрде сақталып қалғаны былай тұрсын, біртіндеп кең тарап кетті. Сондықтан да бұл сөзді Түркістанның отырықшы тұрғындарының ортақ атауы ретінде кейбір тарихшылар тарапынан қолданылса, онда тұрған таңғаларлық ештеңе де жоқ дейді ол. «Сонымен, автор мынандай қорытындыға келеді», – Бартольд одан əрі Лапиннен мынандай үзінді келтіреді: «... бізде сарттар халқы жоқ, бізде тек сарт деген сөз артында барлық отырықшы халықты жəбірлейтін, өкпелететін жанама жалған ат қана бар; сарттар тілін сарт тілі деп атауға бізде негіз жоқ, өйткені тəжік тілі де, отырықшы өзбек тілі де сарт тілі деп түсінілуге тиіс, сондықтан да бұл тілді, осы уақытқа дейін жазылып жəне айтылып келе жатқандай, сарт тілі деп емес, отырықшы өзбектердің сөйлейтін тілі бойынша өзбек тілі деп атау жөн»18. Мұндай тұжырыммен əйгілі шығыстанушы Бартольд, əрине, келіспейді... Осы жерде Лапиннің кім екеніне тоқтала кету лəзім. Серəлі Мұңайтпасұлы Лапин19 (1868–1919) – қазіргі Қызылорда түбінде туып-өскен, Ташкенттегі Түркістан мұғалімдер семинариясында оқыған, сонда оқып жүргенінде жəне кейінірек семинарияда оқытушы-репетитор қызметін атқарғанында да, өлкетану-зерттеу жұмыстарындағы алғашқы қадамдарын жасаған, одан Императорлық Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген, В.Бартольд жоғарыда аталған мақаласында көрсеткендей – Самарқан облысы əскери губернаторы жанында аудармашы болып істеген шығыстанушы, қоғам қайраткері. Ол түркі тілдеріне қоса, араб, парсы, тəжік, т.б. шығыс тілдерін білген, көне сəулет ескерткіштеріндегі жазуларды, көне қолжазбаларды оқып, ғылыми айналымға қосқан. Өлкеде қызмет істеуші отар чиновниктеріне жергілікті тіл үйрету үйірмесін ұйымдастырды. Орта Азияға ғылыми мақсатпен келген академиктер В.Бартольд пен Н.Веселовскийге түркі 18Бартольд В.В. Сочинения. Том ІІ. Часть 2. –Москва, 1964. -304-б. 19Қазақстан. Ұлттық энциклопедия.6-том. –Алматы, 2004. -235-б.
тілдерінен дəріс берген. Ол түркі ұлттарының атауларын дұрыс қолдану жайында мəселе көтерді. Орыс-тузем сөздігін шығарды20. Қысқасы, Серəлі Лапин – ХІХ ғасырдың соңындағы саусақпен санарлық ұлттық ғылыми кадрлардың бірі. Алайда, Ресей империясы ғылымының Бартольд сынды ресми өкілі жергілікті халық ішінен өзімен тайталасып пікір айта алатын жасы өзімен шамалас зерттеушінің шығуын қош көрмейді. Оны ашықтан ашық менсінбей, тіпті төменшіктете: «Өзінің, ыңғайы, титімдей де ұғымы жоқ нəрселер туралы Лапин мырзаның сондай бір өркөкіректеніп сөйлеуге батылы барғанына біз тек таңырқап қана қараймыз, – дейді. – Өлкенің тарихымен жəне əдебиетімен ол мүлдем таныс емес...» Осылай дей келе, В.Бартольд сарт атауының шығу тегіне қатысты дереккөздерді Науаи мен Бабырдан бастап өлкедегі сол кезгі зерттеуші жəне миссионер Остроумовқа дейін шола отырып, «оны біздің этнографиялық сөздіктен шығарып тастауға ешқандай да негізіміз жоқ» деп түйеді. Алайда, əйгілі шығыстанушы қынжыла жазғандай, «Лапин мырза сарт тілін өзбек тілі деп атауды талап етеді». Алайда жергілікті тұрғын «Лапин мырзаға» айқын жəйт – алыстан келген өзге текті өркөкірек оқымысты үшін көп дəлел тілейтін бұлыңғыр нəрсе. Сондықтан да, ғылым тілінде «Лапин мырза талап еткен», көп ұзамай, большевизм төңкерісінен кейін əкімшілік жолмен тез-ақ жүзеге асқан жəйтті орыс шығыстанушылық ғылымының ресми өкілі сол кезде қабылдай алмайды: «Граф Н.Я.Ростовцовтың оқымыстылық бастамасына да, Лапин мырзаның риясыз еңбегіне де толық құрметпен қарай отырып, біз соңғы адамның туземдік сөйлеу тілдерді практикалық тұрғыдан үйретумен шектелмей, сарт халқының тарихы мен тілінің білгірі рөлінде сөйлеуге бел буғанына өкінбей тұра алмаймыз, – деп жазады ол. – Өзінің білімін көрсеткісі келген адам, оның орнына тек өзінің мүлдем надандығын көрсеткен адам, 20Қазақ Совет энциклопедиясы. 7-том. - Алматы, 1975. -183-б.
мұнысымен тек өзінің ғана емес, сонымен қатар өзі қызмет етіп отырған істің де абыройын төгіп, беделін түсіреді»21. Серəлі Лапин оған «Түркістан ведомостары» («Туркестанские ведомости») газетінің 1894 жылғы үш санында (№№ 36, 38, 39) «Сарт сөзінің мəні жəне шығу тегі» деген мақаламен жауап берді. Ұзамай сол газетте (№ 48) Бартольдің «Лапин мырзаға жауап орнына» деген мақаласы жарық көрді. Онда ғалым негізінен өз ойында қала отырып, Лапин өзінің «Орта Азия тарихынан, тым аздаған болса да, кейбір дереккөздер жақсы таныс екенін дəлелдегендіктен», «авторды «мүлдем (абсолютті) надандықпен» айыптаған сөзін ықыласты түрде қайтып алады»22, яғни артық та ағат айыптауы үшін кешірім сұрайды. В.Бартольд «сарт сөзін этнографиялық атау сапасында қолданудан бастартуымызға негіз жоқ» дегенді сол газеттің 1895 жылғы 30-шы санында жарияланған «Тағы да «сарт» сөзі туралы» мақаласында дəйектеп жазды23. Алайда өмір ағыны ол бірнеше рет сын нысанасына айналдырған Серəлі Лапиннің өзбек пен сарт деген сөздердің бір халыққа беріліп отырған атау екендігі туралы жазғандарын дау-дамайсыз шындыққа айналдырды. Кезінде Тянь-Шаньның екі мың жылдық тарихын қарастырған Николай Александрович Аристовтың ерен еңбегін (өзі əзірлеп берген жүздеген беттік машинкамен терілген қолжазбаны) Орыс Географиялық қоғамының ұсынысымен, сол шақтағы ең беделді археология профессоры Николай Иванович Веселовский (1848–1918) рецензиялаған екен. Оның сондағы сын көзбен айтқан пікірі əлі жарияланбаған қолжазба тағдырына тосқауыл сынды ықпал етіпті. Еңбек бір ғасырдан астам уақыт жарық көрмей, мұрағаттарда жатып қалыпты. Жұмыс академик В.М.Плоских ұсынған Н.А.Аристов қолжазбасының фотокөшірмесі бойынша, тұңғыш рет 2001 жылы Бішкекте жарық көрді. Кітап Орта Азиядағы түркі халықтарының 21Бартольд В.В. Сочинения. Том ІІ. Часть 2. –Москва, 1964. –304–305-б. 22Бартольд В.В. Вместо ответа г-ну Лапину//Соч. Том ІІ. Ч 2. –М., 1964. -306–309-бб. 23Бартольд В.В. Еще о слове «сарт»//Соч. Т. ІІ. Ч. 2.–М., 1964.-310–314-бб.
тарихы, этнологиясы мен мəдениеті жайынан құнды мағлұматтар беретін дереккөз ретіндегі ғылыми мəнін күні бүгінге дейін жоғалтпаған24. Бүгінгі ғылыми жұмыстарда əлі күнгі евроцентристік көзқарастан арыла қоймағандықтың əсері көзге ұрып тұратынын белгілі зерттеуші, профессор Т.Омарбеков еліміздің бас газеті бетінде сынға ала отырып, «Н.Аристов тəрізді қазақтың этникалық тарихын қастерлейтіндер орыс зерттеушілері арасында бұрын да, қазір де саусақпен санарлықтай аз болғаны ешкімге құпия емес. Кезінде оның еңбегіне сын көзбен қараған В.Бартольд бұдан тағы да біржақты қорытынды жасап, Н.Аристов көтеріп отырған қазақтың этникалық тарихының мəселелері туралы айтқанда, «...əлемдік-тарихи əдебиеттегі бұл бос орынды толтыру тек қана орыс ғалымдарының белсенді түрде қатысуы арқылы ғана мүмкін болмақ», – деп жазғанын жақсы білеміз» деген ді25. Бүгінгі ұлттық тарих ғылымына жаңа жолдар жазу жолында тер төгіп келе жатқан ғалымдардың В.Бартольд өзінің «Түркі жəне моңғол халықтарының тарихы мен филологиясы жөніндегі жұмыстар» деген еңбегінде26 қазақтың этностық тарихының мəселелерінен Аристовтың көтерген жайлары туралы біржақты қорытынды жасауға бейімдік көрсетті деп санайтын мұндай тұжырымды қостай қоймайтыны анық. Əйткенмен, Т.Омарбеков көтерген мəселе негізсіз емес. Байырғы шығыстанушылардың айтқандарын ғана дұрыс деп танитын жəне өздерінің зерттеулерінде солардың тұжырымдарына ғана жүгінетін біржақты пиғылдардан кейбір қазақ тарихшылары əлі де арыла алмай отыр. Мұндай ұстанымдағы кісілер əдетте дəстүрлі қазақ 24Плоских В. Н.А.Аристов и его фундаментальный труд по историии кыргызоы о Кыргызстана// Н.А.Аристов. Усуни и кыргызы или кара-кыргызы. Очерки истории и быта населения западного Тянь-Шання и исследования по его исторической географии. Бишкек, 2001. – ІІІ–Х-бб. 25Омарбеков Т. Шынайы тарихымызды қалпына келтіре алдық па?//Егемен Қазақстан, 29 желтоқсан 2010 жыл. 26Бартольд В.В. Сочинения. Т.V. –Москва, 1968. -266–279-,б.
деректерін менсінбейді. Көне дəуірдің қытай деректері жəне Орхон ескерткіштері секілді бірден-бір куəгерлерін орыс тарихшыларының тұжырымдарынан кейінгі қатарға ысырып қояды. Осындай көзқарас жетегімен жасалған зерттеулер барысында қорытылған пікірлер тарихи шындықты қалпына келтіруге қызмет ете қоймайды, қайта, оны одан əрі шатастырып, əртүрлі бұрмалауларға алып барады. «Əдетте мұндай зерттеулер ұлттық рухтан жұрдай болып келеді, – дейді мəселені биік мінберден көтеріп отырған ғалым. – Бұлардан туындайтын тұжырым: қазақ халқының қалыптасуының этникалық мəселелері рухани дəстүрлі болмысты ашатын, аса маңызды бағыттар бойынша ғылыми негізді жəне нақты деректерге сүйенген басалқалы да, байыпты тұжырымдарға, қорытындыларға аса мұқтаж болып отырғаны құпия емес». Ол осы орайда қазақ халқының шығу тарихын өзінше жүйелейді. Осы кезге дейін жинақталған тарихи зерттеулерді ғылыми жүйеге түсіру жəне қазақ халқының тереңде жатқан этностық тамырларын айқындап, ондағы тарихи сабақтастық мəселелерін бір арнаға бағыттау үшін, ең алдымен, бастыбасты тарихи кезеңдерді нақтылап жіктеу лəзім деп біледі. Содан соң оларды рет-ретімен қарастырғанды дұрыс көреді. «Бүгінгі күні университеттеріміздегі ежелгі жəне орта ғасырлардағы қазақ тарихын оқытудың кеңестік кезеңнен бері қалыптасып, əлі де содан ауытқымай келе жатқан əдістемелік бағдарламасы тəуелсіз елдің рухани сұраныстарына жауап беруден қалды, – деп қынжылады ол. – Мұндағы басты кемшілік, біздің ойымызша, қазақ деген халықты қалыптастырған этногенетикалық негіздерді тарихи үдерістермен қатар, сабақтастық тұрғыда қарастыруға баса мəн бермеуімізде деп ойлаймыз»27. Осы орайда зерттеуші ежелгі тайпалар мен олардың тікелей тарихи мұрагерлері хақында біраз сұрақты алға шығарып, сондай маңызды сауалдарға əркім өзінше, əртүрлі жауап беретінін айтады. Егер тарихи шындық біреу ғана 27Егемен Қазақстан, 29 желтоқсан 2010 жыл.
болса, пікірлер неге алуан түрлі? Шындыққа жету үшін – сүйенетін дереккөздер ауқымын кеңейту керек екені түсінікті. Т.Омарбековтің ойынша, қазақ этногенезін зерттеуде генеология, археология, түркология, этнология, филология, антропология, мəдениеттану сынды көптеген ғылым салаларының жетістіктерін тарихи салыстырмалы түрде айналымға қосу қажет. Олар күрделі мəселелерді шешуде əлі күнге дейін тарихи-салыстырмалы түрде қарастырылмай, мəселеге бір ғана ғылым саласы көзімен, біржақтылықпен қарауға жол берілуде. Əсіресе, тоталитарлық жүйе тұсында дамытылмаған генеология тəрізді саланың қазақ этногенезі мəселелерін анықтаудағы орны мен рөлі зор екенін түсіну лəзім. Бұл ретте, қазақ халқының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты, бірінші кезекте шежіре назар аударуға тиіс. Ғалымның айтуынша, қазақ шежіресінде келтірілген деректердің 90 пайыздан астамы тарихи шындықпен үндесіп жатыр. Тарихи тұлғаларды қарастыруда шежірелік деректердің алатын орны ерекше. Қазақ хандығы орнығып, дəстүрлі шежіре жүйесі жаңаша реформаланғанға дейінгі тарихи шежірелер ежелгі жəне орта ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғалар туралы тəп-тəуір мəлімет береді, бірақ мұны, Т.Омарбековтің пайымдауынша, евроцентристік көзқарастардан арыла қоймаған зерттеушілер əлі күнгі түсіне алған жоқ. Сондықтан да кəсіби тарихшылар арасында осы кезеңдердің шежірелік деректерін жазба дереккөздермен салыстыра қарап, шындықты солардан іздестіруге деген талпыныс күні бүгінге дейін сирек. Қазіргі күндері тарихшылар пайдаланып жүрген шежірелер Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде, дəлірек айтқанда, ХVІ ғасырда «Қасымханның қасқа жолы» аталатын құқықтық-мəдени əмбебап реформаны жүзеге асыру барысында туған. Ғалым қожалар тарапынан едəуір реформаланған бұл шежірелерді ежелгі қытай жылнамаларымен салыстыра қарастыруды тарих үшін аса маңызды деп біледі. Т.Омарбековтың байқауынша, осындай дұрыс пиғыл бүгінгі зерттеушілер бас шұлғып мойындайтын
көптеген европалық ғалымдарда болған жоқ. В.В.Бартольд сынды сұңғыла ғалым да, қазақ тілін білмегендіктен, шежіре тəрізді құнды деректің өлшеусіз маңызын дұрыс түсіне алған жоқ. «Ол сондықтан да кезінде Диқанбай батырдан жазып алған қазақ шежіресін басқа жазба деректермен тарихисалыстырмалы түрде өзінің еңбегінде кеңінен пайдаланған Н.А.Аристовтың зерттеуіне жазған көлемді ғылыми сынпікірінде бұл туралы бір ауыз сөз де айтуға жараған жоқ болатын»28. Өкініштісі, қазақ халқының жəне оны құраған рутайпалық бірлестіктердің шығу тарихын қарастырып жүрген кейбір қазақ зерттеушілерінің өздері де шежіре деректерін əлі күнге дейін елемей жүр. Бұл орайда олар евроцентристік ойлау ауқымынан шыға алмай, Бартольдтың қателігін қайталауда. Əрине, қазақ шежіресін біржақты асыра марапаттауға болмайды, өйткені барлық дереккөздер секілді, шежіренің де өзіне тəн обьективті жəне субьективті себептерден туындайтын кемшіліктері баршылық. Т.Омарбеков оларды былай санамалайды: біріншіден, шежірелер ХVІ–ХVІІ ғасырларда жазылғандықтан, оларда моңғолға дейінгі түркілік кезең мəліметтерінің біразы жоқ; екіншіден, шежірені жазуды қолға алған қазақ қоғамындағы сауаттылар тобы – қожалар болғандықтан, рулықтайпалық шежірелердің бастауларын қожалардан тарату əдетке айналған; үшіншіден, моңғолдардың жаулауына байланысты, рулар мен тайпалар құрылымында орын алған өзгерістер ХІV ғасырдан бастап шежіренің толықтырылған жаңа үлгісін қалыптастырды. Осы кезде тарихи тұлғалардың бірі екіншісімен алмастырылды. Мəселен, ХІV–ХV ғасырлар тоғысында өмір сүріп, жеті тайпаға (Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Дулат, Албан, Суан) билік жүргізген Бəйдібек би VІІ ғасыр қаһарманы болып кетті, 28Омарбеков Т. Шынайы тарихымызды қалпына келтіре алдық па?//Егемен Қазақстан, 29 желтоқсан 2010 жыл; Бартольд В.В. Рецензия на книгу: Н.А.Аристов. Заметки об этническом составе тюркских пле¬мен и народностей и сведения об их численности. (1997). // Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов. – М., 2002. С.266–277.).
ол «Он оқ еліне» «қарадан шығып хан болған» Бай баға қаған орнын алды; төртіншіден, шежіре айтушы тарапынан субьективті қателіктер жіберілген. Əдетте шежірешілер ру тармақтарын таратқанда, əртүрлі себептермен, кейде өздері де байқамай, олардың орындарын, аталықтар тарайтын есімдерді ауыстырып алады. Бірақ бұны шежірелердің балама нұсқаларын өзара салыстыру жəне олардағы кісі есімдерін басқа деректермен тарихи-салыстырмалы түрде қарастыру жолымен түзетуге болады. Осындай ол қылықтарына қарамастан, шежіре мəліметтері өзіндік дəстүрлі ерекшеліктері бар төл тарихымыздың ұмытылған немесе бұрмаланған кейбір тұстарын қалпына келтіруге көп көмегін тигізеді. Бұған баспасөзде мəселе көтеріп отырған автордың сенімі кəміл. Қазақтың қай тарихын да аңыздар мен əңгімелер толқыны басып кеткен. Бірақ, сол аңыз-əңгіме өзегінде сом алтындай жарқырап тарихи ақиқат жатады. Əрбір мысалдан тарихи дерек көрініп тұрады. Еліміз егемендік алып, төл тарихымызды өзіміз саралау қолға алынғалы бері, жазба деректер мен тарихи ақиқаттар негізінде, дала өркениетіне арналған көптеген құнды ғылыми шығармалар дүниеге келе бастады. Солардың бірі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі, ол бұл монографиясында қазақты түркілердің мəйегі есебінде қарастырады29. Ежелгі көшпелі жəне отырықшы өмір салтымен адамзат тарихынан өз орнын алған, XXI ғасырға өзіндік ерекшеліктерімен, бітім-болмысымен даралана жеткен, өзіндік терең дəстүрлері бар халық – бүгінгі қазақтар екені дау туғызбайды. Артта қалған мыңжылдықтарда ат үстінде күн кешіп, өмір сүрген көшпенді бабаларымыздың ұрпақтары Солтүстік мұзды мұхит, Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары секілді төрт телегей-теңіз ұлы сулардың жағаларына, Азия түпкірі, Европа, Африка сынды үш материкке табан тіреген. Бұлар жайында адамзат тарихы 29Қайдари Ə., Төлепбаев Б., Нұрпейісов К., Карл Байпақов ж.б. Бəйдібек баба// Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек.Ұрпақтар шежіресі. Құрастырған А.Байғазыұлы. –Алматы, 2006. -10-б.
беттерінде сақталған шежірелер бар. Орта ғасырдағы атақты фəлсафашы Əбунəсір əл-Фараби өзінің шындық туралы трактатында: «Табиғат қойнауынан тамыр тартатын нəрсенің барлығы да шындық... Өйткені, бұл – табиғи шындық, табиғат Заңының шындығы...» – деп, шындықты бұрмалауға да, оған қарсы тұруға да болмайтынын айтқан. Сондай табиғат заңы шындығының бірі – қазақ халқының түп-төркіні, шығу, қалыптасу тарихы. Біздің дəуіріміздегі 96-жылы қытай жылнамашысы Бан Гу «Батыс өңір жəне Үйсін мемлекеті» атты тарихи еңбегінде біздің қазақ жеріндегі ежелгі үйсін тайпалары өз «... дəуірінде шалқи түсіп, шартарапқа шабуыл жасап, атақ абыройын мейлінше арттырды. Кейін сайыпқыран салт аттылар дұшпанының оң жағынан бұзып кіріп, оның ханын бағындырды...» – деп жазған30. Азиядан Европаға ұласқан Ұлы Далада – өзендері мен көлдерін, кең даласы мен жазықтарын, асқақ таулары мен биік тау қыраттарын ежелгі көшпенді, бүгінде отырықшы қазақ халқы біртұтастана иемденіп жатыр... 4. Үйсін – қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ұлы жүздің негізін құраған тайпалар Бəйдібектің балалары болып саналады. Олар – Албан, Дулат, Суан, Шапырашты, Сарыүйсін, Ошақты, Ысты. Шоқан Уəлихановтың жазбалары бойынша, Үйсін – аталған тайпалардың ғана емес, күллі Ұлы жүзге кірген тайпалардың түп атасы болып саналады31. Біз тарихын қарастырып отырған Шапырашты Үйсіннің бір баласы санатында болғандықтан, оның тарихы Үйсін тарихымен бір деп есептеуге толық негіз бар. Осындай пайым жетегімен үйсіннің шығу тегін, таралуын, тарихтағы əр заманда алған орынын қарайық. Осы мақсатпен əуелі Н.А.Аристовте келтірілетін усуньдер (үйсіндер) тарихын қысқаша шола кетелік. 30Сатыпалды Қ.С. Шежіре – біздің түп тамырымыз//Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек. Ұрпақтар шежіресі. Құрастырған А.Байғазыұлы. –Алматы, 2006. -5-б. 31Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 9-том. –Алматы, 2007. -91-б.
Археологиялық жəне геологиялық зерттеулер арқылы алынған деректер бүгінгі қазақ елінің аумағында алғашқы адамдар осыдан 2 миллион жыл шамасы бұрын өмірге келгенін, бұл жердің содан бері тіршілік толастамаған қасиетті мекен екенін көрсетіп отыр. Қауымдық тұрмыс құрған қазақ жеріндегі алғашқы адамдар эволюциялық даму сатыларының сан түрлі қиындықтар мен ауыртпалықтарға толы болған баспалдақтарының барлығынан өткен. Сөйтіп, өркениет кезеңіне сүрінбей жеткен. Ал, бүгінгі Қазақ Даласын осыдан шамамен 2,5 – 4 мың жыл бұрын мекендеген сақ тайпалары туралы жазба тарих атасы Геродот б.з.б. V ғасырда жазып кеткен. Геродот бүл деректерді өзінен 240 жыл бұрын сақ тайпаларының ортасына екі рет келіп, оларды зерттеген ғұлама Аристей (б.з.б. VIII—VII ғғ.) жазған еңбектен алғанын айтқан. Ал ғұн жəне басқа сақ тайпаларының басын қосқан алғашқы құдіретті мемлекет – Үйсін болған. Үйсін мемлекеті мен оның халқы б.з.б. V–IV ғғ. шамасында тарихта өз орнын алды. Бұл туралы академик Манаш Қозыбаев: «Осыдан екі жарым мың жылға жуық бұрын халқының үштен бірі атқа қонған Үйсін мемлекетінен бастап қазақ сахарасында талай тайпалық мемлекеттер үстемдік етті» деп жазды32. Қытай жылнамаларында Үйсін мемлекеті туралы арнайы жазылған еңбектерді бізге Н.В.Кюнер, Н.Я. Бичурин, Ю.А.Зуев, А.Н.Бернштам, Л.Н.Гумилев жөне басқа да ғалымдар жеткізген. Олар «Усунь», «Аөшін» деген сөздер – Үйсін, ал «Гуньмо» – Күнби (яғни «ұлы билеуші, патша» мағынасында) екенін тəржімалаған. Жапон ғалымы К.Сиратори «Куньмо» дегеннің дұрыс аудармасы «Ханби» екенін анықтаған. Академик Əлкей Марғұлан Үйсін мемлекетінің халқы Сыр алабы мен Алатау бөктерінен Сібір тайгасына дейінгі аралықты еркін жайлағанын əйгілеп кеткен. Осы тарихымыз туралы құнды мəліметтерді өз ғалымдарымыздан Ш.Уəлиханов, М.Тынышбаев, С.Асфендияров жəне басқалар да жазған. 32Егемен Қазақстан. 30 сəуір, 1999 ж.
Үйсін мемлекетінің аумағы б.з. III–V ғасырларда осы күнгі Қазақ Даласынан асып, Шығыс Даласын қамтыған. Көне Қытай картасында Ордостағы қазіргі Пинлян мен Гуюань үйездері ішкі Моңғолияның үйсіндер ту тіккен оңтүстік шекарасы ретінде көрсетілген. Үйсін мемлекетінің əйгілі ханбиі Елсаудың (б.з.б. 178 – 104 жж.) екінші ұлы Дулы бидің ұрпақтары III–IV ғасырларда бастап барған, құрамында ғұн тайпасының ержүрек жауынгерлері бар қалың əскер Батыс Даласынан асып, Батыс Европа елдерін бағындырғаны белгілі. Осы өлкеде құрылған жаңа мемлекеттердің халықтары өздерін Дулының ұрпағымыз дейді. Христің Туылуына (Х.Т., яғни христиандық жыл санау басталғанға – біздің эрамызға) дейінгі 202-ші жылдан бастап, Қытайда Хань əулеті билікте болды. Бұл кезде Қытайды солтүстігі мен батыс жағынан хундар (ғұндар) жері қоршап жатқан-ды. Олар бұл шақта өте қуатты болатын33. Хундар империясы – өте ежелгі түркі мемлекеті санатында34 еді. Ал Хунн (Ғұн) империясы құрамындағы шағын елдің бірі үйсіндер болатын. Үйсіндер б.з.д. ІІ – VІ ғасырларда Жетісу, Іле аймақтарында жəне Ыстықкөл өңірінде орналасқан. Шекаралары батысында Шу, Талас өзендеріне, шығысында Тянь-Шаньның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көліне, оңтүстігінде Ыстықкөлге созылды. Үйсін сөзі «ұйысу», «топтасу», «ынтымақтасу» деген мағынаны білдіреді. Арғы тегі Қытай жазбаларында «Кунь уй», «Кунь ронг» («Күн бұратаналары», «Күн жабайылары») деген атаумен кездеседі. Христиан жыл санауына дейінгі ІV ғасырда – «Усунь ронг» («Үйсін əулеті жабайылары»), ІІ ғасыр жазбаларында «усунь» деген атаумен ұшырасады. Осы кезеңде Шығыс Тянь-Шань аймағын мекендеп, артынан батысқа қарай қоныс аударды. Іле өзені бойындағы, Жетісу өлкесіндегі тайпаларды оңтүстік-батысқа ығыстырып, тəуелсіз үйсін мемлекетін құрды35 . 33Н.А.Аристов. Усуни и кыргызы или кара-кыргызы. Очерки истории и быта населения западного Тянь-Шання и исследования по его исторической географии. Бишкек, 2001. – 9-б. 34Бартольд В.В. Сочинения. Том V. –Москва, 1968. -267-б. 35Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 9-том. –Алматы, 2007. -93-б.
Осы кезеңді қарастыра келе, Н.Аристов мынандай мəліметтер береді. Қытайдың бірінші императоры жəне Хань əулетінің басында тұрған Гад-ди біздің дəуірімізге дейінгі 198-ші жылы жүргізген сəтсіз соғыс əрекеттерінен соң, ғұн (хунн) билеушісі шаньюй Мөдеге (Модэ) жыл сайын алым төлеп тұруға міндеттенген. Өзара шайқасып, одан тəуелділік жағдайда тікелей қатысып тұрғандықтан, Қытай, міне, осы ғұндарды білген. Бірақ одан батысқа қарай орналасқан жерлер жайында ештеңе білмеген, ал мұндай жəйт өзгелермен тікелей төте қатынасы жоқ болғандықтан орын алса керек. Х.Т. дейінгі 139-шы жылы қытай үкіметі өзіне одақтас табу ниетімен сол шақта ғұндармен жауласып тұрған юечжи халқына Чжань-Цянь басқарған елшілік жіберді. Алайда шекарадан өткеннен кейін көп ұзамай елшілікті хундар ұстап қалды. Чжань-Цяньге он жылдан соң ғана тұтқыннан қашып шығудың орайы келді. Ол ондаған күндер бойы сапар шегіп, Ферғанаға (Давань), одан Сырдария бойындағы Кангюй еліне, содан соң юечжиге жетеді. Ол кезде бұл халық Дахя еліне (Бактрианаға) ие болып отырған, бұрынғы жерінен шалғайда жүргендіктен, хундардан өш алуды да, Қытаймен байланыс жасауды да ойына алмайтын. Сонда бір жылдай болған Чжань-Цянь кері қайтады, бірақ жолда оны тағы да хундар ұстап қалады да, тек бір жылдан соң ғана қашып шығып, ақыры, он үш жылдан кейін, Қытайға Х.Т. дейінгі 126 жылы оралады36. Бұл шамада үйсін мемлекетінде ел басқарудың 9 дəрежелі жүйесі қалыптасқан. Билікке мұрагерлік тəртіп орнатылған. əлеуметтік қатынастар заңмен реттелді. Мемлекетте жақсы ұйымдасқан күшті əсер болды. Əскердің жалпы саны 189 мың адамға жеткен. Елдегі халық саны 630 мың адам болған, олар барлығы 120 мыңдай шаңырақты құраған. Патшасы «гуньмо» – «күнби» деп аталған. Ғұндармен қалыпты 36Н.А.Аристов. Усуни и кыргызы или кара-кыргызы. Очерки истории и быта населения западного Тянь-Шання и исследования по его исторической географии. Бишкек, 2001. – 9–10-бб.
қарым-қатынаста болған. Сондықтан, Чжан-Цянь бастаған елшіліктің ғұндарға (хундарға) қарсы қытайлармен бірігіп соғысу жайындағы ұсынысын қабылдамады37. Қытай тарихшылары Чжань-Цяньның сол саяхатын батыс өлкені ашудың басы болды деп біледі. Оны Қытай Колумбы деп атайды, өйткені ол батыс Азия, Индия жəне Жерорта теңізі жанындағы елдер жайында дұрыс та шын мəліметтерді бірінші болып əкелген еді. Оның əңгімелері қытай сарайының батыс елдеріндегі таңсық заттарға құмарлығын оятты. Қытай əскерлері хундардан (ғұндардан) 127 жылы Ордосты, 121 жылы Гань-суды тартып алды. 104–101 жылдары Ферғанаға екі мəрте жорық жасады. Алғашқысы сəтсіз болды, ал 102 жылғы екіншісінде 60 мың адамдық таңдаулы қытай əскері сол шақтағы Шығыс Түркістанды құраған ұсақ иеліктерді бағындырып алды. Чжань-Цяньның баяндамасы бойынша – Ферғананың солтүстік-шығысында Усунь (Үйсін) көшпенділер иелігі бар-ды. Олар б.з.д. 200-ші жылдары юечжи халқымен көрші болып, батыс Моңғолияның бір бөлігін алып жататын38. Оларға Чжань-Цянь елшілігі келіп кеткеннен кейін, ғұндар қырын қарайды, қысым көрсетуін күшейтеді. Ғұндардан қаймыққан үйсіндер б.з.б. 108 ж. Хань патшалығына 1000 жылқы қалың мал беріп, Си-Гюань (Шижун) ханшаны алады да, қытайлармен ресми саяси-дипломатиялық байланыс орнатады. Сол тұста ғұндар да үйсіндермен құда болады. Күнбиге қыз береді. Соның нəтижесі болса керек, қытайлар ғұндарға қарсы б.з.б. 71 жылы 150 мыңдық қолмен жорыққа шыққанда, үйсіндер ғұндарға 50 мың жауынгері бар өз əскерімен жақтасады. Бірақ бұл шайқастар Ғұн империясының да, Үйсін мемлекетінің де əлсіреуіне əкеп соғады39. «...Шаньюй Мөденің тұсында, 177 жылы, хундар батысқа үлкен жорық жасағанда, юечжиді жеңді, ... бəрін 37Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 9-том. –Алматы, 2007. -93-б. 38Н.А.Аристов. Усуни и кыргызы или кара-кыргызы. Очерки истории и быта населения западного Тянь-Шаня и исследования по его исторической географии. Бишкек, 2001. – 10–11-бб. 39Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 9-том. –Алматы, 2007. –93-б.
бағындырып, Лэулань, Усунь, Хусэ жəне өңірдегі өзге 26 иелікті бекітті»40. Алайда, ел ішінде қытай ханшасы мен ғұн қызынан туған ұлдар арасында таққа таласқан қиян-кескі күрес бой көрсетті41. Христиандар жылсанағына жарты ғасырдай қалғанда хундарды ішкі алауыздықтар іріте бастады. 57-ші жылы оларда өзара жауласқан бес шаньюй болды. 53-жылы басқаларын Чжичжи-шанюй жеңді. 49-жылы ол Усуньдерге елші жіберіп, одақ құру жөнінде ұсыныс айтты. Чжичжидің Қытаймен жаулық қатынаста екенін білетін үйсіндердің кіші гуньмиі (күнбиі) Уцзюту, қытай сарайына жағыну мақсатында, елшіні өлтірді де, ғұндарға қарсы 8 мың адамдық атты əскер жіберді. Алайда Чжичжи бұл əскерді тас-талқанын шығарып жеңді. Одан солтүстігіндегі Уге, Гянь-гунь жəне динлиндерді біртіндеп бағындырды. Ара-арасында Усуньге əскер жіберіп, ұдайы жеңіске жетіп отырды. 44-жыл шамасында усуньдермен соғыс жағдайында тұрған жəне олардан жеңіліп жүрген Кангюй қожайыны Чжичжиді өзіне көмекке шақырды. Одақтастар усуньдерге қарсы бірнеше рет шайқасты. Усунь əміршісі бодандарымен шығысқа қарай кетті. 36-шы жылы Чжичжиді Шығыс Түркістандағы қытай билеушілері жеңді. Х.Т. кейін 3-ші жылы батыс өлкенің Аға Ханьдер əулеті уақытындағы тарихын құрастырушы Усунь жайындағы мақаласын: «Усунь иелігі екі бөлікке – үлкен жəне кіші гуньми қожалығына бөлінген кезден бастап, қытай сарайы көп алаңдаушылыққа ұшырады, бір-де-бір жыл тыныш өтпеді»42, – деп жазды. Бұл кезең жайында «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында мынандай дерек берілген: «...Хань патшалығы ... б.з.б. 52 ж. Өз жиендерін Ұлы күнби деп жариялап, оған 60 мың түтінді бөліп берді. Ал ғұндар өз жиендерін Кіші күнби деп жариялап, оған 40 мың түтінді 40Н.А.Аристов. Усуни и кыргызы... –11-б. 41Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 9-том. –Алматы, 2007. –93-б. 42Н.А.Аристов. Усуни и кыргызы... –17–20-бб.
басқартты». Осы талас-тартыстың салдарынан Үйсін мемлекеті мейлінше əлсірей түскен де, Орталық Азиядағы саяси ықпалын жоғалта бастаған43. Жаңа заманның 1-ші жылында Қытаймен ғұндар келісімшарт жасады. Онда өздеріне бағыну үшін қашып келген үйсіндерді қабылдамауға міндеттенгендік жайында бап бар еді. Қытай мен үйсіндер арасында ғасырдан астам жалғасып келе жатқан қарым-қатынас осылай, христиан эрасының басынан тоқтайды. Х.Т.-ның 9-шы жылы Хань əулетін тақтан айырып, Ван Ман император болды. Келесі жылы Шығыс Түркістандағы əскери қоныс хундарға берілді, Қытайдың үйсіндермен жəне батыспен байланысы үзілді. 25–265 жылдары билеген Хэу-Хань əулеті алғашқы кездері тек ішкі істермен шұғылданды да, тек 73 жылы батыс өлкедегі билігін қалпына келтіруді қолға алды. V ғасырда усуньдер (үйсіндер) Жуалы тауда – батыс өлкеде, яғни Шығыс Түркістанда орныққан: «...усунь иеленушісі V ғасырда Нарында, Таластың жоғарғы ағыстарында жəне Шатқалда көшіп-қонып жүрді». Көптеген дереккөздерді жəне зерттеушілердің пікірлерін қарастырып, Н.Аристов усуньдердің (үйсіндердің) территориясы мен шекараларына байланысты: «...Дегиньнің ойы бойынша, үйсіндердің жері «Іле өзенінің маңында, Ертістен Сайрам қаласына дейін» созылып жатты, «Рихтхофен бойынша – үйсіндер Балқашты, Іле мен Ыстықкөлді алып жатқан», – дей келе, «үйсіндер аумағына Іле өзені мен оның салаларының бассейндері, Жұлдыздар, Нарын бассейні, Шатқал, Ыстықкөл мен Шу жəне Талас өзендерінің бассейндері, бір сөзбен, үйсіндер жері күллі батыс Тянь-Шаньды Іле бассейнін қоса алып жатты», – деп қорытты44. Бартольдтің айтуынша да усуньдер хундардан жеңілген халық қатарында. Хунн (ғұн) патшасы өзімен шайқаста қаза тапқан усунь (үйсін) патшасының ұлын өз тəрбиесіне алады 43Үйсін мемлекеті// Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 9-т. –А., 2007.–93-б. 44Н.А.Аристов. Усуни и кыргызы или кара-кыргызы. Очерки истории и быта населения западного Тянь-Шання и исследования по его исторической географии. Бишкек, 2001. –17-, 21–23-, 123–124-бб.
да, кейін, бала-жігіт жорықтарда ерлігімен көзге түскен соң, оған өзінің əкесінің халқын – усуньдерді қайтарады. Сосын усуньдер өздерінің бұрынғы қоңсылары, кезінде хундар тасталқан еткен юечжиліктерді қуғындауға қатысады. Юечжилер өздерінің батысқа қарай жылжуы кезінде Жетісудан сэ халқын ығыстырып шығарған еді, енді оларды усуньдер ығыстырды. Осында усунь патшасы гуньмо Лецзяоми, қуаты артқаны сондай, хундарға мүлдем бағынбауға айналады. Усунь елінен оңтүстікке қарай Шығыс Түркістанның отырықшы иеліктері, оңтүстік-батысында – Ферғана, батысында – көшпенді кангюй (қаңлы деп аталатын түркі халқы болуы ықтимал) халқының иеліктері жатты. Усуньдер (үйсіндер) Ферғанадан солтүстік-шығысқа қарай, ал қаңлылар – солтүстік-батысқа қарай өмір сүріп жатқандықтан, иеліктері араларындағы шекара шамамен Жетісу жəне Сырдария облыстары арасындағы шекараға сəйкес келді. Үйсіндердің көші-қоны негізінен, қытай жазбаларына қарағанда, Жетісудың жазық бөлігін алып жатты. Тауларын қылқан жапырақты ағаш тоғайы жапқан, табиғаты жаңбырлы, суық. Халық санын айтқанда – 120 мың отбасы немес 630 мың жан бар делінген. Усуньдер 188800 адамнан тұратын əскер шығара алатын болған. Астанасы, дұрысында, усуньдердің басты ордасы Чигу – Ыстықкөлдің оңтүстік-шығыс жағасында болған тəрізді. ІV ғасырдың басында «ежелгі усунь жерлерін» сянбилер бағындырды. ІV ғасырдың аяғынан VІ ғасырдың ортасына дейін Орта Азияда жужандар билік етті. Солардың жиілеткен шапқыншылықтары усуньдерді Жетісудың жазық бөлігінен біржолата Тянь-Шань тауларына қоныс аударуға мəжбүр етті. V ғасырда усунь билеушісі Солтүстік Қытайға елшілік жіберді, ұзамай қытай елшілігі усуньдерге келді. Содан жыл сайын усуньдер Қытайға тарту-таралғы артынған елшіліктер жіберіп тұрды. Сол шақтан кейін усуньдер дербес халық ретінде тарихта кездеспейді45. Оқырман аңғарған болар, біз ғылыми əдебиетте усунь деп таңбаланған осы ежелгі халықтың атауын əлсін-əлсін жақша 45 Бартольд В.В. Сочинения. Т.ІІ, часть І. –Москва, 1963. –25–27-, 30-бб.
ішінде үйсін деп белгілеп отырдық. Өйткені оның кейін, қилы тарихи аласапыраннан соң қуаты əлсіреп, қазақтың Ұлы жүзі құрамына үйсін деген атаумен кіргенін білеміз. Дұрысында, сол алыс заманда да ол өзін солай – үйсін деп атаса керек. Усунь – шет жұрттардың көне жазбаларында солардың өздерінің тілдік ерекшеліктері ыңғайына бағындырылып, өстіп айтып-жазуымен сақталған атау. Алайда, ірі зерттеуші Н.Аристов өзінің «Усуньдер мен қырғыздар немесе қара-қырғыздар» атты іргелі зерттеу еңбегінде: «...усуньдер қазіргі батыс Тянь-Шаньды мекендейтін қара-киргиздердің (қырғыздардың – Б.Қ.) түпкі ата-бабалары. Олар алғашқыда Енисейде тұрған қырғыз халқының бір бөлігін құраған»46, – деген тұжырым жасайды. Сондай-ақ, «Үлкен Орданың киргиз-қазақтары (қазақтар – Б.Қ.) мен қаракиргиздардың (қырғыздар – Б.Қ.) ...этностық құрамын анықтау тəжірибесі» атты бағалы еңбегінде де: «...қара-киргиз (қырғыз – Б.Қ.) халқы орта Моңғолияға кеткен жəне сондағы шыққан тегі қырғыздан ерекше түркі руларының бір бөлігімен қосыла келе, Х.Т. алдындағы ІІ ғасырда батыс Тянь-Шаньда жəне оған солтүстік жағынан жалғасқан далаға қоныстанған усунь одағын жасаған Енисей қырғыздарының бір бөлігінен құраған»47, – деген қорытындыға келген. Ғалым бұл ойын дəлелдеу үшін едəуір еңбектенгенімен, онысы біздің көңілімізге қонбайды. Бұл, əшейін, тым жобаға келмейтін болжал, қисынсыз жорамал ғана. Əйгілі ғалым В. Бартольд та оны «гипотезалық» пікірге балайды, сонымен бірге ол ежелгі усунь мен бертінгі қазақы үйсін атауын сəйкестендіруді де даулы мəселе деп білген. Дегенмен, «Усуньдер» атты мақаласында усуньдердің аты V–VІ ғасырлардан кейін жеке халық ретінде тарихи дереккөздерде ұшыраспайтынын айта отырып, «...бұл есім (үйсіндер) тек 46Аристов Н.А. Усуни и кыргызы или кара-кыргызы. Очерки истории и быта населения западного Тянь-Шання и исследования по его исторической географии. Бишкек, 2001. -136-б. 47Аристов Н.А. Опыт выяснения этнического состава киргиз-казаков большой орды и каракиргизов, на основании родословных сказаний и сведений о существующих родовых делениях и о родовых тамгах, а также исторических данных и начинающихся антропологических исследований. - С-Пб., 1895. – 74–75-бб.
Үлкен киргиз-казак (қазақ – Б.Қ.) ордасының аталымында ғана сақталып қалған»48 екенін жазып кеткен. Шынында, ІІІ – V ғасырларда үйсіндер мен қытайлардың қарым қатынастары елшіліктер алмасумен ғана шектелген. Ал V ғасырда жужандар мен аварлардың Орта Азия елдеріне шапқыншылық жасауы үйсін мемлекетін ыдыратуға апарып соқты. Үйсіндер содан кейін дербес мемлекеттік құрылым ретінде көрінген жоқ. Түбегейлі ыдырап, VІ ғасырдың орта шенінде жаңадан құрылған Түрік қағандығына бағынды49. Біз Шапырашты руының арғы тарихы жайын əңгіме еткенде, оның осы Үйсін бірлестігіне кіретіндігін есте ұстай тұрып, сол шақтағы дереккөздерде өз атымен ұшыраспағанмен, алыс замандағы жоғарыда айтылған үйсін мемлекеті мен одан кейінгі түркі құрылымдарымен тағдыры бір болған деп білеміз. Шығыс, Қазақ жəне Батыс Далаларын түтастырған осы Ұлы Далада дулы Естемес хан билік тізгінін алып, 556—576 жылдары Ұлы Түрк қағанаты қайта қанат жайды. Естемес хан қайтыс болған соң қағанаттың қазіргі Қазақ Даласы аумағындағы бөлігі, Л. Н. Гумилев бойынша, оның үлкен ұлы Қараша ханның қарамағына өткен. Ал Қазақ тарихындағы өмір жолы аңыздарға оранған, есімі ғасырдан ғасырға тарих толқындарын қақ жарып өтіп келе жатқан мызғымас тұлғалардың бірі – Қарашаұлы Бəйдібек би. Тарихымызда XIII ғасырдың бастапқы кезеңіне дейін «би» атауы осы бұрынғы Елбасы – «ұлы билеуші, патша, хан» дəрежесін алып келген де, қазақ даласына Шыңғыс хан билігі жүре бастағаннан бері қарай «халқының қамқоры, қара қылды қақ жаратын əділетті төреші» деген кейінгі мағынаға ауыса бастайды50. Біз енді бұл əйгілі тұлғаға алдағы тарауларда арнайы əңгіме желісін арнайтын боламыз.
48Бартольд В.В. Сочинения. Т.ІІ, часть І. –Москва, 1963. -30-б. 49Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 9-том. –Алматы, 2007. -93-б. 50Қайдари Ə., Төлепбаев Б., Нұрпейісов К., Карл Байпақов ж.б. Бəйдібек баба// Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек.Ұрпақтар шежіресі. Құрастырған А.Байғазыұлы. –Алматы, 2006. -11-б.
- Халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы қазақ шежіресі екені анық. Шежіре деген сөздің өзінің түп-төркіні арабтың бұтақ, тармақ деген мағынаны білдіретін шаджарат деген сөзінен шыққан. Мəдениетті елдердің бəрінде рулар мен тайпалардың өсіпөрбуін тізбелеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген қалыптасқан ресми шежіре бар. Ресей, Германия, Англия, Франция жəне көптеген шығыс елдері өз халықтарының шежірелерін көп томдық жинақ ретінде шығарып қойған. Өзбек, башқұрт, түркмен, қырғыз жəне Сібір халықтарында да шежірелер бар. Ал қазақ шежіресі өскен елдердің шежіресі сияқты ең толық жинақтардың бірінен саналады. Қазақ шежіресінің қайнар көзі – алыс замандарда қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп отырған жинақтар. Шежіре атадан балаға ауызша, жазбаша түрде белгілі-бір тарихи шығарма іспеттендіріліп жеткізілген51. Қазіргі таңда тарихшылар пайдаланып жүрген шежірені Т.Омарбеков Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде, дəлірек айтқанда, ХVІ ғасырда қосымша өзгерістер енгізіліп нақтыланған жəне жаңғыртылған нұсқа деген ойда. Жазба түрге көп заман бұрын түсірілген шежірелердің бірқатары қазақ ойшылдарына жақсы таныс, олардың қатарында Рашид-ад-Диннің түрік-моңғол шежіресі, Жамал Қаршидің Оғыз-қыпшақ, Қарахан шежіресі, Ұлықбектің «Сұлтандар шежіресі», Молла Мырза Рахым Ташкендидің «Сұлтандар шежіресі», Əбілғазының «Түрік шежіресі», «Шежіре жазбасы», Бейбарс пен ибн Халдунның «Қыпшақ шежіресі», «Оғыз-қарахан шежіресі» жəне т.б. шежірелік жазбалар бар. Солармен бірге қазақ ойшылдары топтаған шежірелер аса қымбат, олар: Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қыдырғали Қосынұлы Жалайыридің шежірелері, «Көшен-Қарауыл шежіресі», «Жəңгірхан шежіресі», Шоқан Уəлиханов жазып алған «Ұлы жүз шежіресі», Абдулла Ниязовтың «Үш жүздің шежіресі», Ахмет Жантөриннің шежіресі, Григорий Потанин жазып алған Мұса Шорманұлының шежіресі, Өтеу Бөжейұлының «Қазақ жұртының шежіресі», Қорғанбек 51Шежіре//Қазақ Совет энциклопедиясы. 12-том. – Алматы, 1978. -231-б.
Бірімжанұлының бастауымен жинақталған «Орта жүз жəне Кіші жүздің шежіресі» мəлім. Шежірелерді топтап жиыстырып отыру орта ғасырлардағы атақты адамдар арасында дəстүрге айналған болатын. Ескі шежірелер Есім, Тəуке, Сəмеке, Əбілмəмбет хандардың ұрпақтарында сақталып келгенін Шоқан Уəлиханов айтқан болатын. Сондай шежірелер Əбілқайыр хан мен оның балалары Нұралы, Айшуақ хандарда, ұрпақтары Жəңгір хан, Дəулеткерейде, Абылай ханда, оның балалары Уəлиханда, Сұйық төреде болған52. Кезінде Абылай ханның шежіресі оның ұрпақтары арқылы капитан Андреевке, Н.Гродековке тиді. Толық түрі Шоқанда болды. Əбілқайыр ханның шежіресі толығымен Мəмет Тевкелевтің, П.Н.Рычковтың қолына түсті. Сондай шежірелерді А.И.Левшин, Г.С.Саблуков, Н.Аристов, А.Ягмин, Б.С.Броневский, Ф.Г.Старкин, А.С.Андре, К.Б.Красовский, Л.Мейер, В.В.Григорьев, Н.Н.Веселовский жəне т.б. жинады. Қол астындағы бұратаналар өміріндегі мұндай тарихи шежірелерге патша үкіметі саяси мəн беріп, жергілікті жерлерден арнайы жинатып отырған. ХІХ ғасырда əсіресе М.Ладыженский, Ш.Уəлиханов, Г.Н.Потанин, Ə.Диваев, Н.И.Гродеков, И.Шангин сынды ғалымдар шежірелерді көп жинады53. Шежірені топтауда дерегі мол еңбектер («Қазақ шежіресі») Шəкəрім Құдайбердіұлы, Халиди Құрбанғали, Мəшһүр-Жүсіп Көпейұлы қаламдарынан шықты. Нұржан Наушабайұлының «Қазақ пен түрікмен шежіресі», Сыр бойында Мұстафа Шоқайдың атасы Торғай би жинаған «Үш жүздің шежіресі» (Н.И.Гродеков жазбаларында), Диқанбай батырдың «Ұлы жүздің шежіресі» (Н.А.Аристов жазбаларында) де құнды жəдігерліктер болып табылады. Қазақ шежірелерінде тайпа, ру, аталардың таралуымен қатар, оларға байланысты тарихи оқиғалар, ел-жұрттың қоныс аударулары, өзара қарым-қатынастары, əр ортадан үздік шыққан шешендер, батырлар жайындағы ауыздан 52Қазақ Совет энциклопедиясы. 12-том. – Алматы, 1978. -231–232-бб. 53Қазақ Совет энциклопедиясы. 12-том. – Алматы, 1978. -232-б.
ауызға тарап келе жатқан əңгімелер ме аңыздар қоса жазылады. Бірақ, қазақ шежіресі осы уақытқа дейін толық жинақталып, бір ізге түскен жоқ54. Дегенмен тəуелсіздік жылдары жекелеген ру-тайпалардың шежірелері жержерде жинақталып, шығарылып келеді55. Шежіремен жұмыс істеудің қиындығы – онда бірнеше дəуірдің тарихы бір-бірімен астаса араласып жататынында56. Дегенмен, шежіре мəліметтері өзіндік дəстүрлі ерекшеліктері бар төл тарихымыздың ұмытылған немесе бұрмаланған кейбір тұстарын қалпына келтіруге көп көмегін тигізеді. 6. Шапырашты қайдан шықты? Бұл сауал ой мен сана тəуелсіздігіне қол жеткен жаңа замандағы бүгінгі шежірешілердің де қатты ойланған мəселесі болды. Шапырашты руын да, өзге ру-тайпалар секілді, қазақтан бөліп алуға болмайды. Осы рудың бүгінгі шежірешілері қанағаттана атап өткендей, «ұрпағымды өсіремін, үрімбұтағымды жеткіземін» деп ат құлағында ойнап, шыр айнала елін қорғаған асыл текті аталарды ұмыту – түп ата-аналарын ұмытқанға тең. Ал түп аталарды «ұмытқанымыз – ежелден бірден-бірге, сатылап жалғасып келе жатқан сананың сара, алтын діңгегін жойып жіберу болып шығады. Ал, шежіре – бізді сонау түпкі тарихымызбен үздіксіз жалғастырып, бүгінгі ұрпақты тоқтаусыз баулып тұрған қуатты дария, алтын көпір»57. Қазақ шежірешілері халықтардың, өз аталарының өткендегі тұрмыс-тіршілігін ауызша таратып, ұрпақтанұрпаққа жеткізіп отырған. Қазақ халқы қырықтан астам рутайпалық бірлестіктен құралған десек, олардың ішінде 200ден астам ру бар. Солардың əрқайсысының өз шежірешісі болған. Олар жүздің, тайпалар мен рулардың, ата-бабалардың тарихын терең талдай білген58. 54Шежіре// Қазақ Совет энциклопедиясы. 12-том. – Алматы, 1978. -232-б. 55Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 9-т. –Алматы, 2007. -489-б. 56Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 5-т. –Алматы, 2003. -444-б. 57Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек.Ұрпақтар шежіресі. Құрастырған А.Байғазыұлы. –Алматы, 2006. -5-б 58Қазақ Совет энциклопедиясы. 12-том. – Алматы, 1978. -232-б.
Арабтар шежірені ата санаумен тікелей байланыстырса, түркілер көнені сақтау – тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді. Қазақ халқының өмірінде де шежіре елеулі орын алады. Ол көшпенділік өмір салты кезінде туған, өз кезінде ата-бабасын, үрім-бұтағын түгендеу жолымен елдің тұтастығын сақтауға қызмет еткен қажеттілік болатын. «Демек, шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған»59. Сондықтан да шежіреден халқымыздың этностық құрылымын, өзіндік тарихымыздың жөн-жобасын, белестерін анықтауға болады. Дүние жүзінің барлық елдерінде өткен тарихынан – өз шежіресінен ұдайы нəр алып отыру дəстүрі бар. Материалдық, мəдени жəне рухани мұралары биікке көтеріліп, қуатты дамыған Германия, Англия, Жапония, Қытай, Үндістан, Араб елдері т.б. өздерінің ежелгі тарихынан дерек беретін шежірелік жазбаларын күні бүгінге дейін ұмытпай зерттеп отырады. Талай ғасыр көшпенділік салтпен өмір сүрген түркі тайпаларының, соның ішінде қазақтардың да өз тарихын ұмытпауына ауызша жəне жазбаша шежіресін ұрпақтан ұрпаққа беріп отыруы себеп болған. Шыңғыс хан жылнамашылары қалдырған «Моңғолдың құпия шежіресі», «Алтын шежіре», Рашид-ад-диннің «Шежіре жинағы», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Рашид тарихы», Əбілғазы баҺадүр ханның «Түрік шежіресі», Жалайыр Қадырғали би Қосымұлының «Шежірелер жинағы», Шəкəрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі», «Бұл қазақ қай кезде «Үш жүз» аталған» еңбегі, Мұхамеджан Тынышбайұлының «Қырғыз-қазақ халқының тарихына қатысты материалдары», өзге де шежірелер мəселенің маңыздылығын дəлелдей түседі. Өздерінің қоғамдық-тарихи, этностық ерекшеліктеріне байланысты, көшпенді халықтардың тарихи шежірелерінде, əрине, өзіндік ерекше сипаттары болады. Көне түркі шежірешісі Махмұд Қашқари түркі халықтарын, негізінен, жиырма тайпадан тұрады деп жазған. Əрбір тайпаның бірталай ұсақ рулары бар екенін айтып, олардың жайлап 59Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 5-том. – Алматы, 2003. -443-б.
жатқан шегін: «Рұм өлкесінен Машынға дейінгі орналасқан түркі елдерінің ұзындығы сегіз мың персех» деп көрсеткен. Əр персехтің 6,24 шақырымға тең келетінін ескерсек, түркі елінің екі шеті шамамен елу мың шақырымдай болған тəрізді. М.Қашқари «олардың мекен жайларын анықтап беру үшін жер жүзінің бедерлі картасында нақты көрсеттім» дейді, ол өз ғасырындағы күллі түркі тайпаларын тарата баяндап, көрнекі түрде беріп кеткен60. Ал Мұхаммед Хайдар Дулати Моғолстан мен Қашқарияны мекендеген шағатай тұқымынан тараған хандардың саяси тарихымен қатар дулат тайпасы жəне оның Шығыс Түркістанда билік құруы, сондай-ақ моғолдар туралы жазады. Мұнда Керей мен Жəнібек сұлтандардың Моғолстанға қоныс аударғаны жайында жəне сол қос сұлтанмен бөлек отау шығып жатқан жұртқа қазақ атауын өзге жұрт бергендігі айтылады61. Махмуд Абдоллах бен Уəлидің «Зубдат ал-асрар» деген еңбегі де қазақ елінің тарихын толықтыра түсетін дереккөз болып табылады. Онда қазақтардың орта ғасырлардағы көрші елдермен саяси қарым-қатынасының көптеген оқиғалары айтылған. Академик Əлкей Марғұлан: «...қазақ халқының ескі қария сөздері – шежірені білгіш адамдар тарихи, дəстүрсалттық көп мағлұматтар қалдырып кеткен» дей келіп: «Ғұндар, үйсіндер, қаңлылар – өте ескі дəуірден Қазақстан сахарасын отан етіп, онда көп жойқын қалалардың үйіндісін қалдырған елдер... Олардың мəдениет орталығы еткен жері – Жетісу, Іле, Шу, Талас өзендерінің бойы. Бұл жерде олар ұлы мемлекет жасап, Талас қаласын өздеріне астана етіп көтерді. Екінші үлкен қала Іле өзені бойында көркейген үйсіндердің астанасы – Чигу (Шие – Қызыл), үшінші ұлы қала əрі бəрінен де ескірегі Шу өзені жағасында коркейіп түрған – Шу...» деп жазды62. Дегенмен, қазақтың өзіне тəн төл тарихты оның 60Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек.Ұрпақтар шежіресі. Құрастырған А.Байғазыұлы. –Алматы, 2006. -5–6-бб. 61Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 5-том. –Алматы, 2003. -443-б. 62Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек.Ұрпақтар шежіресі. –Алматы, 2006. -6-б.
шежіре сынды көл-көсір мұрасынан мол табуға болады. Ал қазақ ішінде негізінен ауыздан ауызға беріліп жүрген тарихи оқиғалар жайындағы əңгімелер қағазға ХІХ ғасырдың аяғынан бастап түсіріле бастаған-ды. Шəкерім жоғарыда аталған шежіре кітабында ел ішінен естіген-білгенінен басқа, көне замандағы түрік, араб, парсы, қытай жазбалары мен орысша дереккөздерін оқығанын жаза отырып, халықтың өткен тарихын баяндайды. Ш.Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі» 1911 жылы Орынбор қаласында басылып шыққанда, ол жайында Əлихан Бөкейхан: «Мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шəкерімнің бұл кітабы – қазақ шежіресінің тұңғышы (тұңғыш кітап боп басылған деген ұғымда – Б.Қ.). Қазақ шежіресін білмек болған аға-іні іздегенді осы кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі, Шəкерім кітабын білмей қадам баспа», – деп жазған еді. Ғасырлар бойы негізінен ауызекі айтылумен сақталып келе жатқан жəдігерлікті ХІХ ғасырдың аяғында зерттеу кезінде, қазақ шежірешілері тек тікелей жазбашаға айналдыру жұмыстарын ғана жасап қоя салған жоқ, олар ел аузында сақталған не хатқа түскен мұраларды өңдеп бір ізге түсіруде бірнеше бағытты ұстанған. Мəселен, Шəкерім Құдайбердіұлы жоғарыда аталған еңбегін жазуда батыстық зерттеушілерге бағдар ұстады. Ал Құрбанғали Халиди өзінің «Тауарих Хамсасында» қазақ елінің тарихы, əдет-ғұрпы, «қазақ» этнонимінің шығу тарихы, рулар туралы тың деректерді əңгімелегенінде шығыстық дəстүрді ұстанды. Мəжһүр Жүсіп Көпеев болса шежірелерді қазақ ауыз əдебиетіне сүйеніп жазды. Академик Сəбит Мұқанов ол жайында: «Көпеев шежіресінің өзге шежірелерден өзгешелігі – ол əрбір аталарды баяндағанда, сол аталардың тұсында болған оқиғалар туралы ел аузында қалған ертегіаңыздарды қоса айтады», – деп атап көрсеткен болатын63. 63Қазақ шежіресі// Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 5-т. –А., 2003. –443–444-бб.
- Шапырашты руы жайындағы тауарих бастауында, күллі Үйсін шежіресінде айрықша қадірленетін Бəйдібек баба тұр. Бəйдібек Қарашаұлы туралы əңгімелер мен аңыздар өте көп. Соңғы он жылдықтарда шыққан əртүрлі деректер келтірген кітаптар да баршылық. Соларды қорыта қарап, ортақ ой қорытқан, сөйтіп, «Бəйдібек баба – алып бəйтерек. Ұрпақтар шежіресі» аталатын қалың шежіре кітапқа алғысөз берген ғалымдар мен тарихты сүйетін азаматтар: Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктері, тарих ғылымының докторлары, профессорлар Əбдуəлі Қайдари, Бəйдібек Төлепбаев, Кеңес Нұрпейісов, Карл Байпақов, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза, филология ғылымының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков, жазушы, тарихшы Байұзақ Албани, тарих ғылымының докторы, профессор Мəмбет Қойгелдиев, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор Əділхан Байбатша, жазушы Əшірбек Көпіш, жазушы, тарихшы Бақтияр Əбділдəұлы, тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбек, тарихшы-шежіреші Аубай Байғазыүлы, сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Ат спорты федерациясының президенті Қайрат Сатыпалдыұлы Сатыпалды. Міне осылар арнайы жобаның бастауында тұрды. 2000 жəне 2006 жылдары үлкен-үлкен кітаптар шығарды. Солардың Шапырашты руы шежіресіне апаратын кіріспе əңгімесінде Ұлы жүз Үйсін Бəйдібек баба жайында айтқан зерттеу пікірлеріне көз жүгіртелік. Ағыл-тегіл аңыз-əңгімелердің мазмұнын ой-саналарына терең сіңіре отырып, олар аты аңызға айналған «нақтылы өмір кешкен, орда ұстап, отау көтерген тұлға» Бəйдібектің өзіне дейінгі аталарының да тарихы болғандығын парықтайды. Ал оның ұлдары мен қыздары, өзінен кейінгі үрім-бұтағы əр ғасырларда халық тарихының алтын діңгектері болған екен. Келесі буындарға аңыз-əңгімелер ғана емес, барынша нақтыланған тарихи деректер қалдыруды мақсат еткен авторлар тарихи генеологиялық қисынға
сүйене отырып, мейлінше əділетті болуды мұрат ете келе, Қарашаұлы Бəйдібектің туып-өскен, ту тігіп билік жүргізген мемлекетінің аумағын былай белгілейді: «батысында – қазіргі Сыр алабын, күнгейдегі – Ыстық көл алабын, жеті Алатау жəне Қаратау жоталарын, Жетісу өзендерінің бойын, терістігі – Ұлытаудан ары асатын кең жазықты, шығысында – Алтай, Ертісті қамтыған ұлан дала». Авторлар бұл деректің бізге – əрісі Батыс жəне Шығыс елдерінде нұсқалары сақталып тұрған М. Қашқари (XIII ғ.), Ж. Баласағұни (XI ғ.), М.Х. Дулати (XVІ ғ.) еңбектерінде, арабтың саяхатшы ғұламалары Ибн Хордадбек (ІХ ғ.), Кудама ибн Жафар (Х ғ.), Ибн Ыдырыси (XIII ғ.), тарихи жазбаларында, берісі – Н.Я.Бичурин, В.П.Васильев, Н.В.Кюнер, Л.Н.Гумилев, Лю Маоцайдың ғылыми тəржімелері арқылы жеткенін атап өтеді. Қытай шежірешілерінің жылнама кітаптарында анық көрсеткеніндей, аталған кеңістік б.з.б. V–IV ғасырлардан бастау алып, б.з. VІ–Х ғасырларындағы Түркі қағанаттары мен қарахандықтар мемлекетінің дамуына дүмпу берген ежелгі Үйсін мемлекетінің төл өлкесі болатын. «Көне тарихи тұлғалардан тараған ұрпақтарының бірі – Қараша бидің баласы – Бəйдібек Баба өзінің түп атасы Үйсіннің тарихи тізбегін үзбестен осындай кең аймақта тайпалық одақ құрып, сол мекендерде үрім-бұтағының туын тігіп кеткен тарихи тұлға». Бұдан əрі авторлар деректі жазбалардың көпшілігінде Бəйдібектен бертінгі кезеңдерден əрқилы мəліметтер барын, тек оларда оның өмір сүрген кезеңі көрсетілмегенін айтады. Мəселен, Жалайыр Қадырғали би Қосымұлының қалдырған жазбаларынан Қара үйсін деген атаудың Үйсіннің бертінгі Қараша – Бəйдібек тармағы екендігін анық аңғаратындарын сөз етеді. Олар Жетісу өзендері бойының шұрайлы жерлеріне қалалар салдырып, көп ғасыр бойы бірінен соң бірі билік құрып келген. Бəйдібек Қарашаұлы өмір сүрген кезең туралы тарихи деректер қытай жылнамаларында кездеседі. Олардан алынған деректерді қалың қауымға орыс ғұламалары Н.Я.Бичурин, Л.Н.Гумилев жəне басқалар жеткізген.
Сонымен, Бəйдібектің əкесі Қараша хан (530–604) Батыс Түрік хандығын əкесінен, 576 жылы қайтыс болған ұлы қаған Естеместен мұралаған. Қараша немесе Қараша би, қытай жазба деректеріндегі Қараша хан – қазақ халқының белгілі айбарлы тұлғаларының бірі. Қараша ханды қытайлар Дяньгу, ал Л.Гумилев оны түркішелеп Қара Чурин деп жазған. Ел билеу сырларын ерте ұғынып, сан соғыста шыныққан тəжірибелі Қараша таққа отырып, хан болған кезде, мемлекет барынша нығайған. Қараша хан мемлекет ордасын əкесі Естемес (кейде Естеми, Иштими, ал қытайша Шиндяньми) қаған мекендеген Түркібасы – Мыңбұлақтан ежелден Үйсін мемлекетінің астанасы болған Есік аңғарына, қазіргі Қараша тауларының баурайына ауыстырады. Мемлекетте тыныш заман орнап, ел Қазақ Даласын еркін жайлайды. Қараша ханның жасы ұлғайған кезде шығыстағы азулы көршісі Қытай қалың қолмен соғыс ашады. Бірлігінен ажырай бастаған елін, бытырай бастаған билерін икемге келтіре алмаған Қараша хан ордасын тастап шегінуге мəжбүр болады. Тараздың іргесінде өткен осы қырғын соғыста 74 жастан асқан Қараша хан 604 жылы қаза тапқан деп Қытай жылнамашылары жазып кеткен. Тараздың шығысындағы Қараша қорғандары деп аталатын жалпы саны 95 төбелер тізбегі сол қанды соғыста қаза тапқандар жерленген, қазір бізге қорғандар ретінде жеткен ескерткіштер. Осы қорғандарға археологтар қазба жұмысын жүргізіп, көптеген құнды мəліметтер тапты. Қазақ жеріне сұғына кірген қытайлар тұрақтап көп тұра алмаған. Шешуші сəтте мемлекет билігін өз қолына алып, елдің басын біріктірген Қараша ханның кіші ұлы Бəйдібек басқыншыларға соққы берді. Осы соғыста ерекше талантымен танылған 18–20 жас шамасындағы Бəйдібек хан сайланады. Ол ағасы Байтулы (Байдолла) екеуі бірігіп қимылдайды да, басқыншыларды Еренқабырға тауларынан асыра қуып, ежелгі мекендерді – Тұрфан өлкесіне дейінгі жерлерін қайта азат етеді. Қытай билеушісі жеңілгенін мойындап, толысқан жігіт
Бəйдібек ханға ежелгі салт бойынша қызын беріп, бейбіт келісімге келеді. Осыдан кейін қытайлар қазақ жеріне ұзақ уақыт соғыс ашпаған. Тек өздерінің жеңістерін ғана жырлап, жеңілісі туралы жазбайтын Қытай жылнамашылары бұл оқиғалар туралы толық дерек келтірмейді. «Сыр алабынан Тұрфан алқабына дейінгі байтақ өлкеге Бəйдібек хан 604-жылдан өмірінің соңына дейін билік етеді. Ал, Байтулы бабамызға келсек – ол қазіргі Ыстық көлдің батысы, Нарын өзенінің алабын, Ферғананы жəне Ташкенттің оңтүстігін қамтитын өлкені мекендеп, билігін жүргізген. Оның есімі осы өлкедегі Алатау жүйелерінің бірінде «Байдула тауы» деген атпен сақталған». Тарихта қалған шежірелерге сүйенген аталған ұжымдық авторлар белгілі бір уақыт кесінділерін айқындап көрсете отырып, мынандай бұтақты түзеді: Ұлы жүз Үйсін (б.з.б. V– IV ғғ.), Ақарыстан – Ұзын Сақал Ибрайым (Жұмабай), одан Күрті, одан Кейкі би (Киікбай), одан Төбей би, одан Құйылдыр, Қоғам, Мекірейіл, Майқы тараған. Майқы би христиан жыл санауына дейінгі І ғасырдан біздің заманымыздың І ғасырларында – дəуірлер тоғысында өмір сүріп билік жүргізген. Қоғамнан – Бəйтерек, одан Қаңлы, Шанышқылы (Қатаған) тараған. Құйылдыр мен Мекірейілден тараған ұрпақтар басқа елге барып, солардың əдет-ғұрып, дəстүрін қабылдап, сіңіп кеткен. Қатаған мен Қаңлы Үйсіннің жетінші ұрпақтары. Қатаған Үйсін мемлекетіне Дəу би билік жүргізген кезде ГрекБактрия елдеріне əскер бастап барып, үлкен жеңістерге жеткен. Өзі осы елге билік жүргізген. Сол өлке Ауғанстанның Қатаған аймағы деп аталады. Памир, Ауған тауларында Қатаған атты асулар, қамалдар сақталған. Қатағанның ұрпақтары (шанышқылылар) қазақ халқының бір тайпасы. Қаңлы енші алып шығып, Үйсін мемлекетінің батысындағы Сыр алабында билік жүргізген. Бұл алап б.з.б. ІІ – б.з. XI ғасырлары аралығында Қаңлы мемлекеті аталған. Қазір қаңлылар қазақ халқының құрамындағы көрнекті тайпа. Майқыдан – Бақтияр, одан Ойсыл мен Үйсіл. Ойсылдан
он екі ата Сіргелі. Үйсілден – Жансақал, Жансақалдан – он екі ата Жалайыр (Тарақ), Ақсақалдан (Абақ) – Айдарлы, Сақалды тараған. Айдарлы мен Сақалды – егіз. Сақалды Керей елінің ішіне барып бір қызға үйленеді де, сонда қалып қояды. Одан тараған ұрпақ Абақ Керей аталып, он екі атаға бөлінетіні айтылады. Айдарлыдан – Асан мен Қараша шығады. Асан үйленбей өткен адам екен. Қарашадан – Бəйдібек, Байдолла тарайды. Байдолладан – Айтыкел, одан Шақшам, одан Атым, Сары, Имам, Жəнібек, Қазақбай, Қара деген аталар шыққан. Бəйдібек жайлы ертеректе ел арасында сақталған аңызəңгіме де, жыр да, шежіре де мол. Халық жадындағы көп деректер Бəйдібек бидің жеке өміріне байланысты. Оның үш əйелі болған. Бірінші əйелі Сарыбəйбішеден он ұл туған. Солардың біреуі – Байтоқтыдан (кейбір деректерде Сарыбайдан) Түркеш (Сарыүйсін) дүниеге келеді. Екінші əйелі Зеріптен Жəлменбет туған. Жəлменбеттен Шапырашты, Ысты, Ошақты өрбиді. Үшінші əйелі Нұрила – Домалақ ана деген атпен белгілі. Домалақ анадан туған Тілеубердіден (Жарықшақтан) Албан, Суан, Дулат тараған. Бəйдібек бидің осы аталған немерелері Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан жəне Дулат – қазіргі қазақ тайпаларының аталықтары болып табылады. Авторлар Бəйдібек бидің үшінші əйелі Нұрила жайында мынандай деректер береді: «Домалақ ана (Нұрила) қазақ даласына VІІ ғасырда жеткен Араб халифатының əскери өкілдерінен бұрын бейбіт мақсатпен келген, ислам дінін уағыздаушыларының бірі болған араб дегдарының қызы. Өзі де елді имандылыққа шақырып, жас кезінен сəуегейлігімен танылған. Осындай игі ісімен, тартымды қылықтарымен Бəйдібек бабамыздың ерекше назарына іліккен. Елге танымал болған Домалақ ана немерелері Албан, Суан, Дулатпен қатар,
Бəйдібек баба билігінің күллі ауқымында жалпы қауымды терең имандылыққа тəрбиелеп, Қазақ Даласында мəдениет пен ізгілік таратушысы болған»64. Нұрила (Домалақ Ана) жасынан сөзіне жұртты ұйытатын сəуегей, жаратушы бір Алланың күшімен болған жəне болатын оқиғаларды күні бүрын біліп отыратын көріпкел, əулие кісі болған екен. Ол кісінің сондай қасиеттеріне жалпақ елдің түкпір-түкпіріндегі замандастары мен кейінгі ұрпақтарының көзі анық жеткен, сондықтан да қай кезде де таң тамаша қалып отырған көрінеді. Бəйдібек баба əулетінің күндердің күнінде өсіп-өніп, кең жайылып, мол тарайтынын да Домалақ Ана көрегендікпен айтып кеткен екен деген аңыз ел арасыңда кеңінен тараған. Осы жерде осынау ғажайып кісі жайындағы Ұлттық энциклопедияға кірген деректі келтіре кету орынды болмақ. Онда есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі – Домалақ ананың (Нұриланың) өмір сүрген уақыты нақты даталармен көрсетілген: 1378 жылы Түркістан қаласында туған да, 1456 жылғы 28 мамырда Қаратау қойнауындағы Балабөген өзенінің жағасында дүние салған делінеді65. Нұрила – түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Əкесі – Əли Сылан, шешесі – Нұрбике, нағашы атасы – Моғолстанның билеушісі болған Уəйіс хан. Əкесі Əмір Темірдің əскерінде қызмет еткен. Өмірін əскери қызметте, жорықта өткізген адам. Ал анасы ерте қайтыс болған. Жетім қалған Нұрила атасы Мақтым Қожаның қолында тəрбиеленеді. Мақтым Қожаны Бəйдібек би шақыртып, ол сонда Қаратау маңына қоныстанады да, мектеп-медресе ашады, мешіт салдырады. Осы жерде бой жеткен немересі Нұрила атасының өсиетімен 1397 жылы 19 жасында Бəйдібек биге тұрмысқа шығады. Оның ақылдылығымен, даналығымен, тазалығымен елге аты шыға бастағаны, одан Домалақ ана 64Қайдари Ə., Төлепбаев Б., Нұрпейісов К., Карл Байпақов ж.б. Бəйдібек баба// Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек.Ұрпақтар шежіресі. Құрастырған А.Байғазыұлы. –Алматы, 2006. – 11–14-бб. 65Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3-том. – Алматы, 2001. -263-б.
атанғаны сол шақтан басталады. Бəйдібекке тұрмысқа шыққаннан бастап кең танылған даналығы, əулиелігі, тапқырлығы жайында ел арасына көп əңгіме тараған66. Жаңа үлгімен салынған Үлкен Қаратаудың Қостұра бөктерінде тұрған Əулие Ананың аппақ жұмыртқадай əсем ғимаратына бас иіп, тағзым етіп келушілердің қатары бұрын да көп болған, қазір де толастар емес67. Домалақ ананың басына кесенені ұлысбегі Дулат салдырған. Бұхарадан Абдулла Шери ұстаны алдырып, төрт қанатты, төбесі күмбезбен көмкерілген там тұрғызады. Бұл күмбез-зират қастерленіп, елдің арнайы келіп зиярат ететін орнына айналған. 1456 жылы алғаш салынып, ғасырлар бойы бірнеше бұзылып, жөндеуден өткізілген, əлсін-əлсін қайта өңделген кесене 1957 жылы дөңгелек пішінде, негізгі ғимараттың үстінде жаңартылған. Ол да ұзақ сақталмай, Маңғыстаудан арнайы əкелінген ақтаспен 1996 жылы жаңадан өрілген68. Бəйдібек бидің бейіті де Қаратауда. Сүйегі тау басынан кең сай арқылы төмен қарай сыңғырлап аққан мөп-мөлдір Балабөген өзенінің орталық аңғарындағы биік төбенің үстіне қойылған. Үлкен əрі биік етіп, күмбездетіп салынған ескерткіш қазір осы Бəйдібектің есімімен аталған өз ұрпақтары тұратын ауылға жəне сол төңірекке ерекше бой көрсетіп, сəн беріп тұр69. Қарахан дəуірі үлгісімен тұрғызылған бұрынғы кесененің орнына 1998 жылы Бəйдібек жəне Қасиетті бес ана тарихи ескерткіш кешені салынды70. Кешен маңындағы ауыл Қаратаудың бел ортасында орналасқан. Балабөгеннің жоғарғы аңғарында Бəйдібек ауылынан алты шақырым жерде енелі-келінді Зеріп пен Сыландының, ортасында Бəйдібек пен Мараудың, Жарықшақтың (Тілеубердінің), томенгі аңғарында Домалақ Ананың (Нұрила) осы бір өзеннің алабына шоғырлана орналасқан мазарлары, бұл күндері олардың өткен жолдарын қастерлеуші ұрпақтың бас иіп көрісер 66 Домалақ ана//Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3-том. – Алматы, 2001. -263-б. 67Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек. –Алматы, 2006. -14-б. 68Домалақ ана кесенесі//Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3-том. – Алматы, 2001. -263-б. 69Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек. –Алматы, 2006. -14-б. 70Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 2-том. – Алматы, 1999. -222-б.
қасиетті орнына айналған. Ұлы бабалар мен аналардың жатқан орны, олардың əруағын қастерлеуші жұрт қазақ елінің əр атырабынан үздіксіз келіп жатады. Олардың есімі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өскен халқымен бірге жасай бермек. Бəйдібек баба туралы мəлімет жоғарыда келтірілген қысқаша деректермен шектелмек емес. Кезінде күллі сахараға белгілі болған Қараша бидің ұлы Бəйдібек өмір сүрген кезеңге байланысты əлі де талай дуалы ауыздар пікір айтады, талай жаңа деректер қосылатын болады. Əсіресе, үстіміздегі XXI ғасырдағы өз тарихымыз бен əлем елдері тарихының қағаберіс қалып келген ақпараттық қатпарлары бүгінгідей кеңінен ашылып жатқан жағдайда, келешек ұрпақтың өзі де бұл тақырыпты тереңдете түсінетіндігі анық. «Бəйдібек Бабаның тарихтың қай кезінде өмір сүргендігін, кім болғандығын, қандай тарихи үлкен жүк көтеріп өткендігін – ұлы-ұлы қағандары мен ел билеушілері болған, ержүрек ұлдары мен қыздары елдің басынан кесеккесек оқиғаларды қапысыз өткізіп келген, ежелгі Үйсін елінің ішкі жəне сыртқы тізгінін көп ғасыр бойы тепетең ұстай отырып, тəуелсіздіктің туын көтерген – бүгінгі Қазақстанға бірге жеткізіскен мыңжылдық ұрпақ тарихтың небір сұрапыл толқындарының соққысына ұшырап келген кəрі Азияның бүкіл Əлемдік тарихтың қойнауынан алатын орнына қарай алдағы кезеңде тағы да анықтай түседі»71. Оған дау жоқ. Өйткені, бүгінгі зерттеулердің кей нəтижелерінде де болашақ ұрпақтың жаңа ізденістеріне ілік боларлық жəйттер бар. Мəселен, Бəйдібек Қарашаұлын шамамен VІ – VІІ ғасырлар тоғысында өмір сүріп, қазақ халқын құраған тайпалардың аумақтық жəне этностық тұтастығын қалыптастыру жолында көп еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде таныған секілдіміз72. Жоғарыдағы əңгімемізде шамамен 600-ші–700-ші 71Қайдари Ə., Төлепбаев Б., Нұрпейісов К., Карл Байпақов ж.б. Бəйдібек баба// Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек.Ұрпақтар шежіресі. Құрастырған А.Байғазыұлы. –Алматы, 2006. -14-б. 72Бəйдібек//Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 2-т. – Алматы, 1999. -222-б.
жылдар ішінде өмір сүрген осынау қасиетті кісінің тарихына азды-көпті шолу жасадық. Бұл кісінің үшінші əйелі əулие Домалақ ана екенін де айттық, жəне ол кісі жайындағы нақты энциклопедиялық мəліметті келтірдік. Сондағы айтылған деректерді тағы бір еске салайық, оқырман аңғарған болар, Ұлттық энциклопедияда Нұриланың Бəйдібек биге 1397 жылы тұрмысқа шыққаны73 айтылады. Сонда қателік қайда? Бəйдібек бидің 600-ші–700-ші жылдары өмір сүргеніне күдік келтіреміз бе, əлде Нұриланың (Домалақ ананың) Бəйдібек биден жеті ғасыр кейін, 1378 жылы Түркістан қаласында туып, 1456 жылғы 28 мамырда Қаратау қойнауындағы кішкене өзен бойында қайтыс болғанын хабарлайтын деректерге шүбəмен қараймыз ба? Екі мəлімет те ресми анықтамалықтан – «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясынан алынған. Шикілік қай мағлұматта жəне қалайша, неліктен жіберілген? Бұның анық-қанығына жету – болашақ зерттеушілерге парыз. Сонымен, қазіргі заманғы Шапырашты шежірешілері Бəйдібек сынды түп аталарына былай тереңдейді: 1) күллі адамзат тарихы шығыс бəйтерегінің алтын бұтақтарының бірі – көне ғұн (б.з.б. VІІ–б.з. ІІІ ғғ.), 2) Үйсін империясы (б.з.б. V– б.з. VІ ғғ.), 3) Үйсін империясынан тікелей тарап, өрбитін (арасын ғасырлар үзіп тұрса да) Үйсін (б.з.б. V– ІV ғғ.) – Дəу би (б.з.б. 178 жылы қайтыс болған) – Елсау би (б.з.б. 178–104 жж.) – Нулы би, Дулуы (Дулу, Дуло) би – Майқы биге (б.з.б. І – б.з. І ғғ.) келіп тіреледі. Одан санаға сіңіп: «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би» деген өсиет қалған. Бəйдібектің түп атасы – Үйсін, өз атасы – Қараша. Өрісі, дəулеті жайылған өлкесі – Сырдария алабынан Алтай, Ертіске, Сарыарқа жазирасына, Еренқабырға тауларына дейін жетіп-қайтып отырған. Бəйдібектің өз кіндігінен тараған ұрпақтары бұл күндері Жеті Арыс Ел болып өсіпөркендеп отырған қалың жұрт74. Аталған жаңа заман шежірешілері Бəйдібек Баба 73Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3-том. – Алматы, 2001. -263-б. 74Қайдари Ə., Төлепбаев Б., Нұрпейісов К., Карл Байпақов ж.б. Бəйдібек баба// Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек. –Алматы, 2006. -13–15-бб.
балаларының арғы-бергі тарихын анықтауға, мүмкіндігінше, тарихи мезгілі мен тізбегін нақтылап жазуға тарихта тұңғыш рет əрекеттеніп отырғандарын атап айтады. Сол себепті Бəйдібекке дейінгі тым алыс тарихта да, одан кейінгі тарихи тізбекте де, əрине, көмескі қалған, мүлт кеткен, тіпті, білместіктен белгісіз болып қалып қойған, кейде мүлдем қателескен тұстар болуы əбден мүмкін. Осылай мойындай тұра, олардың, дегенмен, ру-тайпа тарихын тұтас қазақ халқы тарихымен сабақтастыра, астастыра қарауына, исі қазаққа ортақ қасиеттерді дөп басып атауына ризашылық білдірмей тұра алмайсың. Дүние жүзі тарихына көз жүгіртер болсақ, алыс-жақын өзге елдермен, бөгде нəсілдермен, бөтен ру-тайпалармен қаны араласып көрмеген бірде бір ұлт та, ұлыс та жоқ. Қазақтар да дербес əрі тұйық өмір сүрген емес, бірақ қиынқыстаулы ғұмыр кеше отырып, атаны, руды, тайпаны, жүзді, ұлыс пен ұлтты анық білуі арқылы көшпенділік тарихында өзін-өзі сақтап қала алды. Бірен-саран кішігірім рулықтайпалық қақтығыстары болмаса, өзі тарих сахнасына шыққалы казақ халқы жұртпен жұрт, атамен ата, румен ру, жүзбен жүз, ұлыспен ұлыс болып ешқашан жəне ешбір уақытта ірі қантөгістерге, соғыстар мен қырғын апаттарға барып көрмеген. Керісінше, басқыншы жаулар сырттан лап қойғанда, этностық біртұтастық пен қандық бүтіндік көрсетіп, тез арада дүр ете көтеріліп, жауға қарсы бір кісідей атой салып шығып тұрған. Қазақ халқының: «жеті атаңды біл», «ер жігіттің үш жұрты бар», «қарға тамырлы қазақпыз», «сұраса келсең – қай қазақ та қарын бөле болып шығады», «атаның баласы болма – адамның баласы бол» деген қағидалары өзіндік идеология міндетін атқарды, сол арқылы шалқар далалар мен асқар тауларды мекендеген қазақ елінің біртұтастығы сақталып тұрған, осы ретпен билеушілер елді басқарып отырған. Осыны жақсы білген, Батыс пен Шығыстың ақыл-ой інжумаржанын түгел зерделеген ғұлама Шоқан Уəлиханов: «Далалықгар (қазақтар) өзінің ақлахи (моральдық) қасиеті, ақыл-ойы жөнінен басқа халықтардан биік тұр», – деген.
Ал осындай қазақтың терең бір тарихи тамыры – Қарашаұлы Бəйдібек. Ол, жоғарыда айтқанымыздай, VI— VII ғасырларда Үйсін мемлекетінің ішінде ірі тайпалық одақ құрып топтастырған, кейінірек Қазақ хандығына жеткен тайпаларды қалыптастырып кеткен тарихи тұлға75.
- Тарихты зерделеуде ғылыми айналымға қосып қарастыруды тілейтін маңызды жазба шежірелік деректер Матайдың, Қазбек бектің шежірелерінде де мол екені айтылып жүр76. Бұл жерде əңгіме өткен ғасырдың соңғы онжылдығы ішінде оқырман қолына тиіп, көп пікірталас туғызған Қазбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты кітабында келтірілетін Матай шежіресі жайында болып отыр. Аталмыш кітап үстіміздегі ғасырдың басында «Қазыбек бек Тауасарұлы – тарихи тұлға, ғалым жəне ақын» деген тақырыппен еліміздің басты жоғары оқу орнында – əлФараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен арнайы ғылыми конференция талқысына алынған болатын, оған біз кейінірек оралармыз. Қазіргі əңгімеміз сондағы шежіре мəліметтері төңірегінде болмақ. Конференция назарына ұсынылған баяндамасында ғалым Т.Омарбеков еңбектің əр бөліміне талдау жасап, оның алғашқы бөлігіне тоқталады. Ол əуелі ондағы шежіренің кітап авторы Қазыбек бек Тауасарұлына атасы Матайдан қолжазба түрінде қалғанын еске салып, сосын сол мұрада тізілген ізбен, ата шежіресін былай таратады: Мұхаммед туардан мың тоғыз жүз жыл бұрын (яғни бізше – б.з.д. 1330 жылы), дейді ол, Қадыр, Қалша деген кісілер болған. Қадырдан Алаш, Алаштан Жайыл, Жайылдан Қазақ. Қазақтың екі ұлы Жұман жəне Тұман өмір сүрген. Жұманнан екі ұл – Арыс пен Сабыр туған. Арыстан алты ұл болыпты, бірақ олардың үшеуінен – Ақарыс, Жанарыс, Бекарыстан 75Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек.Ұрпақтар шежіресі. – Алматы, 2006. – 6–7-, 15-бб. 76Егемен Қазақстан, 29 желтоқсан 2010 жыл.
ғана ұрпақ тараса керек. Кезінде жүз-жүзден əскер басқарған бұлар үш жүздің негізін салған көрінеді77. Осы жерде зерттеуші жалпы қазақ шежірелерінде айтылатын деректі айта кеткенді жөн көреді, оларда əдетте қазақтың арғы атасын Қадырдан емес, Алаштан бастайтыны мəлім. Алаштан Қазақ, Қазақтан – Бекарыс, Ақарыс, Жанарыс атты үш ұл туады деп айтылатын мағлұмат халық ішінде кең тараған78. Ал Қазыбек бектің аталмыш еңбегіне қарар болсақ, Ақ деген кісіден, яғни Ақарыстан Киікбай (Кейкі), одан Төбей мен Моған. Төбейден Бақтияр, Байтерек, Жаңылық туған болып шығады. Осылардың ішіндегі Байтеректен – Қоғам, Қоғамнан – Қаңлы, Шанышқылы (Қатаған), Бақтиярдан – Қотан, Қотаннан Үйсін тарайды екен79. Зерттеуші бұл тұста Қазыбек бек шежіресінің қалыптасқан дəстүрлі қазақ шежіресінен тағы бір ауытқушылық барын аңғарады. Дəстүрлі қазақ шежіресінде Үйсін Бекарыстан тарайды деп есептелсе, Қазыбек бек бойынша – жоғарыдағы тізбеден көретініміздей, бұл тұқым Ақарыстан бастау алады. Ал Үйсіннен Қазыбек бек 7 атаны таратып, Елсауға келеді. Елсаудан кейін 6 атаны санамалап, Майқы биге шығады. Майқы биге келген соң, одан бері қарай тəптіштеп 18 атаны таратады да, көпшілікке мəлім Бəйдібек атаға жетеді. Ал Бəйдібектен бастап, шежірешінің өзінің атасы Матайға жеткенге дейін 40 ата таратылады80. Егер əр ұрпақты шартты түрде 25 жастан есептесек81 , онда Бəйдібек пен Матай арасы 1 мың жыл уақытқа созылатынын есте ұстайық. Бəйдібектің, Ұлттық энциклопедияда келтірілетін ресми дерекке қарағанда – 77Тауасарұлы Қ. Түп-тұқияннан өзіме шейін. –Алматы, 1993. – 37–38-б6.; Қазыбек бек Тауасарұлы – тарихи тұлға, ғалым жəне ақын. Ғылыми конференцияның материалдары. -Алматы, 2001. – 13-б. 78Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994. -39-6. 79Тауасарұлы Қ. Түп-тұқияннан өзіме шейін. –Алматы, 1993. – 37–38-б6. 80Омарбеков Т. Қазыбек бек Тауасарұлының еңбегі –тарихи өмірбаяндық шығарма// Қазыбек бек Тауасарұлы – тарихи тұлға, ғалым жəне ақын. Ғылыми конференцияның материалдары. -Алматы, 2001. – 14-б. 81Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 5-том. – Алматы, 2003. -444-б.
VI–VII ғасырлар тоғысында өмір сүргенін білеміз82. Демек Матай ХVI–VII ғасырлар тоғысында ғұмыр кешкен. Шежірені əңгімелеу барысында Қазыбек бек Тауасарұлы аты аңызға айналған ірі тарихи тұлғалар туралы жəне Ұлы жүздің басты тайпалары туралы кеңінен баяндайды. Мұны мұқият қарастырған зерттеуші-ғалымның ойынша, жоғарыда көрсетілген кейбір сəйкессіздіктерге қарамастан, өзінің атасы Матайдың жазбаларына сүйенген Қазыбек бектің шежіресі, негізінен алғанда, «жалпы қазақ шежіресінен ауытқымайды, жəне шежіретану саласын жаңа деректермен толықтырады». Сондықтан да ол шежірені тарихи дерек ретінде қарастырып жүрген зерттеушілердің бұл еңбектен қашқақтамай, қайта оны басқа шежірелік деректермен салыстыра зерттеу ісін қолға алулары керек деген пікір білдіреді83. Ендеше, Қазыбек бек Тауасарұлының еңбегіне көз салайық. «Менің атам Матай – бізден бұрынғы хандарға қызмет қылған, едəуір сауаты болған адам, Қытайдың, Қалмақгың, Парсының тілін, жазбасын қайдам, ауызша бірсыдырғы білген кісі» – дейді автор өзінің естелік кітабында. Ол Матай ақсақалды қартайған кезінде «бөгде ел ұлық адамдарымен, елші-жаушыларымен, саудагерсаттықтарымен, жиһангез-дəруіштерімен сөйлескенін» айтады. Тіпті үйіне ертіп əкеліп қонақ қылғанын, «олармен ұзақ түн бойы шүршітшілесіп, қалмақшыласып отырғанын талай көрген» екен. «Атам айтар еді, – дейді ол, – ертеректе қазақ елінің өзі салған мəдениеті, əдебиеті болды деп. Жазуы, өнері болған еді, енді біз ғараптың шыймайына (араб əрпіне дегені – Б.Қ.) көштік деп...» Сосын: «Атам менің есімді білген кезімде дүние салды» – деп, Матай ақсақалдың өмір сүрген мезгілінен де хабардар етеді. Шамамен ХVII ғасырдың ішінде – ХVIIІ ғасырдың басында өмір сүрген Матай ақсақал немересінің құлағына ата-бабалары жайындағы деректерді былай құйған: «... 82Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 2-том. – Алматы, 1999. -222-б. 83Қазыбек бек Тауасарұлы – тарихи тұлға, ғалым жəне ақын. Ғылыми конференцияның материалдары. -Алматы, 2001. – 14-б.
бар қазаққа белгілі жай – атам алдына отырғызып қойып, бабаларымызды үйрететін-ді». Ақсақал жазбаша шежіре де жүргізген екен. «Ер жеткен соң ол кісінің жазбасы да қолыма келді», – деп, атасынан қалған сол мұраны əкесінің ең кіші інісі Төлекейдің өзіне сыйға тартқанын айтады. Қолжазбаның сапасы өте нашар екеніне де назар аудара кетеді: «Китап əбден ескірген, төңірегі жүлымданып, қағазы сарғайып, іріп, бөлек-бөлек түсіп қалуға əзер тұр. Егер ұқыпсыздау кісі морт ұстар болса, китап пайра боларға керек». Дегенмен, жазбаша шежіре өзіне табысталған тұста, Қазыбек бектің ағынан жарылуынша, бұл дүниеде одан бақытты да, дəулетті де адам жоқ еді. «Өйткені Ата шежіре өзім ішіндегісін тегіс жатқа білсем де, талай осы кітапты қолыма алып тоқсан аударып оқысам да, енді бұл қолыма біржола келгенде патша тағы, қор қызына мұны айырбастамақ емес едім. Төбем көкте, көңілім аспан ғаламын шарлап, шартарапқа кеткен-ді»84. Енді Қазыбек бектің жоғарыда аталған шежірелік кезеңдерінің уақытын одан əрі анықтауға тырысайық. VI– VII ғасырлар Бəйдібек атадан əрі қарай 18 ата бұрын Майқы би өмір сүрді, ал бұл жоғарыда аталған бір ұрпақты 25 жасқа шаққан есепті басшылыққа алғанда, 18х25=550 жыл ілгеріге кетеді. Яғни Майқы би шамамен б.з. V ғасырында өмір сүрген деп шамалауға болады. Майқы биден əрі 6 ата бұрын Елсау ғұмыр кешкен. Демек Елсау Майқыдан 6х25=150 жылдай бұрынғы, яғни б.з.б. І ғасырдағы ата. Одан 7 ата ілгеріде, яғни 7х25=175 жыл əріректе – б.з.б. ІІІ–ІІ ғасырда Үйсін тұр. Егер шежірелік деректерді орта есеппен алынған буын жасы арқылы шамамен шығарғанымызды ескерсек, тарихи деректерден соншалықты көп ауытқушылық жоқ екенін аңғарамыз. Үйсіннің дəуірі тарихтағы усунь заманына сəйкес келеді. Бүгінгі қазақ үшін екеуінің бір атау екені дау туғызбайды. Бұл осы заманғы ғылымда да мойындалған, усуньнің «қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі – ұлы жүз қазақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін 84Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 771–772-бб.
атайтындай «үйсін» сөзіне сəйкес келеді» дейді ғалымдар. Қазіргі деректер бойынша – олар Жетісуды қосқанда, неғұрлым байтақ аумақты алып жатқан85. Ал Жетісудың географиялық жағдайы үйсіндердің шаруашылығының даму ерекшелігіне де көбіне-көп себеп болды. Мұнда көшпенді мал шаруашылығы егіншілікпен ұштастырыла жүргізілді. Тиісінше, жұрт тек көшпенділікпен күн кешкен жоқ, көшпенді өмір салты жартылай отырықшылықпен ұштастырылды. Ал осындай тұтас этностық топтың, тіпті «орталығы – Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы – «Қызыл аңғар қаласы» Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында» орналасқан86 мемлекеттің атын «Үйсін» ата деп бір адамға телудің қате екені дау туғызбайды. Дегенмен, мұндай «дерттің» шежірешілердің бəрінде дерлік кездесетін балалық аңқаулық пен аңғалдық сипатты қасиет екеніне түсіне қарап, шежірелерді зерттей берген жөн. 9. Жоғарыда айтқанымыздай кеңшілікпен қарай отырып, Қазыбек бектің шежіресімен танысуды жалғастыралық. Ол өзі өмір сүрген ХVІІІ ғасырдағы қазақтың ауыр жағдайына байланысты: «Бұл менің де, ел билеген Төле, Қазыбек ағаларымның да жанына қатты батады, еңірегенде етегі толады, – дей келіп, қазақтың «соңғы үш жүз жыл соғыста да жартысынан көбі қырылып қалғанын» айтады. «Ал біздің еліміздің, басқасын айтпағанда, тек Үйсін атаулының шежіре-тауарихы мəлім жылдарының өзінде де жартылап қырылып, жойқан төбе болғаны он шақты дүркін болыпты» – дейді. Сосын онысын: «Өзімізді өзіміз қырған кезіміз де аз болмапты», – деп үстемелей түседі. «Оған Шыңғыстың, Темірдің, Қатағандардың жасаған жорықтарын айтсам да болар еді. Ол үшеуі де бізден бөлек адамдар емес еді. 85Қазақстан тарихы. Көне заманан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-том. - Алматы, 2010. – 248–249-бб. 86 Қазақстан тарихы. 1-том. - Алматы, 2010. – 248–250-бб.
Бірақ, не керек, үшеуінің қазақ жеріне істеген зияны шашымыздан көп». Солай дегенмен, олардың тигізген залалын санамаламайды. «Тауарих зерттеуші адамдар» оған шейін де, одан кейін де «еліміз туралы айтқан, əлі де айтар» деп түйеді де, «шапқыншылықта басы қосылып, аузы бірігіп қалмақты, Аштарханда қалған азғантайы болмаса, бəрін жер бетінен жоқ қылып жіберген қазақтың бір əкенің баласы екеніне» өзінің кəміл сенетінін айтады. Сеніміне дəлелі: «сонау түп-тұқыйаннан жатталып келе жатқан, егер менің аталарымның жазбасы, жаттауы болмаса, Төле ағам да, Қазыбек ағам да (əйгілі Төле би, Қазыбек би – Б.Қ.) біле алмайтын Ата шежіре». Оны Ата шежіре атайтын себебі: «қолы хат білгені жазып, қара танымайтыны жаттап келе жатқан үшбу шежіре біздің қазақ өңіріндегі көбесі де, көріктісі де. Біршама біздің жұртымыздың бір ығылым, қадым заманнан бері келе жатқандығына айғақ». Алайда осы шежіре, неге екенін, орыс шығыстанушыларының назарынан тыс қалған... Өз шежіресін жазып отырған Шапырашты Қазыбек бек бүткіл қазақ қауымын əңгімелеуге шамасы келмейтінін мойындайды. «Сондықтан тек тірі қалған Шапыраштының атасын айтып бермекпін, – дейді ол. – Тіпті Шапырашты атанбай қалған оның үш баласының да шежіресін айтып бере алмаймын. Оны соларды талдауға жеткенде əңгімелермін. Шапыраштының арғы ұрпағын түгендемек түгіл, оның бергі Асыл балаларының өзін түгендеп айту оңай болмаса керек. Өйткені Байбағыс деген Асыл баласының төрт ұлы басқа ел болып, əлде өзбек, əлде Кіші жүз Бай ұлы болып кеткендігін білемін, ал қазіргі Асыл балалары алты ұлдың екеуі ғана – Батыр, Түнқатар ұрпағы. Қазыбек бек атадан балаға мұраға қалған қарт тауарих ішіңде сан қилы ертегі, аңыз, тіпті шындыққа жуыспайтын əңгімелер толып жатқанын еске салып, олардың бəрін тізуден қашады, өйткені ондай тірліктің ақиқаттан алыстатып жіберуі ықтимал дейді. Сөйтіп, тек өзі білетін тауарихты əңгімелеп беруге бел буады.
- Матай–Қазыбек бек шежіресі бойынша «Мұхаммед Расулалла тумастан бір мың тоғыз жүз жыл бұрын біздің аталарымыз Хазар мен Алаштың, Алатау мен Алай орманының арасын шыр айналып көшіп, шиырлап... бірақ Жетісуға осы заманғы алты арыс Орта жүз, жиырма тоғыз тамғалы Кіші жүз, алты арыс Ұлы жүз жатқан жерлерді, тіпті Бижнек теңізінің төңірегін де жайлайды екен». Сол заманда өмір сүрген Қадыр, Қалша деген екі ағайынды жігіттің үлкені Қадыр, Қазыбек бектің жазуынша, Шапыраштының арғы бабасы болыпты. Оның баласы Алаш екен. «Міне, біздің ұранымыз Алаш болатыны осыдан, – дейді ол. – Мен тауарихшылардың, ілім адамдарының Алаш деген мұңғұлдың алашы деген сөзінен екен, сөйтіп қалмақтар қорыққан соң, алашылап шауыпты дегеніне бой ұсынбақ емеспін», – деп, одан əрі Алаш атауына байланысты өз пікірін жазады. «Атасының аты аталғаңда оның делебесі қозып, арқасы, екі жаурынының арасы шымырлап, айбаттанып, аруақтанып, жауланып-жалауланып кетер болар. Міне, ұранымыздың Алаш болуы осыдан делінгені дұрыс деп есептеймін». Алаш есімді кісіге байланысты ертегі-əңгімеде оның дүниені аралап, шарлап жүріп, əлдеқандай бір теңіз жағасындағы елден əйел алып қайтқаны, əйелінің өлер алдында айтқан өсиеті сөз болады. Əйел көрінде ұл туатынын айтады. «Соны ал да, мені қайта көм, – дейді. – Балаңды алып өзің асырарсың. Атын Жайыл қой. Жайыл дейтін менің арғы атам. Ол менің елімде асқан білікті адам болған. Сол кісінің маған берген аяны осындай. Сенің балаңның ұрпағы, яғни біздің ұрпағымыз атқа мінгенде жер қайысқан қол болып, күннің көзі көрінбей қалады. Ол аттың үстін үйіндей жайлайтын болады. Жылқы малы ақылды мал – ол өзін арлаған, ардақтаған елге ерекше қызмет қылады, біздің ұрпағымызды жылқы баласындай көретін болады. Жайылдың жар дегенде жалғыз ұлы болады. Оның атын Қазақ деп қой». Одан əрі бəрі солай болады87. 87Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 770–773-бб.
Шежіреші одан əрі Қазақтан Жұман, Тұман деген екі ұл туғанын жазып, алыс тектің бастапқы тізбегін жасайды: Қадыр – Алаш – Жайыл – Қазақ – Жұман, Тұман. «Бұл аңыз сияқты əлде ертегі сияқты əңгіменің растығына, хақиқаттығына ешкім куəлік бере алмайды, – дейді ол одан əрі. – Бұдан кейінгі айтылатындарға бұл кітапты оқыған адам шүбə келтірмесе де болады. Өйткені ендігі əңгіме тек біздің түп-тұқыйанымыз Жұманнан тараған ұрпақ туралы болмақ». Қазыбек бек оқырманын осылай бір сендіріп қойып, шежіресін əрмен қарай тарқатады. Жұманның Арыс, Сабыр деген екі ұл тараған. Арыс деген кісі шамадан тыс ірі, өте күшті, айбатты адам болыпты. Барлық қазақтың «ой, мынау Арысым екен», «Арыстай кісі екен» дейтіні осыдан қалған тəрізді. «Міне, бүгінгі 1154-жылында тірі жүрген қазақ атаулының атасы осы кісі», – дейді Қазыбек бек. Осы жерде көрсетілген датаға орай бір пікір айта кетуге тура келеді. «Біз мұсылман атаулыда, бұл шақта жыл қазақшасынан басқа Мұхаммед пайғамбардың дінді жария еткен кезімен айырылар еді. Сондықтан мен де кітабымды Мұхаммедтің (хижра) жыл санауымен бердім», – дегенді автор кітабының алғашқы беттерінде. Сосын осы дата қою мəселесіне тағы бір айналып соғып: «...мен хижыра жылнамасымен бердім. Мен басқалардай ай санамадым, жылды күнмен есептедім. Мен жазған жылға 622 жыл қоссаңыз, тура нығрани-христиан дінінің жыл санауы шығады. Мұны келешектегі ұрпақты шатастырмау үшін əдейі істедім», – дейтіні бар. Егер жоғарыда көрсетілген 1154-ші жыл мұсылман жылсанағының датасы болса, онда ол біздің қолданыстағы күнтізбенің шамамен 1741-ші жылына сəйкес келеді. Егер автор көрсеткендей, əлгі датаға 622 жыл қоссақ, онда 1776-шы жыл болар еді. (Бұл Қазыбек бектің кітабын бітіріп, дүние салған жылы деп айтылатын уақыт). Бірақ бұлай есептеу дұрыс болмайды. Алдағы уақытта, нақты тарихи даталар келтірілетін тұстарда, біз бұл мəселеге кеңірек тоқталатын боламыз.
Шежірешінің əңгімесіне оралайық. Ол қазақ ішінде басқа, бөтен сіңбелер де бар екенін айтады. Түрлі себеппен, əсіресе жаугершілікте қолға түскендердің сіңіп, қазақ руының бір баласы болып кеткендері қаншама, жаудан қыз алмаған қазақ аз десе де болады, бүгінде солардың бəрі қазақ дейді ол. «Дегенмен қазақтың өз ұрпағы да жеткілікті. Еуропада ерекше елміз, Арыс ұрпағымыз дейтіндер бар. Оны біз Өтен екеуміз Дұнай дайрасы жағасынан кездестіргенбіз. Ал егер Арыс ұрпағы ерекше ел болса, ол – осы жүрген, бүгінде қалмақты, Жоңғар атанған қалмақты жердің бетінен жоқ қылып жіберген қазақтар»88. Бүгінгі тарих ғылымына жағдайдың тап бұндай болмағаны – қазақтардың қалмақты жер бетінен жоқ қылып жібермегені – белгілі, дегенмен, автордың одан əрі: «Əрине, еліміз дарақылықтан да құралақан емес, дегенмен ер екендігін ешкім мансұқ ете алмақ емес», – деп жазғанын оқи келе, ондай тұжырымына түсіністікпен қараймыз. Қазыбек бек: «...Арыстың дүниені кезіп оқыған адам болғанын Майқы бабамыз үнемі айтып отырады екен. Арыстың өз аты Анарыс болған деседі. Шешесі еркелетіп Арыс деп атап кетіпті», – дей келе, оның өмір жолын сипаттайды. Арыс-Анарыс ілімді Европа елдерінде алып, көп ғұмырын сол жақтарда өткізген көрінеді. Өз еліне оралған соң он екі-ақ жыл тұрыпты. Ол артына пəлсафа қалдырған. Жазба Майқы заманына дейін келген екен. Сол замандағы бір жер сілкіністе онысы топырақ астында қалған дейді. «Арыс ақын да, ахун да адам болған. Еуропада көрген өнегесінің жақсы жақтарын өздерінің патшалығына кіргізуге ұмтылған. Ол өзінің туған ағасымен осы жөнінде келісе алмай мерт болған. Əсіресе табиғат сырына көп үңілген» деп түсіндіреді шежіреші. «Дүние шексіз, оның алды да, арты да жоқ, хакиқатта да мөлшер жоқ, өткен күннің белгісі жоқ» деген сөз содан қалған тəрізді. Оның көп өлеңі жер сілкінгенде құрыған деп хабарлайды автор. Артында алты бала қалыпты. Олардың аттарын шежіреші Ақ, Пан, Жан, Бол, Бек, Бал деп тізеді. 88Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 767, 773-бб.
Аңызға қарағанда, Арыс ата Тəңір тауының маңын қыстайды екен. Ол алты баласын үшке бөліп, екі-екіден еншілес етіп қойыпты. Алғаш аталған екі ұл жылқы кезегіне кетіп, Тəңір тауының түбінде мұздап дүние салыпты. Алтаудың үлкені Ақтан бала қалыпты. Пан үйленбеген, одан тұяқ болмапты. Жетісуда қаңтардан кейінгі айды қазақтар ақпан немесе екіағайынды дейді. Ағайынды Ақ пен Пан өлген ай екіағайынды атанған. Алатаудың сол Тəңір шоқысының жанында одан да биік шоқы бар. Екі жігіт өлімі сонда болған деседі. Сондықган да ол шоқы Ақпан аталған. Бал өз заманында қатал хан болған деседі. Елді қатты ұстаған хан туралы жұрт «аты Бал, ісі сал» деп мəтел шығарған. Сарарқадағы Балқан аталған тау да соның атынан қалған. Ал Жан мен Бек атты екі ұлдың тұқымы кең тараған. Осылай дей келе, Қазыбек бек «Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деп жүргеніміз – Арыстың үш баласының аты» деп түйеді. Оның пайымынша, үш жүз деген де осы бір шақта пайда болған тəрізді. «Алты ұлды екі-екіден еншілес етіп қойған ата жаугершілікте оларға жүзден əскер беріп, қол басқартқан деседі, Үш жүз осыдан қалған, – дей бере, оның анық еместігін де: – Бірақ мен бұл пікірдің дəлдігіне кепілдік ете алман», – деп ескерте кетеді. «Ақ деген кісінің Киікбай (Кейкі) деген жалғыз ұлы болған. Одан Төбей, Моған атты екі ұл туған. Моған да, Төбей де заманында ел билеген, хан десе де, би десе де болатын адамдар екен. Ал Моған баласы Далабай елдің батыс жағын билеуге жіберіледі. Моған мен Төбей тұсында Қытайдың біраз елі оларға алым-салық төлеп тұрған. Олардың орталығы Жетісудағы Үш шəһарында болған. Бұл екі хан Еуропа елдерінің көбімен елшілік алысқан». Қазыбек бек өзі кітабын жазып отырған кезде – «қазіргі хижыраның 1154-жылында мен Ұлы жүзбін дейтін қазақтардың бəрі дерлік Төбей тұқымы». «Қытайдың біраз елі ...алым-салық төлеп тұрған» шақтағы ел билеген Төбейден – Бақтияр, Бəйтерек, Жаңылық. «Бақтияр біздің пұстымыз болғандықтан, оны кейінге қалдыра тұрып, Бəйтерек тұқымын əңгімелейік.
Бəйтеректің баласы – Қоғам. Қазіргі Қаңлы, Шанышқылы (Қатаған) соның тұқымы. Жаңылықтан тұқым жоқ. Қаңлыдан Қанкөжек, одан Келдібек, одан Сары, Қара, Қызыл. Міне, Қара қаңлы, Сары қаңлы, Қызыл қаңлы осы болады. Шанышқылыдан (Қатаған) Сымыршық, одан төрт бала – Айрылмас, Саңырау, Дарқан, Бектау. Бақтияр – біздің бабамыз. Оның төрт ұлы – Қотан, Қора, Болат, Алшын делінеді. Қотан деген кісіден Үйсін екен. Міне Үйсіндер – осы тұрпайылау атты кісінің үрім-бұтағы. Қотанның көп баласынан үш ұл – Үйсін, Байсын, Исін қалыпты»89. 11. Үйсін-усунь жайында жазған ежелгі заман авторлары оларды малға азық пен су іздеп, бір жерден екінші жерге көшіп жүрді деп барынша қысқа қайырады90. Қазыбек бек шежіресінде: «Ол кезде атамыз Қаратауды қоныстанады екен де, жаз жайлауы кейде Талас Алатауындағы – Сусамыр, кейде Тұрпан асып Үйсін тауына көшеді екен. Ал Үйсіннің екі інісінің қонысы өзгермей, барлық уақытта Қаратау қойнында Ұзынбұлақ деген жерде болады», – дейді. Шежіреде əңгіме тарихтағыдай тайпа туралы емес, жеке адам жайында айтылады, тек аталарды тізбелейді: «Үйсін деген кісі ел билеген, сол кезде бүкіл еліне хəкімдігін жүргізгендіктен, бар Ұлы жүз Үйсін атаныпты. Əрине, оның ішінде Үйсіннің ұрпағы еместері де жетерлік болған», – дейді Қазыбек бек. Шежірешінің мəліметіне қарағанда, Үйсін өте көп жасап, хандық құрған кісі екен. Одан хандық құрыпты дегеннен басқа сөз қалмапты. Тек екі-үш жыл сайын Шымбас, Талас, Шуас, Лабас асып «ата-баба қонысын көремін» деп, Тəңір, Ақпан тауларына келіп тұрыпты, одан Мұзарт басып, Арқас, Тұрпан асып, Ерен қабырғаның арғы бетіндегі Үйсін тауына барып, Семкерегеге барып қоныс 89Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 774–775-бб 90Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейіңн. Бес томдық. 1-том. –Алматы, 2010. -250-б.
теуіпті. Үйсіндер көшкенде Үш Алматы арқылы «Үйсін асқан» – Көкайрақпен де жүріпті. «Үйсіннің Бай, Нақ деген екі ұлының алғашқысы біздің атамыз болады», – дейді Шапырашты Қазыбек бек. Екі ұлдың үлкені, Шапыраштының арғы атасы Бай – əке тағына ие бола алмаған, тек шаруасын күйттеген дəулетті адам екен. Інісі де қойшылықпен күн өткеріпті. Ал Байдың Шора, Ырза дейтін екі ұлы қайта хəкімдікке көтеріліпті – шежіре осылай дейді. Одан Шораның балалары Алым мен Қарнақ екеуінің де екі елді билегені айтылады. Алым Жетісудың Лабас тауының Бұғамүйіз, Бесмойнақ деген жеріндегі Жаманты өзенінің бойында қайтыс болса керек. Алым бұлағының аты осылай шыққан. Қазір сол жерлерді жайлап-жастап жататын Дулат пен Шапырашты оны əлі де Алым ата бұлағы деседі. Қазыбек бек өзінің 1139-жылқы жылы – аталмыш шежірені қағазға түсіріп отырған уақытынан он бес жыл бұрын «сол ыстық бұлаққа» барғанын айтып, мынандай суреттеме қалдырған: «Жаманты өзені – жаяу кісі өте алмайтын қатты ағысты өзен. Сол өзеннің арнасында, тау ішінде өзен табанында екі бұлақ қатар сығысып, аяғы ағып өзенге қосылып жатыр. Екі бұлақтың арасы бір құлаштай ғана. Табиғатқа таңданбасқа болмайды, əлгі бұлақтың бірінің суы ыстық, тіпті шымшым десем де болады, екіншісі тау суындай сұп-суық. Сол тұмалардың шығыс бетіндегі таудың бүйірін тесіп тағы бір қайнар шығып жатыр. Ғажап. Əлігі судың бір шелегін ішуге де болады». Алымның Есен, Жарбол атты балаларының біріншісі – Шапыраштының атасы. Есеннің Асау жəне Берік деген ұлдары болған. Асау да ел билеп, көп ел мен жерді өзіне бағындырған деседі. Асаудың Жүз, Дүз, Еркіл, Көркіл, Төрен деген балалары болыпты. Олардың ішіндегі Шапырашты бұтағына апаратын «біздің бабамыз Жүзден – Дəу, Бас туыпты. Бабамыздың аты Дəу болмаса керек, ол ірілігіне, батыр түлғалылығына қарай аталған. Өз аты Азан болса керек. Бірақ оны олай ешкім атамаған. Жүртқа белгілі есімі
– Дəу», – дейді Қазыбек бек91. Дəу би б.з.д. 178-ші жылы қайтыс болған92. «Дəудің ұлы Елсау, Жантай мұсылман жылдығынан тоғыз жүз жыл бұрын Шүлен деген жерде дүниеге келіпті. Ағайын ала болып, Дəуді өз туыстары – Үйсін тұқымының бірі өлтіріпті»93. Қазыбек бектің бұл мəліметіне қарағанда – Елсау «мұсылман жылдығынан тоғыз жүз жыл бұрын», яғни хижра жылсанағынан 900 жыл ілгеріде туған. Демек, біздің күнтізбемен есептер болсақ – хижра басталатын 622-ші жылдан 900 жыл бұрын өмірге келген болса, онда Елсаудың туған уақыты біздің заманымызға дейінгі 278-ші жылға сəйкес келеді. Ал академик Ə.Қайдари бастаған 13 тарихшығалым Елсау бидің өмір сүрген уақытын одан бір ғасыр беріректен бастап, б.з.д. 178–104 жылдар деп көрсетеді94. Шежірені одан əрі оқиық. Дəуді өз туыстары – Үйсін тұқымының бірі өлтіргеннен кейін, Дəудің балалары Елсау мен Жантай – «əкесі өлген екі ұл ит көзі түтін танымас ғұмыр сүріп, қабырға ағайыны, əкесінің дүбірі болған Бөже деген кісі қолында тəрбие алған» көрінеді. Осы деректен кейін ел арасындағы аңыздың бірі – «Елсауды нəн бөрі емізді» деген əңгіме келтіріледі. Жетім қалған екі баланың үлкені Жантай жеті жасар екен де, кішісі Елсау бір жарым жаста ғана болыпты. Бөже екі баланы əкесін өлтірген өз туысқандарынан жасырып, тау бауырында өткен жылдан қалған бір мая шөп ішін қуыстап, екеуін сонда орналастырады. Бөже бір күні шөп астындағы ұяда жеті жасар Жантайдың ғана отырғанын көреді. Ол: «Елсауды қасқыр тістеп кетті», – дейді... ...Бөже баланы жан ұшырып іздеп жүргенде, бір үңгірден емшектері салпылдаған барыстың шығып бара жатқанын 91 Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 775–776-бб. 92 Бəйдібек Баба – Алып Бəйтерек. Ұрпақтар шежіресі. Құрастырған А.Байғазыұлы. –Алматы, 2006. -15-б. 93Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. –776-б. 94Бəйдібек Баба – Алып Бəйтерек. Ұрпақтар шежіресі. Құрастырған А.Байғазыұлы. –Алматы, 2006. -15-б.
көреді. Сол жерге зорға жетіп, апанға мойнын созады да, бүк түсіп ұйқтап жатқан кішкентай баланы көреді. Ішін басып көрсе, қарыны қабыспаған, тоқ. Аңның баланы ұрлап əкетіп емізгенін ол сонда барып біледі... Сонымен, барыс емізген бала Елсау ер жетіп, арғындардың көмегімен еліне қайта ие болды дейді шежіреші: «Арғын бауырлары арасында жүріп, соғыс өнеріне əбден жетіледі. Одан өз елінен қашқан аталастарынан қол жинап, қайта өз елін, билікті қолына алады»95. Ə.Қайдари, Б.Төлепбаев, К.Нұрпейіс, К.Байпақов сынды ғалымдар Елсау би б.з.б. 178–104 жылдары өмір сүрген деп есептейді96. Бұл уақытта үйсіндер Жетісумен қоса неғұрлым байтақ аумақты алып жатқан. Олар туралы алғашқы хабарды Қытайға б.з.б. ІІ ғасырда – бұл шамамен Елсау бидің өмір сүрген кезіне сəйкес келеді – Жетісуға келіп қайтқан Чжан Цянь елшілігі апарған97. Бұл кездері ел іші ала болған соң, Бақтиярдың біраз баласының екі-үш ауылы Иран жеріне өтіп кетеді. Оған Ұлы жүздің тағы бірсыпырасы ереді. Соларды қайтарып алу үшін, Елсау көп қолмен сақтарға шабуыл жасайды. «Бірақ атамыздың жауынгерлері жеңіске жеткенімен, олардың бəрін қайтару жөнге келмейді, – дейді Қазыбек бек. – Осы дəуірде олар Бақтияр атпен тауарихқа мəлім. Қазіргі Иран жеріндегі Бақтияр атанатындардың бəрі – бұдан мың сегіз жүз жыл бұрын кеткен біздің аталастарымыз»98. Шежіреші атап отырған уақыт шамамен христиан жылсанағына дейінгі 1-ғасыр іші болса керек. Бұл шақта, Қазыбек бектің айтуынша, Шапыраштының бабалары Іленің екі жағасын, Көктеңіздің батысын-шығысын, Лабастың (Алатаудың) бауырын алып жатқан көрінеді. Бүгінгі тарих үйсіндердің Орта Азия аумағындағы ежелгі тайпалық бірлестік екенін атап өте отырып, бір кездері олардың иеліктерінің шекарасы батысында Шу жəне Талас өзендері бойымен өткенін, Қаратаудың беткейлеріне дейін созылып 95Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - А., –777-б. 96Бəйдібек Баба – Алып Бəйтерек. Ұрпақтар шежіресі. –Алматы, 2006. -15-б. 97Қазақстан тарихы. 1-т. – Алматы, 2010. – 249-б. 98Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - А., –777-б.
жатқанын айтады. Орталығы Іле аңғарына, астанасы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығына орналасқанын жазады99. В.Бартольд қытай жазбаларына сүйене отырып, үйсіндердің бас ордасы – астанасы – Чигу қаласы Ыстықкөлдің оңтүстік-шығыс жағасында болған деп санайды. Н.Аристов Чи-гу Қызылсудың жағасында тұрған дейді. Қалай болғанда да, көшпенді халықтың көне құрылыстары қазір таптырмайды, Ыстықкөл жағасындағы ежелгі ескерткіштер – қамалдар мен қалалар бұл күндері Ыстықкөлдің түбінде жатыр100. Бұл шақта елінің қатты шарықтап өсіп, халқы да толып, жүз мың қол шығара алатын икемге келгенін айта келе, Қазыбек бек: «Елсауды ел ардақтап Күн би (усунь патшасы гунь-мо деген лауазыммен мəртебеленген101 ) атандырған, – дейді ол. – Жалпы, мен Үйсіндер немесе қазақтар пəлен жақтан түген жаққа көшіп барды дегенге көнгім келмейді. Өйткені осы шақта қытай, иран жазбаларынан сондайды кездестіремін. Үйсіндер де немесе жалпы біздің халқымыз қазақтар қазіргі мекеніне еш жақган көшіп келген жоқ, олар атамзаманнан қазіргі 1154-жылы қоныстанып жүрген жерінде болған»102. Сонымен, Қазыбек бек шежіресі бойынша, қазақ «атамзаманнан қазіргі 1154-жылы қоныстанып жүрген жерінде», яғни Жетісуда өмір сүрген. (Мұндағы 1154 жыл – Қазыбек бектің шежіресін жазып отырған уақыты, егер оны шынымен де сол кездегі хижра жылсанағымен дəл көрсетілген деп есептесек – шамамен, христиан күнтізбегінің 1741-ші жылына дөп келеді, алайда автордың өз ескертуі бойынша – көрсетілген жылға 622 деген санды қосып, шежіре жазылған уақытты 1776 жыл деп тəн алуымыз керек. Осындайда автор (дəлірек айтқанда – содан бері қолжазбаны қолынан өткерген төрт-бес көшірмешінің бірі) Юлий календары бойынша белгілі мерзімнен 622 деген санды алып тастау 99Қазақстан тарихы. 1-т. – Алматы, 2010. – 248-б. 100Бартольд В.В. Очерк истории Семиречтя. – Фрунзе, 1943. -12-б. 101Бартольд В.В. Очерк истории Семиречтя. – Фрунзе, 1943. -11-б. 102Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - А., –777-б.
арқылы жасанды мұсылманша жылсанақ жасамаған ба екен деген шүбəлі ой да қылаң беретінін жасыруға болмас). Қазыбек бек шұрайлы да ұлан-ғайыр жерін қазақ «қанымен, жанымен, қасық қаны қалғанша қорғаған» дей отырып, «біз сол ата мұрамыз үшін əлі де жан алып, жан беріп жатырмыз» деп өз дəуіріндегі ахуалды да хабарлайды. Қазыбек бек шежіресінің ерекшелігі тек ата тізіп қана қоймай, əр буын, кезеңге қатысты түрлі аңыз, ертегілерді, тарихи оқиғаларды əңгімелеуде жатса керек. Мұнда Елсау бидің кезіндегі, яғни біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдағы жағдай былай баяндалады: «Елсау билік құрған кезде Үйсіндердің күшейуінен Қытай қатты іш жиып қалған. Оның миллионға тарта жұртынан екі жүз мыңдай сайлауыт шыққан. Қытай патшалығы нақ осы кезден біздің жерімізге көз алартуын көбейткен. Өйткені осыған дейін ұсақ-ұсақ мəмлəкəт дəрежесіне көтеріле алмай келе жатқан елдерді көріп, ұзын арқан, кең тұсау салып қоямын, бұл елдер қашанда менің ашсам алақанымда, жұмсам жұмырығымда деп келген. Елімізді ішінен ірітуді де ойлап, не түрлі айлашарғымен бірімізді бірімізге айдап салып отырған. Ұлы жүздің өзін бірнешеге бөліп, мыналар Үйсін, сендер Ұлы жүз болып бөлініп оларға шабуыл жасауың керек деп, Ұлы жүздің өзін өзіне айдап салу, Қаңлылардың Елсау елінен Ұлы жүз атымен бөлінуі, Бақтиярлардың Бақтияр атпен бөлінуі, Елсау елі кəдімгі Ұлы жүз еместей, Бақгияр Бақтияр еместей көрсетілуі сол шет жұрттардың ел арасына сына қағып, сабан арасына су жібергені болатын. Менің атам Матайдың айтуына қарағанда, қалмақ байқұстарды (байқұс деп аяғаныма ғапу өтінемін) бізге күні бүгінге дейін айдап салып келген де сол арқамыздағы көзі қысық, тісі қисық, тісін жасырып, тілін көрсеткен, беті күліп, іші ұлып жатқан қытай хандарының ісі, пəлесі болатын. Матай атамның айтқанына қарағанда, сол бір Елсау бабамыз ел билеп тұрғанда, бізге келген жансыздарында да сан болмапты. Олар тіпті саудасаттықпен, байбатшалықпен, көпес-көрімдікпен елді еркін аралап, ішіне бітінəлықпен пəлесін тоқып жүріпті. Олардың
бар арманы енді қазақтарды терістіктегі қазақ бауырларына айдап салып, егер соларды шапса, қыз алысып, қыз берісер едік деген құдандалығын да білдіреді»103. Бұл ұзақ үзінді Елсау билеуші дəуірінен мол мағлұмат беретіндігімен қызықты сықылданады, алайда, ғылыми дəлелденген тарих бойынша – Қытай императорының сарайындағылар жоғарыда айтқанымыздай, сюннуларға қарсы күресте одақтастар іздеп, Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жіберген де, үйсіндер (усуньдер) туралы алғашқы хабарды Қытайға сол апарған. Сөйтіп, қытай елінде б.з.б. ІІ ғасырда ғана, яғни Елсау ел билеген дəуірде ғана усуньдер жайында еміс-еміс қана біле бастаған104. Осыған қарағанда, шежіреде, қанша дегенмен, оқиғалардың өткен уақыты шатастырылған болу керек. Шежіремен одан əрі қарай танысқанда, Елсау бидің əйелін арғыннан алғанын оқимыз. «Біздің шешеміз Ұмай бəйбіше Арғын Аспар деген кісінің қызы екен, – деп сабақтай түседі шежіреші əңгімесін. – Оның үстіне қытай патшалығы да ол кісіге қыз берген. Бірақ би Қытайлардың күнбекүнгі елшілігі-жаушылығын өзінің Арғын ағайындарымен ғақылдасып, оларды үнемі хабардар етіп отырған». Осы жерде де «қытай патшалығының да ол кісіге қыз бергені» орайында, жоғарыда айтқан шүбəмізді еріксіз еске аламыз. Əйтсе де, шежіренің аты – шежіре... «Арғын қызы Ұмай – біздің шешеміз – он үш құрсақ көтеріпті. Жалпы, Елсау атамыз бес əйелінен 23 бала көріп, соның оны тіреп тұра қалыпты». Сол 23 баланың үлкені Нулы екен. Одан кейінгі тоғызының аттары: Дулы, Ерте, Кек, Бер, Көнбіс, Шор, Қалыш, Дүр, Көлби. Барлығы он ұл, олар өсіп-өнген, сөйтіп Елсау атаның артында бір рулы ел қалған көрінеді. Бұлардың ішінде Қалыш кейін хан болған дейді. Елсау бабадан кейінгі Қазыбек бекке қараған тармақ жағында Майқыға дейін ел билеген, басшы болған бірнеше адам болған екен, солардың ішіндегі көрнектісі Дулы болса керек. 103Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - А., –778-б. 104Қазақстан тарихы. 1-т. – Алматы, 2010. – 249-б.
Ал Нулы (Шапырашты Қазыбек бектің атасы) əкесі Елсау ұсынған лауазымнан – көрші елдегі тағына отырудан өзі бас тартыпты. Ол тақты тете інісі Дулыға беріпті. Сонда қалған сегізі Нулыға: «Басыңа келген бақты аяғыңмен тептің, өйтетінің бар, неге ортамызға салмайсың?!», – деп, өкпелепті. Сосын əрқайсысы артына ерген біраз елді бірге көшіріп, Алатауды сағалап кетіпті. «Ол шақтар бидің ордасы Барсығанның шығыс жағында екен. Жазда ылғи көл жағасын жайлайды екен, одан қоныс ескірсе, соны керек болса, Кебін асып, Үйсін асқан – Көкайрақ арқылы Үш Алматы келді деседі»105. Шежіре бұдан əрі Нулының інісі Дулы такқа отырғаннан соң ағасын ұдайы құрметтеп тұрғанын айтады. Такқа отырып күллі Үйсінді билегеніне мастанбай, Нулыға ылайықты сый көрсесе керек. «Қызметін таңертең оразасын ашпай тұрып ағасына амандасудан бастайды екен, кешке жатарда ағасымен қоштаспай ұйықтамайды екен». Сондықган жеңгелері оны «Есен бек» атандырыпты. «Жужаңдарға қарсы Үрбі одағын құрған тауарихқа мəлім Естем қаған да осы Дулының тұқымынан болатын. Оның ордасы үнемі Барсығанның шығыс жағында Қүяста болған. Ол – жарты ғасыр қазақ даласын кезіп, жерін жаудан тазартқан адам. Бұл тауарихты Махмұт атам жазғандықтан, мен ондай жерге бара алмадым». Атамыз Нулымен бірге туған Дулы ұрпағы кейін Бəйдібек немересі Дулаттың тұқымымен араласып кетті де, бəрі Дулат болды. Моғол жерін билеген Дулаттар сол арғы Дулы тұқымынан келеді. Моғол деген атау да Абыл ұрпағына берілген есім. Ал Мұхамед Хайдар, яки тауарихшы Дулати ол соңғы Дулат ұрпағынан». Нулы əкесі Елсаудан бұрын, жиырма екі жасында дүниеден озса керек. Артында төрт ұл: Абыл, Албан, Азық, Санжар (Жөңше нар) қалыпты. Өмірден жиырма екі жасында жас кеткен, өзі ақылды, патшалық таққа қызықпаған, орынын інісіне сыйлаған Нулыны жұрт қатты ардақтап, Үш Қарашқа қойыпты. Бірақ сол жағдайдан кейін Елсау бидің де денсаулығы төмендей беріпті. 105Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - А., –778–779-бб.
«Елсау жетпіс төртке келгенде, Қытай ханы Жетісуға жіберген елшісінен мол мағлүмат тыңдап, Үйсінді алу үшін оларға қыз алысып, қыз берісіп, солар арқылы билеу керек деп қорытынды жасаған. Сөйтіп, қытай патшасы Ұранфай ырғап-жырғап бір қызы Шəйжанды біздің атамызға ұзатыпты, – дейді Қазыбек бек. – Сексенге тақаған, өзінің де бес əйелі бар шал оны алмай, Шəйжанды немересі Санжарға қосыпты. Үйсін ханының нақсүйері боламын, оң тізесін басамын деп, ханша болуға алдарқанып келген шешеміз енді жай ел билеуші көп қазақтың бірінің əйелі болғанына ыза болып, ақыры бес-ақ жыл тұрып қайтыс болыпты». Қазыбек бек шежіресін жазған жылдан 1980 жыл бұрын (яғни 1776–1980= б.з.б. 204-ші жыл) Елсау би қайтқан соң, оның көзінің тірісінде-ақ таққа отырған Санжар – Жөңше нар қытай қыздарына құмарлау болып, бірнеше əйелді қытайдан алған көрінеді. «Ақыры қытайлар дегеніне жеткен, – дейді шежіреші. – Қытай əйелдері қазақтың осы күшті мемлекетінің ыдырауына себеп болған. Өйткені қазақ əйелден туған балалар билікке қолы жетпесе де, олармен алагөз болып, ақыры елдің күші қашқан. Қытайға керегі осы, енді бұл ел өзіміздікі деп есептеген». Қызық пікір, бірақ, жоғарыда айтқан сəйкессіздік – уақыт жағынан бүгінгі тарихшылардың ғылыми зерттеулер негізінде алынған деректерімен елеулі алшақтық болуы – бұған шүбəмен қарауға мəжбүр етеді. Шежіренің аты шежіре, шежіренің ғылыми негізде жазылған тарихпен сəйкессіздігі жеткілікті, дегенмен ондағы ата таратуды елеусіз қалдыруға да болмайды. Қазыбек бектің аңызбен өрілген шежіресі одан əрмен былай сабақталады: Нулыдан туған төртеудің бірі Абылдан – Абыл елі, Албан билеген уəлайаттан Албан елі, Азық билеген елден Азық елі пайда болыпты. Осы үлкен елдің бəрінің басын Санжар қосса керек. «Бірақ нақ пəле осыдан болған, – дейді шежіреші. – Оның үстіне осының алдындағы Нулының өзіне тете інісі Дулы да оның балалары да Санжардың, Қытай əйелдерінің істеген, іннің түбіне қарап жатқан қылығына келісе алмаған.
Ел төрт-беске бөлінген. Елсаудан кейінгі аталарымыз аталыбалалы Нулы, Абыл, Абылдан – Қайыр, Қарғын, Тарғын; Қайырдан – Бақ, Шақ, Асық; Бақтан – Таң, Таңат, Шарт; Таңнан – Пəр, Өрт; Пəрден Мəн, Кен, Кеме, Тоқ. Мəннен – Майқы, Мойыл – осы жеті ата, яғни Нулы, Абыл, Қайыр, Бақ, Таң, Пəр, Мəн – бəрі де Майқыға дейін ел билемеген, бірақ жүртты ауызына қаратқан, дəулетті жандар болыпты. Сондықтан да өздерін осылардың ұрпағымыз дейтін үйсіндер қашанда «Арғы атам Абьш, Қайыр, Бақ, Таң, Пəр, Мөн» деп отырады, ақындары да сөзін осыдан бастайды». Қазыбек бек өзінің қытай жазбаларын да, парсы жазбаларын да, тауарих кітаптарын көп қараған адам екенін айтады. Оларда бəрі де шатасып жатыр дейді. Əрқайсысы өздерінікін жөн деп айтпақ болады. Ал қытай үйсіндерді өздерінің бір елі етіп, олардың жерін иемдену тұрғысынан тауарихын түзетіні айқын көрініп отырады дейді. Қай ел қай елге шабуыл жасады, қай ел қай елді бағындырды, одан не ұтты? Оның бəрі тауарих болғанымен, қызық емес, расы да аз деп есептегендіктен де, Қазыбек бек оған əдейі ат ізін салмайды: «Мен болашақ үрім-бұтаққа ата-баба, жетпіс жеті пұсты, түп-тұқыйанды айтып жеткізсем болды деген мақсұт ұстандым, – дейді ол. – Бұдан былай да сол жолды тұтынамын». Шежірешінің айтуынша, Елсаудан кейінгі аталары ел билеп, бүкіл дүние алдына көріне алмаған. Абылдан туған үштің бірі Тарғын Иранға кеткен Бақтиярларға көп батырлық қылған, Ирандарға – қызылбастарға шабуыл жасаған. Қырымға да соғыс салған. Бірақ бұны жырда айтылатын Тарғын дегісі келмейді106... 12. «Ендігі əңгіме Мəннен туған Майқы атамыз туралы», – деп бастап, Қазыбек бек ол жайында көп əңгіме айтады. Майқы есімі тарихта кеңес дəуірінде де аталып жүрген. Ол жайында Қазақ Совет энциклопедиясында едəуір дерек 106Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. –779–780-б.
берілген107. Бұл іргелі анықтамалық оны Майқы би, Байқы, Баки, Байку деп атайды. Дəл туған-өлген жылдарының белгісіз екенін айта отырып, ХІІ ғасырдың соңы – ХІІІ ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүреген атақты би, шешен деген дефиниция береді. Билік, шешендік сөз өнерімен бүкіл қазақ қауымы арасында атағы шыққанын айтады. Ұлы Абайға сілтеме жасай отырып, анықтамалық Майқы бидің – Шыңғысты хан көтерген 12 бидің бірі болған дейді. Шежіре деректері бойынша, Ұлы жүздің арғы атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі би, одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайтынын көрсетеді. Одан əрі: «Оның есімі қазақтардың шығу тегі жөніндегі көптеген аңыздарда жиі кездеседі жəне Дешті Қыпшақта түркі қауымдарының негізін құрушы ретінде ұдайы аталады», – дей келіп, парсы тарихшысы Рашид адДиннің «Жами ат-тауарих» атты шығармасындағы дерек келтіріледі. Онда Майқы би қошындық Байку деген атпен Шыңғыс ханның ел басқару ісіне көмектескені, ақылшысы, жорықтарға шыққанда орнына қалдыратын биі болғаны, сондай-ақ ХІІІ ғасырда Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында монғол əскерінің оң қанатын басқарғаны айтылған. Ал монғол əскердің оң қанаты ол заманда Жошы ұлысының, яғни Дешті Қыпшақтың ұлан-ғайыр аймағын алып жататын. Бұдан соң, Майқы есімі «монғол жылнамасы «Алтын топшыда» да аталады» дей келе, сол дерекке қарағанда – Майқы би жас жағынан Шыңғыс ханмен шамалас яки одан гөрі үлкендеу болған деген болжам келтіріледі. Ал əлемді тітіреткен Шыңғыс ханның 1155 жылы туып, 1206 жылы қаһан яғни ұлы хан болғаны мəлім. Тарихи деректер осылай дейді. Аталмыш энциклопедиялық анықтамалықта басқа жорамал да берілген. «Ал халық аңыздары Майқы би бұдан беріде жасады, қазақтың үш жүзге бөліну кезеңінде үлкен роль атқарды дегенге саяды». Мəселен, Майқы би халық аңызында «Орманбет би өліп, он сан ноғайлы 107Қазақ Совет энциклопедиясы. 7-том. – Алматы, 1975. -383–384-бб.
елі бүлінгенде қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер бейнесінде сипатталады»108. Демек, бұл кезең ХІV–XVI ғасырға дөп келетіндіктен109, Майқы бидің өмір сүрген уақыты Қазақ хандығының іргесі батысқа қарай, Ноғай саяси бірлестігіндегі қазақ ру-тайпаларын қосып алу арқылы кеңейе бастаған тұсқа тура келеді деп есептеуге болады. Кеңестік энциклопедия келтіретін деректер бойынша – Майқы би қазақ руларын үш жүзге топтаған110. Осы анықтамалықтың көрсетуінше – «жүз» деген сөз арабша «бөлік, «бөлім», белгілі бір тұтас нəрсенің бөлігі, саласы деген ұғымды білдіреді111. Майқы би «Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Қабанұлы Болатқожа бастаған бөлікті Орта жүз, Қоғамұлы Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атады. Ноғайлы хандарының бірі, Қызыл Арыстанның баласы Ахметті (Алаша хан) Ұлытауда үш жүздің ханы көтерді». Ол, сондай-ақ, ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны əр рудың негізгі ерекшелігіне қарай белгілеген. Ұлыста бірінші туды ұстаған Үйсінге «Жалау», ортада жүретін Арғынға «Көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «Найза» таңбасын берген. 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Таңбалы тас «Майқы таңбасы», кейін жер атымен «Нұра таңбасы» атанған. Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, ұрпақтарына: «Хан ақылды, əділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел болуды ойлаңдар...» деген өсиет қалдырған. Бұл аңыздар Майқы бидің өз заманында аса беделді, ақылды, ірі адам болғанын аңғартады. Майқыдан бастап би – атақ, лауазым, билік өнері саналды. Халықтың əдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдырып, қоғамдық қару етуде Майқы бидің алатын орны ерекше. Халық арасында кең тараған «Түгел сөздің түбі бір, сөз 108Майқы би//Қазақ Совет энциклопедиясы. 7-том. – Алматы, 1975. -383–384-б. 109Ноғайлы дəуірінің əдебиеті//Қазақ Совет энциклопедиясы. 8-том. – Алматы, 1976. -394-б. 110Қазақ Совет энциклопедиясы. 7-том. – Алматы, 1976. -384-б. 111Қазақ Совет энциклопедиясы. 4-том. – Алматы, 1974. -520-б.
атасы – Майқы би» деген мақал бар. Түркі тілдес халықтар ішінде өзбек, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтары да Майқы биді өздеріне тəн тұлға деп білді. Бұған Төбе бидің Қойылдыр, Мекре есімді балаларының осы халықтардың арасына барып, сіңісіп кетуі себеп болса керек112. Жоғарыда келтірілген ақпаратты тəуелсіздік жылдары шыққан «Қазақстан» атты Ұлттық энциклопедия да қайталайды. Сонымен қатар аздаған қосымша дерек те келтіреді. Анықтамасын «аңызға айналған тарихи тұлға, атақты би, шешен» деп тұжырымдап, шежірелерде Майқы би деген атпен өмір сүрген бірнеше тұлға кездесетінін айтады. Солардың бірі ретінде кейбір зерттеушілер оны б.з.б. үйсін мемлекеті билеушілерінің бірі деп есептейді деген мағлұматты алға тартады. Оны Майқы би Мəнұлы деген атпен б.з.б. 178 – 89 жылдары өмір сүрген жəне аңыз бойынша би атанған тұңғыш адам деп көрсетеді. Одан ары қарай: «Шежірелерде кездесетін екінші Майқы би Төбейұлы (1105 – 1225) Шыңғыс ханның замандасы əрі оны хан көтерген 12 бидің бірі» дей келіп, кеңестік энциклопедиядан мəлім, жоғарыда берілген деректерді қайталайды. Сөйтіп, оның «...қазақ ұлысын құрған жəне қазактың үш жүзіне таңба үлестіріп берген абыз-би» болғандығын, есімі қазақтардың шығу тегі жөніндегі көптеген аңыздарда жиі кездесетінін көрсетеді жəне «Дешті Қьптшақга түркі қауымдарының негізін құрушы ретінде ұдайы айтылады» делінеді. Кейбір шежірешілердің Майқы биді барша үйсіннің бабасы етіп, Ұлы жүздің шежіресін содан тарататын айтады113. Екі энциклопедияда да аңыздар мен шежірелерге сүйенген деректер келтірілгенмен, нақты ешкімнің шежіресіне сілтеме жасалмайды. Ал біз арнайы қарастырып отырған Қазыбек бектің шежіресінде оған көп көңіл бөлінген. «Бұл кісі бүткіл қазақ атаулыны билеген, билеу үстінде ғəділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам болыпты, – дейді Қазыбек бек. – Жұрт оны сөйлетіп қойып, аузына қарап 112Майқы би//Қазақ Совет энциклопедиясы. 7-том. – Алматы, 1975. -384-б. 113Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – 6-том. – Алматы, 2004. -314-б.
отырады екен. Майқыны заманында «Қарқуардай Майқы» дейді екен. Өйткені ол да шешендігіне байланысты болса керек. Қарқуар деген құс ертеден сайрағаннан талмай түннің біршамасында сайрауын қояды екен. Содан екі бие сауым ғана дем алып, таң құлан иектене қайта сайрайды деседі. Мен ол құсты көрген емен. Міне, Майқы атамыз сондай шешен болыпты»114. Шежіреші осы шешен Майқының билікке келуіне дейінгі жағдайды былай сипаттайды. Жаңша бастаған ханзулардың (қытайлардың) үйсіндерді билеу əрекеті бірсыпыра жерге барыпты. (Бичуринде Люецзяоми есімді үйсін күнбиіне – усунь гуньмосына – ұзатылған қытай ханшасы Цзянду жəне оның сарайының сол Чи-гу атты үйсін астанасында орналасқаны туралы дерек бар. Қытай шежірешілері астана атауына қамал-қала үлгісіндегі бекіністі қоныс деген мағынаны білдіретін «чен» деген қосымша жалғап айтуды қош көрген көрінеді. Чигу-чендегі үйсін түтінін түтеткен қытай ханшасының сарайы ежелгі қытай сəулет өнерінің дəстүріне негізделіп салынған тəрізді115). Қытай қыздары Санжар биді өз айтқандарына жүргізген екен. Содан үйсіндерді терістік қазақ еліне қайткенде қарсы қою тəсілін жобалаған көрінеді. Санжар қартайған соң, таққа Дулудың баласы Оңқай отырған, сол кезде ағасы өліп, жесір қалған жеңгесін əмеңгерлікпен Оңқай алыпты. «Бұл, шынында, Оңқайдан гөрі Санжардың тоқалы Жиеудің құрған торы болатын, – дейді Қазыбек бек. – Өйткені Жиеу Оңқайға тию үшін, Санжарды жатқан жерінде буындырып өлтірді деген сөз бар. Жиеу Оңқайдан да үш ұл, екі қыз туып, олардың бəрі уəлаяттарды бөліп алып билеп түрды. Жиендерінің берген мағлұматына сенген ханзулар жер қайысқан қолмен ежелгі жауы терістік қазақтарын жаулап, ерін тұтқындап, малын алып, əбден олжаға кенелді». Сонымен, Санжардың əйелдерінің бірі Жиеу қайнысы 114Ата шежіре//Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 780-б. 115Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-том. –Алматы, 2010. -264-б
Оңқайға шыққан. Бұл кезде таққа Санжардың басқа əйелінен туған ұлы Айбын палуан отырған еді. Жиеу енді соған тиіп, оны өлтірмек болады, бірақ арам ойы білініп қалып, Айбын палуан аман-есен құтылып кеткен екен. «Осы шырғалаңға қазақтардың енді көзі жете бастаған соң, əсіресе Айбын палуан (ол да Қытай жиені) бұл ішкі торды үзуге қатты күш салды. Ақыры Жиеудің енді ойы жүзеге аспай, таза үйсін Өжет билік құрды. Осы жерде мысы құрыған Жиеу хан патшалығына төркіндеп барамын деп кетті де, қайтпай қалды. Көп асқанға бір афыт (апат), кесірліге кірафыт деген осы-дағы». Осындай шым-шытырық арандату əрекеттеріне қандары қайнап жүрген қазақтар өз араларынан ақыры Майқы сияқты шешен шыққанда, ауызбірлік көрсетіп, соның төңірегіне үйіріледі. Сөйтіп, «хижраның жылдауынан бұрын, Ғайса пайғамбар тумастан он екі жыл бұрын немесе Мұхаммед пайғамбарға дейінгі алты жүз отыз төрт жыл бұрын таққа Мəн баласы Майқы отырды»116. Байқалып тұрғандай, Қазыбек бек бұл жерде Майқының билікке келген нақты уақытын көрсетіп отыр: б.з.б. 12-ші жыл. Бұл датаны мұсылман жылсанағымен де дəйектейді: «Мұхаммед пайғамбарға дейінгі 634 жыл бұрын...», яғни Майқы таққа отырғаннан бері хижраға дейін 634 жыл (б.з.б. 12+б.з.622=634) өткен. Шежірешінің хабарлауынша, ол кезде «ел астанасы Үш Қараш астындағы Шығу қаласы еді». Шығу – белгілі шығыстанушылардың еңбектерінен мəлім Чи-гу қаласы болса керек. Əйгілі орыс ғалымы Н.Я.Бичуриннің (монахтық есімі Иакинф, ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде көп жылдар бойы Пекиндегі орыс діни миссиясын басқарған) Қазақ елінің ежелгі халқы мен жері жайында өте құнды мəліметтер беретін «Ерте замандарда Орта Азияны мекендеген халықтар туралы мəліметтер жинағы» деген үш томдық еңбегіне сүйенген біздің тарихшыларымыз «Усун мемлекетінің Чигу (Қызыл аңғар) деген өз астанасы болды»117 деп жазады. 116Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - А., – 781-б. 117Қазақстан тарихы. Бес томдық. 1-том. –Алматы, 2010. -264-б.
Жоғарыда əңгімелегеніміздей, кейінгі зерттеушілер усунусунь-үйсін бəрі бір атау екеніне шəк келтірмейді, сондайақ, қарастырылып отырған шежіредегі Шығу мен ғылыми тарихтағы Чигу да бір қаланың атауы болса керек. Тек, қазақы шежіреде оның «Қызыл аңғар» деген мағынасы неге аталмайтыны түсініксіздеу. Қазыбек бек елдің ол кездегі – Майқы таққа отырған шақтағы шекарасын: «қазіргі Жетісу, Тарбағатай, Шымбас, Талас, Лабас, Арқас, Шуас, Теріскес, Күнгес тауларының бəрі...», «терістігі Көкшетеңіздің терістігіне таман, батысы Шу бойын тегіс алып жатқан. Түстік шығысы ежелгі қоныстың бірі – Үйсін тауы» деп көрсетеді. Майқы билікке келгенде, еліміз қорғасын ерітіп, мыс балқытатын жағдаятта болған көрінеді. «Мысалы, бүгінде Дайырбек ауылында (Дулат-ЖанысЖайылмыс) ошақпен бірге құйылған тай қазан Сарарқада – Қоңыратта – хижра жылнамасынан 695 жыл бұрын құйылған екен. Бүгін таңда менің үйімде де сол кезде құйылған жорықта артып жүретін, ошақпен бірге құйылған кішігірім қазан (бір қой еті сыйатын) тұр. Оның құйылғанына да міне бір мың жеті жүз жыл болыпты. Ол біздің атамыз Бəйдібек бай ұстаған қазан екен», – дейді Қазыбек бек. Аңғарғанымыздай, мұнда да нақты уақыт мерзімін көрсететін цифрлар аталады: тайқазан хижрадан 695 жыл бұрын, яғни (695–622=73) б.з.б. 73-ші жылы құйылған. «Оның құйылғанына да міне бір мың жеті жүз жыл болыпты» – осы деректе сəл жаңсақтық бар сияқты. Өйткені, егер бұл сөздерді Қазыбек бектің кітабын жазып отырған 1770ші жылдардікі десек, онда тайқазанның құйылғанына ол уақытта шамамен 1700+73=1773 жыл толған болар еді. Егер шежіреші жаңылысып, тайқазан құйылған 73-ші жылды біздің дəуіріміздің жылсанағымен есептесе, онда «оның құйылғанына да міне бір мың жеті жүз жыл болыпты» деген деректегі мерзімнің қисыны келеді... Майқы таққа Сыйлы биден кейін келіп, табандатқан жиырма тоғыз жыл елді биледі деген хабар береді бұл
шежіре. Сыйлы би де тақта жиырма жыл отырып, бетіне жан қаратпаған беделді адам болыпты. «Оны Ойжын өлтіргенде, оны халық отқа өртеп жіберген». Майқы би елді билер арқылы басқарған көрінеді. «Содан қалған хан, би жоралғысы бүгінге дейін келе жатыр». Екі уəзірі болыпты. Бірі ел ісін, екіншісі əскерді – екеуі екі қанатты басқарады екен. «Хан қашанда ортада (бірақ майданнан жырақтау), үш сұлтаны немесе бегі, екі биі, екі бақылаушысы. Осылардың бəрі көбіне көшіп жүреді». Шежіреде елдің дəстүрлі экономикасынан да хабар беріледі. Елсау би кезінде де, Майқы би кезінде де елде қойдан кейінгі көп мал жылқы болған көрінеді. Аталарынан қалған өсиетке қарағанда: «малыңның тіні жылқы болсын, көшсең көлік, майданда серік, ішсең сусын, жесең тамақ» дегенді үйсіндер өте қатты бағалаған да, қадағалаған да екен. Сондықтан да жылқы адам басына сол бір ерте заманда он жылқыдан асып жығылады екен. Қазақтар ол кезде тері илеу, өрмек, кілем тоқу, киіз басу, қысқасы, өз шаруасына керектінің бəрін өздері істеген. Қоңыратта тіпті мылтық құйғанды да жұрт аңыз қылып айтады. Майқы дəуірінің тыныш, дəулет пен баққа тұнған заман болғанын Қазыбек бек былай əңгімелейді: «Өйткені батысы Бақтияр балалары – Байсын, Исін балалары; батыс терістігі Байтерек балалары – Қаңлы, Шанышқылы, Арыстың Бек балалары; Терістігі, шығыс терістігі Арыстың Жан, Бал, Бол балаларының тұқымы. Сөйтіп, Майқы дəуірі төңірегін өз туысқандары – қазақтары – қоршаған бейқұт заман болыпты». Бұлай болатыны – Майқы ақылымен ел билеп, біртіндеп туысқандарын түгел – Абылдың өзінен басқа үш баласының, Абылмен бірге туған Азықтың, Албанның, Санжардың, Арыстан туған бесеудің (Ақ, Жан, Бек, Бол, Бал) ұрпағын өз қарауында ұстауға тырысыпты. Ондай мақсатына соғыссыз-ақ, туысқандығын, бір ағаштың жемісмəуесі екеңдігін ұғындыруымен біршама жеткен де көрінеді. Сонымен қатар ол əр жерден шешен, көсем адамдарды алдырып, ордасы төңірегіндегі қызметке қалдырған. Бірақ
нағыз лауазымды адамдар 12–13 адамнан артпаған дейді. Қазыбек бектің шежіре-əңгімесіне қарағанда, бір заманда өте күшті елдің, əсіресе Қытай мемлекетінің зəресін алған Майқы би Ар мен Құн тұқымын, Балдың Нау мен Ман ұрпағын, бүкіл Ертіс бойын, Алтай өңірін алып жатқан елді қолына қаратқан. Майқының қара қылды қақ жаратын əділдігі, ойласпай, ақылдаспай іс қылмайтындығы елді тəнті етіпті. Басы біріккен қазақ Жетісудан Арқаға – Алай ормандарына дейін, Арқадан Жетісуға, Алтайдан Ақжайық, Ақеділге жəне олардан кері көшіп, «малына соны қуалатып, көгалдатып, арыстап, жайлап, жандары тыныш тауып қалған». Қорғаныс қабілеті де күшті болған сияқты. «Қоңыратты арыстаған, Ұлықтауды мекендеген Ар тұқымының жасаған қарулары (темірден), мылтықтары қазақ елі айналасындағы бөтен, бөгде жұртты тітіреткен». Тату да біртұтас ел боп тұрып жатқан жұрттан өзгелер сескеніп жүрсе керек: «Сондықтан да Майқы көз жұмғанша бір ру қыңқ демей, бейқұтшылықта тұруы көрші қызылбастарды, қытайларды, сол кезде жаңа бас көтеріп келе жатқан Жоңғар қалмақтарын қатты іш жиғызған»118. Осы жерде Майқы би (б.з.б. І – б.з. І ғғ.)119 өмір сүрді делінетін дəуірде жоғарыда шежіре атайтын халықтардың (тайпалардың) бар-жоғы да, олардың өзара қарым-қатынасы да Қазыбек бектің атасы Матайға дейін ауызша айтылып келгендіктен, қилы өзгеріске ұшырауы ықтимал екенін есте тұтқан жөн болмағын айта кеткенді мақұл көріп отырмыз. Жалпы, шежіреде əр заман өзара араласып, ажыратылуы қиын түрде айтыла беретін болса керек. Онда тек ұзақ тарихтың ұзын-ырғасы ғана уақыт пен айтушылардың ырқымен көп өзгеріске түсіп сақталуы мүмкін... Майқы би төңірегінде дана адамдардың, жауырыншы, құмалақшы, балгерлердің де көп болғаны Қазыбек бектің шежіресінде атап айтылады. Майқы би соларды тыңдап, 118Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 781–783-бб. 119Қайдари Ə., Төлепбаев Б., Нұрпейісов К., Карл Байпақов ж.б. Бəйдібек баба// Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек.Ұрпақтар шежіресі. Құрастырған А.Байғазыұлы. –Алматы, 2006. -13–15-бб.
«өз көшін түзеп» отырады екен. Олардың ішінде «аспан ғаламының тілін жақсы білетін, қай жұлдыз қай жерге барғанда мал оңалады, қай жұлдыз қалай айналғанда мал қырылады, Зуһра жүлдызы қай уақта аспанның қай жеріне барғанда ұрыс болады, соғыс қай бағыттан болады, қай елдің патшасы өліп, орнына кім келеді» – осыларды тізіп айтып отыратын Мəді мен Əндір дейтін ағайынды екі жігіт болыпты. Шежіреде солар мен Майқы бидің ақылды сөздері хақында неше-алуан естелік келтіріледі... Мəді мен Əндірді ерекше ардақтайтындықтан, Майқы би оларды Ордаға аптасына бір шақырып, қасына тартып жүреді екен. Ағайынды екі жігіт келгенде, өзінің ең ардақты, өте əділ биі Аяз Жаман баласының қасынан оларға орын береді. Сөйтіп олардың аузын бағады. Бір күні Мəді Майқы биге: – Би, артыңда қалың ұрпағың қалады, артыңда көп сөз қалады, бірақ жазылған тауарих болмайды, – депті. – Сонда да бүкіл жұртың сені ұмытпайды, күңде біреуі еске алып отыратын болады. Сенің сөзің ұрпағыңның аузынан түспейді. Оған Əндір былай деп қосып айтыпты: – Би, біз осыны айтып отырғанда, өзің де ұрпағыңның ұсақтайтынын, бет-жүзінің өзгеретінін, өзін-өзі құртуға таяйтынын біліп отырсың. Сенің жұлдызың: «Майқы өзі біліп отыр», – дейді. Біз аспан шолып, жұрттың шаруасы күйзелмеуін қарайық. Ал басқасын – адам болашағын – бізден гөрі өзің жақсы аңғарасың ғой. Мəді қосарланып, Майқының жанында отырған оның «ең ардақгы, өте əділ биі Аяз Жаман баласына» қарапты да: – Аяз би, сен де ұмытылмайсың, – депті, – сенің істерің де үрім-бұтағыңа жария болады. Сосын екінші биге де жүзін бұрып, былай деп тіл қатыпты: – Құмырсқа би, сенен із қалмайды. Майқының Аяз, Құмырсқа деген екі биі де ғажайып ақыл иесі адамдар екен. Бұлар қазылық құрудан гөрі елшілікжаушылық жасаумен көп айналысыпты. Екі биіне Майқы толық ерік берген деседі. Бірде сондай еркіндіктерін
пайдаланып, Майқы сөйлеп отырғанда екі би алдын кескестей берсе керек. Сондағы Майқы бидің сөзінен, Қазыбек бектің айтуынша, бүгінде байырғы қазақ ертегілері арқылы əр қазаққа кеңінен таныс: «Аяз би, əліңді біл, Құмырсқа, жолыңды біл!» – деген мəтел қалыпты. Майқы би Аязды бір топта сөйлеген сөзінен танып алған екен. Ол Майқының үмітін ақтап, елге жайлы да əділ би болыпты. Майқы екі би менменсініп кетпесін, мейманасы тасып жұртты ұмытып кетпесін деген оймен, ауық-ауық екеуін де ел арасына жіберіп алып отырады екен. Жалпы, ол заманда Майқы қол астына қараған елге билеушіні əрбір уəлаяттың, əр рудың, əр ұлыстың өздерінен шыққан, мойны озған, сөйлесе сөзі бар, көрсе көзі бар адамдардан таңдапты. Майқы бидің осы тəжірибесін Төле би мен Қазыбек бидің Əбілмансұр ханға да, Жолбарыс ханға да қатты аңлатып айтып отырғанын Қазыбек бек талай естіген көрінеді. Ол Майқы бидің артында мол мұра қалғанын, тек сақталмағанын айтады. Шежіреші Қазыбек бек Майқы биден берменгі тікелей өзіне тірелетін аталарын былай түзеді: Майқы би ұлы Ұзын – Ұзын ұлы Сақ – Сақ ұлы Ал – Ал ұлы Иба – Иба ұлы Райым – Райым ұлы Бармақ – Бармақ ұлы Он – Он ұлы Тағар – Тағар ұлы Озбай – Озбай ұлы Оңбай – Оңбай ұлы Егін – Егін ұлы Азбан – Азбан ұлы Əшеке – Əшеке ұлы Үйсіл – Үйсіл ұлы Сақал – Сақал ұлы Ақ (Ақдарлы) – Ақ ұлы Бабыралы (Майып) – Бабыралы ұлы Қараша тараған екен120. Əлсін-əлсін аталарының нақты өмір сүрген уақытын көрсетіп қоятын дағдысымен, шежіреші осы жерде Қарашаның туған жылын атайды. «Біз мұсылман атаулыда, бұл шақта жыл қазақшасынан басқа Мұхаммед пайғамбардың дінді жария еткен кезімен айырылар еді. Сондықтан мен де кітабымды Мұхаммедтің (хижра) жыл санауымен бердім»121, – дейтін Қазыбек бек 120Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 783–800-бб. 121Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 772-б.
(Майып) Бабыралы ұлы Қарашаның «ел быт шыт болып, жаугершілік заманда Үш Қараш астындағы Шығу қаласында ...хижрадан 38 жыл бұрын дүниеге келген» деген нақты дерек келтіреді. Демек, Қараша біздің жылсанағымыздың 584-ші (622–38=584) жылы дүниеге келген. Ал VI ғасыр ғылыми тарихта халықтардың ІІ – V ғасырлардағы ұлы қоныс аудару дəуірі қазақ жеріндегі этностық жəне саяси картаға едəуір дəрежеде өзгерістер енгізіп аяқталған, түркі қағанаты сынды ірі мемлекеттік бірлік билікке келген кезең ретінде сипатталады122. Бірақ шежіре бұл құбылысты дəл атамайды. Қараша (оны Қараш деп те атайды) «əкесінің көзі тірісінде Жетісуды билеген. Сондықтан да ол заманында Қараша би атанған». Ол «36-жылы қазақтың басын қоспақ болып, жүз мыңнан аса қол жинап, қытайлармен соғыс салып, əкесі армандаған Ар мен Құн балаларын қытай тепкісінен азат етуге барып, өзі Қаратау, Ұлытауға көшіп қыстап, жайлап арыстап жүрген. Мамыражай, бейқұт заман отыз жылға созылған. Отыз жылдай ұрыс көрмеген қазақтар ежелгідей ерулік-қарулық берісіп, құда түсіп, құйрық-бауыр асасып, андаласып жағасы жайлау, етегі қыстау болған»123. Қараша бидің іс-əрекетіне байланысты нақты жыл аталатынына назар аударайық. Ол «қазақтың басын қоспақ болып», 36-жылы, яғни 622+36=658 жылы əскер жияды да, елін «қытай тепкісінен азат етуге» барады. Ал бұл – Қытайдың Түркі қағанатына шабуыл жасауы салдарынан, VІ ғасырдың басында, содан елу жыл ілгеріде құрылған біртұтас түркі империясы екіге бөлінгелі бері дербес шаңырақ көтерген Батыс түркі қағанаты дəуірлеп тұрған шақ. Ежелгі үйсін жерлерінде ірге тепкен Батыс түркі қағанатының орталығы Жетісуда болды. Қағанаттың халықаралық шаруашылық жəне саяси байланыстар аясына тартылуына Соғды мен Жетісудың соғдылық көпестері ерекше ықпал етті. Жетісу құжаттарында көбінесе «соғды қалалары» деп аталатын елді мекендерде соғды халқы да, түркілер 122Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-том. –Алматы, 2010. -296-б 123Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 800-б.
де саудамен, қолөнермен, диқан кəсібімен шұғылданғанды. Осылай, қағанат құрамындағы қала мен дала бірін бірі өзара өте байланысқан түрде толықтырып тұратын біртұтас шаруашылық организмді құрап тұрған болатын. Ал қағанаттың астанасы жəне қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы еді124. Алайда аталмыш шежіре Жетісудағы мемлекеттік құрылымдарды – түркі, түргеш, кимек (қимақ) қағанаттары, соғдылар, оғыздар, қарлұқтар жайын атап айтпайды. Негізінен сол кезеңдерге дөп келуі қисынды болғанымен, олар жайында ештеңе демей, тек қана үзілмей жалғасқан ата-баба тізбесін тəтпіштеп түгендейді. Сонымен, жоғарыдағы тізбеге алынған тікелей бұтаққа қарағанда, Майқы мен Қараша арасында он екі ата жатыр. Егер бұдан бұрынғы тарауда келтірілгендей, жалпы, ғылымда қабыл алынғандай есеппен, əр ата орта есеппен 25 жылда ауысады деп есептесек, аталған 12 буын үш ғасырдай (25х12=300) уақытта өсіп-өнген. Яғни Майқы би өмір сүрген б.з.б. алғашқы ғасыр мен б.з. алғашқы ғасырынан санағанда – Қараша би шамамен ІV ғасырда ғұмыр кешкен болар еді. Алайда шежіреші дерегі бойынша оның туған жылы жоғарыда көрсеткеніміздей 584-ші жылға, яғни VІ ғасырға дөп келеді. Осыған қарағанда, əр буынды жиырма бес жылмен есептей беру де аса тура бола бермейді. Қарашадан үш ұл қалған. Сол үшеуден тараған «тұқым бүкіл алты Алатауды алып кеткен. Үш Қараш деген ат содан қалған, яғни Қараштың үш баласының тұқымы деген сөз. Тау аты да содан».Үлкені «Бəйдібек хижра жыл санауынан 13 жыл бұрын туыпты да, сексен алты жасында өз ажалынан Қаратауда Бөген өзені бойында қайтыпты». 13. Сонымен, Қазыбек бектің шежіресіне қарағанда – Бəйдібек 609 жылы дүниеге келіп, 695 жылы өмірден озған. Қазыбек бек кітабын жазып отырған 1776 жылы Бəйдібектің дүниеден өткеніне «міне, 1081 жыл болыпты». Шежіреші 124Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-том. –Алматы, 2010. -300–301-бб
атасының ұрпағына сіңірген еңбегін салыстырмалы түрде былай бағалайды: «Əл-Фараби бабамыз артына өшпес мұра қалдырды, ал Бəйдібек бабамыз артына жеті Алатауды тегіс алып жатқан ұрпағын қалдырды». Ол осылай Бəйдібек бабасының Ұлы жүзге кіретін көптеген ру-тайпалар атасы екенін атап өтеді де, алғысты сезімін: «Бабама құдай тағала өзі рахым қылсың, жаны жаннатта болсын!» – деп түйіндейді. Айтуынша, Бəйдібек бай өте ауқатты, қарымды, шаруасын өргізуге бейімді де, пейілді де адам болған көрінеді. Оның жайлауы, қыстауы үнемі Қаратауда болыпты. Қаратау ол бір заманда «қазіргі біздің уақтымыздағыдай суы азаймаған, сулы да, нулы да, қорыс, тоғайлы жер» болған көрінеді. Қаратаудың іші өзі көзін көрген Жолбарыс хан заманында да жаман еместін. (Жолбарыс хан – Ұлы жүздің 1720–1740 жылдарғы билеушісі125). «Сонда да ол бір шақта аң жыртылып айырылар, қорыстың іші толған доңыз, мегежін, терістік етегіндегі қамыста тіпті сарымағын ерткен жолбарыс, өлекшін толып жүреді екен». Мұндай хайуанаттар Қазыбек бек ордада қызмет қылғанда да баршылық болатын. Бертінірек бұл жағдай өзгерді. «Енді бұл күнде адамы қарақұрттай қаптаған Қаратау түгіл, қамысы түйе бойламайтын Көкшетеңіз жалтаңында да жолбарыс шанжағай қалды. Қазір қамаудағы ел бұрынғыдай жолбарыстан қорқа бермейтін болды. Оның үстіне біздің Шерхан батыр да жолбарыстың жүрегін жарып жеп жүр», – деп жазды ол кітабында. Айта кету керек, оқырман аңғарған болар, біз өткен тарауларда қарастырған бүгінгі заман зерттеушілері Ə.Қайдари, Б.Төлепбаев, К.Нұрпейісов, К.Байпақов, жəне басқа да ғалым-тарихшылар «Бəйдібек баба – Алып Бəйтерек.Ұрпақтар шежіресі» атты шежіре-кітапқа берген «Бəйдібек баба» деген мақалада Бəйдібек Қарашұлын ел басқарған хан ретінде сипаттайды. Ал ХVIII авторы Қазыбек бектің жазуынша, ол кісі əкімдік қызметте болмаған тəрізді, 125Қазақ Совет энциклопедиясы. 4-том. –Алматы, 1974. –465-б.
əлеуметтік орынын есіміне «бай» қосымшаны жалғап аталуы да білдіріп тұр ма дерсің: «Атамыз Бəйдібек бай ер көңілді, көбіне байлықпен аң аулап, сейіл құруға бейілді кісі екен»126. Одан əрі Қазыбек бек өзінің Бəйдібек бай деп атаған арғы атасының кіндігінен тараған ұрпақты сөз етеді. Бəйдібек байдың «бəйбішесі біздің бабаларымыз Озбайдың (Оразды) он ұлының бірі Отанбайдан тарайтын Арыстан деген бидің қызы Марау – сары бəйбіше атанған. Кейде оны Гүлжамал деп те қояды. Одан тараған тұқым да Сарыүйсін атанған». Бəйдібек бай жоқ кезде Сарбəйбіше ауылын жау шауып, жылқысын айдап кетеді. (Ол кезде Бəйдібек бай көбіне екінші əйелі Зеріппен тұрған екен). Ə дегенде «мейманасы тасып, кеудесіне нан пісіп тұрған байдың тоғыз ұлы» жаудың артынан қуып береді. Алайда жау тоғызын да жайратып кетеді. Оның алтауы Күйік асуына жақын жерде өлген. Оларды көмген жер «Алтысары» аталады, ал үшеуі олардан кейін Ақсу бойында қайтады. «Сөйтіп, бір соғыста тоғыз ұл бірдей кетеді», – дейді шежіреші. Ағайындыларды кіші шешелері сақтандырғысы келсе керек: жаудың жолында отырған Бəйдібек байдың тоқалы Домалақ тоғыз ұлға «бармаңдар!» деп жалынады. Алайда «бəйбішенің ұлдары тоқалдың, яғни күндестің сөзін не қылсын, жүйткітіп жөнеле беріпті». Сөйтіп, тоғызы да дұшпан қолынан мерт болыпты... Еске ала кетейік, жоғарыда айтқанымыздай, Бəйдібек 609 – 695 жылдары өмір сүрген. Ал бұл кезеңде Жетісу өлкесі Батыс түркі мемлекетінің иелігінде еді. Қағанаттағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған қытай императоры əулетінің əскери-саяси əрекеттері билікті əлсірете түскен. Бірте-бірте оның тек Батыс түркі қағанаты деген аты ғана қалды. Біздің заманымызға жеткен көне түркі ескерткіші бетіне кезінде қашалған мəтіндегі «...менің шын жүректен шыққан сөздерімді... он жебе ұлдарына жəне олардың таттарына» жеткізуді өсиет еткен Білге-қаған сөздері127 арналған Он жебе бірлестігінің құрамына кірген 126Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 800–801-бб. 127Кляшторный С.Г. Древнетөркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. – Москва, 1964. -122-б.; Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-том. –Алматы, 2010. -300–301-бб.
тайпалар Бəйдібек дəуірінде дербестене бастаған. Олар енді қағанат əміршісінің атынан емес, өз беттерінше, өз тулары астында дербес іс-əрекет жасауды жиілете түскен-ді. Содан, Бəйдібек қайтыс болар мезгілден бір жыл бұрын, 694 жылы таққа Ашина отырады да, шығыста қытай əскеріне қарсылық көрсетуді ұйымдастырады. Осы кезде өлкеде Бағатархан деген атағы бар Үшлік (Учжилэ) бастаған түргештер де үлкен күш ретінде бой көтереді. Батыс түркі қағанатының сол қанатына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер Шу жəне Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатқан еді. Жетісудағы керуен жолдарының көбін солар бақылайтын. Бірақ олардың қағанаты Бəйдібек дүниеден өткеннен кейін, VIII ғасырдың басында ғана құрылды128. Демек, Бəйдібек байдың тоғыз ұлы Батыс түркі қағанаты кезеңіндегі дүрбелеңдердің бірінің құрбаны болса керек. Сарыбəйбіше – Марау «аяқ-қолы бүріскен, іштен кем» ұл туады. Бəйдібек байдың да, бəйбішенің де баласына көңілі толмай, «құдай тоғыз ұлды алды, келеке қылып берген баласының сүдіні-кейпі мынау» деп менсінбей, атын Сирықты атандырған. Шын аты Байтоқты екен. Кейін əдемілеп Сыйлықсары деп те жүріпті. Сирықты аяқ-қолы кем болғанымен, ақыл-есі түгел боп өсіпті. Ер жеткен соң əйел алған. Ұшан деген бəйбішесінен жалғыз ұл көрген екен. «Баланың атын, сап-сары сары үрпек болғандықган, Сары (Сергексары) атап кетіпті, кейін оған байлығына орай тағы да үйсін ат жалғап Сарыүйсін аталған». Əйтпесе, өзінің əкесі құлағына айғайлап айтқан аты Түргеш екен. Түргеш немере ағалары Шапырашты, Дулатпен бірдей Абыл, Азық еліне кең мəлім болған. Оның үстіне жауға шапқанда, көбіне батырлау ұл Шапыраштының оң қолында жүріп, жанынан табылып отырған. Немересі Сарыүйсін (Түргеш) үйленгенше Сарбəйбіше – Марау тірі екен. Түргеште де жалғыз ұл болған... Одан əрі Қазыбек бек əңгімесін: «Бəйдібектің екінші 128Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-том. –Алматы, 2010. -303-б
əйелі – өз шешемді əңгімелемей тұрып, кіші шешемізді, яғни Бəйдібек байдың тоқалын – Домалақ енемді əңгімелей жөнейін», – деп сабақтайды. Домалақтың əкесі Үрмəт ұруының адамы екенін айтады. Домалақ ене кішкентай домаланған кісі екен дейді ол. Оның өз аты – Нұрила. Бірақ жұрт оны елге жайлы адам болғандықтан, Нұрбүбі, Алтынбүбі, Бибімариа, Бибажар деп бірнеше түрлі етіп атай берген. Қазіргі үйсін аталатын Абыл, Азық елдеріңде ол қасиетті адам деп танылған. Сондықтан да толғатқан əйелдер Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимамен қатар оның есімін де атайды екен… Домалақтан Бəйдібек бай бір ұл көріпті. Ел аузындағы əңгімеге қарағаңда, Сарбəйбіше (Марау) осы Домалақ (Нүрила) күндесімен өштеу болса керек. Содан болар, ол толғатып жатқанда бір зиянын тигізіпті. Керіп қойған аспалы құрға асылып тұрған Домалақ ененің ішін тартамын деп, бармағын туған (əлде туатын) баланың басына батырып алыпты-мыс. Сондықтан да бала дүниеге жарық шеке болып келген деседі. Оның атын Тілеуберді қойса да, ел аузында Жарықшақ (алғаш Жарықшеке екен) боп кетіпті. «Біздің шешеміз Зеріп шарқ ұрып, оташы іздеп, ақыры ондай емшіні Қатаған елінен тапқан, – дейді Қазыбек бек. – Жарық шеке балаға оташы Қон Еміс деген кісі ем жасаған. Бала басының сүйегі ойылған жеріне жас тасбақаның сүйегін салыпты. Сөйтіп, аюдың ақ дəрісімен емдеп жазыпты. Қон Еміс ішінде баласы өліп қалған екіқабат əйелдердің баласын да турап-турап алатын болған. Ал оған заманында бүкіл дүние жүзінен науқас адамдар келіп жататын болған». Бəйдібек байдың екінші əйелі Зеріп – Азық елінің қызы, өте сұлу адам болыпты. «Шешеміз атамыздан он үш жасы кіші екен, – дейді Қазыбек бек. – Оның тапқан балаларынан қалған ұлы — жалғыз Жалмамбет. Шешеміз қартайып, өз ажалынан 81 жасында қайтыпты. Шешеміз қайтқанда, Жалмамбеттің үшінші əйелі (тоқалы) Сыланды да дүние салыпты. Сондықтан екеуін Қаратаудағы Ұзынбұлақ өзенінің кіші Бөгенге қосылар жеріне бірге жерлепті. Содан болу
керек, сол жердегі тау «Қосмола» аталады. Енесі мен келіннің татулығын, біріне бірінің мейірімін көрсететін Қосмола ұрпаққа үлгі тұтар елеулі оқиға, үлкеннің кішіге айтар дəрісі, тебізі болмақ. Атамыздың (Бəйдібектің) сағанасы да Кіші Бөген мен Ұзынбұлақ өзенінің қүйылысында беткейге қойылған. Шешеміз Зеріп пен келіні Сыланды екеуі бір бейітке жерленгендіктен, кейде ортақ мүрдені бірде Зеріп шешенің, бірде Сыланды моласы деп жұрт шатастырып та жүреді». Бəйдібек Зеріптен туған ұлы Жалмамбетті отыз үшінде көріпті. Жалмамбеттен Шапырашты, Ысты, Ошақты туған. Үшеуінің тұқымын Алүйсін, яғни Қызыл үйсін атандырған. Сонымен, Бəйдібектің үш ұлынан үш ел тарайды. Сирықты тұқымы – Сарыүйсін, Жалмамбет тұқымы – Алүйсін, Жарықшақ тұқымы – Қараүйсін аталған. Бəйдібек байдың сағанасына (бүгінде Бəйдібек кесенесі – «Қасиетті бес ана» атты тарихи ескерткіштер кешенінің құрамдас бөлігі129) Сарыүйсін, Алүйсін, Қараүйсін түгел тəу етіп, күнде тасаттық жасап, құдайы беріп, зиярат етіп қайтып жатады130. 14. Жоғарыда шежіре деректеріне сүйене отырып көрсеткеніміздей, Бəйдібек 609 жылы дүниеге келген. 33 жасқа келгенінде екінші əйелі Зеріп оған Жалмамбет деген ұл тауып береді. Демек, Шапыраштының əкесі Жалмамбет 642-ші жылы туған. Ал Шапырашты, бір буынның орташа жасын 25 жыл деген есеппен қарағанда, шамамен 667-ші жылы дүниеге келген. Яғни ол да атасы Бəйдібек, əкесі Жалмамбетпен бірге Батыс түркі қағанаты тұсында өмір сүрген. Сондай-ақ Түргеш қағанатының алғашқы кезеңіндегі оқиғаларға да куə болған. Шежіреге қарағанда, Шапыраштының əкесі Жалмамбет өте сері, салқам кісі болыпты. Ылғи жүйрік, жорға ұстаған. Ит 129Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 2-том. – Алматы, 1999. -223-б. 130Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 802–803-, 806-бб.
жүгіртіп, құс салған. Серілікпен ел аралап жүріп, заманында Қызыл би атанған Қоңырат Қожбанбет бидің қызы Жұпар (Мапырашты) сұлумен көңіл қосыпты. Қызының жүкті болып, іші біліне бастағаны бір күні əкесіне де жетіпті. Содан Қожбанбет катты ашу шақырып, Бəйдібекке: «Баласы тентектік істеді, қызымды екіқабат қылды, Жалмамбетке ашынасын алып берсін, əйтпесе қатар жатқан Үйсін – Қоңырат жауласамыз. Арыстың басқа төрт баласының бəрін жинаймын. Бектің балалары сөзімді сөйлемесе де, Бал мен Жан балаларына тілімді алғызамын (өзі, яғни Қоңырат – Балдан тараған ғой), əйтпесе мына тірі жесірін алсын. Үйсін – Қоңырат ешқашан жауласып көрмеп еді, мен сол ата салтдəстүрін жəдігерлеп отырмын», – деп сəлем айтыпты. Бəйдібек бай сол бір кездері «қызылбас елінен келген жауды Үйсінге беттетіп жіберген, содан біраз Абыл, Азық баласының қырылған шағын еске алып, сол орайда Қоңырат Қызыл биге (Қожбанбетке)» өкпелі екен. Қожбанбет өте ақылды адам, екі арадағы осы бір кішкентай ілгішті пайдаланып, қыңырайысып қалған Үйсін – Қоңыраттың арасын осы бір құдандалықпен татуластырмақ болған. Алғаш бұған бір қырын келгенімен, Бəйдібек те татуласудың жолы осы болар деп шамалап, баласы Жалмамбетке сөз салса, ол да: «Егер дүниеде тірі жүретін болсам, Жұпардан басқаны алмаймын», – дейді... Сонымен, Бəйдібек Қожбанбет бимен ерек отырып, ерен сөйлеспек болып, бəйбішесі Зеріпті алып, жақсыжайсаңдарымен Қожбанбет ауылына аттаныпты. Жолай бай бір арланды соғып алыпты. «Ақыр Қожбанбетпен құда болатын болдым, теріс азу Қызыл биге қасқырдың ұлпанының бұйырып тұрғанын көрдің бе, соған байлайын», – деген оймен, атының артына бөктеріпті. Қожбанбет ауылына түсіп, біраз сусындап, далаға шыққан Бəйдібек қасқырының іші жарылып жатқанын көреді. Сөйтсе, алатын келіні анадай жерде қасқырдың бауырын қанын сорғалатып шикі жеп отыр екен... «Шешеміз Жұпар жолбарыс мінездес, бірайтар адам екен», – дейді Қазыбек бек. Оны абысындары «жолбарыс
сияқты алапаш, мапыраш» деп жүріп, ақыры Мапырашты атандырыпты. Міне сол Жұпар – Мапырашты сұлудан Шапырашты (Досымбет) туыпты. «Атамыз туғанда, бір көзі бір көзіне атысып, шапыраштанып туыпты. Сондықтан атын Досымбет қойса да, Шапырашты атанып кеткен». Мапырашты сұлу Жалмамбетпен бір-ақ жыл ғұмыр кешіпті де, қайтыс болыпты. Сонан соң Жалмамбет Мапыраштының туған сіңлісі (Тұмар) Қарашаш сұлуды алған. Қарашаш туған ұлымен тұрмай, Шапыраштының қолында өткен... Болашақ үлкен рудың түп атасы Шапыраштының дүниеге келген жəне есейген мезгілін тағы бір шамалап көрейік. «Шапыраштының ат жалын тартып мініп, ер жеткен шағы қайта жаугершілік өршіген кез еді», – делінеді Қазыбек бек шежіресінде131. Бұл кезең біздің жоғарыда келтірген есебіміз бойынша – VII ғасырдың екінші жартысына сəйкес келеді: Шапырашты шамамен 667-ші жылы туғанда, оның ержеткен шағы 680–690-шы жылдар болса керек. Сол жылдардағы саяси ахуалды шежіреші былай баян етеді: ...Əсіресе қытайлар біресе қалмақтарды, біресе ұйғырларды қазақтарға айдап салып, өзі оларды қаружарақпен қамтамасыз етіп отырды (бұл мағлұмат ғылыми тарих деректерімен сəйкес келе бермейді – Б.Қ.). Қытайлар қыз алысып, қыз берісуден күткендеріне жете алмағандықтан, өйткені қазақтар өздерінің түқымдарына көбірек үйленген де, қытайландыру іске аспаған, сол себепті қазақ жұртын енді тек күшпен бағындыруға талап қылды. Ол кезде табғаштарды, машындарды қоспаса, қытай онша көптік те жасай алмайтын. Бірақ қытай төңірегіндегі ұсақ жұрттар өздерін қытай жарылқайтындай көрді. Алайда қытайдың есебі бөлек-ті. Олар ұсақ жұртты: «Үйсіндер сеңдерді шапқалы жатыр», – деп «сақтандыратын», үнемі біздің жерге жіберген жансыздары арқылы алған мағлұматтарын оларға дабырайтып, қампайтып көрсетіп 131Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 807–808-бб.
отырушы еді. «Желкеңде Үйсін – Шығыл деген ұлы ел отыр. Жəй отырған жоқ, айдаһардай ауызын ашып, əнеміне сендерді жұтқалы тұр. Ертең ол бүгінгіден де мықты болады, ешкімге теңестік бермей кетеді, сондықган, əзірге тым күшейіп кетпей тұрғанында, бұл ұлы елді əлсіретіпəлсіретіп қоймаса болмайды», – деп жүретін қытай нояндарының ықпалы табғашты, ұйғырларды, машынды тыныш таптырмады. Ол кезде де «қытайлар атты пайдалана алмайтын». Сондай-ақ олар тамағына шөп, тышқан, қоңыз жейтін. Сондықтан салтатты бір табғаш немесе бір ұйғыр он қытайға бой бермейтін көрінеді. Оның үстіне, дейді шежіреші, сол бір шақтағы біздің туысқанымыз боп келетін ұйғырлар осы күнгі «біз ұйғырмыз» дейтіндер сияқты емес, көбіне бізше көшіп, бізше малмен айналысатын жұрт-дүр. Ал жаяу қытай ат құлағында ойнайтын, қатын-баласына дейін ат үстінде күн көретін қазақтарға өздері барып тиісем деп бекерден бекер қырылуды жөн көрмесе керек. «Өйткені Талас, Шу бойында болған соғыста жаяу-жалпылап жүз мың қолмен келген қытайлардың көбі қырылып, бірсыпырасы ғараптарға қолға түсіп, тіпті жергілікті жұрттарға сіңіп, шығындап қалған-ды»132. Осы жерде шежіре мен ғылыми тарих деректерінің уақыт тұрғысынан үйлесе бермейтініне тағы бір назар аудара кетуге тура келеді. Шежірешінің «...Талас, Шу бойында болған соғыста... қытайлардың көбі қырылып, бірсыпырасы ғараптарға қолға түсіп...» дейтін хабарына, ыңғайы, ресми ғылыми тарихта тіркелген 751 жылғы Талас шайқасы арқау болған тəрізді. Бұл уақыттағы саяси жағдай қандай еді? Тарихтан мəлім, Орталық Азия, Солтүстік Қытай, Орта Азияның Амударияға дейінгі елеулі бөлігін мекендейтін түркі тайпалары одақтасып, 552 жылы ірі мемлекет құрды. Ол Түркі қағанаты деп аталды133. Осы жерде қағанаттың атауына байланысты бірер ойды ортаға сала кеткен жөн сықылды. Орыс тарихи əдебиетінде 132Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 810–811-бб. 133Советский энциклопедический словарь. 4-е изд. –Москва, 1986. -1373-б.
ол «тюркский каганат» деп аталады. Мұнда «тюрк» этнонимі ежелгі замандардағы тілі, ділі, өмір сүру салты ұқсас тайпалардың ортақ атауы ретінде қолданылып тұр. Ал бертінгі қазақ тарихи əдебиетінде бұл атаулар «түрік қағанаты» жəне «түрік» түрінде алынып отыр134. Ал бұл, шынтуайтына келгенде, бүгінгі түрік халқының атауымен жəй ғана үндесіп қоймай, ұғымдық шатастыруларға апарады. Біздің ойымызша, орыс шығыстанушылары еңбектерінде қолданылатын, бір-бірінен айқын ажыратылатын «тюрк» (тектес тайпалардың жалпы атауы) жəне «турок» (түрік халқының жалқы атауы) этнонимдерінің дəл баламасын қазақша «түрк» жəне «түрік» деп жазу арқылы берген жөн болар еді. Яғни, орыс шығыстанушылары ерте заманғы этнонимді жоғарыда аталғандай «тюркский каганат», «тюрк» деп келтірген терминдерді қазақы ұғыммен «түрк қағанаты» жəне «түрк» түрінде қолданғанның дұрыс болары анық. Бірақ бұлайша жазу көпшілік көңіліне «р» мен «т» əріптерінің ортасындағы «і» əрпі кездейсоқ, яки сауатты жаза білмеушілік салдарынан түсіп қалғандай əсер беруі ықтимал. Сондықтан оларға – «түрк қағанаты» жəне «түрк» атауларының жазылуына – балама ретінде «түркі қағанаты» жəне «түркі» деп жазуды қолдана берген орынды секілді. Сонда ежелгі «түрк» пен кейінгі «түрік» этнонимдеріне бір-бірінен анығырақ ажыратылатын реңк берілері сөзсіз. Олай жазу мына жағдайда да қолайлы: «говорили, писали на тюрки» дегенді «түрікше сөйледі, жазды» деп аударғаннан, «түркіше сөйледі, жазды» деу əлдеқайда дұрыс жəне түсінікті болмақ. Жалпы, «түрік» («түрк», «түркі») этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларына «туцзюе» деген атаумен 542 жылы түскен екен135. Бұл түркі тайпаларының қағанаты ту тігуінен он жыл бұрынғы жəйт. Қытайлар оларды ғұндардың (сюннулердің) ұрпақтары деп санаған. Олар қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтан 134Қазақстан тарихы. Бес томдық. 1–5-тт. –Алматы, 2010. 135Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-т. –Алматы, 1980. -332-б.; Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-т. –Алматы, 2010. -296-б.
тиісетін көрінеді. Жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кетеді екен. 15. Түрктердің (түркілердің) билеушісі Бумынь VI ғасырдың алғашқы жартысының соңына қарай сол шақта күшті боп тұрған тирек тайпаларының əскерінің тас-талқан етті де, тұтқындалған тиректерді сол кезгі дала құқығы шарттарына сай өз əскеріне қосып алып, соған дейін өздері вассалдық тəуелділікте болып келген аварларға бəсекелес болып шыға келді. Ал 552 жылғы көктемде аварлардың ордасына шабуыл жасап, күйрете жеңді. Содан бастап түркілер олардың барлық иеліктеріне мұрагер ретінде орнықты жəне Бумынь да, одан кейінгі түркі билеп-төстеушілері де өздері құрған қағанатты (империяны) басқаратын қаған атағын алды. Содан соң олар батысқа соғыс жорықтарын жасап, Алтай аумағындағы идтерді бағындырды. Он жылдан кейін, сасанилік Иранмен əскери одақ жасасқаннан соң, 563–567 жылдары иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға жəне Шығыс Түркістанға дейін созылған Орта Азия эфталиттерін жаулап алды. Бірақ, соғыс біткен бойда, Шығыс пен Батысты қосатын керуен жолдары бойындағы жерлерді бөлуге келгенде, одақтастар арасында араздық басталды. Өйткені оларды иелену сауда жолдарын бақылауға, екі аймақтың тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін-ді. Бұрынғы одақтастарымен араздасуы салдарынан түркі қағаны Византияға елшілік жіберді, Византиядан қағанатқа елшілік келді. Екі жақ келіс сөздер жүргізіп, жібек жəне басқа тауарлар апару жолын іздестірді. Византиялықтар өздерінің сасанилік Иранға қарсы күресінде түркілерден əскери көмек алуға үміттенді. Бұған жалпы оң қарағанмен, қағанат билеушісі нақты шешім қабылдай қоймады, оған бұл екі елдің өзара соғыс жағдайында ұзағырақ болуы тиімді еді. Алайда 575 жылы Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты да, түркілердің бүлікшіл вассалдарын өз қатарына
тарту үшін, Кавказға кіруге əрекет етті. Оған жауап ретінде қағанаттың атты əскері Босфор, Қырым, Батыс Кавказға жойқын жорық жасады. Əйтсе де тек қарудың күшімен құрылған империяның ұлан-байтақ жерін, өзара байланысқан біртұтас экономикалық жəне этностық-саяси организм жасалмағандықтан да, ұзақ уақыт ыдырауға ұшыратпай сақтау мүмкін емес еді. Оның үстіне, қағанатта əлеуметтік қайшылықтар шиеленісті. Жұттар, мал індеттері, ашаршылықтар да жағдайды ушықтыра түсті. Мемлекетке Суй Қытайының 581 жылдан бастап əлденеше жылдар бойы үздіксіз шабуыл жасап тұруы да ахуалды ауырлатып жіберді. Ақыры, қағанат 603 жылы екі бөлікке бөлінді. Жоғарыда айтқанымыздай, Батыс түркі қағанатының орталығы Жетісуда, Суяб қаласы болды. Дегенмен ол Шығыс қағанатқа біршама саяси тəуелділікте еді. Шығыс түркі қағанатындағы өкімет билігін ашиналар (ашналар) қолында ұстады. Түркілер санатындағы қарлұқ тайпалары Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейін, Балқаш пен Ыстықкөл арасында, Ыстықкөлдің айналасында, Іле, Шу, Талас өзендері алқаптарында, Тянь-Шань тауы баурайларында мекендеген еді136. Шығыс түркі қағанатында да қарлұқтардың бірқатар шоғырланған топтары бар-тын. Олар Монғолияның Отюкен таулы жерлерінде, Шығыс Түркістанның Бесбалық аймағында жəне Ауғанстанның солтүстігіндегі Токарстанда орналасқан болатын. Алайда, ертедегі түркі руналық ескерткіштерінің деректеріне қарағанда, олардың негізгі көпшілігі Моңғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумақтарға орналасқан «үш қарлұк», яғни қарлұқтардың үш тайпасының бірлестігі ретінде де мəлім. Қарлұқ тайпалары одағының билеушісі «елтебер» деген атақ алған. Ұйғырлар мен аздардың билеушілері де осылай аталған. Олардың негізгі қоныстанған ауданында 657 136Қазақ ССР тарихы. 1-т. –Алматы, 1980. -352-б.
жылы, қарлұқтардың үш аймағына қоса, тайпа басшылары басқаратын төртінші əкімшілік аймағы пайда болды. Түркілердін əлеуметтік-саяси бірлестіктерінің бірде күшейіп, бірде əлсіреуіне қарай, қарлұқтар да кей кездері Шығыс жəне Батыс қағанаттардың бірде біреуіне, енді бірде екіншісіне бағынып жүрді. Монғолияда 682 жылы Шығыс түркі қағанаты құрылғаннан кейін, қарлұқтар оған тəуелді болған-ды. Алайда, орхон жазуларында айтылған деректерге қарағанда, қарлұқтар бағынышты қалпы жүре бермеген. Олар қаһандарға қарсы бірнеше рет көтеріліске шыққан, тіпті соғыс жорықтарын да жасаған137. Қарлұқтардың бірінші жорығы 711–712 жылдары орын алған еді. Күлтегін мен оның інісі Могилян ханның құрметіне арналған ежелгі түркі жазбаларында бұл жөнінде былай делінген (С.Е.Маловтың «Ежелгі түркі жазуының ескерткіштері. Мəтіндер жəне зерттеулер» атты еңбегі бойынша): «Күлтегін 27 жасқа келгенде (Кляшторный оны 731 жылғы 27 ақпанда 47 жасында өлді деп жазады) қарлұқтар халқы азаттық пен тəуелсіздік салдарынан (бізге) жау боп шықты»138. Дұшпанға айналған бодандарды жуасыту мақсатындағы күрестерінде Білге-қаған мен Күлтегін «қасиетті Тамағ жотасында»139 Тарбағатай тауы болуы ықтимал) 715 жылы қарлұқтарды жеңеді. Оларға қарсы жорықтар одан кейін – 716 жəне 720 жылдары да жасалды. Алайда, Білге-қаған 734 жылы дүниеден өткеннен кейін, көп ұзамай Шығыс түркі қағанаты да құлады. Сөйтіп, шығыс түркілерінің билігін күйреткен үш тайпаның – қарлұқтардың, ұйғырлардың жəне басмылдардың одағы 742 жылы Монғолия далаларындағы саяси үстемдікке 137Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-т. –Алматы, 2010. -297–306-бб. 138История Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней. В пяти томах. Т.І. –Алма-Ата, 1977. -343-б. 139Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-т. –Алматы, 2010. -306-б.;История Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней. В пяти томах. Т.І. –Алма-Ата, 1977. -343-б.; Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-т. –Алматы, 1980. -355-б.
жетті. Басмылдардың көсемі қаған (бас хан, қаһан) болды. Қарлұқтар мен ұйғырлардың басшыларына ябгу (жабғу) атағы берілді. Ұйғырлар мен карлұқтардың біріккен қолы 744 жылы басмылдарды тас-талқан етті. Сол жылы түркі тілдес тайпалардың жаңа мемлекеттік құрылымы – Ұйғыр қағанаты құрылды. Ол 840 жылға дейін өмір сүрді. Ұйғырлар V ғасырдан VI ғасырдың орта шеніне дейін əуелі Жужань (Авар), одан Түркі қағанаттарының кұрамына кірген еді. VIII ғасырдың ортасында Алтайда қағанат құрылғаннан соң, ұйғыр қағанының саяси үстемдігі шығысында Маньчжурияға дейін, оңтүстігінде Гобиге дейін, VIII ғасырдың 60-шы жылдарына қарай Енисей қырғыздарының жеріне дейін жайылды. Ұйғыр мемлекетінің құрамына ұйғырлардың өздерінің он тайпасы жəне оғыздардың тоғыз тайпасы кірді. Жоғарғы қаған (қаһан, хандардың ханы) ұйғыр тайпаларының басшысына тиіп, қарлұқтардың көсемі «оң жақ (батыс) ябғу» атағын алды. Ибн Хордадбех өзінің «Китаб əл-масалик ва-л-мамалик» атты еңбегінде бұл мəртебені қарлұқша «ж» дыбысымен басталып айтылуына орайластырып – «əл-жабғуя» деп жазған. Дербестікке ұмтылған қарлұқтар Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығып, 746 жылы Жетісуға қоныс аударды. Ал Жетісуда бұл кезде саяси жағдай тым күрделі болатын. Ондағы түргеш билеушілері өзара қырқысқан күрес салдарынан өздерінің бұрынғы күш-кұдіретінен айырылған-ды. Сондықтан да бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Тарихшы Кляшторныйдың зерттеулерінде айтылғандай140, бұл оқиғалар ертедегі түркілердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халкының еліне келді», – деп көрсетілген. Түргештердің саяси билігінің əлсіреуі Шығыс 140Кляшторный С.Г. Терхинская надпись. Предварительная публикация//Советская тюркология, 1980, № 3. – 94-б.
Түркістандағы қытай билеушілеріне қолайлы көрінді. Жетісуға əскер аттандырып, Суябты басып алды. Тань қолдары Шаш (Ташкент) қаласына дейін барды. Бірақ мұнда оларды тағдыршешер текетірес тосып тұрған еді: қытайдың көздегендері өздерінің ықпал өрісін кеңейту мақсатымен батыстан бермен ілгерілеп келе жатқан араб мүддесімен сыйыспайтын. 16. Араб түбегіндегі əлеуметтік-экономикалық, саяси жəне этностық үдерістер араб халқының қалыптасуына жəне ислам іспетті жаңа діни жүйе арайында VII ғасырдың бас кезінде араб мемлекетінің құрылуына алып келді. Мемлекеттің түтін түтетуіне орай феодалдық қатынастар қалыптасты жəне нығая түсті. Алайда рулық-тайпалық тұрғыда ұйысу, əсіресе көшпенділер арасында əлі күшті болатын. 632 жылы Мұхаммед дүниеден өткеннен кейін Араб түбегінің əр жерінде билік үшін күрес оты тұтанып жатты. Халық қозғалысы туды. Араб шонжарлары ішкі қайшылықтарды əлсірету мақсатымен жəне теократиялық мемлекетті нығайту үшін жаулап алулар жолына түсті. Шапқыншылық оларға жаңа жерлерді қосып алуға мүмкіндік беретін əрі бай соғыс олжасына кенелтетін еді. «Иланым (дін) үшін соғыс» (жиһад, діни наным жолындағы қасиетті соғысқа ықыластанып ұмтылу) ұранымен жаулап141 алушылық жорықтарын арабтар 633 жылы бастады. Аз уақыттың ішінде олар Иран, Шам (Сирия), Палестина, Мысыр (Египет), Ирак жерлерін басып алып, Орта Азияның оңтүстік облыстарына келді. Бұл кезде Орта Азия мен Қазақстан аумағының көп бөлігі Батыс түркі қағанатының билігінде болатын. Орта Азиядағы иеліктердің көбін түркі немесе аралас текті əулеттер басқарып тұрды. Иран тілдес жəне түркі тілдес халықтар арасында тығыз жақындасушылық белең алған, шаруашылық қарымқатынастар ұлғайған, экономикалық байланыстар өсе 141Қазақ Совет энциклопедиясы. 4-том. – Алматы, 1974. -447-б.
түскен-тін. Осы жəйттер араб жаулап алушыларына бірлесіп тойтарыс беру ісін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды. 705 жылы арабтар шапқыншылық жасау тактикасынан Амудариядан шығысқа қарайғы аймақтарды – Мауараннахрды басып алу жолына көшті. Хорасан билеушісі Кутейба ибн Муслим əскерімен 706 жылы Бұхараға таяу орналасқан Пайкендке беттегенде, түркілер мен соғдылардың біріккен қолы оларды қоршап алып, қатты шығынға ұшыратты. 708 жылы Кутейба Бұхара облысындағы Рамитан қаласын алды, бірақ жеңісін баянды ете алмады. 709 жылы тағы да Бұхараға келді. Осы жерде араб əскеріне түркі-соғды тобы елеулі соққы берді. Кутейба алдап-арбау тактикасын қолданып, соғды патшасы Тархұнды түркілердің көмегінен бас тартуға мəжбүр етті де, Бұхараны басып алды. 712 жылы Кутейба Самарқанды, 714 жылы Шашты жаулап алды, Испиджабқа жорық жасады. Алайда араб өктемдігіне Мауараннахрда Түргеш қағанаты мен Орта Азия мемлекеттерінің одағы елеулі қарсылық көрсетті. Ферғана қарлұқтары түркі жəне Шаш жасағымен бірігіп, 723 жылы арабтарды ойсырата жеңді де, оларды Ходженттен Самарқанға дейін өкшелей қуды. Күресте екі жақ кезек жеңіп отырды. 724 жылы араб əскері Ферғанаға кіргенде, ферғаналыктарға түргештер кемекке келді. Арабтар асығыс кейін шегінді, алайда Шаш пен Ферғана əскерлері оларды Сырдариядан тосып алып, қирата соққы берді. Арабтар ұзақ қорғанысқа көшуге мəжбүр болды. Осы шақтағы Мауараннахрға билік жүргізуде олармен таласа алатын кұдіретті күш – түргештер еді. Солардың əскеріне арқа сүйеген халық көтерілістері нəтижесінде арабтар Мауараннахрдан түгел дерлік қуылды. Түргештердің батыл да пəрменді қимылдаған қаһанын арабтар «Əбу Музахим» (Сүзеген) деп атады. Ол 737 жылы арабтарға қарсы аттанды, Тоқарстанға дейін жетіп, қарлұқтардың жабғуымен бірікті. Жетісуға қайта оралғанында бұл қаһан кісі қолынан қаза тапты. Содан бастап, түргештер елінде өзара кырқыс туды. Түргеш қағанаты əлсірей берді. Хорасандағы араб
билеушісі Насыр ибн Сейяр соны пайдаланып, 737– 748 жылдары Орта Азияның бірқатар аймақгары мен Қазақстанның оңтүстігіне бірнеше рет əскери жорықтар жасады. Арабтарға қарсы жер-жерде бой көрсетулер орын алды, бірақ бұлардың бəрі қару күшімен басып тасталып отырды142. 17. Қазыбек бек шежіресіндегі қытайлардың ат мінбейтіндігі, тамағына шөп, тышқан, қоңыз жейтіндігі, сондықтан да бір салтаттының олардың онына əл бермейтіндігі жайындағы хабармен жоғарыда таныс болдық. Шежірешінің баяндауынша, «жаяу қытай» аттың құлағында ойнайтын қазақтардан «бекерден бекер қырылуды» жөн көрмепті. «Талас, Шу бойында болған соғысқа» «жаяу-жалпылап жүз мың қолмен» келген «қытайлардың көбі қырылып» қалыпты. Бірсыпырасы араптарға қолға түсіп, тағы біразы жергілікті жұрттарға сіңіп кетіпті143... Ресми тарихқа қарағанда, 748 жылы қытайлар Суябты уакытша басып алып, қиратқан. Ал келесі 749 жылы Шаштың билеушісін өлтірген. Сонда Шаш қаласы билеушісінің баласы арабтардан көмек сұрайды. Содан, 751 жылы, Таразға жақын жердегі Атлах қаласының түбінде араб қолбасшысы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сянь-чжидің арасында орасан зор шайқас болған. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші кезде қытай тылындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Соның нəтижесінде қытай əскері түгелдей талқандалады144. «Қазақстан тарихының» қарлұқтар мемлекетінің құрылуын баян еткен тармағында да Аспан асты Қытай империясының мүдделері батыстан өздерінің ықпал өрісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жаткан арабтардың мүдделерімен қиғаш келгені көрсетілген. Қайшылықтың 142Қазақ ССР тарихы. 1-т. –Алматы, 1980. -359–361-бб.; Қазақстан тарихы. 1-т. – Алматы, 2010. -338–339-бб.; История Казахской ССР. Т.І. –Алма-Ата, 1977. -347– 349-бб.; История Казахстана. Т.1. - Алматы, 2010. 338–339-бб. 143Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - А., –811-б. 144Қазақ ССР тарихы. І-т. – Алматы, 1980. -361-б.
шиеленіскен түйіні екі империялық күш арасындағы Таластағы шешуші шайқас барысында 751 жылы шешілгені айтылады. Талас шайқасында тань əскерлері зор шығынға ұшыраған. Араб тарихшысы Ибн əл-Асирдің мəліметтеріне қарағанда, Атлах қаласының түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мыңдайы тұтқынға алыныпты. Тұтқындар арасында қолөнершілер көп болған екен. Талас өзеніндегі шайқастың Жетісу жəне Мауараннахр халықтарының тағдырларындағы тарихи маңызы зор болды. Қытай əскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап кала алмай, Шашқа шегінді. Соның нəтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. Жетісуда қарлұқтар мен оғыздар арасында түргештердің мұрасы үшін күрес өрістеді. Ортағасырлық жазбаша деректерде келтірілген оғыздардың аңыздарына қарағанда, Ыстықкөл мен Талас аумағы оғыздардың ежелгі отаны деп аталған. Алайда аталған тайталас салдарынан оғыздардың негізгі бөлігі Жетісу шегін тастап шығып, Сырдарияға кетуге мəжбүр болады. 766 жылы түргештердің бұрынғы иеліктері – Тараз бен Суяб жəне оларға қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Саяси жəне əлеуметтік биліктің қарлұқ көсемдерінің қолына өтуі Жетісуда Қарлұқ мемлекетінің біржола қалыптасуын мүмкін етті145. Демек, Қазыбек бек шежіресіндегі аталатын жоғарыдағы аталар, əсіресе үлкен тайпа бастауында тұрған Шапырашты осы қарлұқ дəуірінде өмір сүрген болуға керек. Ал ондағы: «Енді қытайлар табғаштардың, ұйғырлардың, қалмақтардың қолын отқа көсеп, өз қолын күйіктен аман сақтауды ойлады. Бірақ Алатаудың арғы жағыңда бейбіт жатқан бай ел оның жанын тыныш таптырмады...»146 – деп баяндалған 145Қазақстан тарихы. 1-т. – Алматы, 2010. 306–307-бб. 146Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 810–811-бб.
мəлімет, жоғарыда келтірілген ғылыми тарих мағлұматтары тұрғысынан қарағанда, оның тап сол VIII ғасыр ахуалына келмейтінін мойындауға мəжбүрміз. Өйткені VIII ғасырда орныққан қарлұқтар қағанаты Х ғасырда ғана ыдырай бастап, орнына Қарахан мемлекеті құрылды. Қарахан мемлекетінің шығыс иелігіне Жетісу мен Шығыс Түркістан кірді. Осы Жетісу құрамында тұрған Шығыс Қарахан иелігін ХІІ ғасырдың алғашқы ширегінің соңына қарай оңтүстік-шығыстан келген қарақытай əскерлері жаулап алды. Бірақ олар қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратпай, егіншілік жəне жартылай көшпенді аймақтармен сауда қатынастарын өрістетті. Сол шаққы дереккөздер қарақытайлардың Орта Азияда таралуы бейбіт сипатта болғанын көрсетеді147. Демек, Қазыбек бек шежіресінде айтылған қытайлардың қитұрқы саясаты жайындағы əңгіме басқа кезеңге қатысты болуы ықтимал. 18. Қазыбек бек шежіресінің «Шапырашты» тарауында одан əрі: «Хижраның жыл санауымен 123-жылы ұйғырлар қазаққа қарай лап қойды»148, – деген дерек береді. Сол шабуыл салдарынан Тұрпан төңірегінде жатқан қазақтардың жау қолында қалғанын айтады. («Шымбастан Тұрпанға дейінгі жерді ол кезде Баймен хан билейтін». Осындай дерегімен бірге ол хан ордасының мекен-жайын: «Баймен қонысы Торайғыр тауының оңтүстік жағында болатын» деп нұсқайды). Бейбіт жатқан қазақ елі бір-ақ күнде шала бүлінді де қалды. Шапқыншылыққа Шапыраштылар да ұшыраған. Олар мұндай төтенше жағдайды аспай-саспай қарсы алады: «Абылдан тараған біраз жұртпен Шапырашты ол бір шақта Барсыған көлін, көбіне оның түстік шығысын мекендейтін. Бір ғажабы, сол бір кезден Шапыраштыларға мұра болып қалған бір ерекшелік: адам мен малдың қашанда да, қай кезде де сырттан болатын жаугершілікке əзірлігі еді». 147Қазақстан тарихы. 1-т. – Алматы, 2010. –398, 416-бб. 148Шапырашты//Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 811-б.
Қазыбек бектің айтуынша, ол шақта бір үйде қанша адам болса, сонша жауынгер бар деп есептеледі екен. Бес жасқа дейінгі баладан басқаның бəрі ат үстінде жүретін көрінеді. Тіпті екі-үш жасар балалар да тепкішекті ашамайланған ерге жалғыз мінгізілетін болыпты. Ол алып жүруге де қолайлы болса керек: аттың тізгінін басына түріп қойып, алдына салып, балалар мінген көлікті айдап алады екен. «Оны қатынқалаш, бала-шаға өздері атқара беретін. Екі жағы жақтаулы ашамай ішінде отырған бала ұйқтап, қалғып-шұлғып көппен бірге кете барады». Сондай əдет Қазыбек бек өмір сүрген дəуірге (ХVIII ғасырға) дейін сақталыпты: «Бұл қазірге дейін де солай. Жетісу елінде салт атқа мінбейтін адам болмайды. Өйткені ол шаруашылығына, жеріне, кəсібіне, сырттан күтілетін жауға, жаугершілік жағдайға бейімделген»149. Сонымен, хижраның 123-ші жылы (яғни, шежірешінің есебімен – 622+123=745-ші, бірақ ай жəне күн календарының ерекшеліктерімен есептегенде – 723-ші жылы) ұйғырлар қазақ жеріне шапқыншылық жасайды. «Ұйғырлар Бедел асты дегенде-ақ Жетісу елі тегіс көлік үстінде болған», – дейді шежіреші. Соғыс Тұрпан беттен басталғанда, Бəймен хан өзі жұртты ұйымдастыруға ұмтылып, қоса шапқан. Сол кезде ханды ұйғырлар найзамен шаншып өлтірсе керек. Абыл еліне жеткенше ұйғырлар Азық елін біраз қырып жіберген екен. Соғыс Мұзарт өтіп, Тəңір тауына жеткенде, Азық тұқымы Абыл тұқымына көмек сұрап ат шаптырған. Содан жау Көртоғай басындағы Сапы-Саты көліне жақындағанда, Шапырашты батыр бастаған қол да майдан шебіне келіп жеткен көрінеді. Шапырашты батырдың алғашқы шайқасқа кірген соғысы осы екен. «Бұл жердегі Шапырашты жалғыз адам, қолбасшы ғана, ол қазіргі қалмаққа шапқандай өң шапыраштылардан жиналған қол емес», – дейді Қазыбек бек. «Қазіргі қалмаққа шапқандай өң шапыраштылардан жиналған қол» дегені, шамасы, өзі өмір сүріп отырған ХVIII ғасырдағы ахуалды 149Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 811–812-бб.
айтқаны болар. Ал VIII ғасырдағы Шапырашты батыр – Бəйдібек немересі Жалмамбет ұлы Шапырашты – 667-ші жылы туған, шапқыншы ұйғырларға қарсы 745-ші (яки 723-ші жылы) жылы қол бастаған қолбасшы. Бұл жерде жылдардағы сəйкессіздік көңілге кейбір күдік оралтады, өйткені бірінші ұрысына Шапырашты батыр 82 (яки 60) жасында кірген болып тұр, бірақ жалпы шежіре дегеннің негізгі кемістігінің өзі де осында – уақыттардың біршама шатастырыла беруі қай-қайсысында да кездесе береді, сондықтан бұл ешкімді таңғалдырмаса керек. Сонымен, хижраның 123-ші жылы ұйғырлар шапқыншылықпен Көртоғай басындағы Сапы-Саты көліне жақындағанда, алдарынан шыққан Шапырашты батырдың қолында «Елсау бидің тірі ұрпағының бəрінің өкілі болған. Жаз жайлауын осында өткізуге, түлеуге келіп арыстап жатқан Ардың да, Құнның да, Қыптың да, Шақтың да жасақтары болған», – делінеді шежіреде. Көлдің түстік желкесіндегі құяр сайда болған соғыста Шапырашты қолы ерен жеңіске жетіп, ұйғырларды қырып салған көрінеді. Қалғандарын Мұзарт асыра, Тұрпанға дейін қуып, өз жерінде талқандапты. Ұйғырлар сол жолы қазақ еліне қайта шабуыл жасамауға ант еткен екен. «Анттың кепіліне ұйғыр сақманы Түнік өзінің бес ұлының үлкені Хұзхұрды беріп», кейін ұйғырдың Қошы, Жанбалық, Бесбалық, Сүллен, Жаңабалық деген бес балығының (қаласының) билеушілері сондай мойынсұнуларын қайталап тұрыпты. «Ұйғырлар осы жолы соғыста аса жауыздық жасап, шекарадағы Қарағашқа орналасқан түркілерді – оғрақтарды бесіктегі баласына дейін бауыздаған. Таңғұтты да қырған. Махмұт бабаның ұйғырлардың бес шаһары бар, олардың халқы шетінен жауыз, кəпірлер дейтіні, міне, осындай хайуандықтан шығарылған қорытынды болса керек. Менің қолыма Махмұттың бір қолжазбасы түскені бар-ды. Сол кітапта да ұйғырлар жөніндегі пікірі, ойы өте қатал, олардың сатқындығын, жауыздығын, адам өлтіруге құмарлығын
айғақтармен келтіреді. ...Шапырашты қолы да сол бес қаланы қаратып, ханының құнын да, өшін де алған. Шапырашты батырдың алғаш тауарихқа түсуі осыдан басталған. Əсіресе оның атын шығарған ерлігі: жау еліне сыпыра тимеген, оның тархандарын, сақмандарын, ұғырыштарын, жууларын қатты жазалаған. Өйткені Түнікті Абыл, Азық еліне айдап салып, ұйғыр басқыншыларын қыт-қыттаған да қытайлар болғандүр»150. Осы жердегі «ұйғыр басқыншыларын қыт-қыттаған да қытайлар» жайындағы хабар уақыт тұрғысынан шындыққа келе қоймайтындай. Өйткені Ұйғыр қағанаты 744 жылы Моңғолия далаларында пайда болды. Одан бөлінген қарлұқтар 746 жылы Жетісуға қоныс аударып келді. Мұнда түргештер билік құрып тұрған, бірақ олар қарлұқтарға қарсы тұра алмады. 766 жылдан Жетісуды қарлұқтар биледі151. Осынау ғылыми баянға сенсек, тап сол VIII ғасырдың орта шамасында ұйғырлардың қазақтарға (дұрысында, болашақ қазақ халқының құрамына кірген тайпаға) шабуыл жасады деген деректің қисынсыздығын мойындауға мəжбүр боламыз. Жалпы, шежіренің тарихи шындығы мұқият зерттеуді қажет ететіні түсінікті, оны Қазыбек бек мəтінінің басқа тұстары туралы да айтуға болады. Мəселен, Жетісуға нақты қожайындығын жүргізіп тұрған қағанат пен оның билеушілері туралы еш дерек берілмей, ата ерлігін төмендегідей түрде қаузаушылық та қосымша ғылыми дəлелді зерттеу жүргізуді қажет етеді... «Шапыраштының тағы бір ел аузынан түспейтін ерлігі: Семізкентке соқақтар – парсылар шабуыл жасағанда, қызылбастарды тас-талқан етіп, Семізкентті қорғап, халқын аман алып қалған. Əрине, Шапырашты батыр атану үшін, бүкіл исі қазаққа аты қалуы үшін, бұл ерліктер аз болар, сондықтан заманында атамыз талай шабуылға қатысқаны сөзсіз. Əсіресе одан қалған, бүгінге дейін айта жүретін жауынгерлік – Шапырашты қолынан жалдамалы батырлар қолы түзілген. Олар қай түркі 150Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 812–813-бб. 151Қазақстан тарихы. 1-т. – Алматы, 2010. -416-б.
елін жау шапты десе, ілкім əзір тұрған-ды. Бұл – олардың айнымас жорығы болған. Ұйғырлармен Сапы-Саты көлі желкесінде болған соғыстың белгісі ретінде қазақтар сол зор соғыс болып, қазақ жау түсірген жер бүгінге дейін Шапырашты сайы аталып келеді. Ал Шапырашты ол соғысқа Барсыған көлі жағынан келген деседі»152. Қазыбек бек шежіресінен байқалатын айқын жəйт сол – болашақ үлкен рудың түп атасына, бастауына айналған адамның дұшпанға қарсы шайқасқан атақты батыр, қолбасы болғандығы.
- Жоғарыдағы тарауларда айтқанымыздай, Шапыраштының шығу тегі жайындағы əңгімені, оның өз атауы көне дереккөздерінде кездеспейтіндіктен, Үйсін тарихы жөніндегі əңгімемен бір қарастыру жөн деп білдік. Тап сол сияқты, Үйсін жайлы əңгімені, əсіресе ол (көне усун – усунь – үйсін) мемлекеттілігі ыдырап, дербес бірлестік ретінде тарих сахнасынан кеткендіктен, оны одан бергі түрлі түркі бірлестіктерімен байланыстыра тарату лəзім. Ал түркі əлемі – кейінірек тарихи сахнаға қазақ халқының дербес мемлекеттігін бөліп шығарған орта. Демек, Шапырашты руының өзге де түркі ру-тайпалары қатарында баршасына ортақ тағдыр кешкені күмəнсіз. Ендеше, осы орайдағы (Шапырашты руының шығу, даму тарихын жаңғыртудағы) біздің міндетіміз жалпы қазақ тарихы мəселелерімен үндес болып келетіні мүлдем түсінікті жəйт болса керек. Ежелгі жəне орта ғасырлардағы қазақ халқының қалыптасу тарихынан белгілі бір жүйелілік іздестіре келе, ғалым Т.Омарбеков осы дəуірлердегі этностық тарихты жалпылама бес кезеңге бөледі. Оның тұжырымдауынша, бұл бөліністің мынандай болғаны дұрыс: 1-кезең біздің дəуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтан біздің дəуіріміздің VI ғасырының ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Бұл 152Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме дейін. - Алматы, 2008. – 813-б.
кезеңді автор арғытүріктер (прототүріктер) дəуірі деп атаған (демек, біз Қазыбек бек шежіресін алға тарта отырып қарастырған Шапыраштының шығу тарихы негізінен арғытүріктер (прототүріктер) дəуірімен тұспа-тұс келеді); 2-кезең VІ ғасырдың орта шенінен ІХ ғасырдың орталарына дейін созылады. Бұл – түркілік кезең (түрік Дулулардың, Телелер одағының, Сіренда бірлестігінің жəне қағанаттар құрылымындағы рулық-тайпалық бірлестіктердің өмір сүрген уақыты); 3-кезең – ІХ ғасырдың орта шенінен ХІІІ ғасырдың басына дейінгі мерзім. Бұл шақ – Қыпшақ, Найман, Дулат, Алшын, Керей, Қаңлы, Қоңырат, Жалайыр, Арғу жəне т.б. тарихи этнонимдердің елге кеңінен танылуы орын алған заман. Оны автор арғы қазақтар (протоқазақтар) кезеңі деп атайды. Шапыраштының шежірелік сахнаға шығуы қазақтың осы түркілік жəне арғы қазақтар (протоқазақтар) кезеңдерінде орын алған сыңайлы; 4-кезең – ХІІІ ғасырдың орталарынан ХV ғасырдың соңына дейінгі уақытты алады. Түргеш Алаш шор ұлысы – Үш сан Алаш мыңы – Алты сан Алаш – Он сан Алаш осы уақыттардың туындысы. Бұлардан автор Алаш қауымдастығының қалыптасу кезеңін көреді; 5-кезеңде – ХV ғасырдың ортасынан ХVІІІ ғасырдың басына дейін – автор қазақ халқын құраған қырықтан астам тайпаның «Он сан Алаш» төңірегіне бас біріктіруі жүзеге асты деп санайды. Содан да ол бұл уақытты Қазақ қауымдастығының қалыптасуына кеткен уақыт деп есептейді153. Сонымен, мұнда автор арғытүріктер деп атаған біздің дəуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтан біздің дəуіріміздің VI ғасырының ортасына дейінгі уақытты қамтыған кезеңдегі Үйсін мемлекеті жайында алғашқы тарауларда əңгіме етілді. Одан кейінгі түркілік кезең деп аталған VІ ғасырдың орта ше¬нінен ІХ ғасырдың орталарына дейінгі түркі қағандығы (552–745)154, батыс түркі қағандығы (603–704)155, түркеш 153Егемен Қазақстан, 29.12.2010. 154Жетісу. Энциклопедия. – Алматы, 2004. -592–593-бб.; Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 8-том. – Алматы, 2006. -597-б. 155Батыс түрік қағанаты// Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 8-том. – Алматы, 2006. -199–200-бб.
(түргеш) қағандығы (704–766)156 дəуірі тұсында да, тіпті автор арғы қазақтар (протоқазақтар) кезеңі деп атаған ІХ ғасырдың орта шенінен ХІІІ ғасырдың басына дейінгі мерзімде де Үйсін бірлестігі мен оның Шапырашты тармағы жеке сөз бола бермейтінін түсінуге болады. (Шапырашты тармағының осы кезеңді қамтитын мерзімдегі шежірелік тарихын төменіректе беруге тырысармыз). Өткен жолымыздағы осындай «тарихи сатыларды айналып өте алмаймыз» деген сеніммен, қазақ тарихын жоғарыда келтірілген кезеңдерге бөліп шығып, зерттеуші-ғалым: «Біздің ойымызша, өзара тарихи сабақтастықпен жалғасқан осындай үлкен кезеңдердің этникалық байланысы түркі тілдес тайпалық бірлестіктерді халық болып қалыптасуға алып келді, – деп пайымдайды. – Əрине, бұл аталған тарихи кезеңдердің əрқайсысының қалыптасқан саяси-əлеуметтік үрдістерге байланысты өзіндік ерекшеліктері жəне жанжақты талдауды, тереңдете зерттеуді қажет ететін жақтары мен тұстары аз емес, – дейді ол одан əрі. – Қазіргі тарих ғылымы біздің ойымызша, осындай мəселеге баса мəн беруі керек». Бұл пікірлермен негізінен келісе отырып, кейбір ретте бірер ескертпе жасай кетпей болмайтын сияқты. Дегенмен, оған дейін мына жəйтті ауызға ала кетелік... Жалпы шежіреде, оның ішінде біз өзіміздің қарастырып отырған тақырыбымызға бірден-бір қатысты болғандықтан да көбірек назар аударуды жөн көрген Қазыбек бек шежіресінде əңгімеші ата таратуда біздің заманымыздан бұрынғы заманаларға тереңдесе де, ұзақ уақыттық тізбек буындарында этностық түрленулердің ғылым атайтын сатыларының нышандарын да сездірмейді. Шежіре үшін бəрі бір қазақ тұқымдары. VІІІ ғасыр ғылыми тарих бойынша түркілік кезеңге – түрлі одақтар мен қағанаттар құрылымдарындағы рулық-тайпалық бірлестіктердің өмір сүрген уақытына жатады. Шапырашты руы осы кезеңде 156Жетісу. Энциклопедия. – Алматы, 2004. -591–592-бб.; Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 8-том. – Алматы, 2006. -569–570-бб.
бастау алады, бірақ шежіреде оның қай құрылымға жататыны аса айқын емес. 20. VIII ғасырда өмір сүрген Шапыраштының, Матай– Қазыбек бек шежіресі бойынша, – төрт баласы болған. Олардың есімдері – Ыстық, Қыстық, Абақ, Саяқ. Ал «қазіргі Шапырашты атын алып, бөрілі байрақ астына шоғылып ту көтеретіндер – бір ғана ұл Ыстық тұқымы»157. Бұл кезде Жетісу Батыс түркі қағанатына қарайтын. Қағанат ежелгі үйсін жерлерін – Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі аумақты алып жатты. Орталығы – қағанаттың астанасы жəне қағанның қысқы ордасы – Жетісудағы Шу аңғарына салынған Суяб қаласы еді. Экономикасы көшпенді мал шаруашылығы мен отырықшыжер өңдеушілік кəсіпке негізделді. Қалаларда тұратын соғды жəне түркі халықтары саудамен де, қолөнермен де, егінші-дихандықпен де шұғылданды. Қала мен дала қағанаттың біртұтас шаруашылық-саяси организмінің бірін-бірі толықтырып тұратын жəне өзара байланысқа мұқтаж бөліктері болды. Ішкі-сыртқы сауда айырбасы ақша айналымының пайда болуына əкелді. Бұл айналысқа шығыс қағанат түркілері де, өзге елдер де тартылды. Батыс түркі қағанатының басшысы шығыс түркі қағанына тəуелді деп саналатын. Шығыстық қаған батыстағы əріптесінің таққа отыруына өз келісімін беретін, бермей де қоюы мүмкін делінетін. Бірақ, іс жүзінде шығыс түркі қағанаты батыс қағанатына талай рет бағыныштылық жағдайда болды. Батыстүркілік қаған мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатына басшылық еткен. Рубасыларын тағайындау да қаған құзырындағы міндет болған. Ол тек жоғарғы əмірші ғана емес, сонымен қатар, қағанаттың барлық жерін меншіктеген қожайын да болған тəрізді. Дəулетінің осал болмағанын сол заманғы жазбалардан 157Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. –813-б.
аңдауға болады. Мəселен, қаған мен оның маңындағылардың байлығы хақында Батыс түрік қағанатының билеушісі Ябғуқағанның ордасына келіп қайтқан будда монахы Сюань Цзаньның жазғандары (VII ғ.) едəуір қызықты мағлұмат береді. (Мұны зерттеуші Ю.Зуев «Суяб туралы қытай хабарлары» деген мақаласында келтірген). Саяхатшы монах қағанды аң аулап жүргенінде кездестірген екен. Сонда ол аңшылардың киген киімдерінің сəн-салтанатына таң-тамаша қалады: «Қаған жасыл жібектен тігілген шапан киген. Оның қасына екі жүзден астам тарқан еріп жүр, олардың үстінде – зерлі матадан тігілген шапан, шаштарын бұрымдап өріп қойған. Қалған жауынгерлері аң терісімен астарланған киімдер мен жұмсақ бөріктер киген, қолдарына айбалта, садақ пен жалаулар ұстаған. Мінген аттары ғажап, шетінен сəйгүлік. Түйе мен ат мініп келе жатқан адамдардың көптігі сонша, бəрін қамтуға көзің жетпейді». Ал қағанның киіз үйінің барша бөлшегінің алтынмен апталып, безендірілуінің ғажаптығы соншалық, самсаған сары алтын қараған адамның көзін бұлдыратып жібереді158. Жетісу жеріндегі батыс-түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі лауазымы биік екінші адамды «ұлық» деген. Одан төменгі ябғу, шад жəне елтебер деп аталатын жоғарғы лауазымдарды қаған руының адамдары иеленген. Оларды қаған вассал тайпаларды басқаруға қойған. Бұрықтар мен тарқандар сот функцияларын атқарды. Ал ру-тайпалардың рубасылары мен көрнекті өкілдеріне бек лауазымы берілді. Олар жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған. Солармен қатар, қағанатта тағы үй-қаған деген лауазым болды. Оның дəрежесі дерек көздерінде ябғудан төмен деп сипатталады. Сондай-ақ, бір шаңырақта тұратын бір атадан тараған көп адам да өздерінің үлкен отағасын үй-қаған, яғни түркі қауымының түсінігінде – үйдің, əулеттің қағаны деп аталған. Қалың бұқараны, яғни қара халықты мал өсіретін ерікті 158Зуев Ю. А. Китайские известия о Суябе//«Известия АН КазССР, серия истор., археол. и этногр.», выпуск 3. – Алма-Ата, 1960. – 88-б..
ұсақ қауым мүшелері құраған. Олар əлеуметтік тұрғыдан қарағанда ақсүйектерге жəне оларға бағыныштылардан тұрған. Бағынышты тайпалар мен қатардағы көшпенді көпшілікке жүктелген басты міндеттіліктердің бірі – «қан салығы» деп аталған əскери борыш болғаны мəлім. Бұл борыштылық бойынша, вассал тайпалардың барлық еркек кіндікті жауынгерлері жоғарғы билікке ие тайпа (сюзерентайпа) армиясының құрамына кіреді. Соғыстың негізгі ауыртпалығы, демек, ең көп адам шығыны осы бағынышты тайпалардың мойнына түскен ді. Бұл тайпаларды кейде «арнайы шақырылған бөгделер (гостевые)» деп атаған, сондықтан да оларды соғыс операциялары кезінде «найзалар» ретінде пайдаланған, яғни авангардқа, ылғи алғы шепке шығарып отырған. Бұл əдет қағанат ауқымында жаппай таралған екен. Ал алым-салық төлеу, əрине, бағыныштылықтың басты белгісі-тін. Оның үстіне, қағанатта «құл» деген топ қалыптасты. Оған соғыста бағындырылған тайпалар мен тұтқынға алынғандар кірді. Айта кету керек, ежелгі түркілер «құл» деген терминді бүгінгі ұғымда қолданған жоқ. Ол заманда сюзерен-тайпаға мал терісі, аң терісі жəне басқа да мүліктер түрінде салық төлеп тұратын вассал-тайпаларды «құл-тайпалар», «құлдар» деп білген. Түркілердің көрші тайпаларды шабудағы мақсаттарының бірі құл алу болған. Əрі, көбінесе, кішкентай ер жəне қыз балаларды ұстап алуға тырысқан. Мысалы, түркілік Баһадүр-қағанның 620 жылғы бір жорықта бірнеше мың қызбаланы тұтқындағаны белгілі. Қытайлық автор Ма Чан-шоудың «Түркілер жəне Түркі қағанаты» деген еңбегінде жорық кезінде қолға түсірілген ербалалар мен қызбалалардың, асыл тастар мен жібек маталардың қаған меншігіне өтетіні айтылған. Тағы бір қытай авторы түркі Білге-қағанның басмылдарды қалай жеңгенін баяндай отырып, басмылдардың балалары мен қыздарын тұтқынға түсіріп алып қайтқанын хабарлайды.
Дереккөздерден мұндай мəліметтерді жиі кезіктіруге болады. Тұтқын балаларды үлкен отбастары көп қауымда əдетте бала қылып асырап алған да, шаруашылыққа пайдаланған. Бұдан үйде, отбасында құлдық еңбек қолданылғаны байқалады. Қағанатта, əрине, құлдықтың басқа түрлері де жетерліктін, айталық, қолөнершілер, қала салушылар, басқа да кəсіпшілер қатарында құлдар да жиі еңбек ететін. Білге-қаған ескерткішінің мəтініндегі бектерге жəне халыққа арналған үндеуде: «... менің шын жүректен шыққан сөзімді сендер (бəрің) осы (ескерткішке) қарай тұрып, он жебе ұлдарына жəне олардың таттарына жеткізіңдер!»159, деген жолдар бар. Ежелгі түркі жазуларын терең зерттеген С.Кляшторныйдың пайымына жүгінсек, мұнда таттар деп Жетісу аумағындағы батыс қағанат түркілеріне тəуелді отырықшы қоныстар мен қалалардың соғды тілдес тұрғындары айтылатын болуы керек. Олар түркі қағандарына бағынышты жағдайда, саудамен де, ауыл шаруашылығымен де шұғылданған болатын. Осынау Жетісу жері кіретін батыс-түркілік мемлекеттің ішінде əлеуметтік-экономикалық жəне саяси қатынастар алақұла болды. Тайпалар арасындағы, билеуші топтар ішіндегі үстемдік ету жəне бағынышты болу түрлері де сан-алуан сипатта еді. осы жағдаяттар қағанаттағы өзара тартыстарды үдетті. Оның үстіне, қытай императорлық əулеті Жетісуда өз гегемониясын орнатуға тырысып, əлсін-əлсін əскери-саяси акциялар жүргізіп тұрды. Осының бəрі қосыла келе, елдегі қаған билігінің əлсіреуіне соқты. Тіпті бірте-бірте, қағанның билеуші, əмірші ретінде тек аты ғана қалды. Деректерге қарағанда, осындай ахуалдағы елді «Он жебе» бірлестігінің құрамына кірген тайпалар қағанат атынан емес, өз беттерінше дербес қимылдауды жиілетті. Қағанат əміршісінің туын емес, жиі-жиі өз туын көтеріп, қилы ісəрекет жасап жүрді. Мəселен, VII ғасырдың соңында қағанат 159Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. – Москва, 1964. – 122-б.
тағына отырған Ашина шығыста қытай əскеріне қарсылық көрсетуді бастап жүрген кезде, азғыр Нұзұқ-Еркін, түргеш Чықан жəне ұлық-оқ тайпасының басшысы Жетісудың өз ішінде қағанат бекіністерінің бірін қоршауға алу ісін ұйымдастырған. Бұдан кейін Хусэло қаған, аймақтың халқын тыныштандыру үшін, түркілерден армия құрған. Алайда ол жорыққа əзірленіп жатқан кезде-ақ қашып кетуге мəжбүр болады. Өйткені сол шақта қағанатта қуатты жаңа күш пайда болған-ды. Бұл күш – лауазымы Баға-тархан (мөге-даған) деп аталатын Үшлік (Учжилэ) бастаған түргештер еді. Түргештердің күш алуы күтпеген жағдай емес-тін. Саны көп түргештер VI ғасырдың өзінде-ақ қағанаттың сол қанатында, Шу-Іле өзенаралығындағы үлкен аумақты алып жатқан-ды. Хусэло ханды жеңгенге дейін Үшлік өз жерінде əрқайсысына 7 мың адамнан кіретін 20 түтіктік құрғанды. Олар Жетісудағы керуен жолдарының көп бөлігін бақылауында ұстайтын. Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе берді. Олардың қоластына кірген тайпалар саны да көбейді. Ақыры, Үшлік Шу өзенінің солтүстік-батысындағы өз ордасын Суябқа көшіріп, Үлкен орда деп атады. Ал оның Кіші ордасы Іле өзені аңғарында, сонда тұратын күнгіт тайпасымен аттас Күнгіт қаласында болды. Махмұд Қашқаридың жазуына қарағанда, күнгіттер бұл жерді ХІ жүзжылдықта да мекендеген. Өлкеде үстемдікке ие болу жолындағы күрес барысында Іле түргештері шығыс түркілерімен əскери одақ құрды. ІІІу түргештері (сары-түргештер) өздерінің бəсекелестері болып табылатын қара-түргештерден қатты жеңіліске ұшырап, гегемондыққа жеткен қара-түргештер өз ордасын Таласқа көшірді. Бірлестіктегі шапыш (чэбиши) тайпасының өкілі Сұлұқты (Сұлу) қаған тағына көтерді. Сол шақта Түргеш қағанаты əлеуметтік өзгерістерді бастан кешкен. «Жаңа Тань тарихы» («Синь Таншу») көрсеткендей, бұл кезде ақсүйектердің шығын-шығыстары күн сайын арта түсті. Ал жиналған қор болмады. Соған байланысты қаған кейінгі жылдары елеулі тапшылық
сезінді де, шапқыншылықтарда тонап əкелінген олжаны бөліске салмай, біртіндеп өзінде қалдырды. Сонда оның бағыныштылары да одан бөлініп кете бастады. Осындай ахуалда туған дау-жанжал, кикілжіңдер қара-түргештер мен сары-түргештердің басқарушы топтары арасындағы күреске ұласты. Сұлық-қаған дүние салысымен (738 ж.) бұл күрес мүлдем қатты шиеленісті. «Синь Таншу» Түргеш қағанатында сары рулар (сары-түргеш) деп аталатын Сөгенің (Сақалдың) ұрпақтары мен қара рулар (қара-түргеш) деп аталатын Сұлу (Сұлұқ) ұлысы бірімен-бірі жауласқанын, біріне-бірі сенбегенін айтады. Жауласу мен сенбеушілік соңы қағанатты ордаларын Талас жəне Суябта ұмтаған қара-түргештер мен сары-түргештер иеліктеріне бөлінуге апарды. Алайда VIII ғасырдың 40-жылдарынан бастап бұл бөлініс те іс жүзінде сақталмады. Аталған «Жаңа Тань тарихы» шежіресінде, сондай-ақ, осы кикілжіңдердің орын алу себебі хақынан сыр беретіндей деректер келтірілген. Мəселен, түргеш шонжары шүмекен Бекан-Күлүг-шора (Фу-Янь-Цюэлю-чо) жазған бір хатта: «Біз ен жазирада, біріне-бірі тарпа бас салып, шабуыл жасап, кескілесіп жататын, толқып тұру қанына сіңген елде тудық», – деген жолдар бар. Көшпенді тайпалардың бытыраңқы болуының бір себебі, бəлкім, сонда да шығар, қалай болғанда да, олар қытай шабуылына 751 жылы тек сыртқы күштердің көмегімен ғана тойтарыс бере алды. Ал 756 жылы олардың қағанаты түркі тілді қарлұқ тайпасының тегеурініне шыдамай, құлады160. Бұл айтылғандардың бəрі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың негізгі мекендеушілері үйсін бірлестігі тайпаларының, соның ішінде шапыраштылардың да қатысуымен өткеніне күмəн болмаса керек, тек, ол заманда жетекші рөл аталған жауынгер тайпаларға тиген... Қазыбек бектің естелік жазбаларынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірінде бірі өшіп, енді бірі дамып жатқан 160История Казахской ССР. 1-т. – Алма-Ата, 1977. – 328–334-бб.; История Казахстана. 1-т. – Алматы, 2010. – 300–304-бб.
ертедегі ортағасырлық мемлекеттер жайынан жоғарыда келтірілген ғылыми тарих деректерін айқын ажыратып аңғару қиын. Бірақ онда қазақтың бір тайпасының ежелгі заманнан үзілмей жалғанып келе жатқан ұрпақтық шежіресі бар. Соған қарағанда, өзге түркі тайпалары қатарында үйсіншапыраштылардың да Жетісудағы əр кезеңде əртүрлі аталып бірін-бірі алмастырып жатқан мемлекеттік бірлестіктердің құрамында жүргені анық. Шежіреші өзінің біз көбірек көңіл бөліп қарастырып келе жатқан жазбаларында
Шапырашты-Ыстықтың қонысы Барсыған көлі болғанын айтады. Барсыған көлінің кейін Ыстық аталуын сол Үйсін-Шапыраштының үлкен ұлы Ыстықтың ныспысымен байланыстырады. Əуелде Шапыраштының үлкен баласы қоныстанған өңір Ыстық жайлауы, Ыстық қыстауы деп аталып жүрсе керек. Барабара, Барсыған көлін де Ыстық көлі деп атай бастаған көрінеді. «Ыстық көл жағасында Ыстық ата аталатын бұрын арасан да болатын. Қазіргі шабыншылық заманда, енді онда қырғыздар кияулап, арыстаған заманда ондай есімнің қалған-қалмағанын білмедім», – дейді Қазыбек бек161. Қырғыздардың Ыстықкөл жағалауларында, жалпы Тян-Шяньда Х ғасырдан бастап мекендегені мəлім162. Cол себепті, шежіреші Қазыбек бек жазбаларын қағазға түсіріп отырған ХVIII ғасырда көп атаудың бұрынғы қалпын сақтамауы бек мүмкін екені түсінікті ғой. Ол Ыстық пен одан тараған балалар жайын əңгімелемес бұрын оның үш бауыры хақында сөз қозғағанды жөн деп табады. «Мұны мен айтпасам, басқа ешкім де айта алмайды жəне оқиғаның қалай болғанын, бұл оқиғаның Ыстық көлге қырғыздардың қалай қоныс тебуіне де қатысы бар екенін жұрт та, тауарихтың тамырын басушылар да біле алмақ емес. Өйткені бұл – өте нəзік, туысқандықпен астасып жатқан жай», – дейді шежіреші. Осы жерде Шəкəрімнің: «Біздің қазақтың нəсілі қырғыздан», – ескертпесін еске ала кету жөн тəрізді. Ол 161Шапырашты//Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -813-б. 162Қазақ Совет энциклопедиясы. 7-т. – Алматы, 1975. 111-б.
өзінің əйгілі шежіресінде қырғыздардың Енисей өзенінде тұрғанын, Үйсіннің сол тұқымнан екенін жазған163. Шынында да, Қазыбек бек заманындағы Шапыраштылар жалғыз Ыстық ұрпағы болса, басқасы – жоғарыда аталған үш ұл (Қыстық, Абақ, Саяқ) ұрпақтары қайда жүр екен деген сауалдың туындарына дау жоқ. Əлде олар да қилы шапқыншылық заманының құрбаны болып кете барды ма екен? Бұл сауалға Қазыбек бек жоқ деп келте жауап қайыруға болатынын ескертеді. Сосын төмендегі жағдаяттарды баян қылады... Шапыраштының Қыстық есімді екінші баласын «Үйсіннің тауарихқа мəлім биі Елсаудың Албан деген немересінің тұқымы, яки Шапыраштының қайын атасы Қас деген кісі асырап алыпты». Өйткені Шапыраштының тоқалы Күнім жастай дүние салған екен. Сонда қайын атасы: «Қызымның көзіндей көріп жүрейін, маған осы ұлынды қи», – деп сұраған көрінеді. Атасының көңілін қимағандықтан, Шапырашты оған баласы Қыстықты беріпті. Сөйтіп, біраз уақыт өте келе, Қыстықтан тараған тұқым өзінің Қастың баласы емес, жиені екенін, Қыстықтың əкесі Қас емес, Шапырашты екенін білсе керек. Білген. Бірақ өздерін «Қас баласымыз», «Қастың əкесі Албан (Елсау немересі)» деп жүре береді. Ол да кезінде қазіргі Шапыраштының үлкен баласы, Қыстықтың ағасы Ыстық тұқымы сияқты көп ел болған тəрізді. Содан бір соғыс Қас елінің үстінен өтеді де, қыстықтарды тым күйзелтіп жібереді. Олар сол соғыс салдарынан тым азайып қалған екен. Кейін, арада 900–1000 жыл өткен соң, Қастың тұқымы есептелетін жұрт Бəйдібектің немересі Албанға келіп қосылған дейді шежіре. Осы екі Албанның арасында 900– 1000 жыл өткеніне қарамастан, «Албан немересіміз» деп кете берген. «Бір қызығы, – дейді Қазыбек бек, – бүгінгі Қыстықтардан осы жайды сұрай қалсаң, өздерінің Албанға жиен екенін айтады, оның үстіне бүгінгі Албанға он шақты атадан қосыла салады. Ал, шынында, асырап алған Қас деген 163Шəкəрім Құдайбердіұлы. Шығармалары. Екі томдық. ІІ том. – А.,2007. 136-б.
кісіден бері де егер не Шапырашты, не Дулат, не Албанмен (бүгінгі) есептесек, арасында 26–27 ата бар екен. Қыстықтың Ақ, Қара деген екі баласы болған, қазіргі Қыстық – осы екі ұл ұрпағы. ...Сонымен, Шапыраштының бір баласы Қыстық бүгінде Албан болып жүр. Мұны тауарих үшін жазбасқа болмайды». Шежіреші Шапыраштының Абақ есімді үшінші ұлының аты Ақсақалдан (Сақалдың Ақ деген ұлынан) тараған Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, Дулат сынды бірнеше рудың таңбасына (Қазыбек бек, неге екенін, «тамға» деп жазады) айналғанын айтады. Одан, Шапыраштының төртінші ұлы Саяқ жөніндегі əңгімесінде: «Абақ пен Саяқ біздің шешеміз Гүнəйімнен егіз туған, – деген сөздермен қызықты дерек айтады. – Біреуді біреу біліп болмайтын шабыншылықта, Үйсін тауында болған ұрыстың бірінде тоғыз жасар екі ұл да жоқ болып кеткен. Соғыс торғауыттармен, ойраттармен болған»164. Қызық дерек дейтініміз – Шапыраштының VIII ғасырда өмір сүргенін еске алсақ, ғылыми тарихтан ол заманда Жетісуды қарлұқтар мемлекетінің билеп тұрғанын біле аламыз. Жəне онда Жетісуға сол шақта моңғол тайпалары соғыс аша келді деген мəлімет кезікпейді165. Бəлкім, шежіреші басқа соғысты айтып отырған болар. Шежірешінің айтып отырғаны шынында да басқа соғыс жəне еліміздің ресми іргелі ғылыми тарихында тіркеле қоймаған жойқын соғыс болуға керек. Қазыбек бек оны шежіреге тəн ауқыммен: «Қазақ – Арыстан тараған бес ұлдың төртеуінің ұрпағы, Бек баласынан басқасы тегіс қатысқан қырғын болған», – деп бейнелейді. Шамамен сол қырғынның болған уақытын да меңзейді: «Шапыраштының кіші шешесі Қарашаштың ол кезде əлі бар шағы екен». Демек, аталмыш соғыс VIII ғасырдың соңында, əлде ІХ ғасырдың бас шағында Жетісу аумағы да кірген ортағасырлық мемлекеттер тұсында166 орын алған болар. 164 Шапырашты//Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -814-б. 165Ертедегі ортағасырлық мемлекеттер//Қазақстан тарихы. 1-т. – Алматы, 2010. – 296–346-бб. 166История Казахстана. Т.1. – Алматы, 2010. – 296–314-бб.
Уақыт жағынан қарағанда, аумағына Жетісу өлкесін қамти отырып бірін-бірі алмастырған Түркі қағанаты, Батыс түркі қағанаты, Түргеш қағанатынан кейін, билікке қарлұқтар келді. Олар əуелде Батыс Алтай мен Тарбағатай арасын мекендеген болатын. Қарлұқ бірлестігінің тайпалары VIII ғасырдың екінші жартысында түргештерді бағындырып, Жетісуға жеткен де, осында қоныстанған-ды. Сөйтіп, осы Жетісу өңірінде, қарлұқ бірлестігіне кірген тайпалар саяси тұрғыда бірігіп қалыптасты. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат-ат-түрік» атты еңбегіне қарағанда167, қарлұқтардың бірлестігіне түркі тілдес көшпенді жəне жартылай көшпенді түрлі тайпалар (тухси, шігіл, азкиши, халаж, шарух, аргу, барсхан) енген. Сыр бойына көшпей қалған оғыздардың кей топтары да Жетісу аумағында қалып, солардың ықпалында болды. Ұйғырлардың бір бөлігі мен түркіленген, түркілердің əдеттері мен ғұрыптарын игерген соғдылар да қарлұқ бірлестігін құрады. VIII–X ғасырларда қарлұқтар Қазақстан аумағында Жоңғар Алатауынан Сырдарияның ортаңғы ағысына дейінгі аумақта орналасты. Балқаш пен Ыстықкөл арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Тянь-Шань бөктерін, Іле, Шу, Талас өзендері аңғарларын, Тараздың шығыс жағын да (Құлан, Меркі қалаларын) мекендеді. Олардың шігіл тайпасы Ыстықкөл төңірегін, Ыстықкөл ойысын мекендеді. Бартольд Гардизидің: «Ыстықкөлдің айналасына түгел жікілдер орныққан», – деген мағлұматын келтіреді168. Жікіл де қарлұқ бірлестігінің бір тайпасы. Ибн Хаукаль өзінің «Китаб əл-масалик ва-л-мамалик» деген еңбегінде қарлұқтардың жерімен батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн бойы жол үстінде болғанын, ал Əбу Дулаф 25 күн жүргенін жазған169. Байқалып тұрғандай, құрлұқтар конфедерациясы алып жатқан аумақ жеткілікті дəрежеде үлкен болған. ҮйсінШапырашты тайпалары қарлұқтардың Жетісуда орнатқан 167Махмуд Кашгарский. Диван лугат ат-турк. Т. І. – 330-б. 168Бартольд В.В. Сочинения, VIII т. – 51-б. 169История Казахской ССР. Т.1. – 342-б.
саяси құрылымында елеулі орын алмаған болуы мүмкін, бірақ, Қазыбек бектің жазбаларына қарағанда, сол шақтағы ірі оқиғалар оларды да айналып өтпеген. «Түп-тұқияннан өзіме шейін» жазбасының авторы əңгімелейтін географиялық аумақтың кеңдігі де ойландырады. Шежіреге қарағанда, əлгі «жойқын соғыста» Шапыраштының кіші шешесі Қарашаш «баққан балаларынан айырылып қалып» қолға түседі. Содан «кемпір екі күннен кейін Ертіс бəнəгітінің арғы бетінен қашып келген». Бұл жерде «Ертіс бəнəгітінің арғы бетінен» деген тіркестегі дегенді «бəнəгіт» – «өзен» ұғымын беретін тəрізді. Бəлкім, дұрыс мағынасы басқа да шығар. Қалай болғанда да, «... жасы келген əйел ешкімге керексіз де болған болар», жау арасынан аман-есен сытылып кетеді. Содан «...əйтеуір, Ошақтының, Жауатардың балалары аман қалған»170. Жазбада басқалай аңдатар дерек жоқ болғандықтан, онда айтылған «жойқын соғыстың» қай соғыс екенін шамалау қиындау. Жалпы, қарлұқтардың билеушілерге алғаш қарсы шығып, əскери жорықтар ұйымдастыруы VIII ғасырда, Моңғолияда құрылған Екінші Шығыс түркі қағанатына тəуелділігі кезінде басталды. 742 жылы Моңғолия далаларындағы саяси үстемдік қарлұқ, ұйғыр, басмыл тайпаларының қолына өтті. 714 жылы қарлұқтар мен ұйғырлар күштерін біпіктіріп, басмылдарды талқандады. 745 жылы түркі тілді тайпалардың жаңа мемлекеттік құрылымы ретінде Ұйғыр қағанаты шаңырақ көтерді. Қарлұқ билеушілері (ябғу, жабғу) дербестікке ұмтылды, нəтижесінде олар Ұйғыр қағанатынан бөлініп кетті171. Өзінің «Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі» атты еңбегінде Шəкəрім Құдайбердіұлы біз тілге тиек еткен мезгілге де тоқтала кеткен. Ол əуелі Селенгеде ұйғырлардың теле табы, түркілердің Меркіт, Уранхай, Топа деген елдері, Уранхайдың күнбатысы Гуман деген таудың сол жақ тұсында қырғыз болғанын айтады. «Осы айтылған халықтың сонда жүргені Ғайса пайғамбардан бұрынғы (яғни б.з.д. – Б.Қ.) 201 170Шапырашты//Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -814-б. 171История Казахской ССР. Т.1. –343– 344-бб.
жылдан 49 жылға шейін қырғыздың оң тұс-күнбатысында Қара Ертіске қарлық (қарлұқ – Б.Қ.) деген түріктер (түркілер – Б.Қ.) көшіп жүрді», – дей келе, одан əрі «Алтайдан шыққан түріктің ең соңғы шыққаны осы Шарыштың басқы бір тарауы Қарлық өзенінен» екенін айтып, қарлұқтардың бастапқы мекені қайда болғанынан мағлұмат береді. Түркі қағанаты, Шығыс жəне Батыс түркі қағанаттары мен олардың шекаралары, халықтары жөнінде өз заманындағы мүмкін болған дереккөздердің, ғылыми еңбектердің көбімен танысқан Шəкəрім былай дейді: «Түрік патшалығы əбден ұлғайып, екі бөлініп, күншығыс, күнбатыс атанғанда, жоғарғы Чуйскийден жоғарғы ел күншығыс түрік болып, онан төменгі теле нəсілі һəм мағолдың күнбатысындағы телелер күнбатыс түрік болып, олар бес аумақ дулу болып атанды. Бұлғария князьдығы осы дулу нəсілінен болады. Бұл теле, яки дулу деп атанған халықты Нəжиб Ғасымбек тилу деп жазады»172. Бұл жерде патшалықтың екіге бөлінуі өте ұлғайып кеткендігінен ғана еместігін еске сала кету жөн. Бұған əлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, көп жылдарға созылған мал індеті, жұт, ашаршылық нəубеттері жəне оның жекелеген аумақтарының табиғи түрде автономиялану үдерісін бастауы əсер етті. Сонымен бірге Суй дəуіріндегі (581–618) Қытайдың шапқыншылықтары да біртұтас қағанаттың бөлініп кетуіне ықпалын тигізді. (Шəкəрім шежіресінен келтірілген жоғарыдағы үзіктегі «Чуйский» деген атау сол Суй дəуіріндегі – Суйский – Қытай деген ұғымды береді). Ақыры, 603 жылы біртұтас түркі империясы дербес екі мемлекетке – Шығыс түркі қағанаты мен Батыс түркі қағанатына бөлінді173. Шəкəрім қысқаша былай шолады: «750 жыл маңында түрік өз ішінен бұзылғанда, ұйғыр менен қалған теле һəм қарлұқ бірігіп, түрікті жеңіп, ұйғыр биледі. Қытайлар ұйғыр хандығын Ху-ху деді. Жүз жылға жақындағанда олар да ішінен бөлініп, ұйғырды Енисейдегі қырғыздар шауып, 172 Шəкəрім. Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі//Шəкəрім Құдайбердіұлы. Шығармалары. Екі томдық. ІІ том. – Алматы, 2007. – 137-б. 173 Қазақ ССР тарихы. 1-том. -339-б.
ұйғырдың көбірегі қашып, Нянь-Шань тауының етегі һəм Тянь-Шань, яғни арғы үлкен Алатаудың күншығыс тұмсығына барды. Өзі аз ғана қырғыздар біржола билеп тұра алмай, Енисейге қайтты. Сол кезде қидан, яғни қытай күшейіп, татабиді алып, һəм сол тұстағы қытайдан да ел алып, Лауу деген хандық жасады. Лаууның мағынасы қытайша – «алыс», «шет» деген. Олардың хандығы 907-ден 1125 жылға шейін болды. Бұлардың алғашқы ханы Амбаған 924 жылы ұйғырдың хан қаласы Орхунға келді. Мұнымен жерлес түрік нəсілінен татарлар еді. Оның темірқазығында ұйғыр Баяген һəм мұңғұлдар бар еді. Мұның ішінде қара қытайға ең жақын көрші де һəм мықтысы да татар еді. Қара қытайлар қанша əскер жіберсе де, татарды қаратып ала алмады»174. Байқалып тұрғандай, мұнда шежіреші Енисейдегі қырғыз қағанатының Моңғолиядағы Ұйғыр қағанатын 840 жылы талқандағанын еске салады. Біз бұл бұл жолдардан Батыс түркі қағанатының құлап, Түргеш қағанатының құрылуы (VIII ғасырдың басы), Моңғолияда Ұйғыр қағанатының орнауы (VIII ғ.-дың ортасы – ІХ ғ.-дың ортасы), қырғыздардың ұйғыр мемлекетін талқандауы (ІХ ғ.-дың 40-ж.)175 сынды қазіргі ғылыми тарихқа жақсы мəлім мазасыз кезеңдердің Шəкəрім шежіресіндегі бейнелену түрін көреміз. Осындай аласапыран дəуірлерді Қазыбек бек мүлдем жалпылама айтып, негізінен назарын ұрпақ шежіресіне аударған тəрізді. Қарлұқтардың VIII ғасырдың орта шамасында Жетісуда құрған қағанаты Х ғасырдың 40-шы жылдарына дейін өмір сүрді. Əрине, олардың жүргізген соғыс қимылдарына жергілікті ру-тайпалардың да тартылғаны сөзсіз. Сондай соғыстардың бірінде болар, Қазыбек бек жазбасы бойынша, Шапыраштының кіші шешесі Қарашаш екі немересін қарап жүргенде оның келіні, Шапыраштының бəйбішесі Гүнəйім, шежірешінің сөзімен айтқанда, «біздің (Ыстықтың) шешеміз Гүнəйім соғыстың алдыңғы шебіңде екен. Ол кісі шашын төбесіне түйіп, шалбар киіп, майданның артын ала 174Шəкəрім Құдайбердіұлы. Шығармалары. Екі томдық. ІІ том. – Алматы, 2007. – 137-б. 175Қазақ ССР тарихы. 1-т. – 462-б.
Шапыраштыны сырттан көздеп жүреді екен. Егіз туған екі бірдей тоғыз жасқа келіп, ат жалын тартып мінген екі ұлы бірдей жоғалып кеткен соң, шешеміз соғысқа араласқанды қойыпты»176. Ата-бабасын таратып əңгімелеуді басты мақсаты еткендіктен шығар, Қазыбек бек, жоғарыда айтып өткеніміздей, VIII – ІХ ғасырлар шегінде орын алғандай секілденетін аталмыш соғыс жайына одан əрі тереңдемей, негізінен аталарына қатысты аңыздарды тізе береді. Шапыраштының егіз ұлының бірі Абақ сол кеткеннен жиырма жасқа толғанда бір-ақ табылыпты. Керей ішіндегі өз баласы болмаған Қарамойын Бақыр деген кісіге бала болып жүрген екен. Кейін елін тапқанда да, асырап алған əкесін кимай, сол елде қала беріпті. Бірақ өзінің аты Абақ екенін, түбінің Үйсін екенін ол жасырмаған көрінеді. «Абақтың түбі сарыүйсін, – дейді Шəкəрім, – оның тұқымы он екі ру абақ керей атанып кетті. Сол сарыүйсін Абақтың он екі баласы – жантекей, жəдік, жастабан, шұбарайғыр, шеруші, ителі, итемген, молқы, меркіт, сарбас, қарабас, көнсадақ»177. Бұл ІХ ғасырдың басы болуға керек. «Осы заманда (ХVIII ғасырда – Б.Қ.) Абақ тұқымы іргелі ел болып, 12 ата Абақ–Керей аталады», – дейді Үйсін-Шапырашты шежіресін таратушы Қазыбек бек. Оған дейінгі бір оқиғаны нақты уақытын көрсетіп атай кетеді: «Хижра жыл санауының жеті жүзінші жылдарында жасаған Меркіттердің Обас ұруынан шыкқан Дайыр батырды Дойырүйсін атандыруы да сондықтан. Дайыр батыр заманында ел билеген, бүкіл Абақ Керейді көшіріп-қондыратын мықты адам болды. Тауарихтың сол бір шатасып жатқан шағындағы Шыңғысқа қызы Құлаңды берген Меркіт-Охыз батыры Керімнің де Ерүйсін атануы осыдан болатын»178. Шыңғысханның атақты «төрт күлігінен» кейін туған 176Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -814-б. 177Керей//Шəкəрім Құдайбердіұлы. Шығармалары. Екі томдық. ІІ том. – Алматы, 2007. – 161-б. 178Шапырашты//Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -815-б.
Құлқан есімді бесінші ұлының шешесі Құлан-хатун Меркіт тайпасы көсемінің қызы болғанын көне дерек көздерін мұқият зерттеген тарихшы Тұрсын Сұлтанов та жазады179. Қазыбек бек шежіреші Абақ тұқымының бүгінде Шапырашты атанбай-ақ Керей ағайындарының, Меркіттің ішіне сіңіп кеткенін айтады. Ал Шəкəрім өз шежіресінде «Орта жүздегі керейлер – керейіттің бір ғана ашамайлысының екі баласы Сибаң Қараби дегеннің нəсілі һəм Қарабидің қызын алған сарыүйсін Абақтың нəсілі» екенін нығарлай кетеді180. Бұл жəйт руға бөлінудің уақыт өте келе мүлдем шартты сипат алып кеткенін дəлелдесе керек. «Түп-тұқиянның» авторы жоғалған егіздің екінші сыңары Саяқтың та табылғанынан хабардар етеді. «Саяқ тұқымының мықтылығы – өскен жерінен ата қонысына аударылуы. Саяқ ағасы Ыстықты аузынан тастамайды екен. Қайда жүрсе де айтьш жүреді екен. Əкесінің Шапырашты екенін де, Арыс – Үйсін – Абыл тұқымы екенін де айқын білгенге ұқсайды. Ол Алтай сыртындағы қырғыздарға сіңеді»181. Ғылымда Саян–Алтай, Ертіс алқабы, Шығыс Тянь-Шань өңірін VI –X ғасырларда түркі қағанаттары, көшпенді тайпалар бірлестіктері дəуірінде мекендеген түркі тілдес тайпалардың біразы негізінде қырғыз этносы қалыптасты деп есептеледі182. Демек олардың өз тайпаластары арасынан кетіп, Алтай жақтағы өмір салты ұқсас көшпенділер арасына сіңіп кетуі мүлдем түсінікті құбылыс. Əйтсе де, аңыз бойынша – Саяқ жүрген жерінде «Алатауды, Үйсін тауын мақтай береді екен». Бірде сағыныш тұнған үнмен: «Қысы қыс, жазы жаз, көктемі көсілген, күзі есілген Жеті Алатауға жететін жер бар ма?!» – дегенін естіп, қырғыздар танданып қалғанда: «Қыздары көркем көрікті, Орманы қорыс көдікті, Арасынан көдіктің Елік пен марал өтіпті», – депті де, көзінің жасын бір сығып, тұра жөнеліпті... Сол Саяқ тұқымы 179Султанов Т. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. – Астана, 2006. -22-б. 180Керей//Шəкəрім Құдайбердіұлы. Шығармалары. Екі томдық. ІІ том. – Алматы, 2007. – 161-б. 181Шапырашты//Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -815–816-бб. 182Қырғыз//Қазақ Совет энциклопедиясы. 7-т. – 107-б.
бір қауым ел болып, қазіргі Саян тауын мекендеген екен. Əрі Саяқ сол елді билеген көрінеді. «Тау да ол кезде Саяқ аталған. Тауды Саян атап кеткен де мұрнынан сөйлейтін қара қытайлар болған», – делінеді Қазыбек бек шежіресінде. Сонымен, Саяқ тұқымы өздеріне өздері келгенде, атасынан қалған өсиетті еске алып, Алатауға көшпек болады. Қазыбек бек жазбасын «өрнектеп отырған хижраның 1154-жылынан 796 жыл бұрын» сол Саяқ тұқымы тегіс Жетісу жаққа көшіп, Шу, Талас бойына орналасқан екен. Саяқтардың артынан іле-шала Бағыштар да қоныс аудара көшіп келген көрінеді. Ол кезде Бағыштар Шоң, Сары деген екі рудан тұрса керек. Қырғыздар, шежіре деректері бойынша, 40 тайпа, сондықтан да оларды «қырық рулы ел» деп те атаған. Қазыбек бек атаған есімдерді олардың ішіндегі Саяқ, Шекир Саяқ, Сарыбағыш, Бағыш, Қара Бағыш, Шоңбағыш этнонимдері еске салады183. «Əрине, себеп бір ғана Саяқ тұқымының туысқан іздеп көшуі емес болар, – дейді Қазыбек бек, – сол бір жылдары қырғыздардың да қытайдан мазасы кеткен. Əсіресе қидан (қытай) əулеті Саяқты шауып, зор қырғыз мəмлəкатын тоздырып жіберген»184. Бұл жерде, аңғарғанымыздай, Қазыбек бек сынды ХVIII ғасыр авторы Саяқты шапқан «қидан (қытай) əулеті» деп, қидан мен қытайды бір «əулет», тайпа, халық ретінде атайды. ХХ ғасыр авторы Шəкəрім де солай дейді185. Соған орай, қазіргі ғылыми тарихқа мəлім жəйттерге шолу жасай кетелік. Көшпенді қидандар Х ғасырда Орталық Азияның көптеген аймақтарында үстемдік еткен қытайларды талқандаған. Ортағасырлық шығыс дереккөздерінде қидандарды цидань, кыта, ката, хыта деп атаған. Олар қытай аумағын да басып алып, емін-еркін өктемдігін жүргізген. Олардың этностық тегі мен тілі жөнінде түрлі көзқарас бар. Зерттеушілердің бірқатары қиданды тұңғұс-моңғол тектес халыққа жатқызады, енді бірі қидан құрамына тұңғұс жəне басқа да көшпенді тайпалардың шашырандылары 183Қазақ Совет энциклопедиясы. 7-т. – Алматы, 1975. – 107-б. 184Шапырашты//Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -815-б. 185Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі//Шəкəрім. ІІ-т. – А., 2007. – 137-б.
кірген деп жорамалдайды. Олар моңғол тайпаларының бір бөлігі деген пікір де бар. Қарақытайлар қидандардың бір бөлігі деп есептелетін жəне бұлардың арасында түркі тектес тайпалардың көпшілігі болған деген мағлұматтарды араб-парсы дереккөздері айтады. Қазыбек бек əңгімелеген дəуірде қиданның Ляо мемлекеті (907–1125) өмір сүріп тұрған. Бұл мемлекет Солтүстік Қытайды, Таңғұттарды, шаған-татарларды бағындырған, Алтай, Тарбағатайға дейін келген. 1010 жылы қидандардың қарақытай деп аталатын бөлігі Жетісуға басып кірген186. Шəкəрім бұл Ляо мемлекетін «Лауу деген хандық» деп атайды. Лауу деген атаудың мағынасы қытай тілінде «алыс», «шет» деген мағынасы білдірсе керек187. ХІ ғасырдың 30-шы жылдарының бас кезінде Ляо-Лауу империясын билеп тұрған қидандардың тегеуірінімен, түркі тектес тайпалардың үлкен тобы батысқа қарай қоныс аудара бастады. Бұл үлкен көш Алтайдан Шығыс Европаға дейінгі далалық кеістіктегі, соның ішінде Қазақстан жазираларындағы тайпалардың ішіндегі этностық үдерістерге ықпалын тигізді188. Қазыбек бектің аталмыш шежіресіне осы кезең де арқау болған тəрізді. Ол ағайындар арасында Алтай-Саян төңірегіне талас болып, олардың біразы түп көтеріле көшкен дейді. Сөйтіп, қырғыздың ең алғаш Жетісуға ауғанына Саяқ тұқымы себепші болыпты. Ақыры алыстан ағайыным деп келген қырғыздарға Үйсіндер (Шапырашты, Дулат) Барсығанды – Ыстық көлді босатып беріп, бірыңғай тұруына жағдай жасаған. Саяқгар Ыстық көл маңынан Некенүйсін деген қала салды. Ал, шынында, ол қаланың аты Саяқүйсін еді. Əйелдер Саяқтың атын айта алмай, Саяқты Некен деп, ақыры қала Некенүйсін атанып кетті. Бүгіндері Саяқ тұқымы əлі де сол Ыстық көл жағалауында күн кешеді. Саяқ – қырғызды құрайтын үлкен ұрулардың бірі, қазір олар қырғыздың ширек бөлегіндей. Қырғыздар «сенің түбің 186Қазақ ССР тарихы. 2-том. Алматы, 1983. – 34–35-бб. 187Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі//Шəкəрім. ІІ-т. – А., 2007. – 137-б. 188Қазақ ССР тарихы. 2-том. Алматы, 1983. – 36-б.
шикі, сен қазақсың» деп бұрын оларды көбірек түртпектеп, қоңаштайды екен»189. Н.Я.Бичурин, Н.А.Аристов, Ш.Ш.Уəлиханов, И.М.Жирмунский, В.В.Бартольд, Н.В.Кюнер, В.В.Радлов, т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектеріне сүйеніп жазылған қазіргі ғылыми тарих бойынша – қырғыздар ІХ–ХІІІ ғасырларды Оңтүстік Сібірде – Ертістен Хинган жотасына дейінгі алқапты қамтыған аумақта мемлекет құрып тұрған. ІХ ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап Х ғасырдың алғашқы ширегі бойында қырғыз қағандығы гүлдену дəуірін бастан кешті. Содан кейін қидандардың шапқыншылығы салдарынан «Саян жотасының теріскей бетіндегі ежелгі өз қонысына қайта ығыстырылды». Əйтсе де ХІІІ ғасырдың бас кезіне дейін тəуелсіз болып, 1207–1270 жылдарда Шыңғыс хан империясына кірді. Империяға қарсы көтерілген Енисей бойындағы қырғыз топтарын 1290 жылы Құбылай əскері талқандаған соң, «қырғыздардың бір бөлігі Алатауға қоныс аударды, қалған бөлігі сол аймақта қалып қойды»190 . Бұл жерде де қырғыздардың Жетісуға қоныс аудару мерзіміне байланысты шежіре мен ғылыми зерттеулер мəліметтерінің арасы үйлеспей жатқанын атай кету лəзім: Қазыбек бек бойынша бұл оқиға Х–ХІ ғасырлар тоғысында, ал жоғарыда келтірілген ресми тарих мағлұматына қарағанда – ХІІІ ғасырда орын алған. «Сонымен, Шапыраштының бір ғана баласы – ЬІстық тұқымы ғана – Шапырашты деген атқа ие», – дейді Қазыбек бек шежіреші. Ол мұны «елдің тыныш болмауының салдарынан жұрттың тозғанын көрсететін айқын айғақ» деп біледі. Əрі, шынына келгенде, айтылған жəйтті «қазақтың бір ғана тайпасының басынан кешкені» екенін ескертелі, өйткені: «қалмақтың, шүршіттің, соқақтың салған шұрқанынан казақтың қай ұруы бүтін қалды дейсің». Елді бастағандардың ел сенімін ақтай бермегенін айтады: «Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ», «Хаңдар киер 189Шапырашты//Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -815–816-бб. 190Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 6-т. – Алматы, 2004. -196–199-бб.
мұрақгы, қарашы киер құрақты» деп жүріп, сол хан деп ардақ тұтқан тұлымдыларымыздың өзінің ғана басын күйттегеніне көзіміз жете бермепті ғой». Қазыбек бектің бұл пайымы қазақ хандығы кезіне қатысты жазылған тəрізді, себебі ол одан əрі «Тұлпар тулақ болады, орта түссе оясы» дегендей, екі жүз жылға созылған соғыстан көнімізді əрең сүйреп шықтық. Оның есесіне көркөз, айтаққа шапқан төбеттің енді ырылдауға шамасы жоқ дүние кешті деуге болады» деген сөздермен қазақ-жоңғар соғысына анық емеуірін жасайды. Түрлі ру-тайпалар тағдыры уақыт тезімен əр қилы шешілгені мəлім, осы орайда Қазыбек бектің өз аталастарына байланысты келтірген деректері мен жасаған байламына назар аудара кеткен де жөн тəрізді. Ол «ұрат-ұрат ұрулардың біржола бөтен болып, басқа жұрт атанып кетуі» бір бұл ғана еместігін, «бір атадан өрбіген Бақтияр балаларының бес жүз мыңы Иранға сіңіп кеткені анау, Қаңлылардың Бижнек теңізінен өтіп Осман түріктері атанып жүргені тағы мынау» дей келе, «348-жылы (хижра ж. с.) біздің Дулаттар Жайық өтіп, одан оларды жау шауып, бастап барған Біллə, Бұқсу, Хасан бастаған Дулаттың, Сиқымының, Ысты – Тіліктің бірсыпыра Акқойлы, Қарақойлысы Алшын Атырауының арғы жағасыңдағы түркі тұқымдас елге сіңгенін», содан осы күнге дейін қайтпай қалғанын хабарлайды. Оның мағлұматына қарағанда, «шабыншылық заманда тіпті Дулаттың Шымырларынан тарайтын Айысый ұруы Жапон кетті деген сөз де ел арасында бүгіндері», яғни 1770ші жылдары да жүрген сықылды. Бұдан əрі ол қызықты цифрлық деректер де келтіреді. «Қызылбасқа – соқақтарға» жарты миллиондай (сол шақта) Бақтияр балалары сіңгенін, ал «қазақтағы Үйсін аталатын Бақтияр ұрпағы бес жүз жыл бұрын 680 мың адам екенін» жазады. Сонда Төбей биден тараған, бүгінгі есімімен Сарүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақгы, Албан, Суан, Дулат, Қаңлы, Шанышқылы, Сіргелі, Шақшам аталатындар бір миллион бір жүз мың адам болған. «Ал Жанның, Бектің, Болдың, Балдың ұрпағы, яғни бүгін Орта жүз, Кіші жүз аталып жүрген, Ұлы жүзбен шамалас
Кіші жүз, Ұлы жүзден көбірек Орта жүзді қосқанда, бес миллиондай адамның бес жүз жылдан кейін азайып қалуы» себебін шежіреші «жері үшін, өзінің басының бодан болмауы, біреуге кіріптар болмауы» үшін бастан өткерген қанды соғыстың салдары деп біледі191. Қызықты деректер. Тек оларды зерттеу еңбектерге, қазіргі тарих ғылымына мəлім жəйттерге сүйене отырып дəйектеу қиын. Бəлкім, мұның анық-қанығына жететін ғылыми жұмыстар болашақта жүргізілер... Шапырашты руына қатысты бірден-бір толық шежіре қалдырған Қазыбек бек жазбаларында арғы-бергі елеулі аталарының бірқатарына сыпаттама береді. Соның ішінде Шапыраштының үлкен ұлы Ыстықты «өте көркем адам болған» деп суреттейді. «Əкесі Шапыраштының бір көзі бір көзіне атысып туғанымен, баласы жаяу жатып, атты түсіп қарағандай жігіттің сұлтаны болды деседі». Жұрт Ыстықты өз атасы Жалмамбетке, яғни Алүйсінге тартқан деп отырады екен. Серілік құрған, нөкермен жүретін кісі болыпты. Жоғарыда айтылғандай, Шапыраштыұлы Ыстық түрлі жағдайда үш бірдей бауырынан айырылады. Сондықтан да, іні ету мақсатымен, сол заманда Үргенішті мекендеген Қыпшақ елінен бір бала ұрлап алмақ болады. Қыпшақтың ханы Құрақ деген кісі екен. Хан тұқымынан бала ұрлағысы келген Ыстық қолға түсіп қалыпты. Сол кездерде Шапырашты қырықтан асып қалған болса керек. Жалғыз ұлы тағы пəлеге ұшырап тұтқынға түсіп қалғандықтан, «қол жиып, қалған, қалман тартып, шың, нуғара соғып қыпшаққа аттанған екен». Сонда Шапырашты баласын – Ыстықты азат ету үшін жасақ құрып, өзіне қарсы үлкен қолмен келе жатқанын Құрақ хан естиді. Естіген бойда, əрі өзі қалың Үйсіннің ішіне сұғына отырғандықтан да, тұтқынды босатып қоя береді. Сонда Құрақтың Əлмани деген қызы бостандық алған тұтқын Ыстыққа қосыла қашады. Сөйтіп, Шапырашты мен Құрақ хан құда болған. Сонда Шапыраштының атасы 191Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан...–816–817-бб.
Бəйдібек бай «қыпшақ ханына тастарын гауһардан орнатқан алтын діңмент сəлемдеме жөнелтіпті. Сөйтіп, ағайын арасы жауласпай бейқұтшылық андалық орнаған». XVIII ғасыр шежірешісінің «ағайын арасы жауласпай бейқұтшылық андалық орнаған» деген сөйлемінің мағынасы өте түсінікті болғанмен, сондағы «бейқұтшылық» деген сөзге орай бір аңғарым айта кеткен мақұл секілді. Жалпы, бұл сөз Қазыбек бек мəтінінде əрəдік кездесіп қалады, əрі тек тыныштық, бейбітшілік, құтты уақыт, орта, заман мағынасында қолданылады. Бүгінде бұл сөз өте сирек қолданылатындықтан, «бей» жұрнағы əдетте сөзге қарамақарсы мағына беретіндігін ескергенде (бейадал – адал емес, арам; бейəдеп – əдепсіз, беймаза – мазасыз, т.с.с., тиісінше: бейқұт – құтсыз), «бейқұтшылық» сөзін «құтсыздық» түрінде ұғып қалуға əбден болатындай. Арада екі ғасырдан астам уақыт өтсе де, Қазыбек бек заманы мен біздің дəуіріміздегі қазақ сөзінде осындай аз ғана айырмашылық қалып, іс жүзінде қаймағы бұзылмай тұрғаны қайран қалдырады... Шежіреге əрмен қарай көз салайық. Шапырашты баласы Ыстық қыпшақ қызы Əлманидан үш бала сүйген көрінеді. Оның үлкені – (ескі түркі тілінде қасқыр деген ұғым беретін) Күрт екен. Күрттен кейін Дөйіл, Бейіл деген егіз ұл туған. «Күрт ата ныспысы қасқыр болғанмен, қасқырдай мықты кісі болмапты. Бірақ шалқыған дəулеті болған. Ол бір заманда малдан гөрі сөзді қадірлеген қазақ оған қазақтың көп байының бірі деп қараған». Дей тұрғанмен, Ілеге құятын Күрті өзені сол Күрт байдың құрметіне, оның сол аймақты мекендегенінің белгісі ретінде қойылған сыңайлы. Күрті – Күрттің жері дегенді білдіреді. Күрттен Абадан туған. Қазыбек бек оның есімінің де əкесінікі тəрізді қасқыр төңірегінен табылатынын атап өтеді: «Абадан атына сай (абадан қасқыр əуегінің көсемі ғой) ер екен». Атақты саяткер, аңшы болған көрінеді. Жолбарыс аулап жүріп, ажалын жолбарыстан тауыпты. Абаданнан Арлан, Доғал есімді екі ұл болса керек. «Екеуі де ешкімге есесін жібермеген еңіреген ерлер деседі».
Арланның Алма, Алша деген балалары болыпты. Осы екі ұлдың үлкені Алма бағбандығымен атағы шыққан кісі екен. «Қазіргі (ХVІII ғасырдағы – Б.Қ.) Кіші Алматы, бұрынғы Үш қаласы төңірегінде ғұмыр кешкен». Шежірешінің сөзіне қарағанда, жетісулықгар «егер біздің елімізде жатақ болған болса, сол Алма атамыздан басталған» деп күліседі екен. Алма Үш Алматыдағы Қарағайлы өзенінің «екі ашасында қияу салып ұзақ ғұмыр сүріпті». Қазыбек бек бұл атасының мекендеген аумағын Арасан өзені мен Аюлы өзенінің құйған жері деп нақтылай атайды. Үш Алматыдан келген жол екі өзеннің құйылысына келгенде, сайдың шығыс бетіндегі Аюлы өзенін жағалап, Аюлыға – Жасылкөлге тартады дейді. Одан əрі жол Жасылкөлдің шығыс жағымен жүріп, Көкайрық өтеді. «Осы Қырғызға – Барсыған көліне, күнгейіне қарай асатын асу Үйсін асқан аталады». Бұрын, яғни Қазыбек бек кітабын жазып отырған ХVІII ғасырға дейін, ата-бабалары осы асу арқылы байырғы ЬІстық ата қонысына барып жүрген. Қазір де, яғни ХVІII ғасырда дейін, осы асу арқылы қырғыз-қазақ жазда қатынасады. Арасан да сол кезден, атам заманнан бар деседі. «Өйткені бізден бұрын өткен атамыз Елсаудың ғаскері жарасын осы арасанда емдейді екен. Шыңғыс та осыңда айлап жатқан дейді». Біздің жылсанағымыздан бұрынғы ІІ ғасырда өмір сүрген Елсау – Үйсін мемлекетінің əйгілі ханбиі Елсау мен біздің заманымыздың ХІІ–ХІІІ ғасырлары тоғысында ғұмыр кешкен атақты Шыңғыс қаһан есімдеріне байланыстырылған осынау ата-баба мекенінің қасиетті жерлерін Қазыбек бек тəтпіштеп баян етеді. Сол өңірде үш бұлақ бар екен. Бірі – Күкірт бұлақ. Күкірт бұлақтың исі төңірегін алып, үлкен арнаға құйылғанша мүңкіп ағып жататын көрінеді. Одан төмендеу өзеннің шығыс жағындағы, суының тəттілігі сондай, қанша ішсең тоймайтын, аяғы жылап қана ағып жатқан бұлақты қазақтар, неге екенін шежіреші ашып айта алмайды, Көзек деседі. Бəлкім, мұнысы – көзге ем дегені ме екен деп жорамалдайды
ол. Үшіншісін бұлақ емес, бастау дегенді қолайлы көреді. Оның суы ыссылау, қолды күйдіретіндей шым-шым дейді. Жараға, сарып, сарбуын ауруларына осы бастаудың бірденбір ем екенін ескертеді. Бұл бастаудың аяғы өзенге кейде қосылып, кейде қосылмайтын сықылды. Абыл – Азық елінің ырысына айналған. Дертке – шипа, ішсе – сусын болған. Қазыбек бек осы бастаудың «қойнауында бір кезек елу бес үй отырғанын» көріпті. Олары – емделушілер əкеліп тіккен үйлер екен. «Одан жоғары Көкжайлау, Көркеткей деген ел арыстайтын жай бар. Онда жазда күнде көкпар, күнде тамаша». Шежіреші сондай керемет Алма атасының заманында да орын алып тұрғанын мегзейді. Ол кісі сол бір дəуірде осы бұлақтардың жағасына, тау етегіне түрғызылған Үш қаласына да бармайды екен. Үш қаласы кейін үлкейіп Үш Алматы қаласы атанған. «Бірақ мұнда ел билеу орталығы болмағандықтан, Үш те, Талғар да зор шаһарлар қатарына қосыла алмаған. Үш Алматы деген ат əлі де айтылып келеді. Бірақ қалмақ ғаскерлері келген соң, мұндағы қала жұрнағы мүлдем қалмады», – дейді ол192. Осы жерде Алманың шамамен өмір сүрген уақытын анықтап байқайық. Бəйдібек немересі Жалмамбет ұлы Шапырашты жобамен 667-ші жылы туған. VII – VIII ғасырлар шегінде өмір сүрді. Алма – Шапыраштыдан кейінгі бесінші буын (Шапырашты – Ыстық – Күрт – Абадан – Арлан – Алма). Егер əр буынды шартты түрде 25 жастан есептесек193 , жоғарыда келтірілген бес ұрпақ 125 жылды қамтиды. Сонда, Ыстық Шапыраштының үлкен ұлы болғандықтан, шамамен (667+25=692) 692-ші жылы дүниеге келген болса, оның шөпшегі Алма шамамен (692+125=817) 817-ші жылы туған болып шығады. Демек, Шапырашты Алма жоғарыда аталған аумақта ІХ ғасырда ғұмыр кешкен. Ал бұл кезең қазіргі Қазақстан аумағында ертедегі ортағасырлық мемлекеттер – Батыс түркі, Түргеш, Қарлұқ, Кимек қағанаттарының бірін 192Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан...-817–819-бб. 193 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 5-т. – Алматы, 2003. -444-б.
бірі алмастырып дəуірлеген уақыттарына сəйкес келеді194. Соның ішінде Үйсін-Шапыраштылар мекендеген Жетісуда қарлұқтардың этностық-əлеуметтік бірлестігі билікте болды. Шапыраштыдан тараған «Алма атамыз – тəуіпшілікпен, бағбандықпен айналысқан адам, – дейді Қазыбек бек. – Ескі көздердің айтуынша, ол жанына келген адамның бетіне қарап, адамның құлағын ұстап көріп, науқасын сарнап айта жөнеледі екен». Əсіресе оның бағбандығы мүлдем ересен болған көрінеді. ...Алма ата ағашты қатты қадірлепті, сол орайда Майқы биді аузынан тастамайды екен. «Майқы атамыз: жеті жасар бала асырамайды, жеті жылғы ағаш асырайды деген», – деп, ұрпағына ақыл айтып отырады екен. Оның жалғыз ұлы Адырбек əке дəулетінің арқасында салдық құрып, үйленбей ұзақ жүріпті. Ақыры Алтын, Бұлан, Нұран деген апалы-сіңлілі үш қызды алыпты. Олардан Арын, Шойын, Шор деген үш ұл көріпті. Қазыбек бекке тікелей апаратын желі тізбегіндегі Арын асқан күйші болған көрінеді. Көптеген əуезді аспап жинаған, өзі де оларды жақсы тартқан. Артында – қалман, қалған, шом, шың, нүғара, қыз сыбызғы, жігіт сыбызғы, сырнай, керней, қобыз, шаңқобыз, желқобыз, жетіған, арған, шертер, шермер сынды 55 түрлі аспап қалған екен. Балалардың есімдері де ерекше: Қалман, Қалған, Шом деген əуез аспаптарымен аталған. Осы үш жігіттің үлкені Қалман – Қазыбек бектің атасы. Ол үнемі тау айналып, тау қыстап, даланы көрмей өтіпті. Оның негізгі тұрағы Лабас тауының үстіндегі Үлкенсаз жайлауында екен. Үлкенсаз үстінде Қалман биігі деген тау бар. Үсті теп-тегіс, Онқоныс аталады. Суды сайдан көнекпен тартып ішеді. «Міне, осы биік тау арыстаған атамыздың мəңгі қонысы да, моласы да болған, сонда Қалман аты қалған», – дейді шежіреші Қазыбек бек. Біздің жоғарыда келтірген есебіміз бойынша Алманың ІХ ғасырдың алғашқы ширегінде өмірге келгені мəлім. Ендеше, оның шөбересі Қалман (Алма – Адырбек – Арын – Қалман) шамамен Х ғасырдың басында туған, оның жоғарыда 194Қазақстан тарихы. 1-том. – Алматы, 2010. – 216–397-бб.
əңгімеленген жəне алда айтылатын өмірі жайындағы деректер сол Х ғасыр ішінде орын алған. Қалманның екі інісі Қалған мен Шом, керісінше, тауға шықпай өткен көрінеді. Егіншілікпен айналысыпты, жайлау да, қыстауы да дала болса керек. Тұрған жерлері де, шежірешінің айтуынша, əлі күнгі екеуінің қосақталған атымен Шомқалған аталады. Қалман не қыста, не жазда малды бақпай, тек айдап тастайды екен. Таудың күнгей бет етегін қыстап, терістігін жайлап жүріпті. Мал өзі жайылып келеді. Сонда Қалманнан біреу: «Қысы-жазы таудан түспейсіз, не көресіз?» – деп сұрапты. Оған Қалман: «Қысы-жазы бірдей бүкіл Жетісуды, Алатау аясын, оны кірттеген, арыстаған Дулат, Шапыраштыны жыл он екі ай бойы үстінен көздеп отырамын. Осы жетпей ме?» – деп жауап берген екен. Шапырашты ұрпағы осы Қалманнан бері былай тарайды: Қалман баласы Қоңыр, Қоңырдың ұлы Ақтон, оның үлы Ұш, Ұштан Хан, Таң есімді екі бала туған. Ханнан өрбіген бұтақ Қазыбек бекке барады. Атын Хан қойғанымен, бұл атасы ондай мəртебеге жете алмапты. Бірақ оның он үш ұлы болыпты. Соның біреуінің – Қазыбек бектің атасы Кералдың ғана аты есте сақталып қалыпты. Бұл атасы, əр ұрпақ жасын жоғарыдағыдай шартты түрде 25 жастан есептегенде, ХІ ғасырдың ортасында дүниеге келген болу керек. Қазыбектің Кералдан кейінгі аталары да (Керал – Барақ – Шаш –Ырық – Том – Фарс) айрықша ештеңесімен ерекшеленбеген момын адамдар болыпты. «Мысалы, Ұш деген бабамыз ғұмырының бəрін қарағай өсіруге арнапты. Тек Том, Фарс бабаларымыз ұсталық құрған, зергер адамдар екен. Қалғанының ішінде ауыз толтырып айтар, мынандай есте қалар іс істепті дейтін ешкім жоқ. Бəрі-ақ шаруа баққан, егін салған, бағбандық жасаған», – дейді шежіреші. Ол Лабас бауырында Қарақыстақ деген мекен барын айтады. Оның таудан аққан Қарақыстақ өзені жазда өткел бермейді екен. Ат құйрығын бұратын осы қатты ағысты, мол сулы өзенді алғаш тоғандап, арық қазып, суды
егінге бұрған сол аталы-балалы жоғарыда аталған бабалар ұрпағы көрінеді. Қарақыстақтан бұрып алған үлкен тоған сол Қазыбек бек заманында да Бұрған аталады екен. Оны сол шақга Шапыраштының үрім-бұтағы Екей, Еміл ұрпағы пайдаланып тұрса керек. Қарақыстақ төңірегін мекендеген Шапырашты ұрпағы, Қазыбек бектің айтуынша, атамзаманнан егіншілікпен күн көреді. Ондағы Қосай деген ата ұрпағын үнемі егін салып жүргендіктен, Қара Қосай атандырған. «Міне, мен білетін бүл елдің салған тоғаны мен шапқан тоғанына, Қарақыстақтың ел қыстайтын шиырына, міне, мың екі жүз жыл болды», – дейді Қазыбек бек. Қысқасы, оның ойынша, бұл мыңжылдық тоған – қазақ елінің ертеден-ақ егіншілікпен айналысқанының айғағы. Бұрынғы қазаққа, тіпті қазірде де қайда тұрдың, қайда жүрдің дейтін емес деп пайымдайды ол. Қазақ малының жайымен, өзінің шаруасының ыңғайына қарай көшіп жүре берген. Мысалы, Бек балалары көшіп Біжнек теңізіне де, тіпті мəңгі мұз теңізінің жағасына дейін бара берген. Мұндай өріс, жайылым қуалау бар қазаққа тəн болған. Бол ұрпағы Қып пен Шақтар да үш ай түн, үш ай күн болатын жағалауға дейін де барған. Ал Балдың екінші ұрпағы Қоң мен Раттар бір шақта ойпаттағы, Алтайдың арғы жағыңдағы Күзгес Алатауына дейін барып жүрген... Сол аталарына ұқсаған Қазыбек бектің өз атасы Фарстың балалары Бөрілі мен Бөстері ата қонысы Барсыған – Ыстық көлді қоныстаныпты. Алтайдан қырғыздың үшінші легі келгенше, екі-үш ұрпағы сонда өмір сүрген. Бөрілі балаларының үлкені Тұранбай Жетісуға қайтқан да, онымен бірге туған Бөстері тұқымы екі-үш бұтақ болғанша жетпіссексен жыл Ыстық көл жағалауында Ыстықатада күн көрген. Тұранбай балалары Ұран, Құрым Ыстық көлде туған да, Жетісуда өскен. Ұран үнемі Алтай жағын, Ертіс өзендерінің бойын қоныстанған. Тұранбайдың екі ұлы əрқайсысы атына сай бопты. Құрымы момын, қой аузынан шөп алмайтын, алдындағы көжесіне ие бола алмай қалатын ынжықтау кісі болған. Ал Ұран атына сай ұрандап жүреді екен:
«Бақтиярлап» жауға шабатын ер, «алдиярлап» дауға түсетін даукес, тілді адам болған, билікке араласқан көрінеді. Ұранның оң аяғы жасында отқа күйіп, тізесінің тамыры тартылып қалған да, тақылжыры жазылмайтын болған дейді шежіреші. Мұны жұрт басында билікке араласа бастағанын келеке етіп, қалжындап, Майқы деп жүріп, сөйлесе тілінен, істесе ісінен пысықтығы көрініп тұрғандықтан, ақыры Майқы атандырып жіберген көрінеді. Сөйтіп, өзінің əкесі қойған жап-жақсы Ұран аты ұмытылып кетіпті. «Бұл – заманында Шыңғыстың уəзірінің бірі болған кісі, – дейді Қазыбек бек. – Майқының (Ұранның) Шыңғысқа хансың демей, қатал сөйлеуі ханға қатты ұнаған. Ол көңіліндегісін, тіліндегісін, діліндегісін тілімен жеткізе алатын, өте ділмар кісі екен. Шыңғыс үнемі жақтап, бар болса, содан пікір, түйін күтіп отырған»195. Шыңғысты ақ киізге салып хан көтеруге «Ұлы жүз қазағынан үйсін Майқи би барған екен». Майқы би, Шəкəрім шежіресі бойынша, «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би» деп мақал болған кісі». Шыңғыс хан Майқы биге таңбасын – сүргі, яғни малатемір, құсын – бүркіт, ағашын – қарағаш, ұранын – салауат деп белгілеп беріпті196. Сонымен, VIII ғасырда өмір сүрген Шапыраштыдан ХVIII ғасырда ата-бабасының шежіресін жазған Қазыбек бекке тікелей апаратын бұтақтың 21-ші буыны (Ыстық – Күрт – Абадан – Арлан – Алма – Адырбек – Арын – Қалман – Қоңыр – Ақтон – Ұш – Хан – Керал – Барақ – Шаш –Ырық – Том – Фарс – Бөрілі – Тұранбай – Ұран-Майқы) болып табылатын, жеке басының қасиеттері үшін ертедегі даңқты бабасына лайықтап Майқы аталған Ұран есімді жігіт, шежірешінің жазуынша, ХІІІ ғасырда даңқымен жер-жаһанды тітіреткен атақты Шыңғыс қаһанның уəзірінің бірі болыпты...
- Жоғарыда біз қазіргі ғалымдардың бірінің ежелгі жəне орта ғасырлардағы қазақ халқының қалыптасу тарихынан 195Шапырашты//Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -818–822-бб. 196 Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі//Шəкəрім. ІІ-т. – 154-б.
белгілі бір жүйелілік іздестірген мақаласына тоқталып, осы дəуірлердегі қазақтың этностық тарихын жалпылама бес кезеңге бөлгенін көрсеткен болатынбыз. Соған кейбір ретте бірер ескертпе жасай кеткен жөн сияқты. Айталық, ғалымтарихшының Алаш қауымдастығының қаыптасу кезеңі ретінде жеке бір топқа бөлген ХІІІ ғасырдың орталарынан ХV ғасырдың соңына дейінгі уақыттан Жошы Ұлысы дəуірін неге ерекше қарастырып көрмеске? Біздіңше, кейінірек əйгілі Алтын Орда аталған алып мемлекетті уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да, əсіресе қазақ тарихынан дербестендіріп қалдыруға болмайды. Өйткені ХІІІ – ХV ғасырлардағы Жошы Ұлысы тарихын көптеген халықтардың, солардың ішінде қазақтардың тағдырына əсер-ықпалы мол болған сол заманға дейінгі жəне оған сабақтаса жалғасқан кейінгі ірі оқиғалардан бөліп қарау қиын. Бұл оқиғалардың бастауында өзара жауласқан көшпенді тайпаларды біріктіру нəтижесінде жаңа да алып мемлекеттің құрылуы, оның жоғарғы əміршісі болып, қаһан тағына 1206 жылы Шыңғысханның отыруы тұрған-ды. Азия мен Европа сынды екі континенттің төсінде ХІІІ ғасырда қанат жайған тағдырлы оқиғалардың бəрі осы билеушінің есімі мен қызметіне байланысты өрбіді. Шыңғысхан бар болғаны 15–20 жылдың ішінде мемлекетінің аумағына Саян-Алтай тауларын, Оңтүстік Сібірдің бірер бөлігін мекендеген түрлі тайпаларды, ұйғыр бірлестіктерін қосып алды, Солтүстік Қытайды, Орта Азияның, Солтүстік Кавказдың, Қырымның мемлекеттері мен халықтарын, таңғұттар патшалығын бағындырды. Сөйтіп ол алып территорияға жайылған, халқы жағынан көп этносты мемлекет құрды. Осылай іс жүзінде жаңа империя – Шыңғысхан империясы дүниеге келді197. Шыңғысхан дүниеге келгенде бір жұмырығы жұмулы – уысында қан болған екен, соны естіген ақсақалдар бұл бала болашақта үлкен хан болып, көп қан төгеді екен деген болжал қылыпты. «Ақырында сонысы дұрыс келді», – дейді шежіреші. Шыңғыс ханның «бір шеті Қытай, бір шеті араб, 197Сокровища Золотой Орды. – Санкт-Петербург, 2000. -26-б.
барша Азиядағы жұртты түгел, Европаның да бергі шетін» жаулап «алған жерін, қылған ісін түгел айту» – үлкен кітаптың шаруасы198... Орасан зор империясын Шыңғыс хан өзінің төрт ұлына бөліп берді: кіші ұлы Төлей Шыңғыс ханның негізгі жұртын – Моңғолияның өзін жəне моңғолдың 129 мың адамдық тұрақты армиясының үлкен бөлігін – 101 мың жауынгерін алды. Моңғолияның батысындағы жаулап алынған жерлер үлкен ұлдарына əрқайсысына тұрақты армиясынан төрт мың жауынгері бар əскермен бірге бөлініп берілді. Үлкен ұлы Жошы Ертістен батысқа қарайғы ұшықиырсыз аймаққа ие болды. Екінші ұлы Шағатайдың иелігі Оңтүстік Алтайдан Амударияға дейінгі жер-суды – Шығыс Түркістанды, Жетісу мен Мауараннахрдың денін қамтыды. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен ұлысының орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы тиді. Ол өзін ұлы хан деп жариялаған 1228–29 жылдан 1241 жылға дейін Орхонда, Қарақорымда тұрды. Қазіргі Қазақстан аумағы Шыңғыс хан империясының үш ұлысының құрамында бөлініп жатты. Ең үлкен далалық бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жəне Оңтүстік-Шығыс бөлігі Шағатай ұлысына, Жетісудың Солтүстік-Шығыс бөлігі Үгедей ұлысына қарады199. 1227 жылы Шыңғысхан дүниеден көшкеннен кейін, оның жаугершілік, басып алушылық істерін балалары мен немерелері жалғастырды. Шығыста журжендер мемлекеті, Оңтүстік-Сунь əулетінің империясы, Корея түбегінің мемлекеттері, оңтүстік-батыста – Ауғанстанның, Иранның, бұрынғы Араб халифатының қалалары мен аймақтары, солтүстік-батыста Еділ Булгариясы, солтүстік-шығыс Русь князьдіктері, оңтүстік-шығыс Европаның кейбір аймақтары жаулап алынды. Осы жерде мына жəйтті де айта кету керек, жекелеген аумақтар – қиыр батыс пен солтүстік-батыстағы князьдіктер мен облыстар Шыңғыс тұқымдары мемлекетінің құрамына толығымен енгізілген жоқ. Олар протектораттар жағдайында 198Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. Екі томдық. ІІ-т. – А., 2007. – 178-б. 199 Қазақстан тарихы. 2-т. – Алматы, 2010. -77-б.
болды. Қазіргі тілмен айтқанда, олар тұрақты түрде алымдар беріп, салықтар төлеп тұратын отарлар дəрежесінде ұсталды. Осылай, бас-аяғы 40–50 жыл ішінде аумағы жөнінен ұлан-ғайыр – Тынық мұхиттан Атлантика мұхитына дейін созылып жатқан, халқы бойынша – мейлінше сан түрлі, алабажақ болып келген Чингизидтер (Шыңғыс тұқымдастар) державасы – Ұлы моңғол империясы құрылды200. Үйсіндер, соның ішінде Шапыраштылар мекендеген Жетісу өлкесі Шағатай мемлекеті құрамына кірді201. Шəкəрім Шағатай ұлысында «арғинут, яғни арғын, керейіт, яғни керей (бұл жерде керейіт атын сақтап қалған тайпаның да барын ұмытпаған жөн – Б.Қ.), доғлат, яғни Ұлы жүздегі дулат, көрлеуіт, яғни қарлұқ, қаңлы, қырғыз» болғанын айтады202. Шапыраштылардың ауызекі тарихының бірден-бір толымды нұсқасы, дау жоқ, Қазыбек бек жазбалары болып табылады. Ол атасы Матай жазбасын негізге алып түзген шежіре бойынша – өткен тарауда атағанымыздай, Шапыраштының 21-ші ұрпағы Ұран Шыңғыс ханның Майқы есімді уəзіріне айналғанын көрдік. Ендеше, осы шежіреде айтылатын əйгілі қаһан жайындағы деректерді мазмұндай кеткен жөн... Қазыбек бектің айтуынша, хижра бойынша 478-жылы Найманның ханы Тамтық өліп, оның екі баласы Бүйрек пен Байбұқа бір жесірге таласқан да, соның салдарынан хандық ыдыраған. Осыны пайдаланған Темір (Шыңғыс хан) оларға тарпа бас салады. «Есукей баласы Темірдің тауарих бетіне шыққан шағы осы-дүр», – дейді шежіреші. Сөйтіп, əкесі Есукей өлгеннен кейін он үш жылдан соң, Темір Байбұқаны Қаңқай тауыңда өлтіріп, елін бағындырған. Байбұқаның баласы Қошақ ағасы Бүйрекке қашып барып, қол жинай бастайды. Осы жерде Қазыбек бек Шыңғыстың кім екенін айтпай тұрып, Шыңғыс (Темір) найманға неге шабуыл жасады деген сауалдың басын аша кеткенді жөн көреді: «Ол шақта Арқас 200Усманов М.А. Золотая Орда: истоки и наследие//Сокровища Золотой Орды. – Санкт-Петербург, 2000. -26–27-бб. 201Қазақстан тарихы. 2-т. – Алматы, 2010. -80-б. 202Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. Екі томдық. ІІ-т. – А., 2007. – 139-б.
пен Соқақ арасындағы қалың жұртты (біздің елді қоса) қара қытайдың горханы билейтін-ді. Темір қара қытайдың тепкісінен құтылу үшін, бар елдің басын қоспақ болды. Қытай қаршысы ол кезде Шу бойында еді. Міне, Темірдің негізгі көздегені осы болатын»203. Ал ғылыми тарих ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азия мен қазақ далаларында көшпенді тайпалар одағы билеушілерінің арасында өзге тайпаларға да өз үстемдігін орнату мақсатымен жүргізілулі күрестің күшейгенін, соғысу, шайқасулардың үдей түскенінен хабардар етеді. Бұл шақта керейіттер ханы наймандармен, монғол тілдес татар жəне меркіт тайпаларымен соғысқан болатын. Сол соғыстарға Ван ханның вассалы ретінде Темучин белсене қатысты. Сөйтіп, сондағы шайқастардың барысында Темучин (Қазыбек бек бойынша – Темір) Орталық Азия тайпаларын біріктіріп, ең күшті де құдіретті жаулап алушыға айналған еді204. Одан соң, Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан-байтақ жерін иеленген моңғол тайпалары Темучиннің (Шыңғыс ханның) басшылығымен XIII ғасырдың екінші он жылдығында қазақ елі аумағын шапқыншылыққа ұшыратты. Азияны мекендеген ру-тайпалар ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басында əлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын. Олар «орман» тайпалары жəне далалық көшпенділер деп бөлінген еді. «Ормандық» тайпалар негізінен аң-құс аулаумен күн көретін. Ал дала тайпалары көшпенді өмір салтын ұстанып, мал шаруашылығымен айналыстын-ды. Көшпенділер сан жағынан басым болғандықтан, сол шақтағы ру-тайпалар қауымдастықтарының саяси өміріндегі жетекшілік сипат танытқан негізгі күш рөлін атқарды. Мұны «Біртұтас моңғол мемлекетінің құрылуы жəне Шыңғыс хан» деген еңбегінде зерттеуші Ш.Сандаг атап өтеді. Ол XII—XIII ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың 203 Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -822–823-бб. 204 Қазақстан тарихы. 1-т. – Алматы, 2010. -440-б.
қалыптасу үдерісі жүріп жатқанын, көшпенділердің осы қоғамында таптық сипаттың көзге ұрғанын, қоғамның екі топқа – билеуші нояндар мен езілген араттарға бөлінгенін көрсетеді. Мұндай пікірді «Ежелгі моңғолдар» деген еңбегінде зерттеуші Н.Мункуев те айтады205. Жоғарыда айтқанымыздай, XIII ғасырдың басында Темучин көшпенді тайпалар арасындағы шайқастарда ержүрек жауынгер даңқына ие болды. Ұдайы тайталас, күрес жағдайында өз айналасына сенімді нөкерлерін топтастырып, жауынгер жасақ құрды да, көрші тайпаларға сəтті шабуылдар жасап, бағындырды. Ақыры, өзінің негізгі қарсыластарының тас-талқанын шығарып, айналасындағы күллі көшпенді тайпаларды түгелге жуық өз қол астына біріктіруді аяқтады. Ол керейіттер мен наймандар ұлыстарының билеушілерін күйзелте жеңген сəтте Орталық Азия далаларын мекендеушілердің баршасы мойындаған бірден-бір құдіретті қолбасшыға айналды. Сөйтіп, татармонғол тайпаларын саяси жағынан біріктіріп, монғол мемлекеттігінің туын көтерді. Осы жерде «көшпенді» терминінің ғылыми əдебиетте кейінгі жылдары «көшпелі» түрінде айтылатынына қарамастан, неге біздің оны қабыл алмай, ескіше жазып келе жатқанымызды түсіндіре кеткен жөн сияқты. Біздің ойымызша, «көшпендіні» «көшпелімен алмастыру» – тілді қолдан кедейлендіруге апаратын жол, өйткені, бұл екі сөз, шындап келгенде, екі мағына береді («көшпенді» – кочевник, көшпенді тайпалар – кочевые племена, ал «көшпелі» сөзі – «передвижной» деген ұғымда түсініледі, сонда «көшпелі тайпалар» – «передвижные племена» болып шығар еді). Демек, «көшпенді» деген анықтамалық сөзді тілдік қордан мүлдем сызып тастау – ағаттық. Мұндай жолмен тілді байытпаймыз, керісінше, мағынасы екі түрлі екі сөзді жалғыз сөзбен алмастырудың салдары тілімізді кедейлендіре түсуге апарады... Ұзамай Шыңғыс хан есімімен жер-дүниені сілкінтетін осынау моңғол мемлекетінің негізін салушы Темучин 205 Татаро-монголы в Азии и Европе. Москва, 1977. – 26, 385-бб.
(Тэмуджин, Тэмужин) 1155–1162 жылдар шамасында Онон өзені (ұзындығы 1000 шақырымнан асатын бұл өзеннің 300 шақырымдайы Моңғолия жерімен, қалған 700-дей шақырымы Ресей Федерациясының Забайкалье өлкесі аумағымен ағады)206 бойындағы Дэлгуун Болдог (ДелюнБолдок алқабы Селенга мен Онон өзенаралығынан Бурятия аумағына дейін созылады)207 алқабын (мекендеген Есугей (Есукей, Есугай, Есугэ) баһадүрдің шаңырағында дүниеге келген еді. (1227 жылғы тамыздың ортасы ауа қазіргі Қытай Халық Республикасының Ганьсу өлкесіндегі Ся елді мекенінде өмірден көшкен). Ол əуелі 1189 жылы моңғол ханы сайланды. Сол жылдан бастап 1206 жылға дейін қажырлылықпен жүргізген күрестері нəтижесінде Шығыс Моңғолиядан Алтай тауына, оңтүстігінде Ұлы Қытай қорғанына дейінгі аумақта өзара қырқысқан көшпенді түркі-моңғол тайпаларын бағындырып, бір орталыққа біріктірді. Егер бұрын Моңғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі араларындағы ең қуатты тайпалардың бірінің атауы бойынша – татар деген атпен белгілі болса, енді жаңа тұрпатты мемлекеттік бірліктің құрылып, нығаюына байланысты, баршасы да өздерін монғол деп атай бастады. Осылайша, монғол аталымы жинақтаушы этностық-саяси мəнге ие болды208. Темучиннің жаңа да ерен мемлекет құрудағы еңбегін көп ұзатпай, 1206 жылдың көктемінде, Онон өзенінің сағасында өткен көшпенді ақсүйектердің Ұлы Құрылтайы саяси тұрғыда рəсімдеді. Темучинді жақтаушылардың жиналысында тоғыз қыл құйрық байланған қасиетті ақ ту салтанатпен желбірете көтерілді. Осындай жағдайда Темучин монғолдардың əміршісі, ұлы хан, қаһан болып салтанатты түрде жария етілді. Сонымен бірге кұрылтай Темучинге Шыңғыс хан атағын бекітіп берді. Шыңғыс хан деген ат артынша-ақ оның өмірінен өз есімін ығыстырып шығарды. Қазақы шежіре бойынша ол 2003 (дұрысы – 2006 206 http://ru.wikipedia.org/wiki/Онон 207http://ru.wikipedia.org/wiki/Делюн-Болдок 208Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 9-т. – Алматы, 2007. – 608-б.; Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 2-т. - – Алматы, 1983. – 118–119-бб.
- Б.Қ.) жылы «Шыңғыс тауында хан көтеріліп, хақан, яғни хандардың ханы атанып, үлкен хан» болған209 . Байқалып тұрғандай, қазақтар өздерінің дəстүрлі ауызекі шежіресінде Шыңғыс хан таққа отырған орынды Алтайдың арғы жағындағы аймақтан емес, өз арасынан атаған. Бұл, біріншіден, қазақы санада оның қазақ тыныс-тіршілігіне етене кірігіп кеткендігінен терең ұялап қалуының нəтижесі. Екіншіден, дегенмен, аталмыш жерде, əлемді тітіреткен əмірші Шыңғысханды қазақ жеріне аяқ басқанында, ұлы хан ретінде, əлдебір жағдайға орай ұлықтау шарасы өтуіне байланысты болса керек. Сондықтан да «біздің қазақтың ескі сөзінше», оны қазақтың əр тарабынан жиылған игі жақсылары құрметтеген. «Шыңғыс тауының Шыңғыс атанғаны – баяғыда Шыңғыс хан тамам мағол-татарды алып, үлкен хан болғанда, осы Шыңғыс тауында қол астындағы елдердің тапбасы бектері келіп, мына Қарауыл өзенінің күншығыс жағындағы Хан биігінің басына ақ кигізге салып, хан көтеріп, Шыңғысты алып шыққан», – дейді Шəкəрім Құдайбердіұлы. Ол Шыңғыстың өз аты Темужин екенін, оны үлкен хан болғандықтан Шыңғыс деп атағанын əңгімелейді. Шыңғыстың мағынасы – «бек мықты, зор» дегенді білдіреді. Таудың Шыңғыс атануын да, жанындағы төбенің Хан биігі атануы да, етектегі ел қыстап отырған өзеннің Хан өзені атанғаны да, Шəкəрімнің ел ішіндегі сақталған əңгімелерге сүйеніп айтуынша, сол жаһанды дір қаққызған Шыңғысхан есіміне байланысты болған. Əбілғазы жазбаларына қарағанда, бұл тау бұрын Найман күре деп аталған екен210. Шыңғысхан өзі империясының тағына ресми отырған сонау 1206 жылғы тарихи Ұлы құрылтайда: «Мен... барша тіл тоғысқан мемлекетті шынайы ақиқат жолына бағыттадым жəне халықтарды өзімнің біртұтас билігіме қараттым», – деп мəлімдеген-ді211. Сол мəлімдемесін жасаған сəтте ол, бəлкім, өзінен қашқан 209Шыңғыс хан шежіресі//Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. Екі томдық. ІІ-т. – Алматы, 2007. – 178-б. 210Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. ІІ-т. – Алматы, 2007. – 154-б. 211История Казахстана. С древнейших времен до наших дней. В пяти томах. Т.1. – Алматы, 2010. – 440-б.
наймандар мен меркіттерді өкшелей қуып келе жатқанында да, оларды Ертіс өзенінің жағасында 1208 жылы екінші мəрте тас-талқан етіп жеңгенінде де, одан соң шапқыншылықпен мақсатты түрде Батыс пен Шығысқа шыға бастағанында да, өзінің жеңісті жорықтарының нəтижесінде қандай биіктерді бағындыратынын, қандай атақ пен даңққа бөленетінін елестете алмаған да болар. «Əлемді бағындыруды ойына алған Темучин» деген еңбегінде Шыңғысханның шерулерін жан-жақты қарастыруға тырысқан Е.И.Кычанов меркіттер мен наймандардың үлкен тобы Шыңғысханға қарсы бірлесіп əрекет етуге көшкенін айтады. Алайда 1209 жылы ұйғыр билеушісі (идиқұты) оларды, өз иелігін кесіп өтпекке əрекеттенген шақтарында, тас-талқанын шығарып жеңді. Сондықтан да содан əрі олар əр жолмен кетуге мəжбүр болды212. Найман ру-тайпаларының аман қалған бөлігін Күшлік хан Жетісудағы қарақытайлар иелігіне əкетті. Ал меркіттер Орталық Қазақстан жазираларындағы қыпшақтарға қарай қашты. Кейінірек меркіттермен Торғай далаларында Жошы шайқасып, оларға күйрете соққы бергені сондай, бастары бірікпейтіндей етіп ыдыратып жіберді. Жетісуда қалыптасқан күрделі жағдайды Күшлікхан наймандардың едəуір бөлігімен шегініп келген бетте пайдаланып қалуға тырысқан болатын. Ол Жетісу мен Шығыс Түркістанның жоғарғы билеушісінің (гурханының) сеніміне кіріп алды. Гурхан сол тұста (XII ғасырдың соңы —XIII ғасырдың басы шегінде) өзіне бағынуды қойып бара жатқан жергілікті вассалдарын – Шығыс Түркістандағы Тұрфан княздігінің ұйғыр идиқұты мен Жетісу қарлұқтары мен қаңлылардың мұсылман билеушілерін – найман жауынгерлерінің арқасында басып-жаншып, жуасытып, əбден мойындатып алудан дəмеленген еді. Алайда оның сеніміне кіріп алған Күшлік хан 1210 жылы мемлекеттегі билікті басып алды. Гурханды тақтан тайдырды, бірақ өлтірген жоқ, өкіметтің барлық сырткы атрибуттарын да өзгеріссіз қалдырды. Ол қарақытайларға вассалдығын 212Кычанов Е.И. Жизнь Темучина, вздумавшего покорить мир. Москва, 1972.; Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-т. – Алматы, 2010. -440-б.
мойындамай, іс жүзінде тəуелсіз болып келе жатқан қарлүқтарды, қанлыларды, ұйғырларды өзіне бағындыруды көздеп, оларға қарсы ойранды шапқыншылықтарын бастады. Наймандарды Жетісуға бастап келген Күшлік-ханның қарақытай өкіметін тартып алуымен тынбай, өздеріне қатер төндіргеніне наразы болған жергілікті шонжарлар, ақыры, осындай ахуалдан шығу жолын іздестірді. Олар (қарлұқтардың билеушісі Арслан-хан, Іле өзені аңғарындағы Алмалықтың билеушісі Озар (Бұзар), ұйғыр идиқұты Баршық-арт-тегін) Күшлік-хан мен наймандардың дұшпаны болып табылатын моңғолдардан көмек сұрады213... Шыңғысханның бастауымен соғыс олжасына кенелудің мүмкіндіктері мол екенін көрген тайпалар жаулап алушылық жолға түскен көшпенділік мемлекетке ықыластана ұйысты. Мемлекеттің негізіне əскери-ұйымдық үрдіс алынғанды. Бүкіл аумақ пен халық оң қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) жəне орталық (гол) деп аталып, үш əскериəкімшілік аймаққа бөлінді. Осы аймақтар əрқайсысы он мың адамнан тұратын түмендерге бөлінді. Əрбір түмен (он мың адам) – «мыңдықтардан», «мыңдық» – «жүздіктерден», ал «жүздік» – «ондықтардан» құралатын. Осындай ретпен елді де, əскерді де басқару жүзеге асырылды. Бүкіл моңғол елі 95 «мыңдыққа» бөлінген болатын. Солардың бəрі Шыңғысханның туыстары мен үзеңгілестеріне иелік етулері үшін үлестіріліп берілді. Мұндай əкімшілікаумақтық бөлініс елді жаугершілік мүддеге лайықтап басқару ісіне өте қолайлылық туғызатын. Қаһанның тікелей өзіне 10 мың адамнан тұратын күзеттік хан гвардиясы (кəшик) қызмет ететін. Бұл гвардия көшпенді ақсүйектерден жасақталды. Шыңғысханның əскербасыларының көпшілігі осы кəшиктен өсіп шықты. Осындай ретпен құрылған əскери-əкімшілік жүйе Шыңғысханның көрші өлкелерге жасаған жаулап алушылық жорықтарында маңызды рөл атқарған еді214. 213Қазақстан тарихы. 1-т. – А., 2010. -440–441-бб. 214История Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней. В пяти томах. Т.2. – Алматы, 1979. – 115-б.; Сокровенное сказание. Монголдьская хроника 1240 г. Т.1. –Москва–Ленинград, 1941. -158-б.;.Мункуев Н.Ц. Заметки о древних монголах// Татаро-монголы в Азии и Европе. Москва, 1977. – 386-б.
1207–1208 жылдары Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Енисей қырғыздары мен Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1207–1209 жылдары Шыңғысхан таңғұт мемлекетін ойрандады. Оған таңғұттардың батыстағы көршілері (қазіргі Шығыс Түркістан аумағындағы ұйғырлар) да бағынды. Рашид ад-дин, Джувейни, Бартольд еңбектерінде келтірілген деректерге қарағанда, ұйғыр билеушісі Баршық идиқұт, жоғарыда айтқанымыздай, Күшлік-хан бастаған наймандардан қорғану үшін олардың жауы моңғолдарға иек арта бастаған-ды, сол себепті ол өзін 1211 жылы Шыңғысханның вассалы болуға мойынсұнды. Сол жылы қолбасшы Құбылай басқарған моңғол жасақтары Жетісуға да кірді. Соған орай қарлұқ билеушісі Арслан-хан Қойлықтағы қарақытай наместнигін өлтіруге əмір етті де, өзін Шыңғысханның боданымын деп жариялады. Алмалықта отырған Бузар да Шыңғысханға тəуелділігін мойындады. Олардың Шыңғысханға қалай бағынғаны қытай, моңғол, араб, парсы жазбаша дереккөздерінде егжей-тегжейлі баяндалған, бұл «Қазақстан тарихында» атап өтіледі215. Сол 1211 жылы Шыңғысханның қолы Солтүстік Қытайға – Цзинь империясымен соғысқа аттанған еді. Содан, моңғолдар Цзинь мемлекетінің астанасы Чжунду (Бейжиң) қаласын 1215 жылы басып алып науқанды ойдағыдай аяқтағаннан кейін, 1216 жылы қайтадан батысқа қарай қозғалды. Қазақстан мен Орта Азия аумағын алу арқылы өзіне Шығыс Европа мен Алдыңғы Азияға жол ашатынын ойлаған Шыңғысхан оған зор мəн берді. Батыс жорығына ұзақ əрі тыңғылықты əзірлену барысында моңғолдар өздеріне қызмет етіп жүрген мұсылман көпестері мен қашып келушілерден əуелде қарақытайлар мемлекетінің, содан соң хорезмшахтың ішкі жағдайы мен соғыс күштері туралы мəліметтер алып, сараптады. Сөйтіп, солардың негізінде əбден ойластырылған іс-қимыл жоспарын жасаған болатын. 215Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья. Сочинения. Т.ІІ.ч.І. –Москва, 1963. -54б.; Рашид ад-дин. Сборник летописей. Т.І, кн,2. Москва-Ленинград, 1952. 163-б.; История Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней. В пяти томах. Т.2. – Алматы, 1979. -116-б.; Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-т. – Алматы, 2010. -441-б.
1218 жылы монғолдардың батысқа қарай жорығы тегеуірінді түрде жаңғырды. Шыңғысхан əскерінің қолбасшысы Жебе-ноян найман ханы Күшліктің иелігіндегі аймақ шегіне кірген бетте арнайы бұйрық шығарды. Жаршылар шұғыл түрде хабарлаған жаңа əмір бойынша – біріншіден, бейбіт тұрғындардың дүние-мүлкіне жауынгерлердің тиюіне тыйым салынды, екіншіден, мұсылмандардың діни құқығын қалпына келтіру қамтамасыз етілді. Бұған дейін жетісулық жергілікті мұсылман бұқара қарақытай гурханы тұсында жасалмаған діни қудалаушылыққа тап болып, христиан жəне буддашыл наймандардың қысым көрсетуі мен олардың жетекшісі Күшліктің əкімшілік жолмен тыйым салуы салдарынан намаздарын мешіттерде оқи алмай, қатты зардап шегіп жүрген еді. Сондықтан жетісулықтар моңғолдарды қуана қарсы алды216. Наймандардың билеушісі ел-жұртты діни қуғын-сүргінге ұшыратқандықтан, өзге дінге төзімді қарайтын Шыңғысхан құдды азаттық əкелушідей қабылданды. Оның барша дін біткенге тең қарайтыны, ешқайсысына артықшылық беруді қолдамайтыны Шəкəрім жазған «Шыңғыс хан шежіресінде» де атап өтіледі. Ол: «Жер жүзінің бəрі құдайдың үйі болса керек», яғни барша жұрт үшін «бір ғана жерді құдайдың үйі демек дұрыс емес», – деп санаған217. Өзі тəңіршіл, бірақ бодандарының басқа иланым ұстануына кедергі жасамайтын Шыңғысхан жəне оның моңғолдары Күшлік хан мен христиандық жолдағы наймандардың мұсылмандарға озбырлық көрсетіп, олардың бас қосып құлшылық жасау рəсімдеріне тыйым салғанын, діни қудалаушылыққа салынғанын оның мемлекетін басып алу ісіне шебер пайдаланды. Мұсылмандардың жария түрде құдайға құлшылық ету құқы қалпына келтірілсін деген бұйрық оң нəтижесін берді. Күшліктің иелігіндегі қалалар моңғолдарға ешбір ұрыссызақ берілді. Ал қашып кеткен Күшлік-ханды моңғолдар (Джувейни, Бартольд бойынша – Бадахшанда, Рашид ад-дин 216Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 1-т. – А., 2010. -441-б. 217Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. ІІ-т. – Алматы, 2007. – 178-б.
бойынша – Шығыс Түркістандағы Сарыкөлде) қуып жетіп, өлтірді218. Шыңғысхан монғолдарының Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы олардың алдынан Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға барар жолды ашты. Орта Азияда Шыңғысханның жеңімпаздығы жайында жеткен хабар түрлі пікір туғызды. Хорезмшах Мұхаммед Монғолияға аз уақытта екі бірдей елшілік аттандырды. 1218 жылдың көктемінде Шыңғысхан да оған елшілік жіберді. Содан кейін Орта Азияға қарай сауда керуені жолға шықты. 500 түйе, 450 адамы бар үлкен керуен 1218 жылдың жазында Отырарға жетті. Отырардын билеушісі қыпшақ Ғайыр-хан көпестерге тыңшылық жасады деген күдік келтірді де, оларды өлтіруге бұйырды. Шыңғысханның Ғайыр-ханды ұстап беру жөніндегі талабын хорезмшах Мұхаммед орындамады. Орындай да алмас еді, өйткені, Нисавидің айтуынша, əскердің көп бөлігі жəне жоғары дəрежелі əскербасылар Ғайыр-ханның қыпшақ туыстары болатын: мемлекеттегі толық билік жүргізу іс жүзінде солардың қолында еді219. Хорезмге қарсы соғысу үшін, жалпы Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан одақтастарымен – Жетісу қарлұқтарымен жəне Шығыс Түркістан ұйғырларымен бірігіп 150 мың жауынгері бар армия жасақтады. 1219 жылдың кыркүйегінде Шыңғысхан жорыққа Ертіс жағалауынан шықты. Əскерін бұрынғы жиһангерлер жүрген жолмен, Жетісу арқылы Сырдарияға бастады. Отырарға таянғанда – қаланы қоршап алуға ұлдары Шағатай мен Үгедей басқарған қосындарды қалдырды. Сырдарияның төменгі ағысындағы Жент жəне Жанкент қалаларына үлкен ұлы Жошыны жіберді. Сырдың жоғарғы ағысындағы қалаларды бағындыруға үшінші жасақты аттандырды. Ал өзі негізгі күштерімен Бұхараға беттеді. 218 История Казахской ССР. Т.т.2. – Алма-Ата, 1979. -116-б. 219 Петрушевский И.П. Поход монгольских войск в Среднюю Азию в 1219–1224 гг. и его последствия//Татаро-монголы в Азии и Европе. – Москва, 1977. 115–116-бб.; Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-т. – Алматы, 2010. -443-б.
Отырарды 1219 жылдың қара күзінде қоршауға алған жаулаушыларға жарты жылдай қарсылық көрсетілді. Қамал қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана, 1220 жылғы ақпанда алынды. Дария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігінің орталығы Сығанақты Жошы жасағымен жеті күн, жеті түн қоршап тұрып, ақыры, шабуылдап басып алды да, тұрғындарды түгел қырып салды. Одан соң моңғол қолы Ашнасқа келді. Қатты қарсылық көрсеткен қала тұрғындарының көпшілігін тас-талқан етті. Бұл оқиғалар 1220 жылғы қыс пен көктемде орын алды. Жошы 1220 жылы Арал өңіріндегі Жентте тұрды, ал 1221 жылы Солтүстік Хорезм аумағындағы Амударияға барып, ауыр шайқаспен Үргеніш қаласын алды. Сосын Арал теңізінің солтүстік-шығысындағы қазақ жазирасына жорыққа аттанды. Қалың қолмен барып, кыпшақтарды жеңді. Жебе-ноян мен Сүбедей-ноян 1220 жылы Солтүстік Ираннан шығып, Кавказға басып кірді. Аландарды, орыс жылнамаларында половецтер деп аталатын қыпшақтарды жеңді. Қалқа өзенінде орыстарды тас-талқан етті. Одан орыс жерінің оңтүстік аймағына ойран салды. Сосын шығысқа оралды. Ақыры, қазақ жері арқылы Шыңғысханның Ертістегі ордасына 1224 жылы қайтып келді. Сөйтіп, монғолдардың бес жылға созылған жиһангерлігі нəтижесінде аталған зор аймақ, оның ішінде ұлан-байтақ қазақ жерлері Шыңғысхан империясының құрамына кірді. Осынау құдіретті империя Орталық Азияның түркі тайпалары негізінде құрылған еді, мұны сан түрлі тілде сақталған жазбаша дереккөздер куəландырады220. Бұған, сондай-ақ, Шыңғысханды қазақ ретінде қарастыратын шежірелер, əсіресе біз тілге көбірек тиек етіп отырған Қазыбек бек жазбалары да куəлік етеді. Жоғарыда айтқанымыздай, осынау Матай–Қазыбек шежіресінде 220 Завоевание монголами территории Казахстана//История Казахской ССР. Т.2. – Алматы, 1979. – 114-119-бб.; Шыңғысхан шапқыншылығы//Қазақстан тарихы. 1-т. – Алматы, 2010. – 440–445-бб.
Шапырашты Ұран есімді адамның жеке басының қасиеттері арқасында ежелгі замандағы атасының есімімен Майқы атанып, Шыңғысханның уəзірлерінің бірі болғаны аталады221. Жетісу жеріндегі
мемлекеттік құрылымдардың Шыңғысхан жасақтарын, ғылыми тарихта айтылатындай, қуана қарсылағанын еске алғанда, сол шақтағы кейбір жəйттердің аңыз түрінде шежіреге қазақ өмірінің көрінісі іспетті еніп кетуіне таңырқауға болмас та. Шыңғыс өмірі əлемдік тарихи əдебиетте жеткілікті түрде зерттелгені белгілі. Сондықтан да Қазыбек бек шежіресіндегі деректер ғылымды елең еткізерліктей нақты ақиқатты білдіре қоюы неғайбыл, əйтсе де, қарастырып отырған тақырыбымыз ыңғайында оны шола кету абзал. Шежіреші Темучинді қазақы тілмен Темір деп атай отырып: «Темір де Жалайыр (Мерке) тайпасынан шыққан, – дейді. – Оның аталары Жалайырдан — Орақты, оның ішінде Андастан тарайтын. Жанның баласы Меркенің (Жалайырдың шын аты) Шыңғыс хан-Темір — жиырма бесінші ұрпағы». Бұл, əрине, таза қазақыландырылған, ғылыми деректерге жуыспайтын мағлұмат.
Темучин моңғолдың қиятборджигин (Шəкəрімше – Боржығын Қият222) тайпасынан шыққан Есугей-баһадүр мен қоңырат тайпасының олқұнұт руынан шыққан Оэлун-фуджиннің (хатунның) шаңырағында дүниеге келген223. Есугей баһадүрдің Оэлунге үйленуі жайында Қазыбек бек былай дейді: «Шыңғыстың (Темірдің) шешесі Өлең (Оэлун – Б.Қ.) үйінде Есукейден жүкті болып, əкесі қоңырат Асау хан оны қуып жіберген. Екіқабат Өлең қаңғып жүріп Есукейді тапқан. Есукей аса батыр адам болған». Ал бүгінде ғылым мойындаған мəлімет бойынша, Есугей-баһадүр бірде меркіт ханзадасының қалыңдығына көзі түсіп, ғашық болады да, меркіттер керуенін шабады. Күйме ішіндегі айдай сұлу Оэлунды олжалап əкетіп, əйелі етеді224. 221 Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -822-б. 222 Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. ІІ-т. – Алматы, 2007. – 178-б. 223 Султанов Т. Поднятые на белой кошме. – Астана, 2006. – 11-б. 224 Аңыз адам. 2010, № 2. – 5-б.
Қазыбек бек одан соң Шыңғысханның аталарын былай таратады: «Меркенің (Жалайырдың) баласы – Манақ, одан – Орақты, одан – Андас, одан – Ор, одан – Онтүр, одан – Бəкір, одан – Ұзық, одан – Тор, одан – Көк, одан – Бөгде, одан – Қара, одан – Бұрық, одан – Кер, одан – Құнмыр, одан – Бұрыл, одан – Шамшы, одан – Тілеуберді, одан – Кашау, одан – Досан, одан – Тұрымтай (атақты шешен болған), одан – Тұмағұл, одан – Дін, одан – Баян, одан – Есукей». Шыңғысхан шежіресіне Шəкəрім де көңіл бөлген. Ол бұл ретте Əбілғазы деректеріне сүйенеді. «Шыңғыс ханнан бұрынғы аталар көңілге аса сенімді болмаса да, біздің мұсылман шежіресінде осы Əбілғазы сөзінен анықтысы болмаса керек, себебі Əбілғазы хан он жеті шежіре кітабын салыстырып, əбден анықты дегенін алып жазған», – дейді ол225. Шəкəрімше – Адам-ата мен Хауа-ана «балалары бұзықтық қылып, діннен шыққан соң, Алла тағала қаһар қылып, топан су жіберген» де, жер бетіндегі адамдар мен жан-жануардың бəрі қырылып кеткен. Сол ақырзаманда «Нұх пайғамбар үш баласыменен, оның қатындары Алла тағаланың əміріменен кемеге кіріп, аман қалыпты. Осы күнгі барша адам балалары сол Нұхтың үш баласы – Сам, Хам, Яфастың нəсілі». Яфастың сегіз баласы болған, үлкені – Түрік (Түрк, Түркі – Б.Қ.). Түркіден – Елже хан, одан – Бакой хан, одан – Киік хан, оның баласы – Аланшы хан. «Мұның уақтына шейін халық мұсылман еді, сол кезде бұзылып, суретке табынды. Аланшының екі баласы – Татар, Мағол. Аланшы қол астындағы елін екі баласына бөліп берген соң, Татар қол астындағы ел Татар атанып, Мағол қол астындағы ел Мағол (Моңғол – Б.Қ.) атанды...»226 Татар мен Мағол əуелде тату болған, Татар ханның жетінші ұрпағы Сүйініш ханның тұсында олар «жауласып шабысты». Мағол ханның əлденеше ғасырдан кейінгі ұрпағы 225 Хан шежіресі//Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. Екі томдық. ІІ-т. – Алматы, 2007. – 173-б. 226 Шежіре басы//Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. Екі томдық. ІІ-т. – Алматы, 2007. – 124–125-бб.
Түмен ханның тоғыз баласы болған екен. Ішінде Қажұл жəне Қабұл есімді екі ұл егіз болыпты. Солардың бірі «Қабул – Шыңғыс ханның арғы атасы, Қажул – Əмір Темірдің арғы атасы». Қабулдың үлкен ұлы – Бартан хан, оның үлкен ұлы Есукей батыр (Есугей баһадүр)227... «Есукейдің əйелі Өлең Қоңырат ішінде Көктің ұлы дейтін атаның қызы еді, – дейді Қазыбек бек. – Темірдің (Шыңғыстың) əкесі Есукей ерте өліп, оның шешесі Өлең Қоңыраттың белгілі биі Меңлекеге тиген-ді. Өлеңнің Меңлекеден туған он ұлы Темірді бөлектеп шыдатпаған. Сонан соң ол олардан безіп, қайта Жалайыр ішіне қашып кетті. Міне Шыңғыстың, жалпы төрелердің тарақ тамғалы (таңбалы – Б.Қ.) болуы да осыдан еді»228. Бұл жерде ауызекі шежіреде айтылғандардың ғылыми зерттеулерге сүйенген еңбектерде растала бермейтініне еріксіз назар аудара кетуге тура келеді. Есугей баһадүр Оэлуннен Темучиннен кейін үш ұл (Хасар, Хачи-ун, Темуге-Отчигин) жəне бір қыз (Темулин) көрген, екінші əйелі Сочихилден Бектер жəне Белғұтай деген екі ұлы болған. Темучин 9–10 жасқа келгенде, оның əкесі Есугейді Алтайдан арғы дала төсінде қатар көшіп-қонып жүрген татар тайпасы ішіндегі дұшпандары улап өлтіреді. Сонда оның туыстары мен бағыныштыларының көпшілігі көпе-көрнеу опасыздық жасап, күні кеше құзырына бас шұлғып тұрған баһадүрдің отбасына, ол опат болғаннан кейін, қарамай кетеді. Айналасынан сондай сатқындық көрген Темучин анасы Оэлунмен жəне бауырларымен бірге өздерімен өздері, аң-құс, балық аулап күн көруге мəжбүр болады229. Қазыбек бектің шежіресіне мұндай жағдай ілікпеген, онда жоғарыда айтылған ахуалдан кейін де Темучин өмірі қазақы түрде былай өрбітіле береді: «Ол кезде маңғол, қазақ деген жоқ, ұру-ұрумен ғана аталса керек-ті. Сонымен, 227 Хан шежіресі//Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. Екі томдық. ІІ-т. – Алматы, 2007. – 173–178-бб. 228 Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -823-б. 229 Султанов Т. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. – 11-б.
он жастан жаңа асқан Темір қоңырат тəрбиесімен өсті де, өзі де алғашқы əйелі Бөртені – Жошының, Шағатайдың, Үгедейдің, Төленің шешесін – қоңыраттан алды. Шыңғыс, бүгінгі тауарих сараптаушы ғалымдар айтқандай, бір ыңғай мұңғол деу ешбір шындыққа келмейді. Оның бар бітім-болмысы қазақы еді де, қазақты жаппай қырды деген хайбар». – ХІІІ ғасырда түркі тайпалары қазақ атымен əлі де ұйыса қоймағандықтан, мұны да ауызша айтылатын шежіренің кемістігіне балаймыз. ХІ ғасырдың ортасына таман Алтайдың арғы бетіндегі қазіргі Ресей Федерациясы мен Моңғолияға кіретін далалық аумақта моңғол жəне түркі (қият, қатаған, татар, меркіт, керейіт, найман, қоңырат, олхунут, қырғыз, т.б.) тайпалары аралас-құралас көшіп қонып жүретін. Олар түгіл, сол шақта қазақ жазирасында тұрған тайпалар да қазақ атын ала қоймаған. Дегенмен, Қазыбек бектің жазбасындағы кейбір деректері елең еткізеді, мəселен, шежіреші: «Оның жаман дəріп алуы Бұйрық ханның қолындағы жеті тулы, дəлірек айтсақ, жеті мың қолды басқарған найман қолбасы Күшікті өлтіруі еді», – дейді. Бұл жердегі Күшік – ғылыми тарихта айтылатын, жоғарыда келтірілген Күшлік-хан болуға керек. Жетісу мен Орталық Қазақстанның толық билеушісі болып алған Күшлік басқарған наймандарды 1218 жылы моңғолдар талқандап, қашып кеткен Күшлікті қуып жетіп өлтірді230. «Күшік – қазіргі он екі ата Жалайырдың бір атасының басы, – деп нақтылай түседі шежіреші. – Оның тұқымы бүгінде Жалайыр Күшік аталады. Қазақтың Темірді (Шыңғысты) бір жек көргені – осы өз туысқаны Жалайыр тұқымына қол салғандығы». Алайда, Күшлік – елін Шыңғыс шабатын найман ханы Таянның ұлы231. Ғылыми тарихта дереккөз ретінде қаралған Джувейни, Рашид ад-дин, Бартольд еңбектері бойынша, жоғарыда айтқанымыздай, Жетісуға қырғидай тиген христиан-наймандардың басшысы Күшлікті моңғолдар қашып бара жатқан жерінен қуып жетіп, Бадахшанда, əлде Шығыс Түркістандағы Сарыкөлде басын 230 История Казахской ССР. Т. 2. – Алма-Ата, 1979. - 49-б 231Қалыбай Ж. Бала Тэмужиннен –Шыңғыс қағанға дейін//Аңыз адам, – 16-б.
алған232. Аталмыш шежіре, бірақ, сол оқиғаға байланысты: «Шыңғысты – Темірді – хан көтерген Жалайыр, Арғын, Найман – бəрі қарғап-сілеген», – дейді. Қызығы, «ақыры Темір өз қатесін мойындап, қазақтың айтулы үш ұруы – Арғын, Найман, Жалайыр жақсылары алдында құлдық ұрған», – деп, қатыгез əміршінің таққа отыру тарихы мен мінез-құлқына қазақы сипат бере түседі... «Сол билер үйсін Ұран-Майқы би, Бөрібек шешен қазақтың одан басқа да Қалдар, Орқаш, Түмен, Темірқұт, Тулақ билері оны (яғни, Шыңғысханды – Б.Қ.) тіреп тұрды», – деген жазба жолдары да тарихи ақиқаттан гөрі ауызша ата шежіресі мақсатына тəн əсірелеуге бұрылыңқырап кететін тəрізді. Дегенмен, шежірешінің: «Ұран-Майқы – Бəйдібек байдың жиырма үшінші ұрпағы», – деген жолдан Бəйдібек пен Майқы би өмір сүрген аралықта бес-алты ғасыр өткенін шамалаймыз. «Ал Бөрібек – Бəйдібекпен бірге туған Жəнібек ұрпағы. Бүгінде олар бүкіл елі отыз-қырық қана түтін» деген жолдар сол алыс замандарда жекелеген ру-тайпалардың бірі көбейіп, бірі азайып, тіпті өшіп жатқанын түсінуге жəрдемдеседі. Өз жазбаларында Қазыбек бектің: «Темірді алғаш ақ киізге орап хан көтерген де Найман тау (кейін Шыңғыс атанды), Дегелең төңірегіңдегі Арғын, Найман, Жалайырлар болатын. Ол 605-жыл еді», – дегенінің Шəкəріммен үндес233 шыққанын аңғара отырып, дегенмен, ауызекі шежіре бойынша айтылып отырған уақыттың нақты мезгілден – Темірді (Темучинді) Шыңғыс атандырған Ұлы құрылтай өткен 1206 жылдан мүлдем алшақтығын да айта кетуге тиіспіз: шежіреде «Темірді алғаш ақ киізге орап хан көтерген» уақыт делінетін хижраның 605-ші жылы христиан жылсанағының 1190-шы жылына сəйкес келеді. Бұл шамамен – Темучиннің алғаш рет моңғол ұлысының ханы болып сайланған (1182 ж.234 əлде 1189 ж.235) уақыты... 232 Қазақ ССР тарихы. 2-том. – Алматы, 1983. -120-б. 233 Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. ІІ-т. – Алматы, 2007. – 154-б. 234Қалыбай Ж. Бала Тэмужиннен – Шыңғыс қағанға дейін//Аңыз адам. – 14-б. 235 Султанов Т. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. – Астан, 2006. – 11, 53-б.; Қалыбай Ж. Бала Тэмужиннен – Шыңғыс қағанға дейін//Аңыз адам. № 2, 2010. – 16-б.
Қазыбек бектің айтуынша, Шыңғысханның «үнемі қара қытайлармен жаны қас болды. Ал найманды, керейді шабуы да осыған байланысты болатын». Моңғолдың құпия шежіресі мен өзге де тарихи жазбаларын, ортағасырлық шығыс авторларын мұқият зерттеу нəтижесінде ортақ пікір қорытылған, бұл күнде көпке мəлім мағлұмат бойынша, Шыңғысханның арғы аталарының бірі Амбағай ханды қытайлар азаптап өлтірген-тін. Өлер алдында ол ұрпақтарына өзін қытайларға ұстап берген татарлардан өш алуды аманат еткен еді. Шыңғыс қаһан жауынан ата кегін қайтару үшін тынымсыз күрес жүргізді, сондай мұқалмас ерік-жігерінің арқасында, өзінің 1223 жылы қытай ғұламасы Цю Чи Жиге сыр етіп айтқанындай, ірі жеңістерге жетті236. Шыңғыс қаһанның жеке басының жүрекжұтқан батылдығы, батырлығы, ерлігі жəне ұшқыр ойы мен кең пайым жасай білетін алғырлығы оны жас кезінен ерекше тұлға ретінде танытқан-ды. Шыңғысхан сонымен бірге өр мінезді еді, өте табанды, айрықша мақсаткерлігімен тамсандыратын ғаламат қайраткер еді. Алға қойған мақсатын орындасымен, ол артынша одан да биік межеге ұмтылатын. Сол қасиеттерінің арқасында Шыңғысхан дербес тайпалардың басын қосып, біріккен Моңғолияның ұлы ханы – қаһан болғаннан соң, өзінің əскери қолбасшылық, əскери-ұйымдастырушылық дарынын сыртқы дұшпандарын жеңуге, басқа елдерді бағындырып алуға жұмсады. Ол əрбір жүргізген соғысын сəтті аяқтап, айбынын асқақтата түсті. 1211 жылдан Еке монгол улус (Ұлы Моңғол ұлысы, Ұлы Моңғол мемлекеті) атанған империясы 1224 жылға қарай Солтүстік Қытайдан бастап күллі қазіргі Орта Азия мен Қазақстанды алып жатты. Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін де ұлы қаһанның жаугершілік жолын ұрпақтары сəтімен жалғастырып, 1260 жылға қарай барша əлемдік империялар ішіндегі ең ірі, жері ұлан-байтақ жəне қуаты бəрінен күшті, шығысында – Сары теңізден, батысында – Дунай мен Евфратқа дейін созылған, Қиыр Шығыс пен 236 Аңыз адам. № 2, 2010. – 10-б.
Шығыс Европа, Алдыңғы Азия аумақтарын мекендейтін сан халықты, елдер мен мемлекеттерді біріктірген алып империя құрды237. Шыңғысхан бөлек-бөлек көшпенді тайпаларды бір ұлысқа біріктіруді əуелде керейітке сүйеніп, «мағолды азаздап жинап, татар һəм меркитпен жауласып», шынында, ең алдымен найманды алудан бастады238. «Оның атағы керейіттер ханының наймандармен, меркіттермен жəне татарлармен соғыстарында арта түсті, бұл соғыстарда болашақ Шыңғысхан керейіт ханының вассалы ретінде əрекет ете келе, ерекше жігермен қатысуын танытқаны сондай, оған тіпті құрметті мəртебе де берілді»239. Айрықша ерліктерімен көзге түскен жас батыр Темучинге «шекарадағы өкілетті дала комиссары» мағынасындағы «Чжа охури» атағы берілген болатын240 . Содан бастап оның қуаты арта бастады да, керейіт ханына бағыныштылық ахуалы доғарылды. Ол 1203 жылы керейіттерді шапты, келесі жылы қырық бес мыңдық қолмен наймандар мен меркіттерге қарсы жорық жасады. Ертіс жағасында оларға 1208 жылы екінші рет соққы беріп, тас-талқан етті. Найман мен меркіттің оған бағынғысы келмеген бөлігі Ертістен өтіп, қазіргі қазақ даласына қашты...241 Қазыбек бек «Найман ханы Тамтық» деп, ыңғайы, Таян ханды атаған секілді. Найман ханы «қара қытайға қарсы соғысқа, Жетісуды босатуға қатысқысы келмеді», – дейді шежіреші. Нақты ахуалға сəйкес келмейтін пайымын ол одан əрі: «Қолдан билікті Темірге беруді өзіне ар санады, намыстанды. Пендешілік тұрғыдан келгенде, Тамтықгікі де дұрыс деу шамаға келеді, өйткені өзі би, өзі қожа болып отырып, енді жұрт солай ұйғарған екен деп, іргелі ел Найманды неге Жалайырдың жетіміне ұстата салмақ», – деп сабақтайды. Шежірешінің ойынша, бұл дұрыс емес: неліктен 237 Султанов Т. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. – 12–13-бб. 238 Шəкəрім. ІІ-т. – Алматы, 2007. – 138-б. 239 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех иысячелетий. – ИлмаАта, 1992. – 172-б. 240 Аңыз адам. 2010, № 2. – 11-б. 241 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех иысячелетий. – ИлмаАта, 1992. – 172-б.
«қазақ қауымы – Арғын, Алшын, Үйсін болып Темірді төбесіне көтереді» де, іргелі ел Найманның ханы «Тамтықты неге шеттетеді?» осындай қате көзқарастың салдарынан, «міне, Шыңғыс жұрт ұйғарымына қарсы болған Тамтықтың ақыры түбіне жетті». – Бұл жолдар да жоғарыда көрсетілген кемшіліктің жалғасындай. Ауызша əңгімелеушінің нақты тарихи жағдайды тым қарадүрсін, бұрмалаңқы, тіпті қате əдіптеуі салдарынан осылай тұжырымдалған сықылды. Аталған бұрмалаулар жазба жүргізген шежірешінің ел аузындағы сөзді, ыңғайы, сыни пайымға салмай, сол қалпы қағазға түсіргенінен туған болар. Тап сондай, аңыз іспетті сөздер керейіттерге қатысты да айтылған. «Ал Керейді шапқаны да осы себеп еді, – дейді шежіреші, – оның үстіне Керейдің Абақ-Керейінен тарайтын Меркітте бұрыннан кетіп жүрген өші де бар еді. Бұрынғы бір соғысында Бөртені Меркіттер қолға түсіріп, оны құрсақтандырып қайтарған. Сондықган Меркітті де шапты». Оның баяндауынша, Меркіттер осы кезде атасының Үйсін екені есіне түсіп, қабырғалы ел, қалың Үйсіннің игі жақсыларына хат жазған көрінеді. Оның: «Мен Меркіт – Шапырашты баласымын, Үйсін – Керей екеуінің таласымын. Сарсақалдан қорғағын, қоныс бергін, Қалаймын таудың үстін Қарқараны, Лабас, Арқас екеуі арасының», – деген бір ауыз өлеңі аталмыш шежіреші өмір сүрген дəуірге дейін ел аузында жүрген көрінеді. Автор: «Шынында да, Меркіттер сол шақта Мұзарт пен Торайғыр екеуінің арасынан Қарқара жайлауынан қоныс алған. Меркіттер Жетісуға келген соң, ислам дініне кіріп, əлхамға тілін келтіріп, кəлимаға келген», – деп жазады. Бұдан бұрын да айтқанымыздай, 2006 жылы Темучин Онон өзені жағасында өткен Ұлы Құрылтайда Шыңғыс есімді қаһан болып сайланғаннан кейін, 2008 жылы, Ертіс жағалауында наймандар мен меркіттерді екінші рет талқандады. Одан, бірігіп қимыл жасамақ болғандарында, оларды ұйғыр билеушісі (идиқұты) тас-талқан етті. Содан соң, тарих ғылымы тұжырымдағандай, наймандарды Күшлік хан Жетісуға əкетті. Ал меркіттер Арқаға қашты.
Орталық Қазақстан далаларындағы қыпшақтар арасына кетті...242 Шежірешінің: «Темір Найман тауда бүкіл қазақ Ақ, Жан, Бал, Бол – төртеуінің тұқымы тегіс хан көтерген соң, өзінің ордасын, қаршысын түгендеді. Бас уəзірге елге атақ-даңқы дəріптелген Тұранбай баласы Ұранды алды. Еркін уəзірлікке Арғын Қуандық Тоқы биді қойды. Жалайыр Қорым баласы Мұқалі əмір болды», – дегені, өкінішке қарай, көне дереккөздерге ілікпеген мəліметтер тəрізді. Жарты миллиондық əскерді бастағандардың көбі «біздің түркілер – қазақтар» еді дейді ол. Рас, Шыңғыс қолында моңғолдар да болғанын мойындайды, тек оларды бары-жоғы төрт жарым мың ғана адам деп біледі. «Одан басқа отыз екі мың татарлар бар-ды. Татарлар да түрікше сөйлейтін жұрт болатын. Шыңғыстың жарты миллион соғыс қолы тегіс түрікше сөйлейтін, 450 мыңдайы Арыстың бес баласының үрім-бұтағы болатын». Ал ғылыми тарих бойынша, 1219 жылы Орта Азия мен Қазақстан аумағын алу үшін Ертістен басталған оның жорығына қатысқан əскердің жалпы саны, жетісулық қарлұқ Арслан-хан мен шығыстүркістандық ұйғыр идиқұты Баршұқ жасақтарын қосқанда, 120–150 мыңдай адамнан тұратын243. Мойындау лəзім, жоғарыда келтірілген пайымдарымен қатар, шежірешінің: «Егер тауарихтың жүзіне тура қарар болсақ, Шыңғыс қазақ жеріндегі билікке таласқандарға ғана қатты келді. Ол Арғынның, Үйсіннің, Қыпшақгың қылшығын қисайтқан жоқ. Қайта олардың жауынгерлігіне құлдық асып отырды», – дегені, сондай-ақ: «Шыңғыс əліпті таяқ деп білмейтін, сауаты жоқ адам болатын. Оның барлық шешімі, өкілі Ұран-Майқы мен Тоқы бидің құптауынсыз жүзеге аспады», – деп тұжырылған сөздері де біржақтылау, əлемді тітіреткен ұлы əмірші дəрежесін ретсіздеу əрі қисынсыз төмендетуге тырысу жəне қазақы арғы аталардың кейбіреулерін тым артығырақ дəріптеу болып шыққан244. 242 Қазақстан тарихы. 1-том. – Алматы, 2010. – 440-б. 243 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех иысячелетий. – АлмаАта, 1992. – 176-б. 244 Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -823–824-бб.
Көзі қарақты оқырман аңғарған болар, Қазыбек бек шежіресінде Шыңғысханның шыққан тегі жалайыр болып көрсетілген. Бұл жазбада, сондай-ақ, аңызға айналдырылған өзге де қазақы баяндаулар жеткілікті. Ауызекі шежіре сонысымен
ерекшеленетін болса керек. Жоғарыда келтірілген жəне төменде де ретіне қарай əңгімеленетін жазба тарих пен ауызша шежіре айырмашылығын оқырманның өзі аңғаруы үшін, мына үзікке көз салайық: «Шыңғыс хан Абақ Кереймен жауласып жүргенде, Бөрте бəйбіше Абақтың тұқымы Меркіттердің қолына түсіп, Жошыға Меркіттің Берен деген жігітінен жүкті болып қайтыпты. Сондықтан Шыңғыс өмір бақи Жошыны ұнатпай, көңілінде күптілік тұрып алыпты. Жошы Жетісуды, Қазақстанның түстігін қанша жалынып сұраса да, бермей қойыпты. Ондағысы Шыңғыс Меркіттің түбінің Ақсақалдан (Сақалдың Ағынан) екенін білгендіктен, бұ жаққа жолатпапты. Жошы түбін тауып, ол өсекке жол ашады, ал өсек шың-құз болып тұрған ханның беделіне нұқсан келтіреді-міс. Бəрібір Жошы мұндай төменнен туғанына қысыла қоймапты. Ғұмырының бəрін бір қазақ қалай өткізсе, солай өткізген. Тіпті баласы Батыйға да мұны жасырмай айтып отырады екен деген сөз қалған. Шыңғыс жылылық танытпағанда, Жошы əкесіне былай депті деген бір ауыз өлең бізге жеткен. Оны маған жеткізуші еліміздің үш серкесінің бірі Бөгенбай қарт. «– Сенің түбің – Жалайыр, Менің тегім – Абақ-ты, Екеуі де бір туған Берсей жылы қабақты?» Шыңғыс сап-сары сақалын сыйпап күліп жіберіп, жауап бермей, орнынан тұрып кетіпті»245. Жошы хан – Шыңғыс қаһанның құрған империясының төрт негізгі тіреуі болған, қаһанның «төрт күлігі» атанған төрт ұлының үлкені, сол кезгі саяси сана тұрғысынан – «алтын ұрықтың» («алтын рудың», «асыл тұқымның») басында тұрған шыңғыстұқымды шынайы төрт атаның (Жошы, Шағатай, Үгедей, Төлей) бірі. 1219–1224 жылдары Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы елдерді бағындыруды аяқтағаннан кейін, 245 Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -815-б.
Шыңғысхан «төрт күліктің» əрқайсысына бір-бір ұлыс бөліп берді. Ұлыстардың қаһан ордасынан қашықтығы «күліктердің» жасына сəйкес белгіленді. «Төрт күліктің» ең кішісі – төртінші ұлы Тулуй (Төлей) өзінің «Отчигин», яғни «Үйдегі ошақтың, оттың иесі, Қара шаңырақты ұстайтын ұл» деген құрметті мəртебесіне сай, Шыңғысханның түпкілікті жұрты – Орталық Моңғолияны иеленуге тағайындалды. Төлейден үлкені – үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолияны Тарбағатайға дейін, екінші ұлы Шағатайға Шығыс Түркістан, Жетісудың көп бөлігі жəне Мавераннахр берілді. Ал бірінші «күлік» – үлкен ұлы Жошы Ертістен Еділдің төменгі ағысына дейінгі жазираны, Жетісудың бір бөлігі мен Солтүстік Хорезм шегіне шейінгі алқапты билеуге тағайындалды. Жошының тегіне күдік келтіретін өсекке байланысты, Бөрте-хатунды жақтап сөйлеген империядағы ықпалды адамдардың бірі Коко-Цос: «Біздің қасиетті ханшаның жаны таза – құдды көкте көз ұялта жарқыраған күн дерсің, ойы кең-шалқар – құдды көл дерсің», – дей отырып, қаһанның «күліктерінің» – ұлдарының өз анасына күдік келтіруі жақсы еместігін айтқан-ды. Сонда Шыңғысхан да «күліктерінің» үлкені Жошы екенін балаларының естеріне салып, ондай əңгіменің бұдан əрі қайталануына қатаң тыйым салған болатын246. Тағы бір ескеретін жəйт – жоғарыда келтірілген шежіре үзігінде Жошы ханның баласы Батый деп аталады, алайда, ол орыстардың қойған аты247, қазақтар оны өз атымен – Бату хан, немесе лақап атымен – Сайын хан десе керек еді... Қазыбек бектің жазбаларында: «Ал ендеше Шыңғыс қазақ қалаларын неге қиратты деген сауал келеді», – деген сұрақ қойылып, «Шыңғыстың жермен жексен еткен қалалары көбіне қара қытайлар билеп отырған Үш, Ақтөбе, Тараз, Отырар, Бақын сияқты қалалар болатын», – деген анықтама келтіріледі. Оның айтуынша, аталған қалалардың иелері 246 Султанов Т. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских... – 21–30-бб. 247 Қазақтың қайдан шыққаны//Шəкəрім. ІІ-т. – Алматы, 2007. – 142-б.
«Шыңғыстың күшіне, оны көп қолдап отырғанына сенгісі келмеді». Сол себепті «олар елшілік рəуаятына жатпайтын оғаш іс істеді». Атап айтқанда, Шыңғыс ханның «жүз алпыс түйемен жіберген керуенін түгел тонап» алды. Керуен «басы Тоғышарды, Тоқы бидің үлкен ұлы Еренді алпыс бес адам дүбірімен түгел қырып тастады». Сол алпыс бестің бірі болар, «Асанды екі көзін ойып, екі құлағын кесіп шұнтитып, құйқасын үш жерден тіліп, өзін қара есекке теріс мінгізіп, екі қолын артына, екі аяғын есектің бауырынан байлап бір түнде Шыңғыс шатырына жеткізіп тастады». Осы жерде ауызекі əңгімеге тəн əсірелеушілік орын алып отырғанына тағы бір назар аудара кеткен жөн тəрізді. Шыңғыс қаһан Ертістен басталған жорығына қатысушы əскерін Отырарға тақалғанда төртке бөлген-ді. Бірнеше түменін Шағатай мен Үгедейдің қарамағына, Отырарды алу үшін қалдырды. Жошы бастаған қосындарды Сырдариямен төмен қарай, Жент пен Янгикентті шабуылдауға жұмсады. Сырдың жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыруға тағы бір жасағын жіберді. Шыңғысханның өзі «төрт күлігінің» кішісі Төлеймен бірге əскерінің негізгі күштерін бастап, Бұхараға аттанды. 1220 жылы жағытұрым оған күллі Мавераннахр (Əму мен Сырдың арасы) бағынды. 1220–1221 жылдары Хорасанның қалаларын, Хорезмді жаулап алып, Орта Азияны жаулап алу жолындағы соғыс қимылдарын аяқтады248. Ал оның 1219 жылы жорыққа шығуына сылтау болған арандатушылық – Отырар билеушісінің сауда керуенін тонап, көпестерді қырып тастауы – 1218 жылы орын алғанды. Қазыбек бек жазбасындағы жəйт көпке мəлім тарихи əдебиетке ілікпеген оқиға болу керек, əйтсе де, шежіреде аталған қалалардың қай-қайсысынан да Шыңғысханның керуенбасын «есекке теріс мінгізіп, екі қолын артына, екі аяғын есектің бауырынан байлап бір түнде Шыңғыс шатырына жеткізіп тастады» деу, жоғарыда баяндалған соғыс 248 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех иысячелетий. – АлмаАта, 1992. – 176, 179-бб.
қимылдары географиясы тұрғысынан қарағанда, орындалуы екіталай əрекет екені күмəнсіз. Алайда ауызекі əңгіменің уақыт өте келе, əңгімелеушілер тарапынан өзгеріске ұшырай беретіні – табиғи нəрсе. Шежірешінің жазуынша, «Қоңырат Тоғышар – Шыңғыстың күйеу баласы», соны өлтіру салдарынан «590– 95 жылдар арасында бірталай ел босқа қан төкті». Бұл жерде де көзге ұрып тұрған сəйкессіздікті көрсетуге мəжбүрміз: мұсылман жылсанағымен келтірілген «590–95 жылдар» Юлий, Григорий күнтізбелерімен 1179–1184 жылдарды білдіреді, бұл – Темучиннің Алтайдың арғы жағында, Байкал көлі маңында көшпенді тайпаларды біріктіру үшін күресіп жүрген шағы... Шежірешінің баян етуінше, саудагерлерді қырған да, кейін Қор Асан атанған біреуін қорлап, Шыңғысханға түнделетіп жеткізіп тастаған да қоңыраттар екен. Сондықтан, мұндай жаулық жасаған «қоңыраттарды қыруға Шыңғыстың қызы Моқын сұлу қатты қаһарланып, соғысты өзі басқарды. Бүкіл бір балықты – Мүсəпірді жермен жексен етті»249. Шыңғысханның тек Бөртеден əйгілі «төрт күлігінен» басқа бес қызы болды250. Бірақ олардың əлдебіреуі соғыс қимылдарына қандайда бір мəртебемен қатысқаны туралы дерек бізге ұшыраспады, шамасы, «Шыңғыстың қызы Моқын сұлу» жайы өз зерттеушісін тосып тұрған болар... Шыңғыстың мұндай қатыгездігі əлденеше мəрте қайталанды дейді Қазыбек бек. Осыдан кейін «бұрын Шыңғыс десе жан алып, жан беретін қоңыраттар» ішінде реніш көбейген көрінеді. «Қоңыраттар бұрын сенімді болғандықтан, төрт жарым мың маңғолдың ішіне де көп жіберілген-ді». Жошы мен Шағатай мінездерінен мұндай қатыгездік пиғыл байқалды деген бұл елде естілмеген екен. Кейінірек қоңыраттар қайта бас көтеріп, əсіресе Ақсақ Темір заманында ел билеуге молырақ қатысыпты. Мəселен, «кейін Қырымға, хижраның 739-жылы Хайдар мырза шабуыл жасап, оны басып алды. Хайдар мырзамен Еділ бойына кеткен сол қоңыраттың бəрі Қырымға сіңіп кетті». 249Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан... -824–825-бб. 250Султанов Т. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. – 20-б.
«Ұран (Майқы) заманын оның тұрғыласы Шыңғысты Жамал баба Қаршы баласы қалпынша тауарихқа түсіргендіктен, мен оған аса көп тоқталмадым, – деп сабақтайды шежіресін Қазыбек бек. – Мен өзімнен бұрын жасаған адамдардың айтқанына əлдеқандай бір ауытқушылық жасағым келмейді. Ұран бабамыздан кейін маған дейін мəмлəкəт əспетінде, яғни хан төңірегінде қызмет қылған адам жоқ. Ішінен бабаларымыздың батыр шыққаны бар болар, көбі-ақ шаруа баққан адам еді. Оны менің бала кезімде Матай атам: «Бізден қазақты билеген бір адам шықпай-ақ қойды, биліктің һəммесін атам Ұран əкеткен бе?» – деп отыратын. Бірақ атам менің де хан жанында оңқал болғанымды көре алмай кетті, əкем де көрмеді. Атам судыратып оқып, жылдам қағаз түзетін ұрпағын да армандады»251. ХVIII ғасыр авторының ата-баба шежіресін тарқату барысында өзіне дейін ауызша жеткен аңыз-əңгімелерді қағазға түсіруі, соның ішінде, ХІІІ ғасырда өмір сүрген аталарының өмір сүрген ортасы мен Шыңғысхан мемлекеті жайында ел ішінде айтылатын жəйттерді келтіруі қызықты екені даусыз. Олар ғылыми тарих мағлұматтарымен дəлмедəл үйлесе бермейтіндігіне қарамастан, танымды ертегілер сипатты, дербес өмір сүре беруге толық құқылы болар. Аталмыш шежіренің ХIII ғасырдағы тарихи тұлға, мемлекет қайраткері, əскери қолбасшы Шыңғысханды түбі түркі текті сынды қарастыруы тегін емес. Шыңғысхан империясының едəуір дəрежеде түркілік ру-тайпалардан кұрылғанын ХХ–ХХІ ғасырлардағы ғылыми зерттеулер дəлелдеген. Түркі қағанаты дəуірінде қалыптасқан, одан бергі мемлекеттік құрылымдарда да бұзылмай сақталған дəстүр монғол мемлекеттілігінің ұйысуына елеулі ықпалын тигізгені мойындалған шындық. Осы орайда, түркілік əдет-ғұрыптың Шыңғысхан империясында кең қолданыста болғандығына дəлел ретінде, В.В.Бартольд еңбектерінен бірер мысал келтірейік. 251Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -825-б.
Ғалым арнайы барып танысқан Ақыртас көне ескерткішінен оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырымдай қашықтықта, тауға тақау Үкітас қазақ қыстауындағы үйлердің бірінің құрылысына балбал тас қолданылыпты. Тастың бет жағы сыртқа қаратып қаланған екен. Бартольд оны «Орыс Түркістанындағы балбал тас табылған ең батыс шет» деп есептейді. Мұндай тастар осыған дейін Сырдария облысының шығыс бөлігі мен Жетісуда өте жиі кездесетін. Молаларға осындай тас фигуралар орнату əдеті Қытайда б.з.б. ІІІ ғасырда болған деген хабарды Бартольдқа Құлжа консулы В. М. Успенский жеткізеді. Ғалымның ойынша, «оны қытайлықтардан көшпенділер өз ғұрпына сіңіріп алса керек». Ал Орхан экспедициясы кезінде табылған олжаларды зерттеу нəтижесінде қолына семсер мен тостаған ұстаған фигуралардың балбал деп аталатыны, оны түркілер б.з. VII жəне VIII ғасырларында орнатқаны белгілі болды. Балбал өлгендердің өздерін емес, жерлеу рəсіміне ерекше үлесімен қатысқан тұлғаларды бейнелеуге тиіс болатын. Бейіттер басына балбал тас қою əдеті VI–VIII ғасырлар түркілерінде ғана емес, олардан кейін де бірнеше жүзжылдық бойы сақталған. Мұндай фигураларды IX жəне X ғасырларда Жетісу мен Сырдария облысының шығыс бөлігіне иелік еткен қарлұқтар да тұрғызып жүріпті. Х ғасыр саяхатшысы Əбу Дулеф олардың отқа жанбайтын ағаштан салынған храмы болғанына, оның қабырғаларында өткен патшаларының суреттері бейнеленгеніне куəлік етеді. Осы көне түркілік əдет Шыңғысхан дəуірінде де сақталған болып шықты. Тіпті, бұл дəстүр əлемді дірілдетуші ұлы əмірші дүние салғаннан кейін де бұзылмаған екен: «Балбалдар Шыңғысхан, оның ұлы Төлей мен Төлейдің Құбылай мен Хулагудан өзге балалары жерленген зиратта да тұрған; Рашид ад-диннің куəлік етуіне қарағанда, осы орында «олардың (хандардың) бейнелерін жасап алып, жұпар иіс шығаратын заттарды тұрақты түрде жағып тұрған»252. Түркілердің алғашқы мемлекеттілігінде туып, бертінде, наймандар мен керейіттердің ұлыстарында дамытылған əскери-əкімшілік жүйе Шыңғысхан империясынын 252 http://www.bartold.ru/node/941
негізіне айналды. Империя халқы соғыс мүддесіне қарай шұғыл түрде қажетті əскери жасақтар (түмен, мыңдық, жүздік, ондық) шығарып бере алатындай дəрежеге сəйкестендіріліп, жоғарыда айтқанымыздай, 95 əкімшілік бірлікке ұйыстырылды. Сондай құрылым, Шыңғысханның бұлжымастай етіп орнатқан темірдей қатаң тəртібі мен бірыңғай басқару əдісі арқасында, империядағы бүкіл көшпенді бодан бойында əскери өмірді тұрмыс салтына айналдырған жинақылық пен шапшаң əзір болушылық қабілеттерді қамтамасыз етті. Шыңғысханның атты қосындары əрқашаңда жоғары жауынгерлік сапасымен жəне орасан зор шапшаңдығымен ерекшеленетін, сондықтан да оның əскері тау суындай екпінді əрі тасқынды, қаһарлы да жойқын күшке айналды. Жаһанды тітіреткен айбарлы Шыңғысханның соғыстарда əрдайым жеңіске жету себептерінің бірі – оның монғол тайпаларын ғана емес, түркі тайпаларын (Орталық Азия мен қазақ жазирасындағы көшпенді халықтардың жауынгерлік күштерін) түркілердің қағанаттары тарих сахнасынан кеткеннен кейін көп уақыт өткенде тұңғыш рет елеулі түрде, жаңа сатыда, жаңаша біріктіруінде болатын. Монғолдардың өз байырғы жұрты саналатын Монғолияның өзіне тиесілі шегінен тысқары жерлерді жаулап алуы, Сібірдің, Казақстанның, Шығыс Түркістанның түркі халықтарын өздеріне қосып алуы – күллі Орталық Азия көшпенділерінің бірлігін білдіретін символ іспетті «киіз туырлықты пана етіп тұратын халықтарды» біріктіру ұранымен жүзеге асырылды. Шыңғысханның көшпенді халықтарды біртұтас империяға топтастыру қажеттігін уағыздауы, түркілерді монғол бодандарына айналдыру мақсатымен қилы мəмілегерлік амалдар жасауы, Трепавловтың айтуынша, Жетісу жəне Ферғана князьдіктерін басқарушы карлұқтармен, ұйғыр Тұрпан князьдігінің, оңғыт ұлысының билеушілерімен əулеттік құдандалы болуға ұласып жатқан «одақтық қарым-қатынастар» жасауға алып келді253. 253 Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи ХІІІ в. – Москва, 1993; История Казахстана. Т.1. – Алматы, 2010. – 442-б.
Монғол жиһангерлері шапқыншылық жасау, жаулап алу жорықтары барысында басқа елдерді бағындыруды көздейтін құралдардың ауқымды амал-əдістерін қолданды. Олар əскери жəне мəмілегерлік тəсілдерді де, жансыздар жұмсауды, тыңшылықты түрлі жолмен ұйымдастыруды, психологиялық соғыс құралдары ретінде қарсыластары ішіне үрей таратуды, оларды əлдебір шалыс қадамға қасақана арандатушылықты, араларынан кепіл алу əдістерін, тағысын-тағы қулық-сұмдықтар қатарын түгелдей дерлік пайдаланды, – бұларға қилы жылнамалардан неше-алуан дəлелдер көруге болады. Шыңғысхан əскерінің шапқыншылығы барысында бір бөлігі Моңғолиядан қуып жіберілген, бүгінгі Қазақстанның сол кезгі аумағында тұрған наймандар мен керейіттер, сондай-ақ басқа аймақтарды – Орта Азиядағы хорезмшахтар мемлекетін, Иранды, Ауғанстанды, солтүстік Кавказ бен оңтүстік орыс далаларын мекендеген қыпшақтар мен қаңлылар өте ауыр соққыға ұшырады. Олар моңғол жаулап алушыларына қарсы Хорезммен, Русьпен, Солтүстік Кавказ тұрғындарымен одақтаса отырып, табан тіресе қарсылық көрсетті. Жетісуда тұратын қарлұқтар, сондай-ақ қыпшақтардың, қаңлылардың, наймандардың, керейіттердің Шыңғысханға қарсыласпай, бірден бағынған бөліктері де монғолдардың басқа елдерді жаулап алу соғыстарына қатысулары салдарынан елеулі шығын шекті. Тарих ғылымы моңғол шапқыншылығының Қазақстанға да, жаулап алынған өзге елдерге де асқан зор апат əкелгенін айтады. Жергілікті халықтардың қарсылық əрекеттерін басу үшін Шыңғысхан жаппай террор жасады. Ол зорлықзомбылықты əдеттегі іс-əрекет дағдысына айналдырды, сөйтіп, тұлпарының тұяғы тиген тұтас аудандарды ойрандап отырды. Оңтүстік Қазақстан аумағына кіретін Сырдария бойындағы қалалар мен қоныстар сондай сойқандардың алғашқы құрбанына айналды. Отырар, Сығанақ, Ашнас қалаларының тұрғындарын моңғолдар түгелдей жойып
жіберген еді. Олар елдерді шабу барысында адамдарды жаппай қырып-жойып, өндіргіш күштерді қаусатты, материалдық жəне мəдени құндылықтарды қиратып жоқ қылды. Шихаб ад-дин ан-Нисави жазғандай, «адамдар артта қалған ғасырларда – келмеске кеткен мемлекеттер замандарында – естілмеген апаттарға куə болды». Ортағасырлық деректер көздеріне жəне көптеген іргелі зерттеулерге сүйене келе, ғылыми тарих Шыңғысхан моңғолдарының шапқыншылығын орта ғасырлардағы асқан зор алапат трагедия ретінде бағалайды254. 22. Үйсін бірлестігіне кіретін тайпалардың біразымен бірге Шапырашты да, өңірді билеп-төстеушілердің ауысып тұруына қарамастан, негізінен тұрақты түрде Жетісуды мекендеген секілді. Тіпті, жоғарыда көрсеткеніміздей, өз араларынан шыққан Шапырашты Ұран ежелгі бабаларынша Майқы би атанып, қаһарлы əмірші Шыңғысханның уəзірлерінің бірі дəрежесіне көтерілген. Майқы бидің Шыңғысханға шежіреде аталатындай ықпалы болды ма, болмады ма, Шыңғысхан оның ақыл-кеңесін тыңдады ма, тыңдамады ма, – қалай болғанда да, ол өзінің ат үстінде семсер көтеріп жүріп жиһангерлікпен құрған алып империясынан көзі тірісінде балаларына үлес бөліп берді. Қазақ елінің кең-байтақ жерін ол үш үлкен ұлына бекітті. Ертістің батыс жағы – Жетісудың солтүстік бөлігін, Орталық, Солтүстік жəне Батыс Қазақстан жерлерін қамтитын мол алқап, сондай-ақ төменгі Еділ бойы мен одан əрі қарайғы Шыңғысхан жауынгері аттарының тұяғы тиген жерлердің баршасы Жошы ұлысының кұрамына кірді (бұл ұлыс ұзамай іргесін батысқа қарай кеңейтіп, Алтын Орда деп аталғаны мəлім). Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның аумағы Шағатай ұлысына жатты. Бұл өңір Жетісудың үлкен бөлігін алатын. Ал оның солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына берілді. 254 Нашествие Чингисхана//История Казахстана. С древнейших времен до наших дней. В пяти томах. Т.1. – Алматы, 2010. – 440–445-бб.
Ұлыс билеушілері бірте-бірте күллі билікті өз қолдарына шоғырландырғандықтан, Шыңғысхан империясы ұзамай дербес мемлекеттерге ыдырап кетті. Оған, əрине, құлдыққа түсірілген сан текті, сан тілді халықтардың езгіге қарсы күресі, шексіз-шетсіз қырқыстар, экономикалық байланыстардың, ортақ мəдени дəстүрлердің жоқтығы да елеулі əсерін тигізді. Семсер ойнатып, атпен шауып жүріп көптеген елдер мен халықтарды империя қоластына қаратып алуға болғанмен, құрама болғандықтан да, олардың біртұтастығын тап сондай жолмен сақтау мүмкін емес-тін. ХІІІ ғасырдың 50-ші жылдарының басында ұлы хан Мөңке мен Жошы ұлысы басшысының ықпалдары жүретін шекара Шу мен Талас өзеңдері арасынан өтетін. Мөңке өлгеннен кейін, 60-шы жылдары, империяның бірлігі мүлдем сетінеуге бет алды. Мөңкенің інілері Арықбұқа мен Құбылай император тағы үшін соғысуға кірісті. Соғыс қимылдары Жетісу жерінде де жүрді. Арықбұқа жауынгерлерінің халыққа қысымды күшейткені сонша, Іле аңғарында жұрт ашаршылыққа ұшырады. Сол кезеңдегі өзара қырқысқан соғыстар салдары жайында: «Сол уақытта көп адам қаза тапты, аймақтар қаңырап қалды, ал шабындықтарда топырақ құрғап кеуіп кетті. Шайқастарда екі жауласушы тарап та көп жауынгерінен айырылды. Екі жақтың да қазынасы сарқылды, қалалар мен құрылыстар қаусатылды, ал адамдар оларды тастап кетті де, үй-күйсіз қаңғыбастарға айналды», – деп жазды шежіреші Махмұд бен Уəли. Сөйтіп, əйгілі жиһангер Шыңғысхан қосындары шабуылының өзінде зардап шекпеген Жетісу қалалары енді оның ұрпақтарының өзді-өзі жауласып соғысуы кезінде қиратылды. Қазіргі заманғы ғылыми тарихқа мəлім жазбаша дереккөздер мен археологиялық айғақтар өлкеде моңғолдар үстемдігі орныққаннан кейінгі алғашқы онжылдық ішінде-ақ, Жетісудың күйзелгенін көрсетеді. Қалалық жəне отырықшыегіншілік мəдениет тез құлдырады. Бау-бақша жəне егіс
өсіру мақсатында игерілген жер телімдері жайылымдарға айналдырылды. Өстіп, қала мəдениеті дамыған, отырықшыегінші жəне жартылай көшпенді мал шаруашылығы заманына сай өркендеген, кəдімгідей гүлденген, халық тығыз тұратын оңтүстік-шығыс аумақ өзінің бұрынғы экономикалық жəне мəдени маңызын тез жоғалтты. Өйткені монғолдар жаулап алысымен бұл өлкеге Орталық Азиядан көптеген көшпенді жұрт лек-лек болып ағылып келген болатын. Бұл жəйт егістікті, өңделетін жер көлемін күрт қысқартуға мəжбүр етіп, отырықшы тұрмысын шектеу есебінен көшпенділік өмір салты күшейді. Монғол шонжарлары Шығыс Қазақстан мен Жетісуда жақсы жайылымдарды басып алып, байырғы халықты ата қонысынан ығыстырды. Ал олардың өздері басып алған аумақты ұлыстарға бөлуі этностық жағынан туыс топтардың бір-бірінен ажырап қалуына апарып соқты. Ал Жетісу үш монғол ұлысына қараған шақта тұтастығынан да айырылды. Елді мекендердің қаусатылуы, бау-бақшалардың, егістіктердің мал тұяғы астында тапталып қалуы, суландыру жүйелерінің жойылуы, отырықшылардың босқындыққа ұшырауы, Оңтүстік Қазақстанның қалаларымен экономикалық байланыстардың Шыңғысхан жорығы кезінен-ақ күрт құлдырауы салдарынан Жетісудағы қалалар тіршілігінің шаруашылық негізі бұзылғанды. Осының бəрі өлкені XIV ғасырдың ортасына қарай көшпенділер аймағына айналды. Монғолдардың қазақ жерін жаулап алуы жəне билептөстеуі барысында көптеген этностық топтар Монғолиядан Қазақстанға қоныс аударды. Олардың ішінде наймандар, керейіттер (керейлер мен керейіттер), қоңыраттар мен жалайырлар болғаны ғылымға көптен мəлім. Олар өздерінің атын сақтай отырып, түркі халықтарына қосылып кетті. Сондай-ақ, осынау елеулі тайпалардан басқа да этностық топтардың шашырандылары (мəселен, қият, оңғыт, т.б.) қазақ жеріне келіп, жергілікті ру-тайпаларға сіңіскені анық байқалады.
Жалпы, моңғол шапқыншылығы қазақ жеріндегі түркілердің құрамы мен антропологиялық бітіміне белгілі бір дəрежеде əсерін тигізді. Түркілердің бет-пішініндегі моңғолоидтік сипаттар күшейе түсті. Дегенмен, моңғолдар қазақ жері аумағында өздері құрған ұлыстарда тұратын халықтардың шағын ғана бөлігі болғандықтан, жергілікті түркі бұқарасымен тез сіңісіп кетті. Түркілердің тілін, дінін, ділін, ғұрпын қабылдады. Əйтсе де ең жоғары дəрежелі монғол шонжарлары, түркілене тұра, өздерінің тегін ұмытпай, мақтан етті. Бұл жəйт XV–XІХ ғасырлардағы Қазақ хандығы дəуірінде олардың төре деп аталып, билеуші каста дəрежесінде дəріптелуіне жетті. Төрелер ішіндегі Шыңғысханның тікелей ұрпақтарынан саналатындар қазақ қоғамының қоғамдықсаяси құрылысынан хан тағын жеке иеленуге құқықты сұлтандардың жоғары сословиесі ретінде көрініс тапты255. Шыңғысхан империясының жоғарғы басшылығын құраған шонжарлар қатарында болды деп саналатын Майқының Үйсіннен шыққанын əйгілі Шəкəрім шежіресінен, оның ішінде Шапыраштыдан шыққанын жоғарыда əңгімеленген Қазыбек бектің «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деп аталатын жазбаларынан білеміз. Сондағы шежіре мəліметтері бойынша – Майқыдан Еменбек жəне Еренбек деген екі бала тарапты. Еменбек əкесінің ұлы император Шыңғысханның уəзірі лауазымында қызмет атқарғанына қарамастан, билікке араласпаған, жəй шаруашыл ғана адам болған деседі. Ал оның Өркен атты жалғыз ұлы салдық құрып жүріпті. Шамасы, кедей болса керек, жаяусал атанған екен. Жаяусал Өркен салдыққа салынып жүріп, алпыс жасқа келгенде ғана Көркембек, Көгенбай деген егіз бала көріпті. Уақыт тұрғысынан қарағанда, бұл егіз ұл ХІІІ ғасырдың соңында дүниеге келген сияқты... Қазыбек бек жазбаларында осы егіздің сыңары Көркембек жайынан қызық əңгіме айтады, соны мазмұндап еске 255 Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-т. – Алматы, 2010. -445–448-бб.
салайық... Көркембек тас шебері болған екен де, онысына туысқандары қатты намыстаныпты. Ал Көркембек бұл мамандығын жүрегі қалаған жəне оның қыр-сырын меңгеруді əбден жетілдірген кісі болса керек. Ол ел билеушілерге арнап Əулиеата маңындағы орасан зор табиғи тастан үш сарай қашап шығарған көрінеді. (Бұндай оқиғаның – аталмыш тас шебері 25–35 жастар шамасына жеткенде, яғни, шамамен ХІV ғасырдың бас кезінде орын алуы ықтимал). «Сарайды мен өзім көзіммен көрдім, – деп жазады 1776 жылы Қазыбек бек. – Сарай тастан қаланбаған, бітеу тастан қашалған». Байқап тұрғандарыңыздай, шежіреші айтып отырған сарайды Көркембек тұтас жартас ішін үңгіп жасаған екен. Ол тұрғызған тас сарай үш жерден орын теуіпті, үшеуінің де сапасына Қазыбек бек «мың жылдық десем артық болмас» деп ірі баға береді. «Бірақ соңғы үш жүз жылда сондай ғимаратты пайдаланбай, босқа қалдырғандықтан, енді ешкі ойнаққа айналған» деген өкініш білдіреді. Ол көрген шақта сарайдың «тас төбелері тесілген, заман өткендіктен, желқұздан тастары жарылып мұжылған». Бітеу белтіреулер ғана аман-жақсы тұрса керек. Ал терезе, есік орындары мұжылған екен, ішіне су жиылып, көлшік тұратын болыпты. Ұдайы су тиіп тұрған соң тастары жарылған көрінеді. Сарайдың ХVIІІ ғасырдағы көрінісі осындай болыпты. Қазыбек бек оның мөлшері жайында: «зəулім, биіктігі он бес құлаштай», – дейді. Бір құлаштың кемі біржарым метрден асып түсетінін ескерсек, Көркембек сарайының ХVIІІ ғасырға жетіп тозып тұрған шағындағы биіктігі жиырма бес метр шамасында болса керек. Шежіреші оның сəулет өнерінің ерек туындысы болғанынан да хабардар етеді: «жеке іргенектер, босағалар, маңдайшалар ойылып қашалған». Нақыштары да сəнді болған сияқты, тек «бедері өшіп барады». Соған орай: «Əттең, мен мұны қартайған, көз іріңдеп, буын дірілдеген кезімде кезіктірдім, – деп өкінеді. – Əйтпесе, ұялмай-ақ, бала-шаға үрім-бұтағыммен, зəузатыммен бар ғұмырымды осы сарайды тірі күніндегідей етуге жұмсар едім».
Назар аудара кетелік: жоғарыдағы жүрекжарды сырына қарағанда, Қазыбек бек төбесінен су аққан иесіз сарайды «қартайған, көз іріңдеп, буын дірілдеген кезі» деуге болатын шағы – ХVIІІ ғасырдың 60-шы – 70-ші жылдарында көрген. Демек «соңғы үш жүз жылда» одан мекендеушілер кеткен уақыт шамамен ХV ғасырдың 60-шы жылдарына сəйкес келеді. Шежіреде сарайдың неліктен тастап кетілгені айтылмайды, бірақ, сонша мезгіл «ғимаратты пайдаланбай, босқа қалдырғандықтан», оның жоғарыда айтылғандай күйге түскені баяндалған. Қазыбек бек ата-бабаларының Көркембекті лайықты дəрежеде қадірлемегеніне қынжылады. Олар сəулетшінің тастан сарай тұрғызған осыңдай өнерін бағалай алмай: «Одан да ағайын арасында ет жеп, қымыз ішіп, серілік құрып, сəукім салып жүрмес пе?» – депті-мыс... «Мен мұндай ғимарат тұрғызған адамды ғұмыр бақи ардақтап өтер едім, – дейді шежіреші ХVIІІ ғасыр тереңінен, – бірақ біздің ата-бабаларымыз ол «тас қашады, біреуге үй салды» деп намыс қылған»256. Байқап отырғандарыңыздай, Қазыбек бек сонау алыс замандарда «тастан салған сарайларымыз бұзылып, кесенекешендеріміз, сағана-мазарларымыз күл талқан болғанын еске алғанда», ата-бабалардың осынау кертартпа намысы үшін қынжылатынын сездіреді. «Миллиондаған адамның ғұмыры атқа мініп найза атып, күн-түн қатып, бел буулы, жең сұғулы өткеніне қан жылаймын» дейді. Тұтас жартастан ғаламат шеберлікпен салынған алыс заманғы сарайдың «құлап мұжылып жатса да» ұрпақ назарында болмағына ой жүгіртеді. Бір замандарда – мына тасты кім қашады екен, кімнің үлгі-өнегесімен істелді екен деген сауал қойылғанда – жұрттың сəулетші есіміне құрметпен қарарына күмəн келтірмейді: «атам Көркембектің есімінің аталуы дүниеге жар салып тұрмай ма? Атамның сол салған сəулеті дəулеті емес пе?» Алайда, өміршең өркениет жолын «көкірегі көр, 256 Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. 2-басылым. –Алматы, 2008. -825–826-бб.
айдағаны жер» болған өзінің өткен замандардағы бабалары түсіне алмағанына өкініш білдіргеннен басқа амалы жоқ... Бұл орайдағы оның өмір сүрудің мəні хақындағы пайымдаулары ойландырады. Міне, ол Қазыбек батыр атанды, Қазыбек бек атанды. Ханның тізесін басып, ақылшысы іспеттеніп, ордасында отырды. Сонда не бітті? – ол өзіне осындай сауал қояды. Сондай сауал қояды да, ізінше: «Əттең, ғұмыр босқа кетті» деп шешімтал байлам жасайды. Олай деу себебін өзінің күллі саналы тіршілігі сарп етілген жаугершілік дəуірден көреді: «Бəріне кінəһлі – қалмақ салған сүрен, соның қазақгы ырың-жырың еткені». Сосын сол орайдағы да өкінішін айтады. «Кейде отырып бүкіл бір жұртты жер бетінен жоқ қылып жібергенімізге іренжимін де, жаным да ашиды», – дейді. Мұндағы шежіреші ренжіп те, жаны ашып та еске алып отырған тарихи оқиға жайына кішкене көңіл аудара кетелік. Оның «жер бетінен жоқ қылып жіберген» дұшпан – «бүкіл бір жұрт» – деп отырғаны қалмақ екені түсінікті. Ғасырлар бойғы шабуылдарымен «қазақты ырың-жырың еткен» қалмақ қазақтың қаһармандық əскери іс-қимылдары нəтижесінде ойсырай жеңілді. Қытайдың жойқын соққысы салдарынан жоңғар мемлекеті ретінде өмір сүруін тоқтатты. Батыр осыны айтқысы келген болу керек. Бірақ қалмақтар жер бетінен жойылып кеткен жоқ, олардың ұсақ шоғырлары өз тарихи отанында тіршілік кешуде, үлкен тобы өзіндік мемлекеттілігін сақтап, Еділ сыртында түтін түтетіп отыр, бірер шашырандылары біздің де елімізде бар, ал хисапсыз бөлігі ішімізге кіріп, сіңісіп, қан араластырып алғалы қай заман… Қазыбек бек өз дəуірінің белгілі тұлғасы болған. Бірақ ол өзінің жеткен мəртебесіне де разы емес. «Ең болмаса жұрт айта жүретін, мəңгі тұратын, тас сарай салмағанмен, тауарихтың болашағына тастай жол тартатын бірдеме қалдыра алмаған ғұмыр ғұмыр ма, ол иттің күні емес пе?» – деп налиды. Ең болмаса қолға алған кітапбын бітіре алсам екен деп армандайды.
Алайда оны қоршаған замандастарының талабы да қызық, олар Қазыбек бек «атамыз Ұран-Майқыдай неге болмайды» деп көңіл толмаушылық білдіреді, сол атақты Майқы би «сияқты елді малдай айт деп өргізіп, шайт деп қайырып отырмас па» деген сөздермен үзілген үміттерін сездіреді. Олардың мұндай көзқарастарын шежіреші құлазушылық сезіммен атай кетеді де, негізгі пайымын былай тарқатады: «Қолымен тасқа нақыш ойып, бүгінгі күнге жеткізген атам Көркембек бірнеше тасқа сурет те қашапты деседі. Оны қазақтың шетсіз, шексіз даласының қай тауынан, қай тасынан қарарсың? Қайбір оның аты айғайлап жазылып тұр!? Сол он саусағынан өнері тамған, қарауындағы үш жүз шебер тасқа тамға басып, бедер қалдырған адамның енді бес жүз жылда олар түгіл Көркембек есімі де ұмыт болары сөзсіз. Əттең, Қожахмет сағанасын тұрғызған шеберлердей олар да есімдерін жазар ма еді. Кім біледі, жазған да болар. Заман өткен соң, бетін тауарих шымылдығы көлегейлеп қалған болар. ...Өлдің-өштің, дүниеден кеттің, сонымен бəрі бітті». ХVIII ғасыр авторының осы пессимистік пікірі, айтып отырған сарайы одан екі ғасырдан жиырма-отыз жылдай астам уақыт өткендегі ұрпаққа – біздің замандастарымызға беймəлім екенін ойлағанда, шынымен де шындыққа айналғандай секілденеді. Бірақ, қанша айтқанмен, біздің өткен жолдарымызда «тауарих шымылдығы көлегейлеп қалған» тұстар жеткілікті екені рас қой. Демек, соларды табуға, анықтауға тырысу лəзім, сондай мақсаттағы ізденіс еш тоқырамауы керек. Бұған ХVIII ғасыр авторының жазбаларын ХХІ ғасырда екінші басылым ретінде дүниеге əкеліп отырған баспа ұжымының: «Қазіргі Ақыртас атап жүрген ескерткішіміз осы Көркембек салған сарай болар. Баспагер»257, – деген ескертпесі де елеулі түрткі боларлықтай... Баспагер Көркембек салған сарай болуы ықтимал деп отырған «Ақыртас» – қабырғалары ірі тас блоктардан қаланған, қазіргі қалдық сілемдерінің биіктігі бір метрден бір жарым метрге дейін жететін, төрт бұрышты жоспармен 257 Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан... -826-б.
тұрғызылған монументті құрылыс. Қаланың басты көшесі солтүстік жəне оңтүстік қақпаларының арасын жалғастырады. Сол басты көшеге кесе-көлденең, шығыстан батысқа қарай өтетін тағы бір көше бар, ол өз заманында терең айвандарға барып тірелгенге ұқсайды. Көшелер қаланы төртке бөлген. Оның үшеуі ішкі ауланың айналасына топтастырыла салынған тұрғын үйлерден тұрады. Ал қаланың солтүстік-батысындағы төртінші бөлігіне құрылыс салынбаған. Барлығының қақ ортасында периметрі бойынша мөлшері 5×5 метр болатын тас сəнтіреу (колонна) қойылған аула орналасқан. Ауланың оңтүстік жағында су жиналатын əуіт іспетті екі қазаншұңқырдың сілемі байқалады. Қала құрылысы соңына дейін тұрғызылмай, аяқсыз қалдырылған258. Ақыртасты «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы Тараз қаласының шығысында 40 шақырым жердегі ескі құрылыс орны ретінде сипаттайды. Оны құрылыс материалдары тас болғандықтан жəне пішімінің малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп атаған деген түсіндірме береді. Алыстан көрініп тұруы үшін таудың үстіне төртбұрышты жобамен салған деп тұжырады. Қазіргі кездегі қабырғаларының сақталған сілемдерінің мөлшерінен хабардар етеді. Құрылыстың қарама-қарсы екі бүйірінің ұзындығы 160 метрден, ал екінші жақтары 146 жəне 140 метр шамасында көрінеді. Қабырғалар көлемі 40х70х70 (80) см болып келетін ірі тас блоктардан қаланыпты. Қорғанда біреуі солтүстігінен, үшеуі оңтүстігінен ашылатын 4 қақпа бар екен. Аула ішінде қабарғаларға жапсарластыра тұрғын үйлер салынған. Олар қызмет көрсететін жəне шаруаға қажетті бөлмелер кешенін құрайды. Ақыртас қожайынының жатын жайы мен меймандарға арналған үйі ауланың түпкі, оңтүстік есік жағында болған. Ал солтүстік есік жақтағы үйлер Ақыртаста қызмет ететін адамдарға, күзетшілерге арналған, сондай-ақ бір бөлегі атқора болған тəрізді259. Əлемдік өрмекторға тоқылған «Ақыртас» сарай кешені» 258 Байбосынов К., Омарова Ж., Өмірбаев Б. Ақыртас ежелгі өркениетіміздің алтын көмбесі// Ақ жол, 19.05.2005 259 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1-т. – Алматы, 1998. – 235-б.
деген хабарламада қазіргі кезде ҚР Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Археология жəне этнография институтының басқаруымен кешен аумағында қазба жұмыстары жүргізіліп жатқаны, алдағы кезде республикалық «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында мұражай кешенін құру жоспарланып отырғаны айтылады. Археологиялық зерттеудің соңғы нəтижелерінің деректері бойынша – Ақыртасты Ұлы Жібек жолындағы орта ғасырлық қала Касрибаспен байланыстыруға болады делінеді осынау ғаламтор хабарында. Көптеген ғалымдардың пайымдаулары Ақыртас араб қолбасшысы Кутейбаның бұйрығы бойынша соғылған дегенге саяды. Көрушілердің түйсігін құрылыстың алыптығы, кеңдігі, құрылысқа тастарды пайдалану шеберлігі таң қалдырады. Сарай кешенінің іргетасы 4 метр тереңдікте қаланған. Аңыздардың кейбірінде құрылыстың мақсатын түсіндіріп, оның аяқталмай қалу себептері айтылады. Көлемінің алыптығына байланысты оны ежелгі египеттік пирамидалармен салыстырады. Ақыртас құрылысынын толық аяқталмауына бір кездегі қуатты Тараз каласының күйреуі, шет жерліктердің жиі шабуылы мен өзара соғыстар теріс əсерін тигізді деген болжам бар екені де ескертіледі260. Ғалымдар К.Байпақов пен С.Жолдасбаев Ақыртас араб қолбасшысы Кутейбаның бұйрығы бойынша соғылған деген жорамалды аса жоққа шығармайды. Олар Ақыртастың VIII ғасырдың екінші жартысында, дəлірек айтқанда – 751 жылы Атлах маңындағы шайқаста қытай əскерін қарлұқтар мен арабтар бірлесіп жеңіп, екі мемлекет арасында бейбіт қатынас орнаған кезде салына бастауы мүмкін деген ой айтады. Бірақ құрылыстың салынуы белгісіз себептермен тоқтап қалған дейді. Сондай-ақ олар араб ғалымдары ибн Хордабек пен ибн Кудам деректерінен мəлім Ұлы Жібек жолында орналасқан Касрибастың тап осы Ақыртас болуы ықтимал деген болжам жасайды261. Тараздан шығысқа, Ақшолақ теміржол стансасынан оңтүстікке қарай шығатын жолда Оңтүстік Қазақстанның 260 http://visitkazakhstan.kz/kk/guide/places/view/401/ 261 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1-т. – Алматы, 1998. – 236-б.
жұмбағы мол ескерткішінің бірі Ақыртас жатқанын айтады ғаламтордың «Ақыртас жұмбағы» деген бір шағын мақаласы. Онда құрылыстың салыну тарихы, құрылысының авторы жайында ешқандай дерек жоқ екендігі атап өтіліп, есесіне түрлі қызықты, керемет аңыздар бар екені еске салынады. Көптеген көріпкелдер Бермуд үшбұрышының үшінші нүктесі осында дейді екен... Бұл бір орасан зор, батыл жоспармен қолға алынып, бітпей қалған құрылыс ауқымды ауланың ішіне шоғырланған үйлер кешенінен тұрады. Қазақстан мен шетелдердің біраз ғалымдары осы сəулет ескерткіші жөнінде өз жобаларын ұсынды. Осынау бірегей сəулет кешені Қазақстанның, түркі мемлекеттерінің Таяу жəне Орта Шығыс мемлекеттерімен Ұлы Жібек жолындағы ерте, орта ғасыр кезеніңде саяси жəне мəдени байланыстарын анықтау үшін əлі зерттей түсуді талап етеді. 2004 жылы Ақыртаста қаланың ежелгі келбетін қалпына келтіретін реставрациялық жұмыстар басталды262. Егер ХVIII ғасырда Ақыртас сол заманғы көзі ашық тұлғалардың бірі санатындағы Қазыбек бектің ғана қаламына ілігіп, өзегін өртеген ойларға жетелеген болса, соңғы екі жүзжылдық бойы ол ғылыми жұртшылықты да, қалың көпшілікті де ерен де ерек сəулет ескерткіші ретінде таңырқатып келеді. Бүкіл дүние жүзінің назарын аударған, адамдарды тамсандырып, күні бүгінге дейін таңғалдыратын əлемнің жеті кереметі іспетті таңғажайыптар қазақ елінде де жеткілікті екенін бүгінде ізденімпаз отандастар жарыса айтып жүр. Əлемнің алғашқы кереметіне кіретін Мысыр пирамидаларынан, Эфестегі Артемида ғибадатханаларынан бірде-бір кем түспейтін кереметтердің барын, солардың ішінде Ақыртас кешені де тұрғанын қаперден шығарып алғанбыз, «қолда барда алтынның қадірі жоқтың» кері осы деседі олар. Еліміздің тарихи-мəдени ескерткіштерін насихаттау мақсатында «Қазақстанның жеті кереметі» атты жоба қолға 262 http://visitkazakhstan.kz/kk/guide/tours/view/143/
алынған-ды, кейіннен жобаға бірнеше министрлік белсене атсалысып, «Қазақстан Республикасында «Қазақстанның жеті кереметі» байқауын өткізу туралы» шешім қабылданған болатын. Соған байланысты арнайы ашылған сайтта байқау үшін берілген тізімге еліміздегі 25 мыңға жуық тарихи ескерткіш ішінен екі жүзге жуығы енгізілді. Байқау мəреге жетіп, Қазақстанның жеті кереметі анықталды, бірақ ешкімнің де таласы жоқ таңғажайыптар (Оғыландыдағы Бекет-Ата жерасты мешіті, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Сауран қалашығы, Қаратау жотасы, Қазақстандағы ең терең Қарағия ойпаты, Шерғала, Астанадағы Бəйтерек монументі) қатарынан ойып тұрып орын алуға тиіс тағы бір ғажайып – Ақыртас сарай кешені назардан тыс қалды263. Оңтүстік өңірдегі баға жетпес асыл қазыналардың бірі болып табылатын «Ақыртас», «Ақырташ», «Тасақыр», «Хасри бас» деген атаулармен ғалымдар мен жергілікті тұрғындарға кеңінен танымал болған, құрылысы аяқталмаған тас қаланың қалдықтарын – Ақыртас сарай кешенін, шынында да, таңғажайыптардың ерекше тобына жатқызуға əбден болады. Ол Тараз қаласының шығысында 40 километр қашықтықтағы Ақшолақ теміржол станциясының оңтүстігіне қарай төрт километр жерде, Қырғыз Алатауының етегінде жатыр. Бүгінгі отансүйгіш ұрпақ бұл көне жəдігерлікті ұланбайтақ даланы мекендеген ұлы бабаларымыздың əлемдік өркениет өнерінен хабардар болғандығының бұлтартпас дəлелі ретінде мақтан етеді. Олар Ақыртас сарай кешенін шамамен XIX ғасырдың орта тұсынан бастап əр жылдарда Знаменский, Лерх, Бартольд, Бернштам, Каллаур секілді ғалымдар мен өлкетанушылар зерттеп, жария ғылыми əлемге еткен деп біледі. Алайда құпиясын ішіне бүккен осынау ғаламат мұраның қандай мақсатқа арналғандығы жəне оны кімдердің, қай кезеңде іргетасын қалағандығы туралы күні бүгінге дейін бір ауыздан мойындалған белгілі бір тұжырым жоқ екенінен де хабардар. 263 Көшерова Г. Қазақстандық жеті кереметтің бірі – Ақыртас...//Алаш айнасы, 17.04. 2010
Осы салынып бітпеген ежелгі қала орнын зерттеушілердің бірі, белгілі шығыс танушы ғалым Г. И. Пациевичтің 1949 жылы жасаған сипаттамасы бойынша – Ақыртас қалашығы Ұлы Жібек жолы бойындағы тас блоктардан тұрғызылған бірден-бір ірі құрылыс болып табылады. Ғалымды қала құрылысының ауқымдылығы таң-тамаша қалдырған. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай, қалыңдығы 4–5 метр аралығындағы құрылыс қабырғаларымен, 205 метрге созылып, жалпы аумағы 4 гектар жерді алып жатқан еді. Г. И. Пациевич «Ақыртас» тарихи кешені туралы қалдырған өз жазбаларында қаланың тұрғызылу мақсаты мен міндеттерінің түсініксіз əрі жұмбақ екендігін айтқан. Жергілікті өлкетанушылар кешен материалдарының беріктігі тастан да қатты, жерасты су көзінен 180–200 метр биіктікте жатқан тау жынысынан жарып алынған аса ірі көлемдегі тас бөлшектерден тұратынын көріп-біліп жүр. Сондай блоктардан қаланған Ақыртас іргетасының биіктігі, жер бедерімен салыстырғанда, 3,5–5 метр болады екен. Іргетас үстіне қаланған тастың енінің өзі 2 метрден асады. Ал «Мəдени мұра» бағдарламасы бойынша 2004 жылы басталған археологиялық қазба жұмыстары «Ақыртас» тарихи кешеніндегі қала қабырғаларының биіктігі бес метрге жететіндігін дəлелдеп отыр. Қабырға тұрғызуға аса шеберлікпен қашалған қызыл тастар пайдаланылған. Зерттеушілер Күзенбай Байбосынов, Жұмакүл Омарова, Балтабек Өмірбаев «Ақыртас ежелгі өркениетіміздің алтын көмбесі» деген мақаласында академик Карл Байпақовтың сипаттауына сүйене отырып, тас блоктардың жəне өзге де өңделмеген кесек тастардың көлемі 115x50x50 жəне 60x60x50 сантиметрге дейін жететінін көрсеткен. Өңделген тастардың бізге жеткен нұсқалары сол ерте дəуірлерде өмір сүрген шеберлердің үздік сəулеткерлік өнерін паш етеді. Археологиялық зерттеулер Ақыртасты салу үшін ірі-ірі тастардың тау етегінен қазылып, бірнеше шақырым жерге тасылғанын, сосын асқан шеберлікпен өңделгенін, одан
шеберлер оларды аса дəлдікпен бір-біріне қиюластырып қалағанын көрсетеді. «Қала қабырғасын құрайтын тас блоктарды қалау кезінде лай қоспаның қолданылмағандығы археологтар мен кəсіби құрылысшылардың назарын өзіне аударатындығы сөзсіз. Мысалы, құрылыстың бұрыш, өтуге арналған орын сияқты неғұрлым күрделірек бөліктерінде, айрықша нормадағы тас блоктар пайдаланылған. Бұл ретте блоктардың бір жақ беті астау, немесе бесік түрінде, ал қарама-қарсы жақ беті қиық шошақ формасында қашалған. Мұның өзі тас блоктың астындағы өзі пішіндес басқа блокқа тығыз тереңірек еніп кірігуіне мүмкіндік туғызған. Сірə, блоктардың осындай формаға келтірілуі осынау теңдессіз алып құрылыстың «Ақыртас» атануына себепші болуы керек». Алып құрылысқа су апару үшін 2–3 шақырым қашықтықтағы тау шатқалында аққан бұлақтардан қыш құбырлар тізбегі тартылған. Əрқайсысының ұзындығы жарты метрдей бөлшектерден құрастырылған осы құбырлар арқылы аққан су кешен аумағына жеткізілген. Жалпы, ертедегі билеушілердің, сəулетшілер мен құрылысшылардың тұтас бір қалашықты ауыз сумен қамтамасыз ету жолдарын қалай тапқандығы айрықша назар аударатын мəселе болып табылады. Белгілі өлкетанушы, кезінде Түркістан əуесқой археологтар үйірмесінің мүшесі, Əулиеата уезінің бастығы болған В. А. Каллаур Ақыртастың шөлейтті жерге орналасқанын жазған. Оған ең жақын су көздері – Қырғыз Алатауының солтүстік беткейіндегі шатқалдардан бастау алатын қайнар бұлақтар. Олар кешеннен 4–5 километр қашықтықта жатыр. Əрі олардың суы шағын егістік танаптарын суаруға ғана жетеді. Ал қалашықтың маңынан өтетін өзеншіктің суы жаз айларында мүлдем тартылып, құрғап қалады. Осыларды ескере келе, В. А. Каллаур қалашық құрылысын жүргізушілер оны ауыз сумен қамтамасыз етудің анағұрлым күрделірек тəсілдерін қолданған болуы керек деген қорытындыға келеді. Сөйтіп, іздестіру жұмыстарын осы бағытта жалғастырады. Ұзамай оның бұл болжамы расқа айналады. Зерттей келе,
Қырғыз Алатауының Ұзынбұлақ, Қызылқайнар, Сазөзек деп аталатын үш шатқалынан саз балшықтан жасалған су құбырларының көптеген сынықтары табылады. Осы артефакттар ертедегі құрылысшылар Ақыртасты үш су көзі арқылы ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз етуді ойластырған деген ғылыми тұжырымдама жасауға негіз береді. Ғалымдардың пікірінше, біріншіден, күйдірген саз балшықтан жасалған құбырлармен аққан су жолшыбай шығынға ұшырамайды. Екіншіден, қалашықтан 100–150 метр қашықтықтан су жинауға арналған аумағы 50×50 метр, тереңдігі 2–2,5 метр болатын екі су қоймасы табылған болатын, солар тұрғындар мен жұмысшыларды қажетті ауыз сумен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік жасаған. Зерттеулерге қарағанда, Ақыртасты суландыруға қызмет еткен саз балшықтан жасалған құбырлардың ұзындығы 60 сантиметр, ал енділеу жағының диаметрі 20 сантиметр, ал енсіздеу келген қарама-қарсы жағыныкі 18 сантиметр болған екен. Су жолындағы құбырлардың əр буынында енсіздеу басы енділеу келген жағына кіріктіріліп кигізілу арқылы жалғастырылған. Ұзынбұлақ шатқалынан тартылған су құбыры арқылы су əуелі кешендегі су жиналатын əуітке, одан арнайы құбыр желілері арқылы тұрғын үйлерге, баубақшаларға жəне басқа да шаруашылық нысандарына жеткізіліп тұрған264. Қазіргі замандағыдай құрылысқа қажет техника жоқ алыс заманда осылай су тасымалдау да, ірі тас блоктарды жартастан ойып алу, сол ауыр тастарды қасындағы дөңеске тасымалдап шығару, оларды өңдеу, одан биікке көтеріп, қиюын келтіре қалау жұмыстары да жалаң қолмен қалай орындалғанын елестету қиын. Бұл, шынында да, түсіндірілуі қиын, таңғаларлықтай ғажап құбылыс. «Бұл ғажайып құрылысты ежелгі қазақ жұртындағы көреген көсемнің қолға алып жүргізгені анық», – дейді тараздық автор Гүлжан Көшерова265. Оның бұл сөздері бізге осындай пікірімен 264 Байбосынов К., Омарова Ж., Өмірбаев Б. Ақыртас ежелгі өркениетіміздің алтын көмбесі// Ақ жол, 19.05.2005 265 Көшерова Г. Қазақстандық жеті кереметтің бірі – Ақыртас...//Алаш айнасы, 17.04. 2010
ХVIII ғасырдан тіл қатқан Қазыбек бекпен үндес шығып жатыр. Көркембек сарайының Қазыбек бек қалдырған суреттемесі Ақыртастың бүгінгі сақталған кейпінен-ақ тура оған келмейтіні аңғарылғанмен, алыс заманғы алып құрылысты басқарған белгісіз қазақ сəулетшісінің жұмысына сүйсіну сезімі барша жұртты бірлестіріп, мақтанышқа ортақтастырады. Енді осынау ғаламат тарихи ескерткіш жайындағы дерек көздеріне шағын шолу жасайық. Ежелгі Ақыртас қаласы жайлы алғашқы мағлұматты даостық монах Чань-Чунь жазып қалдырған. Ол Шыңғыс ханмен кездесу үшін 1222 жылы Қытайдан Орта Азияға келген еді. Сол жолсапарында жүргізген күнделігіне Чань-Чунь: «...жол бойында қызыл түсті тастардан тұрғызылған тас қалашыққа тап болдық. Көне дəуірдегі əскери тұрақтың орны бар. Батысында үлкен Аю жұлдыз шоғыры сияқты шашырай орналасқан бейіттер жатыр», – деген жолдар түсіріпті. Дегенмен, Ақыртас қалашығының тарихын ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстары, шығыстанушылардың пікірінше, бұдан 130 жылдан астам уақыт бұрын қолға алынған. ХІХ ғасырда орыс суретшісі М. С. Знаменский аталған тарихи кешенге бірінші болып назар аударады. Ол Орта Азияға жаулап алу жорығын жасаған генерал Черняевтың əскери экспедициясының құрамында келгенді. Ақыртасты 1864 жылы көреді. Құрылысы аяқталмаған қалашық орнын аралап, қағазға кешен қабырғаларының жалпы панорамасы мен фрагменттерінен кескіндемелер түсіреді. Үш жылдан кейін (1867) ескерткішті белгілі шығыстанушы-ғалым П. И. Лерх зерттейді. Ол жекелеген тас блоктардың қалдықтары жайында ХІІІ ғасырда монах Чань-Чунь жинаған деректерді келтіреді жəне Ақыртасты монастырь деп қарайды. Бұл ориенталист оны Будда ғибадатханасы ретінде санаған. ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарында ғалымдар Ақыртасқа тағы да назар аудара бастайды. 1893 жылы онда академик В. В. Бартольд болып, ескерткіш туралы аңыз-əңгімені
келтіреді жəне Ақыртастың христиан, соның ішінде несториандар ғибадатханасы болуы ықтималдығы туралы өзінің болжамын білдіреді266. Əулиеатаның шығыс жағынан жақын жатқан көне ескерткіштер Жетітөбе (Джеты-тепе) мен Ақыртас (Ахыр-Таш) кең танымал болғандықтан да, оған толық тоқталуды қажет деп таппай, Бартольд өз жазбасында Лерхтің кітабына сілтеме жасайды. Онда осы ескерткіштер жайындағы ең ежелгі хабар ретінде қытай Чань-Чуньнің əңгімесі келтірілген. Ал Чань-Чуньнің жазғандарынан сонау ХІІІ ғасырда, дəлірек айтқанда 1221 жылдың өзінде Ақыртастың құлап, қаусаған қалыпта жатқаны көрінеді. Ал Қазыбек бектің жазбасында баяндалатын Шапырашты ұрпағы Көркембек ұста өзінің ғажайып сарайын тұтас тастан қашап салуға бұл мерзімнен кейінірек, жоғарыда келтірілген ұрпақ сандарының орта жасымен жобалап жасаған есебіміз бойынша – ХІV ғасырдың бас кезінде кіріскен болуға керек. Бартольд бұл жұмбақ бүккен қирандылардың шығу тегін анықтауға жəрдемі тиюі ықтимал дерек ретінде: «Дудин мырзаға жəне маған өзге суреттеулерде еске алынбайтын ою-өрнегі бар бірер тасты көрудің сəті түсті, – деген хабар береді. – Осы орында болған жазуы бар тастар туралы қазақтар (киргизы) Дудин мырзаға да, келесі жылы маған да айтты». Бірақ оларға сол тастар хақында əлдеқандай нақтырақ мəлімет табудың орайы келмейді. Өйткені тастарды жергілікті тұрғындар түрлі мақсаттарына бола кешеннен жиі-ақ тасып əкетіп жататын. Көбіне диірмен жасауға алатын. Қазыбек бек ХVIII ғасырда көрген Көркембектің сарайы мұндай дəрежедегі тонауға ұшырай қоймаған-ды. Одан тек тұрғындары кеткен, əрі төбесінен су кететіндей жарылғанмен, құламаған. Яғни ол Ақыртас секілді аяқталмай қалған емес, салынып біткен құрылыс еді. Ең бастысы, шежіреші бізге оны, жоғарыда баяндағанымыздай, ірі тас кесектерден қаланған деп емес, біртұтас жартастан қашалып жасалды деп түсіндірген болатын. Демек, Көркембек сарайының Баспагер 266 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1-т. – Алматы, 1998. – 236-б.
жорамалдаған Ақыртас емес, соған ұқсайтын басқа құрылыс болуы да мүмкін. Қалай болғанда да, Бартольд Ақыртасқа ұқсас Тасрабат (Таш-рабат) тас ғимараты туралы да жазады. Ол Нарын гарнизонының офицері Карнаухов жасаған құрылыс сызбасына қарағанда жəне көргендердің айтуынша – Тасрабаттың Ақыртастан аумайтынын, бұл тас ғимараттың Нарыннан Қашқарға барар жолда, теңіз деңгейінен 11 мың фут биіктікте тұрғанын, оны христиандық əлде буддалық монастырь ретінде көретіндерін келтірген. Бартольд Лерхтің Ақыртасты Будда монастырі деп білгенін де еске ала кетеді. Қызығы, Бартольд қазақтардың Тасрабат туралы да, Ақыртас туралы да бірінен бірі аумайтын аңыз айтатынын ескертеді. Екі аңызда да құрылысты белгілі бір себеппен аяқтай алмаған əкелі-балалы құрылысшы жайында сөз болады екен. Ал Ақыртас жөнінде Бартольд Дудиннен мынандай да аңыздар естиді: Алан-Хазар деген алып жігіт бір қызды жақсы көреді. Ал оның жақсы көрген қызы оған тұрмысқа шығу шарты ретінде өзіне арнап қала жəне сарай салып беру керек екенін айтады. Алан-Хазар Буттам-Буйнак тас тасып, қашайды да, құрылысты бастайды. Қаланы салып біткеннен кейін ол Буттам-Буйнак тауын қопарып, Талас өзенін өзінің қаласының жанынан ағызғысы келеді. Өйткені Ақыртас қабырғасы қаланған жер о бастан сусыз, шөл дала екен. Сондай мақсатпен тауға тағы бір бара жатқанында басқа бір сұлу қызды кезіктіреді. Соны қатты ұнатқан əрі онымен тез тіл табысқан жігіт құрылысын аяқтамай, жаңа ғашығының қасында қалады. Екінші бір аңыз бойынша Ақыртасты Манас пен оның баласы Семетей салған көрінеді... Бартольд көрген кезде Ақыртас маңында мүлдем су болмаған, əйтсе де, бір кезде елеулі боп аққан өзеннің кепкен арнасы əлі де көрініп жатқан еді. Кешен оның оң қанатына салынған екен. Қазақтардың сөзіне қарағанда, бұл өзеннің бастауы тауда екен жəне ол əлі күнге дейін құрғамаған көрінеді267. 267http://www.bartold.ru/node/941
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру