Көңіл айнасы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Сейітқазы Досымов
«Ана тілі» баспасы Алматы Сейітқазы ДОСЫМОВ КӨҢІЛ АЙНАСЫ Повестер мен əңгімелер УДК 821.512.122 ББК 84 Каз 7-44 Д 64 Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
Досымов С. Көңіл айнасы: повестер мен əңгімелер. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2013. – 384 бет. ISBN 978 - 001-251-089-8 Белгілі қаламгер Сейітқазы Досымовтың бір шоғыр əңгімелері мен повестері іріктеліп берілді. Повестер мен əңгімелер алыстағы ауылдың тыныс-тіршілігінен сыр шертеді. Ел ішінің боямасыз жай-күйін суреттеу арқылы өрісті де өнегелі ойға бастайды. Қаламгердің өмірдің өзінен алынып жазылған шығармаларының тіл бояуы бай, баяндауы көркем. Жинақ арамыздан ерте кеткен дарынды прозашының 70 жылдық мерейтойына орай жарыққа шығып отыр. УДК 821.512.122 ББК 84 Каз 7-44 ISBN 978 - 001-251-089-8 © Досымов С., 2013 © «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2013 Д 64
СЕЙІТҚАЗЫ ДОСЫМОВТЫҢ СЫРШЫЛ ПРОЗАСЫ Көркемсөз. Əдебиет əлемінде ең əуелі журналистика пайда болды ма, я болмаса таза əңгіме, хикаят, роман жанры пайда болды ма деп əзірге талас туғызып, түбі жоқ терең зерттеуге бой алдыру əбес болар. Өз ойымша: əу баста, əдебиеттің бастау бұлағында Апулей, Эсхил заманында осы екі жанр бір-бірімен будандасып, біте қайнасып, бірге өсіп жетілген сыңайлы. Бергі замандағы əйгілі қаламгерлер Иван Лесков, Эмиль Золя, Стефан Цвейгтің аурасы бірегей жалт-жұлт еткен маржан дүниелері көбіне очерк сипатында жазылған. Адамның мінез құбылысын, сезім суретін, оның психоаналитикасын ашу үстіндегі арпалысты суреттеу, оның өскен ортасы, табиғаты, қоғамдық, əлеуметтік сипатын түгел қамту – сол очерк, көсемсөз қалыбынан ауысқан. Жанрдан жанр өсіп, жетіліп отырған. Мұны неге тілге тиек етіп отырмыз. Сейітқазы Досымов əдебиет əлеміне журналистикадан келді. Өмір бойы «Қазақ əдебиеті», «Лениншіл жас», («Жас Алаш») басылымдарында журналист болып қазмет істеді, дүниені журналист көзімен қарап пайымдап өтті. Өзінің қаламдас досы Мағира Қожахметованың айтуынша: «Əр очеркі əңгіме секілді оқылатын» тамаша прозашы, өз заманының əлеуметтік ауа-райын кейіпкерінің қалпынан, қабағынан аңдап тани қоятын тамыршыдай талғампаз, сезгір, сыралғы суреткерлігімен жарық жұлдыздай жарқ етті. Бас шайқатып, тамсандыра білді. Сейітқазы Досымов – нені жазса да майын тамызып жазатын. Сол майын тамызып жазатындығы оның шығарАлғы сөз
машылығына да əсер етті. Қазіргі «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас») газетінде табандатқан он жыл бойына қызмет істеді. «Қызмет істеді» деген бергі ауылдың сөзі ғана, əйтпесе сол республикалық газеттің отымен кіріп, күлімен шығып дегендей, кіші əдеби қызметкер, əдеби қызметкер, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі міндетін атқара отырып, қаншама рет шығармашылық іссапарға шықты, нешеме суреттеме, репортаж, мақала, очерк жазып оралды. Қаламгердің ерекше бір мінезі: ат аунаған жерде түк қалады, жазушы аунаған жерде сөз қалады деп, əрдайым жүздескен, шүйіркелескен, мінезін таныған кісілерді қаламына іліп кейіпкер етіп жазумен шаршады. Қаламынан туған очерктерін Республикалық кітап палатасының қорында қатталып жатқан басылым беттерінен түп көтеріп, тірнектеп жинаса – екі том кітап болар еді. Өткен ғасырдың 60-70-80 жылдарының еңбекші, диқан, малшы қауымының тұтастай панорамасы барша тыныс-тіршілігімен көз алдымызға қалқып шыға келер еді. Осы жерде Сейітқазы Досымовтың очерктері туралы бір ауыз сөз айтуға тура келеді. Сейітқазының туған жері Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал кеңшары. Баяғы Кеңестер одағы кезінде ауыл шаруашылығын дамытып, қой түлігін өсіруден маңдайы жарқырап 27 Социалистік Еңбек Ері шыққан ел осы. Біраз жұрт ауылына ат басын тірей қалсаң, алдыңа ақ дастарқанын жаймас бұрын: «Біздің ауылдан пəлен жазушы, түген академик шыққан» деп өркештене сөйлеп, өздерінің əншейін ғана қолайы болып қой бағып, суішкілігін тауып жүрген қарапайым тіршілік, можантопай момындар емес, аспандап сөйлеп, алшақ басатын кісілікті байпатшадай адамдар екенін білдіретін болып жүр. Ал, Сейітқазы өсіп-өнген қарашаңырақ – талай марқасқа кісі ат басын тіреген, басын иіп сəлемдескен – Социалистік Еңбек Ері Досым ақсақалдың үйіне Жазылбек Қуанышбаев ақсақал Алғы сөз
жаз шыға ат басын тіреп түстене жатып сырласып кетеді екен. Қазір айтсақ, бəрі ертегідей, қазір ойласақ жарықтық Досым ақсақалдың əр сөзін құлағына құйып өскен, есейе келе естігенін, көргенін ақ қағазға мөлдіретіп түсіре білген Сейітқазы бала жастан қалам мен қағазды серік етіпті. ҚазМҰУ-дің журналистика бөлімшесін үздік бітірді, көп ұзамай қиын əрі күрделі тақырыпқа қаймықпай қалам тартатын көркемсөз ұстасына айнала білді. Үштөбенің атын күллі одаққа əйгілеген 27 Еңбек Ері туралы аудан басшысы Əбдір Сағынтаев екеуі бірлесіп кітап жазды. Адам ортасына қай ісімен қадірлі? Қандай шаруаның басын қайырған кісі лауазым биігіне жылдам-ақ өрмелеп шығады, ел көзіне ертерек түседі?.. Дəп осы сауалға жауап іздеп жүздеген жазушы кітап жазды... нешеме социологтар қыртысты қалың лекция оқыды... қаншама философтар ой толғап, трактат кестелеп, көз майын сарықты... Біз білетін Сейітқазы Досымов: «шеңгел де жерінде шуласып дегендей, əр адам өзінің сүйген кəсібін қамдасын... дүниені ұмытып жан-тəнімен істеген шаруа ғана кəсіби шеберлікке жеткізеді, кəсіби шебер ғана өз өмірінің биігіне шыға алады» дейтін. Айтса айтқандай ғой. Сейітқазы Досымов бауырымыз əңгіме, очерк жазған кезде дүниені ұмытып кетуші еді. Жазуды ұрынып жазатын. Кейін-ақ жазармын, үстінен қайта қарармын, ширатармын деген сөзді білмейтін. Қай тақырыпты қозғасадағы бір отырғанда жазып тастайтын. «Ащы мен тəтті», «Жаңғырық», «Директорлар» повестері осылай бір отырып, бірер сілкінген кезде құйылып түсті, дəп осы дүниелері кейінше «Жалын» журналының жабық бəйгесін екі мəрте жеңіп алды. Жазушылар одағына мүшелікке өтті. Сол бір жылдары маңдайалды журналист, «Қайнар» баспасының директоры Хайдолла Тілемісов ағамыз əлденеше рет Сейітқазыны қызметке шақырды. «Жылы жерде, Алғы сөз
тыныш бөлмеде шай ішіп отырып қолжазба жөндейсің, тоқсан сайын сыйақы алып отырасың, баспаға кел», – деді баспа директоры. Сонда Сейітқазы бауырымның айтқан сөзі əлі құлағымда. – Хайдеке, қолқаңызға рақмет, жылы жерде отырып жұмыс істеуге бара алмаймын. – Неге келмейсің? – Отырып қаламын ғой. – Отырып қалудан қорқатын кəрі қыз ба едің, сөзді қой, дереу баспаға ауыс! – Хайдеке, жас күнімнен жел өтінде, күн астында жүріп нəпақасын айырған адамдарды зерттеп үйренген адаммын. Жылы жерде, тыныш бөлмеде ішқұса болып өлермін. Жүріп жазатын журналистпін, сол жүрісімнен танбаймын!.. Кейінше «Қазақ əдебиеті» газетінің очерк бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді. Мұнда да табандатқан он жыл. Осы күні құлағымызға еміс-еміс жаңғырығы қалған кешегі қайта құру, жаңаша ойлау заманының бет шарпыған қызулы, таласты очерктерін оқығыңыз келсе – өткен ғасырдың 80-шы жылдардағы «ҚƏ» газетінің тігіндісін ашыңыз. «С.Досымов» деген қолтаңбамен жарық көрген қадауқадау очерктерді оқыңыз. Жалықпайсыз. Шаршамайсыз. Жеңіл юморы, астарлы əзілі əдіптеген мəйін тілді мақала, əңгімеге мейіріңіз қанады, мейманаңыз тасиды, оқыған үстіне оқи түскіңіз келеді. Сейітқазы өзін өмірге əзіл-қалжыңның жөргегіне оранып келгендей сезінуші еді. Республикалық зағиптер қоғамның республика көлеміне тарайтын «Еңбек Туы» атты журналы бар. Басылым тиражы көңіл көншітеді. Күндердің күні Сейітқазы бауырым үйіне қонаққа шақырды. Бардым. Үстел үсті тіреліп тұр. Ішімдіктің нешеме түріне көз сүрінеді. – Оу, Секе, бұл ас та төк ас мəзірі ненің құрметіне? – деп сұраймын баяғы. Сейітқазы мырс күледі. – Өзіңіз білесіз, «Лениншіл жаста» Сейдахмет БердіАлғы сөз
құловтың қарамағында, «Қазақ əдебиетінде» Шерхан Мұртазаның қарамағында қызмет істедім. Енді тақауда зағиптер қоғамының журналына ауыстым. Өз билгім – өзімде, – де-е-еп масайрап, мəзденіп отыр сабазың. Жай, жадағай, көңілсіз тіршілікті – əрі сұлу, əрі көркем сөзі жайнатып жіберетін, кісіні таң атып келе жатқандай жадыратар маздаған шоқ мінездің иесі еді. Əуезов айтқандай «Дос – Бедел достың нағыз өзі» болатын. Кісіні бауырына тартып, икемдей тілдесетін, көрмеген ортаға тастай батып, судай сіңетін, көрмеген кісімен лездің арасында сырлас, біліс, бөлкелес, бөтелкелес болып шыға келетін. Оның көзіне жаман адам жоқ секілді еді, бəріне дала көңілімен қарайтын, достарын демеу тұтатын, қадірқасиетін біліп, айтып отыратын. Өзі оқыс дерттен көз жұмған кезде сол достары егіле қайғырып, қазаның барша ауыртпалығын мойындарымен көтерісіп алды. Адам ерте ме, кеш пе – дүниеден өтеді. Сол қылөткел межеге кім несімен келеді деген сауалға нешеме ғұлама ғалым, жазушылар том-том кітап арнаған. Таптаурын жолға түсіп, ойдан ой тарқатып, оқырманның уақытын алып неғыламыз. Біздің айтарымыз: жазушы, журналист Сейітқазы Досымов осынау кісіні алысжұлысымен қарадай делқұлы қылар, қарадай жанталастырып қояр фəни жалғанның емен есігін ақырындап жауып, енді қайтып келмейтін... енді қайтып үн қатпайтын... белгісіздік əлемі – бақи жалғанға көшін түзеген мезгілде – соңына нендей із қалдырды деген сауалға жауап беру ғана. Осынау жинақты оқыған, оқымаған қыруар оқырманның ризашылық пейілін, ыстық ықыласын былай қойғанда, алтын асықтай Айқын, Əділ атты ұлдарын, Дана есімді қызын, Лəйла есімді ақкөңіл адал жарын былай қойғанда: «Сөзінің суреті көрінген, кісінің жанды жерін тап басып таныған – əрдайым мұңайып, шерленіп жүретін, өз ісіне, өз жүрісіне ешқашан көңілі толмайтын кеңқолтық Алғы сөз
қарапайым кейіпкерлермен қайта бір шүйіркелесіп... мінекей, сол өзі... Сейітқазы Досымов жүріп өткен сүрлеу осы! Жазып қалдырған көркем сөз осы!» – деп кəміл шындыққа қол қоятынымыз белгілі. Соңына тəлім алар жақсы сөз қалдырған қаламгерді жыл өткен сайын сағына түсеміз... уақыт өте мезгіл-мезгіл артында қалған əдеби шығармаларын қағып-сілкіп, шаңнан арылтып кəдемізге жаратамыз... мəйін тілді уыз сөздің дəмін тұщына береміз. Лəйім солай болары анық! Дүкенбай ДОСЖАН, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, М.Əуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты. Алғы сөз
ПОВЕСТЕР
ҰШҚАН ҰЯ Мен үш қасиетіме мақтанамын. Олар: жалған айтпадым, атақ-даңққа сатылмадым һəм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Əбділда Тəжібаевтың «Хаттар сөйлегенде» атты хикаятындағы Жаданның төртінші хатынан Самолеттен əлгінде ғана түскенмін. Енді міне, қылды қақ жарып жатқан тас жолмен жүріп келемін. Жан-жағыма алаңдап Бозарыға баратын көлік болса, Аққойлынікіне соқпай-ақ бірден тура тартып кеткім де бар. Оған табан астынан ұшыраса қойған аяқ ылау жоқ болған соң, немере ағайымдікіне соға кеткенді жөн көрдім. Тас жолдың екі жағына жарыла салынған еңселі ақ үйлер сап түзеп тұр. Митың-митың жаяу адамның жүрісі өнген бе. Үйге жетуге əлі біраз жер бар. Босағадан аттай бере-ақ ағамның кішкенелері қара күйедей жұғысып, шылғауыма оралды. Аққойлы да үйінде екен. Əне, екі жігіт төрде сұлап жатыр. Əсіресе шикіл сарысы «бұл үйде менен бөлек кім бар?» дегендей шірене түседі. Картаның астына бес-алты газетті қабаттап салып қойған, маған əлден соң барып көңіл бөлген болып: – Бұл жігіт кім? – деді шикіл сары. – Үлкен шалдың баласы, – деді ағам, қолындағы картасын араластырып отырып. – Халдерің қалай? Жұмыс орынша ма? Бұл жақта түгел аман, өткен демалыста шалкемпірдің отын-суын түсіріп бергенмін... Бəрін реттеп қойдық, келіп қол ұшын да берейін демейсің. Əке-шешең саған өкпелі, – деді бəрін бір өзі істеген сыңай танытып жəне онысын менің бетіме салық еткендей. – Жер болса шалғай, кісі мойнын бұра алмайды екен, – дедім қысылып. – Бұл əлгі Алматыдағы, біздің совхоз туралы сын мақала жазған інің-ау деймін. – Е-е, сол батыр, шашымызды жұлып оқытқанда пайдаСейітқазы Досымов
Көңіл айнасы сын көреміз бе десек, қайта... Осы совхоздың адамдарын ала көз ғып қойған жоқ па. – Журналист бауырым осы де... Бізде құр алақан емеспіз, ауданнық газетте көптен бері қайнағам істейді, ауылға келсе қырып кете жаздайды, енді өзі де жазғыш, газеттің бетін бермейді ғой... – деп желпінді шикіл сары. – Дұрыс. Дұр-р-ы-ыс! Айтпақшы, менің Қырымда бірге болған, Алматыда тұратын редактор досым бар, құдай-ау фамилиясы кім еді? Былай төртбақ келген, қасқа бас, селдір шашын жылмитып тарап қояды... Өзінің тілінің уы бар. Құдай-ау, соның фамилиясы... ұмыттым... Кітап та жазады екен газетпен қосып, маған повесть па, роман ба əйтеуір бір кітабына автограф жазып беріп еді, құданың құдыреті... қара басып тумбочкамда қалып қойыпты, əлі өкінемін... Кітабының сыртында комбайндар кетіп бара жатқан еді қаздай тізіліп. – Қай газет-журналдың редакторы екен? – Қай газет-журналдың дейсің бе?.. Құдай-ау, сол... со-о-л?.. – Кейін ойыңа түсер, кəне, жүр... Өзің ұтылып отырып, редакторда кеткенің қанша?! – деді қасындағы жылтыр қара маған қулана көзін қысып. Үшеуі өздерімен өздері болып кетті. Шикіл сары бас зоотехниктің сөздеріне құсқым келді. «Азар болса, өкіметтің бір тоқтысын ұтарсыңдар», – деп екіленіп қояды тағы да. «Азар болса, өкіметтің бір тоқтысын ұтарсыңдар!» Мен ойланып қалдым. Көбіне мұндай жігіттерді ауыл өмірі жалықтырмайды, жабықтырмайды, қайта жерұйығы табылғандай бұйығып, бойкүйездік, енжарлық баса береді, баса береді... Ақыры су түбіне шым батып кеткенін де білмей қалады, қонақтары кеткен соң, ағам менің «сын мақалам» төңірегінде өрбіген ел ішіндегі алып қашпа əңгімені айтып берді. «Осында Қалдаберген бастаған топ бірігіп, сыртыңнан арыз жазды деген де қауесет бар», – деп қойды.
Сейітқазы Досымов – Арыз болғаны рас, бірақ істің нəтижесінде арыз иелерінің өзі ұятқа қалды. – Əп, бəсе, көп кешікпей бұл əңгіме су сепкендей басылып еді, əсіресе қырын қарай қалған директор да маған оң қабақ танытып еді. Бə-с-е-е... Аққойлы əбжел қозғалып, күпті көңілі орнына түскендей орнынан жеңіл көтеріліп, мені Бозарықтағы отырған шалкемпірге жеткізіп салу үшін РСӨ-шеден көлік қарастырмақ болып тысқа шықты. Аққойлының ары жүгіріп, бері жүгіріп Бозарыққа тапқан көлігі «Белорусь» тракторы болып шықты. Мен келгенде ағайынды екі шал болмашы нəрседен ілік тауып, жүз шайысып, екі-үш күннен бері бірінің үйіне бірі тағы да кірмей қалған екен, əке-шешем ашулы, салқын қабақпен қарсы алды. Бүгін мені бетке ұстап, інісі ағасынікіне бас сұқты. Жаюлы дастарқанның бір шетіне еміне келіп отырды. Бір бауырсақты екі бөліп жартысын аузына салды. – Иə, ат көлік аман келдің бе? – деді сонсоң барып маған, – немене, келін көрінбейді, келмеген бе? – Оқуынан шыға алмады. – Бұл жаққа жақындайын деген ойың бар ма, өзіңнің? – Оған орын болыңқырамай тұрғаны. Оның үстіне, орналасып қалған соң... – Сондағы бар жұмысың тек радиодан сөйлеу ғана ма? Мен өзімше қызметімнің ретін түсіндірген болдым, қайнысының əлгіндей қойған сауалынан кейін барып апам мəн-жайды ұға қойды. Əлден соң: – Келін босанды ма, – деді самарқау ғана. – Жоқ, əзір... – Өзің жүдеусің ғой. Семья баққан қандай екен? Əкең екеуміз қолыңа барсақ асырай аласың ба? – Асырай алмай... сіздерге «оқуымды бітірген соң қолыма аламын» деп жүрген жоқ па едім. Міне, оқу бітті. Тек пəтер мəселесі қинап тұр. Əйтпесе, жұмыс жақсы. Егер көшіп барсаңыздар, үйді сатып-ақ алар едік. – Ендігі көрмеген құқайымыз қала еді. Оны да көрсетейін дедіңдер ме? – деп, апам ыршып түсті.
Көңіл айнасы Бірден көкеме қарады, ол аңғармаған сияқты, сосын қайнысына зер салды, онан да бөтен сөз шықпасын біледі. – Енді жұмыс ыңғайы... – дей беріп едім... – Айтып-айтпады, өзіңнің осы үйге иненің жасуындай тигізген пайдаң бар ма? Енді келіп, бұл екеуін қалаға сүйремексің, – деді Бүтінші көкем, мені ала көзімен ата қарап. Сақал-мұртын басып, шашын ұстарамен жаңадан қырғызған екен. Қолдан сырып тіккен қыжыш топысының астына əлсін-əлсін қол жүгіртіп, ақ құйқасын қасып-қасып қояды. – Е-е, қартайғанда қалған малды шашқысы келеді де, – деді Сенбі көкем бірден інісін қоштап. – Кəрі қойдың жасындай жасымыз қалды, «Сатыбалды баламыз. Баламыз» дегеннен басқа сенің əлі пайдаңды көрген жоқпыз. Өткен жылы бір тал шөпке зар болып, қолдағы уақ малдың тілін тістеп қалған күндері болды. Құдайдан баланы неге сұраймыз. Осындайда бір мезгіл адамның жанына желеу болсын деп сұраймыз. Сенбі көкем екі иығына екі кісі мінгендей денелі, үлкен кісі. Мінезі қызық. Көңілі түссе ақ көңіл, көңілі түспесе томырық. Қашан көрсең, шынашақтай жатып алып, кішкене селдір шоқша сақалын тарап, жіпсиген екі көзін сығырайта қысып, өткен-кеткендерін есіне түсіріп, бірде өз-өзіне көңілі толып, бірде көңілі толмай отырып, ұйықтап кетеді. Қазір де өз-өзіне көңілі толмай, жастыққа басы тигені сол еді, қор ете түсті. – Ə-ə, ажалдан бұрын сені бір алса, қу ұйқы алар – деп апам мұнысын ұнатқан жоқ, – əй, шал! Селк етіп, басын жастықтан жұлып алды. Жатқан жақ қолы астында қалып ұйып қалса керек, білегін сығымдап-сығымдап қойды. – Өзі өлсе де Дүйсенбіден көз қалып еді, – деп көкем бас-аяғы жоқ əлгіндегі əңгіменің ұзын ырғасын қойып қалды. – Қой, əлгі қатын балаларға барам деген соң, көк тоқтыны алып қалып едім, соны сойып тастайын. Бүтінші көкем орнынан сөйлей көтеріліп, үйден шыкты. – Ана, Ұлбосын сабағында ма? Қашан келеді?
Сейітқазы Досымов – Бағанадан бері неге сұрамайсың? Алдымызда карайып жүргенін де көп көресіңдер ғой, ə, – дейді апам жұлып алғандай, – құдай ұлдан салмаса да, қыздан салды. Сенбінің атын сен шығармағанмен ол шығарды. «Ұлбосын Сембина жақсы оқиды, тəртібі жақсы» дегеннен басқа мұғалімдерінің айтары жоқ. Айналайын, əншейін! Мен бұл үйге өкіл баламын. Ұлбосын – кіші қызының тұңғышы. Апамның мына сөзінен «тумағанның түбі шикі» деген рас-ау» деп түйдім. Есіме өзім қызмет атқаратын коллектив, өзімнің күнде болмаса да «Сатыбалды Сембин» боп эфирден тарап жатқан сəттерім оралды. Соның біріне болмаса да, біріне құлақ түріп тындамады дегенге кім илана қояды. Тіпті өзі тыңдамаған күнде де: «Естідіңіз бе, бүгін балаңыз радиодан сөйледі ғой. Ойпыр-ай, жақсы сөйледі, тыңдап отырып сіздер бір жасап қалды ғой деп едік, жай өзіміз», – деп, мені жақсы білетін көршілерінің де талай айтқанын өз құлағыммен естіп едім. Соның бəрін естіп, біле жүре апамның əдейі көзге ілмей отырған тірлігі бұл. Үнемі осы ғой. Оқуға бармай, оныншы кластан соң осы отырған тамды салысқанда да: «Шаршадың ба?» – демеген еді. Қайта қайнысының баласы – Аққойлыны жақтап, қымызын көбірек соның аузына тосатын. Мен төргі үйге бардым да құладым. Көңілім құлазып, адамы жоқ үйдей дүмбірлеген бір сəт тыныштық басты. Тұла бойымды кернеп, маздап тұтатып тұрған бар адамдық қадір-қасиетім, пəктігім ізім-ғайым жоғалып, анаға деген ыстық ықылас өз-өзінен суып сала берді. Екі көзімнен парлап аққан жас жастығымды жуды. Ішім удай ашыды. Намыстан өртеніп жатып алдымен ауылдың екінші шетінде отырған өзімнің үйімді, туған анам – Орыншаны, туған ағам – Қазылықты, ағамның үрпе-сүрпе бес-алты баласын, сонсоң əлгінде шығарып салған совхоз орталығындағы немере ағам – Аққойлыны, оның семьясын ойладым. Өзі бір атадан қалған үш шал. Үш шалдың үлкенінен – екі қыз, ортаншысынан – бір ұл, кішісінен – екі ұл, бір қыз (қайтыс болған), міне, өлшеулі ғана көзге көрініп жүргені осы. Үш шалдың да
Көңіл айнасы қатары сиреген. Сүт кенжелері бұл пəниден ерте кеткен, түбіне соғыс жеткен. Күні бүгінге дейін хат-хабар жоқ. Артында қалған екі бала ер жетті. Енді мынау, екі ағасының сол інісінің баласын тақымдап, ұзыннан өші қалғандай егесіп отырғандары... – ...Сатыбалдының келгені рас па? – деген дауыстан оянып кеттім. Таныдым. Бұл дауыс Қазылықтікі. Жатқан жерімнен атып тұрдым. Жүрегім алып-ұшып, лүпілдеп жиіжиі соқты. – Қай бөлмеде дейсіз? – дейді ағам аптыға. – Кайдам, қарасайшы, – дейді апам немкетті. – Беймезгіл уақытта бұл қай жатысы. Бір жері ауырып келген шығар, – дейді ағам абдырап. Бөлме іші күңгірт тартып, біреуді-біреу көріп болмайды. Қазылық электрдің түймесін басып қалды, жарық бөлмені бірден көміп кетті. Екі бауыр құшақтасып амандастық. – Самолеттен түскеніңді қоймашы Қалдаберген көріпті ғой. «Əкесінің малына ие бола алмаған інің келді» деп намысыма тиді өзі. Бір жұмыстармен орталыққа барып едім, сонда айтты, үйге бұрылмастан тура осылай тартып кеттім, – деп Қазылық маған сөз кезегін бермеді, – қалай, ол жақтағы құдалардан не хабар бар? Кандай жаңалықтарың бар? Өзің радиодан күнде сөйлейсің ғой деймін. Осы күні апам радио тыңдағыш болып алды. Диктор сөйлесе де: «Біздің Сатыбалды ма деймін» деп елеңдеп отырғаны сол. Бұрынғыдай хатыңды сарыла тоспаймыз – радионың құлағын бұрап қалсақ болды, тіпті бірге отырғандай болады екенсің. – Оһ-ох-о! Ағам келіпті. Оһ-ох-о!.. Есік алшақ ашылды. Ұлбосын ішке ентелей жүгірген бойда мені мойнымнан орап, құшақтай алды. – Тəтем неге келмеді? – деп, сосын жеңгесін сұрады. – Тəтең демалысында келеді ғой. Ал қазір саған əдемі жемпір беріп жіберген. Бар, соны кие ғой, – дедім бір түрлі даусым дірілдеп. – Иə, оны Жондағы ағаң беріп жіберді деді ғой жаңа апам, – деді қарындасым.
Сейітқазы Досымов Мен енді қарындасымды қайтып сендірерімді білмей, бірауық үнсіз қалдым. Сонсоң: – Жоқ. Оны тəтең əдейі беріп жіберген Алматыдан, айналайын! – деп бетінен сүйдім. – Тəтең келгенде не əкеп берсін, бұл жерден таба алмай жүрген керек заттарыңның бəрін қағазға жазып менен беріп жібер, мақұл ма? – Оһ-о, оны тəтем беріп жіберген... Өзі келгенде тағы да əкеледі... Ұлбосын бөлмеден жүгіре шықты. Орынша апам да ақыры шыдамаса керек. Арада екі күн өткенде, Қазылық екі доңғалақты мотоциклімен əкеліп салды. Орынша апам келгенде, үшеуміз үш жерде шошайыпшошайып отыр едік. Келініне бір-бір жалт қарасты да, қайнағасы да, абысыны да сол отырған орындарынан тапжылмады. Тек мен ғана ұшып тұрып, шешемнің қолын алып амандастым. Абысынының тымырая қалғанынан-ақ өзінің келісін жақтырмағанын білді. Білсе де аз үнсіздіктен соң шұқылап менің жай-жапсарымды сұрады. – Қайда тұрып жатырсыңдар? Көрпе-төсекті не қылдыңдар? – деді Орынша апам. – Көзінің астымен абысынына қарап қойды. Ол болса тырсылдап келініне оң иығын беріп, қалай ұрыс шығарудың ретін таппай отыр еді. – Пəтерде тұрамыз. Осы жерден алып кеткен көрпелер бар, – дедім. Дерін десем де, екі шешемді бірдей аяп кеттім. «Құрысын, бекер-ақ келген екенмін... Екі оттың ортасында қалып...» – Оқуға түскен жылғы жалғыз көрпе ме? Бұны айтқан тағы да Орынша апам. Жауап бермеске лаж жоқ. – Басқасы енді болады ғой, – дедім төмен қарап міңгірлеп. – Келін босанған соң балаларыңды өздерің баға аласыңдар ма? – Бақпай, бүгінгі жастар бəлені бағар, – деп, осы мезет шыдай алмай өкпе тұстан Тəжігүл апам сөзге араласты.
Көңіл айнасы Мен мүдірдім. «Жауабыңды тездет...» дейді бір ойым. «Үйден шық та кете бер, сонда екі шешең тəтті аузының дəмін кетірмейді» дейді екінші ойым. – Соған, сол... апам барса, уақытша алып кетейін деп келіп едім. Оған апам үйден шыға алмайтын түрі бар, – дедім ақыры күмілжіп. – Қайдан барады, бəрі еріккен-ау, ə? – деді Сенбі көкем күн ұзақ бұлардың сөзін бағып отырып. – Кердеңдеп, есігіне кісі салғысы келгенше, өзі келмей ме? – деді тағы Тəжігүл апам. – Өзі сабағынан шыға алмады, əйтпесе... Бұл үйден Орынша апам да жұлынып, ашуға мініп шыққанын аңғардым. Орта жолда біраз жылап та алады. «Осыларға бала беріп, балам тасып бара жатыр ма еді-ай? О баста осындай боларын білсем, бала түгілі баланың тырнағын да көрсетпес еді ғой. Ой, сұмдық! Ең болмаса: «Он екіде бір нұсқасы жоқ, сендер қалай үй болып отырсыңдар ол жақта?» – деп бір ауыз сұраған адамнан айналмайсың ба. Бұл екеуінде ол да жоқ. Қайтып қана ішің жылиды?» – дейді. Үйіне келген соң да өн бойын зілмауыр ойлар басып, еңсесін көтертпеді. Бұл ары тарт, бері тарттың түбі неге соқты дейсіңдер ғой. Айтайын. Үш күннен кейін үркердей ауылда: – Əбден адам қылғанда қайнағасына берген баласын Орынша қайтып алып қойыпты, – деп; – Сен оны айтасың, қайтып алмақ түгілі еншісін бөліп беріп, баласымен ілесе кетіпті, – деп; – Бұл рас əңгіме көрінеді. Мен Қазылықтың қатынының өз аузынан естідім. Енді сол баласының қолында тұрады білем. Баласы дөкей жұмыста көрінеді. Соны дөкей үй етпекші, – деп; – Алда байғұстар-ай! Сенбі мен Тəжігүлге қиын тиген екен-ау, ə?! – деп; – Əй, «өзіңнен тумай ұл болмас» деген тап рас, – десіп, желді күнгі өрттей гу-гу тараған сөздер бірден-бірге есіп жетіп жатты. Шынында осы жолы мен бұл үйден мүлдем ат
Сейітқазы Досымов құлағын кесісіп шығып едім. Кейін əкем қатты опынып, іші удай ашып, өмірі бетіне келмеген келінінің ашынғанын інісі – Бүтіншіден көріпті. Оны қойып, жалғыз əпкем Майраның өліміне де: «Сен себепкерсің», – деп, Бүтінші көкеме қатты сілкініпті. Осыны естігенде сай-сүйегім сырқырап, өткен күннің елестерін көз алдымнан өткіздім... Кешкі салқынмен ағам екеуміз өзен жағасына қармақ салып отыр едік. Ауа райы аяқ астынан кілт бұзылды. Батыс жақ түнеріп, жел екпіні жалаңаш денемізді желпіп өтті. Жылы жел. Шөп бастары теңселе толқиды. Қырдағы ебелек пен қаңбақ ойға қарай безіп барады. Өзен жағасындағы жыңғыл бастары да «зың-зың» теңселіп, ішін тарта қалды. Иірімдегі қармақтың қалтқысы жел көтерілген сайын жарыла, жұлқа тартып мазасы кетті. Жаңбыр сіркіреді. Жылы жаңбыр. Денеге тырс-тырс жұмсақ тиеді. Біз ауылға жеткенше, жаңбыр селдетіп, төгіп жіберді. Даланы қою қараңғылық биледі. ЬІмырт үйіріле жел күшейіп, үйді солқылдатып, түңліктің бос байланған бау жағын желпілдетіп туырлыққа ұрғылап, сабалап үйді көтеріп əкетіп барады. – Əй, енді қашан? Қазылық бақан əкелді. Апам үйдің жел жағын ала тіреп, жел бауды түсіріп, бір-біріне байластырды да, жарты қап ұнды арасына əкеліп қойып, бастырып тастады. Əкемнің ағасы Бүтінші көкем төрде түксиіп, сөйлеп отырған. – Бүтінші! Бүтінші!.. Əй, неғып омалып қалдың? Бармысың... Тірімісің... Мына моланы жел əкетті ғой, – деген əйелінің қарлыққан, өктем даусынан кейін барып орнынан созалаң көтерілді. Əйелі тыста үсті-үстіне сөйлеп, əлі алқымға алып жүр. – Үйдің жел жағына қағатын қазық істе дегенім қашан? Ең аяғы осы үйде қауқар болар бақан да жоқ. Бұл үйден жесір қатынның үйі артық. Əлден уақытта Қыжым кемпірді ертіп, Бүтінші көкем үйге қайтып келді. – Менің не істеп жүргенімді Бүтінші айтқанда, – деді Қыжым кемпір түйіліп, ренжіп отырған апама қарап. –
Көңіл айнасы Өзіміз он үшімізде-ақ оң жаққа келін боп түскенбіз. Оңаша отау тіккенбіз. Осы уақытқа дейін өлгеміз жоқ. Алда тататын қанша дəм-тұзымыз бар, əлі. – Қой, бұл əшейін гəп. Мына Орыншаның өзі де емексітіп қойған. Əйтпесе Майрада не кінə бар. Жапсарбай да Қыжымның төредей ұлы. Алақандарына салып оны да аялап отыр. Екі балаң болса жас, бір мезгіл қол ұшын берер еді. Болса да жақын жер. Қатынағанға да, былай.., – деді Бүтінші көкем. – Иə, менің баламнан артық енді кімге бермек ойың бар? Бізден жасырасың ба? Айт, кəне, – деді кемпір. – Ойбай, құдай! Кімге беруші едім. Ешкімге де бермеймін. Əлі уыз, жас қой. Өзі ауруынан да айыға қойған жоқ. Биылша байқастап, қоя тұрайық десем... Апам одан əрі сөйлей алмады. Қыстығып, кемсеңдеп, өксіп-өксіп, даусын шығарып жылады. Бойымызды үрей билеген, бізде үн жоқ. Таң атты. Ағам екеуміз қара есекке мінгесіп алып, өріске беттеген отар соңынан кеттік. Осылай əрекідік апамның орнына малға баратынымыз бар-ды. Көктемнен қоныс аудармай отырған ауыл маңы да жалаңаштанып, өріс күннен-күнге ұзап, түріліп кеткен. Көптен жауын көрмей құлазып жатқан жер де, шөп те мал тұяғымен үгітіліп, шаңы шығып жатқан-тын. Өткен түндегі жаңбыр біраз шаң басты болған екен. Ертеңгіліктегі қоңыр салқын леп күн көтеріле қайтадан аңызақ аптапқа айналды. Аспан реңсіз ашылған. Жай мұнартады. Қыр, жоталар лездеақ тамызықтанып тұтанып тұрса, еңіске енді-енді от қызуы жеткендей. Отар шырқау өріске тұмсық тірей тоқтады. Басын жерден алар емес. «Пырт-пырт, тырс-тырс». Есекті қой арасына жіберіп, дөң үстінде отырмыз. Тұс-тұста үйір-үйір жылқы, отар-отар қой қара құрымдай қаптап жатыр. Бізге қарай бір атты қойшы келеді. Екеуміз сырттай болжалдап, əр қойшының атын бір айтып отырғанда өзі де тақала түсті. Жапсарбай екен. – Ой, балалар халдерің қалай? – деді келе.
Сейітқазы Досымов – Жақсы. – Тəуір. – Апаларыңды демалдырған екенсіңдер ғой бүгін. – Сөйттік. – Ал, əңгіме айтыңдар, уақыт қысқарсын. Біз бір-бірімізге қарап жымыңдап, іштей түсініскендей боламыз. – Биыл сен совхозда оқитын шығарсың, – дейді ағама. – Иə, совхозда оқимын. – Майра ше? – Майра да. – Екеуің бірдей қайда жатасыңдар? Онда бері, совхоз орталығына келетін болдыңдар ғой. Үй бар ма екен өзі. Майра ауырып жүр деп еді. Қалай тəуір болып кетті ме? – Тəуір болып кетті. – Мал сойып, жас сорпа беріп, терлеттіңдер ме? – Терлеттік. – Анада сойған қозының еті бітіп қалды емес пе? «Енді соятын мал жоқ» деп жүр ғой апам. Ағам маған қарап көзін алартып, «тыныш» деді. – Мына алдарыңдағы сегіз жүз қойдың біреуін союға қимайсыңдар ма? – Бұл қазынанікі ғой. – Қазынанікі болса қайтеді? Қорықсаңдар мен-ақ берейін. Бірақ тістеріңнен шықпасын. Кейін өкіметке бір есебін бере жатармын. Біз бір-бірімізге қарадық. Ол басқа сөзге келген жоқ. – Қазір күн қыза отарды отарға тақаймын. Сосын бір семізін таңдап, қақпайлап малдарыңа қосып жібереміз, – деді. Жапсарбай айтқандай-ақ, талма түсте отарын бізге жанамалап, қаптатып келді. Ол тақалған сайын, жүрегім лүпілдеп, қуаныш құшағында қалдым. Бірақ ағам үнсіз. Онда жұмысым жоқ. Бір қарасам, Жапсарбай қолын бұлғап шақырып тұр екен. – Жүр, – дедім ағама.
Көңіл айнасы Ол отырған орнынан қозғалмады. Менің шыдамым жетпей барады. – Жүр, – дедім. Ағам үндемеді. Мен жүгіре жөнелдім. – Барма? Қайда барасың? Пəлесі жұғады. Мен тыңдағаным жоқ. Барған бойда Жапсарбайға ілесіп, екеулеп бір ту қойды тырағайлай қуып, қақпайлап əкеліп, біздің отарға қостық. – Екі жылғы ту қой еді, – деді Жапсарбай. – Екі жылғы... – Иə, өзінің ішінен бір шелек май түсетін шығар. Жапсарбайды жақсы көріп кеттім. Даусының сөйлегенде ыңырси шығатыны болмаса, дөңгелек жүзді, келбетті жігіт екен. Қызыл күрең жүзі шақырып тұр. Талмаураған түсте отарды ауылға беттеттік. Алда Аса өзені көлбей жатыр. Мынау шілде, аңызақ, шөл – бəрі соның екі қапталын алған сорға сағалап, бұлдыр-бұлдыр сағым арасына тарап жатқандай. Отарды ыстыққа қалдырмай, алдын ерте бастан қайыру керек екен. Жапсарбайға алданып қалыппыз. Енді мал ілгері жылжыр емес. Əншейінде о шеті мен бұ шеті шалқар, шашыраңқы отар топ-топ үйездеп, шөкімденіп алған. Бастарын төмен салған, арқасынан салып қалғанда ғана бір-бірін тұмсығымен итере жүріп, қалт қайта тоқтайды. Қазылық алдын саумалай топтап, біраз жер ұзатып кетсе, соңы ұбап-шұбап арқандай керіледі де, жел жаққа ойысады. Бұл кезде мен жылдамдата артын түре айдап, бетін суға бұра берем. Суға тақала, отар ағыла лап берді. Суға қанған қойлар, ну өскен ажырық пен бидайыққа бас қойды. Біз жағадағы жыңғыл арасына тығып кеткен қармағымызды алып, балық аулауға отырдық. «Охо, сазан!», – деді ағам. Өмірі қармағыма ештеңе ілікпейтін мен де: «Е-хе-е», – деп біреуін жағалауға атып ұрдым. Бір кезде жапыр-жұпыр жиек жағалай суға бас қойған қойлар қаптап кетті. Қой маңырап, қозы жамырап, у да шу. Атып-атып тұрдық. Шегі де, шеті де жоқ телегей-теңіз андыздаған қой. Үстінде солдат формасы бар бір жігіт айқайды салып жүгіріп келеді. Екпіні бізді ұратын сияқты.
Сейітқазы Досымов Үйге қарай зыта жөнелдік. Екеуміз де: «Қой қосылды», – деп, апама жылап қоя бердік. Малды сол күні-ақ ажыратып алдық. Кім білсін, қой қосылғанда ауысып кетті ме, Жапсарбай берген ту қой ұшты-күйлі жоғалып кетті. – Неге ғана жолайсыңдар ол сүмелектің маңына, – деп апам шыр-пыр болды. – Мынау ғой, жампаңдап болмай қойған, – дейді Қазылық. – Барма дедім сонда. Ақыры мынау енді. Не алғанда жоқ, не алмағанда жоқ, қарадай жаманатқа ие болып. Менің ойыма ештеңе де кіріп шығар емес. «Бір қойда тұрған не бар? – деймін іштей. – Өліп те қалмай ма? Майра да қызық. Бүтінші көкем айтқан соң болды емес пе? Енді неге жүре бермейді?! «Үй арасы тақау дейді. Үлкен айтты, əкесі болмаса да, əкесінің ағасы ғой. Рас, Жапсарбай жақсы адам! Жақсы болмаса бір қойды бере салар ма еді. Ол əлі, сұрасаң тағы да береді. Əй, ол ма, ол...». Үйде өзіміз ғана отырғанбыз. Майраның мойнындағы ал қызыл орамалын жалма-жан жұлып алып: «Айт келін-ау, айт келін», – деп, басына төгілдіріп жаба салғам. Жаба салғам да тысқа атып ұрып, масайрай күліп, бір үлкен іс тындырғандай шығып кеткенмін. Майра ызадан булығып жылап қалған. Ал, Қазылық болса, бір қылмысты кісідей өз-өзінен қысылып, сол отырған орнында дастарқанды шұқылап, көзінің астымен Майраға ұрлана қарап, тапжылмай қатып қалған. Қазылықтың не үшін осынша қуыстанғанының парқына жете алғам жоқ-ты. Алтын кірпікті күн ұясына қызара батып, дала қоңырланып, кең тыныстайды. Қою түннің түндігі түсірілді. Аракідік тұс-тұстан маң төбеттердің даусы болмаса, иен жайлауда жалғыз үй отырғандай толайым тыныштық басады. Үй іші қара көлеңке. Біз төсекке жатқанда, ондық шамның жарығымен Майра іс тігіп отырған. – Неғып жатырсыңдар, тұрыңдар! Біз шошына ояндық. Бас жағымызда Майра отыр. Қорқып тығылған көжектей денесі дір-дір етеді. Ашулы,
Көңіл айнасы ақ құба дөңгелек жүзі қуарып кеткен. Анандай жерде апам отыр. Үлкен бір іске мойын ұсынғандай: – Мен байғұстың қолында не бар дейсің. Маған өкпелеме жаным. Көзі отыр ғой, міне. Сен үшін қайнағамның да бетіне келіп, түс шайыстым. Қайтейік, өз əкеңді құртқан өз маңдайыңнан көр... – Мен жарға итеріп жатқаным жоқ, – деп, мына тұстан апамның сөзін бөле, Бүтінші көкем де дүңк-дүңк ете қалып еді. – Қой, немене, жақсылық үстінде тағы да ұрыс шығарамысыңдар? – деп əйелі шалып басып тастады. Қазылық тұрып, киініп алды. Мен де киіндім. – Құтыла алмай жүргендерің мен болсам, кетейін! – деп Майра елден бұрын есікті серпіп тастап, жылап тысқа атып шықты. – Қой, жаным, «құдай жат-жұрттыққа жаратқан соң осы да», – деп басу айтты ілесе шыкқан бірі. Тыстан ат дүбірі естілді. Апам орнынан үш ұмтылып тұра алмады. Сол отырған қалпы отырып қалды. Жүгіріп далаға шықтық. Қараңғы түннен ештеңе көрінер емес. Ат дүбірі ұзай берді. Қою түн құшағына сүңгіп, жүгіре бердік, жүгіре бердік... – Қайтыңдар əй, қайт! Дала жаңғырықты. Сонда да қою түн сетінер емес. Қайта тұнжырап, айды да жұтып қойды. Иттер ұлып қоя берді. – Кет!.. Кет-ай, өз басыңа көрінгір! Біреу ұлыған иттерді ұрып, қуып жүр. Майра кеткен соң үй құлазып қалды. Арада бес-алты күн өткенде, екеуміз артынан бармақшы болдық. Асадан өтіп, құдалар үйінің төбесін көріп, жүрегіміз аузымызға тығылып, баруға батпай отыра кеттік. Ұзақ отырдық. Қолымыздағы түйіншекке бір, ауылға бір қараймыз. Ойымыз Майраның төбесін көру. «Қалай, қайтіп жүр екен?» Құдалардың ауылына да келдік. Алдымыздан екі көзі алақандай, бадыраң көз бала жүгіре шығып, иттен қорып жүр. Есік алдында көзін күннен көлегейлеп, бізге сығалай
Сейітқазы Досымов карап, шүйкедей кемпір тұр. Жерошақтан тезек иісі аңқып, түтіні шалқи тарап жатыр. Майра көрінбейді. Қыжым кемпір бізді жылы қарсы алды. – Əй, Майра, қайда жүрсің. Бауырларың келді! – деп жатыр. Кешкілік бірге үлкен үйлеріне барып тамақ іштік. Бізсіз де үлкен баласының ыбырсыған бала-шағасы көп екен. Отырған-отырған жерінде толған торсықтай бұлтиып-бұлтиып ұйықтап қалған балаларын, керегеге іргелете салған жаппай төсекке əкеліп, бірін шешіндіріп, бірін шешіндірмей тастап жатыр. Орнымыздан көтеріліп, Майралардың отауына барғалы ығыса беріп едік: – Əй, «құдалар» қайда барасыңдар? Ана тұстан жатыңдар, – деп, Қыжым кемпір төсектің бір шетін нұсқап еді. – Жоқ, оларға отауға салып койды, – деді бірі. – Отауға?! Сонша əспеттеуін.... Е, мейілдерің ендеше. Күн ұзақ үйде қысылып отырғанбыз. Үй сыртына шығып, бой жазып алғаннан соң бір-бірімізге: «Қалай екен?» дегендей барлай қараймыз. Біз отауға келсек, Жапсарбай есік алдында тұр екен. Аш белінен қапсыра құшақтап алды. – Тəк, мынау қайтеді-ей!.. – Ол теңселіп барып, бойын қайта түзеп алды. – Анадағы бізге берген қойыңызды жоғалтып алғанбыз. Өз отарыңызға келіп қосылған жоқ па? – Тс-с-с!.. – Жапсарбай жалма-жан естіп қоймады ма дегендей ағасының үй жағына жалт қарады. – Тістеріңнен шығарма дегенім қайда? – Жо-оқ, берген қойыңыз жоғалып кетті деймін. – Қой енді. – Апам сəлем айтқан. Сіз неге апаңызды сұрамайсыз. Ауыл арасы осындай жақында біздің үйге Майра екеуіңіз келмейсіздер ме? Ол күмілжіп ештеңе айта алмады. Бар болғаны: «Ұйықтаңдар енді», – дейді. Келдік те жатып қалдық. Ұядай ғана төрт қанат үйдің оң жағына екеумізге төсек салып қойған екен. Түндік жабусыз. Төбеден ай жарығы түсіп түр. Əлден
Көңіл айнасы уақытта Жапсарбай келді. Шымылдықтың аяқ жағына кеп аялдады. Тысыр-тысыр қайысын сықырлатып, бірдеңелерді ағытып шешкендей болды. – Не істеп жатыр, – дедім Қазылыққа сыбырлап. – Тыныш, – деп ол бүйірімнен түртіп қалды. Əлден уақытта Майра ар жағынан екі ұзын ағаш сияқты бірдеңе алып берді. Байқап қарасам балдақ. Қазылықты түртіп қалдым. – Балдақ. Ол да көріп жатыр екен. Бұл жолы үндеген жоқ. Екеуін екі қолтығына қойып, артқа қарай ырғып түсті. Ұзын-ұзын екі жұп аяқ жарыса шыға келді. Бір аяғы жерге жетпей тұр. Жүрегім зу ете қалды. Өз көзіме өзім сенбей, кірпік қақпай қарадым да қалдым. «Тізеден төмен, тобықтан жоғары жерден...» – Қазылық, Қазылық. Кенет əлгі шешіп қойғаны бір жағына сырғып барып құлап түсті. Енді екі иығындағы екі балдағына бар салмағын салып, алға қарай ырғып түсті. Ырғып түсті де, бір қолымен керегеден ұстап, еңкейіп, əлгі құлаған затты көтеріп, орнықтырып қойды. – Протез ғой, – деді Қазылық сыбырлап. – Білесің бе, бұл былтыр қоян қуып жүріп аттан жығылған. Сонда аяғы сынды деп еді ғой. Сынған аяғы бітпей, Жамбылға алып кетті деп еді ғой. Сонда кескен екен. Енді білдім. Мана аяғына бірдеңе түсіп, сонан ақсап басып жүрген шығар деп едім. – Бұрын білмейтін бе едің? – Қайдан білесің. Мен көргенде өмірі аттан түспейтін. Бұрын ақсағанын байқағанмен елемегенбіз де. Өзі де өлерліктей, ойсыраған ақсақ емес қой. – Апам біле ме? – Қайдам? Майраны тіріде берер ме еді. Білмегені ғой... – Сонда Майра да білмеген-ау. Екеуміз де үнсіз қалдық. Қазылықты қайдам, мен өзім протез тұрған жаққа енді қайтып қарауға батпай жатырмын. Сенер-сенбесімді де білмеймін. «Сонда Жапсарбай жездем ақсақ болғаны-ау!
Сейітқазы Досымов Ақсақ... Мүмкін емес. Қайта бір анықтап қарасам ба екен. Мүмкін... қазір тура орнымнан тұрып барып көрсем... Байқап қалса ұят-ау!» Қазылықты ақырын байқап қарасам, ол да ояу, екі көзі протезді тесіп жатыр екен. Мен де қарадым. Ай сəулесі де қасақана «көріңдер, көріп алыңдар анықтап» дегендей-ақ шаңырақтың ашық қалған көзінен дəл соған түсіп жылжыр емес. «Протездің дəл өзі...» – Түндік жабылмапты-ау. Майраның даусы. «Ойпырмай, Майраның да екі көзі ана құрсаулы протезге түсіп жатыр ма екен? Сосын оны ай жарығымен біз байқап қалар ма екен деп уайымдап қалды ма? Жапсарбай да осындай екен ғой. Ол бəрін-бəрін жасырған-ау, ə... Ол сонда... – ...Тұр-ей, қайтамыз. Оянып кеттім. Оянған бойда түндегі «құдіретке» қарадым. Жылан жалағандай, орнында ештеңе жоқ. Қалың қабағы түксиіп үйге Жапсарбай кіріп келеді. Екеуміз де аңырып отырып қалдық. Ол кереге басындағы ілулі тұрған жүгенді алды да, қайта шығып кетті. Жон арқасынан тағы да төрт көзімізді түгел қадап қалдық. Өкшесін қисайтып, ақсап басып барады. «Ақсақ екен». Майра кешегі біз əкелген түйіншекті ашпастан, сол қалпында қоя салған-тын. Кетерде: – Айтыңдар апама. Тапқаны болса екеуіңе берсін. Бұдан былай маған берем дегенді қойсын, – деп түйіншекті қайыра берген. Осы кез Қыжым кемпір келді. Қолында бой-бойымен машинаға жүгіртіп-жүгіртіп алған екі сəтен көйлегі бар. Екеуін екеуміздің қолымызға ұстатып: – Орыншаның сəлемдемесін бізге көрсетпестен-ақ, қайтып əкеткендерің не? Кəне, ашайықшы, не берді екен, – деп түйіншекті аша беріп еді: – Не болушы еді, – деп Майра енесінің қолынан алып кетті. Қыжым кемпір аңырап тұрып-тұрып: – Көргені жоқ қой, – деді. Сол сəт менің жүрегім сыздап қоя берді. Ағама карасам, екі көзінің шарасы жасқа толып тұр екен. Маған байқатпаған болып, сүртіп-сүртіп алды. Майра да жылап тұр.
Көңіл айнасы – Қой əрі, қайдағыны бастап... Кемпір түйіліп барып, қайта жазылды. – Сəлем айт құда-құдағиларға. Қыздары ақын. Үкідей үлпілдетіп бағып отырмыз. Құдайға шүкір, ішіп-жем мол ғой, əйтеуір... Кемпірдің сөзінің соңын тыңдатпай Майра екеуміздің қолымыздан жетектеп, жолға қарай алып шыға берді. Былай шыға бере: – Айналайын, бұл жылағанымызды апама айтпаңдар. «Жақсы екен» деп айтыңдар. Мақұл ма? – дейді. – Мақұл. – Мейлі. Майра қала берді. Біз ұзай бердік. Кемпірдің даусы əлі естіліп тұрды. – Балам аман болсын... Созсаң қол, жайсаң кұшақ жетпейтін дарқан дала төсінде қырдың шөбі жауын суымен шайылып, бусанып, ашытқан нандай бұрқырап, сары ала жаз самалмен толқынданып, құлынның жалындай күлтеленеді де жатады. Тек осы жерден ғана екі қапталын көкорай шалғынға малынтып, Аса өзені белдеулеп белден бір сызып кеткендей. Ауылдан ұзап шықтық. Үн-түнсіз жүріп келеміз. Мен əбден сартап болған жалғыз аяқ сүрлеу жолдың үстіндемін. Ағам қалың шалғынды кешіп келеді. Əпкемнің: «Айналайын, бұл жылағанымды апама айтпаңдар. Жақсы екен деп айтыңдар», – деген сөзі есіме түсіп, көңілім босады. – Ей, – деді ағам. – Осыдан үйге барған соң осының бəрін айтатын болсаң, мойныңды жұлып аламын. – Айтпаймын... Айтып... Қайта өзім... Даусым шығып кетті. Ағыл-тегіл көзімнен жас қалай шыққанын білмеймін. Бода-бода болдым. – Қой енді, – деді ағам. – Көзіңді көп уқалама, қызарып, ісіп кетеді. Жол-жөнекей Асаға түсіп, жуынып-шайынып, мұнтаздай болып үйге бардық. Бұл жаз біздер үшін қызықсыз өтті. Бар қызық думанымызды Майра алып кеткендей бей-жай халде қалдық. Майраны ұзатқаннан кейін де талай нұрлы
Сейітқазы Досымов күн шапағына оралған, талай айлы түндер де өтті. Майра үйде, ортамызда жүргендегідей қайдан болсын. Майра барда тамылжыған айлы түндер туар еді. Мидай жазиралы жазықты түн құшағына алар еді. Қотан шетіндегі төсекте түнгі күзетте ай жарығымен ұршығын иіріп апам отырар еді. Ұршығын иіре отырып, баяулата ұйқы ашар əнге салар еді. ...Ауылымды сұрасаң, Белтұрғанда Қараша үйім солқылдар жел тұрғанда... Айт-а-а-ой-и!.. Сол қараша үйде апам салған ұйқы ашар əнін тыңдап біз үшеуміз жатар едік. Қазылық екеуміз бір-бірімізді қытықтап, ішегіміз түйілгенше күлер едік. «Апама айтамын, ұйықтаңдар енді. Ертең ерте тұра алмай қаласыңдар ғой, көкетай», – деп Майра жалынар еді. Біз одан сайын өршіп түсер едік. Сосын апам келер еді. Онда өтіріктен көз жұмып, «пыс-пыс» ұйықтаған боп дыбыс шығарар едік. Апам Майра екеуі күбір-күбір басқа бір əңгімелер айтар еді. Біз сол жатқан қалпы қайтып козғалмай ұйқыға кетіп, күн шыға апам оятып тұрар еді. «Есектеріңді ерттеп қойдым, тез-тез тамақ ішіп алыңдар», – дер еді ғой, дер еді... Қозы айрықтан кейін, күз түсе орталыққа көшіп кеттік. Қазылық совхоз басындағы интернатқа жатты. – Күн болса суытып кетті. Майраның кеудесінен суық өтіп, тоңып жүр ме? Түнде түсіме кіріп жүр. Жылы кеудеше істеп едім, апарып берші! – деді апам. Қуанып кеттім. – Қашан апарайын? – Ертең пермелерге ілестіріп жіберемін. Жол-жөнекей сені түсіріп кетеді. Мен ерте ояндым. Ауыл əлі бойкүйезденіп, бейхабар, самарқау жатыр. Ат қора жақтан ат арба салдырлай шығып, перменікіне тұмсық тірей тоқтады. Едəуір кідірді. Қаңтарулы аттар ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, тыпыршып, ойнап тұр. Арбаға перме келіп отырар-отырмастан заулатып ала жөнелді. Түске қарата мені төртінші
Көңіл айнасы фермадан жолай түсіріп, өздері совхоз орталығына кете барды. Майра үйінде жоқ екен. Отынға кетіпті. Менімен ешкімнің жұмысы болған жоқ. Далаға келгендей үйге сыймадым да, кемпірдің жол сілтеген жағына қарай ақырын жүре бердім. Бір төбеден астым, екі төбеден астым. Айдала. Жым-жырт. Биік бір төбеге шығып жағалай тың тыңдап, көз жүгіртіп айнала төңірекке қараймын. Көзім бұлдырайды. Мына құба жондардай, мына сұр даладай көңілім құлазиды. Əлден уақытта оң жақ қолтықтан бір қарайған көрінді. «Майра ғой, Майра...» Дəл өзі. Дəу арқа отынды арқалап алыпты. Ойға қарай құлдырап жүгіріп келемін. Мені көрді білем, арқасындағы отын жерге сырғып түсті. Айдалада, екі жапырақ дене, екі бауыр айқасып қалдық. Аз-кем отырған соң, Майра орнынан ырғалып-ырғалып тұрып, отынды көтеріп жүре берді. Тығыз етіп, тепкілеп буылған теріскен Майраның жон арқасына жабысып, енді қайта түспейтіндей теңкиіп барады. Мен соңында, шұбатылған жіп ұшын ұстап келемін. – Апам арасына түйенің жүнін салып, кеудеше істеп беріп жіберді, – деймін. – Ə, жақсы болды ғой, – деп екі көзі танадай жарқырап, маған егіле қарайды. Ай маңдайынан мөлтілдеп шыққан тер екі самайын қуалап барып, жіп ұстаған қолына тамшылап ширықтырып жіберсе керек. Құмды жерде жүру қандай қиын еді. Əр аттаған сайын адымы кішірейіп, төмен қарай тартып, жұтып бара жатқандай. Өр еңсесі де түсіп кетіпті. Мен айтамын: – Демалсайшы, – деп. – Машинамен неге түсірмейді, – деп. – Отынға енді келме, – деп. Ол айтады: – Енді келмеймін, – деп. – Жəй, келе салып едім бүгін, – деп. Үйге келсем, əпкеме əкелген кеудешемді үлкен қайын сіңілісі Кəмеш киіп алыпты. Екі көзім тесіп барады. Шай үстінде:
Сейітқазы Досымов – Міне, мынау менің əкелгенім, – дедім. – Кəмешке құйып қойғандай екен. Майра оны қайтеді. Кисе осы үйде де бар осындай киім, – дейді кемпір. – Бар болса оны Кəмеш-ақ кисін. Апамның арнап істеген кеудешесін өзіне бер. – Сатыбалды, қой деймін. Осы үйде болған соң кезектесіп кие береміз ғой – деп еді Майра. Кемпір одан сайын өршіп түсті. – Кезектесіп те кимейді. Кəмештің өзі-ақ киеді. – Апама айтамын, Қазылыққа хат жазамын, – деп ашуға булығып жыладым. Үстімізге Жапсарбай келді. Жапсарбайды көргенде апам келіп қалғандай жүрегім лүпілдеп кетті. – Сатыбалды-ей, неге жылап отырсың, – деді ол. – Майраға əкелген кеудешемді, Кəмеш киіп алып, бермейді, – дедім. Жапсарбай Кəмешке қарады, Кəмеш кемпірге қарады. Кемпір Жапсарбайға қарады. Жапсарбай маған қарады. Мен Майраға қарадым. Майра жерге қарады. Енді байқадым. Майраның назары пəс, жүдеу екен. Жөтеліп отыр. Үстіндегі киімі де жұтаң, жұпыны. Аяғында керзі етік. Түс ауа тағы отынға баруға дайындалды. – Отынға енді бармаймын дегенің қайда? – дедім Майраға. Қыжым кемпір естіп қалды да: – Неге бармайды, барады... Əй, өздерің жауығып алыпсыңдар-ей, бізге. «Отынға барма...» Бармақ түгілі осы үйдің күлімен шығып, отымен кіреді. Əй, Майра, түске дейін əкелгенің осы бір-ақ уыс па?! Митың-митың, ісің бір өнбейдіау. Тепкілеп-тепкілеп, дəу арқа етіп бумайсың ба? Бар, əйда, – деп кемпір Майраға ұрсып берді. Жапсарбай үн-түнсіз төр алдында шалқасынан түсіп жатыр. Екі бетінің ұшынан қан тамғандай, қызыл күреңденіп алған. Биыл «аурулымын» деп малдан да босапты. Отынға Майраға ілесіп мен де бардым. Бес-алты түп теріскенді шапқан соң Майра алқынып қалды. Ентіге дем алады. Қолындағы кетпенін сұрасам: «Аяғыңды шауып
Көңіл айнасы аласың», – деп бермейді. Сонда да болмай кетпенді алуын алғанмен мен де теріскенді шаба алмадым. – Айттым ғой, – деді Майра. Отырған орнынан сүйретіле көтеріліп, кетпенді қайта қолына ұстады. Майраның да қайтып бір түп отын шабуға шамасы келмей, тұрып қалды. – Сатыбалды, көзім қарауытып барады, – деді. – Тез, бол келші, басымды сүйеші. – Майра, бұлай азап көргенше, жүр үйге, – дедім əпкеме. – Ой, Сатыбалды-ай, естіген елден ұят емес пе? Дүйсенбінің қызы үйіне қайтып келіпті демей ме? – Қайтып келіпті десе, айтпаймыз ба?.... Майраға ашуым келіп кетті. Өзім болсам, бір күн де тұрмас едім. – Жоқ, жүресің үйге! Тура қазір былай қарай тіке тартып кетсек, ауылға баратын жолды қиып түспейміз бе? Жолжөнекей бірдеңке кездесер, – деп қолынан сүйрелеп, алға қарай жетелеп тарта жөнелдім. – Расың ба, ойының ба, Сатыбалды-ау! Қой енді! – деп Майра кейін қарай жұлқынып, қолымнан шығып кетті. – Жүрмейсің ғой, ə... Жүрмейсің ғой, ə... – Қой Сатыбалды, айналайын, ақылың бар ғой өзіңнің... – Жоқ, жүрмейсің ғой, ə... Ал, ендеше мен кеттім. Мен алды-артыма қарамай жүгіре бердім, жүгіре бердім. Бара-бара: «Сатыбалды! Сатыбалды», – деген Майраның жалынышты, үрейлі даусын да естігенім жоқ. Мен алды-артыма қарамай жүгіре бердім. Үлкен арналы жолды қиып түскенде барып, артыма бұрылып қарадым. Манағы құба жондар көлбейді. Құла дүз мұнартады. Түйе өркеш асу-асу шағыл құмдар батар күнге малынып, сары алтындай балқып, толқып жатқандай... Арса-арса көмпіс болған ескі жолмен жалғыз салт атты сау желіп, салдыртып келеді. Меңіреу дала төскейі, кіл бір өңкей ылди, еңіс, еңісалқымды, асу-адыр, бел-бедерлі, бұрылыс бұралаңы көп
Сейітқазы Досымов жолаушы – қайда тірелері маған беймəлім. Қазір Майра байғұстың қай қыр астында мені іздеп шырылдап, жылапеңіреп жүргені маған беймəлім. Бұдан бұрын əпкемнің Қыжым кемпірдің тізе батырғанына көніп алғаны да беймəлім еді. Жапсарбай ше?.. Артымнан тепеңдей басқан ат тұяғының тасыры тақалып кеп қалды. Қайта бұрылып қарағаным жоқ. Ойым аттылыны өткізіп жіберу. – Ей, бала, қайда барасың? – деді салт аттылы қатарласа беріп. – Екінші фермаға. – Кімнің баласысың? Менің екі көзімнің айналасына дөңгеленіп жас кеп, кеудемді əкеге деген сағыныш сазы билеп кетті. – Орыншаның. – Орыншаның... Қай баласысың?.. – Кіші баласымын. – Əй, əй! Əкеңе тартпай туғансың-ау! Əкеңнің атын айт! – Бəрібір сіз танымайсыз. Ол жоқ. – Дүйсенбіні ме? Ойбұй, жігіттің нағыз бозымы еді ғой. Сендер соның өзі болмасаңдар да көзісіндер ғой. Жалтақ болма, шырағым. Жапсарбайдағы əпкеңе барып па ең? – Иə... – Əй, Жапсарбай-ай. Қазымыр кемпірден бір елі аса алмаған мəңгүрт, жас баланы да өстіп жалғыз жібереді екен-ау! Қорқып қалар демегені ғой, сабаздың. Енді қайттым, мен Ақкесенеге бара жатыр едім. Қой болмас, – деп ол атынан қарғып түсті де, тартпасын босатып, ат көрпешесін ерден алып, түгел жазып жіберді. Сосын: – Сен Дүйсенбінің емес, Сенбінің баласы емес пе едің? – дегені. «Оны қайдан біледі екен... Қап, ұят болды-ау! Сонау Сарысуда жүрген көкеме дейін біледі ғой өзі...» – Өзіңнің атың кім? – деді ол тағы да менің ойымды бөліп.
Көңіл айнасы – Сатыбалды. – Ал, Сатыбалды кел, жол бұрыс, жол бұрыс та болса, мінгестіріп апарып тастайын. Мен сонда ғана бұл кісінің түріне бажайлап қарадым. Үлкен, еңгезердей, шоқша сақалды, қара кісі екен. Бусанып, терлеп қалған ат екпіні манағыдай емес, бəсеңси түсті. Көп асулар бұйрат-бұйрат жыңғыл, шеңгелді белдермен жалғасып, жүрген сайын қара жол шұбатыла береді. – Шешең бақуат па? Көрмегелі де көп болды. Жанына желеу болып отырған жалғыз қызын асығып-үсігіп ұзатты да, тынды ма? Бірақ ол байғұсты да кінəлауға болмайды. Ана қайнағасының істеген əрекеті ғой. Ай, заман-ай! Қыздарың жақсы болып бойжеткен екен, біздің балаға бер деп сұрай барғанымда: «О нең, жап-жас баланың атына кір түсіріп», – деп еді. Айтарын айтсам да соңынан ұялыс тауып, қайтып сөйлеуге тілім байланып кетіп едім. Сөйтсем, жаманның жамандығы екен ғой. Біле білсе: «Кешегі жаманшылықта да Дүйсенбімен бірге жүрген адам еді, сүйек жаңғыртқанға жарар-ау», – деп ойлар еді ғой. «Əкең өлсе де, əкеңді көрген өлмесін» деген шырағым, мен əкеңді көрген шалмын, – деп, əңгіме айтып келеді. Ат ауыздығымен алысып, тепеңдеп, ойнақшып бара жатқан соң жол езуіне шықтық. Арттан əп-сəтте бір машина ойлы-қырлы жолда тоңқалаңдап жанымыздан өте шықты. Шал атты тебініп қалды да: – Мықтан, менен ұстап отыр, – деді. Лезде-ақ машинаның алдын орай басып озып, қол көтеріп тоқтатты. – Қайда барасың? – деді шоферға. – Екінші фермаға. – Қарағым, онда мына баланы ала кет. Мен де өз жөніме кетейін, – деді. Шал машинамен жарыса, атын тебіне шоқытып: – Шешеңе сəлем айт, – деп ат тізгінін бұрды. Атын айтқандай болып еді, машина екпінімен жел гулеп естірткен жоқ.
Сейітқазы Досымов Сол жылы қыс қатты болды. Майраның артынан қайтып барғаным жоқ. Қыстың жуан ортасында: – Не айтасың, Майра ауырып қалыпты, – деген суық хабар дүңк ете қалды. Сол сол-ақ екен, апамда дегбір қалмады. Келгеннен де, кеткеннен де Майраны табыстап, халін біліп келуді өтінеді. Қолда асау бие бар. Шөп салып жүргенімде оң жамбасымнан теуіп қалып, апам Майраға бара алмады. Биенің тұяғы тиген жер кесенің аумағындай болып талаурап, жуан қара саным гүп болып ісіп кетті. Көрші ауылдағы сынықшы шал келіп көріп: «Сүйегі аман, жай еті езілген, жазылып кетеді», – деп көңіл жұбатып кетті. Бұл асау биені Жапсарбайлар қазына бағасымен совхоздан шығарып алған екен. Майраның төсек-орнын апарғанда Жапсарбайдың өзі əдейілеп, ілесе келіп, биені қораға байлап берген. – Асау биенің керегі жоқ, балалар болса жас, өзім баға алмаймын. Өкпелегенім емес, алып кет, – деген апам. – Майрадан қалың мал алғандай-ақ өз басы аман болса, аман жүрсе, маған сол олжа. Қыжым құдағиға айтып қой, мен айтсам, ұрыс болып кете ме, Майражанға оң көзімен қарап жүрсін. Өзің болсаң да отынын бұтап, суын əкеле салмайсың ба? Жапсарбай төмен қарап, сонда ұнжырғасы түсіп, жүріп кеткен. Фермада басы артық бір адам жоқ. Бəрі қыстың əлегімен құмдағы отарларға жəрдемге кеткен. «Жапсарбай да құмға кетіпті» деп сырттай естідік. Көктем шықты. Көктем шыққанмен бас-аяғы созылып, мал құмнан құлай алмады. Малды түгел сонда төлдететін болды. «Майра тəуір болып, Жапсарбай құмдағы сақпанға үйімен көшіп барыпты» деп тағы сырттай естідік. Апама да «жылдағыдай қайнағаңа сақпанға барасың» деп, перме бір жағынан қолқа салсын. Жөпелдемеде биені қоса қоятын жақын жерде жылқышы да болмай, жайына жібере салды. Жер лайсаң. Қар суына белшеден батып, жас баланың еңбегіндей былқылдап жатқан. Апам мені көрші үйге қалдырып, өзі сақпанға кеткен.
Көңіл айнасы Бірде мектептен шығып бара жатыр едім, қорықшы айқайлап тоқтатты. – Сендердің торы биелерің, сорға түсіп, батпақтап, шыға алмай жатыр. Шамасы батпаққа батқанына үш-төрт күннің беделі болып қалған-ау. Іші қабысып, бұралып қалыпты. Жетіңдер тездетіп, – деді. – Қай жерде? – Сарқыраманың бас жағында топ шеңгел бар емес пе еді? Тап сол жерде. – Сіз де жүріп шығарысаңызшы?! – Қайдан, сені мен менің шамамыз келмейді. Кемінде бес-алты жігіт керек... Ауылды адақтап шықтым. Елдің бəрі жұмыста, қолы бос, үйде отырған бір адамды таппадым. Енді жүгіріп қорықшыны іздедім, жым-жылас ол да бір жағына шығып кетіпті. Биеге жалғыз өзім келдім. Мені көргенде бие сонадайдан оқыранып жіберді. Айналасына əбден малтығып, айдап тастаған. Қазылып кетіпті. Қорықшының ізі жатыр. Төңіректеп бір айналып өтіпті. Биенің танауынан буы бұрқырап, алқымнан орып жібергендей кеңсірігі «сыр-сыр» етеді. Қыстай бағуы келіскен, күйлі бие əбден ұрынып, арам тер болған. Құйрығынан ұстап арлы-берлі тартсам былқ етпейді. Жай ыңыранады, ыңырсиды. Дембіл-дембіл «қорқ-қорқ» төрт аяғын кезек-кезек балшықтан суырып, алға ұмтылады. Басынан сипап, қос қолдап енді жалынан ұстап көтердім. Жылжымайды. Ауыл жаққа қараймын, ешкім көрінбейді. Бар күшімді салып, құйрығынан қайта көтердім. Бие тапырақтап, ышқына алға ұмтылды-ай кеп... Екі көзінен бырт-бырт жас ағып, көз шарасы шатынап, айналып шығып барады. Күн батқанын байқамай қалыппын, қас қарайып кетіпті. Келген ізіммен елегізіп, елеңдеп ауылға бет алдым. Бие аударылып-төңкеріліп, сағыздай созылған сордың ішінде қала берді. Мен ұзай бердім. Бір кезде шыңғыра кісінеген жан даусы шықты. Үсті-үстіне қоймастан кісінеді. Үйге
Сейітқазы Досымов келіп, төсекке қисая кеттім. Шым-шытырық оймен жатып ұйықтап кеткен екенмін... (Түс көріппін). «...Табиғат бөденедей бытыраған көдені, изенді, жусанды, жүзгенді, сексеуілді бел-белестерге қадап, ара-арасына кеберсіген қызыл құм сеуіп кете бергендей... Түн. Мойынқұмның иірім, тұңғиық түні. Қара суық аспандағы ала бұлтпен тұтасып алған. «Үп» еткен жел де жоқ. Көптен айнала төңірек жым-жырт-ты. Енді ана тұстан маңыраған жас қозы үні құлаққа келеді. Төл үніне тағы бір бөгде дыбыс үндескендей еді. Оған қосыла қора шетіндегі оқшаулау тігілген қараша үйден жылаған жас баланың даусы шықты. Майра оянды. Қара көлеңкеленіп сықсиып, өлеусіреп тұрған фонарьдың білтесін көтеріп еді, Жапсарбай үйде екен. Жандарына келіп қисайған бойы ұйықтап кетіпті. Ештеңе білер емес. «Қашан келді екен. Бірді-екілі қоздаған қойдың қозысы қатып қалды ма, əлде қайтті?..» Майра Жапсарбайға аяушылықпен қарады. Ұзақты күнге тынбай сабылып, одан күзетке килігіп сүріне құлап, жеткен жерін аңғарғандай бөпесін жұбатып, қайта ұйықтатты да, тез-тез киініп тысқа шықты. Даланы меңіреу тыныштық басқан. Аспанды бұлт жапқан. Төбеден түйіліп тұр. Əлден уақытта бойын үрей билегендей денесі тітіркеніп, түршікті. Жас қозы маңырады. Майра қораның ішін арлы-берлі аралап таба алмай-ақ қойды. Қозы үні қайтып шықпады. Пышақ кескендей жым-жылас жоғалды. Майра осы бетінде қораның аузында қозының маңырауын аңдып отырып қалды. Ойы ойран-асыр: «Қасқыр алып кетсе, қой үркіп дүрлігер еді. Əлде құлағым қағыс естіді ме, сонда...» Кенет ту сыртынан əлсіз ғана «мə-ə» деген дыбыс қайта естілді. Майра селк ете түсті. Маңыраған анық қозы. Дереу денесін жинап, жүрегін тоқтатып құлағын тосты. Тылсым тыныштық қайта меңдеді. Жалма-жан фонарын жоғары көтеріп, дыбыс шыққан жаққа жарығын түсіріп, барлай қараса, табан астында жұдырықтай ғана қозы тұмсығымен жер тіреп, дір-дір бүрісіп жатыр. Кенет аяқ астынан:
Көңіл айнасы – Қайда кеттің, əй... – деп, Қыжым кемпір айқайлайды. Майра бұрылған жоқ, түн түнегінің ортасын ойып, тас қараңғыға сүңгіп кетті. – Қайда-а-а!.. – Мына жас қозыны жылы жерге апарамын! – Апарсаң, ол жақта жұмысың не? Бері кел, мұнда емес пе, мұнда... – Ж-о-қ, ол жақта біз екеумізге жылы орын жоқ. Майра сол қалпы қою түнге сіңіп кетті. – Ойбай, Жапсарбай қайдасың? Айтып едім ғой, бұл бізге опа бермейді деп... Кемпір екі қолын бүйіріне таянып, ал кеп жыла, ал кеп жыла. Торы бие кісінеді. Жем жеген жеріне қайтып келіпті. «Мо-мох», деп жанына бара бергенімде тарс еткізіп тағы теуіп-ақ жібергені. Тұяғы дарыған жоқ. «Ары кет енді, ары кет...» Айқайлап Қазылық жүгіріп келеді. Қолында мылтығы бар. «Қыстай əуре-сарсаңға салғанымен тұрмай, біреумізді өлтіріп тынар бұл. Өлтірмей тұрып атып тастайын кет, бұны», – деп, Қазылық биеге қарап мылтығын кезей берді. Екі араға Қыжым кемпір сап ете қалды. Қазылыққа қарсы қарап, жүгіріп келеді. «Биені атқанша мені ат, мені ат...», – деп екіленіп алған. «Сені де атамын», – дейді Қазылық. «Жастығымды алып келейін, атшы кəне, атшы. Өскен екенсің, жеткен екенсің. Мені ат та өзің көктей үзілші...», – дейді кемпір. Мылтық тарс-тұрс атылды. Көк түтіннен ештеңе көрінер емес. – Қазы-л-ық! Қазы-л-ық!.. Шошып ояндым. Қасымда Қазылық жатыр. Менің шошынған даусымнан ол да оянып кетті. Қабағы салыңқы. Майраның үйіне барған екен. Майра ауырып, төсек тартып мүлдем жатып қалыпты. Бұрынғыдай емес, күнненкүнге төмендеп, ағаштай қатып-семіп қалған дейді. Соған хабарға келіпті. Далада ақ жаңбыр сабалап тұр. Апың-күпің тұра салып, үш адамды ертіп биеге келсек, арам өліп қалыпты. Қазылық құмдағы апама барып, Майраға сол жағынан тіке кетті.
Сейітқазы Досымов Майра сандырақтап жатыр екен: «Апам, апам келді ме? Кешегі Қазылық қайда? Интернатына қайтып кетті ме? Сатыш, жаным... Сатыбалды...» Алдына барып: «Майра, ə, Майражан», – десе, апамды танымапты. Бар болғаны: «Қазылық келіп еді ғой, Қазылық келмеді ғой», – дейтін көрінеді. Əлден уақытта барып, бетіне үңіліп отырған апамды шырамытып: «Апамсың ба, апа!» – депті. «Мен ғой жаным. Апаң алдыңда келіп отыр», – дейді апам. «Қалай, амансыңдар ма? Ертерек неге келмедіңіз. Сатыбалдының оқуы қалай? Кеше Қазылық келіп еді. Осылар елеп, ескермеді ғой деймін. Сосын өкпелеп, кетіп қалды ғой деймін. Көрінбейді», – дейді. «Неге, Қазылық осында отыр. Қайтейін. Менің жеткенім осы болды». Қазылық: «Майра, мен қасыңда отырмын ғой», – дейді... «Келші, тақалшы, бетіңді тосшы!» Бірақ, Майра Қазылықтың бетін қанша сүйейін деп талпынса да, ерні-ерніне жұғыспайды. Өксіпөксіп жылайды. Қанша жыласа да көзінен жас шықпайды. «Апа, ай туды ма?» «Туды, жаным». «Таң жаңа ғана атқан жоқ па еді. Айыңыз не!» «Иə, жаңа ғана атқан. Əшейін...» «Мен сізден, күн көзі ашық па деп сұрадым ғой». «Ашық, ашық...» «Далаға, далаға шығарыңызшы!» «Далада не бар? Күн желкемдеу екен. Суық тиіп қалар. Кішкене шекең жіпсіп жатыр еді». «Ой-й, ап-п-ай!.. Енді несіне аялайсыз. Кеш қой... Кеш...» Əлі өкінемін. Сонда далаға неге шығармады екен. Мынау жарық дүниені, шұғыла төккен күнді неге көрсетпеді екен. Сонда ол төрт керегенің ішінде, торда қамалып жатқандай болды ғой. Ақырғы тынысымен, ақырғы ғұмырымен, ақырғы, соңғы сəттердегі мұқалған күшімен мынау зеңгір аспанды, мынау шалқар жазық даланы, мынау біз жүретін, көсіліп жатқан арналы жолға соңғы рет қарағысы келді ғой. «Ой-й, ап-п-ай!..» «Қап-қап!..» – Қыжым-ау, сен де ұл өсіріп, қыз өсіріп отырсың ғой. Бұл қай қылығың? Ең болмаса совхоз басындағы ауруханаға жеткізіп, көрсетсең қайтеді? – дейді апам. – Көлік тауып бер, əй, Жапсарбай!
Көңіл айнасы – Көлік табылады ғой. Бүгін түнде Таластың үлкен көпірін тасыған су алып, бұзып кетіпті. Екі ортада қатынас үзіліпті, – дейді ол. – Енді, қайттік? Енді қайтсек – ə... Майра қалғып кетеді. Танадай көзі əлсін-əлі жұмыла береді. – Майра!.. – Май-ра!.. – Май-р-а-а!.. Майра қайтып көзін ашқан жоқ. Ол мəңгілікке көз жұмды. Артында зарлаған үн қалды. Ол үн апамның үні еді. Қазылықтың үні еді. Менің үнім еді. Содан кейін де зырлап біраз күндер өтті. Көктем өтіп, жаз шықты. Құмдағы малдың соңы төлдеп бітер-бітпестен елдің алды үдере жайлауға көшті. Шопандар ауылы жылдағы өзөз орындарына келіп қонды. Біз де былтырғы Майраны ұзатқан жерге келіп отырдық. Майраның қырқын бердік. Қыжым кемпірдің ауылы да Асаның арғы бетіндегі өз орындарына кеп отырған. Екі ауыл да əлі бір-біріне тырс етіп қатынаған жоқ. Асаның арнасынан асыға тасыған суы шіреп, жағалауын алып, өткел бермей жайылып кеткен. Шілде түсе ғана суы тартылып, сабасына түсіп, ажырық, құрақ пен көк қасқа бидайық екі қапталына тізеден шыққан. Түтіп жатқан нөпір мал аяғына қанша таптаса да шыдап берерлік сонша қалың өскен. Майра қаза болғалы Жапсарбайды да, Қыжым кемпірді де көргем жоқ-ты. Асаның бұрынғы ауыз суға жарамайтын кермек суын тасқын шайып, қар суы мол араласып биыл ішуге жарап тұрған. Екі дүңгірді түйеге теңдеп алып, Асаға келіп су құйып алып жатқам. Арғы беттен дауыс шықты. – Бір бала су алып жатыр ғой. Селк ете қалдым. Таныс. Қыжым кемпірдің даусы. – Сатыбалды екен. – Сатыбалдың кім? Əлгі Орыншаның баласы ма? – Сол... «Сол...» Жапсарбайдың сөзі. Жүгіріп барып жыңғыл арасына қойып кеттім.
Сейітқазы Досымов – Əй, жаңағыны жер жұтып кетті ме!? – Кімді? – Кімді несі?.. – Е-е, Сатыбалдыны ма? – Арғы бетке өткізіп сал, қазір мені. Біраз əңгімелесіп қайтайын. – Қайда, Бүтіншінің ауылына ма? – Жоға, Сансызбайларға... Бүтіншіні сағынып қалды дейсің бе? Екеуі де үнсіз қалды. – Жоқ, Сансызбайды сағынып барады дейсің бе? – дейді тағы да Қыжым кемпір. – Барып қызын сұрасам ба деп едім. Анада Байқоңырдың баласының тойында емеурін білдіргенімде, ашып ештеңе айтқан жоқ. Айтпаса да көмейі бос, менің ішім шиша емес пе, оны да байқап қалғанмын. – Ой, олар шетінен қасқыр емес пе?! Тіріде жанына жолатар ма?! – О, шірік! Қызын саған бермесін, менің малыма берсін. Кешегі Майраға бермеген малды осыған төкпейміз бе? – Мал... Сол мал ол əулетте де жеткілікті ғой. – Ал, олар қасқыр. Ал, олар құдай... Ал, саған қызын бермейді, қатынсыз қаласың! – дейді кемпір енді ашуға мініп. – Бұл дүниеден ұрпақсыз өтесің. Өкпемді қолыма ұстап сені ойға да, қырға да жетектеп жүрген мен. Ертең мен өлгеннен кейін ана ағаң екеуің əлі екі ауыл қонасың. Менің көзім тіріде бас құрап қалмасаң, ағаң саған қатын алып бермес... Сен шірік, өз бетіңмен түтін де түтете алмайсың. Жолың жатқан қырсық. Қатын алдың, өлді. Атпай-шаппай аяғың сынды... Енді нең ңалды. Кемпір бұрқан-талқан, шəт-шəлекей сөйлеп жүріп екі дүңгірді лезде-ақ суға толтырды. Мен жыңғылды қалқалап жылап отырмын. Мана Жапсарбайларды көргеннен көмейім босап, екі көзіме жас үйіріліп, ағыла бергем. Осы жұртқа қонғалы апам мүлдем қартайып, мүжіліп кеткен. «Былтырғы үйдің орны ана
Көңіл айнасы жер еді. Айналайын Майраның жүрген жері ғой...» деп, əр нəрсені бір себеп етіп, көп жылайды. Жапсарбайлардың ауыл жағына аңырайып ұзақ-ұзақ қарайды. Майраның бұ дүниеде жоқ екенін ұмытып, сол ауылда жүргендей, солай қарай аңсары ауады да, отырады. Ал, сол адамдар мынау ғой... Мен жылап отырмын. Жылап отырып, Анау керімсал шалқар аспанға үңілемін. Меңсіз. Əлгідегі кемпірлер су алған жағаға үңілемін. Жым-жырт. Айқыш-ұйқыш іздер ғана жатыр. Олардың көңілдері сонау аспандай биік. Бірақ, дəл сондай меңсіз бе, дəл сондай бүтін бе? Егер заматта аспанды бұлт жапса, күн күркіреп, дауыл көтерілсе, мынау иен жайлауда тігілген киіз үйлердің бəрінің бірдей уығы солқылдап, шаңырағы шайқалар ма еді? Егер жылдағыдай Асаның суы ащы болғанда дəл осылай елдің бəрі бірдей күмпілдеген тұщы суға кенелер ме еді! Егер адам өмірінде де жомарт табиғаттай көктемі, жазы, күзі, қысы болса, осы табиғаттың мезгіл əуендерімен сəйкес келе ме? Мысалы, менің көңілім дəл қазір құлазыған күз, ана Жапсарбай мен Қыжым кемпірдің көңілі ше? Ол екеуін көріп Майраны көргендей боп, мен жылап отырмын. Итше ырылдасып бұлар жүр. Мені тезегіне де тəрік етпек емес. ...Мен Сарысуда көп тұрақтай алғаным жоқ. Сенбі көкемдер үнемі малда жүрді де, оқытатын жер таппай, жасым оқу жасынан асып бара жатқан соң, шарасыз қайтып өз үйіріме əкеп қосқан еді. Сөйтіп, Сенбінің нəмінде болғаныммен осында оқуымды оқып, сумкамды сүйретіп жүре бергенмін. Жыл аяғы біткенде барып шырттай киініп қайтамын. Əлгі Сенбі көкемнің менен «ештеңемді аяғаным жоқ» деуі осыдан еді. Қаратауға қайтып көшіп келген соң барып «өз үйіме» ауысып алдым. Кейіннен Ұлболсынды қолдарына алып, бұл семьяның ажары енді кірген еді. Бие байлап, саба-саба қымызды күмпілдетіп пісіп, бүкіл үш үйлі жанның бала-шағасы, келін-кепшігі біздің үйден айналып шықпайтын. Қымыз кісінің шақыртқысы емес пе, үйден үнемі келімді-кетімді адамдар да үзілмейтін.
Сейітқазы Досымов Сенбі көкем Сарысудан қалай көшіп келді, солай Қаратауда отырған екі үйдің де орталары толып, берекесі кіріп жүре берген. Аққойлы институт бітіріп келді, Қазылық техникумді аяқтап, институтқа сырттан түсті, екеуі де ауылдан қызметке ілігіп, үйленді. Күнде той, күнде жиын, бұрын көп келе бермейтін тұрмыстағы екі əпкеміз де осында, олардың соңына ерген екі жездеміз де осында... Кешікпей өмірге қос-қос нəресте келді, ең алғаш Қазылықтың келіншегі ұл туды, онан Аққойлының келіншегі босанып қыз туды... Келесі жылы осы уақыттан сəл асырып екі келін өмірге тағы екі перзент əкелді... Көптен жас иіс көрмей, əбден шөліркеп қалған екі шал, үш кемпірдің өшкені жанып, өлгені тірілгендей болды. Бұл бұл ма, неше жылдан бері хат-хабарсыз кеткен соң, ол да Дүйсенбінің барған жерінде жатқан шығар деп өлдіге жорып, əбден көңіл суып кеткенде бізге үш атадан қосылатын Нұрғылыш ағамыздан дүңк етіп хабар шықты. Іле екі ұл, екі қызымен жеңгемді қасына ертіп өзі келіп те қалды. «Осы уақытқа дейін қайда жүрсің?», – дейді екі шал інілеріне жылап көрісіп. «Е-е, оны сұрап қайтесіңдер, əуелі құдай, сосын мына татардың қызы жанымды алып қалған, он шақты жыл есім кірелі-шығалы жаттым, содан өзіме-өзім келіп, жұмысқа да жарадым. Бұл уақытта балалардың басы құралып қалған, күндіз-түні тер төгіп, еңбек еттім. Қол ұшын беретін туысқан келіндеріңде де жоқ болды», – дейді, татарша-қазақша араластырып, тұздықтай сөйлеп ол, «Хат жазуға болмады ма?» – дейді қайындарын ортаға алып, үш жеңгесі. «Соған қол тиді ме», – дейді шүлдірлеп Нұрғылыш қайнысы. Бір жағы қуыстанып та отыр, кінəнің көбі өзінде екенін іші сезеді. «Енді жібермейміз, осында қаласың», – дейді Сенбі көкем. «Мұнда мен қалай үй болам?» – дейді ағамыз, «Үй боласың, саспа...», – дейді Бүтінші көкем. «Ештеңе керек емес, китергə», – дейді үрпиіп жеңгеміз. Балалары болса, состиып-состиып ол тұр, айнала төңіректің бəріне жатырқай қарайды. Келген күнгідей емес ағамыздың да, жеңгеміздің де,
Көңіл айнасы балаларының да біртіндеп көзі үйренейін деді. Əскерге осы жерден аттанса да, арадан біраз жылды жіберіп алғанның əсерінен туған жер салтын, əдет-ғұрпын ұмытқан, бұрынғы елпілдеп тұратын ақ жарқын мінездің орнын күйгелектік жеңіп, жалғыздық екі иығынан қос қолдап басып, əбден еңсесін көтертпей тастапты. Өзі шала сауатты болған соң, кеңсе қызметі тисін бе, жастай бейнетпен белдесіп, кағылез денесін жерге ұрып-ұрып алғандай шымыр, тарамыс тартып, бұралған сым арқандай икемге көнетін емес. Ағайын боп ақылдасып, Нұрғылышты орталарынан шығарғысы келмеді, өз алдына бір үй боп отырсынға сайды. Сөйтіп, ауыл шетінен тағы бір отау үйдің мұржасынан ертелі-кеш түтін сыздықтап көтеріліп тұратын болды. Айналдырған бір айдың ішінде төрінде сіресіп текемет пен көрпе-жастық жиналып, есігінің алдына бұзаулы сиыр байланып, қорасынан он-он бес уақ тұяқ ерді. Аяқ-табақ, кесешəйнек те сыңғырлап өз орнын тапты. Əдепкіде бəріне үрке қарап жүрген жеңгеміздің көңілі тоғайып, еті үйренейін деді. Əсте-əсте «Татарстанға кетемінді» де сирексіте бастады. Кешікпей ол жақтағы кəкір-шүкір дүние-мүлкін де жеткізіп алды. Екеуі екі жерден ойып тұрып жұмысқа орналасты. Бір күні ағамыз əбден ішіп келіп Сенбі көкемнің алдында еңірегенде етегі толып отыра қалды. Көкемде үрей жоқ. «Оу, батыр-ау, жайшылық па?» – дейді сасқалақтап. Ағамыз: «Жайшылық, жайшылық болмай... Осындай мамырстан жерде, асқар таудай ағаларым мен алтындай інілерімнің ортасында жүріп мені кім ұрғандай-ау, – дейді. – Бəрінен де келіндеріңіздің алдында шоқтығымды бір көтеріп, мерейімді өсіріп, төбемді көкке жеткіздіңіздер-ау, – дейді. – Осы уақытқа дейін мені кім күтіп тұр дейсің, қайда жүрсем екі қолға бір күрек қой деп, туған жерден, ағайыннан безген, өздеріңізді ұмытқан мен арамза екенмін-ау, – дейді... – Əй, мен албасты, мен албасты», – дейді. Тарамтарам бетін жуған көз жасын көкем белбеуінің ұшымен сүртіп еді, інісі: «Бұл туысқан дегенді қойсайшы, шіркін!» – деп одан сайын жыласын кеп. Оған Жарқынай мен Орын-
Сейітқазы Досымов ша апам қосылсын. «Жə, саған қаңғымалап кет деген біреу бар ма, «адасқанның айыбы жоқ, қайтіп үйірін тапқан соң» деген, кеш те болса, есіңе түсіп, бізді іздеп келгеніңе рақмет! – дейді, Тəжігүл апам қайнысына басу айтып. – Екі ортада біз де қайынды, келінді боп қалдық», – дейді тағы да. Кейде мереке қарсаңында, басымыз түгел қосылып қалғанда, газет-журналдағы достық əзілге еліктеп, мен де өзіміз туралы өлең шығаратыным болатын. Тор айғыр үйірдегі жарап тұрған, Кекілін самал желпіп тарап тұрған. Мініп ап Сенбекең шыға келсе, Тамам жұрт ту сыртынан қарап тұрған, – деймін Сенбі көкеме. Мынау біздің Нұрғылыш Мұқалмаған бір қылыш, Қазақ па, əлде татар ма Дегізбей жүрген қатарда, – деймін Нұрғылыш ағама. Бəрі қыран-топан күлкінің астында қалады. Сосын мен оңашаланып алып махаббат лирикасына ауысамын. Қайбір лирика дейсің, бəрі сол жазу-сызуға құштарлықтан туындайтынын кейін білдім ғой. «Соңғы хат» деген өлеңімді көрейік...
Жүректі соққан мұздаттың, Сезімді қайда ұрлаттың, Өзіме деген көңілдің, Көз жасын қалай құрғаттың. Кездессек деп тіл қаттым, Тіліңді безеп үн қаттың. Өзіңе деген көңілдің Пернесін басып жырлаттым. Көңіліңде не бар, бүкпе ой, Соңғы хат осы, нүкте ғой. Асықтау кетсем, масаңмын Өмірім менің күнде той... Кейін менен ақын шықпасын білдім де өлең жазуды
Көңіл айнасы мүлдем қойып, оның орнын репортаж, суреттемемен ауыстырдым. Хош! Сырғып уақыт өте берді. Басқа-бас, жанға-жан қосылып үркердей ғана болып отырған ағайынды үш-төрт үйдің іргесі кеңейе түсті. Бұрынғы сабаудай-сабаудай басаяғы оннан аспайтын үш үйлі жанның басы толығып, қара домалақтардың саны да өсе берді. Мен бұл кезде оныншыны түгесіп, инвентаризаторлар даярлайтын алты айлық курсты бітіріп, сауда саласында жұмыс істеп жүргенмін. Бірақ бұл өзіме қол емесін білдім, білгенмен қайда барасың, ойым КазГУ-дің журналистика факультетіне түсу. Сөйтіп өмірімізге өшпес із салған баяғы Қыжым кемпір мен Жапсарбайдың Майраға жасаған зорлығын жазып, кітап етіп шығарып, халыққа əңгімелекпін. Бірақ бұл ойымды үйдегілер де, түздегілер де (Орынша апамды айтамын) ұната қоймады. «Оқудан оқудың не артықшылығы бар, осы істеп жүрген салаң бойынша соның оқуына сырттан түсіп ал да, бізге бір келін түсіріп бер... Көріп отырсың, осы үйден басқаның бəрінде жас иіс бар, қашанғы əркімнің баласына бір жармасамыз да жүреміз», – деді Тəжігүл апам. Оны Орынша апам бірден қуаттады. Мен үнсіз құтылдым. Ойым екі үйге арнап салып жатқан там бітсе, жоспарлағанымыздай екі жағына ағалы-інілі екі шалды кіргізіп қойсақ, маған тіреліп тұрған дəнеңе де жоқ сияқты. Екі шал да əлі тың, екеуі де көздерін малмен ашқан, содан бір-ақ пенсияға шыққан, бақуат. Совхоз басшыларына да беделді, алдарында тақ тұрады. Оның үстіне менің əкемнің Алтын жұлдызының жарығы тағы қосымша дегендей, əйтеуір біреу емес, екі институтқа түсіп оқысам да дəл маған қарап тұрған күндері жоқ. Апамның онда-мұнда жұмсап отырған қолды-аяқты Ұлболсыны жəне бар, тіпті əзір «келін жұмсамадым» деп шаршайтын да реті жоқ еді. Күзге қарата көптен күткен төбесі шиферланған, ақ шағаладай үйге кіріп алдық. Аққойлының да қолы ұзарып, екі шалдың басын бір жерге қосып, əке-шешесінің қолына үлкен қызы – Аманкүлді қойып, өздері совхоз орталығына
Сейітқазы Досымов ауысып алды. Бөлімшедегі жеті жылдыққа мұғалім болғаннан гөрі, орталықтағы он жылдық мектепке мұғалім болғаны жақсы емес пе, əрине. Оның үстіне Қазылық осы бөлімшеде зоотехник, одан əкелерінің сұрайтыны тек малдарына жем-шөп қана. Болса-болмаса онысына екі бастан қарайласады. Енді, маған қалған тірлік бар ма? Өзімше жоқ деп таптым. Осы қысты бір өткеріп тастап, жазға салым оқуға «шүу» қарақұйрық деп тайып тұрмақпын, оған іштей дайындалып та жүрдім. Неге екенін кім білсін, менің бір байқайтыным, осы үйге кіргелі екі əкем бір-біріне қырын қарайтын сияқты, екі шешем де бұрынғыдай əмпей-жəмпей емес. Аққойлының мінезі күрт өзгерді, бұрынғы бауырмалдығының бірі жоқ, үйге келсе де сынай қарап, суыта сөйлеп, жүзінен ызғар шашып отырады. Екі сөзінің бірінде: «Əй, Сенбин журналист болам деуші едің, саудаға тұмсығыңды тығып алып, шыққың келмей қалды ма енді. Шамасы бай бидайға тұмсықты тыққансың ғой. Əлден дүниенің иісі мұрныңа келсе, кейін нағыз қап тесер атжалманның нақ өзі боларсың... Менікі жай бос сөз ғой... Жоқ, шынымен оқуға баратын болдың ба?» – деген сияқты болып келе береді. Мен аң-таңмын, маған бұрын мұндай бұлтақтатып сөйлемейтін. Қазылыққа да үнемі тілінің бізін қадап отырады. Аққойлының үйіндегі ақ жарқын жеңгеміз де салмақтанып қалды. Бəрінен де Бүтінші көкемді айтсаңшы, бұрынғы елдің бəріне бірдей көңілі сап басылды. Өзінің нəміндегі мал мен ағасының малы қашаннан милығып, араласып жүретін де, оны ертелі-кеш түгендеген де əр қайсысы өздерінікін төбеге ұрып дəл тани қоятын. «Ақ құйрық тоқты, көзіме түспеді» немесе «қасқа туша қайда?» деп, біріне-бірі сауал тастап жəне бір көз жүгіртіп алып, жоғын көрші-қолаңның малынан іздестіріп, сол заматында тауып əкелетін. Қойдың кезегін көбіне Бүтінші көкем бағатын. «Сенікіменікі» деп көп санаспай, ет таусылған күні кезекпенен бір малын атып ұрып, екі үйлі жан кезек сыйласып жататын. Соңғы кезде осы кісі қызығарлық дəстүрдің шырқы
Көңіл айнасы бұзылайын деді. Бұрынғыдай емес, Бүтінші көкем қолын тартып қалды. Қолын тартқызған баласы екені ақиқат, əрине... Сенбі бір малды жарқыратып сойып тастады, екі үйлі жан тұмсық тықты, ендігі кезек інісінікі еді. Бірақ ол бұрынғыдай: «Сенбі, қозы сояйын ба, жоқ қой сояйын ба?» – деп тұрмады, бүгежектеп төменшіктей берді. Ауылдық жерде дүкенде ет болмайтыны, болған күнде оны байырғы тұрғындардың алып пайдаланбайтыны екі бастан белгілі жайт. Сенбі көкем тықыршып екі күн етсіз отырды да, үшінші күні кезексіз жəне бір қойын жығып тастады. Екі үйлі жан қызыл көрген қарғадай шүйіліп, қауқылдасып, қарқ-қарқ күлісіп, табақ-табақ етті ортаға алды-ай кеп. Біздің үйдің бұл қойының еті де сап бітті. Екі семья бір қазанға шүйілген соң шақ келтіре ме. Арадан ай өтпей Сенбекеңнің жəне екіүш қозы-лағы пышаққа ілікті... ...Сенбі көкем қырда жатқан жылқыларын жиі байқастап, айғыр қуып жіберген бірлі-екілі еркек жабағы болса, өз алдына жүрген саяққа қосып, қашан үйірге ілескенше қайырып салып, қоғамдап жүргені сол. Өткен сəрсенбіде де қырдағы жылқыларын түгендеуге кеткен-тін. Бүгін содан шаршап оралған беті. – Оу, мұндағы жұртты қыдырып, ел аралап тойып келгендей отырсың ғой өзің. Неге қазан көтермейсің? – деді көкем апамның шайын місе тұтпай. – Кешке мал соймасаң, ет жоқ, – деді апам, жылт еткен бір сырды бүгіп қалып. «Бұл жолы былықтырмайын, пəлесінен аулақ». Менің көкемнің тағы бір ерекшелігі: үй шаруасына икемсіз еді. Жапан түзде қой бағып отырған кездің өзінде, кейде үйде апам жоқ боп қалған жағдайда да өз алдына қазан көтеріп, шай ішіп көрмеді десем ағат емес. Əйтеуір есебін тауып алты қырдың астында отырса да, көрші ауылға барып тамақтанып жүреді жəне олардың жақтырғанжақтырмағанына, шақырған-шақырмағанына қарамайтын еді. Сырын білетіндер көкемнің алдында тақ тұрып, адалын алдына қоятын. Жаңа қонысқа жұрт аударып қонам
Сейітқазы Досымов дегеннен-ақ Тəжігүл апамның төбе шашы тік тұратын. Ең ауыр шақ осы кезең, жүкті əкелісіп жаңа жұртқа тастаған соң, көкемнің енді қайтып ол үймен жұмысы болмайды. Бірде өріс күйттеп, суат таңдап жүріп алады, ал апам болса керегені керіп, бау-шуды түгендеп, бақанын сайлап, енді шаңырақ көтеретін тірі жан таппай, көкемді тағатсыздана тосып қала береді. «Осы жерде Бөрібасар екеумізден басқа ешкім жоқ екенін неге білмейді?» – деп қамыққанда, ызадан даусы шығып кетеді. Осы мезгіл Бөрібасар ит те болса жатқан орнынан атып тұрып, қыңсылап, құйрығын бұлғаңдатып, апама сүйкене келіп, арс-арс етіп көкем жүрген жаққа үреді. Көкем «Бөрібасар тегін үрмеуші еді, бір тұстан ит-құс тиді ме отарға», – деп қорқып қалады. Жаңа қоныста тұнып тұрған отқа тұмсық тіреген отардан шашау шыққаны байқалмайды. Кенет отардың бір шеті дыр етіп, үркіп басылады, жалт қараса, сол тұстан шыға келген Бөрібасар екен. Көкеме арсалаңдап үріп, құйрығын бұлғаңдатып, жаңа жұртқа қарай жорта жөнеледі. «Осы антұрған не дейді», – деп соңына ілеседі. Сонадайдан үйдің əлі тігілмегенін көріп: «Осы уақытқа дейін шошқа тағалады ма екен?» – деп тіксініп келсе, апам алдынан өре түрегеледі. Көкем сонда барып бұл маңда өзіне бөлек шаңырақ көтеретін тірі пенденің жоқ екенін есіне алады. «Бəйбіше, менің тарс есімнен шығып... бейбіше», – деп, өзі-өз болып, апамның алдында сонда қатты қысылады. Əйтеуір «бəйбішелеп» құтылады. – Саған да өкімет жарқыратып орден беріп жүр-ау, – деп апам көкемді тақымына толтырмай, қазанда бұрқырап қайнап жатқан еттің сорпасын сапыра береді. Айта берсе, Сенбі көкемнің мұндай істері жетерлік. Өзі айтқандай қара қойын өткізіп, етек-жеңін сілкіп, пенсияға шығып, ақ тамға кірген соң өзі қатарлы шалдардың істеген тірліктерін көреді, қызығады. Олар жаз шығысымен ертелеп тұрады, белге шалғы орақты байлап, қыдиып бір-бір есекке мініп шөп оруға шығады екен. Тұңғыш рет өмірі істемеген кəсібіне көшіп, əуелі бір қозылы қойға ытқып тұрған есек сатып алады.
Көңіл айнасы – Мұның не, белдеуіңде арқырап айғырың, қос-қос атың тұрғанда қайдағы арам қатқырға жүгіргенің, – дейді ұнатпай інісі. – Тұра тұр, – дейді ағасы інісіне, – тұра тұр-р, жұрттың бəрі есек мінгенде менің ат мінгенім жараспас... Сен онанда маған бір қол орақ, бір шалғы орақ тауып бер... Ағасына қарағанда, інісінің мұндай жұмысқа қолының епсегі бар, екі шалғы орақты шыңдап, қайрағымен қосып қолына ұстатады. Ертеңіне бір кəрлен кесе қымызды тастап алып, екі кəрлен кесесін бидонға құйып, ат дорбаға салып, ердің басына іледі. Сосын шешемізге: «Менің төбем көрінгеннен самауырынға от сала бер», – деп қатты табыстайды. Сенбі-екең айнала төңіректі шолғындап, əлгі шөп орғыш шалдарды іздейді, бірі де көрінбейді. «Бұларды жер жұтқан ба? Жоқ əлде, бүгін шықпай қалды ма екен» деген күпті көңілмен келе жатып жолдың езуіне қайырыла салады. Қарсы алдынан мұрты бұзылмаған телегей теңіздей толқын көк қасқа бидайық пен майда құрақ көз тартады. «Осыдан тəуір жер қайда бар дейсің?» деген оймен есегін тұсап қойып, шалғы орақты қолға алады ғой. Ғұмырында ұстап көрмегені енді есіне түскендей, жайқалған шөпке қалай саларын білмей, əйтеуір құр далбаймен шалғыны төмен жіберіп қалғанда, ұшы жерге гірш ете түседі. Суырып алып қайта салғанда, қатты күштен сабы опырылып қалады. «Қап! Ой, əттегене-е! Тұра-тұр-р!..» Енді қол орақпен оруға кіріседі. Алғашқыда тым тəуір орған сияқты еді, келе-келе сегіз көзі сыздап, белі тұтасып игізбей-ақ қойғаны. Орғаны да үй орнындай ғана жер. Өзін-өзі зорлап тағы еңкейе бергенде, белі кілт етті, сонда да оны елең етпей шөпке қолының жете бергені сол еді. Көк желкесінен: – Бұл не деген сұмдық, көзбе-көз ұрлап жатқан, – деген дауыс саңқ етеді. Белі кирелектеп зорға илігіп қарайды. Таниды. Қорықшы Əзірбай екен. – Бұл не деген сұмдық деймін... Бұл шабындық... Совхоздың...
Сейітқазы Досымов – Ой, сен де... Елдің бəрі орып жатқан шөп емес пе? Не оттап, не əкіреңдейсің, – дейді біздің əкей күйіп кетіп, оған сынған шалғының сабы, қол тигізбей сыздап тұрған сегіз көзінің ашуы қосылып. – Əй, тура қазір əкті жазып директордың өзіне апарып бермей тұрғанда табаныңды жалтырат. Жалтыратпайды екенсің, əкті... Елдің бəрі сен құсап шабындықты орып жатқан жоқ. Олар шалғы орақ түсе алмайтын сай табанынан шеңгел мен жыңғылдың ара-арасын орып алып жүр. Ал, сен... – Ой, əктіңмен қосып... – деп қорықшыға ашумен аларып қарайды. – Əкті... Кылт етсең əкті... Осы уақытқа дейін үстімнен біреу басы артық сөз айтып көрмеп еді, енді сен келіп əкіреңдейсің... Жүр сол директіріңе. Екі шалғыны екі жерге қалдырып, көкем есегіне төңкеріліп мініп, қорықшыға тепеңдей ілесіп, ашумен кете барады. Совхозға шығатын жол біздің үйдің іргесінен өтетін. Күн ұзақ жолға қарап байқастап жүрген апам, шалының үйге соқпастан салып ұрып өте шыққанына таңтамаша қалады. – Тетелес-ау, біздің шалды қара, қасындағы атты кісімен кəдімгідей қатты сөзге келіп, керіскендей... Өйткені, дауыстары тым сампылдап, жүрістері суыт, əйтпесе, үйге қайырылып жөнін айтып кетпей ме... – дейді. Тетелесі көзін жыртып ашқаннан осы ауылда емес пе, көз ұшында кетіп бара жатқан бір атты, бір есекті екі адамға ту сыртынан қарап жіберіп: – Қасындағысы Əзірбай жынды ғой, – деп жазбай таниды. – Сенбі-екең бірдеңені бүлдірген ғой. Енді қайда кетіп барады екен, а... Сол жындымен жынды болып, ə... – Əзірбайың кім? – дейді апам. – Не істейтін адам? – Осы совхоздың қырық жылдан бергі қорықшысы. Оның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс... Бағы жанып тұрған шал, директордың оң көзі, соны жеңем деп барады ғой біздің Сенбі-екең... Көрерміз... Талай аузымен құс тістеген осы совхоздың беделді кісілері де онымен айтысаайтыса жеңіліп, қойған...
Көңіл айнасы – Ойпырмай, ə... Келмей жатып бет жыртысып, бұл жердің директорын Сарысудағыдай ойлап жүр ме екен, мына шал-л-л!.. Түс ауа Сенбі-екең қайтып келді. Сəскеде қойылған самаурын кернейі қисайып есіктің алдында əлі тұрған. – Ах тфа-ф-а! – деп түкірінгенінен танып, апам далаға жүгіріп шығады. Шалы күлімдеп, көңілді келеді, өзінеөзі ырза болғанда осындай мінез танытатыны белгілі еді. Қайтып үйге кіріп кетеді, шай есіне түсіп, жүгіріп барып самаурынның түбін шұқып, күлін үрлеп, шоқ салып тыз еткізеді. Бір тұстан інісі жетеді. Бұл кезде Сенбі-екең төрдің алдында шалқасынан жатып, шоқша сақалын тарамалап Сарысуда жүріп баққан қара қойын ойлап кеткен. «Шіркін, не қыласың, əлде де сонда жүре бермей... Тым ерте пенсияға шыққан екем де... Пенсияның керегі жоқ, кейін жұмысқа əбден жарамай қалғанда шай пұлдық берсеңдер берерсіңдер, бермесеңдер қоярсыңдар деуім екен... Не ңыласың... Бір білместік бастан өтті, кетті... Енді ойласам, қолымнан қара қой баққаннан басқа түк келмейді екен. Сол қара қойдың арқасында екен менің шалжиып жатқаным... Əлгінде бейтаныс болса да директор жақсы қарсы алды, өзі орнынан ұшып тұрып сəлем берді, оны ана.. Əзірбай ма, Əзірейлі ме ұнатпай қалды... Əбден тік жүріп үйреніп қалған адамға мұндай ұсақ-түйек іс қол емес екен, оны бұрын кім білген?..» – Оу, қайдан қайттың? – Қайдан кайтқаны қалай, шөп орып... – Əзірбай алдына салып айдап бара жатыр еді ғой. Жауап орнына көкем күледі. – «Жылағанды сұрама, күлгенді сұра» деген, иə... Інісі де, кемпірі де сенер-сенбесін білмей, алғашқыда үнсіз қалды. – Екі машина шөп үйге түсетін болды. – Ана есекті енді сен мін, мен шөп орып болдым, – дейді Сенбі-екең інісіне. Манағы өзінің орашолақ ісі ойына түсіп, тағы да еріксіз жымияды.
Сейітқазы Досымов – Өзің көңілдісің ғой, – дейді кемпірі. – Қораны жөнге келтіріп қояйын ба? – дейді інісі. – Қазір шай ішкен соң, қораны екеулеп жөндеп тастайық. «Екі-үш күннің көлемінде екі машина шөп жібертем жəне жылда беріп тұрамын», – деді ғой директордың өзі, сөзіне жетсе... – Директордың өзі айтса, орындайды ғой, – деп қопаң етіп басылды інісі. Мұнысы көңілі жайланғандағы дағдысы еді. ...Қазанға ет салып жатқанда: – Мыналардың да үлесін сал, – деп ескерткен көкем. Апам ашып жауап бермеген. Ет пісіп түсіріп жатқанда: – Шақырсын ба? – деді көкем. Апамнан жауап болмады. Мен қозғалақтап ыңғайсыздандым да Бүтінші көкемді шақыруға батпадым. Ұлбосын шақырмақшы болып ыңғайланып еді, апам оны: «Тəйт, отыр», – деп басып тастады. Төмен қарап шұқшиып төртеуміз нəн табақ етті оңашалап енді алға ала бергенде, есік сықыр етіп ашылды. Неге екені белгісіз апам селк еткендей болды. Аманкүл екен, табалдырықтан аттап, ішке енген қалпы состиып тұрып қалды. – Кел, келе ғой, – деді көкем. Аманкүл Ұлбосын екеуміздің ортамыздан орын алды. Мен сол сəт ағалы-інілі екі үйдің арасындағы кикілжіңді жүрегім сыздай отырып сезінгем-ді. «Айтпақшы, сол кикілжің калай басталып еді?» – деп ойладым, сары қымызды сіміре түсіп. Тағы да ойға шомдым. Аққойлы мен Қазылық он жылдықты бір жылы бітірді. Қазылық үйге қарайлап оқуға барғысы келмеп еді, оған апамның өзі көнбеді. «Саған қарап отырған күн жоқ, катарыңнан қалма», – деп рұқсатын берген соң, алысқа ұзамай Жамбыл қаласындағы зоотехникалык-мал дəрігерлік техникумына ғана түсіп, бас-аяғы екі жылдың ішінде ауылға зоотехник болып оралды. Баласының бұл ісін апам да теріс көрмеді, келе жұмысқа ілікті, осы Бозарық
Көңіл айнасы бөлімшесіне жіберді, содан əлі табан аудармай келеді ғой. Ал Аққойлы болса ойланбастан бірден пединститутқа түсті, оны бітірген соң аспирантураға қалғысы келді. Оған атаанасы қарсы болып, төбе шаштары тік тұрды. – Көзіміздің алдында қалқайып мұғалім боп жүрсең, бізге жетеді. Кəрі қойдың жасындай жасымыз бар, қолымызды жылы суға малып отырғымыз келеді, – деген. – Оған қам жемеңіздер, мен отырмын ғой... Ата-анасын арқалап жүріп баққан ешкімді көргенім жоқ. Əйтеуір, қатарынан қалдырмай, жағдайын жасаса болды да. Сатыбалды да қолқанат болып қалды. Енді бір-екі жылда Сарысудан Сенбі көкемдер де келгелі жатыр, бəріміздің басымыз тоқайласып, жұрт сияқты қайғыға да, қуанышқа да ортақ болып, ауыз бірлікпен ортадан от жақсақ, лаулатып жақсақ... – деген Қазылық сол күнге ертерек жеткенше асыққандай (Ол кезде Нұрғылыш ешкімнің ойында жоқ). Аққойлы аспирантурасын түгесіп, келіншегін алып елге оралды. Аспирантурасынан еш нəтиже шығара алмаған сияқты. Онда-мұнда барып қызмет істеймін демеді, бұрыннан ата-анасының көздеген мұғалімдігіне кірісіп кетті. Жаз шығып, елдің арқа-басы кеңіген кезде шопандармен бірге мал мамандары да жайлауға көшіп келеді. Еспе жайлауына жайғасып алған соң, Акқойлы қасына өзімен бірге мұғалім боп істейтін оншақты жора-жолдасын семьяларымен ертіп бір машина болып келетін еді. Қазылық оларды құшақ жайып қарсы алып, алдарына адалын тосатын. Содан елден бұрын Қазылықтың өзі қызып алып:
Ауызыңды ашсаң көрінер маржан тісің, Не демейді сыртыңнан дұшпан кісің?! Десе десін сыртыңнан дұшпан кісің Білінбей ме досыңа еткен ісің. Қарағым-ай, қырға шығып жолыңа қарадым-ай! – деп əнге басатын. Сосын: – Менің əрі бауырым, əрі құрдасым, біздің əулеттен шыққан оқымыстымыз. Əлі бəріміздің даңқымызды асыратын да осы, абыройға жеткізетін де осы. Айналдым əншейін! –
Сейітқазы Досымов деп тұрып екі бетінен алма-кезек сүйетін. Сонда Аққойлы: «Қой, қой енді», – деп миығынан күліп, тартынбастан бетін төсеп тұра беретін. Қонақтары қайтуға ыңғай беріп орнынан өре түрегелгенде, қоярда қоймай жəне отырғызып, еселей күтетін, ақыры қимай қоштасатын. Апамның былқылдатып бағып отырған бір-екі марқа қозысын сирағынан буып, көтеріп əкеліп, жүргелі тұрған машиналарына лақтырып тастай салатын. – А-а, Аққойлы келе алмай қалған басқа жора-жолдастарың бар шығар, мынаны ала кет, – деп шегелейтін. – Ол рас қой. Туысыңнан сарқыт əкелдің бе деп келетін жолдастары толып жатыр, – деп жеңгеміз бұл сөзді тірілтетін. Машина лезде-ақ бел асып жоғалатын, үйінің бар ырысы, берекесі солармен бірге кеткендей Қазылық өз-өзінен жетімсіреп, құлазып талай қалған. Кейін келе-келе оны көріп-бұны көріп, Қазылық бұрынғы ақ көңілділіктен кілт арылды. Оның орнына салмақтылық, арыдан ойлап бас пайдасына қарай жығылу сияқты мінездер бойына мысқалдап жұқты. Бұрынғыдай: «Жаным Аққойлының үстінде шықсын», – деп оған өбектемейді. Қыр асқанша соңдарынан телміріп, жетімсіреп қарап тұрмайды. Міне, Жарқынай апамның бұзылып: «Менің жалғызымның алдында бас ұрып, бағынышты жүрмейді, бұдан қайта озып бара ма деймін өзі», – деп тулайтыны осыдан еді. Оның үстіне бұрынғы екі лақты ешкісі ғана бар Орыншаның жылдан-жыл озған сайын қорасы қойға толып, сиырдың да, жылқының да, тіпті түйенің де тұқымын тауып алып өсіріп отыр. Қаз-үйрек, түйеқүс, тауық дегенің де осыларда. «Қазылық мал тапқыш, шалымды жігіт болды» деген сөз Жарқынай апамның аузынан шықпайды. «Біздің Аққойлының балаларына сойыс неге беріп тұрмайды, ол болса там сорып, бала оқытып миы ашып жүр, бұл болса астында мотоцикл, артына шешесін мінгестіріп алып желпілдеп жүргені. Он шақты ірі қарасы бар, соны көтере алмай жүр ғой... Енді ана кішісі бұдан да өткен
Көңіл айнасы кісəпірдың нақ өзі болады. Бəленің бəрін біліп тұрып, тырс етіп сөйлемегенінен қорқам», – деп мені де іштей түйреп қоятынын кейін білдім. Ал, Нұрғылышты ұнатпауының, көрсе жыны қозып, ұстаса кететінінің де мəнісі бар. Ойы – «бұл жаман да бізбен теңесіп алды. Бізден басқасының бəрі жетім-жесір еді, бəрінің мұрындарынан есек құрт түседі қазір». Иə, Нұрғылыш ағамның қалтасы жұқарып келгенмен еңбектен жаралған адам емес пе. Əбден бойын үйретіп, ел мен жердің мінезін танып алған соң, бір игілікті іске қол ұрды. Ары ойлап, бері ойлап, өзіне осы істі қолайлы деп тапты. Байқап қараса, совхоз тек малмен айналысады екен. Егіншілігіңді, диқаншылығыңды жергілікті халың сезбейді де, иісі мұрнына да келмейді. Ептеген адамдардың ауыл шетінен көктемде салатын бақшасы бар екен, оның өзі уақытша ғана, күзде қазан болады. Нұрекең де келер көктем бақшаға қол ұрады. Жерін сиыр тесіп өтпейтіндей етіп қоршап, жыртқызып, тырмалатады, қалғанын майда қадаммен жүріп, жұмыстан қалт еткенде шұқылап, топырағын тегістеп, тыңайтқыш тасып (айтпақшы Сенбі көкемнің қозылы қойға сатып алған ытқып тұрған есегі осы Нұрғылыш ағамның еншісіне тиген, бұрынғы бұрынғы ма, бұл есектің құны аспанға ұшқан қазір. Басында өмілдірігі сылдырлаған қайыс жүген, қырғыз ер, құйысқанның өзі əлекей-шүлекейлі, бұл ер-тұрман əбзелін ағам өз қолынан жасап алған) төгеді... Сосын өзімен құрылыста бірге істейтін екі татар досын қасына ертіп алып, бір тұсына қауын қарбыз; екінші тұсына асқабақ, күнбағыс; үшінші тұсына картоп егіп тастайды. Келесі жексенбіде əлгі екі досының бақшалығына барып асар жасайды, одан арам шөбін шабатын, картоптың түбін көметін кезде де үш дос жұбын жазбайды жəне үшеуінен артылатын жұмыс та қалмайды. Алғашқы кезде Нұрекеңнің бұл жүрісін ұнатпай Тəжігүл апамның кекеткені де бар. – Татар десе бүйрегің бүлк ете түседі-ау... Туысыңды тауып алып, көзайым болдың ба? – деп. – Е-е-е, жеңге, саспа! Жаман қайныңды күзде көр,
Сейітқазы Досымов басқалармен дос болайын десем, шорту... біреуі жер шұқуды білмейді, ондайлармен қалай товарищ боларға... – деп қарқылдап күлетін де, өмілдірігі төгілген ытқып тұрған есегіне отырып, екі аяғын үзеңгіге салмай, əдейі салақтатып жіберіп бақшасына қарай кете баратын. Ту сыртынан қарап тұрған жеңгесінің: «Ананы қарашы, дайын үзеңгіге аяғын салмай бара жатқанын, нағыз шоқынды ғой», – дейтінін біледі, оған іштей мəз болып, өзінің де жеңгелеріне олқылытелқылы сөз айтқысы кеп тұрады. Нұрғылыш ағамның күткен жомарт күзі де келді. – Бақшамызды игере алмай жатырмыз, помагайт та етейін демейсің, – деген соң, бір күні Бүтінші көкемнің есегіне мініп бардым... Бір көріп алған адам одан қайтып шығатын емес-ау!.. Қауын, қарбызы, асқабақ, күнбағысы да, картоп та ерен бітіпті. Жеңгеміз шартақты құрған, қауынды тіліп тастапты. Асқабақты тау ғып үйіпті, күнбағыс болса бастарын көтере алмай, қазақы қойдың құйрығындай төңкеріліп ол тұр. Шетінен кесіп, кептіріп те жатыр... Картопты ертең қазатын көрінеді. «Қанша алсаң да өзің келіп қазып ал», – деді жеңгем. Екі қап қауын-қарбызды есекке теңдеп алып үйге келдім. – Ал, Нұрғылыш ағамның бақшасынан əкелген қауыннан дəм ауыз тиіңдер, – дедім, екі үйлі жанды түгел шақырып. Қауын мен қарбызды жарып, еселеп алдарына қойдым. Екі көкемнің де, екі апамның да көздері атыздай болды. – Көкежан, осы шынымен-ақ солардың еккені ме? – деп; – Салғанымызбен сиыр жеп қояды, сосын күдер үзіп қойғанбыз деуші еді ғой жұрттар... Мұныкіне сиыр түспейтін болғаны ма? – деп; – Əй, мынауың диқан екен, тіпті тіл үйіреді ғой, – десіп, екі қап қауынды сол жерде-ақ тауыстық, қапты сілкіп алдым. – Ертең ерінбей-ақ барып картобынан алып кел, шылғи ет пен шайдан да адам шығады екен, – деп өтінген екі апам. Өтініштерін орындадым. Екі үйге үш қаптан алты қап картоп əкелдім. – Бəрін сен əкепсің, өздеріне қалдырдың ба? – деп қалды Сенбі көкем, інісін аяғандай.
Көңіл айнасы – Сенбесеңіз барып көріңіз, тура қырық қап алды, – дедім. Үйдегілер картопты қуырып та үлгерген екен, жеп отырып ауыздарын ашып, көздерін жұмды. – Енді оның бəрін қайтеді, көп болса айналдырған алты жан қыстай жиырма қабын жеді дейік, – дейді Жарқынай апам. – Сатады, – дедім мен. Бəрі маған ежірейе қарады. – Сатады! Ол ит енді саудагер болайын деген екен ғой! – деп қалды Бүтінші көкем. – Сіздер де қой сатып, сиыр сатып, не сатып алып жүрсіздер ғой, – дедім мен. – Е-е, біз сатсақ, сатып алсақ, ақы адал малымыз, сілекейін сыдырып, аузын үріп, қолымызбен өсіргенбіз, – деді үлкен көкем. – Е-е, оның да тер төгіп, өз қолымен өсірген картобы, шемішкесі ғой, – дедім. Екі көкем де бір түрлі бұрын-соңды ойына келмеген нəрсе болғаннан соң ба, дағдарып, отырып қалды. Осымен Нұрғылыш ағам төңірегіндегі əңгіме тамам болған. Ал шын мəнісінде Нұрғылыш ағам картобын базарға апарып сатқан жоқ. Ел өз-өзінен құлақтанып, əсіресе шопандар, жайлаудан күздеуге қайтқанда бір-бір қозысын тастап, тік көтеріп алып кетіп жүрді. Бірақ шемішкеге ешкім үздіге қойған жоқ, сосын жеңгеміз ұялмай-ақ стақанын бірінші жылы он тиыннан сатып-ақ тауысқан. Кейіннен қалаға барғанында көк базардағы шемішкенің бір стаканы жиырма тиыннан екенін көріп өкініп-ақ қалды. Содан былай Мыңаралдағы сатылатын бір стакан шемішкенің нарқы да жиырма тиын болған. Арада бас-аяғы үш-төрт жыл өткенде Нұрғылыш ағам тұрмыстанып, іштеніп, алдыңғы қатарлы семьялардың бірі болып шыға келді. Əлгі малды боп, өздерінше кеуде көтерген боп жүретін көп ағайынның балалары бұл үйдің
Сейітқазы Досымов тұсынан өте бере қыңқылдайтынды көбейтті... Əсіресе, күзге салым жер тепкілеп, аяғын бір баспай қалады, сосын шешесі амалсыздан албарының тұсынан басын қылқитып қарайды. Албарының іші толған қауын-қарбыз, асқабақ, қап-қап картоп... көзі қызығады. «Қараң қалғыр, біздің үйдегі де еркекпін деп, өз аяғымен жайып жүрген малға семіріп, мақтанады-ау...» – Құдағи, жай ма? – дейді ағам еріксіз мырс етіп. – Ə-ə, мына бір жүгермек осы үйдің тұсынан өте бергенде көк түйнек келгендей тыпырлады да қалды, бір ит түйнегіңнен біреуін... пұлға берсең де... – Жо-жо-қ, құдағи, ақшаңыз керек емес... Бізде ит түйнек болмайды, міне, басыпалды, – деп, үлкен қауынды қолына ұстата салады. Анау еңкейіп баласына беріп, баласының жүрегі жарыла қуанып, табандап бір орнында тұрып алмай жүріп кеткеннен соң, рақмет айтуды да есінен шығарады. Ағам басын шайқап: «Осынша жалқау болар ма, жер деген мынау – туырылып жатқан, соқасымен сайланып тұрған трактор анау – екі айналса жарап жатыр, сыртын қорша да еге бер, білмесе білгеннен сұрасын... Үй басы кемпір-шалсыз емес, баланың басы оннан кем емес, естияр біреуін басына отырғызып қойса, қалған балалары əлгіндей кейіп сатпас еді-ау... Мен бұл ауылды əбден түсіндім... Жан қинап жұмыс істемесе де тамақтары тоқ, сосын қолы бос адам ойына келгенін істемей ме... Бірін-бірі табалау, күндеу, қызғану, алалау – бəрбəрі осы жұмыссыздықтың салдары. Жанын несіне қинасын есіктерінің алды қой, ешкі, жылқы, сиыр... Бетінің суын бес төгіп, директорға он кіріп жүріп, бір машинə шөп жаздырып алады, барған бөлімшесіндегі шаруашылық меңгерушісінің миын уқан-суқан ғып, оны екі есе етіп қорасына түсіреді. Жұмыстарының ең ауыры, қолдарын қысқартып, жүйкесін тоздыратын да осы шөп, шөпті тауып алған соң басқаға пысқырып та қарамайды. Тіпті екі ағайындылардың өзі бірбірін енді қайта көрместей, өздерінше тұмсық көтеріп, кеуде керіп бəсекеге түскен, дүние жарыстырған, мал салыстырған,
Көңіл айнасы ең аяғы əйелдерінің қайсысы ұлды көп тапты, міне, бұл да мəртебе! Ал, ол балалардың ертеңгі күнін ойлап жатқан олар жоқ, əйтеуір, не болса да өзінің көзі тірісінде ешкімнен бір елі төмен жүрмеуі үшін мал табу керек, баланы емес, əуелі сол малдың төлін аяқтандырып санатқа қосуы керек... Сол малды бұтарлап сойып жеп, сатып ақшасына балаларын шырттай киіндіріп, өздері жарқырап көзге түсетіндері анда-санда ғана да, ал дені ішпей-жемей жинап, күнде төбеге ұрып түгендеумен-ақ жүріп шашын ағартады. Қатты қыс болған жылдары қырып та алады, сосын ізге із қосып, орнын толтырам дей-дей, діңкелеп жығылғанын білмейді. Осы мал үшін ағайын-туғандар, көрші-қолаңдар, тіпті совхоз басшыларына дейін бір-бірімен алакөз жүреді. Басқаны былай қойғанда, менің екі ағамның да аралары шиеленісіп барады. О баста ана бір есіктен кіретін үй жоспарсыз салынған... Оның үстіне қартайғанда мал адамның көзіне бітеді деген рас-ау!.. Үлкендерді солай десек, кейінгі жастар олардан да асып, малсақ болып бара жатқандай... Көзін тапқан адамға мал тегін ақша екені рас. Бəрінен де екі інім – Аққойлы мен Қазылыққа таңмын. Соңғы кездері екеуінің де іштей бір ойлары бар сияқты. Аяқтарының бастарына қарап түнереді де жүреді. Мен бірдеңені сезсем, осыларды жегідей жеп бара жатқан ана Сенбінің малы. Жасы жеткен кісілер қашанғы жүрер дейсің, сонда артындағы қалған малды Сатыбалды басып қала ма деген күдік. Маған бірде Қазылықтың: «Сатыбалды бала ғой, май бидайды қалай жерін түсінбейді, əлі... «Оқуға барам, оқуға барам» дейді, кітап кеміргеннен гөрі ауылдағы дайын майлы сүйектің бір басын аузына салып сор-е-еп жатпай ма, баламысың», – дегені ұнаған жоқ. Осыны айтып отырған Қазылықтың өзі бала, осы уақытқа дейін əкенің малы – балаға мал болғанын көргенім жоқ. Бұлар əлі қатты қателеседі... Өлмесек оны да көрерміз...» Нұрғылыш ағам байқағанды мен де сезінетінмін. Бірақ өз бетіммен жарып ештеңе істей алмағанмен, сырт көзден намыстанып, қорланып жүруші едім. Ақыры отыра
Сейітқазы Досымов қалып, жастар газетіне моральдық тақырыпта мақала жаздым. Əлі есімде, тақырыбын «Осы ма еді, ағайын?» деп қойғанмын. Кешікпей пікір талас болып шықты. Мақала түгелдей өз өміріміз туралы еді, оқыған адам бірден жазбай танығанмен, фамилиямды өзгертіп жазып жібергенмін. Шығар мақала шығып кетті. Енді қуыстанып, өз-өзімнен пұшайман болайын. Ең əуелі Сенбі көкемнен қорықтым, менің жазғанымды біліп қойса: «Өз артыңды өзің ашып, сенің бұл не қылғаның?» десе, қара жердің жарығы болса кіріп кетермін тегі... Бір тұстан Аққойлы келсе алқымға алып... Қазылық та қарап қалмас... «Қап! Ақымақ басымай, онсыз да «алтау ала болып, ауыздағы кеткелі тұрғанда» мына ойланбай істегенім төтенше болатын болды-ау», – деп күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айрылдым. Газет ауылға келгелі де оншақты күннен асып кетті, бір адам тырс етіп тіс жармады. Алғашқы қорыққанның бəрі далада қалды, енді ауыл адамдарының газет оқымайтынына, оқыса да өз ортасындағы осындай келеңсіз жайттар күнделікті бола беретін үйреншікті істері сияқты болып кеткен бе деп қалдым. Селт еткен бір пенде болмады ғой... Сол пікір талас газет бетін жарты жылға дейін «шулатып» тынды. Ал, біздің ауылдан бір оқырман үн қоспады. Мен бір күні төрт көзіміз түгел отырғанда, Аққойлы мен Қазылықтың көзінше осы мақаланы əдейі дауыстап оқыдым. Бірақ бірдеңе дер ме екен деп едім, тырс етпеді. Тек Қазылық қолымдағы газетті алып өзі көз жүгіртіп шықты, фамилиясына қарап отырып: «Жақсы жазылған екен», – деді. Одан Аққойлы алып газеттің бетін бір сүзіп шықты... – Пікір талас екен ғой... Ойдан құрастырып жазған! – деді. Екі шал, екі кемпірде үн жоқ, томаға-тұйық отырды да «Намаздыгер, намазшам боп қапты», – деп өз жөндерімен кетті. Сонда мен бірінші рет ағайынды екі үйдің арасындағы ала ауыздық осы Аққойлы ағайымның тоғышарлығынан ба деп, тіксінгем-ді. Қымыз ішіп болып, далаға шықтым. Бала кезімнен-ақ кекілімді сипаған самал жел тұла бойым-
Көңіл айнасы ды желпіп өтті. Анадайда екі қабатты еңселі үй түр. Қалдабергеннің үйі. Соны көріп тағы да ойға шомдым... Газет-журналға деген бала кездегі құштарлығымды көз алдыма əкелдім. Онда мұндай ол шеті ат шаптырым іргелі елді мекен емес, үркердей ғана бір жерге шоғырланған шегене бас ауыл еді. Ортамызда жалғыз почташы болатын, ол соғыстан бір аяғын сылтып басып оралған еді. Үлкен сəскеден терезеден тысқа қараймын да тұрамын. Сондағы аңдитыным сол почташы. Бір кезде көзім бұлдырағандай болады. Анықтап, тіктеп қарасам, кішкене қол таяғымен кем аяғын демей сылтып басып, терезенің тұсынан почташы өтіп бара жатады. «Ох, почта келді!» Ал ол болса жан-жағына, алыс көкжиекке жиі-жиі қарайды. «Жан-жағына жалтақтағаны қазіргі келген почтаны жеткізіп алуға көлік іздегені ғой. Алыс көкжиекке көз тіккені əлгінде ғана көз ұшына шыбындай болып іліккен почта самолетінің əлсін-əлі зорайып, келіп қалғанына асыққаны ғой». Мектепке апаратын кітаптарымды қолтығыма қысамыса тысқа шығамын. Почта үйімен қатарлас мектеп бар. Айналсоқтап жолда жүремін. Ар жағынан буда-буда газет-журналды қаттап, иығына асыра салған почташы да көрінеді. Сонадайдан іштей аяп, состиып қарап қаламын. Жанымнан өте бере ол тоқтайды. Маңдай терін сүртеді. Жан-жағына қарайды. Ең болмаса көлденең көк атты да кездеспейді. Сосын маған: – Əй, бала! Мынаның бір-екеуін алысып жүр, – дейді. Маған керегінің өзі де осы. Екі-үш бумасын қолтығыма қысып аламын да, томпаңдап ала жөнелемін. Осылай почтаға келеміз. Енді оның ешкіммен жұмысы болмайды. Газет-журналдарды бөліп, ұя-ұясына тастай береді. Маған керегі аудандық «Екпінді еңбек» газеті. Манадан сарыла тосқан газеттің бумасына да кезек келеді, орамын ашады. Көз жүгіртуге батпаймын. Алыстан тұрып, өкшемді көтеріп, мойнымды созып, газеттің бірінші бетіне көз тігемін. «Қамыс орылып жатыр». Жүрегім лүпілдеп кетеді. Емініп, тақала түсемін. «Қамыс орылып...» Қуанышымда шек жоқ. «Ох, мақалам шығыпты, мақалам...» Мектептен қоңырау соғылып жатады.
Сейітқазы Досымов – Əй, бала, əлі тұрсың ба? Əйда, сабағыңа бар! – дейді почташы. Үндемеген қалпым, іштей толқып почтадан шығып жүре беремін. ...Почташыға жаным ашып: – Почта тасуға неге көлік бермейді? – деймін апама. – Қайдан білейін, балам-ау! Сен бос сөзді қой енді. – Ол кісі сіздің айтқан тілегіңізді орындай ма? Егер орындаса маған күнде-күнде, көп-көп жаңа газет-журнал сұрап алып беріп тұрыңызшы. – Жə, жарайды. Газеттен үй жабайын деп жүрсің бе? Онсыз да осы үйде газеттен көп нəрсе жоқ. Есік сықырлай ашылды. Тыстан таныс дауыс шықты. Почташының даусы ғой. – Жоғары шық. Кімді айтса сол келеді деген, – дейді апам. – Е-е, мендегі шаруаларың не? Қайда əлгі балаң? Мə, хат. «Арадан» келіпті, – дейді почташы. Хатты ашып оқысам: «Сіздің, Мыңарал жұмысшылар кооперациясына келген ұнды басқа жұртқа сатпай, өзінің көңілдестеріне, туысқандарына «бармақ басты, көз қыстымен» бөліп беретін председательдің орынбасары Қалдаберген Қаназов жолдас жайлы жазған фельетоныңызды Талас аудандық тұтынушылар одағына тексеруге жібердік. Сəлеммен...» Сол-сол-ақ екен жүрегім өрекпіп кетті. Екі бетім қызарып, қан жүгіріп өтті... Ал, почташының ештеңемен де жұмысы жоқ. – Ау, өзің «газетчик» болайын деп жүр екенсің ғой, – деді жалғыз-ақ. Мен сол тұнжыраған қалпым төмен қарап күңк еттім. – Жоқ почташы боламын. Бұл менің түу бастан есімнен шықпай жүрген сөз-тін. Дəл бұл жерде оның қатысы жоқ болса да, бір жағы апамнан да қорқып аузыма түскені осы болды.
Көңіл айнасы – Сөйтіп, өскен соң менің орнымды тартып аламын десеңші. Почташы əдетінше күліп алды. Есік тағы да сықырлай шалқақ ашылып жабылды. Тыстан: «самолет, почта»... деген жарықшақ дауыс үздік-үздік шықты. Ой, сондағы почташының асыққаны-ай! Үй сыртынан шығып қарап тұрмын. Самолет ауылды екі айналып, қонғалы қалықтап барады. Бер жақтан почташы асығыс ентелей жүріп, аракідік ара-арасында жүгірген болады. Жетті-ау!.. Кешікпей аудандық тұтынушылар одағы басқармасынан менің «фельетонымның» ізімен келіп тексеріп, «куəлерім» болмағандықтан, «балалықпен» жазыла салғандықтан, тексеруші өзімнің басыма бар кінəні артып, тілхат жаздыртып алып қайтты. Оны Лақтың етегіне дейін Қалдаберген бастаған үш-төрт кісі шығарып салды. Автодүкеннің тасасына дастарқан жайып, арақты сыңғытысқанын бір бала екеуміз өкпе тұстарынан жасырынып көріп тұрдық. Өстіп жүріп мен почташының орнын емес, қоймашының орнын тартып алуға шақ қалдым. Бас-аяғы сауда саласында істеген екі жылдың ішінде талай былық пен шылықтың куəсі болдым. Саудаға көп оқудың керегі жоқ, ең бастысы есепке жүйрік бол, шотты көзіңді жұмып отырып салғанда да қателеспе, ол үшін қолыңды жаттықтырып ал... Сосын көңілшектік, ақ көңілділіктің орнына ұстамдылық пен майда тілің болса бітті. Айтпақшы, өтірік айта салғаннан қашпау керек, құрғақ уəде бергіш болсаң айып емес. Сөзің: «Əлі түспей жатыр», «Бастық біреуге болмай бергізіп қойды, келер жолы сөзсіз дайын болады», «Уəде, уəде...» деген сияқты болып келе берсін... Мен осының бəрін бірден байқап, алдын іс жүзіне қолдана бастағанымды өзім де аңғармадым, инвентаризатор – Сатыбалды Сенбин боп жүріп жаттым. Бетің бар, жүзің бар демеймін, председатель мен аға бухгалтердің шешімімен «тексер» деген магазинді шұғыл жаптыртып «шаңын»
Сейітқазы Досымов сілкіп аламын. Бір күні председатель үйіне оңашалап шақырды... – Мен де саудаға тым жастай араласып едім, – деп, қою қара мұртын ширатып, əңгіме тиегін əріден бастай беріп еді, анасы сөзге қонақ бермеді. Қартайған кісіге не дейсің, екеуміз де үнсіз тыңдап отырмыз, ананы қарттық жеңгенмен, сөзінен жаңылар емес. – Е-е, балапандарым менің, – деп бастады ана əңгімесін. – Сені де анаң жанын жалдап өсірген. Білемін бəрін де. Сол ананың бірі мен ғой. Бұдан қанша жыл бұрын екен, ə... Əйтеуір төрт-бес жылдың қарсаңында сол сауда төңірегінде Алмауыт та өзің сияқты есеп-қисаппен айналысып жүрген. Бір күні жылап келіп отыр. «Е, не болды?» – деймін. Бар айтатыны: «Енді саудада істемеймін». Сөйтсем, бір дүкеннің сатушысы растрат болып, соның орнына қабылда», деп, бастығына арыз жазады. Бастығы «Əкең бар ма?» дейді. «Жоқ». «Қанша малың бар?» дейді. «Жоқ». «Ағайын-туысқаның көп пе?» – дейді. «Жоқ». «Ендеше саған сатушылық та жоқ. Болуың мүмкін де емес», – дейді ғой бастығы. Ашуға жүгініп: «Қарағым, дүкеніңді менің малым істей ме, жоқ өліп қалған əкесі істей ме?» деп бастығына бардым. Ой-й, өзі де бір бет екен, беттетпейді. Ол уақытта мұндай «тлипонның» шықпаған уағы шығар деймін. Əйтеуір ауданға осы Мыңаралдан жаяу жүріп кеттім. Аудандағы бастығына араға үш күн салып зорға жеттім-ау. Мəн-жайды баяндап бердім. Жап-жас, иман жүзді жан екен. Абиыр болғанда: «Бара беріңіз, балаңызды сатушылыққа қабылдаймыз. Өзім хабарлаймын», – дегені. Шүкір, содан осы салада істеп келеді ғой. Ол кезде Алмауыттың бойы прилавкадан сəл-ақ асады екен. Кешегі көзге ілмейтін таныстары да, жамағайындары да Алмауыт дүкенге тұрғалы: «Өзіміздің Алмауыт», – деп қалады. Аңқылдаған, албырт көңілі ақаусыз, «Алмауытжан» деп қарыз сұрай алдына жылмиып келген кісілерді тоқтаусыз, көңілін қалдырмайды. Арқасынан қағып: «Ай-
Көңіл айнасы налайын», – деп олар кетеді. Өмірдің қыры мен сырына əбден қаныққан ана тағы да араға түседі. – Балам-ау, бұл дүние сұраусыз деп жүрсің бе? Ертең тексеруде ойсырап, кем шықса жастық шағың қорлықпен өтерін білемісің? – дейді. – Апа, қарыз сұрайды, бермей қалай тұрарсың, бір түрлі ұяламын. – «Қарыз күліп барып, жылап қайтады» дейді қашаннан халық, Берме... – дейді ана қатуланып. Бұл қарыздарын зорға жинап «үһ» деп енді дем алғанда, «ревизормын» деп сары сумкалы жігіт те жетеді. Абиыр болғанда, тексерудің қорытындысында қолмен қойғандай бəрі де дұрыс шығады. Өмір одан əрі жалғаса береді. Бұл жұмысшылар кооперациясына председатель болғанын естігенде: – Əлгі, Алмауыт рабкоопқа бастық болыпты ғой, – деп; – Е-и-й, еңбегі жанған екен де онда, – десіп, екі жылпың көршісінің көзі ойнақшып үйіне келіп: – Орның құтты болсын! Ой, қажетті затымызға қолымыз жететін болды-ау!.. Енді тізесі батқанға батыр, қип ете алмайды, бар асыл зат өз қолында тұрғанда, – дейді күпініп, ертеңіне бірі үйіне шақырады, оның ертеңіне екіншісі... Алмауыттың үйінен кеш шықтым, қаншама əңгімедүкен құрсақ та, бастығымның ойы басқада екенін сезгенмін, қазір де ашып ештеңе айта алмай күмілжіп келеді. Қою түн құшағында тұра тұрғанымды ұнататын сыңай танытады. «Не айтқалы тұр?» – Біздің апамның ертегісін тыңдадың ғой... Əлі тұғырдан тайғысы келмейді, – деді. – Еркіне жіберсең, əлі де біраз жерге сілтейтін түрі бар, көкірегінде бəрі сайрап тұр ғой. – Ал, Алмеке, мен... рұқсат болса... – Тұра тұрсайшы, шымылдығың желбіреп тұрғандай... Айтпақшы Түгіскендегі үлкен магазиннен тапқан былығың туралы аудан құлақтанып қалыпты, – деді ол мұртын ширата түсіп. – «Азуын айға білеген, қырық жылдан бері дүкен
Сейітқазы Досымов ұстап отырған «мықтылардың» мысын басқан, ол кім?» – дейді председатель, мен өзіңді біраз мақтап едім, «ондай кадрді өсіру керек, оқуға жіберіп ал» – дейді. Барасың ба?.. – Барамын, – дедім бірден. Көкейімнен журналист болу кетпей жүрген басым, басқа оқу санамда да жоқ. Сөйтсем, сауда институты екен, одан бірден теткіп қалдым. – Осы рабкооптағы жақсы көретін ең сенімді қызметкерім өзіңсің, өзіңе ғана сенемін... – деді бастығым. – Ертең Қалдабергеннің қоймасын аяқ астынан жауып, тексеруге отырсаң деймін... Сатушыларды шырылдатып алдап соғып, беті шылп етпей қарап тұра береді. Оны өзіңнің де ішің сезеді, сосын тексеруден кенде болып жүрген жоқ, не пəлесінің барын қайдам, жымын білдірмей сытылып шыға келеді. Осыған енді өзіңді қайрап... қайрап емес, өзіңнің тиісті жұмысың ғой. – Жарайды, – дедім. – Мұны бірақ екеумізден бөлек бір адам сезбесін, мен оған қарсы емеспін. – Тағы бір ескертерім, бірдеңеге ұрынып қалып жүр ме... Ол əккі қасқыр, айласыз емес. Не сезесің, неге көнбейді, оны маған заматында жеткізіп тұр. Осыған келістік те, екеуміз екі жаққа тарастық. Ертеңіне сағат онда қойманың аузына пломба түсті. Сəскеде «Қалдаберген ауруханаға түсіп қалыпты» деп естідік. Сол жатқаннан ол он күнге дейін шықпады. Сатушылар қоймадан зат ала алмай, алды қаладан өздері барып əкеле бастады. Тура он бір күн дегенде Қалдаберген ауруханадан шығып келді де, қолындағы бір уыс кілтті бастықтың алдына атып ұрды. – Адам тап, қоймада істемеймін, бір жолата өткізем... – дейді. Бұл бастық күткен сөз емес екен. Əркім-əркімге айтып қолқа салып көріп еді, бəрі ат тондарын алып қашып, жоламады. – Мен білдім, рабкооптағы істейтіндердің дені осыған жақын, бəрін үгіттеп қойған ғой. Бұған ерегіскенде сен өзің қабылдап алсайшы, сосын ретіне қарай көрерміз,
Көңіл айнасы – деп, енді бастық түк таппай көзі қарауытқан соң маған ауыз салды. Бұл да мен күткен іс емес еді, сасайын дедім. Бір күн ойлануға рұқсат сұрап, үй ішіммен ақылдассам, ашып жауап бермейді. Тек Тəжігүл апам: «Тұрсаң тұршы, үнді шайына қолымыз азар жетуші еді, əдіра...» – деді. «Батыр-ау, Қалдаберген қайда?» деді Бүтінше көкем. «Қойма соның маңдайына ғана жазылған ба екен?» дедім мен. Əңгіме піспей, ойым қожырап үйден шықтым. Кешқұрым киноға кірмек едім қарсы алдымнан Қалдаберген шықты да қолымнан тартып, ертелі-кеш ашылатын магазинге қарай ала жөнелді. – Тексерсең де ертең тексерерсің, бүгін шампан ішуге болады, – дейді күлген болып. Тартыншақтанғаныма қарайтын емес, қаусыра құшақтап, арқамнан қағып-қағып қояды. – Біздің Мəлкіайдаржанмен бірге оқығансың, ол болса əскерге кетті, əй, сені қалай алмай жүр осы, əкеңнің ауданды сатып алатын дəулеті жоқ сияқты еді. Магазиннің ішіне кірген соң, түкпір жағына өтіп кеттік, бізге қабақ шытқан сатушы жоқ, біреуіміз қоймашы, екіншіміз инвентаризатор болған соң неге ренжісін, қайта алдымызда құрақ ұшып қызмет көрсетті. Болса-болмаса ақшасын Қалдекең төлейтіні белгілі, оған əбден еті үйренген ғой, алаңсыз саудасын жасай берді. Екі шампанның аузы ашылған соң, Қалдекеңнің де көңілі орнына түскендей тыңнан сөз бастады. – Мен сені көзіңді жыртып ашқаннан білемін, əкелерің қой аузынан шөп алмайтын жуас жандар, қайта сендер – балалары пысық шықтыңдар. Ана екі ағаң да еті тірі, ақысын ешкімге жібермейді, – деп, үшінші шампанның тығынын ағытты. Мен: – «Болдым, енді ішпеймін», – деп едім тыңдамады. Стакандарға быж-быж үстеп құйып: – Сенің де ісіңе өз басым ризамын, адамның бір сөзді болғанына не жетсін! Осы алған бетіңнен қайтпа, рабкоопты жөнге салып қалдың... Болсада, менің осы рабкооппен бірге жасасып келе жатқанымды білесің. Мен Алмауыттан да
Сейітқазы Досымов бұрын саудаға келгенмін, əуелі менің əкем Қаназ да магазин ұстаған өле-өлгенінше... Мына басым күнге күйіп ағарған жоқ, сауда ағартты. Енді қанша өмір қалды, шүкір, əзір есебімнен жаңылған емеспін, – деп бір қойды. «Шатылған жерім осы шығар... Қайдан ғана келе қойдым». – Сені маған Алмауыт айдап салып отыр, оны сезесің бе, жоқ балалық қылып, ілгеріде де бір... – Қалдаберген ойына əлдене түскендей күліп алды. – Ілгеріде де бір мектепте жүріп менің үстімнен жорналға жазып жіберіп едің ғой, кəнеки содан қаңғып кеткенім... Осы жолы да сондай кеп, мен бастыққа ерегісіп, өстіп... Өзіңнің оқуға баратындай ойың бар ма деп қалып едім, – деп қойды. «Бітті, осы жерде қылқындыра салса да ешкім білмес, тегі... Сатушы болса өзінің жамағайын інісі...» – Осы жаздан қалмай оқуға кетемін... байлап қойса да тұрмаймын, – дедім, бір жағы қорқып та тұрмын. – Осы жазың болды емес пе?! – Енді, соған... – Жоқ мені құртып беріп кет деп пе еді, Алмауыт... Құртады, əкесінің қақ басы... Алдымен өзі құрыр... құртармын... құртармын... – Жо-жоқ неге, енді... – Əй, сенің əкелерің біреуге зияны тимеген кісілер еді, сен қайдан шығып жүрсің? Жоқ əркімнің айтағына далақтап жүрсің бе? Өзіңнің оқуға кететінің анық қой. – Анық, сол өзіңіз қол байлау... сол... – Мə, онда, жолың болады екен, ақыры Алмауытқа бұйырары ақиқат, одан да келешегі бар сен-ақ алшы... Ақыры шығасыға шыққалы тұрған, бұйырмаған ақша... Ол қайтып сөзге келместен, газетке оралған түйіншекті төс қалтама жытыртып жіберді. – Бесеу... Бес жыл оқуыңа жетеді... Неғыласың, алдыартыңа қарамай ертең айдап қал, есептен қайтып келіп-ақ шықпайсың ба? Саған қарап тұрған түк те жоқ. Құр əшейін, сенің тазалығыңды ол пайдаланып, сыртыңнан біздерді үркітіп, бергенімізді қағып салып жүр. Ештеңе беріп көрді ме өзіңе...
Көңіл айнасы – Кім? Алмауыт па? Жоқ... Беріп... неге береді?! – Айттым ғой, баласың деп, – деді де, шампанды сіміріп салды. Сосын тағы да ескертті. – Ақша алғаныңды тісіңнен шығарма. Мен сені аяп беріп тұрмын, осы бесеуді Алмауытқа апарсам, мұртынан күліп жіберер еді, оның барлық жоспары осы ғана, мені түсіру... Ол менің соңыма түсіп, талай рет-ақ құйрығымды жерге үш тигізді, сонда да ерегісіп алдым, ылғи зəр қапқызып жүрмін, тағы да уысына түсіре алмай санын соғып қалсын... Əйда, жолың болсын!... Есіңе сақта, бұл ақша сенің маңдайыңа сыймауы мүмкін, ал қалтаңа сиятынын ұмытпа, – деп алдыартыма қаратпай, магазиннен жетектеп шығып кетті. Киноға да кіргізбей, үйдің жанына дейін əкеп салды. Іші-бауырыма кіріп жол-жөнекей талай əңгіменің басын қайырды. – Хош!.. ...Шырт ұйқыдан шошып ояндым. Таң саз беріп келеді екен. Шампан шөлдетіп, ернім кезеріп, таңдайым кеуіп жатыр екенмін. Жалма-жан суға бас қойдым. Сосын ұйқым келсейші... Кенет орнымнан атып тұрдым, костюмімді қайда ілгенім есімде жоқ. Жеті түннің ішінде қорбаңдап күндегі костюмімді ілетін тұсты қолыммен сипалай бастадым. – Бұл кім ей? – Көкемнің даусы, алғашқында селк ете түскенмін. – Қайсың бұл? Қайтып барып орныма жаттым, тіл қатпадым... «Бесеу деді ғой... Бес жылыңа жетеді... Есіңе сақта, бұл ақша сенің маңдайыңа сыймауы мүмкін, ал қалтаңа сиятынын ұмытпа! Неге қалтама сыйған ақша, маңдайыма сыймайды-ы?..» Неге екені белгісіз, қалтамдағы бесеуді бес тиындай ғана көріп, ешқандай ойсыз, қуанышсыз, не күдіксіз бір бейжай күйде жатып, көзім ілініп кетті. Ырду-дырду, ызы-қиқы беймəлім дүниенің ішінде жүрмін. Костюмімнің төс қалтасын басып алған екенмін, біреу ту сыртымнан келіп, иығымнан қағып-қағып қалады. Жалт қарасам – Алмауыт, түсі суық, қабағы түксиіп кеткен, мұртының екі шалғайы ұзарып, жерге түсетін болған соң, екі ұшын байластырып, оны мойнына екі-үш орап
Сейітқазы Досымов қойыпты. Маған бірдемелерді айтады келіп, айтады келіп... Не оған түсініп жатқан мен жоқ, шамасы қытайша сөйлеп тұр-ау деймін... Əлден соң: «Мынауыңыз қалай, мұртыңызды мойныңызға орап алғаныңыз?» – деймін. Осы кезде барып оның тілі түсінікті шығады. «Бұл мұрт емес, өзің жөндеп қара, шынжыр, түрменің қара шынжыры... Қалдаберген салып кетті», – дейді жылап. Осы кез екі көзі қып-қызыл болып, жас орнына қызыл қан ағады... Мен «түрме», «Қалдаберген» деген сөздерді ести салысымен қорыққанымнан төс қалтамдағы «бесеуді» Алмауыттың қолына ұстата саламын... Əлгінде ғана қан аққан көзінен жас тамшылап, қара шынжырдай көрінген ұзын мұрты лезде-ақ өз қалыбына түседі. Бұрынғыдан гөрі ақшулан тартады, тағы да оған өзі: «Е-е, мұртымыз, осымен ағарды ғой, өстіп жердің жыртығын жамаймыз деп жүріп, біз де қара жердің қойнына кіреміз, басқа қайда барамыз», – дейді. Көңілді, миығынан жымиып, мұртын ширатады. Бір тұстан Аққойлы, екінші тұстан Қазылық сап етіп келеді. Алмауыт ізім-ғайым көзден ғайып болады. Екі ағамның да құлағына бірдеңе шалынған-ау, келе екеуі бірдей таласа-тармаса төрде ілулі тұрған костюмыма қол созады. «Тимеңдер, онда кісінің ақшасы!» – деп айқай салып, оянып кеттім. Таң атыпты, есімді жиып, əлгінің бəрі түсім екеніне қуандым. Атып тұрып костюмімнің қалтасын қарасам, уысым ақшаға толды. Кіл бір жүз сомдық, санап жіберіп өз көзіме өзім сенбедім. Жүз сомдықтан тұп-тура елу қағаз... Сонда бесеу ғой... яғни, бес мың! Жүрегім тас төбеме шықты, өзім қорыққанымнан қалтырап кеттім... Тез-тез киіндім де кеңсеге келсем, Алмауыт өзінде екен. «Оқуға баруыма байланысты жұмыстан босатуыңызды өтінемін» деп арызымды жазып кірсем, қарсы алдында салғыласып Қалдаберген отыр... Мені көріп, бетіме бағжаң етіп бір қарады. Түсім өрт сөндіргендей болуы керек, кетуге ыңғай берді. – Қалдеке! Сəл, сəл... – деп қалды бастық. – Мен қазір бір айналып келемін, – деп сырыла берді ол. – Жоқ! Тоқтаңыз! – дедім мен жалт қарап. Ол амал-
Көңіл айнасы сыз илікті де, көзінің астымен маған тесіле қарады. Сол қабағының асты жыбыр-жыбыр етті... Мен бастықтың алдына арызымды, қоймашының алдына «бесеуін» қойдым да, сол жерде мəн-жайды толық түсіндіріп, баяндап бердім. Сол күні кешке дейін кеңсені басына көтерген айқайды əлі көрген де, естіген де емен... Араға үш күн салып жолға шықтым. Олардың істеріне қарамадым, сонда артыма алаңдамай қолымды бір-ақ сілтеп кетіп қалғаным ақыл болған екен, кейіннен оқуға түсіп, есептен шығуға келгенімде председательді де, қоймашыны да өз-өз орындарынан ұшыраттым. Өстіп əр ойдың басын бір шалып, ауыл көркіне көз салып тұрғанымда, құлағыма таныс дауыс естілді. О, құдірет, Қыжым кемпірдің дауысы! – Қалай балаларың келіп көзайым болдыңдар ма? – Жалт қарадым. Орынша апаммен сөйлесіп тұр екен. Менімен де жылы сəлемдесті. Үшеуміз үйге кірдік. – Төрге шығыңыз. Ақырын басып, төрге шығып отырды. – Е-е, ат-көлік аман келдің бе? Жүрген жеріңде не жаңалық бар? – Ештеңе де... – Бəсе... Тыстан арбаның салдыры естілді. Отырғандардың көңілі солай ауды. – Мақан екен ғой. – Ойпырмай, өзі де шөпті үйді-ау! – Е-е, арбакеш болсаң сен де сүйтерсің. – Не боларын қайдам. Өзіміздің əлі күнге дейін бір тал шөбіміз жоқ. – Оның несі уайым, балаларыңыз қолыңызда. Ертелі-кеш əйтеуір бір түсіреді де. – Е-е, бүгінгі баланың есіл-дерті тек далаға ауып кеткен емес пе. – Əлінің баласын айт, тықырлап түннен тұрып, үйінің бар ісін тындырып отырған сол.
Сейітқазы Досымов Əңгіме майдалап бара жатқан соң, Қыжым кемпірге: – Иə, қайдан жүрсіз? – дедім. – Естімеген екенсің ғой. Бүгін де көрші болғамыз. Бұрынғы қоңсыларың көшіп, соның үйін сатып алдық. – А-а, солай ма?.. Енді тыстан машинаның гүрілі естілді де, əлсін-əлі жақындай түсіп, Қыжым кемпірдің үйінің алдына тақап кеп тоқтады. Отырғандар киіз үйдің түрулі іргесінен сығаласып «Газ – 69-дан» көздерін айырмайды. Кемпір күйгелектеніп: «Қой, барайын», – деп орнынан көтеріле бергенде, машина жүріп кетті. – Мына неме қайтеді? – Кемпір баяу, баппен жан-жағына бағдарлай қарап күліп алды. Қайтадан дайын шайға отырды. Сонда да үй жағына жалтақтап қарап отырған. Шай үстіне келіні келді. – Кім əлгі келген? – Директордың шофері, сойысқа бір мал алғалы келіпті. – Директордың?! – Иə... Мал өрістен келсін, – дедім. – І-м-м... Жапсарбайдың өзі білер. Берсеңдер беріңдер. Мүйізді қара қозыны бергіз. Тағы да басқа біріне шатастырып ауыстырып алмаңдар түге... Келіні нан ауыз тиді де, тізесін бүгіп шығып кетті. Дастарқан үстінде отырғандар Қыжым кемпірді қажап, «мазақтап» жатыр. Оған бой беріп жатқан ол жоқ. – Қой əрі, мен сияқты сексеннің бесеуіне келсеңдер, сендер де сөйтесіңдер əлі. Енді осы балалардың алдында алсын. Балалардың жаманшылығын көрсетпесін. Кеше əлгі Жапсарбайдың үлкенінен кейінгі баласы сырқаттанып қалған екен. Зəре-құтымыз қалмады. Осылардың алдында бүгін алса да, бұл құдайға ризамын. – Олай болса, билікті бала мен келінге беріп тып-тыныш отырмайсыз ба? – «Кештік өмірің болса, түстік мал жина» деген емес пе? Істегендері көңіліңе қонбайды ғой. Сосын еріксіз тұрып кетеді екенсің. Əйтеуір, бəрі осылардың қамы. Өлгенде өзіммен бірге алып кетпеймін.
Көңіл айнасы Босағаға дейін аяңдап барып, қайта бұрылды. – Кешке біздің үйде болыңдар. Балалар да келіп қалар. Сатыбалды, сен де кел... – деді маған. – Шақырудың реті бүгін келді... – Барады ғой... Əлгінде сəлем бергелі өзі-ақ барғалы отыр еді. Өзіңіз келіп қалдыңыз... – деп апам орта жолдан екі жақтың тігісін жатқызып, өтектеп қойды. – Е-е, біздің бала болған кезіміз, бұлардың дана болған кезі ғой. Заманы емес пе? Ол ақырын ғана миығынан күліп, екі қолын арқасына асып алып, бүк түсіп, шүйкедей домаланып үйден шықты. Жайлаудан Қазылық келді. Жолай ішіп алыпты. Қызулау екен. – Жаңағы неғып жүр? – деді. – Кімді айтасың? – Əлгі мыстанды. – Неғылғаны қалай, жүрген дə. – Осыдан-ақ құтқармады-ау! Өзі əзір өлетін де емес. – Қой, ойбай, «біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле». Майраны ол ұрып өлтірген жоқ қой. Ағам тұнжырап отыр. Бір кезде жастыққа қисайды. – Кешке үйіне шақырып кетті. – Бармаймын. Сол жатқан қалпы, көзі ілініп кетті. «Бармаймын...» Маған ағамның бұл сөзі жаңғырығып қайталанып тұрған сияқты. «Ескі жараның аузы ашылған екен-ау», – деп ойладым. ...Күн екіндіге құлапты. Мыңарал ауылының қанаты кеңге жайылып кеткен. Біздің үймен жалғас Қыжым кемпірдің үйі тұр. Жан-жағын шеңгелмен қоршап, екі үй аралығынан бір кісі азар сиып өтерліктей, тілдей есік жасап қойыпты. Ауласынан созыла көтерілген кешкі түтін, тымық ауада сенделіп қалыпты. Аяқ-табақтың сылдырағаны, балаларының бір-бірімен шекісіп жылағандары, оған Қыжым кемпірдің зекіп ұрысқан ащы даусы біртін-біртін зорайып естіліп жатыр.
Сейітқазы Досымов «Шапан» шабындығы тұсынан Жапсарбай шыға келді. Басы кекжиген көк атты арбаға жегіп, өзі атқа мініп алған. Арбасына жаңадан орылған көк балауса шөп тиеп алыпты. Шөп қораны жанай келіп тоқтады. Иығына асыра салған айыры бар, соңынан ілби ілескен əйел, арбаның үстіне шығып, шөпті айырлап тастай берді. Жапсарбай шөп қораны айналып барып, жиналған шөптің үстіне іштен көтеріліп, арбадан алып берген шөпті жайғастырып тұр. Қыжым кемпірдің қолында да бір айыр. Арбадан сусып түскен бір тал шөптің қыпығын қалдырмай жерге түскен-түскенінше қора ішіне іліп алып тастайды. Тұс-тұстан бүйірлеп, əп-сəтте-ақ екі доңғалақты жеңіл арбадағы шөп жеңілейіп, сатысы көрініп, кəрі арық биенің қабырғасындай ырсиып-ырсиып шыға келді. – Жапсарбай-ау, осымен шөбің бітті ме? – деді Қыжым кемпір. – Жоқ, енді бір əкелетіні қалды. – Ойбай-ау, біреу-міреу алып кетер ме екен?! Қайтесіңдер, барасыңдар ма? – Қайдам?!. – Қайдамы несі, барыңдар. Өз бейнеттеріңді бостанбосқа далаға тастайсыңдар ма?! – Мыналарды шақырған жоқ па едіңіз? – Шақырсақ қазанды қанжығаларыңа байлап кетпейсіңдер де. Келетіндері өздері-ақ келе берер... Арба салдыры даңғырлап, ойлы-қырлы жерде жай жүрсе де даңғазаланып, сыңсып барады. Ошағанды көл жақтан бір табын бұзау-торпақ айдаған салт аттының жүрісі тым суыт. Екіленіп, алдынан шашау шығармай, біздің үйдің жанынан топтап, ұзатыңқырап апарып тастап, атын тебіне желе жортып Қыжым кемпірдің есігінің алдына келіп тоқтай қалды. Бұл – қорықшы Əзірбай, бірден таныдым. «Сол қалпы, азамат!.. Өзі таза, адал кісі...» – Қайсың барсыңдар, далаға шығыңдар, – деді дауыстап ол. Үйден кішкентай қыз шықты. – Кім бар үйде? – Əжем.
Көңіл айнасы – Шықсын де... – Шыққанда қайтейін деп едің. Ал, шықтық, – деп Қыжым кемпір шықты үйден. – Мен қанша айтам, сендерге осы, – деді салт атты. – Жібермеңдер малдарынды шабындық жаққа, əйтпесе бадаға қосыңдар деп. Түтіп жеп жатқан жерінен айдап келемін, əне... Ескертілмесе бір сəрі... Апарам да қамаймын. Директор айтқан: «Игере алмай, ие бола алмаған мал болса айдап əкел, етке саламыз да қолыңа ақшасын ұстатамыз» деп. – Оның ішінде біздікі жоқ шығар... Ертеңгісін бадаға қосқан келін. Қашып кетіп жүрсе өзі біледі, – деп күн ұзақ үнсіз тұрған кемпірдің кеудесіне енді жан бітіп, келе жатыр еді. – Ой, сөзіңіз бар болсын! – деп анау, ақиыңқырап, атты жамбасқа бір салып, бұзау-торпақтарға қарай шаба жөнелді. Бара қырғидай тиіп, оңды-солды ұзын қамшысымен жон арқадан шыпылдатып, шықпыртып қуа айдап, табан жолдың шаңын аспанға шығарып барады. Қолына бас жібін қыса-мыса Қыжым кемпір де соңынан ілесе кетті. – Қайдағы жындыны қайдан тауып қояды осы қорықшылыққа, – деп сөйлеп барады. Қас қарайып, ел орынға отырды. – Қыжым үйі шақырады деп өздеріңді аш қалдыра жаздадық-ау! – деп апам күледі. – Бармаймын дегенім сол ғой, – дейді Қазылық. Тамақты ішіп-жеп, енді қол жуа бергенімізде, есікті ашып Жапсарбайдың кішкентай қызы келіп: – Сіздерді дəмге шақырып жатыр, – деді. Біз бір-бірімізге қарадық. – Қазір барады де, – деді апам. Қыз шығып кетті. Біз барғанда бəрі де үйлерінде екен. Терлеп-тепшіп шай ішіп, бір бұрышта Жапсарбай отыр. Аһылап-үһілеп одан бері Қыжым кемпір бір тізерлеп алған. Босағаға таман үсті-
Сейітқазы Досымов басына бірді-екілі шөп-шалам, үпелек жабысқан келіні еттің қамырын илеуде. Бірер жерде теңкиіп-теңкиіп балалары ұйқыға кетіпті. Жəне екі-үш бала, кемпір мен Жапсарбайдың ар жақ-бер жағына сыналай кірігіп, емініп кіріп кеткен. – Бəрінің осы үйге тығылуын, – деп Қыжым кемпір оң қолтығының астындағы жалпаң, толық сары ұлды иықтан қағып, тыраң еткізді. Сонда да жуан, толық сары жылаған жоқ, көзін жыпылықтатып «өлтірсең де осы жерде өлтір» дегендей түзеліп, тұрып барып орнына қайтып отырды. – Ей, үлкен дастарқанды əкел, мен шөптен шөлдеп келіп, балалардың шайына ортақтасып, отыра салып ем, – дейді Жапсарбай. – Күн ұзақ бір шайды ішкен шығар. Ертерек, уақтысымен отыратын едік, жаңағы жынды қорықшы есімізден тандырған жоқ па?! Ет те болып қалды, шайды артынан-ақ ішер. Солай емес пе Орынша? – дейді Қыжым. – Иə, сол дұрыс. Есік алдында жатқан ит үріп қоя берді. Сөйткенше болған жоқ: – Шығыңдар біреуің, – деді тыстан өктем бір үн. – Жаңағы бəле ғой, – деді Қыжым кемпір баяу. Жапсарбай шықты. – Əлгіндегі шөп əкелген сенбісің? – Қашанғыны айтып тұрсың?! – Осы, осыдан жарты сағаттың беделінде. – Жоқ. – Кім екені өтіп бара жатқанда көзіңе түскен жоқ па? – Неменеге ежіктеп сұрап тұрсың өзің?! – Əлгінде, намаздыгерге дейін аман, мұрты бұзылмай жатқан көпененің жол жақ шетінен арбаға тиеп, алып кетіпті. Сона бір жерге дейін ізіне түсіп келіп едім. Одан бері мал аяғынан ажырата алмай, адасып қалғаным. Осы жекеше мал да жаудай жағаласып... Бір жағынан... Шешең қайда? – Үйде. – Неғып үні өшіп қалған. Əсте, мен былай кеткенде екі баспағын əкеліп алған-ау. Осыдан ұрықсатсыз сол баздың
Көңіл айнасы есігін ашсын... Сосын болсын... Қап, əттес-ай! Ертең директорға не деймін, ə?.. Ой, əттеген-ай! – Аттан түсіңіз, дəм болып жатыр. – Оған рақмет! Тағы бір шетінен жау тиіп жатқан болар. Қай жағына жетемін. Бұл əкеңнің... Қорықшы дүрсілдетіп, желіп ала жөнелді. Жапсарбай мырс-мырс миығынан күліп: – Арбам толмаған соң, салып əкетіп едім, – дейді. – Баспақ дей ме, немене... Біздің баспақтарды қамаған-ау, сөз саптауы... Ушықпасын деп үндегенім жоқ, əдейі... – Е-е, дымың ішіңде болсын, баспақтар кімнің базында тұрғанын Қыжым біліп отыр, – дейді кемпір күлген болып. – Иə, Сатыбалды қызмет жақсы ғой. Өзі сұрауға да қол босамай жатыр, – деді Жапсарбай. Сосын Қазылыққа бұрылды. – Айтпақшы, саған айтатын бір бұйымтайым бар. Біздің, осы қазіргі жылқылардың анасы, кəрі бие бар еді. Сол өліп қалыпты деп естідім. Былтыр соғымға союға көзім қимап еді. Оным бекер-ақ болған екен. Соған веттехникпен екеуің келісіп акт жасап бер, ақшасын алайық. Туды-бітті ауыл советтің есебінде келе жатқан жалғыз бие ғой... – Е-е, өлсе бала-шағаның садағасы да. – деді Қыжым. Қазылық үндеген жоқ. – Əжемнің əдеті, бір мал өлсе бітті, бала-шағаның садағасы деп тели салады. Ал, өздігінен мал өлмесе садақа бермей-ақ жүре береді, – дейді жымыңдап Жапсарбайдың ағасының баласы. – Осы неме үнемі менімен жағаласып, аңдысып отырады-ай... Қыжым кемпір немересіне шамданып қалды. – Жарар, оны ертең ақылдасармыз. Болса, арақ əкел-ей, тақылдамай, – деді Жапсарбай да оны жақтырмағандай сыңай танытып. – Мен ішпеймін ғой, мына ағаларыңа құйып бер. Ол бір шөлмек арақ пен үш стаканды түйістіріп, ернеуінен шымшып ұстап алып келді де, арақты екеуіне толтырып, біреуіне бір елі ғана тамызып, оны өзіне қалдырып, екеуміздің алдымызға екі толасын қойды.
Сейітқазы Досымов – Ал, ішіп жіберіңдер, – деді ана тұстан Жапсарбай. – Ал, алыңыздар, – деді балаң жігіт. – Қазылық болмаса, Сатыбалды ішпейді ғой, – деді апам. – Ə, ішпегені жақсы сол. Ішіп алып, аузына келгенін оттап... Қазылық арақты тартып жіберді. Жапсарбай кілт мүдіріп, сипақтап: – Ертеректе бір ішіп, өлесі мас боп, содан қойғанмын. Құй-ей, тағы да! – деді. Қазылық екінші стақанды тағы көтерді. – Ал, енді тамақ алайық... Стақандарды жинап, орталанған шөлмекпен басын қосып, біріктіріп іргеге таман апарып қойып қойған. Жалпақ толық сары табан астында қыңқылдап, жілікке өкпелеп, еңіреп, дауыс шығарып үйден шыққалы бара жатып, шөлмекке ұрынып, арақты ақтарып кетті. Үй ішіндегі үлкенкішінің назары солай түгел ауып, бір толқып басылды. – Үйде басқа арақ бар ма еді-ей, – деді əйеліне Жапсарбай. – Қайдағы арақ, мынаның өзі əлгі тракторшы Иван сексеуіл əкеп түсіргенде қалып кеткен екен. Əншейін, сонда тыға салып едім, – дейді əйелі. Жапсарбайдікінен шыққанда түннің қоңыр салқын лебі бетке ұрды. Бір нəрсені іші сезіп, жымыңдап күліп тұрған ақ жарқын, қылықты қыздай аспан əлемі ашық. Жұлдыздар жиі, самсап тұр. Апам мен Қазылық үйге кіріп кетті. Түн жамылып, жалғыз тұрмын. Үй іргесіндегі көлден бақалардың мың сан құбылта салған үндері құлақ тұндырады. Ауыл клубының маңдайшасындағы жыпырлаған электр шамдары үркердей шоғырмақтанып, оңшау көрінеді. Бұдан бөлек түн құшағында жатқан жалпақ ауылдан тосын көзге ештеңе ілікпеді. Елдің алды ұйқыға кеткен. – Ертең ерте тұратын еді, қайда жүр əлгі Сағын, – деген Қыжым кемпірдің даусы естілді бір тұстан.
Көңіл айнасы – Əй, мен саған жат дедім ғой, – деп ту сыртымнан жіберіп қалған бос кесек, жон арқама тиген бойда жерге үгітіліп түсті. – Енді, жат деген соң... жат. Т-у... Қыжым кемпір албарынан шығып, маған тақала түсіп кеп қалды. – Жат, жа-а-а-т! Көтек!.. деді кемпір. – Бұл қайсысы еді, тағы... əлгі Сағын екен десем... Кемпір баласы емес екеніне көзі əбден жеткен соң үйіне қарай қайта салды. Кесек қатты тиген жоқ. Топырақ жұғып, шаң боп қалған жейдемді қақтым. Өз-өзімнен күлдім. Жейдемнің кесек тиген тұсын сипай бердім... Қараптанқарап тұрып-ақ əлгіндегі жақсы əсер ізім-қайым жоғалып, ойым əлем тапырық, ала құйын жүріп өткендей болды. Əдейі ұрып кеткендей кемпірге ызам келді. Əлгіндей емес, аспан əлемі де бір нəрсенің шетін шығарып, сырттай күлген боп, іштей сыздап, терісіне сыймай тырсылдап, өңі қашып, қуарып бəле іздеп тұрған адамдай. Бұл кезде əлгіндегі клубтың маңдайшасындағы үркердей шоғырланған электр жарығы да сөнген. Бұл «кино бітті» деген белгі. Енді байқадым, үйге тақау жол үстінде екеуі тұр. Аңдап карасам – Сағын, бір тұлымы желбіреген бүлдіршін қызбен шамада қоштаса алмай, қиылып тұрған сыңай танытады. Олар да мені байқап қалды ма, жолдан ығыса жағалауға қарай тез-тез басып, түн қараңғылығына сүңгіп, жасырынғандай болды. Бұл бəлки Сағын емес шығар. Маған əйтеуір көңіліме бірден дік ете қалған əсер еді. Дымқыл тартқан даңғыл жол табанынан бұрыла, екі жұп із шыққанын анық көрдім. «...Сағын... Тал бойыңа шырмауықтай оралған Қыжым кемпірдің кереғар тəлімі ойөрісіңді қай деңгейге дейін жеткізер екен, сенің! Əйтеуір Жапсарбай ағаңның орнын басып, соның кебін киіп, жоғын жоқтап, сол шыққан төбеден көрініп жүрмесең болды да». Ертеңінде Сағынды жеке шақырып алып: «түсің игі, жаның ізгі бала екенсің. Оқуға түс, көмектесем!» – деп, біраз ақыл айттым. Сөйтіп бір үлкен азаматтық борышым-
Сейітқазы Досымов ды өтеп тастағандай көңілім жайланып, үйде отыр едім, есіктен Жапсарбай кірді. Қазылық үйде жоқ болатын. – Мен сізге келдім, – деді апама тіктеп. – Бес-алты күннен бері əлгі өлген биенің жемтігін іздеп, əуре болып жүріп табуын тауып едік, мына Қазылық еңбегімізді еш қылып отыр. Айтыңыз балаңызға, биеме акты жасап берсін. Өкіметтің ақшасын аяй ма? Оның бер жағында бұл биенің ауыл советтің кітабында бар екені анық. «Жасы, түсі келмейді. Өлген басқа биең, мұндай көзбояушылыққа бара алмаймын», – деп бет бақтыратын емес. – Қарағым, Жапсарбай-ау, оны маған несіне айтып отырсың. Қазылықтың қай жұмысына араласарлық менде қауқар, сауат бар. Қолымнан келсе, ілгеріде сол жұмысты істесем көзің көрмеді ме, айта алмаймын, – деді апам. – Бұл жерде сіз білмейтін түк те жоқ. Əңгіме Қазылықтың үш ауыз жазған актысына мөрін басып, қолын сүйкей салса, бітіп жатыр. Əншейін өзінің жастықтың шылауында таза болған боп, илікпей отырғаны болмаса, тігісі жаттығып кеткен іс еді. Мейлі-дағы арамға шыққан мал екен. Оны да қолдан арам қылып отырған өзіміз. «Қалауын тапса қар жанады» деген, – деп, Жапсарбай сазарып отырып-отырып үйден шықты. Ол кеткең соң: – Осы қазақ қызық, буынсыз жерге пышақ ұрады, – деді апам. – Азар болса баяғыда бізге бермей қалған жылқысының бірі де... Өздерінің бетінен қытығы кетіп қалған, түге... Артынша Қыжым кемпір келіп, есікті күле ашып, ішке сөйлей енді. – Ертеде мұндай мал мамандары үйінің маңынан өтсең, қан сасып жатушы еді. Енді қарап отырсам, сол уақтың адамы жарамды ма, жоқ əлде есебін таба білетін айлалы ма, бұл күнде соның бəрі қалды ғой. Қазір ондайдың бірін көрмейсің. Əйтпесе осы үй де сондай бір өкіметтің үйі емес пе? – деп сылқылдаған сыңай танытып, баппен, мəнерлей күледі.
Көңіл айнасы – Қазылық қайда? Өзіне айтайын деп едім. Өзіміз əлпетімізге қарамай-ақ осындай елге келген қай маман, үлкен дөкей болмасын тонның ішкі бауындай араласқұралас боп кететінбіз деп ескертейін деп едім... – Қазылық кеңсе жағында да. – Біздің Жапсарбайдың маңдай терін он сыпырып, құрап-жинап өсіріп жүрген, қазіргі малдардың тұқым басына қағаз жазып бермегені несі. Дау-дамайсыз-ақ басы ашық бие екенін ел біледі. Осындай қолынан келіп тұрғанда жақсылығын істесін, келмейтіндей болса біз өзіміз де қыштамаймыз. Орынша-ау, сен неге ескертпейсің, біздер кешегі құдалар емес пе едік? Майра сенің де, менің де маңдайымызға сыймай кетті. Ол да болса екі арамызға тағдырдың салған аяусыз таңбасы да. Майра өліміне сенен кем қайғырғаным жоқ. Баламның алғашқы қосағы еді. Кезінде қабырғамды қайыстырып, аяздай батқан. Қайтейін, есігімнен болса да, кесірімнен болмаған болар. Майра өліп өмірімді өксітсе, Сансызбайдың қызы қағынған тұқымнан емес пе, келген бетте-ақ кердеңдей, тұнығымды шайқап, ақыры босағамды теуіп, есігімді серпіп ашып ол кетті. Майшыбектің қызы баламмен бір жыл отасты ма, отаспады ма, өз көжесін өзі істеп іше алмай, жайына сандалып ол кетті. Сенен жасыратын не бар. Бəрі алақаныңда емес пе? Құдай енді қойнын құтты қылсын, мына бір бейшара келіп есігіме тұрақтап қалды ғой. Жақсы болсын, жаман болсын, жұрттың сандалған сөзі неге керек, өз отының түтінін түтетсе, ана тапқан жаман немелері тірі болса, қатардан кем болмайтын көрінеді. Оны да біліп отырмын. Енді өткенді ежіктемей-ақ отырайық, – деді. Қыжым соңғы сөздерін салмақтап, өз-өзінен күйіп, тұлданып айтты. Жапсарбайдың қазіргі əйелі төртіншісі... Біреудің жолы қырсық, тұзы жеңіл болатыны асылы рас болса керек. Ел іші бұның бəрін Қыжым кемпірден көретін, соның қазымырлығынан, пейілінен дейтін. – Иə, əлгінде Жапсарбай да айтып кеткен. Бір биенің жолында немене өздерің, тіпті өлетінсіңдер ғой, – деді апам жақтырмаған сыңай танытып.
Сейітқазы Досымов – Ой, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп, сол шіркін түсіндіріп не айтты дейсің. Оның айтып мандытпағанын біліп келіп отырмын, – деді ол. Кемпір о ғып, бұ ғып күйбеңдеп, үйден шығуға ыңғайланып, қалт қайта тоқтады. – Айтпақшы, Сатыбалды-ау, ұмытып барады екем... Əлгі біздің Сағынға не дегенсің. Өзі мазамды алып болды. Қайтесің соны, одан да іші толып бара жатса ана қойдың соңында өлейін деп жүрген əкесінің қолынан бір мезгіл таяғын алсын. Ана ақсақ аяғымен отын мен шөбін тасып, түсіре алмай жүрген Жапсарбайға да қол ұшын берсе қане... Желіктірме баланы, біздің тұқымға өзі қалам ұшымен нан табу туу баста-ақ бұйырмаған. «Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді» деген тап рас сөз. «Пəлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ» деген емес пе?! Кісі бір қолды екі ете алмай жүргенде дат деп кетіп қалып, алдап-сулап жұмсап отырғанда екі қолымыз бұдан да жаман қысқарып, мүлдем кəріп болып кесіліп қалар. Иə, қайтерсің ол бəлені еліктіріп... – деді кемпір сөзінің соңын жұмсартып. Мен не дерімді білмей, қысылып қалдым. – Сағында жұмысы қанша? – деп, апам мені ақтай сөйлеп араға түсті. – Бəсе, деймін-ау, Сатыбалдының жұмысы қанша онда. Ол неменің өзі де талақша жабысып қалмай жүрген. Өзі бауырмалшыл-ақ, затына қарамай, көженің ыстығын айтамау, – деп кемпір жүре сөйлеп кетіп қалды. Сөзінің соңы естілген жоқ, өзінен өзі сөйлеп барады. Сонадайда келе жатқан Сағынға: – Əй, қайт былай, сенің көсегеңді көгертетін олар емес, – деді. Сағын елеңкіремей, арсалаңдап күлген болып еді. – А, есуас, неме!.. Қайт деген соң қайт, жүр деген соң жүр үйге, – деп кемпір жерден еңкейіп, көлденең жатқан жыңғыл бұтасын қолына алған бойда Сағынға қарай лақтырып, жіберіп қалды. Сағын үйіне қарай жалт беріп, бұрылып жүре берді. – Бұны ертең Еспедегі ауылға жіберейік. Қойға сап қой-
Көңіл айнасы сын, – деген Жапсарбайдың сөзі де үй жағынан анық естілді. – Бұл жердегі жұмысты қайтемін, – деді Сағын. – Сен не істеп қарық қып жүрмін дейсің. Көппен бірге жұмсаған жерге барып келіп, санға ілігіп, санатқа қосылып қашанғы жүрмексің?.. Не тауып жатқан жөнді ақшаң жоқ. – Неге ақшасы жоқ, бар ғой. – Бар болса қайда, істегелі əлі соқыр тиын əкелген жоқсың үйге. Одан арғы сөздері естілмеді. Өз-өзімнен аң-таң, бейжай күйде қалдым. Сол күннен былай, екі үй арасы шымшытырық, əуелде күпті, дүдамал көңілде, кейіннен тым шиыршық атып, шым батып кеткендей, жым-жылас хабарсыз, қатынассыз қалғанын кейін естідім. Содан бір-екі күн өткен соң, Қазылық үйіне кісі шақырды. Аққойлы да болды. Ауыл жігіттері бас қосып, бір малдың етін жəукемдеді, болса-болмаса араққа ортадан орын тиеді ғой. Онан соң ертеңінде толайым Аққойлынікіне бардық. Сонда қартадан қолы босаған біреуінің айналдырғаны мен болдым. – Осы ғой, көлдей-көлдей мақалаларың газеттің бетін бермейді, соған қанша аласың дейді. Алғанымды өсірмей айтамын. – Сонда бір очеркің біздің бір тышқақ лаққа жетпейді екен ғой. Мен бір түрлі болып қаламын, бірақ елең қылып отырған ол жоқ. – Осы ғой, мəселен, – деп қолындағы қалыңдығы пышақ сыртындай өлең кітабын көрсетеді, – осыған қанша береді? – Білмеймін, мен өлең жазбаймын ғой, – деп қашыртамын. Бəрібір ол қоймайды. Енді кітап сөресінен белгілі бір жазушының екі томдығын суырып алып: – Осы ғой, мəселен, – дей бергенше оның сөзін бөлдім: – О-о, бұл кісілердей болғанша қай-д-а?! -дедім. – Жо-о-қ, қанша ақша алды екен дегенім ғой... – Оны өзіңіз барып сұрап алмасаңыз, мен білмедім.
Сейітқазы Досымов – Өй, сен қалай жазушы болам деп жүрсің, алдымен бір кітапқа қанша алатыныңды біліп алуың керек, сенің мұның жарамады... Мен жауап орнына күлдім. Нұрғылыш ағам үйге сөйлей келді, мені көрген бойда «ұрыса» жөнелді. – Кісі болған адам өсте ме екен?.. Келгеніңді естіп, өзі біліп сəлем беретін шығар десем... Мен өкпемді сүйретіп сендер үшін келмеп пе едім, а-а?.. Бүгін үйге кел, жеңгеңнің қолынан дəм татып кет. Ол да өкпелеп отыр, сөйт... – деп асығыс үйден шықты. Өз үйім, өлең төсегімде аунап-қунап тағы да біраз күндерді өткіздім. Сол күндердің ішінде мені бауырларына салып, «өз баламыз» деп өсірген Тəжігүл апам мен Сенбі көкемнен қағажу көргендікі ме, əкем Дүйсенбіні ылғи да есіме алумен болдым. Ол кісі Сенбі, Бүтінші, Нұрғылыш сияқты үш ағасының, үш жеңгесінің... айта берсеңіз, тап солар сияқты миллиондаған адамдардың бүгінгідей бақытты өмірі үшін жан қиды-ау! Көзіме талай рет жас іркілді. Екі шалды ымыраға шақырмай, өз алдына пысықсып жүрген Аққойлы ағама ызам келді. Бастарын бір жерге жинап, бəрін-бəрін айтқымақ келді-ау. Бірақ, оны тыңдап жатқан кім бар? Алматыға асықтым. «Күні таяу еді, босанып қалған жоқ па екен?» Бір аптадан соң Алматыдан Сенбі көкеме дүниеге тағы бір Сенбиннің келуімен құттықтап, телеграмма салдым. Телеграмма қолға тиген күні көкем мен апамда жан қалмай, көрші-қолаңдарын шақырып ағынан жарылады. – Ерініміз кеберзіп жүргенде ақ түйенің қарны жарылып, келін ұл тауып берді. Шүкір, сəл қатайған соң бауырыма саламын, менің де тас емшегім жібитін болды, – деп Тəжігүл апам сырын да, шынын да айтып салады. Сол күнді асыға күтеді. Көкем бір қойын сойып, «келінге қалжалық ет саламын» деп посылканың жəшігін таппай сабылады ғой... – Немерелі болыпсыз, бауы берік болсын, – деп, ойында түк жоқ, құттықтай келген Орынша келінін ұнатпай кіржие қалады көкем.
Көңіл айнасы «Бұлар енді өстиді, тапа бір жерге қарап отырғандай, бұлар ма? Үйі толған бала болса да, маған тəн шикі өкпеге көз «алартуын» көрдің бе?.. Қап, дүниеде осы қорлық екен, қанша емешегің үзіліп тұрса да... тумағанның түбі шикілігін... бірақ, өзімнің туған інімнің баласы болса, оның маған қандай бөтендігі бар, жəй қуаныш болған соң, құтты болсын айта келген де... Жө-н, ж-өн! Əй, менде, əйтеуір осы...» Сембекең сумаңдаған ой ағынынан лезде-ақ айығып, баяғы өзінің мол пішілген кейпіне келіп: – Қуанып қалдық, енді қолымызға алып, бізде жас иіс иіскегенді жөн көріп отырмыз, – дейді. – Өте орынды, табылған ақыл, – деп, келіні іштей қуанып қалады, сырттай сыр бермей, осы мезет: – Немене еді, баланы алыстан арбалағанша жақыннан дорбаламадыңдар ма?.. – деп, əңгімеге Жарқынай араласады. – Жаңағы. Аққойлының да, Қазылықтың да балалары осы үйге бірдей емес пе, түу, Алматыдағы тастап кеткен Сатыбалдының баласының басы алтын ба екен? Онсызда ыбырсып сыймай жатқан үйге əкеп тықпалай бергенде бірдеңке өне ме? Жарқынайдың бұл сөзінің төркінін түсінген абысындары тіл қатпайды. – Бүгін-ертең келейін деп жатқан жоқ қой, – деп, түпкі ойын білдірмейді. – Жоға деймін-ау, мен де жəй сол... – деп, сылап-сипап қояды келіні де. Осымен əңгіме тамамдалған. Ал, араға жыл жарым салып аяғын апыл-тапыл басып жүрген, өзінен айнымайтын торсық шеке ұл Сенбі шалдың ермегіне айналған еді.
Сейітқазы Досымов ӨЗ ДƏНІҢДІ ӨСІР Елеудің əкесі – Иса қой тоғытып жүріп, суға кетіп қайтыс болды. Сонда осы Елеу шынашақтай ғана, түбіт мұрты енді тебіндеген балаң жігіт болатын. Кешікпей үйленді, содан малда келеді. Аралары жиі, бірінен соң бірі үш қыз дүниеге келгенде шешесі Балемер: – Елеуім болса жалғыз басты, соңынан ерген не іні, не қарындасы жоқ еді, құдай оған серік болып жүретін бір еркек кіндіктісін де қимағаны ма? – деп, үшінші немересінің есімін Ұлдан қояды. Төртіншісі де қыз болғанда, Балемер күйіп кетіп: – Енді қашан ұл туасың! – депті келініне жылап. – Апам да қызық əйтеуір, – деп келіні ұялып, төмен қарапты. – Ұл төрт қыздан кейін, не алты, одан «байқамай» өтіп кетсе, сегіз қыздан соң болады. Біздің келінге енді сын, е-е, тəубе, осы бергеніңе шүкір! Əншейін, біздікі... күпіршілік қой, əйтпесе құдай қыздан сала ма, ұлдан сала ма, – деп, іштей келесі немересінің ұл болғанын тілеп-ақ жүрді. Балемер кемпірдің күткен күнінде ақ түйенің қарны жарылды. Тыныштық ұл тапты. Кемпірдің екі езуі екі құлағына жетіп, көптен сары майдай сақтап жүрген атын да өзі қойды. – Елеуім бұрын біреу еді, енді екеу болды, немеремнің есімі Қуандық болады, – деді шілдеханада. – Дұрыс-ақ!.. – Əй, өзі ат қойғыш-ақ тегінде... – Ана қыздарын да өзі қойды емес пе, – деп отырғандардың ешқайсысы да кемпірден асып кете алмады. Сол солақ екен, келіні де енесіне ерегіскендей ұл дегенді бірінен соң бірін өмірге əкелді. Екінші ұл дүниеге келгенде тағы да көпшілікке ырық бермей: – Сүйіндік қоямын! Е-е, əдіре бəсе. Елдің келіндері бір-
Көңіл айнасы ден-ақ ұл туып жатыр ғой осы. Е-е, деген тамам жұртты қыран-топан күлкіге көміп, үшінші ұлға: – Жұбандық, – деп, төртінші ұлға: – Амандық, – деп, бəріне ат қоюдан жалықпай келе жатқанда, келіні төрт қыз, төрт ұлдан соң, қайтадан кілт «жүрісінен» жаңылды. Тоғызыншы немересі тағы да қыз болды. – Мен енді араласпаймын, енді билік өздеріңдікі, сендер де ата-анасыңдар ғой, бір перзенттеріңнің атын қоюға қақыларың бар шығар, түге, – деп, ол енді «биліктен» сытылып шыға келді. Балемер де, Елеу де, Тыныштық та балалары бірінен соң бірі мектепке бара бастағанда барып қатты састы. Балалы болғандарына мəз болып, шетінен «құдай берді» деп қағып ала беріпті де, күні ертең олардың жағдайы қалай боладыау деген ой қаперлеріне де кірмепті. Бұрын-соңды бала оқытып, ауыртпалық бастарына түспеген соң, ескермеген ғой тіпті. – Ал, апа, енді не істейміз? Жалғызсың, жалғызсың деп ең, соңында баланың астында қалдырдың. – Тəйт, көпсінбе... Жайыңа жүр. Көп болса үш-төрт жыл қиналармыз да. Рақымы күшті құдайға тіл тигізіп, өзің... – Ал, қойдық, қойдық... Тек мына балаларды қайда сыйғызамыз деймін?! Бұрынғы жалғыздығым білінбеуші еді, ендігі «жалғыздығым» мойын бұрғызбай тастады ғой... – Тəйт, қой деймін, бір кебі болар. – Бұл шулаған немелерді енді қайда сыйғызамын... Қайсысына тамақ тауып беремін? – Болды деймін, қу жалғыз... – Енді жалғыз емеспіз ғой... – Ана екі құлынды биені сат. – Е-е, неге?.. Малдың басы емес пе? – Бас екеу болмай, мал екеу болмайды, мен саған сат дедім ғой. Сат та, шып-шығасын шырғармай ақшасын алақаныма əкеп сал.
Сейітқазы Досымов – Е-е, неге? Мына кіл шуылдаққа керек қой... – Мен де солардың қамын айтып отырмын... Қашанғы интернатқа бере бересің. Бала ата-ананың қолында өспеген соң бола ма, оның үстіне алды шылғи қыз бала көпшіліктің ішінде жағдайы бірде келсе, бірде келмей, жетім баладай жаутаңдап жүреді екен. Оны интернатқа барып халдерін білген сайын байқап жүрмін. – Сонда неғыл дейсіз маған? – Совхоз орталығынан үй сатып ал, балаларымды қолыма алып, өзім бас-көз болып отырамын. Е-е, əдіре, қашанғы ағып-тамып жүреміз, өстіп... Малыңды өзің бақсаң бақ, бақпасаң айдап жібер, мен енді сенің малыңды емес, өзімнің немерелерімді бағамын, – деп анасы ағынан жарылды. – Биылша қоя тұрайық, келесі жылы... – Жылда бір балаң мектепке барады... Немене, оларды интернатқа итере салмақшымысың? Баланың алдын дұрыстап жіберсең, соңы да сондай болады. Ол үшін Құндыз бен Жұлдызға дұрыс тəрбие керек. Шүкеттей болып азып-ақ қалыпты, көріп келген менен сұрасайшы. – Апа, биылша... шаруа ыңғайы солай болып тұр... – Əй, өз балаңнан аяйсың ба? Ол қу малды не үшін өсіресің, егер игілігіңе жаратпасаң. Ары-беріден соң, ол малда менің де үлесім бар шығар... Осы уақытқа шейін сенің табаныңа кірген шөңге менің маңдайыма кірсін деп келгенім жоқ па? Е-е, əдірə, мен төркініме апарғалы отыр дейсің бе? «Өскенше балаңның тілеуін тілейсің, өлгенше балаңның баласының тілеуін тілейсің» деген тап рас екен де, тап рас. Балемер айтарын айтып баласының құлағына сіңіріп, бір жағы ашумен бүк түсіп жатып алды. Елеу ақылға салып түнімен дөңбекшіп ұйқтай алмады. Шынында, бұрынсоңды ескермеген ісі екен. Бұлай қараса ізді... Бұл бір мойын бұруға шама келтірмейтін ең жауапты кезең – қой қашып жатқан шақ еді. Əйтсе де екі құлынды биесін саудалап жүріп, өзімен қатар отырған шопанға үш
Көңіл айнасы жарым мың сомға сатты. Елеу өзінің ұтылғанын білді. Екі биесі де ерте тоқтап кеткен, оның үстіне соңына ерген екі жабағысы тайдай болатын. Сонда алты бірдей жылқысынан айырылды. Шешесіне «енді бір жыл шыдай тұрайық» дегендегі түпкі есебі де осында жатыр еді. Шаруа бір жағына шығып, қоныс аударып, қыстауға қонып алған соң, Елеу шешесі екеуі совхоз орталығына келіп үй саудаласа, алтаудан төмені жоқ. Бірақ, енді үй жақсы... – Апа, апа, енді не істейміз? – дейді баласы. Шешесі көп ойланбастан: – Мынаны қоссаң келе ме? – дейді қалтасынан түйіншекті алып беріп, миығынан жымиып. Баласының жүрегі жарылардай болып, түйіншектегі ақшаны жалма-жан санап жіберіп «қап» деп басын шайқайды. – Ей, не болды, сонда да жетпей ме? – Енді бір мың сом болғанда ма, қататын еді. – Сандалма, алдыңдағы екі жарым мың сом ба? Сенің үш жарым мың сомыңмен алтау болмағанда не болады? Менен артық ақша алғанда, оны қай қалтаңа салмақсың?.. Мен төркініме апармаймын... – Болды, болды, апа... Жай, мен ойнап... – Е-е, сөйтіп те ойнай ма екен, ана шиеттей балаларыңның алды бүгін мектеп десе, ертең үнстүт дейді. Бұрынғыдай сүтке тойып алып, алдыңда мысықша пырылдап ұйқтай бермейтінін өзіңнің де ішің сезген шығар. – Ой-бай, апа, мені бір бала деп жүрсіз бе? – деді Елеу. Ана мен бала күмбірлеген бес бөлмелі үйді алты мыңға сатып алды да, көңілдері жай тапты. Қыстауға келісімен кемпір баласы мен келінінің қолынан «енші» алысып бөлінді. Кемпірдің үлесіне төрт қыз, екі ұл тиді де, аналарға екі ұл тиді. Кетерінде кемпір тыныш кеткен жоқ, қадап айтты: – Əлі бастарың жас, тауып аласыңдар ғой. Осымен біттік екен деп ойламаңдар, құдайдың бергені болса ала беру керек... Елеуім болса жалғыз басты еді, – деп. Оған баласы мен келіні мəз бола күлген. «Айтқаныңызды екі етпейін,
Сейітқазы Досымов бірақ қалтаңызда енді қанша мың ақшаңыз қалды, соның есебін беріп кетсеңіз болды» деген ойнаған болып келіні. – Келін-ау, ақшаның санын қайтесің, одан да тапқан балаңның санын біл... Мен төркініме апармаймын өлсем, осы қалтамнан тауып аласыңдар. Өзімнің қант шайыма, мына жамандардың көйлек-көншегіне пенсиям да жетеді. Сексен бес сом үріп ішіп, шайқап төгуіме жарайды. Сендер сияқты күнде кісі сыйлап жатқаным жоқ. – Ішсеңізші, шалыңыз болса жоқ, «біреу-міреудің» көзіне түсіп өтіп кетер ме екенсіз, – дейді баласы одан сайын құтыртып. – Мен шалға «қашып» кетсем, балаларыңа қарайтын кісі таппай, қоңыз теріп кетерсіңдер, түге... – деп нығызданды шешесі. Машинаға жүкті тиеп болып, енді жүргелі жатқанында Балемер көзіне жас алып: – Елеуімді өмірі уысымнан шығарып көрмеп едім. Ал енді, кел-е-ен, өздеріңе-өздерің мығым болып отырыңдар, – деді көзін орамалының ұшымен сүртіп. Оған күліп жатқандар да, көңіл елжіреткен сөзге еріп, ойларына əр нəрсе түсіп, кемпірге қосылып кеткендер де табылды. – Анамыздың ыстық мейірімін көрмеген біздің шықпай жүрген жанымызшы, – деп. – Қайтсін байғұс, жалғыз баласының жанына желеу болып, мына қойдың соңында аз жүрген жоқ бұл да, – деп. – Өзімізді ешкім уайымдамаса да, күн көріп келеміз ғой, – деп, енді біреу бұған. – Магазиннен қант-шай əкелемін деп кеткеніңде əйелің: «əлгі ішіп қояр ма екен» деп те уайымдамай ма? – десіп, шығарып салушылар бір толқып басылды. Екі арқан бойы жылжып барып машина қайта тоқтады. Кабинадан домалана түскен шүйкедей қара кемпір: – Келін-ау... Тыныштық-ау... а, кел-і-н-н... – деп, қалтасында кетіп бара жатқан сандықтың кілтін келініне беріп жатып: – Жоғалтып алма, бауын шашыңмен қоса өріп қойсаң, үнемі өзіңмен бірге, іздеген жеріңнен табасың да тұра-
Көңіл айнасы сың, – деп ақылын сарқып айтып, кабинаға қайта отырды. Соңынан шаңын бұрқ еткізіп, машина лезде қыр асып кетті. Көшкен жұртта қалғандай болып, мұндағылар да күнделікті өз тіршіліктеріне көшті. Тыныштық енесінің айтқанын екі етпей қара сандықтың кілтін шашына тағып жатып: «Мұны несіне əспеттеймін», – деп кереге басына қайтадан іле салды.
Жетпіске қараған шағында Балемер кемпір қайратына қайта мінгендей болды. Интернаттағы бар баласын қолына алған соң, бес бөлменің іші толды да кетті. Елеу бір машина сексеуіл əкеліп, рабкооптан көмір алып, отынмен қамтамасыз етті. – Енді не керек? – деп еді баласы. Шешесі: – Екі қолым алдыма сыймас, ана қора-қопсыңды жөндеп, екі-үш қой əкеп таста, көктемнің көкөзек шағына дейін байлап, ауыздарыңнан ақ май ағызайын, – деп бір қойды. – Жө-н-н! – деді баласы құлаққа кіретін əңгіме болған соң. – Екі машина шөп сұрап ал директордан, – деп екі қойды. – Оу, оның бəрін қайтесіз?! – деді баласы жаратпай. – Бетіңнен бет моншағың төгіліп тұрса, мен-ақ барайын, көзімізді жыртып ашқаннан осы совхоздамыз. Алдын кесіп өткеміз жоқ, жұрт сияқты жалмаңдап оны сұрап, мұны сұрап əбден мезі еткеніміз жəне жоқ... – Жарайды, апа, оған келістік... шөп болады. – Ақыры шөп сұраған соң, жемді де ұмытпа! Баласы кеңк-кеңк күлді... Шешесі: – Неге күлесің, ана шиеттей бала-шағаңды əуедегіні арбап, жердегіні жалмап жүріп асырамасаң болмайды енді. Менің арқам шығар – осы күнге дейін бір баланың қиыншылығын көрмегенің. Əншейін ертелі-кеш аршыған жұмыртқадай етіп қойған балалардың бетінен сүйіп, жақсы көргенге дəндеген бұл қу жал-ғ-ыз...
Сейітқазы Досымов – Болды, болды... жем де болады, апа... – Болсын, тағы да не айтайын деп едім, ə-ə... Е-е, тапқан табысыңды бей-берекет шашпай, ұстағаннан қалғанын Тыныштықтың қолына сал. Бұрынғыдай мен болсам жоқ, ендігі арқа сүйерің сол, үйді үй ететін де сол... «Жақсы əйел жаман еркектің басын төрге сүйрейді...» деген, келін жаман емес. Ұлды, қызды ағызып туып отыр, кейде мен пыси түссін деп... өстіп... Кемпір кемсеңдеп барып басылды. – «Түстік өмірің болса, кештік мал жина» деген, бəрі өздеріңнің қамың үшін... Өстіп бөлек кететінімді біліп, маған сеніп қалмасын деп, кейде ұрсып та алатынмын. Өмірі бетіме келген емес... – Апа-ау, бөлек шыққаныңызға үш күн болмай жатып, келініңізді сағынып қалдыңыз ба, жоқ, оған ақыл айтып, ұрсатын уақытыңыздан өтіп бара ма? Баласы тағы да кеңк-кеңк күлді. Шешесі: – Жиі хабарласып, жағдайымызды біліп тұрыңдар. Айттым ғой, бұрынғыдай емеспін, денем құрысады да тұрады... Əйтеуір, балаларыңның алдында қарайып бас-көз бола алсам... – деп сөзінің соңын жұтып барып. – Елеу-ау, келінге сəлем айт, Жұбандықтың бетінен сүй, мен үшін... Ертелікеш қолың қалт еткенде Тыныштыққа қолғабысыңды тигізе сал, одан кішірейіп қалмайсың. Не айтайын деп едім, ее... Бұрын «үй жұмысына алаң болма, қатынның ісіне қол сұқпа десем», өз күшіме сеніп, əрі келіннің алдында сенің шоқтығыңды өсіріп қою еді ғой менікі, қу жалғыз... – Болды, болды, апа... – Болса, бар енді, орталыққа аялдап, ақ көңілденіп, əркіммен бір қосылып «ұрттап» қойып жүрме... Директорың да, оправ та өзіңді шет көрмейді, білемін... Өзің туралы пікірлері дұрыс, немене еді, əлгі... наградке ұсынамыз деп еді ғой... аузыңды ашып айырылып қалма... Құдай жолы қайсы деп жүр... «Еңбек түбі – зейнет». – Ой-пой-ой, осы апамды-ай, ата сақал аузыма біткенше ақыл айтудан бір жалықпайды-ау, – деп шешесінің сөзін бөлді.
Көңіл айнасы – Айтсам, өзің үшін айтам, енді ерте жарықта аулыңа жетіп ал, келіннің болса аяғы ауыр... Елеу шешесінің соңғы ақылын естір-естімес үйден шықты. «Қайран апам-ай, өзі болмаса бүкіл дүние тоқтап қалатын сияқты көреді» деп, жолай езу тартып, мырс етті. Сосын тағы ойға кетті. «Қайтсін, он үш құрсақ көтеріп, содан қарайып жүрген жалғыз мен ғана екенмін. «Аузы күйген үріп ішеді» дегендей, əбден зəрезап болып қалған ғой. Қазір немерелерінің біреуінің шекесі ысып шықса да, зəре-құты қалмайды. Əрқайсысын бір-бір жалғыздай көреді, үстіне өбектеп түсіп еркелетеді. Сөйте тұра тəрбиесі мықты, бір немересі алдын кесіп өтіп, айтқанын істемей кеткен жері жоқ-ау! Ал мені қалай мəпелеп өсірді десеңші, іштей жалғызымжарығым дегенмен, көзіме көп аса көлгірсіп, айтқанымды екі етпей «аспандағы айды əперіме» құлақ асқан жоқ. Көкем ерте қайтыс болып, еңбекке жастай араластым. Екі-үш жылдың ішінде өз қатарымның алды болдым. Адам қылған осы апам екені айдан анық. Сəл қате бассам, көріп қояды, «бала ұстаған кездіктің басы жарық болмасын, аяғыңды кешегідей шалыс баспа» деп ұрсатын еді. «Бүгін тым өңің қашып отыр ғой, дем ал, отарды өзім дөңгелентіп келе қояйын» дейтін. «Біреудің ала жібін аттама», «Өздігіңмен ешкімге тиісіп, қағытып сөйлеме, көре алмаушылық, қырбайлық мінез танытпа», «Біреуге op қазба, ертең өзің түсесің» деген, «ақылың болса арамдықтан алты құлаш аулақ жүргенің жөн. Əрі-беріден соң ақыл дегеннің өзі осындайдан құралар болар, балам» деген сияқты болып келе беретін. Мен де апамның айтқанынан ұзап шығып кете қойғаным жоқ, одан пайда болмаса, зиян да көрмедім. Үнемі айтқанын екі етпеген соң соған өзін-өзі бейімдеп, мінез қалыптасып қала ма деймін. Енді маған көрсеткен өнегесін немерелеріне бере ала ма, бере алмай ма, қайран апам!» Үйіне жеткенше Елеуді осындай ойлар қаумалап, шырмап алған еді.
Сейітқазы Досымов Сол жылы бұл үйден алты оқушы қатынап оқыды. Алды жетіншіде болды. Екеуі түске дейін, төртеуі түстен кейін барып жүрді. Алғашқыда Балемер кемпірдің өзі бүкеңдеп, үйдің бар тірлігін қолынан өткізді. Бірақ келе-келе белі қайта-қайта шойырылып, жарамауға айналды. Бір күні тұңғыш немересі Құндызға тіктеп: – Сендер өздерің қайда жатып оқып жүрсіңдер? – деді сыр тартып. – Интернатта ма? – Е-е жоға, өзіміздің үйімізде ғой, – деді немересі жұлып алғандай, əрі апасын ұнатпай да қалған сыңайы бар-ау! – Интернатта дежуройт (кезекші) болып көрдің бе? – Болып көрдім. – Болып көрсең бұл үйге де дежуройт керек... Өлмелі кемпірге сеніп алып сабақ, сабақтан соң бірің «мак-мак» ойнауға, екіншің тағы бірдеңені сылтауратып шығасыңдар, түге. Ол болмайды, бүгіннен бастап өз күндеріңді өздерің көріңдер, түге. Əке-шешең Көкшенің құмында қызыл аяқ қар кешіп, жалаңаяқ жар кешіп, бір сендер деп қой бағып жүр, мен үшін емес. Менің өзіме жететін пенсиям бар. Құндыз еңіреп келіп апасының алдына құлады. – Тəйт əрі, жылайтындай не айттым сонша... – Осы ақылыңызды ұрыспай-ақ айтпадыңыз ба? – деп боздады. – Тəйт, түге... Одан да іске көш, интернаттың тəртібін орнат, мен саған сонда ғана ұрыспаймын, – деді кемпір енді жібіп, шашынан сипап отырып. Немерелерінің бəрі Балемерді апа деп, Тыныштықты жеңеше деп кеткен. Өйткені босануын Тыныштық босанғанмен, қалған күтімнің бəрі Балемердің қолынан өтетін. Кейін тілі шыққан соң бірін апа, бірін жеңеше деп шапқылап жүргендері сол (О баста Құндызға осылай үйреткен). Кешқұрым бəрінің басы қосылған соң, оңаша бір бөлмеге жиналды. – Осы үйдегі еңбекке жарайтыны төртеуміз екенбіз,
Көңіл айнасы ол – Жұлдыз, Ұлдан, Ұлжалғас жəне мен, – деді Құндыз салмақпен. – Бұрын «интернат – өз үйің» десек, ертеңнен бастап «өз үйің – интернат» деген девизбен іске көшеміз. Түкке түсінбеген сіңлілері əлі аң-таң, бір-біріне қарап жымың-жымың күліп қояды. – Ол үшін бəріміз бірдей үй тазалап, тамақ істеу шарт емес, күнде бəріміз кезекпен ғана жүреміз. Қазір график жасап, ана сабақ кестесінің тұсына ілеміз жəне кезекшілік үлгіре алмай жүрген сабаққа тұспа-тұс келсе, оны ауыстырып отырамыз. Осыған келістік қой, – деді əпкелері үлкен бір іс тындырғандай. – Өте табылған ақыл. Мо-ло-де-ц!.. – деді сіңлілері шуласып. – Ұрыспаңдар ей, – дейді Сүйіндік қабағын түйіп. – Апама айтамын! – Сабағыңды оқыдың ба өзің? Апама айтам деп бізді қорқытқанша, «А, Б, В, Г, Д»-ні біліп ал, – деді Ұлжалғас інісін «мазақтап» «Аб-б-б», – деп, інісі тілін шығарып есікті қайтып жаба салды. Төртеуі інісінің қылығына мəз болып қайта күлді. – Міне, танысыңдар, дайын, – деп Құндыз графикті алдарына тастады. – Ой-бай, «Үйдің кассирі жəне тəрбиеші – Балемер Ысқақова, кезекшілердің жетекшісі – Құндыз Елеуова» депті, пай-пай!!! – Е-е, немене, өтірік пе, – деп Құндыз бұртия қалды. – Жо-жоқ, мен ойнап жатырмын ғой, – деді Ұлдан күліп. – Құндыз десе, мына жерге апама қол қойдырып алайық, – деп ұсыныс айтты Жұлдыз. Қол қоя ала ма? – Қойғанда қандай! «Апа, қой бағып жүргенде, айлық алар кезде табелге қол қойдыңыз, ə» дейміз. Боса болмаса сонда «қойғанмын» деп бір көтеріліп қалары анық. «Ендеше мына жерге де қол қойып жіберіңіз» дейміз. «О немене, бас кететін нəрсе емес пе?» дері жəне анық, өйткені менің апам өте
Сейітқазы Досымов сақ қой. «Жо-жоқ, көкемнің айлығы ғой, əлгінде совхоздың кассирі сізге қол қойдырып əкеп бере ғой, сосын ақшасын беремін» деген дейміз. «Ол-лахи, қол қоймаса көресің ғой, осыдан...» – деп ойнақшып шыға келді Жұлдыз. Тура Жұлдыздың айтқанындай болып шықты. Латын əрпімен қолын иректеп қойып жатып: – Құндыз, ақшаны сен ал, санап ал, əйтпесе ұшып-қонып жүріп мыналар жол-жөнекей жоғалтып алар, – деген. Мұнда күлмегенде қайда күл, немерелері апасын «мазақтап» ала жөнелді. – Əй-əй, не деп жүрсіңдер өздерің... Əке-шешелерің Көкшенің құмында қызыл аяқ қар... – Мақұл, мақұл, апа... Біз жай... – деп Құндыз жоспарымен таныстырды. Апасы іштей тоғайып, сырттай сыр бермей, бір-екі толықтыру енгізіп «бекітті». Бірінші кезекті Құндыз өзі алды. Ең алдымен азық-түлік жағын бақылады. Екі қап ұн, бір қап қант, үш-төрт жəшік макарон... Есіне сап етті: «Тап осындай жəшікте конфет те бар сияқты еді. Ə-ə, білдім, білдім... Оны апам біз жеп қояды деп тығып тастаған екен...» Ұн болғанмен нан көмбеуге апасының шешімі шыққан. Өйткені дүкенде нанның неше түрі тұр, шетінен алып жей беруге жарлық жасаған. Оның ақшасын шкафтың тартпасына қойып қойған, керек кезінде ала беруге рұқсат! Арадан сырғып бір апта да өте шықты. Кезекшілікте де мін жоқ деп айтуға болады, бəрі бір сыдырғы өтіп жатыр. Демалыс күні төртеуі оңаша бөлмеге тағы жиналды. Ортақ ұсыныс: «Осы үйдің жақсы болуына кім не айтады?» Жұлдыз: – Ең алдымен өзіміз тəртіпті болып, сабақты бес пен төртке оқуымыз керек. Екіншіден, мен бірге оқитын қыздарыммен қосылып көршілердің үйлерінде де болдым. Олардың бізден артықшылығы – дүние-мүліктері көп, əсіресе қатар-қатар жинап қойған көрпелері жетерлік екен... Сондықтан біздің де соларға теңелуіміз керек шығар. – Ал, Ұлдан, сен не айтасың, Ұлжалғас... Екеуі де «не айтам» деп төмен қарап қызарақтайды.
Көңіл айнасы – Мен əлі де ойланып, келесі отырыста айтайын. Негізінен Жұлдыздікі дұрыс, – деді Құндыз. Есіктен Сүйіндік жыртиып қарап, «А-б-б-б» деп, тілін шығарып, қайтып жапты. «Апама айтамын» дегені естілді. – Осынысын қойғызбасам, қап! – деп Ұлдан інісінің артынан қуа шықты. – Қатты ұрма, ақылмен түсіндір, – деп ескертті Жұлдыз. Күндер өте берді. Апасына бордақылап отырған үш қойдың қамынан басқа жұмыс қалған жоқ. Кезекшілер күн сайын кезекпе-кезек бес бөлмені тазалап, терезе-есіктеріне дейін сүртіп айнадай қып қояды. Бір күні Құндыз өз-өзінен бұрқан-талқан болып ашуланды. – Неменесіне сүрте береміз, қаңырап бос тұрған бөлмелерді, одан да сабағымызды оқып, тыныш отырмаймыз ба? Осы теңкиген-теңкиген теңдерде не бар екен? Жұрт сияқты неге дүние жинамаған, мына үйге қоятын, – деп апасына айтып еді. – Саған дүние не керек... Елеуді кедей деп, малы жоқ деп ешкім де айта алмайды, – деді апасы салмақпен. – Сонда ол байлығы қайда? – Қайда болушы еді?! Осы үйде, ақшасы кассіде (өзін айтып отыр), малы алдында... Шүкір, деректір мен оправ Елеке деп сыйлап тұрады, еңбегі де елеусіз емес... – Жо-жоқ, апа-ау! Осы үйге бір кісі келсе ұялып қаламыз, олар сырдай үйге таң қалғандай қарап «Елеудің үйі осы ма» дегендей болады. – Сен оны қайдан байқайсың? – Енді, қайдан байқағанда... белгілі ғой... Мына тракторшы Дəнбайдың үйінде болдыңыз ба? Біздің үйден көш ілгері. – Ой, қызым-ау, Дəнбай кім, Елеу кім?! Дəнбай бір ішкіш тракторшы, ал Елеу, ол Елеу ғой... – Дəл қазір олар бізден артық өмір сүреді, əйтеуір... – Олай деме, қызым, тамағың тоқ, жегенің қазы-қарта... Киімің бүтін...
Сейітқазы Досымов – Аштан өліп жатқан ешкім жоқ қой... – Сондағың төрінің алдындағы алақандай кілем бе, онысы көкеңнің шопандар тойында сан рет бəйгеге алған бір кілеміне де тұрмайды. – Сол кілемдерің қайда?! – Тұр ғой, əне, – деп апасы буулы екі теңді көрсетті. – Оның буулы тұрғанының керегі жоқ бізге... Бізге үйге кісі келгенде жайнап төрде тұрғаны керек... Ертегілердегі сараң адамдар құсап, бəрін буып тастапты ғой, – деп Құндыз тағы бұртыңдады. – Жұлдыз, мына теңдердің бəрін ашамыз қазір. – Тəйт, сендерге кілем емес, кітап қой керегі... Маңайынан жүрмеңдер, əке-шешең қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешіп, маңдайының терін он сыпырып жүріп тапқанын білесіңдер ме, а... Екі қыз тұрған орнында сілейіп тұрып қалды. «Былайша қарасаң бəрін біліп тұр. Бірақ ескінің көзімен «қарайды» деді бірі іштей, «жарайды, осыдан не көкем, не жеңешем келсін, сосын...» деді ызаға булығып екіншісі. Апасы күйгелектеп, екі қолы алдына сыймай «ойпырай, осы күшіктер есейіп қалған ба деймін, мен бұларды əлі бала көріп жүрсем, пəле болып қалған екен-ау, ə... Ойпырмай, қарғадай боп бұларға да дүние керек боп қалған-ау, ə... Шынында, бұл қу боқты не үшін жинаймыз осы? Игілікке ұстау үшін емес пе?! Оған Елеужаным қысы-жазы бірдей малда, əйтеуір, жазда жайлауға шыққанда ғана арқа-басы кеңіп, ақ үйін тігіп, кереге тұсына бір-екі кілемін ілген болады, қалғаны осылай буулы тұрғаны. Сонда оны қашан тұтынады? Тұтынатын кез енді келген екен-ау. Осыдан бір келгенде келін мен балаға айтайыншы, өздері болмаса, балалары рақатын көрсін, е-е... Менікі тек итаршылық қой, Елеужанның қарауылы мықты-ы...» Есіктің алдына «Водовоз» келіп тоқтап, шоферы сүйінші сұрай кірді. – Келінің босанды, «Волгалы» болдыңыз, – деді. Кемпір күйгелектеніп: «Олғасы не? – деді. Қыз болса жылқы де, ұл болса...»
Көңіл айнасы – Жылқы, – деді шофер бірден. – Сүйіншімді беріңіз, асығыспын. – Сүйіншің қашпайды, одан да сен мені сонда ала кет, өзім басы-қасында болайын. Ал, Құндыз, Жұлдыз, Ұлдан, Ұлжалғас, Қуандық, Сүйіндік, бір Аллаға, сосын өздеріңе сендім, мен бармасам болмас, – деп апалары асығыс келіп кабинаға отырды. Немерелері қатты табыстады, «атын – Айгүл қойсын» деп. Араға алты күн салғанда Тыныштық тоғызыншы бөпесін көтеріп, орталықтағы үйінің алдына келіп, «Водовоздан» түсіп жатты. Үйден жүгіре-жүгіре шыққан бала лары қызыл шақа нəрестеге таласып, «мен аламын, мен аламын» десіп, ақыры бірі іліп əкетті. «Ақырын, қолыңнан түсіріп алма» деп ескертті жеңешесі. Бұл келістің мəнісі баласы ширағанша жылы тамда отырып, ыстық сорпа ішіп, терлеп, қалжасын бойға сіңіру еді. Онсыз да мұзды аяқ болып сегіз балалы болғанша жөндеп күтіне алмапты. Енді мынау дайын үйде, салулы төсекте еркін көсіліп, соның есесін алу... Бірақ Тыныштық күтімсіз болып, бойына дерт жамап, енді содан арыла алмай жүрген ана сияқты емес. Қайта жас босанған сайын толысып, ажарланып, жүзінен қаны тамып, көзінен үнемі мейірім шуағы төгіледі де тұрады. Қазір де солай, сонда да сақтықта қорлық жоқтың кебімен, бəрін жасап, жол сілтеп, бағыт беріп отырған Балемер екені айдан анық. Өйткені өзі ілесе келмей малда қалыпты, «жалғызының» жайын жасап, қолдағы екі немересіне баскөз боп тұрмақ қой, байғұс!.. Осы қыстауға кетер алдында кемпір салып ұрып директордың алдынан бір-ақ шығады ғой. Директор: – Келіңіз, келіңіз, – дейді қаупайлап. – Амансыздар ма? Кішкенелеріңіз өсіп жатыр ма? Елекеңдер жиі келіп тұра ма? – Шүкір, қарағым... Дін аманбыз, ақ тамға кіргелі, жүдə, көңіліміз көтеріліп қалды. Өздерің де жағдай сұрайын демейсіңдер, осы совхозды өз қолымен құрысқанымызды ескеріп, елемейсіңдер... – Апа-ау, бəрі орынды, орынды... – деп директор
Сейітқазы Досымов ыңғайсызданады. Кемпір тоқтар болмайды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мынау: тамды сатқан үйдің иесі жалқау, салақ болып шығады. Енді оны пысық Елеу сатып алғанмен өзі малда, мұрнын сіңбіруге қолы тимей кетеді. Сондықтан үйдің айнала төңірегін қоршап, албар жасап беруді сұранады. Əйтпесе шиеттей жас баланың терезесін жолдан өткен бір мас «түртіп» кетсе, олар қорқып, жүректері ұшудың аз-ақ алдында қалады дегенге саяды ғой. Директор бірден прорабты шақыртып, атақты шопан Елеу Исаевтың үйіне албар соғып, сыртын көк сырмен сырлап беруге жарлық береді. Тыныштық та келіп түсті, іле ағаш тиеген бір машина бұлардың есігінің алдына тоқтады. Кабинадан біреуі: – Исаевтың үйі осы ма? – деп сұрады. – Осы, – деді Тыныштық. Басқа сөзге келместен олар жалма-жан албарлық ағашты түсіре бастады. «Бұлар не істемек» деді де қойды. Көк дарбазалы албар екі күнде дайын болды. Тыныштық «отырмаймызына» қарамай үш жұмысшыға түстік берді. Қанша айтқанмен, жылма-жыл қорашыларға тамақ беріп, сыйлап қалған емес пе, Тыныштық бұларды да солай бағамдаса керек. Құндыз бен Жұлдыз жеңешесінің бұл келісіне қатты қуанды. Айгүлдің аяқ-басын жазып, бесікке салған соң, Тыныштық істейтін жұмыс болмай қалды. Екі қолы алдына сыймай, дүкен аралады, балаларының алдына тамағын дайындап қойды. «Тамақ істегенің дұрыс бопты» деген екі қызы жоқ. (Енесі барда Құндыз бен Жұлдыздан алты құлаш аулақ жүріп, аттарын да атамайтын-ды. Өйткені қайын сіңлісі санап, оларды Үлкен Еркежан, Кіші Еркежан дейді). – Бүгіннен кейін қазан-ошаққа араласпай-ақ қой... Қолың қышып, жан тыныштық жақпаса, ауылға қайта беруіңе болады. Апамды жіберіңіз, – деді Үлкен Еркежан (Бұл бір жағы жеңешесіне назданғаны да). – Қазан-ошаққа араласа берсін, ал мына үйдің ішін қалай ретке келтіресіз, – деді Кіші Еркежан да еркелеп. Əуелгіде Тыныштық түкке түсінбей екі «қайын сіңлісіне» кезек қарап, «осы екеуі не деп отыр» деп күлді.
Көңіл айнасы – Солай, жеңешетай... – деп екеуі қосылып, əсем қоңыр дауыспен «Жеңешені» бастады. Айдап салдым жылқымды тепсең жерге, Сіздей адам табылмас ексем жерге. Намаздыгер, намазшам арасында Асыққаннан тимейді өкшем жерге. А-а-ай, жеңеше-ай, Мінезің сенің өзгеше-ай. Тыныштық осы жолы өзінен-өзі тасып, аналық жүрегі толқып, емшегі сыздап, иіп сала берді. «Əлгінде ғана емізіп едім, уақыты болған жоқ сияқты еді». Ана емшегінен аққан сүті шып-шып көйлектен өтіп, төмен қарай сорғалап кеткенін байқамады. «Сіздей адам табылмас ексем жерге. А-аай, жеңе-ше-ай, мінезің сенің өзгеше-ай...» Бесіктегі Айгүл қыңқылдады, оны жүгіріп барып, бойы бесіктен сəл-ақ асып Сүйіндік тербетті. – Алтындарым-ау, сонда маған не дейсіңдер, – деді жеңешесі екеуіне алма-кезек таңдана карап. – Ана теңдеріңді шеш дейміз. – Кілемдеріңді шірітпей, мына қабырғаға іл дейміз. – Бары сол ғана ма, мен бір... Шеше беріңдер, іле беріңдер, сендердің қолдарыңнан қаққан кім?! Екі қызы құлындай ойнап, көмекке жеңешесін шақырып лезде-ақ үйдің ішін рет-ретімен жинап, ілетіндерін іліп, столға қоятындарын қойып, əлде де жетпей тұрғандарын қағазға жазып, жеңешесінің қолына ұстатты. «Мақұл, мақұл, табамыз», – деп уəдесін беріп құтылды ақыры. Жата бергенді қол көрмей, Тыныштық балаларының ортасында жиырма шақты күн болып, қыстауына қайтып кетті. Балемер кемпір сонадайдан көк дарбазаны көріп, «бөтен көшеге түсіп кеткен жоқпын ба?» деп қалды əдепкіде. Сосын барып келінінің айтқаны есіне түсті. Бірақ дəл мұндай етіп албар соғып береді деп үш ұйықтаса ойында жоқ еді. Сөзін жерге тастамағанына риза болып, директорға «рақмет, көсегең көгерсін, мені сыйласаң, сені халқың сыйласын» деп
Сейітқазы Досымов қойды сыртынан. Енді үйіне кіріп келгенде, тағы да біреудің үйіне кіріп кеткендей əсерде қалсын. «Құдай-ау, расымен осы жиһаздың бəрі біздің Елеужандікі, ə... Балаларының несібесі де...» – Апа! – Құлыным, жаным, – деп, жүгіріп келіп мойнына асыла кеткен Қуандықты маңдайынан шөпілдетіп сүйе берді. Биыл сумкасын сүйретіп мектепке Жұбандық барды. Бұл үйден шыққан жетінші оқушы. Бұрынғыдай емес, Балемер де ата-аналар жиналысынан қалмайтын болған. О баста бетінен басқандай болып, қатарының алды емес пе, түге... «Осылар үшін үйді сатып алып отырған жоқпыз ба осы. Енді неғылған жиналыс... Құлындай ойнап, сайрап тұрған баланы оқыта алмаса мұғалімнің өзінің соры да» деген ойда болатын. Бір күні Құндыз зорлағандай етіп ата-аналар жиналысына апарды. Апарар алдындағы əңгіме кəдімгідей кикілжіңге ұласты. Апасы: – Маған не сəн керек, осы үстімдегі ілінгенмен жүре беремін, – дейді. Құндыз: – Ол ұят болады, тəуір киімдеріңізді киіңіз, – дейді. – Е-е, менде киім жоқ деп ешкім де айтпас, қайдан сол бірін алып, бірін салып жүремін, кəне, ертіп жүрші, жиналысыңда не айтар екен, – дейді ғой апасы көнбей. Сосын Құндыз қулыққа көшеді. – Онда совхоздың директоры да болады. «Сонда «О, Елекеңнің үйіндегі апа да келіпті ғой. Кəне, апа, төрге шығыңыз, төрге» деп жанынан орын ұсынғанда, өстіп албажұлба боп қасында қалай отырасыз, – дейді. – Директордың ол жерге қатысы қанша, – дейді апасы да берілмеймін дегендей. – Директордың баласы оқымай ма екен, оның оқуын əкесі тексермей ме-екен... – Е-е, жөн, жөн, маған онда өзіңе ұнағанынан кигіз, – деп иіліп салады.
Көңіл айнасы Шырттай киіндіріп, апасын қаумалап тамам бала мектепке бет алады ғой. Жол-жөнекей немерелерінің: – Жалпы жиналыстан кейін мен өз класыма ертіп апарамын, – деп; – Жо-оқ, мен апарамын, – деп; – Иə, саған, апамды мен жібереді деп отырсыңдар ма? – десіп, өзі туралы таласып жатқанын білсе де, оған мəн бермеді. Жиналыс мектептің мəжіліс залында өтті. Құндыздың апасын ертіп келгенін көзі шалып қалған мектеп директоры: – Апаңның аты-жөнін айтып жіберші, – деді олардың көзін ала беріп Жұлдыздан. – Балемер Ысқақова. – Қазір президиумға шақырғанда ертіп əкеп, отырғызып кетесің, – деді құлағына сыбырлап, бұл мақұлдап басын изеді. Жиналысты мектеп директоры ашып, озат оқушылардың ата-аналарын президиумға шақырды, оның ішінде Балекең де жүрді. Құндыз абдырап қалып еді, Жұлдыз апасының қолынан демеп тұрғызып, президиумға қарай жетектеп ала жөнелді. Бəрі көзді ашып-жұмғанша өтті. Апасының «қой, мені қайда апарасынына» қарамады Жұлдыз. Сонымен президиумның нақ ортасынан Балемер де орын алды. Балаларының көзі тесіп «бүлдіріп алмаса нетті деп, əсіресе үлкен екі қызы қатты қуыстанды. Ең кішісі «анаң қара, менің апамды» дей беріп еді, Ұлжалғас оның үнін өшірді. Жоқ, апалары бұлар ойлағандай етпеді, жиналыстың басынан аяғына дейін қаққан қазықтай болып, ең болмаса жұрт сияқты олай-бұлай қисаймады да. Teк бір ғана: «Озат, тəртіпті оқушылар бізде аз емес... Мысалы: аға шопан Исаев Елеудің осында жеті бірдей баласы оқиды, бəрі шетінен тəртіпті, озат» дегенде ғана мойнын жанындағысына бұрып, лезде қайтып түзеліп отыра қойды. Сол отырысымен жиналысты тарқатты, екі қызы жүгіріп барып екі қолынан демеп тұрғызбаса, отыра беретін түрі бар. «Моло-де-ц, апатай»,
Сейітқазы Досымов «Апам дегендер кезінде оқи алмай қалған ғой», «Нағыз президиумда отыратын жөні бар екен» деп, қыздар алма-кезек бетінен сүйіп, бір жағы əзілдеп жатыр. Үш-төрт кластың есігін ашып, класс жетекшілерінің əңгімесін тыңдады. Бəрінің айтатыны бір сияқты. Ешқайсысы да «өте жақсы оқиды» демеді. «Жаман емес, соңғы кезде... сəл төмендеп барады, ептеп оқыса алып кететін күші бар, жалпы қадағалаған жөн...» деген сияқты болып келе береді. – Мұның бəрі осылай айтса, онда мені несіне сандалтасыңдар, мына ығы-жығы, у-шу, біздің əлгі Елеужанның қозылы қойының жамырағанындай екен, түге... Екі шекем сығып барады, шай ішпесем болмас енді, қайтайық, – деді. Класына кіріп шыққандары көңілді, класына кіріп шықпағандары көңілсіз, ұбап-шұбап үйлеріне қайтып келді. «Маған əлгінде ана бір алтын тісі бар, шашын желкесіне тоқпақтай қылып түйіп алған мұғалім: «...қадағалаған жөн» деді ғой. Мен мұның қайсысын аңдып отырамын. Одан да құдай жетесіне берсін деп неге айтпайды ол...» деген ойын сыртқа шығарып еді. – Ə-ə, ол мұғалім Ұлданның класс жетекшісі, жақсы мұғалім, – деп қойды Құндыз. Шай ішкен соң, екі шекесінің солқылдатып сыққаны басылып, жүзінен жылтырап тер көрінді. «Е-е, алла, құдай, бұл көрсеткеніңе де шүкір! Осылар болмаса ғой, мені тамам жұрт алдына кім шығарып отырғызар еді. Осы ғұмырымда көрмеген, өмірі табаным тимеген жерге де барып отырдым...» деп терісі кеңи түсті. Əлгінде екі жақты үрген желдің өтінде отырып, суық ұстап қалғанын аңғарған да жоқ байғұс! Осы уақытқа дейін бір күн демалыс жоқ. «Бір тамса да, осыларға тамса екен» деп, «осылар аш боп қалмасын, жалаңаш боп қалмасын» деп, жатса да, тұрса да осылардың тілеуін тілейді. «Бұраудың да сұрауы бар» деп, жол жөнекей көлденең жатқан бұта болса да, «тамызық қылса да» деп, іліп əкетеді. Алып келіп есік алдындағы таудай болып үйіліп жатқан отынға қосады. Əйтеуір, осыларға бола берсе екен,
Көңіл айнасы тама берсе екен... Ал өзін, өзінің денсаулығын бір сəт ойлады ма? Жоқ. Өз сөзімен айтқанда «қу жалғызы» ойлады ма екен? Елеудің бар болмысы, туды-бітті мінезі осы. Күні ертең өзі де тап шешесі құсап қартаяр еді. Егер уақыт өз сыбаға-сыйын алға тартпаса, еңбегін ешкім бағаламаса. Иə, əр нəрсе өз мезгілінде екені рас-ay! Балекең президиумда тұңғыш рет отырса, Елекең сан мəрте отырған, тіпті ана бір депутат болған жылдары үлкен жиындарға қатысып, талай өз ойын, пікірін ортаға салған, əлі де сол... Ал Құндыздардың болашағын кім болжап біліпті. Балемер кемпір қияндағы қыстаудан қол үзіп, орталыққа қоныс аударғалы да үш жыл болып қалыпты. Қазір Балекеңде бұрынғы күйгелек мінездің бірі жоқ, «осыларға бола берсін, бір тамса да, тама берсін» дегенді қойған. Немерелерімен бірге өзі де мектептен «дəріс» алып, бітелген бұлақтың көзі енді ашылғандай, үнемі түйіліп жауғалы тұратын көңіл бұлты енді ыдырағандай, алаңсыз бір өмір құшағына енген сəті еді бұл. Оның үстіне еңбегі жанып, баласы Социалистік Еңбек Ері болды. Шіркін, сондағы Балемер кемпірдің қуанышын айтсаңшы! Бүкіл совхоз басшылары құттықтай келіп отырып: – Ал, Балеке, балаң ел аузына ілігіп, Алтын Жұлдызды болды, құтты болсын! Еңбегіңізді ақтады! Немерелеріңізді де тəрбиелі етіп өсіріп жатырсыз, алды мектепті алтын медальмен бітіріп, бірден институтқа барып түсті, ол да қуаныш! Енді арманыңыз жоқ шығар! – дейді директор. Балекең қашаннан директор десе тік тұратын мінезімен: – Еңбек өзіңдікі, рақмет! – дейді. – Неге, мен Елеудің қойын бағысып, баласын оқытқаным жоқ қой, бəрі сіздің арқаңыз, – дейді директор. – Жо-оқ, өзіңнің қамқорлығыңның нəтижесі, – деп көнбейді Балекең. – Əйтпесе осының бəрі Тыныштықтың арқасы, – дейді əзілдеп парторг. – Е-е, Елеужаным болмаса, – деп қалды кемпір. Отырғандар жамырай күлісіп, бір толқып басылды. Журналист қауымның мұндай кісілерге бүйрегі бұрып
Сейітқазы Досымов тұратын қашанғы əдеті емес пе. Аудандық газеттен бастап республикалық газет-журналдан, радиодан Елеу Исаевты арнайы іздеп келушілер табылды. Əдепкіде Елекең олардың қойған сұрақтарына қысылып, не деп жауап қайтарарын білмей, талай сасқаны бар. Тағы да барлығының сұрақтары да біркелкі келеді: «Қай жылы туғансыз! Əке-шешеңіз бар ма? Қанша балаңыз оқиды? Шопандық тəжірибеңіз туралы айтсаңыз? Қай жерді жайлайсыз? Қыстауыңыз? Балаларыңыз қанша?» деген сияқты болып келе береді. Бұл бəрін бір-екі ауыз сөзбен тамамдайды. «Жағдай осы, еңбек етіп жүріп жатқан жай бар. От басым аман, қора-қопсы бүтін», – деп, жез мұртын сылап, күліп тұрғаны сол. Бірде осындай əңгіменің үстіне Жұлдыз тап болып, шыдай алмай əкесі үшін өзі жауап береді, əлденеше алған грамоталарын, медальдарына дейін жайып салады. Иса қай жылы туды, қай жылы қайтыс болды, апасы мен жеңешесінің өздерінің аттарын шетінен жіпке тізгендей етіп айтады. Сосын сандықтың түбінде жатқан əкесінің барлық документін жинап-теріп орталықтағы үйіне алып кетеді. Бұдан былай іздеп келгендерге: – Барлық документім орталықтағы үйде, сонда барып керектеріңді тауып ала беріндер, балалар біледі, – деп қарап тұратын болды Елекең. Жұлдыз əкесіне бір бөлмені əдейі арнап, оның қабырғасына «Еңбек – ер атандырады» деп үлкен əріптермен жазып қойды. Одан төмен алған күллі орден, медаль, грамоталарын, газет-журналға шыққан очерк, мақала, фотосуреттеріне дейін де қыстырылды. Əкесі мен шешесінің қағаздарын қосып тумбочкаға салды. (Екі жылдан кейін тағы бір Алтын Жұлдыз жəне қосылды). Тыныштық «Батыр ана» атанды. (Екінші қабырғаға апасының, əке-шешесінің, өздерінің ішінен оқу озаты болғандарының суреттерін үлкейтіп іліп, «Құрмет қабырғасы» деп, ең үстінен баттитып бұған да ілді. Есіктің маңдайшасына: «Исаевтар семьясының музейі» деп жазып, аузына оймақтай құлып сала салды. ...Машина сигналынан Жұлдыз тысқа жүгіріп шықты. Көк дарбазаны ұрғылап түрған совхоз парторгі екен, таныды.
Көңіл айнасы – Сəлеметсіз бе? – деп, əдеппен төмен қарады. – Елекең үйде ме? – деді парторг. – Апамды алып түнде «Водовозбен» кетіп қалған. – Қап, үстінен басамыз ғой деп едік... – Үйге кіріңіздер. – Кеше келгеніңде дəл болатын еді, герой осында жүр еді, – деп парторг мысық мұртты, жылтыр қара жігітке қарады. – Жарайды, жайлауына-ақ барармыз, – деді жайбарақат ол. – Оған машина жараса де, – деп түйілді парторг. – Жарамай тоқтап қалған жерінде жаяулаймыз да, – деді анау да өктем. – Қашан болсын «сынып тұр» деген сөзді естиміз, əйтеуір... – Əй, осы, журналистер-ай, тілдеріңді безеп... Ал кеттік ендеше... – Осы Исаевтың өз үйі ме? – деп күбір етті журна лист парторгке. – Мұнда балалары оқиды, сатып алып қойған ғой. – Балаларының өздері ғана тұра ма? – Өздері тұрмағанда ше? Үлкен шешелері бар, жетпістен асып кеткен... Журналист барған сайын елеңдеп, ойына əлдене түскендей машинаға мініп тұрған жерінен: – Үйге кіре шығайықшы, – деп өтінді. – Кіргенде не түседі, үлкен кісі болса жоқ, жайлаудан кездесесің, – деді парторг. – Сонда да болса кіріп шығайық, балалары қалай тұрып жатыр екен, білейік... – деп, журналист те қоймай машинадан лып етіп түсіп, көк дарбазаның есігін аша берді. Соңынан парторг самарқау ілесті. Үй іші мұнтаздай таза, шашау тұрған ештеңе көрінбейді. Əлгінде «Əй, осы журналистер-ай» деген сөзді Жұлдыздың құлағы шалып қалған. «Көкем туралы жазғалы жүр екен?» деп ойлаған да қойған. Енді сол журналист бөлмелерді ашып көріп, сабақ оқып отырған Қуандық пен Жұбандықты суретке түсіріп алды. Есік-аузында состиып тұрған парторг оң қол жағындағы есіктегі «Исаевтар семьясының музейі»
Сейітқазы Досымов деген жазуға көзі түсіп: «балалардың да істемейтіні жоқ. Елеуде жүрген қандан музей» деп іштей жымиып қойды. «Аузына құлып сап қойыпты тағы да...» Жұлдыз жүгіріп барып электр шайнекті тоққа тыққан. Бұлар шығуға айналғанда: – Шай ішіңіздер! – деді батылданып. – Рақмет, айналайын, атың кім? – деді журналист. – Жұлдыз! – Ой, жақсы есім екен! Ең үлкенісің бе? – Жоқ, екіншісімін... Əпкем Құндыз Алматыда оқиды. – Жақсы, жақсы... – Бұл геройдың тоғыз баласы бар, – деді парторг. – Он, – деп жымиды Жұлдыз. – Жеңешем жаңадан босанып, апамды сол үшін алып кетті көкем. – Он! Тағы бір алтын Жұлдыз босағаға оралды десеңші! – деді журналист жарқылдап. – Бауы берік болсын! Шығып бара жатып парторг журналиске есіктегі жазуды көрсетіп еді, ол қайтадан қалт тұра қалды. «Исаевтар семьясының музейі...» – Жұлдыз, мына музейлеріңді көруге бола ма? – Неге болмасын, болады, – деп, төрде ілулі тұрған кілтті алып, есіктің құлпын ашты. – Кіре беріңіздер! «Исаевтар семьясының музейінен» журналист күлімдеп, парторг қызарақтап шықты. Екеуі бірдей Жұлдызға рақметтерін жаудырып, машиналарына барып отырды. – Қандай ақылдылық! Неткен ойлылық! Бұл тамаша ғой! – деп журналист шабыттана сөйлеп, ұшатын құстай қомданып, қатар отырған парторгқа бұрылып қарады. – Расында да жақсы екен! – деп күңк етті де қойды ол. Содан бұларды үнсіздік басты, əркім өз ойымен болып, алда көсілген қыр жолынан көз алмай қадалды да қалды. Парторг: «Кеше ғана келіп едім, көрдің бе қол байлау болғанын» деп қиналса, журналист: «Исаевтар семьясының музейі, ə... Сабақты ине сəтімен болды. Очерк дайын, қазір тура мына көгорайға етпеттеп жата кетіп жазып тастар ма еді, шіркін!.. Парторг, комсоргтер осындай елең еткізетін нəрсені елемеуі, тіпті хабарсыз болуы қандай ұят!» деп толғанады.
Көңіл айнасы ...Балемер кемпір – оныншы немересі Майгүлдің аяққолын созып, өз қолымен бесікке салды. Тамылжыған май айы болған соң, Тыныштық жай үйге келмей-ақ, киіз үйдің өзін қолайлады. «Балалар əбіржіп қалар» деп, енесін ерте қайтарған. Енді, міне, келе төсек тартып жатыр. Дəрігер келіп көріп «қаныңыз тасыған» деп дəрі беріп кетті. Оны ішіп жатқан бұл жоқ. «Құдайдың ажалы келсе алар, осы уақытқа дейін аузыма салып көрмеген нəрсені енді қайдан салайын деп» бір-екі кесе ыстық шай ішеді, басқа тамаққа тəбеті тартпайды. Күннен күн асқан сайын басын көтере алмай, ауруы асқынып бара жатқан соң, Елеуге хабар жетті. Елеу совхоздан машина сұрап алып, облыстағы ауруханаға əкеп жатқызды. Мұнда ұзақ жатпады, араға ай салып, Балемер кемпір о дүниелік болды, топырағың торқа болғыр! Қайтыс болардан үш күн бұрын Елеуді қасына шақырып алып: – Түнде түсіме əкең бейшара мені қолымнан жетектеп алды да жөнелді. «Қайда əкеттің» десем, тіл қатпайды. Балнисаңнан шығарып, ертерек мені үйге жеткіз, кейін құр-бекер қиналып қаларсың, немерелерімнің алдында жатып өтейін бұл жалғаннан. Ризамын жасағанға! Сендердің алдарыңда алсын деп тілеуші едім, ол арманыма да жеттімау деймін, – деген. – Мені əкеңнің жанына қой... Асарымды асап, жасарымды жасаған адаммын ғой, текке əбігерленіп қалмаңдар! «Бұл кемпірдің арты той» деп, ағайынның өзі бас болып, сенің малыңды шашқысы келеді, текке шашылып жүрме! Елеудің көзіне дөңгеленіп жас келді. – Апа-ау! Ақылшым-ау! Өлмейсің, əлі ерте ғой!... – деді даусы дірілдеп. – Ой, балам-ay, қайдағы ерте... Балаларың қиналып қалатын болды да... – деп жатып, көзі ілініп кетті. Содан көзін ашқан жоқ, тілге де келген жоқ, сол басын көтере алмаған қалпы үйге əкелген күннің ертеңінде үзілді. Ақ жуып, арулап, өзінің тапсыруы бойынша шалының қасына қойды.
Сейітқазы Досымов Артында қызғыштай қорыған қара орманы, қабырғасы қайысқан немерелері, қарағаштай қатып замандастары – бəрі де қалды. Аналарының орны үңірейіп, немерелері көпке дейін үйрене алмай жүрді. Жетісі, қырқы өткен соң барып, өзара ақылға келсе, енді мына үйге бас ие болып отыратын адам болмай шықты. Елеудің қиналған жері осы болды. Бұрын тіпті қаперіне алмапты. Бірдеңені жапырып жатпағанымен, шешесінің от басында қалқиып отырғанының өзі арқа сүйер асқар таудай екен. – Алаңдамаңыз, көке! Өзіміздің күнделікті істеп жүрген жұмысымыз, – деді Жұлдыз салмақпен. – Жас емеспіз, апам бұрын ақылшы болса, енді жеңешем кеңесші болады. Жиі-жиі келіп, жағдайымызды біліп тұрыңыздар. Бізге сеніңіздер! Сенгенде де, сенбегенде де Елеудің басқа істейтін шарасы жоқ еді. – Өздеріңе өздерің мұқият болыңдар, сабақтарыңды босаңсытып алмаңдар, – деп, қайта-қайта табыстап, жазғы демалысқа шыққан екі ұлын қырдағы ауылына ала қайтты. Көңілі алажаңқа болып, қимас қазынасынан айрылған керуен басшысындай өн бойы күйрегендей бір күйде кетті. Əкесіне қосылып жəне екі бала кеткен соң, үй бұрынғыдан да аңырап қалды. Үрпиіскен күйі бəрі бір бөлмеге тығылып, бұрынғыдай өз-өз орнына жатуға елегізіп, бір-бірлеріне қорыққандарын білдірмей, төсекті жаппай салды. Жұлдыз түнімен түс көріп, шошып шықты. Көзі ілінсеақ ыдыс-аяқты салдырлатып, электр шайнекке су құйып, тоққа тыққалы жүрген апасын көреді. «Aпa-ay, сіз қайтыс болған жоқ па едіңіз» дейді бұл. «Тəйт, «жақсы сөз – жарым ырыс» дейді ол. «Дастарқан жасайын ба?» дейді бұл. «Апа! Ап-а...» – Жұлдыз, саған не болды, қорқып кеткенімші, – деп Ұлдан оны жұлқылап оятты. – Ұйқысырап жатырсың ба? Жұлдыз сыр бермей, не болғанын өзі де білмей, жымжырт қалды. Тағы да көзі ілінген мезетте: Апасы намаз оқып, құбылаға қарап екі қолын жайып отыр еді, əлі отыр,
Көңіл айнасы əлі... «Апа, неғып отырсыз?» дейді бұл. «?» «А-па-ау, сіз... сіз қайтыс болып едіңіз ғой, тіріліп кеткеніңіз қандай жақсы болды. Енді біз қорықпайтын болдық. Көкем мен жеңешем де бізді ойлап уайымдамайтын болды. Түу-у...» – Жұлдыз, Жұлдыз десе... – деп, енді бұл жолы Ұлжалғас оятты. – А-а, апа, – деп шошып басылды. – Мен ғой, саған не болды, – деді сіңлісі. Жұлдыз тағы да тіл қатпай теріс қарап аунап түсті. Содан ұйқысы келсейші. «Бас ие боламын, қорықпаймын» деген мықты мен ғой... Елден бұрын үрейленіп, шошып жатысым мынау...» Осы мезет əлдекім терезені саусағымен шертіп өткендей болды. Мұның жүрегі зу ете түсті, демін ішіне тартып, құлағын түре қойды. Қайтып ешкім дыбыс бермеді. Əлден соң тарстарс еткендей ме... бұл тағы да жым болды. Содан ұзақ жатты. «Қорыққанға қос көрінеді...» деген рас екен деп ойлады. Таң саз берді. Өзін ұстап, бойын түзеп, қатуланып орнынан атып тұрып терезенің алдына барып сыртқа көз салды. Түндегі «тырс-тырс» еткен талдың бір бұтағы, жел сəл «үп» еткенде, əйнекке тиіп қашып, тиіп қашып тұрған. «Қап, осыдан ба, енді осындай мінез көрсетсем, Жұлдыз атым өшсін! Апамның атынан ант беремін! Бул менің ең соңғы əлсіздігім... Ақ таң алдында басымды иіп тұрып айтатыным: «өмірімді тек ерлікке ғана бағыштаймын!» дегенде даусы шығып кетті. – Саған бүгін не болды, – деді сіңлісінің бірі. – Ұйқтай бер, алаңдама, – деп қойды оған қамқорсып. Бұлардың келе-келе бойлары үйреніп, терезе тырс етсе де үрейлене қалып, не болса содан секем алып, үрке қарап, бір-біріне тығылғанды қойды. Алғашында таңертең оқитындары ұйықтап қалып, сабақтан кешігіп те жүрді. Көптен күрделі жөндеуде тұрып, аяғынан енді тік тұрғызған Дəнбай көршілері тракторын үйдің қасына əкеп қойғалы Жұлдыздарға да жақсы болды. Таңғы жеті болмай Дəкең көк «Беларусын» дар еткізіп от алдырады. От
Сейітқазы Досымов алдырғанда əуелі «пыс-пыс» деп тұрып, «пар-р-р-п-п-сс» деп, жуық маңайдағы шырт ұйқыда жатқандарды бір оятып алады да, қайтып дыбысы шықпайды. Содан əркім үйүйінен шығып, бұған жақтырмай қарасып, жұмыстарына бет алады. Солардың бірі болып, Елеудің балалары да сумкаларын сүйретіп мектепке бара жатады. Ел түскі асқа үйіне қайтады, балалардың алды да сабақтан кеп, түстен кейін оқитындары жинала бастайды. Ал Дəнбай болса тракторының о жер, бұ жерін шұқылап, үсті-басы май-май боп, бір винтін алып, бір винтін салып, бүкеңдеп жүргені сол. Содан ымырт үйіріледі, Дəкең де қолы-басын сүртініп үйіне кіреді. Үйінде отырып, онымұны артық бөлшектерін сүрткілеп, майынан арылтып, ертеңгі күннің қамымен екі қолы қарап отырмайды. Таң сыз бергеннен орнынан асығыс тұрып, түнімен ойлап шыққандарын жүзеге асыруға құлшына кіріседі. «Пар-пар-ррр-пп-сс!» деген дауыстан жақын маңдағы көршілері жалма-жан тұра бастайды. – Ox, сағат жеті болған екен, – дейді Исаевтардың бірі апыл-құпыл жастықтан басын жұлып алып. – Тұр, тұрыңдарей, Дəнбай ағаның тракторы от алғалы қашан! – Əлі уақыт бар, сəл жата тұрайық, – дейді, ұйқысын қимаған екіншісі. – Бүгін ағаң күндегісінен де ерте тұрған ғой. – Гаражға неге қоймайды екен, елдің ұйқысын бұзып, тіпті күнімен «парылдатып» сабақ оқытпайтын болды, не онымен жүріп кеткен жоқ онысы, – дейді Ұлдан ағасын «мазақтай» күліп. – Күрделі жөндеуден өткізіп əкепті... Жұбандық десе, сен жаман оқысаң өстіп тракторыңды жүргізе алмайсың, білдің бе! – дейді Жұлдыз. – Қой-ақ қой, сен де.. – Жүргізем-ей. – Жүргізе алмайсың, жүргізе алмайсың, – еп енді бұған Амандық қыстырылады. – Кім жүргізе алмайды, сен өзің... Осы мезет екі тентек шартпа-шұрт бір айқасып басылады.
Көңіл айнасы Жаңа оқу жылында бұл үйден тағы да жеті оқушы шықты. Құндыз кетсе, оның орнын Амандық келіп басты. Биыл Жұлдыздың соңғы жылы, бұл да алтын медальдың үміткерлерінің бірі. Тек үй жұмысы, əсіресе бірінші кластағы Амандық қол байлаңқырап жүргені. Директор Пірəлі Көлбаевты шақырып алып: – Оныншы кластың класс жетекшісі қандай болуы керек? – деді бірде. Ол мүдіріп қалды. – Олар кəмелетке толғалы отырған азаматтар, ертеңгі студент, шопан, механизатор... Сондықтан «Сен қандай мамандықты сүйесің?» деген тақырыпта кеш ұйымдастыру керек, – деп директор əңгімесін жалғастырды. – Сосын Исаевтардың үйіне барып сен бас-көз болмасаң, кім бас-көз болады. Сол үйге тұтқа болып отырған Жұлдыз ғой. Демек, шəкіртіңе қол ұшын беріп, қысылғанда бір ауыз ақыл айтсаң, жас балаға ол да демеу. «...Жас балаға ол да демеу». Дұрыс-ау, ең алдымен ұстаздардың өзі бой күйездіктен арылмай болмайды екен» деген тоқтаммен Көлбаев биылғы жаңа оқу жылын жаңаша бастаған еді. Бір күні класс жетекшісіне Жұлдыз жылап келді. – Не болды? – деді мұғалім бəйек болып. – Ертаев ағай төрт қоя береді. Өзі менімен əбден ерегісіп алды, – дейді өксіп. – Менін ең сүйіп оқитын сабағымның өзі тарих еді. – Бара бер, өзім жеке əңгімелесемін. Ертаев: – Алтын жұлдыз тек Исаевтар үшін ғана емес, – дейді түсін суытып. – Жақсы оқыса не істейсіз? – Менен басқа мұғалімдердің бəрі əкесінің беделіне қарап баға қояды, – десін беті шімірікпестен. – Əкесі қарапайым еңбек адамы, атақты шопан, мұғалімдер бас иетін онда басқа қандай бедел бар? – Қой беретін беделі бар! – Кімге? Сіз осы не деп тұрсыз? – Жасы Көлбаевтан үлкен кісі еді, ашумен даусы қатты шығып кетті. – Кешіріңіз!..
Сейітқазы Досымов – Мен білемін ғой, бəрін білемін, жанды жеріңе тиіп кеткен соң, міне, сен де байбалам салып тұрсың. Ылғи көремін Исаевтың үйінен шығып бара жатқаныңды, түстігіңді сол үйден айыратын болғансың ба, жолдас Пірəлі Көлбаевич! – деп, Ертаев мұны төбеге ұрып бір мұқаттым, енді менің алдымда аяғын байқап басып, аузын бағып сөйлейтін болды деген оймен кетті. Болған жайдың бəрін директорға айтып еді, ол кісі дереу педсоветке салды. Қортындысы: Ералы Ертаев педагогқа жат мінез көрсеткені үшін есеп карточкасына жазылған ең соңғы сөгісті арқалап шықты. (Бұдан бұрын да талай тырнақ астынан кір іздеп, ең соңында осылай өзі тұтылған). * Республикалық газеттердің біріне «Исаевтар семьясының музейі» атты очерк шыққалы, бұл үйге деген көзқарас бұрынғыдан да жақсарған. Аудандық комсомол комитетінің бірінші секретары Тұрсын Тұрқараевтың өзі келіп көріп, Жұлдыздың бұл игілікті ісін аудандық газетке кеңінен насихаттатқызған. Содан бүкіл Талды ауданында жақсы бір қозғау туып, енбегімен елге танылған көптеген кісінің үйлерінен-ақ, осындай музейлер ұйымдастырылды. «Сен қандай мамандықты сүйесің?» деген тақырыпта өткен кеште: – Мені туған елімнің тарихы қызықтырады. Ұлы Октябрь революциясынан бергі уақыттың өзіне көз жіберейікші, небір ұлан асулардан сүрінбей өткен. Отанымның тарихына тек сырттай ғана қызығу аз, оны зерттеп білу үшін бүкіл өміріңді арнауың керек. Сондықтан мені тарих қойнауларынан табасыңдар, – деді Жұлдыз Исаева. «...Бір биеден ала да туады, құла да туады» деген рас. Екінші класта оқитын Жұбандықтары сабаққа құлықсыз болып шықты. Əпкелері шөкелетіп отырғызып қойып, күндіз-түні үйреткенімен миына қонбады. Оған сабақ үйретіп отырса, оның екі көзі кітап емес, терезеде, ойы Еспеде тұрады. Оған əріптер секіріп ойнап жүрген қозы-лақтай елестеп өтетін сияқты. Екі жыл бойы алфавитті жаттай алмай-ақ қойды. Əкесі келгенде:
Көңіл айнасы – Мына балаң көк ми, басына түк сабақ қонбайды, əбден ұятқа қалдырды. Екінші класқа ұялғандарынан көшіріп еді тəтелері, енді екіншісінде де табандап отыр. Үйреткенді ұқпайды, мұны не істейміз? – дейді Ұлдан ызадан жарылардай болып. – Е-е, шырағым-ау, бəрің бірдей оқып кетсең, кейін жалғыз қалмаймын ба? – деп, жез мұртын сылап Елекең күліп алады. – Əлі-ақ оқып кетеді, көндіге алмай жүрген ғой... Сендер қалай жүрсеңдер, бұл да солай жүретін болады, əлі-ақ... Жұбандық, ə... – Өздері беске оқы деп қоймайды, əйтпесе үлкен үшпен оқып жүрмін, көке, – дейді баласы жыламсырап. Мұнда күлмегенде қайда күледі, бəрі қыран-топан күлкінің астында қалды. – Бұл «Дəубасты» сабау керек, – деді біріншідегі Амандық белсенділік көрсетіп. – Сен, «бегемот», тыныш отыр, əйтпесе... – деп танауын қорс-қорс тартты Жұбандық. – Басың дəу болғанмен, сабақ қонбай шықты ғой, енді сені «қауақ бас» деу керек, – деді Сүйіндік екіленіп. – Болды-болды, «Сары шымшық», – деп, оның аптығын ағасы басып тастады. Сүйіндік тырсылдап келіп: – Кім «Сары шымшық», сен «Чебурашкасың», – деп Қуандықты иықтан салып өтті. – Өтірік пе «Сары шымшық» екенің, – деп, енді бұл Сүйіндікті бастан салып өтті. – Əне, бұл екеуінің басы піспейді енді. Көке, мына екеуін тəртіпке салмасаңыз, күндегі істейтіндері осы, – деп Ұлжалғас əкесіне шағым түсірді. – Кəне, тентек болмаңдар, – деді де қойды əкелері. Елекеңнің бар мінезі осы. Үстінен түйе ойнақтап жатса да, селт етпейді... Үйіндегі бұдан кішілері де шеттерінен тентек-ақ, малдан шаршап келіп, сəл көз шырымын ала қояйын десе, бірінен соң бірі келіп, үстіне шығып, өкпеге тепкілеп жатқанда, былқ етпейді. «Кəне, тентек болмаңдар», – дейді, бар болғаны сол.
Сейітқазы Досымов Ұлдарға қарағанда қыздар бой түзеп, ақыл тоқтатып қалған емес пе, бұлардың арасында дəл мұндай қырғи қабақтық жоқ болғанмен, өздеріне тəн «кикілжің» ұшырасып та қалады. Бұрын Жұлдыз Құндыздың оны-мұны құпиясын байқап: – Асылбек! Асылбек, – деп мазақтайтын. Асылбек Құндыздан бір класс жоғары оқитын, интернатта жататын бала. Оның əке-шешесі де шопан. Бірде осы Асылбектің Құндызға жазған хаты Жұлдыздың қолына түсіп, содан бəрі «Асылбек, Асылбек» деп мазақтайды да жүреді. Енді Құндыз студент болып кетті, «күлме досқа, келер басқа» деген рас екен. Ұлдан Жұлдыздың «секретін» сезіп: «Талғат, Талғат» деп, соңынан қалмайды. «Қой, текке арандатпа» десе де қоймайды-ау!.. Шамасы Жұлдыздың Талғатпен арадағы достықтарын өз класының қыздары махаббатқа жоритын сияқты. Соны Ұлдан естіп қалса керек. Ал Ұлдан Ұлжалғастың қатерінде жүргенін аңғармайды. Осы таяуда үйге Талғат кітап сұрай келіп еді, Сүйіндік оқты көзімен атып, оған жаратпай қарағаны бар. – Мынаның қабағы қарс жабылып отыр ғой, – деп еді Талғат. – Өзің жай келдің бе, шықшы үйден, – дегені. – Оның не, ұят болмай ма? – деп еді Жұлдыз. – Маған апам айтқан болатын, «үйге ұл келсе аңдып отыр» деп, – дегені бұрқ етіп. Ал күле... Жұлдыз күлерін күлсе де Талғаттан қысылып қалды: – Апамның еркесі ғой, – деп оның сөзін жуып-шайды. – Жоқ, мен шын айтамын, – деп ол одан сайын қиналады. Талғат кітабын алып, ақырын басып, жылыстап үйден шықты. – Жұлдыздың адьютанты мықты екен, – деп, ертеңінде балаларға айтып, мəз-мейрам болысты.
Көңіл айнасы Он бірінші перзентінде бұрынғыдай емес, аяғы ауырлап, тымау айналдырып, қайта-қайта мазасы бола бермеген соң, облыстық ауруханада Тыныштық бір айдан астам уақыт тексеріліп жатқан-ды. Соңынан əне барамын, міне барамынмен жүргенде, көмекші шопаны жəне ауырып, ол да аудандық ауруханаға түсіп, Елеу бір қолын екі ете алмай, жіпсіз байланды да қалды. Оның үстіне қолдағы Айгүл мен Майгүлден шыға алмады. Əйтеуір, екі үйлі жанға көмекші шопанның əйелі тамақ істеп, жағдайларына қарасып, əзер төтеп берді. Содан Елеу ары ойлап, бері ойлап: «Қой, болмас, бір күн демалысына екі күн қосып, мұғалімінен сұранып, Жұлдыз ба, Ұлдан ба, əйтеуір, қай қолайы келгені келіп отарды айналдыра тұрсын» деп «Водовоздың» шоферынан сəлем айтты. Бір күн əрі, бір күн бері, жеңешелеріне барып қайтпаса болмайтынын хабарлады. Хабар құлағына тиісімен, Жұлдыз үш күнге рұқсат сұрап, сол күні Еспеге келді де, көкесі осы «Водовозбен» шұғыл облысқа жүріп кетті. Бұл майдың жуан ортасы болатын. Ойдағы ел мен қырдағы елдің аяқ-басы жиналып, шаруа бірыңғайға келіп, арқаны кеңге салған тұсы. Қыр төсі құлпырып, ойдым-ойдым боп тұтаса шыққан қызғалдақтан көз тұнады, алуан шөптің жұпар иісі танау қытықтайды. Жан-жануардың кекірелеп, жондарын күн қыздырып, енді қайтып қыс болмайтындай мамырлап басып, бейжай алаңсыз күйге түскен, жайлаудың нағыз кемеліне келіп, беделінің үстем боп тұрған шағы еді. Жас төлдің бəрі өз аяғына мініп, отығып, анасының бауырында асыр салып, шопанның киіз кітапшасының тізіміне де іліккен. Бұрын əр отарда жеті жүз аналық бас болса, енді мұның төрт жүзінің соңында бір-бір қозы ілескен, демек, бұл əр шопанның алдында сегіз жүз бас мал бар деген сөз. Ал қалған үш жүз саулықтың қозысы мен жалпы туған егіздің сыңары сойылып, терісі елтіріге жіберілді. Бойдақ қой өз алдына бағылады. Биыл Елеу Исаев совхоз бойынша тағы да алдына жан салмай, əр жүз аналық саулықтан жүз жетпіс бестен қозы алып, атағы дүрілдеп тұр.
Сейітқазы Досымов Жұлдыз жайлау суреттеріне қызыға қарап, күреңді жетегіне алып қырға шықты. Отар шүйгінге тұмсық тіреген, бір орнынан жылжыр емес. «Түнге қалып қалма, жас қозы бұта түбінде жатып ұйқтап қалса, күн жарықта мал соңынан өзі-ақ жүгіріп келеді. Ал ымырт үйіріліп, қас қарайып кетсе, басының ауған жағына безіп, жоғалады. Сондықтан ауыл маңына ерте əкелгенің жөн, жер болса от... Оның үстіне ит-құс бар, сақтанып жүр...» – деп, əкесінің қайта-қайта табыстағаны есіне түсіп, өн бойы дір етіп басылды. «Қасқыр шапты дейін дəл қазір... Отар тас-талқан болып үркіп, қайыру бермей тоз-тоз болып кетсе... Бəрінен де жаңадан құйрық байлап келе жатқан ана кішкентай қошақандарға обал-ау... Олар қасекеңнің бір қылғытқанынан қалмас... Қой, оның бетін аулақ қылсын... Шынымен-ақ бір тұстан сап етті дейін... Мен де іле-шала күреңге міне салып, тебініп қалдым дейін... Қасекең менің жас қыз екенімді «біліп» қойып (үлкен мен баланы тез айыратыны рас) өзіме қарсы ұмтылды дейік... Қолымда қауқар қылар не бар? Қамшы. Жо-жоқ, болмайды екен деп, оң жақ үзеңгімді жалма жан таралғысымен суырып алып... ал кеп... ал» Жұлдыздың даусы шығып кетті. Күрең басын жерден жұлып алып, екі құлағын қайшылады. Отардың шеті дыр етіп үркіп басылды. Оны көзі шалып қалып, «шынымен-ақ келіп қалғаны ма?» деген ой оған бірден сап етті. Сосын өзінің аяқ астынан жасаған «ерлігіне» рақаттана мəз болып күлді. Ыңылдап əн салды. Түс əлетінде отарды қаққа жапты (Жаңбыр көп болған жылдары құдық суынан гөрі көбіне отар қақтан су ішеді). Кіші бесіннен отардың тұмсығын ауылға бұрды. Жұлдыздың бір күні осылай өтті. Екінші күні отарды Кемерге қарай өргізді. Кемердің қақ төбесінде бір шөкім бұлт үйіріліп тұрғанын Жұлдыз елең қылған жоқ. Отар ауылдан ұзамай-ақ шүйгінге тұмсық тығып, бір орнынан тапжылмады да қалды. Əдеттегідей қызғалдақты кешіп, қайсысын үзерін білмей, оның үстіне қонған көбелекті қуып кетейін десе, жетегінде күрең
Көңіл айнасы бар, жерден басын алмай, жүре жайылып, «пысқырып, түшкіріп» тымау тиген кісідей өзімен-өзі. Мұндай жуас болар ма, шылбыры қолынан талай шығып кетсе де, соңынан ілесе береді, əбден мал баққан кісінің ырқына көндігіп кеткен екен, жануар. Бауырынан арлы-берлі бала өтіп жатса да мыңқ етпейтін, бұрыннан танымал болған соң, иен далада сыр мінез адаммен бірге жүргендей сезінді өзін ол. Отар алды манағыдай емес, сырғақтап, бүйірлерін теңдеп алған мама саулықтар, бірлі-екі көсем серкелер оқшау шығып, суатқа бағыт алып, бастап барады. «Суаруға тым ертерек емес пе» деп, Жұлдыз жалма-жан жан-жағына барлай қарап өзімен қанаттас жатқан отарларға көз салып еді, олар да суға ойысқан екен. Малдың алдын қайырмай, соңындағы жарқабақта асыр салған қозыларды үркітіп жіберді. Күрең де əбден мөлтектеп, басын шұлғып қойып, Жұлдыздың соңынан самарқау ілбиді. Кенет оң аяғын алға аттай беріп, тартып алды. Үрейленгенінен төбе-шашы тік тұрды. Алғашында аңғармаған екен, бір қара шұбар жылан бұл басып кететін болғандықтан, жан далбасамен алдына түсіп алып сумаңдап барады. Жалма жан күреңге ырғып мініп, бұрылып кетті. Талай көріп жүрсе де жүрегі аузына тығылды. Күрең құлағын қайшылады. Жұлдыз ер үстіне жөнделіп отырып, алға көз салды. Отар Талды өзенін жиектей қуалап, суға бас қойыпты. Күреңнен қарғып түсіп, ауыздығын алып, тізгінін түріп, шылбырын үзеңгіге қыстырып, бос жіберді. Əуелі айнала төңірегіне «жылан жоқ па» дегендей сақтана қарады. Сосын көк майсаның үстіне құлай кетті. Шалқасынан жатып тұңғиық аспанға жағалай көз жіберді. Бір тұсы меңсіз, енді бір тұсы шарбы майдай... Ана жағы тұтасып Кемердің биігімен астасып, тасыған өзен суындай қап-қара боп қопарыла аударылып, төңкеріліп, барған сайын тұтасып келеді. Аспан жерге түскендей, шартпа-шұрт күн күркіреп, найзағай ойнады. Жаңбыр сабалап, бұл ойламаған жерден
Сейітқазы Досымов табиғат қатал мінез танытты. Əуелі жүгіріп барып күреңді ұстап, ер-тұрманын түзеп, ауыздығын салып, бөктердегі плащты киіп, белін шылбырмен бір-екі орап, аяқты үзеңгіге салды. Жеделдетіп малдың соңын жинастырып, айқайға басып үркітіп, əзер дегенде бетін ауылға бұрды-ау! Жұлдыз отарды суға құлатып «жұмысым осымен бітті» деп ойлап қателескенін аңғармады. Əлгінде аспанды түгел бұлт торлап, күн көзін тұмшалап, жаңбыр жауғанда барып бір-ақ жүгірді емес пе. Енді «қойдың өзі-ақ ауылға заулай береді, мен соңынан ерем де отырам» деген көңілде жүр. Баламысың деген, қашан ауыл маңына жеткенше жеделдетіп айдай беру керектігін қайдан білсін. Жаңбыр төпеп жауып, бірден ақ нөсерге айналды. Мына түрімен бүгін-ертең басылатындай емес. Қойлар ықтасын іздеп, қарайған бұта, қандым-қандымның ара-арасын қуалап, сай-саланы паналап, қайыру бермей, ырыққа көнбей, бет-бетімен жөңкілді. Ортасында шыр-пыр болып, көз жасына ие бола алмай, жаңбырға малшынған Жұлдыз есі шығып, жан дəрмені қалмай күреңге қамшы басып отарды орағытып шапқылаумен жүр. Ондағысы енді бір тұстан қасқыр деген пəлесі тисе, ең соңғысы қалғанша мойнын бұрап тастап кете беретін пəлекет дегенді ескергендегісі бұл. Арада қанша уақыт өткенін кім білген, бір кезде сай-саладан көпіршік атып, сарқырап су ақты. Дəл мұндай болады деп Жұлдыз ойламаған-ды. «Мə-ə-ə-ə» деген қозының даусы шыққан жаққа қараса... Мəссаған! Бір қозыны тасқын су ағызып барады, аттан түсіп жалма-жан соңынан жүгіргенше болған жоқ, қозы көзден ғайып болды. Енді қозы кеткен жаққа қарай жан ұшыра жүгірді, келсе... Он-он бес қозылы қойдың дəл түбінен арна алған жаңбыр суы, кəдімгі көктемгі тасыған өзендей қақпақыл атып, төмен қарай жөңкілген екен. Қырдың қиыршық бос топырағын су орып, бара-бара ендеп-тереңдеп барады. Мұны көргенде Жұлдыздың жүрегі зу ете түсті, бірден шешімге келді. Қалайда қойларды ол жерден айдап, не сүйреп шықпаса, əлгі қозының кебін
Көңіл айнасы құшары анық. Қамшымен бас-көзге сабалағанмен былқ етпеді, мəңгүрт топалаңдар... «Қазір тасқын су шайып кетеді ғой» деп, кіжінгенмен, Жұлдыз түгіл, Елеудің өзі келсе де «ұғатын» емес. Ақыры біртіндеп сирағынан тырмыса сүйрелеп, қырлау жердегі қандымды паналаған топ қойға əкеп қоса берді. Арасы елу-алпыс метрдей-ау, шамасы... Бір-екеуін орта жолға дейін сүйрелеп, енді одан əрі өзі-ақ жүгіріп барып қосылады ғой деп ойлап еді, оған ана топалаң бой бермей қайтып қашып кеткені!.. Қап! Шынашақтай қыз сол жерде отыз шақты бас үшін жанын алып-салды. Қозысын екеулеп сүйреп, «Тұшау-тұшау» деп көріп еді, оған қарайтын енелері жоқ, бəрі жай көзге екен, маңырасып, жамырасып, табысып жататыны. Жұлдыз əбден қалжырап, екі өкпесі өшіп, үстіндегі көйлегінің өрім-өрімі шықты (плащты о баста-ақ шешіп тастаған). Тілерсегі тілерсегіне соғылысып, ең соңғы демімен алға ұмтылды... Енді аяқ астынан қызып алған адамдай еліріп, елеуреп азынаған жел бас көтерсін. Талшыбықтай солқылдаған нəзік мүсінді жалмап жұтып жіберердей екпіні қатты. Жұлдыз ышқына кеп бір мама саулықтың сирағына жармасып, сүйретуге əлі кетіп: «Əлі төртеуі қалыпты, бұл не деген жуас мал, өлетінін сезіп, менің соңымнан ере берсе ғой. Тұшау-тұшау-у...» Бұл Жұлдыздың соңғы ойы еді, ең соңғы... Көзді ашып-жұмғанша болған жоқ, бес қой паналаған қандым, сосын… Жұлдыз... – бəр-бəрі бір-ақ түйдектеліп, жоқ болды да кетті! Қыр басында суға шылқып, жермен-жексен боп Жұлдыздың плащы жатты, басын ыққа беріп сол орнында табан аудармай күрең тұрды мүлгіп… ол, бəлки, иесінің қазасын сезіп, азалап тұрған шығар... Əйтеуір, көрші шопандар ат қойып, Жұлдызды іздеп келгенде ең бірінші олар күреңнің қасына келді... Иə, іштері бір жаманшылықты сезгендей состиып-состиып тұрып қалды. Күрең оларға құлықсыз жай басын бұрып қарады да, қайтып сол мүлгіген қалпына түсті. – Мына плащтың жатысынан қорқамын, – деп,
Сейітқазы Досымов – Маған мына жануардың қарасы ұнамады, – деп, – Қой, не тұрыс, тұс-тұсты шолғындап «Жұлдыз» деп айқай салыңдар, бір жерді қалқалап отырған да болар, – десіп, сабаудай-сабаудай төрт салт атты төрт жаққа кетті де, бесіншісі малды түгендей бастады. Бір кезде жел сəл саябырлап, жаңбыр пышақ кескендей тыйылған. Жоқшылар қайтып тоқайласып: – Ауылға кетіп қалмаса? – деп; – Ауылға ат тұрғанда жаяу кете ме? – деп; – Ойпыр-ай, Елекеңе не бетімізді айтамыз?! Менің жоғымды білесіңдер, көз қырларыңды салмапсыңдар дейтін болды, – десіп отарды ортаға алып санауға кіріскенде, өкпе тұстан салып-ұрып мылқау шопан жігіт жетті. Өңі сұп-сұр, көзінде іркіліп жас тұр. Қолымен ымдап, бұларға «соңымнан еріңдер» дегеннің ишаратын жасады. «Мынау бір сұмдықты білген екен» деп, аналар аттарына асығыс мініп, тебіне түсті. «Не білесің?» деп, бұлар жамырай сұрасып, үрпиісті. Ол болса басын шайқап, ыммен бірдемелерді айтты келіп, айтты келіп... Сосын басын шайқап, екі иығы селкілдеп, булыға жылады да, атты борбайға бір-ақ ұрды. Айтқандай-ақ, оның жорамалы дұрыс болды, Жұлдыздың денесі Талды өзеніне таяу Кемердің етегінен табылды. Сөйтсе, бұл да нөсердің астында қалып қойыпты. Не дегенмен көзін малмен ашқан емес пе, жаңбырдың басылуын тосып, отарын сел жүрмейді-ау деген қаңдымы бар жерге байырқалата тұрған. Содан екі күннен бері Елеудің орнына қызы шығып жүргенін ол сырттай байқаған екен. «Мынау алапатта ол не күйде жүр» деп Кемердің бір шоқысына шығып осылай көз салса... Иə, болған оқиғаның бəр-бəрін бүге-шігесіне дейін көреді, əсіресе Жұлдыздың ең соңғы жанталасқан əрекеттерін кейіннен қағазға жазып бергенде, оны оқып, жыламаған ел қалмады. Шыдай алмай: «Азар болса отыз шақты қой селге кетер, өз басыңды сақта» деп айтпақшы болып атқа қонғанымен, төте жолдың бəрі орылып, тасқын алып өте алмайды бұл бейбақ. Айналып келем дегенше Жұлдыз опат болып кетеді...
Көңіл айнасы * Сол түні жаңбырдан соң аспан шайдай болып ашылды. Көп жұлдыздың ішінен бір жұлдыз Еспенің үстіне сорғалап барып, ағып түсті. Созсаң қол, жайсаң құшақ жетпейтін дарқан дала төсінде қырдың шөбі бусанып, сары ала жаз самалмен толқынданып, құлынның жалындай күлтеленеді де жатады. Көгорай шалғынды қуалап жүре берсең, сағым ойнаған құба жон көсіліп, кеңейіп кете береді. Қыр отының ішінде изен, ебелек, жусан шөптері жаз аяғына дейін жауын суына шайылып, ашытқан нандай бұрқырап, бөртіп тұрады. Кемерден асқан соң, ол машинадан түсіп қалды да, қойлы ауылдың өкпе тұсынан тіке салды. Енді осы арадан жолбарыстың жотасындай жалданып, екі жұмыр жота жарыса басталады. Кеудесі алшақ керіліп, құлама ылдиы қусырыла жайуаттанып, ара-арасы таяқ тастам қазылған құдық-құдықты қуалай етектеп жол шығады. Əр құдық басы сайын екі жақ жотаның жақтауын қабырғалап жатқан тарамыс жолдар үстірттегі отырған шопандар қонысына алып барады. Еспе жайлауына табан тірегеннен-ақ Көлбаевтың ойына əр нəрсе түсіп, алға басқан аяғы артқа кете беріп еді. Ылдилап сай табанына түскен мезетте көз алдынан Жұлдыз кетпей, мүлдем тұрып алды. Анық қай тұс екенін кім білсін, əйтеуір, осы жылғалардың бірінде оның шəкірті – Жұлдыз қайсарлықпен опат болды. Өтіп бара жатқан уақыт-ай! Содан бері де арадан лезде-ақ үш ай өте шығыпты. Жүрегі аузына тығылып, өрекпіп кеткен соң, биіктеу бір төбенің басына шығып аялдап, жан-жаққа бой салып қарап еді, ол іздеп келе жатқан отар бұл арадан онша қашық болмай шықты. Жұлдыз қайтыс болғанда, бүкіл класс болып көңіл айтып кеткен еді. Сонда, анау бір оқшау көрінген қарауыл бар болатын, қазір соны бірден шырамытып тұр.
Сейітқазы Досымов «Мені көрген соң, Тыныштық жеңгей жылап, Жұлдызды тағы еске түсіретін болды-ау!.. Қайтіп басу айтсам екен, ə... Шіркін, өзі де Жұлдыз десе Жұлдыз еді... Бірінші кластан оқу озаты болып келе жатыр еді. Не қыласың, тағдырдың қаталдығы. – Мынау біздің Жұлдызжанның класс жетекшісі ғой, – деген дауыс оның ойын бөліп жіберді. Дауыс шыққан жаққа жалт қараса Елекең – Елеу екен. – Ассалаумағалейкум! – деп, қысыла барып қолын алды. – Əлікісəлем... Иə, Пірəлі-ау, қайдан жүрсің? – Е-е, бір шаруа болып... Ертеңгілік қалаға бара жатқан машиналардың біріне міне салып едім. Сіздің үйге арнап келемін, – деді. Не үшін екенін айтпай, іркілді. Елекең бетіне барлай қарап тұрып-тұрып: – Жайшылық па, əйтеуір? Ондағы біздің үйге соқтың ба? Балалар аман отыр ма екен? – Соқтым, соқтым!.. Дін аман, балаларыңыз жаңа оқу жылына дайындық үстінде... Ал мен болсам, Жұлдызға байланысты келдім. Өзіңіз де естіп жатқан шығарсыз, Талды аудандық Советі атқару комитетінің шешімімен мектептің алдынан Жұлдызға ескерткіш орнататын болды. – Ескерткіш! Сонда қалай болады өзі... ес-керт-кіш! – Оны уағында көресіз ғой. Совхоздың бір көшесіне Жұлдыздың есімі берілді. Ойтал орта мектебіндегі өзі отырған партасы класс бұрышында мəңгі сақтаулы тұрады. Кезінде өзі отряд советінің председателі болған 6 «а» класы енді Жұлдыз Елеуова атымен аталады. – Мен түкке түсініп тұрған жоқпын, ештеңе естіген жоқпын, ат қойғыш болсаңдар тап мына жылғаны «Жұлдыз кеткен» десе болмас па, – деді Елекең түнеріп. «Жұлдыз кеткен». «Осы арада опат болған екен ғой...» Денесі түршігіп, табан астында не дерін білмей састы. «Жұлдыз кеткен...» «Жұлдыз! Жатқан жерің жайлы болсын, Жұлдызжан!..» – Жə, үйге бара бер, шырағым. Тыныштық не дейді, əлі... Мен де отардың бетін бері қайырып тастайын. Сусындай берерсің... – деп, күреңін жамбасқа бір ұрып, тебіне түсті. Айтқандай-ақ, Тыныштық жеңгей мұны көріп жы-
Көңіл айнасы лап, қызының қылықтарын есіне түсірді. Артында қалған балаларының қатты қайғырғанын, орнының үңірейіп тұрғанын, көз жасын сыға отырып ұзақ айтты. Елекең жұмыртқадай екі үйді қатар тігіп қойыпты. Екі үйге кезек кіріп, екі аралықты үздік-создық апыл-тапыл басқаны бар, томпаңдап зыр жүгіргені бар, ұлы-қызы аралас қара домалақтар сабылысып жүр. Өздерін біркелкі киіндіргенімен, балалыққа тəн қылықтары бір-біріне ұқсамайды. Ана бір домалақ қос танауын қорсылдатып қояды. Кекіл шашы күнге күйгендей сарғыш тартқан. Самайының сорасы шығып, сүйерге жер таппағандайсың. Тете өскен тентектер бір шетінен бүлдіріп киіп жүр. Қой бағып, күн сіңген əкеден де, қора түбінде қойшы болып ойнаған, күн сүйген баладан да күн иісі шығады. Түрулі іргеден соққан салқын самал үй ішін желпіп, кеулеп барады. – Сенің кигенің ұлдың ескісі, – деп; – Иə, саған, өзіңдікі шығар... – деп; – Мазақтай береді, апа, – десіп, аяқ астынан екі «батыр» шекісіп қалып еді, үшіншісі арашаға келіп түсті. Жеңгеніне дөң айбат шегіп, күш көрсетіп, жеңіліп қалғанын жұбатып алып кетті. Бұлардың даусынан бесіктегі сəби дыбыс беріп, қыңқылдады. Оны жалма-жан əлгі «жұртта» қалғаны келіп тербетті. Ата-анасы балаларының бұл «жанжалын» елең қылған жоқ. Өз шаруаларын жайлап, жайбарақат жүр. – Айналайын, сенің атың кім? – деді бұл қарап отырғанша ермек болсын деген оймен. – Майгүл-л... – Ана бөпенің аты ше? – Жұлды-з-з... – Қалай, қалай? – деп елең етті бұл. Сөзі түсініксіз, ары кетсе үш жастан аспайды-ау!.. Осы мезет үстеріне Елекең келіп кірді. Пірəлімен қатарласа шынтақтай жатып: – Ол біздің Жұлдыз деген қыз болады. Жеңгең таяуда босанған, – деді жез мұртын сылап. – Осында ат қоямыз деп бүкіл ауыл болып «қырылып» қала жаздаған жоқпыз ба? Ақыры Ұлдан жеңіп шықты (Ұлдан Жұлдыздан кейінгі сегізінші класта оқитын қызы). Мен айттым «Орынба-
Сейітқазы Досымов сар» болсын деп, шешесі де келіскен. Ауылдастар: «Əлия Молдағұлова сияқты ерлік жасады, Əлия қояйық» деді, ақыры балалар жағы жеңіп шықты. – Ұлдан өте тауып қойған екен!.. – Неге, бəрібір əрқайсысының өз орны бөлек қой, деп Елекең мұның сөзін жаратпай, бөлді. – «Бір тоқтыға бір түп жусан артық бітер» деген, шырағым. Əр баланың өз несібесі болады... – Дұрыс қой, Елеке... Құндыз біле ме?.. – деді əңгіменің ауанын өзгертіп (Ол Алматыдағы мединститутқа түскен-ді). – Естірткеніміз жоқ əдейі... Оқуына кедергі жасамайық дедік. Күтіп отырмыз. Бүгін-ертең жазғы демалысқа келу керек. Орталықтағы үйге де білдірмеңдер деп айтып қойғанбыз. Кім біледі, жүрегі сезіп қоймаса болар еді, не болса да көз алдымызға келіп естісе дейміз де... Өзі бауырмал-ақ... Жұлдыз екеуі тете өскенмен бір ұрысқандарын естімедік... Кейінгілері де сол ғой. Тіпті Қуандық, Сүйіндік, Амандықтар да сол, айналайындарым! Елекең аузына оралған əр баласының атын атап, түсін түстеп, «Атадан алтау тусаң да, бір жалғыздықтың бары рас... Он үш құрсақтан қалған жалғыз мен ғана. Өлгенше өгіздей өрге сүйреп, мені осы жағдайға жеткізген апам ғой, апам! Апа-ау, Жұлдыз немереңіз біздің маңдайымызға сыймай кетті, қапыда айырылып қалдық. Қасыңда жатыр, «табыстыңыздар» ма? Өзі өлгенмен тіршілікте аты қалатын болды. Өзіңіз көп мақтай беретін мұғалім есіңізде ме? Кезінде əке-шешесімен көрші отырып едім, жақсы кісілер еді, əкесіне тартып туған бала екен» деп аузыңыздың суы құрып айтып отырушы едіңіз ғой... Сол Пірəлі Көлбаев деген ұстазы бүгін арнайы келіп, бір хабар жеткізді. Тыныштық екеуміз қатты ойланып қалдық... Ана жақта балалар да естіп жатса керек... Айналайын үкімет пен партия адал атқарған ісіңді көрмей қалмайды екен, ризамыз! Бірақ не керек, Жұлдызжанның көз алдыңда құлындай ойнап жүргені бізге қызық еді де. Айтпақшы, тағы бір немерелі болдыңыз, Жұлдыздың атын жаңғыртып – Жұл-дыз-з койдық...» деген ой ағынымен жатып көзі ілініп кетті.
Көңіл айнасы * Түс қайтқанға дейін аспан ашық еді. Суатқа құлаған отар қайтадан өріп, өріске шықты. Тас төбеден шаншыла қадалған күн көзін батыстан желкемденіп көтерілген жел ашық аспан күмбезіндегі ақ жабағы шарбы бұлттардың араарасын кіріктіріп, қалыңдатып, тұтастыра жапты. Түксиіп келіп-келіп қаңылтыр шатырдың үстіне тас домалатқандай күңгірлей күркіреген аспан əлемінің өн бойы қақырап, сетінегендей болды да, тасыр-тұсыр жаңбыр жауды. Бара-бара құйып кетті де, соңы ақ жаңбырға ұласты. Тыныштық жеңгей балаларын үйден шығармай, құрғақта кіргізіп алған баялышты темір пешке көмейлете тығып, Елекеңе су киімдерін кептіріп, жаңалап беріп тұрды. Қатар тігілген екі үйдің ішін бірдей сел суы алып, оған кетпенмен қыршып арықша салып, бағытын өзгертіп, туырлық-туырлықтан сорғалап сары ыс аралас тамшы тамып, оны ішінен құрықпен түрткілеп, іркіліп тұрған өлі суларды ағызып, əбден əуреге түскені. Пірəлі де қарап қалмады, жеңгейдің қолынан жұмысын алып, қолғабысын аяған жоқ. Бір кезде су сарқырағандай болды. Құлағы қағыс естіген шығар деп қалып еді, онысы бекер болды. – Бұл не сарыл? – деді жеңгейге. Тыныштық жеңгей күрсінді. – Бі-з-дің Жұлдызды жұтқан тажалың... осы, – деп кеудесін қысып келген долы бір күш жас болып көзінен сорғалады. Бұл жердің жаңбыры үнемі қатты болды, сырын білмеген адамға алмағайып, ажалынан үш күн бұрын жуадай солдырады. Пірəлі атып тысқа шықты. Мана қорада байлаулы тұрған қарагер атты көрген. Сабалаған жаңбырды елемей, аттың байлауын шешіп алды да, қарғып мініп Елекең жүрген жаққа құйғытып ала жөнелді. – Е-е, жайшылық па? – деп, Елекең оның бұл келісінен шошып қалды. – Жай... Егер отарыңыз ығып кетеді демесеңіз. Жұлдыз кеткен сайды көріп қайтайықшы, – деді. Елекең қой ішінде басын ыққа беріп тұрған күреңге
Сейітқазы Досымов қарай үн-түнсіз жүре берді. Келіскенін біле қойды. Атқа мініп жатып: – Тездетіп барайық та қайтайық. Мына топалаңдарға сенім жоқ, ана суға біреуі бастап түссе, қалғаны түгел соңынан еріп, қайыру бермей кетеді. «Қой аузынан шөп алмас...» депті ғой біреулерді. Сонда момындығына бола айтса керек, – деді. Жаңбырлы иен даламен Жұлдыз кеткен сайды бетке алып екеуі ат қойып келеді. «Ой, бауырым, ой, бауырым...» деген сөз еріксіз лықсып кеп Пірəлінің көмейіне кептелді де қалды. Бірақ сыртқа шығармауға тырысты. Əне-міне дегенше, жетіп-жетіп келді. Денелері қызып қалған жарау аттар ойнақшып, ауыздығымен ойнайды. – Міне, бі-з-дің... Елекеңнің жүзін жуған көз жасы ма, жоқ, жаңбыр суы ма, əйтеуір, мөлтілдеп тұрып-тұрып үзіліп түсіп жатыр... Сарқырап аққан, дөңбекшіген, бүктетілген, ақ көбік шашқан сел суына қарап тұрып жүрегің шіміркенеді. Бір қараған соң қайтып көруге беттей алмайсың. Бұл, бəлки, Жұлдызды еске түсіріп тұрғандықтан да болар. Ат басын тез бұрып, келген іздерімен желе жортып кетті. Екеуі де қайтып бір-біріне тіл қатқан жоқ. Бұл аймақтың тағы бір ерекшелігі, сол түні жаңбырдан соң аспан шайдай болып ашылады. Жұлдызды сел алып кеткенде де тап осылай болған еді. Жыпырлаған, жымыңдаған жұлдыздарға еріксіз көзі түсіп, Пірəліге соның бірі Жұлдыздай болып елестеді. Ол күн шықпай үлкен жолға түсті де Кемердің құлама құзына дейін келді. Жартасқа шығып, түндегі қонып шыққан үйіне қарады. Елекең қойын енді өргізіп барады екен. Қайырлы таңның шұғыла шуағы түсе ауыл-аймақ жабыла ояныпты. Таңғы дауыс алысқа жетеді деуші еді. – А-а-а! А-у-у! Заңғар-заңғар жақпар тастар жаңғырықты. Одан соң қимастықпен қолын бұлғады. Елекең де костюмін бұлғады... Бақса, созыңқы отарының соңын үркітіп барады екен ол.
Көңіл айнасы ҚЫРДАҒЫ «ҚЫЗЫЛ ПРЕСНЯ» I Рас, сол жыл мүлгіп жатқан жалпақ даланы дүбірге бөлеп, дүр сілкіндіріп жіберді. Ел ішінде: «Тың, тың игерушілер...» деген сөз гулеп тұрды. Осы дақпырт Ақмоладан шалғай қоныс тепкен, ат төбеліндей Шалқарға жеткелі де біраз болған еді. Халық бұл жаңалыққа елеңдесіп отырғанда, марттың орта шенінде шана үстіне вагон қондырып сүйреткен «ДТ» тракторы ауылды басына көтеріп «арылдап» келіп, кеңсенің алдына тұмсық тіреді. Вагоннан төрт-бес бейтаныс кісі қарғып-қарғып түсіп, совхоз кеңсесінің есігіне беттеді. Есіктің жабық екенін көріп, өзара ақылдасқандай жаяу борасынға жон арқаларын тосып, темекілерін тартып, біраз тұрып қалды. Дəл осы кезде, бұл жолаушыларды кешеден тосып жүрсе де, дəл керек кезде орнында болмағанына əрі өкініп, əрі қысылып, Қабыл да бір тұстан екі өкпесін қолына алып жетті-ау. Жағалай қол беріп: «Келулеріңізбен! Мен бір болмашы нəрсеге қолым байланып қап, ұсталып қалғаным... Кешіріңіздер!» – деп, есікті ашып, құрақ ұшты. – Атым – Қабыл. Осы совхозда бухгалтермін. Фами лиям – Көлбаев. Жергілікті қазақпын. Шаруашылық негізінен малмен айналысады. Ептеген егініміз де бар, – деді жұртты төрге оздырып жіберген соң əңгімесін жүйелеп баяндап. – Иван Павлович Кольцов, – деп таныстырды өзін орта бойлы, қапсағай келген орыс жігіті. Сосын сəл езу тартып, күлген болды. – Əлі бұйрық берілмеген директормын. Мына жігіттер де мен сияқты, бірі бас инженер, екіншісі құрылыс инженері, үшіншісі бас бух галтер, төртіншісі бас агроном болып кете барады... Бірақ совхозының əлі орыны да жоқ! Отырғандар көңілді күлісіп қалды. – Бізде жер жетеді, ортасынан ойып аласыздар əлі... – Жол ауыр, күн суық екен, шаршап қалдық... Қонақ
Сейітқазы Досымов үйлеріңіз бар ма? – деді «директор». – Жұмысты ертең ертелеп бастармыз... – Бар, – деді Қабыл көңілдене түсіп. – Бар болғанмен оған бүгін бармай-ақ, бізде мейман боласыздар, дайындалып отырмыз. Кəне, жүріңіздер... Жігіттер бір-біріне қарасты. Танымайтын, білмейтін, ғұмырында табаны тимеген жерлері бұл. Қазақстан жайына сырттай қанық болғанмен, ешқайсысы күні бүгінге дейін қазақтың табалдырығын аттап, үй иесінің қолынан дəм татып көрмепті. – Мен бармаймын, – деді болашақ бас агроном бірден. – Осы кеңседе-ақ түней саламын. Ақыры айтқанында тұрды. Ол жалғыз өзі қалды да, қалғандары Қабылдың соңынан ерді. Үйі кеңседен қашық емес болатын. Лезде-ақ келді. Жатаған төрт бөлмелі үйдің түкпіріне қонақтарды оздырып, Қабыл өзі дəлізде іркілді. – Рəтай, тамағың дайын ба? – деп сұрады. – Дайын. Екі күн күткен қонағың осы-ақ па? Жоқ, тағы бар ма? – Енді бір кісі бар, кейінірек келеді, – деп, Қабыл жымиып қойды өзінің ескі əдетімен. – Мен бір аудан, не облыстан келетін көп кісілер екен деп шашылып жүрсем, кіл бір жалданып үй салатындарды жиып əкеліпсің ғой, – деп Рəтай күңкілдеп қалды. – Бұл кісілер Москвадан келгендер... Ертеңнен бастап осы бізге таяу арадан жер алып, тыңнан совхоз құрады. Келешекте мына бос жатқан даланың бəрінде сыңсыған ақ бидай өсетін болады. Бірдеңкені біліп айтсайшы, əуелі!.. – Е-е, манадан сүйдемейсің бе!.. Мен қайдан білейін?! – деп Рəтай енді жазылып сала берді. Жайраңдап жүріп, дастарқанды жайды. – Əлгі кісің қашан келеді? – деп əлсін-əлі ретін тауып сұрап қояды. Шай ішіп, қуырдақ жеген соң, бəрінің арқа-бастары кеңіп, шекеден жіпсіп тер шықты.
Көңіл айнасы – Хозяйкам маған ұрсып отыр, – деді осы мезет Қабыл шай құйып беріп отырған келіншегіне қарап. Қонақтар етек-жеңдерін тез жиып, түзеле қойды. – Ұрысқанында мəн бар. «Ана кеңседегі жігітті жалғыз тастағандарың не? Ұят емес пе? Ертіп келіңдер!» дейді, – деді Қабыл. – Иван Павлович, менің əйелімнің айтқанын орындасақ қайтеді? Екеуміз барып, ертіп келейік. – Мақұл! Екеуі орынынан тұрып, киіне беріп еді, қалғандары да өре түрегелді. – Бірге барамыз. – Бой жазайық. – Темекі тартсақ қайтеді, – десіп, ақыры бəрі қайтадан кеңсеге келді. Келсе, азынаған бөлмеде болашақ бас агроном бухгалтердің столының үстінде бүрісіп, ұйықтап жатыр. – Тұр! Ол жалма-жан атып тұрды. Жүздері жарқын, көңілді достарына таңырқай, қызыға қарап қалды. – Бізбен жүремісің, жоқ осылай жата бересің бе? – Тоңып қалдым. Не деген суық еді! – Тоңсаң жүр! Шай қайта жасалды. Бас агроном да лезде-ақ «қатарға» ілікті. Кешікпей ет те дайын болды. Қойдың уылжып піскен басын Иван Павловичтің алдына қойып: – Біздің халқымыздың дəстүрі бар, ең сыйлы қонағының алдына бас тартады. Бүгін «тісі» жоқ директор болғанмен, ертең бұйрық жазылған соң күшіңе мінесің, бар билікті қолыңа аласың, сол кезде қарамай кетіп жүре ме деп, алдын ала жағымпазданып жатырмын, – деп күліп жатыр Қабыл. – Елдің салты ғой бұл, бəрін де үйреніп алып, өзімізге жол бермей кетесіңдер əлі-ақ. Иван Павлович не істерін білмей, басты қолына ұстап, қатты састы. Рəтай бəкі ұсынды. Жолдастарына қарап еді, олар да иықтарын қиқаң еткізіп, білмейміз дегендей сыңай танытты. – Қабыл Кулбаевич! Рақмет! Мынаны өзіңіз алыңыз!
Сейітқазы Досымов Мұның есесіне бесбармақтың түбін түсірейік. Рақмет! – деп басты қайтып берді. Қабыл бастың құйқасын кесіп жағалай таратып берді жəне оның ұсыну тəртібін айта отырды. – О-о, енді білдік! Екіншілей есте болатын болды, – деп қонақтар мəз болысты. * Ертеңіне бəрі кеңсеге жиналды. Совхоз басшылары жиналысқа кеткен еді, ауданнан оралмапты. Ақылдаса келе Қабыл жол көрсететін болды. «ГАЗ-69» машинасымен алдын ала белгіленген жерге келіп, ұзақ жүріп, айнала төңіректі шолғындады. Жаңа шаруашылықтың жерінің орналасу картасына шұқшиысты. Картада көрсетілгеніндей, су көздері мен жергілікті құрылыс материалдарын өндіруге арналған шикізат қорын байыптай келіп «Нар тəуекел! Əкел қазықты!» – деді Иван Пав лович. Өңі бір қызарып, бір бозарып, жүрексініп те тұрған сияқты. Совхоздың аты жазылған төрт бұрышты қайың қазық тоң жерге ендей кірді. Қай тұсынан қарасаң да «Краснопреснен» совхозы деген жазу сонадайдан көзге шалынады. – Ал, совхоздың өмірге келуімен құттықтаймын! – деп Қабыл Иван Павловичтің қолын күлімсірей қысты. Ол жаңа совхоздың ертеңін ойлағандай үнсіз, толқып тұр екен. – Мен əлі толық күшімде емеспін ғой, – деді Иван Павлович. – Бұйрық жазылған жоқ. Тұрғандар да қоса күлісті. Бір тұстан бұлардың жүріп өткен ізін қуалай шана үстіне вагон қондырып сүйреткен трактор да екі иығынан дем алып жетті-ау. Күнұзақ суық сорып, жел өтінде дірдек қағып бəрінің əбден мазалары кеткен-ді. Пешінен от маздап тұрған жылы вагонға кірген соң барып, ажарлары кіріп, көңілдене түсті. Жаңа совхоздың алғашқы ресми актісі – №1 бұйрық жарық көрді. Бұйрық: «Совхоз директоры И. П. Кольцов 1954 жылғы 16 марттан бастап өз міндеттерін орындауға кіріседі».
Көңіл айнасы – Пах-пах, өзіне-өзі бұйрық жазған қандай жақсы, ə! – деп, жұртты күлдірді көпшіліктің бірі. Иван Павловичтің өзі ғана күлген жоқ, манағыдай бір түрлі ойланыптолғанып тұрды. * Шалқарға тың игерушілердің алғашқы тобы ымырт үйіріле ілікті. Жаңалық жерде жата ма, кешелі-бүгін жергілікті тұрғындар құлақ түріп отырған, бəрі үйлерінен жүгіре-жүгіре шықты. Қауырт келгендер ішінен совхоз дың алдын ала жасаған дайындығына көңілдері толмай, айғай шығарғандар да болды. – Өңменіңнен өткен қақаған суықта мына даладай «ат қораға» қалай жатамыз?! – десті. – Жататын төсек-орын, көрпе-жастық, простыняға шейін бас-басымызға берулерің керек. – Тап ертеңнен бастап подъемный бермесеңдер көресіңдер, артымызда жылап қалған бала-шағамыз, шал-кемпіріміз бар, соларға шұғыл ақша жібермесек болмайды, – десіп, даурығысып жатқандар да бар. Директор саспады. – Сендер курортқа, санаторийге келген жоқсыңдар, тусырап жатқан қу медиен далаға келдіңдер. Осы даланы түлетіп, тың жерді игергенде барып, қолдарыңды жылы суға малып, молшылыққа кенелесіңдер, – деді ол байсалды үнмен. – Барды қанағат тұтыңдар. Жүре-келе бəрі дұрысталуға тиіс. Осы топтың ішінен Кенжетай анау бір шетте мына даурығысқандар тобына қосылмай, үн-түнсіз тұрған дембелше келген ақ сары жігітке іш тартты. Жай басып, қасына барып: – Інім, амансың ба? Ұлтың не? Қай жерліксің? – деді қолын ұсынып. Анау қысылып, қазақ кісінің не деп тұрғанын мүлдем түсінбесе де, ыржиып күліп, қолын соза берді. Екеуі қолдарын қыса сілкілеп, сəл-пəл іркілді. – Сенен ұлтыңды, қай жерден келгеніңді сұрайды, – деді ауданнан келген уəкіл.
Сейітқазы Досымов – А-а, мен бе, орыспын, Александр Савельевич Коротков, – деді жас жігіт. – Мен осы жердің туды бітті қазағымын, – деді Кенжетай. – Сен жатақхананы қайтесің, одан да біздің Рыскүл жеңгеңнің шайын ішіп, бой жылытпаймыз ба, жүр. – Саған біздің үйге жат деп тұр, – деді уəкіл. Коротков иығын қиқаң еткізіп, таңдана қарады. – Пəтер ақысы қанша екен? – деді уəкіл. Ептеп емісеміс орысшаға түсініп қалатын Кенжетай мына сөзден кейін Коротковты қолынан сүйреп ала жөнелді. Жолжөнекей: – Маржа бар? – деп қойды. – Жана-а?.. Александр тосыннан қойылған сұраққа аяқ астынан не дерін білмей, мүдірді. Үйленгенмін дерін де, үйленбегенмін дерін де білмеді. – Не женатый еще! – дей салды. Аузынан қалай шыққанын өзі да аңғармады. Екеуі майда қадаммен жүріп отырып, ауыл шетіндегі жатаған үйдің есігін ашты. – Рыскүл, а, Рыскүл, – деп Кенжетай ішке дауыстай кірді. – Қонақты қарсы ал, ұзақ жолдан қажып келді ғой. Есімі – Əліксандр. Аяғының ұшынан басып жүріп, келіншегі лезде-ақ самаурынға шоқ салып, шайды бож еткізді, дастарқанды жайып тастады. Көптен ат ізін салудың орайы келмей жүріп, аяқ астынан, күтпеген жерден келіп қалған қайнысын қарсы алғандай Рыскүл ағынан жарылды. – Картоптың килосы қанша? – деп сұрады шай үстінде Коротков. – Кило-пилоңды білмейміз, адал еңбек сауған халықпыз, – деді Кенжетай. – Көктемде де қар суырып тұрғаны қалай? Москвада қазір жылы. – Е-е, бізде өмір бойы осы ғой. Қайта биыл түске дейін мүйіз, түскен кейін киіз боп тұр ғой. Нағыз қыстың өзін көресің əлі...
Көңіл айнасы Бір-бірінің тілін түсінбесе де, іштей ұғысты білем, қайтып көп сөзге келмеді. Коротков ерте тұрып, сыртқа шығып ауыл маңына көз салды. Назарға ілігер ештеңе таппады, тақтайдай жазық дала көсіліп жатыр. Мезгіл марттың ортасы болса да ақ қар жамылып, көк мұз жастанып, күн қызуына жылы шырай танытар түрі жоқ... Өне бойы түршікті, қонған үйіне қарай кең адымдап барып, кілт іркілді. «Қондырғаныңа рақмет! Ендігім ыңғайсыз болар. Кешегілер не күйде екен, əйтеуір, жым-жырт болды. Соған қарағанда жатақхана жамбасқа жайлы тиді білем. Қой, соларға барып, мен де өз күнімді көрейін» деп енді жатақхананы бетке алды. Осы кезде: – Ау-у... Əліксандр, – деген дауыс ту сыртынан шықты. Жалт қарады, қора сыртында мұның келер жолын манадан тосып тұрған Кенжетайды көрді. – Сен қысылмай-ақ біздікінде бол, бір асым етті сен үшін емес, өзіміз үшін асамыз. Қашан баспаналарың бітіп, оң қол, сол қолдарыңды танығанша жүре бер... Мен де тракторшымын, сендер келгелі ойым бұзылып жүр... «Қызыл Пресняға» қоныс аударам-ау, əсті... Інім, тың бороздасын екеуміз тартамыз, ішіңде болсын... – деп түсіндірген бұған. Ертеңіне тың игерушілердің тағы бір тобы келді. Алаулатып, жалаулатып автоколоннаның маңдайшасынан асыра «Тың игеріледі!» деген жазуы бар қызыл плакат ілінген.
Едем мы, друзья, В дальные края. Станем новоселами И ты, и я!.. – деген əн бүкіл көсілген кең далаға жайылып, бойларында күш-жігерлері тасыған кіл өрімдей жастар машинадан дабырласа түсіп жатыр. Ішінара жігіт ағасы болып қалғандар, орта жастағы кісілер де қылаң берді. Жаңа қоныстанушылардың дені Москваның Красно-преснен ауданынан болғандықтан, совхоз да осылай аталған-ды. Олар ошарыла бірден совхоз «орталығына»
Сейітқазы Досымов аттанды. Келе əуелі дайын тұрған он шақты вагон мен төртбес құрулы шатырға орналасты. Сыймағаны Шалқардағы жатақханаға, уақытша жергілікті тұрғындардың үйлеріне тарап, жататын болды. – Жолдастар! Жұмысты неден бастау керек? – деді директор шыңылтыр аяз бет шымшыған мидай далада, көпшіліктің ортасында тұрып. – Жылы орнымызды, ыстық ұямызды қиып келген соң, жұртты елең еткізетіндей еңбегімізбен көрінуіміз керек пе, жоқ па? – Əлбетте! – Сол үшін келдік емес пе?! – деген дауыстар əр жерден шықты. – Əне, қараңыздар, – деді директор оң қол жағын нұсқап, – анау үйіліп жатқан құрастырмалы үйлер, бүгінертеңдер тағы да əкеліп қалар... Сондықтан балта ұстап, шегені түзу қаға алатындарың бірыңғай шығыңдар. Шоферлар да, тракторшылар да жеке бөлініп тұрсын... Топ үшке жарылды. – Біз құрылысшылармыз! – Біз шоферлармыз! – Біз тракторшылармыз! Сапта тұрған солдаттай дауыстары иен даланы жаңғыртты. Иван Павловичтің көзіне жас келіп қалды. Өн бойы шымырлап басылды. – Ендеше, құрылысшылар, өз іштеріңнен бригадаға бөлініп, бригадирді өздерің тағайындаңдар! Құрылысшы инженерлерің орталарыңда, міне, менің қасымда тұр, енді іске кірісіңдер! – деп бір істің басын қайырды. – Ал, механизатор жолдастар, қолда бар бес «водовоз», екі «ДТ-54» жүретін болсын. Он бесің аудан орталығынан жаңа техника əкелуге барасыңдар! Қалғандарың қара жұмысшы бола тұрыңдар... Қалай десе де, құрылыс материалы тым тапшы. Не істеу керек? Өзара ақылдаса келе ағашты өздері дайындайтын болып шешті. Жергілікті тұрғындар орталықтан жетпіс бес шақырымдай жерде ит тұмсығы өтпейтін тоғай барын, өздері де ағашты содан алатынын айтқан соң, ди-
Көңіл айнасы ректор бас боп алдымен өзі көрмек болып, жолға шықты. Ауа райы ашық, күндегіге қарағанда күн сынық мінез танытып тұрды. Айтқандай-ақ, ағаш кесетін жерді белгілеп, ертеңнен бастап арнайы бригада ұйымдастырмақ оймен Иван Павловичтер кері қайтты. Əудем жер жүргеннен соң, ескі «Газ-69» қақалыпшашалып тұрды да қалды. Шофер ары шұқылап, бері шұқылап ештеңе шығара алмады. Отыра бергенді жөн көрмей, шоферға: «Сен жөндегеніңше көр, қолыңнан келмесе орныңнан жылжыма, барған соң трактор жібереміз», – деп ескертіп, құрылысшы инженер мен дирек тор жаяулап тартты. Алғашқыда қарқындары ширақ, біраз жолды өндіре жүріп тастағанмен, келе-келе алға басқан аяқтары кейін кете бастады. Бусанып, қалың киімдерін ауырсынды. Жалтақтап артқа қарайды, машина көзден ғайып болыпты. Алға қарайды, жып-жылмағай, айнала төңірекке көз тігеді, тақтайдай теп-тегіс, ақ көрпесін бүркене түсіп, бұйығы жатыр. Қыбырлаған бір нəрсе байқалмайды, тек екеуінің ғана жүрегі дүрс-дүрс соғады, əйтеуір, бірімен-бірі септесіп, алға қарай ілби берді. Күн қызарып батты. Манағыдай емес, нағыз «шағырмақ аяз, шарт мінез» үстемдік алды. Басында тоғайға барғандағы жолдың сұлбасымен машинаның ізін қуалай жүріп отырған. Енді ымырт үйіріліп, қас қарая одан көз жазып қала берді. Ай əлі тумаған, жұлдыздар аяздан қаймыққандай шүпірлеп, тым шығандап шығып кетіпті. Не электр жарығы көрінер емес, не бейсауат жүрген машина гүрілі естілмейді. – Иван Павлович, енді қайттік?! – деді құрылысшы инженер. – Саспа, əлі-ақ совхоздың үстінен түсеміз. Тек аяқ астынан бораны көтеріліп жүрмесін де... Біздің шофер да тəжірибесіз біреу болды ғой, əйтпесе ендігі бізді қуып жететін реті бар еді... – деп директор əлде де үмітін үзбей артына бұрылып ұзақ қарады. – Көрінбейді... Сен ол шоферды танисың ба? Маған ұсынған сен емес пе едің?
Сейітқазы Досымов – И-ə-ə, мен едім... Танитын едім, екеуміз бір селодан едік, – дегенді зорға қиналып айтты инженер. – Сен, немене, шаршап қалғансың ба? – Жо-о-қ! Əлі-і т-ың-мы-н... – Ол жол сорабынан шығып, аяқтарының шалынысқандарына қарамастан, мұрты бұзылмаған қарды омбылап, жолды тыңнан бұзып, төтесінен салмақ болды... Директор əлден соң артына бұрылып қарап еді, қарайған тірі пенде көрінбейді, жер жұтқандай бəрі тып-типыл. Жүрегі зу етті. Сумаңдаған жаман ой өн бойынан электр тогындай жүгіріп өтті. «Қасқыр жеп кетпесе игі». Қауқар қылар қолында қаруы жоқ болса да, кері бұрылды. Бірталай жер жүрген соң солға бұрылған ізді анық байқады, жүрегін тоқтатып бажайлап, алға көз тігіп, тың тыңдап сəл тұрды. Дəл осы кезде жердің астынан шыққандай құмығып «Иванн-н!» деген дауыстан селк етті. Дауыс шыққан тұсқа өзінөзі ұстап, нық басып барды. Инженер етпетінен құлаған екен, омбы қардан көрінетін емес. Жалмажан иығынан тартып «Тұр, тұр!» – дейді бұл. Онда естір құлақ болғанмен, сөйлеуге иегі жуыспайды, өне бойы дел-сал, жинап ала алмайды. Амалы таусылып, тұрып-тұрып «екеуміздің белдігімізді байластырсам, сөйтіп, оны шалқасынан жатқызып, екі қолтықтың астынан алсам...» деген ақылға келді. Екі белдік қысқалық жасағанмен, амал бар ма, еңкейіп, жалғыз қолдап сүйретуге тура келді. Осылай оны біраз жер сүйреледі, өзі де əбден қалжырап, буын-буыны дірілдеп, аяғы тайғанақтап тіреуден қалды. «Ойпырмай, кіші бесіннен бері қалайша елу шақырым жер жүрмедік екен, ə... Əлде жолдан ауытқып, бағытымызды өзгертіп алдық па екен, ə... Ең болмаса араға бір ай салып та өлмедік-ау!!! Естіген елден ұят-ты... «Білмейтін жердің ой-шұқыры көп» деп еді осында бір қазақ... Ол да тракторшы, Кенжетай Алпысов. Сол айтып еді-ау!. Е-е, и-е-е...» Бар күш-жігерін салып, инженерді мықшита тарта жөнелді. Əбден терлетіп, ауырлық жасаған соң, шолақ тонын серігінің үстіне жапқан-тын. Əлден соң тер қатып,
Көңіл айнасы тоңайын деді. Тонын қайта киді. Екі қолын алма кезек ауыстырып, бір сүйем жер болса да алға жылжыта берді... Сағат түнгі он бірге іліккенде бүйірден бір машинаның фары алыстан жарқ-жұрқ көрінді. Бұл алға ышқына түсті. Кенет мұның жолын екінші бір жол қиып түсті. «Не де болса осы жерден бір үміт» деп дамылдап, əлгі машинаны тосты. Сүт пісірімдей де болған жоқ, машина мұның қасына келіп қалды. Қол көтеріп тоқтатты. Шоферға: – Далада қалған жандармыз. Жолдасым жүруге жарамайды. Көмектесіңіз, – деді Иван Павлович жалынышты үнмен, иегі иегіне тимей қалшылдап. – Қай совхоздансыздар? – «Краснопресненнен». – Қайдан-қайдан?! «Краснопресненнен»?! – Иə-ə-ə... – Ол мына біздің совхоз ғой... Онда не істейсің? – Директор-р!.. – Директор! – Иə-ə-ə... Шофер «рас па, өтірік пе» дегендей кабинадан атып түсіп, бетіне тесіле қарап, шырамытты. Дереу екеулеп инженердің қолы-басын уқалап, жылы кабинаға отырғызды. Сөйткенше арттан тағы үш машина келіп тоқтады. Төртеуі де заводтан жаңа шыққан, совхозға алып келе жатқан беттері екен. Олар мəн-жайға қанған соң, жол білетін екі шофер далада қалған машинаға жөнелді де, екі шофер селбесіп «Краснопресненге» тартты... – Бұл жаққа қалай шығып кеткенсіздер? – дейді шофер директорға. – Тура жүргендеріңізде күн батпай-ақ барып қалатын едіңіздер. Ну, ештеңе емес, аздап бейнет тартқандарыңыз болмаса... Кольцовта үн жоқ, өң мен түстің ортасында сұлқ отыр. Инженер болса орталарында сұлап жатыр. – Қайта құдай сақтаған, егер аяқ астынан боран тұрып кетсе ғой... – деп, шофер рульді қыса түсіп, басын шайқап қояды. – Бақтарыңыз бар екен!
Сейітқазы Досымов II Коротковтың санасына Қазақстанға келгелі «Бүкіл тың жер екі жүз елу мың шаршы километрден астам құнарлы даланы алып, далиып жатыр. Бұл Англияның жерінен асып түсетін көлем», – деп естігені жиі орала берді. Кенжетайдан сұрастырып көріп еді, ол: – Болса болар, кім өлшеп көріпті, – деп жауапты келте қайырған. Алғашқы борозда Кеңаралдан тартылды. Басында митингі өтті. Бұлардың бригадасына төрт жүз гектар жер тиді. Əп дегенде жұмыс бірден қызып кеткенмен, лезде соңы қожырап қалды. Басты себеп, қатқан көңдей кентек жер түреннің «илеуіне» көнгісі келмейтінін байқатты. Кенжетайдың «ДТ-54»-де, Александрдың «НАТИ»-де көк түтінді аспанға атып қанша мықшиғанмен, моторлары өшіп қала берді. Сауырына қол тимей ғасырлар бойы тусырап жатқан ту даланың қоңы қалың, қыртысты, шымыр екен, түрендер сынып, соқа жақтаулары майысып, шыдас берер емес. – Енді қайттік?! – болды бригадир Яровойдың бірінші сөзі... – Тың!.. Екі жүз елу мың шаршы километр?! Біз болсақ бір шаршы километрін де жырта алмай отырысымыз мынау?! – деп Коротков жерге жата кетті. – Апыр-ау, туған жерімнің бұрын мұндай «мінезі» жоқ еді, – деп Кенжетай айран-асыр көңілмен жүрелеп отырып қалды. – Бұрын сіздер бір алқапты төңіректеп жылда-жылда жырта бергенсіздер жəне ол үй орнындай ғана жер емес пе?! Ал бұл – тың! – деді бригадир. – Тың! – деп мысқылдап қойды Коротков. – Ең болмаса «С -80» болсайшы, мына «тасбақалардың» орнына... Кең далада өстіп даурығысып отырғандарында, директор келіп қалды. – Барлық жерде де осы кеп. Уақытша соқаның бір-екі түрендерін алып, ілдалдалай тұрыңдар. Бір мəнісі болып қалар, – деп кеңес берді.
Көңіл айнасы Қанша тездеткенмен соқаның жаңа түрі оны екі күннен соң барып жеткізілді. Сол сол-ақ екен, бəрі өзгеріп сала берді. Бұл кезде Яровойдың бригадасына Александр айтқан «С-80» де келген. Оны Кенжетай еншілеген. Сондықтан қыртысты даланың байырғы бапкері өзі бас болып, үнемі алда жүрді. Тұқым себу алдындағы өңдеу жұмыстарын да мүлт жібермей күндіз-түні қадағалап отырды. Бірақ күтпеген жерден Коротков қиғылық сала бастады. Бұрынсоңды дəл мұндай қиындықты басынан кешірмегенін байқатты. Трактордың жаңасын, сеялканың тəуірін берген сайын, байбаламы көбейе түсті. – Əй, сенің бұның не? «Не ексең соны орасың» деген бізде мақал бар. Нəсіп болса, күзде ырғын егіннен бас ала алмай қаламыз. Табыс шаш етектен болады, – деп ақыл айтқан болды Кенжетай. – Саған не болды, Саша, ертеде крестьяндар: «Сей в грязь, будешь князь» демеуші ме еді, – дейді брига дир Яровой да. Түптеп келгенде Коротков бейнеттің ауырлығына шыдай алмай жүрген жоқ еді. Мүлдем басқа нəрсе жүрегін сыздатып, ұйқысын қашырып жүрген. Онысын былайғы жұртқа не деп айтпақ. Бітеу, жараның сыздағанынан ауыр не бар?! Соның күйігінен Кенжатайдан жасырып, кей-кейде дүкеннен бір «Портвейнді» сатып алып, жалғыз өзі тауысады... Бірде: – Сіз соңғы кезде келгіштеп кеттіңіз, – деді дүкенші қыз Александрға. – Алғашқыда маған ғашық болып қалды ма десем, жоқ, басқа нəрсеге «ғашық» екенсіз... Қанша өтінгеніңізбен шектен тыс артық бере алмаймын, бізде белгілі тəртіп бар. – Оу, өз ақшама болса да ма?! – Иə, өз ақшаңызға... Жұмысқа қол байлау болады. Сол еңбек еткеніңіздің арқасы шығар жылтыңдап дүкеннен шықпай қалғаныңыз... Александр ашумен дүкен есігін сарт еткізіп, қатты жа-
Сейітқазы Досымов уып, шығып кетті. Қыз сөзі жанына қатты батты ма, қайтып ол жаққа баспады. Бір күні сол дүкенші қызбен ойда-жоқта ұшырасып қалды. – Бізге келмей кеттіңіз ғой, – деді қыз қиыла. – Барғанда пайда, кəні... – деді тракторшы жігіт. – Фу, пайданың көзін білмейді екенсіз, – деп сықылықтап күлді. – Атың кім? – деді жігіт оған телміре қарап тұрып. – Женя. Ал сіз кімсіз? – Александр Коротков. – Бүгін дүкенге келсеңіз іздегеніңіз табылады. – Қойғанмын! – Сонда да келсеңізші... Күтемін... – Жарайды. Өзің... Өзің қадалған жерден қан алатын қыз екенсің. Менімен бірге Москваға бара қоямын дейсің бе? – Сіз немене, кетейін деп жүрсіз бе? – Соны өзім де білмеймін... Бір ойым «осында қал, ақшаны күреп тап» дейді, енді бір ойым «өстіп үй жоқ, күй жоқ, қашанғы жүресің, одан да жағдайлы жаққа барып, күн кеш» дейді. – Бірінші ойдан айырылмаңыз... Енді бүгін күндегідей түнімен алқапта жүріп алмай, ертерек келесіз ғой. – Жарайды, күт! Аузынан қалай шығып кеткенін өзі де білмей қалды. «Күт дедім-ау! Неге өйттім? Сонда Москвадағы шекесі торсықтай Викторымды ұмыта бастағаным ба?.. Жо-жоқ, ол мүмкін емес!.. Өкпелесем шешесіне өкпеледім... Рас, көрмеймін, соңымнан еріп жүрмесең, бəрі бітті деп кеттім. Ашумен қатты айттым... Сонда да Виктор бар ғой. Өзіме тартқан Виктор...» Александр осындай ауыр ой үстінде жүрді, оны жұрт қайдан білсін. Бірақ өзі содан қайтып дүкеннің маңайынан жүрмейтін болды. Тіпті темекі алуға бара алмай, басқаларға ақшасын беріп алғызатын болған. Жұмысқа құлықсыз, көңілі əрі-сəрі...
Көңіл айнасы Əйелі мұның тыңға баруына бірден қарсы болды. «Кетсең, жолың əні» деп, ақыры жалғыз жіберді. Өзі баласымен жылы орнын суытпай, ауырмаған жамбасымен жата берген. Соған бұл күйіп-піседі... Бір күні шыдай алмай шетпұшпақтап Кенжетайға сыр ғып айтқан. – Саспа, – деді Кенжетай. – Əлі өзі-ақ соңыңнан іздеп келеді, көр де тұр. – Қайдан! – деді Александр. – Күйеуге тиіп кете ме деп қорқамын. Əдемі əйел, жап-жас... – Тимейді, – деді Кенжетай. – Құрығанда екі-үш жыл тосады. Сенің мұнда қалай жүргеніңнің аңысын аңдайды, табысыңды таразылайды, сосын... – Не сосын? – деп Александр шоршып түсті. – Не сосын?.. – Сенің атақ-абыройың артып, даңқың дүрілдеп шықса, ел аузына іліксең, өзің туралы газеттен оқып, радиодан тыңдап, теледидардан көрсе... «Əне сенің папаң, қарашы, өңірі орден мен медальға толыпты өзінің, ол сенің папаң» деп ұлыңа мақтана отырып, өзінің де елжіреп кеткенін байқамайды. Сосын хат жазады, кешірім сұрайды... – Хат жаза ма?.. Осында Викторды ертіп келе ме?! – Келмегенде ше, ондағы Краснопреснен ауданы тың төсіне «көшіп» келіп отырған жоқ па? Бəрібір емес пе, онда тұрдың не, мұнда тұрдың не? Інім, еңбек ет, алажаңқа көңілден арыл... Кенжетайдың көңіл аулап, əрі солай болса екен деп үміт артып айтқаны Александрға бірден қонды. Сол күннен бастап ол бұрынғы былқ-сылқ мінезді тастады. Айтты-айтпады, «Күш атасын танымайдының» нағыз өзі болып шықты! Бригаданы бірден өрге сүйрей бастады. Он саусағынан өнері тамған шебер де, техника тілін жетік меңгерген білгір де, қолы қалт еткенде гитар тартып, көңіл көтеретін өзі, өнерпаз да бір өзі. Газет-журналдың бір номерін де жібермей іздеп жүріп оқып, өмірде не болып жатқанынан хабардар ететін насихатшы да Коротков... Бұрын осының бəрін ішіне бүгіп келген еді...
Сейітқазы Досымов – Шіркін, жастық! – деп қояды оған Яровой. – Мен сенің жасыңда, сенің жасыңда деймін-ау, тіпті... одан да ерте, не көрмедім. Айтайын, сен де тыңда, Кенжеке... – Екеуі Яровойдың айтқанын жалықпай тыңдайтын. ...Ел дүрлігіп кетті, кемпір-шал, бала-шаға орманға барып жан сауғалады. Бас көтерердің бəрі қолға қару алып елін, жерін қорғауға аттанды. Шағын ғана Садки селосы толған неміс солдаты. Ұры иттей тіміскілеп босып жүр. Ойына не келсе соны істейді. Онда осы Михаил он алтыға ілікпеген шикі өкпе-тұғын. Құлағынан күн көрінгендей өзі əлжуаз-ақ. Орманды паналап, едəуір күн жүріп қалды. Жүрек жалғар талшығы таусылған соң, көп ойланбастан деревняға тартып кетті. Арлы-берлі андыздаған оқтан да қаймықпады: «азар болса оқ тиер, опат болармын... əкемнен, жерлестерімнен жаным артық па? Мүмкін, олар мыңдаған жауын жайпап тастап, тура қазір үйді-үйлерінде отырған шығар...» Михаил ықты-жарға қарамай кең адымдай түсті, жүрегі атша тулап алқымына тығылды. Тапа бір əкесі алдынан құшағын жайып қарсы алатындай, екі өкпесін қолына алып ұшып үйіне келсе... Мəссаған! Алпамсадай екі фриц қонақ бөлмеде шəниіп жатыр. Мұны шыбын құрлы көрмей екеуі бір-біріне қарап сөйлесті де, қолдарын сермеп-сермеп қалды. «Мас екен». Ол жылыстап кухняға барып еді, əжесі немересін көріп бас салды, екі көзі бұлаудай боп ісіп кеткен. «Тірімісің, күнім!», «Жылама, əже!» «Мен саған тез-тез картоп пісіріп бере қояйын, ал да зыт, орманға барып бой тасаламасаң, мыналардың беті жаман, көзіне көрінгенге соқтығып, тəлкегін шығарып, ойрандап барады» «Біздің Қызыл Армия қайда?» «Бүгін-ертең келіп қалар...» Екеуі осылай өзді-өзі күңкілдесіп, піскен картоп пен басқа да қалған-құтқанды жинап-теріп дорбаға салып, үйден енді шыға бергенде, ту сыртынан бір əлеуетті қол жұлқып тоқтатты. Жалт қарап еді, ақсиып əлгі фрицтің бірі тұр екен. Бірдеңе-бірдеңе деп еді, тіліне түсінбеді. Сөйткенше араға кемпір байғұс келіп дəнекерші болып еді, əлгі оны
Көңіл айнасы да көзге ілмеді. Шаңқылдап, аузы көпіріп дорбаны тартып алып қалды. Кемпір жан дəрменін салып ұмтылғанмен, фриц көкірегінен бір-ақ итерді. Мына қорлыққа шыдамаған Михаил жылай қашты, бетінің ауған жағына жүгіре берді. Содан «Өлмегенге өлі балық жолығады» деген кеппен аш-жалаңаш жүріп, Михаил бірталай уақытты артқа тастады. Бұл кезде Украинаның көптеген қалалары мен селолары жаудың қанды шеңгелінен босап, тазарып қалған. Далалық соғыс комиссариатына барып: – Маған қару беріңіз! – деді Михаил бірден. – Неге? Сен өзің уыздай жас бала екенсің. Он екіде бір гүлің ашылмаған сары үрпектің нақ өзісің, қалай сенеміз, – деді сабырмен соғыс комиссары. – Жоқ! Өз еркіммен жіберіңіз! Мен туған жерімді осыншалық аяусыз жаралаған, жерлестерімді өлімге қиған құзғыннан қайтсем де кегімді алмай тынбан! Соғыс комиссары бұған салмақпен, қабағының астынан шүңірек көзін қадай қарап, ойланып отырып-отырып: – Əкең тірі ме? – деп сұрады. – Тірі болар, əйтеуір, хабар-ошарсыз! – Анаң ше? – Тірі болар... – Бауырларың... – Бəрі де тірі шығар деп ойлаймын. Менің көздеген бірақ мақсатым бар: қирап қалған туған селом – Садки үшін, сондағы құрбан болған, өз көзіммен көрген боздақтар үшін, солардың кегін алу үшін соғысқа жіберіңіз! – Көзің бүркіттің көзіндей өткір екен, жауды қияннан шаларсың, бəлкім... Пулеметті көтере аласың ба өзің? Сүйегің тым майда ма, қалай? – Сеніңіз маған, осыдан көресіз ғой, – деп алақанына түкірінді бұл. Кектенгені білініп-ақ тұр. – Көрсек көрерміз, – деді ол екіұдай көңілмен. Сөйтіп, қырық төртінші жылдың мартында Михаил солдат киімін киіп, атқыштар полкының пулеметчигі болды. Соғыстан аман-сау қайтып оралғанда: – Қанша фрицтті жайраттыңыз? – деп бір кездесуде пионерлер жүргізбей қойды.
Сейітқазы Досымов – Адамды адам өлтірген мақтаныш дейсің бе, бірақ сонда қаныма қарайғаным рас еді. Шамада «жоспарымды» артығымен орындаған болуым керек, бас-аяғы бір жыл, екі ай ғана соғысып, осы бір үшеуін бірақ алып, Даңқ орденінің толық кавалері болып шықтым ғой, əйтеуір, – деп құтылған... «Көппен көрген ұлы той» емес пе. Михаил да жұрт қатарлы тырбанып бақты. Өзінше ойлап қояды: «Ұлы Отан соғысын да бастан өткізген, пісіп-қатқан кісіміз ғой, тек алғашқы қолбайлауға шыдасам, кейін етек-жеңімді жинап алып бой үйреткен соң, жұмыстың өзі-ақ жеңілдеп жүре беретін қашанғы əдет...» деп. «Бəрін айт та, бірін айт, күлі көкке ұшқан Садки селосын қалпына келтіріскендердің бірі кім? Михаил Тро фимович, деп «Ұрысқа кірген күнінен бастап жауына қырғидай тиген, шаршап-шалдығуды білмеген, қайта бір тапсырмадан соң екіншісін орындауға құлшынып тұратын Яровойдың тағы бір сынға түсер күні туды. Ол ұшы-қиырсыз мына көсілген далаға жайқалтып сарбалақ ақ бидайды өсіру...» деп. – Кенжетай, – дейді Михаил, – біздің Садки соғыста оттың ортасында тұрды ғой. Енді-енді қалпына келіп қалды. Соғысқа да өзім сұранып барып едім, мына тың дүбірін естіп, тағы да шыдап тұра алмадым, белді бекем буып, өз өтінішіммен осылай қарай тартып отырдым. – Бізде «тегін адам таз болмайды» деген сөз бар, Михаил, – деді Кенжетай. – Бекерден-бекер бригадир болмағаныңды сезгенмін. Біздің Шалқардың тусырап жатқан жерін өзің байқадың ғой. Бұған тың игеретін өздеріңдей əлеуетті күш керек, сосын көресің, əлі бұл кең дала адам танымастай болып өзгереді. Сен соғысқа қатысып оқ пен оттың ортасында болсаң, тылда да оңай болған жоқ. Оның үстіне тағдыр салған ауыртпалық менің де еңсемді қос қолдап көтертпеді ғой. Тыңдасаң айтайын, сен де құлақ сал, Əліксандр... ...Тайтөбеге суық хабар жетті. «Не айтасың, Кенжетайдың нəрестесі қайтыс болыпты» деген. Кенжетай Тайтөбе-
Көңіл айнасы де салт жатып, жұмыс істейтін. Бар-жоғы сексен пұт астықты жерге сіңіріп, ауыз толтырып нан жейміз бе деп жүрген мың тоғыз жүз отыз бірінші жыл болатын. Не керек, Кенжетай үшін бұл жыл айы оңынан тумады, тұңғышынан айырылды, сексен пұт астық та мандыртпады. Келесі жылы Шалқар ауылында ақ сүйек жұт күнненкүнге етек алып, халқының дені өзек жалғар жарты дəнге зар болып, бастарының ауған жағына босып кетті. Осы нəубетпен бірге тағы да Тайтөбеге суық хабар жетті. «Не айтасың, Рыскүлдің сүтпен көтерген нəрестесі шетінепті...» Осы бір «шетінепті» деген сөзден бұлар құтыла алмады, ет жүректерін езілтіп, еңселерін көтертпеді. Екеуден-екеу отырып, оны-мұны қаракетті ілік етіп, тағдыр тəлкегінің ащы-тұщы дəмін аз татқан жоқ бұлар. Қара жер қайыспастан-ақ жылда бір перзентін қойнына жасырып «шылп» етпестен жата берді. Кенжетайдың қабырғасына аяздай батса да, Рыскүлге басу айтып, тоқтатып, күні ертең-ақ ел қатарлы терезесі тең, керегесі кең ақаршақар үй, дəулетті де, берекелі семьялардың бірі болып шыға келетінін айтатын. Сол бір күнге келіншегі асығатын. «Ай, қайдам, ондай атты күн туса, кəне!..» – деп Кенжетай алақанына түкірініп, қолға орағын алып, үй орнындай жердегі таздың басындағы шаштай селдір шыққан бидайды оруға кірісетін. Кейде «қай балам аштан өледі, менің осым не?!» деп уайымға да беріліп қалатын. Тағы да онысын əбес көріп, болашағынан күдерін үзбей, көз алдынан бірінен соң бірі бал-бұл ұшқан перзенттері кетпей тұрып алатын. Сонда: «Жақсы болсаң жердей бол, бəрін шыдап көтерген; таза болсаң судай бол, бəрін жуып кетірген», – деп өзіне-өзі қайрат беріп, жігерлене түсетін. Оныншы перзент дүниеге келді. Онан соң араға екі жылдан салып тағы үш сəбилі болды. Асылы себептен себеп туса керек. «Сонда əскерге қанша сұранғаныммен жібермей-ақ қойғаны», – дейді Кенжетай. Сосын тағы да ойға кетеді. «Нағыз соғыстың от-жалынға оранып, тұтанып тұрған кезінде мен жылда балалы болып қуанып жаттым, ал сол кезде қан майданда опат болған азаматтар қаншама?
Сейітқазы Досымов Бірақ тылдағы өмір де оңай тиген жоқ, оны басынан кешкен өзіміз сияқтылар болмаса, екінің бірі біле бере ме...» «Мен бар еңбегімді осы шалға бергенмін», – дейді Рыскүл. Сосын тағы да ойға кетеді: «Күннен күн асқан сайын ұлым талпынып, екі иығын қомдаған балапандай балпанақтай болып өсіп келе жатты. Тоғызын жерге жасырып, жүрегім ұшып қалған сорлы басым, зəре-құтым қалмайды. Əншейін, əке атын жамылғаны болмаса Кенжетайдан иненің жасуындай да пайда жоқ. Баяғы сол Тайтөбеде күндіз-түні бірдей кірпік ілмейді. Онда мұндай жүйткіп тұрған сақадай-сай техника бар ма, баяғы НƏТИ, СТ3 тракторлары. Бір күні түнделетіп келіп тұр. «Қайыр бар ма?» дейді. «Бар» деймін. «Рас па?» дейді ол, түсі суық-ақ. «Өзің түсіңнен шошынғаннан саусың ба» деймін. «Оның рас» дейді ол. Тізесін бүгер-бүкпестен, бесікте манаурап ұйықтап жатқан ұлының бетінен иіскеді де, ізінше қайтып кеткені бүгінгідей əлі есімде». «Иə, кімге оңай болды дейсің. Кенжетай да жігіттің шыдамдысы...» деп ойлады Яровой. «Бəрінен семьядағы бірліктері қандай керемет! Қазақтар осындай деп кім ойлаған» деп өзінше толғанды Александр. IІІ Тыңның бірінші орағы. Сарыла күткен орақ айы да жетті. – Иə, дəулет дестелері десеңші, – деп үйіне сыймай Александрды қасына ерітіп, егінжайды аралап кеткен сонда Кенжетай. Соңынан совхоз кеңсесіне келіп: – Əлгінде Кеңаралда болдық. Комбайндарды түсіре берсе де болатын сияқты, – деген екеуі бірдей қосарланып совхоз директорына. – Онда жүріңдер, барып көрелік. Кеңарал алқабының егіні сабағынан майысып, жел лебімен шалқар теңіздей толқиды. Директор үш-төрт масақты жұлып алып, алақанына салып үгіп-үгіп жіберіп, баданадай ақ дəндерді санап: – Кенжеке, бір масақтан орта есеппен қырық бес-елу
Көңіл айнасы дəннен айналады екен, – деді көтеріңкі көңілмен, – сəл көктеу ме деймін. Күн көзі осылай ашық боп тұрса, ертең түстен кейін комбайыншыларды əкеп, орақты бастай берсек болады-ау!.. – Иван Павлович, бұл көктік етпейді, – деді Корот ков. – Бастағаның жөн... – деп оның сөзін тірілтті Кенжетай. Ортақ бір шешімге келіп бұлар алқап басынан асығыс аттанып кетті. Ертеңіне түс əлетінде комбайндар егіс алқабына қарай бет алды. Əр бригада өзінше асығыс, өзінше «пысық» мінез танытады. Яровойдың бригадасы елдің алдымен Кеңаралға келді. Алқапқа бірінші боп Кенжетай десте түсірді. Сол сол-ақ екен, бірінен соң бірі – комбайндар тізбегі қаздай қалқып кете барды. Соңдарында күміс белбеудей белдеу-белдеу дəн толқындары дестеленіп қалып жатыр... «Краснопреснен» совхозы үш жыл ішінде өткізген астығынан мемлекет төрт миллион сомнан астам пайда тапты. Бұл совхозды ұйымдастыруға жұмсалған қаржыдан екі есеге жуық көп еді. Əйтсе де аудандық партия комитетінің кезекті бюро межілісінде Иван Павлович Кольцов жазбаша сөгіс алды. Соңғы жылдары жоғарғы жақтан бұлтарыссыз орындауды талап еткен сан қилы «ұсыныстар» қарша борады. Оның жүзеге асуын қадағалап, мұқият тексеріп отырды. Сол көп «ұсыныстардың» бірі – дəнді дақылдарды міндетті түрде бөлектеп жинауға көшу тəсілі еді. Алғашқы жылы: «Бөлектеп жинауға бейімделген құрал-саймандарды совхоз ала алмады», – деп құтылған Иван Пав лович. Келесі жылы да бұл «жаңалыққа» жатырқай қарады. Қарайын деп қараған жоқ, шаруашылықтың мүмкіншілігі осыған əкеп тіреді. Бұл жылы жаңбыр аз жауып, қуаңшылық бел алды, алқаптардағы дəнді дақыл ала-құла болып, біркелкі шықпады, аралары
Сейітқазы Досымов сирек, əрі аласа болды. Мұндай алқапта десте дұрыс түспейді де, ол аңыздың арасында жерге жапсырылып қалады. Кейін ысыра жинағышпен жинап алу қиынға соғатын еді. Өкілдер бірінен соң бірі келіп, Иван Павловичті бұлтартпады. Ақыры бөлектеп отыратын ондаған лафетті жатка алды. Сөйтіп, орақ басталған кезде оларды неғұрлым бітік өскен алқаптарға жұмысқа қосты. Августың ортасынан ауғанша жиырма сегіз мың гектар бидайдың төрт мың гектардан астамын бөлектеп орды. Осы тұста жаңбыр жауып кетті де, табаны күректей он күн бойы орақты тоқтатуға тура келді. Егістік жердің батпақ болғаны соншалық, шынжыр табанды тракторлар жүре алмай қалды. Августың екінші жартысының аяқ шенінде күннің көзі шығып, ауа райы ашылды да, егін əбден пісті. Оны қолмақол таяу күннің ішінде жинап алу керек еді. Алқаптарды аралап шығып, мамандар мен механизаторларға ақыл салды. – Ал, жолдастар! – деді директор. Масақтағы дəннің дымқылдығы он екі-он бес процентке жетті. – Астықтың мұндай кұрғақ болуы сирек кездесетін жайт, – деді бас агроном. – Деген бабында тұр. – Осы кезде тездетіп жинап алса, ұзақ уақыт бойы сақтауға жарамды болады, – деді аға агроном. – Сол үшін ауданның нұсқауын бұзуға тура келіп тұр. Ертең артымызға шала байлап жүрмей ме, қалай қарайсыздар? Жиналғандар бір сəт үнсіз қалды. Бəрі директордың аузын бағып, өздерінше пікір білдіруге батпайтын сияқты. – Меніңше, бөлектеп жинауды тоқтату керек. Барлық комбайндарды дереу тікелей оруға жұмылдырмай болмайды. Əр шаруашылық өзінің ішкі резервін пайдалануға ерікті шығар, – деді аға агроном Тамара Му сина. – Солай емес пе, Иван Павлович? – Солайы солай-ау, ертеңгі «айқайға» берер жауапты да ойласақ, бүгінгі мүмкіншілікті де ескерсек... Жайма-шуақ ашық күндер, шықсыз түндерді пайдаланып қалу үшін, əрине, жарлық беруге тура келеді, – деп директор тапсырманы берді-берді де жіберді.
Көңіл айнасы Бригадалар күндіз-түн демей, бел шешпей, егін орағына кірісіп кетті, орақ қарқыны барған сайын үдей түсті. Орталық пен бригадалардың қырмандарында тау-тау құрғақ астық үйіліп қалды. Ол сақтауға да өте қолайлы еді. Директор «Қызылпресня» комсомол-жастар бригадасындағы штабта отырған. Телефон безек қақты. Трубканы көтерді. – Алло! Директор тыңдап тұр... Ауданнан.. Иə, иə... (Дауыс өктем, бəрі сампылдап естіліп тұр). – Мəліметте бөлектеп оруды неге көрсетпейсіздер? – дейді. – Көрсетпегеніміз, біз егінді тікелей комбайнмен жи нап бастырып жатырмыз, – дейді бұл салмақпен. – Кім рұқсат берді? Бұл барып тұрған қылмыс, – дейді трубканың ар жағындағы дауыс. – Мен секретарьға айтамын! Бəрін баяндаймын. – Өзің біл, болар іс болды, – деді директор енді ширығып. Ертеңіне салып ұрып комиссия келді. Келгенмен комиссия тексерерліктей ештеңе де жоқ еді. Комбайндардың соңғы айналымдары ғана қалған-тұғын. – Біздің бұл іске батыл баруымызға егіннің толық, əрі біркелі піскені себепші болды. Оның үстіне алқаптардағы егін аласа өсті, – деп комиссияға директор жете түсіндірді. – Мұндай жағдайда бөлектеп ору еш нəтиже бермейді, қайта дəннің құйылып түсуінен, орақтың ұзаққа созылуынан ысырап көбейеді. Оған мəн берген комиссия жоқ, кешікпей директорды бас мамандарымен қоса аудандық партия комитетінің бюро мəжілісіне шақыртқызды. Мəжіліс ұзаққа созылды. Аудан басшыларының «ұсынысына» құлақ асып, бөлектеп орған совхоз директорлары Кольцовқа бүйідей тиіп, «көзге түскілері» де келді. – Бүйректен сирақ шығару «жаңалық» емес, бұл бүлдіру, өзім білемдік, өзінен басқаны көзге ілмеушілік, – деді аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. – Бөлектеп оруды жоққа шығарғаны үшін партиядан шығару керек, – деді басқарманың бас агрономы.
Сейітқазы Досымов – Орақтың озат əдісін өз шаруашылығында ғана жоққа шығарып отырған жоқ, бүкіл аудан бойынша бұл шараны жүзеге асыруға кедергі келтірді. Қазір басқа совхоздың басшылары Кольцовқа еліктеп, бөлектеп орудан бас тартып отыр, – деді партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. Жұрттың пікіріне күн ұзақ құлақ түріп отырған облыстық партия комитетінің екінші секретары Сергей Абрамович Макаров сөз алды. Ұзын бойлы, денелі, ат жақты кісі екен. Даусы баяу, əр сөзі қорғасындай салмақты, кімді нысанаға алып сөйлесе де, атқан оқтай қадап айтады. – Мен осының алдында ғана сол «Краснопреснен» совхозынан келдім. Атқарылған істің басы-қасында болып, жағдаймен санаса келе Кольцов дұрыс істеген деген тоқтамға келіп едім. Енді, сендер оны бəткерде қылып, жеке басына «тіл» тигізуге бардыңдар. Бұл жақсылық емес, көңілге қонбайтын «ұсынысқа» қарсы тұрғаны үшін жазалауды түсінбедім, – деді. – Егер ол жоспарды орындай алмаса, шаруашылығы кері кетсе, міне, сонда шара қолданса керек еді. Ал Кольцов бүкіл аудан бойынша егін орағын бірінші аяқтаған, əр гектарынан он бес центнерден өнім алған. Қазір бүкіл техникасы сақадай сай, күрделі жөндеуден өткізіп жатыр. Диқандар мен механизаторлардың жүздері шат, шағым айтпайды. Көпшілігі жаңа үйлерге кіріп, қоныс тойларын, тіпті комсомолдық үйлену тойларын жасап жатқандардың үстінен шықтым. Бұдан артық шаруашылық басқаруды мен білмеймін... Аудандық партия комитетінің бірінші секретары Сұлтан Артықов: – Мен Сергей Абрамовичтің сөзіне қосыламын. Қосыла тұрып бүкіл аудан болып қолға алып жатқан игілікті іске мəн бермеуді – жүре тыңдау деп білемін. Сондықтан Кольцов жолдас жазасыз қалуға тиіс емес. Манадан сөйлеген жолдастардың пікірімен санаспауға болмайды, – деді əр сөзін нығарлай. Иван Павлович бюродан терлеп, жазбаша сөгісті арқалап,
Көңіл айнасы аулына қайтты. Жол-жөнекей ауыр ойлардан арыла алмады. «Алғашқы үш жылдың қалай өтіп кеткенін де білмей қалып едік. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болды ма, орталық усадьба да орнады, құрылыс та қарқынмен жүрді. Егін орағын дер кезінде бастап, үнемі алда жүрдік. Табыс шаш етектен болды. Техниканы дұрыс пайдаландық, тұрақты механизаторлар іріктелініп алынды, еңбек тəртібінде ешкандай кездейсоқтық болмады... Біздің ауданның совхоздарында механизаторлар дала қостарында табан аудармастан жеті-сегіз ай бойы (апрельден ноябрьге дейін) тұрды. Мұнда механиза торлар өздеріне бекітіліп берілген алқаптың басында күндіз-түні болды, техниканың арлы-берлі жүруі саябырсыды, жанар-жағар май үнемделеді, əрі дала жұмыстарымен қолы қалт еткенде техниканың босаған бір винтін бұрап бекітсе де, өздері тұрған қостарының басына бір тал шыбық ексе де олжа деп есептелді. Түптеп келгенде ауыл шаруашылық жұмыстарының барысында бригадаға керек-жарақтың бəрін жеткізіп беру оңай емес-ті. Ал науқан саябырсыған кезде одан да қиынға түсті. Артық бөлшектерді жеткізудегі іркіліс жəне тұрмыс қажетін өтеудегі қолайсыздықтар еңбекті ұйымдастыруға кері əсерін тигізді, тіпті еңбек тəртібі өрескел бұзылды. Совхоз басшылары мен мамандар қашық жерде болғандықтан, кемшіліктерді жедел түзету үшін қолма-қол көмек көрсете алмады. Осыдан келіп жағдайлары ауырлай түсті. Бүкіл жыл бойы дала қосында болу пайдадан гөрі зиянға апарып соқтырды. «Краснопреснен» совхозы қайтті? Тағы да жоғарыдан болған осындай ұсынысқа жаппай аудан, облыс болып қалыптасқан еңбек тəртібіне «түзету» енгізді. Ол «түзету» ешкімнің назарына іліккен жоқ. «Жоспар артығымен орындалған соң, оны қалай орындадың деп сұраған пенде болмады. Біз де «жерден жеті қоян тапқандай» емес, бір қалыпты уақытты өткізе бердік. Ал біздегі тəжірибе мүлдем басқаша еді. Дала қостарын-
Сейітқазы Досымов да жеке басты механизаторлар ғана, оның өзінде де көктемде (апрель, май), күзде (август, сентябрь) ғана тұрды. Семьялы механизаторларды жұмыс кезегі аяқталысымен күнде совхоз орталығындағы үйлеріне апарып тұрдық. Дала жұмыстары бітісімен-ақ, барлық тракторларды, комбайндарды, сынып тұрған басқа да ауыл шаруашылық құралсаймандарын орталыққа дереу көшіріп алып келетін едік. Сосын əр механизатор өз кəсібіне көшеді, біздер де шетінен жағалап олардың күнбе-күн немен шұғылданатынын, қандай көмек керек екенін біліп, артық бөлшектің тапшылығынан ба, яки басқа бір ақаудың себебінен белгілі бір бригаданың немесе жекелеген механизаторлардың жұмысы тоқтап қалса, онда табанда басқа жұмыс тауып беріп отырдық. Əйтеуір, бір күн еңбек ақысыз қолы қарап отырмады. Жаз айларында механизаторлар уақытша құрылысқа қолғабыстарын тигізді... Біз кейін есептесек, орталықта тұратын əрбір бригададан алты мың сом қаржы үнемделіп, тұтас алғанда мұның өзі көл-көсір табыс көзіне айналды. Міне, механизаторлардың көз алдымызда болуының толып жатқан ұйымдастыру, əрі экономокалық артықшылықтары осын дай еді. Егер біздің бұл тəжірибемізді естісе, тағы да комиссия келіп, бюроға материалдар жиып жүре ме, кім білсін?!» Директорлары сөгіс алып, көңіл күйі болмай келе жатқанын сезіп, мамандар да тіс жармай, үнсіз, ұзақ отырысты. Ескі «ГАЗ-69» ойлы-қырлы жерден жортақтап өтіп, ұзақ жолдың апшысын қуырып-ақ келеді. Əлден соң барып ауыр ойдан серпіліп шоферға: – Майың жете ме? Жолда қалдырғаның аз емес сенің, мені қойшы, үйренгенмін... Мына, Тамара жолда қалмасын, болашақ директордың денсаулығын сақтап, осы бастан баулу керек, – деп Иван Павлович артында отырған мамандарға мойнын бұрып жымиып қарады. – Секретарьдың қаһарына іліктік, ертең арада тағы да келіспеушілік болмай тұрмайды... Əркім өз ісін жөн дейді ғой... – Неге, Иван Павлович! – деп;
Көңіл айнасы – Шаруашылығымызды тамаша басқарып келесіз. Ертең-ақ орнына алғыс жазылатын сөгіс қой, – деп; – Түсінбеушілік бола береді ғой, – десіп, олар директорларын жұбатқан болды. – Сөгіс алмаған совхоз директорлары жоспарларын орындамаған, сөгіс алған совхоз директоры үш жыл қатарынан аудан бойынша алда... – деп Иван Павлович басын шайқап, алға қарап түзеліп отырды. Көсілген жолдың ұшы-қиыры жеткізер емес, тақтайдай жазық даланың меңіндей ғана боп «ГАЗ-69» күтпеген жерде қорыққан қояндай орғып кетіп, ұйқы меңдеп отырған адамдарын сілкіп-сілкіп тастайды. IV Əуелгіде өзімен бірге келген бас агроном директордың жұмыс тəсіліне мүлдем қарсы болды. Ол тек қана ауданнан алған нұсқаумен жұмыс істеп, өз бетінше бір баспады. Одан нəтиже шықсын-шықпасын, жер жағдайы келсінкелмесін белгілі графиктен ауытқымай, қалған уақытта шалқасынан түсіп жатқысы келді. Оған Кольцов көне ме? Нақты шаралар, нұсқаулар берді, ал ол жүре тыңдады. Бұл қиыншылыққа көндіге алмай кетудің амалын жасап жүргенін бірден ұққан Иван Павлович мəселені төтесінен қойды. – Жолдас бас агроном, жұмыс істейміз бе, жоқ па?! – деді. – Бұдан артық қалай істеу керек?! – деді ол. – Іске жаны ашыған адамның жұмысы бұлай болмаса керек еді. Ешкім мұнда еріккеннен жүрген жоқ, бүкіл халық болып, ел болып қозғалып жатқанда, партия мен үкіметтің алға қойған ісін аяққа таптағың келе ме? – Кешіріңіз, байқап сөйлеңіз... Жауап бересіз!.. – Берсем беремін!.. Əңгіме осымен тəмамдалған. Бас агроном шағынып, ауданға кеткен, содан қайтып оралмады. Сөйтсе өзі арыз беріп, басқа жерге ауысып кетіпті. Содан бас агроном болып осы уақытқа дейін жай агроном болған Тамара Əкпаровна Мусина бекіді.
Сейітқазы Досымов ...Иван Павлович сөгіс алып, бюроға түскелі де арадан бір жыл өте шықты. Тағы да егін орағы келді. Егін керемет бітік шықты. Ит тұмсығы өтпейтіндей қалың сабақты əрі масақты болды. Дегенмен бұл егіннің кемшілігі де жоқ емес еді. Біркелкі піспеді. Себебі көктем құрғақ болды, егін сирек көктеп шықты. Жаздың басында жаңбыр мол жауды, енді егіннің сабағы қаулап өсті, бірақ ол əр түрлі болып, бірі ерте, екіншісі кеш көтерілді. Мұндай жағдайда тікелей комбайнмен жинап бастыру мүмкін емес. Өйткені əбден піскен, кебу дəнмен қоса шала піскен дəн де бункерге келіп түседі, сөйтіп, қырмандағы астық ұзаққа шыдамай екі-үш күн өткен соң-ақ өзінен-өзі қыза бастайды. Дер кезінде кептірмесе, дəн бүлінеді. – Ал не ақыл қосасың? – деді Мусинаға директор. – Енді бөлектеп оруға тура келетін шығар, – деді директорға ол. – Дұрыс айтасың, ол үшін дайындығың бар ма? – Бар! Өздігінен жүретін комбайндар мен тіркеме комбайндардың бəрі дайын. Лафетті жаткалар аздық етеді. Облыстан тездетіп сұрағаныңыз жөн болар, Иван Павлович. – Бөлектеп ору үшін қандай жабдықтар керек? Бəрін қағазға түсір, облысқа өзім барып қайтпай болмас, – деп асығыс жолға жиналды директор. Қасына төрт-бес комбайншыларды ертіп алып, облыс базаларынан қирап, бұзылған жаткалардың бөлшектерін тауып алып, олардан егінді бөлектеп ору үшін жаңадан агрегаттар құрастырып əкелді. Егін кеш пісті, орақтың ұзаққа созылу қаупі төнді. Жекелеген бригадалар тікелей комбайнмен оруға əрекет жасап көргенімен, бункердегі дəн жентектеліп қала берген соң, амалсыз бөлектеп оруға қайтып кіріскен. Өстіп жанды алып-салып, бір қолды екі ете алмай жатқанда, ауданнан телеграмма алды. Онда директор мен партия ұйымының секретарын алда болатын мəслихатқа шақырыпты. Мəслихатта бұлар күтпеген жағдайды естіді. Астық дайындаудың қарқынын күшейту үшін енді комбайн-
Көңіл айнасы дармен тікелей ору ұсынылды. Жалпы ұсыныс дұрыс болғанмен, «Краснопреснен» совхозына тиімді емес-ті. Өткен жылғыдай болып жүрмес үшін секретарьдың кабинетінде жеке қалып, жағдайын оңашалап түсіндіріп көріп еді, оған үзілді-кесілді қарсы болды. – Сен, Кольцов жолдас, – деді бірінші секретарь, – үнемі бүйректен сирақ шығарасың да жүресің. Сондықтан да бас мамандарың тұрақтамайды, жұмыстан босатуын сұрап, сенің басшылығыңнан құтылғанша асығады. Көптен бөлініп, өз бетіңше қисық жүрсең көзге түсем деп ойлайсың ба? Біз осында ай қарап отырғанымыз жоқ, бəрін де көріп, біліп отырмыз. – Сұлтан Артыкович, – деді Кольцов. – Мені қарақан басының қамын ойлайтын адам екен деп ойласаңыз, қателесесіз. Есіңізде болсын, жергілікті кадрлармен санасуыңыз керек сіздің... Түбінде жұмыстың ығын білетін, жоспар үшін күресетін солар... Кольцов ойындағысын айтты-айтты да, шығып кетті. Совхозға келісімен барлық мамандардың, бригадирлердің, озат комбайнерлердің басын қосып, мəслихаттың шешімін хабарлады. – Болмайтын əңгіме, – деді бірден Кенжетай Алпысов. – Тікелей орып та көргенбіз, қазір одан түк те шықпайды, – деді Коротков. – Бұл не, бөлектеп ормайсың деп жұртты жазалайды, енді бөлектеп орсаң комбайнмен тікелей ор дейді, – деп күйіп кетті, темекісін үсті-үстіне сорып Яро вой. – Не дегенмен бөлектеп ормай болмайды. Өйткені кенжелеп өскен көк егін сабағында тұрғандағыдан гөрі дестеде тезірек пісіп, дегдиді, – деді бас агроном Муси на. – Көп болса тағы бір бюроға түсерміз... – Жоспарды орындай алсақ, көздеген нысанаға жете алсақ сөгіс емес, орнымнан алып тастаса да риза болар едім, – деп Иван Павлович ойланып қалды. – Нар тəуекел!.. – Осыдан көресіз ғой, қарғыс емес, алғыс алмасақ қара
Сейітқазы Досымов да тұрыңыз, – деп директордың ойын қайтадан бір шегеледі бас агроном. Арадан бірнеше күн өткен соң, аудан орталығынан телефон соғылды. Трубканы Тамара көтермесі бар ма. – Мемлекетке неге астық тапсырмай жатырсыңдар? – деді бір гүжілдеген дауыс. Тамара түйіліп қалғандай аузынан сөз шықпай қалды. Трубканы сасқанынан директорға бере салды. – Да-а! Директор тыңдап тұрған... Ауыл шаруашылығы басқармасынан ба?.. Мемлекетке ме?.. Бізде əзірге бастырылған астық жоқ. Бөлектеп орып жатырмыз... Иə, иə... бөлектеп... Трубканы тұғырына қондырды. – Ал, Тамара, дайындала бер, – деді директор күліп. – Қайда? – Бюроға да... Комиссия, неге екені белгісіз, кешігіп араға жарты ай салып жетті. Ревизоры да бар, совхоз құрылғаннан бергі документті көтеріп, ал кеп тексер, ал кеп тексер... Директор комиссиядан қыңбады. «Қайта көп мəселенің беті ашылып қалатын болды. Саспаңдар, жұмыстарыңды аяққа құйған астай «жұтып» қоятындай етіп істеңдер», – деп мамандарына күш беріп, қанаттандырып қойды. Өйткені егін орағы тағы да табыспен аяқталып еді. Аудан емес, облыста оза шауып, республиканың ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алған. Яровойдың бригадасы туралы «Правдада» үлкен мақала шығып, онда совхоз директорының ұйымдастырғыш қабілеті ерекше аталған. Комиссия бұдан бейхабар сияқты, оқымаған шамада... Үш күннен соң комиссия жұмыстарын бітірген, бітірмегендерін директорға айтпастан қайтып кетті. «Бір жерден ілік тапқан ғой. Секретарьдың алдына қашан шақырар екен?!.» деп күтіп жүрді директор. Жоқ, ауданнан емес, телеграмма облыстық партия комитетінің екінші секретарынан келді. Алдыңғы дүйсенбіде, сағат онда қабылдауына шақыртыпты. Айран-асыр ойда қалды. Көптен көкейде
Көңіл айнасы қоздап жүрген проблемаларын, ұсыныстарын, ойларын ортаға салудың орайы енді келгенін бірден ұқты, жатпайтұрмай соған дайындалды. Дүйсенбі күні Кольцов обкомның екінші секретары Сергей Абрамович Макаровтың алдында отырды. Жағдай сұрасып, амандық біліскен соң, тікелей шаруашылық мəселесіне көшті. – Мен сені шақырғаным мынау еді, Иван Павло вич, – деп сигаретін тұтатып алып, құмыға үсті-үстіне сорды. – «Краснопреснен» совхозы облыстағы алдыңғы қатардағы шаруашылықтың біріне айналды. Таяуда «Правдаға» да шықтыңдар, құттықтаймын! Онан соң саған сенбегендей Сұлтан Артыкович ревизор жібертіп, арнайы комиссиясы тексеріп ештеңе шығара алмапты. Ол дұрыс болған. Сенің принципшілдігің маған ұнайды. Жəне үнемі жеңіспен аяқталатын батылдығың əркімге-ақ керек!.. Өзіңнің «Нар тəуекелің» құптарлық. – Сөзіңіз аузыңызда, Сергей Абрамович, – деді Коль цов. – Ең бастысы егінші диқандарға сенім болсын, олардың тəжірибесі мен білімі еленсін! Кез келген совхоздың егіншілері өз жайларын басқадан артық білетіні аян. Өйткені олар сол жерде туып-өскен, тіпті жаңа қоныстанушылар болған күннің өзінде олар да көзін үйретіп, тəжірибе жинақтап алған, жаны ауырып еңбек етеді ғой. Өздері мекендеген жерлердің жайын олардан артық ешкім де жете білуі мүмкін емес. Кім болса да қателесуі ықтимал, бірақ алыста жатып алып, өз айтқанымды істетемін деушілерден гөрі олар қатені əлдеқайда аз жібереді, тіпті келер жылдары сол жіберілген қатені қайталамау жолын қарастырады. – Оның рас, Кольцов жолдас! – деп Макаров темекісін жаңалап тұтатып алды. – Тұқым себуде артта қалған аудандарға көмек ретінде тракторлар мен сеялкалар жіберіп жатамыз. Осының сол шаруашылыққа тигізер қолғабысы бар ма? Жоқ, құр бекер арлы-берлі сенделіспен уақыт текке кетіп жүр ме? Өз ойың қалай осыған?
Сейітқазы Досымов – Мысалы, біздің совхоз тұқым себуді бір жеті бұрын аяқтады. Сеялкалар дала қостарына апарылды, тракторлардың көпшілігі жөндеуден өткізілуде, қалғандары пар өңдеп жүр. Парға жұрт қырын қарағанмен біз одан безгеніміз жоқ. Ал аттың жалы, түйенің қомында деп, артта қалған аудандарға техника жіберуде не мағына бар? Олай дейтінім: тракторларды жиыстырып, сеялкаларды ретке келтіргенімізше май айы бітеді. Екі күн жолға кетеді. Сонда тұқым қашан себілмек? Тіпті қазір ол аудандарда бидай себудің не қажеті бар? Мұның өзі өте қауіпті емес пе? Арпа, тары немесе сұлы еккені дұрыс қой. – Айтып отырғаныңның бəрі дұрыс, келісемін. Егер мəселе тек обкомға тіреліп тұрса, түсінуге болар... Министрліктегілер күн сайын дамылсыз телефон соғып, бидай егу жоспарын қайткенде де орындауды талап етеді. Сосын обком ауданды қысады, аудан колхоз-совхоздарды «желкелейді». Шырылдайтын өзің сияқты директорлар... – деді секретарь ойланып, сигаретін жаңалап, қайта тұтатып алып, үсті-үстіне құмыға сорып. Көк түтіні көктемгі ауа райы қолайсыз күндердегі жөңкілген бұлт-бураның шудаларындай үздік-создық көтеріліп басылды. – Міне, көрдіңіз бе?.. Бəрі осындай жоспар қуалашылықтан туындап отыр. Пардың да жойылып кеткені осының салдарынан дер едім. Тұқым себуге кіріскенше жұрттың бəрі де парды қолдайды, ал көктемгі дала жұмыстары басталысымен, əлгілердің бəрі егінді неғұрлым көп алқапқа егуге жанталасады. Осындай қарбаласта егіншілікті тиімді жүргізу əдісі естен шығып кетеді, – деп күйіп-пісті Кольцов. – Біздің совхозда астықтың өзіндік құны арзан болып, егіннен тұрақты мол өнім алынып жүргені пардың нəтижесі. Жылда парды керегімізше пайдаланып келеміз, сізден несін жасырайын. – Солай де... Ал бізге: «Жер парға қалдырылып, жыл бойына пайдаға аспайды екен, бұған қалайша жол беруге болады? Бұл егіншілік мəдинеті емес, барып тұрған қиянат!» деп ғалымсымақтар кабинетімізден шықпай қойды ғой.
Көңіл айнасы Тіпті олар: «сонау ежелгі Вавилон мен Римнің «прогресшіл» диқандары да өндірістік негізгі құрал – Жер-ананы ысырап ету болып табылатын парғa қарсы күрескен» деп дəлелдеді. Пар орнына отамалы дақылдарды қауырт дамытып, егіс көлемін барынша ұлғайтуды ұсынды, – деді секретарь өңі түтігіп, екі қолы алдына сыймай, тағы да темекі құтысына тамсана қарады. – Бұл өзі күрделі мəселе боп тұр... Күрделі болғанда да тез арада басын ашып, өмірге енгізетін, кезек күтпейтін проблема-а!!. – Менің мамандығым агроном, ептеген тəжірибеме сүйенсем, үлкен ғалымдардың еңбегіне үңілсем, қуаңшылықты шығыс аудандарда таза парсыз егіншілікті жүргізуге болмайды. Мұны тек ғалымдар ғана емес, Қазақстанның, Сібірдің, Завольже мен Уралдың диқан шаруалары да бес саусақтай біледі. Атақты ғалым Терентий Семенович Мальцев революцияға дейінгі уақыттан бері қуаңшылық аймақта егін өсірумен шұғылданып жүр. Егер ғалымның айтқанына жүгінсек: «Біздің жерде шаруалар атам заманнан бері парды егіншіліктің негізгі арқауы деп есептеп келеді. Бұл сөзбен олар тек қана таза парды атады, мен өзім күні бүгінге дейін осылай атаймын. Екпе пар – біздің жағдайымызда пар емес» дейді. Құлаққа кіретін сөз бе? – деді директор қыза сөйлеп. – Да-а! – секретарь езіліп отыра бергенді жөн көрмей, орнынан тұрып, арлы-берлі жүріп, терезеден тысқа көз салды. Күз күні күңгірт, қабағы салыңқы. Қорғасындай қара бұлттар жел ығытымең баяу жылжиды. Бұл жиын-терімнің бітіп, зябьты қолға алып жатқан кез. Осы есіне түскендей: – Зябьті біттіңдер ме? – деді бұған бұрылып сек ретарь. – Байырғы тұрғындар «июль айының басында себілген тұқым құмға түкіргенмен бірдей» дейді. Осы рас сөз, өткен жылы біздің ауданда тұқым себу ұзаққа созылды. Өйткені бұрнағы жылы егін орағы тым кешігіп аяқталды. Ал кейбір жерде егін ору бітпей, қалпынша қардың астында қалғанын көзіміз көрді. Осындай қарбаласта зябь мүлдем естен
Сейітқазы Досымов шықты (Жалпы ауданды айтады, əйтпесе өз совхозы бұл жылдарда сүрінбей өткен). Зябь аз болғандықтан, көктемде жерді жыртуға, əрі топырақты өңдеп, тұқым себуге келді. Өзіңіз білесіз, көктем кеш шықты, жауын-шашын мол болды. Міне, осының салдарынан совхоздардың көпшілігі бидайды июнь айында септі... – Неге? – деп секретарь директордың сөзін қалай бөлгенін өзі де аңғармай, екі беті ду етіп басылды. Шындыққа көзі жеткен сайын зығырданы қайнап, өзінің көп нəрседен əлі күнге дейін бейхабар жүргенінен іші ұлып жүре берді. Бірақ директорға сездірмеуге тырысып бақты. Өзінше «ауыл шараушылығының қай саласы болмасын шемішкеше шағамын» деп, əріптестерінен оқ бойы озық тұрған секретарьдың қатарына қосушы еді. Бақса, əлі бұл білмейтін қалтарыс, жықпыл аз емес екен. Мына алдында отырған уыздай жас директордың қасында намысы келді, шын арланды... Бірақ айлалылығына салып, оның алдында төмендемей, сол өр мінезімен кеудесін керіп, отыра берді. – Майдың жиырма бесінен кейін бидай егуге болмайтынын егіншіліктің сырына мүлде қанық емес адамға да белгілі жай еді. Бірақ «Шаш ал десе, бас алатын» өкілдер «қайткенде де» жоспарды орындауды талап етті. Шаруашылық басшылары өкілден асып кете алмады, оның ертең ауданға, одан облысқа жеткізетін «материалынан» қаймықты. Сөйтіп, біліп тұрып «білмей» қоя салды. Мұның зардабы келесі жылғы алынатын өнімге көріне көзге қауіп төндірді. – Қалайша? – Секретарьдың өткір көздері директордың өңменінен өтіп кетті. Түсі құбылып, маңдайынан шып-шып тер шықты. – Өйткені келесі жылы июньде егін егу тағы қайталайды... Мысалы, өткен жылы тұқым кеш себілсе – сол жылы егін кеш орылады. Сол жылы егін кеш орылса – зябь кеш əрі аз жыртылады. Өткен жылы зябь аз болса – келесі жылы жердің көбін көктемде жыртуға тура келеді. Келесі
Көңіл айнасы жылы жердің бəрін көктемде жырту салдарынан тұқым себер алдында топырақ нашар өңделеді, əрі тұқым асығыс себіледі. Мұның ақыр аяғы неге əкеп соқты. Ауа райы қолайлы болғанымен, аудан шаруашылықтарының көбі өнімді аз алды. Өйткені қара сұлы, тікен жəне қурай егін шығымына үлкен нұқсан келтірді. Міне, Сергей Абрамович, жарамсыз агротехника, «өзім білемдердің» нəтижесі осындай зардапқа əкеп тіреді. – Да-а! – деді секретарь. – Да-а!.. Пар керек, таза пар... Мен сенің сөзіңді тірілтейін, Кольцов жолдас! Сен өте дұрыс түсінгенсің жəне бір ғана аудан емес, облыстағы бітеу жараның аузын ашып отырсың. Жиырма бесінші майдан кейін себілген бидайдың пісіп үлгермеу қаупі бар екенін, июльде тұқым себілген егістік жерлердің пайдаға аспай қалатынын бүкіл облыстағы көптеген совхоз директорлары мен мамандары жақсы түсінді. Түсіне тұрып соған барды. Себебі – күзде егін шықпай қалса, ол жұрттың көбіне ортақ, онда кешірім жасалады. Кінəның басын ауа райына аудара салуға болады. Ал көктемде бидай себу жоспарын орындамаса, онда жауап беруге тура келеді! Міне, мəселе қайда жатыр. Біз мұндай «қулық» жасаған үш-төрт совхоздың басшыларын түбірімен ауыстырдық та, шарасыз қалды деп ойлама, директор жолдас! Сол күні обкомның секретары мен совхоздың директоры ұзақ əңгімеден соң бір қорытындыға келгендей өзара түсініскен жағдайда жылы шыраймен тарқасқан еді. Сергей Абрамович кабинетінен шығып бара жатқан орта бойлы, қапсағай келген, отызға əлі еркін іліге қоймаған жас жігіттің соңынан қызыға қарап «молодец!» деп қойды. Ел аузына ілігіп жүрген директорлар мен бас мамандарды, озат механизаторларды өстіп оңашалап шақырып, сыр тартатын секретарь. Сол алдына келіп жүргендердің ішінде көңілі толып, риза болғаны, «өсіру керек» деп жұмыс кітапшасына белгі соққаны осы «Краснопреснен» совхозының директоры, Иван Павло вич Кольцов болды.
Сейітқазы Досымов V «Краснопреснен» совхозының eгic даласын аппақ қар басып жатыр. Əр гектары шамамен он төрт-он жеті центнер өнім беретін бірнеше гектар егін қар астында қалған. Бұл Мусинаның директор болған жылының алғашқы күзі. Жас директор қысылды, байырғы комбайншылардан ақыл сұрады. (Иван Павловичтің кезінде дəл мұндай егін қар астында қалған жағдай болған жоқ-тын). Олар да Мусинаны түсінді, қол ұшын беріп, осындай тығырыққа тірелген кезде иықтан демегілері келді. Сонын жолын жатпай-тұрмай қарастырды, өзара ақылдаса келе бір игілікті іске қол ұрды. Бас-аяғы екі-үш күнде: – Ал, Тамара, барлық комбайнерлерді бригаданың басына жина. Біздің ойлап тапқан «озық» тəсілімізді көрсін, үйренсін, – деді Яровой. Тамара «шын ба, өтірік пе» дегендей бригадирдің жүзіне барлай қарады. Қаршығадай болып, ұстаған жерінен айрылмайтын əдетімен қасқайып тұр, кірпігін де қағар емес-ау! – Мақұл, келістік, – деді. Түстен кейін барлық ме ханизатор Яровойдың бригадасының басына топтанып, жаңалыққа құлақ түріп, ежірейе қарасты. Алдымен көпшілікке түсіндіріп өтті. – Міне, – деді Яровой. – Міне, мына комбайнның алдынан ысыра жинағыш тіркелген. Жүріп отырады да, дестедегі егінді ысыра жинап алып, сілкіп-сілкіп қардың бетіне тастайды. Оның соңынан жүрген комбайн əдейі əзірленген егінді жинап бастыруға тиіс деп есеп жасады. – Əй, қайдам-ау, бəрі ауызбен айтқандай болса жақсы ғой. – Күмəнім бар, бірақ кім біледі... – десті. Осылайша бірі əжуалап, екіншісі кəдімгідей үмітпен, үшіншісі күдікпен қарап, ошарылып тұр. Алдыңғы ысыра жинағыш тракторда Алпысов отыр, ол дестені қардың бетіне шығаруын шығарды. Оның соңындағы комбайнда Коротков отыр, ол дестедегі егінді
Көңіл айнасы бастырмақ ниетте... Бірақ комбайнның оған шамасы келетін емес, егінді қылқып жіберді де, қақалып-шашалып тоқтап қалады. Əлме-əл моторы сөне береді. Коротков жерге түседі де, дірілдеп-қалшылдап тоңған қолымен білектерге, жұлдызшаларға, ременьдерге жəне басқа айналмалы бөлшектерге қыстырылған егін сабанын жұлқылай бастайды. Көмекке жүгіріп Яровой жетеді. Екеулеп жүріп қыстырылған егін сабағын бітіреді. Комбайнына қарғып мініп, қайта оталдырады, егінді қайта бастыруға əрекет жасайды. Тағы да əлгіндей жайт аяққа оралғы бола берді. Амалдары таусылып, шабылып жүрген үшеуі бет қарыған аязда булары бұрқырап қолға алған істерін аяқсыз қалдырғылары келмей, əрі жиналып тұрғандардан намыстанып, бір сүйем жерге жылжыса да алға өршелене түседі. Бірақ жұрт күткендей нəтиже шықпады. Осы оқиғаның үстіне бірінші секретарьдың өзі түсті. Істің барысымен танысты. – Жалпы ойларың, ұсыныстарың орынды. Қашан ауа райы ашылғанша, қол қусырып қарап отыру озаттарға жат мінез болса керек. Қайран апай төстерім-ай!.. Мен сен үшеуіңді түсінемін, еткен еңбектерің көз алдымда... Совхозды өгіздей өрге сүйреп жүрсіңдер... Бір бригадаға үш мықтының қалай тап болғанына қайран қаламын! «Нар тəуекелге!» басқан екенсіңдер ғой, ерлерім... – деп, Иван Павловичтің (ол бірінші хатшы боп жоғарылаған) өзі барып бункердің түбінен бір уыс дəн алып, төменде тұрғандарға берді. Бидай дəні мұз түйіршіктерімен, қармен араласып кеткен. Мұз бен қар бидайдан əлдеқайда көп те, салмағы да ауыр екені айдан айқын көрініп тұр. Секретарь бастырылған егіннің сабағын əкеліп, масағын қолымен үгіп көрді де: – Дəннің тең жартысы масағында кетіп жатыр, бұлай болмайтын түрі бар. Сендер ренжімеңдер, комбайнды тоқтату керек, – деді. – Е-е, неге ренжиік, біздікі «сасқан үйрек артымен сүңгидінің» кебі ғой, – деп Алпысов «Примасының» біре-
Сейітқазы Досымов уін мүштегіне қыстырып, тамағын бүлк-бүлк еткізіп ұзақ сорып, көк түтінді əлден соң барып бұрқ еткізді. – Болмайтын болды, ə... болмайтын болды, ə-ə... – деп Яровой да шыдамсыз мінезімен қол-аяғы сайға тимей комбайнды айналып жүр, əлденесі ұмыт қалғандай, енді соны іздеп таппай жүргендей... – Түк те емес, басқа амалын табамыз, бүгінше осыған «риза» боласыздар, рұқсат бара беріңіздер, – деп Коротков жиналғандарды ду күлдіріп, кіршіксіз ақ қардың үстіне тонына оранып құлай кетті. Коротковтың сөзіне бірінші секретарь да күліп жіберді. – Ал, Мусина жолдас! Алда көп істер күтіп тұрғанын білесің ғой, – деді. – Білемін ғой, Иван Павлович, – деді Тамара. – Даусы жарықшақтанып шықты. Осыны байқаған сек ретарь: – «Краснопреснен» совхозының бұрынғы директорының бұрынғы тəжірибесімен шектеліп қалма, өз бетіңше ұйымдастырғыш қабілетіңді таныт, болашағың алда... Жұмысшылардың алдында именіп, жасықтық танытсаң, директор бола алмайсың. Қашанда олардың алдында шоқтығың биік тұрсын! – деп, арқасынан қағып, басқа совхоздарға жүріп кетті. Тамара ұстазының соңынан ұзақ қарап: «Құдай-ай, осы кісінің сенімінен шықсам болар еді-ау!» – деп терең күрсініп, машинасына қарай ілбіп басты... «Нартəуекел!» Кольцовтың өзі қолдап отыр. Диқаншылар – Кенжетай да, Александр да, Яровой да, қысылсам, ақыл қосады. Мен неден қорқамын» деп машинасына нық келіп отырды. «Иван Павловичтің «Нартəуекелі» аман болса, Əкпардың қызы да бір жерден шығар, неғыпты!.. «Бір аштың бір тоқтығы бар» деген рас-ay, осы... Өзек жалғар бір үзім нанға зар болып, қолына нан ұстап жеп жүрген балаларға талай көзімізді сатқанымыз ұмытылар дейсің бе? Менің талайыма Болатты кездестірді. Ол да əке-шешеден тұлдыр жетім еді, екеуміз де оқып шықтық. Екі інісі мен бір қарындасы
Көңіл айнасы жəне мен болып «Еңбекшілдегі» интернатта жатқанымыз ешқашан ұмытылмас... Кіл əскер семьяларының жетім қалған балалары едік қой...» ...Ол күнгі интернаттың да күйі шамалы. Тісіңе сағыздай жабысқан қара наны қанағат болатын. Болат екі інісімен бір бөлмеде де, қарындасы қарсы бөлмеде қыздармен бірге тұрды. Ананың ыстық құшағы, аялы алақаны қарындасының есінен шықпай, көзі мөлтілдеп жастан құрғамайтын. Көбінде Болаттың қасында жүреді. Бірлі-жарым басқа балаларға талқан салған қалта келеді. Бір күні: – Болат аға, бізге неге талқан келмейді? – деді қарындасы. Болат тұнжыраған қалпы тоқырап, біраз тұрып-тұрып: – Асықпа, айналайын, неге келмесін, келеді əлі, – деген-ді. Мүмкін, қарындасының тұлым шашына алғаш ақ бантикті Тамара таққан шығар. Содан Болаттың Тамарамен достығына қарындасы себепші болған болар... Əйтеуір, үшеуі ерте табысып, біріне-бірі сүйеу болды. Бірде Болат Тамаралардың бөлмесіне бас сұқты. Қарындасының сабақтан келген беті екен, ағасының алдына құлай кетті. – Аға, біздің үйден де талқан келді! – Ағасында үн жоқ, қабағынан қар жауардай түйіліп отыра берді. – Тамара тəтем айтады, тағы келеді дейді. – ?! Тамара сонда Болаттың бір сəт мұңайған көздерінің ар жағынан ытқып шыққан жас тамшысын көрсе де, аңғармаған болып еді... Тамара сонда ол мөлдір тамшыларды, бақыттың алғашқы бусанғандағы кінəсіз шыққан белгісіне балаған, анық сенген. Содан есейе келе, оқу бітірген соң, Тамара мен Болат семья құрып, отау болып, шаңырақ көтерді. Көп кешікпей комсомолдық жолдамамен тыңға жол түсті, осы совхоздан бірақ шықты. Соңғы келген вагоншалардың бірін еншіледі. Кешкілік монтер келіп, электр сымын жалғап, жарық орнатты. Ұядай екі бөлмеде жалғыз кереуеттен басқа көлденең жатқан қисық ағаш та таппайсың. – Тамақ ішпейміз бе? – деді Болат.
Сейітқазы Досымов – Асханадан ба? – деді Тамара. – Жоқ, өзіміздің үйден ішейік те, – деді Болат. – Онда, ертең дүкен ашылғанша ішпей-ақ қояйық, – дейді Тамара. Тереңнен шыққан бұлақ сылдырындай күміс күлкі естілді. Жастығына қарамай өмір тəжірибесіне сеніп директор қойған да болар. Ұстаздардың сол сенімін ақтауы керек Тамара. * Коротков ойламаған жерден Москвадан хат алды. Хатта: «Александр!.. Мен сені сағындым. Мен емес-ау, Виктор... «Папам қашан келеді?» деп күнде миымды жейді. Өстіп жүргенде сенің дидарыңды телевизордан көрдік. Алғашқыда өз көзіме өзім сенбей қалдым... Əбден көзімді жеткізгеннен кейін барып: «Виктор, əне папаң...» дегенімше ғайып болдың, сенің орныңа басқа бір мұрны қоңқайған комбайншы келіп тұра қалғаны. Енді балаңа не дерімді білмей сасқанымды бір сəт есіңе алып ойланып көрші... «Қайда менің папам?» деп, тақақтап тұрып алды. «Мынау ма?» деп, əлгі қоңқақ мұрынға тесіле келіп қарайды. «Жоқ, ол емес, ауыстырып жіберді. Сенің папаң анау емес пе, ал бұл оған ұқсамайды ғой» деп, сенің қабырғадағы ілулі тұрған портретіңді көрсетіп əзер дегенде көңілін басқаға аудардым-ау! Алик!.. Сағындым... Сен мені ұмытып та кеткен шығарсың, əлде үйленіп алдың ба? Бірақ оған қимаймын... Биылғы кезекті еңбек демалысыңда келіп қайт, өтінемін... Тыңның жай-жапсарымен таныстыр, бəлки, өзіңмен ілесе кетермін. Əйтпесе мұнда жалғыздықтан жапа шектім, əйтеуір, ермегім Виктор, басқа іске қолым бармайды. Хат жаз, күтемін! Өзіңнің Валентинаң» депті. Ол хатты ашып оқуын оқығанмен, қуанғаны да, ренжігені де белгісіз, сұлқ отырды да қалды. – Не болды? – деп Кенжетай сасып қалды. – Тыныштық па, əйтеуір? – Үйден хат алдым. Викторым аман-есен шауып жүр
Көңіл айнасы екен. Осы демалысыңды пайдаланып келіп қайт депті, – деді ол өң мен түстің ортасында отырып. – Кім? – Валентина... Келініңіз... – Менің тілімді алсаң, əзірше барма, көрдің ғой, – деп қойды Кенжетай қаршығадай денесін қомдап-қомдап. – Əйелге мықты болу керек, қашанда оның алдында еңсеңді түсірме, білдің бе?! Саспа, өзі-ақ келеді Уалентин келін, саспа! Бізде «Əйелді бастан, баланы жастан» деген мақал бар. Вот, менің семьямды көріп жүрсің ғой. Бəрі орын-орнында, тəртіпті... Александр Кенжетайдың айтқанын құп көргендей, хатқа жауап жазбады. Оның үстіне тыңның аты тың. Диқаншы қауымда қысы-жазы маза жоқ. Кенжетайдың айтқанындай одан соң хаттар үсті-үстіне келе бастады. Арада тағы бірталай уақыт өткенде алғашқы мил лиард пұт астық Отан қамбасына құйылды. Осы миллиондармен бірге «Краснопреснен» совхозына үш Алтын Жұлдыз оралды. Оның бірі – Коротков, екіншісі – Алпысов, үшіншісі – Яровой. ...«Правда» газетінен күйеуінің фамилиясын көргенде Валентина əуелде сенерін де, сенбесін де білмеді. Ұзақ тізімнің ішінде «Александр Савельевич Коротков» деген бір-ақ жерде бар екен. Адресі де дəл келіп тұр. Сосын газетке тесіле тағы ұзақ қарады. Көзінің алды тұманданып, қарауытып, басы айналғандай болды ма, əйтеуір, сүт пісірімдей уақыт өз-өзіне келе алмады. «Апыр-ау, маған сонша не болды». – Мама-а! Қарным ашты... Есікті серпе ашып, ішке Виктор ентелеп кірді. – Мама! Қарным ашты... – Кел, келе ғой, алтыным... – деп, Валентина ұлының бетінен шөпілдетіп сүйе берді. Ерекше бір қуанышын жасыра алмай ұлына айтарын да, айтпасын да білмей екіұдай көңілде қалды. «Егер айтсам, Виктор екі қолын шапаттап ұшып көкке, ұшып жерге түсері айдан анық. Ал жабулы қазанды жабуымен қалдырып қымтай салсам ше, онда оны
Сейітқазы Досымов біліп жатқан тағы Виктор жоқ қой. Газетке қарап, радиоға құлақ түріп жүрген ол ма? Өз алданышы бір басына жетеді. Тіпті мен айтпасам, əзірше əкесін де көп аса іздей бермейді. Осылай өмірге əкесіз келе салған сияқты, оған мен болсам жетіп жатыр. Өйтпегенде қайтсін, əкесі тыңға аттанғанда, есі кіре қойған жоқ еді. Келе-келе екеуденекеу тар бөлмеде қамалып күн кеше бердік. Содан бойы əбден үйреніп алған... мен болмасам...» Көзіне лықсып келген жасты аңғармады, əрі-сəрі күйде, күнделікті үй тіршілігін неден бастарын білмей, екі қолы ештеңеге бармады. – Мама, неге жылайсың, а?.. Ауырып отырсың ба, а?... – десін Виктор мойнына асыла кетіп. Осы кезде барып басынан біреу салып өткендей селк ете түсті. Ауыр ой аспанды бүркеп алған қорғасын бұлттардай ыдырар емес, қайта еңсесін көтертпей қойды. Өн бойы зілмауыр тартып, қарға адым жер жүруге зар, сал аурулы адамдай сол отырған орнынан жылжи алар түрі жоқ. «Құдайым-ау, маған сонша не болды?.. Өзіме де сауап... Қыздай қосылған, сүйіп қосылған қосағымды ренжітіп, айтқанын істемей көңілін қалдырдым ба? Қалдырдым, өкпелеттім... Ол мені қайтып көрместей болып кетті ғой. Мінекей, содан бері ең болмаса бір де хат жазбады. Не деген тас бауыр, ділі қатты еді. Бұрын оны бұндай деп кім ойлаған. Өзі нағыз мəрт жігіт екен де... Ең болмаса тұла бойы тұңғышына бір қайырылып соқпады-ау!.. Түу!.. Ары кетсе бір ай шыдар, сосын тыңың өзіңе, маған жан тыныштық керек, семья керек деп салып ұрып келетін шығар деп жүрсем... Ол ойымның күлін көкке ұшырып кетті, енді қарай көр-ей, герой... Еще, бізді мұнда тастап, кеудесіне Алтын жұлдыз тақты, енді оған өмір сүру оңай... енді оған қатын да көп... ендігі үйленіп те алған шығар-ау. Хатыма жауап та жазбайды... Керек десең, заңды некеден шығып ажыраспағанымызды да ұмытқан. Тапқан екен түк білмейтін ес алмасты... Қазір жолға шығамын, барып тас-ошағын талқан қыламын, алған қатынының шашын бір талдап жұлып қолына беремін, соттасамын... Көрдің бе, мұның жайраңдап, мерейі тасып, алшаң басып жүргенін! Біз болсақ мұнда құсадан
Көңіл айнасы жарылардай болып отырмыз... Виктор əкелі жетім атанды, мен боса да болмаса он екіден бір гүлім ашылмай жесір қалдым. Соншама құдайға не жазып едім?!.» Валентина бұлқан-талқан ашу үстінде, еңірегенде етегі толып, асығыс жолға жиналды. Бастығына телефонмен мəн-жайды түсіндіріп, кезекті еңбек демалысын беруді сұранды. Қайтып келген соң, арызына қол қоятын болып, бастығы да бірден келісіп, қарсы болмады. Ақмолаға табаны тигенде оған арлы-берлі жүргендердің ішінен Александр бірден ұшыраса кететіндей жүрегі алып-ұшып əрқайсысына бір жаутаңдап қарай берді. Аэропорттың анықтама бюросынан «Краснопреснен» совхозына «АН-2» самолетінің сағат үште ұшатынын біліп, қуанып қалды. Оған дейін тамақтанып, асықпай тосуға тура келді. «Папама қашан барамыз?» – деп Виктор да мазаны əбден алып болды. «Е-е, балам-ay, «папам-папам» деп аузыңды толтырып іздеп келе жатқанда, қарсы ала қойса болар еді-ау! Енді-гі-і бізді ұмытып та кеткен шығар... (Көзіне дөңгеленіп жас үйірілді). Қап! Бекер-ақ келдім бе деймін осы, ең болмаса бір жауап хат жазбады да ғой... Еще, əйел басыммен өзім іздеп келе жатырмын. Ал ол болса кеудесі аяққаптай болып алшаң-алшаң басып жүрген шығар... Оған Қазақстан майдай жаққан, тегі, тіпті тұмсығын тығып алып, басын көтерер де емес қой. Өстіп шаршапшалдығып, жол азабын тартып іздеп барғанда, таптырсаау əуелі ол. Таптырмаса қайттім? Қонақ үйі болса жақсы, болмаса ше?.. Валентинаның өне бойы дір етіп, түршігіп басылды. Күткен уақытта «Краснопресненге» самолетке отыру басталды. Мұндай самолетке бірінші рет отыруы еді, ептеп жүрегі толқып басылды. Өзімен иықтас адамдарға қарап «Жаным осылардан артық па» деп өзін-өзі тоқтатты. Викторының қолынан қысып «Папаңның совхозына жарты сағатта жетеміз», – деп оны да көңілдендіріп, ойын басқаға аударды. «АН-2» самолетінің көтерілгені сол еді, енді бір мезгілде қалықтап келіп-келіп қонуға бағыт алды. Ва лентина «уһ» деп демін алып, іштей қуанғанын да жасыра алма-
Сейітқазы Досымов ды. Тақтайдай тегіс жердің шаңын бұрқ еткізіп, құйрығы қайқаңдап, самолет шарықтап біраз жер «жорғалап» жүріп отырып, кері бұрылып, кілт тоқтады. Бəрі көзді ашыпжұмғанша болғандай көрінді. Викторға папасы күтіп тұрғандай самолеттің есігі ашылысымен жерге секіріп түсіп, сары ала далаға қарап тұрып қалды. Ақ бидай жел лебімен теңіздей толқиды. Үй орындай ғана жерді ойып «аэрофлот» жасап қойыпты, əйтпесе айнала төңірегі түгел егін. Валентина баласын жетектеп, қолындағы қомақты сумкасын ауырласа да самолеттен түскендерден қалмай ілесе берді. Шатырлы үйлер екі қатар болып жарыса салыныпты. Одан бөлек көзге оқшау көрініп тұрған ештеңе байқала қоймады. «Совхоз орталығы осы ма?..» дегендей Валентина қомсына көз жүгіртті. Сол қол тұстағы жатаған үйдің маңдайшасына «Асхана» деп, оған жалғас: «Азық-түлік магазині», «Шаштараз», «Медпункт» деген жазуларды көзі шалды. «Кеңсесі қайда болды екен? Жергілікті адамдардың бірінен сұрамай болмас... Александрды сұрасам ба екен, əлде...» – Қызым, сырттан келіп жол таппай тұрған сияқтысың ғой, – деді бір жетпісті иектеген ақ самай ана. – Иə, бірінші рет келіп тұр едім. – Кімнің үйіне? – Жоқ, мен осында... Александр Савельевич Коротковты білесіз бе? – Білмей, не қара басыпты?! Ол жақында герой болды. Ой, өзі де алтын жігіт, тек жалғыз басты, осынша үйлен дейді оған жолдастары, үйленбейді... «...Осынша үйлен дейді оған жолдастары, үйленбейді». Валентинаның жүрегі аузына тығылып, қуанарын да, ренжірін де білмеді. Өзінің мына тұрысына намысы келді. Қайда барып тізе бүгерін білмей қиналды. Москвадағы аядай бір бөлмесін ойлады. «Өз үйің, өлең төсегің болғанға не жетсін, шіркін! Осы уақытқа дейін Александр не күйде жүріп еңбек етті екен?! Еще еңбегі жанып, ел аузына ілікті, ə... Молодец! Бізді қарсы алар ма, алмас па?.. Маған
Көңіл айнасы өкпесі кара қазандай болғанмен, Викторды кеудесінен итере қоймас, қанша айтқанмен туған баласы...» – Қызым, Александрды тек түн ортасында ғана таба аласың. Олар қазір орақта, науқанның нағыз қызған кезі ғой бұл, – деді ана. – Қонақ үй қай жерде? – Жатақхана ғана бар. Бірақ, Александр онда тұрмайды. Шалқардағы бір қазақтың үйінде жатады, екеуі егіз қозыдай. Ол да герой. Тағы бір достары бар, герой, болған... Үш батыр тың көтерілгеннен бері тізе қосып, ақыры көздеген жерлерінен шығыпты... Оны, мен қайдан білейін, ана механизатор балам айтады ішіп отырып, оттап... Өзінің қолынан келмеген соң, айта береді де қызғанышпен. Мен айттым балама, тыңның келешегі алда, герой болу да алда, еңбек ет аянбай деп. Менікі жөн емес пе, қызым?.. Ақ самай ана сөзінің аяғын жұтып, Валентинаны қолынан ұстап, бірден үйіне қарай жетектей жөнелді. – Дайын үй тұрғанда қайда барасың? Жатақханаға барғанда оның қай жеріне отырасың? Біздің Иван да өзің сияқты бір сұлуға қолы жетпей жүр... Сен, немене, геройдың қарындасысың ба? – дейді ақ самай ана ағынан жарылып. Валентина ұялып, əуелгіде не дерін білмей, əйтеуір, күліп құтылды. Кемпір дастарқан мəзірін жасап, Валентинаға сов хоз өмірінен толық мəлімет берді. Сөз ауаны жамандау емес, кіл мақтау болды. Өзінің тыңға келіп, өстіп жүргеніне ырзалығын білдірді. Түбінде баласының герой болатынына сенімді екенін айтты. Валентина бұл түнді ұйқысыз өткізді. Ақ самай ананың баласы егінжайдан оралмады. Ертеңіне ертелеп тұрып, совхоз кеңсесіне барып, Александрға өзінің келгенін жеткізетін адам іздестірді. Басшылардың бірі де орнынан таптырмады, бəрі сағат бес-алтыдан тұрып, жай-жайына кетіпті, жалғыз ғана бас бухгалтер кеңседе қарауылдай қалқиып отыр. Амалы таусылған Валентина ақырындап алдына барып, қысыла сəлемдесті. Жағдайын айтты. Ол бірден ден қойып,
Сейітқазы Досымов соңынан еріп жүрген баласына жаны ашығандай байыппен қарап, телефон құлағына бірден жармасты. – Ал-ло-о! Шалқар-р! Маған Алпысовтың үйін қосыңызшы! Алпысовтың!.. Да-да-да! Бұл кім екен, сəлеметсіз бе? Бұл «Краснопресненнен» ғой. Иə, иə. Александр бүгін үйге келіп түнеді ме? Қап-ай, ə. Одан сүйінші сұрайын деп едім... Əйелі іздеп келіпті иə, міне кеңседе отыр. Жарайды, жеткізіп саламыз, – деп трубканы тұғырына қондырды. Сосын терезеден тысқа көз салды. – Қазір, – деді бас бухгалтер. – Александр тұратын үйге барып дем ала бересіз. Біз бұл жақтан поляға хабар береміз. Бұйыртса, түске дейін жолдасыңызбен қауышасыз. Виктор папасымен табысады! Есік алдына «ГАЗ-69» гүр етіп тоқтай қалғанда, Рыскүл сасқалақтап қалды. Тұңғышы келін əкеп түсіргенде өстіп бір сасып еді, одан соңғы осы болар-ау! Күйгелектеніп, сыртқа шығарын, не шықпасын білмей жүргенде, үйге бала ерткен ұзын бойлы, ақ сазандай əдемі келіншек имене басып келіп кірді. – Здравствуйте! – Амансың ба, қалқам! Төрлетіңдер! Біреуі орысша, біреуі қазақша келте ғана сөйлесті. Одан арғысы айтқызбай-ақ түсінікті болды. Əдеттегідей шайларын ішіп, аяқ-қолын созып дем алды. Айтқандайақ, Александр үзілісті пайдаланып жеңіл машинамен зыр етіп жетті... – Папа! – деп ұлы əкесіне ұмтылды. – Саша! – деп көзі жаудырап Валентина тұр. Ұлын жерден көтеріп алған күйі, Александр жетіп барып келіншегін ыстық құшағына алды.
Көңіл айнасы ЖАЛҒЫЗ БАЛА Екіқабат боп демалысқа шыққалы Талбике дүкен аралағыш болып алды. Бұрын бір мезгіл жұмыс алданыш екен. Күйеуі Əскер: «Көп жүре беретінің не осы?» деп реніш білдіреді. «Дəрігерлердің өзі қыдырып тұруға кеңес берген» дейді қылықты келіншек қылымсып. Сөйтсе де алып жатқан бұйымы шамалы. Сандалысы көп əйтеуір. Кешкілік Əскерге көрген-білгендерін жырдай ғып айтып келеді. «Осы халықтың ақшаға қалай бөгіп жүретінін білмейсің?! Күреп табады-ау деймін сірə. Алғандарына қарап тұрып көзің қызады» дейді. «Тура мына орамалымның түсіндей кофталар түсіп еді, алмадым» дейді. «Джерси пальтолар да түсті, чехтардікі» дейді. Сөзінің соңы ашумен аяқталады. «Біз-ақ жарымаймыз, өмір бақи жарымай өтетін шығармыз. Демалыстан алған ақшама ертең етік алайын деп отырмын...» Талбике мерзімінен бір ай бұрын босанды. Əйтеуір өзі де, баласы да аман-есен. Перзентханадан шыққанына үштөрт күн болған. Нəрестенің атын «Жолдас» деп қойды. Міне бүгін жас жұбайлар қызыл шақа денені шомылдырып отыр. Əлі қырқынан шықпаған нəресте екі қолын тас қып жұмып алып, қарлығыңқы, өктем үнмен үздік создық жылайды. Шидей қол-аяғы еркіне келмей тыраңдап, мырсың-мырсың етеді. – Əскер! Əскер! Жолдастың көзіне сабын тиетін болды. Былай, шалқайтыңқырап ұстасайшы? Онсыз да ылжыраған денені қайтып ұстаудың есебін таппай, икемі келмей отырған ол Жолдасты шалқайта беріп еді, басы келіп шараның ернеуіне сылқ ете қалды. Сол солақ екен үні шықпай, шегі түйіліп қалғандай қып-қызыл парт боп кетті. – Ақыры өлтіріп тындың-ау, жүгір, тез жедел жəрдемге! Əскер қас пен көздің арасында анық не болғанын айыра алмай, состиып тұрып қалған. Жақын арада телефон буд-
Сейітқазы Досымов касы да жоқ. Ең жақыны «Экран» кинотеатрының алдында ғана. Ол түн ішінде көшені бойлап, ес-түсі қалмай жүгіріп келеді. Қас қылғандай кинодан тараған лек-лек халық қарсы алдынан шығып, жолын бөгеп, əбден діңкелеп ентігін баса алмай телефонмен зорға хабарласты. Жүгіре басып үйге келсе, Жолдасты киіндіріп қойыпты. – Не болды? – Е, қойшы, сенің істеген тірлігің құрысын. Адам деген байқамай ма екен. Зорға тірілтіп алдым. – Əйтеуір аман болса бопты. – «Шіркін, жас иіс» деп, «бала көтеретін уағыңнан астың, əй, білмеймін. Əскерім болса жалғыз еді!» деп құлағымның құрыш етін жеген шешең қайда? Неге келмейді? – Ой, Талбике-ай, жаным, жағдайды өзің білесің, сөйте тұрып несіне айта бересің? – Айтамын. Əбден айтамын. Сенің шешең өлгенде де «мал-мал» деп жатып көзін жұмады. – Түу! Əскер тұнжырап, мына сөзге не дерін білмей, тосылып қалды. Іштей ойлады. «Айтқанымен түсінбеген соң, аузымды ауыртып, сөзімнің қадірін кетіріп керек қанша? Бұрын оқу оқыдық, шамасының барынша жиырма-отыз сомын аямай бізге салды. Ал, ендігі кезек бізден еді ғой. Біз күні бүгінге дейін сол кемпірге соқыр тиын бердік пе? Жоқ. Осына басқа білмесе де Талбикенің білетін реті бар. Білмеді, амалым не?» Дəрігерлер келіп, Жолдасты əрлі-берлі тырбаңдатып көріп, жүрек соғысын тыңдап: «Бəрі де ойдағыдай, жассыңдар ғой, ұқыпты болған дұрыс», – деп кетті. Алғашқы үйленген жылдары бір-біріне бұлай қатты сөз айтуды білмейтін. (Əскер əлі сол). Осы пəтерді де үйленер алдында екеуі қол ұстасып, бірге жүріп тауып алған. Содан табан аудармай əлі тұрып келеді. Пəтер иесінің арбиған қара кереуетінде ауылдан келген екі көрпенің бірін төсеніп, бірін жамылып күн кеше берген. Ақшаларын ұқыппен жұмсап, келер стипендияларына дейін артылтып жеткізетін. Бұның ішінде ептеп көйлек-
Көңіл айнасы көншек те жаңартып алатын. Ауылдан келген ақша да, Əскердің тиіп-қашып газет-журналдарға мақала жазып алатын ақшасы да ретсіз жұмсалмайтын. Сонда бəріне де жететін, тіпті артылып қалатын. Сабақтан қолдары қалт етсе, пəтерлеріне тақау «Экран» кинотеатрына ғана баратын. Барғанша, келгенше əрқайсысы өз ауылдарын, ата-аналарын жақтап, кіршіксіз көңілмен пікір таластырып, ашық аспан астында, шалқар дүние құшағында, шек-сілелері қатқанша рақаттана күлетін, қызықтайтын. Университеттің екінші курсын бітірген жылдың жазында Талбике Аспара ауылының табалдырығын аттап, келін болып түсті. Сондай ұяң, кісі бетіне тіктеп қарамайтын, ибалы болатын. Өзі де уылжыған, əлі балалықтың базарынан еркін қол үзіп кете қоймаған, өмірге ғашық, оның айдынына енді құлаш ұрған нағыз періштенің өзі еді. – Оқыған ғой. – Оқығанынан бұрын тоқығанын айт. – Қаланың қыздарының ішіндегі бір жуасы екен. – Əй, бəсе... Байғұс. Қиықша кемпір қашанғы жыласын! Құдай қойнын құтты қылсын! Алдынан жарылқасын! Ауыл адамдары Талбикені осындай шарапатты сөздермен оқуын жалғастыруға шығарып салған. Қиықша кемпір де өлердегі сөздерін айтып: «Жалғыз күн кешіп жатқан жəйім бар. Еріккенімнен емес, əйтеуір Əскержан оқуын бітіргенше қарап отырып өлмейін деген қу тірлік... Өзің бəрін біліп, осы үйде не бар, не жоғын көріп кетіп барасың. Бір суыртпақ жіп болса сендер деп, сен екеуің деп жинаймын. Тек, енеңнің осы сөзін зердеңе құйып ал. Үйлену оңай, үй болу қиын, дүние-малдарың əлі алдарыңда. Тым жастау, ерте үйленген соң, балалықпен оған-бұған еліктеп жүре ме деп айтамын, əншейін... Кек тұтпай, ақыл деп ұқсаң болды» деген. Əбүйір болғанда университетті бітіргенше Талбике құрсақ көтерген жоқ. Бірге оқыған жолдастары: – Өзіміздің келіншегіміз үйленгеннен кейін бес-алты айдан соң-ақ босанған. Бұл қай жүрістерің? – деп əзілдейтін.
Сейітқазы Досымов Əскер сол филология факультетін бітірген бойда аспирантураға түсті. Оның есесіне Талбике жұмыссыз бос жүріп қалды. Жұмыс іздеп көп мекемелердің есігін тоздырды. Қай мекеме болсын: «Тіл-əдебиет де... Орысшаға қалайсың?» дейді. «Орысшаға дейсіз бе, қайдам, əйтеуір...» деп Талбике күмілжиді. Ол осылай бір жылды жұмыссыз өткізіп, келер жылдың сентябрінен астанадағы қазақ мектеп-интернаттарының біріне тəрбиеші боп орналасты. Əскер бойшаң, ат жақты, аққұба келген туасы момын жігіт. Үнемі «Аққу» сигаретінің (университетті бітіргенше «Прима» шеккен) көк шулан түтіні аядай бөлмеде ертелі-кеш сыздықтай көтеріліп, кандидаттық жұмысымен отырғаны сол. Талбике де ажарлы. Дөңгелек жүзді, екі көзі танадай, толық... Əсіресе, аш беліне түскен қою қолаң шашы қазіргі кезде не қилы əсемденуге оралымды-ақ. Елге барғанда да «жақсы келін» атануына бірден-бір себепші осы қолаң шашы болған. Кейіннен кескізіп, бұйралатып алды. Өзінің көңілі соны қалаған шығар. Дегенмен, бірлі-жарым таныс кісілердің көңіліне оғаш көрініп қалған. Əйтсе де тосын көзге еленіп, «О, шашыңды бұйралатып алғанбысың?» деген бір адам жоқ. Əскер аспирантурасын бітірген соң, университеттің өзіне мұғалім болып қалды. Екеуі екі жерден табыс тауып, бір-екі жылдың ішінде бұрынғы құбатөбел тұрмыстары да түзеліп, демде-ақ орта буын отаулардың бірі болып шыға келді. – Биыл, үш олжа біздің босағаға оралып тұр. Оның бірі – ұл, екіншісі – филология ғылымының кандидаты, үшіншісі – үй, – деп əзілдейтін Əскер. Бұл ойнаса да ойындағысы еді. Кандидаттык диссертациясын аяқтап, соны қорғау қамында жүргені рас. Бес-алты жылдан бері құрсақ көтермей көңілді күдік билеп, бір-біріне білдіріп сыр ашпаса да орталарында бір мұңның табы білініп қалатын. Ол «шынымен-ақ, баламыз болмай ма?» деген күпті көңіл-тін. Міне, енді сол күпті көңілде қуаныш нышаны бар. Талбике бала көтерді. Үйдің де хабары шығып, «ноябрьде береді» дейді. «Жаңа Жыл-
Көңіл айнасы дан кейін» деп айтады. «Майға барады-ау, сөз саптастары». Дəл бүгін болмаса да ертең болатыны зайыр-тын. – Үй берген күннің ертеңіне апамды қолға алмасақ па!? – деп Əскер алақанына түкіріп жүрген. Бірақ тағдырдың адамды бір ақсатқысы келсе, өз-өзімен бүлінтіп қоятын кезі болады екен. Талбикені бір кезде «жақсы келін» атандырған жібектей есілген мінезі күрт өзгерді. Оның да өзіндік сыры бар еді. Бұрын студенттік өмірден бөлек ештеңе көрмеген Талбике, жаңа ортаға имене басып келді. Бірінші күні мектеп-интернатқа барғанда көптен істейтін тəрбиеші əйелдер: – Қарағым, бұрын қайда істеп едің? – Жұбайың ше? – Қалқам, қай жерліксің? – Неше балаларың бар? – деп, мəліметті мол етіп алған да, қайтып мұнымен жұмысы болмаған. Олар жұмысқа сылаңдап келіп, сылаңдап кетеді. Мектеп-интернаттың директорымен иінтірестіре жүріп ашық əңгімелесе береді. Ойларын іркілмей айтып, көздеген нысанасы болса ескертеді. Осының бəрі Талбикенің еңсесін қос қолдап төмен басқанмен пара-пар болды. Өзінің білімін, жұмысын олардан төмен санады. Көңілінде жүрген көп ойларын батып айта алмады. Айтайын десе «бір жері болмаса бір жері бұрыс шығып, ұятқа қалып жүремін бе» деп өзөзінен жасып, қуыстана берді. Екінші жағынан тағы бір зіл қара тас келіп, оның еңсесін мүлдем көтертпей басып түсті. Ол киім мəселесі-тін. Өзінің жеңі қырқылған драп польтосына, мақта шарфына, арзанқол етігіне қарап, аналармен іштей салғастырып, өз өмірлеріне, əсіресе, шаңырақ иесі Əскерге көңілі қалып, пəтеріне құлазып қайтып жүрді. Кейін, екеулеп табыс тауып, қолға ақшаның басы құралып, Талбике де көңілі сүйген киімін алып, үсті бірекі сыпыра жаңарды. – Мынауың əшейін, өзіміздікі ғой... – Мынауың, əлгі Қатираның арзан бағасымен қайтып өткізіп жібергеніңдей екен. – Мынауың дұрыс екен. Қайдан алдың? Маған осын-
Сейітқазы Досымов дай біреу керек еді, – деп алғаш келген күндегідей бір-екі əйел ортаға алған. «Əй, енді араласып кетермін», – деп ойлаған сонда Талбике. «Құтты болсын!» дей салса қайтер еді», – деп те ойлаған. Тағы көңілі құлазып, əлде неге зауқы соққан. Неге? Өзі де білмейді. Əлде, бірге қызметтес əйелдер қатарына теңелуді аңсайтын шығар. Əлде... Теңелді деген осы еді ғой. Сонда да көңілі тоят табар емес. Аш қасқырдай ұлып тұр. Неге?.. Өзі де білмейді. Бірге істейтін қызметтес ана бір үш-төрт əйелдердей Талбике күнде бір түрлі шет елден шыққан көйлек, күнде бір түрлі жемпір, туфли... Күнде-күнде кигісі келетін шығар. Мүмкін. Бақса, олар осындағы үлкен ғұлама ғалымдардың жолдастары екен. Ал, өзімен тұстас Қатира ше? Бір күні əңгімеден əңгіме туындап екеуі сырласып еді. Қатираның күйеуі шофер екен. Үш балалары бар екен. Жəй, қолдан от жағатын үйде тұратын көрінеді. «Сен қалай осынша жақсы киінесің?» деп сұрағалы тұрды да, ұялды. Соны айтпай сезгендей; «Папам Алматыға тақау жерде «Алматы» совхозының директоры. Жақында үкіметтен үй аламыз. Толик ауыл шаруашылық институтында сырттай оқиды» деді ол. «Толик, жолдасың болар ə?» – деді бұл. «Иə, аты Төлеу ғой. Əншейін Толик дегенім болмаса» деді ол. Толиктің де папасы директор. №2 автобазада. Білесің, бізге былай көмектеседі» деп, Қатира кеңірдегімізден дегендей белгі берді. Əңгіме осымен тəмəмдалған. Талбике əке қызығын көрмей, шеше тəрбиесінде өскен. Əкесі соғыстан жаралы боп оралып, көп ұзамай дүние салды. Бұл оныншы класты оқып жүргенде шешесі дүниеден қайтты. Мектепті бір жамағайындарының үйінде жүріп бітірді де, университетке келіп түсіп кетті. Анасының өлімі қабырғасына аяздай батып, өмірі өксіп жүргенде, жалғыздықтың тақсыретінен осы Əскер құтқарды. Бірінші курстың басынан-ақ бір-бірін іштей ұғып, сырласып, дос болып алды да аяғы махаббатпен ұласты. Үйленді. Əскер де əкеден ерте айырылған. Маңдайының сорын бес елі етіп қу соғыс жалмап əкеткен. Шешесі бақуат. Жастай жесір қалса да, жалғыз баласын тəрбиелеп, оқытып,
Көңіл айнасы қайтып тұрмысқа шықпаған. Қазір алпысты иектеп калған. Дегенмен дилы. Бір үйдің шаруасын бір өзі тындырып, дөңгелентіп отыр. Оқуын бітірген соң баласы елге келер деп еді. Аспирантураға қалды. Оны бітірген соң келер деп еді. Кандидат боламын деп тағы қаладан шыққысы келмеді. Сонымен «онысын да күтейін, əбден көздеген мақсатына жетсін. Денім сау. Нақақ өлімі кездессе өз елімнің ішінде отырмын ғой. Таза арулап көмер» деп, өзін-өзі жұбатып қоятын ана. Алыста жатып-ақ баласы мен келінінің тілеуін тілеп, артық бір заты болса екеуіне арнап, тірнектеп жиып жүре берді. * Соңғы кезде келінінің айы тақаған сайын көзі ілініп кетсе-ақ Қиықша кемпір түс көріп шығатын болды. Жəне түсінде ылғи да ықылым замандағы қирап қалған қала орнынан найзаның ұшын, садақтың жебесін, қылыштың сынығын тауып алып жүреді. Əсіресе, мұндай түсін өзі іштей жорып: «Е-е, аман болса немерем жаман неме болады екен» деп жориды. Сөйтеді де іштей толқып, қуанышын сыртқа шығара алмай елегізеді. Кейде ағынан жарылып, ақтарылып салғысы да келеді. Ондайда ертелеп тұрып, стол үстінде көптен ұсталмай үстін шаң жауып, бос тұрған ақ самаурынды алып божылдатып қайнатады. Сары майдай сақтап, іркіп ішетін үнді шайына сүтті көме-көме қатып, көрші үйдің кемпірін шақырып əкеп, сыйлап отырып түсін жорытар еді. Не белбеуін беліне жүре орап, бүгежектеп, қорасын айналып шығады. Сосын өзі сияқты баласы қалада тұратын, ауылдан шеткерірек отырған жалғыз бас сырлас кемпіріне барып, көрген түсін жырдай етіп басынан баяндар еді. Ақыры онда да байыз таппай барған ізімен қайтып келе жатқанын тағы көрер едік. Бүгін де сөйткен. Почташы шал Қиықша кемпірді орта жолдан ұшыратып, баласынан келген телеграмманы қолына ұстатқан. – Бұл не телеграм? – деген кемпір, бірден қуанышқа, не ренішке сая алмаған күйде.
Сейітқазы Досымов – Балаңнан бөлек кімнен келуші еді. Балаңнан да, – деген почташы шал. Дерін десе де əлгінде почтадан шықпай телеграммашы қызға əдеттегідей дауыстап бір оқытып, мазмұнына қанығып алмағанына өзі іштей өкініп те қалды. Сөйтіп, екі бірдей көненің көзі хат танымағандарына опынғандай аңырып тұрып-тұрып жөндеріне кеткен. Қиықша кемпірдің ойы сан-саққа сынапша сырғыды. Көрші кемпірдің немересіне телеграмманы оқытқанша асықты. Бала телеграммаға көзі түскені-ақ сол: – Сүйінші! – деді. – Мен де немерелі болыппын ба? – Иə! – Рас па, жаным! – Рас. Атын Жолдас деп қойыпты. – Кəне?... Ана енді баланың қолындағы телеграмманы қайта алды. Кəдімгі қара танитын кісіше көзін сығырайтып алақандай қағазға тесіле қарап қапты. «Жолдас... Жолдас... Əскержанға жолдас болады ғой». – Кəне, біз де көрейік те, құтты болсын! Сонымен ұл болды ма, қыз болды ма? – деп пеш түбінде отырған кемпір де бұларға тақалып, телеграммаға қол созды. – Тірəтір... Маған бəрі бір, ұлдан да, қыздан да күсіп отырғаным жоқ. Қайта бір шикі өкпеге, жас иіске қол жетпей ерніміз кезеріп, сусап жүрген жоқпын ба? – Сенің де кепкен көнегің жібитін болды. Мейлі, құтты болсын! – Құдай қашанғы қыссын! – Əйтсе де ұл ма, қыз ба?.. – Ұл, – деді бала үйден шығып бара жатып. Бəлки, анаға солай көрінді ме екен: – Қойшы де, – деді баланың мына сөзін жақтырмай. «Қойшы... Қойшы... Қойшы...» Ертеңіне кемпір почташы шалға бір тоқтысын сойғызып алды да шикі шегін алып қалмастан асып, ауыл-аймағын тегіс үйіне шақырды.
Көңіл айнасы – Бұның не? Той ма? Жоқ үлкен тойдың басы ма? – Той болса əкелетін шашуымыз бар, – деген келгендер. – Той да, томалақ та емес. Жəй көпшіліктің батасын алайын деген ниет. Той Жолдасжаным келгенде болады, – деген Қиықша. – Шамасы, балаларыңның өзі осында келетін болды ғой. – Кемпірге келіп, немересін көрсетіп қайту əбден орынды. – Болса да келін демалысқа шығар? Əскер жұмысынан шыға алмаса, екі-үш күнге сұранып келе салады да. – Балаңның қызметі ақыр сонда болса, түбі бəрің бір жерде болғандарың мақұл, – деп, ауылдастары жөн-жосықтың ретін айтып, дастарқан басында қауқылдасып ұзақ отырып, баталарын беріп тарқасқан. Сол күнгі Қиықша кемпірдің шамы көпке дейін сөнген жоқ. Кісілер кеткен сон, жүрегі алып-ұшып жалғыз өзі үйге сыймады. Баласынан соңғы жылдары келген хаттарын жинап, түйіп жүрген орамалын қайта алып, көп ақтарды. Əлгі телеграмманы ажырата алмай, ескі-жаңасын аңдап салыстырды. Болса осы болар дегендей бір телеграмманы ұстап ұзақ отырды. Ондағы ойы: «Талбике босанды. Ұл. Аты Жолдас» дегеннен бөлек сөз жоқ па екен. Мүмкін «келеміз, не жақын арада Жолдасты апарып көрсетеміз» деген шығар. Соны ертең көршінің баласына тағы бір оқытып анықтап алмақ. Тағы да бір ойлап, оларды күтпей-ақ жолға шығып кеткісі келеді. Сөйтеді де «Жүрек құрғыр шыдамас. Машинаны айдаладан көрсе, айнып жүре береді. Жолда ауырып қалсам, құр бекер қиын болар. Қой, өздері де келер, неғыпты сонша! Менің жайым оларға мəлім емес пе? Өздері де күтпес» – деп алып ұшқан көңілін жайлаған болады. * Талбике үнемі бала бағып үйде отыра бергеннен зерікті. Екіқабат кезіндегі сыймай қалған көйлектерін шетінен киіп, көшеге шығып сылаңдап жүргісі келді. Бірақ оған
Сейітқазы Досымов бұрынғыдай еркіндік қайда. Үйден қарыс аттап, Жолдастан шыға алмады. – Шешеңнің пайдасын енді қашан көреміз, осындай қиыншылық кезде көрмегенде. Өзі біліп келмеді. Барып алып кел. Жолдас балабақшаға барғанша бағып берсін. Біз бой жазып, салтанат құрып жүрейік. Мына бойда жастай бала басты болып, əбіржіп өлетін түрім бар. Көрдің ғой, балалы болғалы кинотеатр жайына қалды, – деді келіншегі Əскерге. – Дұрыс қой. Бірақ, апамның өз жайының қалай болатынын ойлап көрдің бе? Кейін біржолата келсе деп едім, – деп ойланып қалды Əскер. – Ойланатын түгі де жоқ. Саған үй тигенше Жолдас оқуға барар. Кейін келгенінің керегі қанша. Маған биыл керек. Биылдан соң текке де қажет емес. – Егер, осы қысты апамның қолына барып өткізсең қалай болады? Əрі серік боласың, əрі Жолдасты көрсетіп кемпірдің біраз көңілін аулайсың. – Мен саған не деп отырмын? – Енді, қисыны осы ғой. – Мақұл. Қашан, бүгін жүріп кетейін бе? – деді Талбике ызбарлана күліп, – мəселенки кемпірдің көңілін ауладым дейін, ал менің көңілімді кім аулайды. Құлайын деп құлазып тұрған тамың, мөңіреп тұрған сиырың ба, жоқ өлмелі, көкірегі сырылдаған кемпір ме? – Екі-үш ай барып кемпірдің қолынан жұмысын алсаң жарылып кетпейсің ғой. Одан да бармаймын десейші. – Жарылып кетемін, бармаймын. Көп сөзді қой да осы жұмада жолға шық. Сəрсенбіге дейін уақытың мол жетеді. Бар да шешеңді алып қайтасың, – деді келіншегі Əскерге сөзінің соңын бұйыра. Əскер келіншегінің сөзінен асып кете алмады. Жұма күні кешкі поезға шықты. Ол үйге елеусіз келіп кірді. Қиықша кемпір əбден қалжырап ұйықтап кетсе керек, баласының тықырынан ояна қоймады. Əскер бөтен үйге келгендей абдырап, жағалай көз салып біраз тұрды. Еңсесі түскен, ауасы тар жатаған
Көңіл айнасы тамның іші күңгірт, құлазыңқы. Алақандай терезеден себездеп түскен күн сəулесі мен пеш түбінде басын жастыққа қойып, қисайып жатқан шүйкедей қара кемпір ғана үй ішінде тіршілік барын аңғартқандай. – Апа! – деді Əскер. Кемпір көзін ашып алды. – Əскермісің?! Келдің бе, жаным! – деп кемпір орнынан кирелеңдей көтеріле берді, – Жолдасжан қайда? Жолдас! – Олар келе алмай қалды, апа! – Е-е, о несі?! Өздерінің дендері сау ма? – Сау. – Сау болса неге келмейді. Ол күшікті көру де сатулы болғаны ма? Күшікті əкелмегендерің-ай! Көнегімізді жібітіп, аузымыздың дəмін алатын. Қап! Келінге қалжа жегізе алдың ба? Жас ет салып едім ғой, барды ма? – Алдық қой. Жолдас балаңыз «апамның өзі келіп көрсін, бағып-қақсын» деп жатыр, – деді Əскер. – Ойбой, ол жаманның да Алматыдан шыққысы жоқ десейші! Алматысын қиып келмегенде, Аспарамды қиып барам ба екен, а? Осы сөзден соң-ақ Əскердің шешесіне салар қолқасының басы ашылып қалған. Айтқандай-ақ: – Қыс болса келіп қалды. Мал-жанды кімге тастап кет дейсің. Күні бүгінге дейін малдың арқасында жан сақтап отырған жəйім бар. Екеуің екі жерден қызмет істегендеріңе де біраз болды. Əлі жібі түзу бір көйлек кигізген емессіңдер. Көйлексіз отырғаным жоқ. Сөздің мысалы үшін айтып отырмын. Үй алып бір ыңғайға келіңдер, сонсоң біржолата барамын. Асып-тасып алмай жатқан нелерің бар. Бір Жолдас қой, дұрыстап бағыңдар. Осы жерге əкелгендеріңде өзім-ақ бағып, қатайтатын едім, не керек, – деді шешесі. Ертеңіне Əскер жалғыз қайтты. Есік алдында қарағаштай қатып Қиықша қалды. Шешесін ертіп келмегелі Талбике Əскерге тізесін одан сайын батырып, бұрынғы мінезіне қосты. – Ертеден қара кешке үйден шықпай басым айналып, жынды боп өлетін болдым. Бұл бала болмай, бəле болды.
Сейітқазы Досымов Дүниенің төрт бұрышын ұстап тұрғандай шалқайып кеп жүресің. Ұялсайшы! – Əй, енді өл дейсің бе? – Тап бүйткенше өліп-ақ қалғаның жақсы. Не үйің, не күйің жоқ. Сумка ұстап тірі жүргеніңе мəзсің, əйтеуір. – Бопты. Осы үйдің төрт құбыласын теңесең жүрсің ғой сен де. – Теңеймін. Ұста былай мына баланы, – деп қолындағы талпынып, уілдеп отырған баланы Əскердің алдына тастайды да, ұзақ боянып-таранып пəтерден шығады. Шет елден шыққан лакталған туфли іздеуді есігінің алдындағы шағын аяқ киім дүкенінен бастайды. Əскер лекциясынан кешігіп, кафедрада бірде ескерту, бірде сөгіс алып жүргенімен жұмысы болмайды. Тек, айма-ай ақша əкеп беруін талап етеді. Бір мезгіл еміп отырған бала, Талбике кетпей жылайды, содан келгенше жағы сенбейді. Емізікпен біресе сүт, біресе айран сорғызады. Оған шашалып, шегі түйілгенше жылап Əскердің басын даң қылады. – Бала баққан қалай екен? – дейді Талбике келген соң. – Жақсы екен, – дейді Əскер ашумен. – Жақсы болса баға бер, – деп Жолдасты емізіп болған соң жəне кетеді. Не: – Жұмысым бар. Тағы қайда? Болды! – деп Əскердің жаны шын ышқынғанда барып аялдайды. Əскердің аядай бөлмеден безе қашқысы келеді. Қашқанда қайда барады. Кандидаттық жұмысында да, үйде де, түзде де бəрінің шырқы бұзылып, сиқы кетті. Биыл ауылына да бара алмады. Бұл демалыс алғанда Талбикенің декреті бітіп жұмысына шықты. Жолдасқа қарайтын адам табылмай уақыттың бəрі үйде өтті. Келер қысқа салым Əскерге микроауданнан үш бөлмелі үй тиді. * Соңғы кезде кемпірдің екі самайы күзгі күміс шықтай жылтырап, жүзінде əжім іздері бұрынғысынан молайып,
Көңіл айнасы еңсесі түсіп, кəріліктің кəдімгідей иектегені байқалған. Қазір ол туған жерден мүлдем кетуге өзін алдын ала дайындап жүр. Ел ішінде Қиықша жайлы айтылып жүрген өсек-аяң, қаңқу сөз жетерлік. Біреуі айтады, екіншісі келеді де бұған зорайтып жеткізеді. Онсыз да көңілі жарым кемпірге бұдан ауыр соққы жоқ. Ол қатты күйініп, толғанады, ойлайды: «Осы жұрт неге тыныш жүрмейді. Баламның қолына кетсем, менін орныма егін еге ме? Мен ертең-ақ кетемін. Отыр десе отырмаймын. Туған жерде кішкене жүре тұрайын десем...» деп көзіне жас алады. «Жынды қатындай жүре бер». «Сенің молаң əлі сол үй болар, көр де тұр осыдан...» «Жалғыз бала жүрген жерде жүріп, өлген жерде өлмей ме!» десіп, бəрі менің осы жүрісімді ерсі көреді. Түсінбейді ғой. Шетінен құдайларын ұмытқан. Көрер едім, менің басымдағыны берсе, түге. Жалғыз бала беріп, оның өзіне қолы жетпей, жерге қарап отырса. Əншейін денім сау, делбезем бүтінде орталарында еркелеп жүре тұрайын десем...» деп иегі иегіне жуыспай кемсеңдейді тағы да. «Еркелеп деймін-ау! Өлмелі отырған кемпірді кім еркелете қойсын. Жəй, көңіл ғой сол. Жо-оқ сол өлмелі кемпірдің өзін көзге іліп, оның сыртынан сөз етіп, адам қатарына қосатындарын айтам ғой! Рақмет! Енді, осындай ортадан қалай кеткің келеді. Қимайды екенсің. Мына қоржын үйді соғыс басталардан бір жыл бұрын салғанбыз. Қабырғаларында Əскердің əкесінің қол таңбасы тұр. Əлі күнге дейін байқап қараған кісіге анық білінеді. Бірақ оны менен бөлек бір жан байқаған емес. Керек десең артында қалған жалғыз тұяғы – Əскер де зер салған жоқ. Сыртынан қораш көрінсе де осындай көзіме ыстық, көңіліме жақын. Күйеуімнің көзін қалай тастап кет дейсің, айналайын ағайын!? Біздің үйдің алдынан Аспараның күндізгі бар тіршілігі көрініп тұрады. Сырттарыңнан бəріңді көңіліммен жұптап, аттарыңды айтып отырамын. Кейде, осыларды несіне əлдеқандай ғып айтып отырмын деп те қаламын. Бірақ, бəрің ыстықсың, қолда өскен соң қиын екен! Ертең мен кеткенде сендердің қабырғаларың сөгіліп,
Сейітқазы Досымов жандарың ауырмасын білемін. Ал, менің жаным ауырады. Сол қу жанды азғана күн болса да ауыртпайын деп жүрмін. Сендер ойлайсыңдар ғой: «Ой, сорлы-ай, жападан-жалғыз қанша жыл жүрді» деп, «Əй, өзінің жаны сірі кемпір екен» деп. Білемін, сендер бұл сөзді мен кеткен соң да айтасыңдар, жаңғыртасыңдар. «Қиықша сияқты» деп маған ұқсас кемпір болса телисіңдер. Мейлі, əйтеуір естеріңде қалуға жарасам бопты! Ал, мен кеттім. Хош, туған жер, ел! Орталарыңнан тірі кетті дегендерің болмаса, мен енді өлген кемпірмін. Төрімнен көрім жуық қалғанда сенен неге кеттім, туған жер!? «Балаң үшін» десейші. Жаным неге ауырады. «Мен үшін!» десейші. Баланы тумау керек екен, туған соң өз өміріңнің қалғанын соған бағыштау керек екен, туған жер! «Иə...» деп мақұлдасайшы. Бір нəрсеге ғана қатты қиналамын. Ол – өңіріңнен үй орнындай жер бұйырмағаны. Не айтайын, басы бүтін ауылдастарым, ағайындарым, көз көрген тұрғыластарым... Менің осы күнім бастарыңа келсін! Сендер мұны қарғыс деп ұқпаңдар. Бастарыңа келсе сендер де туған жердің қадір-қасиетін ұғар едіңдер». Қиықша бұрынғы күйкі тіршіліктен күрт қол үзді. Алдымен ауыл-аймақты, сосын қарсы алдында қасқайып тұрып, өзі туралы өсекті судай сапыратын Балемер кемпірге дейін үйіне шақырды. Бұл сырдың түбіне жұрттың бірі жетті, бірі жетпеді. Былай шыға бере-ақ: «Қиықша өмірі істемегенін істеді. Байқұс, өліп қала ма?.. Жұмулы қолы тым ашылып кеткен екен». «Рас-ей, қашан көрсең шекесі тырысып отыратын еді». «Сендерге ол сорлы берсе де жақпайды, бермесе де жақпайды. Сөздеріңде бəтуа бар ма осы» десіп тарқасатын көпшілік. Көңіл жетерлерін бірсыпыра шақырып болған соң мұздай киініп алып, Еспеде отырған шопандарға қыдыра барды, сондағы он-он бес уақ тұяқтарын сатып, əрі жұмысын да тындыра қайтты. Кемпір баласын тосқан жоқ. Жұмыстарын ретке кел-
Көңіл айнасы тіріп алды да Алматыға оқитын студенттерге ілесіп, жолға шықты. Ат төбеліндей аэродромда самолетке мінгелі тұрып, Қиықша соңғы рет жалпақ жатқан ауылға сұқтанып, қызығып қарады. Алдымен көзіне өз үйі ілікті. Қора алдында аңырайып тұрған сиыр көзіне оттай басылды. Бұдан он-он бес күн бұрын сатып жіберген сары ала сиыры. «Жануарай, ол жақты жерсінбеген екен-ау! Мал екеш мал да өзі үйренген жеріне қашып келіп тұр, ə... Иесі іздеп келгенше қорықшысы бар болғыр қамап тастар ма екен!» Əуелгіде «АН-2» самолетінің ащы гүрілі құлақты тұндырып жіберді де, қойқаңдап, жер бауырлай сырғып барып, бірте-бірте биіктеп əуеге көтерілді. Кемпір самолеттің оймақтай терезесінен төменге көз салды. Ауыл енді алақандай ғана болған. Кеудесін кернеп келген бір ыстық қимастық лықси-лықси екі көзінен жас болып, əжімді жүзін жуып жүре берді. Терезеден төмен қайыра қарағанда Аспараның қалың өскен шеңгелі мен жыңғылы ғана тырбиып-тырбиып жатты. «Ə, ə... Бұйдалының тұсы екен...» Кемпір одан арғысын байқауға мұршасы келмеді. Басы айналып, жүрегі аузына тығылды. Жанындағы студенттің алдына басын сүйеп, екі көзін тарс жұмды. Қай тұста ұшып келе жатқанын мөлшерлеуге кемпірдің халі келмеді. II Қалада алғашқы айлардың не боп өткенін кемпірдін өзі де аңдамай қалды. Үсті-үстіне үстемелеп келген кісілер, Əскер филология ғылымының кандидаты болғанын жуды. Талбикенің бірге істейтін адамдарына бір, Əскердің бірге істейтін жерінің адамдарына бір, əрқайсысын жекежеке бөліп шақырды. Онан Талбикенің туған күні, мебель түсірген күн, мерекелі күндер... Баласы мен келінін əркімəркім қонаққа шақырып əкетеді. Ананың ермегі немересі, екеуі үйде қала береді. Жүр деп жатқан бала мен келін жоқ, не барам деп жатқан ана жоқ. Дегенмен, олар кеткен соң ананың көңілі құлазып қалады. Ермек қып отырған
Сейітқазы Досымов Жолдас серік боп жарытпайды. Кеш болды солай танауы пысылдап ұйқыдан бас көтермейді. Шай-суын ішіп алған соң Жолдастың жанына кеп қисаяды. Көзі ілініп бара жатса ақсары телефон шошып жылаған баладай шар-шар етеді. Барып құлағын көтереді. Аржақтан аптыққан дауыс шығады: – Əскер, – дейді бірден. – Əскер жоқ, шығып... – Талбике, – дейді бірден, сөзге қонақ бермей. – Ол да... – Енді бұл кім? – Шешесі. – Ə, онда жақсы. Кісілер келіп, күтіп қалып едік. Телефонның құлағын тұғырына қондырады. Жолдастың жанына келіп қисаяды. Енді кірпігі айқассайшы!.. Əрі жатады, бері жатады дөңбекшіп, бір кезде ұйқысырап Жолдас жылайды. Оны құйрығынан қағып уатып ұйықтатады. Ойына əлдене түседі. «Əлгі сөйлескен даусынан танып қалдым, Əскержан ғалымдығын жуғанда келген мысық мұрт, сүліктей қара жігіт... Апырмайдың сөзшеңдігі «Апа, алматылық болған екенсіз ғой» деп бастаған сөзін. «Апа, қалай, ішіңіз пысқан жоқ па? Əңгімелесетін кісі тауып алған боларсыз... Осы маңда өздеріңіз қатарлы кемпір-шал көп көрінген...» деп бір кеткен. «Апа, менің де өзіңіз сияқты елде шешем бар. Бірақ шақырып келтіре алмай-ақ қойдым» деген тағы. «Əскер екеуміз аспирантурада бірге оқыдық. Бұл қатырды, қорғап алды. Мен де осы алдағы жазда қорғаймын. Сонда «Талабыңа жет, қарағым, ден сау болса əлі-ақ, сөзің ширақ екен...» деген. Сүліктей қара жігіт мырс етіп күліп жіберген. «Əлі, үйге барып көресіз ғой... Келініңіз кең кісі» деген кетерінде. Содан бұл жігітті көрмей кеткен. «Енді телефонмен болса да сəлем бере салса нетті, тұқымың өскір!», деп, көңліне алып, ренжіді. Шын ренжіді. Егер елде болса алдымен қонаққа Қиықша ананы шақырып, сонсоң келіні мен баласына жол тиер еді. Ананың тағы бір байқағаны, қонақтан келгенде Əскер емес, Талбикенің қызып келетіні
Көңіл айнасы болды. Бүгін де қонақтан келген соң Талбике көп сөйлеп, ыңылдап əн салып, жатпай ұзақ жүрді. – Апамды мазалармыз, көңілдісің ғой өзің, ақырын, – дейді Əскер. – Қатты айтқаным жоқ қой, – дейді Талбике. – Жарықты өшір, – дейді Əскер. – Жатқым келмейді, – дейді Талбике. – Мебельдері импорт. Сервант... сервиз... Бəрін де естіп жатқан ана бұл жолы шын ашуға мініп: – Əй, секектемей жатыңдар, түге! Бұл жақтың рəсімі қандай? Еркек орнына əйелі мас боп, үлкен тұрғанда қонаққа кішіні шақырып, – деді. Бала мен келін жым болды. Мұнысы сыйлағаны екенін түсініп, кемпірдің мерейі бір өсіп қалды. Əлгінде ғана көз алдынан тізіліп өте шыққан сырлас, сыйластары, шалының көзіндей боп келген қоржын тамы, күні кешеге дейін талшық еткен малының басы – сатып жіберген сары ала сиыры, жұртында ұлып қалған ақтөс қаншығы – бəрі-бəрі енді кеудесінен ізім-қайым өшті. Кемпір рахаттанып ұйықтап кетті. Қиықша баласы мен келінінің басы қосылып төрт көзі түгел отырғанда: – Мынау сендер үшін жиған-тергенім еді, – деп сыртынан шымшып түйреген төс қалтасының түйреуішін ағытып, үш мың сомды баласының алақанына салды. – Өз қолдарыңмен көңілдерің сүйген заттарыңды алыңдар. Ол жақтағы іске асар заттың бəрін саттым. Бір тиын да болса басы құралсын дедім. Неше жылғы тұтынып келе жатқан мүліктерімді тезектеріне тəрк етпес дедім. Қалтамның түбін қағып, қазанымның түбін сарыққандағы құралғаны осы. Енді шешеңді он жерден қаузағаныңмен түк те шықпасын біл. Отыз сом пенсия ғана. «Өлім бар да қаза бар» ертең арыстай боп босағаңда өліп жатсам жөнелте алмай сасып қалма. Дұшпаныңа таба болсаң, ұяты кімге келеді. Саған... Сен екеуіңе, – деп ескертті баласы мен келініне. Əскер мен Талбике ақшаны қолына алып алған соң əрі
Сейітқазы Досымов шауып бері шауып жүріп, бір-екі айдың көлемінде үйін түптүгел қайта жасаулап шықты. Бұрынғы өздерінің студент кездерінен жинаған бұйымдарын арзан бағасымен сататын дүкенге қайтып өткізіп жіберді. «Апамның ақшасына бір-екі киім алып, үстімізді жаңалайық, ескерткіш боп қалсын» деп, біразын Талбике жаратты. «Бүгінгі заманның қалалық кемпірін жасаймыз, енді ауылдағыдай бір-екі көйлегіңіз бəлен жылға жарамайды» деп баласы дүкен аралатты. Бір жексенбіде Қаскелеңдегі қанбазарға ертіп əкеп, кемпірді шырттай киіндірді. Кемпірдің ақшасын даладан тауып алғандай еркін жұмсады. Үсті-үстіне еселеп, бұрын есігін көрсетудің реті келмей жүрген көңілдестерін шақырды. Сөйтіп айды аспанға бір-ақ шығарды. Кемпір осы үйге келгенде көз тартар ештеңе жоқ еді. Алғашқы күні астына төсеген көрпенің қабуы сөгіліп, арасындағы мақтасы түйір-түйір болып жентектеліп кеткен екен, жамбасына батып шыққан. Жамылған көрпесінен де баланың зəр иісі шығып, түнімен жата алмаған. Ертеңгісін: – Шырағым-ау, мұның не? Көрпелеріңнің тысын жуып, мақтасын жазып салуың ғой, – деді келініне. – Апа, еш қол тимейді, – деді Талбике енесіне. «Қолы тимесе тимейтін шығар, өзі де жалғызілікті, оның үстіне жас балалы болды». Кемпір айналдырған төрт-бес күннің ішінде бар көрпені ине-жіптен жаңа шыққандай етіп жөндеді. Шаң тұтқан бұрыш-бұрыштары мен өрмекшінің торларын сыпырды. Неше күннен бері жуылмай қатып тұрған ыдысаяқтарын, айраннан босаған шөлмектеріне дейін жуды. Баласы мен келінінің алдына ертелі-кеш асын даярлап, бəйек болды. Бірақ «енем келіп көзім ашылды. Қолымнан жұмысымды алды. Бұрынғыдай емес, үйімізге береке кірді – мықтылармен тереземіз теңесті» деген Талбике болмады... Қайта, бұрынғыдан ары жұмыстан қолы босай алмай, байланып қалғандай сезініп жүрді. «Бұрынғыдай емес, семья басы күрт көбейіп кетті. Ақша деген құмға сіңген
Көңіл айнасы судай, суға батқан тастай жоғалып барады» деп, Əскерге енесінен тағы да үш мың сом дəметкендей сыңай танытты. Есік алдында Жолдасын ойнатып отырған. Өздері тұрғылас етженді, бес биенің сабасындай сары кемпір тұсынан өтіп бара жатып, Қиықша кемпірді көріп кілт кідірді. – Амансыз... бақуатсыз... – деді ол жылы жүзбен. – Шүкір!.. – деді, Қиықша кемпір аңырып. Бейтаныс кемпірдің қолындағы торында үш-төрт айранның босаған шөлмегі бар, дүкенге бара жатқаны белгілі. – Құдағи, танымадық, – деді Қиықша. – Танымасаңыз таныса жатамыз да, құдағи. – Асығыс болмасаңыз, аз-кем отырып, демалып алыңыз. – Демалсам демалайын, у-уһ, белім! Екі кемпір бірін-бірі жатырқаған жоқ. Бірден іркілмей, бүкпесіз əңгімелесіп кетті. – Мұнда келгеніме айдың жүзі болып қалды. Балалар жұмыста. Ей, мынау кімнің баласы-ей, атың кім? – деді Жолдасқа қарап. – Бұл менің балам. Апасының аузынан «аһ» дегенде түскен. – «Аһ» дегенде емес, «Ауп» дегенде түскем... – деп, Жолдас апасының мойнына асыла кетті. – Айналайын! Қапшық-қапшық айналайын!.. Толып жатқан айналайын! – Апасы, бізге де қалдырыңыз. – Иə, апам «айналайынынан» бермейді, – деді Жолдастың аузы бұртиып. Екі кемпір Жолдастың мына сөзіне көздерінен жас аққанша күліп алды. – Сіздің де немереңіз бар-ды? – Келінімнің аяғы ауыр. Соған бола келіп жатырмын, лəжсіздан. – Тұмса ма еді? – Жо-жоқ, мұнысының алдында екі қызы бар. Əлгі, не еді, балабақшаға барады екеуі де. – Үйге кіріп əңгімелесейік.
Сейітқазы Досымов – Дүкен жабылып қалып жүрер... – Бұл жақтың дүкені үзіліссіз істей береді. Кəне, үйге кірейік. Содан соң-ақ барсаңыз үлгересіз. Екі кемпір даудырласып осылай үйге кірді. Демде-ақ көк шайнекті газға қойып баж еткізді. Сары кемпірдің есімі Қазнакүл екен. Шай үстінде: – Жолдастан басқа да немереңіз бар-ды? – деп сұраған Қазнакүл. – Барым осы. – Қаншада? – Биыл үшке шықты. – Е-е, қазіргі қалада тұратын бірсыпыра жастар баладан қашатын бəле болды ғой. Амалдап бала көтермеудің жолын қарастырады. Жəй, өзімнің келінімнен байқаймын да... Əп дегенде осы үлкен қызын туды. Іле екінші қызына жерік болды. Екі қызының арасы жиі, бір жасар ғана. Содан төрт-бес жыл аралатып барып екіқабат болды ғой. Сөз жоқ, араға əрекет килікті. Əйтпесе қойша қоздайтын кезі емес пе бұлардың. Қазнакүл кемпірдің ойына əлдене кеп, өз сөзіне өзі риза болғандай миығынан сылқ-сылқ күліп алды. Оның есесіне Қиықша кемпірге бұрын қаперіне кіріп шықпаған бір күдік пайда болды. Өн бойын жайлап, жаулап алды. – Заманы жақсы боп тұр ғой. Біз бұлардың жасында не көрмедік. – Енді қайтып кейінгілерге көрсетпесін! Ол кездің беті аулақ! – деді Қиықша да қостап. – Құдағи, соны айт! Қой, тұрайын. – Енді үйді көрдің. Əрлі-берлі дүкенге келіп кеткеніңде соғып тұр үйге, жолың ғой. – Келін босанып қол тимей кетпесе, келіп тұрамын. Біздің үй де бұл жерден алыс емес. Көресің ғой, əлі... – Шілдеханада жолықтырсын! – Бəрін айт та бірін айт – амандығын айт. – Иə, соны айт. Қиықша кемпірдің үйінің босағасын аттағанда Қазнакүлдің бірден назарын аударған, тілмен жалағандай қызыл
Көңіл айнасы күрең сырымен сырланған еден болды. Онан соң төрдегі ілулі үлкен кілем... телевизор, тоңазытқыш...» «Ағашты жинаудай жинаған екен, тағы да бір өңкей түсті ме деймін?!.» Шашау тұрған басы артық бірде-бір зат жоқ. Бейне көптен адам тұрмай, үй егелері бір жаққа ұзаққа қыдырып кеткен сияқты сезініп кетті. Қиықшаның баласын Қазнакүл əлі көрген емес. Бір көруге құштар-ақ. Келінін көрді. Ең бірінші жұмысына асығып, сылаңдай басып кетіп бара жатқанында сырттан көзі түскен. Кейіннен қисыны кеп екі кемпір шай ішіп отырғандарында үстеріне келді. Əнеукүні жақыннан көре алмап еді. «Ажарлы екен келіні». – Сəлеметсіздер? – деді, Талбике сыпайы амандасып. – Шүкір, – деді бұл. Сонсоң, Талбике бөгде сөзге келмей, екі-үш кесе шайды ішіп, орнынан тұрып кеткен. Мұнысын Қазнакүл кемпір ұнатпай қалған. Енесімен арадағы жақсы қарым-қатынасты, сырлас-сыйластықты бір пұл ғып: «Өзі адам сыйлап көрмеген неме ме? О не қылғаны-ей! Жоқ, есіктерінен бас сұққан адамды жақтырмай ма? Дастарқаны жұтаң болған соң, ана сірескен ағаштың, абажадай тоңазытқыштың керегі қанша? Шамада, сонысын əлдеқандай ете ме екен. Ол адыра кімге опа берген...» Ішіп отырған шайын қоя салып, Қазнакүл кемпір сабындай бұзылған. – Ішіңіз, қызылы қалпынша тұр. Əбден қанып ішіңіз, деп Қиықша кемпір ғұзыр болған. – Əбден қандым! – деген. Деген де əлгі ойларын қаз қалпында сыртқа жария етіп айтпағанмен, там-тұмдап əр сөздің басын шалып: – Күнделікті ішетін тамақтарыңның өзін дүкеннен күнбе-күн сатып əкеп, тақ-тұқ тұрасыңдар-ау деймін. Тіпті, бір алақан май, бір салым ұндарың жоқ, дəл қазір, ə... – деді Қазнакүл. – Жоқ екені рас... Бірақ оған бəрін самсатып алып қоюға қол қысқалық жасап отырған да жоқ. Ұқыпсыздықтан күнбе-күн сатып алу əдет болып кеткен. О баста балаға да, келінге де ескерткем, оған құлақ аспаса қайтем... Құдайдың берген мінезі, бір айтқан соң қайтып айтпай-
Сейітқазы Досымов мын. Істесе, айтқан тілді алса өздері үшін. Кісі-місі келсе, бүйтіп андағайлап дүкенге жүгіріп, босып кетпес еді. Бойымыздан күш, қолымыздан пұл кеткен соң, келін мен бала тізгінді өз қолдарына алып, ырық бермей кетеді екен. – Оның рас, бірі өтірік емес. Дегенмен балаңның көлденең табысы жақсы-ау деймін. Əлгіндей ішіп-жем демесең... Енді мүлікті түр-түрімен жинап алыпсыңдар, тегі... Игілікпен ұстатсын! – Тек, олай демеңіз. Табан ақы, маңдай термен келген. Бірден бола қалған кім бар. Жасырмаймын, күні кешеге дейін жоқ-жұпыны болып келдік. Күйеуім Керманмен соғыста хат-хабарсыз кетті. Ерте құртты. Жалғыз баламды жақсы адам етіп өсіру үшін белді бекем буып, үкіметтің жұмысының қаттысын қайырып, жұмсағын жапырдық. Еңбегім далаға кетпеді. Осы дəрежеге жетіп отырмын. Бұдан ары не боларымызды кім білсін. Əлгі əңгіменің бəрі қарын тоқ, көйлек көк болған соңғы пендешілік те... Қиықша кемпір одан əрі көмейіне келген сөзін ашып айтпады. Аңқылдаған көңілін сап басып, іркіп қалды, «Танымайтын, сырын білмейтін қаймана қазаққа мұнша ағымнан жарылып, келінім мен баламды жамандап не табам. Сонда маған жақсы бала мен жақсы келінді осы тауып бермек пе. Ертең өсектеп, елге таратпаса сол-ақ». – Ім-м, Əскер жалғыз балам де. Əйтпесе, менің осы кеп жүргенім ең кенже ұлым. Бұдан басқа үш ұлым бар. Үшеуі де елде дөкей қызмет істейді. Шалым бар, əлі дилы. Екеуміз де пенсия аламыз. Қырық жыл қой бақтық. Қазір үлкеніміздің қолында тұрамыз. Жасырмаймын, қолымдағы келінімнің қаққанда қанын, соққанда сөлін аламын. Өзі де шал-кемпірдің бабын білетін əдепті-ақ. – Мына келінге қандайсың? – Айттым ғой, мұнымен тізгіндесіп не қыламын. Өзі де тұзақ үзген – қу, кісі алдары бар. Осындай отырғанда əдейі ғана бірдеңені көңірсітіп айта саламын. «Ой, апам-ай» деп күледі. «Біздің апам өстеді» деп, шашбауымды көтеріп қояды. Кеткенімше маған бұдан артықтың керегі де жоқ. Қолдарына қарап отырсам əлдеқалай. Жақсы болса да, жа-
Көңіл айнасы ман болса да бəрі өзі үшін. Ит басына іркіт төгіліп, қой үстіне бозторғай ұя салған осы заманда жаман болған адам қайбір адам дейсің. – Сонысы дұрыс қой, біз оларға қанша жолдас боламыз. Қиықша кемпір одан əрі өз келінінің адамда жоқ мінездерін айтып, қоздатқысы келмеді. Əлгіндегі ішін тартқан қапы жібімеді. Жібіген күнде баласы мен келіні тұрғысында бір ауыз сөздің шетін шығармауға бұдан былай Қазнакүл кемпірдің тек əңгіме ауанының ыңғайымен не асық, не кем кетпеуге бекініп алған-ды. Ал Қазнакүл кемпір əлгіндегі сөзінің түп төркініне жетпестен, əңгімесін қайтып өзі жалғастырып əкетті. – Тұңғышында ғой деймін, астапыралла, екінші қызында екен, онда да келгенмін. Қарап жүреміз бе біз, осындай өзіңіз сияқты бір кемпірмен шүйіркелесіп, жүз таныс боп алғанмын. Содан бір күні суық тиіп, мұрттай түсіп ауырайын, пəлнисаға түсейін. Екі жұмадай жатып шықтым. Үйге келгеніме екі-үш күн болған. Ішкі үйде отырып келінімнің біреумен сөйлескен дауысын естіп қалдым. Алдында есіктің қоңырауы сылдыраған. «Енең келді ме?» дейді бөгде дауыс. «Келді» дейді келінім. «Сауығып, тəуір боп кетті ме, байғұс?» дейді ол. «Тəуір, тамақ ішеді» дейді бұл. «Алда байғұс-ай, тəуір болсын! Шалы да болса бар еді, шалынан бұрын өліп қалар ма екен деп қорқып ем, артынан да бара алмай, балалар ауырды ма, əйтеуір, быжық-тыжық қол тигізе ме осы» дейді үсті-үстіне сөйлеген бөтен дауыс, маған жаны аши жік-жаппар болып. Бұ кім десем, есімі орала кетті. Сіз сияқты көрші үйдегі таныс кемпірім... Келінімде үн жоқ. «Келіңіз, үйге кіріңіз, жоғары шығыңыз, апам демалып жатыр, сізді көрген соң тұрады ғой» деп айтуын шыдамсыздана күтемін. Бірақ, келінімде əлі үн жоқ. Əбден тағатым таусылды. Орнымнан атып тұрып жеткенімше, келінім есікті қайта бекітіп жатыр екен. «Əй, бекітпе!» дедім. «Қайда барасыз, қайталап қаларсыз» дегеніне қарамадым келінімнің. «Есігіңнен мен келгелі бір адам қарап еді, оның өзін көкірегінен итергендей, босағаңнан
Сейітқазы Досымов бері аттатпадың ба? Ендеше мені де шығар, үйіңнен біржолата шығар, кетейін...» дедім ашуланып. Со жолы шын ашуланғанымды келінім де білді. Екі бетінің ұшына қан ойнап шыға келді. Өз де қатты қысылды. «Ұяты бар екен, əлде де үмітімді үзбеймін» деп ойлаған едім. Содан бері сізге өтірік, маған шын осы келінімнің мінезі күрт өзгерді: кішіпейіл, сондай кісі алдары бар, басалқалы келіншек болды. Қазнакүл кемпір салдырап, өстіп көп сөйледі. Қиықша кемпірді қайтадан ауыр ойлар мазалап, содан арыла алмай өзімен-өзі отырып қалды. «Не болса да бетке айтатын көңілінде қылауы жоқ жан ба деймін, өзі. Əлде осының бəрін жорта айтып отыр ма?.. Не қылса да бəле-ей, өзі... Шын, бəле...» Сол күні Қиықша кемпірдің көңілі аяқ астынан көтерілген дауылдай оңды-солды ұйтқыды. Жападан жалғыз өксіпөксіп айқай сап жылады. Ұйықтап жатқан Жолдас шошып оянып, құшағына тығылды. Қиықша кемпірдің көңілі көптен-ақ көшкен жұрттай құлазулы-тын. Бетіне қарап отырған баласы мен келінінің күнделікті тіршілігі тынысын тарылтып, кəрі кеудеге берік боп байлана берген. Енді соның аузын Қазнакүл кемпір тырнап кетті. Сонымен ерікті екі көзіне берді. Жылауын жыласа да артынан: «Апырау, осы мен неге жылаймын. Бір жамандыққа бастап отырғаным жоқ па» деп кемпір көз жасын ірікті. Сонсоң, кешелі-бүгінгі өміріне үңіліп, əдеттегідей ой үстінде ұзақ отырып қалған. Сондағы ойлағандары: алдымен өзін Қазнакүл кемпірмен салғастырды. Ол – Қазнакүл кемпір болса күйеуі соғыстан аман-есен оралып, үбірлі-шүбірлі болыпты. Төрт құбыласы түгел адам екен. Бүгінгі тұрмақ ертеңін де ойламайды. Ойлағысы да келмейді. Өйткені өмірден өгейшілік көрмеген пенде. Уайымқайғысыз уақыт көшіне еріп, жағасы жайлауда отыр. Бұл – Қиықша кемпір өмір салмағын мойнымен көп көтерді, ақыры жеңді. Бірақ жетемін деп жүргенде кəрілік кеп киіп кетті. Ажал алыс болса əлде де біраз дəм татып,
Көңіл айнасы жарық көретін жағдайы бар. Əйтсе де кемпірдің сырты бүтін, іші бықсыған түтін. Бала өзімен өзі. Біртоға ол жүр. Ерте кетіп, кеш келеді. Келеді де телевизор көреді, көрмесе ол да жоқ. Кейде жазу столына барып, сонсоң түнімен кітаптарға үңіледі. Жазыпсызып шұқиып көп отырады. Не ойлайтынын бір өзі ғана біледі. Бір білсе, Талбике білер. Білгенде ол бейбақ тайыз ғой, тереңнен тартып білер дейсің бе. Бетінен қарпып қана күн кешеді. Көптен əдебиетіміздің зерттеу саласында еңбек етіп жүрген Əскер ақыры филология ғылымының кандидаты ғылыми атағын алу үшін диссертациясын қорғады. Бірақ, ғылым кандидаты, доцент болғанмен Əскер бəрібір бір басының жұмысын жеңілдете алмады. Алда алынбас асу, қол жетпес биіктей боп – докторлық жұмыс қолын байлай берді. Мұның есесіне Талбикенің көңіл аспанының бұлты сейіліп, өз ортасында «күйеуі кандидат» атанып, мерейі өсе түсті. Бұл күнде Талбике аппақ боп бұғағы түсіп, семіздіктен домаланып қалған. Жолдастан кейін құрсақ көтерген жоқ. Қызметі де қалпынша. Тек еңбек стажы ғана өсіп келеді. Үйдегі тірлік енесінен де артылмайды. Келіп жатқан кісілер де шамалы. Үйге бір кісі келсе тыжырынып, жақтырмай қалады. Тағы да əр кісіге тағар міні, берер мінездемесі бар. Бісміллəсі: «Өзіміз үйден шыға алмаймыз. Осылар-ақ уақыт тауып, тентіреп, қыдырады да жүреді» дегеннен басталады. «Осылар үй-ішімен қыдырымпаз, сүметіліп, балашағасын шұбатып...» дейді. «Мына жігіт Əскермен оқуға бірге түсіп еді, əлі күнге дейін студент... Қайтсін байғұс, Əскерді сағалап келе беретініндей бар. Аш қой...» дейді. «Пайдасы жоқ кісілер-ақ осы үйге қара күйедей жұғысып, ақыры құтыла алмастай бəлеге қалдық...» дейді. Талбикенің бұл шайпау, тарпаң сөздерін кейбіреуі сезіп қалып, əсте-əсте келулерін сирексітіп кеткен. Осыдан бұл үй оты қашқан күзгі даладай қуаң тартып, үнемі сұлқ тұратын болған. Сенбі, жексенбіде Əскерді зорлағандай ертіп, қайдағы
Сейітқазы Досымов тəуір кино жүріп жатқан кинотеатрларға кетеді. Одан қалды аңдитыны тағы Əскер. Айлық алған күні ақшамен қосылып бір кикілжің ілесе келетін əдеті тағы бар. – Əскер, бүгін айлықтарыңды аласыңдар, ə... – дейді Талбике, ол айлығын əкелетін күні таңертең. – Біліп отырып неменеге сұрайсың, əңгіме жоқта əңгіме тауып, – дейді жаратпаған Əскер. – Ақша алардағы əдетің бұл, – дейді Талбике екіленіп. Əскер үн-түнсіз үйден шығып жүре береді. Кешкілік Əскердің алдын орап, қарсы алып сырт киімін іліседі. Сол бойда ішкі-сыртқы қалталарын тінтіп үлгереді. Əскер сөзге келместен қалтасынан айлығын алып ұсына береді. Ол алып жатып: – Қанша? – дейді. – Қанша болушы еді. Жоқ əр алған сайын ақша қосып береді деп бір жерден естіп пе едің. – Қоссын деп жатқан кім бар!.. – Несіне санайсың, түгел-түгел, бар-бар, – дейді бұл қылығын жаратпаған Əскер. – Мə, ертеңгі түскі тамағыңа, – деп Талбике бір сарықұлақты Əскердің алдына тастай салады. Осының бəрін естіп, көріп жүрген кемпір іштей буырқанып, баласына ит жыны келеді. «Өздерімен өздері жүріп, əбден ойындағысын істеп, жаман үйренген. Беттен алып, төске шауып жүріп бетін қайтарып тастаған ғой, ынжықтың. Əй, сені... Əкеңде жоқ момындық қайдан ғана саған тап болды. Қой, қой, жалғыз баланың əйелімен тізгіндессем...» Жалғыз-ақ: – Сен өзің айлығыңды қашан аласың, біз бір білмей-ақ қойдық қой, – деген бірде сөзден сөз шығып отырып келініне. Келіні жұмған аузын ашпай тырсылдаған беті жұмысына кетіп қалған. Содан екі-үш күнге дейін тырс етіп тіс жармай жүріп-жүріп: – Апа, – деген енесіне, – қалада əйелдерге күн көріс қиын. – Е-е, – деп əуелгіде кемпір тіксініп қалған. – Қиын болғанда былай, көп киім керек.
Көңіл айнасы – Е-е, солай ма еді. Мен бір... Көп киім керек болса көп киімің бар емес пе? – Не қылған, апа-ау! Бірге қызмет істейтін əйелдердің ішіндегі ең киімі жұпынысы, кедейі менмін. – Астапыралла! Мына сөзіңді менен басқа біреуге айтсаң шынымен-ақ сенер. – Рас айтам, апа! – Айналайын-ау, оны азырқансаң тағы киім ал. Бірақ, «кедеймін, жұпынымыңды» естіртпеші! Қалай киіп, қалай ішсеңдер де екеуіңнің ақшаларың бір бастарыңа жетеді. Мені мен Жолдасқа əл-əзір шығындалып жатқан жоқсыңдар. Дүниелерің болса тіреліп тұр. Енді жандарыңа не керек, дəмі жоқ... Талбике сақылдап тұрып күлді. – Үш жүз жиырма сом ба? Əскердің зерттеулері кітап болып шығып, бір байымасақ. – Үш жүз жиырма сом емес, отыз соммен де күн көріп келгенбіз. Сонда да жететін. Шүкір деп айтайын, балаларым ақшаны кесіп алады, өлгенімде басыма көктас қояды деп жүрсем мен. – Не қылғаны, апа! Түк те жетпейді. Кемпір жағасын ұстады. «Мына бейбақ мені арам өлтіретін түрі бар ма деймін. Көңілім үшін болса да «басыңа күмбез тұрғызамын» дей салса болды емес пе? Өлген соң еркі өздеріңде. Қара жердің қойнына тастай салып, елеусіз қалдырып, мүлдем ұмытам десе де». Сонсоң: – Осы үй дүниеден бітіп қалған жоқ па, – деді келінін əдейі сынамаққа. – Əлі пианино керек, апа! – Пианүйде деген не? Е-е, əлгі... – Жолдас кейін мектепке барғанда, одан кейін де керек. Осы бастан үйрете берсек, Жолдастың кейін композитор болып кетпесіне кім кепіл. Композиторлардың ақшасы көп дейді ғой... – Кім болса да амандығын айт. Дендерің сау болса пианүйдені де аларсыңдар. Алған күнде мына үйдің қай
Сейітқазы Досымов жеріне қоясыңдар. Оның бер жағында «əу» дейтін біреуің жоқ. Қайдан Жолдасжан біліп-үйрене қойсын, қиын ғой. – Алдымен алып алайық, оны алғанша. Жолдасты үйретеміз, кең үй де болып қалар... – Кең үйің не? Басқа үйге көшетін ойларың да бар ма? Осы үй де, əлгіңді алам демесең, тақиямызға тарлық етпейді. Өзің босанып, біраз бала-шағаның басы болғанда демесең. Үйреніп қалған, іші құтты үй дұрыс қой. – Апа-ау, біздікі сөз ғой əншейін. – Қатардан қалмағаның да мақұл. – Ел сүйтеді екен. Бізге де қатардан қалуға болмайды, апа. Со қатардан қалмайық деп киім де кигіміз келеді. Сізге қанша айтсам да əлгінде түсінбедіңіз. Мұндай барахолка киім кімде жоқ дейсіз, елдің бəрінде де бар. Шіркін, қаракөл тон болса. – Əй, – деді енесі, – айттым ғой, жоқ болса тағы да ал! – Алғанда ақша қане? Бір қаракөл тонның өзі кем дегенде мың сом ұрады. Оны тамыр-таныс арқылы алу керек, таныстың өзіне бір-екі жүз сом керек. – Сұмдық-ау, аймаай уыстап алып жатқан ақшаларыңды қайда жіберіп жатырсыңдар. Екі-үш айларыңдыкін қосып жіберсең, тон аласың ба, бөз аласың ба жетпей ме сол. Маған алма, ортасын ойып жүріп өзіңе алшы. – Осы үйде сенсеңіз он сом да жоқ. Қазір айлықты күтіп тықырлап отырмыз. Кейде қарызданып, айлыққа зорға жететін де кезіміз бар. – Қайда кетіп жатыр? – Білмеймін, қайда кетіп жатқанын. Əйтеуір жетпейді. – Саған кетіп жатыр... Саған... – деді Қиықша кемпір келініне аяқ астынан ашуланып, əдеттен тыс дауысын көтеріп, – саған, сен осы үйді сүліктей сорып жатқан. Сен... ал өздеріңнің айлықтарың жетпеді, ендігі көзіңді тігіп отырғаның баяғы менің сақтап қой деген ақшам ба? Оны да ал. Əйтеуір, сен бүтінделші, сен бүтін болсаң біз бүтін. – Алдақашан жарап кеткен ақшаны айтасыз ба?! – Неге жарап кетеді. Ең болмаса біреуі барды да.
Көңіл айнасы – Бір мың сом түгілі бір сом да қалған жоқ. Егер қалса бүгін-ақ барып пианино алып келер едім. – О, кем ақыл! Сен өзің кем ақылдығыңмен тұрмай, баламды да, баламның баласын да, мені де кем ақыл ғып біттің. О, жасаған құдай! Құдай! Сенен бала тілеп, ол баланы арқа етім арша, борбай етім борша боп асырапбаққандағы маңдайыма жазғаны осы ма еді?! Кемпір бар даусымен айқай салды. – Сіз айқайламаңыз. Мені оскорбит еткеніңіз үшін қазір милиция шақыртсам келеді де алдына салып айдап əкетеді. Бүгінгіңізді кешіремін, екіншілей өстетін болсаңыз все, он бес күн жатып шығасың, – деді келіні енесін жас баладай қорқыта сөйлеп. – Қайда? Он бес күнің не? – Абақтыға. Қалада келініне ұрысқан кемпірлер он бес күнге қамалады. Соның кезегі сізге де келген сияқты. – Сенен бəрін күтуге болады. Түрің жаман кəпір. Əлі оны да істейсің. – Ақыр түрім жаман екен ғой. Онда қазір... Талбике түтігіп, бұрқырап сөйлеген бойы телефон трубкасын көтеріп номерлерін тере бастады. Кемпір Талбикенің қолындағы телефон трубкасына жанұшыра келіп жармасып: – Ондай бəлеңді көрсеткенше, одан да осы жерде өз қолыңмен өлтір, – деп жалбарына жылап, келінінің аяғына жығылды. – Жарайды, бұл жолы шақырмай-ақ қояйын. Бірақ бұл əңгімені екеуміз ғана білетін болайық, – деді Талбике. – Қалса қалсын, – деді кемпір аянышты дауыспен кемсеңдеп. – Вот так. Шай қайнатым томсарып, бір-бірлеріне тіс жарып, тіл қатпастан отырды. Сонсоң, əдеттегі үй тіршілігіне көшті. III Жолдастың «ойнаймын» деп далаға шығып кеткені сол еді, есік қоңырауы шарылдап қоя берді. «Бірдеңесін
Сейітқазы Досымов ұмытып, қайтып келген Жолдас па?» деп Қиықша есікті барып ашып еді, ар жағында өңдері солғын шал мен қыз тұр екен. Шалды танымады. Қызды біледі. Соңғы кезде Талбикемен еріп үйге кеп жүретін. Талбике «сіңлімді тауып алдым. Менімен шөбере екен» деп таныстырған. «Ее, тіпті жақсы болған. Енді келіп тұр, қарағым. Өзіміз де көп емеспіз. Шегене бас қана, шағынбыз. Туған-туысқан дейтін де шамалы» деген кемпір. Қыз үнсіз ғана томпайып отырған. Биыл оныншы класты бітіретін көрінеді. Бұрын білмей жүріпті Талбике. Өзінің қол астындағы интернатта тəрбиелеп жүрген сіңлісін. «Қайтсін, ерте ажырасып кеткен ғой. Қайта бір-бірін тапқан екен!» – Төрлетіңіздер, жоғары шығыңдар! – Құдағи, төрге шығу үшін келгеніміз жоқ, – деді шоқша сақалды шал. – О неге, ау, құдаша, немене, əкпең үйде жоқ болған соң бізді жатырқап тұрсың ба? Кəне, жоғары шығыңыз. – Сіз шыли жалпылдамаңыз. Бəрібір оныңызды көтере алмаймын. Есігіңізді сақалды басыммен еріккеннен кеп ашқаным жоқ. Дегерестен келдім. Малшымын. Мына бір қызым осында інтірнəтта оқушы еді. Биыл оныншыны бітірген соң үнстітүтке түссін деп ем. Соған осы үйдегі келін көмектесем депті... – Айтса айтқан шығар. – Сөзіңіз аузыңызда, құдағи. Сіздің балаңыз үнстітүтке түсетін балалардан сынақ алады екен. Сол балаңның өзінің қолынан-ақ қызым құлап шықты, əлгінде. Бұл үнстітүттен шыққан бетіміз. Маңдайымды сыпырып жүріп тапқан ақшамды бір перзентім үшін қиып едім. «Өзі қыз бала, жолы жіңішке ғой. Əйтеуір оқысын, ертең біреудің қолына барғанда қор болмасын» деген ой еді. Енді о не қылғаны. Ашуланып келіп едім, баста.... Өзіңізді көріп, қуанып қалдым, түсінісетін шығармыз деп отырмын. Əйтпесе, алдарыңнан бір өтейін, ақшамды сұрайын, бермесе тура жоғарғы жақтағы осындай қылмысты тексеріп отырған үлкен өкіметтің өзіне барайын деп, алақаныма түкірініп шығып едім.
Көңіл айнасы Қиықша кемпір состиып, меңіреу адамдай тұрған орнында қатты да қалды. Өң де, түс те қалмаған, сұп-сұр боп, қуқыл тартқан. – Құдаша-ау, құдаша-а-ау! Бұ, не сөз. – Талбике əпкей: «оқуға түсірем, жездең биыл қабылдау емтиханының жауапты секретары болды. Тек бес жүз сом тапсаң болды» деді. Сосын ауылға барып алып келіп, əпкеме өз қолыммен бергенмін. – Рас айтасың ба, қарағым!? – Мен сізді алдамаймын ғой, рас. – Ендеше жайғасып отырыңыздар. Ақшаны анық алса, қайырармыз. Əлгі жалғызға жаласы тиіп жүрмесін, айналайындар! Осы жерде қалсын бəрі. Енді тістеріңнен шықпасын, «отыз тістен шыққан сөз, отыз ру елге тарайды» деген емес пе. – Енді ақшаны алғаны рас, əпкемнің. – Жарайды, осы жерде қалса қалсын. Ақ адал дүниемді қуып келген менде айып жоқ шығар, құдағи. – Жоқ-жоқ, сізде айып жоқ. Айып неге болады. Айып ана ақшаны алған келін мен балада ғой. Енді өн бойын үрей билеген кемпірде дегбір қалмады. Алас-күлес бұрқыратып шайды əкеп қойды. Дастарқанға түр-түрімен үйіндегі барын, адалын алдарына салды. – Əлгі, ащы судан ішсеңіз о да бар, əкелейін бе? Шал үндеген жоқ. – Ішпейді көкем, қажет емес, – деді қызы. Əкесі қызына жақтырмай қарады. Оны кемпір байқай қойды. Ішетін болды ғой. Ой, сұмдық! «Аузынан елу грамдай ғана орта түсіп, басталған «Қазақстан» коньягі мен рюмканы əкеп шалдың алдына жəне қойды. – Ал, алыңыздар, бала да келіп қалар. Не звандар, оған дейін осыны алданыш ете тұрайық. Шал коньякті рюмкаға емес, кесеге құйып: – Құдағи, перзентімнің үлкені осы қызым еді. Бұдан бұрынғылары қара жердің қойнында. Бақандай алтауы бірінен соң бірі жер томпайтты. Жылап жүргенде осы қызым дүние есігін ашты. Қойныма тығып алдым да Дегересте-
Сейітқазы Досымов гі туысқандарға келдік, қатын екеуміз. Əйтпесе, өзіміз Жамбылданбыз, оның Сарысу деген жерінен. Шүкір, қазір бұдан кейін үш ұл, үш қызым бар... Соның қуанышына ептеп ішетінім бар, – деп орта кесе қызыл күрең коньякті шал сыздықтатып ұзақ жұтты. Кемпір қор болған сақал-ай дегендей жиіркеніп, төмен қарады. «Өзі, жастарға болмаса бұ құрғырың шалдарға жараспайды-ақ екен ғой». – Құдағи, енді мынаны алып қоя салыңыз. Бала-шаға көрсе ұят боп жүрер. – Ішіңіз, кім келуші еді. Келмейді ешкім де. – Əбден қандым. Алып қоя салыңыз енді, – деп шал қолы қалтырап, орта түскен коньякті қыл мойнынан қыса ұстап, кемпірге ұсына берді. Шайдан соң шал отырған орнына қор ете қалды. Қыз үйге сыймай ары-бері жүрді. Осыны пайдаланып, Қиықша құдашасын ас үйге шақырып алып, мəн-жайға əбден қанып алды. – Əскер ағай мені көрінеу көзге құлатты. Əйтпесе, өзімнін білетін сұрақтарым келіп еді. Бірінші сұрағымды да, екінші сұрағымды да мүдірмей судыратып айтып шықтым. Үшіншісін айтқызбай «бара бер» деген өзі. Қалай да төртке жауап бердім деп ойлағанмын. – Апырмай, құдаша-ай, қалайша сөйте қойды. Қайта, өзің біліп тұрсаң не дегенмен өзіміз емессің бе, өсірмесе де өшірмесе керек еді. Апырмай, құдаша-ай, өзіңде де шикілік болған шығар, əйтпесе... – Мен сізге жалған айтып тұр дейсіз бе? Белгілі жазушы Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романын керек десеңіз жатқа білемін. – Жарар, болар іс болыпты ғой. Жүз дегенмен қайтып орнына келмес. – Бəрінен де білетін билетім келіп тұрып, құлағанымды айтсаңызшы. Құдаша жылап жіберді. Екі көзінен моншақ-моншақ жас мөлтілдеп кеп лықси ағады. – Қоя қой енді, қалқам. Қайтесің, жылағаннан болса
Көңіл айнасы болмас па? Биыл болмаса келер жылы бар, басың жас, оқу қайда қашады. Өзіңнің оқуға анық құлқың болса. Содан екеуі де үнсіз өз-өз ойларымен қалды. Құдашаның ойы: «Емтихан комиссиясының алдына барғанда сонша дегбірім кетіп, біліп отырғанымнан айырылып қалғаным не, қап! Ыңғай осымын. Мектепте де осы қу əдетіммен талай қызардым-ау!..» Кемпірдің ойы: «Əскерге де, Талбикеге де білдірмейін. Бəле боп аяғы ушығып кетіп жүре ме, əлде қайтеді. Бұлардың аласысын беріп, бұл істі жылы жауып қоя салайын». Оған кемпірдің қалтасының түбі тесік, көтермеді. Амалсыз араға Əскер араласпай шешілмейтінін білді. Келінінің ісіне қаны қайнап, күйіп кетті. Баласын аяды. «Түбіңе осы қатының жетер деуші еді. Расымен-ақ солай болғаны ма? Талбике Есентуки курортына барар алдында үйде ұрыс шығарған. Алып бара жатқан төрт жүз сом ақшасын қомсынып, тақымына толтырмаған. «Қайтар қарсаңымда артымнан ақша жібересіңдер» деп, долданған Əскерге. – Өзіміз кандидат болмасақ та, кандидаттың əйелі деген атағымыз бар. Енді қашан байып жүреміз, өлгенде ме? – деп, келіні жұлынып шыққан үйден. Талбике бір жылдан бері о жер, бұ жерім деп, дəрігерден дəрігер таңдап көп жүрді. Соңғы көрінген профессор əйел «инфантилизм» деп тапты Талбикенің сырқатын. – Үйленгеннен кейін баланы бірден көтердіңіз бе, жоқ əлде кешігіп, үш-төрт жыл жүріп қалдыңыз ба, – деп сұраған профессор əйел. – Иə, кеш көтерген едім, – деді Талбике. – Онан соң түсік тастадыңыз ба? – Иə, түсік те тастадым. – Сонсоң, сап тыйылды, сіз оған қуандыңыз. Солай ғой. – Солай. – Ақыры мынау. – Ақыры не болды, мен енді осылай аурулы-сырқаулы қалғаным қалған ба, айтыңызшы, – деп Талбике жылап жіберген. Инфантилизм – əйелдердің жыныс мүшелерінің толық жетілмеуінен болады.
Сейітқазы Досымов Сіз жалғыз қарақан басыңызды бекер күйттейсіз. Сізге бала керек жоқ па? Емделсеңіз жазыласыз. Ал бала болу, болмауы екі талай, – деді профессор əйел байсалды, баппен, əр сөзін салмақтай айтып, – ертең арнаулы тексеруден өткізіп, қортындысын шығарамыз. Еріңізді де ерте келіңіз Хош, сау болыңыз! Талбике содан кейін қайтып дəрігердің бетін көрмеді. Қатты ауырып бір-екі рет төсек тартып жатып қалса да, жедел жəрдем шақырғызбады. – Көрін, шырағым! Аурудың алдын алған жөн, – деген ене сөзін де, енді қайда барып көрінгің келеді, көрінсеңші ертерек, – деген күйеу сөзін де тыңдамады. Тағдырдың таңбасына көнгісі келмегендей Талбике бюллетеньді ұзартып үйде жата берді. «Бұл мен ғой... қалайша ауырам... өзіме-өзім əлі сенбеймін... Қой, бекер болар, əлде де» деп, іштей құсаланды. Сонсоң бұ жатыстан ештеңе шықпасын байқап: – Москваға барып көрінемін. Алматыдан оңған бір дəрігерді көрсем көзім шықсын. Бəрі шетінен мыңғыт, түк білмейді. «Қай жерің ауырады» деп өзіңнен сұрайды. Өз ауруымды өзім білсем, жындымын ба алдына барып. Менің инфантилизм болуым мүмкін емес. Тіпті менің аурулы болуымның қисыны жоқ. Москваға барамын, барамын деген соң барамын! – деп аяқ астынан шəт-шəлекейі шығып жолға дайындалды. Москвадан аттай бір айда оралды. – Я, ат-көлік аман келдің бе? – Ал не көрдің, нендей жаңалығың бар? – деді алдынан өре түрегелген күйеу мен ене. Талбике келген күні «жолсоқты боп келдім» деп тіл қатпастан жатып қалды. – Бұл аурулы болды ғой. «Сорлыға сортаң жер кез келеді», – деп Қиықша кемпір Талбикенің жаңалығын, ауруының жайын естігенше қатты толқу үстінде жүрді. Ертеңінде Талбике: – Сол, соңғы көрінген профессорда бұйымтайым бар, – деп үйден шығып, түсте оралды.
Көңіл айнасы – Тағатымыз таусылды ғой. Ол жағың, Мəскеуің не деді? – деді ене. Талбике жауап орнына жылады. «Алда байғұс-ай, ауруы жанына батқан екен ғой! Ол жағынан да қайран жоқ болғаны ма?! Алда байғұс-ай, өмірі жоны таймай, жайтаңдап жүруші еді. Бір-ақ күнде жым болды-ау. Ана қу мінезі демесең...» Бұның ауруы үлкен болды ғой, енді ол жағы ештеңе істей алмаса деп кемпір қас пен көздің арасында ұзын-сонар ойға батып қалды. – Сол, инфантилизм. – О немене сұмдық, інпəнтілімін! – Сондай аурудың аты. – Қарағым-ау, осы уақытқа дейін айтпай жүрген ауруыңның аты немене дейсің? Сонда айтсайшы, қай жерің, түбі түссе де түбі түскірдің!.. – Сол, общем! Ну, бала көтеретін жер! – Ойбүй, ой-бу-и-й! Сендер ет пен сүйектен жаралғансыңдар ғой, темір емес едіңдер ғой. Ақыры бəлені қолдан сатып алып отыр екенсің ғой. Əй, түсім жаман еді-ау! – Қойыңызшы осындайыңызды! Талбике соңғы кезде бұрынғыдан да тез ашуланшақ болып, біреудің қатты сөзі де, көшенің ызы-қиқы дыбысы да жүйкесіне тік етіп, дəл тиетін боп кеткен. Қазір де енесінің зар илеген ызыңды, зарлы сөздері өңменіне оқтай қадалған. – Қарал, ойбай қарал-л! – Курортқа бар дейді дəрігерлер. – Бар десе бар. Ердің құны емес шығар оның. Бар, ердің құны болса да, үмітімізді үзіп, болашағыңды байлап, шынымен-ақ тұқымыңды тұздай құртайын деп отырсың ба сен, шынымен-ақ! Енді Талбике Есентуки курортына жол тартты. Дəрігерлер: – Мұндай инфантилизмдерді емдеуге Қазақстандағы курорттар мен санаторийлер де жетерлік, тіпті мол. Қайда барғыңыз келеді, еркіңіз, – деген-тін. Талбике Қазақстанды қоя тұрып, Есентукиден бір-
Сейітқазы Досымов ақ шыққан. Алысты былай қойғанда мына үй іргесіндегі Алма-Арасан, Аяқ-қалқан курорттары да тұр еді. Кемпір енді білді. Келініне алысқа құлаш серметкізіп, асылық сөйлеткен осы бес жүз сомның мысы екенін. Əскер кешікті. Не звандамады. Əдетте кешіксе кешігетінін, кешікпесе онысын айтып, шешесінің көңілі алаң болмауы үшін телефон соғып қоятын. Бұлай істеу бүгін Əскердің ойынан тарс шықты. Тарс шығатын жөні бар. Бұл бүгінгі қабылдау емтиханы – екіншісі болатын. КазГУ-дің филология факультетінің абитуриенттері қазақ тілінен ауызша емтихан тапсыру үстінде. Анталаған, есік-терезеден сығалаған сұғанақ, мүлəйім көздердің əлденешеуі Əскерге сұқталып қадалмай қалмады. Екі бөліп, екі жерде алса да қабылдау емтиханы ұзаққа созылды. Түс əлетінде қабылдау комиссиясы кезекпен ауысып, тамаққа барған кезде Əскер жігіттердің бірінің орнына отырған. Екі-үш баладан емтихан қабылдап енді келесісіне «айта бер» деп еді. Қарсы алдына балдызы келіп отырды. Салқын: «Ал, қарағым, бірінші сұрағыңды бастай ғой» деді. Балдызы бірінші сұрақтан-ақ сөзін шашыратып, ойын жинақтап айта алмады. «Екінші сұрағыңа көш» деді. Біріншісінің жауабына көңілі толмай. «Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейін» шығармасы дауылдан кейінгі болған оқиғаларды... болған жайларды... сосын... айтады... Онда Игілік, Аман, Шолпан, Бұланбай, сосын... сосын...» Мына сөзді естігеннен-ақ Əскер балдызына «бара бер» деген. Қатты көңілі қалып, күйіп айтқан. Ол емес, өзі ұялып жерге қарап қалған. Бұлар бетпе-бет ұшырасып қалды. Қиықша да осы кезде үйден шығып шалды аялдамаға ертіп əкеліп автобусқа салып жібергелі келе жатқан-тын. Əскерді сонадайдан көріп қалған балдызы ұялғанынан жүзін аударып, бұрылып кетті. Шал мен кемпір əңгімемен Əскерді байқамай, өтіп бара жатыр еді. – Апа, қайда кеттіңіз? – деді Əскер. – Үйге бара бер. Мен қазір... – деді, Қиықша баласына мəн бермей, жүре сөйлеп.
Көңіл айнасы – Балаң ба? – деді шал жұлып алғандай Əскерге тесіле қарап. – Иə, балам... Сол-ақ екен шал Əскердің қасына құлдыраң қағып жетіп келді де сарнап қоя берді. – Балдызыңның əкесі алдыңда тұрған осы сары шал, – деді ол нығызданып, – өздерің сияқты табысы шаш етектен өкімет емес, бейнетті белден кешіп жүретін кəдімгі қойшы. «Жұмбақтауыңның сыры белгілі, қызыңды құлатып жіберген соң үйге жеткен екенсің ғой» деп ойлап тұр Əскер. Шал тақымдап барады. – Білмесе бір сəрі, білген балаға қиянат жасау, оның бер жағында... Осы кез əңгімеге Қиықша араласты да: – Құда, əлгінде өзіңізге айтпап па едім, – деп бір ауыз ғана ескертіп етті. – Жоқ, мен əншейін Əскер баламды көргеннен кейін... Шал төмен қарады. – Саған жүре бер дедім ғой. Мен құданы біржолата автобусына отырғызып, шығарып салып барамын, – деп, қайтып сөзге келмей жүре берді. – Құдаңызды риза ғып қайтардыңыз ба? – деді Əскер шешесі келген соң əзілдей сөйлеп. Шешесі не айтарын білмей қысылды. «Əлде айтпайақ қойсам ба екен? Бірақ бес жүз сомның ізін жасыра алмаймын-ау! Ол, бүгін-ертеңдер келер дейсің бе? Келгенде қайдан табады. Өзі қарызданып келмесе сол-ақ». – Риза болды ғой... – деді, кемпір əлден соң ауыр күрсініп. – Түсіңіз күлдей болып тұр, ауырып тұрған жоқсыз ба? – деді, лезде баласының көңіліне кірбің кіріп. – Жоқ. Мені құдай алар дейсің бе? Қырсыққанда құдай да алмай қойды. Əлгі қатының қашан келетін еді? – Қайдам, енді бір жетіде келетін шығар. – Шығар... Мен білме, сен білме, сонда кім біледі ол қатынның жайын. Кімге айтады жөнін? Осы үйдегі еркек кім? Сен бе, жоқ əлде ол ма?
Сейітқазы Досымов – Ауырған соң кетті ғой курортқа. – Оған ауруды құдай жіберген жоқ. Қолдан сатып алып, сау басын саудаға салып жүрген өзі. Оған жан қайғы емес, дүние қайғы. Ауруы – ақша. Кешегі əкелгенің мен үйдегі бұрынғы ақшаның бəрін қосып шал сыпырып алып кетті. Жүгенсіз кеткен қатының əлгі шалдың қызының бес жүз сомын алдап алып құрыпты курортына. – Бес жүз сом. – Иə... Көр де тұр, бес жүз сом емес, ол əлі сенің басыңды жұтады. Əскер шешесіне қайтып батып сөз айта алмады. Төмен қарап, өңі өрт сөндіргендей сұлқ отырып қалды. Бұрын шешесінен мұндай сөз естімеген. Не келсе де Талбикеден келер деп жақсылықты да, жамандықты да содан күтетін. Сыртқа білдірмегенімен ішінен тынып жүретін. Мүлдем көкезуленіп сазбеттеніп кеткен соң жеңіліп қойған. Ə десе мə деп, жөнге келтіремін дегеннен көрі Əскер осыны жөн көрген. Қатын алсаң өзің құрисың, алмасаң тұқымың құриды. Соңымнан – сөз еріп, айлығымнан – алимент ұстатқызып, семьяның шырқын бұзғанша дұрыстап алып жүрейін» деген. Талбикенің: «Талбике, Талбике» боп жүріп жатқан жайы осыдан-тын. Ал, шешесінің мына сөзі оған бəрібір қамшы бола алмайды. Рас, Қиықша кемпір өмірді көп көрді, оның есесіне Əскер өмірді көп оқып тұщынды. Бəлки, кемпір баласына өкпелер, «көрмеймін, бұл тірліктеріңе шыдамаймын, бетімнің ауған жағына қаңғырып кетемін. Ел тоқ, бір үзім нанды кім болса сол береді, қай үй болса сол үй босағасына емес, төріне түнетеді. Тіпті сендерге қарап жатқан күнім жоқ. Пенсиям да жетеді» деп бəлені салса, Əскерге тағы бір қайғы жамалар еді. Өмір тіршілігі қажытып, мезгіл салмағы еңсесін езсе де жүре берер еді. Нар жігітке, оқыған азаматқа, білікті ғалымға – бəрібір мынау жалпақ жатқан халқы сын көзін қадап, бір сəт көздерінен таса, көңілдерінен жоғалтып, айрылмас еді. Оның семьясында тығырыққа тіреліп, тұңғиыққа тартқан зұлмат күш барын қайдан білсін, былайғы жұрт. Одан көп нəрсе күтеді. Зерт-
Көңіл айнасы теу еңбектерінен, жазған мемуарларынан, газет-журналда шығып жүрген рецензия, сындарынан көп үміт күтіп, құныға оқып, жақсы болса таңдай қағып, нашар болса тұзы татымаған ас ішкендей тамсанып: «Соңғы кезде Əскер Көшенов мыжып кетті. Өзі əбден халтурщик боп алды» деп əдебиет сүйгіш қауым оның болашағына шəк келтірер еді. Əскер бір жағынан осыны да ойлайды. Əр кітаптың бетін ашса ол мына кең дүниеге күмп беріп сүңгіп, өмір айдынында жүзіп жүргендей отырар еді. Сол айдынның бір шетінде шырылдаған баладай мазасын алып, сүйіп қосылған қосағы тұрса оған қалай мойын бұрмас. Сол айдынның екінші жақ шетінде бір өліп, бір тіріліп, асырап-баққан, ақ сүтін сыйлаған аяулы анасы тұрса оған қалай барып, көңілін ауламас. Сол айдынның сонау шалқар ортасында бауыр еті баласы бір батып, бір шығып, жағаға жете алмай малтығып толқын арасында қалса оған қалай жан ұшырып барып, жағаға алып шықпас. Сол айдынның тереңіне күнде келіп бет қоймаса, сусындамаса онда айнала жүгіріп жүріп кепкен кенезесін қалай жібітпек. Курорттан Талбике келді. Бұрынғысынан гөрі ағарыпты, ажарланыпты, оңалған сияқты. Кемпір келінін салқын қарсы алды. Күйеудің де қабағы салыңқы. Үйде бір кикілжіңнің барын күні бұрын сезген Талбике ене мен күйеудің алдында кішірейгісі келмей, оқтау жұтқандай үй тірлігіне қол сұқпастан бұл да екі-үш күн жүрді. Əскер бүгін ішіп келіп, бірінші рет Талбикенің бетіне келді. Бұрын мұндай қасиет оның бойында жоқ-тын. – Қалай, ол жақта жолың болды ма? – деді ол. – Болды, – деді Талбике ойланбастан. – Ендеше бұл жақта жолың болмады. – Болдыратын ба ең сен... Талбикенің жүрегі зырқ ете түсті. Бірақ, байқатпаған болды. «Баста бекер айтпаған екем. Өз күшімен де түсетін қыз еді. Неғып қара басты екен, жалмауыз қатынды». – Үйге атам келіп, батасын беріп кетті. Қызым келгенде қолын қысып сəлем айт деп еді. Əскердің түсі күлдей боп Талбикеге тақала түсті.
Сейітқазы Досымов – Жə... Бірдеңе үйренгенсің ғой деймін. – Үйрендім... Міне үйренгенім, – деді де Талбикені қақ маңдайдан ұрып, отырған столымен қоса қабат шалқасынан түсірді. Талбике күйеуін былапыт сөздермен əбден карғапсіледі. – Ей, бұларың не? Ойбай-й – деп үйден Қиықша шығып келінін тұрғыза берді. – Қақпас, қақ маңдайыңнан тебейін, – деп аяғын сілтеп қалып еді, өкшесі енесінің қара санынан тиді. Кемпір санын ұстап отыра қалды. Əскердің жаны ышқынып, көзі қарауытып кетті. Ұшып келді де Талбикені тағы қойып-қойып қалды. Талбикенің оң жақ көзі лезде көгеріп шыға келді. – Бəріне кінəлі өзіңсің. Мені қылмысқа итермелеген де сен. Елдің еркегіндей ақшаны күреп тауып отырсаң, осыған барар ма едім. Шегімді бір ағартпай өлтірдің-ау! Ой, өлдім!.. Еркін жүріп, қалағанымды алайын деп ол қыздың бес жүз сомын алғаным рас. Не қыласың. Өз табысың семьяңа, балаңа жетпесе, не қолыңнан көлденең табыс табу келмесе, несіне еркекпін деп бөрік киіп жүрсің. Еркек болмай жерге кір. Тағы да доктор боламын деп кебетінін қайтерсің мұның. Докторлық сенен не жесін. О, соры ашылмаған басым. Бұ бəлеге қайдан тап болдым. Талбике бұрқырап сөйлеген күйі телефон трубкасын долдана көтерді. – Алло! Милиция! Милиция дегеннен-ақ кемпірдің жүрегі ұшты. Келінінің нендей мəмілеге келіп, телефон трубкасын тұғырына қайтып қондырғанын түсінбеді. «Бұ құрғырды тек милиция шақыру үшін ғана қойған ба?» Екі қызыл жағалы жігіт келді де Əскерді қызыл белбеу машинаға отырғызып алып кетті. Кемпір қосыла шығып, соңдарынан қалбалақтап, біраз жерге дейін алқына жүгірді. Жүгіріп бара жатып сүрініп кетті де мұрттай ұшты. Тротуардың асфалтіне шекесі келіп тиіп, көзі қарауытып, есі ауып кетті. Əлден уақытта көзін ашқанда екі жағынан
Көңіл айнасы демеп ұстап, қолтығынан сүйеп қазақтың қыз бен жігіті отыр екен. – Əлгі машина қайда кетті, – деді кемпір салған бойдан. – Қай машина? – деді қыз бен жігіт таң қала. – Жаңағы ше? Əс-с. Кемпір тілін тістеп алғандай сөзінің соңын жұта қойды. «Əскерді танитын болып шықса атына кір келер, ұят болар». – Үйіңіз қай көшеде? Апарып салайық. – Өркендерің өссін, шырақтарым! Енді өзім-ақ барамын. Өкпем қысылып... Бара беріңдер. Мейірлі болыңдар. Есік берік екен. Қоңыраудың түймесін екі-үш рет басып еді, іштен жауап болмады. Қиықша тысқа шықты да подъездің алдында есіктің ашылуын тосып ұзақ отырып қалды. Алматының сүттей ұйыған ақ түні басталды. Кемпір не болғанын айыра алмай өң мен түстей бір халде отырды. Бір кезде «бабушка, ба-буш-ка!» деп байғыз үніндей боп дауыс шықты. Кемпір алғашында бұл дауыстың қайдан шыққанын аңғара алмай абдырап қалған. «Ба-буш-ка! Ба-бушка!» деп қайта жаңғырғанда барып дауыстың балконнан шыққанын байқады. Жолдас екен. Балконнан жылт-жылт басын шығарып: «Бабуш-ка-лап» тұр. «О, адамнан тумаған, жетесіз! Көргенің анау, сен қай бір адам болам дейсің». Кемпір қайта келіп есікті тартып көріп еді, сол мелшиген қалпы тапжылмады. – Ей, Жолдас! Аш есікті. Апа ғой. Əлгінде адам жоқ екен десем... Жолдас-ау! – деді есікті қатты-қатты ұрғылап. Есік сол мелшиген қалпы қайтып ашылмады. Кемпір есік алдында бие сауым тұрды. Бір кезде бойдағы бар күшін жинап, есікті теуіп-теуіп қалды. Ар жақтан келінінің ащы даусы шаңқ-шаңқ естілді. – Есікті сындырасың ба? Жоғал əрман. Балаң келген соң өзі кіргізіп алады. Оған дейін таза ауа жұтып жүре тұр. Көздеріңнің еті өскен екен, сылып алайын. – Əскерді қайда құрттың? – деп ене ашына айқай салды.
Сейітқазы Досымов – Ол құрымайды, əшейін қатын ұрғыштың əуселесін көрсетеді де босатады, – дейді келіні іштен. – Қашан босатады! – Көп жатса он бес күн. Түрменің аты түрме емес пе? – Түрмеге Əскер түскен жоқ, нағыз түрмеге түскен сен. Түрмеге түспесең мына есікті неге ашпайсың. Өмір бақи өстіп қамалып өт! – Бопты. Айтқаның келсін. Сенімен салғыласуға уақыт жоқ. Ертең жұмыс бар. Есікті ашпаймын. Одан да ертерек түнеп шығатын жер ізде. Кемпір тағы да біраз сөздер айтты. Бірақ іштен тырс еткен жауап болмады. Əлден соң миы айналған кемпір басының ауған жағына жүре берді. Сол кеткеннен қайтып бұл есікті ол ашқан жоқ.
ƏҢГІМЕЛЕР
Сейітқазы Досымов КӨҢІЛ АЙНАСЫ Адамның адам Ішіне күнде кірмейді. Сонда да бөліп Отыра алмайсың іргеңді. Əбділда Тəжібаев Биыл елудің екеуіне келген Талбикені сыртынан білетін жұрт «əлдеқашан алпыстан асып кеткен» дер. «Сүйеніш көріп, қолына кіріп отырған жалғыз қызы өткен жылы қайтыс болған кемпір» дер. Ал таныстары оны аяп, мүсіркеп, жолығыса қалса қайтыс болған қызын еске түсіріп, емексітіп, тəптіштеп, жағдайын қазып сұрап, күйеу баласы – Адамбекті, анасыз қалған немерелерін қайта-қайта ауызға алып, жанашырлық білдіруші еді. Шынында, өткен жыл бұл семья үшін ауырға соқты, он екіде бір гүлі ашылмай Əсем о дүниелік болды. Əсем Талбикенің жар дегендегі жалғыз қызы болатын. Осы қызын сағалап қолына кіріп отыр еді. Демеуі еді. Қайтесің, байғұс кемпірге тағдыр мұны да көп көрсе... Талбикенің өзі де о бастан жалқы-тұғын. Баяғыда ата-анадан бірдей айырылып, қалай балалар үйінен бірақ шыққанын өзі де біле бермейді. Кейін мұнда тұрмыс құрған екен, жығылғанға жұдырық «сорлыға сортаң жер кез келеді» деген тап рас. Күйеуінің ғұмыры қамшының сабындай келте болды. Хош! Жастықтың желігіне ермей одан қалған жалғыз қыз – Əсемді бауырына басып, көңіліне медеу тұтып отырып қалған. Құбатөбел өмірмен күн кеше берген. Көзінің ағы мен қарасындай көрген, кірпігіне кір жуытпай тəрбиелеген қызы да бой жетіп жоғары білім алып, тұрмыс құрып ақар-шақар үй болған соң, шешесінің қолындағы кəкір-шүкірін, бес-он уақ тұяғын сатқызып, соқа басын ғана қолына алып келеді. Шешесінің: «осы жерден пенсияға ілікпей ешқайда да бармаймын» дегеніне құлақ аспайды. Қызынан асып қайда барады, шарасыз, соңынан ере береді. Пешенесінде жазулы қысқа ғұмырды алдын-ала білсе, онда өзімен-өзі күн кешіп, түтін түтетіп, шаңырағын
құлатпай отырған шешесін жылы орнынан қозғар ма еді. Кемпір оңаша-оңашада аңырап, ішіндегі шерін сыртқа шығарып алатын əдетін біраздан бері сирексітіп жүр еді. Соңғы кезде бір бейтаныс əйел даусы телефоннан шаншудай қадалып жүр. Салған бойда: «Адамбек дома?» – дейді жазған. Бұл əуелгіде бар болса барын, жоқ болса жоғын айтып жүрген. Келе-келе көңіліне кірбің кіріп, өн бойы мұздап жүре берген. «Өлдің-өштің» деген осы. Неде болса Адамбектен келді», – деп кіді алып, қызғаныштан қақ айырылардай болып, өзегі өртеніп жүре берген. Бұрынғы ма, бірден морт можып түсті. ...Телефон шылдырады. Орнынан созалаң тұрып, трубканы көтермекке оңтайланып, тағы да теткіп қалды. Телефон тағы шыр-шыр етті. Кемпір етегіне сүрінемүріне барып трубканы ашумен жұлып алып: Адамбек домда жоқ! – Жо-о-оқ-қ! – деді. – Апа-ау, мен ғой, Адамбекпін. – А, сен бе ең? – деп тез жуасып барып, тез қайта ашына сөйлеп, бұрқылдады. – Е, сен болсаң қайтейін. Айтшы, бір қатын осы үйге тас кенедей жабысып алды. Ол кім өзі? – деді. – Жарайды, – деп күйеу баласы қоя салды білем, бұл трубканы қолына қыса ұстап одан соң да кіжініп, аузына келгенін ақтарып барып қойды тұғырына. Даңғарадай үш бөлмеде арлы-берлі теңселіп күйіп жүрді, күйеу баласына өзі-өз болып бетіне тіке келгені осы, оның өзінде айтпағының жарым-жартысы желге ұшып, далаға кетті. Қайтсін о ғып, бұ ғып іштегі толып бара жатқан шерді оңашалап шығарып алып, Адамбек келгенде моп-момақан қалыпта оттың басын көңірсітіп, екі баласын бала-бақшадан əкеп, тап-тұйнақтай отырсам дейді. Адамбекті күте-күте дегбірлері кетті. Папалап «тықыр» еткен дыбысқа елеңдескен немерелерін жуындырып-шайындырып, алдап-сулап жатқызып, ертек айтып ұйқтатам дей-дей өзінің мызғып кеткенін білмеді кемпір. Əбден сілелеп жүрген соң, сол бойы басы кеткен жерде, аяғы кетіп құлапты. Түннің бір уағында ма, ояна келсе таң енді саз берген екен: содан ұйықтай алмады. Көңіл айнасы
Сейітқазы Досымов Ойына Адамбектің үйге келмегені түсіп, атып тұрып аяқ киімін қарастырып еді, көрінбеді. Сосын ақырын бөлмесінің есігін жайлап ашып еді, орнында жоқ екен. «Тып-типыл болғыр-ай... Туһ, аузыма қай-қайдағы түскені несі. Одан аулақ, екі баласы тірі жетім болғанша, «əкенің жақындығы жездедей-ақ» десе де, қатын алып төсек жаңғыртса да қарайып тірі жүре берсін... «Жалғыздың жары құдай» деген, бұл да құйрық-жалсыз қалған саяқ жігіт емес пе? Қызымды ұрып өлтірсе, не тіршілігінде ажырасып кетсе бір сəрі. Сонда да адамның іші қыз-қыз қайнап, өзімнің мүсəпірлігіме күйем ғой». – Па-па-а! Бұл кішісі, əкесін көп іздейтін де осы. – Папаң жұмысқа кетті, əлі ерте, күнім! Ұйықтай ғой, – деп əжесі келіп май құйрықтан жайлап былп-былп қақты. – Мен білемін, папам əлі келген жоқ, – десін кенет үлкені. Кемпірдің жүрегі су етті, біреу-міреу айтып қойған жоқ па дегендей айнала төңірегіне қарады. Ұшқан шыбынның ызыңы білінбейді. – Ұйықта, оттамай! – Өзің омай! – Тəйт, болды енді! Оны тыңдап құлағына қыстырған немере ме, атып тұрып бөлмелерді кезіп, арлы-берлі шапқылап басына көтерді. Енді оған ұйқысы ашылып кеткен кіші тентек қосылды. «Қой, болмас, балабақшаға апаратын қам жасайын», – деп күйбеңдеп кемпір де майда қадам қимылға көшті. Таңғы алтыдан өтіп жетіге иек артқан сəтінде өз кілтімен Адамбек есікті ептеп ашты. Екі баласы алдынан шапқылап шықты. Үй-ішінің дəл бұлай өре түрегеліп жүргенін білмеді, əйтпегенде сол қарасын көрсетпеген бетімен жұмыстан соң бір-ақ оралатын еді. «Шешінген судан тайынбастың» кебімен өз бөлмесіне зып кіріп кетті. Екі баласы соңынан қуа барды. Сұрақты үсті-үстіне екеулеп жаудырсын келіп. Əкесі бетінен басқандай аузына құм құйылып, жүні жығылып, төсегіне барып құлады. Оны тыңдап жатқан олар жоқ, үстіне шығып алып, өкпеге
тепкілеп, тулаққа секіргендей əлем тапырығын шығарды. Өзі түнімен шаршап, оған əрі ептеп ішкілік қосылып, шала ұйқы болып келіп, бірер сағат көз шырымын ала қояйын, əйтпесе жұмыстағылар «екі көзің құрдыкіндей екен» демесе де, іштерінен ойлап қалады ғой деген есеппен келерін келіп алып, енді қайта салы суға кетіп, ойға ой жамалып шаршап жатыр. Заты Адамбектің қыз-қырқынға көп сұқтанып, кейбір жігіттердей бер жағынан болса да оларды алдап-сулап, уысына тез түсіре қойсам деген арам пиғыл, жылтыр сөзі жоқ-ты. Осы мінезімен де əйел атаулыға ол сыйлы болатын. Марқұм Əсемнің құрбылары: «Аузыңның салуы бар» деп, «өзің айналдырып алдың ба, əйтпесе өз бетінше келіп қызға сөз салып, көз қысқанын бір көрмеп едік» деп, «ойнап айтамыз, үйіңе бара қалсақ қызғанып, кіржиіп жүрме, ей...» деп сан-саққа жүгіртетін. «Ойнасаңдар да ойларыңдағы ғой, білемін. Өздеріңнің қолдарыңнан жігіт айналдырып алу келмейді, ал өзіміз деген, міне, бай түгілі балалы болғалы отырмыз», – дейтін Əсем де қайтпай. Адамбек болса тамам қыздың ортасында жалға алған шағын пəтерінен ығысып орын беріп, барлы-жоғын солардың аузына тосатын, ренжуді білмейтін. Бұлар институттың IV курсында жүріп үйленген. Жұрт қатарлы тойын жасап, жолынан да жығылған жоқ. Содан қызметтің де сəті түсіп, астаналық болып шыға келген. Көп сарыла тоспастан даңғыраған үй алып, оған ебіне лайық жиһаз түсіріп, елдің алдына шығып кетпегенмен, өз ортасына қарағанда көш ілгері тұрған тату-тəтті, сүттей ұйыған семья, дөңгеленген үй болғанда тағдыр көріп қойды, көп көрді. «Аузың аққа тигенде мұрның қанар» деген осы. Міне, сол Əсемнің орны ойсырап тұр, қабырғаға аяздай батады. Артында аңырап жалғыз шешесі – Талбике, үйелмелі-сүйелмелі тең өсіп келе жатқан ұлдары – Елтай мен Ертай, сүйіп қосылған қосағы – Адамбек қалды. Өлгеннің артынан өлмек жоқ, тірі адам тіршілігін жасайды. Екі баланың көңілі əлі əзір баяғыдай, жұптаса жарысып жүр. Көңіл айнасы
Сейітқазы Досымов Ал арадан зырлап уақыт өткен сайын ене мен күйеу баланы қатар жегідей жеп бара жатқан ой бар. Ол ой – Əсем болса қайтпас сапарға кетті, енді ерте ме, кеш пе оның орнын басып осы үйге бір ақ жаулықтың келерін құдай да, адам да біледі. Сонда Елтай мен Ертайды қойшы, əкесі тұрғанда бір сəрі болар-ау, Талбикенің күні не болмақ? Қазір биттейін бияладай етіп отыр, ертең ше? Сол күткен ертең де келіп есік қақты, қазір бұл үйде кикілжің бар. Адамбек жігіттермен шахмат ойнап, кеңсесінен тым кеш шыққан. Сағатына қараса тоғызды төбеге ұрыпты. Жаздың шақырайған ұзақ күні қоңырқай реңге еніп, Алатаудың иығына шаршап жығылғандай əлсіреп, əншейін құр сүлдесі ғана ілігіп тұр. Кенет əлдекім «Адамбек» дегендей болды ма, жоқ бұл қағыс естіп босқа елеңдеді ме, жан-жағына көз салды да, елең қылмай аялдамаға қарай жүре берді. Сөйткенше бір жұмсақ алақан ту сыртынан келіп екі көзін басып, бар денесімен екі иығына артылды да қалды. Бала емес, шаға емес екі кештің ортасында иығына қыз артылып жатқанына тосын көзден ыңғайсыз көріп қалды. – Адамбек, мен кіммін? – дейді мүлəйім күлкі араластыра. – Əй, əке! Кім де болсаң босатшы, – деп шымырлап қалды бұл. Ыңғайсызданған қыз демін ішіне алып: – Кешір, мен ғой, жағдайың қалай? – деп енді қолына жармасты. – Ə, сен екенсің ғой! – деп, Адамбек те манағыдай емес қыздың жүзін көрген соң жібиін деді. Бірақ қыздың есімін дəл қазір есіне түсіре алсайшы, үнемі аралас-құралас жүрмеген соң осы да. «Роза ма еді, Рая ма еді, Раушан ба еді» əйтеуір Р-дан басталатынын анық біледі. Осыны дəл тапқандай қыз да: – Мен Раушанмын ғой, өзіңіз ұмытып қалғансыз ба, қалай? – Жо-ға, не-ге... Əсемнің көп құрбыларының бірісің. Кезінде Əсем бəрің... Əсем... Раушан Адамбектің «Əсемнің... Əсем... Əсем» деп
Көңіл айнасы қайталай бергенін іштей қымтап, сырттай сыр бермей: – Е-е, ол да бір дүбірлі дəурен еді. Содан бері де... – Жол болсын! – Енді қыздың сырғыма уəжін Адамбек тежеді. – Жəй, өзіңді көріп қалған соң, баяғы күндер еске түсіп, бұрылып кете алмадым. Сосын... Бұл кезде түн түндігі түсіріліп те үлгерген. Адамбек сағатына қарап, Раушаннан шыға алмай тықыршыды. Қысыр əңгіме үсті-үстіне қоздап, таусылар болмады. Бірақ қыздың сөз төркінінен Əсем жайлы, оның артында қалған екі перзенті мен анасы жайлы бір ауыз жөнді сөз төбе көрсетпегенінен-ақ іш тартқан Адамбек, бұл көркемдіктің тамырын басып көрейін дегендей: – Жə, өзің ендігі тұрмыс құрған шығарсың, тойыңа шақырайын да демейсің, – деп қыздың қыбын тапты. Қыз аяқ астынан қымсынып, əлгіндегі ожар, одағай қимылды ізім-қайым жоғалтып, ауыр бір дем алды да: – Өзіңді тосып жүрмін, – деп қойып қалды, – əй, əй, жай əзіл ғой менікі, бізге де ерте ме, кеш пе сен сияқты біреу табылар, – деп тұспалдады. – Əй, əй, ойынды түсін, – деп соңын жуып-шайып қойды. Раушан бұл жолы мүлəйімсуді де шегеріп, тіке, өктем «əй, əйға» көшкенін өзі де бағамдай алмай қалды. Адамбектің басын уқан-суқан қып, ақыры телефонын алып қоштасқан. Былай шыға беріп Адамбек: «Тфу, əлгі пəлекетке үйдің де телефонын беріп қойыппын-ау», – деп жерге бір-ақ түкірді. Шым-шытырық шəркез сезімде кетті екеуі де. Жұмыс соңын ала Адамбек жақын бір жолдасымен байланыспақ болған, енді соның хабарын тағатсыздана тосып отыр еді. Ойында түк жоқ, телефон шар еткенде асығыс көтерген трубканы. – Бұл кім екен? – деді ар жақтан. – Сізге кім керек, əке? – деді бұл сынаптай сырғып тұрған қызға. – Адамбек керек еді. – Тыңдап тұр, əке.
Сейітқазы Досымов – Мені таныдыңыз ба? – Жоқ, əке, даусыңды айыра алмай тұрғаным. – Немене, сонша көп қыздар звондайтын ба еді? – ?! – Неге үндемей қалдыңыз, мен Раушанмын ғой... – Ə-ə, қалың қалай? – Онша емес. – Онша емесі қалай? – Сол, іш құса хал кешу, бір сыдырғы құбатөбел өмір, бір түрлі көңілсіз. Секретарь қыз келіп, бұлардың сөзін бөліп: «бастық шақырып жатыр», – деді. – Ал жақсы, əлі хабарласармыз... – Қашпа. – Жоқ, əке, қашып... – Тағы звондаймын. Əзірше... Бастығына кіріп шығып, оны-мұны керек қағаздарын тартпасынан алып, қайта бара жатқанында, телефон безектей жөнелді. Əлгі пəтуаласқан жігіт шығар деген оймен трубканы көтеріп еді. «Адамбек» деп саңқ етті. Раушан екенін жазбай таныды да трубканы үн-түнсіз тастай салды. Арада бес-он минут өтіп, бастығының алдынан қызарып, терлеңкіреп шығып көңілсіз отыра беріп еді, телефон тағы мазалады. Амалсыз көтеріп еді. Бұл қашан дыбыс қылғанша енді жым-жырт үнсіз тұрды. «Алау-у» деуі-ақ мұң екен. «Мен ғой, Раушанмын ғой. Күйеуі жоқ демесең, біздің де өзімізше үй сымағымыз бар, бүгін отбасымды көрсетіп, өзіңді мынауский бір қызбен кездестірем, ар жағын ішің білсін əлу-ай!..» – деп сарнап берсін. «Дəл бүгін уақытым тапшы, қазір бір жолдас жігіт хабарласуы керек еді», – деп бұл қашыртты. «Ол жігітіңді де ерте кел, тұп-тура екі жұп боламыз. Ах-аа-ха!» – деп түйіліп күліп бұлтартпады, адресін айтты, күтетінін қайта шегелеп ақыры қадалған жерден қан алмай тынбайтынын аңғартты. Адамбек баратын болып құтылды, бірақ бармады. Содан азар да безер бұрынғыдай телефонға көп аса қол соза бермей, қарсы отырған жігітке тізгінді беріп қойған, қазір ол
Көңіл айнасы Адамбектің қызметте бар-жоғын Раушанға айтып тұратын «жеңгетайы». Ол Адамбекті орнынан ұстай алмаған соң, енді оның үйін нысанаға алады. Талбике кемпірді бес саусағындай біле тұрып, қызы Əсемнің құрбысы бола тұрып, амандық-саулықтың орнына даусын он екі саққа құбылтып, Адамбекті сұрап, мазаласын кеп. Соңынан шам алып өзінің де, үйінің де əбден ығырын шығарып ұятты еткен соң, іле пəтеріне əдейілеп іздеп барды. Бұған Раушан құрақ ұшып, домалап жастық, жазылып төсек болғанымен көзіне ілместен айтарын айтып-айтып кетіп қалған. «Бəрінен де байғұс кемпірдің жүрегін шошытып, көңіліне кірбің алғызып несі бар десеңші. Бүгін мынау, тіпті ертең үйлене қойғанның өзінде екі баланы бір шыбықпен айдап, кемпірді қаңғыртып, өзімнің екі аяғымды бір етікке тығатынның нақ өзі», – деп ойлаған Адамбек. Сосын үй іргесінде балабақшадағы медсестра қыздың үріп ауызға салғандай домаланған келбеті, ақ жарқын жүзі күлімсіреп көз алдына келіп тұра қалды. Бірде енесі өз-өзінен отырып: «Шіркін, қыз болса, əне, ана Санадай болсын, бып-биязы, мінезі қандай жібектей есілген. Мына көршінің бойжеткендеріндей беттен алып, төске шауып, бетінен буы шығып тұрған жоқ», – деп Адамбекке сыр ғып айтты. «Санасы кім?» – деген бұл. «Е, е, ана бала бақшада доғдыр болып істемей ме, күнде өзің көріп жүр емессің бе?» – деді енесі төндіре, сонда барып: «Ə-ə, ана қара қыз екен ғой», – деді бұл. «Түсі қара болғанмен ісі – сара, аты – Сана», – деді ол. Осымен түп-төркіні неге сайғаны беймəлім бір əңгіменің басын қайырған да қойған. Кемпірдің ол қара қызға бүйрегінің бұруы тегін еместі. Екі баласын жетектеп ертелі-кеш осы бір шүйкедей кемпірдің жүргені сол, бір күн емес, екі күн емес үнемі осылай. – Апа, балаңыз бен келініңізге сенбейсіз бе? Қашан көрсем өзіңіз ала өкпе болып екі ортада жүгіріп жүргеніңіз, – деген Сана кемпірді сөзге тартып. Онсыз да шерін кімге айтып тарқатарын білмей булығып жүрген байғұс ішек қырындысына дейін ақтарып, сыралғы досын көргендей
Сейітқазы Досымов болған. Ақ көңіл Сана кемпірді есіркегендей болды ма, əйтеуір көз жасы ерік бермей кеткен, оны байқап Талбике кемпір одан сайын егіліп, езіліп, Əсемнің өзі болмаса да көзін көргендей əсерде қалған. Содан екеуі жалпақтап, көрген жерде бір-біріне іш тартып тұрады. Сана бірде кешкілік Талбике кемпірдің сампылдап тəрбиешілерге жалынып, бірдеңкені өтініп жатқанын құлағы шалып қалып, аңысын аңдады. – Əй, Əнна-ау, тамақсау ер бала емес пе, сен оның табағына тағы бір ожау кəше сал, – дейді кемпір, – ертеңге дейін ашығып қалар, өткен түні кəше сұрап миымды су еткен жоқ па. Үйде жоқ емес бəрі де бар, бірақ оны келістіріп істей алмай қойған жоқпын ба? Дəл сенікіндей сүйсініп жемей, еңбегімді еш етіп, тұзымды сор етіп жүрген жоқ па, бұл екі күшік. Сен сияқты үйде жас шешесі болса, сұрап не қылам, баласының үстіне өбектеп өзі-ақ түсер еді де. Оған түсініп жатқан Анна жоқ, аңырып тұрып-тұрып Санадан сұрайды. Ту сыртында не күлерін, не жыларын білмей, əрі қысылып теріс айнала бергенін көзі шалып қалған кемпір: – Е-е, Санам да осында жүр екен ғой. Мыналар менің тілімді түсінбей тұр ма, жоқ кəшісін бергісі келмей тұр ма, айтшы, – деді даудырлап. – Жарайды, қам жемеңіз, айтып қоярмын, – деді Сана. Бұрынғы-бұрынғы ма мұны кемпір одан сайын жақақтайды енді. Енесі есіне түсіргелі бері Адамбек балабақшаға жорта жиі барғыштап Сананы сынай қарап көп жүрді. Сөзге де тартты. – Елтай мен Ертайдың папасы болдыңыз ғой, – деген ол биязы ғана. Бұрыннан-ақ сыртынан білетін, білсе де осылай деді. – Енді басқа біреудің баласын жетектеп жүр деп пе едіңіз, – деп сөзге тартқан бұл. – Жетектесе несі бар екен? Адамбек сөзден тосылғанын біліп абыржыңқырап сəл тұрып, кенет өз-өзінен шабыттана шүйілді бұған. Талай
Көңіл айнасы ойды меңзеп, талай жолды сілтеп, ой сорабын безбендеген сəтінде: – Мен сіз сияқты философ емеспін, қарапайым тірлік... – деп Сана кідіріп қалды. – Мені философ деп кім айтты. – Сөзіңіз айтты, – деп Сана езу тартты. – Жарар, мен емес балаңыз керек болса, өзіңіз үшін келерсіз. Сана нəркес көзін төңкеріп тастады. «Енді қармақты арыдан тастап қалтқысын бағамын да отырамын, шабақ емес қашан шортанның өзі келіп қауып, тұңғиыққа жұла алып қашқанша» дегендей сыр түйді бұдан Адамбек. Содан бері де арадан зулап талай күндер өте шықты. Адамбек пен Сананың өзара түсініскеніне əлі айдың жүзі көрінген жоқ. Кейде Адамбекке бірдемелер айтқысы келіп, хабарласқысы келгенмен кемпірдің жан-дүниесін жазбай танитын Сана ол ойдан бірден тайқиды. Адамбекті сарыла тосып жүргені сол. Ал Адамбектің соңғы кезде балаларына өзі жүгіріп жүру сырын кейуана мен екі тентек қайдан білсін. Екі ұлға бұрынғыдан гөрі балабақшада тағы бір «тəрбиешінің» себі тиіп жатқанын біле бере ме. Мана Адамбек үйіне телефон шалғанда бүгін кешігіп баратынын ескерте салайын деген. Оған əбден секемшіл, зəр-заба көңіл бөтенге жорып, соңы ұрысқа айналып бара жатқан соң қоя салған. «Жə, мен кешіккен соң өзінің де жаны тынбай екі немересіне жүгірер» деген де Сананың туған күн кешіне ертелеп жүре берген. Міне, содан жетіп жығылған беті осы болатын, оған көз шырымын алуға мүмкіндік кəне. Кемпір болса іші əлемжəлем өртеніп ойына əр нəрсе келіп, қай-қайдағысы қоздап тырсылдап ол жүр. Енесі екі баласын сүйреп бақшаға кетісімен орнынан созалаң тұрып бұл да жуынып-шайынып жұмысына жөнелді. Бүгін Талбике кемпір күндегіден де бүк түсіп қалыпты. Балаларын қолынан құлықсыздау жетектеп назары пəс, өңі солғын, алға басқан аяғы артқа кетіп, балабақшаның келіп табалдырығынан самарқау аттады. Бəрін сыртынан бағып жүрген Сана:
Сейітқазы Досымов – Апа, неғып шаршап қалғансыз? – деді. – Е-е, əкем? Басқа түссе баспақшыл емес пе, шаршайық, шабылайық, бəрібір онымызға құлақ асар кім бар дейсің, – деді терең бір күрсініп. – Неге, олай десеңіз күпіршілік болар, осы қашан көрсем күйеу балаңыз алдыңызды орап, ыңғайыңызбен жүреді ғой. – Жүруін жүр ғой. Қашанғы жүрер дейсің. Сенен несін жасырайын, соңғы кезде сырғақтап қоныс таппай кетті. Білмеймін ақырының не боларын. Бүгін таң ата сүрлігіп келді. Осы мезет Сана еріксіз жымың етті. Кемпір аңғарды ма деп қалып еді, оны елең қып тұрған ол жоқ екен. Тағы суыртпақтап сары майдан қыл суырғандай ғана сыр тартты. – Күндегісі осы ма? – Жоқ, əкем! Өтірік айтып не жаныма зор келді, бұрын əйтеуір Əсем жанымның топырағы кепсін деді ме, жоқ менің жарымжан көңілімді аулады ма, түн баласы қарға адым жерге ұзап аттаған емес. Не көрсе де екі баласымен болып жататын. – Түнеугүні де ренжіп жүр едіңіз, «телефоннан бір əйел мазамды алды» деп... – Е-е, ол іңір шапағы жамырағаннан дауыс салатын байғыздай ара-кідік əлі де сұңқылдап жүр ғой. – А, солай ма? – Сананың бойы түршігіп барып басылды. – Осы өзіңнен күнде сұраймын деп ұмыта беремін. Білмегенді сұраған айып емес қой. Осы өзіңнің басың бос па, əкем? – деп салды кемпір қопсытып отырып ақыры. Сананың екі беті ду етті, не дерін білмей қысылды. Сосын бір ұшын əзілге сайып: – Жақында тұрмысқа шығам, апа, – деді күліп. – Е-е, оның дұрыс екен, – деп құптап қойды мұнысын. Сана ойына əлдене келгендей тағы езу тартты. Оны кемпір аңғарды. – Жылағанды сұрама, күлгенді сұра деген, өзің неғып
Көңіл айнасы күліп отырсың? – деді кенет. Сана састы, жөпелдемеде қалай жалтарарын білмей: – Кейін айтам, апа! – дей салды. – Жə, жарар, əкем, – деп кемпір өз жөнімен кетті. Адамбек бүгін тағы кешікті. Енесі тісін қайрап, ойын пышақтап үйге сыймай кетті. Екі ұлды да бықпырт тигендей ұрып маңайынан жүргізбей қойды. Олар аяқ астынан əжесіне не топалаң тигенінен беймəлім, теледидар көріп жатып ұйықтап қалып еді, апарып дайын төсектеріне салмады. «Е-е, əдіре қалғыр! Менің басыма көк тасты жалғызым қоймағанда сендерден не үміт, не қайыр. Е-е, өл де маған! Əбден көк иық етіп, өлтіретін болдыңдар ғой түге, енді əкең келгенше жатыңдар солай, ұшпаққа ұшар ма екенсіңдер», – деп, өзі қымызы жоқ бос сабадай диванның бір шетіне бүк түсті. Абырой болғанда Адамбек те үйіне ел жатпай ілікті. Көңілі күпті, имене иіліңкіреп есігін ашып, үй-ішін байқастап еді. Ауа райының бұзылып тұрғаны бірден білінді. Енесі де айтар сөзін жұптап, тығылып жатса керек. Келген бойда тоқтамады. – Адамбек, шырағым, – деді дау-дамайсыз, ұрыс-жанжалсыз, – құдайға өкпелесем, саған өкпем жоқ. Міне, қызымнан айырылғалы бір жыл отыз бір күн болды. Жыладым, сықтадым, бірақ тіріліп келмеді, артында қалған ана екі жаман да күннен күн озған сайын жетіліп келеді, дендері сау, ажалдан алыс болса, бір жерден шығар. Қолыма бер, бағамын, қағамын деп айта алмаймын. Олар түгілі өз басымды бағып оттататын өрісім тар, оны өзің жақсы білесің. – О, апа, неге сонша таусылып отырсыз, сізге біреу бірдеме деді ме? – деп Адамбек қыбыжықтады. – Жоқ, шырағым. Аяғыңа түскен кісендей болып отыра бергенім жөн емес екен. Саған қиянат жасап, қашанғы талақша жабысамын, – деп кемпір көз жасын жаулығының ұшымен сүртіп алды. Кемсеңдеп, екі иығынан терең күрсініп алды, – Əсемім тірі болғанда есігінің алдында жатсам да риза едім. Қайтейін, оны көп көрсе, енді төсегіңді жаңғырт, басыңды құра, тек ана екеуінің маңдайынан шер-
Сейітқазы Досымов ткізбе. Əгəрəки шерткізсең, өлсем жатқан жерімнен бір аунап түсерім хақ. – Оу, апа-ау! Кемпір елең етпей сөзін жалғастыра берді: – Əгəрəки шерткізбесең, бү дүние түгілі, о дүниеде де ризамын. Ал алдыңнан жарылқасын! Ана балаларыңды теріп ал, аясаң етті, ертең менің көзім құрыған соң да, өстіп аяқ асты, кез келген жерде басының қайда, аяғының қайда екенін білмей жатқаны ма, а?.. – деп Адамбекті қолынан жетектеп əкеліп балаларын көрсетті. Ол ұлдарына емес, ұялғанынан жерге қарады. – Асықпаңыз, апа?! Ойлап жүрген бір ісім бар, егер ол жүзеге асса, мына балаларыңыз не көрсе, сіз де сол көппен күн кешесіз, жұрт қатарлы пенсияға ілігу жолын көздеп жұмыс қарастырсам ыңғайлысы кездеспей жүр! – деді Адамбек күйзеле отырып. – Кеңседе шот қағар дейсің бе, талғамай-ақ уысыма түскенін істейін деп отырған жоқпын ба? Қайтейін, арқа етім арша, борбай етім борша болып кезінде колхоздың қай жұмысын жапырмап едім. Енді келіп бəрі рəсуə болған соң, неге керек, – Талбике кемпір таусылды, – жə, менен қам жеме, өлгенімше кеңірдегім жібітер бірдеңкесі табылар. Айтайын дегенім осы, бүгіннен бастап ауырмаған жамбасыңмен жата бер, шырағым! Өкпеледіге жорыма, қабырғаммен кеңесіп, ары ойлап, бері ойласам өз жөнім, жолым екен. Тек ана Елтайым мен Ертайымды... Не айтайын басқа, ажалым алыс па, жақын ба? Əгəрəки, қайтыс болды деген хабар алсаң, немерелерімді ертіп əкеп, топырақ салғызсаң бұл дүниеден армансыз өттім дер едім. Жə, ол да өз жұмысың ғой, менікі... Адамбек «қайда барар дейсің, тіпті дəл бүгін-ертең кете қоймас» деген оймен басы салбырап ары отырып, бері отырып, екі ұдай көңілмен ашып жауап бере алмады. Ал Талбике ертеңінде айтқанында тұрды. Екі немересін алма-кезек сүйіп, елжірей бауырына басып, іштей қынжылып, сырттай сыр бермегенсіп, ет жүрегі езіле-езіле балабақшасына апарып, ізінше үйіне қайтып келіп, көйлеккөншегін көнетоз сумкаға салып алып, үйден шықты.
Көңіл айнасы Мүлде бел байлап шықты. Ұзақ, іштей жегідей жеген ащы запырандай ойдың түпкі нүктесі осы болды. Күн ұзақ Адамбек жүрегі ойнақшып, аузына тығылып орнында отыра алмады. Бір жаманатты сезгендей көңілі өрекпіп, ақыры жұмыстан елден ерекше ерте шығып үйіне келсе, есігі берік екен. Əдеттегідей өз кілтімен ашып, ішке енді, бір түрлі үйі құлазыңқы көрінді, тағы да жүрегі қақты. Көңілсіз күйде диванға барып қисайды, сағаттың тілі салбырап балаларды əкелетін мезгілді де көрсетті. «Апам əкеліп қалса, босқа əуре болып қаламын-ау» деп аяғын санап басып бақшаға келді. Енесі көрінбеді. Екі ұлы алдынан папалап жүгіріп шықты. «Əжем неге келмеді?» – дейді кішісі. «Білмеймін», – деді əкесі самарқау. Енді Сананы байқастап еді ол да көрінбеді. Іздестіріп, қайда жүргенінен хабардар болғысы келіп тұрды да, көңілі соқпады. Бұлар үйге келгенде енесі тағы болмай шықты. Балконға шығып, көрші кемпірлерден сұрастырып еді. Олар: «Сіз білмейсіз бе, ертеңгісін бізбен қоштасып қызыма кетіп барамын, енді мұнда тұрмаймын деді ғой» – дегені... Бұл суыт хабардан үстіне жай түскендей болды. «Енді қайтпек керек? Ең болмаса барар жерін айтып кетсе нетті» деп іші удай ашыды. Сарсылып ары отырып, бері отырып бар тапқан ақылы жерлес жігітіне телефон шалды. «Ренжітіп көңіліне тиген жоқ па ең?» – деді жерлесі салған бойда. «Осыны айтатынын біліп едім, тас түскен жеріне ауыр деген рас-ау». «Алоу», – дейді. «Адамбек», – дейді жерлесі. «Жоқ! Ренжіткен жоқпын», – деді бұл. Бəрібір сенбейді, қуып жіберді, байғұсты шыдатпады, сол үйді үй қылып, екі баласын тойған қозыдай бағып, жаным соның үстінде шықсын деп əлпештеп отыр еді, сосын тағы, тағы... Алоу! Ал-оу! Адамбек! Адам...» – дейді екіленіп жерлесі. Бұл трубканы қоя салды. «Ақыл қоса ма десең, қайта ақылыңнан алжастырады бұл, жақсылықтан гөрі жамандыққа қуанатын малғұн!» Ел аяғы саябыр тартып, жұрт орынға отыра балалары «бабушкалап» үйге кірді. Шошайып, қабағы түйіліп, ауыр ой еңсесін көтертпей отырған əкесін жұлқылап: «Бабушка қайда? Қай көршінің үйіне кетті? Артынан барайын ба?» – деп жағасынан алсын кеп кішісі. «Бүгін ертеңгісін ауруханаға түсіп қалды, жазылған соң барып үйге келеді».
Сейітқазы Досымов Арада екі жетідей өтті. Кемпірден əлі тырс еткен хабар жоқ. Осы уақыттың ішінде екі баласы-ақ Адамбектің миын су етіп жіберді. Бұрын енесінің арқасында екен жүні жығылмай, аспанға қарап жүргені. Үнемі шалбарының қыры сынбағаны, енді байлаулы баспақтай ертемен балабақшаға барады, жұмысынан шыға асығып-үсігіп қайтадан балаларына келеді, одан күйбің-күйбің өмірі таусылмайтын үй тірлігі басталады. «Қой, қашанғы бүйтіп күн көрмекпін. Қимылдамай болмас» деген тоқтаммен де бірқыдыру жүріп алды. Бүгін Елтай мен Ертай балалардың ең соңында қалып қойды. Əшейінде елден бұрын келіп тамағын ішкенше табанынан таусылып сарсыла тосып отыратын Талбике де, соңғы кезде елпілдеп жиі келіп жүрген Адамбек те жоқ, екі бала аула қақпасы есігінен арлы-берлі өтіп жатқан адамдарға көздерін сатып, жыртиып қарай-қарай шаршады. Тəрбиеші болса бұрқылдап, жіпсіз байланып ол отыр. Жұмыс басты болып, елдің ең соңынан шыққан Сана екі баланы көріп, қайырылды: – Əжең қайда? – Ауырып жатыр. – Ауру, – десті екеуі қосарланып. – Папаң ше? – Білмеймін, – деді үлкені. – Па-па-а! – деп жылап жіберді кішісі. – Үйлеріңді білесіңдер ме? Апарып салсам... – Білеміз, – деді үлкені. Кішісі əлі көз жасын тия алмай əуре. Сана екі баланы жетектеп едəуір жерге жетіп қалғанда, бір такси бұлардың тұсынан өте беріп тоқтай қалды. Адамбек екен. Таксиден атып шығып, Санаға рақметін айтып, ризашылығын білдірді. Кенет табан астында жылт еткен мысқалдай ойдың мысы басып түсті де, болмастан қояр да қоймай жүріп, екі баласымен бірге өзін де таксиге қоса салып алып Медеуден бір-ақ шықты. Жол-жөнекей кешігу себебін айтып, кешірім сұрады. – Адам, сен қызықсың! Мен қалай жүрем енді? – деп Сана қысылды.
Көңіл айнасы – Қалай жүргенің не, кəдімгідей... Екі ұлы бар бикештер қалай жүрсе, сен де солай жүресің! – деп Адамбек күлді. Бір жағынан ашуланып қалар ма екен деген қаупі де жоқ емес-ті. Жоқ, ашу орнына ақыл айтты. – Таныс біреу-міреу ұшыраса қалса, балдызым дей сал, аһа-а, – деді. Адал көңілімен айтқаны аңғарылып тұр. Медеуде ұзақ серуендеп олар тым кеш қайтты. – Əуелі мені апарып саласың, аһа-а! – Мақұл, таксиден жерге табаның бірінші тисе, бірінші барғаның ғой. – Барғаным, – деп көңілді күлді Сана. – Онда бопты, – деді əлденеге қобалжығандай Адамбек. Ұзақ жүрістен соң таксиді бұрғызды. – Біздің үй ол тұста емес қой, – деп қалды Сана. Əш-пүш дегенше Адамбек өз есігінің алдына таксиді тоқтатып, есептесіп те үлгерді. – Қазір үйге кіріп шыға қояйық. Өзімізден бөлек ешкім жоқ. Сонан соң апарып салам, əлі ерте ғой, – деді Адамбек қиылып та, жалынып та. Сана дағдарып отырып қалды. «Бол-бол» деп асықтырып, əпербақан таксист тұр. – Гаражға баруым керек, онсыз да кешіктім, – дейді жаны мұрнының ұшында тұрғандай. – Бол енді, əке! Сана, – деп қолынан тартып түсіріп, қолтығынан демегендей болды. Оған екі ұлы қосылып «жүріңіз, жүріңіздің» астына алып шылауына жармасты. Қас пен көздің арасында үйге қалай кіріп қалғанын өзі де білмей қалды. – Біздің құттыханамыз осы, – деді Адамбек. – Тек иесі жоқ болып сəні келіңкіремей тұр... – Өзіңізден артық қандай бас ие керек? – Бас иесі деп тұрғанымыз жоқ, ас иесін айтам... Сана манағыдай емес, көңілі əлденеге құлазығандай көңілсіз күйге түсті. Ештеңкеге зауқы соқпай, шайды самарқау ұрттап отыр. Ақ қайнарды ашқызбай оны қойды. Коньяктан ернінің ұшына ғана тигізді. Адамбек қанша асты-үстіне түскенімен жазылмады. Екі ұлы күн ұзақты жүргендерін көтере алмады ма, таудан келе сүрліге құлаған. Теледидар қояйын деп еді, оған да қарсы болды.
Сейітқазы Досымов – Балалардың көзі ілінгені қазір, миын жегізіп қайтесің соны, – деді. Көптен мұндай тоқтау сөз естіп көрмей, əбден жүген-құрық бір өзінде болып, жаман үйреніп қалған екен. «Балалардың көзі ілінгені қазір, миын жегізіп қайтесің соны». Адамбектің құлағының түбіне тіріліп келіп Əсем сыбырлағандай əсерде толқып кетті. «Жоқ, мұны айтып отырған Əсем емес, Сан-а-а» деп саңқ еткендей əлдекім. – Ертең жұмыс бар дегендей, қайтайын Адам! Адамбек қалың ой жетегінен серпіліп: – Кішкене отырайық та, əлі уақыт бар. Əңгімелесейік, сырласайық, балалар болса ұйықтап қалды, мазалайтын ешкім жоқ. Əлде мен мазалайды деп үрейленіп отырсың ба? – деді. – Ондай мінезің де бар ма еді? – Адам болған соң, бəрі болады ғой, – деп Адамбек қалжыңға сайды. – Ондай мінезің болса, ертерек үйімізді табайық, – деп Сана салмақтана түсті. – Жай, менікі қалжың ғой. Тіпті қалжың қай жерімнен шықсын, орайы келген соң... «Жай менікі қалжың ғой. Тіпті қалжың қай жерімнен шықсын, орайы келген соң...» Қарсы алдында бəйек болып отырған тепсе темір үзетін жігітті бірінші рет аяп кетті. «Соншалықты мен осы кіммін? – деп өзіне-өзі іштей сауал берді. – Ол кім? Ана екі баласына байланып қалғаны болмаса, мен емес, менен өткен тəкаппар қызға бас имесіне көзім жетеді. Қандай мінезге бай, ойлы, білімді, бауырмал, басына түскен нəубетті де тік көтеріп алып кетті. Не басы артық сөзі, не іштарлық қырбайлығы жоқ, біреуге деген қызғанышы, қиянаты білінбейді. Ал менің ше?..» Сана алғашқыда Адамбекті аяп ойға беріліп еді, келекеле оның өміріне қызығып, қызғанышпен қарағанын өзі де аңдамады. – Сана-а! – дейді Адамбек. – Елу грамм коньяктан алайықшы. Біздің үйдің есігін бірінші рет ашып отырсың өзің... Қарсы алдында қою қара қасты, қалың қабақты отызды
Көңіл айнасы енді алқымдап қалған, қылшылдаған бойдақ жігіт. Бар ықылас-пейілімен өзіне құлап, беріліп отыр. «Мен кіммін? Өзі менің қайдан шыққанымды біле ме екен? Жоқ əйтеуір балаларына ықылас білдіріп, енесін елеп, алдын кесіп өтпегенге ғана құлап қалды ма? Жоқ... Шынымен-ақ мені...» – Сана, – дейді Адамбек. – Жиырма бес грамм коньяктан алып қояйық. Екеуміздің адал көңіліміз үшін, ниетіміз... Қарсы алдында өмірдің өзінен үйренген, іс көріп ысылған білдей бір мекеменің инженері басын иіп отыр. «Ұят-ай! Ол отызға іліксе, мен небары жиырмадан енді астым. Бар-жоғы орта арнаулы ғана білімім бар. Əлі көргенімнен көрмегенім көп екен. Сөйте тұрып, бəлсініп... Жоқ, бəлсініп, менмендік көрсетіп отырған жоқ сияқтымын. Қыз намысы бар емес пе?! Жə, ұзақ отырыс болды-ау бұл өзі, кіресің де, шығасың демеп пе еді. Əлде жалған сөйлейтін мінезі болып... мейлі қай жігітте бір кемшілік жоқ. Үй-ішіме айтсам ба екен?..» Сана өз ойынан өзі шошып, селк етті. – Адам, кешірші, мен үйіме қайтайын, – деп назданды. – Бəрібір емес пе, əуре болып барасың, біреудің түн ішінде есігін қағып, қожайынның көзіне түсесің, ол ренжіп ертеңіне шығарып жіберсе, сосын тағы пəтер іздеп сарсылып жүресің бе? – Неге сарсыламын, осы үйге келе саламын да. Қалай, пəтерге жібересіздер ме? – Жібереміз, жібереміз... Қайта өзіңді осы үйге келтіре алмай отырған жоқпыз ба? Жүйелі сөз иесін тапты, екеуі бірдей көңілді қозғалақтап, көптен көңілде жүрген түйткіл ыдырап жүре берді. Сана ақыры қона кетуге илікті. Ал мынау, түн жамылып отырып, Сананың Адамбекке айтқан шыны да, сыры да. «Бір анадан бір ұл, екі қыз екен. Ең кішісі Сана. Əкесі ертеректе дүние салып, шешесі үш перзентінің бетіне қарап, əлі жеткенінше шеттерінен оқытып, ағасы мен əпкесін аяқтандырыпты. Сана болса кенжесі болып, еркесі болып, шолжаңдап емен-жарқын жүргенде осыдан жыл жарым
Сейітқазы Досымов бұрын анасы да кенеттен қайтыс болып кетеді. Сонда барып Сана өзінің жалғыз қалғанын сезінеді. Жоқ, ертеректе өз алдарына бөлініп кеткен ағасы қайтып келеді. Бір кезде енесімен сиыспаған шайпау келін келе бар билікті өз қолына алып, бөлек тұрып шығады. Бұл кезде Сана медучилищені түгесіп, ауылындағы ауруханаға орналасқан-ды. Ойында ештеңе жоқ, «ағам мен жеңгемнің қолында тұрмағанда енді қайда барамын» деген ойда жүре береді. Қолы қалт еткенде қолғабысын тигізеді, тапқанын жеңгесінің алақанына салады. Келгендеріне төрт-бес ай болмастан жеңгесі былқылдап, Сананың тұрғанын да, жүргенін де жақтырмай: «Басқан ізің қисық», – дейді. Даңғарадай бес бөлменің бір бөлмесін өзіне еншілеп, оны-мұнысын қойып, сонда жатып жүрген. – Айналдырған бес бөлменің біреуіне талыстай болып мына қыз жатып алып, шықпай қойды ғой. Мұны құдай да алмайды, бай да алмайды! – деп жеңгесі зарқым «ойнын» салып жатқаны үстінен келіп қалады. Алғашқыда кімге айтып жатқанынан бейхабар: – Жеңеше, о не? – дейді. – Естімей қалған шығарсың, құлағыңа қорғасын құйып алып па ең? –деп шаптықсын келіп. – Алла! Неғып ренжіп жүрсіз, жеңешетай? – дейді қайын сіңлісі. Алдында құрақ ұшып бəйек болады. – Саған! – дейді жеңгесі. – Байға тиетін ойың бар ма өзіңнің, жоқ па? Жоқ əлде тымпиып тиіп алып, қайтып шығып кетіп пе ең? Ондайың болса, оныңды айт, басқа бір шал тауып беремін. Сана еңірегенде етегі толып, бұрын-соңды мұндай балағат сөз естіп көрмеген басы, өз бөлмесіне келіп есігін тартқылайды, ашылмайды. – Кірмейсің оған! Енді сүйген жеріңе емес, осы үйден тиген жеріңе жататын боласың! – Кіремін! – дейді Сана есікті жұлқылап. – Өлсем де кіремін! – Кірмейсің! – дейді жеңгесі жерді сабалап. – Мен өлгенде ғана кіресің. Ақыры өз бөлмесіне кіре алмады. Ашуға мініп, көзін
Көңіл айнасы бұлап көрші колхозда тұратын тұрмыстағы əпкесіне барып зарын салды. Енді оған əпкесі қосылды. Екі қыз оңаша үйде басу айтатын да ешкім жоқ, əбден шерлерін тарқатады. Əпкесінің жағдайын Сана біле бермейді екен. Бақса жеңгесі кезінде апасына да дəл осы кепті кигізіпті. Арыбері ақылға салып, тамырын басса, шатқаяқтап көнбепті. Сосын марқұм шешесі адуын да, ақылды да кісі болған. Оның үстіне бір ауыз басу айтуға жарамаған ынжық ұлына қапаланып, еншісін бөліп беріп, үйінен айдап шығады ғой. Енді келіп істеп отырған тірлігіне қараңыз. «Неғыпты, емшектес ағам емес пе еді. Келіп алып кететін шығар» деген күпті көңілмен Сана бір күн күтті, үш күн... бес... туған ағадан «тырс» еткен хабар болмады. Сосын «ішім түтін, сыртым бүтін» болып кіріптар күн кешкенімше өз жөнімді табайын деген тоқтамға келеді. Жылай-жылай анасының иісі сіңген жылы орнын суытып, өз үйінен шығып жүре береді ғой. Сонда ағасы да үйінде екен, бір ауыз тіс жармастан көзі өлген қойдың көзіндей болып бозарып, басын мойнына алып, қала беріпті. Содан бері бұл дүниеде «туған ағам бар-ау» деген ой Санада жоқ, əпкесінде де жоқ. Ал ағасы «туған қарындастарым бір кезде болған сияқты еді, қазір білмеймін» дер ме екен, не дер екен». – Айтыңызшы, ағатай! – деп Сана Адамбекке тіктеп қарады. – Менің ойлай-ойлай миым жетпеді. Осы алаяқтар, арамзалар, қатыгездер, мейірімсіздер қайдан ғана шығады? Бəріміздің жұтып отырған ауамыз бір, тəлім берген, білім алған жеріміз де бір. Бір мектепте тəрбиеленгенбіз. Жетіп тұрған нəрсені жеткізбей жіберетін, болып тұрған нəрсені болдырмай жіберетін, өр көкіректер, өзім білемдер, қарақан басының қамынан басқаны ойламайтындарға не зауал?! Сана солқылдап келіп Адамбектің алдына құлап түсті. Тұңғыш құлауы. Адамбектің өн бойы түршігіп, не деп жауап беретінін білмей тосылып, бар тапқаны Сананың шашынан сипай берді. Бетін өзіне қаратып, тіктеп отырды. Сүйген жоқ, иіскеді. Əлгінде ғана түршіккен дене енді кең тыныс алып, өн бойы шымырлап жүре берді.
Сейітқазы Досымов – Кейін, асықпай жауап беремін, тек ұзақ күтуге тура келеді. Бəрін де уақыт көрсетер... – деді Адамбек. – Демалайық!.. Төсекті Санаға залға салып берді. Өзі орнына барып жатты. Қай кітаптан оқып еді, əйтеуір кім де болса, өзіміздің белгілі бір қазақ жазушыларының бірі: «...əйел затының аянышына махаббаттың шалығы тисе, айықпас дертке айналушы еді» дегені есіне еріксіз оралды. Сосын əрі дөңбекшіп, бері дөңбекшіп ақыры залға қайта шығып: – Сана, қорықпайсың ба? – деді. Бұл кезде Сана аңшыдан қорыққан көжектей болып аяқбасын бауырына жинап, көрпені қымтай жамылып, көзі ілініп бара жатыр еді. Адамбектің сөзін естіді, естісе де дауыл алдындағы үрейлі тыныштықтай демін ішіне тарта қойды. Адамбек үнсіз сəл тұрды да, ақырын басып барып залдың терезесін ашып, қайтып өз орнын сипады. Сана ертеңіне жұмысқа осы жағынан барды жəне Елтай мен Ертайды өзімен бірге ерте жүрді. Сырт көзден именіп, төменшектеп жасықтық танытқан жоқ. Жанына ерткен екі кішкенесі бар, ақырын басып кешкілік қайтып үйге келді. Одан дүкеннен оны-мұны азық-түлік əкелді. Шайды газға қойып, үйді сүртіп алып жатқанда Адамбек те жетті. Екеулеп неше күннен бері қол тимеген еденді айнадай етіп, тазалап барып столға отырды. – Сендер жиі ауыра берген соң Сана тəтейлеріңді біржолата осында жіберді, – деді Адамбек балаларына. – Сонда бізбен бірге ұйықтай ма? – дейді кішісі. – Екеуміз балалар бөлмесінде, ал тəте залда, папа өз орнында, – деп түзету енгізген болады үлкені. Адамбек пен Сана бұлардың сөзіне булыға төмен қарап білдірмей күліп отыр. Көрші-қолаңның арасында: – Адамбек үйленген-ау деймін... – Мына балабақшаның медсестрасы біраздан бері осының үйінен шықпай жүр ғой... – Сананы алса Адамбектің бағы жанды де... – Байғұс кемпірдің кетуін күтіп жүр екен ғой.
Көңіл айнасы – Заты өзі қу жігіт! – дескен сөз араның ұясындай гу-гу болып сап басылған. Соңынан ешкіммен жұмысы жоқ, бəз баяғы уақыт ағынына ілескен тіршілік сарыны жеңген. Ал ортақ пəтуа былай болған, Талбике кемпірден бір хабар болмай үйленгендерін елге жария етпей қоя тұру, өйткені енелері алысқа ұзамайтынын, оған қалы келмейтінін, күйіктен, не əлдекімнің «ақылымен» кеңірдек жібітерлік пұлы бар жұмыс тауып соны алданыш қып, біреудің пəтерінде уақытша паналай тұруы кəдік, əйтпесе салып ұрып, еліне кетіп қалуы да ғажап емес. Еліне барған күнде бұларға бір хабары жетері анық. Əйтеуір адресі табылған күні баяғы Əсемнің ізімен, Сана қызы барады да, қоярда қоймай, тағы да пенсиясын тəрік етіп өз қолына алып келмек. Айтқандай-ақ Талбикенің хабары туған жерінен бірақ шықты. Сол күні Адамбек пен Сана облыс орталығына ұшты. Одан Мыңарал ауылына автобуспен жетіп жығылды. Ертеңіне ізінше кемпірді орталарына алып, кері қайтты. Келісімен той дүрілдеп жүре берді. Бұл той Адамбек пен Сананың үйлену тойы десе де, Талбике кемпірдің өз үйіне қайтып оралу тойы десе де жарасады. Кім қалай шешеді, ол өздерінің шаруасы. Ал көңіл сеңінің сөгілгеніне ешкімнің таласы жоқ шығар.
Сейітқазы Досымов КҮЗ ДЕМІ
Ақын Садық Үсенов көптен бері творчестволық демалыста еді. Бүгін ойламаған жерден телеграмма алып, қорқып қалды. Бұл суыт хабарды елдегі немере ағасы Серікбай жіберіпті. Бас жоқ, аяқ жоқ «тез жет!» дейді телеграммада. «Бас ауырып, балтыр сыздаса айтпай ма, жалғанның жазмышы көп, олай-бұлай боп кеткен ет жақын болса, атын айтып, түсін түстемей ме?» деген дай-дай көңілмен жүріп, аяқ астында жолға шықты. Кетіп бара жатып: «Жетінші поезд, он бірінші вагон. Ауаткоммен байланыса салшы. Көлік жағына қарассын», – деп Жазушылар Одағындағы консультант əріптесіне табыстап кеткен. Ол екі етпей хабарлады. Поезд Жаңақала ауданына ертеңіне сəскеде ілікті. Ауданнан əлі отыз сегіз шақырым шалғай жатқан колхозға жетудің қамын ойлап, вагоннан қинала түскен Садық. – Сəке-ау, ау, Сəке-е! – деген дауысқа жалт қарап, күліп жіберді. Қарсы алдында ауатком председателінің өзі тұр, қарсы ала шығыпты. Қуанғанын жасыра алмады. – Өрнекке қалай жетер екенмін деп уайым жеп түскенім рас еді, – деді Садық. – Өзімнің бұрылуға шамам келмей... – Телеграмма дей ме, немене... Жайшылық па – дейді ауатком председателі Момбек Төребеков. – Соны өзім де біле алмай дал болып келемін. – Қазір колхозбен байланысамыз. Садық көктен іздегеннің жерден табылғанына риза болып қалды. «Ақынбысың» деген емес пе, көңілі көтеріліп, желпініп сала берді. – Е-е, ауданымыздан шыққан жалғыз ақынымыз келе жатқанда кеңседе қалай отырарсың. Поезд келгенше екі қолымыз алдымызға сыймай кетті, – дейді аудандық газет редакторы Өмірбек Тəуірбаев. Əш-пұш дегенше құла «Волга» сырғып кеп, кеңсенің алдына тұра қалды. Қошемет қып, арқадан қағып, көтермелеп сөйлеп жатқан жерлестері баршылық. Тіпті алдын орай,
Көңіл айнасы қайсыбір мектепте бірге оқыған досы да ұшыраса кетті. Дегенмен олар ауаткомнан батып, ашылып ештеңе айта алмай кеңсені төңіректеп қалып қойды. Келе Өрнек колхозының председателімен байланысып, Серікбайдың үй ішінің амандық-саулығын сұрастырып, суыт хабармен астанадағы ақын інісінің келіп отырғанын айтып еді: «Жаманат хабар естілмеп еді, қазір бала жүгіртіп біле қояйын», – деді ол. Бұлар бие сауым тосты. Əлден соң колхоз председателі байланысты. Дін аман екен. Секең аяқ астынан қысылып қалып, қорыққандарынан телеграмма беріп жіберген көрінеді. «А, солай ма екен? Апырмай, қартайған сайын жан тəтті бола ма деймін!» – деп ауатком председателі мол денесімен күліп алды. «Мейлі, жарар. Бəрібір колхозыңа кештетіп барамыз... қашыртпай-ақ ой... адамдарыңды жиып қой... кездесу... Е-е, ие... жарар... күтерсіңдер...» – деді бұл. «Келіңіздер, қашыртып жатқан кім? Тек, сол халықты жинай алсақ...» – деді-ау деймін ол. «Жарар... жиналады... Ауданымыздан шыққан ақынға жиналмай!..» Өрнек колхозы сол күні абыр-сабыр болды да қалды. Ал Серікбай болса істің аңысын аңдап, бұйымтайы болмаса да колхоз кеңсесіне кіріп, əркім-əркімді тілге тартып, олардан естіген «соңғы хабарға» іші жылып сала берді. «Айналайын, Садықжан аяқ-қолы жерге тимей, телеграмма алысымен бермен қарай ұшқан екен ғой. Кештетіп осында келеді деді-ау!.. Қасында Момбек Төребековтың өзі бар деді-ау!.. Бəсе... Озғанбай тым аяғының ұшынан басып кетіпті-ау! (Озғанбай Отызбаев колхоз председателі). Осыдан кешке келеді-і-і... Біздің тұқымдағы жалғыз атқа мінгеен-н... Садықжан-н-н...» Серікбай тұғырдан түскен кісі емес, не бары алпысты алқымдап қалған демесең, əлі екі бетінен қаны тамып тұрған ажарлы, көзінің нұры таймаған. Жасынан жұмысқа қырсыз болып, тиіп-қашып əр шөптің басын бір шалып жүріп уақыт өткізген жайы бар. Сонда да аштан өліп, көштен қалып көрген жоқ, өз қатарларының алдыңғы кеудесінен көрініп, аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін əккі мінезінің арқасында күн кешіп келеді. Қайда жиын, қайда той болса
Сейітқазы Досымов соның ортасында Секең, екі көршісі жүз шайысып қалса татуластырып, қара қылды қақ жаратын Секең, ағайын арасы алшақтап бара жатқанын көре қойып жақындастыратын Секең, өлім-жітім болған жерде көсемсіп көзге түсетін де Секең... Одан қолы қалт етсе ептеп жұртқа білдірмей саудагершілік жасайтын да жымысқысы бар. Сондықтан болар осы уақытқа дейін белгілі бір тиянақты істің басын қайырмай, науқан сайын əр жұмыстың жалына бір жармасып, колхоз басшыларын мезі етіп, көзге шыққан сүйелдей көріне беретіні. Бірақ оны елеп «мен осындай екенмінау» деп жатқан Серікбай ма? Қашан көрсең жайнаңдап, алдыңды орап жүргені сол. Бастықтар да оның осы мінезін біліп алған, айта-айта шаршаған, келсе келдің-ау, кетсе кеттің-ау жоқ, қанша «Сəке» дегенмен іштей ұнатпайдыақ. Оның үстіне Серікбай Ұлы Отан соғысына қатысқан. Өзі «үшінші топтағы мүгедекпін» деп жер сабалағанда тек үй-іші емес, бүкіл колхозды табанынан тік тұрғызар қаһары жəне бар.
Соңғы күндері Серікбай қорықшылық жұмысқа құлай беріліп, өз-өзінен қызықты. Қалған өмірін Əзірбай сияқты тұп-тура соған арнағысы келді. Əзірбай осы колхоздың қадірменді кісілерінің бірі еді. Өле-өлгенше қорықшы болған, колхозбен бірге жасасқан, жақында ауырмай-сыздамай бір күнде тіл ауыздан қалды. Содан колхоз қорықшысыз қалды. Сырттай естиді, қорықшылықты сұраған əркімəркімге бастық сипатпапты да. «Маған тек Əзекеңдей ғана адам керек» деп айтатын көрінеді. Кім өзін Əзекеңдей емеспін деп жүр. Əйтсе де, Серікбайдың да ойы кеткенімен өзін Əзекеңдей емес екенін жалқы рет сезінді, сосын кəнігі өмір соқпақтарының біріне түсті де, Алматыдағы ақын інісіне суыт хабарды сақ еткізді. Енді тек əліптің артын бағайық... Кешқұрым аудан жақтан Өрнекке екі «Волга» сұғына келіп кіріп, кеңсенің алдына тоқтай-тоқтай қалды. Іштен ауыл басшылары жүгіре-жүгіре шығып оларды қарсы алды. Бəрін Серікбай ұрымтал жерден көз салып, айнытпай таныды. «Анау ұзын бойлы, орақ мұрын, шашы шашыраған ақсарысы өз інім – Садық Үсенов, анау орта бойлы, домаланған қызыл торысы сірə, Момбек Төребеков сол болар, өйткені Озғанбай қу менің Алматыдан келген інімнен
Көңіл айнасы гөрі, жол-жөнекей ауданнан қыстырылған сол домалаққа көп жалпақтады. Біздің тұқымда жалғыз атқа мін-г-е-ен...» – О, Сəке! Бастық көрмеп пе едің, сонша тесіліп қарап қалыпсың, – деген дауысқа жалт қарады. Өзі құрыптас ол да қорықшылыққа қолы жетпей жүргеннің бірі еді. – Ат басын бұр, қашан көрсем тепең-тепең асығасың да жүресің. Бұ қу тірлік Əзекең сияқты көзіміз жұмылғанда бір-ақ бітеді, – деп тоқтатты оны. – Осы түнеу күні Озғанбайға кірдім деп едің, сонда саған не деді? – Не десін, Əзірбай сияқты кісі керек деді. – Бар болғаны сол ма? – деп шоқша сақалын тарамалап қойды. – Қайта-қайта несіне сұрай бересің, шамада өзің де ойсыз емессің-ау деймін? – Енді қартайғанда қайдан Əзірбайға ұқсай қояйын, – деп сөз төркінін əзілге бұрды. Анау осыған мəз болып, қарқ-қарқ күліп, атты борбайға бір-ақ ұрды. Айласына найза бойламайтын Серікбай өзіне-өзі ризашылық пейіл танытып тұрды осы сəт. Клубқа халық көп жиналыпты. Мұздай киініп Серікбай да келді. Əзір кездесу бастала қоймапты. Лып етіп тысқа шықты. Айнала төңіректі байқастап еді, бір тұста Озғанбай бастаған қонақтар тобы тұр екен. Нақ ортасында елден ерек боп інісі тұрғанын көріп жəне Момбек пен Озғанбайдың ортасынан көргеніне шүкірлік етті. Енді осыны пайдаланып қастарына жетіп барып сəлем бергісі келді, бірақ жасының үлкендігі бетке шіркеу болып, аз-кем бөгежіктеді. – «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы ақсақал барып сəлем береді» деген. Сол өз басымызға келді! – деген дауысқа тұрғандар жалт-жалт қарасты. – О, міне, жұртты үркітіп телеграмма беріп жүрген кісіміздің өзі де келді, – деп колхоз председателі қомпаңдап қалды. – Маған келгені рас болса, алдымен машинасының тұмсығы біздің үйге тірелер еді де. Əншейін, осы жаққа жолы болып... – Жо-жоқ қария! Тоқтатқан мен, əйтпесе ініңіздің жаяу тартып кететін түрі бар! – деп ауатком председателі ақынды ақтады.
Сейітқазы Досымов Серікбай інісін қаусыра құшақтап, бетінен сүйіп, көзіне жас алды. Өткен-кеткеннің басын қосып-шатты. Жұртты өзіне қаратқан мезетте: – Басы қараның бары игі деген. Көз алдымызда қарайып жүрсеңдер болды. Құдай бізді алдарыңда алсын, – деп қариялығын көрсетіп бөрінің тілеуін тіледі. Үй-іштерінің амандық-саулығын, бала-шағаларын жалпылама сұрады. Кіруге үшінші қоңырау соғылды. Тұрғандар жылжыды. – Жə, ертең түсте біздің үйге түстеніңдер! – деді айырылысар жерде Серікбай. – Озеке, өзіңіз бас боп... біздің үйге... – Оған ертең басқа да баратын жерлер бар еді, қалай болар екен өзі, – деп ол Момбекке қарады. – Міндетті түрде кіріп шығамыз, – деді бұл. – Арнайы келіп тұрып, Сəкеңе соқпай кеткені бола ма? Күн ұзаққа сөз ауанына енді түсінген Садық: – Е-е, үйге ме, барамыз ғой, – деді жағасы жайлауда. Аудандық газеттің редакторы інісін жер-көкке қоймай мақтады. Інісін емес-ау, інісінің кітаптарын. Одан жергілікті өлең жазатындар шеттерінен суырылып шығып өлеңдерін оқыды. Бір кезде Садық та мінберге көтерілді. Əбден төселгені бірден білінді, сөз сөйлесі, өлең оқысы əлгілерден мүлдем бөлек, халықты бірден өзіне баурап тартып алды, əркім-əркім жамыраса сұрақ қойып, оған берген жауабы да орнықты-ақ. «Біздің тұқымнан шыққан жал-ғыз...» Осы кез қасында отырған бір жас жігіт бұдан шұқылап қоймастан сұрады: – Секе, ініңіз не істейді? – А-а, не істейдісі қалай? Ақын! «...атқа мінг-е-н-н..» – Жоқ, қызметін айтамын. – А-а, қызметі ме? Ақын... Құдай қаласа ертең түсте... – Мамандығын айтам... – деп қоймайды ол үсті-үстіне. – Əй, кітап жазады. Ақын... «...Ертең түсте Озғанбайдың өзі бас болып, Садықжанның өзі кісі болып, бəрінен де өмірі осы есікті ашып көрмеген Момбекті айтсайшы... Момбек түгілі осы Озғанбайдың өзін неше мəрте шақырып үйге келтіре алмай жүрген жоқ па едім... Осыдан үйге келсе... онда қорықшы болдым дей бер...»
Көңіл айнасы Қатар отырған жігіт толық жауабын ала алмады. «Мына кісінің өзі күпініп кетіпті ғой» деп таң-тамаша күйде отыра берді. Озғанбай оны-мұныны сылтауратып ертеңінде Серікбайдың үйіне барғысы келмеп еді, оған Момбек бұлтартпады. Барған соң болса да Серікбайдың шашбауын көтерерін біліп еді. Ақыры солай болды. Ағыл-тегіл дастарқан басында: – Ал, Озеке, колхоз өзіңіздікі болған соң, колхозшы да өзіңіздікі. Міне, ауданымыздан шыққан талантты ақын Садыққа əке орнына əке болған қадірменді Секеңнің үйінде отырмыз. Енді өзің басқар, – деді Момбек. Момбек айтқан соң Озғанбай жалтара алмады. – «Жалғыз кірпіш қорған емес, жалғыз ағаш орман емес» дегендей «жалғыз бастық колхоз да емес», – деп бастады Озғанбай өз сөзін. – Озекеңе күні ұзақ сөз тимей отыр ғой, əйтпесе... – Анау-мынау жазушы далада қалады, – десіп қоштады қатар отырған екеу. «Анау-мынау жазушың...» деген сөз Серікбайға шаншудай қадалды. Адырайып əлгі екеуіне қарап еді, олар артық кеткенін біле қойып, іштері қып етті. Тіпті бірі сасқалақтап, екі көзі жапақтап, үй иесінен кешірім сұрағандай, енді қайтып аузын бағып отыратынын ескерткендей сыңай танытып құтылды. – Біздің колхозда дəулетті семьялар көп, «еңбек етіп еміп» отырғандардың бірі... (Серікбайға қарап еді, ол көзімен жер шұқып қалды) біздің осы Секең... Сөз деген ағыл-тегіл, əсіресе, қошеметтеген, құрметтеген сөздерден Серікбайдың басы айналды. Баяғыдан бергі өзінің пысықсыған өміріне, алтын уақытының өткінші «билікпен» желге ұшқанына қарны ашып, шамалы да болса інісінің арқасында мына дуалы ауыз, ел ағаларының ыстық ілтипатына шын масаттанды. Ойлап отырса «Серікбай – Секе» болғалы дəл мұндай қонақтар төрінен орын алмапты. Кіл бір өзі теңдес кісілерден дастарқаны жиылмапты. Бұл солардың ортасында желдей есіп, көсемсіп күпініпті де жүріпті. Өзінің олардан оқ бойы озық екенін іші сезініп-
Сейітқазы Досымов ті де, одан жоғарыраққа мүлдем көз салмапты. Екі қызы ерте тұрмыс құрып, бала тəрбиесінің де ауыр-жеңілін салмақтай алмапты. Қазір қолында үлкен қызының бір ұлы жүр. Бір күн осында болса, екі күн салып ұрып өз үйіне кетеді. Не оған келсе келдің-ау, кетсе кеттің-ау деп жатқан Секең жоқ. Үйде кемпірі асты-үстіне түсіп бəйек болса, түзде көңіл жықпас жалпылдақтардың «Секе, Секесіне» семіріп, рақат дүние осы деген де жүре берген ғой. Міне, енді өз-өзінен ащы бір запыран жүрегінің басына топталып, көкірегін ашытып отыр. Неге екені белгісіз жер ортасы көктөбеге келгенде бұрынғы өткен өмір іздерінің ыстық табына қайырыла бір қарап, есте қалар ештеңе таппағанына опынып, өкінгендей ұрт мінез танытты. Осы уақытқа дейін Озғанбайға тісін қайрап, жек көріп келгеніне қысылды. Орнынан атып тұрып алдына барып, талай көрінеу көзге қиянат жасағаны үшін мына шаршы топтың алдында кешірім сұрағысы да кеп кетті. Бірақ лезде ол ойынан теткіп қалды. Қазір-ақ бұл қонақтар жай-жайына кетеді, сонда бұрынғы бастыққа қайрап салатын үзеңгі достары мұны ортаға алып, көзге шұқымай ма? Баяғы «Секе, Секелеген» дүрілдеген атақ, абыройдан бірден жұрдай болар жайы жоқ. «Үйіңе Озғанбайды келтіре алмай əбден қор болып жүр екенсің. Мүлдем аяғына жығылып, алақанын жалап шыға келдің. Ой, өзіңді бір бет, айтқанынан қайтпайды, анау-мынау бастықтың айдауына жүрмейді деп жүргенде, сондай екенсің, ə...» десе, бəрі теріс айналып, бетін басып күлсе... Сонда Серікбайдан шықпаған жанның өзі де... – Біздің Секең осы колхоздағы өзі қатарлы қариялардың ұйтқысы... (Серікбайға қарап еді, ол бұл жолы өзіне тіктеп бажырайды да қалды. Озғанбай да сөзінен сүрініп барып түзеп кетті)... дастарқаны мол, үнемі үйінен кісі үзілмейді. Міне, бүгін, сонау астанадағы ақын інісі... – Жолдастар, ауданымыздан шыққан жалғыз талантты ақын Садық Үсенов үшін тост көтерейік, – деді Момбек Озғанбайдың сөзін бөліп. Көпшілік бір ауыздан құп көрді. Өстіп стақандар соғыстырылып, тост үстіне тост көтеріліп отырыс сəні кіре берді. Ал, Серікбай болса өңі бір қуарып, бір қызарып, бұрын-соңды болмаған мінезбен барынша мінсіз қызмет көрсетіп бақты.
Көңіл айнасы Қонақтар кеткен соң Серікбай үйге сыймай кетті. «Халіңіз қалай? Жағдайыңыз жақсы ма?» – деп мана ауаткомның өзі жағдайын сұрағанда: «жақсы» дей салды бұл. Енді өкініп отыр: «Қап, дұрысырақ бір жұмысқа іліктіріп кет. Жұрт қатарлы пенсияны молырақ алатын. «Жаманның ақылы түстен кейін кіреді» дегендей, ақылым қартайған шағымда келіп жүр. Бұрын əйтеуір тиіп-қашып жеңіл-желпі еңбек етіп жүре беріппін. Семья басы шағын болған соң да шылый жан қинағым келмегені рас еді. Енді соның зардабын шегіп отырмын. Соңымнан ерген ізбасарымның, арқа сүйерімнін, от жағарымның жоғын... Кемпір екеуміз саудагершілік жасасақ та өлмеспіз ау! Бірақ сол базары құрғырға барып-келуге зар болатын күн туа ма деп қорқамын. Сосын, өзі, бір аяғымыз көрде, бір аяғымыз жерде тұрып «саудагер» атану қабырғаға аяздай батады да... Осы колхозда мен сияқты бес-он шал бар... Бақсам, ретін тауып пенсияны ерте алып алыпты олар. Кезінде бірі шахтер, бірі шопан болыпты. Сосын ұрынарға қара таппай малына жем-шөпті қысып беретін бастықпен жағаласып, соңынан шам алып түседі. Оның ішінде, қосақ арасында Серікбай сияқтылар босқа жүріп жаманатты болады. Иə, иə... босқа жүріп, қарадай күйіп...» Серікбай күнде кешқұрым бас қосатын базардың шет жағындағы төбешікке аяңдап келеді. Шалдардың басы құралып қалған екен, сонадайдан құлағы шалып қалды, бұл жолғы əңгіме тиегі өзі туралы екен. «Бүгін Серікбай келмес, өйткені үйіне берісі аудан, арысы Алматыдан келген қонақтарды күтіп шабылып жатыр деп естідім ғой!.. Ойбай-ау, қартайғанда кəрібоз жорға шықтының кебін киді ол, өмірі істемеген кəсіпке көшті... Кемпірі екеуінің жаны қалатын түрлері жоқ түге, мына жуан ортасында болған менен сұрасаңдаршы, е, е, е...» Бұрылып кетті, ортаға қосылғысы келмеді. Түнімен көрер таңды көзімен атқызды, дөңбекшіп ұйқысы келмеді. Ерте тұрып Озғанбайдың үйінің есігін қақты. Озғанбай үйінен енді шыққалы жатыр екен, мұны көріп аялдады.
Сейітқазы Досымов – Келіңіз, жоғары шығыңыз Секе, – деп төрге бастады. – Жоқ шырағым, – деді Серікбай, – таң атпай мазаңды алдым ба? Өзіңе бір оймен келіп тұрмын! – Жо-жоқ, мен тұрғалы қашан. Иə, ол қандай ой? – Мен биыл елу бірге келдім. Осы ғұмырымда заулаған уақытқа ілесе алмай келіппін. Нағашым қисық кісі болған екен, қайдан сандалып соған тартқанымды. Озғанбай шалдың сөзіне еріксіз күліп жіберді. «Бұл не айтқалы тұр» дегендей жүзіне барлай қарап, таң-тамаша қалды. Серікбай бір игілікті іске бел буғандай, бұрынғы қыршаңқы сөзіне ұқсамайды. Сол жерде ағынан жарылып ішек қырындысына дейін айтып берді. Сөз соңында қолынан келетін бір жұмыс сұрады. «Əзірбай сияқты көз жұмғанымша ермек етейін, тіпті сол пенсиясына да қызықпадым. Онсыз да осы уақытқа дейін жан бағып келдім, кəнеки содан шыққан мүйіз?» – деді шоқша сақалы дірілдеп. Председатель шалдың сөзіне құлап түсті, түсінді. Əлі тепсе темір үзетін қуаты барын да көріп тұр. Ойлап-ойлап аяқ астында бере қоятын жұмыстың ыңғайын таппай «түстен кейін кеңсеге келіңіз!» – деді. «Е-е, маған сол Əзірбайдың қорықшылығы да жетеді», – деп қалды бұл. Оны председатель жүре тыңдап, үйден шықты. Күн ұзақ Озғанбай Серікбайға жұмыс қарастырып дал болды. Өстіп отырғанда қорықшылықты сұрап бір қалшылдаған жас жігіт келіп кетті. Оған бұл жұмысты қол көрмеген. Содан ойды ой қуалап отырып: «Е-е, маған сол Əзірбайдың қорықшылығы да жетеді» дегені оралды оның. «Шамада қорықшылықта ойы бар-ау! Күндіз-түн бірдей шапқылауға жарай ма? Көңілшектік жасап, шүлен таратқандай колхоздың шөбін əр танысына машиналап арттырып жібермесе... Не көп, қаптаған жекеше мал көп, маяның түте-түтесін шығартып қойса...» – Келіп қалдық, – деп Серікбай есікті ашты. – Келіңіз, келіңіз, – деп Озғанбай бəйек болды. Не керек, өз ара ұзақ пəтуадан кейін Серікбай қорықшы болып шыға келді. Ертеңіне көптен мініс көрмей əбден жарап тұрған Əзірбайдың жуан торысына отырып колхоздың
Көңіл айнасы шөп базаларын бетке алып сау желіп, кетіп бара жатты. Оны ту сыртынан көріп қалған үзеңгі жолдас шалдары біріне-бірі жеткізіп лезде-ақ құлақтанды. «Сарымайдай сақтап жүргенде тапқан адамы Серікбай болған екен ғой». «Серікбайды көргенде кірпідей жиырылатын еді, оған қалай жіби қалды екен? Не келсе де ақын інісінен келді, өзі бір көшелі, кісілігі бар жігіт пе деп қалып едім. Озғанбайдың құлағына бір ауыз сыбырлап кеткен де... Əзірбай шаш ал десе, бас алатын еді, енді бұл қандай болар екен?..» «Бұл ма, Əзірбайды екі орап əкетпесе маған кел... Кешегі бірге жүрген күндерін ұмытпас, бастықтың көзін ала беріп, егін-тегін шөптен арттырып жібере берер...» «Арттырады, жаман қатты». Серікбай атқа мінгелі сыртынан неше алуан сөздер қардай борады. Оның бірін естіді, бірін естімеді, бірақ құлағына қыстырмады. «Елдің əпшісін алып, қуырып бара жатқан Озғанбай емес, Серікбай» деген де əңгіме гу-гу тарады. Соның бəрін қоламтаны көзегендей тұтандырып жүрген баяғы өзінің қиыспас, өлсе көрге бірге түсетіндей күн кешкен базаршылдары, сырластары. Олар əуелі тападай тал түсте тұзақ құрып, «өзімізге сыр мінез Серікбай ғой» деп, «қайда барады» деп, «үйреншікті жау ғой» деп, оның буынсыз жеріне пышақ ұрғандай, осал жерлерін дəл тауып егеске түсті, оның басқан ізін аңдып, сəл көзі тайса қасуылдап көріп еді, маңайлатпады. Сосын ашық егеске түсті, оның басқан ізін аңдып, сəл көзі тайса болды, жайын жатқан малды маяға қуып тастайды, тай-тай шөпті атқа теңдеп алып, қайқайып жүре берді. Алғашқыда Серікбай мұның бəрін ұсақ-түйек, базнагершілікке сайды. «Бəріміздің илеп жатқанымыз бір терінің пұшпағы емес пе, колхоздың шаруашылығы өрге домаласа, біздің де өрге домалағанымыз. Озекең халық қамын ойламайтын білімсіз емес қой. Жылдағыдай тиесілі жем-шөбін үлестірер. Неге керек сол шектен тыс жалмаңдап, бəрібір елден озып бара жатқаның шамалы», – деп тоқтау салды, тыңдаған олар жоқ. «Əгəрəки, осы жерден біреуіңнің төбеңді көреді екем, онда маған өкпелемеңдер», – деп ескертті. «Енді саған өкпелемегенде кімге өкпелейміз», – деп мұны қайта тəлкекке айналдырды. Алдарынан бір өтті,
Сейітқазы Досымов екі өтті, үш өтті, ақыры Серікбай қасқайып қарсы тұрды, ашуға мінді. Майдамталдың бойын шолғындап, ат басын қырдағы шөп базасына бұрды. «Бұл сиырдай ұры малды көрмедім. Қоршаудың кез-келген жерінен киіп-жарып өте береді» деп ойлап, асығыс сау желіске түсті. Түн болса сүттей жарық, төбеден ай төніп тұр. Тек сары маса ызыңдап, мазаны кетіріп келеді. Кенет жуан торы құлағын қайшылады. Бұл «алда қимыл бар» дегендей иесіне берген белгісі. Бұған Секең əбден кəнігі боп алған, тебіне түсті. Айтқандай-ақ бас-көз жоқ базда біреу машинаға шөп тиеп жатыр екен. Олар мұны байқайтын емес. – Артар көбейсін! – дегенде барып айырларын шөпке шаншып-шаншып тұра қалды. Мая үстіндегі шалды таныды Əби екен, шофердің түсін шырамытқанмен жазбай тани алмады. – Кəне, қайтып түсіріңдер! – дегенде барып Əби тілге келді. – Оу, мырза, сен түгіл Əзірбайдан да қысылып-қымтырылып жүріп өстіп шөп алатынбыз. Обалы не, ол бейшара əсіресе өзімнің қолымды қағып көрмеп еді. Енді, сен оған қарағанда өзіміздің божбан емессің бе? – Жоқ! Тоқтат! – Серікбайдың даусы қатты шықты. – Кəне, балам дұрыстап бас, неде болса үйге жеткізіп алайық, одан соң бір сəрі болар, – деп Əби шөпті айырлап машина үстіне ата берді. Осы кез Серікбай шөп басып түрған шоферды машина үстінен жұлып алды. – Қазір табаныңды жалтырат! Алдымен үстіңдегі шөпті түсір. Түсірмейді екенсің, ертең правоң түгілі машинаның өзінен айырыласың, – деді жуан торысын ойнақтатып, ашуға мініп, тұтығып тұрып. «Машинаңнан айырыласың» дегеннен-ақ шоферда жан қалмады. «Рұқсат қағазым бар деген. Алдаған екен ғой, – деп кузовтағы шөпті атып-атып тастады. Ай-шайға қарамастан машинасын зар қақтырған бойы қара жолға түсті де тайып отырды. «Əй, адам емес шірік, осы жарбиған қарақшыдан да қорқып, ең болмаса арақ пұлға берген
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру