TELEGEI

Home

Әбу Насыр Әл-Фараби - философия. ІV том

Әбу Насыр Әл-Фараби

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әбу Насыр Әл-Фараби - философия. ІV том

Мазмұн Әбу Насыр Әл-Фараби ІV 1 - ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ. ЭТИКА. ЭСТЕТИКА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ IV – 2 - ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ. ЭТИКА. ЭСТЕТИКА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ IV – 3 - БАҚЫТ ЖОЛЫН СІЛТЕУ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ IV – 4 - MEMЛEKETTIK ҚАЙРАТКЕРДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ IV – 5 - MEMЛEKETTIK ҚАЙРАТКЕРДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ IV – 6 - ЭЙСАГОГЕ КІТАБЫ

Мазмұн

Әбу Насыр Әл-Фараби ІV

1 - ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ. ЭТИКА. ЭСТЕТИКА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ

ІV –

2 - ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ. ЭТИКА. ЭСТЕТИКА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ

ІV –

3 - БАҚЫТ ЖОЛЫН СІЛТЕУ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІV –

4 - MEMЛEKETTІK ҚАЙРАТКЕРДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ -

ФАРАБИ ІV –

5 - MEMЛEKETTІK ҚАЙРАТКЕРДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ -

ФАРАБИ ІV –

6 - "ЭЙСАГОГЕ" КІТАБЫ НЕМЕСЕ "КІРІСПЕ" /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІV –

7 - ЖҮРЕКТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІV –

8 - TYCІHІKTEMEЛEP - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІV –

9 - ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АРАБША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕ

СӨЗДІГІ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІV -

ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ. ЭТИКА. ЭСТЕТИКА ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖАЙЫНДАҒЫ ТРАКТАТ /1/ Осы кітаптағы тараулардың мазмұны /2/ Тарауларды шолу. 1. Бірінші Тұлға туралы. 2. Құдіреттің серіктерінің [болуының] бекерлігі туралы. 3. Онда қарама-қарсылықтың [бар екендігінің] бекерлігі туралы. 4. Оған сай анықтаманың [болуының] бекерлігі туралы. 5. Оның [Бірінші Тұлғаның] бірегейлігі Оның парқымен барабар екені туралы, ал мұның мәнісі: Ол - Құдірет, Білгір, Данышпан және де Ол - Ақиқат, Тірі және Тіршілік. 6. Құдіреттің ұлылығы, әсемдігі мен даңқы туралы. 7. Дүниедегі барлық заттардың Одан қалай пайда болғаны туралы. 8. Дүниедегі заттардың сатылары туралы. 9. Біріншіні [Тұлғаны] атауда қолданылатын есімдер туралы - Оның даңқы арта берсін! 10. Екінші рет өмір сүрушілер (заттар) туралы және көптің пайда болуы туралы. 11. Бізде [дүниеде] өмір сүруші заттар мен денелер туралы. 12. Материя мен форма туралы. 13. Материялық және тәңірлік тұлғалар сатыларының бөлінуі туралы. 14. Аспан денелерінің не нәрсеге қатысатыны туралы. 15. Аспан денелерінің қалайша, қайда және неліктен қозғалатыны туралы. 16. Циклдық қозғалыстарды туғызатын жағдайлар мен олардың жалпы жаратылысы туралы. 17. Сөз Бірінші форма мен Бірінші материяның пайда болу себептер! туралы. 18. Материялық денелердің пайда болу тәртібі туралы. 19. Материядағы формалардың дәйектілігі туралы. 20. Адам жанының бөлшектері мен күштері [қабілеттері] туралы. 21. Бұл күштер [қабілеттер] мен бөлшектер қалайша бірегей жанға айналады. 22. Парасатты қабілет туралы, оның қалай ойлайтыны (яғни интеллект арқылы қамтитыны) туралы және булай болу себебі. 23. Ерік пен (еркін) таңдау арасындағы айырмашылық туралы; және бақыт туралы. 24. Түс көру себептері туралы.

25. Періштенің аян болуы мен елестеуі туралы. 26. Адамның бірлестік пен өзара көмекке зәрулігі туралы. 27. Қала бірлестігінің бас мүшесі туралы. 28. Қайырымды қала басшысының қасиеттері туралы. 29. Қайырымды қалаға қарама-қарсы қалалар туралы. 30. Жанның бір-біріне қосылуы туралы. 31. Өнер мен бақыт категориялары туралы. 32. Осы қалалардың тұрғындары туралы. 33. Қайырымды қала тұрғындарына ортақ мәселелер туралы. 34. Надан қала мен адасқан қала тұрғындарының көзқарастары туралы. 35. Әділдік туралы /3/. 36. Көнбістік туралы. 37. Надан қалалар туралы. ӘБУ НАСЫР МҰХАММАД ИБН МҰХАММЕД ИБН ТАРХАН ИБН ҰЗЛАҒ ӘЛ-ФАРАБИ АТТҮРКИДІҢ «ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА» ДЕГЕН КІТАБЫНДАҒЫ ТАРАУЛАРДЫ ШОЛУ /4/ (1-бет) А. Құдіретті Алла-тағала деп біліп, нануға ләзім бір зат туралы; оның парқы неде, өзінің қандай екені, оны қалай суреттеу керек екені туралы; оның барлық болмыстың себебі болуы неліктен; жан біткеннің одан қалай пайда болатыны; бұларды оның қалай жасайтыны; бұлардың онымен қалай байланысты екені; оның қалай танып, қалай ойлайтыны; оны қандай есімдермен атау керек екені және бұл есімдердің нені паш ететіндігі. Б. Періште деп біліп, нануға ләзім тірі Жандар туралы; булардың әрқайсысының парқы неде; мұның өзі қандай және бұлардың пайда болу себебі; булардың Бірінші себепке қатынасы және бірімен-бірінің өзара қатынасы; бұлардың әрқайсысынан ненің пайда болатыны; бұлардың әрқайсысының одан шығатын нәрсеге қалайша себеп болатындығы; әрқайсысының нені және қалай билейтіні және аспани денелердің біріне себеп болатындығы, оның осы тәнді билеуге арналғандығы. В. Аспан денелерінің өзара байланысы туралы, бұлардың әрқайсысын жеке алғанда екінші дәрежедегі тірі жандардың бірімен байланыстылығы; ал екінші дәрежедегі [тірі жандардың] әрқайсысы осыған байланысты аспан денелерін билейді. Г. Аспан астындағы денелер туралы, олардың материялылығы туралы; олардың болмыстың мәні туралы, олардың қанша екені және субстанциясының қандай екені туралы; олардың жоғарыда көрсетілген [материялылық емес] тірі жандардан айырмасы неде екені. Д. Сөз - материя мен форма туралы, барлық денелер субстанциялылығының осыларға негізделетіндігі; (2-бет) бұлардың әрқайсысының мәні неде? Әрқайсысының бір-біріне

қатынасы; субстанциясы материя мен формаға негізделетін денелер қандай; форма мен материя арқылы пайда болатын тіршіліктің қандай екені. Е. Періштелер деп білуге болатын тірі жандарды қалай сипаттау керек екені туралы. Ж. Аспан денелерін түгел алғанда қалай сипаттау керек екені туралы. 3. Жалпы материялық денелердің қалай пайда болатыны; ақырында адам пайда болатын белгілі бір кезеңге дейін қайсыларының - бірінші, қайсыларының - екінші, қайсыларының - үшінші кезекте, тағы сондай ретпен пайда болатындығы; денелердің әр түрінің пайда болуы жөніндегі қысқаша дәлелдер. И. Әрбір түрдің өмір сүре беруіне, сондай-ақ әрбір күрделі жеке тұлғалардың сақталуына септігін тигізетін жағдайлар қандай және бұларды қалай дұрыс билеуге болады; бұлар бастан кешіретіннің бәрі әділеттілік, баяндылық пен кәмелеттік ұшпағында болып отырады, мұнда ешқандай адасушылық, өрескелдік пен кемістік болмайды, өйткені мұның бәрі қажет, ал өмір сүруші заттар жиынтығының сипаты жөнінде басқаша болуы мүмкін де емес. К. Адам туралы, адам жанының қабілеттері туралы және оның пайда болуы туралы; жанның қай қабілетінің бірінші, қайсысының екінші, қайсысының үшінші кезекте пайда болатындығы және бұлардың қарым-қатынасы туралы; бұлардың қайсысының билейтіні, қайсыбірінің екіншісіне әлде не жөнінде бағыныштылығы; бұлардың қайсысының әлде нені билейтіні, басқа бір нәрсеге қызмет ететіндігі; қайсысының қайсысын билейтіндігі. Л. Оның [яғни адамның] мүшелерінің пайда болуы туралы және олардың орналасуы мен өзара қарым-қатынасы жайында; олардың қайсысының бас мүше, қайсысының екінші дәрежелі мүше екендігі, бұлардың ішіндегі бас мүшенің қалайша билейтіндігі және екінші дәрежелісінің қалайша бағынатындығы. М Еркек жынысы мен әйел жынысы туралы; булардың әрқайсысының қабілеті мен әрекеті; булардан перзенттің қалай пайда болатыны; булардың айырмашылығы неде және ұқсастығы неде, еркектік пен әйелдіктің себебі қандай (3-бет), перзенттің өз ата-анасына немесе бұлардың тек біріне ғана, не болмаса арғы ата-бабаларына тартатын себебі немесе ешкімге де ұқсамайтын себебі не? Н. Жанның ойлаушы бөлігінде интеллекцияның пайымдалғыш объектілерінің қалай қалыптасатыны; мұнда олардың қайдан пайда болатыны; интеллекцияның пайымдалғыш объектілері категорияларының қанша екендігі; потенциалды интеллект, актуальды интеллект және материялық интеллект дегеніміз не; енжар және әрекетшіл интеллект дегеніміз не; оның дәрежесі қандай; потенциалды интеллект актуальды интеллект болғанға дейін сол потенциалды интеллектіде интеллекцияның пайымдалғыш объектілерінің қалыптаспау себебі не; ерік дегеніміз не және еркін таңдау дегеніміз не; бұлар жанның қай бөлектеріне тән; толық бақыт, ізгілік пен кемшілік дегеніміз не; жамандық дегеніміз не және шапағатты жақсылық дегеніміз не; бұлардың оңдысы қайсы, сұмпайысы қайсы. О. Жанның қиялдаушы бөлегі туралы және оның қимыл-әрекетінің қанша категорияны қамтитыны туралы; елестің қалай пайда болатыны және ондағы категориялардың қанша екені; оның жанның қай бөлегіне жататындығы; нануға ләзім болатын нәрседегі

шындықтың негізі қандай; аянның қалай пайда болатыны; қандай адамға ненің аян болатыны және оның мұны жанның қай бөлігімен аңғаратыны; болашақ оқиғаларды болжаушы сәуегейлердің /5/ көбейіп кеткен себебі не және олардың болжаулары қаншалық дәл келеді? П. Адамның қоғамды және өзара көмекті керексінуі туралы; адам қоғамдарының түрлері туралы және ізгілікті қоғамдар дегеніміз не; қайырымды қала қандай; оны қалай билейді және оның бөлшектелу реті қандай; қайырымды қалаларда әділ билеу әдістері қандай және бірінші ізгілікті әкімнің лауазым орны; ізгілікті әкімдер болу нышанын танытатын баланың немесе жасөспірімнің қабілеті мен белгісі қандай болмақ; есейгеннен кейін оның бірінші ізгілікті әкім болуы үшін керекті шарттар қандай (4-бет). Қайырымды қалаға қарамақарсы қалалардың қанша түрі бар; надан қала дегеніміз не және латыны; бұлардың әрқайсысының одан шығатын нәрсеге қалайша себеп болатындығы; әрқайсысының нені және қалай билейтіні және аспани денелердің біріне себеп болатындығы, оның осы тәнді билеуге арналғандығы. Р. Бұдан кейін бақыттың ақтық түрлерін атап ету керек, қайырымды қала тұрғындарының жандары олардың тірі кезінде және олар өлгеннен кейін бұл бақытқа қалай жетеді және де қайырымды қалаларға қарама-қарсы қалалардың тұрғындары өлгеннен кейін қандай бақытсыздыққа ұшырайтынын атап өту. С. Бұл қайырымды қалаларда салықтың түрлері қандай болуға тиіс? Будан кейін - көп адамдардың жандарында наданшылдық көзқарастар туғызатын сұмпайы және жалған негіздерге себеп бола¬тын заттарды атап өту керек. Т. Бұдан да кейін - надандық көзқарас түрлерінің өзгешеліктері, булардан келіп шығатын сұмпайы қылықтар мен надан қалалардағы жиындар. У. Адасқан халықтарға тән көзқарастарды туғызатын сұмпайы негіздердің ерекшеліктері туралы. * * * (5-бет). «Қайырымды қала тұрғындары көзқарастарының негіздері туралы» бұл кітапты жазған Әбу Насыр әл-Фараби. 1. БІРІНШІ ТҰЛҒА ТУРАЛЫ /6/ Бірінші Тұлға - барлық жан біткеннің өмір сүруінің бастапқы себебі. [Жалғыз] сол ғана кемшіліктен ада: басқа жан біткеннің бәрінде - Одан басқасында - ең болмағанда бір кемшілік немесе бірнеше [кемшілік] бар. Ал Біріншіні [Тұлғаны] алатын болсақ, ол мұндай [кемшіліктің] бәрінен ада, өйткені Оның тіршілігі кәміл және болмысында басқаның бәрінен озық, Одан кәміл жетілген ешнәрсе жоқ және Одан бұрын ешнәрсе де болмақ емес. Бұл ретте Оның тіршілігі ең мәртебелі дәрежеде әрі ізгі, әрі кәміл жетілген. Сондықтан Оның тіршілігі мен парқына - [мәртебелі де жетілген] тіршілігі мен парқына - болмыс еместерден дақ түсуі әсте мүмкін емес, өйткені болмыс еместер мен қарамақарсылықтар ай астындағы әлемде ғана болмақ, ал болмыс еместік дегеніміз өмір сүруге тиісті нәрсенің жоқтығы деген сөз. Бұл ретте Оның болмысы әсте потенциалды болмыс бола алмайды және өмір сүрмеуі де әсте мүмкін емес. Сондықтан Ол мәңгілік, Оның

субстанциясы мен парқындағы тіршілігі де мәңгілік, өзінің тіршілігін баянды ету үшін ол басқа ешнәрсені керек етпейді; өзінің мәңгілік болмысында Ол өз субстанциясына, өз болмысының мәңгілігіне дән риза, сондықтан Оның болмысына ұқсас тіршілік те, Оның болмысымен тең [түсерлік] дәрежеде де жоқ және әсте болмақшы да емес. Мұны былай қойғанда, Оның парқы сондай, тіршілік етерлік себептің қажеті жоқ, өйткені Ол материя емес, Оның болмысы материялық деуге әсте келмейді, субъектіліктен де дін аман. Қайта, Оның болмысы материя атаулыдан да және субъектілік атаулыдан да ада. Сонымен қатар Онда форма жоқ, өйткені форма материяда ғана болады; егер Онда форма болса, Оның парқы материя мен формадан құралған болар еді, ал егер осылай болған болса, онда Оның болмысы екі бөлектен құралған, [бәлкім] осылардан келіп шыққан болар еді. Әлбетте, бұлай болған күнде Оның болмысының себебі болар еді де, Оның әрбір бөлегі [басқалармен] қоса алғанда Оның болмысының себебі болар еді. Ал біздің анықтағанымыз (6-бет), Ол - Бірінші себеп. Сондай-ақ Оның болмысында мақсат та, ниет те жоқ, сондықтан тегінде ол осы мақсат пен ниетке талпынбайды, өйтпесе мұның өзі Оның өмір сүруінің себебі болар еді де, Оның өзі Бірінші себеп болудан қалар еді. Сонымен қатар Оның болмысы Өзінен бұрынғы ешқандай нәрсені пайдаланған жоқ, өйткені Ол өзінен төмен нәрсені пайдаланудан әманда аулақ. 2. ҚҮДІРЕТТІҢ СЕРІКТЕРІНІҢ [БОЛУЫНЫҢ] БЕКЕРЛІГІ ТУРАЛЫ Ол өзінің парқы жағынан барлық басқа заттан өзгеше, сондықтан Оның тіршілігі Оның өзінен басқа ешнәрсеге тән болуы мүмкін емес. Әйтпесе осындай тіршілігі бар нәрсенің бәрі де Оған ұқсас болар еді де, олардың арасында тіпті ешқандай өзгешелік пен айырмашылық болмас еді. Ендеше, мұнда екі бірдей [парық] болмақшы емес, тек бір ғана парық болмақ, Егер олардың арасында айырмашылық болса, онда бұл айырмашылық оларды біріктіретін нәрседен басқаша болар еді; онда әрқайсысын бірінен-бірі өзгеше ететін нәрсе олардың болмысының бір бөлегі болар еді де, оларды біріктіретін нәрсе екінші бөлегі болар еді. Сөйтіп, бұл [парықтардың] әрқайсысы ұғыммен анықталатын болады да, екі бөлектің әрқайсысы өз парқына лайық мазмұнның себебі болып шығады. Демек, ол енді Бірінші болмайды, қайта Одан өзге басқа бір болмыс келіп шығады, діннің өзі Оның өмір сүруінің себебі болмақшы, ал бүл - мағынасыздық! Егер осы басқа болмыс өзін Бірінші Тұлғадан өзгеше ететін нәрсе болса, онда мұның өзгешелігі алғашқыдан айырмашылығы ғана болар еді, бұдан шығатын қорытынды сол, Бірінші Тұлғадан өзгеше ететін нәрсе оның өз болмысы болар еді де, ал соңғысының болмысы болар да біріктірер еді. Сонда әлгі басқа болмыс екі нәрседен құралмақ: [бұлардың] бірі - оның өзіне [ғана] тән, ал екіншісі - Бірінші Тұлға екеуінің ортақ нәрсесі. Сонымен, біріншісінің болмысы екіншісінің болмысы емес. Бірақ соңғысының парқы - қарапайым және бөлінбейтін тұтас нәрсе, ал біріншісінің парқы - бөлінгіш нәрсе. Сонымен, біріншісінде өзін құрастыратын екі бөлшек болады, ендеше оның болмысының себебі де болады және де ол соңғысының болмысынан төмен және онша жетілмеген болып шығады.

Дәл осы сияқты, егер айырмашылығы себепті, Одан тысқары осындай түрдің болмысы бар десек, онда Оның болмысы (7-бет) жетілмеген болмыс еді, өйткені кәмелетті нәрсе Оның болмысының әйтеуір бір түрінен тысқары болуы мүмкін емес: ал мұның өзі барлық ретте де [орынды], өйткені улылық кәмелеттігі өзінен тысқары ұлылыққа жол бермейді, сондайақ сұлулық кәмелеттігі де өзінен тысқары сұлулыққа жол бермейді. Сол сияқты субстанциядағы кәмелеттік өзінен тысқары басқа түрлі ешқандай субстанцияға жол бермейді. Сөйтіп, барлық кәмелетті денелерге тән сипат бұлар оз болмысынан басқа болмысқа жол бермейді: Күн, Ай және жұлдыз біткеннің әрқайсысы осындай. Ал Бірінші себеп кәмелетті нәрсе болғандықтан оның тіршілігі өзінен басқа ешқандай затқа төленбекші емес. Демек, ол өзінің тіршілігінде бірегей Нәрсе. 3. ОНДА ҚАРАМА-ҚАРСЫЛЫҚТЫҢ [БАР ЕКЕНДІГІНІҢ] БЕКЕРЛІГІ ТУРАЛЫ Сондай-ақ Онда қарама-қарсылықтың болуы да мүмкін емес. Егер қарама-қарсылықтың не екені белгілі болса, бұл айқындалады. Тегінде қарама-қарсылық дегеніміз заттан өзгеше. Сондықтан қарама-қарсылық пен оған қарсы тұрған затты бір нәрсе деп есептеуге болмайды. Алайда, әлденеден өзгеше нәрсенің бәрі оның қарама-қарсылығы бола бермейді. Сондай-ақ осындай зат бола алмайтын нәрсенің бәрі бірдей оның қарамақарсылығы емес. Әлденеге қарсы қойылатын нәрсенің бәрі, егер екеуі бірге болатын болса, өзара бірін-бірі қиратып, бүлдіреді: өйткені егер булардың бірі екіншісімен бір орында тұрар болса, ол мұны жойып жібереді, өйткені әлгі орында кім бірінші болып орналасса сол турады ғой. Қарама-қарсылығы боларлық барлық нәрсе жөнінде осыны айту керек. Демек, екі нәрсе басқаша емес, өзінің қимылы жағынан қарама-қарсы тұратын болса, онда мұның өзі солардың қимылына ғана қатысты болады. Егер олар өздерінің субстанциялары жағынан қарама-қарсы туратын болса, олардың сапалары жөнінде де осыны айту керек. Егер [демек] Бірінші Тұлғаның қарама-қарсылығы бар десек, онда бұл өзінің қарамақарсылығы жағынан оған қарсы тұрған болар еді. Бұдан шығатын қорытынды, қарамақарсылықтың әрқайсысы бірі екіншісін бүлдірер еді де, өзінің субстанциясы жағынан алғашқы нәрсені оның қарама-қарсылығы бекерге шығарған болар еді. Сонымен бекерге шығарылатын нәрсе (8-бет) өзінің субстанциясын таба алмайды, онымен жалғасып кете алмайды. Өмір сүре беру үшін мұның өзі жеткіліксіз болып шығар еді де, соның өмір сүруіне мүмкіндік берерлік басқа бір нәрсе керек болар еді. Ал өмір сүре алмайтын нәрсені алатын болсақ, оның мәңгілік болуы да мүмкін емес. Оның жалғаса беруі үшін немесе оның болмысы үшін жеткіліксіз болып отырған субстанцияда өзінің болмысы үшін және үздіксіздігі үшін өзінен тысқары екінші себеп болуға тиіс. Ал онда бұл Бірінші Тұлға болмайды. Ол былай тұрсын, бұл өзінің қарамақарсылығының болмауы арқасында ғана өмір сүрген болар еді. Ал осы қарамақарсылықтың жоқтығы сонда оның өмір сүруінің себебі болады да, сөйтіп мұның өзі бұл ретте әсте Бірінші себеп бола алмайды. Сондай-ақ, буған қарағанда, бұларды орналастыратын әлденендей бір ортақ орын бар, мұнда кездесе қалған кезде бұлар қираған болар еді де, осы орын булардың негізі, тегі немесе басқа бірдеңесі болып шығады. Бұл орын қимылсыз болар еді, ал егер бұлар [қарама-қарсылықтар] бірінен соң бірі келер болса, онда [бұл орын] булардың әрқайсысының болмысынан бұрын жаралған болар еді. Егер бір затты - ең болмағанда жоғарыда айтылған қасиеттері (өзінің қарама-қарсылығын

жоятын] жоқ затты - басқа бір заттың қарама-қарсылығы деп жорамалдайтын болсақ, онда жорамал бойынша ол қарама-қарсылық болмай, айырмашылық болып шығар еді, бірақ қарама-қарсылық айырмашылығынан өзгеше түрде болар еді. Бірінші Тұлға үшін қарамақарсылықтан гөрі және Оның болмысына ұқсас болмыстың болуынан гөрі басқаша айырмашылықтар бар екенін біз бекер дей алмаймыз. Осының нәтижесінде екі түрлі қарама-қарсылық тіршіліктің бір сатысында болатындықтан дәрежесі бірдей [оның тіршілігіне ұқсас] ешқандай болмыс өмір сүре алмас еді. Сөйтіп, Бірінші Тұлға өзінің болмысымен біте қайнасқан, сондықтан Оның тіршілігіне ешқандай басқа болмыстың мүлде қатысы жоқ және түрі жағынан Оның болмысына ұқсайтын болмыс та жоқ. Демек, - Ол бірегей! Сонымен қатар, ол өзінің тегі жағынан жалғыз. Бүл жағынан алып қарағанда да: Ол - бірегей! 4. ОҒАН САЙ АНЫҚТАМАНЫҢ [БОЛУЫНЫҢ] БЕКЕРЛІГІ ТУРАЛЫ Сонымен қатар, Ол жоғарыда айтқанымыздай затқа бөлінбейді, сондықтан оның субстанциялануы да мүмкін емес. Өйткені оның субстанциясы боларлық бір бөлшекті немесе екі бөлшекті түсіндіретін мағынаны - ешқандай анықтама білдіре алмайды. Егер осылай болған болса, Оның субстанциялануына мүмкіндік берген бөлшектер Оның болмысының себебі болар еді; әлде ненің анықтамасының бөлшектері ретіндегі ұғымдар анықталушының өмір сүруінің себептері болатыны сияқты, материя мен форма да соны құрастыратын себептер (9-бет) болып шықпақ. Бірақ Ол жөнінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені Оның өзі болмысында себеп дегенді білмейтін Бірінші тұлға. Егер ол мұндай бөлшектерге бөлінбейтін болса, демек, Ол саны немесе бөлінудің басқаша түрлері жағынан бөлінбейтін болғаны. Бұдан сөзсіз шығатын қорытынды, онда аумақ, көлем деген жоқ, Ол мүлде денесіз. Ендеше, Ол нақ осы мағынада бірегей, өйткені бірегейліктің бір мағынасы - оның бөлуге келмейтіні. Сондықтан қайткен күнде де бөлуге келмейтін әрбір зат бөлінбейтіндігі мағынасында бірегей. Сөйтіп, егер ол қимылы жағынан бөлінбейтін болса, ол - осы мағынада бірегей, ал егер сапасы жағынан бөлінбейтін болса, ол осы мағынада бірегей; ал өзінің субстанциясы жағынан бөлінбейтін нәрсе сол субстанциясы жағынан бірегей болмақ. Демек, Бірінші Тұлға өзінің субстанциясы жағынан бірегей! 5. ОНЫҢ [БІРІНШІ ТҮЛҒАНЫҢ] БІРЕГЕЙЛІГІ ОНЫҢ ПАРҚЫМЕН БАРАБАР ЕКЕНІ ТУРАЛЫ, АЛ МҰНЫҢ МӘНІСІ: ОЛ - ҚҰДІРЕТ, БІЛГІР, ДАНЫШПАН, ЖӘНЕ ДЕ ОЛ АҚИҚАТ, ТІРІ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК Өзінің тіршілігі жағынан Ол басқа тұлғалардың бәрінен өзгеше және өз парқынан басқаша өмір сүре алмайды. Сондықтан Оны Одан өзгенің бәрінен өзгеше ететін нәрсе оның парқының бірегейлігі болып табылады. Бірегейліктің бір мағынасы - айырықша болмыс. Әрбір болмыс басқа болмыс атаулыдан осы арқылы айрықшаланады: нақ осы мағына болмысты бірегей деуге, өйткені мұнда Оның өзіне ғана тән болмыс бар деуге мүмкіндік береді. Сонымен, бұл мағына Бірінші Тұлғамен тең түседі. Осы тұрғыдан алғанда сонымен

бірге Бірінші Тұлғада бірегей, сондықтан бірегей деген анықтама мен мағынаға Одан тысқары бірегей делінетін нәрсе біткеннің бәрінен көрі лайық. Ол материя емес және Онда қандай да болсын материя жоқ, сондықтан Ол өзінің парқы жағынан - актуальды интеллект. Өйткені интеллект формасын сақтайтын және актуальды пайымдайтын нәрсе біткеннің бәрі материя болады. Дәл сол сияқты, заттың өмір сүруіне материяның қатысы болмаған күнде де, ол өзінің парқы жағынан - актуальды интеллект: Бірінші Тұлғаның тіршілігі осындай. Демек, мұның өзі - актуальды интеллект. Парқы жағынан Оның өзі де - интеллекцияның пайымдалғыш субъектісі, өйткені сонымен қатар Ол - интеллекцияның пайымдалғыш актуальды объектісін сақтап тұратын нәрсе (10-бет) және материя болып табылады. Сөйтіп мұның өзі де интеллект болғандықтан мұны интеллекция арқылы пайымдауға болады, өйткені өзінің парқы жағынан интеллект болып отырған нәрсе пайымдалуды қажет етпейді және Оның өзі интеллекция арқылы танып білетін, өзінен тысқары тұрған, басқа парықты қажет етпейді. Мұның керісінше, Ол өз бойындағы парқын өзі пайымдайды. Ол өзінің парқымен ойнайтындықтан білгір болады, сөйтіп Оның парқы Оның өзін пайымдайтындықтан Ол сонымен бірге актуальды интеллект болады. Ал енді Оның парқы Оны интеллекцияның актуальды объектісі ретінде пайымдайтындықтан Оны актуальды пайымдауға болады. Дәл сол сияқты Ол пайымдалып, бойға сырттан даритын парқы жағынан да актуальды интеллект және актуальды білгір болуды қажет етпейді: мұның керісінше, Ол өзінің парқымен ойлайтындығы себепті интеллект және білгір. Пайымдайтын парық дегеніміз пайымдауға болатын парық, интеллект дегеніміз міне осы және бұл әйтеуір бір жағынан интеллекцияның пайымдалғыш объектісі болып табылады. Сөйтіп, интеллект, интеллекцияның білгір және пайымдалғыш объектісі — бірегей және бөлінбейтін парық пен субстанция. Мәселен, адамның өзі - интеллекцияның пайымдалғыш объектісі, бірақ оның бойындағы парасаттылық әлі де интеллекцияның актуальды объектісі бола қоймайды; мұның өзі интеллекцияның пайымдалатын потенциалды объектісі болып табылады және интеллект арқылы пайымдалғаннан кейін ғана актуальды объекті болады. Демек, адамның бойындағы пайымдалғыш нәрсе ешқашан да интеллект болмайды. Біздің интеллектіміз біз үшін қай жағынан алсаң да пайымдалғыш нәрсе емес, ешқашан да интеллект емес. Біздің интеллектіміз біз үшін қай жағынан алсаң да, интеллект ретінде пайымдалғыш нәрсе емес; біздің хабардар болатын себебіміз, біздің субстанциямыздың интеллект болғандығынан емес, мұның себебі, бізді субстанцияландырған нәрсе біздің пайымдауымызға жатпайды. Біздің хабардар болатын себебіміз, біздің субстанциямыздың интеллект болғандығынан емес, сондай-ақ біздің танып білетініміз онымен субстанциялас болғандықтан да емес. Ал Бірінші Тұлғаны алатын болсақ, мұнда істің жайы басқаша; қайта, Ондағы интеллект, интеллекцияның интеллектілендіруші және пайымдалғыш объектісі - бәрі бір мағынаға, бір субстанцияға келіп тырысады және булар бір-бірінен айырғысыз. Білгір жөніндегі жағдай да осындай: ол өзінен тысқары ешқандай басқа парықты қажет етпейді, білу үшін оның шарапатты білімін пайдаланбайды. Сондай-ақ, танымал болу үшін өзге парықты қажет етпейді. Мұның керісінше, танушы және танылушы болу үшін ол өз субстанциясымен қанағат етеді. Оның өз парқы жайындағы білігі Оның өз субстанциясынан басқа тук те емес. Сөйтіп, Ол - білгірлік пен білім - біртүтас парық және біртұтас субстанция.

Оның Данышпан екендігі де дәл осындай, өйткені данышпандықтың өзі ең жақсы нәрсені мейілінше жетік танып білуде ғой. Ал өз интеллектісі арқылы өз парқын пайымдауға, оны білуге қабілетті тұлға ең жақсы нәрсені танып біледі. Өйткені кәміл білім дегеніміз -ешбір жоғалмайтын түпкілікті білім деген сөз, ал бұл білім - оз парқыңды білгенің. Оның Ақиқат екендігі де осындай. Ақиқат дегеніміз тіршілікке сай келеді (11-бет), өйткені заттың ақиқаттығы сол затқа тән болмыс және соның болмысының үлесі болып табылатын ең кәмелетті болмыс. Интеллекцияның пайымдалғыш объектісін де ақиқат деп атауға болады, ал осы арқылы интеллект тіршілікті соған бейімделу үшін таным біледі. Бұл болмыс, өзінің пайымдалуы арқылы, ақиқат деп аталады; өйткені парық - оның пайымдайтын нәрсесінің не екендігіне қарамастан, - бар делінеді. Сөйтіп Бірінші Тұлға екі түрлі жағдайда ақиқат деп есептеледі: бір жағынан, мұның себебі, оның болмысы - ең кәміл болмыс, ал екінші жағынан, мұның себебі, оның пайымдалғыш нәрсе ретінде пайымдайтыны оның болмысын болмыс күйінде, яғни - сол қалпында қабыл алады. Пайымдалғыш нәрсе ретіндегі ақиқат болу үшін де басқаша парықты қажет етпейді және Оны интеллекция арқылы пайымдау үшін Одан тысқары орналасқан басқа парықтың керегі жоқ. Екі жақты байланысы арқасында, Оған ақиқат деп есептелетін болмыс басқа нәрсе атаулыдан гөрі көбірек лайық. Ал оның ақиқаттығы тек қана сол, Оның өзі - Ақиқат. Сонымен қатар оның Тірі және Тіршілік екендігі. Ал осы екі нәрсе - Тірі және Тіршілік -екі парыққа емес, бір ғана парыққа тән. «Тірі» деген ұғым интеллекцияның таңдаулы пайымдалғыш объектісін ең таңдаулы интеллект арқылы пайымдайтын, яки белгілі нәрсенің ең таңдаулысын жетік білетін тұлғаны қамтиды. Бізді Бірінші Тұлғаның арқасында тірі деп, бізді таңдаулы аңғару сезімі арқылы қабылдайды деп біз туралы айтқан кезде де осылай. Сонымен, біз туралы айтқанда, біздің ең жақсы аңғарылатын заттар ретіндегі сезімдік [заттарды] аңғаратындығымыз, аңғару атаулының ішіндегі таңдаулы түйсік арқылы және ең таңдаулы ықтимал [перцепциялар] арқылы аңғаратындығымыз себепті тірі деседі. Интеллектілердің ішіндегі ең таңдаулысы және интеллекцияның ең жақсы пайымдалғыш объектілерін ең жетік білімдарлығымен танып білген тұлға тірі болуға лайық; ал оның интеллекция арқылы пайымдайтын себебі, оның өзі интеллект. Хабардар болу мен интеллект болу, білгір болу мен білімді болу - Ол үшін бәрі бір нәрсе; дәл сондайақ тірі болу мен өмір сүру де - ол үшін бәрі бір нәрсе. Сөйтіп, Тірі деген атауды жансыз затқа да айтуға болады, өзінің кемеліне келген әрбір болмыс жайында, өмір сүру мен кемелденуі арқылы осындай дәрежеге жеткен барлық зат жайында, мұның өзі оның өзінің оз жаратылысының нәтижесі екендігі сияқты, оның жаратылысы да, оның өзінің нәтижесі болып табылатындығы жайында әңгіме етуге болады. Осы тұрғыдан алғанда мейлінше кәміл тіршілік етуші Бірінші Тұлға Тірі деген есімге лайық, өйткені бұл есім оған кең мағынада қолданылады. Болмыс неғұрлым кемелді болса, танып білу және пайымдау барысында (12-бет) пайымдалып, танылатын нәрсе де солғұрлым кәміл болады, бұл ретте біздің жан жүйемізде пайда болатын идеяның онымен үйлесіп отыратынын ескеру керек. Сыртқы болмыс жайында бізге даритын білім осы болмыстың тіршілік дәрежесіне сәйкес келеді; егер оның тіршілігі кемелді бола алмаса, біздің ол жайындағы біліміміз де кемелді бола алмайды. Сөйтіп, қозғалыс, уақыт, шексіздік, болмыссыздық және басқа осындай парықтар тіршілігі кемелді емес, өмір сүруші [заттар] болғандықтан, біздің жан жүйеміздегі жеткілікті ұғымдар болып табылады. Мұның керісінше, сан, үшкіл, квадрат және басқа осындай

заттар жөніндегі біздің түсініктеріміз өте-мөте кемелді. Сондықтан Бірінші Тұлға болмыстың мейлінше кемелді дәрежесінде болғандықтан, біз оны мейлінше кемелділік дәрежесінде пайымдауға тиіспіз. Ал оның бер жағында біз істің жайы бұлайша болмай отырғанын көреміз. Ол жөнінде біз мынаны білуге тиіспіз: Ол асқан кемелділік дәрежесінде тұрғандықтан оны пайымдау киын емес, бірақ біздің интеллектіміздің осалдығы, мұның материямен және болмыссыздықпен шатастырылуы себепті, біздің Оны түсінуіміз қиын, Оны пайымдауымыз екіталай. Оны шынайы қалпында жете пайымдау үшін біз тым әлсіз біз, өйткені Оның шектен тыс кемелділігі бізді таңдандырады, сондықтан Оны толық пайымдауға біз дәрменсізбіз. Алғашқы болғандықтан сәуле көзге түсерлік барлық нәрсенің ішіндегі ең кемелдісі, ең айқыны, ал түстерді көзге түсерлік ететін себеп мынау: ол [себеп] неғұрлым кемелді де күшті болса, көргеніміз соғұрлым кемелді келеді. Бірақ біз бұған қарама-қарсы пікір айтамыз: [сәуле] неғұрлым күшті болса, біздің жанарымыз соғұрлым әлсіз. Мұның себебі оның [сәуленің] тасада немесе кемелсіз болуынан емес, өйткені оның көрінгіштігі де, жарықтығы да мінсіз, - мұның себебі, оның сәулеттілігі көзіңді және төңірегіндегінің бәрін нұрға шағылыстырып жібергендігінен де емес. Бірінші себептің, Бірінші Интеллектінің және Бірінші Ақиқаттың біздің интеллектіміз жөніндегі қатынасы осындай. Ол [Алғашқы болмыс] жөнінде біздің білетініміздің шалалығы Оның кемелділігінен келіп шығады, ал оны пайымдауымыздың қиындығы Оның кемелдігінен тумайды, қайта біздің интеллектіміздің өресі Оны аңғартуды қиындатады. Сондықтан да біздің бойымыздағы интеллекдияның пайымдалғыш объектілері кемеліне келмеген және булардың біздің зердемізде туғызатын түсінігі (13-бет) - әлсіз. Екі түр бар: біріншісі - адекватты түсінік пен пайымдауды оз парқына балау мүмкін емес, өйткені оның болмысы әлсіз және парқы мен субстанциясы жетілмеген; екінші түр - пайымдау мен түсінік деңгейі өзінің шынайы кемелділігі жағынан барабар, бірақ біздің интеллектіміз бен парасатымыз субстанцияның осындай болмысынан алшақ тұрғандықтан, адекватты түрде және болмысының кемелділігін түсіндіріп беруге дәрменсіз. Осы екі түрлі [болмыс] тиісінше болмыстың екі ақтық шегіне жатады: бірі -толық кемелділікте, екіншісі - мүлде кемелсіздікте. Біз материяға ден қойғанбыз, біздің субстанцияның Бірінші субстанциядан алшақ тұрған себебі осы. Біздің субстанция Бірінші субстанцияға жақындаған сайын біздің Ол жөніндегі түсінігіміз молая түседі, мейілінше кемелді, мейілінше анық бола береді, өйткені біз материядан алшақтаған сайын біздің Ол жөніндегі [Бірінші болмыс жөніндегі] түсінігіміз кемелдене түседі. Сондықтан біз актуальды интеллект бола бастаған кезімізде нақ осыған анағұрлым көбірек п. жақындаймыз. Егер [осы себептен] біз материядан толық бөлініп шығатын болсақ, біздің оны - өз интеллектілеріміз арқылы - пайымдауымыз мейілінше кемелді болмақ. 6. ҚҰДІРЕТТІҢ ҰЛЫЛЫҒЫ, ӘСЕМДІЛІГІ МЕН ДАҢҚЫ ТУРАЛЫ Оның ұлылығы,әсемдігімен даңқы [жөнінде де] осылай. Ұлылық, әсемдік пен даңқ затқа оның кемелдігіне қарай не субстанция ретінде не оның өз акциденцияларының бірі ретінде дариды. Әлденендей бір кездейсоқ кемелділіктің, мәселен, байлықтың немесе білімнің, яки біздің бойымызға біткен әлденендей кездейсоқ [кемелділіктің] болуы себепті ғана жұрт екінің бірінде біз туралы осылай тон пішеді. Бірінші себептің кемелділігі барлық нәрсе

біткеннен өзгеше болатыны сияқты, Оның ұлылығы, әсемдігі мен даңқы басқа улылық немесе даңқ атаулыдан өзгеше. [Оның бойындағы] ұлылық пен даңқ - Оның субстанциясында тиянақталатын шеңберлер, ал бұлар Оның субстанциясы мен парқынан өзге ешнәрсеге де тиянақтамайды. Оны мадақтасын, мадақтамасын, Оның ұлылығы мен даңқы өзінде, Ол мәртебелі, әсем де даңқты. Болмыс атаулының сұлулығы, әсемділігі мен көркі өз болмысының оңды жолмен баянды етуде және оның толық кемелділігіне жетуде. Ал Бірінші Тұлғаның болмысы әбден кемеліне келген, сондықтан оның сұлулығы да басқа сұлулық атаулыдан асып түседі.Әрбір сұлулық иесінің бойында Одан дарыған көрік пен әсемдік жайы да осылай: осының бәрі Оның парқы мен субстанциясында. Осының бәрі оның өзінде [Бірінші Тұлғада] бар, міне осылардың көмегімен ол өз парқын (14-бет) пайымдайды. Ал біздің өзімізге келетін болсақ, біздің сұлулығымыз, біздің көркіміз және біздің әсемдігіміз біздің субстанциямызда емес, акциденцияларымызда, біздің парқымызда емес, бізден тысқары заттарда. Мұндағы сұлулық пен кемелділіктің бір ғана парқы бар; басқа [атрибуттар] жөнінде де осыны айтуға болады. Рақат, қуаныш пен ләззат асқан сұлу, ең әсем, ең көрікті нәрсені барынша тиянақты және кемелді нәрсе түрінде аңғару арқылы ғана пайда болып, толық дәрежесіне жетеді. Мәселен, Бірінші Тұлға асқан сұлу, әсем де көрікті, ол оның парқы бар деген түсінік - ең тиянақты түсінік, сондықтан мұның [парқының] өз субстанциясы бар дейтін білім - ең абзал білім. Бірінші Тұлғаның бастан кешіретін рақаты сондай, мұның жаратылысын біз пайымдай алмаймыз; мұның күшін біз өзіміз көретін рақатпен байланыстырып, салыстыру арқылы ғана білеміз; ал мұның өзі өте-мөте тиянақты да тыңғылықты мағлұматтарды не түйсік арқылы, не қиялдау арқылы, не құнарлы ғылым арқылы мүлтіксіз, әбден жақсы ұғыну кезінде жүзеге асырады. Бұл ретте біздің рақаттанатынымыз сондай, біздің өзімізге бұл рақат басқа рақат атаулыдан асып түсетін сияқты көрінеді де, мұның өзі әрі бұлдыр, әрі өткінші жағдай бола тұрса да, біз өзімізді өте бақытты жандар деп санаймыз. Оның ең таңдаулы, ең сұлу және ең әсем нәрсені білу мен пайымдауының ұқсастығы өзінің мәні жағынан біздің ең сұлу және ең әсем нәрсені біліп, пайымдауымызбен бірдей, Оның ең таңдаулы, ең сұлу және ең әсем нәрсені білу мен пайымдауының ұқсастығы өзінің мәні жағынан біздің ең сұлу және ең әсем нәрсені біліп, пайымдауымызбен бірдей, сондай-ақ Оның қуанышының, рақаты мен ләззатының ұқсастығы біздің өз рақатымызбен, қуанышымызбен, ләззатымызбен бірдей. Ал біздің пайымдауымыз бен Оның пайымдауы арасында, біздің білуіміз бен Оның білуі арасында, біз үшін ең сұлу нәрсе мен Оның парқындағы сұлулықтың арасында ешқандай сәйкестік жоқ; тіпті сәйкестік болған күнде де, ол - мардымсыз. Айталық, [енді] ешқандай сәйкестік жоқ дейік; ал егер сәйкестік болса, ол - шексіз. Шынында да, ең кішкентай бөлшек ретіндегі нәрсе мен уақыт жағынан ұлылығы шексіз нәрсенің арасында қандай байланыс болмақ! Өз парқынан неғұрлым коп ләззат алғандар соғұрлым қуанышқа бөленіп, рақатты ләззат алады, соғұрлым аңсары ауып, ғашық болып, сүйсіне береді. Сонымен, асылында, Бірінші себеп өзін өзінше сүйеді, өзін-өзі жақын көреді, өз парқына өзі сүйсінеді. Бірінші себептің [махаббаты] мен біз ләззат алатын өз парқымыздың мәртебесіне деген махаббатымыз арасындағы қатынас Оның парқына тән мәртебе мен кемелділіктің және біздің оз бойымызға тән, өзімізді сүйсіндіріп жүрген мәртебе мен кемелділіктің арасындағы қатынас

сияқты. Онда [Бірінші себепте] ғашықтың өзі ғашық етуші, сүйсінушінің өзі сүйсіндіруші құштарлана ғашық болушы мен құштарлық махаббат туғызушы - мұның бәрі біздің бойымызда кездесетін қасиетке қарама-қарсы, өйткені біз үшін құштарланған махаббат туғызушы - кемелділік пен сұлулық, ал біздің арамыздағы құштарлана ғашық болушының бойында ешқандай сұлулықта, кемелділікте жоқ; мұның керісінше, біздегі құштарлана ғашық болушы да, ғашық болушыға да, ғашық етушіге де қатыссыз бір күш бар; [қысқасын айтқанда] - біз үшін ғашық етуші мен ғашықтың - бірдей емес. Ал Бірінші Тұлғаны алатын болсаң, Онда ғашық болушы - ғашық етушінің өзі, ал ғашық етуші -ғашық болушының өзі; тіпті бауратушының өзі - баураушымен бірдей. Сонымен, Ол - әрі ғашық болушы, әрі құштарлық махаббат туғызушы Бірінші Тұлға, дегенмен жан біткен оған бәйек, бірақ Ол - булай емес, жан біткен Оны сүйеді, бірақ Ол - бұлай емес. 7. ДҮНИЕДЕГІ БАРЛЫҚ; ЗАТТАРДЫҢ ОДАН ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ Бірінші Тұлға - болмысты туғызушы. Бірінші Тұлға жаралғаннан бергі ақиқат нәрсе, болмыс біткеннің бәрі өз болмысына сәйкес осыдан келіп шығады, ал булардың өмір сүруі адамның ерекше немесе қалауына байланысты емес, - бұл болмыстардың біреулері бізге түйсік арқылы, екінші біреулері дәлелдеме арқылы мәлім. Бірінші Тұлғаның болмысы осы болмыстың басқа заттардың болмысына келіп құйылуы тәрізді, ал барлық басқа нәрсенің болмысы оның өзінен шығады /7/. Осыған байланысты, Бірінші Тұлғадан келіп шығатын заттың өмір сүруі Оның өз өмірінің өшіп бітуіне ешбір себеп бола алмайды, ал енді жаңа туған перзенттің дүниеге келуі [әманда] осыларды туғызған ата-ана өмірінің өшіп бітуі болады. Бұл ретте [Бірінші Тұлғадан] келіп шығатын болмыс Оны біраз кемелдендіре түседі, ал мұның өзі екінің бірінде біздің басымызда болатын жағдай. Мәселен, біз басқа біреуге аңша береміз де, оның есесіне ризашылық немесе рақат аламыз, не болмаса басқа бір игілікке кенелеміз, ал мұның өзі бізді біраз кемелдендіре түседі. Бірінші Тұлғаны алатын болсақ, Ол басқа бір нәрсеге бола өмір сүрмейді және басқа бір нәрсе Одан тысқары өмір сүрмейді, сөйтіп Оның болмысының мақсаты бола ал¬майды, өйткені булай болған күнде Оның өмір сүруінің сыртқы себебі бар болып шығады да, ол ендігі жерде Бірінші себеп бола алмайды. Сонымен қатар, басқаларға өмір бергенде, Ол өз [басының] кемелдігінен басқаша кемелділікке, бұрын Оның өз басында болмағаны кемелділікке жетпекші емес (16-бет), ал енді өзінің ақшасын немесе басқа бірдеңесін берген адам осының есесіне рақатқа, ризашылыққа, мәртебеге немесе басқа бір игілікке кенеледі. Бірінші Тұлға жөнінде бұл сияқты нәрсенің болуы мүмкін емес, өйткені мұның өзі барлық жағынан Оның бірегей де үздік екендігіне нұқсан келтірер еді де, Оның болмысынан және Оның өмір сүруінің себебінен тысқары басқа бір [болмыс] туғызған болар еді. Мұның керісінше, Бірінші Тұлға өзіне бола өмір сүреді, ал өзге болмыстар Оның аясында өмір сүреді, демек, Оның субстанциясына, оның болмысына ділгер. Міне сондықтан да Оның болмысы ағылып келіп, басқа [болмыстарға] және олардың субстанцияларына өмір береді; сөйтіп, - шындығында, - Оның субстанциясы ретіндегі болмыс басқа [болмыстардың] өмір сүруіне негіз қалаушы болмыс болып табылады. Бірақ Ол [яғни Бірінші Тұлға] екі элементке бөлінбейді, [әйтпесе], осы екі элементтің Бірінің арқасында, өзінде өзі субстанцияланған болар еді де, екіншісі басқа болмыстардың өмір сүруінің басы

болар еді, бүл біздің екі элементтен құралатыны сияқты, оның бірі біздің субстанциямызды жасаушы себеп, ал екіншісі, мәселен, жазу өнері сияқты біздің шығарма жазуымызға мүмкіндік береді. Мұның керісінше, Ол - бірегей тұлға және бірегей субстанция: басқа зат нақ осыдан пайда болады. Дәл сондай-ақ Оған [Бірінші Тұлғаға] Одан шығатын басқа болмыстың, оның өз парқынан басқа нәрсенің болуы қажет емес, сонымен қатар Оған оның өзінде жоқ форма беретін акциденциялар немесе қозғалыс та қажет емес, Оған жат қараудың да қажеті жоқ. Оттың судан бу шығаруы үшін жылылық керек, осы жылылық суды буға айналдырады, яғни [сол сияқты], айналадағысын жылыту үшін Күннің қозғалуы керек, өйткені қозғалыс арқылы ол өзінде жоқ формата ие болады; сонда одан [Күннен] және қозғалыстан келіп шыққан формадан, бізді қоршаған заттар ішінде жылылық пайда болады; немесе [ақырында] балташыға ағашты қырқу үшін, шауым, жару үшін балта мен ара керек. Оның болмысы - басқа болмыстарға негіз болатындықтан - Оның субстанциясындағы болмыстан кемелді емес, сонымен қатар Оның болмысы Оның оз субстанциясында - басқа болмыстарды туғызатын болмыстан кемелді емес. Керісінше, мұның өзі - бірегей тұлға. Сондықтан басқа болмыстардың Одан ағындап шығуыма ешқандай бөгет кесір жасай алмайды, бұл [бөгет] Оның өзінде бола ма, әлде Оның субстанциясынан тысқары бола ма, бәрі бір: сондай-ақ Оның субстанциясындағы болмысы басқа болмыстарды туғызатын болмыстан кемелді емес. Керісінше, мұның өзі — бірегей тұлға. Басқа болмыстардың Одан ағындап шығуына ешнәрсе бөгет болмақшы емес, ал бұл [бөгет] Оның өзінде бола ма, әлде Одан тысқары бола ма, бәрібір (17-бет). 8. ДҮНИЕДЕГІ ЗАТТАРДЫҢ САТЫЛАРЫ ТУРАЛЫ Тіршілік түрлері көп-ақ, сонымен бірге булар толып жатқан сатыларға бөлінеді /8/. [Бірінші себептің] субстанциясы сондай, болмыс атаулының бәрі - кемелдісі болсын, кемелсізі болсын, - содан Келіп шығады; сонымен қатар оның субстанциясы сондай, болмыстың бәрі содан келіп шыққан кезде, өз басқышына қарай, әрқайсысы болмыстың өзіне тиесілі бөлегі мен дәрежесіне ие болғанда, бәрі де ең кемелді болмыстан қайта басталады; мұның өзі кемелсіздеу нәрсе арқылы жалғаса береді, сөйтіп кемелсіз нәрседен кемелсіздеу нәрсеге ауысып отырады да, ақтық болмысқа жетіп тынады, а л бұдан тысқары ешқандай басқа тіршілік жоқ, демек, одан тысқары басқа болмыс та жоқ. Ал Оның субстанциясы содан келіп шығатын барлық болмыстардың субстанциялары сияқты, булай маған күнде Оның болмысы Оның өз болмысынан өзгеше болар еді; Ол мархабатты, ал Оның мархабаттылығы Оның субстанциясында Саты-сатыға бөлінетін болмыстар Онымен байланысының дәрежесіне қарай өзіне болмыстан тиетін үлесті иемденеді; сонымен, Ол әділ және Оның әділдігі Оның субстанциясында, ал мұның өзі Оның, субстанциясынан келіп шығатын басқа бір заттың үлесіне қатысы жоқ. Сонымен қатар Оның субстанциясы сондай, егер болмыс атаулы онан шығатын болса, өзінің басқышына қарай, бұлар бірігіп, жымдасып, тәртіпке келеді, сөйтіп көптеген заттар біртұтас жүйе құрып, бейне біртүтас болмысқа айналады. Бұл болмыстарды өзара біріктіріп, байланыстыратын нәрсе: біреулері үшін , олардың субстанциясында болады; өздерінің болмысы ретіндегі нақ осы субстанциялары арқылы бұлар бірігіп, байланысады; Ол екінші біреулер үшін - бұлардың субстанцияларына байланысты формаларда болады;

мәселен, адамға тән махаббат жұрттың болмысы ретіндегі субстанциясына емес, олардың хал - жағдайына байланысты. Мұндай хал-жағдай Бірінші себептен келіп шығады, өйткені бұлар нақ соның субстанциясынан туып отырады; олардың болмыстары мен субстанциясы, хал-жағдайы көбінесе осылай және олар осылар арқылы өзара байланысып, тәртіпке келген. 9. БІРІНШІ [TҰЛFАНЫ] АТАУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕСІМДЕР ТУР АЛЫ - ОНЫҢ ДАҢҚЫ АРТА БЕРСІН! Бірінші Тұлғаға лайықты есімдер - біздің айналамыздағы тұлғалардың, одан да булардың ең таңдаулыларының бойындағы кемелділік пен мәртебені көрсететін (18-бет) есімдер, алайда бұл атаулар әдетте біздің айналамыздағы тірі жандарға, бұлардың ең таңдаулыларына тән деп жүрген кемелділіктер мен мәртебелерді көрсетпейтін болуы керек; тек қана Оның субстанциясына тән кемелділікті көрсетуі керек. Сонымен қатар [ең] көп кездесетін мың-сан атаулармен бейнеленетін кемелділік түрлері. Онан соң мың-сан атаулар арқылы - Оған өзіміз тағатын есімдер арқылы, - көрсетілген бұл кемелділік түрлері [соншалық] көп түрлер екен деп, Ол осы түрлерге қарай сан бөлшекке, түгелінен Оның субстанциясын құрастыратын бөлшектерге бөлінеді екен деп ойламау керек; керісінше, осы мың сан есімдерді мүлде бөлінбейтін бірегей субстанция және бірегей болмыс деп түсіну керек. Біздің айналамыздағы болмыстардың кемелділігі мен мәртебелілігін көрсететін есімдер ісінде болмыс атаулыға тән нәрсені ғана білдіретін есімдер бар, өйткені бұлар Одан тысқары ешқандай басқа нәрсені, мәселен, - «Тұлға», «Бірегей», «Тірі» сияқтыларды мегземейді және Одан тысқары басқа нәрсенің болмысына тән сипатты көрсететін есімдер бар, мәселен, «Әділетті», «Мархабатты». Сонымен осы [соңғы] есімдер біздің айналамыздағы болмыстың мәртебелілігі мен кемелділігін [және мынаны] көрсетеді: сыртқы болмыспен екі арадағы байланыс осы есімдер арқылы бейнеленетін сол болмыстың бір бөлімі және ол осының дәнекері, ал мұның мәнісі бұл есім, яғни бұл мәртебе мен кемелділік, басқамен екі арадағы байланыс арқылы келген деген сөз. Біз бұл есімдерді Бірінші Тұлғаға бағыштап қолданғанда, осы есімдер арқылы біз, Оның өзінен келіп шығатын болмыс арқасында, Оның басқа болмыстарымен жасайтын байланысын білдіреміз. Біз бұл байланысты оның кемелділігінің немесе осы байланыс нәтижесінде туған сол атаулардың бірі арқылы бейнеленетін кемелділіктің бөлегі етуге тиісті емеспіз; бірақ біз осы атпен субстанция мен кемелділікті паш етуге тиіспіз, ал бұлардың байланысы осының қажетті салдары болмақ; осы субстанция арқылы жасалатын байланыс субстанциясы осы есіммен бейнеленетін нәрсеге телінген байланыс (19-бет). 10. ЕКІНШІ PET ӨМІР СҮРУШІЛЕР [ЗАТТАР] ТУРАЛЫ ЖӘНЕ КӨПТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУР АЛЫ /9/ Бірінші себептен Екіншісінің болмысы келіп шығады, бұл да - мүлде тәнсіз субстанция және материяда жоқ болмыс. Ол өз парқын пайымдайды және Бірінші себепті пайымдайды, ал оның оз парқынан пайымдайтыны - оның оз парқы ғана, будан басқа дәнеңе де емес. Мұның өзі Бірінші себептен әлденені пайымдайтындықтан, будан қажетті түрде Үшіншінің болмысы келіп шығады. Ол субстанциялық жағынан өз мәнінде болатындықтан будан қажетті түрде Бірінші Аспанның болмысы келіп шығады. Үшіншісі де материяда емес; ол оз

субстанциясы арқасында интеллект болып табылады; ол өз парқын пайымдайды және Бірінші себепті пайымдайды. Субстанциясы жағынан ол өз мәнінде болғандықтан, будан қажетті түрде қимылсыз жұлдыздар әлемінің болмысы келіп шығады. Ол Бірінші себептен әлденені пайымдайтындықтан будан қажетті түрде Төртіншінің болмысы келіп шығады. [Соңғының] өзі де материяда емес. Ол оз парқын пайымдайды және Бірінші себепті пайымдайды. Субстанциясы жағынан ол оз парқында болғандықтан, будан қажетті түрде Сатурн әлемі келіп шығады. Ал оның өзі Біріншіден бірдеңе пайымдайтындықтан, будан қажетті түрде Бесіншінің болмысы келіп шығады. Осы Бесінші де материяда емес, Ол оз парқын пайымдайды және Бірінші себепті пайымдайды. Субстанциясы жағынан ол оз парқына енгендіктен, будан қажетті түрде Юпитер әлемінің болмысы келіп шығады. Ол Бірінші себептен бірдеңені пайымдайтындықтан, будан қажетті түрде Алтыншының болмысы келіп шығады. [Соңғының] өзі де материяда емес. Ол оз парқын пайымдайды және Бірінші себепті пайымдайды. Субстанция жағынан оны оз парқында болғандықтан, будан қажетті түрде Марс әлемінің болмысы келіп шығады. Ол Бірінші себептен бірдеңені пайымдайтындықтан, будан қажетті түрде Жетіншісінің болмысы келіп шығады. [Соңғының] өзі де материяда жоқ. Ол өз парқын пайымдайды және Бірінші себепті пайымдайды. Ол өз парқын және Бірінші себепті пайымдайды. Субстанциясы жағынан ол оз парқына енгендіктен, бұдан қажетті түрде Күн әлемінің болмысы келіп шығады. Ол Бірінші себептен бірдеңені пайымдайтындықтан, бұдан қажетті түрде Сегізіншінің болмысы келіп шығады. [Соңғының] өзі де материяға енбеген. Ол өз парқын пайымдайды және Бірінші себепті пайымдайды. Субстанциясы жағынан ол өз парқында болғандықтан, будан қажетті түрде Шолпан әлемінің болмысы келіп шығады. Ол Бірінші себептен бірдеңені пайымдайтындықтан, будан қажетті түрде Тоғызыншының болмысы келіп шығады. [Соңғының] өзі де материяда емес. Ол оз парқын пайымдайды және Бірінші себепті пайымдайды. Субстанциясы жағынан ол оз парқына енгендіктен, будан қажетті түрде Меркурий әлемінің болмысы келіп шығады. Ол Бірінші себептен бірдеңені пайымдайтындықтан, будан қажетті түрде Оныншының болмысы келіп шығады. [Соңғының] өзі де материяда емес. Ол оз парқын пайымдайды және Бірінші себепті пайымдайды. Субстанциясы жағынан ол оз парқына енгендіктен, будан қажетті түрде Ай әлемінің болмысы келіп шығады. Ол Бірінші себептен бірдеңені пайымдайтындықтан, будан қажетті түрде Он біріншінің болмысы келіп шығады. Бұ да - (20-бет) Он бірінші де материяда жоқ. Ол оз парқын пайымдайды және Бірінші себепті пайымдайды. Бірақ оз тіршілігінің негізі ретінде материяны мүлде керек етпейтін болмыстың түрі осымен бітеді. Бұлар - өзінің мәні жағынан интеллектілер және интеллекцияның пайымдалғыш объектілері ретіндегі жеке болмыстар. Аспан денелерінің болмысы Ай әлеміне келіп аяқталады. Дегенмен бұлар, өзінің жаратылысы жағынан, циклдық қозғалыста болады. 11. БІЗДЕ [ДҮНИЕДЕ] ӨМІР СҮРУШІ ЗАТТАР МЕН

ДЕНЕЛЕР ТУРАЛЫ Біз атап өткелі отырған бұл болмыстар сондай, булар әуел бастан-ақ ең биік дәрежелі субстанцияның кемелінде болады. Булардың екеуі [ай астындағы әлем мен Он бірінші интеллект] жоғарыда көрсетілген бірқатар болмысты аяқтайды, ал булардың жаратылысы алғашында биік дәрежелі кемелінде болмайды; сол себепті булардың болмысының кемелділігі көбірек, өйткені ол осылайша басталады да, содан кейін өзінің субстанциясы жағынан, будан соң өзінің түрліше акциденциялары жағынан бірте-бірте ақтық кемеліне дейін көтеріледі. Бұл жағдай осы тектес [болмыстың] жаратылысында болады және нәрсе біткенге ешқандай эсер етпейді. Осы [ай астындағы болмыстар] - не табиғи, не жасанды болмыстар. Табиғи [болмыстар] жасанды [болмыстар] үшін алғы шарттар жасайды және уақыт жағынан бұлардан бұрын жаралған. Өздерінен бұрын өмір сүруші табиғи [болмыстар] /10/ болмаса жасанды [болмыстар] өмір сүрмес еді. Болмыстардың ішінде мынадай табиғи денелер болады: от, ауа, су, жер сияқты элементтер мен және осылар тектес басқа [заттар], мәселен, бу, жалын, т. т.; тас сияқты минералдар және соларға ұқсас заттар; өсімдіктер; парасатсыз жануарлар және [ақырында] парасатты жануарлар. 12. МАТЕРИЯ МЕН ФОРМА ТУР АЛЫ /11/ Бұл болмыстардың әрқайсысы екі бөлшектен құралған: бірі ағаш сәкі сияқты, екіншісі сәкінің пішіні тәрізді. Ағаш сияқтысы - материя (21-бет) және алғашқы материя, ал оның пішіні сияқтысы болмыстың формасы мен түрі болып табылады. Осы екі [бөлшекке] ұқсас заттарда материя формасының негізі болады, Материясыз форманың субстанциясы да, болмысы да болмақшы емес. Материя форманың болуы арқасында өмір сүреді, ал егер ешқандай форма болмаса, онда ешқандай материя да болмаған болар еді. Форманың омір сүретіні соның арқасында материяның өмір сүріп отырғандығынан емес, ол дене субстанциясының актуальды субстанцияға айналуы үшін өмір сүреді. [Мұның] себебі, [болмыстың] әрбір түрі оз формасының болуы арқасында ғана актуальды қалыпта және өзінің өте-мөте кемелді екі жақты болмысында өмір сүреді; материя өзінің формасынан тыс өмір сүріп тұрғанда бұл тур тек қана потенциалды түр болады. Сөйтіп, ағаш сәкі сәкі формасына ие болмай тұрғанда ол потенциалды сәкі болады да, формалары материяда қалыптасқанша ол актуальды сәкі бола алмайды. Заттың екі жақты болмысындағы кемелділігі неғұрлым кемірек нәрсе - оның оз материясы арқылы [өмір сүруі]; екі жақты тіршіліктегі неғұрлым кемелді нәрсе - оның оз формасы арқылы [өмір сүруі]. Осы [ай астындағы] денелердің формалары қарама-қайшы: әрқайсысының болуы да, болмауы да мүмкін, ал материяның өз формасына түсу қабілеті сондай, оған қарама-қарсы форманың, дәл оның өзі сияқты, осындай заттық форманың болуы да, болмауы да мүмкін, немесе тіпті басқа формада өмір сүруі де ықтимал. Төрт элементтің формалары қарама-қайшы. Бұл элементтердің әрқайсысының материясы осы элементтің формасында және оған қарама-қарсы элементтің формасында бола алады. Ол - барлық [элементтерге] ортақ және осылардың материясы, сондай-ақ ай астындағы басқа да денелердің материясы болып табылады, өйткені бұлар - элементтердің формалары. Элементтердің материялары [құрама] материя емес, ай астындағы [денелерге] ортақ алғашқы материялар. Бүл денелердің бірде-бірі өз формасын күні бұрын болжап біле алмайды, бірақ булардың әрқайсысына оз материясы бағышталған бұл

материя -оның потенциалдың болмысы, біркелкі алшақ жатқан және актуальды емес болмысы, өйткені оның алғашқы материясы ғана белгілі. Міне, сондықтан да материя әрқашан да денені субстанциялық жағынан қалыптастыратын формаға ұмтылып отырады, бұл дене өзінің актуальды болмысын баянды еткенше дәрежеден дәрежеге көтеріле беруден танбайды (22-бет). 13. МАТЕРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘҢІРЛІК ТҰЛҒАЛАР САТЫЛАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ ТУРАЛЫ Осы [ай астындағы] болмыстардың сатылары кемелділігі ең төмен болмыстан басталады да, озық болмысқа және бұдан соң - одан да озық болмысқа қарай бет алады, сөйтіп ең ақырғы озық дәрежеге жеткенше осылай кете береді. Кемелділігі ең төмені - жалпы бірінші материя; будан соң кемелділік сатыларына сәйкес дәйектілікпен көтерілетіндер - элементтер; минералдар; өсімдіктер; парасатсыз жануарлар және ақырында, ешкім де асып түсе алмайтын парасатты жануарлар. Жоғарыда аталған болмыстарды алатын болсақ, булар сатылары бойынша неғұрлым озық болмыстан бастайды да, кемелдіден кемелділігі төмен болмысқа қарай ойысады, сөйтіп бәрінің ішінде кемелділігі ең төмен болмыспен аяқтайды. Бұлардың ішінде ең озығы да, ең кемелдісі де - Бірінші Тұлға. Ал Одан келіп шығатын болмыстар үшін ең озықтары жинақтап алғанда денелер де емес, денелердің туындылары да емес. Бұдан кейін аспан [денелері] келеді. Бөлініп шыққан [интеллектілер] ішіндегі ең озығы - Екінші [болмыс] будан соң - Он біріншіге дейінгі - басқалары келеді. Аспан [денелерінің] ішіндегі ең озығы - Бірінші Аспан, одан кейін Екіншісі, мұның соңынан - Ай әлемі болып табылатын Он біріншіге дейінгі басқалары келеді. Біріншіден соң келетін, бөлініп шыққан [интеллектілер] - саны жағынан онға тең; аспан денелері небәрі тоғыз немесе, бәрін қосып алғанда - он тоғыз [болмыс]. Осы онның [бөлініп шыққан болмыстардың] әрқайсысы өзінің тегі мен басқышы жағынан бірден-бір болмыс: оның болмысы өзінен басқа ешкімге де тән емес, әйтпесе оның болмысына басқа болмыс араласқан болар еді, осы басқа болмыста оны алдыңғыдан өзгеше ететін әйтеуір бір сипат болуға тиіс. Сөйтіп, оны алдыңғыдан өзгеше етерлік нәрсе оның оз мәні болар еді, онда осы басқа болмыстың өз болмысы оның өмір сүруіне негіз боларлық болмыс бола қоймас еді. Сонымен, екінің болмысы бірдей емес, қайта бұл [болмыстардың] әрқайсысында тек оның өзіне ғана тән қасиет бар. Сондай-ақ [жеке болмыста] қарама-қарсылықтың болуы мүмкін емес, өйткені қарама-қарсылығы бар болмыс атаулыда материя болады, бұл материя оның өзіне де, оның қарама-қарсылығына да ортақ. Бәз-баяғы бір түрдің жеке-дара мәндері толып жатыр, мұның себебі осы тектес формалардың коп кездесуінен, ал материясыз нәрседе оның өзінен басқа дәнеңе де жоқ. (23-бет) Оның үстіне, қарама-қарсылықты не субстанциясы қым-қиғаш көптеген заттар туғызады, не хал-жағдайы мен байланысы негізінде қарама-қарсы болып келетін бір ғана нәрсе туғызады. Суық пен жылылық осындай. Мұның екеуі де Күннен шығады, бірақ соңғысы екі түрлі жағдайда - бірде жақындап, бірде қашықтайтын жағдайда болады, сөйтіп осы екі түрлі байланыс жағдайы арқылы қарама-қарсылық туғызады. Бірінші себепте қайшылық та, Екінші [болмыспен] қым-қиғаш келетін жағдай да болмақшы емес, сондықтан оның Екіншімен байланысы қарама-қайшы байланыс емес. Екіншісінің өзі де қарама-қарсылыққа жол бермейді. Үшінші жөнінде де, күллі Оныншы [болмысқа]

дейінгілер жөнінде де осыны айту керек. Ол [болмыстың] - әрқайсысы өзін пайымдайды және Бірінші себепті пайымдайды. Бірақ булардың ешқайсысында қай жағынан болса да пайымдаушыдан асып түсерлік қабілет жоқ: бұлардың бәрі пайымдаушының биік мәртебесінен нәр алады, сонымен қатар өз парқын Бірінші себептің парқымен байланыстырады. Бірінші Тұлғаның мәртебесі оның өзінен-өзі алатын ләззатынан асып түседі, ал Оның Бірінші себепті пайымдауы Оның өзін-өзі пайымдағанда алатын ләззатына көбірек ләззат береді, сондай-ақ [он болмыстың әрқайсысының] Бірінші себепті пайымдағанда өзінен-өзі алатын ләззаты өзін-өзі пайымдағанда алатын ләззатынан асып түседі. Дәл [сол сияқты] Бірінші себепті пайымдағанда олардың бастан кешіретін сүйсінуі мен махаббаты өздерінөздері пайымдағанда олар бастан кешіретін, өздеріне деген сүйсінуі мен махаббатынан асып түседі, мұның өзі құдды Бірінші себептің әсемдігі мен сұлулығы Оның әсемділігі мен Оның [өзінің] сұлулығынан асып түсетіні тәрізді. Сөйтіп, [бұлардың әрқайсысы] әуелі Оның Бірінші себепті пайымдайтынын жақсы көріп, соған сүйсінеді, тек содан кейін ғана Оның өзін-өзі пайымдайтынын сүйсініп, соны жақсы көреді. Сондықтан Бірінші себеп, осы он түрлі [жеке-жеке болмыстармен] байланыстылығы нәтижесінде алғашқы махаббат және алғашқы бауырмалдық болып табылады. 14. АСПАН ДЕНЕЛЕРІНІҢ НЕ НӘРСЕГЕ ҚАТЫСАТЫНЫ ТУРАЛЫ Аспан денелері тоғыз түрлі дәрежедегі тоғыз [сатылы] жүйені құрастырады; әрбір жүйені біртұтас әлемдік дене қамтиды. Бірінші [жүйеде] біртұтас дене бар, бұл дене бірыңғай айналмалы қалыпта, өте шапшаң қозғалып тұрады. Екінші жүйедегі біртұтас дененің ішінде жалпылама қозғалатын басқа денелер бар; бұлардың бәрінде тек екі түрлі қозғалыс болады, бәрі осылардың төңірегінде айналып жүреді. Будан кейінгі жеті жүйенің әрқайсысында (24-бет), үшіншіден бастап, толып жатқан денелер бар, булардың өздеріне тән арнаулы қозғалыстары болады және бәрі де басқа қозғалыстарға қатысып отырады. Бұл денелер бір тектес, бірақ түрлері әр алуан. Сан жағынан бүл түрлердің әрқайсысында тек қана бір [дене] болмақ, ал осы түрге жататын басқа заттың ешқайсысы буған қосыла алмайды. Мәселен, Күнді алайық: оның түріне жататын бірде-бір зат оның болмысына ортақ бола алмайды; ол өзінің болмысы жағынан бірегей. Ай және басқа жұлдыздар жөнінде де осыны айту керек. Барлық [аспани] денелер материялық болмыстарға ұқсас, өйткені бұлардың белгілі формалары материя үшін, форма мен субстанция сияқты біркелкі себептері бар. Бұл принциптер осындай себептерде болады. Оның бер жағында, бұлардың формаларында қарама-қарсылық болмақшы емес, ал әрқайсысының себебі өз формасынан басқа ешқандай формаға түспекші емес, және онсыз өмір сүрмекші де емес. Ал бұл формалардың себептері өздеріне сай болмыстардан құралақан қала алмайды, сондықтан олардың себептері оз формаларының мәні жағынан пайымдауына және пайымдалуына бөгет жасай алмайды. Сөйтіп, осы [аспани] денелердің әрқайсысын оның оз формасы арқылы іс-әрекеті жағынан пайымдауға болады. Сондықтан ол өзі шығатын бөлек [болмыстың] парқын пайымдайды және ол [сонымен қатар] Бірінші себепті пайымдайды. Бірақ өзінің парқы жағынан

пайымдайтынының бәрі интеллект емес, өйткені ол [сонымен бір мезгілде] өзі үшін пайымдауға келмейтін өз себебін пайымдайды. Ол өз себебі арқылы емес, оз формасы арқылы пайымдайды, онда пайымдауға келмейтін интеллект бар. Сөйтіп ол өзінің субстанциясы мен құрылымы ретіндегі нәрсенің бәрін пайымдайды. Сөйтіп, ол өзінің мәні жағынан бір формадан және бір себептен құралған. Бірінші себептен, шынайы материялық он болмыстан және себеп атаулыдан оның өзгешелігі міне осында. Адам, міне, осыны қанағат етеді. Сондай-ақ әрбір [аспан денесі] өзінен ләззат алады, онда да өзін пайымдайтындығынан ғана емес, Бірінші себепті, онан соң өзі шығатын бөлек интеллектіні пайымдайтындығы себепті ләззат алады. Бірінші себеп пен оған ортақ нәрсе - Бірінші себепке деген сүйіспеншілігі және Бірінші себептен даритын әсемдік пен сұлулыққа сәйкес [ол бастан кешіретін] өзіне-өзінің сүйсінуі; сонымен барлық жағынан ол [бөлініп кеткен] Он интеллектіден анағүрлым көмек. Бірінші материялық [болмыстар] мен оған ортақ қасиеттердің ішінде асқан ізгілік пен өрен биік мәртебе оның бойына дарыған. Шынына келгенде онда ең таңдаулы пішін – әлемдік пішін бар. Оның бойындағы абзал қасиеттер көзге түсіп турады, мұның аты - сәуле; өйткені оның кейбір бөлшектері сәуле шашып турады - мәселен, жұлдыздардың жайы осындай (25-бет), ал басқалары актуальды мөлдір келеді де, өздігінен және жұлдыздардан түскен [сәуле арқылы] толық нұрға бөленеді. [Ақырында], оның ең таңдаулы қозғалысы бар, ол - айнымалы қозғалыс. Олардың [аспани денелердің] Он болмыспен ортақ нәрсесі сол - олар әуелі өздерінің субстанциясы болып табылатын кемелділікке жетеді, сонымен қатар оларда өздеріне тән белгілі бір шама, пішін мен қасиет пайда болады. 15. АСПАН ДЕНЕЛЕРІНІҢ ҚАЛАЙША, ҚАЙДА ЖӘНЕ НЕЛІКТЕН ҚОЗҒАЛАТЫНЫ ТУР АЛЫ [Аспан денелерінің] [он интеллектіден] айырмашылығы мынау: оларға, алғашында, өздері бет алатын мақсат қойылмақшы емес. Олардың бағдарлы мақсаты - дене акциденцияларының ішіндегі ең шағын мақсат және сонымен бірге шексіз мақсат, өйткені дене атаулы әйтеуір бір кеңістікте болуға тиіс, ал денеге тиісті кеңістік формасы дененің шеңберінде. Осындай форма ретіндегі кеңістік осы орын жиынтығын түгелдей бос қалдыра алмайды, ол бөлшектерден құралған, [сонымен қатар] кеңістікте болатын дене де бөлшектерден құралған. Бірде-бір бөлшектің шеңберге лайықтылығы басқа бөлшек атаулыдан артық емес; дене бөлшектерінің әрқайсысы өзінің айналасындағы бөлшектердің әрбіріне қажетті түрде орналаса бастайды, ал мұның басқа реттегіден гөрі бір сәтте бұрын болуы лайық емес; [дененің әрбір бөлегі] қалаған кезінде [өзінің айналасындағы бөлшекке орналаса бастайды], сөйтіп, бүл - дағдылы нәрсе. Әрдайым, дененің бір бөлегі өзінің айналасындағы бөлшекте тұрған кезінде, оның қарсы алдында келесі бөлшек болуы тиіс. Оның екі бөлшекке бір мезгілде орналасуы мүмкін емес; келесі бөлшекке бет алу үшін, сөйтіп өзінің айналасындағы барлық бөлшекті адақтап шыққанша бірте-бірте осылай өте беру үшін оның [ең алдымен] өзі тұрған [бөлшекті] босатуы қажет. Ал оның өзі тұрған бөлшек келесі бөлшектен қалыптан тыс бір сәтте артық жалғаса алмайды, сөйтіп, мұның өзі дағдылы нәрсе болуға тиіс. Алайда егер саны жағынан жалғыз бұл бөлшек әрдайым [дененің не] тиесілі бола бермейтін болса, онда ол, біресе соған тиесілі екендігі, біресе тиесілі еместігі нәтижесінде, өзінің түрі жағынан бірегей бола бастайды. [Дененің бөлшегі] өзінің айналасындағы бөлшекке келеді, ал мұның өзі оның уақытша босатқан бөлшегіне ұқсас, бұдан кейін ол үшінші [бөлшекке] қадам басады, ал

мұның өзі оның өлгендегідей уақытша қалдырып кеткен бөлшегіне ұқсас, будан соң ол осындай төртінші [бөлшекке] жетеді, сөйтіп осылайша шексіз кете береді. Сонымен, [оны қоршаған], өзінен дене бөлшегі бөлініп шығатын және осы бөлшек орналасатын (26-бет) бөлшектер де және осы бөлшек қайта оралатын бөлшектер де, бәрі де аспан аясындағы денемен байланысты болады. Байланыс деген [сөздің] мәнісі, былайша айтқанда, мынау мынаған [жатады] немесе мынау мынадан [шығады] деген соз, тағы сондайлар; мәселен, орын туралы әңгіме болғанда, оны дене мен сол денені қоршаған қабаттың байланысы сияқты деседі. Әлемдегі немесе шеңбер аясындағы аспани дене атаулы үшін оның бөлшектерінің байланыстары мен денелерінің байланыстары үнемі өзгеріске ұшырап отырады, бірақ оның бөлшектерінің әрқайсысы осындай байланыстарға, будан бұрынғы байланыстарға дәйектілікпен қайта оралып соғады. Бір заттың екінші затпен байланысы - оның акциденцияларының ішіндегі ең төмені, оның субстанциясынан өтемөте алшақ жатқаны. Әлем біткеннің әрқайсысы, денелік шеңберлердің әрқайсысы шыр айналып шығу үшін қозғалыста болады, бұл қозғалыс, басқа [әлемдердегі] қозғалысқа қарағанда, бірде шапшаң, бірде баяу келеді. Мысал - Сатурн мен Ай әлемдері; шынында Ай әлеміндегі қозғалыс Сатурн әлеміндегі қозғалыстан шапшаңдау. 16. ЦИКЛДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫ /12/ ТУҒЫЗАТЫН ЖАҒДАЙЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЖАРАТЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ [Аспан денелерінің] қозғалыстары арасындағы айырмашылық олардың басқа денелермен байланысының салдары ретінде тумайды, қайта олардың өздерінен және мәнінен келіп шығады. Өйткені олардың арасында шабандары - үнемі шабан қимылдайтындары және шапшаңдары - үнемі шапшаң қимылдайтындары бар. Оның үстіне, көптеген аспан [денелері] орталық жөнінде де, олардың астындағы нәрсе жөнінде де түрліше жағдайда болады: міне, осындай түрліше жағдайдан, олардың әрқайсысы үшін, жердің төңірегінде біресе шапшаң, біресе баяу айналудың оқыс қасиеті келіп шығады, - ал біреулерінің үнемі шапшаң және екінші біреулерінің үнемі баяу қимылдайтыны өз алдына, мәселен, Сатурнның қозғалысы Айдың қозғалысымен салыстырғанда осындай. Булардың өзара байланысынан көретініміз, олар бірде қосылып, бірде ажырасады, сөйтіп булардың арасында қарама-қарсы байланыстар болып жатады. Оның үстіне, бұлар оқта-текте әлденендей бір [бағынышты денеге] жақындайды, кейде одан алыстап кетеді; бірде булар көрініп турады, бірде бүркеулі жатады. Міне осындай қайшылықтар олардың субстанциясына емес, оған тән акциденцияға емес, олардың байланыстарына әсер етеді. Мәселен, шығу мен бату (27-бет) - аспани денелерде және олардың астындары нәрселерде болатын екі түрлі қарама-қайшы байланыс. Аспани денелер қарама-қарсылықтың әсері тиетін бірінші болмыс. Қарама-қарсылық, ең алдымен, осы дененің өзінен төмен тұрған нәрсемен екі арадағы байланысында және аспани денелердің өзара байланысында пайда болады. Бұл қарама-қарсылық өте сұмпайы келеді; қарама-қарсылық - болмыстың кемелсіздігі, яғни - аспани дененің болмыстағы барып тұрған сұмпайы нәрсенің кемелсіздігіне бағынуы. Оның үстіне, барлық аспани денелердің жаратылысы ортақ, мұның өзі оларды бірінші денеден, күндіз-түні [үздіксіз] айналып туратын денеден туратын қозғалысқа қатыстыра отырып, қимылға келтіреді. Шынына келгенде, бірінші аспаннан төмен тұрған нәрсенің қозғалысы зорлықты қозғалыс емес, өйткені ешқандай зорлықты нәрсе аспанға өте алмайды. Оның үстіне [аспани денелер], бір-бірінен едәуір өзгеше бола тұрса да, мәселен,

Сатурнның Юпитерге, немесе бір жұлдыздың екінші жұлдызға, не болмаса бір әлемнің екінші әлемге қарсы тұрғаны сияқты, бір-біріне қарсы қойылмайды. Онан соң, - жоғарыда өзіміз айтқандай, - олардың байланысындағы қарама-қарсылық және осы қарамақарсылықтарда шатысып жатқан осы байланыстардың алуан түрі оларға эсер етіп отырады. [Денелер] бір байланыстан екінші байланысқа көшеді, әлденендей бір байланысын тастап, өзінің қарама-қарсылығына бет алады, онан соң бұрып қалдырған байланысына қайта оралады, сөйтіп сапа жатынан емес, сан жағынан [өтпелі қадам жасайды]. Денелердің осылайша қайталана беретін байланыстары болады, олар біреулеріне ұзақ бөгелістен кейін, екінші біреулеріне қысқа мерзімнен кейін қайта оралып отырады, сондай-ақ ендігі жерде қайталанбайтын жағдайлары мен байланыстары да болады. Көптеген [аспан денелері] мен бағзы бір заттың арасында қарама-қарсы байланыстардың болуы мүмкін, өйткені бағзы бір заттың болмысы біреулеріне жақын, екінші біреулеріне алыс жатады. 17. СӨЗ БІРІНШІ ФОРМА МЕН БІРІНШІ МАТЕРИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ ТУРАЛЫ [Аспан денелерінің] жалпы жаратылысынан қажетті түрде Бірінші форманың, ай астындағы барлық денеге ортақ форманың тіршілігі келіп шығады; олардың субстанцияларының айырмашылығынан мәні жатынан әртүрлі көптеген денелердің тіршілігі келіп шығады; олардың байланыстары мен қатынастарындағы қайшылықтарынан қарама-қайшы формалардың тіршілігі келіп шытады; олардағы өзгерістен қарама-қайшы байланыстар, олардың дәйектілігінен бірінші материяда және одан кейінгі материяларда қарама-қайшы бір формалардың екінші формаларымен ауысуы [келіп шытады]; [аспан] денелерінің біркелкі жиынтығының қарама-қайшы байланыстарынан және мұның белгілі бір болмысқа немесе белгілі бір кезеңге (28-бет) қарама-қарсы қатынастарынан құрамдас бөліктерінің формалары қарама-қайшы келетін заттардың шытырмандығы [келіп шығады]; осы алуан түрлі құрамдас бөліктердің әркелкілігінен денелердің көптеген түрлері келіп шығады; олардың қайталанып, жаңғырып отыратын байланыстарынан заттар келіп шығады да, бұлардың біреулерінің болмысы қысқа мерзімді аралықта, екінші біреулерінің болмысы ұзақ мерзімді аралықта қайталанып, жаңғырып отырады; және [ақырында]. Олардың қайталанбайтын қатынастары мен жағдайларынан қайсыбір кезеңде күтпеген жерден бір заттар пайда болады, бұрын орын теппеген және кейін бұған қайта оралмайтын заттар [пайда болады], булар [бір рет] болады да, одан әрі қайталанбайды. 18. МАТЕРИАЛДЫҚ ДЕНЕЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ Ең алдымен элементтер, онан соң солармен бір түрте жататын және соларға ілесе жүретін денелер пайда болады; мәселен, [алуан] түрлі бұлар, бұлт, жел және атмосферада болатын барлық нәрселер; сонымен қатар Жердің айналасында және оның қойнауларында, су мен оттан болатын бір тектес денелер. Элементтерде және аталған [денелердің] әрқайсысында күш пайда болады, осы күш арқылы олар өздері сыртқы қозғаушысыз туғызған заттарға қарай өздігінен қозғалады, ал бұл заттар олар дүниеге келуден немесе болмыстан бұрын жаралған. Сонымен қатар біреулердің екінші біреулерге ықпал етуіне себепкер болатын күштер және біреулер екінші біреулерден қабылдайтын күштер [жасалады]. Бұдан соң аспан денелері өздеріне өздері және өзара эсер етісіп отырады - біреулері екіншілеріне эсер етеді, міне, осы әр алуан жақтың қимылын үйлестіруден қосындылар мен құрамалардың көптеген түрлері және

қайшылықсыздығымен немесе қайшылықтылығымен көзге түсетін көптеген шамалар келіп шығады. Бұдан денелер жиынтығының тіршілігі келіп шығады. Алғашында элементтер бір-бірімен араласып кетеді, сөйтіп көптеген қарама-қарсы денелер туғызады. Сонан соң бұлар ішінара бір-бірімен, ішінара бір-бірімен де, сондай-ақ [бір мезгілде] элементтермен де араласып кетеді, сөйтіп, бірінші қоспадан кейінгі келесі - екінші қоспаны туғызады, ал будан дәл сол сияқты көптеген қарама-қайшы формадағы денелер келіп шығады. Дәл сол сияқты осы соңғы [денелердің] әрқайсысында басқаларға әсер етерлік күш пайда болады, сонымен қатар олардың басқалардан ішінара эсер алуына себепкер болатын күш және оларды сыртқы (29-бет) қозғауыштың көмегінсіз, өздігінен қозғалуға [ішінара] мәжбүр ететін күш пайда болады. Сонан соң, аспан денелері өздеріне эсер етеді, өздеріне өздері, яғни біреулері екіншілеріне эсер етеді, [сонымен қатар] олар элементтердің эсеріне ұшырайды және [ақырында] олардың өздері элементтерге эсер етеді. Басқа ол толып жатқан алуан түрлі қоспалардың қимыл-әрекеті осылайша соқтығысып отырады, сөйтіп бұлар элементтер мен бірінші материядан едәуір алшақтап кетеді. Ал [қоспалар] осылайша [өз кезетінде] дәйектілікпен араласа беруден талмайды, бұл ретте әрбір қоспа алғашқы қоспадан күрделірек келеді, сөйтіп, денелер кедерінен асып, ендігі жерде [мен] араласа алмайтын және жерден бұрынғыдан да алшақ туратын басқа денелерді туғыза алмайтын халге жеткенге дейін осылай бола береді. Нақ осы арада араласу тоқталады. Кейбір денелер бірінші қоспадан, екінші біреулері екінші қоспадан, үшіншілері үшінші қоспадан, басқалары соңғы қоспадан шыққан. Минералдар элементтерге ең жақын және күрделілігі шамалы қоспадан шыққан; олардың элементтерден алшақтығы онша көп емес. Өсімдіктер күрделі және [сол себепті] элементтерден неғұрлым алшақ жатқан қоспадан шыққан, сондықтан да олар неғұрлым коп кездеседі. Интеллектісін жануар өсімдікке қарағанда [онан да гөрі] анағұрлым күрделі қоспадан шыққан. Тек адам ғана ақтық қоспадан келіп шығады. Осы түрлердің әрқайсысында бұларды өздігінен қимылдауға мәжбүр ететін күш пайда болады да, осы күштің көмегімен ол не өзгелерге эсерін тигізеді, не өзі басқалардың эсеріне ұшырайды. Пәрменді күштерді алатын болсақ, булардың әсерінің мәні үш топқа бөлінеді: бұлардың игеріне жиі ұшырайтындар; булардың әсеріне сирек ұшырайтындар; бұлардан біркелкі эсер алатындар. Дәл осы сияқты, енжар күштер үш түрлі әсердің мәні болып шытуы мүмкін: бұларға барынша коп әсер ететіндер; мейлінше аз эсер ететіндер; [ақырында], біркелкі эсер ететіндер. Бір [болмыстың] екіншісіне тигізетін эсері кейде көмек арқылы, кейде қарамақарсылық арқылы көрінеді. Бұдан соң болмыс атаулы бір-біріне эсер етіп жатқан кезде аспан денелері [сол болмыстардың] әрқайсысына эсерін тигізіп отырады. Көмекшілер кейде отан көмегін көрсетеді, кейде қарсы әрекет жасайды. Сөйтіп, аспан денелерінің болмыстарға жасайтын әсері (30-бет) осы болмыстардың бірбіріне тигізетін эсерінен бірігеді де толып жатқан басқа қосындылар мен қоспаларды туғызады; ал булар, өз тарапынан, әрбір жаңа түрден көптеген әр алуан тұлғалар туғызады. Аспан [денелері] аясындағы табиғи заттардың өмір сүру себептері, міне, осындай. 19. МАТЕРИЯДАҒЫ ФОРМАЛАРДЫҢ ДӘЙЕКТІЛІГІ

ТУРАЛЫ Сөйтіп, [табиғи заттар] алғашында өз тіршілігіне ие болады да, дүниеге бір келгеннен кейін өмір сүре береді. Бірақ олардың материядан және материяға қарама-қарсы формадан құралған болуы шарт, ал бұл материя осы форманы немесе оның қарама-қарсылығын аңғаруға бейім тұрады, осы денелердің әрқайсысының өз формасымен үйлесерлік правосы мен қисыны бар, оз материясымен үйлесерлік правосы мен қисыны бар. Өз формасы арқылы ол өзіне тән болмысында сақталуға праволы; оз материясы арқылы ол өзінің қазіргі болмысына қарама-қарсы басқа болмысқа ие болуға праволы. Осындай [қарама-қарсы] екі болмысты ол бір мезгілде жүзеге асыра алмайды, сондықтан будан сөзсіз келіп шығатын қорытынды, ол алғашында бірін жүзеге асырады да, біразға дейін [екіншісінің] өмірін сақтап турады, будан соң мерт болады, одан кейін тіршілік етіп, оның қарама-қарсылығын жалғастыра береді, тағысын-тағылар. Өйткені булардың бірінің өмірі екіншісінің өмірінен әсте ұзақ емес, сонымен қатар бірінің ұзақтығы екіншісінің [ұзақтығынан] әсте көп емес; булардың әрқайсысы - өз өмірі мен ұзақтығының бір бөлігі. Белгілі бір материяның екі түрлі қарама-қарсылыққа ортақ [болатыны] сияқты, осы қарамақарсылықтардың әрқайсысы осы материя арқылы өмір сүреді; бүл материяға қарамақарсылықтың екіншісіне қарағанда тезірек келуі лайық емес, және [ақырында] оның бір мезгілде екі түрлі [қарама-қарсылыққа] қатысты болуы мүмкін емес; бұдан сөзсіз туатын қорытынды, материя біресе бір қарама-қарсылыққа, біресе екінші қарама-қарсылыққа түсіп, осы ретпен кете береді де, бейне әрқайсысы екіншісіне праволы сияқтанады; біреуінде екіншісіне [бағышталған] әлденендей сипат болады, мұның керісінше, осы екіншісінде біріншісіне [бағышталған] әлденендей сипат болады; сөйтіп, әрқайсысында белгілі право болады, бұл право бірінен екіншісіне ауысуға тиіс. Демек, әділіне келгенде, материяның соңғы стадыа өмір сүрген болуы керек, өйткені ол не біріншідегіге дерек болып шығады, не соңғысынан [кейінгіге] дерек болу үшін (31-бет) ол [алғашында] біріншісінде өмір сүреді, тағысын-тағылар. Осы болмыстарға әділдік болуы үшін сан жағынан бірегей және белгілі бір заттың дараға қарағанда әрқашан коп бола беруі мүмкін емес; сондықтан да оның ұзақтығы әрқашан белгілі бір қалыпта сақталады. Зат жекеше өмір сүретіндіктен, осы түрге жататын индивидтер бірақ уақыт бойы өмір сүріп, содан кейін құрып бітуі қажет, ал бұлардың орнын нақ сол түрге жататын басқа индивидтер басуы керек, - міне бүл мысалға сәйкес, үнемі осылай болуға тиіс. Бұл [индивидтердің] кейбіреулері - элементтер, екінші біреулері осы элементтердің араласуынан келіп шығады. Араласудан туатын элементтердің ішінде біреулері неғұрлым күрделі қоспадан, екінші біреулері күрделілігі шамалы қоспадан пайда болады. Элементтердің әрқайсысын құртып тынатын қарама-қарсылық ол үшін бірден-бір сыртқы қарама-қарсылық болып табылады, өйткені элементтердің тұтас тұлғасында қарамақарсылық жоқ. Күрделілігі шамалы қоспадан келіп шыққан болмыстың қайшылығы мардымсыз, күші шенеулі де әлсіз келеді. Міне, сондықтан да оған субстанциясында зиян келтіретін қарама-қарсылық әлсіз күш болмақ та, оған болмашы мөлшерде ғана, атап айтқанда: сырт жатынан тана зиян келтірмек; сөйтіп, оның зиян келтіруші қарамақарсылығы сонымен қатар сыртқы қарама-қарсылық. Күрделілігі [одан да] шамалы қоспадан пайда болған болмысқа зиян келтіруші қарама-қарсылықтар тек сыртқы қарамақарсылықтар. Болмыс неғұрлым күрделі болса, оның бойындағы қарама-қарсылық және мұның құрамдас бөлектері неғұрлым көп болса, күрделі заттардың қарама-қарсылығы

соғұрлым өткір, қарама-қарсылық күштері [мүмкіндіктері] соғұрлым құдіретті келеді және бір-біріне эсер етуші күштер соғұрлым коп болады. Күрделілеу болмыстар әркелкі бөлшектерден құралған, сондықтан бұларда әйтеуір бір қарама-қарсылықтың болуына ешнәрсе де бөгет жасай алмайды. Сөйтіп, бұларға зиян келтіруші қарама-қарсылық - әрі сыртқы, әрі ішкі қарама-қарсылық. Сыртқы қарама-қарсылықтан зақымданатын заттар ылғи өздері іріте бермейді. Мәселен, тас пен құм - бір тектес заттар ретінде - тек сыртқы заттардың [әсерімен] тана ыдырайды. Ал басқа [денелер] өсімдіктер мен жануарлар осындай - ішкі қарама-қарсылықтан да іріпшіриді; міне сондықтан, егер осы денелердің бірі болмысқа енетін болса, оның формасы денесіндегі іріп-шіріген нәрсені үнемі қалпына келтіріп отыруы арқасында біраз уақыт өмір сүре береді. Мұның өзі іріп-шіріген нәрсені ауыстыру үшін ғана керек (32-бет); бірақ ешнәрсе де оның денесіне тиек болған нәрсенің орнын толтыра алмайды, бұл денені оз формасынан айырмайынша, оны осылай қамтымайынша, онымен бірігіп кете алмайды. Бұл қоректену деп аталады. Денеде қоректендіргіш күш және осы күштің шапағатына көмектесетін қасиет болады. Бұл күштің шапағаты сондай, осы денелердің әрқайсысы қарама-қарсы затты өзіне тартады, біресе осы қарама-қарсылықтан айырылады, біресе оны оз болмысына қайта қабылдайды, біресе [ақырында] өзінің формасы сияқты формаға түсіреді. Оның күші жүре келе құрып біткенге дейін бұл жағдай созыла береді; сонда бүл денеде енді қалпына келтіргіш күш қалпына келтіре алмайтын нәрсе ғана қалады; сөйтіп дене құриды. Ол [өзінің көзі тірісінде) зиян келтіруші өзінің ішкі күшімен өзін өзі, міне, осылай қорғайды. Зиян келтіруші сыртқы күшті алатын болсақ, дене бұдан өзіне біткен мүшелері арқылы сақтанады, бұлардың біреулері - ішкі мүшелер, екіншілері - сыртқы мүшелер. Сөйтіп, [өзінің тіршілігі жағынан] жалғасып келе жатқан нәрсені сақтау үшін бұзыла бастаған индивидтердің орнын басқалардың басуы қажет. Ал мұның өзі [екі бағытта] жүріп отырады: не бірінші индивидтер бұзылған кезде олардың орнын басқан неғұрлым жаңа, екінші индивидтер бұрынғылармен қатар жүреді, сондықтан осы түрте жататын әйтеуір бір индивид, қалаған кезінде не осындай индивид, не ең болмағанда біріншілердің орнын басқандардың ішіндегі бір [индивид] осындай жерден табылады. Бірінші индивидтер құрығаннан кейін біраз уақыт өткенде күтпеген жерден екінші индивидтер пайда болады, сондықтан біраз уақыт өткенше осы түрге жататын әлденендей басқа тұлға өмір сүре қоймайды. Осының нәтижесінде кейбір [индивидтерге] күш бітеді де, осы арқылы олар түрі жағынан өзіне ұқсастарды туғызады, ал басқалармен олар ұштаса қоймайды. Соңғылары үшін бұзылып біткен индивидтерге ұқсас индивидтерді жеке аспани денелер дүниеге келтірген, олар элементтерге осы бағытта әрекет еткізеді. Түріне сәйкес өзі сияқты күш туғызушы күшпен ұштастыратын элементтерді алатын болсақ, олар өздері біріккен күшке қарай - не әрі аспани, әрі басқа денелердің әрекетін, не қолғабысын туғызады; не қарама-қарсылық арқылы осылай етеді, ал мұның өзі күштің әрекетін [әсте] жоймайды, қайта табиғатта үйлесімділік туғызады; бұл үйлесімділік күштен туатын әрекетті теңестіру үшін, не болмаса оның әрекеті тоқтағанша (33-бет) осы теңдікті азды-көпті озгерту үшін [керек]. Осы түрдің ішінде зақымға ұшырағанның орнын басатын нәрсе нақ сол кезде пайда болады. Ал мұның бәрі жиі-жиі, некен-саяқ немесе біркелкі болып отырады. Сөйтіп әлденедей бір болмыстың тегі осылай жалғаса береді.

Осы денелердің әрқайсысында өзінің формасына сәйкес белгілі бір хұқығы мен белгілі бір мүмкіндігі болады, ал өзінің материясына сәйкес екінші түрлі хұқығы мен екінші түрлі мүмкіндігі болады. Оның формасының күші арқылы оған берілген право оның өзіне тән болмысты сақтауда, атап айтқанда; өз болмысына қайшы келетін екінші, қарама-қарсы болмысты иеленуге праволы болуында. Әділіне келгенде, осы [денелердің] әрқайсысы өз мүмкіндігіне сәйкес қанағаттандырылуы керек; ал [бұлардың бәрін] бір мезгілде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан бұдан сөзсіз туатын қорытынды, ол біресе бір мағынада, біресе екінші мағынада қанағаттандырылуға тиіс. Сөйтіп, ол тіршілік ете бастайды да, біраз уақыт өмір сүреді, содан кейін құриды; будан соң оның қарамақарсылығы өмір сүреді, міне осылайша - шексіз кете береді. Оның болмысын сақтайтын нәрсе - оның денесіндегі күш немесе оның формасын мекендейтін күш, не болмаса басқа денені [мекендейтін] және (34-бет) сонымен біріккен, соның болмысын сақтауға қызмет ететін құрал ретіндегі күш немесе оны басқаратын басқа бір дене, ал мұның өзі не аспани дене, не әйтеуір бір басқа дене, не [ақырында] осылардың бәрінің бас қосуы. Бұл болмыстар қарама-қарсы болғандықтан, әрбір қарама-қарсы жұптың материясы екеуіне де ортақ. Сөйтіп, бүл дененің материясы - сонымен қатар екінші [оған қарама-қарсы дененің материясы және [оз тарапынан] сол соңғы [дененің] материясы құдды біріншісінің материясы сияқты. Демек, оның екеуінде де біріншісінде екіншісіне, екіншісінде біріншісіне тән әлденендей бір қасиет бар. Сөйтіп, бүл жатынан алғанда бүл екеуінің біріншісінің екіншісіне біраз правосы бар, - бүл право бірінен екіншісіне көшіп отыруға тиіс. Бір денеге қатысты және екінші денеде сақталатын материя не осы екіншісінің формасына түсуге, мәселен, екінші денеден қоректенетін дене сияқты болуға тиіс, не өзінің меншікті формасына емес, оз түрінің формасына түсуге, мәселен, өлгендердің орнын басатын адамдар сияқты болуға тиіс. Бүл жерде әділіне келгенде, бірі -екіншісінің материясын иемденетіні - оған осы материяны беруге тиіс, ал екіншісі -біріншісінің материясын иемденетіні оған осы материяны қайтаруға тиіс. Мұның өзі не бір заттың өзіне қарамақарсы жақтан оз материясын қайтарып алуына, тартып алуына мүмкіндік беретін [күш]; не оның формасына біткен, бірден-бір денеге бекітілген күш, ал мұның өзі - бүл ретте - оның біте қайнасқан бір мүшесі; не екінші бір денеге біткен күш, олай болған күнде бүл дене оның бөлектенген мүшесі ретінде оның қарама-қарсылығынан материяны тартып алу үшін тана отан қызмет ететін болады. Осы денедегі немесе басқа бір денедегі екінші күш оны оз формасына немесе оның түрінің формасына түсіреді. Бір күш екі түрлі жұмыс атқара алады; бүл күш не бір дененің правосын оны билеуші екінші дененің есебінен қалпына келтіруге мәжбүр етеді, ал бүл күш аспани күш бола ма, [әлденендей] басқа [күш] бола ма, не барлық осы [күштердің] бір мезгілде жинақталуы бола ма, бәрі бір. Бір дене екіншісінің материясы болады, іс жүзінде соңғысы оған өз формасын түгел бағыштайды немесе оған өз формасының бір бөлегін беріп, оның маңызын азайтады. Екінші [дененің] қызметіндегі мүшені иеленуші дененің [өзі] бұлардың бірінің мүшесі болып табылады; не өзінің бүкіл формасын [осы екінші денеге береді], не оның мәніне ешбір нұқсан келтірмейтіндей дәрежеде оны оз формасына түсіреді. Бұл құдды құлдардың [жұмысы] есебінен өмір сүруші адамдардың өздері бағынышты болып қызмет ететін халге жеткенге дейін ауыздықтала беретіні сияқты. 20. АДАМ ЖАНЫНЫҢ БӨЛШЕКТЕРІ МЕН КҮШТЕРІ [ҚАБІЛЕТТЕРІ] ТУРАЛЫ /13/

Адам пайда болысымен оның бойына ең алдымен бітетін нәрсе - күш [яғни қабілет], ол осы күш арқылы қоректенеді. Сондықтан бұл қоректендіргіш күш болады. Бұдан соң түйсінілетін нәрсені, - мәселен, жылылық пен суықтықты, — аңдауға мүмкіндік беретін және дем, иіс, дыбыс, [ақырында], түр-түс сияқтыларды, сәуле тәрізді көзге көрінетін зат біткенді аңдатқызатын күш [пайда болады]. Сезімнің пайда болуымен бірге адамда сезімдік аппарат пай¬да болады, оны өзінің түйсінген нәрсесін ұнатуға немесе ұнатпауға мәжбүр ететін ишарат. Сонан соң, оның бойына екінші күш бітеді, осы күш арқылы ол түйсінген, эсер алған нәрсенің сезімдік байқау эсері [көзден] ғайып болғаннан кейінгі жерде жадында сақтайды; бүл - қиялдау күші. Мұның өзі түйсік біткенді өзара біріктіреді немесе әр алуан үйлесімдер мен жіктерге бөледі, біреулері - жалған, екінші біреулері - ақиқат, сонымен қатар бүл күш қиялдағы нәрсеге ынтыққан талапты демеуші болады. Ақырында, оның бойында ойлау күш болады, осы арқылы ол интеллекцияның пайымдағыш объектілерін аңғарады, сұлулықты сұмпайылықтан айырады, сөйтіп өнер мен ғылымға ие болады (35-бет). Бұл күш те пайымдалатын нәрсеге ынтыққан талапты демеуші болады. Қоректендіргіш күш бір үстем күштен және басқа күштерден - қоректендіруші және қызмет етуші күштерден құралады. Қоректендіргіш, үстем күш дене мүшелерінің ортасында - ауызда болады. Қоректендіруші және қызмет етуші [күштер] түрлі мүшелер ортасында орналасқан, бұлардың әрқайсысы белгілі бір дене мүшесін пана етеді. Үстем күш, өзінің жаратылысында, барлық басқа күш атаулыны билеп-төстейді; бұлар жүректе жатқан үстем күштің табиғи мақсатын көздей отырып, өздерінің қимыл-әрекетінде соған еліктейді. Мәселен, асқазан, бауыр, көкбауыр мен оларға қызмет етуші мүшелер және ақырында, соңғыларға қызмет етуші мүшелер осындай. Сөйтіп, ең басты және билеп-төстеуші мүше - бауыр. Ол билейді де, бағынады да: мәселен, ол өтті, бүйректі және басқа да сол сияқты мүшелерді билейді, ал бағынатыны — жүрек. Қуық бүйрекке, бүйрек бауырға, бауыр жүрекке қызмет етеді. Бұлардан басқа да мүшелер бар. Сезімдік күш [тепе-тең дәрежеде] әрі үстем [күш], әрі қоректендіргіш [күш] деп есептеледі. Соңғысы — жұрттың бәріне әбден мәлім бес сезім, көз, құлақ және басқа [мүшелер] арасында бөлінетін сезімдер. Осы бес сезімнің әрқайсысы өз түйсінгенін аңғарады. [Сезімдік] үстем күш дегеніміз - барлық бес сезімнің аңғаратынын бір жерге біріктіретін [күш], бүл сезімдер патшалықтың әрбір ауданындағы жаңалықтың белгілі бір түрі бойынша оның шолғыншылары мен хабаршылары ретінде әрекет етеді. Сөйтіп, үстем [күш], бейне бір патша сияқты, оның патшалығының барлық аудандарынан яғни хабаршылар әкелген жаңалықтар соның төңірегіне жиналады. Бұл күні те жүректе. Қиялдау күшінде қоректендіруші күштер болмайды, бұлар [дененің] басқа мүшелері арасында орналасады; бір-ақ бүл күш - бірегей күш, бүл да жүректе болады. Аңғарылған нәрге сезімге [эсер етуден] қалғаннан кейінгі жерде ол осыны жадында сақтайды. Өз жаратылысы бойынша ол аңғарылған нәрсе жайында төрелік айтып, оны жайғастырады, атап айтқанда: түрлі амал-айла арқылы хабар объектілерінің] біреулерін екіншілерінен айырады және біреулерін келістіреді де, екіншілерін түйсінілген нәрсеге қарсы қояды. Ойлаушы күшті алатын болсақ, басқа мүшелерде оның өз түріндегі қоректендіруші немесе қызмет етуші күштері жоқ. Бәрінен бұрын ол (36-бет) барлық басқа күштерге үстемдік жүргізеді, ал бұлар қиялдау күштері бола ма, әр түрлі негізгі күштер бола ма, яғни ішінде үстемдік етушілері де, бағыныштылары да бар күштер бола ма, бәрі бір. Ол [ойлаушы күш]

қиялдау күші және сезімдік күш пен қоректендіргіш күш сияқты үстем күштерді билептөстейді. Талпынғыш күш дегеніміз - затты ұнататын немесе ұнатпай тастайтын күш. Ол - үстем күш, ал басқа [күштер] оған қызмет етеді. Осының арқасында тілек [түгелдей] талапқа ұласады немесе аңғарылған нәрсені - не сезіммен, не қиялмен, не ойлаушы күшпен аңғарылған нәрсені - қабылдамай тастауға мүмкіндік береді, - сөйтіп бүл нәрсе бейне бір ұнатылған немесе ұнатылмаған болып есептеледі. Не бүкіл тәніңмен, не мүшелеріңнің бірімен әлденендей бір затты білсем деген тілегің, сонымен қатар әлденендей бір затты жасасам деген тілегің болуы керек; бірақ бұл тілекті [қайткен күнде де] талпынғыш үстем күш туғызады. Тәннің әрекетін талпынғыш күшке қызмет етуші күштер туғызады; ал бұл күштер мүшелер ішінде осы әрекеттің жасалуына мүмкіндік берерліктей болып орналасқан; бұл мүшелер - тәндегі жүйкетамырлар мен бұлшық еттер, міне, осылар арқылы іс-әрекет жасалады - жануар мен адамның мақсаты жүзеге асырылады, мұның өзі қалауынша қимылға келтірілетін аяқ пен қол және басқа барлық мүшелер сияқты. Сөйтіп, мүшелерде болатын, жоғарыда аталған күштер - түгелінен тәннің құралдары, сондықтан булар талпынғыш үстем күшке бағынады, ал бұл күштің өзі жүректе болады. Әлденендей зат жөніндегі білім не ойлаушы куш арқылы, не қиял арқылы, не түйсік арқылы жинақталмақ. Егер түйсінілген затты интеллект күші арқылы білсем деген тілегің болса, оны жүзеге асырушы әрекет парасатты [жан] жүйесіндегі екінші күштің [көрінісі] болмақ; ал мұның өзі - интеллектіні, елесті, түс көруді, ой толғауын және тұжырымды пікір туғызатын парасатты күш. Ал егер түйсінілетін нәрсені түйсік арқылы танып білсем деген тілегің болса, осы тілекті жүзеге асыратын нәрсе тән мен психика әрекеттерінің көрінісі болмақ. Мәселен, затты көргіміз келгенде, біз қабағымызды көтеріп, назарымызды өзіміз көргіміз келген сол затқа аударамыз; егер зат қашық жатса, біз соған қарай жақындаймыз; егер оны бізден көлегейлеп тұрған бөгет болса, біз бұл бөгетті қолымызбен алып тастаймыз. Бұл қимылдардың бәрі - тәннің қимылдары, ал түйсік дегеніміз, өзінен өзі, психикалық әрекет болып табылады. Барлық сезім атаулының жайы да осындай. (37-бет) [Ақырында], әлденендей бір затты түйсінгісі келген адам бүл ниетіне әр түрлі амалмен жетеді. Мәселен, қалаған немесе күткен затын әйтеуір бір жолмен ұғынып алу үшін, яки өткен кездегі бір затты түсіну үшін, не болмаса қиялдағыш күш арқылы бейнелеген затты білу үшін ол әуелі қиялдау күшін іске қосады, бұдан соң қорқыныш немесе үміт объектісі ретіндегі әлденендей затты түйсіну арқылы қиялдағыш күшке жеткізілген нәрсе көңілге тоқылады, немесе ойлаушы күш арқылы [танылған нәрсе сонан кейін барып тоқылады]. Жан жүйесінің күштері [немесе қабілеттері] міне осындай. 21. БҰЛ КҮШТЕР [ҚАБІЛЕТТЕР] МЕН БӨЛШЕКТЕР ҚАЛАЙША БІРЕГЕЙ ЖАНҒА АЙНАЛАДЫ Басты қоректендіргіш [күш] басты түйсінгіш күштің материясы тәрізді; сезімдік күш - қоректендіргіш күштің формасы. [Өз тарапынан], басты түйсінгіш күш - қиялдағыш күштің

материясы тәрізді, ал мұның өзі басты түйсінгіш күштің формасы болып табылады, [Ақырында], басты қиялдағыш күш басты ойлаушы күштің материясы, ал соңғысы - біріншінің формасы. Ол ешқандай басқа күштің материясы емес, бірақ ол өзінен бұрынғы форма атаулы жөнінде форма болады. Талпынғыш күшті алатын болсақ, оттың шоты осы оттың мәнінің қандай екеніне байланысты болатыны сияқты, бұл да түйсінгіш, қиялдағыш және ойлағыш күштерге байланысты. Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да - басты мүше; бірақ мұның үстемдігі бірінші емес, өйткені ол барлық басқа мүшелерді билейтін болса, оның өзін жүрек билейді. Бірақ бұл тек қана жүрекке қызмет етеді және жүректің табиғи ниетіне қарай, бұған басқа мүшелер қызмет етеді. Мысалы үшін үй басқарушыны алайық: ол тек қана өз қожасына қызмет етеді, ал ауладағы адамдардың бәрі отан қызмет етеді - осы жағдайдың екеуі де үй иесінің ниетіне байланысты. [Ми жүректен] кейінгі мүше ретінде [әрекет етеді], басты [мүше] бейімделе алмаған жерде оның орнын басады, оның өкілі болады, әрі іске бейімделіп отырады; жүректің ізгі ниеттерін жүзеге асыру ісіне қызмет ету тек қана миға тән қабілет. Мәселен, жүрек - ішкі табиғи жылылықтың көзі. Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар осыдан нәр алып отырады, ал мұның өзі туа біткен жануарлық рухтың арқасы, бұл рух күретамыр арқылы барлық мүшелерге тарап отырады. Осы мүшелерді қоректендіруші нақ осы жылылық арқасында олардың бойында сол ішкі табиғи жылылық сақталып қалады. (38 бет) Ми өзіне жүректен келетін жылықтықты жұмсартады, сөйтіп әрбір мүшеге жететін жылылықтың жұмсарып, сол мүшелермен үйлесуіне себін тигізеді. Мидың бірінші әрекеті, оның дене мүшелеріне көрсететін бірінші және ең жалпылама қызметі міне осындай. [Тағы] бір мысалы, жүйкетамырлар: бұлар екі түрлі. Біреулері, әрбір сезімнің өзіне тән түйсікті аңғаратыны сияқты, жүректегі басты түйсінгіш күшті қоректендіруші құралдар ретінде қызмет етеді: екіншілері - талпынғыш күшке - [бұл да] жүректе болады - қызмет етуші құралдар және бұлар осы күштің ойдағыдай әрекет жасауына мүмкіндік береді. Ми [мұнда] жүрекке қызмет етеді, сезімдік жүйкетамырларға өз күшін бойында сақтайтын қуат бітіреді, бүл қуат қоректендіруші [күштердің] сезімтал болуына мүмкіндік береді. Бұл да жүрекке қызмет етеді, жүйкетамырлардың күшін сақтай отырып, бұларды ойдағыдай қимылға келтіреді, бүл күш мүшелердің ойдағыдай қимыл [жасауына] мүмкіндік береді, осы арқылы жүректе мекендейтін талпынғыш күшке қызмет етеді. Осы жүйкетамырлардың көпшілігінің жүректің өзінде тамырлары болады, бұлар осы тамырлары арқылы мидан өз күшін сақтап қаларлық нәр алып отырады. Басқа тамырлардың көпшілігі жұлыннан басталады, ал бүл жұлынның жоғарғы ұшы да [бастағы] мимен байланысты. Ми жұлынның қатысуымен тамырларға көмектеседі [олардың күшін сақтап қалу арқылы көмектеседі]. Сондықтан қиялдағыш күштің түйгені жүректің жылылығы белгілі дәрежеде жеткен кезде тана жүзеге асады. Ойлаушы күштің әрекеті де жүректің жылылығы өз әсері жатынан белгілі дәрежеге жеткен кезде тана жүзеге асады. [Ойлаушы күштің жәрдемінен] бір нәрсені ойында сақтап, еске түсіру жөнінде де осыны айту керек. Ми да жүрекке қызмет етеді, оның жақсылап қиялдауына, жақсылап ойлауына, төрелік айтуына, жадында жақсылап сақтауына және жадында қалғанын қайтадан еске түсіруіне

мүмкіндік берерлік тепе-тең дәрежеде оның жылылығын қалпына келтіріп отырады. Өз бөлшектерінің бірі арқылы [ми] қиялдауға септігін тигізетін [жылылықты] теңестіреді; екіншісі арқылы ойлауға септігін тигізетін және [ақырында] үшіншісі арқылы жадында сақтап, еске түсіруіне септігін тигізетін [жылылықты] теңестіреді. Ал мұның себебі, жүрек ішкі табиғи жылылықтың көзі болғандықтан, өз бойындағы жылылықты барлық басқа мүшелерге, жетімсіз де, былапыт та болмайтындай етіп тарату үшін тек қана өлшеусіз мықты болуға тиіс. (39-бет) [жылылық] өздігінен емес, жүректің мақсатына сәйкес [қалыпқа келеді]. Будан шытатын қорытынды, мүшелерге тарайтын [жүрек] жылылығы қалыпты болғандықтан, оның оз қимылын жақсылап аяқтауына мүмкіндік берерліктей өлшем болмайды. Осы мақсатпен жүрек басқа мүшелерге қарағанда табиғи салқын және ылғал болып жаралған және оған тән рухани күш бар, осының арқасында жылылық белгілі бір ұнамды өлшемін қайыра алып отырады. Бұдан соң сезімдік жүйкетамырлар мен қозғаушы жүйкетамырлар жаратылысында қарапайым, яғни тез құрғайтын болғандықтан, бірде ұзарып, бірде қысқарып турарлықтай икемді болуы үшін ылғалдылығын сақтауға тиіс. [Сонымен бірге] сезімдік жүйкетамырлар буалдырлықтан мүлде ада ішкі табиғи рухқа ділгер, ал мұның өзі - жүрек бөлшектерінде қозғалушы жаратынды рухтың [дағдылы] күйі. Жүректе жылылық шамадан тыс көп, мұның жалындылығы [сезімдік жүйкелердің] тамырларына өздерін сақтап қалу үшін жүректен күш-қуат алып отыруға мүмкіндік бермейді /14/. Сондықтан булардың құрғау [процесін] тездетпеу үшін, булардың күші мен әрекетін кері кетіріп, жойып жібермеу үшін жүйкетамырлары ми мен жұлында баянды етілген. Бұлай болатын себебі, осы соңғы [мүшелердің] ылғалдылығы соншалық, бұлар жүйкетамырлардың икемділігіне септігін тигізуінің ылғалдылығын сақтауға, сөйтіп өзінің рухани күшін қорғауға қабілетті келеді. Кейбір жүйкетамырлар шынында да бұларға жайылатын ылғалдылықтың - сулы және сусыма ылғалдылықтың - мүлде жабысқақ болмауын керек етеді, ал басқалары [керісінше] оның біршама жабысқақ болуын керек етеді. Демек, сәл сулы келетін, жабысқақ емес ылғалдылықты керек ететін жүйкелердің мида тамырлары болады; ал бұдан басқаша, ылғалдылығы әрі жабысқақ болуын керек ететін жүйкелердің жұлында орналасқан тамырлары болады; [ақырында], болмашы ғана ылғалдылықты керек ететіндердің тамырлары төменгі омыртқалар мен құйымшақтан өсіп шығады. Мидан кейін бауыр, будан соң көкбауыр, содан соң жыныс мүшелері [келеді]. Күш атаулы мүшеде болады, сондықтан оның қызметі тәннің қимылымен қатар жүреді де, екінші тәннің [мүшесіне] ауысып отырады; будан сөзсіз шығатын қорытынды, осы екіншісі, қай жолмен болса да, жүйкетамырлардың алғашқы торабымен біріккен, бұл торап көптеген жүйкелердің мимен немесе жұлынмен жалғасып жататыны сияқты; немесе (40-бет) ең болмағанда онымен жол, сызат арқылы байланысты. Жоғарыда көрсетілген күш оған қызмет етеді немесе билеп-төстейді, мәселен, ауыз, өкпе, бүйрек, бауыр, көкбауыр, т. с. с. Әрдайым, булардың басқа мүшеге психика жағынан эсер етуі керек болған кезде, бұлардың арасында тән ағысы пайда болуы үшін, мидың жүрекке осындай әсер етуі қажет.

Мүшелердің ішінде тұңғыш рет жүрек пайда болады, бұдан кейін ми, одан соң бауыр, одан кейін көкбауыр, сонсын басқалары пайда болады. Бәрінен соң барып қимылға келетіні - жыныс мүшелері. Бұлардың тәндегі үстемдігі әлсіз, мұны еннің эсерінен, бұлардың еркекке тән жылылықты сақтауынан, жануар жүрегінен оқшау екі бірдей ені бар еркек жынысының сипатынан байқауға болады. Өндіргіш күш, үстем күш және қызмет етуші күш болып бөлінеді. Үстем күштің мекені - жүректе; қызмет етуші күштің мекені - жыныс мүшелерінде. Өндіргіш күш екі [түрлі] болады: ― бірі материяны әзірлейді, бұдан осы күштің иесі - жануар пайда болады; ― екіншісі осы жануар түріне форма бітіреді де, материяны осы түрге тиісті форманы қалыптастыруға бағыттайды. Материяны әзірлеуші күш - ұрғашының күші; форма бітіретін күш - еркектің күші. Ұрғашының бұлайша жаралуы - материяны әзірлеуге себепкер болатын күштің арқасы. Еркектің бұлайша жаралуы - жоғарыда аталған материяға белгілі күш иесі түрінің формасын бітіретін күштің арқасы. Жүрекке қызмет етуші, оның жануарға материя бітіруіне [мүмкіндік беретін] мүше - жатын; [осы соңғы мүшеге] қызмет етуші, оның адам немесе жануар формасын қалыптастыруына мүмкіндік беретін мүше - ұрық шығарушы мүше. Ұрық ұрғашының жатынына еніп, мәселен, адам формасын қалыптастыру үшін сол жатыннан шығатын қанмен кездескенде ұрық осы қанға күш бітіреді, бұл күш адам мүшелері және әрбір мүшенің формасы, ақыр аяғында адам формасы қалыптасқанша осы қанды қозғай береді. Жатында әзірленетін қан -адамның материясы; ұрық - форма қалыптасқанша осы материяны қозғай беретін нәрсе. Ұрықтың жатында әзірленетін қанға (41-бет) қатынасы сүттің ұюына әсер ететін мәйектің қатынасы сияқты. Сұйытылған мәйек сүттің бөлегі де, материясы да емес, солай бола тұрса да ол сүттің ұюына әсер етеді, сол сияқты ұрық та жатында [жасалған] қан жентегінің бөлігі де, материясы да емес. Сұйық мәйек сүтті қалай ұйытатын болса, ұрықтан өркен нақ солай пайда болады, мыс құмырадағы сүттен айран қалай ұйитын болса, жатындағы қаннан өркен нақ солай ұйиды. Адамның ұрығын өндіретін нәрселер - ұрық сақтағыш сауыттар немесе ет пен терінің арасында болатын қантамырлар. Бұл қантамырлар еркектің енінен біраз көмек алып отырады. Олар жыныс мүшесінде болатын сызатпен аяқталады, сөйтіп қан тамырдағы [ұрық] осы сызаттан атып шығады; мұның өзі ұрықтың жатына барып құйылуы және күш бітіруші қанның пайда болуы үшін керек, ал осы күш арқылы [бұл қан] дене мүшелері, әрбір мүшенің формасы және бүкіл тәннің формасы қалыптасқанға дейін өзгере береді. Ұрық - еркектің құралы. Бұл құрал кейде бірігулі, кейде ажыратулы болады. Мысал үшін дәрігерді алайық. Дәрігердің қолы - ауруды емдейтін құрал; скальпель [бұл да] оның ауруды емдейтін құралы. Сондай-ақ, дәрі-дәрмек - жеке құрал, дәрігер [онымен] сол дәріні әзірлеген кезде ғана бірігеді, ал мұның өзі дәрігерге аурудың тәнін сауығуға бағыштай [алатын] күш бітіреді. [Дәріге] осындай күш біткенде [дәрігер] оны, мәселен, ауруға ішкізеді; сөйтіп бұл дәрі аурудың тәнін сауығуға бет алдырады, ал осы дәріні ішкізуші дәрігер бұл кезде бар ма, жоқ па, тіпті өлі ме, тірі ме, бәрібір. Еркек ұрығының жайы да дәл осындай. Скальпель [өз тарапынан] өзін пайдаланушы дәрігермен біріккенде ғана өз жұмысын атқара алады; [ал

қол оз тарапынан] онымен [дәрігермен] скальпельден гөрі көбірек бірлескен. Дәріні алатын болсақ, ол өзіндегі күш арқылы әрекет етеді, оған бұл күштің бітуі оның дәрігермен біріккен-бірікпегеніне байланысты емес. Ұрық жөнінде де осыны айту керек. Бұл - еркектің өз өндіргіш күшінің құралы, дербес әрекет ететін құралы. Ұрық бездері мен ендері - тәнмен біріккен, өсу, өну құралдары. Жүректегі үстем күшке қатысы жатынан ұрық құралдары болып табылатын күретамырлардың байланысы дәрігер қолының байланысы сияқты, өйткені дәрігер өз қолымен дәріні әзірлейді, бұл дәріге аурудың тәнін сауытуға бастайтын шипалы күш бітіреді. Бұл күретамырларды (42-бет) жүрек, әлбетте пайдаланады; олар - ұрыққа күш бітіруге мүмкіндік беретін құралдар, ал белгілі бір жануар түрінің формасын қалыптастыру үшін жатында пайда болатын қан осы күштің себебімен қозғалып тұрады. Формаға қарай бет алған ұрық қанға дарыған кезде ең алдымен жаратылатын нәрсе - жүрек. Мұның құрылымы жүректе пайда болатын күштерден нәр алушы барлық басқа мүшелердің құрылымын алдын ала мезгеп беруге мүмкіндік жасайды. Егер жүректе қоректендіргіш күшпен бірге материяны әзірлеуші күш туатын болса, онда барлық басқа мүшелер ұрғашының тәніндегідей тәртіппен құрастырылады. Егер жүрекке форманы қалыптастырушы күш бітетін болса, онда барлық басқа мүшелер еркектің мүшелеріндегі сияқты тәртіппен орналасады. Біріншісінен ұрғашының жыныс мүшелері келіп шытады; екіншісінен еркектің жыныс мүшелері келіп шығады. Бұдан кейін ұрғашыда да, еркекте де біркелкі, басқа рухани күштер пайда болады. Осы екі күш - менің айтып отырғаным еркек пен ұрғашысың күші - адам бейнесінде екі түрлі кейіпте болады, ал өсімдіктердің көпшілігінде бір кейіпте, толық біріккен күйінде кездеседі; мәселен, бір дәнді бөлуден шығатын бірқатар өсімдіктер осындай, өсімдіктен материя - дән пайда болады, оның үстіне, мұның формаға қарай бет алуына мүмкіндік беретін күш бітіреді. Дәннің өзінде формаға лайықты қасиет және формаға қарай қозғалуға себепші күш болады. Оған формаға лайық қасиет бітіретін нәрсе - әйел күші; формаға деген қозғалыс принципін бітіретін нәрсе - еркек күші. Дәл осы жағдай жануарларда да кездеседі, оларда да осындай процестер болып отырады. Толық кемеліндегі әйел күшінің толық емес күйдегі еркек күшімен бірігетін кездері де болады; бұл ретте әйел күші өзінің рөлін белгілі дәрежеде атқарады да, кейін жоғалып кетеді. Сондықтан әйел күші сыртқы көмекке зәру. Таза жұмыртқа туатын [жануарларда] және уылдырық шашатын көптеген балық түрлерінде осылай болады, еркектері осылардың соңынан жүріп, ылғал төгеді. Осы ылғал жеткен әрбір жұмыртқа жануарды дүниеге келтіреді, ал ылғал жетпегендері - құриды. Адам баласының жағдайы мұндай емес. [Ондағы] екі күш әр түрлі, екі түрлі индивидтің бойында [болғандықтан], бұлардың әрқайсысының өзіне тана тән мүшелері бар; бұл мүшелердің ұрпақ туғызатын мүшелер екені мәлім. Оларда барлық басқа (43-бет) мүшелер біркелкі. Осы [жыныстық] екі күштен басқа олардың барлық рухани күштері де ортақ. [Оның бер жағында] осы екі индивидке ортақ мүшелердің еркектегілер: жылылау келеді; еркектің қозғаушы [мүшелері] мен қозғауыштары - күштірек. Күшке бейім туратын психикалық қасиеттерді - мәселен, қаһар мен қаталдықты - алатын болсақ, бұлар әйелдерде - осалдау, ерлерде күштірек. Бірақ бұл жағдай - қасиеттері әйелдердің қасиеттеріне ұқсас еркектердің болатынын және қасиеттері еркектердің қасиеттеріне ұқсас әйелдердің болатынын жоққа шығармайды. Адамзатта еркектер мен әйелдердің айырмашылығы, міне, осындай.

Сезімдік күші, қиялы мен интеллектісі жатынан алғанда олардың [ерлер мен әйелдердің] айырмашылығы жоқ. Сыртқы нәрселердің эсерімен қоректендіргіш сезімдік күштерде сезімдік заттардың образдары пайда болады; сонсын бес сезім арқылы көңілге тоқылатын алуан түрлі түйсіктер сезімдік үстем күшке келіп жиналады. Осы күштерде жасалатын түйсіктер қиялдағыш күштегі образдар түрінде бейнеленеді де, булар осында сезімдер жоғалғаннан кейін де сақталып қалады. [Қиялдағыш күші [бүл образдарды] былайша орналастырады: ол біресе біреулерін екіншілерінен бөліп алады, біресе біреулерін екіншілерімен үйлестіріп отырады, сөйтіп шексіз мол үйлесімділік турлерін туғызады, ал булардың біреулері – жалған, екінші біреулері - ақиқат образдар болады. 22. ПАРАСАТТЫ ҚАБІЛЕТ ТУРАЛЫ, ОНЫҢ ҚАЛАЙ ОЙЛАЙТЫНЫ [ЯҒНИ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ҚАМТИТЫНЫ] ТУРАЛЫ ЖӘНЕ БҰЛАЙ БОЛУ СЕБЕБІ Ойлаушы күште бейнеленетін нәрсенің нәтижесінде интеллекцияның пайымдалғыш объектілерінің [алуан] түрлерінің формалары қалады. Интеллекцияның пайымдалғыш объектілерінің жаратылысы ойлаушы күште бейнеленетіндігінде, бұлардың санатына интеллекцияның барлық пайымдалғыш объектілері, шын мәнісінде актуальды пайымдалатын объектілері қосылады және актуальды интеллект [материядан абстракцияланған нәрсенің бәрі], сонымен қатар интеллекцияның пайымдалғыш объектілері, шын мәнісінде актуальды пайымдалмайтын объектілері қосылады, мәселен, тас, өсімдік және - жалпы алғанда, - тән санатына қосылатын немесе тәнде [болатын] барлық нәрселер, материяның өзі және соған кіретін барлық нәрселер. Соңғылары актуальды [интеллектілер] де емес, интеллекцияның актуальды пайымдалғыш объектілері де емес. (44-бет) Адамның интеллектісін алатын болсақ, мұның өзі адамның бойында өмір сүре бастаған көзінен бастап пайда болады; бүл пайымдалғыш формаларды аңғаруға әзірленген материядағы әлденендей бір бейімділік, демек, бұл потенциалды интеллект, бірінші материялық интеллект, сондай-ақ, пайымдалғыш мүмкіндіктер. [Оның бер жағында] материяда болатын немесе материя болып табылатын, яки материялық нәрселердің бәрі актуальды интеллектілер де емес, потенциалды интеллектілер де емес; олар - мүмкіндігі жатынан интеллекцияның пайымдалғыш объектілері және іс жүзінде де осындай болып шытуы мүмкін. Бұлардың субстанциясында дербес актуальды интеллект боларлық қабілет жоқ. Ойлаушы күште, сондай-ақ оның жаратылысына сәйкес келетін нәрседе өз алдына актуальды интеллект боларлық қабілет жоқ, керісінше, оның осындай болуы үшін оның потенциядан актуальділікке өтуіне мүмкіндік берерлік басқа бір нәрсе қажет. Оның өзіндегі интеллекцияның пайымдалғыш объектілері жүзеге асқан [күнде ғана] ол актуальды интеллект болмақ. Бұларды әрекетшіл интеллект арқылы пайымдаған кезде булар потенциалды пайымдалғыш объектілерден актуальды пайымдалғыш объектілерге айналады. Бұларды мүмкіндіктен шындыққа айналдыру үшін басқа бір нәрсе қажет. Бұлардың актуальды күшке айналуына мүмкіндік беретін әрекетшіл [агент] осының мені болып табылады, ал оның абстракциясы - материядан бөлініп шыққан актуальды интеллект. Бұл интеллект потенциалды интеллект ретінде бірінші материалық интеллектіде бейнеленген. Күннің көз жанарына түсіретін нұры сияқты нәрсе. Бірінші материалдық интеллектімен бірте [әсер етуші] бүл интеллектінің

байланысы Күннің көз жанарымен байланысы тәрізді. Көз жанары дегеніміз — мүмкіндік және [пайымдауға] бейімділік. Көруден бұрын ол потенциалды жанар; ал түрлі сәулелер де көзге түсуден бұрын потенциалды түрде көрініп, қаралатын нәрселер. Көру күшінің жаратылысында көздің актуальды жанар боларлық қабілетіндей қабілет жоқ, сонымен қатар түстер жаратылысында да актуальды түрде көзге түсіп, талданарлық қабілет жоқ. Күннің көз жанарына түскен сәулесі оны нұрландырады, ал әртүрлі түске түскен сәулесі оның бояуын құлпыртып жібереді. Күннен түсетін сәуле арқылы көз жанары актуальды көруге айналады; ал осы сәуле арқылы бұрын потенциалды түрде көрініп, талданады. Дәл сол сияқты актуальды көрініп, талданады. Дәл сол сияқты актуальды интеллект бірінші материялық интеллектіні көңілге түйген нәрсесімен жабдықтайды. Осы нәрсенің бірінші материялық интеллектімен байланыс сәуленің (45-бет) жанармен байланысы сияқты. Ал мұның өзі сәуленің арқасында жанардың сол сәулесі, осы көріністің себебін аңғаратыны сияқты; [сонымен қатар] [жанарлары] сәуленің себебі ретінде Күннің көрінуі және актуальды көрінгіш заттарға айнала бастаған потенциалды көрінгіш заттардың көрінуі сияқты; дәл сондай-ақ осы заттың - сәуленің көз жанарымен байланысына ұқсас байланысы бар заттың көмегімен бірінші материяның интеллектісі бұл затты өздігінен және сол арқылы пайымдайды; ал актуальды интеллект бұл затты өзінде бейнелейді де, оны интеллекцияның потенциалды пайымдалғыш объектілерінің санатынан шығарып, интеллекцияның актуальды пайымдалғыш объектілерінің қатарына қосады. Оның [алғашқы материялық интеллектінің] өзі потенциалды интеллект болғаннан кейінгі жерде актуальды интеллектіге айналады. Бұл интеллектінің бірінші материялық интеллектіге жасайтын әсері Күннің жанарға ететін эсері сияқты. Осы себептен ол әсерлі интеллекті деп аталған. Бөлініп шыққан Бірінші себептен төмен келтірілген субстанциялардың ішінде ол - оныншы орында. Бірінші материялық интеллект енжар аңғартып интеллект деп аталады. Әсерлі интеллект ойлаушы күшке күннің жанармен байланысы сияқты байланысы бар нәрсені дамытқан кезде қиялдағы күшке түйсік арқылы еніп, сақталатын объектілер ойлаушы күштегі интеллекцияның пайымдалғыш объектілеріне айналады. Барша адамға тән интеллекцияның алғашқы пайымдалғыш объектілері нақ осылай табылады, мәселен, бүтін сан бөлшек саннан көп, немесе белгілі бір затқа тең шамалар өзара тең. Интеллекцияның алғашқы жалпы пайымдалғыш объектілерінде үш категория бар: ― теориялық геометрияның негіздері; ― адамның әрекетіндегі әдемілік пен сұмпайылықты танытатын принциптер; ― болмыстың жай-күйін тану үшін пайдаланылатын, орындалуы адамға байланысты емес принциптер, булардың тегі мен сатылық дәрежесі; аспан, Бірінші себеп, сонымен қатар басқа себептер мен олардан келіп шығатын нәтижелер. 23. ЕРІК ПЕН [EPKІH] ТАНДАУ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ БАҚЫТ ТУРАЛЫ Будан кейінгі жерде адам интеллекцияның пайымдалғыш объектілеріне ие болған кезде, адамның бойында ойлану, толғану, еске түсіру, ой тұжырымдауға талпыну және кейбір [пайымдалғыш нәрселерді] аңсау сияқты табиғи қасиеттер пайда болады, осы нәрселерді

және кейбір тұжырымдарды аңсау немесе (46-бет) одан жирену сияқты, булар да пайымдалады. Пайымдалатын нәрсеге талпыну дегеніміз, тұтас алғанда, ерікке еркіндік беру деген сөз. Егер ол түйсіктен немесе қиялдан туатын болса, онда бүл еркін ерік көрінісімен екеуі бір атпен аталады; ал егер бұл толғанудан немесе пайымдаудан туатын болса, онда мұны нақ адамға тән, еркін таңдау деген жалпылама [терминмен] атайды. Түйсіктен немесе қиялдан туатын талапқа келетін болсақ, - мұның өзі басқа тірі жан атаулының бәрінде бірдей кездеседі. Адамның бойында бірінші пайымдалғыш объектілердің пайда болуы - оның алғашқы жетістігі. Адамға булар оның ең биік кемелдену дәрежесіне жетуіне қызмет ету мақсатымен ғана берілген. Бұл - бақыт. Мұның мәні мынада: адам жанының болмыста кемелдену дәрежесіне шарықтап шырқайтындығы сондай, ол ендігі жерде өз тіршілігі үшін материяны қажет етпейді, өйткені ол тәннен азат болмыстар жиынтығымен және материядан бөлініп шыққан субстанциялармен бірігеді де, осылайша мәңгі-бақи өмір сүреді. Алайда, оның жеткен сатысы эсерлі [әрекетшіл] интеллектісі жеткен сатыдан төмен. Ол [бақытқа] еркін әрекет жасау жолымен жетеді, ал булардың бір бөлегі интеллектіге, бір бөлегі тәнге жатады, бутан ол қандай да болсын қозғалыс арқылы жетпейді, белгілі де қалыпты әрекет арқылы, [нақ сондай] қалыпты да белгілі әдет-ғұрыптарға сәйкес жасалатын әрекет арқылы жетеді, өйткені еркін әрекеттердің ішінде бақытқа [жетуге] бөгет жасайтындарды да бар. Бақыт - өз басың үшін көксейтін игілік; бутан ешбір жағдайда және ешқашанда басқа нәрсеге бола талпынбайды, өйткені [бақыттың] аржағында адамның қолы жете алмайтын бұдан артық нәрсе жоқ. Бақытқа жетуге көмектесетін еркін әрекет - тамаша әрекет. Мұны туғызатын әдет-ғұрып - қайырымдылық. Қайырымдылық дегеніміз оның өзі белгілеген, бірақ бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық. Бақытқа [жетуге] бөгет жасайтын әрекет жаман немесе сұмпайы әрекет болмақ. Бұл әрекеттегі туғызатын әдет-ғүрып — кемшілік, кесапат, пасықтық. Адамның қоректендіргіш күші тәнге қызмет етуге арналған. Ойлаушы күш сияқты, сезімтал және қиялдатын [күштер] бұлар да тәнге қызмет ету үшін жаралған. Осынау үш түрлі [екінші дәрежелі күштің] тәнге көрсететін қызметі ойлаушы күштің кәдесіне жарайды, өйткені (47бет) ойлаушы күш алғашында тәннің арқасында пайда болады. Ойлаушы күш не практикалық, не теориялық күш болып келеді. Практикалық күш теориялық күшке қызмет ету үшін жаралған; бірақ теориялық күш өзінен басқа нәрсеге қызмет ету үшін жаралмаған, бақытқа жеткізу үшін [жаралған]. Осы күштерге талпынушы күш ілесе жүреді. Ол сезімтал күшке де, сондай-ақ қиялдағыш күш пен ойлаушы күшке де қызмет етеді. Қызмет етуші танымпаз күштер тек қана талпынушы күш арқылы қызмет көрсетіп, әрекет ете алады. Шынында да түйсік, қиял және ойлану өздігінен әрекет ете алмайды [бұлардың әрекеті] сезінетін, қиялға салынатын, көңілге тоқылатын және танылатын нәрселерге ынтық болумен қатар келіп отырады. Өйткені аңсау дегеніміз танылған нәрсеге талпынғыш күш арқылы ден қою деген сөз. Егер мақсат етілген бақыт ойлаушы күш арқылы танылатын болса, онда буған талпынғыш күш арқылы ден қояды, осы қиял мен сезімнің көмегімен сол бақытқа жету үшін істелетін іс - ойлану арқылы анықталады, егер [ақырында] бұл әрекеттер талпынғыш күш арқылы аяқталатын болса, онда адамзат әрекетінің бәрі жақсы да тамаша болмақ.

Ал егер бақыт танылмайтын болса, немесе таным кезінде ол қалаған нәтиже ретінде алға қойылмай, басқа бір нәрсе ретінде алға қойылатын болса, сөйтіп бутан жұрт талпынғыш күш арқылы ден қойып, сезім мен қиялдың көмегімен сол бақытқа жету үшін істелетін нәрсе нақты ойлану арқылы келіп шығатын болса, егер бұл әрекеттер талпынғыш күш мүшелері арқылы аяқталатын болса, онда адамзаттың күллі іс-әрекетінің әсте тамаша бола алмағаны. 24. ТҮС КӨРУ СЕБЕПТЕРІ ТУРАЛЫ Қиялдағыш күш сезімтал күш пен ойлаушы күштің арасындағы дәнекер. Сезімтал [күш] арқылы қоректеніп отыратын барлық [күш] актуальды түйсініп, әрекет жасайтын болса, қиялдағыш күш әрекет жасайтын болса, қиялдағыш күш сезім арқылы өзіне келіп жеткен және зердесінде тоқылған мәліметтермен айналысатындықтан енжар аңғарады; сонымен бірге ол ойлаушы күшке қызмет етумен және талпынғыш күшке жәрдем етумен де айналысады. Сезімтал, талпынғыш және ойлаушы күштер өзінің алғашқы мақсатына жетіп, әрекет жасаудан қалған кезде ұйқы жағдайы басталады; қиялдағыш күш жалғыз қалады да, сезім арқылы өзінде үнемі қайталанып отыратын түйсіну формаларынан айрылады (48-бет). Ол ойлаушы және талпынғыш [күштерге] қызмет етуден қалады да, өзінде сақтаулы жатқан және әрекет етуші сезімдік формаларға қайта оралады. Ол [қиялдағыш күш] осы [формаларға] әсер етеді де, біреулерін екіншілерімен қосақтап, енді біреулерін екінші біреулерінен бөліп жібереді. Сезімдік формаларды сақтап, үйлестірумен қатар ол [қиялдағыш күш] үшінші қызмет - модельдендіру қызметін атқарады. Шынында да: барлық рухани күштердің ішінде тек [қиял тана] өзінде сақталатын сезімдік заттарды модельдендіре алады. Демек, ол [қиялдағыш күш] біресе өзінде сақталып қалған сезімдік кейіптерді қурастыра отырып, бес сезімнің мәліметтерін, біресе интеллекцияның пайымдалғыш объектілерін, біресе қоректендіргіш күшті, біресе талпынғыш күшті модельдендіреді, сонымен қатар ол [кейде] тәндегі темпераментті де модельдендіреді. Сөйтіп, тәннің темпераменті ылғал болса, ол ылғалдықты модельдендіреді, бұл ретте, су мен суда жүзу сияқты, ылғалдылықты модельдендіруші түйсіктерді құрастырады. [Дәл сол сияқты] тәннің темпераменті құрғақ болса, ол [осы күш] құрғақтықты бейнелейтін тиісті түйсіктер арқылы құрғақтықты модельдендіреді. Дәл сол сияқты [осы күш], егер әйтеуір, бұл кезеңде тәннің темпераменті жылы немесе салқын болса, тәннің жылылығын немесе салқындығын модельдендіреді. Егер осы [қиялдағыш] күш тәндегі ерекше белгі мен форма болса, онда белгілі темпераменті бар форма оған осы темперамент ауыстыра алады. Бірақ ол [қиялдағыш күш] рухани күш болғандықтан, тәннен оның [барлық] темпераменттерді аңғарғыш жаратылысына сәйкес әсер алмай, тек сол күштің өз жаратылысына тана сәйкес әсер алады; сөйтіп, ылғал тән басқа тәнге әсер ететін болса, басқа тән ылғалдылықты селқос аңғарады да, ендігі жерде, - өзі де ылғал болады. Ал, егер ылғалдылық [қиялдағыш] күшке әсер ететін болса, не соған жақындайтын болса, бұл күш әсте де ылғал болмайды: ол осы ылғалдықты өзін модельдендіруші түйсіктер арқылы аңғарады. Ойлаушы күш [ылғалдылықты] аңғарғанда [ылғалдылықтың] өзін емес, сол күш пайымдайтын мәнін тана алады, дәл сол сияқты әсер етушінің осы [қиялдағыш] күшке (49-бет) тигізетін эсері де бұл әсерді оның өзіне тән субстанциялар мен қасиеттерге қарай аңғаруына байланысты. Қиялдау күші әлденендей бір заттың әсеріне ұшыраған кезде және егер оның жаратылысында осы әсерді қабылдайтын нәрсе мен сол эсерді хабарлайтын нәрсе бар

болып отырған кезде бұл күшті екі түрлі жолмен аңғара алады: не оны сол қалпында, не хабарланған қалпында аңғарады; не болмаса затты модельдендіруге қабілеті бар түйсіктер арқылы бұл заттың модельденген қалпында аңғарады. Бұл - оның жаратылысында затты өзі жасаған қалпында аңғаруға мүмкіндік беретін нәрсе болса, онда ол осы затты модельдендіру үшін жаралған тиісті түйсіктер арқылы осы затты модельдендіреді. Ал, егер ол интеллекцияның пайымдалғыш объектілерін сол қалпында аңғаруға дәрменсіз болса, интеллект күші оны интеллекцияның осындай пайымдалғыш объектілерімен қамтамасыз еткен кезде ол буларды ойлаушы күштегі қалпында ғана аңғарады, бірақ буларды әлгі түйсік туғызушылар арқылы модельдендіреді. Тән оған қазіргі кезде өзінде бар темпераментті ауыстырған кезде ол осы темпераментті өзіндегі түйсік туғызушылар арқылы аңғарады, ал бұл түйсік туғызушылар осы темпераментті модельдендіруге қабілетті келеді. Тән осы сезім арқылы аңғарылатын затпен жабдықталған кезде, ол біресе [осы түйсікті] сол қалпында қабылдайды, біресе бұл затты осыған ұқсас басқа түйсік туғызушылар арқылы модельдендіреді. Ол [қиялдағыш күш] мінездің сыр-сипатына, мәселен, ашу-ыза, тілек немесе әлденендей бір әрекет сияқтыларға жақын келетіндей болып әзірленген талпынушы күшті кездестірген кезде, ол осы талпынушы күшті модельдендіреді де, жаратылысында талпынғыш күштің дағдыларынан, сол кезде оның өзінде бар және аңғаруға бейім тұрған дағдылардан келіп шығатын әрекеттерді құрастырады. Бұлай болған күнде қоректендіргіш күштер қызмет етуші мүшелерге жете алады, ал бұл мүшелер талпынғыш күш арқылы осы әрекеттерді актуальды жүзеге асыру үшін [ойдағыдай] әрекет жасауға арналған. Осы әрекеттер арқылы қиялдағыш күш кейде ойнақы, кейде жансыз сияқты көрінеді. Оның үстіне, егер тәннің темпераменті талпынғыш күште әлденендей бір реакция туғызуға бейім болса, [онда қиялдағыш күш] бұл темпераментті талпынғыш күштің ықпал-әсері арқылы модельдендіреді, ал мұның өзі сол (50-бет) реакциядан, тіпті, реакция болардан бұрын туады. Сонда талпынғыш күшке қызмет етуші күші бар мүшелер осы әрекеттерді іс жүзінде аяқтап шығуға бет алады. Сөйтіп, тәннің темпераменті жаратылысында талпынушы күште сезімдік аңсау туғызуға қабілетті болса, [қиялдағыш күш] бұл темпераментті сезімдік әрекеттер арқылы модельдендіреді. Осындай әрекет мүшелері осы әрекеттерді жасауға әзірленгенде мұны әсте сол кезеңде пайда болған көңіл қалауының ықпалымен істемейді, бұлай ететін себебі, қиялдағыш күш бүл қалауды сол мүшелерге сәйкес келетін әрекеттер арқылы модельдендіреді. Барлық басқа реакциялар жөнінде де осыны айтуға болады. Дәл сондай-ақ ұйқыдан тұрған адам ешқандай сыртқы себептің әсерінсіз басқа біреуді қойып қалуы немесе одан қаша жөнелуі де ықтимал. Бұл жерде қиялдау күші нақ осы сәтте өмірде нақты бар заттың рөліндегі рол атқаратын затты модельдендіреді. Сонымен қатар ол ойлаушы күшті ишаралайды, интеллекцияның пайымдалғыш объектілерін модельдендіру үшін қызмет ететін заттар арқылы сонда пайда болатын интеллекцияның пайымдалғыш объектілерін ишаралайды. Сөйтіп, ол интеллекцияның пайымдалғыш объектілерін ең мәртебелі кемелдену дәрежесінде модельдендіреді, бұлар мәселен, Бірінші себеп және материядан бөлініп шыққан заттан таңдаулы түйсік туғызатын заттар арқылы танылатын аспан әлемі және ең кемелді нәрселер, мәселен, көрсе көз тоймайтын заттар. [Сонымен қатар ол] интеллекцияның кемеліне келмеген пайымдалғыш объектілерін ең аз және мейлінше

нашар кемелденген түйсік туғызушылар арқылы, мәселен, көзге сұмпайы көрінетін заттар арқылы [модельдендіреді]. Сондай-ақ ол сүйкімді көрінетін түйсік туғызушылардың бәрін модельдендіреді. Әрекетшіл интеллектінің себебінен интеллекцияның ықтимал пайымдалғыш объектілері актуальды пайымдалғыш объектілерге айналады және потенциалды интеллект актуальды интеллекті болады; жаратылысында актуальды интеллект болуға тиісті нәрсе ойлаушы күш болып табылады: мұның өзі екі түрден: аңғару түрі мен пратматикалық түрден құралған: соңғысы жеке-дара нақты [заттарды] жасап өндіру үшін кызмет етеді; алғашқысы интеллекцияның пайымдалғыш объектілерін пайымдауға арналған. Қиялдағыш күш осы екі түр арқылы ойлаушы күшпен байланыс жасайды. Ойлаушы күштің әрекет етуші интеллектіні аңғаруы, атап айтқанда, көздің жанарымен шағылысқан сәуле сияқты бұл зат қиялдағыш күштерді қайта шыңдай алады. Сонда әрекет етуші интеллект қиялдағыш күш үшін белгілі бір әсер болып саналады, біресе бұл әсер ойлаушы теориялық [күшке] дарығыш интеллекцияның пайымдалғыш объектілерінен (51-бет), біресе ойлаушы практикалық [күшке] дарығыш жеке-дара түйсік туғызушылар арқылы алынады, бүл ретте [қиялдағыш күш] интеллекцияның пайымдалғыш объектілерін түйсік туғызушылар арқылы аңғарады және бұл күшті осы түйсік туғызушылар модельдендіреді, ал оларды құрастыратын осы күштің өзі. [Сондай-ақ] ол даралықтарды аңғарады, кейде бұларды сол қалпында қиялға түсіреді, кейде буларды басқа түйсік туғызушылар арқылы модельдендіреді, ал бұл түйсік туғызушылар ойлану-толғанудан туатын практикалық ойлаушы [күшке] тән. Бұл [даралықтар] кейде қазіргі шақпен, кейде келер шақпен байланысты. Тек бұл [құбылыстардың] бәрі ойланып-толғанудың көмегінсіз-ақ қиялдағыш күште қалыптасады. Міне, сондықтан да булар әуелі ойланып-толғанудың туғаннан кейін барып осы заттарда қалыптасады. Сөйтіп, әрекетшіл интеллект көрген түс пен шынайы елестер арқылы қиялдағыш күшті даралықтармен жабдықтап отырады; ол мұны интеллекцияның пайымдалғыш объектілерімен жабдықтайды, бұл күш осы объектілерді аңғарғанда қасиетті заттарды қастерлеу арқылы бұларды [тиісті] модельдермен ауыстырады. Осының бәрі түс пен өңде қалыптаспақ. Алайда, өңде қалыптасатын нәрсе сирек болады және аздаған адамдарда ғана [кездеседі]; ал түс көру шақтарында қалыптасатын нәрсенің дені даралықтардан, азық-аулағы интеллекцияның пайымдалғыш объектілерінен құралған. 25. ПЕРІШТЕНІҢ АЯН БОЛУЫ МЕН ЕЛЕСТЕУІ ТУРАЛЫ Мұның өзі [былай болады]: қайсыбір адамның қиялдау күші аса қуатты да кемелді болса, оған сырттан түйсік туғызатын нәрселер игерілмей, толық сіңірілмей қалады. Бұлай болған күнде солар да ойлаушы күшке қызмет етеді. Ол былай тұрсын, - осы екі түрлі әрекетке қарамастан, — онда әлі де жеткілікті запас болады, ал мұның өзі оның осындай әрекеттермен де айналысуына мүмкіндік береді. Оның халі ояу жатқанда немесе ұйқыға шомғанда осындай екі түрлі қызмет атқаратын кезіндегі халімен бірдей; ол [ақырында] әрекет етуші интеллектінің мәліметтерін көзге елестейтін түйсік туғызушы нәрселер арқылы жеткізеді, булар осы мәліметтерді модельдендіреді, - міне қиялдағы осы заттар қайта келіп, сезімтал күште бейнеленеді. Сонымен, осы образдар жалпы сезімде қалыптасқан кезде, көргіш күш бұларды енжар аңғарады. Көргіш күште осылайша қалыптасқан нәрсе [сол кезде] көзбен жапсарлас және көзден [шығатын] сәулемен айқасатын жарық ауада

осы образдарды қайта туғызады (52-бет). Осы образдар ауада суреттелген күйінде қайта оралып, көздің көргіш күшінде таңбаланады да, содан кейін жалпы сезімде және қиялдағыш күште бейнеленеді. Өзара байланысты барлық осы [күштердің] шарапатымен әрекетшіл интеллект сол адамға көрінетін болады. Қиялдағыш күш сұлулық пен асқан кемелділікті түйсіну арқылы [әрекет етуші интеллектінің] осы мәліметтерін модельдендірген кезде осыны көруші адам. Аллатағаланың құдіреті күшті, әрі таңғажайып, өйткені басқа болмыстарда мүлде кездеспейтін керемет нәрселерді көріп-біліп отырады дейді. Қиялдағыш күші ең биік дәрежеге жеткен адамның әрекет етуші интеллектіден өңінде де қазіргі шақтың немесе келер шақтың нышандарын, яки олардың сезімдік модельдерін алып отыруы, сөйтіп интеллекцияның жеке-жеке модельдендіретін пайымдалғыш объектілерінің бәрін және басқа да ізгі жандардың бәрін көріп отыруы ғажап емес. Сонда, оған даритын интеллекцияның пайымдалғыш объектілері арқылы, қасиетті заттарды болжап білу сияқты дарын пайда болады. Қиялдағыш күштің барып жететін ең биік дәрежесі және өзінің қиялдағыш күші жағынан адамның көтерілетін дәрежесі, кемелділіктің асқар шыңы - нақ осы. Бұдан кейін төмендей беретін басқыштарға орналасатындар: осы заттардың бәрін - біреулері ояу кезінде, екінші біреулері ұйықтап жатқанда - көрушілер; өз көзімен көрмеген де, осы заттардың бәрін көңіліне тоқушылар; буларды түсінде ғана көрушілер. Осы [адамдар] оз моделін білдіру үшін қолданатын сөздер соның модельдері немесе символдары, тұспалдары немесе ауыстырушылары мен кейіптестері болады. Бұл [адамдар] арасында айтарлықтай айырмашылық бар: кейбіреулері даралықты ояу кезінде ғана көріп, қабыл алады, ал интеллекцияның пайымдағыш объектілерін мүлде қабылдай алмайды; екінші біреулері [бұл даралықтар мен интеллекцияның пайымдалғыш объектілерінің] бір бөлегін ғана көріп, иемденеді; үшінші біреулері кейбір [даралықтар мен интеллекцияның пайымдалғыш объектілерін] өңінде көреді және ұйықтаған кезінде кейбір басқа нәрселерді әсте қабыл алмайды; төртіншілері интеллекцияның пайымдалғыш объектілерінен өзге даралықтарға ояу кезінде ғана ие болады; бесіншілері соңғыларынан бірер нәрсе және алғашқыларынан бірер нәрсе қабыл алады; алтыншылары, - ең көбі де осылар, - кейбір даралықтарға ғана ие болады. Көрдіңіздер ме, жұрт бүл жағынан да дәрежелеріне қарай бөлінеді екен. Осы [мәліметтердің] бәрі ойлаушы күшке көмектеседі (53бет). Оның барлығында акциденциялар адамның темпераментін өзгертіп, оны әрекет етуші интеллектіден бірер нәрсе аңғаруға, кейде - ояу жатқанында, кейде - ұйықтаған кезінде аңғаруға бейімдей алады. Бұл [бейімділік] біреулерде ұзақ уақыт, екінші біреулерде - аз уақытқа ғана созылып, кейін ғайып болуы мүмкін. Сондай-ақ адам акциденцияларға ұшырап отырады, бұлар оның темпераменті мен қиялын бұзады; сонда ол жоғарыда аталған жолмен қиялдағыш күш құрастырған заттарды көреді, бұлар - өмірде жоқ және ешқандай болмысты модельдендірмейтін заттар. Бойкүйездер, ақылсыздар және осы сияқтылар болады. 26. АДАМНЫҢ БІРЛЕСТІК ПЕН ӨЗАРА КӨМЕККЕ ЗӘРУЛІГІ ТУРАЛЫ /15/ Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған

қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлегін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы тана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады. Осындай қауымның барлық мүшелерінің іс-әрекеті жиналып келгенде олардың әрқайсысына өмір сүру үшін және кемелділікке жету үшін керекті нәрсенің бәрін тауып беріп отырады. Міне, сондықтан да, адамзат индивидтері көбейе түсіп, жер жүзіндегі әртүрлі мекендерге қоныс тепті, осының нәтижесінде адам қоғамдары /16/ пайда болды, ал бұлардың біреулері толық мәніндегі қоғамдар, /17/ екінші біреулері - толық емес мәніндегі қоғамдар /18/. Оның бер жағында толық мәніндегі қоғамдар үш түрлі болады: ұлы, орташа және шағын қоғамдар. Ұлы қоғам - жер бетін мекендейтін барша адамзат қоғамдарының жиынтығы, орташа қоғам - қандай болсын бір халық түріндегі қоғам, ал шағын қоғам - қайсыбір халық мекендейтін аймақтың белгілі бөлегін алып жатқан қайсыбір қала тұрғындарынан құралған қоғам. Орташа қоғамдар қыстақтың тұрғындарынан құралған және квартал жұртшылығының жиынтығы, будан соң - қайсыбір көше тұрғындарының жиынтығы, бұдан кейін - бір үйде тұратындардың жиынтығы. Соңғысынан ең төменгі сатыда тұрған қоғам құралады. Квартал мен қыстақ - екеуін бірге алып қарағанда - қалаға жатады, бірақ қыстақ қызмет ететіндігі жағынан ғана қалаға жатады, ал квартал оған сол қаланың құрамдас бөлегі ретінде жатады. Көше ― кварталдың бір бөлегі, үй - көшенің бір бөлегі, қала - мекеннің бір бөлегі, халық - бүкіл жер бетін мекендеушілер жиынтығының бір бөлігі. Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен қала /19/ жетпек, ал кемелділіктің ең төмен дәрежесінде тұрған қоғам бұған әсте жете алмайды. Шынында игілік жаратылысынан сондай, оған адам өзінің қалауын және еркінше таңдауы арқылы жетуге болады (ал зұлымдыққа да адам қалауы мен таңдауы арқылы жетеді, сондықтан зұлымдық болып табылатын кейбір мақсатқа жетуге қала септігін тигізе алады), әрбір қала бақытқа жеткізу үшін қызмет ете алады. Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам - қайырымды қоғам. Барлық қалалары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болмақ. Қайырымды қала /20/ кемелденген, сырқатсыз денеге ұқсайды, ал оның барлық мүшелері тірі жанның өмірін аман сақтау үшін, оны барынша қызғылықты ету үшін бір-біріне көмектесіп отырады. Дене мүшелері бір-бірінен өзгеше, өздерінің жаратылысы мен қабілеті жағынан бір-бірінен асып түсіп отырады (мәселен, булар мынадай мөлшерден құралады: ең негізгі мүше - жүрек; өздерінің дәрежесі жағынан осы негізгі мүшеге жақын тұрған мүшелер; жаратылысында бұлардың әрқайсысына белгілі бір қабілет біткен, осының жәрдемімен ол осы негізгі мүшенің табиғи мақсатына сәйкес өзінің қызметін атқарып отырады; белгілі бір қабілет дарыған басқа мүшелер осының арқасында негізгі мүшемен байланыстыратын ешбір дәнекері жоқ мүшелердің мақсаттарына сәйкес әрекет етіп отырады; - ал бүл мүшелер - екінші сатыдағы мүшелер, ― сонымен қатар тағы бір мүшелер бар, булар екінші сатыдағы мүшелердің мақсаттарына сәйкес оз қызметтерін атқарып отырады, сөйтіп, мүлде ешнәрсені билемейтін, тек қызмет етуді ғана білетін

мүшелерге дейін осылайша тізіліп кете береді), дәл осы сияқты қала бірлестігінің мүшелері де жаратылысы жағынан бір-бірінен өзгеше болып, өздерінің жағдайы жағынан бір-бірінен асып түсіп отырады. Қалада белгілі адам - басшы адам бар және өздерінің дәрежелері жағынан басшыға жақын тұрған басқа адамдар бар, бұлардың әрқайсысы өз жағдайына және қабілетіне қарай басшының көздеген мақсатына сәйкес әрекет етіп отырады. Бұлар бірінші сатыда тұрған адамдар, бұлардан төменірек тұрған басқа адамдар бар, олар бірінші сатыдағылардың мақсаттарына сәйкес әрекет етеді - бұлар екінші сатыда тұрған адамдар. Одан кейін осы екінші сатыдағылардың мақсаттарына сәйкес әрекет ететін адамдар келеді. Осы соңғылардың мақсаттарына сәйкес әрекет жасап, қызмет ететін, бірақ өздеріне өзгелер қызмет етпейтін адамдарға дейін сатылап; қала бірлестігінің мүшелері осындай тәртіппен орналасады. Бұлар ең төмен сатыда тұрған, ең төмен жағдайдағы адамдар. Алайда, тін мүшелері - табиғи мүшелер, ал қала бірлестігінің мүшелері де табиғи жандар, сөйте тұрса да қаланың мүддесі үшін олардың атқаратын қызмет жағдайы мен қабілеті табиғи нәрселер емес, бірақ бұлар оз еріктерінен қуат алып отырады, өйткені қала бірлестігі мүшелерінің бойында бір-бірінен асып түсетін, әлденендей бір нәрсе жөнінде бір адамды екінші адамға пайдалы ететін қасиеттер бар. Бірақ олар қала бірлестігінің мүшелері болғанда өз жаратылысы арқасында ғана емес, сонымен қатар өздерінің бойына біткен, еріктен қуат алып отыратын қасиеттердің өнер, тағы сол сияқты нәрселердің арқасында мүше болады. Қала бірлестігі мүшелерінің бойындағы еріктен қуат алып отыратын қабілеттер мен жағдайлар да дене мүшелерін табиғи жолмен құрастыратын қабілеттер сияқты. 27. ҚАЛА БІРЛЕСТІГІНІҢ БАС МҮШЕСІ ТУРАЛЫ Әдетте тәннің барлық мүшелерінің ішіндегі ең негізгі мүше, өзінен-өзі, жаратылысынан барынша кемелді және баянды келеді; оның басқа мүшелеріндегідей тән қасиеттерінің бірі жоғары сатыда мәртебелі екендігі; басқа мүшелер бұл мүшелерден төмен орналасқан, бұлар оз тарапынан төменгі мүшелерді билейді (оның бер жағында бұлардың билігі бас мүшенің билігімен салыстырғанда төменгі басқышта, бұлар әрі өздері билейді, әрі өзгенің билігінде болады), дәл сол сияқты қала бірлестігінің барлық мүшелерінің ішінде қала басшысы оз бойындағы барлық қасиеттері жағынан ең кемелді жан; қала бірлестігінің басқа мүшелерімен қатар оның жеткен дәрежесі ең мәртебелі дәреже, сондықтан ол өзі билейтіндердің бәрінен және өзгелерді билейтіндердің бәрінен жоғары тұрады. Әдетте ең алдымен жүректің тіршілік етуі шарт, ол тек осыдан кейін ғана барып тәннің барлық басқа мүшелерінің тіршілік етуіне, сондай-ақ оларға қабілет даруына, олардың белгілі тәртіппен орналасуына себеп болады, солай болғасын егер әлдебір мүше дертке шалдығатын болса, нақ жүректің өзі оны осы дерттен айықтырады, - дәл сол сияқты белгілі бір қаланың басшысы да бірінші кезекте өмір сүруге тиіс, сөйтіп кейін қала бірлестігі мен оның мүшелерінің өмір сүруіне, олардың бойына еріктен қуат алып тұратын қасиеттердің даруына себеп болуға тиіс, егер қала бірлестігінің бір мүшесі қырсыққа ұшырай қалса, оны түзу жолға салып жіберетін осы қала бастығының нақ өзі болады. Табиғи әрекеттердің ішінде бас мүшеге жақын орналасқан мүшелер бірінші билеуші мүшенің табиғи мақсатына сәйкес аса ардақты қызмет атқарады, ал төменгі мүшелердің атқаратын қызметі одан кемдеу болады, сөйтіп, ең төменгі қызмет атқаратын мүшелерге

дейін осылай ұласып кете береді, дәл сол сияқты жұрттың өз еркі бойынша істейтін әрекеттердің ішінде қала бірлестігінің мүшелері, оның басшысына өте-мөте жақын тұрғандар, аса ардақты қызмет атқарады, оларға бағыныштылардың атқаратын қызметі одан кемдеу болады, сөйтіп бұл да қала бірлестігінің ең төменгі қызмет атқаратын мүшелеріне дейін осылайша ұласып кете береді. Қызметтің төмендігін не мұның объектілерінің төмендігінен, - тіпті бұл қызметтің өзі, тәндегі қуық пен астыңғы ішектің қызметі сияқты үлкен пайда келтіре тұрса да мейлі, - не мұның пайдасының аздығынан, не мұның тым жеңілдігінен деп білу керек. Бөлшектері жаратылысынан үйлесімді, жүйелі және тәртіпті келетін қала жөнінде де, бірлестік атаулы жөнінде де осыны айту керек, өйткені бұл бірлестіктің әрқашан да оз басшысы болады, ал оның басқа мүшелерге қатынасы дәл осындай болмақ. Өмірдегі күллі заттың жайы да осындай. Бірінші себептің өмірдегі басқа заттарға қатынасы қайырымды қала әміршісінің қала бірлестігінің басқа мүшелеріне қатынасы тәрізді. Материядан азат нәрсе Бірінші себепке бәрінен де жақын орналасқан. Одан төмен аспан денелері аспан денелерінен төмен материялық денелер орналасады. Осы заттардың бәрі Бірінші себептің соңынан ілесе орналасады, әрқайсысы оз әліне қарай соған талпынып, соған еліктейді. Алайда бүл заттар өз дәрежесіне сәйкес мақсатқа ұмтылады, төменгі зат өзінен біраз жоғары жатқан мақсатты көздейді, ал одан кейінгісі, оз тарапынан, өзінен жоғары орналасқан мақсатты көздейді, сондай-ақ үшінші зат та өзінен жоғары тұрған мақсатқа ден қояды, сөйтіп өздері мен Бірінші себептің арасында дәнекері жоқ заттарға дейін осылайша ұласып кете береді. Өмірдегі заттардың бәрі Бірінші себептің мақсатына нақ осындай тәртіппен талпынып отырады. Өмір сүруі үшін керекті нәрсенің бәріне әуел бастан не болған заттар әуел бастан-ақ бірінші себептің үлгісі мен мақсатына жету үшін жаралған, міне нақ осының арқасында олар ең мәртебелі басқыштарға шығып отыр. Ал өмір сүруі үшін керекті нәрсенің бәріне әуел бастан не болмағандарға дарыған бір күш бар, осының арқасында олар өздері діттеген нысанаға жетуге ұмтылады, сөйтіп Бірінші себептің мақсаттарын көздейді. Қайырымды қаланың жайы да осындай болмақ. Осындай қала бірлестігінің барлық мүшелері өз қызметі арқылы, әрқайсысы оз дәрежесіне сәйкес, қаланың бірінші басшысының мақсаттарын көздеуге тиіс. Қайырымды қаланы әрбір кез келген адам билей бермекші емес, өйткені ел билеу екі нәрсеге байланысты: біріншіден, адамның өз жаратылысында ел билеуге қаншалық әзір екеніне байланысты, екіншіден, адамның еріктен қуат алып отыратын жағдайы мен қабілетіне байланысты. Жаратылысында ел билеуге кім бейім болса, билік соның үлесіне тимек. Өнер атаулының бәрі ел билеу құралы бола бермейді; керісінше, өнердің көпшілігі - қаладағы қызметтің тетігі, сондай-ақ табиғи қабілеттердің көпшілігі - қызмет етуге арналған қабілеттер. Өнер атаулының ішінде ел билеу құралдары ретінде де, басқа өнерлерге қызмет ету құралдары ретінде де қолданылатындары бар, сонымен қатар әсте ел билеу құралы емес, тек қызмет ету құралы ғана бола алатындары да бар. Сондай-ақ әрбір кез келген өнер және әрбір кез келген қабілет қайырымды қаланы билеу өнері бола бермейді. Әдетте қайсыбір текке жататын бірінші және басты нәрсені нақ сол тектес басқа нәрсе билей алмайды, сондай-ақ тәннің басты мүшесін басқа бір мүше билей алмайды (қайсыбір заттар жиынтығында басты тұлға болып табылатын нәрсе жөнінде де осыны айту керек), дәл сол сияқты қайырымды қаланың бірінші басшысында болуға тиісті өнер неге болсын

қызмет ету құралы да, басқа бір өнердің билейтін объектісі де болмақшы емес. Оның өнері сондай өнер, барлық басқа өнер соның мақсатына бағынышты және қайырымды қаладағы барлық іс-әрекет осы мақсатқа бола жасалады. Мұндай адамды басқа ешкім билемейді; ол - кемелділік дәрежесіне жетіп, пәрменді парасат пен ұғымға айналған адам. Ол - қиялдау қабілеті табиғи түрде біз көрсеткен аса мәртебелі кемелділік дәрежесіне жеткен адам. Бұл Қабілет ояу жатқан кезде де, ұйықтаған кезде де жеке-дара заттардың (олардың өздерінің немесе туындыларының) әрекетшіл парасатын, сонымен қатар туынды ұғымдарды табиғи түрде аңғаруға бейім болады. Оның бәйекшіл парасаты барлық ұғымды толық қамтып, одан бірде-бір ұғым сытылып кетпейтіндей, ал осы парасаттың өзі пәрменді парасатқа айналатындай болуы керек. Сөйтіп, бәйекшіл парасаты барлық ұғымды толық қамтыған әрбір адам пәрменді парасатқа және пәрменді ұғымға айналады, ал оның танымы өздігінен тани бастайды, сонда адам әлдебір пәрменді парасатқа не болады, ал мұның дәрежесі бәйекшіл парасатпен салыстырғанда аса жоғары және мұның өзі одан анағұрлым кемелді, одан гөрі материядан көбірек алшақ кетіп, әрекетшіл парасатқа одан гөрі жақынырақ орналасқан. Бұл парасат жүре біткен парасат деп аталады - ол бәйекшіл парасат пен әрекетшіл парасаттың аралығындағы парасатқа айналады, будан кейін оны ешнәрсе де әрекетшіл парасаттан бөліп әкете алмайды. Бәйекшіл парасат бейне жүре біткен парасаттың материясы мен объектісі тәрізді, ал жүре біткен парасат бейне әрекетшіл парасаттың материясы мен объектісі тәрізді. Табиғи форма ретіндегі ойлау қабілеті әрекетшіл парасаттың материясы - объектісі болып табылады, мұның өзі - пәрменді парасат. Адамның адамға айналатын бірінші сатысы - пәрменді әрекетке айналуға қабілетті және әзір тұрған табиғи форма пайда болатын кездегі саты. Нақ осының өзі бәріне ортақ саты, ал бұдан әрекетшіл парасатқа дейін екі саты: бәйекшіл парасат пәрменді парасатқа ауысатын және жүре біткен парасат қалыптасатын сатылар бар. Адамгершіліктің осы бірінші сатысына осылайша жеткен адам мен әрекетшіл парасаттың арасында да екі саты болады. Кемелді бәйекшіл парасат пен табиғи форма, материя мен форманың үйлескен кезінде келіп шығатын бірлік сияқты, бейне бір тұтас тұлғаға айналған кезде, осы адам адам формасына түскен кезде, атап айтқанда, бәйекшіл парасат пәрменді парасатқа айналған кезде, - бұл ретте онымен әрекетшіл парасаттың арасында бір ғана саты қалады. Табиғи форма пәрменді парасатқа ауысқан бәйекшіл парасаттың материясына, бәйекшіл парасат жүре біткен парасаттың материясына, жүре біткен парасат әрекетшіл парасатқа айналған кезде, сөйтіп осының бәрі бір жерге тоғысқан кезде, - сонда нақ әлгі адам әрекетшіл парасат бойына дарыған адамға айналады. Егер оның ойлау қабілетінің екі жағында бірдей - теориялық қабілеті мен практикалық қабілетінде, онан соң оның қиялдау қабілетінде де осылай болатын болса, онда бұл адам аян берілетін адамның нақ өзі болмақ, ал Алла-тағала (оның ұлылығы мен құдіреттілігі кәміл) оған әрекетшіл парасат арқылы аян береді. Мархабаты мен құдіреті күшті Аллатағаладан ағыл-тегіл тасқындап, әрекетшіл парасатқа дарыған қасиет одан жүре біткен парасат арқылы оның бәйекшіл парасатына, одан соң оның қиялдау қабілетіне дариды. Міне осындай адам оның өзінен оның аңдағыш парасатына дарыған қасиет арқасында дана, философ, кемеңгер парасат иесі болып шығады, ал оның өзінен оның қиялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар, болашақты болжағыш сәуегей және өмірдегі

және оқиғаларды түсінгіш, білгір болып шығады, - міне осының бәрі оның тәңірлікті танып білетін болмысының шарапаты. Адамзат кемелділігінің ең биік дәрежесіне жеткен мұндай адам бақыттың ұшпағында болады. Оның жаны кемелді, жоғарыда біз айтқан әдіспен әрекетшіл парасатпен ұштасқан болып шығады. Бұл адам бақытқа жеткізетін әрекеттің қандайын болса да кәміл білетін адамның нақ өзі. Басшыға қойылатын бірінші шарт осы. Сонымен қатар ол өзі білетін нәрсенің бәрін көркем де бейнелі сезбен айтып жеткізерліктей қабілеті болуға тиіс; ал жұртты бақытқа бастайтын ең дұрыс жолға сала біліп, бақытқа жеткізетін іс-әрекетке талпындыруға тиіс; сонымен бірте жеке іс-әрекетті жүзеге асыру үшін оның бойындағы қайраты жеткілікті болуға тиіс. 28. ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА БАСШЫСЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ ТУРАЛЫ Ешбір жанға бағынбайтын басшы адам міне осындай. Ол - имам, ол - қайырымды қаланың бірінші басшысы, ол - қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы. Өз бойында туа біткен он екі қасиетті ұштастырған адам ғана осындай бола алады. Біріншіден, бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер осы адам әлде бір мүшесінің жәрдемімен әлденендей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршапшалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бутан оңай жететін болу керек; тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұбқат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын болуы шарт; оның жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып, жаратылысынан игі істерге ынтызар болуға тиіс; дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарау керек; жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек; жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып, жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне өз білігінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек, әділеттілік алдында нойыс мінез көрсетіп қасарыспау керек, бірақ әділетсіздік пен пасықтық атаулыға мүлде рақымсыз болу шарт; өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Осының бәрінің бір адамның бойында болуы қиын нәрсе, сондықтан да жаратылысынан осындай қасиет дарыған адамдар өте сирек кездеседі, мұндайлар аз ғана. Сондықтан егер, қайырымды қаладан осындай адам табылса және өзі өсіп-жетілген кезде жоғарыда аталған шарттардың алғашқы алтауы немесе бесеуі оның бойына біткен болса, онда қиялдау қабілеті жағынан теңдесі болмағандықтан ол осы қаланың айтулы басшысы болмақ. Ал

егер зәуде белгілі бір кезеңде мұндай адам болмай қалса, онда қала басшысы мен оның ізбасарлары белгілеген заңдар мен ережелер, егер олар қаланы дәйектілікпен билеп алса, өз күшінде сақталады. Кімде-кім туған кезінен бастап және жас жеткіншек шағында жоғарыда аталған шарттарды бойына дарытқан болса және есейгеннен кейін басқа алты шартқа сай келетін болса, біріншісінің орнын басатын екінші басшы сол болады. ― Бірінші шарт - дана болу. ― Екінші - қалаға арнап бірінші имамдар белгілеген заңдарды, ережелер мен әдетғұрыптарды жадында сақтап, жетік білу, өзінің барлық іс-әрекетін осыларға сәйкес жүргізу. ― Үшінші - бұрынғылардан тиісті заң сақталмаған жағдайда, бірінші имамдардың үлгісімен әрекет жасай отырып, бұл жөнінде тапқырлық көрсету. ― Төртінші - бірінші имамдар аңдай алмаған нәрселерді бұрыннан қалыптасып қалған жағдайды да, болашақ оқиғаларды да қалаған кезінде танып-біліп отырарлықтай тапқыр да білгір болу; өзінің осындай іс-әрекетінде ол халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат етуге тиіс. ― Бесінші - бірінші имамдардың заңдарын және солардан кейін, солардың үлгісі бойынша өзі белгілеген заңдарды орындауға жұртты оз сөзімен жігерлендіре білу. ― Алтыншы - әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты болу, оның бер жағында әскери өнерді қызмет бабындағы өнер ретінде және билеуші өнер ретінде біліп алу. Ал егер осы қасиеттердің бәрін оз бойына жинақтаған адам табылмайтын болса, бірақ екі адам табылып, оның бірі - дана, екіншісі басқа шарттарға сай келетін болса, онда осы екеуі де қала басшылары болар еді. Егер осы қасиеттер бір топ адамның бастарына бөлек-бөлек біткен болса, сөйтіп бірінде даналық, екіншісінде тағы бір қасиет, үшіншісінде тағы бір, төртіншісінде таты бір, бесіншісінде таты бір, алтыншысында тағы бір қасиет болса, онда осы адамдар өзара келіскен жағдайда, бәрі де қайырымды басшылар болмақ. Егер әйтеуір бір кезде басшыларда даналық болмай қалса, онда бұлар басқа шарттардың бәріне сай келе тұрса да, қайырымды қала ағзамсыз қалмақ, сөйтіп қаланы билеуші басшы бұл ретте ағзам бола алмайды, ал қаланың өзі құрып кету қаупіне ұшырайды. Ал егер осы басшыға ақылшы етіп қоярлық бір дана табылмаса, қала біраз уақыттан кейін сөзсіз құритын болады. 29. ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛАҒА ҚАРАМА-ҚАРСЫ ҚАЛАЛАР ТУРАЛЫ Қайырымды қала надан қалаға, өнегесіз қалаға, алыс-беріс қала мен адасқан қалаға /22/ қарама-қарсы. Сондай-ақ мұндай қалаға жеке адамдар - осы қалалардың өкілдері де қарсы болмақ. Надан қала дегеніміз - ешқашан да бақытты көріп-білмеген, оған талпыну ешқашан ойына да кіріп шықпаған тұрғындар қаласы. Олар мұны ешқашан бастан кешіріп те көрген емес, буған ешқашан сенген де емес. Игілікті алатын болсақ, олар жұрттың ойынша игілік ретінде саналатын алдамшы нәрселерді ғана, жұрттың ойынша өмірлік мақсат болып көрінетін нәрселерді ғана біледі, мәселен, денсаулық, байлық, ләззат, құштарлыққа салыну

бостандығы, құрмет пен даңқ осындай нәрселер. Осы игіліктердің әрқайсысы надан қаланың барлық тұрғындарының пікірінше бақыт болып табылады. Ал аса зор, толық бақыт барлық осы игіліктердің жиынтығы. Бақытсыздық атаулы -тәндегі дерт, кедейлік, ләззаттың жоқтығы, құштарлыққа салынудың мүмкін еместігі, сыйқұрметтің жоқтығы сияқты нәрселер осы игіліктерге қарсы тұрады. Надан қала /23/ бірнеше қалаға бөлінеді. Ділгер қаласы дегеніміз - сондай қала, оның тұрғындары тек ділгер заттармен ғана, яғни тәннің тіршілік етуіне керекті нәрселермен ― тағаммен, сусынмен, киіммен, тұрғын үймен, сұқбаттасумен және осыған жету үшін бір-біріне көмектесумен ғана шектелуге тырысады. Алыс-беріс қаласы дегеніміз - сол, оның тұрғындары дәулет пен байлыққа жету үшін бірбіріне көмектесуге тырысады, бірақ бұл ― басқа бір нәрсеге жетудің құралы емес, күллі өмірінің мақсаты. Пасықтық пен бақытсыздық қаласы дегеніміз - сондай қала, оның тұрғындары тағамнан, ішімдіктен, сұқбаттасудан ләззат алуға тырысады, қысқасы - олар сезім мен қиялға әсер ететін ләззаттарға құштар келеді, қандай түрде болса да сауық құрып, сайран салуға құштар келеді. Даңғой қала дегеніміз - сондай қала, оны мекендеушілер жұрттың сый-құрметіне бөленіп, мақтау алу үшін, өздері жайында басқа халықтар біліп, айта жүруі үшін, сөзбен де, іспен де мадақтап, дәріптеуі үшін, өздерін не жат көзіне, не бір-біріне сән-салтанатымен жарқырата көрсету үшін бір-біріне көмектесуге тырысады, ― мұның бәрін олар бұған қаншалық ынтызарлығына қарай немесе осы қаншалық қолынан келуіне қарай істейді. Мансапшыл қала дегеніміз - сондай қала, оның тұрғындары өзгелерді өздеріне бағындыруға, ал өздері ешкімге де бағынбауға тырысады; олардың күш-жігері өздеріне жеңіс әперетін қуанышқа жетуге ғана жұмсалады. Құштар қала дегеніміз - сондай қала, оның тұрғындары әркім өз құштарлығын ешбір тежеусіз, өз қалауынша еркін істеу деп біліп, осыған ұмтылады. Надан қалалардың әміршілері де осы қалалардың өздеріне ұқсас болады. Олардың әрқайсысы өздері билейтін қаланың ісін жүргізгенде жеке бастарының құштарлықтары мен ниеттерін қанағаттандыруды көздейді. Жоғарыда біз атап өткен нәрселердің бәрі - надан қала тұрғындарының кәсібі, мұны олардың өмірлік мақсаты деп санауға болады. Ал өнегесіз қала дегеніміз - сондай қала, оның көзқарастары ізгі көзқарастар санатына қосылады және ол бақытты, пейілі кең, құдіреті күшті Алла-тағаланы, екінші жаратындыларды, әрекетшіл парасатты, тегінде қайырымды қала тұрғындары білетін және солар сенетін нәрселердің бәрін хақ деп біледі; бірақ бүл қала тұрғындарының іс-әрекеті құдды надан қала тұрғындарының іс-әрекеті сияқты. Құбылмалы қала дегеніміз - сондай қала, оның көзқарастары мен іс-әрекеті бұрын қайырымды қаланың көзқарастары мен іс-әрекеті сияқты болса да, кейін ол өзгеріп кеткен: санасына өзгеше идеялар ұялап, іс-әрекеті мүлде басқаша болған.

Адасқан қала дегеніміз - сол, оның ойынша, бақыт бұ дүниедегі өмірден кейін келмек. Бірақ оның түсінігі өзгеріп кеткен, сондықтан пейілі кең, құдіреті күшті Алла-тағала туралы, екінші жаратындылар туралы және әрекетшіл парасат туралы оның түсініктерінің терістігі соншалық, бұлардың инабаттылыққа негіз болуы да, барлық зат біткеннің кейіпкері мен образдары ретінде қабылдануы да мүмкін емес. Бұл қаланың бірінші басшысы іс жүзінде солай болмаса да, өзін тәңірі көктен жебеген адам етіп көрсетушілердің санатына жатады және осы мақсатпен қиянат жасап, өтірік айтып, менмендік көрсетеді. Бұл қалалардың әміршілері қайырымды қалалардың әміршілеріне қарама-қарсы; біреулерінің билігі екіншілерінің билігіне қарама-қарсы; бұлардың барлық адамдары жөнінде де осыны айту керек. Уақыт жағынан бірінен соң бірі келіп отыратын, қайырымды қалалардың әміршілері бейне біртүтас жан және бейне біртүтас мәңгілік ағзам іспетті. Сондай-ақ, егер зәуде бір қалада немесе көптеген қалада бір мезгілде бірнеше ағзам болатын болса, онда бұлардың бәрі қосылып, бейне біртүтас ағзам түрінде, ал бұлардың жандары бейне біртүтас жан ретінде көрінбек. Барлық басқа дәрежедегі қала тұрғындарының жайы да осындай: түрлі-түрлі заманда өмір сүріп, бірінен соң бірі дүниеге келіп отыратын бүл адамдардың бәрі бейне мәңгі жасайтын біртүтас жан іспетті. Сондай-ақ, егер дәрежесі бірдей бірнеше адам бір қалада немесе көптеген қалада бір мезгілде өмір сүрер болса, дәрежелері жағынан олардың не басшылық жасаушыларға, не қызмет көрсетушілерге жататындығына қарамастан, бүл адамдардың жандары бейне біртүтас жан тәрізді болмақ. Қайырымды қала тұрғындарының білімі мен қызметінің бір объектілері жалпыға ортақ, басқалары белгілі бір дәрежедегі адамдарға ғана тән. Бұлардың әрқайсысы осы екі категориялы заттар арқылы, атап айтқанда, қаланың басқа тұрғындарымен қоса оған да ортақ нәрсе арқылы және оның өзімен дәрежелес адамдарға ғана тән қасиет арқылы бақыт ұшпағына жетеді. Егер бұлардың әрқайсысы осы істің бәрін орындайтын болса, ол өзінің осындай істерінен жан рақатын тауып, ізгілікке бөленбек. Ол осылайша неғұрлым ұзақ әрекет етер болса, соғұрлым жақсы; оның жаны жай тауып, ізгілік нұрына бөленбек. Мұның өзі жазу өнеріне ұзақ уақыт іждағатты жаттығу нәтижесінде адамның бұл өнерді жетік меңгеретіні сияқты, сөйтіп ол осымен неғұрлым ұзақ айналысса, бүл өнерге ол соғұрлым жақсы машықтанып, жетіле түспек және де осы қимылды үнемі қайталай бергендіктен оның шеберлігі өсе бермек, осындай рухани халден келіп шығатын ләззат арта түспек, ал адамның өзі бүл өнермен бұрынғыдан да зор қуанышпен, сүйіспеншілікпен айналыспақ. Бақытқа жеткізетін іс-әрекет жайы міне осындай; бүл іс-әрекет неғұрлым көбірек және жиірек орындалып отыратын болса және бұған адам неғұрлым көбірек күш-жігерін жұмсайтын болса, бақыт үшін жаралған жан соғұрлым күшті, ізгі және кемелді болмақ. Сондықтан ол барған сайын кемелдене түсіп, материяны қажет етпейтін және одан азат болып шығады, сөйтіп мұндай жан материямен бірге бұзылмайды және өзінің өмір сүруі үшін оны қажет етпейді. Жан басқа бір тән формасына түспейтіндей болып, материядан бөлініп шыққан кезде белгілі бір жолмен тән атаулыда қалыптасатын акциденциялардан азат болады, сондықтан ендігі жерде жан туралы айтқанда ол қозғалуда немесе дамылдауда деуге болмайды — бүл ретте енді тәнге жат нәрсеге сәйкес келетін сөзді ғана қолдану керек. Адамның ақыл-

ойына тән атаулыны суреттеуге қолданылатын нәрсенің бәрі материядан бөлініп шыққан жан жөнінде қолдануға келмейді деп танылуы керек. Ал жан жағдайын түсініп, пайымдау - өте қиын, тосын іс. Дәл сондай-ақ тәннен бөлініп шыққан жан осыған байланысты болған және осының өзегіне енген нәрсенің бәрінен арылады. Материядан бөлініп шыққан осы жандардың ішінде түрлі материялы жандардың болғаны хақ және бүл жанның жағдайы - біреулерінде көбірек, екінші біреулерінде азырақ дәрежеде тәннің темпераментіне байланысты екені, сондай-ақ жанның қандай жағдайы болса да осы жан ұялаған тәннің темпераментіне қарай анықталатыны аян, сондықтан бұдан шығатын сөзсіз қорытынды, жанның жағдайы сол жан ұялаған тәннің өзгеруіне қарай өзгеріп отыруға тиіс. Сөйтіп тәннің өзгергіштігі шексіз болғандықтан, жанның өзгергіштігі де шексіз. 30. ЖАННЫҢ БІР-БІРІНЕ ҚОСЫЛУЫ ТУРАЛЫ Адамзаттың бір ұрпағы өліп, тәндері жойылған кезде, ал олардың тәннен азат болған жандары бақытқа жеткен шақта, сол дәрежедегі басқа адамдар олардың жолын қуып, орнын басады да, солардың істегенін істейді. Бұлар өліп, жандары өздерінен бұрынғылардың бақыты сияқты бақытқа жеткенде бұлардың әрқайсысы түрі, саны мен сапасы жағынан өзіне ұқсас жанмен қосылады. Өздері тәнсіз болғандықтан бұлардың қосылуы, олар қаншама көп болса да, кеңістік жағынан бұлардың арасында ешқандай таршылық туғызбайды, бұлай болатын себебі, бұлар ешқандай орын алмайды, өйткені бұлардың бір-бірімен кездесіп, қосылуы тәндерде болатын жағдайға ұқсамайды. Асқақ сезімнің асқақ сезімге қосылуы сияқты бір-біріне ұқсас екі жан бірі-біріне қосылып, неғұрлым көбейе түссе, бұлардың әрқайсысының алатын ләззаты соғұрлым күшті болады. Бұларға келесі жандар келіп қосылған сайын соңғылардың бұрынғы жандармен кездесуден алатын ләззаты өсе түседі, ал бұрынғылардың кейінгілермен қосылудан алатын ләззаты да өседі, өйткені бұлардың әрқайсысы өз парқын танумен қатар өзіне ұқсас жандардың парқын да сан рет танып біледі. Оның парасат күші сапа жағынан өседі, ал мұнда кездесетін нәрсенің сан жағынан өсуі ұзақ уақыт жаттығу нәтижесінде жазу өнеріне машықтанған хатшы шеберлігінің өсуі сияқты болып шығады. Бұлардың әрқайсысының күші артқан сайын бірінің екіншісіне қосылуының алатын орны өз өнерін бұрынғыдан да тасытып, жетілдіре түсетін хатшының дәйекті қимылындай. Жан атаулы бір-біріне шексіз қосыла беретіндіктен, бұлардың әрқайсысының ләззаты да уақыт өткен сайын шексіз өсе береді. Дүниеден өткен әрбір ұрпақтың жайы да дәл осындай болып отырған. 31. ӨНЕР МЕН БАҚЫТ КАТЕГОРИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ Бақыттың түрлі категориялары үш белгісі бойынша: түрі, саны және сапасы жағынан бірінен-бірі асып түсіп отырады, сол сияқты төменде келтірілген өнер категориялары да бірінен бірі артық. Бір өнердің екінші өнерден артық болатыны - бұлар әр түрге жатады да, бірінен бірі асып түседі, - мәселен, тоқымашылық, мата жасау, әтір жасау, сыпыру өнері, би өнері және правотану өнері, сонымен қатар медицина мен риторика да осындай. Әртүрлі өнер біріненбірі, міне, осылайша асып түсіп отырады. Бір түрге жататын өнер өкілдерінің арасында сан жағынан айырмашылықтар болуы мүмкін. Мәселен, екі хатшының бірінде жазу өнері жайындағы білімнің мол болуы, екіншісінде аз

болуы ықтимал. Осы өнерді алатын болсақ, мұның өзі, мәселен, тіл, риторика, каллиграфия және арифметика жайындағы белгілі білімдердің қосылуынан келіп шығады. Бұлардың бірінде, мәселен, әдемі каллиграфияның және риторика жайында белгілі білімнің болуы, екіншісінің тілді, риторика мен каллиграфияның кейбір элементтерін жетік білуі, ал үшіншісінің осы төрт өнердің бәріне де жетік болуы мүмкін. Сапа жағынан артықшылығы мынадай: жазу өнерінің белгілі бір элементтерін игерген екі хатшының бірі өзінің игерген саласын екіншісінен анағүрлым терең де жетік біледі. Сапа артықшылығы, міне, осындай. Бақыт категориялары да нақ осындай белгілері жағынан бірінен бірі асып түсіп отырады. Басқа қалалардың тұрғындарын алатын болсақ, өздері жаман адамдар болғандықтан, бұлардың іс-әрекеті жан жүйесіне де жаман әдет жұқтырады. Сол сияқты, жазу өнеріне қатысты жаман іс-әрекет осы өнердің жаратылысына сай келмейтін болса, осының салдарынан адамның жазу тәсілі нашар, сұмпайы және шалағай болады, сөйтіп бұл әрекет неғұрлым көп қайталанса, оның өнері соғұрлым шалағай болады. Басқа қалалар тұрғындарының оңбаған іс-әрекеті олардың жан жүйесіне нақ осылайша сұмпайы, лайықсыз әдет жұқтырады, сөйтіп кімде-кім осындай әрекетін неғұрлым көбірек қайталайтын болса, оның рухани халі соғұрлым нашарлай түседі де, олардың жан жүйесі дертке шалдығады. Міне сондықтан да олар осы әрекеттің нәтижесінде өздері бастан кешіретін рухани хал-жайынан рахат табады. Тәніндегі кеселден қасірет шегіп жүрген адамдар (мәселен, безгек ауруы меңдетіп жүргендердің көпшілігі) темпераментінің бұзылуы нәтижесіне жаратылысынан ешқандай рахат бере алмайтын тағамды сүйкімді деп есептейді де, мұның керісінше, жаратылысынан рахат келтірерлік тәтті тағамды нашар жейді. Дәл сол сияқты жарымжан адам да, түрлі нәпсі мен әдет-ғұрыптан бұзылған қиялдың желігімен жексұрын ережелер мен іс-әрекетті рахат көреді де, тамаша және ізгі нәрседен азар да безер болады немесе одан ешбір түсінігі болмайды. Әдетте науқас адамдардың арасында өз ауруы жайында дәнеңе білмейтін адамдар болады, мұндайлар өздерде мүлде сау адамдар деп есептейді де, бұған кәміл сенетіні соншалық дәрігердің сөзіне құлақ аспайды, - дәл сол сияқты жарымжан адамдардың арасында өздерінің кеселі жайында дәнеңе білмейтіндер бар, бұлар өздерін әрі ізгі, әрі рухани сау адамдар деп есептейді де, жетекшісінің, ұстазының немесе ақылгөйінің айтқанына мүлде құлақ аспайды. 32. ОСЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ ТҮРҒЫНДАРЫ ТУРАЛЫ Надан қалалардың тұрғындарын алатын болсақ, бұлардың жандары кемеліне жете алмай қалады да, өмір сүру үшін материяны сөзсіз қажет етеді, өйткені алғашқы ұғымдардың жәрдемімен бұлардың зердесінде ұялаған ешқандай ақиқат жоқ. Бұлардың тіршілігіне негіз болып отырған материя жойылған кезде, өз жаратылысы бойынша жойылып біткен нәрсенің өмір сүруінің арқауы болып табылатын күштер де жойылады, ал қалып қойған нәрсенің өмір сүруіне жаратылысынан негіз болып отырған күштер қала береді. Ал енді осы қалған бөлігі де бұзыла бастаған кезде және іріп-шіріп басқа бір затты құрастырған кезде сол қалып қойған нәрсе қалған материяның іріп-шіруі нәтижесінде пайда болған заттың кейбір формасына айналады. Бұдан кейін осындай зат іріп-шіріп, басқа бір нәрсені құрастырған сайын қалып қойған нәрсе іріп-шіру нәтижесінде пайда болған нәрсенің

кейбір формасына айналады, сөйтіп, зат элементтерге ыдырап біткенге дейін осылай бола береді, сонда оның ақтық қалдығы элементтің формасы болады. Содан кейін пайда болған нәрсе материяның іріп-шіруін аяқтап шыққан элементтердің осы бөлшектерінен туатын нәрсеге байланысты. Сондықтан, егер, бұл бөлшектер араласып кетіп, осындай араласудан адам пайда болатын болса, онда бұлар адам формасына түседі. Егер бұлардың араласуынан жануардың басқа бір түрі немесе жануардан өзге зат пайда болса, онда бұлар осы екеуінің бірінің формасына түспек. Құрып-бітіп, жоққа шығатын тірі жандар - мал, жыртқыш аң, жылан сияқтылар осындай. Қайырымды қала тұрғындарын алатын болсақ, ата-балаларының көзқарастарына сәйкес олардың бойында қалыптасқан рухани жағдай олардың жандарын материядан азат етеді. Ал оларға жаман әдеттен ауысқан оңбаған рухани жағдай алғашқы жағдаймен ұштаса келіп, осы алғашқы жағдайды дүрліктіреді, оған қарсы тұрады, сөйтіп соңғыларың алғашқыларға қарсылық көрсетуі салдарынан жан аса бір ауыр азапқа ұшырайды. Алғашқы қасиеттер соңғыларға қарсылық көрсетеді де, жан бұған тағы да аса ауыр азап шегеді, сөйтіп осының нәтижесінде жан бірден екі түрлі ауыр азап шегетін болып шығады. Надан қала тұрғындарының іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасқан осындай рухани жағдайлар жанның парасатты бөлегін шынында да ауыр азапқа салады; бірақ жанның парасатты бөлегі сезім жеткізген деректермен айналысатын болғандықтан бұл азапты байқамайды. Ал сезімнен босаған кезінде парасатты бөлік өзін осы жағдай душар ететін азапты байқайды, сонда ол жанды сырттан келіп жататын сезімдер мен барлық заттан босатып, материядан азат етеді. Әдетте әлденеге налыған адам өзіне сезім арқылы келетін нәрсемен айналысқанда өз қайғысынан қасірет шекпейді және мұны байқамайды да, ол сезімнен босанып, өз қайғысына қайта шомғанша осылай болады; әдетте ауру адам, әлденендей бір заттармен айналысқанда, өзі науқастың азабын аз шегеді, не өзін алаңдататын заттардан босанып, қайтадан қинала бастағанға дейін бүл азапты байқамайды, - сол сияқты жанның парасатты бөлігі де, өзіне сезімнен келетін нәрсемен айналысқанда, нашар халде кездесетін азапты байқамайды, сөйтіп ол сезімнен толық арылып, бұл азапты сезетін кезге дейін, оған мұның қасіреті білінгенге дейін осылай бола береді. Міне сонда жанның осынау бөлігі мәңгі-бақи ауыр азап шегумен болады. Егер бұл азапқа осы қалада белгілі сатыда тұрған адам ұшырайтын болса, тұрғындардың әрқайсысының тартатын азабы өз серігінің азабымен бірге арта түспек ал жан біткеннің - біріне бірінің ілесе жүріп, қосылып отыруы шексіз болғандықтан, бұлардың ғасырлар бойы тартатын азабы да шексіз; бақытқа қарама-қарсы бақытсыздықтың мәні міне осында. Адасқан қалалардың тұрғындарын алатын болсақ, бұларды жолдан тайдырған, бақыт атаулы өзіне белгілі бола тұрса да, надан қала тұрғындарының әлде бір мақсатын орындау үшін бұларды бақыттан бұрын жеткен адам өнегесіз қала тұрғындарының санатына қосылады; демек, мұндағы бақытсыз жан оның жалғыз өзі, ал сол қаланың күллі тұрғындарын бақытсыз деуге әсте болмайды. Тұрғындардың өздерін алатын болсақ, надан қалалардың тұрғындары сияқты құрып бітіп, іріп-шіріп кетеді. Құбылмалы қалалардың тұрғындарын алатын болсақ, бұлардың жағдайын өзгертіп, бақыттан бұрып әкеткен адам өнегесіз қала тұрғындарының бірі болса, соның жалғыз өзі бақытсыз болмақ, ал басқалары да надан қалалардың тұрғындары сияқты құрып бітіп, іріп-шірімек.

Білместіктен не қатеден басқаларды бақыттан бұрып әкетушілердің әрқайсысы, міне, осындай халге ұшырамақ. Надан қала тұрғындары сияқты, өз еркінен тыс, лажсыздан әрекет жасаған қайырымды қала тұрғындарын алатын болсақ, осының бәрін лажсыз жасаған адамның өзі өз қылығынан қасірет шегіп отырған болса, ол өзінің лажсыз қимылы нәтижесінде қайырымдылыққа қайшы келетін және оның жағдайын нашарлатып, өзін өнегесіз қала тұрғындарының дәрежесіне түсіретін рухани халге ұшырамақшы емес. Міне сондықтан да оның лажсыз жасалған әрекеті оған ешқандай зиянын тигізбейді. Алайда мұның өзі қайырымды қалаға қарама-қарсы қала тұрғындарының біріне бағынышты болып отырған немесе өзіне қарама-қарсы адамдар мекен ететін жерде лажсыз тұрған адамның ғана басында болатын жағдай. 33. ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА ТҮРҒЫНДАРЫНА ОРТАҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ Қайырымды қаланың барлық тұрғындары білуге ләзім ортақ нәрселер мыналар: біріншіден, олар Бірінші себепті және оның барлық атрибуттарын білуге тиіс; онан соң материядан бөлек өмір сүруші нәрселерді және бұлардың әрқайсысының атрибуттарын, сонымен қатар әрекетшіл парасатқа дейін бұлардың тұрған сатысын және әрқайсысының іс-әрекетін білуі керек; бұдан кейін, олар аспани субстанцияларды және бұлардың әрқайсысына тән атрибуттарын білуге тиіс, бұдан кейін, осы субстанциялардан төменірек орналасқан табиғи денелерді және бұлардың қал ай құрылып, қал ай бұзылатынын, сонымен қатар бұларда болып жатқан құбылыстардың бәрі кемелді, мінсіз, байыпты, әділ, дана екенін, сөйтіп мұның бәрінде ешқандай ақау, кемшілік және ешбір әділетсіздік жоқ екенін білу керек, бұдан соң олар адамның шыққан тегін, жанның қабілеттері қалай пайда болатынын және әрекетшіл парасаттың мұны қалай нұрландырып, онда алғашқы ұғымдарды қалай қалыптастыратынын, сонымен қатар ерік пен еркін таңдауды білуге тиіс; бұдан кейін бұлар бірінші басшыны және аянның қалай берілетінін білуге тиіс; онан соң белгілі бір кезеңде бірінші басшы болмай қалғанда оның орнын басуға тиісті басшыларды білу керек; бұдан кейін олар қайырымды қала туралы, оның тұрғындары туралы және олардың жанды бақытқа қалай жеткізетіні жайында білуге тиіс; олар бұған қарама-қарсы қалалар туралы, олардың қайтыс болған тұрғындарының жандары не күйге түсетінін - біреулерінің бақытсыздыққа ұшырап, екінші біреулерінің ғайып болатынын білуге тиіс; бұдан соң олар қайырымды халықтар туралы және оларға қарама-қарсы халықтар туралы білуге тиіс. Бұл заттардың бәрі мынадай екі әдістің бірінен танылады: не бүл заттар олардың жан жүйесінде нақты өмір сүрген күйінде бейнеленеді, не бұлар жан жүйесінде ұқсастық немесе еліктеушілік арқылы бейнеленеді, ал бүл жағдай сол жандарда заттардың өздеріне еліктейтін образдар пайда болғанда кездеседі. Мәселен, қалада даналар бұларды дәлелдеме арқылы және өз интуициясы арқылы танып біледі; даналардан тағлым алушылар, соларға наным, сенім артушылар бүл заттарды сол даналар көрген қалпында танып біледі; басқалар бұларды еліктеуіш түсініктер арқылы таниды, өйткені олардың ақыл-ойы жаратылысынан немесе үйреншікті дағдысы бойынша бұл заттарды нақты өмірдегі қалпында тануға қабілетсіз келеді. Зат атаулының бәрі білім объектілеріне айналады, алайда даналарға дарыған білім - сөзсіз ең артық білім. Затты еліктегіш

түсініктер арқылы танып білушілердің арасында біреулері мұны объектінің өзіне жақын түсініктер арқылы таниды, екіншілері объектіден біраз алшақ түсініктер арқылы, үшіншілері объектіден бұдан да алшақ түсініктер арқылы, төртіншілері объектіден мүлде алшақ түсініктер арқылы таниды. Әрбір халықта және әрбір қала тұрғындарында бүл заттар өздеріне әбден мәлім түсініктер арқылы бейнеленеді. Әрбір халыққа әбден мәлім түсініктердің не көпшілігінде, не ішінара айырмашылықтар болуы мүмкін, сондықтан әрбір заттар бір халықтан екінші халыққа қарағанда басқаша бейнеленуі мүмкін. Міне сондықтан да әр түрлі қайырымды қалалар мен қайырымды халықтардың сенетін бақыты мен көздейтін мақсаты бір бола тұрса да, бұлардың діндері әр түрлі болуы мүмкін. Осы жалпы заттар өздеріне сәйкес келетін дәлелдемелер арқылы танылғаннан кейін, бұлар жөнінде ешқандай талас болмасқа тиіс - жалған білгіштікке негізделген талас та, мәселенің мәнісін түсінбеушілікке негізделген талас та болмауы керек, өйткені бұл ретте таласушының көңілге тоқығаны нақ сол мәселенің шынайы төркіні жайындағы білім емес, жалған ұғым болып шығар еді. Ал осы жалпы заттар еліктегіш түсініктер арқылы танылған болса, бүл еліктегіш түсініктерде талас нәрселердің болуы мүмкін, оның бер жағында еліктегіш түсініктердің біреулерінде мұндай нәрселердің аз болуы, екінші біреулерінде көп болуы, біреулерінде бұлардың неғұрлым айқын, екінші біреулерінде неғұрлым көмескі болуы мүмкін. Заттарды еліктегіш түсініктер арқылы танып білетіндердің арасында даулы нәрселерді байқағаннан кейін осыған тоқтап қалушылардың болуы мүмкін. Мұндайлар бірнеше категорияға бөлінеді. Жетекшілікті керек ететіндер. Бұлардың әлде біреуінің ойынша, бірдеңе жалған болып шықса, ол екінші түсініктің, ақиқатқа неғұрлым жақын тұрған және мұндай талас туғыза алмайтын түсініктің дәрежесіне көтеріледі. Егер ол осыны қанағат ететін болса, ол осыған тоқтайды, ал егер оған мұндай түсінік те қате болып көрінсе, ол бұдан да әрі көтеріледі. Егер көңіліне ұласа, ол осыған тоқтайды. Сөйтіп әрдайым белгілі бір сатыдағы түсінік, оның ойынша, қате болып шыққан сайын, ол неғұрлым жоғары сатыға көтеріледі. Ал егер түсініктің бәрі оған жалған болып көрінсе, мұның мәнісі - оның бойында ақиқатты танып білетін дарын бар деген сөз. Надан қалалардың кейбір мақсаттарын нысана тұтушылар - сый-құрмет, молшылық, байлық рахаты сияқты нәрселерге бой ұрушылар екінші басқа категорияға жатады. Қайырымды қаланың заңдары мұндай нәрселерге, тыйым салатынын көріп, олар қайырымды қаланың көзқарастарына ден қояды да, бұлар ақиқат бейнелері бола ма, әлде өздігінен сол ақиқатқа бейім нәрсе бола ма, әйтеуір осының бәрін бұрмалауға тырысады. Бүл бейнелердің екі түрлі жолмен бұрмалануы мүмкін: біріншіден, талас туғызуы мүмкін тармақтар арқылы, екіншіден, жалған білгіштік пен алдау арқылы бұрмаланады. Ал ақиқаттың өзі жалған білгіштік пен алдау арқылы ғана бұрмаланбақ. Мұның бәрі олардың надандық және сұмпайы мақсатына жетуіне ешнәрсе де бөгет болмауы үшін істеледі, сондықтан мұндайлар қайырымды қала бірлестігінің мүшелері болуға тиісті емес. Түсініктерде талас нәрселердің болуы салдарынан, сондай-ақ ұғымның нашарлығы салдарынан ұғым біткеннің бәрін жалған деп білетіндерінің тағы да бір категориясы бар, бұлар осы түсініктердің қайсысы ақиқат екенін ажырата алмайды, сөйтіп ешбір талассыз түсініктерді де жалған деп есептейді. Бүл адамдар жоғары көтеріліп, ақиқатты танып білу

мақсатымен оған жақындай бастаған кезде, ұғымының нашарлығы себепті бұлар одан ауа жайылып кетеді де, ақиқатты шындықтағыдан басқаша деп ұғынады, оның бер жағында өздері көңілге тоқыған жалған ақиқатты нағыз ақиқат деп ойлайды. Егерде бұларға өз түсінігі жалған болып көрінсе, бұлар өздері қабылдаған нәрсені емес, көңілге тоқылған ақиқаттың өзі жалған деп ойлай бастайды. Бұдан олар мынадай қорытындыға келеді: тегінде ешқандай ақиқат жоқ, және ақиқатқа жеттім деп ойлаушы әрбір адам тек қана өзінөзі жұбатумен жүреді, ал жұрт алдында ақиқатқа жеткіземін деп күпінуші адам тек қана өтірікші әрі суайт, ол осылай тілін безеп ұлық болуды көздейді немесе басқа бір нәрседен дәлелденеді. Осының нәтижесінде мұндай адамдардың бағзы біреулері абыржып қалады, ал екінші біреулерінің ойынша, - нәрсеге алыстан көз салатын немесе бірдеңені түсінде көретін адамдардың басында болатыны сияқты, - ақиқаттың болуы хақ, бірақ адам оны танып-білуден алыс жатыр, ал оның себебін анықтауға, бұлардың ойынша, адамның ақылпарасаты жетпейді. Өздері пайымдаған нәрсені бұрмалауға тырысып, пайымдалған нәрсені ақиқат деп санамай, олар: ақырында, ақиқатқа жеттік деп ойлайды. 34. НАДАН ҚАЛА МЕН АДАСҚАН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ТУРАЛЫ Діни сенімдері кейбір ескі теріс көзқарастарға негізделген реттерде қала надан немесе адасқан қала болып шығады. Кейбіреулер, мәселен, былай деседі: біздің көріп жүргеніміздей, кейбір тірі жандар бірбіріне қарама-қайшы және оның әрқайсысы екінші тірі жанды құртуға тырысады. Өзіміз көргендей, әрқайсысы өз өмірімен бірге осы өмірде өшуден аман сақтайтын нәрсеге және өзіне қарсы тұрған жандардан өзін қорғауына, өзінің үрім-бұтағын аман сақтауына септігін тигізетін нәрсеге не болады, бұдан кейін өзіне қарсы тұрған нәрсені жойып, түрі жағынан өзіне ұқсас тән жасауына септігін тигізетін нәрсеге ие болады, ақырында, басқа заттарды пайдалана отырып, өз өмірін қызықты да баянды етуіне мүмкіндік беретін нәрсеге не болады. Осынау тірі жандардың көбінде өздеріне қарсы нәрсенің бәрін жеңіп шығуына мүмкіндік берерлік қасиет бар. Өзінің қарама-қарсылығына және басқа тірі жан атаулыға қатынасы жағынан әрбір тірі жанның жайы осындай, сондықтан бізге әрбір тірі жанның жалғыз өзі ғана қызықты өмір сүруге жаралған тәрізді көрінеді, нақ осы мақсатпен оның бойына өзіне пайда келтірмей, зиян жасайтын нәрсені жою үшін қажетті қасиет біткен және барынша қызықты өмір сүруі үшін пайдаланарлық мүмкіндігі мол сияқты көрінеді. Біз бірталай жануарлардың көптеген басқа жануарларды тарпа бас салатынын, сөйтіп өздеріне бұдай келер елеулі пайда болмаса да, сол жануарларға қастық істеп, жойып жіберуді көздейтінін көріп жүрміз, бейне бұлардың әрқайсысы өзінің жаратылысынан дүниеде өзінен басқа тірі жанның болуын қаламайтын сияқты немесе басқа жануар атаулының өмір сүруі оған нұқсан келтіретіндей, бейне осы жануардың өмір сүруінің өзі оған зиянды нәрседей көрінеді. Бұдан соң тірі жанның әрқайсысы тіпті мұндай мақсат көздемегеннің өзінде де оз пайдасы үшін өзге жанды құл етуге тырысады, алуан түрлердің өзара қарым-қатынасы міне осындай, ал коп реттерде белгілі бір түрге жататын барлық индивидтердің арасындағы қарым-қатынас та осындай. Бүл тірі жандардың жаратылысы сондай, өзара арпалысып, жауласып жатады, оның бер жағында олардың басқалармен салыстырғанда ең мықтысы мейлінше шалқып өмір сүреді. Ал жеңіп шыққандары әрқашан да бірін бірі жойып жіберіп

отырады, өйткені, өз жаратылысы бойынша, әрқайсысы әрбір басқа жан атаулының өмір сүруін әрі жөнсіз, әрі өз өміріне зиянды деп санайды, не болмаса, әрқайсысы әрбір өзге тірі жанды өзі үшін жаралған деп санайды да, бірін-бірі пайдаланып, құл етіп отырады. Болып жатқан құбылыста ешқандай жоқ деседі; тірі жанның дәрежесі сақталмай жүр деседі; әрбір тірі жанның бойына біткен түрлі қасиет оның басына лайық болып келмейді, ал оның бер жағында тірі жан атаулының әсте тіршілігі жоқ деседі. Міне осындай нәрселер өзіміз байқап жүрген және өзімізге белгілі тірі жандарда кездесіп отырады. Сонымен қатар кейбіреулердің айтуынша, олардың туа біткен жаратылысы нақ осындай, ендеше табиғи тәндер әрекеті таңдау бостандығына не болып отырған, өз қалауы мен еркі бойынша қимылдайтын жануарлар әрекетінің дәл өзі, ал парасатты жануарлар оз білгенінше әрекет етеді. Сондықтан олар былай деп ұйғарған: қала біткен бір-бірімен күресіп, жауласуға тиіс, бүл қалалардың ешқандай дәрежесі жоқ, бұларда ешбір тәртіп те жоқ және бүл жерде басқаларға қарағанда сый-құрметке немесе тағы бір артықшылыққа жалғыз езі лайық келетін ешкім де жоқ. Олардың ұйғаруынша, әрбір адам оз қолындағы игіліктің бәрін емін-еркін пайдаланып, өзіне пайдалы нәрсе үшін басқаға қарсы күресуге тиіс сөйтіп өз дұшпанының бәрін жеңіп шыққан адам - ең бақытты адам. Осының бәрі қалада надан қалаларға тән көптеген көзқарастың тууына себепкер болады. Мәселен, кейбіреулердің ойынша, адамдар арасында ешбір байланыс деген жоқ, табиғи байланыс та, жасанды байланыс та болмайды, сондықтан әркім басқа біреудің мүддесіне нұқсан келтіруге тиіс, әркім өзгені жат санауға тиіс, екі адам тек зәру болғанда ғана бірігіп, тек лажсыздан ғана келісімге келмек, ал осылай біріккен күнде біреуі әрқашан да жеңуші, екіншісі жеңілуші жақ болады. Егер әйтеуір бір сыртқы жағдай бұларды бірігіп, келісімге келуге итермелейтін болса, бұлар мұны қалайда зәру болғандықтан ғана, сыртқы жағдай бұларды осыған мәжбүр еткендіктен ғана істейді. Ал осы сыртқы жағдай жоғалды дегеншеақ бұлар сөзсіз суысып кетеді де, айрылысуға тиіс болады. Адамзатқа тән көзқарастардың ішіндегі айуандық көзқарас міне осындай. Ал басқа біреулер әрқайсысы әйтеуір бір істі орындауды өз міндетіне алатын көмекшілері мен жәрдемшілері болмаса, жалғыз адам өзінің бар мұқтажын өтей алмайтынын білгеннен кейін, бірігуді жақтайды. Тағы біреулердің ойынша, мұны зорлықтың күшімен жүзеге асыру керек - бұлай еткенде көмекшілерге зәру болып отырған адам жұрттың белгілі бір тобын өзіне бағындырып, құл етеді де, бұдан кейін солардың көмегімен жұрттың екінші тобын нақ осылайша өзіне бағындырып, құл етеді. Мұндай көмекші оған терезесі тең адам ретінде емес, жеңушіге мойынсұнған жеңілуші ретінде қарауға тиіс. Мәселен, кімде-кім күш-қуаты және қаруы жағынан барша жұрттан мықты болса, ол кімді болса да өзіне бағындыра алады. Бір адамды бағындырғаннан кейін соның көмегімен тағы бір адамды немесе бір топ жұртты өзіне бағындыра алады, бұдан соң осы адамдардың жәрдемімен өзіне басқаларды бағындырады - ақыр аяғында оның төңірегінде белгілі бір мөлшерде көмекшілер құралады да, бұлардың әрқайсысы белгілі дәрежеге не болатын болады; ал осы көмекшілер саны айтулы мөлшерге жетті дегенше-ақ ол бұларды өз тілегін орындатып отыратын қолшоқпарға айналдырмақ. Басқа біреулердің ойынша, жұрттың арасында белгілі байланыс, бауырмалдық пен татулық бола тұрса да, бұлар осы байланыстың негізін түсінуде алауыз болады. Бұлардың

кейбіреулері былай деп есептейді: жұрттың етене жақындығы ата-бабасының ортақтығында, ал мұның өзі басқаларды жеңіп шығу үшін және басқалардың жеңуіне жол бермеу үшін жұртты өзара байланысты, тату-тәтті, бауырмал және жанашыр ететін дәнекер. Ерегіс пен бақастық жұрттың тегінің өзгешелігінен туады. Тікелей шыққан тегінің бірлігі және соған жақындығы олардың байланысын неғұрлым баянды етеді, ал бұтақтан бұтаққа тарап, алшақ кеткен сайын бүл байланыс әлсірей береді де, келе-келе толық үзіліп, оның орнын бақастық басады. Сыртқы жағдай қажет еткен күнде, мәселен, кенеттен қауіпқатер төнгенде, жұрт оған қарсы тек қана қауымдасып күресу үшін күш біріктіреді. Кейбіреулердің ойынша, бұл байланыстың негізі - туыстасу дәстүрі: бір тайпаның ерлері екінші тайпаның әйелдерімен некелеседі, ал екінші тайпаның ерлері бірінші тайпаның әйелдерімен неке қиысады, ал мұның аты «өзара туыстасу» деген сөз. Тағы біреулердің ойынша, байланыс белгілі бір ең бастапқы әміршіге, түңғыш рет жұрттың басын қосып, ұйымдастырған, сөйтіп олардың жеңіске жетуіне, надан қала игіліктерінің біріне ие болуына мүмкіндік берген әміршіге бағыныштылық жөнімен анықталады. Кейбіреулердің ойынша, байланыс негізі - ант, одақ пен өзара келісім, бұлар әркімнің үлесін, оның сертін анықтайды, мұнда ол өзгелерге қарсы шықпауға, оларды тастап кетпеуге, жеңіске жету үшін және жаудың жеңуіне жол бермеу үшін олармен бірлесіп қимыл жасауға серт етеді. Кейбіреулердің пікірінше, байланыс негізі - әдет-ғүрып пен табиғи қасиеттер ұқсастығы, тіл бірлігі, ал алауыздық осы белгілердің ала-құлалығынан туады. Әрбір халықтың бойында осындай белгілер бар. Оның өкілдері басқа халықтардың өкілдерінен сақтанып, оқшаулануға тиіс, өйткені халықтар бір-бірінен осы үш белгісіне қарай ажыратылады. Басқалардың ойынша, байланыс негізі - үй ортақтығы және жалпы алғанда мекен ортақтығы. Үй ортақтығы ең тығыз байланыс туғызады; бұлан кейін көше ортақтығы, квартал ортақтығы келеді - жұрттың өз көршісінен жұбаныш іздейтін себебі міне осы, өйткені осылармен бір көшеде немесе бір кварталда тұратын нақ соның өзі - мұнан кейін қала орталығы және сол қала орналасқан жер орталықтығы келеді. Бұл арада кейбір нәрселер тағы бар, булар, жұрттың ойынша, шағын бірлестік пен шағын топтың арасындағы және осындай қос бірлестік пен қос топтың арасындағы ішінара байланысты анықтауға тиіс: ұзақ уақыт бірге болу, ішетін таман пен сусын ортақтығы, кәсіп ортақтығы, басқа төнген қауіп-қатер ортақтығы, әсіресе бірге тұратын жұрт белгілі бір алапатты бастан кешірген кезде біреулері екінші біреулеріне жұбаныш болады, -әлденедей рақат ортақтығы, сондай-ақ біреудің көмегін біреу қажет етпей қоймайтын орын ортақтығы, - мәселен, бірге сапар шеккенде осылай болмақ. 35. ӘДІЛДІК ТУРАЛЫ Жұрт айтады: топтардың арасындағы айырмашылық осы байланыстардың бірі болса, онда, бүл айырмашылық әлденендей екі тайпаның, екі қаланың, екі одақтастың немесе екі халықтың ара¬сында болса да мейлі, бұлардың арасындағы айырмашылық нақ бір индивид пен екінші индивидтің арасындағы айырмашылық сияқты болмақ, өйткені бір адамның екінші адамнан өзгешелігінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Қайткен күнде де бұлар бір-бірімен күреспей, бір-бірімен жауласпай қоймайды, оның бер жағында бұл күрестің мақсаты қауіпсіздік, ар-намыс, бақ-дәулет, рахат болмақ және аталған

мақсаттарға жеткізетін амал біткеннің бәрі қолданылмақ. Әрбір топ екінші топты көрсетілген игіліктердің бәрінен мақрұм қалдырып, бұларды өзі икемденуге сөзсіз тырысып бағады. Әрбір жеке индивидтің екінші индивид жөніндегі ниеті де нақ осындай болмақ. Екінші топты аталған игіліктерден мақрұм қалдырған топ шадыман да бақытты жеңіс иесі болмақ. Бұл қасиет әрбір жеке адамның да, әрбір топтың да шынайы жаратылысына тән қасиет, мұның өзі табиғи тірі жандардың түпкі негізінен келіп шығады. Ал жаратылысқа негізделетін нәрсенің бәрі әділ іс, әділдік дегеніміз күресте, мұның мәнісі белгілі бір топ өзіне кездескен топ біткеннің бәрін бағындырады деген сөз. Бағыныштыны алатын болсақ, ол өзінің жеңілуі нәтижесінде не өмірлік бақ-дәулеті жағынан зиян шегеді, тіпті құрып кетеді, онда жалғыз жеңуші ғана өмір сүре беретін болады, не болмаса арнамысына нұқсан келеді, онда ол қорлыққа және кіріптарлыққа ұшыратып, жеңіп шыққан топ оны құл есебінде пайдаланады, сөйтіп ол әрі жеңушінің күрескенде көптеген игілікке жетуіне, әрі соның өмірін ұзартуға көбірек септігін тигізетін нәрсені ғана істейтін болады. Демек жеңушінің жеңілушіні құл етуі де - әділ іс; жеңушіге өте-мөте пайдалы нәрсенің бәрін жеңілушінің орындап отыруы да дәл сондай әділ іс. Демек, мұның бәрі - табиғи әділдік, ал игіліктің өзі де нақ осы. Олай болса, бұл әрекеттің бәрі - ізгі әрекет, сондықтан жеңіп шыққан топ олжа түсірген кезде бүл олжаның дені соны қолға түсіру үшін өте-мөте көп еңбек сіңірген адамға, ал ең азы осы орайда жұрттың бәрінен кемірек еңбек сіңірген адамға берілуі қажет. Егер жеңістің нәтижесінде жеңілген жақ ар-намысын жоғалтқан болса, абыройдың ең көбі сол жеңіске жұрттың бәрінен көбірек еңбек сіңірген адамға тимек, ал бұдан келген байлық; болса, мұның да денін сол алмақ, - барлық басқа игілік атаулының жайы міне осындай. Олардың пікірінше, бүл да - табиғи әділдік. Жұрт айтады: әділдік деп аталатын басқа нәрсенің бәрін, мәселен, сауда-саттық, борышты өтеу жайын алатын болсақ, ешкімге ашуланбау керек, ешкімді жәбірлемеу керек деп жөн үйретушілер мұны қорыққанынан, әлсіздігінен немесе сыртқы жағдайдың лажсыз осыған мәжбүр етуінен істейді. Мұндай жағдай екі индивидтің немесе екі топтың күші тепе-тең болып, бірін-бірі алма-кезек жеңіп жүрген кезде орын алмақ. Осының бәрі ұзаққа созылған кез¬де, екі жақтың әрқайсысы екі түрлі жағдайды бастан кешіргеннен кейін адам төзгісіз халде болып шығады да, сол кезде әрқайсысы өздері күрес жүргізген игіліктің біразын екіншісіне қиып, өзара бөлісіп, бірігеді. Игілік бұдан өзінің қасиетін жоғалтпайды, ал екі жақ біріміздің қолындағы нәрсеге екіншіміз көз тігіп, ешқашан да талап қоймаймыз, тек екі жақтың ризалығы бойынша белгілі шарттар ұсынылады деп келіседі. Осының бәрінен сауда-саттық үшін белгіленетін шарттар келіп шығады, бір-бірін қадірлеу, бірін бірі жұбату сияқты құбылыстар пайда болады. Бір адам екінші адамнан осалырақ болып шыққан кезде немесе одан қорқатын болса, міне осындай жағдай орын алмақ. Өзара осындай жағдайда болып тұрғанда олар сөзсіз бірігуге тиіс, ал енді олардың бірі мықтылау болып шықты дегенше-ақ, ол шартты сөзсіз бұзып, әлгі екінші адамды өзіне бағындыруға тырысуы керек. Немесе былай болады: екеуі өздеріне сырттан төнген қатерге кезігеді, бұған олар бірлесіп қимылдаған күнде ғана жөне өзара егесуін тоқтатқан кезде ғана қарсы тұра алады, сондықтан олар осы сыртқы қатер жойылғанша бірлесіп қимылдай бастайды. Тіпті былай болуы да мүмкін: олардың әрқайсысы әлде бір затты қолына түсіру қамын ойлап, ол өзінің діттеген мақсатына екіншінің көмегімен және сонымен бірлесіп қимылдаған күнде ғана жететінін кәміл біледі. Бұдан болған кезде олар осы уақыт ішінде өзара егесуін тоқтатып,

бір-біріне жәрдем көрсете бастайды. Ал енді көрсетілген себептердің нәтижесінде олардың арасындағы айырмашылық жойылған кезде және осыдан былай белгілі бір уақыт өткеннен кейін, оқиғаның неден басталғанын білмейтіндер өсіп-жетілген кезде, бұлар қазіргі орнаған тәртіпті нағыз әділдік деп есептейді, ал бастапқы кезде қорқыныштың да, әлсіздіктің де болғаны бұлардың ойына кіріп те шықпайды. Бұлар, өздері пайдаланып отырған барлық нәрсені көңіліне тоқ санайды, ал шынына келгенде, осы нәрселермен ғана тынып отырған адам не тым әлсіз, не өзгенің бірдеңесін алуға қорқады, сөйтіп, басқа біреудің істегенін істегісі келіп тұратын адамның кебіне ұшырайды. 36. КӨНБІСТІК ТУРАЛЫ Көнбістікті алатын болсақ, мынаны хақ деп білу ләзім: дүниені билеуші бір тәңір бар, діндарлар намаз оқу, мадақтау, тауап ету арқылы тәңірдің даңқын шығаратын әрекеттің бәріне басшылық етіп, жөн сілтеп отырады; егер адам осындай парыздарын өтеп, бүл дүниедегі нәпсі тілейтін толып жатқан игіліктен тартынар болса, егер ол осының бәрін берік ұстанар болса, өлгеннен кейін ол осының бәрінің сауабын алып, ағыл-тегіл игілікке кенеледі. Егер ол осы парыздардың бірде-бірін өтемей, осынау жалған дүниеде бар игілікті пайдаланса, өлгеннен кейін о дүниеде ол осының жазасын тартып, шексіз қасірет шегетін болады. Мұның бәрі - бір топтың пайдасы үшін екінші топқа қарсы қолданылатын айла-шарғы. Мұның бәрі қазіргі игілік жолында ашықтан-ашық, адал күресуге қабілетсіз жандардың пайдаланып жүрген қулық-сұмдығы; бұл игіліктерді өз қолымен және қарудың күшімен, арамзалық айласыз және өзгенің көмегінсіз тартып алуға дәрменсіз адамның қолданатын амалы, мұны ол басқаларды қорқытып, олардың дүниелігін түгел немесе ішінара иемдену үшін істейді; өзгенің қолындағысын тартып алып, өзі пайдалану үшін күресуге дәрменсіз адамдар осылай етеді. Сөйтіп, осы парыздарын өтейтін адамды бұ дүниедегі игіліктен безген кісі деп есептейді, оны ізгі жанға балап, үлгі етеді. Ондай адамнан қауіптену де, сақтану да, оған зәредей шек келтіруге де болмайды. Мұның керісінше, - ол өзінің ниетін жасырып, өз әрекетін қасиетті іс қатарында дәріптейді. Ол жұрт көзіне бүл игілікті әсте көздемейтін мүләйім де момақан кісі болып көрінуге тырысады; сол себепті оны жұрт қадірлеп, мадақтамақ, оның ықыласын түсіріп, риза ету үшін барын алдына жайып салмақ. Жұрт оған мойынсұнып, өзін жақсы көрмек, тіпті ол өте оғаш мінез көрсетсе де, оған кешірімшіл болмақ; мұны былай қойғанда, ол қандай сорақылық іс істесе де, жұрт мұны жарасымды қылық деп таппақ. Жұрт алдында ол сый-құрметке, көсемсушілікке, байлыққа, рахатқа осылайша ие болмақ, бар игілікке осылайша кенелмек. Әрине, әлгі парыз дейтіндердің бәрі нақ осы мақсатпен енгізілген ғой. Әдетте жыртқыш аңды аулау ісі не ашық арпалыс пен шабуыл жасау арқылы, не айла-амал қолдану арқылы жүргізіледі, сол сияқты, әлгі игілікті де не ашық талап қою арқылы, не алдап-арбау арқылы тартып алады. Адам тиісерде өзінің мақсатын шын мәніндегіден басқаша етіп көрсетуге тырысады; сондықтан одан қорықпайды, сақтанбайды, оған қарсы әрекет те жасамайды, сөйтіп ол өз мақсатына оп-оңай жетеді. Адам осы парыздарын өтегенде бұған қатты ден қояды, мұны ол белгілі бір ниетін орындау үшін істейді, өйткені оның іс-әрекетінің бәрі осыған бағытталған. Ол әлденендей бір игілікке не барлық игілікке кенелу үшін бүл парыздарды жұртқа көз ету үшін ғана өтейді, сондықтан жұрт оны әлпештеп, елден ерек шыншыл, дана, білгір не ғалым деп есептейтін болады;

жұрт оны құрметтеп, қадірлеп дәріптейді. Ал енді ол осы парыздарын игілікке жету ниетімен емес, шын ықыласымен өтейтін болса, жұрт көзіне ол қателік жасаған, ақылынан адасқан зұлым, ақымақ, кеще, бақытсыз, бейшара, дәрменсіз адам болып көрінбек - барша жұртқа жазықты болмақ. Алайда, бірталайы кекесінмен оған мақтау айтпақ, екінші біреулері өз мүдделері үшін, оны әлденендей игілікке таласпайтын ету үшін, сөйтіп өздерінің де, өзгелердің де әдетіне жарайтын бүл игіліктің ағыл-тегіл болуы үшін оған қошемет көрсетіп отырмақ. Үшінші біреулері қорыққанынан оның мінезі мен іс-әрекетін мақтап, бұл мінезді жөн көрмейтіндердің оның қолындағысын қағып алып кетпеуін қарастырмақ. Төртінші біреулері өздерінің де сол сияқты адасуы себебінен ғана оны бақытты жан санамақ. Бұл сияқты көзқарастар - надан қала тұрғындарының көзқарастары, ал бұлардың әрқилы жандарда болатынын байқап, кеп адам мұны жақтайды. Өздері күрес жүргізгенде көздеген игілігіне жетсе, мұны шығынға ұшыратпай, аман сақтау, көбейтіп, арттыру қажет, ал егер бұлай етпесе, онда бүл таусылып қалмақ. Кейбіреулердің ойынша, жұрттың бәрі қай кезде және қай жерде болса да басқаларды жеңіп шығуға тырысуы керек, ал олар бір топты жеңген сайын екінші топқа қарсы аттанады. Басқа біреулердің ойынша, бұл игілікті жұрт бір-бірінен немесе бөгде адамдардан тартып алуға тиіс, сонда олар осы игілікті аман сақтап, көбейте береді, не мұны бір-бірінен саудасаттық, айырбас және осы сияқтылар арқылы, не бөгде адамдардан талас-тартыс арқылы алады. Ал басқа біреулер бүл игілікті осы амалдың екеуін бірден қолданып көбейтпек болады. Тағы біреулердің пікірінше, осы игілікке жету үшін жұрттың екі бөлінуі керек: бір бөлегі мұны оз ортасында келісім жасау арқылы, екінші бөлегі өзгелерден күшпен тартып алатын болады. Сөйтіп жұрт екі топқа бөлінеді де, әрқайсысы өзінің ерекше амалын қолданып игілік табады: біреуі бүл үшін күрес жасайды. Кейбір жұрттың ойынша,келісім жасаушы топ әйелдерден, күрес жүргізуші топ ерлерден құралуға тиіс. Ал егер кімде-кім күрес жүргізуге тым әлсіз болып шықса, ондай адамды келісім жасаушы топқа қосқан жөн. Егерде кімдекім бүл кәсіптің екеуіне де жарамайтын болса, ондай адамды еріксіз деп есептеген мақұл. Кейбіреудердің ойынша, келісім жасаушы топ күресушілерден басқа адамдардан құралуға тиіс, сөйтіп нақ осы топтың өкілдері - өздерінің сипатына сәйкес -жеңіп алынған игілікті сақтау, көбейтіп арттыру ісін оз міндетіне алуға тиіс. Басқа біреулердің ойынша, тірі жандарда болатын күрес әр алуан түрлердің арасында ғана жүргізілуі мүмкін; ал белгілі бір түрге жататын жандарды алатын болсаң, түр дегеніміз оларды байланыстырушы дәнекер, сондықтан олар бір-бірімен тату тұруға тиіс. Ал адамдар жөніндегі байланыстырушы дәнекер - адамгершілік, сондықтан адамзат санатына жататындар бір-бірімен тату тұруға тиіс. Осыдан кейін олар өздерінің кәдесіне жарайтын нәрсенің бәрін өзге түрлерден тартып алмақ, ал өздеріне ешқандай пайда бермейтін нәрседен аулақ болмақ. Егерде пайдасыздың арасында зиянды нәрсе кез болса, оны дереу құртып, зиянсызын қалдыру керек. Сондықтан да жұрт былай деседі: егер істің жайы дәл осылай болса, онда жұрт игілікті өзара ауыс-түйіс жасағанда мұны ерікті келісім бойынша жасау керек, ал адамның басқа түрдегі жандардан ғана алып, пайдалануына болатын игілік талас-тартыс арқылы ғана қолға

түсіріледі, өйткені өзге түрге жататын жан атаулыға парасат жоқ, сол себепті олар ерікті келісім жасауға қабілетсіз. Жұрт айтады: адамға лайықтысы міне осы, ал даукес адамды алатын болсақ, ол - өзі даукес болғандықтан - адамзат жаратылысына жат. Сондықтан егер жер бетінде адамзатқа тән қасиеттен айрылған және өзге топтардың игілігіндегі игілікті жаулап алуға құмар халықтар немесе топтар өмір сүрер болса, онда әлгіндей қасиеті бар халықтар мен топтар өздеріне шабуыл жасай қалған күнде оларға тойтарыс беру үшін және өздерінен бұрын тартып алынған игілік болса, оны қайтарып алу үшін ерекше жасақшы топтар құруға мәжбүр болмақ. Сөйтіп, әрбір топтың өзінде екі түрлі күш болады: бірі күрес пен қорғаныс үшін, екіншісі келісім жасау үшін қолданылады. Бірақ қорғану үшін қолданылатын бүл күшті сол топтың өз білігінше қолдана беруіне болмайды - бүл күшті лажсыздан ғана, сырттан бір қауіп төнгенде ғана қолдануға болады. Біреулері мен екіншілері түрліше ойлайды, алғашқылары татулық сырттан келмейді деп білсе, соңғылары талас-тартыс сырттан келмейді деп санайды. Бейбіт қалалардың тұрғындарына тән бұл көзқарас, міне, осыдан келіп шығады. 37. НАДАН ҚАЛАЛАР ТУРАЛЫ Надан қалалардың ішінде зәрулік қаласы мен ауыс-түйіс қаласы, азғындаған қала, даңгөй қала мен құштар қала болады. Бүл қалалардың тұрғындарының, құштар қаланың тұрғындарын былай қойғанда, көздейтін мақсаты бірдей. Құштар қаланың тұрғындарын алатын болсақ, мұнда әбігерлік дегенің толып жатыр; бұл қалада надан қалалардың бәріне тән әбігерлік кездеседі. Бейбіт қалалардың лажсыздан жүргізетін күресі мен қорғанысын алатын болсақ, бүл істермен не бүл қалалардың тұрғындары түгелінен, не кейбіреулері ғана айналысады, сөйтіп бүл қалалардың тұрғындары екі топқа бөлінеді: бір топтың күрес пен қорғаныс жүргізерлік күші болады, ал екінші топтың мұндай күші болмайды. Өз игілігін олар осылайша сақтайды. Надан қала тұрғындарының ішіндегі соңғы топтың өкілдері рухани жағынан сау адамдар, ал бірінші топтың өкілдері рухани жағынан азғын адамдар, өйткені бұлар талас-тартысты игілікті іс деп санайды, оның бер жағында мұның екі түрлі көрінісін де - ашық жүргізілетінін де, айла-шарғымен жүргізілетінін де - осылай деп біледі. Ашықтан-ашық күресе алатыны нақ осылай істейді, ал бұлай істей алмайтыны опасыздыққа, екіжүзділікке, өтірік айтып, қиянат жасауға салынады. Екінші біреулер бақыт пен кемелділік бар, бұған адам өлгеннен кейін о дүниеде жетеді, шынайы қайырымдылық пен қайырымды іс-әрекет бар, мұны жұрт өзі өлгеннен кейін бақытқа жету мақсатымен істейді дегенге нанады. Табиғи жандарға көз жіберіп, бұлардан өздері бекер дей алмайтын немесе теріске шығара алмайтын сипатты көргеннен кейін, олар былай деп ойлайды: егер табиғи нәрсе көзбен көргендегідей дейтін болсақ, онда надан қала тұрғындарының пікірі қажетті пікір болып шығар еді десті. Сондықтан олар былай деуді мақұл көрді: пәлендей түрде көзге көрінген табиғи жандардың тіршілігі қазіргі уақытта байқалып отырған қалыптан басқаша, ендеше, олардың қазіргі кездегі тіршілігі олар үшін табиғи нәрсе емес, қайта олар үшін табиғи сипат алып отырған нәрсеге қарамақарсы. Қазіргі тіршілікті жойып, осы арқылы табиғи кемелділік болып табылатын тіршілікке жету үшін өз еркіңмен осындай мақсат қойып, осылай қимылдау керек, өйткені осы алдамшы тіршілік кемелділікке жетуге кедергі болады, ал егер мұның өзі жойылатын болса, сонда кемелділікке қол жетеді.

Екінші біреулердің ұйғаруынша, тірі жандардың тіршілігі - қазіргі кезде қалыптасқан нәрсе, бірақ басқа нәрселер бұлармен үйлесе, араласа келіп, бұлардың шырқын бұзған, бұлардың әрекет етуіне бөгет жасаған, бұлардың көпшілігін өздеріне жат формаға түсірген де, осының нәтижесінде бұлар, мәселен, адам еместі адамға, адамды адам емеске балаган, ал адам әрекетін адамға жат әрекетке, адамға жат әрекетті адам әрекетіне балаган. Сөйтіп, қазір анықталып отырғанындай, адам өзінің жаратылысына сәйкес келетін істі істемей, өзінің жаратылысына лайықсыз істі істейді. Сондай-ақ бұлар толып жатқан нәрсені, шынында олай болмаса да, ақиқат нәрсе деп есептейді, ал көптеген басқа нәрсені, шынында олай болмаса да, мүмкін емес нәрсе деп есептейді. Осы екі пікірді де жақтаушылардың ойынша, осы алдамшы тіршілікті жойып, шынайы тіршілікті орнықтыру керек. Адам табиғи жандардың бірі, ал оның қазіргі кездегі тіршілігі табиғи тіршілік емес, соңғысы қазіргі тіршілік емес, ал екіншісі - оның қазір бастан кешіріп отырған тіршілігі ана тіршілікке қайшы келеді және оған бөгет жасайды; ол табиғи тіршілік емес. Кейбіреулердің ойынша, жанның тәнмен қосылуы табиғи нәрге емес, адам дегеннің өзі - жан деген сөз, ал бұған тәннің қосылуы жанның шырқын бұзып, қимылын бұрмалайды, жаман әдет жанның тәнмен қосылуынан келіп шығады, жанның кемелділігі мен ізгілігі оның тәннен азат етілуінде. Жанның шарықтауы үшін оған тәннің әсте қажеті жоқ; сондайақ шарықтау дәрежесіне жету үшін оған тәннің де, тәннен тысқары - байлық, көршілер, достар, қала тұрғындары сияқты - нәрселердің де қажеті жоқ; нақ тәннің тіршілігі адамзат қоғамдарын және басқа сыртқы нәрселерді керек еткізеді. Сондықтан да олар тәннің тіршілігі аласталуға тиіс деп ұйғарған. Ал екінші біреулер тән адамның жаратылысымен бірге жаралған дегенді қостамайды, олардың ойынша, оған жаратылысынан нақ жан күйзелістері арнайы телінген емес, оның бақытқа жетуіне себепкер болатын толық қайырымдылық осы күйзелістерді жойып, құртуда. Біреулер мұны күйзеліс атаулының бәріне - ашу-ыза, құштарлық сияқты нәрселерге - жатқызады, өйткені, олардың ойынша, жалған игіліктерді сый-құрмет, молшылық және рақат сияқтыларды мадақтау себебі нақ осылар; ал күресті мадақтау ашуызадан және сол ашу-ызаны қоздырушы күштен туады, - араздық пен суысу да осыдан келіп шығады. Міне, сондықтан да олар осы күйзелістің бәрі жойылуға тиіс деп шешкен. Біреулердің ойынша, ашу-ыза және басқа осындай күйзелістер жөнінде осыны айтуға болады, ал қайырымдылық пен әсемділік осы күйзелістерді жоюда. Басқа біреулердің ойынша, қызғаныш, сараңдық сияқты басқа күйзелістер жөнінде осыны айтуға болады. Міне сондықтан да, кейбіреулердің ойынша, табиғи тіршілікті құрастыратын нәрсе біздің қазіргі кезде бастан кешіріп отырған тіршілігімізден өзгеше, ал құштарлық, ашу-ыза және басқа жан күйзелістерінің пайда болу себебі жанның парасатты бөлігін құрастыратын нәрсеге қарама-қарсы. Міне сондықтан да, кейбіреулер, мәселен, Эмпедокл - оның себебі әрекет етуші екі түрлі негіздің қарама-қарсылығынан деп тапқан; ал екінші біреулер - мәселен, Парменид өзінің ашық айтқан пікірлерінде, сонымен қатар басқа да табиғат зерттеушілер - оның себебі материяның қарама-қарсылығынан деп тапқан /24/. Ерте замандағы көптеген ойшылдар туралы айтылған әңгімелерге қарап біздің тон пішуімізге болатын басқа көзқарастардың ішінде: «Еркіңмен өлгенің - табиғатта тірі жүргенің» деген де көзқарас бар. Олардың ойынша, ажал екі түрлі болады: табиғи ажал

мен ерікті ажал. Олар құштарлық пен ашу-ыза сияқты жан күйзелістерін ерікті ажал деп, жанның тәннен ұшып шығуын табиғи ажал деп біледі. Кемелділік пен бақытты олар табиғи өмір деп түсінеді. Құштарлық пен ашу-ыза сияқты жан күйзелістерін адамның жаратылысына жат нәрселер деп білетіндердің пікірінше істің жайы міне осындай. Ерте замандағы ойшылдардың біз атап өткен пікірлері қисынды пікірлер - адасқан қалалардың көбінде схизмалардың өріс алуына негіз болған көзқарастар осылардан келіп шыққан. Осының алдында біз айтып өткен табиғи жандардың хал-жайын байқағаннан кейін, бірбіріне қарама-қарсы әр алуан тірі жандардың өмір сүретінін және бұлардың бірде өмір сүріп, бірде өмір сүрмейтінін анықтағаннан кейін,- жоғарыда біз айтқанның бәрін көргеннен кейін кейбіреулер: қазірде біздің сезімдік және парасатты аңғаруымыздың объектісі болып отырған тірі жандардың белгілі субстанциялары жоқ деп ұйғарған. Сондайақ, олардың пікірінше, бүл тірі жандардың тек өздеріне ғана тән ешқандай жаратылысы жоқ, ендеше, осылардың қайсыбірінің субстанциясы әлденендей бір басқа жаратылыс емес, тек қана осы жаратылыс болды деуге келмейді. Ал бұлардың әрқайсысының субстанциясы, олардың пікірінше, ұшы-қиыры жоқ нәрселерден құралған. Мәселен, адам туралы осылай деуге болады. Осы созбен берілетін ұғымда белгілі бір субстанциясы жоқ нәрсе бар. Бірақ адамның субстанциясы және осыны білдіретін ұғым ұшы-қиыры жоқ нәрселерден құралған. Алайда оның субстанциясынан біздің сезім арқылы қазіргі аңғаратынымыз - сезімдік аңғарудың нақ осы объектісі, ал біздің бұдан шығарып қорытқан пікіріміз - біздің қазіргі парасатты аңғаруымыздың объектісі ретінде өзіміз көңілге тоқыған пікірдің дәл өзі, сонымен бірге мұның бәрі қорытынды пікір де болмай, сезім арқылы аңғарылатын нәрсе де болмай, басқа нәрсе болып шығуы да әсте ғажап емес. Қандай нәрсе жөнінде болса да осыны айтуға болады: ол қазіргі өмір сүріп отырғандағыдай қалпында емес, ал оның субстанциясы бір ғана аты бойынша көңілге тоқылатынындай қалпында емес - ол әрі осындай, әрі басқаша нәрсе, мұны біз сезімімізбен де, парасатымызбен де аңғара алмаймыз, бірақ қазіргі бар нәрсенің орнында тұрған болса, ол біздің сезіміміздің де, парасатымыздың да объектісі бола алар еді. Алайда өмірдегі нәрсеге айналған нәрсе - дәл қазіргі нәрсе, ал егер жаратылыс әрбір сөзбен берілетін ұғымның жаратылысы - дәл қазір көңілге тоқылған нақты объект емес, мұның өзі көптеген басқа нәрсе болып шығады деу жөн емес болса, ал егер мұның өзі дәл осы, бірақ осының өзі болмай, біздің ақылымызға қонбайтын нәрсе болып шығуы да мүмкін деу жөн болса, мұнда ешқандай айырмашылық жоқ, өйткені тіршілікке негізделетін ықтимал және жүйелі нәрсе атаулыдан мүмкін емес нәрсе әсте шыға қоймайды. Өзіміз бірден-бір ықтимал және жүйелі деп білетін барлық нәрсенің жайы осындай, дегенмен басқа нәрсенің болуы да пикап емес. Бірақ мұның қажеттілігі, мәселен, біздің үшті үшке көбейткенде тоғыз болып шығатынын көрсеткеніміздегідей емес - мұның субстанциясы басқаша: бұдан басқа бір санның, әлденендей басқа бір қапелімде кездесе қалған -есептеуге келмейтін нәрсенің немесе сондай бірдеңенің келіп шығуы мүмкін, ал біз мұны өзіміздің сезімімізбен де, парасатымыз бен де аңғара алмаймыз; мұның өзі әлі де біздің сезімдік және парасаттық аңғаруымыздың объектісі бола қоймаған немесе тіпті сезім мен парасат арқылы аңғаруға келмейтін, мүлде дүниеде жоқ қисапсыз көп сезімдік және парасаттық аңғаруымыздың объектісі бола қоймаған, немесе тіпті сезім мен парасат арқылы аңғаруға келмейтін, мүлде дүниеде жоқ қисапсыз коп сезімдік және асқан сезімдік нәрселердің бірі болуы әбден ықтимал.

Дәл сол сияқты белгілі бір заттан тарайтын нәрсе біткеннің келіп шығу себебі оның субстанциясы осыны қажет ететіндіктен емес, жағдайдың осылай қалыптасуынан болады, оның себебі осы затқа сырттан кезіккен бір құдіреттің мұнда басқа бір затты туғызуынан болады - не осы зат дүниеге келген кезде, не оның тіршілік еткен кезеңдерінің бірінде осылай болады. Ал енді заттың белгілі бір уақытта нақ сол қалпында пайда болуы - не кездейсоқ жағдайдың нәтижесі, не әйтеуір бір құдіреттің осының екеуінде сырттан жаратуының арқасы. Егерде «адам» деген сөзбен берілетін ұғымның орнына қазір өзіміздің көңілге түйгенімізден өзгеше, басқа бір нәрсе туындап шықса, әбден ықтимал болар еді. Бірақ бүл құдірет өзіне кездескен барлық ықтимал нұсқаулардың ішінен марқабат етіп нақ осы ұғымды таңдап алған, осының нәтижесінде біздің адам жөніндегі сезімдік аңғаруымыз бен ұғымымыз басқаша болмай, нақ осылай болып шыққан. Бүл пікір де, біздің қазіргі кезде көңілге түйгенімізге қым-қиғаш, қайшы келетін нәрсенің іс жүзінде ақиқат болып шығуы мүмкін дейтіндердің көзқарастары да осыған келіп саяды. Алайда біздің айтып өткеніміздей, ақиқат пен әділдік - қазіргі кезде өзіміз осылай деп жіп таққан нәрселер. «Адам» деген сөзбен берілетін ұғымның қазіргі кездегі түсінігімізден басқаша бір ұғым болып шығуы - ұшы-қиыры жоқ нәрселер болып шығуы мүмкін -ендеше бүл нәрселердің әрқайсысы осы түсініктің мәнін білдіреді, ал егер бұлар дәл қазір көңілге тоқылған белгілі бір объектімен қоса саны жағынан біртүтас нәрсе болып шықса, қазір көңілге тоқылған объектінің өзі саны жағынан біртүтас нәрсе бола алмайды, ал «адам» деген сөзбен берілетін ұғым қазіргі кезде көңілге тоқылған, нақ осы объектіден басқа ешнәрсе де бола алмайды. Егер бүл мағына саны жағынан бірегей болмай, мұның керісінше, көп болып шығып, түрліше анықтамаға не болатын болса, онда «адам» деген сөз осының екеуіне де ортақ есім ретінде қолданылады. Ал егер шындығында екеуінің де бірге келіп шығуы мүмкін болған болса, онда бұлар осы ретте «аян» («дәл өзі») деген ат тағылатын қос нәрсеге ұқсас болар еді де, саны жағынан шексіз нәрселер бірге өмір сүре берер еді. Егерде екеуінің бірге өмір сүруі мүмкін болмай шықса, егерде бұлар бірінен соң бірі кезекпен өмір сүрген болса, онда бүл мағынаның өзі жинақтап алғанда өзіне-өзі қайшы келіп, өзіне-өзі қарсы қойылған болар еді. Егер мұның өзі, шексіз не шегі бар болғандықтан, өзіне-өзі қарсы қойылған болса, онда бұдан қажетті түрде мынадай қорытынды келіп шыққан болар еді: бірден-бір ықтимал нәрсенің немесе өзінің қарама-қарсылығы жоқ; нәрсенің бәрінде негіз болады, мұның өзі не оған қарама-қарсы, не оған қайшы келеді, не оған қас - осының бәрі жинақтап алғанда (және ақиқаты да осы) не осы мағынаның орнына жүре алады, не оның қарама-қарсылығымен бірге бола алады. Осының бәрінен қажетті түрде келіп шығатын қорытынды, бірде-бір пікір дұрыс емес және пікірдің бәрі дұрыс, осымен қатар - дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ. Сонда егер бірдеңе әйтеуір бір заттың жаратылысы ретінде қабылданатын болса, онда қазіргі уақытта осы сөз арқылы беріліп жүрген мағынадан мүлде басқаша болып шығуы мүмкін. Мәнісі өзімізге белгісіз және пайда бола қалғанда сезім арқылы немесе парасат арқылы аңғарылып, түсінікті бола алатын заттың жаратылысы, алайда, қазіргі уақытта біздің парасатты танымымыздың объектісі бола алмайды. Мәнісі не екенін қазіргі уақытта өзіміз білмейтін заттың өзі жинақтап алғанда өзіне-өзі қым-қиғаш және қарама-қарсы болуы мүмкін; сөйтіп, біздің пікірімізше, мүмкін емес нәрсенің мүмкін болып шығуы да ықтимал болар еді.

Осының өзі және осы тектес басқа да пікірлер даналықты жоққа шығарып, адамның жан жүйесінде мүмкін емес нәрселер ретінде бейнеленген заттарды ақиқатқа айналдырады, өйткені бүл пікірлерде зат атаулының субстанцияларында қарама-қарсы тіршіліктердің және субстанциялары жағынан шексіз тіршіліктердің болу мүмкіндігі баса айтылады, оның бер жағында бұларда бірде-бір заттың мүмкін еместігі жайында әсте айтылмайды. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы: Ғылым, 1973. 211-391 бб.

БАҚЫТ ЖОЛЫН СІЛТЕУ /1/ (2-бет) (Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол белгісіз бір жетілу болып табылады. Мұны түсіндіріп жату [артық] сөзді керек етпейді, өйткені бұл - мейлінше белгілі [нәрсе]. Жетілушіліктің кез келгені адам талпынатын мақсат, өйткені жетілу дегеннің өзі бір игілік және оның өзі, күмән жоқ, адамның қалауы. Адам талпынатын қалаулы игілік ретінде мақсаттардың саны көп болғандықтан, бақыт солардың ішіндегі ең пайдалысы болып табылады. Игіліктердің ішінде бақыт ең үлкен игілік екендігі және қалаулы заттардың ішінде адам талпынатын ең жетілген мақсат екендігі айқын. Басқалары нан гөрі қадірлі игіліктер не басқа бір мақсатқа жету үшін таңдап алынды (мысалы, математика, дәрі-дәрмек қабылдау) немесе сол игіліктердің өзі үшін таңдалады. Солардың өзі үшін қалап алынатындар [игіліктер], басқа бір мақсат үшін қалап алынатындардан анағүрлым қадірлірек болуға тұратыны анық. Бірақ мынадай да жағдайлар болады: соның өзі үшін қалаулы саналатындар басқа бірдеңе үшін де қалаулы болады. (3-бет) Бұған білім мысал болады. Кейде біз оны басқа бір мақсатқа жету үшін емес, соның өзі үшін қалап аламыз, ал кейде біз оны сол арқылы байлық-дәулетке жету үшін немесе өкіметке және білімге ие болу арқылы қол жететін тағы басқа бірдеңелер үшін қалап аламыз. Қалаулы игіліктерге сондай-ақ еш уақытта басқа бірдеңеге бола емес, сол игіліктің өзі үшін қалап алатындар да жатады. Бүл [игіліктер] ең қадірлі, ең жетілген және басқа бірдеңеге бола қалап алатын игіліктерден гөрі қадірі артығырақ болады. Бақытқа жетіп алғаннан кейін біз басқа бір мақсатқа талпынуға тіпті де зәру емес екенімізді көреміз, солай болғандықтан, бақыт ешқашан да басқа [бірдеңеге] бола емес, сол бақыттың өзі үшін қадірлі екендігі айқын болады /2/. Бақыт дегеніміз игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені екені осыдан айқын көрінеді /3/. Мұнымен бірге біз бақытқа жетіп алғаннан кейін басқа ештеңеге мұқтаж емес екенімізді де көреміз. Ал осыған қолы жеткен адамға ең жарастығы - қанағатшылық жасау. Бүл пайымдау әрбір адам бақытты өз түсінігінше бақыт деп білетіндігін көрсетеді. Кейбіреулер байлықты бақыт деп есептейді, басқа біреулер басқа [бірдеңені] бақыт деп біледі, сөйтіп әрбір адам абсолюттік бақыт туралы оның өз түсінігі ең дұрыс және ең ұлы немесе ең жетілген [игілік] деп сенеді. Игіліктер ішінде бақыттың орны осындай, мұнан шығатын қорытынды: адам бақытының шыңына жету өзі үшін соған жетуді қалайтын адамнан оны игерудің әдісі мен амалын табуды талап етеді. Алдымен ескертіп алайық, адам өмірінде кездесетін жағдайлар мыналарға бөлінеді: артынан мадақтауға және жазғыруға болмайтын жағдайлар және мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлар.

(4-бет) Артынан [не] мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайларда адам бақытқа жете алмайды. Нәтижесінде әрі мадақтауға, әрі жазғыруға болатын жағдайлардың жиынтығы қосыла келгенде ол адам бақытқа жетеді. Әрі мадақтауға, әрі жазғыруға соқтыратын мұндай жағдайлар үшеу. 1. Бұл - әрекеттер, адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін керекті әрекеттер, мысалы, орнынан түру, отыру, көлікке мініп жүру, көру, есту үшін керекті әрекеттер. 2. Жан аффектілері. Мысалы, құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқыныш, жабырқау, күйіну, қызғаныш және сол сияқтылар. 3. Ақыл-парасат. Бұл үшіншісі адамның бүкіл өмірі бойында болады немесе кейде болып, кейде болмайды. Бұлардың әрқайсысы адамда не мақталады немесе жазғырылады. Егер ол оңбайтын іс істесе, онда ол жазғырылуға, ал егер ісі тамаша болса, онда мадақталуға лайық. Егер оның жан аффектісі ойлаған жерден шықпаса, онда ол жазғырылуға лайық, ал егер күткендей болып шықса, онда мақталуға лайық. Егер ол жаман ақыл-парасат [көрсетсе], онда жазғырылуға лайық, ал жақсы парасат [көрсетсе], онда мақталуға лайық. Жақсы ақыл-парасаттылық [адамның] ақиқатқа көзі жеткенінде немесе сол ақиқатқа жеткізетін не нәрсе екенін ажыратуға қабілетті болуында. Адамның танып білгісі келгені ақиқат па немесе жалған ба, оған оның көзі жетпесе, онда ақыл-парасаттың жаман болғаны. Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін, ал ойдағыдай болу үшін жанымыздың аффектісі қандай болуға тиіс екенін және жақсы ақылпарасатқа жету үшін ол парасат қандай болуға тиіс екенін біз анықтап алуға тиіспіз. Ең алдымен біліп алатын нәрсе: адам тамаша әрекеттерді кездейсоқ жасауы және өзінің ықтиярынсыз жасауы мүмкін. Осындай жағдайларда жасалған ондай тамаша әрекеттер бақытқа жеткізбейді. Егер осы әрекеттер оның өзінің ықтиярына және [өз еркімен] таңдауына негізделген болса, [сол жағдайда] (5-бет) ол бақытқа жетеді /4/. Егер ол осы әрекеттерді тек кейбір нәрселер жөнінде ғана және оқта-текте ғана жасайтын болса, мұндай кезде де ол бақытқа жете алмайды. [Адам] өзінің барлық әрекетінде тамаша әрекетті қалайтын болса және өмір бойында осылай ететін болса, сонда ғана ол бақытқа жетеді. Дәл осы шарттарға жанның да тамаша аффектілері сәйкес келетіндей болуға тиіс /5/. Нақ осы сияқты, адам жақсы ақыл-парасатқа кездейсоқ не болуы мүмкін. Адамның ақиқатқа сенуі әдейілеп және жасанды болуы мүмкін. Адам алдын ала даярланып, жасанды жолмен жасаған ақыл-парасат арқылы бақытқа жете алмайды, егер ол нені және қалай ажыратуды біліп отырса, бірақ бүл сана барлық жағдайда және барлық кезде бола бермесе, онда ол бақытқа жете алмайды. Жақсы ақыл-парасат осындай шамада болса, онда ол бақытқа жете алмайды. Нені және қалай ажырататынын ол өзінің бүкіл өмірі бойында біліп отыратын ақыл-парасаттың тұсында ғана адам бақытқа жетеді. Егер әрекеттері, жан аффектісі және ақыл-парасаты жоғарыда көрсетілгендерге қарамақарсы келетін болса, атап айтқанда, егер ол өзінің барлық өмірі бойында оңбаған әрекеттерді өз ықтиярымен және [ерікті] түрде қалауымен жасайтын болса, (бүл айтқанымыз оның жанының жаман аффектісіне де қатысты) [және егер] ол бүкіл өмірі

бойында нені болса да ажыратқанда, оның ақыл-парасаты нашар болса, онда ол адам бақытсыздыққа ұшырайды. Енді біз әрекеттер, жан аффектілері және ақыл-парасат қандай жағдайда, ненің арқасында бақытқа сөзсіз жететінін, сондай-ақ қандай жағдайда осы үш [нәрсе] бақытқа жеткізбей қоймайтынын айтуымыз керек. Содан кейін біз бүл [тақырыпты] қойып, басқасына көшеміз. Әрбір адам, деймін мен, өз өмірінің басынан-ақ жаратылысында қабілетті болады, соның арқасында оның әрекеттері, жан аффектілері және ақыл-парасаты тиісінше жақсы болады немесе тиісінше жақсы болмай шығады. Осы қабілеттің арқасында адам тамаша [да], оңбаған [да] әрекеттер жасайды. Бұның себебі мынада: адамда тамаша әрекет жасауға да, оңбаған әрекет жасауға да әуел бастан мүмкін қабілет бар. Дәл осы қабілеттің арқасында ол жақсы да, жаман да ақыл-парасатқа не болады. Нақ осы сияқты, бұл қабілеттер жан аффектілеріне эсер етеді. Оларда оңбаған әрекеттер жасау мүмкіншілігі тамаша әрекеттер жасау мүмкіншілігімен барабар. Содан кейін адамда басқа бір күй пайда болады; бүл жағдайда жаңағы үш [нәрсе] тек екі күйдің бірінде ғана, атап айтқанда, не жақсы немесе тек жаман күйде болады. Жақсы әрекет жасау мүмкіншілігі жаман әрекет жасау мүмкіншілігіне барабар болмайды, алайда осы мүмкіншіліктің арқасында ол екі әрекеттің бірі екіншісінен басым болады. Адам өмір сүре бастағаннан-ақ жаратылысында болатын оның бойындағы қабілетке келетін болсақ, бұл қабілетке адам жүре келе не бола алмайды. Ал енді адамдағы басқа күйді алатын болсақ, бүл күйге адам тек жүре келе не болады. Бүл күй екі түрге бөлінеді: осы күйдің біреуінің арқасында адамда не тек қана жақсы ақыл-парасат немесе тек қана жаман ақыл-парасат болады, ал екіншісінің арқасында не тек қана тамаша әрекеттер мен жан аффектілері немесе тек қана оңбаған әрекеттер мен жан аффектілері болады. Жақсы немесе жаман ақыл-парасат тудыратын күйдің түрі тағы да екі түрге бөлінеді. Оның біреуінің арқасында жақсы ақыл-парасат туады және мұның өзі ақыл күші деп аталады, екінші түрінің арқасында жаман ақыл-парасат туады, ал бүл ақыл кемдігі және кещелік деп аталады. Тамаша немесе оңбаған әрекеттер мен жан аффектілерін тудыратын күйдің түрін мінезқұлық деп атайды. Мінез-құлықтың арқасында адам оңбаған да, тамаша да әрекеттер жасайды. Адамды бақытқа жеткізетін әрекеттер мен ақыл-парасат жоғарыдағы шарттарға байланысты болғандықтан, ал мұның бірі (7-бет) барлық жерде де, әр кезде де болуға тиісті нәрсе болып табылатын болғандықтан, нақ сол кезде және сол жағдайларда осы әрекеттер мен осы ақыл-парасатты тудыратын тағы да бірдеңелер қалай да болуға тиісті; бұған екі жағдайдың бірі тән; адам осының арқасында жақсы әрекеттер мен жақсы ақыл-парасатты барлық жағдайда да тұрақты ете алады. Адамның туа біткен қасиетіне екі жағдайдың екеуі де тән болады, ал осының артынан жүре-тұра бойға даритын қабілет пайда болады, бұған осы жағдайлардың біреуі ғана, әрекеттер мен жан аффектісін тудыратын жағдай ғана тән. Мүмкін, тек осылардың арқасында ғана бізде бақытқа жеткізбей қоймайтын жақсы мінезқұлық пен жақсы ақыл-парасат пайда болатын шығар. Осылардың арқасында бақытқа

жетуіміз үшін ақыл күшіміз еш уақыт жоғалмайтын немесе оңайлықпен жоғалмайтын бойға біткен қасиетімізге айналады. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады, қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігінде деген мағынада айтамыз. Егер осы екеуі (жақсы мінез-құлық пен ақыл күші) бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі, игілікті және қайырымды адам боламыз: біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінезқұлқымыз мақтаулы болады. Енді біз жақсы мінез-құлықтың қалайша біздің қасиетімізге айналатынын қарастырамыз. Содан кейін дұрыс қабылдау күші ненің арқасында біздің қасиетімізге айналатынын қарастыруға көшеміз. Қасиет деп мен ешқашан жоғалмайтын немесе қиындықпен жоғалатын қасиетті айтып отырмын. Біз мінез-құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра пайда болады дейміз. Адамда қалыптасқан мінез-құлық болмаса, онда ол жақсы немесе жаман мінез-құлыққа тап болғанда (8-бет), қарама-қарсы мінез-құлыққа өз еркімен көшіп кетуі мүмкін. Адамның белгілі бір мінез-құлыққа не болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір мінез-құлықтан басқа бір мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе - әдет болады /6/, ал әдет деп, мен белгілі бір әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын. Жақсы мінез-құлықтың өзі де әдет арқылы келетін болғандықтан, біз әдеттене келе біздің жақсы мінез-құлқымызды тудыратын және сондай-ақ оңбаған мінез-құлқымызды тудыратын нәрселерді де әңгіме етуіміз керек. Әдеттің арқасында жақсы мінез-құлыққа не болуымызға себепкер болатын нәрсені мен - бүл өзі мінез-құлқы жақсы адамдарға тән әрекеттер, [басқа түк те емес] деп білем. Ал жаман мінез-құлыққа ие болуымызға себепкер нәрсені - бұл өзі мінез-құлқы жаман адамдарға тән әрекеттер, [басқа түк те емес]. Мінез-құлықтың қалыптасу жолдары өнерді үйренудің жолы сияқты. Мысалы, жазу өнеріне шебер жазғышқа тән әрекеттерді сол адамның орындап машықтануы арқылы жетеді. Басқа өнерлердің де келу жолы да дәл осылай. Жазуға шеберлік жазуға жетілген адамда ғана болады, ал жазуға жетілу адам оны тамаша етіп орындауға әдеттенгенде болады. Шебер жазу мүмкіншілігі адамда жазу шеберлігін үйренуден бұрын болады - ол адамның жаратылысына біткен потенцияда жатады; ал жазуға жетіліп үйренгеннен кейін, бүл шеберлік өнерпаздықтың арқасында (болады). Абзал әрекет жөнінде де істің жайы осылай: ол адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің жаратылысына біткен потенциясында болуы мүмкін, ал соған ие болғаннан кейін ол әрекет енді [оның бойында] актуальды түрде болады. Мінез-құлыққа ие болғанға дейін адам белгілі бір әрекеттерге әдеттенсе, онда ол адамда нақ осындай әрекеттер туып отыратын мінез-құлық жасалып шығады. Адамда белгілі бір мінез-құлықтың қалыптасып шығуы үшін, оның тиісті әрекеттер жасауға әдеттенуі қажет. Мінез-құлықтың әдеттен туатынына, сен дәлелді қалаларда болып жататын істерден көресің (9-бет). Саяси қайраткерлер қала тұрғындарын ізгілікке үйретіп, оларды абзал адамдарға айналдырады.

Әдеттенудің арқасында бізді жақсы мінез-құлыққа жеткізетін әрекеттер жақсы әрекеттер болып табылады. Адамның жетілуі оның мінез-құлқының жетілуіне сайма-сай келеді дейміз біз. Адамның мінез-құлқын жетілдіретін әрекеттер оның өз денесін жетілдіру үшін жасайтын [әрекетіне] ұқсайды. Адамның денесінің жетілуі - денсаулық: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер болмаса, онда денді сауықтыру керек. Денсаулыққа белгілі бір мөлшерді сақтаудың арқасында ғана жететін болғандықтан: мөлшермен ішіп-жесең денің сау болатыны, мөлшермен еңбек етсең, күш қосылатыны сияқты, жақсы мінез-құлық мөлшерлі әрекеттер арқылы келеді. Егер денсаулыққа жеткізетін нәрсе болмаса, онда денсаулықтың өзі де болмайды, нақ сол сияқты әрекеттер өзінің мөлшерінен асып кетсе және адам осыған әдеттенсе, жақсы мінез-құлық та болмайды. Шамадан ауытқу - не артық кету немесе кем түсу деген сөз. Жеген тамақтың шамадан не артық, не кем болуы денсаулықты сақтамайды. Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ал шектен тыс артық немесе жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады немесе әлсізді әлсіз халінде қалдырады. Нақ осы сияқты, шамадан не о жағына, не бұ жағына ауытқыған әрекеттер жаман мінезқұлыққа ие болуға немесе оның сақталып қалуына және жақсы мінез-құлықтардан айрылуға себепші болады. Денсаулықтың тең ортасы артықшылық пен кемдікті, оның күштілігі мен әлсіздігін, оның ұзақ мерзімділігі мен қысқа мерзімділігін дұрыс орайластырған жағдайда болатыны сияқты, бұлардың екеуінің де артып немесе кеміп кетуінен болатыны сияқты, нақ осы сияқты, әрекеттердегі тең орта сол әрекеттің артық-кемін, күштілік пен әлсіздікті (10-бет), осы әрекеттердің ұзақ мерзімді және кем мерзімді болуын дұрыс ойластырған жағдайда болады. Ал енді қайбір нәрседе болсын тең орта мұның белгілі бір дәрежеде артықтық пен кемдікті, күштілікпен әлсіздікті дұрыс орайластырғанда болатындықтан, осының бәрінің белгілі бір шамасын белгілеп шығарғанда ғана болады.Біз өзіміз сол әрекеттерді белгілейтін жэне тең ортаны табатын мөлшер туралы айтуға тиіспіз. Біздің тең ортаны белгілейтін мөлшеріміз денсаулыққа жеткізетін нәрсені белгілейтін мөлшер сияқты. Адамның денсаулығына пайдасы тиетін шама - мұның өзі денсаулық деп танып, өзіміз талпынатын тәннің сондай бір күйі. Денсаулыққа пайдалы тең орта басқа бір күйлерге және денелерге салыстырылып белгіленеді және не анадай, не мынадай бір елдің жағдайларымен өлшенеді. Нақ сол сияқты, әрекеттердің шамасы - сол әрекеттермен бірге жүріп отыратын күйлер. Әрекеттердегі тең ортаны осылармен бірге жүріп отыратын жағдайлармен салыстыру және бағалау арқылы ғана белгілеуге болады. Мысалы, дәрігер денсаулық үшін ненің пайдалы екенін, мұның мөлшері қандай болу керек екенін белгілегісі келгенде, ол ең алдымен сол емдейтін дененің темпераментін білуге, уақытын, сол адамның кәсібін білуге, дәрігерлік өнер саласына жататын және дененің темпераменті мен кеселден айығу уақытына сәйкес сауықтыратын амалдардың мөлшеріне белгілейтін нәрселерді білуге тырысады. Нақ сол сияқты, егер біз әрекеттердің тең ортасы болып табылатын мөлшерді білгіміз келсе, онда біз ең алдымен әрекет уақытын, әрекеттің болған жерін, оның кімнен шыққанын, кімге қарсы жасалғанын, оның неден болғанын, немен істелгенін, неліктен және не үшін істелгенін білуге тиіспіз және әрекетті әрбір осы [фактордың] мөлшерімен дәл белгілеуге

тиіспіз, тек сонда ғана біз тең ортаны табамыз. Егер әрекет осылардың бәрін есепке алған болса, онда ол шама шеңберінде болып шығады, ал есепке алынбаса, онда шамадан артық немесе шамадан кем болып шықпақшы. (11-бет) Бұл нәрселердің мөлшері не артықтығы, не кемдігі жағынан әрқашан да бірдей бола бермейтін болғандықтан, орташа әрекеттер де әрқашан бірдей бола бермейді. Енді, біз жақсы адамгершілік сапалар туралы, сондай-ақ осылардың негізінде туатын және мораль саласында ең абзалы болып табылатын нәрсеге қарай ойымызды сілтейтін мінезқұлық нормалары туралы әңгімелегеніміз жөн. Біз ер жүректілік жақсы адамшылық қасиет дейміз және бұған қатерлі істердің тұсында көрінетін бір шама батылдық жасау арқылы немесе ұстамдылық көрсету арқылы жетуге болады дейміз. Бүл істерде болатын шектен тыс батылдық көзсіз батырлыққа соқтырады, ал батылдықтың жетіспеуі қорқақтыққа соқтырады, ал, бүл - жаман адамгершілік сапа. Міне, осы адамгершілік сапалар қалыптасқан кезде, олардан осыларға сәйкес әрекеттер туады. Ақшаны үнемдеуде және жұмсауда көрсететін шамаға қарай жомарттық туады. Шектен тыс үнемшілдік және ақшаны кем жұмсау сараңдыққа соғады, ал мұның өзі адам басындағы жаман қасиет. Шектен тыс артық жұмсау және жеткілікті дәрежеде үнемшіл болмау ысырапшылыққа соқтырады. Осындай адам басындағы қасиеттерден келіп, тиісті әрекеттер туады. Рахатты шамамен пайдалану нәпсіге ұстамдылық жасау арқылы келеді: ішіп-жемге, әйел жынысына ұстамдылық. Осы рахатқа шектен тыс берілу тойымсыздыққа, қомағайлыққа соқтырады, ал бұлардың жетімсіз болуы рахатшылық сезімнің жоқтығын көрсетеді, мұның өзі жазғыруға лайықты қасиеттер. Адам басындағы осындай қасиеттерден тиісті әрекеттер туады. Сөзге тапқырлық - жақсы адамшылық қасиет және мұның өзі әзілді орнымен пайдаланғанда болатын нәрсе. Адам өз өмірінде оқтын-оқтын дем алуға тиісті, ал мұнда шектен тыс кетушілік жанға рахат немесе [қалай болған күнде де] кеселсіз. Әзілдің коп айтылуы жанды рахатқа батырады немесе [қалай болған күнде де] кеселсіз. Әзілде тең ортасын ұстай білу сөзге тапқырлыққа жатады, шектен тыс коп әзіл мазақтаушылыққа соғады, ал мұның жетіспеуі (12-бет) әзілдің жоқтығына әкеп соқтырады. Әзіл дегеніміз адамның сөзінен, ісінен немесе пайдалануынан көрінеді. Мұндағы шама емін-еркін, көңілді де әңгімешіл адамға сөйлеуге және тыңдай білуге мүмкіндік береді. Бұл нәрселерді анықтау зерттеуді керек етеді. Мұның бәрін егжей-тегжейлі анықтап жату бүл кітаптың міндеті емес, мұның бәрі басқа жерде қарастырылады. Адамның оз ожданы алдында адал, шыншыл болуы адам өзіне өзі ізгі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. Ал егер оз бойында жоқ бола тұрып, адам өзін ізгі қасиетті адамға, жүріс-тұрысы жөнді адамға жатқызса, онда ол адамда өзі туралы жалған пікір туғандығы. Егер адам оз бойында жоқ нәрселерді өзіне жатқыза беретін болса, онда ол адамда көлгірсушілік пайда болады.

Доскерлік - адамшылықтағы жақсы қасиет, бұл өзі адамның басқа адамдармен тиісті шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында ол өзінің жүріс-тұрысынан, сол адамдармен әңгімесінен жақсы ләззат алады. Бұл жөнінде артық кету - жарамсақтыққа соғады, ал достыққа кемтар болу тәкаппарлыққа итереді. Ал енді осы ретте ол басқаны ренжітетін іс жасаса, онда бүл дүрдараздыққа апарып соқтырады. Біз бұл мысалдан мұндай әрекеттердің қандайы тең ортаға, қандайы тым артық кеткендікке немесе тым кем түскендікке жататынын айыра аламыз. Енді бізге қандай шебер әдістің жәрдемімен жақсы мінез-құлыққа жететінімізді қарастыруымыз керек. Алдымен біз түрлі мінез-құлықтарды атап шығуымыз керек және түрлі мінез-құлықтан туатын әрекеттерді атап шығып, тек осыдан кейін өзіміздің мінезқұлқымыздың қандай екенін және өзімізде әуелден бар мінез-құлықтың не жақсы, не жаман екенін қарастырып, тұжырым жасауға тиіспіз деймін мен. Мұнымен танысуымыз үшін біз қандай әрекеттер жасағанда өзіміздің жақсы қанағат алатынымызды және тағы қандай әрекеттеріміз тұсында азап шегетінімізді қарастырып, тұжырым жасап алуымыз керек. Осымен танысып болғаннан кейін, біз бүл әрекеттердің жақсы, не жаман мінезқұлықтан туатынын қарастырамыз. Егер сол әрекеттер жақсы (13-бет) мінез-құлықтан туатын болса, онда мінез-құлқымыз жақсы екен дейміз, ал егер жаман мінез-құлықтан туса, онда біз мінез-құлқымыз жаман екен дейміз. Біз осылай етіп өзімізге тән мінез-құлықты білеміз. Дәрігер тәннің халіне жататын нәрселер арқылы тәннің саулығымен танысады, егер тән саламат болса, онда сол халді сақтаудың тәсілдерін қолданып, ал егер ол дімкәс болса, онда сол кеселді жоюдың тәсілдерін қолданады, дәл сол сияқты, егер бізге жақсы мінезқұлықтан болса, онда біз соны өз бойымызда сақтаудың тәсілдерін қолданамыз, ал егер мінез-құлқымыз жаман болса, онда оны жоюдың тәсілдерін қолданамыз. Жаман мінез-құлық - рухани кесел. Бүл кеселді жою үшін тән кеселін емдеуде қолданатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек. Сонан соң біз өз бойымыздағы жаман мінезқұлықты қарастырамыз, оның артықшылықтан немесе жетпей жатқандықтан туғанын анықтаймыз. Сонан соң тағы да жаңағы дәрігер сияқты, егер тән қызуы тым көтеріңкі болса немесе тым төмен болса, оны дәрігерлік өнерде белгіленген мөлшерге қарай, өз шамасына түсіретіні сияқты, нақ сол сияқты, біздің мінез-құлқымызда артық кету немесе кем түсу болса, біз осы кітапта белгіленген мөлшерге қарай, өз шамасына түсіреміз. Тең орта шаманы табу алғаш қарағанда өте қиын болғандықтан, адам өзінің мінез-құлқын нормаға келтіруге немесе мүмкіндігінше нормаға жақындатуға бағытталған амалдарды пайдаланады. Мысалы, тәнді орташа жылылықта ұстау қиын, бұл үшін тәнді сондай жылылыққа жеткізуге мүмкін қадірінше жағдай жасайтын амалдар пайдаланылады. Мінезқұлықтың орташа шамасына жету үшін қолданылатын амалдар өзімізде дағдыға айналған мінез-құлықты қарастыру болып табылады, егер мінез-құлқымызға тән нәрсе артық кету болса, онда біз өзімізді осының қарама-қарсысынан, атап айтқанда, жетімсіз болудан түсетін әрекеттерге баулимыз, егер мінез-құлқымызға жетімсіздік тән болса, онда өзімізді артық кетуге сәйкес әрекеттерге баулимыз. Біз осыны біраз уақыт жасаймыз. Сонан соң біз өзімізде қандай мінез-құлық қалыптасып шыққанын ойластырып (14-бет) қарастырамыз. Қалыптасып шыққан [мінез-құлық] үш қилы халдің бірінде болады: не орташа халде, не орташадан асыңқы халде немесе орташаға жақын халде.

Егер ол хал орташаға жақын болса, бірақ екінші қарама-қарсы жағына қарай [жақындап], онан асып түспесе, онда қашан орташа халге жеткенше, тағы біраз уақыт сол әрекеттерді жасай береміз. Ал егер екінші шетіне қарай [жақындап], орташадан ауып түссе, онда бірінші қилы мінезқұлыққа тән әрекеттерді жасаймыз да, осыны біраз уақыт істеп, сонан кейін істің қандай халде екенін қарастырып көреміз. Жалпы алғанда, әрбір тұста, біз өзіміздің жан дүниемізді бір жаңына қарай ауытқып кетті деп тапсақ, біз екінші шетіне тән әрекеттерді жасаймыз және орташа мөлшерге жету үшін немесе соған жақындау үшін, сол әрекеттерді алда да орындай береміз. Ал біз өзіміздің мінез-құлқымызды нормаға [келтірдік не, жоқ па] дегенді біз төмендегі әдіспен білеміз: біз әрекеттерде екі бірдей шеткері жағдайға тән жеңілдік бар ма, жоқ па деп қарастырамыз. Егер бүл екеуі жеңілдігі бірдей болса немесе біріне бірі жақын болса, онда біз өзіміздің жанымызбен мөлшерлі шамаға жеттік деп білеміз. Осы [шеткері жағдайдан туатын әрекеттер] жеңілдігін сынағанда, осы екеуін бірге қарастырамыз. Егер біз осы екеуінің бірде-біреуінен жан азабын шекпесек немесе екеуінен де жақсы ләззат алатын болсақ немесе мұның біреуінен ләззат ала тұра басқа біреуінен азап шекпейтін болсақ, немесе болмашы азап шегетін болсақ, онда біз жеңілдігі жағынан бұлар бірдей немесе біріне-бірі жақын деп білеміз. Орташа шама шеткергі екі жағдайдың арасында болғандықтан, осы шеткері жағдайдан біз нормаға немесе орташа шамаға ұқсас нәрсені табамыз, сондықтан орташа шамаға ұқсас шеткеріліктен сақтану керек болады. Мысалы, көзсіз батырлық ерлікке ұқсас, ысырапшылық жомарттыққа ұқсас, әзілқойлық өткір тілдікке ұқсас, жарамсақтық доскерлікке ұқсас, өзін-өзі кемсіту кішіпейілділікке ұқсас, көлгірсу адамдағы адалдыққа ұқсас. Осы шеткеріліктердің ішінде жаратылысымыз бойынша өзіміздің бейімдірек тұратындарымыз бар болғандықтан, біз бұлардан сақтануымыз керек. Қатерлі істің тұсында батылдығымыз жетпей қалушылық, жаратылысымызда өзіміз бейім тұратын сараңдық бұған мысал бола алады. Ал өзіміз неғұрлым бейімдірек тұратын және оның үстіне орташа мөлшерге ұқсас боп туратын шеткеріліктен одан бетер сақ болуымыз керек (15-бет). Мысалы, әзілқойлық - әзілді шектен тыс қолданудан болады. Ал әзілдеу оңай болғандықтан, біз соған бейім бола бастаймыз. Енді бізге қалғаны бір шеткеріліктен екінші шеткерілікке немесе орташа мөлшерге ауысуды жеңілдету үшін қандай амалдар бар екенін білу. Осы амалды [білмей] тұрып пікір ғана айту, сірә, жеткіліксіз болып шығар. Жаман [әрекет] жасау оңай сияқтанып көрінеді, өйткені мұндай әрекет бейне жан рахатын әкеледі-міс; ал егер әрекет бізге жол азабын ала келеді деп есептесек, онда жақсы мінезқұлыққа ие боламыз. Біз қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады деп ұйғарамыз, сондықтан да біз өзіміздің барлық әрекетімізбен соған жетуге тырысамыз. Сезім арқылы, есту, көру арқылы, дәм сезімі немесе иіс сезімі арқылы келетін жан рахаттары бар. Ал тағы бірдеңені түсінудің арқасында

алатын рахаттар бар, мысалы, бұған жататындар үстемдік, билік ету, жеңу, білу және тағысын сондайлар. Біз көпшілік жағдайда әрқашан сезімдік рахатты зерттейміз және өзіміз өмір сүре бастағаннан соны пайдаланбас бұрын осы рахатты біз өмірлік мақсат деп, өмірдің жетілуі деп ұйғарамыз. Ал сонсоң не өзіміз үшін, не дүние үшін керек болатын қажетті әрекеттің себебі болып табылатын [рахаттар] болады. Өзіміз үшін қажет дейтіндеріміз - өз өмірімізге қажетті тамақ; дүние үшін қажет дейтініміз - көбею, өрбу. Сондықтан да біз өмір мақсаты осыларда [түр] деп, бақыт дегеніміз атап айтқанда, осы деп ойлаймыз, әрі бұған себеп -осы түсініктер біз үшін неғұрлым таныс, түсінікті, ұғымды. Бірақ [тереңірек] қарап, ойластыра келгенде, игіліктердің молына жетуге бөгет жасайтындар және бақытқа ие еткізетін нәрселерге [жетуге] бөгет жасайтындар, атап айтқанда, осылар екені анық болады. Сезімдік рахат бізді жақсы [әрекеттер] жасауға итеретінін көрсек, біз соны істеуге бейім тұрамыз. Адам осы рахаттардан бас тартуға немесе белгілі бір мөлшерде соларды азайтуға (16-бет) қабілетті болса, мұның өзі оны мадақтайтын мінез-құлықтарға бір табан жақындатады. Әрекеттерден кейін көретін рахаттар, сезімдік рахаттар болса да немесе түсіну арқылы көретін рахаттар болса да, не осы әрекеттердің артынша келеді немесе біраз уақыт өткеннен кейін келеді. Әрекеттерден кейін көретін жан азаптары турасында да дәл осыны айтуға болады. Әрбір рахат белгілі бір әрекеттерден туады; бұл әрекеттерден кейін туатын рахат [жаңа ғана көрсетіп өткен] формалардың бірінде, [яғни әрекеттің артынша немесе біраз уақыт өткеннен кейін көрінеді], бұл арада екі жағдай болуы мүмкін, бір жағдайда әрекеттің сипаты былай болады: белгілі бір әрекеттің артынан әрқашан да [тікелей] тек қана рахат немесе тек қана азап келіп туады. [Мысалы], денеңді күйдіріп алғанның артынан ауру азабы келеді және жыныстық қатынасқа құштарланудың артынан рахат орнайды /7/; күйдіріп алудың зардабы, мысалы, егер жан-жануарлар туралы айтсақ, азап, ауру азабы болып келеді. [Басқа бір жағдайда] азап әрекет артынан дінде белгіленген жол бойынша жүріп отырады: азап сол әрекеттің салдары болып табылады; бір-ақ бұл әрқашан да азапқа апарып соға бермейді, Мысалы, тұрақсыздық пен кісі өлтірудің артынан тек азапты ғана [күтуге] болады. Артынша жан азабына соқтыратын абзал істер белгілі бір уақыттан кейін рахатқа жеткізбей қоймайды. Және [керісінше], артынша рахатқа бөлейтін жаман істер белгілі бір уақыттан кейін қайткенде де азапқа апарып соқтыруға тиісті. Біз әрбір жеке әрекеттен қандай рахат және қандай азап туатынын біліп алуға, артынша көретін рахатымыз және белгілі уақыт өткеннен кейін көретін азабымыз бұлардың қайсысына байланысты екенін ажырата білуге тиіспіз. Өз ойымызша әрекеттің артынан белгілі бір уақыт өткеннен кейін көретін рахатымыз үшін біз жаман әрекеттен қашпайтын болсақ, онда біз сол рахатты әрекеттің артынан біраз уақыт өткеннен кейін көретін азабымызбен салыстырамыз да, өзімізді жаман әрекетке итеретін сол рахатты [тілеуден] бас тартамыз. Сонда жаман әрекеттен безу бізге оп-оңай [болады]. Ал енді [бізге] артынша азап шектіретін болғандықтан, жақсы әрекеттен бас тартуға өзіміз бейім болған кезде, біз мұны әрекет артынан біраз уақыт өткеннен кейін туатын рахатпен

салыстырамыз, сөйтіп осы арқылы өзімізді жақсы әрекеттен қатыратын азапты басып тастаймыз. Сонда жақсы әрекет жасау бізге оңай болады. Нақ осы сияқты, егер артынша өзімізді рахатқа бөлейтін жаман әрекеттері әзір тұратын болсақ, онда біз мұны сол әрекеттің артынан біраз уақыт өткеннен кейін болатын теріс нәрсемен салыстырамыз. Ақыл-естің тілегенін (17-бет) [жасауға] парасаты және батылдығы жететін есті адамдар болады. Мұндай [адамдарды| біз әдетте, өзінің лайығынша, ерікті адам деп атаймыз, ал енді m бойында осы екі [қасиет] жоқ адамдарды хайуан тәріздес адамдар деп атаймыз, ал тек ақыл-есі ғана жетіп, батылы бармайтындарды жаратылысынан құл адамдар дейміз. Бүл жағдай қабілеті болмаса да, ғылым саласына жармасатын немесе философиямен айналысатын кейбір адамдарда болды, бұлар өзінің құлдық дәрежесімен [нағыз құлдыққа] түскен құлға барабар адамдардың дәрежесінде болып шықты. Ал [ғылым] оған жармасушы қабілетсіздердің салдарынан, олар үшін ғылым негізсіз және пайдасыз болғандықтан, өзінің қадірін жоғалтады, жәбір шегеді. Бұлардың ішінде батыл бола тұрса да, ақыл-есі кем түсетіндер бар. Бұлар үшін басқалар ақылға салып, пайымдайтын болады Бұл жағдайда мұның өзінің қамын жеуші басқа адамдарға бүл пе бағынып, не бағынбайды. Егер ол бағынбаса, онда бүл да хайуан тәріздес, ал егер бағынса, онда ол көп істерінде табысқа жетеді және осының арқасында құлдар [қатарынан] шығып, еріктілер қатарына қосылады. Әрекеттерден туатын рахаттың қайсы біреулері анағұрлым мәлімдірек, сондықтан біз оларды жақсырақ түсінеміз, ал басқа біреулері біз үшін құпиялау. Ең мәлімділері - бұлар дереу [көрінетін] және сезімдік сипатта болатындары. Азаптар туралы да нақ осыны айтуға болады: бұлардың ішінде дереу көрінетін және сезім арқылы қабылданатыны біз үшін анағүрлым айқын, әсіресе оның үстіне бұлар дінде белгіленіп қойылған болса, соғұрлым айқын болмақ. Ал барлық басқа рахаттар мен азаптар анағүрлым құпиялау болады. Бұлардың ішінде әсіресе құпиялары табиғи болып табылатындары және белгілі бір уақыт өткеннен кейін көрінетіндері және оның үстіне мойындалмайтындары. Ал дереу [көрінетіндері] және табиғи болын табылатындары, белгілі бір уақыт өткеннен кейін [көрінетіндері| және сезім арқылы қабылдауға болмайтындары сияқты анағүрлым құпиясыздау. Ерікті адамдарға келсек, егер бұлар рахат пен азап арқасында өздері үшін абзал, жақсы әрекеттер жасауды жеңілдетіп, жамап әрекеттерден (18-бет) аулақ болғысы келетін болса, онда бұлар үшін ең құпия нәрселер де, ең айқын нәрселер де бірдей. Бұларды жаман істерге итеретін рахатты азапқа көну арқылы, бұл азап анағүрлым құпиялау немесе айқындау азаптарға жататын болса да, бәрібір, басып тастайды, бұлардың ақыл-парасаты басқа көпшілік [адамдар] үшін құпия нәрсені айқын нәрсеге айналдырады. Ал басқа адамдарға келсек, бұлар, қандай да болсын ең айқын азаптарды мойнына алып, өздерінің рахатқа деген ниетін басып тастайды да, әлгідей [оңбаған әрекеттерден] аулақ болады. Бұлардың ішінде дереу бола қалатын рахат үшін [оңбаған әрекетке] қарай ауытқи бастаса да, жан рахаты жаман әрекеттерден тартынудың нәтижесінде келеді деп ұйғарып, [оңбаған әрекеттерді] болашақтары рахатпен басып тастау арқылы қанағаттана қоятындар да болуы мүмкін. Жас жігіттерді міне нақ осылайша тәрбиелемек керек. Ал бүл да жеткіліксіз болатын адамдарға оңбаған әрекеттен туатын азап туралы қосымша [ескерту] керек болады және [сол] азапты мүмкін қадерінше көзіне айқын елестету керек болады.

Бірінші әдіс жеткіліксіз болатын нақ әлгі хайуан тәрізділерге, атап айтқанда, осы соңғы әдісті қолдану керек. Ең айқын рахат және ең айқын азап - сезімдерге қатысы барлары. Адамның түйсіктен тыс сезінетіндері, мысалы, қорқыныш, қайғы, өкініш және тағысын сондайлар. Хайуан тәрізділердің ішінде тек осының бір ғана өзі жеткіліксіз болатындары бар, сондықтан бұларға түйсік арқылы азап беріледі. Азаптардың ішінде сол адамның түйсігі арқылы берілетін, ең күшті сезілетіні иіс, дәм сезімдеріне жататындар, осыдан кейінгіге жататындар сезімнің басқа түрлері. Адам осы жолдар арқылы өзіне өзі ізгі іс жасау жолын және өзіне де, басқаларға да жамандық жасаудан бойын тарту жолдарын жеңілдетеді. Осы айтылғандар жетіп жатыр. Бүл мәселелерді зерттеу саясатпен айналысатын адамдардың жұмысы. Солар мұны зерттейді де (19-бет). Біздің жақсы ақыл-парасат туралы айтқанымыз жөн. Алдымен, біз жақсы ақыл-парасат туралы әңгіме етеміз, ал, сонан кейін, жақсы ақыл-парасатқа жетудің әдісі туралы сөз етеміз. Адамның білуіне тиісті барлық нәрселерді ол жақсы ақыл-парасат арқылы таниды, біледі деймін мен. Ақыл-парасаттың екі түрі болады: бірінші түріне тән қасиет тек білу ғана, бірақ әрекет бұған тән емес. Мысалы, біз дүние жаратылған деп, Алла-тағала - біреу деп білеміз не¬месе сезім арқылы қабылданатын көп нәрселердің себептері туралы білеміз. Екіншісінің қасиеті білу және әрекет ету /8/ болып табылады. Мысалы, ата-ананың сүйіспеншілігі жақсы қасиет, сатқындық - жаман [қасиет], әділеттік - жақсы [қасиет], немесе, мысалы, медицина денсаулыққа жеткізеді. Білім мен әрекет тән болған [түрі] - ақырына дейін жеткізіліп аяқтаушы әрекет. Егер бүл нәрселерді білудің қасында әрекет болмаса, онда ол білімде негіз жоқ, мақсат жоқ. Ал [ақыл-парасаттың] білім бар да, әрекет жоқ болатын [түрі] тек білімде ғана ақырына дейін жеткізіліп аяқталады. Осы екі түрдің әрбіреуі қайсыбір өнерлерді қамтиды. Тек қана білім тән болатын ақыл-парасат [түрі] әрекет үстінде жүзеге асыруға емес, таныпбілуге жағдай туғызатын өнерлер арқылы ғана сол білімге не болады. Ал білім мен әрекет тән болатын ақыл-парасаттың [түрі] басқа да өнерлерге ие болады. Бүл өнерлердің де екі түрі болады. Мұның бірінші түрі арқылы біз тек ғылыммен ғана танысамыз. Екінші түрі арқылы біз не істеуге болатынын және соны істеуге қабілетіміздің бар-жоғын білеміз. Не істеу [керек екені] және соған қабілетіміздің бар-жоғы жөнінде біліп алуымызға жағдай туғызатын өнердің екі түрі бар. Мұның бірінші түріне адамның қалаларда пайдаланатын өнері жатады; мысалы: медицина, сауда, егіншілік және өнердің осы сияқты түрлері. Екінші түріне жататындар - адам өзінің жүріс-тұрысында пайдаланатын өнерлер. Бұл - ең абзалы. Осының арқасында ізгі істер және адал әрекеттер ашылады және осының арқасында соларды жасау қабілеті ашылады. Осы үш өнердің үшеуі де /9/ белгілі бір адамшылыққа тән мақсаттарды көздейді, яғни ол адамға тән мақсатқа ие болады. Адам мақсатының үш [түрі] болады: жағымды, пайдалы және тамаша түрлері. Пайдалы мақсат не ұнамды, не тамаша болып келеді. Қалаларда бар өнерлерде (20-бет) пайдалы мақсат бар. Ал жүріс-тұрысты сипаттайтын [өнерлер] және сауда жүргізуге қабілеттілікті көрсететін өнердің көздеген мақсаты тамаша, өйткені адам осылардың жәрдемімен білім алады және шынайы ақиқатқа жетеді. Ақиқатты білу және шынайы білім - бұл сөзсіз тамаша нәрсе. Барлық өнер атаулының мақсаты не тамаша, не пайдалы мақсат.

Демек, өнер екі түрге бөлінеді: біреуінің мақсаты - тамаша көркемдікке ие болу, екіншісінің мақсаты - пайдаға ие болу. Тек тамаша көркемдікке жетуді мақсат ететін өнер философия деп немесе абсолюттік мағынада айтқанда, даналық деп аталады /10/. Мақсаты пайда көру болып табылатын өнерде абсолюттік мағынада айтқанда, даналық деген атқа лайықты ештеңе де жоқ. Бүл өнерлердің қайсыбірін, философияға ұқсатып, кейде осылай деп атап жүреді. Көркемдіктің екі түрі [болатын болғандықтан], атап айтқанда, тек білім және білім мен әрекет болғандықтан, философия өнері де екі түрге бөлінеді: мұның бір түрі арқылы дүниеде бар заттарды, адам әрекеті дарымайтын заттарды танып, сол туралы білім аламыз. Бұл теориялық философия деп аталады. Екінші түрі арқылы адам әрекеті даритын заттарды, осындай қасиеті бар заттарды танып, сол туралы білім аламыз. Тамаша көркемдікті жасау қабілеті, атап айтқанда, дәл осы екіншісінде болады. Бұл өзі практикалық және азаматтық философия /11/ деп аталады. Теориялық философия ғылымдардың үш түрін қамтиды: 1) математика, 2) физика, 3) метафизика. Ғылымның осы үш түрінің әрбіреуі тек тануға жататын дүниедегі заттардың қайсыбір түрін қамтиды. Осы үш ғылымның әрқайсысы қамтитын дүниедегі заттардың әрбір түрін бұл арада егжей-тегжей қарастырып жатудың қажеті жоқ. Математикаға арифметика, геометрия және астрономия кіреді. Азаматтық философия екі түрге бөлінеді. Оның біреуі арқылы жақсы әрекеттерді тудыратын және осы әрекеттердің себептерін [анықтау] қабілетін тудыратын жақсы әрекеттер мен мінез-құлықтарды танимыз. Осының аркасында (21-бет) тамаша нәрселер өзіміздің қасиетімізге айналады. Бұл [түр] этикалық өнер деп аталады. Екінші [түрі] қағидаларды, қағидалар дегенде, қалалар тұрғындары сол арқылы тамаша көркемдікке және сол көркемдікке ие болу, оны сақтай білу қабілетіне жететін қағидаларды біліп алуды қамтиды. Бұл түр саяси философия деп аталады. Философия өнері тарауларының жиынтығы осылай. Бізге тамаша көркемдік тән болған күнде ғана біз бақытқа жететін болғандығымыздан, ал тамаша көркемдік философия өнерінің арқасында ғана бізге тән болатын болғандықтан, осыдан лажсыз туатын қорытынды - атап айтқанда, біз философияның арқасында бақытқа жетеміз. Ал оны біз жақсы ақыл-парасат арқылы меңгереміз. Философияны жақсы ақыл-парасат болғанда ғана меңгереміз, деймін мен, ал жақсы ақылпарасатқа біз өз бойымызда осылардың бәрінен бұрын болуға тиісті ақыл потенциясы болғанда, осындай потенция болғанда ғана жетеміз. Ал ақыл потенциясы бізде қабілет болғанда, қабілет дегенде сол арқылы ақиқат туралы айқын анықталған нәрсе деп қарай алатын және соған сене алатын қабілетіміз болғанда, сол арқылы біз жалғандық туралы оны шын жалғандық деп айта алатын қабілетіміз болғанда және онан аулақ бола алатын, жалғандық жөнінде ақиқат туралы айтқандай етіп айтуға болатын, ол турасында алжаспайтын және ол туралы жаңылмайтын, алданбайтын қабілетіміз болғанда, сол кезде бізде ақыл потенциясы пайда болады. Біздің жаңағы қабілетке жетуімізге көмектесетін өнер логика /12/ өнері деп аталады. Атап айтқанда, осы өнердің арқасында адам дұрыс нанымға, яғни оның өзі қандай болса, сондай күйінде және жалған нанымға, яғни ол өзі қандай болса, сондай күйінде жетеді,

нәрселер, нәрселер дегенде, адамның сол арқылы ақиқатқа жететін нәрселері; нәрселер, нәрселер дегенде адамның сол арқылы ақиқаттан алыстап кететін нәрселері және сол арқылы адамның ақиқатты жалған деп түсінетін және жалғанды ақиқат түрінде түсінетін нәрселері, өзі солай деп ойламаса да, адам ақылын жаңылыс жолға салып жіберетін нәрселер. [Адам осы өнердің арқасында], ол өзі білмесе де, адам өзінің нанымынан жалған [ұғымға] келетін кезде, өз ақылындағы осы жалған ұғымды қалай жоюдың жолын табады және басқалар, өздері білместен (22-бет) жаңылыс жолға түскенде, соларға осыны қалай жоюдың жолын көрсетеді. Бұл ретте, егер адам бір нәрсені танып-білгісі келіп, соған талпынатын болса, ол өзінің іздестірген нәрсесі туралы оны дұрыс ұғымға жеткізетін нәрселерді пайдаланады, ал егерде ол бір жағдайлар жөнінде белгілі бір нанымға келсе, бірақ соның дұрыс немесе теріс екені жөнінде күмән туатын болса, онда ол соның дұрысбұрыс екеніне әбден көзі жеткенше тексеретін оның мүмкіншіліктері болады, ал егер осы ретте ол, өзі білместен, алжас жолға түсіп кететін болса, онда осыны мұқият іздестіре келіп, өз ақылының алжасқандығын жоятын оның мүмкіншілігі болады. Ал енді бұл өнер біз сипаттаған түрде болғандықтан, бұған басқалардың бәрінен гөрі анағұрлым көп көңіл бөлу керек. Адамға берілген игіліктердің қайсы біреулері әлдеқайда ерекше, ал қайсы біреулерінің ерекшелігі одан кем болғандықтан, ал оның үстіне игіліктердің ішінде адам үшін ең ерекшесі адам ақылы /13/ болғандықтан, өйткені адам нақ осы ақыл арқылы адам болған ғой және бұл өнердің қолданатыны адамның ақылы болғандықтан, онда бұл өнер адам үшін ең ерекше болып табылатын игіліктерді қолданады. «Ақыл» деген атау, адам оз ақылымен бірдеңені танып білетінін де, адамның дүние тануы осы арқылы болатынын да көрсетеді. Адамның дүние тануына жағдай жасайтын нәрсені және «парасат» деген нәрсені ежелгі адамдар «сөз» /14/ деп атаған. «Сөз» деген атау поэзияны да және тіл арқылы пікір айтуды да көрсетеді. Қалың көпшілік арасында «сөз» деген атау дәл осыны көрсетеді және дәл осы мағынасында «сөз» деген атау жалпыға бірдей мәлім. Осы іліммен айналысатын ежелгі заманғы [ойшылдар] бүл сөзді екі мағынада бірдей қолданған. Адам туралы ол бірден екі мағынада бірдей «сөйлеуші» дәл дұрыс айтады: яғни ол өзінің [ойында] барды [тілмен] айтып жеткізеді деген және осы арқылы оның дүние тану құралы бар [деген мағынада] дұрыс айтады. Алайда, ежелгі адамдар адам дегеніміз сөйлеуші [жан] деп атағанда, олардың айтайын дегені адамда соның өзінің айтып отырғанына және білетініне қолын жеткізетін құрал бар деген магына (23-бет). Бұл өнер сөзге ақтық форма беретін болғандықтан, бұл өзі «логика өнері» деп аталады. Адам өзінің [танығысы] келетінін осы арқылы жүзеге асыратын болғандықтан, мұны сондай-ақ «жанның парасатты бөлігі» деп атауға да болады. Атап айтқанда, логика өнерінің арқасында жанның парасатты бөлігі ақырына дейін жетіледі. «Логика» деген сөз тіл арқылы [пікірін] айтуды көрсететін болғандықтан, көп адамдар бұл өнердің мақсаты - адамға өзінің ойын дұрыс айта білуге үйрету дәл есептейді. Бұл дұрыс емес, өйткені адамға өз [ойын] дұрыс айта білуге үйрету дегеніңіз грамматиканың өнері болып табылады. Бұл қатеге себеп болып отырған нәрсе грамматика мен логика өнерінің аттары мен мақсатының ортақтығы, өйткені бұл өнерлер «мантик» деп аталады. Алайда, қарастырылып отырған өнердің мақсаты «мантик» деген аттың екі мағынасының біреуімен ғана көрсетіледі. Грамматика өнері мен логика өнерінің арасында біраз ұқсастық бар. Бұл ұқсастық [мынада]: грамматика өнері созбен айтылатын нәрсенің дұрыстығы туралы білім береді, белгілі бір тіл [сөйлейтін] адамдардың әдет-ғұрпына сай сол дұрыстыққа жетуге

қабілет береді. Ал логика өнері болса, ойлаған ойдың дұрыстығы жөнінде білім береді және ойлаған ойдың дұрыстығына жетуге қабілет береді. Сонымен, белгілі бір тілде сөйлейтін адамдардың әдет-ғұрпына сай тек дұрыс сөйлеу үшін тілді жөндейтін грамматика өнері сияқты, логика өнері де барлық нәрсе туралы адам тек дұрыс ойлау үшін оның ақылын жөндейді. Жалпы алғанда, логика өнерінің ақыл-ой зердесі жете алатын мәндерге қатынасы қандай болса, грамматика өнерінің сөздерге қатынасы да сондай. Булардың ұқсастығы осындай. Бірақ булардың бір де бірі басқа нәрсе емес және булардың бір де бірі басқаның құрамды бөлегі болып табылмайды. Осындай пайымдаудан бақытқа жеткізетін жолдың қандай екені, осы жолмен қалай жүру керек екені және жүріп өтуге тиісті [сатылар] қандай екені айқын боп шығады. Бірінші кезең: ол - логика өнерінің (24-бет) сатыларын меңгеріп алу. Ал мұны меңгеру бірінші өнер болып табылатын болғандықтан, [ғылымдардың барлық салаларының ішінде] алдымен осыдан бастау керек. Егер зерттеушінің логика өнерінің негіздерінен [білімі] болса, онда кез келген басқа өнерден бастауға да болады. Біз ең алдымен өнерді зерттеуге кірісерден бұрын, адам анықтап алуға тиісті әрбір өнердегі жағдайларды білу үшін логика өнерінің негіздерінен нені пайдалану қажет екенін білуіміз керек. Бұл - негіздер арқылы сол өнерді зерттеуге кірісуге болатын және оларды әрбір адам білуге міндетті негіздер, оларды танып білмейінше ақыл-ойы дұрыс адамның ешқайсысы аяғын аттап баса алмайды, олар мысалы: «Тұтас зат өзінің бөлігінен үлкен және одан көлемі артық», «адам - ат емес» деген сияқты жалпыға мәлім білімдер мен жалпы қабыл алынған негіздер /15/. Бұл өзі адам [керек десеңіз] сөз жүзінде теріске шығарғанымен, ақыл-ой жүзінде теріске шығара алмайтын негіздер, өйткені оны теріске шығаруға дәл ел табуға қабілетсіз. Осы [негіздердің] ішінде тек кейбір адамдар ғана білетін негіздер бар. Бұл негіздердің [сонымен бірге], оңай танып білуге болатыны және адамның бәрі бірдей біле алмайтындары бар. Бірақ біз бұл негіздерге ой арқылы жетеміз және оларды мұнсыз ешбір адам ештеңе істей алмайтын негіздер арқылы ғана тани аламыз. Логика өнері дегеніміз өнерді зерттеу жолымен жүріп отырып, ең алдымен бастайтын өнер болғандықтан, бұл негіздер адам алдын ала танып білген және танып-біліп алмайынша ешбіреу бір адым ілгері баса алмайтын белгілі қағидалар болуы қажет. Бүл қағидалар толып жатыр, бірақ кез келген өнерде булардың кез келген біреуін пайдалануға болмайды; бұл қағидалардың бір түрін бір өнерде, басқа түрін басқа өнерде пайдалану керек. Солай болғандықтан осы қағидалардың ішінде тек логика өнеріне сәйкес келетіндерін белгілеп алып (25-бет), басқа қағидаларға, сондай-ақ басқа өнерлерге көңіл аудармау керек. Оларсыз ешбір адам ештеңе істей алмайтын бұл қағидалардың бәрі адам өмір сүре бастаған кезден-ақ оның ақыл-ойына тән. Бірақ өзінің ақыл-ойында қорытып шығарылған бұл қағидаларды адам саналы түрде білмеуі де мүмкін, [тек] осы қағидалар туралы айтқан біреудің пікірін естігеннен кейін [ғана], ол өзінің ақыл-ойында ол қағидалардың бұрыннан бар екенін саналы түрде түсінуі мүмкін. Сондай-ақ бұл қағидалар ақыл-ойда жіктеліп кетуі де мүмкін, осының арқасында адам осылардың әрқайсысын оз ойында жекелеп танып біледі, сөйтіп, оны білдіретін тиісті сөзді естіп, ол өзінің ақыл-ойында бөлшектенген, жекеленген күйінде таниды. Сондықтан, егер адам [қайсыбір қағидаларды] түсінбесе немесе олардың арасындағы айырмашылықтарды түсінбесе, онда ол ойша оларды білдіретін сөздерді

талдауы қажет. Сонда ол оларды түсінеді және осылардың әрбіреуін жеке-жеке қарастырады. Логика өнерін [зерттеуді] солардан бастауға болатын көптеген қағидалар адамның ақылойында болған күнде де, олар бөлшектенген күйде түсінілмейді, сондықтан адам оларды есіне түсіргісі келгенде, ол осы қағидаларды білдіретін қайсыбір сөздерді ойша іріктеуі тиіс. Осыларды түсініп және әрбіреуін жекелеп қарастырып, ол сол өнерді зерттеу үшін қолдануға болатындарын саралап алады. Грамматика өнерінің қарастыратыны түсінілген сөйлемдердің әр қилы түрлері болғандықтан, онда осы өнердің негіздері қарастырылып, белгіленетін белгілі бір тарау болуға тиіс. Сондықтан, біз грамматика өнерінен осы ғылымның негіздерін белгілеу үшін жеткілікті көлемде [мәліметтер] алуымыз керек немесе егер сол тілде сөйлейтін адамдарда өз тілдеріне тән (.26-бет) айтылатын сөздер, тізілетін өнер болмаған күнде, сол тілде сөйлейтін адамдар қолданатын сөздердің әр қилы түрлерін дәйекті түрде теріп, тізіп шығу керек. Сондықтан логикаға /16/ Кіріспеде грамматика ғылымына катысты қағидалар қандай мақсатпен алдын ала баяндалатыны айқын болып шығады. Одан жеткілікті көлемде [мәліметтер] алынды және [онда] шындығында да логиканы оқытып, үйретуді жеңілдету үшін қажет болғанның [бәрі] пайдаланылды. Кімде-кім басқа жолды ұстайтын болса, онда ол өнерді [зерттеудің] жүйесін елеусіз қалдырады немесе оны сақтамайды. Ал егер біз осы өнер үшін міндетті болып табылатын тәртіпті сақтауға тырысатын болсақ, онда біз түсінілген сөздердің түрлерін тізіп шығу арқылы, сол өнерді зерттеудің бастамасын жеңілдететін негіздер туралы жазылған кітаптардың бірінің бетін ашуымыз керек. Шынында да нақ осыдан бастамақ керек. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы: Ғылым, 1975. 3-4666.

MEMЛEKETTІK ҚАЙРАТКЕРДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ /1/ БІРІНШІ БӨЛІМ (103-бет) Әбу Насыр әл-Фарабидің «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» /2/ деген кітабы. Бұлар - қалай олардың көркеюіне, ондағы тұрғындар тұрмысының жақсаруына көмектесу, сөйтіп оларды бақыт жолына бағыттап отыруға қатысты ерте заман ойшылдары айтқан, қалаларды басқару керектігі туралы көптеген негізгі қағидаларды қамтитын бөлектенген нақыл сөздер. Тән сияқты жанда да /3/ өзіне тиесілі денсаулығы және науқасы болады. Жанның саулығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы жақсы болуының әсерінен әрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі, игілікті істер істеледі және тамаша әрекеттер жасалады. Ал жанның науқастығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы нашар халде болуының эсерінен әрдайым жаман қылықтар көрсетіледі, азғындық істер істеледі және сорақы әрекеттер жасалады. Тәнінің саулығы сонда, оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы сондай бір халде болады, мұның әсерінен жан өзінің әрекеттерін барынша толық, барынша мінсіз жасайды: олар тән және оның бөлшектері жасайтын әрекеттердің жақсы немесе жаман болуына қарамай жүзеге асады. Ал тән науқастылығы сонда, оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы сондай нашар халде болады, мұның эсерінен жан тәннің немесе оның бөлшектерінің көмегімен жүзеге асыруға тиісті әрекеттерін жасамайды, немесе өзіне тиіс болғанынша, не болмаса өзіне қатысты болғанындай жетік түрде жасайды. Адамның игі қылықтар мен жақсы әрекеттерін жүзеге асыруға көмектесетін жан қасиеттері - ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары – сұрқиялық, кемістік немесе опасыздық болып шығады. (104-бет) Тәнді емдеуші - дәрігер, ал жанды емдеуші - әмірші деп аталатын мемлекеттік қайраткер. Бірақ дәрігердің көздейтін мақсаты - тәндерді емдеу жолымен оларды жанға игілікті немесе оңбағандық әрекеттер істеуге көмектесетін халге келтіруде емес. Оның бір ғана ниеті - тәндерді емдегенде, және оның бөлшектерінің көмегімен жүзеге асырылатын жан әрекеттері барынша мінсіз болатындай етіп емдеу - бұл әрекеттер жаман немесе жақсы бола ма, оған қарамай мінсіз болып шығатындай етіп емдеу. Мысалы, қолды емдейтін дәрігер ол қолдың ұстау әрекеттері өте жақсы болуын ғана көздейді, ал ол жақсы ұстау әрекеттерінің көмегімен игілікті немесе жауыздық істер істеле ме, жоқ па, мұнда дәрігердің ісі болмайды, ал көзді емдейтін дәрігер көз жанарының мінсіз жақсы көретіндей болып шығуын көздейді, бірақ бұл жанар орынды жеріне және жақсы пайдаланыла ма, немесе орынсыз жеріне және сорақы пайдаланыла ма, мұнда дәрігердің ісі жоқ. Сондықтан жанның саулығына немесе науқастығына бұл тұрғыдан қарау дәрігердің міндетіне жатпайды, мемлекет қайраткерінің және әміршінің міндетіне жатады /4/. Мемлекет қайраткері мемлекетті басқару өнері арқылы, әмірші, ел билеу өнері арқылы (бұл өнерді) қай жерде және кімге қолдану немесе қолданбау керектігін және тәнге денсаулықтың қандай түрін қамтамасыз ету керектігін анықтайды. Сондықтан әмірші мен мемлекет қайраткерінің өнер жайы, қалаларда (бар) басқа өнерлермен салыстырғанда, құрылысшылар басшысының барлық басқа құрылысшыларға қарағандағы жайына ұқсайды, өйткені қалаларда (бар) басқа өнерлер олардың көмегімен мемлекетті басқару өнерінің және ел билеу өнерінің көздеген мақсатына жету үшін іске қосылып,

пайдаланылады, олар құрылысшылардың басқа өнерлерінің бас (сәулет) өнерін мақсатына жету үшін пайдаланылатыны сияқты. (105-бет) Адамдар тәнін емдейтін дәрігер бүкіл тәнді, оның бөлшектерін, булардың тұтас денеге қатынасын білуі керек: тәнді, оның бөлшектерінің әрқайсысын ауыртатын науқастарды олардың қайдан және қаншама коп себептерден пайда болатынын білуі керек; оларды қалай емдеу керектігін және тәнде болатын әрекеттер тәннің және оның бөлшектерінің қандай күйінде мінсіз және толық болып шығатынын білуі керек. Дәл сол сияқты, жанды емдейтін мемлекет қайраткері немесе әмірші бүкіл жанды, оның бөлшектерін, жанға және оның әрбір бөлшегіне зақым келтіретін кемшіліктер мен кеселдерді, олардың қайдан және қаншама себептерден туатынын білуі керек; адамның игілікті істер істегендегі жай-күйлерін, бұлардың қанша екенін, қала тұрғындарының кемшіліктерін қалай жоюды, қала тұрғындарының жан жүйесіне біткен қайырымдылықтарды қалай нығайтуды, оларды (бұл қайырымдылықтарды) қалай сақтауды, сөйтіп, олардың жойылуына жол бермеуді білуі керек. Дәрігерлерге тән туралы, балташыға ағаш туралы, ұстаға темір туралы өздерінің өнері үшін қанша керек болса, тек сонша білу керек болатыны сияқты, ол да жан туралы білгенде, өзінің өнері үшін қанша, керек болса, тек сонша білуі керек. Денелер жасанды және табиғи болады. Мысалы, жасандыға төсек, семсер, әйнек және тағы сондайлар, табиғиға - адам және басқа жанды жәндіктер жатады. Олардың (денелердің) әрқайсысы екі заттан: материядан және материя формасынан құралады. Материя дегеніміз, мысалы, төсектегі ағаш: форма дегеніміз, мысалы, төсектің пішіні, атап айтқанда, (106-бет) шаршы, дөңгелек және басқа пішінді болып келуі. Материя дегеніміз - потенциалдық төсек, форманың арқасында ол шындықтағы төсекке айналады. Жанның басты бөлшектері мен күштері бесеу: нәрленетін, түйсінетін, сезетін, ұғатын және ақыл-парасатты. Нәрлендіру (күші) тұтас алғанда бұл сол, не аста, аспен бірге немесе сол арқылы әйтеуір бір эсер ететін күш /5/. Ac үш түрлі болады: алғашқы, аралық және соңғы. Алғашқыға жататындары, мәселен, нан, ет және әлі қорытыла бастамағандарының бәрі. Соңғыға жататыны - толық қорытылып болған, сонымен қоректенетін мүшеге ұқсайтын ас: егер мұндай мүше ет болса, ол ас етке ұқсап, егер сүйек болса, сүйекке ұқсап қорытылады. Аралық (ас) екі түрлі болады: 1) одан қан (пайда болғандай) дәрежеде қарын мен ішекте қорытылған ас және 2) қанның (өзі). Нәрлендіруші (күшке) ас қорыту күші, тудырушы, өзіне тартушы, ұстаушы, ажыратушы және айдаушы болып табылатын өсу күші жатады. Нәрлендіруші (күш) деп, әрбір жеке мүшеде пайда болатын қанды сол мүшеге ұқсағанға дейін пісіп-жетілу дәрежесіне жеткізетін күшті атаған әділетті болады. Ac қорытушы (күш) - бұл алдыңғы асты қарын мен ішекте одан қан (пайда болатын) дәрежеге дейін пісіріп жетілдіретін, ал онан кейін (бутан даяр затты), мәселен, бауырда қанға айналғанға дейін қорытатын күш. Өсу (күші) - бұл ас арқылы дене мүшесінің үлкенділігін оның дамуына қарай барлық бағытта, ол әрбір мүше үшін мүмкін болған көлемнің шегіне жеткенге дейін, ұлғайта беретін күш. Тудырушы (күш) - бұл қанның қасиеттеріне жақындай үйлесетін астың артығынан, сол артық асты сіңіруден қалдырған тәнге түрі жағынан ұқсас, басқа тәнді туғызатын күш. Бұл (күш) екі түрлі болады: 1) жаңа туған нәрестеге материя беретін күш - ұрғашы (күш) сондай; 2) оған форма беретін күш -

еркек (күші) сондай. Бұл екеуінен (107-бет) түрі соларға ұқсайтын басқа жануар пайда болады. Өзіне тартушы (күш) асты бір орыннан екінші орынға, ол өзі қоректендіретін тәнге жетіп, онымен қабысып, араласқанға дейін тарта береді. Ұстаушы күш - тәннен келген асты дененің тамырларында сақтайтын күш. Ажыратушы (күш) әрбір мүшеге жіберу үшін оларды бір-бірінен айыратын, астың артығын ажырататын күш. Айдаушы (күш) астың әртүрлі артық түрлерін бір орыннан екінші орынға айдайтын күш. Сезінуші күш - жалпыға мәлім бес сезімнің бірімен қабылдайтын күш. Қиялдаушы (күш) - сезім арқылы қабылданатын заттардың бейнелерін, олар енді сезім арқылы тікелей қабылданбайтын болғаннан кейін, есте сақтайтын, бір-бірімен әр түрлі қиюластыра қосатын және толып жатқан амалдар арқылы бір-бірінен айыратын күш; бұл қосылған бейнелердің кейбіреулері ақиқат, ал басқалары жалған (бейнелерді) береді. Мұның өзі өңде де, түсте де (болады). Бұл және нәрлендіруші (күштердің) басқа күштерден айырмашылығы сол, булар ұйқы кезінде де әрекет ете алады. Ұмтылушы күш - ұмтылудың арқасында жануардың бір нәрсеге талпынуын, бір нәрсені қалауын немесе жақтырмауын, іздеуін және қашуын, ұнатуын және жиренуін, ашулануын және ләззат алуын, қорқуын және батылдығын, үрейленуін, қаталдығы мен аяушылығын, сүйініші мен жек көруін, құмарлығын, шабыттануын және басқа жан құбылыстарын тудыратын күш. Бұл күштің құралдары - тәннің барлық мүшелерінің және тұтас дене қозғалысын, мәселен, қолдың ұстау, аяқтың жүру қабілетін және басқаларын, туғызатын құралдар. Ақыл-парасат күші - адам ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына (108-бет) және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш. Бұл күш практикалық және теориялық болып екіге бөлінеді. Практикалық күш кәсіптік және ойлаушылық болып бөлінеді. Теориялық күш адамның дүниеде бар және қасиетті жағынан біздің жасаумызға немесе бір қалыптан екінші қалыпқа өзгертуімізге келмейтін заттарды танып білуіне көмектесетін күш. Мәселен, үш - тақ сан, торт - жұп сан, біз шаршы пішінді етіп өзгерте алатынымыздай, сонда ол мұның екеуінде де ағаш кесіндісі болып қала беретіндей етіп, үшті ол жұп болатын қала беретін етіп өзгерте алмаймыз, немесе, төртті тақ болатын, бірақ сонымен бірге төрт болып қала беретін етіп, өзгерте алмаймыз, практикалық күштің арқасында біз жасай алатын және бір қалыптан екінші қалыпқа келтіріп өзгерте алатын заттар бір-бірінен айырылып, танылады. Кәсіптік немесе шеберлік күш - кәсіпті меңгеруге, мәселен, балташы, егіншілік, медицина, теңізде жүзу өнерін үйренуге көмектесетін күш. Ойлау күші - біз бір затты жасағымыз келгенде, оны жасауға бола ма, жоқ па, егер жасауға болса, бүл істі қалай орындауға тиісті болатынымызды білуімізге, оны ойша елестетуімізге көмектесетін күш. 7. Игіліктер /6/ екі түрлі болады: этикалық және интеллектуалдық. Интеллектуалдық - (жанның) ақыл-парасаттық жағына жататын қайырымдылық, мәселен, даналық, парасат, ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық бұлар ізгіліктер (жанның) ұмтылуы жағына жататын ізгіліктер, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік. Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді. 8. Этикалық ізгіліктер мен жаман қылықтар адам жанында кісілік (сападан) туатын әрекеттердің белгілі бір уақыт бойына көп рет қайталануы және оған бой үйренуі нәтижесінде пайда болып, тұрақтайды (109-бет). Дәл өнердегі сияқты мұнда да ізгілікті

әрекеттер қайырымдылыққа, теріс әрекеттер жаман қылықтарға бастайды, мәселен, жазу өнерінде осылай болады, біз жазумен (байланысты) әрекеттерді сан рет қайталап, оған дағдылансақ, мұнан бізде жазу өнері пайда болып, тұрақтайды, егер қайталау арқылы өзімізде дағдыға айналдырған бұл әрекеттер жаман болып шықса, біз жаман жазып дағдыланамыз, жақсы болып шықса, жақсы жазып дағдыланамыз. 9. Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, ізгілік пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ ізгіліктер немесе жаман қылықпен (байланысты) күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін, сонда оған қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі (күйден) туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады. Дәл сол сияқты, ол жазумен немесе қандай да болсын басқа өнермен байланысты әрекеттерге бейім болуы мүмкін, сонда ол қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі әрекеттерді оңайырақ, орындайды. Сонымен, оны қандай да болсын сырттан келген басқа бір ниет қарама-қарсы жаққа бағыттап жібермесе, ол әуел бастан-ақ жаратылысынан өзіне оңайырақ келетін әрекетке бет қояды. Тоқыма жұмысына жаратылысынан бейімділіктің тоқымашылық болып саналмайтыны сияқты, жаратылысынан өзіне оңай келетін әрекетке бейімділік те ізгілік болып саналмайды. Бірақ жаратылысынан біткен бейімділік қайырымдылық әрекеттерге бағытталса және бұл әрекеттер қайталана келе адам жанында сол әрекеттердің өзін тудыратын күйді тудыратындай дәрежеде әдетке әдет түрінде нығайып бекісе (110-бет), әдетпен орныққан бұл күй ізгілік деп саналады. Табиғи күйден солар сияқты әрекеттер туғызса да оны қайырымдылық деп те, кемшілік деп те атамайды. Табиғи күйдің атауы болмайды, ал егер әлдекім оны қайырымдылық немесе кемшілік деп атаса, бұл олардың біреуінің мағынасы екіншісінікімен үйлесімді келуінен емес, тек екеуінің атының ортақтығынан болады. Адамды әдеттердің салдарынан туған (күй) үшін сөгеді немесе мақтайды. Оны басқа (күйлер) үшін мақтамайды да, сөкпейді де. 10. Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны сияқты, ізгіліктің, этикалық және интеллектуалдық, бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін емес. Дәл сол сияқты кемшілік біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы да шындыққа сыймайды және мүмкін емес. Бұл жағдайлардың екеуі де мүмкін емес. Көбінесе әрбір ізгілік іске немесе бірнеше ізгілерге, не болмаса белгілі бір өнерге немесе бірнеше өнерге бейім болады, сөйтіп, біреу бір ізгі іске немесе өнерге, екінші біреу екіншісіне, үшінші біреу үшіншісіне бейім келеді. 11. Жаратылыстан біткен ізгілікке немесе кемістікке деген жаратылысынан бар күй мен бейімділікке соларға ұқсас адамгершілік сапалары қосылып, олар әдет түрінде орнықса, онда ол адам сол бағытта жетіледі және жақсы болсын, жаман болсын, онда орныққан ондай күйлердің жойылуы қиын. Егер жаратылысынан ізгіліктің барлығына бірдей бейім және бұл ізгіліктер кейіннен оның әдетіне айналған адам бір кезде табуға болатын болса (111-бет), онда ондай адамның ізгіліктері адамдардың көпшілігінің ізгіліктерінен әлдеқайда асып түсіп, оның өзі адамға бітетін ізгіліктер (шеңберінен) шығып кеткендей, сөйтіп адамнан гөрі жоғары қатарға шыққандай болар еді. Ерте замандағылар мұндай адамды құдай деп атап, ал оған қарама-қарсы, барлық жаманшылық қылықтарға бейім, ол қылықтар оның бойына орныққан әдетке айналған адамды адамға тән жамандықтың (шеңберінен) шығарып, одан да жаманның деңгейіне дейін (төмендеткен). Ондайды бұлар, шектен асқан жауыздығы үшін (белгілі) ерекше атпен атамаған, олар кейде ондайды (аң) деп немесе сондай басқа бірдеме деп атаған /7/. Шегіне жеткен мұндай екі қарама-

қарсылық адамдар арасында сирек кездеседі. Біріншісі (кейіптес) (адам) кездескенде, ол бұлардың ұғымында қалаларға қызмет ететін (жай) мемлекеттік қайраткер болудан жоғары тұрған және ол нағыз әмірші ретінде барлық қалаларды басқаруға тиісті болған. Ал екіншісі (кейіптес) (адам) табыла қалса, ол қаланы тіпті де басқармаған, оған қызмет етпеген, ол қалалардың бәрінен қуылған. 12. Ізгілікке немесе кемістікке деген күйлердің және жаратылысынан біткен бейімділіктердің біреулерін әдеттің көмегімен жоққа шығаруға немесе біржолата өзгертуге, сөйтіп оларды қарама-қарсы күймен ауыстыруға болады. Басқа біреулерін бұзуға, әлсіретуге болады, бірақ олар біржолата жойылып кетпейді. Үшінші біреулерін жоққа шығаруға, өзгертуге, олардың қуатын кемітуге болмайды, бірақ оларға табандылықтың көмегімен ол күйлер мен жаратылыстан біткен бейімділіктерге тән әрекеттерден бас тартудың көмегімен қарсы тұруға болады (112-бет), яғни адам заманда ол әрекеттерге қарсы қимыл жасайды. Сол сияқты адам жанында әдет түрінде орныққан теріс адамгершілік сапалар жөнінде де дәл солай істеуге болады. Олар да сондай топтарға бөлінеді. 13. Ұстамдылық пен ізгіліктің арасында айырмашылық бар. Оның мәнісі мынада -ұстамды адам жақсы істер істеп, қайырымдылық жасай тұрса да, дегенмен, ол теріс әрекеттерге тартпай тұрмайды, сөйтіп өзінің ниеттерімен күреседі. Ол бұл әрекетінде езінің күйі мен тілегінің талабына қарама-қарсы келеді. Жақсы істер істей тұрса да, ол дегенмен сол жақсылық істегені үшін күйінеді. Ал ізгі адам өзінің әрекеттерінде өз күйі мен тілегінің талабымен жүріп, жақсы қылықтарды ұнатып, ынтамен істейді, сөйтіп одан іштей азап шекпейді, қайта ләззат алады. Бұл айырмашылық өзінің ауруынан қатты азап шегетін адам мен азап шекпейтін, тәнінің ауырғанын сезбейтін адам арасындағы айырмашылық сияқты. Таза ниетті адам мен ұстамды адам (арасындағы айырмашылық) та дәл сондай. Таза адам ішіп-жеуде, жыныс қатынасында заңның ұйғарғанын ғана істеп, сол заңның ұйғарғанынан тыс еш нәрсені тілемейді, оған ұмтылмайды. Ал ұстамды адам бұл істерге заңның ұйғарғанындай емес, шамадан тыс ұмтылады. Ол заңның талабын орындайды, бірақ өз қалауына қарсы келіп орындайды. Алайда ұстамды көп ретте қайырымды адаммен бірдей жағдайда болады. 14. Қайырымдылық адамдар жанынан берік орын алғанда, не адамдар ұстамды болғанда қалаларда теріс қылықтар жойылады. Қайсыбір адамнан таралатын жауыздықты оның жанынан берік орын алған қайырымдылықпен де, ұстамдылықпен де жоюға болмаған жағдайда, оны қалалардан аластайды (113-бет). 15. Белгілі бір әрекеттер жасауға туасынан бейім және мұндай әрекеттерге қарама-қарсы әрекеттер жасауға қабілетсіз адамның болуы мүмкін емес. Ізгілікке немесе жамандық істерге жаратылысынан бейім кез келген адам қарама-қарсы бейімділіктен туатын әрекетке қарсы тұра алады және ондай әрекетті жасай алады, алайда, әдет арқылы жеңілдік туғанда, сөйтіп оңай орындалатын болғанға дейін мұны істеу оған қиынға соғады. Әдетке айналғаннан бас тартуға және оған қарама-қарсы әрекет істеуге болады, бірақ жоғарыда айтқанымыздай, бутан қарсы әрекет істеуге болады, бірақ жоғарыда айтқанымыздай, мұның өзі адамның әдетіне айналғанға дейін қиынға соғады. 16. Игілікті болып табылатын әрекеттер - екі қарама-қарсы шектің арасындағы бірқалыпты істер, ал ол екі шектің екеуі де жаман әрекеттер. Олардың бірі - молшылық, екіншісі -

тапшылық. Дәл сол сияқты, ізгілік те - екі түрлі күйдің арасындағы рухани күйлер мен қасиеттер, ол екі шеткі күйдің екеуі де теріс жағдай. Біреуі - ысырапшылық, екіншісі - тапшылық. Мәселен, пәктік - құмарлық пен ләззат сезімінің жоқтығының аралығы, бұл екеуінің бірі - құмарлық - артықшылық, екіншісі - тапшылық /8/. Мырзалық - сараңдық пен ысырапшылықтың аралығы. Ерлік - ессіздік пен қорқақтықтың аралығы. Қалжыңдағы, сауықтағы және басқа сондайдағы тапқырлық - бір жағынан, бейпіл ауыздылықтың, бұзылғандықтың және екінші жағынан, топастықтың аралығы. Қарапайымдылық - қасиет, бір жағынан тәкаппарлықтың және екінші жағынан, ұялшақтықтың аралығындағы кісілік қасиет. Ізгілік - бір жағынан, мақтаншақтықтың, менмендіктің, атаққұмарлықтың және екінші жағынан, мүсәпірліктің аралығы. Мейірбандық - шексіз ашу мен (адамның) мүлде еш нәрсеге ашуланбайтын (күйінің) аралығы. Ұялшақтық - бір жағынан ұятсыздықтың (114бет) және екінші жағынан, жасқаншақтық пен ұяңдықтың аралығы. Достық көңіл - жек көрушілік пен жарамсақтықтың аралығы. Басқа (қайырымдылықтардың) бәрінде де істің жайы осындай. 17. «Аралық» пен «орташалық» туралы екі (мағынада) айтылады. 1) аралықтың өзі туралы және 2) басқа бір нәрсемен салыстыру және ара қатынас ретінде. Аралықтың өзі туралы он мен екі аралығында (сан) мысал бола алады, өйткені алты екіден қанша көп болса, оннан соншама аз. Бұл - өзімен өзін алғандағы екі шек аралығы. Кез келген басқа сан жөнінде мәселе жайы осындай. Бұл аралық коп немесе аз болмайды, өйткені он мен екі сандарының аралығы еш уақытта алтыдан басқа ешнәрсе болмайды. Ал салыстырмалы аралық өзінің қатысы бар заттарға байланысты және әр уақытта көп және аз болады. Мәселен, ересек балаға берген тамақтың шамасы мен жұмысты көп істейтін үлкен адамға берген тамақтың шамасы арасында олардың тән айырмашылықтарына қарай айырмашылық болады. Олардың біреуіндегі аралықтан шама көлемі мен саны, қаттылығы мен жұмсақтығы, ауырлығы мен жеңілдігі, жалпы айтқанда саны мен сапасы жағынан өзгеше болады. Дәл сол сияқты ауаның орташа (температурасы) жөнінде де істің жайы сондай, өйткені ол тәндермен салыстырала анықталады. Дәл сол сияқты, ас нем дәрідәрмектегі орташа шама мен аралық жөнінде де осыны айтуға болады, өйткені олармен емделетін тәндерге сәйкес, (ауру адамның) оның алдындағы әдетіне сәйкес, жыл мезгіліне және дәрінің өзінің қуатына қарай ол саны мен сапасы жатынан көп және аз болады. Демек, белгілі бір науқас адамға берілетін белгілі бір дәрі жылдың белгілі бір маусымына қарай саны жағынан әр түрлі болады (115-бет). Дәл осы (салыстырмалы) аралық /9/ әрекеттерде және адамгершілік сапаларында пайдаланылады, өйткені әрекеттердің мөлшеріне және көптігіне қарай, ал сапаны жасалатын қуаттылығына және әлсіздігіне қарай, оның кімге жұмсалуына, не үшін қолданылуына қарай өлшеген жон, мұнымен бірге оның уақыты мен орнын есепке алу керек болады. Мәселен, ашудың шамасы сол ашуға душар болған адамның жағдайына, ашудың туған уақытына немесе орнына байланысты болады. Дәл сол сияқты ұрып-соғу және (басқа) жазалардың саны мен сапасы (мәселен), кімнің кімді соғатынына қарай, ұрып соғу жазасын беруге себеп болған қылмысқа және жаза бергенде ұрылатын құралға сәйкес белгіленеді. Басқа әрекеттер жөнінде де істің жайы дәл осындай. Әрбір әрекеттегі орташа шама айналадағы жағдайға қарай айқындалатын нәрсе. Әр түрлі әрекеттерді салыстыра шамалағанда, бағалағанда есепке алынатын жағдайлар қайсыбір жеке әрекетте бірдей

болмайды, (бір) әрекет, мәселен, бес жағдайға, екіншісі бестен кем немесе көп жағдайға байланысты өлшенеді. 18. Ас пен дәрідегі орташа шама бірде адамдардың көпшілігі үшін, кейде көбінесе, белгілі бір уақытқа және бір топ үшін, бірде әрбір жеке тән үшін және жеке мерзім, ұзақ немесе қысқа мерзім ішіндегі орташа шама, аралық болатыны сияқты, (116-бет) дәл сондай әрекеттегі орташа шама және аралық барлық адамдар немесе адамдардың көпшілігі үшін, көбінесе немесе әрдайым, не болмаса жеке бір топ үшін және белгілі бір уақыт ішіндегі орташа шама бола алады. 19. Белгілі бір амалмен астағы және дәрідегі орташа шаманы және аралықты табатын, белгілейтін адам - дәрігер, ол осы (орташа шаманы) тапқанда қолданатын өнер -медицина. Адамгершілік сапалары мен әрекеттерде орташа шама мен аралықта белгілейтін адам - басшысы мен әкім болады, бүл (орташа шаманы) белгілегенде қолданылатын өнер - мемлекеттік басқару өнері және әкімшілік өнері болады. 20. Ертедегі адамдар ала және үй деп тек қана мекенді түсінген емес, сондай-ақ адамдар тұратын баспананы және баспананы күтетін адамдарды да, қандай болса да, неден (салынса да), қайда - жер астында немесе жер үстінде болса да, ағаштан немесе балшықтан, киізден, қылдан немесе адамдар тұратын үйді жасайтын басқа сондай бір нәрседен салынатын мекенді де түсінген. 21. Үй белгілі бір бөлшектерден және бірлестіктерден құралады, солардың арқасында көркейеді (117-бет). Бұлар саны жағынан төртеу, ері мен әйелдері, қожайыны мен қызметшісі, әке-шешесі мен баласы, мүлкі мен мүлік иесі. Кімде-кім бүл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, кімде-кім оларды бір-бірімен біріктіріп, сөйтіп олар әр түрлі әрекетке қатысып, бір мақсатқа жету үшін, үйді әр түрлі игілікпен толтырса, кімде-кім бүл игілікті сақтау үшін, бір-біріне көмектесуі үшін олардың бәрінің арасында байланыс орнатса, ол адам үйдің билеушісі және әкімі болады. Оны қожайын деп атайды, қалада қала әкімі қандай болса, ол үйде сондай болады /10/. 22. Қаланы да, үйді де адам тәнімен теңеуге болады /11/. Тән жоғарғы және төменгі қатарға жататын белгілі бір мөлшерлі әр түрлі мүшелерден құралады, олар бір-бірімен белгілі тәртіппен қабысып, әрқайсысы жеке бір қызмет атқарады; олардың әрекеттерінің бәрі тәндегі мақсатқа жетуге бағытталған өзара көмек болып бірігеді. Дәл осы сияқты, қала мен үй де жоғары және төменгі қатарға жататын белгілі мөлшерлі әр түрлі бөлшектерден құралады, олар әр түрлі сатыда бола тұрып, белгілі тәртіп бойынша бір-бірімен қабысады, әрқайсысы оз бетінше тиісті қызмет атқарады; олардың әрекеттерінің бәрі қаладағы немесе үйдегі мақсатқа жетуге бағытталған оз ара көмек болып бірігеді. Алайда үй - қаланың бір бөлігі, ал үйлер қалада орналасқан, демек олардың мақсаттары әр түрлі. Солай бола тұрса да, бұл әр түрлі мақсаттарға қол жеткенде және олар ұштасқанда, олар қаланың мақсатына жетуге бағытталған өзара көмек болып бірігеді. Мұны да тәнмен теңеуге болады, өйткені қала үйлерінің қалаға қатынасы қандай болса, бастың, кеуденің, қарынның, арқаның, қол мен аяқтың да тәнге қатынасы сондай (118-бет). Тәннің бастыбасты мүшелерінің әрқайсысының қызметі басқа мүшенің қызметінен өзгеше, ал бұл мүшелердің әрқайсысының бөлшектері, тәнді сол бас мүшесінің мақсатына жету үшін, өздерінің алуан түрлі қызметімен бір-біріне көмектеседі. Одан кейін басты-басты мүшелердің әр түрлі мақсаттары бір-бірімен ұштасқанда, олардың әр алуан қызметтері

бүкіл тәннің мақсатына жетуге бағытталған өз ара көмек болып бірігеді. Үй бөлшектерінің үйлерге қатынасы қандай болса, үйлердің қалаға қатынасы да сондай, сөйтіп тән мүшелері қалай біріксе, қаланың барлық бөлшектері бірге қосыла келе қалаға пайда келтіреді және өздерінің (игілігін) өз ара бірлесіп сақтау үшін де пайдалы болады. 23. Дәрігердің әрбір ауру мүшені жеке алып, тек бүкіл тәнмен және оған қабысатын, онымен байланысты басқа мүшелермен ұштастыра, мұның өзі мүшені сауықтыратындай, бүкіл тән және (ауру мүшеге) жапсарлас, онымен байланысты мүшелер оның сауығуынан пайда табатындай етіп, емдейтіні сияқты, қаланың әкімі де қаланың әрбір бөлігінің істерін, ол жеке адамдай кішкене, немесе жеке үйдей болса да, солай басқаруға, оны емдеп, отан бүкіл қаламен және оның басқа бөліктерінің әрқайсысымен байланысты игілік келтіруге, бүкіл қалаға немесе қалған бөлшектерінің біреуіне игілік, қалаға пайдалылық дәрежесіне сай бүкіл қалаға және оның бөлшектерінің әрқайсысына пайдалы болатындай игілік келтіруге тиіс. (119-бет). Дәрігер мұны орындамаса және белгілі бір мүшенің сауығуын қамтамасыз етуге тырысып, оны емдегенде, сол мүшеге жапсарлас мүшелердің жайына көңіл бөлмей емдесе, немесе басқа барлық мүшелерге зиян келтіру есебінен оны сауықтыратындай етіп емдесе, сөйтіп ол мүше бүкіл денеге және оған жапсарлас, онымен байланысты мүшелерге пайдасыз болып шықса, онда бұл мүше, онымен байланысты басқа мүшелер сияқты, әлсізденеді, сөйтіп ауру бүкіл тәнге таралғанға дейін мұның зияны одан басқа мүшелерге таралады. Қала жөнінде де іс дәл сондай. Әрекеттер мен әдепте тек өзі жөнінде орташа шаманы таба алатын адамның болу (мүмкіндігін) жоққа шығаруға болмайды. Сондай-ақ адамдар да тек өзі ғана жейтін, ішетін тағамда да орташа шама мен ұстамдылықты табу қабілеті болу (мүмкіндігін) жоққа шығаруға болмайды. Оның бүл (соңғы) әрекеті дәрігерлік әрекет болып табылады және ол дәрігерлік өнердің белгілі бір бөлігін істеуге қабілетті болады. Әдептілік пен әрекетте тек бір өзі үшін ұстамдылық табатын адамның солай ету себебі сол - өйткені ол мемлекетті басқару өнерінің бір бөлігін атқаруға қабілетті. Алайда, өзінің мүшелерінің бірі үшін ұстамдылық таба алатын болса да, мұның тәндегі басқа мүшелерге зиян келтіреркелтірмесін және оның бүкіл тән мен оның мүшелеріне пайдалы болар-болмасын ойланбаған адамның бұл қабілетті жүзеге асыруы зиянды дәрігерлік өнердің бір бөлігі болып шығады. Дәл сол сияқты, мәселен, мәдениеттілік пен әрекетте (120-бет) өзі үшін ұстамдылық табу қабілеті бола тұрып, білсе де, білмесе де, қаланың, оның басқа бөлшектерінің қамын ойламаған адамның ол қабілетті жүзеге асыруы мемлекетті басқарудың зиянды өнерінің бір бөлегі болып шығады. 25. Қаланың қажетті болуы да, ізгі болуы да мүмкін. Қажетті дейтініміз - адамның күн көруі, тамақтануы және өмірін сақтауы үшін әр түрлі бөлшектері бір-біріне көмектесіп отыратын қала. Ізгі дейтініміз - бүл адамның шын болмысына, оның өмір сүруіне, тамақтануына, өмірін сақтауына байланысты ең үздік табыстарға жету үшін, өз тұрғындары бір-біріне көмектесіп отыратын қала. Кейбіреулер ләззат алуды ең жоғары бақыт деп есептейді. Енді біреулері байлықты бақыт деп санайды. Үшінші біреулер бақытты - сол екеуінің ұштасуы деп біледі. Сократты, Платонды және Аристотельді алатын болсақ, олар адамның екі өмірі бар деп есептеді. Біріншісі тамақтануға және біздің өмір сүруіміз үшін бүгінгі таңда керек болатын басқа да сыртқы заттарға байланысты. Бұл біздің бірінші өміріміз. Екіншісі - өзінің өмір сүруі үшін өзінен тыс заттардың болуын керек етпейтін, өзінің болмысы үшін өзіне-өзі жеткілікті өмір. Бұл - о дүние. Адамға екі кәмелеттік - бірінші және соңғы кәмелеттік тән.

Соңғысына бұл дүниеде емес, тек о дүниеде жетеміз, оның алдында біздің осы өмірімізде бірінші кәмелеттілік болады. Бірінші кәмелеттілік - бұл қашан адамның барлық ізгіліктен (туатын) әрекеттерді жасайтын өмірі кезінде болады. Ол (мұнан ту¬атын) әрекеттерді (121-бет) жасамайынша, ізгілікке жай жүріп не болмайды, (адамның) кәмелеттілігі әрекеттің жасалуына септесетін қасиеттерді үйренуінде емес, сол әрекетті жасауында. Мәселен, хатшының кәмелеттілігі жазу өнерін үйренуінде емес, сол жазуға (байланысты) әрекеттерді орындауында, дәрігердің кәмелеттілігі де емдеу енерін үйренуінде ғана емес, емдеуге (байланысты) әрекеттерді орындауында. Қандай да болсын басқа өнер жөнінде де осыны айтуға болады. Бұл кәмелеттілік бізді соңғы кәмелеттілікке жеткізеді, ал бұл соңғы - ең зор бақыт, яғни ең жоғарғы игілік болып табылады. Бұл - соның өзі үшін артықша саналатын және тілеулі болатын игілік, ол еш уақытта басқа бір нәрсе үшін артықша саналмайды. Басқаның бәрі бақытқа жету үшін пайдалы болғанда ғана артықша саналады. Қандай да болсын бір зат бақытқа жету үшін пайдалы болғанда ғана игілік болады, ол оған қалай да болса бөгет жасаса, ол жауыздық болады. Ізгі қала, осыған сәйкес, өзінің тұрғындары сол соңғы кәмелеттілікке, яғни ең зор бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесіп отыратын қала болады. Сондықтан оның тұрғындары, басқа қалалардың (тұрғындарымен) салыстырғанда, ең ізгі болып келеді, өйткені тұрғындары байлыққа жетуде, ләззат алуда бір-біріне көмектесуге тырысатын қаланың адамдары өздерінің мақсатына жету үшін ізгіліктің бәріне бірдей білгір болмайды, тіпті ол ізгіліктерді бір де біреуіне білгір болмауы мүмкін. Сондықтан да олар оз арасында пайдалана алатын жарастылық пен әділеттілік болып табылады, ол - әділеттілік емес, әділеттілікке ұқсайтын бір нәрсе. Дәл сол сияқты, олардың арасында пайдаланылатын, қайырымдылыққа ұқсайтын барлық басқа әрекеттер жөнінде де осыны айтуға болады. 26. Өздерімен сабақтас төңіректегі жағдаймен салыстырып өлшеуге келетін ұстамды, орта шамалас әрекеттер (122-бет) басқа жағдайлардың бәрінде де бақытқа жету үшін пайдалы болуға тиіс, сонда ондай әрекет жасаушылар бақытты - өздерінің өмірінің мақсаты деп білуге тиіс. Мұнан кейін ол бұл әрекеттер қаланың барлық тұрғындарының немесе олардың әрқайсысының бақытқа жетуіне пайдалы болуы үшін оларды (әрекеттерді) қалай бағалауды ойлыстыруы керек. Мысалы, дәрігер тәнді емдегенде қолданылатын тағам мен дәрідегі тартымдылықты табуға тырысқанда, денсаулықты өз өмірінің мақсаты етіп алға қояды. 27. Шын билеуші /12/ - қалаларды басқарғанда өзі қолданатын өнерде өзі үшін және қаланың басқа тұрғындары үшін басқару өнерінің шегі жеке мақсаты болып табылатын бақыт орнатуды өзінің талабының мақсаты және өмірлік ісі етіп алға қоюшы адам. Ізгі қалалар билеушісінің ең бақытты адам болуға тиістілігі логикалық қажеттілік болып табылады, өйткені қала тұрғындарының бақытқа жетуіне оның өзі себепші болады. 28. Кейбір (билеушілер) қалаларды басқарудағы мақсат - ұлылық, құрметтеу және тыйым салу, бағындыру, сыйлау және даңқын асыру болу керек деп ойлайды. Құрметті қалағанда, олар өздеріне соған жетуге көмектесетін басқа бірдемелер үшін емес, өздерінің сол көздеген мақсаты үшін қалайды. Қалаларды басқарғанда өздері жасайтын әрекеттерді олар соның көмегімен осы мақсатқа жетудің құралы етіп пайдаланады. Қаланың заңдарын олар сол заңдардың көмегімен қаланың тұрғындарынан сол мақсатты жүзеге асырту үшін

пайдаланады. Олардың кейбіреулері осылайша бұл мақсатқа жеткенде, қала тұрғындарына қайырымдылық, қамқорлық жасай отырып, оларды, бұл қала тұрғындарының пікірінше, (шын) игілік болып табылатын игіліктерге не болуға бағыттай отырып, бұл игіліктерді солар үшін сақтай отырып, бұл игіліктерді соларға ғана бере отырып жетеді. Осындай жолмен олар ұлы құрметке ие болады. Бұлар - құрметті әкімдер және әкімдердің ішіндегі ең абзалдары (123-бет). Солардың кейбіреулері құрметке байлығымыз арқасында не боламыз деп ойлайды. Олар құрметке ие болу үшін қала тұрғындары арасында бәрінен де байлығы асқан адамдар болуға тырысады. Енді біреулері құрмет тек ата тегіне қарай көрсетіледі деп ойлайды. Басқа біреулер құрметке қала тұрғындарына зорлық-зомбылық жасау, оларды бағындыру, қорлау, қорқыту жолымен жетпек болады. Ал басқа бір қала билеушілері қалаларды басқарудағы мақсат баю деп ойлайды. Басқарғанда қолданатын әрекеттерді олар солардың көмегімен байлық табуға пайдаланады, қала тұрғындары үшін (шығарылатын) заңдарды олар сол қала тұрғындарынан байлық табуға көмектесетін заңдарға айналдырады, ал егер олар қандай да болсын бір игілік іс жасауды орынды көрсе, оны тек сол байлық табу үшін жасайды. Байлықты тапқанда оны өзін құрметке бөлеу үшін тапқысы келетін адам мен құрметті және өзіне бағындыруды қалағанда байлық табу үшін қалайтын адам арасында зор айырмашылық бар екені мәлім. Бұл соңғыларын пасық әкімдер деп атайды. Енді бір қала билеушілері қалаларды басқарудағы мақсат ләззат алу деп ойлайды. Басқа біреулері мақсат сол үш заттың үшеуіне де жету - құрметке бөленуде, байлық табуда және ләззат алуда деп есептейді, сондықтан олар қала тұрғындарын ләззат алудың, байлық табудың құралына айналдырып, сол мақсаттарға озбырлық әрекеттермен жетеді. Ерте замандардағы адамдар олардың бірде-біреуін билеуші деп атамаған. 29. Билеуші білуші болуы керек, өйткені онда ел билеу өнерін және қалаларды басқару өнерін біледі, сөйтіп өзінің өнерімен оның даңқы шықты ма, немесе шықпады ма, өзіне қолайлы құралды тапты ма әлде таппады ма, өзінің айтқанын екі етпейтін адамдарды тапты ма әлде таппады ма, бұл адамдар оған бағына ма әлде бағынбай ма, буларға қарамастан (124-бет), ол өзіне қаланы басқаруға тура келген уақытта бұл өнерін әрдайым қолдануға қабілетті болады. Мәселен, дәрігер өзінің дәрігерлігімен адамдар арасында мәлім бе әлде мәлімсіз бе, (дәрігерлік) өнер құралдары оған үйлесе ме әлде үйлеспей ме, өзінің бұйрықтарын орындайтын қызметші адамдарды тауып алды ма әлде алмады ма, оның сөзін тыңдайтын аурулар оған кездесті ме әлде кездеспеді ме, оған қарамастан ол дәрігерлік мамандығы болғаны үшін дәрігер болады, егер онда бұл (белгілердің) бірде-бірі болмағанымен одан оның дәрігерлік өнеріне зиян келмейтіні сияқты әкім де адамдарға билігін жүргізе ме, әлде жүргізбей ме, адамдар оны құрметтей ме, әлде құрметтемей ме, оның өзі бай ма немесе кедей ме, буларға қарамастан ол өзінің кәсібі және (бұл) өнерді қолдана білуі арқасында билеуші болады. Кейбіреулер жұртты өзіне бағындыра алмаған,құрметті бола алмаған адамда басқару өнері бола тұрса да, оны әкім деп атауға болмайды деп ойлайды. Енді біреулер басқару өнеріне қоса байлығы болу керек деп есептейді, үшінші біреулер бутан тағы да билікті, зорлауды, қорлауды қосу керек деп есептейді. Булардың ешқайсысы билеуші кәсібінің атрибутына

жатпайды. Бұл қасиеттер әкім үшін пайдалы болуы мүмкін, бірақ осының бәрін басқарудың мәнін құрады деу босқа алданғандық болады. 30. (Жанның) ақыл-парасатты теориялық бөлігінің де, ақыл-парасатты ойлау бөлігінің де өздеріне сәйкес ізгілігі болады. Теориялық бөлігінің ізгілігі - теориялық ақыл-парасат, білім және даналық. Ойлау бөлігінің ізгілігі - практикалық ақыл-парасат, естілік, зеректік, көзқарастың артықшылығы және пікірдің дұрыстығы (125-бет). 30. Теориялық ақыл-парасат /13/ - зерттеу немесе силлогизм жолымен емес, табиғаттың өзінен, білімнің бастамалары болып табылатын жалпы қажетті алғы шарттар арқылы алынатын күш. Мәселен, тұтас бөлшектен үлкен, белгілі бір шамаға тең келетін шамалар өзара тең деген және басқа осындай алғы шарттар туралы біздің біліміміз міне, сондай. Адам нақ осыдан бастап, қалған дерексіз мәндерді танып білуге көшеді, ал бұл мәндердің қасиеті сондай, олар өздерінің болмысында адам шығармашылығына ділгір емес. Ол бастамалар оның өзінде жоқ кезде, бүл ақыл-парасат ішкі мүмкіншілігінде -потенциясында болады. Бірақ бүл бастамалар оның өзінде пайда болғанда, ол актуалды ақыл-парасатқа ұласады, сонда оның бейімділігі оның өзіне алдын ала белгіленгенді жарыққа шығара алады. Бүл күш оның өзінде пайда болғандар жайында қателесе алмайды, оның (қабілеті жеткен) білімдердің бәрі ақиқат, анық болады, басқаша болуы мүмкін емес. 32. Білім деген сөз көп заттарға қолданылады, бірақ теориялық жағынан белгілі бір ізгілік болатын, ол білім - болмысы мен өмір сүруі адам шығармашылығына мүлдем тәуелсіз болатын заттардың болмысы жөнінде жанда пайда болатын анық білім, бұл білім - ол заттардың әрқайсысы не жаралысында ақыл-парасатқа мәлім бастапқы, ақиқат, қажетті және жалпы (алғышарттардан) құралған дәлелдемелер бойынша қандай болып шығатыны жайындағы білім. Бұл білім екі түрлі болады, 1) заттың бар екендігі, оның бар екендігінің себебі туралы және заттың өзі де, оның себебі де ешқандай жағдайда басқаша бола алмайтыны туралы анық білім және 2) заттың бар болуы туралы және оның бар болуының себебін білмейінше оның басқаша болуының мүмкін еместігі туралы анық білім (126-бет). 33. Шын білім - кейде емес, әрдайым ақиқат, анық болатын білім, (бұл) белгілі бір уақытта болатын білім және кейіннен болмауы да мүмкін білім емес, өйткені, егер біз (тек) қазір ғана бар, бірақ уақыт өте келе оның болмауы мүмкін нәрсені білсек, онда біз оның бар, не жоқ екенін біле алмаймыз, сөйтіп біздің сеніміміз күмәнға және жалғанға айналуы мүмкін. Ал (мұндай) аңғару білім де, анық мәлімет те бола алмайды. Сондықтан ерте заман ғалымдары, мәселен, кейіннен тұрып кетуі мүмкін мына адамның қазір отырғанын білетініміз сияқты, бір нәрсенің бір қалыптан екінші қалыпқа өзгеруі мүмкіндігін аңғарғандықты білім деп есептемеген. Олар білімді - өзгере алмайтын заттың болмысы туралы білімді, мәселен үш тақ сан болып табылатыны, өйткені үштің тақтығы (саны) өзгермейтіні, себебі еш қандай жағдайда болса да жұп, ал төрт тақ бола алмайтыны сияқты білімді, анық (білім) деп таныған. Егер соңғыны (білім) немесе (анық білім) деп атасақ, тек салыстырмалы мағынада ғана атауға болады. 34. Даналық дегеніміз - қалған басқа заттардың болмысын айқындап беретін шалғай себептерді және себептері бар заттардың тыну себептерін білу. Бұған олардың болмысын анық білу, олар не және қандай екенін, бұл себептер қаншама коп болса да, белгілі тәртіппен бір болмысқа құятынын білу, бұл бір болмыс шын мәнінде бірінші екенін және оның барлығы басқа бір нәрсенің барлығына байланысты емес, өзінен-өзі бар екенін, басқа

ешнәрседен алынбайтынын білу арқасында жетеміз (127-бет). Ол басқа бір нәрседен бар болмайды және ешқандай жағдайда дене немесе денеде бола алмайды. Оның болмысы дүниеде бар басқа заттардың болмысынан өзгеше, маңызы жағынан олардың бірдебіреумен ұқсастығы жоқ, ал егер кейбір ұқсастығы болса, тек аталуы жағынан болады, бірақ сол ат білдіретін маңызы жағынан болмайды. Ол тек бір ғана бола алады, ол шынында да бір ғана. Қалған бар заттарға бірлік беретін де нақ сол, мұның арқасында біз қандай бар затты болса да, бір деп атай аламыз. Ол - бірінші ақиқат. Ол басқа заттарға ақиқаттылық беретін нәрсе, оның ақиқаттылыға басқа бір нәрседен алынбайды, өзінен-өзі туады. Оның жетілгендігінен ондай мінсіздіктің барлығы туралы айтпағаның өзінде жоғары жетілгендік бар деп, оның болмысынан әлдеқайда жетілген болмыс бар деп, оның ақиқаттығынан асқан ақиқаттылық бар деп, оның бірлігінен асқан бірлік бар деп ойлау мүмкін емес. Мұнымен бірге біз қалған бар заттардың болмысты, ақиқаттықты және бірлігі одан қалай алғанын, олардың әр қайсысының болмыстағы, ақиқаттықтағы және бірліктегі алатын үлесі қандай екенін, қалған заттар өздерінің заттығын одан қалай алғанын білеміз. Біз бар заттардың барлық қатарларын білеміз, олардың арасында әуелгісі, ортаңғысы және соңғысы бар екенін білеміз, соңғыларында себептер бар екенін, бірақ олар өздерінен төменгі бір нәрсеге себеп болмайтынын, оның қасында ортадағыларда өздерінен жоғары себеп болатынын және олар өздерінен төменгі заттарға себеп болатынын, Бірінші өзінен төменгіге себеп болатынын, өзінде онан жоғары ешқандай себеп болмайтынын білеміз. Сонымен бірге біз соңғылары қалай орта қатарға ұмтылмайтынын (128-бет), ал орталар қалай Біріншіге жеткенше бір-біріне өрлейтінін, мұнан кейін басқару Біріншіден басталатынын және әрбір зат арқылы соңғыларға жеткенше белгілі тәртіппен барлық заттарға ауысы беретін білеміз. Шын даналық осындай. Бұл атау кейде салыстырмалы мағынада қолданылады, - мәселен, өнер ісінде мінсіз шебер және жетілген адамдарды (дана) деп атайды. 35. Практикалық ақыл-парасат - адамға (әр түрлі) заттармен жасалатын мол тәжірибе, сезіммен қабылданатын заттарды ұзақ уақыт байқау арқасында алғышарт болатын деректер алуға, мұның көмегімен бізге әсер ететін заттардың әрқайсысында нені неден артық көруге, неден сақтануға көмектесетін күш /13/. Алғышарттардың біреулері жалпы болады, олардың әрқайсысы жеке-дара алғанды қалайтын және сақтанатын заттарды білдіретін болады, енді біреулері жекеше және ішінара болады, бұлар адам көрмесе де, білгісі келетін заттардың мысалдарын пайдаланады. Бұл ақыл-парасат әзірше әлі тәжірибеге ие болмаған потенцнялық ақыл-парасат болып табылады. Ал тәжірибеде алынып, сақталғанда (бұл ақыл-парасат) актуальды парасат болады. Актуальды ақылпарасат адам өміріндегінің бәрінде тәжірибенің өсуіне қарай өсе береді. 36. Ұғымталдық /14/ дегеніміз адамның шын мәніндегі ұлы игілікке (129-бет) не болуы үшін неғұрлым қолайлы да дұрыс заттарды мінсіз ұғыну және ашу қабілеті, ал оның бүл жолдағы ардақты, тамаша мақсаты - бақытқа немесе соған апаратын ең қажетті белеске жетуі. Көрегендік дегеніміз - кейбір маңызы кем игіліктерге жету үшін не нәрсенің неғұрлым жақсы және лайықты болатынын мінсіз аша білу қабілеті. Тапқырлық дегеніміз - онан зор бір нәрсеге, игілік деп танылатын байлыққа, рахатқа немесе құрметке жету үшін ненің неғұрлым жақсы және лайықты болатынын анықтаған кезде дұрыс пайымдау қабілеті. Алдау, айла және екі жүзділік дегеніміз - игілік сияқты болып көрінетін пасықтық әрекеттер істеу, пасықтықпен пайда табу немесе пасықтықпен ләззат алу үшін ненің қолайлы және дұрыс келетінін мінсіз ашу. Ал бұл заттардың бәрі тек мақсатқа бастайды, бірақ өздері

мақсат болып табылмайды. Пайымдаудың кез келгені туралы осыны айтуға болады. Адам өзі тілеген және өз ойының объектісі ретінде талпынатын мақсатты тек алға қояды, мұнан ол бұл мақсатқа жетуге көмектесетін заттарды: мұндай заттар қанша, не олар қандай екенін ойластырады. 37. Тән сырқатына душар болып, сезімдік қабылдауы бұзылғанда тәтті зат ащы, ащы зат тәтті, белгілі бір түрдегі қолайсыз нәрсе қолайлы болып көрінетіні сияқты, жан сырқатына душар болған жауыз және бұзық адамдарға жауыздық істер ізгі, ал ізгі істер жауыздық болып көрінеді (130-бет). Этикалық қайырымдылығы бар ізгілікті адам әрдайым шын мәнінде игілікті болып табылатын мақсаттарға ұмтылады, соны көксейді, соған құштарланады. Жауыз адам әрдайым шын мәнінде жауыздық болып табылатын, бірақ өзінің сырқаты зардабынан оған қайырымдылық болып көрінетін мақсаттарға ұмтылады. Қу және өтірікші адам жауыз және қатыгез болады. Ақылға салатын адам (логика бойынша) этикалық ізгіліктері бар болғандықтан ізгілікті болуы керек, сөйтіп, өз бойына біткен қайырымдылықтың көмегімен өз мақсатының дұрыстығын дәлелдейтін, бұл мақсатқа бастайтын істің дұрыстығын өзінің тамаша пайымдауы арқылы дәлелдейтін болуы керек. Тапқырлық жөнінде де соны айтуға болады. 38. Ұғымталдықтың түрі көп болады. Үйдің істерін басқару тәсілдері жөніндегі тамаша пайымдау - бұл отбасындағы пайымдағыштық. Қалаларды басқарудың неғұрлым қолайлы тәсілдері туралы тамаша пайымдау - бұл мемлекеттік пайымдағыштық. Бақытқа жетудегі пайдалылығына және қажеттілігіне қарай, байлық, улылық және басқа сондайлар сияқты адамзат игіліктерін табу жолымен жақсы тұрмысқа жетуде ненің қолайлы, лайықты болатын жайындағы тамаша пайымдау. Кеңесумен байланысты болатын, атап айтқанда, адам өзінің пайдалануы үшін емес, үйді, қаланы немесе тағы сондайды басқару ісінде басқаларға кеңес беру үшін табатын ақыл да сондай. Ерекше (қабілет), атап айтқанда, жауға немесе жалпы бақталасқа қарсылық көрсету және оны тойтару тәсілдері жөнінде дұрыс, жақсы көзқарасты тандап ала білу қабілеті де сондай. Сірә, адамға өзіне қатысты барлық істе әйтеуір азды-көпті пайымдағыштық қажет болса керек. (131бет). Бұл адамның өзі шұғылданатын іске байланысты: іс зор немесе үлкен болса, оған анағұрлым күшті және жетік пайымдағыштық керек болады, ал егер іс кішкене немесе маңызсыз болса, оған болмашы пайымдағыштық та жеткілікті. Пайымдағыштықты қатардағы қарапайым адамдар ақыл деп атайды. Егер адамға осындай күш тән болса, жұрт оны ақылды деп атайды. 39. Пікірі дұрыс болатын адам әрдайым затты қарастырған сайын бұл заттың басқаша емес, тек сондай болуы тиіс екендігі жайында дұрыс пікір айтады. 40. Тапқырлық дегеніміз пікір алалығын туғызатын мәселеде дұрыс пікір табу қабілеті және айтқаны дұрыс болып шығу қабілеті. Мұның өзі түрлі пікірлердегі дұрысын табудың тамаша көрінісі. Демек (тапқырлық) - пайымдағыштықтың бір түрі. 41. Көзқарастың басымдылығы мынада: адам беделді болғанда немесе көзқарасы басым болғанда, атап айтсақ, ол өзінің қылықтарында жақсы, қайырымды болғанда, мұнымен бірге беделді болғанда, ал оның сан рет тексеріліп, ақылға қонымды, дұрыс деп танылған пікірлері, көзқарастары, кеңестері қолданылған күнде адамды мақтарлық нәтижелерге жеткізгенде, сол себепті жұрт оның сөздеріне құлақ қоятын, яғни оның айтқандарының дұрыстығы сан рет дәлелденгенде, сондықтан оның жұртқа жақсы мәлім қайырымдылығы,

әділ пікірлері мен кеңестері соның өзінде жеткілікті дәлелге айналып, ол өзінің айтқан пікірлерінде, кеңестерінде дәлелдер мен дәлелдеулерді енді керек етпегенде - оның көзқарасының басымдылығы, міне, осыларда көрінеді. (132-бет) Адам дұрыс көзқарасты қабыл алып, бұл көзқарастың ақиқаттығын түсіндіргенде, ол тек өзінің пайымдағыштығының арқасында осылай ететіні анық. Демек, бүл пайымдағыштықтың бір түрі. 42. Ойлы адам өзі ойлаған затты зерттегенде сүйенетін екі алғашқы бастама болады: 1) адамдардың барлығы немесе көпшілігі қабылдаған, жалпы жұртқа мәлім қағидалар және 2) тәжірибе мен байқау арқылы алынатын қағидалар мен заттар. 43. Ысылмаған адам дегеніміз - жалпы жұртқа мәлім нәрсе туралы дұрыс түсінігі бар және оны қабылдайтын немесе аулақ болатын адам. Алайда тәжірибе арқылы танып білетін практикалық заттар жөнінде оның тәжірибесі болмайды. Кейде адам заттардың бір түріне келгенде ысылмаған болса, екінші түрінде болып келеді. 44. Абыржулы адам дегеніміз - нені қалау және неден аулақ болу керектігін шешкенде оны жалпы жұртқа мәлім заттар мен әдет-ғұрыпқа қарама-қарсы тұрғандай көретін адам. Оның үстіне мұндай адамға кейде сезім арқылы қабылданатын басқа коп заттар жөнінде де жалпы жұртқа мәлім нәрсеге қарама-қарсы тұрған бірдеме бардай көрінеді. 45. Адам жалпы жұртқа мәлім заттар туралы алған тәжірибесі, өзі жеткісі келетін және құштар мақсаттар туралы дұрыс түсінігі тұрып, бірақ пайымдауы (дұрыс болмаса) және осындай теріс пайымдаудың салдарынан оған мақсатқа бастамайтын нәрсе бастайтындай (133бет), ал мақсатқа бастайтын нәрсе бастамайтындай көрінсе, бұл - ақымақтық болады. Сондықтан оның қылықтары мен кеңестері оған өзінің зиянды пайымдауы қалай көрсетсе, соған сәйкес көрінеді. Сол себепті ақымақ адам сырттай қарағанда талабы дұрыс, ақылды адам сияқты көрінеді, бірақ оның пайымдауы көбінесе оны өзі қаламайтын нәтижеге әкеліп ұрындыра береді. 46. Зеректік дегеніміз - бір нәрсені уақытта тамаша, жақсы аңғару (қабілеті). 47. Пайымдағыштық сияқты көрегендік те адамға жаратылысынан біткен қасиет болуды керек етеді. Адам туасынан мінсіз пайымдағыштыққа бейім болса, ал уақыт өте келе ол теріс қылықтарға үйренсе, онда ол бір қалыптан екінші қалыпқа ауысады, өзгереді, соның нәтижесінде пайымдағыштықтың орнына айлашылдық, екі жүзділік және алдау пайда болады. 48. Кейбіреулер пайымдағыш адамдарды дана деп атайды. (Бірақ) даналық дүниеде бар үздік заттар туралы үздік білім. Егер пайымдағыштықпен тек адамдық заттарды ғана танып білуге болатын болса, онда дүниедегі бардың ең үздігі, (барлық) бар заттардың ең үздігі адам болмаса, оған даналық болу міндет емес. Бірақ адам ондай болмағандықтан, пайымдағыштықты тек салыстырмалы аллегориялық мағынада ғана (даналық) деп атауға болады. 49. Егер даналықтың ерекшелігі - әрбір ең түпкі нәрсенің шекті себептерінің оған мәлімділігі болса және (егер) адамның өмір сүргендегі ең түпкі мақсаты (134-бет) бақыт болса, ал мақсат сол себептердің бірі болса, онда, демек, даналық дегеніміз шын бақыт болып табылатын зат туралы білімнің бізге беретіні болып шығады. Тағы да, даналық бір ғана

жалғыздың, Біріншінің өзінде болып, бар дүниенің бәрі қайырымдылық пен мінсіздікті сонан алатыны, әрбір зат мұның бәрін онан қалай алатыны, әрқайсысы өз сыбағасына қаншама алатыны соған мәлім, ал адам мінсіздікті Жалғыздан, Біріншіден алатын бар заттардың бірі болғандықтан, адам Әуелгіден алатын теңдесі жоқ мінсіздік, атап айтқанда бақыт та даналыққа мәлім. Демек, даналық дегеніміз - шын бақыт туралы білім беретін нәрсе, ал пайымдағыштық - бақытқа жету үшін орындау керек болатын әрекеттер туралы білімнің беретін нәрсесі. Бұлардың екеуі бірлесе адамның жетілуіне көмектеседі, көмектескенде даналық түпкі мақсатты көрсетеді, ал пайымдағыштық сол мақсатқа жеткізетін жолды көрсетеді. 50. Риторика - әңгіме жүргізу қабілеті; оның көмегі арқасында қалауды немесе аулақ болуды керек қылатын жеке мүмкін заттар жөнінде (әңгімелесушіні) сендіру шеберлігі қалыптасады. Алайда мұндай қабілеті барлардың ішінде қайырымды адам бұл қабілетті игі істер үшін, пайымдағыштар игі істер үшін де, теріс істер үшін де, ал сұмдар пасықтық істер үшін пайдаланады. 51. Қиял да өте жақсы елестету (қабілетімен) бірдей емес. Олардың арасындағы айырмашылық (135-бет) мынада: өте жақсы сендіру (қабілеті) арқылы тыңдаушының шындыққа көзі жеткеннен кейін ол бір нәрсе істеуіне сенеді, ал қиялда өте жақсы елестету (қабілеті) арқылы тыңдаушының жанын қиялға келтіретін затты іздеуге немесе онан аулақтауға, шындыққа көзі жетпесе де, оны сүюге немесе жексұрын көруге ұмтылдыруға тырысады. Мысалы, адам көзге шынында да жек көрінішті көрінгенге ұқсайтын нәрсені жек көрсе, тіпті оны емес, басқа бір нәрсені көретініне көзі жетіп отырса да, соны жек көреді. Қиялда жақсы елестеу (қабілетін) пайдаланушылар оны наразылық пен разылық, қорқыныш пен сенім туғызу, жанды жұмсартатын немесе оны қатуландыратын басқа да жан сезімдерін туғызу үшін пайдаланады. Бұл қабілетті (пайдалана) отырып, адамды бір нәрсені істеуге ниеттендіруге, бұған ұмтылдыруға болады: оның бұл туралы білімі оның қиялдауына қарама-қарсы нәрсені керек ете тұрса да, осылай етуге болады. Коп адамдар бір нәрсені сүйеді, жек көреді, бір нәрсені қалайды, онан бойын аулақ салады, сонда тек қиялдауы бойынша осылай етеді, әйтпесе байыбына бармайды, өйткені оларда байыбына барып, пайымдау (қабілеті) жоқ, немесе өздерінің істерінде ондай байыбына барып жатудан бас тартқан болады. 52. Барлық поэтикалық шығармалар бір нәрсені қиялмен жақсы бейнелеу үшін ғана шығарылған. Олар алты түрлі: булардың ішінен үшеуі мақтарлық, ал үшеуі кінәраттауға турарлық. Мақтарлық үш түрдің біреуі арқылы адамдар ақылға қонымды күшті жақсартып, оның әрекеттері мен ойларын бақытқа, қасиетті және игілікті заттарды қиялдауға, оның ішінде, қайырымдылық істерді жақсы елестетуге, олардың көркемдігін ашуға, жауыздық пен бұзықтық істердің оңбағандығын және пасықтығын бейнелеуге талпынады. Екінші (түрі) арқылы күшке ұласатын жан аффектілерін (толқуларын) жақсартып (136-бет), бәсеңдетуге тырысады. Бұл аффектілер бәсеңдеп, аласұрудан тоқталғанға дейін оларды өзгерте береді. Мұндай аффектілерге, мәселен, ашу, тәкаппарлық, қаталдық, арсыздық, атақ құмарлық, мансапқорлық, сараңдық және басқалары жатады. Мұндай (сапалары) бар адамдарды (поэзияның бұл түрі) оларды жамандық істерді емес, жақсы істерді пайдалануға бағыттайды. Үшінші түрі арқылы құмарлық, азғындық, ләззат, өтірікшілік, қулықсыздық, аяушылық, қорқу, үрейлену, уайымдау, ұялу, нәзіктік, көнгіштік және басқа сондай босаңдық пен жұмсақтыққа ұқсайтын жан аффектілерін жақсартуға, ұстамды етуге

талпынады, буларды асып кетпейтін, бір қалыпты болуға, жаман істерге емес, игілікті істерге пайдалануға тырысады. Кінәраттауға туратын (поэзияның үш түрі) мақтауға тұратын үш (түрге) қарама-қарсы болады: соңғылары түзететін болса, ал алғашқылары қиратып, ұстамды қалыптап төтенше қызу қалыпқа келтіреді. Күйлер мен әндердің (әр қилы) түрлері поэзиялық шығармалардың әр қилы түрлеріне сәйкес келеді. Алғашқыларының да, соңғыларының да қатарлары бірдей. 53. Ізгі қала бес түрлі адамдардан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден және байлардан. Ең құрметті адамдар санатына даналар, пайымдағыш адамдар, маңызды істерде беделді болатын адамдар жатады, Олардан кейін діни қызметкерлер мен шешендер, атап айтқанда, дін уағызшылары, сөз шеберлері, ақындар, музыканттар, хатшылар және солар сияқтылар да солардың тобына жатады. (137-бет). Өлшеушілер дегеніміз - есепшілер, геометрлер, дәрігерлер, астрологтар және басқа сондайлар. Жауынгерлер дегеніміз - жасақшылар, сақшылар және соларға ұқсастар солардың тобына жатады. Байлар дегеніміз - қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер және басқа сондайлар. 54. Бұл қаланың басшылары мен билеушілері торт түрлі болады /16/. 1. Нағыз әкім. Ол - бірінші басшы, сондықтан оның бойында ұштасқан алты қасиет болу керек: даналық, асқан пайымдағыштық, қалтқысыз сендіру (қабілеті), өте жақсы қиялдау (қабілеті), қасиетті (тазауат) соғысты өзі бас болып жүргізу қабілеті және оның тәнінде қасиетті соғыспен байланысты істерді жүргізуге бөгет жасайтын еш нәрсенің болмауы. Осының бәрін оз бойында ұштастыратын адам барлық іс-әрекеттерде кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам өзінің дұрыс деп тапқанынша, өзінің қалауынша басқара алады. 2. Мұның бәрін оз бойында ұштастыратын адам болмаса, бірақ бұл (қасиеттер) бір топ (адамдардың) арасында жеке-дара дарыған болса, мәселен, ол адамдардың біреуі мақсатты көрсете білсе, екіншісі мақсатқа бастайтын жолды көрсетсе, үшіншісінде көз жеткізе сендіру, қиялмен өте жақсы елестету қабілеті болса, төртіншісінде қасиетті соғысты жүргізу қабілеті болса, сонда, бұл топтың мүшелері бірлесе отырып, билеушінің орнына не болады, оларды жұрт жақсы басшылар және қадірлі адамдар деп атайды, ал олардың басқаруы ең қадірлі адамдардың басқармасы деп аталады. 3. Мұндай адамдар да болмаса, имамдардың алғашқы ұрпақтары енгізген және қаланы басқарғанда өздері қолданған ертедегі заңдар мен қағидаларды ұштастыра білетін адам қала бастығы болады; мұның үстіне ондай адам бұл заңдар бұрынғы ұрпақтар көздеген мақсатқа сәйкес қандай жерде, қандай жағдайда пайдаланылуға тиіс екенін өте жақсы айыра білуге тиіс; ертедегі ауызекі және жазба заңдарда нелердің көрсетілмегенін, ертедегі заңдарда нелерді көрсетуге мүмкіндік болғанын таба білуге тиіс; қаланың көркеюінің сақталуына себепкер боларлық ертедегі заңдарда көрсетілуі мүмкін болмаған белгілі бір оқиғаларды айыруға және мұнда пайымдағыштық көрсетуге қабілетті болуы тиіс; шешендік өнерде, сендіруге және қиялдауға келгенде айрықша болуы тиіс. Мұнымен бірге онда қасиетті соғысты жүргізу қабілеті болу керек. Мұндай адам заңға лайық билеуші /17/ деп, ал оның басқаруы заңды басқару деп аталады. 4. Бұл (қасиеттердің) бәрін жалғыз өзінің бойына жинаған адам болмаса, бірақ ондай қасиеттер бір топ (адамдарға) жеке-дара тән болса, онда олардың бәрі әкімнің орнына заң

бойынша бірлесе ие болады. Адамдардың бұл тобы заң бойынша қойылған басшылар деп аталады. 55. Қаланың әрбір бөлігінің басшысы бар, бұл бірлестікке қараған адамдар арасында онан жоғары басшы жоқ, сонан соң бағынышты адам бар, олар басқа біреулерге тіпті де басшы болмайды, өзінен төмен тұрғандарға басшы, өзінен жоғары тұрғандарға бағынышты адам да болады. 56. Ізгі қалада (адамдардың) түрлі топтары әр түрлі қарым-қатынаста бір-бірінен озыққалыс болып келеді. Белгілі бір адам қайсыбір мақсатқа жету үшін бір әрекет жасаса, бірақ (139-бет) ол басқа адам атқаратын басқа әрекеттің мақсаты болып табылатынды пайдаланса, онда біріншісі басшы болып, қалада екіншісінің алдына шытады. Мұның өзі атпен жүру өнеріне ұқсайды. Оның мақсаты - құралды тамаша пайдалану. Оны атқа мінген адам (пайдаланады). ол (сондай-ақ) жүгенші жасаған жүген мен ер-тұрманды да пайдаланады. Сондықтан ол басшы болады, ол атты үйретушіден жоғары тұрған сияқты, жүген жасаушыдан да жоғары тұрады. Басқа кәсіптер мен өнерлер жөнінде де осыны айтуға болады. Екі адам бір мақсатты көздегенде, олардың біреуі бұл мақсатты толығырақ қиялдап елестетеді, өзін оған неғұрлым лайық санайды, терең ойлайды, мұның арқасында өзін осы мақсатқа жеткізетіннің бәрін анықтап біліп, бұл мақсатқа жету жолында екіншісін дұрыс пайдалана алады, сөйтіп ол әлгідей (қасиеттері) жоқ екіншісіне басшы болып шығады. Бұл мақсатты өзі қиялдап, өзіне елестететін, бірақ бұл мақсатқа жету жолындағының бәрін аяқтап шығарлық пайымы жоқ адам біріншісінен төмен тұрады. Солай бола тұрса да, істелуге тиістінің ішінен кейбір нәрселерді суреттеп, оның пайымдауына негіз жасап берсе, ол өзіне суреттеп бергендерге сәйкес қалғанын өзі табады. Өз қиялында мақсатты елестете алмайтын, өз пайымдау қабілеті жоқ адам одан темен турады. Ал егер оның қиялына мақсат салып беріп, одан кейін пайымдауға негіз берілсе, ол қалған жағында өзіне суреттелгенге еліктеп, жұмысқа кіріседі немесе бұл жұмысқа басқа біреуді пайдаланады. Қиялында мақсатты елестете алмайтын (140-бет), өз пайымдауы жоқ және оның пайымдауына негіз салып бергеннің өзінде оны қалғандарына қолдана алмайтын адам одан төмен турады. Егер оған белгілі мақсатқа жету үшін істелуге тиісті жұмысты тапсырса, ол бұл тапсырманы жанында сақтайды, әрдайым тіл алып, бағыныштылық білдіреді, өзіне тапсырылғанның бәрін орындайды, өзінің әрекеті қандай мақсатқа жеткізетінін тіпті білмесе де орындайды, өзіне тапсырылғанды орындауға жақсы бейімделеді. Мұндай адам әрдайым қалада қызметші болады; ол жаратылысында басшы болмайды, құл болады, ал басқалары бағынышты да, басшы да болады. Құл мен қызметші орындауға шебер болған істің бәрінде басшы басқаларды пайдалануға шебер болуға тиіс. Үшінші (мысал): екі адам әрекет жасайды, үшінші адам олардың әрекетін белгілі бір мақсатқа жету үшін пайдаланады, алайда, алғашқы екеудің біреуі үшінші адамның өз мақсатына жетуі үшін неғұрлым ізгі және неғұрлым қажетті іс істейді. Неғұрлым ізгі және қажетті жұмыс істеген адам, өз дәрежесіне қарай, бұл мақсат үшін төмендеу, қажеті кемдеу жұмысты істеген адамнан жоғары тұруы керек. 57. Қаланың бөлектері мен бұл бөлектерінің қатарлары өз ара сүйіспеншілік арқылы бірігіп, байланысты болады: олар әділеттілік пен одан туатын әрекеттер арқылы топтасып, сақталады. Сүйіспеншілік ата-ананың баласын сүюі сияқты табиғи сүйіспеншілік және

сүйіспеншілікті туғызатын заттарға сүйенетін ерікке негізделген (141-бет) сүйіспеншілік болады. Ерікке негізделген сүйіспеншілік үш түрлі болады: 1) қайырымдылыққа қатысы бойынша, 2) пайда табу үшін және 3) ләззат алу үшін. Әділеттілік сүйіспеншіліктен туады. Бұл қалада сүйіспеншілік әуелі қайырымдылыққа қатысы болуынан туады. Мұндай қатыстылық көзқарастан және іс-әрекеттен көрінеді. (Азаматтардың) қатысы болатын көзқарастар үш түрлі: бастамасы жөнінде, соңы жөнінде және олардың арасы жөнінде. Бастамасы жөніндегі көзқарастардың үйлесуі - теңдесі жоқ Алла-тағала туралы және рухани тектер туралы, өнеге болатын ізгілер туралы, әлемнің және оның бөліктерінің қалай пайда болуы, адамның қалай пайда болуы туралы, онан кейін әлемнің бөліктерінің қатарлары туралы, олардың өзара қатысы туралы, олардың тәңірі мен рухани тектер жөнінде алатын орны туралы, мұнан кейін адамның тәңірі мен рухани тектер жөнінде алатын орны туралы көзқарастардың үйлесуі болады. Бастама міне осындай. Соңы дегеніміз - бақыт. Олардың арасында тұрған нәрсе - бақытқа жеткізетін әрекеттер. Қала тұрғындарының бұл заттар жөніндегі көзқарастары үйлескен кезде және бұл өз ара бақытқа жеткізетін әрекеттермен аяқталса, мұның соңынан қажетті түрде өзара сүйіспеншілік туады. Бұлардан кейін, адамдар бір жерде көршілес тұратындықтан, олардың біреулері екіншілерінің көмегіне ділгір болады және біреулері екіншілеріне пайда келтіреді, осыдан енді пайда келтіретін сүйіспеншілік туады. Мұнан кейін, олардың қайырымдылыққа қатысы болуына байланысты және олардың біреулері екіншілеріне пайдалы болатындықтан, ал бұлардың біреулері екіншілерінен рахат табатындықтан, мұнда да рахат, ләззат беретін сүйіспеншілік қатарласа жүреді, сөйтіп олар өзара ынтымақты және оз ара байланысты болады. 58. Әділеттілік /18/ дегеніміз - бүл ең алдымен қаланың барлық тұрғындарының үлесіне тиетін ортақ игіліктердің бөлінуі және бұдан кейін олардың арасына бөлінген сол игіліктердің сақталуы. Бұл игіліктер - аман-саулық, байлық, қадір-құрмет, алатын орын және олардың қатысы болуы мүмкін басқа сондай игіліктер. Өйткені қала тұрғындарының әрқайсысы бүл игіліктерден өзінің еңбегіне тең үлесін алуға тиіс, сонда бұл үлес аз немесе көп болып шықса, мұның өзі әділетсіздік болады: аз болса, ол үшін әділетсіздік, көп болса, қала тұрғындары үшін әділетсіздік жасалғаны; ал егер оның үлесі аз болып шықса, мұның өзі де қала тұрғындары үшін әділетсіздік болуы мүмкін. Игіліктер бөлініп, әркімнің сыбағасы белгіленгенде, бүл сыбаға ол үшін былайынша сақталады: не ол өз сыбағасын қолынан шығармайды немесе сыбағасын қолынан шығара қалса, мұның өзі оған да, қалаға да зиян келтірмейтіндей етіп шығарады. Егер адамның игіліктен алатын сыбағасы оның қолынан келетін болса, ол не өзінің еркімен кетеді, мәселен сатады, біреуге сыйлайды, төлем төлейді, не еріксіз кетеді, мәселен біреу ұрлап әкетеді немесе тартып алады. Мұның екеуінде де бұл игіліктер қала тұрғындарының қолында сақталатындай жағдай болу керек. Бұл жағдайда қала тұрғынының қолынан оның өз еркімен немесе еріксіз кеткеннің төлеуі қайтарылатын болу керек, сонда қайтарылған игіліктердің бағасы одан кеткен игілікпен барабар (игіліктердің) сол түріне (143-бет) немесе басқа бір түріне жататын болуы керек. Қайтарылатын игілік оның өзіне немесе қала тұрғындарына қайтарылады. Бұл екеуінің қайсысында болса да қала тұрғынына бағасы бірдей игілік қайтарылады, әділеттіліктің өзі міне осында болады, мұның арқасында бір кезде бөлінген игіліктер қала тұрғындарының қарамағында сақталады. Адамның игіліктерден алатын сыбағасына бағасы бірдей төлем оған немесе қала тұрғындарына қайтарылмай оның қолынан кетсе, мұның өзі әділетсіздік болады. Мұнан кейін, адамның өзіне қайтарылған төлеу, не қалаға пайдалы болуға, немесе оған зиян келтірмеуге тиіс. Егер адам өзінің игіліктерден алған сыбағасын өз қолынан

немесе басқа біреудің қолынан берсе және мұның өзі қалаға зиян келтірсе, ол әділетсіз болып, оның булай етуіне тыйым салынады. Тыйым салу коп болып кетсе, жаза қолдану, айып алу керек болады. Жаза мен әрбір әділетсіздік жазаға тартылатындай етіп белгіленуге тиіс. Әділетсіздік жасаушы оған (жауап) ретінде оған пара-пар жаза алса, бұл әділеттілік болады, егер асып кетсе, оның оз басына әділетсіздік болады, егер кем болса, қала тұрғындарына әділетсіздік болады, егер пара-парлықтан асып кетсе де қала тұрғындарына әділетсіздік жасағандық болады. Кейбір қала билеушілері қалада кездесетін әрбір әділетсіздікті қала тұрғындарына жасалған әділетсіздік деп ойлайды. Енді бір әкімдер әділетсіздік кімге жасалса, оның тек соған қатысы бар деп ойлайды. Кейбіреулері әділетсіздікті екі категорияға бөледі: жеке адамдарға қатысы бар, бірақ онымен бірге қала тұрғындарына да қатысы бар әділетсіздік (144-бет) және тек қана жеке адамдарға қатысы бар, бірақ олар арқылы қала тұрғындарына зардабын тигізбейтін әділетсіздік. Сондықтан кейбір қала әкімдері зәбір көрген адам кешірім жасағанымен, айыптының кінәсін кешірмеу керек деп есептейді, енді біреулері зәбір көрген адам кешірсе, айыптының кінәсі кешірілуге тиіс деп есептейді. Кейбіреулер ондайлардың біреулерін кешіру, басқаларын кешірмеу керек деп есептейді. Айыпты жағына лайықты жазаны қала тұрғындары емес, зәбір көрушінің өз басы беруге тиіс деп танылса, онда, егер зәбір көруші зәбір көрсетушіні кешірсе, басқа ешкім жазалауды талап ете алмайды, ал егер жазаны қала тұрғындары, барлық адамдар беруге тиіс деп саналса, зәбір көргендерің кешіруі есепке алынбайды. «Әділеттілік» деген соз кейде басқа, неғұрлым жалпы мағынада, атап айтқанда, бір адам басқа адамдар жөнінде қандай да болсын бір қайырымдылық ниеттен туатын іс істегенде (соны көрсету үшін) қолданылады. Табысты бөлудегі әділеттілік және бөлінгенді сақтаудағы әділеттілік неғұрлым жалпы әділеттіліктің бір түрі болып табылады, ал неғұрлым жекелеген әділеттілік неғұрлым жалпы (әділеттіліктің) атымен аталады. Ізгі қалада әрбір адамға тек оның өзі ғана шұғылданатын бір кәсіп және ол қызметшілік дәрежесінде немесе басшы дәрежесінде орындайтын, бірақ одан асып кетпейтіндей бір жұмыс белгіленуге тиіс /19/. Олардың ешқайсысын көп жұмыстармен немесе бір кәсіптен артық кәсіппен айналысуға ықтиярсыз көндіре алмайды, мұның үш түрлі себебі бар: 1) әрбір адам кез келген жұмысқа және кез келген кәсіпке жарамды бола бермейді және басқа адам емес, кейде тек сол адам, басқа бірер жұмысқа емес, тек сол бір жұмысқа жақсырақ жарамды болады; 2) бір жұмыспен немесе кәсіппен шұғылданатын әрбір адам бұл жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарып, бұл жұмыста білгір және шебер болып шығады, өйткені ол өзін жұмысқа арнап, басқаға емес, осы жұмысқа жастайынан үйренеді; 3) көп жұмыстардың белгілі мерзімдері болады, сондықтан бұл жұмыстарды кейінге ысырғанда, олар орындалмай қалады: кейде екі жұмысты бір мезгілде атқару керек болады, сонда адам бұл жұмыстардың бірімен шұғылданғанда, екінші жұмысқа оның уақыты қалмайды, сөйтіп, ол бұл жұмысқа уақытында кірісе алмайды. Сондықтан да, жұмыстардың әрқайсысы мезгілінде орындалуы және орындалмай қалмауы үшін әрбір адамға екі жұмыстың бірі ғана белгіленуі тиіс. ЕКІНШІ БӨЛІМ 62. Қаланың сақтық қоры дегеніміз - қаражат таппайтын адамдар үшін жинайтын заттың бәрі. Барлық қала әкімдерінің пікірінше, сақтық қоры ең алдымен дәл сол адамдар үшін

жинап сақталуға тиіс. Діни қызметшілер, хатшылар және басқалары сияқты қаражат жинауды мақсат етпейтін ол адамдар қаланың ең маңызды топтары қатарына жатады және олар қаражатқа мұқтаж (141-бет). Кейбір қала әкімдерінің пікірінше, мұндай адамдардың қатарына сондай-ақ мүгедектер мен қаражат таба алмайтындарды да жатқызу керек. Билеушілердің енді біреулері қалада бірде-бір мүгедек және қандай да болсын пайдалы жұмыс атқара алмайтын ешбір адам қалдырылмауды керек деп есептейді. Кейбір қала әкімдері қалада екі түрлі қор жасаулы керек деп ойлайды: бірі - қаражат табу бірінші кезектегі міндеті болмайтын адамдар үшін, екіншісі - мүгедектер және басқа сондайлар үшін. Бұл қаражат қайдан және қандай жолмен алынатынын қарастыру қажет. 63. Соғыстар не қалаға сырттан басып кірген жауды тойтару үшін; не басқалардың қолында тұрған, қалаға тиесілі мал-мүлікті тартып алу үшін; не болмаса ең жақсы, ең пайдалы деп танылатын дүние, өздері оның қадірін білмейтін және қадірін білгендерге және олардың сөзбен айтқанына көнбейтін басқалардыкі нақ олардыкі екеніне сендіру үшін жасалатыны мәлім; сондай-ақ өздерінің дүниеден алатын орнына қарай құл болу өздері үшін ең жақсы және ең пайдалы (шабуыл жасаушы жақтың пікірінше) болатын адамдар қатарындағы құлдыққа, қызметші болуға көнбейтіндерге қарсы немесе қаланы билеуге құқығы болса да, мұны қабылдамайтын немесе (қала тұрғындарының санатына жатпайтын адамдарға) қарсы соғыс жүргізген жөн деп саналады. Мұнда (соғыста) бірден екі мақсат көзделеді: бірі - қала үшін мал-мүлік алу, екіншісі - заңдылық пен осы әділеттілік орнату мақсаттары. Мұның өздерінің белгілі бір қылықтары үшін жазалануға тиістілерге қарсы, олардың енді мұны істемеуі үшін, басқалардың қалата қарсы шығуға батылы бармауы, олжаға қызықпауы үшін жүргізілетін соғысқа да қатысы бар; сол сияқты мұның қала тұрғындарына қандай да болсын игілік әперу, олардың кеткен өз үлесін қайтару, олар үшін ең жақсысы (әділеттілік) және жауды күшпен тойтару үшін жүргізілетін соғысқа да қатысы бар. Жаудың одан әрі өмір сүруі қала тұрғындарына зиян келтіретін (147-бет) болғанда, ол (жауларды) қалдырмай қырып-жою мақсатымен жүргізілетін соғыс та қала тұрғындарының игілігін көздейтін соғысқа саналады. Билеуші қандай адамдармен болса да соғыс жүргізгенде, олардың өзіне беріліп, бағынуы үшін, оның бұйрықтарының бәрін орындау үшін, оның өзінше басшылық етіп, басқаруына көнуі үшін, оның талабының бәрін қабылдап, өмірін орындап отыруы үшін жүргізсе, бұл - әділетсіздік соғыс болады. Дәл сол сияқты, егер ол соғысты бір ғана мақсатпен - (кімге болса да) үстемдік жасау үшін жүргізсе, бұл да әділетсіздік соғыс. Егер ол басқа еш нәрсе үшін емес, тек ашуын қайтару үшін немесе жеңіспен рахат табу үшін жүргізсе немесе адамдарды өлтірсе, бұл да әділетсіздік. Дәл сондай-ақ егер ол адамдар мұны өздерінің әділетсіздігімен ашуландырса, ал оларға әділетсіздігі үшін берілген (жаза) соғыс, адамдарды өлтіру арқылы берілген жазадан кем болса, онда соғыс пен адамдарды өлтіру (бұл ретте), соз жоқ, әділетсіздік болады. Ашу кернеген адамдар көп уақытта адамдарды өлтіру арқылы ашуын қайтаруға тырысып, өздерін ашуландырғандарды емес, бұған қатысы жоқтарды өлтіреді. 64. (Өмірде олардың) бастапқы үш бөлегі болады: бірі - өмір сүрмеуі мүмкін емес нәрсе; енді бірі - мүлде өмір сүре алмайтын нәрсе; тағы біреуі өмір сүруі де, сүрмеуі де мүмкін нәрсе. Алғашқы екеуі қиыр шектер. Үшіншісі сол екеуінің аралығы; бұл - екі шекке қайшы келетін жиынтық. Өмір сүруші заттардың бәрі (өмірде бардың) осы үш бөлігінің екеуіне жатады, өйткені өмір сүруші заттардың біреулері өмір сүрмейінше тура алмайды, басқалары өмір сүре де алады, сүре де алмайды.

65. Өмір сүруі мүмкін емес нәрсе өзінің мәні мен жаратылысында сондай; сол сияқты өмір сүре де алатын, сүре де алмайтын нәрсе де өзінің мәні мен жаратылысында сондай, өйткені (148-бет) өмір сүрмей тұра алмайтындар көрінбей қала алмайды, ал оның мұндай болатын себебі тек сол - оның мәні мен жаратылысы басқаша емес және мұндай болуы кездейсоқ. Өмір сүре алатын және сүре алмайтындар жөнінде де осыны айтуға болады. Өмір сүруші заттардың үш тегі бар: материядан жасалғандары; аспан денелері; рухани денелер. Өмір сүрмей тура алмайтындардың екі түрі болады: бірі өзінің жаратылысы мен мәнінде сондай - ол басқаша емес, белгілі бір уақытта өмір сүреді, екіншісі - қандай уақытта болса да мүлдем өмір сүрмей тура алмайды. Рухани (денелерге) екінші түрі - өмір сүрмей тұра алмайтыны, аспан (денелеріне) бірінші түрі жатады. Материялық (денелерге) (бар дүниенің) бір бөлігі - өмір сүре алатыны және өмір сүре алмайтыны жатады. Дүние үшеу: рухани, аспандық және материялық дүниелер. 66. (Өмірде бардың) торт бастапқы бөлегі бар: бірі - мүлдем өмір сүрмей тура алмайтыны; екіншісі - мүлдем өмір сүре алмайтыны; үшіншісі - белгілі бір уақытта өмір сүрмей тура алмайтыны; төртіншісі - өмір сүре де алатын және өмір сүре алмайтыны. Сонымен, алғашқы екі бөлегі - қарама-қарсы екі шет және белгілі бір уақытта өмір сүре алатын және өмір сүре алмайтыны... Өмір сүруші заттар осы үш бөлікшеге жатады: өмір сүрмейінше мүлдем тура алмайтыны; өмір сүре алатыны және сүре алмайтыны; бір уақыт ішінде өмір сүрмей тура алмайтыны, бірақ басқа уақытта өмір сүре алатыны. Олардың ішіндегі ең ардақтысы, ең ізгісі және ең жетілгені - өмір сүрмей мүлдем тура алмайтындары. Олардың ішінде ең төменгісі және неғұрлым жетілмегендері өмір сүруі мүмкін, немесе өмір сүре алмауы мүмкіндері. Белгілі уақыттың ішінде ғана өмір сүрмей тұра алмайтындары -олардың аралығы, (149-бет) өйткені ол біріншісіне қарағанда әлдеқайда кем жетілген, үшіншісіне қарағанда әлдеқайда жетілген. Өмір сүре де алатыны және өмір сүре де алмайтыны үш түрлі болады: жиірек (пайдалы болатыны); бірдей дәрежеде (мүмкін пайда болатыны және пайда болмайтыны). Мұның ішінде неғұрлым ардақтысы - жиі пайда болатыны, ең төменгісі - сирек пайда болатыны, ал бірдей дәрежеде (пайда бола алатыны және пайда бола алмайтыны) олардың аралығы болып табылады. 67. Егер нәрсеге бей болмыс тән болмаса, бұл - оның өмірдегі жетілмегендігі. Егер бұл нәрсе өзінің өмір сүруінде басқа бір нәрсеге ділгір болса, бұл да оның өмір сүруіндегі жетілмегендік. Нәрсенің өз түрінде (оған) ұқсастардың бәрі өмір сүруіндегі мынадай мағынадан жетілмегендік болады: мұндай болмыс бір индивидте бола алмайды және өзінің болмысы жалғыз онымен сарқылмайды, өз болмысының бір бөлегін ғана онымен сарқынды, сондай-ақ адамда болатынындай өз тегінің мәнін онымен көрсете алмайды. Адамның болмысы бір (индивидпен) жүзеге аса алмайтын болғандықтан, ол бір уақытта бірден көп индивидпен жүзеге асады. Демек, бір нәрсенің өзімен аяқталуы үшін (тек өзімен) қанағаттанатынның бәрі басқа бір нәрсені керек етпейді, егер зат өзінің болмысын, маңызын, мәнін аяқтап шығу үшін өзіне-өзі жеткілікті болса, оның зат түріне басқа еш нәрсенің қатысы болмауы керек, ал егер осының бәрін оның әрекеті ретінде қарасақ, оның әрекетіне өзінен басқа еш нәрсенің қатысы болмас еді. 68. Қарама-қарсылығы бардың бәрі өзінің өмір сүруінде жетілмеген, себебі қарамақарсылығы бардың бәрінде болмыссыздық та бар, өйткені қарама-қарсылықтардың мәнісі нақ осында, яғни олардың екеуі кездескенде немесе біріккенде біреуі екіншісін жоққа шығарады, өйткені (қарама-қарсылықтардың әрқайсысы) өзінің өмір сүруінде қарсы

жақтың болмысының тоқтауын талап етеді. Сонымен катар оның өмір сүруіне бөгет бар, демек оның өмір сүруі бір өзінің еркінде емес. Бейболмысы жоқтың (150-бет) қарамақарсылығы да жоқ, өзінен басқа еш нәрсеге ділгір еместің де қарама-қарсылығы болмаса, ол да сондай. 69. Бұл дүниелерде еш нәрсе де және жалпы еш нәрсе де жауыздық тіпті болмайды, оның болуы адамның еркіне мүлдем байланысты емес, бұл (дүниелердің) бәрі игілік болып табылады. Өйткені жауыздық екі түрлі болады: 1) бақытқа қарама-қарсы бақытсыздық және 2) бақытсыздыққа ұшыратарлық қасиеті бардың бәрі. Бақытсыздықтың белгілі бір шек мағынасындағы жауыздық, оның ар жағында бақытсыздық әкелетін жауыздық жоқ. Екінші (жауыздық) бақытсыздыққа ұшырататын, ерікке негізделген қылықтар. Сондай-ақ бұл екі жауыздыққа қарама-қарсы екі игілік бар, оның бірі - белгілі шек мағынасында алынатын, оның ар жағында бақытқа ұмтылдырарлық екінші шек қалдырмайтын бақыт. Екінші игілік - бақытқа жету жолында қандай да болсын бір пайда келтіретіннің бәрі. Бұл - (жауыздыққа) қарама-қарсы туратын игілік. Бұлардың екеуінің табиғаты, міне, осындай. Жауыздықтың біз жаңа ғана айтқаннан басқа ешқандай табиғаты жоқ. Жауыздықтың екі (түрі де), демек, ерікке негізделген болып шығады, оларға қарама-қарсы туратын игіліктің екі (түрі) жөнінде де соны айтуға болады. Дүниелердегі игіліктерді алатын болсақ, ол - бастапқы себеп, содан туатынның бәрі; болмысы бастапқы себептен туғаннан туатын туынды, одан әрі соңғы (бір нәрседен) туатын қандай да болсын заттарға дейін кете береді, өйткені мұның бәрі орынды үйлесіп, әділетті орын алады, ал орынды, әділетті болғандар игілік. Кейбіреулер қандай да болмыс - игілік деп, ал қандай да болмыссыздық - жауыздық деп ойлайды. Олар өздері игілік деп санайтын болмыс (түрлерін) және өздері жауыздық деп санайтын болмыссыздық (түрлерін) қиялында суреттейді. Енді біреулер кез-келген рахат - игілік, кез-келген азап, әсіресе дене сезімімен байланысты азап - жауыздық деп ойлайды. Олардың бәрі де адасады, өйткені болмыс - орынды болып келгенде ғана игілік (151бет). Рахат пен азап жөнінде де сондай. Орынсыз өмір сүретінді және орынсыз өмір сүрмейтінді алатын болсақ, бұлар - жауыздық. Бұл заттардың бірде-біреуі рухани дүниелерде бір жерде өмір сүрмейді, өйткені, табиғи болуы себепті орынсыз пайда болатын мүмкін табиғи заттар сияқты, рухани және аспан (әлемдерінде) бір нәрсе орынсыз пайда болады деп ешкім ойламайды. Олар орынды сақталған кезде, олардан ерікке негізделген орындылықты ешкім іздемейді, өйткені мүмкін табиғи орындылық не формамен, не материямен байланысты. Әрбір заттың не жиі, не сирек болуы, не болмаса тең дәрежеде (болуы не болмауы), оның бұдан табатыны бұл (дәрежелерден) тысқары шығады. Демек, мұның бәрі - игілік. Сонымен игіліктің екі түрі болады: жауыздық оның мүлдем қарама-қарсылығы болмайтын игілік; жауыздықтың әрқилы түрі оның қарама-қарсылығы болатын игілік. Осы сияқты, ерікке негізделген әрекеттен бастама алатын әрбір табиғи зат бірде игілік, бірде жауыздық болуы мүмкін. Бұл арада әңгіме ненің таза табиғи таза екендігінде және ерікке негізделген бір нәрсенің еш нәрсеге қатысы жоқ екендігінде болып отыр. 70. Кейбіреулер жанның аффектілерінің бәрі, атап айтқанда жанның алас ұруынан туатынның бәрі жауыздық деп ойлайды. Енді біреулер қызулық пен ашу күші ғана жауыздық деп санайды, тағы біреулер қызғаныш, қаталдық, сараңдық, атаққұмарлық және басқа солар сияқты жан күйлерін туғызатын басқа күштер туралы солай ойлайды. Олар да адасады, өйткені игілікте де, жамандықта да пайдалануға болатындар игілік те емес,

жауыздық та емес, өйткені ол біріне қаншама жарамды болса, екіншісіне де соншама жарамды болады (немесе игілік те, жауыздық та бола алады, не болмаса мұның бірі де болмайды). Бәрінен де ол, бақытсыздыққа бастайтын іске қолданылса, бақытсыздық болады, ал бақыттылыққа бастайтын іске қолданылса, жауыздық емес, зор игілік болып табылады. 71. Кейбіреулер былай дейді: бақыт дегеніміз - (бақытқа жету жолында жасалатын әрекет үшін берілетін сыйлық емес); ол сондай-ақ бас тартқан және бақытқа жету жолында қолдануға келмейтін (152-бет) әрекеттер үшін берілетін сыйлық та емес, оқумен табылатын даналық қандай болса, сондай, адам оқымай, онан бас тартса, одан еңбектенуді артық көрсе, ол сонда рахат табатын демалыс үшін берілетін сыйлық та емес. Сондай-ақ оқумен алған біліммен қатарласа келетін рахат та оқу үшін берілетін сыйлық [емес], [адам] оқуға беріліп, демалудан бас тартқанда жасайтын еңбегі, көретін тынышсыздығы, азабы үшін берілетін сыйлық емес, сөйтіп, бұл рахат - сол екінші рахатпен қамтамасыз етілуі үшін адам тастап кеткен басқа рахат үшін берілетін сыбата болуы тиіс. Ең дұрысы, бақыт – оқығанда, сабақ алғанда білімді игеру, әртүрлі өнерлерді үйренгенде оларды игеру, [оларға сәйкес] жұмыстарды орындау сияқты игілікті істер арқылы қол жететін мақсат. Сол сияқты, бақытсыздық дегеніміз - игілікті әрекеттер жасаудан бас тартқаны үшін берілетін жаза емес, сондай-ақ бұзықтық әрекет үшін қайтарылатын есе емес. Сондықтан, егер біреу мұны өзінің бас тартқанымен бірдей келетін өзіне берілген бақыт деп санаса, оның қайырымдылық істері бұзықтық істерге жақын турады. Мәселен, сезімдік ләззаттың бәрінен немесе біреулерінен бас тартатын қарапайым адам мұны тек қана оған өзі айырылған рахат есесіне басқа өзі алмаған [рахаттан] зор [рахат] берілуі үшін істесе, сөйтіп [нақ] құлқыншылдық және өзі көретін рахатты ұлғайтуға тырысу оны сол өзі қабылдамай қалдырған рахатты қалдыруға ұмтылдырса, осылай болады. Мұнымен бірге, ол өзі қалдырған рахат өзінікі еді, ол оны тастағанда, тек дәл сондай [рахат] табу және мұнан келетін пайданы көбейту үшін істедім деп есептеуі тиіс. Әйтпесе ол өзінде болмағанның есесін қалай келтірмек? Адамның байлықты алмай, оны қалдырғандағы көрсеткен әділеттілігі жөнінде де соны айтуға болады. Бұл да сондай құлқыншылдық, бұл байлықты қалдырғанда оның есесін басқамен қайтаруға ұмтылғандық. Ол бұлай еткенде өзі қалдырған байлықтың есесін одан анағұрлым көп қайтарып, пайда түсіру үшін істейді. Ол өзінің және басқалардың барлық байлығын өзінікі санағандай болады, бірақ ол [бұл байлықтарды] өзі берген адамдардан қайтып алып, есесімен қоса екі есе көбейте алатын болса, (153-бет) байлықты сол адамдарға қалдырады. Ал, мұның өзі [қала әкімдерінің] істейтініндей. Олай болса, ол әділеттікке және қарапайымдылыққа ие болмайды, өйткені олардың өзі өздігінше игілік болып табылады және жауыздық, бұзықтық жасаудан тартынбайды, өйткені бұл [әрекеттердің] өзі өздігінше сорақы және ол үшін жексұрын. Өзі өткінші өмірге осы рахаттар үшін сусағанда, өзін сол рахаттардан айырам деп санайтын, мұның есесіне сондай, олардан анағұрлым зор рахаттар сыбағасына тиюін тілейтін адамның, өзі жек көретін жауыздыққа, онан да зор жауыздықтан қорыққаннан баратын адамның батырлығы жөнінде де осындай. Ол өлімге бару - жауыздық деп есептейді, алайда ол мұнан да зор жауыздықтан қорқады.

Сондықтан,өздеріңіз көріп отырсыздар, олардың қайырымдылық деп есептегендері қайырымдылықтан гөрі бұзақылық, пасықтық қылықтарға жақын болып шығады. Өйткені олардың мәні, табиғаты шын қайырымдылық істердің табиғаты болып табылмайды және оған жақындамайды; ол, ол ма, бұлар ["қайырымдылықтар"] бұзықтық және пасықтық саналар тегіне жатады. 72. Ізгі адам өзі өлгеннен кейін де бақытты молайта беретін әрекеттерді коп жасау [мүмкіндігінен] өлгеннен кейін ғана айырылады. Сондықтан оның өлімнен қорқуы - өзім өлгенде зор жауыздыққа ұшыраймын деп ойлайтын адамның қорқынышы емес және өлгеннен кейін тіршілікте өзім жинаған, енді өз қолымнан кетіп бара жатқан мол дәулеттен айырылам деп ойлайтын, ол түгіл, өзім өлгеннен кейін жауыздыққа кездеспеймін деп ойлайтын, өйткені өлім үстінде келген бақытты өзіммен бірге болады, ажал оны менен бөліп әкетпейді деп санайтын адамның да қорқынышы емес. Ал шындығында оның мазасыздануы мына жаймен байланысты: ол өзінің мүмкіндіктен айырылуын өзінің жақындаған ұтысы деп есептейді, ал ол бүл ұтысын алғанда, мұның өзі оның жинаған дәулетіне дәулет қосқандық болады. Ол өзінің айырылғанын капитал емес, өзі алмақ болған және алуына сенген пайда деп мазасызданады. Сонымен ол (ізгі адам) тіпті де (өлімнен) қорықпайды, қайта мұнан да коп дәулет жинап, соның арқасында өз бақытын молайта беруі үшін өмірдің жалғаса беруін тілейді. 73. Ізгі адам ажалды жақындатуға ұмтылмауы тиіс, қайта өмірді ұзартуға барынша тырысуы керек, өмір ұзара берсе, мұның өзі оған бақытты ететін істерді көбірек істеуге мүмкіндік туғызады; [ол мұны бұлайша істегенде], ол өзінің қайырымдылығымен келтіріп отырған пайдадан қала тұрғындары (154-бет) махрұм қалмауы үшін де істеуі керек. Ол адам өлімге бой ұсынғанда тек мынадай ретте ғана - оның өлімі арқылы қала тұрғындарына ол одан әрі өмір сүргендегіден гөрі көбірек пайда келтіретін болғанда ғана ұсынуы тиіс. Егер оған ажал еріксіз келсе, онда ол мұнан қорықпай, абыроймен өтуі тиіс. Ол ажалдан тіпті де қорықпайды; өлім оны абыржытарлық дәрежеде қорқыта алмайды. Өлім тек надан қалалардың тұрғындары мен бұзық адамдарды тана қорқытады. Надан қалалардың тұрғындары өздері өлгеннен кейін, өздері тастап кететін сыбағалы дүниенің игілігінен - рахаттан, байлықтан, құрметтен және басқа игіліктерден айырыламыз деп қорқады, ал бұзық адам өзінің артында қалатын тіршіліктегі [игіліктерден] айырылудан қорқады, өзім өлгеннен кейін бақыттан айырыламын деген ойдан қорқады. Бұзық адам мұнан надан қаланың тұрғындарынан да көбірек азап шегеді, өйткені олар өлгеннен кейінгі бақыт туралы еш нәрсе білмейді, сондықтан онан айырыламын той деп қынжылмайды, ал бұзық адамдар мұны біледі, өлімнің жақындауымен бірге оларда қорқыныш, өздерінше енді бұл дүниеден айырыламыз ғой деген қынжылу пайда болады, бұрын өздерінің өмірінде істегендеріне қатты өкінеді. Сондықтан олар көп нәрселер туралы қамығып өледі. 74. Қайырымды жауынгер тәуекелге бел байлап ұрысқа кіріскенде, мұның арқасында аман қаламын деп ойлағандықтан кіріспейді, өйткені мұның өзі ақымақтық болар еді. Дәл сол сияқты ол не өлемін, не тірі қаламын деп те ойламайды, өйткені мұның өзі ұшқалақтық болар еді. Ең дұрысы, ол өлмеймін, аман қаламын деп үміттенеді. Ол өлімнен қорықпайды, өлім келе қалған күнде де ол қорықпайды. Өзінің іздегенін тәуекелсіз алатынын білсе немесе аламын деп есептесе, ол тәуекелге бармайды. Ол тәуекелге бел байласа, өзінің іздегенінен айырылатынын, оны ала алмайтынын біліп, егер осылай етсем, іздегенімді, мүмкін, алармын деп шамаласа, не болмаса, өлсем де немесе тірі қалсам да қаланың

тұрғындары оның тәуекелі арқасында ол іздегенді алар деп ойласа, егер өзі аман қалса, қала тұрғындары мұны онымен бөлісер, ал егер өлсе (155-бет), олар мұны алады, ал ол бұрынғы қайырымдылығы үшін және қазір өзін құрбандық еткені үшін бақытқа жетеді деп ойласа, ол сонда тәуекелге бел байлайды. 75. Қайырымды адам өлгенде немесе оны жау өлтіргенде оны жоқтамай, ол адам қалада қаншама керек болған дәрежеде қала тұрғындарын жұбату керек және ол адамның жеткен бақытына қызығу керек. Онымен бірге бұл - соғыста өлтірілген жауынгердің қала тұрғындарының игілігіне өзін құрбан еткені үшін құрметтелуі - оның ерекше ардақтылығы. 76. Кейбір адамдар: дана емес адам жаны тәнінен бөлінгенде, тәні жансыз қалғанда, яғни өлгенде ғана дана болады деп есептейді, ал егер ол бұрын дана болса, мұнан оның даналығы өсе түседі, толықжэне жетілген даналық болады немесе неғұрлым жетілген және үздік даналық болады деп есептейді. Сондықтан олар өлу - жетілгендік,ал жанның тәннен бөлектенуі қажеттілік деп есептейді. Енді біреулер: жауыз адам жанның тәннен сондай бір ұштасып келуімен ғана болады, ал жаны тәнімен бөлінгеннен кейін он қайырымды болады деп есептейді. Бірақ [солай болғанда] бұл адамдарға [қисыны солай] өздерін өздері өлтіруге, жанын өлтіруі с тура келер еді, сондықтан олар мынадай сөздермен құтылмақ болады: "Біздерді жаратқан Алла, періштелер, пайғамбар билейді, ал жанның [тәнмен] ұштасуы немесе [одан] бөлектенуі біздің еркіміз де емес /20/. Біз оның бөлектенуін оларды біріктенушіден күтуі с тиістіміз, оның бөлектенуін өз міндетімізге алуымыз керек, өйткені біздерді басқарушылар біздер үшін ненің жақсы екенін көбірек біледі". Енді біреулер былайша ойлайды: жанның тәннен бөлектенуі кеңістікте бөлектену немесе идеяда бөлектену емес; ол тән өледі, жан қалады, немесе жан өледі, жансыз тән қалады деген мағынаны білдірмейді. Жанның бөлектенуінің мәні, абзалы, мынада: жан өзінің өмір сүруінде тәннің ол үшін материя болуын қажет етпейді және өзінің әрекеттерінің бірдебіреуінде тәнді құрал ретінде пайдалануға ділгір емес, тәндегі қандай да болсын бір күшті (156-бет) пайдалануға тіпті де ділгір емес, өйткені жам бүл заттардың қандай да болсын біреуін керек етіп отырғанда [тәннен] бөлектенбейді. Бұл [бөлектену] адамға ғана тән, атап айтқанда, теориялық ақыл-ойға тән жанда болады, өйткені жан мұндай күйге жеткенде ол тәннен бөлектенеді; бөлектенгенде, бұл тән қоректенетін және түйсінетін тірі жандыкі ме, әлде тәннің оны қоректендіретін күші соның өзінде қызметі тоқтатты ма, бұл жағына қарамайды. [Жан] бұдан былай өзінің әрекеттерінің ешқандайын қабылдауға да, қиялдауға да ділгір болмаса, бұл енді жанның и дүниеге жеткендігін [білдіреді], сонда оның бастапқы негіздің мәні туралы түсінігі неғұрлым жетілген болады, өйткені ақыл-ой Оның мәнін қамти отырып, Оны түсіну үшін салыстыруды немесе мысал келтіруді керек етпейді. Жан бұған оған дейін оз әрекеттер) п жүзеге асыру үшін денелік күшті және оның әрекеттерін пайдалан \ арқылы ғана жетеді. Бұл енді - ақырет, онда адам өзінің Тәңірісін көреді және оны көргенде қорықпайтын болады. 77. Өзінің болмысы қандай қатынаста болмасын, ұштасудан және қосылудан құралатынның бәрі болмысы жайынан мына мағынада жетілмеген болады: саны, материясы, формасы жағынан ұштасса да басқа түрде ұштасса да өзі құралатын заттарға ділгір болады.

78. Егер бір зат екінші затты туғызса, мұның өзі екіншінің қажеттілікпен сол заттан туатынын, ал екінші заттың тууы, оның сол заттан тууы қажет болғанын көрсетеді. Зат екінші бір заттың тууындағы жаратушысы, ал затты жаратушы - ол затты қажеттілікпен тудырушы. Екінші затты тудырушы зат қозғалысқа келмейінше екінші затты тудыра алмайды. Бұл өзінің қозғалысында тек өзі әрекет жасайтын немесе заттың бұрын иемденуіне қосылатын қалыпты туғызатынның бәрін [қамтиды]. Екі күйдің қосылуы нәтижесінде (157-бет) басқа бір зат пайда болады. Бастапқыда өз бойында жетілмегендік болған, сол себепті өзінің әрекетінде басқа бір нәрсені қосуды керек еткен зат сондай халге ұшырайды. Қозғалыс арқылы пайда болатын заттың күйі де аяқталмаған және өзінің мәні жағынан аяқталмаған, сондықтан оның қажетті салдары болатын екінші заттың тууы үшін ол жеткіліксіз болды. Онда [бірінші затта] одан туатынның жасалуы үшін қажеттінің бәрі де бар деп есептеледі. Керісінше, өзінің мәні мен болмысы жағынан екінші заттың жасалуына жеткіліксіздіктің бәрі шын мәнісінде өзі жасайтынды жасамайды және онан қажеттіліктен туатындай көрінетін , оның қозғалысы арқасында тумайды. 79. Қандай да болсын бір затты жасаушының кез-келгені өзінің бұл затты белгілі бір уақытта жасауы неғұрлым қолайлы немесе жақсы болатынын, не болмаса оншама қолайлы болмайтынын немесе нашар болатынын біледі. Ол затты жасауға бөгет болатын нәрсе оның әрекетін бөгейді. Егер ол бұл затты дәл қазіргі уақытта жасаса, мұнан сәтсіздік туатынын және мұның өзі оны жасауға бөгет болатынын ол көреді де, біледі де. Қазіргі уақытта сәтсіздікке ұшыраудың себебі қандай екенін және кейіннен табысты болудың себебі қандай екенін ол білуге тиіс. Егер сәтсіздіктің себебі болмаса, оның болмауы оның болуынан жақсы емес, [бірақ онда мынадай сұрақ туады]: ол қалайша болмады? Мұнымен бірге тағы да бір сұрақ туады: жасаушы қазіргі уақытта өзінің әрекетінде болған сәтсіздікті жоя ала ма, әлде жоқ па? Егер жоя алса, онда [сәтсіздіктің] пайда болуының ықтималдығы оның пайда болуының ықтималдығынан кемірек болады және [заттың] белгілі бір уақытта пайда болуы оның жасаушысы үшін де мүмкін емес. Бірақ оның бұл сәтсіздікті болдырмауға шамасы келмесе, онда сәтсіздіктің себебі күштірек болғаны, сөйтіп бұл затты түгелдей өзінікі етуге жасаушының толық қабілеті болмайды және мұнымен бірге оның әрекетіне қарсы әрекет бөгет болады. Демек, қандай болғанда да бұл әрекетті жүзеге асыруда басымдылық болмайды бірақ [мұның үшін] сәтсіздіктің себебінің жойылуы және табыс себебінің бар болуы қажет, өйткені табысқа жетудің бірден-бір себебі оның өзі болса, онда әрекеттің табысты болуы (158-бет) уақыт жағынан кешікпеуі тиісті болар еді және оның екеуі де бір мезгілде пайда болар еді. Сондықтан жасаушы өзінен бір нәрсе шығуы үшін өзін-өзі билейтін болғанда, бұл заттың болмысы оны жасаушының болмысынан кейін қалып қоймайтын болуы керек. 80. Адамның ақыл-парасаты туралы сөз қылғанда, ол өзінде мынадай екі зат ұштасып келгенде ақыл-парасатты бола біледі дейді: 1) ол қолайлы немесе қолайсыз болатын әрекеттерді өте жақсы айырады және 2) ол айыра білетін тамаша [қабілеттің] арқасында өзі танығанның ішінен ең үздігін пайдаланады, өйткені айыра білетін тамаша қабілеті болғанда [өзінің зерттеуінде және бақылауында ол нашар және төмен әрекет еткенде], ол туралы қалжыңбас немесе алдаушы, не болмаса бұзық деп атайды. Кейде біз "Ол өзінің көңіл аудармағанын еске алды" деудің орнына, "Пәленшенің енді есі кірді" деген сөйлемді пайдаланамыз, мұның өзі "Ол өзіне сөз тастаған адамның мұқаммен білдіргенін ұғынды" деудің, немесе: "Ол өзінің жадында қалдырды" деудің орнына қолданылады. Кейде біз оның түсінігі бойынша оның ұғымдары пайда болып, жадында қалды дейміз, сонда біз ол

туралы: ол ақылды болып алды дейміз, мұны былайша түсінеміз: оның жан жүйесінде ұғымдар пайда болды, яғни ол буларды біледі дейміз, өйткені мұнсыз "ол ұғынады" және "ол біледі", "ақылды" және "біледі", "ұғым" және "білім" деген сөздердің арасында айырмашылық болмас еді. Пайымдаушы дегеніміз, Аристотельдің пікірінше, ізгіліктен [туатын], мұның өзі этикалық ізгілік болғанда сонан туатын, қорытынды жасауға келгенде мінсіз пайымдауға жетік адам. Диалектиктердің өздерінің "мұны ақыл-ой қажетті санайды", немесе "мұны ақыл-ой теріске шығарады" дейтін пайымдауларына беретін мағынаны алатын болсақ, бұл әуел бастан баршаға мәлім мағынамен пара-пар, өйткені олар "ақыл" деп алғаш көз жүгірткенде барлық адам немесе көпшілік қостайтынды айтады. Кейбір адамдар бастапқы себеп жөнінде былай дейді: ол ақылмен пайымдалмайтын және ол өзінен басқа еш нәрсені білмейді. Басқа біреулер: жалпы ұғымдардың бәрі оған бірден берілген және Ол бәрін бірге уақыттан тыс біледі және ақылмен пайымдайды, бәрі де Оның өзінде жинақталған (159-бет), Оған бәрі айқын, үнемі мәлім болып турады, оның бастамасы да ақыры да болмайды дейді. Енді біреулер: Оған ұғымдар берілуімен қатар ол сезім арқылы қабылданатын барлық индивидтерді біледі, оларды елестетеді, олар Оның өзінде бейнеленген, Ол қазір жоқ, бірақ келешекте болатынды, өткен уақытта болғанды, қазір ғайып болғанды, қазіргі барды елестетеді және біледі дейді. Осының негізінде олар былай деп тұжырымдауға тиісті еді: ақиқат та, жалған да және бір-біріне қайшы келетін сенімдер де оның барлық ұғымдарына қарағанда бірінен соң бірі келіп отырады, Оның ұғымдарының ұшы-қиыры жоқ, олардың ішінде терістеушілері басқа уақытта қостаушыға айналғаны сияқты, қостаушылары терістеушіге айналады, Ол өткен уақытта шексіз заттарды білетін еді, оның ішінде қазір барлары қандай болса, болашақта да сондай болатындарын біледі, олар қалай пайда болғанын, одан кейін "қазіргіге" дейін шексіз уақыт бойы өмір сүргенін, яғни мөлшерленген уақытқа дейін, онан соң уақыттың ұшы-қиырсыз кезеңдері бойына өмір сүргенін біледі, Ол бүл заттарды басқа уақытта білгендігінен енді басқаша біледі. Егер белгілі бір мысалға сүйенсең, сен мұны дәл және анық [түсінесің]. Мысал үшін Герместің немесе Александрдың (Ескендірдің - ред.) заманын ал. Қазіргі уақытта, "ендігіге" жақындағанда өмір сүріп отырған затты Ол Александр заманында-ақ білді, Ол заттың кейінірек, басқа уақытта өмір сүретінін одан сан тасыр бұрын-ақ білді. Ол бүл заттың болып өткенін де біледі. Демек, Ол бүл нәрсенің Александр заманында бір кезде болғанын, білімдегі үш қалыпта, үш уақытта болғанын біледі: Ол бүл нәрсені Александрдың заманына дейін-ақ оның "болатынын" біледі, Александрдың өз заманында, "жүзбе-жүз бар" нәрсе түрінде біледі және оны "болып өткен, біткен, кеткен" нәрсе ретінде одан кейін де біледі. Уақыттың жеке үзінділері: жылдар, айлар немесе күндер, олардың саны, әр түрлі жай-жапсары қаншама коп болса да, бұлар жөнінде істің жайы қандай екенін қарастырсақ, мұны да сондай [сен түсінесің]. Адамдардың алатын орны және олардың әрқайсысының басында болатын (160-бет) сан алуан өзгерістер жайында да соны айтуға болады. Осылайша [Бастапқы себеп] Зейдті - ол құдайдың сүйген құлы болғанын, оның пенделеріне пайдалы болғанын, дегенінен шықпағанын біледі, содан кейін оның тәңіріге жау болып, оған қарсы тұрғанын және оның пенделеріне зиян келтіргенін біледі. Денелердің кеңістік әлеміндегі орындары, қозғалыстары олардың біреулерінің екіншілеріне айналуы туралы да соны айтуға болады. Осындай көзқараста болатындар өрескел, оңбаған тәсілдер [пайымдаулар] қолданса,

мұнан орасан зор зұлымдықтардың себебі болатын теріс көзқарастар туады, ал бұлардың сиықсыздығы, онан білетін адамның жанында қандай өзгерістер туатыны және басқалары туралы мәселе өзіне басқа әңгіме. 82. Көп адамдар бәрінен де жоғары тұрған Тәңірінің өзі жаратқан пенделеріне жасайтын қамқорлығы жөнінде әртүрлі түсінікте болады. Кейбіреулер, әкім өзінің бағыныштыларына және олардың игілігіне қандай қамқорлық жасаса, Ол да өзі жаратқан пенделеріне сондай қамқорлық жасайды деп біледі, ал әкім өзіне бағыныштыларға қамқорлық жасағанда, бұлардың ең болмағанда біреуінің де істеріне араласпайды, онымен сыбайластары немесе қатыны арасында дәлел болмайды, істің шешімін шығаруды басқа біреуге тапсырады, ол істі қолына алып, мұның үшін ақиқат пен әділеттіліктің талап еткенін істейді. Енді біреулер Ол (өзі жаратқан пенделерінің әрқайсысының әрбір әрекеттерін басқаруды, оларды дұрыс жолға бағыттауды, өзінің пенделерінің бірде-біреуін басқалардың қамқорлығына бермеуді өз міндетіне алғанша) жоғарыда айтылғандар әлі жеткіліксіз деп санайды. Әйтпесе олар Оның әрекеттері және оның [өзінің] жаратқандарын басқарудағы көмекшілері болар еді, ал Ол әрекеттестер мен көмекшілер қажет етуден, жоғары турады. Бұдан мынадай қажетті қорытынды шығады: Ол көптеген жазғырарлық теріс және сорақы қылықтар үшін, адасқанның қателері үшін, жиренішті сөздер мен әрекеттер үшін жауапты, Оның жаратқандарының қайсыбіреулері наразылық білдіру жолымен ақиқатты бекерге шығармақ болып, оның пенделеріне қарсы шықпақ болса, нақ оның өзі соның көмекшісі болар еді, сондықтан оны дұрыс жолға бағыттауға, оған басшылық етуге жауапты болады, оны азғындықтан, кісі өлтіруден және ұрлық қылудан, балалардың, маскүнемдердің, жындылардың ақылсыз қылықтарынан, жаман істер істеуден сақтандыруы тиіс. Егер олар оның бұларға бағыт көрсетіп, көмектесуі керектігін бекерге шығаратын болса, онда оларға бәрін бекерге шығаруға тура келер еді. Теріс көзқарастардың негіздері және жиреніштері теріс білімдердің , міне, осындай. (161-бет) 83. Полития - абсолюттік мағынасында политияның барлық түрлерінің тегі емес, осы текке жататын, бірақ мәні мен табиғаты бойынша әр түрге бөлінетін заттардың жалпы атауы болып табылады. Ізгі полития мен надандық политияның барлық типтері арасында ешқандай ұқсастық жоқ. 84. Ізгі полития дегеніміз - әкім қайырымдылыққа жеткенде басқаша жолмен емес, дәл сол политияның көмегімен жетеді; бұл адамзаттың қолы жететін ізгіліктердің ең улысы. Басқарылатындар [ізгі полития] арқылы ғана жетуге болатын ізгіліктерге бұл дүние мен о дүниелік өмірде жетеді. Бұл дүниелік өмірде олардың денесі әрқайсысының жаратылысына сәйкес мүмкін болған дәрежеде тамаша сындарлы келеді, ал олардың жаны сол жандардың әрқайсысының жаратылысына және олардың ол дүниедегі рахат өмірінің себебі болатын қайырымдылыққа жету қабілетіне қарай мүмкін болған дәрежеде тамаша, жақсы қалпында болады. Олардың өмірі - қандай да болсын басқа өмірден, басқа адамдардың өмірінен әлдеқайда жақсы өмір. Надан [қала] басшыларының бірінің надандық политияның қандай да болсын бір түрін басқа түрлерінің қоспасы жоқ таза түрін белгілеуі шындыққа келмейтін қисынсыз нәрсе, өйткені ол басшылардың әрқайсысының іс-әрекеттері оның білімінен, тапқан өнерінен тумайды, оның көзқарасынан, пікірінен, оның жан сезімінен туады. Сол себепті қазіргі

политиялар - осы надандық политияларды немесе олардың көпшілігін араластырған полития болып келеді. Ертедегілер заңдары тек осы надандық политиялары үшін шығаратын болған, өйткені білім жалпы заңдарды ғана қамтып, соларды анықтап береді, ал қазіргі надандық политиялар көбінесе аралас политиялар болып табылады, өйткені жеке политиялардың табиғатын таныған адам көздеген нысанаға дәл тигізіп, сол кездегі политияны, оның неден құралатынын біле алады, оның құрылымында кездестіргеніне қарай (162-бет) және [политияның] қарапайым жеке түрлерінің табиғаты туралы білгеніне қарай, оған баға бере алады. Білім мен практикаға жататын нәрселердің бәрі жөнінде де дәл ашып айтуға болады (мысалы, риторика, софистика, диалектика мен поэзия өнерінің мәселелері дәл осындай, өйткені бұл мәселелермен шұғылданушы адам) оларды білмесе де олардың дәлдемесін пайдаланамын деп жорамалдайды және солай деп есептейді, бірақ коп жағдайда ол оны әр түрде араластыра пайдаланатын болып шығады. Надандық полития түрлерінің әрқайсысы сан алуан және бір-бірінен зор айырмашылығы бар түрлерді қамтиды; олардың кейбіреулері аса нашар, ал енді біреулері болмашы зиян келтіргенімен, жеке адамдарға коп пайда келтіреді, өйткені политиялардың күйі және олардың жан атаулыға қатынасы жыл мезгілдерінің күйін және олардың темпераменттері түрліше денелерге қатынасын еске түсіреді. Бір денелер темпераменті мен күйі жағынан күздігүні, екіншілері жаздыгүні сау болады, үшіншілері өздері үшін ең жақсы және неғұрлым қолайлы [жыл мезгілі] ретінде қыс уақытын қалайды, ал төртіншілері үшін жылдың ең жақсы мезгілі - көктем. Жан күйі және оның политияларға қатынасы жөнінде де дәл соны айтуға болады. Алайда политиялар мен өмір бейнелерінің негіздеріне қарағанда денелер пайда болатын негіздердің өрісі анағұрлым тар болуы мүмкін. Өйткені политиялар мен өмір бейнелері кез келген және табиғи заттардан құралады, ал олар ұшықиырсыз деуге болады, олардың кейбіреулері кездейсоқ келеді, сондықтан өмір жағдайы әртүрлі болатын адамдар бақытсыз екенін байқамайды да, мұның қасында ауру адамдар және нашар темперамент адамдар да, олардың жайын зерттеушілер сияқты, мұны байқамайтын болса керек. 88. Жазу өнері ол қолданылатын тиісті өнерлерге және оларды пайдаланатын адамдарға сәйкес айырылатыны сияқты, тәжірибе өзінің жасалған орнына және өзі байланысты өнерге, сондай-ақ оны кім қолданатынына байланысты болады. Тәжірибенің екі бірдей жағын қайырымды қалаларды басқару үшін қолданудың (163-бет) ерекше зор маңызы бар. Пайымдаушы адам тәжірибені өзінің жетілуі үшін және бірінші басшы алдында өзінің қызметі үшін, қайырымдылық политияда өзін жаттықтырған кезде пайдаланады, сөйтіп мұның нәтижесінде ол қайырымды политияда пайдалы болатынан аса ізгі қабілетке ие болды жэне қайырымды басқару өнері жаратылысына бітіп, жетілгенге дейін оған ие болып, басқарудың шыңына жетті. Жазу өнерінің ең ізгі түрі - бірінші басшыға және қайырымды экімге қызмет етуге пайдаланылады, бірақ ізгілігі мен құндылығы жағынан ол бірінші басшы пайдаланатын тәжірибеден төмен барлық жағынан ізгі адам, егер оның тәжірибесі мол болса, жазу өнеріндегі ізгі адамнан гөрі ізгірек болады. 87. Надандық политиялардың ең төменгісінде, атап айтқанда, билік құмар политияда пайдаланылатын қабілет басқа орындардың бәрінде пайдаланылатын қабілеттердің бәрінен төмен және нашар болады, дәл сол сияқты билік құмарлық тұрмыс қалпында пайдаланатын жазу басқа политиялар мен өнерлерде пайдаланатын жазудың басқа

түрлерінің бәрінен төмен және нашар, ал қара халық пайдаланатын жазу билік құмарлық қызметте пайдаланатын жазуға қарағанда құндырақ болады. Ізгі әкімнің қызметінде және қайырымды басқару ісінде пайдаланылатын басқа түрлі жазулардан артығырақ болатын сияқты, билік құмарлық қызметте пайдаланылатын жазу басқа жазу түрлерінен анағұрлым төмен, зиянды болады және басқаларға қарағанда пәлеге көбірек ұшырайды. Пайымдағыш адам мен бірінші басшы пайдаланатын қабілет ол пайдаланатын жазудан артығырақ болатын сияқты, адам билік құмарлық мақсатпен пайдаланатын қабілет оның өзі пайдаланатын жазудан төмен. Жалпы алғанда әрбір [неғұрлым жоғары туратын] ізгілік басқаруға пайдаланылған кезде өзінен төменгіден асып түседі, бірақ билік құмарлық политияда пайдаланғанда төмен және зиянды болып, төменділігі (164-бет) және зияндылығы жағынан басқа түрлердің бәрінен асып түседі. Қайырымды адамдарда жақсылықтың бәріне себеп болатын, ізгілік пен тамаша қасиетті болатын, ал жауыз адамдар әртүрлі жауыздық нем бұзықтыққа себеп болатын өзгешелік және онымен байланысты [қабілеттер] сияқты, жанның қалған басқа күштері жөнінде де дәл сондай болады. Бұл [күштер] билік құмар әкімде кездескенде басшы емес адамдарға жасалатын жауыздықтың көбеюіне себеп болды. Сондықтан [ертедегілер] жауыздық мақсатқа жету үшін пайдалы болатын ой қабілетін "Ойшылдық қайырымдылық" деп атамай, оны басқаша атаған, мысалы "алдау", "айлакерлік", "қаскүнемдік" деген. Ерікке негізделген игіліктер мен өнерге негізделген адамдық [қылықтар] билік құмар қалада жаман қылықтар немесе бәлекеттердің және дүниеде болып жатқан бәлекеттердің себептері болуы мүмкін. Сондықтан қайырымды адамға кеселді, бұзықтық политияларында қалуға болмайды, ол, өз заманында қайырымды қалалар болса, соларға барып орналасуға тиіс. Егер сондай қалалар болса, қайырымды адам бұл дүниеде жат адам болып, бейшаралықпен күнелтеді, ол үшін тіршіліктен өлім артық болады. 89. Философияның теориялық бөлігінің артықшылықтары туралы және оның практикалық жаты үшін кейбір реттерде қажеттігі туады. Біріншісі - адам ізгілік болмаса да, соған тең есептелетін ізгіліктің не екенін айыра біліп, өзін шын қайырымдылық жасауға үйреткенде, сөйтіп белгілі бір қалып және лайықты қасиет оның бойына дарығанда, ол булардың әрқайсысына лайықта бата бергенде, болмас қатарларына оларға тиісті баға беріп (165бет), жарам - сыздарынан аулақтарында ғана, тек сонда ғана әрекет дұрыс және қайырымдылық болып шығады. Бұл - тек тәжірибе, жетік білім, дәлелдеме, жаратылыстану ғылымдарын жете зерттеу нәтижесінде ғана, сондай-ақ белгілі тәртіпте және сипатта олармен бірте және оларға ере жүретіндердің ақыр соңында, шын бақыт болып табылатын бақытты, атап айтқанда, басқа бірдеңе үшін емес дәл соның үшін жетуге ұмтылатын бақытты танып білу нәтижесінде ғана қолы жететін және жетілетін күй. Теориялық және ойшылдық ізгіліктер және практикалық ізгіліктер мен практикалық өнерлердің себебі және негізі болады. Мұның бәрі тек дәйектілікпен пайымдағанда, бір стадиядан екінші стадияға, бір сатыдан екінші сатыға көшкенде ғана туады. Басқаша болуы мүмкін де емес, өйткені теориялық философияны оқып үйренгісі келген адам сандардан бастайды, онан кейін шамаларға, онан соң сол сандар мен шамаларға байланысты басқа заттарға көшеді; мысалы, мүмкіндіктерден, аспан денелері сияқты қозғалушы шамалардан және музыкадан [мұнан кейін ол] салмақтар мен шеберлік тәсілдерге қарай өрлейді. Бұл заттар материясыз ұғынылып, елестетіледі. Мұнан кейін ол бірте-бірте түсіну және елестету үшін материяны керек ететін заттарға көшеді, сөйтіп аспан денелеріне жеткенге дейін осылай өте береді. Мұнан кейін ол "Бүл не?", "Неден?", "Бүл қалай?" деген бастамадан

басқа бастамаларды енгізуге жетеді; мұның өзі оған қиыншылықпен ұғынылатын немесе материясыз [ұғынуға] келмейтін заттарды пайдалануға көмектеседі. Кейінірек ол болмыс мәнінен басқа болмыс бастамалары жоқ тек және түр-түрлі бастамасы бар тек арасында [туратын салаға] өтеді. Ол табиғи бастамаларды алып, табиғатта бар заттарда және оларға жататын математикада (166-бет) бастамаларын зерттейді, сөйтіп болмыстың бастамасына жеткенше солай ете береді. Оның болмыс бастамаларынан алатыны ол үшін ілімнің сатылары мен бастамалары, ал ол меңгеретін болмыс бастамалары екі зат жөніндегі ілімнің бірден-бір бастамалары болады. Мұнан кейін ол табиғи денелердің өмір сүруінің себептері туралы ғылымдарға және олардың мәнін, субстанцияларын, себептерін зерттеуге көшеді. Ол аспан денелеріне, ақыл-парасатты жанға және әрекетті ақыл-парасатқа жеткенде тағы бір саты жоғарлайды, мұнда олардың болмысының бастамаларын қарауды, онан табиғи емес бастамаларды зерттеуі керек еді. Бұл үшін сатыда оның болмыс бастамаларынан меңгергені, екінші жағынан алғанда табиғидан гөрі болмыста неғұрлым жетілген осы бір заттарды зерттеудің бастамасы болады. Бұл жолы зерттеудің ретіне қарай ол екі ғылым: физика мен метафизика арасында [тұрған салаға] көшеді. Ол сондай-ақ бұл ғылымдарға өмір, мақсат, кәмелет берген адамға өмір берген ол ғылымдардың бастамаларын зерттейді. Ол адамның бойындағы жан дүниедегі табиғи бастамалар адамның өмір сүруіндегі мақсатына лайық жетілуі үшін жеткіліксіз екенін, мұның үшін адамға интеллектуалдық бастамалар керек екенін, булардың көмегімен адам сондай жетілуге ұмтылатынын біледі. Сонымен, адам теориялық білім дәрежесі мен сатысына жетуге қазірдің өзінде жуықтаған болып шығады, мұның арқасында ол бақытқа жетеді. Жаратқанға жеткенге дейін екі бағытта бірдей пайымдауға жуықтайды, ал ол бұл бастамалардың ешқайсысы да емес, ол жоғарыда айтылған барлық бар заттар үшін Бастапқы жаратушы және Бастапқы бастама. Ол сол - барлық заттар соның арқасында, содан бастап, соның үшін, зиянсыз (167-бет), ең жетілген әдістер бойынша өмір сүреді, соның арқасында зат өмір сүруші заттардың бастамасы болып шығады. Неғұрлым алыс себептері бар өмір сүруші заттар жайлы білім соған әкеліп соғады, сөйтіп, бұл өмір сүруші заттардың бәріне қасиетті көзқарас болып табылады. Мұнымен бірге ол адамға өмір сүргендегі мақсат туралы, атап айтқанда, адамның түпкілікті жетілуі туралы, адамның мұндай жетілуіне көмектесетін барлық заттар туралы үнемі ойланады. Міне, сонда ол өмірдің практикалық жағынан жетіп, өзі істеуге тиісті қызметті атқаруға кірісе алатын болады. Екінші - [философиялық] практикалық білім кімге болса аян арқылы беріліп, ол бұл адамды нені ардақтауға және неден аулақ болуға бағыттайды. "Білім" деген соз физиканың білгірі үшін де, жаралу мүмкіндігі бар заттарды хабарлаушы дін иесі үшін де ортақ атау. Өйткені дін иесінде дараланған, мүмкіндігі бар заттардың бәрін танып білу қабілеті болмайды, себебі мүмкіндігі бар индивидтердің ұшы-қиыры жоқ, ал ұшы-қиырсыздың бәрін қамту мүмкін емес. Ол мүмкіндігі бардан кездейсоқ оның ойына немесе бұл туралы онан сұраған адамның ойына келетінді біле алады. Мүмкіндігі бардан туатын білім, мүмкіндігі бар табиғатқа қайшы білім болып табылатындықтан, дін несі мүмкіндігі бар табиғатты білмейді; бұл білімді физика білгірі ғана меңгереді /21/. Сондықтан ол екеуінің білімі Бір субстанциядан тумайтын, қарама-қарсылықтар болып табылады. Теориялық ғылымды жете зерттеуші жөнінде де, қалалар немесе бір қала тұрғындарының әрекеттеріне айқын баға берілгендер жөнінде де, теориялық ғылымнан ешқандай білімі жоқтар жөнінде де дәл соны айтуға болады. Ал, аян берілген және теориялық ғылымнан өзі хабардар адам мен

аян берілген және теориялық ғылымнан хабардар емес адамның арасында шындығында байланыс та, үйлесім де жоқ; үйлесім [мұнда] тек атау ғана. (168-бет) 90. Ойшылдық ізгілік - [бірнеше] халыққа, бір халыққа немесе қалаға ортақ пайдалы оқиғалар болғанда, адамға қайырымды мақсат үшін неғұрлым пайдалы болатынды жақсы ашуға көмектесетін ізгілік. Оның бір түрі арқылы қысқа мерзімдер ішінде өзгеретіндерді ашады, мұның өзі [бірнеше] халықтың, бір халықтың басында немесе бір қалада бірінен соң бірі жүзеге асқан заттар болғанда жекеше, уақытша басқарудың белгілі бір түріне қабілеттілік деп аталады. Жауыздыққа соқтыратын мақсатқа жету үшін неғұрлым пайдалы болатын нәрсені ашуға көмектесетін ой күшін алатын болсақ, ол ақыл-ой қайырымдылығы болып табылмайды. 91. Тәндердің қатарында денсаулықтың барлық түрлері бола бермейтін тәндер бар; мұның өзі олардың темпераментінен, құрылысынан, әдетінен, ғұрпынан, олардың өздеріне тән күйінен [адамдардың] күн көру үшін қаражат табудағы өнерінен және басқаларынан туады - тәндердің көпшілігінің күйі осындай. Тұрғындары денсаулықтың аз ғана түрлеріне ғана ие болатын жерлер де бар; жан жөнінде де мәселе дәл сондай, өйткені жанда оның үшін [барлық] ізгіліктерді немесе олардың көпшілігін игеруге мүмкіндік қалдырмайтын бір нәрсе бар, сондықтан жан азды ғана меңгере алады. Ізгі әкім және бірінші басшы табиғатында және жанының бітісінде қайырымдылықты қабылдамайтын адамның ізгіліктерін жетілдіру ісімен шұғылдануға міндетті емес. Оның мақсаты тек ондай жандарды сондай-ақ [ізгіліктерге] үйрету, сөйтіп, олар ізгіліктерге ол қаланың тұрғындарына пайдалы көлемде не болатын етуде болу керек. Дәл сол сияқты қайырымды дәрігерге денсаулық жайы біздің жоғарыда сипаттағанымыздай болатын тәндерді денсаулықтың жетік саласына және неғұрлым жоғары стадиясына жеткізу міндет емес; ол тек бұл тәндерді олардың табиғаты мен мәні мүмкіндік беретін дәрежеде, сондай-ақ жанның әрекеттеріне сәйкес денсаулық қалпына келтіруге тиіс, өйткені дене жан үшін [өмір сүреді], ал жан мінсіз жетілгендік үшін, яғни қайырымдылық болып табылатын бақыт үшін өмір сүреді, демек, даналық пен қайырымдылық үшін [өмір сүреді].

(169-бет) 92. Әуел бастан жаратылысында жетіктік болатын, кемшіліктері мүлдем болмайтын, тұрмыс қалпы және адамгершілік қасиеттері әділеттілікпен, адалдықпен толық үйлес келетін, бірде-бір шектен аспайтын немесе бірде-бір қарама-қарсылықты екіншісінен асырмайтын адам өмір сүре ала қояр ма екен, өйткені туа бірге біткен мінез-құлық қарамақарсылықтардан құралады, олар біріккенде лажсыздан бірігеді; егер олардың табиғи [қасиеттер] бөлек-бөлек бола тұрып, теңелсе, олардың ұқсастығының алшақтығы, олардың айырмашылығының кеңдігі себепті үйлесімділік болмас еді; бірақ олардың амалсыздан бірігуіне қарамастан, [қарама-қарсылықтар] мінез-құлықта үйлесімділіктің жоқтығына себеп боларлық кішкене немесе үлкен үйлеспеушіліктен сақтамайды. Мінез-құлық элеметтері арасында үйлеспеушілік неғұрлым аз болса, ол соғұрлым теңдестікке жақын болады, мұның керісінше, үйлеспеушілік неғұрлым үлкен болса, ол теңдестіктен соғұрлым алыс жатады, сөйтіп, [табиғи] мінез-құлық табиғи [сапалардағы] үйлеспеушілік пен теңдестіктің тең ара салмақты болуына байланысты. 93. Екі адамды мысалға алайық: олардың біреуі Аристотельдің барлық физика, логика, метафизика,саяси және математика кітаптарында жазылғанның бәрін біледі, ал оның

әрекеттерінің бәрі немесе көпшілігі жалпы қабылдаған пікірде тамаша жақсы деп танылғанға қайшы келеді, ал екінші адам бірінші адам білетін ғылымдарды білмесе де, оның әрекеттері жалпы қабылдаған пікірде өте жақсы деп танылғанға үйлеседі. Демек, әрекеттерінің бәрі жалпы қабылданған жұртшылық пікірінде өте жақсы деп танылғанға қайшы келетін бірінші адамға қарағанда, бұл екінші адам философ болуға жақын тұрады, (170-бет) және ол біріншінің екіншіден асыра істегенінен гөрі біріншіден артық асыра істей алады. Философия дегеніміз, жалпы жұрт пікірінде де, шындығында да, теориялық ғылымдар адамына теңелу және оның барлық әрекетінің жалпы жұрт пікірінде және шындықта өте жақсы деп танылған ережелерге үйлесу. Егер адам өзінің әрекеттерін жалпы жұрт пікірінде өте жақсы деп танылғанға үйлестірмей, тек теориялық ғылымдармен шектесе, оның берік орныққан әдеті оның жалпы жұрт пікірінде өте жақсы деп танылған істер істеуіне бөгет жасайды. Сондықтан оның әдеті өзінің әрекеттерінің шындыққа өте жақсы деп танылғанға сәйкес болуына бөгет жасайды. Кімде-кімнің әдетке айналған әрекеттері жалпы жұрт пікірінде өте жақсы деп танылғанға үйлессе, оның әдеті теориялық ғылымдарды оқып үйренуге және сондай-ақ оның әрекеттерін шындығында өте жақсы деп қабылданғанға үйлестіруге бөгет болмайды, өйткені жалпы жұрт пікірі оны шындығында тамаша жақсы нәрсені істеуге, оның [осыған сәйкес] істеп жүргенінен, жалпы жұрт пікіріне тексерілмегеннен жақсы істеуге ұмтылдырады. Шындығында пікір деп танылатын - тексерілген, тексеруден кейін түзетілген пікір. Жалпы жұртың тануынша, тексерілген пікір жалпы қабылданғаннан дұрысырақ болуға тиіс. 94. Ізгілік жағынан бірауыздылық бөтенсінуге және ала ауыздықтың тууына жол қалдырмайды, өйткені ізгіліктің мақсаты бір: ол - игілік, оны адамдар басқа бір нәрсе үшін емес, соның өзі үшін тілейтін игілік. Екі [адамның] тілегі және олардың ниеті игіліктің өзі болып танылатын, олардың бұған жеткізетін жолы да бір, бұған деген сүйіспеншілігі де бір. Осындай мақсаты бір болып тұрғанда, олардың арасында еш уақытта алауыздық болмайды. Алауыздық тек тілектің әр түрлі болуынан және мақсаттың өзгешілігінен туады. Мұндайда өзімшілдік туады, ал өзімшілдік тұсында ауызбірлік болмайды, өйткені әрқайсысында (171-бет) басқа мақсат, басқа жол болады. [Бұл мақсаттар мен жолдар] ақиқатты іздеу, білімге, бақытқа, мінсіз заттарға сүйіспеншілік жолындағы бірінші мақсат, бірінші келісім сияқты игілікке емес, жауыздыққа бастауы мүмкін. Екінші келісу сауда мен келісімдерде пайда табу және серіктесу үшін келісу, өйткені келісім мен серіктесуге қатысушылардың әрқайсысы екіншісінен оның сыбағасын алып қойып, баюға тырысады. Дәл сондай, екіншісі де онан соны алуға тырысады және оның да [мұнан] соны алғысы келетініне көзі жетеді. Міне, сонда алалық туады. Алғашқы екеуі өздерінен басқа еш нәрсе үшін емес, [біреуіне] екіншісінен бір нәрсе керек болғаны үшін келіспейді, олардың келісімі [мақсаттан] тыс бір нәрсе үшін жасалмайды. Өздерінің мақсаты бір болып тұрғанда, олардың арасында ешқандай алалық тумайды, дәл сол сияқты ол екеуінің арасында мақсаттары алшақ болып тұрғанда, ешқандай бірлік те болмайды. Ақиқат - игілік пен ізгілік сияқты, барлық істегі көкейкесті мақсат. Ақиқатты іздеуші екі адам өздерінің мақсатын түсінеді, оны біледі, сондықтан ол мақсат жөніндегі [көзқарастарында] алалық тумайды. Ақиқат пен ізгіліктен ауытқыған жолмен жүруге болмайды, өйткені адам ондай жолмен жүрсе, ол адасып, абыржиды. Ал екеуі өздерінің алдында тұрған мақсатты түсінбеген [кезде], олар өздерінің мақсаттарының әр түрлі болуы себепті алауыздыққа ұшырайды, олар өздерінің іздегеніне бастамайтын жолға түседі, олар бұл жолды білмеуі де мүмкін, өйткені жанның шамасы келмесе де, ол ақиқатты іздемей тура алмайды. Егер

сен бұл екеуінің әрқайсысын ақиқат пен білімнің асыл қасиетін жетілдіруге үндесең, ол өзінің білімінің жеткіліксіздігі және басқадай қосымша себептері бола тура, ондай қасиетін білмесе де, сипаттап беретіні айқын емес. 95. Бейқамның және бейқамсынған адамның үлесі бір, өйткені бейқамдық бейқамды сәтсіздікке бастайтыны сияқты, бейқамсызданған адамды өтірік бейқамдығы сәтсіздікке бастайды. Бейқамсызданған адам өзінің не жөнінде бейқамсыздануын білгенімен, бірақ буған нені пайдалануы керек екенін білмесе (172-бет), бұл білгені оған көмектеспейді; сондай-ақ бейқамның бір істі тиісті түрде орындау керектігін білмеуі оған зиянын тигізбейді, сондықтан олардың екеуінің де ара қатынасы жағынан бірдей және білуі, білмеуі жағынан айырмашылығы болады. Аль-Фараби. Социально-этические трактаты. Алма-Ата: Наука, 1973. - С. 171-274. Аударған: Ә. Әлімжанова

"ЭЙСАГОГЕ" КІТАБЫ НЕМЕСЕ "КІРІСПЕ" /1/ Аса қамқор, мейірімді Аллаға арнадым! (1). Бұл кітаптағы біздің мақсатымыз пікір құралатын және олар (пікір) бөлінетін заттарды, дәлірек айтқанда, жалпы силлогистік өнерде /2/ қолданатын силлогизм /3/ бөліктерінің бөліктерін атап көрсету болып табылады. Кез-келген пікір не қатаң, не гипотетикалық болады деп айтамыз біз. Кез-келген гипотетикалық пікір шартты бөліктер қосылатын екі қатаң пікірден құралады. Кез-келген қатаң пікір предикаттан және субъектіден тұрады әрі оларға бөлінеді. Кез-келген предикат пен субъект не қандайда бір идеяны білдіретін пікір айту болады, не қандайда бір пікір айту арқылы көрініс табатын идея болады. Қандайда бір пікір айту арқылы көрініс табатын кезкелген идея не универсали, не индивид болып табылады. (2). Универсали оған екі немесе одан да көп (зат) ұқсастық табатын қасиетке ие болатын қандайда бір құбылыс болып табылады, ал индивид - ол екі (зат) арасындағы ұқсастықты өзінде ешқандай болдыра алмайтын құбылыс. Бұдан басқа, универсали біреуден коп (зат) үшін предикат болуы мүмкін, ал осы арада индивид біреуден басқа (зат) үшін предикат бола алмайды. Пікірдің екі бөлігі де универсали болуы мүмкін, мысалы, біз: "Адам - жануар" - деп айтқан кезде. Ғылымда, диспуттарда, софистикалық өнерде және көптеген басқа өнерлерде қолданатын пікір осындай. Пікірдің екі бөлігі де индивид болуы мүмкін, мысалы, біз: "Зейд - ол, сол тұратын", "Сол тұратын - Зейд" - деп айтқан кезде; бірақ мұндай пікір аз қолданылады. Субъект - индивид, ал предикат - универсали болуы мүмкін, мысалы, біз: "Зейд - ол адам" - деп айтқан кезде. Мұндай пікір риторикада, поэзияда және практикалық өнерде жиі қолданылады.

Субъект универсали болуы мүмкін, ал предикат бір немесе бірнеше индивидке қатысты болады, мысалы, біз: "Адам - Зейд" немесе "Адам - ол Зейд, Амр және Халид" - деп айтқан кезде. (Пікірдің) мұндай әртүрлілігі аналогияда және индукцияда, оларды біз силлогизмге тоғыстырған кезде қолданылады. Егер предикат бір индивидке қатысты болатын болса, онда біз аналогияға қол жеткіземіз, ал егер көптеген индивидке қатысты болса, онда индукцияға /4/ қол жеткіземіз. (3). Жалпы идеяның ішінен қатаң пікірлердің бөлігі ретінде алынатындардың кейбіреулері қарапайым болады және қарапайым пікір айту арқылы көрініс табады, ал басқалары - күрделі және құрамдас пікір айту арқылы көрініс табады, тіпті олардың мазмұны түсіндірмелік сипат емес, керісінше, шектеуші және себептестік сипат алады. Мысалы, біз "ақ адам" немесе "ақылды жануар" деп айтқан кезде, сол "адам" "ақпен" шектелгені сияқты, (мұнда) "ақылдымен" шектеледі және себептілікте болады. Мұндай мазмұндағы күрделі жалпы идеяның қарапайым идеяларға бөлінетіні түсінікті. (4). Қарапайым жалпы идеялардың түрі туралы ой толғау. Көптеген ежелгі (ойшылдар) қабылдаған классификация бойынша, бес жалпы идея өмір сүреді: тек, түр, айырушы белгі, жеке белгі және кездейсоқ белгі. А. ТЕК ЖӘНЕ ТҮР ТУРАЛЫ ОЙ ТОЛҒАУ Индивид үшін предикат болатын универсалилер қауымдастық және жекеше тұрғысынан алғанда бір-бірінен басым бола алады. «Адам» мен «жануар», мысалы, Зейдке қатысты алғанда предикат болады, бірақ «адам» «жануарға» қарағанда біршама қандайда бір жекеше болып табылады. Бізде тегі және түрі бойынша ерекшеленетін қарапайым универсалилер болған кезде, олардың әрқайсысы: «Бұл индивид не болып табылады?» - деген сұрақтың жауабы қызметін атқаруы мүмкін. Мұндай универсалилердің ішінде өте жалпы сипат алатындар және өте жекеше сипат алатындар да болады. Ал егер біз біртіндеп біршама жекешеден бірден-бір жалпыға - ең жалпыға дейін өрлейтін болсақ, онда олардың арасында аралық (универсалилер) пайда болады. Екі универсалидің біршама жалпысы тек болады, ал біршама жекешесі тур болады. Одан жоғары (басқа универсали) болмайтын, ең жалпы универсали - «жоғарғы тек», ал өзінен төмен (басқа универсали) болмайтын ең жекеше универсали «соңғы түрі болып табылады. Олардың арасында тұрған әрбір аралық (универсали) тек немесе тур болады. Ол оған бағынатын біршама жекеше (универсалилерге) қатысты тек ретінде болады, ал оны біршама жалпы мен қамтитын (универсалилерге) қатысты түр ретінде болады. Барлық бұл (аралық универсалилер) текке бағынышты болып табылады. Мысалы, осы жеке зат - ол пальма және оның пальма екені бізге белгісіз. Егер ол зат туралы: «біздің көріп тұрғанымыз не?» - деп сұрайтын болса, онда оған қолайлы жауаптар: «бұл - пальма», «бұл - ағаш», «бұл - өсімдік», «бұл - дене» - дегендер болуы мүмкін. Бұл (универсалилер) қауымдастық және жекеше тұрғысынан алғанда бір-бірінен басым болады. Олардың қай-қайсысын алмасақ та, біршама жалпы (универсали) тек қызметін атқарады, ал біршама жекешесі тур қызметін атқарады. Мысалы, «ағашты» және «денені» алатын болсақ: мұндағы «ағаш» - түр, ал «дене» - тек болады. Дәл сол сияқты, егер «ағашты» және «өсімдікті» алатын болсақ, онда «ағаш» - түр, ал «өсімдік» - тек болады. Егер теңдей дәрежеде «ағаш» пен «пальманы» алатын болсақ, онда «пальма» - түр, ал «ағаш» - тек болады. Мейлі дене жоғарғы тек болсын, барлық осы (универсалилердің) ішіндегі ең жалпысы «дене» болады. Мейлі

«пальма» соңғы түр болсын, олардың ішіндегі ең жекешесі «пальма» болады. (Онда) «ағаш» пен «өсімдік» «пальма» мен «дене» арасындағы аралық (универсали) болады. (Атап көрсетілген универсалилердің) әрқайсысы әрі тек, әрі тур болып табылады. «Ағаш» «пальмаға» қатысты тек және «өсімдікке» қатысты түр болады; «өсімдік» «ағашқа» қатысты тек және «денеге» қатысты түр болады. Егер біршама жалпыдан бірден-бір жекеге қарай шегіну реті бойынша жоғарғы тектен /5/ төмендейтін болсақ, «Ағаш», «өсімдік» және «дене» текке бағынышты болады екен. Жоғарғы тек тур ретінде емес, тек тек ретінде ғана көрініс табады. Ол оның өзіне бағынатын текке қатысты тек болып табылады. Соңғы түр тек ретінде көрініс таба алмайды. Ол оның көлемді түріне қатысты тур болып табылады. Сөйтіп, тек - ол: «алынып отырған жекеше зат - ол не?» - деген сұрақтың жауабы болуға қабілетті екі универсалидің ішіндегі біршама жалпысы, ал түр - осы екі универсалидің ішіндегі біршама жекешесі. (5). «Бұл не?» - деген сұраққа жауап беру кезінде қолдануға болатын әрбір әмбебап предикат дәл сол оның не (болатынын) білдіретін предикат болып табылады. Себебі, әрбір тек оған бағынышты түрге қарағанда, біршама жалпы сипат алатын болғандықтан да ол бірден де көп түрде білініп отырады. Тең дәрежеде соңғы тур бірден де коп индивидте білініп отырады. Бір сол соңғы турге жататын индивидтер өздерінің сандарына өзара ерекшеленеді, мысалы, Зейд, Амр жэне Халид. Әртүрлі соңғы түрге жататын индивидтер өздерінің түрлеріне қарай өзара ерекшеленеді, мысалы, Зейд және ат немесе жеке бұқа. Себебі, әрбір тек бірден де көп түрде білініп және сонымен қоса, осы түрлердің әрқайсысына (енетін) жекеше заттарда білініп отыратындықтан да ол бір-бірінен түрі бойынша ерекшеленетін жекеше заттарда да "бұл не?" - деген сұраққа жауап бере отырып, білініп отырады. Соңғы түр болса, "бұл не?" - деген сұраққа жауап бере отырып, саны бойынша бір-бірінен ерекшеленетін тек жекеше заттарда ғана білініп отырады. Әрқайсысы басқа затқа қарағанда өзге төменгі түрге бағынышты болатын көптеген жекеше заттар да болуы мүмкін; бұл түрлердің әрқайсысы басқа төменгі түрге қарағанда өзге текке бағынады; тектердің әрқайсысы келесі, бұл тектердің басқалары бағынатынға қарағанда, өзге біршама жалпы текке бағынады; сонымен, басқа тек көтерілген биікке қарағанда, әрбір тек өзге текке қол жеткізгенге дейін солай бола береді; мұндай тектер көптеп бола береді. Егер түр, олардың арасында басқа аралық тек болмайтындай дәрежеде текке бағынатын болса, онда бұл тек осы турге қатысты алғанда жақын тұрған тек болады, ал аталмыш түрлер біртектес түрлер болады. Жақындағы тектен жоғары туратын әрбір тек сол турге қатысты алғанда біршама қашықтаған тек болады, ал әртүрлі тектерге бағынатын түр әртектес түрлер болады. Бір тек екінші текке бағынбайтын төрт (тип) өмір сүреді, дәлірек айтқанда: 1) жоғарғы тек; 2) аралық тек, оның әрқайсысы басқа аралық текке қарағанда, өзге жоғарғы текке бағынады; 3) бір-біріне қатысты алғанда біртектес түр сияқты болатын тектер; 4) аралық тектер, олардың әрқайсысы басқа аралық текке қарағанда, өзге аралық текке бағынатын түр болып табылады, тіпті олардың барлығы бір ғана текке барып тіреледі. "Бұл не?" - деген сұрақ тек жеке затқа ғана емес, сонымен бірге, ол соңғы және аралық турге де қатысты болуы мүмкін. Оған жауап болса, не жақындағы, не біршама алысырақ текті көрсету арқылы беріледі. Мысалы, біз: "Пальма деген не?" - деп сұраған кезде: "Ол - ағаш" және "Ол - өсімдік" - деп жауап беруге болады. Егер де: "Ағаш дегеніміз не?" - деп

сұраса: "Ол - өсімдік" немесе "Ол - дене" - деп жауап беруге болады. Басқа түрлермен де дәл солай болады. (6). Б. АЙЫРУШЫ БЕЛГІ ТУРАЛЫ ОЙ ТОЛҒАУ Айырушы белгі - ол қарапайым универсали, ол арқылы біртектес түрлердің әрқайсысы оз субстанциясы бойынша бір тана түрлер тегіне енетіндерден ерекшеленеді. Өйткені бір зат басқасынан өз субстанциясы бойынша емес, керісінше, қандайда бір жағдайы бойынша ерекшеленеді, мысалы, екі көйлек бір-бірінен олардың біреуі ақ, ал екіншісі қызыл болу белгілері бойынша ерекшеленеді. Бірақ, бір зат басқасынан оз субстанциясы бойынша ерекшеленетін де жағдай болады, мысалы, киіз пальма талшығынан ерекшеленеді немесе бір көйлек екіншісінен олардың біреуі зығыр талшығынан, ал екіншісі мақтадан немесе жүн матадан жасалу белгісіне қарай ерекшеленеді. Сол арқылы бір түр басқасынан оз субстанциясы бойынша ерекшеленетін, сол бір жақындағы түрге де енетін қарапайым универсали айырушы белгі болып табылады. Бір түр онымен біртектес басқа түрден оз субстанциясы бойынша ерекшеленетін болса, онда ол барлық басқа түрлерден де айрықша болатыны түсінікті. Бір түрді оз субстанциясы бойынша басқасынан ажыратуға болмайтын кезде, басқа атауларды қолдану керек. (7). Тек пен айырушы белгіге ортақ нәрсе, олардың әрқайсысы мәнді және түр субстанциясын белгілейтіндігі; бірақ тек осы және басқа түрлер үшін ортақ субстанцияны белгілейді немесе оның субстанциясын басқа түрлермен бөлісетіндері арқылы белгілейді. (Соның арасында) айырушы белгі (ретінде) ол сол арқылы басқа түрден ерекшеленетін түр субстанциясын белгілейді немесе оның субстанциясын басқа түрлерден бөлінетін және ерекшеленетін (белгісі) арқылы белгілейді. Басқаша айтқанда, тек оған бағынатын түрлердің әрқайсысын оны бөлектеп көрсететін (нәрселер) арқылы белгілемейді; ал айырушы белгі әр түрдің субстанциясын оны бөліп көрсететін (нәрсе) арқылы белгілейді. Сондықтан біз сол немесе өзге тур туралы: "Бұл не?" - деп сұраған кезде ол қандай текке жататынын да көрсетеміз. Осы тур басқа онымен біртектес түрден, осы түрдің тегіне сұраулы белгілі бір "қандай?" дейтін бөлікті қоса отырып, субстанциясы бойынша немен ерекшеленетінін білмейінше біз қанағаттанбаймыз. Түрді, "бұл не?" екенін оны басқа заттармен не біріктіретіні арқылы қашан біле алатынымызды жеткілікті дәрежеде біз әлі білмейтініміз түсінікті; біз оны тек онымен бірге оны не даралап көрсететінін білген кезде ғана танимыз. Мысалы, біз: "Пальма дегеніміз не?" - деп сұраған кезде, бізге: "Бұл - ағаш" - деп жауап беруі мүмкін. Бірақ біз онымен қанағаттанбаймыз да пальма өзінің субстанциясы және мәні бойынша онымен бір текке жататын басқа аташтардан немен ерекшеленетінін білгенді қалай отырып: "Бұл қандай ағаш?" —деп сұраймыз. (8). Қорыта айтқанда, біз әр кезде "қандай?" деген бөлікті сол арқылы осы түрдің өзі болатындығын көрсететін тек бізге жалпы белгілі болатын универсалиді ғана қосамыз. Бұл универсали ең жалпы универсали болуы мүмкін, сол арқылы осы тур сипатталады, мысалы, біз: "қандай зат пальма болады?" немесе "пальма қандай нақтылық болып табылады?" - деп сұраған кезде, "зат" және "нақтылық", солар арқылы индивид пен түрді сипаттауға болатын екі біршама жалпы универсалиді көрсетеді.

Универсали жақын, ал кейде өте жақын да тек болуы мүмкін, мысалы біз: "пальма қандай дене болып табылады?" немесе "ол қандай аташ болып табылады?" - деп сұраған кезде; бұл жағдайда айырушы белгі қолайлы жауап болып есептеледі. "Қандай?" деген бөлікпен үйлесетін тек біз білуге тырысатын турге жақын болған кезде, осы турге тиесілі болатын және оны субстанциясы бойынша онымен біртектес басқа түрлерден бөлектеп туратын айырушы белгіге қарай (нұсқау) ыңғайлы жауап болады. Мұндай сұраққа қолайлы жауап, (алайда), айырушы белгіге (нұсқаумен) әдетте қанағаттанбайды, ал сонымен бірге, оған осы тур бағынатын текті қосады. Мысалы, егер біз: "пальма дегеніміз не?" - деп сұрайтын болсақ, онда жауап бұл - ағаш дегенде болып табылады. Онда біз: "бұл қандай ағаш?" - деп сұраймыз, оған: "ол - жаңа немесе құрғақ құрма беретін ағаш" - деп бізге жауап береді. Немесе біз: "аба /б/ қандай көйлек болып табылады?" - деп сұраймыз, оған: "жүннен тоқылған" - деп бізге жауап береді; бұл жағдайда "көйлек" тек болып табылады, ал "жүннен тоқылған" - оның айырушы белгісі болып табылады. Оның тегі оның айырушы белгісімен үйлеседі және "бұл түр қандай текке енеді?" - деген сұраққа жауапты біз оның айырушы белгісімен үйлестіреміз. Онда аталмыш түрді біз шын мәнісінде жеткілікті және толық күйінде танығанымыз бізге көрініп тұр. Тек айырушы белгімен үйлесе отырып, түр анықтамасын (береді), ол тұрғыда біз, алдымен, "бұл не?" бөлігі арқылы, ал сонан соң, "қандай?" бөлігі арқылы сұрақ қойдық. (9). Кез-келген тур анықтамасының бірінші бөлігін оның тегі құрайды, ал екіншісін - оны толықтыратын және анықтамасын белгілейтін оның айырушы белгісі құрайды, өйткені ол оны оз субстанциясы бойынша не бөлектеп көрсететінін белгілейді. Ол анықтамасы анықталған түр үшін айырушы белгі болып табылады. Ол сонымен бірге, осы түрдің тегіне жатады, осыны ескере отырып, ол туралы осы тектің айырушы белгісі ретінде айтады, өйткені ол онымен үйлеседі және тікелей оның алдындағы құбылыс болып табылады. Айырушы белгілер тікелей төменгі екі тәсілдің бірінің тегінің артынан жүріп отырады: 1) Тек қарама-қайшылықта және қарама-қарсылықта болатын айырушы белгілермен үйлеседі, отан бөлетін кішкентай бөлшектер қосылады. Мысалы, біз: "көйлек не жүннен, не зығыр жібінен, не мақта жібінен тоқылған болады", немесе: "дене не қоректенетін, не қоректенбейтін болады" - деп айтатын болсақ, онда осының өзінде текті айырушы белгі арқылы болу жатыр деуге болады. 2) Тектен кейін тікелей оларды бір-біріне қарама-қарсы қоймай-ақ және бөлетін кішкентай бөлшектерсіз-ақ айырушы белгілер жүріп отырады, мысалы: "көйлек жүннен тоқылған", "көйлек зығыр талшығынан тоқылған", "көйлек мақтадан тоқылған", немесе: "қоректенетін дене, қоректенбейтін дене". Мұндай үйлесімділік "қандай?" деген сұраққа жауап береді және осы арқылы аталмыш текке енетін түрлердің анықтамасы алынады. Өзіне кейін тікелей айырушы белгі жүріп отыратын тек басым жағдайда өзіне лайық атауға не болады. Олардың екеуі де бір затты белгілейді және бір ғана мағынаға не болады, ал осы зат өзінің анықтамасы және атауы бар тур болып табылады. Өзіне кейін тікелей айырушы белгі жүріп отыратын тектің болуы, бірақ қолданыстағы тілде оған лайық атаудың болмайтын жағдайын да естен шығаруға болмайды. Бұл жағдайда біз атаусыз түр анықтамасына не боламыз, мысалы, біз: "қоректенетін дене" -деп айтқан кезде, өйткені соңғысының өзіне лайық атауы жоқ. Сонымен, атаудың анықталуын барлық жерде оны қолданатын жердің атауы ауыстырып отырады.

(10). Тек бөлінетін айырушы белгінің өзі оған бағынатын анықтаманы толықтырады, соның салдарынан текті айырушы белгіге болу оған бағынатын түрмен аяқталады, өйткені бөліп туратын кішкене бөлшекті алып тастаған кезде осындайлар оның анықтамасы болады. Әрбір аралық тек, өзі соның арқасында анықталатын бір айырушы белгіні қамтиды және сол арқылы ол бөлінетін тағы біреуін қамтиды. Сөйтіп, "жануар" "сезінуші" термин! арқылы анықталатын аралық тек болып табылады, өйткені бұл термин оның анықтамасының соңғы бөлігі болып табылады, себебі "жануардың" (толық) анықтамасы "қоректенетін және сезінуші дене" болып табылады; егер оған бөліп туратын кішкентай бөлшек қосылатын болса, "жануар" "ақылды" және "ақылсызға" бөлінеді. Ол немесе бұл түрді анықтайтын әрбір айырушы белгі осы түрдің тегін бөледі және әр кез ол немесе бұл текті бөлген кезде ол, сонымен бірге, сол текке бағынатын ерекше түрді анықтайды. Жоғарғы тек оны анықтайтын емес, тек оны бөліп туратын айырушы белгіге ие болуы мүмкін және соңғы тур оны бөліп туратын емес, тек оны анықтайтын айырушы белгіге ие болуы мүмкін болатыны белгілі, сол кезде, аралық тектің әрқайсысы бірі анықтайтын, ал басқасы бөліп туратын айырушы белгіге ие болады. Егер "қандай?" дейтін кішкентай бөлікпен байланысты болатын тек ізделіп отырған түрден бөлінген тек болып табылатын болса, онда қолайлы жауап осы текке жақын түрді анықтайтын айырушы белгі болуы керек. Бұл тек тікелей онымен бірге жүріп отырады, сонда біз біріншісіне бағынатын аралық тектің анықтамасын аламыз, екіншісіне біз "қандай?" деген кішкене бөлікті қосамыз. Бұл кішкентай бөлік екінші текке қайта қосымша қосылады да екінші текке жақын түрді анықтайтын айырушы белгі сұраққа жауап болып табылады, сондықтан тағы да анықтама түзіледі. Егер бұл тек біз тануға ұмтылған турге сәйкес келетін болса, онда біз көздеп отырған мақсаттың орындалғаны. (11). Егер осы анықтама өзінің көлемі бойынша ізделіп отырған түрден кең болатын болса, онда біз тағы да көзделіп отырған турге біршама жақын аралық текке қол жеткіземіз. "Қандай?" дейтін кішкентай бөлік оған тағы да қосылады да сұраққа жауап ретінде біз үшінші текпен қоса жүретін айырушы белгіні аламыз. Осындай ретпен біз әрі қарай сол арқылы енді біз жауап беретін айырушы белгінің жиынтығы және барлық бұрын болып өткен тануға біз ұмтыла отырған түрмен шамалас болғанға дейін әрі сәйкес келгенге дейін жүріп отырамыз. Сөйтіп, егер біз: "адам дегеніміз кім?" - деп сұрайтын болсақ, онда біз алдымен: "адам - ол кейбір дене" - деген жауап аламыз; біз әрі қарай: "ол қандай дене болып табылады?" - деп сұраған кезде, оған лайықты жауап: "қоректенетін дене" деген болады. Осындай жолмен біз түрдің анықтамасы ретінде көрініс табатын, "денеге" біршама жақын, бірақ "адамға" қарағанда біршама кең "қоректенетін дене" деген анықтаманы аламыз. Біз сонда: "ол қандай қоректенетін дене болып табылады?" - деп сұраймыз да оған: "адам - ол қоректенуші және сезінуші дене" - деген жауап аламыз. "Жануардың" анықтамасы осындай, өйткені ол онымен шамалас және егер біз "жануар" идеясын іздеген болсақ, онда біз өз мақсатымызға қол жеткізген болар едік және әрі қарай сұрағанымызды доғарған болар едік. Бірақ бұл анықтама біз ұмтылған "адам" анықтамасына қарағанда біршама кең сипат алатын болғандықтан, біз оған "қандай?" дейтін кішкентай бөлікті қайта қосуымыз керек те: "Ол қандай қоректенуші және сезінуші дене болып табылады?" - деп сұрауымыз керек, сонда: "ақылды" деген жауап аламыз. Сонымен, ол "қоректенетін, сезінуші әрі ақылды дене" болып табылады деген жауап ала отырып, біз осы жауап адам идеясымен сәйкес және шамалас келетінін аңғарамыз. Осындай жүйеге сүйене отырып

және осындай жолмен жүре отырып, біз көздеп отырғанға қол жеткіземіз; дәл осындай жолды "қандай?" дейтін кішкентай бөлікті қолдана отырып сұрақ қоятындар да және оған жауап беретіндер де ұстануы керек. (12). Егер біз "қандай" деген кішкентай бөлікпен сұраққа жауап ала отырып, атауы жоқ аралық турге дейін жететін жағдайда, жуық арада біз айырушы белгімен қосарланып жүріп отыратын текті тауып, бірақ олардың жиынтығымен шамалас келетін қандайда бір атауды таба алмайтын жағдайда, онда сұрап білуші бұл анықтаманы алуы керек те оны тур атауының орнына қоюы керек және оған "қандай?" кішкентай бөлікті қоса отырып, сұрақ қою керек. Сонымен, егер "адам дегеніміз не?" деген сұраққа ол дене болып табылады деп жауап берсе, ал сұрап білуші: "ол қандай дене болып табылады?" - деп сұрайтын болса және оған адам қоректенетін дене деп жауап беретін болса, онда бұл араб тілінде өзіне шамалас соз жоқ және атауы жоқ түрдің анықтамасы болатын тектің тікелей қосарлана жүріп отыратын айырушы белгісі болады. (13). Бұл анықтама атаудың орнын алуы керек, осының салдарынан сұрақ: "ол қандай қоректенуші дене болып табылады?" - деп қойылады. Егер жауап беруші атауы бар тур анықтамасына дейін жететін болса, онда сұрап білуші қалауы болған жағдайда ол түрдің атауын ала алады, оған "қандай?" кішкентай бөлікті қоса алады және келесі сұрақтарды қоя алады; бірақ қалауы болған жағдайда ол анықтаманың өзін де ала алады. Сөйтіп, адамға қатысты ол: "ол қандай қоректенуші дене болып табылады?" - деп сұрай алады. Оған ол қоректенуші және сезінуші дене болып табылады деп жауап береді. "Жануардың" анықтамасы осындай. Осыдан кейін сұрап білуші, егер қалайтын болса, былайша сұрауына болады: "ол қандай жануар болып табылады?" немесе: "ол қандай қоректенуші және сезінуші дене болып табылады?". Сұрап білуші жиі қысқа айтуға ұмтыла отырып, соңғы айырушы белгіге "қандай?" деген кішкентай бөлікті қосады; сондықтан сұрақ былайша қойылуы да мүмкін еді: "қандай сезінуші?", толық анықтамаға не тең келген болар еді. Жүйе мен тәртіп "қандай?" деген сұраққа жауап беретінді ұстануы керек, оны текті түрге бөлетіндер біз анықтамасын іздеп отырған түрге қашан жеткенге дейін сақтауы керек. Себебі, егер оған жоғарғы тек белгілі болатын болса, онда ол оны оған жақын түрлерді анықтайтын айырушы белгілерге бөлуі керек және біз тануға ұмтылып отырған турге қашан жеткенге дейін сондай істеуі керек әрі ретпен жүруі керек. Егер ол бұл ретте атаусыз түрге дейін жететін болса, онда атаудың орнына анықтаманы қояды және оны бөледі. Егер ол атауы бар аралық (текке) дейін жететін болса, онда түрлер арасында орналасқан аралық текті біз ұмтылып отырған танымға және оны жоғары текке жібермес үшін қалаған жағдайда не атауды, не оның анықтамасын бөле алады. Ол көздеп отырған турге қол жеткізбейінше түрлерді анықтайтын айырушы белгіні алады. (14). В. ЖЕКЕ БЕЛГІ ТУРАЛЫ ОЙ ТОЛҒАУ Жеке белгі - ол қандайда бір жекелеген тур үшін толық көлемде және барлық уақытта өмір сүретін, бірақ оның мәні мен субстанциясын көрсетпейтін қарапайым универсали. Мысалы, жылқы үшін "кісінейтін" және төбет үшін "үруші" болады. Жеке белгі түрлер арасындағы субстанционалдық емес айырмашылықты анықтау жағдайда қолданылады. Түрлер арасындағы айырмашылықты оның анықтауы айырушы белгі мен оған ортақ нәрсе болып табылады, ал ол анықтаған айырмашылықтың субстанционалды емес болуы олардың

айырмашылығын білдіреді. Жеке белгі ол жеке белгі болып табылатын түрлермен шамалас болатыны анық және олар өздерінің көлемі бойынша көңіл аударуға турарлық нәрсе, мысалы, біз: "кез-келген жылқы - кісінеуші" және "барлық кісінейтіндер -жылқы" - деп айтқан кезде. (15). Г. КЕЗДЕЙСОҚ БЕЛГІ ТУРАЛЫ ОЙ ТОЛҒАУ Кездейсоқ белгі - ол тек пен түр үшін өмір сүретін және не біршама жалпы, не біршама жекеше сипат алатын, бірақ заттың мәнін немесе субстанциясын білдірмейтін қарапайым универсали. Мысалы, «ақ» және «қара», «тұратын» және «отыратын», «қозғалатын» және «тоқтап тұрған», «ыстық» және «суық» деп айтылады. Кездейсоқ белгі екі түрлі болады: 1) тұрақты кездейсоқ белгі, оны ішінде ол өзі өмір сүріп отырған заттан немесе ол өзі өмір сүріп отырған кейбір заттардан бөлінбейді, мысалы, "қараны" смоладан бөліп алуға және "ыстықты" оттан бөліп алуға болмайтыны сияқты; 2) бөлінетін кездейсоқ белгі, оны қамтушының тұрақты өмір сүруіне қарамастан, мысалы, адамға қатысты айтатын болсақ, "туратын" және "отыратын" сияқты, ол кейде болады, кейде жоғалып кетеді. Тек бір түрде тана өмір сүретін, бірақ жарым-жартылай тана болатын кездейсоқ белгі болады. Мысалы, мұрын үшін (таңқы мұрын), себебі ол әрбір (жекелеген) мұрында емес, (түр ретінде) тек сонда ғана болады; көз үшін көк көз де осындай болады. Біреуден көп түр үшін де өмір сүретін кездейсоқ белгі болады. Мысалы, "қара" мен "ақ", "қозғалатын" мен "тыныштықта болу" осындайға жатады. Кездейсоқ белгіні сондай-ақ, белгілі бір тектердің, түрлердің және индивидтердің арасындағы айырмашылықты анықтау жағдайында да қолдануға болады. Бірақ ол қандайда бір заттар арасындағы айырмашылықтарды анықтамайды және сондықтан да оның мәні мен субстанциясына қатысты, ол үшін кездейсоқ белгі болып табылады. Түрлердің арасындағы айырмашылықты анықтау тұрғысынан алғанда, ол айырушы белгіге ұқсайды, бірақ одан айырмашылығы, түр өзінің субстанционалдық емес болуымен ерекшеленеді. Осыны ескере отырып, кездейсоқ белгілер айырушы белгілер болып та аталуы мүмкін, бірақ ол абсолютті мағынада емес, керісінше, кездейсоқ айырушы белгі мағынасында болады. Кездейсоқ белгі мен жеке белгінің арасындағы ортақ нәрсе - ол кездейсоқ белгінің бір түрді екіншісінен субстанцноналды түрде айырмауы болуы мүмкін. Бірақ олардың арасындағы айырмашылық мынада болып табылады, егер жеке белгі әр кезде, бір жағынан, барлық түрлер арасындағы, екінші жағынан, барлық оның шеңберінен шығатындардың арасындағы айырмашылықты анықтайтын болса, онда кездейсоқ белгі түрді барлығынан емес, ал тек кейбір заттардан ғана әрі тек белгілі бір уақытта ғана айыра алады. Кездейсоқ белгі, сондықтан кейде жеке белгімен үйлесімді белгі деп аталуы мүмкін, өйткені олардың көрсетілген зат үшін анықтаған айырмашылығы (тек) осы белгілі бір уақыттағы осы белгілі бір затқа ғана қатысты болады. Егер біз Зейд туралы: "бүл жиналыстағы адамдардың қайсысы ол болып табылады?"- деп сұрайтын болсақ және бізге: "ол - сол сөйлеп тұрған" - деп жауап беретін болса (егер осында отырғандардың ішінде оның жалғыз өзіне ғана сол кезде сөйлеу мүмкіндігі берілген болса), онда бүл оны осы жиналыста отырған тек басқа адамдардан ғана және тек осы белгілі бір

уақытта ғана айыратын белгі болады. Себебі ол сол кезде сөйлеген де болар, бірақ басқа адамдардың ортасында болуы да мүмкін еді немесе осы адамдардың ортасында болып, бірақ басқа уақытта сөйлеуі де мүмкін еді. Сондықтан, біз "анау, сөйлеп тұрған" деп айтатын болсақ, онда тек осы уақыттағы және тек осы жиналысқа қатысып отырған ғана басқа адамдарға қатысты алғанда бұл Зейдтің жеке белгісі болады. Біршама тым толық айырмашылық бөлінбейтін кездейсоқ белгі арқылы анықталады. Бөлінуші кездейсоқ белгілердің қалған бөлігі өте әлсіз айырмашылықты береді. Біз жоғарыда айтып өткендей, мұндай кездейсоқ белгілер тек белгілі бір затқа және белгілі бір уақытқа қатысты ғана айырмашылықтарды ажыратады. Порфирий Тирский өзінің "Эйсагоге" атты кітабында айырып көрсету кезінде қолданатын бөлінуші кездейсоқ белгілерді "жалпы айырушы белгілер" деп атайды. Бөлінбейтіндерін ол "жеке айырушы белгілер" деп атайды. Айырушы белгілер абсолютті магына тұрғысынан алғанда, олар - түрлер арасындағы айырмашылықты субстанционалды түрде жүргізетіндер, оны ол "ең жеке" белгілер деп атайды. (Соңғылары), сонымен бірге, "субстанционалды айырушы белгілер" және "мәндік айырушы белгілер" деп те аталуы мүмкін. (16). Тек айырушы белгілер арқылы бөлінеді. Ол сондай-ақ, түрлердің жеке белгілері арқылы да бөлінуі мүмкін. Мысалы, біз: "кісінейтін және үретін жануарлар болады"- деп айтқан кезде. Кейде ол кездейсоқ белгілер арқылы бөлінеді, мысалы, біз: "жануарлардың ақ бөлігі, қара бөлігі болады" - деп айтқан кезде. Ғылымдағы анықтау барысында текті айырушы белгілер арқылы болу әдетте қолданылатын және пайдалы нәрсе, ондайлар белгілі бір қажеттілікпен түрлерді және түрдің өзін анықтауға дейін барады. Сонымен бірге, текті жеке белгілер арқылы да болу пайдалы болуы мүмкін, ондайлар белгілі бір қажеттілікпен түрлерге дейін барады, бірақ олардың анықтамасын бермейді. Тектің өзін кездейсоқ белгілер арқылы болу қажетті түрде көздеп отырған түрге алып келмейді, мысалы, біз: "жануарлардың бір бөлігі ақ, бір бөлігі ақ емес болады және бір жазатын, бір бөлігі жазбайтын болады" - деп айтқан кезде. Сондықтан, мұндай бөлуді ғылымда қолданбайды. (17). Е. КҮРДЕЛІ ӘМБЕБАПТАР ТУРАЛЫ ОЙ ТОЛҒАУ /1/ Пікір жасауда предикат немесе субъект ретінде қолданатын күрделі идеялар біз жоғарыда кейбір атап өткен қарапайым универсалийлерден тұрады. Әрбір бөлікті құраушылардың өзара үйлесімділігі баяндаушы сипат емес, керісінше, себепші болу және шектеуші сипатына ие болады. Бұл айтылғанға анықтама, сипаттама, сондай-ақ, анықтама да, сипаттама да болмайтын пікір айту жатады. (а). Анықтама - тектен және айырушы белгіден туратын күрделі универсалий, мысалы, біз адам - ол ақылды жануар деп айтамыз. Егер қандайда бір анықтама, мысалы, осындай жағдай қоректенуші және сезінуші дене ретіндегі қоректенуші жануар анықтамасында орын алғанындай өзіне текті және бірден коп айырушы белгіні қамтитын болса, онда саған осы түрді анықтайтын белгі соңғы айырушы белгі болып табылатынын, ал текке қосымша к.осқан бұрынғы айырушы белгілер осы түрді қамтып жататын тек үшін анықтама болатынын білу керек. Бұл тек не атаусыз болады және ол кезде оның атауының орнын анықтама басады, не атауға ие болады және бұл кезде оның анықтамасы алынады, ал атау қалдырылады. Сөйтіп, егер біз "қоректенетін дене" "жануарлар" үшін тек болып табылады десек, онда ол ешқандай қарсылық туғызбайды. Дәл осылай, егер анықтама өзіне үш, төрт

немесе одан да көп айырушы белгілерді қамтитын болса, онда олар аралық тек болады. Анықтамасы олардың айырушы белгілерінің санына сәйкес өздерінің атауларының орнына алынады, мысалы, адамды анықтай отырып, біз ол - қоректенетін, сезінуші және ақылды дене деп айтамыз. Бұл жағдайда "қоректенетін дене" тек ретінде көрініс табады, ал "дене, қоректенетін және сезінуші" алдыңғысына бағынатын басқа тек ретінде көрініс табады. Басқа айырушы белгілерді кез-келген қосу біз соңғы түрге жетпейінше біріншісіне бағынатын текті береді, өйткені олардың жиынтығы біршама жалпы сипат алады. Әрбір аралық тек өзі бағынатын текке айырушы белгіні қосып отырады және дәл солай әрбір түр өзі бағынатын текке айырушы белгіні қосып отырады. Ол түр бағынатын тек анықтамасы оның атауының орнын басқан кезде және түр анықтайтын айырушы белгімен тікелей бірге жүріп отыратын кезде айдан анық болады. Осының салдарынан (философтар): айырушы белгі - ол соның арқасында түр тектен басым жағдайда болатын нәрсе", - деп айтады. (18). (б). Суреттеу тектен және жеке белгіден турады, мысалы, біз адам туралы, ол -күлетін жануар деп айтқан кезде, ал сонымен бірге, тектен және бір немесе бірнеше кездейсоқ белгілерден де құралады, мысалы, біз адам — жазушы жануар немесе сатушы әрі сатып алушы жануар деп айтатын болсақ. (в). Не анықтама, не суреттеу болмайтын пікір сөз түрден және кездейсоқ белгіден құралуы мүмкін, мысалы, біз Зейд туралы, ол — ақ адам деп айтатын болсақ. Кейде ол бірнеше кездейсоқ белгілерден құралуы мүмкін, мысалы, біз Зейд туралы, ол - өте керемет хатшы деп айтатын болсақ. Кездейсоқ белгілерден құралатын пікір сөз өзінің көлемі бойынша оның өзі қолданылатын түрге қатысты алғанда онымен тепе-тең болып келуі мүмкін. Ол сондай-ақ, оның жеке белгісі деп аталады, мысалы, біз үшбұрыш туралы, оның үш бұрышы екі түзу қабырғаларына тең деп айтқан кезде. Сондықтан ол үшбұрыштың жеке белгісі болып табылады деп айтады. Дәл сол сияқты, біз адам туралы, ол білімге және басқаларға бейім деп айтамыз. Шын мәнісінде де Аристотель өзінің "Топикасында" суреттеуді жеке белгі деп атайды. Анықтама анықталушымен сәйкес келеді, мысалы, біз: "кез-келген адам - ақылды жануар" және "кез-келген ақылды жануар - адам" деп айтқан кезде. Осындайды суреттеудің суреттелушіге сәйкестік қатысы туралы да айтуға болады. Атауы және анықтамасы бар идеядағы соңғысы оның атауымен шамалас болады; ол екеуі де зат болмысының мәнін білдіреді, бірақ мұндағы айырмашылық сонда, оның атауы идеяны білдіреді және зат болмысының мәнін жалпылама білдіреді, яғни онша егжей-тегжейлі және тыңғылықты емес, отан қарағанда анықтама идеяны және зат болмысының мәнін, оның болмысы мәнін не құрайтын болса, сол арқылы тыңғылықты әрі егжей-тегжейлі белгілейді. Өзінің көлемі бойынша суреттеу мен атау да дәл сол сияқты бір-бірімен шамалас болады, бірақ суреттеу зат басқа заттардан немен ерекшеленетінін, яғни ол арқылы нақ осы заттың болмысының мәнін анықтауға болмайтынды білдіреді. Атауы жоқтарды белгілеу үшін атаудың орнына оның анықтамасы немесе суреттемесі қолданылады. "Эйсагоге" кітабы аяқталды. Мадақтың бәрі Аллаға, өйткені Ол соған тұрарлық.

Аль-Фараби. Логические трактаты.
Алма-Ата: Наука, 1975. С. 121-152.
Аударған:Д. Раев

ЖҮРЕКТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ Аристотель былай дейді: болмыс, қажеттілік пен мүмкіндік (ужуд, ужуб, имкан) өздерінен бұрын басқа ұғымдардың көмегіне сүйенбей қиялда пайда болған түсініктер болып табылады. Бұлар санада көрініс табатын мағыналар. Егер булар туралы анықтама берер болсақ, бұл анықтама, тек қана осы мағыналарды ескерту мақсатында ғана. Әйтпесе, олардан да айқын басқа мағыналармен анықтау мақсатында емес. Бар нәрселер екі түрлі болады: Бірінші түрі өз алдына жеке қарастырылғанда болмысы міндетті болғандықтан бар. Бұл болса - (әл мэужуд ул ужуд) міндетті болмыс. (Екінші түрі болса, оз алдына жеке қарастырылғанда болмысы міндетті емес). Ал болмысы мүмкін болған нәрсенің (әл мэужуд ул мумкин) жоқ деп есептелінуі де мүмкін. Ол нәрсенің пайда болуы үшін себеп керек. Формасы тұрғысынан пайда болуы мүмкін нәрсенің басқасы (себеп) арқылы пайда болуы міндетті болады. Формасына қарағанда оның болмысы әрдайым мүмкіндік ретінде қалады. Басқасының (себеп) арқасында ол болмысқа ие болады. Бұл болмыс онда қадим (көне заттағы секілді) не әрдайым болады немесе (жоқ заттағы секілді) белгілі бір уақытта болып, басқа уақытта болмайды. Бар болуы мүмкін болған нәрсе бір-біріне себеп болып, ешбір бөгетке қарамай шексіз бірбірімен байланыса алмайды. Немесе соңғы болмыс алғашқы болмысқа себеп болуы арқылы жалғаспайды. Бәлки оз басын жеке алып қарағанда пайда болуы міндетті болатын алғашқы болмысқа тірелуі сөзсіз. Жеке алып қарағанда, пайда болуы міндетті болмыстың жоқ екендігін ойлау мүмкін емес. Болмысы «қажетті болмыс», басқа болмыстардың бар болуының алғашқы себебі болып табылады. Сол себепті де оның болмысы болмыстардың ең көнесі (қадим) болып табылады. Бұл болмыс кемшіліктердің барлығынан пәк. Олай болса оның болмысы ең кемел болмыс болып табылады. Бұл үшін не фактор, не мақсат я болмаса материалдық ешқандай себеп жоқ. Болмысы да (басқа болмыстардағы секілді) болмыстан басқа мәнге ие емес. Оның міндетті болмыстан басқа мәні жоқ. Оның ақиқаты осыдан тұрады. Осыған орай оның түрі мен шегі жоқ, түр және шек арқылы анықталмайды және ол үшін дәлел де жоқ. Ол - Бар. Оған жоқтық араласпайды, оның потенциалды болуы да мүмкін емес. Сондықтан оның жоқ болуы да мүмкін емес. Өмір сүруін тоқтатпауы үшін еш нәрсеге мұқтаж емес. Ол - Бір. Яғни басқа да өзі секілді болмыс бар болып, екі міндетті болмыстың бірге болуы да мүмкін емес. Ол - Біреу ғана. Яғни, бүтіндер мен сандар сияқты бөлінбейді. Олай болса оның саны жоқ және ол туралы қайда және қалай деп сұрақ қойылмайды. Ол - дене емес. Ол - біреу ғана. Яғни, оның шын болмысы, өзін басқа болмыстардан айыратын болмыстан басқа нәрсе емес (яғни мәні мен мазмұны басқа басқа нәрселер емес). Оның қарама-қарсысы жоқ. Ол — өте саф. Бүл үшеуі онда бірдей мағынаны білдіреді. Ол - хаким, тірі (хай), құдіретті (қадир). Кемелдік пен әсемдіктің ең соңғы дәрежесінде. Формасына деген қуанышы өте үлкен. Ол - алғашқы ғашық мен машұқ. Болмысы тасып, одан басқа болмыстар пайда болған. Басқа барлық нәрсенің болмысы одан шығады. Одан бөлініп шыққан болмысқа байланысты пайда болған нәрсе, дәрежелеріне байланысты орналасады. Әрбір болмыс өз үлесіне тиісті болмысы мен мәртебесін Одан алады. Барлық нәрсе Онымен байланысты. Біздің қалауымыз секілді қалауымен болмайды. Егер олай

болған болса, өзінен басқа бір мақсат үшін қалаған болар еді. Сонымен қатар бір нәрсенің одан пайда болуы, білім мен қалау арқылы болуы керек екендігінен емес. Болмыстардың Одан пайда болуы, болмысындағы жүйенің бастамасы болып табылатын формасын ойлауы (та'акул) арқылы сол жүйе бойынша пайда болуы керек. Міне, осы ойлау құбылысы болмыстың себебі болған. Оның барлық осы болмыстарды ойлауы уақытқа сыймайды. Бәлки ол форма және жүйе бойынша оған керекті нәрселерді тұтас ойлаған. Немесе барлық болмыстар мен көптікті ойлауынан формасында да көптік қажетті болған. Ол барлық болмыстарды әрдайым дүниеге келтіргендіктен олардың себебі болып табылады. Абсолюттік тұрғыдан жоқтыққа (адам) қарсы шығады. Әйтпесе жоқтықтан кейін қайтадан пайда қылады деген мағынада емес. Алайда мына нәрсені ұмытпау керек: болмыстардың форма жағынан лайық болған жоқтығын теріске шығармайды. Олай болса ол бастама (мубди) болу мағынасында себеп болып табылады. Бастама болса, шын мәнінде жоқ болған нәрсенің бар болуын формасынан басқа себепке қатыссыз жалғастыруы болып табылады. Оның формасында бүкіл болмыстардың өзінен пайда болуына кедергі келтіретін еш нәрсе жоқ. Олай болса бұл мағынада да барлық нәрсенің болмысын өзінше қалай алады. Әу баста болмаған бір еріктің қайта пайда болуы мүмкін емес. Барлық нәрсеге оның себеп болуы, араларында байланыс болмаған нәрсені тікелей бастама етіп, сол нәрсе арқылы басқаларына да себеп болуы арқылы болады. Ең ескі болған нәрсе біреу ғана. Одан басқалары жаңа. Оның іс-әрекетіне не үшін деген сауал қойылмайды. Ешбір іс-әрекетті оз формасынан басқа бір мүдде үшін істемейді. Одан пайда болған алғашқы болмыс біреу ғана. Ол да - бірінші ақыл. Бұл болмыста шартты көптік бар. Сондықтан да формасына байланысты болмысы мүмкін және алғашқы бастама болуына байланысты міндетті. Формасы мен алғашқы бастаманы ойлайды. Ондағы көптік алғашқы бастамадан келген. Сондықтан да оның болмысының мүмкін болуының формасына байланысты. Алғашқы бастамаға байланысты емес. Алғашқы бастамаға байланысты оның болмысы қажет болған (пайда болған). Болмысының қажетті болуы және алғашқы бастаманы ойлауына байланысты, осы бірінші ақылдан екінші ақылдың пайда болуы керек. Екінші ақыл да біреу ғана болып, онда да бірінші ақылдікіне ұқсас көптік болады. Болмысының мүмкін болуы және өзін ойлауы арқылы одан ең ұлы жұлдыздың (фалаки'ала') материясы мен формасы пайда болады. Жұлдыздың формасы сурет түрінде болады. Осы екінші ақылдан басқа бір ақыл мен үлкен планетадан (жұлдыздан) да дәрежесі төмендеу бір жұлдыз пайда болды. Бұл да ондағы өткінші көптікпен байланысты. Осылайша әрбір ақылдан ең соңғы ақыл мен бөлінген сюжетке жеткенге дейін бір ақыл мен бір жұлдыз пайда болған. Ақылдан, ақыл мен жұлдыздардың пайда болуы шексіз жалғаспайды. Бұл ақылдар әр түрлі болады. Ең соңғы ақылға келер болсақ, бұл ақыл алғашқы бастаманы ойлауы арқылы дүниедегі жандыларға себеп болды. Өз формасын ойлауына байланысты көктегі денелердің орташа болуына және элементтерге себеп болды.

Аспандағы нәрселермен және аспандағы нәрселерден пайда болған әрекеттермен болған өлшемдеріне байланысты элементтерде көптеген синтездер пайда болып, элементтер осы синтездердің арқасында соңғы ақылдың мазмұнынан өсімдіктік, жануарлық және адами формаларды қабылдауға дайын болады. Бар болу (каун) мен жоқ болу (фасад) және басқа да халде себептердің жақын және ұзақ болуы арқылы болады. Бүкіл осы хәлдер әрекеттен тұрады. Әрекет арқылы қозғалысқа түскен аспан денелерінің қозғалмайтын нәрсеге қарай әрекет етуі міндетті. Аспан денелерінің кезекпен қозғалмайтын денеге қарай қозғалуынан торт элемент от, су, ауа, топырақ пайда болады. Аталған ақылдардың әрқайсысы әлемдегі бар болуы керек жүйені білулері шарт. Осылайша аспан денелері мен торт элементтен басқа болмыстар да, өздерінен пайда болатын нәрселерге себеп бола алады. Аспан денелерінің (кулли) жалпы және (жузи) жалқы ойлау қабілеттері бар. Аспан денелерінде бір ойлау өзгерісі болған кезде булардан да денелік өзгерістер пайда болады. Бұл өзгерістер - әрекет болып табылады. Аспан денелеріне қатысты қиялда жанданған нәрселердің бір-бірімен байланыса отырып жалғасуы, денелік әрекеттің тоқтамауына себеп болады. Кейін бұл өзгерістер элементтердің өзгеріске ұшырауына және әлемдегі барлық пен жоқтыққа себеп болады. Аспан денелерінің бірігіп айнала әрекет етуі, элементтердің материясының бір болуын қажет еткен. Аспан денелерінің айырмашылықтары элемент формаларының айырмашылықтарына, олардағы өзгерістер де элементтердің өзгеріске ұшырауына және әлемнің пайда болуына, жоқ болатын нәрсенің жойылуына себеп болған. Аспан денелері, элементтер мен әрбір әлем материя мен формаға ие болу мәселесінде ортақ болса да, аспандағы нәрселердің материясы элементтер мен әлемнің материясынан өзгеше болады. Булар дене болу тұрғысынан потенциалды нәрселердің бірінші кемелі мағынасында, денелік тұрғыдан ортақ болуларымен қатар, басқаларының (аспандық дененің) формасы кейінгілердің (яғни элементтер мен әлемнің) формасына қарама-қайшы болады. Аспан денелерінде пайда болған әрекет, тек қана қарапайым қозғалыс болып табылады. Бар және жоқ әлеміндегі денелерде пайда болған әрекет болса, кеңістік, сандық және сапалық әрекеттер болып табылады. Әрекеттің төрт түрі бар: Қарапайым әрекет, кеңістік, сандық және сапалық. Мазмұнда әрекет қозғалыс болмайды. Бар болатын және жоқ болатын денелердің қарапайымдары түзу сызық бойынша әрекет етеді. Түзу сызық бойынша әрекет екі түрлі болады. Бірі төмен, екіншісі де жоғары қарай. Біріккен нәрселерде көрінетін әрекет болса, олардағы ең көп элементке байланысты болады. Формасыз материя шын мәнінде болмайтындығы секілді, материясыз табиғи форма да болмайды. Бұлардың бірі екіншісіне себеп бола алмайды. Бәлки бұл жерде бірін екіншісінен пайда қылған басқа бір себеп бар. Әрқашан да себептен пайда болған нәрсе табиғи немесе ерікті болады. Себептен пайда болмаған нәрсе кездейсоқ болып табылады.

Бар болған нәрсенің де себебі де болмыстық болып табылады. Жоқ болатын нәрсенің себебі болса болмыстық себептің жоқтығында. Қозғалыс пен әрекетсіздік, бастамалары сырттан болмаған кезде, я өзгеріссіз әрі еріксіз болады. Бұларға табиғи делінеді. Яки өзгеретін, әртүрлі және еріксіз болады. Бұларға өзіндік (нәпсіге тән) қозғалыс пен әрекетсіздік делінеді. Немесе бірнеше ерікті әрекет болып, олардың бастамалары я жандық әрекет, не болмаса жұлдыздық әрекет болып табылады. Уақыт деген нәрсе қозғалыста болатын және оған бағынатын нәрсе. Уақыттың ең қысқа бөлігі - сәт. Бір денені қоршап тұрған үстіңгі беті кеңістік болып табылады (уысында ұстап тұрған топтың айналасындағы уысымның беті доптың кеңістігі болады). Ол жерде вакум жоқ. Әрекеттің уақыт тұрғысынан бастамасы да соңы да жоқ. Аспан денесінің диаметрі мен ядросы болғандықтан, ол бағыттарды қоршап тұрады. Ешқандай сан бөліне-бөліне бөлінбейтін бөлікпен аяқталмайтындығы секілді, ешқандай дене осындай бөліктерден құралмаған. Бөлік, әрекет, уақыттың ешқайсысы да бөлінбейтін нәрседен құралмаған. Ешқандай қашықтықтың кеңістігі мен болмысы мүмкін болса, вакум шексіз ұзамайды. Айналу қозғалысынан басқа әрекетте байланыс болмайды. Уақыт тек қана айналып қозғалу әрекетімен байланысты. Түзу әрекеттер шеңбер немесе спираль мен бұрыш құрайтын аумағының арқасында да байланысын жалғастыра алмайды. Бағыттарды шектеп тұратын тек аспан денелері ғана. Әрбір дененің өзіне ғана тән кеңістігі мен пішіні бар. Ол кеңістік сол денені қоршап тұрады немесе ол дене аты аталған кеңістікте орналасады. Егер ол дене қарапайым ғана болса, тек бір кеңістік пен бөліктері әр түрлі емес пішінді, яғни шеңбер түріндегі пішінді керек етеді. Төрт элементтің әрқайсысының пішіндері шеңбер түрінде болады. Әлемнің қарапайым элементтері кеңістіктерге кезекпен орналасқан. Бұлардың ешқайсысы үшін бөлек-бөлек орын жоқ. Әлем барлық қарапайым элементтермен бір шарды құрайды. Бұл шардан басқа ештеңе де жоқ. Сол себепті бұл шар бір кеңістікте орналаспаған. Вакуммен де тола емес нәрсемен шектелмейді. Әлем - кейіннен пайда болған (хадис). Немесе бұл кейіннен пайда болу әлемнің пайда болуынан сәл бұрын болған. Сол сәтте Алла Тағала әлемді жаратқан. Ол, уақыт өткеннен кейін Жаратқан деген емес, бәлки әлемнің болмысы - Алла Тағаланың болмысынан формалық тұрғыдан төмен турады деген мағынада айтылған. Әр денеде әрекеттің тікелей бастамасы болып табылатын бір қуат бар. Түрлердің өзгешелігі денелердегі осы әрекет еттіруші бастамалардың айырмашылығынан туындайды. Кез-келген қарапайым дене өзінің табиғи орнына орналасқаннан кейін, мәжбүр етілмейінше қозғалмайды. Егер орнынан айырылар болса, табиғи әрекеттер арқылы бастапқы орнына қайта оралады. Жұлдызда (аспан денесінде) түзу әрекет бастамасы жоқ. Жұлдыздың формасына қарамақайшы форма жоқ және оның әрекетіне де қарама-қайшы қозғалыс жоқ. Қарапайым денеде түзу әрекет пен шеңбер түріндегі әрекет бастамасы паралелль болмайды. Табиғи шеңбері болмаған дене күшпен айналдыруды қабылдамайды (табиғи түрде айналмайтын денені күшпен айналдыру мүмкін емес. Сол себепті күшпен айналдыру табиғи қозғалысқа қарама-қарсы қозғалыс болып табылады).

Табиғатында шеңбер түрінде айналу қозғалысы болмаған денеде күшпен айналдыру немесе түзу қозғалыс болмайды. Бар және жоқ болатын әлемнің әрбір бөлшегінде түзу бір қозғалыс бар. Жұлдыздың табиғатына шеңбер түріндегі қозғалыс керек. Жұлдыздың табиғаты - бесінші. Суық емес, ыстық емес, жеңіл емес, ауыр емес. Жарылуды қабылдамайды. Қозғалысы болса табиғи емес, бәлки нәпсілік қозғалыс. Бірақ ләззат (шахуани) пен қызғаныш нәпсісі де емес. Бәлки әрекет түрінде қалуы үшін абстарктылық ақыл бастамасы еліктеу қалауынан келіп шығады. Өзінен кейінгілерді ойлап табуы осы әрекеттің арқасында болады. Аспан денелерінің әрқайсысының өзіне тән абстрактылы ақылы мен қалауы бар. Бұлардың барлығының қалауы бірдей болмайды. Немесе әрқайсысының өзіне тән және басқаларынан өзгеше қалауы болса да, олар толығымен бір машұқта (жақсы көрілген нәрседе), яғни алғашқы машұқта бірігеді. Бұлардың әрқайсысын жоятын күштің шексіз болуы керек. Бірақ денелік қуаттарының шегі болуы керек. Шегі бар кез-келген қуат денені шексіз уақытта жоя алмайды. Шегі бар қуаттың әрекетіне байланысты ешқандай да шексіздік болмайды. Ешқандай дене басқа денеге себеп болмағандығы секілді, нәпсі немесе ақылға да себеп бола алмайды. Мазмұн - болмысында форманы қажет етпейтін нәрсе. Ал өткінші нәрсе болса болмысында формаға мұқтаж болатын нәрсе. Элементтерде оларды әрекетке дайындайтын қуаттар бар. Бұлар - ыстық пен суық. Өте тез және ақырын іс-әрекетке дайындайтын қуаттар да бар. Бұлар дымқылдық пен құрғақтық. Элементтен туратын денелердің әрекет етуге, әрекет қабылдауға тиісті барлық қуаттары осы қуаттарға бағынады. Бұл төрт қуаттың ешбірі элементтердің формасы емес. Бәлки элементтердің ішінде табиғаты ең ыстық дене - от. Өте салқын дене де - су. Ең сұйық дене - ауа. Ең қаттысы да - жер (топырақ). Міне осы табиғи элементтер бар және жоқ болатын әлемнің негіздері болып табылады. Бар болу - материяда мазмұндық форманың пайда болуы. Жоқ болу да - мазмұндық форманың жойылуы. Бұл элементтер бірі екіншісіне өзгеруге бейім болады. Кейіннен пайда болған нәрсе өзгеріске түсіретін формасы әр түрлі жаратылыстарға мүмкіндік беретін әр түрлі өлшемдегі синтездер арқылы пайда болады. Ерекше қасиеттер осы формалардан пайда болады. Бұл қасиеттер кейде өзгеріп, ал форма болса өзгермейді. Элементтердің синтезінен пайда болған жаңа нәрседе элементтердің қуаттары мен формалары бұзылмай сақталады. Табиғи себептер төртеу: қозғаушы, материя, форма және мақсат. Синтездің ақиқаты - элементтердің өздеріндегі негізгі қуаттарынан пайда болған бір-біріне қарама-қайшы қасиеттерінде, ортақ бір қасиетке жеткенге дейін өзгерулері. Сол себепті кез-келген бір элементте қасиеттің күшті болуы форманың жойылуына себеп болады және басқа форманың материясы үшін толық қабілет пайда болады. Бұған қоса элементтің бейімделген формасы материялар тарапынан пайда болады. Еңбек етудің хикметі өте көп. Сол себепті де элементтер заттың негізі еді, олардан әр түрлі синтездер жаратты. Әр синтезді әр тур үшін дайындады. Синтездердің мөлшерден асып кетуі, түрлердің

кемелдіктен шығуына себеп болды. Адамның табиғатын ойлау қуатын қабылдауға дайын болсын деп оны орта деңгейге өте жақын етіп жаратты. Әрбір өсімдік түрінің жаны сол түрдің өз формасынан турады (ан-нафс ан-набати). Денелік құралдармен сол түрді белгіленген кемелдікке жеткізетін қуаттар сол жаннан туындаған. Бұлардың арасында адам сондай жанмен ерекшелетіні соншама, ол жаннан жұмыстарын денелік құралмен істейтін қуаттар туындайтындығы секілді, жұмыстарын құралсыз жасайтын және басқа жануарларда жоқ ақыл деген қуат та пайда болады. Бұл жан қуаттарының бір бөлігі ашу-ыза қуаты, тәрбие қуаты, жаратушы қуаты. Бұлардың әрқайсысының азықтандырушылары мен қызметшілері бар. Мұның қабылдау қуаттары, ішкі немесе сыртқы сезімдер мен қиялдау қуаты, есте сақтау қуаты мен ойлау қуаты. Мұның ағзаны жоятын қуаттары да бар. Аты аталған бүл қуаттардың әрқайсысы ісін құралмен орындайды, басқаша мүмкін емес. Бұл қуаттардың ешқайсысы материядан ажырамаған (яғни материалдық). Сондай-ақ жан қуаттарының бірі амалдық ақыл қуаты. Адам онымен адамға қатысты істердің қайсысының істелінуі керектігін анықтайды. Және де онда ғылыми ақыл қуаты бар. Бүл қуат оған нәпсінің мазмұнын белсенді сана ретінде толықтыра түсуіне қажет болғандықтан берілген. Бұл қуат бірнеше дәрежелерге бөлінеді. Материалдық сана, қол жеткізген сана (ақли айулани, ақли-мустафад). Ақылға қатысты нәрселермен байланысы бар бүл қуат дене болмағаны секілді, дененің ішінде де жоқ Бұл қуаттарға ие ойлау қуаты бір мазмұн болып, шын мәнінде адам дегеніміз осы. Оның талы мен бұтағы, ағзада жайылған қуаттары бар. Ол жан (ойлау нәпсісі) өзін қабылдай алатын және пайда болуға лайықты нәрсе болып табылатын тәннің немесе тән болуға қабілетті қоймалжың тамшының (нутфа) пайда болуы барысында формалар беруші тарапынан пайда болады. Рух болса тәннің бір бөлігі болып, жанның қолдануы үшін алдына қойылған бірінші нәрсе болып табылады (қолдануы үшін алғашқы мазмұн болып табылады). Кейін оның арқасында тәнді қолданады. Жанның тәннен бұрын бар болуы, кезекпен әр түрлі тәндерде болуы және бір тәнде екі жанның болуы дұрыс емес. Жан тәннен ажырап (муфарик) тән өлгеннен кейін мәңгі қалады. Ол жоқ болуды (фасад) қабылдамайды. Жан тәннен ажыралғаннан кейін бақыт немесе бақытсыздық секілді хәлдерге ұшырайды. Категориялардың (мақулат) бөлінетін және артатын нәрседе пайда болуы дұрыс емес. Жанның ақыл қуатын әрекетке және белсенді сананы кемелдену дәрежесіне шығаруы, тек қана оны (ақыл қуатын) потенциалдан әрекетшілге жеткізетін басқа нәрсе яғни белсенді сана (ал-ақыл фаал) арқылы болады. Бүл болса, тек қана ойлау жаны - қуаты (адам) мен белсенді сана арасында байланыстың пайда болуы арқылы болады. Жалпылар (кулли) сырттан болмайды. Риязият шын мәнінде материядан бөлек болады (муфарик). Мысалдар мен табиғи формалардың абстрактілі (мужаррад) және өз басына жеке болуы мүмкін емес. Жақсылық пен жүйе, әлемдегі негізгі мақсат болып табылады. Жамандық (шарр) болса, болмысы міндетті болған көптеген нәрсеге лайық болып, ол нәрсе жақсылық болып, адамдардың оған бас июі қажет болғандықтан ол да мақсат болып табылады. Мұғжиза - ақиқат нәрсе. Пайғамбардың оны жасауы мүмкін. Дұға - ақиқат әрі уәжіп және оның арқасында шапағатқа бөленеді. Түс - ақиқат, қиын білім алудан басқа ғылымдарды

үйренгендігі туралы айтылған сөздер ақиқат. Ғайып әлемін білетіндері - ақиқат. Ғибадат - пайғамбарлар арқылы келген бұйрықтар мен тиымдар уәжіп. Адамның толық мағынадағы кемелділігі ғылым мен амал екеуінің тұтастығы арқылы мүмкін болады. Ұлы мәртебе мен үлкен бақыт тек қана нағыз құт (хикмет) иесіне тән. Hіlmі Zіya Ьlкеп, КэуатеМп Burslav, FARAB3, Эstanbul 1941,115-127 беттер; Hіlmі Zіya Ьlкеп, Kjvamettіn Burslav, FARABS, Kannat Kіtabevі, Ankara Кьгьрһапеsі, tarіhsіzTьrk Эslam Fіlozoflara: ІІІ, Сондай-ақ бұл кітаптың бір нұсқасы Анкара университеті, Теология факультеті кітапханасында, индексі 15104, сериясы 12000 сақтаулы). Аударған: Д. Кенжетай

TYCІHІKTEMEЛEP Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактат 1. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактат» - Ара ахя алмадинат ил - фадила» Ибн Абу Усейби'аның айтуынша, («Уйуи ал-ачба фи табакат илагибба). Мюллер бастырған, Кенигсберг, 1884, ІІ том, 138-139-беттер, Әбу Насыр әл-Фараби бұл еңбегін Багдадта жаза бастаған, 942 жылы Дамаскіде аяқтаған. Кейіннен ол өзінің бұл шығармасын қайта қарап, тарау-тарауға бөлген, ал 948 жылы Египетте болған кезінде ол бұл кітапты үлкен-үлкен алты бөлімге бөлген. Ол мінсіз адамзат қоғамының сипаттамасына, сірә сол кезде өз заманының бүкіл дүниеге көзқарасын қосып баяндаса керек. Бұл трактатта алғаш рет Лейденде Берлин университетінің профессоры Фридрих Дитерици Британия музейінің №425, 3 (жаңа каталог бойынша №7518) қолжазбасы және Бодлей атындағы кітапхананың (Оксфорд №120, 3) қолжазбасы негізінде бастырып шығарған. Біздің аудармамыз Дитерини бастырып шығарған текст бойынша жасалды, сондықтан бет беттегі көрсетулер де сол текстен алынды. 2. 26-27 тараулар А. В. Сагадеевтің аудармасы бойынша берілді. Оның бұл аудармасы мына кітапта жарияланды: С. Н. Григорян. Орта Азия мен Ирак философиясыньщ тарихынан. М., 1960, 166195-беттер. 3. А. В. Сагадеевтің аудармасын бастырғанда бұл тақырыптың аты алып тасталынған. 4. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактат», «Азаматтық саясат» және «Мемлекет қайраткерінің афоризмдері» сияқты, социология жанындағы ірі шығармаларына өзінің бүкіл философиялық жүйесін -метафизика мен психологиядан бастап, этика мен социологияға дейін түгелдей дерлік енгізген себебі - Платон сияқты әл-Фараби де азаматтық қоғам туралы ілімді өзінің бүкіл ілімімен мейлінше тығыз байланыстыра қарайды. Мұның өзі - оның трактаттарының бәрінің дерлік ерекше сипаты - нақты тақырыпты баяндау алдынан бүл мәселенің теориясы мен баяндау түрін қайткенде жақсы құру туралы жалпы принциптер мен методологиялық ойларды келтіреді. Арабша ал-мамрудун деген сөзді контекстке сәйкес «көрегендер» деп аудардық. Бұл сөзді орыс тіліне аудару қиынға соғады. 6. Ал-мауджуд ал-аууал — Бірінші Тұлға. Бірінші Тұлға деп әл-Фараби Алла тағаланы, Бірінші себепті: (ас-сабаб ал-аууал) және Бірінші Қозғауышты (ал - мұхаррик ал-аууал) айтады. Әл-Фарабидің қандай да болсын материя мен формаға тәуелсіз, себепсіз болмыс туралы көзқарасы, түгелінен алғанда, - объективті идеалистік көзқарас, бірақ әл-Фараби, Аристотельдің ыңғайымен, құдайды - «әлемнің жаратушысын» дерексіз «Бірінші себеп», Бірінші Тұлға және т. с. атаулармен ауыстырады. Мұндай көзқарас орта ғасырлық Шығыс жағдайында прогрессивтік көзқарас болды, өйткені айнымас исламға қарсы қойылды. 7. Ал-файд - сөзбе-сөз алғанда өту деген. Бұл сөзбен әл-Фараби ерекше платондық терминді - эманацияны - белгілейді. Әл-Фараби жаңа платоншылдықтың эманациялық теориясының белгілі бір ықпалында болды. Дүние, әл-Фарабидің пікірінше, құдайдың эманациясы. Бұл эманацияда болмыстың иерархиялық түрде орналасатын сатылары белгілі бір түрде рет-ретімен келіп отырады.

8. Ат-тафадул - сөзбе-сөз алғанда, белгілі бір құбылыстардың өздерінің басымдылық дәрежесіне қарай орналасуы мағынасында дифференциялануы болып шығады. Әл-Фараби бұл терминді иерархия мағынасында қолданады. 9. Ал-мауджадат ас-сауани - «екінші тұлға». Бірінші тұлғадан шығатын екінші тұлғалар аспан әлемінде. Әл-Фарабидің ойынша бірінің қойнауынан бірі орын алған он аспан сферасы бар. Ең қиыр сфера қозғалмайтын жұлдыздар сферасының сыртында. Келесі сфера - қозғалмайтын жұлдыздар сферасы, ал қалған сфералардың әрқайсысы -планеталардың біреуінің сферасы. Жер барлық аспан сфераларының ортасында. Әрбір аспан сферасының жаны бар. Ол осы жан арқылы қозғалады. Бұл жандар өздерінің күшін аспан сфераларының интеллектілерінен алады, ал интеллектілердің бәрі өздерінің күшін Бірінші Қозғауыштан алады. Ең соңғы космостық интеллект - «әрекетшіл интеллект» (ал-'акл ал-фа'ал) - Ай сферасында. 10. Ал-мауджудат аг-таби 'ийа - сөзбе-сөз алғанда, «табиғи бар нәрселер, ая-муджудат алирадийа — сөзбе-сөз алғанда «өз бетіндік тұлғалар. Табиғи өмір сүруші заттар деп әлФараби төрт негізгі элемент (су, ауа, от және жер), өз бетіндік заттар деп олардың әр түрлі ұштасуын түсінеді. Төрт элемент туралы ілімді антика философиясынан алған. Бастауыш элементтерді әл-Фараби грекшеден өзгертілген устукусат деген сөзбен атайды. 11. Ас-сура - «форма», ил-мадда - «материя», форма мен материя, әл-Фарабидің пікірінше, болмыстың бесінші және алтыншы сатылары. Аристотельге іле-шала әл-Фараби материяға қозғалыс, сан және сапа қасиеттері тән деп санаған. Форманың материяға қарағанда бірінші болып табылатынын мойындай тұрса да, әл-Фараби мунымен бірге олардың бөлінбейтінбігін атап көрсетеді. 12. Ал-харакат ал-даурийа - «айналмалы қозғалыс». Әл-Фараби Аристотельге іле-шала, тура қозғалысты жер үсті денелерден өзгеше аспани денелердің өздеріне тән айналмалы қозғалысы бар деп есептейді. 13. Ан-нафс ая-инсанийа - «адам жаны». Әл-Фарабидің пікірінше, жан болмыстың төртінші сатысы. Бұл терминді, оның қалай түсінетінін толық білу үшін, әл-Фарабидің психология саласындағы негізгі шығармаларын - «Даналық таңба тастар» және «Мәселелердің мәні» деген шығармаларын алып қарастыру қажет, әл-Фараби жанның құрылымы мәселесінде Аристотельдің ықпалына мықтап ерген. Аристотельдің «Жан туралы» шығармасын әлФарабидің жақсы білгені және оны ешқандай жаңа платоншылдық идеалистік тосапсыз таза қолданғаны байқалады. Адамның жанында, әл-Фарабидің пікірінше, әр түрлі қабілеттер немесе күштер болады. Және де әл-Фараби өзінің психология саласындагы түрлі шығармаларында әр түрлі күштер мен қабілеттерді атайды. Негізгі күштер мыналар: ал-куууат ал-газийа - «қуат беруші күш»; ал-куууат ал-хасса - «түйсіктендіруші күш»; ал-куууат ал-мутахаййила - «елестетуші күш»; ал-куууат ан-натика - «парасатты» - немесе «ойлаушы» күш;

ад-куууш ал-мухаррака - «қозгаушы күш»; ал-куууат — ан-нузу'ийа - «талпынушы» немесе «талпындырушы» күш. Психологиялық процестердің бәрін әл-Фараби дене мүшелерінде болып жататын белгілі бір материалдық құбылыстармен байланыстыра қарайды. Жанның ақылға қонымды жағы туралы пайымдауларды ол «Екінші Ұстаз әл-Фарабидің интеллект [сөзінің] мағынасы туралы пайымдауларында» анағұрлым айқын дамытады. Әл-Фараби елестеуші күштің түс көруге әсерін ашып, бутан байланысты аян беруді (ал-уахи) шын түс деп түсінді. Осы заманғы психология түс көруді әдеттегі психологиялық әрекеттің ерекше бір жалғасы деп есептейді. 14. Бұл арада сөз болып отырған мизадже (натура) туралы, терминдер дәлірек айтқанда, организмге және оның күшелеріне, азық пен дәрілерге, шырындарға және ауа райына тән бірінші сапалардың арақатынасы туралы теориямен байланысты элементтер теориясына жатады. «Жер табиғаты», «буалдырлық», «оттылық», т. с. с. терминдердің, сондай-ақ бұл трактатта анатомия мен медицинаға қатысты терминдердің бәрінің түсінігін бәрінен де Әбу Әли Ибн Синаның «Канонынан», оның текстінен, сол сияқты толып жатқан ескертулері мен көрсеткіштерінен іздеген дұрыс (Ибн Сина. Дәрігерлік ғылымның каноны, 1-5 том. Ташкент, 1954—1960). 15. Кітаптың кейінгі бөлігінің бәрі түгелімен этикалық-саяси проблемаларға арналған. Мемлекеттік құрылыс туралы пайымдау, ал басқару формаларын сипаттау, этикалық және саяси нормаларды белгілеу, билеушінің және бағыныштының қалай тағайындалуын анықтау, азғын қоғамды сынау - «мұсылмандық» Шығыста алғаш рет әл-Фараби көтерген мәселелердің жиынтығы осындай, Бұл мәселелерді шешуге келгенде әл-Фараби өзінің неғұрлым көрнекті әлеуметтік-саяси ойшыл екенін көрсетті. 16. Ал-иджтмма 'aт ал-инсанийа - «адамзат қоғамдары». Әл-Фарабидің ілімі бойынша адам өзінің жаратылысында - қоғамдық тұлға, сондықтан ол басқа адамдармен қоғамдасып, бірлесіп өмір сүре алады, өйткені өзінің қажеттерін қанағаттандыру үшін басқалардың көмегіне сүйенуге ділгер болады. Сонымен, адамның өмір сүру жөніндегі қажетсінулері онда коллектившілдік сезім жеке басқа адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттігін туғызады. 17. Ал-иджтима'ат ал-камила - «мінсіз қоғамдар». Мінсіз қоғамдарды әл-Фараби 3 түрге: ұлы (ал-Узма), орта (ая-ууста) және кіші (ас-сугра) қоғамдарға бөледі. Ұлы қоғам дегеніміз - жер жүзін мекендейтін барлық адамдар қоғамдарының, орта қоғам дегеніміз жердің белгілі бір бөлігіндегі адамдардың бірлестігі, кіші қоғам - қала тұрғындарын біріктіреді. ӘлФараби дәл логикалық дәйектіліктен суреттеген мінсіз қоғамдардың бұл жүйесі - жалпы және жеке ұғымдарға сүйенген ғалымның логикалық ойлау нәтижесі. 18. Ал-иджтима'ат гайр ал-камила - «кемеліне келмеген қоғамдар». Олар село, квартал, көше, үйлер тұрғындарын біріктіреді. 19. Ал-мадина - «қала». Әл-Фарабидің пікірінше, қоғамдардың ең жетілген формасы -қала. Әл-Фараби қала деген терминді, әкімшілік территориялық бөлініс ретіндегі, осы заманғы ұғымдағы қаланы белгілеу үшін ғана емес, мемлекет - қаланы белгілеу үшін де, сондай-ақ феодалдық қоғамда ең коп болған әр түрлі әлеуметтік топтарды белгілеу үшін де

қолданады. Әл-Фарабидің қала туралы идеялары кейіннен атақты араб философтары -Ибн Синаның, Ибн Халдунның және Ибн Рошдтың еңбектерінде дамытылды. 20. Ал-мадинат ал-фадила - «қайырымды қала». Әл-Фарабидің пікірінше, бұл - ел басқарудың адамдарды ең үлкен бақытқа жеткізетін мінсіз үлгісі. Бақыт теориялық, интеллектуальдық және этикалық қайырымдылықтар арқылы келеді. Сондықтан біз де мінсіз қала деп атамай, қайырымды қала деп атауды дұрысырақ көрдік, өйткені мінсіз деген терминнің дерексіздік-абстрактылы сипаты бар. Әл-Фараби қайырымды қаланы жетілген, сау тәнмен, өмірді сақтау үшін барлық мүшелері бір біріне көмектесіп туратын тәнмен теңейді. Тәннің мүшелері арасында өздерінің жаратылысына және қабілетіне қарай, айырмашылықтар болатыны сияқты, қалалық бірлестіктің мүшелері арасында да айырмашылықтар болады. Бірден-бір бас мүше - жүрек болатыны сияқты, қалада да бас мүше - билеуші болады. Егер тәнде мүшелердің иерархиясы тіпті де басқарушы емес, тек бағынушы мүшелермен аяқталатын болса, мемлекетте де иерархия оз міндеті тек қана айтқанға бойсынып, бұйрықтарды орындаушы таппен аяқталады. Мұның өзі - мемлекетке біртұтас көзқарас. Мемлекеттің мұндай идеалистік ұғымы мемлекет табиғи пайда болған дейтін жалған түсінікке әкеп соқтырады. 21. Ал-аду ар-ра-ис - «бас мүше» (қалалық бірлестіктің бас мүшесі). Әл-Фарабидің пікірінше, мемлекет басшысында туа біткен (би-л-фит-ра) және бойға жүре келе дарыған (би-л-ирада) қасиет болуға тиіс. Ол - неғұрлым жетілген, ақылы толысқан және өзінің мінез құлық қасиеттері жағынан қала бірлестігінің басқа мүшелерінен өзгеше адам болуы тиіс. Қайырымды қаланың басшысында туа біткен он екі қасиетінен (тән мүшелерінің жетілгендігі, тапқырлық, зеректік, шындықты сүю және басқалары) тыс болып жүре келе дарыған қасиет те (ойланумен немесе талаптанумен жеткен интеллект күші арқылы әрекетшіл интеллектпен біріге білу қасиеті) болу керек. Тек сонда ғана ол нағыз басты бола алады, өйткені әділетті заңдар, игілікті істер және басшының ой-пікірлері оның өзінен тумайды, әрекетшіл интеллекттің ықпалы бойынша туады. Қала бірлестігінің бас мүшесі және оның қасиеттері туралы мәселеде ол Фараби «Мемлекет» деген еңбегінде Платон белгілеген теорияны қостайды. Басшының туа біткен қасиеттері туралы сөз қылғанда әл-Фараби Платонның пікірін қайталайды. Бірақ бойға жүре келе дарыған қасиеттер туралы айтқанда немесе дүнияуи өкімет билігін имамның (ғибадатшылардың басшысы және мұсылмандардың рухани бастығы) билігімен біріктіргенде, әл-Фараби Платонмен көбіне келіспей, платондық идеяларды исламның діни қағидаларымен сәйкестендіреді. Әл-Фарабидің дүниежүзілік әділетті және қайырымды мемлекет туралы идеясы - утопия. Әл-Фарабидің өзі де өзінің бұл идеялының жүзеге асу мүмкіндігіне сенбейді, өйткені ол қасиеттердің бәрін өз бойына жинайтын философ - басшыны табу қиын екенін өзі де көрді. Теократиялық монархияны жақтаған әл-Фараби «қайырымды қалада» халықты алқа болып, бірлесе басқару мүмкін деп есептейді. 22. Ал-маданат ал-джахила — «надан қала»; ал-мадинат ал-фасика - «қулықсыз қала»; алмадинат, ал-мутабадилла - «өнегесіз қала»; ал-мадинат ад-далла - «адасқан қала». Әл-Фараби қайырымды қалаға қарама-қарсы қалалардағы моральдық және этикалық нормаларға талдау жасауға, әр түрлі қоғамдық топтардың азғындық ғұрыптарын, әдетсалттарын және тұрмыс салтын ашып көрсетуге тырысты.

23. Надан қала өз тарапынан бірнеше қалаға бөлінеді: ал-мадинат ад-дарурийа - «зәру қала»; ал-мадинат ал-баддала - «айырбас қала»; мадинат ал-хисса ва ш-шакуа — «пасық пен бақытсыздық қаласы»; мадинат ал-тағаллуб - «мансапқор қала»; ал-мадинат алджама ийа - «құштар қала». 24. А.В.Сагадеевтің аудармасында жоқ сөйлемнің бір бөлегі арабша текстпен салыстырып тексергеннен кейін қалпына келтірілді. Бақыт жолын сілтеу 1. Түпнұсқада бұл шығарма «Китаб ат-тан-бих 'ала сабил асса 'ада» - «Бақыт жолын сілтеу» деп аталған. Алайда, бұл трактаттың мазмұны этикалық мәселелермен ғана шектелмейді, мұнда ғылымдар классификациясы және логика мәселелері қаралады. Көптеген басқа да шығармалары сияқты бұл трактаттың да жазылған жылы дәл белгісіз, бірақ, бұл әлФарабидің шығармаларының ертеректе жазылғандарының бірі болуы әбден ықтимал. Осы жорамалға келгенде біз мынаған сүйенеміз: бүл трактатта әл-Фарабидің ғылымдар классификациясы Аристотельдің осындай классификациясына дәлме-дәл келеді, ал өзінің «Ғылымдар классификациясы туралы сөз» деген кейініректе жазған шығармасында ол өз классификациясын жасайды; мұнда тіл мен логика; жайлы ғылым алдыңғы орынға шығады, ал метафизикаға соңғы орындардың бірін қалдырады. 2. Осы арада араб текстінде, қате кеткен. «Бақыт осының өзі үшін артықша орынға қойылмайды, ешқашан да - басқа үшін емес» деген контекске қайшы келеді. Мағынасына қарай мұны былай деп оқу керек: «Бақыт осының өзі үшін артықша саналады...» 3. Са ада-«бақыт». Хайр - «игілік». Әл-Фараби бойынша, бақыт дегеніміз адамның қолы жетуіне қабілеті келетін ең жоғары игілік: Оған «білім мен әрекеттің» арқасында ғана жетуге болады. Егер адам қайырымдылықтың не екенін білсе ғана бақыттың не екенін түсіне алады. Тек қайырымды мемлекетте ғана адам бақытқа жетуге қабілетті. 4. Ирада — кең мағынасында «ерік», Аристотель бойынша, «ақыл-парасатты ерік», «сезімдік ерік». Ихтийар-еркімен таңдау. Әл-Фараби бұл арада еріктің ең мәнді көрінісі еркіндік болып табылады, еркіндік болған жерде адам сезімдік және рухани тілектерінің арасынан бірін таңдай алады дейтін Аристотельдің қағидасын баяндап отыр. Алғашында еркімен таңдаудың предметі болған нәрсе жүре келе мінездің қажетті белгісіне айналады. 5. Ауарид ан-нафс - «жан аффектілері». Басқа созбен айтқанда, эмоциялар: құмарлық ашу, қорқыныш, рахат, күйініш және т. б. Қараңыз: Аристотель. «Никомах этикасы». СПб., 1908, ІІ кітап, §4, 28-бет. 6. Хұлқ - «құлық», «мінез», 'ада-«әдет». Сірә, грек тілінде осы сөздердің ұқсастығына сүйеніп, Аристотель этикалық қайырымшылдық әдеттің арқасында туады деп есептеген болуға тиіс. («Никомах этикасы», ІІ кітап, 1, 23-бет). Әдеттің атқаратын ролін мойындай отырып, әл-Фараби сондай-ақ туасы болатын нышандар мен адамгершілік туралы айтады. 7. Бәлкім, осы жерде араб текстінде қате кеткен болу керек. Араб тіліндегі ба 'а деген сөз жоқ. Мағынасына қарағанда бұл жерге бах - «құмарту», «жыныстық елігу» деген соз тура келеді. «Азаматтық саясат» деген кітапта бұл сөз контексте әлденеше рет кездеседі.

8. Илм уа 'амал - сөзбе-сөз алғанда «білім мен амал». Ал, айтайын дегені теория мен практика. Антик заманының дәстүріне сәйкес әл-Фараби ғылымдарды теориялық және практикалық деп бөледі. 9. «Өнердің» үш түрі туралы айтқанда (араб тілдес философтар «ғылым», мен «өнердің», гр. арасына айқын шек қоймайды) әл-Фараби ғылымды Аристотельдің практикалық, теориялық және творчестволық деп бөліп қарауын айтып отыруы әбден ықтимал. 10. Фәлсафа - бұл гректің - «философия» деген сөзінің арабша транскрипциясы. Бұран нағыз арабша жикма - «даналық», деген сөз тура келеді, бірақ соңғының мағынасы анағұрлым кең. Әл-Фарабидің түсіндіруінде, философия дегеніміз - ғылымдар жиынтығы. Философия барлық адамзат даналығын қамтиды. 11. Фалсафа назарийа - «теориялық философия». Фалсафа 'амалийа - «практикалық философия». Бүл трактатта әл-Фараби философияны негізгі екі бөлікке бөледі: «теориялық философия», мұның мақсаты - ақиқатты тану және «практикалық философия, мұның мақсаты - игілікке жету. «Теориялық философия» ғылымдардың үш түрін: математиканы, физиканы және метафизиканы қамтиды. «Практикалық философия» этика мен саясатты қамтиды. Ғылымдарды бұлай жіктеу Аристотельдің классификациясына дәлме-дәл келеді. 12. Сина 'aт ал-мантик - «логика өнері». «Логика» деген термин Аристотельдің сөздігінде жоқ. Бұл сөз λοϓς «сөзді Аристотельдің комментаторлары - «сөз», «ой» деген сөзден шығарып жасаған. Арабтың мантик - «логика» деген термині - «сөз», «ой» деген сөзден туған. Сонымен, арабтың мантик деген сөзі гректің -«логика» - деген сөзінің сөзбе-сөз аудармасы болып табылады. 13. 'ақл - «ақыл-парасат». Бүл термин араб тіліндегі философияда интеллектіні, парасатты, ақылды, тапқырлықты көрсету үшін қолданылады деген сөздердің баламасы болады. «Ақыл-парасат» деген сөздің түрлі мағынасына талдау әл-Фарабидің «Философиялық трактаттар» деген кітабындағы «Интеллект» деген [сөздің] мағыналары туралы «Екінші ұстаз әл-Фарабидің пікірлеріне» ескертпелерінде берілген. 14. Нутк - «сөз», грекше λοϓος. Араби тілдегі философияда нутк термині сыртқы, (яғни дыбыспен айтылған) сөз ретінде де және ішкі (ақыл-ой зердесімен айтылған) соз ретінде де қолданылады. Араби тілдегі философияда ойдың сыртқы айтылуы болып табылатын сөз бен ойдың арасында үлкен айырмашылық көрмеген. 15. 'Улум маиаура - «белгілі білімдер», 'ауа' ил мутаарифа -«жаппай қабылданған негіздер». Бұл арада аксиомалар туралы айтылып отыр. Бұл терминдер грекше αρχαι τα πρωτα, αξιωμα, деген сөздердің баламасы. Әл-Фараби бойынша, жүре келе пайда болған білімнен басқа туа біткен, априорийлық білімдер болады. Мысалы «тұтас бөлшектен үлкен» деген сияқты. Бұлар «ақыл-парасаттың» әрекетінен тікелей «туып», ой қорытындысы жолымен сезімдік мәліметтердің негізінде жасалатын таным шарты болып табылады. Мұндай қорытынды идеализмге орын беру еді. 16. Бұл арада әңгіме Порфирийдің «Эйсагогасы» туралы болып отыр.

Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері 1. Түп нұсқада бұл шығарма «Фусул әл-мадани» - «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» деп аталған. Фусул (жекеше фасл) - дәл мағынасында «бөлімдер». Фусул формасында жазылған еңбектерді араб әдебиетінде әл-Фарабиге дейінгі дәуірде де, онан кейінгі дәуірде де табуға болады. Мұндай еңбектердің неғұрлым көрнектілері - Мухаммад б. Зақарийа арРазидің (925 ж. өлді) «Медицина жөніндегі нақыл сөздері», «Фусул фи-т-тибб» деген шығармасы және Маймонидтің (Муса б. Маймун эл-Куртуби, 1139-1204) дәл солай деп аталған еңбегі. Бұл еңбектердің бәрінің негізі - Гиппократқа таңылатын нақыл сөздер. Бұл нақыл сөздерді Хунайн б. Исхақ аударған. Өзінің «Платонның «Мемлекетіне» парафраза» деген еңбегінде Ибн Рушд және өзінің «Нақыл сөздеріне...» кіріспесінде Маймонид әл-Фарабидің «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздеріне» сүйенеді. Нақыл сөздер белгілі бір пәнді түгел қамтымайды, ол неғұрлым маңызды пункттерді түсіндіру құралы болады. «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері», сірә, әл-Фарабидің саясат саласындағы соңғы шығармаларының бірі болса керек. Оған дейінгі еңбектерге сілтеулер де, данышпан ойшылдың басқа саяси трактаттарында кездеспейтін, өз басынан шыққан соны ойлары да, жанама түрде болса да, өзінің өмірбаянынан алынған деректер де осыны дәлелдейді. Әл-Фарабидің басқа саяси трактаттарынан гөрі осы шығармасында Платонның «Политик» шығармасының және Аристотельдің «Никомахтың этикасының» әсері көбірек сезіледі. 2. Мадани «азамат», «саясатшы», «мемлекеттік адам» деген мағыналарды бірдей білдіреді. Біз контекеке сәйкес «Мемлекеттік қайраткер» деп аударуды неғұрлым дұрыс көрдік, өйткені әл-Фарабиге илһам берген Платон өзінің «Саясатында» мемлекет басшысын да πθλιτηѕ немесе πθλιτμθѕ «мемлекеттік адам», «саясатшы» деп атайды. Данлоп бұл терминді statesman деген ағылшын сөзімен» - «мемлекеттік қайраткер» деп аударады. Нафс - «жан» ψυΧη. Жан, эл-Фарабндің білуінше, тірі организмге тән қызметтердің жиынтығы. Әл-Фараби жанның қабілеттеріне көп көңіл бөледі. Ол қабілеттердің әрқайсысын егжей тегжейлі сипаттап, оларың таным процесіндегі маңызын атап і көрсетеді. Жанның құрылымы қандай екенін бір шығарма негізінде білу қиын. Ұлы ойшылдың әр түрлі шығармаларын салыстырғанда ғана жанның тамаша сипатталған құрылымын меңзеуге болады. Адам жанының құрылымы мәселесінде әл-Фараби Аристотельдің күшті ықпалында болғаны даусыз. Солай бола тұрса да, данышпан ойшылдың мұндағы сіңірген еңбегі араби тілдес халықтар мекендеген Шығыста адам жанының сындарлы жүйесін баяндап, психология терминдерін жасағандығында. ӘлФарабидің «Философиялық тракттар» деген кітабындағы «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатқа» 13-ескертуді қараңыз. 4. Әл-мадани уә-л-малик - «мемлекеттік қайраткер және әкім» Платонның «саясатшысына» және «патшасына» сәйкес келеді. (Қараңыз. Платон. Политик, М., 1972, 3 том, 2 бөлім, 266 е, 24-бет). 5. Аристотельмен салыстырыңыз (Жан туралы, 2 кітап, 416 б, ІІ бет); «Біз үш нәрсені айырамыз: 1) қоректенуші, 2) [ол] немен қоректенетіні және 3) ненің қоректендіретіні;

қоректендіруші - бірінші жан, қоректенуші - жаны бар дене, [дене] немен қоректенетіні - тағам». 6. Фадила - «ізгі», «қайырымды», «мінсіз». Ізгілік әл-Фарабидің этикасында аса көп орын алады. Өйткені адам ізгіліктің не екенін білсе, ол ең үлкен бақытқа жете алады ғой. Аристотель сияқты әл-Фараби де ізгіліктің интеллектуальдық (дианоэтикалық) - фада'ил нуткийа, грекше διαυοητιμοs және «этикалық» - фада 'ил хулкийа, грекше ηθιμς деп екіге бөледі. Дианоэтикалыққа жататындар: хикма - «даналық», грекше акл «парасаттылық», грекше уоφια; кайс - «саналық», грекше уυεις Эпикалық қайырымдылыққа жататындар: саха'- «жомарттық», грекше ελευθεριτμος және басқалары. Салыстырыңыз: Аристотель. Никомахтың этикаикасы, І-кітап, § 13,22-бет. 7. Аристотельмен салыстырыңыз («Никомахтың этикасы», VІІ иііаи, §1, 122-бет); «Егер молшылық адамдарды, айталық, тәңірі дәрежесіне жеткізсе, онда жауыздыққа қарамақарсы жанның жүре-келе дарыған сапалары нақ сондай болуға тиіс екені анық емес пе». Бүл сөздер Ибн Баджиде де, оның «Тадбир әл-мутауаххид» кітабында кездеседі. 8. Аристотельмен салыстырыңыз (Никомахтың этикасы, ІІ-кітап, § 5, 31-бет): «Сонымен, ізгілік - белгілі бір аралық, өйткені ол аралық болуға ұмтылады», ...«сондықтан молшылықпен тапшылық кемшілікке жатса, аралық - ізгілікке жатады». 9. Мутауассит-«аралық»;муатадил-«шама», «тартымдылық», грекше yωφρυνη. Аралық пен шаманың үлгісі, Аристотель сияқты, әл-Фараби үшін де этикалық және эстетикалық норма болды. Бірақ Аристотель сияқты әл-Фараби де бәрін теңейтін, барлық адам үшін ортақ арифметикалық орташаны алмайды, «біз жөніндегі» орташаны алады. 10. Манзил - «үй», «баспана», «отбасы», грекше ουμια Бүл жерде әл-Фараби шаруашылық қызметтің дұрыс типін - үйдің немесе отбасының, қоғам мен мемлекеттің бастапқы ұясының шаруашылық қажеттерін ақылға қонымды етуді мақсат ететін «экономиканы» алып қарастырады. Әл-Фараби, сірә, Аристотель шығарған теорияны - мемлекеттің отбасыдан пайда болу теориясын қостайтын болса керек. Отбасы, Аристотельдің ойынша, мемлекетті құрайтын бастапқы ұя болып табылады. Бірнеше отбасының ауыл болып бірігуін ол отбасыдан мемлекетке өту формасы деп есептейді. 11. Өзінің әлеуметтік-этикалық тракттарының бәрінде әл-Фараби қала мен адам тәні арасында аналогия жүргізеді. Тән мүшелерінің иерархиясы мемлекеттің иерархиясына сәйкес келеді. Бұл ойды әл-Фараби Платонның «Теэтет» және «Мемлекет» деген шығармаларынан алған. Біздің заманымызда (тән мен қоғамдық құрылыс арасындағы) мұндай аналогияны органикалық теорияны жақтаушылар келтіріп отырады. Мемлекеттің мұндай ерекше ұғымы: ол өзінің заңдары бойынша өмір сүретін, ерекше ақыл-парасаты, жаны және мүшелері бар, органикалық дамудан пайда болған механизм деген жалған түсінікке әкеліп соқтырады. 12. Әл-малик ала-л-хакика - «нағыз әкім» - бүл «ізгі қаланың» бастығы. Мұны әл-Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатта» және «Азаматтық саясатта», арра'ис әл-аууал - «бірінші бастық» деп атайды. Ізгі қала бастығының сапасы туралы әл-Фарабидің «Философиялық трактаттар» деген кітабындағы «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатқа» берілген ескертулерін қараңыз.

13. Әл-Фараби «парасат»ұғымын жіктейді. Ол мұны «теориялық парасатқа» - 'аклназари (31 нақыл сөз)және «практикалық парасатқа» - 'акл амали (35 нақыл сөз) бөледі. Практикалық парасат «не істеу керектігін зерттейді, жақсыны жаманнан айырып, лайықтысын таңдап алады», «Теориялық парасат» адамның таным қабілеті болып табылады. Араб тілдес халықтар мекендеген Шығыста «теориялық» және «практикалық парасат» терминдерін алғаш әл-Фараби енгізді. Аристотельдің «Никомахтың этикасын» салыстырыңыз, (VІ кітап, §2, 108-бет). Мұнда жанның парасатты бөлегі «ғылыми» (парасатты) επιγμονιμον және «пайымдылық» τολοιγτιμον болып бөлінеді. Алайда әл-Фараби мен Аристотель арасындағы ұқсастық «Политикте» неғұрлым жақынырақ. Мұнда «парасат» τολοιγτιμον «теориялық» - θεωπτιμος және «практикалық» - πραμιμος болып бөлінеді. 14. Мут'аккил - «терең ойлы», «пайымдағыш адам» деген сөз. Сол түбірден шыққан та'аккул терминді - сөзбе-сөз «түсіну», «ұғымталдық», «интеллекциялық акт» деген сияқты терминдерді әл-Фараби араб тілдес Шығыста алғаш рет философиялық сөздікке енгізді. Бүл екі сөздің мәнінің талдауы әл-Фарабидің «Философиялық трактаттар» деген кітабында «Екінші ұстаз әл-Фарабидің интеллект |сөзінің] мәні жайлы пайымдамасына» ескертулерде берілген. 15. Мукаддирун - «өлшеушілер». Өлшеушілер деп әл-Фараби есепшілерді, геометрлерді, дәрігерлерді, астрологтарды және басқа сондайларды түсінген. Платонның (Политик, 286 б, 49-6.) «өлшеу өнері» мен «өлшем өнерін» салыстырыңыз. 62-нақылда әл-Фараби бұл тақырыпты онан әрі жалғастырады. Ол діни қызметкерлер мен хатшылар туралы сөз қылады, бұларды ол ізгі қаланың класына қосады. Салыстырыңыз: Платон. Политик, 2902 а-е, 53-54-беттер. Өзінің басқа саяси трактаттарында әл-Фараби ізгі мемлекеттің кластары туралы еш нәрсе айтпайды. Бұл тақырыпта Платонның әсері айқын көрініп тұр. 16. Әл-Фараби теократиялық құрылысты жақтайды, сөйте тұрса да, ол ізгі қалада біріге басқару мүмкіндігін жоққа шығармайды. Мұның өзі мұсылмандардың жұртшылық пікірі үшін жаңалық болып табылады. Бұл көзқарасқа сол уақыттағы қоғамдық өмірдің ықпалы тиген болуы мүмкін: рухани өкімет Бағдадта тұратын халифаның қолында болды, ал азаматтық өкімет халифаттың әр түрлі бөліктерінде ел билейтін, тәуелсіздік статусын алған әмірлер мен сұлтандардың қолында болады. 17. Малик ас-сунна - «заң бойынша билеуші». Бұл - ізгі басшы болмаған кезде ел билеуге тиісті басшы. Әл-Фараби отан «... тұрғындарының көзқарастары туралы трактатта» екінші басшыға - ар-ра 'ис ас-саниге қойылған алты талапқа сай келетін сипаттамалар береді. «Заң бойынша билеуші» деген атау Платонның «Политик» шығармасынан (301 а-б, 68-бет) алынған болса керек, өйткені мұнда «білімді басшылыққа ала отырып, бір өзі билейтін туралы және «бір өзі билейтін, бірақ жұрттың пікірі мен заңдарды басшылыққа алатын» патша туралы айтылады. 18 Адал - «әділеттілік, грекше δυματτσυνη джаур - «әділетсіздік», грекше αδιμια. Аристотельмен салыстырыңыз (Никомахтың этикасы, V - кітабы, § 9, 93-бет); «...әділетті әрекет қалпы әділетсіздік жасау және оны сынау аралығында болады, әділеттілік «ортада турады, ал әділетсіздік шетке шығып кетеді». Әділеттіліктің мақсаты - мадақтау мен жазалауды қала тұрғындары арасында дұрыс болу. «Мадақтау» — сауаб, грекше μευοs «жазалау» - 'укуба, грекше sημια әділеттіліктің екі кезеңі болып табылады.

19. Өзінің басқа саяси трактаттарында әл-Фараби қоғамның әр түрлі топтары арасында еңбекті болу туралы еш нәрсе жазбайды. Бұл тақырып Платоннан көшкені айқын көрініп тур, ал Платонша «егер белгілі бір жұмысты өзіңнің табиғи қабілеттеріңе сәйкес,онымен бірге, басқа жұмыстарға алаңдамай, кесімді уақытында атқарып отырсаң, бәрін де көп мөлшерде, жақсы және оңай істеуге болады» (Мемлекет, М., 1971, 3 том, І бөлім, 370 е., 146-бет). 20. Мукарана-н-нафс әл-бадан - «жанның тәнмен қосылуы»; «муфарака-н-зл-бадан» - «жанның тәннен бөлектенуі», «Жанның тәнмен қосылуы» туралы мәселеде әл-Фараби Аристотель мен Платон аралығындағы көзқараста. Аристотельдің ізінше, жанның денемен бірге пайда болатынын мойындай тұрып, ол да Платон сияқты: жан денемен бірге өлмейді, ол мәңгілікке ұшып кетеді, онда басқа жандармен қосылып, еш уақытта қайта түрге түспейді деп ойлайды. Айта кететін бір жәйт, «...тұрғындардың көзқарастары туралы трактатта» әл-Фараби елеулі түзету жасап: білімді адамдардың жандары ғана мәңгілік, ал басқалардың жандары өледі деп ескертеді. 21. Ислам бүтіндей тек өзі үстемдік жүргізген дәуірде әл-Фараби дінге ашықтан-ашық қарсы шыға алмады, сондықтан ол өзінің трактаттарында ақиқаттың екі жақтылығы туралы, яғни белгілі бір құбылысқа, оның философиялық немесе діни тұрғыдан қаралуына қарай, әр түрлі баға беруге тура келетіні туралы пікірлерін аса сақтықпен баяндайды. Сондықтан да әл-Фараби өзінің еңбектерін білімсіздер үшін емес, өз пікірлестерінің шағын тобы үшін жазатынын атап көрсетеді. "Эйсагоге" кітабы немесе "Кіріспе" 1. Түпнұсқасы Китаб Исагуджи ай ал-Мадхал деп аталатын бұл шығарма еркін баяндауды немесе парафразаны, философ-неоплатоник, Лонгин мен Плотиннің шәкірті -Порфирий Тирскийдің (жуықтап алғанда 304 ж.) қаламына жататын аристотельдік "Категорияға" "Кіріспені" (ежелгі грекше - "Эйсагогені") білдіреді. Сирия, армян, араб және латын тілдеріне аударылған Порфирий "Кіріспесі" "мектеп" логикасын қалыптастыруда едәуір роль атқарды және орта ғасырдағы Шығыстық әрі Батыстық кітапшылардың арасында үлкен әйгілілікке ие болды. Таяу Шығыста әл-Фарабидің заманына дейін бұл шығарма сирия тіліне аударма түрінде айналымда жүрді, соның бір нұсқасы Хунайну ибн Исхактың қолында болды. Оны араб тіліне алғаш аударған Абу Усман Сайд ибн Якуб ад-Димашки болса керек, оның шығармашылық өсу уақыты жуықтап алғанда X ғасырдың екінші жартысының ортасына сәйкес келеді. Барлығын қорыта айтқанда, дәл осы араб тіліндегі аударманы әл-Фараби парафразаны жазғанда қолданған. Ибн Баджа атап өткеніндей, әлФараби - философтардың ішінде "Кіріспенің" мазмұнын қарапайым пропедевтика емес, керісінше, логика ғылымының өзінің бөлігі ретінде жалғыз қарастырғанның бірі. Ол әлФараби қарастырған логикалық шығармалардың ретімен де дәлелденеді, мысалы, "Логика бойынша кіріспе бөлімі" арқылы бұрынғы "Кіріспеге" орын беріледі. Әл-Фарабидің парафразасының араб тіліндегі мәтінінің және оның ағылшын тіліне Стамбулдағы Хамидий кітапханасындағы қолжазба негізінде аударылған мәтіннің бірге басылуын жүзеге асырған Д.М.Данлоп ("The Іslamіc quarterlu", 1956, vol. Іll, 2) болды. Алдын ала ол мәтінді Ибн Баджаның оған кеңінен жазған комментариіндегі сәйкес келетін сілтемелермен, сондай-ақ, Париждің Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұрған еврей

тіліндегі екі аудармамен салыстырған. Парафразаның орысша аудармасы Д.М.Данилопаның жоғарыда көрсетілген басылымы бойынша орындалды. 2. Мұнда әңгіме өз тарапынан силлогизмдердің құрамдас бөлігі ретінде болатын пікір құралатын элементтер туралы болады. 3. Аподейктикалық, диалектикалық, риторикалық, софистикалық өнерді және поэтикалық ой толғауды әл-Фараби силлогистикалық өнерге жатқызады. Аподейктикалық немесе дәлелді ой толғау, әл-Фарабидің пікірінше, ақиқатқа үйретуге және оны табиғатынан белгілі білімді беретін заттарға қатысты түсіндіруге бағытталған. Диалектикалық ой толғау жалпы қабылданған және жалпыға мәлім заттар бойынша пікір алмасу барысында пікірлесуші адамнан басым болу үшін қолданылады. Риторикалық ой толғау сенімді білімге қол жеткізуінсіз-ақ пікір алмасып отырған адамның қандайда бір нәрсеге көзін жеткізу үшін қызмет етеді. Софистикалық ой толғау пікір алмасушы адамды адасушылыққа апарғысы келген кезде қолданылады. Ал поэтикалық ой толғаудың мәні оның пікір алмасушы адамнан теріс немесе оң эмоцияны шақыра отырып, қарсыласының жан дүниесінің имагинативтік күшіне ықпал етуінде болып табылады. Атап көрсетілген ой толғау түрлерінің ішінен эл-Фараби аподейктивтік ой толғауды абсолютті ақиқат, диалектикалық ой толғауды негізінен ақиқат, риторикалық ой толғауды тең дәрежедегі ақиқат және жалған, софистикалық ой толғауды негізінен жалған, ал поэтикалық ой толғауды толық жалған ретінде квалификация жасайды. Әл-Фарабидің атауымен алынған "аналогия" (тәмсіл, сөзбе-сөз аударғанда - "салыстыру", "ұқсастыру" немесе "мысалға келтіру") аристотельдік парадейгмаға (παραδιλμα - сөзбе-сөз алғанда - "мысал") сәйкес келеді. Аристотельдің анықтауы бойынша, парадейгма үлкен терминнің орташа терминге отан ұқсас кіші термин арқылы тән болатындығы дәлелденетін кезде қолданылады. Мұнда орташа терминнің кіші терминге, ал біріншісі сол сияқтыға тән болатындығы белгілі болуы керек (қараңыз: "Первая аналитика", ІІ, 24, 68, 38-40). επαγωυη - сөзбе-сөз алғанда "бағыттау", "келтіру", араб тілінде - истикра, сөзбе-сөз аударғанда - "зерттеу" үлкен терминнің барлық жеке жағдайлардың ішіндегі орташа терминге тәндігін көрсетеді және кіші терминге қатысты ой түйіндемейді, ал парадейгма болса кіші терминге қатысты ой түйіндейді және барлық жекелеген жағдайлардың ішінде бола бермейтіндігін көрсетеді (сонда, 69а 13-19). Аристотель іліміндегі аналогия бойынша қорытынды жасау кейбір анықтылықтарды бір жекеше жағдайдан олардың ұқсастығын ескере отырып, екіншісіне жәй ғана ауыстыруда емес, керісінше, жанама түрде құрастыру арқылы жалпыны ықтималды пікірге ауыстыруда болып табылады. Осының арқасында аналогия бойынша ой түйіндеуді Аристотель толық емес индукциямен жақындатты және ол "риторикалық индукция" деп аталды. 5. Бұл жағдайда категория "субстанция" жоғарғы тек болатындығы айтылады. 6. Жүннен жасалған плащьтің атауы. 7. Бұл бөлімде әл-Фараби ол да, бұл да болмайтын заттардың анықтамасына байланысты, оларды суреттеуге және олар жөнінде пікір білдіруге байланысты сұрақтарды баяндамайтын Порфирий "Кіріспесінің" мазмұнынан бас тартады. Афористік жазбалар - "Ат-та'ликат"

1. "Ат-та'ликат" әл-Фарабидің метафизика, логика, физика, натурфилософия, психология, математика саласына жататын [барлығы 101] афористік жазбалар жинағы болып табылады. Толық тізімі ӨзССР ҒА-ның шығыстану Институтындағы [Инв. № 2385/65] құрама жазбада сақтаулы. Жазбалардың шетелдік каталогі бойынша, аталмыш трактаттың тізімі сондай-ақ, Берлин, Лондон және Тегеран кітапханаларында да бар. 1927 жылы Хайдарабадта әлФарабидің шығармалар жинағы басылып шығарылды, онда да "Ат-та'ликат" трактаты енгізілген. Мәтін мен ескертпелерді араб тілінен аударуды А.Л.Казибердов Хайдарабадтық басылым және ташкенттік тізім негізінде орындады. Трактатты аудару кезінде А.В.Сағадеев үлкен көмек корсетті. 2. Хайдарабадтық басылымда басмалардан кейінгі бірінші тезис осылай басталады.Ташкенттік тізімде сол тезис "олардың ішінен" деген созбен енгізілген. Келесі тезистер "ол да айтты" деген кіріспе сөздермен басталады. Әрбір тезистің алдында кіріспе сөздерді қайталамас үшін аудармашы оларды нөмірлермен ауыстырған. 3. Хайдарабадтық басылымда: "бірақ оның себебінен емес" - дегенді оқимыз. 4. "Сен үшін" сәйкестік ташкенттік тізімде бар. 5. Хайдарабадтық басылымда бүтіндей бір фраза түсіп қалтан, ал ол ташкенттік қолжазбада орнына келтірілген. 6. Құран, 53, 43[32] [алдыңғы сан сөре [тарау] номерін, кейінгі сан - аят номерін білдіреді]. 7. Мұнда дәлсіздік жіберілген. Әңгіме орын туралы болуы керек еді, өйткені "қайда?" бірқатар жеке заттар үшін жалпы болуы мүмкін. 8. Әңгіме адам жаратылысы туралы болып отыр. 9. Хайдарабадтық басылымда да, ташкенттік тізімде де контес бойынша, "тиісті" дегенді оқу керек. 10. Сөзбе-сөз алғанда "құраушы бастама". 11. Ташкенттік тізімде осындай; хайдарабадтық басылымда одан да төмен анықтылықпен көрініс тапқан. 12. Дәлме-дәл алғанда "бұл - ол". Араб тілінде "болу" деген дәнекер сөзі жоқ және барлық кейінгі ой толғау араб тілді оқырман үшін осы дәнекер сөзін түсіндіруге қатысты болады. 13. Дәлме-дәл алғанда [жазатын адам ретінде] "Зейд өмір сүреді". 14. "Тиісті" дәнекер сөзін айтып жеткізу үшін араб тілінде "бұл" сөзі қолданылады. 15. Арабтың "сапа" сөзі хайдарабадтық басылымда да, ташкенттік тізімде де "фа" қосымшасы арқылы "ва" қосымшасының орнына дұрыс қолданылмайды, соның салдарынан бүкіл сөйлем сұраулы сипатқа ие болады, ал оның өзі контекстке қайшы келетіні анық. 16. Сөзбе-сөз алғанда "аподейктика". 17. Әңгіме "Физика" [дәл айтқанда "Табиғатты тыңдау"] кітабы туралы болып отыр.

18. Геометрияда алынған нүктенің бұл анықтамасы жоғарыда көрсетілген тылым, әсіресе физика үшін бастама болады дегенді білдіреді.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙