TELEGEI

Home

Досым Омаров. Сопы Әзиз Мүсірәлі

Досым Омаров

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Досым Омаров. Сопы Әзиз Мүсірәлі

Досым Омаров — «Досым Омаров. Сопы Әзиз Мүсірәлі» (Көркем әдебиет).

Досым ОМАРОВ
Еркетай ИМАНБАЕВ

Сопы Мүсірәлі

(қазақ халқының алғашқы бас пірі)

Тарихи-дүниетаным

Шымкент, 2016

ӘОЖ 94 (574)

КБЖ 63.3 (5 қаз.)
0-57

Д. Омаров, Е. Иманбаев
0-57 Сопы Мүсірәлі (қазақ халқының алғашқы бас пірі). – Шымкент,

2016. – 100 б. – қазақша.

ІSBN 978-601-7535-34-6 Кітапта қазақ халқының алғашқы бас пірі Азиз Мүсірәлінің өмірбаяны, оның ХYІІ ғасырдағы Қазақ хандығын нығайтудағы алған орны және артына қалдырған рухани мұрасы баяндалады. Көптеген тылсымдық қасиеттерінің сырлары ашылып, жасаған істерінің құпия табиғаты түсіндіріледі. Оның қалдырған рухани мұрасын бүгінгі күндері қолдану жолдары беріледі. Кітап оқу орындарында тарих пәндерінде қолдануға және табиғаттың құпия сырларын түсініп, рухани жетілуге ұмтылған көпшілікке арналады.

ӘОЖ 94 (574)

КБЖ 63.3 (5 қаз.)
0-57

ІSBN 978-601-7535-34-6

© Омаров Д. Иманбаев Е., 2016

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................5 І тарау. XVІІ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ САЯСИ АХУАЛ

Қазақ елі жау қыспағында.........................................................8 Қазақ хандығының әлсіреу себептері.........................................11 Тоқыраудан шығу жолдары.........................................................15 Тәуке хан........................................................................................16

ІІ тарау. МҮСІРӘЛІНІҢ БАС ПІР БОЛЫП САЙЛАНУЫ

1. Өмірінің үш бастауы Ата-тегі......................................................................................25 Қалыптасу ортасы ....................................................................27

Жан дүниесі...............................................................................34

2. Рухани жетілу деңгейі

Жетілу жолы..................................................................................38 Жан дүниесінің жетілуі.................................................................46 Әулиелік деңгейі...........................................................................56

3. Мүсірәлінің кейбір тылсымдық істерін түсіндіру

Адам мен әлем байланысы...........................................................60 Мүсірәлінің тылсымдық қасиеттерінің теориялық негіздері....68 Балалық шағындағы тылсымдық қасиеттері..............................74 Жеті өлікке жан берген әулие......................................................77 Жауды адастырып, жеңуі.............................................................80 Өзенді тоқтатуы............................................................................83 Пір сайлау сынағында көрсеткен кереметтері...........................91

4. Халыққа көрсеткен қызметі

Қоғам өмірінде алатын орны......................................................94 Оқу-ағарту жолындағы істері .................................................97 Жеті жарғы...............................................................................99 Соңғы ғибраты............................................................................104

ІІІ тарау. МҮСІРӘЛІ МҰРАСЫН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Мүсірәлінің ұлттық идеясы......................................................107 Мәңгілік Ел – ұлттық идея........................................................111 Сана мәселесі..............................................................................120 Тәндік сана..................................................................................124 Сананың ой-өріс деңгейі.........................................................127 Дәйек көздері..............................................................................132

Кіріспе

Бүкіл халық болып 2015 жылы Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өттік. Бұл жыл өзіміздің ұлттық болмысымызды танудағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Себебі, өз тіршілігіміздің өткеніне көз салып, келешегімізді болжауға мүмкіндік берді. Қазақ хандығының тарихында елеулі орын алған хандар, батырлар мен билердің өмірі тереңінен зерттеліп, жалпы қауымға кеңінен паш етілді. Солардың арасында халықтың рухани дамуына елеулі әсер еткен, қазақ ұлтының қалыптасыуында үлкен орын алған, биыл туғанына 375 жыл толып отырған үш жүздің алғашқы бас пірі Сопы Мүсірәлінің өмірі ерекше. Оның өмірі – ұлы тұлғалардың адамзат тағдырындағы орнын көруге, сонымен бірге, тылсым әлемдердің байланысын түсінуге, әркімге ұмтылатын нысана және өнеге-ғибрат алуға мүмкіндік беретін таусылмас бұлақ көзі. Десек те, оның өмірі толық зерттелді деп әлі айта алмаймыз. Оның да себебі бар. Болмыс тұрғысынан алғанда, әрбір адамның ғана емес, әрбір ұлттың, халықтың, тіпті әрбір мемелекеттің өмірі де тіршілік түрлеріне жатады. Әрбір тіршілік түрінің сыртқы және ішкі мәні бар. Сыртқы мәні көзге көрініп сезіп-білуге болатын көрінісі, яғни сыртқы формасы болса, ал ішкі мәні оның сырт көзден тыс, бірақ негізгі сырын анықтайтын құпиясы. Ішкі мән сол тіршіліктің сана-сезім деңгейін, содан шығатын халықтың моральдықэтикалық жағдайын, бір сөзбен айтқанда, рухани деңгейін көрсетсе, ал сыртқы мәні сол тіршілік иелерінің қимыл-әрекетін, қоғамның жеткен жетістіктері мен өзгерістерін, яғни бейнесін көрсетеді. Ішкі мән көзге көрінбейтін құпия болса, ал сыртқы бейнесін көзбен көріп, сезімдермен қабылдап, сөзбен жеткізуге болады. Сондықтан, қоғам өзгерісіне тікелей әсер

еткен хандар, билер мен батырлар іс-әрекеттері тарихта кеңінен зерттеліп, оларға ескерткіштер орнатылып, есімдері елге әйгілі болса, ал халықтың рухани болмысына тікелей әсер еткен Мүсірәлі тәрізді әулиелердің өмірі мен іс-әрекеті кеңінен ашылмай, көбіне аңыз-әңгіме ретінде сақталады. Олардың нақты өмірін халық аз біледі. Бүкіл қазақтың алғашқы рухани ұстазы болған Азиз Мүсірәлінің өмірі, оның кереметтей іс-әрекеттері әлі күнге дейін толық танылмауы осы себептен болса керек. Бұның қазіргі замандағы тағы бір себебін ғалым С.Далдабаев былай деп білдіреді: «Қай тұрғыдан қарасақ та, ХХІ ғасыр – ғылым мен техника, электроника, одан қала берді ғарыштық байланыстың кең етек жайған дәуірі. Бүгінгі ұрпақ рух құдіретінен гөрі ақыл аясына сиятын, сезім талшығынан алыс жатқан нақты көрініске сеніп үйренген. Біз кешегі, бүгінгі заманда көзіміз көрген дүниенің көлемінде зерттеу жұмыстарын жасап, парапсихологиялық, экстрасенсорлық, телепатиялық құбылыстарды зерттейтін арналарды жауып тастадық. Сондықтан, Мүсірәлі Софы Әзиз бен оның тікелей ұрпақтарының... әлі күнге дейін ауызекі айтылып келе жатқан кейбір кереметтерін қабылдауға, одан белгілі бір ғылыми түйін жасауға дайын емеспіз... Адам сенгісіздей таңғажайып құбылыстарға ғылыми нейробиологиялық, нейрофизиологиялық тұрғыдан талдау жасап, баға беру мүмкін емес. Бұл ғасырдан-ғасырға бірге жасап келе жатқан ғаламат құпиялардың бірлігіне саналады». /7/ Енді халықтың алғашқы рухани ұстазы Азиз Мүсірәліні толығырақ танып, оның тарихи тұлғасын елдің есінде мәңгілікке қалдыратын игілікті істерге уақыт келді. Ол туралы аңыз-әңгімелерді мүмкіндігінше ғылыми оралымға алып, кезінде көрсеткен және халық есінде қалған көптеген тылсымдық құдіретті күштерінің сырын ашып түсіндіру керек. Осындай міндеттерді профессор Ә.Бәкір мен академик М. Қозыбаев та алға қояды /7/. Бұл шығарма осы міндеттерді орындауға арналған талпыныстың бірі. Мүсірәлінің өмірі мен қоғамдағы рөлін дұрыс түсіну үшін бұл еңбекте олар сол кездегі хандық және халық өмірімен бірлікте қарастырылды. Себебі ол қазақ халқының өміріне үлкен әсер еткен үш жүздің алғашқы бас Пірі. Мүсірәлінің өмірі туралы нақты деректердің жоқ болуына байланысты біз оның іс-әрекеттері туралы тек халық аузындағы аңыз-әңгімелерден білеміз. Сондықтан олар сан түрлі, кейде асып, төгіліп те кетеді. Біздің мақсатымыз оларды нақтылау емес, әулие бабамыздың шынайы тұлғасын сомдай түсіп, өзімізге өнеге ету болды. Ол үшін әуелі оның рухани болмысын түсінуге, ол туралы кейбір деректердің өзі кейде әр қилы жазылып жүргеніне көңіл бөлмей, көбіне оның тылсымдық сырларын түсіндіруге баса көңіл бөлдік. Әулиелер өмірі рухани болмыспен байланысты болғандықтан, олардың ісәрекетін қарапайым тұрғыдан түсіну мүмкін емес. Сондықтан оның өмірі тек қана рухани білім аясында қарастырылды.

І тарау. XVІІ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ

ЖӘНЕ ІШКІ САЯСИ АХУАЛ

Қазақ елі жау қыспағында

Әрбір елдің тағдырына байланысты өзінің өркендеу және құлдырау кезеңдері болады. Мүсірәлі өмір сүрген дәуір біздің елдің де ерекше бір ауыр да, қиын тұсы еді. Жау жағадан, бөрі етектен алып, халық ауыр қыспаққа түсіп, тіпті, бүкіл Қазақ хандығына қауып төнді. XVІІ ғасырдың аяғында елімізге Оңтүстік-батыстан Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары шапқыншылық жасап, Кіші жүздің жұрты қоныстарын тастап қашты. Солтүстіктен Сібір казактары шабуылдады. Жайыктың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар да қазақтың кең даласынан дәмеленді. Ал оңтүстіктен Орта Азия хандықтарының (Бұхара, Хиуа) билеушілері қысым көрсетті. Қазақ жерінің екі жағында отырған Ресей мен Қытай көздерін аларта тікті. Бірақ қазақ халқына ең каһарлы қауіп шығыстан — күшті Жоңғар хандығы тарапынан төнді. Ел асқар тауларынан, шалқар көлдерінен айырылды. Қаратал, Іле мен Шу өзендері, Балқашқа да жау аяғы жетіп, халық ойран-асыр қырғын мен қуғынға ұшырады. Бұл табиғи жағдай еді. Халық азып, әлсірегенде қауып молайып, сыртқы жаудың көбейетіні белгілі. Қазақ елінде де сондай жағдай туды – мемлекеттің ішкі жағдайы нашарлап, іріп-шіріп, халық өзін қорғау қабілетінен айырылды. Шыңғысхан ұрпақтарымен бірге Евразияның көпшілік жерін жаулап алған бұрынғы ер қазақ, рухани болмысы құлдырағаны сонша – өз жерін де қорғай алмайтын халге жетті. Ауыр жағдайда рухани басшылық және бытыраған қазақты бір тудың астына

біріктіре алатын ірі тұлғалардың қажеттілігі туды. Осындай тарихи қажеттілік қазақ даласына Азиз Мүсірәлі мен Тәуке хан тәрізді ірі көсемдерді әкелді. Әуелі қазақ халқының осындай ауыр жағдайға түсу себебіне үңіліп көрелік. Әлде қазақ ежелден осындай әлсіз халық болды ма? Егер ондай болмаса, онда бұрын қандай еді? Бұрынғы қазақ халқының ерлік қасиеттері. Егер тарихқа үңілетін болсақ, қазақтың шыққан бұрынғы ата-тегі мүлде басқа болғанын көреміз. Қазақтың ата-тегі еркіндікті ту етіп ұстаған ержүрек, мақсатына жете білетін қайратты, адамгершілігі жоғары, намысын жауға бермейтін нағыз батырлар болған. Себебі олар табиғат аясында еркін өмір сүрген. Еркіндік қазақтың табиғи қасиеті болды. Еркіндік адамға өзінің адамгершілік қасиеттерін жоғары ұстауға үйретеді. Болмыспен үйлесімді өмір – адамның жанжақты жетілу кепілі. Қазақтың ата-тегі – өмірі ат үстінде өткен, жауынгер және батыр халық. Себебі, олардың көшпелі еркін өмір салты адамзаттың тіршілік бастауы және кейінгі дәуірге дейін жер бетіндегі көпшілік қауымның өмір тірегі, қозғаушы күші болып отырған. Қазақ халқының ұлттық ойындары қалыптасуы аясында бұл туралы бұрын толығырақ жазғанбыз /14/. Бұндай жоғары жетілген адамдарды әрбір ел өздерінше ерекше құрмет тұтып, әртүрлі атайды. Мысалы, батыста «рыцарь», шығыс елдерінде «жауанмарт», Жапонияда «самурай», ал Үндістанда «кшатрий» деп атаса, монғолияда «баһадур» деп атайды. «Баһадур» сөзінен қазақша «Батыр», орысша «Богатырь» деген атаулар шықса керек. Евразияның үлкен аумағында осындай еркін өмірде қалыптасқан көшпелі түрік халықтары әлемнің көптеген жетілген мемлекеттерінің өміріне тікелей әсер етіп, олардың қозғаушы күші ретінде болды. Біраз мысал келтірейік. «Тигр және Еврат алқабындағы алғашқы адамзат өркениетін қазақтар қоныстанған қазіргі евразиялық даладан шыққан шумерлер жасағанын бүгінгі ғылым дәлелдеп отыр», деп жазады профессор Қайрат Закирьянов. Олар әрі қарай тарап ежелгі Грецияға дейін жетіп, онда Олимпиядалық ойындардың пайда болуына мұрындық болған екен. Одан кейінгі дәуірде де адамзат тағдырына үлкен әсер еткен ұлы Тұран қағанаты, Алтын Орда, Индияда Ұлы Могол империясы тәрізді ірі мемлекеттер көшпелі халықтар қолымен құрылған еді. Қазақ даласынан шыққан жеке тұлғалар да адамзат тарихында жарық жұлдыздай жарқырап түрік халықтарының адамзат тағдырындағы үлкен үлесін толықтыра түседі. Айдар Сеит-қожа Сейдалевтің жазуынша ХІІ ғасырда қыпшақ даласынан Азербайжан еліне құлдыққа сатылып, кейін өзінің ерекше дарыны арқасында сұлтан дәрежесіне көтеріліп, бүкіл Азербайжанды және Иранды қол астында ұстаған Елдеңіз деген ер болған екен. Оның ұрпақтары Ирак-Селджук сұлтанатына жүз жылдай өзінің билігін жүргізген.

Түрік әлемінен құлдыққа сатылған Бейбарс одан да үлкен ерлік жасаған. Ол өзінің алғырлығымен қыпшақ мамлюктерінен құралған әскербасы болып тағайындалып, 1260 жылы Шыңғысхан әскеріне тойтарыс берген. Ол кездегі жеңілуді білмейтін жойқын күшке бұндай тойтарыс беру ерекше ерлік еді. Сонан соң ол ұлы Көне Египетке сұлтан болып сайланып, Әз-Захир Бейбар ұлысының негізін салған. Шыңғысхан тұсында да қазақтың бұрынғы аталары өздерінің ер халық екенін көрсете білді. Оның «Соңғы теңізге дейін жету!» деген ұраны жауынгерлердің алдында шырақтай жағылып, үлкен рухани тірек болған. Әрбір жауынгер ол кезде нағыз ер еді. Айта берсе тарихта бұндай мысалдар жеткілікті. Ата-бабаларымыздың сол ерлік қасиеттері бүгінгі күндері де біздің бойымыздан мүлде жойылып кетті деуге болмайды. Қазақтың бойындағы ата-тегінен келе жатқан осындай ерекше қасиеттер сәт сағаттарда көрінеді. Қиын-қыстау кездерде қазақ өзінің ерлігін көрсете біледі. Қазіргі заманнан оған мысалдар көп. Ұлы Отан соғысының ардагері Болатов Ахметқазы бүгінгі қазақтың ерекше қасиеттері туралы былай дейді: «Мен Алматыда жасақталған 100атқыштар бригадасының құрамында майданға алынып, соғыстың аяғына дейін қатысқан адаммын. Сондағы менің байқағаным, басына іс түскенде, қазақтай қайсар халық жоқ екен... Майданда қазақ жігіттері аштыққа төзімді, қолда барына қанағатшыл еді...Қазақ солдаттары суыққа да шыдамдылық таныта білді... Ең бастысы біздің жігіттер намысшыл еді. Намысын жігері жанығандай шетінен тастүйін, кеудесінде кек қайнап, ең қиын тұста тұрды, соғыс өнерін жетік меңгере білді. «Қазақстандықтар» деген жалғыз ауыз сөзге сүттей ұйып, ел атына, өз арына кір келтірмеу үшін кеудесін от пен оққа төсегендерді көзбен көрдік». Осындай ерлік қасиеттердің нәтижесі – ол Қазақстанның статистика бойынша Кеңес Одағының Батыры атағын алғандардың саны жағынан 15 республиканың ішінде Ресей, Белоруссия, Украинадан кейінгі төртінші орында тұрғандығы болса керек. Сонда осындай еркін халық Мүсірәлі сопы дәуірінде бұрынғы ержүрек қасиеттерінен айрылып, тіпті өз жерін де қорғай алмайтын дәрежеге қалай жетті? Енді осы мәселенің төңірегіне келейік.

Қазақ хандығының әлсіреу себептері

Әлемнің қандай құбылысы болса да, оның пайда болу және қайта құлдырап, өшу кезеңдері болады. Әуелде пайда болғанда ол толқын тәрізді тез көтеріліп, белгілі бір уақыт өткен соң саябырлап, төмендей келе мүлде жоғалып кетеді. Бұл материалдық әлемнің заңдылығы. Шыңғысхан өзінің ерекше дарынымен кезінде әлемде бұрын болып көрмеген мемлекеттер жүйесін тарих тұрғысынан қарағанда тез арада құрып үлгерді. Бірақ, толқын тәрізді әрбір жүйенің өрлеу және құлдырау кезеңдері болғандықтан, бұл жүйе де өзінің рөлін орындап, құлдырау дәуіріне келіп

жетті. Мүсірәлі кезінде қазақ даласы осы жүйенің бір бөлігі болды. Мүсірәлінің тарих көкжиегіне көтерілу себебі де қазақтың басындағы осындай қиын жағдай еді. Қиын-қыстау жағдайларда осындай ұлы тұлғалардың туатыны белгілі. Шыңғысхан дәуірінен бергі дәстүр бойынша елді оның тұқымдарынан тараған төрелер басқарды. Төрелерден хан тағайындалып – елді, сұлтан тағайындалып – ұлыстарды басқарды. Ал халықтың рухани жағдайы моллалар мен қожалардың қолында болды. Бірақ, уақыт ықпалымен олар өздерінің табиғи қасиеттерінен айырылып, енді міндеттерін орындай алмайтын халге жетті. Оның себебі қандай еді? Қандай өзгеріс болса да белгілі бір заңдылық аясында. Әрбір құбылысты материалық және рухани негіздер басқарады. Әлем құбылыстары осы негіздердің тартыс-күресіне байланысты өзгеріп отырады. Қоршаған орта өзінің алдамшы жарқылымен жанды байлап, рухани негізді тұншықтырады. Сол кезде адам жан құмарын ұмытып, тән құмарына беріледі, яғни нәпсінің ықпалына түседі. Абай сөзімен айтқанда «Жан құмарын тән құмары жеңіп кетеді». Табиғаттың екі қасиеті бар. Бірі – жүрек көзін жабуы, екіншісі – жүрегі шелмен жабылған жанды сүйреп төмендетуі. Бас-көзі жабылған адамды адастыру қандай оңай болса, жүрек көзі жабылған адамды адастыру да сондай оңай. Әрбір жан иесінің құлдырау жолына түсуі – өзінің еркімен нәпсіге берілуінде. Нәпсінің әсерімен ол өзінің адамдық қасиеттерінен айырыла бастайды. Шәкәрім өмірдің барлық зардабы адамның тән құмарлығынан шығатын нәпсі екенін білдіреді. «Құмарлық деген бір ит бар, Жаныңа жау шын ит бар» деп ол тән құмары мен жан құмары екеуінің адам өміріндегі алатын орнын көрсеткендей болады. Нәпсі – фәни әлемді басқаратын ең қуатты күш. Сондықтан фәни әлемнің ықпалынан шығып, жан құмарына берілу үшін нәпсіні жақсы біліп, онымен күресе білу керек. Енді нәпсі деген, нәпсіқұмарлық деген не, соған келейік. Қазақ тіліне нәпсі «нафс» деген араб сөзінен енген. Абай мен Шәкәрім мұраларынан адам болмысы тән, оның нәзік болмысы, яғни психикалық болмысы және жаннан құралатынын білеміз. Жан рухани болмысқа жатады. Ал нәпсі деп адамның материалдық болмысын көрсететін тәні мен оның психикалық негізін атаймыз. Яғни нәпсіге оның физикалық тәні ғана емес, оның сыртқы сезімдері, ақылы, есі жатады. Бұлардың барлығының да негізі заттық әлемдік. Бірақ бір-бірінен айырмашылығы өте үлкен. Бұлардың әрқайсысының өзіндік құмарлықтары бар. Фәни әлемде барлық іс-әрекет сол құмарлықтардың талабымен орындалып жатады. Нәпсіқұмарлық деген не? Нәпсіқұмарлық дегеніміз нәпсінің шектен тыс құмарлануын және сол құмарлыққа шектен тыс берілуді айтамыз. Қандай нәрсе болса да, оның қолдану мөлшеріне байланысты, не у, не болмаса дәрі болуы мүмкін. Адамның өмір қажеттілігімен өзін-өзі қамтамасыз етіп, тіршілік қызығын

көрудің ешқандай да артықшылығы жоқ. Қайта жан иесінің өзіне керегін табу жолындағы әрекет бүкіл әлем өміріндегі негізгі қозғаушы күш болып табылады. Бірақ, адамның сол қажеттіліктен артықққа ұмтылу сәтінен нәпсіқұмарлық басталады. Сопы Мүсірәлі кезінде дүниеге құныққан байлар елдің қамын ұмытып, тек қана өз қарабасы қамымен мал жинауды ойлады. Жинаған малдарының өнімін ішіп-жеп, тек қарын тойдырып, семіруден жүріп-тұруының өзі қиын жағдайға жеткен. Өзен-суға мол, жайқалған жайылымы бар қазақтың шексіз кең даласы өздерінің қарабас қамына осылай алаңсыз берілуіне жағдай жасады. Хандар билікке, атақ-даңқтың соңына түсіп, халықты қанап, зорлықзомбылық жолына түсті. Мүсірәлі дәуіріндегі төрелер билікке таласып, халықтың берекесін кетіріп, өздерінің бұрынғы текті қасиеттерінен, халық алдында беделінен айырылды. Осылай таққа таласып, бір-бірін аңдып, аяқтан шалып, реті келсе өлтіріп, адамдық қасиеттерінен айырыла бастады. Өздерінің тектілігін көрсетіп халыққа үлгі көрсетудің орнына, олар қайта өздері зорлық-зомбылық көзіне айналды. Осылай бір кездері халық тағдырында үлкен орын алған ел басқарушылар өздерінің табиғи қасиеттерінен айырылып, енді бұрынғы рөлін орындай алмайтын халге жетті. Олардан үлгі алған қарапайым халық нәпсіқұмарлықтан туған ашкөздік, өркөкіректік, көреалмаушылық, сараңдық, ашу-кек тәрізді адамның жан дүниесін құрсайтын қасиеттердің ықпалымен төмендеп, бүкіл қоғам іріпшіріп, құлдырай берді. Бұл кезде ислам қазақ жерінде толық орнығып, елге кеңінен жайылған еді. Бірақ дін де халықты біріктіретін күшке айнала алмады. Төрелер елдің саяси жағын басқарса, моллалар – рухани жағын басқарды. Бірақ екеуінің арасында үйлесімді бірлік болмай, халықты басқару ісінде үлкен кедергі болды. Бұл да түсінікті еді. Уақыт ықпалымен дін адамдары өздерінің рухани күшін жоғалта бастады. Мұхаммед пайғамбарымыздан соң арабтардың жаулап алу жорықтарымен жасалған бүкіл мұсылман елдерінің рухани орталығы Халифат әлсіреді. Халиф елдің рухани және саяси-әлеуметтік жүйесін бірдей басқарушы еді. Ол ел басқаруда шариғат заңдылығын бұзбай, қатаң ұстанып, діни әдет-ғұрыптардың дұрыс орындалуын қадағалап отырды. Сондықтан халифат ұзақ уақыт ислам елдерінің дұрыс өркендеп нығаюына үлкен әсер етіп, басында араб халифаты (630-1258 жж.) және кейінгі бірнеше ғасырға созылған жалпы исламдық мәдениет батыс елдерінде «исламның Алтын дәуірі» деп аталды. Бірақ Мүсірәлі өмір сүрген ХУІІ ғасырда халифаттың жетілу дәуірі өтіп, енді құлдырау кезіне жетті. Бір орталыққа бағынудан қалған қожа-моллалар елді өз білгендерінше және өздерінің қарабас қамы мақсатында басқарып, діннің сара жолынан ауытқи бастады. Осылай елдің рухани деңгейі құлдырады. Рухани тіректен айырылған адамның қайратынан айырылып, жүнжіп кететіні белгілі. Халық жан тыныштығынан айрылып, рухани азып-тозды. Көп жылдарға созылған осындай ауыр жағдай Мүсірәлі заманына дейін жетіп еді.

Бүкіл қоғам іріп-шіріп, ыдырай бастағанда ол басқа елдердің қармағына оңай түседі. Сыртқы жау көбейді. Бұрын төрелер мен дінбасыларға сүйенген ел олардың бұзылған ниеттерін көріп, енді оларға сенуден қалды. Сыртқы жаумен күресте олардың қауқарсызын байқаған халық енді бұл қасіреттен өз күшімен құтылуға ұмтыла бастады. Қазақ хандығының әлсіреу себебі – халықтың рухани азуы және биліктің іріп-шіруі болды.

Тоқыраудан шығу жолдары

Әрбір қиындықтан шығудың екі жолы болады. Біріншісі – күшпен. Екіншісі – рухани жолмен. Шыңғысхан ешқандай дінді қолданбай-ақ Жер шарының көптеген елдерін күшпен жаулап алып, бытыраған халықтарды біріктіріп, адамзатты дұрыс жолға бағыттай білді. Мұхаммед пайғамбарымыз әуелі араб елін, кейіннен басқа да көптеген елдерді имандылық жолымен жөнге салды. Ол әкелген рухани білімнің қуатымен бір кездегі көшпелі арабтар құрған Халифаттың адамзат дамуына қандай үлкен әсері болғаны баршаға белгілі. Ислам өзіне дейінгі басқа мәдениет құндылықтарын игере біліп, оны жаңаша саралап өз мұқтажына икемдеді. Осылай ол өзіне дейінгі адамзат өркениетін бойына сіңіре отырып, оны әрі қарай дамытты. Бір Алла тағалаға табынған мұсылмандар рухани нұрдың аясында Евразияның көпшілік жерін өркениеттің жоғары деңгейіне көтерді. Ислам діні өзіне дейінгі ертедегі грек, рим мәдениеті ғана емес, ол кезде құлдырай бастаған көне сақ мәдениетін де бойына сіңіріп, оған жаңа өріс берді. Соның нәтижесінде ислам діні Евразияның көпшілік жерінде ежелгі заман мен жаңа заманды жалғастырып, оларды біріктірген күш ретінде адамзат өркениетінің дамуына үлкен ықпал жасады. Сол сияқты кезінде Иса пайғамбар келіп Рим империясын құтқарды. Екі пайғамбардың салған жолы да бүкіл адамзаттың рухани тірегіне айналып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Қазақ даласында Мүсірәлі дәуіріне дейінгі хандар елді бірінші жолмен – күшпен – біріктіруге ұмтылып көрді. Оларды халық қолдамады. Шыңғыс хан ұрпақтары өздерінің бабаларының қасиетінен айырылған еді. Сондықтан олардың іс-әрекеттері елдің берекесін кетірген босқа қан төгістен аспады. Тоталитарлық күшке рухани тірек керек, яғни ханның басқаруы нәтижелі болуы үшін халықтың рухани қуаты керек. Тағдыр Тәуке хан мен Сопы Мүсірәліні тарих сахнасына шығарды. Қазақ елінде осылай күш жолы мен рухани жол бірігіп, халықтың тоқыраудан шығуына жол ашылды. Халық Қазақ Ордасының ханы етіп Тәукені сайлады. Халықтың алғашқы пірі етіп Тәуке хан Мүсірәліні сайлады, ал Тәуке ханның әз-Тәуке атанып рухани деңгейге көтерілуіне Мүсірәлі себеп болды. Бірі болмаса – екіншісі де болмас еді, сондықтан, оларды бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды.

Тәуке хан

Қандай хан болса да, ол өз халқының әкесі – халық қамы үшін, өз пайдасын құрбан етуі керек. Міндет – сезімнен де, жеке бас қамынан да жоғары. Хан халық қамы үшін өзінің нәпсісін құрбан етіп, сезімдерін басқара білуі керек. Ханның күші жазалауда емес, қыл өтпейтін әділдікте. Халық ханнан үлгі алады, сондықтан оның іс-әрекеті кіршіксіз таза, басқаларға үлгі болғанда ғана халықтың сеніміне ие болып, сүйіспеншілікке бөленген жұртты біріктіре алады. Осындай ханның бірі Тәуке болды. Тәуке хан 1626 жылы туып 1715 жылы (кейбір деректерде 1718 ж.) өлген. 1680-1715 жылдары хандық құрған. Оның халық берген, тарихқа енген есімі — Әз-Тәуке, яғни, дана Тәуке. Бұндай атаққа бұрын тек қана Жәнібек хан ие болған екен. Әз-Жәнібек – Алтын Орданың ханы, ал Әз-Тәуке –– Қазақ хандығының ханы. Тәукенің Уәлібақы деген өзінен жасы үлкен ағасы болған. Бірақ халық сайлаған билер Хан етіп ата жолымен жасы үлкен Уәлібақты емес, елге сыйлы Тәукені сайлайды. Халық сүйіспеншілігіне бөленген Тәуке 35 жыл хандық құрып, 89 жасында өз өлімімен өмірден өтеді. Тәуке өзі хан болып сайланған соң өзінен бұрынғы хандардың қателігін қайталамай, бас тартты. Ол рухани тірексіз қара күштің нәтижесіз екенін түсіне білді. Өзінің билігінің бөлігін халық сайлаған билерге берді. Енді тізгінді босатып, еркіндікке бұрды. Осылай ол зобалаң тоталитаризмнен бейбіт демократияға жол ашты. Тәуке хан биліктің тізгінін халыққа беріп, халық өздерінің билерін сайлап, олар елдің ішкі тәртібін қорғап отырды. Бірақ рухани қолдау болмаса әркім өз білгенін жасап, демократия анархияға айналып кететінін дана Тәуке хан жақсы түсінді. Сондықтан елдің рухани деңгейін көтеретін рухани жетекші керек болды. Осылай пірлер пайда болады. Пірлер халыққа дұрыс жол көрсететін рухани ұстаздар еді. Әрбір рудың, ұлыстың өздерінің пірі болған. Ал бүкіл елдің бас пірі етіп Тәуке хан Сопы Мүсірәліні сайлайды. Оның даналығы мен көрегендігінің ең негізгі нәтижесі де, міне, осында жатса керек. Демократиялық өзгерістер Тәуке ханға өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі тартыс салдарынан ыдырай бастаған үш жүздің басын қосып, жеке-жеке ұлыстарды билеген сұлтандардың бөлектенуіне тежеу салуға, Қазақ хандығының ішкі бірлігін бекемдеуге барлық шараларды қолданып, оны едәуір күшейтуге мүмкіндік берді. Едәуір қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпалары Тәуке ханның қарауына енді. Тәуке қырғыздарды олардың өз биі Қоқым Қарашор арқылы, қарақалпақтарды олардың Сасық биі арқылы басқарып отырған. Осылай жоңғарлардың шабуылынан қорғануды негіз еткен қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының әскери-саяси одағын құруға мүмкіндік туды. Халыққа бақытты өмір соғыспен келмейтінін жақсы білген Тәуке хан көрші елдермен бейбіт өмір құруға ұмтылады. Ол терістіктегі қатерлі әрі

құдыретті көрші Ресеймен арадағы қатынас мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Осы, аралық кезеңнің өзінде Сібір шегіне бес мәрте елші аттандырыпты. Өзі де орыс өкіметінің елшілерін қабылдайды. Ресей Тәуке хан заманында ауыр жорық жолын емес, бөлшектеп жалмау тәсілін қолданыпты. Бірақ Қазақ Ордасы тұтас тұрғанда мұнысынан нәтиже шықпайды. «Түріктің сұлтаны мен қызылбастың шахынан менің қай жерім кем? Ешбір кемдігім жоқ» – депті Әз-Тәуке 1694 жыл Түркістанға келген орыс елшілеріне. Осылай ол ешқандай зорлыққа көнбейтінін, ешкімге бас ұрмайтынын ашып айтқан. Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып-өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлікберекесін кетірер ішкі дау-жанжалды, барымта-сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Кейбір зерттеушілер Тәуке ханның тұсында халық үшін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш дәуір орнады деп жазады. Бұл жаңсақ пікір. Егер елде сондай қамсыз тыныштық орнаса, халық өзінің еңсесін көтерудің орнына, керісінше, одан сайын жүнжіп кетер еді. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық – аздырар адам баласын» деп Абай бабамыз айтпақшы, қамсыз өмір адамды өркендеу емес, тек қана азып-тозу жолына түсіреді. Адамның қайраты тек қана күресте, қиындықта шынығады. Тәуке хан тұсында сыртқы жаудың қаупы көбеймесе, кеміген жоқ. Оған дәлел – арада жыл өтпей бүкіл Қазақ Ордасы дүрбелеңге тағы тап болады. Үлкен дайындықпен жойқын соғыс ашқан Дүрбін-Ойрат үш жарым жыл бойы бүкіл Оңтүстікті еркін ойрандайды, қаншама қаланы қиратып, мың сан халықты тұтқындап, алаштың аруағын қорлап, кеудесін басып, жерменжексен қылып кетеді. Бұрынғы тарихқа қарасақ, қазақ жұрты қаһарлы Абдолла ханның ділманында да мұндай шапқынға ұшырамаған. Ойрат тарапынан қайтадан қатер туғанын аңдаған Тәуке хан 1710 жылы Қарақұмда бүкіл Қазак Ордасының құрылтайын шақырады. Құрылтай өткізу — бұрынырақ белгіленсе керек, алайда, дәл осы кезде жаңа шапкыншылық басталады. Кейбіреулер Жоңғарға бас ұру, қоңтажының бодандығын қабылдау туралы, кейбіреулер түп көтеріле көшу, қалмақ құрығынан аулақтау туралы сөз қозғайды. Бірак, бүгінгі қазақ бұрынғы қазақ емес еді! Мүсірәлі сопының рухани шапағатымен халық өзінің ежелгі қайратына қайта мініп еді. Сөйтіп, ол өзінің намысын қорғау үшін ойратпен ақырғы тамшы

қаны қалғанша соғысу керек деп шешім қабылдайды. Жорықты қарадан шыққан Бөгенбай тәрізді батырлар басқарады. Нәтижесінде 1710-1711 жылдардағы дүрбелең майданда қазақ әскері калмақтарды тойтарады, келесі 1712 жылда ойрат ұлыстарының шегіне басып кіреді, біраз қоныстарын қайтарып, үлкен жеңіске жетеді. Келер жылы қалмақтар жаңа жорық ұйымдастырады. Қазақтар оларды да ел ішіне енгізбей, жауды серпіп тастайды. Халық ерлігіне сүйеніп осындай жетістіктерге жеткен Тәуке хан көшпенділер даласында Батырхан атағына ие болған. Өмірдің зобалаңы азаймаса да, халықтың оған көзқарасы өзгерді. Әрбір қазақ баласы өз күшіне сенетін, елге түскен ауыртпалықты өз мойнымен көтеріп, өз жерін қорғаған қайтпас-қайсар жауынгерге айналды. Бұл соғыс пен бұрынғы соғыстың айырмашылығы үлкен еді. Бұрын халық хан, сұлтандардың атақ-мүддесі үшін, солардың айдауымен соғысса, енді ол өзінің жері, елі, намысы үшін өз еркімен соғысты. Осындай қиындықтарда қайраты шыңдалып, рухы өсіп, елдің еңсесі көтерілді. Халықтан үрей кетіп, оның орнына ұлттық сана-сезім мен қайрат келді. Бұл адамның ішкі дүниесін өзгертіп, тыныштық әкелді. Міне, өмірге көзқарастың өзгеруі осындай нәтиже берді. Даналық – өмір қиыншылықтарынан бастартып, қашу емес, оларды дұрыс қабылдап, дұрыс шеше білуде. Бірақ халықтың бұл бақытты өмірі ұзаққа созылмады, тағы өзгеріске түсті. Тәуке хан өлген соң пір Мүсірәлі фәнилік өмірден қол үзіп, таза рухани жолға бет бұрды. Осылай қазақ елі рухани басшылықтан айырылып, қайтадан құлдырау жолына түсті. Жұрт Тәукенің інісі Қайып сұлтанды хан көтереді. Қайып ханның беделі Әз-Тәукедей болмады. Осыны пайдаланған Алаш ұлыстарының дербестігі сөзден іске көшуге айналды. Әсіресе, хандық мәртебеден үміткер болған Әбілхайыр сұлтан асаулық танытты. Әбілхайыр ресми құжаттарда өзін сұлтан атап, Қайыпты біртұтас Қазақ Ордасының ханы екенін мойындап, оның әміріне бас ұратынын мәлімдесе де, шын мәнісінде жеке зор билікке жеткен екен. 1717 жылы Қайып хан мен Әбілхайыр сұлтан Қазақ Ордасының отыз мың әскерін бастап, Дүрбін-Ойратқа қарсы аттанады. Бірақ дарынсыз Қайып пен өркөкірек Әбілхайыр бар әскерінен айрылып, сопа бастары ғана құтылады, Ордаға келгенде Қайып ханның қасында екі-ақ кісі бар екен дейді. 1718 жылдың аяғында Қайып хан өледі. Оның орнына Әз-Тәукенің дарынсыз да, жігерсіз ұлы Болатты ақ киізге көтереді. Осылайша бір кезде ыдыраған халықты Мүсірәлінің рухани басшылығымен бір орталыққа жыйып ұстаған Тәуке заманы енді келмеске кетті. Билер. Олар өздерінің ерекше табиғи қасиеттерімен қарапайым халықтың арасынан бөліне шығып, үлкен беделге ие болған адамдар еді. Халық билерді құрмет тұтып, олардың басшылығын өз еркімен қабылдап отырған. Тәуке хан билер кеңесін құрады. Халықты, оның ішіндегі әрбір ұлысты елдің өзі сайлаған билер арқылы басқарды. Билер кеңесі қазақ елінің ішкі және сыртқы саясатына қатысты мәселелерді шешуде үлкен қызмет атқарды. Билер шешіміне хан қарсылық көрсетпеді, яғни мемлекеттік

биліктің басым бөлігі халықтың қолында болды. Тәуке ханның тұсында “Билер кеңесінің” құрамына атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба, Есейхан, Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды қайраткерлер енді. Билер кеңесінің билік ауқымы зор болған. Бұл органның шешімі негізінде ғана Тәуке ханның мемлекеттік мәселелерді шешуге құқы болған және билер кеңесі қабылдаған заңдар мен шешімдерді жүзеге асырып отырған. Сонымен қатар «Билер кеңесі» хандық билікті шектеу құқығына ие болған. Билер кеңесі соттық билікті де атқарған. Халықтың дәстүрлі менталитетінде билердің қоғамдағы мәртебесін анықтайтын қағидалар көп сақталған. Мысалға, «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Туғанына бұрғаны – биді құдай ұрғаны», «Таста тамыр жоқ, биде бауыр жоқ», «Тіл жүйрік емес, шын жүйрік» т.б. Бидің үкімі ру, аймақ атынан емес, тәуелсіз би атынан шығарылды. Мүсірәлінің ұстаздық жолында үлкен орын алған атақты Әйтеке би ұрпақтарына мынадай өсиет қалдырды: «Менің өмірім өзгенікі, өлімім өзімдікі». Туа біткен даналық пен шешендікті иеленген билердің өмірлік тәжірибесі де мол болды. 1820 жылы орыс және европалық құқық нормаларымен жетік таныс Д. Самоквасов қазақтардың құқық жүйесін зерттей келе, қазақ билері халқының салт-дәстүрі мен өткен тарихын да жақсы білетіндігі туралы жазған. «Биі жақсының елі жақсы», «Батыр елін жауға бермейді, би елін дауға бермейді» деген нақыл сөздер қазақ билерінің дипломат қызметін атқарғанын да көрсетеді. Билер шешен болған. Атап айтсақ, халық Қазыбек биді «ағын судай әйгілі шешен» деп мақтан тұтқан. Сөйтіп, Тәуке хан ел билеуде атақты қазақ билеріне арқа сүйеп, олардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін көтерді. Билер кеңесі мерзімді түрде Сырдарияның бойында орналасқан Әңгірен, Түркістан мен Сайрам жеріне орналасқан Битөбе, Мәртөбеде шақырылған. Жыл сайын Ташкент қаласының маңындағы Күлтөбеде үш жүз өкілдерінің басын қосқан жиналысын өткізіп тұрған. Бұл халық арасында «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деп аталды. Тәуке хан дәуірі өтіп, елдің іші тағы бүліне бастағанда бұрынғы ру көлемінен озып, ұлыс көлеміне жеткен үлкен саяси күшке айналған билер енді өзі ортасынан шыққан рудың, ұлыстын мүддесін көбірек күйттеп, хан жарлығын жүре тындайтын болған. Осылай қазақ елі қайтадан бұрынғы қалпына келіп, іріп-шіри бастады.

ІІ тарау. МҮСІРӘЛІНІҢ БАС ПІР БОЛЫП САЙЛАНУЫ

Мүсірәлі өмірінің үш бастауы

Мүсірәлі халықтың басына тарихи ауыр қыспақ түскен кезде оның құрсауынан шығуға жол көрсете білген кемеңгер және рухани ұстаз болды. Оның өмірі бізге, артында қалған ұрпақтары үшін үлкен өнеге. Сол өнегелі өмірді дұрыс түсініп, қабылдай білу үшін оның осындай жоғары дәрежеге жету сырын білу керек. Ол сырдың құпиясы адамзат өмірі ғана емес, бүкіл тіршілік дүниесіне ортақ табиғи заңдылықта жатыр. Жалпы тіршілік жағдайы, оның ішінде адам өмірі, үш бастауға байланысты болады. Осы үш бастау арқылы адамның келешегін болжап, өткен өмірін түсінуге болады. Мүсірәлі өмірін осы үш бастау аясында қарастыратын болсақ, оның осындай биік рухани дәрежеге жету себептерін түсіне аламыз. Өмірде кездейсоқтық деген болмайды – барлығының себебі бар. Әрбір құбылыстың себептері бірден көзге көрінбеуі де мүмкін, бірақ тереңдеп үңілсек оларға көз жеткізуге болады. Адам өмірі осы үш бастауға бағынышты. Сондықтан әркім де өз келешегіне көз жібере алады. Яғни, адамның шыққан биігі, сонымен бірге, болашақта көретін қуаныш-қайғы, жасайтын жақсы-жаман қылықтары мен істері, ой-өрісінің қалыптасуы, тіпті бүкіл өмірінің бақыты осы үш бастаудың сапасына, іске асу деңгейіне және олардың өзара үйлесімділігіне байланысты. Халық дәстүрінде бұл бастаулар жақсы ескеріліп, олардың үйлесімділігі келешек ұрпақ тағдыры үшін қатаң қадағаланып отырған. Бұл қандай бастаулар? Біріншісі – тектілігі, яғни генасы; екіншісі – қалыптасу ортасы, яғни алған тәрбиесі; үшіншісі – жан дүниесінің ерекшеліктері. Бұлар адам өмірінің іргетасы болып, келешекке тікелей әсер етіп, оның тағдырын құрайды. Осы үш бастау аясында жас баланың келешегін болжап, не болмаса ересек адамның өткен өмірін саралауға мүмкіндік аламыз.

Жан иесіне тектілік дене және ой-өріс сапалығын береді. Сапасы жоғары болса оның өмірі шұрайлы, өзінің мақсатына жету оңай болады. Тектілік жартылай тағдырға, жартылай жан иесінің еркіне байланысты беріледі. Қалыптасу ортасы оның жетілуіне берілген мүмкіндіктер, сондықтан ол жан иесінің тағдырына байланысты. Пешенесіне не жазылса, адам сондай ортада болып, сондай әсер алады. Ал жан қасиеттері адамның тілегін, ынтасын анықтап, өмір бағытын береді. Мысалы, бір бала жасынан әрнені білем деп білімге, кітапқа ұмтылса, ал екіншісі ойын ойнауға әуесқой болуы мүмкін. Жан қасиеттері жанның өзінен шығатын болғандықтан, олар сыртқы себептерге емес, тек қана жанның өзіне байланысты. Табиғат көріністерінің барлығына да бұл бастаулар ортақ болып келеді. Жақсы тұқым мен түскен ортаның әсерін табиғаттан да көруге болады. Мысалы, өсімдік дүниесін алатын болсақ, өсімдіктің дұрыс өсуі ұрықтың, яғни генасының жоғары сапалы, түскен ортаның, яғни топырақтың құнарлы және оның күтімінің жақсы болуына байланысты екені белгілі. Егер құнарсыз топырақ болса, оған қандай жоғары сапалы тұқым егілсе де өнімі төмен болады. Немесе, қандай құнарлы топырақ болып, сонымен бірге, кезінде барлық суару, қопсыту тәрізді түрлі агротехникалық күтімдер дұрыс болғанның өзінде, оған сапалы дән егілмесе, дұрыс өнім болмайды. Сондықтан генетика ғылымы дұрыс өнім алу үшін тұқымның сапасын жақсартумен, агрономия ғылымы жерді өңдеу, құнарлылығын арттырумен және өсімдікті дұрыс бағып-қағу заңдылығымен шұғылданады. Өсімдік пен хайуанат әлеміне қарағанда адам өмірінде оның жан қасиеті үлкен орын алады, себебі ол эволюцияның (жетілудің) жоғары сатысында тұр. Жан иесі неғұрлым жоғары сатыда болса, оның жан қасиеті де өзінің жетілу барысында солғұрлым шешуші орын алады. Бала тәрбиесінде осы үш бастауды ескерудің маңызы зор. Мысалы, баланың туған ата-анасы текті болып және жан дүниесі де басқалардан ерекше болғанымен, егер өскен ортасы, алған тәрбиесі дұрыс болмаса, ол баланың өсе келе өзінің ерекше қасиеттерін жоғалтып, басқа қарапайым пенделердің қатарына түсуі мүмкін. Бұны бала тәрбиесімен шұғылданатын адамдар жақсы біледі. Мүсірәлі дәуіріндегі төрелердің ата-тегінен берілген өздерінің тектілігін жоғалтып алулары да осының бір дәлелі. Әрбір көзден шыққан сулардың сапасы бір-біріне байланысты емес, бірақ бір арнаға түйіскенде олардың әртүрлі шипалы қасиеттері бірігіп судың қасиеті арта түседі. Ал бір бұлақтың суы таза болмаса, ол басқа екі бұлақтың суын былғайды. Сол сияқты адам өмірінің бастаулары да әуелде бір-бірінен бөлек, өзара тәуелсіз болғанымен, олар бір адамның басында біріксе, онда олардың қасиеттері артып, адамды шыңға шығарады. Ал егер бастаулардың бірінің кемістігі болса, онда ол басқалардың артықшылығын жоққа шығаруы мүмкін. Бір бастаудың кемістігін басқалары толықтыра алмайды. Сондықтан бір отбасында ой-өрісі, мінез-құлқы бөлек болып келетін «ала» да, «құла» да туады. Қазақта «Жаман бала – жыннан, жақсы бала – нұрдан» деген қанатты сөз бар. Бұл жан қасиетін білдіретін мақал. Бір ата-анадан туып,

алған тәрбиесі бірдей болғанымен, балалардың жан қасиеттері бөлек болғандықтан, олардың мінез-құлықтары әртүрлі. Осыдан бастаулардың бала тәрбиесіндегі маңызын көреміз. Әуелде тәуелсіз үш бастау тоғыса келіп адам өміріне үлкен әсер етеді. Таза бастаулардың нұры бір арнаға тоғысу нәтижесінде адам жетілудің биігіне көтеріліп, адамзаттың өшпейтін жарық жұлдызына айналады. Шәкәрім атамыз бен Абай бабамыздың өмірі осыған жақсы дәлел. Тектілігі, қалыптасқан табиғи үйлесімді ортасы және таза жан дүниелері бірігіп оларға жетілудің өнегесін көрсетуге мүмкіндік берді. Сопы Мүсірәлі де осындай ерекше адамдардың бірі болған. Оның өмірін және жеткен рухани деңгейін осы үш бастау аясында қарастырған кезде оның жетілу жолына, ұлы қасиеттерінің заңдылығына көзіміз жетеді. Енді Мүсірәлінің өмірбаянына қысқаша шолу жасап, оның өмірін осы үш бастау аясында қарастырып көрелік.

Ата-тегі

Мүсірәлі Жәдікұлы 1639 жылы Бұхар хандығына қарасты, Тамдыбұлақ аймағында Керізбұлақ деген жерде дүниеге келеді. Кейбір деректерде туған жылы 1667 жыл деп көрсетіледі /8/. Ол 1721 жылы дүниеден өткен. Мүсірәлінің шығу тегі кіші жүздің «Жеті ру» тайпасының «Керейт» руынан шығады. Ертеде Керейт елінде Қабылбек деген батыр екінші әйелі Рабиғадан бір балалы болыпты. Қабылбек батыр бір соғыста баласымен екеуі бірдей қайтыс болып, әйелі Рабиға 23 жасында жесір қалыпты. Бір күні Рабиға түсінде әулиелерді көреді. Олар Мекке-Мәдинеге баруға жол сілтейді. Рабиға мұсылманшылық сапарынан оралған соң Керейт елінің бегі Арғымақ баһадүрмен бас қосады. Үйленген соң Рабиғадан Күрзіхан туады. Хан болған Күрзіханның лақап аты Ақсақал деген болжам бар. Күрзіханнан Бозаншар. Бозаншардан Еспенбет (Ойық), Доспенбет (Тілік). Доспенбеттен Қолдаулы, Сандаулы, Шаужайлы. Сандаулыдан Көн, Көне би, Қосбармақ батыр туған. Көне биден Дулат. Дулаттан Асан, Үсен, Тағаберді, Таз. Таздан Бидас, Жандос. Жандостан – Жанғабыл, Жәдік. Жәдіктен Мүсірәлі туады. Әкесі Жәдік керейт руынан шыққан адамгершілігі жоғары, ел сыйлаған адам еді. Кейбір деректерге сүйенсек, ол ештеңеден қаймықпайтын ержүрек, бірақ өте адал және еңбекқор болған. Мейірім-қонақжайлығына байланысты мал-мүлік те молайып, «бай Жәдік» атанады. Көптеген ұры-қарыдан мол мал-мүлікті жалғыз қорғап, Құдайдан өзіне көмекші болатын бала тілейді. «Кемпірі де келісті, қонақжанды оңды адам еді. Үй малға да, дүниеге де толды» деп жазады Бегімбай Ұзақбаев /4/. Ол ұлғайған шағында өмірін біржола имандылық жолына арнап, сопылық жолға түседі. Жәдіктің әкесі Жандос өзінің ағасы Бидас тәрізді елдің сыйлы адамдарының бірі болған. Бидас тіпті Тәуке ханның алғашқы кеңесшісі де

болады. Ол туралы керейттен шыққан Данмұрын ақынның мынандай өлеңі қалған екен:

Ізденіп тайпа әулетінен,
Тәукедей хан сайлаған ақсүйекті.
Атанды қара Бидас «Хан атаға»,
Тұрған жан бір дауыспен қабыл етті.

Данмұрын ақын осылай Бидастың өз заманының ірі мемлекеттік тұлға болғанын, халық қамын ойлаған, жасының ұлғайғанына қарамастан Тәуке ханның алғашқы кеңесшісі болғандығын айтып, айтыста өз қарсыласының бетін қайтарған екен, деп жазады Құрманғали Ашанұлы. Мүсірәлінің өзі ғана емес, тектіден туған оның балалары елден ерекше болған. Мүсірәлінің алты баласының бірі Қосымқожа да, оның ұлы Әбужәлел де пір болған. Кіші жүз, оның ішінде Әлім руының пірі болған Қосымқожаның керемет киелі қасиеттері мен әулиелік істері ел арасына кеңінен тараған. Ал Мүсірәлінің Сауранбай деген ұлы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген. Ол кесенеге қарапайым адам жерленбейді. Қосымқожа Мүсірәлінің үшінші әйелі Мариямнан туған еді. Мариям Жоңғардың қонтайшысы Ғалден Сереннің сүйікті кенжесі болатын. Ханнан туған Мариям жас кезінен ерекшеленіп өзінің тектілігін ертеден білдіреді. Мүсірәліге келген соң өзінің жұбайылық табиғи міндетін орындап, мұсылмандықты толық қабылдап, қазақ арасына сіңіскені сонша, ерінің ең сүйікті жұбайына айналады. Екі текті тұқымнан туған Қосым жас кезінен басқа балалардан озық шығып, әкесінің негізгі үмітіне айналады. Ерте ел аузына ілігіп, ардақталды. Он екі жасында ерекше қасиет қонып, көріпкелдігі пайда болады. Ол әкесінің имандылық жолына толық түсетінін түсінде көрген екен. «Балам, бұл қасиетті туған мекенді өзіңе сеніп тапсырып барам» деген екен әулие әкесі. Сырдың Шоңбай ақынының ол туралы өлеңі қалған.

Керейттен қожа шықта Қосым атты,
Кісі екен аруағы мол, кәрі қатты.
Қарадан қалай қожа шығады деп,
Есіткен елдің бәрін таңырқатты.

«Оның бәйбішесінен Сүгірәлі, Дербісәлі, Маханбет деген ұлдар мен Бөпе, Айша, Сұлкен деген қыздар, ортаншы әйелінен Сауранбай, Дос, тоқалы қалмақ қызы – Мариямнан Сарықыз бен Қосым туған. Әйелдерінің арасында күндестіктің асқынғаны соншалық, бәйбішелері «тоқал тағы ұл туса біз далада қаламыз» деп Мариямға сарымай орнына сабын езіп, у қосып беріп өлтірген деген қауесет бар. Ол кенеттен өлгесін Сарықыз інісі Қосымды оларға сенбей, ерге шықпай, өзі тәрбиелеп, өсіріп қатарға қосып, анасы ретінде жанынан бір елі ұзамай, өмірден өтіпті» деп жазады Б.Ұзақбаев.

Осылай қарапайым кемістіктері бар қарапайым адамдардан қарапайым балалар туып, ал таза хан тұқымынан туған ұл ғана емес, кезінде өзінің өмірін халық үшін құрбан етерлік қасиеті бар қыздың да туатынын көреміз. Осы қысқа шолудан Мүсірәлі текті тұқымнан туғанын, оның әке-шешесі және оның арғы аталары да ел сыйлаған беделді және иманды адамдар болғанын және халықтың келешегі үшін өзіне сәйкес ардақты ұрпақ қалдыра алғанын көреміз.

Қалыптасу ортасы

Адам өмірін зерттегенде оның қалыптасуы бұл жарық дүниеге келуінен емес, одан да бұрын басталатынын ескерген жөн. Көрнеу әлемде қандай жан иесі болса да оның қалыптасу ортасы ана құрсағынан басталады. Ал бүкіл болмыс тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол одан да бұрын – ата-ананың ұрпақ туралы алғашқы арманынан басталып, бұл дүниеге келген соң оның туған отбасы, дос-жарандары, білім алған ортасы, елі мен туған жері, өмір сүрген заманы тәрізді болып кеңейе береді. Қандай құрылыс болса да әуелі ол туралы армандалып, сонан соң ол құрылысқа жететін қаражат жиналып, яғни байлық жиналып, жоба жасалған соң ғана басталатыны белгілі. Нәрестенің пайда болып, сонан соң оның өсіпқалыптасуы да осыған ұқсас. Қазақта «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – екі саулық» деген мақал бар. Дені сау болып кәмелет жасына жеткен соң әркім үйленіп, сонан соң өзінің келешек ұрпағы туралы армандайды. Осылай ата-ананың жақындасуымен әке шаһуаты ана құрсағына түсіп келешек ұрпақтың пайда болуына іргетас салынады. Іргетастың құндылығы ата-ананың тегіне, сонымен бірге, шаһуаттағы жан қасиетіне байланысты. Шаһуаттағы жан қасиеті ата-ананың қандай баланы армандауларына да байланысты болуы мүмкін. Шаһуаттағы жанның нәресте ретінде қалыптасуы оның түскен ортасына байланысты. Шаһуаттағы жан өзіне денені табиғат заттарынан құрастырады. Бірақ табиғаттан өзіне керекті заттарды тура алуға оның мүмкіндігі жоқ, сондықтан ол ана құрсағына түсіп, ананың денесі арқылы өзіне керекті заттарды алады. Осылай ананың денесі құрсақтағы жанның өзіне дене алу құралы болып табылады. Өзінің тәнін құрсақта ол ана денесіндегі қанмен келген заттардан алып құрайды. Әлемдік гальваникалық заңдылық бар. Бұл заңдылық бойынша әркім өзіне керекті затты қоршаған ортадан өзіне тартады. Космос кеңістігінде бір объектіге керекті затты екіншісі беріп, энергия және зат алмасу процессі үздіксіз жүріп жатады. Сол сияқты, ана құрсағындағы ұрық та өзіне керекті заттарды ана қанынан тартып өзінің физикалық денесін қалыптастырады, ал ой-өріс, көңіл-күй тәрізді нәзік болмысын анасының нәзік болмысынан және оны қоршаған ортадан алып құрайды. Сондықтан, әрбір ана, егер нәрестесі жақсы болсын десе, осыны ескеріп, жүкті кезінде өзінің ой-өрісіне дұрыс ие болып, дұрыс тамақтанып, көңіл күйін жоғары деңгейде ұстауға тырысуы керек. Құрсақтағы нәрестеге

анасының көңіл күйі ғана емес, оның кіммен, қалай қарым-қатынас жасауы үлкен әсер етеді. Бұған өзінің жұбайы, туған-туыстары мен достары арасындағы қарым-қатынас жатады. Нәрестенің денесі мен қасиеттері оның құрсақтағы алған заттарына сәйкес болады. Нәрестенің алған заттарын ана денесі қоршаған ортадан алып өзін толықтырып отырады. Егер нәрестеге керек бір зат жеткіліксіз болса, онда ананың денесі бірден сезіп, ол соған сәйкес тамақ керек қылады. Ананың өзіне керекті заттың тапшылығын сезіп, керек қылуы қазақта «жерік болу» деп атайды. Халық дәстүрінде ондай «жерік» болған ананың мұқтажын тауып беру міндет болған. Егер ана кезінде жерік затын толықтыра алмаса, онда баланың тәні дұрыс жетілмей, сонымен бірге, ананың денсаулығына да зақым келеді. Бүгінгі кездердегі кейбір әйелдердің аяғы ауыр кездерде тістерінен айырылып, не болмаса басқа зардаптарға ұшыраулары осының салдары. Нәрестенің алған заттарын ол кезінде өзінің денесінде толтыра алмаған, яғни құрсағындағы жанға дұрыс құрал бола алмаған. Бұның өзі ананың денсаулығының әлсіреуі оның бала көтеріп, өзінің табиғи міндетін орындауынан емес, кезінде «жеріктігін» сезіне алмай, керекті затты өзінің денесіне толтыра алмау салдары. Сонымен, баланың жарық дүниеге келгендегі жағдайы оның ана құрсағындағы жағдайына тығыз байланысты. Бір сөзбен айтқанда, аяғы ауыр кезде ана өзін қалай күтіп, ұстай білсе – бала сондай болып туады. Ол алтындай қасиетті заттарды алып асыл жан болып, не болмаса, қорғасындай ауыр заттармен қапталып ауыршаң, пессимист, тіпті жарымжан болып тууы да мүмкін. Қазіргі заманда осы заңдылықты білмеудің, не болмаса ескермеудің салдарынан жарымжан болып туған нәрестелердің көбейгені байқалады. Адамның қалыптасуы оның жарық дүниеге келіп түскен ортасынан бастап, өмірінің соңына дейін жалғаса береді. Бұны өмір тәрбиесі деуге болады. Ата-анасының, оқу орындарының берген тәрбиесі, қоршаған досжарандары, кейіннен жұмыс орны, қартайған шағындағы өткізген өмірі, міне, осының барлығы адамды өзіне сай ерекшеліктермен қалыптастырып, оның тағдырын құрайды. Ақырында тағдырдың берген демі таусылып о дүниеге өтеді. Келесі өмірі осы өмірдің нәтижесіне байланысты. Яғни, бұл өмір келесі өмірге дайындық деген сөз. Мұсылманша айтқанда, келесі өмір не жұмақ, не дозақ болмақ. Адам өмірі дегеніміз, міне, осы. Бір сөзбен айтқанда, бұл өмірді дұрыс өткізудің үлкен маңызы бар. Мүсірәлі піріміздің (бүгінге дейін ол біздің піріміз болып саналады, себебі, рухани ұстаз мәңгілікке қабылданады) қалыптасу ортасын осы жүйемен қарастыратын болсақ, оның өте сәтті болғанын көреміз. Бұл оның рухани жетілуінде маңызды орын алған. Жәдік отбасы тәрізді иманды ортаға түсудің өзі әркімге беріле бермейтін тағдырдың үлкен сыйы болып табылады. Көп армандап Құдайдан сұрап алған жалғыз баланы, әрине, анасы барлық жан-тәнімен қабылдап, оның жақсы қалыптасуына барлық жағдай жасады. Құрсақта жатқанда да бұндай

ана көптен күткен нәрестесінің қамын ойлап, ойы күні-түні сонымен болады. Намазын қаза қылмай оқып, Құдайдан жақсылық тілеп, нәрестенің дүниеге келуін үлкен үмітпен, қуанышпен күтеді. Осындай нұрлы толқынның аясында болып, өзінің тәнін ғана емес, ішкі жан-дүниесін де асылдандырып дүниеге келген бала, әрине, толық айдай жарқырап туады. Туғаннан кейін де дәулетті отбасында дүниеге келген нәресте өзіне керекті барлық жағдайды алып, ешқандай кемістік көрмейді. Мүсірәлі өзінің зерек алғырлығымен достарының арасында беделді болып, ешкімнен қағу көрмей Сахараның кең даласында осылай еркін өседі. Үш бастаудың екеуін – ата-тегі және жан қасиеттері – өзгертуге болмайды. Олар туғаннан беріледі. Тек біреуі ғана өзгеріске түсе алады. Ол – түскен ортасы. Баланың дүниеге келген ортасының әсерін өзгерту арқылы оның тағдырына ықпал етуге болады. Жас бала балшық тәрізді – оған қалай әсер етсе, сондай қалып алып, солай өзгереді, ал өсе келе қоршаған ортаның әсерімен өзгереді. Осының барлығы тәрбиеге жатады. Тәрбие дегеніміз, міне, осы. Бала тәрбиесінің үш кезеңі болады. Осы үш кезеңде балаға деген қарымқатынас әртүрлі болады. Бұл үш кезең – педагогиканың негізі деуге болады. Біріншісі – бес жасқа дейін. Ол – патша. Балаға ешқандай шектеу болмауға тиісті. Бұл кезде оның жетілуі барлық басқа жан иелері тәрізді инстинкт арқылы жүреді. Оның ақылы әлі жетілмеген, сондықтан қоршаған ортаны ол өзінің табиғи сезімдері арқылы таниды. Ол маңындағының барлығын ұстап, көзімен көріп, аузына салып дәмін татып, мұрнымен иіскеп, құлағымен естуге ұмтылып, табиғат сырларымен таныса бастайды. Бала осы қысқа кезеңде қоршаған ортаның көптеген сырларын ешқандай қиындықсыз тез ұғып, еркін сезініп бойына сіңіреді. Сондықтан оған қоршаған ортаны тану үшін бөгет жасамау керек. Екінші кезең – бес жастан 15 жасқа дейін. Бала – солдат. Бұл кезеңде баланың ақыл-есі қалыптаса бастайды. Сондықтан ақылды жүгендеу осы кезден басталуы керек. Ақыл өзінің сезімдері арқылы ләззаттануға ұмтылады. Бала көрінген нәрсесін алып қызық көріп, қуанады. Осылай оның нәпсісі өседі. Жетексіз өскен нәпсіні кейіннен тежеу өте қиын. Бұл кезде оның ақылы бір қалыппен қалыптасады. Сол себептен ақыл-есі тек қана нәпсі құмарлығына беріліп өскен баланы келешекте өзгерту өте қиын. Ондай бала келешекте өзіне де, қоршаған ортаға да үлкен қасірет әкеледі. Бұл кезеңде баланың ақылын дұрыс қалыптастыру үшін оны белгілі бір шектеуде ұстау керек. Сол себептен де қазақ осы кезде баласын «Еті – сенікі, сүйегі – менікі» деп моллаға берген. Молланың қатаң тәрбиесінде бала діни білім алып қана қоймай, өзінің ақылын қалай дұрыс пайдалануға үйренеді. Осылай ол сезімдерін ақылға жеңдіріп, келешекте қиындық көрмеуге үйренеді. Үшінші кезең – 15 жастан бастап өмірінің соңына дейін. Бұл кезде ақыл қалыптасқан, енді есін қалыптастырады. Қазақтың «Он бесте – отау иесі» деген сөзі тегін айтылмаған. Отау болу деген сөз өмірден сабақ алып, өзінің есін қалыптастыруды білдіреді. Бұл кезде бала – дос. Себебі, қалыптасып

қалған ақылды күшпен өзгерту мүмкін емес және есті қалыптастыру дүниетанымды қалыптастырумен бірдей. Дүниетаным күшпен қалыптаспайды – білім арқылы қалыптасады. Зорлық көрген ақыл қарсылық көрсетіп, тек қана жауласып кетеді, ал берген білім қабылданбайды. Сондықтан балаға бұл жаста ешуақытта зорлық көрсетуге болмайды. Тек қана достық қатынас болу керек. Достық қатынас тең адамдардың арасында орнайды. Сенім пайда болады. Осылай өзара тең, сыйластық қарым-қатынас арқылы ғана бала бойына керекті білімді сіңіріп, әсер етуге болады. Қазақ халқы осыны жақсы білген. «Жалпы қазақ халқының бала тәрбиесінде: «Балаңды бес жасқа дейін жаныңдай жақсы көр, он бес жасқа дейін құлындай жұмса, бас алдырмай үйрет, он бестен асқан соң бидей ақылдас» деген халықтық қағиданы ұстанады» деп жазады Айып Нүсіппоқасұлы /1/. «Жаныңдай жақсы көр» деп балаға толық еркіндік беруді білдірсе, «Құлындай жұмса, бас алдырмай үйрет» деп балаға толық ие болуды айтады, ал «Бидей ақылдас» дегеніміз оған ешқандай қысым көрсетпей, құрметпен білгеніңді үйрет деген сөз. Мүсірәлінің тағдырында осы үш кезең талабы толық орын алған. Бидас қартайған шағында Мүсірәлінің зеректігін сезіп, оны жастайынан баулып, өзінің өмірден сіңірген даналығын, білгенін үйретеді. Осылай ол әкесінің ағасы Бидас тәрізді ірі тұлғаның тәрбиесін көреді. Бала бес жасқа толғанда әкесі оны сол кездегі белгілі жырау Қожабергенге ертіп апарып батасын алады. Мүсірәлі жасынан зерек, алғыр, алдағыны болжағыш көріпкелдігі, бойында ерекше қасиеттері бар жасөспірім болып өседі. Алдымен Қожа Ахмет Яссауи медресесінде оқыйды. Кейін Бидас атасының ақылымен Мүсірәлі сол кездегі Орта Азия елдері үшін аса беделді оқу орны саналатын Үргеніштегі медресеге келіп оқуға түседі. Медресенің бай кітапханасын еркін пайдаланып Шығыстың мол мәдени мұралары – әлемге әйгілі шығармаларды алып оқып, ой-өрісін, білім көкжиегін кеңейтеді. Бір кездері бүкіл мұсылманның рухани орталығы Орта Азияға ауысып, Түркістан екінші Мекке ретінде қабылданғаны белгілі. Бұл заман жоғары рухани жетілген әулие-әмбилер, абыздар, пірлер, сопылар дәуірі еді. Мүсірәлі білім алған Үргеніш қаласы ислам дініндегі Кувравииа жолының негізін салған ғұлама Наджмаддин Кувраның сүйегі жерленген жер. Ол 1145 жылы Хиуада туған. Мысырда дін басшысы Рузбихан алъВаззан алъ-Мисридан тәлім алған. Сопылық жолын Хорезмде құрып, 1221 жылы сонда Шыңғыс хан әскерінің шабуылы кезінде қаза тапқан. Әлемге әйгілі «Сифат алъ-адаб» (әдеп үлгісі) атты ғибратты еңбек жазған. Бейіті тұрған жер аса қадір тұтатын қасиетті орын. Үргеніштегі ол ашқан оқу орны «Даналар дайындайтын мектеп» деп аталған. Ислам әлеміндегі танымал діни тұлғалар Баба Фарадж, Аммар ибн алъ-Бидлиси, Исмаил алъ-Карси Наджмаддин Кувраның сүйікті шәкірттері болған. Ал парсының ұлы ақыны Фарид-ад-Дин Аттардың ұстазы Маджат ад-дин алъ-Бағдади оның тәләбиі болған, деп жазады Бегімбай Ұзақбаев.

Тағы бір деректерде «1650-1660 жылдары аралығында Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи медресесінде оқып, алғырлығымен ұстаздардың көзіне түсіп, сонда шәкірттерге дәріс беруге қалдырылыпты. Осы медреседе «ахун» дәрежесін иеленген. Бұдан кейін білімін жетілдіру мақсатында Бағдат, Басыра шаһарларынан сопылық ілімнің тереңіне бойлаған» десе, енді бір зерттеушілер «Алты жасынан Үргеніш қаласында мұсылманша хат танып, 12 жылдай Ауғанстандағы Мазари Шариф, Ғазия кенттеріндегі сопылық ағымдағы оқымыстылардан дәріс алған», – деп жазады. Қалай десе де Мүсірәлі жасынан осындай қасиетті жерлерде білім алғаны анық. Сөйтіп толысқаннан кейін, кәмелетке келгенде кіші жүздің атақты биі Әйтекенің ықпалымен мемлекет ісіне араласып, халықтың Бас Пірі, яғни рухани ұстазы болды. Осылай өзінің алған рухани білімін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік туады. Әрине, бұл үлкен өмір мектебі болды. Өмірдің барлық сатысын толық өткен Мүсірәлі өмірінің соңында бұл фәни әлемнен қол үзіп, рухани жолға толық беріліп, мәңгілікке бет бұрады. Түскен ортасы осылай сәтті болып, Мүсірәлі өзінің өнегелі өмірімен бізге үлгі беріп, мінсіз өмірдің жолын көрсетіп кетті.

Жан дүниесі

Мол байлыққа ие болған Жәдіктің баласы жоқ еді /4/. Қарақшылардан қорлық көріп, осындай байлыққа ие болудың ауырлығын тартып бір еркек кіндікке зар болып қапа болады. Осыны сезген кемпірі де «Қой болмас, әулие-әмбилерді жағалайық. Ертең олай-бұлай болып кетсе мына байлық қайда қалады. Талауға түседі ғой» деп шалына басу айтып, ақыл береді. Бар дүниесін бір сенімді адамға тапсырып, жолға шығып, Бұхарадағы Ер Баһуаддин Нахшбандиннің басына барады. Әйелі жылап, тілек тілеп, шырақ жағып әулиенің басына түнейді. Түнде тілегінің қабыл болғанын білдіргендей түс көреді. Жәдіктің өзі де түс көреді. Ер Баһуаддин арқасын қағып тұр. «Бір өзі мыңға татырлық перзент бердім. Жай қолыңды!» дейді де бата қылады... Бар маңдай теріммен тапқан бақ-дәулет байлығыма қағанамды жарып шыққан ұрпағым ие болса екен деген Жәдік содан бастап сопылық ілім жолына түсіп, көп ұзамай ұлды болыпты. Алла тағала тілеуімізді мүсіркеп берген екен деп атын Мүсірәлі қойыпты. – Өміріміздің жалғасы – Мүсірәліге аталары – Керейт, Ақсақал, Қоспенбет, Сандаулы, Кене, Дулат, Таз, Бидас, Жандостардың рухы жар болып, тілегімізді қабыл ете көрсін, – деп екеуі қол жайып, әумин дескен екен. Әйтеке би Мүсірәлінің шыққан тегін ойлап отырып, атасы Ақшаның айтқанын есіне түсірді. Ол «О, Жасаған, бір өзіңе тапсырдым қазағымды. Осы ұлтымды өрге шығарар келіндер ұл тауып жатса, арманымыздың орындалғаны. Тілегіміз осы».

Сонымен, Мүсірәлі қарапайым жолмен келмеген. Ол ата-анасы ғана емес, бүкіл халықтың тар жол, тайғақ кешу заманында Құдайдан жалбарынып сұраған ардақты жан еді. Аңыз-ертегілерде ата-анасы бір нәрестеге зарығып Құдайдан сұрағанда, тағдыр олардың тілегін орындап бала беретіні көп айтылады. Және ол бала қарапайым емес, өзіндік қасиеттерімен ерекшеленген адам болып өседі. Бұл шындық па, әлде халықтың қиялынан шыққан аңыз ба? Бұл сұрақтың жауабын заттық ғылым тұрғысынан табу мүмкін емес. Себебі бұл құбылыс қарапайым адамға құпия, жоғары әлемдердің өзара байланысынан шығады. Рухани жетілген адамдар сол әлемдермен байланыс жасап, төменгі әлемдердің мәселесін шеше алады. Бұл маңызды нәрсе. Себебі осыған сеніп, шын көңілімен сұраған кімнің болса да тілегін жоғарғы әлемдер әрқашан да орындайды. Оның іс жүзінде қалай орындалуына келейік. Ата-ана бір балаға зар болып, көңілін жоғары әлемдерге бағыттап, Құдайдан сұрағанда олардың ой-өріс, көңіл күй қозғалысы белгілі бір толқын шығарады. Ол толқын жоғары әлемдерге жетеді. Табиғатта әлемдік тартылыс заңдылығы бар. Сол заңдылық бойынша жоғары әлемдерден ата-ананың қалауы бойынша қуат тартылады. Егер бұған әулие адамдардың рухы араласса, онда бұл тартылыс одан да күшейіп, нәтижесі жоғары болады. Мысалы, Мүсірәлінің ата-анасы тек зарығып қана қойған жоқ, олар Бұхарадағы әулие Ер Баһуаддин Нахшбандиннің басына барып түнеп, оның көмегін сұраған. Осылай әулие аруағы өзінің шапағатын беріп, Жәдіктің түсіне кіріп, оның тілегі орындалатынын хабарлайды. Сонымен бірге, Мүсірәлі пірдің өмірге келуі оның ата-анасының ғана тілегі емес, сол кездегі тарығып отырған бүкіл қазақ халқының тілегі еді. Сондықтан Мүсірәлі тәрізді халықтың тағдырын өзгерткен ірі тұлғаның өмірге келуі кездейсоқ жағдай емес еді. Алла тағала өте мейрімді және рахымды дейміз. Ол уақыты келгенде адамның қандай тілегін болса да орындайды. Оның асқан мейірімділігі де, міне, осында жатыр. Осындай кереметті қасиеттер Мүсірәлінің өзінде де болған. Ол өзінің досы Өмірқұл деген адамға бала береді. Бұл туралы Бегімбай Ұзақбаев былай деп жазады: «Былай шыға үнсіз келе жатқан Өмірқұл ынжық, жасық ұлдарына ренжулі екенін тағы да оңашалап айтып, мұңын шақты... Сонда әулие Сопы Әзиз Өмірқұлдың иығына қол салып тұрып, қимастықпен арқасынан қақты. – Құдай аузыма салып тұрған шығар. Саған қол бастасын деп Серкедей ұл бердім. Көш бастасын деп Қарақарадай қыз бердім, – деп құшырлана құшақтап, қос алақанымен арқасынан сипалап тағы қақты. Бірде осы Түркістанда реті келіп екеуі бас қосты. Арада он жеті жыл өткен екен. Өмірқұл қасына иықты да, жаурынды, тұлғалы жігіт пен қыпша бел, ұяң мінезді, қызу қанды, мейірімді қызды ерітіп келгенін көзі шалды... –Мыналарды таныдың ба Пірім, – деді сонда Өмірқұл.

–Біреуге ұқсатып, шырамытып, өзіме жақын тұтатындай сезінем, деді. –Сіздің ақ тілегіңізбен, Алла тағалам берген ұлым Серке, қызым Қарқара. Мал-жанның иелері де осылар, – дейді.» /4/. Асқан мейірімді Алла тағала адамның қандай тілегін болса да орындайды. Ол тілек Мүсірәлі тәрізді әулиелердің ықпалымен, не болмаса аруақтардың көмегімен де орындалады. Бұл туралы ел арасында әңгіме көп. Ескертетін жағдай бар. Құдайдан сұрау керек – бұл Онымен біздің байланысымызды нығайтады. Бірақ не нәрсе сұрау керегін жақсы білуіміз керек. Құдай тілекті береді, бірақ ол тілек шамамыздан жоғары болып, орынсыз болса, адамға артынан зардап әкелуі мүмкін. Осыны жақсы білу керек. Әрбір заман өзінің ірі тұлғаларын тудырады. Олар Жоғары әлемдердің ықпалымен белгілі бір мақсатпен келеді. Сондықтан қоғам өмірінде ерекше қасиеттерімен алға шығып, тағдыр берген өзіндік орнын алады. Ерекше адамдардың ғана емес, тіпті, әркімнің де өзінің арнаулы орны болады. Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» деген қанатты сөзі тегін айтылмаған. Өмірде өз орнын алу деген сөз әркімнің өзінің табиғи және қоғамдық міндетін бұлжытпай орындау дегенді білдіреді. Мүсірәлі өзінің ерекше жан екенін біле тұра, қоғамдағы орнын дәл тауып, міндетін толық орындап шықты. Жетілген жан мен қарапайым жанның арасында үлкен айырмашылық бар. Жетілген жан білімге, жақсылыққа, рухани болмысқа ұмтылып тұрады. Ал қарапайым жанды тән билейтіндіктен оның ынта-жігері ұйқы мен тамақ тәрізді тән құмарлығынан аспайды. Мүсірәлінің ерекше қасиеттері жас кезінен көріне бастайды. Тіл шыққаннан Құран сөзін жаттап, намазға жығылды. Бес мезгіл намазын қаза қалдырмайды. Медреседе оқуды ықыласпен меңгергендіктен алдына жан салмай үздік оқып, рухани білім алуда алда болады. Араб, парсы, шағатай тілдерін емін-еркін меңгереді. Үргеніште оқығанда Мүсірәлі әулиелердің басына барып Құран оқып, олардың шапағатын алып отырған. Бірде мынандай жағдай болады: Бір күні имам шәкірттерді су алып келуге жұмсайды. Олар келген соң: – Қайтып алдыңдар? – деп сұрайды. Мүсірәліден басқасы: – Бардым да, шелекті батырып алып келдім, – дейді. Ал Мүсірәлі: – Әуелі Дария жағасындағы құмды шашып су ананы ояттым. Сосын Құран оқып, шелегімді суға батырдым. Бетіндегі суды Жер анаға шашып, ақысын беріп кеттім, – дейді. – Міне, көрдіңдер ме? Судың да сұрауы бар. Мүсірәлі дұрыс істепті. Осылай етіңдер балаларым, – депті имам. Бұл әңгіме Мүсірәлінің әулиелік қасиеттері жас кезінен біліне бастағанын көрсетеді. Тек әулиелер ғана жер бетіндегілердің бәрі жанды екенін жақсы

түсінеді. Шәкәрім әулиенің сөзі бойынша «Әлемде не бар болса, бәрі жанды». Сондықтан бойына әулиелік жасынан дарыған Мүсірәлі Дарияны жан ретінде қабылдап оны бір уыс топырақпен оятады, яғни өзінің келгенін білдіреді. Сонан кейін дұға оқып, яғни Құдай атынан жалбарынып Дариядан өзінің суын беруді өтінеді. Суды алған соң Жерге су шашып өзінің алған топырағының құнын төлейді. Бұндай істер тек қана жаны жоғары жетілген, бүкіл әлемді Абсолюттың бір бөлігі екенін білетін, сондықтан бүкіл болмыс біртұтас деп қабылдайтын адамдардың қолынан келеді. Олар болмыстың үйлесімдік заңын сезіп, оны ешуақытта бұзбайды. «Судың да сұрауы бар» дегеніміз осыны білдіреді. Осы қысқа шолудан Мүсірәлі өмірінің кездейсоқ емес екенін көреміз. Үш бастаудың шапағат нұры бір жерде тоғысып Мүсірәлідей ірі тұлға өмірге келді. Оның бұл өмірде белгілі бір мақсаты болды. Сондықтан, текті тұқымнан туып, жақсы тәрбие алып, сонымен бірге, ол ірі жан ретінде өзін көрсете білді. Ол өзінің міндетін абыроймен орындап шықты.

2. Мүсірәлінің рухани жетілу деңгейі

Жетілу жолы

Мүсірәлі сопылық жолдың сара жолымен медреседе оқып,

Алланы тану ғылымының ахуны атағын алды дедік. Алланы тану дегеніміз – бүкіл болмысты тану. Сопылық ілім бойынша, бүкіл болмыс Алланың құдыретінен пайда болады, сондықтан, Оның көрінісі болып табылады. Алланы таныған адам бүкіл болмыс сырларын таныйды. Мүсірәлі болмысты білім деңгейінде танып, енді ол білімді іске асыруға кіріседі. Білім іске асқанда ғана жүректі өзгертіп, адам болмысына айналады. Осылай, алған білімін іске асыру арқылы Мүсірәлі әулиелік деңгейге жеткен. Оның жоғары рухани деңгейін оған халық берген атаулардан да көре аламыз. Мүсірәлі есімі – халықтың оған көрсеткен ықылас-сыйының көрінісі. Адамның есімі оның ішкі әлемімен тығыз байланысты, сондықтан қандай есім болса да, ол мінез-құлық ерекшеліктерін көрсетіп және тағдырға әсер етеді. Арнайы жолға түскен, не болмаса ерекше қасиеттері бар адамдарға халық соған сәйкес олардың есіміне қосымша атаулар берген. Тәуке ханды халық оның даналығы үшін Әз-Тәуке деп, ал батырлығы үшін тағы Батырхан деп атағаны айтылды. Осылай Тәуке ханның кім болғанын білеміз. Рухани адамдардың есіміне көптеген қосымша атаулар берілуі мүмкін. Әрбір қосымша атау оның жеке бір ерекшелігін көрсетеді. Мүсірәлінің толық есімі – Хазірет Мүсірәлі Сопы Әзиз Пір. Кейде оны Ғазірет және Әжіқожа деп те атайды. Бұл есімдер оның туған кезінен бастап, рухани жолдағы жетілу кезеңдерін анықтайды. Мүсірәлінің есімдеріне көңіл аударатын болсақ, оның толық рухани адам болғанын көреміз. Ол рухани

білімді толық игеріп, оны өмірде пайдалану арқылы тіршілік мақсатының шыңына жеткен адам. Сондықтан біз оның өмірін, мінез-құлқын, ісәрекеттерін тек қана рухани тұрғыдан қарастырамыз. Мүсірәлінің қоғамдағы орнын және оның жетілу жолын түсіну үшін әуелі халықтың оған берген осы атауларына үңіліп көрелік. Хазірет – адамға берілетін атақ, араб тілінен мырза, жоғары мәртебелі деп аударылады. Бұл атақ әулие адамдарға берілген. Бұл есім Мүсірәлінің беделінің халық арасында қандай жоғары болғанын көрсетеді. Мүсірәлі – әке-шешесінің азан шақырып қойған есімі. Бір перзентке зар болып, көп жылдар бойы жалбарынып сұрағанда Құдай тағаланың Өзінің шапағат нұрымен мүсіркеп бергені үшін ата-анасы оған осындай есім берген екен. Осылай Мүсірәлі деген есім оның Құдай тағаланың шапағат нұрынан пайда болғанына меңзейді. Рухани бастаумен өмірге келген бала өмірінің соңына дейін осы ағымның ықпалында болған. Оған берілген келесі атаулар да осыны көрсетеді. Сопы – оның қандай рухани жолда болғанын көрсетеді. Мүсірәліні тануда бұл маңызды атау. Егер сопылардың кім екенін түсінсек, сонда ғана Мүсірәлінің рухани деңгейін, оның бойындағы тылсымдық қасиеттерін, қалай пайда болғанын түсіне аламыз. Мүсірәлінің басқа атақтары да оның сопылығымен тығыз байланысты. Сопылық жол – діннің негізгі мағынасын ұстанатын және өмірдің түпкі мақсатына жеткізетін тура жол. Діннің ішкі сыры және сыртқы сымбаты болады. Сыртқы сымбатына, яғни сыртқы көрінісіне ғибадат жасайтын үйлері, ғибадат түрлері мен жасау әдістері тәрізді көзге көрініп-білінетін жағы, сонымен бірге, діни догмалар да жатады. Бұны діннің заһири (сыртқы) сыры деп атайды. Діннің ішкі мағынасына иман және оны өсіру жолы жатады. Бұны діннің батини (ішкі) сыры деп атайды. Абай сөзімен айтқанда: "Сіздің батиныңыз (ішіңіздің) таза болмағы әуелі иман болып, бұл заһири (сыртқы) ғибадатыңыз иманды болған соң ғана парыз болған, сіздің заһирыңыздағы ғибадат – батиныңыздағы иманның көлеңкесі, һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін бұйырған». Бұны түсінбеген жалпы көпшілік діннің тек сыртқы мағынасын ғана қабылдап, ішкі мағынасын ұмытады. Сыртқы көріністің көптігі түрлі діни ағымдар тудырып, жалпыға ортақ ақиқат дінді түрлі ағымдарға бөліп, олардың арасындағы шексіз талас-тартыс әкеледі. Сопылар діннің тек ішкі, негізгі мағынасына ұмтылады. Сондықтан олар рухани жолда өте биік деңгейге көтеріледі. Халық арасында сопылық, суфизм деп аталып кеткен бұл жол дінімізде тасаууф деп аталады. Діннің түпкі мақсатына ұмтылып, оның негізгі мағынасын ұстанатын жолдар әрбір діни ағымда бар. Мысалы, олар иудаизмде – кабаллизм, индуизмде – бхакти-йога, буддизмде – дзен буддизм, христианда – монах ордендері деп аталады. Әулиелікке жеткізетін сопылық жолда Алла тағаланың қасиетті есімдерін қайталау, яғни тасбих тартып зікір айту арқылы жүректі тазартып, Оның

көркем қасиеттеріне ие болу негізгі әдістердің бірі болып табылады. Зікірдің бірі – «лә иллаһә иллаллаһ» (Алладан басқа Тәңір жоқ) деген Алла тағаланың бір сипатын білдіретін сөз. Тасбих тартатын адамдардың мақсаты рухани байлығын молайтып, Алла тағалаға жету. Рухани жолда олар көптеген тылсымдық қасиеттерге ие болады. Мысалы, орта ғасырда өмір сүрген мұсылман мистигі әл-Халладждың жоқ нәрсені бар қылу, алыстан жеміс, нан тәрізді тамақ түрлерін алу, қолын бір сермегенде үйдің қабырғасын жарып түсіру тәрізді ғажайып қасиеттері туралы көп жазылған. Кезбе дәуріштер ел аралап бір елден екінші елге түрлі хабарлар жеткізіп, түрлі халықтар мәдениеттерінің бір-бірімен араласып, ықпал етуіне үлкен үлес қосып қана қоймай, олар табиғаттың ғажайып терең сырларын халыққа түсіндіре біліп, ең бастысы – Алла тағаланы дәріптеп, адамдардың имандылығын көтеруге үлкен себеп болған. Олар өздерін «пақырмыз» (яғни, рухани жағынан кедейміз) деп атаған соң, оларды «пақырлар» («факирлер») деген. Батыс елдерде олардың жасаған ғажайып істерін «фахризм» деп атаған. Сопылар нәзік әлемдерге кіріп, аруақпен байланысып, солардың көмегімен ауруды емдеу, келешекті болжау, табиғатқа әсер ету тәрізді істер істеп, қарапайым халыққа қызмет көрсетіп отырған. Мүсірәлінің тылсымдық қасиеттері, міне, оның осындай сопылығымен түсіндіріледі. Тылсымдық әрекеттерді түрлі жолмен жасауға болады. Мысалы, бақсылар қарапайым адамға бірден түсініксіз көптеген істер істей алады. Бұндай істерге олар өздерінің табиғи қасиеттері арқылы аруақтардың көмегімен жетсе, ал сопылар рухани тәжірибе арқылы өздерінің нәзік болмысын өзгерту арқылы жетеді. Бақсылардың асау атты жүгенсіз мініп үйге кіргізуі, алты қанат үйдің шаңырағынан секіріп шығуы аруақтардың көмегімен болады. Сопылық жол көпшілік қауымға түсініксіз, сондықтан сопыларға олардың көзқарасы әртүрлі. Бұл жол ниеттің тазалығын, діни рәсімдердің қатаң орындалуын керек етеді, сондықтан, бұл жолды Абай «бек нәзік, бек шетін» деп атайды. Бұл жол нәзік және пышақ жүзіндей өткір болғандықтан, өте сақтықты керек етеді. Сәл қателік жіберіп, жолдан шығып, көп зардап шегуге болады. Осындай нәзік жолда сынаққа шыдай алмай, тайып кететін адамдар жиі кездеседі. Ондайлар дұрыс жолды бұрмалап, кейде өздерінің күнкөрісі үшін пайдаланып, сопылыққа нұқсан келтіреді. Бұны көрген көпшілік қауым және діннің сыртқы мағынасына ғана ұмтылатын шала моллалар осыны пайдаланып сопылыққы қарсы қаруланып, күрес жүргізеді. Кейде оларды діни адамдар деп қабылдамайды. Бүгінгі күндері де діни жолдың тазалығына ұмтылып жүрген сопылар ағымын көпшілік қауымның дұрыс қабылдай алмауы жиі кездеседі. Сопылық жол рухани білім алудан басталады. Рухани білім алуды Мүсірәлі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи медресесінен бастаған. Білім Алла тағаланың қуаттарының бірі. Білім адамның жүрегін тазартып, оған қуат береді. Алла тағаланың бұл қуатына, яғни білім деген түсінікке

сырттан келген ақпарат қана емес, сонымен бірге, адамның түсіну, оны қабылдау қабылеттері де жатады. Толық білім алған бұл деңгейдегі адам өмірдің сыр-сипатын, болмыс сырларын жақсы біледі. Бұл жол сопы ілімінде "шариғат" деп аталатыны белгілі. Жүрек көзі ашылып, кеудесінде сәуле пайда бола бастаған бұл деңгейдегі адам білім іздеп шарқ ұрады, рухани білім іздеп қасиетті кітаптарды ақтарады, дүниені кезіп саяхат жасайды. Рухани білім алған соң, адам енді оны өзінің ішкі дүниесіне айналдыру үшін әрекет жасайды. Бұл жолды сопы ілімінде араб сөзімен «тариқат» деп атайды. Тариқат жолы – Алла тағалаға қайту жолы. Тариқат жолымен жан өзін-өзі толық таныған кезде сана-сезімі жоғары рухани деңгейге көтеріліп, адам жоғары рухани ләззатқа бөленеді. Жан құмарлығы рухани құмарлық болғандықтан, ол тек қана рухпен қанағаттанады. Сондықтан ол басқа жан иелерімен тек қана рух деңгейінде қатынас жасап, рухани ләззат алады. Ал ең жоғарғы қатынас та, ең жоғарғы алатын ләззат та, әрине, барлық ләззаттың қайнар көзі Алла тағаламен қатынаста. Шексіз Жаратушы шексіз ләззаттың қайнар көзі болғандықтан, шыбын жан да шексіз ләззатқа бөленеді, сондықтан бұл – ләззаттың, яғни бақыт сезімінің шыңы болып табылады. Бұл деңгейге көтерілгендер бақытты бұл фәни өмірден іздемейді. Олар ешбір сыртқы әрекетсіз-ақ өздерінің ішкі дүниесіндегі ләззат мұхитына шомылып, бұл өмірдің әсерінен құтылғандар. Жан тазарғанда оның рухы Ғазиз жанның рухымен сәйкестеліп, сана деңгейі таза рухани деңгейге көтеріледі. Ғазиз жан мен шыбын жанның рухтары сәйкестелген кезде жан өзінің Ғазиз жанмен ұқсас екенін түсініп, өзін Онымен бөлінбейтін біртұтастығын сезінеді. Осындай кезде әл-Халладж «ән-әл-Хақ» (мен Құдаймын) деген. Құдаймен қосылғанда Шексіздің ләззаты қандай шексіз болса, шыбын жанның ләззаты да сондай жоғары болуға тиісті. Сондықтан бұл деңгейде жан иесі ең жоғары ләззат алады. Рухани жетілудің бұл деңгейі сопы ілімінде «Хақиқат» деп аталып, Хаққа жетуді білдіреді. Сопылық жол дегеніміз қысқаша айтқанда, міне, осы. Мүсірәлінің рухани жетілу жолы да, міне, осы. Әзиз – араб тілінен келген, оның қуатты, қымбат, қадірлі деген мағыналары бар. Қазақ тілінде әзиз деген сөз даналықты білдіреді. Даналық – адамның рухани жетілу деңгейі. Бұл атақ таза рухани жолдағы Мүсірәлінің жан қасиетін көрсетеді. Пір – сөздіктегі мағынасы ақсақал, қарт кісі деген мағынаны білдіреді. Дінімізде тасаууф ілімінің (сопы ілімінің) ғұламаларын сол жолдың үлкені, ақсақалы, құрметтісі деген мағынада пір деп атаған. Мүсірәлі тәрізді ол ғұламалар да басқа жұртқа рухани ұстаз ретінде болған. Пір атағы – Мүсірәлінің халықтың рухани деңгейін көтерудегі қызметін көрсетеді. Үйлесімді өмір сүріп, өмірдің негізгі мақсатына жету үшін адамға рухани ұстаз керек. Рухани ұстаз адамның рухани болмысын жоғары мақсатқа бағыттайды. Сол кезде бүкіл адам өмірі өзінің табиғи міндетін орындай алады. Рухани ұстаздың маңызы өте зор. Өзінің шәкіртін дұрыс жолға бағыттап, көздеген мақсатқа жеткізу үшін рухани ұстаздың өзі бұл жолды

толық өтуі тиісті. Сопы ілімі бойынша ол ұстаздар тізбегінде (силсила) болуы керек. Рухани ұстаздың міндеті жұртты күнәлі істер жасамай, дұрыс өмір сүруге үйрету. Қандай әрекет болса да ол адамзат үшін өзінің пайдалы, не болмаса зиянды нәтижесін беретіні белгілі. Оның қандай болуы іс-әрекеттің мақсатына байланысты. Сондықтан адам баласы өмір мақсатын дұрыс анықтай білуі керек. Ол үшін рухани білім керек. Рухани ұстаздың міндеті, міне, осында. Ол рухани білім арқылы адамның жүрек көзін ашып, оның дұрыс әрекет жасауына мүмкіндік береді. Ал ол мүмкіндікті пайдалану, яғни қандай әрекет жасау әркімнің өз ырқында. Оны қадағалау рухани ұстаздың міндеті емес – ол ханның міндеті. Пір дұрыс бағыт берсе, ал хан халықтың сол бағыттан ауытқымауын қадағалайды. Ол үшін рухани білімнің негізінде хан түрлі жарлық-заңдар шығарып, олардың дұрыс орындалуын қадағалап отыруы керек. Осылай рухани қуат пен саяси-әлеуметтік күш бірігіп қоғамның іріп-шіруіне жол бермейді. Ол үшін ханның өзі дұрыс пен бұрысты айыра білуі керек. Яғни, оған рухани білім беретін және дер кезінде кеңес беріп отыратын рухани қолбасшы керек. Хан пірге нұсқау бере алмайды, керісінше, пір рухани білім аясында ханға кезінде дұрыс кеңес беріп, оның іс-әрекетін бағыттап отырады. Ерте замандарда әрбір ханның бір емес, бірнеше рухани кеңесшілері болған. Осыны жақсы түсінген Әз Тәуке хан Сопы Мүсірәліні қазақ халқының пірі ғана емес, өзінің негізгі кеңесшісі ретінде қабылдап, онымен үнемі ақылдасып отырған. Мүсірәлі пірдің рухани басшылығымен «Жеті жарғыны» қабылдап, қоғамның заң-жобасын жасады. Осылай ол халықтың өмірін бір арнаға салып, Қазақ Хандығын нығайтты. Пірді халық қабылдайды. Діннің таза жолымен жүрген Мүсірәліні үш жүздің Пірі лауазымына өзімен талай жылдар иықтаса жемісті қызмет еткен Әйтеке би ұсынады. Ол кезде 40 жастағы Мүсірәлінің әулиелігі мен көрегендігі кемеліне келген болатын. Әжіқожа – Мүсірәлінің дінге шын берілген сопылығы мен тақуалығына орай халықтың берген есімі. Ал оның ұрпақтары керейтқожа аталып кеткен. Мүсірәлінің Әжіқожа аталуы туралы түрлі болжамдар бар. Мысалы, М. Түйімбетов кезінде төре, қожалардың алаш халқын бір-біріне айдап салып, жауластырып, өздері билік жүргізуге ұмтылғанын айта келіп, әрі қарай былай деп жазады: «Қазақ жұрты бір ес жиғанда, пәтуаласқан екен. Жақсы жайсаңдары бір ұйғарымға келіп: «Төреден хан сайланбасын, қожадан пір сайланбасын» деп байлам жасапты. Көп күндер мәслихат жүріпті. Ақыры, қазақтың өз ішінен хан сайланса, ел бөлінеді, себебі туысқа, руласқа тартпайтын жан болмас, дегенге ойысыпты. Сонда не істемек керек. Тоқтамдары: «Төреден хан сайлаймыз. Қасына қара қазақтан пір сайлаймыз» деп пәтуаға келген екен. «Хан және пір! Бір-бірінсіз ешбір іс шешілмесін!» – деп тоқтамға келген екен. Сөйтіп Тәукені ақ киізге отырғызып, хан көтеріпті» /5/. Н.Ерниязұлы да ойын былай деп білдіреді: «Халық бертін келе Керейттің Мүсірәлі аталығына өзге қожалардан иеленіп алып, «Қазақтың

қожасы» деп кеткенге ұқсайды. Сірә, бұл күллі Кіші жүз қауымдастығының Мүсірәлі әулетіне деген ерекше ықылас-ілтипатынан туған сүйіспеншілігі болса керек» /7/. Ал Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясында былай делінген: «Пір, діндар. Азан шақырып қойған аты Мүсірәлі. Руы керейт болғанымен, дінге шын берілген сопылығы мен тақуалығына орай Әжіқожа, ал оның ұрпақтары керейтқожа аталып кеткен» /11/. Сол кездегі тарихи жағдайға қарасақ, М. Түйімбетовтың жазғаны қисынға келетін сияқты. Төре, қожалар ел басқарып, халықтың қамын ойлаудан қалған. Басына түскен қиындықты шешу енді өздеріне ғана байланысты екенін түсінген халық өздері әрекет етіп, басшылық іздеген. Халық аралық шешімге келген – мемлекет басшылығын төрелерге беріп, рухани басшылықты өзіне қалдырған. Рухани басшылық енді қожалардан халыққа ауысып, сопы Мүсірәліні пір сайлап, қазақтан шыққан қожа ретінде оны Әжіқожа атаған. Бұл заңды құбылыс. Себебі, рухани басшылық ата-тек арқылы берілмейді – ол адамның рухани жетілу деңгейіне байланысты беріледі. Рухани ұстаз тізбегі (силсила) ата-тек арқылы емес, рухани жетілген адамдар арқылы жалғасады. Осылай сопы Мүсірәлі «қожа» атанып, қазақтың алғашқы бас пірі, яғни рухани ұстазы болып сайланған.

Жан дүниесінің жетілуі

Адам болмысын дұрыс түсіне білсек, Мүсірәлінің жан дүниесінің жетілуін де оңай түсінеміз. Сондықтан, әуелі адам болмысын анықтап алайық. Адам деген кім? Оның болмысы қандай? Бұлар бір адамды түсіну үшін ғана емес, әркімнің өзін және бүкіл қоғам өмірін түсіну үшін де керек маңызды сұрақтар. Бұл сұрақтардың жауабы қасиетті жазбаларда берілген, сонымен бірге Абайдың жиырма жетінші қара сөзінен де таба аламыз. Ойшыл бұл сөзінде Сократ хакім мен оның шәкірті Аристодим арасындағы әңгімеде былай деп келтіреді: «Ей, Аристодим! Қалайша сен бір өзіңнен, яғни адамнан басқада ақыл жоқ деп ойлайсың? – деді. Адам денесі өзің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас емес пе? Денеңде болған дымдар жердегі сулардың бір тамшысындай емес пе? Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де, сонан соң ие болдың» /2/. Әрі қарай ойшыл бұның барлығы бір Құдайдың жаратуы екенін айтады. Бұл сөздерден адамның кім екенін білеміз. Біріншіден, «Адамның денесі» деген сөз дене адам емес, ол адамдыкі дегенді білдіреді. Яғни, адам дене емес. Екіншіден, "Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? " деген сөз «Сен ақыл да емессің, себебі сен оған тек қана ие болдың» деп тұр. Сонымен, адам ақыл да емес. Үшіншіден, "Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді, сонан соң ие болдың" деген сөз адам жан да емес екенін білдіреді. Бұл арада «қайдан келсе

де» деп Абай жанның қайдан келгенін тән мен ақылдың келгені туралы анықтамай, оның келуі жоғарғы себеп екенін білдіреді. Сонымен, «адам» деген түсінік тәнді де, оның ақыл-есін де, жанын да білдірмейді екен. Адам – жан, тән және ақыл-естің біріккендегі тірлік көрінісі. Ал «жан иесі», «ақыл иесі», немесе «жан» деген сөздер адамның өзін осылардың қайсысымен балайтынын көрсетеді. Жанның материалдық денедегі түрін қазақтың «жан иелері» деп атайтыны бар. Адам өзін денемен балаған кезде «мен тәнмін», ал «жан менікі» деп түсініп, осылай дейді. Жан ана құрсағынан бастап бұл өмірден өткенге дейін өзінің денесін қалай құрастырып, қалай жетілдіретіні жоғарыда айтылды. Енді дененің құрылымдарын, олардың қасиеттерін және сол құрылымдардың өзара байланысын анықтайық. Психология мен парапсихолгияның зерттейтіні де осы мәселелер. Шәкәрім ілімі бойынша адам құрылымына толығырақ тоқталуға болады. Адам болмысы өте күрделі. Бұл күрделі болмысты анық біліп, өмірін соны жетілдіріп, жақсартуға арнамаса, адамның барлық тіршілігі бос әурешілік болады. Шәкәрім мен Абай ілімдері адам болмысын толық ұғындырып, түсіндіреді. Бұл туралы бұрын жазылса да /2, 3/, мәселенің анығы үшін Шәкәрім ілімі арқылы тағы да тоқталып өтеміз. Адам болмысына ақынның көптеген өлеңдері арналады. Олардың қатарына «Жаралыс басы – қозғалыс», «Қасыңа қылыш қайратқан», «Табиғат неше түрлі жан жаратты», «Ұждандыны мақтайды тамам адам», «Шымды жерде көресіз қара топырақ», «Күн аязда терезеге», «Келді, кетті», «Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды», «Тием біреуге нақақ демесе...», «Басында жан мен дене екі басқа», «Баяғыда жас бала едің сен», «Ғылымсыз адам – айуан», «Құмарлық деген бір ит бар» тәрізді өлеңдерін жатқызуға болады. Адам болмысы рухани және материалдық негіздерден құралатыны дау тудырмайтын ақиқат. Бұлар Алла тағаланың түрлі қуаттары. Рухани негіз – жоғары қуат, ал материалдық негіз – төменгі қуат. Рухани болмыс жаннан және рухтан құралады. Адам денесіндегі жан, яғни, қазақша айтқанда, шыбын жан, Үлкен Жанның, яғни, Ғазиз жанның, Алла тағаланың жоғары қуаты. Шыбын жанның қасиеттері Ғазиз жанның қасиеттеріне ұқсас – мәңгілікті, толық білімді және толық ләззатты. Жан тәнде орналасқан және онымен үнемі байланыста. Жан мен тәнді байланыстыратын – рух. Рух – жанның сәулесі, санасы, қуаты, онымен ажырамас бөлігі, қасиеті, оның ниетін іске асыратын құралы, заттық әлемнің ықпалынан қорғанатын қорабы, сауыты. Сонымен, адамның екі – рухани және материалдық – болмыстары бар. Рухани болмыс жан және рухтан құралады, ал материалдық болмыс – психикадан, яғни нәзік денеден және тәннен құралады. Сонда математика әдісін пайдаланып адам болмысын былай өрнектеуге болады екен (1-сызбаны қараңыз):

АДАМ = РУХАНИ БОЛМЫС + МАТЕРИАЛДЫҚ БОЛМЫС= (ЖАН
+ РУХ) + (НӘЗІК ДЕНЕ + ТӘН) = (ЖАН + РУХ) + [(СЕЗІМ+ АҚЫЛ + ЕС

+ ЭГО) + (ЭФИР + АУА + ОТ + СУ + ТОПЫРАҚ)]

Адам өмірі, оның ой-өріс, адамдық қасиеттері, яғни жетілу деңгейлері, осы қосындылардың өзара байланысына, олардың жетілу дәрежесіне байланысты болады. Сана-сезім, ой-өрісіне байланысты адамдар түрлі деңгейлерде өмір сүреді. Төменгі деңгейде әлі өркениет жолына түспеген адамдар, сонан кейінгілері – заттық және ғылыми өркендеу жолында, бірақ адамгершілік қасиеттерден арылған және Жаратушыға сенімі жоқ адамдар. Олардан жоғары – моральдық-этикалық принциптерді орындайтын өркениетті адамдар. Егер олар рухани жолда болса одан да әрі көтеріледі. Олардың кейбірінде ғана Абсолюттік Ақиқат туралы білім бар. Бұндай адамдардың арасында фәни әлемнің ықпалынан шығып, Құдайға толық берілген Мүсірәлі тәрізділер одан да аз. Осы айтылған деңгейлердің барлығы да түрлі санасезім көріністері болып табылады.

АДАМ

РУХАНИ БОЛМЫС МАТЕРИАЛДЫҚ БОЛМЫС РУХ ЖАН НӘЗІК ДЕНЕ ЭГО ЕС ТӘН АҚЫЛ АУА ЭФИР ОТ СЕЗІМ СУ

ТОПЫРАҚ

1-сызба. Адам болмысы

Жоғарғы келтірілген формула бүкіл адамзаттың, сонымен бірге, әрбір жеке адамның дамуын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл айтылғандар түсінікті болу үшін формуланың әрбір мүшесін жақсы білу керек. Сондықтан оларға қысқаша болса да тоқтала кетейік. Жан Жаратушының бөлігі болып табылады, сондықтан жан мен рухтың қасиеттері таза күйінде өздерінің шыққан Көзіне ұқсас. Алла тағаланы сөзбен сипаттау мүмкін емесі белгілі. Сол сияқты жан мен рух та сөзбен сипаттауға келмейді. Тек қана қысқаша «олар мәңгілікті, білімге және ләззатқа толы» деуге ғана болады. Рух адамның нәзік денесі арқылы, яғни перисприті арқылы, тәнмен байланысады. Рухта сана бар. Рух бүкіл адам болмысына тарайды, сондықтан оның әрбір мүшесінде сана-сезім бар. Рух нәзік дене арқылы тәнді басқарады. Ол үшін нәзік денені өзінің сәулесімен рухтандырады. Руханиланған, рухтанған нәзік дене рухтың ықпалына көнеді. Ол неғұрлым рухтанса, солғұрлым рухтың ықпалына тез бағынып, тәнді дұрыс басқара алады. Сопы Мүсірәлінің көптеген тылсымдық қасиеттері осымен түсіндіріледі. Қарапайым адамдарда нәзік болмыс, яғни, психикалық негіз, заттық болмыстың ықпалына беріліп кетіп, нәпсімен көп былғанады. Сондықтан, олардың жаны тәнін нашар басқарады. Олар нәпсі ықпалымен түрлі қателіктер жіберіп, күнәлі істерге барады. Рухани дамудың деңгейі осыны білдіреді. Мүсірәлі тәрізді рухани дамыған адамның нәзік болмысы рухтанып, ол жанның қалаған ниетін жақсы орындап, жанның өз құмарын қандыруға толық мүмкіндік жасай алады. Нәзік дененің құрылымы күрделі. Нәзік дене – жартылай материалды, рухтың эфирлік, ауа тәрізді, адам пішіні бар, өте нәзік, бірақ негізі заттық қасиеті бар денесі. Оның құрылысын сезім, ақыл, ес және эго деп қарастыруға болады. Олардың өзара байланысы және қоршаған ортадан алған әсері адамның психикасын құрайды, сондықтан адамдардың қарымқатынасымен және олардың психикалық өзгерістерімен психология ғылымы айналысады. Адамның интеллектуалдық қасиеттері осы нәзік дененің жетілуіне байланысты. Мысалы, музыканттардың сезімдері, ғалымдардың ақылы, ал ірі мемлекет қайраткерлерінің есі жақсы жетілген. Ал адам рухани жолда болса, оның нәзік денесі жақсы жетіледі, сонымен бірге оның рухани жетілуі қарқынды болады. Осылай Мүсірәлі жас кезінен рухани жолға түсіп, өзінің нәзік болмысын жетілдіріп, рухани биікке көтеріле білді. Мүсірәлі тәрізді жоғары жетілген адамдардың жаны оянған. Жан тек қана рухани жолда оянады. Жан оянғанда өзінің рухани сәулесін бүкіл денеге таратады, сөйтіп дене рухтанады. Ең әуелі сезімдер, ақыл сәулеленіп, тәнді дұрыс басқара бастайды. Осылай тылсымдық қасиеттер пайда болады. Мүсірәлінің тылсымдық ерекше қасиеттері осылай түсіндіріледі. Сәулеленген сезімдер күш алып, ынта, қалау-ниет тудырады. Жүрек сергіп, қайрат пайда болады. Үлкен қайрат оянған жүректе ғана болмақ. Жүректегі қайрат ұйықтаған ойды оятып, адамның қиялын шарықтатады. Бірақ ақылға сәуле қонбаса, яғни ақыл рухтанбаса, Абай сөзімен айтқанда,

адам «хайуанша жүріп күнелтпек». Себебі жаннан қол үзіп қалған ақыл рухани бағыттан айрылып қалады. Ал күш алған сезімдерді рухани ақыл басқармаса, адам өмірі тереңге бармай үстірт тартып, фәни өмірдің ықпалында қалады. Жан әлсіресе, тән күш алып, онымен таласып жеңіп кетеді. Нәпсіқұмарлық осылай туады. Адам күнәлі істерге барып, әлсірей береді. Жан мен тәннің таласы үздіксіз. Жеке адамдардың және бүкіл қоғамның жетілу дәрежесі осы таластың нәтижесіне тікелей байланысты. Тән жеңсе – олардың жүректерінде ұйқы мен тамақтан басқа құмарлық жоқ. Осылай адам, тіпті бүкіл қоғам өзін қорғай алмайтындай жүнжіп, іріп-шіріп, быт-шыт болады. Мүсірәліге дейінгі бейқам қазақ қоғамы осындай бейшара өмір көрінісі еді десек қателік болмайды. Егер адам өзінің рухани болмысын жетілдірмесе, онда нәзік болмысты жетілдірудің пайдасынан зияны асып кетуі мүмкін. «Ақыл мен қайрат жол табар, қашқанға да, қуғанға» деген Абайдың сөзі тегін айтылмаған. Бүгінгі замандағы ғалымдардың ойлап шығарған соғыс құралдары бүкіл адамзат өміріне қауып төндіріп, түрлі қақтығыстардың себебі болып отырғаны осының бір көрінісі. Немесе өзінің экстрасенсорлық қасиеттерін қарабас қамына қолданатын адамдар бар. Олардың ақылдары Мүсірәлінің ақылынан кем болмауы да мүмкін, бірақ Сопы Әзиздің ақылы бүкіл қазақ халқының өмірін бір қалыпқа келтірсе, ал имансыздардың ақылы, керісінше, адамның бейбіт өміріне қауіп төндіріп отыр. Рухани және материалдық болмысын қатар жетілдірген адам данышпан деңгейіне көтеріледі. Ал Мүсірәлі одан да асып, әулие деңгейіне көтерілген. Данышпандар нәзік болмысын, яғни ақыл-есін жақсы жетілдіргендер болса, ал әулиелер олардың ықпалынан мүлде құтылған рухани болмыстағы адамдар. Формуланы қолданудың екі жолы бар. Оның біріншісі – бұл өмірдің негізгі мақсатын түсініп, сол мақсатқа жетуді өзіне міндет етіп қойған Мүсірәлі тәрізді рухани жолдағы адамдар үшін. Олар бұл формуланың бірінші жартысын, яғни, рухани жағын алға қояды. Формуланың басқа жартысы, яғни, материалдық жағы, олар үшін тек қана бірінші жартысын сақтауға, яғни, өмірдің тұтастығы үшін ғана керек. Басқа сөзбен айтқанда, олар тәнді тек қана жан үшін, жанның құлшылық етуі үшін ғана пайдаланады. Олардың өмірі – тән құмарын, нәпсілерін толық ауыздықтаған, аскеттік өмір. Формуланы қолданудың екінші жолы – жалпы көпшілікке арналған. Олар алдына қойған нақты рухани мақсаты болмағандықтан, өмір бақытын қуаныш-қайғыдан іздейді. Фәни әлемде өзін бақытты сезіну үшін адам формуланың екі жағын, яғни, рухани және материалдық жағын тең ұстауы керек. Олар үшін бұлар құстың екі қанаты тәрізді. Құс екі қанатын тең ұстамаса бағытынан ауытқып кететіні тәрізді, әрбір адам, сонымен бірге, бүкіл қоғам, тіпті адамзат өмірі осы екі қанатты тең ұстанбағанда дамудың тура жолынан ауытқып, құлдырау жолына түседі. Тарих сахнасынан бір

кездегі жетілді деген көптеген мемлекеттер осылай жоғалып, ал бұрынғы ұлы Алтын Орданың мұрагері Қазақ мемлекеті құлдырау жолына түсті. Мүсірәлінің тылсымдық қасиеттері мен рухани жетілуі оның нәзік болмысына байланысты. Сондықтан оны түсіну үшін формуладан тәнді алып тастап қарастырайық. Жанның тәнді тастаған сәті адамның өлімі деп аталатыны белгілі. Ендеше тәнді тастағанда өзін тәнмен балап жүрген адам өледі. Онда адам кімге айналады? Тәнді тастағанда адам аруаққа айналады. Жан өзінің рухымен және нәзік болмысымен көрінбейтін, басқа, көмескі және қатар әлемге өтеді. Ол аруақ болады. Формула былай болып жазылады (2-сызбаны қараңыз):

АРУАҚ = РУХАНИ БОЛМЫС + МАТЕРИАЛДЫҚ БОЛМЫС =

(ЖАН + РУХ ) + НӘЗІК ДЕНЕ= (ЖАН + РУХ) + (СЕЗІМ+ АҚЫЛ + ЕС +

ЭГО)

АРУАҚ

МАТЕРИАЛДЫҚ БОЛМЫС РУХАНИ БОЛМЫС РУХ ЖАН НӘЗІК ДЕНЕ ЭГО ЕС АҚЫЛ СЕЗІМ 2-сызба. Аруақ болмысы

Сыртқы қабат, тән ескіріп бұрынғыдай әрекет жасай алмаған кезде жан оны тастайды. Бұл ағаш қабығын, дән қабыршағын тастағандай, немесе адамның жарамсыз болған ескі киімін тастағаны тәрізді. Жанның бұл қабыршағын тастауын күнделікті өмірде «өлім» деп атаймыз. Бірақ бұның нағыз өлім емес екенін білген Абай «мен» мен «менікінің» айрылғанын «өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес» деп бұны білместікке балайды емес пе. Себебі, мәңгілікті жан өлмейді, ол тек қана сыртқы қабыршағын ғана тастады. Жан өзінің қасиеттерін шектейтін заттық дене қыспағынан құтылып, енді болмыстың нәзік әлемдерінде еркіндік алады. Ол тек қана заттық тәнді ғана тастады. Бірақ ол өте нәзік, ауа тәрізді салмақсыз, адам мүсінді нәзік болмысын қалдырады. Бұл оның ішкі көйлегі тәрізді, өте нәзік. Бұл нәзік болмысты жан қатар әлемдерге толығымен өзімен алып кетпейді. Нәзік болмыстың тәнмен тығыз байланысқан қоюлау бөлігі әуелде тәнмен жерде қалады да, біртіндеп тарайды. Оның бөліктері үш, жеті, қырық және бір жылда тарап, кеңістікке сіңеді. Сондықтан қазақ халқында ғана емес, сонымен бірге, көптеген халықтарда үшін, жетісін, қырқын, жылын беру деген дәстүр бар. Аруақ өзінің нәзік денесін өзгерте алады. Ол периспритті парды қоюландырғандай қоюландырып, көзге көрінетін жағдайға келтіре алады. Осылай ол тіпті жансыз заттарға да әсер етіп, оларды қозғалтып, секіртіп, түрлі шу, қағазға жазу және сол сияқты көптеген іс-әрекеттер жасай алады. Физикалық денесін тастаған жанның осындай әрекеттерін түсіну оның адам денесінде болған кездегі тылсымдық қасиеттерін түсінуге жол ашады. Аруақтардың әрекетін спиритуализм жақсы зерттеген. Аруақтар әуелде өздерінің бар екенін білдіру үшін түрлі қозғалыстар, шу көтеріп өздеріне адамдардың көңілін аударады. Кейбір аруақтар ақырын дыбыстап қана қоймай, үлкен шу көтеріп, ыдыс сындырғандай, есік ашылып-жабылғандай, не болмаса үлкен бірдеңенің құлағанындай дыбыстар шығарған. Олар адамның қолын қозғап жазу жаздыру ғана емес, музыка ойнатып, сурет салдырып, нота жаздырып, бір сөзбен айтқанда, өздерінің денесі болмағандықтан, олар адамдарға сезіну үшін медиумның (басқа адамдардың) денесін пайдаланады. Сонымен, адамның жан дүниесі рухани және материалдық болмыстан, яғни, жан, рух және нәзік дене мен тәннен құралады. Адамның дамуы осылардың жетілуіне және өзара байланысына тәуелді. Сопы Мүсірәлі өзінің осы жан дүниесін Құдай жолымен жүріп жетілдіре білген.

Әулиелік деңгейі

Мүсірәлі әулиелік деңгейде болған. Оның бір дәлелі – өзінің қоғамдағы міндетін орындаған соң, өзіне берілген атақ-даңқ, жиналған дүние-мүлік тәрізді фәни әлемдік құндылықтардан қолдың кіріндей тез арылып, рухани ұстазы Баба Түкті Шашты Әзиз әулиенің шырақшысы болып, Құдайдың таза жолына толық түсуі.

Оның әулиелігін түсіну үшін әуелі әулиенің кім екенін білуіміз керек. Әулие деп материялдық әлемнің әсерінен толық арылған адамды айтамыз. Әулие мен пенденің айырмашылығы, міне, осында жатыр. Пенде материяға толық байланған және оған толық тәуелді. Байланыс неғұрлым күшті болса, одан айрылғанда алатын зардабы да солғұрлым үлкен болады. Керісінше, байланыс неғұрлым әлсіз болса – оның алатын зардабы да солғұрлым аз болады. Әулие заттық әлеммен байланысын толық үзгендіктен, ол денесін тастағанда өте жеңіл, тіпті өз еркімен де тастай алады. Оның өмірі зардапсыз, әрқашанда бақытты. Ол денесін тастағанда нәзік материалдық әлем емес, рухани әлемге өтеді. Осылай жан рухани, нәзік және заттық болып табылатын үш әлемде болады. Бұл әлемдердің қасиеттері бір-бірінен өте алшақ. Су өзгеріп мұз, сұйық және пар болғанда оның қасиеттері де бір-біріне ұқсамайтын қасиеттер алады. Сол сияқты осы үш әлемнің де қасиеттері бір-біріне ұқсамайтын өте алшақ. Рухани әлем сөзбен жеткізуге келмейтін таза рухтан тұрады. Нәзік әлем де бұл заттық әлемге ұқсас емес. Адамның нәзік болмысы қандай материалдардан құралатын болса, нәзік әлем де сондай материалдардан құралады. Сондықтан тәнді тастаған соң аруақ болған жан онда еркін өмір кеше алады. Заттық әлем басқа екі әлеммен салыстырғанда өте ауыр, ең тығыз және дөрекі бес элементтерден құралады. Бұл элементтерді Шәкәрім ауа, от, су және топырақ деп атайды. Бұларға қарапайым сезімдер қабылдай алмайтын эфирді қосатын болсақ, сонда бұл әлемді құрайтын негізгі бес элементті білеміз. Сонымен, қарапайым адамның өмір сүру ортасы – заттық әлем, аруақтың өмір сүру ортасы – нәзік материалдық әлем (тозақ, не болмаса жұмақ), ал әулие – рухани әлемде. Бұл әлемде әулиенің денесі ғана, ал жаны – рухани әлемде. Әулие материядан толық байланысын үзгеннен кейін, ол заттық әлемде жүрсе де нәпсісін еркін басқарып, рухани әлемнің заңдылығымен өмір сүреді. Сондықтан әулие болмысы – таза рухани болмыс. Әулие үшін формула былай болып жазылады (3-сызбаны қараңыз):

ӘУЛИЕ = РУХАНИ БОЛМЫС = ЖАН + РУХ

Рухани жетілу дегеніміз не? Рухани жетілу дегеніміз – нәпсі ықпалынан, яғни материяның ықпалынан шығып, жан ықпалына толық берілу. Жан неғұрлым жетілген болса, оның материяға байланысы солғұрлым аз. Адам материядан толық арылғанда әулиелік деңгейге көтеріледі.

РУХАНИ БОЛМЫС ЖАН 3-сызба. Әулие болмысы

ӘУЛИЕ РУХ

Әулиелер материалдық әлемнің екіұдайылығынан шыққан, сондықтан олар қандай құбылыс болса да жақсы-жаманға бөлмей, барлығына бірдей қарайды. Олар үшін бүкіл болмыс біртұтас, сондықтан ит, құс, адам, мал – олар үшін бірдей тіршілік иелері, Алланың құлдары. Фәни әлемнің өмірі Алла тағаланың толық ықпалымен үйлесімді екенін олар жақсы біледі, сондықтан адамзат тіршілігіне араласпайды, ләззатты өзінің ішкі дүниесінен табады. Әулиелердің екі түрі болады. Біріншісі, бұл фәни әлемді тәркі етіп, қоғам өмірінен бөлектенеді, тек қана Алла тағаламен байланысын орнатуға ұмтылады. Олар халықтың пірі болуға, не болмаса басқа да қарапайым адам ұмтылатын атақ-даңққа құштар емес, сондықтан шалғайда жеке өмір сүреді, жүрген жерін шапағатымен нұрландырады. Бірақ өздерінің шексіз мейірімділігімен көмек сұрап келгендерге көмегін аямайды. Екіншісі, бұл фәни әлемнен қол үзбей, керісінше, оны өзінің рухани жетілу жолында құрал ретінде пайдаланып, қоғам өміріне тығыз араласады. Олардың ұраны «қоғаммен бірге, бірақ оның сыртында бол!». Бұның мағынасы: «Қоғамнан бөлінбей, халықпен бірге өмір сүр, бірақ оның былғанышын жүрекке енгізбе!». Сырт көзге олар іс-әрекетімен қарапайым адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқ, бірақ Алла тағалаға разылығы үшін өмір сүргендіктен, ішкі дүниелері мүлде бөлек. Олар рухани ұстаз болып, халыққа білім береді, не болмаса хандардың уәзірі ретінде мемлекет істеріне тығыс араласып отырады. Ондай әулиелер хандар мен халықтың арасында үлкен бедел алып, қоғам өміріне үлкен әсер етіп отырған. Мүсірәлі әулиелердің екінші тобына жатады. Сондықтан, ол халықтың ауыр халын көргенде оларға рухани білім беріп, дұрыс жолға салуға көмегін аямаған. Ол пір болып, елді дін жолына бағыттап, хазірет болып Тәуке ханның оң қолы ретінде Қазақ мемлекетін нығайтуға үлкен үлесін қосқан. Тәуке хан өлгеннен кейін өзінің міндетін атқарғанын сезіп, енді пірі Баба Түкті Шашты Әзиз әулиенің басына шырақшы болып, бұл фәни өмірден толық қол үзгені осыны көрсетеді. Әулиелер қандай қызмет көрсетсе де, Алла тағаланың разылығы үшін жасайды. Барлық іс-әрекетін түгелдей Құдай жолына толық бағыштағандақтан, олардың қалау-ниеттері түгелдей Жаратушының ықпалында болады. Бұл оларға бұл фәни өмірдің ықпалынан толық шығуға мүмкіндік береді. Сопылардың сондай биік рухани дәрежеге жету сырлары бар. Оның біріншісі, рухани білім арқылы өмірін жоғары мақсатқа бағыттау болса, екіншісі, тасбихпен Жоғары Жаратушының қасиетті есімдерін қайталау. Хакімдер көбінесе адамның ой-өрісі, мінез-құлқы сияқты нәзік материалдық болмысын тазартса, ал әулиелер адамның рухани болмысын тазартады. Хакімдердің іс-әрекеттері белгілі бір дін, ұлт аумағында болса, әулиелер бұл шеңберден шығып, бүкіл әлемдік ауқымды қамтиды, сондықтан біз Мүсірәліні қазақтың рухани қайраткері ғана емес, бүкіл адамзат

шамшырағының бірі ретінде қарастыруымыз керек. Әулиелер жүрген жеріне шапағат шашып, адамзаттың рухани болмысын нұрландыруға үлес қосады. Халық үшін Мүсірәлінің рухани болмысы оның тылсымдық қасиеттерімен салыстырғанда маңыздырақ, бірақ оның жеткен рухани деңгейін толық түсіну үшін, тылсымдық істерінің сырларын да білуіміз керек.

3. Мүсірәлінің кейбір тылсымдық істерін түсіндіру

Адам мен әлем байланысы

Рухани жетілген адам өз болмысын жақсы басқара алады. Сондықтан сопылардың арасында ондай адамдар көп болған. Мүсірәлі де сопылық жолды толық өткен адам. Оның тылсымдық қасиеттері осымен түсіндіріледі. Рухани жолда адам жүрегі тазарып, оның жаны оянған кезде біртіндеп рухани қасиеттер ұлғая бастайды. Жетілудің жоғары деңгейінде осылай ол өзінің қасиеттері Ғазиз Жан қасиеттерімен ұқсас екеніне көзі жетеді. Адам жаны рухани сана алып, өзі мен Ғазиз Жанның арасындағы қалау-ниеттің айырмашылығы жоқ екенін сезініп, Онымен біртұтас болып бірігеді. Адам баласы бұл жолда кеудесі түрлі хикметке толып, өзінің рухани күші артып, түрлі қасиеттерге ие бола бастағанын сезеді. Алла тағаланың қасиеттері қанша шексіз болса, тазару барысында шыбын жан да өзінің қасиеттері шексіз екенін сезініп, Оның қасиеттерін қабылдай бастайды. Материалдық әлем – макрокосм болса, оның бөлігі адам – микрокосм болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста (4-сызбаны қараңыз). Әлем түрлі қабаттардан құралады. Ең төменгі заттық әлемнен жоғары нәзік әлемдер қабаты жатыр. Нәзік әлем қабаттарын йога ілімі астрал, ментал, каустикалық қабаттары деп бөледі. Адамның нәзік болмысы әлемнің нәзік әлемдерімен сәйкес келеді. Нәзік материалдық қабаттардан жоғары рухани әлем жатыр. Рухани әлем Алланың Нұрынан құралады. Барлық төменгі қабаттар өзінен жоғары әлемдердің құрамына кіреді. Сондықтан, Жер бетінде де рухани және нәзік әлемдердің элементтері бар. Бұл жағдай жан иесі осы әлемге келгенде өзіне космостан керекті заттар тартып, өзінің денесін құрастыруына мүмкіндік береді. Нәресте бұл заттарды ана құрсағы арқылы қабылдайды, яғни ана жан үшін өзінің денесін құрастыратын құралы ретінде. Себебі, нәресте өзіне керекті заттарды ана болмысынан алады, ал анасы нәрестеге берген заттарды қоршаған ортадан алып толықтырады. Жан денені тастаған соң, яғни адам өлгеннен соң, барлық элементтер қайтадан өз орындарына тарайды: тән – топырақ болады, нәзік болмыс – космосқа тарайды. Ал әулиенің рухы Алланың Нұрымен тоғысады. Осылай, Түп Иеге қайту деген ұғымның негізгі мәні Алланың Нұрымен тоғысуда жатқанын көреміз.

4-сызба. Адамның әлемдермен байланысы

НӘЗІК ДЕНЕ

(СЕЗІМ,

АҚЫЛ, ЕС,

ЖАЛҒАН

ЭГО)

ФИЗИКАЛЫҚ

ДЕНЕ

ҒАЗИЗ ЖАН

АЛЛАНЫҢ

НҰРЫ

НӘЗІК ӘЛЕМ

(АСТРАЛ,

МЕНТАЛ,

КАУСТИКАЛЫҚ

ДЕҢГЕЙЛЕР)

ЗАТТЫҚ

ЭЛЕМЕНТТЕР

(ЭФИР, АУА,

ОТ, СУ,

ТОПЫРАҚ)

АДАМ

ЖАНЫ

РУХ ӘУЛИЕ АРУАҚ АТЕИСТ ААТЕИСТ

Жануарлар, немесе өздерін тек қана тәнмен балайтын, келесі өмірге сенбейтін имансыз адамдар үшін жанның тәнді тастағаны, шынында да, өліммен тең болып табылады. Себебі, олардың тәні топыраққа айналады, ал нәзік денелері нәзік қатар әлемдердің төменгі қабаттарына түсіп зардап шегеді. Олар үшін тәнді тастау өліммен тең. Дозақ оты дегеніміз осы. Ал адамгершілігі зор мейірімді адамдар нәзік әлемнің жоғары қабаттарына барады. Олар жоғары жетілген аруақ ретінде ұзақ және бақытты өмір сүреді. Бұл – әлемнің жұмақ қабаты. Мүсірәлі тәрізді рухани толық тазарған адамдар одан да жоғары әлемде Алланың Нұрымен бірігіп, ләззат және мәңгілікте болады. Бүкіл әлем бір Алланың көрінісі болғандықтан, барлық жан иелері осылай, Құран сөзімен айтқанда, «түбінде барлығы Жаратушыға қайтады», бірақ, әркімнің баратын жері әртүрлі. Құранда «Түбінде барлығы Маған қайтады» [Құран, 21-93] деген Құран аяты осылай түсіндірілсе керек. Әлемдік элементтер бір түрден екінші түрге айналып, ақыры қайтадан өзінің бастапқы қалпына келеді. Үздіксіз болмыс айналымы дегеніміз осы. Рухани жолда адамның жан-дүниесі, яғни жаны, нәзік денесі және тәні толық жетіліп, кемелденеді. Соған байланысты оның түрлі әлемдермен байланысы күшейеді. Оның жаны жетілгенде рухани әлеммен байланысады, ал нәзік денесі жетілгенде – тылсым дүниемен, тәні жетілгенде – заттық әлемге әсері күшейеді. Сопылық жолда Мүсірәлінің үш болмысы да жетіліп, ол осылай бүкіл үш жүздің пірі дәрежесіне көтерілген. Жетілген адамның негізгі құндылығы – оның рухани болмысы, ал мистикалық қасиеттері – табиғатқа жасайтын әсерін көрсететін оның нәзік болмысының көрінісі ғана. Мистикалық қасиет рухани жетілудің салдары ғана. Сондықтан Мүсірәлі пірдің жан қасиеттері халық үшін оның тылсымдық қасиеттерінен маңыздырақ. Ол рухани қуатымен жүректі өзгертіп, халық өмірін дұрыс жолға салды. Рухани деңгей – жан қасиеті, ал тылсым – нәзік дене қасиеті. Біріншісі – рухани әлемге жатса, екіншісі – заттық әлемге жатады. Қазақша айтқанда, «олардың айырмашылығы жер мен көктей». Сондықтан ұлы адамдардың рөлін бағалағанда осыны дұрыс түсініп, ескере білу керек. Мүсірәлінің халыққа берген рухани білімі, көрсеткен үлгі-өнегесі, адамның жанын өзгертіп рухани күш беруі – оның көрсеткен тылсымдық қасиеттерімен салыстыруға келмейтін жоғары құндылықтар. Әулиенің көтерілген рухани деңгейін түсіну үшін оның жан-дүниесінің кемелдену барысына үңіліп көрелік. Жан қасиеттері. Сопылық жолда Мүсірәлінің жүрегі тазарып, жаны оянғанда рухани сәуле оның бүкіл болмысын нұрландырған. Әулие адамдардың болмысы әбден тазарғандықтан мінездерінде кемшілік болмайды – нәпсілеріне толық ие, салмақты, еркін, алғыр да, қайратты. Өзімшілдік мінез мүлде жоқ, артық сөйлеу, артық ұйқы, артық ішіп-жеуге бармайтын ұстамды. Барлық жан иелеріне құрметпен қарайды, бірақ өздеріне ондай құрметті талап етпейтін мейірімді. Жаулары болмайды, себебі олар кімге болса да дос. Іс-әрекетін түгелдей Құдай жолына бағыттағандықтан,

қалау-ниеттері түгелдей Құдай ықпалында. Мүсірәлі пір өзінің мейірімділік, ізгілік, жомарттық қасиеттерімен жұртты маңына үйіріп, халыққа ғибрат-үлгі беріп отырған. Оның шапағаты адамның жүрегін өзгертіп, халықты рухани жаңа деңгейге көтерген. Бұл бүкіл Қазақ хандығының жағдайын нығайтуға мүмкіндік берді. Материяны рух басқарады. Сондықтан, Мүсірәлінің мақсаты мен тілегі орындалып отырған. Алла тағала Өзіне шын берілген құлын ешуақытта қалдырмайды, оның барлық тілегін орындап, оған барлық жағдайды жасайды. Рухани толыққан сайын Мүсірәлінің тылсымдық, яғни мистикалық қасиеттері өсіп отырған. Нәзік болмысы. Рухани жолда Мүсірәлінің нәзік болмысы нұрланып, оның тылсымдық қасиеттері жетілген. Адамның нәзік болмысы мен оның басқа әлемдермен байланысы эзотерикалық ұғымдарға жатады. Ол тылсымдық қасиеттерін өзіне халықтың сенімін арттыру үшін, не болмаса кейбір кездерде мейірімділігімен қиын-қыстауға түскен адамдарды құтқару үшін ғана пайдаланған. Мүсірәлінің тылсымдық қасиеттері оның материалдық нәзік болмысымен байланысты. Нәзік болмыс жақсы жетілгенде әлемнің нәзік қатар қабаттарымен қатынас жасап, оны өзгертуге, хабар алуға, тіпті, «жоқтан бар жасауға», яғни бір затты екінші затқа айналдыруға мүмкіндік туады. Қазіргі заманда адамның бұл тылсымдық қасиеттері магнетизм, спиритизм, телепатия, телекинез, гипноз тәрізді түрлі эзотерикалық салаларға бөлінеді. Тылсымдық қасиеттер адамның нәзік болмысынан шығатындықтан, олар заттық әлемге жатады. Сондықтан тылсымдық қасиеттерді иманы жоқ, қарапайым материалистер де көрсете алады. Оларда бұл қасиеттер табиғи жаратылысынан, не болмаса түрлі жаттығулар арқылы жетілуі мүмкін. Шын мәнінде тылсым деген жоқ. Тылсым табиғат сырларын, не болмаса құбылыстың пайда болуын түсінбеуден шығады. Жас балаға автокөліктің атсыз жүруі тылсым болып көрінуі мүмкін. Автокөліктің мотордың көмегімен жүретінін білген кезде ол үшін тылсымдық жоғалады. Қазақ паровозды алғаш көргенде оны «шайтан арба» деп атаған, ал қазір олай деп ешкім де ойламайды. Сол сияқты, қандай құбылыс болса да белгілі бір заңдылықтан пайда болады. Ол заңдылықты білгенде – тылсым жоғалады. Сахнадағы фокусниктің, не болмаса иллюзионистің жасағандары көрерменге сыйқыр болып көрінуі мүмкін. Егер оған ол кереметтердің қалай жасалатынын түсіндірсе, онда оған барлық сыйқырлық жоғалады. Яғни, тылсым – білместіктен, надандықтан шығады. Тылсымды шешу үшін табиғаттың нәзік болмысын білу керек. Ондай білім болмағандықтан, көпшілік қауым «Құдайдың құдыреті» деген сылтаудан аспай, тылсымның құпиясын түсінуге ұмтылмайды. Әрине, дүниедегі құбылыстың барлығы Құдайдың құдыреті екеніне дау жоқ. Бірақ, ол құдыреттердің барлығы да белгілі бір заңдылыққа бағынады ғой. Егер сол күрделі заңдылықтарды

түсіне білсек, онда тылсымдық құбылыстар өздерінен өздері ашылып, тылсымдық жоғалады. Мүсірәлінің тылсымдық істері адам болмысының табиғат элементтерімен байланысын дәлелдейтін айғақтардың бірі. Адам өзінің қайрат-күшімен табиғаттың көрнеу элементтері ғана емес, оның көрінбейтін нәзік бөлігіне де әсер ете алады. Тек бұл құбылысты тұрыс түсініп, қабылдай білу керек. Сондықтан, Мүсірәлінің ерекше қасиеттерін түсіну үшін нәзік болмыстың кейбір сырларына тоқталуымыз керек. Ғылым адам болмысын күрделі энерго-информациялық жүйе ретінде қарастырады. Рухани ілім бойынша бүкіл әлемді бір Жаратушы жаратты. Жаратушы барлығын Өзінің рухани нұрымен жаратады. Бұл рухани нұр материалдық әлемде шексіз көп қуат көзіне айналып, әуелі заттық әлемді, сонан кейін ол әлемдегі жан иелерін жаратады (4-сызбаны қараңыз). Жаратушының төменгі және жоғарғы қуаты болады. Төменгі қуатына материалдық элементтер жатады. Материяның өзі тұрпайы заттық және нәзік болып бөлінеді. Тұрпайы заттық элементтерге Шәкәрім көрсеткен: ауа, от, су және топырақ, сонымен бірге эфир жатады. Осы бес негізден әлемдегі барлық денелер құралады. Сонымен бірге, көзге көрінбейтін нәзік әлемді жасау үшін соған сәйкес нәзік заттық элеметтер бар. Олар – сезім, ақыл, ес, «мен» деген түсінік. Бұл нәзік элементтер жан иелерінің нәзік болмысын, яғни ой-өріс, ақыл-ес тәрізді жан иесінің тұлғалық қасиеттерін құрайды. Құрылымы жағынан қатар нәзік әлемдер мен адамның нәзік денесі сәйкес келеді. Тұрпайы және нәзік элементтер Алланың Нұрынан пайда болады. Бұл нұрдың бір көрінісі әлемдік тоқ. Техникада қолданатын тоқтан біздің хабарымыз бар. Жаратушының нұрынан пайда болған алғашқы рухани нәзік элементтің қасиеттері осы электр тоғына ұқсас, сондықтан болса керек, спиритуализмде оны әлемдік тоқ деп атайды /6/. Әлемдік тоқтың негізі рухани болғандықтан, ол әлемде не бар болса, соның барлығын жандандыратын әлемдік күш, яғни өмірлік қуат болып табылады. Біз білетін тоқпен салыстырғанда әлемдік тоқ, әрине, өте нәзік. Осы әлемдік тоқ қоюланып, әлемдегі барлық элементтерді жандандырады. Бұл арада «қоюланып» деген сөз де тек қана сол процесті түсіндіру үшін салыстырмалы түрде қолданылып отыр. Сонымен, әлемдік тоқ – Жаратушы берген өмірлік қуат. Адамның рухани болмысын құрайтын жанның да рухы бар. Шыбын жан рухы Жаратушы рухымен ұқсас болғандықтан оның да тоғы бар. Ол рухтың қасиеті Жаратушының рухымен сәйкес, бірақ өзгерген түрі. Жан-жануардың бойындағы олардың жан-дүниесінен пайда болатын тоқ ғылымда биотоқ (биологиялық тоқ) деп аталады. Әлемдік тоқ Алланың Нұрынан пайда болса, адам бойындағы биотоқ жанның рухынан пайда болады. Әлектр тоғы бар жерде магнит пайда болатыны физикадан белгілі. Оларды бір-бірінен бөлуге болмайды. Ендеше әлемдік тоқ болса, онда

әлемдік магнит те бар. Әлемдік магнит болмысқа тарайды, ал жан иелерінің денесінде өзіндік магнит бар. Адам бойындағы бұл магнитті ғылымда алғашқы кезде «хайуан магниті» деп, ал қазір «биомагнит» деп атайды. Әлемдік тоқ – өмірлік қуат. Биотоқтан шыққан биомагнит арқылы рух өзіне элементтерді тартып нәзік денені, ал нәзік дене физикалық тәнді құрастырады. Нәзік дене жартылай рухани және жартылай материалды. Нәзік дененің іс-әрекеті нәтижесінде түрлы қуат, энергия түрлері пайда болады. Мысалы, заттық денелер бір-біріне әсер жасағанда механикалық энергия пайда болатыны белгілі. Алғашқы адамдар бір ағашты екінші ағашқа үйкеп от шығарғандары тәрізді, бір затты екінші затқа үйкегенде олардың арасында жылу энергиясы пайда болады. Бұл заттық әлемнің заңдылығы. Жүгіргенде, не болмаса қауырт әрекеттен біз денемізден жылу шығарып, терлейміз. Сол сияқты нәзік денелер қатынасында да сантүрлі энериялар пайда болады. Себебі нәзік дене материя болып табылады. Адамның психикасы дегеніміз осы. Нәзік болмыстың құрылымдарының өзара байланысы және олардың физикалық денеге әсері мен қоршаған ортамен байланысы психика арқылы білінеді. Нәзік дененің құрылымдары бір-бірімен қатынас жасағанда түрлі энергиялар бөлінеді. Бұлардың барлығы да нәзік дененің, яғни сезімдер, ақыл, естің өзара әсерінен пайда болған қуаттар. Тіршілікте әркімге де қуаныш, не болмаса қайғы, шабыт тәрізді сезім қуаттары белгілі. Психикалық қуат түрлері көп. Экстрасенстер бойындағы қуатымен затты қозғайды, ал мистик әл-Халладждың өмірінен бір қолын сермеп қалып үйдің қабырғасын жарып жібергені белгілі. Адамның рухани және материалдық болмыстарының қарым-қатынасын психология ғылымы мен парапсихология зерттейді. Мүсірәлінің тылсымдық қасиеттерін зерттеу барысында оның нәзік болмысының қандай жоғары деңгейде жетілгеніне көзіміз жете түседі. Тән қасиеттері. Мүсірәлінің жаны ғана емес, тәні де кемелді болғаны дау тудырмаса керек. Тәннің кемелдігі үш қасиетпен – күш, төзімділік, иілгішикемділікпен (орысша: сила, выносливость, гибкость) – бейнеленеді. Бұлар адамға өмірдің қуанышын толық сезініп, ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді. Мүсірәлінің де ұзақ өмір сүруінің сыры оның тән қасиеттерінің жақсы жетілгенінде жатса керек. Сопы Мүсірәлінің жан-дүниесінің жетілуі жоғары болғандықтан, оның тылсымдық қасиеттері де үлкен болған.

Мүсірәлінің тылсымдық қасиеттерінің теориялық негіздері

Жан өзінің физикалық денесін тастап, нәзік денесімен қалғанда ол аруақ болатыны жоғарыда айтылды. Мүсірәлінің тылсымдық қасиеттері оның жан қасиеті ғана емес, сонымен бірге, нәзік болмысының көрінісі. Ол өзінің нәзік болмысымен табиғат элементтеріне әсер етіп, оларды өзгертіп және басқара алады. Ол өзінің болмысын дұрыс басқару арқылы осындай дәрежеге жеткен.

Адам өзінің нәзік болмысымен әрекет жасағанда оның әрекеті аруақтың әрекетімен ұқсас. Айырмашылығы – адамның нәзік болмысы әлі оның денесінен шыққан жоқ, яғни әлі аруақ болған жоқ, ал аруақ физикалық денеден шығып, басқа әлемге көшкен. Сондықтан, егер аруақтың нәзік әлемге әсерін білетін болсақ, онда Мүсірәлінің өзінің нәзік болмысымен нәзік элементтерге қалай әсер еткенін де білуге болады. Спиритуализм зерттеулері кезінде рух заттарды қозғалтқанда ол әуелі затқа әлемдік тоқты (өмірлік қуатты) қосымша жинап және өзінің биотоғымен (биоэнергиясымен) ол заттырды жандандырып жасанды өмір беретіні анықталған. Жан иесі әуелде адам болып қалыптасқанда жанның рухы өзіне керекті нәзік элементтерді анасының денесі арқылы тартып, нәзік дене құрайды, ал нәзік дене – физикалық денені қалыптастыратыны айтылды. Осыдан адам болмысы үш денеден – рух, нәзік дене, физикалық – құралатынын білеміз. Бұл денелердің өзара байланысынан түрлі қуаттар бөлінеді. Олардың қатарына биотоқ, биомагнит, психологиялық, жылу және сол сияқты басқа да түрлі энергиялар жатады. Бұл ақпарат-психоэнергетикалық жүйе адамның аурасын құрайды. Адамның нәзік болмысы дегеніміз осы. Спиритуализмде нәзік денелерді және олардың қызметінің нәтижесінен шыққан бұл энергиялар жүйесін перисприт деп атайды. Перисприт жан мен физикалық денені байланыстыратын аралық қабат. Сонымен, аруақ адам денесінде болғанда ол денеге өзінің перисприті арқылы өмір береді! Сондықтан адамның да әрбір клеткасы жанды! Бірақ бүкіл тән өмірін денедегі аруақ, яғни жан басқарады. Жанның бұл басқаруын адамның өзі сезе бермейді. Ол өзінің жүрегі, асқазаны, қан тамырлары, басындағы миы тәрізді органдарының қалай жұмыс жасайтынын сезбейді де. Бірақ соған қарамастан оның барлық органдары үйлесімді жұмыс жасап тұр. Денедегі аруақтың тәнмен байланысы тәннің заттық қауқары біткенше сақталады. Тәннің заттық қауқары біткен кезде, яғни биологиялық өзгерістердің дұрыс жүру мүмкіндігі біткен кезде, жан денені тастайды. Адам өлімі деп осыны атаймыз. Жан тәннен шығып, адам өледі, ал жан аруаққа айналады. Осылай адамның аруағы кеткенде тән жансыз қалып, адам өледі, ал тәндегі өмірлік қуат және перисприттің денемен байланысқан бөлігі атмосфераға тарап кетеді. Адам жанынан шығатын биотоқ өмір өзегі болып табылатын әлемдік тоққа ұқсас /6/. Әлемдік тоқ бүкіл болмысқа тараған. Қазіргі ғылым техникада қолданылатын тоқ электрондар қозғалысынан пайда болады деп жалпылама түсіндіреді. Бірақ, ол қозғалыстың табиғаты қалай, тоқ қалай пайда болады деген тәрізді сұрақтарға жауап жоқ. Әлемдік тоқ бұдан да күрделірек және нәзік. Оның негізі – Алланың Нұры, әлемдік рух. Әлем – макрокосм болса, адам – микрокосм. Олар бір-біріне ұқсас болғандықтан, адам бойындағы биотоқ пен әлемдік тоқ та бір-біріне ұқсас. Биотоқ рухтан шығады, оның бөлігі. Биотоқ жанның әрекет жасайтын құралы тәрізді.

Биотоқ қоюланып және керекті заттарды өзіне тартып перисприт, яғни нәзік болмысты жасайтыны айтылды. Кейбір адамдарда периспритінің белгілі бір бөлігі оның денесінен бөлініп шыға алады. Осы бөлініп шыққан периспритімен олар нәзік әлемдерге кіріп, оларға әсер етіп, тіпті, аруақтармен байланысып, олардан хабар алып, не болмаса, солардың көмегімен түрлі заттарды қозғалта алады. Медиумдар деп осындай адамдарды айтамыз. Кейбір адамдарда перисприттің бөлінуі жақсы, кейбірінде нашар болады. Медиумдық қасиеттің күшті, не болмаса әлсіз болуы осыған байланысты. Негізінде медиумдық қасиет әркімде әртүрлі деңгейде болады. Оны түрлі жаттықтыру арқылы көбейтіп, не болмаса азайтуға да болды. Мүсірәлі тәрізді рухани жетілген адамдарда ғана емес, ірі өнер қайраткерлерінде, ақын-жазушылар, ғалымдарда мұндай қасиет жақсы дамыған. Сондықтан олардың нәзік әлемдерден хабар алу мүмкіндіктері зор болады. Спиритуалдық зерттеулерде аруақтың заттық әлемге әрекетін білу үшін үстелді қолданған /6, 13/. Осылай аруақтың көмегімен үстелді қозғалту арқылы аруақтың заттық әлемге қалай әсер ететіні анықталған (5-сызбаны қараңыз). Аруақ затты қозғаған кезде әуелі әлемдік тоқ жинап, оны жандандырады. Медиумның рөлі қандай? Аруақ медиумның периспритінің бір бөлігін үстелге жиналған әлемдік тоқпен байланыстырады. Бірақ әлемдік тоқ та, медиумның перисприті де өз беттерімен ештеңені жылжыта алмайды. Себебі, олар тек қана Алла тағаланың қуатынан жаратылған материя, жан емес. Материяны іске қосатын жан керек. Яғни қалай қарай қозғалтуды басқарып, анықтайтын жанның ниеті, еркі керек. Бұл жан аруақтың жаны болып табылады. Сөйтіп жанданған затқа аруақ еніп, өзінің қалауымен және еркі бойынша қозғалта алады. Әлемдік тоқ өте нәзік. Сондықтан затқа әсер ету үшін әлемдік тоқтың медиумдағы өзгерген түрі, яғни қоюланған түрі, перисприті керек. Медиумның перисприті аруақтың жинаған әлемдік тоғымен байланысып затқа әсер ете алады. Аруақтың өзі медиумның перисприті болмаса затқа әсер ете алмайды. Себебі ол тәнді тастаған кезінде өзінің периспритінің қоюланған бөлігін тәнмен бірге қалдырып, ал тәнмен қалған ол перисприт бірте-бірте 3, 7, 40 күн және бір жыл өткенде кеңістікке таралып кеткен. Сондықтан затқа әсер ете алатын қоюланған перисприт медиумнан бөліп алынады. Аруақ медиумның периспритін, яғни биотоғын пайдаланған кезде медиумның өзі оны білмеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда медиумның ықтиярынсыз-ақ заттар қозғала береді. Осылай зат өз бетімен қозғалып кеткен тәрізді көрінеді. Бірақ, шын мәнінде, аруақ сол маңдағы өзінің таңдаған адамынан керекті биотоқты алып, затты жандандырып, оны қозғалысқа келтірді. Ешкімнің қатынасынсыз түрлі шу шығарып, терезе шынысын, ыдыс-аяқ сындырып, заттарды қозалтып, шкафтарды құлататын

АРУАҚ

АЛЛАНЫҢ НҰРЫ

ЗАТ (от, ауа, су, топырақ)

АРУАҚ

МЕДИУМ

5- сызба. Аруақтың затқа әсер ету шарты
әлемдік тоқ
әлемдік тоқ
әлемдік тоқ

аруақтың перисприті
медиумның перисприті
Медиумның
перисприті

әлемдік тоқ

полтергейстердің әрекеті осылай түсіндіріледі екен. Олар да бұл кезде маңындағы адамдардың периспритін пайдаланады. Зат қозғалғанда аруақтың ықпалымен қозғалады. Сондықтан, аруақ – қозғалыстың себебі, ал әлемдік тоқ пен медиумның перисприті – оның құралы болып табылады. Аруақ затты қозғаған кезде медиум өзінің ықтиярымен оған көмек береді, не болмаса аруақты өзінің ықпалына көндіріп алуы да мүмкін. Осылай бақсылардың ойынын түсінуге болады. Бақсылар аруақтарды шақырып алып, оларды өздерінің ықпалына көндіріп, бұйрығымен өздеріне керек істерді жасата алады. Ал аруақтың күші басым болса, онда аруақтың ықпалы жеңіп кетеді. Осылай аруақ пен бақсының арасында үлкен күрес жүреді. Бақсылардың өздерінің ойындарын көрсеткенде қара тер болып терлеп, кейде естерінен таңып қалулары да осы себептен болса керек. Сонымен, заттың өздігімен қозғалуы үшін үш жағдай керек. Олар – әлемдік тоқ, медиум перисприті және аруақтың перисприті. Сонымен, аруақ әлемдік тоқты жинап, медиумның биотоғымен жалғастырып затты жандандырады. Әлемдік тоқ өте нәзік болғандықтан, ол затпен байланыспайды, оған әсер ете алмайды. Затпен соған сәйкес затталған биотоқ қана байланыса алады. Бұл биотоқ тек тәндегі рухта, яғни адамдарда ғана бар. Сондықтан, аруақ әлемдік тоқты затпен байланыстыратын биотоқты тек адамдардан ғана алады. Сонан кейін ғана аруақ затта жиналған әлемдік тоқты медиумның биотоғын байланыстырып затқа әсер ете алады. Сонымен, аруақтың биотоғы медиумның биотоғына әсер етеді, ал ол жанданған затқа әсер етіп, оны қозғалтады. Осылай аруақ заттың қозғалысын басқара алады. Аруақ үстел қоғалтқанда ғана емес, түрлі шу, дыбыс шығарғанда да осылай әрекет жасайды. Ол өзінің қолымен емес, өзінің периспритімен, яғни биотоғымен ауаға әсер етеді. Осылай аруақ барлық заттық элементтерге: отқа, суға, ауаға, топыраққа, тіпті эфирге де әсер ете алады. Ол ауада шу көтеріп, жердің топырағын шашып, не болмаса судың ағысын да тоқтата алады. Аруақтар нәзік денеде болғандықтан, оларға дөрекі заттық әлемнің кедергісі жоқ. Олар барлық заттар арқылы өтіп кете берді. Сондықтан олардың жылдамдығы өте үлкен, ойдың жылдамдығындай. Және әлемнің қай түкпіріне болса да тез жетіп барады. Нәзік денесі жетілген адамдардың тылсымдық әрекеттері аруақтардың әрекетіне ұқсас. Тек қана, адамда оның аруағы бөлінген жоқ – әлі өзінің бойында. Осылай аруақтың әрекетін білу арқылы Мүсірәлінің тылсымдық қасиеттерін түсінуге болады.

Балалық шағындағы тылсымдық қасиеттері

Мүсірәлі жас кезінен бастап-ақ өзінің тылсымдық қасиеттерін көрсете бастаған. Бұл қасиеттер оның жан-дүниесіне табиғатынан беріліп, кемелдене келе толыға түскен еді. Ол келешекті болжап, не болмаса өткен оқиғалардың сырын аша білген. Бұл туралы ел аузында сақталған аңыз-әңгімелер көп. Әулие адамдардың жас шағынан бастап өздерінің ерекше қасиеттерін көрсетуі – заңды құбылыс. Бұл туралы адамзат қоғамында мысалдар баршылық. Ерекше қасиеті бар жан дүниеге келгенде ол әлемнің нәзік болмысына әсер етіп жоқтан бар жасап, өткенді көріп, не болмаса келешекті болжап, адамның тағдырына көз жіберу сияқты көптеген тылсымдық ерекшелер жасай алады. Мүсірәлі солардың бірі болған. Мүсірәлінің жас кезіндегі тылсымдық қасиеттері туралы Құрманғали Ашанұлы да жазады /7/. Әйтеке Би пір болуға лайықты адам іздеп жүріп медресеге келіп, сонда оқып жүрген Мүсірәліні үш сынақтан өткізеді. Бұл сынақтан абыроймен өтіп Мүсірәлі Әйтеке бидің көңілін толтырады. Осы арада тағы да ескерте кету керек: Мүсірәлінің өткен осы сынағы, не болмаса басқа да көрсеткен кереметтері бізге аңыз-әңгіме ретінде жеткендіктен, олардың болған жағдайы, уақыты әртүрі айтылады, сондықтан біз бұл мәселелерге көп көңіл бөлмей, тылсымдық көріністердің сырын түсіндіруге баса назар аударамыз. Қандай тылсымдық құбылыс болса да, оны нәзік әлемдер заңдылығымен түсіндіруге болады. Осы заңдылық аясында Мүсірәлінің сынақтан қалай өткенін түсіндіріп көрелік. Сынақ үш деңгейден тұрады. Біріншісі – оның тәнін, екіншісі – нәзік денесін және үшіншісі – рухани дүниесінің жетілуін анықтауға арналған. Өзінің биотоғымен суды жылытуы. Медреседе дәрет суды дайындау көп уақыт алатын. Қайсыбір шәкірт бірде ыстық суды, бірде суық суды артық құйып, дәрет суын бабымен дайындай алмайтын кездер жиі кездеседі екен. Ал суды дайындау Мүсірәлінің кезегіне келгенде, ол құманды қос алақанымен қысып, суды өзінің бойындағы қуатты биотоғымен жылытып, көрермендерді таңқалдырады. Бұл сынақтан Мүсірәлінің өзінің денесін өте жақсы басқара алатынын көреміз. Тән мен нәзік дененің бір-бірімен әсерінен адам бойында биотоқтың пайда болатыны айтылды. Ол биотоқтың қуаты адамның өзінің денесін басқара білуіне байланысты әртүрлі болады. Рухани жетілген, не болмаса арнайы шұғылданған адамдарда биотоқтың қуаты көбейіп, басқа заттарға әсер ету дәрежесіне дейін көтерілуі мүмкін. Бұны «шығыс күресі» деп аталатын күреспен шұғылданатындар және экстрасенстер жақсы біледі. Биотоқ (биологиялық тоқ) дегеніміз адам бойында биофизикалық құбылыстардан пайда болатын тоқ толқындары. Қысқа толқынды тоқ өндірісте жиі пайдаланылады. Тамақ дайындау, не болмаса жылытуда қысқа толқынды пештің (микроволновка) өте қолайлы екені белгілі. Судың ерекше қасиеттері көп. Солардың бірі – қысқа толқынды тоқтың әсерінен өзінің

структурасын өзгертуі және жылу бөліп шығаруы. Қысқа толқынды пештерде (микроволновкада) тамақтың тез жылынуы оның құрамындағы судың жылынуына байланысты. Мүсірәлі де өзінің бойындағы биотоқтың көмегімен суды шылытқан. Әрине, бұл оның бойындағы биотоқтың қаншалықты қуатты екенін көрсетеді. Табалдырықтың астындағы тығылған Құран Кәрімді сезуі. Ұстаз шәкірттердің бәрін далаға шығарып, медресе табалдырығының астына Құран Кәрімді тығып қояды. Сосын шәкірттерді ішке кіруге шақырады. Байқаса, басқа шәкірттердің бәрі төрге озып, өз орындарына жайғасқанда, жалғыз Мүсірәлі ғана ішке кірмей, табалдырық алында кідіріп тұрып қалады. – Сен неге кірмей тұрсың? – деген сауалға ол: – Табалдырық астында жасырылған Құран Кәрім – киелі кітап жатыр ғой, оны аттап кіруге дәтім бармай тұр, – деп жауап береді. Бұл сынақ Мүсірәлінің нәзік денесіндегі қуат дәрежесін көрсетеді. Діни тәжірибе барысында жүрек тазарып, ұйқыдағы жан ояна бастайды. Үздіксіз ұзақ тәжірибенің нәтижесінде жан толық оянып, адамның бүкіл болмысы нұрланғандықтан, оның тәні мен нәзік денесі рухтанып, аурасы ұлғаяды. Бұндай адамның сезімталдығы өте жоғары. Өзінің жаймашуақ мінезімен, ес-ақылымен қоршаған ортаға әсер етіп, жүрген жерін түгелдей тазарта алады. Нәзік денеге заттық болмыс кедергі бола алмайды, сондықтан ол қандай заттан болса да өтіп кетеді. Өзінің жетілген нәзік болмысымен сопы Мүсірәлі осылай табалдырықтың астында тығылған Құран Кәрімді көре білген. Әрбір заттың өзіне сәйкес аурасы болады. Рухани заттарда – рухани аура. Сондықтан рухани жетілген адамдар өздерінің рухани «көзімен» ол рухани затты ажырата алады. Мүсірәлінің имандылығы. Ұстаз шәкірттердің бәрін отын жинап келуге жұмсайды. Басқалары жас ағаштарды сындырып, отынды тау төбе қылып үйіп тастайды. Бәрінен кеш оралған Мүсірәлі кепкен, қураған бұтақтарды алып келеді. Неліктен бұлай еткенін ол: –Жас шыбықтарды сындыруға обалсындым. Кешіккен себебім де сол еді, – деп өзінің имандылығын білдіреді. Бұл сынақ Мүсірәлінің рухани деңгейін көрсетеді. Рухани деңгей имандылыққа байланысты. «Иман» деген сөз арабшадан «сенім» деп аударылады, яғни Алла тағалаға сенім дегенді білдіреді. Неғұрлым имандылық жоғары болса, Алла тағалаға деген сенім де соған сәйкес жоғары болады. Иманның ең жоғары деңгейінде адамның рухани болмысы Рухани әлеммен бірігіп, Алла тағалаға деген махаббатқа ие болады. Құдайға қайту дегеніміз осы. Алла тағала болмысы бүкіл әлемді қамтиды, сондықтан бұл әлемде Онан басқа ештеңе жоқ. Алла тағалаға сүйіспеншілікке жеткенде соған сәйкес бүкіл әлемге деген сүйіспеншілік пайда болады. Ондай адам әрбір жан иесін, өсімдікті, жан-жануарды, бүкіл адамзатты өзіндей жақсы көріп, оларды бір-бірінен бөлмей, барлығына бірдей махаббатпен қарайды. Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі Алла тағалаға

сүйіспеншілік жолын көрсетеді. Мүсірәлі тәрізді әулиелер үшін жас шыбық пен адам өмірі бірдей қымбат. Олар әрбір гүлді үзгенде бүкіл әлем тітіркенетінін жақсы сезінеді. Ондай мейірімді адамдар жас шыбықты сындыру ғана емес, тіпті, ешқандай жан иесіне зиян келтірмеуге тырысады. Осылай сопы Мүсірәлі қылығымен, іс-әрекетімен өзінің жоғары рухани деңгейін көрсете білген.

Жеті өлікке жан берген әулие

Мүсірәлінің «Жеті өлікке жан берген әулие» деген халық берген атағы бар. Ол бұл тылсымдық қасиеттерін нәзік әлемдерге әсер ету арқылы көрсете білген. Халық аузында Мүсірәлінің жеті өлікке жан бергені жайлы төмендегідей әңгімелер бар /7/. Бірінші жағдай. Түркістанда медреседе оқып жүрген шәкірт Мүсірәліні әкесі Жәдік еліне алып келе жатқанда түс қайта бір қорымның басында жиынды көріп тоқтаса, олар бір өлікті жерлейін деп жатыр екен. Бұлар сұрастырса, жерленетін адам ертеңгісін қайтыс болған екен. Ол кезде өлікті денесі суымай жерлейді екен. Мүсірәлі шәкірт сол маңайда тұрғандардың «мына бала қайтеді, әй!» дегеніне қарамай, кеудесіне қолын салып көрсе ыстық екен. Мүсірәлі дұға оқып, қолымен өліктің денесін сипап өткенде, өлікке жан бітіп, тіріліпті. Жиналғандар баланың кереметіне таң қалып, ризашылығын білдіріп, жерлеуге әкелген өлікті тірілтіп алып қайтыпты. Жеті өлікке жан берген Мүсірәлінің кереметі осылай басталады. Өліктің денесі әлі суымаған екен. «Кеудесіне қолын салып көрсе ыстық екен» – деген сөз жан денеден шығып кетсе де, денеде әлемдік тоқ пен биотоқтың атмосфераға әлі толық тарап үлгермей, өмір қуаты денені жылытып тұрғанын білдіреді. Ал тарап үлгерген биотоқтың орнын Мүсірәлі өзінің биотоғымен толтырған. Бұл арада «Дұға оқып» деп Мүсірәлінің Алла тағаладан көмек сұрағаны айтылып тұр. Алла тағаладан көмек сұрағанда Жоғары Әлемдер Алла тағаланың ықтиярымен қандай істің болса да дұрыс жасалуына жағдай жасайды. «Қолымен өліктің денесін сипап өткенде» деген сөз оның өз бойындағы биотоқтың бір бөлігін қолы арқылы өлі денеге енгізгенін білдіреді. Осылай ол өлікті тірілтуге дайындаған: оның бойында тән және тәнді басқаратын биотоқ бар. Енді шығып кеткен аруақты қайтадан денеге енгізу керек. Сонда аруақ өзінің нәзік биотоғын өліктің бойындағы қоюланған биотоқпен жалғастырып тәнге әсер ете алады, яғни оны тірілте алады. Қарапайым бақсылар аруақтарды шақырып, оларды өздеріне бағындырып, түрлі бақсылық ойындар жасайды. Ал Мүсірәлі тәрізді рухани жетілген адамдар үшін аруақты шақыру ешқандай қиындық тудырмайды. Олардың жоғарғы рухы өздерінен төменгі рухтарды бағындырып, оларға билік жүргізе алады. Денені тастағанына көп уақыт өтпеген аруақтарды бағындыру тіпті оңай. Себебі олар нәзік әлемде жаңа жағдайға әлі үйреніп

үлгірмеген, сондықтан өздерінің ескі үйренген қалпына оңай түседі. Аруақты қайта шақырып, өлген адамды Мүсірәлі осылай тірілтсе керек. Екінші жағдай. Елге келген соң, біраз уақыттан кейін, Мүсірәлінің 11 жасқа келген кезі, ауыл сыртында балалармен ойнап жүргенде, ауылдан шулап жылаған дауыс естіледі. Оның мәнісін сұрағанда естиярлау бір бала: «Осы ауылда бір жесір кемпір тұратын. Соның бойжеткен қызы көптен науқас еді, бүгін қайтыс болыпты. Соған жылап жатқаны ғой» дейді. Мүсірәлі ойынды қойып, ауылға келіп, өлік жатқан үйге кіреді. Ши тұтып орап, мәйітті үйдің оң жағына шығарып қойған екен. Мүсірәлі жиналған үлкендерден мәйітті көруге рұқсат сұрайды. Бірі: «Көрсін!» – деп, бірі: «Бала шошынады, көрмесін!» – деп біраз шуласып, ақыры көруге рұқсат етіледі. Шиді ашып, мәйіт жанына келген Мүсірәлі Бисмилласын айтып, медреседе имам берген аса таяғымен өліктің басынан аяғына дейін сипап өткенде қыз жан бітіп, көптен кейін ауруынан айығып қатарға қосылады. Бұл арада қолдың орнына аса таяқ қолданған. Медресе имамы берген аса таяқ қарапайым емес, рухтанған, яғни жанды таяқ. Оның бойымен рухани қуат онай өтеді. Қыз аурудан өлгендіктен, Мүсірәлі оның аурынан сақтану үшін өзінің қолын емес, аса таяқы қолданған. Аса таяқ арқылы ауру өтпейді. Осылай Мүсірәлі өзін аурудан сақтап, және қызға көмектескен. «Көптен кейін ауруынан айығып қатарға қосылады» деген сөз өліктің Мүсірәлінің рухтанған биотоғын алғанын, соның арқасында қыздың бойындағы ауру жазылып, оның қатарға қосылғанын білдіреді. Үшінші жағдай. Тағы бірде Мүсірәлі ел аралап жүріп, кездейсоқ бір қаралы үйге тап болады. Сол үйдің бес бірдей баласы жұқпалы індеттен қайтыс болып, ата-анасы, туысқандары аза тұтып отыр екен. Мүсірәлі дұға оқып, өліктердің кеуделерінен олай бір сипап, былай бір сипағанда, бес боздақ бірінен соң біріне жан бітіп тірілген екен. Содан бастап бір үлкен кісі, бір қыз, бес баланы тірілткен Мүсірәлі «Жеті өлікке жан берген әулие» атаныпты. Бұл бес адамды тірілту әдісі де жоғарыда келтірілген үлкен кісі мен қызды тірілткендей болуы мүмкін. Осылай Мүсірәлі жеті адамға жан берген екен. Мүсірәлінің «Жеті өлікке жан берген» атағын алуы басқаша да айтылады /8/. Рухани басшы сайлауда Хан Кеңесінің соңғы шарты: «Өлген адаммен тілдесу» рәсімі. Бұл рәсімнен Мүсірәліден басқалары бас тартады. Сол сәтте «Сайрамда сансыз әулиелер бар, олармен сөйлесуге болады, олардың барлығы дерлік тірі жандар ғой» – деп, қабірде жатқан әлгі жандарға келіп, әр қайсысына жеке-жеке тоқтап, дұға жасап, жеті адаммен сөйлескен екен. Күні бүгінге дейін Керейттердің «Жеті өлікке жан берген» деп аталуының себебі де осында. Кейде осыған қосымша, шу көтеріліп, жел шығып, аспанның алай-дүлей болғаны да айтылады.

Жоғарыда аруақтармен байланыс жасай алатын медиумдар туралы айтылды. Медиумдар бойындағы биотоғының бір бөлігін бөліп шығарып, аруақтардың биотоғына әсер етіп, олармен байланыс жасай алады. Олардан хабар алып, кейде оларды бағындырып, солар арқылы түрлі тылсымдық әрекеттер жасайды. Бақсылар аруақтардың көмегімен өсіп тұрған ағашты жұлып алып, ат қылып мініп, жарыста жүлделі орын алғаны туралы Ш.Уалихановтың жазғандары бар /12/. Медиумдар тәрізді Мүсірәлі де аруақтармен байланыс жасай білген. Өзінің биотоғының бір бөлігін бөліп шығарып, аруақтардың әрқайсысымен байланысып, олармен сөйлескен. Оның үстіне даланы алай-дүлей етіп, аруақтардың әрекетін көрсеткен соң, әрине, қарапайым халыққа өлген жанды тірілткендей болып көрінуі әбден мүмкін. Шын мәнінде өлген адам тірілген жоқ, тек қана оның аруағы келіп, өзінің әрекетін көрсеткен. Осылай Мүсірәлінің атағы елге жайылып кеткен. Б. Ұзақбаевтың «Сопы Әзиз Пір» атты кітабынан Мүсірәлінің тағы кейбір тылсымдық әрекеттерін көрсетейік /4/.

Жауды адастырып, жеңуі

Жаңа мешіт ашылып, халық құран оқып Алла тағалаға құлшылық жасау кезінде бір жас жігіт суық хабар жеткізеді. –Мың қаралы жауынгері бар, жоңғар түмені Қаратаудағы жан біткенді қырына алып, аяусыыз тонап, зорлық-зомбылық көрсетіп келеді. Олар осы мешіттің ашылатынынан да хабардар екен. Бірер күнде осы жерге де аяғы жетпек. Не істейміз ағалар? – дейді... Сол кезде Мүсірәлі пір: –Сабыр сақтаңдар! Бір реті болар. Төбе көрсетер, тегеуірінді отыз шақты жігітті қару-жарақпен жасақтап, атқа отырғызыңдар. Солар маған кідірмей келсін, – дейді. Жігіттер тез жиналды. Сопы Әзиз Құран ашып, төрт тілдей қағазға ішірткі жазды да домалақтап ширатып, алақанына қысып, бірдеңелерді оқып дем салғандай ишарат танытты. Жұрттың бар назары Мүсірәлі қимылында. –Төрт топқа бөлініп, басшы тағайындап, мына қағаздарды бөліп алыңдар, – деп Қазірет қағаздарды жігіттерге берді. –Жау қарасы көрінген соң төрт топ төрт жаққа қашсын. Бетпе-бет келіп қару қағыстырып, садақ атпаңдар. Осы әрекеттің алдында қашқан жақтарыңа мына қолдарыңдағы ішірткіні лақтырыңдар. Ол жазылып, қағазға айналады да жоғары ұшады. Сол кезде жан-жақтарыңа қарамай атқа қамшы басып, ет пісірімдей уақыт тізгінді тартпай шабыңдар, – деді. Жігіттер Пірдің айтқанын істеді... Оқ бойы ұзай бергенде ішірткілерді лақтырады. Олар жайылып, көрпедей ұзарды да, жерден шаңдақ көтерді. Айнала алай-түлей. Қара дауыл көтеріліп, шаң аспанды орап ештеңе көрінбей кетеді. Біреуді біреу көретін жағдайдан қалып, дауыл бір жұма

бойы ұйтқи соғып толастамады. Біраз уақыттан соң ғана лезде басылып, бәрі де жайбарақат, тым-тырыс бола қалды. Жігіттер аман-есен елге оралды. Адасқан жау астындағы аттан да, бойындағы қаруынан да айырылып, тым-тырақай бет-бетімен кетіп, өліктері әр-жерде ит-құсқа жем болып қалды. Бұл әңгімеде Мүсірәлінің аруақтардың көмегімен табиғат күштерін қалай өзіне бағындырғаны көрсетілген. Елді кенеттен пайда болған жаудың зардабынан құтқару үшін өзінің мейірімділігін көрсетіп, көмек берген. Осылай ол өзінің адамгершілік қасиетін, халыққа деген сүйіспеншілігін білдірді. Әрине, бұл қасиетін көрген елдің оған деген мейірімі мен ынтасы одан да әрі арта түсті. Осылай ол халыққа деген өзінің қамқорлығын көрсетіп, олардың назарын өзіне аудара білген. Бұл әрекетінде де ол табиғаттың нәзік элементтеріне әсер етті. «Құран ашып, төрт тілдей қағазға ішірткі жазды да домалақтап ширатып, алақанына қысып,» – деген сөздерден әуелі оның Жоғары Күштерден көмек сұрағанын көреміз. Сонан соң ішірткі жазған, яғни, қағаздарға әлемдік тоқты жинаған. Ішірткідегі қасиетті сөздерде өте жоғары рухани қуат болады. Ол қуат Мүсірәлінің ықпалымен әлемдік тоқты тартып қағазға енгізіп, оны жандандырған. Домалақтап ширатып қағазға форма берген соң, Мүсірәлі оны алақанына қысып өзінің биотоғының бір бөлігін енгізген. Сонан соң аруақтарды шақырып, оған орналастырған. «Бірдеңелерді оқып дем салғандай ишарат танытты» деген сөз осыны білдірсе керек. Аруақпен байланыс жасап тұрған адам сырт көзге бірдеңелерді оқып тұрған тәрізді болып көрінуі әбден мүмкін. Сонымен, аруақтардың көмегін пайдалануға осылай барлық жағдай жасалған: қағазда әлемдік тоқ жиналып оны жандандырған, адамның (медиумның) биотоғы және аруақ енгізілген. Енді қағазды пайдаланып табиғатқа әсер етіп аруақ түрлі әрекеттер жасай алады. Бірақ қағазда Мүсірәлінің биотоғы да болғандықтан, аруақ оның жоғары рухына бағынады, сондықтан оның әмірінсіз ештеңе жасамайды. Жігіттер қағаздарды лақтырған кезде Олар жайылып, көрпедей ұзарды да, жерден шаңдақ көтерді. Мүсірәлі алыста болса да, өзінің қағаздағы биотоғы арқылы аруақтардың қимылын басқарып отырған. Аруақтардың табиғат элементтеріне әсері жоғарыда айтылды. Олар жанданған қағазды көрпедей ұзартып және ауаға әсер ету арқылы жерден шаң көтерген. Осылай, Айнала алай-түлей. Қара дауыл көтеріліп, шаң аспанды орап ештеңе көрінбей кетеді. Біреуді біреу көретін жағдайдан қалып, дауыл бір жұма бойы ұйтқи соғып толастамады. Жау жеңіліп, бейберекет болған кезде енді қауыптың жоқ екенін сезген кезде Мүсірәлі аруақтарға әмір етіп, дауылды тоқтатқан. Біраз уақыттан соң лезде басылып, бәрі де жайбарақат, тым-тырыс бола қалуы осыдан болса керек. Атпен ет пісірімдей шапқан кеңістікте бір жұма бойы адасып жүрген жау, әрине, астындағы аттан да, бойындағы қаруынан да айырылып тымтырақай бет-бетімен кетіп, өліктері әр-жерде ит-құсқа жем болып қалды. Ал сол дауылдың ішінде жүрген жігіттер аман-есен елге оралған. Себебі

Мүсірәлінің қаһары тек қана әділетсіз жауға ғана бағытталып, халық бостандығы үшін күрескен жігіттерге әсер етпеген.

Өзенді тоқтатуы

Бұл жағдай бірнеше түрде айтылады. Соның бірі төмендегідей /4/. Шолан және Сүйіндік батырлар бастаған қазақ жауынгерлері қалмақ әскерінің бір тобын жеңіп, үлкен олжамен кейін қайтқанда артынан жау қайта жиналып, жаңа күшпен тағы бас салады. Алда көктемде бұрқанып тасыған өзен жатыр. Олжаға түскен табын-табын малды айдап келе жатқан қазақ жігіттері қиын жағдайға қалады. Сонда Сүйіндік батыр Мүсірәлі пірді есіне алып, оған жалбарына бастайды. Сол кезде өзен ортасы тартылып, ұлтаны биіктей көтеріліп, суы қайтты. Ат аттап өтердей өзекше арна пайда болып, екпіні баяулады. Сол кезде жігіттер жан-жақтан лап қойып, күш біріктіріп, түгел арғы жағалауға өтіп алды... Өзен суының тасып қайта көтерілгенін көрген қалмақтар арғы жағалауда ары-бері шауып, сандарын соғып «Ай, қап!» деп қалды. Елге келген соң жігіттер Сопы Әзиз пірдің қараша үйіне келіп, қазіретке сәлем берді. – Қарақтарым-ай, тығырыққа тіреліп қатты қиналдыңдар-ау... Оны сезіп көріп жаттым. Сопы Әзиз тізесіне түскен ақ көйлегінің етегін түріп жоғары көтеріп, батырларға арқасын тосты. Жон арқасы мен жауырынының үстіне аттардың тұяқтары қатарласа түсіп, ізін ойып қалдырыпты. Сонда барып ағынды өзенге тосқауыл жасап, көпір болып құрылған Мүсірәлінің керемет әулиелігі екенін түсініп, көздері жетті. Жан тәнді тастағанда аруақ болатыны және аруақ табиғаттың нәзік элементтеріне әсер етіп түрлі әрекеттер жасай алатыны айтылды. Мүсірәлі де өзінің денесінен шығып жігіттерге келіп, аруақ тәрізді оларға көмек жасаған. Тірі адамның денесінен рух қалай шығады? Адам ұйқы кезінде, немесе гипноздың күшімен ұйықтатқанда оның рухы заттық байланыстан босап, денеден шығуы мүмкін. Денеден шыққан рух өзінің қалауынша басқа кеңістіктерде, тіпті басқа әлемдерге де кетеді. Осылай адам түрлі ғаламдарды аралап түс көруі мүмкін. Ол үнемі өзінің денесімен нәзік жіппен байланыста. Адамның нәзік денесінің рухпен байланысқан бөлігі осылай жіп ретінде рухты денемен байланыстырады. Рух осы жіп арқылы барлық сезіп-білгенін, көргенін денеге хабарлай алады. Бұл екі адамның телефон сымы арқылы хабарласқаны тәрізді. Мүсірәлінің «Оны сезіп көріп жаттым» дегені осыны білдіреді. Жоғары жетілген адамдарда рухтың тән ықпалынан босануы ұйқы кезінде ғана емес, ояу кезінде де болады. Бұл қасиет, кейбір адамның табиғатынан да берілген. Рух тән ықпалынан босағанда, оның сезіну қабілеті де өсіп, өзін өзі толық басқарып, табиғатқа әсері де күшейеді. Осылай рух аруақ ретінде

табиғат элементтеріне әсер етіп, не болмаса келешекті сезініп, өткен уақиғаларды есіне түсіріп, алыстағыны көре алады. Босаған рух басқа рухтармен байланысып, олардан өзіне керекті хабар да ала алады. Рух денеден бөлінгенде адам қоршаған ортаны дене көзімен емес, рух көзімен қабылдайды. Ал рухқа ешқандай материя бөгет емес. Сондықтан ол алыс қашықтықтан да хабар алып, дәл айта алады. Егер оны ұйқыдан оятып жіберсе, сол жіп арқылы өз денесіне қайтып оралады. Ал жіп үзілетін болса, рух денеге қайтып келмеуі де мүмкін. Осылай адам өлімге ұшырайды. Бірақ тағдыр берген уақыттан ерте өлім ешуақытта келмейді. Жігіттерге көмекке келгенде Мүсірәлі тәннен шығып жағдайды білген, сонан соң, тәнін әкеліп, өзеннің тасқынын әлсірете отырып, өзінің тәнін көпір етіп жасаған. Түсінікті болу үшін, судың ағынын әлсіретуі мен көпір болуын жеке қарастырайық. Өзеннің тасқынын әлсірету үшін ол әуелі суға әлемдік тоқты жинап көбейтіп, оны жандандырады (6-сызбаны қараңыз). Әлемдік тоқта өмірлік қуат, яғни әлемдік рух бар. Рухта сана болғандықтан, өзеннің суы жанданады. Жанданған суға басқа жанның әсер етуіне болады. Сонан кейін нәзік болмысы бөлінетін жігіттердің біреуін медиум ретінде қабылдап, оның периспритінің қою бөлігін суға енгізеді. Сонан соң Мүсірәлінің өзі рухымен суға енеді. Ол үйде қалған тәнімен өзінің нәзік болмысы арқылы, яғни жіппен үнемі байланыста. Жіп арқылы ол өзінің қалауынша өзінің тәніне қайта оралуына болады. Суды басқаруға осылай жағдай жасалады. Суды ол қолымен басқармайды, өзінің периспритімен басқарады. Оның нәзік перисприті медиумның тығыздалған периспритімен байланысады. Тығыздалған периспирит сумен байланысып, оған әсер ете алады. Әлемдік тоқпен жанданған суды Мүсірәлі өз ырқына осылай көндіре алады. Бұл әкенің баланы басқаруы тәрізді. Әке өзінің сөзімен баланың ақылына әсер етіп, ал бала оны орындайды. Себебі баланың санасы бар. Сана баланың психикасына әсер етіп, денесін қозғап әкесінің айтқанын орындайды. Әкенің сөзі санасы бар балаға қалай әсер етсе, Мүсірәлі өзінің периспритімен жанданған суға солай әсер етіп, оны басқарады. Себебі суға әлемдік тоқ жиналып, оны жандандырған, яғни оның бойында өмірлік қуат және сана бар. Әкенің әсер ету құралы – оның сөзі, ал Мүсірәлінің құралы – оның перисприті. Мүсірәлі рухы суды оның ішіне кіріп, не болмаса сыртында болып та басқаруы мүмкін. Сыртында болғанда ол сумен өзінің перисприті арқылы байланысады. Осылай, әкенің сөзін баланың санасы қабылдап, ол өзінің перисприті арқылы денесін басқарып, әкенің сөзін орындағаны тәрізді, Мүсірәлі де өзінің периспритімен жанданған суға әсер етіп, оның ағысын ақырындатқан. Осылай әкенің айтқанын баланың орындағаны тәрізді, Мүсірәлі рухының қалауын өзеннің суы орындайды. Себебі бала да, су да жанды, екеуінің де санасы бар. Санасы бар зат жан ықпалына көніп, оның бұйрығын орындайды.

Су (Әлемдік тоқ, Мүсірәлі рухы периспритімен, медиум перисприті)

Мүсірәлі
денесі
Мүсірәлі
перисприті

медиум
Медиум
перисприті

Өзен суы
(Әлемдік тоқ,
Мүсірәлі рухы
периспритімен,

медиум перисприті)

Мүсірәлі
денесі
Әлемдік тоқ
Мүсірәлі

перисприті

медиум
Медиум
перисприті
6-сызба. Мүсірәлінің өзен суын тоқтатуы.

Сырттан басқарудың осындай әдісі техникада да көп қолданылады. Оларға ғарыштағы жер серігі (спутник), ұялы телефон, жерден басқарылатын ұшақтар, тіпті, қозғалысы басқарылатын балалардың ойыншықтары да жатады. Барлығының тәртібі бір текті. Мысалы, ғарыштағы жер серігін алатын болсақ, жерде отырған адам жер серігіне электормагнитті толқындар жібереді. Ол үшін толқын шығаратын соған сәйкес құрылым қолданады. Ал ұшып жүрген жер серігінде электромагнитті қабылдайтын құрылым орналасқан. Құрылым батарея арқылы жұмыс жасайтын механикалық түрлі жүйелерден тұрады. Бұл жүйелер баланың психикасы тәрізді қабылдау және оны орындау органы болып табылады. Осылай, жердегі отырған адамның жіберген электромагнит толқынын жер серігі қабылдап, оны бұйрығын өзінің түрлі механикалық жүйелері арқылы іске асырады. Сонымен, егер өлі материяға сана енгізсе, оны аруақтар тәрізді басқаруға болады екен. Ғалымдар да өлі материяға әсер ете алады. Бірақ олардың материяға берген санасы жасанды «механикалық сана», нағыз сананың рөлін ғана атқарады. Осылай сана енгізу арқылы табиғат құбылыстарына әсер етіп, оларды басқаруға болатынын көреміз. Мүсірәлі өзінің перисприті арқылы жанданған, яғни санасы бар суды осылай басқарып, оның ағынын әлсіреткен. Ел арасында Мүсірәлінің суды тоқтатуы туралы басқаша да айтылады /5/. Еділдің арғы бетіндегі қалмақ жұрты ел шетінің тыныштығын ала беріпті. Тәуке хан қолбасшы Әбілхайырды қалмақты тәртіпке келтіруге жұмсайды... Әбілхайырдың жолы болып, қазаққа зиянкес, тәртіпті тәрік еткен қалмақты жауып, көп олжамен елге қайтады. Еділдің көшпесіне жақындағанда, хабарланып ұйысқан қалмақ әскері бір бүйірден қайта шауып, қазақтарды тықсырады. Әбілхайыр көп жүгімен Еділдің көшпесіне келсе, дария тасып кетіпті, өткел берер түрі жоқ. Әбілхайыр әскері арты – жау, алды – терең су, қоршауда қалады. Әбілхайыр батырларын аттан түсіріп, белбеулерін мойынына салып, Аллаға жалбарына кеп: «Мүсірәлі пірім, өзің жар болмасаң – күніміз қараң» деп жылаған көрінеді. Сол кезде Еділ суының түбі көтеріліп, өткел пайда болады. Әскер Еділден сыдыртып өте шығады. Бұл ғажайыпқа әрі таң, әрі риза болған Әбілхайыр: «Бас олжа анау қалмақ ханының қызын пірге арнадым» депті. Сонда батырлардың бірі «Күңнің бірін берсең де, тақиясына тар келмес» депті. Жас Әбілхайыр дөй батырдың дегенінен шыға алмай қалады. Елге келген соң, Әбілхайыр пірге сәлем бергелі барғанда (күңді ерте барады), пір айтыпты: «Уа, Әбілхайыр, уәдеңді неге жұттың, әдепкі атаған кісің бұл емес-ті» деп күліпті. Сонан соң көйлегін түріп, арқасын көрсеткен, пірдің жауырыны шұбырған ат ізінен көктаңдақтанып тұр екен. Содан Әбілхайыр жаздым, жаңылдымға салып, бастапқы атаған қалмақ қызын сыйға тартқан. Одан Қосым атты ұл туыпты, Қосым қазақ халқына пір болды. Ұлы әулиелердің бірі.

Бұл әңгімедегі негізгі өзгешелік «Уа, Әбілхайыр, уәдеңді неге жұттың, әдепкі атаған кісің бұл емес-ті» деп Әбілхайырдың қателігін көрсетуі. Әрине, ол өзінің өтірігінің осылай ашылуын күткен жоқ. Ол пірдің көріпкелдігіне таң қалып, мойын ұсынды. Мүсірәлінің бұл көріпкелдігін түсіндіретін болсақ, ол былай болуға тиісті: Әбілхайыр пірдің көмегіне риза болып, оған ханның қызын беруге уәде жасағанда Мүсірәлі өзінің нәзік денесімен оның қасында болып, оның сөзін естіп тұрған. Сондықтан ол не болғанның барлығын біліп тұр. Бұл оқиға Мүсірәлінің өзінің тәнін тастап, нәзік болмысымен Әбілхайыр әскеріне көмектескенінің бір дәлелі болса керек. Мүсірәлінің суды тоқтататындай құдыреті туралы тағы бір әңгімені келтірейік /4/. Бірде Тасым батыр бастаған қолмен бірге Қаратауды мекендеген елді жоңғарлардан азат ету үшін Сопы Әзиз жорыққа шығады. Күн жылып, Дарияның суы тасып тура жолды жауып тастаған. Сол кезде Сопы Әзиз тасыған сеңді тоқтатып, жауынгерлердің арғы жағаға өтуіне жағдай жасайды. Жасақ арғы жағаға толық өткен соң сең қайта жүріп кетіпті. Осылай қазақ сарбаздары жауға кенеттен шабуыл жасап, жоңғарларға үлкен соққы берген екен. Мүсірәлінің тасыған сеңді тоқтатып, оны біріктіріп сарбаздардың өтуіне жағдай жасау әдісі, жоғарыда келтірілген, суды тоқтатқан әдісі тәрізді болса керек. Оның басқа істері де – жауға қарсы соғыста шу көтеруі, жел шығарып, аспанды алай-дүлей етуі және басқа да көрсеткен кереметтері оның ауа, су, от тәрізді табиғат элементтерін басқарып, оларға әсер етуімен түсіндіріледі. Өзінің мистикалық қуатын кейде халық игілігі үшін Мүсірәлі осылай пайдаланып отырған. Енді Мүсірәлінің қалай көпір болғанына келейік (7-сызбаны қараңыз). Рух ана құрсағында адам қалпын алғанда өзіне керекті заттарды қалай жинап тән алатыны айтылды. Рух жақсы жетіліп, өзінің тәнін толық басқарғанда, ол өзінің тәнін қайтадан алғашқы элементтерге бөліп, оларды кеңістікке таратып жібере алады. Оның өз тәнін басқа жерде жинап, қайтадан өзінің бастапқы қалпына келуге мүмкіндігі бар. Осылай ол кеңістікте көз ілмейтін жылдамдықпен үлкен қашықтыққа қозғала алады. Бұл құбылысты эзотерикалық ілімде тәнді кеңістікте апару (перенос тела в пространстве) деп атайды. Түркістанда өмір сүрген Арыстанбаб әулие бір мезгіл намазын Меккеге барып оқыған, деген сөз бар. Оның да осындай қабілеті болса керек. Бұл әрине, мистикалық құбылыстың жоғары деңгейі. Осылай Мүсірәлі өзінің денесін таратып, өзенге келіп қайта жинаған. Қайта жинағанда ол өзінің денесіне адам қалпын емес, көпір қалпын берген (аруақтар түрлі қалып алады). Аттардың салмағын көтеру үшін ол, әрине, арқасына басқа элементтерді қосып күшейткен. Бірақ сонда да аттардың ізі арқасында қалған. Жігіттер аттарымен өзенді кесіп өткен соң Мүсірәлі өзінің тылсымдық күшімен тәнін таратып, үйіне келіп, қайтадан бұрынғы қалпында жинаған (8-сызбаны қараңыз). Бірақ аттардың ізі арқасында қалды. Мүсірәлі

осылай өзінің мейірімділігін көрсетіп, денесінің қиналғанына да шыдай білген.

Мүсірәлі
тәні
көпір
көпір

Мүсірәлі
тәні
7-сызба. Мүсірәлі денесінің көпірге айналуы.

– табиғат элементтері

8-сызба. Көпірдің Мүсірәлі тәніне айналуы.

– табиғат элементтері

Пір сайлау сынағында көрсеткен кереметтері

Хан кеңесінде өткен пір сайлау сынағына қатысқан ғұлама қожалардың көрегендіктері мен кереметтері туралы әңгімелер бар. Осы сынақта Мүсірәлі өзімен таласқа түскен басқа ғұламалардан озып, қазақ халқы оны үш жүздің Пірі етіп сайлаған. Осылай Мүсірәлі Жәдікұлы 1680 жылы бүкіл қазақтың алғашқы рухани ұстазы, яғни үш жүзге дінбасы болып қабылданады. Енді оның қандай сынақтардан өткеніне келейік. Мүсірәлі «Құдай» деген сөздің парсының «Кула» деген сөзінен шыққанын айтып, және «Мәңгі рахат өмірге Хақ тағала деңгейіне оралғанда жетеді. Ол – мәңгілік тыныштыққа кенелу», «Мәңгілік бұзылмайтын, әлсіремейтін күш – Құдайдың құдыреті. Құдай мәңгі. Оның жолы, құдіреті еш уақытта өзгермейді, әлсіремейді де, бұзылмайды» деп өзінің жоғары рухани білімділігін көрсеткен. Бір уыс топырақтың «Нұрата әулие басындағы ағып тұрған мөлдір бұлақтың балшығы» деп көрегендік жасаған. Өзінің биотоғымен мақтаны үрлеп жандырып мистикалық қасиетін көрсеткен. Жалындаған оттан жанбай шыққан. Бұл жолы да ол өзінің биотоғы арқылы қоршаған ауаның қасиетін өзгертіп, өзіне жанбайтын қорған жасауы мүмкін. Оның керметтілігіне билер, жиналған көпшілік қайран қалыпты. Келесі сынақ сиырдың ішіндегі бұзаудың қандай екенін анықтау екен. Осыған орай бірінші болып сөз алған ұлы жүздің ғұламасы Айқожа сиырға қарап тұрып: «Бұл сиырдың ішінде түсі қара, ұрғашы ақ төбелді бұзау жатыр», – дейді. Орта жүздің ғұламасы Шортанбай қожа: «Бұл сиырдың ішінде ұрғашы қара бұзау, құйрығы ақ», – дейді. Кезек кіші жүздің ғұламасы Мүсірәліге келеді. Ол: «Бұл сиырдың ішінде ұрғашы қара бұзау, құйрығы ақ, құйрығының ағы бұзудың басынан маңдайына оралып келіп жатыр» – деп, өзінен бұрынғы айтқан ғұламалардың сөздерін растаумен қатар, нақтылап айқындай түседі. Үш ғұламаның үш түрлі жорамал болжам айтқандарына жиналған халық куәгер болады. Осыдан кейін сиырды бауыздап, қарнын жарып қараса, бұзау қара түсті, ұрғашы, ақ құйрықты, құйрығы басына оралып ағы маңдайына келіп жатыр екен. Осылай кіші жүздің ғұламасы Мүсірәлінің айтқаны дәл келеді. Енді осы тылсым әрекетті түсініп көрелік. Рухани жетілген адамдар өздерінің нәзік болмысымен көптеген тылсымдық әрекеттер жасай алады. Адамның маңдайында екі қастың арасында нүкте бар. Адам бір нәрсеге қатты көңіл бөлгенде, не болмаса танып-білуге ұмтылғанда оның психикалық қуаты осы нүктеден шығады. Рухани жетілудің шығыстық дәстүрінде, әсіресе йогада, бұл нүкте «үшінші көз» деп аталып, жақсы зерттелген. Қызғаныш, қастықпен қараған көз қуаты адамның нәзік болмысын жарып өтіп, адамға зақым келіп, ауруға шалдығуын қазақтың «көз тию» деп атауы тегін болмаса керек. Қарапайым адамдарда бұл нүкте бас сүйегімен жабылып, өзінің алғашқы қасиетінен айырылған. Рухани жолда бас сүйектің бұл жері жұқаланып, адам

өзінің «үшінші көзін» пайдалана алады, не болмаса арнайы жаттығулар арқылы бұл нүктені ашып, оны өзінің қалпына келтіруге болады. Буддизмде бас сүйекті бұрғымен тесіп бұл нүктені қайтадан ашу әдісі де бар. Адамның барлық нәзік қуаты осы энергетикалық ортадан шығып, көптеген нәзік қасиеттер береді. «үшінші көзі» ашық адамдар қабырғаның арғы жағында жатқан затты көріп, жабық конверттегі хатты оқып, тіпті келешек пен өткенді де болжай алады. Олардың жоғарғы деңгейін йогада «трикалагья», яғни үш уақытты (өткенді, бүгінгі, келешекті) білуші деп атайды. Өмірдегі құбылыс әуелі нәзік әлемдерде пайда болып, жерге түсіп өз өмірін аяқтаған соң, ол нәзік әлемге қайтады. Бұл ерекше қасиеті бар адамдарға келешекті болжап, өткен өмірді саралауға мүмкіндік береді. Нәзік болмысқа кеңістік пен уақыт кедергі емес, сондықтан олар хабарды әлемнің барлық түкпірінен алып, өзіне керектінің барлығын көріп отырады. «Үшінші көз» жануарларда да бар, әсіресе жылан, кесіртке тәрізді жер бауырлаушыларда жақсы жетілген. Олар жер сілкіну, магнитті дауылдар, вулканның атылуы тәрізді апаттар мен табиғат құбылыстарын алдын ала жақсы сезінеді. Рухани адамдар болғандықтан сынақтан өткен ғұламалардың үшеуінде де «үшінші көздері» ашық болған, бірақ әртүрлі деңгейде. Мүсірәлі өзінің нәзік болмысын «үшінші көзі» арқылы шоғырландыра отырып сиырдың ішіндегі бұзаудың қандай екенін басқалардан анығырақ көріп, алға шыққан. Мүсірәлінің психикалық қуаты туралы тағы бір әңгімені келтірейік. Тағы бірде ен далада Мүсірәлі бастаған топқа қалмақтар кездесіп қалады. Қалмақтар өздерінің көптігін пайдаланып шабуылға шығады. Сол кезде Мүсірәлі намыстан күйіп кете жаздап, қылышын суырғаны, жоңғарлардың зәресін ұшырады. Мүмкін Сопы Әзиз атылар арыстандай болып көрінді ме екен. Әйтеуір жоңғарлар ат тізгінін кейін тартып: –Күйеу бала, кешір! Бағытыңа тоқтамастан жүре бер. Бізден білместік болды, – деген екен. Кеткендерінше асығып, арттарына шаңын ілестірмей, төбе астына түсіп, ғайып болыпты. Ашуланғанда адамның қабағы түйіліп, маңдайы жиырылып, түрі өзгереді. Осылай ол өзінің психикалық қуатын «үшінші көзіне» жинап, шабуылға шығатыны белгілі. Мүсірәлі жауын көргенде намыстан барлық ішкі қуатын «үшінші көзіне» шоғырландырғанда оның психикалық қуаты жоңғарларға үлкен әсер етіп, оларды қорқынышқа бөлеген. Кейбір шығыс аңыздарында кездесетін өте жоғары психикалық қуаты бар адамдардың өздерінің ашылған «үшінші көзін» қолданып жауын қорқытып, тіпті, көзінен от шығарып оны өртеп жіберетіні тегін емес. Осылай Мүсірәлі де қалмақтардың ойына қорқыныш тудырып, оларды қуып жіберген. Ғылымда бұл қасиет дәлелденген. Мысалы, адамның маңдайына күн сәулесі өтпейтін қағазға оралған фотопленканы басып, сонан кейін оны ерітіндімен шығарса (проявить), адам қандай мүсінді ойына салса, сондай сурет шыққан. Яғни, адам өзінің «үшінші көзінен» ойын, психикалық

энергиясын шығарып, басқа объектілерге әсер ете алады. Мүсірәлі де өзінің жауларына осылай әсер еткен.

4. Халыққа көрсеткен қызметі

Қоғам өмірінде алатын орны

Жоғарыда көрсетілгендей Сопы Мүсірәлі пірдің тылсымдық құдіреті мол болған. Ол өлген адамды тірілтіп, аққан суды тоқтатып, жаудың ойына үрей тудырып, жалғыз өзі көптеген жау әскеріне қарсы тұрып, оларды жеңе білген, ауа райына әсер етіп, дауыл тудырған және өзінің көріпкелдігі мен жоғары рухани білімін көрсете білген. Осы арада заңды сұрақ пайда болуы мүмкін. Неге ол өзінің осы керемет сиқырлы қуатын кеңінен қолданбаған? Мысалы, егер ол өліктерді тірілте алса, онда неге өлгендердің барлығын тірілтпеген? Соғыста өлгендердің барлығын тірілтсе, қалмақтарды жеңу де оңай болар еді ғой? Оның сиқыр күшімен жауды жеңу ғана емес, тіпті, халықтың тұрмысын түгелдей жақсартуға болар еді. Бұл сұрақтардың жауаптары әулиелерді түсінуде үлкен орын алады. Себебі олар жоғары жетілген адамдардың бұл фәни өмірге көзқарасын, өмірдегі мақсатын және олардың басқа қарапайым адамдарға беретін әсерін көрсетеді. Әулиелердің тылсымдық күштерін үнемі көрсете бермеуінің бірнеше себебі бар. Кейбірін атап өтелік. Біріншісі, жоғары рухани білімдері болғандықтан, әулиелер бүкіл болмыс өмірін жақсы түсінеді және оған қарсы ешуақытта әрекет жасамайды. Бүкіл болмыс Абсолюттің ықпалында болғандықтан, оның өмірі ешқандай кемістіксіз үйлесімді қалыпта. Қоғамдағы қайшылықтар сол үйлесімділікті түсінбей, оған қарсы әрекет жасаудан, яғни әділетсіздіктен шығады. Әділеттілік болмаған жерде үйлесімділік те болмайды. Әділеттілік дегеніміз – ешбір жанға қиянат жасамау, яғни әлемдегі барлық дүниенің кімдікі екенін жақсы түсіне біліп, басқаның үлесіне қол сұқпай, әркімнің өзіне тиесілі үлесін ғана иеленуі. Әлемде не бар болса, олардың барлығы да бір Жаратушының құзырында. Сондықтан әркімнің Алла тағала несіп еткен тек өз үлесіне ғана құқы бар. Осы заңдылық орнағанда ғана үйлесімділік туады. Бұл үйлесімділікті бұзғандар әлемдік әділет заңы бойынша өздерінің жазасын алады. Әділеттілік қарымта заңы бойынша жүзеге асады. Қарымта заңы бойынша әркім өзінің іс-әрекетіне сәйкес оның салдарын алады, қысқаша айтқанда «не ексең – соны орасың». Жақсылық істесең – жақсылық, жамандық істесең – жамандық аласың. Қарымта заңы дегеніміз осы. Қарымта заңы адамды дұрыс өмір сүруге үйретіп, әлемнің үйлесімділігін сақтауға мүмкіндік береді. Әділеттіліктен барлық адамгершілік қасиеттер туады. Әділетті адам басқаның үлесіне қол сұқпайды, сондықтан ол өз бойына тек үйлесімді қасиеттерді сіңіріп, алдау-арбау, зорлық-зомдылық, ұрлық-қарлық, қатыгездік, өркөкіректік, теріс ой тәрізді жаман мінездер мен күнәлі істерден

аулақ болады. Әділетті болу үшін ондай адам білім жолына түсіп, жақсы мен жаманды айыра білуі керек. Бұл әділетті қоғам орнату негізі. Әділеттілік болған жерде алыс пен беріс тең болып, адамды бауырмалдық, сыйластыққа баулыйды. Әркім өзінің табиғи және қоғамдық міндетін дұрыс атқаруға үйренеді. Әрбір адам өз тағдырын өзі шешіп, содан сабақ алып, дұрыс өмір сүруге үйренуі керек. Бір сөзбен айтқанда, әркім өз тағдырын өзі көруі керек. Мектептегі баланың есебін ата-анасының жасап беруі оған қандай пайдасыз болса, өмір сабағын басқа біреудің жасап беруі адамға да сондай пайдасыз. Есті ата-ана баласынын сабағын жасап бермейді: баланың өзі жасауы үшін оған үйретеді. Әулиелер де сондай. Әулиелер адамның күнәлі істерін шешпейді – оны күнәлі істерді жасамауға және сол күнәсінен арылуға үйретеді. Олар әлемдік әділет заңдылығын бұзбау үшін басқа жан иелерінің тағдырына араласпайды. Ал орынсыз араласқандар өздерінің жазасын алады. Өздерінің бойындағы қуатын дұрыс пайдаланбай, қарабастарының қамы үшін әрекет жасайтын кейбір экстрасенстердің өздерінің қасиеттерін жоғалтып, не болмаса түрлі ауруларға шалдығатындығы осының бір дәлелі. Адам өзінің қателігін түсінгенде, енді оны түзетуге ұмтылады. Сол кезде оған рухани ұстаздың көмегі керек. Қазақ халқы ХVІІ ғасырда қалмақтардың басқыншылығынан төре тұқымдары азат ете алмайтынын, енді тек қана өздеріне ғана сену керегін түсінгенде оларға рухани басшылық керек болған. Осылай үш жүздің рухани ұстазы сопы Мүсірәлі тарих сахнасына шыққан. Екіншісі, тылсымдық қасиеттер рухани жетілуде оның салдары ретінде адамға қосымша беріледі. Бұл қасиеттер адамның нәзік болмысының көрінісі, яғни материалдық құндылықтар. Олардың негізгі жетістіктері – рухани құндылықтар, яғни өздерінің жүрегін тазартып, жан дүниесін нұрландыру. Егер олар тылсымдық қасиеттеріне көңіл бөліп, соларды жетілдірумен шұғылданып кетсе, онда өздерінің негізгі байлықтарынан, рухани жетістіктерінен айырылып қалулары мүмкін. Рухани жолдағы адамдардың мақсаты өздерінің тылсымдық қасиеттерін өсіру емес, өздерінің сана-сезімдерін өсіру. Сондықтан рухани жолмен таза жүрген адамдар өздерінің тылсымдық қасиеттерін өзгелерден жасыруға, не болмаса, оларға көңіл бөлмеуге ұмтылады. Үшіншісі, әулиелер өздерінің мистикалық күштерін жауға қарсы қолданбайды. Себебі, қарсы жақтан да сондай мистик пайда болып, соған сәйкес әрекет етуі мүмкін. Осылай қарапайым адамдардың қақтығысы мистиктердің қақтығысына айналып кетуі мүмкін. Бұл әлемдік әділеттілік заңына қарсы. Әрбір адам, әрбір халық өздерінің тағдырын өздері шешіп, өздері күресулері керек. Сонымен бірге, тылсымдық қуаты бар әулиелер қатынасқан соғыс адамдарға ғана емес, бүкіл табиғатқа әсер етіп, зардабы өте үлкен болуы мүмкін. Бүкіл әлемнің үйлесімділігін бұзатын бұндай соғысты Жоғары әлемдер ешуақытта қолдамайды. Бірақ, өздерінің шексіз мейірімділігімен кейбір кездерде олар зардап шеккен адамдарға өздерінің тылсымдық қуатымен көмек жасай алады. Бұл

бір жағынан әділеттілік бұзылған кезде оны қалпына келтіру үшін керек болса, екінші жағынан, қарапайым халықты өзіне сендіру арқылы олардың сеніміне ие болып, айтқанына көндіру үшін керек. Сонда халық олардың рухани басшылығына толық беріліп, дұрыс жолға түсе алады. Әулиелердің міндеті – халықтың рухани деңгейін көтеріп, қоғамды үйлесімді өмірге үйрету. Адамгершілік салт-дәстүр орнаған қоғамда бейбіт өмір орнатуға мүмкіндік мол. Мүсірәлі пір де қоғам өміріне кеңінен араласып халыққа рухани білім беру ғана емес, әділеттілікті орнату жолында отанды қорғау үшін жоңғар шапқыншылығында халыққа көмегін беріп, тіпті, кейде өзі де қолына қару алып, жауға қарсы тұрған.

Оқу-ағарту жолындағы істері

Рухани ұстаздың негізгі міндеті халыққа рухани білім беріп, оны надандықтан құтқару. Бұл әлемде адамдар өздерінің білместігінен түрлі ауруларға жиі ұшырайды. Кейбірінің тәні ауырса, кейбірінің жаны ауырады. Ондай әлсіз адамдар тағдырдың тәлкегіне оңай түсіп, ал қоғам өзінің қорғану қабілетінен айырылып, көрші жауларының жеміне айналады. Мүсірәлі заманындағы Қазақ хандығының жау ортасында қалғаны осының бір көрінісі. Сондықтан халықты рухани зардаптан емдеу керек болды. Дәрігерлер тәнді емдесе, рухани ұстаздар жанды емдейді. Тән ауруының себебі жан ауруында жатыр, сондықтан тән ауруынан арылу үшін, әуелі жанды емдеу керек. Жаны таза, рухани білімі бар адамның өмірі табиғатпен үйлесімді, келешегі жарқын және өзіне деген сенімі зор болады. Аспаны ашық бейбіт өмір тек қана рухани деңгейі жоғары халықтың үлесі. Мүсірәлі дәуірінде халықтың рухани өрлеуі тек қана діни жолмен болғаны белгілі. Сондықтан Мүсірәлі өзі медреседе оқып, Хақ тағаланы тану ілімін меңгергеннен кейін, алған білімін халыққа таратуға ұмтылған. Бұл туралы профессор Ә. Бәкір былай деп жазады: «Жастайынан өте сезімтал Мүсірәлі Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи медресесіне түседі. Өзінің табиғи аса дарындылығы, тума таланты арқасында Ақиқатты (Алланы) тану тағлиматының (ғылымының) ахуны деген мамандық алады. Содан осы медреседе Ясауи ілімі бойынша Қазаннан, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек елдерінен келген шәкірттерге ана тілінде Ақиқатты тану пәнінен дәріс берумен қатар, саналық ілімді әрі зерттеуші, әрі жалғастырушы болады. Сөйтіп, Мүсірәлінің ахундық тұлғасы ойшылдық, теолог-ғалымдық мазмұнмен толыға түседі» /7/. Кейбір деректерде Мүсірәлі оқуын Орта Азиядағы ислам орталығы Үргеніш қаласында жалғастырған делінеді. Осылай ол сопылық білімді толық меңгерген. Қай жерде оқыса да бұлардың барлығы да сопылық ілім беруші еді. «Ақиқатты (Алланы) тану тағлиматының (ғылымының) ахуны деген мамандық алады» деген сөздің үлкен мағынасы бар. Мүсірәлі теологияны, яғни Алланы тану ілімін игерді деген сөз. Алла бүкіл болмысты қамтығандықтан, Оны таныған адамға әлемнің сыры кеңінен ашылып нағыз данышпан деңгейіне көтеріледі. Әрине,

Мүсірәлінің өзі де шәкірттеріне Алланы тануды түсіндіру барысында білімді бойына тереңірек сіңіріп, түйсінуге мүмкіндік алды. Алланы тану рухани тәжірибе арқылы ғана болуы мүмкін. Сондықтан тек қана теориялық білім жеткіліксіз. Хақ тағаланы білу дегеніміз бүкіл болмысты толық білу деген сөз. Хақты таныған адам бүкіл болмысты таныйды, себебі болмыстың өзі Хақтың бір көрінісі. Хақты таныған адам данышпаннан асып, әулие деңгейіне көтеріледі. Ал әулиелер бүкіл халықтың жүрегін тазартады. Осылай Мүсірәлі Жәдікұлы Алла тағаланың разылығы үшін өзінің алған білімін халыққа беруге ұмтылған. Ол «ахун» дәрежесін алған соң, яғни Хақты тану мамандығын игерген соң, әуелі Түркістандағы Ясауи медресесінде қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ балаларына Ақиқатты тану пәнінен дәріс береді. Ол Тұран тарихында түңғыш рет бес уақыт намаздың арнайы оқылатын сүрелерінен өзгесін қазақ тілінде оқытқан. Діни қағидалардың қазақ тіліндегі үлгісін алғаш рет оқу бағдарламасына енгізген. Халықтан түскен қаржыға жер-жерде мешіт, медресе тұрғызып, ер балалармен, тең дәрежеде қыздардың да оқып, білім алуына жол ашқан. Кейіннен Қазақтың алғашқы бас пірі ретінде медреселер ұйымдастырып, халықтың рухани дәрежесін көтеруге күш салады. Оқу-ағарту ісінде Мүсірәлі өзінің ғалымдық-ұстаздық болмысын осылай толығынан көрсете білген. Мүсірәлі рухани білімді өзі ғана беріп қойған жоқ, сонымен бірге басқа елдерге де шәкірттер жіберіп, оқытып отырған. Жазушы Ә. Кекілбаев ӘзТәуке ханның екі ұлы Болат пен Жәңгір Тибетте Лхас қаласындағы «киелі үйге» жіберіліп, бірнеше жыл тәрбиеленгені туралы жазады /10/. Бұл да осының бір дәлелі болса керек. Ол кезде Тибет рухани білім беруде әлемдік орталықтың бірі еді. Тибеттіктер – ерте заманнан келе жатқан діни дәстүрі мол және оны қазіргі заманға дейін жоғалтпаған ел. Мүсірәлі Пір елде ислам дінін нығайтып, халықтың рухани дәрежесін дұрыстап, еңсесін көтерген. Соның арқасында халық жұдырықтай жұмылып, қалмақтардың тепкісінде жүрген елге өзінің ұлттық намысын қорғауға жол ашылған. Енді қарапайым халық бұрынғы құрмет-дәрежелерінен айырылған қожа, төре, сұлтандардың ықпалынан шығып, жаудан қорғануға өздері ұйымдасқан. Осылай Мүсірәлі Пірдің ықпалымен бір тудың астында бірігіп халық Қазақ хандығын нығайтып, өздерінің тағдырын өздері шешуге мүмкіндік алған. Қазақ тарихындағы «Алтын ғасыр» дәуірі осылай орнаған еді.

Жеті жарғы

Рухани жетілу үшін адам әуелі жақсы мен жаманды айыра біліп, соған сәйкес әрекет ете білуі керек. Сонда ғана ол күнәлі істерден аулақ болып, ізгілікке аяқ басады. Қоғамдағы моральдық-этикалық жүйелер, адамгершілік құндылықтар, халықтың салт-дәсүрі, діни қағидалар сол үшін керек. Осыны жақсы түсінген Мүсірәлі қоғам өмірінің заңдылығын бір арнаға салуға

ұмтылған. Соның бір көрінісі Әз-Тәуке хан қабылдаған «Жеті жарғы» еді. Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтырып, дамыту негізінде «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын қабылдаған. Қазақ хандығын нығайтуда үлкен орын алған бұл жарғыны қабылдауда Мүсірәлінің орны ерекше болғаны дау тудырмаса керек. Ол бүкіл халықтың рухани ұстазы ретінде, әрине, бұл жарғының халық өмірінде өз орнын алуына ерекше көңіл бөлген. Бұл құнды жарғы, сөйтіп бүкіл қазақ тарихында ерекше орын алып, көптеген жылдар бойы халықтың рухани тірегі болды. Оған көзімізді жеткізу үшін «Жеті жарғыға» көз салайық. 1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды). 2-жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі). 3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық). 4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғының шаңырақтың бірлігін қамтамасыз етуде, неке парызына адал болуда маңызы зор). 5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.(Ол кезде «ер қанаты – ат» елде ат мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады). 6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегідей мүлік құн төленсін: а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді. (Адамдардың дұрыс қарым-қатынасы осылай реттелген). 7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін. (Бұл жарғы барымта мәселесін шешу жолы еді). Осылай «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған. Оларда орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық құқығының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Қазақша «жарғы» әділдік деген ұғымды білдіреді. «Жеті жарғы» – жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бірақ, бұл жеткіліксіз еді.

Әлемнің қандай құбылысы болса да, белгілі бір заңдылыққа негізделетіні белгілі. Сол заңдылықтардың негізінде бүкіл болмыс өмірі үйлесімділікте. Мысалы, техникада қандай бір құрылым болса да, оны жасап шығару үшін әуелі оның теориялық негізін салу керек. Ал ол теорияның негізі табиғат заңдылықтарында жатыр. Егер құрылым сол заңдылықтармен жасалса, онда ол табиғат көрінісінің бірі ретінде мақсатына сәйкес келіп, міндетін дұрыс арқара алады. Сол сияқты қоғам өмірінде де барлық заң-жобалар белгілі бір негізге сүйенуі керек. Сонда ғана олар қоғамда дұрыс қабылданып, өздерінің міндетін толық орындай алады. Бұл шарт орындалмаған жағдайда қандай әдемі заң болып, қандай ұлы мақсатпен жасалса да, ондай заң өз міндетін орындай алмай, біраздан кейін ұмытылып та қалуы мүмкін. Бұған бүгінгі қоғамда мысалдар көп. Осыны жақсы білетін Мүсірәлі Пір «Жеті жарғыны» өміршең болуы үшін оны қоғам өмірінің негізімен байланыстырған. Қоғам өмірінің негізі қайда жатыр? Әрине, ол рухани болмыста жатыр. Ал рухани болмыстың негізі Алла тағала. Осылай Мүсірәлі Пір «Жеті жарғыны» қоғам өмірінің негізімен байланыстырып, оған қосымша өзінің нұсқау, қағидаларын берген. «Жеті жарғы» қоғамның сыртқы көрінісін сақтауға арналса, Мүсірәлі Пірдің қағидалары – қоғамның ішкі мәнін сақтауға арналған. Қоғамның сыртқы және ішкі мәндері сәйкес келген соң, қазақ хандығының нығаюына мүмкіндік туды. Көзімізді жеткізу үшін сол қағидаларға үңіліп көрелік /5/: 1. Бүкіл дүниені жаратушы Алла алдында барлық пенделер (адамдар) тең құқықты. Ислам дінін таныған, мойын ұсынған, өз ықтиярымен мұсылмандық жолды ұстанған әрбір адам Алланың бұйрықтарын орындап отыруға парыз. Бұл қағидада адамның болмыстағы орны мен соған сәйкес оның міндеті берілген. 2. Тіл – әрбір адамның тіршілікте түсінісіп, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы. Әрбір халықтың ана тілі бар. Ана тілін білу, қадірлеу – адам жанының сұлулығы, Алла алдындағы борышы. Тіл – иманның кілті. Әрбір адам от басында, ел алдында, көпшілікке түсінікті Алланың берген ана тілімен, Аллаға сыйынып, тәубеге келіп, жақсы сөздер айтса, ол адамның тәубесі қабыл болып, күнәсі жеңілдейді. Туған анасынан үйренген ана тілін, халқының тілін терең біліп, қастерлеп өсу жас ұрпақтың борышы. Алла тағаланың алдындағы адамның борышы және сол борышты орындау жолындағы тіл мәселесінің маңызы көрсетілген. 3. Бүкіл әлемді жаратқан Аллаға құлшылық жасау, Алла парыз еткен міндеттерді орындау – әрбір мұсылманның борышы. Өмір мақсаты – Аллаға құлшылық екенін көрсетеді. 4. Өмір – Алланың адамға берген сыйы және бақыты. Өсімдік, жанжануар, тау, теңіз, су, оларды көтеріп тұрған жер – Құдайдың адам өмірі үшін жасаған қажеттілігі. Адам жер бедерін, табиғаттың өзара байланысын бұзбай, Алланың жаратқан тіршілік теңдігін сақтап отыруға міндетті.

Өмірдің не екені, адам мен табиғат қарым-қатынасы. 5. Туысқандық арасы жеті атадан өтпей, құда-жекжат болып, қыз алып, қыз беруге тиым салынсын. Қоғам тұрақтылығы мен ұлтты сақтау шарты. 6. Әрбір адам мейірімді, ұлтжанды, парасат иесі болуына құқылы, елі алдында, туыстары арасында міндетті! Адамның қоғамдағы құқы мен міндеті. 7. Әрбір даулы іс «Жеті жарғыны» басшылыққа алып отырып шешімін тапсын. «Жеті жарғы» қоғам өміріндегі тұрақтылық кепілі ретінде көрсетілген. 8. Өш алу, қан төгу арқылы қарымта қайтаруға тиым салынсын! Адамдардың өзара қатынас тәртібі. 9. Отбасының бірлігін сақтап, ел-жұртына адал болуды Алла кісіге сый етіп тартқан! Отбасының бірлігін сақтау мен ел-жұртына адал болу Алланың сыйы болғандықтан, әркім оны қабылдап, мүлтіксіз орындауы керек. 10. Алла бұйыртқан ана тіліне, дініне берік болу – адамизаттың келешек алдындағы парызы. Бұл қағида ұлтты сақтау кепілін береді. Рухани ұстаз ретінде Мүсірәлі Пір халыққа осылай рухани білімнің негіздерін береді. Бүкіл болмыс бір Жаратушының шапағатымен жаратылған, сондықтан әркімнің міндеті Оның разылығы үшін әрекет ету. Ол үшін адам өзінің болмыстағы орнын және соған сәйкес өзінің міндетін білуі керек. Алла тағаланың алдындағы борышын орындау үшін адамға құрал керек. Ол құрал – қоршаған табиғат, туған-туысқандар, ұлт тағы басқа қоғам көріністері. Өзінің рухани дамуында адам бұларды дұрыс пайдалана білу керек. Бұл – туғанынан берілген ана тілін, ұлтын, туысқандардың арақатынасын, табиғатты қастерлеп, оларды дұрыс сақтау деген сөз. Сондықтан Мүсірәлі Пір қағида ретінде солардың тәртібін берген. Ал олардың Алланың сыйы ретінде мүлтіксіз орындалу кепілі «Жеті жарғы» болып табылады. Мүсірәлі қожа ұсынған осы мұсылманшылық қағидалары «Жеті жарғымен» бірдей халық тұрмысында орындалып, кеңінен қолданылған.

Соңғы ғибраты

Біз үшін рухани ұстаздың берген рухани білімі ғана емес, сонымен бірге, оның өмірі де үлкен ғибрат болып табылады. Сопы Мүсірәлінің өмірі осындай үлгінің бірі болып табылады. Ол өмірдің түпкі мақсатына қалай жету керектігін көрсетіп, өзі де сол мақсатқа жеткен. Мүсірәлінің өзі жасынан сопылық тәрбие алып, ал оның әкесі Жәдік те сопылық жолда болғаны айтылды. Сопылық ілім бойынша адам өмірінің түпкі мақсаты – Алла тағалаға қайту. Абайдың бұл мақсатты өзінің «Лай суға май бітпес қой өткенге» атты өлеңінде былай деп ескертетіні белгілі:

Мекен берген, халық қылған Ол ләмәкан
Түп Иесін көксемей бола ма екен?
Және оған қайтпақсың, Оны ойламай,
Өзге мақсат ақылға тола ма екен?

Осылай данышпан Абай өмірдің негізгі мақсатын және оның себебін көрсетеді. Түп Иеге қайтудың жолы – Құдайға құлшылық. Құлшылық құралы қоршаған орта болып табылады. Бүкіл болмыс Құдай көрінісі болғандықтан, болмыс сырларын түсіну арқылы Жаратушыны тануға болады. Алланы тану ілімін меңгерген Мүсірәлі бұл туралы жақсы білген. Сопы Мүсірәлі Құдайға құлшылық жолына түскен соң үйленіп, үш әйелінен бала сүйіп, оларды діннің сара жолында тәрбиелеп, ерекше қасиеттер берген. Мүсірәлінің алты баласының бірі Қосымқожа да, оның ұлы Әбужәлел де пір болған. Кіші жүз, оның ішінде Әлім руының пірі болған Қосымқожаның керемет киелі қасиеттері мен әулиелік істері ел арасына кеңінен тарағаны, ал Сауранбай деген ұлы елде өзінің діндарлығымен әйгілі болып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленгені жоғарыда айтылды. Өзінің рухани басшылығымен халықты имандылыққа үйретіп, Мүсірәлі қоғам өмірін өзгертудің үлгісін көрсетіп кетті. Қазақ халық басқа елдермен терезесі тең болып, өздерінің бұрынғы қайратын сезінген соң еркіндікке қол созып, бостандықтың тәтті жемісін көрді. Осылай Мүсірәлі пір Аллаға құлшылық жолында үлкен жетістіктерге жетіп, бүкіл Қазақ хандығының тарихында елеулі орын алды. Таза құлшылық жолындағы әрбір әрекет Алла тағаланың қолдауымен әрқашан да жемісті болады. Оның арманы – өмірінің соңында өзінің рухани ұстазы Баба Түкті Шашты Әзизге толық беріліп, имандылықтың сара жолымен алдағы мәңгілікті өмірге жол тарту еді. Бұл асыға күткен асыл арманын ол өмір бойы жүрегінде сақтап, іске асыруға ұмтылған. Оның бұл мақсатын өзінің құрмет тұтатын досы Әйтеке би қайтыс болғанда айтқан жоқтауынан да сезінуге болады /7/.

Иә...
Тіршілікте қиыспас досың болған,
Мен де өзіңдей әлі-ақ өтермін.
Сен Нұратада қалсаң,

Мен де өз пірім –
Баба Түкті Шашты Әзиздің
Жанына жетермін.
Сол жерден

Алла бұйыртса табылармын.

Мүсірәлі пір тұтқан Баба Түкті Шашты Әзиз кезінде елге әйгілі болған әулие еді. Оның денесіндегі түгі түйенің шудасындай желкілдеп, бет-аузы

бүркемеленген шаштан әзер көрінеді екен. Ол отқа жанбаған, дүниенің төрт бұрышына еркін ұшып, құдыретімен аралап, Қағбаға барып жұма намазын оқып отырған. Мүсірәлі бабамыз дарынымен қабілеті, ақыл-парасатының арқасында Тәуке хан тұсында 40 жылға жуық Бас Хазіреті міндетін абыроймен атқарып 1718 жылы Тәуке хан дүниеден өткеннен кейін Созақ жеріндегі Жылы бұлақтың басында Баба Түкті Шашты Әзиз әулиенің басына 1719 жылы біржола көшіп барып, шырақшылық қызметін атқарады /9/. Ол өзінің халық алдындағы міндетін толық атқарып, енді Құдай жолына толық беріледі. Қожа Ахмет әулиенің жолымен тәулігіне бір жұтым су мен бір тістем нан жеп, Алладан тілек тілеп, дұға оқып таза құлшылық жасаған Мүсірәлі қожа 1721 жылы күзде 82 жасында мәңгі дүниеге жол тартады. Өзінің өсиеті бойынша халық оның денесін Баба Түкті Шашты Әзиз әулиенің оң жағына, сәл төменірек жерлейді. Өзінің өмірін осылай таза құлшылық жолында аяқтауын Сопы Мүсірәлінің соңғы ғибраты деп білуіміз керек. Мүсірәлі пір бұл фәни әлемде қалай дұрыс өмір сүріп, оны Құдай жолына арнап, қалай аяқтау керектігін көрсетіп кеткен. Оның өмірі біздің халыққа ғана емес, бүкіл адамзат үшін де үлкен ғибрат.

ІІІ тарау. МҮСІРӘЛІ МҰРАСЫН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Мүсірәлінің ұлттық идеясы

Қазақ халқы 17-ғасырда Мүсірәлі сопы мен Тәуке ханның қолдауымен қатерлі жауға тойтарыс берді. Осылай анталаған жау қоршауынан шығып, ол өз тағдырын өзі шешті. Қазақ тарихындағы бұл уақыт халықтың өз болмысын тануында ерекше кезең болды. Бір мақсатқа біріксе, қандай ауыр жағдай болса да, одан жеңіспен шығатынына халықтың көз жетті. Қоғам өміріндегі тарихи тұлғалардың маңызын ел түсінді. Ел тағдырындағы бұл үлкен өзгеріс Мүсірәлі берген ұлттық идеяның аясында болып еді. Мүсірәлі тәрізді ірі қайраткерлерді қоғамдағы қалыптасқан рухани және тарихи ахуал тудыратыны белгілі. Олардың өмірінен үлгі алып, бүгінгі күндерге пайдалана білу біздің міндетіміз болып табылады. Оның өмірінен бүгінгі күндер үшін қандай ғибрат алуға болады? Ең әуелі оның ұлттық идея арқылы халықты біріктіре білуі. Ол идеяның негізі – адамның сана-сезімін өсіріп, халықтың рухани жігерін көтеру арқылы оны бір тудың астына біріктіріп, елді жаудан азат ету. Осылай ол қазақ халқын өмірдің тура жолына салды. Ол кезде елдің еңсесін көтеріп, жауға қарсы біріктіруге төрелер мен қожалардың қауқары жоқ еді. Бұған халықтың көзі жетті. Басшыларға жалтақтап, оларға қолын жаюдың орнына, енді тек өздеріне сеніп, өздері қимылдау керек екеніне Мүсірәлі халықты сендіре білді. Осылай, қазақ халқы өз тағдырын өз қолына алып, араларынан би шығарып, қолбасшы тауып, қалмақ басқыншылығына қарсы тұрды. Яғни, бұрынғыдай төрелерге телміруден бас тартып, қазақ енді өзіне сеніп, тағдырын өз қолына алды. Бұл – Мүсірәлінің берген ұлттық идеясының нәтижесі еді. Төрелерден шыққан хандар бұрын халықты күшпен біріктіруге ұмтылды. Бірақ оның нәтижесі болмады. Тек Мүсірәлі ғана халықтың рухын көтеріп, зорлықсыз, олардың өз еркімен бірігулеріне мүмкіндік берді. Осылай, әлсіреп, қиын-қыстау заман туғанда халық өзінің рухани қуатымен елдің жарқын болашағына жол ашты. Бұл жағдай бізге үлкен үлгі бола алады. Бүгінгі күндер сондай қиынқыстау дәуірдің бірі, халықтың әлсіреген кезі екеніне көкірек көзі ашық адам түсіне бастады. Еліміздің осындай дағдарысқа түсу себебін әркім әртүрлі түсіндірсе де, бұл белгілі бір тарихи жағдай екенін мойындауымыз керек.

Мүсірәлі өмірінен дұрыс ғибар алып, оны қазіргі жағдайға нақты қолдана білу үшін әуелі бүгінгі қалыптасқан ахуал себептерін түсініп алуымыз керек. Қоғамдағы бүгінгі әлеуметтік-саяси ахуалдың қалыптасу себептері. Түпкі себебі әріден басталады. ХУІІ-ХУІІІ ғасырдың басында қазақ халқының еңсесі көтеріліп, аспаны ашылған заман туғанымен, Мүсірәлі пір мен Тәуке хан өлгенен кейін, көп ұзамай, елдің басына қайта бұлт шоғырланды. Тарихи ахуал өзгеріп, дұрыс басшылықсыз қалған халықтың халі төмендеп, өзінің бұрынғы бейшара қалпына түсе бастады. Халық ұзаққа созылған бодандықтың қамытын киді. Бұның себебі неде? Ол дәуірдегі қазақ халқының бостандығынан айырылуы әлемдік құбылыстың бір бөлігі болды. Еуропада 15-ғасырда Қайта Өркендеу Дәуірі (Эпоха Возрождения) басталып техникалық өркениеттің іргетасы қаланды. Осылай техникалық өркениеті дамыған Еуропа күш алып, бүкіл әлемге билігін жүргізе бастағаны белгілі. Бұл өркениет әлемнің басқа бөлігінің рухани ахуалын тұншықтырып, оны келешекте Еуропаның боданына айналдырды. Қазақ елі де осы үрдістің аясында қалды. Бұған елдегі саяси ахуал да үлкен әсер етті. Әз-Тәуке хан өлгеннен кейін төрелер хандыққа таласып, елдің берекесін кетірді. Халықтың еңсесі қайта құлдырап, қазақ хандығы әлсіреді. Соның салдарынан бір ғасыр өтпей-ақ Ресей ықпалы күшейіп, түрлі жолдармен әлсіреген елді өзіне қаратып, кейіннен хандықты да жойып, толық билікке ие болғанын білеміз. Осылай Ресейдің сол құрсауы осы күнге дейін созылып, соның ықпалынан әлі күнге дейін шыға алмай жүргенімізді жасыруға болмайды. Жалпы алғанда, бүгінгі күндері басымызды көтертпей жүрген жағдай сол кезден қалған құлдық психологияның салдары деуге болады. Халықтың бұл рухани құлдырауын Әйтеке би кезінде дұрыс болжап, айтып кеткен екен. Бұл туралы Мүсірәлі оған арнаған жоқтауында оның өз сөзімен былай деген /7/:

Деуші едің:
«...Тіршіліктің керуені
Алған осы бетін бұрмаса:
Дінсіздердің де заманы келеді,

Олардың амалы жеңеді.
Қара жер теңселеді,
Қара ниеттіге – ел сенеді.
Түбі – төрдегі төрелер ұрпағы

Бақа, шаянға ұласар.
Қожадан діни қауқар қашып,
Дүмшеден дауап сұрасар.
Билікті қарадан шыққан,

Оқпан өңшең сұм басар.

Содан, қазақтың берекесіздігі,
Жер әлемге аян болады,
Ханы қадірсіз заман болады.
Қарасы кімге сенерін білмей,

Жалған-тірлігі алаң болады.
Күндері қараң болады.
Сондай кезеңде өмірге келетіндердің
Тағдырлары не болар екен?»

Сол жорамалыңнан қорқамын...

«Сол жорамалыңнан қорқамын» деп Мүсірәлі пір бұл заманның қалай өзгеретінін сезгендей болады. Бүгінгі экономикалық дағдарыстың өзі бұған көзімізді жеткізіп отыр. Әрине, барлық қиыншылықтардың алғашқы себебі – халықтың еркінен айырған ғасырларға созылған бодандықтың салдарынан туған құлдық психология екені белгілі. Ол бодандық атеистік Кеңес дәуіріндегі қыспаққа ұласты. Өмірлік қуаттан айырылған атеистік қоғамның тағдыры қысқа болып, 72 жыл ғана өмір сүрсе де, артына жойқын бодандық әсерін қалдырды. Кеңес Одағының ыдырауы төңкеріспен тең деуге болады. Әрбір төңкеріс ескіні талқандау болғандықтан, дұрыс идеология болмаған жағдайда, артынан қоғамды қалпына келтіру қиынға соғатыны белгілі. Кеңес Одағы ыдыраған соң егемендік алған елдердің экономикасы құлдырап, халықтың жағдайы нашарлағаны осының дәлелі. Олардың бірде біреуі өздері армандағандай өркендеген жоқ, керісінше, бүкіл жүйе талқандалып, экономика бейберекет болып, халық жұмыссыз, қорғансыз қалып, күйзеліске түсті. Кеңес Одағы ешбір дайындықсыз кенеттен ыдырағандықтан, ешбір ел өзінің әрі қарай дамуы үшін халықтың өміріне керекті идеологиялық жүйе қалыптастырып үлгірмеді. Тағы бір себеп – бұрынғы қолда бар нәрсені талан-таражға салып, оны босқа рәсуә ету болды. Бұл да заңды құбылыс еді. Имансыз қоғамда өскен адамдар ар-ұят тәрізді ішкі тірегі болмағандықтан адамгершілікті аяққа оңай басады. Сөйтіп, сауда орталығы өртенген кезде ұяты жоқ адамдар оны қалай таласа, төңкеріс өрті шалған халық байлығын да әркім солай талап, талан-таражға салды. Бұл жағдай халық рухына соққы болып, адамның адамгершілік қасиеттеріне нұқсан келтіріп, тағдыр алдында оның басын тұқырта түсті. Қазір заң жүзінде егемендік алдық, бірақ одан пайда шамалы болып, дұрыс пайдалана алмай, сүйекке сіңген құлдық психологиядан әлі де арыла алмай жүрміз. Бір кездері еркін өскен қазақ болсақ та, бүгінгі күндері қайда айдаса сонда жүретін «қой мінезді» халыққа айналдық. Әділеттілік аяққа басылған заман туды. Әйтеке бидің бір кездегі айтқандарын бүгінгі күндерден көріп жүрміз. Бүгінгі адам ақшаның, ысыраптың, парақормансапқорлықтың, қағазбастылықтың құлына айналды. Осылай «мың өліп, мың тірілген» қазақ өзінің бұрынғы ер мінезінен айырылып, «қой мінездіге»

айналды. Бұл туралы көп айтылып, көп жазылып та жүр. Бірақ жағдайды түзетіп, дұрыс жолға шығатын нақты жол әлі көрінбейді. Енді бұдан шығу жолы қандай? Мүсірәлі өмірінен тағлым алу керек. Ол дәуірдегі қазақ басына түскен қиыншылықтар мен бүгінгі күндердегі дағдарыстың түпкі себебі ұқсас екенін көреміз. Ол түпкі себеп – халықтың рухани ахуалы әлсіреп, өзінің бұрынғы қайрат-жігерінен айырылуы. Ендеше, бұл түпкі себептен құтылу жолы да ұқсас болуы керек. Мүсірәлі халықтың рухани деңгейін көтеріп, ұлттық идея берді. Оның бізге қалдырған негізгі ғибраты – халыққа ұлттық идея беру. Ендеше бүгінгі қиыншылықтарды жеңу үшін бізге де халықты бір мақсатқа жұмылдыратын ұлттық идея қабылау керек.

Мәңгілік Ел – бүгінгі ұлттық идея

Идеяның қажеттілігі. Елді жарқын болашақ жолына шығару үшін тұрақты мемлекеттік идея керек. Мемлекеттік идея қалыптастыру – тығырықтан шығу жолы. Мақсатсыз жетістіктің болмайтыны белгілі. Жалпы алғанда, әрбір идея мақсат береді, ал мақсат күш-қуат, қайрат-жігерді өсіреді. Қайратты адам мақсатына оңай жетеді. Идеяның қандай үлкен қозғаушы күш екеніне көзімізді жеткізу үшін мысал ретінде 1917 жылғы социалистік революциядан кейінгі жағдайды алайық. Ол кезде «коммунизм құру» деген идея, айқын мақсат болды. Айқын мақсаттың арқасында коммунистер азаматтық соғыста қирап, жойылған өндірісті қайта қалпына келтіріп, құлдыраған халық шаруашылығын аз уақытта жөнге келтірді. Даму барысы қарқынды болғаны сонша, тіпті сол кездегі Америка тәрізді алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді қуып жетіп, басып озуға ұмтылды. Бұл таңқаларлық жағдайдың құпиясы – коммунистерде жүйелі идея болды. Ал біз болсақ, ондай нақты идеяның болмағандығынан, егемендік алғаннан бері 25 жыл өтсе де, өркендеп, жетілмек тұмақ, тіпті әлі бұрынғы өнеркәсібімізді қалпына келтіре алмай жүрміз. Коммунизм орнату утопиялық идея болса да, коммунистер халықты оған сендіре біліп, күш-жігерін өсірді. Идеологияға сенген халық барлық қиындықтарға шыдап, таң қаларлық ынта-жігер, үлкен қайрат көрсетіп, мемлекетті жетілген елдердің қатарына көтерді. Сонымен, бұл идеология утопия болып уақыт жеткенде өз күшінен айырылып, Кеңес Одағы ыдырап кетсе де, идеология өзінің үлкен рөлін атқарды. Идеясыз мемлекеттің өркендеуі өте қиын. Мысалы, идеяның маңызын АҚШ-тың өмірінен де көруге болады. Американың негізгі идеясы – адам бостандығы. Еркін өмір адамды жанжақты жетілдіріп, бүкіл мемлекетті алға шығарды. Осындай ортада өскен американдық адам жер шарының қай бөлігінде болса да өзін еркін ұстап, еркін сезінеді. Мемлекетті нығайту жолында идеялардың түрі көп, бірақ соның ішінде ұлттық идеяның маңызы ерекше деп білуге болады.

Қазақтың ұлттық идеясының маңызы. Қазақ халқы үшін бостандық идеясы идеология бола алмауға тиісті. Себебі, коммунистік саясат халықтың бостандыққа деген ынтасын күшейтудің орнына, керісінше, оны жоюға ұмтылды. Ұлттық сананы өшіріп, әркімді қоғамның бір кішкене кетігі етіп тәрбиелеген отаршылық саясат қыспағынан өткен біздің халықта бостандыққа деген үлкен ынта жоқ. Кеңес Одағы ыдыраған соң бостандық бізге ешбір күрессіз, тағдырдың кенеттен берген сыйындай, оңай келді. Біз бостандықты аңсаған да, күткен де жоқпыз. Мемлекетімізді тәуелсіз деп жарияладық, бірақ не моральдық-психологиялық, не саяси, не эконимакалық бостандыққа қолымыз толығымен жеткен жоқ. Құлдық психология сақталып қалды. Бостандықты зарығып, асыға күтпеген соң, әрине, біз әлі күнге дейін тағдырдың берген бұл сыйын бағалай да, түйсіне де алмай жүрміз. Сөйтіп, оның жемісінің тәтті тәмін әлі дұрыс бағалап, түйсінгеніміз жоқ. Дұрыс бағаланбаған бостандық алға бағыттайтын, ынта беретін меже бола алмайды. Оған бір дәлел – Алашорда қозғалысы. Алашордашылар бостандық идеясын алға қойды. Дербестік алып, соның арқасында халыққа бостандық беруге ұмтылды. Бірақ бұл қозғалыс сәтсіздікпен аяқталып, оның қайраткерлері түгелдей қуғынға ұшырап, қаза болды. Бұл сәтсіздіктің бір себебі – ұлттық сана-сезім әлі оянбаған еді. Әлі қалыптасып үлгермеген қазақтың әлсіз ұлттық сана-сезімімен салыстырғанда сол кездегі жақсы зерттеліп, ұйымдастырылған Кеңес үкіметінің коммунистік идеясы күштірек еді. Күшті әлсізді жеңді. Қазіргі заманда да ұлттық санамыздың деңгейі сол кезден көп өзгерді деуге болмайды. Құлдық сана еңсемізді әлі көтертпей отыр. Алашорда азаматтары халықты ашық жауға қарсы қойып, оның ұлттық санасын өсіре алмады. Ендеше, сол кездей ашық жау жоқ, бүгінгі бейбіт күндері біз үшін жетілмеген ұлттық сана-сезіммен толық бостандыққа жету тіпті қиын болмақ. Ендеше ұлттық сана-сезімді жетілдіру керек. Оған қандай жол бар? Ол жол – қазақтың өзіндік ұлттық идеясын қалыптастыру. Бұл жол қазақ халқының өзіне тән, көшпелі өмір салты қалыптастырған, бүкіл түркі халықтарына ортақ және оның табиғи болмысына негізделген басқадан өзгерек жол болмақ. Осылай қазақ халқының өзіне тән, оның түйсігінің жету межесі болып табылатын «өзіндік» ұлттық идеясын қалыптастыруға болады. Қазақтың ұлттық идеясы – оның өзіне тән бұрынғы ерлік қасиеттерін қайта қалпына келтіру. Бұл идея мақсаты – халықтың намысын оятып, рухын көтеру. Ұлттық рухты көтеру – ұлттық сананы өсірумен тікелей байланысты. Халықтың ұлттық санасын көтеру үшін қоғамдағы әрбір азаматтың рухани санасын өсіру керек. Адамның рухани санасы өссе – оның ұлттық сана-сезімі өседі. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар. Шын мәнінде, рухани жетілген адамға бостандық үшін күресудің қажеті жоқ – ол табиғатынан еркін адам. Еркін адам өзінің ұлттық намысын да, бостандығын да қорғай алады. Оған қоршаған орта әсер ете алмайды, керісінше, ол қоршаған ортаны басқарады. Ал «қой мінезді» адамға қандай

үлкен бостандық берілсе де, оны дұрыс пайдалана алмайды. Рухани жетілген ер мінезді мен «қой мінезді» аңқау адамның айырмашылығы осындай. Сондықтан, мақсат – рухын көтеру арқылы әрбір адамның санасын өсіру. Рухани жетілу – бостандық кепілі. Рухани жетілген адамда намыс-жігер жоғары болады. Нағыз бостандыққа қайратты адам ғана жетеді, оны дұрыс бағалай алады. Сонымен бірге, ұлттық идеяны жоғары бағалаған халық қана өзінің бостандығын сақтай алады. Әлемдегі жетілген Жапония, Оңтүстік Корея тәрізді мемлекеттерде ұлттық идея жақсы нәтиже беріп отыр. Ал біз тәрізді бодандықтан енді ғана құтылған елге ұлттық идеяның маңызы қандай зор екені айтпаса да түсінікті болса керек. Бүгінгі күнгі ұлттық идея. Мәңгі Ел – бүгінгі күндер үшін жақсы ұлттық идея. Мәселе – алғашқы президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұсынған осы ұлттық идеяны дұрыс түсініп, іске асыра білуде. «Мәңгі ел» идеясы ежелгі түркі заманынан келе жатқан халық арманы. Бұл туралы Хасан Қожа-Түрк өзінің «Тағы да «монғол» атауы жайында» атты мақаласында қазіргі монғолдар мен бұрынғы монғолдардың екеуі екі басқа екенін айта келіп, әрі қарай былай деп жазады: «Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі мәтіндермен таныса келе «Мәңгі ел» түрк қағанаттары атауы болыпты деген нақты дерек табылмағанымен, мәңгі ел құру шығыс түріктерінің арманы, идеясы болғандығы анықталды». «Монғол» атауының қазіргі монғолдармен ешбір қатысы жоқ және ол Шыңғысхан заманында «Мәңгі ел» деген сөзден пайда болды деген ойды Нұрбек Бекбау «Бұл заманның монғолы мен ол заманның монғолы немесе Шыңғысхан кім?», жазушы-тарихшы Балтабек Умирьяев

«Эпоха Чингисхана: как долго еще лгать?» (Журнал «Шыңғысхан», № 2 (19) 2016 ж.) атты мақаларында қолдап жазады. Яғни, «Мәгі ел» – Шыңғысхан құрған мемлекеттің атауы. Егер, қазіргі зерттеулерге сәйкес Шыңғысхан түрік болып, ал біз оның «Мәңгі ел» арман, идеясын жалғастырушы болсақ, әрине, бұл арманға жету біз үшін үлкен аброй, әрі маңызды борышымыз болмақ. «Мәңгі ел» ата-бабамыздан келе жатқан үзілмес арман болып шығады, сондықтан, оны іске асырудың салмағы да арта түспек. Осылай көрнекті зерттеуші-жазушымыз Мұхтар Мағауин көрсеткен «Шыңғысхан – біздің ұлылығымыздың көрінісі» дәрежесіне сай, бұрынғы биік деңгейімізге көтеріле аламыз. Ұлы арманды іске асыру жолы да ұлы болмақ. «Мәңгі ел» деген сөз – еліміздің ұзақ өмір сүруін білдіретін болса, онда әрбір адам, халық та соған сәйкес дамып, жетілген болуы шарт. Жетілген адамдар ғана мықты мемлекет құрып, ел ұзақ өмір сүре алады. Ендеше, қоғамның әрбір мүшесі рухани жетілген, мықты болуы керек. Мәңгілік – тек қана жоғары жетілген, қуатты халықтың ғана үлесі. Бұл табиғи заңдылық. Әлсіз халық мәңгілік ел бола алмайды. Бүгінгі күндері «Мәңгілік ел» идеясы әлі жүрекке жетіп, бойға сіңген жоқ, сондықтан бұл идея халық үшін тек қана ұран тәрізді. Қандай жақсы

ұран болса да, ол адам санасына терең сіңіп, болмысына айналмаса, іске аспайды, тез ұмытылады. Ол идеяны іске асыру үшін әуелі көкірек көзін ашып, бойға сіңіріп, рухани қуатқа айналдыру керек. Қоғамның әрбір мүшесі ұлттық идеяның маңызын дұрыс түсініп, өзінің рухани жетілуінің құралына айналдырып, адамгершілігін, ата-бабасынан келе жатқан ұлттық намысын қайта қалпына келтіріп, өсіре алса, сонда ғана бүгінгі жаппай жаһандану заманында халқымыз көрші ірі халықтардың арасына сіңіп жоғалып кетпей, елімізді сақтай аламыз. Осылай ғана ұлттық идеяның арқасында егеменді болып, басқа елдермен тереземіз тең бола алмақ. Қазақ үшін Қазақстаннан басқа отан жоқ, сондықтан, бұл идея республикамыздағы басқа ұлттардың арасында ең әуелі бізге, қазақ ұлтына керек. Бүгінгі күндері елімізге Мүсірәлі заманындағыдай үлкен қауіп төніп тұр. Ресей мен Қытай тәрізді екі алып мемлекет арасында бірде анаған, бірде мынаған жалтақтайтынымыз және осындай кең және бай өлкеде отырып жейтін тамағымызды шет елден сатып алып, жер қойнауындағы мол байлықты өзгеге сатып, ал өзіміз ең қарапайым құрал-сайманды жасай алмай отырғанымыз осының дәлелі емес пе? Бұлай мәңгілік ел бола аламыз ба? Бұған ана тіліміздің мүшкіл халін қосатын болсақ, онда бұл сұраққа, «әрине, мүмкін емес» деген жауап қана бар. Уақыт келгенде қой мінезді әлсіз елді қасқыр мінезді қуатты елдің жұтып жіберуі ешқандай күмән тудырмайды. Бұған Ресейдің Украинаға және Сирияға жасаған әрекеттері жақсы дәлел. Әрине, бұл сөз «біз де қасқыр болуымыз керек» дегенді білдірмейді. Қасқыр хайуанат әлеміне жатады, ал біз – адамбыз. Хайуан жақсы мен жаманды айыра білмейді, ал адам айыра біледі. Сондықтан, бізге де жақсы мен жаманды айыра біліп, адамзат қоғамындағы өзімізге сай орнымызды таба білуіміз керек. Біз ата-бабамыздан келе жатқан ұлы арман «Мәңгілік Елді» басқаларға жалтақтаумен емес, еңсемізді көтеріп олармен тереземізді тең етіп, өзіміздің ұлттық болмысымызды нығайту арқылы ғана құра аламыз. Ол үшін бүкіл халықтың соны түсініп қолдауы мен ынтасы керек. Халықтың ынта-жігері болмаса айтылған сөз айтылған жерінде, жазылған сөз жазылған жерінде қалатыны белгілі. Қазіргі замандағы қабылданып жатқан түрлі жобалардың орындалмай, тек ұран күйінде қалып жатқаны соның көрінісі. Теориялық негізі жоқ, тарихи жағдайға сүйенбеген, тек қана уақытша жетістікті көздейтін бұндай пайдасыз жобалармен біз ешуақытта Мәңгілік Ел бола алмайтынымыз дау тудырмаса керек. Ендеше халықтың ынтасын көтеріп, ұлттық идеяны іске асыру үшін не істеу керек? Ол үшін соған сәйкес идеология керек. Ұлттық идеяны іске асыратын идеология. Идеологиялық негіз – ұлттық идеяның іргетасы, оны іске асыру тәртібі болып табылады. Оған мысал – Тәуке хан дәуіріндегі Мүсірәлі әрекеті. Мүсірәлі пір «Жеті Жарғы» қабылданғаннан кейін оған қосымша өзінің рухани қағидасын берген. Бұл қағида «Жеті Жарғының» оны іске асыратын рухани және теориялық негізі болды. Рухани қуаттың не екенін жақсы білетін Мүсірәлі сопы өзінің осы

имандылық шарттары арқылы халықтың рухын көтеріп, оның болмысын өзгертіп жоңғарлардың бетін қайырды. Сол сияқты бүгінгі ұлттық идеяға да негіз керек. Бұл негіз ұлттық идеяны іске асыру жолы, оның іргетасына айналады. Идеология ұлттық идеяның ішкі тірегі, рухани қуатының қайнар көзі болуға тиісті. Сонда ғана «Мәңгілік Ел» идеясы іске асып, ол бос ұраннан психикалық қуатқа айналады, жігерленген халыққа өзінің негізгі мақсатына жетуге мүмкіндік береді. Қазақтың ұлттық идеологиясының ерекшеліктері. Әрбір халықтың ұлттық идеясын іске асыруда өз ерекшеліктері болады. Әрбір жан иесін микрокосм, ал халық, мемлекет тәрізді құрылымдарды макрокосм ретінде қарастыратын болсақ, олардың даму заңдылықтары ұқсас келеді. Әрбір жан иесінің келешегі үш нәрсеге (оның шыққан тегі, жан дүниесі және өмір сүру ортасы) байланысты болатыны Мүсірәлі өмірін саралағанда айтылды. Қазақ халқының келешегін, сонымен бірге оның ұлттық идеясын іске асыру барысын да осы үш ерекшеліктер аясында қарастыруға болады. Осылай еліміздің «Нұрлы көш» бағдарламасын жарқын болашаққа бағыттауға мүмкіндік беретін халқымыздың өзіне тән ұлттық ерекшеліктерін көре аламыз. Бұлар халықтың потенциалды, әлі іске аспаған ішкі қуаттары. Ол ерекше қуаттар төмендегідей. Біріншіден, бұрынғы ата-бабаларымыздың бүкіл әлемге әйгілі жоғары қасиеттері мен ерлік істері. Тарихи деректерге сүйеніп, көшпелі еркін өмір сүрген түркі халықтары басқа отырықшы елдерге қарағанда қандай жоғары жетілгені және олардың өміріне үлкен ықпал жасағаны туралы мысалдар көп және олар жоғарыда айтылды. Осылай ұлтымыздың тектілігін көреміз. Екіншіден, біздің әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Мүсірәлі, Абай мен Шәкәрім тәрізді данышпан, әулие бабаларымыз бар. Мұндай рухани бай ел әлемде көп емес. Бұл қазақ халқының жан дүниесінің өте жоғары рухани екенін білдіреді. Сонымен, халықтың жетілуіне қажетті екі жағдай – жан дүниесі мен тегі – жоғары деңгейде болған екен. Үшінші жағдай – өмір сүру ортасы. Халықтың ертедегі табиғи өмір сүру ортасы өзгеріп, бұрынғы ер қазақ бүгінгі «қой мінезді» қазақ болып отыр. Бұл «қой мінезділігімізді» өзгертіп, қайта қалыпқа келтіру біздің міндетіміз. Бұл өзімізге байланысты. Бүгінгі өмірді ұлттық идеология арқылы сол мақсатта дұрыс пайдалана білуіміз керек. Сонымен, ендігі міндет – жоғалтқан құндылықтарымызды қайта тауып, жетілу жолына түсу үшін үшінші жағдайды – өмір сүру ортасын – өзгертіп, жақсарту керек. Мақсат – қазақтың ержүрек қасиетін қалпына келтіріп, ұлттық намысты ояту. Халықтың өмір сүру ортасын қалпына келтірсе, адам өзгеріп, қоғам түзеледі. Сонымен бірге, керісінше, дұрыс өмір сүрген адам өзінің өмір сүру ортасын өзгерте алады. Осылай орта мен адам бір-біріне өзара әсер етіп, қоғам өзгереді. Ол үшін адамның сана-сезімі дұрыс болуы керек. Әрбір қоғам мүшесін, сонымен бірге, өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеудің осындай маңызы бар.

Ендеше, сол тектілігімізді қайта қалпына келтіріп, бұрынғы атабабаларымыздың ерлік істерінен үлгі алып, сондай болуға ұмтылу арқылы ұлттық санамызды өсіру өте маңызды мәселе. Осылай ұлттық идеяны іске асыру жолын – ұлттық идеологияны – табамыз. Ұлттық идеология – ататегімізден берілген жақсы қасиеттерімізді қалпына келтіру. Өзіміздің жан дүниемізді жетілдіру үшін осы бабаларымыздың қалдырған құнды мұрасы толығымен қабылдай білсек, соның өзі жеткілікті. Олардың бай мұраларын дұрыс игере білу қосымша басқа ештеңені қажет етпейді. Себебі онда адамның рухани жетілуіне не қажет болса, сонық барлығы берілген, тек соны көре біліп, оны өзіміздің рухани болмысымызға айналдыра білу керек. Ұлттық идеяны іске асыру жолдары. Идеяны іске асыру үшін әуелі халықтың оған деген ынта-жігері керек. Ынта мен жігер – халықтың санасезіміне, рухани деңгейіне байланысты. Адамның рухани деңгейін көтеруде, әрине, діннің маңызы өте зор. Мүсірәлі пір өз кезінде халықтың имандылығын өсіруде дінді жақсы пайдалана білген. Бірақ заман өзгерді. Қазіргі заманда дін өзінің алғашқы мақсатынан айырылып, өзі қиын жағдайға ұшырап отыр. Адамның рухани деңгейі төмендегендіктен, діннің ішкі мағынасы ұмытылып, тек сыртқы көрінісі ғана қалды. Абай бабамыз өзінің жиырма сегізінші қара сөзінде діннің ішкі және сыртқы мағынасы болатынын ескертеді. Ішкі мағына адамдарды біріктірсе, ал сыртқы көрініс тек қана олардың арасына жарық салып, бөледі. Діннің ішкі мағынасы – иман, қоршаған табиғатты дұрыс пайдалану арқылы адамның Алла тағаламен байланысын нығайтып, әркімді өмірдің түпкі мақсатына – Түп Иеге – жетелеу. Бірақ қазір бұл ұлы мақсат ескерілмейді. Оның орнына адамдар діни рәсім түрлері мен ғибрат жасайтын орындар тәрізді сыртқы көрінісіне көбірек көңіл бөліп, Алла жолын бөлшектеуде. Дін дегеніміз осы деп түсінеді. Бұл құбылысты, тіпті, мектеп оқулықтарынан да көруге болады. Бүгінгі күндері мектеп қабырғасында «Дінтану» сабағынан оқулықтар бар. Бұл оқулықтарда діндердің пайда болу тарихы, догмалары мен рәсімдері беріледі. Ал оның ішкі мағынасы ашылмайды. Діннің ішкі мағынасынан бөлінген бұл сыртқы көріністер діндерді бір-бірінен алшақтатып, діндерді бір-бірінен бөлектейді. Осылай ішкі мағынасын ұмытып, сыртқы көрінісін дәріптеген діндер өзара келісімге келе алмай, бүгінгі күндері Шәкәрім сөзімен айтқанда «Дін десе, есті азамат тұра қашты» заманы туып отыр. Сондықтан дұрыс қабылданбаған дінді қоғамдық мәселелерді шешуде пайдалану мемлекеттің бірлігін бұзып, келешекте үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Сонымен бірге, біз дін мемлекеттен бөлінген зайырлы елде отырмыз. Мемлекеттің дін істеріне қолын сұғуына құқы жоқ, сондықтан ол өз мүддесі үшін дінді толық пайдалана алмайды. Осындай себептер халықтың рухани жетілуінде діннің шеңберін тарылта түседі. Басқа жол керек. Ол жол – ұлы бабаларымыздың рухани мұрасын пайдалану. Ұлттық сезім әр адамның жүрегінде орналасқан, тек соны оята білу керек.

Халық рухын тәрбиелеуде бүгінгі зайырлы мемлекетіміз үшін ең тиімді әдіс – Әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Мүсірәлі, Абай, Шәкәрім сияқты бабаларымыздың мұрасы. Ұлы адамдар жеке топтардың мүддесімен шектелмейтін бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтарды береді. Сондықтан олардың мұралары адамдарды жіктемей, керісінше, біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыра алатын жақсы құрал болып табылады. Рухани сана өскенде, Олжас Сүлейменов сөзімен айтқанда «Басқаның тауын төмендетпей, өз далаңды асқақтатуға» мүкіндік туады. Әлеуметтік-саяси, үгіт-насихат, тәрбие жұмыстарының барлығын осы ұлттық идеологияға бағыттағанда ғана халықтың сана-сезімін өсіріп, бұл идеяны жүзеге асыра аламыз. Сонда ғана алдымызға қойған үлкен міндетке – «Мәңгілік елге» – жетуге жол ашылмақ. Ұлттық идеяны іске асыруды жеті деңгейге бөлуге болады (сызбаны қараңыз). 1. Бүгінгі қоғамдағы жағдайды түсініп, оны мойындау – жемқорлық, коррупция, бюрократизм, рухани тоғышарлық, ысырапшылық және сол сияқты тағы басқа да қоғамдағы кемшіліктер. 2. Қалыптасқан жағдайды түйсіну. Орманда адасқан адам өзінің адасқанын сезгенде ғана ол одан шығу жолын іздей бастайды. Сол сияқты әрбір адам, сонымен бірге бүкіл қоғам болып, бүгінгі жағдайымызды дұрыс түсініп, ол кемшіліктерімізді мойындай білгенде ғана ұлттық идеяны іске асыруға жол ашылады. Әуелі өзіміздің кім екенімізді түсініп, қайдан келіп, қайда баратынымызды бағдарлап, сонан кейін оған жетудің қай деңгейінде тұрғанымызды анықтауымыз керек. Жақсы-жаман жақтарымызды басқа ұлттармен салыстыра отырып, алдыңғы қатарлы елдерге көз салып, олардың жақсылығын алып, жамандығынан қашып, адамзат қоғамындағы алатын орнымызды анықтап, түйсінсек, сонда ғана әрі қарай өсуге мүмкіндік туады. Бұл – жетілу шарты. Жеткен деңгейді анықтап алмай келесі деңгейге көтерілу мүмкін емес. Неғұрлым өз жағдайымызды дұрыс түсініп, түйсінсек, солғұрлым оны өзгертуге ынта-жігеріміз жоғары болмақ. 3. Даму нысанасын қабылдау. Жағдайды түсінген соң, оны әрі қарай өзгерту үшін бағыт беретін нысана керек. Нысана – ата-бабаларымыздың қасиеттері. Ата-бабаларымызда ерлік қасиеттер болған, ендеше ол қасиеттер бізде де бар. Мақсат – сол ата-тегімізден берілген қасиеттерімізді қалпына келтіру. Ол үшін тарихқа үңіліп, бұрынғы ата-бабаларымыздың кім болғанын түсініп, олардың ұлы қасиеттерінің сырын дұрыс түсініп-сезіну керек. 4. Тегімізді қалпына келтіру жолын іздестіру. Ата-бабаларымыздың ерлік қасиеттеріне көз жеткізгенде ондай қасиеттердің біздің бойымызда да барына көзіміз жетеді. Сонда олардан үлгі алып, өзіміздің ұмытылған сол қасиеттерімізді қалпына келтіру түсінігі, ынта туады. Енді сол ынтамызды іске асыру жолын іздестіруіміз керек. 5. Тегімізді қалпына келтіру жолы. Жоғары адамгершілік қасиеттерді қалпына келтіру үшін соған сәйкес рухани деңгей керек. Сондықтан рухани

білім алып, соған сәйкес болмысымызды өзгертуіміз керек. Ол үшін төмендегідей шаралар ұсынылады: – Діннің ішкі мағынасына үңіліп, оның рухани шапағатын ала білу. – Әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Мүсірәлі, Абай, Шәкәрім сияқты бабаларымыздың рухани мұрасын игеру. – Мектепте валеология, абайтану, өзін-өзі тану, дінтану тәрізді пәндерді қалпына келтіру.

Ұлттық идея деңгейлері. 1. Бүгінгі қоғамдағы жағдай (Жемқорлық, коррупция,

бюрократия, рухани азушылық, ысырапшылық және т.б.)

халық 2. Қалыптасқан жағдайды түйсіну (кемшіліктерімізді мойындап, жағдайымызды түсіну) 3. Даму нысанасын қабылдау (атабабаларымыздың ұлы қасиеттері, тарихқа үңілу) 4. Тегімізді қалпына келтіру жолын іздестіру (Атабабаларымыздың ерлік қасиеттеріне көз жеткізіп, олардан үлгі алу) 5. Тегімізді қалпына келтіру жолы (Діннің ішкі мағынасы, бабалардың рухани мұрасы) 6. Бабалардың ерлік қасиеттерін игеру 7. Мәңгілік ел

халық

6. Бабалардың ерлік қасиеттерін бойға сіңіру. Рухани білімді іске асыру керек. Рухани жетілген адам өзінің болмысын оңай өзгерте алады. Рухани білімді іске асыру жолы – алған білімнен ауытқымай, табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Үйлесімді өмір зор денсаулық беріп, қуаныш пен бақытқа толы болады. Рухы мен дені сау азаматтар қоғамды жетілудің жоғары деңгейіне көтереді. 7. Мәңгілік ел. Жетілудің жоғары деңгейіндегі қоғам ұзақ өмір сүре алады. Мәңгілік ел дегеніміз осы. Бұл деңгейге жеткен қоғамда халық ұзақ және бақытты өмір сүреді. Ұлттық идеяны іске асырудың бұл деңгейлері халықтың санасына жол ашып, ынтасын өсіреді. Халықтың ынтасы оның санасының деңгейіне байланысты. Егер адамның санасы өссе, оның еңсесі көтеріліп, өзінің мақсатына жете алатындай күш-қайратқа ие болады. Сананың өсуі мен адамның жан-жақты жетілуі бір-бірімен тығыз байланысты. Жоғары жетілген интеллектуалды адамдар ғана ұлттық идеяны толық қабылдап, өзінің еліне қызмет етіп, мәңгілік ел үшін күресе алады. Ұлттық идеяны толық іске асыру үшін көп жылдар бойы езілген ұлттық санасезімімізді оятып, еңсемізді көтеру керек. Сонда ғана ұмытылған ұлттық қасиеттерімізді қалпына келтіру барысында біз де басқа халықтардан кем емес екенімізді көре аламыз. Әрине, бұрын да «оян қазақ!» деп ұран салған зиялылар болды. Бірақ ол кезде бостандық болмай, коммунистік идеяның құрсауында отыр едік. Оянған қазақтардың көпшілігі қуғынға ұшырады. Сондықтан ол кезде бұл идеяның іске асуы мүмкін емес еді. Қазір басқа жағдай. Егемендік алдық. Бізге ешкім бөгет бола алмайды. Енді ұмытылған құндылықтарымызды қайта қалпына келтіріп, жоғалтқан қасиеттерімізге қайта ие болу бізге міндет. Тарихымызға үңіліп, тегімізді еске алып, бұрынғы бабаларымыздың кім болғанын халыққа кеңінен түсіндіріп, олардың ерлік қасиеттерін ашып, жүрегімізбен қабылдап, бойымызға сіңіруіміз керек. Сөйтіп олардан қуат алып және соларға еліктей отырып, олардың көмегімен жақсы қасиеттерге ие бола алсақ, сонда ғана қазіргі «қой мінезімізден» арылып бұрынғы ер мінезімізге қайта көшеміз. Осылай рухани серпіну арқылы еңсемізді көтеріп, ешкімнен қаймықпайтын, басқалармен терезесі тең ел боламыз. Әрине, мемлекет тарапынан «Бабалар сөзі», «Мәдени мұра» тәрізді түрлі бағдарламалар іске асырылып жатыр. Бұлардың барлығы бір жүйеге келтіріліп, халықты бір мақсатқа бағыттау керек. Қазіргі заманғы қазақ үшін ұлттық идея осындай болуға тиісті деген ой келеді. Ұлттық идеяны іске асырудың бұл деңгейлері халықтың санасына жол ашып, ынтасын өсіреді. Халықтың ынтасы оның санасының деңгейіне байланысты. Егер адамның санасы өссе, оның еңсесі көтеріліп, өзінің мақсатына жете алатындай күш-қайратқа ие болады. Сананың өсуі мен адамның жан-жақты жетілуі бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, әуелі сананың не екенін, оның қайнар көзін біліп алуымыз керек.

Сана мәселесі

Сана мәселесіне Шәкәрім ілімі бойынша бұрын толық тоқталғанбыз /3/. Сондықтан бұл арада қысқаша ғана түсінік бере кетейік. Сана дегеніміз – жанның өзін-өзі тану қабілеті. Сананың алғашқы көзі жанның рухында жатыр. Рух сананың қайнар көзі, оның бір бөлігі деуге болады. Рух жаннан шығады, сондықтан сана жанның өзіне тән, оның бөлінбейтін қасиеті. Оттың өзінен бөлінбейтін қасиеттері – жылу мен жарық болса, жанның өзінен бөлінбейтін қасиеті – сана. Жанның алғашқы санасы таза рухани, Жаратушының жоғары санасымен толық үйлесімді. Сана бар жерде ақыл, сезімдер бар, сондықтан ол солар арқылы білінеді. Қоршаған ортаны тану сана деңгейіне байланысты. Сондықтан, сана – жан иесінің білімінің тереңдігін, оны өмірде қолдану қабілетін, табиғат, қоғам заңдылықтарын дұрыс түсіне біліп, олармен үйлесімді тіршілік құра білу тәрізді бүкіл болмысты қамтыйтын қасиет деңгейі, оның рухани қуаты. Сана адам өмірін толық басқарады. Ол – тіршілік иелерінің жетілу өлшемі, адам жанының, яғни оның өмірінің айнасы. Адамның тіршілік түрін көріп – оның санасын білеміз. Сана тән қасиеті емес, жан қасиеті. Себебі жан кетсе онымен бірге сана да кетіп, тән өлі материяға айналады. Бірақ фәни әлемде жан санасы материялық қабықтармен қапталғандықтан, оның алғашқы таза санасы жоғалып, рухани деңгейден материалдық деңгейге түсіп, фәнилік былғаныш санаға айналып, жан иесінің "нағыз өзімі" өзгеріп "жалған өзімге" айналады. Осылай жан бұл фәни әлемде өзінің рухани қасиеттерін ұмытып, енді өзін қаптаған материалдық элементтермен балап, сананың түрлі деңгейлері пайда болады. Шаң басқан айнадан адамның өзін-өзі көруі қандай қиын болса, кірленген сананың өзінің алғашқы рухани қалпын көруі де сондай қиын болып, адам өзінің жан екенін ұмытып, Ұлы Жанмен қатынасын да үзеді. Бүкіл адам өмірінің мағынасы мен мақсаты жүректі фәнилік былғаныштан арылтып, оның санасын бастапқы таза қалпына келтіру. Сол кезде адамның ақылы Шәкәрім сөзімен айтқанда "таза ақылға" айналып, өз болмысын, бүкіл әлем басқарып отырған Жаратушыны және табиғатты, олардың өзара байланысын түсінуге мүмкіндік алады. Жан дүниесінің тазалығына байланысты адамдар сананың түрлі деңгейінде болады. Сананың ең жоғары деңгейінде тұрғандар, олар – өзін жанмен балап, өздерін рухани субъект ретінде танушылар. Бұлар арнайы діни жолмен жетілу сатысының шыңына – таза рухани деңгейге көтерілгендер. Олар жандарын тазарту арқылы Алла тағаламен байланыс орнатуға ұмтылады. Мүсірәлі өмірін саралай отырып оның Алланы тану ілімін игеріп, рухани деңгейі осы заңғар биікке көтерілгенін көре аламыз.

Сананы бес деңгейге бөлуге болады. Бұл деңгейлер Алла тағаланы, бүкіл болмыс көріністерін қабылдау деңгейлері. Сананың қай деңгейде болуына байланысты адам өмірінің түрлі қабаттары болады. Сонымен, Алла тағаланың қуаттары бес деңгейде байқалып, көрініп, оларды қабылдауына байланысты сананың да соларға сәйкес бес деңгейі бар екен. Біріншісі – тәндік сана-сезім, жан иелерінің өзінің бар болуын сақтау деңгейі. Бұл деңгейде жан болмысты өзінің тәні арқылы қабылдайды. Өмірдегі негізгі сұрақ – өзімді қалай сақтаймын? Сондықтан, ол өз тәнін ғана көріп, өзінің тән құмарлығын қанағаттандырудан аса алмайды. Тән құмарлығы бүкіл жан иелеріне ортақ болып табылатын тамақ, ұйқы, ұрпақ қалдыру және қорғаныстан тұрады. Бұл деңгейдегі адамның бейнесі орыс әдебиетіндегі бой көтертпейтін енжарлықтан, семіздіктен еркін қозғала алмай, жерге түскен қол орамалын көтерудің өзін үлкен мәселеге айналдыратын, жоғары тілек-мақсаттан жұрдай әйгілі Обломов образында жақсы көрсетілген. Бұл деңгейдің негізгі құмарлығы – тамақ. Екінші деңгей – ой-өріс деңгейі. Адам өзінен басқа жан иелеріне көңіл бөліп, өзінің солардың бірі екенін, сондықтан қоғам заңдылықтарын толық орындау керектігін сезе бастағанда ол осы деңгейге көтеріледі. Бірінші деңгей жан иелерінің өздерінің бар болуын сақтау болса, ал екінші деңгей – сол бар болуды түсіну деңгейі. Ол қоғамдық адам. Бұл деңгейдегі негізгі сұрақ – өзімді не үшін сақтаймын? Сондықтан адам өзін ғана емес, өзін қоршаған дүниені, ондағы алатын орнын түсінуге ұмтылады. Түсіну ой-өріс арқылы болатындықтан, сана-сезімнің бұл деңгейін ой-өріс деңгейі деп атауға болады. Бүкіл болмыс, оның ішінде адамзат, бір Абсолюттің қуаттары болғандықтан, бұл деңгейдегі сана-сезім бүкіл болмыс қуатын түсіну деңгейіне көтеріледі. Осылай жетілу барысында ой-өріс бүкіл космосты қамтып, космостық деңгейге жетуге болады. Яғни, бұл деңгей – Абсолюттің түрлі қуат түрлерін, бүкіл әлем хикметтерін түсіну деңгейі. Үшінші деңгей – білім деңгейі. Бұл деңгейдегі негізгі сұрақ – болмыстың мәні неде? Бұл мәнді түсіну үшін толық білім керек. Толық білім материалдық және рухани болмысты түгел қамтиды. Болмыс мәнін түсіну – болмыс көріністерін көріп-түсіну болып табылады, сондықтан, адам олардың түпкі себебі мен мақсатын білуге ұмтылады. Түпкі себеп – Жаратушы болып табылады. Болмыс Алла тағаланың бір көрінісі, сондықтан бұл деңгейге көтерілгендер ислам дінінде Мүсірәлі пір тәрізді Алланы тану ғылымының ахуны деген дәрежеге көтеріледі. Осылай адам баласы болмыстың түпкі мәніне, оның қайдан пайда болуы тәрізді сұрақтардың жауабын іздеп Абсолютті түсінуге ұмтылады. Төртінші деңгей – өзінің жан екенін сезініп-түйсіну деңгейі. Адам өзінің рухани білімін толық іске асырып, өзінің жан екенін түйсінгенде ол бүкіл болмыстың шын мәнін түсінеді. Болмыс мәнін, яғни оның не үшін және кімнің жаратқанын, болмыстағы өзінің орнын табады.

Бесінші деңгей – ләззат деңгейі. Адам өзінің рухани түсінігін жүзеге асырған кезде ол өзінің рухани болмысын танып, жан екенін, яғни, шыбын жан екенін біліп қана қоймай, енді оны толық сезініп, жан ретінде әрекет етіп үлкен ләззатқа бөленеді. Бұл оған Ғазиз Жанмен байланыс жасауға мүмкіндік береді. Барлық ләззаттың қайнар көзі Ғазиз Жан болғандықтан, Онымен байланыс шексіз ләззат әкеледі. Әулиелер осы деңгейге көтеріледі. Бұл деңгейде ешқандай сұрақ қалмайды, барлығы түсінікті. Сананың бұл бес деңгейінің алғашқы екеуі – тәндік, ой-өріс – материалдық деңгейге, ал қалған үшеуі – білім, жан екенін сезіну және ләззат – рухани деңгейге жатады. Осылай, жанның қай қабатпен жабылуына байланысты адам түрлі сана деңгейінде болады. Бұл қабаттардан арылу барысында қабыршық жұқаланған сайын жанның өзін-өзі тануы, яғни санасы жоғары көтеріле береді. Бұл жолды көкірек көзін ашу, жүректі тазарту, ұйықтаған жанды ояту деп түрліше атауға болады. Бірақ мағынасы біреу. Ол – адамның сана-сезімін біртіндеп өсіру. Тіршілікте адамның санасы сезімдері арқылы білінетін болғандықтан, «сезім» деген сөз қосылып, «сана-сезім» деген сөз тіркесі қолданылады. Сананың деңгейі жоғары болса, сезімдердің деңгейі де солғұрлым жоғары болады. Мүсірәлі сопы осы бес деңгейді толық өткен. Ол жас кезінен дұрыс тәрбиеленіп, медреседе білім алып ахун дәрежесін алған соң, алған білімін өмірде пайдалана отырып өзінің рухани болмысын түсініп, өмірінің соңында діннің тура жолында Алла тағаламен тоғысып, жетілудің шыңы болып табылатын ләззат деңгейіне көтерілуі таң қалдырмайды. Бұл деңгейге өте сирек адамдар ғана көтеріледі. Қоғамның нығайып, жетілуі үшін адам бірінші тәндік деңгейден екінші ой-өріс деңгейіне көтерілуі керек. Ал қалған үш деңгейге рухани жолға түсіп, арнайы мақсатпен өмір сүретін адамдар көтеріледі. Қарапайым адамның өмірді түсінуі, бақыт сезімдері, іс-әрекет, айтылған сөзі мен ойлау қабылеттерінің барлығы сана-сезімнің алғашқы екі деңгейлеріне байланысты. Сондықтан, қоғамды нығайту үшін адам санасын ең төменгі бірінші деңгейден екінші деңгейге көтеру керек. Қоғамның негізгі мүшелері қарапайым адамдар болғандықтан, біз алғашқы осы екі деңгейді ғана қарастырамыз.

Тәндік сана

Жан иесінің алғашқы санасы өзінің бар екенін сезінуі. Заттық әлемде ол өзін әуелі тәні арқылы сезінеді. Осылай тәндік сана-сезім пайда болады. Қоршаған ортаны және әлем өмірін ол түрлі денелердің формасы, сыртқы сипаттары, әлпеті, мүсіні, түсі тәрізді сыртқы бейнесі арқылы ғана қабылдайды. Бұл деңгейдегілер тек қана тәнін сақтау үшін, яғни тән құмары ықпалымен өмір сүреді, сондықтан, ол өзінің тәнінің қажеттілігінен артық көп ештеңені керек етпейді. Тәнге әуелгі қажет нәрсе – тамақ. Тамақ болмаса тән өмір сүре алмайды.

Егер адам санасы осы деңгейде қалып қоятын болса, ұйқы мен тамаққа тағы екі қажеттілік – ұрпақ қалдыру мен қорғану – қосылады. Алла тағаланың осы бар қылу қуаты адамдарға ғана емес, барлық жан-жануарға тән және олардың тіршілік қуаты. Алла тағаланың бұл тәндік сана-сезімімен бүкіл хайуанат әлемі және санасезімдері осы деңгейдегі адамдар өмір сүреді. Бұл деңгейдегі адамдар тән құмарының ықпалында болғандықтан, мол дастарханда тамақтану, ұлпа жүнді жұмсақ төсекте ұйықтау және қалған уақытын өзінің дүние-мүлкін, атақ-даңқын қорғаштап өмірін өткізеді. Өзін тәнмен балағандықтан, ол өз қарабас қамынан, әрі кетсе отбасы мұқтажынан артық ештеңеге қызықпайды. Өзінің қамы үшін ғана өмір сүргендіктен, оның ой-өрісі өте тар болып келеді. Оған барлық байлық ауыр еңбекпен келетін болғандықтан, ол өзінің осылай тапқан дүниесін өте жоғары бағалайды. Сондықтан ол жинаған байлығын ешкімге бергісі келмейтін сараң және қарабас қамынан аса алмайтын эгоист болып келеді. Ондай адамнан мейірімділік пен жомарттықты күтпесе де болады. Ол барлық уақытын тән құмарлығы үшін жұмсайтын болғандықтан, оның өзінің рухани дәрежесін көтеруге уақыты жоқ. Осылай оның ақыл-есі шектеліп, ой-өрісі нәпсілік тар шеңберден шыға алмай қалады. Сондықтан олар көбіне көрсоқыр, надан келеді. Ондай адам жақсы мен жаманды, бақыт пен бақытсыздықты айыра білмейтін хайуан тәрізді, жасаған іс-әрекетінде қателіктер өте көп болады. Бұндай өмірдің негізгі мақсаты – келешегіне көз салып, ой жүгіртуге мұрша бергізбейтін «Іш, же, сауық құр!» дейтін қағида. Бұл қағиданың мақсаты бүгінгі күннің қызығы ғана болғандықтан, мұндай адамдар ойын сауыққа, маскүнемдікке, нашақорлыққа жақын тұрады. Бірақ өмір заңдылығын жиі аяққа басқандықтан оларды табиғат заңдылығы жиі жазалап, көп қиыншылықтар көрсетеді. Олар бұл қиыншылықтардың түпкі негізін түсінбегендіктен, өмірден сабақ ала алмайды – өмір осылай болу керек екен деп ойлайды. Өмір соққысынан жалыққан бұндай адамдар өздерінің көңілдерін көтеру үшін жеңіл жүрістерге, маскүнемдіке жиі ұрынады. Осылай өмірдің қиындығынан қашып, уақытша ұйқыға кеткендей болады. Одан есін жиып, оянады. Бірақ өмір соққысына қайта ілініп, оны ұмытып, көңілін көтеру үшін маскүнемдікке қайта салынып, осылай күннен күнге ол төмен құлдырай береді. Аққан судағы ағаштың қабығындай өмір ағысы оны бірде онда, бірде мұнда соғып есін шығарады. Ақыры бұндай бейберекет өмірге денсаулығы шыдамай, түрлі ауруға шалдығып, ит өмірмен өледі. Бұндай адамдардан құралған қоғам үлкен дертке шалдығып, құлдырай береді. Парақорлық, ысырап, көреалмаушылық, бәсекелестік, зорлықзомбылық тәрізді қоғам өміріне зиянды құбылыстар осының көріністері. Бүгінгі қоғамда бұған дәлелдер баршылық. Заттық (материялық) әлемнің заңдылығы жанды тәнге жеңдіріп, адамның жеткен барлық жетістіктерін тек қана өз қамы үшін пайдалануға мәжбүр етеді. Олардың арам ниеттері бүкіл елге жайылады. Бұл бүкіл ұйым, халық, мемлекет деңгейінде жайылып, адамзат қоғамына үлкен зияндық әкеледі.

Мүсірәлі дәуірінде де ел билеген төрелер мен дінді басқарған қожамолдалардың рухани азып-тозуы осының салдарынан болды. Сана-сезімнің осы деңгейіндегі Құдайға сенетін адамдарға келетін болсақ, олар үшін Құдай тек қана жазалаушы, сондықтан имандылық жолына олар Құдайдан қорыққанынан ғана түседі. Олар діннің ішкі мәнін түсінбей, сыртқы рәсіміне ғана көңіл бөледі. Сондықтан олардың арасында фанатизм, тоңмойындылық, діни схоластика кең өріс алады. Өз мақсаттарына жеткеннен кейін олар діннің түпкі мәнін ұмытып, оны өз қарабастарының қамы үшін пайдалануға ұмтылады. Дін ұстанған мұндай дүмше діндарлардың тоғышарлығы, фанатизмі қоғамға үлкен зиянын тигізіп, көптеген зобалаң әрекеттердің себебі болып отырады. Бұған қазіргі кездегі дінді бүркемеленіп өздерінің арам ниеттерін жүзеге асыруға ұмтылып жүрген діни қайраткерлердің көбеюі куә бола алады. Әрине, дінді өз қарабасының қамы үшін пайдаланушылық оларды жұмаққа емес, керісінше, мүлде басқа жаққа алып кетуі әбден мүмкін. Бірақ діни надандық оларға бұны мойындатпайды. Тән құмарлығынан шығатын бұл кемшіліктерді тек қана сана-сезімді келесі жаңа деңгейге көтеріп, рухани күшпен ғана жеңуге болады. Көпшілік жұрттың санасы осы тәндік деңгейден аса алмай жүргендіктен олар басқалар емес, тіпті өзінің пайдасын да түсіне алмайды. Бұған қоғам өмірінен көптеген мысалдар келтіруге болады. Мектеп бағдарламасын бір кездері дені сау адамның денсаулығын сақтап, оны әрі қарай нығайту туралы пән – валеология және сонымен бірге, абайтану, дінтану, өзін-өзі тану тәрізді пәндер енгізілген еді. Өкінішке орай бұл пәндердің мәнін қоғам дұрыс түсіне алмағандықтан, қазіргі кезде олар мүлде мектеп бағдарламасынан алынып тасталды, не болмаса өз дәрежесінде берілмей келеді. Ал шын мәніне келетін болсақ, егер дұрыс қабылданып, өз дәрежесінде дұрыс зерттелетін болса, бұлардың қайсысы болса да адам санасын өте жоғары деңгейге көтере алатын пәндер болып табылады. Сана-сезімнің төменгі деңгейінде қандай жоғары идея болса да ол құмға сіңген судай жоғалып, қоғамға ешқандай пайда әкелмейді. Сондықтан, ұлттық идеяны толық қабылдап, оны іске асыру үшін сананы келесі деңгейге – ой-өріс деңгейіне көтеру керек.

Сананың ой-өріс деңгейі

Адам баласы тән құмарлығын қанағаттандырғаннан кейін өмірді енді ол одан да күрделірек көріністер арқылы сезіне бастайды, сондықтан жоғары мақсат пайда болады. Өмір көріністеріне қоршаған басқа жан иелері және олардың өзара қарым-қатынастары жатады. Сондықтан жан енді болмыстағы өз орнын табу үшін ой-өрісі арқылы қоршаған ортаны, басқа жан иелерімен қатынас жасап, өзінен басқа да адамдар бар екеніне, олардың іс-әрекеттеріне көңіл бөледі. Осылай ол ой-өріс деңгейіне көтеріледі.

Бұл жас нәрестенің есею жолы тәрізді. Ол есейген сайын сана-сезімі жетіліп, өзін қоршаған адамдарды көріп-байқап, оларға көз тоқтатып, көңіл бөліп, олармен белгілі бір өзіндік қарым-қатынас орната бастайды емес пе? Ол енді тамақ пен ұйқы ғана емес, өмірдің басқа көріністерін де қабылдап, содан ләззат алуға ұмтылады. Өсе келе өзінің әке-шешесінен бастап, туғантуысқандарымен қарым-қатынас жасап, ал ер жеткен соң өзі өскен ортасымен тығыз байланысқа кіреді. Әркім осылай тек қана өзінің қарабас қамын ғана ойламай, ұлтының, халқының қамын да ойлауы керек. Ондай ойөріс деңгейіндегі адамдар халық, мемлекет деңгейіне көтеріліп, патриот, ел басқару дәрежесіне дейін де жетуі мүмкін. Олар ұлттық рухты қабылдап, оның бұзылмауы үшін күреседі. Адамның ой-өріс, психологиясы оны қоршаған ортасына байланысты қалыптасады. Көп адамдардың бұл ерекшеліктері бірігіп, белгілі бір толқынға ұласып, қуатқа айналады. Осылай ұлттық эгрегор, яғни ұлттық рух пайда болады. Ұлттық рух дегеніміз – өмір сүру ортасына байланысты қалыптасқан әрбір ұлттың рухани ерекшелігі. Ұлттық рухтың қалыптасуына салт-дәстүр, діл, дін, табиғат ерекшеліктері мен өмір сүру әдістері әсер етеді. Ұлттық рух әркімнің өмір сүретін ортасы және өзінің ұлтын, халқын сақтау құралы болып табылады. Бұл орта дұрыс сақталса, сонда ғана үйлесімді өмір болады. Сондықтан неғұрлым ұлттық рух күшті, ал халық еңселі болса, елдің өмірі де солғұрлым тыныш та, ұзақ. Ой-өріс деңгейіндегі адам үнемі даму жолында. Ол өзін қоршаған табиғат көріністерін түсіну үшін ғылыммен шұғылданып, өнер-білімге, өзін жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп ақыл-есін жетілдіріп, өзінің көңіл-күйін жоғары деңгейде ұстауға тырысады. Бұндай адамдар бүкіл адамзат өркениетін дамытады. Бұл деңгейдегі адам өзін тәнімен ғана емес, енді одан да нәзік болмысы – ой-өріс сезімдерімен балайды. Оның негізгі мақсаты дөрекі тән құмарлығынан асып, енді одан да жоғары деңгейде тұрған мансап, атақ-дәреже тәрізді интеллектуалды құмарлықтарға ұмтылады. Саясат, ғылым салаларында үлкен жетістіктерге жетіп, олар елдің беделді адамдары ретінде ел қамы, халық қамы үшін қызмет көрсетеді. Сөйтіп, жоғары мақсатқа беріліп, революционер, патриот, қолбасшы тәрізді үлкен қоғам қайраткері дәрежесіне көтеріледі. Бұлар – ғалымдар, өнер қайраткерлері, саясат адамдары, бір сөзбен айтқанда, қоғамның зиялы қауымы деп аталатын бөлігі. Кейбіреулер білім алып, ол білімді іске асыру арқылы бұл заттық дөрекі әлемнен басқа нәзік жоғары әлемдер барын сезініп, солармен байланыс жасауға тырысады. Бұл олардың материалдық нәзік болмысын жетілдіріп, жоғары әлемдермен байланысуды үйретеді. Ой-өріс санасының жоғары деңгейіне көтерілгендер өздерінің тәндеріндегі физиологиялық құбылыстарды жақсы түсініп қана қоймай, енді психикасы арқылы олардың жұмысын басқара біліп, әлемдік маңызын түсініп, космоспен байланыс жасауға ұмтылады. Олар қарапайым адамның сезімдерінен тыс жатқан қатар нәзік әлемдерге кіріп, сырларын түсініп, пайдалануға мүмкіндік алады. Ой-

өрістің мұндай жоғары жетілген деңгейі ғылыми тілде "космостық санасезім" деп аталып жүр. Космостың өзі материалдық (заттық) әлемге жататын болғандықтан бұл әлемдегі ой-өрістің мұндай жоғары деңгейін "космостық сана-сезім" деп атаудың жөні бар. Осылай экстрасенстер және көріпкелдер тәрізді жоғары әлеммен байланысатын адамдар пайда болады. Ой-өріс деңгейіндегі адамдардың өмірі өздерінің ақыл-есін, эстетикалық құмарлығын өсіріп, өмірден барынша үлкен ләззат алуға бағытталған. Жақсы өмірге ұмтылған мұндай қоғамның үлгілерін қазіргі дамыған капиталистік елдерден көре аламыз. Бұл елдерде адамның барлық ниеті көбіне өзінің ақылесін, ой-өрісін өсіріп, беделін нығайтуға арналады. Өздерінің тән қажеттіліктері ғана емес, интеллектуалды қажеттіліктерін де қамтамасыз етуге ұмтылады. Адамзат өркениетінің дамуы осы үшін керек. Ол адам өміріне барынша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталады. Адам өмірінің қолайлы болуы қоғам өмірінің үйлесімділігін талап етеді. Сондықтан капиталистік елдерде моральдық, этикалық тәртіптер қатаң сақталып, адам бостандығына мейлінше ерік беріліп, оған жағдай жасалған. Қоғам үйлесімділігін бұзатын коррупция, алдау-арбау, адамның жеке басына зияндық келтіру тәрізді қоғам өмірін кері тартатын қылықтар мен ісәрекеттер қатаң жазаланады. Сондықтан бұл елдерде демократия өркендеп, қоғам өмірімен үйлесімді өмір сүретін адам өзін еркін сезінеді. Осындай жоғары интеллектуалды адамдар ғана ұлттық идеяны толық қабылдап, өзінің еліне қызмет етіп, мәңгілік ел үшін күресе алады. Бұл идея толық іске асу үшін көп жылдар бойы езілген ұлттық сана-сезімімізді оятып, еңсемізді көтеру керек. Сонда ғана ұмытылған ұлттық қасиеттерімізді қалпына келтіру барысында біз де басқа халықтардан кем емес екенімізді көре аламыз. Әрине, бұрын да «оян қазақ!» деп ұран салған зиялылар болды. Бірақ ол кезде бостандық болмай, коммунистік идеяның құрсауында отыр едік. Оянған қазақтардың көпшілігі қуғынға ұшырады. Сондықтан ол кезде бұл идеяның іске асуы мүмкін емес еді. Қазір басқа жағдай. Егемендік алдық. Бізге ешкім бөгет бола алмайды. Енді ұмытылған құндылықтарымызды қайта қалпына келтіріп, жоғалтқан қасиеттерімізге қайта ие болуымыз керек. Тарихымызға үңіліп, тегімізді еске алып, бұрынғы бабаларымыздың кім болғанын халыққа кеңінен түсіндіріп, олардың ерлік қасиеттерін ашып, жүрегімізбен қабылдап, бойымызға сіңіруіміз керек. Сөйтіп олардан қуат алып және соларға еліктей отырып, олардың көмегімен жақсы қасиеттерге ие бола алсақ, сонда ғана қазіргі «қой мінезімізден» арылып бұрынғы ер мінезімізге қайта көшеміз. Осылай рухани серпіну арқылы еңсемізді көтеріп, ешкімнен қаймықпайтын, басқалармен терезесі тең ел боламыз. Қазіргі заманғы қазақ үшін ұлттық идея осындай болуға тиісті деген ой келеді. Бұл идеяны іске асыру үшін осыған сәйкес идеология құрып, халық өмірін толығымен соған бағыттау керек. Әрине, қазіргі кездерде мемлекет тарапынан «Бабалар сөзі», «Мәдени мұра» тәрізді түрлі бағдарламалар іске

асырылып жатыр. Бірақ бұлардың барлығы бір жүйеге келтіріліп, бір бағытта болмаса олар көздеген мақсатқа жеткізе алмайды. Бұл жолда Мүсірәлі тәрізді рухани ұстаздардың өнегелі істерінің қандай зор маңызы бар екені түсінікті болса керек. Осы тұрғыдан алғанда Піріміздің өмірін зерттеп, түсіне білудің маңызы өте зор. Әз-Тәуке хан мен сопы Мүсірәлі піріміздің өмірі, міне, осыған үйретеді.

Құрметті оқырман! Бұл кітап туралы пікір-ойларыңызды, немесе ұсынысыңызды білдіремін десеңіз автордың тікелей өзімен мына телефон арқылы байланыса аласыз.

Сот. тел. 8-7776927494.
Эл. пошта: dossym @ bk.ru

Дәйек көздері

1. Айып Нүсіпқасұлы, Әкімбай Жапарұлы. Ағаш бесіктен жер бесікке дейін. – Өнер, Алматы. 2011 ж. – 136 б. 2. Омаров Д. Абайдың рухани мұрасы. Алматы, 2007 ж. – 264 б. 3. Омаров Д. Шәкәрімнің үш анығы. Алматы, 2008 ж.– 224 б. 4. Ұзақбаев Б. Сопы Әзиз пір. Алматы, 2011 ж. – 234 б. 5. Түйімбетов М. Жетіру Керейт шежіресі. Қызылорда «Тұмар». – 2006 ж. – 384 б.

6. Кардек Аллан. Книга медиумов. М.: Ренессанс, 1993. – 486 с. 7. Қараңыз: Айнабеков Б. Әйтеке биді пір Мүсірәлінің жоқтауы. «Жұлдыз» журналы, 10/2012 ж. ; Ашанұлы Қ. Тағы да Мүсірәлі абыз хақында. //ҚӘ, Алматы, 2000 ж.; Жеті өлікке жан бітірген Мүсірәлі. //ҚӘ, № 15 (2645), Алматы; Бәкір Ә. Мүсірәлі Хазірет. //Сыр бойы, Қызылорда, № 175, 2014 ж.; Қозыбаев М. «Пірге құрмет – елге құрмет». Алғы сөз. //Мүсірәлі абыз. А., «Қаламгер», 2000; Ерниязұлы Н. Ғибратты ғұмыр. //Сыр бойы, 1998. 3-ақпан.; Далдабаев С. Мүсірәлі Софы Әзиз. //Сыр бойы, 2007. 24қараша. 8. Кеніштайқызы Г. Мүсірәлі баба – қазақ елінің рухани қайраткері. «Қазақ тарихы» журналы, № 4, 2005 ж. 9. Айнабеков Б. Бас мешітке Мүсірәлінің есімі берілсе. //Қазақ елі. 2000. 23-ақпан. 10. Кекілбаев Ә. Үш пайғамбар. Алматы. 1992 ж. 11. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. А., 2001, 644-б. 12. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – Б. 169-196.

13. Омаров Д. Единая основа мировых религий. Астана. 2014. – 352 с.

14. Омаров Д. Иманбаев Е. Тоғызқұмалақ ойынының философиялық

негізі. Шымкент, 2015. – 64 бет.

Досым Омаров – абайтанушы,
теолог, философ ғалым.

Еркетай Иманбаев –
ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР
Құрметті спорт қайреткері
Моб. Тел. 8-777-692 7494

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙