Әлем ғажайыптары
Наталья Малофеева
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бұл кітап жас оқырманды адамзаттың әлемдік, табиғи мұрасымен таныстырады. Ғасырлар қойнауынан біздің заманымызға жеткен ежелгі архитектура, әйгілі ескерткіштер жайында қызықты деректер баяндалады.
ӘЛЕМ
ҒАЖАЙЫПТАРЫ
MӘСКЕУ
РОСМЭН
МАЗМҰНЫ Әлем кереметтері туралы кітап ........................... 4 Ежелгі әлемнің жеті кереметі .............................. 6 Перғауындар сағаналары ...........................................6 Фарос шырағы ...........................................................8 Жайатқыш жай тапқан жер .......................................10 Шөлдегі жазиралар ..................................................12 Мавзолдың өлгеннен кейінгі даңқы...........................14 Өртенген құдай#ана .................................................16 Саз балшықты аяқты алып мүсін ..............................18 Әлемнің жаңа жеті кереметі ............................. 20 Ең ұзын қамал ..........................................................20 Инктердің соңғы тірегі ..............................................22 Жартастағы қала ......................................................24 Мексикалық пирамидалар........................................26 Алып амфитеатр ......................................................28 Мәңгілік махаббат ескерткіші ...................................30 Жарылқаушы Христос ..............................................32 Еуропа .......................................................... 34 Тұманды Альбион .....................................................34 Дон Кихоттың отаны .................................................36 Ежелгі германдықтар мекені ....................................38 Таңғажайып Франция ...............................................40 Еуропаның биік таулары ...........................................42 Ежелгі римдіктердің мұрагерлері .............................44 Ұлы Эллада ..............................................................46 Славян елдері ..........................................................48 Еуропа мен Азияның шекарасы ................................50 Азия ............................................................. 52 Еуропа мен Азияның көпірі .......................................52 Киелі мекен ..............................................................54
Ежелгі өркениеттер елі .............................................56 Орталық империя .....................................................58 Жұмбақ түбек ...........................................................60 Африка ......................................................... 62 Ежелгі перғауындар жері ..........................................62 Африканың табиғаты ................................................64 Африканың оңтүстігінде ...........................................66 Америка ........................................................ 68 Нью#Йорк, Нью#Йорк… .............................................68 Тұтас құрлық арқылы ................................................70 Таңғажайып табиғат .................................................72 Оңтүстік Америка жауһарлары ................................. 74 Көне дәуір мен қазіргі дәуірдегі сәулет өнері ............76 Австралия ..................................................... 78 Жоғалған әлем .........................................................78 Кісі қолынан туған кереметтер .................................80 Мұхиттағы аралдар ........................................ 82 Жұмбақ пұттар .........................................................82 Лемурлар аралы ......................................................84 Көк майсалы, мұзды мекен .......................................86 Күншығыс елі ...........................................................88 Полярлық кереметтер ..................................... 90 Полярлы жұлдыз астында .........................................90 Қиыр түстіктегі құрлық .............................................92 Көрсеткіштер ................................................. 94
Әлем ғажайыптары
Әлем кереметтері туралы кітап
Ертеде ғалам ғажайыптары деп өздерінің алыптығы мен
әдемілігі арқылы адамзатты таң қалдырған өнер мен инженерлік
ойдың жемісінен туындаған атақты туындылар аталған. Олар
алып мүсіндер мен мазарлар, ғибадатханалар, сарайлар сияқты
орасан зор құрылыстар болды. Ертедегі адамзат баласы әлемнің
жеті кереметінің тізімін, әлемдік көрнекі орындардың өзіндік
жолсілтемесін жасаған. Алайда, ғаламдағы ғажайыптар тізімі бұл
шағын тізімнен әлдеқайда көп.
Біз сіздермен бірге ғаламшарымыздың барлық құрлықтарына,
теңіздер мен аралдарға саяхат жасап, Жердің полюстеріне
үңілетін боламыз. Көне Әлемде де (Еуропа, Азия, Африка), сондай#
ақ, Жаңа әлемде де (Америка, Австралия және Океания) қызықты,
әдеттен тыс, бірегей жайттар жетіп артылады.
Еуразия мен Африка – тікелей мұрагері қазіргі қоғам болып та#
былатын көне өркениеттер отаны. Грекия мен Италияда, Ирак пен
Египетте көне мәдениеттің куәсі, антикалық сәулет өнерінің таң
қаларлық ескерткіштері сақталып қалған. Сондай#ақ, Американың
ежелгі мемлекеттері, австралиялық аборигендердің мәдениеті де
қазіргі әлемді керемет сәулет құрылыстары мен төлтума өнер ту#
ындылары мен әдеттен тыс технологияларымен таңқалдырады.
Сонымен қатар, ғалам ғажайыптары тек ерте заманда ғана
пайда болады деп ойлайтындар да қателеседі, олар біздің зама#
нымызда да көрініс береді!
Бұған мысал ретінде, Австралиядағы Сидней опера теа#
Біздің дәуірде әлем кереметтеріне тек адам баласының
қолымен жасалған дүниені ғана емес, жанартаулар мен
гейзерлер, өзендер мен көлдер, таулар мен ормандар
сияқты табиғат ғажайыптарын да жатқызады.
тры, Прагадағы «Биші үйді» атап, бұл тізімді тоқтаусыз жалғастыра беруге болады. ХІV ғасырда Шығысқа саяхат жасаған атақты итальяндық жиһанкез Марко Поло өзінің саяхаты туралы «Әлем кереметтері туралы кітап» жазған болатын. Бұл кітапты да солай атадық. Себебі біз де қиялмен уақыт пен кеңістікке саяхат жасап, ықылым заманға тап болып, алыс елдерге са# пар шегіп, көптеген күтпеген және әдеттен тыс жайттарды көріп, біліп, дүниенің қандай бай және әр түрлі, оның сұлулығы қандай қорғансыз болатынын түсінеміз. Біздің ғаламшарымыздың байлығы мен табиғатының әр түрлілігін, оның түкпір#түкпірін мекен етушілердің мәдени мұрасын сақтау – біздің ата#бабалар мен келер ұрпақ алдындағы міндетіміз. Ал соның жолын# дағы алғашқы қадам – ғалам ғажайыптарымен тансу болмақ. Ендеше, келесі бетті ашып, әлемнің таңғажайыптарын оқуды бастаңыз. Венера Милсская көне грек б.з.д. ІІ ғ. Александр шебершінің жасаған мәрмәр ескерткіші. Луврда орналасқан.
Әлем ғажайыптары Ежелгі әлемнің жеті кереметі Әлемнің жеті кереметінің тізімін алғашқылардың бірі болып грек жазушысы Антипатр Сидонский (б.з.д. ІІ ғ.) жасады. Ол тізімге египет пирамидала= ры, вавилонның аспалы бағы, Эфестегі Артемида ғибадатханасы, Галикарнастағы Мавзол патшаның сағанасы, Родос аралындағы күн құдайы Гелиостың мүсіні мен Олимпиядағы Зевстің мүсіні сияқты екі алып ескерткіштер кіреді. Перғауындар сағаналары Африканың солтүстік#шығысындағы ел Египетте ежелгі өркениеттің бірі дүниеге келді. Египет жерінің негізгі бөлігін өмір сүруге мүлдем қолайсыз құрғақ шөлдер құрайды. Халық негізінен су бар жерге, яғни оазистерге қоныстанды. Ең үлкен египеттік оазис – Ніл өзені алабы. Ніл жағалауындағы құнарлы алқаптарда ежелгі египеттіктер астық, жеміс#жидектер екті. Көне Египеттің басшылығында құдіретті патша# лар – перғауындар болды. Перғауындар көзі тірісінде#ақ, құдай саналып, дүниеден өткен кез# де алып мазарлар – пирамидаларға жерленді. Перғауындардың бұл тасты сағаналары патшалық биліктің құдайлық тегін, мәңгіліктің қысқа Пирамидаларды 10 мыңдаған адамдар салған
Ежелгі әлемнің жеті кереметі ғана адам өмірінен үстемдігін айғақтап тұрды. Әрбір пирамида шаршы# лы негізден және жоғарғы нүктесінде ұштасатын төрт үшбұрышты қабырғадан тұрды. Нілдің батыс жағалауындағы алқапта орналасқан барлығы 80#ге жуық пирамида сақталған. Қазіргі таңда бұл жерлерде египеттік Гиза және Саккара елді мекендері орналасқан (Еги# пет астанасы Каир қаласының Перғауындардың зираттарында есепсіз қазына сақталды. Мазарды талан#таражға салушылардан қорғау үшін оларға кірер жолдың бәрі бітеліп тасталса да, бұл әрекеттің еш пайдасы болмады. Тонаушылар құдайлардың қаһарынан да қорықпады: барлық пирамидалар ерте заманның өзінде#ақ тоналып бітті. Египет пирамидалары – бүгінгі күнге дейін сақталып келген ежелгі жеті кереметінің бірегейі маңы) Ең алғашқы сағана – Джосер перғауынның пирамидасын б.з.д. XVІІІ ғ. Имхотеп атты сәулетші шебер салған болатын. Ал ең үлкен пи# рамида атағына Хеопс перғауынның пирамидасы ие болды. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың айтуынша оны 100 мың адам 20 жыл бойы салыпты. Құрылыс жұмыстары Хеопс таққа отырған күннен бастап жүргізіле бастаған. Ол шамамен 2,5 млн. тас блоктардан құралған. Хеопс пирамидасының биіктігі 146,6 м., ал оның негізінің ұзындығы 233 м. құрайды. Хефрен пирамидасынан кішірек: биіктігі – 143,5 м.; негізінің ұзындығы – 215,25 м. Хеопс пен Хефрен пирамидаларының жанында тағы бір мазар – Хефреннің ұлы Микерин пирамидасы сақталған.
Фарос шырағы Б.з.д. ІV ғ. ұлы қолбасшы Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) Ежелгі әлемнің бет#бейнесін өзгертіп жіберді. Ол Гре# кияны, Египетті жаулап, Азияны бағындырып, тіпті Үндістанға дейін жетті! Жаулап алынған жерлердің бәрінде Александр (Ескендір) жаңа қоныстардың негізін қалап, оның көбісі өзінің құрметіне Александрия атауын иеленді. Сондай мекендердің бірі Египет Александриясына сол заманның ең үлкен қалаларының бірі болу бақыты бұйырған екен. Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) Александрияға жоғарғы жағында белгі беруші оты бар (от кемелерге гаваньға кіретін жолды көрсетіп тұратын) алып мұнара – бағдаршырақ салуды жос# Бағдаршырақ үш үлкен қабаттан тұрды. Төменгі бөлігі жоғары қарай аздап жіңішкеріп 71 метрге жетсе, ортаншы сегізбұрышты, 34 метрлік қабаттың үстіндегі дөңгелек мұнарада жарық беруші жүйе орналасқан бағдаршырақтың өзі орын тепті. 130 метрлік құрылыс құтқарушы Зевстің мүсінінен тәж киді. Әлемдегі алғашқы алып бағдаршырақ бой көтерген аралдың құрметіне одан кейінгі бағдаршырақтардың барлығы фарос деп аталып кетті. Ал, елдің бәріне белгілі «фара» сөзі де Фарос аралы мен бағдаршырағының атауынан шыққан. Әлем ғажайыптары
парлап, оны салатын жерді де таңдап қойған болатын. Ол жер – Ніл өзенінің Жерорта теңізіне құяр жеріне жақын орналасқан Фарос ара# лы. Құрылыс жұмыстары Александр қайтыс болғаннан кейін, б.з.д. 300 ж. басталып, б.з.д. 279 ж. аяқталды. Сострат Книдский есімді архитектор бұл бағдаршырақты өзіне дейінгі техникалық жетістіктердің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып салды. Бағдаршырақтың барлық қабаттары арқылы жарық жүйесіне апаратын шахта өтті. Жоғарғы қабаттарға жүк арқанды шығыр арқылы шығарылды. Бағдаршырақ күні#түні қызмет атқарды: күндіз теңізшілер түтінге қарап бағыт алса, түнде алаудың жалыны# на қарап бағыт алды. Оның жарығын күшейту бағытында қоладан құйылған, тегіс жылтыратылған айналар жүйесі қолданылды. Күрделі инженерлік құрылғы шеберге Александрия бағдаршырағын сәулет өнерінің жауһарына айналдыруына қиындық туғызған жоқ. Сыртынан аппақ мәрмәрмен қапталған алып қабаттар қала тұрғындары мен қонақтарына көзтойғысыз әсер қалдырды. Бағдаршырақ жер сілкіністерінен күтім болмағандықтан бірте# бірте мүжіліп он алты ғасырдан аса уақыт тұрды. Алайда, тіпті XІV ғасырдың өзінде түпкілікті қирауынан аз ғана уақыт бұрын бағдаршырақтың биіктігі шамамен 30 метр (қазіргі он қабатты үйдің биіктігі) болып тұрды. Қазіргі заманға бағдаршырақтың тек іргетасы ғана жетті. Оның өзі ортағасырлық қамалдың негізі бол# ды. Мұнарадағы бағдаршырақ алауының жарығы теңізден 50 шақырым қашықтықтан көрінетін. Ежелгі әлемнің жеті кереметі
Жайатқыш жай тапқан жер
Олимпия (Пелопоннес грек түбегіндегі қала) бізге бәрінен
бұрын атақты Олимпиялық ойындар өткізілетін орын ретінде
белгілі болса, ежелгі гректер үшін бәрінен бұрын жоғарғы
құдай– жайатқыш Зевске тәу ететін діни орталық, қасиетті
жер болды. Зевс ғибадатханасында әлемнің жеті кереметінің
бірі – мүсінші Фидийдің туындысы Жайатқыштың мүсіні
орналасқан#ды.
Құдайдың
мүсіні
өзінің
алыптығымен
тұқыртатын: отырған кескіннің биіктігі тұғырымен қосқанда 14
метрге жетті. Тіпті, Зевстің алақанында тұрған жебеуші әйел
Никаның өзі кісі бойынан биік болатын!
Зевстің
ғибадатханасын
Элидалық сәулетші
Либон б.з.д. 456
жылы салды.
Афиналық Фидий гректер арасында ұлы мүсінші деп са#
налды. Өкінішке орай, шебердің аса ірі мүсіндерінің бір де бірі
біздің заманымызға дейін жеткен жоқ. Сол себепті біз Фидийдің
өнері туралы тек көшірмелері мен афиналық Парфенон
ғибадатханасында сақталған мүсіндердің сақталған бөліктеріне
қарап сөз ете аламыз. Олимпиялық Зевстен өзге Фидий тағы
екі алып тас тұлға жасаған (кейде оларды да Ежелгі әлемнің
кереметтерінің қатарына қосады). Олар – афиналық Акрополь#
да тұрған қоладан құйылған Афина Промахос (Қолбасшы)
Әлем ғажайыптары
пен Парфенонның ішінде орналасқан Зевс сияқты алтын мен піл сүйегінен жасалған Афина Партенос (Бикеш). Зевс мүсінін Фидий ал# тын мен піл сүйегінен жасаған еді. Қымбат материалдардың тіліктерін мүсінші алып ағаш қаңқаға бекітті. Зевс самыр# сыннан жасалған, қара ағаш пен қымбат тастармен зер# ленген алып таққа жайғасқан. Тақтағы бедерлер грек мифологиясының сюжеттерін бейнелеген. Жайатқыштың ба# сында бейбітсүйгіштіктің сим# волы – алтын зәйтүн гүлтәжі бар. Құдайдың беліне дейін жалаңаштанған денесі мен басы піл сүйегінен қашалған. Ал шапаны, сақалы мен шаш# тары – алтыннан, ал беті мен қолы піл сүйегінен. Өкінішке орай, бұл мүсін де сақталмады – б.з. V ғ. оның қаңқасы өрт кезінде өртеніп кеткен. Зевстің оң жақ алақанында жеңістің қанатты жебеуші әйелі Ника тұрды. Ал, сол қолында патшалық биліктің белгісі – аса (скипетр) тұрды. Ертедегі грек географы әрі тарихшысы Стра# бон Зевс мүсінін былай деп суреттеген: «Оның биік болғаны сонша, оны жа# сап жатқан суретші тепе# теңдікті ұмытып кеткен тәрізді... Өйткені, отырған Зевстің бойының өзі төбеге жетіп тұратындықтан, егер ол тұратын болса, шатырды қиратар ма екен деген ойға қалатынсың». Ежелгі әлемнің жеті кереметі
Шөлдегі жазиралар Евфрат өзенінің бойына тұрғызылған азиялық Вавилон қаласы ерте дәуірдің ұлы астаналарының бірі болды. Әр кезеңде оның бірнеше құрылысы әлемнің кереметтері ретінде белгілі болып отырды. Інжілде солардың бірі – көкке ұмтылған бағана Вавилон мұнарасы тура# лы әңгіме сақталып қалған. Құрылысшылардың бұл әдепсіздігіне ашуланған Құдай – адамдарды әр тілде сөйлейтін қылып тастай# ды. Соның кесірінен, бірін#бірі түсінуден қалған адамдар әбігерге ұшырап, астаң#кестеңі шығады. Вавилон мұнарасын салу осындай берекесіздікпен тәмамдалады. Кейде әлем кереметтерінің қатарына алып қаланың қорғаныс қабырғаларын да жатқызып жүрді: қалың да, берік Вавилон қабырғалары қаланы айнала шамамен 90 шақырымға дейін созы# лып жатты! Бірақ, өзге нысандардың даңқын басқан кереметтердің кереметі – вавилондық аспа= лы бақтар болды. Бұл бақтар, сондай#ақ, Ассирияның даңқты патшайымының атымен Семирамида бақтары деп те жиі аталды. Алайда, оны Семирамидадан екі ғасыр өмір сүрген Навуходоносор салған. Көлеңкелі бақшалар сарайдың тап төбесінен бой көтерді Әлем ғажайыптары
Түрлі материалдардан тұратын көпқатпарлы құрылым – суды сарайдың жертөлелерін басып қалуға мүмкіндік бермеген: террассалардың негізі – тас ұстындарға, одан соң кірпіштің қатпарына су өтпейтін асфальттың бір қабаты жағылып, қорғасын тіліктерімен жауып, содан кейін ғана жерге құйылды. Вавилон мұнарасы мен қорғаныс қабырғаларын да осы Наву# ходоносор тұрғызған. Навуходоносор патшаның ирандық әйелі қосөзен танабында отырып, елін сағынады екен. Патша өзі жиі үйде болмайтындықтан (патша өмірінің жартысын әскери жорықтарда өткерді ғой) ол жоқта әйелі отанын қатты сағынбас үшін Навуходоно# сор терассаларға бау#бақша егуге бұйрық берген. Ағаштар, бұталар, өсімдіктердің түрлі түстері мен тұқымдары патша сарайына әлемнің түкпір#түкпірінен жиналды: Навуходоносор сөйтіп, әлемдегі тұңғыш ботаникалық бау#бақшаны салады. Бірақ терассаларға (тіпті сарайдың шатырына десе де бо# лады – сол себепті де бұл бақтар аспалы деп аталды) тек ағаш егу ғана жеткіліксіз, енді оларды су# ару қажеттігі туды. Суды Евфрат пен құдықтардан алды. Бірақ, оны терассаларға қалай жеткізуге болады? Өкінішке орай, күрделі инженерлік құрылғы арқылы жүзеге асуға тиіс шаруа – құлдардың еңбегі арқылы іске асты. Көптеген құлдар жоғарғы терассаға суды тасып құйса, сол жерден қалған су құбырлар жүйесі арқылы төменгі бақтарға таратылды. Күннің ыстығына күйіп кеткен тұрғындар үшін Вавилон бақтары нағыз ертегі мекені болып көрінетін Ежелгі әлемнің жеті кереметі
Әлем ғажайыптары
Мавзолдың өлгеннен кейінгі даңқы
«Мавзолей» сөзі – ұлы адамның қабірінің үстінен тұрғызылған
мазар, нысан екендігі көпшілікке белгілі. Бірақ, сән#салтанатты
сағаналарды мавзолей деп атау арқылы біз б.з.д. ІV ғ. Кіші Азия
түбегіндегі Галикарнас қаласында өмір сүріп, кішкентай ғана
Кария деп аталатын елді билеген ежелгі билеуші Мавзолды еске
алып, құрмет көрсететінімізді білеміз бе? Себебі, «мавзолей»
атауы соның есіміне байланысты пайда болған. Мавзолдың
жесірі Артемизия Галикарнаста тұрғызған салтанатты ма#
зар әлем кереметтерінің қатарынан орын алып, ал Мавзолдың
өзінің өлгеннен кейінгі даңқы шағын иелігінің шекарасынан
асып, шартарапқа жайылды.
Мавзолейді Сатир мен Пифей есімді сәулетшілер сал#
ды. Патша б.з.д. 352 ж. дүниеден өткенімен, мазарды салу
оның көзі тірісінде, патшаның немересі тұсында аяқталған.
Мавзолейдің негізінде патшалық жұп Мавзол мен Артемзияның
қабірлері орналасқан алып шаршы орналасты. Бұл шаршы
Галикарнас мавзолейі
жобамен осындай болса
керек
М а в з о л е й бір жарым м ы ң ж ы л д ы қ бойына дін#аман тұрып, тек б.з. ХІІ ғ. жер сілкінісі кезінде нысанның үлкен бөлігі қирап қалды. Мазардың толық қира# туы XV ғ. жүзеге асты: сол жердің халқы мазолейдің мәрмәр тақталарын қамал соғуға пайдаланды. Ежелгі әлемнің жеті кереметі грек ғибадатханасының іргесі қызметін атқарды. Грек# тер үшін үйреншікті екі жағы да еңісті шатырдың орнына ғибадатхана төбесі ұшында мәрмәрлі квадрига (төрт ат жеккен арба) бейнеленген пи# рамидамен жабылды. Бұған теңдес сәулет туындысы Шығыста да, Грекияда да, Еги# петте де болмады! Аса зор, елу метрлік мавзо# лей тек әдеттен тыс архитек# туралық ерекшелігімен ғана емес, тамаша мүсіндік жинақылығымен де белгілі болды. Оның бедерлері мен мүсіндерін жасаушылар – грек мүсіншілері Леохар, Тимофей, Бриаксид, Скопастар бол# ды. Іргетастың бедерлерінде амазономахия оқиғалары– грек жауынгерлерінің амазонкалық жаужүрек қыздармен ұрыстары бей# неленген. Мүсіндер мен баға жетпес бедерлі тақталардың бөлшектері ХІХ ғ. қазба жұмыстары кезінде табы# лып, қазір лондондық Британ мұражайына қойылған. Қазба жұмыстары кезінде табылған Мавзол мен Артемизия ескерткіштері
Әлем ғажайыптары Өртенген құдай ана Кіші Азия түбегінде орналасқан гректердің Эфес қаласы– Зевстің қызы, Аполлон құдайдың қарындасы, құдай ана Артемидаға тәу ету орталығы болды. Артемида аңшылық және жан#жануарды бағындыру, сондай#ақ, бала босанып жатқан әйелдерді желеп#жебеуші құдай ретінде танылды. Эфестіктер бұл құдай анаға лайықты жай салып беруді көптен бері армандайтын (гректерде ғибадатхана құлшылық орны емес, құдірет иесі өмір сүретін үй деп танылады). Тек б.з.д. VІ ғ. ғана, Эфес қаласы өзге де кішіазиялық қалалармен бірге Лидия патшалығының қол асты# на өткенде, Лидиялық Крез патша ғана гректердің бұл арманын жүзеге асырып, ғибадатхана салуға қаржы бөлді. Эфестіктер жұмсақ жер жастықшаның қызметін атқарып, Кіші Азияда жиі болатын жер сілкіністері кезінде қасиет орны зардап шекпей, жақсы сақталады деп үміттенгендіктен, ғибадатхананы сазды жерге салмақ болып шешті. Ғибадатхана құрылысын са# луды криттік сәулетші Херсифрон бастап, құлшылық орнын толық бітірді. Оның бұл ісін ұлы Метаген жалғастырып, храмның шатырын жапса, Пеонит және Деметрий есімді шеберлер Ғибадатхана шатырын 127 тік ұстындар ұстап тұрды
Ежелгі әлемнің жеті кереметі
қасиетті орынды әрлеумен айналысты. Соның
арқасында ақ мәрмәрлі ғибадатхана жазық да#
лада қалықтап тұрғандай әсер қалдыратын.
Бедерлері безендірілген ұстындардың үстінде
тұрған мәрмәрлі шатырдың өзі қауырсындай
жеп#жеңіл боп көрінетін...
Эфес пен күллі Грекияның мақтанышына
айналған бұл әсем ғибадатхана б.з.д. 550 ж. са#
лынып біткен. Өкінішке орай, бұл нысан екі жүз
жыл да тұрған жоқ: б.з.д. 356 ж. бір ақымақ жанып
тұрған алаумен кіріп, қарамай сіңген бөренелер
әп#сәтте
тұтанып,
мәрмәрлі
тақтайшалар
құлап,
ұстындар
шытынаған.
Өзін
ұстаған
күзетшілерге ол өзін Герострат деп танысты#
рып, ғибадатхананы тарихта қалу үшін өртегенін
айтқан.
Герострат өлім жазасына кесіліп, эфестіктер
оның есімін естен шығаруға серттесті. Ал храм
болса,
қайта
қалпына
келтірілді:
сәулетші
Хейрократтың басшылығымен эфестіктер күл
орнына ғибадатхананы қайта салып шықты. Дәл
сол жаңа храм әлемнің жеті кереметінің тізіміне
еніп, тағылардың шабуылына ұшырағанша тағы
бірнеше ғасыр тұрды.
Грек тарихшысы Плутархтың айтуынша, ғибадатхана Александр Ма#
кедонский (Ескендір Зұлқарнайын) дүниеге келген түні өртелген еді
дейді. Осыған орай гректерде: «Артемида храмы өртеніп кет#
кенге таң қалудың қажеті жоқ. Себебі, құдай ананың өзі бұл
уақытта Александрдың дүниеге келуіне жәрдемдесіп
жатқандықтан бос болмады» деген сөз де бар.
Эфестегі Артемида
туыт құдайы
болғандықтан, көп
емшекті сұлу әйел
болып бейнеленді
Әлем ғажайыптары
Сазды аяқты алып мүсін
Б.з.д. 305 жылы гректердің Родос аралының тұрғындары
атақты қолбасшы Деметрий Полиоркеттің (грекше оның лақап
аты «қалаларды қоршаушы» дегенді білдіреді) қоршауына
ерлікпен төтеп береді. Осы жеңістің құрметіне родостықтар
арал қорғаушысы Гелиос құдайға арнап колосс (алып ескерткіш)
көтеруді, оның құрылысына ұрыс кезінде дұшпандардан түскен
олжаны (қару#жарақ, сауыт#сайман) пайдалануды ұйғарды.
Родостықтар арнайы Гелиосқа деп мүсін тұрғызуды ойла#
уы кездейсоқтық емес. Гелиостың әйелі аралға қатысы бар,
Посейдонның қызы – әр түрлі табиғи күштерге ие Рода деп
есептелді.
Құдірет иесінің қола мүсінін соғу құрметі
әйгілі сәулетші Харетке тапсырылды. 32
метрлік мүсін жұмысына кіріскен Харет ме#
талдан қаңқа тұрғызып, оны балшықпен
қаптады.
Батпақты
үлгіні
айналдыра
ескерткіштің басына дейін жететін винтті
баспалдақ жүретін үйме жасады. Содан соң,
қаңқаны қола бөлшектермен жамай бастады.
Аяқтан бастап, шеберлер жоғары көтерілген
Бұл қайта қалпына келтіруден колосс айлаққа
кіре беріс жерде бейнеленген, алайда бұл мүсін
қалада тұрғызылған және кемелер оның аяғының
астынан жүзіп өтпеген
Ежелгі әлемнің жеті кереметі Родостық алып мүсін аса зор бағдаршырақтың да қызметін атқарды. Оның оң жақ қолында теңізшілерге айлаққа жөн сілтейтін үлкен алау жа# нып тұрған Ескерткішті салу 12 жылға созылып, б.з.д. 280 ж. аяқталған сайын, үйме де биіктей берді. Мүсіннің іргесінің берік болуы үшін оны барынша таспен тол# тырды. Осылайша, Гелиосты тұрғызуға 12 тонна қола кет# се, оған кеткен топырақ, тас, балшықтың салмағын ешкім өлшемеген. Мәрмәрлі тұғырда бой көтерген Гелиостың алыптығы сонша, оның саусағының ұзындығы кісі бой# ынан асып кеткен. Осылайша салынған ко# лосс тұрғызылғаннан кейін 70 жыл да тұрмады: б.з.д. 224 ж. Родоста қатты жер сілкінісі болып, алып мүсін қирап қалды. Содан бері, сырттай алып көрінгенімен, төзімділігі жағынан әлсіз заттар туралы «сазды аяқты алып мүсін» (шындығында Гелиостың колосының аяқтары саздан жасалмаса да) деп айтыла# тын болды. Алып ескерткіштің сынықтары Родос айлағында тағы мың жылдай жатқан. Содан соң, ол сынықтарды белгісіз бір көпес сатып алған. Көргендер мүсіннің сынықтарын 900 түйеге әрең тиесе керек...
Әлем ғажайыптары
Әлемнің жаңа жеті кереметі
Әлемнің ежелгі жеті кереметінен тек пирамидалар ғана
сақталған. Сол себепті, біздің замандастарымыз қазіргі
кезде де көзбен көруге болатын жаңа жеті кереметтің
тізімін жасауды ұйғарған. 77 «үміткердің» тізімі жасалып
(оған Мәскеу Кремлі де кіреді), ғаламшарымыздың кез
келген тұрғыны Ғаламтор арқылы өзі ұнатқан көрнекі жер=
ге өз даусын берді. 2007 жылдың 07 шілдесінде (бұл күн
сондай=ақ 07.07.07 деп те жазылады) ғаламның жаңа жеті
кереметінің тізімі жарияланды. Оған Ұлы Қытай қорғаны,
инктердің Мачу=Пикчу (Перу) ежелгі қаласы, Петра жар=
тасты қаласы (Иордания), Чичен=Ицадағы үндістер пира=
мидасы (Мексика), Колизей амфитеатры (Италия), Тәж=
Махал мазары (Үндістан), Құтқарушы Христостың мүсіні
(Бразилия) кірді.
Ең ұзын қамал
Бір кездері түркі тайпаларынан өлердей қорыққан, Қытайды
біріктіріп, оның императоры болған Цинь Шихуанди солтүстік
шекарасын ала көшпенділердің шабуылына төтеп беретін алып
қорған салуды бұйырады. Бір қорғаныс нысанынан келесісіне
дейін қорғаныс алқасы құрылды. Осылайша, Ұлы Қытай
қабырғасының құрылысы басталды. Бұл б.з.д. ІІІ ғ. басталып,
600 жыл өткен соң аяқталады. Аңыздар бойынша, Қабырға бір
Ұлы Қытай қорғаны арқылы тәулік ішінде бүкіл алып
елге хабарлама таратуға мүмкіндік болған. Ақпарат
таратуға гарнизондық мұнаралардағы дабылдық түтін
бағаналары пайдаланылған.
Әлемнің жаңа жеті кереметі күн бұрын Цинь Шихуанди өзінің қанатты тұлпарымен жүріп отырған жолдың бойымен салынып отырған. Арғымақ шама# мен 10 мың ли (5 шақырымнан сәл ұзын) ұшып отырған. Оның тұяғы тиген жерлерге қарауыл мұнаралары тұрғызылып отырған. Қарауыл мұнараларының арасындағы қашықтық екі жебе атылым жер. Бұл Қабырғаның барлық аумағын кез#келген мұнарадан қорғауға (атуға) болатындай етіп жасалған. Ал әрбір 20 шақырым сайын үнемі сарбаздар қосыны күзететін үлкен гарнизондық мұнаралар салынған. Қабырғаның сақталған телімдеріндегі орташа биіктік 79 мет# рге жетсе, қабырғалардың қалыңдығы шамамен 5 метрге жетті. Соның арқасында, қабырға үстінен тұтас сарбаздар қосыны өте алатын#ды. Бұл қабырға ертеректе бүкіл елді кезіп өтетін ең жақсы жолдың қызметін атқарған. Қорғанның сақталған бөлігінің ұзындығы шамамен 2500 шақырымды құраған. Егер бұтақталудың қапталдық бөліктерін есептер болса, бүкіл нысанның ұзындығы 6 мың шақырымға жетеді.
Инктердің соңғы тірегі
XVІ ғ. жақында ғана ашылған Оңтүстік Америка құрлығының
жағалауына еуропалық жаулаушылар – испандықтар аяқ басты.
Олар қазіргі Перу мемлекетінің аумағында өмір сүріп жатқан ин=
ктер мемлекетіне соғыс ашты. Мұздай қаруланған, қатігез әрі
қиянатшыл басқыншылар үндістерді бағындырып, қалаларын
тонады. Бақуатты да, бақытты ел енді тек үндістердің көне
аңыздарында ғана кездесетін болып қалды.
Мысалы, инктердің көне астанасы Кускода таза алтыннан
құйылған өсімдіктер мен жан#жануарлардың тұлғасын әсемдеп
тұрған бақша болған деген әңгіме бар. Негізінен, инктер ал#
тынды өте қатты жақсы көрді – оның жарқылы Күннің шуағын
еске түсіретін (үндістер өздерін Күн ұлымыз деп есептейтін).
Сонымен қатар, қуатты мемлекет туралы естеліктер көл#көсір
қираған үйінділерде – қабырғалары көптонналы тас кесектер#
ден қаланған ежелгі қамалдарда сақталған.
Ежелгі қала Мачу#Пикчу өзінің өрлеу
дәуірінде шамамен осылай болса
керек.
Әлем ғажайыптары
1911 ж. ғалымдар Анд таула# рында (Оңтүстік Американың ең биік таулары) Мачу#Пикчу қамал# қаласының қираған жұртын та# бады. Ол өзі аттас таудың (оның атауы «ескі шың» деп аударыла# ды) етегіне, Кусконың солтүстік# батысына, теңіз деңгейінен 2,5 мың метр биіктікке салынған. Көне қаладағы ғимараттар жартастарға қашалып жасалған терассаларға орналасып, өзара тепкішектермен байланысады. Бүгінге дейін қалада сарайдың, тұрғын үйлердің ғибадатханалардың, тіпті обсерваториялардың – жұлдызшылар жұлдыздар# ды бақылаған алаңқайлардың қалдықтары сақталған. Мачу#Пикчу – жұмбақ қала. Оны көргенде ойыңа неліктен инктер мұндай жоғары тауға, астанадан алшақ жерге қала салған деген сұрақ ойға оралады. Испандықтар жете алмаған қала не себепті иесіз қалған? Бұл сұрақтарға ғалымдар күні бүгінге дейін жауап таба алмай отыр. Әйтсе де, бүгінде де Мачу# Пикчудің қираған үйінділері өзінің ұлылығымен таң қалдырып отыр – бұл расында да, қазіргі әлемнің кереметтерінің бірі. Алып кесектерден қаланған қабырға циклоптық деп ата# лады және ғалымдар үндістердің қалайша мұндай үлкен тастарды та# сып, бір#біріне қалағандарын түсіне алар емес. Себебі, Оңтүстік Американың тұрғындары тіпті дөңгелек дегенді де білген емес! Мачу#Пикчудің қираған жұрты (қазіргі түрі) Әлемнің жаңа жеті кереметі
Жартасты қала Жартастың өзіне қашалған, таң қаларлық көне қала Пе= тра Араб түбегінде бүгінгі азиялық мемлекет Иорданияның аумағында орналасқан. Б.з.д. ІІІ ғ. – б.з. ІІ ғ. Петра қаласы араб тайпаларының бір тобы набатейлер мемлекетінің астанасы болды. Набатейлер шығармашылығында египет, грек, араб өнерлері тоғысқан асқан суретшілер болды. Петра туралы алғашқы деректер б.з.д. VІІ ғ. жатады. Қала қайнаған сауда жолдары қиысқан таулы қыратқа орналасқан. Оның өсімі бірнеше ғасырларға созылып, оның өркендеуіне нүкте б.з. 105 ж. рим шапқыншылығы нүкте қойды. Римдіктер кезінде Петра шағын өңірлік қала ғана болды. Ал оның мәңгілік Петраның кейбір пұттары мен ескерткіштері жергілікті құдайларға арналған. Ондағы жазулар көне набатей құдайларының бірі Душардың (немесе Дусар) есімін оқуға мүмкіндік берді. Сондай#ақ, арабтар «таңғы жұлдыз» Венера планетасын атаған әл#Уцца құдайы да еске түседі. Петраның жартастағы қабірханалары бәсекелесі – Пальмира бай да әсем қалаға айнал# ды. Сириялық Пальмираның даңқы ғасырларға созыл# ды: мысалы, І Петр негізін қалаған Ресейдің жаңа аста# насы, ғажайып қала Санкт# Петербургты жұрт үнемі Солтүстік Пальмира деп атайтын. Алайда, Петраға кезіндегі даңқын біздің дәуірімізде қайта қалпына Әлем ғажайыптары
келтіру бұйырыпты. Егер, Пальмираның салтанатты үйлері, мұнаралары, аркалары мен ұстындары қирап қалса (әуелі римдіктер, содан соң уақыт тезі) Петраның жартасқа қашалған ғибадатханалары мен мазарлары біздің дәуірімізге дейін сақталып, солардың арқасында біз Петраны әлемнің жаңа кереметтерінің қатарына қосамыз. Петрада жартасқа қашалған кесенелер, құрбандық ша# латын орындар, қабірханалар мен тұрғын үйлер сақталып қалған. Ең әдемі кесене – биіктігі 20 метрге жететін қос қабаттан тұратын қасбеті бар әл=Хазнех кесенесі болып есептеледі. Бұларға қоса қалада 3 мың адамға дейін сиятын жартылай дөңгелек театр да бар. Бұл ескі араб нысанын жау# әл#Хазнех кесенесі лаушы римдіктер кеңейтіп са# лып бітірді. Тұтастай жартасқа шекілген әл=Дейр кесенесі тіпті әл#Хазнехтен екі есе биік. Сол секілді, көптеген салтанатты да, қарапайым қала тұрғындарына арналған өте жұпыны жартастық қабірханалар (набатей# лер қайтыс болғандарды жерге көмбей, мүрделерін тас молаларға қойған) көптеп сақталған. Петра қашалған жартастар қызыл құмдауыттан тұрады. Бұл таңқаларлық тас күннің әр түрлі уақытында біресе қызғылт, біресе сарғыш, біресе қызыл, біресе қызғылт сары болып көрінеді. Әлемнің жаңа жеті кереметі
Мексикалық пирамидалар Көптеген ғасырлар бұрын, Еуропада теңіздің ар жағындағы елдер туралы ешкім ештеңе білмеген кезде, қазіргі Мексиканың (Солтүстік Американың оңтүстігіндегі мемлекет), сондай#ақ, Орталық Американың өзге де мемлекеттерінің территория# сында қуатты Майя мемлекеті өмір сүрді. Майя халқының ұлы өркениеті б.з.д. І ғасырдан басталып, XVІ ғ. басына дейін ғұмыр кешті. Майялар үлкен тас үйлер, ғибадатханалар соғып, мақта# матадан тігілген киім киіп, алтын мен мыстан жасалған зергерлік бұйымдармен сәнденді. Майялардың алғашқы тұрақтары шағын ауылдар болды. Уақыт өте келе оларды мемлекет#қалалар ауы# стырды. Оларда билеушілер күн кешіп, ғибадатханалар салы# нып, тарихтың негізгі кезеңдерін мәңгілікке қалдырған жазулар мен суреттер салынған құлпытастар қойылды. Майялар колумбқа дейінгі Американың ең үздік сәулетшілері болды. Қазір майя пирамидалары бүкіл әлемге әйгілі. Пирами# да неғұрлым биік болған сайын, абыздар да соғұрлым көкке жақындай түсуге мүмкіндік туып, ғибадатханалардың негізі қызметін атқарды. Баспалдақтар өте тіп#тік, тепкішектерінің биіктігі түрлі өлшемде болғандықтан, таяныш мүлдем «Мыңдаған ұстындар тобының» қоршауындағы «Жауынгер храмы» болмағандықтан, оған көтерілу де оңай шаруа бол# майтын. Кей#кейде мұндай баспалдақтар пирамиданың төрт жағында да болатын. Майялар тіпті стадиондар – доппен ойнауға арналған алаңқайларды да салған. Тикаль, Ушмаль, Паленке, Майяпан, Чичен#Ица тәрізді қалалардың қираған майя қалаларының жұрттары Әлем ғажайыптары
Чичен#Ица Америкаға еуропалықтар ба# сып кірмей тұрып иесіз қалған. Х ғ. оны майялардың ата жауы тольтектер басып алып, ХІІ ғ. үш дұшпан елдің біріккен әскері қаланы қиратады. Қ а л а н ы ң үйінділерін джунг# ли жұтып алып, сол себепті Чичен#Ица өте жақсы сақталған. сақталып қалған. Солардың ішінде Чичен#Ица әлемнің жаңа кереметтерінің тізіміне кірген. Юкатан түбегінің солтүстігінде орналасқан Чи# чен#Ица өзінің пирамида# ғибадатханаларымен әйгілі. Тоғыз тепкішекті, 24 метрлік, әр жағында кең баспалдағы бар пирамида «Кукулькана храмы» деп аталады. Сол сияқты, «Жау# ынгерлер храмы» (аса биік емес төрт баспалдақты пирамида), таңқаларлық ежелгі бедерлі «Теңбілшер храмы», алып тікбұрышты бейнелейтін, төрт колоннаданың қирандысынан тұратын жұмбақ «Мың ұстынның тобы» сынды нысан# дар сақталып қалған. Майялар астрономия# мен қатты әуестеніп, жарық жұлдыздардың қозғалыстарын бақылап, күнтізбелер жасаған. Майялардың әрбір қаласында түнгі аспанды бақылайтын орын – обсерваториялар болса ке# рек. Мұндай бақылаулармен абыздар айналысқан. Чичен# Ицада кезінде «Қаракөл» об# серваториясы орналасқан қираған дөңгелек храмның үйіндісі сақталған. Қаракөл обсерваториясы Әлемнің жаңа жеті кереметі
Алып амфитеатр Екі жарым мың жыл бұрын негізі қаланғандықтан Италияның астанасы Римде сәулет ескерткіштері жетерлік. Алайда, солардың ішінде тек біреуі ғана әлемнің жаңа кереметтерінің тізіміне кірді (айтпақшы, соның ішінде жалғыз еуропалық нысан). Бұл – б.з.д. І ғасырда салынған Колизей. Колизей дегеніміз – алып амфитеатр. Ертеректе амфите# атр деп қазіргі стадиондарға біршама ұқсайтын ғимараттарды атаған. Көне грек театры жарты шеңбер формасында болған: жоғарыдан төмен қарай түсірілген көрермендерге арналған баспалдақты орындар, төменде – қойылымдарға арналған алаңқай. Егер, осындай екі театрды екі жарты шеңбер бір шеңберді құрайтындай етіп қосса, ал төменде үлкен дөңгелек немесе сопақтау алаңқай (арена) пайда болатын болса, амфи# театр («қос театр», «екі жақты театр» дегенді білдіреді) пайда бо# лады. Амфитеатрлардың шатыры болмайды. Жартылай қираған күйінде де Колизей айбынды да айбатты кейпімен таң қалдырады. Әлем ғажайыптары
Колизейге 50 мың көрерменге дейін сыйған. Орындықтар
қатары төрт қабатқа бөлінген. Алғашқы қатарларда император#
лар мен сенаторлар, жоғары – римдік ақсүйектер, одан жоғары–
қарапайым азаматтар, кедей#кепшіктер мен азат етілгендер
(қожайындары бастарына бостандық берген құлдар), ал ең
жоғарғы жағында ұстындар артындағы галереяда – құлдар.
Ұзындығы 188 м, ені 156 м. болатын алып сопақша ғимарат
тұрған лавалардан пайда болған туфтардың бөліктерінен
соғылған
қалың
қабырғалармен
қоршалған.
Колизейдің
күмбездері кірпіш пен бетоннан құйылған. Амфитеатрдың қақ
ортасында 54x86 м. арена орналасқан. Латынша «арена»–
«топырақ» дегенді білдіреді. Бұл атау ұрысқа арналған алаңқайға
судай аққан қанды сіңіретін топырақ төсегендіктен шыққан.
Иә, ежелгі римдіктер ләззат алатын көріністер расын#
да да, қанды болатын. Олар – гладиаторлардың ұрыстары,
қылмыскерлерді
жазалау,
адамдарды
жыртқыш
аңдарға
жем қылу сияқты көріністер. Римде гладиаторлар деп
көрермендердің ермегі үшін өзара немесе жыртқыш жануарлар#
мен шайқасатын адамдар аталған. Ұрыс екі қарсыластың бірінің
өлімімен аяқталатын кездер жиі болатын. Колизейдің аренасын#
да бір уақытта үш мың жұп гладиатор шайқаса алатын.
Христиандықтың
шығуымен
және
христиандардың
қуғындалуымен Колизей жаңа көріністерге куә болды: оның
аренасында христиан азап шегушілерін жыртқыш аңдардың та#
лауына тастайтын.
Колизей негізінен ресми түрде Флавийлер амфи#
театры деп аталған. Ал, Колизей (колостық, алып
мүсін колостың жанында тұрған) деп аталуының себебі –
амфитеатрдың жанында рим императорының алып мүсіні
– колосс тұрғандықтан.
Әлемнің жаңа жеті кереметі
Мәңгілік махаббат ескерткіші
Бір замандарда Үндістанды Ұлы Монғолдар династиясының
императорлары биледі. 1627 ж. таққа ШахЖаһан («әлем
билеушісі» дегенді білдіреді) отырып, көптеген жеңістерге
жетеді. Бірақ, сан ғасырларға кеткен оның даңқын бұл жеңістер
шығарған жоқ. Ол өзінің жұбайы Арджуманд Бануды (тұрмысқа
шыққаннан кейін ол Мумтаз&Махал немесе ТәжМахал «сарай
таңдауы» лауазымына ие болады) ес&түссіз сүйеді. Мумтаз&
Махал сұлу болса, күйеуіне 14 бала сыйлап, он бесіншісін бо&
санып жатқан кезде жан тапсырады. Жарынан айрылып, көңілі
құлазыған билеуші – жарына арнап үлкен мазар тұрғызуға бел
Шах&Жаһан қатал билеуші әрі қатігез адам болған. Тіпті жас
кезінде&ақ ол өз әкесі Жаһангерді тақтан тайдыруды көздеген.
Жаһангер ұлының бұл әрекетін кешіреді. Ал, Шаһ&Жаһан
өзі император болғанда ол тағына ешкім таласпас үшін,
өз бауырлары мен басқа да туыстарын өлтіртеді. Бірақ,
оның бұл әрекеттерінен ештеңе де шықпады: оның тағын
өзінің туған ұлы Аурангзеб тартып алады.
Тәж&Махал мұсылман
сәулет өнерінің
жемісі: мазардың
мешіттікіндей
күмбезі мен төрт
жағында мінбері
(мұсылмандарды
намазға шақыратын
биік мұнаралар) бар
Әлем ғажайыптары
байлайды.
Осылайша, Шаһ#Жаһанның астанасы орналасқан Агра
қаласында құрылыс жұмыстары басталады. Бұл жұмыстары
1632 жылдан 1652 жылға дейін, 20 жылға созылады. Мерзімді
уақыт өткенде, Джамны өзенінің жағалауынан бір үлкен,
қалған төртеуі шағын, бес күмбезді керемет ғибадатхана бой
көтереді. Ең үлкен күмбездің биіктігі 74 метрге жетіп, соның
арқасында Тәж#Махал мазары ұзақ уақытқа дейін Үндістандағы
ең биік ғимарат болып тұрды. Мавзолейді айналдыра төрт биік
мінбер салынып, субұрқақты бақша егіліп, кіре беріске алып
һауыз салынды. Тәж#Махалдың қабырғалары жартылай мөлдір,
жылтыр, ақ мәрмәрмен қапталып, асыл тастарды жарқырауық
тастардың зері безендіріп тұрды.
Бұл жауһардың сәулетшісі нақты кім болғаны белгісіз. Шамасы, парсы шебері Ұстад=Иса болса керек. Джамнаның өзге жағалауынан Шах#Жаһан қара мәрмәрдан өзіне дәл осын# дай кесене тұрғызуды ойлапты. Алайда, бұл жоспарлардың жүзеге асуы бұйырмаған екен. Өмірінің соңына таяғанда, тағынан құлатылып, билігінен айрылып, одан бақыт теріс ай# Мавзолей ішіндегі Мумтаз#Махал қабірінің басындағы құлпытас налады. Өмірінің соңғы сегіз жылын Шах#Жаһан өзіне абақтыдай болған сарай# да өткізеді. Өз бөлмесінің терезесінен бұрынғы билеуші күн сайын сүйікті жарының ке# ремет кесенесіне қарап там# санып отыратын. Ал, ол қайтыс болғанда оның қызы мен сенімді қызметшілері оның мүрдесін әйелінің қасына, сол Тәж#Махал кесенесінің ішіне жерлейді. Әлемнің жаңа жеті кереметі
Жарылқаушы Христос Елдің орталығынан жаңа астана салғанша (ол да мемле# кет сияқты Бразилиа деп аталды) Оңтүстік Американың әсем қалаларының бірі Рио#де#Жанейро көптеген жылдар бойы Бразилияның астанасы болды. Атлант мұхитының жағалауынан бой көтерген Рио қаласы керемет жағажайларымен, замана# уи зәулім үйлерімен, көне архитектуралық ескерткіштерімен (олардың ең ескісі XVІ ғ. соңына жататын Сан=Бенту мона= стыры) даңққа бөленіп отыр. Бұлардан өзге қазіргі Римнің басты көрнекі жері – халық үстінде қалықтап жүргендей әсер қалдыратын Иисус Христостың алып ескерткіші болып отыр. Дәл осы ескерткіш әлемнің қазіргі кереметтерінің тізіміне кіріп отыр. Монументтің биіктігі – 38 м. (8 м. – тастұғыр, 30 м. – ескерткіштің өзі) Христостың зор ескерткіші – қала мен оның айналасындағы ең биік жер# де, Коркуваду тауында (704 м.) қойылған. Таудың басына алып монумент қою идеясы ХІХ ғасырда#ақ көтерілген. Алайда, ескерткіш табанына алғашқы тас бар болғаны 1922 жылы Бразилия тәуелсіздігінің жүз жылдығына орай (оған дейін бұл ел Португалия от# ары болды) қойылып, тұғырын тұрғызу жұмыстары 1926 ж. басталды. Ескерткіштің мүсінін жа# сауға Поль Ландовскиге тап# сырыс берілді. Ол Парижде Христостың басы мен қолын Әлем ғажайыптары
жасап (гипстен құйды), гип# стен жасалған эскиздерді Бразилияға жіберді. Осы үлгілер бойынша тастан Иисустың қолдары мен басын қайта жасап, тастан денесін қашап, Коркуваду тауына бөлшек#бөлшек қылып тасып, жинап, тұрғызып, (жұмысқа басшылық жасап, қоршаған табиғаттың көрінісіне кірік# тірген бразилиялық Эйтор да Силва Кошта) салтанатты түрде ескерткішті 1931 ж. аша# ды. Христостың ескерткіші са# бынды тастан жасалған. Бұл өте жұмсақ, соған қарамастан Бір қызық жері – мүсіннің авторы Поль Ландовски Христос ескерткіші орнатылғаннан кейін 30 жыл# дан кейін қайтыс болған. Алайда, ол ешқашан Бразилияға барып, Рио#де#Жанейро тұрғындарының бәрі мақтанатын мүсінді көрмеген. Кейде бразилиялықтар монументтің нағыз авторы Э. Да Силва Кошта дейді. Елдің жаңа астанасы Бразилиа қаласының жоспары христиандық шарғыны немесе ұшып бара жатқан құсты елестетеді Елдің жаңа астанасы Бразилиа жаңбыр, жел, күннің суытуы сияқты табиғат құбылыстарына өте төзімді. Қала үстінен төніп тұрған алып ескерткіш Рио#де# Жанейроның кез#келген жерінен мен#мұндалап көзге түседі. Иисус қаланың барлық тұрғындарын жарылқап, дұға қылып, оларды зұлымдықтан сақтап тұрғандай құшағын кеңінен ашып тұр. Ескерткішті жақыннан көру үшін, Коркуваду тауына фуни= кулер, яғни арқанды жол арқылы көтерілу қажет. Әлемнің жаңа жеті кереметі
Әлем ғажайыптары
Еуропа
Біздің ғаламшарымыздағы керемет ескерткіштер мен
айтарлықтай айшықты жерлердің саны жеті, тіпті он төрт
те емес. Ғалам ғажайыптарының қатарына енуге Жер
шарының барлық құрлығындағы ондаған, жүздеген тіпті
мыңдаған көрікті жерлердің хақысы бар. Бұл сөзімізге
көз жеткізу үшін, біз сіздермен бірге әлемнің барлық
бөлігіне қиялмен сапар шегеміз. Бұл сапарымызды Еура=
зия құрлығының батыс бөлігіндегі Еуропадан бастасақ.
Алайда, құрлықтық Еуропаға кірмей тұрып, құрамында
Англия бар аралдық мемлекет – Ұлыбританияға аялдай
кетсек.
Тұманды Альбион
Ұлыбриятанияны көркемдеп, Альбион деп атайды. Бұл елдің
көне тұрғындары кельттердің тілінде «альбион» – «биік, таулы
арал» дегенді білдіреді екен. Бұған қоса, бұл атау аралдың бор#
лы қайраңдарына қатысты, латын тіліндегі «альбус» – «ақ» деген
сөзінен де шығуы мүмкін. Үнемі тұман басып тұратындықтан, бұл
ел Тұманды Альбион деп те аталады.
Британдық кереметтердің ең ежелгісі – елдің оңтүстігіндегі,
ашық аспан астында алып шоғыр болып қаланған алып тастар#
Суреттің сол
жақ бөлігіндегі
адамдардың
сұлбасына
қарасаңыз,
Стоунхендждің
қандай алып
тастардан
тұрғызылғанын
ұғынасыз
Еуропа
дан тұратын Стоунхендж болып саналады. Қола ғасырда бой
көтерген бұл нысан қандай мақсатта қызмет етті екен? Мүмкін
бұл обсерватория болар, тіпті, құдайларды еске алатын қасиетті
орын болуы да ғажап емес.
Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласы – әлемнің ең көне
қалаларының бірі. Мұнда Темза өзенінің жағалауында бір кездері
Тауэр сарай#қамалы тұрғызылған. Алғашында Тауэр корольдік
резиденция қызметін атқарса, кейіннен түрмеге айналды.
Лондонның тарихи орталығы Сити – қазір іскерлік кварталы.
Ситидің батыс жағында Вестминстер аббаттығы, ал оның жа#
нында Вестминстер сарайы орналасқан. 1065 ж. негізі қаланған
Лондонның ең үлкен шіркеуі – Қасиетті Павелдың Собо=
ры (1710 жылы сәулетші К.Рен салған). Соборда «сыбыр
галереясы» бар. Оның қабырғасына тақалып тұрып сыбыр#
лап бір сөз айтсаң, оны 32 м. жердегі қарсы қабырғаның
жанында тұрған адам естиді.
Вестминстер сарайының күншығыс
бөлігінде алып мұнаралы Биг#Бен
сағаты орын тепкен.
Аббаттықта ағылшын монархтары ұлықталып, таққа
отырғызылып, атақты адамдар жерленеді. Ал, Вест=
минстер сарайында (1840#1868 ж.ж. аралығында
сәулетшілер Ч.Бэрри мен Э.Бэрри салған) қазіргі
ағылшын парламенті отыр.
Дон Кихоттың отаны
Испания Еуропаның оңтүстік#батысында, Пиреней түбегінде
орналасқан. Осы жерді қоныс еткен кельтиберлер тайпасының
бұл мекенін жаулап алуға антикалық заманда римдіктер ты#
рысты. Олардың бұл әрекеті үлкен күшке түссе де, бостандық
сүйгіш тайпаның бір бөлігі тәуелсіздігі мен өзіндік мәдениетін
сақтап қала алды. Олардың қазіргі ұрпағы – біздің заманымыз#
да Испанияда тұратын баскалар. VІІІ ғасырдың басында Пиреней
түбегін маврлар (арабтар мен берберлер) жаулап алып, шама#
мен бес ғасыр бойына осы елді билеп#төстеді. Араб дәстүрлері
испан мәдениетіне, ішінара архитектурасына өте зор ықпал
етті: мавритандық билеушілер салғызған Гренададағы Аль=
гамбра сарайы (Испанияның ең сұлу әрі көркем орындарының
бірі); біртуар сәулетші А.Гаудидің туындыларынан мавритандық
стильдің белгілерін байқауға болады.
1875 ж. испандық Альтамир үңгірінен сенсациялық жаңалық
табылды: үңгір қабырғаларынан көмірмен, қызыл және сары
саз балшықпен салынған жануарлардың суреттері бейнелен#
Мына бұқа Альтамир үңгірінің
қабырғасында 40 мың жыл бұрын
пайда болған
ген. Бұлардың белгісіз автор#
лары тіпті тас ғасырында өмір
сүрген.
XVІІ ғ. испандық король#
монах Филипп ІІ бір уақытта
сарайдың да, монастырдың
да қызметін атқаратын Эско=
риал резиденциясын салуды
ұйғарады.
Қоңырқай#көгілдір
граниттен тұрғызылған тіп#тік,
биік
ансамбльдің
орталығы
Қасиетті Лаврентийдің соборы
(осы қасиетті күнде Филипп ІІ
өзінің әскери жорықтарының
Әлем ғажайыптары
бірінде жеңіске жетеді) бол# ды. Корольдің ойы бойын# ша, Эскориалдың жоспары қасиетті Лаврентийді жазаға тартқан торды қайталау керек болатын. Каталония өңірінің тарихи астанасы Барселонаның көркін көп жағдайда таң қаларлық үйлер (Каса Мила, Каса Батло) мен сарайлар (Гуэль сарай# саябақ кешені) салған атақты сәулетші Антонио Гаудидің шығармашылығы келтірді. Гаудидің жауһарларының бірі де, бірегейі – 1884 ж. салы# нып басталып, сәулетшінің трагедиялық қазасынан кейін аяқталмай қалған Қасиетті Жанұялық соборы (испанша Саграда Фамилиа). Мүмкін, бұл собордың құрылысы ХХІ ғасырда аяқталатын шығар... Испан жазушысы М.Сервантес жел диірменмен (ол оған зұлым дәу болып көрінген) шайқасып жүрген әрі әпенде, әрі мәрт рыцарь Дон Кихот туралы роман жаз# ды. Қайырымдылық, әділдік, мейірімділік идеалда# рын бекіткен, сөйте тұра күлкіге қалудан қорықпаған Дон Кихот әлемдік әдебиеттің сүйікті образдарының біріне айналды. Барселоналық Саграда Фамилиа соборы әлі күнге дейін құрылыс ағаштарымен тұр Еуропа
Ежелгі германдықтар мекені
Тарих беттерін парақтасақ, Еуропаны жайлаған германдық
тайпалармен римдіктер де жауласқанын көреміз. Ежелгі
германдықтардың ұрпақтары өмір сүретін аумақта (ал бұл
дегеніміз Еуропаның орталығы) мемлекеттер дүниеге кетіп,
келмеске кетті, ғаламның теңдессіз кереметтері –қалалар,
соборлар, сарайлар салынды.
Германияның назар аударарлық орындарының ішінде
готикалық храмдар үлкен орын алады. Готикалық шіркеулер
аласа үйшіктердің арасынан көкке, Құдайға ұмтылуды
тұспалдап, биікке бой түзеді. Солардың бірі атақты Кёльн
соборының биіктігі 157 метрге жетті. Бұл ең үлкен, әрі
әдемі неміс соборының құрылысы ХІІІ ғ. басталып, тек ХІХ ғ.
аяқталды.
ХІХ ғасырда қазіргі Германияның құрамына енетін Ба#
вария жері бөлек корольдік болатын. 1864 ж. он сегіз
жасар арманшыл әрі романтик Людвиг ІІ бавар королі
Готика – жоғарыға
ұмтылуды, жеңілдікті
көздейтін, вертикалды
жүйеге негізделген,
ортағасырлардың
соңына таяу пайда
болған көркемдік
стиль.
Кёльн соборында Еуропадағы
ең үлкен, қызмет атқарып тұрған
Қасиетті Петрдің қоңырауы бар. Ол
1923 ж. француздардың жарақтық
зеңбіректерінен құйылған, салмағы
24 тонна.
Әлем ғажайыптары
тағына отырғанда ол тауда өзінің досы сазгер Р.Вагнердің
операларының декорацияларына ұқсайтын ертегілік сарай#
лар салдырсам деген арманын іске асыруға көшті. Сондай
сарайлардың ең кереметі Нойшванштайн корольдің Шван#
гау тегінен шыққан рыцарьлар қамалының қираған орнынан
бой көтеріп, Вагнердің операсымен аттас аққу#рыцарь Ло#
энгринге арналды.
Қазіргі таза, күтілген, безендірілген, ойыншық тәріздес
заманауи неміс қалаларына қарап, бірнеше ондаған жыл
бұрын тұтас Германия қираған үйіндінің астында жатты де#
генге сене қою қиын. 1945 ж. неміс фашистері бастаған
Екінші Дүниежүзілік соғыстың соңына таяу, түрлі бомбы#
лаулар Дрезден, Гамбург сияқты қалалар түгелге жуық
жер бетінен жойылып кетсе, Берлин де шабуылға ұшырап,
қирады. Әйтсе де, Германия қоқыс арасынан бой көтеріп
тұрып, көптеген қираған жауһарларын қайта қалпына
келтіре алды. Ең бастысы, соғыс – күллі әсемдікті жойып,
тіршілік атаулыны құртушы қорқынышты зұлым күш екенін
ұғынып, сабақ ала білді.
Нойшванштайн сарайы
ұзын мойын кербез
аққуды елестетеді
Еуропа
Таңғажайып Франция Франция оңтүстіктен солтүстікке дейін, бүкіл Еуропаға – Солтүстік мұзды мұхиттан Жерорта теңізіне дейін созылып жатты. Бұл аймақтардағы халықтар шамамен миллион жыл бұрын қоныстанған. Ертеректе мұнда кельт тайпалары (галл# дар), кейінірек – немістер, қазіргі елге атауы берілген франктар (француздар өздерін кейде галлдар деп те атайды) өмір сүрген. Францияның астанасы Париж қаласы Сена өзенінің жағалауында пайда болған паризилер тайпасының елді мекені Лютецияның орнында өсіп өркендеді. Қазіргі Париж # әр түрлі тілдер мен ұлттар, мәдени дәстүрлер мен архитектуралық стилдер араласып кеткен алып қала. Американдық жазушы 1889 ж. инженер А.Г.Эйфел салған мұнара – Париждің бет#бейнесіне айналды. Э.Хемингуэй Париж туралы кітабын «Әрдайым сенімен бірге болатын мереке» деп атаған болатын. Расында да, мұнда болып көрген әрбір жан француз астанасына тарихи ескерткіштер мен студенттік Латын кварталының әулекі желігі, таңдаулы сәнділік мен нағыз галлдық сотқарлықтың әлем#жәлем қойыртпағынан тұратын ерекше «париждік рух» тән екендігімен келісер еді. Сен#Жермен#де#Пре, Нотр=Дам (Париждік Құдай ана соборы) іспеттес ежелгі храмдар XVІ#XVІІІ ғ.ғ. корольдік сарайлармен (олардың қа# тарында қазір әлемге әйгілі Әлем ғажайыптары
көркемсурет мұражайы Лувр бар) және Помпиду Орталығы
(мұнда да қазіргі заман өнерінің мұражайы орналасқан) сынды
әсірезаманауи ғимараттармен шектеседі.
Франциядағы ең ұзын өзен Луараның алқабында XV#XVІ
ғ.ғ. корольдардың, ханзадалар мен бай ақсүйектердің рези#
денциялары – көптеген сарайлар салынды. Олардың көпшілігі
кейіннен қалпына келтірілген ескі қамалдар. Блуа, Шомон,
Шамбор, Шенонсо, Амбуаз және тағы да басқа көптеген са#
райлар өзінің архитектурасымен және Франция үшін маңызды
көптеген тарихи оқиғаларға куә болғандығымен қызықты. Олар
күрделі реттелген композициясымен, таңдаулы безендірілуімен
ерекшеленеді. Осындай сарайларға толы Луара алқабын Фран#
ция жауһарына жатқызады.
Қазіргі Париждің назар аударатын жерлерінің бірі – Эй=
фел мұнарасы. Ол 1889 ж. салынған ол қаладағы өзге
нысандардың
ешбіріне
ұқсамайтындықтан,
алғашында
француздардың наразылығын тудырды. Алайда, арада
уақыт өткеннен кейін париждіктер шеберлікпен істелген
мұнараның биіктігін, жеңілдігін және көркемдігін бағалай
бастады.
XІV ғ. бой көтерген
Сюлли#сюр#
Луар сарайының
қабырғаларында
француз қаһарман
қызы, қолбасшы
Жанна Д`Арк
бейнеленген.
Еуропа
Тау шыңдарын бағындыратын спортшылардың альпинист
аталу себебі – дәл осы Альпі шыңдарында спорттың осы түрі
пайда болған. Ал, сол спортшылардың асуларға шығатын
ұшы өткір ұзын таяқшалары альпеншток аталып кеткен.
Еуропаның биік таулары
Еуропа мен Азия – Еуразия деп аталатын бір құрлықта
орналасқан әлемнің екі бөлігі. Олардың арасындағы шартты
шекара болып аласа Орал таулары мен көкпен таласқан Кав#
каз шыңдарынан солтүстікке қарай жатқан Кумо#Маныч ойпаты
жатыр. Сондықтан, Еуропаның биік таулары болып Еуропаның
нақ жүрегінде орналасқан Альпі таулары саналады. Бұл таудың
атауының да кельттің «альп» – «биік тау» сөзінен шыққаны да бе#
кер емес.
Альпі таулары Италия, Франция, Швейцария, Лихтенштейн,
Австрия, Германия және Словения сынды жеті еуропалық
мемлекеттің территориясында орын теуіп, Еуропаның өмір
тарихында айтарлықтай рөл атқарған. Бұл тауларда соғыс
қимылдары жүргізілген уақыттар да болды. Б.з.д. 218 ж. альпі
асулары арқылы карфагендік қолбасшы Ганнибалдың әскері
өтіп, қаннен#қаперсіз жатқан римдіктердің ту сыртынан тап
Монблан (франзуша «ақ
тау») – Еуропаның ең биік
шыңы. Оның биіктігі 4807
м. Бұл шың Франция мен
Италия шектескен Батыс
Альпіде орналасқан
Әлем ғажайыптары
берді. 1799 ж. А.В.Суворовтың басқаруындағы орыс әскері өте қиын асулар арқылы Альпі тауларын асып, мүмкін емес боп көрінген ерлікке бара# ды. Орыс сарбаздарының бұл ерлігі В.И. Суриковтың «Суворовтың Альпі арқылы өтуі» деп аталатын атақты картинасында бейнеленген. Осынау биік еуропалық та# улармен сенбернар деп ата# латын иттің тұқымының шығу тарихы да байланысты. Бұл тұқымды Қасиетті Бернарды (французша «Сен#Бернар») мекендеген тақуалар дүниеге әкелген. Монастырь Альпі тауларының жоғары жағында биікке орналасқандықтан, Биік таулардың қасында Альпідегі қалашық ойыншық тәрізді көрінеді қарлы боран соққан сайын, тақуалар тауға шығып, адасқан жо# лаушыларды іздеуге шығатын. Алайда, қарда адасқан адам# дарды табуда иттер жақсы көмектесетін болып шықты. Сен# Бернар монастырынан шыққан иттердің тұқымдары осылайша сенбернар аталып кетті. Бұл иттер сезімтал, ақылды, мейірімді және күшті болып келеді. Францияда монастырьдың сенбер= нар иттерінің бірі Барриге ескерткіш те орнатылған. Сол Барри Альпі тауларында 40 адамды құтқарған. Бұрынғы уақыттарда адамдар тауға тек қажеттіліктен шығатын, ал қазір демалып, көңіл көтеруге шығатын болды. ХХ ғ. Альпі таулары Еуропаның ең сәнді, әрі танымал курор# тына айналды. Мұнда жұрт тау шаңғысы мен сноуборд теуіп, қыздырынып, таудың көз тартарлық сұлулығын тамашалайды. Еуропа
Ежелгі римдіктердің мұрагерлері
Архитектуралық
жауһарлардың
көптігімен
Италия
ашық
аспан астындағы мұражай аталады. Солардың ішіндегі ең
ірісі– антикалық ғимарат Колизей амфитеатры. Одан өзге Рим#
де храмдардың, термдердің (монша), форумдардың қираған
қалдықтары сақталған. Олардың ішінде атақты Пантеон (б.з.д.
ІІ ғ. бой көтерген барлық құдайлардың дөңгелек ғибадатханасы)
бар. Алайда, Италия тек антикалық ескерткіштерімен ғана
мақтанбайды. Мысалы, атақты, еңкейген Пизан мұнарасы –
Пиза қаласы соборының қоңыраулығы болып саналады. Оны
салып бастаған сәулетші Бонанно бірінші қабаттың құрылысын
бітірген кезде, мұнараның бір жағына қарай жантайғанын байқап,
қорқыныштан қаланы тастап қашады. Бұл ХІІ ғасыр болатын.
Одан кейін де құрылыс жүмыстары тағы екі ғасырға созылып,
қоңыраулық сегіз қабатқа дейін көтеріліп, оның қисаюы 5 м. дейін
жетеді. ХХ ғ. қауіпті қисайған мұнараны сақтап қалу туралы жоба#
лар жасала бастайды. Алайда, инженерлердің есебі бойынша, бұл
мұнара әлі де ешқандай тіреусіз ұзақ тұруы керек.
Италияның Венеция қаласының негізі көптеген ғасырлар
бұрын қаланған. Әуелгіде Адриат теңізінен жіңішке құмды мүйіс
арқылы бөлінген су айдындарындағы шағын аралдарда бірнеше
қоныстар пайда болып, содан соң, олардың араларына көпірлер
салынып, одан соң адамдар теңізден өздеріне қажетті жерлерді
Риальто көпірі Венециядағы ең
жалпақ Үлкен каналдың үстінен
өтіп жатыр
тартып алып, су үстіне үйлер
тұрғыза бастады. Су түбіне
беріктігі мен мықтылығымен
мақталатын
балқарағайдан
жасалған қадалар қағылып,
сол қадаларға мықты іргетас
Әлем ғажайыптары
құйылды. Қазіргі Венецияның көшелерінің орнын ескі бір ескекті қайықтар мен заманауи өзен трамвайлары жүзетін ка# налдар басқан. Каналдардың жағалауларында әсем ита# льян сарайлары – палаццолар орналасқан. Көп жұрт «гүлденуші» де# ген мағынаны білдіретін Фло= ренция қаласын Италияның ең сұлу қаласы деп санайды. Мүлтіксіз әсем жасалған собор Санта=Мария дель Фьоре, Давидтің мүсіні, сияқты ұлы мүсінші Микеланджелоның ту# ындылары (Давидтің түпнұсқа ескерткіші музейде, көшеде көшірмесі тұрғаны рас), сал# танатты палаццо және бай қалалықтардың үйлері... Егер қалаға жоғарыдан қарайтын болса, ертеректе жабылған жирен жабынқыштан көз шағылысқан болар еді. Санта#Мария дель Фьоре соборының күмбезін 1420# 1436 ж.ж. аралығында сәулетші Филиппо Брунеллески тұрғызды. Ағашсыз тұрғызылған бұл күмбез инженерлік және сәулет өнерінің жауһарына айналды. Флоренцияның тұрғындары Брунеллескидің күмбезін ғалам ғажайыптарының қатарына жатқызады. Пизан мұнарасы қалалық собордың қоңыраулығы ретінде соғылды. Еуропа
Ұлы Эллада Бірнеше мыңжылдықтар бұрын Балқан түбегі мен Же# рорта теңізінің аралдарында өмір сүрген ежелгі гректер өздерін эллиндер, ал елдерін Эллада деп атаған. Қазіргі Гре# кия жерінде сол дәуірлерден қалған көптеген антикалық ескерткіштер сақталған. Крит аралында ертерек# те озат теңізшілер, шеберлер мен суретшілер өмір сүрген. Астаналық Кноссе қаласында 3,5 мың жыл бұрын көптеген ұзын аралық жолдары, сал# танат залдары, сәнді жатын бөлмелері бар өте жақсы са# рай сән түзеді. Бұл сарайды көрген гректер – кірген адам шығар есігін таба алмайтын ғимарат, лабиринт атап кетті. Олар бұл лабиринтті басы бұқаның басы, денесі адамның денесінен тұратын құбыжық, қанішер Минотавр жайлаған деп сенді. Көптеген ғасырлар бойы адамдар лабиринт жай ойдан шығарылған аңыз деп келсе, ХХ ғ. басында Кносс сарайын қазған ағылшын ар# хеологтары лабиринттің шын мәнінде болғанын дәлелдеді. Тіпті қабірлер де кейде өнер туындыларының та# маша жиынтығы бола ала# ды. Афиналық қабірстанда («өлілер қалашығы») бе# дерлері ержүрек сарбаз# дар мен сұлу әйелдерді бейнелеген мүсіндік құлпытастардың өте көп мөлшері сақталған. Егер тіпті қарт адам дүние салса да, гректер ешқашан кәрі адамды бейнелемейтіндіктен, антикалық құлпытаста ол жас, сымбатты қалпында бейнелен# ген. Ежелгі Афинаның басты храмы – Парфенон қаланың қорғаушысы, құдай ана Афина Палладаға арналған. Әлем ғажайыптары
Акрополь бірегей архитектуралық кешені қазіргі Грекияның астанасы Афинада сақталған. Грекше «Акрополь» – «жоғарғы қала» дегенді білдіреді. Бұл мекен көне Афинаның тұрғын үй орамдарынан жоғары, негізінен, ғибадатханалар мен алып ескерткіштерден құралып, тегіс төбенің басына қоныс теп# кен. Афинаның басты ғибадатханасы б.з.д. V ғ. салынған (сәулетшілері Иктин мен Калликрат) Парфенон болды. Грек# тер оны әлемдегі ең әдемі де маңдай алды ғибадатхана санап, үнемі ғалам ғажайыптары қатарына қосатын. Парфенон 2 мың жылдан аса уақыт бойы тұрып, ішінара XVІІ ғ. мүжіле бастады. Афиналық Акропольда, алып та, тіп#тік Парфенонға жақын жерде шағын, нақышты Эрехтейон жайғасқан. Бұл храмның үш түрлі діңмаңдайшасы (кіреберіс) болған. Бір кіреберісіндегі қалқаны бағаналар емес, алты қыздың мүсіні (мұндай мүсіндер кариати= далар аталады) тіреп тұрған. Криттегі Кносс сарайының ішкі қабырғаларына таңқаларлық кескіндеме суреттері – фрескилер салынған Еуропа
Славян елдері Қазіргі Еуропада тектері ортақ, туысқан тілдерде сөйлейтін халықтардың өкілдері – миллиондаған славяндар өмір сүреді. Орыстар – сол славян халықтарының бірі. Шығыс Еуропадағы– Украина, Белорусь, Польша, Чехия, Словакия, Оңтүстік Еуропадағы – Болгария, Сербия және Черногория, Босния және Герцеговина, Хорватия, Словения, Македония жататын славян мемлекеттерінің тарихтары көнеден тамыр тартып, олардың көптеген қалалары, храмдары, монастырлары мен сарайлары әлемнің көз тартарлық орындарына айналды. Адриат теңізінің үстіндегі тік жарлы мүйістен орын теп# кен Хорватияның Дубровник қаласы ортағасырлық қаланың кескінін сақтап қалған бірден#бір қала. Қаланың ескі бөлігі екі қатар мықты қорған қабырғасымен қоршалған. Таспен ше# генделген көшелері мүсіндермен нақышталған субұрқақтарға апарады. Дубровниктегі тамаша сарайлар сәнді шіркеулермен қатарласқан. Көне православ шіркеулері мен монастырлары Болгарияның әр түкпірінде сақталған. Олардың қатарында Х ғ. негізі қаланған Риль монасты# ры да бар. Ал, ел астанасы Софияда VІІ ғ. салынған Қасиетті Софияның көне соборы сақталған. Дәл осы собордың құрметіне қала атауы берілген. Дубровник қаласы Адриат теңізі маңындағы хорват жауһары аталады Әлем ғажайыптары
Славяндар христиан дінін өздерінің оңтүстік көршілері – Ви#
зантиядан қабылдаған. Ортағасырларда Русьте және өзге
де славян елдерінде шіркеулер салынып, монастырлардың
негізі қаланды. ХІ ғ. Киевте ерлер монастырының – Киев=
Печер лаврының негізі қаланды. Оның тақуалары Ежелгі
Римнің алғашқы христиандары сияқты жер астынан үңгір
ғибадатханаларын қазып алып, үңгірлерде өмір сүрді. Сол ХІ
ғ. Данышпан Ярославтың тұсында Киевте Византия астана#
сы Константинопольдегі әйгілі Қасиетті София (Айя#София)
мешітінің үлгісімен София соборы тұрғызылды.
Әлемнің ең әдемі қалаларының бірі, Чехияның астана#
сы Прагада VІІІ#ІX ғ.ғ. тоғысында ортағасырлық сәулет өнерінің
ерекше ескерткіші – Қасиетті Вита соборы (XІV#XІX ғ.ғ.) бой
көтерді. Праганың қазіргі заманғы назар аударарлық көрікті
орындарының бірі – «Билеп тұрған үй» (1995 ж., сәулетші
Ф.Гэри). Оның екі бөлігі билеп тұрған жұп сияқты бір#біріне жа#
бысып тұр.
Влтава өзенінің үстінен Карл ІV корольдің
тұсында (XІV ғ., сәулетші П.Парлерж) салынған
Прагалық Карлов көпірінің ұзындығы 520 м. XVІІ
ғ. бері көпір мүсіндермен безендірілген
Еуропа
Еуропа мен Азияның шекарасы
Ресей – әлемнің Еуропа мен Азия сияқты екі бөлігінде
орналасқан, батысында Балтық теңізінен, шығысында Тынық
мұхитқа дейін, солтүстігінде Арктикадан оңтүстігінде Кав#
каз тауларына дейін созылып жатқан, жер шарындағы ең
үлкен мемлекет. Бұл елді көптеген халық мекендегендіктен,
көптеген дәстүр араласып, әр түрлі мәдениеттің таң қаларлық
қорытпасы пайда болған.
Мәскеудің Қызыл алаңындағы
Василий Блаженныйдың соборы. Оң
жағында Мәскеу Кремлінің Спасс
мұнарасы
қабырғаларымен шектеседі. Алаңның оң жағында XVІ ғ. Ва=
силий Блаженныйдың (қуанышты) керемет, мерекелік со#
боры салынды. Әлемнің жаңа кереметтерін айқындайтын да#
уыс беру кезінде Василий Блаженныйдың соборы мен Мәскеу
Кремлі он екінші орын алып, жүлделі жетілікке сәл жетпей
қалды. Қалай болғанда да, бұл жағдай мәскеуліктерге Кремль
ансамблін мақтан тұтып, оны әлемнің нағыз кереметтерінің
қатарына қосуына кедергі келтірмейді.
Үш жүз жылдан аса тарихы бар Санкт#Петербург қаласы
Нева өзенінің жағалауына жайыла орналасқан. Бұл кере#
мет қала кейде Солтүстік Пальмира немесе Солтүстік Ве#
неция аталады. Себебі, Петербургте Невадан өзге көптеген
Мәскеудегі Қызыл алаң–
қаланың
тарихи
орталығы
ғана емес, көптеген тарихи
ескерткіштерді
біріктіретін
көне алаң. Ол Ресейдегі ең
үлкен
Мәскеу
Кремлінің
Әлем ғажайыптары
өзендер, арықтар мен арналар тоғысқан. Осындай мол судың үстінен алып, кемелер келгенде жол беру мақсатында ашылатын көпірлер мен өте шағын, кіштентай көпірлер жүргізілген. Ал, өзендер мен су арналарының жағалауын ала саңырауқұлақтай қаптаған сарайлар Петербургты әлемнің Ғалам ғажайыптарының қатарына Мәскеу ме# тросын жатқызса да бо# лады. Оның әлемдегі ең әдемі жер асты темір жолы екені шүбәсіз. Ме# тро станцияларының жерасты сарайлары деп жиі аталуы да тегін емес. Новослободская, Кро# поткинская, Маяков# ская (бәрін тізіп шығу мүмкін емес) тәрізді станцияларды – нағыз өнер туындылары деуге болады. Кавказ тауларындағы Эльбрус шыңы – Ресейдің ең биік шыңы. Оның биіктігі 5642 м. ең әдемі қалаларының біріне айналдырған. Ресейде бірегей табиғи объектілер де көптеп орналасқан. Олар – Камчатканың жанартаула= ры мен гейзерлері, әлемдегі суы тұщы, ең терең көл Бай= кал және биік, асу бермес та# улар. Кавказдың ең биік шыңы – Ресей Федерациясының құрамына енетін Кабардин# Балкария республикасының аумағындағы Эльбрус шыңы. Еуропа
Азия
Азия елдерінің сан ғасырлық тарихы бар. Мыңжылдықтар
бойына бұл жерлерде сарайлар мен ғибадатханалар бой
көтеріп, қантөгіс соғыстар жүріп, сауда=саттық жолда=
ры жүргізілді. Тілдердің, діндердің, ұлттардың арала=
суы бұл жерлерге көптеген тәу етушілер мен қызығушы
туристерді тартатын қайталанбас келбет сыйлады.
Еуропа мен Азияның көпірі
Еуразияның Еуропа мен Азия сияқты екі бөлігінде орналасқан
Ресейден өзге тағы бір елі – Түркия. Б.з.д. VІІ ғ. гректердің
Византия қаласы болып негізі қаланып, кейіннен Византия
империясының астанасы Константинопольге айналған, Осман
империясының орталығы және 1923 ж. дейін Түркияның аста#
насы болған Түркияның ең ірі қаласы Стамбулдың тарихы таң
қаларлық. Стамбул Еуропа мен Азияны бөліп тұрған Босфор
бұғазының екі жақ жағалауына созыла қоныстанған. 1970 ж.ж.
бұғаз арқылы ұзындығы бір жарым шақырымға жететін көпір
салынып, қазіргі таңда теңіз үстінен жаяу әлемнің бір бөлігінен
келесі бір бөлігіне еш қиындықсыз өтіп жүре беруге болады.
Төрт мұнара#
мінберлі Айя#
Софияның
қырынан
алынғандағы
көрінісі
Әлем ғажайыптары
Стамбулда христиан әлемінің ең көне және әйгілі шіркеулерінің бірі – Қасиетті София (Айя=София, VІ ғ. салынған) ғибадатханасы сақталған. Құдай үйінің алып, орталық күмбезін жарты# лай күмбездер мен олардан кіші күмбездер қоршаған. Соның әсерінен, ғибадатхана бір мезетте алып және көкке Киевте болғандар Айя#София киевтік София соборына қатты ұқсайтынын аңғарады. Бұл кездейсоқтық емес: Киевтің басты храмын сол кездегі православ әлемінің орталығы Константинопольдің басты ғибадатханасының үлгісімен соққан. Памуккале ұмтылғандай көрінеді. Оның аркалы терезелермен белдеу# ленген орталық күмбезі аспанда қалықтап жүргендей. Айя# Софияның іші кіріп келе жатқандар ойлағаннан әлдеқайда кеңірек. XV ғ. шіркеу мешітке айналдырылып, төрт жағынан мұнара салынған. ХХ ғ. Айя#София мұражайға айналды. Оны қалпына келтірушілер сылағының астынан тамаша византиялық мозаика тапты. Памуккалені (түрікше «мақталы сарай»)түріктер әлемнің сегізінші кереметі деп зор мақтанышпен атайды. Бұл қалашыққа қашық емес жердегі таудың сай#саласынан ағатын ыстық бұлақтар сарқырамаға айналып, ал олардың құрамындағы тұздар тұнба болып жиналып, ақ қар түстес терассаларға айналды. Судың легі қатып қалғандай көрінгенімен, сіздің алдыңызда мұз да, қар да емес, кальций карбонатының ыстық бұлақтардан тұнуынан пайда болатын тау өнімі – тавертин. Азия
Киелі мекен Израильдің ең үлкен қаласы Иерусалим – 3,5 мың жыл жасаған, Жер шарының ең ежелгі қалаларының бірі. Иерусалим – иудейлер, христиандар және мұсылмандар сияқты әлемдік үш дін өкілдері үшін де киелі мекен. Қасиетті жерлерге зиярат ету үшін мұнда әлемнің барлық түкпірінен діндарлар келеді. Иудейлердің қасиетті мекені – Жылау Қабырғасы римдіктер қиратқан Иерусалим храмын қоршап тұрған ежелгі батыс қабырғасының сақталған бөлігі. Алғашқы ғибадатхананы Иерусалимнің Ғибадатханалар тауында Сүлеймен пат# ша б.з.д. Х ғ. салып, б.з.д. VІ ғ. ол вавилондықтан тарапынан қиратылады. Бірақ, қайта қалпына келтіріліп, б.з.д. І ғ. Ирод патша оны кеңейтіп, қайта салады. Сонымен қатар, Ирод патша қайта салынған ғибадатханаға тарлық қылатын болғандықтан, Ғибадатханалар тауының аумағын ұлғайтқан үйме топыраққа тірек болатын тасты қабырға салуды бұйырады. Ал, жүз жыл# дан кейін римдіктер Иерусалим храмын тас#талқанын шығарып қиратқаннан кейін, оның тек кейіннен Жылау Қабырғасы аталып кеткен төбешікті демеп тұрған тас қабырғасы ғана қалады. Бүкіл әлем христиандары үшін Иерусалим – Иисус Христос (Иса пайғамбар) бақилық болған қасиетті жер. Христиан тәу етушілері мұнда Құдайдың Қабірі храмына (Иерусалимдегі Христостың Қайта Тірілу храмы) келеді. Храм Иса пайғамбарды Жылау Қабырғасындағы тастар арасындағы қуыстарға еврейлер Құдайға арналған өтініш хаттарын тығады Әлем ғажайыптары
Иерусалимдегі мұсылмандардың қасиетті орындары – бір кездері ежелгі Иерусалим храмы тұрған Ғибадатханалар тауынан бой көтерген Әл#Ақса мешіті мен Қуббат#ас#Сахра («Жартастың күмбезі»). Оларды VІІ ғ. Иерусалимді жаулап алған арабтар салған. Хикаялар бой# ынша, дәл осы Ғибадатханалар тауынан Мұхаммед пайғамбар Миғраж түні жәннатқа көтерілген. Құдайдың Қабірі Храмы шарғыға шегендеген тау Голгофаның жотасына және ол қайта тірілгенше оның денесі тыныс тапқан үңгірдің үстінен бой көтерген. Мұндағы алғашқы шіркеудің негізі қасиетті Елена тұсында қаланып, ж. салынып бітті. Аңыздар бойынша, Елена Иса пайғамбар шегенделген шарғының қалдықтарын та# уып, осы жерге шіркеу салу# ды бұйырған. Нәтижесінде, бұл храм қирап, қалпына келтіріліп, өртеніп, салынып, кеңейтіліп отырған. 1810 ж. ол қазіргі қалпындағы күйінде салынып шығады. Храмның қақ ортасында – Христостың мүрдесі жатқан үңгірдің дәл үстіне мәрмәрдан салынған шағын шіркеу Кувуклия орналасқан. Әр жыл сайын ұлы хри# стиан мерекесі Пасханың қарсаңында Кувуклияға жарық шашқанымен, күйдірмейтін жарылқаушы алау келтіріледі. Сенім бой# ынша, бұл керемет болмаған (жарылқаушы алау келме# ген) күні ақыр заман келеді. Азия
Әлем ғажайыптары Ежелгі өркениеттер елі Қазіргі азиялық мемлекеттер Ирак пен Иранның территори# яларында, Тигр мен Евфрат сынды ұлы өзендердің аралығында бір кездері жер шарындағы алғашқы мемлекеттер дүниеге келді. Ерте заманда бұл жерді Месопотамия (грекше «өзендер арасындағы орын») деп атаған. Бұл орын адамзат өркениетінің бесігі аталса, Қосөзен аралығы ғаламның нағыз ғажайыбы са# налды. Ирак астанасы Бағдадтан 80 шақырым жерден, Евфрат өзенінің солтүстік жағалауынан ХІХ ғ. археологтар қазба жұмыстарын жүргізе бастады. Соның нәтижесінде, олар алып қорған қабырғаларының қалдықтарын, өзгеше ғибадатханалардың үйінділерін, орасан зор сарайлардың күресіндерін табады. Бұған таң қалудың да қажеті жоқ – себебі, дәл осы жерде бір кездері ежелгі Вавилон қаласы болған. Бұған дейін сіздерге Вавилонда ғаламның ежелгі жеті кереметтерінің бірі – Семирамида бағы (12# Сирруш фантастикалық аңы аждаһаны елестетін: мүйізді, жыланбасты, алдыңғы аяқтары – арыстандыкі, артқы аяқтары – қырандыкі. Ал, шеду болса, сақалды адамның бейнесіндегі, үлкен тәжді, алып қанатты бұқадан біріктірілді. Ол өзіне бұқаның бас бермейтін асаулығы мен жойқын күшін, адамның ержүректігі мен ақылын біріктірді. Иштар қақпасы (қалпына келтірілген)
Азия 13 б. қараңыз) болғаны мәлім. Ежелгі әлемнің барлық түкпіріне бұл қаланың асу бермес қамалдары мен мұнаралары жайындағы дақпырт та кеңінен тараған. Сол Вавилонның бір қақпасы – Иш# тар құдайға арналған. Оның алып, кірпіштен құйылған аркасы көгілдір, сары, ақ және қара тақтатастармен қапталған. Иштар Қақпасы арыстандардың, өгіздердің және фантастикалық аң сирруштардың барельефтерімен (тегіс мүсіндер) безендірілген. Қақпаның биіктігі – шамамен 14 м., ұзындығы – 10 м. болған. Қақпаның сол табиғи қалпындағы көшірмесін Ирактан немесе Берлиндегі Пергамон#мұражайдан көруге болады. Иранның оңтүстік#батысында ежелгі парсы империясы – Персепольдің күйреген жұрты бар. Персепольді тіпті ер# Қанатты шеду – күшті, ақылды және ержүрек хайуан теде, б.з.д. ІV ғ. парсылар# мен соғысқан ұлы қолбасшы Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайын) әскері қиратқан. Археолог# тарды мұнда тіпті қызықты олжалар күтіп тұр еді. Дарий патшаның сарайының қираған орнын қазған ғалымдар қақпа күзетшілері – қанатты бұқалардың мүсінін табады. Олардың кейбір жерлері еги# пет сфинкстерін еске түсіретін. Әрбір бұқаның бес аяғы болғандықтан, алдынан, ар# тынан, жанынан болсын, қай жерден қарасаң да жүріп бара жатқандай әсер қалдыратын. Бұл бұқалар шеду аталып, адам баласының өмірлік қуатын кейіптейтін қорғаушы# рух саналатын.
Әлем ғажайыптары
Аралық империя
Аралық империя, Аспан асты деген атаулардың өзі#
ақ қиялыңа қозғау салады. Қытайда болған алғашқы
еуропалық Марко Поло бұл елге таң қалып кетеді. Отанына,
Италияға келгенде оның ғажайып қағаз ақшалар, «жанатын»
қара тастар – көмірлер туралы әңгімелеріне ешкім сенбейді.
Ал, егер, қағаз, оқ#дәрі, фарфорды ойлап тапқан, Ұлы Қытай
қорғанын салған (20#21 б. қараңыз), керемет храмдар салған
қытайлықтар екенін ескерсек... Бұл ежелгі алып мемлекет –
нағыз ғалам ғажайыбы!
Қытай астанасы Пекин (Бейжің, «солтүстік астана»)
мақтанатын көрнекі жерлердің қатарында 1 млн. адам
сыйғыза алатын әлемдегі ең үлкен Тяньаньмынь алаңы
мен әлемдегі ең үлкен сарай Гугун («Жабық қала») жа#
тады. XV ғ. бірінші жартысында салынған бұл Гугун сарай
кешені (оның құрылысына 1 млн. құрылысшы ат салған)
9999 бөлмеден тұрады! Сарай Бейжіңнің орталығында
орналасқанымен, оған қарапайым тұрғындардың кіруіне
тиым салынды: ол қаладан су толтырылған арна мен қорған
Мыңдаған терракотты армия сарбаздарының
ішінде тіпті бірдей екеуі кездеспейді
Азия арқылы бөлінді. Сарайға кіру тек Аспан Тыныштығының қақпасы деп аталған қақпа арқылы кіруге болатын. Сарай кешені Ішкі және Сыртқы сарайға бөлінеді. Сыртқы сарайда император мемлекеттік істермен айналысса, Ішкі сарайда оның жанұясы өмір сүрген. 1974 ж. Қытай бүкіл әлемді жаңа кереметімен таң қалдырды. Шэньси провинциясындағы шаруалар жер суа# ратын арналар қазу барысында байқаусызда жерге көмілген сарбаздардың терракотты (балшықты) мүсіндердің үстінен Қытай астанасының алып саябағының қақ ортасын# да Тяньтань («Аспан ғибадатханасы») ғибадатхана кешені орналасқан. Бір кездері Аспан ғибадатханасына жылына екі рет император (өзін аспан ұлы санайтын) бас сұғатын. Тек сол ғана дұғаларды көкке жеткізе алады деп түсіндірілетін. Аспан ғибадатханасында дөңгелек және шаршы бөлшектер үндесетін. Қытайда дөңгелек – аспанды, шаршы – жерді бейнелейтін. Циняньдянь («Мол егін үшін құлшылық ғибадатханасы») Аспан ғибадатханасының басты ғимараты шығады. Алты мыңнан астам жаяу және атты (мүсіндер табиғи көлемімен бірдей жасалған) сарбаз# дан тұратын сазды терра= котты армия ежелгі импе# ратор Цинь Шихуандидің (Ұлы Қытай Қорғанының құрылысын бастаған) қабірін «күзеткен». Саз# ды сарбаздарды белгісіз қытай мүсіншілері б.з.д. ІІІ ғ. жасаған.
Әлем ғажайыптары Жұмбақ түбек Үндістан – еуропалықтарды өз тұрғындарының сыртқы келбеті арқылы («... ерлері де, әйелдері де қап#қара,» # деп жазған бір кездері тверлік саяхатшы Афанасий Никитин) ғана емес, экзотикалық табиғатымен, өмір сүру дағдысымен таң қалдыратын ертегілік шығыс елі. Мысалы, үндістердің көпшілігі – жан#жануарлардың барлығы да киелі деп санағандықтан, оларды өлтіруге болмайды деп, вегетариандық (тек өсімдік тағамдарымен қоректенеді) өмір салтын ұстанады. Олардың ерекше құрмет тұтатындары сиыр, піл, маймылдар. Сондай#ақ, Үндістанда та# улар мен өзендерді (мысалы, қасиетті Ганг), өсімдіктерді (лотос, т.б.) ұлықтайды. Ғаламды жаратқан Брахма, оны күзетуші Вишна, әлемдік тыныштықты бұзуға ұмтылушы Шива сияқты үнді құдайларына үлкен ғибадатханаларында та# бынады. Жіңішке ою#өрнектерімен нақышталған храмдары көптеген тәу етушілерді қызықтырады. Храмдарды әрлеген тас мүсіндер құдайлар мен мифологиялық көріністерді бейнелейді. Үндістер сансараға – адам Танджавурдегі (Оңтүстік Үндістан, Тамилнад штаты) индуистік Брихадешвара храмы. ХІ ғ. Үндістер қала секілді алып храмның жұмбақ қойнаулары құдайлық қасиет жасырған деп сенеді
Азия жанының көшпелілігіне сенеді: адам қаншалықты адамгершілікті өмір сүрсе, өлгеннен кейін оның жаны соғұрлым жақсы мекенге – мысалы, өзінен жоғары каста өкіліне барып қонады (касталар – бөлінуі ежелгі дәуірде#ақ басталған өзіндік сословиелер). Қазіргі Үндістанда ресми түрде барлық кастаның құқы бірдей. Алайда, дәстүрдің қуаты әлі күнге қайтпаған: әр кастаның өкілі бір#бірімен аралас некеге тұрмақ түгілі, бір#бірінің кастасын қорламас үшін, бір#біріне жақындамай, тамақтануды жиі бөлісе алмай қалады. Б.з.д. VІ ғ. Үндістанда әлемдік діндердің бірі – буддизмнің негізін қалаған Гаутама хан# зада (Будда) өмір сүрген. Буддизм Үндістанда мың жылдай салтанат құрып, кейіннен өзге инду# изм дінінің ықпалымен ығыстырылды. Үндістанның табиғаты сан алуан, ал кейбір аяқ жет# пеген аудандары әлі жете зерттелмеген. Сол себепті, ғалымдар мен географтарға, биологтарға бұл үлкен елде көптеген жаңалықтар ашу үшін мүмкіндік зор. Мұнда таулар (солтүстігінде Индостан түбегі ғаламшарымыздың ең биік та# улары – Гималайға тіреледі) мен Инд пен Ганг өзендері алабындағы жазықтар, саван# налар мен мәңгі жасыл ор# мандар – джунглилар бар. Р.Киплингтің Маугли туралы кітабын оқыған әрбір жан джун# глилерде жолбарыстар мен пілдер, аюлар мен қабыландар, алып жыландар мен май# мылдар өмір сүретінін білетін шығар. Осы секілді хайуанат# тарды сақтап, зерттеу үшін, Үндістанда 40#тан астам ұлттық парктер құрылған. Б.з.д. ІІІ –ІІ ғ.ғ. Санчи қаласында салынған Ступа (будда ғибадатханасы)
Африка Африканы оның байырғы тұрғындарының қара нәсілді болып келуі себепті қара құрлық деп атай= ды. Ғалымдар Жер шарындағы алғашқы адам бала= сы сол Африканың шетсіз=шексіз тропикалық жазығы – саванналардың бірінде пайда болған деп есептейді. Үлкендігі жағынан екінші орындағы (Еуразиядан кейін) Африка – жалықпайтын, әуесқой саяхатшыларды мұнда солтүстіктегі мыңжылдық ежелгі ғибадатханалардың қираған жұрты, экватордағы ит тұмсығы батпайтын джунглилер, жанартаулар мен сарқырамалар, таулар мен құздар, таңқаларлық өсімдіктер мен экзотикалық жануарлар сияқты өте көп қызықтар күтеді. Ежелгі перғауындар жері Қазіргі Египеттің астанасы Каирге жақын елді мекен Гизада біздің күнімізге дейін бұзылмай аман жеткен ежелгі пирамидалар сақталған (6#7 б. қараңыз). Бұл ежелгі жеті кереметтің біз өз көзімізбен көре Үлкен Сфинкс алатын жалғыз өкілі. Алайда, пирамидалар перғауындар дәуірінен қалған бірегей ескерткіштер емес. Дүниеден өткен египет билеушілерінің алып қабірстанын жұмбақ тас мақұлық күзетеді. Бұл алып ескерткіштің денесі арыстандыкі, басы адамдыкі болып келсе, басына Ежелгі Египетте тек перғауындар ғана киетін клафт киген. Бұл б.з.д. Әлем ғажайыптары
XXVІІІ ғ. салынған Үлкен Сфинкс. Көп құдайға табынған египеттіктер тау жыныстарын қашай отырып, жартастарға ғибадатханалар салып, өздерінің ұлы өзені Нілдің жағасына ғибадатханалар кешенін тұрғызды. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтағы Египеттің басты қасиет орны Фива (қазір бұл жер сол жерде орналасқан араб елді мекенінің атына сәйкес Қарнақ немесе Луксор аталады) қаласынан орын тепті. Ғибадатханаларға сфинк# стер аллеясы жайғасқан кең жол апаратын. Бұл жолдың екі жағынан қой басты арыстан кейпіндегі фантастикалық мақұлықтардың тас мүсіндері бой көтерген#ді. Бұл сфинкстер, ғибадатханалардың қираған орны, сондай#ақ, Фивадағы перғауындардың жартастағы қабірстаны біздің заманымызға дейін сақталған. Өткен сан ғасырдың шешілмеген құпияларының бірі, нағыз кереметі египет иероглифтері болды (сурет#жазулар). Мұндай иероглифтерді көптеген храмдар мен қабірханалардың қабырғаларынан көруге болатын. Египет жазуларын ХІХ ғ. І жартысында алғаш рет оқыған француз ғалымы Ж.Ф.Шампольон болатын. Луксор ғибадат# ханалары Африка
Африканың табиғаты Африканың солтүстігінде Жер шарындағы ең үлкен шөл – Са= хара орналасқан. Оның түстігінде – саванналар, ал одан да әрі оңтүстікке қарай жүрсең, экватор айналасында мәңгі жасыл ормандардың кең алқабына жолығасың. Экватор Африканы ор# тан белінен қиып өтсе, материктің нақ жүрегіндегі өсімдіктер мен хайуанаттар оның шетіндегідей емес. Африканың басты табиғи көрікті мекенінің бірі – Замбези өзеніндегі Виктория сарқырамасы. Ол аса биік болмағанымен (су құлау бұрышынан 108 м. биіктіктен құлайды), өте жалпақ – құлап жатқан судың көлемі 1700 м. жетеді. Сарқырама үстінде үнемі тұман шоғыры тұтылып, құлап жатқан судың шуылы айналадағы бірнеше шақырымға жетеді. Жергілікті тұрғындар сарқыраманы «Гүрсілдеген түтін» атаса, Виктория есімін ағылшын саяхатшысы Д.Ливингстон берді. 1855 ж. сарқыраманы ашқан ол мұны ағылшын королевасының құрметіне осылай атаған еді. Африка саваннасы – бөкен, енеке, зебра, керік, мүйізтұмсық, піл секілді шөпқоректілердің нағыз патшалығы. Олжа соңындағы әрекет саваннаға арыстан, қабылан, леопард сияқты жыртқыш аңдарды, бөкен өлексесімен қоректенетін гиеналарды (шибөрі) әкелді. Бұларға қоса, Африкада Виктория сарқырамасы Әлем ғажайыптары
экзотикалық жәндіктердің түр#түрі мекендейді. Қоғамдық жәндіктер тер# миттер (тарақандардың алыс туыстары) саздан алып, биіктігі 3#5 м. жететін термит=үйлер соғады. Африканың жабайы өсімдіктерінің арасын# да – баобаб ағашы өседі. Оның діңінің қалыңдығы 25 м. жетеді. Ал, литопс деп аталатын таңқаларлық өсімдіктің жанынан оны байқамай өтіп кете бересің. Оның үстіне литопстар – нағыз өсімдіктің кереметі. Олар Оңтүстік Африканың шөлді жерлерінде ұшырасады. Жылдың құрғақ уақыттарында оларды тастардан ажырату мүмкін емес. Сол себепті де оларды «тірі тастар» деп атайды. Литопстың жера# сты бөлігі – біріге өскен, терең емес жарықшақпен бөлінген қалың екі жапырақ – құдды екі тас дерсің! Бірақ жаңбырдан соң, «тасты» жарықшақтан гүлшанақ пайда болып, та# маша жарқын гүл шығады! Африкада адамтәріздес шим# панзе мен горилла маймыл# дары өмір сүреді. Кейбір ғалымдардың пікірінше, миллиондаған жыл бұрын біздің бабаларымыз бір болған деген пікірлер де бар. Қаһарлы кейпі мен жойқын күшіне қарамастан, гориллалар – шөпқоректі (шөппен қоректенеді), бейбітсүйгіш жануарлар. Жа# байы табиғатта олардың өмір сүруіне қауіп төндіретін адам баласынан өзге мағлұмат жоқ. Керік Африка
Африканың оңтүстігінде
ХІХ ғ. Оңтүстік Африканың ну ормандарынан еуропалық са#
яхатшылар Замбези мен Лимпопо өзендерінің аралығынан
ежелгі тас қаланың қираған жұртын табады. Оны Үлкен Зим=
бабве («зимбабве» жергілікті тайпалардың тілінде «тас үйлер»
дегенді білдіреді) деп атаған. Әуелгіде археологтар қаланы
есте жоқ ерте заманда, бірнеше мыңжылдықтар бұрын Еуро#
падан немесе Азиядан қоныс аударып келген ақ нәсілділер
салған екен деп ойлаған. Тіпті Үлкен Зимбабвені аңызға
айналған билеуші, Інжілде аты аталатын Сав патшайымның
Үлкен Зимбабве
ежелгі
қаласының
жұрты
қаласы деп те атаған. Бірақ қазба жұмыстары бұл тұраққа әрі
кеткенде мың жыл болғанын және ол жергілікті шона халқының
күшімен тұрғызылғанын дәлелдеді. ХІ ғ. биік төбенің үстіне
алып қойтастардан қаланып, ұзындығы 250 м. жететін, сопақша
болып қоршалған «акрополь» пайда болған. Қабырғаның ар
жағына лашықтар салынып, құстар мен қолтырауындар бей#
неленген бағаналар қойылып, тас құрылыстар салынған.
Олардың ішінде ең жұмбағы – жылқы мұнарасы. Шамасы бұл
ғибадатхана болса керек. Бірақ, бұл мұнара шаршы тастар#
дан қаланғандықтан, ішкі бөлмелерсіз болғандықтан, оған кіру
мүмкін емес болатын.
Әлем ғажайыптары
Африканың оңтүстік шетінде мұхит толқындары шулап келіп
соғылып жатқан биік тік жартас – Қайырлы Үміт мүйісі орын
тепкен. Бұл Африканың ең оңтүстік нүктесі емес (ең оңтүстік
мүйісі – Инелі), бірақ дәл осы Қайырлы Үміт мүйісіне жеткен#
де жағалау алғаш рет Атлант мұхитынан Үнді мұхитына қарай
жол аша отырып, күншығысқа қарай бұрылады. Бұл мүйісті
ең алғаш рет 1488 ж. португал теңізшісі Б.Диаш ашып, Дау#
ыл мүйісі атаған. Бірақ, Үндістанға теңіз жолын ашуға тыры#
сып, Африка маңына экспедиция жіберген португал королі
ІІ Жуан бұл жерді Қайырлы Үміт мүйісі деп атауды бұйырды.
Көп ұзамай, португалдықтардың үміті ақталып, 1497 ж. Ва#
Шамамен XVІ ғ. неге екені белгісіз, Үлкен Зимбабвенің
тұрғындары қаланы тастап кетіп, тұрақ иесіз қалған.
Мүмкін, қала маңындағы жемісті жерлер тозып, оның
халқы өздерін асырай алмай қалғандықтан шығар.
Қала маңындағы бұлақ көздері сарқылған болуы
да мүмкін.
Қайырлы Үміт мүйісі
ско да Гама Қайырлы Үміт
мүйісін айналып өтіп, Үнді
мұхитына шығып, оны жүзіп
өтіп 1498 ж. Үндістанға жүзіп
келді. Қайырлы Үміт мүйісінен
Солтүстік
жартышардан
көрінбейтін Оңтүстік жарты#
шар аспанының шоқжұлдызын
өте жақсы бақылауға бола#
ды екен. ХІХ ғ. мұнда бейта#
ныс жұлдыздарды зерттеуге
еуропалық астрономдар ар#
найы келген екен.
Африка
Әлем ғажайыптары Америка Америка әлемнің бөлшегі ретінде Солтүстік Амери= ка және Оңтүстік Америка сынды екі құрлықты қосады. Жаңа Әлемнің кереметтері (жаужүрек теңізшілер ашқан құрлықтар осылай атала бастады) – таулар мен қалың жынысты ормандар, шөлдер мен сарқырамалардан тұратын таңқаларлық табиғат, Американың колумбқа дейінгі өркениетінің ескерткіштері, еуропадан қоныс ау= дарушылар салған жаңа қалалар. Нью=Йорк, Нью=Йорк… Америка Құрама Штаттарының ең үлкен қаласы – Нью#Йорк. АҚШ астанасы Вашингтон қаласы бол# са, Нью#Йорк елдің іскерлік, саяси және мәдени орталығы. Сан милли# он тұрғыны бар алып қала Солтүстік Американың шығыс жағалауында, Гудзон өзенінің Атлант мұхитына құяр жерінде орналасқан. Нью# Йорк айлағына кіре берісте АҚШ# тың символына айналған метрлік Бостандық ескерткіші бой түзеген. Оның тарихы да есте қаларлықтай. «Әлемге жарық әкелуші бостандық» ескерткішін Францияда сәулетші Ф.О. Бар# тольди жасаған. Мыстан жасалған ескерткіш 314 бөлікке бөлшектеліп, мұхит арқылы тасымалданып, Нью#Йоркте 1886 ж. Тәуелсіздік Алып Бостандық ескерткішінің тәжінің ішінде бақылау алаңқайы орналасқан
Америка Декларациясы (АҚШ#тың өзін тәуелсіз мемлекет деп жария# лауы) қабылданғанына жүз жыл толу мерейтойы қарсаңында қойылған. Нью#Йорктың көптеген аудандары аралдарда орналасқандықтан, қалада көпірлер көптеп салынған. ХІХ ғ. салынған аспалы Бру= клин көпірі – қаланың Бру# клин және Манхэттен сияқты екі ауданын байланыстырады. Бұл көпірдің ұзындығы 1825 м. Салынғанына бір жарым ғасырдан астам уақыт өткеніне қарамастан, көпір бәз#баяғы қалпында сенімді. Нью#Йорктың негізгі бет# бейнесі – оның атақты көк тіреген үйлері мен зәулім ғимараттары. Әсіресе, олар Манхэттен аралында өте көп. 1920#1930 ж.ж. аралығында салынған Эмпайр#Стейт# Билдинг (1931 ж.) немесе Крайслер (1930 ж.) сынды көптеген зәулім үйлер нағыз архитектуралық жауһарларға айналды. Жаңа Әлемнің ашылған күні болып жылдың қазаны есептеледі. Дәл осы күні Хрситофор Колумбтың кемелері Америка жағалауларына жақын жатқан Сан#Сальвадор аралда# рына ат басын тіреді. Ко# лумб жер шарын айна# лып өтіп, Үндістанға жүзіп келдім деп ойлап, жергілікті тұрғындарды үндістер деп атаған. Бірақ, оларға қойылған осы қате атау бәрібір сақталып қалды. «Крайслер» фирмасына тиесілі нью#йорктық 70 қабатты зәулім ғимараттың жоғарғы қабаты
Тұтас құрлық арқылы Нью#Йорк Солтүстік Американың шығыс, атлантикалық жағалауында орналасса, одан ішкері, құрлыққа қарай кіріп, АҚШ#ты Жабайы Батысқа (бір кездері құрлықтың батыс, тынық мұхиты жағалауындағы, сонымен шектесетін штаттарды атаған) дейін кесіп өтетін болсақ, Жаңа Әлемнің нағыз кереметтерін, көз тояр көркем жерлерін көруге болар еді. Ми= чиган көлінің жағалауында АҚШ#тың ірі қалаларының бірі Чи= каго орналасқан. Нью#Йоркте емес, дәл сол Чикагода бір кездері әлемдегі алғашқы зәулім үйлер пайда болған. Солтүстік Америкадағы үлкендігі жағынан үшінші орындағы Лос#Анджелесте америка киносының астанасы, әлемге әйгілі Голливуд бар. Сол Голливудтың бір бульвары Даңқ жолы деп аталған. Мұндағы тротуарға жұлдыздар ор# наластырылып, олардың әрбірінің ішіне атақты режис# сер, киноактер мен әншілердің есімдері жазылған. Сан#Францискодағы «Алтын қақпа» көпірі Мичиган көлі бес үлкен, көптеген майда суларды біріктіретін Ұлы көлдердің бірегей жүйесіне енеді. Ұлы көлдер (Жоғарғы, Гурон, Ми# чиган, Онтарио, Эри) – Жаңа Әлемнің бірегей табиғи ескерткіші. Америкалық штаттардың бірі Оңтүстік Дакота таула# рында таңқаларлық ескерткіш бар: мүсінші Г.Борлем жартас қойнауын қашап, Дж.Вашинг# Әлем ғажайыптары
тон, Т.Джефферсон, А.Линкольн, Т.Рузвельт сынды төрт
америкалық президенттің портретін бейнелеген. Ескерткіш
жұмыстары 1926 ж. басталып, 1941ж. автор дүние салғаннан
кейін тоқтаған.
Тынық мұхитының жағалауында АҚШ#тың Сан#Франциско,
Лос#Анджелес сынды ірі, әрі әсем қалалары орын тепкен.
Түбекте бой көтеріп, Алтын Қақпа шығанағы арқылы құрлықтан
бөлінген Сан#Франциско өзінің алып көпірлерімен мақтанады:
жалпақ бұғаз арқылы 1937 ж. салынған, жалпы ұзындығы 3100
м., негізгі қадаларының арасындағы 1281 м. құрайтын «Алтын
қақпа» аспалы көпірі бой түзеген.
Лос#Анджелеске жақын жердегі Анахайм қаласында 1955
Төрт
президентке
арналып,
аяқталмай
қалған
еакерткіш
алып көрінеді.
Таудан қашалып
шығарылған
кескіндердің
биіктігі 18 м.
жетеді
ж. балалар ғана емес, үлкендер де қуана қадірлейтін орын –
«Диснейленд» ойын#сауық паркі ашылды. «Диснейлендте»
бүкіл әлемде сүйікті Уолт Дисней мульфильмдерінің барлық
кейіпкерлері жан бітіп келгендей әсер қалдырады. Көңілді
тышқан Микки#Маустың бейнесі де парктің эмблемасына ай#
налды.
Америка
Таңғажайып табиғат
АҚШ#тың оңтүстік#шығысындағы Аризона штатында Колора#
до өзені тауды қалыңдығы жағынан кертіген терең, әрі жіңішке
алқап – Үлкен каньон (шатқалы) бар. Үлкен каньон 400 м. дейін
созылса, оның тереңдігі 1600 м. жетеді. Каньонның баурайы
өте көркем. Миллиондаған жылдар бойы жел оның құздары
мен жартастарына таңқаларлық түр сыйлаған: біреулері –
мұнараларға ұқсаса, өзгелері – ертегі кейіпкерлеріне, енді
біреулері – адамдарға ұқсайды...
АҚШ#тың
солтүстік
батысында,
шың#құзды
тауларда,
теңіз деңгейінен 2 км. биіктікте Йеллоустоун ұлттық паркі
орналасқан. Мұнда ыстық сұйық батпақ шашып жататын
батпақты жанартаулар, ыстық бұлақтар мен өте көп (шама#
мен 3000#дай) гейзерлер бар. Ең биік гейзер Экселсиор 90 м.
биіктікке атқылайды. Экселсиор жартасты жағалауы бар белгілі
бір үзіліс сайын көкке ыстық су мен будың тізбегі атқылайтын
шағын көлдің ортасында орналасқан. Бұл расында да өте әсем
көрініс!
«Гранд#каньон» (Үлкен каньон) АҚШ ұлттық паркі
Әлем ғажайыптары
АҚШ#тың биік таулы штаты Колорадода таң қаларлық Ескерткіш Алқабы орналасқан. Алқаптың жоғарғы қабаты жұмсақ тау қыртыстарынан тұрғандықтан, жел мүжіп, қатты қыртыстан тұратын қалыңдығы 30 м. дейін жететін жартастар жалаңаштанып қалған. Осы әлем#жәлем жартастар алқапқа өз есімін сыйлаған. Үш қызға ұқсайтыны (оларды «Үш әпкелі# сіңлілі» дейді), бір жартас тізесін бүгіп отырған тақуа әйелге ұқсайтыны («Тақуа әйел»), түсініксіз, жұмбақ «Жел құлағы» және өзге де табиғат сыйлаған көптеген фантастикалық туындылар бар. Канада мен АҚШ#тың шекарасындағы Ұлы өзендер жүйесіне кіретін Ниагара өзенінде Ниагара сарқырамасы бар (жергілікті үндістер тайпасының тілінде «ниакаре» «үлкен Солтүстік Американың оңтүстік#шығысындағы Сонор шөлінде нағыз ормандар өседі. Оларға жақын келіп, ба# жайлап қараған саяхатшылар бұл орманның ағаштан емес, кактустан тұратынын байқаған болар еді. Мұндай типтес шөлдер кактусты шөлдер деп аталады. Ниагара сарқырамасы шу» дегенді білдіреді). Оның ені шақырымнан аса# ды. Екі құлама (солтүстік – канадалық, оңтүстік – америкалық) 50 м. биіктіктен төмен қарай тік құлайды. Мұндай жағдайдағы шуыл құлақ тұндырып, көбігі жан# жаққа шашырайды. Америка
Оңтүстік Америка жауһарлары Оңтүстік Америка – табиғаты таңқаларлық ғажайыптарға бай құрлық. Мұнда биік таулар мен ит тұмсығы батпайтын орман# дар, жанартаулар мен сарқырамалар бар. Оңтүстік#америкалық құрлықтың батыс жағалауын тұтастай 9 мың шақырым қашықтықта Батыс жарты шардағы ең биік таулар– Анд таула= ры (биік нүктесі – Аконкагуа, 6960 м.) қоршап жатыр. Оңтүстік Америкадағы мемлекеттердің бірі Венесуэла# да әлемдегі ең биік сарқырама – Анхель орналасқан. Чурун өзеніндегі бұл сарқыраманың жалпы биіктігі – 1054 м., ал судың еркін құлау биіктігі – 979 м. Бұл ғаламшарымыздың абсолютті рекорды. Бұл сарқыраманы 1935 ж. венесуэлалық ұшқыш Хуан Анхель құстың ұшар биіктігі деңгейінен көріп ашқан. Қайтар жолда Анхельдің ұшағы апатқа ұшырап, бірақ өзі аман қалады. Анхель сарқырамасын үндістер Апемей (Қыз қасы) атаған Сөйтіп, әрең дегенде жақын маңдағы пошта бекетіне жеткен ол АҚШ#тың Ұлттық географиялық орталығына өзі ашқан жаңалығы туралы же# делхат жібереді. Көп жылдар өтіп, Анхель дүние салғаннан кейін, оның сүйегінің күлі өзі ашқан сарқыраманың үстіне шашылады. Оңтүстік Америкада біздің ғаламшарымыздағы ең ірі және ең қуатты өзен – Ама= зонка ағады. Оның ұзындығы – шамамен 7 мың шақырымға Әлем ғажайыптары
жетеді. Бұл буырқанған асау өзен Атлант мұхитына келіп құлағанда, өзен құламасынан 300 шақырым аумаққа дейінгі Атлант мұхитының суы тұщы қалпында болады. Амазонка өз бастауын биік таулардан алады. Кейіннен өзен мәңгі жасыл тропикалық орман – сельваны жамылған жазықпен ағады. Амазонияның сельвасын жер шарының өкпесі деп те атай# ды. Себебі, мұндағы ормандар атмосфераға өсімдіктерден шығатын оттегінің жартысын шығарады. Оңтүстік Америкада жалқау, құмырсқа қоректі, сауыт# ты, ұзын тұмсықты маймыл, ягуар, тапир сияқты эндемик= тер (тек осында ғана кездесетін жануарлар мен өсімдіктер) көп. Амазония ормандарында әлемдегі ең кішкентай маймыл – ойынқұмарлар кездеседі. Олардың үлкендігі 10#30 см., түсі # әралуан болып келеді. Ал ондағы айрықша құстардың тіпті есебі жоқ! Ұзын тұмсықты тукандар, Жер шарындағы ең кішкентай құс – колибри, гоациндер және арасында адамның дауысын ай# нытпай салып, бірнеше сөз жаттайтын тотықұстар жетіп арты# лады. Мұндай тотықұстарды үйретумен көне үндіс тайпалары айналысқан. Амазонкада дене тұрқы шағын пиранья деген жыртқыш балығы өмір сүреді. Олардың жағының мықтылығы, тісінің өткірлігі сонша, жергілікті үндіс тайпа# лары оны кесу құралы ретінде пай# даланады. Пираньяның бір шоғыры бір минуттың ішінде#ақ, капиба# ру (үлкендігі шошқадай бола# тын әлемдегі ең үлкен кеміргіш) сияқты үлкен хайуанның ту# талақайын шығарып, тек сүйегін ғана қалдыра алады. Ара тотықұстары Америка
Көне дәуір мен қазіргі дәуірдегі сәулет өнері Оңтүстік Америкада Мачу#Пикчу қала#қорғанынан (22# 23 б. қараңыз) да басқа ежелгі сәулет өнерінің ерекше ескерткіштерін көруге болады. Перудің Куско қаласында (б.з.д. І мың жылдықта негізі қаланған) Колькампат сарайы мен Кори= канч Күнінің ғибадатханасының қираған орны сақталған. Бір кездері бұл ғимараттарды Перудің ежелгі тұрғындары – инктер салса, испандық басқыншылар оларды түгін қалмай қиратқан. Күн ғибадатханасын олар шіркеу қылып қайта тұрғызған. Бірақ, ХХ ғ. ортасында қатты жер сілкінісінен шіркеу қирап, оның күресінінен ежелгі ғибадатхананың қабырғалары көрініп қалған. Кускодан қашық емес жерде көне инк қамалы Саксауаман орын тепкен. Оның қабырғалары алып қойтастардан қаланған. Ертедегі шеберлер тастарды қабырғаға бекіту үшін құрылыс балшығын пайдаланбай, бір#біріне жақын орналасатын тастар# ды шеттерін теп#тегіс қылып егеп, бір#біріне сәйкестендіріп қалаған. Ежелгі инктер жасаған алтын бұйым Наска шөлін есте жоқ ерте заманда мекендеушілер мұндай керемет суреттерді қалай салғаны әлі күнге жұмбақ күйінде қалып отыр. Бұл сызықтардың нені білдіретінін құс қанаты талатын биіктіктен бақылаған адам ғана түсінеді. Әлем ғажайыптары
Инктер сонымен қатар таулардан алтын шығатын көптеген
кен орындарын ашып, сол металдан түрлі бұйымдар жасайтын
шебер зергерлер болды. Қымбат бұйымдардың көпшілігі ашкөз
испандықтардың қолына түсіп, қайта құйылып кетсе, біздің
Бразилияның
мексикалық
үндістері –
майялардың
пирамидаларына
ұқсайтын
кафедралды
соборы Иса
пайғамбардың
тікенді тәжін
бейнелейді
заманымызға дейін жеткен Күн бетпердесі сияқты өнімдер
сұлулығы мен шеберлігімен тамсандырады.
Әлемнің нағыз кереметтерінің бірі – Перудің оңтүстігіндегі
Наска шөліндегі алып суреттер. Үшбұрыш, шиыршық, май#
мыл, құстар, кактустар мен өзге де аңдардың сұлбалары
жердің тасты бетіне ыждаһаттылықпен ойылған. Бұл айрықша
ежелгі өнер ме, әлде, ғарыштан келген келімсектердің құпия
белгілері ме? Наска суреттері біздің планетамыздың басты
құпияларының бірі болып қала бермек.
Бразилияның
астанасы
Бразилиа
қаласы
болашақтың
қаласы ретінде ойластырылып, ХХ ғ. ортасында салына баста#
ды. Шөлді үстірттер арасынан өзгеше жоспармен және ерекше
архитектурамен таңғажайып қала өсіп шықты. Астананың сон#
дай ең қызықты ғимараты – кафедралы собор (оның жобасын
сызған сәулетші О.Нимейер) болса керек.
Америка
Әлем ғажайыптары Австралия Австралия – Жер шарындағы алты құрлықтың ішіндегі ең кішісі. Оңтүстік жартышарда тұтастай жатқан бұл құрлықтың атауын латыншадан «оңтүстік жерлер» деп аударуға болады. Ерекше ағаштар өсіп, өзгеше хайуа= наттар мекендеген бұл құрлықты еуропалықтар XVІІ ғ. ашты. Жоғалған әлем Австралияда үйректұмсық пен ехидна тәрізді таңқаларлық хайуандар күн кешеді. Үйректұмсықтың өзге сүтқоректілерден айырмашылығы – ол өз төлін тірілей емес, жұмыртқа күйінде туып, құс секілді оны басып шығарады. Ехиднаның да балалары дүниеге жұмыртқадан шығады. Бірақ аналығы жұмыртқаны ба# сып отырмайды, қарнындағы арнайы тері қалташасына салып жүреді. Мұндай қалталар Австралиядағы өзге «қалталыларда» Австралияға алғаш рет аяқ басып, таңқаларлық секіргіш аңды алғаш көрген еуропалықтар аборигендер# ден «Мынау не?» деп сұрапты. Австралиялықтар «Кенгуру!» («Біз сіздерді түсінбедік») деп жауап беріпті. Бұл жауапты естіген саяхатшылар, осы секіргіш аң дәл осы# лай аталады екен деп ұйғарыпты. Австралияны алғаш ашушылар кенгуруды ерекше екібасты хайуан деп ойлапты
Австралия
да бар. Олардың ішіндегі ең бір танымалы – осы елдің символына
айналған кенгуру. Бірақ, тек кенгуру ғана қалталылар қатарына
жатпайды. Бұл құрлықта қалталы тышқандар, қалталы қасқырлар
және қалталы аю – коалалар тіршілік етеді.
Ең кішкентай құрлықтың өсімдіктер әлемі де бірегей –
Австралиядағы 90 % өсімдіктер эндемиктер (тек осы құрлықта
ғана өседі). Пальмалар мен қырыққұлақтар, емендер мен ақ
үйеңкілер де көптеп кездеседі. Оңтүстік#батыс пен оңтүстік#
шығыста эвкалиптер өте көп. Ғалымдар 1872 ж. тапқан
австралиялық патшалық эвкалипт ғаламшарымыздағы ең биік
ағаш болып табылады. Оның биіктігі 150 м. асады (бұл 50 қабатты
үйден биік!)
Құрлықтың орталығында әлемдегі ең үлкен монолит (алып,
тұтас құйматас) – Эйрс=Рок жартасы жантайған. Оны жергілікті
аборигендер Улуру деп те атайды. Бұл австралиялық жартастың
биіктігі 348 м., ұзындығы 2,5 шақырымға жетеді. Улуру –
аборигендердің (австралияның жергілікті тұрғындары) ең басты
киелі орны. Оның үңгірлерінде олар мыңдаған жылдар бұрын
өз құдайларына сыйынып, діни рәсімдерін жасаған. Әлі күнге
дейін бір де бір аборигеннің жартастың басына шығуға немесе
құйматастың кішкентай бір бөлігін шекіп алуға батылы жетпейді.
Себебі, бұл әрекет тайпаға деген әруақтардың ашуын туғызады
деп сенеді.
Эйрс#Рок
Кісі қолынан туған кереметтер
Австралияны ежелден ерекше адамдар жайлаған. Құрлыққа
аяқ басқан еуропалықтар аборигендер мемлекетсіз, тайпа#тай#
па болып, аңшылық пен жеміс#жидек жинау арқылы күнелтіп
жүргендіктен, оларды жабайы адамдар деп есептеді. Алай#
да, олардың өмірі, тұрмысымен әлдеқайда жақынырақ таны#
сып араласу арқылы олардың ешқандай да «жабайы» емес
екендігі айқындалды. Құрлықтың байырғы мекендеушілері ерек#
ше, өзіндік мәдениет қалыптастырған. Дәл осылар «ақылды»
Австралиялық
аборигендердің суреті
лақтыратын қару бумерангты ойлап
тапқан: егер лақтыру сәтсіз болып, бу#
меранг олжаға дарымаса, онда ол бір
айналып, аңшының өзіне келетін.
«Жабайылар» өте жақсы суретші
әрі анатомияны (дененің құрылысы)
жақсы меңгерген екен. Жартастарда
адамдар мен жануарларды қаңқасы
және ішкі құрылыс мүшелерімен қоса
бейнелеген аборигендердің суреттері
табылған. Суретшінің назары тіршілік
иесін
ауруханада
дәрігерлер
пай#
даланатын
рентген
сәулелерінің
түсірілімі сияқты сәулелендірген. Бұл
кескіндемелер «рентген» стиліндегі
суреттер атауын алған. Жартастағы
суреттердің қаһармандары – адамдар
мен жануарлар кейпіндегі бабалары
болған (аборигендер адамдар әр түрлі
жануарлардан тараған дегенге сенеді).
Бұлардың бәрі әлемнің пайда бо#
луы туралы австралиялық аңыздарға
арналған.
Әлем ғажайыптары
Австралияның Сидней қаласында әлемдегі әйгілі театрлардың
бірі орналасқан. Көптеген жұрт (австралиялықтар ғана емес)
оны әлемнің сегізінші кереметі деп санайды. Сидней опера те=
атры дат сәулетшісі Йорн Утцонның жобасы бойынша шамамен
15 жылдай (1959#1973 ж.ж.) соғылды. 1966 ж. сәулетші тапсырыс
берушілермен келіспей қалып (олар Утцон құрылыс жұмыстарын
дұрыс ұйымдастыра алмады деп айып тақты), театрдың
барлық сызбанұсқасын өртеп, Австралиядан кетіп қалды. Әрі
қарай театр онсыз салынды. Автор болса, өзінің кереметін сол
күйі көрген жоқ. Ал, нысан расында да көруге тұратын болып
шықты. Бір қарағанда ол жарғақтың айырықтарына ұқсаса, бір
қарағанда шағалалардың қанатына, енді бір қарағанда мұхит
толқындарындағы
желкенді
қайығын
ұқсайтын.
Театрдың
бірнеше залының елесті кескінді шатырлары шынында да жел
кергенге ұқсайтын.
Сиднейлік Харбор#Бридж көпірі – австралиялық сәулет өнері
жауһарларының бірі. Оның жарты шақырымнан астам
аркасы Порт#Джексон шығанағы арқылы созылып
жатыр. Көпірдің толық салмағы 52 800 т.
Сидней опера театры шығанақтың дәл жағалауына салынған
Австралия
Әлем ғажайыптары Мұхиттағы аралдар Үлкенді=кішілі, қалың өсімдіктер жапқан және тау=жар= тасты, халық көп қоныстанған және елсіз, сансыз көп аралдар Әлемдік мұхиттардың бетіне тарыдай шашы= лып кеткен. Құрлықтардан қол үзіп кеткен көптеген арал= дарда ерекше мәдениеттер қалыптасып, әлемнің нағыз кереметтері деп атауға болатын ескерткіштер сақталған. Жұмбақ пұттар Тынық мұхит айдынында ұмыт қалған бұл шағын аралды ең алғаш болып қарақшы Э. Дэвис байқаған. Бірақ, аралдың ко# ординаттарын дәл жазбағандықтан, аралды ашу мәртебесі голландық Я.Роггевенге бұйырды. 1722 ж. сәуір айының ба# сында оның экспедициясы бір топ түземдіктер қарсы алған жалғыз таулы аралға ат басын тірейді. Еуропалықтар сол күні Шамасы, бұл алып тас мүсіндер аралдықтардың өлгеннен кейін қайырымды рухқа айналған ата# бабаларының бейнесі болса керек атап жатқан мерекелерінің құрметіне аралға – Пасха аралы атауын береді. Пасха аралы біздің ғаламшарымыздың үлкен бір құпиясын сақтап тұр. Аралда көптеген алып тас ескерткіштер бой түзеген. Олардың қазандай бастары шөлді жазықтан асып, жұмбақ көзқарастары мұхиттардың қиырына көз тастап тұр. Бұл
Мұхиттағы аралдар пұттар не үшін бой көтерген, жалпы бұлар ескерткіштер ме, құлпытастар ма әлде құдайлардың бейнесі ме? Бұл истукан# дарды сан ғасыр бұрын қандай адамдар жасаған? Аралдың тұрғындары, голландықтар «тағылар» деп атаған тобыр бұл сұрақтардың жауабын бере алмады. Еуропалықтар ұзақ уақыт бойы тас мүсіндер қазыналарды күзетуі мүмкін деген дәмемен оларды ыждаһаттылықпен зерттеді немесе жабайы түрде талқандады. Бірақ, өкінішке орай, ешкім де ешқандай қазына тапқан жоқ. Көптеген мүсіндер мен олардың тұғырлары – аху іргетастары қираған күйінде мұхит жағалауында әлі күнге дейін жатыр. Пасха аралы өзінің бақытты шағын бағзы заманда#ақ өткеріп қойған. Шамамен төрт ғасыр бұрын бұл жердің топырағы құнарлы болып, онда аборигендер каное#қайық жасай# тын ағаштар өсетін. Аралдықтар өте шебер балықшы бола# тын. Алайда, топырақтың құнары кетіп, какое жасайтын ағаш қалмағандықтан, соғыс пен аштық уақыты туды. Қазір тек жұмбақ тас мүсіндер ғана бұл иесіз аралдың өзіне тән өткені ту# ралы еске түсіреді. Ұлы теңізші Джеймс Кук аралдықтардың пұттарды қалай көтергенін шамалады. Оларды тастан қашап, содан соң, қасына топырақ үйеді. Арқандар мен ағаштардың көмегімен мүсінді соның үстіне шығарып, қисайта отырып, бірте#бірте тікейтіп қойған. Шамамен арқан мен бөренелерді пайдалана отырып, Пасха аралының ежелгі тұрғындары алып ескерткіштерді осылай көтеріп орнатса керек
Лемурлар аралы Мадагаскар – Оңтүстік жартышардағы, Үнді мұхитының батыс бөлігіндегі, Африканың оңтүстік шығысындағы үлкен арал. Ғалымдар аралға алғашқылардың бірі болып Үнді мұхитын желкенді қайықпен кесіп өткен үндіқытай тұрғындары болды дейді. Сол себепті Мадагаскардың тұрғындары малагасийлықтар моңғолоидтық нәсілге жатып, бабалары# нан қалған жер өңдеу мен құрылыс тәсілдерін сақтап, теңізге де әлі күнге дейін желкенді қайық#катамарандармен шығады. Еуропалықтардың ішінде Мадагаскарға алғашқылардың бірі болып 1500 ж. португалдықтар зәкір тастады. Олардан соң, ағылшындар мен француздар келіп, еуропалықтар адамдарды бай өсімдіктер мен өзіне тән жануарлар әлемімен, жылы кли# Мадагаскар равеналасы матымен қызықтырған жаңа жерді бірте#бірте игере баста# ды. Мадагаскар жануарлар мен өсімдіктердің алуан түрлілігімен таңқалдырады. Аралда әр түрлі орхи# дея, сүттіген, баобаб# тар өседі. Бұлардан өзге жергілікті кереметтің бірі – жәндікқоректі өсімдік непен= тес. Оның жапырақтарының түрі құмырашаға ұқсайды. Сол құмырашаға түскен жәндіктер тегіс те, тайғанақ қабырғасынан шыға алмай, непентес өз олжасын ақырын жұта бастайды. Мадагаскар эндемиктерінің тағы бірі – са= Әлем ғажайыптары
яхатшылар ағашы аталып кеткен равенала. Оның сабағы 10 м. дейін ұзарып, жапырақтары желпуіш сияқты жайыла өседі. Жапырақтардың шыбықтарының бойына әрбір жолаушы шөлін қандыра алатындай су жиналады. Осыдан барып оның екінші атауы шыққан. Мадагаскар ормандары – лемурлар патшалығы. Бұл Мадагаскар – үлкендігі жағынан әлемде төртінші орындағы (бірінші – Гренландия, екінші – Жаңа Гви# нея, үшінші # Борнео) арал. Ал, малагасийліктердің өздері Мадагаскарды үлкен арал емес, Жердің ең кіші құрлығы деп атайды. Лемур катталар өз тұқымдастарына қандай көңіл#күйде екендігін білдіру қызметін атқаратын алақұйрықты келеді. жануарларлдың көпшілігі ымыртта немесе түнде өмір сүргенді («лемур» # «өлгендер рухы» деп аударылады) қолай көреді. Лемурлардың арасын# да титімдейлері (тышқан ле# муры) де, мысықтың көлемінен үлкендері де болады. Олардың көпшілігі ағаштарда өмір сүрсе, лемур катта жерде тіршілік кешеді. Лемурлардың дұшпандары – виверралықтар тұқымынан шыққан жыртқыш фоссалар. Фосса да мысыққа ұқсайды, бірақ одан ірілеу және бет сүйегі шығыңқы келеді. Лемурлардың соңына түсіп жүріп фоссалар тіпті ағашқа да шығып кете береді. Мұхиттағы аралдар
Көк майсалы, мұзды мекен
Гренландия мен Исландия сияқты екі солтүстік аралдарын
ержүрек теңізші#скандинавтар – викингтер ашты. Гренлан=
дия («Жасыл жер» дегенді білдіреді) – ғаламшарымыздың ең
үлкен аралы. Оның негізгі бөлігі мұз жамылып, оның бөлшектері
теңізге бөлініп түсіп, мұзтау – айсбергтерге айналады. Теңіз
ағыстары оларды оңтүстікке айдап, тұман ішінен мұндай
мұзтаулар күтпеген жерден кемелердің алдынан шыға келетін
сәттер жиі кездеседі. Мұндай алып айсбергтердің бірімен
соғысқан трагедиялық оқиға 1912 ж. «Титаник» пароходын
суға батырып жібергенде орын алды. Сөйтіп бұл жайт адамзат
тарихындағы ең үлкен кеме апаты ретінде есте қалды.
Иннуиттер тілінде
«иглу» «үй»
дегенді білдіреді.
Бұрынырақта
қар мен мұздан
жасалған иглу
Гренландияның
байырғы
тұрғындарының
тұрағы болса,
қазір иглуды тек
туристерге арнап
соғатын болған.
Гренландияда үлкен қалалар, ормандар, өзендер жоқ
болғандықтан, халық та өте аз. Жергілікті тұрғындары –
эскимостарды иннуит деп атау қалыптасқан. Олар сканди#
нав тілдерінің бірінен аударғанда «тапал» деген мағынаны
білдіретін
болғандықтан,
«эскимос»
атауын
жаратпайды.
Қазіргі иннуиттердің көпшілігі бірнеше ғасыр бұрын жасаған
бабалары сияқты аң және балық шаруашылығымен айналыса#
ды. Ертеректе иннуиттер кит те аулаған. Алайда, қазір бұл іске
тиым салынған.
Әлем ғажайыптары
Исландияны («Мұзды жер» дегенді білдіреді) жұрт отпен демалатын жер деп атайтыны бекер емес. Себебі, онда жанартау (тіпті сөнбегені де) көп. Солардың ішінде ең әйгілісі – Гекла жанарта# уы. Арал ашылған уақыттан бері Гекла жиырмадан астам «мінез көрсетті». Бұларға қоса, Исландия – ауық#ауық аспанға ыстық су мен бу ата# тын бұлақтарға, яғни гейзер= лерге толы. И с л а н д ы қ т а р д ы ң ғұрпындағы көп нәрсені нағыз керемет деп атауға болады. Мысалы, исландық парла# мент – Альтинг – әлемдегі ең ежелгі парламент. Ол 930 ж. негізі қаланған. Ал ис= ланд тілі – исландықтар норвегиялық викингтердің ұрпағы болғандықтан, көне норвег тіліне өте ұқсас. Мың жылдың ішінде норвег тілі өте қатты өзгеріске ұшыраса, Исландияда сол қалпы сақталған. Енді исландықтар қазіргі норвегиялықтар түсінбейтін көне норвег мәтіндерін еш қиындықсыз оқи алады. Исланд гейзері Строккур Неліктен ертедегі ви# кингтер мұзды Грен# ландияны Жасыл жер, ал жасыл Исландияны Мұзды жер атаған? Ша# масы сол уақыттарда аралдардың климаты басқаша, Гренландия – көк майсалы, Ислан# дия – мұзды болса ке# рек. Мұхиттағы аралдар
Күншығыс елі Жапония – төрт үлкен және көптеген кішкентай тынықмұхиттық аралдарға орналасқан өзгеше азиялық мем# лекет. Көптеген ғасырлар бойы жапондықтар сыртқы әлеммен еш байланыспай, ерекше, өзіне тән мәдениет қалыптастырып, тұйық өмір сүрді. Еуразияның қиыр шығысында орналасқан Жа# понияны Күншығыс елі деп атау қалыптасқан. Елде 150 жуық жанартау бар және олардың ішінде Жапониядағы ең биік тау Фудзияма (3776 м.) да бар. Бұл тау бүкіл Жапон сарбазы – самурайлар тек әскери өнерімен ғана емес, жаужүректігімен және ар#намыс заңдылығын қатал сақтайтындығымен даңқты. Абыройының аяқ асты бо# луы мен жеңілістен гөрі самурай өзіне#өзі қол жұмсап, сэппуку (харакири) жасағанды жөн көретін. Мұндай жағдайда сарбаз семсерін қарнына тығып, өзін#өзі өлтіретін. Тории – көне жапон ғибадатханасының қақпасы әлемге XVІІІ#XІX ғ.ғ. атақты жа# пон суретшісі К.Хокусайдың арқасында танымал болды. К.Хокусай осы тауды бей# нелеген көптеген бедерлі сурет қалдырған. Фудзи# яма Жапонияның ең үлкен аралы Хонсюда орналасқан. Жапондықтардың өздері оны Ниппон деп атайды. Осы сөзден барып бұл шығыс елін әлемге танытқан «Жапония» сөзі шыққан. Әлем ғажайыптары
Жапон діні «синто» – «құдайлар жолы» деп аталатын. Жа#
пон құдайларының кейбір ежелгі қасиет орындары осы күнге
дейін сақталған. Солардың бірі – Хонсю аралындағы күн құдайы
Аматэрасуға арналған Исэ ғибадатханасы. Жапондықтар Исэ
ғибадатханасында Аматэрасудың жаны байыз тапқан көне айна
сақталған деп сенеді.
Жапониядағы үйлер мен ғибадатханалар екі жағы еңісті,
шошақ төбелі шатырлармен жабылған. Олардың қабырғалары
жеңіл, қозғалмалы (шереден жасалған шымылдық тәрізді), ор#
тасына майланған қағаз жапсырылған ағаш қаңқалардан тұрды.
Әдетте, ортасындағы қағаздарға тамаша суреттер салынып
қоятын. Тіпті Жапонияда тастан қамалдар сала бастағанда да
(XVІ ғ. кейін), бұл мықты ғимараттардың шатырлары ертедегі
үйлер сияқты екі жағы еңісті күйінде қалды. Жапон қамалдары
берік қорған ретінде соғылса да, әсем, көркем, көкке ұмтылған
сәнді құрылыс қалпынан танбады.
Химэдзи қаласындағы бұл қамал
Ақ Құтан қамалы (XVІ ғ.) аталады.
Ол қорғаныс ғимараты ретінде
салынса да, әлемдік архитектураның
жауһарына айналды
Мұхиттағы аралдар
Әлем ғажайыптары Полярлық кереметтер Жер шары өз осімен айналып тұр. Оның жоғарғы жағының осы қиялдағы осьпен түйісу нүктесі – Солтүстік және Оңтүстік полюстер деп аталады. Полюстар= ды тұсбағдарлардың тілі көрсетеді. Глобустарда осы нүктелерде шартты сызықтар – меридиандар тоғысады. Полярлы аумақтар – ғаламшарымыздағы ең суық жер= лер. Полярлы жұлдыз астында Солтүстік жартышардағы полярлы аймақ Арктика деп ата# лады. Бұл атау гректің «арктос» # кірекей (ұрғашы аю) сөзінен шыққан. Оның себебі, Солтүстік жарты шардағы екі үлкен шоқжұлдыз Үлкен және Кіші Кірекей деп аталатындықтан. Кіші Кірекейдің бір жұлдызы – Поляр жұлдызы – Солтүстік полюстің тап үстінде жарқырап тұрады. Ертеде теңізшілер мен саяхат# шылар оны жол көрсетуші жұлдыз деп атаған. Өйткені, ол әу бастағы орнынан айнымаған екен. Жердің солтүстік полюсі құрлықта емес, теңізден орын тепкен. Негізінен, Арктиканың Полярлы аумақтарда атмосфераның ерекше әдемі жарқырауы сияқты нағыз кереметті байқауға болады. Солтүстік жарты шарда оны солтүстік шұғыла деп атайды
Полярлық кереметтер негізгі бөлігі – Еуразия мен Солтүстік Американың ор# тасында қысылып жатқан Солтүстік Мұзды мұхиты. Ғаламшарымыздың қиыр солтүстігінде оның суларын қалың қабатты мұз жапқан. Көптеген қаһарман са# яхатшылар мұз арасында жоғалған «ғаламшарымыздың төбесіне» жетуге ұмтылды. Солардың арасында алғашқы болып полюске 1909 ж. табан тіреген американдық Р.Пири болды. 1926 ж. Р.Амундсен мен У.Нобиле полюске дири# жабльмен ұшып келді. 1937 ж. Солтүстік полюс үстімен В.Чкаловтың ұшағы ұшып өтті. 1962 ж. Солтүстік полюс нүктесіне ресейлік «Советский комсомолец» сүңгуір қайығы жүзіп келсе, 1977 ж. бұл жер# ге «Арктика» кеңес атом мұзжарғышы зәкір тастады. Ал, 2007 ж. теңіз түбіне, «нөл нүктесіне» (яғни Солтүстік по# люс) бортында экипажы бар ресейлік «Мир#1» және «Мир# 2» терең сулық аппараттары түсті. Жүрек жұтқан поляр# шылар су астына 4 мың метр тереңдікке сүңгіген! Бұл күндері Солтүстік полюстің үстінен Кіші Кірекейдің Полярлы жұлдызы жарқырайды. Бұған дейін солай болғанымен, мәңгілік тұра бермеуі мүмкін. Мыңжылдықтар өткенде Жердің айналу осі өзгереді. 4,5 мың жыл бұрын по# лярлы жұлдыз Айдаһар шоқжұлдызындағы Тубан болған. Енді 12 мың жыл# дан кейін дәл Солтүстік полюстың үстіне Лира шоқжұлдызындағы Вега келеді. Ал, 26 мың жылдан кейін, қайтадан Полярлы жұлдыз. Арктикада жер шарындағы ең үлкен құрлықтық жыртқыш аң – ақ аю күнелтеді. Поляршылар аюларды тіпті 88#ші параллельде, Солтүстік полюстің өзінен де кездестірген!
Қиыр түстіктегі құрлық Жердің оңтүстік полюсі құрғақта, Антарктида құрлығында орналасқан. Оны ашу мәртебесі – орыс теңізшілері Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П.Лазаревтерге бұйырған. 1820 ж. 29 қаңтарында олар Антарктидаға «Восток» және «Мирный» желкенді қайықтарымен келген. Антарктида ғаламшарымыздың ең биік құрлығы. Оның биіктігі – 2 мың метрден асады. Әрине, құрлықтың негізгі бөлігін мәңгілік мұз жапқандықтан, бұл биік мұз «кепештің» есесіне тиесілі. ХХ ғ. басында Оңтүстік полюсті ашуға нақты «шабуыл» ба# сталды. 1911 ж. оны ашуға екі экспедиция ұмтылды. Оның бірі – Р.Амундсен бастаған норвегиялық экспедиция болса, енді бірі – Р.Скотт бастаған ағылшын экспедициясы. Скотт ә дегеннен#ақ сәтсіздіктерге ұшыраса да, адам сенгісіз қайрат көрсетуінің арқасында ол 1912 ж. қаңтарында аздаған жол# дастарымен діттеген жеріне жетеді. Алайда, олар арып#ашып жеткенде, бұл жерде Амундсен қосынының іздерін көріп қатты қапаланады: Оңтүстік полюсті алғаш ашқан норвегиялықтар болды. Ағылшын экспедициясы қайтар жолда суықтан үсіп, Жер шарының Оңтүстік полюсі. Бұл жерге табан тіреу – әрбір саяхатшының арманы Антарктидада сөнбеген Эребус жанартауы бар. Оның биіктігі 3794 м. Ол тулаған шақта Эребустың екі кратерінен бу мен газдың бұлты атқып шықса, оның жанынан ыстық судың бұрқағы – гейзерлер шапшиды. Әлем ғажайыптары
түгелдей трагедиялық қазаға ұшырайды. Скотт экспедиция# сына арнап қойылған құлпытаста көптеген поляршыларға ұран болған «Күресу және іздеу, табу және берілмеу!» деген сөздер жазылған. Өте суық болғандықтан, Антарктиданың тұрақты тұрғындары жоқ. Құрлықта әр елдің ғалымдары еңбек ететін полярлық бе# кеттер тұрғызылған. Алайда, Антарктикада (құрлық пен оған жақын аралдар және оларды шайып жатқан теңіздер) мүлдем тіршілік жоқ деу қате: суық антарктикалық теңіздерде көптеген балықтар, жер шарындағы ең алып мақұлық – көк кит, әр түрлі итбалықтар мекендейді. Құрлықтың жағалауға жақын аудан# дарында көптеген құстар бар. Олардың ішінде ең әдемілері – пингвиндер. Олар ұша алмағанымен, жақсы жүзеді. Ал, басу кезінде жұмыртқалары қатып қалмас үшін, аталық пингвиндер оларды аяқтарының үстіне қойып, қарнындағы тері қатпарымен қалқалап жылытады. Майдың қалың қабаты мен су болмайтын терісінің арқасында пингвиндер судағы да, құрғақтағы да суықта қатып қалудан сақтайды Полярлық кереметтер
Әлем ғажайыптары А Агра 31 Айсберг 86 Айя#София 53 Акрополь 47 Александр бағдаршырағы 9 «Алтын қақпа көпірі» Альгамбара Альпі 42 Альтамира 36 Альтинг 87 Амазонка 74 Амфитеатр 28 Анд таулары 74 Антарктида 92 Анхель сарқырамасы Арена 25 Арктика 90 Артемида 16 Артемида храмы 17 Афина Партенос 11 Афина Промахос 101 Ә әл#Дейр кесенесі 25 әл#Хазнах кесенесі Б Байкал 51 Баобаб 65 Барселона 37 Бартольди Ф.О. 68 Бостандық аралы 56 Бруклин көпірі 66 Брунеллески Ф. 45 Бумеранг 80 В Вавилон 56 Вавилон мұнарасы 12 Василий Блаженныйдың соборы 20 Венеция 44 Вестминстер сарайы 35 Вестминстер аббаттығы 35 Виктория сарқырамасы 64 Г Галикарнасс мавзолейі 14 Ганг 60 Гауди А. 36 Гейзер 87 Гелиос 18 Герострат 17 Гиза 7 Гладиатор 29 Гренландия 86 Гугун («Жабық қала») 58 Ғ Ғибадатханалы тау 54 Д Давидтің ескерткіші 45 Джунгли 61 «Диснейленд» 71 Дубровник 45 Е Египет Александриясы Ескерткіштер алқабы 73 Ехидна 78 Көрсеткіштер Ж Жапония 88 Жарылқаушы алау 55 Жылау қабырғасы 54 З Зевс мүсіні 11 И Иерусалим 54 Инки 22 Исландия 87 Исэ храмы 89 Иштар қақпасы 57 Йеллоустойн ұлттық паркі К Карлов көпірі 49 Кёльн соборы 39 Кенгуру 78 Киев#Печер лаврасы 49 Кносс сарайы 46 Колизей 28 Кориканча күннің ғибадатханасы 76 Көк кит 93 Крайслер 69 Крит 46 Кувуклия 55 «Кукулькана храмы» 27 Куско 22 Күн бетпердесі 77 Қ Қайырлы Үміт мүйісі 67 «Қаракөл» обсерваториясы 27 Қасиетті Вит соборы 49 Қасиетті Павел соборы 35
Көрсеткіштер Құдай Қабірі ғибадатханасы 55 Қызыл алаң 50 Л Ландовски, Поль 32 Лемурлар 85 Литопстар 65 Луар алқабы 41 Лувр 40 Луксор 63 М Мадагаскар 84 Майя 26 Майя пирамидалары Мачу#Пикчу 23 Мәскеу Кремлі 50 Микерин пирамид алары 7 Монблан 42 Н Наска шөлі 77 Непентес 84 Ниагара сарқырамасы73 Ніл 6 Нойшванштайн 39 Нотр#Дам (Париж Құдай анасының соборы) 40 О Оңтүстік Дакота 70 Оңтүстік полюс 92 Ө Өзен аралығы 56 П Пасха аралы82 Патшалық эвкалипт 79 Помпиду орталығы41 Р Равенала 85 «Рентген» стиліндегі суреттер 80 Риальто көпірі 44 Рио#де#Жанейро Родос 18 Родос колоссы 19 С Саграда Фамилиа 37 Саккара 7 Саксауаман 76 Сан#Бенту монастыры 32 Санкт#Петербург 50 Санта#Мария дель Фьоре 45 Сахара 7 Семирамида бақшасы 12 Сельва 75 Сенбернар 43 Сидней опера театры 81 Скопас 15 Солтүстік полюс 91 Сострат Киндский 9 София соборы 49 Стамбул 52 Стоунхендж 34 Сфинкстер аллеясы 63 Сюлли#сюр#Луар қамалы 41 Т Тауэр 35 Тәж#Махал 30 Термитник 65 Терракот армиясы 59 Тяньаньмынь Тяньтань («Аспан ғибадатханасы») 59 У Устад#Иса 31 Ұ Ұлы көлдер 70 Ұлы Қытай қорғаны 20 Ү Үйректұмсық 78 Үлкен Зимбабве 66 Үлкен каньон 72 Үлкен сфинкс 62 Ф Фарос 9 Фивы 63 Фидий 10 Флоренция 45 Фудзияма 60 Х Харет18 Хейрократ 17 Хеопс пирамидасы 7 Херсифрон 16 Хефрен пирамидасы 7 Христос мүсіні 32 Хокусай К. 88
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік
маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша
шығарылды
Автор текста/составитель Малофеева Н. Н., Травина И. В.,
Широнина Е. В.
Художники: М. О. Дмитриев, О. В. Иванов, Т. А. Жежеря, И. В. Максимова, О. К. Пархаев, А. Н. Позиненко, А. Н. Сичкарь, Н. В. Сучкова, И. В. Шарикова Художественный редактор Н. О. Москалева БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «Балалар энциклопедиясы РОСМЭН» cериясы Әлем ғажайыптары Бұл кітап жас оқырманды адамзаттың әлемдік, табиғи мұрасымен таныстырады. Ғасырлар қойнауынан біздің заманымызға жеткен ежелгі архитектура, әйгілі ескерткіштер жайында қызықты деректер баяндалады. Редакторы: Мақпал Мыса Қазақ тіліне аударған: Нұраддин Садықов Корректоры: Майра Кенжебекова Беттеген: Арман Мақсұтов Басуға 01.09.12. қол қойылды. Пішімі 70 90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. Гарнитура «Прагматика». Шартты баспа табағы 7,02. Таралымы: 1000 дана. + 2 000 дана. Тапсырыс № . ІSBN 978-5-353-06044-4 УДК 087.5 ББК 92 «Книжник» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 1 Тел.: +7 (727) 273-59-06, 273-59-07 (сату бөлімі) © Перевод на казахский язык. ТОО «Книжник», 2012г. © Текст, оформление, иллюстрации. ЗАО «РОСМЭН-ПРЕСС», 2012 x
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру