Мазмұнға өту
Home

Шортанбай шығармалары

Шортанбай Қанайұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Шортанбай шығармалары

Авторы: Шортанбай Қанайұлы

Мəделі Жүсіпқожаұлы Шортанбай Қанайұлы Қалнияз Шопықұлы Шынияз Шанайұлы Нысанбай жырау ШЫҒАРМАЛАРЫ «Нұрлы Press.kz» Алматы

УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 М 35 Қазақстан Республикасының Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жамбылтану жəне халық ақындары ғылыми-зерттеу институты Редакция алқасы С. Пірəлиев, С. Қирабаев, Т. Кəкішев, У. Қалижанов, Б. Ыбырайым, Б. Сманов «Ақындар аманаты» қазақтың ауызша əдебиеті жобасының авторы Бекен Ыбырайым М35 Мəделі Жүсіпқожаұлы, Шортанбай Қанайұлы, т.б. Шығармалары. – Алматы «Нұрлы Press.kz», 2014 – 288 б. – (Ақындар аманаты) ISBN 978-601-80483-2-6 Мəделі Жүсіпқожаұлының тепсінген қайратты да өжет өлендері батыр лы ғынан белгі берсе, əлеуметтік теңдік үшін жанын шүберекке түйген, қан майданнан қайтпаған батыр ақынның заман торына шырмалу салдарынан ерік сіз қамығуы – дəуірдің, қоғамның қыспағы. Өлеңді жазып та шығаратын, суырып салып та айтатын Шортанбай Қанайұлының шығармашылығы – қазақ поэзиясындағы өзіндік екеулі құбылыс. Отаршылдық құрсауындағы елдің ауыр халы толғандырған ақын ның қайғысы қарапайым қалың елдің зарын білдірді, ақын жырлары заманның зарына айналып, əдебиетіміздегі «зар заман» ұғымын туғызды. Түрлі басылымдардан алынған шығармалар саяси-қоғамдық, əлеуметтік өмірдің өзекті мəселелері суырып салма ақындарымызды қашанда толғандырғанына куə. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 ISBN 978-601-80483-2-6

© Ыбырайым Б., 2014 ©«Нұрлы Press. kz», 2014 Мəделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888)

ӨЛЕҢДЕР

ҚОҚАН ХАНЫНА АЙТҚАНЫ Бұл жерден үш жұрт өтіпті Парсы дари – қызылбас, Ақтабан ноғай, қалмақ-ай, Төртіншісі біз едік, Бізге де түсті салмақ-ай! Бектеріңнің қорлаған Қорлығына шыдамай Көшті елім жапа-тарғамай, Адамға тəн ар-ұят Бөктеріңде қалмады-ай! Атадан қалған жол ма еді Қу нəпсіге құл болып, Қайуандай тоят алмай-ай?! Біз білмейтін болмаса Шариғатта бар ма жол Қыздан зекет алмақ-ай? Айт десең айтып берейін, Ақ шындықты сөйлеуден Тіл менен жағым талмағай! Жазықсыз елді жазғырма, Айыптың тұр алдында Мырзабиді өлтірген Басын кесіп алмадай, Кешсең – кеш, кессең – міне бас, Шариғат жолы сара дер Даңғыл жатқан сарнап-ай Жарлы менен байға да-ай, Қара менен ханға да-ай! Мəделі Жүсіпқожаұлы

МЫРЗАБИ ДЕГЕН БЕК ШЫҚТЫ Қараағашты Тəшкеннен Мырзаби деген бек шықты, Екі иінін жеп шықты, «Қатын менен қызыңнан Зекет бергін» деп шықты, Ордабасы басында, Қотырбұлақ қасында Жер астынан жік шықты, Қаһарын шашып халыққа Екі құлағы тік шықты, Оның қылған ісіне Ел денесі түршікті, Желкеге шашын түйгізіп, Еркекше киім кигізіп, Жасырып қыз бен əйелін Көшкелі беттеп жұрт шықты, Көштің бетін қайырып, Ақ білек ару қыздарды Ата-анадан айырып Көзінен жасын ыршытты, Қанадан асып кеткен соң, Зұлымдығы өткен соң, Ел намысын қорғайтын Қазақтан да ұл шықты, Қыран құстай түйіліп, Жеңсіз сауыт киініп, Əруағына сыйынып, Мəделі батыр сайланып Қожа ішінен бұл шықты, Халықтың қамын ойланып, Беліне жарақ байланып, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Орта жүзде Қоңыраттан Мұсабек деген ер шықты, Мінген аты арқырап Алтынды тоны жалтырап Ұлы Жүздің данасы, Ер Шонайдың баласы Ырысқұлбек келді жарқырап, Ақбұлақтың басында, Қарабастау қасында Үш елдің ері бас қосып, Үкімін айтқан халық ұнап, Қоқанның бейбас бектері Жəбек бидің үйінде Қымызға тойып балқып ап, Қазы менен қарта жеп, Отырған шақта шалқып-ақ «Асқанға тосқан осы!» деп Бектердің басын кескенбіз Шариғаттың шарты ұнап. Мəделі Жүсіпқожаұлы

АМАН БОЛ, ҚОСЖАРСУАТ – ТУҒАН ЖЕРІМ (Бұхара ауғанда) 1-нұсқасы Аман бол, Қосжарсуат – туған елім, Кіндік кесіп, кірімді жуған жерім, Желі тартып жем беріп бедеу атқа, Дүрілдетіп жылқыны қуған жерім. Жарсуат, жайлаушы едік, қыстаушы едік, Кəмшат бөрік дұқаба тыстаушы едік, Сыртына Қосқұдықтың жылқы салып, Құр ат қылып жайлауышты ұстаушы едік. Қосқұдық, қой-түйенің қонысы едің, Арпа төкті, Ақдала қобысы едің, Жер қарада мал жетіп жайылмаған Қара жусан қойлық от сонысы едің. Қара мал Əлімтауға қаптаушы еді, Соны емес от аузына жақпаушы еді, Қосқақтағы бауырдай қара жусан Мұс атқанша малымды сақтаушы еді. Тасқотан, ыққан малдың панасы едің, Қос тұстың Айғырұшқан саласы едің, Қар жауғанда екі мал араласқан, Сіргелі мен Қоңыратқа талас едің. Бөріойнақ, жылқы малға жағушы еді, Жоқ жоғалтқан сол жерден табушы еді, Алты ай мінген арық ат айдау жүрсе, Қабырғасын бір айда жабушы еді. Айтайын қайран жердің қайсы бірін, Сыр бойына құдайым төккен нұрын, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Кімге қоныс боларын құдай білсін, Замана жылдан-жылға келді қырын. Енді саған бола алмас баянымыз, Келіп-кетті жылан мен шаянымыз. Құс салып, Байырқұмда қуалаған Аман бол, қырғауыл мен қоянымыз. Қаршығаны қайырып салған жерім, Қырғауыл мен қоянды алған жерім, Аман бол, қызыл қоңырау – қара шеңгел Шалбар-сымды қылатын өрім-өрім. Қаршыға алып, қалыңды жақтаушы едім, Қалың шеңгел қоянды сақтаушы едім, Қораз қуған қаршығам қонып қалса, Қоңырау даусы шықпаса таппаушы едім. Аман бол, көк жапырақ тораңғы тал, Бүлдіргені мейіздей, жидесі бал, Қаш қуысты қайыққа қаратпаған Жел қайықтан ілгері ысқадан сал. Аман бол қара өлең мен қамыс, мия, Үстіне қонушы едік пішен жия, Есіл Сыр, қаласың-ау енді бізден Сендей қоныс бола ма Сұңқарқия?! Ақ баттауық аралға жарасушы ең, Күштілікке арпамен таласушы ең, Түбің көктеп тұғырды жалдандырып, Аттың майын бергендей қарасушы ең. Өзен Сыр, жайлы жер ең күздемекке, Ат жаратып мереке іздемекке, Көргенде аман болғын, оман дария, Құдай сенен көтерді тұз дəмекке. Мəделі Жүсіпқожаұлы

ЕСІЛ СЫР, ҚАЛАСЫҢ-АУ ЕНДІ МЕНЕН (Түймелі Жүсіпқожаұлының жаздырғаны) ІІ-нұсқасы Аман бол, Қосжарсуат – туған жерім, Кіндік кесіп, кірімді жуған жерім, Желі тартып жем беріп бедеу атқа, Дүрілдетіп жылқыны қуған жерім. Жарсуат, жайлаушы едік, қыстаушы едік, Кəмшат бөрік дұқаба тыстаушы едік, Сыртына Қосқұдықтың жылқы салып, Құр ат қып жайшылықта ұстаушы едік. Қосқұдық, қой-түйенің қонысы едің, Арпатөкті, Ақдала қобысы едің, Жер қарада мал жетіп жайылмаған, Қара жусан қойлық от сонысы едің. Қара мал Əлімтауға қаптаушы еді-ай, Соны емес от аузына жақпаушы еді-ай, Қосқақтағы бауырдай қара жусан Мұз қатқанша малымды сақтаушы еді-ай. Тасқотан, ыққан малдың панасы едің, Қос тұстың Айғырұшқан саласы едің. Қар жауғанда екі мал араласқан Сіргелі мен Қоңыратқа талас едің. Бөріойнақ, жылқы малға жағушы еді-ай, Жоқ жоғалтқан сол жерден табушы еді-ай, Алты ай мінген арық ат айдау жүрсе, Қабырғасын бір айда жабушы еді-ай. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Айтайын қайран жердің қайсы бірін, Сыр бойына құдайым төккен нұрын, Бұл орыстың келерін білгеннен соң Қожасы Бұқар барды бір жыл бұрын. Кімге қоныс боларын құдай білсін Замана жылдан жылға келді қырын. Өзен Сыр, қаласың-уа енді менен, Күдер үзіп отырмын мен де сенен. Енді маған сен қосын бола алмайсың, Үстіңе орыс келген от кемемен. Орыстың от кемесі өрге жүзді, Ақыр алмай қайтеді тұрсақ бізді?! Аралап аралыңнан ағаш кесті, Енді сенен Мəделі күдер үзді. Енді саған бола алмас баянымыз, Келіп, кетті жылан мен шаянымыз. Құс салып Байырқұмда қуалаған Аман бол, қырғауыл мен қоянымыз. Қаршығаны қайырып салған жерім, Қырғауыл мен қоянды алған жерім. Аман бол, қызыл қоңырау қара шеңгел Шалбар-сымды қылатын өрім-өрім. Қаршыға алып қалыңды жақтаушы едім, Қалың шеңгел, қоянды сақтаушы едің, Қораз қуған қаршығам қонып қалса, Қоңырау даусы шықпаса таппаушы едім. Аман бол, көк жапырақ тораңғыл тал, Бүлдіргені мейіздей, жидесі бал, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Қаш қуысты қайыққа қаратпаған Жел қайықтан ілгері ысқадан сал. Аман бол, қара өлең мен қамыс, мия, Үстіңе қонушы едік пішен жия, Есіл Сыр, қаласың-ау енді бізден, Сендей қоныс бола ма Сұңқарқия?! Ақбаттауық аралға жарасушы ең, Күштілікке арпамен таласушы ең, Түбің көктеп тұғырды жалдандырып, Аттың майын бергендей қарасушы ең. Өзен сыр, жайлы жер ең күздемекке, Ат жаратып мереке іздемекке. Көргенше аман болғын, оман дария, Құдай сенен көтерді тұз дəмекке. Мəделі Бұқар барып қоныс алар, Бір жылдан соң бұл жерді орыс алар, Шымкент пенен Түркістан, жеті кентті Асып барып Тəшкенге қолын салар. Кəпірлердің қауымы көршімен өрт, Əзір мені кəрəмат айтты дер жұрт, Менің сөзім далаға кетпейтұғын, Келгенде болатұғын бəрі де мерт. Балалар, күлісерсің қош уақта, Əзір жағаң кəпірден бос уақта, Біздің сөз еш далаға кетпейтұғын, Жетпейді ендігі жыл осы уаққа! Мəделі Жүсіпқожаұлы

ОРЫСТЫҢ ОТ КЕМЕСІ ӨРГЕ ЖҮЗДІ ІІІ-нұсқасы Өзен Сыр, қаласың-ау енді менен, Күдер үзіп отырмын мен де сенен, Енді маған сен қоныс бола алмайсың, Үстіңе орыс келген от кемемен. Орыстың от кемесі өрге жүзді, Ақыр алмай қайтеді тұрсақ бізді?! Аралап аралыңнан ағаш кесті, Енді сенен Мəделі күдер үзді. Мəделі Бұқар барып қоныс алар, Бір жылдан соң бұл жерді орыс алар, Шымкент пенен Түркістан, жеті кентті Асып барып Тəшкенге қолын салар. Кəпірлердің қауымы көршімен өрт Əзір мені кəрəмат айтты дер жұрт, Менің сөзім далаға кетпейтұғын, Келгенде болатұғын бəрі де мұрт. Балалар, күлісерсің қош уақта, Əзір жағаң кəпірден бос уақта, Біздің сөз еш далаға кетпейтұғын, Жетпейді ендігі жыл осы уаққа. Мəделі Жүсіпқожаұлы

ТҰРМЫСЫҢ АМАН-ЕСЕН, ОРДАБАСЫ 1858-жылы Мырзабидің өліміне байланысты Қоқан хандығынан қысым көрген Мəделі батыр Бұхар өңірінен пана іздейді. Алайда Бұхар əмірінің қол астынан да жайлы жағдай таба алмаған Мəделіқожа екі айдан соң туған еліне қайтып келеді. Бұл өлең сол оқиғаға байланысты туады. Мəделінің «Тұрмысың аман-есен, Ордабасы» деген өлеңі Шымкент маңындағы Қоқан хандығының езгісіне қарсы күресті ұйымдастырушы болғанын жəне бұл мəселеде шешуші рөл атқарғанын дəлелдейді. Тұрмысың аман-есен, Ордабасы, Не көрмес тіршілікте бастың жасы, Алдынан қыз-қатынды шұбыртқан соң, Қоқанның қырғын тапты бозбаласы. Тұрмысың аман-есен, Қотырбұлақ, Мырзаби зекет алды жаудай бұлап. Өлтіріп Мырзабидің өтін алып, Еліміз төмен ауды Арыс құлап. Тұрмысың аман-есен, Бадамым-ай, Қаһар қып атқа мінді адамым-ай, Көргенше енді сені көп қой деуші-ек, Екі айда қайтып тиді қадамым-ай. Сағындық Құрысай мен Бөріжарды-ай, Көтерген ауыр жүкті мен бір нарды-ай, Алдынан қыз-қатынды өткізген соң, Қалшаның қырып салдық бəрін малдай. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Арыстың өткел бермес суы тасып, Мырзаби қаша алмады қара басы. Зекетке зерделі ел тұра алмады, Қыз-қатын көштен шықты шуылдасып. Арыстың суы ағады жарыменен, Байлар қосы тасиды нарыменен, Өлтіріп Мырзабиді, өтін алып Қолымның ет асадым қаныменен! Мəделі Жүсіпқожаұлы ОСЫНДАЙ ЖЕРДІ ЖАМАНДАП Жаужұмыры құмғандай, Жесең көңілің тынғандай, Осындай жерді жамандап Неден болдың қу маңдай?! Жуасы бар таяқтай, Жусаны тұсар аяқты-ай, Əр бұтаның түбінде Еттері жатыр табақтай. Мəделі Жүсіпқожаұлы

ӨЗІМ ДЕ ƏДІЛЕТ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТТІМ Қоқан əкімдері Мəделіні ұстауды Шардара өңірінің беделді адамы Өтетілеу датқаға тапсырады. Көп қолмен аттанған Өтетілеу ақынды ұстаудың ұрымтал жағдайын келтіреді. Осы кезде Мəделіқожа қасындағы он жеті жігітімен бір үйде отырған екен. Қуғыншылар қоршап келіп қалғанын естігенде, батыр: «Өтетілеу өлтіре алмас, өлтірсе де көме алмас» деп жігіттеріне басу айтып, аттарына мініп, ауылдан аулақтағы төбе басына шығады. Сөйтіп, аттарының белін қайта тартып, құмалақ тастатып, олай-былай жүрісіп, қуғыншыларға қарсы қасқара қарап тұрады. Бұны көрген Өтетілеу: «Оу, жігіттер! Қолға түсетін адам мына сөбенің басында «Мені көрдің бе?» деп бұлайша тұрмас болар» деген сөзді айтып, жөніне кете беріпті. Сол кездері осы секілді қуғынның талайын көрген ақын көңіл назасын былайша білдірген екен: Құдая, өзің оңда бұл ісімді, Дұшпандар көріп жүрсін күлісімді, Өзім де əділет үшін қызмет еттім, Ел үшін қанға бояп қылышымды. Туысым бөлек, туғаным бұл жерде аз, «Тақсыр-тақсыр!» дегенде боп жүрдік мəз, Басыма қиыншылық іс түскенде, Қасымнан табылмады көңілі саз! Мəделі Жүсіпқожаұлы

ДАРИЯНЫҢ ГАУҺАР ЖАТАР АРНАСЫНДА Мəделіқожа қоқандықтардың тепкісінен Бұхар əмір - лі гін жағалап кеткенінде, ауылын, Жаппас руының беделділерінің итермелеуімен Алшын руының батыры Ер Шойын жігіттерімен батырдың ауылын шауып, Момын деген қарындасын алып кеткен екен. Бұхардан елге оралған батыр мұны естіп, інісі Кенжехан екеуі қарындасын іздеп Саудакент жаққа аттанады. Ол жақта бейғам отырған Ер Шойынның қосын тұтқиылдан шауып, қоян-қолтық ұрыс басталып кетеді. Сол айқаста Ер Шойын Кенжеханды найзамен шаншып, жарадар етеді. Мұны көрген Мəделіқожа қаһарланған оның бес бірдей жігітін атынан аударып тастайды. Солардың қата рын, да Ер Шойынның жалғыз ұлы мерт болады. Ұрыстың арты Мəделілердің шегінуімен бітеді. Ер Шойынның жасағы ұзақ уақыт қалыспай, қамамақшы болғанмен, Мəделінің қолы жүре соғысып, сытылып, қарасын үзіп кетеді. Сонда өзі құр алақан қалған, оның үстіне қайғы жұтып қара жамылған Ер Шойыннан қасындағы сарбаздары: «Сіз оңтайыңыздан келген жігіт (Кенжеханды) неге шаншып өлтірмедіңіз?» деп сұраса, ол: «Ой, онда атылған оқтай, жалынды оттай ат бауырында ойнайтын батырды мыңдаған қатынның бірі ғана табар, өлтіруге қимадым» деп, ағынан жарылған екен. Ақыры, Ер Шойынның мерт болған жалғыз баласының дауы ұзаққа созылып, Мəделінің дүниеге, малға жарымаған аз ғана руы өлген жігіт құнын төлей алмай, батырдың басы біраз сергелдеңге түседі. Мына өлең сол тұста, өзі талай мəрте қолын басқарып, қызмет еткен қайын жұрт Қоңырат руының беделді кісісі Қанай датқаға айтқаны екен: Дарияның гауһар жатар арнасында, Көпестер күйме жегер арбасына, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Датқа-еке, құлақ салып тыңдасаңыз Ініңнің бес-алты ауыз арзасына. Жығаң бар жығылмаған басыңызда, Жолдас ем жастай ерген қасыңызға, Дос сүйсініп, дұшпаның күюші еді Жүргенде мен ілесіп қасыңызға. Жолдасың Сапақ би мен Асқар болып, Халыққа үш қарқара достар болып, Үшеуің көк ұлына қорған болдың, Халқыңа қызметтерің асқан болып. Дəуірге үшеуің де мініп едің, Бəйгеден кезек озған күлік едің, Арда құнан секілді араңызда Тентектік қылып жүрген інің едім. Шабушы едім дұшпанды дала қылып, Арқама үшеуіңді пана қылып, Шетте жүріп не тентек іс қылсам да, Бетіме жан келмейтін жала қылып. Алыстан шошушы еді мені көрген, Жаудан сағы сынбаған асыл ем мен, Айқай салып, ат қойып ұмтылғанда, Мылтығын тастай жаяу қашқан мерген. Көрінбес бұл күндері көзім жастан, Датқа-еке, не қызықтар өтті-ау бастан. Жалғыз інім жаралы болғаннан соң, Бесеуін қатар шаныштым аямастан. Бəйгеден үш тұлпар ең келген талас, Атыңды түгел білді үш жүз алаш, Қасыңдағы жолдасың қайда кетті, Ойласаң, бұл дүниеде ешкім қалмас. Мəделі Жүсіпқожаұлы

ҚАНАЙ ДАТҚАҒА ІІ-нұсқасы Жаппас руының бай саудагерлерінің керуенін Мəделі шауып, елін кедей-кепшігіне таратып бергенінде, əлгілер Қанай мен Сапақ датқаларға пара ұсынып, Қоқан ханының алдына өздерінің сөзін сөйлетеді. Хан дауды шешпек мақсатымен Мəделіні шақыртып, датқалармен беттестіреді. Сонда Қанай мен Сапақ болған оқиғаны өз көздерімен көрмегендіктен, айыпкердің мойнына қойып бере алмай, Қоқан ханы дауды Мəделінің пайдасына шешеді. Қателесіп, ұятқа қалған датқалар ордадан ұзап кеткен батырдың соңынан қуып жетіп, бітімге келмек боп кешірім сұрайды. Ол өлең Мəделіқожаның сол кезде бетіне тік қарауға дəті шыдамаған Қан датқаға ашына қарап тұрып айтқаны екен: Деуші едім жалғыз шынар, Қанай, сені, Ілгері дастан қылдым талай сені, Айбаты Алатаудай інің едім, Бауырға не себепті тептің мені? Дəу едің дұшпан қарсы келе алмаған, Тұлпар ем тынбай шауып дем алмаған, Бауырға сен тепкенді білгеннен соң, Қалмады ешбір дұшпан кек алмаған. Бар еді қандай досың менен жуық, Болғанда сен – кереге, мен ем – уық, Жұлдызым Сарыатаннан ыстық еді, Сен мені не себепті көрдің суық? Алдымда ағам едің асқар таудай, Ықыласың не себептен менен ауды-ай? Соңымнан ит пен құсты шəуілдетіп, Кекті өткен жеті атасы көрдің жаудай! Мəделі Жүсіпқожаұлы

Датқа-еке, осы жерде туып едім, Саған келген жауларды қуып едім, Бетіме бадырайтып куə болдың, Тіріңде – пір, өлгенде – туың едім! Қисайып қылған ісін мойнына алған Сен сияқты жаманның бірі ме едім? Қалған соң сөзі жерде өлді-ау деп ем, Қабаттап кеп қалыпсың, тірі ме едің? Бүйтпес едің нағашым Байбақ болса, Батыр жауды ала алмас тайғақ болса, Қожаның бір қылғаны осы ма еді, Бұрын қазақ жоқ па еді айғақ болса? Қорқады алдымдағы арынымнан, Сырттағы жау сескенер сарынымнан, Сен Қоңыраттың баласын қорғаймын деп, Сауыт жыртып, оқ тиді қарынымнан. Басқа емес, Қоңырат елге жиен едім, Өзім қатар жігіттен киелі едім, Үш жүздің баласында асарың жоқ, Ісіңді қай адамға жүйеледің? Жау болсам мен сіздерге шаппас па едім, Əлде сен Қоңырат емес, Жаппас па едің? Күшім менен тынжым шыдатпайды, Болмаса көжемді ішіп жатпас па едім? Датқа-еке, басың піскен асқабақтай, Дау келсе сөйлемейсің жасқалақтай, Жаппастың жүз ділдəсін қарпығанда, Көк ұлын соғыстырдың тастабақтай. Мəделі Жүсіпқожаұлы

МƏДЕЛІНІҢ ҚАНАЙҒА АЙТҚАНЫ (Өмірзақұлы Байзақ нұсқасы) VI – нұсқасы Көпестер жорға деген арбасына, Теңіздің гауһар жатар арнасында, Датқа-еке, құлақ салып тыңдасаңыз, Хат жазған ініңіздің арзасына. Жығылар жығылмаған басыңыз да, Мен үзеңгі жолдас ем қасыңызда, Дос сүйеніп, дұшпаның жылаушы еді, Жүргенде біз ілесіп қасыңызға. Басқаның Бесабақ пен Асқар болып, Басында үш қарқара достар болып, Үшеуің көк ұлына арна болдың, Халқына адал болған асхал болып. .... .... Жолдасың екі бірдей қайда кетті, Ойласаң, бұл жалғанды, ешкім қалмас. Əмірлікке үшеуің де мініп едің, Бəйгеден кезекті озған күлік едің, Арқаңда арда бала секілденіп, Тентектік қылып өскен інің едім. Шабушы ем дұшпан елін дала қылып, Арқама үшеуіңді қала қылып, Далаға қанша бұзық іс қылсам да, Ешбіреу келмеуші еді жала қылып. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Кім қалар тура қаза жеткеннен соң, Маусым шақ екі келмес өткеннен соң, Қоңыратқа жалғыз қара болып шықтың, Жолдасың екі талас кеткеннен соң. Бар еді қандай досың менен жуық, Болғанда сен – кереге, мен ем – уық, Қоңыраттан кісі өлтірген жерім бар ма, Немесе не себептен көрдің суық? Алдымда ағам едің асқар таудай, Ықыласың не себептен менен ауды-ай, Соңымнан ит пен құсты шəуілдетіп, Кектескен жеті атаңнан көрдің жауды-ай. Халқыңның, бір мен емес, ағасы едің, Оқ өтпес кіреуке мен жағасы едің, Жандардың байларменен бірі болсам, Жаппастан жүз ділдəні алмас едің. Өзеннің мен де өзіңдей саласы едім, Ұрыста бозбаланың қаласы едім, Жаппастан жарым қазы жақын едім, Көк дамбал көк ұлының баласы едім. Заманым заманыңмен теңдеседі, Еш дұшпан тату болсақ келмес еді, Бұл қылық, аға, сізден өстеді деп, Түсіме үш ұйықтасам келмес еді. Заманым заманыңмен теңдеседі, Мыналар ұрсар екен демес еді, Артымда жасақ байлап сен тұрғанда, Теңіме Жаппас менің келмес еді. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Өтті Жүсіп, Құлжан, теңіменен, Көңілінің дос боп өтті кеңіменен, Қолыңа жұрт тізгіні тигеннен соң, Айтыстың жаудай тартып меніменен. Қалып ем қай жауыңнан даулағандай, Сен – шоқ боп, мен – жалын боп лаулағандай, Тістеуік тəтəй қыздай мінез аштың, Басыңа кəриялық аунағанда-ай. Қасты етсе досты құдай, шара бар ма, Аңлаңдар бұл сөзімді ақылы сара, Жауымен көк ұлының ұрысқанда, Алдымнан алты жерден жедім жара. Қай дұшпан қорықпаушы еді сарынымнан, Басылдым орыс алып, арынымнан, Ап бердім əділет деп топқа нанды, Оқ өтті сауыт бұзып қарынымнан. Ұрыста шошушы еді мені көрген, Қайтпаған жаудан саны қасыма ерген, Ат қойып, айғай салып ұмтылғанда, Мылтығын тастай қашты жаяу мерген. ...... Қырылып жаяу мерген қашты саймен, Елу Қоңырат Арқада, үш жүз Арғын, Ұрыстық үш күн, үш түн Ағыбаймен. Сұрашы Жантайыңнан мұның ағын, Ер болса білген шығар адам шағын, «Қоңыраттың бозбаласын бермеймін!» – деп, Інімнің мылтық үзді шынашағын. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Көрінбесін əр уақытта көзің жастан, Датқа-еке, талай қылық өтті бастан. Көк атқа қаракиік мінгеннен соң, Бесеуді қабат шаныштым дем алмастан. Ойлаймын тұман ба деп шыққан шаңды, Ұрыспен аңдамадық атқан таңды, Ерімен екі жүз ат олжа ап бердім, Шығардым есен-аман бозбалаңды. Адамның ол уақтағы бəрі де аят, Рас деп бұл сөзімді айтқан шаят, Нұректің киік алған сұңқарындай, Бас болып бозбалаңа бердім тай, ат. Дуа алған жеті атаңнан пірің едім, Өзіңнің мезі қылсаң бірің едім, Бар болса тентектігім далаға еді, Артыңнан ұмыт болған інің едім. Жалғыздың жаман болса шықпас үні, Соқырдың тыс болғанмен атпас күні, Дауыңа жауыңменен бірдей көмек, Табылмас мен секілді саған іні. Ойласаң менен жуық елің бар ма, Қай жақта елің деген сенім бар ма, Мені суық, Жаппасты жақын көріп, Қоңыраттан кісі өлтірген жерім бар ма? Деуші едім жалғыз шынар, Қанай сені, Ілгері дастан қылдым талай сені, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Алдымда ағам едің асқар таудай, Бауырға не себептен тептің мені? Бұл өлеңді құлаққа тыңдағын-ай, Дау мен жау ер жігітке бақты талай. Алдыңда бас кесіп, қан төкпеп ем, Алаштан алыс қылдың мені қалай? Дəу едің дұшпан қарсы келе алмаған, Тұлпар ең таңдай шауып дем алмаған, Тепкенін сен жауырға білгеннен соң, Қалмады еш дұшпаным кек алмаған. Шынар ең биік шыққан биік тауға, Саяңды мені тастап бердің жауға, Ғайры дін, жынысы бөлек қосын жектім, Үзген соң сенен күдер паналауға. Датқа-еке, басың іскен асқабақтай, Дəу келсе сөйлемес ең жасқалақтай, Жаппастың жүз ділдəсін алып бердің, Көк ұлын соғыстырып тастабақтай. Ішінде бұл өлеңнің бар ма жалған, Аузыма бұл өлеңді құдай салған, Түзетер түсер айып ауыз екі, Бар болса қата сөзім мұнан қалған. Жүйріктің майда келер құйрық-жалы, Айтпайды қата сөзді Мəмəдəлі, Жаныңда жақын болса жүрмес пе еді, Мен мұнда, Жаппас кетпей, жүрмін əлі. Мəделі Жүсіпқожаұлы

АҚ ПАТША Ақ патша əділмін деп сендіріп тұр, Аузынан шыққан сөзін ем қылып тұр. Ой мен қыр, жер мен суға ие болып, Əр жерден қазық қағып, белгі ұрып тұр. Қарыстап қара жерді бөлдіріп тұр, Көнбегенді күшпенен көндіріп тұр, Қарсыласқан түсер деп тас қамалға Төбеңнен зеңбірегін төндіріп тұр. Ел сорлы бəріне де көндігіп тұр, Дария бойында сел қаптап, сең буып тұр, Хакімге момындардың малын шашып, Пысықтар жанын жалдап, шен қуып тұр. Аузымен хан-қараны тең қылып тұр, Ұзын арқан-тұсауды кең қылып тұр, Зұлымның мəртебеге қолы жетіп, Арада момын жатқан ел құрып тұр. Біреуді артық, біреуді кем қылып тұр, Біреудің айтқан сөзін жөн қылып тұр, Құдай да қудың жағы болған білем, Біреуді əкем біреуге жем қылып тұр. Мəделі Жүсіпқожаұлы

АППАҚАЙ, АМАЛ БАР МА МЫНА СОРҒА? Атақты Қоңырат Қоныс датқаның қызы Аппақай жалғыз ағасы Беркімбайдың айтқанын тыңдамай, түбі Қара кетелік ояз тілмашымен қашып кетіп бара жатқанда, жолда ұшырасып қалған Мəделі ақынның айтқаны: Аппақай, амал бар ма мына сорға, Құс едің аспандағы түстің торға, Үстінде көк арбаның селкілдейсің, Көшкенде жақпаушы еді тарпаң жорға. Аппақай, ашыды ма сенің миың, Үстіңе қынамалап кидің киім. Түскін де арбадан, ауылыңа қайт, Жанында Жартытөбенің отыр үйің. Аппақай, кеткенің бе жетілмей-ақ, Сырбаздың былқылдаушы ең етіндей-ақ, Қоныстың ен дəулетін ылайладың, Дарияның ағып жатқан шетіндей-ақ. Атыңа үш тұмсықтап қаққан тағаң, Мойныңда қынамалы киген жағаң. Айта кет, Аппақайжан, бір сырыңды, Есіңнен шыққаны ма жалғыз ағаң? Насиқат көп айтсам да ұға алмадың, Боларын мұндай істің біле алмадым, Май салып ауызыңа, бал емізген Есіңе ата-анаңды бір алмадың! Аппақай, есеймей-ақ ерге кеттің, Төменнен жай таба алмай, өрге кеттің, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Қайыр қош, енді аман бол, қарындасым, Көз көрмес, аяқ жетпес жерге кеттің. Аппақай, ел ішінде өстің ерке, Əйелсің шашың ұзын, ақылың келте, Көзіңе Қамбар болып көріне ме, Қалбайған қарға бұтты Қара кете?! Мəделі Жүсіпқожаұлы

АТЫНАН АППАҚАЙДЫҢ ҚАРАСПАСАҢ... Аппақайдың тілмашқа қашып кетуінің арты үлкен дауға айналады. Қара кете тілмаш Арғын Құлтума дегенге барып, уақытша сонда паналайды. Арада біраз уақыт өткен соң, ол кісі араға түсіп, Мəделіқожа арқылы оларды Беркімбаймен татуластырады да, табысқан күйеу баласы қайынағасына Қайысаяқ деген атақты жүйрік атын мінгізеді. Міне, сол тұлпарды Беркімбай астына мініп келе жатқанда, ескерусіз қалған Мəделіқожа былай дейді: Ел қайда Желтиместен ары аспасаң, Ат қайда Құлшоқынмен жараспасаң? Аяғы Торышаның қою тартты Атынан Аппақайдың қараспасаң! Сонда Беркімбай астындағы жүйрік арғымақтан қарғып түсіп, сол жерде аттың шылбырын ақынға ұстата салған екен. Ел ішінде осы бір оқиғаға қатысты əңгіменің біршама өзгертілген нұсқасы да сақталған. Онда Аппақайдың ағасымен тілмаштың татуласқаны былайша баяндалады: ...Аппақай қашып кеткен соң, араға біраз уақыт салып, сондай келеңсіз жағдайда күйеуге тиген қыздың тұрып жатқан ауылының үстінен ойда жоқта бір жақтан жолаушылап келе жатып, ағасы Беркімбай мен Мəделіқожа өтеді. Аппақай бұларды көре сала, ағасының астындағы аттың шылбырына оралып, үйіне түсулеріне жалынады. Ақыры оларды қонақ қылып, ағасына ат мінгізіп, тілмашпен татуластырады. Қайтар жолда аты шабан тартқан ақын серігі Беркімбайға жоғарыда келтірілген бір ауыз өлеңді айтып, қарындасы берген Қайысаяқ деген атақты жүйрікке ауысып мініп алған екен делінеді. Мəделі Жүсіпқожаұлы

МƏДЕЛІНІҢ ДОСАЛЫ МЕН ҚАСЫМБЕК ДАТҚАНЫ ЖАРАСТЫРУЫ Досалы, Қасымбек ең төс елінде-ай, Жылқы мал тебіспейді өсерінде-ай, Артыңды шабыс пенен тартыс қылма Қартайып, дүниеден көшеріңде-ай. Қалып ем қай жаныңнан жауланғандай, Мен шоқ ем, сен жалын боп лаулағанда-ай, Артыңды шабыс пенен тартыс қылма, Басыңа кəрілік кеп аунағанда-ай. Досалы, Қасымбек ең қырда жатқан, Естерің бар емес пе, тəңір атқан, Төбелессең Дулаттың баласы өлер, Қожа өледі деймісің Сырда жатқан! Ақсуда жасақ жиып тұрысқаның, Жауыңды қашан бірге қуыспадым? Атыссаңдар Дулаттың баласы өлер, Жалған ба бір атадан туысқаның? Домалап тасың шықса тау бетіне, Мастанба қолыңдағы дəулетіңе, Ашу-дұшпан тілімен адам өлсе, Кек қалар жеті пұтты əулетіңе! Мəделі Жүсіпқожаұлы

СЕН ӨЗІҢ... Қаратау асып, Созақ жаққа барар жолда Найман Бұзау датқаның үйіне түсерде, Мəделі қасындағы жігіттерін қыр астына қалдырып, өзі жалғыз барады. Сəлемдескен соң, үй иесі: «Мені жұрт Бұзау датқа дейді, ал сен қайдан боласың? Жөніңді айта отыр» деп жөн сұрайды. Сонда ақын: «Сыр бойынан келе жатқан жолаушымын, датқаның даңқын есітіп, сəлем бере келдік» дейді. Сонда Бұзау датқа: «Ау, мына жолаушыға қазан көтеріңдер» дегенде, бір əйел үй ортасындағы қазанға су құйып, қойдың жалғыз қолын салып қайната бастайды. Датқа жантайып жатқан жерінен тұрып отырып: «Сол Сыр бойынан келе жатсаң Мəделіні білерсің» деп, батырлығы мен ақындығы жайлы естіген-білген əңгімелерін аузына алып, сөзінің соңында: «Ол туралы білетініңді, басқа бұйымтайың болса, оныңды айта отыр, жолаушым» дейді. Сол кезде Мəделі былай депті: Сен өзің Бұзау емес, торпақпысың, Жауға шапсаң жалтақтап қорқақпысың? Қазаныңа салғаның жалғыз жауырын, Ұялмай оған өзің ортақпысың? Жоқ, əлде Бұзау емес, баспақпысың, Баспақ бола тұрсаң да асқақпысың? Даңқын көрмей дəріптеп əңгіме еттің, Мəделі келсе тұра қашпақпысың? Осыдан кейін Мəделінің бас-аяғына қайтадан назар салып қарап өткен Бұзау датқа: «Япыр-ай, сен ия көзі, ия өзі шығарсың!» дейді де, орнынан тұрып, қайтадан құшақтасып көріседі де, ішінен «бұл анық Мəделі болса, жанында жігіттері болуы тиіс» деп түйіп, жылқыдан бір ту биені алдыртып, барлық жігіттерімен күтіп аттандырыпты. Мəделі Жүсіпқожаұлы

ТАСТАМА ЖҰРТҚА ШАЛА КӨШЕРІҢДЕ (Ахмет Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» кітабында келтірілген нұсқа) Дұшпандар тың салмай ма шабысыңа, Тұлпардай əрбір шыққан дабысыңа, Байұзақ, Батырбекпен екі нусың, От салма өзді, өзіңнің қамысыңа. Белбеуді бел қышиды шешерінде, Жылқы мал тістеспейді өсерінде, Екеуің орта жасқа келіп қалдың, Тастама жұртқа шала көшеріңде. Бір дұшпан екеуіңді жанып жүр ме, Жел сөзге арадағы нанып жүр ме? Басын тарт тұлпарыңның керістірмей, Сауырын зорықтырып алып жүрме. Мəделіқожаның бұл өлеңінің 1997-жылы табылған толық нұсқасында мынадай төртінші шумағы бар екен: Ақсуда жасақ құрып тұрысқаның, Жауыңды қашан бірге қуыспадым, Мылтық атсаң Дулаттың баласы өлер, Жалған ба бір атадан туысқаның? Мəделі Жүсіпқожаұлы

ТӨРЕНІҢ БІР АТАСЫ ҚАЛМАҚ ЕДІ... Бірде Шымкент үйезінде қызмет істейтін Ахмет төре Кенесарыұлы, апасы Қалипаның күйеуі Мəделінің «тоқал» деп шақырғанына шамданып, қырдың суына атылғанын, оны қайнысы Кенжеханның ат жалдатып барып құтқарып алғанын есіткен соң, ақынға «Апам суға батып өліп кеткен жағдайда, құнынан құтыла алмайтын едің» деп нығызданыпты. Сонда Мəделі былай деп жауап қайтарыпты: Төренің бір атасы қалмақ еді, Өлерінде кебінін жалмап еді, Ажалынан өлсе де маған төлет, Жалғанда жемеген боғың қалмап еді! Дарияның суы тасып, сазы қалды, Шіркін-ай, көңілдің бір назы қалды, Болмаса атыс-шабыс қадірі жоқ, Батырдың күші қайтса, зары қалды. Өмірдің көбі кетіп, азы қалды, Шіркін-ай, көңілдің бір назы қалды, Жиғанмен өліп-өшіп дүние-малды, Көрге кірген күніңде адыра қалды. Жүйріктің майда келер құйрық-жалы, Сөйлемес жалған сөзді ер Мəделі, Апаңның көзі кетсе мейлі еді, Опасыз апаң үйде тірі əлі. Мəделі Жүсіпқожаұлы

МƏДЕЛІНІҢ АХМЕТ ТӨРЕНІ МІНЕУІ Болар ең түйе болсаң оқпақ қана, Тұрар ең түске дейін оттап қана, Түстен кейін жантаққа аунап-аунап, Жатар ең жамбасыңды боқтап қана. Болар ең інген болсаң маңқа інген, Жүктерін кірекештер арта мінген, Сайлау жерге қалғанда тартынақтап, Жүретін мұрнын жыртып қатпа інген. Базарға жылқы болсаң өтпес едің, Теңгеге анық отыз өтпес едің, Келі түйген қатынды айналсоқтап, Бақанмен ұрса-дағы кетпес едің! Мəделі Жүсіпқожаұлы

ӨРЕСКЕЛ БОЛЫПТЫ ҒОЙ СОНЫҢ, ЖИЕН Қазақтың арасында нағашы-жиен болып ойнап, сөз қағысу, бір-бірін мінеу, əзілдесу мен қалжыңдасу – бұрыннан келе жатқан дəстүр. Оның күнделікті өмірден қаншалықты орын алғанын мақал-мəтелдерден оңай аңғаруға болады. Мысалы «Жиен мал болмайды», «Бір жиен қыдырып келгенше, бес бөрі қойға шапсын» деген сөздерді естімегендер кем шығар. Ал енді екеуі бір-біріне туған нағашы мен жиен болып келетін Мəделіқожа мен Майлықожаның өз ара оқта-текте сөз қағысып тұруы, тіпті, заңды құбылыс. Оны Майлықожа нағашысы қайтыс болғансоң, басына тұрғызылған сағанасына барып «Тірі болсаң сөзімді елер едің, Мазақ етіп бір сөзбен күлер едің» деп аузына алған сөздерінен-ақ байқауға болады. Солардың ел аузында сақталып қалғандарының үшеуіне жол берелік. Бірде Майлықожа дариядан салмен өтіп келе жатқанда, байлаған салы тарқатылып кетіп, киімдері салмен бірге ағып кетіп, өзі малтып жүріп, дарияның шетіне əзер шығады. Жақын жердегі бір үйден тон алғызып, өзі əбіржіп тұрғанда, үстіне Мəделіқожа келіп қалып: Үстіңде құтты болсын тоның, жиен, Тоныңа жасырынбас қолың, жиен. Киіміңнің бəрі де салмен кетіп, Өрескел болыпты ғой соның, жиен, – депті. Сонда Майлықожа нағашысына қарап: Салмен түстім дарияға, Ақыл салмай қарияға, Бұл да əзелден жазылған-ды, Жар салмаңыз жарияға, – деген екен. Мəделі Жүсіпқожаұлы

ƏКЕҢНІҢ АЙҚАСҚАСЫН КӨРГЕМ ТОПТА Ақбұлаққа орыстар келгенде, Мəделіқожаға оқ тиіп, жарақаттанады. Батырды кілемге салып, төрт атпен төрт жігіт көтеріп келе жатқандарында, алдарынан жолаушылап келе жатқан Майлықожа жолыға кетеді. Нағашысының хал-жайын көріп-білген соң, жаны біршама жай тапқан Майлықожа батырдың көңілін бір сергітпек оймен былай дейді: Əкеңнің Айқасқасын көріп едім, Қып-қызыл өзің шаптың жанған отқа, Əлемге намы кеткен Мəмəдəлі, Келесің ыңыранып жалғыз оққа. Сонда Мəделіқожа: Бұл сөзді айтар ма еді əлін білген, Əкеміз Айқасқамен дəурен сүрген, Орыстың маған тисе, оғы тиді, Сені де зар илеткен жалғыз тікен! Батырдың жиеніне бұлай дегенінің мəнісі – бірде Майлықожаның аяғына жиденің тікені кіріп, ол іріңдеп, дүңкиіп ісіп кеткен соң, ақын далаға біраз уақыт шыға алмай жатқан жайы болыпты. Сонысын есіне салып, алдына тартқаны екен. Мəделі Жүсіпқожаұлы

МƏДЕЛІНІҢ БІР ЖОЛЫ МАЙЛЫҚОЖАНЫ СӨЗДЕН ҚАҚҚАНЫ Майлы ақын, міне бізбен ойнасаңыз, Жүрсек те, жайымызға қоймасаңыз, Шомайдың көк аласын неге алдың, Ағайынның пайдасын ойласаңыз. Ауылына барып қондық Кенжебайдың, Қонып көрдік игілігін қант пен шəйдің, Жал-жая, қазы-қарта бір леген қып, Қазысын əкеп қойды асау тайдың. Ас көрсе ақын Майлы қылмас сабыр, Естен шықты бұрынғы өткен жəбір, Мəнті қылып асайды шыны майды, Шыны майдың сыртына орап қамыр. Сақ келеді сары иттің сабалағы, Келді айтқаным, жігіттер, бағанағы, Түн ортасы болғанда абайласам, Майлы ақынның жарылды қағанағы. Есте бар ма ескі сөз қуамын деп, Ойда бар ма дамбалға қуамын деп. Екі қолың илікпей қалмап па еді, Шалбарыңды қармен көп жуамын деп. Біздің қоныс сұрасаң – Айкөл, əсте, Ақынды санамаңыз ақылы еске, Кенжебайдың үйіне қонған түні Қонақ кəде қылғаны əлі есте. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Көзімді ашсам, Майлы ақын тоңып отыр, Жеген майдан көңілі суып отыр, Жан-жағалай көрпені қаластырып, Езгілеп, қарға үйкеп жуып отыр. Қар болып, табылмады құрғақ кесек, Ақынды кісі екен деп қылмай есеп. Астына салғаныңмен былғап қояр, Астына салмаңыздар жақсы төсек. Батыр жаудан қайтпайды араламай, Бірін шауып, біреуін жараламай, Таң атқанша жуғанмен кетер емес, Есіл-дерті болыпты қарала май. Кенжебай аямады бізден сыйын, Ақынға артқы жағы болды қиын, Таң атқанша жуғанмен кетер емес, Жазым боп былғаныпты есіл бұйым. Майлы ақын, талай жерді майлағансыз, Байларды қазысы көп жайлағансыз, Таң атқанша төсекті былғап шығып, Артыңызға көк сүңгіні байлағансыз. Өзің тидің, Майлы ақын, бəле қуып, Шалбарыңды алмап па ең, құммен буып, Иманберді датқаның ауылында да Екі құмған суменен алдың жуып. Мəделі Жүсіпқожаұлы

БАЖАҚТЫҢ БОЛЫП ЖАТЫР МƏЖІЛІСІ Бажақ деген дəулетті кісінің асына Мəделіқожа, Майлықожа, Байырбек ақындар барыпты. Қонақтар нашар күтіліпті. Сол жайды мінеу мақсатымен өлеңнің басын Мəделіқожа, ортасын Майлықожа, аяғын Байырбек шығарып айтуға келісіпті. Мəделіқожа: Бажақтың болып жатыр мəжілісі, Майлықожа: Ит жүгіріп, құс салған əзіл ісі. Байырбек: Бұл кісі сахабадан кем болмады, Атанды Меке барып əжі кісі. Мəделіқожа: Менің атым бұл жерден үркіп отыр, Майлықожа: Жүрегім май ішкендей кілкіп отыр. Байырбек: Үш қос уыс жем жеген тұғыр аттай Байырбек те дорбасын сілкіп отыр. Мəделі Жүсіпқожаұлы

ТҮС КӨРГЕНДЕ Мəделі үлкен шаһардағы медреседе жеті жыл оқып, ауылына келе жатып, қатты шөлге душар болып қалады. Далада түнеп жатқанда, түс көреді. Түсінде оған Ұлбике көнектен зеренге қымыз құйып беріп отырады. Ауылға келген соң Мəделі Ұлбикеге көрген түсін айнытпай айтады. Сонда Ұлбике: Басыма салған едім желегімді, Таппадым жеті жылдай дерегіңді, Мүттəйі теріс басқан, зəлім қожа, Тауып бер көнегім мен зеренімді, – деп əзілдепті. Мəделі Жүсіпқожаұлы

ШАҢҚЫЛДАП КҮШІГЕН ҚҰС БҮРКІТ БОЛМАС Бір топ жолаушы келе жатып, «ат шалдырайық» депті. Іштерінде Майлықожа, Мəделіқожа, Құлыншақ ақындар бар екен. Басқалары «осы үшеуі қосылып бір өлең айтсын, солардың пікіріне қарай көрейік!» депті. Майлықожа өлеңнің басын, Құлыншақ ортасын, Мəделіқожа ақырын айтпақшы болып келісіпті. Сонда Майлықожа: Шаңқылдап күшіген құс бүркіт болмас, Құлыншақ: Қара су сапырғанмен іркіт болмас, Мəделіқожа: Таздың басы, саңыраудың құлағы екен, Бұл жерге аттың басын іркіп болмас, – депті. Осы сөзді есіткен соң, жолаушылар бастарын изесіп, ол жерге ат шалдырмай жүріп кете беріпті. Мəделі Жүсіпқожаұлы

ƏТТЕҢ-АЙ, АМАЛ БАР МА, АМАЛ БАР МА? Жабыдан айғыр салсаң – ат тумайды, Нəкəстің қызын алсаң - зат тумайды. Көп беріп, көргендінің қызын алсаң, Баласы оның туған таптырмайды. Мысық жолдас болмайды тышқанменен, Айтамын əр сөзімді мысалменен, Баласы құладынның бөрі алмас, Аспанда үш айналып ұшқанменен. Жылдар өтіп барады, замандар да, Бұлбұл боп сайрай алмас жаман қарға. Кей есек тұлпармын дер бағы жанған, Əттең-ай, амал бар ма, амал бар ма? Мəделі Жүсіпқожаұлы

БӨРІНІҢ ЖЕМЕСЕ ДЕ АУЫЗЫ ҚАН... (Тəтен датқаға) Тəтеке, өлең айт деп қылдың бұйрық, Бəйгеден бабы түспей озбас жүйрік. Шашып, шапшып сөйлеуге жібермейді, Жаппас жүр ақылымды қойдай иіріп. Келіп ем дін ыслам қаласынан, Алланың үмітім бар панасынан, Келіп ем жұрт сағынып, көрейін деп, Жаппастың тыншымадым жаласынан. Кеміді келемін деп жарым жасым, Бойыма тарамады ішкен асым, Он жыл болды тыныштық көрмегелі, Жанжалмен əуре болды жалғыз басым. Келіп ем дін ысламнан, Бұқар ауып, Көбейді мал даулаған бізді тауып, Бөрінің жемесе де ауызы қандай, Көбейді айғақ-куə, жала жауып. Жұртым жоқ даудан басқа қарайтұғын, Жаман күнге жақсы дос жарайтұғын, Барамын Түркістанға зорлықпенен, Ұлық жоқ əділетпен сұрайтұғын. Тəтеке, өлең айтпақ көңіл қошы, Мал тайса, қашық тартар ердің досы, Орынсыз үкімменен мен барамын, «Күн туса ер басына...» деген осы. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Бүгінде не сөз шықсын тілімізден, Қата болса өткейсіз мінімізден, Датқа-еке, дуаңызды аямаңыз, Қызметкер жолдас болған ініңізден. Бүгінде мүшкіл іс бар басымызда, Басы сау, сөйлеуші едік, жасымызда, Құтқарса құдай аман бұл пəледен, Бір барып сөз сөйлер ем қасыңызда. Күнəм көп, кешкей құдай қатамыздан, Бұл дəулет сізге қалған атаңыздан, Аузыңның да дуасы бар ер едіңіз, Үміткер болып келдім батаңыздан. Қадірін ауырғанның білмейді сау, Жылымшыған жанжалдан жақсы екен жау, Датқа-еке, дуаңыздан қалдырмаңыз, Сүйегін қожаекеңнің жасытты дау. Мəделі Жүсіпқожаұлы

ТƏТЕН ДАТҚАҒА ІІ-нұсқасы Тəтеке, өлең айт деп қылдың бұйрық, Бəйгеден бабы түспей озбас жүйрік. Шашып, шапшып сөйлеуге жібермейді, Жаппас жүр ақылымды қойдай иіріп. Келіп ем дін ысламның қаласынан, Алланың үмітім бар панасынан, Келіп ем жұрт сағынып көрейін деп, Жаппастың тыншымадым жаласынан. Кеміді келемін деп жарым жасым, Бойыма тарамады ішкен асым, Он жыл болды тыныштық көрмегелі, Жанжалмен əуре болды жалғыз басым. Келіп ем дін ысламнан, Бұқар ауып, Көбейді мал даулаған бізді тауып, Бөрінің жемесе де ауызы қандай, Көбейді айғақ-куə, жала жауып. Жұртым жоқ даудан басқа қарайтұғын, Жаман күнге жақсы дос жарайтұғын, Барамын Түркістанға зорлықпенен, Ұлық жоқ əділетпен сұрайтұғын. Тəтеке, өлең айтпақ көңіл қошы, Мал тайса, қашық тартар ердің досы, Орынсыз үкімменен мен барамын, «Күн туса ер басына...» деген осы. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Бүгінде не сөз шықсын тілімізден, Қата болса өткейсіз мінімізден, Датқа-еке, дуаңызды аямаңыз Қызметкер жолдас болған ініңізден. Бүгінде мүшкіл іс бар басымызда, Басы сау, сөйлеуші едік, жасымызда, Құтқарса құдай аман бұл пəледен, Бір барып сөз сөйлер ем қасыңызда. Күнəм көп, кешкей құдай қатамыздан, Бұл дəулет сізге қалған атаңыздан, Аузыңның да дуасы бар ер едіңіз, Үміткер болып келдім батаңыздан. Қадірін ауырғанның білмейді сау, Жылымшыған жанжалдан жақсы екен жау, Датқа-еке, дуаңыздан қалдырмаңыз, Сүйегін қожаекеңнің жасытты дау. Кəнекей баяғыдай қылық болса, Бұл сөзді аңлыр, ақылға тынық болса, Түн қатып Түркістанға жүрер ме едім Əділет мұсылманнан ұлық болса. Кəнекей, Қаражардай елім болса, Бір шалқар алыс жерде көлім болса, Һарамды қанға бояп жүрмес пе едім, Бір сүйеу алды-артымда ерім болса. Қылар ем қолдан келер амал болса, Амал жоқ төңірегім қамал болса, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Жаппасты жан сауғалап жүгіртер ем, Қыбыладан жақсы бір шамал тұрса. Барамын Түркістанға айдауменен, Тістеулі бармақ басы шайнауменен, Қыбыладан бір жақсы шамал тұрса, Кіші жүздің күні өтер байлауменен. Құдай-ау, өзің оңла бұл ісімді, Дұшпандар біліп тұрсын күлісімді, Өзіңе дін жолында қызмет қылып, Қан төгіп, қанға бояп қылышымды. Мəделі Жүсіпқожаұлы ҚЫСТЫҢ БІР АЛТЫ АЙЫ ӨТКЕН СОҢ... Қыстың бір алты айы өткен соң, Жаздың бір алты айы өткен соң, Аспара деген етектен Елім бір көшіп өткен соң... Сыйқымнан Əжібек келді

туымен, Батырбектің буымен, Құрман келді қожадан, Мың кісі келді тамадан Өңкей батыр ағадан, Мың кісі келді Сəмбеттен, Байзақ келді Мəмбеттен, Бестеректен келді бес қожа, Кене ханға Сəлімбай... Мəделі Жүсіпқожаұлы

ҚЫЗЫЛАУЫЗ АТТАЙ БОЛМАЙДЫ Кене ағам тартып қырғыз барды, Аз ауыл Құсшы деген қырғызды алды. Кененің ішіп жатқан суын бұрып, Қаңғырып Кене қолы шөлде қалды. Кене ағам атысады жалғыз жатып, Атының шаба алмайды мойны қатып. Астында ер Науанның Қызылауыз, Оқ үзді артқы аяғын бұлғақтатып. Беріпті сөйлесін деп тіл менен жақ, Наурызбай осындайда қимылдап бақ, Өркеші жоқ түйедей мойны құлаш, Əкелді Кертайлақты үйсін Байзақ. Кертайлақты əкелді судан сүйрік деп, Топтан да озған жүйрік деп, Аяқты малға жеткізбес Мұндағы жауға килік деп. Кенеге тілеу болмайды, Қырғызды құдай оңдайды. Жамандатқыр Кертайлақ Қызылауыз аттай болмайды... Мəделі Жүсіпқожаұлы

МƏДЕЛІҚОЖАНЫҢ ШƏРІП БОЛЫСҚА АЙТҚАНЫ Арғыннан Ташкент жаққа Шəріп барған, Бұл жақтан бір əйелді алып барған, Арыстанбай Шымкентке болыс болып, Көп жұртқа дəрежесі анық болған. Ол барған əйелді алып Арыстанбайға, Қайратты жақсы жігіт жүрмес жайға, Сіңісіп бірнеше жыл қызмет қылып, Жүреді жолдас болып бірнеше айға. Бақ алған Арыстанбай оң мен солдан, Артынша, құдай қалап бақыт қонған, Шымкентке Арыстанбай памошник боп, Шəріпті өз орнына болыс қойған. Ер Шəріп болыс болды судай тасып, Бақ алған аса жұрттан қайраты асып, Өр дəулет Қасымбекпен қас болады, Екеуі бір нəрсеге жанжалдасып. Ер Шəріп қас болады Қасымбекпен, Ол-дағы мықты болыс қолы жеткен, Сыздықтың күйеуі бір үлкен төре Екеуі айтысуға соған кеткен. Алдына сол төренің барады енді, Жұмысын наһақ болған салады енді, Жасырып Қасымбектен Шəріп болыс Төреге жүз елу сом пара берді. Қасымнан Шəріп жеңіп дауын алып, Сүйсінді шыққанына барша халық, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Шəріптен жүз елу сом пара алғанын Қасымбек есітеді құлақтанып. Қасымбек ол төреге қайта барды, Қалтаға бес жүз сомдай ақша салды, Төреге бес жүз сомның бəрін беріп, Айтысып Шəріппенен тағы барды. Қасымнан ол төренің жегені көп, Əр қашан мал шіркіннің себебі көп, Шəріпті Қасымбекке жығып берді, Тұрған соң өзі ұлық дегені боп. Қасымға Шəріп шықты ақы беріп, Төренің қиянаты болды серік, Барды да бір төремен ақылдасты, Қашаннан жүреді екен жақын болып. Төренің айтты қылған қиянатын, Өзінің қылған қанша саясатын, «Айтыссам бұл төрені қайтер екен, Сіз едің халық ішінде көңілі жақын?». Төре айтты «Түрін көрдім бұл жұмыстың, Тұрпатын көп көріп ем бұндай істің, Қой балам, қудалама, не қыласың, Бір алдың, бір алдырдың, кезек түстің». Шəріпке жарамайды сөз шамасы, Сыздықтың ол күйеуі, бұл ағасы, Қылды ғой ақыр бұған жақындығын Бұлардың таяу еді шекарасы. Көңіліне мақұл көріп айтыспақты, Бұл өсек ол төреге барып қапты, Шəріптің айтысамын деп жүргенін Бір орын анығында танып қапты. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Ол өзі үлкен төре емес мықты, Шəріптің əшкере боп мысы шықты, Жеткізбей бір жетіге əлгі төре Шəріпті болыстықтан түсіріпті. Олардың тойды төре парасына, Көз жетпес кімнің ағы, қарасына, Мəделі дейтін білгір ақын қожа Ташкеннің болды сырқат қаласында. Бір айдан қожа ауырды артығырақ, Барыпты көп жақсы адам көңіл сұрап, Өзінің үзеңгілес жолдасынан Бара алмай қалған екен Шəріп бірақ. Ол қожа ауырыпты бір ай анық, Бір күні жазылыпты сақтыланып, Шəріптің көңілін сұрап келмегенін Көңіліне жүреді екен əбден алып. Шəріптің іші толған қайғы түтін, Халыққа шығармайды көңілі бүтін, Қожаны көңілі ашып сөйлетуге Шақыра жібереді бір жігітін. Домбыра, қожа келіп, алды қолға, Жел сөзге өзі жетік судай жорға, Шəріпті есек мысал құлан қылып, Азырақ сөз сөйледі сонда қожа. Айтайын арсы-гүрсі, лаухи қалам, Алланың мақлұқаты барша ғалам, Болмайды бір сияқты, бір мінезді Болғанмен бір нəсілді барлық адам. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Біреу – ақ, біреу – қара, біреу – сары, Болмайды бір сияқты жанның бəрі. Біреудің реңі бар тұмандайын, Біреудің күннен раушан жамалдары. Құдайым бір адамды ақын қылса, Келтірер сөздің сəнін нақыл қылса, Тартқанмен алтын суын тілде болмас, Əуелде кімді құдай пақыр қылса. Тұрғанмен алтын болып бірге түсі, Астынан ақыр бір күн шығар мысы, Өзінің бір задына тартпай қоймас Жүрсе де қанша мықты жаман кісі. Жаманға бақ зауымен қонса бір күн, Ойланып өзін-өзі дейді дүрмін, Семірген ертедегі есектей-ақ Ілгері ұмытады өткен күнін. Есектің қалай десек, жайы мынау, Бір адам жүреді екен қылып ылау, Дамылсыз күндіз-түні мінгеннен соң, Арықтап, жүдеу тартып болады бұрау. Үстіне жүк артқан соң ауыр-ауыр, Арқасы неше жерден болады жауыр, Бір күні есек жылап қылды налыс, Құдайдан бір жал сұрап, өкпе-бауыр. «Сүйегім тіршілікте ағармай ма, Құтылар бұл пəледен заман қайда, Құдай-ау, бір жеткізсең арманым жоқ, Мінілмей бірер апта жүрсем жайға. Біреуге жолықтырдың жаһанда қу, Қоңыма мінуменен жүгіртпес су, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Қыламын нешік айла енді, Жаппар Ішкенім – захар болды, жегенім – у. Жүк артып көп жыл болды тасығалы, Арқамды келмес шамам қасығалы, Қыламын нешік айла енді, Жаппар, Жауырым ішке түссе, сасығаны». Құдайдың не қылса да еркі күшті, Көрсетер пендесіне əртүрлі істі, Есектің мінəжаты қабыл болып, Сол күні егесіне бір ой түсті. «Жануар жайы кетті бұл һарамның, Мінгенде болдырмайтын тұлпарымның, Қолыма осы есегім түскеннен соң, Еш жері жыртылмады ұлтанымның. Мінбейін, енді мұны оңалтайын, Семіртіп, арқа-басын түзелтейін, Семіртіп, арқа-басы түзелген соң, Жүгімді есек болса, тағы артайын». Қулықпен пайдасы жоқ еткен істің, Араммен пайдасы жоқ тойған іштің, Иесі қулық қылып семіртуге, Қаптады бір терісін жолбарыстың. Басқа – бас, ерінге – ерін кез қылады, Қолға – қол, аяққа – аяқ тез қылады, Сыртынан бұл есекті көрген жанға Қатесіз жолбарыс деп сездіреді. Бұл істі қылғандары күндіз еді, Ықылап күн батқан соң жүргізеді, Олардың ішкі сырын кім біледі, Апарып шеткі бауға енгізеді. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Иесі азанымен келді баудың, Ісінен хабары жоқ сыртқы жаудың, Сауыры шұбар болып көрінген соң, Айласын біле алмады жақындаудың. Ол жерден безіп кетті иелері, Бауыма келіпті деп түнде шері, Дамылсыз күндіз-түні оттай берді, Бақ болып сол есекке шұбар тері. Сол жерге қайырылмай адам қашты, Есекпен құлан келіп араласты, Семіріп əбден есек болғаннан соң, Келді де бір құланмен болды досты. Бір жүріп бұл екеуі, бір тұрады, Бұлардың ішкі сырын кім сұрады, Семіріп есек-екең жетілген соң, Бір күні нəкүстігін білдіреді. Мойнына көтере алмай біткен жалды, Бұрынғы ұмытады өткен халды, Өзіне ақырғаны мақұл болып, Келді де құлан досқа ақыл салды. «Сөзіме құлағың сал, құлан досым, Келіп тұр осы күні көңіл-қошым, Қоюға бір ақырып көңілім кетті, Саламын саған ақыл, қалай досым? Мен өзім бұрын арып ақырыппын, Ақырмай əбден естен жаңылыппын, Осы күні өзіме-өзім қарап тұрсам, Дертінен арықтықтың арылыппын. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Өзім бек, болып тұрмын өзіме хан, Бар ма екен, сірə мендей жетілген жан? Құлан дос, тамашаға қарап тұрсаң, Қылайын жер-жаһанды айқай-ылаң». «Қой, досым, аузыңды ашпа, артыңды қыс, Басыңа түсіп қалар бір қиын іс, Қолыңнан бұл дəулетің кетіп қалса, Түбінде пайда бермес көп өкініш. Достым-ау, артыңды қыс, аузыңды ашпа, Дегенің шақырамын бəле басқа, Дұшпаның сыртыңдағы сырыңды алып, Жүрмегін басың тиіп бір жартасқа!». «Болмасын меніменен ісің сенің, Қай жақта мені ұстайтын кісің сенің? Семіріп осыншама жетілсең де, Қу екен желікпейтін ішің сенің». «Қап, қойдым, ақыра ғой, досым енді, Өзіңе құтты болсын осың енді», Қашуға сонда құлан даярланды, Көңілі бұл досынан шошып енді. Сол баудан құлан шығып, кетті қашып, Ақырды есек сонда аузын ашып, Жүргені жолбарыс деп есек екен, Сыртынан бау иесі жүрген басып. Жүгірді жан-жағынан қуанысып, Есекті ұстап алды бауға тосып, Жолбарыс бүгінгі күн есек болды, Жүргенде бұрын қорқып, зəресі ұшып. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Ағаштың ұрды кесіп келтесімен, Шығарды жеген шөбін желкесінен, Теріні үстіндегі сыпырып ап, Айдады жоңышқаның көрпесінен. «Қорлығың бізге сенің өтті!» – дейді, Өкпеге ыңқылдатып тепті дейді, «Бірталай жиып жүрген бауларымыз Далаға ысырап болып кетті!» – дейді. Жүруші еді едірейіп құлақтары, Салбырап соның бəрі құлап қалды, Шығарып ол есекті айдаған соң, Жайына ақыр барып, тұрақтады. Бұл сөзім бəрі нұсқа ойлағанға, Ілгері бойын бағып бойлағанға, Есектей едірейіп шығады есі, Мал бітсе бұрын қарны тоймағанға. Артылса қас жаманның мəртебесі, Есектей едірейіп шығады есі, Өзіне ақырғаны бəле болды, Құланның қасындағы кетті несі? Тарыдай тəкаппарлық болса кімде, Иман жоқ махшар күнде ол адамда, Не пайда адырайған қара тастан, Жатса да гаухар артық су түбінде. Болысжан, міне болды əңгімеміз, Бір өлең айтшы бізге деп едіңіз, Шəріпжан, көңіліңе ала көрме, Мінекей қолымыздан келгеніміз. Мəделі Жүсіпқожаұлы

ЗАР ЗАМАН Зар заман, зар заман, Зарлап өткен бір заман. Сөздің басы – бісміллə, Біз айталық, сіз тында Мұсылманның тарихын: Төрт аяқты хайуан – Бұ дүниенің жарығы. Бағасы кеткен жігіттің Бетінен алар зайыбы. Бір Алладан басқаның Көп-ті қылған айыбы. Кесапаттың кесірі Келе ме деп керт басқа, Сол себептен қорқамын! Əуелгі қорлар зор болды, Сондай зорлар қор болды, Əуелгі барлар жоқ болды, Сондай жоқтар тоқ болды, Жөн білмеген жамандар Ел билеген бек болды, Көтере алмай билігін, Ұласқан үлкен кек болды, Ниетіне қазақтың Тым-ақ тəуір еп болды – Заманақыр болар деп, Сол себептен қорқамын! Қыс көбейді, жаз аз боп, Бай таусылды мал аз боп, Ағайыны көре алмай, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Атаға бала араз боп. Əр нəрсенің болжалы Келе жатыр жақындап. Ағашты тауға үй салып, Алды кəпір алқымдап, Елді еркіне қоймады Буыршындай тақымдап. Дуанбасы, болыс тұр Кəпірдің сөзін мақұлдап, Бейшараның пұлы жоқ, Қорыққаннан қақылдап. Жарысқа кірген жақсылар, Аша алмассың көзің деп, Сол себепті қорқамын! Елге егін жайылды, Байға қоңсы жоламас. Алдап-арбап жүрем деп, Өз тілегін тілемес. Арам сулы балаға Атаның сөзі ұнамас. Заманақыр боларда Алуан-алуан жан шықты, Қайыры жоқ бай шықты. Ерегісіп жақсылар, Ел ішінде лаң шықты Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты. Жарлы-кедей, жоқ-жітік Қорлықпенен күн өтер. Таңда махшар күн туса, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Таразыны аударар Жаһаннам деген тозақта. Шайтан болар жолдасы, Кұбыласын білмей құл, Сонда тартар жазасын. Кешірмейді Құдайым Бес намаздың қазасын. Құрт-құмырсқа жиылып, Сонда алады мазасын. Жаһаннамның белгісі – Жалғанға болар расың. Мұқып қылмай Құдайым Ол залымның тəубесін. Сақта, Құдай, солардан, Сол себепті қорқамын! Мəделі Жүсіпқожаұлы

ҚОНДЫГЕРГЕ ХАТ Байлар ұрлық қылады, Көзіне малы көрінбей, Билер жейді параны Сақтап қойған сүріңдей. Заманың сенің құбылды Текеметтің түріндей. Ойлағаны жамандық, Жарадан аққан іріңдей. Жеті жұрт кеткен қожадан, Сен тұрмайсың бүлінбей. Қазақ ұлы жиылып, Құдайыңа сиынып, Қондыгерге хат жазып, Кешіктірмей дат жазып, Өлместің де қамын қыл, Басың сотқа ілінбей. Мəделі Жүсіпқожаұлы

ҚАЙ ЗАМАН? Мына заман қай заман? Азулыға бар заман, Азусызға тар заман. Тарлығының белгісі: Жақсы жаннан түңілген, Жаман малдан түңілген, Мұның өзі – зар заман. Зарлығының белгісі: Бір-бірлерін күндеген, Жай-жайына жүрмеген, Мұның өзі – тар заман. Тарлығының белгісі: Мұсылманнан хал кетті, Тəңірім болғай деместен. Анты жұқпас бойына, Əрне түсер ойына, Жалмауыз болды үлкенің, Қазақ, сенің сорыңа. Мəделі Жүсіпқожаұлы

АРҚАДАН ДƏУРЕН Арқадан дəурен кеткен соң, Қуғындап орыс жеткен соң, Тіпті амал жоқ, қазақтар Түсті сонын торына. Орыс – бүркіт, біз – түлкі, Аламын деп талпынды, Орыстан қорлық көрген соң, Отырып билер алқынды. Мың-мың жылқы айдаған, Сары қазы шайнаған, Қымызын судай сапырған, Ішіп мас боп ақырған Арқаның құтын қашырған, Жылқының етін жемес-ті Жағаласқан мына жау Кетірер сонда сиқыңды. Қолыңды қойса айдауға, Жарар сол да жылқыңды. Бұхарға жетер күн болса, Тыншытар ма едің ұйқыңды? Қанар кəпір халқыңды Көп жасады неліктен? Көтерілді керемет Кəламдағы алыптан, Тəубесі қабыл бір жан жоқ Қазақ деген халықтан. Сөйлеген сөзі жалған-ды, Шайнаған асы арам-ды, Кім мұсылман, кім кəпір, Бір Аллаға аян-ды. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Дос кісіге кас қылсаң, Өз бойыңа жаман-ды. Атасы ұлға нанбайды, Көңіліне қуаныш қылмайды, Уəліден кетті керемет, Патшадан кетті ғаделет, Ақырзаман таянды. Мəделі Жүсіпқожаұлы

НАСИХАТ СӨЗДЕР (Шортанбайдың өлер алдында қатын-бала, ел-жұртына арыздасып айтқаны) Мінеді ғаділ патша алтын таққа, Иман бермей қалмайды көңілі аққа. Шортанбай өзі тірі заманында Сапар шегіп барып қайтты Семей жаққа. Құдайдың, ойлап тұрсам, қаһары қатты, Тірлікте пенденің жаны тəтті. Бір күні кеш боп кетіп ел, таба алмай, Далаға мейман болып қонып жатты. Жатқанда екі кісі түсіме енді, Қосыма түсі суық кісі келді. Кісінің сипатынан қорыққаннан: «Жаһанда мен көрмеген кімсің?» – деді. «Өлгенде имансыз құл жолда қалған, Мен – Ғазрайыл, пенденің жанын алған. Шүкір қыл иман айтып, Шортанбайым, Құдайдан жетті бұйрық, келді саған». Екенін періштелер көңілім білді, Дем алғызбай кеудеме келіп мінді. Қолында күрзісі бар, түсі суық, Жаныма бір шыбындай қысым қылды. Келтірдім сонда тұрып сұбұхан алла, Мен білдім жүрмесімді бұл жаһанда. Көнбеске, Құдайыма шарам бар ма? «Беруге бір күн рұқсат аял бар ма?» Түсіме періштелер кіре берді, Үстімнен сол сөзбенен түрегелді, Мəделі Жүсіпқожаұлы

«Ажалың ертең кешке болады», – деп, Бір күнге аял беріп жүре берді. Өзімді келтірейін сөз басына, Қатты қиын ісім бар өз басымда. Ұйықтап жатқан жерімнен оятып ап, Тағы да бір сөз айттым жолдасыма. Амал жоқ, енді жүрдік, күн-түн қатып, Жəкеме кетейін деп арыз айтып, Жəкеме қатын-бала тапсырайын, Келген бе өлген адам тірі қайтып? Өлімге жақын болды менің басым, Бір Алла ақыретте жарылқасын! Жалғаннан ақыретке көшпек болдым, Кеше көр, үш жолдасым, жолдас хақын. Таң ата Жанғұттыға енді келдім, Сөйлес деп, тыста тұрып хабар бердім. Келген соң ажал жақын, амал бар ма, Белгілі жүйрігі едім тамам елдің. Семейден төрт ат алдым бес жүз теңге, Тоймады екі көзім бұл жалғанға. Көрмедім қатын-балам өз үйімде, Мен көштім бұ дүниеден боп арманда. Үйінен Жəкем шықты түске таман, Айтыстым сəлемнен соң есен-аман, Алладан ажал жақын келді білем, Келмеді сөйлесуге енді шамам. «Жаралған Жəкем едің асыл зат қып, Өзгеден бір кісі едің ақылы артық. Алладан ажал жақын келді білем, Кетейін енді сізге ғарыздасып». Мəделі Жүсіпқожаұлы

Сонда менің сөйлерге есім кетті, Бір жерге Жəкем барып шатыр тікті. Жалған шіркін, шынымен қалдың ба деп, Қарадым көзім салып төңірекке. Жанға қысым таяды, жалғыз жанға, Тоймадың екі көзім бұл жалғанға. Көрмедім қатын-балам, өз үйімді, Мен көштім бұл дүниеден енді арманда. Мені көрген дүниеден ғапыл қалма, Бір тиын қазақ байдан қарыз алма. Əркімнен қалады екен дүние шіркін, Өтіңіз тəубе қылып аз жалғанда. Əммə отырған халайықтар айтты: «Бұ жауабыңыз баршасы өлім мысалы болды. Бірдерге бір насихат айтыңыз», – деді. Сондай айтқаны: Адамның жалған дүниесі, Дүние – жолдас қимасы. Дүниені жолдас демеңдер, Көп болар оның күнəсі. Өлгеніңше тою жоқ, Түңілмей ырза болу жоқ. Жалғанның арты жақын деп, Жегенін қазақ қою жоқ. Сəлем айтып кетейін Ағайын мен туғанға, Бала менен қатынға. Насихат шашып кетейін Аз ғана сөзді артыма. На ғаріптің десеңіз, Бүгін менің басымда: Жетім болып ұл қалды, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Жесір қатын тұл қалды. Ал көшіріп қасыңа Арқаның дəмі – жегенім, Қазақтың сөзі – дегенім. Жүйрік болса мінсем деп, Сұлу болса сүйсем деп, Күннен-күнге сіндендім. Арқадан қылдым жайлауды, Əркімнен алдым байлауды. Қиямет күн болғанда Қандай жерде мекенім Мен ғаріптің сайлаулы? Əммə алдына шай қойды, шайдың жарымын іше алмай, шыныаяқты жерге қойды да, мына сөзді айтты: Қалықтаған сұңқар ем, Қанатым сынды ұша алмай, Қиядан қуға түсе алмай. Нəпсім, қарар таптың ба, Дүниеге тоймайтын, Бір шыны шай іше алмай, Жалғаннан дəмім таусылды, Жарылқа, Құдай, артымды! Хаққа тəубе қыла алмай, Мекке жүзін көре алмай, Қу нəпсімді тыя алмай, Кəмірһе қылдым жасымды! Екі сөздің басына Келтірейін өзімді, Тыңдаңыз, жұртым, сөзімді. Тыя алмадым жырымды, Көре алмадым елімді, Қиямет күн кез қылғай Құдай, менің пірімді. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Билер, пара жемеңдер, Жалғанды жолдас демеңдер, Ақырет қамын іздеңдер, Жанға бетті кезбеңдер. Кісі хақын алмаңдар, Аузыңа харам салмаңдар, Дүние жиып өткен жоқ Бізден бұрынғы пайғамбар. Сөзін айтып үлкендер: Құдайдан қапы кетпеңдер. Əлің келсе, Мекке бар, Артық дəулет біткендер! Старшын, болыс болам деп, Ысырап қылып, малды төкпеңдер! Таяндың енді өлімге, Алты табан көріңе, Сатып алған күнəнің Кешуі болмас күнінде, Ұл, атаны сыйлаңдар. Ендігі туған балалар, Атаңның сөзін бұзбаңдар! Сəлем айттым бəріңе, Қызмет етіп жүріңдер Басы бүтін кəріңе. Ұяларсың Құдайдан, Өлгеннен соң қоймайды Тірідегі халіңе. Үлкендер, саған айтайын: Мал басыңа бармаңдар, Ақырет қамын қармаңдар, Дүниенің боғы үшін, Сірə, тіпті, азбаңдар! Мəделі Жүсіпқожаұлы

Тентек болма балаға, Безер болма келінге. Қадірің кетер еліңе, Қарауыл қой сөзіңе. Қанша нəрсе ереді Өлгеннен соң өзіңе. Қарай алмай жүрерсің Таңда махшар күнінде Бір Құдайдың жүзіне. Атаның тілін ұлы алмас, Ананың тілін қызы алмас, Айта беріп қайтейін, Өлінің тілін тірі алмас. Жақыннан шыққан жақсыны Ағайын жұрты көре алмас. Заманақыр белгісі – Бірге туған бауырың Тату да болса жүре алмас. Дұғай сəлем айтайын Тəшкен менен Бұхарға, Мұсылманның баласы Қор болмасын дұшпанға. Ақырет күн дозақ жоқ Бір Құдайдан қорыққанға. Қызмет етпей мен өттім Ата бірлəн анама, Қарнақтағы сəлем айт Үш қайтара бабама. Мəделі Жүсіпқожаұлы

  • * Бабама қол бермедім, Мекке жүзін көрмедім, Қайғылы болып барамын Жалғанда жеген парама. Жəне сəлем айтайын Бауырлас туған ініме. Дүние деген осы ғой, Жалғыз маған ерді ме? Не деп жауап береміз Қияметтің күнінде? Жұрт тамаша болушы ед Жалғыз ауыз сөзіме, Дүние ыстық көрінді Құрғыр, менің көзіме. Жалғанға тіпті тоймадым, Өлмейін деп ойладым, Дүниенің боғы осы деп Өлгенімше шайнадым. Тəубе қылмай жасымда, Қанша пəле болады Қиямет күн басымда? Қасықтап жиған көп малым Қалды менің артымда. Өлім деген қиын ба? Жұртты жеген Шортанбай Төрт қарыс бөз бұйырмай, Қалды менің артымда. Мəделі Жүсіпқожаұлы
  • * Дұғай сəлем айтайын Бесатаның ұлына! Дүние, малы ермеді Өлген ердің соңына. Жалған жақсы көрінді Мен байғұстың сорыма. Опасы жоқ сұм дүние Оттан ыстық болар ма, Қалды ма көрдің астында?! Қарындас ермес қасыңа, Тіріде көрген ағайын, Дұға қылып жүріңдер Өлгеннен соң басыма. Дұғай сəлем айтайын Кəрсөн менен Кернейге! Бай менен жарлы-кедейге. Қазақтан алған қарызым Көлденең тұрды көмейге. Ақын, шешен, көсем деп, Айласпаңдар мендейге! Дұғай сəлем айтайын Тобықтыда Құнанбай! Кімнің де тағы қалады Өлгеннен соң суалмай? Осы дəулет барында Талап қылсын Меккені, Ақыреттен құр қалмай. Аз ғана қорған болып өт Ағайын менен туғанға. Жалғанда жиған нəрсенің Пайдасы жоқ қу жанға. Дұғай сəлем айтайын Көпбай менен Нұрланға! Мəделі Жүсіпқожаұлы

Харамды мал демесін, Зəбір болар иманға, Қазақтан пара алмасын, Ұмытпай жүрсін Алласын, Құдайдан қапы қалмасын, Өлгенді менен барласын. Дұғай сəлем айтыңыз Шорман ұлы Мұсаға! Дəулетінің барында – Қорқынышты жер алдында, Тəубесіз өтіп кетпесін Бес күндік жалған қызыққа. Дұғай сəлем айтайын Қуандықта Қоңырға! Қуанбасын көңілге, Мал деген хайуан доңызға. Тура келген ажалға Дəулеті ара болар ма? Ақыретте көз салсын Баратұғын орынға. Білсін алла жарлығын, Алдында өлім барлығын, Құдайдосты Мұхаммед Оның да алған жалғызын. Көргенімше күн қанша, Мұхаммед өтті, Мұстафа. Дүниеге тоймаған, Өлгенімше шайнаған, Емді де болдым бек қапа. Дұғай сəлем айтыңыз Қатын менен балаға, Тапсырдым енді жалғызды Расул Алла құдаға. Дүниенің боғы үшін Мендей болып қаңғырып, Көп шықпасын далаға, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Қастық қылмасын жақынға, Қайырлы болсын халқына. Не ғаріптік десе де Енді түсті басыма, Жетім қалды-ау жасында! Дұғай сəлем айтайын Жесір қалған қатынға, Тоқтасын сөз бен ақылға. Ие болсын артына, Қайғының ізін салмасын Жалғызының басына, Қалмасын көздің жасына. Ах, дариға, жалған-ай, Жалғанның енді қалғаны-ай, Шортанбайды алғаны-ай, Қайғыны басқа салғаны-ай, Не шара бар, Құдайдың Əзелде жазған пəрмені-ай! Тағы да сəлем айтайын Қалың жатқан Сарымға. Бай менен жарлы көп жедім Құдайдың берген бағында. Өлімнің жақын екенін Біле алмап едім алдымда. Шүкір де қылмай қайтейін, Ажал келсе тұрмайды Патшалар та тағында. Тəубе деп қылмай қапы өттім Өлерімнің шағында. Құдайдың ісі бұзық па, Дүниеге қызықпа, Əуелде менің ғұмырым Құдіреттің жазған сызықта. Ұл атадан айырылған, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Əркім де біздей қайғырған, Қалған дүниеде пайда жоқ, Жарылқа, Құдай, алдымнан! Əммə отырған халайықтар айтты: «Ендігі заманның адамдары қандай болар, біздерге бір жауап айтыңыз? – деді. Сондай айтқаны: Бір насихат айтайын, Тыңда мұны, балалар! Есіткендер ұмытпа, Қайсыңда сенің сана бар? Жақсың аттан жығылса, Жаманың тұрып табалар. Жақындап келген бұл кəпір Жылдан-жылға қамалар. Қасиетті төре жоқ, Шарапатты қожа жоқ. Ендігі сорлы бейшара Қорыққанға барып паналар. Қария қалды ақылдан, Қастық шықты жақыннан, Ендігі күнің кем болар, Ит кəпірге жақындап, Ендігі күнің кем болар, Ит кəпірге жақындап, Билік кетті басыңнан. Тəубе қылмай қапы өттің Əуелгі бұрын жасыңнан. Бай кедейді көрмейді, Кедей байға ермейді, Қызметін бір күн қылмаса, Майлы сорпа бермейді – Əне, байдың қайыры! Мəделі Жүсіпқожаұлы

Бұрынғы өткен адамның Міне, келді тайыры. Жалғанда қылған ісіңнің Алдыңнан шығар ғайыбы. Əзелде жазған пəрмені-ай! Байды Құдай атқаны – Жабағы жүнін сатқаны. Кедейің қайтып күн көрер, Жаз жатақта жатқаны. Жаздай арық қазады, Күздей пішен шабады. Оны-мұны жиғанын Шығын деп тілмаш алады. Жалғыз сиыры бар болса, Соғымына сояды. Қағаздатып бұзауын Ноғайына қояды. Кедейге салып шығынды, Негізі байдың тоймайды. Қылымсыған қатыны Қызыл көйлек киеді, Өзінің байын билейді, Өзінің байын менсінбей, Көрінгенді сүйеді. Осы мінез болған соң, Дозаққа пенде күйеді. Елубасы, онбасы, Ол – сайтаның жолдасы, Ендігі байға мал бітсе, Ит кəпірдің олжасы. Шайдан басқа асы жоқ, Жақыннан басқа қасы жоқ Ендігінің мырзасы. Мəделі Жүсіпқожаұлы

*** Шортекең үш күн сұрап мұрсат алды, Үйіне Жақсы Жəкең кешке барды. Бой түзеп, сусын ішіп болғаннан соң, Жəкеңе жайды айтып, сұрақ салды: – Жауыр тауды қыстаған, Нұрадан əрі шықпаған, Қарағанды өзекте Мұратқа барып ықтаған Асан Бұғы досым еді, Көңілімді жықпаған. Ат жібертіп алдыртшы, Жан тұрғанда шықпаған. Əлқиса, Жəкең сонда ат жіберіп, түнделете жеткен Асан Бұғы ертемен сəлем бере кірген. Əммə отырған халайықтар айтты: «Мына Асан қожаға ғарыз айтыңыз», – деді. Енді айтқаны: Сөз айтайын Асанға, Дүниеңе мақтанба! Япырмау, неге мақтандың, Дəулетің судай тасқанға? Дүниеқордың маясы Жақын дейді шайтанға. Жетпіске келді бұл жасың, Дүние болды жолдасың. Əндіжандық сарт едің, Қай жеріңнен қожасың? Қаратауда туылдың, Пəленше деген мырзасың. Сарыарқаға келген соң Төрт аяқты жорғасың. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Жəдігөй жауғыш атанып, Осынша жиған мүліктен Не көреді қу басың? Талабың бар жалғанда Əлі де болса аспаққа, Дүниенің боғы үшін Күнде түсіп аптапқа, Мен раббың деп сұрағанда, Ұяларсың лахатта, – дегенде, Асан Бұғы: «Шортеке, ажал Алладан, енді сөздің жөнін айт», – деген. Сонда Шортекең: Ойнап түбің сарт дедім, Мені атадың Қызылбас. Екеуміз өстіп қаржассақ, Екеумізді пір тұтқан Ел қалайша бұзылмас. Жəдігөй жауғыш болмаңыз, Ақырет қамын ойлаңыз. Жасың жетті жетпіске, Иман бер деп сұраңыз. Бұл айтқаным – ақылым, Аталас туған жақыным, Қиямет күн кез болса, Пайдасы болмас қапыңның, – дегенде, іркілмей-ақ Асан Бұғы: Қызыл сөзді Шортанбай, Шындықты өстіп айтсаңшы, Сүйекті қорлап дақ салмай, – деген соң, екеуі құшақтасып көрісіпті, Шортекеңнің соңғы өсиетін Асан Бұғы да жазып отырған. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Ағартты Құдай басыңды – Өлшеп берген жасыңды. Уай, уай, менің басым-ай, Келе көр, Жəке, қасыма-ай. Амалым нешік Құдайға, Жүгірмек болған жасым-ай! Қолыңнан сусын бере алмай, Өлгенін əке көре алмай, Дұғай сəлем айтыңыз Жетім бір қалған жас ұлға-ай, Көргенімше күн қайда-ай! Бұл сөзімді айтыңыз Менен қалған балаға. Бұ дүниенің боғы үшін Қаңғырмасын далаға. Тіріде көзім тоймайды, Тəңірінің бергені – қараға. Жалған деген осы ғой, Маған да еріп бара ма? Білсін бір сүннет, парызды, Қазақтан алдым қарызды. Өлеріме таянып, Жұртыма айттым арызды. Үш қайтара сəлем де Ағайын мен туғанға. Дүние шіркін ермейді Бейнетпен жиған қу жанға. Енді есен бол, елдерім! Құсымды салған көлдерім! Замандас, құрбы, теңдерім! Ғибрат менен алыңдар Мəделі Жүсіпқожаұлы

Өлгенімді көргенің. Өлім үшін жаратты Əуелінде адамды, Қалайша деп білмейміз, Мына дүние жалғанды Үш түрлі қылып шығардым. Артқы қалған заманға Қиямет қайым таянды. Қайырсыздың көп малы Жылан менен шаян-ды. Өлместің көбі қараңғы, Көп мылтықты көп кəпір, Малыңды етпес баянды. Аштан өліп отбасың, Өрт шалар деп саяңды. Бір күнгідей болмады Мың күн тірі жүргенім. Мынау менің өлгенім, Қасықтап жиған дүниеден Кəне, пайда көргенім? Туғаннан соң пенденің Өлуі болмай қалмайды Жалғандағы тауық ек, Жем жеудің ебін тауып ек, Қаратаудан Арқаға Сарысуды жағалап, Дін ислам жолы үшін, Адалдан берер дəм үшін Бабаларым ауып еді. Бозбалаға сауық ем, Сауығым кетіп, күл сөнді. Жұрттан асқан көсемді, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Алмай ма Құдай шешенді! Өлеріне келгенде Жан мұндар енді сескенді. Ескендір өткен дүниеден Жиырма тоғыз жасында, Перзент қалмай артында. Шариғатқа сыймайды Екі тілек тілеген. Ғаріп пенде басына Ғаріп пен нашар сүйенген. Он сегіз мың ғаламға Патша болған Сүлеймен, Олар да өткен дүниеден. Ойлап тұрсам жалғаннан Бұрынғылар не көрген!? Мұхаммед өткен, Мұстафа, Кім болмаған биқапа. Өлімнің ісі кез келді Алпысқа енген бұ шақта. Қай пенделер ұжмақта, Қай пенделер тозақта. Бұ дүниеден пайда жоқ, Өлгеніңше дін сақта. Келсе балам басыма, Хатым қалсын артыма. Жетімдікке көндірді Жұдырықтай жасында. Кімдер өлмей тұрады Бұ дүниенің жүзінде, Мұхаммед те көніпті Жетімдікке жасында. Жалғызыма сəлем де, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Алладан бұйрық жеткен соң, Асқар тауы құлады, Ағар бұлақ суалды. Жетім мен жесір сүйетін Ағайын-туған жоғалды. Ей, пенделер, мүһминдер, Мен не деген есермін: Дүниеде, қашпаған, Қорқыныш қылып Құдайдан Қарызды ойлап саспаған, Дүниеде көп мүлікті Ибраһим əдһəм тастаған. Тіріде қорықпай осындай, Күнə іздедім шошынбай. Кеудемді дерт қамады, Амал да кетіп барады. Есендікте бол, Жəке, Қияметтік досым-ай! Жəне сізге тапсырдым Бала менен қатынды, Жалғанда досым сіз едің, Аяй көрме ақылды! Қояр ма екен Құдайым, Қиямет күн қасыма-ай, Жүгірмек болған жасым-ай! Əр жұмада жүре көр Дұға қылып басыма-ай! Өлгенде менің жалғызым Жылап келер қасыма-ай! Сөйлесетін күн қайда Өлгенде көрдің астында, Тоба қылып қояйын Мəделі Жүсіпқожаұлы

Құдайға сөзім ғасима. Таяндың енді өлерге, Күн қанша дүр көрерге. Дұғай сəлем елдерге, Елдегі жақсы билерге. Жақсыдан дұға жетер ме, Өлді деп бізді білген жұрт Дұға да қылсын ерлерге. Жасымнам қылдым мастықты, Жаныма қылдым қастықты. Жан жарға таянды, Қоя көр, Жəке, жастықты. Алпыс үштен асырмай, Өлім бір келіп асықты. Аралап келіп түсуші ем Алтай менен Қарпықты. Ыңғайы жаман аурудың, Жаманнан көңілім қорықты. Артқа қалған жалғызға Бір қасірет жолықты. Мəделі Жүсіпқожаұлы

  • * Мен өттім енді арманда, Көре алмадым артымда Ағайын мен туғанды. Жан тəсілімге таянды, Айта көр, Жəке, иманды, БірТəңірге аян-ды! Он екі құйрық, қырық шалғы, Қияда сұңқар таранды. Достығыңды қастық дер, Ойламай ескі заманды. Пірлерден кетіп керемет, Патшадан кетіп əділет, Заманақыр таянды. Таянбай енді неғып тұр, Артыңнан кəпір аңдып тұр. Алайын деп қай күні, Аманат малдай бағып тұр. Бір пендеге ұл бермей, Біреуін малға зар қып тұр. Бір пендеге ұл беріп, Біреуін малға бай қып тұр, Жөнсіз оқтай қаңғып тұр. Жан шіркін-ақ берік екен, Үзіліп кетпей неғып тұр?! Мəделі Жүсіпқожаұлы
  • * Құдайға мақұл ісің жоқ, Біреудікін іздедің, Өзіңдікін көздедің. Күшің жеткен адамды Мұнша неге тіздедің? Ұрлық пенен зорлықтан Үмітіңді үзбедің. Алмаған неме қоймадың, Еш нəрсеге тоймадың, Азуы қарыс алаштың Айтқанына болмадың. Болмағанның белгісі: Бұлғақтап едің асаудай, Бойыңа жанды теңгермей, Басыңа бір тас тиіп тұр. Не қылайын дүниені, Тірнектеп жидың инені, Жауда қалған ер кетіп, Би қалмады шүйделі. Шұнақ бидің тұсында Ағаш атты тізгіндеп, Шананы міндік күймелі. Ақылыңды алып тұр, Саумалы бар биелі. Көш-қоныңды билейді, Қомы да сыйған түйелі. Біз айтқандай не қалды, Қай ғақыл бар жүйелі? Əзілде жазған іс болса, Несіне мұның күйеді. Мəделі Жүсіпқожаұлы
  • * Күйіп бір күймей немене: Құр қызады делебе. Сақтасын жалғыз қайғыдан, Көппенен көрген – селебе. Жылқы менен баланы Бір алған соң аузына «Алмайды» деген немене? Ұзын аққан Сарысу, Аға бер жайлап, көбеле, Айдамай тұрып солдатқа, Зар қылмай тұрып жалды атқа, Жүйрік пенен жорғаңды Өзің бір мініп жебеле. Жалаңаш болып жауға шап, Ажалдан бұрын өлер ме? Ноқталы басқа бір өлім, Өлмей де адам жүре ме? Қатын-бала қамы үшін Қарсы шап та, мылтық құш, Құр жабырқап жүдеме. Кəпір – бүркіт, біз – түлкі, Аламын деп талпынды, Жаудан да зорлық көп көрген Өлісіп ерлер алқынды. Мың-мың жылқы айдаған, Сары қазы шайнаған, Қымызын судай сапырған, Оны ішкен соң мас болып, Аюдайын ақырған. Бабалар ұран шақырған Қимасақ та алдырдық, Адыра қалған Арқаны. Мəделі Жүсіпқожаұлы
  • * Арқаның жазы бейіш-ті, Жылқының еті жеміс-ті. Жағаласқан дұшпаннан Көрерсің, қазақ, кейісті. Құранда жазған тіл бар ма, Күннен-күнге тарылтып, Жүр-жүрлеп алар жүрісті, Заманақыр кезінде Ұл сыйламас атасын. Арам сідік болған соң, Атасы бермес батасын. Қазы, болыс қойыпты Некесіз туған шатасын. Өзі қылған өкінбес, Күнінде содан тартарсың, Абақтыға жатарсың. Қыз сыйламас енесін, Арттым деп егесіп. Салыстырар денесін Пысықсыған немесі. Көзіңді ойып барады, Күнде тесіп төбесін. Ақсақалдан əл кетті, Болмаса Тəңірім демесін. Азаматтар, əлеумет, Мұның да несін сөгесің?! Жас сыйламас ағасын, Алып жыртты-ау жағасын! Бірі-біріне көпсініп, Қуат қылар баласын. Шыдай алмай ызаға, Кəпірден іздер панасын. Мəделі Жүсіпқожаұлы

«Қой» деп айтса тіл алмас, Ақсақалдан ұялмас, Жүгірісер қалаға. Қалтасы толып жалаға, Қандырып иін кəпірдің Алып бір шығар далаға. Дұшпаның кім деп сұралса, Алып бір келер ауылына – Өзінің туған бауырына. Келген соң кімді аясын, Жығып салар дүреге, Қызыққан соң параға. Көшіп кетер жерің жоқ, Жау айбынар ерің жоқ. Сөйтіп қалмай неғылдың, Біздің қазақ, бəлеге. Қапа болып тұрарсың, Түсерсің күнде санаға. Еділді алып, елді алды, Енді алмаған нең қалды? Қораны санап малды алды, Қазаққа қамқор ханды алды. Кетейін десең жерің тар, Кетпейін десең кəпір бар. Сандалғанның белгісі – Берекет кетті ісіңнен. Ұлдан қызық көрмессің, Қорлықпен өскен жасынан. Ұлым, қызым деп кеттің, Айырылдың құда, досыңнан. Тілеуіңді енді бермейді, Көзіңнің жасын имейді. Азаматтар, жігіттер, Айғыр айтып сойсаң да, Əуелгі заман келмейді! Мəделі Жүсіпқожаұлы

*** Заманақыр кезінде Қожасы жоқ құл азар, Қонысы жоқ бай азар. Азғанының белгісі – Байдың тілін жарлы алмас, Ханның тілін қара алмас, Өлінің тілін тірі алмас, Өздері ғақыл біле алмас. Екі үлкен егесіп, Қошқардай басын теңесіп, Сол жерде заман оңалмас. Оңалар заман дер едім, – Жауға алдырдың əуел бас. Іс асқынды болмастан, Мейір, шапқат кем болып, Шын сөз кетті сырластан, Ойын кетті құрдастан, Жастар үміт үзіпті Жұрт тосынған жолдастан. Заманақыр кезінде Қойында қатын жатпады, Ұрса тілін тартпады. Күнəсі асқан бұл пенде Құдайдан əсте қорықпады. Шешесіне болысып Ұлы шоқпар саптады. Алжыған кəрі қақпас деп, Келіні тұстан боқтады. Қатыным қолы тоңар деп, Қар жауғанда үй жақтың. Балам адам болсын деп, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Ұйқыдан безіп мал бақтың. Асыраймын деп баланы, Желіп бір торып аулақты, Балаң халал болмаса, Азаматтар, жігіттер, Пайдасы жоқ, шырақтың. Харам туған баланың Бетінде жанған оты бар, Белгісі бар дозақтың. Мəделі Жүсіпқожаұлы

  • * Зар заманның сөзі осы, Тыңдасын мұны құлағың. Абылай ханның тұсында Сотқар еді бұл орыс, Арбасын артып оң қылған, Отын сатып пұл қылған, Есіл менен Нұраның Екі жағын жол қылған. Ертістің басы қара дөң, Еңкейе біткен қара адыр. Арқа деген құба жон, Аядай біткен көл екен. Атты кердең естірген Арқаның тарлау шөбі екен, Жігітті кердең өсірген Ат пенен малдың демі екен. Ұрлық қылып мал жидың, Өтірік сөйлеп жан жидың, Ойлап тұрсам, жігіттер, Не қылса Құдай еп екен! Мəделі Жүсіпқожаұлы
  • * Заман да заман, замана, Кейін келер заманда, Асқар таудай əкеге Ұл қышқырған замана. Қылсаң жұмыс бітпейді, Күн қысқарған замана. Бай қайырып байланып, Түн қысқарған замана. Арғымақ ат тасырқап, Тағалы болған замана. Мəстек-жабы жалданып, Бағалы болған замана. Бұрынғы арық семіріп, Денелі болған замана. Бұрынғы семіз арықтап, Кенелі болған замана. Кімде тамақ бар болса, Дегені болған замана. Сусыз жерге су түсіп, Сусылдап келіп қу түсіп, Қоғалы болған замана. Кейін келер заманда Ұл сыйламас атасын, Қыз сыйламас анасын. Арам сідік болған соң, Атасы бермес батасын. Қыз он беске келген соң Жотам сенен кем бе деп, Салыстырар шүйдесі мен жотасын. Қайран да халқым, қайтейін, Күнəға сөйтіп батасың. Мəделі Жүсіпқожаұлы
  • * Түсі сары, көзі көк, Дінсіз келіп билейді, Түбінде сонан татасың. Кейін келер заманда Кедейлердің қатыны, Қылмсыған немесі Қызыл көйлек киеді, Өзінің байын менсінбей, Көрінгенді сүйеді. Осы мінез болған соң Дозаққа пенде күйеді. Ендігінің сөзінде Қай ақыл бар жүйелі. Бұрынғы бидің тұсында Шананы мінді күймелі. Айтып-айтпай немене, Өткен күн қайтіп келер ме? Қайран да халқым, қайтейін, Айғыр айтып сойсаң да, Бұрынғы заман келер ме? Мəделі Жүсіпқожаұлы
  • * Биік таудың ойнайды Бауырындағы құлжасы, Кейінгі байға мал бітсе, Ит кəпірдің олжасы. Көз жіберіп қарашы, Бұл жұмысты болжашы, Ит жерімес арамнан, Құдай берер адамның, Мепілде қотан мал бітіп, Кетпес малы қораңнан, Пайда қылсаң залалсыз Өзіңе біткен қараңнан. Мəделі Жүсіпқожаұлы
  • * Дін жолынан айнымас Шырағы енді мұсылман, Алла деген айырылмас Айтсақ жолыңнан, Түзу жолға түсірер Алла деген тобыңнан. Сол заманның ішінде Сиыр деген бұл болар, Ұрғашыдан би болар, Əркімменен ыржақтап, Қатын деген тұл болар. Өзіне-өзі ерік алып, Ақ саусақты ұстасып, Жанның бəрі құл болар. Еділ, Жайық – екі су, Алтын, күміс тас болар, Арпа, бидай ас болар, Бірігіп жан тусаң да, Қарап та жүріп қас болар. Мəделі Жүсіпқожаұлы
  • * Мініп көрер күші жоқ, Сауып ішер сүті жоқ, Ақша деген мал шығар, Жеткізе алмай онысын, Қалтыраумен жан шығар. Кейін келер заманда Шошала деген үй шығар, Шошаңдаған би шығар. Өзіне-өзі ерік алып, Көрінгеннен би шығар. Тамағы болса өзі ішіп, Бір-бірінен сый шығар. Ақырына келгенде Құдайдың құла болмастан, Ақыретке барғанда Қарап бір жүріп иі шығар. Мəделі Жүсіпқожаұлы

АЙТЫСТАР

МƏДЕЛІҚОЖА МЕН МАЙЛЫҚОЖАНЫҢ СӨЗ ҚАҒЫСЫ Мəделіқожа: Майлы ақын, қолыңдағы домбыра ма, Жөндеп айт өлеңіңді, болбырама. Аулақ жайға апарып сындырсаңшы, Адамды бұл қу ағаш оңдыра ма? Майлықожа: Еш бенде дүниеге болмас тұтқа, Ерден дəулет қашарда көшер жұтқа. Ілгеріден қап жүрген нақыл сөз бар, «Арты ашылған күледі жалаң бұтқа». Мəделіқожа: Ақын Майлы, сен неғып бойлап жүрсің, Қолға алып домбыраңды ойнап жүрсің! Байы өлген қатындармен жоқтау жоқтап, Сен-дағы өз пайдаңды ойлап жүрсің! Атыңды қамшылайсың желсе екен деп, Дүниені шақырасың келсе екен деп. Мысықтай, ақын Майлы, тілеуің бар, Тілейсің малды адамды өлсе екен деп. Жоқтайсың неге жоқтау, басың аман, Көре алмас жорғалыны аты шабан. Жоқтауды мен сен құрлы білмес пе едім, Сендердей біздің нəпсі болса жаман?! Мəделі Жүсіпқожаұлы

МƏДЕЛІҚОЖА МЕН МАЙЛЫҚОЖА Үлкен бір жиындағы əңгіме-дүкен үстінде Мəделіқожаның мақтаулы шұбар аты əлденеден үркіп, қазығы нан босанып кетеді. Əрі жасы кіші, əрі батырға жиен Майлықожа шешілген атты ұстап, байламақ болады. Бірақ, шамырқанып оқыс мінез көрсеткен аттан жасқанған ақын, жалтарамын деп құлап қалады. Бұл жағдайды баспалай бағып, көріп отырған Мəделіқожа жанына келген Майлықожаға бір ауыз өлең айтады. Мұның арты табанда шартпа-шұрт ұстасқан айтысқа айналып кетеді. Мəделіқожа: Ебің жоқ ат ұстауға, ордаңдадың, Сұңқар деп бағушы едім, оңалмадың, Əкеңнен жасық тудың жалтаң болып, Сен, шіркін, əкеңдейін бола алмадың! Майлықожа: Мəделі, сауырың – керсен, белің – құшақ, Құдай қалап асындың тіллə пышақ, Асыл ердің ақыры жасық болған, Еш ұл тартып тумайды əкеге ұқсап. Мəделіқожа: Айнымадым, əкеме мен ұқсадым, Туғанымнан асқар тауға бел ұқсадым, Тепкі тимей шалқаңнан жығыласың, Елдегі шын қорқаққа сен ұқсадың. Майлықожа: Əкең Жүсіп – аққан бір дария еді, Бақ қарап, қыдыр оған дарып еді, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Жесір менен жетімнің қамқоры еді, Сен секілді бейрəһім сары ма еді? Мəделіқожа: Мен секілді еш бір жан туған да жоқ, Бүгінде пірін сыйлар ел қалған жоқ, Дұшпанға кеткен емес менің арым, Қайрат-күшім атамнан кем болған жоқ. Майлықожа: Ер Жүсіп айқасқа атпен ұрған топқа, Сауыты тоқтау берген он бір оққа, Жарымай жамандықтан ыңыранғансың, Шыдамай Түркістанда сен бір оққа. Мəделіқожа: Менімен кім тең келер ұлы дүкен, Сендерден зуаламды қылған үлкен, Мендегі қытайшаның оғы түгіл, Апта сені ыңырантқан жиде тікен. Майлықожа: Мəделі, ер емессің, сен бір ұры, «Ұрының Жалтақ ата – дейді – пірі», Əлімқұлдың қосыны кеп қалғанда, Мəделінің бір түнде кеткен сұры. Мəделіқожа: Шардарадан мен кеттім оймен қашып, Кепелік дарбазаны бергенде ашып, Жақыпбектен көмек жоқ, өзіміз аз, Бұл істі парық қылмайды сендей сасық! Мəделі Жүсіпқожаұлы

Майлықожа: Шардарадан сен кеттің оймен қашып, Кепелік дарбазаны бергенде ашып, Жүсіптің жаудан қашқан жері бар ма, Мен жасық боп туғанда, сен де жасық! Мəделіқожа: Туғаннан мен атамнан зор боп тудым, Сен атаңнан туғаннан қор боп тудың, Атқа мініп даладан мал таппайсың, Етің – жасық, сүйегің – бор боп тудың! Майлықожа: Мен неғылып атамнан қор боп тудым, Сен неғылып атаңнан зор боп тудың? Аз ғана ауыл қожаны алты шауып, Зор болмадың, қожаға сор боп тудың! Бұған дейінгі жарық көрген басылымдарда нағашы-жиенді екі ақиық ақынның арасында болған бұл айтыс осылайша бітетін. Ал 2006-жылдың күзінде халық мұрасын жинаушы Тұрсынəлі Айнабекұлының айтуымен Шымкентте тұратын Абдолла деген молдадан осы айтыстың бұрын-соңды ұшыраспаған 16 жолын жаздырып алудың реті келгені. Соны ешбір өзгеріссіз, мысалы мұнда аталған ақбоз атты жоғарыдағы осы айтыстың басталуына арқау болған батырдың əйгілі шұбар атына алмастырмай, бүгінге жеткен баз қалпында беруді жөн көрдім. Мəделіқожа: Мен əкеден туғанда зор боп тудым, Сен əкеден туғанда қор боп тудың, Мəделі Жүсіпқожаұлы

Əкең Жүсіп тəуір-ақ адам еді, Етің – жасық, сүйегің – бор боп тудың! Майлықожа: Сен əкеден туғанда зор боп тудың, Мен əкеден туғанда бор боп тудым, Қожа мен Қоңыратқа құн төлетіп Зор болмадың Мəделі, сор боп тудың! Мəделіқожа: Ақбоз атқа саламын терлігімді, Дұшпанға қылып жүрмін ерлігімді, Əкем Жүсіп тəуір-ақ адам болса, Қай жерімнен көресің кемдігімді? Майлықожа: Ақбоз атқа саласың терлігіңді, Дұшпанға қылып жүрсің ерлігіңді, Əкең сүдір, сен орақ, Мəмəдəлі, Сонан-ақ білмейсің ба кемдігіңді?! Мəделі Жүсіпқожаұлы

ҰЛБИКЕ МЕН МƏДЕЛІҚОЖА Ұлбике: Əке сөзін жасымнан жаттап алғам, Тал бойыма жинақтап қаттап алғам, Жеке шығып бəйгеден тұлпардай боп, Өлеңімді əніммен баптап алғам. Мəделіқожа: Жастайымнан сұлуды көп таңдаймын, «Мінезіне ісі сай ма?» деп таңдаймын. Өздеріңдей сұлудың зəрлі сөзін Көңіліме ауырлап өкпе алмаймын. Ұлбике: Əудемжармен əуелі үнімді аштым, Он екімде өлеңмен тілімді аштым, Он үшімде өзімдей бозбаламен Жұмбақ айтып, өлеңмен жағаластым. Мəделіқожа: Бақ-құт деген бармақтай болады екен, Қыз бен жігіт басына қонады екен, Еркін өссе екеуі он алтыда, Аспандағы айдай боп толады екен. Ұлбике: Моншағымның əр тасы бір өлең-ді, Бесігімде үйренгем бар өлеңді, Балапандай кезімде қайран шешем Тал бойыма дарытқан күллі өлеңді. Мəделіқожа: Мəделі Жүсіпқожаұлы

Сұлу қызға тұс-тұстан көз түседі, Қысылса да, аузына сөз түседі, Өлең айтып отырған Ұлбикенің Кеудесінде бұлбұл құс тілдеседі. Ұлбике: Бес жасымда шешеме болдым шырақ, Сегізімде əкеме қойдым құлақ, Тоғыз жасқа келгенде үрдей болып, Өлең айттым наурызда үй жағалап. Мəделіқожа: Өлең айтып бəдікте үніңді аштың, Көп алдында қалқайып маржан шаштың, Ат арытып айтысқа келгендердің Арқасына ырситып қамшы бастың. Ұлбике: Əуелден-ақ адамзат тіл, көмейлі, Шайпау сөз қыз жөнінде не демейді? Іздеп келген сол ақын кетіп қалған, Қой да үріккен жағына беттемейді. Мəделіқожа: Бетке жақса опа да əр береді, Ақ көйлекке қос етек өң береді, Сұлу қыздың жүрісі, жөні бөлек, Ондай қызға қай жігіт тең келеді? Ұлбике: Адасқан жүре берсе жолын түзер, Арық ат жал біткенде белін түзер, Айтатын осындайда жұмбағым бар, Күрмеуді шеше алмаған арқанды үзер. Мəделі Жүсіпқожаұлы

Мəделіқожа: Көзі ашық адам ашар кітап бетін, Біліммен тоқсан тоғыз тілдесетін, Бір тілді ақын қызға қамдап келгем, Абайла, кездігім бар тіл кесетін. Ұлбике: Бүгінгі пісіргенім кесте күлше, Үш бұрыш, төрт бұрышты кеспе күлше, Жалын-оқ ішімдегі атылады Бейауыз қай-қайдағы бөспе күлсе. Мəделіқожа: Тон киер ару жігіт сəнді əдіпті, Хат жазар, орамамен жеті əліпті, Арғымақ асау тайдан қалып кетсе, Əйтеуір не де болса бір кəдік-ті. Ұлбике: Шықпайды неге ажырық сортаң жерге, Теңізде дем тартпайды шортан неге? Айта ғой, білгіш болсаң өлеңіңмен, Кешке қарай шықпайды Шолпан неге? Мəделіқожа: Білгендер балық жаны суда дейді, Тамыры ажырықтың буда дейді, Жер үстін мекендеген Шолпан қыздың Шырқаған шыбын жаны нуда дейді. Ұлбике: Əуелгі ел мен жұрттың тегі бар ма, Аспанның керегесі, шегі бар ма? Мəделі Жүсіпқожаұлы

Тағы да ауыл көшсе мекендейтін Құдайдың жер астында жері бар ма? Мəделіқожа: Екі айдың батар, шығар екі ортасы, Айтайын сен білмесең үй арасы, Айта жүр сұрай қалса ел-жұртыңа, Болмайды жер мен көктің шекарасы. Ұлбике: Ішінде əптиектің «пе» болады, Қос ноқат қойса үстіне «те» болады, Айта ғой білгіш болсаң, ей Мəделі, Сұраймын құс атасы не болады? Мəделіқожа: Əуелден жаратқанның жолы аян, Өлеңге құлағың сал, бері таян. Кем ақыл, сен білмесең, мен айтайын, Болады құс атасы Шегірбаян. Ұлбике: Бұқара оқығанның өрісі бар, Балаға тəлім болар дəрісі бар, Қожадан оқып шыққан кəлпелердің Əйтеуір қайда болсын ырысы бар. Мəделі Жүсіпқожаұлы

МƏДЕЛІ МЕН БАЙТАҚ АҚЫН Түркістан шəһарінде жиналған мəжілісте Қоқан бектерін жанды Байтақ деген ақын мен Мəделі батыр былай қаржасыпты: Байтақ: Етесің қуаң-қуаң, қуаң қожам, Сыймаған сұрып көйлекке, жуан қожам, Жолына шариғаттың шəк келтіріп, Кетті ғой қабыл болмай дуаң, қожам. Сонда Мəделі: Арық Байтақ, Басы таз, ішек-қарны Жарық Байтақ Шариғаттың жолында шəк келтірмей Қоқанға құл бола ғой барып, Байтақ! – деп, қолынан ұстап, есікке қарай лақтырып жіберген екен Шортанбай Қанайұлы (1816-1888)

ӨЛЕҢДЕР

«ЖИЫРМА БЕС» ƏНІ Шыңжан қазақтарының атақты əншісі Хамит Ысқақұлы Шортанбайдың бұл əнін Қазақстаннан алып қайтқан. Əн композитор Ілия Жақановтың қолында сақтаулы тұр. Сауғанмен жалғыз сиыр іркіт болмас, Өнерді бойға біткен іркіп болмас. Мысалы, əр нəрсенің бəрі сондай, Қаңқылдап қара қарға бүркіт болмас. Ит қызыл болғанменен түлкі болмас, Ойнақтап сиыр үркіп жылқы болмас. Мысалы, əр нəрсенің бəрі сондай, Ағашқа саясы жоқ бұлбұл қонбас. Қайырмасы: Ахау, өтті-ау заман, Хош бол аман, жиырма бес Қайта айналып келмес маған. Жабыдан айғыр салма, жалды екен деп, Жаманмен жолдас болма, малды екен деп. Жүйрікті жол үстіне тастап кетпе, Қан түсіп аяғына қалды екен деп. Жабыдан жүйрік шықпас баптағанмен, Жаманнан асыл шықпас мақтағанмен. Ителгі қайырсаң да түлкі алмайды, Алтындап томағасын қаптағанмен. Қайырмасы. Өлген соң арыстаннан тышқан артық, Мейірімсіз жаман достан дұшпан артық. Шортанбай Қанайұлы

Қолына кей жаманның алтын түссе, Қадірін біле алмайды мыстан артық. Кісі емес, кісі артынан жамандаған, Дос емес, дос көңілін таба алмаған. Қолына кей жаманның тұлпар түссе, Қандырып тақым құрышын шаба алмаған. Қайырмасы. Жақсы атқа жасық темір таға болмас, Ит тері илегенмен жаға болмас. Үлгісіз үлкендерді үрлесең де, Қарыны қампайғанмен аға болмас. Жайлауда сəн болмайды жайламаса, Болмай ма құлын асау байламаса. Өлген соң жылағанның керегі не, Тірлікте бірін-бірі сыйламаса. Қайырмасы. Шортанбай Қанайұлы

  • * Құдыққа еңкейгенде, басындағы топысы суға түсіп кетеді. Шортанбай қарманып, ұстай алмай қалады. Сонда былай деген екен ойланбастан: Басымда топым ба еді көп көргенің, Мен бе еді осыншама жек көргенің. Бар сенгенім сен болсаң, екі қолым, Кəнеки, тап бергенде – ап бергенің? Пенде жоқ тəубе қылған ісін біліп, Төрт кісі өз жақыныңнан талап алар Оң жаққа салғаннан соң шешіндіріп, Қолынан қарындастың келгені сол, Көрге сап, көміп қайтар көсілдіріп. Шортанбай Қанайұлы
  • * Шортанбай Қарқаралы қаласына келіп, күн батып, шам жаққан мезгілде Қамыт деген бай ноғайдың қақпасын қағады. Қақпаны ешкім ашпайды. Сонда Шортанбай терезенің тұсына келіп, мына өлеңді айтқан екен: Осы күнгі ноғаймен атамыз бірге Хауа анадан жаралды. Бейіштің дүзін көрмесін Деген екен сараңды. Сараң пенде кім десем, Ноғайларға ұқсайтын көрінеді реңді. Кіргізбейтін кісіні, Күн батқан соң бекітіп ап қораңды. Ноғай, сенің салмасын Мұсылманға жораңды. Жер ортасы – Көктөбе, Ноғай ауған жерінен, Айырылған соң жау алған Орманбет хан ерінен. Қазаққа кеп бай болды, Ашуланса ноғайды Айдар қазақ елінен. Қамытбай: «Ойбай, Қожа екен ғой!» – деп өзі шығып, қақпасын ашқызып, құрметтеп, үйіне кіргізіп, отырар-отырмастан он топ кездеме əкеп алдына қояды. Сонда Шортанбай: Он топ лəңке ал дейсің, Қоржыныңа сал дейсің. Ендігі жыл болғанда Шортанбай атты қожада Сексен қойым бар дейсің, – деген екен. Шортанбай Қанайұлы
  • * Құсбек төре дуанбасы болып сайланғанда, құтты болсын айта келген Шортанбайға бір айғыр үйірлі жылқы айдатыпты. Жолда келе жатса, Жамантай хан жылқысының ішінде жүр екен. Келіп амандық-саулық сұрасады. Жамантай: «Қожа, қайдан келесің?» – депті. Шортанбай: «Құсбек ханға қайырлы болсын айтып келемін», – дейді. Жамантай: «Иə, Құсбекті хан қоя алмай-ақ жүр екенсіндер-ау», – дегенде Шортанбай: Ежелден өлең айтқан мен Шортанбай, Тұсында əрбір ханның бір сұрқылтай. Құсбек хан дуанбасы болып еді, Мен түгіл өзің қайттің, хан Жамантай, – дейді. Жамантай: «Хандықтан айырылған соң жолын ұмытты дерсің», – деп о да бір айғыр үйірлі жылқы беріпті дейді. Шортанбайдың Кенесарыны Айыртау – Ортауда Орта жүздің ханы деп көтергенде айтқаны: Ортауда Кенесары хан көтерген, Орта жүз соңына ерген тым ертеден. Бесата баласынан Жанғұтты бар, Байсейіт, Дүйсенбай мен Есбай, Қара – Бір қол боп көрінетін жеке-дара. Шортанбай Қанайұлы
  • * Шортанбайдың Ұлытауда Кенесарыны қазақ елінің ханы етіп, ақ киізге салып көтергенде айтқаны: Ұлары шулап Ұлытау, Орыс, қазақ қылған дау. Алаша хан, Жошы хан, Қазақтың басы қосылған. Жалаңаш шапқан ер жігіт Қолдаса Құдай келер сау. Шортанбай Қанайұлы
  • * Шортанбайдың Құнанбаймен бірге Ертіс бойына ба рып, онда сыңсып қонған мұжықты көріп айтқаны: Ертістің бойы ен жайлау, Көшіме түсті бір байлау. Алғаның мұжық аз дейді, Жер қосып тағы жаз дейді. Келіп те қапты төресі, Жоқ шығар бізге бересі. Шортанбай Қанайұлы

ЖЫР НАСИХАТ Бір насихат айтайын, Тыңда мұны, жарандар. Есіткенің ұмытпа, Қайсыңда сенің сана бар? Жақсы адамның белгісі, Төңірегіне қаранар, Артық-кем сөзге бармайды, Өз ақылын шамалар, Жамандардың белгісі: Жақсы адамды көре алмас, Жақсылар аттан жығылса, Сыртынан тұрып табалар, Жақсының тілін алмайды, Өзі жақсы болмайды. Талайына таласып, Айнала аңдай қамалар. Жаманға түссе бір жұмыс, Болды деп қорқып қиын іс, Дұшпандығын ойға алмай, Ақыры соны паналар, Жаман жанға мал бітсе, Ұлықсынып тұрады, Көтере алмай аз малды, Өлгенше паңдық құрады. Қонаққа бермей жұма күн, Жасырып өзі тояды, Үйіне келсе бір ғаріп, Қаңғырып, неғып жүрсің деп, Бір тостаған дəм берсе, Кемітіп көзін ояды. Сөйтіп жүріп бұл жаман, Шортанбай Қанайұлы

Жұт пенен жауға кез болып, Айырылып малдан қалады. Кісіге берген малы жоқ, Құдайға берген қайыр жоқ, Құдайдан бұған рахым жоқ, Адамнан табар мейір жоқ, Тірі қор сонда болады, Атамыз қазақ алаш-ты, Шаруа малмен жарасты, Мал шырдасы жер еді, Өскен соң қазақ таласты, Ел көбейіп, жер өспес, Түңіліктей жерге қысылып, Мал шырдасы қазақтың, Жер-су түгел болмасты, Бір шаруаның артының Егінді жерге салмақ-ты, Үйренбеген бұ қазақ, Ұқсатып оны салмапты, Қара бауыр Сарыарқа, Шөбінен де тасы көп, Топырағынан құмы көп, Салқар ағын суы жоқ, Жалпақ елге біткендей, Егіндік жер таппас-ты, Егін де жерге салынар, Аз-аз бидай алынар, Егін тамақ қамынан, Егінді бақса мал кетер, Мал кеткен соң, мəн кетер, Қазақтан басқа халықта, Май шұрасы азайды, Шортанбай Қанайұлы

Жерден алған бидайың, Майсыз тамақ болмас-ты, Мал кеткен соң май кетіп, Құр бидайды үнем қып, Сірə да қазақ оңбас-ты, Ойлар тұрсам, жігіттер, Сарыарқада береке, Ит жүгіртіп, құс салып, Жүз жыл көрер мереке, Көк ала шатыр тігулі, Қонаққа деген көлеңке, Ат басын қонақ бұрмайды, Аударып түсіп жатқаны, Бағлан қозы сойғыз деп, Сары қымыз сапырып, Сатусыз ішіп тамақты, Рахатқа батқаны Осыдан қарап ойласам, Сарыарқада береке, Рас-ау деймін айтқаны, Жаз қонғаны көк орай, Шалғынға байлап биені, Кешке таман болғанда, Ботасы боздап түйесі, Айнала шуыл күңіреніп, Мөңіреп сиыр бұзаулы, Маңырап шулап табысар, Қойлары мен қозысы, Қаршыға алып қолына, Дабылын байлап жанына, Мылтығын салып мойнына, Үйрек пен қаз ілгізіп, Шортанбай Қанайұлы

Ақ сақалды күлгізіп, Қазақтың қызық мұрасы, Қыс қыстауға қонғаны, Бір қызығы қазақтың Қиратып соғым сойғаны, Ит жүгіртіп, құс салып, Сонармен таудан түлкі алып, Мергені атып маралды, Ол бозбаланың думаны, Келе жатқан қазақтың, Бұрыннан осы жорасы, Алла ағзам біледі, Сөздің осы ырасы, Енді қандай болады Жаратқан хақтың Пəрмені? Шортанбай Қанайұлы

АЙТЫСТАР

ШОРТАНБАЙ МЕН ОРЫНБАЙ АҚЫН АЙТЫСЫ Шортанбай: Жаратқан бəрімізді бір Құдайым, Падиша пендесінің білер жайын. Атыңа анық, түсіңе танық едім, Жолың болсын, жүрмісің, Орынбайым. Орынбай: Дуана қожа атасы барар Мекке, Мейрамға имам болған жалғыз, жеке. Жолың болсын дегенің жақсы лепес, Құдай берсе, мол болсын, е, Қожеке. Шортанбай: Өлеңге бір кісідей тынысың бар, Бақ берген тіл мен жаққа ырысың бар. Барымташы кісідей, мол болсын деп, Əлдеқандай кісіде жұмысың бар? Орынбай: Былтыр сізді шақырды Құсбек батыр, Хан шақырса, не тұрсын ақын, батыр. Ақ сұңқардың дидарын көрейін деп, Орынбай сол жарлықпен келе жатыр. Шортанбай: Айтасың мақтан қылып батыр ханды, Ар көресің құр келіп бақырғанды. Билейтін ел бітімін би емессің, Құсбек сені не қылсын шақырғанда. Шортанбай Қанайұлы

Орынбай: Қожеке, ханға тағы сөйлеймісің, Ханыңды шақырма деп билеймісің. Ішің тар, бұл қайдағы жарықтықсың, Тыңдамай хан шақырса, қой деймісің? Шортанбай: Еліңе мен насихат көп айтамын, Бар демей беті-жүзің, тік айтамын. Елімнен былтыр алып кетіп едің, Ұялмай тағы келдің бе деп айтамын. Орынбай: Төреңнен алатұғын алымым бар, Жақсыдан алып өскен қалыбым бар. Төреңе əлің келсе, бердірмей бақ, Күндесең алғаныма, ішіңді жар. Шортанбай: Орынбай Тұрлыбекке ерген екен, Əркім-ақ сұрамшаққа берген екен. Елімді өзім жоқта қойдай шауып, Бұл мұңдар сонан дəндеп келген екен. Орынбай: Қожеке, соны сөз деп айтармысың, Қуанып бердірмесең қайтармысың. Мейрамның қарлығаштай малын қорғап, Қызғанған Тəңір малын сайтанбысың? Шортанбай: Білдің бе сөйткенменен берерімді, Бағаңа біліп едім келеріңді. Шортанбай Қанайұлы

Жан жоқ деп менен басқа мақтанасың, Түк бермен, асырмасаң өнеріңді. Орынбай: Шығыпты Орта жүзге атың, Қожа, Айтасың əлімдікпен батыл, Қожа. Көздерін сендейлердің уқалаушы ем, Кім болар бергізбесең атың, Қожа. Шортанбай: Орынбай, Тұрлыбекпен келді, кетті, Əй, бəлем, бергізбеспін, сөзің өтті. Жалынсаң, Қожеке деп, кешер едім, Түбіңе, сорлы, өзіңнің сөзің жетті. Орынбай: Қожеке, сырттан сұрап сағынғаным, Құсбектен тəуір болды табылғаның. Бұл жерде қожа билер Қаратау жоқ, Арғында сенен сұрап не қылғаным? Шортанбай: Қарауыл өрши берді шыңдамаса, Айтпаймын халық кеңес тыңдамаса. Тіленші елге келген сен деймісің, Көрейін халық сөзімді бұлдамаса. Орынбай: Қожасың, қараға жақ жөнің басқа, Шығыпсың жақпай жалғыз қарындасқа. Баласын бір Арғынның екі билеп, Мұндайды кім үйретті сен қу жаққа? Шортанбай Қанайұлы

Шортанбай: Болса да баяғыдай заманым жоқ, Бозбала – бəрің тəуір, жаманың жоқ. Пір болған жеті атаңа, қожаң едім, Көрген соң бір заржақты амалым жоқ. Орынбай: Нəсілің төрт жар дейді, дегдар Қожам, Алдыңда сөзге жүйрік мен бар, Қожам. Еліңе дəріс айтып, дін үйретпей, Қазақтың өлеңінде нең бар, Қожам? Шортанбай: Тіленші боп ақын да жағады екен, Ұлықты мақтап, мəнісін табады екен. Алдына осындайда бір шықпасам, Жайына қоя берсем, жағады екен. Орынбай: Айтасың жүйріктікпен, шешен Қожам, Күнəңді тəубе қылсаң кешер, Қожам. Алдыма шығарыңды қайдан білдің, Айтасың соны білмей, жетер, Қожам. Шортанбай: Беріп пе жалғыз саған тіл мен жақты, Деймісің сөзден кедей біз бейбақты. Қожаңды жұрт пір қылған жетер дейсің, Əй, бəлем, ұмыттың ба аруақты? Орынбай: Деп едім «тілім тиер» мен бағана, Жаратты қожаны пір Ақ тағала. Шортанбай Қанайұлы

Ишан өлең айтқанын қашан көрдің? Не өлең, не пірліктен кет садаға. Шортанбай: Хан, қара шақырған соң келе қалдым, Жел сөзбен көп алдында желе қалдым. Қожаны пірлігінен айыратын Молданы дəріс айтқан көре қалдым. Орынбай: Қожеке, көп сайтанмен салыспаңыз, Қараға төре тұрып таныспаңыз. Айтамын жаным ашып ақсүйекке, Жасыққа болатынды алыспаңыз. Шортанбай: Өтерін дүниенің ойламас ем, Алдында хан, қараның сайрамас ем. Орынбай елге келген мейман еді, Əйтпесе бұған жолды байламас ем. Шортанбай Қанайұлы

ШОРТАНБАЙ МЕН АСАН БҰҒЫ АЙТЫСЫ Шортанбай Қанайұлының жырлары 1993-жылы ғана жеке жинақ болып шықты. Сол кітапта Шортанбай мен Асан Бұғының айтысы, құрастырушылардың қолында болмауы себепті, үзінді түрінде жарияланған. Біз Шортанбай мен Асан Бұғы айтысының толық нұсқасын ұсынып отырмыз. Бұл мəтін Жезқазған облысының Ақадыр ауданы, «Өспен» кеңшарында тұратын, сексеннің сеңгіріне шыққан Əбдіғұл ақсақалдан алынды. Ал Əбекең айтысты кезінде тоқсаннан асып, алпысыншы жылдар ортасында қайтыс болған əкесі, есімі республикаға белгілі ақын-жыршы Маясар Жапақовтың айтуында қағазға түсірген. Шортанбай: Замандасым, ей, Асан, Тұрақсыз заман, ойласаң. Бақ шіркінге мəз болма, Тұрмайды баста байласаң. Тұрмайтынның себебі, Арқаны алған мынау жау, Сені де қоймас түбі сау. Саудамен тапқан тиынға Əулиедей сыйынба. Мұсылманның баласын, Хан, ақсақал данасын Қыспаққа алған кəпірге Сенің-дағы малыңды Тартып алу қиын ба?! Хақ пайғамбар тұқымы ем, Медет берген бір ием. Елдің зарын жеткізіп, Сөз сөйлеген жиында Шортанбай Қанайұлы

Айтыспақ боп менімен Ниет еттің, ақыным. Қайыры жоқ сөз айтып, Кесапатқа көз айтып, Тектен-текке күпір боп, Шатыспассың, жарқыным. Асан Бұғы: Көп сөз айттың, Шортанбай, Не демейді қу таңдай. Мешітке ие қожасың, Жанғұттымен құда боп, Бар жақсыдан озасың. Ойламасаң дүние ісін, Есбаймен неге жақынсың? Сөзіңе жұрт ұйыған, Дес бермеген ақынсың. Кереку, Семей барғыштап, Ат, арғымақ алғыштап, Ойлап кеттің бақ ісін. Сен пайғамбар тұқымы, Мен Əндіжан қожасы, Тек сен ғана жақсы боп, Бəрімізден озбақсың. Саудамен дүние жиды деп, Бұл орыстың ісі деп, Алдымызға тосасың. Шортанбай: Сөз айтайын Асанға, Дүниешілікке мақтанба, Жəрмеңкеде қақтандың, Дəулетің судай тасқанға. Шортанбай Қанайұлы

Дүниеқордың мəнісі – Жетпіске келді бұл жасың, Дүниешік болды жолдасың. Тəнім отқа күймесін, Тілім менің тимесін, Арғы атаң аруақты, Қожасы еді бір елдің. Жақсыдан шыққан қу келдің, Ата жолын ұмытқан. Дін оқытып жөн айтпай, Жаратушы иені айтпай, Саудамен кеткен өз басың, Əндіжандық сарт болдың, Қай елдің ең қожасы? Қаратауда туғансың, Пəленше деген мырзасың, Сарыарқаға келген соң, Төрт аяқты жорғасың. Осынша жиған мүліктен Не көреді қу басың. Таласың бар жалғаннан Əлі де болса аспаққа, Дүниенің боғы үшін, Күнде жосып аптықпа, Ұяларсың лахатта, «Мен раббың», – деп сұрағанда. Асан Бұғы: Қаратаудың халқы едің, Бір атадан жалқы едің, Есек мінсек айып не? Əуелде күнə жанға қас, Арқаға келер, болар мас. Шортанбай Қанайұлы

Мені бүгін сарт дейсің, Қалжақтан ауыз жимайтын, Дуалы сөз ішке сыймайтын, Ала қашпа көк езу, Сені атады Қызылбас. Пір болған соң тантыққа, Қалай заман бұзылмас. Шортанбай: Жəдігөй жарғыш болмаңыз, Ақырет қамын ойлаңыз. Жасың жетті жетпіске, Иман бер деп сұраңыз. Арқаға шығып нан жедің, Нан жедің де дəндедің. Сұлуы болса сүйсем деп, Жүйрігі болса мінсем деп, Күннен-күнге сəндендің. Арқадан қылып жайлауды, Əркімнен алдың байлауды. Қиямет күні болғанда, Қандай жерде мекенің Сен ғаріптің сайлаулы? Бұл айтқаным – ақылым, Аталас туған жақыным, Қиямет күн кез болса, Пайдасы болмас қапының. Ағартты Құдай басыңды, Өлшеп те берген жасыңды, Сауда деген – елді арбау, Қоярсың енді осыңды. Шортанбай Қанайұлы

ШОРТАНБАЙ МЕН ШӨЖЕ АЙТЫСЫНАН Шортанбай: Əй, Шөже, ғибрат қып сөз айтайық, Бос мақтан, фəни сөзін аз айтайық. «Сен жеңдің, мен жөндімін» – еш пайда жоқ, Тілейік мұсылманның амандығын, Халыққа ой түсетін наз айтайық. Шөже: Шортеке, ел сыйлаған пірім едің, Сенімен айтысуға тұрып едім. Басқадай қу соқыр деп кемсітпедің, Басқа ақын тап өзіңдей ірі ме еді. Осымен мен сөзімді тоқтатайын, Алланың сөзін айтып, ғаділет жол, Алды-артты бірдей орап жібермедің. Шортанбай Қанайұлы Қалнияз Шопықұлы (1816-1902)

ӨЛЕҢДЕР

БИІК ҚЫЛЫП СӨЙЛЕЙІН Биік қылып сөйлейін Асқардың ала тауындай. Нөсерлетіп сөйлейін Селдете құйған жауындай. Тəтті қылып сөйлейін Жаңа піскен кауындай. Таза қылып сөйлейін Бұлақтың мөлдір суындай. Шыны қылып сөйлейін Жіліктің аққан майындай. Қылтыңдатып сөйлейін Қысырдың емген тайындай. Жылтылдатып сөйлейін Сары алтынның буындай. Сылаңдатып сөйлейін Жалғыз үйдің қызындай. Байұлыға белгілі Ұстазым Тіней Өгізбай. Неше буын жыр төккен Он екі баспа қобыздай. Тосылып сөзден көрмеген Адайда айтқыш Абылдай. Шабатын жүйрік мен едім Сөзге қамшы салдырмай. Қаумалаған қарындас, Құмарыңды сөзбенен Кетейін неге қандырмай?! Қалнияз Шопықұлы

КӨТІБАР БӨТЕН КІСІМ БЕ? Қалнияз жолаушылап келе жатып Əлім Көтібар ауылына кездеседі. – Адайларда барымта-сырымтамыз бар еді, жақсы келдің, олжалап алайық, – деп ауыл жігіттері Қалниязға қалжыңдаса керек. Сонда Қалнияз Көтібар алдында өзін былай таныстырып, батыр ауылының сый-кұрметіне бөленеді: Көтібар бөтен кісім бе? Апамды алған күйеуім. Айсары бөтен кісім бе? Өзімнің алтын сүйегім. Ер Есет бөтен кісім бе? Апамнан туған жиенім. Абайлаңыз, көп Əлім, Қапияда аузыма Кетерсің түсіп біреуің. Танымасаң жөнімді, Білдірейін сендерге: Мен сегіз арыс Адайда Қосса, бəйге бермеген Қалнияз деген күреңің. Қалнияз Шопықұлы

АМАНТҰРЛЫ БАТЫР ҚАЗАСЫН ШЕШЕСІНЕ ЕСТІРТУІ Дəукескен қамалында Қосқұлақ Амантұрлы батыр қаза болады да, бұл қазаны батырдың шешесіне естіртуге Қалнияз барады. Ол бұрынғы өткен ерлердің ерлік істерін мақтап жəне олардың көбісінің ерлікпен халық үшін қаза болғанын мысалдап айтып отырады. Бірақ батырдың қарт шешесі сөз мəнісіне түсіне қоймай, «Ə, бəрекелдесін!» айтып отыра беріпті. Сонда Қалнияз батырдың шешесі түсінсін дегендей, бірден Амантұрлының атын атап, былайша толғаған екен: ...Аруақты Амантұрлы ерім еді-ау, Ерлігін халқым неше көріп еді-ау. Қожалақ, Балуанияз, Асар, Балта, – Осындай жақсыларға серік еді-ау. Құдайке, Келімберді құралғанда, Қол бастап ортасында жүріп еді-ау. Ат қойып Дəукескеннің қамалына, Іркілмей, екі дүркін кіріп еді-ау. Қайран ер қайта шауып ғайып болды, Халқына содан бері көрінбеді-ау, – – деп толғайды. Шешесі сонда ғана түсініп: «О, Қалнияз-ау, сені жыр айтып, менің көңілімді көтерейін деп келген екен десем, жоқтау айтып, мені жылатайын деп келген екенсің ғой», – деп зарына басыпты. Қалнияз Шопықұлы

СҮГІР БАТЫРҒА АЙТҚАНЫ Бір жорықта екі жақтың жасағы да жақын келіп қалады да, біріне-бірі бата алмай, тұрып қалады. Қолды бастап шабатын Хиуа ханы əскерлері жағынан да, қазақ жағынан да кісі шыға қоймайды. Сонда Қалнияз Құнанорыс Шабай батырдың баласы Сүгір батырдың қасына келіп, батырды қайрап, былай деп қайрат-жігер береді: ...Баласы ер Шабайдың Сүгір деген, Жүйрігім жауға шауып мүдірмеген. Əруағың ақ бұлттай күнге өрлеген, Ежелгі ер емес пе ең дүбірлеген. Айтулы əкең батыр Шабай еді-ау, Осындай қиын жерде кідірмеген. Қалнияз Шопықұлы

ҚОЖАЛАҚ БАТЫРҒА АЙТҚАНЫ Бір жорықта жау алдынан шолғыншы болып кеткен Орамал Қырықмылтық Қарағұл батыр қапияда жау қолынан қаза болады. Соған күйініп кеткен Нұрбаулы Қырықмылтық Қожалақ батыр: «Адай, енді өз күніңді өзің көре беріңдер», – деп, ат басын артына қарай бұра береді. Сонда Қалнияз Қожалақ батырдың алдынан шығып, былай депті: Ей, Адайда батыр Қожалақ, Айбарың артық арыстан, Жүрегің берік құрыштан. Аман шыққан ұрыстан, Ерлігің сенің кем бе еді Кешегі Төлеп, Қармыстан?! Атағозы, ер Лабақ Дұшпанды қуған қоныстан. Дəуімшар мен Құдабай Патшаға қарсы ұрысқан. Атаға тартып ұл өсіп, Ерлігі саған жұғысқан. Егесер жері келгенде, Ер өлмейтін бе еді намыстан?! Ылайық емес ерлерге Дұшпанын көріп ығысқан. ...Сен – Адайдың сойылы, Жауды көріп жасқанып, Жиылмаған айылы. Ерлігіңді сөз қылған Адай түгіл, Байұлы. Қазақ асып, түрікпенге Қожалақ атың жайылды. Қалнияз Шопықұлы

Жасақты жауға қалдырып, Бұрма, батыр, мойныңды. Жəуміт қашты, біз қудық, Құралық солай ойынды... ...Ақ ордасы Адайдың – Үлкен үйім Мұңалсың. Батыр да өзің, пір де өзің, Ұлы жиын құралсын. Төрт Мұңалым тұрғанда, Басқасы келіп Адайдың Қолынан қалай ту алсын?! Қарағұлдың қаны үшін, Ағайынның ары үшін, Қожалақ, тұрма, қол баста, Артыңнан Адай шұбалсын... Əруаққа сиынып, Ұрандап жауға ат қойсаң, Келімберді, Құдайке Ізіңе ертіп, лап қойса, Əруағың аспай ма, Дұшпаның қорқып, қашпай ма? Ертең елге барғанда, Ерлігің хабар болғанда, Қалың елің жиналып, Алдыңнан шашу шашпай ма?! Сонда Қожалақ батыр жауға қарай қолды бастап шапқан екен. Қалнияз Шопықұлы

ЕР КӨНЕЙ Нағашым менің Жеменей, Жеменейде Ер Көней. Көней, Көней дегенде, Не ғып тұрсың үндемей? Сымбатыңа болайын Мұнарлы қара төбедей! Қайратыңа болайын Айдында жүзген кемедей! Айбатыңа болайын Кірістен шыққан жебедей! Ұрандап жауға шапқанда Атыңның басын тежемей, Хан əскері қаймығып, Тығылмас па еді бұтаға Қарақұс көрген шөжедей! Қалнияз Шопықұлы

АСАР КЕЛЕДІ ТУ ҰСТАП Хиуа жендеттерімен арадағы бір шайқасқа Асар сұпы, Сүгір батыр, Қалнияз ақын, Шортықозы палуан бірге қатысады. Өзгелер қашқан жендеттерді қуып бара жатса, Шортықозы өлген адамды қылыштап, қайта оралыпты. Сонда Қалнияз айтыпты: Асар келеді ту ұстап, Сүгір келеді құрыстап. Менің сөзім барады Айтқан сайын жылыстап. Шортықозы келеді Өлген адамды қылыштап. Қалнияз Шопықұлы

ҚОШТАСУ Асқар да биік тауларым, ............................................ Кетемін деген ойда жоқ, Кетірді дұшпан-жауларым. Еңіреп жүрген ер едім, Еңіреумен кетіп барамын. Бұлғыр да бұлғыр, бұлғыр тау, Бұлдырап тұрған құрғыр тау, Арығым семіз болған тау! Кетемін деген ойым жоқ, Кетуге себеп болған жау. Сарқырап аққан бұлағым, Жағалай шыққан құрағым, Ауып та кетіп барамын, Қайдан да болар тұрағым? Жау күлкісін естімей, Тас болсайшы құлағым... Қалнияз Шопықұлы

КӨКТАС, КҮЛƏП ЖЕРІНДЕ Қалнияз тəжіктің Көктас, Күлəп деген жерінде жүргенде айтыпты: Сиыр деген малы бар, Тұмсығына қарасам, Тас қайрақтай жалтырар. Құйрығына қарасам, Шуда жіптей салбырар. Қарағай екен қазығы, Бір түп қияқ азығы. Үш идіріп, төрт сауған Қатынға болсын жазығы. Адыр, жазық, тоғайлық, Қыры менен ойы бар. Көкпар алып қашатын Қиқу салған тойы бар. Қорғантөбе, Күлəпта Палуан, əнші, сал-сері Қазағымның сойы бар. Қалнияз Шопықұлы

МАҢҒЫСТАУДЫ АҢСАУЫ Жүреміз бөтен елде қалай етіп, Еріксіз бозбаланы малай етіп?! Жігіттің егессе де елі жақсы, Тасталық бұл қонысты талақ етіп. Маңғыстау – атамекен, Үстірт – жайлау, Барамыз он бес күнде, көшсек, жетіп... Қалнияз Шопықұлы

КӨРМЕСЕМ, ҚОШ БОЛЫҢДАР ...Сарыарқа сағымданған белестері, Көңілге оралады елестері, Көк орай, көк құрақты көлдері мен Бауыры бұйра толқын дөңестері. Баянды құтты қоныс мекен болды Шалдарым Сауран асып келген жері... Сарыарқа кезген талай далаларын Жем бойлап, Сағыз жайлап, Нарын қыстап Атырау көрген көшіп жағаларын. Ақыры қоныс басып мекендепті Маңғыстау теңіз қолтық салаларын... ...Көргенмін Еділ – Жайық араларын, Орынбор, Орал, Теке қалаларын. Күңіренген əулиесі дін Хорезм, Жол түсіп, Хиуа, Көне араладым. Кетем деп Ауған асып, Тесік келдім, Несібе тартса, бар ма шараларым?! Сағынып ата қоныс туған жерді, Қалнияз сəлем айтқан ағаларың. Үлкендік,бір жағынан науқас жəне, Көрмесем, қош болыңдар, балаларым! Қалнияз Шопықұлы

АҢСАЙМЫН АҒА-ЖЕҢГЕ, АҒАЙЫНДЫ Аңсаймын аға-жеңге, ағайынды, Қаумалап құрал қылған маңайымды. Жетіру, Əлім, Шөмен, Кіші жүзде Байұлы, сегіз арыс Адайымды. Шыға алмай үйден ұзап мен жатырмын, Кетіріп науқас əлек жағдайымды... Тайсойған жəне ойлаймын Нарынымды, Оймауыт, Қызылқұдық, Жұрынымды, Кешегі сауық етіп жүрген жерлер – Жем, Сағыз, Елек, Қобда, Ойылымды. Сарыарқа сағымданып көрінгендей, Созамын кейде солай мойынымды. Ішінде аға-жеңге араласып, Кіші жүз, көрдім талай жиыныңды... Мен көріп торқалы той томағасын, Бергенмін сөзден шашу сыбағасын. Аянып мерекеден қалғаным жоқ, Халқыма сөзім қадыр ұнағасын... Аралас Əлім, Табын ауылдасым, Байұлы он екі ата бауырласым. Алшында аты мəлім Есет, Тұрлан Жəне де Байсал, Дəуіт замандасым. Үйірін, адам түгіл, мал да іздейді, Көңілім қалай сізді сағынбасын?! Көзіме, қиял етсем, елестейді Кешегі шеру тартқан көп жолдасым. Не пайда бар болғанмен, жерім шалғай, Қалекең біліп жатыр көре алмасын... ...Белгілі белес-белес белесінде, Белгілі жерлер жатыр əлі есімде. Қалнияз Шопықұлы

Əулие атам Бекет үйін салған Оғланды ұшпа құлау еңесінде. Ерлерден Атағозы қалды дейді Төменгі Бейнеу мешіт төбесінде. Бітіріп һақ бұйрығын Асар сұпы, Дін іслəм қалған Бəйтіл Мекесінде. Баяндап ағаларым тұра алмаған, Бізден де, дүние, бір күн өтесің бе?!.. Қалнияз Шопықұлы

ҚАЛНИЯЗ ЕДІМ КҮНІНДЕ Қалнияз едім күнінде Байұлы – Адай елінде. Араладым Алшынды Алланың берген демінде. Сексеннен жасым асқансын, Шал атанып бүгінде, Жастағы сымбат бұзылып, Еңкіш тартты белім де. Бағы қайтқан бұлбұлдай Сайрамай жүр-ау тілім де. Ебі кетіп еріннің, Үйлеспей қойды сөзім де. Аға-жеңге алдымда, Азайып жүр ғой теңім де. Сəлемін сирек береді Іні менен келін де. Жастағы дəуір өткенін Байқап жүрмін өзім де. Қызыл жүзден нұр тайып, Күңгірт тартты көзім де. Базарым бастан сейіліп, Жетімдік кірді көңілге. Көрінбей қойды көзіме Табында құрбым Адайбек, Қосқұлақта Көтібар Белгілі батыр ерім де. Кім қалғанын білмеймін Бұрынғы жолдас ерлерден Маңғыстау, Үстірт жерінде, Елек, Қобда, Жем, Сағыз, Атырау, Жайық өрінде. Қалнияз Шопықұлы

Кадырлы аға-жеңгелер Отырған талай төрінде. Сағынған кезде осындай Таппай жүрміз бірін де. Келер еді бар болса Сақау батыр замандас, Бектілеу бастас інім де. Қайран дүние, қайтейін, Балуанияз, Тұрманбет, Қияр ма кісі өлімге?! Амантұрлы, Қожалақ, Бердалы, Есен, Сүгір де!.. Бұрынғы еткен ерлерім Атағозы, Ер Лабақ, Қармыс пен Өмір, Темір де. Жылқайдар мен Ер Төлеп Қосылған талай дүбірге. Құлыбек, Сары, Ер Төкеш, Қалымдай айтқыш серім де. Іздегенмен бұларды, Таппаймыз қазір бірін де. Асар сұпы, Самалық, Атам Бекет əулие, Баяны жоқ пəнисің, Солардан қалған дүние!.. Қалнияз Шопықұлы

ЕЛІН САҒЫНЫП АЙТҚАНЫ ...Ата қоныс Нарында, Нарында қоныс барында, Жұрт сүйсініп даңқыма, Отырдым сыйлы орында. О күнде бүтін елдерім, Бастары түгел ерлерім. Халқым құрмет қылған соң, Сөзіме ынтық болған соң, Келтірдім сөздің өрнегін. Байұлы, Алшын аралап, Көсіле шауып дүрледім. Дəрежесі артық ханға да Сөзбенен сойыл сермедім. Арасында халқымның Күнде қызық көргенім. Жақсыларға серік боп, Сайран етіп жүргенмін. Тағдырдың ісі, қайтейін, Туған елден бөлініп, Бөліне көшіп бүлініп, Өзге жерге келгенім. Енді маған ел де жоқ, Атырау, Орал көл де жоқ. Атамекен кең қоныс, Сағымданған бел де жоқ. Қадірлесім, қатарым, Аға-жеңге, сен де жоқ. Іздеп барып көрерге, Көріп сəлем берерге Жүретін қуат менде жоқ. Асылық сөзім болмағай, Қалнияз Шопықұлы

Кемістік жағдай кімде жоқ?! Халқымнан кімдер өткен жоқ, Кімдерге зауал жеткен жоқ?! Ағаларым кешегі, Іздесем, бүгін тіптен жоқ. Есен, Сүгір, Ер Жанақ, Құлыбек, Сары, Қонайым, Кенжебек, Төлеп, Ер Қармыс, Атағозы, Шабайым, Көк сауытты Ер Досан, Белгілі батыр Мыңбайым – Бұлардың бүгін бірі жоқ, Қара жер жұтқан талайын. Іні, келін, қарындас, Қаумалаған ағайын, Көре алмасам, қош болың, Қалың Алшын, Кіші жүз, Сегіз арыс Адайым. Қалнияз Шопықұлы

ҚАЛНИЯЗ БЕН ЖАСКІЛЕҢ АЙТЫСЫ Адай мен Əлім бірнеше жыл ренжісіп жүріп табысып, татуласады. Екі ру табысып, көңілдері жайласқан соң, бір жиында жұрт Кете Жаскілең мен Адай Қалнияз ақынды айтыстырыпты. Жаскілең: Еділ менен Жайықтың Мұнар еді ағашы. Ат шабуға жақсы еді Сарыарқаның даласы. Бір аз ғана сөйлейін, Аға ауылдың баласы. Мақтасам да əр жұртты, Əлім екен ағасы. Болса қабыл жақсы еді Толған жұрттың тобасы. Өткір етіп соғайын Жіліктің аққан майындай. Сұлу етіп соғайын Екі енені тел емген Қысырдың қызыл тайындай. Сөйлесетін сөз болса, Көрсетейін зайырды-ай. Жылжытайын шіркінді Есенбайдың сайындай. Біздің мынау Əлімде Көтібар мен Арыстан бар, Батырлығын сұрасаң, Қарсыға біткен қайыңдай. Мергендігін сұрасаң, Қалнияз Шопықұлы

Құланды қақтан қайырған. Егесіп барып батырым, Ханды тақтан тайдырған. Мықтылығын сұрасаң, Пірансуздың жауындай. Биіктігін сұрасаң, Асқардың ала тауындай. Сұлулығын сұрасаң, Қызыл тонның бауындай. Жəне соны мақтасам, Құбыладан соққан дауылдай, Мың кісіні бір қырды Арадөң деген бауырда-ай. Мақтасам да əр жұртты. Сондай батыр бар ма екен Байұлының ауылында-ай?! Жылқыда болар жорға тай, Ағашта болар қарағай. Електен шыққан Есенбай, Тізгінді оңда, бір Құдай. Жəне мен байлығымды мақтасам, Үш мың жылқы айдаған Назарда бар ғой Бəжік бай... Ақ қайыңның тозы бар, Жылқының тарлан бозы бар, Əр нəрсенің назы бар. Мен байлығымды мақтасам, Жүз нарменен ұзатқан Біздің Бəжік байдың қызы бар. Жақсысын жаман аңдамас, Ағайын туған қарындас. Қалнияз Шопықұлы

Өзім деген жігіттің Кем болмайды ғазиз бас. Жəне де байлығымды мақтасам, Жүз нарменен Хиуаға кіре салдырған Біздің Жангелді менен Саданбас. Жеті рудан ер шықты Есет пенен Бөкенбай, Орысты жүрді жағалап, Ат тұяғын тағалап, Шаппады қала қамалап. Адайдан шыққан батырың Түрікпенді жүрді жағалап, Иттен жаман абалап. Қақ ортаңда Əлім жатыр Қойды мыңнан қоралап. Маған жауың жеткен жоқ, Жетіру мен Байұлы, Екеуіңді аралап, Сөйлетейін тілімді Білгенімше саралап. Ақылы кетіп азған жұрт Ақылсыздан бүлінді. Осы Адайдан кем болсам, Кесіп таста тілімді. Ұлы, кіші əлеумет, Бетіме соқ мінімді. Ортаңызда отырған Жел сөзден туған ініңді. Қалнияз: Қатар-қатар нар түйе, Бұ сөзімде жоқ жүйе. Маңғыстаудың ойында Қалнияз Шопықұлы

Үш жүз алпыс əулие. Рас күнəлі болмасам, Осы жолы бір сүйе! Мініп алдым ақсұр ат, Елес-елес бұрқырат. Маңғыстаудың ойында Үш жүз алпыс əулие, Рас күнəлі болмасам, Жеткізе көр бір мұрат! Дария болып таса алмай, Су кемерден аса алмай, Бүгежектеп отырмын, Аяғымды баса алмай. Хан, қараның алдында Сөйлеуші едім тайсалмай. Сөз жүйесін отырмын Осы жолы қоса алмай. Мен байлығымды мақтасам, Маңғыстаудың ойында Қызыл бауыр киіктей, Қарағанды түбектей Шəбік жатыр көше алмай. Қыран құстың баласы Мойнын бұрар салаға-ай, Көз жіберер далаға-ай. Асыл ердің баласы Құшағын жая шабады Кəуірдің салған қалаға-ай! Мен байлығымды мақтасам, Біздің Адай байлары Қалнияз Шопықұлы

Жиып салған жасауы Орынбор, Теке деген қаладай. Сөйлесе, жұрттың тілі бар, Қай сөзімнің міні бар. Біздің мырзалардың белінде Мың биенің бұлы бар. Алтын менен күмістен Сайлап соқтырған қыны бар, Қора сайын каңғырған Оннан-бестен құлы бар. Жылқының жорға тайы бар, Қара ағаштың қалың сайы бар. Мен байлығымды мақтасам, Маңғыстаудың ойында Қызыл бауыр киіктей Көше алмай жатқан Адайдың Толып жатқан байы бар. Құдай тағалам оңдаған, Пайғамбарым қолдаған, Қора сайын əр үйден Мыңнан саулық қоздаған. Желі сайын əр үйден Жүздеген інген боздаған. Ерлік пен байлық салыссаң, Жексұрынсың, оңбаған. Айта берсем, сөзіңнің Еш де бірі болмаған! Біздің Адайдан ер шықты Бердібек пенен Дəуімшар, Шабағаншыл Қонысбай... Сол батырлар барында Қалнияз Шопықұлы

Дұшпанды шауып қылышпен, Тартып алды қонысты-ай. Мен мақтайын ерімді, Мен мақтасам ерімді, Көрсетермін көрімді. Атағозы Адайдан Бердібек деген ер шықты. Қаланы шапты қамалап, Ат тұяғын тағалап, Дұшпанын қырды жағалап. Былдыр-былдыр сөйлеген, Адам тілін білмеген Аузы түкті орысқа Біздің ел берім бермеген. Жалған айтсақ жазғырар Балуан ата – піріміз, Мəді сұлтан ханымыз, Құлақты бұған салыңыз. Жалғыздың ісі жазым-ды, Жар бола көр, Құдайым, Не болады халіміз? Таңда мақшар күнінде Қалай екенін білерсің Орысқа берген ақша менен малыңыз. Қаршыға деген бір құс бар, Қонар жерін сұрасаң, Қарағайдың басында. Не деп жауап бересің Таңда мақшар күнінде, Отырдың орыс қасында? Қалнияз Шопықұлы

БАЛУАНИЯЗ Дастан 1. Саудагер ертіп қасына, Өзінің пайда басына, Тұрманбет барды базарға, Базардан мақпал аларға. Айбүйірден асқан соң, Аттанып шыққан қол көріп, Жосылып жатқан жол көріп, Қайта шапты хабарға, Алдыңғы келген аз ауыл Самдағы бөлек Адайға. Тұрманбет келіп сөйлейді, Сөйлегенде бүй дейді: – Аттанып дұшпан келді, – деп, – Дұшпанды көзім көрді, – деп, – Түртпей қалмас бұл жерді Бөлініп шыққан ер-ді, – деп, – Бақы батыр, Бөрімен, Бастығы Оразмеңді, – деп, – Талқан қылып шапқан-ды Маңғыстаудағы елді, – деп, – Осыдан қумай қалсаңыз, Сындырды ғой белді, – деп, – Балуанияз, Балтеке, Қумаймысың, енді?! – деп, – Кел, Асеке, қуалық, Жанның ішін ұралық, Жігітке бер желді, – деп, – Осыдан барып өлгенің Кəусар суын татарсың, Қалнияз Шопықұлы

Кең сарайда жатарсың, Шариғатқа жөн-ді! – деп, – Айбүйірден шапқалы Азар жеттім еңменіп, Болдырды атым шөл көріп. Жалықпас еді жануар, Мезгілімен суарып, Оттатпадым жем беріп. Жүрер еді əлде де Қамшы бассам, дем беріп. Əулие Бекет жар болып, Жолықтырған кез келіп. Енді, ағайын, сендерге Хабар бердім мен келіп. Екі жүздей жəуміттің Сыртынан келдім шем беріп. Əй, батырлар, батырлар, Екі жүз жəуміт аттанды! Енді бұған амал не? Алыстан келдім демігіп, Жүргенім жоқ желігіп. Кел, жігіттер, жүріңіз, Атқа жылдам мініңіз. Қайтарында ол қолдың Қапталынан тиіңіз. Не салғанын Алланың Сонда барып біліңіз. Кел, жігіттер, аттаның, Өзіңнен тұғыр тапқаның. Жан басына қой айтың, Көтерілсін бақтарың. Біліп тұрмын жəуміттің Қалнияз Шопықұлы

Ойдағы елді шапқанын. Жауға жесір жіберіп, Үйде қорқып, жігіттер, Лайық па жатқаның?! Жар болса бабам Ер Бекет, Аттанып келген жəуміттің Қырдыртармыз жортқанын. 2. Алдыңғы келген Сам елі, Жігіттері дəмелі, Тоқтатып алып жүректі, Бергей деп Алла тілекті, Ұшқан құстай дүрлесіп, Ауыздары бірлесіп, Əбден сұрап алыпты, Анығына қаныпты. Тұрманбетпен кеңесіп, Бір-біріне жүр десіп, Асар, Балта бас болып, Жүре берді күлісіп. Алпыс кісі Адайдан Сонда қуып жөнелді, Шапқыншыны іздесіп. Сол Адайдың басы екен Балуанияз мырзаңыз. Басына Қыдыр дарыған, Уызына жарыған, Ежелден Құдай қалаған, Аш-арыққа қараған, Сырлы аяқтың түбінен Бал сыпырып жалаған. Жасынан-ақ жау көріп, Қалнияз Шопықұлы

Ат құйрығын тараған. Бір өзінің дəл басын Мың кісіге балаған, Азын көпке санаған. Балуанияз бас болып, Алпыс кісі Адайдан Аттанып шықты аламан. Бекем ұстап жеделді, Қуғыншы болып жөнелді, Бəйгі құла ат жетектеп, Жауға жесір кетед деп, Айырмай қалсақ осыдан, Дұшпанның көңілі өсед деп, Қолын жайып, қой айтып, Сыйыныпты «Бекет» деп. «Сарт болмасаң, Ер Бекет, Кереметті көрсет!» – деп. Опасыз сұм дүниені Ойында бар ма өтед деп?! Сол Адайдың ішінде Кімдер бар да, кімдер жоқ: Етке тойып, көже ішіп Мықтысынған пенде көп. Сол кісінің ішінде Тəуекелшіл бір батыр Өзденбайдың Кенжебек. Сол жігітке жарасар Мақтап айтсам ер демек. Жауатын бұлттай түнеріп, Жылдан жылға келеді Əруағы өрмелеп. Əрі-бері сөйлейін Батырларды термелеп. Қалнияз Шопықұлы

Дəурен ауса басыңнан, Жігіттік кетсе қасыңнан, Ұстай алмай қаларсың, Екі қолың сермелеп. 3. Аттаныпты жау жəуміт... Ұлы жолдың бойымен, Маңғыстаудың ойымен Жанашыға шығыпты, Қарашыдан өтіпті. Өгіз бенен Өреуіл – Мұнан да асып кетіпті. Қаратауда егінші ел Бұлар шығар десіпті. Шырын алмай көзінің, Күн-түн қатып жетіпті. Ебелекті судың басымен, Қатты құдық қасымен, Қарауылкүмбет қағымен, Тырғаяқтан салыпты Өңшең бедеу атымен. Сол түрікпеннің басы екен Оразменді, Ақмəмбет, Бөрі батыр Бақы мен. Бас батыры Бөрі еді, Ат құйрығын өреді. Түтін шыққан алдында Таудағы елді көреді. Таудан түтін көрген соң, Елдің барын білген соң, Шалбарланып алады, Шабуылды салады. Арғымағы астында Қалнияз Шопықұлы

Қара терге малады, Əбден шала сояды. Таудағы елді талқандап, Қақ айырып қазанын, Балтаменен ояды. Тойғанынша мал алды, Олжа қылып бала алды, Мұсылманды құл қылып, Сатайын деп тағы алды, Не ғып оңсын бұ жəуміт... Ия, Рəсулы, ия, Алла! Құлдың жолы болған соң, Болған емей, немене, Оңаша ауыл қонған соң, Бетіне қарар адам жоқ, Алды малға толған соң. Атанға қосын артады, Еліне жəуміт қайтуға Манағы келген жолының Бағытына тартады. Ат жем, суы таусылып, Арғымағы шаршады. Аты аштан жүдеді, Еліне беті қарады. Екі қонып жолшыбай, Ебелектің елу аңғары – Босағаға барады. 4. Босағаға барғанда, Алпыс кісі Адайдан Жасағанға сиынып, Кебенегін киініп, Тапа тастай түйініп, Қалнияз Шопықұлы

Лашын құстай шүйіліп, Имандарын үйіріп, Найзаларын шүйіріп, Шəйт болып өлмекке Дəрет алып жуынып, Өлімге бас байласып, Мылтықты оқтап сайласып, Көп жəумітпен тайласып, Шыға келді жайласып, Көрсек деп бүгін айқасып, Армансыз бір шайқасып. Адайдың алпыс батыры-ай, Ерліктен жоқ-ты қапылы-ай, Оңдап мінді атын-ай, Қазақты жəуміт көрген соң, Қоя берді жапыра-ай. Шақпақтасын қайырып, Тарсылдатып атып-ай. Алпыс кісі сол жерде Атынан түсе қалады. Қырлыға оқты салады. Əрқайсысы бір өзін Жүз кісіге балады. Жасағанға жад етіп, Қашпастыққа бата етіп, Төбеге барып тоқтайды, Төбенің басын шоқтайды. Айбатынан жəуміттің Қорықпайтынға ұқсайды. Атының басын бұрады, Аруақ деп тұрады. Тура шапқан жəумітті Қалнияз Шопықұлы

Мылтықпенен ұрады. «Дүнадын» деп көп жəуміт, Төртке дейін жапырды, Табаны аумай қасқайып, Батырларым шыдады. Сол ұрыстың ішінде Шаршамаған күнімен, Қимылдаған шынымен, Жүгіріп жүріп оқ атқан, Оғын қардай боратқан, Оң келгенін оң атқан Кенжебек пен Серғазы Тура шапқан мылтыққа, Қорықпайтын ер-дағы. Есек, Нұрбай аржағы, Иман, Намаз бер жағы, Үзілмеген шынжыры, Сүйреп жатқан сол-дағы. 5. Жау жақындап төнгенде, Бетпе-бетке келгенде, Шулап тұрған жесірді Жəуміттегі көргенде, Балуанияз жылайды, Жылайды да жырлайды. Жауда жесір жылап тұр, Ағытқан қойдай шулап тұр, Жыламай қайтіп шыдайды: – Шейіт болып өлелік, Қимылдаңыз, жігіттер, Жад етіп Жаббар Құдайды! – Балуанияз сөйлейді: – Тамам батыр, ер, – дейді – Қалнияз Шопықұлы

– Билікті маған бер, – дейді – – Билікті маған берсеңіз, Жапыралық, кел, – дейді. – – Жапырмасақ осыдан – Есіріп кетер мына құл – Айыртпай кетер енді бұл. Ажал жетсе өлерміз, Сегіз арыс Адайда Буаз қатын жоқ па екен, Тумас па екен біздей ұл?! Балуанияз толғайды, Толғайды да қозғайды: – Менің көңілім тынбайды, Осы жаумен тоғыспай, Араласып соғыспай. Қорқып қалсақ осы жерде, Бір Адайды келтірмес Маңғыстау деген қонысқа-ай! Сарырқаны қыстатып, Сыбай қылар орысқа-ай! Мінді батыр құла атқа, Шауып шықты қыратқа. – Жау қарасы көп екен, Жеткізгей Алла мұратқа! Тастай көрме ұятқа! Осы жерде айырсақ, Қалар едік сауапқа! Осылай деп батырың, Алла бергей ақырын, Мініп алып жөнелді Жамандатқыр құла атқа. Қамшы басып шу деді, Қалнияз Шопықұлы

Табаны тасқа тимеді. Асқар таудай айбатын, Алла берген қайратын! Талау тигір бəйге атқа Балуанияз мырзаңыз Мініп алды қасқайып, Бір қайтпады жасқанып. 6. Қасында жоқ серігі, Жетіп барды жауына – Батыр деген Бөріге, Он балаға ат алып Мініп шыққан еріне. Сонда батыр көздеді Шаншатұғын жеріне. Түйіп кетті найзамен Аш сүбеге беріп-ай. «Уа, қазақ, ұрдың!» – деп Құлап қалды көрім-ай. Қолының құрысы жазылып, Тарқатты батыр шерін-ай. Сол сапарда жəуміттің Сындырып еді белін-ай, Шығып еді желің-ай, Адайдың беті кеңіді-ай! Мықтымсыған бəлемнің Орады əбден тілін-ай. Арғымақтан айырылып, Жалаң аяқ, жалаң бас, Қашты жаяу еліне-ай. Бас көтерген ішінде Бөрі батыр өлгенсін, Бөрі тиген қойдайын Қалнияз Шопықұлы

Бөрліктіріп бөлгенсін, Ерлікті көзі көргенсін, Жəуміттің кесіп келдесін, Көргенде қорқып жүрсін деп, Бауыздады бір жерге Жинап салып он бесін. Алпыс кісі ұрысып, Екі жүзін жеңгесін, Əрі-бері мақтайын, Сөзді неге таппайын, Алла тілек бергесін! 7. Бұ жəумітті қашырған Балуанияз батыр-ай! Алаштан озған ақылы-ай! Ерліктен жоқ-ты қапылы-ай! Түтеп тұрған мылтыққа Тура шапты, апыр-ай! Балуанияз секілді Бір Адайдың баласын Енді тумас қатыны-ай! Ғарып пенен міскінді Жүруші еді қайырлап, Бірдей еді жалпыға-ай. Сөйлеуші еді майдалап, Мінезінің артығы-ай! Бара салып алдымен Бөрі сынды батырды Түсіріпті найзалап. Жəуміт жаяу шұбырды Жұртта жатқан жұрын мен Қатты көнді қайзалап. Қалнияз Шопықұлы

Ерегіссе, қиратқан Біздің елдің жігіті-ай! Біздіңменен қас болған Жаудың неден үміті-ай?! Балуанияз Бөріні Найзаменен түйрелеп, Сабыменен ұшырып, Айладырды шулатты, Жоғалтты көзін асырып. Маңғыстаудан ел шауып, Кетіп еді ісініп. Аламанын қуған соң, Аттанғанын қырған соң, Жəуміт қалды кішіріп. Ұстап алып келгенін, Ортасынан шапқанбыз. Қарымымыз қайтсын деп, Жүрегінің басынан Мылтықпенен атқанбыз. Ала қоржын, ақбас ер Қарық олжаға батқанбыз. Үй басына арғымақ Асырауға ерініп, Алты ешкіге сатқанбыз. Сол сапарда қырылған Айладырдың тəмəм ер. «Жан аға» деп сөйлейді Ақмəмбет пен Бөрілер. Балуанияз батырым Баса алмай ыза-ашуын, Қарсыласып келгенде Атаңа нəлет жау жəуміт Атқан екен мылтықпен. Қалнияз Шопықұлы

Балуанияз батырға Тиген екен кіндіктен. Оқ тигенге қиналып, Дұшпанға жоқ-ты білдірген. Қарсыласып қалғанда, Алдынан тиген оқ екен. Оқ тигенге қиналып, Қабағын шытқан жоқ екен. Ойлап тұрсам артынан, Айтулы ердің соңы екен. Ғұламадан сұрасам, Ақ шəйіттің өзі екен. Ел де айтады шəйіт деп, Қайғырмаңыз егіліп, Алла берді кемді күн Төрт құбыласын тегістеп. Таңда көшенің мақшар күнінде Тар көшенің бойында, Балуанияз мырзаңыз Мінер пырақ ерттеп. 8. Балуанияз мырзаның Шəйіттіктен кемі жоқ. Пайғамбарлар болмаса, Бұ заманда теңі жоқ, Қайратының шегі жоқ. Əзіретіғали болмаса, Бұ заманда қазақтың Онан артық сері жоқ. Ондай болған адамға Қайғырудың жөні жоқ. Екі жүз кісі жəумітті Қалнияз Шопықұлы

Жалғыз өзі қашырды, Дұшпанға кеткен кегі жоқ. Жəуміт жаяу шұбырды, Жұртта қалған жұрын мен Он бес жылғы тері жеп. Айладыр халқы шулайды: «Ақмəмбет пен Меңдіораз – Қазақтан бұ да өлді! – деп. – Машырық пен Саламның Түгесілді ері», – деп. Қалың жəуміт жүруші ед Қайратына семіріп, Көкірегіне өзінің Əлдеқандай көрініп, Аяғын шірей тіреніп, Арғымақ мініп еліріп. Қара басып, Адайдан Жаяу қайтты демігіп. Таңдайына татады Тасбақаның сүйегін Қытырлатып кеміріп. Қалнияз Шопықұлы

ЕР ҚАРМЫС Дастан 1. Бұрынғы өткен заманда, Дін мұсылман аманда, Хиуаның бойында Сегіз арыс Сейілхан, Сейілханның баласы Басын қосып бірлесті, Аузын қосып сөйлесті, Сөйлегенде не десті: «Құлақшынды қазақтан Мал мен жесір алайық, Тілекті, Құдай, бер! – десті. – Ел шабайық, кел!» – десті. Ала қоржын теңдесті, Арғымағын жемдесті. Бойына қару іледі, Кіл бедеуге мінеді, Ақ кіреуке тонменен, Сайрап жатқан жолменен Күн-түн қатып желеді, Құбашыңға келеді. Абылайхажы басында Бір қараны көреді, Көріп, көңіл бөледі. Жиналып жəуміт алады, Бедеуге жемді салады. Бедеулерін жаратып, Қамшыға бұтын таратып, Басын көкке қаратып, Мықтыбай мен Сарының Қалнияз Шопықұлы

Бұйқыт ауылын көреді. Бұйқыт елді көрген соң, Жан басына бір шелпек Садақасын береді, Ауылға келіп төнеді. 2. Таң сарғайып атқанда, Таң шолпаны батқанда, Ауылдың үстін шаң алды. Жасанып келген үш мың жау Орнатты қайым заманды. Жалаң қылыш, жалаң ат Бұйқыт елді бүлдірді, Найзаға бөрік ілдірді, Қақ айырып қазанын, Балтамен ұрып сындырды. Əлпештеген аруды Ат көтіне міндірді. Əлпештеген аруын Ат көтіне үңілтіп, Əділ жаннан түңілтіп, Ат пен нарды жайдақтап, Ұзын жолға салады. Алтын сандық ақ мəнет Олжаға қарық толады, Құлдың жолы болады. Аруды құшып кенелді, Қазынаға бөленді. Құдайдан басқа кім бар деп, Сипай шауып жөнелді. Жау қолында көп жесір, Сол жесірдің ішінде Қалнияз Шопықұлы

Он екі жасар қыз бала Ала тонын кең жайып, Аллаға мойын ұсынып, Шыдай алмай қысылып, Əрі де бері зарлайды, Зарлағанда не дейді: – Домалап кеттік ылдиға, Енді бізге өр қайда? Қармыс сынды ер қайда? Айдын-айдын көл қайда? Жағалай қонар ел қайда? Маңғыстаудай жер қайда? Алпыс басты ақ орда, Айбарақты көрсетіп, Төске тігер күн қайда? Алтын сандық, алпыс тең Төрге жинар күн қайда? Түбіршек жалды торы атты Жал-құйрығын төгілтіп, Көшке мінер күн қайда? Бұралып өсер бой қайда? Бұрынғыдай сой қайда? Алтын шашбау тағынып, Құлпырып шығар күн қайда? Қатар да қатар қара нар Қатар тіркер күн қайда? Қалы кілем жаптырып, Ырғала көшер күн қайда? Кешкі самал кезінде Қыз-келіншек күлісіп, Желі қағар күн қайда? Көк-ала көлдің жағасын Көк орай беде жайқалтып, Бие байлар күн қайда? Қалнияз Шопықұлы

Ыссыға неғып күйермін? Суыққа неғып тоңармын? Көк арбаға неғып мінермін? Көн шарықты неғып киермін? Жау қолында, жат жерде Қалай дəурен сүрермін? Патша Құдай, кең дүние, Көрсеткенің осы ма, Былдырлаған ит жауға Неғып пенде болармын?! Бұйқыт жатқан елімді Жасанған жаудың алғаны, Қармыс сынды көкеме Хабардың тимей қалғаны. Ақ қойқындай кір болды Арулардың ажары. Əлпештеген арудың Қатты сынды назары. Зарласа да тұтқын қыз, Кейінде қалған Қармысқа Жетпеді əлі хабары. 3. Бағанағы қашып бектерден, Сегіз жасар бір бала Жасырынып, сай астында қалады. Жау қарасы асқасын, Көтеріп басын алады, Сайға көзін салады. Бекітулі бір торы ат Сай бойында қалады. Жүгіріп бала келеді, Қалнияз Шопықұлы

Мойнына тұсау салады, Ырғып мініп алады. Ырғып мініп: «Шап! – деді – Мұңлықтың көңілін тап, – деді, – Бөктердегі еліме, Шаңытып жатқан жеріме Күн-түн қатып тарт! – деді, – «Бүгінгі күні шаппасаң, Ер Қармысты таппасаң, Жауда жесір кетеді. Қатты тепсем, жануар, Қос өкпеңнен өтеді. Қамшы салсам, жануар, Сауырыңды кеседі». 4. Таң сарғайып атқанда, Таң шолпаны батқанда, «Аттан» деген бір дауыс Құлағын зар-зар жарады. Былайғы жанның ісі жоқ, Үйде жатқан Ер Қармыс Көтеріп басын алады, Жан-жағына қарады. Қыр басына шығады, Ұран отын жағады. Алды-артына қарамай, Жылқы ішінде күрең ат Ұстап мініп алады. Тоғыз кісі қасында, Жетпіс бесте Ер Қармыс, Шыдай алмай намысқа, Жауды қуып барады. Қалнияз Шопықұлы

Бірі –Қармыс, он кісі Бір жерлерге келеді. Бір жерлерге келгенде, Бір бөлек ел көреді. Ол бөлек ел кім десең, Жаппас деген ел екен, Жатқан сынды оянып, От пен суға боялып, Мал күйлі деп қуанып, Қой-қозысын суарып. Жаппасқа келіп сөйлейді, Сөйлегенде не дейді: – Алдым биік, артым жар, Айналарға жерім тар. Ен Адайдан шыққасын, Жаппас атам баласы, Сенен басқа кімім бар?! Тұйықтап келдім бір тарға, Таңдап мінбей тұлпарға. Жия алмай шықтым Адайды, Жау айласын құртарға. Аз да болсам, келемін Тəуекелге тұрысарға. Қарға, құзғын кəр қылмас Көп болғанмен сұңқарға. Адайды шықтым жия алмай, Ашуыма сия алмай. Асығыс шығып келемін, Үстіме сауыт кие алмай. Үстіме келген дұшпанға Бермеске арман-кегімді, Жесірді жауға қия алмай. Қалнияз Шопықұлы

Дұшпанның көңілін өсіріп, Үйіңді үптеп көшіріп, Көңілді жігіт, неғылып, Жатасың үйде ұялмай? Қиял ойлап келемін, Қазам жетсе, өлемін, Қабырғамды сөгемін, Қанымды судай төгемін. Егер қазам жетпесе, Жасаған Алла жар болып, Өзі берер есебін. 5. Естігесін бұл сөзді, Төлеген ишан бас болып, Он жеті кісі ереді. Жиырма жеті кісі бірігіп, Жауға қарай жүреді. Бір уақыттар болғанда, Қармыс сынды батырдың, Астындағы күрең ат Сиейін деп керілді, Керілді де елірді. Төңірекке қарады, Теріскендегі боз дөңде Жау қарасы көрінді. Жау қарасын көргесін, Көп екенін білгесін, Өңкей қорқақ Жаппастар «Бармаймыз» деп бөлінді. Азып туған бала үшін Ата-баба сөгілді. Қалнияз Шопықұлы

Сонда Қармыс сөйледі, Сөйлегенде не деді: – Елеш пенен Таймандар, Уағдадан таймаңдар. Атты қайта ерттелі, Құйысқанын қысқартып, Артқы айылын бекітелі. Сонда Қармыс сөйледі: – Бір кісіге – жүз кісі, Оның несін көп делі. Əй, жігіттір, жігіттер, Бұл арада тұрмалы, Аттың басын бұрмалы, Менің жаным құрбан-ды. «Қармыс көкем келер», – деп, Жауда жесір тұрған-ды. Айналайын Құдайым, Бір өзіңе жылайын. Тостағандай басыма Сала көрме уайым. Мен бүгін түс көрдім, Түсімде ғажап іс көрдім. Бір қара бүркіт үстімде Жүруші еді торып-ай, Шақырсам да қонбады, Бұ жолғы түсім оңбады. Бүркітім кетті қолымнан, Жарылға, Алла, жолымнан. Астымдағы күрең ат, Қара асым деп мінгенмін. Үстімдегі сұр мауыт Кебінім деп кигенмін. Қалнияз Шопықұлы

Солқылдаған ақ найза Басыма сайғақ болсын деп, Оң қарыма ілгенмін. Мен анамнан туған күн Өлерімді білгенмін. Он ай кезік болғанмын, Онан да өлмей қалғанмын. Жорықта ал деп жанымды, Аллаға тілек салғанмын. Сол айтқаным болған-ды. Сегіз арыс Адайда Егер қатын бар болса, Мендей туар бір бала – Бұл жалғанның жүзінде Жоқ-ты менің арманым! 6. Осылай деп айтқан соң, Атқа қамшы салады. Қаптай шапқан дұшпанды Қақ ортадан жарады. Қойға тиген бөрідей Бөрліктіріп барады. Ай бетінен кіреді, Күн бетінен шығады. Екі кіріп шыққанда, Он сегізі құлады. Қасындағы тоғызы Басын қорғап қалады. Қасқыр тиген немедей Қармап өтіп барады. Тобасы жоқ ит жəуміт Үрпиісіп қалады, Қалнияз Шопықұлы

Артын байқап алады. Аз екенін білген соң, Жалғыз келген Қармысты Ортаға алып қамады, Он найзаны салады, Ұңғыласын алады. Ер Қармыс та мықтады, Басын жерге нықтады. Бағанағы арудың Қармысы айтқан осы деп, Айналысып шықпады. Көкірегіне салған бір найза, Тас табандап тартса да, Шиеленісіп шықпады. Он найзаның үшінде, Он жігіттің күшінде Қармыс кетіп барады. Қара тымақ секілді, Аттан түсіп қалады. 7. Жау жағадан алған соң, Жапалақ ұшпас жапанда Қармыс жалғыз қалған соң, Омыртқада он жара, Сансыз найза салған соң, Қабырғада қырық жара, Шала жансар болған соң, Ертеңгі сəске кезінде Басшысы Төлеп жүз кісі Соңынан іздеп келеді. Қармысты Төлеп көреді, Келіп жылай береді: Қалнияз Шопықұлы

– Ер Қармыс-ау, Ер Қармыс, Жатырмысың сен, Қармыс, Қуғыншымын мен, Қармыс. Алды-артыңды жинамай, Кеткенің жалғыз нең, Қармыс? Қайырын сұрап жата гөр, Болған екен, япырым-ай, Ер бабаға қиын іс. Сонда Қармыс сөйледі, Сөйлегенде бүй дейді: – Сен Адайдың кімісің? Айтулы ердің бірісің, Маңдайыңа қарасам, Қайтпас ерге меңзейсің. Ауызыңа қарасам, Аш бөріге меңзейсің. Қабағыңа қарасам, Қас батырға меңзейсің. Елібіңе қарасам, Ер Төлепке меңзейсің. Менің жайым мінеки, Өз көзіңмен көргейсің. Көкіректе шыбын жан, Тани алмай жатырмын. Тани алмай жатсам да, Сол айтқаным боларсың. Сол айтқаным сен болсаң, Келмей жатыр ағаңның Көп сөйлеуге шамасы. Алып кетіп барады Омыраудың арасы, Он найзаның жарасы. Алшаңдаған ағаңның Қалнияз Шопықұлы

Найзадан болды жазасы. Ұрып кетті жəуміттің Он сегіз жасар баласы. Қиылған қара қасым-ай, Мың жəумітті бір қырған Он тоғыздағы жасым-ай. Сол күндерім келсейші Осы күні басыма-ай! Алдым биік, артым жар, Оралуға жерім тар. Мен көрген жаудың бірі емес, Айыртар жаудың түрі емес, Айналайын ер Төлеп, Айтулы ерден кімің бар? Сонда Төлеп сөйледі: Сөйлегенде не деді: – Қуғыншының ішінде Əнеттің ұлы Төлеп бар, Белгілі ерден Бегей бар, Жүйрік атты Кедей бар, Бексауытты Жанақ бар, Қойсарыдан Қонай бар, Он бес жасар Шабай бар, Шабай түгіл, талай бар, Өле кетсең, Сары бар. Ту ұстаған Адайда Белгілі ердің бəрі бар. Балықшыдан Балуанияз батыр бар, Қайсыбірін айтайын, Бірі – айыр, бірі –нар, Бірі –жая, бірі – жал. Бірі – шекер, бірі – бал, Бірі – қайың, бірі – тал. Қалнияз Шопықұлы

Айналайын, аға-еке, Сенің көрген жауыңды Бір көруге ынтызар, Ту түбінде тұратын Тоқсан бес кісі Адай бар. Бізден жəуміт ер емес, Əркімде де Құдай бар. Сонда Қармыс сөйледі, Сөйлегенде бүй деді: – Олай болса, Ер Төлеп, Қызылойдан өткен жоқ, Алашыңға жеткен жоқ, «Ер баба!» деп шулаған Қыз-келіншек дауысы Құлағымнан кеткен жоқ... Жесір ұзап барады, Қош, аман бол, бар! – дейді. 8. Адайдың алпыс батыры, Ерліктен жоқ-ты қапылы. Күңірене желеді, Көтере жортып келеді. Қызылойдың түбінен Жау қарасын көреді. Он бес жасар ер Төлеп Жауды қуып ентелеп, Жалғыз шауып келеді. Сұр бұлттай тырысып, Жон арқасы құрысып, Езуінде егіз оқ, Садағында сегіз оқ, Қалнияз Шопықұлы

Астындағы құла аттың Танаулары талыстай, Құлақтары қамыстай, Екі көздің арасы, Салып қалсаң, қарыстай, Омырауын қарасаң, Оралып жатқан түбектей, Ерініне қарасаң, Қақтап шапқан күректей, Азу тісі балғадай, Бауырлары аралдай, Қабырғасы шеңбердей, Омыртқасы отаудай, Шоқтықтары шоңқалдай, Толарсағы тоқпақтай, Жіліншегі жіптіктей, Ту сыртынан қарасаң, Суға жүзген сазандай, Шекесінен қарасаң, Он алты тілік қазандай, Басқан ізі аймақтай! Құйқылжып-ақ келеді Жел аударған қаңбақтай. 9. Жауға ентелеп келгенде, Жасырынып жау жатады, Кез оқпенен атады. Тоғыз қабат сауыттың Екеуінен өтеді, Үшеуіне жетеді. Былайғы жау жиналып, Масайрап-ақ кетеді. Қармыс айтқан ер жəуміт, Қалнияз Шопықұлы

Ашуы күшті зор жəуміт Жекпе-жекке шығады. Қарсы келген жəумітке Төлеп салды кесірді. Садақпенен тартқанда, Шүлдірлеген жəуміттің Екеуі қабат көсілді. Бағанағы он сегіз жасар жас бала, Айдаһар бөрік басында, Қара арғымақ астында, Екі қолында егіз оқ, Садағында сегіз оқ, Қыз-келіншек қасында, Жалғыздау шетте жүр екен. Төлеп сынды батырды: – Жекпе-жек! – деп шақырды. Мұнан Төлеп таймады, Қарсыласып келгенде, Қақ жүректің басынан Қол оқпенен байлады. – А, қазақ, ұрдың! – деп, Атынан құлап, жайрады. Қой мойынды күрең ат Жау ішінде ойнады. Мықтысынған дұшпанның Соры əбден қайнады. Бəлем, сүйтіп қашырып, Жесір мен малды айырды. Əнеттің ұлы Ер Төлеп Ер Шабаймен бірігіп, Көрсетті сондай зайырды. Қалнияз Шопықұлы

  1. Қайта айналып келгенде, Жауды жеңдік дегенде, Бағанағы Ер Қармыс Аударылып жатады. Сонда Қармыс сөйлейді: – Айналайын, Төлепжан, Қиылған қара қасым-ай, Қор болып жатыр басым-ай, Бір айналып келсейші Кешегі отыз жасым-ай! Дүниенің білдім жалғанын, Алланың көрдім салғанын. Жетпіс бесте жасым бар, Енді жоқ менің арманым. Мен өлді деп, жігіттер, Бірің нали көрмеңіз, Жауға намыс бермеңіз. Жатқан жерім сұрасаң, Қызылой мен Алашың Екеуінің арасы. Сегіз арыс Адайда Буаз қатын бар болса, Мендей туар баласы. Құтты болсын дей көрің Найзаның тиген жарасы. Қанды киім жумаңыз, Қыземшекке қойыңыз, Астымдағы күрең ат Қара асыма сойыңыз. Не айтайын, жігіттер, Қош, аман-сау, болыңыз! Қалнияз Шопықұлы

Шынияз Шанайұлы (1819-1875)

ӨЛЕҢДЕР

ƏРІ ДЕ БЕРІ ТОЛҒАЙЫН Əрі де бері толғайын Ертеде өткен қалмақтан. Ноғайлы босып қозғалды Ашасу, Бозан тармақтан. Ноғайлы көшіп кеткен соң, Иесіз қалған Нарынға Нəсібе айдап, дəм тартып, Бабамыз келген ар жатқан. Нарыннан көшкен көп қалмақ Өткел тапқан Дендерден1, Аққала, Жайық жерлерден. Əңгіме етіп айтамын Бұрынғы еткен елдерден. Сөйлегенмен не пайда Сайраған қызыл тілдерден?! Осы күні не пайда Бұрынғы өткен күндерден?! Баяны жоқ сұм жалған Қалмаған екен кімдерден?! Əрі де бері толғайын Ертеде өткен ноғайдан. Пайдасын өзің көрмесең, Не пайда алтын сарайдан?! Өлгеннен соң ер Тарғын, Ақжүніс қашып, ұсталды Мынау Нарын тоғайдан. Билік кетті біз түгіл, Шың жайлаған Адайдан. Қарға бойлы Қазтуған 1 Индер. Шынияз Шанайұлы

Халқын аман өткізіп, Мұратына жеткізіп, Өткен де екен алайдан. Бұрқыраған шаң болып, Көргендерге таң болып, Адыра қалғыр бұл Нарын Қалған екен талайдан. Басы шоқы, Дүртебен, Талас екен екеуі Шыпшаның тозаң тұзына. Тағасын қағып ат жеккен Ақтөбе, Бозан мұзына. Қабыртаң мен Едіге — Талас екен екеуі Сəтемір ханның қызына. Аштархан деген шаһары — Əз Жəнібек ханның қаласы. Салған жерін сұрасаң, Күркіреген дауысы Күншілік жерден естілген Еділдің анау сағасы. Сол хандардың тұсында Асанқайғы, Жиренше — Ол күндегі адамның Ақылға күшті данасы. Жүруге өткел бермеген Қиғашпенен екі су Екеуінің арасы. Соларды мекен етіпті Көгістің ұлы Тамасы. Қызылбасқа қасқарып, Өзі мықты, өзі ер — Жолығуға аттанған Шынияз Шанайұлы

Қарт Нəріктің Шорасы. Бұрыңғы өткен елдерден Сарайшықта бар дейді Жеті ханның моласы. Көп қалмақтың басқан жер Үштолағайдың обасы. Орманбет бидің қонған жер, Он сан ноғай тозған жер. Тұрағы кетіп бұл күнде, Талай да жұрттан қалған жер. Қаратай мен Тайша хан Бірін-бірі өлтіріп, Арғы асылың сұрасаң, Əйелден занта болған жер. Едіге деген ер еді, Елде біреу жыласа, Мынау мұңдық дер еді. Ерегіскен дұшпанын Бөрідей сілкіп жер еді. Талма тал түс болғанда, Таудан тарлан басып жеген бөрі еді. Аштарханнан бергі Ақбұлақ Əз Жəнібек ханыңның Кұладын салған көлі еді. Жалақтатып ат мініп, Жарқылдатып ту алып, Орақ пенен Мамайдың Ат шаптырған жері еді. Сізге айтайын дегенім Бұрынғының жөні еді!.. Шынияз Шанайұлы

БОЙЫНДА ҮШТЕМІРДІҢ ƏЛІМ ЖҮРГЕН Бойында Үштемірдің Əлім жүрген, Қолында тауарих жоқ алып жүрген. Өмірден өтпейтұғын адам бар ма, Атадан балаға орын қалып жүрген. Айрылып дəулеті менен қонысынан, Адам көп осы күні налып жүрген. Бұ күнде заман жақсы, адам жебір, Жаманмен жолдас болсаң, басың кемір. Жүрелік қалған жаспен базар етіп, Келмейді екі айналып өткен өмір. Келмейді екі айналып өмір өткен, Боласыз жасқа өмір табыс еткен. Жаралған екі өзеннің бірі — Жайық, Біреуін құдіретпен Еділ еткен. Қалмаққа Қабыртаңдай қылыш ұрып, Ер болып ертеректе Едіге өткен. Кітапта самұрық құс — құстың зоры, Қашаннан кінəлі адам — қордың қоры. Бір күні ақ киіктей обылармыз, Ажалдың алдымызда қазған оры!.. Шынияз Шанайұлы

ХАЛІНЕН БАЯНДАЙЫН ЗАМАНЫМНЫҢ Жебесі шын болаттан садағымның, Əдеті осылай ма еді қазағымның?! Аңырып қайтіп қарап отырайын, Алдына келгеннен соң адамымның. Исатай — Махамбеттің заманында Астына дұшпан түсті табанымның. Əлеумет, құлақ салып тыңдасаңыз, Халінен баяндайын заманымның. Бастайын ертеде өткен Жəбір ханнан, Не пайда білгенді айтпай тартынғаннан. Ерлігі билігімен бірдей болып, Еділге Орақ пенен Мамай қонған. Мамай хан, Орақ батыр болған күнде Шебінен жан жүрмепті қарайғаннан. Кеткен сон Орақ, Мамай бұл қоныстан, Қара ағаш қалмақ жайлап, ноғай қонған. Ерлері қазағымның озғаннан соң, Сыртынан патша жүрді көзін салған. Хан болған онан кейін Əз Жəнібек Ақ мешіт Аштарханнан үй салдырған. Бір көлге қырық атанмен секер шашып, Дулатып ертеңгі-кеш құсын салған. Сөйлейін мұнан кейін Мұса1 ханнан, Басым бос, кете алмадым тұсағаннан. Əлеумет, құлақ салып тындасаңыз, Айтайын ертеде өткен үш анадан. Арғы атаң — Майқы менен Алаш еді, Сақаба Əнес ата баласы еді. 1 Мұса хан — Ноғай ордасының бегі (ХV-ХVІ ғғ.) Шынияз Шанайұлы

Бірлік сөз осы күні қайдан болсын, Бұрыңғы төрт имам да талас еді. Үлкені Алаш байдың Үйсін еді, Жақсыға жұмла халық сүйсінеді. Жер кетіп, ел күмəнді болған заман, Мұны ойлап қара халық түйсінеді. Ортаншы Алаш байдың Арғын еді, Арғыннан батыр туған Тарғын еді. Əкімге ашуланса, қол көтерген, О-дағы қазақ əдет бар күн еді. Кенжесі Алаш байдың Алшын еді, Нарынды баса қонған халқым еді. Байұлы он екі ата бері ауғанда, Жаппас пен Сырда қалған Алтын еді. Болғанда атам Алшын, Кіші жүзбіз, Сөйлесе, айтқан сөзге түсінерміз. Нарындай мекен еткен қонысты алса, Кенедей бірден-екі кішірерміз... Сөйлейін онан кейін хан бабаңнан, Төресі уағададан танбағаннан. Ұлықтың айтқанына көне бердік, Қайрылып етер қайрат болмағаннан. Хан болған соң кейін Əбілқайыр, Хабар бер алыс жерден, болсаң шайыр. Тарлықта жігіт басы қалған заман, Болса да біреуі нар, біреуі айыр. Адамға кісі жері жер бола ма, Қоныс еді атам қонған Қарабайыр. Шынияз Шанайұлы

Азды деп замананы ойламаймыз, Туралық биден кетсе, байдан қайыр. Хан болған одан кейін Нұралы еді, Төренің Арқар деген ұраны бар. Хан ауылын Сырым шауып тоздырғанда, Ақылды Алдар биден сұрап еді. Қараға хан баласы əкім болған Ежелден келе жатқан мұраң еді. Тұрғызып Тайсойғаннан Қорғаншаны, Он жылдай мекен еткен тұрағы еді. Алты жұрт Асанменен анық кетті, Жетеу деп білмегендер жалғап еді. Еділден қара табан қалмақ босып, Қозғаған ноғай артын болар еді. Қаздырып Қаратаудан Шерқаланы, Ақмыштан айдап ішкен бұлақ еді. Қауғасын шыңыраудан кесіп алып, Сонан соң қонысынан қозғап еді. Жер-жерге топырақ үйіп, оба жасап, Қарауыл қарап кеткен солар еді. Бұрынғы қариялардың айтуынша, Кешегі Шыңғыс ханның уағы еді. Көп əскер Сарайшықтан аттанғанда, Шеркүпті көктеме деп карғап еді. Еңселеп Ақтөбеден қонжар1 шауып, Талаптың оңбайтынын аңдап еді. Көзіммен мұның бəрін көргенім жоқ, Қарттардан естіп қалған кұлақ еді. 1 Қонжар — қалмақ Шынияз Шанайұлы

Жем, Сағыз Байұлының аңғары еді, Жерінде құлан, киік аң бар еді. Ат өлсе — сауыр мұра десетұғын, Аға өлсе — жеңге мұра десетұғын Қазақта сондай əдет, заң бар еді. Заң қылып елді ұстап пайда еткен, Ел сорған алтын тақта хан бар еді. Ол күнде ақ бедерлі үй бар еді, Ораулы үйге ұстаған ши бар еді. Бір адам жасы жеткен тура келсе, Бабам деп ақсалды сыйлар еді. Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл, Қайнар еді, Саланы алпыс екі жайлар еді. Қоныстың шалқып жатқан мол күнінде, Сол күнде жиын менен той бар еді. Қараша тіккен үйге қамайтұғын Қолында жалшы-кедей бай бар еді. Білмейді самаурын мен шəйнегіңді, Жал-жая тамағына шайнар еді. Тас аяқ салдырлаған ол күнде жоқ, Ірімшік, құрт пен қарын май бар еді. Исатай — Махамбеттің заманында Дұшпанға сырттан келген айбар еді. Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз, Біз білген түрлі осындай жай бар еді. Сөйлейін арғы бетке ел өткеннен, Енші алып бұл Нарынға бөлектенген. Көз салып, көрінгенге зорлық еткен, Ақыры уайым берді зар өткеннен. Нарынға Бөкей бастап өтіп еді, Қойы мыңға, жылқы жүзге жетіп еді. Шынияз Шанайұлы

Кешегі хан Жəңгірдің заманында Рудан он екі би етіп еді. Жоқ еді мұндай əдет хан барында, Ел болды жеті қысым бұл Нарында. Жазылды өлі, тірі бір қағазға, Осы бір жаңа штаттың салдарында. Қосылған сағынысып, інілерім, Сөйлейін біразырақ алдарыңда. Бөкей хан таңдап қонған Нарын еді, Қонысқа мезгілінде жарып еді. Нарынды үш жыл жайлап, үш жыл қыстап, Ол сұрап патшасынан алып еді. Қайғымен қара қазақ зар еңіреген, Не болар сасық кеуде жан кеткен соң? Шұбырып өңшен жігіт ауға жүрді, Қолынан ауыр дəулет мал кеткен соң. Нарыннан мал да кетті, шөп азайып, Ер жігіт не болады серттен тайып? Боларын бұл сұмдықтың білген екен Бұрынғы ертеде өткен жеті ғайып... Келінге бала менен қонақ болдық, Жас кезде дəуірлеген ер қартайып. Шалқарды шайқап кешкен қазақ едік, Екі су — қорлық көрді Еділ-Жайық. Осыны болжап кетті Асан Қайғы, Ерге ақыл, ойламаса, табылмайды, Əкімдер халыққа салды үлкен айып. Сатусыз кім ішпейді ет пен шайды, Біз бұрын көріп пе едік осындайды? Ағалар, бізді іздеп келе қойсаң, Сөйлейін біразырақ өткен жайды. Шынияз Шанайұлы

Салдырған Аштарханды Əз Жəнібек, Нарынға ел қонған жоқ ноғайдан көп. Қазтуған Қарғабойлы тəуекелшіл, Нарыннан талап етті кетемін деп. Жеті жұрт бізден бұрын олар да өткен Бұрынғы патшалардан уайым жеп. Адамзат қалай өмір сүрер еді, Қаһармен əлек болса жер менен көк?! Сөйлей көр тіршілікте ал, қызыл тіл, Əуелде бір жүріпті шайтан мен шын. Сөзбенен мұны неғып түгендейін, Қалады шешеннен — сөз, шеберден — мін. Дүниенің өлім дейді арғы түрі, Болады дінге берік ердің ері. Нарыннан ұмтылсаң да кете алмайсың, Əркімнің Мысыр дейді жүрген жері. Біз келдік жұрт жиылып шақырғанға, Дəреже бақыттан ба, ақылдан ба?! Болғанда тəуір сиқың — ел сыйлайды, Кешегі ертеде өткен Бақырған да1. Бақырған ғалым екен ертеде өткен, Жайларды бұрынғы өткен шерте кеткен. Сөйлейін анық пəннен тындасаңыз, Басыңды қате сөйлеп тентек етпен. Басыңды тентек етпен қате сөйлеп, Киерсің өлгеннен соң жеңсіз көйлек. Адамзат бір күн туып, бір күн өлмек, Бір күні сынбай қалмас алтын шөлмек.

1 Бақырған — сопы ақын Сүлеймен Бақырғани (XII ғ.) Шынияз Шанайұлы

Біз келдік жұрт жиналған хабарыңмен, Талепкі1, шəрін сыйлап Самарыңмен2. Бұрынғы үлкендерден қалған үлгі, Жарасар кеңес құрсаң адамыңмен. Бұл Нарын жаман болса, енді болды, Мөр ұстап, қағаз жазған шенді болды. Алдырып жеті жұртқа бізден бұрын, Кейінгі қалғандарға үлгі болды. Соңғысы жеті жұрттың қалмақ екен, Дүния, ойлап тұрсам, жалған екен. Бұл жерден қалмақ кетті, ноғай өтіп, Біздерге мұра болып қалған екен. Өтіпті олар жетеу, бізбен сегіз, Мекені біздің елдің шалқар теңіз. Құрғырды, əлдеқашан тастаған сөз, Айтпаса, жерде қалар алтын лебіз. Үргеніш, Бұхара мен өрісті алып, Ну тоғай жеті судай қонысты алып, Қонысқа азғантай мал жарымайды, Алғи су атам қонған алыс қалып. Осындай ұлы дудың базарымын, Тарихтың шежіресінің хабарымын. Осындай ұлы думан айқарыста Жұмланың көз тігетін назарымын. Бұл патша қоныс алды Жемнен барып, Жемдегі қоныс еткен елге барып. Айтайын бес-алты ауыз кейінгі ұлға, Тозар ма асқан сөзім жөнге барып?! 1 Талөпкі, Талөкпе — Казталовка (Орал облысы) 2 Самар — Ресейдегі Самара қаласы Шынияз Шанайұлы

Таласты орыс, қазақ Сарыөзенге, Ағын су, екі жағы жар өзенге. Барды да қожа Салық1 қайрат етті, Балығы, пішенімен бар өзенге. Ақылы асқар таудай, аққан судай Салықжан жұмла жұртқа оңды болды. Берімді малға салмай, басқа салса, Қазаққа ұлы қиқу енді болды. Соны ойлап, көшпей қалды елдің көбі, Əуелде болып еді жердің кеңі. Бүгінде өздеріңде болмай қалды Адайдың кой қоздатқан Қүйкен, Жемі. Қызға мал — қырық бес байтал болушы еді, Мал болды жалғыз қара — қыздың теңі. Бұл Нарын тыныш болмады балаға көп, Биліксіз шыға алмаймыз далаға көп. Қорқамын бұл заманнан ішім тартып, Келіссіз үлкен мизам бола ма деп. Бола ма билер менен старшындық, Жігіттер, ойлап қара, немен тындық? Хан — қайқы, биі бүкір болған заман, Шығады жылдан жылға түрлі сұмдық. Алшаңдап арыз айтар халің бар ма, Біз қазақ жетім ұлдай болған мұңдық. Ер жігіт, дəулет ауса, болар пақыр, Тұрмайды қартайғанда жиған ақыл. Біз — адам топырақтан Хақ жаратқан, Туса да біреу тентек, біреу мақұл. 1 Қожа Салық — Мұхаммед Салық Бабажанов Шынияз Шанайұлы

Кешегі ертеде өткен Асанқайғы, Бұл дүние опасы жоқ етер қапыл. Қарасам, көзім көрмейді, жасым жетіп, Барасың, дүние жалған, бізден де өтіп. Боларын бұл қылықтың білген екен Кешегі ертеде өткен Əбди Сетік1. Отырмын штатпенен қарсы келіп, Аяғым тайып кетсе, басым кетіп. Аяғым, басым кетіп қалған күнде, Елімді патша билеп алған күнде. Қайсысын сұм дүниенің мен сөйлейін, Елуге жасым жетіп толған күнде. Сақалда нышан берді елу маған, Қиындау бір кеткен соң келу маған. Кешегі дəл жиырманың бар күнінде, Дүния, оңай еді-ау жөнің маған. Елудің төртеуіне келген шағым, Жақсыны жаманменен көрген шағым. Құс алып, қиқу салсам, қайта келмес Ту ұстап, тұлпар таңдап мінген шағым. Үш бала екі əйелден көріп едім, Бесеуін жер астына көмген шағым. Бұл күнде билік кетті мал мен бастан, Кісі көп билерменен араласқан. Алыс жер Үргеніш пен Бұхарды алды, Күн көріп жүруші еді мұнан қашқан. Туысқан, туғаныңды сағынарсың, Бөлініп шетке кетсең қарындастан. 1 Ел аңызы бойынша, Əбди Сетік деген көреген болыпты — мыс. Шынияз Шанайұлы

Əкімдер бірден-екі көндіреді-ау, Өзінің туғанына қараспастан. Қол салып, əкім тартып ала берді, Еңбекпен дəулет еді жиған жастан. Қаһар етсе, қараны қор еткендей, Əкімнің күші қатты қара тастан. Кəрінен ақ патшаның сақтаныңыз, Малы еді бұл патшаның баққаныңыз. Басыңа қара ағаштай салық салса, Жетер ме алты ай жүріп тапқанымыз? Асқар тау, жетер қоныс бар ма бізге, Иə, Алла, өзің бер деп жатқанымыз. Бұл күнде қоңыр болды жердің сұмы, Жасқұстың азбай тұрған қалың құмы. Заманның заманы азбай, адамы азып, Сұрасаң табылмайды сөздің шыны. Жиылып барлық билер барған күнде, Айтылмай қала берді халық мұңы. Қараша үй, көбінде жоқ екі сиыр, Қарасам, келіспей тұр елдің сыны. Тамақтан Нарын елі жүдегенде, Үйшіктің қымбат болды қызыл ұны, Жалданып ауға жүрді ұл мен қызы, Адамың малыменен бірдей санап, Замана жылдан-жылға ылдиланып, Қайғы етіп білгеннен соң айттым мұны!.. Шынияз Шанайұлы

Нысанбай жырау (1822-1883)

ДАСТАН

КЕНЕСАРЫ – НАУРЫЗБАЙ Дастан Менің атым Нысанбай, Ат жібердім тұсамай. Өзім жырау болыппын, Ата-анама ұсамай... Он жасыма келгенде, Қарыма қобыз ілгенмін. Он бір жасқа келгенде, Сөз мəнісін білгенмін. Он екіге келгенде, Жақсының алдын көргенмін. Он үш жасқа келгенде, Жақсының соңына ергенмін. Он төрт жасқа келгенде, Өз елімде жүргенмін. Он бес жасқа келген соң, Кенесары, Наурызбай Төрені іздеп келгенмін. Сол кездегі төренің Сойдақ қожа ақыны. Қобыз алған балаға Толмады қожа тақымы. Хан алдында сөйледім, Ханның болып жақыны. Керейттен шыққан жеті ер – Жар болған соң беглерім, Қожаны жеңдім ақыры. Бақыт қонды басыма: Мұрадың қасыл болады, Нысанбай жырау

Жолдас болсаң асылға. Ханның болып баласы, Бірге жаттым ордада Ахмет, Тайшық қасында. Əркімнің Алла панасы, Дарияның аққан саласы, Кешегі өткен Кенекем Дүрри-гауһар данасы! Арқадан ауып кеткені – Бұ жақтағы жұртының Ауызының аласы. Əуелгі мекен қонысы – Көкшетаудың даласы. Жазғы жайлау өрісі – Ұлытаудың саласы. Өте залым болмаңдар, Мұсылманның баласы! Ақырында олардың Қырғыздан болды қазасы... Кенесары – Наурызбай Атағы шықты аңқылдап. Жауды үркітіп, қашырды, Ақ алмастай жарқылдап. Зəресін алды дұшпанның, Нажағайдай шартылдап. Қасына ерген төлеңгіт Олжаға батты қарқылдап. Кенесары – Наурызбай Жанған оттай қаулапты. Бір күндері болғанда, Нысанбай жырау

Топжарған атты ұрлатты. Бас себебі сол болып, Қырғызға қарай жол тартты. Дулатқа қарай əрледі. Баса қонды хан Кене Қоқидың шалқар көліне. Баса қонған Кененің Базынасын көтермей, Қырғыздың ханы Қалша хан Жар салады еліне. Көзімен көріп, бұл сөзді Нысанбай еді жырлаған. Ақылы дария Кенекем, Хан еді мойын сұнбаған. Ерегесіп қырғызға, Хан ойынды шындаған. Тас-талқан қып бұздырды Қанайдың тамын сырлаған. Күмісті садақ, алтын оқ Кенекем сойға жолықты. Ақ білегін сыбанған Балуанды тойға жолықты. Алыстан тоят көздеген Ақ сұңқарға жолықты. Айшылықты бір басқан Қас тұлпарға жолықты. Кешегі жүрген Кенекем – Қас падиша, қас сұңқар, Қарсы найза салысқан Жауына көңілі толыпты. Нысанбай жырау

Ұсталар алар қолына Қысқашы мен балғаны. Қырғыздан ыза көрген соң, Көңіліне азар берген соң, Қырғызды таудан асырып, Күмбелден барып жай алмақ Кененің болды арманы. Іледен етіп жөнеді Өр Дулатқа барғалы. Сол Дулатпен қосылып, Қырғыздан кегін алғалы. Барып еді, ер Дулат Барғанын қабыл алмады. Асаулар үзер шідерді, Сыйламай Дулат жіберді. Сеніп барған елінен Кенекең үзді күдерді. Дегені болмай қалған соң, Қабағы ханның түнерді. Күздігүні болғанда, Қатуланып, қаттанды, Ханқамаудан аттанды. Қол асты қалың шеңгелден... Қалшаны ұстап байлады, Хан болып халқын меңгерген. Қарадан шыққан хан еді Азды көпке теңгерген. Қалшаға қырғыз баласы Жалынып қана күн көрген. Салтанатты халқының Сатуына қырғыздар Нысанбай жырау

Тоғыз түйе арттырып, Отаулатып қыз берген. Қисайған жыға түзеліп, Кененің ісі жөнделген. Сол уақытта Құдайым Кенекеме жел берген. Қоқаннан ауған көп Дулат – Қара ағаштай ел көрген. Мəмбеттің ұлы Байұзақ, Белқожа, Медеу ер келген. “Жауың қайда? Мен – жолдас” – деп Кенеге дем берген. Соларменен күшейіп, Сұнқарлар жайды қанатты. Қара ағаштай Дулатты Хан аузына қаратты. Аттансын деп көп қосын, Жұртқа салды санатты. Сайлап алды ақ алмас – Тастан қайтпас болатты, Сегіз жүз кісі іріктеп – Ылғи батыр манапты. Бұ сапарда Наурызбай Төрт қамалды бір бұзып, Жұртты аузына қаратты. Қырғыздан түскен олжаға Бір төлеңгіт бармады. Бұл сапарда қазақтан Біреу де олжа алмады. Көп Дулатты хан Кене Нысанбай жырау

Ақылменен алдады. «Қызылтұмсық болсын» деп, Олжамен аузын қандады. Екіншілей аттанды, Естіген Дулат қалмады. «Олжаға мырза» дегеннен Жалғызы қалмай аңдады. Тау суындай сарқырап Байұзақ келді төменнен. Көңілі бітті айқасып Кенесары еренмен, Телімдес болып олжаға Наурызбай – асыл беренмен. Он екі мың əскермен Тағы аттанды кемерден... Абылай аспас асудан Асамын деп өрледі. Онайлықпен қазаққа Асуды қырғыз бермеді. Əр жерлерден құралып, Қырғыздың қолы кернеді. Бесінге дейін атысып, Қазақтың əлі келмеді. Қарабалта, Соқылық Аңғарынан шаң асты. Қырғыз, қазақ – екі жұрт Жалғыз жолға таласты. Қырғыздың көңілін баса алмай, Ерлер сонда бір састы. Нысанбай жырау

Үйінде еркек қалдырмай, Қырғыз да шыққан айдатып – Қылқұйрық қып бəрін де, Қару-жарақ сайлатып, Қызықсын деп асуға, Қазына төкті жайнатып. Қырғыздар жүрді жөңкіліп, Төскейде атын ойнатып. Кенесары, Наурызбай Қырғыздың ісін көктеді. Абылай аспас асудан Асамын деп өктеді. Асуын тастап көп қырғыз Бас қамын қылып кетпеді. Ойдан атқан зеңбірек Тау басына жетпеді. Бұрын беті қайтпаған, Бұ қорлыққа күйеді – Қаһарланып хан Кене, Жад етті Жаппар Иені. Ашуланып сол жерде, Алдырды екі түйені. Шөгеріп салып, түйеге Зеңбірегін сүйеді. Тұрғызып қойып атса да, Күмпілдеп тауға тиеді. Атасы өткен Абылай, Тілеуді берген бір Құдай. Былтырдан алған басшысы Шапырашты Бұғыбай. Нысанбай жырау

«Бұғыбай басшы қайда?» деп, Шақырып алды Наурызбай. Сонда Науан сөйледі: – Ей, Бұғыбай, Бұғыбай, Қорлық болды бұл қалай? Жол таба алмай қамалдық, Амал тапшы бұған-ай! Былтыр өзің келгеннен Ханның алдың жарлығын. Тар жол, тайғақ кешуде Қолдың алдың жабдығын. Бір ізіңнен жүргіздің Үш Алаштың барлығын. Алатаудан аса алмай, Тастың тарттым зарлығын. Тау басына жете алмай, Дүниенің көрдім қорлығын. Қысылғанда əрқашан Білінуші еді нарлығың. Осы сапар, Бұғыбай, Қырғыздың көрдім қарлығын! Алатаудан аса алмай, Қазақтың жолы байланды. Бес күн ұдай атысып, Түгесіп келем айламды. Осындайда болмаса, Көремін қашан пайдаңды? Осы бүгін күн батпай Көрсетші қанат жайғанды. Тау басында қырғызға Нысанбай жырау

Бір тигізші найзамды. Айналайын Бұғыбай, Аралатшы майданды! Бұғыбай сонда сөйледі: – Олай десең, төреміз, Сіздің айтқан жарлыққа Төбемізден жүреміз. Ағаңнан жарлық алыңыз, «Қол бөлектеп, жол тап» деп, Берер ме жауап ханымыз? Жауап берсе ханымыз, Томағамды сыпырып, Қиын тасқа салыңыз. «Жол табу» деген сөзіңнен Төгіле қалмас арымыз. Жауыңды шаншып беруге Келмейді, Науан, əліміз. Қате болмас, Науанжан, Бізге деген сөзіңіз. Көрсең де жақсы-жаманды, Тəуекел етіп көріңіз. Қысырақ үйірі жоғалып, Сол жылқыны іздеген Сегіз жасар кезіміз: Ана таудың бетінде Мына таудың шетінде, Қия тастың бетінде, Жалғыз аяқ жамбас жол Шалып еді көзіміз. Жаңылмасам, табармын, Тəуекел етіп жүріңіз. Нысанбай жырау

Бұғыбай мұны айтқан соң, Сонда тұрып Наурызбай Алдына келді Кененің: – Түсі суық тартқанда Төрт қырланған жебенің, Ажал оғы келгенде, Қорғаны болмас кебенің. Қолына толды қырғыздың Басы тау мен төбенің. Рұқсат етсең, Кенекем, Барайын соған деп едім. Ертіп келген қасымда Бұғыбай басшы бар еді. Асусыз мына Алатау Бұ дағы қиын тар еді. Бүйтіп тұрып қамалмай, Бұзайын барып қамалды, Кенеке, жарлық бер, – деді. – Отыз жігіт сайланып, Қасыма менің ер, – деді. – Тау басына шыққан соң, Өнерімді көр! – деді. Кене хан сонда сөйледі: – Дұшпаннан бітсін хал, – деді, – Алдыңа басшы ал,– деді. – Бұғыбай айтса бұл сөзді, Екі-үш жүздей кісімен Ойранды барып сал! – деді. Наурызбай тағы сөйледі: – Алладан жəрдем күтейін, Нысанбай жырау

Ата-баба қолдаса, Бір мұратқа жетейін. Кешегі қылған қорлығын Қырғыздың бүгін өтейін. Екі-үш жүз кісі көбірек, Онша алып, тақсыр, не етейін. Əскерден отыз батырды Іріктеп алып кетейін. Тəңір қосса, қырғызға Бір керемет етейін. Қысылған жерде жолдасқа Белгілі еді қарасы. Көп кісі қаптай шабуға Арқаның бар ма даласы? Аз кісіге жақсы ғой Алатаудың арасы. – Мақұл, – деді хан Кене Наурызбайдың сөзіне. Сол уақытта Науанның Жан көрінбес көзіне. Інісі тілек қылған соң, Береді рұқсат өзіне. Кайтармады меселін, Ұмтылып тұрған кезіне. «Қауырсынды, қанатты, Таудай үлкен талапты, Ер көңілді, қалма!» деп, Жұртына салды санатты. Екі ұдайға келгенде, Тастан қайтпас болатты. Нысанбай жырау

Тауға қарсы шүйлікті, Сұңқардай жайып қанатты. Отыз жігіт жөнелді – Тамам қолдың беглері, Бұғыбайды басшы қып, Қиын жолды көргелі, Тау басында қырғыздың Жазасын барып бергелі, Қамалын бұзып, жол ашып, Бетін аршып келгелі, Күнде қорлық көргенше, Я қырылып өлгелі. Жаз жайладым сары дала, Қыс қыстадым Қарғалы. Наурызбай кетті бөлініп, Тау басына барғалы, Қамал соққан қырғыздың Қамалын бұзып алғалы. Кенесары бастығы Етекте тұрып қалғаны. Талап қылып ұрынды Тыңнан бір жол салғалы. Өлім, намыс емес пе Қосқа қайтып барғаны?! Сонда тұрып хан Кене Көбін жиып сөйлейді, Сөйлегенде не дейді: – Қол көрінбес шаң болды Алатаудың арасы. Қара ағаштай көп қазақ Бұл сапар болдың, қарашы. Ойда Қоқан, қырда орыс, Нысанбай жырау

Хақім болды қаласы. Кімнен таяқ жегендей Біздің қазақ баласы?! Алдырып жүрген дұшпанға Өзді-өзінің аласы! Дін мұсылман баласы Бірге мінсе кемеге, Үш алаштың баласы Тізгін берсе Кенеге, Қайрат қосса жебеге, Ер басына аяқтай Тас көтерсек жебеге – Тау басына шығарға Жол салмасқа немене?! Байұзақ батыр түсініп Бұл жауаптың теңіне, Айтайын деп бір сөзді, Жетіп барды көбіне: – Ханның көңілі соғып тұр Тыңнан бір жол саларға – Бірталайға бет қойды Тау басына барарға, Бекініп жатқан қырғыздың Қамалын бұзып аларға. Ұят шығар төреден Бөлініп кейін қаларға. Назар қылды хан Кене Жаңадан жолды саларға, Күмбелді барып аларға. Жан аяма, жамағат, Бұйрықтан адам қалар ма! Нысанбай жырау

Осыны айтып Байұзақ, Қамшы басты бекерге. «Кел, бір қайрат етелік, Жабыл!» деді нөкерге. Аллалап түсіп алдымен, Өзі бір тасты көтерді – Талап қылды Байұзақ Бір басшылық етерге. Соңына ерген көп Дулат Тілін алмай кетер ме?! Байұзақ аттан түскен соң, Қасына түсті ханымыз. Ханымыз аттан түскен соң, Түспей аттан тұруға, Төгілер болды арымыз. Бұзбасақ та ол тауды, Түсе қалдық бəріміз. Жапыр-жұпыр қол қойдық Жасымыз бен кəріміз. Сол уақытта қарасақ, Тау басынан шу шықты. Қаптаған қара тұмандай Мұнарланып бу шықты. Бу десек – мылтық түтіні, Қолында жасыл ту шықты. Отыз көкжал бөрімен Наурызбай төре сұм шықты. Екі жақтың батыры Дем ала алмай, тұншықты. Қырғыз, қазақ екі жақ Бір-біріне өшікті. Нысанбай жырау

Болжал-болжал көрінер, Жау жоғары, біз төмен. Жеткен екен қамалға Наурызбай атты сұр берен. Қарқарадай астында Байұзақ берген көк дөнен. Күншығыс жаудың шетінен Қамалға кірді көлденең. Ор қояндай бұлтиған Көк дөнен ат астында. Камзол ішік құнтиған, Ақ орамал басында. Жанған өрттей бұлқылдап, Жаудың барды қасына. Сол уақытта Наурызбай Жиырма бес жасында. Хан Кене мұны көрген соң, Қалмады сабыр, қарары. Қиын болды батырға Таудан асып барары. Наурызбайды көрген соң, Өлімнен кетті хабары. Түтеген мылтық ішінде Көзінің кірді жанары. Наурызбай кірді қамалға Көрінген жаудың шетінен. Шыдай алмай хан Кене, Ат қойды таудың бетінен. Шөке атым жерге бармай-ақ, Айрылды ханың еркінен. Нысанбай жырау

Сыпырылып қалып барады Көкбурыл аттың көтінен. Хан Кененің арманы – Кұмбелден жатпақ жай алып. Наурызбай шықты қамалдан, Найзасы қанға боялып. Не жаны қалсын Кененің Наурызбайдан аянып! Тарта берді шылбырын, Қылышына таянып. Кене хан жөнеп берген соң, Казақ біткен оянып, Кенекең жауға барған соң, Артындағы көп қазақ Несіне қалсын аянып! Кенекең кетті ат қойып, Шыққалы таудың басына. Өлімге белін байлады Əзелде жазған басына. Қатарласып жөнелді Кене ханның қасына, Екі мыңдай кісі боп, Шықты таудың басына. Сол уақытта хан Кене Жад етті Жаббар Алланы. Қабат-қабат оратып, Қырық арқанды жалғады. Тартып алды ойдағы Зеңбіректі арбаны. Нысанбай жырау

Бір-екі рет тартқанда, Күңіреніп кетті жан-жағы. Есіп-есіп қиратып, Қырғыздың шықты дал-далы. Абылай аспас асудан Асамын деп өктеді. Наурызбайдың ерлігін Қырғыз, қазақ сөкпеді. Төренің алдын орады, Жаяу мерген төккелі, Бəлені бастан қайтарып, Айласын оңай еткелі. Зеңбіректі туралап, Төте жерден бір атты. Адам мен малды қабаттап, Топырлатып құлатты. Жөңкіліп жүрген қырғыздың Жолшыбай көбін сұлатты. Зенбіректі тарс қойды, «Абылайлап» ат қойды. Он екі мың самғал, жүз мылтық Жүзін қырды мергеннің, Қамалды бұзып хан кетті Наурызбайды көргелі. Мылтығын тастап тас-тасқа, Кайта қашты мергені. Алтын жатса – алмады, Олжаға көзін салмады. Самғал – винтовка Нысанбай жырау

Қызыққа тоймай батырлар, Тереді таудың шиесін. Бұл сапарда Наурызбай Жад етті Жаббар иесін! Қамалын бұзды қырғыздың, Соғыстың тауып жүйесін. Алып шықты үш жүзден Айғыры мен биесін, Атан демей, нар демей, Жүз алпыстай түйесін. Бөліп берді бəріне Сыбағалы тиесін. Наурызбай гүл-гүл жайнады, Ақ білегін сыбанып. Жауды еркінше қырады, Қолына жасыл ту алып. Шын қаһарға мінеді, Ақша беті қуарып. Бозбалаға сөйлейді, Ағасын көріп қуанып: – Абылай аспас асуға Кенекем дүкен құрғаны. Батырлардың келіспес Майданға кірмей тұрғаны. Кенекем келді біз үшін, Бар қазақтың қорғаны. Аянбай бүгін іс көрсет, Таманың батыр Құрманы! Денедегі шыбын жан Ар-намыстың құрбаны! Жар бола гөр біздерге, Нысанбай жырау

Атамыз өткен Абылай! Осындай қиын жерлерде Тілеуді бергей бір Құдай! Сендер едің қанатым, Мендібай, Дулат, Ағыбай; Дабылың асқан үш жігіт – Шəкір, Жəуке, Төлебай! Ұмтылыңдар, ерлерім, Жан-жағыңа қарамай. Мылтықтың оғы от болмас, Құлақта дəрі тұтанбай. Ақ кіреуке, берік сауыт, Таза жүрсе тот алмай – Мылтықтың оғын жібермес, Шығыршығы жұқармай. Жаман жігіт тұрады, Жауды көрсе, құтандай. Атақты ердің бірі едің Иісің шыққан жұпардай. Аянбай бүгін іс көрсет, Табыннан, Қабан, Бұқарбай! Наурызбай тасып сөйлейді: – Жара жоқ менің етімде, Ойын салар күн бүгін Алатаудың бетінде. Мұнда қылмай ерлікті, Қосқа барып өкінбе. Он екі самғал, жүз мылтық, Кенекем келіп қосылса, Кім тұрар оның бетінде?! Ыкпалың асып тұрғанда, Нысанбай жырау

Қылыңдар жауға өкімді. Істерің жақсы, ерлерім, Бұл соғыстың ретінде, Ұстатармын қолыңа Қос-қосынан жетімді. Жарасалық дегенде Бергендей қырғыз бар малын. Бетіне келер қырғыз жоқ, Алып жатып жан-жағын. Жəне бұзды сол күні Асуға салған қорғанын. Сонша мықты, берік еді Ақсудың салған қаласы. Екі жүз үйдің мекені – Ақсудың аяқ саласы. Сегіз мыңдай бар еді Сол күнгі қолдың шамасы. Қорғанды бұзып, мал алған Иман батыр ағасы. Кенесары, Наурызбай Келтіріп жүр сертіне. Шауып, жаншып, талап жүр Қырғыздың қоймай еркіне. Бір бөлек қырғыз қамалды Қашып барып бекіне. Бақыты қаулап тұрғанда, Кене хан жетті сертіне. Шауып алды тал түсте Аспара мен Меркені. Он екі мың əскердің Нысанбай жырау

Көбі Дулат халқы еді. Егескенді мұқатпақ Кене ханның салты еді. Меркенің тұтқын ұлығы Мəделі деген сарт еді. Наурызбайдың Ақауыз Мəделі берген аты еді. Ауызға түсіп сөз болған, Тұлпардан артық заты еді. Дұшпаны не деп кемітер Кене хан мен Науанды? Дабысы кетті күңірентіп Аспара мен Дуанды. Калың жатқан қырғызды Жеңгеніне қуанды. Қарақыстақ, Шеңгелге Ығысқан қырғыз қамалды. Қазақтың қолы сыймады Алатаудың бауырына. Дулатты хан айдады Өшіккен қырғыз жауына. Түсіп жатыр ен қырғыз Кене ханның ауына. Он мың кісі ат қойды Кекіліктің тауына. Мұнар басып, шаң болды Қызылсудың саласы. Бұл сапарда жар болды Хан Абылай бабасы. Қырғызға лықа толыпты Алатаудың арасы. Нысанбай жырау

Қол алдында жүргенде Наурызбайға жолықты Кəрібоз деген бір қырғыз – Ер Қанайдың баласы. Кəрібоз сонда сөйлейді, Сөйлегенде бұй дейді: – Ей, Наурызбай, ер төрем, Не жазығым бар еді Кенесары ханыңа? Бітті деп көңілі тынбады Қырғызда қалған арына. Алмаған жерің қалды ма Қырғызда сенің тағы да? Қосшыны шаптың шулатып Қарақыстақ, Шеңгелден. Қалшаны ұстап байлаттың Хан болып халқын меңгерген. Абылайдың тұсында Қылған ісің жөн келген. Қырғыздың салған жолы бар ма еді Қалыңсыз саған қыз берген? Аса барып ел шаптың, Туыңды тігіп Құмбелден. Қыстай шаптың елімді, Малымды салдың телімге. Босатып қондың бостырып Ежелден бергі жерімді. Бұрын-соңды бар ма еді Елшіге бейнет өлімді? Жаманқарамды өлтіріп, Бір сындырдың белімді. Нысанбай жырау

Тіріме қылсаң болмай ма, Өлгенім саған не қылды? Атанның ақы бар ма еді Есқожа, Қанай көрінде? Ашуын бұған бассын деп, Жерімді саған тастадым. Олжа қылып қайтсын деп, Малымды саған тастадым. Бұл алғаның емес пе Үстімді келіп басқаның, Жалғыз ат мініп қорғалап, Тауға менің қашқаным? Не себептен хан Кене Қырғызға мұнша өшікті? Ақ қалпақты қырғыздан Қазаққа берді несіпті. Ат мініп, қару асынған Бізді аямай кесіпті. Ескіркесең қайтеді Жолыңда жатқан бесікті? Наурызбай сонда сөйлейді, Сөйлегенде не дейді: – Жақсы айтасың, Кəрібоз, Тату едім сенімен. Қонысты орыс алған соң, Кенекем ауған жерінен. Бауыры суып ол жақта, Қарашы болған елінен. Он екі кісі жібердім Жекебатыр ерімен, Бізге қоныс берсін деп Қоқидың шалғын көлінен. Нысанбай жырау

Екі ай жатты тұтқын боп Жанқараш, Жантай бегіңнен. Ауылымыз баса қонған соң, Азар шыққан өлімнен. Жаманқараңды өлтірдім Өзіңнің салған жолыңмен. Кім таласар Құдайдың Пендеге берген бағына? Қорған болып халқына, Əркім шықсын табында. Қанайыңа мен қылдым Кекті болған шағымда. Əкеңнін ақы бар ма еді Андасымның тамында?! Сен білмейсің, Кəрібоз, Мойныңдағы жазаңды. Құл болмасаң Құдайға, Кене хан алар мазаңды. Бағынам деп орысқа Жанқараш пен Жантайың Салып отыр хабарды. Арақ пенен боза ішіп, Жеп отырсың параңды. Жазықсыздан тидің деп, Жаппа бекер жалаңды. Орысқа барып бағынсаң, Бұтына кіріп табынсаң, Кене хан алар мазаңды, Наурызбай берер сазаңды! Кəрібоз тағы сөйлейді: – Келтіремін кезіңді, Нысанбай жырау

Ықпалың асып тұрғанда, Айтарсың, төрем, сөзіңді. Асқар тауға, Наурызбай, Теңгере берме өзіңді. Алтын жығаң қисайса, Қырғыздар ояр көзіңді. Талап алып, Наурызбай, Малымды салдың телімге. Аямадың, Наурызбай, Басымды салдың өлімге. Қорғанда жатқан қорқытып Аттарын алдың бегімнің, Тастап көштің ол жақта Атаң қонған Абылай Қанды көйлек еліңді. Кіші жүзге сия алмай, Тастап көштің жеріңді. Төлеген ұлы Жанғабыл Ерлікке мықты, сенімді Тоқсан кісіңді өлтірген, Алып па едің көгіңді?! Бітеу сойып басыңды, Қоқанға берген теріңді... Көп тасыма, Наурызбай, Басың кетер панадан. Кереленбе, Наурызбай, Шығар жаның қанадан... Сенің атаң ер Қасым Туғаныңда анадан Қан шеңгелдеп түсіпті, Шараналы баладан. Нысанбай жырау

Салтыма тарттым десейші. Солай да десең, нанамын. Титтей де үміт қылмаймын Сендегі қатын-баладан. Ержан кеткен түн қатып, Хан қылған соң өкімді – Төрт жүз кісі бөлініп Калың қолдың шетінде, Барлап қарап келгелі Жау бар ма деп бетінде. Түнде кеткен аз кісі Қапаланып, өкінді. Жасанған жауға жолығып, Ержан бір түскен секілді. Ханға барды Наурызбай: – Ержан жауға барыпты, Көше мінген Бəйгекөк Бүгін мойны талыпты. Қапаланып ініңіз, Бармағын тістеп налыпты. Кенеке, айтпай қайтемін, Ініңіз қолды болыпты. Пенде болып қырғызға, Ержанның көңілі шөкпесін. «Ержан тұтқын болды», – деп, Қырғызға дабыс кетпесін. Бізді жоқтап Ержекем Көзінің жасын төкпесін. Тұтқынында дұшпанның Бейнет-азап шекпесін. Нысанбай жырау

Ағасы өлсе алдында, Інінің күні қараң-ды. Аттансын деп батырлар, Шашалық жарлық хабарды. Енді мұнда, тақсыр хан, Тұрмағымыз арам-ды. Кене хан, жауап беріңіз, Екі-үш жүз кісі алайын. Көп кешікпей, тезірек Ержанды іздеп барайын. Асуына шығармай, Айырып алып қалайын. Қан құстырып келейін Сақау қырғыз талайын. Кене хан жауап бермеді, Наурызбай бүй деп келген соң. Келіспестей көрінді Наурызбайды бөлген соң, Қырғыздың қолы көбейіп, Жақынға келіп төнген соң. Қолға толы Самсы мен Қызылсудың кемері. Шығар мезгіл таянды Ат пен ердің өнері. Бір мезгілдер болғанда, Ұзын бойлы, жебелі, Күрең қасқа ат мініп, Шонайдың ұлы Бедері Жекелеп кірді майданға. Ер Қанайдын немересі Нысанбай жырау

Бедер кірді майданға. «Жеке, батыр, жеке!» – деп, Қарсы қарап тұрады. «Кеке, батыр, Кеке!» – деп, Таянып келіп тұрады, Жақын жерден шөкелеп, Казақтан ешкім шықпады Жылдамырақ төтелеп. Байұзақ датқа сөйлейді Ашуланып, ақырып. Халыққа қарап сөз айтты Оң-терісті сапырып. «Неғылып шықпай отыр?» – деп, Батырларын шақырып, Дулаттан шыққан батырдың Талайына батырып: – Қолға толды Самсы мен Қызылсудың арасы. Қысылған жерде əркімнің Тəңірім болсын панасы. Қара ағаштай көп қазақ Ханға болды қарашы. Бедер кірді майданға – Қырғыздың бір баласы. Оның бізден артық па Атасы менен анасы?! Бедерге қарсы барыңдар Бізден бір батыр данасы. Таусылдың ба, Мəмбеттің, Найза ұстаған баласы?! Нысанбай жырау

Батырлардың майданда Қызбас болды ойыны. Қайғыға толды бұл сапар Қазақтардың қойыны. Байұзақтың сөзіне Бастамады тойыны. Еш адам басын көтермей, Төмен түсті мойыны. Қырғыздың қолы көбейді, Əр жерлерден құралып. Қыстай мінген қазақы ат Тастап жатыр тұралып. Шыдамады Наурызбай, Киіміне қыналып. Түрегелді орнынан, Шыбықтай белі бұралып. Қамзол ішік үстінде, Бауын үзіп белсеніп, Ақбоз атқа мінді де, Түсті таудан теңселіп. Қатуланып жөнелді, Алғалы жауды еңсеріп. Наурызбай сөйлеп жөнелді, Батырлар, құлақ салыңыз: – Қара ағаштай көп қазақ, Бақытты болсын ханымыз! Жау қарасын көргенде, Қайтпасын бастан бағымыз. Ержан түсіп қырғызға, Дұшпанға кетті арымыз. Онан біздің артық па Нысанбай жырау

Майданға кірмей жанымыз?! Ержан үшін жарассын Ақауыз атқа қанымыз. Қара ағаштай көп қазақ Іс көрсетер күн бүгін. Ержан түсіп қырғызға, Бізге қайғы күн бүгін. Арманда болған ер үшін Кегін алар күн бүгін. Қылыштасып майданда, Қол сілтесер күн бүгін. Таудың басын алсын тұман, Жаббар Ием болсын панаң. Қырғыздарға бермей иман, Ұмтылыңдар, келсе шамаң. Болсын жауға ақырзаман, Жаннан кешер күн бүгін! Наурызбайдың болды зары, Ұрыстың қызсын базары. Кенекемнің қошқарлары – Қайтпасын жаудан назары, Барлық қырғыз тажалы, Қол ұстасар күн бүгін! Наурызбай мұны айтады, Ерліктен ешкім таңбасқа. Тартып-тартып жіберді Ақауыз атты жамбасқа. Қолын салып суырды Тұрсынбай берген алмасқа. Артына көзін салмады Үйдегі қалған мал-басқа. Нысанбай жырау

Наурызбай шыға шабады Кекіліктен зырқырап. Бедер шапты қасқа атпен Құйындай шаңы бұрқырап. Сонда басын көтерді, Отырған көзі жылтырап. Наурызбайдың сөзіне Батырлары шыдамай, Хан қасынан ұмтылды Меңдібай, Дулат, Ағыбай, Арғыннан шыққан үш жігіт Шəкір, Жəуке, Төлебай. Олардан тірі қалар ма Табыннан Қабан, Бұқарбай! Сегіз кісі жөнелді Наурызбайдың соңынан. Бұл сапарда төренің Жұлдызы туды оңынан. Шаба алмайды қазақы ат Тас пен таудың тонынан. Бедер сонда сөйлейді: – Патшазада баласың, Ақылың асқан данасың! Алдыңа айдап қырдың, сен Қырғыздың қатын, баласын. Ер деуші еді, Наурызбай, Жеке келсең, болмай ма, Ыкпалың жүрген данасың? Тойғындарыңды ертіп, Төрем, қайда барасың? Тойғын – қырғызша «ит» деген Нысанбай жырау

Жолсыз істі қылмаған Наурызбай асыл ер еді. Артына қарап сол жерде, Батырларың көреді. Оларға жолды сөз айтып, Қайтуға жарлық береді: – Əрбіреуің шерге ұқсап Келдіңіз бе, нарымыз? Шықпақ болса кеудеден Бүгінгі күн жанымыз, Келгенменен, ерлерім, Қорғауға келмес əліңіз. Берсе Тəңірім абиыр, Түсірген атты алыңыз. Жазым болсам, артымнан Сүйегіме шабыңыз. Қырғыздың айтқан сөзінен Төгілер болды арымыз. Сөзге сынық болмайын, Ерлерім, кейін қалыңыз!... Бедер менен Наурызбай Жақындасып барысты. Астарына мінген ат Ауыздыққа қарысты. Ат үстінде алысты, Найзаменен салысты, Бір-біріне жабысты, Керегедей қабысты, Ерлерінің артына Мініп-мініп қалысты. Жəне қайтып екеуі, Нысанбай жырау

Бұрқ-бұрқ етіп айқасты. Айқасып қалған уағында, Төренің асты айласы. Найзаменен салғанда, Қайраттың тиді пайдасы. Шолтаң етіп Бедердің Аспанға ұшты найзасы. Бедер шығып жолыққан Қызылсу, Самса бауырынан, Наурызбай шығып жолыққан Кекіліктің тауынан. Айқасқанда екеуі, Өшігіскен жауынан Бедер барып жығылды Күрең қасқа аттың сауырынан. Қыстай шауып жол болған Шу мен таудың арасы. Бұл сапарда жар болды Хан Абылай бабасы. Қырғыз аттан жығылып, Батып еді қарасы. «Я кұдайлап» шулады Үш алаштың баласы. Аллаға Науан сыйынды, Аузы кетпей тілектен. Қайраты көп болған соң, Найзасы аумай білектен, Шанышқан екен Бедерді Ер Наурызбай жүректен. Артына шығып найзасы, Жерге басы түйрелген. Нысанбай жырау

Суырылмады темірі, Қан менен қатты-ау жібектен. Əр тараптан қырғыздар Жағалай шауып жиектен, Тұс-тұсынан ат қойды, Үмітті болып сүйектен. Жалғыз шапты Наурызбай Жауға қарсы ендеуге. Арасы алыс, дауыстап «Барма, мұнда кел» деуге. Шауып барып Бұқарбай Ат үстінен көлбеді. Өткізіп қашты шылбырын Ер Бедердің белбеуге. Үш ай тоқсан күн еді, Шаруа шешкен күйегін. Науан бұл жолы ағытты Ерлігінін тиегін. Түсіріп төре кеткенде, Кене хан қақты иегін. Бұхарбай батыр əкелді Ер Бедердің сүйегін. Барлық казақ жабылып, Малақай қылды үйегін. Ағыбай батыр шабады, Кашқан атын көреді. Қырғыздан қорқып таймады, О да қайсар ер еді. Алып қанға келеді, Тарту қылып береді. Үйек – бауыр терісі Нысанбай жырау

Бұқарбайды мақтады: – Бəрекелді, ерсің! – деп, Ағыбайды шақырды: – Атын алып келсін, – деп, – Сүйекке шапқан ер болар, Атын бұған берсін, – деп, – Үлгі қылып сөз айтты, Əркім мұны көрсін, – деп, – Жауға шапқан батырлар Намыстанып өлсін, – деп. Көңілде үлкен ер едің, Сүйекке неге шаппадың? Жарамады олжа деп, Ағыбай, атқа шапқаның. Сүйекке шапқан ер екен, Бұкарбайды мақтадым. – Ағыбай батыр қорланды, Екі жағына сыймады, Ішін жарып өлерге Жанынан пышақ таппады. Олжа болад баласы Ер Бедердін артынан. Ораз кірді майданға Озып жүрген халқынан. О да айтулы ер екен Сұңқар құстай талпынған. Ораз келді жұлқынып, Бастан ауған бағы бар. Қатыны түсіп казаққа, Қарайып жүрген қаны бар. Ыза, қорлық көрген соң, Нысанбай жырау

Тек шықпаған жаны бар. Жаны неғып шыдасын: Наурызбайдың қосында Некелеп алған жары бар. Ашуменен қабарып, Ораз шапты ар жақтан. Екі беті қызарып, Наурызбай шапты бер жақтан. Қырғыз, қазақ – екі жар, Қарап тұрды жан-жақтан. Найзаларын көтеріп, Бірін-бірі көздеді. Ашуланған батырлар Жолыққанша төзбеді. Бірін-бірі аямай, Ер жүрекке меңзеді. Ораз батыр жығылды, Найза бұрын кез келді. Ақбоз аттың сол жақтан Ораз батыр жығылды. Қайтып адам болмастай Шыбын жаннан түңілді. Тілге келмей сол жерде Жер бауырлап сүрінді. Баяғы сөзден Ағыбай Қарайған екен қанына. Жеткен екен төпелеп Наурызбайдың жанына. Түсіріп төре кеткен соң, Шауып барып Ағыбай, Нысанбай жырау

Өңгеріп алды Оразды Телқоңыр аттың жалына. Қоқилатып қырғызға Бермей кетті тағы да. Əзір оңнан қарап тұр Наурызбайдың жұмысы. Əзір аса біткен жоқ Хан Кененің тынысы. Қара ала атты бір қырғыз – Жанқараш бектің інісі Жекелеп кірді майданға, Батыр екен мұнысы. Наурызбай қарсы шабады Жеке шыққан батырға. Тайынбай қарсы келеді, Кашатұғын қатын ба?! Жетіп барды жақынға, Жалақтатып найзасын, Алақтатып, састырып, Батырды ұрды қапыда. Жеке шыққан батырдың Бəріне берді ақылды. Орнынан тұрмай жатсын деп, Найзасын қатты батырды. Қызыл ала қан қылды Қызылсудың жиегін. Науан батыр ағытты Ерлігінің тиегін. Жақын жерде қырғыз боп, Өзі алып қалды сүйегін. Нысанбай жырау

Шапқан сайын Ақауыз Жерді тарпып өктеді. Наурызбайдың ерлігін Қырғыз, казақ сөкпеді. Екі мың қырғыз жиналды Шын бір қайрат еткелі. Ерлердің алдын орады Жаяу мерген төккелі. Жекелеп енді соғыспай, Қырғыздар тұрды бекерге, Хан иек қақты нөкерге. Арба арысын көтерді, Зеңбірекке оқ берді, Кұлағына от берді. Асығыс атты бойламай, Алдында əскер жоқ болды. Зеңбіректің аузына Селдір, сирек топ келді. Зеңбіректің ауызы Қолды болды көтінен. Сегіз кісі ұшырды Селдір, сирек шетінен. Бір боз атты ұшырды Қолдың арғы бетінен. Мұны көріп қырғыздар, Ойран болып күйінді. Қасында тұрған Наурызбай Сұнқардай-ақ түйілді. Екінші оқтап атқанда, Бір керемет білінді. Ұрмай, соқпай зеңбірек Ортасынан бөлінді. Нысанбай жырау

Қырғыздар шыдап тұра алмай, Қаша берді алақтап. Наурызбай кетті соңынан Найзаменен шабақтап. Бір-біріне ат қойды Қырғыз, қазақ жалақтап. Бір тозаңның астынан Гүл-гүл жанып ыржақтап, Шыға келді Наурызбай Тоғыз ат тізіп салақтап. Он бес атты əкелді Меңдібай, Дулат, Ағыбай. Он екі атты əкелді Шəкір, Жəуке, Толыбай, Он төрт ат бар қолында Қабан менен Бұхарбай, Құрман келді төрт атпен, Дүбірі шығып тұлпардай. Бəрі келіп қосылды, Қызылсудын белінде. Көңілі бітті Науанның Тұз татырған еріне. Науан тағы жөнелді Екі мың қырғыз қырылып, Мерген төккен жеріне – Таудың төскей өріне, Қашып барып қырғыздың Қамал сокқан жеріне. Жөңкіліп жүрген қырғыздың Наурызбай үстін қаптады. Сегіз мерген бір жерде Білте шертіп жатқаны. Нысанбай жырау

Жалғыз барған төрені Бəрі тегіс атқаны. Шара бар ма, Құданың Бұл сапарда қаққаны... Қой боғындай қорғасын Қаза болып таппады. Мылтығын тастап тас-тасқа, Кайта қашты мергені. Лап қоя шапты қырғыздар Мергеннің атын бергелі. Жалғыз шауып Наурызбай, Араға түсіп кернеді. Үшеуін шаншып өлтірді, Бесеуі тірі – өлмеді. Бес мергенді тірі айдап, Ханға алып келгені. Сегіз мылтық өңгеріп, Тарту қылып бергені. Сол уақытта Ақауыз Жер тарпыды оянып. Наурызбай жүр үстінде Қылышы қанға боялып. Қанына қырғыз қарайды, Несіне тұрсын аянып! Наурызбайдың үстіне Қалың келді таянып. «Аллалап» жүрген қырғыздың Желі тұрды оңынан. Ай мүйізді қошқардың Бөрі тартты қоңынан. Нысанбай жырау

Мұрттай ұшты Ақауыз Бір мылтықтың оғынан. Наурызбайға лап қойды Қалың қырғыз шоғынан. Қызылсу мен Дуанның Аңғарынан шаң асты. Қырсықтың басы емес пе, Төреден қазақ адасты. Қырғыз, қазақ – екі ұдай Наурызбайға таласты. Қияда жүрген Бұхарбай Атына қамшы бір басты. Үзеңгісін шығарып, Наурызбайға жанасты. Бұхарбайдың алдына Наурызбай кетті міңгесіп. Құтылуға қырғыздан, Қаша берді «шұу» десіп. Бұл екеуін тұтпаққа, Қырғыздар шапты ілесіп. Қазақтан адам аз болды Соғысатын тіресіп. Бұл екеуін қорғауға – Ағыбай сыртын айналды. Шама келсе, тіресіп, Алдырмасқа ойланды. Бұқарбай мен Наурызбай Салар еді ойранды, Мінгесулі бір атқа, Бұлардың қолы байланды. Сол уақытта қырғыздар Нысанбай жырау

Басқын жетіп өрледі. Жалғыз өзі Ағыбай Қорғауға əлі келмеді. Алдыңғы жеткен қырғызбен Араға түсіп кернеді. Қолындағы жарағын Оңды-солды сермеді. Атасы заңғар Абылай, Тілекті берген бір Құдай. Бұқарбай мен Науанға Ұмтылды қырғыз жабыла-ай! Шəкір де жетті сол кезде, Қабан менен Меңдібай, Кертайлақ атты жеткізді Дəуке менен Толыбай. Кертайлақ қолға тиген соң, Мініп алды Наурызбай. Сегіз кісі бас қосып, Су бойында ұрысты. Тоқтата алмай көп жауды, Үстіртке ойнап шығысты. Кезек жұмсап келеді Найза менен қылышты. Қалың жеткен қырғыздан Ала алады тынысты. Сыйынады батырлар, Аузы кетпей тілектен. Шұбыртпалы Ағыбай Талайды шанышты жүректен. Адасып атып, Шəкірдің Нысанбай жырау

Оғы тиді білектен. Итшілесіп, сілкісіп, Əрең шықты түбектен. Бұл сапарда Құдайым Ерлердің жолын оңдады. Кертайлақты мінсе де, Ақауыз аттай болмады. Астындағы атына Төренің көңілі толмады. Сонда да Тəңірі жар болып, Тұтылып жауда қалмады. Кұтылып келіп Наурызбай, Ханның түсті қасына. Көреді пенде көп істі Əуелде жазған басына. Келе сөйлеп килікті Құдайменді ағасына: – Тау суындай сарқырап, Дулат жатыр əрінде. Қырғыз тұтқын қылыпты Ержандай асыл беренді. Қырғыз тұтқан шағында Арманда кеткен зеренді: «Екі ағам бар, інім бар, Іздер ғой мені» деген-ді. Сөйдеп айтқан Ержанның Ағасының бірі – сен. Ұзақ күнгі майданда Бір көрмедім сені мен. Бір нəсілдің ішінде Мұнша неге тудың кем? Нысанбай жырау

Үйдегі ұршық иірген Қатынменен сен бір тең! Сені қара басты ма, Қолыңа найза алмастай? Жүрегің ұшып кетті ме, Жауға қарсы бармастай? Қызметі сенде бар еді Ержанды шерге салмастай! Намысы сенде бар еді Соңынан тірі қалмастай. Ала бір таудың жылғасы, Бауырында ойнар құлжасы. Тар жерде жолдас болады Ерлердің найза құрдасы. Белсеніп жауға шабады Жігіттің жанға мырзасы. Ержан болса қасымда Бөлекше туған тұлғасы, Болар ма едім қазаққа Əзіл сөздің олжасы? Балалы арқар баурайды, Баласыз арқар маңырайды. Күйік қылмай көзіме, Жасаған сені алмайды. Сүйегімнен бұл таңба Өле-өлгенше қалмайды. Ержан жауға түскенше, Сен түссең жауға болмай ма!.. Қамығып келді ер Науан, Жаудан қайтып назары. Қырық мың əскер аттанып, Нысанбай жырау

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙