Мазмұнға өту
Home

Жұмбақ жолаушы

Мерғали Ыбыраев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жұмбақ жолаушы

Авторы: Мерғали Ыбыраев

М Мееррғғааллии ИИББРРААЕЕВВ Жұмбақ жолаушы Өлеңдер мен толғаулар, поэмалар Мерғали ИБРАЕВ Жұмбақ жолаушы Өлеңдер мен толғаулар, поэмалар (Құрасырушы ақынның жары Раяш Байырханқызы Жанғаликеліні) Cемей - 2012 Жұмбақ жолаушы (Ақын, сазгер, жазушы, драматург, марқұм Мерғали Ибраев жайындағы сөз) «Жыр - жарыста» білінер, Кімде қандай шама бар, Артымызда – інілер, Алдымызда – ағалар. Ағалар бір ақ таңнан, Озып кеткен жүргінші. Ал, інілер кеп қалған, Артымдағы – қуғыншы. Астымда жырақ құнан, Суыт келем тепеңдеп, Алыстаймын артқыдан, Алдығыға жетем деп! - деген

Мерғали дегеніне жете алмады. Таланты мен күш-қуатының кемшіндігінен, қабілет, қарымының аздығынан емес, ғұмырының аққан жұлдыздай қысқалығынан әрине! Аяқ астынан келген ажал марқұмды небәрі елу бес жастан аса бергенде алып ұрды. Артынан қуғыншыдай келіп қалған інілері «аһ» ұрды. Алдындағы ағалары «апыр - ай» деп өкіністі. Осымен бітті. Мерғалидің аты өше бастады. Мұқағали ақын айтқандай, том-том боп артында қалған шығармалары шаң басқан архивтерге түсті. «Жоғалған өзен» атты қос томдық романы жоғалып кете жаздап, Абай елінің меценат азаматы Медіғат Құтжановтың арқасында орыс қаласы – «Новосібір» баспасынан жарыққа әрең шықты.

Оның өмірден өткеніне де 15 жылдай уақыт болды. Содан бері Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Б. Кенжебаев атындағы республикалық әдеби сыйлықтың иегері, ақиық ақын, сазгер, дарынды драматург, жазушы, тарихшы, этнограф Мерғали Ибраевты іздеген, «іздеген» емес – ау, есіне алған бір адам жоқ. Оны айтасыз, осы жолдардың авторы Т.Жанғалиев жинақтап, баспаға әзірлеп, Астанаға республикалық мәдениет пен әдебиетті қолдау қорына жолдаған «Жұмбақ жолаушы» атты 10 баспа табақ кітабы – сол бетімен жоғалды.

Тым құрыса, жыл сайын қаптап шығып жататын қарақорым кітаптардың санатына да, арасына да кірмеді. «Кей жырдың айғайлаған күші басым, Кей жырдың іші – Абай, сырты-Қасым. Өлеңнің көптігіне қуанысып, Ақынның аздығына қысыласың »-деп жырлаған Мерғалидың орнына, өзі айтқандай, өрмекшідей қаптаған «өлеңшілердің» кітаптары дүкендерде иін тіресті. Көзі тірі қаламгер өзі үшін болса да «тірлігін» жасар-ау, өлген адам өкпесін кімге айтсын!

Дарынсыз, қабілетсіз адам болса, бұл сөздерді мен де айтпас едім. Бірақ Мерғали – кешегі Ғафулар мен Қадырлардың, Жұмекендер мен Мұқағалилардың ақ батасын алған, Фариза ақынның әріптесі болып, Шерхан Мұртазаның «шекпенінен» шыққан дарабоз дарын иесі емес пе, еді? «Өзі жоқтың көзі жоқ» деген міне, осы! Үстіміздегі жылдың маусым айының он үшінші жұлдызында Мекең 70 жасқа толады. Соған орай, артында қалған іні-қарындастары, бала-шағалары бас қосып, бір данасы Астананың архивінде әлі күнге дейін шаң басып жатқан «Жұмбақ жолаушы» атты өлеңдер жинағын өз қаражаттарымен жарыққа шығарып отыр.

Мерғалидың өзі де тағдыр тауқыметін бір кісідей тартқан, өмірге келгені де, кеткені де тез, жұмбақ жолаушы сияқты еді. Оның сол жұмбағын өлеңдерін оқып, зерде - зейінімен шешу – оқырман парызы! Төлеген Жанғалиев, ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Бірінші бөлім:

СЫРЛАСУ

Кей жырдың айғайлаған күші басым, Кей жырдың кеудесі – Абай, түсі – Қасым. Өлеңнің көптігіне таңырқасып, Ақынның аздығына қысыласың... Ауылдаспен әңгіме

Тұрмыстың не бір тәуірін, Көлденең тартып алдыма. Тауығыңды айтпа, бауырым, Тауында қыран қалды ма?! Інгенді айтпа боздаған, Кетеді қайда қолдағы. Қойынды айтпа қоздаған, Қырында киік бар ма әлі? Қоймаймын текке сұрауды, Көңілде күдік бар мына. Сиырыңды айтпа бұзаулы, Сайында сусар қалды ма?! Келіп ем демеп үмітті, Шыққан жоқ сұлу қырға әлі, Текеңді айтпа түбітті, Таутеке таста жүр ме әлі?! Демеймін бәрін мансұқта, Ағаңның дайын ұқ мына. «Жигули» маған таңсық па, Жылқыңнан жүйрік шықты ма?! Мәз болма інім, шайлыққа, Орманды отқа бұтаса, Үйдегі байлық – балық па, Түздегі балық жұтаса?! Ірілер мен ұсақтар

Елп еткенге – жылушырап елп етем, Осы сезім шындығына серт етем! Арыстанның ақырғанын елемей, Кәнден иттің шәуілінен селт етем. Бәрін біліп болдым деуге ерте екен, Осы сөздің шындығына серт етем: Жолбарыстың ырылынан сескенбей, Қара мысық пырылынан селк етем. Жақын жүрдім, аулақ жүрмей алты адым, (Бәлкім соның сазайын да тартамын) Қанды көзді қабыланнан шошымай, Қыбырлаған қоңыздардан қорқамын, Сенесіз бе? Сенбейсіз ғой, әй, бұған.

(Сенбеген соң сөнер болдым қайғыдан). Ұлы мұхит толқындарын жатсынбай, Қара түндей қара судан қаймығам. Ескерткенде: шын өкініп қалма деп, Сұп-сұр болып кеткенінде алма бет. Өзіме-өзім басу айтам, бойымда, Ірілермен бір ұқсастық бар ма деп! Өзгеріс

Өзгерген өзім бе, әлде өзгелер ме? Білмедім жорырымды өзге неге. Бүлкілдемей, шіркін-ай, күңкілдемей, Айтпаймыз ақиқатын көзге неге?! Өзгерген өзім бе, әлде өзгелер ме, Білмедім жорырымды өзге неге. Беделінен қаймығып бәз біреудің, Береміз ерік қызыл сөзге неге? Өзгерген өзім бе, әлде, өзгелер ме, Білмедім жорырымды өзге неге. Қосамыз саф алтынды жезге неге, Атылас астар болған бөзге неге? Өзгерген өзім бе, әлде, өзгелер ме, Білмедім жорырымды өзге неге. Көрмеген соң көретін – көз немене, Айтпаған соң адалын – сөз немене, Деймін іштей қынжылып, Іштей ғана, Өзгерген өзім бе, әлде, өзгелер ме?! Қарттар туралы ода

Әке еді олар анау қыз, анау ұлға, Ер еді олар, көп еді әр ауылда. 41-дің жазындай көше босап, Қарттар сиреп қалыпты-ау, Қарауылда. Кәрілікпен алысып, алқымдасып, Жүруші еді өзара қауқылдасып, Бала көрсе бір сипап кекілінен, Маңдайынан иіскейтін мауқын басып. Шақырысып, қазанда барын жесіп, Көрсетіп жаңа түскен келінге есік. Жанбас беріп, бас тартқан тұстасымен, Жоқ нәрсеге жататын керілдесіп.

Керілдесіп қалса да кек сақтамай, Әдептен аттап өтіп, асқақтамай, Бірінің бірі демеп қолтығынан, Тарасатын тату боп бастапқыдай. Жүре алмаса, Ұмтылсаң, болысқың кеп, Намыстанып қалатын: «алыс тұр» деп. Танысатын оп-оңай бөгде шалмен: - Керманмен қай жерлерде соғыстың, - деп?! Сол-ақ екен кететін бал жаласып, Қыза келе шындықтан сәл ғана асып. Шегінуді білместен төрт жыл бойы, Шіркін шалдар кететін «алға басып!» Қайран ғұмыр өтсе де көзге ілеспей, Пәлен жасқа бәлсініп келдім деспей, Жүретұғын қарттарды көре қалсам, Сәлем беріп өтуші ем, алдын кеспей. Салмағын қызға салмай, ұлға салмай, Жатса дағы төсекте бір бас алмай. Кіріп шығып жүретін өз бетімен, Көруші едім оларды мың жасардай. Қурайды жазы өтсе күзде бәрі, Жас келсе атанармыз біз де кәрі. Әттен дүние, олардай болу қиын, Қасиетсіз кәрілік кімге дәрі?! Қасиетсіз кәрілік кімге керек. Шал болу мен жан болу мүлде бөлек. Алаң болып жүруші ем олар барда, Абыз-қарттар ұрса ма бірдеме деп!...

Қоңыр көзәйнекті қыз Қарағым-ай, сонша сұлу болармысың, Қашаса осындай-ақ болар мүсін. Теңеу іздеп не керек өзі теңеу, Айтпасам да болады мен арғысын... Күлімдеп тұра қалды сонадай кеп, (Кисе де жарасқандай көне көйлек). Жанарын ел көзінен жасырғандай, Алыпты көзәйнекпен көлегейлеп. Кім білсін, қорғанғаны күннен, бәлкім, Қалай да көзәйнектің білген нарқын. Әйтеуір әемпаздың бірі емес ол, Көшеде көретұғын күнде әркім. Көрдік те еш алаңсыз жүрген сені, Күлімдеп көтерістік бірге еңсені. Көзәйнек қорғағанмен күннен сені, Көзәйнек сақтар дейсің кімнен сені?! Меңзеу

Сенің де сырын – тұңғиық, Менің де сырым – тұңғиық. Қос қара су қашанда, Бірге ақпайды, бір құйып, Екеуміз де тұңғиық. Сенің де суың – мөп-мөлдір, Менің де сум – мөп-мөлдір. Желпінтеді – жерден дел, Жылытады – көктен нұр, Екеуміз де, мөп-мөлдір, Екеумізді еріксіз, Іркіп қалған ойпаң жер. Сен «Марқакөл» серіксіз, Мен – жалаңаш «Шайтан – көл», Екеуміз де – ойпаң жер. Нуымыз бен буымыз, Жеке-жеке бөлініп. Мәңгі-бақи суымыз, Қосылмастай көрініп; Байланыс жоқ нақтылы, Теңіздермен танысып. Қайтқан құстар арқылы, Хабар-ошар алысып; Қадалатын шұқшия, Жанарлармен арбасып. Жатырмыз біз құпия Жер астынан жалғасып! Ауыспалы тоқ көзі

Болмаған соң – ақыл-патша, сенім-би, Ілгері емес, сырғи бердім кері ылғый. Қайда апарып соғар екен сұмдық-ай, Ауыспалы тоқ көзіндей көңіл-күй. Көңіл-күйде болмай қойды бір тұрақ, Қан шапшыйды шақша сабқа бұрқырап. Топастардың доң-айбатын көргенде,

Шыңғырады шыбын жаның шырқырап. Тоқ – көңілім бірде кеміп, бірде өсіп, Келем әлі бірде жанып, бірде өшіп. Қалыпы жоқ сөзінің де, өзінің, Қарайды ел қапы басқан кім десіп. Қыза келе жанып кеткен жарықтай, Жарығыма қойдым жұртты жарытпай. Жүре алмадым анық басып, ақырын, Акулаға қарсы жүзген балықтай. Көз бұлдырап, адырайып тамырым, Қауызына сиғандаймын тарының. Жаңа күнге, жанып кетпей тұрғанда, Жетер ме екен, жетер ме екен, жарығым?! Ойсыз – дыбыс, жайсыз – сыбыс ырқымды ап, Құлақ бітіп, екі шекем зырқылдап. Астан-кестең зығырданым қайнайды, Тоқ шәугімдей тасып жатқан бұрқылдап. Төңіректі тұмшалаған бу алып, Қалам кейде қайнай-қайнай суалып. Еселейін, еріп кетпей тұрғанда, Дейтін кім бар, құя салар су алып?! Таразылап соның бәрін ойласаң, Тарта берер көңіл-күңгірт, бой – босаң. Бұл тірлікте тағат табар түрім жоқ, Тұрақты бір тоқ көзіне қоймасаң!

Қызылқұмдағы дауыл Жел тұрып тораңғыны жұлмалады, Мұнартып, тұтылғандай күн қарады. Түтіндеп әр төбенің мұржалары, Құм емес, қып-қызыл шоқ – күл борады. Желбіреп дауыл-бұлттың шудалары, Басталды Қызылқұмның жылдағы әні. Құм кешіп, құм бетімен сырғанады, Құм кешіп – құм бастауға тырбанады. Құм – құйын аспан астын шыр айналып, Таза ауа бара жатыр лайланып. Қызылқұм қызыл өрт боп лапылдады, Жатқандай жер астында мұнай жанып. Қарайды мыс сәулелі күн бұйығып, Барады ақ бөкендер сырғи ығып. Мылқау – үн, соқыр – жанар: қалғандай бір, Көзіне тіршіліктің құм құйылып.

Бүгінге ауысқандай кешегі күн, Толқындай тау-тау болып көшеді құм. Қу басы құм астынан шыға келді, Мың жылғы Қожанәсір есегінің. Көзіңе жалғыз қара шалынбай ма, Үй қайда, бала қайда, малың қайда?! Қосаяқ іннен-інге жүр тығылып, Қоярға білмегендей жанын қайда. Бір төбе – бір төбеге бас ұрады, Бір төбе – бір төбеге асылады. Құм төбе – құм төбені жасырады, Қызылқұм – Қарақұмға асығады, Қозғалып ыңырсиды, ашынады; Дүние астан-кестең, не боп кетті, Еліктің маңырай ма жас лағы?! Кесіртке жорғалаған қызыл бадыр, Қызылқұм, мұның аты қызыл дауыл. Ойпыр-ай, жаманатқа бастай көрме, Қарашы сыңсып ұлып, ызыңдауын.

Дем жетпей, терге шомып солықтайсың, Жағаға шығып қалған балықтайсың. Қабірің құлап түссең дап-дайын тұр, Көмусіз қалам ба деп қорықпайсың... Атомды, нейтронды дәуір мына, Тым-тырыс, көтергендей ауыр күнә. Қадірін тыныштықтың түсінбеген, Тап болғай Қызылқұмның дауылына! Өткен қыс этюды Бұғауынан босана алмай бір күштің, Тым ұзаққа созылғаны-ай, бұл қыстың. Аспан емес, аспан түстес көгілдір, Қабағынан қар жауып тұр Шыңғыстың! Түрпідейін түнеріңкі қас-қабақ, Тау ішінің тіршілігі басқарақ: Түлкі – жортақ, қоян – қорқақ, қарсақ – сақ, Арқар – арық, арлан қасқыр – ашқарақ.

Сай-саланы басып қалған қар қалың, Аттай алмас атан түйе қарға адым. Тас түбінде ажал тапқан түлкіден, Қопсып жатыр қауырсыны қарғаның. Осылайша өте ме екен жылда қыс, Қурап, сынып, аласарған ну қамыс. Нән құлжаның сақалына мұз қатып, Мәлін жүні ұзарыпты бір қарыс. Айғыз-айғыз көп тұяқтан кіршең қыр, Көде – мыртық, қияқ – тұқыл, ши – селдір. Балақ жүні құмалақтан көрінбей, Қой шетінде арық тоқты бүрсең жүр. Өріс тыныш... Бораны өткен ақпанның, Наурыз – шуақ қабығында көк талдың. Күнгей жақта күн қыздырған денесін, Күтірлейді омыртқасы ақ қардың! Бетбұрыс

- Жұмыстан жұмыс болсын әр тәулік, Қайтқан дұрыс ерте барып, кешірек. Алақанмен аузын жауып – Жалқаулық, - Қайта құру қажет! – дейді есінеп. - Жастар жағы жоқты-барды көпіріп, Пікір айтқыш болып алды жалақтап. - Қайта құру қажет пе екен? – деп Күдік, Жалақтайды жан-жағына алақтап. - Бетбұрысты дұрыс екен қостаған, Көбейетін болды тағы жалақы. Тәуір тұрмыс құрамын деп басқадан, Мәз болып жүр дүкен кезіп Дарақы. - Тәртіп керек! Қойман бастан секіріп, Таласаңдар жан-жағымнан тұрмас қып. Сынап жатыр төменгіні өкіртіп, Өзі сынды сүймейтұғын бір бастық.

- Бетбұрысты сұра мейлі қайсың кеп, Мен қуаттаймын: іздегенде-сұраған. Қайта құру қайда қашар дейсің деп, Қарап отыр қол қусырып бір адам. - Жүрген кезде: семьясыз, үй, түксіз, Отқа түстім анық шындық үшін мен. Бала кезден дейді біреу – Түйтіксіз, Қайта құру қажеттігін түсінгем. - Талай қызық басымыздан кешіп ек, Болушы еді әйеліміз ұрысқан. Бұл арақты қымбаттатқан несі деп, Күңкілдейді маскүнемдер тұрыштан. - Барлық ұлтты мен сүйемін, кім демей, Бауырластық мәңгі менің мұратым! Ортамызда жүр әнеки, үндемей, Достық жайлы өлең жазғыш бір ақын.

- Міней берме басшыларды орынсыз, Кадырлар да қажет қой деп білікті. Қызметінде түк сапа жоқ Дарынсыз, Сапалы үйдің пәтерінен үмітті. - Алға! – дейтін қарлыққанша үндері, Сөздерінен сене берме бұралға. Бетбұрыста баса алмаймыз ілгері, Қайта құру – қайта айналса ұранға! Іс жүзінде қиналасыз, ойлайсыз, Қайта құру – сөз жүзінде қиын ба?! Қайта құру жүріп жатыр – айғайсыз, Миллиондардың жүрегінде, миында! Ойын Жүрсе қайғы кірпігінді ілдірмей, Жүрме сен, өтер бәрі бір күндей. Нан – шындыққа қырыменен пышақтың, Май – өтірік жағып берсе білдірмей.

Жұта салдың – сыйлағаны дедің бе?! Жарты – шындық, жарты – өтірік кемінде. Сүрте салдың алақанның сыртымен, Май – өтірік жұғып қалса ерінге. Айраннан да жұғын қалар ерінде, Жұғын жаман, жұғын жаман тегінде. Май – өтірік жылтыраса бетінде, Сорпаны да кісі қимас төгуге. Алып шығып ғасыр атты қоймадан, Өзі жемей мұртын ғана майлаған. Қасиетті нанға жауып жаласын, Қасиетсіз түрін қара ойнаған! Жағып беріп, май – өтірік, күйесін, Күймес жерде кездейсоқта күйесің. Сүрінгенде қарқ-қарқ күліп сыртыңнан, Қолтығыңнан қайдан келіп сүйесін?!..

Майға жауып отырғам жоқ пәлемді, Ол әншейін өтірікке теңеу-ді. Қатыра сал, у тамыз да шайына, Нанға – өтірік жағып бергіш бәлемді. Жалтармастан жауабын да мен берем, Қажеті жоқ адвокаттың көлденең. Май дегені шылғый ғана өтірік, Сақтаныңдар, сыйлай қалғыш пендеден! Ұмытпандар, ұмытпандар қайғы бар! Ең бақытты шақтарыңды аңдыған, Қайғы деген қойныңдағы әбжылан. Мүлгіп кетпе, мүлт жібермес у тілі, Кезіңді аңдып тұрады ылғый қалғыған. Төсектегі жөні бөлек ұйқының, Қалғып кетпе, ілінбесін кірпігің. Қалғып кетсең кіріп келер есіктен, «Қол көтер!» деп кезей ұстап мылтығын. Қалғып кетпе, берме өзіңе бір тыным,

Өлмессіңдер, өтсе ұйқысыз бір түнің. Жастығыңда мамық емес, жұп-жұмсақ, Жатсын түгі тікірейген кірпінің... Қайғы келсе қара жүзін жас шайып, Бақытыңа таға көрме босқа ойып. Ұмытпаған – бой тасалап, ұмтылған, - Қайғы болып шыға келер қасқайып! «Аңшы» Аппақ дала, қар жамылған – жол қайда?!, Жатыр ауыл, тым-тырыс боп шалғайда. Кәрі әже қар үстіне «шеп-шеп» деп, Жем шашып тұр, тауыққа емес, торғайға! Аяз бумай ақпанда да, қаңтарда, Қыс қызығы, қыс ашуы тарқар ма?! Қорықшы ата жем төгіп жүр науаға, Атқа емес, таудан түскен арқарға.

Аяз қысса қаратпайды-ау, ерікке, Жүр тағылар сенбей қарап, сеніп те... Бұрқыраған жылы демі ауада, Орманшы ата шөп шашып жүр елікке! Билеті бар, (Бар асығы тұр алшы!), Уставты да жатқа соққан ұраншы. – Қорықшы ата күтіп жүрген арқарды, Атып алып келе жатыр бір «аңшы»! Қиын жұмбақ Жай шындықтан кей өтірік күрделі, Өкіндірмес, қанқақсатпас бір мені. Өмірдегі көп шындықты ұқсам да, Өтірікке өрем жетпей жүргені. Адасамыз тарау-тарау жол барда, Алдыңғы арба ізін басар – соңғы арба. Шындық үшін шыбын жанын қиған көп, Өтіріктен өліп кеткен жан бар ма?! Кейде өтірік – шындық болып ұнады, Кейде шындық – өтірік боп тұрады.

Екеуінің бірдей және тұрағы, Екеуінің бірдей және ұраны; «Өтірік» деп үкім айтқан сөзіңнен, Өксіп-өксіп шындық жылап шығады. Сондықтан да айыра алман күн бұрын, Айтқан сөздің өтірігін, шындығын. Шартым мынау: сол ақылды, сол ақын, Шешер болса бұл жұмбақты кім бұрын! Қызға жазылған екі хат Секілденді, - түсінем, Көктен түскен жеті қат. Бір газеттің ішінен, Сусып түсті екі хат. Өңі түгіл, түсіне, Бір енбеген бозбала. Жазыпты хат ішіне, «Сүйем!» деген сөз ғана. Бола қалды ол салмақты, Ұната ма басқаны?! Жалғыз парақ сол хатты, Жанған отқа тастады. Лап етті де жарығы, Сөнбей тұрды... Ұқты қыз. Сүйген сөздің жалыны, Болады екен қып-қызыл!..

Екіншісін білетін, Оқып еді хатты ашып: «Кісің болса сүйетін, «Өлтіремін!» - депті ашық. Бола қалды ол салмақты, Ұнатама басқаны. Жан ауыртқан сол хатты, Жанған отқа тастады. Қағаздан ба, бар айып?!, Лап етеді қызарып. Әрбір әріпі қарайып, Түтіндеді ұзарып. Тарта ма әлде затына?!, Шоқ түскендей мақтаға. Қызғаныштың оты да, Болады екен қап-қара! Ұшқын атып көзі де, Деді сұлу ойланып. Қызыл шоққа өзі де, Бара жатты айланып. Құс – адам Ұмытты бізді талайлар, Ұмыттық біз де талайды. Артыңда не бар қарайлар, Алдыңа қара, – арайлы. Қанағат азға ете бер, Өткенге өкпе жүрмейді. Әкелер уақыт, әкетер, Аңқаулау, аусар біздейді.

Жастыққа қақпа жабылды, Енетін жол жоқ қайтадан. Ақ ұлпа қардың мамығы, Жұмыртқа – жазды шайқаған. Балапан – толқын ұмсынып, Жұмыртқа – сеңдер жарылар. Қайнайды қайта тіршілік, Жаз өтсе жазың тағы бар; Күз өтсе, күзің тағы бар, Қыс өтсе, қысың тағы бар, Бәрін де пенде сағынар. Жұмыртқасы едік бір жаздың, Шыққанбыз содан талпынып. Айтқанын айттық жылдардың, Алдысы – үміт, арты – ұмыт. Сарыала күзде саңқылдап, Қорықпай көздің сұсынан. Жапалақ ұшса жалпылдап, Жарқ етіп өттік тұсынан. Тіледік тоят кешкіден, Тұмсықтың ұшы кеберсіп. Үніміз біздің естіген, Үндемей қалды кереңсіп.

Жалғыздық деген құсадан, Жарылар болып жүрегі. Жапанды кезіп құс – адам, Жалықпай ұшып жүреді... Естілмей жүріп дерегі, Шығармыз кенет бір тұстан. Ұяда талас жоқ еді, Қияда талас қырқысқан... Шыңдарға талай шыққанбыз Биікке талай шыққанбыз, Басында дауыл, жел тұрған. Тағдырын гүлдің ұққанбыз, Үсігі күздің ерте ұрған. Аядық біздер соларды, Айналып өтпек болғанда. Арқаннан ұстап жоғарғы, Асылып қалдық тауларға. Тырмыстық келіп әр тасқа, Табанды тірер түк те жоқ. Теңселіп тұрдық жартаста, Қозғалған тірі нүкте боп. Үміттің сөніп ерке үні, Үзілген кезде мықты арман. Аспанның ұшқыр дельфині, – Ақиық қыран құтқарған.

Сонда да жүрек шайлықпай, Арқалап дорба бүрмелі. «Өлесің сорлы, қой-ды» – ұқпай, Өрмелей бердік ілгері. Тұрғанда арқан, бау батып, Гуілін құлақ естіді. Бірге алып түсті аунатып, Құлаған қардың көшкіні. Жүргенде іздеп таба алмай, Жамылып қарды қалдық біз. Бораннан шыққан адамдай, Сілкініп кете бардық біз. Ерлікпен едік ащына, Тәуекел – еді сүйіктің. Ту тігіп едік басына, Түксиген сонау биіктің. Сақадай бәрі сай едің, Сол жылдар өтті құйын боп. Далаға шықсаң әйелің, Күңкілдейді енді «киін» деп. - Қой! – десең жастар қойсын ба, - Шығамыз! – десе сайланып. Қараймыз қазір сол шыңға, Қарадай басым айланып!.. Пайда жоқ өкінгеннен

- Жақсының дәйім жауы мың, Көрмедік біздер «Мен, сен» деп. Дүние осы... Бауырым, Бақыл бол!.. – дедің кемсеңдеп. Өксігі-ай әлсіз ғаріптің, Ағады көзден жас парлап. Бағасын ұққан жарық күн, Бара ма әлде аспандап. ... Келгенмен талай ыңғайы, Ескерте алмай егілгем. Жылуы сөнген жылмайы, Қорқушы едім көзіңнен. Сөзімді жерге тастамас, Деуші едім, қайран жақсы аға. Арыңды саттың баспа-бас, Алтынға және ақшаға. Қызыққа тоймай қызынып, Айықпай және мастықтан. Тізімнен мүлде сызылып, Жалаңаш қайттың жастықтан.

Не дейін енді... Көз жұмсаң, Бір уыс топырақ бұйырар. Ағайын-туыс жиылар. Анаңның қасірет көз жасы, Омырауына барып құйылар, «Қимасым» деуге қиналып, Бауырың сонда бұйығар. Босатып босқа көңілді, Не керек енді өкініп. Сүйе алмай кеткен өмірді, Қия алмай жылау – өтірік! Ақ кеме (Ш. Айтматовқа)

Мына отырған Үлкен аға кіші іні, Сыйлай білген кісіні. Осы сәтте Сіздер айтар бір сөзді, Айта алмай тұр Тасқа айналған Мұхтар аға мүсіні! Жидебайға жаутаң-жаутаң қараймын, Айта алмай тұр ескерткіші Абайдың. Ана бала қосылып Көздерінен сағыныш жас жосылып Ақсақалдар айта алмай тұр тосылып. Ол не сөз? Тіл кеспек жоқ білемін Үлпіл қағып жүрегім Соны айтайын деп едім, Сол туралы өлеңім.

Мынау ұшқыр заманда, Самолетпен көп ұшамыз әмәндә Абай менен Алматының арасы Алматы мен Фрунзенің арасы Екі-үш сағат шамасы Қаласы мен қаласы Даласы мен даласы Бала менен анасы Дана менен данасы Ағы менен қарасы Араласып жатады, Құраласып жатады Жарасып тұр қарашы! Бұл ауылға кім кетпеген, кім келіп, Күткен бәрін көңілдерін шын беріп. Жеткен жандар жігерлері құм болып, Қайтқан қайта жыр болып, Қырғыз ата мал бағыпты алпыс жыл, Сексен жаста келіп қайтты үлгеріп, Абай, Мұхтар ауылдарын бір көріп, Шәкәрімнің шаңырағына нұр беріп Мұның өзін тақпасақ та мін көріп, Атын айта отырамыз күнде еріп, Сонда қалай? Абай да жоқ, «Қайтқын» дейтін бір келіп, Мұқаң да жоқ келетұғын бірге еріп, Дана Шыңғыс босамаса күнделік, Баяғыдан сәлем берсе, артық па? Бала Шыңғыс қарт Шыңғысқа бір келіп, Абай, Мұхтар ауылдарың бір көріп! Шәкәрімнің шаңырағына нұр беріп. Жылда-жылда қара жолға қараймын, Әуезовтен бергі өмірді санаймын. Шыңғыс – Шыңғыс болғалы, Заман өткен секілді бір талай мың, Шіркін-шіркін Шыңғыстауға бір келіп, Маңдайынан иіскесеңіз артық па? Немересін Мұхтардың, Шөбересін Абайдың, Манас, Мұхтар бір еді ғой толайым! Ұлы тойда Мұхаңның, Көңіліне кеп қалар деп Шықаңның Айта алмасақ бұл сөзді: Онда біздің Шыңғысты,

Сағынғанымыз өтірік, Онда біздің Шыңғысқа, Табынғанымыз өтірік Онда біздің Шыңғысты, Тосқанымыз өтірік. Онда біздің Шыңғыстың Жүрегіне – жүректі Басқанымыз өтірік. Онда біздің Шыңғыстың, Тілегіне – тілекті Қосқанымыз өтірік, Айта алмасақ бұл сөзді Қалар едік өкініп! Абай елі қонақты Қарсы алмаған өкпемен Десеңіздер қосылам: Бауыр болғым келеді Өкпені өзім жек көрем Айт осыны өлеңмен Деген мынау көпшілік, Қарсы тұра алмадым, Қара құрым көпке мен. Ақ кемені тосқан аңқау сәбидей, Тостық сізді, Ақ кемем! Қайда жүздің ақ кемем, Қайда жүрсің Ақ кемем!

Болса дағы бір Шыңғысы әлемнің Шыңғысы жоқ әр елдің. Ақ кемені күте-күте қырықта Мен де мына көнердім Келмеген соң Ақ кеме Балық болып өзім іздей жөнелдім. Келер әлі ортамызға әз ағам Қырғыз ағам, қазақ ағам, өз ағам Көтеріскен бүкіл әлем өнерін Қайтып алдым өкпесін де өлеңнің Ақ түйенің жарылғандай қарыны Ағам келсе мақтанышқа кенелем Шыңғыс келсе, шуағына бөленем Өкпе-назын айтар сонда өзі елдің!

Бұл қуаныш өте шығар тым қысқа Ұлы тойда қалсын артқа бір нұсқа Шыңғыс атын қайтарайық Шыңғысқа Айтматов атымен аталсын Шөккен жерден көтерілсін бір күзде Шөккен жерден биіктесін – бір қыста, Хан Шыңғысты, Шоң Шыңғыс деп өзгертіп, Шыңғыс атын қайтарайық – Шыңғысқа! Мақтан болсын досына Айдын болсын жауына, Қосып қойсын – қырғыз Алоо–Тауына! Феникс және Сфинкс (Олжас Сүлейменовке)

Өртеніп жазып, лапылдап айтса әу, баста, Алара қарап: - Алжаспа! – деді – Олжасқа! Айылын жияр Олжас па?!, - Алжаспасаң – алжаспа!... Осыдан шықты шын тартыс, Шапшып шықты қан басқа, Оттанып мірдей жанары, Қасқайып Олжас қарады: Тас адамдар дін аман, Өртеніп өзі барады! Отты өлеңдеріме ерімей, Қалар деп еді, кім аман?! Тым-тырыс отыр тапжылмай, «Тап-таза» жандар күнәдан, Құлаған жан жоқ, дін аман. Жалғыз-ақ өзі құлаған, Жылаған жан жоқ, дін аман, Жалғыз-ақ өзі жылаған, Жалғыз-ақ өзі – «ақымақ». Қалғанның бәрі – «ұлы адам»! Жалғыз-ақ өзі – өтірік, Қалғанның бәрі шын адам. Біріне-бірі ұнаған, Тыныштықты ғана сұраған. Саулықты ғана сұраған, Қалғанның бәрі ұлы адам, Феникс – ақын ертеңді,

Қалғанның бәрі дін аман! Пирамидалардың қасында тұрған ізетпен, Перғауымдардың мүрделерін күзеткен. Сфинс бәрі – тас адам, Қозғалады олар сол шақта, Тіріледі олар сол шақта: Феникстерді үркітіп, Тас ату үшін тасадан, Тас милар тастай сол үшін, Сфинкстерді жасаған, Сақшысы етіп сақтықтың, Мәңгілік қолдан қашаған. Феникс – ақын ертеңді, Өртенді қара күл болып. Қайтадан өнді гүл болып, Тірілді қайта түрленіп, Жер үстін кезді үн беріп: - Құл болам! – деді жігітке, Атадан тусаң ұл болып, - Күң болам! – деді қыздарға, Анадан тусаң қыз болып! Ақиқат жолын ізделік, Сіз болып және біз болып,– Феникс – ақын даусы, Әлемді кезді үн беріп! Сфинкстер әлі тым-тырыс, Оларға жат сілкініс, Оларға жат құлшыныс, Тас қой олар, тым-тырыс... Ұнайды мәңгі бұл тұрыс, Қорықпайды олар оттан да, Қорықпайды олар тоттан да, Қорықпайды олар соттан да, Құтырып дауыл соққанда, Самолет құлап шатқалға, Кемелер суға батқанда, Емендер сынып жатқанда, Жарылыс атты апаттан, Жер үсті дірдек қаққанда. Есіркеп елең қаққан ба? Оларда түйтік, сезім жоқ, Сезбейді олар түкті де, Сезінбейді олар сыну мен, Бетіне шыққан мүкті де,

Жүрек пен миы әр тастан, Жаралған олар жартастан, Оларға жат – мөлшер де, Оларға жат – өлшем де, Бәрі бір тағы: сен, сенбе, Көнбесең осы, көнсең де. Үндеме дейді – өлсең де, Көрмеген бол – дейді – көрсең де, Білмеген бол – дейді – білсең де, Күйінбе! – дейді – күйсең де, Cүйінбе! – дейді – сүйсең де, Сөздері – сағыз олардың, Жаралған мәңгі күйсеуге! Феникс басқа, сен басқа, - Алжаспа! – дейді – Олжасқа! - Алжаспасаң – алжаспа! Басталған тартыс әу, баста, Сфинкстермен санасыз, Феникстермен марғасқа! Жүрекке барып құятын, Қабылдап елдің ұятын, Пенденің барлық күнәсін, Арқалап адам мұратын, Ар атты аппақ жалынға, Өртеніп өлер шын ақын, Феникс атты бір ақын, Ұл болып туған ұлы ақын!

Қара жер саған – өкпем жоқ (жер туралы экологиялық-элегия толғау) Бірінші толғаныс Қара жер саған – өкпем жоқ, Жазықсыз жапа шеккем жоқ. Зәбір де көріп залымнан, Көзімнің жасын төккем жоқ, Қырыңды кездім алшаңдап, Ғұмырым текке өткен жоқ; Достарым болды санаулы, Қалқам да болды қалаулы, Алдым да сенен алауды, Ту етіп көкке көтердім, Жапырақ атты жалауды,

Кештерде жым-жырт қалғыған, Оралдың талай көктем боп, Арқырап жатқан өзеннен, Алдымнан шықтың өткел боп, Жол болып келіп жолықсаң, Алдыңды кесіп өткем жоқ, Бүгін де міне, көктем кеп, Аспан да, жер де көкпеңкөк, Қызғалдақ біткен қыдырып, Барады тауды бөктерлеп, Бетімді менің аймалап, Ерініңдей сенің – өпкен леп, «Бауырың суық» деседі ел, Суық деп сені сөккем жоқ, Жылынып тұрар жүрегің, Жылда бір осылай көктем кеп, Бар жанады, жоқ сөнбек, Кінәң жоқ оған, күмән жоқ, Күнә ғой сені жек көрмек, Ойым жоқ сені жек көрмек, Жек көрген сені текке өлмек, Жанбасқа батар қабірде, Тасыңды сенің тепкем жоқ; Төсіңде сенің – асыл да, Төсіңде сенің – тасыр да, Ақылыңды айтшы жер-анам, Айқасып келген қос ұлға. Бауырың толы кен деді, Беруге емес – алуға, Қазуға ғана терледі, Алуға ғана шөлдеді, Желпінді олар жерді де: «Табанға таптап өткем» деп, Уранды «тапқан» уралап, Ғалымның даңқы көкке өрлеп, Сен едің тұңғыш авторы, Бәрін де сенен ұрлап ап, Маңдайы шықса жарқырап, Саған да төнді-ау, өктем кеп, Кешірдің бәрін, көтердің, Қалыпың жоқ тіпті кек көрмек, Біреулер соны еп көрмек, Бұйырса тағы... жеп көрмек, Бауырым менің – жер-анам.

Қара жер саған – өкпем жоқ! Екінші толғаныс

Даналық көзі сен едің, Жаңалық көзі сен едің, Құшағың толы кен едің, Миллион жылдай жарылқап, Мұратқа мені кенедің, Мәңгілік сен де емессің, Махаббатыммен сеземін, Дедім бе мен де өспейін, Дедім бе мен де өстейін, Ақылдан қалдым кеш кейін, Қолымды қойып кеудеме, «Кеш дейін анам, кеш дейін», Тартылып қалды өзенің, Тарылып кетті төскейің, Қараймын іштей елжіреп, Қарағай кетті селдіреп, Қарамай сіңген суларға, Қарамай кетті ел жүдеп, Соғады дауыл, жел үдеп, Қамысты, қопа көлдерім, «Көл емес енді – шөл дедім», Суына сенің шөлдедім. ... Мал болып кеткен аңдарың, Далада соны аңдадым, Жолбарыс мысық боп алған, Жазықта жатыр жайылып, Жайраңдар қоймен бірге жүр, Арыстан итке айналып, Көкжалдар азып қояндай, Қыраттарда жүр қой бағып, Тұрымтай тауық секілді Жемсауы кеткен майланып, Бүгін де міне, ай жарық, Жетпей тұр маған қай жарық?! Жанымда түн тұр – қап-қара, Жата алмай тұрмын жайланып, Күдікті ойдан, . , шегі жоқ, Қарадай басым айналып!

Үшінші толғаныс Бүкшиген белім жазылмай, Қазуын қаздық – қазудай, Экскаваторлардың тістері, Мамонттан қалған азудай, Тонналап қазған кендерді, Жазуын жаздық – жазудай, Мақтауды сөздық сағыздай, Жуас түйедей жүндедік, Жүдедің сен де арудай, Қалған да жер жоқ қазылмай, Жалтырап бастың тазындай. Мақтадық ТЭЦ-тің жалынын, Ақтадың ГЭС-тің алыбын, Орманның құртқан тамырын, Балықтың құртқан жарымын Бұйрықшыл әкім сөзінің, Бұзбадық әрбір әрібін, Бұл күнде соның бәрі мұң, Қайтадан тапқан қалыбын, Жаңаша ойлау – жарығым Жүрекке құйған танымын Оятқан ойын – баланың, Оятқан ойын – кәрінің! Төртінші толғаныс

Атомды айтсам – бұзылам, Атомды айтсам – қызынам, Жарылыс түбі – жансыздық, Жансыздық түбі – заңсыздық, Заңсыздық түбі – арсыздық, Сұраңдар елдің – ұлынан, Сұраңдар елдің қызынан, Жаз емес жазың – суыған, Қыс емес қысың – жылыған, Қорқамын соның сұғынан, Азонды қабат ыдырап, Мұздаған бойда жылы қан, Атомсыз-ақ жаурасам, Ошақта отқа жылынам Көрсетпе менің көзіме,

Көтеріп көкке тұмсығын, Ракеталарды «ұлыған», Жарақты жауың қашан да, Құртам деп жүріп біреуді Алдымен өзі құрыған, Қолында қазір – Батыстың, Қолында қазір – Шығыстың, Батыс пен Шығыс тіреспей, Тілменен майда ұғысқын, Атоммен жылытпа жер бетін, Сақтайық жасыл келбетін, Атоммен жылытпа денемді, Күн көзінен-ақ жылынам, Қайран да қайран, арман-ай, Кездігіңді де білмейтін, Қылышыңды да білмейтін Қылпыған төкір жүзі қан, Академиктерге емес, дәл қазір - Аңқау да аңғал сәбидей, Аборигендерге1 қызығам! 1.Абориген – жабайы адам. Бесінші толғаныс

Тіліңді сенің сұрамас, Дініңді сенің сұрамас, Діліңді сенің сұрамас, Ұлтыңды сенің сұрамас Руыңды сенің сұрамас, Жер-ана бізде біреу-ақ, Сөзіне соның құлақ ас, «Дұғаңды» оқып ішіңнен, Шошымай сонда түсіңнен Таң жарығын түсірген, Күбір де күбір құс-үнмен, Таңдарға куә боларсың, Таң сипатты тап-таза, Суларға куә боларсың, Қурамай қалған жап-жасыл, Нуларға куә боларсың, Жүрегің сенің торғай боп, Бұтаққа барып қонарсың, Бүтіңдік жоқ қой дүниеде, Бір күні сен де тозарсың, Тозаң боп сіңіп топыраққа Тамшы боп қайта тамарсың, Жер-анаң болса мәңгілік, Мәңгілік сен де боларсың, Мәңгілік сен де қаларсың... Алтыншы толғаныс

Бабам де сенің қойныңда, Анам да сенің қойныңда, Балам да сенің қойныңда, Сендегі өзге қайғым да, Сендегі өзге қайрым да, Атақты мейлі – атақсыз, Адам бол мейлі – арсыз бол, Қайырымға толы құшағың, Аласың бәрін қойныңа, Қарамайсың сен айрымға. Айрылма содан, айрылма! Көмесің мейлі, қай тұсқа, Көмесің мейлі – қай құмға, Сен ғана жалғыз қайғым да, Қорласа сені қопарып, (Шыны ма, әлде, ойыны ма?!) Кіріп те кеткім келеді, Жып-жылы сенің қойныңа, Қаныңа сенің қарық боп, Қатыгез жандар тойынуда, Жимайды олар айылын да Төлей сап салған айыбын да, Шірене басып шелтиер, Шырт түкіріп айдынға... Жым-жырт дала, жайылым да, Мал біткен шыққан жайылуға, Пенделер шыққан тойынуға, Шамам жоқ қазір айыруға; Күн көзі толы қайырымға, Жер үсті толы қайырымға, Айырылма содан, айырылма! Қарызың менің мойнымда, Мойнымда сенің айыбың да, Қақым жоқ сынап, майырылуға, Қарызыңды өтеп кетермін, Кіргенше сенің қойныңа,

Қара жер ..., саған өкпем жоқ! ... Күз көрініс

Жер бетінде жез жапырақ саудырап, Жүзімдерін кәрзеңкеге сауды бақ, Қауын – қарын, шемішке – тіс, картоп – көз, Картоп – мұрын, мырза күз тұр маужырап. Жүзім жиған қыз-қырқынға толы бау, (Қызға келсең, осы сәтте жолық-ау!) Дөңгеленген бикештердің етегі, Төңкерілген қоңырау! Табақтай күн тас төбеде балқиды, Күз – бояуы, күз жұпары сан қилы... Бұл бір шақта, бақша да емес, бау да емес, Аэропорттан алма иісі аңқиды. Ғажайып қой! О, керемет, бұл нендей, Семіз алма сеткілерді үргендей. Алматыдан «ИЛ-18» бұл күнде, Адам емес, алма тасып жүргендей! ... Егістіктен алуан жол тарайды, (Қамбалардың қарындары толғайды). Қылт-қылт етіп, бала басты қарбыздар, Машинаның борттарынан қарайды. Табиғаттың өзгерісін сездің бе, Көзбен көрші, жетер дейсің сөз кімге? Ағаштардың арықтауы – неліктен, Мал мамырлап, марқа піскен мезгілде?! ... Көктемді ойлап, көп жабықпа шекер – қыз, Күз – жомартты елемейміз бекер біз. Кешкілікте, қыр басында сырласып, Күн – қауынды бөліп жедік екеуміз!

Шуақты күндер Шуақ күндер шыныменен келсе игі, Аршып жатыр қалың қардан жел – шиді. Сонау..., дөңде маңдайынан бу шығып, Қыстың жүзі қызарғандай тершиді. Улап-шулап қош айтысқан Ақпанға, Құс үнінен құлақ тұнар шатқалда. Ризамын, қос қанатты құстарым, Автограф жазып берген ақ қарға! Күміс табан шана жонып – жолсыздан, Омбыларды бауырымен нар сызған. Мықтылардың мығым ізін көргенмін, Етегіне сүрінгенде әлсіз жан ... Жазып-жазып иероглиф – қар сызық, Ақ борандар жатып қалған жар сүзіп. Қалың қардан қараңдайды енді-енді, Тобылғының тоқал басы – қамшылық! Этнографиялық өлен

Кіп-кішкентай бөлшегіндей ұлы елдің, Ауыл жаққа барып қайттым бірер күн. Қуанышын қызықтасып досымның, Қайғысына ортақтастым біреудің. Бөлінбейтін бөлшегіндей ұлы елдің, Қарауылға барып қайттым бірер күн. Мәкең кәрия көз жұмыпты сексенде, Шөбересі үй болыпты Сүйеудің. Күрең атты жақын еді-ау, мінер күн, Үзеңгіде қолтығынан сүйер кім? Төрт сирағы күлде жатыр көміліп Мәкең мініп жүретұғын күреңнің. Күресінге қонып алып қыстайғы, Сауысқандар жақын барсаң ұшпайды. - Атаң қайда? – десең аңқау немере, - Әу кетті! – деп зират жақты нұсқайды.

Дала дауыл, пеште отын маздаған, Қора жылы, көктем сауылық қоздаған. Әрбір үйге арсалаңдап бас сұқтым, Қуаныш көп, кірбең де бар аздаған. - Бір сом берші бас жазатын ұл, ей деп, Күн ыстықта жұтынатын сыр-ай деп! Сақал өсіп, салдыр-салақ жүретін, Бір ағамыз сырын айтты былай деп: Қарауылда сиыр ұстау дозақ тым, Қарасын да көрмеуші едік жаз ақтың Дүкендерге сүт түсірді, сүт алам, Атасының аузын! ... – дейді – арақтың! Сыңайы бар, сыртыңыздан білем дер, Бас изейді күлімсіреп жылы өңдер. - Мынау тағы кеп қалған ба дегендей, Одырайып қарасады біреулер...

Тыңдамастан деген сөзді: қой, тоқтат, Төбеттерді бір-біріне айтақтап. Екі тентек жол үстінен жалт берді. Матаевтың1 машинасын байқап қап. Кіп-кішкентай бөлшегіндей ұлы елдің, Ауыл жаққа барып қайттым бірер күн. Ала барып өлеңімді достарға, Ала қайттым жақсы жырын біреудің. Ойламаңдар, Семейде еркін жүр десіп, Көңіл шіркін бірде жүдеп, бірде өсіп. Қалалық боп кетсем де әлі келем мен. Ауыл жаққа алаңдаумен күн кешіп. 1.Матаев – Абай ауданының (Қарауыл) басшысы. Амаңдассан оларға Бұлқынып бодауына бір өкпенің, Өзгеше өрекпімес жүрек тегін. Қол берсем аңқылдап кеп, бәз біреулер, Соза алмайды «протез» білектерін.

Кеткеңдей сүйегінің қаусап бәрі, Жазылмайды жезтырнақ саусақтары. Сезілмес көздерінен ешбір жылу, Сезілер сөздерінен мансаптары. Кінамшыл қайран жүрек кір сіңбеген, Сескеніп... тулап-шошып дүрсілдеген. Қозғалмай қарашығы қуыршақтай, Қаласа кірпіктері «Кімсің?» деген. Селт етпей сазарыңқы сұрқай қалып, Болымсыз жыбыр етіп, сырт айланып. Тұра қап тісін шұқып, шырпыменен, Тұштыңдап, қабақ түйіп, күрт ойланып. Кіртиіп ауыр ойдан қажығандай, Қасынып тақыр басын тазы бардай. Жеңгейіміз болмаса жанындағы, Кісі атын ұмытады жазып алмай...

... Отырсам жоғарыда білер еді, Жорғалап, клоун ба күлер еді. Аман бол, амандығың кімге дәрі, Майдансыз, мен-мендіктің мүгедегі. Мезі етті Жұғымы жоқ жақынға, не жолдасқа, Кісімсиді, келер жоқ қолдан басқа. Инедей септігі жоқ армандасқа, Ант еткен адам болып алданбасқа. Қабағын сәл шытынып, түйіп кердең, Бұлайды оқығанын жиып-терген. Кісі емес өзге түгіл, өз жарын да, Елжіреп, еміреніп сүйіп көрген. Пір тұтып оқығанын пәлен томдап, Жүреді оқта-текте өлең толғап. Қарынға көңіл-күйі байланысты, Келер толғақ немесе кетер толғақ.

Жүйрік ол бүгінгінің тіл-хатына, Түскендей Онегиннің сипатына: Кейде паң, кейде қорқақ, кейде батыр, Адамсып ақылы сай тұрпатына. Тұрса да ол айтқанды ішің біліп, Ежіктеп, ерінбейді «түсіңдіріп»... Өмірден алғаны көп, бергені жоқ, Мезі етті мені осындай қысыр жігіт! Деректі фильм Мекендеп: бақа – көлін, балық – суын, Жолбарыс қалың қамыс жарып нуын. Ызыңдап жабайы ара гүлге қонып, Шегіртке шөп басында алып тыным, Шортандар шоршып ойнап қара суда, (Қайтесін ол қолдан қазған арық суын), Пілдер жүр талыстайын тұмсығымен, Су шашып, сездіргендей алыптығын,

Біреуі қалды арыстан тырнағында, Еліктер шығып еді өріп бүгін, Кекжиіп кран-мойын жирафтар жүр, Білдіріп пальмаларға серіктігін, Таза ауа таңғы ұйқыдай ләззатты, Жапырақ күн көзіне қағып күлім, Сендерден мен өзімді танып тұрмын, Табиғат, жан-жануар жарықтығым... Келмейтін құр дәріптеу, құр мақтанға, Бұл тірлік қымбат тірлік, қымбаттан да. Селк еттім, аңқау ұлым қасымдағы, - Жақсы фильм, папа! – деп тіл қатқанда! Тылсым Қорықпа, құпиямен, тылсымменен, Құпия – ақ бояу ғой кір сіңбеген. Құпия – басың анау иықтағы. Құпия – өз жүрегің дүрсілдеген.

Келтірсе кей ғалымдар құнды ақпарын, Уақыт аз отыруға тыңдап бәрін. Мыңдаған менделеев қажет әлі, Ашуға мидың миллиард жұмбақтарын. Жүрегің тулап соқса, елемедің, Сен өзің ұғасың ба, не дегенін. Құпия жүрек кілті, кілті емес ол, Әжеңнен құрт ұрлайтын кебеженің. Сенбейсіз, бір нәрсеге, сене тұрып, Көрмейсіз, бір нәрсені көре тұрып. Кетсең де бәрің бірдей өре тұрып, Осыдан басқа жұмбақ бәрі өтірік!.. Салмақсыздық заңы Баршасы қадірлі емес биік біткен, Қорқытпа, заңғарменен, биіктікпен. Әркімнің өз биігі өзіне ыстық, Туларын төбесіне сүйіп тіккен.

Қорқытпа, тұңғыйықпен, тереңдікпен, Өлеңге ол өлшеу емес кемел біткен. Сорпасы үш қайнаса қосылмайды, Теңеуге саяздықты төмендікпен. Қона ма, космонавтар төмендемей?!, Кенеттен кен табылар төбеңнен кей. Төмендеу – тартылыстың заңы болса, Қоя тұр, «тәменірек өлең» демей. Білемін салмақсыздық заңы басқа, Жеңілдеу өлеңдердің халы басқа... Ұшатын, қона алатын қыран-жырды, Қоя бер, баптай біліп, бағын аш та! Болмаса өлең біткен болар маса, Жел жоқта тыным бермес азар болса. «Уф» десең ауадан да жеңіл өлең, Қайтеді ұшы бермей, қона алмаса.

Не керек құр дәмемен көңіл демеп, Қона алмау – салмақсыздық, жеңіл демек. Өзінің биігінен ұшқан өлең, Өзінің биігіне қону керек! Жастық мені жатырқап... Жатпайтын жас кісіге не кәріге, Ортаймас қырық жастың іңкәрі не? Жалыны жиырмабестің сәнді-ау, деймін, Шыдайды уақыттың кім кәріне? Қол жетпей мұратыма көңіл жеткен, Үкілі серіліктен сенім кеткен. Қыз қалды қырық жасым қылжақтасты, Алтын тіс ардакүрең келіншекпен. Ендігі іңкәрім не алдан күткен, Көрінбес күресу ме, жалғандықпен. Желімдеп жібер мені ұяң мінез, Жебе мені адами арман біткен.

Қорқыттай қорыққанмен қайда қашам? Қайда қашам, қайрылып майдан ашам. Тарқат сен! Бұрымыңды қыз-ғашығым, Бұдыры жоқ арманнан тайғанасам! Қос мықты Көр-жөрді қиыстырып термелеген, Көп көрдім кітаптардан өлген өлең. Қадыр мен Шахановқа қайран қалам, Құйындай көз ұшында дөңгелеген. Құйын боп шықты олар отауымды, Ішкізді айран емес, атауымды. Шалқайсам шахматтан тағы ұтады, Үйретті ұтыс емес, «мат» алуды. Япыр-ай, бір леспей қаламын ба? Деймін де жармасамын қаламыма. «Көр» деуге кітабымды қорашсынам, Сиғандай сіріңкенің қорабына.

Көгалды қайран ақын сағыныпты, Демеңіз өңкей жабы жабылыпты. Қадырды боймен басып күресіп ем, Ол мені оймен басып тағы жықты. Алқынып Алматыға жеткенімде, Жолықтым Шахановтай өктем үнге. Жарадым бес-ақ минут ілесуге, Бес сағат жатқан жырды төккенінде... Жүгіріп әр кассаға бала орынына, Аэропорт билет сатпай бар орнына. Олар кірген есікке жолатпады, Еңбек түгіл самолет салонына. Бой да жоқ танылатын серең етіп, Екеуі селт етпеді, елең етіп. Бұлар барда тығылам топ ішіне, Бұлар жоқта шығамын өлең оқып! Досқа наз

Ешқашан кірбең түспес арамызға, Аз еді-ау, біздей достар қаламызда. Бет алған екі жаққа кемелердей, Бірте-бірте алыстап барамыз ба?! Көрмесек те дауласып, біз айтысып, Барамыз ба, амалсыз ұзай түсіп. Үнсіз-ақ ұғыспаған екеумізді, Арашалар кім бар-ау құлай түсіп. Әркезде адал досқа жарыған кім?! Соны ойлап қара терге малынамын. Ағайын, арадағы әзәзілден, Арашала, құтқаршы, жалынамын. Атаққа сен де, мен де кем емеспін, Тасташы, керегі не ерегестің. Әне кетіп барасың, қырын қарап, Қырын қарап кетсең де ..., сен емессің.

Жүзінде пайда бопты жаңа кескін, Мақтау ма?! Мұныңды елемес кім? Үнсіз ғана қасымнан өте бердің, Үнсіз ғана, ... бірақ та сен емессің. Дейсің бе, сендейлердің теңі емеспін, Жатпайтын жиын-тойда елеп ешкім. Көре тұрып көрмедің, күсіндіріп, Күрсіңдіріп кетсең де, сен емессің. Сен емессің, бәрі де сен емессің, Сен болсаң келіп-ақ тұр төбелескім. Танымасаң, таныма ұзын жігіт, Мен дағы такаппардың теңі емеспін! «Табу»

Қиялыңды айтпаңыз – қиялсызға, - Қияли» - деп күлер ол, - ұялсын ба? Махаббатты айтпаңыз, - армансызға, - Мәжүнін! – деп күлер ол, - арлансын ба? Таланттыны айтпаңыз – талантсызға, Күйген іші жазылмас – жалап тұзға. Ақылдыны айтпаңыз – ақылсызға, Отырғызар аңдаусыз тақыр мұзға. Жең ішінде тығылған пышақ барда, Ірілерді айтпаңыз – ұсақтарға. Қасіретінді айтпаңыз – қайғысызға, Өз ішінен теңер ол – байғұс ұлға. Бақытыңмен көзге ұрма – бақытсызды, Соңғы оғымен кетер ол атып Сізді! Сезінемін-ақ, жақсы емес сенбеу деген, Бірақ қажет ұрғызбау талмау жерден. Талмау жердің – ып-ыстық жүрегің ғой, Соққы жедім сол жерден... Білемін ғой!.. Болған оқиға

- Ей, бала! Кім де болсаң тоқта, бері, Ұсынба, шылымыңның жоқ керегі. Мынау үй сенікі ме, көк төбелі, Көмкерген айналасын көк терегі. - Мен...ікі. - Менікі – деп былдырлама, Өмірге жастығыңды тым бұлдама. Кәнеки, былайырақ сөйлесейік, Түсінер мас болсаң да ұлды-ұл ғана. Басасың буыныңды билей алмай, Кіресің бұл кейіппен үйге қалай?! Қарт анаң, келін бала әуре болар, Басыңды босағадан сүйрей алмай. Сендермен жаным құрбы, уақытымбөтен, Кез келген жақсы жылға бақытың ба екен?! Мынау үй сорлы әкеңнің қалдырғаны, Бір шеге өз қолыңмен қақтың ба, екен?!

Алдыңа жайып салып тек керекті, Кім сені бетке қағып өкпелетті?! «Тынықсын саясына құлыным» деп, Еккен-ау, анаң байғұс көк теректі... - Ағатай! Тоқтай тұр – деп жалынды мас, - Емеспін сіз айтқандай қағынды жас. Ұстады діріл қағып білегімнен, Менің де жылап тұрды жаным рас. - Баладым сөзіңізді ұлағатқа, Жол бермес абайсызда кім ағатқа?! Осыдан жеті ай бұрын жол үстінде, Тап болдыммашинаммен бір апатқа. Курортта, жалғыз апай, Қырымда-тын, Аяқ сынып, болыпты жұлын зақым. Жатқанда ессіз-түссіз екі ай бойы, Естілді құлағыма бір үн батым.

Жүрекке жылы тиген «қарағымы» Таныдым, аңыраған анам үні. Ұйқыдан жаңа ғана оянғандай, Көзім де көрді сонда аға, міне, Дәрі жоқ мен ішпеген, берілмеген, Алыстым жеті ай бойы өлімменен. Аяқ сынса етіктің ішінде ғой, Белдестім бес ай бойы белімменен. Жарыма үйленбеген таяна алмай, Шығып ем, ауруханадан таяқ алмай. Шешемді шошытпайын деп-ақ едім, Жүрісім белгілі екен аяғандай... - Жеңіпсің азабыңның ауырын деп, Қоштастым, - кешіре гөр бауырым деп. Батыстан жай жарқылдап, дауыл тұрып, Аспаннан келе жатты жауын үдеп! Таңғы ұйқы Дауыл да жоқ, көтеретін тозаңды, Жауын да жоқ, басатұғын тозаңды. Жауым да жоқ, тартқызатын жазамды,

Бауыр да жоқ, көтерісер қазамды, Махаббат жоқ, алатұғын мазамды, Кешіп келем із түспеген сонарды, Кезіп келем жаралмаған ғаламды. Аспан да жоқ, іркес-тіркес бұлты ұшқан, Жаулық та жоқ, жаға-жеңді жыртысқан. Мансап та жоқ, егес те жоқ қырқысқан, Топырақ жоқ, тұратұғын қыртыстан. Жоқ сондықтан, саршұнақ пен сұр тышқан. Бабам үні естіледі алыстан Анам үні шақырады бір тұстан... Жоғалады бірте-бірте елесі, Қара түннің сөгіле ме, көбесі... Тірілер мен өлілердің арасын, Қай болып қиып түскен таң осы!... Сіз туған Семей

Азайса да тұстастарың, көзкөрген, Мұха сізді сағынады кез-келген. Тұлпар аунап, түгі қалған Семей ғой, Туған қалаң кереметтей өзгерген. Көшесінде құмы да жоқ баяғы, Ұры да жоқ, сұмы да жоқ сөзге ерген, Саудагер жоқ, дамолла жоқ мешітте, Сатушы жоқ, жеп қоятын безбеннен, Шолақ ақыл, шоқпар қызыл көздерден, Құтылғанбыз жылпостардан, ездерден, Семейдегі әрбір сәби – өз балаң. Семейдегі әрбір бөлме – өз бөлмең, Тәж-маһалдай аэропорт пен вокзалдар, Қарсы алады достарыңды өзге елден... Туған қалаң кереметтей өзгерген. Даңқың сенің жетіп жатыр шет елге, Өскен қалаң өлмесең де бөтен бе?! Жап-жалаңаш бетондалған алаңға, - Көп қараймын тұғырыңа өтерде, Құрылыс па өзі жалдамалы, көтерме, Сегіз жылдай мүсініңді қоймады, Сұрағым бар – басқаларға жетер ме?! Бұл сұрақты қоймақ емен сес қылып, Шындықты айтар шақ туды ғой басқа ұрып. Не жетпейді? Жеткіземіз, - Мұхаңды. Тоқсан жасқа қоямыз ба, тостырып,

Гранит жоқ, кредит жоқ болса егер, Тұғырына Қайымымды1 бас қылып, Қырнап, жонып, қиюына қыл батпай, Қалаңыздар бәрімізді тас қылып, Ескерткішпен тастаңыздар бастырып!

  1. Қайым – Қ.Мұқаметханов, ғалым, жазушы.

Бой мен ой

Демеймін жүйрік едім, жайсаң едім, Жігіттің бойшаңы емес, ойшаңы едім. Шығармын қысқа ғана қайың болып, Денемді туған жерге қойса менің.

Ұзындар жүгірсе де арбаңдасып, Ойыма талай ару болған ғашық. Бойымда қырым ет жоқ, Қаңбақ шалмын, Баптанып жүре алмаймын маң-маң басып.

Ойымды өлеңімнен көрсе дедім, Жастардың жетсем деген мөлшері едім. Салмағым алпыс қадақ арман емес, Ақылмен алпыс тонна өлшенемін.

Болсайшы, баяғыдай тойтаң болса, Жұлайын сақалынан сайтан болса. Келе бер, қапың болса, сораңбойлар, Қырықтың қызуынан мен тайғанша!.. Өмір – солдат Қорқытпа, өлімменен, қазаменен, Қорқытпа, аурумен, азаменен, Біткенше ой-кенішін қаза берем, Біткенше соңғы демім жазам өлең, Қорқытпа, өлімменен, қазаменен. Қорқытпа, қайғыменен, қор болудан, Қорқытпа, кәріліктен, шал болудан. Аңсаған тыныш ұйқы, қарын тоқтық, Қорқамын адам тектес мал болудан. Қорқытпа, имендіріп қабақпенен, Қорқытпа, бомба, қару-жарақпенен. Жұмыс бас пенде түгіл «құдайыңмен»,

Бұл өмір алысуға жарап келген. Азабын бабам көрген, далам көрген, Дозақтан солдат – өмір аман келген. Алайда ..., сөзі менен ісі бөлек, Қорқамын суық қолды қаламгерден. Көп көрген қасиетті солдат-өмір, Ол үшін суық-жүрек – ол да темір. Түскенше зер-бесіктің құшағына Сәбиін солдат – өмір тербете біл. Жер бетін талай-талай тегістеген, Қорқытпа, апатпенен, соғыспенен. Өшіріп соғыс өртін, солат – өмір, Оралар әлі талай жеңіспенен! Бір ініге базына

Мен сені шыныменен жек көрем бе?! Жек көрермін бес минут көп дегенде. Оның өзі – амалым таусылғанда, Оның өзі – шыдамым жетпегенде. Құдай сүйер қылықжоқ кейде сенде, Естіп жатам сыртыңнан, көрмесем де. Тәрбиесіз дегенге дәтім бармас, Аға сенде, аяулы женге сенде. Жер шұқылап осылай қаламыз ба?! Бір әзәзіл кірді ғой арамызға. Сыбап алсам тиеді-ау әкемізге, Сыбап алсам батады-ау анамызға! Баласы бар баласың – ағаң үшін, Адамдықтан аумасын адал ісің. Көк сиямен мен жазған ақ шындықты, Қып-қызыл ғып сызбасын қаламұшың... Мен сені шынымменен жек көрем бе?! Жек көрермін бес минут – көп дегенде. Оның өзі – амалым таусылғанда, Оның өзі – шыдамым жетпегенде!

Өлімді қызғану Соңғы ірет... Өртенгім кеп, жанғым кеп, Гуілдеген көрік-желден алдым леп. Тым болмаса тыңайтқышқа жарайтын, Бір-ақ уыс қара күл боп қалғым кеп. От таппадым, түк таппадым тұлғамнан, Соны ойлап... Оңашада мұнданғам. Шырпы жақсам жыртылады – жүрегім, Қорабындай сіріңкенің суланған. Жақсы екен ғой жанып өлу! – сенерме ең, Жана алмадым, жанбаған соң көнергем. Жақсы тұрмыс, даңықты емес басқадан, Жақсы өлімді қызғанумен келем мен! Қалайша айта аламын?

Қалайша айта аламын? Қалайша айта аламын, Келмейді, Басқаны қайталағым. Сен өзің бір түрлісің, Басқаға ұқсамайсың, Құсы едің біздің ауыл, Бұл жақта қыстамайсың. Сен өзің бір түрлісің, Кешемін бәрін-бәрін. Қылықты күлкің үшін, Сыртың ғой қарапайым, Көрген көз сұқтанбайды, Сыңайы – сылқым ішің, Сен өзің біртүрлісің. Тағы да айта аламын? Келмейді, Басқаны қайталағым. Жай ғана құрметіңді, Жүз есе қайтарамын, Басқа не айта аламын?.. Ақын ғой ол, мінезі ала құйын... (Ө. Нұрғалиевке)

Көбі өсек – бір қаптай, Сен туралы күңкілді. Тындай берем тіл қатпай, Түршіксем де бір түрлі. Мықты жырың – тұрды ойда, Таға алармын қалай мін?! Бір өлеңін – бір қойға,

Сатып алған Абайдың... Семей келіп қалыпсың, Құтты болсын сапарың. Жырда биік – алыпсың, Ап-аласа атағың. Өлеңіңнің әр тонын, Аңсайтын-ды танып іш. Үстіндегі сар тоның, Секілденіп сағыныш. Көктемдерді жаулаған, Қызығамын күзіңе. Нағашымнан аумаған, Қарай берем жүзіңе. Екі бөлек – шариғат, Ол – бухгалтер, сен – ақын. Жөнің жоқ-ау табиғат, Осынша ұқсас қылатын. Егіз қозы көгенде, Екі бөлек мақсатта: Сенің көзің – өлеңде, Оның көзі – отчетта... Сынған еді тегінде, Оның да оң аяғы. Оң аяғың сенің де, Сол сындыға саяды. Тағы ұқсастық іздедім, Өшіре алмас жыл шәйіп. Бірдей екен іздерің, Қарға түскен қисайып... Өсіп-өнген жалғыздан, Ұқсастықтың ғажабы-ай! Өлеңдерің аузыңнан, Түсіп қалаған баладай. ... Көктемдерді жаулаған, Қызығамын күзіңе. Нағашымнан аумаған, Қарай берем жүзіңе...

Жауап Біреулердің сөзінше – ақын-ақпын, Біреулердің көзінше – ақымақпын. Өлтірсен – өлтірсенші ақыры аттың. Керегі не дәл мендей ақымақтың Кезі бар адастырған аппақ боран, Қурамай қалғаным бар аптапта аман. Бар болса ағаш оғы тағы да атсын, Қазақтың қай аузына қақпақ болам. Расында: ақымақ та, ақын да емен, Сужүрек қорқақ та емен, батыл да емен. Көше атын бемей-ақ қой өлгеннен соң, Қалса болды: Мерғали атында өлең! Рас, біз «Фанаттармыз!» (Евгений Евтушенконың 1984 жылғы 4 июльде «Литературная газетада» жарияланған «Фанаты» атты өлеңіне жауап-толғау)

Рас, біз фанаттармыз, фанаттармыз! Ой үзілсе – сөз болып сабақтармыз, «Фанатиктер» атанған аталарым, «Фанаты» боп өзгерген жаңа аттармыз; Қауырсыннан жетілген қанаттармыз, Допқа балап жер шарын, сондықтан да – Футболға табынатын фанаттармыз! *** Фанаттармыз, қызбалау, қызу қанды, Жек көреміз мүлейім құбылғанды. Арна іздеген асаулау толқындармыз, Кететін кезіміз көп бұзып жарды, Түзетеміз, тымырсық «түзу» жанды, Дос етеміз «Дискодан» «бұзылғанды», Хош көреміз тау-тасқа ұрынғанды, Жек көреміз қуыршақ «түзу» жанды. Рас, Біз, Фанаттармыз қызу қанды! *** Бетховен сонаттарын тыңдағанбыз, Сонат керек! От керек, бізге нағыз. Баратынский, Пушкинді оқығанбыз, Қамалмаймыз тарихи жырға жалғыз, Пушкин керек, бұйра бас өзімізден,

Блюджинсы фанатпыз біреулерге, Біреуге – шұбырған ұл, шулаған қыз... *** «Фанаты» деп от шашып көзіңізден, Қар жауғандай қаһарлы сөзіңізден. Кіналапсыз «Спартак» жанкүйерін, Доп тебуді үйренген өзіңізден. Тихоновпен1 доп қуған, «Фанат» болған. Бір ауыз «ләм» демепсіз кезіңізден, Торайға теңеп бізді көгалдағы. Үмітіңіз қалайша тез үзілген?! *** Ғашықтықты сөге ме ел, құлай сүйген, Жараспайды депсіз сіз: «бұлай сүйген». Жүрек ісі қашанда жанкүйерлік, Ақылдасып тұрады кім «ойшылмен». Фанаттармыз, өмірді құлай сүйген! ... *** Білеміз, сіз ақынсыз, ұлы ақынсыз, Сізді де ұнатамыз – «кіл ақылсыз». Сізді де, оқимыз біз құлай сүйіп, Құлай сүйіп, тыңдап біз тұратынбыз, Құлай сүю «фанаттық» болса егер, Ақын да жоқ сенімнің мұратынсыз! ...

  1. В.Тихонов. Шайбалы хоккейден СССР құрама командасының аға жаттықтырушысы.

Әупілдек

Ғайыптан бір күш еніп. Қанат-құрық желкілдеп. Күн шығарда күшеніп, «Әуп! Әуп!» - дейді Әупілдек. Құс тілінде ұғысқан, Сұрағанға себебін. Дейді екенсің: «шығыстан, Күн көтеріп келемін!». Жауабың да кесек тым, Залалы жоқ құс едің. Сен туралы өсектің, Арасына түсемін. Ата-баба тегінен,

Армандауға жараған. Аңғал құсым сені мен, Ақтап алам жаладан. Алдап соғып халықты, Сырттан айтқан үкімін. Жек көретін жарықты, Жаласы ғой үкінің. Көрік берген көлге әсем, Естілмейді атағың. Жасыдың ба, әлде сен, Былшылынан бақаның. «Әуп!» деші кәнеки, «Әуп!» дейін мен қоса. Күн келеді әнеки, Қолдасайық болмаса... Бояу сіңіп нақылға, Болды істің болары. Көтерейік! Мақұл ма, Қызыл күнді жоғары. Күн шықты деп ұғынсын. Әупілде де қорғалат. Қуысына тығылсын, Жапалақ пен жарқанат. Ақиқатқа жетер ме, Арманы жоқ – сормандай. Күнді көтер, көтерме, Әупілдей бер қорғанба! «Қоян» қыз

Құлдануға, құл болуға қарсымыз, Бірақ, біздер сұлуларға жалшымыз. Кілең жігіт ұмтылушы ек көмекке, Кілем қақса, қақпа алдында көрші қыз. Сұлу еді, сүйкімді еді, көпке үйір, Кердендікпен, кербездіктен – жоқ түйір. Көріп қалсақ көтерістік, жабылып, Сөмкелерін, сеткілерін – тоқ бүйір. Тілдескенде бір суынып, бір қызып, Шығушы еді екі бетке күн жүзіп. Дүкендерде, шұбатылған кезекте Жіберуші ек алдымыздан кіргізіп. Көпке дейін көрінбесе сағынып, - Қарындас! – деп хал сұраушы ек, жабылып. Іздейтінбіз түлдің де бір гүлгүлін Мерекеде сыйлау үшін сабылып.

ІІ Ойламайтын өңі түгіл түсінде, Бір іс болды автобустың ішінде. Біздің көрші біп-биязы, сызылып, Отыр екен күлім қаққан пішінде. Қандай сымбат, қандай ғажап мүсін деп, Отыр көздер ту сыртынан ішіп-жеп. Сыпсың сөзі әйелдердің әулекі, Қалай ғана көлеңкесін түсірмек?! Кондуктор кеп, сап етті де, ойда жоқ, Сұрады одан: - Билетіңіз қайда деп? Қыз үндемей теріс қарап кетіп ед, Жуан әйел жұлқылады: «Әйда» деп. - Ұятсызын қарашы өзін, бір емес, - Екі емес, жасайтыны кіл егес. Талай рет «Қояндығын» кешіргем, Алғашқысы, ең соңғысы бұл емес! Сұлу жүзі сұп-сұр болып, суынып, Долылықпен бұлқан-талқан буынып. Бес тиынға беттің арын төге сап, Кетті сұлу автобустан қуылып. Тістеп бармақ, амалым жоқ басқадай, Тұра бердім төменшіктеп, масқарай! Бір уыс боп бара жаттым, бүрісіп, Қытымырдың қолындағы ақшадай... Жайып едік қарындасқа біз құшақ, Быт-шыт болды аяулы шақ, ізгі шақ... Арын сенің төгілмесін алтыным, Автобустан түсіп қалған қыз құсап!

Уақыттың кеткені-ай, өтіңкіреп Уақыттың кеткені-ай, өтіңкіреп, Жеткізбедім тұрғанда, жетіңкіреп. Өткізбедім тұрғанда, өтіңкіреп, Күндерімнің жүргені-ай жетімсіреп. Жүдеу емес, толықтау секілді едім, Импорт товар секілді өтімді едім. Осынша азып-тозып, жүдеп-жадап, Қу көңіл қанағатсыз не тіледің?! Жастық шақтың өзі де шабыт білем, Бұл күндерім сидиған, арық кілең. Талай-талай тұтқасын жұлып алған, Есіктерге именіп, қағып кірем... Асау

Білемін мінгі білсе мінгескің бар, Шағыр көз, шәлкес мінез бір бестім бар. Арда емген, ауыздықсыз ақ бестімді, Ат емес аю дейді білмес мұндар. Жайылса жайылады ол саяқ жүріп, Жылқыға қосылмайды еш таяп жүріп. Шыққанын биыл бесті бір-ақ білдім, Құрықсыз құлын кезден аяп жүріп. Ер салып, алынбаған ащы тері, Сондықтан қатты болар басы, тегі. - Піштіру керек! – дейді қатал әкем, Жұп-жұмыр ақ байталмен ашына еді. Келтіріп, баптай білсе зар бабына, Толады Толыбайлар талғамына. Білемін даңқы жетер, талай тойда, Ертістің ар жағына, бер жағына. Білмейді ол ережесін, бәйге заңын, Татпаған бақ-даңықтың емге дәмін. Көтеріп аруағын аталардың, Жетпеген жүйріктігі елге қалың. Ұсынар бас тоғызын, сыйды кімге, Қашаннан ол халықтың билігінде. Тілеймін әркімдерге шын жүлдені, Белгісіз белдеудегі жүйрігіне!..

Әдемі махаббаты ... Үйрендің сиқырлықты қай бақсыдан?! Көзінді шұқып алса – ойнақшыған. Бұрқылдап шабынасың әйел көрсең, Бурадай күлге келіп аунақшыған. - Махаббат бар ма, жоқ па, кім біледі? Деген сөзің жанымды күйдіреді. Әдемі махаббаты әр қашанда, Әйел құмар еркектер бүлдіреді. Параллель түзулер Бойлығында бар әлемнің, Ендігінде бар әлемнің. Сен маған параллельсің, Мен саған прпллельмін; Келсең де ере бергің, Келсем де көре бергім, Мен саған параллельмің, Сен маған параллельсің!

Мәңгілік қиысу жоқ, Мәңгілік түйісу жоқ, Мәңгіге ..., қызыққанбыз, Мәнісін біз ұққанбыз, Мәңгілік сызықтармыз. - Болмаса түйісу жоқ, Мәңгілік сүйісу жоқ! – Демігіп дегендерге, Біреулер сенер демде... Ендеше қараңдар: Анау дала-жондарға, Қара май сіңген теміржолдарға, Созылған жер үстіне, ГЭС-тердің желісіне, Гитара қылдарына, Телеграф сымдарына, Шекара шептеріне, Домбыра шектеріне, - Жоқ, жоқ – деп желіккендер, Алқынып деміккендер, Сүюден зеріккендер! Біз сондай түзулерміз. Ешқашан түйіспейтін. Ешқашан сүйіспейтін, Бірінсіз бірі жоқ, Бірінсіз күні жоқ, ... Созылған параллель боп, Мәңгілік махаббаты. Сынға – сын (Болған жағдай)

Өзгертеді салтын кім?! Өлшемі бар әркімнің. Арзандаған кезі көп, Алтын-екеш алтынның. Дәл маймылға айналар, Тәтті тілмен майдалар. Жақсы дейтін – жақсыны, Жаман дейтін – жаманды, Хас жігіттер қайда бар! Айыптылар – ақталған, Айыпсыздар – сотталған. Дарынсыздар – мақталған, Дарындылар – датталған. Оқиғасы қап-қалың, Өтіп жатыр апта, күн, Асыл дейтін асылды, Ағаларды таппадым... Деп өлеңімді оқып келе жатқанымда бір оқырман орнынан атып тұрып, жырымды түгел аяқтатпастан күтпеген жерден сұрақ қойды: - Бір қиянат сезілсе, Ел сынағыш өзің ше?! - Міңгірлеймін мен дағы, Мықтылардың көзінше!.. «Ыңғайы»

- Уәде болмай жылдағы, Ыңғайы келмей тұрғаны. Ыңғайы болса соғарсың, Ыңғайлы кезде бір тағы. - Адамды осы құртады, Ыңғайы болмай тұр тағы. Ыңғайлы кезде қысылмай, Ыңғайын тауып кір тағы. Болдым-ау саған мен ермек, Сан соқтым талай сенем деп. Шығарып салдың ыңыранып, «Ыңғайы келсе көрем» деп. Келіп те көрдім, келмей де, Сеніп те көрдім, сенбей де. «Ыңғайың» келсе мендейге, Дөкейлік қалмас сен «Дөйде!» Таусылмайтын «АРМАН» Ескі аңызға үңілді, - Ең бір асыл нұсқа деп

Тыным алмай жүгірді, - Тұңғыш кітап шықса – деп. Болып алды ер тіпті, - «Дача» алуға толса – деп. Екілене ентікті, - Екі кітап болса – деп. Ой жапсырып құранды, - Соңғы болсын күшім? деп Үшіншісін шығарды, Мүше болу үшін так. Жаза-жаза өлеңді, Көзін жазып – өнерден. Сөрелерде көнерді, Ақын емес – өлермен! Нарқын ұқпай қымбаттың, Шәлем-шалыс мінезі. Өзі жазған жинақтың, Оқырманы бір өзі. Арман және қинап жүр, Шимайлайды толғана. Жаңа жырын жинап жүр, - Оқырманға? - «Волгаға!» Әттен, әйелсін ғой...

Тросстайын үзіліп қалған бұрымың да, Айтшы өзің: құлмын ба, әлде ұлмын ба? Шығарма деп сені мұңнан сүйрелеп, Өзім де келіп баттым тағы бір мұңға, Айтшы өзің: құлмын ба, әлде ұлмын ба?! Бірдеме айтшы! Өз сорымнан көрейін. Үндемейсің. Сенің түгел кенейің: Еркек болсаң жібермес ем есемді, Әйелсің ғой, әйелсің ғой не дейін... Төрт тарау – төрт таңдау Бір биеден ала да, құла туар, Төрт балам бар, төрт түрлі мұраты бар. Бірі – дәрігер, юрист, бірі – актер, Болам дейді, түрі жоқ тұра тұрған. - Бала шіркін – десек те – не біледі?

Сүйсініп, сүйгеніне жүгіреді. - Боксер болам! – деп кенжем кекіл қойған, Шіп-шидей білектерін түрінеді. Өзім ғой сүйенері, тіреуі де, Бәрі де жете көрсін тілеуіне. Күдіктенем ..., тек қана неге оның, Мен боламын демейді біреуі де?! Сағиға хат

Сағи аға, сау-саламат жүрсіз бе?! Өлеңменен күн туғызып, күнсізге. Өлеңменен тіл бітіріп, тілсізге, Борыштармыз сондықтан да біз сізге, Жыр-жүрегі дүрсілдей бер, дүрсілде! Сағи аға, Семей жақта қыс әлі, Қыс күніндей қатқыл көңіл құсалы. Қысқа күндер қадамымды тұсады, Жеткізбеді жаздың жылы құшағы, ... Семей жақта қыс әлі ... Үміт – Арман бір тұтанып, бір өшіп, Келем мен де көппен бірге ілесіп. Сонау күндер ашулы еді, мың есік, Қалды содан тұтқасы жоқ бір есік, Оның өзі ашылмайды сіресіп, Қырық деген келе жытыр түн өсіп... Ен даланың самалын да бөлетін, Тауларымның маралын да бөлетін. Ақын көрдім «бөлініске» сенетін, Ақын бар ма, ар алдында өлетін, Сол жүректің сыдатады өлі етін. Секілденіп бөлінбейтін ана әні, - Сіз даламның бөлінбейтін самалы. Төрт тараптан соғатұғын аймалап, Төрт тараптан жырлайтұғын таң әнін, Сағи аға, сізді сырлас санадым, Сағи аға, Сізді мұңдас санадым, Тарқатысқан өлең-сауда базарын. Қырандармен бірге қонып, бірге ұшпай, Өз көлімді қорып қалдым қызғыштай. Өз тауымды қорып қалдым, - Шыңғыстай, Өз өлеңім ыстық болып, - Тұңғыштай, Шырық айналдым, шыға алмадым – қызғыштай. Көлдер бар ма, мәңгі мұз боп қалатын,

Қондым мұзға, талғаннан соң қанатым. Көкше мұздап сәлем айтқан – Көктемге, (Көкегі жоқ шақыратын өз атын), Сол жырларым «Ғашық тілі» болатын, Көлемі де пышақ қыры болатын. Шаң бүркеніп, сарғыш тартқан үстіне, Сол жинағым көзіңізге түсті ме?! Кім шығарар үстелінің үстіне, Не айтармын қолында бар күштіге, Сол жинағым көзіңізге түсті ме Ұнамаса, көлденеңнен бір тартып, Хат жазбай-ақ, ырғалтып та жырғалтып. Терезеден жіберіңіз лақтырып, Соңғы ірет ұшсын байқұс бір қалқып, Көрінсе де кімге дұрыс, кімге артық, Сол сауап қой, жатқанынан дым тартып. Арыз емес, наз секілді хатымды, Былғамадым атап және атымды. Біреу біліп, біреу білмес ақынды, «Пәленшемін» деп жату да артықтау, «Ғашық тілі» өзі айтпаса затымды, Көкше мұздан ұшып шыққан ақырғы...

Бауыр Бауырым-ай!... Қағілез бауырым-ай, Қас-қабақты тұратын танып ұдай. Сезіміңде соқты ма, дауыл ұдай, Жалғыздардың қашанда жары құдай, Өшіп-жанған шырпыдай, жарығым-ай, Мына өмірдің салмағы-ай, ауырын-ай, Бауырым-ай, езілген бауырым-ай! ... Бауырыммен бір біткен бауыр едің, Ауырудың ішінде – ауыры едің... Мендегі бар бауырға ем тапса да, Саған бауыр, таппадым дару, емін, Дәрі деген қалайша ғаріп едің, Сондықтан сағат санап желінемін, Бауырыммен бір біткен бауыр едің, Егіз бауыр жаралған бір енеден. Сен ауырсаң жан құрсын жүдемеген. Қос бауыры езілсе, кім шыдайды Көңілі – тас, болмаса жүрегі – емен,

Егіз бауыр жаралған бір енеден. Білмеймін езіп-езіп, кім үгіткен?! Мендегі бар бауырдың күні біткен... - Алғыз – дейді, білгіштер – бір-ақ сылып, Алғызбаймын. Шыдаймын бір үмітпен, Жұбана алмай, жылаймын – құр үгіттен, Мендегі бар бауырдың күні біткен. Білмеймін езіп-езіп, кім үгіткен?! Ал, мендегі бауырдың күні бітсін, Алғызбайын, көнейін, ұғынып шын... Сені сақтап қала алсам, Сен сөйлеші, Мені өлтірмес өмірде бір үмітсің..., Ал, мендегі бауырдың күні бітсін! Розаға рым (Әнші жерлесім Рымбаеваға)

Бұрын да, бала кезде ірі емес ең, Шап-шағын тұлғаң нәзік түрегесең. Қаршадай қаршығаның балапаны, Жып-жылтыр жүзі емес, жүрегі әсем, Не керек бір центнер салмақ жинап, Болды ғой әннен сұлу жүдемесең. Қаршадай қарындасм, жүрегі әсем! Бас ұрып, табынбаймын атағыңа, Қол жайып, бата берген атаң мына. Әндегі ерлігінді қоямын мен, Апайың Әлияның қатарына. Келмейді арып-талмай зейнет тегін, Әніңмен ақтара бер бейнет кенін. Үніңмен аузын ашқыз француз бен, Арғымақ ағылшынның бойжеткенін. - Роза! – деп талай ақын жыр жазыпты, «Мақтаудан» мына ағаң құр қалыпты. Даңықты көтере біл, дала қызы, Даладай мызғымайтын бір қалыпты!

Ерке жирен (Ақсуаттық атақты ат бапкері Хамза ақсақалға) Шабандоз тақымдарын қатты қысып, Ат кетті тұрған жерден атқып, ұшып. Артында ақсақалдар салды ұран, Тымақты онды-солды лақтырысып.

Қаршадай тізгін берген жас балаға, Қазақта бәйге десе ес қала ма?! Хамза қарт «тәуекел!» деп күбірледі, Бұл тойға бір жиренін қосқан о да. - «Майлышат» - майлыаяқ шат, медет бер деп, Жерінде ұлы Мұхтар жебеп көр деп. Бұл тойға келіп қалған Ақсуаттан Баптаған Ерке жирен себепкер боп. Ерке еді құнанынан қолында өскен, Тар қия Тарбағатай төрінде өскен. «Жануар мені жерге қаратпа» деп, Артында қала берді көрінбестен. Бар мұнда Өскеменнен «Киік қара», Көп аттан бітімі өзге – биік, дара. Бар мұнда Шұбартаудың шаң тимесі, Ат екен жал-құйрығы сұйық қана. Бар мұнда Керекудің «Кер төбел», Ат емес өз елінде ертегі еді. Жылмиған кілең жүйрік елу төрт ат, Ауданда озып келген – ең төмені. Бапкердің атқа шапқан жалғыз ұлы, Бар мұнда Қарағанды «Нар қызылы». Топ жарған «Топай көгі» - Балқаш жақтан, Бұл тойға қосылыпты ең қызығы. Күлтелеп кекіл-жалын баптамаған, Секілді Сарыарқадан ат қалмаған. Шаң борап шабысына шапқан аттың, Бейне бір дауыл күні өрт қаулаған. Дүркіреп сеңдей жосып келеді аттар, Бәрін де ел намысы – аманат бар. Бір шоғыр таяп қалды құстай ұшып, Ішінде қылаң ат бар, баран ат бар. Шоқтай ғып жал құйрығын келте түйген, Келерін көкірегіне ерте түйген. Халықтың көрген көзін сүйсіндіріп, Алдында келеді әне, Ерке жирен. Жай тастап, құлашын кең сермегендей, Болмапты төрт айналым терлегендей. Зу етіп өте шықты жұрт алдынан, Ентігіп, демікпестен өнгелердей. Қалады шама жетсе кім егеспей, Қашықтық бұл ат үшін сын еместей. Тұлпары пәленше екең, түгенше екең, Деген сөз бұл жиренге түк еместей.

Жұлдыздай соңғы айналым ағып келеді, Келгенін Ерке жирен халық көрді. Көзіне жас тығылған Хамза қартқа, Қалың жұрт «шүйіншілеп!» шауып келеді. - Өзінше жүйрігі бар әр даланың, Қызғанса озған атты таңданамын. Бір жолға бас бәйгем де халықтікі, Мұқаңдай ұлы жанға арнағаным. Деп бапкер көзін сүртті жеңіменен, Қуанып балаша мәз еліменен. Құшақтап Ерке жирен мойынынан, Иіскеді моншақ-моншақ теріменен. «Пірәдар»

Заманымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов Кавказда, курортта жатып, өзі арнайы заказбен жасатқан қолға ұстайтын таяққа «Пірәдар – Ғабиденге, Мұхтардан» деп жазғызып, әдемі таяқты сыйлыққа жіберіпті. Бұл өлең академик жазушы, мархұм Ғабиден Мұстафиннің Семейге келген сапарында көз алдында оқылған.

Бір куротртта, Кавказ барған сапарда, Көк теңізге күн қызарып батарда. Қайран Мұхаң Алматыны сағынды, Тұстастарын бірге жүрген қатарда. Әрбір апта секілденіп жыл оған, Шын сағынды құрбыларын ұлы адам. Жанарында қалды күннің жарығы, Сырғып барып тұңғыйыққа құлаған. - Хат жазуым керек еді-ау соларға, Оттың басы, үй-іштері аман ба? Жеңіл емес, қашан дағы көш бастау, Жеңіл емес, оларға да маған да. - Деді Мұхаң тебіреніп шерменді, Үлгі болсын ұрпақтарға көргенді. Жан қиыспас, үзеңгілес достарға, Бір-бір сыйлық жіберуді жөн көрді. Көп өткен жоқ хас шеберлік тап салған, - Сылтысаңыз құтыласыз – ақсаңтан. – Деп грузин әкеп берді бір таяқ, Сыйлық болса, артық сыйлық басқаңнан... Заказ таяқ Мұхаңа да ұнады, Поэзия тұнып тұрған бұ дағы.

Енді осыған бір сәлем сөз ойып жаз, - Деп данышпан қиыла кеп сұрады. Содан кейін көп отырды қиналып, Қайда кеткен ұлы сөзге мырзалық. Қайта-қайта бір өшіріп, бір жазып, Сөз түспеді жіберетін ырза ғып. Жұмсақ мінез, жылы жүрек, жаны кең, Жүретұғын өз жолымен, заңымен. «Пірәдарым Ғабиденге - Мұхтардан», Деген сөзді қымбат көрді бәрінен. ... осы аңыз жылы тиді құлаққа, «Пірәдарын» ұға алмадым бірақ та. Сұрап едім шала молла әкемнен, Көк тәпсірін ақтардай кеп бір апта. Тапты білем жауап берді былай деп: «Парсы сөзі, жүрген жан ғой құдай деп. Пірге барып қол беріпті ол кісі, Дұрыс па екен Рахымнан1 сұрай кет». Құртып еді дегіберімді, діңкемді, Молласыз-ақ ұқтым кейін бұл сөзді. Ана сүттей ана тілдік қорына, Табы ыстық тамаша сөз тіркелді. Бір қортынды сол таяқтан түйелік, Қалдырғандай Сізді артқа ие ғып. Маңғаз ата, көтере бер нар жүгін, Мұхаң берген сол таяққа сүйеніп!

1.Рахым – Шәкәрім мұрасын жинақтаушылардың сірі, ескішегежүйрік, ғұлама, зерек адам. Той үстіндегі тілек (Абай атындағы Семей облыстық театрының 50 жылдық тойына)

Алтын ордам, ақ босағам, асыл арқау өлеңге, Абыройың тұра берсін, төменде емес, төбемде! Мен сенбеймін театрдың дүрілдеген атағын, Теледидар түгін қоймай тартып алды дегенге. Таласуға уақытым жоқ, данасынған білігішпен, Театр рас, басталады сонау киім ілгіштен. Ілгіштердің кей шегесі босауы да мүмкін ғой, Ал, кәнеки, сол шегені қақ қайтадан тың күшпен! Орны тұр үңірейіп, көп шегенің бірі екен Ортамызда жүрген кеше Нұркең1 мен Сілекең!2 Айкен аға, Гүлсім апай... тағы ұмыттым кімдерді, Өлмес артқа із қалдырған, сол тарландар ірі екен.

Талант тапшы әркезде де, жол бермеңдер пысыққа, Қақымыз жоқ жолбарыстан, айналуға мысыққа. Ұмытқаныың болса егер, оқушы боп ұқыпты, Ұлы Мұқаң салып кеткен дана жолды пысықта. - Көрмегенге күлкі емес, сендіретін сөз керек, Мұқтар аға тұр әнеки, - бықсымаңдар, мазда деп! Түсті есіме... бала кезде театры Семейдің, Қарауылдың клубына ойын қойды жазда кеп. «Еңлік-Кебек» жүріп жатты, шыға келді Еспембет, «Тобықты сенің аярлығыңда талай рет кешкем», деп. Дірілдейді оң қолымда, бүлдіргесі қамшының, Сыңайы жоқ содыр бидің, тіл мен жаққа дес бермек. Алды тағы қамшысын, екі бүктеп сығымдап, Үкімі де қатал еді, кетті құйқам шымырлап. Атып тұрды орнынан, сілкіп тастап етегін, Кете барды көпшілікте жонын беріп, қырындап. Кете барды би Еспембет ғашықтарды сұлатып, Күрсінбеген жан қалмады, өлді екі жас жылатып. Жұрттың көзі қанталаған, ежірейген елеріп, Еспембеттің кеткен жағын, сұсыменен тұр атып. Ойын бітті, біткенменен... тістеді ел бармақты, Бала едім... тас жинадым, тысқа шығып салмақты. Тар клубта топырлаған ел тарамай, кимелеп, - Еспембетті шақырып бер, өлтіреміз! деп жатты. Шын таланттың ойынына, шындығына жетер ме ой, Еспембет те қауыптеніп, жасырмапты бекер бой. Өлтіреміз деп жүргені Еспембетті ойнаған,

Нұркең1, Сілекең2 – Нұриден Атаханов, Сіләмбек Қыдыралин, халық артистері. Өзіміздің қадірменді Қыдыралин екен ғой... Аңқау бала сол қылығын, қадірмен жұрт кешірер, Шыға берсін сахнаға асыл ару, есіл ер. Той күнінде менің айтар жалғыз ғана тілегім: - Обаевты1 шақырып бер, «өлтіреміз» десін ел!... 1.Обаев Есмұхан – театрдың бас режиссері, Қазақ ССР-інің халық артисі. Қазір атағы әлемге әйгілі болып отырған замандасым, фин ақыныПентти Холопподан төрт өлең Белгісіздік

Ағаш – жанады, Су – суыйды. Зат – ыдырайды, Бәрі де түсінікті. Тек қана: Сені кім түсініпті?! Сенің жарығың, Тастан да өтеді, Сенің наз үнің ұйқыда жетеді. Бәрі елес, бәрі елес, бос елең, Сол елес оятып кетеді. Сен жоқсың, мәңгілік, мәңгілік, Мәңгілік?! Мәңгілік деген сөз жасады әнгүдік. Шарап та Ап-ащы у болды, Өлеңім балдырлы су болды. Ақыры сен жеттің басқа бір жұлдыздан, Бірақ сен елессің ұйқыдан тұрғызған. Аспанда жарығың көлбейді, Жерде де жарығың сөнбейді. Көрдім де мен сені – жарықты, Жарыққа жанарым қарықты. Рахмет, рахмет соныңа, Жарығың шындықты танытты. Сүйесің, сүймейсің белгісіз, Осылай келесің, осылай кетесің, Сол үшін рахмет, ... осы да жетеді...

Жым-жырт жолда Қайдасың сен, белгісіздеудерегің, Жым-жырт жолмен сені іздеп келемін. Қар жауып тұр, Қар әппақ, Жел кезеді кезеңдерде жалақтап, Жел жазықта тосылды, Аң біткендер орман жаққа жосылды.

Сенің әппақ маңдайың да – әппақ қар, Әппақ қарда ой кезе ме, сақтап қал. Жұмбақ, жұмбақ, жанарың да, күлкің де, Сөздерің де – бәрін ұғу мүмкін бе?! Жым-жырт жолда түн басқан, Тұра алам ба, сені соңнан қумастан. Қара түнде әппақ денең ашық жара секілді, Қара түнде әппақ болған ой да ашық, Ұйықтауға кетіп бара жатқандайсың жай басып. Сені іздеймін құшағынан қара түн, Қара жолда талғанымша қанатым. Айналада аңдар ізі шұбырған, Әппақ қардан ойларыңды ұғынғам, Желге мінген жаным сені іздедім, Өзің барсың, көрінбейді іздерің... Сурет

Шам түбінде жалғыз әйел, Жалғыз үміт сөнбейді. Сұр қабырға – сахнасы театрдың, Қабырғада әлсіз көлеңке көлбейді. Тұншыққандай барлық дыбыс, Тыныштыққа өлшеусіз, Өлең рухы күңгірт тартқан, Көлеңкедей – қан-сөлсіз. Тарс жабылған күңгірт есік, Қалғып кеткен – қадалмай: Перде сусып жабылғанда, Ашылатын жанардай!.. Шырақшы Ол кетіп еді, Оралмады қайтып. Жүр ме жолда, Жарығы қолда, Жарықты пір тұтып, Жүр ме, Түнді үркітіп. Жап-жарық тозаңға айналып, Жүр ме, Жер щарын айналып, Көрдім мен шырақшы сәулесін, Түннен құтқарар – сол жарық. Жолы болмайтын Асан туралы (Олжас Сүлейменовтен)

Ғылыми әдебиеттерде «Италияны ашқан кім?» деген сұрақ төңірегінде қым-қиғаш қатты талас пікір көптен бері жүріп келеді. Біздің облыс ғалымдары өз ұлысына «қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын» жерұйықты ідеген аңыздық кезбе, атақты Асан қайғының кандидатурасын ұсынады. Асан қайғы жер бетін шырқ айналып шыққанмен ол болыпөткен елдердің аттары бүгінгідей белгілі атауларға ие болғандықтан оның сапарын қазіргі карта бойынша белгілеу өте қиын. Бір жорамал бойынша ол әлемді есеппен, екінші болжам бойынша қанатты желмаямен кезіп өткен. Асан қайғы ұлы мұхиттарды қайықпен (утла) жүзіп өткен деген де деректер бар. Ең белгілісі – ол қарапайым ғана жан болған, байлықты мұрат тұтпаған, бірақ оны жер бетін тынбай кезіп, іздеп өткен. Жолдастар! Біздің Асан қайғы сонау есте жоқ ескі замандарда ғұмыр кешті, ол аңыздық әдеби кейіпкердің (бірақ әбден заттанған) тұстасы еді:

Сорлы Асанның әйелі – әйел емес, албасты, Тауығы да қораздан болып алған ерқашты. Астауы да кететін талай шелек су сиып, Жатыр есік көзінде – жыртық, тесік, ырсиып, Тебінсе де есегін – бір баспайды қырсығып, Желге қарсы шіреніп, шырт түкіріп алды да: «Бір болмаса – болмайды!» - деді Асан күрсініп. Боқтап-боқтап есегін жетпіс жеті әкеден, Тартты Асан жаяулап барар жерге төтеден. «Кірш» етті де әлде не табанынан от шықты, Теуіп қалған «әлде не» - кірпікшешен боп шықты. Келеді Асан кіжініп, (біреулерге күлкілі) Адамдарға жолына тастай салған кірпіні. Ашуменен булығып, жүрегі де жиі ұрып, «Бір болмаса – болмайды!» - деді Асан күйініп. Келеді Асан... тағы да... шыңылдады құлағы, Ағаштағы тиіндар жаңғақпенен ұрады. Ұстамақ боп тиінды саты ағашпен өрледі, Бәрі дұрыс, бірақ та..., түбірге кеп құлады, Саты ағашы үстіне және келіп сұлады. Құрып еді қабанға кеше қақпан – ұмытты,

Қасынады қолтығын..., келе жатыр үмітті. Ұстаса да көйлектен қанын сорған «түлікті», (Бұл не деген қырсық күн, тәңір атқыр тағы да) Өзі құрған торына өзі келіп ілікті, Қабандары қорсылдап қашқан жаққа аңырап, «Бір болмаса – болмайды!» - деді Асан жабығып. Ал, ендеше, әкеңнің..., аңшылықты тастаймын, Мына өзеннен әрі өтіп, бұл жерді енді баспаймын. Ар жақтағы жағаға егін салам, жер жыртып, Құрма өсірем көрерсің – жапырағын құлпыртып, Ағаштардың ішінде жемістері қайысқан, Отырғанға не жетсін көлеңкелеп, шәй ішіп. Мінді сөйтіп қайыққа – кетті тастап ескегін, Қызық көрді ескексіз қара суды кешкенін. Толқын айдап қайықты көк теңізге әкелді, Алғашқыда қуанды мұны көріп әпенді. Көп ұзамай айдында шағалалар шулады. Қақпақыл ғып қайықты таудай толқын тулады. Көк толқындар дөңбекшіп, тарқатқандай құмарын, Беймәлім бір жағаға қайықты әкеп шығарды, Жалбарынып тәңірге жылады Асан, жылады. Есін жиып қараса: тап болыпты жат елге, Бәрі жап-жас, қарайды – күлімсіреп өтерде. Латынша сөйлейді, бұл көрмеген ғажаптар – Фонтандардан су емес, атқылайды шараптар. Ах, қыздары-ай, қыздары, періштедей көрінген, Бүлдіргендей уылжып, еріп кетер еріннен. Қош бол, Асан, енді сен, елге қайта қайтпайсың, Қош бол, қатын, сен дағы, ұмыт мені, таппайсың. Қақпан, кірпі, доңыздар, сендер де қош болыңдар, Ойнақ салған тиіндар сендер де аман тұрыңдар, Жолды тәңір оңдады, қош, кедейлік – сорлаған! Асанымыз қосымша – «қайғы» деген атты алған, Күлімсіреп Помпейге кіріп келе жатқанда, Атқылады Везувий (Везувий бұл вулкан ғой, сол заманда киелі), Күл мен тастың астында қалды қарттың сүйегі, Бұл мысалдан патриот, мынадай ой түйеді: «Өз жерінен бақыт таппай сандалған, Өзге елде шыға алмайды арманнан».

Екі өлен Татар ақыны Маннур САТТАРОВТАН Тамаша (Әзіл)

Үш күн бойы қыстығып, Келе алмадық байламға. Таласты кеп... үш жігіт, Халил болып ойнауға. Хисам абзый жетекшіміз Деді: былай...ойлаймын. Пьесада үш Халил жоқ, Халилді өзім ойнаймын! ... Көрермен көзін сүздіріп, Спектакль басталған. Тальян гармонын сыздырып, Халил жырлайды бақшадан: «Терезем түбі тәтті бал. Тамсанып тұрсаң – татып ал. Сүйгенің сәулем, шын болса, Ғалиябану, сұлуым – еркем, Терезеден тартып ал!» Ғалиябану қолын созды, Тартты, - күші жетпеді. Терезеден – Халил және Шырматылып кетпеді. Қыз әкесі келеді енді, Болысуға Халилге, Аяғынан демеп еді, Өзі тұрып төменде; Халил тағы ұмтылады, Ішке енуге әйнектен. Сыймай қойды, - ышқынады, Әуре болды, ол тектен. Әйелі айтты тұрып залдан: - Азаптанба, Хисам – деп Не шығады, бос тырмысып Есіктен кір, сисаң деп! Әйелінің бұл кеңесін, Қуаттады жарты зал... Естіледі Халил жыры: «Есігіңнен тартып ал!»

Табиғи сурет (Шет ел сықағынан) Суретке түсті екеуі: - Ұлы менен атасы. Пошымдарын қарап ап, Былай деді фоташы: - Ау інішек, бет алдың, Көлеңкелеу, басың бұл. Оң қолыңды атаңның, Мойынына асылдыр. Әйтпесе бұл сурет, Табиғи боп шықпайды. - Күл кішкене, көрсін жұрт, Жүзінде жоқ, түк қайғы. Атасы айтты: онда ұлым, Отырмасын жай, мына... Табиғи шығар суретің, Мініп түссе мойныма. «…Әлхиса» (Н. Тілендиевке)

Назданса Нұрғиса-күй, «Әлхиса» күй, Кетесің «ә»дегеннен әліпін таный. Үлбіреп күй тілінен төгілгендей, Сусылдап кілең жібек, кілең шағый, Өртеніп дүние жатсын жұмысың жоқ, Желпінтіп жан дүниенді, қыздырса күй, Иітіп алпыс екі тамырыңды, Қайнатып жүрек түгіл, қыздырса ми. - Ой дүние-ай! деген сөзден басқа амал жоқ, Назданса Нұрғиса – күй, «Әлхиса» – күй, Сызылып сыбызғы үні, сырнай гулеп, Боздайды қобыз үні «тыңдай біл!» деп. Шерменде шертер үні сұңқылдаса, Жетіген бүлкілдейді «мұндаймын» деп. Бебеулеп сағағында безілдейді, Домбыра қолды-аяққа тұрмаймын деп. Дауылпаз дүркіресе жай шақырып, «Атасын тыныштықтың ұрмаймын» деп. - Ой дүние-ай! Соның бәрін Нүкең билеп,

Тұрады-ау, күй тәңірі – «құдаймын» деп!.. Көзқарас

Бауырында асау аттың ері кетіп, Біреулерді құлатып, еңіретіп..., Өмір өтіп барады, өмір өтіп... Қарттық та – сынық келсап, келі-кетік, Ілгері басқан аяқ кері кетіп, Өмір өтіп барады, өмір өтіп. Біреуге жалғыздықты серік етіп, Біреуге құр үмітті – сенім етіп. Өмір өтіп барады, өмір өтіп. Жүргенде әр нәрсеге көңіл етіп, Үлгермей еш шындыққа көзі жетіп. Өмір өтіп барады, өмір өтіп. Аққан уақыт..., бәрін де салар ауға, Салар ауға, шығарар жағалауға. Ақиқатын өзі айтар, қарап тұрып, Асықпаңдар адамдар бағалауға: Өтіп кеткен уақытқа шара бар ма, Өтіп кеткен өмірге дауа бар ма, Өтіп кеткен адамға таба бар ма, Асықпаңдар, адамзат бағалауға, Асықпаңдар, өткенді табалауға, Өмір кеткен өмірге шара бар ма?!

Ақкөбелек О, саған бап та керек, бақ та керек, Құпия сырларымды сақта бөлек. Жап-жасыл жапырағыма қонақтаған, Жаздағы қайда кеттің ақкөбелек? Дос едік қарамай-ақ қас-қабаққа, Кеттің бе, көктем іздеп басқа жаққа. Сен әлде қонақтадың – қу бұтаққа, Сен әлде қонақтадың – жас сабаққа. Дүниеде ұмыттың ба мен барлығын, Біреудің бақшасында нең бар, күнім. Сау ма екен, көргендерің айтыңдаршы, Қағаздай қанатында мең бар тұғын. Нұрымен сені әлде ай теңседі, Көтерші, жарқ-жұрқ етіп қайта еңсемді. Сауықшыл, сайран қуып ұшып-қонған, Гүл құмар мінезің-ай, қайтем сені?! Екінші бөлім:

МҰНДАСУ

Мезгілсіз мерт болған жалғыз ұлым Ерланның рухына арнаймын. ... Келмейсің қайтып білемін, Жыладым жалғыз, жүдедім. Мен үшін туған ұл едің, Сен үшін өмір сүремін!..

ЕРЛАН МЕН ЕРТІС

Қоштасу Таңдадың неге жол басқа?! Толушы ең Ерлан он жасқа. Сүйікті едің – туысқа, Сүйкімді едің – жолдасқа; Ақірет жапқан өң басқа, Қара жер батар жанбасқа. Қойынымда жатқан құлыным, Сен басқа енді, мен басқа; Ертістің суы анам-ай, Мейірің енді қанбас па?! Артында қалдым амалсыз, Шығарда екен жан басқа; Үй басқа енді, көр басқа, Болайын берік болмасқа. Анаң да отыр аңырап, Толғандай қара қан басқа; Үмітім едің, не шара, Бола ма деген марғасқа, Көзіме неге көріндің, Өкінтер болсаң әу, баста... Келмейсің қайтып білемін, Жыладым жалғыз, жүдедім. Мен үшін туған ұл едің, Сен үшін өмір сүремін! Баламды айта бермеңдер

Баламды айта бермеңдер, Ерланды айта көрмеңдер. Үзіліп қолқам кеткендей, Осы ма деп ем өлген жер, Осы ма деп ем сөнген жер, Тіріліп қайта келемін, Турасын айтар көргендер; Баламды айта бермеңдер! Жанған ба, қайтіп сөнгендер, Тұрған ба, қайтіп көмгендер, Келген бе, қайтіп өлгендер?!

Үйіме менің келгендер; Баламды айта бермеңдер! Онсыз да менде ұйқы жоқ, Онсыз да менде күлкі жоқ. Көңілді мынау дүние, Көрінді көзге күкі боп, Сабалақ шуда шаштарым, Кетіпті-ау ұйқы-тұйқы боп, Сіздерден сұрар бір тілек: Үйіме менің келгендер, Баламды айта бермеңдер! Онсыз да менде тыным жоқ, Тыншығар тіпті түрім жоқ. Құрдымға кеткен жалғызым, Кісінеп кетті-ау құлын боп, Кеше бар сәби бүгін жоқ, Көшеде жүрген әр бала, Көрінер көзге ұлым боп, Түсімде, тіпті өңімде, Баламды көрмес күнім жоқ, Сіздерден бүгін сырым жоқ: Үйіме менің келгендер Баламды айта бермеңдер! Онсыз да менде маза жоқ, Онсыз да менде шама жоқ. Жанады іште азалы от, Сәбиім емес, сезімім, Жатқандай тегіс қаза боп, Біліңдер соны жаза деп: Үйіме менің келгендер Баламды айта бермеңдер! Мен емес жалғыз шерменде, Жылағам жоқ-ты өлгенде, Құлағам жоқ-ты көмгенде, Жеріме сендім – сенгенде, Еліме сендім – сенгенде, Ездерге мені теңгерме, Қайғыда қатал өң берме, Жөн көргін мейлі, жөн көрме; Мен емес жалғыз шерменде! Жыласам – жалғыз жылайын, Құласам – жалғыз құлайын, Сабырды серік қылайын, Сарғайта алмас уайым,

Сенде бар бала менікі, Сағынсам сүйіп тұрайын. Сау болғай барлық сәбилер, Әке боп соған ұнайын, Ата боп соған тұрайын, Сіздерден тілек сұрайын: Үйіме менің келгендер Баламды айта бермеңдер! Көңіл айту Кеш келіп інім маған көңіл айттың, Баламды ауызға алып егіле айттың. Қайтейін жұдырық боп түйіліп кеп, Жайылған алақан боп кері қайттым. Үйіме көңіліңді келіп айттың, Бір көрген бауырыңа еріп айттың. Қайтейін астан-кестең толқын болып, Жайылып жағалауға кері қайттым. Ағаңа білем інім, сеніп айттың, Көп сөзді көңілдегі теріп айттың. Дәл айттың, тауып айттың, лажым жоқ, Еріксіз ашуымнан бері қайттым... Жекпе-жек

Тағдырына кесесіп, өкпелеп те, Ағаң кетті ажалмен жекпе-жекке. Жекпе-жекте өлермін, өлтірермін, Көз жасынды көл қылып төкпе текке, Жыламайды өлгенге жекпе-жекте. Қолымда қыл жалаулы найза да жоқ, Тап келсе бұл ажалға айла да жоқ. Сағынсаң ара-тұра жырыңды арна, Ағаңды айта алмаймын ойлама деп, Қайғының құрдымына бойлама тек. Сермесең қылышың да бата алмайды, Кезенсең мылтығың да от алмайды. Бұл өзі жеті басты жаудан бетер, Ажал деп тектен-текке аталмайды. Әрине, саған інім батар қайғы. Қолымда алтын сапты қылыш та жоқ, Аял жоқ, жекпе-жекте тұрыс та жоқ. Жайратам ажалыңды отты өлеңмен,

Қарқ болсын өлексесін құмырсқа жеп. Ажалдың жерік болып қан-жынына, Деме сен ағам менің алжыды ма?! Әлі де мың жасаймын жырымменен, Сен өзі сене берме қалжыңыма!... Жұбату

Айтса біреу қайғы бұлтын төндіріп, Мен сөйлеуші ем, қуанышқа сендіріп. Бетіме әжім түсіріппін ертерек, Жылағанды жұбатамын деп жүріп. Ділмәр, шешен айтпағанды айтады-ақ, Жақсы сөзбен жан-жағыңнан ортаға ап. «Қайғының да қуанышы бар» деген, Өз сөзімді қайта-қайта қайталап. Ұят қымбат қашан болсын өлімнен, Амалым жоқ, қайта алмадым сенімнен. Сендім сенің сөздеріңе, үлкендер, Көз жасына сенбеуші едім егілген... Сағынғаннан болар бәлкім, баламды, Аздап-аздап самай шашым ағарды. Өз баласын жұбата алмас жыласа, Жұбатуға жарамаған адамды! Қарауылда қоян жонды тұр қабір, Қоям балам, топырағыңа жылда гүл. Үлкендер-ай, жылағанды жұбатқан, Ризамын, рахмет мың да бір!

Мына Ертіс... Күз келіп қалғаны ма шыныменен, Үлгеріп қыс та келер мұныменен. Ерланым үрпек басты балалармен, Ойнаушы ең жар жағалап күніменен. Достарың жиналатын бәрі осында, Жылы су, ыстық құмның жағасында. «Қол бастап» жүруші едің – Робин Гуд боп, Көсемсіп аңқау ұлдар арасында. Жалғызға жөні бар ғой алаңдамақ, Тұратын терезеден анаң қарап. Кеш түсе сені тауып алғанымда, Күлімдеп қоюшы едің маған қарап: Сол жаға саған да жат, маған да жат!

Көк Ертіс бара жатыр қырын қарап, Дегендей: мен де жатпын, ұлың да жат. Қан шықпас қара судың құрдымына, Қараушы ем жүрек шошып бұрын да жат. Суық су сынаптайын аунақшиды, Түн түсе шет жағасы қаймақшыйды. Мұң басып, мылқау түнде суға қарап, Мінезім мұқалып тұр алмас сынды. Ақ кеме көрінбейді жақындағы, Генерал Карбышевтің атындағы. Ағаштың түсіп жатыр жапырағы, Құлыным су түбінде жатыр ма әлі?! Карбышев болам деген арманымен, Мына Ертіс келе жатыр қатырғалы. Он-ақ жыл жер бетінде жарық көріп, Балам-ау, кеткенің не балық болып. Иіскейтін ара-тұра маңдайыңнан, Толқындар сүйіп жатыр қарық болып! Балықшы қарт есімде

Келемін баламды іздеп су жағалап, Өзімше із кесемін құмға қарап. Қағылез, қалкең құлақ, аңқау ұлым, Білдірмей бір жағадан тұр ма қарап?! Деймін де жалтақтаймын жан-жағыма, Ертістің көз жіберіп ар жағына. - Ох, боже» - деп күрсініп қарт балықшы, Күйбеңдеп жармасады қармағына. Шыдаған жетпіс жылдың салмағына, Қарт екен жете алмаған арманына. - Балық түгіл балдыр да ілінбейді, - Дейді қарт күлімсіреп – қармағыма! Алдында көңіл айту ретінде, Деп саған: мен дайынмын күзетуге. Төрт балам, әйеліммен суға кеткен, Сонау бір соғыс жылы Днепрде... Қармағы дірілдейді қолындағы, Жүрегі жылап тұр ма оның дағы. Ауызы тығындалған бір бөтелке, Ең соңғы гранаттай торындағы. Күбірлеп өз-өзінен әлде нені, Сонан соң шақырады дәмге мені. Үйінен алып шыққан барлы-жоғын,

- Ешь ешь – деп ұсынады – әл береді! - Қалайша өлсе балаң тірілтесің?! Деп жігіт күн қақтаған құрым төсін. Ащылау темекісін ұсынады, Жаға алмай қайта-қайта сіріңкесін... Сол қартқа төрт күн бойы барып тұрдым, Ақылын балықшының алып тұрдым. - Шыққан жоқ балаң әлі су түбінен, Дегенді қабағынан танып тұрдым. Көз ілмей күзетіскен сол арада, Бұл қартты тілім жетпес бағалауға. Өмірден бесінші күн өзі кетті, Қармағы қала берді жағалауда. Сол еді-ау, жанашырым, жақтасым да, Уақыт ұмыттырар, тоқтасын ба?! Ұлымның қабіріне алған гүлді, Апарып қойыңдаршы қарт басына! Су жылып келеді

Боялып бүкіл атырып қанқызылмен, Бүгін мен үміттендім таң жүзінен. Су жылып келе жатыр, тоңдың ба әлде, Құшаққа басқан менің жалғызым ең. Мен де тоңдым..., түн бүгін суық болды. Сар маса маза бермей, буып болды. Жылытушы ем сен жаурасаң демімменен, Ажалды сезіндің бе, суық қолды? Айта алмай жатырсың-ау, бәрін-бәрін, Бәрібір бәрін-бәрін қабылдадым. Жаныңда бола алмадым жаным, жаным, Қасыңнан кешір мені, табылмадым. Қайтейін, Қай тереңге тұрақтандың, Жарылып кетті ме әлде, жүрек қабың?! Әкем қолын созар деп жатырсың ба, Келмеді қол созуға бірақ халім. Созсам да білегімді жетпей қойды, Уақыт жылжыр емес, өтпей қойды. Сенделіп жапа-жалғыз жағалауда, Сорлы әкең су басынан кетпей қойды. Япыр-ай, лаж бітті дауа болар, Бір түтік табылмас па, ауа барар. Япыр-ай, қайда жүрсің адам ата, Япыр-ай, қайда жүрсің Хауа аналар,

Бірдеме табыңдаршы дауа болар! Қанат жоқ, қайда енді ұшамын мен, Қаңғырған қарт төбетке ұқсадым мен. Тоңсаң сен су түбінде шыда қалқам, Жер-анаң жылытар әлі құшағымен! Үш минут

- Үш минут су ішінде шыдайды адам, - Үш-ақ минут» - деймін де шыр айналам. Біреулер қолмен ымдап көрсетеді, Секірді дегендей боп былай балаң. Бәрінің әлем-жәлем кейіптері, Олардың кейіпі емес кейіткені: Сөздерін естімеймін, секілді бір, Бәрі де мылқау кино кейіпкері. Білмеймін неге бұлар сыбырлайды, Құр ғана еріндері жыбырлайды. Ұқпадым мен оларды меңірейіп, Мені де әрине олар ұғынбайды. Білмеймін сақтығы ма, сасқаны ма?! Бір минут өтіп кетті қас қағымда. Құрдымға «тәуекел!» деп кеттім қарғып, Азырақ малтушы едім жас шағымда. Оқ тиген қанатынан құс секілді, Сермеуге аяқ-қолым күш сеиілді. Құтқарып өзімді әзер қалыпты олар, Ойласам қәзір бәрі түс секілді...

Екі жүрек Қарамай алды-артыңа, жолдағыға, Сен де арман шырмалдың ба, торға мына. Жалғызды ап шырқыратып, шыныменен, Ұлымнан ұл сүймейтін болғаным ба?! Неге сен жол белгісін теріс қойдың, Дұрыс жүрем, оныңмен келіспеймін. Баламның тәнін алсаң, жаны менде, Өліспей ешқашан да беріспеймін. Дөңбекшіп кеткенімде көп уһлеп, Бетімді сипағандай кекілі кеп. Бәрібір мен өлгенше ол өлмейді, Соғып тұр бір кеудеде екі жүрек! Үшінші бөлім:

ПОЭМАЛАР

  1. Бозайғыр. 2. Табынудың ақыры. 3. Жұмбақ жолаушы.

Ертегі ғой ескінің, Деме бәрі көнерген. Өткен аңыз өксігін, Жұбата алмай келем мен...

Бозайғыр

Ер бопты дейтін әкем – баяғыда, Жуанбел және жуан таяғы да. Дүр кезде дүркіретіп жылқы ұрлаған, Даугерін отырғызбай аяғына. Қыз аңдып, қымыз ішіп, бозбастапып, Көрмеген жас болса да жә, жасқанып. Қиянды қиқу жетпес түнде торып, Жапанға жата кеткен ер жастапып. Бір жазбай аш бөрідей дара күйден, Әр тұсқа салық салып, оба да үйген. «Бар екен Бұғылыбайда үш мың жылқы, Буданды, асыл тұқым арабимен». Дегенді естіп жігіт айыл тартқан, Тақымда қара шоқпар – қайың қатқан. Көп болса, аттың тері бір-екі айлық, Баруды тәуекел ғып – ойы ұнатқан. Естіген: «Жылқыларын кісі бақпай, Жұрт түгіл, жыртқыштың да тісі батпай, Жатады жайын жылқы бырдай болып, «Саркөлден» суға қанып үш уақыттай». Кеу-кеулеп! Жау тимеген соған әлі, Бай екен қарық болған қағанағы. Малымның «киесі» деп қадір тұтқан, Бозайғыр бастайды екен көкаланы. Созайғыр ел құрметтеп «ие» білген, Араби асыл тұқым сүйегінен. Бозайғыр үстіндегі кісіменен, Дейді екен теңеседі түйе мінген. Ұсынсаң қол жетпейтін шоқтығына, Көз жетпес – аштығы мен тоқтығына. Сұпыдай сұлу, таза жануардың, Сәулемен көз қарыққан ақтығына. Ақ түстен келе-келе бозаң шыққан, Төрт тұяқ тиген жерден тозаң шыққан. Кекіріп, кеңірдектеп қымыз ішіп, Қосбасы ұзамаған – қазандықтан. Күзет жоқ, күз болмаса жаз айында, Үш мыңның салмағы жоқ ағайынға.

Жайлауды жатады екен қан сасытып, Май жұтып мал иесі малайы да. ... Ақбуырыл сақал жапқан жүзін қаулап, Қып-қызыл иегімен қызыл қаужап. Малмаңдап мал иесі тер сасыған, Саудырап үстіндегі құлын жарғақ, Буылтық тері шалбар бұтындағы, Бүркіттей қомағайлау жұтынғаны. Жетпісте қырқа матап, қалың беріп, Қолына құс қондырып қутыңдады. Осындай Ьозайғырдың «Байекесі», Бір жұрттың тізгін ұстар, ел әкесі. Ат майын ағайыннан аямаған, Өзінше бұзылмаған берекесі. Бұғылыбай үш мың біткен – кәрі де осы, Ұрының бетке алған әлі де осы. Әкелген бір ғасырды көз алдыма, Әкемнің қолындағы «кәрі досы».

Көп күндер талғажу ғып құр үмітті, Ай жортқан айдалада – ұры мықты. Сам батып, жұлдыз туа жалғыз атты «Саркөлдің» ық жағына ілігіпті. Батысы балық төбе, жоталы бел, Алды өлке – қалың қамыс, қопалы көл. Әр тұста от жылтылдап, тииері үрген, Сірескен «Сарыкөлдің» етегі ел. Дем тартып, иіс сезіп, тың-тыңдаған, Көп тұрды дөң басында сырқынды адам. Желп еткен жел лебіне құлақ тосып, Жұтынса жұтқыншағы бұлтыңдаған. Жабысып ат жалына тыпыр етпей, Жасаған тастан қашап суреттей. Сыр түйіп, Саркөл жақтан сарын аңдап, Тесіліп тұрып алды ұры кетпей.

Соғарын іші сезіп желі оңтайдан, Сарала шақшасын ап көп ортайған. Еңкейіп ер үстінен насыбай сап, Жымқырды астыңғы ерінін – сәлтомпайған. Тұрды ол ендігі ісін ойға салып, Жұрт жатпай жылқы алу – далбасалық. "Қапсысыз түн ортасын тосайын" деп. Арқасын асықпапты кеңге салып. 3.

Шақ екен үркер туған тас төбеге, Ұйқы не, өзіұрыжаснемеге. Келіпті салып-ұрып аш қасқырдай, Қарайлап ес тоқтатпай ештеңеге. "Таптым деп жылқы бетін дұрыс қалай?! "Күмп" берген басқа жаққа жылыстамай. Жас көкті пыр-пыр етіп жүре шалып, Жылжығанқалыңжылқықұмырсқадай... - Бағынып, бас ұрсамда "Байекем" деп, Бермессіңқотыртайды бала екендеп. Бір үйір қысыраққа жиендігім, Татиды тақсыр–еке, тәуекел деп. - Жолын бер жортуылдың, а құдайлап, Кетіпті бөліп алып, қуып, айдап. Қыр асып, темңрқазық бетке алған соң, Шет-шетін шоқтай қылып, бірыңғайлап. Аздан соң жұлдыз сиреп, айда батқан, Түріліп таңның түсі сарқабақтан. Жылқыалған жалғыз ұры ұзай берді, Ащы тер тебінгіден сорғалатқан. Қызарып күнде шыққан – дүниекеңіп, Ашылып айналадан дүрия – көрік. Су-сылдыр, жапырақ – сыбдыр, құстар ду-ду, Жасаған табиғатқа күн иелік. Тағы бір жотаны асып, белең етіп, Қайқаңға көтеріле жаңа жетіп. Бір сәтте тізгін тартып тұра қалған, Жат дүбір сарынына елең етіп. Астында тыңнан мінген Қарақасқа ат, Қорғанбай көп болса да жағаласпақ. Шешіп ап шекпенінің бір жақ жеңін, Түріңді түкті қолын жалаңаштап. Кетіпті қалың жылқы шатқа құлап, Болмайды майдан бермей жатқа бірақ. Шорт байлап тақыр басын орамалмен, Түкірді алақанға шоқпарын ап. Қарғытып қаракерді, шыр айналып, Қанталап екі көзі, ылайланып. "Ұрысқа иек артпа қолайлы" деп, Тосыпты тар қолтықтан, былай барып.

Қараса көз айырмай құба белден, Жат дүбір қуғыншы емес, қуа келген. Жалбырап қалың жалы күнмен ойнап, Арқырап жалғыз айғыр шыға келген. Рулы ел, ұрымдағы халық білген, Бозайғыр осы екенін танып, білген. Көз салып, ер үстінен мойын созып, Ұрының көңіліне қауіп кірген. Ошақтай төрт тұяқты дала сүйіп, Кеткендей кеңсірікке бала сыйып. Қырындап тұра қалған, билеп басып, Тұқыртып қаз мойынын доғаша иіп. Қыздырып қара темір – салғанмөрді, Санында "шөміш" таңба – Найманбелгі. Ұрыны шыркөбелек үш айналды, Жекпе-жек шақырғандай майданға енді. Тіл бітсе сөйлер еді пенде құсап, Арам тер болма дер ед өңге құсап. Болғанда сенде сойыл, қара шоқпар, Төрт тұяқ тіліп түсер – мендепышақ. Перзенті екеумізде кең даланың, Сүмелек ұрылардай болма жаным. Күрек тіс қыршып түссе қыр арқаңнан, Қор болып қала ма деп қорғанамын. Тұлғаң-ай! Сұп-сұр болып түсің қашқан, Жалынды жас екенсің күшің тасқан. Елің тап, аманыңда бас сауғала, Артыңда қуғыншы бар тісін басқан. Қосарға ап кілең жүйрік, ат парлаған, Келеді оншақтысы "Аттандаған!" Сен тіпті мен білетін ұры емессің, Байқаймын... Бас шайқамай тоқтал маған. ...Тіл бітсе сөйлер еді, сөйлер еді, Алыспай айтқаныма көн дер еді. Бөгемен алдың ашық, жолың болсын, Бөгеме, дер-ақ еді сен де мені. Артыңда анаң бар-ау алаңдаған, Жапанда сені күтіп салаңдаған, Жалғызы болармысың сен біреудің, Жалғызға жақсы басты амандаған. Кекілін сілкіп тастап, қалқалаған, Жанарын бір төңкеріп қанталаған. Дегендей, оқыранып жер тарпыды, Бол енді! Жауың жетер анталаған.

Алды-артын жас ұрының орап, қалмай, Бозайғыр осындай бір сөз айтқандай. Тап бермей, біразырақ ойқастады, Табиғат тәкаппар ғып жаратқандай. Көрмеген тар кезеңде ол қатты егіліп, Тап берді, қапталдасып-ат тебініп. Айғырдың басын кезей сілтеп еді, Кетті ұшып, ұзын сойыл қақ бөлініп. Қалғанша екінші рет қатты ұрып, Бір сілкіп, сұлу басын жалт бұрылып, Жығылмай, жымырып ап қос құлағын Жануар жөнеліпті – қалтқұбылып. Ізіне ұры түссе шырақ алып, Бозайғыр тепті, "омпа" тұра қалып. "Қарш" етіп, ауыз салып, шырқ айналып, Айқасты хас батырдай бұ дағы анық. Бағынған Бозайғырдың айбарына Ұрының жылқы көнбей айдауына Ол әрі, айғыр бері қайырады, Жалт беріп, бұрса дағы қай жағына. Бірі – адам, бірі – хаюанбақталасып, Алалмай бірін-бірі, көп таласып, Жүргенде, қуғыншылар дүбіріне, Екеуі тұра қалды жалт қарасып. Жалпылдап етектері, есі кеткен, Іш қайнап, кегі кеткен, өші кеткен, Көтеріп сойылдарын, айбар атып, Қиқулап қуғыншылар жосып жеткен. - Әне ұры! - Жапа-жалғыз, айдан анық, - Құтылар дейсің сорлы қайда барып. Босбелбеу, болбыр қарын күпілдектер, Әкетпек болысты оны байлап алып. Қайт-қайт! – дептап берген соң қуғыншы анық Кірді ұры ортасына жұлдызша ағып. Жабысып ат жалында, шырқ айналып, Құлатты төрт-бесеуін бір-бір салып. Жан-жаққа кетті ұшып шоқпары да, Ойнақтап шыға берді аттары да Тарбиып жатыр бәрі тасбақаша, Ес жиып, етек жайған жоқ тағы да. Болымсыз "мырс" етті де таңданғандай, - Жүрейін деді ұры жолдан қалмай.

Ағытып тымағының құлақ бауын, Шіренді үзенгіде қомданғандай. Желпініп, жүріп кетті – бұлаңқұйрық, Жеңісі жүрегіне бір ән құйып. Алды сай – алғанжылқы иірілген Оң жағы оқшау біткен - "Жыланбиік". Тебініп, астағы атын тайпалатты, Ентігіп, ет қызумен байқамапты. Салдырап екі қары сал болғандай, Шошайып шыққан иық қанталапты. Орап ап сол иығын жеңге демеп, Қисайып отырды енді-ерге бөлек. Сол сәтте іші-бауырын солқ еткізіп, Сарт етті ту сыртынан әлде не кеп. Ұрыныңқанықашқан, сұрқы кетіп, Бір сілкініп қалғанында ырқы кетіп... Бозайғыр жас ұрыны жұлып алып, Тізерлеп, шөге кетті«пыр-пыр» eтіп. "Yп" eтiпақ самалынбeciнқұйса, Желбіреп дал-дұл шапан-жасыл сиса. Жаншылып жатыр екен зіл салмақтан, Ақырын көзін ашып, eciн жиса. Бозайғыр тұрар емес - жанды сығып, Бос қолды қынға апару - соңғы үміт. Қарманып, қосөкпенің тұсы ғой деп, Кездікті«қорс» eткізіп алды сұғып. Босады кеуде жағы epкін, ептеп, "Ұф" деп! тыныс алды салқын леп кеп. Дір етіп, "қап" дегендей басын cілкіп, Бозайғыр тұрып кетті тәлтіректеп. Қолтықтан қан шүмектеп, сырыл қағып, Жануар тұрып қалды қырын барып. Жандәрменжасұры да бас көтерді, Айғырдыңәлетінің ұғынды анық. - Кім бар ау, Бозайғырды жоқтар мұнда, Кердаламқарызыңнанақталдым ба? Дегендейішінтартып, кісіненкеп, «Гүрс» өтіп сұлап түсті көк шалғынға. Кісідейендіғанаенгенесі, Ұрының «а» дегендекөргені осы. Бозайғырендіміне–қызылайғыр, Боялғанқызылқанға бар денесі. -Шөп те қан! Көкте де қан, қанынесі? Менің де қазылған ба көрім осы?!

Жазықсызжануардықорқыратқан, Ұрыныңболдымбаанықжарымесі?! Жалпеткенжандайболып, жасынтүсіп, Өкіріпбозайғырдыңбасынқұшып. Отырдыөксіп, жылапжасбалаша, Жаңбырдайжанарыныңжасынішіп. -Қутірлік, қаршадайданқолбайлаған, Күніңжоқсапарымдыоңғаайдаған. Ұрыбоптуғанжоқ ем, ұрықылдың, Сезгендеанам да алғашойбайлаған. Соны ойлап жас басымда көбейді мұң, Бойдағыбарлықмінім – кедейлігім. Артымдаөліпкетсемжоқтаушымжоқ, Басқаныңбақайынатөлейдіқұн. Жоқтықтан құтылуды ойластырғам, Шынжырын үзе алмадым, байластырған. Заман-ай! Біреуде бар, біреудежоқ, Айтақтап, екеуміздішайнастырған. -Кешірдім! Бақытты бол шырағым тек, Еркекке мал бауыздау – бұл да міндет. Дегендейдегдарайғыртұяқсерпіп, Ұмтылдыекі-үшреттұрамындеп. -Ендікеш, өкінгенің,күйінгенің, Жөнемес, ер басыңаиілгенің. Дегендейтанакөзінбіртөңкеріп, Иіскедіалақанын, киімдерін. Қорқырап, бүйірсоғып, ыңыранып, Кеудесікеңкөріктейсағымдалып. Ұрыныңтізесінебасынсүйеп Үзіліп бара жаттыдірілқағып. Қып-қызылөрттейқандыбесінкешіп, Сыңсыдыкешкісамал «есіл...» десіп. Жасұрыбелінжазып, Бозайғырдың, Байладықанжығағабасынкесіп. Сандалыпжауаптаппайсұрағына, Саз келіпызың-ызыңқұлағына. Аздансоңсүңгіді де, кеттібатып, Салт атты сахараның, мұнарына!

Талай ай төсек тартып үйден шықпай, Бүрiсiп, бір уыс боп – күйгеншыттай. Өзінің өлі екенін тірі екенін,

Жыл бойы меңірейіп жүрген ұқпай.

Кейіннен қапас ойды сырып тастап, Қолына домбыра алған, құрық тастап. Боздатып «Бозайғыр» деп күй шығарып, Күйікпен аяқтаған, күліп бастап.

Таланттың тауып кеткен – ұлыамалы, Өткізген талай тайғақ сұламаны. Екі шек қағып қалсаң сұңқыл қағып, Бозайғыр, Бозайғыр – дептұрады әлі!

Табынудың ақыры

  1. “Ит-тәңірі” – хикаясынан

Айту қиын: Айын-жылын дәлірек, Жеті ғасыр Жаңа эрадан әрірек. Жер бетінде болған екен Бір қала, Қара құлдан, Қаншық иті көбірек? Табыныпты: «Иеміз!» – деп иттерге, Иттен басқа Именбепті түктен де Адамдарға асылыпты күшіктер, арсалыңдап, Секілді бір – «сүткенже!» Қарғы бауын Соғады екен алтыннан. Құл кірмепті күн-сарайға Ол тұрған. Ешбір пенде жекірмепті «Кет, әй!» - деп, Салып қалса, Саналыпты антұрған. Тіл тигізсе Танауынан тесілген, Теуіп қалса Тізесінен кесілген. Ит өлтіру сұмдық күнә болыпты. Дағдыры оның, Дар ағашыпен шешілген.

Жазымыштан дәстүр солай, Жалғасқан, Қатты ұрыста Екі тайпа қандасқан Бітім тапса Бейбітшілік белгісі – Жаңа туған Жас күшікті алмасқан. Содан кейін Төс соғып, қол берген, Серттесіпті Соғысуға өңге елмен. Арбаланған алтын беріп, ит алған, Ырым қылып, Жеңілген жақ - Жеңгеннен. «Иесінің» Рухынан кім безген?! «Ит сарайы» өріліпті күзбенбен. Қу тезегін қаншықтардың «Бас жаққа Іледі екен: «Сақтайды – деп тіл-көзден!» Иттер бопты Дағдырға би, асқа би, Олар тоқ па? Сұралмапты басқа күй. Саналыпты: Аппақ тудың гербісі, Қаншық итті Еміп жатқан қос сәби. «Ит – иеміз! Дініміздің ей, досы, Басыңды ій, Бола жатар өңгесі!..»

Ескерткіштің асты жазу Осындай, Ал үстінде Арлан төбет бейнесі. Икондар – Ит мүсіні қашаннан, Тасқа да оның тұр-тұлғасы Қашалған! Алтын тақта, патша алдында, Ыдыстар, Кілең иттің Мүсінінен жасалған. Кете ме деп қорғандардан Хас түсіп, Күзетіпті, Ит болғанша асты ішіп... Тұмса туған жас ананың Емшегін Емеді екен Көз ашпаған жас күшік. Ет жүрегі бұл қорлықтан езілген, Шыдайды екен Жас аналар төзіммен Иттей қалған Иімеген мамасын, Қызылшақа нәрестеге емізген. Мамыққа сап, Сол күшікті ақ ұлпа, Масайрапты! Соған ауып бар ынта, Қортық күшік Көз ашқанда – жетікүн. Той бастапты - Ит-иеміз, жарылқа!

Алған кезде Ит қосылған бала атты, Сөз бастаған Батыр көсем жарақты.

Алтын-аяқ, күміс-көзе тұрғанда, Итаяққа құйып ішкен – Шарапты! «Ит – әулие! Түскен бір кез аспаннан, Ол сүйікті! Адамнан да басқаңнан» Мінәжатын Хормен халық айтқан соң, Ат жарыс жоқ, Ит жарысы басталған. Сүртіліпті ит сүтімен Денесі, Нәрестеге Той-домалақ бар осы. Ит атынан Бата берген кәрия Сақалынан Сорғалаған сорасы.

  1. Раса сұлу мен Сыбызғышы– хикаясынан

Сол қалада, Болған екен бір сұлу, Тең келмепті: Айсұлу мен Күнсұлу. Содан қапты – Бикештерге бал мінез, Содан қапты – Жігіттерге күрсіну!

Содан қапты – Қыз біткенге адалдық, Содан қапты – Сұлу күлкі, балаңдық. Атын естіп, Ат арытып жеткендер, Сүмиіпті, Сұрай алмай амандық. Жүрген кезде кілең мәжнүн Ойды аңдып, Ішерігі бар біреумен – Айрандық Қол ұстасып кете барған Бір күні, Туған жұртын Таң тамаша, қайран ғып!

Ішіп-жепті Жас сұлуды – көз ғана, Той жасапты Дүрліктірмей аз ғана. Сүйіктісі болған екен Бар-жоғы, Сыбызғышы, Жалаңаяқ, бозбала Басы айналып, Қуаныштан, шараптан, Отырған жұрт Кенет өсек таратқан. Сыбызғымен сөйлесетін жарымен, Күйеу жігіт Сақау екен – жаратқан! Саздан басқа Айырмаған оң-солды, Тумысынан Сақау екен ол сорлы. Сұлу жары Жұрт көзінше жігітке: - Сыбызғы ойна, Көтер – депті еңсеңді! - Рас, сақау Менің мынау сыңарым, Маған жақын Келе алмаған бір адым. Сөзбен емес Сыбызғымен жеткізген, Тілсіз сезім Тұнығына құладым. Байсың ба – депсұрағам жоқ, Батыр ма?! Әлі күнге Естімедім атын да. Сегіз жылдай, Сыбызғымен тербеді, Сонадайдан,-

Келтірмедім жақынға. Бар жарымның Сегіз қырлы өнері, Маған басқа Барма дүние керегі? Текті сазбен Мен мәңгідік жасасам, Тентек-патша, Тантыған – биөледі! Деген сәтте, Сұлу жары бағалап, Демігіпті... Күйеу жігіт ғаламат. Сыбызғымен ұқтырыпты, Есімін, Сұңқылдатып. - Менің атым Ар-ар-ат! - Менің атым, Менің атым – Арарат. Алмадым ба Жүрегіңді жаралап. Сақаулығым сор болмаса Басыңа, Келтірмеспін, Басқа ешбір жаманат. Ғұмыр деген Неге сонша келте осы. Болғам мен де Ата-ананың еркесі. Жұмбақ жан ем, Жарымаған дағдырым, Жанды бақыт, Жарым сенсің – Серт осы!

Дегендей боп, Сұңқылдаса сыбызғы Раса жүзі құп-қу болып бұзылды - Басым ауырып тұрғаны деп кірді үйге, Жалғыз тамшы Жанарынан үзілді... - Қайда кетті? - Неге кетті – дескенге, Кері жауап Бере алмапты еш пенде. Сақау күйеу Жымиыпты құпия «Кеш жақсы ғой, Дегендей боп – ештен де!» - Сұмдық сыр бар! Мына тұрған сақауда. Жария етер Жұмбақ сазын тақауда Солай депті Бір ғұлама сезгендей, Қарап тұрып, Қасиетті отауға!

3.Сері көсемнің серті туралы хикая Бағынбайтын Табиғатқа жан бар ма?! Өтіп кеткен айналар жыл – Арманға. Раса сұлу Алтын айдар ұл тапқан, Тоғыз ай мен Тоғыз күні толғанда. Сақау әке Жұрт айтқанын «құп» көріп, Отырыпты Бәкідейін бүктеліп Масайрапты Сері көсем семсерлі, Мәңгі дәстүр Бір өзіне жүктеліп. Көзі оның Омырауға түсіпті, Алдырыпты Жаңа туған күшікті - Ит – тәңірі, жарылқа, - деп Дуалап. Итаяқтан бал шарапты ішіпті. Сыбыр еткен үн шықпапты, Жиыннан, Содан кейін,

Емізуді бұйырған Раса сұлу – Алдыртыпты бұл дағы Нірестесін. Қасы-көзі қиылған. Тік тұрған жұрт Таңертеңнен бел үзіп - Ох! - аһ! – десіп сусылдаған – дем үзік... Сұлу ана... Алма жүзі албырап, Отырыпты Өз – баласын емізіп. Құл қолында күшік қалған қыңсылап, сұмдық көрсе Тұра алады кім шыдап? Қатын-қалаш екі бетін шымшылап, Көсем сонда Ақырыпты – қылышын ап: - Атсын сені! Ит – тәңірі қарғысы, Атсын сені! Ата-баба жарғысы Апат сүтті Адамзатқа емізген, Сен боласың! Соңғысы да Алғысы. Қызыл қаның қара жерге Тамбас-ты Ана емессің! Болдың енді – албасты. Тыныш жұртқа Түндей қасірет шақырған. Сен боласың! Ең ақырғы, Алғашқы! Ақ отауға кіргізгендей бұлт айдап, Депті көсем Куәсіне – жұрт айғақ. Сұлу ана отырыпты

кәперсіз, Күн көзінде ғажайып бір күлкі ойнап. 4.Раса сұлудың қарғысы туралы – хикая

Барабандар қағылғанда Күркірей Жұрт жүгірген Жамырасып дүркірей. Жаңа алаңығ Бура санды сақшылар, Қалың халық Тына қалған сілтідей, Дар алаңын Жұртпен қабат қамалап, Шаһар иті Үн беріпті абалап, Тіс жара алмай Жарлық күтіп тұрыпты, Тізелері дірілдеген Жамағат. Төбеттері Арсылдасып, жұлысып, Қаншықтары Қыңсыласып, ұлысып Қан аңсаған кілең шұбар Бөрілер Кетер емес Басқа жаққа жылысып. Тазылар бар Шашақ құлақ, біз тұмсық Кәндендер бар пілге үрген бір қырсық. Серілер көп! Семсер ілген беліне, Сүйіктісі – Күнклдеген күнге ұрысып: Үсті толған: Алтын, жақұт, лағылға, Патша отырған Піл сүйекті тағында Тайыншадай қабан тісті қос қасқыр,

сұлап жатқан Тақтың екі жағында. - Сөйле кәне! Себебін айт күнәңнің. Күліп тұрсың, Алыс болғай жылар күн. Ит – иеміз, Аруағын қорласаң. Қалмас түгің Қабығындай жыланның. Депті патша сәл демігіп, дірілдеп. «Ие» алдында Именіп кеп, жығыл деп. Жас патша ғой! Жаны қимай сұлуды, Ғашық болып Қалған дейді, - «жүгермек!» Жүзін бұлдап Көрмеген ол айла ғып. Раса сұлу Сөйлеп кеткен ойланып: - Адамзаттың Билейтұғын дағдырын Көктен түскен Көр жамылғыр – қандай ит! Ғұмырымыз онсыз да аз, қып-қысқа, Неге оны Жем қыламыз жыртқышқа?! Күн тимеген. Жел тимеген кеудемді, Жалат алман! Қайдағы бір ит-құсқа... Топ ішінен Бір шал шығып: - Дат, тақсыр! Депті – дейді: Не көрмеген ақбас бұл. Шыққыр көзім шықпаса егер сеземін! Сіз сияқты күйеуі оның «ақ қасқыр». - Патша жолы бар емес пе

Ежелден, өз нәсілі, өз емшегін өзі емген. Жары мұның Жалғыз інің – Арарат, Талай жылдар Тар зынданда безерген. Сақал мынау! Жалған сөйлеп не қылам, Сақау емес! Саздарынан танығам. Қашан көрдің Патшазада жарына, Жора бастап, Жас күшікті жаныған! Деген кезде Атып тұрған патша жас, Ойлайтұғын: Үкіміме жоқ талас. Бұйырыпты: - Ғұламаның ал басын, Өтірігі өзі өлгенше тоқтамас. Иттер үріп Қоя берген шуылдап, «Әділ үкім! – Әумесерлер дуылдап. Қалтырапты қалың халық қамыстай, Шоршып түскен Шақшадай бас – буынды ап. - Шықсын бері! Сақау жігіт ортаға, Сұлу жары Жалғыз жаза тарта ма?! «Ласа» демей, «Раса» - десе нанайық, Патша үнінде: Қызғаныш пен бар таба. - Шын Арарат, Отыр шыңырау зынданда, Мені алда, кәне мынау мыңды алда? «Раса жарым» - деген сөзді қайтала,

Шыбын жаның, шығып кетпей тұрғанда. - Раса!!! – депті Сонда «сақау» сңқ етіп, Патша таққа Отырыпты жалп етіп. Белгі берген Құпияны ашқанша, Басын апты алмас қылыш жалт етіп. - Күндестік жоқ, Күш жүрмейді өлгенге, Әттен шіркін! Қалды-ау – ұлым шерменде. Көкке саудым! Емшек сұтін ананың. Қарғыс атсын!.. Осылай дей бергенде, Бола қалған бүкіл қала сап, тыныш, Екі жақтан көтерілген ақ қылыш. қақ бөлінген омыраудан Қос анар, Сылқ етіпті... Бітті осылай – Ақтық іс. Тұра безген Бетін басып қыз біткен. Жалт беріпті Шыдай алмай жүз біткен Тап беріпті Дегендей-ақ көп иттер: «Ас осы ғой, Бағанадан біз күткен».

  1. «Мұхиттың арғы жағындағы Ребус атты қалада ит басты, үріп сөйлейтін адамдар тұрады» Сакс (Эвро – Азиядан шыққан дәруеш – жиһангер)

Ай өтсе де, Жыл өтсе де арада,

Сол бір сұмдық Өшпей қалған санада. Жан түршігер Тарапты бір жаманат, Туған сәби өледі екен қалада Қара бұлттай, Қалың қайғы төніпті, «Раса сұлу Қарғысы» деп сеніпті Жүкті болған Аналардың бәрінің Омырауы Тоықтай боп семіпті. Осы қауесет Талай жерге тараған. Қан жұтқандай Қаза құшқан сан адам, Сүт шықпаған Қан шығыпты емшектен, Сол апатта Айырылыпты баладан Жыла енді, Бәрібір ғой жылама, Дұрыс құрсақ Көтермепті бір ана, «Жетпіс жылда Жер бетінен өшесің» - Деген екен Басын алған ғұлама. Адам басқа Іс түскенде – кәріп-ті. Далбарыну Құтқарыпты халықты. Қалтыраған шал-кемпірлер көбейіп, кәдімгідей қала босап қалыпты. Өз қағынан Безіп шыққан құландай, Ауыпты жұрт: Індет сырын ұға алмай. Сарайларға Сайран салған ит толып,

Өлі қала қарауытқан мұнардай. 6.Аңыздың аяғы Кел қиялым! Ғалымдармен сынға түс, «Үріп сөйлер, Адамдармен» тіл қатыс - Қияли! – деп күліскенше көз жібер, Сол бір шақта... Барған шығар – бұл – Сакс! Өшіре алмай, Келсе егер жыл атын, Адам шығар, Ардақтауға тұратын. Көрген шығар Қала толған иттерді, «Тұрғындарын» - Ақылы жоқ бір атым. Атландида! Картада жоқ, жерде де, Қазғаныңмен Таба алмайсың теңге де. Құртқан оны Өз қолымен адамзат, Құмырасын қоймас үшін көрмеге. Шындыққа егер Шұғылалы сән берсе. Бәрі өтірік, Өтірік! – дей бергенше. Ұмытпаңдар Емшек сүтін ананың, Жүрек тоқтап, Көз жұмылып Өлгенше!!! Жұмбақ жолаушы Бірінші тарау – жолда

Алтай қыс шырай беріп – далаға аппақ, Құлын жал – көк келеді жаңа қаптап. Кеш бата бір арбалы келе жатты, Із тастап сүрлеу жолға қарақатқақ. Арбакеш шықса дағы жолға ырықты, Аты арып, күн ұзаққа болдырыпты. Жігерлі жан секілді жол танығыш, Адамдай түк саспайды жергілікті. Жоғалды сәлден кейін соқпақ тағы, «Дыр-дырлап» жігіт атын тоқтатпады. Қар суы көп жиналған ойпанға кеп, Тағалы ат тайғанақтап, батпақтады. Қара сан, қабырғалы анық мықты, Жетсе де ұзақ жолдан талып тіпті. Дон тұқым, доғал жалды, жуан тірсек, Арбаны күшпен алып шықты.

Атты да арымайтын ұл ұстайды, Арбалы кешіп өтті «Ұры сайды». Сәулесі батқан күннің түнге ұласып, Сахара салқын ғана тыныстайды. Арбалы көтерілді қырға шығып, Төңірек қарауытты түн жасырып. Көз тіккен алға қарай арбакешпен, Аты да бүлкілдейді бірге асығып. Жолдаса қайтып жігіт – кертиеді, Жолаушы ауыр жүк қып тең тиеді. Арбаның бел тақтайын сықырлатып, Арт жақта қоржын, қаптар теңкиеді. Арбада екі-ақ адам, ер мен әйел, Жігіт жас, елулерге келген әйел. Жақ салған кимешекке алтын зерлі, Сабырлы, сапарына сенген әйел.

Ардақты бір ауылдың анасындай, Бейнесі бес биенің сабасындай. Бой жетіп, бұлғақтаған жас шағында, Болсайшы дегізгендей жар осындай. Әлі де жанарынан нұр таймаған, Ақ жүзі аяқтайын сыр таймаған. «Баяғы байдың болпаш тоқалындай», Дегендей суық сөзді, сырт ойлаған. Ерекше отырысы малдас құрып, Еш сырын дидарына болмас біліп. Баяғы Баяндардың мінезі бар, Ер жігіт ерткендейін жолдас қылып. Әйкәпір ел-жұртына атанбаған, Баланы жан секілді ботамдаған. Қыз белді қынай, сүйрік саусағына, Үзбелі қос жүзікті қатарлаған. Талай бел, талай қырлар, дөң асқалы, Арбакеш жас жігітке жақ ашпады. Күн ұзақ қалғымады, қажымады, Көп болса күрсінеді – ең асқаны.

Мұң да жоқ, қайғы да жоқ ажарында, Салмайды еш нәрсеге назарын да. Қос қолдап жәрендікке шалқаяды, Құрысқан арқа-белін жазарында. Біреулер жөн сұраса ереуілдеп, Бай-патша бәйбішедей және кім деп. Ақкөлге, ағайынға, төркін-жұртқа, Бискіден – ішкі жақтан келемін деп; Әдеппен қысқа ғана жөнін айтқан, Екі жыл дүниеден әрі қайтқан. Кәнпеске жылдарында кеткен жырақ, Беті екен содан кейін бері қайтқан. Ақкөлде төркін-жұртын сұрасқанға, Аса сақ артық сөйлеп, сыр ашқанға. - Ағайым қайтыс болған ауылдағы, Орынына келем дейді жыл асқанда.

Арбакеш керекуден жалдаған-ды, Пұлына аяған жоқ қолда барды. Тұрмыстан апыл-ғұпыл жолға шықты, - Тірі! – деп өсірген соң оң хабарды. Сол еді бар күдігі санадағы, Енді ол алды-артына қарамады. Кедергі бола алмады бәйбішеге, Қырық жыл өтіп кеткенарадағы. Үйінен жетінші күн аттанғалы, Күй таңдап, бойын сылап, баптанбады. Құпия бәрінен де «туыс іздеп», Туыстан бой сағаттап, сақтанғаны. Тұрса да Керекуде нағашысы, Жоқ жандай бересісі, аласысы, Үйіне түспек түгіл, жолаған жоқ, Көрінер бәйбіше емес, балаша ісі... Екінші тарау – кездесу

Сырт қалған жақсыдан да, жаманнан да. Жұрт болған жомартқа да, сараңға да. Қарсы алды арбалыны қарауытып, Оншақты үй, жапырайған жаман қора. Ит те жоқ ең аяғы үріп шыққан, Пенде жоқ арба дауысын біліп шыққан. Шал-шақпыт көрінбеді қарандаған, Шекпенін иығына іліп шыққан. Шеткі үйден ешбір дыбыс білінбейді, Бар үміт – есік іштен ілінбейді. Арбакеш жерге түсіп жөн білуге, Ешкім жоқ, құла мейлі, сүрін мейлі. Кісідей қапшық жапқан дар алдында, Сипалап қабырғаны қараңғыда. Көп жүрді әр бақанды бір-бір сүзіп, Тіпті өзі есік жоқтай табар мұнда. Ақыры есік тапты қаптамалы,

Аңырап босағадан аттамады... Қазаннан қалқып жатқан сүйек майын, «Көтек!» - деп қара кемпір жалт қарады. - Бәйбіше, қорықпаңыз, шошыма – деп, Жас жігіт басу айтты қасына кеп. Жіберді жолаушы әйел арбадағы, Сұрауға Естай үйі осы ма деп. - Е, е..., осы! – деді кемпір сасқалақтап, Қазақпыз таспен атса, аспен атпақ. Қонағың қуыс үйден құр шығады, Көрпені төсесек те төрт қабаттап, Біз қашан ыстық асты ішпегелі, Бір уыс бидай қазір түске енеді. Бір жылдай болып қалды қаңыраған, Бұл үйге қонақ келіп түспегелі. Қайғының басқа түссе қара түні, Туыстың қайда ортаға салатыны?! Бәрінен жанға батты бара қалсаң, Есікті іштен іліп алатыны.

Ауыру отағасы көптен бері, Қорқамын осы ма деп жеткен жері. Әйтеуір, қыстан шықтық қалт-құлт етіп, Білінді шүкір, бүгін көктем лебі... Деп кемпір айтты кетті бас қайғысын, Ісі жоқ, сөгемісің, қостаймысың. - Әй, кмпір, қысқарт енді, кірсін деп айт, Демесе төрде жатқан тастай мүсін. Алған соң үй ішімен хабарласып, Ұйыған аяқтарын әрең басып. Естайдың жақын келіп бас жағына, Жайланып отырды әйел амандасып. Жүрегі тулап, шоршып, дүрсілдеді, Естілді Естай жаққа күрсінгені. Жастықтан бас көтерген Естай әнші, - Жарыным, танымадым, кімсің? – деді.

Ақ кіріп сақал-мұртқа, ұрт суалған, Секілді кескен терек күрт қуарған. Сапырып қымыз – әнді онды-солды, Осы ма, қыран жігіт – жұрт суарған. Осы ма, қыран жігіт берен, өктем, Қыздарды құмар қылып, елендеткен. Әнімен Маралдыға туын тігіп, Өлкесін ақкөл, ақсу өлеңдеткен! Осы ма, қыран жігіт – саңқылдаған, Той бастап шаршы топқа жарқылдаған. Ер тұлға, еңсегей бой, отты жанар, Дос түгіл, дұшпанына аңқылдаған. Кезінде есік көрмей, бесік көрген, «Мен сендік, сен мендіксің» десіп көрген. Осы ма, қыран жігіт, жылап тұрып, Қолынан алтын жүзік шешіп берген.

Осы ма, қыран жігіт, «Қорландаған», Қорланды жер бар ма екен, ол бармаған. Шын-мәшін, Бағдат, Мысыр бәрін шарлап, Қырық жыл жүздесуді армандаған... Жөн айтты жолаушы әйел қысқа ғана: - Мен сізді шырамыттым, түстеп аға. Қанық ем атыңызға, затыңызға Көрген ем қыз кезімде «Үш қарада», «Үш қара» - Көктөбе жоқ, Бөрлідегі, Жетпейтін қалың жыныс желдің лебі. Келдіңіз күйеу жолдас, серік болып, Сол тойды әлі күнге ел біледі. Келемін алыс жолдан, - Жаңыл атым, Құс екеш, құс та көлін сағынатын. Барамын Бөрілі жаққа, бауырларға, Болған соң ат болдырып, зорығатын,

Жөн көрдік аттануды ара қонып, Ат түгіл, отырған жоқ бала да оңып. Сіз мені..., танымайсыз Естай аға, Отырмын мен де сізді жаңа көріп. Арманды құлақ түрген Сіз үніне, Алдында «Үш қараның» қызы, міне... Деп әйел көз сап өтті елеусіздеу, Естайдың қолындағы жүзігіне. - Болған қыз өз төркінін білмей кеткен, Жеткенің жөн-ақ екен шын бейнетпен. Кешегі Қорланыммен қатар өскен, Есімде Жаңыл аты бір бойжеткен. Қыз да бір, қызықтырған арман да бір, Сол болсаң шыныменен қайран Жаңыл. Қалайша ұмытайын жақсы күнді, Қайтқандай бәрі есімде тойдан қазір.

Кім маған мына күйде тағады мін?! Деп Естай қолын алды қонағының. Иіскеді еміреніп маңдайынан, Жастанып айналасы жанарының. Кетпеді жолаушы әйел салы суға, Тағдыры жазған екен табысуға. Естайды Жаңыл болып жаңылдырып, Өзімен-өзі болып алысуда. Басқаша,... айтар жөнді бар ма, амалы, Дұрыс па..., бұрыс па елде.., алдағаны... Жігітке иек қағып, белгі беріп, Алдыртты барлық жүкті арбадағы. Әншінің таңырқайды әйелі көп, Ойлап па, тәңір бұлай береді деп?! Сүрленген қазы-қарта, майлы жанбас, Ұсынды ала шыққан дәм еді деп.

- Қашан да жүйрік жетпес – жоқшылыққа, Ішкі жоқ – деді қонақ – тоқшылықта. Ақсарбас айтып сойған жолға ырым ғып, Құрбыжан, қоржындағы басты ұмытпа... Үшінші тарау - өтініш Тез пісті бауырсағы бір қап ұнның, Тілінді сары майы дүр қарынның, Бүлкілдеп қазан қайнап, шәугім тасып, Аңқыды үнді шәйі Барнаулдың. Төгілді асжаулыққа тәтті-дәмді, Мәмпәси, мейізбенен сап құрған-ды. Шөліркеп жолдан келген жолаушылар, Шаттанып шәй ішетін шақ туған-ды. Тоқ қоржын, тыста тұрған теңді біліп, Қалғандай Естай үйін енді біліп. - Беймезгіл қайдан келген арбалы деп, Ауылдың адамдары келді кіріп.

Сар сақал, сағал көзді сары албасты, Төр жаққа үлкенімсіп қадам басты. Түймелі кәмзолына тас орнатқан, Әйелге ашық жүзді амандасты. - Біздің де бір бәйбіше Семей кетті, - Бұл дағы осал емес, теңей кепті... Дегенсіп, апаш-құпаш сары май мен, Ып-ыстық бауырсақты көмейлетті. - Ес-аға, - десе біреу – бойың қалай? «Ағасын» отыр біреу мойындамай. Айтары енді бірі аман-есен, Алтай қыс жайып шықты қойын қалай. Тыстан-ақ сүр иісін сезіп кірген, Бәріне алғашқыда сезік кірген. Ес ағаң, өліп қалып... кіре бере, түске енбес молшылықты кезіктірген.

Аздан соң ет желінді қоңыр беспен, Сөз бітті жолдан келген «қарындаспен». Тіс шұқып, қол шәйісіп, кекірісіп, Қайтуға жұрт жиналды жерін – жескен. - Сөзім бар, уа, үлкендер, сәл сабыр ет, Қызыңа жүрегіңнен қалса құрмет. Қырық жыл шетте жүрдім сағынумен, Жетім қыз, төркіні жоқ жанша еңіреп. Жұбатты сонда мені ән еркесі, Өзі емес, қорғағандай көлеңкесі. Жігітті – күрсіңдіріп, қыз – мұңайтқан, «Қорлансыз» басталған ба, өнер кеші?! Түсті деп таршылықтың зобалаңы, Естайын ұмытса ел не болады? Бір күнгі тоя ішкен тамағыңнан, Кекірік – желден басқа не қалады?!

Бір кезе аты кеткен хан, қараға, Күтпесең әнші Естай – ол да бала. Халқым-ау, қадірліңнің жөні осы ма, Әкеліп қоймайтындай мал қораға. Кезінде іні қылған, аға қылған, Ас өтпей ағайынсыз тамағынан. Осы Естай емес пе еді, бай итіне, Жырымдап балағыңнан алғызбаған. Өлмейді ән еркесі – елге қанат, Қалмаспын қарыздар боп, менде қарап... Дегенде жолаушы әйел, тым-тырыс боп, Бәрі де отырысты жерге қарап. - Қарағым-ай, бір білместік өткен екен, Дедік ае, Есекенді өкпелетем. Өзі де жайын айтып, жақ ашпайды, Бұл сөзді жая көрме көпке, бөтен.

Кінала, көгендеп тіз босағаға, Құрысын, қалсын бәрі осы арада. Бас иді ауылдың үлкендері, Бірі – ақ, бірі – қара қос анаға. - Жә, онда – деді Жаңыл күлімсіреп, (Келгелі күлгені осы бірінші рет) Ауылдың алты ауызы бар емес пе, Үлкенге жол болатын бұрын сілет. Тыраштап деушілер көп: «Ән саламыз», Болса да ән – Қорланы аңсағаным. Деуші еді – армансыбын осы әуенді, Тыңдасам өз аузыңнан әнші ағаның. Бір түнгі менің қолқам осы болсын, Мың күнгі қуаныштың хошы болсын. Кінәмшіл, кірсіз көңіл баяғыдай, Сауықшыл салқар әннің көшіне ерсін.

- Жатыр ем... жапа-жалғыз күңіреніп, Қорланым отырғандай бүгін өліп. Жаңыл-тай жан семіртер лебізіңе, Отырмын бойым балқып, жібіп, еріп. Сандалдым, сыңарымнан айырғандай, Қара жер қарсы алдымнан ойылғандай, - Қорлан жоқ бұл жалғанда, деген сәтте, Жалп еттім тас төбемнен жай ұрғандай. Бұл Естай содан бері сөзге ілінді, Құлықсыз құлақ біткен, көз жұмулы. Болмаса сырқат та жоқ мендеткендей, Көрек ғой ел қатарлы өз күнімді. Екі жыл домбырамды шаң басқалы, Басымды бақыт емес, сор басқалы. Екі жыл ән түгілі, сөзден қалып, Сенделіп бұл Естайдың алжасқаны.

Бұл ағаң осылайша етер ме еді, Дегізіп төсектен бас көтермеді. Қолқасы Жаңылжанның осы болса, Уа, кемпір, домбырамды әпер, бері. Қара түн – қасіретке көңіл батып, Тұтанды Естай әнші – сөніп жатып. Бос бұрап домбыраның қос ішегін, «Қорланды» бастай берді қоңырлатып. Жаулығын құлағынан сыра тастап, Сыр ұғып сұңқылдаған бір адасқақ. Есті әйел бас изейді, балқығандай, Естайдың мына жайын ұға бастап... Ән – Қорлан ә, дегеннен маздап кетті, Көсеген қоламтадай қоздап кетті. Отына күйе білген, сүйе білген, Мың жыл да махаббатқа аз деп кетті.

Ән – Қорлан ә, дегеннен «хош» деп кетті, Тұра алмай уағдасына «кеш» деп кетті. Алысып, шабыса алмай заманымен, Ашуын аюдайын кескектепті. Ән – Қорлан бара-бара дертті етті, Демейді жастық дәурен «өтті-кетті». Салқын жас сақалына домалатып, Әншіні жас адамдай кеңкілдетті. Ән – Қорлан бара-бара боздап кетті, Көп дертті көңілдегі қозғап кетті. Дем жетпей қайырмаға деміктіріп, Әншіні тұншықтыра жаздап кетті... Әншіге кәрілік жоқ қанаттанса, Ерлердей дабыл қағып ол аттанса. Көмейде «Қоңырларын» төкті Естай, Сарғайып сары белден таң атқанша.

- Жаңылжан, бұл әнімді сен деп салдым, Үн жетпей көп созуға өңдеп салдым. Қараусыз кәрі атандай күлге шөккен, Айта жүр әні еді деп сергек шалдың. Жаңылжан, бұл әнімді сен деп айттым, Қорланнан қалған жалғыз көз деп айттым. Ән қосқан аққуменен қайран басым, Жамандай жылап, өксіп, терлеп айттым. Ғұмырдың біразы – сор, біразы – жол, Өнермін топырақта..., құнары мол... Жаңылтай, сөге көрме шерлі ағаңды, Ал, енді барға – мәзір, разы бол. Деп Естай терін сүртіп, тыныстады, «Жөн-ақ» деп жамырасты туыстары. - Шіркін-ай, бар өкініш Естай өлсе, Белгісіз домбырасын кім ұстары. - Жоқ! – деді жолаушы әйел – сөзің жалған,

Білмейсің, не күтерін өзін де алдан. Естайдың мұрагері қалың қазақ, Қарамас мал-мүлкіңе сенің қалған. Маңдайын жарқыратып жаңа заман, Мұнды ұлын күн де келер бағалаған. Аға әнші, жаз беліңді жаз келгенде, Тұлпардай тайсалмай бас, тағалаған. Жүз екен талай әнші құр еліктеп, Ән – қорлан жеткізбейтін бір елік деп! ... Ұрықсат сұады әйел ризалықпен, - Жол ұзақ енді біздер жүрелік деп. Әйелмен қоштасты жұрт қауқылдасып, Арбаға беттеді ол салқын басып. - Хош» - деді – Естай аға, енді есен бол, Күн болғай жүздесетін жарқылдасып!

Ақкөлге баратын-ды саймен жүріп, Арбакеш атын қайта айландырып, Қайтадан Крекуге бет түзеді, Көк арба тұрғандарды қайран қылып... Төртінші тарау – жұмбақтың шешуі Мәңгілік «Хош!» дегенін сезіп еді, (Енді олар әнде ғана кезігеді). Естайды соңғы рет іздеп келген Сол әйел – қыз Қорланның өзі еді. Павлодар – Семей. Төртінші бөлім:

АҚЫННЫҢ АҚЫРҒЫ ӨЛЕҢДЕРІ

Кебін Адамның жақсысы артта, жаманы алда, Бас қайда, бас-басына бағаларға. Бәріне бірдей қылып бөрік тіккен, Шапанын шап-шақ пішіп, шамалар ма?! Адамның жақсысы артта, жаманы алда, Шығармас бәрін бірдей заман алға. Ішінде көп қарғаның ақ қарға жүр, Ақ қарғаның ішінде – ала қарға; Бас керек, бас-басына бағаларға Кісіде сөзім барда, сан барда, Қисын жоқ бәрі бірдей саналарға. Дүниенің Абай айтқан кірпіші не, Аптықпа алтын сарай қаланарға. Көрсетсе кей пысықтар, ақыл ептік, Наданның нанымын да нақыл еттік. Сөзі де, өзі дағы өлшенбей ме, Кебінмен алла пішкен ахиреттік?! Ер мен ез

Ер жүзін көр топырақ тасалады, Ез адам шаш ал десе, бас алады. Ез ісі – езбе малта қашан дағы, Ерлік те Елдік үшін жасалады. Ел жетім – Ері өлген, мен де жетім, Байқалар қайда барсам кем-кетігім. Жамауын жамап-жасқап, бүтіндесіп, Ер таныр..., келгенінде Елге тыным. Ел бірақ Еділ, Ертіс сияқтанып, Көктемде көмейінен мұз ақтарып. Тасыйды.., тулап, шулап, тағыланып, Ерді де ерте кетер бірақ қағып. Ер сонда алпарысып, толқынменен, Күн батар, ол да батар сол күнменен... Жарқырап қайта шығар жаңа күнмен, Миықта ұйып қалған күлкіменен!.. Халқыма айтар бір арман

Кеш жұртым, кешір жұртым, жұртым менің, Жауыңның тісінде едің, ұртында едің. Аждаһа аш құрсағын толтыра алмай, Көжектей жылан жұтқан бүлкілдедің. Өз қолың өз аузыңа жетер ме екен, Өмірің өксуменен өтер ме екен?! Үздігіп мына түскен зіл салмақтан, Үзіліп бел омыртқаң кетер ме екен?! Жаутандап жақсыға да, жаманға да, Жағынып саясатқа, заманға да. Кешегі "шын досың " шыныменен, Жарамай қалар ма екен "аманға" да Баяғы бұғау шығар кім біледі?! Тозғаның туған жерде күйдіреді. Ауылдың аш иттері күресінде, Қаланың тоқ иттері үйде үреді.

Жастарың жалаңдасқан қағынып жүр, Саудаға алым-берім салынып жүр. Аузынан от бүріккен қайран шындық, Шұлғау боп Шығайбайға жағынып жүр. Бар болар алда әлі талай белең, Таңырқап бәріне де қарай берем. Дәметіп демеушіден аш төбеттей, Қонышын майлы етіктің жалайды өлең. Ол рас, аштықта жоқ, тоқтықта жоқ, Жасқасан нәсібесіңнең: "соқтықпа " деп:- "Қайтесің бұйырғаның шоқи берсін, Қарғаның екі көзі боқтықта" деп. Аларып жұдырығын көрсетеді, Алла да таң қалғандай көрсе,тегі. Боркемік,болат қайтқан «батыр» ұлын, Көргенде көлеңкесін селк етеді.

Арасы бар мен жоқтың қарға адым-ды, Есепте бергенің мен алғаңыңды. Байлық жоқ сарқылмайтын,білмей қалма, Бір күні жүген ұстап қалғаңыңды. Біреудің босағанмен Әмірінен, Көп шығар көрешегің әлі білем. Ендігі көз жасыңды мөлтілдеген, Тілеймін көрсетпе деп Тәңірінен. Ібіліс О,қасірет аңдыған мұнда ма едің?! Тағдырым сайқымазақ бұл да менің. Қатқаныңның басына күлемісің, Қалғанын үмітімнің ұрла менің, Бойымда көнбей қойған сезім арда, Күліп тұрсын,күрсінтер кезің алда. Жығылмас оған бола жығам менің, Құдайдың көретұғын көзі барда.

Құдайдың айта тұғын сөзі барда, Құрылған саған дағы тезі барда, Іш өзің саптаяқтың сар суындай, Малтаңды өз зәріңе езіп ал да. - Іш – дейсіңсол нәжістен ішілмеген, Мың жылдық мыстан кемпір сұсыңменен. Ібілістің інісі бола алман, Адам болып жаралған үшін де мен. Тырнағын жүрекке сап Ібілістің, Ілініспейтін жерде көп іліністің. Бірдеме деп сөйлейсің түсінбедім, Бар дағы жындарыңмен ұғынысқын. Жаралсаң сүріндіріп,жылатуға, Жаралғам демеп,жебеп жұбатуға. Сен сенсең Ібілістің өнеріңе, Мен сенсем құдай берген қуатыма.

Сөзіңе сенің айтқан құлақ та асқам, Ізіңді қайталаман бірақ басқан. Сен «білемін» дегенің Ібілістік, Құдай білер сырымды сұртпастан. Аналарға араша немесе дағдылы мерекелік құттықтау өлең орнына басқаша сыр. Мән-мазмұнын болмасақ та жете ұғып, Мерекелер күнтізбеге бекініп... Құртқан бізді мерекелер қып-қызыл, Қып-қызыл тіл, қып-қызыл сөз, -өтірік! Қартаң ана қасаң тартқан сезімі, Таусылғанда таршылықтан төзімі, Өлеңдерің неме керек,мақтаған, Қол көтерсе ішіп келіп өз ұлы! Өзің емес,өзге жайын сондай ұқ, Отырғанда дастарханды мол жайып. Неме керек,гүл сыйлаған мерекең, Ана тұрса бір бұрышта қол жайып.

Біреу тойды,біреу тағы аш қалды, Алла өзің төзіңе сал асқанды. «Қарттар үйі»,жетім үйі, қаптады, Іңгәлайды нәрестелер тастанды. Болашаққа пысқырып та қарамас, Ақ бесікті ұрпағым деп санамас, Секс-мекс қуалаған қыздарын, Жарнамадан жүр әнеки жалаңаш. Әлі аңғармай сөз астарын тұрмысың, Сенің дағы бір сұмдықты білді ішің?! Қатар жүрген қос келіншек,қос құрбы, Бір-бірінің қызғанысқан тұрмысын, Түсіп жатқан талай мықты торына, Қыз құтырды бұл қазақтың сорына, «Мафияда», «рэкетте» солар жүр, Су құя алмас бөріктілер қолына.

Мерекеге сене түсіп,сенбей де, Ойға қалам соны ойлап мен кейде. Төл мереке жетіп жатыр тарихи, Тойлай алсақ халықаралық деңгейде. Бұл сөзімнің білем ауыр тиерін, Бір кісідей мен де оларды сүйемін. Арзан сезім алдамасын деп едім, Артық кетсем кешір ана,киелім! Араша (Болған оқиға) Қайдан шықты қылқиып, Ақын еді ол бала, Ішіп апты сылқиып, Бар айыбы сол ғана. Нәзік еді өзі де, Өлеңдейін бұралған. Түсе кеттік көзіне, Шыға келді тура алдан. Ибалы інім осы ма?! Жырын жуды әлде ептеп... Бір қарап ап досыма, Ерегесті «Сен!...» деп кеп. Жастық, шарап – оқыс-ты, Бола ма оның тоқтамы. Жолдасымды боксшы Жатып келіп боқтады.

Алақаны күректей, Досым да бір жын еді, Бір саусағы білектей, Тұлғасы да ірі еді. Сол соққанға қызынып, Бостан-босқа ұрынды... Кетті өңі бұзылып, Бұрыңғы ма, бұрыңғы. Бұлқан-талқан бүлінді, Гүжілдеген үнменен. Шынашақтай інімді, Талап тастар түрменен. - Ох, әкең!.. – деп тап берді, Арашаға түстім мен. Көйлегімді қақ бөлді, Түк қалмады үстімнен. - Сабыр, сабыр, ағасы, Кешіре сал, жарай ма. Ақындардың жағасы, Жыртылмасын қалайда! Деген кезде құрбы да, Тұра қалды тосылып. - Ақын ба?! – деп тұрды да, Бір жарты ішті қосылып. .... Қарасады ел деген, Болды кісі күлерлік. Жалба-жұлба мен келем, Жасағандай бір ерлік!

Удай болсын бағасы, Жейде сөз бе, сол дағы. Ақындардың жағасы, Жыртылмаса болғаны! Ұлтымда еді үмітім... Тағдырға болмас таңырқап, Қазақ қайда біз қайда? Әкеге тартқан бар ұрпақ, Ұлтына тартар ұл қайда? Отынан шыққан дозақтың, Ұлдарың басқа, ұлт басқа Қазақтың рухы қазақтың, Қанында ойнап тұрмаспа?! Білетін мүжіп,кертуін, Кұрт түседі екен тасқа асыл. Бабалар тіккен ел туын, Сандыққа тықтыққос ғасыр, Кеудеде сөніп кек деген, Құрсанбай кіреуке - көк темір, Торына қаба ерттеген, Тақымын тимей өтті өмір, «Батырдың ұрпағы» деуші еді,

Батагөй шалдар дем беріп, Замана езді еңсемді, Құлымен мені теңгеріп, Не істерімді де білмедім, Олақтау ойлап,орамсыз, Қамалға шауып кірмедім, Қамалдым үйге амалсыз. Құлдыққа тағы көне бер, Құдай да құлақ аспады. Елімді сатқан төрелер. Жерімді сата бастады. Домбыра үнін ескек қып, Сыпырып белден кездікті, Мойынға тақты кескек қып, Елдікті емес,ездікті. Жылдарым өтті жас, кайсар, Ілінген ерте құрыққа. Қоқысқа енді тастай сал, Шіріген мен де жұмыртқа, *** Ойыда жоқ қиянатты ақтамақ, Жастар енді «ов» дегенді соттамақ. «Ұлын» қосып «ұлт» болса,өзіміз Қазақ болып бағып едік «ов» пен-ақ. Салыстырмай бүгінгі, өткен шақпенен. Мимен емес, асам дейді бақпенен, «Тегін» қосқан, тегін білмес тексізді. «ов» пен жүріп бауыздадық мақтамен. Қыз намыскер келеді әркез ұлдан да, «ова» едің, «қызы» болсаң, бұлданба. Солай болып өзгергенмен не пайда, «Қызым» деген сөзді ұқпай тұрғанда. «Ов» болғандар жоғалтпаса мұратын. Қазақ болып сол кездерде-ақ тұратын. Орыс болып кетіп пе еді, «ев» болған, Құнанбаев Абай сынды ұлы ақын. Жоқ, мәселе, бұдан гөрі мәндірек, «Меңің» жоқта айта берме «менді» көп. Ұлттық сана жоғалғалы қай заман, Бірден қазақ болам дейсің енді кеп. Бір кездері төпеп көзге, басқа ұрған. Тегін сұра тез өзгерген тақсырдан. Қорқамын мен, өз күшігін жейтұғын, Қазақ атын жамылғы еткен қасқырдан.

Халық болып құралмаймыз жоқ-бардан, Құдай қосса құтылармыз «ов»-тардан. «Ұлы» болып жазылғанмен ұл емес, Қорқамын мен қазақ қаны жоқтардан. Өз нәсілін көрер үлкен мәртебе. Келер ұрпақ кеш пе, әлде ерте ме, Есім түзеу ес кіргендік десекте, Атында емес, затында ғой бар пәле! *** Тамырым тірлік санайды, Ажалды тосып сұғанақ. Жүзімнен қарттық қарайды, Жүректен жастық сығалап. Секілді сырқат Мәжнүнін, Айнаға қарап күлемін. - Кәртайдың – десе әжімім, - Кәртайма! – дейді жүрегім.

Бет моншағым үзілдің, Ұяттан жанға сәтте ағат. Тозығы жетті жүзімнің, Тоздырған қыздар көп қарап. Қырғыйдай тиген күн ұмыт, Көңілдің келмей хошы да. Қаймыға берем, күмілжіп, Кәрілік деген осы да. *** Ішу де керек ащы мен тұщы қандайын, Тату да керек талғамай бәрін таңдайың. Көтеру керек қуаныш пенен қазаны. Қайыспас белі кәтәпті қара нардайын. Жолың да болмас жортқанда жолда әрдайым, Баққа да тиер, тасқа да тиер маңдайың. Тоқу да керек өрмекші құсап торыңды, Оқу да керек таусылғанынша көзмайың. Жұту да керек шәрәпті шалқып жұтқанда, «Харам» деу керек бес мезгіл намаз тұтқанда. Бір сөзің үшін құтылып, кейде тұтылып, Шыдау да керек көбеңе ине сұққанда. Уәде дейміз, беркінген сертке кім берік?!, Жылауда керек жылайтын жерде қыз болып. Еру де керек еритін жерде қар болып, Қату да керек қататын жерде мұз болып. Тәуекел дедік тәуекел енді көрейік.

Сенеміз дедік, сандалмай енді сенейік. Ажалың жетсе, әбдіреп, сасып, алжымай, - Алла! – деп барып өлу де керек серейіп. *** Кеш жұртым, кешір жұртым, жұртым менің, Жауыңның тісінде едің, ұртында едің. Аждаһа аш құрсағын толтыра алмай, Көжектей жылан жұтқан бүлкілдедің. Өз қолың өз аузыңа жетер ме екен?! Өмірің өксуменен өтер ме екен?! Үздігіп мына түскен зіл салмақтан, Үзіліп бел – омыртқаң кетер ме екен?!

Жаутаңдап жақсыға да, жаманға да, Жағынып саясатқа, заманға да. Кешегі «шыны досың» шыныменен, Жарамай қалар ме екен «аманға» да. Баяғы бұғау шығар кім біледі?! Тозғаның туған жерде күйдіреді. Ауылдың аш иттері күресінде, Қаланың тоқ иттері үйде үреді. Жастарың жалаңдасқан қағынып жүр, Саудаға алым – берім салынып жүр. Аузынан от бүріккен қайран шындық, Шұлғау боп Шығайбайға жағынып жүр. Бар болар алда әлі талай белең, Таңырқап бәріне де қарай берем. Дәметеп демеушіден аш төбеттей, Қонышын майлы етіктің жалайды өлең.

Ол рас, аштық та жоқ, тоқтық та жоқ. Жасқасаң несібеңнен «соқтықпа» деп..... «Қайтесің, бұйырғанын шоқи берсін, Қарғаның екі көзі боқтықта» деп. Аларып, жұдырығын көрсетеді, Алла да таң қалғандай, көрсе тегі. Боркемік, болат қайтқан «батыр» ұлың, Көргенде көлеңкесін селк етеді. Арасы бар мен жоқтың қарға адымды, Есепте бергенің мен алғаныңды. Байлық жоқ, сарқылмайтын, Білмей қалма, Бір күні жүген ұстап қалғаныңды. Біреудің босағанмен Әмірінен,

Көп шығар көрешегің әлі, білем. Ендігі көз жасыңды мөлтілдеген, Тілеймін көрсетпе деп Тәңіріден. Ол бақида әрбір дыбыс азалы, Қойдай болып тоғытылған жазалы. Астындағы оты сөнбей әр тұста Қайнап жатқан мәңгі дозақ қазаны. Әр халыққа бір – бір қазан сыбаға, Белшесінен батқан жандар күнәға, Шыңғырады аласұрып, шыға алмай, Жұмақтағы жандар оны ұға ма? Пәни жалған жарқыраған, түнексіз, Дозақ қана еш үмітсіз, тілексіз, Тұтылған соң құтылу жоқ, аңду сақ, Қазақ жатқан жалғыз қазан күзетсіз, Бұйрықты естіп «мәнігі отқа қақтаңдар», (Ойларында пендешілік мақтан бар). - Неге бұлай? – деп күңкілдеп сұрасты, Қыл көпірден аман өтіп жатқандар. - Ұлы Алла қызғанышын сезген – ақ. - Деп періште жауап берді жез қанат. - Дозақ та ол бір – біріне күзетші, Шығам десе жібермейді өздері – ақ! Қоңыр едің көрікті, Нағашыңдай сен тегі. Біздің үйдің бөрікті, Кіп кішкентай еркегі. − Сен кәртайдың, күтін, − деп, Жүруші едің күлдіріп Бірдемені бүтіндеп, Бірдемені бүлдіріп. −Қоңыр қозым! – деуменнен, Қызығыңа тоймадым. Мақтау күтіп сен меннен, Еркелеуді қоймадың Көрмеп еді мен барды Бетіңе бір жел тиіп. Ойнаушы едің албарда, Қоңыр қозым монтиып. «Ер жетер» деп ойладым, Қалдым қу бас шарасыз, Аңдып жүріп, қоймадың, Ажал ит−ай, дауасыз! Естен тандыр, тандырма,

Түсіне алмай қалғаным: Неге сонша жалғызға Тарылғанын Алланың? Суретіңнен әр кезде Кірпік қақпай қарайсың, Әкеңді жас ол кезде Әлде кімге балайсың Қыршыныңнан қиылдың, Өшірді ажал үніңді. Үзілді үміт, суындым, Итке берсін күнімді... Аян бердің екі рет, Түс көріппін: ай жарық, Маңыраған жетімдік Қозға сен айналып, Жүр екенсің безілдеп, Жапа− жалғыз жүгіріп. Құстай ұштым: «Қозым!» деп, Құлап түстім сүрініп... Қалай, қайтіп тірілдің, Мені іздеген өзі боп?! Махаббаты ұлымның Маңырайды қозы боп! *** Жастықта елтең-селтең көп, Тындырам бәрін ертең деп, Тойтаңдап, тойып жүргенде Тартылар қуат кем-кемдеп. «Табам, − деп, − жолдың дұрысын», Түтендеп оны-мұнысын. Отыздан асып кеткенде Ой түскен күнің құрысын. Елеңдеп кейде жат ойға. Қырықтан асып кеткенде, Тайғанап сертте тұра алмай, Тірлікті түпсіз ұға алмай, Елуге енжар, сақалсыз, Ұялмай келдік, я Аллай-ай! Бұтағындай боп аршаның, Бүп-бүтін үкі, моншағың. «Он бесте отау иесі», Он жеті екен дер шағым! Аңсай да, аңсай шаршадым... ***

Бұл қалайша жыл болды, бұл қалайша күн болды?! Қаражаяу жүріске қарға адым жер мұң болды. Тісті жеген ақ қанқұрт араласты қаныма, Селт етпейтін жұрегім секем алып, сыр берді. Мен қалайша тез жанып, мен қалайша тез сөндім Көтерілер көзі жоқ көтеремдей еңсемнің. Қалғып-мүлгіп, қыбырлап, алпысты да еңсердім, Енді тірлік қиямет – қия бассам теңселдім. Көтерілер түрі жоқ түсіп кеткен еңсемнің. Қолтығымнан сүйеме, «тәй-тәйлайтын» бөпе емен, Ащы сумен – ашынсам, көңілімді көтерем. Қимай, інім, несіне қиыласың мүсіркеп, Керегі не жұртыма мен секілді көтерем?! Деп-ақ едім жұлқынып: «нардың жүгін көтерем», Демігемін тұра қап, ауықауық жөтелем. Құстың сүті емеспін, аюдың да өті емен, Енді қалай, халқым-ау, қарызыңнан өтелем?! Санасы жоқ сормаңдай, бітеу пенде не білер, Мал емеспін өріске барып-қайтып семірер. Ез емеспін езіліп, отыра қап еңірер Артық тірлік өзі де жегі екен ғой кемірер. Пенде емес ем қызықтан, пірәдәрдай зерігер,

Өтті кезім масайрап, жоқ нәрсеге желігер. Қол көтеріп, қалтырап, тізе бүкпей қалайда, Өлім емес, өмірден кезім келді жеңілер. Төр бермеген төрелер, енді жатар көрім бер! *** Жұбана алман бір күндікке, Көп жұбанса, көп те бөлек. Қонақ едім бұл тірлікке, Кел демек бар, кет демек жоқ. Жөн таба алмай ұйлығасың, Жол айырық – екі арада. Бүгін төрде сыйлы басың, Қалар ертең босағада. Бірі пәни – жол айырық, Екіншісі – бақи деген. Бүгін жырды қал айырып, Бақида кім оқиды өлең?! Көрге түсіп – көрген қалды, Артымда жоқ ақтар куә. Өмірінде сөнген жанды Өлгеннен соң мақтау күнә. Қиянатты ұмыта алман, Жүрек қара, жүзім кірбең. Бал тамбаған, уы тамған Өлгем мен де – қызыл тілден.

Сол жолменен "Күнбатыс-ай , тфә, тфә... мұнша неге өртендің, Үйде омалмай сыртқа шықшы, мұнда келші, ей келін! Мына күннің батуы-ай, қып-қызыл боп жалындап, Соғыс жылы... дәп осылай батушы еді ерте күн. Қу жүрек-ай, запы болған, өрікпідің о, неге, Сонау ... сонау... арбалы ма, қарауытқан төбе ме?!

Жасаураған көзін сүртіп жаулығының үшімен, Қара жолға қайта-қайта үңіледі кәрі әже. Үрейлі ме, бірте-бірте қарауытқан төңірек, Тыным алмай тың тыңдайды әрі кетіп,бері кеп, Қой, ешкілер қамалмаған, дүбірлетіп тыста жүр, Сауылмаған қасқа сиыр азан-қазан мөңіреп... Жаңғырығып кешкі таулар тұрған басын көк сүйіп, Еміс-еміс құлағына... арба дауысы кеп тиед... О, өмір-ай, ... ұлы кеткен, оралмаған жолменен, Қайтып келе жатыр енді немересі шөп тиеп! Жарыма

Енжарлық билеп бойымды, Екі ұдай болған кезім көп. Елпілдеп ұғып жанымды, Еркелеп келдің сезім боп. Бұзыла бергіш көңілге, Бап керек қобыз күйіндей. Ұнату бар да өмірде, Ұғысып кету қиын ғой. Дақ түссе титтей жағама, Жүрегіне түскен дақтай боп. Аптаға жетпей далада, Жаюлы тұрды ақ көйлек... Жасырмай жоқты, барымды, Көлденең жұртты таң қылып. Күлкіңмен жылтып жанымды, Күлдіре берші мәңгілік! Ақ түн Айлы аспан төніп төбемнен, Тамады тамшы нұрдан бір. Құпия жарық әлемнен, Құйылып тұрған ақ жаңбыр. Сүттей ақ қайың тербелген – Күндізгі жарық цехтағы. Жалп ете түсіп сөнбеген, Ақ селеу – дала оттары! Солақай сыншыға

Жүремін кейде жаншылып, Сенсем де жырға сенудей. Тағамы тақа таусылып, Тізімі қалған – «менюдей». Шоқпар – сын баста ойнайды, Жүректі жейді – жегідей. Соққысыз және болмайды, Келсапсыз қалған – келідей!... «Тапшым!» - деп – міне, «мұндыны», Шап ете қалдың сен кімге?! Жылатып жазса – шындығы, Жылаған ақын көрдің бе?! Шайтансері Үйрендің сиқырлықты қай бақсыдан, Көзіңді ойып алса ойнақшыған. Бұрқылдап шабынасың ол сұлу көрсең, Бурадай күлге келіп аунақшыған. - Бар ма, жоқ па махаббат кім біледі, Деген сөзің жанымды күйдіреді. Әдемі махаббатты әрқашанда, Әйел құмар еркектер бүлдіреді. Жігер

Түсінбей жүр... мені жұрт дейсің налып, (Білмейсіз асқаныңды қой шыңды анық) Сен де бір ит байлауға қам қылдың ба? Жататын шынжырыңда арсыл қағып. Туғандарға тірліктің дайын ба асы, Түсінемін... Қынжылған ойыңды ащы. Жалт беріп жақыныңды қабар бір күн, Итке жоқ дос пен қастың айырмасы. Палуан белдескенін жықпас арам,

(Келгенше өзіңді-өзің мықта шамаң). Айтағыңа ергенмен бір көш бойы, Ақылыңа ермейді ит қашаннан. Таппассың кіжінуден асқан пайда, Көрсет сен төбе қайда, асқар қайда? Ел білсін есіміңді Барлық өмір Сәбиге ат қоюдан басталмай ма? Жел соғып жұқтыра алмас далаға шаң, Дәлелде шын мәніңде дана болсаң. Көрсетпейді қашықтан дидарыңды Айнаға да жақындап қарамасаң... Сақтық сағатында

Жауыздықтың жалмауыз кім айтады жасын дәл?!, Әлі тірі, жансебіл, - шіріп кетті асылдар!.. Мимен емес – мысымен басатұғын адамды, Мыстан кемпір секілді ол, - жасап келген ғасырлар. Ортамызда әлі жүр – неше алуан тон киіп, Төрімізде төредей отырады ол қонжиып. Түрі – түсін аңғармай, құрақ ұшып күйеміз, Сан соғамыз кейіннен, бармақ тістеп – сол күйік! Тұлғасы мен тырнағы, жүрегі де мыс – дейді, Артық сөйлеп қашанда, артық және ішпейді. Асжаулықтың шетінен үзіп алып бір түйір, Адалдыққа, антына нанды ырым ғып тістейді. Ол сөйлейді өзіне ешбір кіршік жұқтырмай, Құлақтарға ұғатын күбірлейді ұқтырмай. Адам деген адамың сайтан болып шыққанда, Мүмкін емес қалуың, төбе шашың тік тұрмай. Жауыздықтың жалмауыз – кім айтады жасын дәл?!, Әлі тірі, жансебіл, - шіріп кетті асылдар... Мимен емес, мысымен басатұғын адамды, Мыстан кемпір секілді ол, - жасап келген ғасырлар!

Маймыл өкпе Қызуы бар шайдың да, Кім жүреді «құдағи» деп. Масайды ма маймыл да, Міңгірлер ед былай деп: Бірдей жүрек, қанымыз, Бірікпейміз қалай біз?! Ата қусақ – бәріміз, Шимпанзеден тараймыз. Айтып-айтпай не керек, Жақын қымбат жалғанда. «Мәкең бар» деп кел елеп, Ара-тұра орманға! Деме маған: түк тұлғаң, Кемістік бар әркімде. Туыстықты ұқтырған, Рахмет Дарвинге! Жерге деген махаббат

Ыстық демім суынғанша кеудемнен, Қалай жырақ кете алармын елден мен. Ата жұрттың Қарауылда қабыры, Абай атам Жидебайда жерленген. Қалай жырақ кете алармын елден мен. Асфальт жолмен зымырайды теп-тегіс, Машиналар керуені; көкте – құс. Менен гөрі бақыттырақ секілді, Абай жаққа жиі жүрген автобус! Таңсәріде Оянбай тұрып ел ерте, Ісен асты таңның жарлығы. Капировка – көлеңке, Өртеңген түннің қалдығы. Төңірек жарық күндіздей, Сүт құйған шөлмек – күмбезім. Қысқа таң кірпік ілгізбей, Қызартып ашты күн көзін. Жапанды жапқан ағым бер, Жөнкіліп жатыр жер төсі. Желкілдеп жатқан сағымдар, Көгалды жаздың көрпесі. ... Үлгермей қалған ту, алыс,

Үмітке тағы ерем мен. Қарлығаш мінген қуаныш, Қалықтап ұшса төбемнен! Жазғытұрым Деген сөздер тоқталды: «Әже-қысқа кір кептір». Ақ көйлектей – ақ қарды, Ұызыл сиыр – күн жеп тұр! Ақын біткен таба алмас, Көктем – өлең ұйқасын. Дөң біткеннің жалаңбас, Айғыз-айғыз құйқасы. Дөңгелекті сағынған, Су-қызыққа батады, ә? Волгалардың ағылған, Бөкселері сатала. Сылтау айтып шешеге, Шаруасын үйіріп. Ұыздар шықты көшеге, Қызыл-жасыл киініп... Кездесе алмай аһ ұрған, Ғашықтарды толғандыр. Бұлттан емес – шатырдан, Жауып тұрған ақ жаңбыр! Жалғыз

Көктем келсе көктің орынын – көк басар, Жалғыз аяқ сүрлеулерді шөп басар. Жақсы қайда жалғыздарға жақтасар, Жалғыз өлсе жалғызды кім жақтасар, Жалғыз аяқ сүрлеулерді шөп басар. Жүйріктерді мақтасамыз терлеген, Жалғыз қара келсе егер бәйгеден. Жалғыздарды тұяғы жоқ артында, Жампоз болсын мүсіркейтін кейде мен, Жалғыздардың сөзін кімдер сөйлеген?! Кержақ Мастанып өз-өзінен қанаттанса, Мылжыңның сөзі бітпес таң атқанша. Соққанын сезбейді ол, сағат қанша, Сезбейді ол, таусылғанын тағат қанша. Көп болса: биязы едім, басынды дер, Көп болса: кеуде қағып тасынды дер. Шайыңды суып қалған самасымен, Бетіне мылжыңдардың шашып жібер! Қайрау

Жатпайтын жас кісіге, не кәріге, Ортаймас отызбестің іңкәрі не? Жалыны жиырмабестің сөнді-ау деймін, Шыдайды уақыттың кім кәріне. Қол жетпей мұратыма, көңіл жеткен, Үкілі серіліктен сенім кеткен. Қыз қолды, отызбесім қылжақтасты, Алтын тіс арда күрең келіншекпен. Ендігі іңкәрім не алдан күткен, Күресу ме көрінбес жалғандықпен. Желімдей жібер мені-ұяң мінез, Жебе мені адами арман біткен. Қорқыттай қорыққанмен қайда қашан?! Қайда қашам, қайырылып майдан ашам. Бұрымыңды тарқат сен қыз-ғашығым, Бұдыры жоқ арманнан тайғанасам! Абай ата жиені

Алты жасқа келгенде, Алты бидай ас қылдың, Жеті жасқа келгенде Жетімдіктен тас шайнап, Жастығыңды жас қылдың, Сегіз жасқа келгенде Сергек пысық ширадың, Бөлтіректей қасқырдың Тоғыз жасқа келгенде, Домаланып жүгіріп, Табаныңды тас қылдың...

Он жасыңнан асқанда, Моңғол жақтан мал айдап "Қойшы бала атанып, Есімінді паш қылдың... Жиырма жасқа келгенде Жолбарыстай жымданып, Отыз жасқа келгенде, Орда бұзар ісіңді, Жұрт мақтасты мұндағы, Қырық жасқа келгенде. Қылпылдаған алмастай Тірлік сені шыңдады, Елу жасқа келгенде, Ел сөзіңді тыңдады, Алпыс жасқа келгенде. Айналаңа жиылды, Қазақтың бұл ұлдары.. Балташ – түбі балта дер, Балта сабы тұқымнан, Жөні жоқ қой келте дер, Шаппай алған бәйгені, Белгілі ат Кертөбел. Бәрі арланы секілді Бөлтірікті ойдағы Қырға қарай ерте бер, Елге сіңген еңбегің, Ерсің сен де еркелер!... Тіл

"Тілді Төкен тілсіз қалды"- деп естіп, Жатты жауы күні-түні кеңес қып, - Қырт еді! - деп қойды бірі кекетіп, - Сәл тыйылды-ау бейпіл ауыз, әбестік, Жүрген бұрын әр бұрыштан баспа қып, Бірі-біріне иек қағып қас қағып, Қарқ-қарқ күліп, қарқылдаған қарғалар, Көмейлерге жүз грамдар тасталып. - Ішкіш еді, іші мерез әу бастан, Татпайтын-ақ болған шығар ол қасқаң, "Ох, әкең!" - деп іштей үнсіз түтіліп, Кеттім шығап күліп жатты талмастан. - Тілсіз деген айтшы, ағатай, кім сізге, Апар – дедім Балтекеңе, – тілсізге,

Кеудесіне күн бітірген күнсізге, Тіл бітірген мылқаулар мен тілсізге, Үн бітірген меңреулер мен үнсізге, Тілден қалса, тірлігі не салауат, Апар! – дедім Балтекеңе, – Тілсізге! Ұнататын, өзін біреу жек көрсе, Құшақ жайған дұшпаныңа кектенсе, Қара тілдің, ана тілдің қылышын, Қынапқа сап қоямыз ба, текке өлсе, Төкен кетсе, тіл білетін бірі жоқ, Тасқа айналып кеткені ме тілі жоқ. Ірі жоқта сөйлейтұғын ірі боп, Сөйлейтұғын ақиқаттың тілі боп, Құстай ұштым сая жайға барғанда, Арашашы кім бар мынау жалғанда, Мұрттай ұшып кете жаздап, теңселдім, - А, Мерғали! Келдің бе, - деп қалғанда. НАТО-ның нейтрондық ракеталар аймағынан репортаж

Дүрбелеңін дүрліккенін атама, Осы жазда қызық болды НАТО-да Бетондалған полигоны жер асты, Өз-өзінен жарылыпты, о, тоба! Жасырынған жер астынан жүз құлаш, Тоқсан баллдың толқынынна мызғымас, Болат тектес бетондары қақырап, Қағаз жәшік секілденіп тұрды рас. Қопсып түскен сылақтары шашылып, Қабырғасы жарылыпты ашылып, Тот баспайтын болат блок майысып. Қаңқалары бір-біріне асылып: Селт етпейтін сілкінсе де жер мейлі, Полигонға бейсауат жан енбейді Мина десті .., минаға да келмейді, Динамит па?!, оған тағы сенбейді. Жылан ба әлде орап алған ордалы, Жылан болса жау ғой ол да қолдағы. Диназавр – айдаһар да болмады. Миды шағып мың сан күдік торлады. Дағдарысты, дал болысты тексеріп, Болған кезде барлық жағдай екшеліп; «СССР-да жаңа қару жасалған.

Советтерге болмас десті еш сеніп». - Тіркепті-мыс, сейсметика дүмпуін, - Сынапты-мыс, жаңа қару бір түрін. НАТО тағы қас-қағымда өршітті, Қысыр өсек сыпсыңы мен күңкіліп, Ал, шындықты НАТО тағы жай ұқты Тұңғиықта тірлік қанат жайыпты. Бетондармен басып-жаншып тастаған, Ағаштардың тамыры екен «айыпты». Жер астында жатқанменен маталып, Күн көзінен қызу алып, от алып Келе жатыр көк теректің тамыры Жып-жылмағай асфальтті қопарып! Қала мен дала күзі

Газондарға қашып келген күздегі, Гүл біткеннің кіртиіңкі жүздері. Салқыны түнге әйнектер ерден үңілген, Терезені булап жатыр күз демі. Көк біткенді қала жаққа ысырып, Шөп біткенді қуратып та, ұшырып. Балалардың етігіндей су кешкен, Күз келеді қабарып та, ісініп. Күннің көзі күңгірт тартып, қайта ысып, Салқын ауа жылы леппен шарпысып. Синоптиктік мәліметке қол қоймай, Қала менен дала жатыр айтысып! Түз болмаса біздегі бақ бабында-ақ Қала жатыр «қашқындары» қабылдап, Құстар отыр теректердің басында, Қанаттарын жиып алып дамылдап. - Ауа райы ертең қандай білелік, Деген кезде қалдық тағы тіреліп. - Плюс! – дейді қала күзі күлімдеп, - Минус! – дейді дала күзі түнеріп.

Абайды зерттеушілерге Ұқсақ та адам жайын, заман жайын, Жыр жазу қайда бізге Абайдайын. Туған ол Абай болып, анасынан, Тұғырда Абай болып тұрар дәйім. Абайға демесем де жыр арнайын,

Ойыма оралады ұрандайын. Кітабы бір түспейді алақаннан, Арабтың қолындағы құрандайын... Ал, аудар, аудара бер, тап та тілін; Әлемге жетіп жатыр қаптал үні. Өлеңге бір күн патша болу қиын, Жүз жылдан асып кетті патшалығы. Дәл қазір мықты кем бе, ірі кем бе, Абайша асыл болмас сыры ненде?! Пәленше, түгеншекең деп жатады, Абайды салыстырма бірімен де, Даңғырап күндік жерден ой шелегі, Абайды зерттеушілер қойша өреді. Елеусіз, ергежейлі оймағымен, Еділдей өлең қалай өлшенеді?! Тұрғанда саф алтының, жезің пұл ма?, Сіңірмей су секілді сөзін құмға. Зердесіз зерттеушіні жылы жап та, Абайсыз қилы кезде аласырдым, Ақыры жеңіп шықты таласы ардың! Болмаса ойсыз, мисыз мақұлықтар, Орнына ұлы Абайдың таласар кім?!, Тобықты тақиясын қозғап қойып, Дес бермес өзін тыңда қара шалдың!

Жидебайда туған жыр. (Мұшайралық толғау) Әлемнен! Жұлдыз көзі саған ауған, Әр елден: Куба, Ласс, жаңа Алаудан. Аңызақ африканың аптабынан, Материктен – май қары жаңа жауған: Тайгалардан тамаша самал ескен, Сәбилерден кіндігін жаңа кескен. Сәлем саған, армандай ақын атам, Батпаған қызыл күні дала-кештен. Ақ бидай әннің аты – алабымнан, Көтерген миллиардты жаңа қырдан. Ауылдан, астанадан, қала, құмнан, Жолдағы жолаушыдан және ағылған. Әр күні әсем қоңыр бір айшық ән, Мақталы, маталы алап, мұнайшыдан. Малшыдан, жетті қабат жер астынан, (Қаңқайып қала берсін құдайсыған);

Теңелген Ильич-сәуле, тереземнен, Шалқыған барлығым боп сел – өзеннен. Батысым мен Шығысым – қос қанатым. Бақытты, Сізді көрген – көне кезден; Сәби гүл көмкерілген бала-баудна, Теңіздер төңкерілген жағалаудан. Алғыстардан! – Мұхиттай ағыстардан, Алақандай арал боп қалады аудан. Сол алғыс ақын Саған ақтарылған, Төгілді теңдеп келген қаптарынан. Ол биік қиялды «Қап» тауынан, Ол қымбат алтын тәж бен бақ-тағыңан. Бір төбе алғыстардан тұрғыз мейлі, (Қаланар кірпіш болып тұрғы іздейді) Аласа мүсініңнің тарғыл тасын, Аспанға екі-ақ елі тигізбейді... Жеңіс туралы баллада

«Әй-әй әке-жан, Жауды жеңіп қайтып кел. Әй-әй әке-жан, Жеңіс жырын айтып кел Аман есен қайтып кел...». (Ұлы Отан соғысы жылдарында ауыл балалары айтқан «Жеңіс жыры» атты әннің қайырмасынан). Біреуді тосып, көрмеген өнде түсте де, Әндеттік солай,... төртте ме, әлде үште ме?, Есте жоқ қазір біз кидік сонда үске не, Тарылтып тіккен пилотка есте, кішкене, Ақ тауып беру анаға түсіп күшке де, Қурырған бидай қатқылдау тиіп тіске де, Біреуді тостық,... толмаған біздер үшке де,

Бейнесін тіпті көрмеген онда түсте де, Есте жоқ қазір, үштегі бала нені ұқсын, Қалжырап қалған қарттарға ермек, серіксің. Ауыздан жырып, аз ғана дәмнен беріпсің, Тоздырмай бізді, аздырмай бізді келіпсің, Аналар қандай, аналар қандай беріксің! «Жеңісбек» қойып, «Жеңісгүл» қойып біздерді, Жеңісті жылға, Жеңісті күнге сеніпсің. Есте жоқ қазір, қай сағат еді, қай күні, Күлімдеп тұрған жайдары сол бір май күні, (Бұл күннің даңқы әлемге қазір әйгілі). Төрт жылдай езген бездіріп мұң мен қайғыны, Шаншылып Тулар шатырға шықты ой, міңі! Қып-қызыл күндей қып-қызыл жалау желбіреп, Қып-қызыл сәуле қызартты жүзді той күні, Есімде қазір қып-қызыл тулар айбыны!, Жеңіс боп қонған, жақсылық қонған май күні! Салт атты біреу «Сүйінші!» елден сұраған. Сүрең сап өтті, жалына аттың құлағын. «Жеңіс!» деп тұрған ананы көрдік жылаған, «Жеңдік!» деп тұрып баланы көрдік жылаған, Қалтырап қолы: қалғандар келсін дін-аман», Қарттарды көрдік ауылдың басын құраған, «Жетімек» демей, «жолдыаяқ» десіп жатты жұрт, Кезіміз еді-ау, біздің де көпке ұнаған! Арманға жетті ел, аңсаған сол бір мақсатты, Жамылдық біз де «майлыаяқ» деген жақсы атты. Әжелер бізге «Жеңістің жырын» бастатты. Әбдіре-сандық кілттеусіз ашық, бос жатты. Қарыннан сарымай толтырды тегіс тостақты, «Ақсарбас» айтқан ақсиып қоңыр бас жатты, Жайланып жұрт та, тамаққа сонда ас батты, Біз көрдік кейін, шолақтар мен ақсақты, Жамбасқа сонда қайғыдай болып тас батты... ІІ. Рейхстаг жатты!... Ойраны шыққан түрмедей, Қарт неміс қалды!... балдағын ұстап үндемей, Жас немка күліп, бұлғайды қолын, бұлғайды, Гүлі жоқ қолда, қалған-ды Берлин гүлдемей, «Жау ма екен әлде, дос па екен әлде, кім демей», Жас қыздың жақсы ниетін аттап, кірлемей, Бұлғайды қолын боз бала солдат вагоннан, Зулады поезд... күндіз демей, түн демей, Батыстан қайтты! Баяғы қызыл вагондар.

Жарқының бар ма, туысың бар ма, қараңдар, Жарқырап күнге жап-жаңа мундир, пагондар, Қынапқа тегіс салынған қару, нагандар, Жеңсе де жауды әр жүректерде алан бар, Жүйткіген поез доңғалақтары дегендей: «Анаң бар алда, Анаң бар алда, аман бар, Балаң бар алда, Балаң бар алда, саған зар, Қараң қал соғыс, Қараң қал соғыс, қараң қал», ... Батыстан қайтты баяғы қызыл вагондар! Жүйткісе поезд..., вагондар үнсіз ырғалар, Өртенген орман дөңгелеп көзден, сырғанар, Қираған қала, өңешін созған мұржалар, Күл болған село, шашылған каска жылғалар, Қырларда сонау..., қабырда жатқан ұл да бар, Адырда сонау арманды кеткен қыз да бар, Гүл болып шығып, поезбен қазір жарысып, Айта бар дей ме, анама, елге бір хабар, Айта бар дей ме, табысар тағы күн болар Жүйткиді поезд..., вагондар үнсіз ырғалар... Қырық жыл бұған! Қырық жыл маған тіл қатты, Қырық жыл бойы жеңістің тойы гүл жапты Қайтпаған солдат есінде елдің күн қақты, Қайтқандар аман өсірді ұрпақ сымбатты, Қайғының тасы қуаныш - көлге шын батты. Жүрегі жердің соғып тұр тыныш, ырғақты, Келеміз айтып, «Жеңістің жырын» қымбатты. Қаһарман халқым! Қасиетті сенің тойында, Қайталап айтам, есімде қалған шумақты: «Әй-әй әке-жан, Жеңіс жырын айтып кел Әй-әй әке-жан Аман есен қайтып кел!»

Құстар қиқу салғанда Көктем боп жеткен – Бақыттым, Көңілдің қайда сол әні? Таратып жібін уақыттың, Тырналар қайтып барады. Бақ құсы, базар – сендер ең, Шайқалды көлдің дәулеті. Қай жаққа ұштың көрмеген, Топталған тырна – әулеті?! Компастың тілі – тұмсығың, Тұстікке тартқан, қолбасшым. Траулап ұқаз сыңсыдың, Қарт тырна!.. қайта қонбассың. Бауырға жылтып жатып ең Шалқыма – жаздың шалғынын. Кеудеңнің қызу отымен, Әкеттің қайда барлығын? Түсіне алмай шынымен, Мәнісін ұқпай «Қоштың» да, Елеңдеп Елдің үнімен, Жарбандап ұшты жас тырна. Көлеңкең жерде – бір елес, Саласың қиқу жалғанда: «Қимастық деген түк емес, Қоштасу қажет болғанда?!»

Тобыңмен қайда серпілдің, Хауіп не алда..? бол абай. Аңырып жерде мен тұрмын, «Қош» деуге тіпті жармай. Сызбаймыз оның жолын біз, Тырналар кетті тым жырақ. Төңірек тыныш... Қоңыр күз, Қарайды маған тұнжырап... *** Сенбейсің? Жұрт та жүр сенбей, Не дейін саған... ырзамын Тырналар ғұрлы үн салмай. Үндемей өткен бір жазым! Қайта жауған қар Қысқы таң қансонар боп атқан екен, Қайтадан гримденген бақ та бөтен. Сырғанақтың қасында сал біреу тұр, Әлде кім? – деп қарасам, – аққала екен. Қар қыртысын қалыңдап, жалдап биік, Түн жетіпті күмісін саулап құйып. Ағаштар да арса-арса бұтағына, Алыпты аппақ түбіт қолдап киіп.

Байқадым қыс күнінен таныс қалық, (Қалған бұл елес еді алыста – үміт) Жүруші еді, әжем менің тап осында, Жаулығын кірлегенде ауыстырып. Қайырлы таң

Қайырлы таң. Қайырлы таң. Шыңғыс таулары! Түннің қою шашы төгілген. Тым-тырыс бақша, баулары. Айна сәуле ашық көкте аунады, Қып-қызыл арай өртеніп барып жанбады... Армысың, Абай таулары! Тамылжып тұрған тоғайлар болып сазды әні, Шоқтығындағы шашылған шоқтай бір үміт тағы маздады. Ып-ыстық тамшы сағыныш толы кеудемнен Үзіліп барып, үзіліп барып тамбады. Кешегі жүрген ауыр мұң қайда басып бой. Талпынып, таңмен, таласып қайда асықты ой. Ақ самал болып аунайды сәулем, оянсаң. Терезеңді ашып қой!... Көзімде қазір – гүлдерде тұнған таң жасы, Аян ғой оның құрғамай тағы қалмасы... Адастыр мені! Данколар кірген жыр – орман, Жетеле мені, Абайлық таңның жалғасы!

Темекінің шоқтары Осындай да – «ғарып пе ең» Ақындар-ау мақтаны аз. Шаршатты ғой жарық пен, Шақырайған ақ қағаз. Қайда сіздер айтатын Асып кетіп сабадан Толып-толқып қайтатын. Толқындарың жағадан? Келмей өлең ыңғайға, Өтті-ау тағы түн текке. Күлсалғышың мұндайда, Шылым үйген күлтөкпе. ...Осындай бір шақтары, Тағасың-ау, кедйде мін. Темекіңнің шоқтары, Тесіп кеткен көйлегім! Түн – кабинет Ел ұйқыда, мазалайды кім келіп, Әсем теннен қасиетті нұр көріп. Тіршіліктің тілсіз үнін тындаймын, Құйылардай жым-жырт дүние жыр болып!

Бояулы аспан жайып қойған көрмедей, Жалтырайды жалаңаш көл теңгедей. Дауыстасаң күмбірлейді кең дала, Қонақ қайтып, босап қалған бөлмедей. Жүрегінде жыр тулаған шақ қандай, Мен боп дала үлкен ойға батқандай. Көк аспанда жылтырайды жұлдыздар, Жер ошақта сөнбей қалған шоқтардай. Ақын жанын түсінбейді кей адам, Керек емес жайлы төсек, жай оған. Айлы түнде үнсіз ғана жыр жазып, Қызметке күн боп күліп оянам! Ит туралы өлең

Арс ете түсіп алқымнан, Қалғанша тазы бір іліп. Алдайды түлкі антұрған, Қалыңға қарай тығылып. Түлкіге керек бұл алдау, Жеткізсе болды өлгені. Жан-жағы қазір түгел жау, Төрт аяғы сенгені. Тазыға – керек жеңісің, Қожасы қайтса олжалы... Түлкінің сілкіп терісін, Тымақ қып кисе болғаны... Арс ете түсіп алқымнан, Қалғанша тісі бір іліп. Қылт ете түсіп әр қырдан, Қуады тазы бүгіліп. Жанталас емес –жасанды. Жағыну үшін... ұқ пенде. Адамға жақсылық жасауды, Аңсайды екен иттерде! Сары көлді көргенде

Бесіктен түсіп еңбектеп, Жағаңда сенің қаз бастым. Өтті ғой талай жер көктеп, Жанына толқын жармастым. Анамдай бейне жалықпай, Толқының мені тербеткен. Суыңа сүңгіп балықтай, Балалық шағым ержеткен. Алдымнан шықты қарсы, әні, Көк көйлек толқын көлеңдей. Түртеді самал саусағы, Базарлық кәне, дегендей. Шұғылады көздей мөлдіреп, Айдының күнмен арбасқан. Сызады сүйіп көлді кеп, Қос аққу жұбын жазбастан. Ұмытып балғын күлкіні, Кім естен оны шығармақ. Тербелсе қамыс үкілі, Өткендей сол қыз бұлаңдап. Алыста жүрсем жетемін, Сарыкөлім, қимас мекенім. Сағына сені келем де, Сағыныш алып кетемін. Домбыра туралы

Сыр жатыр-ау, қанша мұнда... Сайрап келген Аңызың да – Құрманғазы саусағында, Қорқыт баба қобызында! Бебеулеген бір күн емес, Бұрыннан да екі шегің... Елден жас боу мүмкін емес, Кәрі болса..., келісемін! ...Не мықтыға көнбеген Ер, Күйге құлай беріпті ғой. Тілділерге сенбеген ел, Күйге тілсіз сеніпті ғой! Теңеспеген замандар бой..., Күй тек елді билемеген. Домбыралар талай даңғой, Ғасырларды сүйрелеген! Жолықтырып шын дарынмен, Сенбесеңіз қылжақ көрші; Қатар қойып “джазыңмен”, “Қу тақтайды” – тыңдап көрші! Махамбетті еске алу

Жегідей жеген жаныңды, Сындырмас едің сағынды. Қысқа күнде қырық шалған, Қу жазира нарынды. Ауыздығымен алысқан, Танауды кең талыстан. Емініп жауға шапқанда, Емендей қолың қарысқан. Ақ тұлпардан айырылдың, Қанатыңнан қайырылдың. Ер ме екен оған қараған, Елім деп егіліп жүргенде, Ат түгіл, жаның садағаң Бөрі етектен алғанда. Ит қайғы алды-ау сені жағадан. Садағын кекке сырлатқан, Жебесін жауға зырлатқан. Шепті бұзған үйіріп, Шоқпарын зілдей жүз батпан, Жеті қат аспан төрінен, Жарқылдап жайдай үн қатқан Алты қанат орданың, Алпыс жерден туырлығын. Армансыз түріп, туратқан – Ту болып құлап Исатай,

Түксиген бұлтқа шым батқан. Күңіреніп тұрып күн батқан, Күмілжіп тұрып ай батқан О, жалған сонда білмедің, Атарын таңның қай жақтан… Артыңда жұртың сенер ме, “Алданып өлді” дегенге айырылмай кеттің айбаттан Шырмаған шынжыр – өкініш, Есіл де сені байлатқан! Бар, ондайлар

Аналар, мынау фәни тіршілікте, Алдың-ау талай күліп, күрсініп те Күлдірген – күміс айдар ел ұланы, Күңіренткен – күйігімен мың шіріктер. Солар ғой қасіретіңді молайтады, Тар көзін кең дүниеге алайтады. Оларға тұңғиық түн даламыздың – Ақ жаулығың сияқты арай таңы. Ондайды пейілі тар, түкті кеуде, Келмейді, құрсағыңнан шықты деуге. Құдайдай қара басын зор тұтады, Жоқ одан жұмыр жерде мықты пенде. Қырықта қызық қуып даладан кеп, Ана дейді-ау алдына орала кеп. Атама асыл сөзді, антұрған ұл, Арланам, ана атынан садаға кет! Көзімде сенің суретің

Бұл менің құпия сырым,бала сырым, Бүгіп қап айта алмаған аға сырын… Суретің тұр түсірген бал шағында, Фотограф ол менің – қарашығым. Сол бейнең сүйеді сан жығылғанда, Ол күшті сүю деген ұйымнан да Суретің жанардағы қоса сөнер, Кірпігім мәңгілікке жұмылғанда! Ақын зары ( “Қайғы деген ащы сол”…– Абай) Бүйі түнде бүгінгі сұрқы жаман, Бөрі талап құлындай шырқыраған. Сорлы үнге – сор маңдай, соры қалын, Сай-сүйегі ақынның сырқыраған. Безінгелі қашан ол тас-төсектен, Зар енген самал орнына ашпа есіктен. Жоқтау ма, жүйеңді алған…ызың-ызың, Ұлан ба, әлде оянған аш бесіктен.

Сол бір үн құлағына талып жетіп, Тысқа шықты ол… шыдамай қалы кетіп. Түн ортасы екен-ау… жерге түсті, Қарсы алдынан бір жұлдыз ағып өтіп. Япырмай, бұл недеген жаман ырым, Қозғаған қайғы-қобыз шанағын кім?! Ата ақын аттай беріп… ойлап қалды, Алыстағы Әбіштің амандығын. Ер қайда ел деп отқа түсетұғын, Емі еді ол езілгенде ішетуғын. Осындай оңашада… жапа-жалғыз, Есіне сол баласы түсетұғын. - Тәңірі – дала, сілтегей жалғызға оңды, Тым ерте үзбесе етті дағдыр қолы. Мен ескінің арты едім”, аяа-ана, Жаңа күннің басшысы” - жалғыз соны…

Көктесін сол… мен сояу қу егіндей, Таң алдына жеттім бе, жүремін дей. Жетпедім бе, қор еткен заманым-ай, Жөнге жүрмей, не өзі жүре білмей. Қу өмір, болмадың ба өшіңді алып, Не зар мынау… барады есімді алып. Үңілді ақын Әлемге… таң алды екен, Қалыпты жалғыз жұлдыз өшіп – жанып. Самаладай сәулеге сараң ба еді, Сарыарқада түн неткен қараңғы еді. Қарсы бетке аяңдап бара жатып, Көп ұзамай таң да атып қалар деді. Бірақ… бірақ… сол түні таң атпапты, Әбіш өлді… ақын у жалап қапты. Үзілгенде ұлы Абай, - дейді үлкендер, Көк жиекке жанары қарап қапты…

Басу айтам, сол жылы көпке егілген, Дана ақын қабірге жоқ көмілген. Жүреді екен… ылғи да таңды қарсы ап, Жидебайда қазақи шекпенімен! Кешкі көріністер Аспанда болған ақ таңнан, Ұясын тауып кеш өтпей. Торғайлар тұнжыр аспаннан, Топылдап жатыр кесектей... *** Тауды да дала жондарын, Сергітті самал екпінді. Жүз сұлу әтірлі орамалдарын, Желпіп бір тұрған секілді... *** Мен – сәби тұрған құндақтан, Еміздік болсын – бал ауаң. «А» десең болды үн қатқан, Аспан бір алып барабан! Түн қөрінісі Бедерлеген кім гербімен, Жез тиындай дөңгелек ай. Имек көпір – түн көгінен, Домалайды жерге қарай.

Сүттей жарық көл өлкесі, Ай бетінде қайдағы дақ?! Жердегі тау көлеңкесі, Жатқан жоқ па айда сұлап?!

ЖЕКЕ ШУМАҚТАР

Күн түс Ер жорыққа сайланса, Ұсынар қару ел сеніп. Ездің басы айналса, Дүние кетер теңселіп... Күншілдік Аспанды нұсқап, жапалаққа, Жарқанат кеп таңданды. Қыран деген де ақымақ-ау, Соншама биіктен не алады?! Күдік Ақымақ қолдар ұстайтын, Дегеніңше – жауықты. Ақ алмастың жүзінен, Сабы оның қауыпты. Табиғатты тыңдасаң... Ыңыранып теңіз тулайды, Ымырттай сұсты түспенен. Орманда құстар шуладйы, Бұтақтан әлі түспеген. Бұлақтар былдыр қағады, Дыбыс бар жапырақ тілінде. Боз жусан жапқан даланы, Бозторғай жырлар күніңде. Жарыса сөйлеп, жоқ бірақ – Бір-бірін әмсе тыңдасу. Дауылпаз күйін қаққылап, Даланың үсті у да шу.

Бәрібір, қанша керемет, Бұлбұлдар әнін толғаса. Табиғат тілсіз қалар еді, Адамның үні болмаса! Сәл ұялшақ көрінген, Әнші екен қарындас. Жібек түндей төгілген, Сыршыл екен қарындас. Шымырлатып ән – бойды, Кетті мына ән билеп. Толқын болып тербейді, Жүрегіңді әлдилеп. Таң алдында шырқаған, Сандуғаштың жыры ма. Құлап түскен қырқадан, Сыбызғының мұңы ма?! Кей жүректі мұңайтып, Кей жүректі тыңайтып. Белбеулеген ән ерке, Шын ғашығын тұр айтып... Кәрілікке көнбей ме, Қарт қабағы жабылды. Жақсы ән де кей-кейде, Жылатады-ау жаныңды. Бақта

Ағаштың мұнда түрі көп, Қарағай, терек еңселі. Жапырақ – еріні дірілдеп, Сырларын сылқым шертеді. Қыз балтыр қайың бір шетте, Біркелкі, биік, сымбатты, Емізген нұрын күн көктен, Қадірле достым бұл бақты. Мерейін құйып бәріне, Ұйқысын ашып ертелік. Өсірген өмір төріне, Баптаған бағыбан тер төгіп. Біріне-бірі жарасып, Сұлулық жасап тұрғандай. Бойлары көктен әрі асып, Бұлтты бейне сырғандай. Қол созып күнге жарысқан, Болса да тегі не түрлі. Қиырдан келіп табысқан Тамаша достар секілді! Жолаушы Жұлдыздар жоқ тесетін құрым төсін, Өлі аспанды қалайша тірілтесін?! Тек найзағай адасқан бұлт ішінен, Әлсін-әлсін шағады сіріңкесін.

Білмеймін, түнге қалай жолығып ем, Бұл жерде өзім бармын, соны білем... Жол тауып жеті түнде жетсем жақсы Ауылыма найзағайдың жарығымен! Қос орындық Ол рас: көрісуді сағынамыз, Кездестік кездейсоқта тағы да біз. Білетін біз туралы елдің көбі, Қаңқулы жарымы рас, жарымы аңыз. Содан ба, іліндік жұрт назарына, Бар болар мүсіркеуі, мазағы да.

Ақ елік, ақ елік-ау, әттеген-ай, Секілді ақ асжаулық таза мына. - Ялтадан әкепсің бе базарлық көп, Кеш болды-ау, бұл бір есте қаларлық леп. Жаңына жайғасып ем,- аманба – деп, Арырақ сырғып кеттің "Амандық" деп. Жылжыдың үш орындық төрге қарай, "Бер отыр" деген ым мен жөнге балай. Мен дағы жылжып бердім екі орындық, Демей-ақ: отырысты өңге қалай. Көрмедім жүзіңдегі әжіміңді, Көріндің әрі әсем, әрі мұңды. Сымбатты сол тұлғаңнан елестеттім, Сонау бір қыз кәдегі қалыбыңды. Жиырма жыл өтпегендей арадағы, Қан шапшып, жүрек ыршып соға ма әлі?! Сол қыста..., сені күтіп жаурағаннан, Құрыстап, жауырыным тоңады әлі. ... Бас шайқап, келем әлі өкінумен, Бу шығып "шолк" – шолақкекіліңнен. Сеншықтың биік өкше жұқа етікпен, Мен шықтым студенттік төпілимен. Албырт ек, бағынатын кезіміз кімге?! Суықтан дірілдейді сөзіміз мүлде. Аязды елемедік қырық градус, Болған сон өзіміз жаз, өзіміз шілде. Осылай сені күтіп көп тоңғаным, Сен дағы сылтау айтып, ақталмадың. - Тоңдың ба? – дегеніңе, әлі есімде, - Күн онша суық емес – деп қалғаным. Екеуміз егіз қаздай жарасып ек, Бірге өскен бір ауылдың баласы ек. Есімде басыңдағы түбік шәлі, Есімде көкшіл пальтоң жағасы мех. ... Жүрекке алғаш түскен сызатым ең, Буылдыр, бұлтты көзбен ұзатып ем. Қанша жыл өтсе дағы көксе тартпай, Махаббат қалады екен қыз атымен!

Жүрек жолы Сүт ембеген тұлпарда – болмайды екпін, Солықтасам сонарда... сол ғой деп біл! Жанып түсер тұстарда, жанбай кеттім. Қанып ішер бұлақтан қанбай кеттім. Талай-талай достарға «хош» дей алмай, Қоналқаға кідірмей кешке қарай. Қалды артымда моншақты мол дүние, Жанарынан жас сығып жас қарағай. Қызығы көп қыздар көп кез болған-ды, Ебін таппай елжіреп..., сөз болғам-ды. Бекерге өз қағымнан өзім жеріп, Кеттім кезіп басқа қыр, басқа орманды. Түндерде жапа-жалғыз қорықтым мен, (Түс көрсем жақсылыққа жорып кілең). Дүм тоғай арасынан Арман деген. Данконың жүрегіне жолықтым мен.

Артымда талай қала, қалып қыстақ. Келемін, жүрек деген жарықты ұстап. Сол маған адасқанда ақыл қосты, Сол мені қараңғыдан алып шықпақ!... Аққулы арал Сырымды саған ақтарып, Шынымды айттым имандай. Жымиып сәл-пәл, оқталып, Жауапсыз кеттің иланбай. Дірілдеп бала қолдарым. (Сол сәтте менен керең жоқ). Өзіңе жырды жолдадым, Өтірік айтпас өлең деп! Хатың да келді керемет, Сағынып тосқан талайдан. Депсің сен: сөзің не керек. Көшіріп алған Абайдан. Сүйдім,-депөлең бастапсың, Ақиқат болмас жырда көп. Ақыл да айтып тастапсың, Аққудың әнін тыңда деп... Асынып арман – ақалмас, Желбіреп желге етегім. Іздедім солай ең алғаш, Аққудың адал мекенін.

Үш түрлі бояу – үштүспен. Сардала кездім, тау астым. Шарладым көкті ұшқышпен, Шахтермен бірге жер астын. Сен тұрдың сонда: кез, ізде, Жоғала берсін жау-жылан! Жұтыла жаздап теңізде. Жайынның қалдым аузынан. Мұхитты кездім қайықпен, Толқындар тулап, тебіскен. Кеткенде құздан тайып мен, Сақтады сенің «періштең». Сақтайды қанша білмеймін, Сақтықты санам ұғар ма? Есікті іштен ілмеймін, Шалқайтып ашам шығарда. Жебелер тесіп өтеді, Жүрекке мейлі қалқан қой. Бір оқ та маған жетеді, Бәре де сенің арқаң ғой. Келемін ұшып сен бар деп, Қысылып екі өкпем де. Сарт ете түсші қанжар боп, Сертімнен тайып кеткенде! Ақ қағаз

- Баспахана – баспанаң, Деп жұбайы сазарды. Жыртып-жыртып тастаған, Жинап жүріп қағазды. - Жазасың-ау ерінбей, Бір-ақ жарап жатқаны аз. Табылмас па темірдей, Жыртылмайтын ақ қағаз?! - Табылар-ау, табылса, Деді ақын – ол дағы аз! Жақсы жырлар жазылса, Жыртылмайды сол қағаз! Сен кімсің Ойрандалған Ордамның орнасысың, Өзгерген өзендердің арнасысың. Тарихтың тасқа түскен таңбасысын, Ортайған – мұхиттардың толмасысың. Жаһангер жақсылықтың жолдасысың, Қаны бөлек ұлттардың қандасысың. Баянды бақытыма қолбасшысың, Бар күрестің бітпеген жалғасысың.

Өткеннің кебеже мінген кенжесімін, Жарқырап жаңа өмірге енді есімің. Топтағы достарымның теңдесісің, Дұшпанымның бас шайқап –сенбесісің. Шаттығын шашыраған нұрда қалған, Мөлтілдеп мөлдірлігің суда қалған. Жүрсем де тауға түнеп, құмға сіңіп, Жоғалған күнің жоқ-ты бұл жалғаннан. Сен жүрдің «Уралаған» ғасыр – таңда, Аспанға сертін жазған жасындарда. Жұмулы жұдырықтай – затвордан, Саусақтар патрон бой ашылғанда. Ашқандай қайта көзін бұлақтардың, Жапанға жарнамасыз құлақтандың. Мұқтарлардың мәңгілік мұраты боп, Сәбиттерге бүкпесіз сыр ақтардың.

Айқасқан ақ ұлың да, қара ұлың да, Оқ болды өксіп өткен зарың мыңға. Атқанда ата жауды Сен бар едің, Большевиктік жанымда, жалынымда. Тілді Олар тұмшалаған қара түнді, Бұрмалап, бүркеп келген ел атымды. Қатардағы жаршы емес, халық едің, Өзіңе қайтып берді өз атыңды. Абай, Пушкин, Лермонтов, Тарас аты, Тамырлы туыстықтың тамаша аты. Көтерген кең әлемге жарқыратып, Ильчтің палуан ой, парасаты!!! *** Бір болдың қайда жүрдім, қайда баспан, Қара бұлт – қара бұрым жайған аспан. Соғыста өлім төккен, өмір жайлы, Өз жырың махаббат боп майдан ашқан.

Сенің жырың жыры емес келімсектің, Сенің әнің әні емес көңілшектің. Кемеңгер Гетеменен қолтықтасып, Өлермен жүректерге өмір септің. Жанынның бар пернесі шыңсып күткен, Елдегі хабар беріп тіршіліктен. Кітабы түсіп жатты окоптарға Ақ пұлдың екі жағы шымшып тіккен. Әр сезің солдаттарға сыйға жүрді, Оққа ұшқан, қоштасарда қинады ұлды. Жатты алып жамбастағы планшеттен, Қан сіңген қалыңдау бір жинағыңды. Аулыма «Айттым сәлем» айтып келген, (Баспасын аяқтарып қайтып кердең) Сақтаған Европаның саушылығын, Солдат боп Сенің жырың қайтып келген.

Сен барсың, сен солардың ішіндесің, Сен жоқсың дегендігім – түсінбесім. Кемел ой, келбетімде – түсімдесің. Бір білек, бірлігімде – күшімдесің!... Қан жайлау, қанатты ән нөсерлеген, Қалам – алып күй салнық, көшем – өлең. Бейбітшілік бірлігін шешеді өлең, Қадірін Ұлы Абай Еселеген! Тау тозады, теңіздер сарқылады, Тоқталмайды өмірдің толқын әні. Шағала – жыр, шаңқылдап, шарқ ұрады, Қосылады, қарқынға қарқын өлі. Жанардың жыл сендірер талай нұрын, Сенбейді ақын деген қалай да ұғым! Ай бетінде жүздесіп оқырманмен, Әлі талай айтарсыз Абай жырын.

Тоқталайын осымен... Тоқтамайын, Тұрайын сен шақырған шақта дайын. Абай - жыр айналайын, ақсамайым, Ақ сүтіңнен қалайша ақталайын?! Көшпелі адрес -Әлі үйіміз барақта, -Әлі үйіміз барақта, Көресіні көрдік деп... Шақыруды қонаққа. Санайсың ба, сен міндет. Дәмге де деп... Қызарып, Айтып бітпей қолқанды. -Тиын бар деп сыралық, Қақтың менің қалтамды. Екінші рет бұлтыңға, Тағы да сап еп қылдың. Үйім қала сыртында. «Ит өлген жер» деп тұрдың. Қайта көріп қалған соң, Дәлел таппай дәлірек. -Бұрынғы үйді бұзғаң соң, Көштік дедің әрірек. ...Сыйлау сенің не теңің, Сырғи берме, ей, інім. Мызғымапты мекенің, «Көшіп үрген» пейілің!

Төтеге (Төлеген) (Әзіл)

Уәде, айтылған серт жолда қалды, Кеш бата нанғыш, алғыш – сорлы ағаңды. Дұшпанның қиын екен сыйлағаны, Онан да жақсы екен-ау қорлағаны. Шақырдым «кафе» жаққа шақырмаста, Бірқожына топырлаған ақын басты... Жеп отыр үйге барсам бауырларың, Қырсаң да қырым ет жоқ соқыр басты. Ұғарсың хал жайымды інім зерек, Білемін, аш жүрсең де білім керек. 20 сом 20 тиын емес пе еді, Жоқшылық тапты мені бүгінде кеп. Нандым-ау «беремізге» қара басып, Бос барды былғаң қағып қара жәшік Ашқанда алма орыңыңа сабын түсті, Қағазбен қобыраған араласып. Түсіме кіріп жүрсің маза бермей, Өсіп ең жоқтық көрмей, қаза көрмей. 20 сом қайтады ғой, алаңдама, Онан да жақсы жырды жаза бергін. Атыма шақты тіліп келмей, «Баба» деп жігіт едің, інім сенбей. Әлі де баба болам, Қарыздың бірін беріп, бірін бермей! Қос өкпе сырылдайды, әл азайып, Қырықта кетпей ме өзі қан азайып. Бір жақтан Каукең де жылап отыр, Кием деп жазғы көйлек модаға лайық Даярда кісі деген қара құрым, Ақша емес, ауа жетпей барады інім... Ал, төре, бар тілеймін құтты болсын, Алғашқы астаналық жаңа жылың!

Диалог (Ескі таныспен әңгіме) -Көпшіл едің жас кезіңде өрімдей, Кеткенің не жапа-жалғыз көрінбей. -Оның бәрі буы екен жастықтың, Тескен танау тайлақтай боп бастықтым.

...Жігіт еді көз көрген, Қалай жылдам өзгерген... -Мақтан тұтып, мадақтайтын жерлестер, Маймаңдаған күйші едің-ау, дәулескер. -Домбырашы, күйші, емес пе, айналаң, Таздан тарақ қалғанына қай заман. ...Жігіт еді көз көрген, Қалай жылдам өзгерген... -Сұрақтарым қайталанса сөкпе, ауыр, Қыздарға арнап жыр жазушы ең тәп-тәуір. -мына сен де ақын бопсың, күндемен, Жастық шақтың желігі екен жыр деген. ...Жігіт еді көз көрген, Қалай жылдам өзгерген... -Қалайша сен жыл еркіне бағындың?! Әнші едің, дауысыңды сағындым. -Әнді рас, түсінуші ем бақыт деп, «Әлаулайға» баяғыдай уақыт жоқ. ...Жігіт еді көз көрген, Қалай жылдам өзгерген... -Ортасында тұра бермей көшенің, Былайырақ сырласайық, дос едің. -Үйім қашық, іш деуге де жүр қымыз, «Жигулиде» күтіп қалды құрбыңыз. ...Жігіт еді көз көрген, Қалай жылдам өзгерген...

«Модная бабушка» - Шырағым, жүйрік екен «пойз» дейтін, Шал-кемпірдің қолы екен той іздейтің. Деп енеміз кеп түсті кенеп қаппен, Ақ таяқпен, ауылда қой іздейтін. Жұрт қарайды киініс, порымына, Елемейді енеміз оны мына. Жаулығының бір ұшы тірсегінде, Көйлегінің етегі тобығында. Енеміз шықпаушы еді алысқа көп, Ал, мұнда туыс та көп, таныс та көп. Балконнан немересі мақтанып тұр: «Вот, моя модная бабушка» деп.

- Мына дорба Манасқа сырлас қайыным, Мынау әлгі.., кім ұғар құрдас жайын. ...бар Алматы дәметіп отырғандай, Таратады құрт-майын үй бас сайын. -Жасыл ну Алматыңыз жұмақ екен, Жастарға жарасымды тұрақ екен. Келгенде балаларға бар айыбы, Әттеген-ай, ауылдан жырақ екен; Деп енеміз мақтаса қала жайын, Отырған күліседі бар ағайын: - Қаптаған халық анау көшедегі, Машина құжынаған арадайын... Деген сөзді енеміз шам алады; Өңменіңнен өтеді қарағаны. - Тәйт, әйірі, аспаңдар, өйтіп шалқып, Не жетсін тіршілікке қаладағы. Амандықтан басқа оның жоқ тілегі, Қуаныштан төбесі көк тіреді. - Әр көшесін жаттап ап бес саусақтай, Астаналық боп кеттім – деп күледі. Жүзінде бар қобалжу, мақтаныш та, Жарқылдап білезігі, соққан ұста. Адасса қол көтерер такси түгіл, Ағылған көшедегі автобусқа. Кей жемісті жаңылып, дұрыс алмай, Көк базарға тартады тыныс алмай. Ұқса да орысшаны «хорошо» деп, Жүргені саудагермен ұрыса алмай Күн сайын адасудан көз ашпайды, Көше сұрап, ешкімге жақ ашпайды. Бір ірет менің өзім алдым тауып, Бір ірет тауып алды Манас қайыны. Бүгін тағы сипалап келген жерін, Кісі іздеудің бастадық сергелдеңін. Мүмкін болса бір хабар жеткізіңдер, «Модная бабушканы» көргендерің...

Шуақ «Көктемді өлмеген жан көреді ақыр», Деуші еді осындайда әжем - пақыр... Шатырдан салбыратып мұз – арқаның, Тамшылар жерге сырғып келе жатыр? ...Әлі де қарайған жоқ, бөктер бірақ, Ақ жылан ұйықтап жатыр – қатқан бұлақ. Арқаңнан білінгенмен ашулы ызғар, Алдыңнан күлімдейді көктем – шуақ. Қарауылдағы айтысты еске алу ...Ал, енді! Сөз кеткенде ақындардан, Ауызда жақ, қарысып тақым қалған. Тақиялы кәриялар тақырда отыр, Тыңдауға құлақ оты жақын барған. Жұрт біткен шағын таудың бетінде өріп, Айтысқа алабөтен бетін беріп. Көтеріп соның бәрін Қарауыл тұр, Кемесі Нұх пайғамбар секілденіп.

Жер жетпей жұрт төбенің басында отыр, Жер-жиһан көп нәсілі осында отыр. Ағылшын, Қытай, Үндіс таңырқасып, Аңырып сол Қарауыл тасында отыр. Ежелден сөз дегенің ел киесі, Сол сөздің Абай ата бергі иесі. «Түгел сөздің түбі бар» Майды бидей, Табылмаса табылмас, енді иесі. Саз сынын тасыр ұқпас, асыл ұғар, Абай – Бір, одан кейін Қасымы бар. Ішінде бұл айтыстың Ақадыс пен, Бекарыс, Жанарыстың нәсілі бар. Табылса да, табылар санаулы-ақ жан, Ішінде өрт, сыртында алау жанған. Күркіреп көктен шыққан саз төгілді, Күн бата ұясына алаулаған.

Құлақты тік тұрғызған сөз елертіп, Лүпілдеп кеуде қағып, маза кетіп. Абай! – деп әруақтанып, кетті шырқап, Қыл батпас қисынына Тазабеков. Қиын-ақ қысылшаңда сөз жүйесі, Айтыстың табылғандай енді иесі. Ақ шаңқан киімі бар, іні сөзін Тыңдап тұр не қазақтың әулиесі. Ініміз Мұхамеджан жиырмада еді, Жиырмамен жүз мың халық бірге ереді. Нақысты, тақысты да жаңа пері, Жылтқандай тоңазыған түн денені. Көк шалғын сусылдайды тізеліктен, Көктен ай жарқырайды күйге еліткен. Құранға қол жайғандай дүйім халық, Баршасы бір кісідей тізе бүккен.

Келісіп төрешілер, «екі» деспей, Бірлесіп, бірақ пішкен, екі кеспей. Өкшесі жерге тиді жас ақынның, Батыры ақын Гомер – Ахиллестей. Айтыстың ұға білген нағыз жайын, Ақтауға бір борышты парыздайын. Орнынан Орынбаев көтерілді, Шапаны көлбең қағып Абыздайын. Дариға-ей, ұмытпастай кезең еді, Мұндайда ер тіріліп, ез өледі. Бұралқы иттей болып көш соңынан, Бұл күнде күңкіл-сыңқыл сөз ереді. Дариға-ай, ұмытпастай кезең еді, Тарихтан – жалғыз үлес, кезек еді. Артында сол айтыстың жыл айналмай, Берекесіз бөз қымбаттап, сөз өледі. Сен де төз, мен де төзем енді.

Дариға-ай, естен кетпес кезең еді, Несіне ақ малтамды езем енді. Аңдаусыз ақ періште секілденіп, Тыңдаған жасыл жаздың көбелегі... Қашанда шіркеу салмай бетімізге, Кетті Абай жалғыз жүріп Екі жүзге. Біз қалдық, екі жүзде тоғышарлар, Той тағы қымыз бенен етіңізге. Халқыңның көтерілсе күйі мына, Қан ойнап, күлкі жиып миығыңа. Сол тойда тоғышардың ұрпақтары, Ат та мін, шапан да іл иығына. «Ізет!» деп алғаның мен ілгеніңді, Істерсің енді өзің білгеніңді. Біз қалдық, сүйегіміз қурап қалар, Көрмеспіз, жүргеніңді, күлгеніңді.

Жүйріксің, Сендер жүйрік, бұл жағына, Жантайып, жығыла бер бір жағына. Тыртыңың, жыртыңыңда ұмыт қалар, Татымас Тазабеков тырнағына!... Жазықсыз отқа қақтап шырқыратпа, Жұртыңның ас кәдесі ғұрпын сақта. Ақ тілеу абай ата тойындағы, Дариға-ай, бар ма екен бұл кітпата. Ашықсаң ұлы жолда ал тоғайып, Сол тойдың сарқытын іш, қайта байып. Еске алып Абай аға тойын қайта, Тік тұрып бүгінгі ұрпақ қол соғайық! Мазмұны Бірінші бөлім: СЫРЛАСУ...................................................

Ауылдаспен әңгіме.................................................................. Ірілер мен ұсақтар.................................................................. Өзгеріс......................................................................................... Қарттар туралы ода..................................................................... Қоңыр көзәйнекті қыз................................................................. Меңзеу......................................................................................... Ауыспалы тоқ көзі...................................................................... Қызыл құмдағы дауыл............................................................ Өткен қыс этюды..................................................................... Бетбұрыс...................................................................................... Ойын........................................................................................ Ұмытпаңдар, ұмытпаңдар қайғы бар.................................... “Аңшы”.................................................................................... Қиын жұмбақ.......................................................................... Қызға жазылған екі хат............................................................ Құс – адам................................................................................ Шындарға талай шыққанбыз................................................... Пайда жок өкінгенмен............................................................... Ақ кеме..................................................................................... Феникс және сфинкс................................................................ Қара жер саған өкпем жоқ..................................................... Күз көрінісі.............................................................................. Шуақты күндер........................................................................ Этнографикалык өлең............................................................. Амандассаң олаға.................................................................... Мезі етті.................................................................................... Деректі фильм......................................................................... Тылсым..................................................................................... Салмаңсыздық заңы.................................................................. Жастық мені жатырқап.............................................................. Қос мықты................................................................................. Досқа наз................................................................................... “Табу”....................................................................................... Болған оқиға.............................................................................. Таңғы ұйқы.............................................................................. Сіз туған Семей........................................................................ Бой мен ой................................................................................ Өмір – солдат........................................................................... Бір ініге базына........................................................................

Өлімді қызғану......................................................................... Қалайша айта аламын............................................................. Ақын ғой ол, мінезі ала құйын.............................................. Жауап........................................................................................ Рас, біз “фанаттармыз!”.......................................................... Әупілдек................................................................................... “Қоян” қыз.............................................................................. Уақыттың кеткені-ай, өтіңкіреп............................................. Асау.......................................................................................... Әдемі махабатты...................................................................... Параллель түзулер.................................................................... Сынға – сын............................................................................. “Ыңғайы”................................................................................. Таусылмайтын “Арман”........................................................ Әттең, әйелсің ғой.................................................................... Төрт тарау – төрт таңдау........................................................ Сағиға хат................................................................................. Бауыр........................................................................................ Розаға рым................................................................................ Ерке жирен................................................................................ “Пірәдар”.................................................................................. Той үстіндегі тілек.................................................................. Белгісіздік................................................................................ Жым-жырт жолда.................................................................... Сурет......................................................................................... Шырақшы................................................................................. Жолы болмайтын Асан туралы............................................... Тамаша..................................................................................... Табиғи сурет............................................................................ “…Әлхиса”................................................................................... Көзқарас................................................................................... Ақкөбелек................................................................................

Екінші бөлім: МҰНДАСУ.....................................................

Қоштасу.................................................................................... Баламды айта бермеңдер......................................................... Көңіл айту................................................................................ Жекпе-жек................................................................................ Жұбату...................................................................................... Мына Ертіс............................................................................... Балықшы қарт есімде............................................................... Су жылып келеді..................................................................... Үш минут................................................................................. Екі жүрек.................................................................................

Үшінші бөлім: ПОЭМАЛАР................................................. Бозайғыр................................................................................... Табынудың ақыры.................................................................... Жұмбақ жолаушы..................................................................... Төртінші бөлім: АҚЫННЫҢ АҚЫРҒЫ ӨЛЕҢДЕРІ..........................................................

Кебін.......................................................................................... Ер мен ез................................................................................... Халқыма айтар бір арман........................................................... Ібіліс.......................................................................................... Аналарға араша........................................................................... Араша........................................................................................ Ұлтымда еді үмітім... ................................................................ Сол жолменен............................................................................ Жарыма...................................................................................... Ақ түн....................................................................................... Солақай сыншыға....................................................................... Шайтансері................................................................................ Жігер.......................................................................................... Сақтық сағатында....................................................................... Маймыл өкпе............................................................................. Жерге деген махаббат.............................................................. Таңсәріде.................................................................................. Жазғытұрым................................................................................ Жалғыз....................................................................................... Кержақ...................................................................................... Қайрау....................................................................................... Абай ата жиені.......................................................................... Тіл............................................................................................. НАТО-ның нейтрондық ракеталар аймағынан репортаж................................................ Қала мен дала күзі................................................................... Абайды зерттеушілерге............................................................. Жидебайда туған жыр................................................................. Жеңіс туралы баллада............................................................. Құстар қиқу салғанда............................................................... Қайта жауған қар................................................................... Қайырлы таң..........................................................................

Темекінің шоқтары...............................................................

Түн – кабинет......................................................................... Ит туралы өлең...................................................................... Сары көлді көргенде............................................................. Домбыра туралы ................................................................... Махамбетті еске алу............................................................... Бар, ондайлар......................................................................... Көзімде сенің суретің........................................................... Ақын зары.................................................................................. Кешкі көріністер.................................................................... Түн қөрінісі............................................................................. Жеке шумақтар....................................................................... Табиғатты тыңдасаң... ............................................................ Ән............................................................................................ Бақта......................................................................................... Жолаушы...................................................................................... Қос орындық............................................................................... Жүрек жолы................................................................................ Аққулы арал............................................................................... Ақ қағаз.................................................................................... Сен кімсің................................................................................... Көшпелі адрес............................................................................. Төтеге....................................................................................... Диалог.................................................................................... «Модная бабушка» .................................................................. Шуақ....................................................................................... Қарауылдағы айтысты еске алу...........................................

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙