TELEGEI

Home

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. IV кітап

Kitap.kz

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. IV кітап

МӘДЕНИ МҰРА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СЕРИЯЛАРЫҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ МӘДЕНИ МҰРА БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҚАСЫ Әшімбаев Мәулен, кеңес төрағасы Асқаров Әлібек, жауапты хатшы Қоғамдық кеңе...

1-ТАРАУ

РЕСЕЙ МОНАРХИЯСЫНЫҢ ҚҰЛАТЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ СЪЕЗДЕРІН ШАҚЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Елдегі қоғамдық-саяси жағдай

Петроград солдаттары мен жұмысшыларының 1917 жылғы 27 ақпандағы қарулы көтерілісі нәтижесінде Ресей монархиялық билігі құлап, оның орнына жаңа тәртіп орнады. Осылайша бір қоғамның екінші қоғамды ауыстыру процесі - бүкіл елдегі, соның ішінде Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайға да ықпал етті. Бұл өзгерістің "бостандық пен ұлт мүддесі үшін қызметтің ашылар есігі сияқты көрінгенін", - айта келіп М.Шоқай, -"көп жылдар бойы патшалық залым саясаттың меңіреуінде адасқандарын, төңкеріс әкелген бостандық нұрына көздері шағылысып, әп-сәтте тура жолды тауып кете алмағандығын" жасырмады 1917 жылдың 2-наурызында Ресей империясында үш ғасырға жуық үстемдік құрған Романовтар әулетінің тарих сахнасынан ресми кетуі - елдің қоғамдық-саяси өмірінің барлық салаларына серпілісті өзгерістер енгізуге мүмкіндіктер жасады. Ресейдегі жалпы ұлттық биліктің орталығы болған Мемлекеттік Дума бұрынғысынша қалдырылып, ол мемлекетті билеу түрін шешу міндетін алға қойды. "Қазақ" газетінде: "Романовтар тақтан тайған соң халық ел меңгеру тізгінін қалаған адамына ұстату үшін Құрылтай жиюы керектігі, Құрылтайға халық өкілдерін сайлау біраз уақытты алатындығы, оған дейін мемлекетті хүкіметсіз қалдыру мүмкін еместігі, сондықтан Уақытша үкімет жасалатыны, ал оның ең үлкен қызметтері - мемлекет тәртібін күшейту, әскерді соғысқа жарақтандырып қам қылу. Отанды осы күнгі қиын халінен құтқару үшін мемлекеттегі барлық жарамды күштерді біріктіру. Уақытша үкімет осыны ойлағандықтан өз арасына тағы да адамдар қосып алатындығы, олар "елінің қамын бірдің қамынан" жоғары ұстап, партиягершілік сияқты жолға тартпайтын болғанда ғана өздеріне жақын болатындығы" жазылды 1917 жылдың 1-наурызында жаңа үкіметті құру және оның бағдарламасын жасау жұмыстары аяқталып, Уақытша үкіметтің өкілдері Кеңестермен келіссөздер жүргізуге кірісті. Ақпан революциясының нәтижесінде дүниеге келген Уақытша үкімет пен Кеңестердің іс-әрекеттері жөніндегі хабарлар қазақ даласына наурыз айының басында-ақ келіп жетті. Бұл жөнінде "Қазақ" газетінің "Ішкі хабарлар" бөлімінде: "Хүкімет өзгерісінің еміс-еміс хабары Орынборға 1- наурызда естілді. Петроградта Уақытша үкімет жасалған. Үкімет басында Родзянко, Жол министрі депутат Бубликов болып, темір жол бастығына телеграмма соғылды",- деген хабар тезарада айтылмай, ауыздан-ауызға құпия түрде жүріп, кешке дейін шаһар мекемелерінің бәріне таралып болды... сол күні шаһар басының атына келген телеграмма келгенде ғана жаңа хүкімет сайланғаны айтылды" делінген Алғашқы кезде монархияның құлатылғаны жөніндегі хабарды халықтан жасырып, құпия ұстау фактілері Ресей империясының шет аймақтарында айтарлықтай орын алды. Айталық, Түркістанда елдегі саяси өзгерістерді жергілікті баспасөздерде жариялауға үзілді-кесілді жол берілмеді. Ресей орталығында патша өкіметі құлатылғанымен, шет аймақтарда оның билігі біраз уақытқа дейін өз күшінде тұрды. Түркістандағы патша наместнигі генерал-губернатор Л. Куропаткин халықтан патша өкіметінің құлағандығы жөніндегі хабарды жасыруға тырысты. Жергілікті жерлерде бүл хабарды губернаторлар мен чиновниктерге баспасөз беттерінде жоғарыдан тапсырма келгенше жариялауға тиым салынды. Сондықтан да қырғыздар революциялық төңкеріс туралы хабарды ресми түрде өкімет тарапынан емес, телеграфистер мен елге қайтқан солдаттар арқылы естіп білді. Ресей монархиясы XX ғасырдың басынан - ақ елде толастамаған саяси дағдарыстардың нәтижесінде құлағаны белгілі. Монархиялық тәртіпке Ресей империясында тұратын халықтардың басым көпшілігі, нақтыласақ 180 млн-ға жуығы қарсы болды Себебі, Романовтар әулеті Ресейді билеген кезінде өздерін "қожа", халықты "күл" есебінде ұстап, тек өз басының пайдасымен, соның мүддесімен ғана болған еді. Халықтың жағдайын ескерместен, "олардың көзі ашылса, күшейіп кетіп, тізгініне ие бола алмай қаламын деген қауіп пен қатерден қорқып, олардың көзін ашып, ілгері бастыру былай тұрсын, халықтың өзі ілгері ұмтылып, ілгері басамын деген талабының бәріне Романовтар қарсы тұрды" Мұны М.Бегбуди: "егер біздің халық мәдениетті халықтардың дәрежесіне жете алмаса, оған ескі тәртіп кінәлі, бұрынғы үкімет бізді қараңғыда ұстады. Әйтпесе, Египет сияқты мұсылман елдерінде халық мәдениетті, әрі тұрмыстары жақсырақ. Темір жолды да ол жақта арабтардың игеріп отырғандығымен" түсіндіреді. Романовтар әулетінің "халықтың тынысын тарылтатып, тұншықтыруға" бағытталған мұндай ұстанымына Ресей халқының түрлі топтары, әсіресе шаруалар мен жүмысшылар үнемі жиіркенішпен қарады. Тіпті саяси биліктен үміткер Ресей либералдық буржуазиясы мен дворяндар да патша билігіне қарсы қыр көрсетті. Ал, шет аймақтардағы халық патшалық қанаудан өздерін азат ету жолында ұзақ жылдар бойы күресін жалғастырудан бас тартпаған еді. Дәл осы кезеңдегі, яғни ақпан революциясы қарсаңындағы патшалық тәртіптің шектен тыс күшеюі - халықтың еңсесін басып, есеңгіретіп, әбден езіп тастаған-ды. Сондай-ақ, патша өкіметіне қарсы саяси күштердің топтасуына бірінші дүние жүзілік соғыс айтарлықтай әсер етті. Шын мәнісінде, Романовтарды тағынан түсіруге себепкер болған да осы Европа соғысы еді. "Европа соғысы дүние жаратылғаннан бері жер жүзінде болып көрмеген зор соғыс болды. Зор соғыстың салмағы да зор. Оны көтеруге көп күш керектін. Жайшылықта халық күшін, халық ісін керек қылмайтын хүкімет енді оны керек қыла бастады... халықты соғысқа қатыстырмайын десе, соғыстың керек-жарағын хүкімет өзі үлгерте алмайтын болды. Қатыстырайын десе, жұрт жұмысының бәрінен айрылып, далада қалып қоюдан қорықты. Хүкімет "былай тартса өгіз өледі, былай тартса арба сынадының" күйіне түсті Сөйтіп, оның ел ішіндегі жағдайларға соғыс ауыртпалығы қосылып, ескі тәртіп өзін қорғайтын күштен айрылғандықтан, амалсыздан орнынан ығыстырылды. Бірінші дүние жүзілік соғыста әскери күштердің жеңілуі де орыс халқының ар-намысына тиіп, халықаралық кеңістікте олардың беделіне нұқсан келтірді. Патшаның 25-ші маусым жарлығына да ел ішінде наразылық туып, оның ақыры 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығуына әкелді. Оның ақыры 1917 жылғы ақпан революциясына ұласты. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстардың нәтижесінде патшалық билік құлатылды. Бұрын ескі тәртіптің құлы болып, оған қарсы қыңқ ете алмайтын Ресей халықтарына бүл өзгерістен кейін өз тізгіндерін өз қолдарына алып, тіршілік пен тұрмысты түгелдей дерлік өздеріне жағымды жаңа негізде құруға жол ашылды. Осылайша, "...бұрыннан орын алып келген "біртұтас және бөлінбес Ресей империясы мен соған негізделген мемлекеттік саясатқа сызат түсе бастады" Елдегі саяси өзгерістер мен оқиғаларды қазақ халқының қалай қарсы алғандығын А.Байтұрсынов өзінің әйгілі "Революция жөне қазақтар" аталатын мақаласында: "Қазақтарға ақпан төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, қазан социалистік революциясы соншалықты түсініксіз көрінді. Бірінші төңкерісті қандай қуанышпен қарсы алса, екіншісін сонша үреймен қарсы алғандығын айта келіп: "алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бүл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және екіншіден, олардың өзімізді - өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді" - деп түсіндіреді . Бұл пікірді кейінірек М.Шоқай: "ол кезде 1917 жылдың революциясы бізге ұлттық мемлекет құру мүмкіндігін береді деп үміттендік. Әрі оған сендік те"- деп нақтылай түседі Ақпан революциясы бұрын халыққа берілмей келген демократиялық бостандықтарды, атап айтсақ сөз, баспасөз бостандығын, саяси партиялар құру, түрлі митингілер мен жиналыстар өткізу бостандықтарын берген еді. Қазақ халқының саяси бостандыққа жетсек деген сенімдерінің зор болғандығы сонша, олардың әңгімесі тек "бостандық", "теңдік", "азаттық," төңірегінде болатын. Бұл заңды құбылыс еді. Себебі, бостандық, теңдік - адамзаттың ежелден келе жатқан армандары. Бұлар адамзаттың табиғатымен бірге жаратылып, оның негізін ардақты құқықтары құрайтын. Өздігінше артықшылығы да осы құқықтарында еді. Сондықтан осы кезден бастап халықтың барлық топтары жаппай саясатқа араласа бастады. Келтірілген мәліметтер орталық езгіден әбден қалжыраған, саяси құқығы шектеліп, "бұратана" атанған қазақ халқының ақпан революциясын зор қуанышпен қарсы алуының жарқын көрінісі. Ал, 1917 жылғы қазан революциясына қазақ халқының түсінбей қарауының негізгі себебін А.Байтұрсынов "қазақ қоғамында капитализмнің, соған сәйкес таптық жіктелудің жоқтығымен" байланыстырса, оны М.Дулатов: "қазақ-қырғызды капиталист, буржуй, жұмыскер деп бөлуге болмайды. Бізде Европа халықтарындай зауыт, фабрика жоқ, бізде миллионер, жатып – ішер жоқ. Біздің халық ақ сүйек, қара сүйек, бай, жұмыскер, жерлі, жерсіздерге бөлінген емес. Қалың қазақ - қырғыздың тіршілігі, шаруасы - мал бағу. Қазақ жері бұрыннан да жеке адамның еншісіне бөлінген емес" - деп нақтылайды Елдегі саяси өзгерістер азаттыққа ұмтылған халықтардың көкейінде ұлттық дербестікке жетуге жол ашады деген үміт жатқан-ды. Халық өкілдері Уақытша үкімет басындағы азаматтарға үлкен сенім артты. Себебі, олар елінің мұң-мұқтажын ойлайтын, ұлтының намысын жақтайтын, халықтың өзі сайлаған Дума депутаттары болатын. Ақпан революциясы - тек орыс халқының қуанышы болмай, Ресейдің басқа халықтарының бәріне ортақ қуаныш болды. Бүл хабар қазақ даласына жетісімен-ақ өздерінің тілектес ниеттерін білдірген жеделхаттар Ресей орталығына тұс - тұстан жөнелтіліп жатты. Айталық, Жетісу облыстық қазақ комитетінің төрағасы Ы.Жайнақов қазақ халқының Уақытша үкіметті және ол жариялаған заңдарды қуанышпен қарсы алғанын, сондай-ақ келешекте оның игілігін көруден үмітті екендіктерін айта келіп, "ескі тәртіп кезінде ұмытылған, сығылған, күл болған қазақ халқы жаңа қалыпты жанындай жақсы көретіндігін, бүлік жасамай тыныштық пен бүтіндікті һәм реттілікті сақтауға сенімді екендігін жаңа хүкіметке һәм хүкімет басшылықтарына март басында-ақ білдірген һәм сол уәдесін күні бүгін имандай сақтап тұрғанын" жазады Ы.Жайнақовтың осы мазмұндас құттықтау жеделхаты 1917 жылдың 15 наурызында генерал-губернатор А.Куропаткиннің атына да жібереді. Осы тұста А.Куропаткиннің де, Уақытша үкімет басшылығындағы А.Керенскийдің де Түркістан сияқты шет аймақтардағы халықтардың теңдік құқығына іш тарлықпен қарағанын ескергеніміз жөн. Бүл пікірге 1926-1929жж. аралығында "Красный архив" журналында жарияланған А.Куропаткиннің күнделіктеріндегі мәліметтер дәлел. Мұнда екі маңызды мәселеге, бірі 1916 жылғы Орта Азия мен Қазақстандағы ұлт-азаттық күресі, екіншісі 1917 жылғы ақпан революциясына және онан кейінгі орталықтағы, Түркістандағы оқиғаларға баса назар аударылады Түркістандағы жағдайды баяндай келіп, - А.Куропаткин А.Керенскийге жазған хатында,- түркістандықтарға теңдік құқын толық беруге болмайтындығын, егер олай болса Түркістан кері қарай кетеді. Көпшілік дауыс солардың үлесіне тиіп, олар бар билікті өз қолдарына алады. Сөйтіп билік сенімсіз адамдардың қолдарына ауатындығын" айтып, өзінің осы ұстанымын А.Керенскийдің мақұлдағанын жазады. Ақпан революциясынан кейін көп ұзамай Петроградқа Қазан, Қырым, Кавказ және Қазақстаннан саяси қайраткерлер келіп, мұсылман фракциясынан Бүкіл ресейлік мұсылмандар съезін шақыруды талап етеді. Олар өздерінің елдегі саяси өзгерістерді мойындайтындықтарын, оған барынша қолдау көрсететіндіктерін білдіреді. Оған "Россияның Түркістан, Кавказ т.б. жерлерінде мұсылмандар саны жағынан мемлекетте екінші орында, сондықтан олардың дауысы да өтімді болуы керек. Біз Уақытша үкіметке сенуіміз және бағынуымыз керек" - деген М.Бегбудидің сөзі және "мемлекет басына туып тұрған қиын,екі талай заманда қазақ халқы өзара қырылысқа бастап жүрген ағартушылардың артынан ермейді. Бостандық, теңдік жағын қуаттаймын. Уақытша үкіметке қолынан келгенше жәрдем көрсетіп, күш беруге һәм әр уақыт даяр қазақ халқы бостандыққа қарсы қимыл қылушыларға шын көңілден дұшпан һәм өз арасында ол сықылды жұмыс болмауына иманы мығым" - мазмұндас Бас Министрге жолдаған М.Шоқайдың жеделхаты дәлел. Наурыз айының басында-ақ Уақытша үкіметті қуаттаған жеделхаттар Думаның атына Қазақстанның барлық аймақтарынан, атап айтқанда Орынбор, Орал, Ақмола мен Семей облыстарынан, Қарқаралы уезі орыс-қазақ мұғалімдерінің кәсіподағынан және Омбы уезі қазақтарының атынан да жіберілді. Қазақ зиялыларының үкімет атына жолдаған осы сарындас хаттарға қосымша ұсыныстары да жасалды. Айталық, Б.Қаратаев Ресейдегі жаңа үкіметтің Азиялық жер бастықтарының (начальник) басқару жүйесін жойған шешімін қолдайтындығын білдіріп, "...ендігі жерде ұлтына, нәсіліне, дініне қарай ешқандай бөлінушілік болмайды... көрнекті реакционер фон Плевенің өлі баласы болып табылатын шаруа начальниктерінің жүйесі жойылуы керектігін" баса айтады және үкіметтен ұлт азаттығына шырмау болған орыстық ұлы державалық саясаттың мирасқорларын заңды түрде жоюды" талап етеді. Келтірілген құжаттардан көрініп тұрғандай, ІІ Николай патшаның тақтан түскендігі туралы хабар өлкенің барлық өңірлеріне наурыз айының алғашқы күндерінде-ақ белгілі болған. Дәл осы кезде Минскідегі бұратана бөлімінде Ә.Бөкейханов және оның әріптестері бастаған 15 қазақ зиялылары Қазақстанның барлық облыс орталықтарына жеделхаттар жолдап, елдегі саяси өзгерістерге баға берді. Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының 15 өкілі қол қойған "Қазақтарға, жаңарған Россияның ерікті азаматтарына" деп аталатын бұл мәлімдемеде: "жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек... Түзулікпен іс істеңдер жаңа үкіметті сүйеңдер, Министерствоның азық-түлік ісінде жүрген уполномоченныйлары мен өзіміздің майдандағы жүмысшыларымызға болысыңыздар. Халықтың көңілін білдіріңіздер" делінген. Қазақ зиялыларының көсемі болған Ә.Бөкейханов осы бағдарламасы арқылы халықты Уақытша үкіметті қолдауға, майдандағы жігіттерді азық-түлікпен қамтамасыз етуді күшейтуге шақырды. Олар Уақытша үкіметтің билігін барынша қолдау арқылы, соның аясында ұлт мүддесінен туындаған аса маңызды мәселелерді шешіл алудан үміттенді. Қарастырылып отырған кезеңдегі қазақ зиялыларының басты нысаны – ұлттық дербестікке жету болғандықтан, олар оған толық болмаса да, алғашқы кезеңде жарым-жартылай, яғни империя шеңберіндегі ұлттық автономияға жалпы ресейлік демократиялық күштермен біріге отырып қол жеткізуге болады деп түсінді. Алғашқы кезде ұлт зиялыларының мұндай әрекеті онды болатын. Себебі, Ресей империясынан бірден бөлініп кету - қазақ қоғамы үшін тек елес болатын, яғни еш даярлығы жоқтұғын. Ғасыр басында елдегі жалпы ресейлік демократиялық күштердің ішінен қазақ зиялыларына идеологиялық жағынан ең жақын тұрғаны кадеттер болды. Бастапқыда Уақытша үкіметтің құрамы да кадет партиясының өкілдерінен тұрды. "...Кадет партиясы бұрынғы Николай заманында ескі үкіметпен қарсы алысқан, орыс намысын жібермейтін ұлтшылдығы басым партия еді. Сондықтан, Николай тақтан құлағаннан кейін мемлекет тізгіні Уақытша үкіметке, кадет партиясының қолына тиді де, Бас Министрдің өзі осы партиядан болды". Қазақ зиялыларының алғашқыда неліктен кадет партиясының саяси бағытын ұстануының себебін танымал қоғам қайраткері Т.Рысқұлов өз уақытында "Ә.Бөкейханов бастаған ұлттық интеллигенцияның бір бөлігі Ресейдегі күшті саяси партиялардың бірінен саналатын конституциялық-демократиялық кадет партиясына жақындасып, сол арқылы өздерінің мақсаттарына жетуден үмітті болды. Олардың бүл ұмтылысының негізінде ұлттық мүдде жатқан еді"- деп нақты жауап берген еді. "Кадет партиясының Құрылтай съезінде қабылданған "Азаматтардың негізгі құқы" және "Мемлекеттік құрылым" атты екі бөлімнен және 19 пункттен тұратын бағдар -ламасындағы "жүрекке жақын, ойға дөп "келетін 1- пунктіндегі: "Ресейдің барлық азаматтары нәсіліне, дініне және ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан заң алдында бірдей. Әртүрлі сословиелік айырмашылықтар мен поляк, еврейлердің және халықтың басқа да топтарының жеке және мүліктік құқықтарын шектеуді жою керек" деген сөздер қазақ зиялылары арасында өз тілеулестерін тауып, қатарының көбеюі тез қарқын алды. Кадеттер партиясының саяси бағыты Уақытша үкіметті толығымен қолдауға қызмет етті. Кадеттер партиясы өзінің осындай бағдарламасымен Уақытша үкіметтің саяси тірегіне айналды. Кадеттер партиясына үміт артқан ұлт зиялылары ақпан революциясынан кейін де 1906 жылдан бастап қазақ облыстарында бөлімше (филиал) ретінде құрылған кадет ұйымдарының ауқымын кеңейтуге тырысты. "Семей қаласында өркениет еткен кадет партиясына біріккен саяси күштер 1917 жылдың 11 наурызында Мемлекеттік Дума мен Министрлер Советі төрағаларының атына Уақытша үкіметті қолдаған құттықтау жеделхаттарын жолдайды". Алаш қозғалысының басшысы Ә.Бөкейхановтың кадеттер партиясына мүше болып сайлануының өзі - оның және бірқатар қызметтес серіктерінің Қазақстандағы ел басқару жүйесінде ресми қызметтерге қол жеткізулеріне мүмкіндіктер берді. Оған Ә.Бөкейхановтың Торғай облысындағы Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалуы, М.Тынышбаев, Ә.Кенесарин, М.Шоқайдың және т.б. қазақ зиялыларының Қазақстан мен Түркістандағы Уақытша үкіметтің жергілікті органдарындағы жауапты қызметтерге қойылуы нақты дәлел. Қазақ зиялылары жаңа саяси жағдайда кадеттермен тек идеологиялық жағынан ғана жақын болып қоймай, енді олардың саяси бағытын іске асыруға да араласа бастады. Сондықтан, олар кадеттер партиясына оппозицияда болған большевиктер партиясына бастан-ақ қырын қарады. Сөзіміз негізді болу үшін Уақытша үкімет пен Кеңестердің саяси бағытын айқындайтын мынадай мәліметке назар аударалық: "...Советтің бастапқы кезде тұтынған бағыты өздерін сайлаған солдат һәм жұмыскерлер пайдасын артығырақ көздеп, Уақытша үкіметтің істеген істерін сырттан бақылап тұру еді. Бірақ, ол бара-бара бұған ғана қанағат етпей, тіпті Уақытша үкіметтің де үстінен қарап, соған бұйрық беріп тұратын мемлекеттің ең жоғарғы мекемесі болуға ұмтылды. Әрине, Уақытша үкіметтің бұған көнгісі келмеді. Сондықтан Совет пен Уақытша үкімет арасында арбасу, арпалысу басталды. Ал, Уақытша үкімет Россияға осы күнгі өзінің шамасына лайық, бірсыпыра саяси кеңшіліктер, еркіндіктер беріп, өзгерісті тым артық тереңге жібермеу һәм басқа одақтас мемлекеттермен жасалған бұрынғы шартнамаларды бұзбай, соғысты солармен бірге жауды жеңгенше соза беру еді. Соның үшін мемлекет ішінде байлар мен жарлылар арасындағы кикілжіңдерді баса тұрып, бар күшті сыртқы жауға қарсы жұмсауға еңбек қылды. Оның бұл бағытты тұтынғандағы түпкі мақсаты -Россияның бірлік - бүтіндігін сақтап, басқа мемлекеттер көзінде оның абыройын арттыруды көздеген еді". Міне, сондықтан да жалпы ресейлік демократиялық күштер Уақытша үкіметтің саяси бағытына барынша қолдау көрсетті. Себебі, Уақытша үкіметтің саяси бағыт – бағдар -ламасы, шығарған заңдары толық болмаса да халықтың тілегіне сай келетін. Мәселен, "1917 жылдың 20 наурызында Уақытша үкімет тарапынан шығарылған Ресей азаматтарының құқығындағы нәсілдік, діни кемсітушілікті жою туралы шешімі және 8 пункттен тұратын "жиылыстар һәм союздар туралы" қаулысы шет аймақтардағы халықтар тарапынан қолдау тапты. Мұнда көпшілік бұқараның талабына сәйкес мекен-жай, қоныстану құқығына, мал-мүлік меншіктігіне, сауда мен өндірістегі құқықтарына және оқу орындарында білім алуларына жасалып келген шектеулер заң жүзінде жойылды. Ал тіл мәселесіне байланысты әр халыққа өзінің ұлттық тілін тек жекелеген мекемелері мен мектептеріндегі іс-қағаздарында ғана қолдануларына рұқсат берілген-ді. Алайда, жаңа үкімет Ресейдің шет аймақтарындағы халықтардың тағдырына қатысты маңызды мәселелерді толық шешіп бере алмады. Оның себептеріне тоқтала отырып, "Қазақ" газеті: "...хүкімет бар, бірақ ол уақытша болған соң, орнықты еместігі, орнықты болмаған соң қуатына міне алмай тұрғандығы, ерік халықта, халықтың еркі бізде деп, Уақытша хүкіметтің тізгініне жармасып, оралғы болып, отырған түрлі комитет һәм Советтер де бар екендігі ... Халық тізгінін берген орын деп айтарлық қазір Россияда мекеме жоқтығы, ал ол мекеме алдымыздағы болайын деп тұрған Учредительное собрание. Елге дұрыстық, тыныштық келтірер деп, бәрі де Учредительное собраниені күтіп отырғандығын" жазады Міне, осындай жағдайларға байланысты Уақытша үкімет жоғарыда айтылған мәселелердің толық шешімін шақырылуға тиісті Бүкіл ресейлік Құрылтай жиналысына қалдырған еді. Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет өзінің жергілікті органдарын ұйымдастыруға заңды түрде құқықты болғандықтан, олар жер-жерлерінде басқару органдарын құра бастады. Бұлармен.қатар жұмысшылар мен солдаттар да өздерінің Кеңестер жүйесін ұйымдастырды. "Жаңа ұрық" салып келе жатқан" Советтердің әлсіздігін пайдаланған және ресми билікті қолына алған буржуазия Уақытша үкіметті және оның жер-жердегі органдарын - атқару комитеттерін құруға кірісті. Соған орай 1917 жылдың 15 наурызында Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Уақытша үкімет билік органдарын құру туралы арнайы қаулысын жариялайды. Осы қаулыдан кейін ұлттық аймақтарда Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарларының басқару жүйесі, сонымен катар облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейдегі азаматтық комитеттер және олардың атқару органдары қалыптаса бастайды. Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары болып тағайындалған Ә.Бөкейханов өз қызметінде жергілікті жердің тұрмыс-тіршілігін, өзіндік ерекшеліктерін жетік білетін қазақ зиялыларын мемлекеттік басқару қызметтеріне тартты. Оның ұсынысы бойынша Қостанай уездік комиссарлығына 1-ші және ІІ-ші Мемлекеттік Думаның мүшесі Ахмет Бірімжанов, Торғай уездік комиссарлығына Омар Алмасов, Ырғыз уездік комиссарлығына Тобыл округтік сотының мүшесі Ғабдолла Теміров бекітілді/29/. Қостанай уездік комиссары қызметін атқарған А.Бірімжанов туралы Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова: "әкем бұл отбасын барынша құрметтеп, өзгелерден қаны аралас туыстардан гөрі ерекше жақын көріп, Ахмет атаны өзінің биік мақсатты пікірлес ағасы санайтын" дей келіп, "ол көп сөйлемейтін, биязы кісі еді" - деп еске алады. Торғай уезінің комиссары қызметін атқарған О.Алмасов Қостанайдағы 2 кластық училищеде тәрбиеленіп, мұғалімдер мектебін бітірген. " Оның өжет мінезді, ерік-жігері мықты, өткір тілді адам болғандығын, сол кездің өзінде-ақ оның бойынан ұлтшылдықтың, кейінірек Алашорда партиясының көсеміне лайық белгілердің байқалғанын" тілге тиек етеді С.Ужгин өз естелігінде. 1917 жылдың наурызында құрыла бастаған қазақ және мұсылман комитеттері ұлт зиялыларының жанкешті еңбегінің нәтижесінде құрылды. Комитеттер туралы "Сарыарқа" газетінде: "27 февральда бостандық күні туып... мемлекет билігі жалпы жұрттың қолына көшті. Бірақ, билік қолға келгенімен, мемлекет жұмысын жалпы жұрт бір жерде жиылып отырып істеп отырмақ емес. Бүл міндетті іске асырып, атқаратын жұрттың сенім көрсетіп, ортасынан сайлап жіберген өкіл депутаттары ... осы күнгі әр жерде көбейіп жатқан комитеттер сол жұрт билігінің сөйлесу реті" делінді. Аталған облыстық және уездік деңгейде қазақ комитеттері - Уақытша үкіметтің саяси жүйесінде қазақ елінің мүддесін білдіру және қорғау мақсатында құрылған болатын. Қазақ комитеттерінің құрамында Д.А.Аманжолова дәл көрсеткендей, "... Уақытша үкіметтің құрылымдарымен қатар ұлттық өзін-өзі басқару органы ретінде құрылған қазақ комитеттеріне тек Алаш қайраткерлері ғана тартылмай, қазақ интеллигенциясының басқа да саяси-идеялық бағыттағы өкілдері тартылды. Оның ішінде социал-демократтарға жақындары да болды. Сөйтсе де, ондағы басшылық орындардың көпшілігінде Алаш мүшелері басымдылық танытты". Ә.Бөкейханов Семейде құрылған қазақ комитетіне жіберген жеделхатында: "жаңа хүкіметтің құрылысын қолдау үшін ұйым жасау (комитет ашу) аса керек... жаңа хүкіметті қолдаған ұлықтармен бірігіп жұмыс қылу қажет... Халықтан өтінеміз - ескі қазақшылық, талас-тартысты қойып, ауыл арасының болмас уақ өсегін тастау лайық. Жұрттың іздегені бірлік, әділдік" деп, халықты ауызбіршілікке шақырады. 1917жылғы наурыз айының ортасында берілген мәліметтер бойынша қазақ комитеттері Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және уездерінде құрылып, жұмыс істей бастады. Айталық, 7- наурызда Семейде облыстық қазақ комитеті (төрағасы Р.Мәрсеков) және оның уездік, болыстық бөлімдері ашылды. Сонымен қатар Ақмола (төрағасы А.Тұрлыбаев), Жетісу облысы (төрағасы Ы.Жайнақов), Омбыша (төрағасы Е.Итбаев) және аталған облыстардың уездерінде де қазақ комитеттері іске кірісті. облыстық қазақ комитеттерінің құрылуына байланысты "...комитет ескі, шіріген билік құлап, енді халықтың өзіне революция жеңістерін бекітіп және оны аяғына жеткізу үшін ұйымдасу қажет болған кезде революциялық төңкеріс жолымен пайда болды" - делінген Семей облыстық қазақ комитетінің хаттамасында. Жалпы облыстық қазақ комитеттерінің мақсаты - әмір жүргізіп, билік құру міндетін атқару емес, қазақ съезінің жұмысына ғана кірісу еді. Айталық, жаңа тәртіпті жұртқа түсіндіру, ел арасына тыныштық орнату, Учредительное собраниеге қамдану, қазақ иен орыс арасын жайғастыру, билік құрған мекемелердің үстінен күзетші болу һәм сол сияқты қазаққа тиісті мәселелерге кіру болды. Бұдан ұлт зиялыларының облыстық қазақ комитеттері арқылы қазақ съездерін шақырып, онда көкейтесті мәселелерді шешу міндеттерін көзделгені аңғарылады. Сөзіміз нақтылану үшін Семей облыстық қазақ комитеті тарапынан жазылған мынадай құжатқа назар аударалық: "...Әуелі, шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына даярлық жасау үшін, яғни онда сөйленетін сөздің мағынасын түсіндірмек болып һәм оған лайықты адамдарды жіберуді ақылдаспақ ниетпен, екінші - заманның өзгерісіне қарай қазақ жұрты өзін-өзі қай түрмен билемек және билетпек, үшінші – рухани - дін, оқу, мектеп - медресе жұмысын қандай жолмен жүргізбекпіз, төртінші - жер мәселесін қалай шешпекпіз. Осы мәселелерге тәртіппен жоба жасау үшін қазақ, комитеті Семейде қазақ съезінің болуын аса қажет көріп, Семей облысына қараған 5 уездің қазағын алдымыздағы 25-апрельге (1917ж.) Семейде болатын съезге шақырады. Учредительное собраниеге 3 ай толар болмас қалғандықтан қазақ болып күні бұрын пікір қосып қамдануымыз аса қажет". Патша билігі құлатылғаннан кейін Ақмолада қазақ және орыс уездік комитеттері қатар құрыла бастады. "Қазақ комитеті езінің құрылған күнінен бастап революциялық рухта жұмыс істеген еді, ал кейінірек ол осында Алашорда ұйымдарын құру мақсатында үгіт-насихат жүргізіп, бүл жұмысты буржуазиялық-ұлттық алашордашылардың қолына тапсыруға тырысты ... осы кезде Ақмолаға Омбыдан Алашорда өкілдері келіп, уездік комитеттер ұйымдастырды және Алашорда партиясына мүшелікке адамдар қабылдау жұмыстарын жүргізді”. Ақмола облысына қарасты Атбасарда станицалық басқару, азық-түлік басқармасы және қалалық депутаттар Кеңесімен қатар Сейілбек Жанайдаровтың басшылығымен құрылған қазақ ұлттық комитеті іске кірісті. Атбасар уездік қазақ комитетінің төрағасы қызметін атқарған С.Жанайдаров туралы өлкетанушы Клара Әмірқызы: "...Сейілбек жалпы құжаттарда жазылып жүргендей Жанайдарұлы емес, Жанайдар батырдан туған Мейрам қажының бел баласы. Туған жері Ақмола облысы, Атбасар уезінің 13- болыс елінің бірі -Терісаққан. Әкесі Мейрам қажы көп жылдар осында болыс болған кісі. Кейін өзі қартая бастағанда сол болыстықты, бір баласынан екінші баласына ауыстырып отырыпты. Мейрам қажы өте дәулетті адам болған. Оның жылқы табынында өсірілген өңшең сәйгүлік арғымақтары әскери қызметке жарайтыны жайында Ә.Бөкейхановтардың қатысуымен дайындалып, 1903 жылы С.Петербургте басылған А.П.Семеновтың "Азиятская Россия" кітабының 18-томында да жазылғандығын" айта келіп, Сейілбек -Кенесары Қасымұлының қолбасшыларының бірі - Жанайдар батырдың немересі Сейілбектің өз әкесі Атбасар елінде 18 жасынан бастап, ояздың орынбасары болып, "жарты патша" атанған Мейрам қажы болса, атасы ұлт-азаттық көтерілісінің белді қолбасшыларының бірі - Кенесары ханның "сұңқарым" деп ат қойған Жанайдар батыр" екендігін мақтанышпен жазады. Сондай-ақ С.Жанайдаров М.Дулатовтың жақын араласқан достарының бірі болғандығын Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатованың: "...Сейілбек - сұңғақ бойлы, сымбатты, өңі аққұба келген, өзін үнемі күтіп ұстап, ... тамаша сияпатты жүзінен әркез интеллигент лебі есіп тұратын. Нағыз аристократ кейіпті Сейілбектің әкемнің, біздің отбасымыздың ең сыйлас, қадірлес адамы болғанын мен жақсы білемін" - деген естелігімен береді. Бұл келтірілген құжаттар С.Жанайдаровтың арғы аталарының өзі ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, батыр атанғанын және сол ата дәстүрі жалғасының кейінгі ұрпағына берілуін, нақтыласақ Алаш қозғалысындағы оның күрескер тұлғасын шыққан тегімен байланыстыруға итермелейді. Атбасар уездік қазақ комитетінің басында С.Жанайдаровпен қатар Кәрім Жанғазин деген азамат тұрды. Өкімет басына большевиктер келгеннен кейін С.Жанайдаров Кеңес үкіметіне қарсы күрестің басында болады. "Ол жергілікті кеңес органдарын құруға жол бермеу мақсатында қазақ комитетінің мүшесі К.Жанғазинді Ертіс бойындағы аудандарға, Жылқыайдаровты Бағаналы ауданына, Анағаевты Орта Ордалыққа жібереді, өзі аймақтық Алашорда комитеттерімен байланысу үшін Омбыға жүріп кетеді". Жетісу облыстық қазақ комитетінің басында "генерал-губернатордың тілмашы Ы.Жайнақов, ірі қазақ байы Т.Ордабаев, уездік начальниктің аудармашысы И. Тергеусізов және т.б. тұрды. Олар Жаңа Семейдегі Алашорда үкіметіне бағынды". 1917 жылдың 10-наурызында Пішпекте митингі болып, онда "Уақытша үкіметті мойындау туралы шешім қабылданды. Мұның артынша Уақытша үкіметтің Пішпек Комитеті құрылады. Комитеттің құрамына көбіне қала ауқаттылары мен көпестері, патша чиновниктерінен шыққан адамдар енеді". Келтірілген мәліметтерден жер-жерлерде құрылған қазақ комитеттерінің басты міндеттеріне қазақ халқының бірлігін сақтау, Уақытша үкіметтің саясатындағы мемлекетті басқару шараларын нығайту, елде болып жатқан саяси өзгерістерді халыққа дер кезінде жеткізу, оларды түрлі мәселелерді шешуге жұмылдыру істері кіргені анық. Десе де, қазақ комитеттері қызметінің көлеңкелі тұстары да болмай қалған жоқ. Оған мерзімді басылымдардағы "...ең басынан - ақ, хәкімдер қолынан тізгінін өз қолына алу үшін комитеттер жасау керек деген жаңа үкімет тарапынан жарлық болды. Біздің қазақта ол комитеттердің көбі әлі күнге дейін жасалған жоқ. Жасалғандарының көбі дауда..." және "...өзге жұрттар өз тізгіндеріне ие боларлық, бағушысыз, өз бетімен күн көрерлік халге жеткенін көрсетіп отырғанда біздің қазақ тым болмаса, жаңа хүкімет көрсетіп берген жолға түсіп кете алмай, ауылнай һәм уолостной комитеттер сайлауға талас шығарып, былығып жатыр" деген мәліметтер айғақ. Соған қарамастан "қазақ комитеттері біріншіден, халықтың мемлекеттік еркіндікке ұмтылысы жолындағы творчестволық еңбегінің жемісі болатын... екіншіден, қазақ демократиялық интеллигенциясы қазақ комитеттеріне болашақ ұлттық мемлекеттік жүйенің алғашқы үлгісі, осы мақсатқа жету жолындағы мақсатты әрекетінің бастапқы кезеңі ретінде қарады. Сондықтан да олардың қалыптасу мен қызмет мазмұнына аса көңіл аударды". Қазақ комитеттерінің жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстық және уездік атқару комитеттерінің құрамдарына енгізілді. Мәселен, "Жаңанша Досмұхамедов Орал облыстық атқару комитетіне, Х.Ғаббасов Семей облыстық атқару комитетіне, Ж.Ақбаев Қарқаралы уездік атқару комитетіне, ал А.Кенжин Елек уездік комитетіне мүше болды. Бірақ, екі жақтың өкілдері барлық мәселелер бойынша тез арада тіл табысып кете алмады. Тіпті өз араларында да келіспеушіліктер орын алды. Жалпы алғанда, ақпан революциясының алғашқы кезеңінде қазақ зиялыларының мемлекетті басқару ісіне тартылуы Уақытша үкімет тарапынан қолдау тапты. Сөйтіп, "1917 жылдың наурыз айында бой көтерген қазақ комитеттер! қазаққа қатысты істерді шешуде өзіндік бастама көтере алатын ұйым ретінде көріне бастады". Уақытша үкімет тұсында ұлттық мүддеге сәйкес әрекет еткен жергілікті мекемелердің алдыңғы қатарынан мұсылман комитеттері де орын алды. "Талай жыл отарлық езгіде келген елдерде зиялы азаматтардың аздығы да сезілмей қалған жоқ ...өзгелер сияқты қазақ халқы да оқығаны мен тоқығаны бар ел жайын ойлар зерделі жасқа сусындап отырғаны, ал зиялы қауым да өз кезегінде ұлттық қозғалыстың күрделі де жауапты кезеңінде тәжірибесіздіктің қиындығын бастан кешті. Бүл Ресейдің 30 млн. мұсылман халықтарының басындағы жай болатын Сондықтан кей жерлерде мұсылман зиялылары біріге отырып, мұсылмандық комитеттер құрды". Осылайша, өлкедегі мұсылман халықтары өз мақсат-мүдделерін қорғау мақсатында мұсылман комитеттерін құрған еді. Ақпан революциясының екінші күні-ақ Алматыда "Шураи-Ислам" (Мұсылман Кеңесі) ұйымы құрылып, ол ислам туының астына Алматының барлық татар, қазақ, өзбек, ұйғыр және дұнған мұсылмандарын біріктіру мақсатын көздеген. 1917 жылдың наурызында "Киргизияда бірқатар буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық ұлттық партиялар мен ұйымдар пайда болды. Олардың ішінде ең ықпалдысы -Киргизиядағы реакциялық мұсылман дінбасыларынан құрылған панисламистік ұйым "Шураи-Ислам" одағы болды. 1917 жылдың сәуірінде болған "Шураи-Исламистер" съезі Уақытша үкіметке сенім білдірді. Съезд Мұстафа Шоқаев және Мунвар Кари сияқты биязы ұлтшылдардың басшылығымен болып өтті. Аталған комитеттер жалпы өлке мұсылмандарының еркін білдіру мақсатында бой көтерген еді. Жетісу облысында әрекет еткен татар Құрылтайының бірінші кезектегі жұмысы облыстағы татарлардың есебін алу болды. Олар өздерінің экономикалық күшін біріктіру мақсатында "Алатау" кооперативтік серіктестігін құрып, Құрылтайдың пайдасына белгілі бір мөлшерде қаржы төлеп тұрды. Жетісу облыстық Құрылтайы Волга бойы (Поволжье) түрік - татар ұлттық автономиясының бөлімшесі болып есептелді және соған бағынды, ал діни істерде Уфадағы Ішкі Ресей және Сібір мұсылмандарының Діни Басқармасына бағынды. Мұсылман комитетінің іс-қағаздары мен заттарын 1918 жылдың 12 - маусымында Жетісу облыстық Атқару Комитетінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі комиссары И.Сизухиннің қабылдап алғандығы жөнінде құжаттар кездеседі. Жетісу өңірінде мұсылман комитетінің бөлімшелері де болды. Айталық, 1917 жылдың 20 - наурызында мұсылман комитетінің Үржар бөлімшесі ашылып, оған қазақтың белгілі саяси күрескері, заңгер С.Аманжолов төрағалық етті. Семей облысындағы мұсылмандар комитеті де наурыз айының алғашқы күндері құрылып, басшылығына Р.Елкеевті сайлайды. Семейдегі бүл ұйымға негізінен татар халқының өкілдері де кірді. Осылайша өлкенің барлық жерлерінде бой көтерген мұсылман және қазақ комитеттері күш біріктіріп, ортақ мақсатқа, яғни ұлттық тәуелсіздікке жетуді көздеді. Қосөкіметтілік жүйесінде олардың алдында жаңа міндеттерді шешу тұрды. Сондай қажеттіліктің бірі - қазақ халқының басын қосып кеңесу, пікір алысу еді. Ел басқару ісіне араласа бастаған қазақ зиялылары маңызды мәселелерді халық талқысына салып, соған сәйкес бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін болыстық, уездік, облыстық және жалпы қазақ съездерін шақыруды аса қажетті жұмыс деп тапты.

Қазақ съездерін шақыруға жасалған даярлық жұмыстары

1917 жылғы ақпан революциясы жеңісінен кейін, яғни Ресейдегі барлық отар елдердің саяси билікке ұмтылып, өздерінің дербес мемлекеттерін құруға талпынған шағында қазақ зиялыларының алдындағы кезек күттірмес басты жұмыс - шешімін таппаған маңызды мәселелерді жалпы ұлттық деңгейге көтеріп, елдегі саяси оқиғаларға және шақырылуға тиісті Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына даярлық жұмыстарын жасау керек болатын. Мұндай жұмыстарды іс жүзіне асырудың тиімді құралы "халықтың көзі, құлағы һәм тілі "болған газеттер арқылы қазақтың басын қосып, пікір алысу еді. Осы мәселеге орай "Қазақ" газетінің 226 санында: "...газеттерге көз салсақ, әр жұрт езінің жұртшылығына керегі не екенін кеңесіп, әр топ өзінің тобына керегі не екенін кеңесіп, бетін белгілеп алып, көздеген мақсатқа жетуге ұйымдасып, бірлесіп іс қылу ыждиңатында жатыр. Біздің қазақ та басқа жұрттардың қатарынан қалмаймын десе, басқаларша өз ісін өзі істеуі керек. Қазақтың алды бас қосып, ақылдасып, басқалары бас қосып кеңесейін деп жатырғаны" жарияланды. Шындығында да ол кезде халықпен тікелей байланыс жасау, оларға елдегі болып жатқан түрлі саяси оқиғалардан мәліметтер беріп, сол арқылы олардың санасына ықпал ету - тек баспасөз бен бас қосулар арқылы ғана мүмкін еді. Мұны жете түсінген қазақ зиялылары съезд шақыру мәселесін монархия құлатылғанға дейін-ақ арнайы мәселе етіп көтерген еді. Қазақ зиялылары Б.Сыртанов, М.Сералин, Б.Қаратаев, Р.Мәрсеков және т.б. бұл идеяны көтеріп қана қоймай, оны іске асыру мақсатында патша өкіметі тарапынан рұқсат алуға талпыныс жасады, өздерінің нақты талап-тілектерін ұсына білді. Мәселен, Барлыбек Сыртанов Жетісу өлкесінде жерді келімсектердің талан-таражға салып жатқан әрекеттерін тоқтату үшін 1910 жылғы қазан айының 21 - жұлдызында Ұзынағашта облыс қазақтарының басын қосып, арнайы Кеңес өткізеді. Онда өзі баяндама жасап, қазақ халқының жер тапшылығынан көріп отырған зардаптарын батыл түрде ортаға салып, "...ауыз ашпай жатуға енді болмас. Ояну қажет, кір жуып, кіндік кескен, аталарымыздан қалған жерімізді сақтап қалу басты міндетіміз. Қара шекпенділердің келуін тоқтату үшін бүгін қазақ болып бас қосу қажет" деген ұсынысын білдіреді. Осы идеясын жүзеге асыру мақсатында С.Петербургтегі талай лауазымды адамдардың қабылдауында болады. Олар сөзіне құлақ аспаған соң, Жетісуға қайта оралып, патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысады. Зерттеуші С.Өзбекұлы Ә.Бөкейханов пен Б.Сыртановтың Ресей астанасында кездескенін, оның ақжарқын, кең пейіл мінезіне, асқан білімділігіне, парасаттылығы мен қарапайымдылығына Ә.Бөкейхановтың қайран қалғандығын, 1914 жылы жазылған "Барлыбекті ұмытпасқа" деген қазанамасындағы "1910-1911 жылдары Жетісу қазағының жеріне қам қылам деп, Барлыбек Петроградта бірнеше ай жатты... Ақкөңіл, қыз мінезді көріп едім"- деген естелігін алға тартады. Б.Сыртанов шақырылатын жалпы қазақ съезіне мынадай негізгі мәселелерді ұсынды: 1) Отарлық саясаттың салдарынан қазақ елінен тартып алынып жатқан жерін қазақ халқына қайтарып беру және болашақта мұндай әрекеттерді тоқтату; 2) Мемлекеттік Думаға қазақ халқының депутаттарын сайлау; 3) Қазақ даласында қажет болған болыстарда діни муфтилер тағайындау; 4) Жергілікті халықты Ресей империясы орыстарының құқықтарымен теңеу. Әрине, оның мұндай ұсыныстарының ол кезде, яғни "патша өкіметінің қылышынан қан тамып тұрған шағында өте қоюы екі талай болған-ды. Себебі, патша өкіметінің жандармерия органдары қазақ зиялыларының бостандыққа, тәуелсіздікке шақырған ұран, идеяларын жөргегінде тұншықтыруға әрқашан да дайын тұрған еді."Ақырында Б.Сыртановтың өзі де осындай қуғын-сүргіннің құрбаны болып кете барды. 1910 жылдан кейін "Айқап" журналының редакторы М.Сералин осы журналдың 1913 жылғы 4-5-ші сандарында ағымдағы мәселелерді талқылап шешу үшін жалпы қазақ съезін шақыру идеясын қайта жаңғыртады. Оған журналдың 10-шы санында Р.Мәрсеков, 13-ші санында Ж.Тілеубергенов, 16-шы санында Б.Сыртанов үн қосады. Осы ретте съезд шақыру мәселесі төңірегінде жоғарыда есімдері аталған қайраткерлермен әңгімелесіп, зор еңбек сіңірген "Айқап" журналының тілшісі Мұхамедәлім Кәшімов (1884-1935жж.) туралы ерекше тоқталған орынды. Ол өзінің "Райымжан мырза Мәрсековпен сөйлескенім" атты мақаласында: "Съезд турасында не айтасыз" деген сауалға Райымжанның "бұл сөз бек мақұл болар еді. Әр облыстан әр дуаннан ел адамдары бір жерді ұйғарып жиылысып тиісті сөздер сөйлессек, бірақ ежелден "алты ауызды" деп аталған атамыз бар еді. Сол мінімізге тартып бұл сөз әншейін сөз болып қалмаса, ондай жиылыс болғандай болса алдымен салатұғын сөз жер мәселесі болар еді," деген жауабын алға тартып, оның съезд шақыруды қолдайтындығын аңғартады. Бұған қосымша "ақын, әрі журналист М.Кәшімовтің Жетісу, Қытай, Қырғыз елдерін аралап, жол әңгімесі ретінде сонда тұратын қазақтардың әдет-ғұрып, тарихы, этнографиясы, шаруашылығы, әдебиеті және мәдениеті туралы мақала, очерктердің авторы болғандығын" айта кеткеніміз жөн. Жоғарыда айтылған мәселеге байланысты А.Байтұрсынов өзінің "Бас қосу" турасында деген мақаласы арқылы "Қазақ" газеті төңірегіндегілердің пікірлерін жариялайды. "Басқосу қанша керек болғанмен, оған қолайлы кез еместігін" ескерте келіп, А.Байтұрсынов күрестің басқа жолын таңдау туралы көзқарасын былайша: "Қазақтың керегін өзге жолмен сөйлей тұралық, бұрынғыдай емес қазақта қазір бір журнал, бір газет бар, сыйғанынша солар арқылы кеңеселік, сыймағанын хатпен сөйлесуге болады. Съезде сөйлесіп, кеңескенмен түбі барып істеушілерге тіреледі. Ісімізді іздеушілер, жоғымызды іздеушілер көбейсе, ойлаған пікір көздеген мақсат жан бітіп тірілмекші" білдіреді. Алайда, ұлт-азаттық қозғалыста бай тәжірибе жинақтап, әбден ысылған А.Байтұрсыновтың пікірі "Айқап" тарапынан қолдау таппайды. Көп кешікпей газет бетінде Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсыновтың бірін-бірі толықтырған жауап хаттары жарияланады. Аталған мәселе туралы олардың пікірлерінің түйіні - 1913 жыл жағдайында жалпы қазақ съезін шақырып, онда өзекті мәселелерді қарап, белгілі бір тұжырымға келіп, оларды іске асыру үшін күрес жүргізу мүмкін еместігі. Оның үстіне "жұрт күтінусіз шығар, жұрт күтінсін, даярлансын" деген еді. Басқаша айтқанда, «патшалық әкімшілік қазақ облыстарында пәрменді отарлау саясатын жүргізе отырып, тура сол мезгілде өз саясатын талқыға салатын жиналысқа әрине, жол бермейтін еді» Бұл заңды құбылыс еді. Жоғарыда есімдері аталған М.Сералин, Б.Сыртанов, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеубергенов, Б.Қаратаев және т.б. ұлт зиялыларының 1910-1913жж. аралығында, яғни тамырын тереңге жайған монархиялық жүйе тұсында жалпы қазақ съезін шақыру туралы батыл үн көтеріп, нақты іс-шараларға баруының өзі - біріншіден, патшалық Ресей империясында қазақ деген халықтың бар екендігін көрсетсе, екіншіден, үкімет тарапынан лауазымды адамдардың осы мәселемен арнайы айналысуына қозғау салды. Оған "генерал-майор Бабичтің Орынбор Жандармдық Басқармасының бастығына жасаған хабарламасы дәлел бола алады. "Пікірталастан шындық туады" демекші, оның прогрессивтік мәні де жоқ емес. Соның нәтижесінде ғасыр басындағы қазақ даласының көкейтесті де, күрделі мәселелерінің тұңғыш рет пердесі түріліп, жұртқа баян болуына қол жеткізілді." Ол өз кезегінде қазақ коғамын қалың ұйқысынан оятып, ұлттық сананың бой түзуіне аз әсер етпегені даусыз". Келтірілген мәліметтерден байқалғанындай, жалпы қазақ съезін шақыру мәселесінде ақпан революциясына дейін қазақ зиялыларының арасында екі ағым болған болса, ақпан революциясынан кейін, яғни съезд шақыруға қажетті алғы шарттар қалыптасқан жағдайда олардың барлығы болмаса да басым көпшілігі бірігіп күрес жүргізді. Мұның өзі — зиялы қауымның зиялылығын, ой-өрістерінің кендігін, ұлт мақсатын биік қоя білген азаматтық болмыстарын танытады. Прогрестік бағыттағы зиялылардың қатарындағы М.Сералин 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін Алаш жетекшілерімен одақтас болудан қалды. Себебі, ол ұлт-азаттығына жетудің большевиктік бағытын таңдаған еді. Қазақ зиялылары жаңа саяси жағдайда Құрылтай жиналысына дейінгі уақытты бос жібермеу керек екендігін жақсы түсінді, сондықтан іс-әрекетсіз, қол қусырып отыруды жөн көрмей, шамаларына қарай іс-шаралар жасауға кірісті. Айталық, 1917 жылғы наурыз айының 9-шы жұлдызында "Қазақ" газеті арқылы сол кездегі "уақыттың тығыздығы мен жол қатынасының ауырлығына байланысты қазақ съезін жеделдете шақырып, бүкіл қазақтың басын біріктіру мүмкін еместігін" хабарлады. Одан әрі қарай осы газет арқылы "...соңғы телеграмма хабарында Учредительное собраниенің жиылуына 3 ай срок кесілген көрінеді. Бұл срок біздің қазақ облыстары сияқты темір жолы жоқ, жүріп-тұруы ауыр жерлерге коп срок емес. Оқиғалар бірінен-бірі туып, бірін-бірі қуып, зымырап бара жатқан бұл бір шақ. Мұндай шақта асықпаған ақсақ қойша артта қалып қоймақ. Біздің қазақ Россияда қазіргі болған зор оқиғалар һәм өзгерістердің мақсат һәм мағынасына түсініп жетпеген соң, Учредительное собраниеге лайық адамдар жіберер деуге болмайды. Сондықтан әуелі, қазіргі болған өзгерістердің мән-мағынасын түсіну үшін, екінші Учредительное собраниеге лайық адамдар жіберудің мәнісіне түсініп қану үшін қазақтар съезд жасау керектігін" баса айтты. Бұған қосымша олар "Алаш" газетінің 1917 жылғы 21 сәуірдегі 18-ші санында жарық көрген "Алаш балалары" атты мақалада: "Ау, Алаш! Бостандық қадірін біл, қарап жатпа, малша жайылып кетпе, басынды шырт ұйқыңнан көтер. Бас қос, жиылыс жаса, кеңес күр... ендігі уақыт бір ауыздан сөз, бір жағадан бас шығарып іс істейтін уақыт. Мынау кең Россияның дауысына уақытында қосылып қал, жаяулап қалма...жұртпен қатар жүр. Сыбағадан құр қалсаң, ақсақ қойдай түстен кейін маңырасаң біткенің, жоғалғаның Алашым!" - деп белгілі бір дәрежеде халыққа бағыт-бағдар беріп, оларды ашық бас қосуға шақырады. Алдыңғы кезекте алыстағы ағайынға елде болып жатқан саяси оқиғалардың мән-мағынасын түсіндіру қажеттілігі тұрды. Осы кезден бастап көзі ашық азаматтар ел арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысты. Қазақ халқының талап-тілегінен туындаған мәселелер төңірегінде пікір алысу үшін не істеу керек, қандай жолдарды ұсынуға болады? Міне, осы мәселелер туралы сол тұста Қазақстанның орталығы болған Орынбор қаласында жүрген қазақ оқығандары бас қосып, төмендегідей шешімге келген-ді: "... Барша қазақ облыстарынан өкілдер жиылып бас қосуға жердің алыстығынан, қатынастың жоқтығынан сай-сала тасып, жүру-тұру қиын шаққа тура келетін болғандықтан, ондай үлкен съезд жасау мүмкін болмайтындығы білінді. Тым ұсақ етіп, уезд - уезд болып съезд жасауға халықтың сөзі һәм мақсаты тым бытыраңқы болып бір жөннен табылмау ықтималы еске алынды. Сондықтан Кеңесте болғандар облыстық съезд жасауды қолайлы тапты". Олардың мұндай тұжырымға келудегі басты мақсаты облыстық дегенде әр облыс басына емес, жер ыңғайы келіссе, өкілдері үлгеріп жететіндей болса бірігіп бас қосу, шама келгенше съездерді ұсақтамай ірілеу етіп өткізу болатын. Орынборда бас қосып кеңескендер бір съездің Орынборда болуын ыңғайлады. Орынбор съезіне Торғайдың 4 уезі келе алады. Оралдан басқалары болмаса, Темір мен Орал уездерінен келу қиын емес. Бұл съезге арналған күн - сәуірдің 1-і. Сол 1 сәуірге Торғайдың 4 уезінен, Оралдың 2 уезінен жіберілген өкілдер келіп жетер деп шамаланды. Онан әрірек срок қоюға "Учредительный собраниеге жіберетін өкілдерді сайлау ісіне тығыз болып қалар делінді. Сонымен қатар болыс басына ең аз болғанда екі кісі келуі мақұл көрінді. Өкілдерден басқа да бірсыпыра ақсақалдарды хатпен шақыруға қарар берілді. Сөйтіп, Орынбор съезіне Торғай облысының 4 уезі, Орал облысының 2 уезі шақырылып отыр. Осы айтылған уездерден 1 сәуірге сайлап жіберуге тырмысарға керек. Уақыт тығыз. Кеңесетін мәселе зор. Халық жарамды адамдарын жіберулері тиіс". Жергілікті жерлерде осы мәселелерге орай, яғни облысаралық қазақ съездерін өткізуге дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. Айталық, Семей облысында барша қазақтардың жұмыстарын жүргізіп тұру үшін құрылған облыстық қазақ комитеті тарапынан 15 адамнан тұратын комиссия құрылады. Бұл комиссияның негізгі міндеті - казак халқының басын біріктіріп, дұрыс жолға салу, оларға елдегі саяси ақпараттарды уақытында жеткізіп, күн сайын туындап отырған әр түрлі мәселелерді шешуге жұмылдыру еді. Қазақ съезін шақыруға дайындық жұмыстарын жүргізуде назар аударарлық басты үш мәселе бартұғын. Олар біріншіден - болатын жерді анықтап алу, екіншіден - съезд өтетін мезгілді белгілеу, үшіншіден - съезде қаралатын мәселелерді нақтылау. Демек, съезд шақыруға дайындық жұмыстарының ең алғашқысы съездің қайда және қашан болатындығы күн тәртібінде тұрды. Қазақстанға қарасты жерлерде ең әуелі болған Торғай облыстық съезі - жалпы қазақ съезін құру жұмысын реттеуді Орынборда һәм Орынборға жақын жерде тұратын адамдардан құрылған Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан тұрған "айрықша бюроға" тапсырылған еді. Бүл бюро іске кіріспей тұрған кезде "Қазақ" газетінде Мәскеуде өткен жалпы мұсылман съезіне барған қазақ өкілдерінің жалпы қазақ съезін қайда және қашан құру жайынан жасаған қаулылары туралы мақала жарияланып үлгерген-ді. Оның негізгі мазмұны мынаған саяды: "... Жалпы қазақ съезін 1 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Ташкент қаласында өткізу, съезге әрбір қазақ болысынан бір ғана өкіл жіберілу және жіберілген өкіл мүмкіндігінше жалпылық, төтелік, бірдейлік, құпиялылық һәм әйел - ер делінбей сайлануы керектігі ашып айтылды. Сондай-ақ, съезге жұртшылықтың әр тобынан түгел келуіне әсіресе, әйелдердің һәм зиялылардың жіберілуіне назар аударылып, әр уезден бір-бір әйел өкілдің болуы тиістігіне ерекше тоқталды". Өкілдердің әйел мәселесіне ерекше көңіл бөлуіне, әрине, Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне әйелдер қауымынан өкіл ретінде қатысқан Аққағаз Досжанованың белгілі бір дәрежеде ықпал еткендігі анық. Оған оның "1917 жылдың ақпанында Мәскеудің татар слободкасындағы медреседе революцияның өріс алуы жұмысшы табының патша өкіметі мен капитализмнің езгісінен сөзсіз азат етілетіні туралы орыс тілінде баяндама жасауы дәлел. Ізденуші Данабике Байқадамқызы Қаралдина Аққағаздың жоғарыда аталған баяндамасына байланысты "бұл баяндама біздің қолымызда жоқ, бірақ оның өскен ортасына, өмір жолына барлай қарасақ, жап-жас қазақ қызының саяси күреске белсене араласа бастағаны таң қалдырады" десе, Айнагүл Ершина А.Досжанова туралы жинақтаған мәліметтерін алға тартады. Бұған қосымша Аққағаздың ері, пікірлесі, әрі досы болған Әлімгерей Ершин өз естелігінде: "Аққағаз - өмір сүріп отырған дәуіріміздің сирек кездесетін тұлғасы болғандығын" айта келіп, Аққағаздың 1921 жылға дейінгі өмірін аз білетіндігін, өз өмірі туралы айтқандарының көбін ұмытып, оларды есіне түсіре алмайтындығын тілге тиек етеді. А.Досжанованың бойындағы қасиеттері мен мінез-құлқына байланысты Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова: "Аққағаз езіне сенімі мол, қатарындағы жұртпен көп араласқан, көпті көрген абзал жан. Мінезі тік, жақтырмаған адамның бет-жүзіне, лауазымына қарамастан ойындағысын іркілмей, турасын, жөнін айтып салатын ақ жүрек, өжет әйел болған. "Аққағаз өте бауырмал, жақындарын, таныстарын беріле сыйлайтын. Мұқтаждық көргендерге қолынан келгенінше жәрдемін аямайтын, қолы ашық, жомарт жанды" деп отыратын шешем" - деп еске алады. Ер азаматтармен қатар қоғамдық-саяси істерге белсене араласқан А.Досжанова туралы З.Валиди: "1918 жылдың күзінде башқұрт әскери бөлімдерінің Орскіні алуы кезінде оларды осында оқитын университет студенттері Гүлсім және Сафия Мұзаффаровалардың қарсы алғандарын" айта келіп, "Гүлсім мен қазақ қызы Аққағытты (Аққағазды - К.І.) шығыс түркілерінің ішінен шыққан тамаша әйелдер" қатарына қосады. Міне, осылайша өз замандастары тарапынан жоғары бағаланған А.Досжанова қазақ тарихынан өзіне лайық орнын алуы тиіс. Өкінішке орай 1920-1930жж. жаппай саяси құғын-сүргін кезінде А.Досжановаға қатысты құжаттардың барлығы дерлік өртеліп, жойылуына байланысты туған баласы Шабхаз Әлімгерейұлы Ершиннің отбасында оның жеке архиві сақталмаған. Оның үстіне соңғы жылдары А.Досжанованың медицина саласындағы қызметін айғақтайтын материалдар жарияланғанымен, оның қоғамдық - саяси қызметін тұтастай арнайы зерттеуге батыл қадамдар жасалмай отыр. А.Досжанованың қатысуымен жасалған жоғарыда айтылған қаулыда сонымен қатар жалпы қазақ съезінің бағдарламасы жасалып, оны өткізу жұмысы "ұйымдастыру жөніндегі бюроға" тапсырылды және бұл съездің барша қазақты қоғамдастыратын, оларды Құрылтай жиналысына даярлайтын съезд болуы керектігі атап өтілді. Құрылтай жиналысында шешілетін мәселелерді осы жалпы қазақ съезінде міндетті түрде қарастыру, әсіресе қазақ әскерін құру мәселесін айрықша қарау айтылды. Соңғы жағында белгілі бір себептермен съезді өткізу мерзімін өзгертуге тура келсе, онда оны 1-тамыз бен 1- қыркүйек аралығында етіп өзгертуге "ұйымдастыру бюросының" ерікті екендігі, съезді қашан, қайда өткізу съезд өтетін күннен бір ай бұрын жария болу қажеттігі де нақтыланды. Сонымен бірге жалпы қазақ съезін өткізу үшін Торғай облысының съезінде құрылған "айрықша бюро" сол қалпында болсын, бірақ ол бюроның құрамына әр қазақ облысынан бір-бір өкіл енгізілуі ұсынылып, жер-жерлерде құрылған облыстық қазақ комитеттері өз ағзаларын осы бюроға жіберіп, жан-жақты жәрдем беру керектігі ашық айтады. Оған барлығы 14 өкіл қол қойған. 9 пункттен тұратын бүл қаулының 1-ші пунктіне, яғни съезд өтілетін орын Ташкент қаласы болсын деген пікірден өзгесіне М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов түгелдей ризашылықтарын білдірді. Осы сарындас ұсыныс-пікірлер Семей облыстық қазақ комитеті тарапынан да келіп түсті. Соған орай олар "жалпы қазақ съезін өткізуге Қызылжар қаласын тандап, жаңа дуан басы 5 кісіден өкіл жіберуге, тіпті ол адамдарды белгілеп те қойғандарын айтады. Бүкіл қазақтың жиылысын Ташкент қаласында өткізу лайықсыз, аталмыш қалаға ерте барып, съезд жабдығына кірісетіндерге ақыл-кеңес беретін және азық-түлік даярлайтын кісі жоқтығы атап көрсетіледі. Жалпы, олар Торғай съезінде жасалған бюроның пікіріне қосыла отырып, оған қосымша мына төмендегі ұсыныстарды алға тартады: "Жиналысқа болыс басы бір кісіден барғаны қолайлы. Себебі, съезге 10 облыстан баратын кісінің жалпы саны 800-ден асады. Бүл өте көп. Демек, көптің сөзі де көп болып, бітіретін жұмысы аз болады. Осыны тиянақсыз көздеп, Бүкілресейлік жиналысқа да 800 кісі жіберуді лайықтап отырғандар бар. Ендеше, бізге 200-250 өкілден артық адам барудың мәні жоқ. Екіншіден, әр облыстың және жалпы мұсылмандардың съездері болып өтіп, сөйленетін сөздің көбі шешілмесе де, шешілуге таянып қалды. Демек, жалпы қазақ съезіне барғанда пікірлерді тек қиюластыру ғана қалып отыр. Үшіншіден, жалпы қазақ съезіне болыс сайын бір-бір кісіден барғанда, шығынды ел көтереді. Көп адам барылса, ел одан сайын шығынға батады. Расына келсек, съезге барғандардың бәрі бірдей іс тындырмайды ... сондықтан дуан басы 4-5 кісіден барса, соның өзі жетеді. Ал өкілдер сайлауын халық комитеттерге тапсырғаны дұрыс. Төртіншіден, семейліктер Учредительный собраниенің 30-шы қыркүйекте ашылатыны белгілі болғандықтан, жалпы қазақ съезін кешіктірмей өткізу қажеттігін баса көрсетті". Қазақ даласының түкпір-түкпірінен келіп түскен осындай ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, "ұйымдастыру бюросы" мынадай тоқтамға келді: "Орынборлықтар бюроға әр облыстан өкілдер келуін онша қажет көрмеді. Себебі, съезд өтетін мерзімде барлық жерде жұмыс көбейіп, адамдардың қолдары босамайды. Орынборға келіп кеңесу - бірталай уақытты алып, жұмыстан қалдырады. Сондықтан, әр облыстық комитет Орынбордағы бюроның пікірін кеңеске салып, ұнатпаған пікірлерін өз пікірлерімен толықтыруды ұсынды. Екіншіден, әр болыстан бір-бір өкіл жіберу өте көп деп тапты. Расында да әр болыстан бір адамнан келгенде, съезге жиналатындардың жалпы саны 1000 шамасында болады екен. Ондай коп адам қатысқан жиынды көңілдегідей етіп өткізу қиынның қиыны. Съезд ет жеп, қымыз ішіп тарай салатын той емес, халыққа пайдалы істер туралы кеңесіп, соларды жүзеге асыру жайлы жоба жасау жұмысы. Олай болса, съезге коп адам қатысқаннан гөрі аз адам қатысқаны пайдалы. Осы жағын көздеген бюро әр уезден 2 адам келуін, оларды уездік комитеттер ұйғаруын мақұлдап, съезд болатын уақытты тамыз айының 1-нен 10-на дейін аяқтауды ұйғарды және съезд өтетін орынға Орынбор қаласын таңдады. Осы жерде мына мәселені айта кету керек. Съезд еткізілетін орынға Орынбор қаласын таңдап алу - бюро мүшелеріне жақын болсын дегендіктен емес, өзге облыс қалаларымен салыстырғанда орталыққа орналасуынан еді. Айталық, "темір жол бойына орналасқан 4 қала - Семей, Омбы, Орынбор, Ташкент қалаларының ішінде қайсысы съезд өткізуге қолайлы? Омбы таңдап алынса, Түркістан қазақтарына қашық. Ташкент - Сібір қазақтарына,  Семей қаласы Астрахан мен Орал қазақтарына қашық. Ал енді Орынбордың Түркістан қазақтарына қашықтығы Омбыдай емес, Сібір қазақтарына қашықтығы Ташкенттей емес. Астрахан мен Орал қазақтарына бәрінен де жақын". Міне, бюроның съезд өткізуге Орынбор қаласын қалауының мәнісі осы болды. Әрине, Жетісу қазақтарының съезге келуі қайткен күнде де қиын болатын. Өйткені, оларға темір жолдың жоқтығы кедергі келтіретін. Съезді қай қалада өткізгенмен, олар темір жолға дейінгі ұзақ жолды атпен жүреді. Жетісулықтар осы қиындықтан қайткен күнде де құтылмайтын болған соң, басқа аймақ қазақтарының ыңғайына қарай съезд орны белгіленді. Съезде қаралатын мәселелердің бағдарламасы әлі жасалмағандықтан, бюро оны тез арада қарап, көпшілік талқысына салмақшы болды. Ал, бюроның қаулысы туралы тағы да пікірлер болса, облыстық қазақ комитеттері арқылы білдіру керектігі атап өтілді. Көп кешікпей, "Қазақ" газетінде бюроның съезде қаралатын мәселелері турасында жасаған қаулысы және жалпы қазақ съезінің бюро ұйғарған бағдарламасы жария етілді. Онда "бірінші кезекке қазақ үшін автономия қажет пе, қажет емес пе деген мәселе қойылып, автономия болғанда қай түрі - "мемлекеттік автономия, әлде уәлаяттық автономия керек пе?" деген сауалдарға "қазақ мемлекеттік автономия алса, өз алдына Мемлекеттік Думасы, қажетті заңдары, ақшасы, темір жол, почта, телеграф істерінің бәрі, жер - суының билігі өзінде ғана болмақ. Дербес әскер ұстап, мемлекетке қажетті жабдықтардың бәрін өзі реттеп, өз қам-қарекетін өзі жасамақ...ал, енді уәлаяттық автономия болса, мүлде олай емес, өз ақшасы, темір жолы, әскері... болмайды. Уәлаяттық автономия жер ыңғайына, иә ел ыңғайына қарай болады. Біздің қазақ автономия бола аламыз десе, осылардың бәрін ар жақ, бер жағын тесе, тексере қарап боламыз деу керек," - деген жауаптар алынды. Бюро съездің күн тәртібіне мына төмендегі мәселелерді ұсынып қарауды белгіледі. Оның біріншісі - жер мәселесі. Мұның Құрылтай жиналысында қалай шешілері белгісіз. Егер қазақ мемлекеттік автономия болса, жер - суының билігі өзінде болып, жер мәселесін өздері шешеді. Ал, мемлекеттік автономия бола алмаса, жер мәселесін қалай шешу керек. Жер жалпы мемлекеттің мүлкі болса, қазақ қай түрімен болса да тиісті үлесін алуы қажет... Мұны әр облыс, әр уезд жер түріне қарай шамалап, тиісті дәлелдермен сипаттауы керек. Жалпы қазақ съезі сол дәлелдерді даярлауы қажет. Өйткені, Құрылтай жиналысы дәлелсіз талап-тілекті, пәлендей жер керек дегенді тыңдамайды. Екіншісі - сот ісін реттеу мәселесі. Бүл ретте қазақтың халық сотын өзгерту, қазына соты қазаққа қандай болуы керектігін, шариғат қандай іске кірісіп, қандай іске кіріспеуі тиістігін жалпы съез қаулысымен ашып алған жөн" десе, оқу мәселесіне орай қазаққа мұсылманша да, орысша да оқу керек. Бірақ, мұсылманша қалай, орысша қалай оқыған жөн? Мектеп діни медреселер ашудан басқа халыққа білім беруде қандай амалдар істеген жөн? Қысқасы, халыққа жаппай хат таныту шараларын қарастырған мақұл" - делінген. Бұлардан өзге съездің күн тәртібіне земство мәселесі, қазақ саяси партиясын құру, Құрылтай жиналысына баратын өкілдерді белгілеу және жалпы мұсылман съезінің қабылдаған қаулыларына көзқарас мәселелері ұсынылды. Қарастырылып отырған тарихи кезеңде шығып тұрған мерзімді ұлттық басылымдар жалпы қазақ съезін шақыру мәселесін қоюмен қатар белгілі дәрежеде жергілікті болыстық, уездік және облыстық қазақ съездерін ұйымдастырып өткізу ісіне де мұрындық болды. Айталық, Семей облыстық қазақ комитетінің төрағасы Р.Мәрсеков тарапынан "25 апрельде Семейде болатын облыстық қазақ съезіне әр болыстан 12 өкілден шақырылатындығы және съездің мақсаты - Учредительное собраниені түсіндіріп, сайлауларына халықты күтіндіру, қазақ халқының сельскі программасын шығару. Басқа облыстардан да өкілдер шақырылатындығы" нақтыланды. "Сарыарқа" газетінде Семей облыстық екінші съезін шақыру және онда қаралатын негізгі мәселелер "12- қыркүйекте облыстық қазақ съезі құрылатын болды. Әр уездің комитетіне, басты адамдарына, оқығандарына телеграммамен шақырту жіберілді. Соңғы кезде Россияда болып жатқан бүлік себепті съездің тығыз болуы керектіктен өкілдер 13-қыркүйекке шақырылып отыр. Сол күннен қалмай асығыс келулері керек. Съезде қаралатын сөздер: Учредительное собраниеге дайындалу, земство, жер комитеттері, милиция жасау жөнін кеңесу, облыстық қазақ комитеті осы күнге дейін істеген жұмыстарынан есеп беру һәм тағы басқалар" жарияланды. Ал, Семей облыстық үшінші съезін шақырудың алғы шарттары сол кезеңнің саяси жағдайымен түсіндіріліп, "бүл съезге анау-мынау жеңіл, оқтың міріндей қарап енжарланып, салақсып қалмаңдар. Бүл үлкен съезд. Бір облыстың тұрмысы, тыныштығы, билік берекесі шешілетін съезд" болатындығы құлақтандырылды. Ішкі Ордадағы екінші съездің 1917 жылдың 22 - тамызында өтетіндігі, Торғай облыстық қазақ съезінің 10 қыркүйекке белгіленіп, шақырылған өкілдердің барлық саны 47 болатындығы айтылып, "17 қыркүйек шамасында Орынборда Башқұрт, Түркістан һәм қазақ зиялыларының съезі болатыны" хабарланады. Осы орайда "Бірлік туы" газетінде "Қазақ, Түркістан, Башқұрт өкілдерінің жиылысы" деген тақырыпта жариялаған хабарламасында осы жиылыстың шақырылатындығын жазып, қаралатын мәселелер мыналар: 1) автономиялы Башқұртстан, Қазақстан һәм Түркістанның ілгеріде басқару тәртіптерінің негізгі ерекшеліктерін жұмбарлап түйін қылу; 2) автономиялы Башқұртстан, Қазақстан һәм Түркістан шекаралары туралы; 3) жер мәселесі жайынан қазақ, башқұрт һәм Түркістан үшін жалпы платформа жасау; 4)Қазақстан, Башқұртстан һәм Түркістандағы бөтен дінді бұратаналар; 5)Учредительное собраниеде қазақ, башқұрт һәм Түркістан халықтарының саяси құқықтарын қорғау жолдарын қарастыру; 6) Қазақстан, Башқұртстан һәм Түркістан халықтары үшін жалпы программалы бір партия жасау; 7) Учредительное собрание уақытында Қазақстан, Түркістан һәм Башқұртстан үшін жалпы бір организация ұйым құру. Бұл жиылысқа Башқұрт "Ерік" Шорасының члендері, Ақмола, Торғай, Семей облыстарындағы қазақтың облыстық комитеттері жіберген өкілдер һәм Түркістан шорасының өкілдері келетіндігін айқындалды. Келтірілген деректерден түркі тілдес бауырлардың ортақ мәселелерін бірлесе отырып шешуге ұмтылысы байқалады. Қазақ, башқұрт, түркістандықтардың мұндай біріккен съездерді шақырып қана қоймай, оны бірлесе іске асыра білді. Сырдария облыстық қазақ съезінің шақырылуы жөнінде "Бірлік туы" газетінде "Екінші жалпы қазақ съезі барша қазақ-қырғыз облыстарын біріктіріп, бір жергілікті автономия қылуға қаулы қылды. Сол себепті жалпы қазақ Советі "Алашорда" председателімен 5-қаңтар күні Түркістан шаһарында Сырдария қазақ-қырғыздарын съезге шақырады. Съезде Сырдария қазақ-қырғыздарының жалпы қазақ - қырғыз автономиясына қосылу -қосылмауы сөз болмады" - делінген Ә.Бөкейханов пен М.Шоқайдың Орынбордан жолдаған жеделхатының толық мәтіні беріледі. Ташкент қаласынан Облыстық Кеңестің мүшесі Төреқұл Жанұзақов пен Қасымбек Ғалымбековтің "Ақ қалпақты қырғызға" мақаласында Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына жұрттың бәрінің әзірленіп жатқаны айтылып, "осынша көптің ішінде жұмған көзін ашпай, көсілген аяғыш жимай, қаннан қаперсіз жатқан біздің ақ қалпақты қырғыз халқы көрінеді. Өзге жұрттарды қоя тұрып, мысал үшін мына өзімізбен қатар көшіп-қонып жүрген қазақ бауырларымызды алайықшы. Олар өзгеріс болғаннан бері талай жерде бастарын қосып, мұң-мұқтаждарын кеңесіп, тіршілік қамын қылып жатыр... Рас, біздің қырғыздың әлі күнге шейін басы қосылмай жүргеніне себептер де бар шығар. Мысалы, әр уақыт көп жұмысында басшылық қыла қоятын Жетісу қырғыздары былтырғы аласапыран кезінде үлкен қырғынға ұшырап қалды. Бірсыпырасы тентіреп, мал басынан айрылып, қара бастарымен әлек болып кетті. Бірақ, аман қалған басқа қырғыздар да жоқ емес қой", ұлт арын жырлаған қырғыздың ту басылары - Бәйтік батыр, Шабдан батыр, Құрбанжан датқалармен қанымыз бір емес пе еді?...белді бекем буынып, туды қолға көтеріп, бізде бойымызды көрсетейік. Жетісу, Ферғана, Сырдариядағы қырғыздардың басын қосайық. Бүл пікірді мақұлдасаңыздар қыркүйектің 15-не Ташкентке адамдарыңызды жіберіңіздер. Әр ұлыстан бір-екі адам келсе болады. Қаралатын мәселелер көп. Солардың ішінде ең керектісі - қырғыз тілінде жұрт түсінетіндей газет шығару. Бүл адамы, пұлы табылса, қиын іс емес. Кеп бас қосып кеңессе, ол екеуі де табылып қалар едің деген ойларын ортаға салады. Осы күні қазақ, ноғай, сарт әрқайсысының өз тілдерінде әлденешеден газеттері бар. Әзірге біз қазақ бауырларымызға мінгесіп отырмыз. Бірақ, халықтың ұғынуы үшін газет өз тілінде болса, онан да жақсы болатындығын" нақтылап, қырғыз бауырларды бас қосуға шақырады. Осы мақаладан кейін "Бірлік туының" 11-ші санында Пішпектен Қалыбай Ғабдуллин: "қара қалпақты қазақ, ақ қалпақты қырғыз деп қырғыз бен қазақтың ешқашан бөлектенген жері жоқ. Әсіресе, қазақ бауырларымызда мұндай ниеттің жоқтығы анық" деген пікірін білдіреді. Жалпы, қырғыз бауырлардың өз алдына съезд шақыру идеясына және Қ.Ғабдуллиннің пікіріне орай газет басқармасы: "қырғыз-қазақты ажырату қате деген сөз мақұл - ақ. Сөйтсе де, қырғыз бауырлардың өз алдарына бас қосып, мұң-мұқтаждарын кеңеспегін біз де теріс демейміз. Ол ажыратуға дәлел емес. Бірақ, Төреқұл мырзаның мақаласы аяқсыз қалып, Ташкентте бұл күнге дейін ол съезд бола алған жоқ", - деп, -біріншіден, қырғыздардың бүл талпынысына жалпы адамзаттық қасиеттер тұрғысынан қарайтындықтарын білдірсе, екіншіден, идея көтерілгенімен, оның іске асырылмағандығынан хабар береді. 1918 жылдың мамырында Омбыда өткен қазақ жастарының съезін шақырып, даярлау жұмыстарына байланысты "Бірлік туы" газеті: "...құрамында 8 адамы (Бекмұхамед Серкебаев, Қошмұхамед Кемеңгеров, Асхат Сейдалин, Смағұл Сәдуақасов, Ғабдолрахман Байділдин, Мұратбек Сейітов, Жаныс Бабатаев) бар "Бірлік" қауымы кіндік кеңесінің съезд шақыру комиссиясы әзірлеген "Қазақ-қырғыз жастарына!" үндеуін жариялайды. Онда аталмыш съезді 1918 жылдың 20- сәуіріне белгілеп, "білім - өнер тарататын" һәм "шаруа қауымдарының" әрқайсысынан бір өкілден шақырылатынын хабарлап, съезде 10 пункттен тұратын негізгі мәселелердің қаралатындығын мәлімдеді. Осы үндеуге орай Ақтөбедегі "Жас тілек" жастар ұйымы (жетекшілерінің бірі Ә.Ершин болған- К.І.) "Бірлік" қауымының съезд шақыру пікіріне түгелдей қосыла отырып, "съезд жиналу үшін 20- сәуір уақыты тым ертерек һәм қолайсыз уақыт, екіншіден - съезд болатын жер қазақ - қырғыз елінің бір шетінде болғандықтан, көп қауымдардың өкілдері баруға аса шалғай, үшіншіден - шақырылған өкілдер саны өте аз. Сол себепті жастар ұйымдарына көп шығын шығармас үшін съезд орнын орталыққа ыңғайлау керек, біздің ойымызша Орынбор шаһары дұрыс. Съездің уақытын оқуда жүрген жастардың сабақтан босайтын шағына туралау үшін 10-шы мамыр шамасында болуға тиіс. Өйткені, жоғарыда айтылған 20-шы сәуір оқушылар үшін қолайсыз. Ал, енді съезге шақырылатын өкілдердің санына келсек, қазақ-қырғыз жастары ашқан қауымдардың өте аздығына байланысты шамамен әр қауымнан 2 өкілден барғаны дұрыс" деген жобалары ұсынылды. Келтірілген деректердің барлығы дерлік - сол бір ала - сапыран тұсында әртүрлі деңгейде өткен съездер мен жиындарға қазақ қоғамының даярлығы қаншалықты дәрежеде болғандығын айғақтайды. Қазақ съездеріне қатысты тарихи деректер мен тың мәліметтерді беруде әсіресе, "Қазақ" газетінің рөлі айрықша екендігі түсінікті. "Қазақ" газеті туралы сөз болғанда, оның түңғыш редакторы, әрі ұйымдастырушысы Ахмет Байтұрсынұлын айналып өту мүмкін емес, бүл заңды да. Өйткені, газетті баспадан шығарып, оны жалпы ұлттық басылым деңгейіне көтеруде А.Байтұрсынұлының жанкешті еңбегі зор. "Әуелі, газета - халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ қандай керек болса, халыққа газет сондай керек...Екінші, газет - жұрттың уланбасына медет нәрсе. Олай болатын мәнісі - жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқыған көп ғалым адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық етіп тұрады...Үшінші, газет - халыққа білім таратушы...Төртінші, газет - халықтың дауысы. Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газета арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады", - деген А.Байтұрсынұлының "Қазақ" газетінің оқырмандарына арнау сөздері-ақ көп мән-жайды аңғартады. Сол кезеңде ұлттық саяси күреске жас буын ретінде араласып, кейіннен еліміздің ұлы жазушысына айналған Мұхтар Әуезов 1923 жылы жазылған "Ақаңның елу жылдық тойы" мақаласында бұл газеттің қазақ ұлты үшін атқарған қызметі мен маңызына тоқталып, "...бөтен қалада қыр есіне түсіп, елін ойлап жүрген балаға "Қазақ" газеті ауылынан келген сәлемдемедей болатын. "Қазақ" газетінің сол заманнан бергі қарай талай өмірі өткен сияқты. Бұл уақыт саусақпен санағандай аз жыл болса да, болып өткен оқиғаларына қарағанда көп заманға жауап болатын толқынды заманның бірі. Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлі ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған "Қазақ" газетің екендігін негіздейді. Шын мәнісінде, бұл "Қазақ" газетінің құндылығын елімізге дәріптейтін өте орынды пікір еді. Бұған қосымша "Бірлік туы" газетінде "Қазақ" газеті - Алаштың қараңғы заманда жол көрсетіп тұрған көсемі. Ол қарасы өшкен залым хүкімет заманында да Алаштың көз жасымен талай бәледен қалғандығы" туралы жазылды. "Қазақ" газеті 1917-1918 жылдардағы аласапыран уақыттан да маңызды мәліметтер беріп тұрғаны белгілі. Осы жылдары газет шын мәнінде, "...қазақ - қырғызға қызмет һәм басшылық ету міндетінде" болды. "Қазақ" газетінде берілген мәліметтерсіз қазақ съездері туралы толыққанды деректер жинау мүмкін емес. Өйткені, ол басқа ұлттық басылымдармен салыстырғанда ұзақ мерзім /1913-1918ж.ж./ шығып, 265 саны жарық көрді. Соңғы жылдары жарыққа шыққан жинақтар арқылы бүгінгі ұрпақ қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін қайта оқуға зор мүмкіндіктер алып отыр. Зерттеу барысында осы басылымның 266-шы санындағы (Қазақ.-1918ж.-26 қыркүйек. №266) деректер қолданыс аясына енгізілді . Сондай-ақ, зерттеу жұмысында байқалғаны - ұрпағына өшпейтін бай мұра қалдырған "Қазақ" газетінің бетінде сол кезеңдегі көзі ашық, көкірегі ояу, саналы алаш азамат -тарының үн қатпай қалғаны жоқтың қасы екендігі, ұлт мәселесі, елдік, дербестік мәселелеріне олардың бей-жай қарамағандығы. Көш басындағы зиялы қауым өкілдері қазақ съездерінің өткізілуіне мұрындық болып, бұл шараларды жүзеге асыру үшін жергілікті мәселелерді анықтап, тұжырымдаған соң болыстық, уездік, облыстық және жалпы казактық съезд деп сатылап қоюы, сондай-ақ уақыт күттірмей өз шешімін табуға тиіс болған мәселелерді Уақытша үкіметтің басқару органдары алдына қою қызметтерін қатар атқарды. Сонымен қатар бүл кезеңде жергілікті жерлерде аса көп болмағанымен ел мұқтаждығын түсініп, оларды өз дәрежесінде қоя алу мүмкіндігіне жетіп қалған зиялылар да қалыптасып қалған-ды. Шындығында да, ұсақ-түйек мәселелерден бастап, ұлтымыздың ұлт ретінде сақталып, өсіп-өркендеуіне негіз қалайтын мәселелердің барлығы, соның ішінде қазақ халқының өз алдына дербес автономиялы ел болып, өркениетті елдер қатарына талпыну жолындағы қыруар іс-шаралар, атап айтқанда, жергілікті жерлерде басқару органдарын құру, облыстық және уездік деңгейде қазақ, мұсылман комитеттерін құру, облысаралық қазақ съездерін шақыру және ондағы өзекті мәселелердің ең алдымен осы басылым бетінде талқыға түсіп, содан кейін ғана өз шешімін табуы - жоғарыда айтылған ой-пікірімізді нақтылай түседі. "Қазақ" газетінің 5 жылға созылған аз ғана ғұмыры тарихи оқиғалардың аса бай шежіресі арқылы оны қазақ ұлтының энциклопедиялық басылымы дәрежесіне дейін көтерді. А.Байтұрсыновтың басшылығымен дәуір суреті неғұрлым шынайы бейнеленді. Сондықтан да бұл басылымды қазақ зиялыларының мінбері, ұлт-азаттық ойдың қайнар бұлағы десек, артық айтқандық емес. Сөз соңын тұжырымдасақ - "Қазақ" газетінің төңірегіне топтасқан зиялы қауым өкілдерінің табанды да, жігерлі еңбегінің арқасында ұлт тағдырына қатысты өзекті мәселелердің күн тәртібіне қойылып, оны іске асыруда қыруар жұмыстардың жүргізілгендігі. Қазақ зиялыларының дер кезінде көтерген ұлттық идеялары XXІ ғасырдың табалдырығында қайта жаңғырып, өзектілігін жоймай отырғандығы бүгінгі ұрпақ үшін зор мәртебе.

2-ТАРАУ

ОБЛЫСТЫҚ, УЕЗДІК ЖӘНЕ БОЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ СЪЕЗДЕРІ

Облыстық қазақ съездері

(сәуір 1917 ж. - желтоқсан 1919 ж.) 1917 жылдың көктем мен жаз айлары қазақ жұртының қоғамдық саяси өмірінің барынша жанданған кезеңі болды. Міне, осы шақта саяси билікке ұмтылған қазақ зиялылары отарлық езгіден есеңгіреген елінің басын біріктіріп, ортақ мақсат пен мүддеге барлық күш жігерін жұмылдыра күрес жүргізгендігі және сондай күрестерінің бірі - қазақ қауымының талап-тілегінен туындаған, қазақ қоғамының келешек мүддесін көздеген жалпы қазақ съезін ұйымдастырып, шақыру болғандығын жоғарыда айтылды. "Қазақ" газетінде: "өзгеріс болғаннан кейін әр облыс жиылысы бас қосып, съезд құрып, мұң-мұқтажын кеңесті. Әр облыс өзара кеңесіп, бір қаулыға келгеннен кейін бүкіл қазақтың тілегін қорытып, "Алаштап" атқа мініп, ертең ашылғалы тұрған Учредительное собраниеге бару үшін жалпы қазақ съезі қажет" делінді. Осы жерде айта кететін бір жай -1917 жылғы шілде айында өткен бірінші және желтоқсан айында өткен екінші жалпы қазақ съездерінің күн тәртібінде қаралған мәселелерді талқылауға ұсынуда да осы облыстық қазақ съездерінің рөлі ерекше болғандығы. Әртүрлі деңгейде өткен бұл съездерде ақпан революциясынан кейін Қазақстанда қалыптасқан саяси өзгерістерге баға беруге және ұлттық мүддеден туындаған өзекті мәселелердің ауқымын анықтауға деген ұмтылыс айқын көрінді. Мәселен, Оралда, Орынборда, Ақтөбеде, Ташкентте өткен облыстық қазақ съездерінде аграрлық және ұлттық мәселелерге баса назар аударылса, Омбыда өткен съезде оқу-ағарту, қаражат, дін, әйел тендігі мен земство қызметі жөніндегі мәселелер кеңінен талқыланды... Семей облыстық қазақ съезінде әлеуметтік-саяси мәселелер сөзге тиек етілді. Аталған съездердің қабылдаған қаулы - қарарларының барлығында дерлік Уақытша үкіметке сенім білдіріліп, оның соғысты толық жеңіске жеткенше жүргізу жөніндегі саясатына қолдау көрсеткендігі байқалады. Осы съездердің шақырылуы, күн тәртібі жайында кеңірек мағлұматтар алу үшін облыстық съездерге жеке-дара тоқталамыз.

Торғай облыстық қазақ съездері

Облыстық қазақ съездеріне жол салып берген сәуір айының 1-8-ші жұлдыздарында Орынбор қаласында өткен Торғай облысы қазақтарының съезі болды. Съезге барлығы 300-ден астам адам қатынасты. Олардың қатарында торғайлықтармен қатар Ақмола, Семей, Сырдария, Бөкей облыстары қазақтарының өкілдері болды. Мұның өзі - Торғай облыстық қазақ съезінің басқа облыстық съездермен салыстырғанда облыстық деңгейден асып, ұлттық деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Съезге қатынасқан өкілдердің әлеуметтік құрамы да түрліше болды. Олардың ішінде дін басылары, ақсақалдар, мұғалімдер мен дәрігерлер және заңгерлер де болған еді. Съезд жұмысын ұйымдастырып, оны басқаруға ұлтымыздың көшбасшысы болған А.Байтұрсынов белсене араласты. Съезд жұмысы негізінен А.Байтұрсынов, С.Қадырбаев, У.Танашев, О.Алмасов сияқты Алаш қозғалысының алдыңғы қатарлы қайраткерлерінің ықпалымен өтті. Съезге қонақ ретінде Қазан мұсылман комитетінен Н.Хальфин, Уфа мұсылман комитетінен Ә.Рахметдинов, Орынбор мұсылман бюросынан "Уақыт" газетінің редакторы Ф.Каримов қатысты. Съезді кіріспе сөзбен ашқан А.Байтұрсынов қазақ қауымын бірлікке, жаңа үкіметті қолдауға, сөйтіп, елде тәртіп пен тыныштық сақтауға шақырды. Мәжілістің төрағалығына А.Байтұрсынов, орынбасарлығына 1-ші Мемлекеттік Думаның мүшесі А.Кәлменов пен У.Танашев, хатшылығына С.Кадырбаев, О.Алмасов, Ш.Бекмұхамедов сайланды. Съездің атына түрлі қоғамдық ұйымдар мен азаматтар тарапынан құттықтау жеделхаттар келіп түсті. Айталық, Киевтегі оңтүстік-күнбатыс майданы комитетінен келген жеделхатты, Қазан қаласындағы мұсылмандар комитеті атынан жолданған жеделхатты және Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі Нәзипа Құлжанованың атынан келген жеделхатты атап өтуге болады. Осылардың ішінде қазақ әйелдерінің атынан жазылған жеделхат мазмұнына назар аударалық. Онда "...әртүрлі рудың көсемдері бас қосқан съезде қазақ әйелдерін де қорлықтан құтқарып, адам санына қосу шараларын қарастырар деген дәмеміз зор. Бостандыққа қарық болған Россияда қазақ әйелдерінің кісендеулі күйде тұруы келіспейді. Еркекті асырап, сақтап, азатшыл, арлы, намысты азамат қатарына қосу -күндіктен құтылған, адам санына қосылған әйел қолынан келеді. Алаш баласының әйел дегенде ақылы адамшылық жолынан аспай саралануын тілейміз" делінген. Бұдан Нәзипа Құлжанованың қазақ әйелінің азаттығын аңсаған саяси күрескер ретіндегі тұлғасы аңғарылады.Съезд ашылған күні делегаттарды "Уақыт" газетінің редакторы Ф.Каримов орынборлық бауырлас татар жұртының атынан құттықтады. Сонымен қатар съезде бұрынғы Орынбор генерал-губернаторы Эверсманға және Орынбор қаласындағы орта оқу орындарының мұғалімі Әбдірахман Мачиев пен Торғай облыстық басқармасының тілмашы Мұхамедияр Түнғаншинге "жергілікті жандармерияның агенттері болды" деген айып тағылып, олар съезге қатынасушылар қатарынан аластатылды. Патша өкіметі тұсында халыққа қарсы әрекеттерімен көзге түскен айып - керлерді әшкерелеу - ұлт зиялыларының басшылығымен шақырылып, солардың ықпалымен өткен съезд делегаттарының ақпан революциясы жеңісінің нәтижесінде құлатылған қоғамдық құрылысқа және оның жергілікті әкімшіліктеріне деген халықтың көңіл-күйін аса айқын көрсеткендігін дәлелдейді. Съезд негізінен патшалық тәртіп құлатылғаннан кейінгі жергілікті өкімет және басқару органдарын құру, жалпы қазақтық және жалпы мұсылмандық съездер шақыру, мәдени, шаруашылық, дін ісі, Уақытша үкімет пен ол жалғастырып отырған соғысқа көзқарас, жаңа сот, байланыс жүйелерін қалыптастыру секілді маңызды мәселелерді өз жұмысының күн тәртібіне енгізді. Атап айтқанда, съездің күн тәртібі 14 мәселеден тұрды: 1) Жер-жердегі азаматтық комитеттер 2) Жалпы қазақтық және жалпы мұсылмандық съездер 3) Мемлекеттік басқару түрлері және Құрылтай жиналысы 4) Діни басқарма 5) Халыққа білім беру 6) Аграрлық мәселе 7) Сот 8) Земство 9) Баспасөз 10) Почта 11) Қоғамдық қаражат 12) Уездік бастықтар мен зиянды чиновниктер 13) Соғысқа көзқарас 14) Қазақтарды тыл жұмысына шақыруға байланысты Торғай облысында болған оқиғалар. Съезд шешімдеріне орай іс-шаралар да жасалмай қалған жоқ. Айталық, сәуір айының басында-ақ "Торғай облысында...жергілікті азаматтық комитеттер құрылып, оның басында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар тұрды... Земстволық басқарманың төрағалығына А.Бірімжанов, Торғай уездік комиссарлығына О.Алмасов, хатшылығына Ә.Қасымов сайланды". 1917 жылғы 11-сәуірде облысты басқару тізгіні Уақытша үкіметтің комиссары Ә.Бөкейхановтың қолына көшеді. Дін мәселесіне орай Ғұмар Қарашұлы "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың муфтилікке қосылуы туралы "- деген мақаласында облыстық және жалпы қазақ съездерінде "қазақтардың Уақытша Орынбор муфтилігіне қосылуы туралы" қаулысы шыққандығын, сонымен қатар бүл мәселені Қазандағы екінші жалпы мұсылман съезінде Ж.Досмұхамедов пен У.Танашевтің жұртқа ресми түрде жариялағанын айта келіп, "қазақ жалпы облыс басына қажыларын сайлап, іс жүргізуші кеңсе шығындарын өз үлестеріне алып келгенін, муфти қарамағында өз алдына қазақ бөлімін ашып, іске кірісуге болатындығын, бүл туралы жоба жасалып, есеп түзеліп, оның жұмысы Торғай қазағынан келген Ғабдолрахман Мырзаұлына тапсырылғандығын, енді муфтилік сөзі басталғалы бері біраз уақыт өте тұрса да, оның ісі әлі көзге көрінбей отырғанын, жалғыз-ақ Орал облысынан бір қажы сайланып келгенін, басқа облыстарда бүл жұмыстардың әлі қолға алынбағанына" қынжылып, ..."бұған басшылықты қазақтың атқа мінген басшы адамдарынан, яғни биігіректе тұрған "Қазақ" газетінен күтетіндігін" баса айтты. Міне, осындай өткір пікірлерімен жұртшылық назарын өзіне аударған Ғүмар Қарашұлы туралы Ғ.Сәлімов өз естелігінде: "...ол - Алашорданың жалпы қазақ съезіне арнайы шақырылып, съезд төралқасы төрағасының орынбасарлығына ұсынылған және Уақытша үкімет тұсында муфтиаттық - мұсылмандық Діни Басқарманың қажысы болып сайланған. Ол өзінің "Тұрымтай" поэмасы мен "Терме" деп аталатын өлеңінде "Алаш" партиясының идеясын жаңғыртып, оның басшысы болған Ә.Бөкейхановты мадақтайды" дей келіп, оның 1919 жылы Ордада шығып тұрған "Мұғалім" журналына редакторлық еткендігінен хабар береді. Бұл мәліметтер Ғ.Қарашұлының болмысын әр қырынан аша түседі. Келесі мәселе - жер мәселесі. 1917 жылдың 22 сәуірінде болған Торғай облыстық Құрылтай съезі бұл мәселені дұрыс шешу мақсатында аграрлық комиссия құрады. Онда қазақтардың орыстарға қарым-қатынасы, облыстағы қоныстанушыларды жермен қамтамасыз ету тағы басқа мәселелер талқыланды. Осыған байланысты комиссия бұл мәселенің жергілікті қазақ халқына да, сырттан қоныстанушыларға да ортақ мәселе екендігін ескере отырып, мыналарды қажет деп тапты: 1) 2-8 сәуірде болған Торғай облыстық қазақ съезіндегі жер мәселесіне орай қабылданған шешімді толық мақұлдау. Бірлік пен ағайындықты мойындай отырып, көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қырғыздарға осы шаруашылықты өз еріктерімен жалғастыру, ал отырықшылықпен айналысатын халықтарға ұлттық ерекшеліктеріне қарамай, жерді пайдалануды дұрыс шешу үшін негіздеме жасау. Облыстық қазақ съезінің "патшалық тәртіптің қоныстандыру саясатын әшкерелеуіне" толық қосыла отырып, облыстағы қырғыз және орыс халықтарының қарым-қатынасын реттеу мәселесін шешуді жергілікті басқару органдарына тапсыруды жөн көрді. 2) Жері жоқ қоныстанушыларды жермен қамтамасыз ету жұмысын оң шешіп беруді ендігі жерде Қоныстандыру Басқармасына емес, жергілікті орыс - қырғыз комитеттеріне тапсырғанды мақұл санап, мынадай тұжырымға келді:

- жерді өз бетінше алушылар айыпталатын болды. Халық басқармасы тарапынан мұндай жәйттерге қарсы тиісті шаралар қолданылады;

- уездік азаматтық комитеттер жанынан 6 орыс және қырғыз өкілдерінен тұратын жер комиссиясын құру. Олар кеңесу дауысына ие бола алады;

- қырғыз бен орыс халқы арасындағы түсінбеушіліктерді шешетін ұйымдар құру. Съезд бүл мәселелерді талқылауды ұйымдастыру комиссиясының қарауына қалдыруды қолайлы тапты". Осы ретте Торғай облыстық қазақ съезіне Қостанай уезі, Шұбар болысынан келген Мұхамеджан Сералиннің съезд төралқасының атына ұсынған төмендегі пікіріне назар аудармасқа болмайды. Онда: "...съезд бағдарламасынан бөлек, бірақ съездегі жер мәселесімен астарлас менің пікірімді жұрт талқысына салсаңыздар екен...". Осы мәселеге орай қаулыда ақтық шешім Құрылтай жиналысында қабылданатыны айтылған,- деп жаза келе, бізде земство жоқ болғандықтан, переселен бөлімдері қазаққа ақпар бермейтіндігінен, депутаттарымыз Құрылтайға "қарусыз" бару қаупі бар екендігін ескеріп, Торғай облыстық комитеті жанынан Құрылтайда жер мәселесін баяндауға арналған материалдарды сұрыптау жөніндегі ерекше бюро құру керектігін" ашып айтқан. Бұл ұсыныс - ақпан революциясына дейінгі съезд шақыру мәселесінде белсенділік көрсетіп, кейіннен большевиктік бағытты ұстанса да, оның ұлт тағдырына жанашырлық танытқанын байқатады.

Съезд шешіміне сәйкес жергілікті жерлердегі жер мәселесімен тікелей айналысып отырған кейбір басшылар қызметтерінен босатыла бастады. Оған 1917 жылдың 1 мау -сымында Орынборға Ішкі Істер Министрлігіне Торғай облысының комиссары Ә.Бөкейханов пен облыстық азаматтық бөлімнің меңгерушісі атынан жолданған жеделхат дәлел бола алады. Мұнда: "Ырғыз уезіндегі 1-ші бөлімшенің шаруалар бастығы Гарфты, 3-ші бөлімшеден Шубинді, Қостанай уезіндегі 4-ші бөлімшеден Куфинді қызметтерінен босату туралы осы жылдың 4-5 мамыр күндері ғ64 және ғ71 бұйрықтар шығарылғандығы, соған байланысты оларды халық сенімінен шықпаған азаматтар ретінде қызметтерінен босату" талап етілген-ді. Міне, осындай заман талабынан туындаған мәселелерді талқылағ0ннан кейін съезд Уақытша үкіметтің және Күнбатыс майданындағы бұратана бөлімінде жүрген қазақ жастарының атына алғыс айтылған жеделхаттарын жөнелтіп, өз жұмысын аяқтады. "Қазақ" газетіндегі мәліметтерге сүйенсек, 6 сәуірде Орынбор мұсылмандары қазақ зиялыларын, Бұхара, Түркістан һәм т.б. жерлерден келгендерді қонақ қылып, қуаныштарын бөлісті. Олар төрт жерге жеделхаттар жібереді. "Бірі - жаңа хүкіметті құттықтап, жаңа құрылған патшалық дүкенін нығайтуға мал мен басты аямайтындығын білдірген телеграмы, екінші - жаңа хүкіметтен Бұхара халқын құлдықтан құтқару, бостандыққа жеткізуді тілеген телеграм, үшінші - Бұхара ханына халқын кісендеп, арқандамай, құлдықтан босатуды өтінген телеграм, төртінші - Хиуа ханның һәм халқын азаттық күнімен құттықтау телеграмы". Бұл жеделхаттар А.Байтұрсынов, М.Шоқай, У.Танашев және Фахретдиновтардың атынан жолданып, солардың ішінде Бұхар ханынан: "халқының ескі қалпын, салтын, тұрмысын, мінезін бұзбай - жармай, теңдік, бостандық жолдарын жарыққа шығаруға ...күш көрсету, құрбандық етуден қашық болуға" өзінің бар қайрат-жігерін жұмсауға әзір екендігін білдірген жауабы да алынады. Керіп отырғанымыздай, Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданған қаулы - қарарлардың негізгі мазмұны - бұл съездің облыстық деңгейден шығып, жалпы ұлттық мәнге ие болғандығын аңғартады. Сондықтан съезд қаулыларының Қазақстанның басқа аймақтарындағы осы сияқты жиындар үшін белгілі дәрежеде жол ашқанына еш күмән туғызбайды. Торғай облысы қазақтарының бас қосқан екінші съезі 1917 жылдың 20-25 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында болып өтті. Съезге Ақтөбе, Қостанай, Ырғыз, Торғай уездерінен барлығы 150 делегат қатынасты. Съезд төралқасына Мырзағазы Есболов (төрағасы), Сағындық Досжанов, Ахмет Түнғаншин (серіктері), Тел Жаманмұрынов, Абдулхамид Жөндібаев (хатшылары) сайланды. Съездің күн тәртібіне 15 мәселе қойылды:

1 )Мемлекетті билеу түрі; 2) Қырғыз облысының автономиясы; 3) Жер мәселесі; 4) Земство; 5) Қырғыздардың қаражатына салынған үйлер, стипендиялар және арнайы қырғыз қаражаттары; 6) Қырғыз және шаруа депутаттарының Кеңесі; 7) Оқу мәселесі; 8) Қырғыз мәдени-ағарту ұйымдары - "Еркін дала" ,"Бірлік"; 9) Сот ісі; 10) Құрылтай жиналысы және Торғай облысының қазақтарынан кандидаттар белгілеу; 11) Қырғыз саяси партиясы; 12) Рухани – діни іс; 13) Әйел мәселесі; 14) Бүкілресейлік мұсылман кеңесі; 15) Жетісу облысындағы оқиғалар және Қазан зардаптары. Съезд мәжілісін С. Досжанов кіріспе сөзбен ашты. Съезді құттықтап, сөз алған азаматтардың қатарында Ақтөбе уездік Жер Басқармасының төрағасы Немец, Ақтөбе уездік комиссары Мыцо, Ақтөбе қаласының басшысы Гамбашидзе, Ақтөбе қаласындағы татар халқының өкілдері мен мұсылман ұйымдары атынан Алюков пен Юмакаев болды. Съезде қаралған мәселелер жалпы қазақ съезінің қаулысынан кем болмады. Ең өзекті мәселелер: мемлекет билеу түрі, қазақ халқына автономия, жер мәселесі, сот мәселесі сияқты мәселелер өзгертілместен қабылданды. Сондықтан, күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша бірінші Торғай облыстық қазақ съезінде және бірінші жалпы қазақ съезінде қаралып, талқыланған мәселелерді қайталауды қажет таппаймыз. 1)Қазақ автономиясына байланысты - съезд облыстағы қазақ халқын басқару үшін ұлттық - территориялық жалпы қазақ автономиясын енгізуді талап етті; 2) Қазақ және шаруа депутаттарының Кеңесі туралы мәселеде - 10-шы қыркүйекте Орынборда болатын қазақ және шаруа депутаттары Кеңесінің облыстық съезіне Қостанайдан -20 өкіл, Ақтөбеден -13, Торғай мен Ырғыздан - 7 өкілден делегат жіберуге шешім қабылдады; 3) "Еркін дала" және "Бірлік" мәдени-ағарту ұйымдарына барынша қолдау көрсету керектігін баса көрсетті; 4) Қазаққа өз алдына ұлттық саяси партия құруды аса қажет деп тапты; 5) Әйел мәселесін шешу - құранның талаптары мен қырғыз салт-дәстүріне сәйкес мұсылман діни жиналысына тапсыру керектігін айтты; 6) Жетісу оқиғалары мен Қазандағы жағдайларға байланысты қаражат жинауды ұйымдастырып, съезд атынан олардың қайғы - қасіретіне ортақ екендіктері айтылды. Қазан қаласында зардап шеккендерге съезд 418 сом ақша жинап, оны мұсылман кеңесінің атына аударуға келісті. Сонымен қатар съезде Мұхамедияр Түнғаншиннің айыпсыздығы жөнінде Ырғыз уезінің делегаттары атынан кезектен тыс келіп түскен өтініш пен оны айыптаудағы дәлелді құжаттардың жетімсіздігі, сондай-ақ, Орынбор мұсылман бюросынан (20 тамыз, 1917ж.), чиновниктер одағынан (12 тамыз, 1917ж.) келген ұсыныс-пікірлер ескеріліп, М.Түнғаншиннің жеке басын ақтау және оны өз орталарына қабылдау жөнінде қаулы қабылданады. Съезде оның жеке ісін қарауға біршама уақыт өтті. М.Түнғаншиннің қоғамдық - саяси қызметін әр қырынан аша түсетін мынадай мәліметтерге назар аударалық. Оның алғашқысы - Ғ.Сәлімов естелігінен алынды. Ол "Қазақстанның Төтенше Әскери Комиссары ретінде М.Түнғаншиннің қолында ұлттық мәселелерді шешудің кілті болғандығы, өйткені барлық өзекті мәселелер оның келісімі мен қолдауынсыз шешілмейтіндігі, сондай-ақ ол өз қызметінде жергілікті партия және Кеңес қызметкерлерімен есептеспестен, біздің тарапымыздан қойылған "Жігер" жастар ұйымын тарату жөніндегі мәселеден бас тартқандығын" айта келіп, коммунистік ұйымның ұсынысын қабылдамай, буржуазиялық - ұлтшылдық ұйымды қорғады, оның коммунист ретінде буржуазиялық - ұлтшыл "Жігер" ұйымын қорғауы - бізге түсініксіз болды" деп еске алады. Екіншісі, М.Шоқайдың "Ояну" деген мақаласындағы "...Орынбор тәртіп сақтау қызметкері М.Түнғаншин Ұлт істері жөніндегі Халық Комиссариатында бірінші болып комиссарлық жоғары лауазымға қол жеткізген қазақ еді" деуі. - Үшіншісі, 1919 жылғы Торғай облысы делегаттарының М.Түнғаншиннің тұтқындалуына байланысты В.И.Ленин мен М.И.Калининнің атына жолдаған жеделхаты. Оның мазмұны мынаған саяды: "...бұрынғы Қырғыз Әскери Комиссары, Аймақтық Революциялық Комитеттің мүшесі М.Түнғаншин Кеңес өкіметіне сатқындық жасады деген айыппен Мәскеуде тұтқындалғандығы... оған мұндай айып тағылса, оның кінәсі емес. Өйткені, оның Совет өкіметіне берілген адам екендігін біздер дәлелді фактілермен айғақтай аламыз. Сондықтан осында конференцияға келген Торғай облысы делегаттарының атынан тез арада М.Түнғаншинді тұтқыннан босатуларыңызды сұраймыз" - делінген. Осы келтірілген деректердің бәрі - М.Түнғаншиннің мемлекеттік жүйелердің қайсысында қызмет жасамасын, мейлі ол патшалық жүйе болсын, мейлі алаштық немесе кеңестік жүйе болсын, ол бірінші кезекте жалпы ұлттық, бүкіл халықтық мәселелерді алдыңғы қатарға қойып, ел мүддесіне қызмет еткенін дәлелдейді. Аталмыш съезді ұйымдастырып, өткізуде кемшіліктерге де жол берілді. Айталық, "...съезд ашылды, бірақ бағдарламасы болмады. "ертең даярлап әкелеміз" - деген сылтаумен бір күн босқа кетті. Ал ертеңіне съезге қатысушылар "өкімет қағазына қараймыз ба, қарамаймыз ба?" дегенімен және бір күнді жоғалтты... Содан соң съезде көп дауысқа ие болу үшін бюродан, азық-түлік, жер комитеттерінен, "Бірлік" қауымынан, молдалар ұйымынан, ноғайлардың жәмиғат жер иесінен тағы басқалардан атап-атап кісілер кіргізді. Бұлардың бәрін жинағанда баяғы Ақтөбе кісілері еді. Былайғы үш уезд (Қостанай, Ырғыз, Торғай) өкілдерін жинағанның өзінде Ақтөбе кісілерінің санына жетпеді. "Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала" демекші, олар жақыннан дорбалады да отырды... Көпе-көрнеу съезд тәртібін бұзу да орын алды. Олар федерацияға қарсы қазақтың өз тізгіні өзінде болғанын тілемеді, шариғатқа қарсы дегенді де айтты. Ақсақалдар мен молдалар мәселе дауысқа қойылмай тұрып-ақ, "қол көтерген кісі де, көтермеген кісі де мұсылман деп сөйлейтін болды" - деген мазмұндас мәліметтер - соның айғағы. Әсіресе, съезде қаралған Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар белгілеу мәселесінде бәсекелестік, іштарлық нышандары қылаң берді. "Депутат мәселесіне келгенде, - деп жазды "Қазақ" газеті,- мырзалардың бет пердесі ашылып қалды. Сүйекке сіңген мінезді "бостандық, тендік болған екен деп, қалай тастарсың. Бес-алты айдың ішінде Европа болып кете алмақшы ма? Торғай облысынан А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың кандидатуралары ұсынылды. Бұрынғы жауыз үкіметтің заманында, бастан қара күндер өтіп тұрғанда халыққа қызмет еткен адамдар, енді бүгін бостандық туған соң, "халыққа жаны ашымайды", "қазақтың өз тізгіні өзінде болуға қарсы" дегендердің бәрі жала, күнә екендігі түсіндірілді. Бұл пікірге Ақтөбе мен Ырғыздан Ораз ақсақал, Әбдірахман молда және оқыған жастар қосылды. "Депутаттық уезге, руға бөлінетін кәде емес. Актөбеліктердің жасап отырғаны - адасқандық, бақталастық. Депутаттыққа көпшілік лайық деп тапқан кісілер ғана ұсынылуы тиіс". Торғай облысынан баратын депутаттардың кандидатурасы бес жерде, атап айтқанда, 1917 жылғы наурызда Минскіде Күнбатыс майданындағы оқыған жастардың Кеңесінде, сәуірдегі Торғай облысының съезінде, шілдедегі жалпы қазақ съезінде, тамыздың басында Орынборда "Еркін дала" қауымының съезінде сөз болып, соның бесеуінде де А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың есімдері тізімнің алдыңғы қатарында тұрды. Ақтөбеде болған осы съезде де тізімнің алдында болды. Съезд делегаттары А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың бір уезден, бір рудан екенін әбден біледі. Бірақ, бұл екеуі бір кісінің баласы болса да депутаттыққа туысы, мекені шарт еместін. Ақтөбеліктердің бұлайша ата санап, ағаш керткеніне қалай шыдарсың. Уақытша үкіметтің "Құрылтай жиналысына сайлау туралы" заңы бойынша "кандидаттық тізімдер" деп аталатын 5-ші тарауының 48-ші пунктінде "бір адамның кандидатурасы бірнеше сайлау округтарынан ұсынылуға болатындығын, тек бес жерден көп болмауы керектігін". ескеріп, Алаш қайраткерлері А.Байтұрсынов пен М.Дулатовты осы заң аясында Құрылтай жиналысына 5 жерден ұсынады. Мұның өзі - қазақ қоғамындағы сайлау жұмысының Уақытша үкіметтің заңына сәйкес жүргізілгендігін , екіншіден, екі арыстың да халық арасында беделінің жоғары болғандығын айғақтайды. Сондай-ақ, ел сенімінен шыққан зиялыларымыздың тұлғасын биіктетеді. Аталған облыстық съездерге қосымша Б.Қаратаев өзінің "Краткий очерк истории Алашорды" қолжазбасында " 1917 жылдың 22-27 қараша аралығында өткен Торғай облыстық Кеңесінің съезінен кейін Ә.Бөкейхановтың басшылығымен тағы да съезд өткізіліп, онда Кеңес өкіметіне көзқарас мәселесі көтерілгендігі және қазақ зиялыларының Кеңестердің билігін мойындамай, "билік Құрылтай жиналысына берілуі керек!" деген шешім қабылданғандығы жөнінде аздаған мәлімет береді. Осы ретте "Торғай облысын -дағы Сүмбіледе болған съезде "Россиялық жалпы мемлекет жиылысында" сайланғандарға риза болмай, бөтен кісілерді көрсеткен тізімге наразылық білдірген съезд бастығы Мырзағазы Есболов һәм Қостанай уезінің өкілдері съезді тастап шығып кеткен", - деген мәліметті ескергеніміз жөн. Десе де, М.Есболов бастаған 10 өкілдің атынан жазылған жоғарыдағы мәліметтерден, екінші Торғай облыстық қазақ съезінде Құрылтай жиналысына депутаттар белгілеу мәселесінің тартысты талқыланғандығын және ұлт тұтастығына нұқсан келтіретін руға, елге бөлінушіліктің тамыры әлі де тереңде жатқаны байқалады. Шығыс халықтарының менталитеті мен салт-дәстүрінен туындайтын ру - руға бөліну - жаңа кезеңдегі қазақ қоғамына кері әсерін тигізгені жасырын емес. Тұжырымдасақ, 1917 жылдың сәуір және тамыз айларында болып өткен Торғай облыстық қазақ съездерінде заман ағымындағы өзекті мәселелер талқыланып, оны іске қосуда жетістіктерімен қатар, кемшіліктерге де орын берілгені байқалады. Соған қарамастан, белгілі бір дәрежеде нақты іс-әрекеттерге қол жеткізілді.

Жетісу облыстық қазақ съездері

Келесі кезектегі Жетісу облыстық қазақ съезі 12-14 сәуір аралығында Верный қаласындағы Әскери жиылыс мекемесінде Ы.Жайнақовтың (Верный уезі) басшылығымен және оның серіктері Ғ.Ордабаев (Верный уезі), А.Х.Құдайбергенов (Пішпек уезі) хатшылары: Қ.Ш.Шегіров (Верный) және дәрігер Н.Ж.Жақыпбаевтардың (Лепсі) ықпалымен болып өтті. Съезге Верный уезінен - 54 өкіл, Лепсі уезінен - 4, Қапалдан - 3, Пішпектен - 12, Пржевалскіден - 5 өкіл, барлығы 81 делегат қатысты. Жетісу съезіне қатысушылар көбінесе Торғай съезінде талқыланған мәселелерді қайталады. Күн тәртібіне қойылған 17 мәселе - соның айғағы. Олар: 1) Соғысқа көзқарас; 2) Уақытша үкіметке көзқарас; 3) жергілікті және өлкелік өкіметке, сонымен бірге атқару комитеттері мен басқа қоғамдық ұйымдарға көзқарас; 4) Россияны басқарудың болашақтағы жоғарғы түрі; 5) рухани - діни іс; 6) азық-түлік мәселесі; 7) жергілікті басқару; 8) сот; 9) партиялық араздықты тоқтату шаралары; 10) білім мен оқу-ағарту; 11) облыстағы жер мәселесі; 12) су мәселесі; 13) мал шаруашылығы; 14) отырықшылыққа көшу; 15) заттай салық (натуралды міндеттілік); 16) қырғыздар мен орыстардың қарым-қатынастарын реттеудің тәсілдері; 17) босқындарды Қытайдан қайтару тәсілдері. Съездің төрағалығына Ы.Жайнақов, оның орынбасарларына Ғ.Үдербаев пен А.Құдайбергенов, хатшыларына Шегіров пен Н.Жақыпбаев сайланды. Ресми адамдардың съездің ашылуына қатынасуы - ең алдымен соғыс пен Уақытша үкіметке көзқарас мәселесінің талқылануына ықпал етті. Съезд өкілдері бүл мәселеге орай жеңіске жеткенше соғысты тоқтатпау жөнінде және Уақытша үкіметке мойын сұнып, оған жан - жақты қолдау көрсету туралы қарар қабылдады. Съезде рухани - дін мәселесін талқылап, мұсылман дінін православие дінімен теңестіру мақсатында Петроградта мұсылмандардың діни басқармасын құруды қажет деп тапты. Сонымен бірге съез қарарларында: "... далалық Орал, Торғай, Ақмола, Семей және Жетісу облыстарына ортақ "ерекше діни жиналыс" құрылсын және ол "Қазақстан" деп аталсын," -деп, - қазақ жерінен біртұтас территориялық құрылым (қазірше Сырдария облысы мен Маңғыстаусыз) қалыптастырып, оны мемлекетіміздің қазіргі күнгі аты Қазақстан деп атауды ұсынған. Съезд шешімдерінде айтылған ұлттық (Қазақстандық) діни басқарма құру идеясы қазақ облыстарын татар және башқұрт муфтиаттарынан шығарып алу арқылы қазақ халқының рухани - діни топтасуына мүмкіндіктер туғызуға қызмет етті. Күн тәртібінің 3-ші және 4-ші тармақтары бойынша қабылданған шешімдер Уақытша үкіметтің жаңа мемлекеттік басқару жүйесін құру жөніндегі бағытына сәйкес келді. Оған осы съезге төрағалық еткен Ы.Жайнақовтың: "...ескі үкіметтен соққы жеген қазақ халқы ... жаңа тәртіпті нығайту үшін бар күшін жұмсауға көңілі берік сондықтан, уездік, облыстық қазақ комитеттері жасалды. Ондағы зор мақсаттарымыздың бірі - соғысып жатқан жауды жеңуге мұршамыз келгенше болысуға аянбайтындығымыз" - деген сөзі дәлел. Осы ретте Ә.Бөкейхановтың "...біздің қазақ - қырғыздың ісін көркейтетін болсақ, шіркеуді хүкімет ісінен бөліп қойған он болады. Оны орысша "отделение церкви от государства" деген пікіріне сәйкес Торғай облыстық қазақ съезінің делегаттары шіркеуді мемлекеттен бөлу үшін дауыс берсе, жетісулықтар керісінше оларды жақындастырып, діннің қоғамда алатын орнына ерекше мән берді. Жергілікті басқару мәселесіне орай съезд шешімдерінде басқару жүйесінің барлық деңгейлерінде міндетті түрде екі комиссардан -"бірі орыс, екіншісі мұсылман" тағайындау қажеттілігі көрсетілді. Басқару жүйесіне байланысты қабылданған шешімдердің тағы бір ерекшелігі - белгілі бір дәрежеде билігі шектелген бұрынғы болыстар мен ауыл найларды қызметтерінде қалдыра тұруға болады деп есептеуі болды. Соған сәйкес съезд шешімдеріне: "рулық талас-тартыс, пара алушылықтағы басқа осындай келеңсіз құбылыстарды жандандыру да, оларды бәсеңдету де көбінесе биліктің төменгі сатысындағы адамдарға тікелей байланыстылығы" туралы мәселелері енгізілді. Облыстағы жер мәселесін жан-жақты талқыланып, шет аймақтардан қоныс аударушыларға тыйым салынатындығы айтылды. Съезде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты шиеленіскен ұлтаралық қатынастарды реттеу мәселесіне баса назар аударылды. Соған сәйкес қабылданған қарарларда қазақтар мен орыстар арасында өзара түсінушіліктің жолдары мен тәсілдерін анықтап алуға, екі халық арасындағы шаруашылық қарым-қатынастарды қалпына келтіріп реттеугe күш салу керектігі баса айтылды. Бұл мәселе туралы Ы.Жайнақов: "..."Раннее утро" газетінде басылған "Жетісудан, Самарқандтан, Қаратөбеден һәм басқа орындардан әскер басы хабар алды. Қазақ ішінде бүліншілік шыға бастады. Жер жайғастырушы мекемелердің (переселенческое управление) адалдықты аттап, жер алу әдісінің салдарынан шыққан" деген телеграммаға Жетісу облыстық қазақ съезі өкілдері наразылық білдіріп,"ондай дәйегі жоқ, өтірік хабарларды ескі тәртіпті жақтаушылардың барша Түркістанды, болмаса Жетісуды жырмалап, мұндағы жергілікті жұрттарға, оның ішінде қазақтарға бостандық дәмін татқызбай, бұрынғыдай езілген, тапталған, құлдық күйінде қалдырмақ ниетінен туған қулықпен сұмдықтары" екендігін айтады. 1916 жылғы көтеріліске байланысты айыпталған Ы.Жайнақовтың уақытша қызметінен босатылған болатын. Оның себептері "Семиреченские ведомости" газетінде (1917ж. 4 қазан) Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінен Верный уезі Алматы болысының тұрғыны Бәти Байбосынованың өтінішіне байланысты 1917ж. 30 қыркүйекте шыққан шешімнің мәтіні жарияланады. Б.Байбосынованың өтінішінде жұбайының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, Верный гарнизоны жанындағы әскери соттың 1916 жылғы 14 тамыздағы үкіміне сәйкес өлім жазасына (дарға асу) кесілгендігін айта келіп, бұл үкімнің негізсіздігін дәлелдеуге тырысады. Өтініш иесі осы іске ЬІ.Жайнақов пен Қ.Шегіровтің қатыстылығын, істің, анық-қанығына жету үшін тергеу ісін жүргізуді талап етеді. Соған орай Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті: 1) Арыз иесі Б.Байбосынованың өтінішіне сәйкес тергеу і жұмыстарын жүргізу; 2) Тергеу жұмысы толық аяқталғанша Ы.Жайнақов пен Қ Шегіровті сот бақылауына алу және өз қызметтерінен (босату туралы шешім қабылдаған еді. Көп кешікпей, 1917 жылдың 30 қазанында Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің өкілі О.Шкапский Түркістан комитетінің атына "Б.Байбосынованың өтінішіне сәйкес қабылданған шешім бойынша тергеу ісі аяқталғанша М.Жайнақов пен Қ.Шегіров қызметінен босатылуы керек еді. Іс әлі аяқталмай жатып, олар жұмысқа кіріскен. Түркістан комитетінің шешімі неге өзгертілді" деген мәселені қайта көтереді. Бұған сауалға жауапты "Қазақ" газеті: "...Учредительное собраниеге депутаттыққа белгіленген Ы.Жайнақов былтырғы бүліншілік кезінде Байбосын дегеннің дарға асылуына себепкер болушының бірі деп уақытша орнынан түсірілген еді. Айыпсыздығы анықталып, қайтадан қызметке кірісті" деген телеграмма басқармаға келді. Телеграммада Ы.Жай -нақовтың айыпталуы партиямен (бәсеке, бөліну) байланысты болған деп себептері көрсетілген екен. Біз бұрын да екі жағының бірін-бірі қаралаған сөздерін басқанымыз жоқ. Себебі, анығына көзіміз жеткен жоқ - ЬІ.Жайнақовтың орнынан түсуі туралы Түркістан комитетінің постановлениесін газеттен алып басқан едік. Сондықтан әлі де болса, екі партияның сөзін баспаймыз" жауап береді . Осы келтірілген фактілер толықтыруды қажет етеді. Съезде ұлтаралық қақтығыстарды, соның ішінде қарулы қақтығыстарды болдырмау мақсатында облыстағы орыс селолары тұрғындарының қолдарындағы қару - жарақты алу қажеттігі ескертілді. Соған орай Әскери жалпы қазақ съезінің торағасы Ж.Досмұхамедов тарапынан Орынбордағы шаруалар депутаттары Кеңесіне мынадай: "...Жетісуда майданнан кайтқан қарулы солдаттар мен шаруалар қырғыздарды өшпенділікпен өлтіру әрекеттерін жалғастыруда. Жалпы қазақ съезі Уақытша үкіметтен шаруалар мен солдаттарды қарусыздандыруды талап етеді. Съезд өз тарапынан қырғыздардың орыстарға қарсы күш көрсетпейтініне сенім білдіреді" деген жеделхаты жолданады. Осыдан кейін Уақытша үкімет 1917 жылғы 1 тамызда "солдаттардың қолындағы қаруларға тергеу жүргізіп, қырғыздар мен орыстар арасындағы қақтығыстарға жол бермеу шараларын жасау"жөнінде барлық әскери бөлімдерге бұйрық шығарады. 1917 жылғы 8-қыркүйекте Қапал уезінің комиссары М.М.Дудукамов облыстық комиссар Шебалиннің атына жазылған хатында Жетісу облысындағы қырғыздар мен орыстардың қарым-қатынасына тоқтала келіп, өзін мазалап жүрген ой-пікірлерін ортаға салады. Оның қысқаша мазмұны төмендегідей:" ...Ташкенттен алынған соңғы хабарларға қарағанда, ол жақтан Түркістанға қару жөнелтіліп жатқаны белгілі. Өзін-өзі қорғау мақсатындағы бұл іс-әрекет Ресейді, Түркістанды қорғау сияқты ойларға жетелейді. "Сақтансаң, сақтайды құдай" демекші, біздер, яғни орыстар, ойлануымыз керек. Жетісуда халық М.Тынышбаевқа сенімсіздік білдірді. Өйткені, оның бейнесінде бұратана халыққа жақын бір Тынышбаевтың бейнесі бар. Біздің жеңіліп, олардың табысқа жетуі - осыдан келіп шығады. Оларды біріктіретін - ислам ... Менің пікірім - олар өзін-өзі қорғауға онша әуес емес, себебі, олар Уақытша үкіметке көбірек сенім артады ... сан жағынан аз ғана қырғыз интеллигенциясын халықпен көп араластырмау керек ... Халықтың өзін - өзі қорғауы үшін әзірге оларға қару берудің қажеті жоқ. Бірақ, пункттер бойынша әскер ұстауымыз керек. Өйткені, поселкелердегі орыс халқы қорғансыз ғой. Қапалдан Ілеге дейінгі аралықта село көп, ал солдаттар мүлдем жоқ. Сондықтан ол жаққа, әсіресе Қоғалыға әскер қою керек ... Лепсі халқы уезді қорғауға дайын, өйткені, былтырғы 1916 жылғы көтерілістен кейін қорқып қалған ...онда әр пунктте 200 солдаттан пәтерлерге жібергілері келеді. Мақсат - былтырғы оқиға қайталанбаса" делінген. Хат соңында "Отанды қорғау мақсатында Жетісу облысындағы гарнизондарды күшейту, оларды керекті пункттерге және пәтерлерге жіберу, мұсылмандардың кейбір жекелеген тұлғаларының қызметін бақылауға алу" керектігі айтылады. Хат мазмұнынан көрініп тұрғандай, М.М.Дудукамов ұлтаралық қатынастар мәселесінде жергілікті ұлттардан гөрі орыстардың мүддесін көздейтіндігін білдіріп, қазақ халқының көш басында жүрген зиялы қауым өкілдеріне үлкен сенімсіздік танытады. Осы ретте Верный аймақтық сот прокурорының 1917 жылдың 20 шілдесінде Ташкент сот палатасының прокурорына жіберген №11818 есептік қатынас қағазында Жетісу облысындағы жергілікті басқару органдары мен оның комиссарлық қызметін атқарушы адамдардың тізімі берілген. Оған қосымша берілген құжатта "М.М.Дудукамовтың солдат екендігі, білімі төмен дәрежеде, жүмысшы, солдат және шаруа Кеңестері атынан Қапал уездік комиссарлығына сайланғандығы" айтылған. Бұдан орталықтың уезд Басшылығына қандай адамдарды жіберіп отырғандығын аңғару қиын емес. Съезд күн тәртібінің соңғы мәселесі Қытайға босқан қазақ-қырғыздарды қайтаруға арналды. Осы мәселеге байланысты қабылданған шешімдер негізінен Пржевалскі уезінің мәліметтеріне негізделді. Съезд босқындар мәселесін Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің өз бақылауына алуын сұрады. Соған орай 1917 жылғы 15-маусымда Түркістан комитетінің өкілі О.Шкапский Уақытша үкіметтің атына мынадай: "1916 жылғы оқиғаларға байланысты орыс иен қытай азаматтары арасында туындаған мәселелерді шешу үшін халықаралық съезд aшy қажет. Съезде қытайлықтардың айдап әкеткен малдары және күшпен алып кеткен қыз-келіншектерді еліне қайтару мәселелері көтерілуі ықтимал. Тонау мен талан-таражға жол берілген Құлжа ауданында басшы қызметтерде отырған адамдарды ауыстыру керектігі ескертіліп, ондағы консулдың ауысқандығы жөнінде хабарланды. Съезді шақыру мерзімі - тамыз айы деп белгіленіп, оған өкілдер тағайындауыңызды сұраймын" - деген жеделхатын жолдайды. Бұл идеяны Х.Ғаббасов қуаттап, 1917 жылғы 21-тамызында өткен біріккен делегаттар кеңесінің мәжілісінде: "...Қытайға келген қырғыздарға бақылау орнатып, екі ел арасындағы мәселелерді (әсіресе, мал ұрлауға байланысты) шешу үшін съезд шақыру керектігіне" ерекше тоқталады. Бұған қосымша "Алаш" газеті 1917 жылдың мамырында өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде Жетісу оқиғаларына орай З.Тазетдиновтің сөз алғандығын және бүл қасіреттен оларды құтқару үшін үкімет тарапынан жұмысшы, шаруа һәм солдат өкілдері Советіне, Жетісудағы комитеттерге асығыс жеделхаттар жіберуге қаралар қабылдағанын жазады. Босқын қазақ-қырғыздарға жан-жақты жәрдемнің атап айтқанда, жекелеген ұлт өкілдерінен, жер-жерлердегі қазақ, мұсылман ұйымдарынан, Уақытша үкімет пен оның Түркістан Комитетінен арнайы жіберілген О.Шкапский мен М.Тынышбаев тарапынан көрсетілгендігін, сондай-ақ осы жұмыстардың басы-қасында жүрген Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Қадырбаев, И.Әлібеков, Ж.Жәнібеков, Б.Мәметов, Е.Омаров сынды тұлғалардың жанкештілігін ерекше атаған жөн. Түркістан Комитетінің өкілі О.Шкапский 1917 жылғы 21-тамызда өткен Түркістан Аймақтық Кеңесінің жиналысында сөйлеген сөзінде "Жетісу туралы іске кіріспей тұрып, әуелі мұндағы болып жатқан хал - ахуалдарымен анық танысу керектігін" баса айтты. Кеңес оның бұл пікірін мақұлдап, комитеттің члені Шендриковты Жетісуға жібермек болады. Шын мәнісінде Қытайға босқан қазақ-қырғыздардың хал-жайы өте мүшкіл, ауыр болатын. "Қазірде олар топалаң тиген қойдай аштан өліп жатыр,- деп жазды Қапалдан Құлжаға барып келген Молдағали деген мұғалім жігіт, - өлгендерін көмуге де халдері келетін емес. 3-4 мыңдай кісі Құлжа, Көз шаһарына келіп, тіленшілікпен күн көріп, аштан өлуден аман ...аз-аздан болмаса, көп өлімі жоқ. Құлжадан 130 шақырым жерде аштан өлу коп". Осындай ауыр жағдайдың куәсі болған ол Құлжа мұсылмандарының Атқару Комитетіне (төрағасы Садық Ювашев) телеграф арқылы мұсылманы көп қалаларға аш қырғыздар халін баяндап, жәрдем беруін өтінді. Бұл өтініш Құлжа мұсылмандары тарапынан қолдау тауып нақты іс-шаралар жасалды. "Бұл қырғыздардың халі кәріс мұсылмандарының халінен нашарлау. Өйткені, кәріс мұсылмандарының аштық, жалаңаштық күйін газеттерге ерте жазып, бүтін Россия мұсылманы жылу жиып, көптеп - көмектеп аштық, жалаңаштық өлімінен құтқарды. Ал, қырғыздардың 6-7 ай аштық - жалаңаштығын ешкім білмеген ...Құлжадағы оқыған білімді ногай ағайындардың қырғыз халін газеттерге жазып, әшкере қылып, жәрдем жиюға ертерек ұмтылмағандарына іш ауырғандай болады. Бәрі бірдей қарындас, өліп жатқанда пайда тигізбегенде, қашан пайда тигізбек" деген мәліметтер береді А.Найманқожа баласы. Жалпы ұлттық мәселелерге белсене араласып, жетісулықтарға жәрдем беруде қазақ әйелдері де өз үлестерін қосты. Айталық, А.Досжанованың "1918 жылы 17 жел -тоқсанында Алаш қаласында Жұмаділқызы Күләннің "Қыз қашар" ойынында Жетісудың аш-жалаңаштарының пайдасына ақша жиналды. Барлығы - 600 сом. Бұл ақша маған тапсырылып еді, Жылу комитетіне беруге. Мен оны Жетісуға кеткен Жылу комитетінің председателі М.Тынышбаевқа бердім" деуі - соның дәлелі. Жетісу оқиғаларына байланысты Ташкент қаласында 1917 жылғы 18 тамызда Түркістан мұсылмандарының демонстрациясы болып өтті. Бұл демонстрацияға қатысқан сарт, ноғай, қазақтардың алдына Түркістан комитетінің төрағасы Наливкин мен осы комитеттің мүшесі Шендриков шығып, Жетісу қырғынын басуға хүкіметке жақында қам жасап жатқандарын айтты... Демонстранттар туларына мұсылманша, орысша "Жетісу к.ырғыны һәм қантөгіс жойылсын!", "Жасасын туысқандық!" деген ұрандар көтерді. Осы келтірілген құжаттардың барлығы да, қазақ зиялыларының сөзімен айтқанда: "...аңсап өлейін деп жатқан адамның аузына су тамызғандай, аз - көп демей һәм әліне қарай жәрдем ету -әуелі, адамшылық, екінші, ағайыншылық жүзінен кімге де болса борыш" екендігін әр мұсылманға сезіндіреді. Съезде жетісулықтардың назарынан жалпы қазақ және Бүкілресейлік мұсылмандар съездері мен Құрылтай жиналысына депутаттар белгілеу мәселелері сырт қалды. Бұдан басқа да мәселелерге Торғай съезімен салыстырғанда, айтарлықтай мән берілмеді. Мұнда көбіне жекелеген, нақтылы мәселелерге, (мысалы, мал шаруашылығы, отырықшылыққа көшу сияқты экономикалық мәселелерге) көбірек көңіл бөлінді. 1917жылғы 2 маусым күні болған Жетісу облысының тағы бір съезі туралы мәліметті Жаркент уезінің комиссарының атына жолданған мына жеделхат қана береді. Онда: " 1917жылғы 2 маусымдағы Жетісу облыстық қазақ съезінің № 228 өтінішіне орай Жаркент уезі, Қожмамбет болысының тұрғындары Иманбек Күтелев пен Аманқұл Таңатаровтың осы уездегі Кетпен болысының тараншыларынан көрген қысымына байланысты шара қолдануын өтінген. Өкінішке орай бұл съезд жөнінде құжаттар кездеспейді. Келесі съезд туралы "1917 жылдың тамызында өткен екінші облыстық қазақ-қырғыз съезінің жұмысы Алашорда бағытында болды. Онда талқыланған басты мәселе - орыс шаруаларының қазақ ауылдарын тонаушылығы болды. Алайда, бүл кезде Уақытша үкіметтің билігі әлсіреп, облыстық Алашорда Комитетінің басшылары қашып кеткен" деген мәлімет С.Шакирзяновтың естелігінен алынды. 1918 жылғы қаңтар айында өткен Жетісу облыстық қазақ съезі туралы "Қазақ" газетінде жарияланған М.Дулатовтың "Тағы құрбан" мақаласында "...өткен ғинуар ішінде Алматыда облыстық съезд ашылып, сол съезде қазақ милициясын жасау туралы кеңес болған еді. Отыншы Әлжанов марқұм сол съезде болып, жолдастарымен бірге Түркістан Комитетінің бастығы Шкапскийге жолығып, қазынадан қазақ милициясы үшін 500 мың сом ақша алды. Бұл ақшаны Лeпcі казначействосына апарып салған еді, соңынан большевиктер талап әкетті. Отыншы Алматыға барған кезде Түркістан уәлаятында большевиктің жаңа күшейіп тұрған шағы еді. Автономия қамына кірісіп һәм милиция жасамақ болып жүргенін біліп, большевиктер Отыншы, Ибраһим һәм Сатылған үшеуін абақтыға жауып тастады"- деген мәліметі. Көп кешікпей "Сарыарқа" газетінде Сатылғанның (Сабатаевтың - К.І.) "...қазақ милициясы үшін 500 мың сом алып берген Шкапский сабазды баласымен екеуін большевиктер абақтыда атып өлтірді. Отыншылар ол жолы құдай сақтап, абақтыда аман қалған еді. Бірақ, бұлар шыққан кезде большевиктер елге ойран сала бастап, қазақ-қырғызды қырғынға ұшыратуға кіріскен еді. Ұлтшыл ер Отыншы бұл қорлыққа шыдай алмады. Жолдастарымен бірігіп, жігіт жинап, елді қорғау жолына түсті" мазмұнындағы хаты беріледі. Мұны Маяковтың "...1918 жылдың жазында шекарада Отанды Қорғау Комитеті құрылды. Оның құрамында қазақтармен қатар мұсылмандардан О.Әлжанов болды. О.Әлжановтың басшылығымен 300-ден аса адамнан құралған (көбі қырғыздар) әскер жасақталды. Мақсаты - консулды тұтқындау еді" дегені растайды. Бұл комитеттің іс-әрекеттері жөнінде Д.Аманжолова "кейінірек, 1919 жылдың 16 сәуірінде М.Тынышбаевтың Колчак үкіметіне жолдаған баяндау хатында Жетісудағы жағдайға талдау жасағанын, Кеңестерге қарсы күресте белсенділік танытқан Алаш қайраткерлері туралы, әсіресе Алашорда үкіметінің мүшесі, Құрылтай жиналысына депутат О.Әлжановтың Мақаншы поселкесінде большевиктер қолына түсіп айуандықпен өртелгенін, сондай-ақ Алашорда үкіметі мен Құрылтай жиналысының мүшесі Садық Аманжоловтың ауыр жарақат алғанын және т.б. көптеген адамдардың тағдырынан мағлұматтар келтіреді. Отыншының Алаш жолындағы қызметін еске ала отырып, М.Дулатов: "бостандықтан кейін Отыншы Лeпcі уезінде комиссарлық қызмет өтеп тұрды. Аз жылдың ішінде өзінің кім екенін Жетісу ішіне танытқан еді. Былтыр Жетісу облысы Отыншыны Құрылтайға депутат қылып сайлады. Қысты күні Орынбордағы жалпы қазақ съезінде Отыншы Жетісудан Алашордаға сайланды ...марқұм айтқанын қылды, елді бәлеге тастап, өзі бас амандап кеткен жоқ. Алаш жолында құрбан болды. Қызықты ғұмырының көбі абақтыда, айдауда өтті. Бірақ, қымбатты Отыншы "Алаштың көркейгенін көре алмай, арманда кеттім деме, сендей ұл туған ел ешкімнен кем болмас" деген еді. Ал, Қ.Кемеңгерұлы өзінің "білім дариясына сусындауына, саяси көзінің ашылуына себепкер болған, ұлтшылдықтың өріне сүйреп алыста жатса да ақыл сабағын хатпен беріп, ұстаз болған Отыншы туралы "жаңа гүлденіп келе жатқан Алаштың көшбасшы азаматтарға өте мұқтаж уақытында қанішер жендет большевиктердің қолынан мезгілсіз қаза таптың, ертеден ел қамын ойлап, Алаш тілегін қолыңа шырақ қылып ұстап еді, сол шырақтан өмірінің ақтық сағатына шейін айрылмадың" - деп, оның бойындағы ұлттық намыстың, ұлттық рухтың биіктігіне тәнті болғандығын білдірді. Ғалым-агроном Сатылған Сабатаевтың төрағалығымен өткен бүл съездің күн тәртібіндегі негізгі мәселе қазақ әскерін жасақтау ісі еді. Оны съезд төрағасы С.Сабатаевтың тарапынан Уақытша үкіметтің Түркістан Комитетінің атына Верныйдан 1918 жылғы 31-қаңтарда жолданған мына жеделхаттан көруге болады. Әскер жасақтау үшін "Жетісу облысындағы қырғыздарды Г.Шахворостов пен Пестов фабрикаларынан шығатын шұға өнімдерімен қамтамасыз ету сұралған". Большевизмге қарсы күресте жетісулық татарлардың алатын орны бар. Айталық, 1917 жылдың 25- желтоқсанында Алматыда өткен татар Құрылтайының облыстық съезінде Зариф Башири Құраннан үзінділер оқығаннан кейін "бауырлар, біздің халқымыздың тарихы - қанды тарих. Сондықтан, біз өзіміздің қанды қолымызбен большевизмді тұншықтыруымыз керек" - деп, Жетісу облысының барлық татарларын большевизмге қарсы күресуге және Керенскийдің Уақытша үкіметін қорғауға шақырады. Съезден кейін Бүкілресейлік Құрылтай елдің тыныштығын сақтап, қорғау мақсатында жергілікті татар майдангерлерден ұлттық әскерлер құра бастады. Әскер шығынын жергілікті татар байлары өз мойындарына алды. Олардың бүл әрекеті казактар тарапынан қолдау тапты. Келесі съезд туралы жоғарыда айтылған Сатылғанның хатында берілген: "1918 жылдың 25 мамырына тағы да облыстық съезд шақырылмақшы. Сонда халықтың қалауы бойынша аздан аз, көптен көп кісі сайланбақ" - деген хабарлама ғана. Жетісуда болған соңғы облыстық съезд туралы Н.Мартыненко еңбегінде: "...1918 жылдың 10-31 тамыз аралығында Лепcі қаласында Жетісу облыстық екінші қазақ съезі болды" делінген. Біздің есебімізше, бүл екінші қазақ съезі емес, онан кейінгі болған бесінші съезд болып тұр. Съездің күн тәртібінде талқыланған мәселелер қатарына "облыста басқару органдарын құру, ұлттық әскердің бөлімдерін жасақтау, оқыту, қажетті заттармен (киім-кешек, қару -жарақ, азық-түлік) қамтамасыз ету және оларды соғыста пайдалану мәселелері кірді. Съезд Алаштың облыстық комитетін (Жетісу облыстық қазақ комитетін -К.І.) қайта сайлап, оның құрамына белгілі саяси қайраткер М.Тынышбаевты енгізді. Алаштың облыстық комитетінің құрамына: Ибраһим Жайнақов (Верный гимназиясының 6 класын бітірген - төраға), оның мүшелері Сатылған Сабатаев (ғалым-агроном), Төлебай Дүйсебаев (гимназияның 4 класын бітірген), Нүсіпбек Жақыпбаев (дәрігер), Базарбай Мәметов (заңгер, Қазан университетін бітірген), Біләл Сүлеев (семинарист,мұғалім), Иса Тергеусізов (Верный гимназиясының 3 класын бітірген), Мұхамеджан Тынышбаев (жол қатынасы инженері) және Садық Аманжолов (заңгер, бітістіруші сот) енді". Осы келтірілген мәліметтерге қарап, 1918 жылы болып өткен съездердің барлығында да Кеңес өкіметі билік басына келгеннен кейін ұлттық қарулы күштерді құруға көп мән берілген. Жетісуда болып өткен қазақ съездері - облыстың соғыс жағдайында өмір сүріп отырғанын, жергілікті басқару органдарында әлі де ескі билік аппаратының ықпалы бар екендігі байқалды. Сондай-ақ, соғыс жағдайындағы аймақты большевизм лаңынан қорғау мақсатында айтарлықтай жұмыстар жүргізілген.

Орал облыстық қазақ съездері

1917 жылғы сәуірдің 19-22 күндері еткен Орал облыстық қазақ съезіне 800-ден астам делегат қатынасты. Делегаттардың саны жағынан басқа облыстық съездермен салыс -тырғанда одан асып түскені жоқ. Съезге Орал облысының барлық уездері мен болыстарынан өкілдер келді. Мұның өзі - съезге даярлық жұмыстарының өз дәрежесінде, әрі ұқыптылықпен жүргенін көрсетеді. Съезді шақыру жөніндегі ұйымдастыру бюросы өз жұмысын бастаудан бұрын-ақ Ғұбайдолла Әлібековтің басшылығымен Уақытша облыстық комитетін құрған еді. Бұл туралы Ә.Әйтиев естелігінде "...ақ - пан революциясынан кейін Орал аймағын басқару жөнінде Азамматтық комитет құрылып, оның құрамына Б.Қаратаев, Ғ.Әлібеков, Тоқберлинов, Д.Көсепқалиев, Ә.Әйтиев, Әленов, кейін студенттер Қасаболатов, Жәленов, Жанқадамов, дәрігерлер Ипмағамбетов, Х.Досмұхамедов кіргенін, бұл Комитеттің одан арғы жұмысын жүргізудің бағдарламасын жасау мақсатында халық өкілдерінен съезд шақыру қажеттілігі айтылып келісілгендігін" жазады. Съезде Уақытша Орал облыстық комитетінің төрағасы Ғ.Әлібеков 4 наурыздан 19 сәуірге дейін жасаған қызметі жайынан есеп беріп, съезд төралқасын сайлау жөнінде ұсынысын білдірді. Төрағалыққа Ж.Досмұхамедов, оның орынбасарлары болып А.Кәлменов пен Ғ.Әлібеков, хатшылары болып Ғ.Жетпісбаев, Х.Ахметшин және Н.Арғыншиев сайланды. "Қазақ" газеті бұл мәселе туралы: "...председатель Ж.Досмұхамедов Алаш ұранды халықты құттықтап, бостандықтың бекуін тілеп, бостандықты әперген ерлермен таныстырғандығы, саяси ерлерге халық орнынан тұрып, сыйлау өнегесін көрсеткенін, әр жерлерден келген құттықтау телеграммалары һәм М.В.Родзянко мен Г.Е.Львовқа телеграмма жіберілетіндігі, мұнан соң шешендер шығып, бостандық жайынан сөйлеп, енді бұл өзгерістің не екеніне анық түсініп, мұны пайдалану жөнін жұртқа түсіндірілгенін" жариялады. Съезді қазақ әйелдері атынан Мендіқыз Шәпенова құттықтады. Ол жөнінде Ә.Әйтиевтің естелігінде: "съезге Оралдың сол жағалауындағы жерлерді байырғы қазақтарға қайтарып беру жайлы ұсыныс түскендігін, ол мәселені күн тәртібіне ендіріп, талқылау кейінге қалдырылғандығын айта келіп, оған себеп - әйелдер атынан съезді құттықтауға келген М.Шәпенова мен Қаратаева болды" делінсе, Ш.Жантілеуовтің естелігінде съезде әйелдерге байланысты екі ағымның болғандығы жазылады."...Әсіресе, Хамар деген ишан "Құранда ерлер жиналған жерге әйелдердің келуіне тиым салынғанын" айтып, әйелдерді съезге жіберудің өзі - "Құран" алдында, "алла" алдында дінді таптағандық десе, оған қарсы пікірдегі дәрігер И.Қашқынбаев мәдениетті адам ретінде әйелдерді жақтап сөйледі. Ақырында көпшілік дауыспен "әйелдерді съезге жібермеу" туралы шешім қабылданады. Ол сөзінің соңында "мұндай жағдай - интеллигенцияның тек қана дала ақсүйектерінің нұсқауымен жұмыс істегендіктен, олар ауыл өміріне еш жаңалық әкелмегенін" баса көрсетеді. Солай болса да, съезде қазақ әйелдерінің атынан М.Шәпенованың сөз алғандығын растайтын құжаттар бар. Оған "...бұл съезді инттеллигент әйел М.Шәпенова, Б.Қаратаевтың қыздары мен әйелі т.б. қырғыз әйелдерінің өкілдері құттықтады. Солардың ішінде съездің міндеттерінен хабардар М.Шәпенова сөз алып, қоғамдағы қазақ әйелінің тұрмыстық жағдайын дәл сипаттайды және съезд "басқа халықтардың әйелдері сияқты тең праволы негізде қазақ әйелдерін күндіктен босатып, тендікке жеткізу жолдарын қарастырар" деген сенімін артады. Азаттықтың алғашқы қарлығашындай болған М.Шәпенованың бұл мәлімдемесі съезге қатысып отырған молдаларға "төбеден түскен найзағайдай" әсер етті. Олар тез - арада әйелдердің съезден шығып кетуін талап етеді. Съезд төрағасы Ж.Досмұхамедов революцияның заңы бойынша әйелдердің де ерлер сияқты съездерге қатысуға құқығы бар екендігін молдаларға түсіндірмек болғанымен, қарсылыққа тап болды. Съезд жұмысын одан әрі ушықтырмас үшін Ж.Досмұхамедов әйелдердің залдан шығып кетуін өтінеді. Бұл Батыс өңірлерінде өткен съездерде дін басшыларының ықпалы күшті болғандығын байқатады. Оны Қ.Кемеңгерұлының "қазақ оқығандарының ...тарихтағы қызметі бағалы ...ісләм, түрік туының астына жиналамыз" деген ағым Орал, Торғай оқығандарында күшті болды" деген пікірі нақтылайды. Мұның есесіне съезд делегаттары Уақытша үкіметтің комиссары Г.Бизяновтың "татулық пен көршіліктің белгісі ретінде Орал облысындағы қырғыз бен қазақты бірігуге, сөйтіп, екі халықтың арасын нығайтуға шақырған сөздерін қуана қарсы алды. Съезд Уақытша үкіметті "оның қызметі, уәде етілгендей, демократия мүддесін қорғауға бағыттала беретін болса, қолдайтындығын білдірді. Алайда, Г.Бизяновтың 1917 жылдың 15 сәуірінде жариялаған үндеуіндегі "ауыл тұрғындарының патша өкіметі кезінде ол тартып алған жерлерін өзіне қайтарып алмақ болған кез-келген әрекеті жергілікті өкімет тарапынан қарсылыққа кездеседі және қазақтардың қолына көшкен жерлер, атап айтқанда өзендер мен көлдер, орман, тоғайлар тағы басқалар мәңгі бақи солардың қолында қалатындығына Уақытша үкімет кепілдік береді", - деген мәлімдемесі - жас саясаткер Х.Досмұхамедұлын Уақытша үкіметтің ұлт саясатына сын көзбен қарайтын етті. Съезд жұмысы Ғ.Әлібековтің ұсынуымен күн тәртібіндегі алғашқы үш мәселені: мемлекетті басқару түрі туралы, Уақытша үкіметке көзқарас, соғысқа қатынас туралы мәселелерді талқылаудан басталды. Бірінші мәселеге байланысты делегаттар "демократиялық республика идеясын қолдады. Ал, ұлттық - территориялық федерация мәселесін әзірге ашық қалдыруды ұсынды". Соғыс мәселесіне байланысты делегаттардың пікірі оны жеңгенше жүргізе беру керек дегенге тоқтады. Сөйтсе де, оралдық зиялылар арасында бүл пікірге қарсыластар да табылды. Бүкілресейлік мұсылмандар съезі Ресейді мекендеген мұсылман халықтарына ортақ көптеген мәселелерді қарастырғаны белгілі. Соған орай Б.Қаратаев өз естелігінде: "...1917 ж. сәуірде Орал облысынан Мәскеудегі жалпы мұсылман съезіне қатысқан Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, К.Жәленов, Ғ.Әлібеков сияқты т.б. ұлт зиялылары Уақытша үкіметтің "соғысты тоқтатпай жүргізе беру" саясатын қолдап, тіпті әскер жағынан да, зат - мүлік жағынан да соғысқа көмектесу ниеттерін білдіргендігін, қазақ автономиясы мәселесінде "Ерекше қырғыз патшалығын құруды мақұл көргендігін айта келіп, өзінің бүл бағытқа қарсы екендігін ашық білдіреді. Съездің бірінші күні-ақ құрамында 20 адамы бар Ж.Досмұхамедов басқарған облыстық қазақ комитеті сайланды. Оралдықтар жер мәселесін түпкілікті шешуді Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының үлесіне қалдырды. Съезд делегаттары жер иемдену көлемі еңбек мөлшеріне сәйкес болу қажет деген шешімге тоқтап, бүл мәселеде өздерінің Ресей халықтық - социалистік партиясының бағытына жақын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар облысқа сырттан көшіп келуге және қазақтардың пайдалануындағы жерлерді алуға тыйым салуды қолдайтындықтарын да жасырған жоқ. Жер мәселесіне орай съезде Қараоба болысынан келген өкіл Ермұхамед Арғыншиевтың ұсынуымен Орал өзенің ұлттық шекара ретінде мойындау туралы мәселе көтеріліп еді, алайда талқыланбай қалды. Съездің дінге байланысты қабылдаған шешімі торғайлықтардың көзқарасын қайталап, облыстық діни басқарманы Орынборлық муфтиатқа бағындыруды жақтады. Жоғарыда айтылғандай, бүл съезд жұмысында дінбасыларының ықпалы айтарлықтай болды. Съезге төрағалық еткен Ж.Досмұхамедовтің де дін мәселесіне оң көзбен қарағандығы байқалады Оған ".. .Ж.Досмұхамедовтің әйелі орыс болғандықтан, мұсылман дініне сәйкес некеге отырғандары және оның Оралда өткен қазақ съезінде дінге құлшылық еткені, жалпы алашордашылардың дінбасыларымен бірлесе отырып қызмет жасағаны" айтылады. Келтірілген деректер Ә.Бөкейханов, М.Шоқай сияқты Ж.Досмұхамедовтің де Ресейде білім алып, бойына батыстық мәдениет үлгілерін сіңіргенімен, оған толығымен берілмей, ұлтымыздың ата дәстүрін, әдет - ғұрпын жоғалтпай, сақтай білген парасатты азамат ретіндегі тұлғасын айшықтай түседі. Съезд жұмысында қазақ зиялылары қариялармен, дін басы, қажылармен кеңесіп, ортақ пікірге келіп отырған. Мұның өзі зиялы қауым өкілдерін тарапынан жасалған үлкенді сыйлау, оларға деген зор құрметтің белгісі. Әрине, съездің осындай жетістіктерімен қатар кемшіліктері де орын алды. Айталық, съезд жұмысы руға, атаға бөлінушілік сипатымен ерекшеленді. Ш.Жантілеуов өз естелігінде: "... өзі қатысқан барлық мәжілістерде талқыланған мәселе - қай ру күшті, төрелер ме, әлде қара қазақтар ма? Болашақта халықты қайсысы билейді? деген сауалдар төңірегінде көтерілді. Төрелердің басында тұрған Б.Қаратаев өз руын қорғап, олар бұрыннан патшаға қарсы күрескен, Қаратай ханның өзі көзі ашық, революцияны жақтаған адам" десе, қырғыздардың басым бөлігі бұл пікірге қарсы шығып, олардың съезд залынан шығып кетулерін талап еткен". Орал облысындағы ұлт зиялыларының басында Ж.Досмұхамедов пен Х.Досмұхамедовтің тұрғаны белгілі. Ә.Әйтиев өз естелігінде екеуіне екі түрлі мінездеме береді: "Досмұхамедов Халел - дәрігер, орыс тақылеттес чиновник, карьерист, мінезі тұйық, қулығы кез-келген адамды шатастырады. Оның өз күшіне сенгендігі сонша ең ауыр авантюраға да барады. Көзқарас жағынан монархист, Михеевтің біріншісі ме, екіншісі ме, әйтеуір Дутов, Толстов, Мартыновтың оң жағында. Ал, Жаңанша Досмұхамедов - заңгер, шешендік қабілеті өте мықты, көзқарасы жағынан түсініксіздеу ...ақкөңіл, ерік - жігері әлсіздеу, орыс тақылеттес интеллигент, саяси жағынан толысқан саналы адам". Әрине, Ә.Әйтиевтің мұндай субъективті сипаттамасына таптық принциптерді басшылыққа алған коммунистік идеологияның салқыны тигені аңғарылады. Мінез - құлықтарындағы өзгешеліктеріне қарамастан, екі азаматтың басшылығымен Уақытша ережелер даярланып, соның негізінде олар қазақ автономиясын құруға талпынды. Мұны "Ереженің" тоғыз баптан тұратын "Милицияны құру" деп аталған төртінші бөлімі нақтылайды. Бұл бөлімде ауыл, поселке, болыс милициясының негізгі міндеттері анықталып, уездік милиция бастығының қызмет атқару тәртібі белгіленген, сонымен бірге милиция органдарының басқа өкімет құрылымдары арасындағы қарым-қатынас жолдары айқындалған. Съезд Бүкілресейлік мұсылмандар съезі туралы мәселеде Мәскеуге Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Әлібеков, мұғалім Сұбханов және алты молданы жіберу туралы шешім қабылдады. Бүл шешімнің іске асырылғандығын Б.Қаратаев өз естелігінде: "Мәскеуде өткен мұсылмандар съезіне Орал облысынан ...Ж.Досмұхамедов - юрист, Х.Досмұхамедов - дәрігер, Кәрім Жәленов - агроном, Ғ.Әлібеков —орта білімді және дін басылары, молда, ишандар Қуапай Дәулетияр, Қажығалин т.б. барғанын" жаза келіп, өзінің де бүл съезге катысқанын, Уақытша үкіметке және оның соғыс саясатына, автономия мәселесінде жоғарыда есімдері аталған азаматтарға қарсы ұстанымда болғанын" жасырмады. Солай бола тұрса да, облысқа танымал саяси тұлғалардың Бүкіл -ресейлік мұсылмандар съезіне делегат ретінде қатысулары - олардың мемлекетті басқару ісіне араласып, жалпыресейлік деңгейдегі белсенділіктерін танытады. Съезд күн тәртібінен оқу-ағарту, мәдениет және шаруашылық - қаражат мәселелері де тысқары қалмады. Торғай съезінің шешімдерінде жалпыға бірдей бастауыш білім беру міндеттері алға тартылса, Орал съезінің қарарларында орта мектеп ашу және кәсіби мамандарды даярлау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді. Съезд делегаттары жалпы қазақ съезін шақыру идеясына қолдау көрсетіп, осы мәселеге орай Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне сайлаған өкілдеріне басқа облыс делегаттарымен келіссөздер жүргізіп, ортақ шешімдерге келуді тапсырды. "Біздің пікірімізше,- деп жазды К.Н.Нұрпейісов, - Орал облыстық съезінің күн тәртібі басқалардікінен айтарлықтай ерекшеленіп түр. Онда көлем - деңгейі де, маңызы да әртүрлі, бір-бірімен тығыз байланысты үш мәселе жалпы мемлекеттік, ұлттық және аймақтық (жалпы россиялық, қазақстандық және оралдық) мәселе жеке-жеке жүйеленген. Мұның үстіне съезде талқыланған мәселелер оған қатысушыларға сол кезеңнің сан қилы оқиғаларын бағалауға ғана мүмкіндік беріп қоймаған, сонымен қатар келешекті болжауға да түрткі болған. Съезде қаралған мәселелер саны 23-ке жетіп, басқа съездердің күн тәртібінен әлде қайда асып жығылды". Екінші Орал облыстық қазақ съезі 1917 жылдың маусым айына тән. Бұл съезд жөнінде өлкетанушы М.Тәжімұратов: "...сол жылғы маусымның басында (1917 жылды айтып отыр - К.І.) Ойылда Көкжар жәрмеңкесінде өткізілген екінші облыстық съезд кезінде қазақтың тұңғыш жергілікті басқару органы - Жайық сырты земство управасы сайланды (төрағасы -жоғары білімді дәрігер, әрі юрист Дәулетшах Көсепқалиев). Сөйтіп, оралдықтар бірінші және екінші жалпы қазақ съезіне дейін басқарушы және атқарушы билікті іс жүзіне асырып үлгергендігін" тілге тиек етеді. 1917 жылдың 18 қыркүйегінде Жымпиты базарында Орал облысы молдаларының съезі болады. Оған Орал облысынан қажы сайланған Хаирша әпенді Ахметжанұлы қатысады. Күн тәртібіне медреселерді қалай ашу, дін жұмысын қалай жүргізу жайы талқыланып, соған сәйкес қаулы қабылданады. Қазақ бөлімінен жәрдемге 4255 сом ақша жиналып, тағы да жинауға уәде етілді. Съезге 500-ге жуық молдалар қатысты. Орал облысында болған келесі съезд 1918 жылдың 17- қаңтарында Қаратөбеде өтті. Съездің өтілу барысы жөнінде С.Сейфуллин: "...съезге Қаратөбеге Орал облысының бар оқыған қазақтары жиылды. Бастықтары екі Досмұқаметұлы. Съезге жиналғандардың ішінде, соңынан коммунист болған осы күнгі өзіміздің Кенжеұлы, Қасаболатұлы, Мырзағалиұлы, Қаратілсуұлы, Жолдыбайұлы, Қангерейұлы, Епмағамбетұлы, Әлібекұлдары бар. Бұлар онда большевик емес... Съезд ашылды. Съездің басқармасына президиумына Досмұқаметұлдары сайланды. Қаралатын мәселелердің зоры: әскер жасау, үкімет құру, үкіметке қаражат - ақша жинау. Әскер жасауға, үкімет құруға қарсы сөз болған жоқ. Ақша жинау мәселесіне келгенде съез екі жікке бөлініп, айтысты да қалды. Бір жағы көп, бір жағы аздау. Көпшілік жағы Досмұхамбетұлдары жағы. Бұлар: ақшаны жинағанда "үй басына, от жаққан түндік басына 100 сомнан салайық" деді. Азшылық жағы Ғұбайдолла Әлібекұлы, Епмағамбетұлы, Қангерейұлы жағы. Және бұлардың соңында Жолдыбайұлы, Қасаболатұлы, Кенжеұлы, Қаратілеуұлы, Мырзағалиұлдары бар. Бұлар "байға байша, кедейге кедейше "салайық деді" мазмұндас мәліметтер береді. Қаратөбедегі Орал облыстық жиналысында қазақ зиялыларының арасында әскер құруға бөлінетін ақшалардың мөлшеріне байланысты оппозиция байқалды. Оппозицияның басында тұрған адамдар осы жиналыста қабылданған 100 сомдық әскери салықтың елдің әлеуметтік құрамын ескерместен, барлығына бірдей мөлшерде қойылуына қарсы болды. Олар съезге салық төлеушілердің тұрмыс жағдайын ескеруін және соған сай қаулының осы бөлімін өзгертуді талап етті. Оппозициялық күштердің саяси тұрақсыздығы, идеологиялық және әлеуметтік ала-құлалығы туралы "...оппозиция "Ақ жол" партиясының идеясына негізделді. Оның председателі - Есенғали Қасаболатов, мүшелері А.Кенжин, Ғ.Әлібековтер болды. Екінші топтағылар Орал облысы қырғыздары мен әскери үкіметінің (казачествоның - К.І.) саяси бағытын жақтаушылар. Құрамында Халел мен Жаңанша Досмұхамедовтер, Ә.Әлібеков, облыстық земуправаның мүшесі М.Мырзағалиев, казачество жанындағы жер комитетінің мүшесі, Алашорда әскерін ұйымдастырушылардың бірі, офицер К.Тәттібаев және земуправаның мүшесі, дәрігер А.Ипмағамбетов болды. Ал, үшінші топтағылар ауыл демократтарынан тұрды. Оның қатарында фельдшер И.Құдайқұлов мұғалім М.Шолақов, Г.Кірмәділов, С.Бекболатов т.б. болды. Осы топтағылардың ішінде жер мәселесіне орай Орал казачествосы жанындағы жер комитетінің мүшелері С.Қаратілеуов, М.Мырзағалиев және Халел Досмұхамедов, Жаңанша Досмұхамедовтердің арасында келіспеушіліктер туындап, ақырында С.Қаратілеуов ақпан айының басында Темір уезіне келіп, онда уездік земуправа к.ұрып қана қоймайды, сонымен қатар уездік жер комитетінің съезінде қазақтардың ықпалымен уездік атқару комитетін (төрағасы - С.Қаратілеуов) құрады. Осы қызметте жүргенде ол Ақтөбе майданы арқылы М.Шоқайды шетелге шығарып салады, сонымен қатар Кеңестерге қарсы күрес жүргізіп, өзі құрған замствоның пайдасына қызмет етеді. Бұдан ұлт зиялыларының арасында кейбір мәселелер төңірегінде пікір қайшылығы қылаң бергендігі байқалады. Кейінірек Қаратөбе съезіндегі оппозиционерлер туралы мәселе 1922 жылы РК/б/П Киробкомы президиумының мәжілісінде (1922ж. 16 қазан) арнайы қаралып, әсіресе А.Кенжин бастаған топтың Алашорда үкіметіне қатыстылығы егжей-тегжейлі талқыланды. Нәтижесінде А.Кенжиннің жеке басын жақсы білетін С.Меңдешевтің тікелей қолдауымен ол ақталып шығады. Аталған мәжілістің хаттамасында А.Кенжиннің аралас отрядтың (бірі - Алаш, екіншісі - Кеңес әскері) шаруашылық ісін басқарғандығы, Алашорда үкіметін құруға дауыс берген адамдардың саны жалпы саны - 40, ал М.Мырзағалиевтің жауабында оппозициядағы адамдар санының 34-ке жеткені айтылады. Қаратөбе съезінде қаралған басқа да мәселелер туралы Темір Құсайын мен өлкетанушы Мақсат Тәжімұратовтың мәліметтерінде "...автономиялық құрылым мәселесі талқыланумен қатар екінші земство сайлауы өткізілді. Жайықтың Бұхар бетіндегі 600 мың қазақты түгел басқарған управа орталығы Оралдан 18 шақырым Барбастау поселкесінде орналасқан, төрағасы жоғары білімді дәрігер Халиолла (Халел) Досмұхамедов" делінген. Бұған қосымша "... 1918 жылдың басында облыстық земуправаға қайта сайлау жүргізілді. Председательдікке ұсынылған екі кандидатураның екеуінің де қатар (бірі -Х.Досмұхамедов. Ол Ойыл жәрмеңкесіне қаражат бөлгені үшін, екіншісі - Ғ.Әлібеков монархизмге жақын, сол кезде алған шендеріне байланысты) айыпталуы - облыста ішкі қайшылықтардың шиеленісті болғандығын көрсетеді. Сөйтсе де, көпшілік дауыспен X. Досмұхамедов председатель болып сайланды. Земуправаның құрамына студент - Кәрім Жәленов, фельдшер Құрман Ғалиев, дәрігерлер Дәулетшах Ғалиев, Шұғылов және әлемдік сот Поповтар, яғни Халел жағындағылар енгендігі" туралы мәліметтерді алға тарта отырып, Ә.Әйтиев "Қаратөбедегі съезд негізгі мәселелерді талқылап, әскерге ақша жинау мөлшерін анықтауға бола шақырылды. Іс жүзінде съездің шақырылуына облыстық земуправаға председатель сайлау мәселесі себепші болды" деген тұжырымын жасайды. Оған біздің қосарымыз - әскерге ақша жинау мәселесінің де сол кезде маңызды мәселелердің бірі болғандығы. Орал облысының төртінші съезі 1918 жылғы мамыр айының 18-21-і аралығында Жымпитыда болып өтті. Съезге қазақ өкілдерімен қатар Орал әскери үкіметінен де арнайы кісілер шақырылды. Делегаттар саны алғашқыда 300-ге жетсе, кейіннен оларға тағы да 150-дей адам қосылды. Съездің күн тәртібіне 20 мәселе енгізілді. Олар мыналар: 1) Россия мен Орал облысындағы ағымдағы жағдайға көзқарас; 2) земство делегациясының Москваға баруы жөніндегі есебі; 3) Орал облыстық земство басқармасының казачествомен одақтасу саясаты туралы баяндамасы; 4) жалпы саяси бағытты анықтау; 5) кіммен және қандай негізде одақ құру керек? 6) Орал облысының қазақ бөлімінде мықты өкімет құру; 7) земство мекемелерінің билігін кеңейту... 16) орталық земство басқармасын қырға көшіру... болды. Съезді Х.Досмұхамедов кіріспе сөзбен ашып, облыстық земство басқармасының торағасы ретінде өзінің Мәскеуде РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесімен, Орал облысымен шекаралас Кеңестердің жетекшілерімен келіссөздер жүргізіп, Орал казачество басшылығымен жақындасу әрекеттерін жасағандығы туралы айтты. Осы мәселеге орай Б.Қаратаев: "...съезде Кеңестерге байланысты (Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамед) олардың саясатын қаралаған сөздер айтылды... Олар Кеңес өкіметі дінге қарсы, қоғамдық меншікті жақтайды, жеке меншікке қарсы, тонау мен талауға жол береді ...мұның бәрі қырғыздардың тұрмыс-тіршілігіне қауіп төндіреді деген пікірлерін білдірген еді. Осыған сәйкес Халел және Жаңанша Досмұхамедовтер съезд атына мынадай ұсыныстар жасады: 1) 1918 жылғы ақпан айында болған облыстық земуправаның жиылысында жасалған Орал казачествосымен одақтасу жөніндегі (Кеңес өкіметіне қарсы) келісім-шартты қағаз жүзінде яғни, заңдық негізде даярлау; 2) Орал казачествосына заттай және қаржылай көмек беру. Әсіресе, оның әскерін ат-көлікпен, жылқымен қамтамасыз ету; 3) Қазақ офицерлерінің басшылығымен Уфадағы әскери үкіметке "Қырғыз милициясының" атын "Қырғыз халық армиясы" деп өзгерту мақсатында жіберілетін адамдарды белгілеу; 4) Жымпитыдан 6 айлық юнкерлік қысқа курс ашу. Төменгі команданың кұрамын даярлау үшін сауатты қырғыз жастарын (2 кластық білімі бар гимназистер мен реалистер, мектеп мұғалімдері) және оларды әскер ісіне үйретуге Орал казачествосынан әскери мамандарды шақыру; 5) Орал облысындағы қырғыздарды "Ойыл Уәлаяты" деген атпен ерекше облысқа бөлу ...оның құрамына 5 уезд - бұрынғы Орал уезінің орнына Шыңғыртау уезі, Лбищенскінің орнына Жымпиты уезі, Гурьевтің орнына Сағыз уезі, Темір және Ойыл уездерін кіргізу; 6) Қырғыз халық милициясын қару-жарақпен Орал (казачествосы) әскери үкіметі қамтамасыз етсін". Съезге қатысқан өкілдер Халел мен Жаңанша Досмұхамедовтер айқындаған бұл бағытты қолдайтындықтарын жасырмады. Съезде енді ғана құрылған Ойыл Уәлаяты үкіметінің ұсынысымен Х.Досмұхамедов телеграф арқылы Оралда болып жатқан Орал әскери үкіметі мен казачествосының съезіне облыстық қазақ съезінің шешімдеріндегі "Қырғыз бен қазақ қазірден бастап Кеңес өкіметіне қарсы күш біріктіріп, соңғы адамы қалғанша күреседі" деген қуанышты хабарын жеткізеді. Съезд күн тәртібіндегі "земство делегациясының Мәскеуге баруы жөніндегі есебі туралы "Ш.Жантілеуов өз естелігінде: "...съезде бірінші сөзді Ж.Досмұхамедов алып, өзінің Москваға барып келген сапары жайлы ...большевиктермен арада жүргізілген келісім шарт негізінде олар большевиктерді мал етімен, жылқымен қамтамасыз ететіндіктерін ...осы мақсатта Кеңес өкіметі тарапынан 500 автомобиль жіберілетіндігі жөнінде және Москвадан кейін Саратовқа жеткендерін, онда күдікті адамдар ретінде тұтқындалғандарын, өзінің атылу алдында болғанын, алайда оны бұл қатерден Саратов жұмысшы, солдат депутаттары Кеңесінің председателі Антоновтың (өзімен университетте бірге оқыған) құтқарып қалғандығын" баяндады. Олардың Мәскеуге бару сапары өздерінің сөзімен айтқанда, Орал өңіріндегі қырғыздар арасында Кеңестер құру үшін Халық Комиссарлар Кеңесінен қаржылай көмек сұрау ниетінде болғанымен, шын мәнісінде іс басқаша еді. 1918 жылдың 5-15 наурыз күндері Орал қаласында түрлі саяси күштердің біріккен съезі өтеді. Съезде Орал Кеңесі осындағы Әскери үкіметке Кеңес өкіметін мойындау жөнінде ұсыныс жасап, соған сәйкес облыстағы Уақытша үкіметтің комитеттерін құру туралы пікірлерін білдіреді. Бұл ұсынысқа жауап ретінде 1918 жылдың 15-наурызында казачество шіркеуге ант беруге жиналып, оған Алаш партиясының мүшелері ретінде Жаңанша мен Халел Досмұхамедовтер және Кәрім Жәленов қатысты. Осында Батыс Алашордашылар мен казачество арасында большевизмге қарсы бірлесе күресу мақсатында Мәскеуден Халық Комиссарлар Кеңесінен қаржылай көмек сұрау жоспары жасалып, оны іске асыру үшін әскери үкіметтің қолдауымен әлемдік сот Попов алашордашылармен бірге Мәскеуге жіберілетін болды. Егер осы сапар сәтті болып, ХКК-нен қаржы бөлінген жағдайда Батыс Алашорда мен Әскери үкіметке теңдей бөлінетіндігі келісіледі. Б.Қаратаев олардың бұл сапарға өте байыпты даярланғанын, Батыс Алашордашылардың ХКК-нен 40 млн. қаржы сұрап, оның 12 млн. алу мүмкіндігіне не болғандығын, Саратовта тұтқындалғаннан кейін бұл мәселе Саратов Совдепінің 1918 жылғы 17 сәуірдегі мәжілісінде арнайы қаралғандығын тілге тиек етеді. Мәжіліс шешімінің негізінде олар Кеңес өкіметін мойындау туралы жазылған үндеуге қол қоюға мәжбүр болғандарын және бұл үндеуді жазу идеясы Саратов Совдепінің мәжілісіне қатысушылардың сенімінен шығу үшін Совдептің төрағасы Антоновтың ұсынысымен жүзеге асырылғандығы расталды. Бұған қосымша Д.А.Аманжолова "1918 жылдың 5 сәуірінде Ұлт істері жөніндегі Халық Комиссариаты Кеңестердің бүкіл қазақтық съезін шақыру мақсатында М.Түнғаншиннің басшылығымен ынталы топ құрылғанын" айта келіп, кейбір мәліметтерге қарағанда В.И.Ленин Досмұхамедовтердің өтінішіне орай осы съезді даярлау үшін оларға шын мәнісінде 12 млн. қаржы бөлінгенін" растайды. Саратов Кеңесі Атқару Комитетінің сәуір мәжілісінде Алашорда үкіметінің атынан сөз алған Халел Досмұхамедов емес Жаңанша Досмұхамедов болғанын Б.Қаратаев пен Ш.Жантілеуовтің естелігіндегі мәліметтер растайды. Үндеуден кейін Орал әскери үкіметінің Батыс алашордашыларға көзқарасы өзгереді. Арадағы қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру мақсатында жасалған 1918 жылы әскери келісімдер жасалады. Онда Батыс Алашорда Орал казак әскерін заттай, қаржылай және көлікпен қамтамасыз етумен қатар қазақ жігіттерін ұрыс майданына жіберуге келіседі. Осылайша, Батыс алашордашылар казактармен одақты сақтап қалудың бір жолы әскери келісім-шарттар жасау деген тоқтамға келді. "Орал облысынан алынған соңғы хабарларға қарағанда Жаңанша һәм Халел Досмұхамедовтер Кіндік Совет хүкіметімен сөйлескен кезде, облыстағы көршілес атты казактардың большевиктерге қарсылығы, облыстық қазақ съезіндегі жұрттың беті Советке бағынбауға ауған тұста, олар іс бағытын басқа жаққа бұрды. Орал, Ілбішін, Гурьев - үш уезден Ойыл хүкіметін жасаған ... Земство бұрынғы қалпынша өз қызметінде, оның ісіне үкімет қол сұқпайды. Ойыл үкіметінен Орынбор атты казак үкіметіне елші болған облыстық земство мүшесі А.Несіпбаев 17-шілдеде Орынборға келіп, мұнда Орынбор атты қазақтарымен саяси байланыс жағын кеңесуден тыс ғаскер үшін қару-құрал табу жайын да кеңеспек". Міне, осылайша осы өңірде 1917 жылы жойылған Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарларының орнына Ойыл Уәлаяты Уақытша үкіметінің билігі жүретін болды. Земствоға байланысты Ә.Бөкейханов тарапынан берілген сауалға Ж.Досмұхамедов "Ойыл Уәлаятындағы земстволық мекемелердің қызметі Уақытша үкіметтің 1917 жылғы Сібір мен Далалық облыстарда земстволық өзін-өзі басқару туралы заңның негізінде жүргізіліп отырғандығын айта келіп, Ойыл Уәлаяты үкіметінің әскер жасақтау және басқа да жұмыстарды ұйымдастыру туралы шешімін земствоға тапсыруы - үкіметтің земство істеріне араласуына жатпайтындығына" баса назар аударады. Бұдан шығатын қорытынды - Ойыл Уәлаяты Уақытша үкіметінің облыстық земство істеріне араласпай, жалпы мемлекеттік, аймақтық және ұлттық мәселелерді өздері дербес шешуге тырысқандығы, тәуелсіз әрекеттерге барып, ұлт мүддесіне сәйкес оң шешімдерге қол жеткізе білген. Жымпитыда болған облыстық қазақ съезінде құрылған Уақытша Ойыл Уәлаяты хүкіметінің құрамында Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, Құрманғалиев, Жанқожа Мергенов, Садық Омаров, Сейдолла ишан, Иса Көпжасаров, Е.Балтановтар болды. "Хүкімет жәмиғаты базарда тұрады. Инструкторлар шығаратын школы, жігіт үйрететін офицерлері бар. Осы күні бірсыпыра жігіт атты милиция ойынын үйренуге талпынған". Алаш әскері туралы Ә.Әйтиев өз естелігінде: "...Халел мен Жаңанша Досмұхамедовтер мен олардың әскери мамандары соғыс жағдайында өздерінің әскери-юнкерлік школдарын ұйымдастырды. Юнкерлерді Кеңес өкіметіне қарсы бағытта тәрбиелеу ісін ахун Нұрпейісов жүргізсе, әскери өнер ісіне капитан Кренков басшылық жасады. Жиналыста Халел Досмұхамедов Жаңаншаны Ойыл Уәлаятының ханы етіп сайлады. Европаша айтқанда, Премьер Министр және Әскери Министр қызметіне сайланды. Осы жиналыста ол Діни Басқарма құрып, оның басына Хаирша Ахметжановты қойды. Діни адамдардың ықпалымен оның мемлекеттік жалауындағы Мұхамед пайғамбардың жасыл түсті, жарты аймен безендірілген белгісі - көп нәрседен хабар береді. Онда діни символ ретінде жазылған "Құдай біреу, Мұхаммед - оның өкілі" деген жазу бар. Бұл жалаудың Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің архивінде сақталған. Осылайша Ойылда діни, ұлттық, әрі хандық идеологияны білдіретін ерекше мемлекеттік бірлестік пайда болғандығы айтылады". Осы тұста мынадай екі мәселеге назар аударалық. Біріншісі -"1918 жылдың қысында Колчак хан билігін өзіне алу мақсатында генерал Лебедевтің орынбасарын ханға (Ж.Досмұхамедов - К.І.) жібереді. Алайда хан билігін бермеді" деген мәліметі, екіншісі - Ресей кеңесшісі Закаспий облысындағы Әскери Басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі істерін басқарушы П.М.Ерогиннің мәліметі бойынша бұл аймақта қоғамдық өмірдің барлық саласынан хабардар адамдардың жетіспеушілігі аңғарылады. Айталық, Ж.Досмұхамедов Уақытша Ойыл үкіметінің төрағалық қызметімен қатар жоғарғы сот төрағасының міндетін атқарушы, сондай-ақ, әскери білімді басқарғаны шын мәнісінде Жаңанша және Халел Досмұхамедов сынды істің мән-жайын білетін, өте сауатты азаматтардың тапшы болғандығын көрсетеді. Ал, адмирал Колчактың Қазақстанның Батыс өңірінен хан сайланған ЖДосмұхамедовке арнайы өкіл жіберуі -хандық билікті толық болмаса да мойындағанын, онымен санасқанын аңғартады. Төртінші Орал облыстық қазақ съезінің қаулыларының саяси мәні зор болғандықтан, оларды түгел беруді жөн санадық: 1) Қазақ-қырғыз өлкесі жалпы бұқараның ынтымақтасу негізіне құрылған Россия республикасының толық құқылы бір мүшесі болып өз істерінде ерікті штат болсын; 2) Қазіргі саясат күйімен Оралдан бастап 5 облыс, бір губернияның бөлімінен құрылған қазақ-қырғыз өлкесі явочный порядокпен (өз бетімен - К.І.) автономияны жарияласын; 3) Совет тұрғанда автономияны іске асыру мүмкін емес. Себебі, Совет үкіметі ұлтшылдыққа қарсы, ұлттар үшін зиянды саяси ұйым. Сондықтан:

а) қырғыз-қазақ халқы Совет үкіметін танымасқа және бойсұнбасқа тиісті; ә) Оралдық казак-орыстармен бірігіп, Орал қазақтары большевиктермен күресуге тиісті; Бірақ, күрес қырғыз-қазақ пайдасын сақтау бөлімі басқа мақсатқа ауса, ондай күреске қырғыз-қазақ қосылмасын. 4) Орал облысы Орал ұлысы аталсын. 7 кісіден хүкімет құрып, әзірге штат болсын. Орал ұлысы "Алашорданың" уақытша бір бөлімі болып, Алаш автономиясы жарияланып, билік түрін белгілеп, аяқ басқан соң, бар хакімшілікті "Алашордаға" тапсырсын. Қаулының соңында басқармадан: "Орал облысындағы бауырларымыздың саяси басшылыққа жетіп, ат төбеліндей жерде хүкіметті ел болғандарына қуаныштымыз. Алашорданың үстіндегі ауыр жүктен бөлісіп алғаны жақсы ғой. Бірақ, жалпы Россия Құрылтайын сылтау қылған ауруға шалдығып (Орал хүкіметі балығы болмаса, бақасынан деп) ала қойды бөле қырқып жүрмесе жарар еді" деген ескертпесі бар. Орталық Алашорданың мұндай ескертпесі заңды болатын. Себебі, дәл осындай тарихи кезеңде ел ішінен бөлініп жеке үкімет құрудан гөрі мақсат - мүддесі ортақ, бірлігі мен ынтымағы жарасқан мықты үкімет керек еді. Қаулының мазмұнынан көрініп тұрғандай, оралдықтардың Кеңес өкіметін ашық түрде мойындамауы Саратовтағы үндеудің шын мәнісінде мәжбүрліктен дайындалғандығы анық. Құрамында 7 адамы бар Ж.Досмұхамедов бастаған Уақытша Ойыл Уәлаяты үкіметін 1918 жылдың 22-мамы- рында өткен Орал казачествосының төтенше әскери съезі қуанышпен қарсы алды. Әсіресе, олардың большевиктермен ашық күресу керек деген шешімін қолдайды. Ойыл Уәлаятымен байланысу мақсатын көздеп, оған арнайы өкіл жібереді. Алайда, съезд Алашорда үкіметінің көршілес казактардың жергілікті халыққа қарсы бағытталған зорлық-зомбылықтарын тоқтату туралы өтінішіне "жағдайға қарай көреміз" деген екіұшты жауабын берді. Ж.Досмұхамедов 1918 жылғы 22-шілдеде Комучке жолдаған хабарламасында батыс өңірінің тыныштығын сақтау үшін құрылған Уақытша Ойыл Уәлаяты үкіметінің билігін Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін тәуелсіз" деп жариялайды. Алайда, Орал әскери үкіметі, Уақытша Сібір үкіметі, Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелерінен, тіпті Орталық Алашордадан да қолдау таппаған Уақытша Ойыл Уәлаяты үкіметі Уфа Мемлекеттік Кеңесі кезінде (1918ж. қыркүйек) Ә.Бөкейхановтың басшылығымен өткен Алашорданың төтенше мәжілісінде (1918ж. 11 қыркүйек) өз жұмысын тоқтатты. Осы мәжілісте Алаш аумағындағы жергілікті басқару органдары туралы мәселе арнайы талқыланды. Мәжіліске Алашорданың мүшелері Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, А.Бірімжанов, А.Ермеков, У.Танашев, М.Тынышбаев қатысты. Нәтижесінде, Алашорда үкіметі Алаш аумағындағы бірден-бір басқару органы деп жариялады. Жергілікті өзін - өзі басқару Уақытша үкіметтің 1917 жылғы заңы мен Алашорда комиссарларының шешімі негізінде земстволық және қалалық өзін-өзі басқару органдары арқылы құрылатын болды. Мәжілісте Алаш автономиясының батыс аймағындағы "соғыс жағдайы мен қатынас жолдарының нашарлығы" ескеріліп, заңға сәйкес Бөкей Ордасын, Ойыл Уәлаятын, Закаспий облысына қарасты Маңғышлақ уезін және Торғай облысындағы Ақтөбе мен Ырғыз уездерін басқару үшін Алашорданың батыс бөлімі құрылды. Оның құрамына Бөкей Ордасы, Орал және Торғай облыстарынан сайланған Құрылтай жиналысының 4 мүшесі, атап айтқанда, Жаңанша, Халел Досмұхамедовтер, Б.Құлманов және И.Тұрмұхамедов енді. Бұған қосымша аймақтағы басқа ұлт өкілдерінен екі өкіл сайлау керектігі айтылды. Үкіметті басқару ісі Жаңанша Досмұхамедовке тапсырылды. Осылайша, Алашорда тарапынан қолдау таппаған Ойыл Уәлаяты үкіметімен Алашорданың батыс бөлімінің ерекшелігі - оның Алашорда үкіметінің шешімі негізінде құрылып, өз билігін ұланғайыр аумаққа жүргізуі болды. Мұның өзі - екінші жалпы қазақ съезінің ұлттық - территориялық автономия құру туралы шешімінің Батыс Қазақстанның айтарлықтай аумағында іске асырылғандығының айғағы. Әртүрлі деңгейде өткен Орал облыстық қазақ съездерінде негізінен бір-бірімен тығыз байланысты жалпы мемлекеттік, ұлттық және аймақтық мәселелер өз алдына жүйеленген. Айталық, Жымпитыда өткен съездегі хан сайлау рәсімі және діни басқарманың құрылуы -оралдықтардың қазақ автономиясын теократиялық негізде құруға ұмтылғандарын байқатады. Әрине, мемлекет басқарудың бүл түрі туралы мәселе Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде талқыланды. Алайда, бүл идеяда сол кезеңнің экономикалық және статистикалық мәселелері ескерілмегендіктен, жоба қабылданбай қалады. Оралдықтардың бүл қадамы Қазақстанның батыс өңірінде дін басыларының ықпалды болғанын және олардың бұрын айтылып келгендей қазақ қоғамын кері тартуға емес, қайта мемлекетті таза, діни жолмен басқарсақ деген таза ниетінен туындағанын аңғартады. Орал облысында өткен келесі съездер 1919 жылға тән. Оралдағы 4-ші әскердің Алашордадағы жағдайы туралы 1919 жылғы наурызда берген мәліметіне қарағанда "ақпан айының басында Қаратөбе базарында қырғыз үкіметінің съезі болып, онда Колчак билігін мойындау туралы шешім қабылданады. Соған байланысты Сібірге 2 делегат жіберіледі. Ақпан айының басында Жымпитыға Колчак әскерінен 80 адам келеді. Наурыз айының ортасында Оңтүстік топтың командованиясына "Алашорданың батыс бөлімінің Қаратөбеге келгендігі және мұнда Кеңес өкіметімен келіссөздер жүргізу мәселесін шешу үшін съезд шақырылатындығы" белгілі болады. Алтыншы Орал облыстық съезі П.Ерогиннің мәліметі бойынша 1919 жылдың 14-20 шілде аралығында Ойылда болып өткен және оған өзі де қатысқан. Съездің өтілгендігін Шығыс майданның оңтүстік бақылау тобының мәліметтері де растайды. Алайда, съездің күн тәртібінде талқыланған мәселелері мен қабылдаған шешімдері белгісіз. 1919 жылдың 7 желтоқсан күні Алашорда басшыларына 4-ші армияның Революциялық Әскери Кеңесінің мүшесі Лежава-Мюраттың жазбаша үндеуі және Қырғыз Әскери Революциялық Комитетінің мүшесі А.Байтұрсыновтың даярлауымен 1919 жылдың 4-қарашасындағы Түркістан майданы Революциялық Әскери Кеңесінің шешімінен үзінділер жеткізілген. Осы құжаттармен танысқан Алашорданың батыс бөлімі 10-желтоқсанда Қызылқоғада құрметті ақсақалдар мен молдалардың, түрлі қоғамдық саяси ұйымдар мен земстволық және қалалық өзін-өзі басқару мекемелері өкілдерінің басын қосты. Онда аймақта қалыптасқан жағдай туралы мәселелер талқыланды. Олар Қырғыз әскери комитетінің атына жолданған хатта екінші жалпы қазақ съезінің (1917ж. желтоқсан) автономия құру туралы шешіміне сәйкес аймақты басқару мен халықтың тыныштығын сақтаудың соғыс жағдайында қиындап кеткендігі, қалай болғанда да орталық билік тарапынан автономиялық басқару органдары мойындалуы керектігі баса айтылады. Алашорданың батыс бөлімінің қазақ автономиясы үшін жүргізген күресі аймақтағы күрделі соғыс жағдайына қарамастан ресми түрде 1920 жылға дейін өз жалғасын тапты.

Бөкей Ордасы облыстық қазақ съездері

Жергілікті халықтың 98 процентін құрайтын Бөкей Ордасында ақпан революциясынан кейін түрлі әлеуметтік топтардың қатысуымен жиналыстар болып, онда жаңа үкімет Хан Ордасының Атқару Комитеті құрылады. 1917 жылдың 20-25 сәуір аралығында Бөкей Ордасының барлық жерінен өкілдер қатысқан облыстық қазақ съезі болып өтті. Бұл съезд басында сәуір айының 15-не белгіленіп, бірақ, онда алынатын құжаттарды жан-жақты ойластырып дайындауға уақыттың аздығынан болса керек, бір жұмаға кейінге шегеріліп, 21 сәуірде басталды. Бөкей Ордасының өкілі қатысқан съезд жұмысын Уақытша комиссар Б.Ниязов ашты. Съезд төралқасының төрағалығына У.Танашев, мүшелеріне - Мәжит Шомбалов, Шафһат Бекмұхамедов, хатшылығына - Ишанғали Меңдіханов, Сейітқали Меңдешев, Ә. Мұсағалиев сайланды. Съезд жұмысы басталмас бұрын ахун Қажығали Ғайсин азаттық жолында құрбан болған күрескерлерге бағышталған аят оқыды. Съезд делегаттары тарапынан еске алу рәсімі жасалды. Съезді дәрігерлер атынан М.Шомбалов, Астрахан губерниялық Атқару Комитетінің атынан Конюков және солдат Бударин, Астрахан қаласы солдат депутаттары мен офицерлері атынан подпоручик Львов, мұғалімдер атынан Ш.Ақбаев, Астрахан қаласындағы мұсылмандар атынан А.Әбдікәрімов, Қазан мұсылмандары атынан У.Танашев, Хан Ордасы шіркеуінен (екінші приход) Мусин құттықтады. Сонымен қатар Торғай облысы қазақтарынан, "Қазақ" газетінен және Басқұншақ түз кәсіпшілігіндегі қазақ жұмысшылары атынан келген құттықтау жеделхаттары оқылды. Съезд жергілікті басқару жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерге байланысты маңызды шешімдер қабылдады. Жергілікті басқару органдарын құру ісінде аймақтағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі мен өмір салтының ерекшеліктеріне мән берілді. Оны 17 пункттен тұратын съезд қаулысы дәлелдейді. Қаулының 14-пунктінде "территорияның ауқымдылығына байланысты халықтың шашыраңқы орналасуы - Астрахан өлкесін бір жерден басқару қажеттілігінен туындағанын, соған орай комиссарлық лауазымға 1-ші Мемлекеттік Думаның мүшесі болған Б.Құлмановтың, ал орынбасарлығына мұғалім Ишанғали Мендіхановтың сайланғандығы" айтылады. Қаулының 5- пунктіндегі "Астрахан губерниялық атқару комитетіне Ордадағы бөлімдер мен округтер бойынша 7 делегат жіберу" туралы шешімі дер кезінде орындалмай, кешіктіріліп жатты. "Қазақ" газетінде "1917 жылдың 20-25 сәуірінде Хан Ордасында болып өткен съезде Астрахандағы губернаторлық атқару комитетіне Ішкі Орда қазақтарынан 7 өкіл сайланып еді. Міне, айдан асты сайланған 7 өкіліміздің ешбіреуінен дерек жоқ... 1 айдан бері Астрахан Атқару Комитетінде талай қазақ істері қаралған, талайы шешілген" делінген. Ақпан революциясының ерекшелігі болып табылатын қосөкіметтілік Бөкей Ордасына да тән болды. Себебі, мұнда да Уақытша үкіметтің жергілікті органдарымен қатар Царыцин, Астрахан, Саратов сияқты көршілес қалаларда пролетарлық ұйымдар құрылған еді. Әсіресе, Астрахан қаласы Бөкей Ордасының жергілікті ұйымдары мен мекемелері бағынатын әкімшілік орталық болды. Айталық, Хан Ордасындағы Атқару Комитеті Астрахан жүмысшы, солдат депутаттары Кеңесіне бағынса, Бөкей Ордасындағы Орталық Атқару Комитеті Астрахан губерниялық комитетіне бағынды. Аталған екі ұйым да Астрахандағы саяси билік үшін күресті. Осы съезді С. Сүйінов "сәуір айында өткен қазақ съездерінің ішінде Бөкейлік қазақтардың съезіне тең келетіні болған жоқ" деп өте жоғары бағалайды. Десе де, автор "...Қазақ комитеттері Уақытша үкімет тағайындаған комиссарлардың бақылауында болды, соған орай еріктері де тежеулі еді" - деп, болыстық, уездік, облыстық және жалпы қазақ съездерін даярлап, өткізудегі қазақ комитеттерінің ролін төмендетіп жібереді. Бұл жерде ұлттық - демократиялық интеллигенциясының қазан революциясына дейінгі қызметі 1917 жылғы Уақытша үкіметтің заңына сәйкес жүргізілгендігі ескерілмейді. Әрине, уақыт өткен сайын ұлт зиялылары Уақытша үкіметтің саясатындағы кейбір бағыттарға сын көзбен қарағандығына күмән келтіре алмаймыз. Автордың "Б.Құлманов Бөкейлік ұлттық автономияны құрды" деген пікіріне орай айтарымыз - бөкейліктер Орталық Алашордадан бөлінуді мақсат етпеген, мұны осы аймақтың орталықтан шалғайда жатқандығымен ғана түсіндіруге болады. Алаш автономиясының геосаяси орналасуы күрделі болғандықтан, Алашорданың шығыс, батыс бөлімдері әрекет еткендігі белгілі. Бокей Ордасын басқару да осындай қажеттіліктен туындаған еді. Бірақ, олардың бәрі де Орталық Алашордамен тығыз байланысып, ортақ мақсат - мүддеге жету үшін күресті. Осы ретте Алашорданың батыс бөлімі ретінде құрылған, өзіндік мемлекеттік атрибуттары сақталған, түрлі саяси күштермен және жергілікті Уақытша үкіметтермен келіссөздер жүргізіп 1920 жылға дейін әрекет еткен Батыс Алашорда үкіметінің қызметін ерекше атап өткен жөн. Себебі, Уақытша Ресей үкіметінің елдің тұтастығын сақтап қалу мақсатында шығарған 1918 жылғы 4 қарашадағы жарлығы Сібір, Башқұрт, Комуч, Алашорда үкіметтерімен қатар Орал уақытша үкіметіне де қатысты еді. Бөкей Ордасында болған екінші съезд - 1917 жылдың 10 қыркүйегінде зиялылар қауымының ұйымдастыруымен шақырылды. "Қазақ" газетінде: "1917 жылдың 22-тамызында Ордадағы қазақ жастары һәм Кіндік Комитет пен бюро ағзаларының Кеңесі болды. Сол Кеңесте Ішкі Ордалықтың қазіргі һәм келешектегі істері сөз болып, бүл туралы Ордалықтың оқыған адал адамдарын жиып кеңесуді, съезд жасауды мақұл көрді. Съезд 1917 жылдың 10 қыркүйегінде Хан Ордасында болады" делінді.

Съездің күн тәртібіне: 1) Россияның саяси жағдайы туралы (баяндамашы - У.Танашев); 2) Бөкей Ордасындағы саяси жағдай (баяндамашы - Б.Ниязов); 3) жер мәселесі туралы (баяндамашы - Б.Құлманов), сонымен қатар сауда-саттық мәселесі, білім беру, денсаулық сақтау т.б. мәселелер енгізілді. Баяндамашыларға байланысты Бөкей губком партиясының бірінші хатшысы П.Варламов өз естелігінде: "съезге қатысқан өкілдердің басым көпшілігі ұлт зиялылары болғандықтан, ездерін жақсы жағынан жарқыратып көрсету үшін баяндамашыларды тек ірілерінен таңдағаны", сондай-ақ "Ұран" газетінде (1917ж. 25 қыркүйек) жарияланған съезд қорытындыларына тоқталып, алашордашылардың Уақытша үкіметтің саясатын қолдауын олардың буржуазиялық қоғамды көксегендіктерінен дей келіп, съезде Уақытша үкіметті қолдамайтын делегаттар тобы болғанын" жазады. Мұның себебін Уақытша үкіметтің жер саясатымен байланыстырады. Патша билігі жойылғаннан кейін Бөкей Ордасындағы жергілікті тұрғындар мен орыс шаруалары жер мәселесін Уақытша үкімет өз пайдаларына шешеді деп үміттенді. Алайда, олардың үміті ақталмады. 1917жылдыңкоктемінде (мамыр айында) Бөкей Ордасында жер үшін күрес шарықтау шегіне жетті. Әртүрлі деңгейде көрініс берген бүл күрес бастапқыда диқандар қозғалысы, өтініш жазу және т.б. түрінде болды. Айталық, өтініштердің бірінде: "...Бөкей хан тұсындағы, осыдан 100 жыл бұрын қазақтарға бөлінген қазыналық жерлер сол кезде-ақ қазақтарға әділ бөлінбеді. Хан тұқымдары мен қызметшілері ең құнарлы деген жерлерді иемденіп, халықты жерсіз қалдырды. Міне, енді бостандық алған соң, жерсіз қалған қазақтар осы тартып алынған жерлерден өз үлестерін беруді және жерді әділ жолмен бөліп беру үшін арнайы өкілдер жіберуді өтінген". Съезд жұмысының барысында Уақытша үкіметке көзқарас мәселесінде делегаттар екіге бөлінгенімен мұндағы жетекші орынды алашордашылар алды. Сөйтіп, олардың билігі 1918 жылдың басына дейін өз күшінде болды. Алашордашылар большевиктерге қарсы тағы да съезд шақырып, онда Бөкей Ордасын "Юго-восточный союзға" (Оңтүстік шығыс одағына - К.І.) қосу мәселесін қарамақ ниетімен даярлық жұмыстарын жүргізді. Олар контр - революциялық эсер-меньшевиктермен, кадеттермен байланысып, Омбы, Орынбор, Астрахан және Донға астыртын сапарлар жасайды. Соның нәтижесінде олар Бөкей Ордасының қазақтардан құрылған "Юго-восточный союз" деп аталатын жаңа мемлекетке кіруі жөнінде және қазақ жігіттерінен милиция жасақтау туралы келісімдерге қол жеткізді. Уақытша үкіметтің саясатын қолдап, оны іске асырушы мұндай жергілікті ұйымдардың жұмысын тоқтату мақсатында 1917 жылдың 1 желтоқсан күні Хан-Ставкасында Атқару комитетінің мүшелері, Астрахан горкомының большевиктері және Совдеп өкілдері бас қосты. Мұнда олар өкіметтің буржуазиялық органы болып табылатын Бөкей Ордасының Орталық Атқару комитетімен оның комиссариаттарын және Құрылтай жиналысына сайлау комиссиясының орталығын, сонымен қатар земстволық мекемелерді жою туралы мәселелерді қарады. "Ертеңіне 2 желтоқсанда большевиктердің басқаруымен митинг өткізіледі. Митингіде "Революциялық комитет құрылсын және Бөкей Ордасының контреволюцияшыл Атқару Комитеті жойылсын" деген қаулы алынады. Большевиктердің басшылығымен Революциялық комитет Уақытша үкіметтің Бөкей Ордасындағы органдарын жояды. Кеңестердің мұндай іс-әрекеттеріне ұлт зиялылары қарсы шығып, күресіп бақты. Айталық, "олар сол кезде Астраханда болған Кеңестердің аймақтық съезінде өздерін "жергілікті демократтармыз" деп мәлімдеп, жер мәселесіне орай ірі жер иелерін қорғап сөйледі. Мәжіліс залынан М.Шомбалов "жергілікті демократтар социалистік программаны іске асыру жағдайында емес", - деп дауыс көтерді... Көп ұзамай жергілікті демократтар және оның көрнекті өкілдері М.Шомбалов, Б.Ниязов, Мендіхановтар Кеңес өкіметіне қарсы ашық күресу мүмкін еместігіне көздері әбден жеткен соң, күрес тактикасын өзгертуге мәжбүр болды. Енді олар партия, кеңес органдарындағы жетекші орындарға жаппай ене бастады, осылайша өздерінің Кеңес өкіметіне қарсы әрекеттерін жасырмақ болды. Мұндай әрекеттері арқылы олар кеңестік аппаратқа ықпал етуді көздеді. Бөкей Ордасында болып өткен қазақ съездері - Ресеймен жапсарлас жатқан бұл өңірде Кеңестердің ықпалы зор болғандығын аңғартады. Соған қарамастан, 17 пункттен тұратын съезд қаулысының негізінде құрамында 14 адамы бар Атқару Комитетін құрып, сол арқылы ұлттық мәселелерді дұрыс шешуге әрекеттер жасалғандығы, әсіресе ұлт зиялыларының Кеңестермен ашық күресудің мүмкін еместігін түсініп, күрес тактикасын өзгертуге мәжбүр болғандарын көреміз.

Ақмола облыстық қазақ съездері

1917 жылдың 25 сәуір - 7 мамыр аралығында Омбы қаласында Ақмола облыстық қазақ съезі болып өтті. Бұл съезд 5 дуан елдің білімді, басшы деген адамдарының басын қосты. Съезді Е.Итбаев басқарған ұйымдастыру комитеті даярлады. Оның 250 делегаттарының қатарында Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Омбы және Петропавл уездерінен өкілдер болды. Съезд төралқасының кұрамына А.Тұрлыбаев (төраға), Е.Итбаев пен М.Дулатов (төраға орынбасарлары), М.Саматов, А.Сейітов және Е.Тоқбаев (хатшылары) сайланды. Төраға жиылған жұртқа, кеңес басшылығына "тәңір жарылқасын" айтып, шама келгенше өзінің шын көңілмен қызмет ететінін білдірді. Съезді құттықтап сөйлеген Омбы әскери округінің басшысы, генерал А.Григорьев: "Россия халқы түгел қуанышты. Бәрі де анадан жаңа туғандай тазарды. Келешекте де өздеріңіздің өсіп-өнген туған ініңіздей болған кең далаларыңыздың ауасы қандай таза болса, сіздердің де жүректеріңіз сондай кіршіксіз таза болмағына шын тілектеспіз" десе, Уақытша үкіметтің облыстық комиссары И. Законов: "енді бұрынғы бұратана деген сөз жоғалды. Россиядағы халықтың бәрі біртегіс, бірінен бірінің артығы, кемі жоқ. Бәрінің аты - азамат" деді. Ал, Шаруалар Кеңесі Атқару Комитетінің төрағасы Юркевич:"...бұл - барша Россия халқының көл болған көз жасының қабыл болған күні...енді бұл жалпы жұртқа келген ырыстан айрылып қалмай, оны көз қарашығындай қорғау керек. Әр халық өз тұрмысының, өз бақытының зергері. Әр халық бүл тұрмыс бәйгесінен тиісті мүшесін алып, көңілдегі көздеген биікке шығып қалу керектігін", сондай-ақ съезді Омбы мұсылмандар бюросынан Ф.Каримов пен Ибатуллин, Торғай облысы қазақтары атынан М.Дулатов, Омбыда оқыған жастар атынан Мұқтар Саматов құттықтап, "...енді Алаштың баласына да таң атып, күн шығып, бостандық, теңдік күні туғанын түсіндірді. Жарық, сәуле бостандықты ақылмен пайдаланып, іске айналдыруды тіледі. Құттықтау сөздер аяқталғаннан кейін съезд төрағасы күн тәртібіне қойылған 17 мәселемен таныстырды. Олар мыналар: 1) Жалпы қазақ және жалпы мұсылман съездері; 2) Мемлекетті билеу түрі және Құрылтай жиналысы; 3) Діни басқару; 4) Білім беру; 5) Әйел мәселесі; 6) Аграрлық мәселе; 7) Сот; 8) Земство; 9) Баспасөз; 11) Почта; 11) Қоғамдық қаражат; 12) Зиянды және керексіз шенеуніктер мен мекемелер; 13) Соғыс және бостандық заемы; 15) Азық-түлік мәселесі; 16) Қырғыздарды тыл жұмысына алуға байланысты болған оқиғалар; 17) Уақытша атқару комитеттерін құру. Съезд осы мәселерді беске бөліп, талқыланғаннан кейін 5 комиссия сайлады. Әрбір қаралған мәселе дауысқа салынып, көптің ұнағанымен қаулы жасалды. Бірінші комиссияға - дін һәм оқу мәселелері, екіншіге - Учредительное собрание һәм әйел мәселелері, үшіншіге – азық - түлік, соғыс, жұмысшы, 25 маусым жарлығы, бостандық "қарызы", төртіншіге - жер, сот, халыққа зиянды мекемелер мәселелері, бесіншіге - ақша мәселелері тапсырылды. Съездің күн тәртібі мен қабылдаған қарарлары көп жағдайда Торғай съезінде талқыланған мәселелерді қайталады. Съездің екінші күні көптің талқысына, сынына түскен дін мәселесі туралы қаулының Орынборда өткен Торғай облыстық қазақ съезінің қаулысынан айырмасы болмады. Торғай съезімен және басқа да облыстық съездермен салыстырғанда Ақмола облыстық съезіндегі жаңа мәселелер жұмысшылар мен әйелдердің жағдайларына байланысты болды. Съезд өкілдері әйел мәселесін талқылаған кезде құдалық жайы көп талас тудырды. "Кітап - құранға сүйеніп құда болудың дұрыстығын айтқандар аз болған жоқ. Бірақ, бұған көпшілік қарсы келіп, қазақ ішінде дау-жанжалдың болатыны осы, жастайынан құда болудың қырсығы деп тұрып алды ...ақырында құдалық мәселесін муфти әміріне қалдырды". Осы ретте съезге арнайы шақырылған 34 адамның бірі, сол кезден ұлттық басылымдарда әйел мәселесін көтеріп, халыққа танымал болған Ахмет Баржақсин "Алаш" газетінің 21 наурызындағы санында жарияланған "Қазақ халқының көзі ашық әйелдеріне ашық хатында" ол басқа елдердің, атап айтқанда Америка, Германия, Англия, Россия, Франция елдерінің әйелдері арасынан шешен, көсем, сыншы, жазушы, ақын шығып, олар өз құқықтары үшін айтысып, ақырында сол армандарына қол жеткізіп отырғандарын, ал қазақ халқында надандықтың құлы болу, тағдырдың дегеніне көну, әйелдерді кемге санап, кез-келген адамға шырылдата отырып қоса салу белең алғанын, мұндай жағдайдағы қазақ әйелдерінің еңірегенде етектері жасқа, көздері қанға толатыны,. олардың осындай аянышты халін ойлағанда ішкен ас бойға дарымай, ұйқы шайдай ашылатынын айта келіп, XX ғасырда әйелдерге тендік тиіп, сөйлейтін кез келгенін, қазақ әйелінің "дауын даулап", "намысын жыртатын" ардақты мырза, ханым Төгісовтер (Мәриям Төгісова, Көлбай Төгісов-К.І.) тарапынан шығарылып отырған "Алаш" газеті арқылы мұң-мұқтаждарыңды білдіріңдер" деген ұранмен қазақ әйелдерін үн қатуға шақырады. Аталған газеттің 1917 жылғы 13 сәуірінде жарық көрген "Үш миллион күң" атты мақаласында А.Баржақсин: "...6 млн. қазақтың жартысы, яғни 3 млн. әйел болғанда ...олардың тірі екені, өлі екені белгісіз. Құр сүлде болып жүрген қарақшы. Еркек әйелді құлдан жаман жұмсайды, жүннен жаман сабайды, малдан жаман сатады. ...ана мәдени халықтардың (Бельгия, Россия, Болгария, Сербия, Қаратау) әйелдері ғылымына ие болып, еркектеріне жақсы тәрбие беріп, хан қылып отыр. Ал, қазақ халқының еркектері әйелдерді күң қылып отырған" қазақ еркектеріне өкпесін білдіреді. Бұл мақалаға орай "Қазақ" газеті: "...екі мақалаңызды түгел баса алмадық. ...Бірінде жалпы қазақ съезінің кемшілігін айтасыз. Ол кемшілік - әйелден депутат атамағандық. Сіздің пікіріңізше, қазақ 6 млн., оның 3 млн. әйел. Сондықтан депутаттардың жартысы әйел болуы керек... Орыстар 80 әйелді атап түр екен. Олар кімдер, ойладыңыз ба? ...Олардай әйелдеріміз болса, бізде сайлармыз. Қазақ әйелі түгіл, еркегін сайласа кемдікте қалмас. "Шырағым, саған әлі тым ертерек", - деп Біржан ақын айтқандай, біздің қазақ әйелдеріне әлі ертерек... Екінші мақалаңыз, Атбасар комитеттеріндегі қазақ ағзаларының кемшілігі. Ол пікіріңізді қуаттаймыз. Бірақ, халықтың өзіне ерік бергенмен, жақсы кісілерін һәм жұртқа қызмет қылатын кісілерін сайламаса, оған сіз бен біздің қылар амалымыз бар ма?" деп жауап береді. Міне, осындай көкейтесті мәселелерді өз мақалаларына арқау еткен А.Баржақсиннің пікірлеріне үн қосқан мақалалар легі көбейді. Айталық, Қостанай уезі, Шұбартеңіз болысынан Рахима Алдаоңғарова "Әйел еріктігі" аталатын мақаласын жариялап, "...дүниеде өмір сүрудің ең рахаты, ең жақсысы білімді болу үстіне ерікті болу, алдағы істің бәрін басқаратын балаларды тәрбиелеуді бірігіп істеуге... ұлтымыз үшін бақыт, рахатқа себеп болатын істерде еркектерімізге болысайық ...әйелде болған мейірім, махабатты ұрпаққа берейік" деп, болашақ ұлттық мемлекетіміздің негізін қалайтын ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән береді. Осы тұста Қ.Кемеңгерұлының: "дүмше молдалардың теріс түсіндірген мұсылманшылық мөрі қазақ денесіне басылмастан бұрын, қазақ әйелге еркін көзбен қараушы еді. Кейбір аталардың шеше атымен кетуі - әйел билігі (матриархат) болғандығына дәлел. "Алып анадан", "Көш бастаған бәйбіше" деген мәтелдер қазақ әйелінің шаруа һәм әлеумет аумағында еркін болғандығын көрсетеді. Еркек жаудан қорғаушы болса, әйел шаруа сақтаушы болған" деген пікірінде ақиқат бар. Шындығында да, от басында болсын, қоғамдық қызметтерде болсын әйелдің алатын орны ерекше. Себебі, "әйел - қоғамның айнасы", отбасы - шағын мемлекет десек, отбасының берекесі анадан бастау алатыны сөзсіз. Букілресейлік мұсылман съезіне байланысты Ақмола облысынан делегат сайланған Мағжан Жұмабаев Жалпы мұсылмандар кеңесіне өкілдер сайлау жөнінде қазақ зиялыларының екі пікірде болғандығын жазады. Біріншісі - өзінің "жарарлық кісісін өзі сайласын. Қайтадан облыстық съездер жасау қиын болатын болса, жуырда жалпы қазақ съезі болмақ, сонда сайлармыз және де Семейден тірі жан жоқ, ол қайтеді" деген пікірі, екіншісі - Кеңестік Түркістаннан келген 10 адам Көлбай Төгісов, Бөкейлік және Ордалықтардың өкілдер сайлауды кейінге қалдыруға болмайды, осы жерде сайлап кету керек деген пікірі. Ертеңіне екінші пікірдегілердің сөзі өтімді болып, 5 облыстан (Бөкейлік, Орал, Торғай, Ақмола, Семей) Кеңеске 5 өкіл сайланды... Ақмола атынан Қараөткелдің Байпатшасы Құрманғалы мырза Қосшығұлов жасырын тізіммен жазылды. Атбасарлық Құлмұхамед Оразаев деген шәкірт семейлік болып ағзалыққа кіріпті ...қазақ намысы үшін болған істі бұзғымыз келмеді ...жоғарыда есімдері аталған азаматтарды екі облыс қазақтары Кеңеске өкіл етіп сайлай ма, жоқ па ...өздері шешеді. Ақмола атынан барған соң, Ақмола қазақтарына және кісісі бармаған Семей қазақтарына істің анығын білдіруді өзімнің борышым" - деп, 5 облыстан барған қазақтың Петроградтағы Мұсылман кеңесіне ағзалыққа өкілдер даярлап апармағандығынан хабар береді. Мұндай жағдай -ноғай ағайындармен салыстырғанда қазақтардың бұл істе әлі де кенжелеу қалғаны байқалады. Ақмола съезінде қаралған тағы бір мәселе - Дүйсембай Тұрановтың жеке ісі. Ол Уақытша үкімет тұсында Қызылжарда уездік комиссар болған. Сондай-ақ осындағы мұсылман комитетіне және Қызылжар мен Омбыдағы комитеттердің бәріне мүше болып сайланған. 1917 жылдың наурызында Омбыдағы Ресей жандарм мекемесінің басшылары мен қызметкерлері тұтқындалып, абақтыға жабылған кезде, жандарм архивінен қазақ, ноғай, орыстардың үстінен астыртын шағым жүргізген "Курганский" дегеннің іс-қағаздары табылып, "Курганскийдің" Омбы уезі, Қорған болысының қазағы Дүйсембай Тұранов екендігі анықталды. Съезде оның айыптылығы бетіне басылып, 1914-1916 жылдар аралығында өз қолымен жазған шағымдары көпшілікке аян болды. Дүйсембайдың бұл ісі кісі өлтіргеннен де ауыр, барша халықты масқаралау, оларға өшпес қара таңба салу, бүкіл қазақты "бір қойдың пұлына" сату екендігі айтылып, көпшілік дауыспен оны айыпты деп тапты. Съездің соңғы мәжілісінде Айдархан Тұрлыбаев басқарған 10 адамнан тұратын Омбы облыстық қазақ комитеті құрылды. Оның құрамына А.Тұрлыбаев - төраға, орын басарлығына - Сейілбек Жанайдаров, Асылбек Сейітов бірауыздан сайланды. Өзге 7 ағзалары болып Қызылжардан Қозы Тұрсанов, Көкшетаудан-Ермұхамед Тоқбаев, Қараөткелден - Төребай Нұралин, Сәдуақас Жантасов, Ерқосай Мұқышев, Байсейіт Әділов, Мағжан Жұмабаевтар енді. Ақмола облысының екінші съезі туралы "Қазақ" газетінде: "...осы сентябрь ішінде Ақмола облысы қазақтары екінші съезд ашпақ, болыс басы екі өкілден шақырып тұр."- деген мәлімет беріледі. Әзірге бүл съезд жөнінде құжаттар жеткіліксіз. Одан кейінгі облыстық қазақ съезі туралы "...Семейде шығып тұрған "Дело" газетінде: "1917ж. 31 қазанда Омбы қаласында ұлттық Алаш партиясын құруға арналған Құрылтай өтті. Оған 100 адам, олардың ішінде белгілі қазақ қайраткері Ә.Бөкейханов қатысты. Құрылтайда Омбы қаласында...партияның облыстық комитетін құру жөнінде қаулы қабылданды, оның төрағасы болып А.Сейітов сайланды" деген мәліметтен Ақмола облысында тағы бір қазақ съезінің өткені белгілі болды. Ақмолада өткен облыстық қазақ съездерінде басқа облыстармен салыстырғанда жеке мәселелер қатарына жүмысшылар мәселесі енгізілді. Себебі, Омбы қаласы тек қана ірі саяси орталық емес, сондай-ақ ұланғайыр аумақтың экономикалық орталығы болуында еді. Съезге Омбыда оқып жүрген жастар атынан М.Саматовтың қатысуы - Омбы жастарының басқа облыстарға қарағанда саясат ісінде белсенділік танытып, жас буын мен аға буын сабақтастығының сақталғанын байқатады. Съезд делегаты А.Баржақсиннің ұлттық басылымдарда әйел мәселесіне ерекше мән беруі - тек осы съезге ғана емес, бүкіл қазақ облыстарында өткен съездерге айтарлықтай дәрежеде ықпал етті.

Семей облыстық қазақ съездері

Ақмола съезімен бір мезгілде дерлік Семей облысының қазақтары 1917 жылдың 27 сәуірі мен 7 мамыр аралығында бас қосты. Съезге облыстың бес уезінен 200-дей делегат және Алтай өлкесіндегі Бийск уезінен 2 қазақ өкілі қатынасты. Делегаттардың қатарында 7 әйел өкілдері болды. Съездің төралқасына Ж.Ақбаев (төраға), Х.Ғаббасов, Р.Марсеков, М.Боштаев, Б.Сарсенов, (төрағаның орынбасарлары), Ә.Ермеков, Ә.Оразалин, М.Малдыбаев, Ш.Ақпанов (хатшылары) сайланды. Съезді құттықтап сөйлеген делегаттардың қатарында Ш.Құдайбердиев, Павлодар уезінен, Бөкей Ордасынан, әйелдер, оқушылар және жұмысшылар қауымдарынан өкілдер болды. Съездің атына Омбыдан, Томнан, Орынбордан, Ташкенттен және Ә.Бөкейхановтың атынан құттықтау жеделхаттар келіп түсті. Съездің күн тәртібіне 16 мәселе, кейбір құжаттарда 20 мәселе қойылды деп жазылады. Олар мыналар: 1) Құрылтай жиналысы; 2) Мемлекетті билеу түрі; 3) Жергілікті басқару және автономия; жергілікті жерлердегі уақытша комитеттер туралы; 4) Жалпы қазақ съезі, 5) Білім беру; 6) Діни басқарма; 7) Почта және баспасөз; 8) Медицина және ветеринария; 9) Ауыл шаруашылығы;

10 Аграрлық мәселе; 11) Қоғамдық қаражат; 12) Сот; 13) Жаңа құрылысқа сай емес мекемелерді жою; 14) 1916 жылғы 25 маусым жарлығына байланысты болған тәртіпсіздіктер және оның зардаптары; 15) Облыстық Қырғыз Комитетінің қызметі туралы есеп беру; 16) Әйел мәселесі. 17) Облыс, губерния, уездердің шекараларын өзгертіп, жаңа облыс етіп бөлектеп шығару хақында; 18) Соғыс һәм жұмысшы хақында; 19) "Игілік" қауымы (кооператив, уақ - қарыз серіктігі) һәм басқа керекті ұйымдар тарату турасында; 20) Қазақ арасындағы дау-жанжал мәселелері. Басқалармен салыстырғанда жаңа мәселелер қатарына "медицина және ветеринария", "Игілік" қауымы (кооператив), уақ - қарыз серіктігі мәселелері енгізілді. Әсіресе,"медицина мен ветеринария" мәселесіне орай съезд сол кездегі қазақ арасында жұқпалы аурулардың кең етек алуының салдарынан адам өлімінің көбейіп, оның халық өсіміне кері әсерін ескере отырып, "дәрігерлік қызмет жалпыға бірдей көрсетілуін, медпункті жоқ жерлерге медпункт ашу, әрбір облыс орталығынан аурухана ашылуы онда фельдшер әйел міндетті түрде болуын, бір облыста 3 дәрігер тұратын ұйым ашу керектігін айтып, қаулы қабылдады. Мұндай қаулы малмен күнелтіп отырған қазақ арасында мал дәрігерлік қызметті жолға қою мәселесіне де арналды. Осы ретте Қ.Кемеңгерұлының "1916 жылы қазақ жігіттерін қара жұмысқа алғандық жығылған үстіне жұдырық болды. Бұлардың Ресей қалаларын армансыз шарлағандығы" сифилисті өте күшейтті. Қазақтың бұл күнге шейін құрымай келгендігі жаз таза ауада көшкендігінен, қымыздың қызуынан. Әртүрлі аурулар көптеп өлуге себеп болғандықтан, қазақта өсім аз болды,"- деуінің өзі - бұл мәселені күн тәртібіне уақыт талабы көтерді. Съезде 20 мүшеден және 10 мүшелікке кандидаттан тұратын облыстық қазақ комитеті сайланды. Оның құрамына әйелдер қауымынан Нәзипа Сағызбайқызы Құлжанова (1887-1934 ж.ж.) енді. Н. Құлжанованың мұраларын жинастырып, оларды "Халқыма деп іс қылдым" аты еңбегінде жариялаған Р.Сыздықова Нәзипа туралы "білім, түсінігі жағынан аса биік деңгейден көрінген, сондай-ақ өзі оқып, біліп қана қоймай, білгенін ойға тоқығанын, білім дәрежесі төмен жатқан өз халқын көтеруге жұмсап, елі үшін шыр-пыр болған, өзінің қысқа ғұмырын сол ізгі мақсат үшін сарп еткен алғашқы қарлығаш " - деп бағалайды. Ол өзінің саналы ғұмырын жолдасы Нұрғали Құлжановпен бірге Семей өңірінде өткізген. Қызметтес болған жолдастарының өз қолында оқып, білім алған шәкірттерінің айтуынша Н.Құлжанов мейірімді жан, қайырымды азамат болған. "Ол ұзын бойлы, толық денелі, бетінде секпілі бар қара торы, орысша киінетін кісі болған, ол өз ортасында орыс, татар тілдерінде емін-еркін сөйлейтін, шығыс пен батыс әдебиетін жақсы білетін, сөзге шешен, өлшемі үлкен, диапазоны кең азамат екендігін танытты. Ал, Нәзипа аққұба келген, атжақты, орысша киініп, көзіне көзілдірік киетін, нәзік үнді ақ жарқын, сөзі жатық, орысша қазақшаны бірдей емін - еркін сөйлейтін кісі болған. Ерлі-зайыпты екеуі тек білім берумен шектелмей, саясат ісінде де қыруар жұмыстар атқарған. Алғашқыда Семей облыстық комитетіне Н.Құлжанов та енеді, кейінірек Уақытша үкіметтің органы болған Семей облыстық Атқару комитетінде Қарқаралы уездік комиссары кызметінде болады. 1917 жылдың 5-наурызында Семей облысында Азаматтық Комитет және оның атқару комитеттері құрылған болатын. Мұның артынша 7- наурызда облыстық қазақ комитеті құрылды. Аталған екі комитеттің арасын жақындастыру мәселесі Семей облыстық үшінші съезінде арнайы қаралады. Съезд негізінен өз жұмысын 6 секцияда жүргізді. Оның қабылдаған шешімдерінің көбі мазмұны жөнінен Торғай съезінің қарарларын қайталайды. Соған қарамастан Семей облыстық съезінің өзіне тән ерекшелігі - онда мемлекеттік басқару мен қазақ автономиясы мәселелері туралы "...Россияның жері бытыраңқы, кең. Жұрты әртүрлі, көп халқы әлем жүзінде ілгері-кейінді болғандықтан мемлекет түрі одақтасқан, жалпы жұрттың патшасыз өзін-өзі билейтін түрі (федеративтік демократиялық)," - деп қабылдаған шешімдері болды. Мұның өзі - қазақ автономиясының қажеттілігін айғақтаумен пара-пар еді. Торғай және Ақмола съездерінің делегаттары сияқты семейліктер де ескі патшалық тәртіп өкілдерінің облыстағы қызметі жөніндегі мәселені арнайы көтеріп, "...тамағы үшін хүкім жүргізіп, халықтың қанын сорып, құйрығын ұстатпай жүрген зиянды чиновниктерді (терелерді) айғақ дәлелдер тауып, орнынан түсіріп, сотқа тарту облыстық қазақ комитетіне тапсырылсын", - деген тоқтамға келді. Оқу мәселесіне байланысты съезд "халықтың көзін ашып, ілгері бастыратын оқу екені даусыз, сондықтан бұл мәселе ең бірінші қолға алынып қаралатын мәселе",- дей келіп, -"қазақ үшін арналып ашылған школдардың бәрін ұлт мектебіне айналдырып, қазақша оқытылсын",- деген қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес біршама шаралар да атқарылды. Соған орай Мінән Тұрғанбайұлы: "Зайсан уезінің комиссары болған Халел Ғаббасов уезге қараған қазақтардың арасындағы көп школды мектепке айналдырып қайтты...съездің қаулысы бойынша барлық ауылнай школдарды ұлт мектебіне айналдырып, мұғалімдер алдырып, қазақша оқытылуы керек....өз тілінде кітаптары болмаған жұрт ілгері баспақ емес. ...Ұлт ісі жалпы ұлттың тырбанып керек қылуымен ілгері басады... біз қатардан қалмауды ойлап тұрған жұрт емеспіз, озып кеткен елді қуып жетеміз деп отырмыз" деген пікір айтады". Мұндай пікірге Р.Мәрсеков те қосыла отырып, қазақ халқының басқа халықтардан кенжелеу қалғаны, "әсіресе 1917 жылғы бостандықтан кейін анық байқалып отыр ...бізге біреу даярлап әкеліп, сатып отырмаса, өзімізге керегімізді өзіміз жасап ала алмайтын жалқаулығымызды, ең ар жағы сарттың матасын тұтуды да білмейтіндігімізді, содан да сатушыға ақша төленетінін немесе оны таба алмай әуре-сарсаңға түсетінін, мал терісі мен жүннің рәсуә болатынын, оны өздері емдей алмайтындықтарын" баса айтады. Осылайша улан байтақ жеріміздің байлығын игере алмай отырғанымызды, жер көлемі қазақ жерінен бірнеше есе кем Франциямен салыстыра отырып, француздардың өркениеті, ел болып отырғаны - ғылымның арқасында екендігін, сондықтан қазақ халқы да оқу-білімге, ғылымға шұғыл бетбұрыс жасауы керек, "ғылымсыз халық, қарусыз адам - екеуі де кемтар", - деп, барша қазақты оқуға, білім алуға үндейді. Съезде көтерілген маңызды мәселелердің бірі - жер мәселесі. "Қай заманда да соғыстың шығу себебі - жерді молайтудан басталған ...ендеше, соғыс бірі жер алмай, екіншілері жер бермей аяқталмайды. Қазақ ежелден мал бағып, малын кең далаға сыйғыза алмай жүрген жұрт. Біразырақ жерді орыс мұжықтары алып еді, күй кете бастады", - деп жазды жер туралы мағлұмат жинаушы облыстық қазақ комитеті. Соған орай съезде "жер - мал бағып, егін егетін, еңбек сіңіргенге берілсін" деген қаулы қабылдады. Бүл қаулы казак-орыстарға ұнамады. Олар 1917 жылдың 1-10 маусым аралығында оз съезін шақырып, онда екі халыққа да ортақ мәселелерді шешіп алу көзделді. "...Жер туралы жанжал егін, пішенге мал түсу, ағаш кесу және жалданған жұмысшы тақырыпты" мәселелерді шешу үшін екі жақтан (орыс пен қазақ) 5 кісіден, барлығы 10 адамнан комиссия құрды. "Бұл комиссияның міндеті - істің анығына жетіп, екі жақтың бір-біріне келтірген зиянын тексеру, ұрлық туралы анықтама алып, оны тиісті орынға тапсыру болды. Бұл дұрыс, әрі әділ қаулы еді. Қаулыдан көрініп тұрғандай, екі халық арасында бұл мәселелерге байланысты ымыраға келушілік байқалады. 1 - ші Семей облыстық қазақ съезінің ерекшелігі - "медицина және ветеринария", "Игілік" қауымы (кооператив), уақ - қарыз серіктігі сияқты өзекті мәселелерді көтеруі болды. Сонымен бірге Семей облыстық қазақ комитетінің құрамына әйелдер қауымынан Н.С.Құлжанованың енуі - оның тек оқу -ағарту ісімен ғана айналыспай,саясатқа да өзіндік үлес қосқан күрескер әйел ретіндегі бейнесін көрсетеді. Семейдегі 2-ші облыстық қазақ съезі 1917 жылдың қыркүйек айының 12-ші жұлдызында шақырылды. "Бостандыққа қарсы бүлік шыққан соң заман қалай болады" деген уайыммен облыстық қазақ комитеті тығыз бас қосуды керек деп тауып 12 қыркүйекте облыстық съезд ашпақ болса да, өкілдердің аз келгендігінен съезд демей, оны облыстық кеңес деп атады. Кеңестің төрағасы - Р.Мәрсеков, орынбасарлары - Ж.Ақбаев, қазынашылары -И.Әлімбеков, М.Малдыбаев болды. Съезді Х.Ғаббасов мынадай мәселелерді, атап айтқанда: 1) Облыстық комитеттің 1-ші съезден осы күнге дейін атқарған жұмыстары туралы есеп беру; 2) Бақылаушы (милиция) сайлау; 3) Азық-түлік; 4) Жер комитеттерін сайлау; 5) Құрылтай; 6) Земство; 7) Құрылтай жиналысына жіберетін кісілерге бата беру және ішінара жәй жұмыстарды тыңдап, оларды тексеріп, салмақтап шешуді ұсынды. Бүл жобаны талқылау туралы кеңес қаулы қабылдады. Бұдан соң Х.Ғаббасов облыстық комитет жұмысының есебін баяндап, қазақ комитеттерінің орыс комитеттерімен қосылып жұмыс жасағандығын, жұртқа оқу тарату, сот мекемесін құру, комитеттерді сайлау, азық-түлік, керек - жарақ үлестіру, земство сайлауын жүргізу, жер комитеттерін қазаққа пайдалы етіп жасау, етік тігетін (кәсіби) шеберханалар ашу жөнінде сөз қозғады. Өкілдер тарапынан баяндамашыға сұрақтар қойылып, жауаптар қайтарылды. Кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарға ризалықтарын білдіреді. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі - бақылаушы (милиция) сайлау мәселесі. Алдыңғы болған облыстық съезд қаулыларындағы "жаңа тәртіпке келіссіз мекемелерді жоғалту" деген бапта... "жұртқа жексұрын болған ...приставтар мен урядниктердің де көзі жоғалсын. Олардың орнына сайлаушы бекіткен уездік, облыстық милиция болсын" делінген болатын. Бүл съезде осы бапты әрі қарай іске асыру шаралары нақтыланды. 10 пункттен тұратын бүл қаулыда "...басты, малды, бостандықты қорғап сақтау үшін бақылаушы (милиция) жасалсын" делінді. Осы қаулы жасалынып жатқан кезде, шығыстағы "Талап" ұйымының ағзасы Мұхтар Әуезов ұйымның бір бақылаушыны қазақ комитетінің әміріне тапсырып, шығынын да көтеретінін білдірді. ...Съезд "Бақылаушыға керек қару-жарақ тиісті орыннан (комиссариаттан) Уақытша үкіметтен сұралсын "деген тоқтамға келді. Облыстық қазақ съездерімен салыстырғанда, семейліктер бірінші болып милиция құру (әскер ісі) мәселесін көтерген. "Құрылтай жиналысына депутаттар белгілеу" мәселесінде жалпы "қазақ съезінде жасалған тізім сол қалпында қалсын" делінді. Бірақ, Г.Н.Потанин бара алмайтындықтан, Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов, М.Боштаев, Ж.Ақбаев, Р.Марсеков (бұл кісіні Биахмет Сарсеновтің өзі ұсынған соң енді), Б.Сарсенов, А.Қозыбағаров болсын", - деп, Кеңеске қатысушылар түгелдей бата қылысты. Екіншіден, Ақмола кандидаттарының тізімін араластырмауға, бірақ жалғассын, яғни бөлек берілсін деген шешім қабылданды. Съезде қабылданған қаулылардың орындалу барысы жөнінде "Сарыарқа" газеті: "...съезде көп қаулы байланды ...солардың ішінде 3 қаулыны халық тезірек іске асыруы керек. 1) Болыс басы 1000 сомнан жиналып, облыстық қазақ комитетіне берілсін, ол ақша жұрттың игілік ісіне жұмсалсын; 2) әрбір ауылдық ел, бір бақылаушы (милиционер) берсін, ол болмаса мұны жалдап алуға пұлын берсін; 3) соғыстан қайтқан әскерді үйді-үйіне жіберуге бұрынғыша алуға елді жаздырмай, бір облыс елден ақша жиналсын. Сол ақшаға ат жалдап, солдатты жеріне қайтарып отырсын" деген қаулылар. ...Бұл қаулының жасалғанына 5 ай болды. Ел - елге комитеттерден қағаз да жіберілді. Әлі ақша жоқ. Берген ел аз" делінді. Қаулыға сәйкес қаржы жинауға Зайсан уезі, Терісайрық елі һәм Өскемен уезі, Бөкен ел өз үлестерін қосып жатты. Жалпы съезд қаулыларын іске асыруда облыстық қазақ комитетінің атқарған қызметі айрықша еді. Азық-түлік мәселесіне орай Б:Сарсенов "....азық-түлік тапшылығының себептеріне тоқтала келіп, "соның бәрі ескі хүкіметтің қиянаты, яғни бүл мәселені дұрыс шешпей, әділ басқармай кеткендігінен...азық-түлік мәселесін түзу шешу үшін бірінші, бүкіл мемлекеттегі жан есебін алу керек, екіншіден, бар азық-түліктің есебін алу керек, үшіншіден, әрбір азық-түліктің бағасын кесіп, бай-кедей, орыс-қазақ демей бәріне бірдей бөліп берудің дұрыстығын" айтады. Екінші Семей облыстық съезіндегі ерекшелік -облыстық қазақ комитетінің 1-ші облыстық съезден осы күнге дейін атқарған жұмыстары туралы есеп беруі еді. Ұлт зиялылары съезде қабылданған қаулылардың тек қағаз жүзінде қалмай іске асырылуын қадағалап қоймай, бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қараған. Елдің тыныштығын сақтау мақсатында милиция сайлау мәселесі алғаш рет осы съезде көтеріліп, оны жүзеге асыруда "Талап" жастар ұйымының қолдау көрсетуі - жастардың да саяси мәселелерден сырт қалмай, оған белсене араласқандарын аңғартады. Сонымен қатар съезде кәсіби шеберханалар ашу ісінің күн тәртібіне қойылуы - халықтың тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жасалған алғашқы қадамы еді. Семей облысының үшінші съезі 1918 жылдың 10-13 мамыр аралығында өтеді. Оған 5 дуаннан 316 кісі қатынасты. Бұл кезде елдегі саяси жағдай большевиктердің билік басыма келуіне байланысты біршама өзгерген болатын. Бұл жөнінде "Сарыарқа" газеті: " ...соңғы кезде заманның түрі өзгеріп, саясат толқыны құбылып, әкімшілік бірден-бірге күшейе келіп, ақырында мемлекеттің бар билігі Совет қолына ауысқаны халыққа мәлім ... Облыстық қазақ комитеті облыстық съезд шақырып, қазақ билігінің түрі қалай болуы шешілгенше Советке кісілерін уақытша кіргізіп отыр. Жергілікті мекемелер қай қалыпта болуы белгісіз. Билік Совет қолына ауғанына халық қай көзбен қарайтынын және не пікірде екенін білуге, келешектегі бір облыс елдің өмір тұрмысы қандай түрде болуын шешуге Семей облыстық қазақ комитеті облыстық съезд құруға қаулы қылды", - деп жаза келіп, съездің күн тәртібіне 8 мәселе енгізілді. Олар: 1) автономия туралы; 2) заманның қазіргі хәлі; 3) жергілікті мекемелер; 4) облыстық сот; 5) жер мәселесі; 6) оқу-ағарту ісі; 7) азық-түлік мәселесі; 8) Түркістан өлкесіндегі қырғынға ұшыраған қазақ - қырғыз жайы енгізілгендігінен хабар береді. Және съезге болыс басы 4 кісі, уездік комитеттерден 2 адам және қоғамдық ұйымдардан 1 кісіден делегаттар келсін деген ұсыныс жасалған. Съезге байланысты кездестірген құжаттардан съезд жұмысы өте тартысты өткені аңғарылады. Әсіресе, бірінші облыстық қазақ съезінде көтерілген екі комитеттің (қазақ және орыс) арасын жақындастыру мәселесінде пікір алалығы туындағаны байқалады. Соған орай М.Қойгелдиев: "...бүкіл билікті қолына шоғырландырған Атқару Комитеті қазақ жұртына қатысты жұмыстарды облыстық қазақ комитетінің мойнына артады. Қазақ комитетінің бірігіп жасау туралы ұсыныстарына, мәселен, құрамына Қазақ комитетінен өкілдер алып, қазақ жұмыстарын басқаратын бір бөлім ашу туралы пікіріне құлақ аспағанын" жазады. Ақырында, осы жылдың 17 мамырында екі комитеттің мүшелері жиылып бас қосты. Съезд қаулысы бойынша екі комитетті бірігуі қуатталды. Солай бола тұрса да бүл шешім қазақ комитетінің кейбір өкілдері тарапынан толық қолдау таппады. Бұл мәселе жөнінде Н.Құлжанов: "...қазақ комитеті 20 мүшесімен орыстың Облыстық Атқару Комитетіне қосылып кетіп, басқарушы деген атағымыздан айрылып отыр. Бұл туралы жеке қазақ комитетін сайлаған 102 болыс қазақ өкілдері тарапынан өкпе айтылып жатыр ... "сендерге біз орыспен ақ үй қон деген жоқ едік қой", - деп бірінші облыстық қазақ съезінен кейін-ақ айтқан еді. Осы ретте алашордашыларға оппозицияда болған Н.Құлжанов туралы, оның саясаттағы бағыты жөнінде аз да болса тоқталып өтейік. Н.Құлжанов жоғарыда аталған екі комитеттің де құрамында болған. "Үш жүз" партиясының мүшесі. Қазақ большевигі атанған ол да, алашордашылар да бір ғана мақсатты, яғни ұлттық тәуелсіздікке жетуді көздеген. Бұл олардың мақсат -мұраттарының ұштаспайтындығынан емес, соған жетуге таңдаған жолдарының әртүрлілігінен еді. Мұны автономия мәселесіне орай туындаған пікір алалығынан байқауға болады. Осы мәселені талқылау барысында съезд делегаттары бір-біріне қарсы екі топқа бөлінеді. "...олардың бірінші тобының өкілдері Совет өкіметі жағдайында екінші жалпы қазақ съезі жариялаған біртұтас ұлттық тұрпаттағы автономияны жүзеге асыру мүмкін емес десе, екінші топтағылар "Сталин уәде еткен автономия Совет өкіметінің шеңберіне сыйғанымен, қазақ еңбекшілерінің санасына, ең алдымен олардың жыртық қалтасына сыймайтындығын" ашық айтқан еді. Бірінші топтағылардың қатарында болған Н.Құлжановтың автономия туралы пікірін айтпас бұрын мына жайға назар аударайық. Аталған съезде ол сөз алмақ болады, бірақ оның саяси бағыты алашордашыларға қарсы келгендіктен сөз сөйлеу мүмкіндігі болмайды. Ол жөнінде "...съезге оны ешкім де өкіл қылып байлаған емес еді. Нұрғали большевикке барып, "красный гвардия" әкеліп, зорлықпен сөйлемек болады. Халық оған да түсінбеді ...содан кейін Нұрғали қасына большевиктің бастығын алып, әскер ертіп Алаш қаласына шығып, базарда жүрген кедейлерді жинап алып, мылтықтың айбынымен қорқытып отырып, большевик арқылы өкілет қағазын алады. Қайтып келіп съезде сөз сөйлемекші болды ...майдың 13-і күні Нұрғалидің лаңы большевиктің ызғарымен съезд қуылды" делінеді. Бұл фактілерді "... 1918 жылдың басында облыстық қазақ депутаттарының съезі болды. Съезге Кеңес өкіметінен Шугаев, Ситников, Т.Құлжанов және Н.Құлжанов сияқты өкілдер қатысты. Семинария мұғалімі Н.Құлжанов съезде большевиктерді жақтап, "тек Кеңес өкіметі ғана халықты еркіндікке, бостандыққа жеткізетінін" айтады. Бүкіл Семей буржуазиясы оны нағыз большевик ретінде білетін. Сондықтан оны қаралауға тырысып бақты". Қазақ автономиясына байланысты өзінің пікірін Н.Құлжанов "Үш жүз" газетінде жарияланған "Алаш автономиясы" атты мақаласында: "...автономияны алып жүруге қазақта күш-қуат жоқ, әзір ерте "деген бұрынғы пікірінен айнымайды. Онда ол: "...автономия алудың қазаққа ауыр соғатынын және автономия алудың екі жолы бар екенін (революциялық және эволюциялық) айтып, оны Европа елдерімен салыстыра отырып, егжей-тегжейлі түсіндіріп беруге тырысады ...Өнер-ғылымнан жұрдай біздің қазаққа автономия алудың "алыс жолын, алыс та болса жақын жолын", яғни эволюциялық даму жолын ұсынып, алдымен қазаққа рухани жағынан өсу керектігін" баса айтады. Оның мұндай пікірлері күні бүгінге дейін маңызды. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде Н.Құлжановтың саясатта ұстанған және ұсынған бағыттарының барлығын қисынсыз деуге болмайды. Себебі, оның мұндай пікірлері "Алаш" партиясының жетекшісі Ә. Бөкейхановтың пікірлерімен де ұштасып жатқан-ды. Айталық, Ә.Бөкейханов 1917 жылдың аяғында Омбыда "Бірлік" ұйымы мүшелерінің қатысуымен өткен жиналыста сөйлеген сөзінде "үш жүзшілердің" саяси бағытына баға бере келіп, "біздің қазаққа революция емес, эволюция керек. Қазақты революцияға шақыру машинаның артына арба тіркегенмен бір. Машинаға тіркеген арба быт - шыт болып, оның дымы қалмай сынығы көкке ұшса, ол революция жолына түскен Қазақстанда еш нәрсе қалмай, құрып бітеді. Орыс халқы революционер және эволюционер болып екіге бөлінеді. Біздер олардың эволюция жағындағыларын қолдаймыз",деген еді. Мұндай сабақтастық бір-біріне оппозицияда болған ұлт зиялыларының түпкі мақсаты - ұлттық тәуелсіздікке жету екендігін айғақтайды. К.Нұрпейісов те өзінің зерттеу еңбектерінде "Алаш" пен "Үш жүз" партияларының бағыт -бағдарламаларында қай - шылықтарымен қатар ұқсастықтары бар. "Сарыарқа" газеті съездің ашылған күні 10 мамыр делінген. "...Съездің қарайтын мәселелері аса зор һәм тығыз болғандықтан бұл съездің тезірек құрылып һәм толық болуын көздеп съезд 5-майда Семейде болсын" деп қаулы қылынды". Ал, "...большевик лаңының ықпалымен съезд 13 мамырда қуылды" - деп жазуы - съезд жұмысының жанжалмен басталып, талас-тартыспен өткенін аңғартады. Осы съезд жұмысына байланысты К.Нұрпейісов: "...съезд ашылардан бір күн бұрын 1918 жылдың 26 мамырында Жаңа Семейде көп адамдар қатынасқан бірнеше митингілер болып, оларда сөйлеген әртүрлі саяси ұйымдарының өкілдері облыстық қазақ съезінде талқылануға тиісті басты мәселе "қазақ автономиясы" туралы өз ойларын ортаға салған ...Ертеңіне ашылған съездің алғашқы әрі соңғы мәжілісіне де осы митингелік хал - ахуал тән болғандығын" жазады. Мұнда айтылған пікірлердің бәріне қосыла отырып, 27 мамыр "съездің алғашқы, әрі соңғы мәжілісі болды" деген пікіріне, жоғарыда келтірілген мәліметтердің қайшы келіп отырғанын, оның есесіне съезд мәжілістерінің мамыр айының аяғына дейін созылғаны нақтыланады. Съезге қатысты құжаттарды талдай отырып, Семей облыстық комитетінде де келеңсіз оқиғалардың белең алғаны байқалады. Айталық, Н.Құлжанов өзінің "Жауапқа жауап " атты мақаласында :".... комитеттің жарасы жалғыз қосылғандық болса, жуырда жаба тоқып, Учредительное собраниеге дейін шыдар едік қой. Бірақ, комитеттің одан да сорақы ұяты болды ... Комитеттегі бір-екі мырзаның кесірінен оған үлкен ұят келтірген "2150 мәселесі" бүкіл Семейге жария болып барады. Менің комитеттен шығуым да осы масқаралылықтан қашу еді...менің комитеттен шықпай бір ай жүруімнің мәнісі - осы масқараны жоғалтуға комитет председателі Р.Мәрсеков бір лаж қылар деп күтіп жүргенмін. Ақыры айтқаным болмаған соң біржола кеттім" деген фактілерді береді. Мұның өзі - біріншіден, комитеттің кемшілігін көрсетсе, екіншіден, Н.Құлжановты тағы бір қырынан танытады. Осы тұста Нәзипаның сол қасіретті күндерді еске ала отырып, Нұрғалидің қазасына ортақтаса келген шәкірті С.Бегалинге ол туралы: "Нұрекең қаза болғалы біраз болып қалды ...өзің ағаңның мінезін білесің. Өз ойлағаны болмаса илікпейтін еді ғой. Сол сақтанбайтын бір беткейлігі түбіне жетті. Ақтардың, ұлтшылдардың өшпенділігі күшейіп, қатер төнген кезде, менің "сақтан, тіпті қырға шығып кет" дегеніме көнбей қойғаны. "Жан сақтай алмай, сүмеңдеп қашып-пысып жүрген ақтың азғындарынан қорқып қырға шықпаймын" деп ешбір қауіпті ойына алмады ... Нұржан анадағы губерниялық (облыстық -К.І.) съезде Алаш адамдарының бетіне қарсы шыққаннан бастап олармен үйлеспей қойған едің деп ағынан жарылады. Большевиктерге сенген Н.Құлжановты бір жақты мақтаудан немесе даттаудан аулақпыз, керісінше бірін - бірі "большевик", "меньшевик" деп сұқ саусағымен көрсеткен аласапыран жылдарындағы қазақ зиялыларының іс - әрекеттерін объективті тұрғыдан бағалауға ұмтылдық. Съезге байланысты мәліметтерге қарағанда, бүкіл елде, оның ішінде Қазақстанда тұрақсыз саяси ахуал қалыптасқан, себебі мемлекет азамат соғысының қарсаңында еді. Осындай жағдайда съезді ұйымдастырушы ұлт зиялыларына Кеңес өкіметі тарапынан тұтқындалу қаупі төнді. Оған ұлттық басылымдарда берілген мынадай: "...Орынбор, Омбы һәм Семей большевиктері Ғалихан, Ахмет, Мирякуб үшеуін ұстап, атып өлтіруге хүкім қылған. Семей большевиктері Халел, Әлімжан, Бірмұхамед, Ахметжан төртеуін өлтіруге қаулы шығарған. Мұндай жан шошырлық қаулылар өзімізден шыққан большевиктердің ыждиңатымен болғандығын" және "...хүкімет большевиктің қолында отырғанда, біздің азаматтарымыздың "өлтірілу" қаулысына қол қойып, біздің қазақтардың съезін құрғызуды, тұнық судан таза, сүттен ақ қазақ балаларын жиып, сендер "большевик" болыңдар, "Алаш" деген сөз - оттаған сез, ол болмайтын іс деп азғырғандары" мазмұнындағы деректер дәлел. Мұның өзі - ұлт зиялыларының тәуелсіздік жолында бір-біріне кереғар, екі жолды таңдағанын аңғартады. Үшінші Семей облыстық съезі Кеңестердің билік басына келуіне байланысты өз мүшелерін уақытша Кеңеске кіргізіп, соған орай екі комитеттің (қазақ пен орыс) арасын жақындастыру мәселесін осы съезде кайта қарап, ақырында екі комитеттің бірігуі қуатталса да, оған қарсы оппозицияның ықпалы айтарлықтай дәрежеде болғандығын аңғаруға болады. Жалпы, съезд мәліметтеріне қарағанда Семей облысында да Кеңестердің ықпалы зор болған.

Сырдария облыстық қазақ съездері

Сырдария облыстық қазақ съезіне тоқталмас бұрын осы аймаққа қатысты 1917 жылдың 2-5 тамыз аралығында Ташкент қаласында өткен Түркістан аймағы қазақ-қырғыздарының съезіне тоқталған жөн. 1917 жылдың сәуірінің ортасында М.Тынышбаев Ә.Бөкейхановқа жазған хатында: "... қазір мұнда (Ташкентте -К.І.) Атқару Комитеті делегаттарының аймақтық съезі болып жатыр. Қырғыздар өзінің аймақтық съезін құруға әлі жетпегенін" айтады. Оның қырғыздардан күткен сол аймақтық съезі осы жылдың 2-5 тамызына шақырылып, оған М.Тынышбаевтың өзі төрағалық етті. Съезге Сырдария облысынан, Ферганадан, Жетісу және Самарканд облыстарынан 84 өкіл қатынасты. Съезді ұйымдастыру бюросының төрағасы С.Асфендияров құттықтау сөз сөйлеп ашты. Ол съездің бұдан былайғы жұмысы халыққа қызмет етуіне тілек білдірді. Одан кейін съезд төралқасын сайлау ұсынылып, оның құрамына құрметті төрағалығына С.Асфендияров, төрағалығына М.Тынышбаев, серіктеріне Алдабек Мангельдин, Ибраһим Қасымов, мүшелеріне Қ.Қожықов, Серікбай Ақаев, Ә.Кенесарин, Садық Өтегенов, хатшылығына З.Сейдалин, Ш.Қапсалямов және С.Қожанов сайланды. Съезд төрағасы М.Тынышбаев делегаттарды 18 мәселеден тұратын күн тәртібімен таныстырды. 1) Ресейдің қазіргі жағдайы; 2) Жалпы қазақ съезіне көзқарас; 3) Ресейдегі мемлекет билеу түрі және келешектегі Түркістанды басқару мәселесі; 4) Жер, су және қоныстанушылар мәселесі; 5) Азық-түлік, мал шаруашылығы және отын мәселелері; 6) Земство; 7) Мектеп мәселесі; 8) Халық соты; 9) Рухани - діни іс; 10) Баспасөз; 11) Бүкілресейлік Мұсылман Кеңесіне және оның атқару комитетіне көзқарас; 12) Жетісудағы қырғыздардың жағдайы; 13) "Бірлік туы" одағы; 14) 2-ші Бүкілресейлік ауыл шаруашылығы санағы; 15) Жер комитеттері; 16) Әйел мәселесі; 17) Құрылтай жиналысы туралы; 18) Ұлттық қазына мәселелері болды. Осылардың ішінде екеуі - жалпы қазақ съезі және "Бірлік туы" одағы туралы мәселелер қаралмай қалды. Күн тәртібінен көрініп тұрғандай, мұндағы қаралған мәселелердің көпшілігі басқа облыстық съездерде талқыланған мәселелерді қайталайды. Қабылданған шешімдердің негізгілері төмендегідей: "...Уақытша үкіметті қолдау ...мемлекетті билеу түрі - федеративті демократиялық парламентті республика болуы керек ...қазақ-қырғыз облыстары ұлттық - территориялық (федерация алуы керек ..." жер, су, переселен орыстар туралы 18 пункттен тұратын қаулысында "қазақ - қырғыз өзі жерден уайымсыз бір жақты болғанша, қазақ-қырғыздың жерін алу әзірден тоқтатылсын ...бос жерге ...жаңадан переселендер жазылу бірден тоқтатылсын...бүкіл мемлекетке пайдалы болып отырған қазына мүлкі жерлер, тау кендері, сексеуіл, ши, жүгері, түз кені, балық аулау - бәрі де земство қолына түсуі тиіс. Тоғайдың, балық ауының үстінен қарауыл қою тоқтатылсын. Жер Министрі Черновтың көшкен переселендердің көшуі тоқтатылсын деген бұйрығы іске кірмей, қайтып алынған жерлер...бұрынғы егелеріне қырғыз-қазақтардың өздеріне қайтарылсын ...Түркістан аймағындағы қазақ-қырғыздарға жеткілікті суымен жер берілуі тиіс...суды басқарып тұру тиісті земство ұйымдарының міндеті болсын...осы күнге дейін мұсылман жұрты Мырзашөлдегі су шығып, абад болған жерлерден жер алып, пайдаланудан құқықсыз еді. Аймақтық қазақ-қырғыз жиылысы мұндай әділетсіздік жолды тоқтаусыз жоғалтуды керек деп біледі ...Ақмешіт һәм Қазалы уезінің пайдасын ойлағанда, Сырдарияның бас жағынан арық шығарылуы тоқтатылуы тиіс... Инженер Кузнецовқа һәм ....ондай адамдарға арық шығаруға рұқсат болмасын. Перовск, Қазалы уездеріндегі ....қазақтарға су шығарылып берілсін. Суды жинап пайдаланатын үлкен көл, тоғандар соғу керек.... "Шаруашылық, азық һәм отын туралы" мәселеде "сексеуілді сындырып, жерінен станцияға жеткізіп тұру -қазақтың ісі болсын. Сексеуілге тура баға белгілеп қоюға һәм қазақ сексеуілді алушыларға өткізгендер басында тұруға комиссия дайындалсын. Қазақстан сексеуілді таразыға тартпай, шамалап алу қалсын". Бұл қаулылардан көбіне жергілікті халықтың тұрмыс - тіршілігіне сәйкес жекелеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге баса назар аударылғандығын аңғаруға болады. Съезде қаралған маңызды мәселелердің бірі - жер мәселесіне орай Керенский Петроградқа келген сарт өкілдеріне "бұл күнге шейін Ішкі Россия жері туралы болған тәртіптердің бәрі Түркістан аймағына жанаспайды. Түркістанның жөні бөлек. Жер мәселесі шешілген уақытта Түркістан үшін өзгеше қалып болмақ",- дейді. Осы кездесуден кейін Уақытша үкімет тарапынан 12 шілдеде (1917ж.) "Түркістан хақында жерді сату, алу және жалдау сияқты өткермелерді тыю туралы шешім тоқтатылып, қаулы алынды. Земство мәселесіне орай Орынборда болған жалпы қазақ съезінің осы туралы 5-ші пункті қаулыға сол қалпында енгізілді. Земство сайлауына байланысты "қазақ-қырғыздың өз ісін басқаратын Советтері болуы керектігі айтылды. Оқу мәселесіне байланысты 1) жалпыға бірдей міндетті оқу аса қажет; 2) бастауыш мектепте балалар ана тілінде оқытылатын болсын; 3) оқу кітаптары һәм баспасөздер болсын, бәрі де осы күнде "Қазақ" газетінің тұтқан емлесімен жазылсын; 4) русско -туземный школдардың барлығы тоқтаусыз осы күннен жоқ болсын, орнына ұлт мектептері орналассын; 5) орыс балаларымен бірге қазақ-қырғыз балалары да оқып жүрген орыс школдарында биылдан бастап қазақ-қырғыз балаларына ана тілі һәм мұсылман діні оқытылсын" деген 5 пункттен туратын қаулы қабылданды. Осылардың ішіндегі соңғы пунктіне байланысты съезд атына Қапалдағы бірлескен мұсылман комитеті атынан мына мазмұндағы: "...Қапал уезі учительдерінің жиылысында осындай қаулы шығарылды. Бірақ, мұны әзірден-ақ жарыққа шығаруға ескі инспектор Солутов қарсы болып тұр. Бұл мәселенің біздің тілегенімізше шешілуіне тиісті мекемелермен сөйлесіп, ыждиңат етсеңіздер екен. Ең ақыры Министрге білдірсеңіздер" деген жеделхат келеді. Жергілікті жерлерде съезд қаулысына сәйкес іс-шаралардың орындалуына жоғарыдағыдай кедергілердің болуына қарамастан оны жүзеге асыруға деген талпыныс жасалған. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутат белгілеу мәселесінде оған Түркістан аймағы қазақ-қырғыздары атынан 15 кісі ұсынылды. Соның ішінде қазақ қыздарының атынан ұсынылған Гүлсім Асфендиярованың есімі ерекше аталады. "Ол мамандығы бойынша дәрігер. Санжар Асфендияровтың қарындасы Петербург дәрігерлік институтын алғаш бітірген қазақ қызы. Ташкентте алғаш әйелдерге арналған акушерлер даярлайтын медициналық техникумды ұйымдастырады. Өмірінің соңына дейін өзі ұйымдастырған медициналық техникумда оқытушылық қызмет атқарған". Съездің соңғы 18- мәселесі "аймақтық және облыстық қазақ-қырғыз мәжілістеріне" арналды. Онда Түркістан аймағында аймақтық қазақ - қырғыз мәжілісін aшy қажеттілігі болып, Сырдария облыстық мәжілісіне уақытша ағзалар ретінде С.Өтегенов, Ә.Көтібаров, И.Қасымов, И.Тоқтыбаев, Рысқұлов және С.Қожанов белгіленді ...аймақтық қазақ -қырғыз мәжілісіне әзірге Сырдария облысы Қырғыз Кеңесінің бардық құрамы кіретіндігі айтылды. Осындағы Қазақ-қырғыз Кеңестері туралы "Бірлік туы" газеті: "...август басында болып өткен аймақтық қазақ-қырғыз жиылысының қаулысы бойынша сонда көрсетілген уақытша члендермен Ташкентте Түркістан аймағы қазақ - қырғыздарының Советі һәм Сырдария облысы қазақ - қырғыздарының Советі ашылды ...қазақ-қырғыз жұрты да әр істің басына көз қылып өз өкілдерін қойып заманнан қалмауы керек. Бұл міндетті жаңа ашыла бастаған қазақ-қырғыз Советтері атқарып тұрар деген үміт бар. Қазақ-қырғыз Советіне әр облыстан 2 өкіл, облыстық қырғыз-қазақ Сонетіне әр уезден 1 өкіл тез арада сайланып жіберіліп, к сол өкілдердің оз қолына алынуы керек һәм қырғыз - қазақ, (ашылмаған уездерде һәм облыстарда қазақ - қырғыз советтері тездеп ашылуы тиіс" делінді. Жергілікті ұлт өкілдері көп шоғырланған Түркістан аймағында жаңа міндеттерді шешу үшін халықты басқаратын аймақтық қазақ-қырғыз Кеңестерінің құрылуына баса назар аударылып, оны іске асыруға шаралар жасалды. Сырдария облысына қатысты келесі бас қосу - 1917 жылдың 8-11 қазан аралығында С.Лапин мен Садыққожа ишанның ұйымдастыруымен өтті. Қазақ облыстарында және Орынборда өткен жалпы қазақ съезінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі -Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар белгілеу мәселесі болған еді. Соған орай Сырдария облысының ишан, молдалары да өз тізімдерін даярлап, дербес облыстық съезд шақырды. Бүл съезге облыстың Қазалы һәм Әулие - ата уездерінен өкілдер келмеген. Барғандардың көбі Сералы мен Садыққожа ишанның Ташкенттен ертіп апарған өз адамдары. Олар Сырдария облысынан Құрылтай жиналысына баратын адамдардың тізімін жасап, 14 адамды ұсынады. Олардың ішінде Ғалым Топшыбаевтың (әзербайжан -К.І.) атынан бұл тізімге наразылығын білдірген жеделхат келіп түседі. Онда ол Сырдария облысындағы мұсылмандардың жасаған тізімін ғана мойындайтындығын айтады. Түркістандық Тұрсынмахмұд Ғалым да бұл тізімнен бас тартады. Жеке тізім жасаушылар оның орнына Орынбордағы "Дін үмғишит" журналын бастырушы ұлы молда Хасенді енгізбек болды". Көрініп тұрғандай, бұл бас қосудың шешіміне көзі ашық, азаматтардың көбі қарсы тұрған. Осылайша С.Лапин мен Садыққожа ишанның съезі - ел арасына жік салып, партияшылдық тұқымын шашып отырғандығын айта келіп, "Учредительное собраниеге баратын адамдар білімді, саясат ісінен хабардар, жүйрік адамдар болуы керек. Бұл списокте ондай адамдар жоқ. Ішіндегі білімдісі А.Топшыбаев болса шығып отыр, қалғандарының көбі молда мен ишандар. Олар Петроградқа Николайдың жаназасын шығаруға бармаса, Учредительное собрание секілді топқа түсуге жарайтын адамдар емес. С.Лапин мен Садыққожа ишанның жайы бәрімізге мәлім"...Учредительное собраниеге баратын адамның жалғыз білімді жүйрік болуы жеткіліксіз, сонымен қатар оның ақ жүрек, халық қызметкері болуы керек, тіпті болмағанда, бұрын халықты алдап, соғып жүргендерге құмар болмау керек. СЛапиннен біз бүл себепті таба алмаймыз. Оның бұрынғы істері жұрттың өзіне белгілі. Сол себепті бұл списокті қара бастарының қамын ойлап жүрген адамдардың списогің деп біледі. С.Лапин туралы М.Шоқай "Сералы Лапиннің бұрынғы Самарканд әскери губернаторы жанында тілмаштық қызмет атқарғанын, Ақмешіттің байырғы тұрғыны Сералының сол қызметін тастап, ел арасындағы дау-жанжалмен айналысқанын, осы қылығы, берекесіз сауда істеріне араласуы - оны жерлестері ақмешіттіктерден айырды. Оның революция басталғаннан кейін Ақмешітке қайтып келгенін" жазған. Осыдан байқалатыны - Сырдария облысы қазақтарының арасында биліктен үміткер діни оппозицияның да бой көтергені. Сырдария облысы мұсылмандарының Құрылтай жиналысына ұсынған тізімдерінің ішінде № 3 тізімі мұсылманша жазылған.

Қоқан съезі

Келесі кезекте Сырдария облыстық қазақ съезін шақыруға түрткі болған 1917 жылдың 27-қарашасында Қоқан қаласында өткен Түркістан мұсылмандарының 4-ші жалпы съезі немесе Қоқан съезі. Съезд шақырылар алдындағы өлкедегі саяси жағдай тым шиеленісті еді. "...Бүтін Россияны астан-кестен қылған "большевик" бәлекетінің салқыны Түркістанға да тиді. Түркістанның иә тұрмысына, иә табиғатына тура келмейтін большевик саясатын Түркістанда і үшпен жүргізбекші болып, орыстың солдаттары мен жұмыскерлері қару-жарақ жұмсап, зорлықпен өкімет жүргізе бастады". Мұның алдында қыркүйек айының басында А.Керенскийдің Петроградқа барған сарт өкілдеріне "Түркістанда Россияға қарсылық үшін қозғалу бар" деген хабарға сенбеймін. Бірақ, осы бастан айтып қояйын, егер бүл сықылды мінездер шыға қалса, өте қатты аямайтын тәртіптер қылынады. Осы күні Түркістанды билеу мәселесі қаралып жатыр. Онда хүкімет өкілі барып тұрады. Петроградта Түркістаннан өкіл болады" деуінің өзі - Түркістан аймағында көп шоғырланған жергілікті тұрғындарды басқарудың оңай болмағандығын аңғартады. Съезд шақырылар алдында мұнда большевик билігі үстемдік құрған еді. Өздерін бұқара халықтың өкілдеріміз деп санаған Түркістан жүмысшы, солдат Кеңесі өлкедегі саяси билікке таласа отырып, жергілікті ұлттардың талап-тілектеріне құлақ аспады. Нақтырақ айтатын болсақ, "Түркістан аймағында 100-ге екеуден - ақ келетін 5 орыс, оның бәрі де емес, оннан бірі - ақ келетін солдат пен жүмысшылар мұсылманның бір адамын да санына алмай..."өзгеріс", "бостандық," дегендерді естен шығарып, ескі заманнан да таршылық күндер тудырды. Мұсылмандардың әзіргі бар ұйымдарымен, Советтерін "бостандық қаскүнемдігінің тобы" деп, біреуі де елемеді. Осылайша, "олар жаңа жағдайды майдаланып, Түркістанда ұлы державалық шовинизммен уланған көп іс аударушылар мен әскердің билігін біржола баянды етуден үміттенді". Міне, осындай күрделі де, қайшылықты жағдайда Түркістан қазақтарының алдында өзін-өзі қорғап қалу міндеті тұрды. Басқаша айтқанда, "...Түркістан мұсылмандарына "автономия", "федерация", "бостандық" дегендердің бәрімен қоштасып, Түркістан "большевиктеріне" қол қусырып, құлдыққа мойынсыну иә, намысқа шауып, Отанын аяқ асты қылып отырған "бес - алты бұралқы ит" қатарлы бұзықтарға "ауыл біздікі, дәретсіз арам қолыңды тарт, аулақ жүр" деп, өз билігін өз қолдарына алуы қалды. Түркістандағы оқиғалар ағымына түбегейлі өзгеріс енгізген осы жылдың 22 қарашасында Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-ші Түркістан өлкелік Кеңестерінің съезі болды. Бұл съезде ұлттық автономия идеясы қабылданбады. "...Енді осындай уақытта мұсылмандардың өздері қарап жатқаны келіспейді. Олар кім жеңсе, соның қанжығасында үн-түн жоқ кете бермей, тіршілік белгісін көрсетулері керек... осы мақсатта Түркістан мұсылмандарының жергілікті Советі бүкіл аймаққа 25 ноябрьде Қоқан шаһарында съезд жасау үшін уезд басы 10 адамнан, шаһар басы 3 адамнан өкілдеріңізді жіберіңіздер", - деп, онда қаралатын мәселелер: 1) Ташкент оқиғалары туралы Түркістан мұсылмандары не қылмақ; 2)Түркістан аймағы не қалыпта болмақ һәм басқалар жөнінде хабар таратты. Осылайша, осы жылдың 27 қарашасында Қоқанда 4-ші Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі (Қоқан съезі) өз жұмысын бастайды. 3 күнге созылған съезде Түркістан өлкесін "Түркістан автономиясы" деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылданады. Саяси билікті қолына алған Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұратын Түркістан автономиясының Уақытша үкіметін бекітіп, мынадай: 1) Съезд сайлап шығарған 4 адам жұрт мәжілісі ағзаларына һәм 12 адам автономиялы Түркістанның Уақытша үкіметінің ағзаларына ешкім тие алмайды һәм бұларды жұрт мәжілісінен ықтиярсыз ешкім ұстауға болмайды; 2) Кімде - кім бұлардың біреуіне қарсы болып күш жұмсаса, Түркістан аймағының 10 млн.- нан көп халқына қарсы шығып, "келсең кел" дегені болып саналады; 3)Сайлап қойған адамдарды аман сақтау һәм керек болған жерде қорғап қалу міндетін съезд жұрттың өзіне тапсырады" деген қаулы шығарды. Осылайша, "қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен Ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық қоғамдарды негізге ала құрылып, жергілікті елдердің өзін-өзі басқару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін" білдірді /249/. Түркістан губерниясына қарасты Сырдария және Жетісу облыстарының қазақтары жаңа құрылған Түркістан автономиясының құрамына кіруге қалай қарады, міне, бүл мәселеге орай мына мәліметтерге назар аударалық. "...Съезд өз атынан Түркістан аймағындағы саны аз ұлттардың құқықтарына қиянат қылдыртпай қорғалатынын аса елеулі түрде мәлім қылады",- деп қаулы жасалғанымен, кемшіліктерге де жол берілді. Айталық, Түркістан облысындағы біздің қазақ-қырғыздар туралы (Жетісу, Сырдария облыстары) Қоқан съезінің қате жолға түсуінің бірсыпыра себептер бар, - деп жазады "Бортаң" бүркеншік есімі автор, - Қоқан съезінің Түркістан мұсылмандарының жалпы съезі деп аталуына дауласудың қажеті жоқ. Солай бола тұрса да қырғыз өкімдерінен делегаттар тегіс қатыспады. Сырдария облысының 1-2 уезінен басқа уездерінен өкілдер келмеді, сонымен бірге Жетісу облысынан да өкілдер келген жоқ. Самарканд, Закаспий облыстарынан да солай болды. Mінe, жоғарыда айтылған себептердің бір үлкені осы". Онан соң, бұл съезд Ташкентте большевиктер қожайын болып, Түркістанда шын хүкімет жоғалған мезгілде шақырылған съезд болғандықтан, "бірінші дегені - қайтсе де бұзақы большевиктерге қарсы бір қайрат көрсету еді. Сондықтан өзінің алдына бүл мәселелерін жайланып қарап отыруға оның уақыты өте шұғыл келді ...съезде қазақ-қырғыз халқының Түркістанға кіру -кірмеуі үн-түн жоқ жабулы қалыпта өтті ... өз қаулысының ішінде съезд Түркістандағы қазақ - қырғыздарды сыртынан билеп кіргізгендей болып, шеттен қараушыларға оларды Түркістан автономиясында түпкілікті қалған сияқты көрсетіп отыр". ... Қоқан съезі Алаш ұлының бір шетін жырып алып отырған соң, жалпы қазақ съезі (желтоқсан, 1917ж.-К.І.) оларды тастап бөлек автономия ығлан қылуды лайық таппай, әлі де болса олармен тілдесуге әдейі адам жіберіп алуға қаулы қылады ... Қоқан съезінде ашылмай кеткен бүл мәселені алдымыздағы Түркістанда шақырылатын съезд толық шешуге тиіс. Түркістандық ағайындар Қоқан съезінің қаулысын өздеріне міндетті көріп, одан шығуды ауырсынуға орын жоқ ... өйткені, онда бүл мәселенің түп қожасы - қазақ - қырғыз халқының өз өкілдері толық болмағанын" айтады. Осындай қателіктері болса да, Қоқан съезінің шешімімен жарияланған Түркістан автономиясы "Түркістан мұсылмандарының 10 айдан бері құр дақпыртқа ілеспей, олардың "бостандықтың" қадіріне жететін, керекті жерлерде қорқып, тайсалып тұрмай, бостандық жолын қолдауға жарайтын "шын граждан" екенін көрсеттің. Түркістан автономиясын жергілікті халықтар қуанышпен қарсы алып, қолдайтындықтарын білдірді. Оған "большевиктердің туын тіккен Ташкентте 13 декабрьде уезд һәм шаһар халқы бірнеше жүз мыңдап жиылып, автономияға ант ішіп, мойын сұнып манифестация жасауы", Түркістан аймағына кіретін "Самарканд облысы халықтары съезд жасап, Туркестан автономиясына қосылуға қаулы жасауы, Закаспий облысының съезі болып, бұлар да автономияға қосылуға қаулы қылғаны" дәлел. Түркістан автономиясының іске кіріскендігі "Бірлік туы" газетінде: "...жақын арада болған өкілдер жиылысында Түркістан автономиясы басында тұрған кісілерде де азырақ өзгеріс болған. Бас Министрлік һәм Сыртқы Іс Министрлігі Мұстафа Шоқаевқа тапсырылып, бұрынғы Бас Министр Мұхамеджан Тынышбаев Ішкі Істер Министрі болып қалған ....Уақытша Түркістан хүкіметі атынан 30 млн. сомдық займ шығарылып, қазір мұның 10 млн. сомдайын халық үстіне алып, біразын Қоқан банкалары көтерген", - деп жазды. Түркістан мұсылмандарының автономияны жариялаудағы басты мақсаты - Ресейден біржола қол үзіп бөлініп кету емес, өздеріне тиесілі істерді өздері басқару болды. Бүл мәселеге орай Мария Шоқай: "Түркістан автономиясын құрған кезде де, Ресеймен бірігуді жақтаған кезде де 1917жылы Түркістанда сеператизм туралы пікір болмағанын" айта келіп, Мұстафа әрдайым "...мен халқымның тыныштығын және бірлігін қалаймын. Сондықтан да Швейцария мемлекетінің үлгісімен федерация құрғысы келетінін" көрсетіп береді. Алайда, жоғарыда айтылғандай олардың бүл әрекетіне жергілікті большевиктер барынша кедергі жасады. Сол себепті Түркістан мұсылмандары егер, Түркістан бір өзі автономияны алып жүре алмаса, басқа бір жердің автономиясына қосылу керектігін де ескерді. Бұл мәселеге орай "Бірлік туы" газетінде: "...Бәрібір Түркістан бүтін қалпында тұра алмайды. Себебі, Закаспий облысы Кавказға, Жетісу жалпы қазақ автономиясына қосылмай тұрмайды. Сонда қалатын Сырдария, Фергана һәм Самарканд облыстары. Бүл облыстардағы жұрттың көбі - қазақ-қырғыз. Ата ұранын ұмытпаған, қазақ-қырғыз атанып жүрген, шын қазақ-қырғыз баласы жалпы қазақ-қырғыз автономиясына қосылмай қалады деп ойлау мүмкін емес... Түркістанның қазақ-қырғызы жұмылып, бауырластарын тауып, жалпы қазақ-қырғыз автономиясына , сарт ағайындарға жатсынып, бүлініп қалмаса керек. Большевиктерге де көніп отырмыз ғой, өзімізден - өзіміз қашамыз ба? Сөйтіп, Түркістан "автономия" деген сөзінен айнымастан барып, жалпы қазақ-қырғыз бірлігіне қосылып, автономиясын айтқанда ұлғайтып алатын реті келіп тұр. "Жұрт жақсылықтан үмітті, ілгері басқандай ниеті болса, осыны қылатыны" жарияланып, ендігі бар үміт Түркістанда болатын Сырдария облысы қазақтарының съезінде деген тоқтамға келеді. Сырдария облысы қазақ-қырғыздарының съезі Түркістан шаһарында 1918 жылдың 6-9 қаңтар аралығында өтті. Съезге Түркістан уезінен - 20 өкіл, Ақмешіттен - 15, Қазалыдан 8,Шымкенттен - 10, Әулие - Атадан - 3, Ташкент уезінен -9, арнайы шақырылғандардан -14, Алашорда үкіметінен - 3 өкіл (Б.Құлманов, Т.Құнанбаев, М.Дулатов), барлығы - 82 өкіл қатынасты. Бұған қоса съезге арнап шақырылған адамдардан М.Тынышбаев (Түркістан автономиясының төрағасы, Ішкі Істер Министрі), Ә.Оразаев (Ішкі Істер Министрінің орынбасары) және М.Шоқай (үкіметтің Сыртқы Істер Министрі) келе алмады. Съездің күн тәртібінде: 1) Қоқан һәм Орынборда болған съездер жөнінде; 2) Сырдария қазақ-қырғыздарын Алаш автономиясына қосу туралы; 3) Ұлт милициясы, 4) Сырдария облысының қазақ-қырғыздары атынан Түркістан автономиясының Уақытша Кеңесіне мүшелер сайлау, 5) Ұлт қазынасы; 6) Азық-түлік мәселесі; 7) Түрді жақтан келген өкілдердің баяндамалары; 8) 15 қаңтарда Түркістан аймағы (крестьяндары) шаруалары съезіне кісі сайлап жіберу туралы мәселелер енгізілді. Аталған мәселелер талқыға салынбас бұрын съезд атына келген құттықтау жеделхаттары мен жекелеген адамдардың сөздері тыңдалды. Съезде қаралған басты мәселе - Сырдария қазақ-қырғыздарының Алаш автономиясына қосылуы туралы мәселе болды. Съезд ашылар алдында желтоқсанның 14-і күні (1917 ж.) осы съезде Шымкенттен Түркістан Уақытша Ұлт Кеңесіне мүше болып сайланған Сейітжаппар Байсейітов аталған мәселеге төңірегінде: "...біздің қазақ-қырғыз біреумен мінгесуді қойып, өз алдына бөлініп шығуы тиіс. Әйтпесе, біздің Түркістандағы қазақ - қырғыз сарт ағайындармен бірігіп қала берсек, ерік анық тиген соң сарттыққа шалдығып, Қоқан хандары шағындағы таз қалпымызға түсіп кетуіміз мүмкін. Біз өз алдымызға бөлініп, жұрт болуымызға жарасақ татар, сарт ағайындарымыз өкпелемес...Алаш баласы болып, әзірден газет арқылы һәм жиналыстар құрып кеңесуіміз керек"- деп, Сырдария қазақ -қырғыздарын Алаш автономиясына қосылуға шақырады. Съезде бүл мәселе екі күннен астам уақыт талқыға түсті. Түркістан автономиясы атынан келген өкілдер Сырдария облысы қазақ-қырғыздарының Түркістанмен "қонысы бір, қоралас отырғандарын" айтып, бүл күннен айрылып, Алаш автономиясына қосылуды тіршілік жолы көтермейді. Сондықтан оларды Түркістанда қалдыру керек " десе, Алаш автономиясы атынан келген өкілдер "мынадай аяққа тұсау, тілге күрмеу болмай, аяқ барғанша жүріп, ауыз барғанша сөйлеп әр халық өз мұңын өз қарап жатқанда, әр жұрт өз жалауын көтеріп, өз ұранын шақырғанда, біздің де бүтін алты Алаш баласы болып бірігуіміз жөн" деп, қазірден "Алаш" автономиясына қосылуды қуаттады. Ақырында, съезд екі жақтың пікірлерін тексеріп, бір шешімге келу үшін әр уезден 2 адамнан және "Алашордасы" мен Түркістан Уақытша үкіметі өкілдерінен комиссия құрып, бұл істі осы комиссияға тапсырды. Комиссия жобасын дауысқа салғаннан кейін, оны қуаттаушылар саны - 39, ал қарсылары 11 дауыс алды. М.Дулатов жобасын қуаттаушылар саны-10, қарсы-38, тартынып қалушылар саны - 8 болды. Көпшілігі комиссия қаулысына өзгертулер енгізуді ұсынды. Осындай жағдайларды ескере келіп, съезд мынадай тоқтамға келді: "Сырдария қазақ-қырғыздарының Түркістан автономиясында тұра тұруын мақұл көрді жөне мынадай шарт қойды: Алаш автономиясы ресми ығлан етілгеннен кейін, ол Түркістан автономиясымен одақ жасасын. Мұндай одақ болуды съезд екі автономияның да күшейіп, қуаттануына үлкен жәрдемші деп біледі. Одан соң, съезд "Алаш автономиясының Бас Ордасы - Түркістан шаһарында болсын деген тілекті де енгізді". Осылайша, съезд әрі түпкілікті Алаш бірлігін ойлап, әрі Түркістан автономиясының күшеюін ескеріп осы қаулыны қабылдады. Түркістан аймағындағы қазақ-қырғыздардың басындағы бұл жағдайды "Бірлік туы" газеті 1918 жылдың 7-ші наурызында жарық көрген "Алаш автономиясы" атты мақаласында: "...екі енеге тел қозыдай, бір жағынан Алаштың тілеуін тілеп, екінші жағынан Түркістан автономиясына да бір бөксесін артып отырған халық еді" деп жазды. Съезге 9 қаңтар күні Ырғыз уезінен өкілдер келіп, уездерінің 28-29 желтоқсанда (1917ж.) болған уездік съезінің қаулыларымен таныстырды. Онда "Сырдария қайда болса, Ырғыз да сонда болатыны" айтылған еді. Съезд Ырғыз қазақтарының "қосыламыз" деген тілектерін қолдап, Алаш автономиясы ығлан етілгенше бұзылмай, жарылмай Алаш туының астына, яғни әзірге Түркістанға қосылуын мақұлдады. Съезд сонымен бірге "егер Алаш автономиясы әртүрлі себептермен жария етілмей қалса немесе жария етілгеннен кейін Түркістанмен одақ жасамайтын болса, Ырғыздың Алаштан айрылып, Түркістанға кіруіне Сырдария қазақ-қырғыздарының көмек көрсететінін өз міндетіне алды. Мұнан кейін съезде Ташкенттен келген большевиктер Советінің мүшесі Полтарацкий кезектен тыс сөз алды. Ол: "Түркістан автономиясы уақытсыз, орынсыз һәм жалпы жұрт пайдасын көздеген автономия емес", - деп өзінше түрлі дәлелдерді алға тартты және Халық Комиссарлар (советінің атынан большевиктердің Түркістан автономиясын танымайтындықтарын және оған жол бермейтіндіктерін" ашық айтты Съезде өкілдер тарапынан болған "өзіміз Түркістан автономиясын қуаттай отырып, оған қарсы мұндай бағыттағы адамдарға сөз беруіміздің өзі жөнсіз" деген ұсыныстарын ескеріп, Полтарацкийдың сөзін жауапсыз қалдырды. Сөзі тыңдаусыз қалғаннан кейін Полтарацкий съезд мәжілісін тастап, шығып кетуге мәжбүр болды. Бұдан кейін съезде "милиция туралы" баяндамалар тыңдалып, мынадай қаулылар: " 1) Сырдария облысында басқа облыстар сияқты тоқтаусыз милиция құрылсын; 2) мұны іске асыру міндеті Түркістан Уақытша үкіметіне һәм облыс, уездерде болған қазақ-қырғыз ұйымдарына тапсырылсын; 3) Сырдария облысында милиция жасау ретіне Орынбордағы жалпы қазақ-қырғыз съезінің милиция жасау жобасы қолданылсын" қабылданады. Съездің өтілу барысында Ақмешіт уездік комиссары атынан Түркістан комиссарының атынан "...Ералы Қасымовты ұстап жібер" деген жеделхат келіп түскендігі туралы хабарланды. Съезд жөн-жосықсыз "бастығыңды ұстап жібер" деген Ақмешіт комиссарының сөзін қорлық санап, оған паразылық жеделхат беруге және Түркістан Уақытша үкіметінен мұндай бассыздыққа бір шара қолданылуын талап еткен жеделхат жіберуге қаулы қылды. Съезде сонымен бірге әрбір өкіл өз маңайындағы елдердің жағдайы туралы баяндамалар жасады. Бұл баяндамалардың мазмұнынан жергілікті халықтың азық-түлігі бітіп, кей жерлерде аштық белең алғандығы білінді. Оны Түркістан Комитеті мен Облыстық Кеңестің атына Қазалы уездік Кеңесі атынан жолданған мына жеделхаттан анық байқалады: "...Даладағы қазақ халқының осы күнгі хәлі тіпті қиын. Оларды .ашаршылық жүдетіп түр. Азық-түлік комитеті 1 айға жан басына жарты - ақ қадақтан үн береді. Ол да нағыз уақытымен тиіп тұрмайды. Оның үстіне жерде от, қолда пішен жоқтықтан қазақтың жалғыз сүйенген малы өле бастады. Съезге келген өкілдердің осы іспеттес баяндамаларын тыңдап, елдегі әлеуметтік жағдайға қанық болғаннан кейін, съезд Түркістан автономиясының Уақытша үкіметінен халықты мұндай апаттан құтқару шарасын тоқтаусыз қарауды өтінуге" қаулы жасады. Қазалы өкілдерінен Ж.Нұрбай баласы қазалылықтардың су тапшылығынан егін еге алмай, бұларға келетін сыбаға суды жоғары елдер бөгеп, тоқтатып қойғандығын, сол себепті Қазалы уезінің халқы басқаларға қарағанда жүдеу екендігін баяндаған соң, съезд делегаты Қ.Қожықов бұл жағдайды Уақытша Түркістан үкіметіне айтып, тоқтату қамын қылуды өз міндетіне алатындығын білдірді. Съезд соңына қарай бірқатар өкілдер елдің большевиктерден көріп отырған зорлық-зомбылығын айтып, оған қарсы шара қолдануды өтінді. Осы ретте жергілікті халықтардың большевиктерге деген көзқарасын білдіретін мынадай мәліметке назар аударалық. Онда: "...қазақ майданда мемлекет үшін қан төгіп жатқандарды қуаттайын дегенмен, мына өзі көріп жүрген солдаттарға қарап түңіледі. Осы күні қазақ олардан еш жерде зорлық пен зомбылықтан басқа көріп отырғаны жоқ"-делінген. Соған орай съезд мынадай қаулыға келді: "1)қырғыз-қазақ большевик үкіметін мойындамайды, айтқанына еріп, айдағанына жүрмейді. Сол себепті бұлардың зорлық-зомбылық жасап, халықтың тынышын алмауын талап етеді; 2)бұл большевиктерге еріп, халықтың берекесін кетірген қазақ-қырғыз балаларына наразылық білдіріліп, "ел дұшпаны", "ұлт дұшпаны" екені жария қылынсын". Бұдан басқа қазақ облыстарымен салыстырғанда, Түркістан өлкесіндегі большевиктердің зорлық-зомбылығы халықтың жанына қатты батып, тыныштығын кетіргенін байқаймыз. Жалпы алғанда, Сырдария облыстық съезінде осындай жекелеген нақтылы мәселелермен қатар саяси мәні бар жалпы ұлттық мәселелердің де көтерілгені анық. Сырдария облысы қазақтарына қатысты тағы бір бас қосудың 1918 жылдың мамырында Түркістан қаласындағы Қысқы клубта "Алаштың екінші съезі" деген атпен өткен. Мәліметтер Ө.Исабековтің естелігі береді. Оның бұл съезді Алаштың 2-ші съезі деуінен -біріншісі 2-5 тамыз аралығында өткен Түркістан қазақ-қырғыздарының съезі деген ой туындайды. Аталған съезге Орынбор, Ақтөбе, Қазалы, Перовск, Әулие - Ата қалаларынан өкілдер қатысты. Олардың әлеуметтік құрамы оқымысты аталған ескі тілмәш, болыс, билерден тұрды. Съезді Алашорда үкіметі атынан келген М.Дулатов, Ә.Кенесарин, Ә.Бөкейхановтар басқарды. Съезге жергілікті жердегі Бақаев, Коробов, Нысанбаев, Умайдиндер осы кезде Түркістан өлкесінде өткен митингіге келген Фурмановты ертіп келеді. Ол съезден өзіне сөз беруін сұрайды. М.Дулатов, Ә.Кенесариндер тарапынан "оған сөз берудің қажеті жоқ, ол съезге делегат емес, жәй қатысушы адам" - деп қарсылық жасағанымен, съезге қатысып отырған жұмысшы, кедейлер атынан келген Нысанбаев, Умайдин, Тұрсын Жұмабаев, Мақаш Жұмабаев т.б. өкілдердің дауыс көтеріп, сөз берілуін талап еткен ұсыныстарынан кейін лажсыз сөз беріледі. Съезде Фурманов Кеңес өкіметін орнату бағытында екі сағатқа жуық сөз сөйледі. Оған қарсы бағытта М.Дулатов, О.Кенесарин большевиктер "коммунистік үгіт айтады, сөйтіп отырып, бізге өздерінің орыс колонизаторлығын қоймайды" деген пікірлерін ортаға салды. Съезде олар Қоқан автономиясының басшысы М.Шоқайға: "...кейбір жерлерден келетін делегаттарымыз съезге келмей қалды. Мысалы, Қазалыдан келетін 2 делегатты жергілікті үкіметтер тәртіпсіздік жасап қамап қойды" жіберілген жеделхаттан Түркістан аймағындағы Кеңестердің жергілікті ұлттардың бас қосып, өздерінің талап-тілектерін талқылауға катысуына барынша кедергі жасап, оларды басып отырғаны аңғарылады. Будан әрі қарай Қ.Исабеков: "...кейбір жерлерден келетін делегаттары келмей, берекесі қашқан үстіне Фурманов жолдастың сөзі кейбір делегаттарды (Сұлтанбек Қожанов, Нарзіллә Рүстемов т.б.) Кеңестер жағына аударып, Алаш үкіметіне сенбейтіндіктерін білдірді" деп аяқтайды. Бұдан біз Түркістан аймағында Советтер билігінің күшейген кезінде ұлт зиялыларының ішінде большевиктік бағытқа қарай ойысқандарының да жоқ еместігін және екі бағыттағылардың арасындағы күрестің ашық сипат .алғандығы байқалады. О.Исабековтің естелігінде берілген мына мәліметте: "1918 жылдың қазан айында Түркістанда 16 адам қатынасқан жиналыс болып өткендігі, қатысқан адамдардың қатарында Уездік Кеңестің бастығы - Ж.Күнжарықов, хатшысы - Еркінбек Ақынбеков, Ахмет Құдіреттіллаев, Пазылбек Бектұрсынов, Әбсеметов, Әбдікәрім Қадыров (көпес), Лебедев, Жұмабек Батырбеков, Бекпенбет Қажы, Мырзасабыр Әминов тағы басқалардың болғандығын айта келіп, "бүл жиналыста коп сөйлеп, дауысы шығып отырған Ж.Күнжарықов болды. Оның сөзі большевиктер партиясын кекету, бұлардың істес адамдары елдегі, көшедегі сорлылар, "басса сайға ізі түспейтін, санаса санға ілінбейтін" адамдармен істеспек, олар елді билеп не істемек" және өзінің уездік компартияға бұл жиналыстың алашордашылар мен әсерлердің жиналысы болғандығын, оған қатынасқан адамдардың есімдерін көрсетіп бергенін, соған орай осы жылдың қараша айының басында жазалаушы әскердің бастығы Бақаевтың тапсырмасымен Түркістан станциясындағы бауда Ж.Күнжарықов, Е.Ақынбеков тағы басқалардың атылғандарын және олардың кінәсі -Кеңес өкіметіне жат іс-әрекеттері мен мемлекет қорындағы қаржысы Алашорда үкіметінің пайдасына жіберуі еді - деген тұжырымын жасайды. Большевиктерге имандай сеніп, оларға адал қызмет жасаған Ө.Исабековтің бұл мәліметі талдауды қажет етпейді.

Уездік және болыстық қазақ съездері

(наурыз 1917 ж.- желтоқсан 1918 ж.)

Қарастырылып отырған кезеңде облыстық съездермен қатар уездер мен болыстарда да әртүрлі деңгейде съездер мен жиындар болып өтті. Ақпан революциясынан кейін көп ұзамай, яғни 1917 жылдың 18 наурызында А.Имановтың басшылығымен Торғай уезіне қарасты Қаратоғай деген жерде съезд шақырылды. Оған уездің барлық болыстарынан өкілдер катысып, Торғай уезін басқару жөнінде Уақытша Комитет сайланады. Алайда,: Уақытша үкіметтің жергілікті органдары мен "буржуазиялық ұлтшылдардың бұл комитетті заңсыз орган деп жариялап, мойындамағандары, ақырында Торғай уезіндегі билікті уездік комиссар О.Алмасовтың басшылығымен ескі болыстық басшылар мен ақсақалдарға берген. Бұдан ақпан революциясының алғашқы күндерінен бастап-ақ елде болып жатқан саяси өзгерістерге байланысты уезді билеу мәселесі көтеріліп, онда екі бағыт қылаң берді. Келесі съезд 1917жылдың аяғына тән. Темір уезінің қазақтары екінші жалпы қазақ съезі ашылардың алдында ел қорғау шараларын қарап, үндеу қабылдаған. "Қазақ" газеті 1917 жылдың 13 желтоқсанында өзге жұртқа үлгі - өнеге ретінде осы үндеуді жариялайды. Мұнда Темір уезінің қазақтары елдегі қоғамдық-саяси жағдайларға тоқтала келіп, ұлт бүтіндігін сақтап қалу үшін күш біріктіріп ел қорғау қамына кірісу керектігін баса айтады. Үндеудің негізгі мазмұны: "...Біздің Оралдағы көзқарасты азаматтар жергілікті тұрғындарға...іс-әрекет етеміз деп хабар жіберді. Соған орай әр болыс, әр уезд бен ауыл оз қамын өздері жасауға ниет қылды. Қатын-бала керек болатын болса, оларды өздерің, өз азаматтарың қорғасын ...сендерге қарасып, көмектесетін патшалық жоқ. Басқа жұрт бірігіп, 20-50 жас аралығындағы азаматтарын қаруландырып, жауына қарсы аттанып жатқанда, біздің мына жүрісіміз жараспайды. Ел қорғауға дайындығымыз болмағандықтан, 18-ші Қарақамыс ауылында ақсақалдар жиылып, уезд қол астынан қол жиналуы, әр жерден келген нөкерлер Ембі станциясы секілді жерлердің ортасында тұруы, әркім хал - қадірінше ақшалай қаржы ала келулері (300 сомнан) т.б. қамдау жайлы тоқтамға келген. Шошынбаңдар, ағайын! Бұл нөкерлер өздеріңнің мал - мүлік, қатын-балаларыңды қорғайды ...соңынан өкініп қалмайық. Заманның түрі жаман, сақтанайық, қамданайық", -дегенге саяды. Бұдан ел қорғау, әскер мәселесінің уездік деңгейдегі бас қосуларда да көтеріліп, іс-шаралар жүргізілген. Келесі Ырғыз уездік қазақ съезі 1917 жылдың 28- желтоқсанында өтті. Күн тәртібін айтпас бұрын осы өңірдегі хал-ахуалды білдіретін мына мәліметке көңіл бөлелік. Онда: "...Торғай, ЬІрғыз уездері қараңғы бір түкпірде жатыр, дүниеде не болып жатқанынан бейхабар. Почта жүріп, Алашорданың бұйрық-жарлығы тараса, біздің ел Алашорданың тілегінен бас тартпас еді, халық қатарынан қалмас еді" делінген. Бұдан бұл аймақта большевиктердің ықпалы күшті болғандығын және оның орталықтан қашықта жатқандығы аңғарылады. Аталған жиылысқа әр болыстан ақсақалдар келіп, күн тәртібіне автономия мәселесі қойылды. Орынборда болған екінші жалпы қазақ съезі туралы баяндама жасалып, соған орай түрлі пікірлер айтылды. Съезге қатысқан өкілдер бүкіл қазақ-қырғыз Алаштың туын көтеріп, өз алдына бөлек автономия алуды қолдаған қаулы қабылдады. Бүл қаулыға уезд комиссары Ғабдолла Теміров: "...Алашорда өз алдына автономия бола алмайды. Себебі, біріншіден, уақ шаруашылығымызға жайсыз, екіншіден, Әлиханға (Бөкейханов) ерсек, ол Сібір автономиясына қоспай қоймайды. Сібір - деген жазалы, айыпты адамдардың жайы. Жер байлығы да шамалы ... қырық ру. Сондықтан, Алашорда бөлінбестен Түркістан автономиясына қосылуы тиіс. Себебі, Түркістан өсіп-өнген жеріміз ... жері нұрлы, ағаш, егін, мақта жақсы бітеді. Арғы жағы - Қытай, мына жағы - Стамбул, Иран, Аутан, Хиуа, Бұхара. Осылармен астарласып, ұлы дінімізді, екіншіден дүние талабымызды жүргізіп, халық қатарына қосылып күшейеміз және де бір тарихтан оқып көріп едім. Бір әулие адам айтып кетіпті - мыс: "Адам баласы Күн - шығыста өсіп, одан Күнбатысқа қарай бетін түзеп, бірнеше жылдан соң, Күнбатыстан Күншығысқа қарай, баяғы өсіп - енген жеріне қайтады", - деп айтқан екен, сол заман болды ма деймін", - деп, өзінің Түркістан автономиясын жақтайтындығын білдіреді. Бұл пікірге оқыған жастар оң ыңғай танытпады. Олар "...адассақ Алаш болып адасайық. Түркістанға Ұлы жүз бен Орта жүз қазағы қосылмайды. Тек Кіші жүз болып бірігіп, тағы ...кіре алмаймыз. Себебі, Бөкейлік Орал облысы, Ақтөбе уезі бүл қаулыға кірмесін. Олар Алаштың азып, бытырау жағында жүрмес ... сонда ат төбеліндей ЬІрғыз уезі не қылмақпыз. Алаш деген ұранымыздан шығып, Ордамызды бұзып, бытыратып, Кіші жүзден бөлініп қайда бармақшымыз? Өзімізден көш төмен сарттарға барып, қол қусырып, тағзым етпекшіміз бе? ...кешегі Орынборда болған қаулы дұрыс", - деген пікір айтты. Бұдан съезде автономия мәселесін талқылау барысында екі пікір қалыптасқанын аңғаруға болады. Нәтижесінде Ғ.Теміровтің пікірі өтімді болды. "Тек Ырғыз уезі болса да, бөлініп Түркістан автономиясына қосыламыз деген пәтуаны қолдап, оған жіберетін адамдарын дайындады. Оның құрамында 11 адам болды. Басшылары - Ғ.Теміров пен Т.Жаманмұрынов, Шектіден - Наурызбай, Сағынай, Алдасүгір, Төртқарадан-Байғабыл, Кенжалы, Түлкібай, Шөмекейден - Тұрмұхамед, Назар, Оразымбет молда". Бұл адамдардың 1918 жылдың 6-9 қаңтар аралығында Түркістанда өткен Сырдария облыстық съезіне қатысып, өздерінің Түркістан автономиясын жақтайтындықтарын білдіргені жөнінде жоғарыда айтып өткенбіз. Бұл съездегі Ғ.Теміровтің бағытына орай тілші Әлман : "...оқыған жастар аз болып, бүктемеде қалды ... ел түзейміз деген комиссарымыз елді бұзуға айналды ма, біз мұнысын Ғалиханмен бәсекесі бар ма деп жүр едік. Әйтпесе, бір төре қырға тартқанда, екінші төре сырға тартып, Алаштың арасын ірітіп-шірітіп, ыдыратып, бірлігін кетіру жағына дем беріп, от жағу - Алаш ұлына жаны ашитын адамның ісі емес деуі - Ғ.Теміровтің көңіліне келетін шығар. Әнеукүні Құрылтай сайлауы тізімінде депутаттық орнымызды сыртымнан билеп, Ақтөбеге алып беріп еді ...Алашордасынан қашамыз деуіміздің жөні жоқ ... Алаш болып бірігелік", - деген пікір айтады, оған жауап ретінде газет басқармасы: "...Әуелі Ғ.Теміровтің Алашты атынан бездіріп, қазақты қашыратын сөз айтқанына ғажаптанамыз. Өйткені, қазақты қанша анайы, ақымақ деп ойлаған жағдайда да, "Алаш" деп айқай салғанда да қазақ баласы ұз ұранына жиылатынын Ғ.Теміров білсе керек еді. Екіншіден, Сібірді - жазықты, айыптылар тұратын жайы деп, атынан шошына сөз айтқанына ғажаптанамыз. Өйткені, осы өзгеріс болып, оқығандар үйірін табатын күн туғанша Ғ.Теміров Сібірде тұрған адам еді һәм біздің ойымызша бұл жазықты, иә айыпты болып тұрған емес, чиновник болып тұрған жері еді... Сібірге қосылу деген Алаш автономиясы аталмай тұрған кезде сөйленіп, бұл күнде әңгімеден шыққан мәселе... Ендігі сөз Алаш ұлын біріктіруде, Алаш туын көтергенде, Алаш ұлы адасып бытырамауында" - деп жазды. Келтірілген мәліметтерден Ырғыз уездік съезінде көтерілген автономия мәселесінде пікір алалығы болғандығын және оның ұлттық басылымдарда зиялылар тарапынан таласты ойлар тудырғанын, Ғ.Теміровтің пікіріне орай оқырмандарды біраз жәйттерден хабардар еткендігін көруге болады. Ғ.Теміровтің Түркістан автономиясын қолдаған бағытын дұрыс емес деп, бір жақты кетуге болмайды. Өйткені, сол кезде ұлт зиялыларының арасында мұндай пікірдің қалыптасуы заңды болатын. Әртүрлі пікірлер осындай жиындарда айтылуы керек, мәселе - оның жүзеге асырылуында еді. Десе де, Ғ.Теміровтің Сібір автонимиясына байланысты пікірі шындығында да "ол кезде әңгімеден шыққан мәселе еді" деген басқарманың пікіріне қосыламыз. Осы тұста Ә.Жанкелдиннің "Ырғызда өткен митингіде менен соң Уақытша үкіметтің комиссары Ғ.Теміров сөз алып, Уақытша үкіметті жер-көкке сыйғызбай мақтады, жазалаушы экспедицияны шақырып алу жөнінде ештеңе деген жоқ, оның орнына мені халықты көтеріліске итермелеуші, лаң салушы деп кінәләді. Теміров мені не өлі, не тірі күйімде ұстап өкімет орындарына тапсыру жөнінде губернатордың бұйрығы бар деп мәлімдеуі", Ғ.Теміровтің азаттық күресіндегі саяси ұстанымын айқындайды. Ырғызда өткен келесі бас қосу жөнінде бұрынғы архив қызметкері Болотников "Путь ползучего национализма" деген мақаласында 1918 жылдың аяғында Ырғыздағы жергілікті интеллигенция (мұғалімдер, оқыған қызметкерлер) өздерінің ақ гвардияшыларға қатынасын білдіру мақсатында бас қосқандығын, онда Ырғызға қауіп төндіріп тұрған Дутов әскеріне тойтарыс беру үшін "большевиктер партиясына" жазылу жүргізілгендігі және оған өкілдердің көпшілігі қолдау көрсеткендігін, тек Телжан Шонановтың бүл мәселеде өзін бейтарап ұстап, кейін И.Ф.Кисилевтің (бұрын Ырғызда мұғалім болған, кейін Алашордашыларға қарсы әскерді басқарушылардың бірі) атына жазған хаты арқылы өзінің саяси бағытын білдіреді. Т.Шонанов хатында: "...өзімнің тұрған жерім қауіпсіз болғандықтан, сізге ашық түрде автономист екендігімді айтқым келеді. Автономия дегенде, территориялық, мәдени -ағарту автономиясын жақтаушымын. Әзірге менің білетінім - меньшевиктер де, большевиктер де қырғыздарға автономия берген жоқ. Сондықтан да екі партияға да ерместен, өз жолыммен жүргім келеді" - дей келіп, өзінің большевиктер партиясына ешқандай зияндық ойламайтындығын және оның қатарында өзі сыйлайтын әділ адамдардың барлығына қуанады. Мақаланың авторы бұл хаттың Дутов штабынан жазылуы мүмкін, өйткені Т.Шонанов өзін Алашорда лагері мен Дутов штабында қауіпсіз ұстайды. Екі жақтың да мақсаты бір, яғни большевизмге қарсы күрес. Сондықтан Т.Шонановты "алашордалық", "ұлтшыл", "шовинист" деушілер дұрыс айтады деген тұжырым жасайды. Келтірілген құжаттан Т.Шонановтың нағыз автономист болғандығын, саяси партиялардың (большевиктік, меньшевиктік) барлығының да бағдарламасы қазақ халқының мүддесіне сай келмейтіндігін ашық айтып, басқа саяси бағыттағыларға көзқарасын білдіру арқылы өзін парасатты қоғам қайраткері ретінде танытады. Осындай көзқарастары үшін Т.Шонанов 1919 жылы "Алашордаға" қатысты мәселелер бойынша айыпталды. 1918 жылдың 27 тамызында Ақтөбе уезінің Ақбұлақтағы 7 болыс қазағын біріктірген съезд болды. Ақбұлақтағы съезге жиналған қазақтар осы жылдың маусым айында Орынбор мен Ақтөбе уезінің біраз жерлерінен большевиктер кеткен соң, ел аралаған атты казактардан көрген қорлықтарын айтып, Орынбор атты казагінің әскери үкіметіне шағым білдіру жайлы қаулы қабылдады. Бұл өтінішті Құрылтай комитетінің Торғай облысына сайлаған өкілі С.Қадырбайұлы дайындайды. Онда қазақ елінің атты казактармен көп жылдан бері тату көрші тұрғандығы, тіпті большевиктерден халықты қорғап, бірге соғысқандығы, сөйтіп бұрынғы татулық достыққа айналғандығы, қазақтардың Елек майданында үйлері өртеніп, шапқыншылыққа ұшыраған қазақтарға жылу жинағаны, бірақ, соңғы кезде атты казактар арасында кейбір сотқарлар қазақтың мал - мүлкіне көп зорлық көрсетіп жүргені ашық баяндалады және нақты фактілер келтіріледі. Бұған қосымша Ақбұлақтағы осы съезге орай "Қазақ" газеті: "Ақбұлақтағы съезге Орынбордан Ахмет, Сейітәзім һәм басқа азаматтар барып еді. Халық милиция жинауға һәм ұлт қазынасын молайтуға шын ықыласын көрсетті. Осы съезде Ақтөбе уезінің Алашорда бөлімі сайланды. Олар Әбдірахман Мұратжанұлы, Әбділахмет Жөндібайқұлы һәм Бейсенбай Тыныштықбайұлы. Уақытша уездной қазақ соты сайланды" - деп, бұл съезде тек жоғарыда айтылған мәселе ғана қаралмай, басқа да өзекті мәселелердің талқыланғандығынан хабар береді. "Сарыарқа" газетінің 1918 жылғы 4 мамырда шыққан 41-ші санында Хасен Сарсенбайұлы Қостанайда 1918 жылдың 10-15 қаңтар аралығында уездік съезд болғандығы және онда Орынбордағы съезд қаулылары талқыланғандығы жөнінде хабар береді. Съезде тыңдаған баяндамалардан жергілікті халықтың басым көпшілігі Алашорда үкіметін және оның ұлт қазынасын жинау туралы қаулысын мақұлдайтындықтары, соған орай байлардың алды 10 мың, арты 100-ден, барлығы - 35-40 мыңдай қаржы жиналғандығы аңғарылады. Автор Орынборға большевиктердің келуіне байланысты ел арасында бүлінушілік болғандығын айғақтайтын мына мәліметті алға тартады. Онда: "...большевик кедей" мен жұмысшыдан болады деуші еді, біздің Қостанайдың байы да, ақсақалы да, қажысы да большевик болып, елді бүлдіріп жатыр. "Қазақ сығаласа, ұжмаққа кірді десейші", - деп сарт айтпақшы, біздің санасыздар... бол десең, бола кететін большевикпен таныстырып жүрген басшымыз адьюдант Әбубәкір Аймаев (Имаев), трибуналға председатель болып отырған Ғұмар Досжанов деген зиялы ақсақал. Көпшілік қара шаңырақты күтуде " делінген. О. Досжанов (1857-1918 ж.ж.) туралы А. Досжанова: "әкесінің өз заманында сауатты саналған, батыл да өткір мінезді, әділетшіл болғандығын, ол байлардың, молдалардың, патша чиновниктерінің зорлық-зомбылығына батыл қарсы шығып, ақырында Сібірге 22 жылға айдалып, содан бері Сібірдің Омары деп атанғандығын, оның саяси көзқарасының қалыптасуына жер аударылып жүрген революционерлердің ықпал еткендігін" жазады. О.Досжановтың туысы Б.Есжанов өз естелігінде: "...февраль революциясы кезінде оның Уақытша үкіметке, "Алаш" партиясының ...саясатына батыл қарсы шыққандығын және О Досжанов 60 жасқа келіп қартайғанда Октябрь революциясына жетіп, революциялық күреске белсене кіріскендігін" жазады. Ал, "Қазақ" газеті "Ішкі хабарлар" бөлімінде "Атылған қазақ" деген тақырыппен берілген хабарламасында: "Қостанай уезі Дамбар болысында Ғұмар Досжан бал асы деген бар-ды ... "қазақтан алған милицияны неміспен соғысуға алып барады" деп, елді бұзушының бірі... хакімдер оны ұстап әкелуге кісі жіберіп еді. Жолда Ғүмар қашқысы келіп, қыбыжықтаған соң, милиционерлер атып жіберіпті. Сөйтіп, Алаш тілегіне қарсы болып, өтірік елді азғырған Ғ.Досжан баласы оққа ұшқанынан" хабар береді. Қостанайда өткен бұл съезден большевиктің ықпалымен жүрген О.Досжанов сияқты ұлт зиялыларының Орынбордағы жалпы қазақ съезінің қаулыларын мойындамай, тек большевиктік бағытты ұстанғандары нақтыланады. Қостанайдағы келесі уездік съезд шақыру әрекеті большевиктер билігі құласымен жасалды. Алайда, оған жиналғандардың санының аз болуына байланысты уездің қазақ шаруалары мен қоныс аударушы шаруалар өкілдері біріккен мәжіліс өткізді. Мұнда қабылданған қарарлардың Алашорданы ойландыратын мәселелерге қатысы шамалы болды. Сондықтан 1918 жылдың 14-17 қазан аралығында А.Алдияровтың, А.Бірімжановтің және А.Омаровтың басшылығымен Қостанайда төтенше уездік қазақ съезі болды. Съезд жұмысына алғашқыда 39 делегат қатынасып, кейін олардың саны 69 адамға жетті. Съезде Торғай және Ырғыз өкілдері тарапынан құттықтау сөздер тыңдалды. Съезд Алашорда үкіметін жоғарғы үкімет деп мойындап, уезд территориясын қазақ автономиясының құрамдас бір бөлігі деп есептеді. Келесі күнгі мәжілісінде съезд ұлттық әскер қатарына жігіттер шақыру, қостанайлық полкті жасақтау және әскер өнеріне үйрету, оны Сібір үкіметінің қарамағынан Алашорда қарамағына толық беру мәселелерін талқылады. Одан кейінгі мәжілісте қазақ сотын құру және оның міндеттері мен істерін қарау тәртібін анықтау секілді мәселелер талқыға түсіп, нақты шешімдер қабылданды. Әсіресе, съезде уездік милицияны құру қажеттігіне баса назар аударылып, оның міндеттері айқындалды. 1917 жылдың 14 сәуірінде Тосын болысындағы І - ші ауылдың Бестау, Шиелі, Суықбұлақ, Манзалы қыстауларының ақсақалдары бас қосып, онда жастарды оқыту үшін Қарасу деген жерден бір мектеп пен бір мешіт ашу керектігі және оны жүзеге асыру үшін нақты шаралар жасау керектігі сөз болды. Бұл бас қосуда сонымен бірге ашылатын мектептің атын "Бостандық мектебі" деп атау, мектепті салуға және тәрбие жұмыстарына жұмсалатын қаржыны жинау, бүл жұмыстардың орындалуын бақылау үшін әр ауылдан бір-бір ақсақал сайлау атап көрсетіліп, жарамды мұғалім мен имам даярлап қоюға көңіл бөліп, мектепте мұсылманша және орысша оқыту жүргізілетіндігі, оқыту әрпі мен бағдарламасы мұғалімнің еркінде болатындығы, бірақ қазақ емлесімен оқыту қажеттілігіне баса назар аударылуы керектігі анықталды. Әртүрлі деңгейде өткен бүл съездерде 2-ші жалпы қазақ съезінің қаулысына сәйкес автономия, ұлт қазынасы, әскер мәселесі сияқты саяси мәні бар мәселелермен қатар оқу ісін дұрыс жолға қою, оны іске асыру үшін қаржы мәселесін шешу керектігіне баса назар аударылды. Сонымен бірге жалпы қазақ съезінің қаулыларына, Уақытша үкіметке, түрлі саяси күштерге қатынас мәселелеріне орай съезд делегаттарының арасында түрлі пікірлер қалыптасқанын аңғаруға болады. Жетісу облысындағы жатақтар мен оның маңындағы 6 болыс елдің басын біріктірген Үржар мәжілісі 1917 жылдың І қазан күні болды. Оның төрағасы доктор Түсіпбек Жақбаев, қазынашысы Сапарғали Атамбеков болды. Мәжіліс Орынборда өткен 1-ші жалпы қазақ съезінің қаулыларын жүзеге асыру, 6 болыс ішіндегі күшті апаттардың көзін жою, ел арасындағы партияларды бөлушілікті тыю, 6 болыс ел мен Үржар жатағының басын қосып, Үржарда курс ашу, оған 6 болыстың әрқайсысынан 10, Үржардан-10, барлығы 50 бала оқытып, оның шығынын оқуға бала берген елден жинау, курсқа орысша және мұсылманша сауаты бар балаларды қабылдау, Құрылтайға Жетісу облысынан С.Аманжолов, Ы.Жайнақов, Б.Мәметов және т.б. сайлау. Ал, ел аралап "мені сайлаңдар" деп жүрген М.Тынышбаев сияқты кісілерді ескермеу, 6 болыс елдің съезін қашан ашу керектігі туралы таласты пікірлер біткенше, оны тоқтатпау туралы (барлығы 6 пункттен тұратын) қаулы қабылдады. Съездің М.Тынышбаев туралы айтқан пікірі көңілге қона қоймайды, өйткені оның қазақ ұлты үшін жасаған кызметінің қандай дәрежеде болғаны тарихтан белгілі. Үржардағы келесі уездік съездің шақыру жөніндегі мәліметті 1917 жылдың 10 шілдесінде ашылған Үржар учаскелік Қырғыз комитетінің Үржар уездік атқару комитетінің атына жолдаған жеделхаты береді. Онда: "... олар басқа уездердегі сияқты мұнда да уездік земскі съезін шақыруды (екі жақтан саны жағынан теңдей өкілдердің қатысуымен) ұсынып, өздерінің тарапынан мал ұрлауға байланысты әр айда бір рет халық сотының съезін шақыруды бекіткендерін және мал ұрлауға қарсы секциялардың мүшелері қажетті құжаттар жинап, нақты іс - шаралар жасалып жатқандығын білдіреді. Соңында комитет төрағасы Садық Аманжолов, хатшысы Сапарғали Атамбеков қол қойған". 1917 жылдың 27 желтоқсанында Әулие - ата уездік съезі болды. Оның өткізілуіне "сарт ағайындардың аш - қазақтарға 15 мың сомдай ақша жинауы себеп болған-ды. Съезге уездегі болыстық комиссарлар жетекшілік жасап, 200-дей адам жиналуын қамтамасыз етті. Жиналғандардың құрамы байлар, ауқатты адамдардан тұрды. Олар қазақ-қырғыз Советінің мүшелерін ... қысыр әңгімеге айналдырып, сарт ағайындар берген көмекті бере алмады". 1918 жылдың наурыз айында Жетісу облысының Жаркент уезіне қарасты Өсек болысындағы мешіттің ауласында көп адам жиналған мәжіліс болды. Оны шақырушылар Өсек болысының ірі бай шонжарлары мен молда, ишандары еді. Жиналысқа ауыл еңбекшілері де көп жиналды. Жиналысты бұрынғы патша заманында болыс болған, алашордашылардың ұранын көтерушілердің бірі Мұқа Әжібеков ашты. Ол сөзді жер түбінен бастап, атам заманнан қалып, санға қосылмай келген қазақ елінің енді-енді көзі ашылғалы тұрғанын айта келіп, "ту көтерер күн туды, қазақтың өңшең білгіш оқымыстылары Алаш туын қолға алып, ешкімге тәуелсіз аймақ құрғалы отыр. Сонау Оралда, Қостанайда, Ақмолада, Семейде Алаш ұранын, өз алдына аймақ құрамыз дегенді қуана қарсы алыпты. Енді біздің Жетісуда барша қазақ ауыз біріктіріп, аймақ құруды қолдапты, Жетісудағы ең білгіш азаматымыз Ибраһим Жайнақовтан хат алдым. Ол хатында біздің тындырып жатқан шаруамызды сұрапты. Сондықтан, біз де елдігімізді көрсетейік деп, сіздермен бас қостық" дейді. Мұнан әрі съезге қатысушы Құдиярхан Тезекұлы сөз алып, "мұндай жақсылыққа қай қазақтың баласы қарсы болар дейсің", - деп, алашордашыларды қуаттай сөйлейді. Алайда, іле - шала "біз қарсымыз", "жақсылығың өзіңе" деген дауыстар шығып, бұрын елді аузына қаратқан би-болыстар бірінен соң бірі сөз алып, "Алаш" туына жығылды. Кедейлер тобынан Жаппар Алпысбаев сөйлеп, бай, манаптарға, молда, қожаларға қырғидай тиді. Ақырында, бұл топ съезді тастап кете барды. Бұл мәліметтер съезде көтерілген автономия мәселесінде алаштық және большевиктік бағыттың текетіресі байқалады. Қазақ съездері жұмысына қатысты еңбектердің көпшілігінде таптық принциптер басшылыққа алынғандықтан, ұлттық мерзімді басылымдардағы мағлұматтарды түпнұсқа күйінде беруді жөн санадық. Жетісу уездік және болыстық съездері де негізінен ұлттық мүддеден туындаған өзекті мәселелерді күн тәртібіне арқау еткен. Оларды талқылау барысында кемшіліктерге жол берілгендігі және съезд өкілдері арасында ауызбіршіліктің жетімсіздігі аңғарылады. Орал облысы бойынша 1917 жылдың 13 наурызында 1 – ші және 2-ші Орал болыстарының жиылысы Ойылда болып өткен. Жиылысқа Х.Досмұхамедов төрағалық етті. Ел ағаларының бұл бас қосуы жаңа үкіметті жақтап, олардың дегендеріне құну, Ресей халықтарымен бірлікте болып, болашаққа оң жолмен жету үшін тыныштықты сақтау і.еректігі, халықты Құрылтай жиналысына даярлау, атқару комитетіне өкілдер сайлау, облыстық комитетке өлкелік комитеттерден өкілдер жіберу, барша қазақ болып облыстық съезд жасау мәселелерін көтеріп, сол бойынша 5 пункттен тұратын қаулылар қабылдады. Арада екі күн өткен соң, 1917 жылдың 15 наурыз күні Қарашығанақта уездік қазақ жиылысы өтеді. Бұл жиылыс туралы мәліметті А.Кенжиннің "Қазақтың" шығуын желеу" деген мақаласы береді. Онда жиылысқа жиналғандардың елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге тоқтала келіп, ұлт ісінің ; алға жылжуы үшін "Қазақ" газетін жұмасына үш рет шығару лайық деген шешімге келгендігі айтылады. Сонымен катар жиылыста сол кезеңнің айнасы болған "Қазақ" газетін жиілеп шығару үшін жиналатын қаржы көздері анықталды. Келтірілген мәліметтерден көрініп тұрғандай, аталған съездерде негізінен елде болып жатқан саяси өзгерістерге байланысты маңызды мәселелер көтеріліп, соған орай атқарылар міндеттер анықталған. Әсіресе, А.Кенжиннің "Қазақ" газетін шығаруды жиілету мәселесін көтеруі - ұлттық мәселелерді шешуде бұл басылымның рөлі күшті болғандығын көрсетеді. Келесі съездер Ақмола облысы уездік съездеріне байланысты. 1918 жылдың шілде айында Омбы облыстық қазақ комитетінің ұйымдастыруымен уездік қазақ съезі болып өтті. Оған 159 делегат және "сырттан" 3 мың адам қатынасты. Съезде халықтың мәдени-ағарту қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ұлт қазынасы құрылды. Съезге қатысушылар екінші жалпы қазақ съезінің қаулысын мақұлдап, Алашордаға қосылуға тілек білдірді. Сонымен бірге егер Сібір үкіметі жәрдем сұрайтын болса, қарасатындықтарын айтты. 1917 жылдың 18-19 сәуір аралығында Көкшетау уезінің 14 болыс адамдары бас қосты. Төрағалыққа Әлжан Жұманов сайланды. Мәжіліс басталмас бұрын Зәкір қажы мен Нұрым қажы құран оқыды. Содан кейін Омбы коалициялық комитетінен өкіл болып келген Әбілхайыр Досов жиналғандарға сайлау тәртібі туралы сөз сөйледі. Ал Мұхамедәлім өз сөзінде қазақ халқының Ресейге қараған тарихынан қазірге дейінгі жағдайын баяндай келіп, ІІ - ші Николайдың тақтан түсуінің себептеріне тоқталды. Мұхамедәлім Көшімов туралы С.Сейфуллин еңбегінде: "соңынан патша түскен соң, "Алаш" партиясының жолына кіре қалды. Сонан соң Сәлім молданың Көкшетау уезінің "Алашордасының төрағасы қылып Ә.Бөкейханов қол қойып бекітті"- деп жазады. Қотыргүл болысының указной молдасы Кенжебай Тоқсарин бірлік, ынтымақ турасында әңгіме қозғады. Төраға Ә.Жұманов Қараөткел, Атбасар, Омбы, Қызылжар уездерінде жаңа тәртіппен мектеп - медреселер ашу мәселесін көтеріп, Көкшетауда оқуға мән берілмегендіктен, молдасы жоқ медресенің жабылып қалғандығын айтты. Абдолла Шоқаев пен Әбжан Теміров те өз сөздерін оқу мәселесіне арнады. М.Қасымов Көкшетау халқына 40 жыл бойы дін үйреткен марқұм хүзірет Науанды еске түсіріп, жылы лебіздер білдірді. Мұғалім Хасен Темірбеков ел арасында алдау мен арбаудың көбейіп кеткендігін, әсіресе, бақсы - балгерлердің халыққа тигізіп жүрген кері әсерін сөз етіп, ел ішіне жақсы фельдшерлер мен дәрігерлер қажет екендігін айтты. Сабыр Шәріпов (татар) халық арасындағы партияшыларды ашық айтып, халыққа таныстырса, Ғабдолла қажы Татаев муфтилік турасында, әңгіме қозғады. Мәжіліс өз жұмысын аяқтағаннан кейін 14 болыс адамдары түгелімен бостандық манифестациясына (қолдарына бостандық туралы сөздер жазылған тулар ұстап) көшеге шықты. Қазақша "Марсельеза" әнін айтып, өздерінің жаңа үкіметті қолдайтындықтарын білдіреді. 1917 жылдың 21 - 24 тамыз аралығында Көкшетауда уездік мұғалімдер мен молдалар съезі болып өтті. Съезд жұмысы негізінен оқу-ағарту мәселесіне арналды. Онда Көкшетау қаласында оқығандар ұйымын құру, оған әр болыстан 1 ағза сайлау, болыс пен ауыл сайын ұйым ашу, қаржы қорын ашу, ауылнай сайын 4 жылдық мектеп ашу, 17 жасқа толған ер және қыз балаларды ұйымға тарту, мұғалімдер курсын ашу, "Білім" серіктігін ашу, оның ағзалық мөлшерін (15 сом) белгілеу мәселелері қаралды. Дәл осы мәселелерді көтерген Қызылжар уездік мұғалімдер съезі 1917 жылдың 1-8 мамыр аралығында болды. Қабылданған қаулыларында бұратана школдарға оқуды ана тілінде жүргізу, орыс тілін 3-ші жылдан бұрын оқытпау, ер және қыз балаларды бірге қосып оқыту, бұратана школдардың курсын 6 жылдық ету, бұратаналар үшін бастауыш школдардан басқа орта және жоғарғы школдар ашу, мұғалімдер білімін тереңдету мақсатында мұғалімдік курстар мен семинариялар ашу, школ билігін мұғалімдер Советіне беріп, оған бұратана мұғалімдерді де ендіру, бұратана мұғалімдерінің құқын орыс мұғалімдерінің құқымен бірдей ету, бұратана үшін ашылатын школдарды қазына күшімен ашу, мұғалімдердің айлық ақысы 1200 сомнан кем болмау керектігі, зейнетақы 25 жылдан соң, ең соңғы айлық ақысы мөлшерінде белгілену керектігі атап көрсетіліп, осы мәселелер бойынша 11 пункттен тұратын қаулы қабылдады және қалған мәселелер 25 мамырда Омбыда болатын мұғалімдер (учительдер) съезінің күн тәртібіне ұсынылатындығы айтылды. 1918 жылдың 1 тамызында Петропавл уезінің Пресновская станциясында уездік қазақ съезі өткендігі және онда өкімет аппараты мен еріктілерді ұлттық армияға тарту мәселелері қаралғандығы туралы мәліметтерді орыс басылымдары береді. 1918 жылдың 17 қыркүйегінде Көкшетау уездік "Алашорда" Советінің ұйымдастыруымен ауылнай басы 1 өкілден жиналған съезд оз жұмысын бастады. Съездің әлеуметтік құрамы әртүрлі болды. Осындағы "қамқор ақсақалдардың өтінішіне" орай Уақытша Сібір үкіметінің өкілетті мүшесі Осипов съезде артық сөз болмасын" деп, съезге өздерінің екі өкілін жібереді. Съезді билеу солардың ықпалында болды. Съезд жұмысы басталмай-ақ "ақсақалдар" тарапынан "ұлт қазынасы мен милиция мәселесін" талқылауға қарсылық білдірілді. Бұл ұсыныс жастар жағынан қуатталмады. Осылайша съезд жұмысы тартысты басталды. Съезде Көкшетау уездік Алашордасының торағасы Сәлім Көшімов сез алып, "автономияға байланысты" Сібір автономиясын қолдамайтындығын айтты. Одан кейін соз алған Ерқосай Мұкышевтың пікірінен соң, "ақсақалдар" уездік қазақ комитеттерінің орнына құрамында 3 кісісі бар (Сыздық Дүйсембай, Жүсіп Қозыбаев һәм Махмуд Уәлиханов) жаңа комитет белгілейді. Осылардың ішінде Сыздық мүшеліктен бас тартатынын мәлімдейді. Ал, Айыртау болысының басшысы Махмуд төре билікке таласып, уездік іс-қағаздар мен съезд қаулысын "Советтердің" ықпалымен қолына түсіруге әрекет жасайды. Ақырында, жастар жағы облысқа жеделхат пен съезд хаттамасын жіберіп, облыстық қазақ комитетінен С.Жанайдаров келіп, "съезд шешімі дұрыс емес, жастардың бағыты жөн",-деп өзінің төрелігін айтады. Бұдан ұлт жұмыстарына қарсы жақыннан шыққан жат ағайындардың надандығын аңғару киын емес. "Жол баласы" деген бүркеншік есімді автор "Абылай ханның тұқымы, ұлтшыл Шоқанның інісі, офицерлік дәрежесін алған Махмуд төренің азып кеткендігін" қынжыла жазады. Мұндай келеңсіз құбылыстардың басты себебі - рухани жұтаңдық пен надандық болды. Жоғарыда келтірілген уездік және болыстық қазақ съездерінің қаулыларынан бүл съездерде екінші жалпы қазақ съезінің қаулыларын мақұлдай отырып, жекелеген мәселелерге көңіл бөлінгендігі байқалады. Күн тәртібінде барлық облыстардағы уездік съездерге тән тек бір ғана мәселе төңірегінде әртүрлі пікірлер айтылған. Семей облысында 1918 жылдың 15 ақпанында Павлодар уездік съезі болып, онда ұлт қазынасын жинау мәселесі қаралды. Съезге Тұрағұл Құнанбаев пен Міржақып Дулатов қатысып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз сөйлеген. Олардың сөзіне риза болған халық сол жерде - ақ 21 мың 939 сом ақша жинап беріп, қалғанын кейін тапсыратындықтарына уәде берді... Павлодардағы ногай ағайындарда өз үлестерін қосып, 8,5 мық сом жинап берді. Семей облысындағы Зайсан уезінің қазақ-қырғыз съезі 1917 жылдың 7-11 қыркүйек аралығында болып өтті. Съезд 8 мәселе бойынша 18 пункттен туратын қаулылар қабылдады. Айталық, "азық-түлік, керек-жарақ" туралы мәселе бойынша алынған қаулыда Зайсанның 10 болыс қазағы керек-жарағын "Қазақ ұйымы" қауымынан алу керектігі, әр болыстан уездік азық-түлік комитетіне 1 өкіл жіберу айтылса, "қазақ халқын оқытып, оларға селолық тәрбие беру" туралы мәселесі бойынша Семейде ашылатын мұғалімдік курсқа әр болыстан 2 кісі жіберу, шығынын әр болыстың өзі көтеретіндігі, оқу бітірген мұғалімдерді жіберген жерде 2 жылдан қызмет етуге міндеттеу т.б. көзделді. Сонымен қатар съезд оқу-ағарту жұмыстарына салық жинау, шаруашылық школдары, земство туралы, жер және облыстық қазақ комитетіне жәрдем беру, жалпы қазақ съезі туралы қаулы қабылдады. "Үш жүз" партиясының ықпалымен бірнеше съездер болған. Солардың ішінде "1917 жылдың қараша айында Зайсан уезінің 500-ге жуық өкілдері қатысқан съездің қаулысы "Қазақ ұраны" деген атпен орыс баспасөздерінде жарияланғандығын және автордың осы қаулыда ұлтшылдық пен шовинизмнің әлеуметтік негізі туралы ешнәрсе айтылмаған. Ұлт араздығын тудыруға патша өкіметі ғана емес, сонымен қабат қанаушы үстем таптың кінәлі екендігін ашып бере алмады". Екінші Зайсан уездік қазақ съезі 1918 жылдың ақпан айында болды. Съезде қазақ істерін қазақ өкілдері басқару керектігі айтылып, осы мақсатта "Алаш ұраны" атты ұйым ашылғаны, ұры мен ел бұзушыларға тиым салыну қажеттігі туралы қаулы қабылданып, 28 баптан тұратын ереже жасалды. Съезде өкілдердің көпшілігі облыстық қазақ комитет! көрсеткен жолмен жүруге қол қойды. Съезде қабылданған қаулыны бір учаскедегі 11 болыс ел мен қала қазағы тегіс мақұлдаған. 1918 жылдың 13-26 маусым аралығында Павлодарда тағы бір бас қосу болып, онда Алашорданың уездік Кеңесі ашылды. Оның құрамына 5 кісі енді. Төрағасы - Қабыш Бердалин, серігі - Ахметолла Барлыбаев, ағзалары - Иманқұл Бәдісов, Мұқтар Жәлелдинов. Кеңестің мақсаты 9-28 шілдеде болатын земство жиналысына лайықты ағзаларды түпкілікті белгілеу болды. Бұл жұмысты атқару ісі Ахметолла Барлыбаевқа тапсырылды. 1918 жылдың 25-маусым күні Өскемен уезінің 11 болысының өкілдері (Ертістің сол жағындағы) Қалба елінің жайлауына шақырылды. Бұл жиын туралы мәліметтер М .Дулатовтың 1918 жылдың маусымында жазылған "Алашорда үкіметіне баяндау хаты" бойынша беріліп отыр. М .Дулатов Өскеменге Алашорда үкіметі тарапынан арнайы жіберілген еді. Мақсаты - Алашорданың бұйрық-жарлықтарын елге ұғындырып, әскер жасақтау және қаржы жинау мәселелерін шешу болды. Бұл жөнінде "Сарыарқа" газеті: "Алашорда жұмысымен Ахмет Торғай облысына кетті. Мирякуб Өскемен, Зайсан уездеріне шықты. Әр облыста, әр уезде Алашорданың бұйрық, жарлықтарын орындауға арнаулы кісі шығарылса,жұмыс тез басқарылар еді". Өскемендік уездік басқарманың басшысы Әміре Айтбакиннен басшылық етуімен өткен бұл жиынның қаулысы: "қазір милиция да, ақша да бермейміз. Алашорданың жарлықтарын орындамай байқай тұрамыз. Омбыға Сібір комитетімен сөйлесуге Әмірені, тағы екі жолдаспен 3 кісіні жібереміз. Үшеуінің ұстауына 300 сом береміз" деген мазмұнда болды. Бұл қаулыға қарсы пікірде болған Мұқан Жөкежан баласы бастаған топтың сөзі тыңдаусыз қалды. М.Дулатовтың келуіне орай мәселе қайта көтеріліп, ертеңіне, яғни 26 маусым күні жиналған жұрт тағы кеңес құрды. М.Дулатовтың тарапынан қойылған сауалдарға жергілікті халық өкілдері мардымды жауап бермеді. Соған қарағанда жоғарыдағы қаулы тек Әміренің айтуымен қабылданған сияқты. Оған М.Дулатовтың "...жұрт деген жұртымыз онша көп те емес. Көбі Әміренің қошеметінде жүргендер. Біреулері -болыстықты Әміре арқылы аламын, біреулері - қолымдағы Әміренің арқасында біреуге бермей жеп жүрмін деген адамдар"- деуі дәлел. Осы сапарында М.Дулатов мынадай: "Өскемен уезін басқарып отырған Әміре Айтбакин автономист емес, ол Алашқа тілектес адам емес, сондықтан уезді оған билету қазақ үшін зиян. Автономияны қам қылу үшін автономияны сүйетін кісіні қою керек. Автономияға, Алашордаға қарсы кісіні автономия жұмысына қоюға болмайды" деген қорытынды жасайды. М.Дулатов аталған баяндау хаты арқылы осы өңірдегі жағдайдан көптеген хабар береді. Айталық, Өскеменде Алашорда бөлімінің жоқ екендігін, уездік басқармада екі ғана қазақ (бірі - Әміре, екіншісі - Дүйсенбі деген өлеңші жігіт) бар екендігін және мұнда қазақ соты құрылмағандығын тілге тиек етеді. Осындай жағдайдағы Өскеменге Алашорда тарапынан қам жасалуын сұрап, өзі Ғабдолрахым Ережеп баласы (Қатон-Қарағайдан) автономияны шын қуаттап жүрген адам, соны Әміренің орнына басшылыққа ұсынайық деген пікірін білдіреді. Өскемен уезін басқарған Әміре Айтбакин мен Мұқан Жәкежанов туралы Құсайын Жайсаңбаев өз естелігінде: "Өскемен уездік земствосының бастығы Әміре Айтбакин, ал Ұлан болысын Мұқан Жәкежанов басқарды. Земствоның Алашордамен тығыз байланыста болғаны жұртқа мәлім... М.Жәкежановтың Семейдегі алашордашылармен байланысы өте жақсы болған". Келтірілген құжаттан Алашорда үкіметінің іске кіріскендігін, үкімет тарапынан шығарылған бұйрық - жарлықтардың жүзеге асырылуы осы үкіметтің өкілі М. Дулатовтың ықпалымен орындалғаны байқалады. Өскемен уезіндегі келесі съезд 1918 жылдың 19 шілдесінде Алашорданың бастамасымен шақырылды. Онда Х.Ғаббасов съезд өкілдеріне автономияның қажеттілігін түсіндіруге тырысты. Алайда, өкілдер "автономия мәселесіне" қырын қарайтындықтарын білдірді. Съезд Сібір үкіметін мойындап, Алашорда пайдасына жиналатын қаржы мен әскерге жіберілетін адамдарды беруден бас тартты. Кейінірек, жергілікті билеушілер "Алашорданың автономияға ұмтылуы - федеративті автономия ұғымын арттырады"— деп, оларға күдікпен қарады. 1917 жылдың ақпан айында Қарқаралы уезінде Қу болысының 8 ауыл адамдары бас қосты. Онда оқу-ағарту мәселесі қаралып, әсіресе, тұрмыстары нашар жетім-жесірлерді оқытуға көңіл бөлінді. Оларға барынша қолдау көрсетіліп, мектеп жанынан пансион ашу, оған бөлінетін қаржы көздері анықталды. Семей облысына қарасты Өскемен уезінің Ақтасты болысында 1918 жылдың күзінде "найман ақсүйектері" бас қосқан съезд болды. Съезд Алашорда үкіметінің өкілі М.Дулатовтың қатысуымен өтті. Онда Жақсылық Болғанбаевтың талабы және алашордашылардың оған қойған арызы туралы мәселе қаралды. Съезд Ж.Болғанбаевтың алашордашылардан көрген зиянының орнын толтыру жөніндегі талабын қабылдамады. Қайта оны айыпты санап, алашордашылардың пайдасына айып пул төленетін болды. Съездің шешіміне қанағаттанбаған Ж.Болғанбаев "бес кісі найман емес",- деп, съезді тастап шығып кетеді. Съездің шақырылуына себепші болған Ж.Болғанбаев жөнінде айтып өтейік. Ол туралы Қ.Жайсаңбаев (К.Төгісовтің бажасы - К.І.) оның Көлбай Төгісовпен бірге Көкпектідегі 2 кластық орыс-қазақ школында оқығанын, өзінің Көлбайдан артық болмаса кем білмейтіндігін, оп - оңай біреудің жетегіне ере қоймайтын адам екендігін, Шығыс Қазақстандағы Ертістің сол жағындағы қазақ жерінде 1916 жылғы қазақтардың патшалыққа қарсы қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі және сол кезде Самар қаласында даңқты революционер В.Куйбышевпен кездескенін айта келіп, "оның тумысына біткен қасиеті - біреудің екінші адамның істеген қиянатына қарсы бет -беделіне қарамастан және ешкімнен қорықпастан, анық қатал күресуі еді" - деп еске алады. Міне, осындай батыл мінезді Ж.Болғанбаев пен алашордашылар арасында 1918 жылдың жазында өзі басқаратын болыстық басқармада қақтығыс болған еді. Бұл қақтығыста алашордашылардың күші түсіп,.Болғанбаев әйелі мен Казнакова селосының бір топ орыс шаруаларының (Ф.Петров, В.Ермолаев, И.Кунгурцев) ықпалымен ғана құтқарылады. Жаралы болған ол Көкпектіде емделіп шыққаннан кейін, осы жылдың күзінде алашордашылар тарапынан шеккен зиянының орнын толтыру үшін өз талабын ұсынған болатын. Алайда, оның бұл талабына жоғарыда айтылған Ақтасты болыстық съезінің шешімі оң қабақ танытпады. Ж.Болғанбаев өзінің саяси бағытында алашордағыларға қарсы болған. Өскемен уезінде милиция жинау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде ол жастарға: "...Колчактың да, онымен ауыз жаласып отырған Алашорданың да өмірі санаулы, өлімі жақын. Алдауға түспеңдер! Езілгендердің, кедей - батрақтардың заманы бүгін-ертең туғалы тұр",- деп олардың тарқап кетуіне себепші болған. Осы мәліметтерден ұлт-азаттық қозғалысында оның большевиктік ұстанымда болғаны, басқаша айтқанда азаттыққа, еркіндікке жету жолында Кеңес өкіметін қолдағаны белгілі болып отыр. Соған орай С.Қасиманов қызықты фактілер келтіреді. Соның бірі - "...1917 жылдың күзінде...екі топ қалыптасты. Ж.Болғанбаев тобына ергендер өздерін "біз қызылмыз, большевикпіз",- деп жариялап, жеңдеріне, тұмақтарының төбесіне қызыл шүберек тағып жүрді. Екінші топ ... қазақ атаулы бірлесіп, жеке хан үкіметін құрамыз, Алаш боламыз" деп даурықты деген факті. Бүгінге дейін ғылыми айналымда Ж.Болғамбаевтың тек большевиктерге қатыстылығы жазылып келген, ал алашордашыларға қатысты қызметі ашылмай келеді. Семей облысына қатысты мәліметтерде "Павлодар уезінде Қарамбаев деген бай 7 ауыл қазақтарын жиып съезд жасап, барлық ауыл тұрғындарына осы ауылда жасырынып жүрген орыстарды "сатпаңдар", "ұстап бермендер" бұйрығы берілгені кездеседі. Бұл шамамен 1918 жылдың көктемі болуы керек. Осы өңірде тағы бір бас қосудың болғандығы және ол большевиктерді қорғау бағытында өткендігі туралы хабарламалар бар. Жалпы Семей облысының уездері мен болыстарында өткен съезд жұмыстарынан байқалғаны - мұнда большевиктердің ықпалы күшті болған. Келесі Ақмешіт уездік жиылыстары туралы айтқан кезде, алдымен 1917 жылғы ақпан революциясын жергілікті халықтардың қуанышпен қарсы алып, өздері қалаған өкілдерін басқару орындарына қоюға тырысқан әрекеттеріне тоқталайық. Ақмешіт қазақтары "бұл біз таныс болмаған жаңа бір жол ғой", "басшы табайық",- деген жеделхаттарды әр жерге жіберіп, "Петербордан - М.Шоқайды, Термезден - С.Лапинді, Самарқаннан - Хасен Ибрагимовты, мұғалім Емберген Табынбаевты, Қоқаннан - Серікбай Ақаевты, Әндижаннан - Қоңырқожа Қожықовты, Қармақшыдан - мұғалім Ибрагим Қасымовты шақыртады". Бұлардан М.Шоқай, И.Қасымов пен Қ.Қожықовтан өзгелері уақытында келіп жетеді. Бірақ, әуелгі митингіде - ақ С.Лапин, Х.Ибрагимов және Е.Табынбаевтардың сөздерінен кейін халық арасында оларға деген сенімсіздік пайда болды. Осындай митингілер саны Ақмешітте 1917 жылдың 23 наурыз күні және осы айдың 25-26 күндері үш рет қатарынан болған. Ол жөнінде "Уақытша Перовскі Қырғыз депутаттарының Уездік Кеңесі ұйымының" тарихы туралы жазылған құжатта: "Перовскі уезінің қырғыздары С.Лапин, Х.Ибрагимов, С.Ақаев және Е.Табынбаевтардың осы уездің өкілетті өкілдерінің шақыруымен осында қырғыз ұйымдарын құру мақсатында келгендігі" айтылады. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін олар жергілікті ұлт өкілдерінен ұйымдастыру комиссиясын құрады. Оның басында С.Лапин тұрды. Бүл кезде Ақмешітте екі ағым бар еді. Бірі - ұлттық мүддені жақтаушылар, екіншісі - кеңестік бағыттағылар. Сол кезде соңғысының күші алдыңғысымен салыстырғанда әлсіздеу болды. Уездік Атқару Комитетінің құрамында комиссар, подпоручик Преображенский, уездік начальниктің көмекшісі капитан Барановский және уездік басқарманың тілмәші Ералы Қасымов болды. Жиылысты шақырып, өткізу барысында олардың ел арасында ықпалы күшті екендігі білінді. Наурыздың 23 күні болған бұл жиылыстың мақсаты - жергілікті ұйымдарды құру үшін халықпен алдын-ала сөйлесіп, ыңғайларын білу еді. Х.Ибрагимов жиылыстың төрағалығына С.Лапинді сайлауды ұсынды. Бұл ұсынысқа уезде көп жылдар еңбек еткен Ералы Қасымов қарсылық білдірді. Оған жауап ретінде С.Лапин төрағалыққа халық сенімінен шыққан кез-келген адам сайлана алады, бірақ Е.Қасымов сияқтылар емес дей келіп, ол туралы: "...біле білсеңіздер, Е.Қасымов нағыз ескі тәртіптің жолын ұстаушы, табиғатынан монархист (ол Кіші жүздің соңғы ханы Елікей Қасымовтың баласы). Міне, сондықтан осындай полиция чиновнигін жиналысқа төрағалық ету - масқарашылық ".... ол табынған ескі билік, яғни құдайдай көрген билік енді жоқ, ол билік тапталып, қазір халықтың аяғының астында жатыр ...сіз, полицейлік погондарсыз жүре алмайсыз ба" деген уәждеріне Е.Қасымов: "Лапин құдайды мойындамайды, менің атым арқылы халықты қорлап отыр" деген жауабым береді. Қасымовтың сөзінен кейін жиналғандар "жиналыстан кетемін" деген шу шығарады. Осылайша, Ақмешіттегі уездік жиналыс басталмай жатып, тарқап кетеді. Келтірілген құжаттан көрініп тұрғандай, Е.Қасымов дегенде халықтың "ішкен асын жерге қоятындықтары" байқалады. Мұндай жағдай оның ел арасында беделінің зор болғандығын көрсетеді. Айтылған пікіріміз дәлелді болу үшін мынадай мәліметке көңіл бөлелік: "Ертеңіне 7-8 мың шамалы қазақ митингіге жиналып, бұрынғы письменный переводчик болып тұрған Ералы Елікейханұлы Қасымовты, уездік Исполнительный Комитетке председательдікке һәм сыртынан М.Шоқаевты, Серқолла Бергеновты, Юсупбек Басығаринді һәм Сейітжан Байтаңатовты, сол комитетке член Опабек Алданазаровты, учитель Бабабек Есеновты, Басықара Жанкеевті, Бабай Тасболатовты һәм Қожа Ахметлисовті бұларға орынбасар сайлайды. Ақмешіттегі Уездік Атқару Комитетінің бұл құрамына өздерін сайламағанның ашуы шығар, С.Лапин бастаған ұйымдастыру комиссиясы мүшелерінің атынан түн ішінде Уездік Атқару Комитетінің атына арыз жазылады. Онда: "...бұрынғы уездной начальник, полковник Никольский һәм оның помощнигі капитан Барановский жұртты, халықты теріс түсіндіріп, өздерінің қызметтес жорасы Е.Қасымовты хан сайлатты. Мұндағы мақсаттары ескі хүкіметті қайта тірілтпек,"- деп хабарланған. Осыған орай Атқару Комитеті тарапынан сол түннің ішінде "Никольский, Барановский және Е.Қасымовты тұтқындау керек" деген шешім қабылданады. Наурыздың 25 күні қазақ біткен тағы да жиналып, Уездік Атқару Комитетіне Е.Қасымовты тұтқыннан босату жөнінде талап қояды. Ақыры бұл талап ескеріліп, Е.Қасымов тұтқыннан босатылады. Сол күні ол Атқару Комитеті тарапынан мойындалған Уездік Ұлттық Комитетінің төрағалығына салтанатты түрде сайланады. Ұлттық Комитеттің құрылуы турасында "...Е.Қасымов жағында болған 22 адамның 19-ы болыс басшылары болды. Олар Е.Қасымовтың келісімінсіз, халық атынан әр ауылдан 3 адамнан өкілдер сайлау туралы қаулы шығарды. Қаулы Ақмешіттегі Е.Қасымовтың пәтерінде жасалып, ауыл старшиналары мен болыс басшыларының мөрімен бекітілді. Осылайша, Е.Қасымовтың басшылығымен өкілетті емес адамдардан "Ақмешіт Уездік Ұлттық Комитеті құрылды" деген құжат кездеседі. Оның құрамында 5 адам - Е.Қасымов, 2 болыс басшылары, 1 іс жүргізуші, 1 ауыл мұғалімі болды. Олар Уездік Атқару Комитетіне халық өкілдері ретінде кірді. Бұл құжат большевиктерді қолдаған Х.Ибрагимовтың атынан жазылғандықтан, ұлттық қазақ комитетінің іс - әрекеттеріне сыңаржақты баға берілген. Ұлттық Комитеттің бұл әрекеттеріне ұйымдастыру комиссиясының мүшелері қырын қарады. "...Тілмаштар Ералыға жаппай қарсы шықты. Бұл заңды еді. Өйткені, олар бұрынғы қожайындарының арқасында туып жүрген оңай олжасынан, баю мүмкіндігінен айрылған-ды". Мұндай жағдайлар уезде билікке таласушылық процесінің қарама-қайшылықты жағдайда өткенін көрсетеді. Ұйымдастыру комиссиясының мүшелері уезді басқару бағдарламасын жасап, оны талқылау мақсатында наурыздың 27 күні қалаға жақын 7 болыстықтың тұрғындарын жинайды. Бұл жиналысқа 2000-нан аса өкілдер қатынасты. Күн тәртібіндегі басты мәселе "Уақытша Перовск қырғыз депутаттарының Уездік Кеңесін" құру болды. Жиналыста бұл Кеңеске уақытша 30 адам мүше болып сайланды. Өздерінің жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес Қырғыз депутаттарының Кеңесі Ақмешіт Уездік Атқару Комитетіне мүшелікке 5 делегатты енгізу туралы өтініш жасайды. . Бұған жауап ретінде Грослинг жолдастың төрағалық етуімен болған Атқару Комитетінің мәжілісінде сайлау жолымен болыстардан Е.Қасымовтың басшылығымен 5 делегаттың тізімі келіп түскендігі, соған орай Қырғыз депутаттары Кеңесінен келіп түскен өтінішті қараудың қажетсіздігі айтылады. Осы ретте И.Гержодгың естелігіндегі мына жайға назар аударалық. Онда: "...Х.Ибрагимовтың уезден қуылып кетуіне Е.Қасымов та бар күшін салды. Ол бұрынғы полицей приставы (кіші-гірім полиция бастығы - К.1.), офицерлердің сенімді адамы, сот тергеушісі Грослинг дегеннің оң қолы" делінген. Бұл деректен Атқару Комитетіндегі Грослинг пен Е.Қасымовтың бағыттары бір жақта болғандығы аңғарылады. Мәжілісте С.Лапин жоғарыда аталған тізімнің жалған екендігін және соларға қолдау көрсетіп отырған Атқару Комитеті де ескі тәртіпті, болыс пен билерді жақтап отыр деген пікірлерін айтады. Ал, шын мәнісінде С.Лапин жасаған тізім "әр болыстан өңшең орын тимегендерді бастап, қасына ертіп алып, бәрінде подложный приговормен" жасалған тізім еді. Мәжілістегі С.Лапиннің сөзінен кейін Грослингпен арада кикілжің туып, іс насырға шабады. Ақырында мәжілістің шешімі: "Қырғыз депутаттары Кеңесінің мүшелері тарапынан болған мұндай іс-әрекеттер зиянды деп табылып, оларға халық арасында жік салушылар деген айып тағылып, соған орай тезарада Перовскіден кетулері талап етілді". Бұл шешімнен кейін олар жергілікті халық ұйымдарын құру ісін жалғастыруға ықыласты Х.Ибрагимовты қалдырады да, қалғандары өз жөндерімен кетуге мәжбүр болады. Х.Ибрагимов өзінің алдына екі мақсат қояды. Олар: І )Ақмешіт Атқару Комитетінен тиесілі орын алу; 2)Ұлттық Комитеті тарапынан ұсынылған өкілдердің шын мәнісіндегі жағдайын тексеру болды. Осылайша, Ақмешітте бір - біріне қарама-қарсы екі ұйым: бірі -Ұлттық Қазақ Комитеті, екіншісі - Қырғыз депутаттары Кеңесі пайда болды. Бұған қосымша кейіннен М.Шоқайдың дерегі бойынша "Ақмешіт аудандық халық өкілдерінің Кеңесі (бастығы С.Лапин) құрылған. Х.Ибрагимов жағындағы жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі мен жұмысшы партиясы көпке тізгін бермеді. Осы кезде Е.Қасымов пен Х.Ибрагимов бастаған екі мұсылман тобы арасында рулық тартыстар болды. Оған большевиктер де килігіп кетті. Олар Е.Қасымовтың қолдаушыларын қысып, өздеріне ыңғайлы Х.Ибрагимовтың тобын уақытша сақтап қалды. Осы мәселелерге орай Перовск Совдепінің төрағасы И.Гержод "...эсермен-большевиктік, офицерлік Кеңес тарапынан репрессия жүргізілген кезде, уезден бірінші қуылғандардың бірі - Х.Ибрагимов болды. Оған "зиянды үгітші" деген айып тағылды. Оны большевиктер тобының мүшесі болмаса да, большевиктер өз қамқорлығына алғанын" нақтылайды. Х.Ибрагимов Шораи-Ислам ұйымына мүше болғандықтан болар, Аймақтық Орталық Мұсылман Комитеті өзінің кезекті мәжілісінде "Е.Қасымов басында тұрған Қырғыз Ұлттық Комитетінің іс-әрекеттері демократиялық бағытта жүргізілмегендіктен уездегі бірден-бір мойындалатын ұйым Қырғыз депутаттары Кеңесі болуы керек" деген шешім қабылдайды. Ақырында, жергілікті Кеңестер тарапынан қолдау тапқан Х.Ибрагимов "...сайлау дұрыс болмады деген арыздарды мандатный комиссия тексеріп, өткермей тұрып "подложный" сайланған уездной делегаттар арқылы 28-шілдеде Х.Ибрагимов өзін Уездной Исполнительный Комитетке председатель сайлатып алды". Бұл мәселеге орай "Туркестанский курьер" газеті "...1917 жылдың 28-шілдесінде Перовск уезінің 21 болысынан келген 19 өкілдің қатысуымен Уездік Комитет сайланып, оның төрағалығына бірауыздан Х.Ибрагимов сайланғанын" хабарлайды. Ұлттық Қазақ Комитетінің іс-әрекеттері жөнінде Х.Ибрагимов: "...олар демократиялық негізде құрылған өзін - өзі басқару орындарында жеке бастама көтере алмайды... Оның көрінісі олардың әрекетінің алғашқы қадамында - ақ байқалды. Бұл комитет Атқару Комитетіне толығымен бағынып, елге үн, қант үлестіру және ет лавкаларын күзету сияқты тапсырмаларын ғана орындады,"- дей келіп, осы тапсырмаларды орындау барысында да халық тарапынан қарсылыққа ұшырағандарын, себебі, үлестірілетін азық-түлік тек қана қолында өкілетті қағазы бар адамдарға берілгендігін айтады. Жергілікті халық ұйымдарын құру ісімен айналысып, нәтижелі табыстарға жеткен Х.Ибрагимов пен Матенов Атқару Комитетіне кіріп алғаннан кейін, оның мәжілістерінде Ұлттық Қазақ Комитетінің іс-әрекеттеріне орай кейбір шешімдерді өзгертуге ықпал жасады. Мәселен, олар "Қырғыз Комитеті халықтың келісімінсіз 110 ірі қара малды жергілікті гарнизонный пайдасына деп алған Е.Қасымов Атқару Комитетіне "бұл малдарды халық өз еркімен құрбандыққа беріп отыр",- деп мәлімдеген. Солай болса да, халық арасында мал өткізуден тартынып отырғандар кездеседі дей келіп, тағы басқа осы сияқты фактілерді алға тартады. Ақырында Ұлттық Қазақ Комитетінің ұсынуымен Ибрагимовты комитеттің мүшелігінен шығару және 24 сағаттың ішінде өзінің мекен –жайынан кетуі туралы шешім қабылданады. Десе де, X.Ибрагимов уезде жергілікті ұйымдарды құру ісінде нәтижелі істер тындырды. Айталық, он 1917 жылдың 9 наурызынан бастап осында 60 ауылдық ұйымдар (болыстарда) құрып, қалалық басқармаға сайлау кезінде белсенділік танытқан. Сонымен қатар Перовскідегі жергілікті ұлт өкілдерін орыс халқымен жақындастыру мақсатында "Жәмиғат-Исламия" деген ұйым құрады. Оның құрамына қырғыз, татар, сарт өкілдері кіріп, осы коғамның мүшесі А.Ибрагимов екеуі жергілікті халықты елде болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғалармен таныстырып, оларды құрылмақшы Құрылтай жұмысына дайындаған... Осы жұмысты алға жылжыту үшін X.Ибрагимов пен И.Гержодтың бастамасымен Перовскіде халықтың саяси білімін жетілдіретін орыс - мұсылман қоғамы құрылды. Осы қоғам арқылы Мәскеу, Петроград, Қазан қалаларынан саяси әдебиеттерді жаздырып алып отырған. Осы келтірілген құжаттардан Ақмешіт уезіндегі жергілікті ұйымдардың өзара байланысын және оның басындағы өкілдердің іс-әрекеттерінің қандай бағытта, қандай деңгейде болғанын көреміз. Жоғарыда айтылған екі ұйым тарапынан қарсыластарға ұшыраса да, Ұлттық Қазақ Комитетінің бір шама іс шараларға қол жеткізгенін аңғарамыз. Оны осы комитеттің төрағасы Қасымов қол қойған және комитеттің мөрі басылған құжат тар дәлелдейді. Осы ретте ақ мешіттіктер хан сайлаған Ералы Қасымов туралы профессор И. Шамшатұлы: Ол: "халқына қайыспай қызмет еткен Әбілхайыр ханның баласы Ералыдан туған Ибраһим Елікейұлы Қасымов пен Ерғали Елікейұлы Қасымов" деп екеуінің ағайынды екендіктерін жазады. Бұл пікірді Гүлнәр Міржақыпқызы да "Қызылордаға келісімен орналасқан үйіміз Ерғалы Қасымов төренің үйі болатын...Астана 1928 жылдың жазында Алматыға ауыса бастағанда... босаған үйдің орнына Ерғалының інісі Ибраһим Елікейұлы Қасымовтың семьясы көшіп келген-ді", - деп растай түседі. Өкінішке орай Ералы Қасымов туралы тарихи деректер тым жеткіліксіз. 1918 жылдың 11 қаңтарында Ташкенттен 5-6 шақырым жердегі Қойлықта уездік мұсылмандар съезі болды. Оған сарт, қазақ өкілдері бар барлығы 600 шамасында адамдар жиналды. Съезді Әлмұхамед Көтібаров басқарды. Алашорда үкіметінен М.Дулатов өкіл ретінде қатысты. Съезде " Түркістан автономиясы" мәселесі сөз болып, жиналғандар Түркістан Уақытша үкіметін шама келгенше қолдайтындықтарын білдірді. Бұл пікірге ғұламалар қауымынан келген өкілдер қарсы болып, "...бізге Уақытша үкіметтің істеген түк пайдасы жоқ, біз өз дегенімізбен боламыз", - деді. Қанша қарсылық көрсеткенімен, олар соңынан адам ерте алмады. Ақырыңда бұл съездің қабылдаған шешімі төмендегідей болды: 1) Түркістан автономиясына қосылып, Уақытша үкіметке қолдан келгенше ақша һәм басқа күш көмек беріп тұруға; 2) Ташкент уезіне 3000 кісілік милиция жасап, бұның шығыны үшін әр участоктен 100 мың сомнан 400 мың сом жиюға; 3) Большевиктер Ташкент уезіне 32 кісілік бір тінту комиссиясын шығарып, әр қышлақты тінте бастаған екен, мұны осы күннен бастап тоқтату қамына кірісуге һәм азық - түлік ісін жөнге түсіру үшін арнайы сайланған 45 кісіні шығарып, оларға милиция құру жұмысы да тапсырылған. Съезге большевиктер де қатысып, сөз алмақшы болады. Бірақ, өкілдер "халықтан жиналған азықты аштарға үлестіріп береміз деп (осындағы 100 шамалы аштарға) еш нәрсе бермей отырсыңдар, сол жөнінде есеп бермейсіңдер, сөздеріңнің керегі жоқ",- деп қарсылық білдіреді. Бұдан съездің әлеуметтік құрамы түрліше болғандығы байқалады. 1918 жылдың 16 қаңтарында Қазалыда көзі ашық оқыған жастар мен ақсақалдардың ұйымдастыруымен жиналыс болды. Мақсаты – аш - қазақтарға жәрдем комитетін ашу болды. Комитет ашуға ат салысқан 20 адам өз арасынан төраға, оның орынбасарлары, хатшы мен қазынашысын сайлады. Бұл жұмыстар осы сайланып қойылған мүшелер Кеңесі арқылы атқарылуы тиіс екендігі айтылып, қаулы қабылданды. Аштарға берілетін азық-түлік үлестіруші - конторчик пен оның әрекетін бақылайтын комиссарлар сайланды. Бүл істі жүзеге асыру барысында 3764 сом қаржы жиналды. Сыр бойында күз басталысымен мал ұрлығы көбейіп кеткендіктен, осы мәселені әділ шешу мақсатында Ақмешіт уезіндегі Жүлек (Джулекскийдің есіміне байланысты қойылған - К.І.) ауданына қарасты 9 болыс адамдары Шиеліде 1917 жылдың 20 қарашасында бас қосты. Мал ұрлығын тыю туралы 100 адам қол қойған 12 пункттен тұратын қаулы қабылданды. Осы қабылданған қаулыларға орай "Бірлік туы" газеті: "...қағаздағыдай қылып орындата алса, мұнысы жұрттық екені рас... жәрдемге солдат алғандары адасқандық", жүгенсіз кеткен солдаттар біздің жұрттың • ырын біліп алған соң, өз дегенін істеуі мүмкін. Солдат шығару қашанда жақсылық емес", - деп, оларды бұл әрекеттен сақтандырады . Осы сияқты ұрлықты тыю мәселесіне орай комитет тарапынан және жоғары жақтан ешқандай шара қолданылмай, іс насырға шапқан соң, Қармақшы төңірегіндегі 8 болыс халқы (Куаңдария, Қарабастоғай, Көшербай және т.б.) 1917 жылдың 30 желтоқсанында съезд ашты. Съезге барлығы 225 өкіл қатысып, өз араларынан төрағасын, хатшысын сайлады. Өзара кеңескеннен кейін 19 пункттен тұратын қаулы қабылдады. Қаулылардың мазмұны жоғарыдағы Шиелі болыстық съезінің қаулыларымен шамалас. Қаулының соңғы пунктінде осы істермен айналысатын ұйым Қармақшыдағы тығыз істерді тексеріп тұратын билердің бастығың Қабылан Қашқынбай баласының мекемесінде .ашылсын" делінген. Келтірілген уездік және болыстық съездер мен жиындардың қаулыларынан көрініп тұрғанындай, көбіне әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге баса назар аударылып, облыстық және жалпы қазақ съездерімен салыстырғанда күн тәртібіне тек жекелеген мәселелер ғана қойылған. Уездік жөне болыстық қазақ съездерінің жұмысы туралы архивтік деректердің аздығына байланысты бұл тараудың көлемі шағындау болды.

3-ТАРАУ

БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҚҰРЫЛТАЙ ЖИНАЛЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ СЪЕЗДЕРІ

Бірінші жалпы қазақ съезі және оның шешімдері

1917 жылғы ақпан революциясынан кейін мемлекет тізгінін өз қолына алған Уақытша үкімет "бір жағынан Россияда жаңа тәртіп жасауға ұмтылғанымен, екінші жағынан бұрынғы Романов хүкіметі бастаған соғысты тоқтауға ыждаңат қылмады. Олар бұл Европа соғысынан бір жолы екі үлкен мақсаттарына жетіп қалмақ болды. Оның бірі, Россиядағы ескі тәртіп орнына жаңа тәртіп құру, екіншісі, өшкен Россияның сыртқы жауларын жеңіп, Стамбул, Дарданиелді қолға түсіру еді". Сол себепті өзгерістің басынан - ақ "соғысты доғару керек" дегендерге құлақ аспай, неше жылдай соғыс қатты болып, әлсіреген Россия халқына екі үлкен жүкті бірдей артты. Европа соғысы Ресей халқын әбден қалжыратқанды. Бұл жөнінде "Қазақ" газеті: "июль басынан бері жаудың әскері күшейгенін, соғыстағы әскер төбелеспей қашып жатқанын, наурызда жаңа хүкімет атып-асып, жазалы кісіні өлтіруді жоқ қылғанын, енді майданда қайтадан жазалыны атып-асып, өлтіретінін, надандық қараңғылық арқасында амалсыз қайта жойылып, мемлекет хәлі зор қатерге айналғанын, ал үкімет күшке салатын жолға бет алғандығын" жазды. 1917 жылғы шілденің 3-4 күндері Петроградта соғысты тоқтату бағытында өткен солдаттар мен жүмысшылардың демонстрациясын Уақытша үкіметтің күшпен басуы халықтың үкіметке деген сенімін жоғалтты. Шілде дағдарысы елдегі саяси жағдайды өзгертіп, қосөкіметтіліктің аяқталуына әкеліп соқтырды. Саяси биліктен үміткер большевиктер елдегі осы жағдайды пайдаланып майдандағы әскерді өзіне аудармақ болды. Большевиктердің алдында тұрған мұндай жаңа міндеттерді шешу ісі 1917 жылдың 26 шілде-2 тамыз аралығында өткен большевиктер партиясының VІ - ші съезінде қаралды. Оңда социалистік революцияны тек қарудың күшімен ғана алу керектігі айтылды. Бұл әрекетті іске асыру оларға қиындық тудырмады. Өйткені, "Уақытша хүкімет одақ патшалардан бөлініп, бітім жасамау жолында еді. Одақ патшалар Германияны мұқатпай, соғысты тоқтатпайтын ниетте болды. Уақытша хүкіметтен алып, тез бітім жасамаймыз дегені - большевиктердің әскерді азғырып өз жақтарына шығаруға себепкер болды. Большевиктер " соғыстан елге зияннан басқа еш пайда жоқ. Уақытша хүкімет ел пайдасын ойламайды. Пайдасыз құр соғысты созып отыр. Ел билігінің тізгінін Уақытша хүкіметтен алып, тез бітім жасаймыз, бізге еріңдер"- деген соң, еліне қайтқысы келіп отырған солдаттар большевиктерге ерді де кетті. Қараңғы надан жұрт большевиктердің "тегін жер береміз, соғысты тоқтатамыз" деген уәделерінің тұрмыста қалай іске асырылатынын тексерместен соңдарынан еріп, әскер һәм жұмысшы мәжілісі, мұжық қауымы зорайды. Қатердің түп тамыры күшті болғанның үстіне Корнилов оқиғасы мемлекет ішінде тәртіпті бұрынғыдан жаман әлсіретіп жіберді. Соның салдарынан майдандағы болсын, іште болсын тәртіпсіздік тым күшейді. Мұның бәрі Уақытша үкімет тарапынан жүргізіліп отырған соғыс саясатына наразылықтың көрінісі еді. Елдегі осындай саяси дағдарысты қадағалап отырған Ә. Бөкейханов "біздің қазақ жұртының зор саяси іске кірісер жабдығы жоқ.. Болысып біз істі ілгері жүргізбейміз, қарсы тұрып. тоқтатпаймыз...Келер уақытта Алаш баласының бақыты мемлекет ісімен байлаулы, матаулы. Мұндай мемлекет басына күн туғанда біздің Алаш баласының қылатын ісі бірлік қылып,. бостандық, теңдік, туысқандықты пайдаланған, жұрттың бүтіндігін ойлаған жергілікті хүкімет кісісіне соғыс туралы мал беріп, астық, пішен беріп болысу Земство, Учредительное собрание келе жатыр. Осыларды адамшылықпен дұрыстап өткізу" - деп жазды. Міне, осындай міндеттерді орындау мақсатында 2-8 сәуір аралығында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылданып, оны даярлау үшін "айрықша" бюро құрылған еді. Осы бюроның ұйғаруымен жалпы қазақ съезі 1 тамызда болады деп тұрғанда, "ел ішінде Петроградтағы, Шораи-Ислам председателі Ахметбек Салықовтан һәм сондағы қазақ өкілдері Уәлихан Танашев, Жақып Ақбаев һәм Жаңанша Досмұхамедовтен "Қазақ" басқармасына: "Учредительное собрание 17 қыркүйекте болатын болды. Депутаттар тізімі І ай бұрын, яғни 17 тамызда тапсырылмақ болды. Соның үшін жалпы қазақ съезін 20 шілдеден соңға қалдыруға мүмкін емес. Қазанда ашылуға ұйғарылған жалпы мұсылман съезінің де күні солай өзгертілді",- деген жеделхат келеді. Мұндай жағдай земство сайлауын да тезірек өткізуді талап етті. Сөйтіп, съезге болыс басы кісі шақыру түгіл, уезд басы кісі шақырудың өзі қиындап кетті. Айналдырған 12-13 күннің ішінде шет облыстардың уездеріне қайта хабар беріп, олардың 20 шілдеге жетуі мүмкін емес еді. Сонан кейін бюро амалсыз әуелгі қаулысын өзгертіп, съездің күні 20 шілде болсын һәм әр облыстан болыстық комитет ағзаларынан 2 өкіл келсін" деген шешімге тоқтады. Онан басқа лаж болмады, бұрылуға, бұлтаруға болмады. Осы ретпен Орынбор қаласында 1917 жылдың 21 шілдесінде 1-ші жалпы қазақ съезі өз жұмысын бастайды. Съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей Ордасынан және Фергана облысының қазақтарынан өкілдер қатынасты. Сырттан Қарағанда съезге келген 20-дан астам өкілдердің саны "жалпы қазақ съезі" деп ауыз толтыруға олқы көрінсе де, шығарған қаулылары олқы болған жоқ. Оның күн тәртібіне қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тікелей қатысы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Олардың басым көпшілігі сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ съездерінде алдын-ала талқыланған болатын және ең маңызды дегендері жалпы қазақтық Құрылтайға ұсынылған еді. Олар мыналар: 1) Мемлекет билеу түрі; 2) Қазақ облыстарынан автономия; 3)Жер мәселесі; 4) Халық милициясы; 5) Земство; 6) Оқу мәселесі; 7) Сот мәселесі; 8) Дін мәселесі; 9) Әйел мәселесі; 10) Құрылтай сайлауына даярлану және қазақ облыстарынан депутаттар; 11)Бүкілресей мұсылмандарының Кеңесі ("Шураи-Ислам"); 12) Қазақ саяси партиясы; 13) Жетісу облысының оқиғасы; 14) Киев шаһарында болатын Бүкілресей федералистерінің съезіне және Петроградта болатын оқу комиссиясына өкіл жіберу. Х.Досмұхамедовтың төрағалығымен, А.Байтұрсынов, Ә.Көтібаров, М.Дулатов, А.Сейітовтің ықпалымен еткен 1- ші жалпы қазақ съезінің делегаттары аталған мәселелердің ішінде басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысына дайындық және қазақтың саяси партиясын құру проблемаларына аударды. 1917 жылдың 1 - мамырында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде де мемлекетті билеу түрі қандай болмақ деген мәселеде екіге бөлінушілік байқалды. Ресей мұсылмандар бюросының төрағасы А.Салықов бастаған унитаристер "Россия халқы жік-жікке бөлініп кетсе, ондағы мұсылмандар бөлектеніп, әрқайсысы өз алдына амал қылып, бірлігі кемімекші"- деп, Ресейдің унитарлы (бөлінбес) федерация болуын жақтады. Ал, кавказ-әзербайжан өкілдерінің атынан келген Бек-Расулзаде бастаған федералистер "өр халықтың билігі өз алдына болып, ынтымағы ғана біріккен федеративтік республиканы" жақтады. Федералистердің осы пікірін қуаттаған кавказдықтар мен сарт ағайындардың қатарында қазақ зиялылары да болды. Осы мәселеге байланысты "Қазақ" газеті: "Жалпы қазақ съезінде федерация деген сездің талқыға түскені - мұсылман бірлігі кемиді-кемімейді дегеннен емес, онан басқа жағынан. Россия федеративтік республика боламыз деп тұрса, бізде солай деушілерге қосылайық. Өз алдымызға федерация боламыз деп онша ентелемейік" деген пікір жалпы қазақ съезіндегілердің бірсыпыраларына ұнамағанын" жазады . Келтірілген мәліметтен көрініп тұрғандай автономия мәселесінде съезд өкілдерінің арасында екі пікір қалыптасқандығы аңғарылады. "Съезде ұлттық интеллигенцияның кейбір көрнекті өкілдерінің арасында бөліну бағыты байқалды. "Қазақ автономиясы" мәселесін талқылауда М.Дулатов, А.Байтұрсынов және т.б. федерацияға кірмейтін "тәуелсіз ұлттық автономияны" жақтады. Алайда, бұл идеяны Ә.Бөкейханов қолдамағаны" белгілі болды. Бұған қосымша К.Нұрпейісов осы пікірді жаңғырта отырып, Ә.Бөкейхановтың "демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы" қазақтың ұлттық-территориялық автономиясын қолдағанын алға тартады. Осындай әртүрлі пікірлер талқыға салынғаннан кейін, съезд "қазақ облыстары ұлттық-территориялық автономия алуға тиіс" деген шешімге келді. Мұның себебін зиялы қауым өкілдері "қазақ мал баққан көшпелі халық. Өнеркәсіп жоқ. Мемлекет шығынын көтеретін байлығы жоқ. Мемлекет ісіп атқаратын адамдары да жоқ. Бұл - бір. Екіншіден, қазақ пен орыс аралас-құралас отырған уездер мен елдер бар. (федерация болуды олар қуаттап, бізбен бірге мемлекет боламыз" демесе, оларды көшіріп жібереміз бе, жерін тастап қазақтар шыға қояр ма, бұл жағы қиын ... Мемлекет шығынын көтеру былай тұрсын алдағы уақытша болатын земство шығынына шыдаса да мықтағаны. Қазақ ісінің бәрі бір орыннан таралып, жүзеге асырылуына негізінде облыстық автономия тиімді. Онда жергілікті жеңіл істердің билігі сол жерде болады да, ал ауыр істердің барлығы дерлік мемлекет жауапкершілігіне жүктеледі - деп түсіндіреді. Қалай болғанда да жер мен су кәсібінен түсетін пайданың қауыз - қабығы қазақтыкі, дәні басқалардыкі болмау жағын ойластырған мақұл",- дей келіп,- "бүгін федеративтік мемлекет құрылса, ертең өзіндік мемлекет қалыпқа келуі керек және соған лайықты істерді қолға алу қажет. Мемлекет жұмысына жарарлық адамдар даярлап мемлекет шығынына шыдарлық қаржы таба білген жөн. Осы жұмыстарға қазақ палуан болса, онда Учредительное собраниеге баратын делегаттарға "федерация боламыз" деп ашып айтып жіберу керек "- деп тұжырымдайды. Бірінші жалпы қазақ съезі Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені жан-жақты талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті. Осы мәселенің бірінші жалпы қазақ съезінде қаралып, әр облыс ұсынған адамдардың тізімі жөнінде "Сарыарқа" газетінде: Учредительный собраниеде істелетін жұмыс әр облысқа, әр тапқа емес, әрісі - мемлекеттің, берісі - рулы елдің жұмысы болатындықтан, қазақта әр облыстағы елі бет-бетімен кетпей, пікір біріктіріп, ертеңгі ұлы жиында бірауыздан шығуы керек.. .сондықтан, қай болыстан қай жігіт таңдалса да, бүкіл қазақ болып ырзалық көрсетуі керек, - деп әр облыстың Учредительное собраниеге атаған азаматын қазақ съезі қарап, ұнаса ұнағандығын, ұнамаса ұнамағандығын айтпақ болды және депутат болатын азаматтардың қысқаша ғұмырында не қылған жақсы, жаман істерін, байлаулы мінезін айтып,ұнамау мінезі болса, тіпті облыстық съезд жасаған списоктен біржола шығармақ, не орын ауыстырмақ - деп жазды. Осы ретпен съезде Құрылтай жиналысына депутаттар белгілеу мәселесі өте ұқыптылықпен, әрі халықтың пікірін ескере отырып, жан-жақты талқыланды. Съезд депутаттар тізімін осылайша бекіту арқылы жалпы ұлттық мүддені бірінші кезекке қойды. Күн тәртібіне қойылған оқу-ағарту, дін, әйел мәселелері турасында қабылданған съезд қарарларынан ұлт зиялыларының ықпалы күшті болғандығы айқын. Бірінші жалпы қазақ съезінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру мәселесі еді. Соған орай А.Кенжеұлы: "...Россияда осы күні түрлі партиялар бар... Қай партияның болса да, программасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейтіндігін, сондықтан, біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасамайынша болмайды. Оны жасау, қандай жол түту, оны һәм сол жалпы қазақ съезінде кеңесу керектігін" маңызды санады . Осы мәселе туралы съезд қабылдаған қарарда "қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бүл партияның жобасын жасауды съезд Шораи - Исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ... Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы съездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына намаз-аманат болады" делінді. Алайда, Шораи-Исламға сайланған қазақ өкілдерінің съезге мезгілінде жете алмауларына байланысты партияның жобасы жасалмай қалды. Ақырында Орынбордағы қазақ зиялылары Құрылтай жиналысына уақыттың тым аз қалғанын Ж.Досмұхамедовтің ашық хатының мазмұнын ескере отырып, "...съезд қаулысы халыққа мағлұм. Партия ұраны десек, бабамыздың "Алаш" ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сөйтіп, қазақ саяси партиясының атын "Алаш" қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп отыр. Жалпы қазақ съезінің қаулысын қабыл етіп, қазақ өз алдына саяси партия болуын қостайтындар сайлауға кандидат тізімін "Алаш" партиясының тізімі деп жүргізу керектігін баса айтылды. Жоғарыда айтылғандай Ресейдегі саяси партиялардың бірде-біреуі қазақтың мүддесіне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес келмеген-ді. Осыған орай "Сарыарқа" газетінде жарияланған "Ұлы орыс үстемдігі" атты мақалада: "...қазаққа шындығын беріп, сызын білдіріп, соңынан ертер, қатарға ертіп, тең тұтар сенімді орыс партиясы, орыс табы тағы жоқ. Орыстың қай партиясын, қай табын алсаң да орыс - пен басқа жұртты тең ұстағысы келмейтіні" жазылса , "Жас азамат" газетінде: "...орыс халқы иманын өзгертіп құйқылжи берсе де, біздің қазақ Алаштың жолынан айрылмау керектігі айтылып, "бір кезде бізге кадет партиясынан қол партия жоқ еді. Енді міне заман ағымы, саясат түріне қарай негізгі тілегіміз өзгерген соң, кадеттер түрі қол бол май отыр...Россияны көрден жарыққа шығарған чех халқының социалистері, Германияның австриялық социалистеріне шар салмай, өздерінің байларына салады. Жайшылықта ұзара қайшыласып жатса да, ұлт деген ұранға келгенде бірігіп кетеді..."өлсең де ұлтыңмен бол" дегенді ұмытпайық делінді. Осындай пікірлері арқылы қазақ зиялылары халықтың басын біріктіретін ұлттық ұран, ұлттық идеяның қажет екендігін білдірді. "Менің идеям - халқым, халқыма қызмет ету" деп, Дж.Неру айтпақшы, ұлттық идея тек өз ұлтына қызмет етуі тиіс. Қай халықтың болмасын, бетке ұстар азаматтарының өзіндік үні, пікірі, идеясы қажет... Қазақтың ұлттық идеясы Алаш партиясы бағдарламасының жобасында айқындалды. К.Нұрпейісов: Ә.Бөкейханов бастаған топ Алаш партиясын құру үшін (1905-1918ж.ж.) он үш жыл жұмыс істеп, олардың жан-жақты (рухани жағынан, саяси жағынан, отаршылдыққа күрес жағынан) мұқият дайындалып, бәрін ой елегінен еткізгендігін жазады. Қазақ зиялыларының саяси ұйым құруға жасаған алғашқы талпынысы да осы кезеңге тән. Бүл мәселе жөнінде, яғни партияның құрылуы, қазақ зиялыларының саяси бағыты, кадеттермен ымыраға баруы туралы толық мәліметтер 1933 жылғы 8-28 желтоқсан аралығында БК/б/П Қазақ Өлкелік Комитетінің жанындағы партия тарихы институтында ұйымдастырылған Алашорда және Алаш партиясы тарихына арналған пікірсайыс құжаттарында айтылған. Онда бұл партия Ресей кадеттерінің филиалы ретінде бағаланды. Бұл ұйымды құрушылар кадеттер үлгісіндегі жалпы ұлттық саяси партия жасауды мақсат етті. Партия бағдарламасының белгілі заңгер Б.Қаратаевтың тікелей жетекшілік етуімен жазылғандығы, Орал қаласында Қазақ конституциялық - демократиялық партиясы мүшелерінің бірнеше жиналысы өткендігі және оған Қарасу, Шалқар, Жымпиты, Сабынқұл, Қызышқоға, Соналы, Қырашығанақ, Шыңғырлау, Индер және Жетіқұл болыстарының бас көтерер адамдары мен дін басылары шақырылғаны, осы жиындарда Мемлекеттік Думаға депутаттар белгілеу, сондай - ақ аманат етер талап-тілектер жайы кеңесілгендігі және 9 бөлімнен тұратын партия бағдарламасы мен 9 пункттен тұратын партия жарғысы жөніндегі деректік мәліметтер А.Махаеваның "Қазақтың тұңғыш саяси партиясы тарихының беймәлім беттерінен" деп аталатын мақаласында толық берілген . Мұнда берілген бағдарлама мен жарғы мазмұнынан ұлт азаттығы үшін күрескен қазақ зиялыларының саяси келбеті айқын көрінеді. Сонымен қатар бұл құжат Қазақ конституциялық - демократиялық партиясының өзіне тән жақын кезеңде атқарылатын міндеттері мен түпкі мақсатын айқындайтын бағдарламасы және оның ұйымдық құрылымы мен нақтылы іс-қимылын белгілейтін жарғысы болғандығын көрсетеді. Өкінішке орай 1917 жылдың шілде айында құрылған "Алаш" партиясының нағыз саяси партияға тән осындай бағдарламасы да, жарғысы да болған жоқ, тек партия бағдарламасының жобасы ғана жасалған-ды. Соңғы кезде осы мәселе төңірегінде зерттеушілердің арасында түрлі пікірлер қалыптасқан. Айталық, профессор Т.Кәкішев: "шындығында партия құрылуының заңдылығы талап ететін шарттарға келсек, онда оның жарғысы болмай ма, сол жарғы мен бағдарламаны жүзеге асыратын комитеттері мен жергілікті ұйымдары болмай ма?" деген сауалдар қойып, осы күнге дейін мұндай құжаттарды айғақтайтын деректерді кездестірмегенін айтады. Ал, 1992 жылы өткен "Қос төңкеріс және Алаш қозғалысы" атты дөңгелек үстелге қатысқан ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, профессор К.Нұрпейісов тарихи деректерге сүйене отырып, "Алаш" саяси ұйымының қатарында болғандардың санын дәл басып айту қиын. Өйткені, оның мүшелеріне партия билеттері берілмеген, ұйым қатарындағылардың саны туралы архив құжаттарында сенімді мәліметтер де кездесе қоймайды. Осы күнге дейін айтылып жүрген мәліметтер тек жорамалдар ғана",- дей келіп, М.Дулатовтың 1929 жылдың 30 қарашасында және М.Жұмабаевтың осы жылдың 4 шілдесінде ОГПУ тергеушілеріне берген жауаптарын алға тартады. Сөзінің соңында Алаш қозғалыстан партия дәрежесіне жетпеген саяси ұйым деген тұжырым жасайды. Профессор М.Қойгелдиев: "...әрине европалық түсінік өлшем тұрғысынан алғанда, "Алаш" саяси партия деңгейіне көтеріле алмаған сияқты болып көрінуі әбден мүмкін. Ал, қазақ қоғамының сол тұстағы қоғамдық даму ерекшелігін ескерсек, Алаш саяси партия есебінде өз міндетін атқара алды және бүл ретте ұлт тарихында өшпес із қалдырды",- деген пікірін білдіріп, Алаш қозғалысы мен "Алашорда" үкіметінің іс-әрекеттерін тілге тиек етеді. Ал, профессор Т.Омарбеков жоғарыда айтылған М.Дулатов пен М.Жұмабаевтың сөздерін кінәні ауырлата бермеу үшін әдейі жалтарған",-деген пікір айтады. Міне, осындай пікірлерді ескере отырып, Ә.Бөкейханов бастаған ұлт зиялылары өтпелі кезеңнің күрделілігіне, уақыттың тым тығыздығына және ұлттық кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты нағыз саяси партияға тән шарттарды толық орындай алмағанымен, шын мәнісінде қазақ халқының келешек тағдырын анықтап, жалпы ұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, соның жолында жеке бастарын құрбандыққа шалды десек артық айтпаған болар едік. Мәселе партияның шарттарына, затына байланысты емес, оның атқарған қызметіне байланысты деп ойлаймыз. Айталық, жоғарыда айтылған шарттарға байланысты "Алаш" партиясының жергілікті комитеттерінің құрылғандығы жөнінде М.Қойгелдиев: "деректік материалдардың көрсетуіне қарағанда, мәселен, Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазан айының шамамен 12-20-шы жұлдызы аралығында (1917 ж.) партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, сонан соң Омбыда, ал қарашаның 10-на қарай Орынборда ашылғандығын" айтады. Ұлт зиялыларының бүл әрекеті 1905 жылы құрылған Қазақ демократиялық -конституциялық партиясының жарғысындағы "Қазақ конституциялық демократиялық партиясының орталық комитеті болады және партия мүшелерінің съезі өткізіліп тұрады" деген 5-ші пунктіне сәйкес келеді. Мұның өзі ұлт зиялыларының нағыз саяси партияға тән шарттардың болу керектігін сол кездің өзінде айтып кеткендігін көрсетеді. Олар мұның бәрін түсінді, бірақ жоғарыда айтылған себептерге қосымша билік басына келген Кеңес өкіметі мен 1918 жылы басталған азамат соғысы "Алаш" партиясының толық қалыптасуына мүмкіндік бермеді. Қарама-қайшылығы мол тарихи кезеңде көлемі жағынан ықшам болғанымен, саяси мазмұны жағынан терең партия бағдарламасының жобасын дүниеге әкелудің өзі қазақ қоғамындағы зор жетістік еді. Оны "Алаш" партиясының Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлауындағы қол жеткізген табыстарымен түсіндіруге болады. "Кіндік Комитеті де, дұрыс бекітілген программа жобасы да болмаған партия атынан қазіргі қазақ облыстарында Құрылтайға сайланатын қазақ мүшелерінің кандидаттық тізімі жарияланды һәм ол тізім жаңылмасам Құрылтайға өткен секілді"- деп жазды Қ.Кемеңгерұлы. "Алаш" партиясының сайлау алды бағдарламасына орыс басылымдары "Алаш - демократиялық радикалдық партия, оның халық бостандығы партиясынан айырмасы федеративтік демократиялық республиканы талап етіп, жерге жеке меншіктік болуға қарсы шығып шіркеуді мемлекеттен бөлуді жақтауында" деген бағасын береді. Жалпы, "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасынан көрініп тұрғандай, партияның көздеген түпкі мақсаты - қазақ халқын отарлық езгіден азат етіп, ұлттық дербестікке қол жеткізу болды. Бүгінгі ұрпақ XX ғасырдың 80 жылдарының аяғына дейін "ұлтшыл", "контр-революцияшыл", буржуазиялық - либералдық тағы басқалар болды деп, біржақты бағаланып келген "Алаш" партиясының шын мәнісінде ұлт - азаттық қозғалысының ұйтқысы болғанын жоққа шығара алмайды. Өйткені, өзін "Алаш" партиясының мүшесімін деп есептеген, тұрақты саяси бағыты бар әрбір Алаш азаматын ұлты мойындаған еді. Сондықтан "Алашты" ұлттық интеллигенция өкілдерінен тұратын, идеологиясы отар -шылыққа қарсы бағытталған ұлттық-демократиялық саяси пария деп бағалауға толық негіз бар. Кеңестер мен Уақытша үкімет арасындағы саяси қарсылық 1917 жылдың аяғында әбден тереңдеп, шарықтау шегіне жетті. Мұның өзі түрлі саяси күштердің әлеуметтік саяси мәселелер төңірегінде жікке бөлініп, бір-біріне қарсы ашық күреске әкелген-ді. Осыған ұқсас процестер қазақ қоғамына да тән болды. Мұны "Үш жүз" партиясының өмірге келуінен көруге болады. "Үш жүз" партиясы тарих сахнасына 1917 жылдың қараша айының ортасында шықты. Бұл жөнінде "Сарыарқа" газеті: "Алаш" атынан аталған депутаттарға күйе жағып сөндірмек ниетпен "Үш жүз" деген партия жасадық деп ("Үш жүзден" садақа кеткір кеселдер) Алаш балаларының арасына әрекет салмақ болып жатыр. 16 қарашада Омбыдан Мұқан Әйтпенов һәм Ысқақ Көбеков қол қойған телеграмда: "Белгілі кадет Бөкейханов жасаған Алаш партиясының жолына наразы қазақтар жеке "Үш жүз" деген социалист партиясын жасадық. Мақсаты - федерацияны қорғау һәм түрік-татар тұқымдарын біріктіру. Учредительное собраниеге жеке список шығару тұрағы - Омбы" деп жазды. Осылайша "Үш жүз" партиясының Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына жеке тізім шығару әрекеті -қазақтың тұтастығы мен бірлігіне нұқсан келтіріп, алауыздық қаупін тудырған-ды. "Қазақ өзді-өзі таласып, бірнеше список қойса, қазақ даусы бөлініп, сыбағалы депутаттарынан айрылуы анық. Олай болса қазақ депутаты сөзсіз орыстарға ауысып кетеді. Съезд қаулысында қазақ облысының депутаттар списогі біреу ғана болсын дейтін мүшесі сол" еді. Алайда, "үш жүзшілер" құрылған күнінен бастап-ақ, екі қазақ таласса, көрші орысқа олжа болғалы тұрғанын" түсінбеді. "Үш жүз" саяси ұйымындағы жетекші орындарды Көлбай Төгісов, Шәймерден Әлжанов, Мұқан Әйтпенов, Әбілхайыр Досов және т. б. алды. Оның саяси бағыты ол сайлауға түскен қазақ сайлаушыларына түсінікті болған жоқ. Оған сол кездегі ұлттық басылымдарда жарияланған "Үш жүз" партиясынан шықтым", "Түкірдім беттеріне" т.б. осы сарындас мақалалар мен хабарламалар тізбегі дәлел. 1917 жылдың аласапыранында адасқандардың өз үйіріне оралып, олармен қайта қауышқандарын көрсетеді. Көзі ашық қазақ оқығандарының алғашқы кезде адасуы заңды құбылыс еді. Өйткені, 8 пункттен тұратын "Үш жүз" партиясы бағдарламасының жобасындағы талаптар таптық мүддеден гөрі ұлттық-діни мүддеге жақын жазылған-ды. Бұл жөнінде "Қазақ" газеті: "Үш жүз" партиясының қамқоршылары халықты оң бастайтын түрі бар. Орынбордағы жалпы қазақ съезіне кісі жібермеңдер, милицияның керегі жоқ, босқа үркітеді, солдат болмаймыз"- деп, жұртқа насихат тарата жүріп, қазақты жарылқап, "орысқа алақандай да жер бермейміз, қазақтан солдат алғызбаймыз, дінімізді аяқ асты қылмаймыз",- дейді. Жұрт олардың қарамағына тез түсе қоятын емес. Бірақ, бірнеше елді азғырып, орынсыз партия шығарып ақша шаштырып тұрған жайлары бар... партия тартуға 10-15 мың ақша жиналғандығын, егер осы ақша жұмсалғаны рас болса, бай мен жарлыны теңгеру үшін болатындығын жазады. Жоғарыда аталған бағдарлама жобасының 2-ші пунктінде олар "қазақ көрінген орыстың бәрін аға қылғысы келмейді. Өміріңде оңбаған, қаудиған теке сақал хахолды... мінгестірсек, бұрынғы қотыр үстіне шиқан шығарып аламыз"- деп, қазақтың мүддесі "хахолмен" үйлеспейтіндігін дәлелдеуге тырысады. Мұны М.Тәтімов естелігіндегі "1917 жылдың көктемінде Омбы большевиктерінің Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау мақсатында Ақмола облысында Қырғыз бөлімінің басқармасы құрылғанын естіп, сондағы "Үш жүз" партиясының басшысы К.Төгісовтен "кімдерді сайлаймыз" деген сауалмен кеңесуге барған кезде оларды гимназист формасын киген интеллигент қазақ жігіті қарсы алып, өзінің К.Тоғысовтың көмекшісі екендігін" айтып, біздің мәселемізге орай "Үш жүз" партиясының бағдарламасымен таныстырғандығын, онда "теке сақалды шаруалар мен қарасұр жүмысшылар - қазақ халқының жаулары деген еді",- деп, ол жақтан ренжіп қайтқандары" туралы берген мәліметі растай түседі. "Үш жүз" партиясы Құрылтай жиналысына жеке кандидаттар тізімін ұсынды. Оның құрамына 13 адам енгізілді. Кандидаттар тізімі Қырғыздың социалистік "Үш жүз" партиясының Орталық Комитетінің құрылуы туралы хабармен қатар жарияланды. Орталық Комитеттің төрағалығына М.Әйтпенов, оның орынбасарлығына К.Төгісов сайланды. "Үш жүз" партиясы соғыс мәселесінде "Алашқа" қарсы бағыт ұстады. Саяси билікке таласушылық шиеленісіп, таптық жіктелу процесі күшейген кезде "Үш жүз" партиясы "Алаштан" арасын үзіп, қазан революциясынан кейін оларға қарсы күреске шықты. Қазақ автономиясы мәселесінде "Үш жүз" партиясының көзқарасы бірде "Алаш" партиясындағылардың пікіріне қайшы келіп, бірде жақындағанын Н.Құлжановтың "Алаш автономиясы" атты мақаласынан анық байқалады. Осы ретте К.Нұрпейісовтің "көп ұлтты Қазақстанның автономия болу қиыншылықтарын түсіндірудегі "Үш жүз" партиясының пікірі кейбір қайшылықтарына қарамастан, Ә.Бөкейхановтың ойларымен сабақтас деген пікірі маңызды. Десе де, Н. Құлжановтық өнер-ғылымнан жұрдай біздің қазаққа автономия алудың "алыс жолын, алыс та болса жақын жолын", яғни эволюциялық жолын ұсынып, алдымен рухани жағынан өсу керектігін баса айтуы күні бүгінге дейін маңызын жоймай келеді. Себебі, "ат төбеліндей" аз ғана интеллигенцияның бастамасымен ұлттық дербестікке жету жолындағы күресте болған басты кедергілердің бірі осы рухани жұтаңдық еді. Кеңес өкіметіне көзқарас мәселесі жөнінде "Үш жүз" партиясы ақпан революциясынан кейін жер-жерлерде құрылған уездік, болыстық және облыстық қазақ комитеттерінің құрамына бұрынғы ескі тәртіптің буржуазиялық элементтері кіріп отыр, сондықтан оларды жойып, орнына жүмысшы, солдат депутаттары Кеңестерін құру керек, Өйткені тек осы ұйым ғана халықтың жағдайын жасайды" деп, Кеңес өкіметін жақтайтындықтарын білдіреді. Большевиктердің қолдауына сүйенген "Үш жүз" партиясы 1917 жылдың желтоқсанында өткен Батыс-Сібір Кеңестерінің ІІІ - съезінде екі орынға ие болады. Съезде аймақтың барлық жерлерінде Кеңес өкіметін құру туралы шешім қабылданды. Міне, осындай табыстарға қол жеткізсе де, "Үш жүз" партиясының бағытындағы өзгеріс өте сылбыр жүрді. Оның Кеңес өкіметіне қызметі анық болмады, ал Құрылтай жиналысына эсерлер мен ұлттық социалистер тобын ұсынды . "Үш жүз" партиясы туралы сөз қозғалғанда оның "Жасасын, түрік-татар баласы!" деген ұранмен "Үш жүз" газетінің, 10 нөмірін шығарып, түрлі деңгейде съездер мен басқосулар ұйымдастырды. Өкінішке орай кеңестік мүддеден гөрі ұлттық-діни мүддеге жақын бағдарламалық жобасы бар "Үш жүз" партиясының іс-әрекеті "Алашқа" қарсы бағытталды. Жұртқа келген мұндай үлкен дерттен сақтану мақсатында Алаш жетекшілері "Алаш азаматтарына ашық хатын" жариялайды. Онда "Алаштың азаматтары! Дені мұсылманша оқып жатқан шәкірттер туралықты айтамыз: Көлбайдың айтқанына нанып, соңына еріп, дініңізден, күніңізден айрылмаңыз! Алаш туының астына жиылыңыз!" делінген. Ақырында, 1918 жылдың аласапыранында абақтыға жабылған "Көлбайдың хаты" "Сарыарқа" газетінің 45 нөмірінде басылды дей келіп, "Қазақ" газетінің басқармасы: "Мені мынау түрмеден қолдарыңызға шығарып алыңыздар, өздеріңіз хүкім айтыңыздар. Орысқа менің қылған кінәм жоқ. Қазаққа қылған кінәмді қазақ өзі қарасын, далада қалған қатын-балалардың көз жасын көру керек, ғафу өтінемін"- деген өкінішіне Ақмола Алаш комитеті (Ақмола облыстық қазақ комитеті - K.І.): 1) Көлбай Төлеңгіт баласын біз кешіп жібере алмаймыз. Өйткені, Көлбай жалғыз Ақмола қазақтарына ғана емес, барша қазақ-қырғызға қырсығын тигізген. Сондықтан, біз бұл істі Алашорда қарамағына тапсырамыз; 2) Көлбай Төлеңгіт баласы провокация жүргізіп, халыққа зиянды іс қылғанымен басқа большевик комиссары болып тұрған уақытта әртүрлі қылмысты істері болды. Бүл жағын "Алаш" партиясы соттың тексеруіне қалдырды",- деген қаулы қабылдағанын жазады. Бұдан адасқандарын мойындаған "үш жүзшілердің" қатарынан Көлбайдың өзі де орын алды. Осы уақытқа дейін "Үш жүз" партиясының саяси бағыты туралы қалам тартқан авторлардың зерттеулерінде түрлі пікірлер айтылып келді. Олардың тұжырымдары мен соңғы деректерге сүйене отырып, партияның құрамы ұлт өкілдерінен тұрғанымен салмақты ұстанымы болмаған, ұлты мойындаған бірде-бір тұлғасы жоқ, саяси сауаты әлсіздеу қазақ интеллигенттерінің бір бөлігінен тұрған партия деген қорытынды жасауға болады. Мұны бүркеншік есімді "Жас Алаш" та " олардың социалист те, кадет те, монархист те, адвокат та, арестант та тағы-тағы кімдер де бола қалуы оңай екенін, күнде түлейтінін Алаш біледі"- деп нақтылай түседі. Келесі мәселенің арқауы осы екі партияның негізін басшылыққа ала отырып құрылған саяси ұйымдар төңірегінде болмақ. Оның алғашқыларының бірі жоғарыдағы тарауда айтылып кеткен Қаратөбе съезінде 1918 жылдың қаңтарында "Алаш" партиясының негізінде ұлттық - демократиялық бағытта құрылған "Ақ жол" партиясы (төрағасы -Е.Қасаболатов, мүшелері – А.Кенжин, Г.Әлібеков) болды. Онан кейін дәл осы мезгілде, яғни 1918 жылдың 8 қаңтарында Зайсан уезінде "Алаш" партиясының бір бұтағы ретінде құрылған "Алаш ұраны" атты саяси ұйым. Бұл ұйым жөнінде "Сарыарқа" газетінде "оның ақылшы мүшелігіне 20 адам сайланғаны, оған қырғыздардың да кіруіне жол ашықтығы, іс басқаруға уақытша президиум сайланғаны және Зайсан уезінің өкілі Ахмет мырзаның бастамасымен болғаны айтылады. "Алаш" партиясының соңынан ерген жастар ұйымдары жөнінде Ж.Сүлейменов "Біз білмей келген ұйым" немесе і не Алаш" қозғалысы туралы бірер сөз" апы мақаласында 1918 жылдың 1 -15 мамыр аралығында Омбы қаласында бүкіл қазақ жастарының тұңғыш съезін өткізгендігі жөнінен көптеген мәліметтер береді. "Алаш" партиясы ұранын көтеріп, оның идеяларын жаңғырту бағытында осындай іс-әрекеттер жасаған "Бірлік" ұйымымен қатар "Үш партиясының" негізінде "Қазақ оқушыларының демократиялық Кеңесі" атты ұйым да тарих сахнасына шыққан еді. Бұл ұйым жөнінде А.Мусин 1933 жылғы желтоқсанда І.К/б/П Қазақ Өлкелік Комитетінің жанындағы партия тарихы институтында Алашорда және Алаш партиясы тарихына арналған пікірсайыста жасаған баяндамасында Ұлтшылдықтың контрреволюциялық мәнін аяғына дейін әшкерелеу") оның оқыған жастар тарапынан қолдау таппағанын, жастардың көпшілігі "Бірлік" ұйымының соңына ергендігін айта келіп, енді ғана құрылып, әлі бұғанасы қатып үлгермеген бұл ұйымға ерте құрылып күшейіп алған "Бірлікпен" күресу оңайға соқпағанын, оның үстіне "Бірлік" ұйымынан "Алаш" партиясы тарапынан зор қолдауға ие болғандығын негіздейді. Бұл пікірді 1917 жылдың 20-25 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында болып өткен екінші Торғай облыстық қазақ съезі жастардың ұлттық ұйымдары мен бірлестіктеріне барынша қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды. А.Мусин аталған баяндамасының соңында "Бірлік" пен "Жас азаматтың" алаштық жастарын жақтайтын және мақтан тұтатын адамдарды біз өзіміздің жауымыз деп есептеуіміз керек...қазақтың жеке өз партиясы болуы керек деген идеяны кейінірек ұлтшыл-уклонистер С.Сәдуақасов мен Ғ.Тоғжанов көтереді. Олар осы идеялары арқылы қазақтың ұлттық партиясын құруға ашық шақырды",- деген тұжырым жасаса, С.Сәдуақасов қазақ жастарының бұл әрекеті жөнінде оларды жалпы адамзаттық мүддеден шықпады, ұлттық жолда тұрды деп айыптауға болмайтындығын, себебі, олар өмір сүрген кезеңнің өзі оларды ұлтшылдыққа еріксіз итермелегенін айта келіп, "егер сені тонап, мойныңнан қылғындырып жатса, сен ұлтшыл болар ма едің, жоқ па? деген сауалға ол кезде орыс пен қазақтың арасалмағы тең еді деп жауап берген адам ауыр күнәға батар еді. Міне, сондықтан да прогресшіл, алдыңғы қатарда тұрған және адамдық қасиеттері жоғары болған адамдар ұлтшылдық жолында тұрды. Оның басқаша жолы жоқ еді",- деп, жастардың қорғану мақсатында жүргізген іс - әрекеттерін жоғары бағалайды. "Жас азамат" саяси партия болмағанымен қазақ жастарының өз партиясын ұйымдастыру идеясы дәл осы мезетте және "Бірлік" қауымында туғаны анық, - дей келіп,-Ж.Сүлейменов,- жастардың "Алаш", "Үш жүз", "Ерік" партияларының үстіне тағы бір бөлек партия құруды жөн санамағандығын, оның бірігу емес, бөліну болатынын, күшею емес, әлсіреу болатынын жастар түсініп, "Алаштың" соңына ерді... "Жас азамат" Алаштың "комсомолы" болып қалды деуге келеді. Ал идея - идея күйінде қалды " деген тұжырым жасайды және соңғы уақытқа дейін аталған қоғамдардың мәдени-ағартушылық сипатына ден қойып, олардың саяси қызметі ашылмай келгенін, соған орай Қ.Кемеңгеровтің "Бірліктің" мәдени мақсатының астары, көздеген нысанасы - саясат ... әлеумет наразылығы"деген сөздеріне көңіл бөліп, кешегі тарихтан тағылым алуға шақырады. Қазақ жастарының басын біріктірген "Жас азамат" ұйымының Кеңестер билігі күшейіп тұрған шақта осындай саясат, әлеумет мәселелерін көтеріп, Алаш идеяларын жаңғыртуы -олардың ұлт-азаттық қозғалыс тарихында жасаған үлкен бір жетістігі деуге толық негіз бар.

Қазақстандағы саяси билік үшін күрестің күшеюі және екінші жалпы қазақ съезі

1917 жылдың 25 қазанында билік басына келген большевиктер Уақытша үкіметті әскер күшімен абақтыға жапқаннан кейін өздерінің дегендеріне "көнбеген халықтарды күштеп, адамын қырғынға, мал-мүлкін талауға ұшыратып жатты. М.Дулатовтың сөзімен айтқанда съезд шақырылу қарсаңында "Россияда екінші өзгеріс болып Уақытша үкімет жоғалып, Құрылтай құрыған еді. Бірінші съезд уақытындағыдай емес, ол кезде әр жұрт өз бетімен жайылып бас амандап Россиядан біржола айрылып кеткендер де болып еді. Құрылтайды күткенше тағы да қандай толқынға ұшырауына жұрттың көзі жетпей дағдарған шақ еді Осы кезде "мемлекет іші қызыл қанға былғанып, ағайын бірін-бірі қырып салуға оқталып ... әркім өзі қам қылмаса, өз басының қайғысын өзі емдемесе, басқаға сенуден пайда болмай, әсіресе, бұрыннан күтінбей, салдыр - салақ жүріп, бірінші құдайға, екінші мемлекеттің тәртіп сақтайтын күшіне ғана таянып отырған біздің қазақ сияқты жұртқа өте қатерлі күндер басталды. Егер мұндай халықтар өз бастарын өздері қорғамай, басқаларға сеніп отыра берсе,жазықтан-жазықсыз қарап отырып құрбан болып кетуі мүмкін еді". Mінe, елдегі осындай қоғамдық-саяси жағдайларға байланысты қазақ халқы тағы да бас қосып, ақылдасу керек болды. Сол қажеттілікті "желтоқсанның 5-не Орынборға шақырылып отырған екінші жалпы қазақ съезі өтегелі отыр. Бұл съездің бірінші мақсаты -қазақ жұртын осы қатерлі заманнан аман-есен өткізудің шарасын іздемек... Съездің желтоқсанға шақырылуының өзі біріншіден, осы күнді 1-атты қазақтар съезіне туралау болса, екіншіден, алыс жерлердегі өкілдердің келіп жетуіне уақыт кең болсын",- деген себептен туындаған-ды. Бұл кезде Орынбордағы билік .атаман Дутов бастаған революцияны және Отанды Қорғау Комитетінің қолына көшкен еді. Оның құрамында большевиктер мен анархистерден басқа барлық партиялардың өкілдері болды. Осындай жағдайда екінші жалпы қазақ съезі 1917 жылдың 5-13 желтоқсан күндері Орынборда өз жұмысын бастады. Съезге оны ұйымдастыру комитеті тарапынан әр уезд басы екі ақсақалдан, әр облыстық қазақ комитеттерінен білетін екі өкілден бөлек 30-га жуық кісіге арнайы шақырулар жіберілді. Бұған қосымша "Сарыарқа", "Ұран", '' Бірлік туы", "Тіршілік" газеттері мен түрлі қауымдардан бір-бір өкілден шақырылды. Съезд шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Досжанов және Е.Омаровтың қажырлы еңбегі нәтижесінде осы съезге 80-ге жуық делегаттар қатысты. "..Бүкіл Алаштан съезге 81 өкіл келді, съезде қаралатын мәселелер зор болғандықтан, өкіл емес кісілер де көп келді. Барлығы 200-ден аса адам жиналды. Алаш баласының тілегі мұны тоғыз күндей кеңесіп болып, ерсілі-қарсылы армансыз тексерілді. Ардақты ақсақалдар, ұлтшыл жастар, діндар молдалар, қажылар, атақты ғұламалардан пәленше келмей қалды дерлік болған жоқ",- деп, съезге қатысқан өкілдердің әлеуметтік құрамынан да мәліметтер береді. Съездің төралқасына Бақтыкерей Құлманов (төраға), серіктері болып Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, Ә.Кенесарин, Ғ.Қарашев, хатшылары болып Д.Көсепқалиев, М.Дулатов, С.Қадырбаев сайланды. Мәжіліс ашылар алдында Ә.Бөкейханов: "былтырдан бері жаршы топта сөйлеп, бәйге алған, осы съезге де шақырылған ардақты шешен Ораз ақсақал Тәтіұлының опат болғанын хабарлап, мәжілісті марқұм Ораздың рухына дұға қылып басталық",- деп ұсыныс жасап, бүл рәсім орындалғаннан кейін Кеңес (V) жұмысына кірісті. Торғай облыстық Жер Комитетінің төрағасы М.Сириустің "Ораз марқұм жасы 60-қа жетіп, ұлғайғанына қарамай, әлі жас адам қатарында жігері сөнбеген, сүйегі асыл бір жан еді. Көбіне көп туып тұрған заманның жаңалықты оқиғаларына жып-жылдам түсініп алып, қисынына лайық іс істеуге жастан ілгері екпіндеп, ілгері ұмтылуы адамды таң қалдыратын... съездерде, жиылыстарда сөйлеген сөздерін жалғыз қазақтар ғана емес, тіпті орыстар да біртүрлі ниетпен таңырқанып тыңдайтын еді. Ол қазақша сөйлеп тұрғанда, тіл білмейтін орыстар оның айтып тұрғандарының ішінде жақсы, сұлу, таза сөздер көп екенін әлден-ақ сезіп, тәржімәсіне жеткенше шыдай алмай тықыршып көп отыратын еді... Жер Комитетінде ол өз халқының аңсаған аталы тілектерін ортаға салып, әр уақыт ол тілектерді жарыққа шығаруға бар еңбегін жасаушы еді. Марқұм өз ұлтының мәдениет жолында кенже қалғанын ескеріп, оның білім, мәдениет базарына жетуіне ең бірінші шарт - еркін тіршілік деп түсінетін еді...жалғыз қазақ халқы ғана емес, орыс отырған орыс халқы да оны тыңдап, сөзіне құлақ қоятын еді", - деп еске алады. Бұдан Ораз ақсақал Тәтіұлының Торғай облыстық Жер Комитетінде қызмет ете жүріп, орыс пен қазақ аралас отырған Торғай, Ырғыз уездеріне сіңірген еңбегін тек қазақ халқы ғана емес, орыс халқы да аса жоғары бағалап, оған әрқашан зор ілтипатпен қараған. Екі халықтың арасын жақындастырып, ортақ мүддеге сай тіршілік жасауларына түрткі болған Ораз ақсақалдың "қарындастық", "тендік", "бостандық" туралы сөздері еді. Съездің күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді. Олар: 1)Сібір, Түркістан автономиясы һәм юго-восточный союз туралы; 2)Қазақ-қырғыз автономиясы; 3)Милиция; 4)Ұлт Кеңесі; 5)Оқу мәселесі; 6)Ұлт қазынасы; 7)Муфтилік мәселесі; 8)Халық соты; 9)Ауылды басқару; 10)Азық-түлік туралы мәселелері еді. Съезде автономия мәселесі бойынша сөз алған М.Шоқай, Жетісу мен Сырдария облысы қазақтарының Түркістан автономиясына әлі қосыла қоймағандығын, Түркістан уәлаятының өкілдері қазақ-қырғыз баласының бас қосылатын кезі келгенін һәм Алаш автономиясы жария етілсе өздерінің қосылатындығын білдірді. Одан соң съезд қазақ автономиясы мен милиция туралы Х.Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, "Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады" деген саяси мәні зор қаулы қабылдады. Алайда, съезде Алаш атты қазақ автономиясын құруда делегаттардың пікірінде алауыздық байқалды. "Бір жағы - автономияны күні бүгін ресми, жұрт атынан бүкіл дүниеге жария қылуды қуаттады. Олардың қатарында Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, А.Кенжин, У.Танашев, Ғ.Қарашұлы, С.Досқанұлы т.б. барлығы - 33 адам болды. Екінші жағы - милициямызды құрып қамданғанша һәм арамыздағы көрші орыстармен сөйлесіп келіскенше ресми жария етуді тоқтата туралық деушілер. Олар Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Е.Омаров, О.Алмасов, Х.Ғаббасов тағы басқалар барлығы - 42 адам... екі жаққа тас салудан тартынғандар қатарында Ахмет Шегірұлы, Мұстафа Шоқайұлы, Қасымхан Кеңесарыұлы болды". Азшылықта қалған өкілдер көпшіліктің қабыл еткен қаулысына көнбей, "автономия қазір ресми ығлан етілмесе, біз Түркістан автономиясына і.осыламыз",- деген пікірдегілер де болды. Мұны "Сарыарқа" газеті: әнеукүнгі өткен жалпы қазақ - қырғыз тобында, қазақ-қырғыз болып қосылып, автономияны жарияламасақ, әр облыстың қазақтары әрбір жарияланған автономияға кіріп кететіндігін ашып айтты.Бұл кен қатер осы дестің. Автономияны ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа халықтарды сендіру Алашорда үкіметін мойындату к.иын болатындығын түсіндіреді. Ақырында екі жақтағылар келісімге келіп, "қазір өзара автономия алдық деп жариялайық, ал оны ресми жариялауды съезд атынан сайланған қазақ-қырғыз ісін басқарушы 15 кісіге тапсыралық деп, Россияның мемлекет тізгіні жүгенсіз кетіп бара жатқанына байланысты осы 15 кісі біздің Уақытша үкіметіміз болсын"- деген тоқтамға келді. Танымал тарихшы К.Нұрпейісов "мамандығым тарихшы болғандықтан мен білімділігі, саяси тереңдігі жағынан В.И.Ленин бастаған үкімет мүшелерін Алашорда үкіметінің жетекші тобымен салыстырдым, бастапқы кездегі дей келіп, сонда В.И.Ленин құрған партияның Басқару аппаратындағы жетекшілердің кейбіреулерінде тіпті орта білім де жоқ екендігін, мысалы, С.Орджоникидзе бар болғаны бір жылдық ветеринар курсын бітірген. Ал, Алашорда үкіметінің басқару аппаратындағы он бес адамның сегізінде жоғары білім бар және білім болғанда қандай! Ә.Бөкейхановты алсақ, тіпті Қазақстанда екі-үш жыл ғана болған. Көбіне сыртта жүрген. Соның ішінде ол қазақ халқының рухани көсемі дәрежесіне жеткендігін үлкен мақтанышпен айтады. Кейінірек Алаш автономиясына байланысты М.Дулатов "Алашорда" аталатын мақаласында "біз автономия қыруға қаулы қылсақ та, сол сағатында жарияламадық. Арамыздағы анасы басқа жұрттармен келіселік, милициямызды жасап, ұлт қазынасын жинап, қамданған соң жариялалық деп қаулы қылдық. Ондағы автономияны тез жариялап жібермеудің бір үлкен себебі - жұртқа большевик дерті жайылып келе жатқанда сөйлеспей жариялап жіберсек, көршілерімізбен арамыз қандай болып кетпесіне көзіміз жетпеді. Бұл сақтық орынды екеніне жұрттың көзі енді жетіп отыр... Автономия ресми жарияланғанша, Уақытша қазақ - қырғыз істерін билеуге Алашорда сайланғанын" айтты. Тағы бір мақалада "біз автономия боламыз дегенде, 6-7 млн. елміз...бірыңғай жеріміз бар, жалпы жұрт сайлаған Уақытша үкіметіміз бар...біз ел боламыз дегелі 1 жыл бір ай ғана болады. Малданып, бауыр басқан көрші босатып жібергісі келмеді. Біздің бұрын малша бағып, базарға салатын жерің артық деп қыстау, егін, пішенді қағыстырып алатын жұрт бізді неғып оп-оңай, неге шешіп жібере қойсын" деген пікірлерін ортаға салады. Съезд Сырдария облысы қазақтарының Түркістан автономиясына қосылу-қосылмау мәселесін талқылау мақсатында осы облыс қазақтарының съезін шақыруды қажет тауып, өз араларынан өкілдер жіберу туралы шешім қабылдап, оның нәтижесі қалай болғандығы жоғарыда айтылды. Қазақ халқының осы автономия мәселесінде Кеңестердің көзқарасы қандай болды? Бұл сауалға жауап беру үшін жалпыресейлік жұмысшы, солдат Кеңестері депутаттарының 1917 жылдың жазында болып өткен съезд қаулыларында. "қай жұрт қалайша тізгінін қолына аламын десе де, бөлек мемлекет болып шығамын десе де, Учредительный собрание шешетіндігін Уақытша үкімет осы бастан ығлан етіп, халыққа естіртсін. Түрлі жұрт мәселелері туралы айрықша бір Совет жасау, ол Советке өр жұрттан өкіл кіріп, керек мәселелерді кеңесіп, қорытып Учредительное собраниеге даярлауы тиіс. Осы бастан Учредительное собраниесіз, оз бетімен бөлінеміз деп жүргендердің онысы дұрыс емес, оған қарсы тұру керек", - деп, жеке Уақытша үкіметтерін құрып алған мемлекеттерді қолдамайтындықтарын білдіреді. Көріп отырғанымыздай, Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы әуел бастан-ақ бұл мәселені шешуде таптық жіктелу принциптерін басшылыққа алды. Ал, Алаш қайраткерлері бұған керісінше ұлттық мүддені негізге алып, халықты ұлт тұтастығына, ауызбіршілікке шақырумен болды. Олар "Қазақ" газетінде "Россияның тігісінен сөгіліп отырғандығын, дүниеге талай мемлекеттер келіп, талай мемлекеттердің өлгенін айта келіп, солардың бәрі де бірлігі кетіп, керегесі жоғалғандықтан өлген ...өзіміз мемлекет болып, өз тізгінімізді өзіміз алып, ойымызға қараған адамдарымыздан хакімшілік түзеп отырғанымызға мың шүкірлік айтып, қайтадан біреудің қас-қабағына қарамас жағымызға бар күшімізді сарп етуіміз керек" делінді. Елде етек алған большевизмнің лаңы халықты үркітіп, әділдік, туралықты бір жаққа тастап, зорлық - зомбылық жағына бет алды. Солай бола тұрса да оларды қуаттаған қара халық көп еді. Оның себебін "Бірлік туы" газеті: "...большевиктердің істеуге уәде қылған істері олардың жандарына жағатын істер. Большевиктер бірінші соғысты тоқтатып, бітім жасауға уәде қылады, екінші байлардың жерлерін тартып алып, кедейлерге үлестіремін дейді. Сол себепті олар жұрттың көбін қу тілмен қарық қылып, күшті болып отыр". Ресейдің ісі күннен-күнге былығып, тез тізерлік түрі болмаған соң қазақ зиялылары "орыс бүліншілігін тоқтатуымызға күшіміз жоқ, қолымыздан келмейді. Сондықтан бас аман қылудан басқа істерлік шарамыз жоқ",- деп, халықты ел қорғау қамына кірісуге шақырды. Шындығында да, Уақытша үкіметтерін құрып алған халықтармен (кавказдықтар, татарлар, башқұрттар тағы сол сияқтылар) және қару-жарағы сайлы атты қазақтармен салыстырғанда қазақтар қорғансыз күйде еді. Сол себепті әскері бар халықтардың істеген батыл қимылдары қазақтың қолынан келмей, олар большевиктерге қарсы тұра алмайды. Қаpy-жарақтан жұрдай халықтарға мұндай аласапыран шақта зорлық-зомбылықтың түр-түрін құру қаупі туғандықтан, съезде қаралған аса маңызды мәселе әскерді жасақтау болды. Соған орай аталған газетте : "...осы күнгі мемлекет халін, болып жатқан оқиғалар түрін байқаған адамға қазақ үшін халық әскері зәру екені даусыз ақиқат. Мұндай қатерлі заманда жасанған қорғаушысы жоқ халық қол-аяғы қырқылған мешеу адам сипатында" делінді. Бірінші жалпы қазақ съезі елде анархия болу қаупі бар, сол себепті "осы күнгі әскер орнына халық милициясы құрылсын" деген сөз қозғалғанымен, іске аспай соз жүзінде қалып еді. Екінші жалпы қазақ съезі қарсаңындағы елдегі әлеуметтік-саяси жағдайлар бүл мәселені қайта көтеріп, соған сәйкес нақты іс-шаралар жасауға итермеледі, яғни қажеттіліктен келіп туындады. Съезд "мемлекет хәлі тайғақ кешуде, тар жолға душар болып тұрғанда жан-жақты қоршаған қалың бәледен сақтану үшін халық әскерін жасау керек" деп, милиция құрудың мақсатын анықтап, "қазақ милициясын құру жоспарын жасап бекітті". Сол жылдары "милиция" деген сөздің астарында әскер ұғымы жатқан еді. Шындығында да, біз қарастырып отырған кезеңдегі милиция ұғымында туған жерінің тыныштығын, халқының қауіпсіздігін қорғайтын әскер ұғымы болды. Жалпы Алаш әскерінің қызметі -соғысуға емес, бейбітшілікті сақтауға, елінің тыныштығын сақтауға бағытталды, сырттан келген жауға қарсы тұру, еліне қорған болу - негізгі міндеттерін құрады. Алашорда көсемдері жаңа құрылған Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевизммен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және Советтерге қарсы әртүрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съезд бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету жөне қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, мүлік тағы басқа) қамтамасыз ету тәртібін анықтады. Онда 26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет" деген қаулы қабылданды. Бұл идеяның ұсынылуы жөнінде "...сол жылғы 5-13 желтоқсанда Орынборда болған екінші жалпы қазақ съезінде Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақбаев 26 500 жауынгерлерден тұрақты армия құру идеясын ұсынды" деген пікір бар. Мұның өзі -әскер құру ісінде саналы түрде зор белсенділік танытқан Алаш көсемдері екендігін көрсетеді. Съезд қаулыларында көрсетілгендей, Алаш әскерін құру үшін алдымен милицияға алынатын адам шығынын анықтап, оларды қару-жарақ, ат-көлікпен қамтамасыз ету, әскери мамандар (офицерлер, инструкторлар) даярлау жұмысын айқындап алып, оған қажетті қаражат 6 облыстың қазақтары есебінен жиналатын болды. Қазақтың бұрыннан жиналып тұрған қаржысы жоқ екені белгілі, сондықтан милиция шығыны халыққа салынған салық есебінен алынып тұрды. "Қазақ" газетінде "автономия ісіне ақшаның көп мөлшерде керек екендігі, оның халыққа салық болып түсетіндігі және ұлт жұмысының салық ауыртпалығын көтеру халыққа борыш екендігі айтылса, "Сарыарқа" газетінде мұндай ақшаның бұрын қазақта болмағандығын айта келіп оның себебі: "...Николай заманы қазаққа ел болуды ойлатқан жоқ. Енді қазақ ел болып, өзін-өзі қорғауға қам қылса, ұлт қазынасыз қорғай алмайтыны анық... Алаш балаларының міндеті - әрқайсысы шамасынан келгенін беріп, ұлт қазынасын жасау керек. Бұл ұлт қазынасы деген - жалпы қазақ пайдасына жұмсалатыны" жазылды. Автономияның елге түсетін салмағының ең ауыры осы болды және бұл жұрттың береке-бірлік қылып, осы күннен ыждаңат ететін істерінің ең алдыңғысы еді. Автономия болу үшін ұлт қазынасы мен халық әскері ауадай қажет еді. Бүл екеуінсіз автономия құру мүмкін еместін. "Пулсыз Алашордасы да, оның комитеттері де ешнәрсе істей алмайтындығын, пұлсыз Алашорданың адамдары да тура алмайтындығын, өз мекемелерін түзей алмайтындығын, милиция жасай алмайтынды, пул жағынан істі тоқтатпастың жалғыз-ақ шарасы-ақшаны қазір қарызға алу, жұрттан ақша жиналған соң орнына салу, олай болса, Орданың өзі де, жергілікті комитеттері де қарызға берілетін ақшасы бар жерлерді қарастыру. Табылса әзірге ала түру. Істі қарызға алған ақшамен жүргізіп жіберіп, елден ақша тез жиылуына қам қылу. Алашордасы ақша жию жағын осы күйінде қоймай, қазынаға салу керек", - деп, халыққа тиімді жолын ұсынады. Бұл жерде әзірге ақшаны қарызға ала тұру керек дегендегі мақсат - уақытты бос жібермей, ұтымды пайдалану деген сөз еді. Енді осы мәселелерге байланысты жер-жерлерде болған пакты іс-шараларға келсек. Зайсаннан жазылған хабарларға қарағанда, ол жақта "ғинуардың 13-де тағы да бүліншілік қозғалып кету қаупі болған соң, күндік ақы кесіліп, 15 атты милиция шығарылған. Бәрі қызметтен қайтқан ноғай солдаттары, құрал берілмекші. Управаға 30 милициялық алты айға 22 мың сом жоба жасап, "бұл ақшаны мұсылмандар көтерсін, түбінде орыс пен мұсылман қақ жарлы болар". Кейбір қара жүрек орыстар: "мұсылмандардың милиция жасауы гарнизонға қарсы"- деп құбыжық көрсетіп, надан солдаттарды айтақтап отыр. Милиция ұстауға 25 мыңдай ақша жиюға жоба жасалып, әркім шамасынша бермекке жазылым еді. Енді сол ақша жинала бастаған.Бұл келтірілген құжаттан біз милиция жасауға бөлінетін қаржының жобасы жасалып, соған орай халық арасында түрлі пікірлердің қалыптасқанын, әсіресе мұсылмандар мен орыстар деп бөліну процестерінің жүргені анық. Уақытша үкімет тарапынан Ресейде мұсылман әскерлерде дербес бөлімдер жасауға рұқсат етілгенін ескеретін болсақ, осы кезден-ақ әр жерде мұсылман солдаттары орыстардан іргесін аулақ салып, бөлектене бастаған еді. Мұсылман полктерінің құрылуы туралы "Бірлік туы" газетінде "1917 жылдың күзінде Петроград округіндегі мұсылман әскерлерінің съезі ашылғандығы, онда 15 гарнизонның (шаһар әскерінің) өкілдері бас қосып, съезде Уақытша үкіметтің Қазан, Уфа, Симфирополь шаһарында 3 мұсылман полкін жасауға ыждиңат еткені" айтылады. Әсіресе, Орскіні қоршау кезінде, - деп жазады З.Валиди, - біздің Қазақстанмен байланысымыз нығайды. Торғай губерниясында қазақ ұлттық әскерін құру ісіне Ә.Бірімжановпен бірге башқұрт офицері Ғ.Ғабитов тағы басқалар ат салысты. Башқұрт әскери басқармасы оларды әскери қару-жарақпен қамтамасыз етті. Самар үкіметі тарапынан қазақ әскеріне бөлінген қару-жарақ "Башқұртстанның Әскери Шуросы" арқылы жіберілді. Осы кезде башқұрт - қазақ әскери корпусын құруға және оның басшылығына генерал Ишбулатовты тағайындауға әрекет жасалды. Сыртқы жаудан қорғану мақсатында құрылған Алаш әскеріне ең алдымен ұрыс өнерін үйретіп, сонан кейін әскер түрін таңдау керек болды. Құрылатын әскер туралы 1918 жылдың 8-маусымында Алаш қаласында Ә.Бөкейхановтың басшылығымен өткен Кеңес қаулысында: "1)милиция керек; 2)милиция атты болады; 3)милицияға жігіт беру міндетті емес, ұлт үшін тіленіп жазылғандар кім болса міндетті қылып алу Алашордада болсын; 4)милицияға керек ат, ақша жұрттан салықпен алынсын, байдан байша, кедейден кедейше; 5)қанша ат, қанша ақша жинау еркі Облыстық Комитетте болсын", - делінген еді. Қазақтардың әскер түрі қандай болуы керек деген мәселеде қазақтар бойлары аласа болғандықтан, атта отыру ыңғайлылығын және ат үстінде оның күші, ептілігі артатындығын ескере отырып, өздеріне тиімді атты әскер түрін таңдады. Милиция түрі атты болатындықтан тұсында атты казагі бар Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында түрлі деңгейде жұмыстар жүргізілді. Осы мәселе төңірегіңде ұлт зиялылары: "...милицияға бөлінетін адамдар мен қаржы дайын болғанша, офицер, инструкторларды дайындау керек. Бұл - бір. Екінші - милицияға керек қару - жарақ атты казактардан табылмас па...үшінші соңғы кезде юго-восточный союз деп мойын созғанша, Орал, Орынбор, Сібір, Жетісу атты казактар болып, Алашордасына қараған қырғыз-қазақтармен бірігіп өз алдына Восточный Союз жасау қолайлы болады деген пікір туып отыр. Бұл пікірді Орынбор атты казактары қуаттап түр. Әуелі Алаш автономиясына қараған жердің аламайы дөңгеленіп, қазіргісінен гөрі ыңғайлырақ болмақ. Күнбатыс, Солтүстік, Шығыс-үш жағымызға атты казак қорғауыш болмақ. Алаш автономиясында бұлайша союз жасау өте қолайлы болмақ", - деп, әскер құрудың тиімді жолдарын қарастырады. Алашорда үкіметінің алғашқы кезде казачествомен тығыз байланыс орнатып, ортақ жау большевизмге қарсы күресте бір бағытта болғандығы белгілі. Оған Ә.Бөкейхановтың 1918 ж. 20- шілдеде Орынборға Сейітқасым Қадырбаевқа жолдаған мынадай: "...қару-жарақ, әскер шығынын үйрететін офицер туралы Дутовпен хабарлас" деген жеделхаты және атаман Дутовтың Алашорда үкіметін құттықтап, Ә.Бөкейхановқа "Орынбор казак -орыстарының атынан тәңір жарылқасын айтамын, сізге һәм барша қазақ халқына. Мен биыл қазақ арасынан жүрген уақытымда басқа казак-орыстарға да, маған да бір түрлі жақсы көзқараспен қарап, қатты құрмет қылды және әр уақыт сіздің қайда екеніңізді сұрап отырдым. Сондықтан мен ойлаймын, мұның бәрі-қазақ пен казак - орыстың арасының жақындығына, мақсат-бірлігіне дәлел ғой", - деп жолдаған жеделхаты айғақ бола алады. Алайда, Алашорда үкіметінің орынборлық атаман Дутов басқарған күштермен одақтасуын К.Нұрпейісов бүл одақтың формальды мәнге ие болғандығын және кейінгі оқиғалар көрсеткендей тиімділігі шамалы болғандығын негіздейді. Бұған қосымша З.Валиди: "...18 қарашада (1918 ж.) адмирал Колчак өзін Ресейдің Жоғарғы Билеушісімін деп жариялағаннан кейін бәрі астан-кестен болды ... адмиралдың оң қолы болған генерал Дутов оның бұйрықтарын орындады және бізге қару-жарақ жағынан жасалған көмегін шектеді,- деп, - Дутовпен арадағы байланыстың ұзаққа бармағандығынан хабар береді.Осыған орай біртұтас қазақ автономиясын құрып үлгермеген және қазақтың жерлерін сол автономияның шеңберіне біріктіре алмаған Алашорда үкіметі бірлігінен айрылып қалды. Осындай жағдайда үкімет мүшелерінің біразы Семей қаласының маңындағы Алаш қаласына келіп, өздерін Алашорданың шығыс бөлімі деп жариялады. Бүл жөнінде М .Дулатов "Алашорданың уақытша тұратын орны - Семей болды", - дей келіп, - Алашорда ісіне большевиктердің кедергі болғанын ескертті. Алашорданың осы шығыс бөлімі Батыс Алашордамен салыстырғанда Колчак үкіметімен еш қиындықсыз байланысып тұрды. Орал облысындағы Жымпитыда Алашорда үкіметінің батыс бөлімі немесе Ойыл Уәлаяты әрекет етті. Бұл бөлім туралы "Жас азамат" газетінде: "...Досмұхамедовтер Орынбор казак-орыстарымен қосылып, Ақтөбе уезіндегі большевик әскеріне қарсы жүруге келе жатыр. Бұл туралы әуелі атаман Дутовпен сөйлесіпті. Досмұхамедовтер түнеугүні Орал облысының хүкіметі деп сайлаған хүкіметтерін "Алашорданың бір бөлімі" деп танығанын жазды. Жетісу облыстық қазақ комитетінің төрағасы Ы.Жайнақовтың Ә.Бөкейхановқа жолдаған мына: "...Қытай жерімен Шәуешекке Алашорданың Жетісу бөлімінің барша мүшелері келді. Бұл жақта қазақ пен казак-орыстың хал - жайы қатты аянышты. Талау, асып-тасудан, көз ашылмайды. Казак-орыс һәм қазақ ауылдарын большевиктер тобымен құртып жіберді. Үржар қаласында таланға шалығып, 1000-дай қазақты өлтірді. Жетісудағы большевиктің саны 10 мыңнан астам болса керек. Күшіне, қолындағы қару -жарағына сеніп, күшін аямай қатты соғысып жатыр. Бұларды жеңуге казак-орыс пен қазақтың Сібір хүкіметінің әскерлерімен қол ұстасып іс қылуы қажет. Бірақ, бізде қару – жарақ жоқ. Бізге қару-жарақ жіберуге қам қылсаңыздар және өздеріңіздің бүл туралы жол-жобаларыңыз бар ма?" жедел - хатынан Алашорданың Жетісу бөлімінің де дербес әрекет еткенін аңғарамыз. Жетісу бөліміндегі Пішпек Уездік Комитетінің қызметі турасында Н.Равнягин өз естелігінде: "...1917 жылдың маусым айынан бастап Пішпекте Алашорданың Уездік Кеңесі іске кірісіп, өзінің орталығы Орынбормен тығыз байланысып, соның тапсырма-нұсқауымен жұмыс жасады. Олардың мақсаты - Алашорданың автономиялы түрік мемлекетін құру (қазіргі Қырғызстан шекарасында, Қазақстан мен Орта Азияда және Сібірдің кейбір облыстарын біріктіру) болғанын" жазады. Келтірілген құжаттардан Алашорда үкіметі бөлімдерінің өзара байланысып, барлық күштерін ортақ жауына қарсы бір арнаға жұмылдырғаны байқалады. Осы мәселеге орай 1933 жылғы желтоқсанда өткен пікірсайыс құжаттарында Федоров "Алашорданың Жетісу бөлімі, Батыс бөлімі және Семейдегі шығыс бөлімі болғанымен, осылардың ішінде негізгі өзегі Торғайда шоғырланды. Ә.Бөкейханов ол кезде Семейде жүргенімен, Алашорданың негізгі саяси және әскери күштері Торғайда болғанын" хабардар етеді. Шындығында да, Кеңес өкіметін орнату Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда Батыс Қазақстанда өте қиындықпен жүргізіліп, олардың күресі 1919 жылдың аяғы 1920 жылдың басына дейін созылған-ды. Оны осы өңірде топтасқан "контр-революциялық әскери күштердің басымдылығымен түсіндіруге болады. Большевизмнің шектен тыс күшеюі Алашорданың Кеңес өкіметімен және оның жергілікті органдарымен байланыс жасауына алып келді. Ә.Бөкейханов Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.Сталинмен кездесу үшін Мәскеуге Алашорда тарапынан Х.Досмұхамедов пен Ж.Досмұхамедовты жібереді. Осы мәселеге байланысты Д.Аманжолова "оларда өздерімен бірге екінші жалпы қазақ съезінің шешімдері болды", - дей келіп, - Халық Комиссарлар Кеңесі мен Ұлт істері жөніндегі Комиссариаттың жетекшілерімен болған келіссөздер туралы құжаттар әзірге кездеспейді, бірақ қолда бар деректерге қарағанда, екі жақты келіс - сөздердің табысты өткені байқалады" - деген тұжырымын жасайды. Ә.Бөкейхановтың тікелей тапсырмасымен 1918 жылдың 2- сәуірде Халел Ғаббасов Семейден телеграф арқылы В.И.Ленин мен және И.Сталинмен Алашорда мен Совет өкіметінің арақатынасы жөнінде келіссөздер жүргізді. Осы келіссөздердің барысында Алашорда жетекшілері В.И.Ленинмен И.Сталиннің талап етуі бойынша "...Совет өкіметін Россиядағы барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі" деп тануға мәжбүр болды /407/. Оған алашордашылармен тағдырлас болған башқұрт халқының көшбасшысы, күрескер З.Валидидің А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейхановқа жазған хатындағы "Кеңестер жағына ауысу - шарасыздақтан болып отырған әрекет. Оған Колчактың шектен тыс жаулығы мәжбүр етті", - деген сөздері де дәлел. Солай бола тұрса да, қазақ зиялылары Алаш автономиясынының мүддесін қамтамасыз етуге тиісті І 1 пункттен тұратын талап-тілектерді Орталық Совет үкіметінің алдына қойды. Осы шарттармен танысқаннан кейін Халық Комиссары Сталин телеграф арқылы ауызша жауап қайтаруға уәде қылды. Алайда, Алашорда үкіметінің мұндай мазмұндағы ұсыныс-тілектері Советтік, таптық негіздегі қазақ автономиясын құруды ойластырып қойған Совет өкіметі басшыларына ұнаған жоқ. Сондықтан да Алашорда үкіметі оз ұсыныстарының жекелеген мәселелері жөнінде болмаса жалпы алғанда Орталық Кеңес үкіметі тарапынан айтарлықтай қанағаттанарлық жауап алмады. Жағдайдың шиеленісуін 1918 жылдың 29 наурызда (ескіше) Мәскеудегі Жаңанша мен Халел Досмұхамедовтің атынан Семейдегі Х.Ғаббасов атына келген жеделхаттан анық аңғаруға болады. Онда: 1)Совет үкіметі әр облыстағы Советтерге қазақтың тұтқынға алынған азаматтарын тегіс босатындар" деп әмір қылды; 2)Алашорданың ұсынған шарттарына жақын арада Совет үкіметі жауап бермек болды; 3)Совет үкіметінің басында Қазақ Комиссариаты ашылатын болды. Бұл Комиссариатқа кіретін адамдарды "Алашорда" өзі сайлап жібереді. Өзіміз жұмысымыз болып ел жаққа кеттік. Тез арада Семейге келеміз" – делінген. Бұл құжаттан сонымен қатар Батыс Алашорда жетекшілерінің Орталық бөліммен тікелей байланыс орнатып, нақты іс - әрекеттер жасағаны көрінеді. Совет өкіметімен болған осы кездесулер мен келіс - сөздерден Орталық Совет өкіметінің ұлттық мүддеге негізделген қазақ мемлекеттігін мойындамайтындығы, буған керісінше қазақ халқына таптық жіктелуге негізделген Советтік тұрпаттағы автономия беруге даяр екендігі анық байқалды". Кеңес өкіметінің ұлт істері жөніндегі саясатына орай "Бірлік туы": "...сөйтіп, Совет үкіметі халық ісіне қол сұғуға кірісті, мұны көп жерлерде халық өз арасынан көріп те жүр. Осы күнгі большевиктердің қылып отырған істерінің бәрі - бұрынғы ескі хүкімет қылатын істерге дәл келді. Бұрынғы хүкімет шын халық азаматтарына қандай жау болса, бұл күнгі большевиктер де оларға солай" - деп жазды. Осылайша, Кеңес үкіметі ұлттық мүддеге негізделген Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін іс жүзінде мойындамайтындықтарын білдірді. Мұны Романовтар әулеті сияқты, большевиктердің де мықты жауы автономия алуға ұмтылған халықтар болғандығымен түсіндіруге болады. Айталық, "большевиктер Украина даласын, Түркістан автономиясын жоғалтып, халқына ойран салып, Қоқан шаһарын жермен жексен етті. Хүкімет адамдарының біразы жабылды, бірсыпырасы қашып құтылды. Башқұрт автономиясын таратып, азаматтарын абақтыға жапты... Қырымды қанға бояды". Міне, автономияға ұмтылған халықтардың әрқайсысының көрген күні осы еді. Осындай жағдайда Алашорда қайраткерлері жергілікті Кеңес органдарымен ымыраға барып, өздерінің күрес тактикасын өзгертті. Солай болғанымен, олар бүл қызметте жүрген уақыттарында алдыңғы кезекке жалпыұлттық, бүкіл - халықтық мәселелерді қойған еді. Оған Галето естелігіндегі "...1918 жылдың жазында Кеңеске мүше болып сайланған қырғыз өкілі Б.Сарсенов... кейіннен Кеңес жұмысынан бас тартып қазақ ауылдарында "Алашорда" партиясын құру ісімен айналысты" - деген мәліметі дәлел. Бұл сарындас құжаттарды көптеп кездестіруге болады. Міне, осылайша "ел билеген кемелдердің" көзін жою арқылы ұлттық сананы жою ақ патшадан қалған мұра еді. Ә.Бөкейханов "Алашорда" үкіметі Ресейден дербес мемлекет болатынын мәлімдегенде атышулы адмирал (Колчак - K.І.) бірде: "маған салса, қазақтарды бағындыру қиынға соқпас еді: халыққа сөз өтетін, халық сенетін 500 интеллигенттің көзін жойса жетіп жатыр - қазақтар тағзым етті деп есепте" деген екен. Расында да қазақ ұлтының ең осал жері осы болатын. Заманның тілін білетін, қоғамдық күрес пен саяси талас-тартысқа әбден ысылған қайраткерлер тым аз еді. Қазақ зиялыларының жеке бастарын бейнетке, өлімге байлағандығысы, М.Дулатовтың сөзімен айтқанда "өз отауын өзіне бұйырту" болатын. 1918 жылдың жазына қарай Алашорда бастаған саяси күштер мен большевиктер арасында өкімет билігі үшін ашық күрес басталды. "Былтырғы октябрьдің 25-нен бастап, халықтың денесіне удай шашылған "большевизм" пәлесі әбден сабасынан асып, жұрттың бәрін жирендіріп, ашындырып өзіне қарсы жауын көбейтті. Ақырында, өткен май - июль айларында халық көтеріліп, чехословактар, казактар аттанып, большевиктерді жоғалта бастады". Соған байланысты "Жас азамат" газеті: "Большевик бұлты басқан бостандық күні жарқырап жаңадан шықты, нұрын төкті, - дей келіп, құдай Алаштың тілегін берді. Дұшпан кеудесі басылды, үні өшті, қозғалмастай күйге түсті", - деп жазды. Алайда, қазақтың бұл қуанышы ұзаққа бармады. Осылайша, Советтердің жер-жерлерде өкімет билігін тартып алуы - қазан революциясының алғашқы күндерінен бастап саяси биліктен айрылған топтардың қарулы қарсылығын тудырды. Елде басталған азамат соғысы іс-жүзінде осы өкімет билігі үшін күрестің жалғасы еді. Кеңес өкіметіне қарсы және оның саясатын қабылдамаған әртүрлі саяси күштерден қолдау тапқан "әскери үкіметтер" Қазақстандағы Кеңестерге қарсы күрестің негізгі күштерін құрады. Кеңес өкіметіне қарсы күштердің топтасуының басты себебі адмирал Колчактың : "...хүкімет көздеген мақсат - Россияның жәй адамдарын қорғау, елді көпшілдердің (большевиктердің - К.Қ.) қорлығынан құтқару, ендігі қалған ел мүлкін сақтап қалу, сонан соң барып, толық тәртіпке отырып, ақылмен жұрт тұрмысын жаңадан құрып, жалпы халықты мемлекет билігіне, жергілікті ісіне қатысатын қылу", - деген хабарламасынан аңғарылады. Мұндағы айтылған пікірлер Алашорда үкіметінің саяси бағытына дәл келді. Сондықтан да біздің Алаш әскері осы әскери үкіметтермен күш біріктірді. Бұл туралы Ә.Бөкейхановтың "Жетісу облысында большевиктер атты казак қалаларын беріп қоймай, қиратқан. Қатын, бала-шағаны қырған. Сондықтан сол бейшараларды большевик қолынан құтқару үшін біздің қазақ әскері атты казак әскеріне қосылып, Жетісуға қарай жолға шыққанын" жазады. Азамат соғысы жылдарында большевик зардабынан Алаштың барлық облыстары дерлік қырғынға ұшырап жатқан кезде "Жас азамат" газеті: "...жау оң бүйірден де, сол бүйірден де қысып келеді. Ел қорғау, құрғақ сөздің желісіне байланбайды, қаласты көңілден, жігерлі қолдан шыққан іске байланады. Алаш полктеріне кіріп, ел қорғау жастардың мойындағы парыз",- деп жастарды ел тыныштығын сақтауға үндеді. Екінші жалпы қазақ съезінің "милиция жасалсын" деген қаулысы бүгінгі күн ғұмыр жүзінде алла сәтін салып, іске аса бастады. Большевик құласымен Алашордасы Семейге келіп, автономияны жұртқа әртүрлі себеппен жария қылмаса да, іске кірісті. Бірінші кіріскен ісі - милиция жасау ісі болды. Алашордаға қолайлы жақын уезд Семейдікі болғандықтан жұмыс Семейден басталды. Семейдің 22 болысына болыс басы 30 кісіден салынып, сол кісілерін шақырта, тығыз жарлық жіберілді. Автономияның бір үлкен тіреуі-милиция екенін екі жылдай естіп, сүйегіне сіңіп жүрген жұрт баяғы солдат боласың дегенді құбыжық көргенін қойып, "Орда" жарлығын екі қылмай, салынған кісілерін әкеліп жатыр. 22 болыстың дені кісілерін әкеліп беріп қойды. Осы күні Семейде 700-ден аса қазақ милициясы бар (бәрінің расходы қазынадан). Әйелі жоқ салт жігіттер айына 60 сом алады, әйелі барлар 160 сом алады. Бәрінің киім-тамағы һәм басқа расходтары қазынадан. Алашорда үкіметі жарияланғаннан кейін Семейден бастау алған қазақ әскері Қазақстанның басқа өңірлерінде де, атап айтқанда, "Қостанайда 2-ші қазақ полкі, Жаман -қалада (Орск) - 3-ші , 4-ші, Оралда - 5-ші, 6-шы қазақ полктері жасалады...Бұлардан басқа Алашта ер көңілді қазақ жігіттерінен 1-ші полк пен офицер шығаратын медресені өзіміздің қазақ капитаны Хамит Тоқтамышев Өскеменде" ашқандығы жөнінде ұлттық басылымдарда айтылады. Осы тұста Қостанайдағы 2-ші қазақ полкінің құрамы туралы "Сарыарқа" газеті: "...ең алдымен бас боламыз деп учительдер, оқушы жастар жазылып, бұларды көрген соң, қырдағы жігіттер де өз еркімен жазылды", - дей келіп, онда оқу командасының ашылғандығын, құрамында оқыған азаматтардың болғандығын және 29 желтоқсанда полктағы жігіттер Қоңырау станциясына (Орынбор губерниясында) бет алғандығын, сонымен қатар Алашорда тарапынан "әскери бөлім" ашылып, Елдес Омаровтың да бірге кеткенін" жазады. Алаш әскерін жасақтауды ұйымдастырып, оның басы-қасында Алаш жетекшілері Х.Ғаббасов, А.Тұрлыбаев, М.Тынышбаев, Б.Мәметов, Х.Тоқтамышев жүрді. Әсіресе, қазақ жігіттеріне әскер ғылымын үйретуде түңғыш қазақ офицері, штабс-капитан Хамит Тоқтамышев иен подполковник Ғали Самыратбековтің есімдері ерекше айтылады. Алаш әскеріндегі бір ерекшелік-тылдағы тұрақты қосалқы жасақтың (резервтің - К.І.) болуы еді. "Сүйек тісті" ұзын таяқпен қаруланған олар қарсыластарын алаңдатып, табысты нәтижелерге жетіп отырды. Қазақ жігіттерінің Жетісу майданындағы ұрыс-қимылдары соның айғағы. Мұны "Сарыарқа" газеті: "...әскерге алынған қазақ жігіттерінің көп уақытқа дейін қару-жарақтары болмаса да, ұрыстан беттері қайтпағандығын... Саратовкадағы шабуыл кезінде (28 қазан 1918ж.) жүздіктегі" Балтай Бисебековтің, Лидреевка қаласында Ахметқали Орманбаевтың ұтымды ұрыс төсілдерін, Қағазбек Дашке баласының 150көпшілді Бір жарым сағат бөгеп тұруының арқасында, олардың Саратовкадан шығынсыз құтылғандығын, сонымен бірге 1918 жылы наурыз айында Антоновка қаласы үшін болған ұрыста жау қолында қоршауда қалған 12-ші Алаш полкінің 98 жігітінің қайраттылығы жөнінде: "...қамалып қалған 98 жігіт... неше күн, неше түн атысады. Атысқанда өздерінің паналаған үйлерінің қабырғасын тесіп алып, көпшілдерді мылтықпен атып, бомбамен атқылап, жақын келтірмейді. Көпшілдер оғы бұларға тимейді, себебі, бұл жақтың үйі тастан салынған еді... олар екі күн, екі түн атысқан соң, араларынан бір жігітті не болса да, Алаш әскеріне хабар бер деп жұмсайды. Бұл жігіт көпшілдің бір жақсы атын қолына түсіріп, ұстап мініп, неше қабат жаудың арасынан оқты жаңбырша жаудырса да, аман-есен құтылып, көп әскерге хабар береді. Мұны естігеннен кейін біздің әскерден Антоновкаға көмек жіберіліп, 4-5 күн қамалып жатқан 98 жігіттің аман-есен құтқарылғандығын" жазады. Қазақтың алғашқы әскери бөлімдері құрамындағы жауынгерлер бойларындағы қайсарлық, өжеттілік, ептілік сияқты қасиеттерімен көзге түсті. Ұлттық әскерімізді жасақтау, оларды оқ-дәрімен, қару - жарақпен және ат-көлікпен қамтамасыз ету жұмыстарының бар ауыртпалығы халықтың мойнына түскені белгілі. Олар шамасына қарай ұлт қазынасына өз үлестерін қосып, біреулері қаржылай, екінші біреулері заттай көмектерін аямады. Соған орай Алаш офицері Х.Тоқтамышев: "1918 жылдың желтоқсан ішінде атаман Анненковтың ұйғаруынша тілмаш Жармұхамедов мырзаның Семей мен Алаш қаласында жүріп, жинаған 13800 сом ақшасы 1-ші атты қазақ полкінің пайдасына тапсырылып, топ книгаға тіркелгендігін және Алаш қаласындағы әйелдер қауымы тарапынан "сүзек ауруы күшейіп, халыққа һәм соғыстағы әскерге қауіпті уақытта, қазақтың 1-ші полкінің жайы, көйлек - көпшік реті кем болып, қайдан аларын білмей тұрғанда, жоғарыда айтылған әйелдер ұйымы бұл істі өз қолдарына алып, қазақ һәм ноғай әйелдерін шақырып, біраз уақыттың ішінде 1000 пар көйлек-көпшікті бітіртіп берді. Сөйтіп, олар әскеріміздің сүзек ауруынан аман қалуына себепкер болды", - дей келіп, әсіресе, күні - түні қызмет қылған А.Я.Бөкейханова, Гүлбаһрам ханым Тынышбаева һәм Алаш баспаханасын басқарушы Сейінже мырза Керейбаевқа көптен-көп тәңір жарылқасын айтамын", - деп, өз ризашылығын білдіреді. Бұдан Алаш қайраткерлерінің жұбайлары да босқа жүрмей, әскер құру ісінде әйелдер ұйымына басшылық жасап, нәтижелі істер атқарғанын, сөйтіп, Алаш автономиясының "аяғынан тік тұрып кетуіне" өз үлестерін қосқан. Десе де, Алаш әскерін құру ісінде оның көлеңкелі тұстары да болмай қалған жоқ. Айталық, әскер бөлімінде қызмет етуге кей жерлерде халық ықыласты болмады. Оған тамақтанудың нашарлығы, киім-кешектің жетіспеуі, түрлі аурулардың етек алуы себеп болды. Мұның ақыры жігіттердің әскерді тастап, туған ауылдарына қашуына әкеліп соқтырды. Осындай келеңсіз оқиғалар бола тұрса да, милиция жасау туралы съезд қаулысы белгілі бір дәрежеде іске асырылып жатты. Соған ырза болған бүркеншік есімді "Хабаршы": "...автономияның бір үлкен тірегі - Отанымызды қорғайтын милиция болса, сол милиция бұл күнде жасалып отыр. Бүл қалыпқа қарағанда, біздің бөлек ауыл болып қонып, жұрт болуымыз шексіз", - деп, дербес тәуелсіз мемлекеттіліктен үмітті екендігін білдірді. Көп кешікпей большевиктерден тазарған жерлерде Кеңес өкіметінің саясатына қарсы бағытталған және Антанта елдерінің қолдауына сүйенген үкіметтер құрылды. Олардың қатарында Омбыда құрылған Уақытша Сібір үкіметі, 1918 жылы маусымда Самарада құрылған Құрылтай жиналысы мүшелерінің Комитеті (Комуч) және 1918 жылы қыркүйекте құрылып, өзін "Уақытша Бүкілресейлік үкімет" деп санаған Уфа директориясы болды. Соған орай "Қазақ" газеті: "...большевик жоғалған соң, әр жерде әртүрлі хүкіметтер жарыққа шыға бастады. Мысалы, Сібір хүкіметі, Самара хүкіметі, Башқұрт хүкіметі, Алаш хүкіметі һәм басқалар. Бұл хүкіметтердің шығуы мен түскен жолдары түрліше. Башқұрт, Алаш секілділер өзінің белгілі мақсаты - автономияларын жарыққа шығару жолында талпынады. Самара үкіметі дегеніміз - Россия Құрылтайының мүшелерінен құрылған Комитет. Бұл комитет Россияны тегіс большевиктерден құтқарып, жұрттың қолын Құрылтайға жеткіздік. Биліктің бәрін Құрылтайға бермек. Сібір хүкіметінің қолы біздің түсінуімізше күңгірт. Егер Сібір хүкіметі Башқұрт, Алаш сияқты автономиясын жарыққа шығару қолында хүкімет болдым дейтін болса, өзінің шегінен шықпасқа керек еді. Сібірді ортақ хүкіметім деп отырған ел жоқ. Бірақ, уысыма сыйғанның бәрі менікі деп Сібір отыр", - деп большевизмге қарсы құрылған Уақытша өкіметтердің әрқайсысының саяси бағытына түсініктеме береді. Осы тұста мақсат-мүдделері бір жерден табылған Башқұртстан, Алашорда және Түркістан автономиясы жетекшілерінің ұйымдастаруымен 1918 жылдың 18-21 тамыз аралығында, Семейде өткен 1-ші және осы жылдың 30 тамызы мен 7 қыркүйек аралығында Орынбор мен Самарада өткен кеңестен кейін шақырылған ІІ-ші біріккен съездері туралы айта кеткеніміз жон. 1-ші біріккен съездің күн тәртібіне енгізілген 12 пункттің бірінде "Украинаны оккупациялаған Германияға көзқарас" мәселесі болды. Соған орай "егер немістер астрахандық казактардың көрнекті қайраткерлерімен байланысуға әрекет жасаса, Германиядан арамызды алшақ ұстап, Ресейдің одақтасы ретінде Сібірде жүрген Жапония өкілдерімен байланыста боламыз, ал өзіміздің ұлт-азаттық күресімізді тек ішкі ресейлік күрес ретінде жүргіземіз" - деген шешім қабылданды. Бұл шешімді Алашорда үкіметі де қолдады. ІІ-ші біріккен съезге Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, У.Ходжаев т.б. қатысып, онда Башқұртстан, Қазақстан, Түркістан үкіметтерін "Оңтүстік - шығыс мұсылман облыстарының федерациясына" біріктіру, башқұрт, қазақ әскери бөлімдерінен корпус құру, Ресей үкіметіне "Шығыс Ресей одағына" негізделген Сібір және Самара, оралдық және орынборлық казактарды біріктіретін федерация құру жөнінде ұсыныс жасау мәселелері талқыланып, соған сәйкес шешімдер қабылданды. Осыған дейін қазақ автономиясы мәселесінде Кеңестерден қолдау таппаған Алаш жетекшілері ендігі жерде Сібір үкіметіне, Самара үкіметіне (Комуч), Уфа директориясына сенім артып, біртұтас ұлттық. мемлекет ретінде Алаш автономиясын мойындайды деп үміттенді. Олар "Сібірге біздің Алаш, Башқұрттың айтып отырғаны менде сендей, сенде мендей. Бізге Сібірден гөрі Самара хүкіметі табысқандай. Өйткені, Самара хүкіметі - өңкей халық өкілдерінен құрылған комитет. Сондықтан да біздің Алаш Самара комитетімен жолдасуы жөн. Бірақ, Сібірмен де ат кекілін кесіп кетпеспіз", - деген тоқтамға келді және осындай пікірлері арқылы халыққа саяси бағыт-бағдар беріп отырды. Азамат соғысы жылдарында, яғни Қазақстанның көпшілік аудандарында Кеңес өкіметі құлатылған кезде Алашорда үкіметі жоғарыда аталған Уақытша үкіметтермен тіл табысып, Орал, Сібір, Жетісу және Орынбор казактарымен тығыз байланысты. Осы үкіметтерге, кейін Колчак диктатурасына Алаш автономиясын ресми тану жөнінде өтініштер жасап, әртүрлі деңгейде көмек беруді сұрайды. Бұл мәселеге орай С.Шәріпов өз естелігінде 1919 жылдың 30 тамызында Колчак үкіметінің органы болып табылатын "Правительственный Вестник" газетінде жарияланған "Делегация у Верховного Правителя" атты мақала бойынша 1919 жылдың 27 тамыз күні Жоғарғы Билеуші ескі дәстүрлі казактармен катар Орал әскери үкіметі мен Орал өңіріндегі А.Кенжин бастаған қырғыздар делегациясын қабылдағанын, онда Орал казачествосы мен қырғыздардың Батыс Алашорда білімінің одағын нығайту мақсатында және қырғыз жасақтарын күшейту үшін Орал әскери үкіметінің атаманына құқық берілуін сұраған мәлімдеме жасалғанын, әскери атаман генерал-лейтенант Толстовқа қырғыздардың мемлекеттік мекемелерін құру жұмысына кеткен қаржысының орнын толтыруға 6 млн. сом ақша берілуін сұрағандығын және қырғыз өкілі тарапынан Жоғары Билеушіге қырғыз съезінің шешімі бойынша оған "құрметті ақсақал" дәрежесін бергендігі, Жоғары Билеушінің бұл делегацияға рахмет айтып, жауап ретінде олардың ұсынған мәселелері тезарада Жоғары Билеушінің Кеңесінде талқыланатындығын айтқанын" -жазады. Казачество мен Батыс Алашорда бөлімінің арасындағы тығыз байланысты айғақтайтын тағы құжаттарда екінші жалпы қазақ съезіне Орынбор казак әскерінің атаманы Дутов пен Орынбор казак округі өз араларынан жалпы қазақ съезін құттықтап, большевиктерге қарсы бірігіп күресуге тілектестігін білдіруге делегат етіп Т.И.Седельниковті сайлағаны айтылады. Ол 1919 жылдың екінші жартысында Ә.Бөкейхановтың қолдауымен 1-ші Аймақтық Кирревкомның құрамына мүше болып кірген. Алайда жоғарыда айтылған өтініштер Алашорда үкіметіне ойлағандай нәтиже бермеді. Себебі, Алаш автономиясының жеке ірге салып бөлектенуі оларға тиімсіз еді. 1918 жылдың қыркүйегінде Ә.Бөкейхановтан "Қазақ" басқармасына "11 қыркүйекте Құрылтай мүшелерінің Комитеті Алаш автономиясын таныды" деген жеделхат келіп түседі. Соған орай "Жас азамат" газетінде де "Құрылтай ағзаларынан құрылған Самар Комитеті Алашордаға қару-жарақ, киім-кешек бере бастағанынан" хабар береді. Осының алдында 1918 жылдың 18-тамызында Алашорда үкіметі Сібір үкіметіне өтініш жасаған болатын. Соған сәйкес Том қаласында "орыстан басқа жұрттардың фракциясы" (Облыстық Дума - К.І.) Ақмола облыстық комитетіне төмендегідей: "проекттеріңізді комиссия 3 күнде қарап бітіреді, сонан кейін Думаның жұмысына салынады. Алашордадан біреу тез келсін" - деген жеделхатты жібереді. Аталған Облыстық Дума 1917 жылдың күзінде құрылып, іске кірісіп жатқан кезде большевиктер қуып таратқан еді. Осы Думаның соңғы ашылуында (18 тамыз 1918 жыл) оған 100 шамалы депутаттар жиналып, топ-топқа (фракцияға - К.І.) бөлінгенде социал-революционер партиясы мен орыстан басқа халықтардың біріккен фракциясы екеуі күшті болды. Бұл екеуі де автономия болып, өз жұмысын өзі атқарамын деген халыққа жергілікті, яки жергіліксіз болсын дауыс беріп, Думада олардың сөзін қуаттамақшы болған және олар Алаш автономиясын Думадан бұрынғы лайықталынған күйінше өтуіне бар күштерін салмақшы болған. Осы мәселелерді шешу мақсатында Алашордадан керекті құжаттарды алып, А.Тұрлыбаев Том қаласына жіберіледі. Сібір хүкіметінің басқа халықтар жұмысын қарайтын министр М.Шатилов Думаға жүрерде "Алашорда" кісілеріне "мен министр болып тұратын болсам, баяғыдан бергі арманым-Алашорданың автономиясын Думаға аңғартып, қабылдату, егер менің дегенімше болмаса, министрліктен түсемін", - дегені - Алаш жетекшілерінің іс - әрекеттеріне қолдау көрсетуінің көрінісі болып табылады. Өкінішке орай, осы мәселені қарайтын Облыстық Дума Сібір үкіметі тарапынан жабылып, бұл іс аяқсыз қалды. Уақытша үкіметтер тарапынан осындай іс-әрекеттер жасалса да, олар шын мәнісінде жекелеген мәселелерде болмаса, тұтастай Алашорда үкіметін ресми түрде мойындамады. Большевизмге қарсы және бытыраған Ресей облыстарын біріктіру мақсатында бөлінбес Бүкілресейлік өкімет құруды көздеген Уфа мемлекеттік мәжілісі 1918 жылдың 8 қыркүйегінде шақырылды. Осы мәжіліс жұмысына орай "Қазақ" газеті "хүкімет құру жайын тексеріп, ынтымақтасуға әр топтан бір-бірден өкіл шығарылып, барлығы 23 кісілік бір комиссия сайланғандығын, оған мұсылмандардан Башқұрт үкіметінен Ахмет Заки, ноғайлардан - Сұлтанбек, Түркістан автономиясынан - Мұстафа, Алашордадан - Ғалиханның кіргендігін жаза келіп, соңғы хабарларға қарағанда, хүкімет сайлау үшін партиядан емес, ел билеуге лайық адамдардан 5 кісі сайлау жөнінде келісім болғандығын және сайланған жаңа үкіметтің 1-ші ғинуарға дейін ешкімнің алдында жауапты емес екендігін, бірақ жаңа жылдан кейін шақырылатын Құрылтай жиналысында істеген істері жайынан есеп беретіндігін айтады. Мұнымен қатар жаңа жылдан кейін шақырылатын Құрылтай жиналысына 250 мүшесі келсе ғана Кеңес болатындығынан, егер 1919 жылдың 1 қаңтарында 250 мүшесі жиналмаса, Құрылтай Кеңесі екі айдан соң, қайта шақырылатындығынан және бүл жолы 170 мүшесі жиналса да Құрылтай Кеңесі болатындығынан хабар береді. Аталған мемлекеттік мәжілістен автономия алуға ұмтылған халықтар үмітті еді, бірақ ол үміттері тағы да ақталмады. Өйткені, мемлекеттік мәжіліс те біртұтас Ресейден өзге халықтардың бөлінуін жақтамаған еді. Уақытша жалпы Ресей үкіметінің 1918 жылғы 4-қарашада Алашордаға шығарған жарлығы бойынша Алашорда таратылып, оның орнына "қазақтардың мәдени-тұрмыстық және экономикалық мұқтаждарын қанағаттандыру ісін басқаратын Алаш жөніндегі Бас өкіл тағайындалатын болды. Сонымен қатар Алашорданың жергілікті органдары сақталып, сол ретіне қарай Бүкілроссиялық Уақытша үкіметтің мекемесіне бағынатын болды. Мұндай жарлықтар Алашордадан басқа Сібір, Орал, Башқұрт, Самара сияқты облыстық үкіметтер туралы да шықты. "Көппен көрген ұлы той" Алашорда басқа облыстық үкіметтермен құрдас болып отыр. Облыстық үкіметтің қайсысы болса да, кіндік үкіметтің жарлығына бағынып, Уфада болып өткен мемлекет Кеңесінде өзіне тиісті болған облыстық құқықтарынан уақытша айрылды. Сырттан да, іштен де жау қысып жатқанда хәкімшіліктің бір қолда болғанын Отанның аман қалуы үшін облыстық үкіметтердің өздері тіледі. Осындай облыстық үкіметтердің ер көңілділігін, көрсеткен жомарттығын алдымыздағы болатын Құрылтай съезі һәм қазіргі Кіндік үкімет те еске алып, артық бағалар деп сенеміз", - деп жазды "Жас азамат" газеті. Алашорда алғашында Омбыдағы Сібір Уақытша үкіметі мен Самарадағы Комучке арқа сүйей отырып Алаш автономиясын нығайту жолында екінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес нақты шаралар жүйесін іске асырды. 1918 жылдың 11-24 маусымында Алашорда заңдық күші бар бірнеше қаулы-қарарлар қабылдайды. 1918 жылдың 24 маусым күнгі мәжілісінде шығарған осы заңдар 8 пункттен тұрды. Олар: 1)Совет хүкіметінің заңдары; 2) Земство туралы; 3) Әскер Кеңесін жасау; 4)Дін, сөйлеу, баспасөз, жиылысу, бас бостандықтары туралы; 5)Жер туралы; 6)Теміржол туралы; 7) Мемлекет салығы туралы;Алаш антономиясының жерінде жер пайдалану туралы Уақытша ереже (оның өзі 12 пункттен тұрды - К.І.). "Совет үкіметінің заңдары туралы" қаулыда Алашорда Алаш автономиясы территориясындағы Совет өкіметі шығарған заңдардың күшін жою туралы қаулы қабылдаса, "земство" туралы тармағында облыстар мен уездерде Алашорда Кеңестерін құру жөнінде шешім күшіне енгізілді. Ал, "Әскер Кеңесін жасау туралы" тармағында Алашорданың жанында үш адамнан тұратын Әскери Кеңес құрылғандығын жариялады. Осы Әскери Кеңеске Қорғаныс министрлігінің міндеттері жүктеліп, облыстар мен уездерде әскери бөлімдер ашу көзделді. "Алаш автономиясының жерінде жер пайдалану туралы Уақытша ереже" деген қаулы болды. Онда "жер мәселесін түпкілікті етіп шешу-жалпы Россия Құрылтайына тиіс", - дей келіп, Жалпыроссиялық Құрылтай жиналысы жер туралы заң қабылдағанша Қазақстанда жерге деген жеке меншіктің жойылатындығы, жер мен су байлықтарын пайдалану Алашорданың рұқсатымен ғана болатындығы, қазақтар мен орыстар арасындағы жер дауын жергілікті өзін-өзі билейтін земстволық органдар шешетіндігі айтылып, жер пайдалануға байланысты басқа мәселелерді шешудің тәртібі көрсетілген. "Дін, сөйлеу, баспасөз, жиылысу, бас бостандықтары туралы" "қаулысында жаңа заң шыққанша Алаш автономиясы жерінде Уақытша үкіметтің дін, сөйлеу, баспасөз, жиылысу, ұйымдасу, бас бостандықтары туралы шығарған заңдары, баяндамалары іске асырылсын" делінсе, мемлекет салығы туралы "Алаш автономиясының жергілікті халыққа түсетін мемлекет салығы Алашорданың қазынасына түседі, көптен алым тез жиналсын",-деген қаулы болды. Алашорданың заңдық негізде шығарған осы қаулы-қарарларына орай Колчак үкіметінің Ішкі Істер Министрі А.Гаттенбергердің Ә.Бөкейхановқа "Алашорданың бар жұмыстары туралы сізді бас өкілдікке белгіледік, ырзалық бересіз бе?", - деген ұсынысына Ә.Бөкейханов бұл мәселенің Омбыға барған кезінде шешілетіндігін және сол жақта Алашорда үкіметінің өкілдері У.Танашев пен А.Тұрлыбаевқа А.Гаттенбергерге жолығу керектігін білдірген жеделхат жолдайды. Одан соң, 1919 жылдың 17 қаңтарында А.Гаттенбергер Ә.Бөкейхановқа екінші рет "Алашорда шығарған жарлықтарды, жасаған заңдарды ала келіңіз",- деген жеделхат жолдайды. Оның артынша 18 қаңтар күні У.Танашев пен А.Тұрлыбаевтан "Министрге жолыққанымызда ... негізгі істер орындалмақ, сіздің Омбыға жылдамырақ келгеніңізді министр күтіп отыр. Алашорда шығарған заңдарды ала келіңіз" - деген хабар келеді. Осы келтірілген құжаттардан Алашорданың аз уақыт болса да жабылғанына "дос жүдеп, дұшпан семіріп тұрған кезде Алашорда қандай кедергіден болса да бауырын жазып шыға бергендігі, оның қиямет-қайымға дейін жоғалмағандығын" аңғаруға болады. Бұған қосымша "Алашорда ісі уақытша тоқтатылсын" деген жарлықтың шыққанына қарамастан, Алашорданың ашық түрдегі іс - әрекеті 1919 жылдың аяғына дейін үзіліссіз жүргені байқалады. Мұнымен қатар Алаш қайраткерлерінің ұлттық саяси дербестік жолында қандай кедергілерге кездессе де, шаршамай-талмай тек алға қарай ұмтылғаны байқалады. Азамат соғысы жағдайында Алашорда жетекшісі Ә.Бөкейханов өздерінің саяси қарсыластарының ең ірісі большевиктерге қарсы нақтылы, әрі пәрменді күрес жүргізуді де естен шығарған жоқ. Оның алғашқы қадамы 1918 жылдың 8 маусымында Алаш қаласында болған милиция жасау туралы Кеңесте болды. Кеңестің соңында "большевик заманында Алашқа қастық ойлап, зияншылық қылғандар, осыларды тергеуге "военно-полевой сот" ашылса екен деген ұсынысқа жиылыс бірауыздан осындай сот керек" - деп қаулы шығарған болатын. Одан кейін 1918 жылдың 13 шілдесінде Алашорда үкіметі қазақтан шыққан большевиктерді жазалау мақсатында ерекше қазақ соты мен тергеу комиссиясын құру жөнінде қаулы қабылдайды. Ә.Бөкейхановтың Орынбордағы С.Қадырбаевқа жолдаған жеделхатында "қазақтан шыққан большевиктерге еш рақым қылмаңыз", - деуінің өзі - мемлекет ісінің қатаң тәртіпке негізделгенін көрсетеді. Қазақ большевиктерінің іс-әрекеттері басқа облыстармен салыстырғанда, Семей облысы мен Орал өңірінде басымдау болды. Мәселен, Н.Құлжанов Омбыда абақтыда жатқан К.Төгісовке жолдаған хатында: "Семей облысында қараған 5 уездің кедейлері сізге сәлем айтады. Семей облысы Совдепіне берген визаны қуаттауыңызды өтін деді", - дей келіп, - "тілектері - областной, уездной, уолостной қазақ комитеттерін һәм областной, уездной қазақ соттарын жоғалтып, олардың орнына большевик законы бойынша мекемелер сайланса екен", - дейді. Ал, Хасен Нұрекенов (2-ші ГосДумаға Семей облысынан депутат болып сайланған Темірғалы қажының баласы) 1918 жылдың 22 ақпанында Көлбайға жазған хатында "Үш жүз" газетін құттықтап, қуанғандығын білдіре келіп, Ғалихан, Тұрағұл, молда Ахметжан, Биахмет туралы жиренішті шағым сөздер жазған. Орал өңіріндегі қазақ большевиктері туралы А.Ипмағамбетов өз естелігінде: "Алашорда Әскери үкіметпен одақтасқаннан кейін бірінші кезекке даладағы большевизм тамырын жою міндетін қойды. Мұны іске асыру үшін Алашорда 1918 жылдың жазында жазалаушы жасақтар құрып, әскери-далалық соттар ұйымдастырды ... қуғын - сүргіннің крепостниктік-феодалдық түрлері етек алды. Айталық, дүре соғу, су күю, аяқ-қолын қайыру, көз байлау, мүлікті талан-таражға салып тонау және т.б.", - деп көрсетеді. Батыс Алашорда әскери-далалық сотының төрағасы - Ескендір Көпжасаров, мүшелері Алпан Кенжеалиев, Қуат Төтебаев болған. Әскери-далалық соттың үкімімен Орал облысынан 30 қазақ большевигі ату жазасына кесілген және оны іске асыруға Ж.Досмұхамедов тікелей араласып, қазақ большевиктерін тізім бойынша жазалаған. Осы сарындас құжаттарды көптеп кездестіруге болады. Әрине, бұл жерде қазақ большевиктерін қазақ автономиясын құруда, азаттық күрес жолында Кеңестік бағытты таңдағандары үшін кінәлауға болмайды. Қоғамдағы мұндай жіктеліс заңды құбылыс болатын. Мұны ХХғ.бірінші ширегіндегі қазақ зиялыларының автономияға жетудің түрлі жолдарын таңдауынан деп бағалауға болады. Бұл мәселенің бір жағы. Екінші жағынан, қазақ большевиктері автономия ісінде қазаққа ауадай қажет болған ұлт тұтастығына нұқсан келтірді. М.Дулатовтың сөзімен айтқанда "...Орынбордағы съезд қаулысының орындалмауына екі түрлі себеп болды: 1)орыс һәм қазақтан шыққан большевиктердің кесірі; 2)елдің салақтығы" еді. Алаш ел болып көптің қатарынан қадірлі орын алу үшін ең бірінші өзі түгел болуы керек еді. Алайда, қазақтан шыққан большевиктер бірігудің орнына ыдырап межелі нәтижеге жеткізбеді. Осындай ішкі қайшылықтармен бірге, елдің сыртқы жағдайы, атап айтқанда Кеңестердің жеңуі мен азамат соғысының зардабы да Алашорданың аяғынан тік тұрып кетуіне кедергі жасады. Алашорданың саяси бағыты Ресейдің қоғамдық санасындағы "біртұтас бөлінбес Ресей идеясы" мен "ұлттық мәселенің билік туралы мәселеге бағынышты болу идеясына" қарама-қайшы келді. Бұл идеяларды іске асыру, соғыс кезінде салтанат құрған унитаризмді талап етті. Алашорда бұл күресте "үшінші күш" ролін атқара алмады және өзінің жеке саясатын қамтамасыз ете алмады. Сонымен бірге Алашорданың қарсы күштермен жасаған кез-келген одағы өзінің бағдарламалық міндеттерін орындаудан қалдырып, ақырында жеңіліске ұшыратты". Осы пікірге қосымша қазақ комитеттерінің, қазақ съездерінің қызметі нәтижесінде құрылған Алашорда үкіметінің шын мәнісінде, Қазақстандағы "үшінші өкімет" ролін атқара алмады. Оған жоғарыда айтылған Алашорда үкіметінің дербес іс-әрекеттері, яғни 1918 жылдың 11-24 маусымында шығарған заңдық негіздегі бұйрық-жарлықтары және оларды орындау барысында жүргізілген қыруар жұмыстары дәлел. Мұның бәрі - жаңа кезеңдегі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған Алашорда үкіметінің (13 желтоқсан 1917ж. - 4 қараша 1918 ж.) аз уақыт өмір сүрсе де, ұлттық саяси тәуелсіздік жолында із қалдырды. Сөз соңында айтарымыз -1917 жылғы екінші жалпы қазақ съезінде Алаш автономиясын жариялаған 13-желтоқсан - қазақ тарихында алтын әріппен жазылатын тарихи күн. Себебі, 13- желтоқсан "Алаш автономиясына ірге тас салды - бір. Шашыраған ұлтшылдықты біріктіріп, ұлт күресіне үлгі берді - екі. Жалған ұлтшылдардың өрісін тарылтты - үш". Ендеше, 13-желтоқсан күнін құрметпен еске алып, мемлекеттік деңгейде атап өту - бүгінгі ұрпақтың парызы.

4-ТАРАУ

ҚАЗАҚ СЪЕЗДЕРІ: ҚАУЛЫ-ҚАРАРЛАРЫ МЕН ШЕШІМДЕР

Облыстық қазақ съездері

№ 1

1917 ж. 12 сәуір

Қазақ халқының тұңғыш съезі

1-ші апрельде Орынборда қазақ съезі басталды. Съезге келгендер алдымен программа жасады. Программа бойынша қаралған мәселелер: 1. Жаңа тәртіп жайы.

а) жаңа тәртіпті нығайту;
ә) комитеттер жасау;
б) қалай жасау жобасын шығарып, сайлау басына кісі жіберу.

2. Съездер.

а) жалпы қазақ съезі;
ә) барша мұсылман съездеріне өкілдер жіберу;

3. Учредительное собрание. Торғай облысынан кандидаттар белгілеу. 4. Дін һәм оқу мәселесі. 5. Жер мәселесі 6. Сот: коренной һәм народный. 7. Земство. 8. Баспасөздер. 9. Почтаны жөндеу. 10. Ақша мәселесі. 11. Зиянды мекемелерді һәм чиновниктерді қалдыру. 12. Соғыс һәм жұмысшылар. 13. 1916жылғы бүліншілік жүзіндегі мәселелер. Бұлардың баршасы съездің кеңесіне түсіп шешілді. Енді съездің сыр-сымбат жағына келелік. Орынборда болған съезд жаңа заман келіп, жарық күн туып, нұрын шашқаннан бері қазақ, ішіндегі ең үлкен, ең толық 1-ші тұңғыш съезд. Бұл съезге келушілер саны 300 шамалы болды. Бұрынғы съездерде жиналған жұрт көңіліндегі ойын татымды сөзбен түгел айтып, адалдық, адамдық жағынан кеңесуге талай кедір-бұдырға жолығып, темір құрсаудан шығарушы еді. Күрмелген тіл, байланған жол ашылған соң, съездегі адамдар армансыз еркін сөйлесіп, ой-пікірі ауысып, прогаммадағы мәселелерді түрлі жақтан тексеріп шықты. Съезге келгендер елдің ылғи ығайы мен сығайы: ел баққан ақсақалдар мен мырзалар, дін басы молдалар, мұғалімдер, учительдер, адвокаттар, докторлар, судьялар. Алаш баласының артта қалмай бәйгеге қосылу жолында арпалысып жүрген азаматтар. Бұл жиналған жұрт адамдары Торғай мен Орал облыстарынан ғана емес. "Қазақ" газетінде съезд Торғай мен Орал облысының қазақтары үшін делінсе де, басқа облыстардан да, қалалардан да келгендер көп болды. Ақмола, Семей, Сырдария облыстарының, Бөкейліктің Орынбор губерниясы мен Қазан, Уфа шаһарларының кісілері де съезде болды. Бұлардан басқа съезге Торғай облысына жаңа хүкімет ғұрпынан комиссар сайланған Ә.Бөкейханов келді. Съезде болған оқымысты адамдар: Орал облысынан - 1-ші Гос.Дума члені Ә.Кәлменов, доктор кісі И.Қашқынбаев, студент Кәрім Жәленов, доктор Ғұмыр Есенгұлов. Торғай облысынан - 1-ші һәм 2-ші Гос.Дума члені Ахмет Бірімжанов, студент Тел Жаманмұрынов. Омскіден - Ж.Сейдалин, Жаңанша Сейдалин, студент Әбубәкір Аймаев. Бөкейліктен - адвокат Уәлидхан Танашев, студент ІІІ. Бекмұхамедов; Семей облысынан - юрист Мұқаш Боштаев; Сырдария облысынан - студент М.Шоқаев. Әскербек Басығарин; Ақмоладан - М.Жұмабаев. Қазан мұсылмандарының өкілі..., Уфа мұсылмандарының өкілі ..., Орынбор һәм Ақтөбе мұсылмандарының өкілдері -Ғабдолғазиз Хасанов, Теміршам Салаубаев, Ғұмыр Ғабдолғаниев. Съезд басталғаннан біткенше үздік-создық келушілер қосыла берді. Сөйтіп съезге келушілердің санының толықтығы, қайдан һәм кім екендігі Орынборда болған бұл съезді қазақ болғаннан бері орыс қол астына кіргеннен бері зор қалыпта құрылған түңғыш съезд деуге сияды. Съезд айтылған І-ші апрельден бастала берді. Алғашқы күні съезге жиылған жұрттың есебін жазу мен программа түзету болды. Келесі күні съезд құрылған үйде бірауыздан председательдікке А.Байтұрсынов сайланды. А.Байтұрсыновты сайлау туралы жан салған азырақ қиқарлық шықса да, қайтадан дауысқа салғанда, съезге жиылған жұрт бірі қалмай, қайтадан сайлады. Одан соң Байтұрсыновқа, екі орынға У.Танашев, Ә.Кәлменов, үш секретарь О.Алмасов, С.Қадырбаев, Ш. Бекмұхамедов сайланды. Одан былайғы күндерде председатель ауысып отырды. Съезге басшылар сайлауы біткен соң, съезді құттықтаймын деп келген Торғай губернаторын жұрт бірауыздан қабыл қылмай, айдап шығарды. Әуелі председатель А.Байтұрсынов шықты. Бостандықпен құттықтады. А.Байтұрсыновтан соң "Уақыт газетінің шығарушысы Каримов ноғай атынан барша қазақ бауырын құттықтады. Құттықтау сөздер біткен соң, бостандық қайдан, қалай болған жайын халыққа қасқиып қарап тұрып, М.Дулатов тарихи жолмен баяндады. Ай мен күндей кімге бірдей бостандық тегін келмегендігін талай сабаздар құрбандыққа шалынып, алысып, жұлысып, арпалысып отырып, тартып алған бостандық екенін айтып келіп, қарасы өшкен ескі хүкіметтің атқан оғы,шапқан қылышы, қаным бір қазақ едім деп ойламаған,халықты ескі хүкіметпен бірге жеген, езген, бұл күнде көлгірлікпен, сыртымен қуанғансып іште жүрген, газетке түсіндірер болған кезінде ел үшін айтылып жатқан істі ескермеген Ғ.Мачиев пен губернатор переводчигі М.Түнғаншин екеуін съезге жолатпауды тілеп, қарабеттігін мойнына салған соң, съездегі халық жұмысын, ішімізден шықсын, қарасын көрсетпесін деп Мұхамедияр Түнғаншинді қуып шықты. Ғ.Мачиев Орынборда жоқ еді. Бұдан соң программадағы мәселелерді көптің кеңесіне салып отыру уақытты көп алатын болғандықтан, мәселелерді мәнісіне қарай үйлестіріп бес бөлек қылып, жеке-жеке қарайтын 5 комиссия сайланды. Бұлар көптің кеңесіне түспес бұрын өзара әрқайсысы тиісті мәселені тексеріп барып, көптің алдына салып отырды.

// "Қазақ". 1917. № 225.

№ 2

Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Архиві

1917 ж. 12-14 сәуір

Уақытша үкіметтің Жетісу облыстық комиссариаты
Верный қаласында өткен бірінші Жетісу облыстық қазақ съезінің қарарлары

Мынадай мәселелер жөнінде: соғысқа көзқарас, азық - түлік мәселесі, облыстағы жер мәселесі, мал шаруашылығы және тағы басқа мәселелер. Съезд 1917 жылы 12 апрельде Верный қаласында, Әскери Жиылыс мекемесінде күндізгі сағат 12-де азамат И.Ж.Жайнақовтың (Верный уезі) басшылығымен және басшының серіктері Ғ.О.Ордабаев (Верный уезі) А.Х.Құдайбергенов (Пішпек уезі) хатшылар азамат Қ.Ш.Шегіров (Верный уезі) және дәрігер Н.Ж.Жақыпбаевтардың (Лeпcі уезінің делегаты) қатысуымен ашылды. Съезге қатысқандар: Верный уезінен-54 делегат, Лепcі уезінен-4, Қапалдан-3 Пішпектен-12 Пржевальскіден-5, барлығы-81 делегат. Съездің ашылуына облыстық әскер басшысы полковник А.И.Алексеев, Верный атқару комитетінің председателі С.Д.Дубейковский, вице-губернатордың қызметін атқарушы подполковник А.Г.Гусев, облыстық Азық-түлік комитетінің председателі С.Р.Корсак, Верный округтік Сотының прокурор қызметкері В.И.Петров, қала басшысының қызметкері Н.А.Кадкин, Округтік Сот председателінің серігі Г.М.Давыдов, Мұсылман комитетінің председателі З.Т.Тазетдинов, сонымен бірге басқа да жергілікті қоғамдық ұйымдардың өкілдері, соның ішінде жергілікті әйел үйірмелерінің өкілдері, әйел тендігі қоғамы және мұсылман әйел комитетінің өкілдері құрметпен келді. Жоғарыда көрсетілген құрметті қонақтардың және қазақ шешендерінің өзара құттықтау сөздерінен кейін съезд бағдарламаны қарауға кірісті. Өзінің 6 күндік жұмысында съезд мынадай қарарлар қабылдады:

1. Соғысқа көзқарас

Қырғыздар Россияны ескі режим тәртіптеріне әбден көңілдері қалған жөне оның ең езілген халықтарының біріне жатады. Сондықтан олар болған "төңкеріске" және "сыйланған" бостандықты басқа халықтардың азаматтары сияқты құнды деп есептемесе, құнсыз санамайды. Бұл жаңа ғана алынған улы бостандық сыртқы жауларды жеңбейінше толық бекуі мүмкін емес. Жеңіске жеткен жағдайда елімізді бұрынғы тәртіп құрылысына қайтару үшін съезд қаулы етеді: Соғысты жеңіске жеткенге дейін жүргізе беру. Ол үшін әскерге әр түрлі көмек беру, "бостандық" заемына жазылуға кеңінен қатысу, қазынаға малдың тұрақты бағасын қою, егін жинау және өндеу ісінде әскерге шақырылғандардың семьясына көмек шараларын ұйымдастыру және т.б.

2. Уақытша үкіметке көзқарас

Уақытша үкіметке соғысты жеңіспен аяқтауға жарияланған жаңа құрылыс негіздерін іске асыру барысында оған толық бағыну және қолдау көрсету.

3. Жергілікті және өлкелік өкіметке сонымен бірге атқару комитеттері мен басқа да қоғамдық ұйымдарға көзқарас

Уақытша үкімет пен жергілікті және өлкелік комиссиялар бекіткен және халық сенімінен шыққан жергілікті және өлкелік өкіметке қалтқысыз бағыну. Уақытша үкімет жариялаған бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті атқару комитеттері және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара толық ынтымақтастық болу.

4. Болашақ Россияның жоғарғы билік формасы демократиялық республика

5. Рухани діни іс

1) Петроградта мұсылмандардың барлық рухани және ұлттық мәселелері мен істерін атқаратын мұсылмандардың жоғары рухани басқармасын құру. 2) Орталық діни далалық қырғыз облыстарына: Орал, Торғай, Ақмола, Семей және Жетісу облыстарына ортақ "ерекше діни жиналыс" құрылсын және "Қазақстан" деп аталсын. Қазақстанның Діни жиналысының құрамы, құқығы және міндеттері мұсылман Діни жиналысына және жаңа ережеге сәйкес алда тұрған Бүкіл Ресейлік мұсылмандар съезіне даяр болу керек . 3) Облыстық және уездік жерлерде кең бағдарламалы медресе ашатындай бір-бір қырғыз мешіттерін салу. Бүл мешіт пен медресе салынатын орын қалалық жерлерден бөліну керек. 4) Болыстарда мектеп және медресе ашатындай бір мешіт болу керек. 5) Мешіттегі молда және имам сол мешітке келісімен ұлт ерекшелігіне қарамай белгілі дәрежеде білімі бар мұсылмандардан сайлану керек және оны рухани-діни жиналыс бекітуі керек. 6) Мешіттерді сайлау, мектеп-медреселерді ашу, сонымен бірге оларды , яғни молдалар мен имамдарды, мұғалімдерді тағы басқаларды православие шіркеулерімен бірдей қазына есебіне қамтамасыз етілу керек. 7) Әрбір болыстық және ауылдық мешіттерде қауымдастыққа жататын қатаң бақылаудағы вакуфтық жерлер болу керек, вакуфтық жерлердің өлшемі ауылдық мешіттер үшін 100 десятина, ал болыстық жерлер ер үшін 300 десятина деп анықталсын. Бұл жерлер ер сол қауымдастықтың жалпы жер бөліктерінің санына кірмеуі керек және ол вакуфтық меншік болып саналу керек.

6. Азық-түлік мәселесі

1) Қазіргі қиын кезеңдегі бұл мәселенің маңызды екендігін мойындай отырып, съезд барлық іске кіріскен және енді ашылатын уездік және болыстық комитеттерден, сонымен бірге барлық басқа қырғыз қоғамдық ұйымдарына малдың жеке саудагерлер мен делдалдардың қолына түспеу үгітін мемлекеттік мақсатына тез арада жеткізуді сұрап қаулы қылды. Осы тұрғыда малды ұстаудың тиімділігі үшін болыстарда сатылған мал мен қойларды жинайтын жерлерде қоғамдық табандар ұйымдастыру. Әскер үшін өкілеттілікпен берілетін малдарды бір-біріне жақын екі сатып алу пунктінде: Черняев пен Андижанда малдың жылжу тәсілдері, оның қабылдауға түсетін жері, сонымен бірге оның тұрақты бағасы ерекше үндеулер мен хабарларда көрсетіледі. 2) Болыстар арасында бастапқыда түйелерді тең және әділ бөлу, Пішпек, Верный, Қапал уездеріндегі сатып алынған нанды темір жолдың бірінші станциясына дейін түйеге теңгеріп жеткізуді ұйымдастыру . 3) Уездік және болыстық комитеттер арқылы әскерге шақырылғандардың семьяларына егінін және шабындығын жинап беру үшін, сонымен бірге казактар мен шаруаларда мүліксіз адамдар үшін жүмысшы артельдерін ұйымдастыру.Бүл жұмыстар 16-пунктте көрсетілген шаруа депутаттарының кесімді бағасымен даярланды. 7. Жергілікті басқару (Уақытша Құрылтай жиналысына дейін) Қазірден-ақ ол облыстағы Азаматтық басқаруды Әскери басқарудан болу керек және Азаматтық басқарудың басына Уақытша өкімет тағайындаған екі комиссарды басқа бірі - орыс, екіншісі-мұсылманды қою. Уездер мен участкелердің басында комиссарлардың бірі-орыс, екіншісі-мұсылман болу керек. Уақытша үкіметтің облыстық комиссарлары тағайындаған жергілікті қоғамдық ұйымдарды келісімен, әсіресе облыс тұрғындарын құрайтын қырғыз, қазақ, шаруа ұйымдарының келісімен болу керек. Болыстарда болыс басшылары мен ауыл старшындары қазір қажет емес партиялық араздықтан құтылу кезінде қазірге өз орындарында қалып, салық және оның басқа да і үрлерін жинауда, тек таза полициялық қызметтері мен міндеттерін бағыттауы керек. Өз әрекеттерінде олар болыстық комитеттерімен ынтымақта болу керек, оның міндеттері 20-пунктте берілген. Болыс билеушілері мен комитеттері арасындағы істің түсінбеушілігін уездік және участкелік қырғыз комитеттері қарау керек. Қоғамдық ұйымдардың келісімінсіз әкімшіліктің тағайындауымен болыстық билеушілер, старшындар, халық соттары тез арада қызметтен кетуі керек және олардың орнына заңдық негізде басқа адамдар сайлану керек. Құрылтай жиналысынан кейінгі жергілікті басқару кең демократиялық негіздегі земстволық басқару.

8. Сот

Болыстарда әрбір ауылдан бір кісіден ерекше халықтық билер сотын құру. Осы сот құрамына мерзім сайын кезектесіп, 5 билерден тұрақты билер сотын құру. Олардың ішінде біреуі төраға болу керек. Халықтық соттың кезекті және соңғы сатысы (инстанциясы) болыстық соттың құрамы тыс әрбір болыстан біреуден сайланған участкелік немесе уездік билер съезі болу керек. Болыстық соттардың арыз-шағымдарының жиылу мөлшеріне қарай бұл съездерге 1 жыл мерзімге билердің өздері сайланған төрағалар шақырылуы керек.

Бұл съездерде арыз-шағымдарды қабылдайтын өз кеңсесі болу керек. Болыстық соттардағы сияқты істің қаралуы уездік немесе участкелік съездерде де былайша белгілену керек: 1) Істі талқылауда бидің қатысуымен талапкердің талабынан (егер ол басқа болыстан, басқа участкеден немесе өзі қалған жерден болса) азаматтық істер үшін жауапкердің тұратын жерімен; 2) Қылмысты істер үшін қылмыс болған жерде соттың құрамында жоқ немесе съезде өзінің биі жоқ екінші жақтың биінің қатысуымен. Болыстарды бір түрлі шендегі адамдарға қатысты үкім - шаралардың болыстық соттары мен қазақтық соттар үшін Құрылтай жиналысы қалай белгілесе, тек солай белгілену керек. Аралас істер, яғни қырғыздар мен орыстар және басқа да халық өкілдері арасындағы істер осы сотқа қырғыз өкілдерінің және соттық ант берушілердің қатысуымен жүргізілуге тиіс. Сонымен бірге бұл сот тек қырғыз тілінде жүргізілу керек. Жаңа халықтық сот істің қаралу кезінде далалық облыстардағы жалпы қазақ съездерінде тұжырымдалған шариғат, әдет-ғүрып және негізгі заңдардың негізінде ерекше кодекспен басшылыққа алыну тиіс. Халық соттарына жұмсалатын қаржы қазыналық немесе земстволық қаржы есебінен болу керек.

9. Салық (шығын) жинауда және сайлауларда партиялық араздықты тоқтату шаралары

Кең демократиялық негізде жүргізілген земство-болыстықтарда да белгілі бір дәрежеде партиялық араздық жояды деп съезд сенім білдіреді. Тіпті мынадай тілек айтады: Ауылдарда қызмет дәрежесі үшін болыстар мен ауыл старшиндар арасында болатын партиялық тартыс түбіріне жойылсын. Қауіпсіздік сақтау және басқа да таза полициялық қызметтер, сонымен қатар салық жинау қызметі әр ауылдан бір адамнан арнайы сайланған земстволық басқару арқылы жүргізілуі тиіс. Болыстық земствода салық жинаушылардан қаржыны қабылдау үшін арнайы қазынашы болуы тиіс. Сонымен бірге болыстық сайланғандар съезін түбірінен жойып, бұл съездердің жұмысын болыстық земствоға толығымен беру керек. Болыстық земство басқармасына өз мүшелерін сайлап, болыстық сотқа өз бейнелерін сайлау, сонымен бірге ауылдық салық жинаушыларды сайлау-жалпы тең және құпия дауыс беру жолымен жүргізілуі керек. Оған әр ауылдан бір-бір адам сайлану тиіс. Барлық болыстықтарда билерді уездік және учаскелік съездерге сайлау осындай дауыс беру жолымен сайлану керек. Болыстық земство-шығындарды жинауды реттеу үшін барлық төлеушілерді уақытылы есеп қағаздарымен және салық жинау квитанциясымен қамтамасыз ету тиіс. Ауылдық салық жинаушылар сияқты болыстық земство қазынашысының іс-әрекеті де земстволық басқарма мүшелеріне сайланған арнайы тексеру комиссиясының бақылауында болады. Мұнан басқа шығындарды жинауды реттеу үшін земствоның шығынын өтей алатын көзделмеген қаржы қоры болуы керек. Салымдарды қабылдау-қабылдамау осы қордың қаржылай мүмкіндігіне қатысты.

10. Білім және оқу-ағарту

1) Жалпыға бірдей ақысыз және міндетті оқу. 2) Облыстағы ірі жерлерден және қалаларда қазына есебінен ерлер мен әйелдер медреселерін ашy. 3) Болыстарда қазына есебінен болыстық ерлер мен әйелдер медреселерін, сонымен бірге ауылдық мектеп ашу. 4) Қалалық және ірі елді мекендік медресе бағдарламасы орта оқу орындарының бағдарламасына теңестірілуі керек, (болыстық медресе-қалалық училищелердің бағдарламасына, ал ауылдық мектеп төменгі бағдарламасына теңестірілуі керек. Бұл бағдарлама барлық қырғыз мектептері мен медреселеріне ортақ жалпы қазақ және мұсылман съездерінде бекітілуі керек. 5) Мектеп пен медреседе оқыту ана тілінде жүргізілу керек және орыс тілінің де қатар жүргізілуіне көңіл бөлінуі керек. 6) Мектеп пен медресе оқытушылары мұсылмандардың ұлттық ерекшелігіне қарамай, оқыту шарты бойынша өзінің тағайындалғанына жауап беруі керек. 7) Қазынаның есебі арқылы орыс-бұратана мектептері, олардың толық қанағаттанарлықсыз түрде болған ұлғайтылған бағдарламамен ауыл шаруашылық мектептерін құру. 8) Қазақ тілінде оқыту міндетімен мемлекеттік, кәсіптік мектептердің тармақтарын (қолөнер, фельдшерлік,ветеринар-фельдшерлік, т.б.) дамыту.

9) Гимназиялар мен қалалық училищелерде қырғыз балалары үшін интернаттар ашу.

10) Верный қаласында қырғыз қаражатына 100 ваканцияға дейін ашылған ерлер гимназиясы жанындағы пансионда қырғыздар үшін ваканцияны ұлғайту.

11) Интернаттарда тәрбиелеушілердің бірі міндетті түрде білімі бар мұсылман болуы керек. Гимназияларда қалалық және басқа да әйелдер мен ерлер училищелерінде мұсылман балаларының саны оннан асатын болса, онда міндетті түрде ана тілі мен діни білім енгізілуі керек. 13) Кезінде генерал Фольбаумның заңсыз тартып алып, өзі қолдайтын курстық орыс қыздарына берілген төрт стипендиясы Жетісудің қырғыз студенттеріне қайтарылып берілуі керек. 14) "12" пунктте көрсетілген оқу орындарында ана тілін оқытуды енгізу, сонымен қатар "11" пунктте көрсетілгендей мұсылмандардан тәрбиешілер тағайындау осы жылғы күзден бастап іске асырылсын. 15) Пішпек гимназиясы қырғыздардың арнайы қаражатымен 1912 жылы ашылған болатын. Бірақ, кейінірек уездік, облыстық әкімшіліктің шешімімен қырғыздар гимназияға қатысты мәселелерді шешуге араласудан аластатылды. Бұл гимназияны жабылды деп айтпасақ та, оған қырғыз балаларының келуі кей жағдайларда оқу орнының басшылары тарапынан қиындатылды. Гимназияға түсуші қырғыз балалары белгілі дәрежеде орыс тілін білуі керек деп, тіпті орындалуы мүмкін емес талаптар қойды. Сондықтан әділдік болуы үшін қырғыздар ашқан Пішпек гимназиясын қырғыздардың өз қарауына беру және оның жанынан интернат ашу керек.

11. Облыстағы жер мәселесі

... Пайдаланылатын жер-жер өңдеушілер мен мал өсірушілерге берілуі керек. Соңғы кезде қырғыз жерлерінің жүйесіз алынуын ескере отырып, қырғыздар аршылған және өңделген жақсы жерлерін өздеріне қайтарылуын сұрайды: 1) Облыс сырттан қоныс аударушылар үшін мүлде жабық деп саналсын. 2) Бұдан кейін шаруаларға, казактарға және басқа қоныстанушыларға жер бөліп беру тоқтатылсын. 3) Мемлекеттік Мүлік Басқармасы тарапынан көбіне қырғыздардың өзіне, жеке қожалықтарға немесе арендаға (мердігерлікке) берілген және оларды сол қырғыздардан өздері арқылы қанап отырған, әлі де болса қоныстандырылмаған қосалқы, алым төленетін және т.б. жерлер қырғыздарға қайтарылсын. 4) Қалалар мен елді мекендердің жер үлестері арқылы көшетін және мал айдап өтетін жолдарды кеңейтіп түпкілікті белгілеу.

12. Су мәселесі

Жетісуда сусыз жер шаруашылығының ешқандай да құны болмайды. Қоныстанушылар үшін дайын суармалы жерлер алынды. Онан басқа азды-көпті ауқымды су көздері қырғыз облыстарынан жоғары, яғни су көздерінің бастауларына орналасқан байырғы тұрғындар мен казак станицалары әр түрлі жолдармен біртіндеп басып алынды. Осылайша қырғыздар су пайдаланудан аластатылып, соның салдарынан мәдени жер шаруашылығымен айналысу мүмкіндігінен айрылды. Қырғыздардың жер бөліктерінен жоғары су бастауларына орналасқан шаруалардың әсіресе, қазақтардың жерлерінен су молынан төгіліп, бір жазда 3-4 қайта суарылып жатқанда төменде жатқан қырғыздардың егістіктері су тапшылығынан күйіп кетті. Қырғыздар үшін егістіктерді бір рет суару үлкен қуаныш еді.

Осы жағдайларға байланысты қаулы етілсін: 1) Орыс және қырғыз халықтарының су пайдалануын тең, құқықты және әділ тұрғыда тез арада реттеу. 2) Қырғыздардың бос жатқан мәдени жерлеріне қазына есебінен суармалы каналдар жүргізу. 3) Шу өзенінен суарылатын жерлерді жергілікті қырғыздардың пайдалануына беру.

З.Мал шаруашылығы

Осы кезде, яғни тұсында жалпы қоғамның және мемлекеттің түрлі қажеттерін өтеп жүрген қырғыздардың мал шаруашылығына қолдау көрсету керек. Оның үстіне соңғы жылдары тек қазына пайдалануына алынған орманды бос жерлер қырғыздардың мал шаруашылығын өте қиын да ауыр жағдайда қалдырып, орны толмас зиян әкелу қаупі бар. Жайылымдық жерлердің қысқаруынан қырғыздардың ертеден қалыптасқан мал шаруашылығын жүргізу жүйесі біртіндеп бұзылып, кезінде қырғыздардың асыл тұқымды малдарының қатарына жататын жылқылары мен қойларының тұқымдары азаюда. Қырғыздардың малдарын жақсарту, сонымен қатар олардың санын арттыру жеткілікті жайылым болмайынша мүмкін емес. Тіптен қырғыздардың малы туралы айтпағанның өзінде олардың мал шаруашылығының одан әрі қысқаруы-мемлекеттің жалпы экономикасына міндетті түрде кері әсерін тигізбей қоймайды. Олардың саны қысқарған кезде мемлекетке керекті азық-түлік пен әскери қажеттіліктер және осы сияқты тағы басқа мал шаруашылығы өнімдерінің де азаятыны белгілі.

Айтылған пікірлерді ескере отырып, сұралсын: 1) Мемлекеттік қорға тек қазынаның пайдалануы үшін алынған орманды, таулы және далалық бос жерлерді бұрынғы негізде қырғыздардың пайдалануына қайтару. 2) Етті және сүтті малдардың таза қанын құю арқылы қырғыздардың ірі қара малдарының тұқымын жақсарту, қазына немесе земство есебінен қырғыз халықтарына асыл тұқымды малдарды жіберу. Дәл осылай қырғыз жылқыларының да тұқымын жақсартып, олардың әскер керегіне жұмылдырғанда тұқым беретін малдар жақсы биелерді қалдыру қажет. 3) Облыста мұсылмандардан 2-3 агроном қызметін, ал уездерде мұсылмандарда бір немесе екі нұсқаушы қызметін құру.

14. Отырықшылыққа өту

1909-1910 жылдардан бұрынғы генерал-губернатор Фольбаумның және облыстағы Переселен ісінің меңгерушісі Белецкий мырзаның бұйрығымен Жетісуда, Пішпекте және басқа да уездерде қырғыздардың бір бөлігі отырықшылық жағдайына ауысты. Аталған әкімшіліктер мен олардың жағымпаздары қырғыздарды отырықшылыққа көндіру үшін болыстарда партиялық араздықты тудырушылар мен сайлауда жеңілгендерге жаңа жер бөлуге уәде беру арқылы отырықшылықты ұсынды. Бұл олардың тарапынан үлкен табыспен іске асырылды, өйткені уақытша билік үшін партия басындағы адамдар болыстықтарда қайта бөлінген Велецкий - Фольбаумдық жерлердің қырғыздарға не нәрсе беретіндігімен санасқан жоқ. ... Фольбаум мен Велецкийдің қоныстандыру саясаты бойынша мүдделі болған болыстардан, яғни отырықшы қырғыздардан шаруалар мен қазақтар үшін жарамды жерлерді босату алдын-ала белгіленді. Артық жерлерге ешқандай тексеру жүргізілмеді. Қырғыздардың отырықшылыққа байланысты өтініштері мен олардың толық негізделген тілектері қаралмастан назардан тыс қалды. Отырықшылыққа көшірілген қырғыздар өздерінің жаңа өмірінен экономикалық шаруашылық саласында болсын, ішкі құрылым саласында болсын ешқандай жақсылық көрген жоқ, керісінше өте ауыр және қолайсыз жағдайға қойылғандықтан олардың мал шаруашылығы шайқалып кетті. Үлгі ретінде және ынталандыру мақсатында бар мүмкіндік жасалған Шығыс Сүкілік, Байтық және басқа болыстар алғашқылардың бірі болып шарасыз жағдайға ұшырады. Тіпті 8-9 жылдың ішінде олардың мал шаруашылығы толық күйзеліске ұшырап кетті.

Осы пікірлерді ескере отырып, съезд мойындады: 1) Таза отырықшылық өмір қырғыздар үшін мезгілсіз емес және олардың мал шаруашылығы үшін қауіпсіз емес. 2) Осыған дейін отырықшылыққа өткен болыстарды, әсіресе 14 болыстан тұратын Пішпек уезін көпшілікке ауыстыру және қоныс аударушылар әлі орналаспаған жерлерді олардың пайдалануына қайтарып беру. 3) Мал шаруашылығымен айналыса отырып, отырықшылыққа негізінен көшу дұрыс деп танып, оған мұндай өзгерістерді және табиғи қажеттілікті ескере отырып біртіндеп көшу, яғни үкіметтің күштеуінсіз немесе партиялық араздық сияқты осыған ұқсас келеңсіз әрекеттерге жүгінбей кірісу керек.

15. Натуралды міндеттілік

Дала ережесіне сәйкес бұрынғы өкімет енгізген қырғыздардың натуралды міндеттілікті өтеу тәртібі қырғыздар үшін басты жұмыстардың бірі. Қырғыз қызметкерлеріне "шығынмен" салық салуда негіз болған осы мүдделік тіпті жоғары дәрежеде бірқалыпты қойылмаған. Қандай да бір жұмысқа арналған әрбір тапсырма, тіпті әрбір ұсақ чиновниктің сапары ол үшін тігілетін киіз үй, ат дайындау жұмыстары және әскерлердің, басқа да этаптардың жүріп өту сапары, оларға киіз үй тігу, азық-түлік, жем-шөп дайындау және осы сияқты натуралды шаруашылықтың басқа да түрлерін жасау қызметкерлерді көптеген шығындарға ұшыратты, өйткені көп жағдайда киіз үй дайындау, азық-түлік, шоп дайындау жұмыстарына ақы төленбеді, төленсе жеткіліксіз мөлшерде төленді. Бұл айырма жергілікті тұрғындардың есебінен олардың өз пайдаларына қомақты процент қосу арқылы жиналды. "Лайдың" өзі де аз қиянат емес. Осы негізде орыс қызметкерлері және т.б. адамдар үшін көлік аттарын беруде де көптеген зиянды әрекеттер орын алады. Осындай жағдайларды ескере отырып, съезд өтінеді: 1) Қырғыздарды натуралды мүдделіктен біртіндеп мүлдем босату. Атап айтқанда, оларды әрбір чиновник үшін киіз үй тігуден, сол сияқты осындай қызметкерлерге (егер олар жалдамалы немесе өз аттарын пайдалана алса) ат беруден босату. 2) Өтпелі этаптар үшін станцияларда киіз үй тігуді жою. Бұл мақсатта қазына есебінен ерекше барақтар тұрғызу. 3) "Лауды" жою, оның орнына жергілікті шабармандылықты құру. 4) Байланыс (почта) жолдарын жөндеуге байланысты натуралды мүдделілікті реттеу неғұрлым қиын жерлерде жөндеу жұмыстарына қаржыны қазына есебінен алу. 5) Қырғыздарды байланыс жолдарындағы көпір салу жұмыстарынан босату. Бұл жұмыстар земство немесе қазына есебінен жүргізілуі керек.

16.Орыстар мен қырғыздардың арақатынасын реттеу тәсілдері

1) Пішпек және Пржевальск аудандарындағы шаруалардың қырғыздарға деген ұнамсыз көзқарасын ескере отырып, (1916 жылы бұл жерлердегі тәртіпсіздіктер неғұрлым өшпенділік сипатында болған еді) жергілікті атқару комитеттерінің өтініштеріне қосымша аталған комитеттерге, жергілікті мұсылман комитеттеріне осы жылдың 14- мартында 10 ООО сом ақша бөлінді. 2) Орыс тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру және татулықты қалпына келтіру үшін жергілікті қырғыз комитеттері арқылы алқаптардағы егінді жинау, шөп шабу жұмыстарына әскерге семьяларына, сол сияқты жұмысшы артельдеріне шақырылмаған кедейлерді топтастыру. Осы мақсатта шаруа депутаттарымен келісе отырып, еңбекшілер үшін алқап жұмыстарының келісілген ақысын тағайындау. 3) Бұрынғы тәртіпсіздіктер болған аудандарда кезінде шаруаларға таратылған қарулардың қолданылғандығын ескере отырып, съезд өтінеді:

- Билік орындары тарапынан шаруаларды қарусыздандыру.

17. Босқындарды Қытайдан қайтару тәсілдері 1) Тәртіпсіздіктен кейін Қытайға қашқан қырғыздарды туған жерлеріне қайтару -жергілікті және жоғарғы өкімет органдары тарапынан дұрыс шешілді. Бірақ мұны нақты іске Пржевальск ауданындағы шаруалардың қырғыздарға өшпенділігі салдарынан қазіргі уақытта барлық жерлерде орындалуы мүмкін емес. Сондықтан алғашқы кезде қайта оралған қырғыздарды былайша орналастыру керек:

- Пішпек уезінің Қашқар ауданынан келгендерді Ұлықол, Семізбел алқаптарына және басқа да қауіпсіз жерлерге, атап айтқанда, Пржевальск бөліміне, Қашқар, Сусамыр алқаптарына, Атбасар уезіне, Тоғызтарау және т.б. алқаптарға.

Құлжа ауданынан қайта оралғандарды уақытша Верный уезінің Шығыс бөлігіне Қарқара, Шұладыр, Белқара және Пржевальск бөлігіне де орналастыру. Әрі шаруаларды мүмкіндігінше қауіпсіз жерлерге орналастыру. 2) Аталған алқаптардың көпшілігінің қазыналық жер болып табылатындығын ескере отырып, бірнеше ондаған мың десятина болып саналатын қосалқы бөлімдерді, әлі ешкім орналаспағандығын және оның қырғыздарға арендаға берілгендігін ескере отырып, съезд өтінеді:

- Барлық алым төленетін жерлерді және аталған аудандардағы қосалқы жерлерді қайтып оралған қырғыздардың пайдалануына беру.

3) Қайтып оралушылар мен жергілікті қырғыздар арасында шығып кету қаупі бар қақтығыстардың алдын алу үшін Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінен аталған аудандарға адамдар жіберу.

9-қор ,1-тізім.-51-іс.1-8 п.п.

№ 3

1917 ж. 22 сәуір

Торғай облыстық қазақ съезінің қаулылары

І. Комитеттер ашу

1. Ауылдық комитеттер

1) Ауылдық азаматтық комитеттерді бір ауылнай елдің 21-жасқа толған еркек-әйелінің түгел жиылысы, әр он адамнан бір ғана адам шығарып сайлайды. 2) Бұл комитетке сол ауылдың ортасында болған уақ-қарыз серіктігі, подребитель, обществолары һәм басқа сондай қауымдардың бір-бірден өкіл кіріседі Ауылдық комитеттер өз арасынан исполнительный комитет сайлап шығарады, мұның кісілері: председатель, оған орынбасар, секретарь, оған жолдас, қазынашы, екі ағза. Ауылнай комитеттер сайлағаннан кейін бұрынғы ауылнайлардың лауазымы исполнительный комитеттерге тапсырылады. Қажет орындарда ауылдық комитеттер милиция сайлап қояды. Ортақ істерді ауылдық гражданский комитеттің жалпы жиналысы тексереді. Оның жасаған қаулысын ауылдық, исполнительный комитет орнына келтіреді. Жалпы жиылыста комитет ағзаларының 3/2 (үштен екі) бөлігі болса, кеңес құруға болады.

2. Уолостной комитеттер

Болыстық азаматтық комитеттерді ауылдық комитеттер әр он ағзадан бір кісіден артық жібермеу шартымен өз араларынан сайлайды.Болыстық комитеттерде уақ-қарыз серіктігі һәм сондай қауымдар бір-бірден өкіл сайлайды. Болыстық азаматтық комитеттер өз арасынан исполнительный комитет сайлайды, кісілері: председатель, оған орынбасар, қазышы, оған жолдас, қазынашы, екі ағза һәм оларға екі кандидат. Болыстық атқарушы комитет ашылғаннан кейін бұрынғы болыстардың лауазымы осы комитетке тапсырылады. Қажет орыңда уолостной комитеттер милиция жасап қояды. Бір уолос елге ортақ істер мыналар: жер мәселесі, алым - салық һәм басқа сондай істерді уолостной комитет ағзаларының жалпы жиылысы тексереді. Жалпы жиылыста комитет ағзасының үштен екісі болса, кеңес құруға болады.

1. Уездік комитеттер

1) Уездной комитеттерді әр он ағзадан бір өкіл жіберіп, уолостной комитеттер сайлайды. 2) Уақ-қарыз серіктері һәм сондай қауымдар өкілдері де мұнда бір-бірден болады. 3) Солдат һәм жүмысшылар Советіне бір-бір өкілден кіреді. 4) Басқа мекемелерден де бір-бір өкілден кіреді. 5) Городской гражданский комитеттерден әр 1000 кісіден біреуден артық болмау шартымен өкілдер сайланады. Уездной комитеттер оз арасынан исполнительный комитет сайлайды. Кісілері: председатель, оған екі орынбасар, қазышы, һәм оған екі жолдас, қазынашы һәм төрт ағза.

Түрлі халықтар аралас уездерде уездной комитеттер ортақ болады.

4. Облыстық комитеттер

Бұл комитеттерде уездік комитеттер жоғары тәртіппен сайлайды Қосымша: езіне ағза болмаған кісілерді де уездік комитет облыстық комитетке өкіл қылып жіберуге ерікті областной комитет өз арасынан исполнительный комитет сайлап шығарады. Қосымша: сайлау біткеннің барында (ел екі партия болса) аздан-аз, көптен-көп сайланады, әйел-еркек айырылмайды. Комитеттерді халық өзі сайлау құруға, участок сайын үш кісіден қазақтың өзінен комиссия құрылады. Керекті орындарға бұл комиссия ағзаларын жіберіп турады, бірақ мұндай ағзалар ез елін сайлауға жібермейді.

ІІ. Съездер

1. Бүкіл қазақ халқын біріктіруге, мұң-мұқтажын кеңесуге жалпы қазақ съезін шақыруға қаулы алынды. Съезде қаралатын мәселелерді даярлауға, орнын һәм уақытын лайықтап, жұртқа жіберуге айрықша бюро құрылды, бүл бюроның ағзалары: Ғалыхан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейітахмет Қадырбаев, Ғұмыр Есенғұлов, Имам Әлібеков, Есен Тұрмұхамедов, Керей Тұрымов. 2. Мәскеуде 1-8 майда болатын жалпы мұсылман съезіне Торғай облысынан төрт өкіл сайланды: Оразалыұлы, Сейітқасым Қадырбаев, Аққағаз Досжанқызы, Сағынғазы Ысқақұлы.

3. Учредительное собрание

1) Мемлекет тәртібі қандай болуын кеңесіп, съезд мынадай қаулы шығарады.

Россия мемлекеті "демократическая децентралистическая республика" болсын. 2) Учредительное собраниеге әр халықтың санына қарай депутат сайлансын. Сайлауға әйелдер де кіріссін.

4. Дін мәселесі.

1) Дін ісі мемлекет ісінен айрылсын. 2) Торғай облысының қазағы уақытша Орынбор муфтилігіне қаралсын. 3) Муфти һәм қажылары сайлауға халықтың санына қарай қатыссын. 4) Духовное Учредительное собрание туралы жаңғыртып низам шығарғанда қазақ өкілдері бірге болсын. 5) Имамдарды халық сайлайды, ахундарды имамдар өз арасынан сайлайды, қажыларды ахундар сайлайды. Имам, ахундардың дәрежелеріне лайық шартнамасы болсын. 6) Мұсхұд саны халықтың тілегінше болсын.

5. Бастауыш оқу.

1) Жалпы міндетті оқуды съезд аса қажет көргеннен кейін әзірге бастауыш мектептерді көбейтуге қаулы қылды: оқу ана тілінде болсын һәм әйел-еркек балалары бірге оқысын. 2) Мектептер земство һәм мемлекет ақшаларына ашылсын.

6) Жер мәселесі

1) Мемлекет керегіне қазақтан жер алынатын болса, ауылы жақынырақтың өзіне жер беріліп, артығы алынсын. 2) Учредительное собраниеде жер мәселесі ашылғанша бұл күнге шейін мұжық орнамаған учаскелер мұжық жамансынып кеткен жерлер отрубный, оброчный статьялар, мал бағуға деп монастырский участке деп алған жерлердің бәрі бұрынғы иелеріне (қазаққа) қайтарылсын. Законсыз үлкен срокпен арендаға берілген, мал бағатын учаскеде иелеріне қайтарылсын. Ашылған ауруханаларға алынған жерлер иелеріне (қазаққа) қайтарылсын. Жаңадан алуға жоба жасалған жерлерге енді мұжық шаруа тоқтатылсын. 3) Жер алу Дала уәлаяты һәм Түркістанда тоқтатылсын. Алуға жобаланған жерлердің қыстауы көшірілмесін. Айрықша қазына мүлкі саналған ағаш ішіне кеткен қазақтың егіндік, пішендік һәм жайылымына жаңадан бөлек болып, бұрын жасалған шекара түзетіліп қазақтан орынсыз алынған егінді-пішендігі қайтсын. Бұл ағаштардың арасындағы шөбін қазақ тегін шапсын һәм қыс мал жаюға ерік берілсін. Қазақтың өзі құрған ағаштары өзіне қайтсын. Ағаш маңындағы кедей қазақтарға қора-қопсы салуға ағаш берілсін.

7. Сот

1) Жобадан негізді өзгеріс жасалғанша қазақ билері бұрынғыша қалсын. Бірақ билер халыққа сенімді болмаса, қайта сайланып қойылсын. Билерді ауылнай комитет сайласын. Ауылдық гражданский комитеттер исполнительный комитет сайлаған кезде билікке екі кандидат белгілейді. Оның бірі талонмен болады, біреуі кандидат болады. Билікке талас шыққан орындарда екі кандидаттың бірі аз жағынан көрсетіледі, егер аз жақтың ауылдық комитеттегі ағзалары бірақ ағзалардың төрттен бірінен артық болса, жеке билердің жазу-сызуларын ауылдық комитеттердің қазышылары тегін жазады, қалам құқығы алмай, уолостной комитеттің қазышылары жазады. Присяжной съездер елде комитеттер түзеліп біткенше ашылмайды. Одан кейін присяжной съезд ашу ықтияр уездной комиссарға тапсырылады, бұл комиссарларға крестьянский начальниктердің лауазымы тапсырылуға тиіс. Присяжной съездің жазу-сызуын уездной комиссар жіберген кісі жазады. Бұл да қалам ақы алмайды. 2) Дала уәлаяттарында тергеу істер әлемдік судьялардан алынып, судебный следовательге тапсырылады. 3) Торғай облысындағы жалпы соттарда присяжной заседательдер болсын.

8. Земство

Торғай облысына земство берілсін.

9. Баспасөз

1) "Қазақ" газеті жиі шықсын һәм халыққа мағлұмат беретін кітапшалар бастырылсын. 2) Газет, кітап, хат-хабарларды тез алып тұру үшін уолостной һәм ауылнай комитеттер жұма сайын екі рет почта алып һәм жүргізіп тұруға қам қылынсын.

10. Жұрт ақшалары

1) Ескі хүкімет заманында орынсыз жиналған халық ақшалары бар. Сол ақшалардың қай орында екенін Торғай облыстық правлениеден һәм крестьянский начальник мекемелерінен болып, Торғай областной комиссардан съезд өтінеді, халық өзі ұйғарғанша жоғары ақшалардың жұмсалып кетпегендерінен құтылып тұрсын. 2) Азаттық жолында қызмет еткен селолық ерлердің мұқтаждарына "Қазақ" басқармасы арқылы көмек беруге қаулы қылынды.

11. Крестьянский начальниктер һәм халыққа зиянды чиновниктер.

1) Халыққа зияннан басқа түк пайдасы жоқ крестьянский начальник мекемелері жоқ болсын. 2) Торғай облысында халыққа зиянды чиновниктер (аттары аталды) орнынан түссін, сотқа берілсін һәм бірсыпыралары абақтыға жабылсын.

12. Соғыс.

Бостандықты нығайту үшін жауды жеңуге қазақ халқы қолдан келгенше жәрдем етпек: мал, азық-түлік бермек (жүмысшылар туралы съезд қаулысын жігіттер қайтатын болған соң мұнда баспадық).

13. Торғай облысында болған оқиғалар.

25-июнь жарлығы тақырыпты Торғай облысында болған қанды оқиғаны тексеруге айрықша тергеу комиссиясы құрылсын. Жоғарғы мәселелерді қарап бітіргеннен кейін жаңа хүкіметке құттықтау телеграмма һәм Күнбатыс майданында бұратана бөліміндегі зиялы қазақ жастарына алғыс айтып, телеграмма беріп съезд тарады.

МАДИЯР

//"Қазақ". 1917жыл. № 226.

№ 4

1917 ж. 21 сәуір

Ресей Федерациясы Астрахан Орталық Мемлекеттік Архиві

Бөкей Ордасы облыстық қазақ, съезі

1917 ж. 21 сәуірде Бөкей ордасының 167 өкілі қатысқан съезд жұмысын уақытша комиссар Б.Ниязов ашты. Съезд төралқасының төрағалығына - Уәлидхан Танашев, мүшелеріне - Мәжит Шомбалов, Шафхат Бекмұхамедов, хатшылығына - Ишанғали Мендіханов, Сейтқали Мендешов, Әбдуләзиз Мұсағалиев сайланды. Съезд жұмысы басталмас бұрын ахун Қажығали Ғайсин азаттық жолында құрбан болған күрестерге бағышталған аят оқыды. Съезд делегаттары орындарынан тұрып, оларды құрметпен еске алды. Съездегі дәрігерлер атынан М.Шомбалов, Астрахан губерниялық Атқару комитетінің атынан Конюков және солдат Бударин, Астрахан қаласы солдат депутаттары мен офицерлері атынан подпоручик Львов, мұғалімдер атынан Ш.Ақбаев, Астрахан қаласының мұсылмандары атынан А.Абдолкәримов, Қазан мұсылмандары атынан У.Танашев, Хан ставкасы шіркеуінен (екінші приход) Мусин құттықтап, сөз сөйледі. Сонымен бірге съезде Торғай облысы қазақтарынан, "Қазақ" газетінен және Басқұншақ туз кәсіпшілігіндегі қазақ жұмысшылары атынан келген құттықтау жеделхаттары оқылды. Съезд жергілікті басқару жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерге байланысты маңызды шешімдер қабылдады. Бұл шешімдер бүкіл елде болып жатқан саяси өзгерістерге сәйкес болды. Жергілікті басқару органдарын құру ісінде жергілікті халықтардың өмір салтына, тұрмыс-тіршілігіне қарай өзіндік ерекшеліктері болды. Бөкей.. ордасындағы халықтарға тән ерекшелікті 17 пункттен тұратын съезд қаулысынан айқын көруге болады. Олар мыналар: 1) Ішкі қазақ Ордасын, ондағы бөлім және округ әкімдерін, олардың көмекшілерін басқару жөніндегі Уақытша Кеңестің билігін жою; 2) Жалпыға бірдей, тең, құпия және тікелей сайлау құқы негізінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру; 3) Халықтың тұрмыс-тіршілігіне сәйкес өзін-өзі басқару жүйесі енгізілгенше уақытша жергілікті басқару органдарын құру; 4) 3-ші пункттің осы шешіміне сәйкес Астрахан өлкесіндегі қазақтарды басқару үшін құрамында 14 адамы бар Орталық Комитет құру. Комитетке Бөкей Ордасын басқару жөніндегі Уақытша Кеңес пен оның төрағасына заңдық негізде құқықтар мен міндеттер беру жүктелді; 5) Астрахан губерниялық Атқару Комитетіне Ордадағы бөлімдер мен округтер бойынша 7 делегат жіберу. 6) Орданың бөлімдері мен округтерінде Атқару Комитеттерін құру және оның құрамындағы адамдарға құқықтары мен міндеттерін беру. 7) Болыстарда қалыптасқан жағдайларға сәйкес болыстық атқару комитетін құру. Және оның құрамындағы ақсақалдар мен ауылнайларға, ауылдық басқармаларға заңдық негізде құқықтар мен міндеттер беру. 8) Орталық Комитетке, болашақ заң шығару мекемелеріне және Құрылтай жиналысына облыстағы жер, халық шаруашылығы, почта, қаржы және жалпы мәдениет мәселелері бойынша жасалатын шұғыл шаралардың жоспарын даярлау жүктелді. 9) Учаскелік және болыстық комитеттермен біріге отырып Орталық Комитетке халықты құрылтай жиналысына даярлау жұмыстарын жүргізу жүктелді. Бүл мәселеде съезд демократиялық федеративтік республика мен ұлттық пропорциональды өкілеттілікті жақтады. 10) Бұрынғы Бөкей даласын басқарудың жоғарғы және жергілікті органдарын алмастырған Орталық Комитет ендігі жерде Бөкей Ордасын басқаруға жауапты мекеме болып табылады. Ал, жалпы губерниялық мәселелерді шешуде губерниялық атқару комитетімен және оның комиссарымен байланыста болады. 11) Орталық Комитет құрамында Әміржан Мұқанәлиев, Мардан Қашқынбаев, Хамидолла Мендалиев, Хабиболла Әбенов, Шыңтай Юсипов, Өтешқали Атаниязов, Майбай Жұмалиев, Мақамбет Естанов, Нұрмұқанбет Сарбасов, Ижан Көшеков, Ханзада Жәленов, Батырхайыр Ниязов, Сейітқали Меңдешов және Нұғыман Залиевті сайлау. 12) Учаскелік комитет болыстық және округтік өкілдерден сайланады. Болыстық комитеттің іс-әрекеті заңға сәйкес жүргізілуі үшін оның құрамын жасында кәмелетке толған азаматтардың оннан бірі қатысуы керек. 13) Жиналыстың төрағасы учаскелік комитеттің құрамын сайлаған кезде тез арада Орталық комитетке өздері ұсынған тізімді қабылдауы керек. 14) Территорияның ауқымдылығына байланысты халықтың шашыраңқы орналасуы Астрахан өлкесіндегі қазақтарды бір жерден басқаруға итермеледі. Осы мақсатпен комиссарлыққа Б.Құлманов (1-ші Мемлекеттік Думаның мүшесі), оның көмекшісіне мұғалім Ишанғали Мендіханов сайланды. 15) Әрбір учаскелік комитетте милиция құрылатын болды.Оны жасақтау учаскелік комитеттер мен болыстық комитеттерге жүктелді. 16) Съезде дін және білім беру істері жөніндегі комиссиялардың сот, жер, қаржы, почта мен телеграф мәселелері бойынша сәйкес шешім қабылданды. 17) Съезд Орталық және учаскелік комитет тарапынан жасалған жобаны бекітті.

1094-к,1-т., 11-іс. 586-587-п.п.
(Сүйінов.С. Қайраткер Құлманов. - Алматы: "Ғылым".-1997- 112- 6-6.70-74.)

№ 5

1917 ж. 19 мамыр

Ақмола облысының съезі

Омбыда 25 апрельде Ақмола облысының 5 уезінен келген қазақ өкілдерінің съезі басталған. Съезд 23 апрельде ашылады десе де, кейбір өкілдер шабандау жиылған себепті 25-де ашылған. Съезге Торғай облысынан Міржақып Дулатов келген. Ақмола облысының қазақтарына жер беріп, бастарын қосуға тілек етіп отырған. Омбыдағы оқыған қазақтардың ашқан үйлестіруші комитеті. Комитет председателі Айтбаев съезге келген өкілдерге құтты болсын айтып, съездің президумын сайлаңыздар деді. Жиылған жұрт председательдікке Айдархан Тұрлыбаевты, серіктікке Бірімжан Итбаев пен Міржақып Дулатовты, хатшылыққа Асылбек Сейітовті, Мұхтар Саматовты, Ермұхамед Тоқбаевты сайлады. Председатель жиылған жұртқа Кеңес басшылыққа сайлағаны үшін тәңір жарылқасын айтып, өзінің шын көңілімен шамасы келгенше қызмет ететіндігін білдіріп, съезді ашты. Съезді құттықтап ғаскер атынан Омскі военный округтің ғаскер басшысы Григорьев сөйледі: "Россия халқы түгел қуанышта. Бәрі де анадан жаңа туылғандай тазарды. Келесі шақта да өздеріңіздің өсіп-өнген туған ініңіздей болған кең малаларыңыздың ауасы қандай таза болса, сіздердің де күректеріңіз кіршіксіз таза болмағына шын тілектеспіз"-дейді. Одан соң, Омбы коалиционный комитеті атынан комитет председателі Филатов құттықтады. Жаңа хүкімет атынан Законов құттықтап, "енді бұрынғы бұратана" деген сөз жоғалды, Россиядағы халық түгел бәрі біртегіс, бірінен-бірі артық кемі жоқ, бәрінің аты -"азамат " дейді. Омбыдағы Исполнительный мұжық комитеті атынан келген кісі съезді құттықтап, екі ай бұрын мұндай күн, мұндай бостандық, мұндай кендік пен тендік ұйықтағанда түске де енбейтінін айтып, бүл барша Россия халқының қол болған көз жасының қабыл болған күні екендігін, енді бүл жалпы жұртқа келген ырыстан айырылып қалмай, көз қарашығындай қорғау керектігін әр халық өз тұрмысының, оз бақытының зергері екендігін әр халық бүл тұрмыс бәйгесінен тиісті мүшесін алып, көңілдегі көздеген билікке шығып қалу керектігін сөйледі. Құрылтай келгендерге съезд атынан Айдархан Тұрлыбаев тәңір жарлықасын айтып, бостандық, тендік түп мәңгілік жиылмасын, әрқашан ұйымшылық болсын. Россиядағы топ - топ халықтардың араларында алалық болмасын, шын съезге жиылған қазақ тілегі, көңілі осы екенін айтты. Бұдан соң Омбыдағы татар ағайындарының атынан келген кісі, Торғай облысы қазағы атынан келген Міржақып Дулатов, Омбыдағы оқып жүрген жастар атынан Мұхтар Саматов съездегі жұртқа соз сөйледі: "Қашаннан зорлықта, қорлықта ұсталып, ит пен құсқа жем болып, көзден жас орнынан қан ағызып, босағадан бой жазып, төрге қадам баса алмай, қараңғылықта, кемдікте, өгейлікте болып күңіренгенде көздің жасы көл болып, ескі хүкімет жығылып, қарасын өшіріп, келмеске кеткенін айтып, енді алаштың баласына да таң атып, күн шығып, бостандық, кендік күні туғанын түсіндіріп, жарық сәуле бостандықтан ақылмен пайдаланып іске айналдыруын" тілеп сөздерін аяқтады, сонда съездегі жұрт "аумин" деп бата қылды. Құттықтау сөздері біткен соң председатель съезд программасын оқыды һәм программадағы мәселелерді 5 бөліп жеке-жеке қарап, топтың алдына салып, сыналып қаулы жасатуға 5 комиссия сайланды:

Бірінші комиссияға тапсырылды: Дін һәм оқу мәселелері.
Екіншіге - Учредительное собрание һәм әйел мәселелері.
Үшіншіге - азық, соғыс, жұмысшы, 25 июнь жарлығы, бостандық қарызы.
Төртіншіге - жер, сот, халыққа зиянды мекемелер мәселелері.

Бесіншіге земство, комитет, комиссариат, баспасөз, почта, ақша мәселелері. Съездің 2-ші күні көптің сынына, талқысына түскен дін мәселесі болды. Дін мәселесі туралы жазылған қаулы Орынборда болған қазақ съезінің қаулысындай айырмасы жоқ.

// "Қазақ". 1917ж. №230.

№ 6

1917 ж. 19 маусым

Семей облыстық қазақ съезі

(27 маусым - 7 мамыр)

Жиналысты басқарып, билейтін адамдар сайланса екен деп Райымжан Мөрсеков жамиғаттың құзырына тапсырды. Халық бір ауыздан председательдікке: Жақып Ақбаевты, Райымжан Мәрсековты, М.Боштаевты һәм Биахмет Сәрсеновты сайлады. Секретарлыққа: Әлжан Ермековты, Ыдырыс Оразалинді, Мұстақым Малдыбаевты һәм Шәріп Ақпановты сайлады. Председатель қауымынан съезді құттықтаушылардың өздерін құттықтап отырды. Ол сөйлеушілер: қазақтың атақты шежіре ақыны Шәкәрім Құдайбердиев, Кереку уезінің өкілі Омархан Күзембаев, Ұлы жүз атынан Сатылған Сабатаев, әйелдер атынан Нәзипа ханым Кұлжанова, оқытушылар атынан Мұстақым Малдыбаев, оқушылар атынан Ыдырыс Оразалин, жұмысшылар атынан Жанғалы Әлиакбаров һәм басқалар.

Мұнан кейін съезді құттықтап келген телеграммалар оқылды, телеграммалар Томскідегі Мұсылман Комитетінен, Омбыдағы Қазақ комитетінен, Қарқаралыдағы Мұсылман әйелдердің ұйымынан, "Қазақ" газетінің басқармасынан, Түркістан комитетінен, Бөкейхановтан һәм басқалардан. Мұнан кейін съезді құттықтап келген телеграммалар оқылды, телеграммалар Томскідегі Мұсылман Комитетінен, Омбыдағы Қазақ комитетінен, Қарқаралыдағы Мұсылман әйелдердің ұйымынан, "Қазақ" газетінің басқармасынан, Түркістан комитетінен, Бөкейхановтан һәм басқалардан. Мұнан соң съездегі қазақ комитетінің съезге жасаған жобасы (программасы) оқылды.

Ол жоба мынау:
Облыстық қазақ комитетінің істеген жұмысы;
Жаңа тәртіпті нығайту, комитеттер ашу;
Сот мәселесі;

Мемлекет негізін құру жиналысы (Учредительное собрание) турасында һәм Семей облысынан сонда баратын кісілерді белгілеу;

Автономия (халықтың өз билігі өзінде болу) жайынан;

Дін мәселесі;
Оқу һәм баспасөз;
Ел арасы почтасын реттеу;
Жер мәселесі;

Жаңа тәртіпке қолайсыз болған мекемелерді жоғалту һәм халыққа зиянды қызмет иелерін түсіру; Облыс, губерния, уездердің шекараларын өзгертіп, жаңа облыс бөлектеп шығару хақында;

Қазақтың ақшалары туралы;
Соғыс һәм жұмысшы хақында;

1916 жылғы 25 июнь жарлығымен шыққан бүліншілік һәм сонан болған шығын мен зиян турасында;

Жалпы қазақ съезін жою һәм басқа съездерге өкілдер жіберу;
Дәрігерлік жайы;

Игілік қауымы (кооператив) уақ қарыз серіктігі (кредитное товарищество) һәм басқа керекті ұйымдар тарату турасында;

Шаруашылық жайы;
Әйел мәселесі;
Қазақ арасындағы дау-жанжал.

Жиылыс адамдары съездің бұл жобасын бекітті. Қазақ комитеті істеген жұмысы туралы съезге есеп берді. Бұл комитет мынау астаң-кестең өзгерістің арқасында озбырлық пен күшпен жасалған комитет болмаса халық сайлаған комитет емес, бұлай болмасқа болмады. Кеше қаусаған ескі хүкімет жалп етіп құлаған соң дүрліккен халықты бастықтырып, дегенімізге жеткенше табан тіреп, тобырлы іс қылғанша, жұртқа ұйтқы боларлық "ұйым" керек болды, тезінен жұрт өзін-өзі билеп бірігу қажет болды. Оның үшін комитет жасалды. Бұл комитеттің мойнына алған зор міндеттері: халықты топ-тобымен ұйымдастыру, бірлестіру (комитеттер ашу) жаңа тәртіпті күшейтіп, болған өзгеріспен халықты таныстыру, күшпен алып отырған бостандықты ішкі һәм сыртқы жаулардан сақтап қалу. Осы мақсатпен хүкімет қорғауында жәрдем қылмақ үшін һәм Россияның, тендік ала алмай жүрген жұртына бостандық алып беріп отырған орыстың дүрілдеген күшті әскеріне дес беру жолында комитет қолынан келген жұмыстарын аянбай істеді, орындады. Бүгінде дегенімізге жеттік. Елдің өкілдері бас қостық. Билікті оз еркіне бердік, осы сипатында мойнымыздағы міндетімізді түсірдік. Өкілдер комитет ағзаларына көп рахмет айтты.

Жаңадан Облыстық Қазақ Комитетіне сайланған ағзалар:

1) Ж.Ақбаев 2) Р.Мәрсеков 3) Х.Ғаббасов 4) М.Боштаев 5) Б.Сәрсенов 6) А.Ермеков 7) А.Қозыбағаров 8) Н.Құлжанов 9) Нәзипа ханым Құлжанова 10) А.Тарабаев 12) Д.Сәрсенов 13) А.Молдабаев 14) М.Малдыбаев 15) Т.Құнанбаев 17) А.Боштаев 18) С.Сыпатаев 19) А.Оразалин 20) А.Абылайханов

Оларға кандидаттыққа:

1) Ж.Аймауытов 2) Қ.Есенгұлов 3) Ш.Керейбаев 4) К.Дүйсебаев 5) С.Молдабаев 6) Ж.Қияқов

Ревизионный комиссияның ағзаларына:

1) Қ.Мұздыбаевты 2) М.Тоқтабаевты 3) А.Юсуповты сайлады.

Мұнан кейін докладтар оқылып, әркім пікірін сөйледі. Съезде қаралатын мәселелерді әрбір бөлімге бұл өз алдына комиссия қарап, съездің қаулысына салып бекітпек болды.

Күллі жұмысты 6 комиссия сайланып әр жұмысты қарап шықпақшы болды.
(арты бар, басы бірінші нөмірде)
// "Сарыарқа ". 1917ж. №2.

№ 7

1917 ж. 24 маусым

Ақмола съезі

Ақмола съезі апрельдің 25-нен майдың 7-не дейін Омбыда Ақмола облысының съезі болғандығы "Қазақта" жазылған еді. Бұл съездің қаулысын түгел жазбай, Торғай облысының съезінен айырмасын ғана жазуды лайық көрдік: 1. Мектепте әйел балалар еркек балалардан бөлек оқысын. 2. Оқу - оқыту мәселелерін һәм оқу кітаптары жайын реттеу үшін жалпы қазақ съезі жиылғанда айырықша бір комиссияға тапсырылып, сол комиссия бір жерде дайын қызмет ететін болсын.

3. Қазірден мұғалім жетістіру үшін Ақмола облысының қазағы медересе, ғалия, ғұсмания, русулия, мұхмадия һәм хүсейнияда 50 қазақ баласына стипендия ашсын.

Қазірден Ақмола облысындағы орта дәреже школдарда 50 қазақ баласына стипендия ашсын. Бой жетпеген қызды ата-анасы күйеуге бермесін, қыз сүйген кісісіне барсын. Қалың мал һәм неке ісі шариғат бойынша тексерілетін болып, муфтиге қаралсын. Бір ауылнай елде үш кісілік сот болсын. Бостандық қарызына жазылуға қам қылсын. Съездің басқа қаулылары Торғай съезінікіндей. Ақмола облысының ісін басқаратын комитетіне сайланатын ағзалар:

Айдархан Тұрлыбаев
Асылбек Сейітов
Сейілбек Жанайдаров
Сәдуақас Жантасов

Ерқосай Мұқышев
Байсейіт Әділов
Ермұхамед Тоқбаев
Мағжан Жұмабаев

Төребай Нұралин һәм Қази Торсанов.

Ақмола облысының уездной һәм областной комитеттері орыстармен қосылмай өз алдына жеке болған.

// "Қазақ". 1917ж. №234

№ 8

1917 ж. 24 маусым Семей облыстық қазақ съезінің қаулысы

Комиссиялардың докладын тыңдап жалпы кеңесте тексергеннен кейін мынадай қаулы жасалды: 1. Мемлекет негізін құру. 1. Сайлау қысты күні болу қиын. Учредительное собрание күзден кешікпесін. Негізгі мәселелерді шешіп халыққа татулық, тыныштық орнататын Учредительное собрание болуы керек. 2. Учредительное собраниеге Россияның барша жұртынан өкілдер барсын, әр жүз мың кісіден кім болса да бір кісі барсын. 3. Сайлау көбіне бірдей теңдікпен сайлансын. Сайлау байға, кедейге, оқымыстыға, қараға, еркекке, әйелге, отырықшыға, көшпеліге ала-құласыз болсын. Учредительное собраниеге сайлау төтелік, құқық жөнімен халықтың санына қарай сайлансын.

2. Мемлекет түрі

Россияның жері бытыранды, кең. Жұрты әр түрлі, көп, халқы әлем жүзінде ілгері-кейінгі болғандықтан мемлекет түрі одақтасқан жалпы жұртты патшасыз өзін-өзі билейтін түрі болсын. (федеративтік демократиялық республика.)

3. Қазақтың өз тізгіні өзінде болу

Әр жұрттың ғылым, өнер жүзінде ілгері басуға еркі бар. Ілгері басуға съезд ісі өз билігі өзінде болу қажет. Мемлекеттің берік болуы халқының есі кіріп ер жетуіне, съезд тілектері бір жерден шығуында һәм жұрттың адалдықпен разы болуында. Сондықтан Россиядағы алғашқы болатын Учредительное собраниеде бүгінгі халыққа келген бостандық, тендік, туысқандық нығайып, әр жұрт әдет-ғұрпы, тұрмысы, өнері, шаруасы, тарихы, жерінің басқалығына қарай өзгермесін (ауыстырмасын) өзі қылып жасауға ерік берілсін. Қазақтың тұрмысына қарай заң шығару керек, сол үшін съезд қазаққа автономия (өз тізгіні өзінде болу) берілуін қалап,түпкі шешімін жалпы қазақ съезіне қалдырды.

4. Жергілікті істер халықтың өз қолында болу

1. Семей облысында жер реті бойынша халық өзін-өзі билеу тәртібін кіргізу аса қажет. Себебі халықты оятып, іске үйретіп, облыс билігіне кірістіріп, тұрмыс шарттарын бергізу керек. 2. Жаңа хүкімет жергілікті істер халықтың оз қолында болу тәртібін халыққа шығарғанша әкімшілік һәм шаруа жұмысы уақытша комитеттердің қолында болсын. Ол комитеттер: облыстық, уездік, болыстық һәм ауылнай. 3. Алым-салықты бөлу керегіне жұмсау һәм тексеріп есеп алу комитеттер арқылы халықтың оз еркіне берілсін. 4. Осындай мемлекеттің толықсып тұрған кезінде халықты билейтін күшті ұйым керек, сол үшін тұқымының, табының, нәсілінің, дінінің басқалығына қарамай кісі кіретін, азды қорғайтын жалпы комитеттер ашу өте қажет. 5. Егер бір тұтқилы себептермен екі комитет қатар жүруге болса, ол уақытта облыстық қазақ комитеті бір облыстағы қазақтардың үлкен хүкіметі болып Учредительное собраниеге шейін билігін сақтап қалмақ. Жаңа хүкіметпен өз тұсынан қатынасып бір облыстың қазағына хакім жүргізумен шаруа жұмысы да қолында болмақ. Бұл тәртіп бойынша съездің жасаған ауылдық, болыстық, уездік комитеттер ашу жобасын облыстық қазақ комитеті жүргізіп орнына келтірмек. Бірақ екі комитеттің қатар жүруінен шығатын ынтымақсыздықтанса, екі комитет бірлесіп іс қылу керек. 6. Облыстық орыс комитетімен араны келістіріп, жақындастыру облыстық қазақ комитетінің өз ықтиярында.

5. Уақытша комитеттер ашу

Жаңа тәртіпті нығайту, ел ішіне тыныштық орнату, халыққа, әскерге азық-түлік қамдау һәм Учредительное собраниеге даярлау мақсаттарымен уақытша ауылдық, болыстық һәм уездік комитеттер ашылмақ. Бұл атқаратын жұмысы: халыққа хүкіметшілік жүргізіп шаруа жұмысын басқару. Жергілікті істерін халық өзі билегенше бұл комитеттер қызмет ете тұру.

// "Сарыарқа". 1917 жыл.

№3

№ 9 1917 ж. 4 шілде

Ауылнай комитеттер

Ауылнай арасының жігі бұрынғыша тұрмақ.

Бір ауылнайдың ішіндегі жасы 20-ға толған еркек-әйелі жиылып он кісі (он басы) сайлайды. Бұл онбасыларды распорядительный комитет дейді. Сайлауға кіруге тұқымның, діннің, нәсілдің басқалығы есеп емес. Қосымша: Егер он - оннан дәл келмейтін ретте бес кісіден артылып, алты-жеті кісі болса да бір он басы байлауға болады. Бір ауылнайдың ішінде отырған кірмелерде сол ауылнайдың сайлауына кіреді, егер ол кірме алты айдай отырған, иә отырарлық болса: Бірақ басқа елдің сайлауына кірген кісі өз елінің сайлауына кіруге жол жоқ. Он басылар қолында сайланып шыққандығына тоғыз кісіден алған қағазы болу керек. Бір ауылнайдың жұмысын басқарып билеп тұратын исполнительный комитетті он басылар сайлайды. Комитеттің председателі, оның серігі, хатшысы һәм екі ағзасы болады. Ағзаның бірі қазынашы (ақша ұстаушы) болады. Қазынашының қызметі: бір ауылнай елдің алым-салығын жию. Исполнительный комитеттің ағзаларына неғұрлым хат білетіндерден сайлау керек. Бір ауылнайдың ішіндегі дін һәм сот жұмысынан басқа жұмыстары распорядительный комитет басқарып, бітіріп тұрады. Аса зор тығыз жұмыс болғанда, яки распорядительный комитеттің бестен бірі жиғыз дегенде распорядительный комитетті исполнительный комитет жияды. Комитеттің үш бөлімінің екісі жиылса, кеңес ашып іс бітіруге заңға толық болып есептеледі.

Уолостной комитеттер 1.Ауылнай распорядительный комитеттің ағзалары өз ішінен он кісіден бірін сайлап шығармақ. Бұл он басылардың сайлаған жүз басылары уолостной распорядительный комитет делінеді. Қосымша: он басылар бес кісіден артылса уолостной распорядительный комитетке бір кісі сайлайды. 2. Уолостной распорядительный комитетке сайланғандардың сайлаушыларынан алған қағазы болмақ. 3. Бір болыстың жұмысын билеп, атқарып тұруға распорядительный комитет өз арасынан уолостной исполнительный комитет сайлайды. Бұл уолостной комитетке председатель, оған екі серік, бір хатшы, бір қазынашы ол екеуіне екі кандидат сайланады. 4. Уолостной исполнительный комитеттің ағзалары әлгі хат білетіннен болуы керек. Хатшы орысша хат һәм іс білетін кісіден сайлану қажет. Егер ондай кісі табылмаса, қажет болса тілмаш жалдап алу керек. 5. Жұмыс бітіруге аз болса, комитеттің үш ағзасы жиылуы керек. 6. Бітірген жұмыстардың қаулысы өз алдына книгаға тіркеліп, ағзалар қол қойып отырды. 7. Председательдің өзге ағзаларымен даусы бірдей. Артық дәрежесі жоқ. 8. Члендер екі жар болып қақ бөлініп, жұмыс бітпей қайта қарауға қалдырылады. Себебі толық болмаса, ұдайымен үш қабат кеңеске келмеген ағза түсіп, орнына кандидаты кіреді. Испольнительный комитет зор себебі болған ағзаларына істен босата тұруға ықтиярлы. Уолостной распорядительный комитет бір болыс елдің дін һәм сот жұмысынан басқа жұмыстарды билесіп тұрмақ. 12.

13

Қосымша: Комитеттер сайланған соң, болыс, ауылнайлар орнынан түседі.
// "Сарыарқа ". 1917ж. №4.

№ 10

1917 ж. 15 шілде

Тексеру комиссиясы

Областной распорядительный комитет өз арасынан үш кісі тексеру комиссиясын сайлайды, бұл комиссия уолостной, ауылнай комитеттердің істерін тексеріп, есеп алып, уолостной распорядительный комитетке мәлімдеп турады.

Уездной комитеттер

1) Уолостной распорядительный комитет 10 кісіден бір кісі сайламақ болар (мыңбасылар) уездной распорядительный комитеттерді сайлайды. 2)Уездной распорядительный комитеттің өз арасынан уездной исполнительный комитетке сайланатындар: председатель, екі серігі, хатшы, оның помощнигі, қазынашы, үш ағза һәм оларға төрт кандидат. Қосымша: Барша распорядительный комитеттер исполнительный комитеттерге бөгде кісіден сайлауға болады. Бөгде кісілер мынадай: распорядительный комитеттің ағзасы емес кісілер, тегі басқа, діні басқа адамдар: тек 20- жасқа толып, тергеуде болмаса жарай береді. 3) Комитеттер ашу тәртібі үшін тәптіштеп жоба жасау Областной Қазақ комитетінің еркінде.

Оқу туралы

Бүгінгісін халықтың қараңғылық, надандыққа тұншығып келгені оқуға жол ашық бұрылмағандықтан қараңғыдан жарыққа, надандықтан ғылымға сүйреп, халықтың көзін ашып, ілгері бастыратын оқу екені даусыз. Тендік, бостандық алған жұртқа жалпы өнерлі болып ағару керек, соның үшін оқу мәселесі ең бұрын қолға алынып қаралатын мәселе деп съезд мынадай қаулы жасады: 1. Оқу жолында бірдей міндетті һәм тегін болсын. 2. Мектеп, медресе халықтың оз ішінде ашылсын. 3. Мектеп, медресе земскі ақшаларымен мемлекет ақшаларына салынсын, жүргізілсін һәм жергілікті жұрт мекемелерінің қамқорлығында болсын. 4. 1917 жылдың күзінен бастап Семейде екі жылдық мұғалімдер даярлайтын медресе ашылсын. 5. Бұл ашылатын медресеге ақшаны хүкімет берсін, хүкімет бермесе, Қазақ Комитетіне елден жиып берілетін ақшадан берсін.

Дін туралы

Дін жұмысына үкімет қатынасылсын.
Қазақтың оз алдына ерекше муфтилігі болсын.

Уолостың һәм бір қаланың имамдарын бір уолос елдің, и о қаланың адамдары төте сайлау жолымен үш жылға бір сайласын. Әр облыста 5 молдадан сайланған бір ұйым болсын. Ұйым ағзаларын уолос һәм қала моллалары 5 жылда бір сайлап отырсын.

Имамдыққа лайықты оқуы бар адамдар сайлансын.

Мирас жұмысын шариғаттың бұйрығы бойынша моллалар басқарсын.

Зекет, пітір, пәтуа оқып, құрбан сияқты садақалар уақытша комитеттер қолына жиылсын.

Баспасөз һәм почта

Қазіргі зор өзгеріспен таныстырып, халықтың мұң - мұқтажын, тілегін бір жағынан шығаруға осы күні халыққа баспасөз өте керек. Әсіресе алдымыздағы мемлекет негізін құратын кеңеске халықты даярлауға үндейтін Семейде шықпақ "Сарыарқа" газетін тез шығару қамына кірісіп, кітапшалар бастырылсын.

Газет, кітап бастыратын серіктік ашылсын, серіктік жарнасы 25 сом болсын. Халыққа хат-хабар, газеттер тез тарап жетіп тұру үшін уолостной комитеттер жұмысына бір қабат қаладан почта тасып тұрсын. Ауыл-ауылға таратып беру ауылнай комитеттердің мойнында болсын.

Қазақ ақшалары

Қазақтан жиылатын земскі һәм частный ақшалар қай орынға ұсталынатындығын әр уақытта әртүрлі орынға деп жиылған коп ақшалар тиісті орнына ұсталып, ұсталмағандығын осы ақшалардың барын іздеп, артығын тауып өз қолына алу Областной Қазақ комитеттеріне тапсырылсын. Егер бүл ақшалардың ұсталмай қалғаны болса, бұдан былай халықтың рұқсатынсыз еш орынға ұсталмасын. 2. Қазақ ақшасына салынған үйлер ссудный кассадағы қазақ комитетінің билігіне берілсін. 3. Бұдан былай земскі ақшалар жиылып областной Қазақ комитетінің пайдасына берілсін. 4. Бастауыш мектептерде оқу қазақтың оз тілінде оқытылатын болғандықтан бастауыш школдарға хүкімет тарапынан берілетін ақша Қазақ комитетінің билігінде болуы тиіс. 5.Областной Қазақ комитетінің халықты ұйымдастыру жұмыстары үшін ұстауына болыс басы елдің байларынан, ауқаттыларынан алып 1000 сомнан жиылып тез берілсін. 6. Жиылатын ақшаның 10 мың сомы бостандық, тендік әперу жолында құрбан болған саяси ерлердің, жетім-жесір, қатын-балаларының пайдасына берілсін.

// "Сарыарқа". 1917ж. №5.

№ 11

1917 ж. 22 шілде

Жаңа тәртіпке келіссіз мекемелерді жоғалту

Ескі хүкіметтің айласымен жасалған ақ сүйек байлардың қорғаушысы болған, бүгінде күні кетіп, халыққа көзге шыққан сүйелдей зияны болмаса пайдасы тимейтін крестьянский начальниктер мекемелері мен переселен мекемелері жойылсын һәм олардың қызметі жергілікті жұрт мекемелер ашылғанша Уақытша комиссияларға һәм комитеттерге тапсырылсын. Сол сияқты жұртқа жексұрын ұстануы приставтар мен урядниктердің де көзі жоғалсын. Олардың орнына сайлаумен бекіген уездік, облыстық милиция болсын. Уездік һәм облыстық мекемелер земство ашылғанша исполнительный комитеттердің кеңселері болып тұра тұрсын.

Қыр уәлаяттарындағы корпустық жоғалсын.

Тамағы үшін хакім жүргізіп, халықтың қанын сорып, құйрығын ұстатпай жүрген зиянды чиновниктерді (төрелерді) айғақ, дәлелдер тауып орнынан түсіріп сотқа тарту облыстық қазақ комитетіне тапсырылсын.

Жалпы қазақ съезі

Қазақ жұртының басын қосып, мұң-мұқтажын тексеріп қорытып, сельский программа жасауға жалпы қазақ съезін құру өте қажет. Съездің қашан һәм қайда болатындығын сөйлесу үшін Орынбор бюросымен хабарласып келісу қазақ комитетіне тапсырылсын Съезд Қызылжарда құрылып июль ішінде ашылуын тілейміз. Жалпы қазақ съезіне баруға әр уезден 5 кісі сайлансын. Барушылардың жол шығынын уездік Қазақ комитеттері берсін. Сөткесіне 10 сом берілсін. Бұл есеп темір жолмен барса 2-ші класта, пороходка мінсе 1-ші класта, атпен жүрсе екі атпен жүруге деген есеп. Өкілдер барып қайтқан соң, уездік комитеттерге съезде жасалған қарарлар жайынан толық баяндама қылсын.

Адам дәрігерлігі туралы Қазақ ішінде неше түрлі жұқпалы аурулар жайылғандықтан адам өлімі көбейіп, өсім азайды. Бұл жайды біле тұрып, дәрігерлер қазақтың ауруларын бағып қақпады. Көріне қашып, аулақ жүрді. Дені сау халықтың рухы да cay болатынын көздеп, съезд мынандай қарау қылды: Бостандық тиген жұртқа дәрігерлік көпке бірдей бос болсын. Халыққа дәрігердің жәрдемі тиген болсын.

Дәрігерлік орындар халықтың ішінде жоқ жерде ашылсын.

Әр бес облыстың ортасынан бір аурухана ашылып, 3 фельдшер тұратын орындар болсын. Ол орындарды ашылған доктор, фельдшер әйелдер қарастырып тұрсын.

Бір облыста 3 доктор тұратын ұйым (мекеме) ашылсын.

Мал дәрігерлігі туралы

Мал дәрігерлік деген ескі тәртіп кезінде қағазда ғана айтылатын құр сөз еді. Малына қандай қырғын індет келсе де, қазақ мал дәрігерлерінің жәрдемімен пайдаланып көрген емес. Оның бер жағында мал шаруашылықты қорғау, асырау мемлекеттің қарайтын зор мәселесінің бірі. Қазақтың күнелтіп отырғаны мал. Соның үшін мал дәрігерлігі реттеліп, көбейтіп, барша халық пайдаланатын болсын. Қазақ ішінде мал қарайтын ауруханалар һәм фельдшерлер тұратын орындар ашылсын.

// "Сарыарқа". 1917ж. № 6.

№ 12

1917 ж. 20 тамыз

Түркістан аймағы қазақ-қырғызының жалпы жиылысы

(2-5 тамыз 1917 ж. Ташкент қаласы)

Жиылыста өр облыстардан, әр уездерден мына адамдар болды.

Сырдария облысы Әулие-Ата уезінен:

Қабылбек Сарымолдаев, Қашымбек Әлімбеков, Сейтжаппар Ибраһимов.

Қазалы уезінен:

Ибраһим Қасымов, Уақбай Мырзаев, Ризаул Тасбаев, Байқуан Байбосынов, Кішкентай Оралбиев.

Перовск уезінен:

Махмұд Көшкенбаев, Зарқұм Қуанышев, Әшір Бердиев, Хожаңан Сейітов, Нұрмұхамед Ақатов, Бижан Жұмабеков.

Черняев уезі Түркістаннан: Майлықұл Базақов.

Ташкент уезінен:

Баймырза Қожабеков, Әбділрахим Божаев, Бедияр Ешбатыров, Әбділрахман Досмұхамедов, Баймырза Хажибеков.

Ферғана облысы Әндіжан уезінен:

Жұмағалы Қалмұхамедов, Құлзар Халлбиев.

Наманган уезінен:

Мұхамед Әмір Аралбиев, Әбдулласул Халмырзаев, молда Бірхан Малласаламов.

Жетісу облысы Пішпек уезінен:

И.Тоқтыбаев, М.Тынышбаев, С.Келгенбаев.

Жиылғандардың мақұл көргенімен жиылыс шақырушы бюроның ағзалары да дауысқа екі бөліп кірді. Барлық дауысты өкілдер-84 адам болды.

Жиылыстың құрметті председателі - султан Сейітжаппар Асфендияров.
Председателі - Мұхамеджан Тынышбаев.
Оның серіктері: Ибраһим Қасымов; Алдабек Мангелдин.

Президиум члендері: Қоңырқожа Қожықов, Серікбай Ақаев, Әзімхан Кенесарин, Садық Өтегенов.

Секретарлары: Зұлқарнайын Сейдалин, Шәймерден Қапсалямов һәм Сұлтанбек Қожанов.

Қаулылары:

1. Қазіргі заман, осы күнгі саяси хал

Жұрт бет алдына жайылып, бір хүкімет болмай мемлекет арасында, ішінде, халық арасына алалық жүріп тұрғаны жұртқа, мемлекетке зиянды. Шын бұқара қара халыққа сүйенген жаңа уақытша хүкімет жөндеп басқарып тұрғанда ғана осы күнгі ретсіздіктердің тоқталуы мүмкін, соның үшін Түркістан аймағы қазақ-қырғызының жалпы жиылысы қолдан келгенше Уақытша хүкіметке жәрдем көрсетіп, оның жоспарын зорайтуды керекті деп санайды.

2. Руссияда болмақшы мемлекет түрі һәм келешектегі Түркістанды басқару

Түркістан уәлаятының басқару жөні: а) Руссия федеративті - демократиялық парламенттік республика болуы тиіс. Яки әр жұрттың, яки аймақтың өз билігін өзіне беріп, өзінде болған шын пақырдың қолында болып һәм жұрт өкілдерінен мәжіліс, яки Дума болсын.

ә) Қазақ-қырғыз облыстары националды - территориялды федерация алсын.

3. Жер - су, переселен орыстар туралы

Қазақ-қырғыз өзі жерден уайымсыз бір жақты болғанша қазақ-қырғыздың жерін алу әзірден тоқтатылсын. Қазақ-қырғыздардың жері өзіне тапшылық қылатын болған себепті қазақ-қырғыздан алынған жерлер (мына түрлі) бұлардың өзіне әзірден тоқтаусыз қайтарылсын. Орыс ақ сүйектері меншіктеп алған жерлер, қазына шаруашылық қылдыратын жерлер, курорт яки кеселдер бағылатындарды, су дәрі кені бар жерлер, сопы жерлер орыс переселендерге бермекке даярлап қойған, бірақ әлі берілмеген жерлер. Оброчный статьялар яки жұрт ақы төлеп пайдаланатын, қазынаныкі, кеткен жерлер, жөндеп диқаншылық үлгі көрсетпекке деп беріліп, біреулер өз мүлкі қылып алған жерлер, ілгергі ат жеккен почта қылып алған жерлерін, жолдардағы қызыл үйлер һәм гарнизон солдаттар бұрын пайдаланып тұратын жерлердің бүгінде солдаттар кетіп, яки азайып босағандары.

Бос жерге орнамаққа жаңадан переселендер жазылуы бірден тоқтатылсын. Орыс келіп орнап, әлі тегіс жетпей, алды келіп орнап артық жер болса, бары қазақ-қырғыздың өзіне қайтсын. Переселендерге беруге ыңғайлап қатталған қазақ-қырғыз қыстаулары, әлі қазақ-қырғыздың өз қолында болса, өзінде қала берсін. Келіп қалған переселендер орнап қалған жерлерде қайта үлес қалдырып, содан жер шығарылып берілсін. Қазақ-қырғыздың қазыналық болып кеткен пішендіктері де өздеріне қайтсын. Қазақ-қырғызға қазына мүлкі, тоғай - ормандардың ішіне мал бағуға руқсат берілсін. Бүтін мемлекетке аса пайдасыз тиіп отырмаған қазына, мүлкі жерлер, таудың кендері, сексеуіл, шиі, таран, жүгері, түз кені, балық ауы бәрі земство қолына өтуі тиіс. Тоғайдың, балық ауының үстінен қарауыл қою қалсын. Жер Министрі Черновтың қайта қарап, көшкен переселеңдерінің көшуі тоқтатылсын деген бұйрығы іске кірмей қайтіп ашынып бекір болсын. Қайта қарап көшіп кеткен переселендерден босаған жерлер бұрынғы егелері қазақ-қырғыздың өзіне қайтарылсын. Жер мәселесі туралы қазақ-қырғыз оз алдына бір жоба жасап алуы тиіс. Жер мәселесінде әртүрлі саяси партиялармен қосылып, іс қылу Учредительное собраниеге барған өкілдердің оз еркіне қойылсын. 9. Түркістан аймағындағы қазақ-қырғыздарға жеткілікті суымен жер берілуі тиіс. 10. Түркістан уәлаятында су законный жер кіндікті земство ұйымдары шығаруына ерік берілуі тиіс.Суды басқарып тұру тиісті земство ұйымдарының міндеті болсын. 11. Қазақ-қырғыз арасында жерді бір адам иеленбей, көпшілікпен иеленуге жол болсын. Фергана өкілдері һәм тағысы Ташкент уезінің өкілдері ... иелену қуатталады. 12. Көпшілік пен жер иеленетін топтар көп болып, топтарда адам, кісі саны мүмкін ... аз болуы жер жайғастырушы мекемелердің қарауына берілсін. 13. Қазақ-қырғыздардан шеттен келгендердің арендаға алған жерлері қазақ-қырғыздың әр жердің оз жамиғатына тоқтаусыз әзірден қайтуы тиіс. Дария бойындағы әркімдер елге арендаға қойылған аралдар осы күннен қазақ - қырғыздың қолына түссін. Оларға төленген арендаға ақысын қалған уақытқа қазақ-қырғыз орнына келтірсін. 14. Қазына арықтарын су шығатын, яки су шықпақшы қазақ-қырғыз жерлері Земствоның қарауына өтсін. Осы күнге дейін мұсылман жұрты Мырза шөлдегі су шығып, абад болған жерлерден жер алып, істеп пайдаланудан тиімді. Құқысыз еді. Аймақ қазақ-қырғыз жиылысы мұндай әділетсіздік жолды тоқтаусыз жоғалтуы керек деп біледі. Мұсылмандар, әсіресе, сол жердің өз жұрты жер иелену жағынан орыстармен тең құқықтар болсын һәм мұнан былай су шығып, абад болатын жерлерде осы жол мен мұсылмандар жер алуға тендікте болсын. 15. Ақмешіт һәм Қазалы уезінің пайдасын ойлағанда, Сырдарияның бас жағынан арық шығару тоқтауы тиіс. Инженер Кузнецовқа, оған ұқсаған адамдарға су беру болмасын һәм ойында тысқа дариялардан ондай адамдарға арық шығаруға рұқсат болмасын. 16. Перовск, Қазалы уездеріндегі қазақтардың қалін әзде тұтып, қазынаның қаражатымен әдейі осы үшін барған инженерлердің жобасы мен қазақтарға су шығарылып берілді. Суды жинап пайдаланатын үлкен көл - тоғандар ашу керек. 17. Ферғана қырғыздарының жер мәселесі өздерінің бірінші облыс жиналысындағы қаулыларына лайық шешілсін. 18. Шу дариясының орташығындағы переселен мұжықтар пайдасына Шудың бар суы ашынып қойып, төмендегі Сырдария мен Ақмола облыстарының қазақтары құралақан қалып тарығуда. Бүл қазақтарға керекті су тоқтаусыз төменге ағызып жіберілсін.

4. Шаруашылық, азық һәм отын туралы

Қазақ-қырғызға ең керекті бұйымдардың бағасына қарап қазақ - қырғыздың малы да қымбаттасын, бұл үшін бағашы комиссия дайындалсын. Ат зауытын һәм басқа түрлі малдардың зауытын ашып қазақ-қырғыз келесіде малының қамын оңдауға қамтылсын. Малдарын тиімді жерлерге алып барып сатпаққа, қазақ - қырғызға өңдеп мал алып жүруге ықтияр берілсін. Ақмешіт, Қазалы һәм басқа халқы шаруашылық қылатын уездерге малға беруге ішкі Руссия ішінен Ферғанадан күнара жеткізіліп берілсін. Әзірге бір ояз азық комитеттеріндегідей бөлек участок һәм болыс азық комитеттерін ашуға тиіс.Сексеуіл тасылатын аймақта сексеуіл таситын жұмыскерлер үшін өз алдына азық комитеттерін ашу тиіс.

Сырдария облысы қазақ-қырғыздарының азық алуына тоқтау болмасын.
Сексеуілді сындырып, жерінен станцияға жеткізіп түру қазақтың ісі болсын.

Сексеуілге тура баға белгілеп қоюға һәм сексеуілді алушыларға өткізгендер басында тұруға комиссия дайындалсын. Қазақтан сексеуілді таразыға тартпай, шамалап алу қалсын. Пішен жиылып жатқан аймақта қазақтардың өз малына пішен жетімсіз болған себепті, бір уезден бір уезге келесі март айына дейін жіберілмесін.

5. Земство

Орынборда болған жалпы қазақ жиналысының осы туралы 5 пунктті қаулыға қабыл алынды. Уақытша хүкіметті жаңа шығарған законы бойынша дала уәлаяттарына болыс земствосы отырықшы елдерге ғана ашылсын. Көшпелі елдерге земство кіргізу еркі болмақшы облыс земский собраниеге тапсырылсын. Жиылыс бір уезден екінші уезге көшіп жүретін елдерді ғана "көшпелі болыстар деп бөледі. Жиналыстың қаулысы көшпенді елдерде де отырықшылардікі сияқты тоқтаусыз болыс земствосы ашылсын.

Болыс һәм уезд гласныйларының сайлауы бір мезгілде болсын.
Болыс земский управасында тиіс ағзадан артық болмасын.
Қазақ-қырғыз уездік һәм облыс земстволары орыстардікімен бір болсын.

Сайлаудың басында бас көз тұруға облыс комитеттері әртүрлі ендіру контрольдар шығарсын.

6. Мектеп мәселесі

Жалпы міндетті оқу аса керекті.
Бастауыш мектепте балалар ана тілінде оқытылатын болсын.

Оқу кітаптары һәм басқа баспасөздер болсын, бәрі де осы күнде "Қазақ" газетінің тұтқан емлесімен жазылсын. Русско-туземный школдардың барлығы тоқтаусыз осы күннен жоқ болып орнына ұлт мектептері орналассын. Орыс балаларымен бірге казақ-қырғыз балалары да оқып жүрген орыс школдарында биылдан бастап, қазақ-қырғыз балаларына ана тілі һәм мұсылман діні оқытылсын. Қазақтардың ашқан баспанасына баспалары қазақ балаларының пайдалануында емес, бұларды не болып, кім пайдаланып, қайда жүргенін біліп мағлұмат жиюға комиссия дайындалсын. Жиылған мағлұматтар Ұлыс мәжілістеріне тапсырылып, олар тоқтаусыз Земство алуын күтіп тұрмастан, жаңадан стипендия ақша берсін.

7. Сот мәселесі

Орынборда жалпы қазақ жиналысының бүл туралы 5 қаулысы қабылданды.
Осы күнгі қазақ-қырғыздың народный сот билігі жоқ болсын.
Бұл народный соттың орнына қазақтың тұрмысына лайық айырықша сот құрылсын.

Мағлұматты адамдардан жаңа соттың жобасын жасауға әр облыста сот комиссиясы қарауына тапсырылсын. Жалпы қазақ-қырғыз сот комиссиясына біразы кірсін. Жалпы қазақ - қырғыздан сот комиссиясы жұмысын 1918 жылы февральда бітірілсін. Жаңа соттың законы шыққанша, осы күнгі народный сот облыс жиылыстарының өзгерткен күндей тұра берсін. Екі уезд, яки облыс қазақ-қырғыздарының арасындағы уголовный жазады болатын істер, оқиға болған орынның народный соты алдында тексерілсін. (бұл қаулыларға қарсы Шымкенттік ишан, 1-2 Шымкент адамдары һәм Ташкент өкілдері шығып кетті.)

8. Дін мәселесі

Барша облыстардың қазақ-қырғыздарының өз алдына муфтилігі болсын. Рухани ишараға (духовный собрание) тиісті мәселелерді қазақ-қырғыздың жалпы сот комиссиясы айырсын (1-ші бапты қара).

9. Баспасөз

Жаңадан шыға бастаған "Бірлік туы « газетін жиылыс барша қазақ-қырғыз халқынікі болсын, жұрт болып жәрдем беріп дүние жағынан тарықтырмалық деп қаулы қылды. Пулды уезд комитеттері жинап, уезд комитеттері арқылы жіберілсін. Уезд комитеттері әр жердегі "Бірлік туының« агенттерінің қылып жүрген істерінен көз болып турады. Мүмкін болған заманда баспахана ашу керек.

10. Бүкіл Руссия мұсылмандарының Бас жиылысы

(Шураи-Ислам)

Бүкіл Руссия мұсылмандарының бас мәжілісінде қазақ - қырғыздан өкілдер болуы тиіс. Мұсылмандардың бас мәжілісінің ағзалары түрлі мұсылмандардың санына қарай болсын. Қазақ-қырғыз халқының уақытша бас мәжілісіне жіберетін өкілдерінің санын көбейту мәселесін Бас мәжіліс тез арада шешсін. Уақытша мұсылмандар Бас мәжілісіне әр облыстан бір адам өкіл жіберуге қаулы қылынды. Әр облыс өз өкілін сайлап жібергенше, әзірге Сырдария, Фергана, Самарканд І Һәм Жетісу облысына өкіл болып Серікбай Ақаев сайланды. Өкілдікке сайланған адамдардың біреуі қызметтен кетсе, облыс комитеті олардың орынбасарын сайлады. Қазақ-қырғыздан Бас мәжілісте ағза болып тұрған адамдардың қаражатын қазақ-қырғыз ұйымдары көтереді. Мұнан бөлек қазақ-қырғыз ұйымдары Мұсылман комитетінің іс басқаратын Комитеттері пұл жәрдем беру керек. Әр облыстың өкілдері Петроградқа мүмкін қадар тез барып, Бас мәжілістің ісіне кірісуі тиіс. Бас мәжіліске қазақ-қырғыздан болған өкілдер өздері жиылысып, араларынан іс жүргізетін комитетке ағзаларды сайлайды. 12 уездегі қазақ-қырғыз халқы әзір жіберіліп, тұрған өкілдің 3 айлық қаражатына 300 сомнан 3600 сом берсін.

11.Жетісудағы оқиғалар

Соғыс министріне, Ішкі істер министріне, Петроградтағы солдат һәм жұмыскерлер өкілдерінің мәжілісіне, әскери һәм басқа түрлі мұсылман ұйымдарының қазақ -қырғыздарды қыруды тоқтатуға "шара табыңдар" деп, теле¬грамм берілсін. Крестьяндардың һәм қайтқан солдаттардың қолдарынан қару алынсын. Қазақ-қырғыздар орысқа зорлық қылмасын. Жиылыс кепіліне алады. Былтырғы жылы қашқан қазақ-қырғыздан тартып қалып сатқан қойлардың пулы Мерке учаскесінде 64000 сом екен. Бұл пул жердің өзінің қазақ-қырғызының ұйымына қайту тиіс. Аймақтағы облыстардың бәрі де Жетісуда ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға тездеп шын жәрдем беруін жиылыс ұнатады. "Бірлік туың газеті арқылы Сырдария, Самарканд һәм Фергана облыстарындағы қазақ - қырғыз комитеттерінде Жетісу қазақ-қырғыздарына жәрдем пул жиылсын.

12.Қазақ-қырғыз ұйымы. "Бірлік туы".

(Қаралмасан қалды)

1З.Екінші есеп хат

Аймақ қазақ-қырғыз пайдасы үшін есеп болуы жүдә керек-ті. Бұған көз жететін қазақ-қырғыз азаматтары һәм біршама қазақ-қырғыз ұйымдары бүл істе жәрдемші болуы міндет. (Жиылыста екі кісі дауыс берместен қалды.)

14. Жер комитеттері

Іске жарамды адамдардың жетімсіздігі себепті болыс жер комитеті ашылмастан, уезд комитеті, облыс жер комитеті һәм аймақ жер комитеті болсын деп, жиылыс қаулы қылды.

15.Әйел мәселесі

Орынборда болған жалпы қазақ жиылысының бұл туралы шығарған қаулыларының шариғатқа теріс жері жоқ болса, қабыл алуға қаулы қылынды.

Әйелдер саяси құқықта еркектермен тең болсын;
Күйеуге тию еркі әйелдердің өзінде болсын;
Қалың мал жоқ болсын;
16 жасқа толмаған қызға құда түсу болмасын.

16 жасқа толмаған қызға һәм 18 жасқа толмаған жігітке молда неке оқымасын. Молда неке оқуда әйел мен еркекті қарама-қарсы қылып, ризалықтарын біліп оқысын.

Тұл қатын сүйгеніне қосылсын. Әмеңгерім деп зорлық қылу болмасын.
Екінші қатын аламын деген кісі бұрынғы қатынының ризалығымен ғана алсын.
Жеті атаға келмеген ағайыннан қазақ-қырғызда қыз алу болмасын.

16. Ұлт қазынасы

Националды территорияланса, я федерация алса, қазақ - қырғызға ұлт қазынасы керек. Сол себепті биылдан бастап, ұлт қазынасы үшін жұрттан жиылатын мемлекет салықтарының үстіне сомға 5 тиыннан қосылып жиналсын. Бай қазақ-қырғыздар ұлт қазынасына кесек пұлдар салсын. Қызметте айлық алып жүрген қазақ-қырғыздар әр айда айлығының 2 процентін сомынан 2 тиыннан ұлт қазынасына салсын.

17.Учредительное собрание

Түркістан хүкімет комитеті арқылы Уақытша хүкіметтен Учредительное собрание туралы жобаны қазақ-қырғыздың тіршілігіне қарай өзгертіп, Земство мекемелері арасында жоқ болған себепті, сайлау комиссиясы 4 ағзадан болып,біреуі уезд іс басқарушы комитетінен, үшеуі — болыс комитетінен болсын деп өтінбекке қаулы қылды.

Әр ауыл қоласты қылып жазылсын.

Өз уезінен басқа уезде жүрген қазақ-қырғыздар жүрген жерінің списогіне тіркеліп, сол жерде дауыс берсін.

Сырдария облысының жиналысында бір кісілерінің жасырын дауыс беруімен мына кісілер — Учредительное собраниеге кандидаттыққа белгіленді: 1) Мұстафа Шоқай, 2) Әзімхан Кенесарин, 3) Ибраһим Қасымов, 4) Садық Өтегенов, 5) Қоңырқожа Қожықов, 6) Серікбай Ақаев, 7) Әлмұхамед Көтібаров, 8) Зұлқарнайын Сейдалин, 9) Санжар Асфендияров, 10) Сералы Лапин, 11)Алдабек Мангелдин, 12) Хасен Ибраһимов, 15) Сегізбай Айзуанов.

18. Аймақ һәм облыс қазақ-қырғыз мәжілістері

Түркістан аймағында аймақ қазақ-қырғыз мәжілісін ашу керек.

Сырдария облысы қазақ-қырғыз мәжілісіне уақытша ағзаларына мына адамдар белгіленді: Садық Өтегенов, Ә.Көтібаров, Ибраһим Қасымов, Иса Тоқтыбаев, Тұрар Рысқұлов,Сұлтанбек Қожанов. Бұл адамдардың орнына кейін әр уезд комитетінен біреуден сайланып келген қазақ - қырғыз облыс мәжілісі ағзалары қалады. Қазақ-қырғыз облыс мәжілісінде әзірден уақытша ағзаларымен ашуға қаулы қылынды: Аймақ крестьян комитетіне кірген қазақ-қырғыздан өкіл болса, аймақ қазақ-қырғыз мәжілісінде ағза деп саналсын. Фергана облысынан аймақ қазақ-қырғыз мәжілісіне ағзалыққа Күмісәлі Бериев белгіленді.

Құжатта көрсетілген адамдардың есімдеріне түсінік

1) Әлмұхамед Көтібаров - юрист, төңкеріске дейін Аймақтық Кеңестің аудармашысы. Сот қызметкері және Аймақтық қазақ-қырғыз Кеңесінің төрағасы.

2) Сералы Лапин - юрист, төңкеріске дейін Термезде тілмаш. Төңкерістен кейін Ақмешітте "Халық өкілдері Кеңесің ұйымы, "Жәмиғат ғұламаларын басқарды.

3) Хасен Ибрагимов - юрист, төңкеріске дейін Самарқанда тілмаш, Төңкерістен кейін Ақмешіт Атқару Комитетінің төрағасы және Ақмешіт жұмысшы-солдат Кеңесінің мүшесі болған.

4) Садық Өтегенов - мұғалім. Ақпаннан қазанға дейін Сырдария облыстық Кеңесінің мүшесі.

5) Гүлсім ханым Асфендиярова - дәрігер. С.Асфендияровтың қарындасы. Петербург дәрігерлік институтын алғаш бітірген қазақ қызы. Ташкентте алғаш әйелдерге арналған акушерлар даярлайтын медициналық техникумды ұйымдастырады. Өмірінің соңына дейін өзі ұйымдастырған медициналық техникумда оқытушылық қызмет атқарған.

6) Санжар Асфендияров - әскери дәрігер. Төңкеріске дейін әскери дәрігер. Ташкент мұсылман жүмысшылар кеңесінің төрағасы.

7) Алдабек Мангелдин - нотариус.

8) Зұлқарнайын Сейдалин - статист көмекшісі.

9) Серікбай Ақаев - мұғалім. Төңкеріске дейін мұғалімдік қызметте болған. Ақпан төңкерісінен кейін Сырдария қазақ-қырғыздарының әртүрлі қоғамдық ұйымдарында ұйымдастырушылық қызметтер атқарған.

10) Қоңырқожа Қожықов - мұғалім. Төңкеріске дейін Әндіжанда мұғалімдік қызмет атқарады. Уақ - қарыз инспекторы. Ферғанадағы "Илиятияң ұйымын басқарған.

11) Сұлтанбек Қожанов - мұғалім. Төңкеріске дейін Әндіжанда мұғалімдік қызметте болған. "Ихтияң қоғамдық ұйымының төрағасы. "Бірлік туы газетін шығарушылардың бірі. Ақпаннан қазанға дейін Сырдария облысында әртүрлі қызметтерде болған.

12) Мұстафа Шоқай - юрист, төңкеріске дейін Петербургте Ресей Мемлекеттік Думасында Мұсылмандар фракциясы жанындағы бюрода Түркістан мұсылмандарының өкілі. Уақытша хүкіметтің Түркістан Комитетінің мүшесі. 'Түркістан мұсылмандарының Орталық Кеңесінің төрағасы. 'Түркістан Орыс қоныстанушы қазақ Кеңесі ұйымының төрағасы. Қоқан автономиясы үкіметінің Министрі. (Түркістан Уақытша хүкіметі.)

// "Бірлік туы". 1917ж. № 6.

№ 13

1917 ж. 24 қыркүйек

Семей облыстық кеңестің қаулылары

1917 жылғы 12 қыркүйектегі облыстық съездің шақырылуы, облыстық кеңестің қарарлары берілген мақала. Бостандыққа қарсы бүлік шыққан соң заман қалай болады деген уайыммен қазақ комитеті тығыз бас қосуды керек тауып, 12 сентябрьде облыстық съезд ашпақ болса да, өкілдердің аз келгендігінен съезд демей, бұл жалпы жиылысты облыстық кеңес деп атады. Кеңестің председателі Райымжан Мәрсеков, орынбасары Жақып Ақбаев һәм Мұстақым Малдыбаев болды. Кеңестің тыңдап, тексеріп, салыстырып, салмақтап шешуіне Халел Ғаббасов мына жобаны ұсынды: Облыстық комитеттің бірінші съезден осы күнге шейін жұмыстары туралы есеп беру;

Бақылаушы (милиция) сайлау;
Азық-түлік;
Жер комитеттерін сайлау;
Земство;

Құрылтайға (Учредительное собраниеге) жіберетін кісілерге бата қылысу;
Ішін-ара жәй жұмыстар. Ұстаған жобаны қарамаққа кеңес қаулы қылды.
Облыстық комитеттің жұмысының есебін баяндаушы Х.Ғаббасов кеңеске:
Қазақ комитеттерінің орыс комитеттерімен қосылып іс қылғандағы;

Жұртқа оқу тарату;
Сот мекемесін жасау;
Комитеттерді сайлау;
Азық-түлік, керек-жарақ үлестіру;

Земство сайлауын жүргізу;
Жер комитеттерін қазаққа пайдалы етіп жасау;

Етік тігетін шеберлік дүкенін ашу жайларынан айтқан соң, бірнеше өкілдердің қойған сұрақтарына жауап берген соң, кеңес комитетінің қылған ісіне ырзалық көрсетті.

Облыстық кеңестің қаулылары

1. Бақылаушы сайлау

Бірнеше баяндаушы шығып кеңестегі өкілдерге қазақтың азаматтарына қорғаушы сайлап қоюдың керектігін айтқан соң, кеңестегі өкілдердің бірауыздан жасаған қаулысы:

Басты, малды, бостандықты қорғап сақтау үшін бақылаушы (милиция) жасалсын.
Бақылаушы әр ауылға бірден келетін есеп пен жолдама болсын.

Бақылаушы жалдап алатын ақша болыс болысқа оның ішінде уақытқа қарай салынып, бір облыстағы қазақтан алыммен бірге түгел жиналсын.

Уездік милицияға жұмсалатын қазына ақшасынан да сұралсын. "Алаш" қаласы да, қазақ тұратын басқа қалаларда бақылаушы ұстайтын шығынға қосылсын. Қала-қалаға келетін ақшаны алаптық һәм уездік комитеттер мөлшерлеп болсын; ондай комитеттер жоқ жерде облыстық қазақ комитеті болып таратсын. Бір бақылаушының айына 100 сом деген есеппен ақша жиылсын һәм жиылған соң облыстық қазақ комитетінің қазынасына тапсырылсын. Бақылаушының билігі областной қазақ комитетінде болсын.(Осы қаулыны жасап жатқан кезде шығыстағы "Талапң ұйымының бір ағзасы Мұхтар Әуезов ұйымының бір бақылаушыны қазақ комитетінің әміріне тапсырып, шығынын да көтеретінін білдірді). Бақылаушыларды областной комитет өзі де уездной һәм басқа комитеттер арқылы да жалдап алсын. Бақылаушыларға керек қару-жарақ тиісті орыннан (комиссариаттан, Уақытша үкіметтен...) сұралсын.

2. Жер комитеттері

Уолостной, уездной, областной жер комитеттері әр халықтың санына қарай кісі кіріп жасалсын; Жер комитеттеріне санына қарай кісі кіргізуге жер керек деген қазақ бал асы ыждаңат етсін. Белағаш уолосы отырған Алтай губерниясының жері Семей облысына қарасын деп Уақытша хүкіметтен сұралсын.

3. Азық-түлік

Азық-түлік комитеттерінің ең керекті нәрселерді үлестіруі түзу еместігін, қазақ қолынан шығатын малдың бағасымен қазақ алатын нәрсенің басы әрдайым өсіп - көтерілетінін, екеуінің арасы жуықтамай алыстай беретін халықтың бір бөлімі екінші бөліміне жем болатынын әскерге де соғыстан бергі халыққа да қазақ жұрты қарасып, малының етін, терісін, майын, жүнін беретінін еске тұтып, кеңес жасаған қаулы:

Азық-түлік, керек-жарақ әр халыққа санына бөлінсін.
Азық-түлік, керек-жарақты үлестіру қазақ комитеттеріне тапсырылсын.

Қазақтың малына қойған нық бағамен қазақ алатын нәрсеге қойған нық бағаның арасын соғыстан бұрынғы қалыпта тең бірдей болсын: егер де қазақ алтын нәрсеге қойылған нық баға өзгермейтін болса, қазақтың мал шаруашылығынан шығатын затқа да баға көтерілсін (соғыстан бұрын қазақ бір қойға отыз кез шыт алатын болса, осы күнде де сонша алатын болсын.)

Азық - түлік комитеттеріне қазақ халқынан тағы өкілдер кіріп толықтырылсын.

4. Земство

Ұйымдар, уездной һәм областной комитеттер уездной жергілікті хәкімнің ағзаларына, кім де болса жатсынбай басқа уолостан, басқа уезден демей басқалармен сөйлесуге тартысуға жарайтын адамдарды сайлатып ұсынсын. Қай дуанда болса да, уездной земствоның ағзалары әр халықтың санына қарай болсын.

Уездной земстводан соң іле-шала уолостной земство сайлауы ашылсын.

5. Құрылтай

Жалпы қазақ съезінде жасалған кандидат списогы өзгерілмесін. Бірақ Г.Н.Потанин бара алмайтындығын білдірген себепті 1). Ғ.Бөкейханов, 2)Ә.Ермеков, 3) Х.Ғаббасов, 4) М.Боштаев, 5) Ж.Ақбаев, 6) Р.Мәрсеков, (бұл кісіні Ахмет Сәрсеновтың өзі берген соң кіреді.), 7) Биахмет Сәрсенов, 8) Ахметжан Қозыбағаров болсын деп кеңестегі адам түгел бата қылды.

Ақмола кандидаттарының списогы араласпасын, бірақ жалғассын.

6. Ішінара жай жұмыстар

Ұйым дүкендерін ашуға жұрт жұмысқа кіріссін.
Қазақ тілінде ұйым дүкендерін ашу туралы кітапшалар басылсын.

7. Оқу

"Алаш" дуанында ашылатын 2-жылдық мұғалімдер шығаратын медреселер уолос басы біреуден жарамды шәкірт жіберіп, шығынын жіберген ел мойнына алсын. Председатель Р.Мәрсеков, жолдасы Ж.Ақбаев, қазынашылары И.Әлімбеков һәм М.Малдыбаев.

// "Сарыарқа ". 1917ж. №14.

№ 14

1917 ж. 6 желтоқсан

Сырдария қазақтарының съезі

Алашордасы Сырдария қазақтарына мынадай телеграмм берді:

Екінші жалпы қазақ-қырғыз съезі бүкіл Алаш баласын біріктіріп, оз алдына автономия ығлан етуге қаулы қылды: Бұл туралы Түркістан қазағымен келісу үшін Алашордасына 5-ші ғинуарда Түркістан шаңарында Сырдария облысының съезін шақырды. Съезге болыс басы бір өкіл келсін. Мұстафа һәм жолдастары бұл съезді 10-шы ғинуарға шақырған еді. Оны өзгертіп 5-де болсын делінді. Түркістан қазақтарымен сөйлесуге Алашордасы Бақтыкерей Құлмановты Міржақып Дулатовты һәм Тұрағұл Құнанбаевты жіберді. Уақыт шұғыл, мәселе зор болғандықтан съезге айтылған күннен қалмай келулері керек.

Бұл съезге болыс басы бір кісінің үстіне мына кісілер арналып шақырылды:
Байсын ақсақал Көлдейұлы
Жүсіпбек Басықараұлы
Ибраһим Қасымұлы

Имамберді ақсақал
Серікқұла Бергенов
Мәуленқұл Байзақов
Алдиярбек Рақымқұлов

Ғалымхан Кенесарин
Мұхамеджан Тынышбаев
Әлмұхаммед Көтібарұлы
Санжар Асфендияров

Қоңырқожа Қожықов
Серікбай Ақаев
Әбдірахманбек Оразаев
Сейітжаиппар Байсейітов

Құлжахмет Махмұдоразай балалары
Садық Өтегенов
Сейдалин Алдабек
Мұстафа Шоқаев

Әуез Досболов
Қалжан Қоңыратбайұлы
Тасым Әйтекеұлы.

Алашорда бастығы: Ғ.БӨКЕЙХАНОВ

М.ШОҚАЙ

// "Қазақ". 1917ж. № 254

№15

1917 ж. 12 желтоқсан

Қаулы

Жұрт тығыз, келіп отыр ыстық үйде
Желпініскен ағытып, тана түйме
Бай да бар, шешен де бар көсем де бар
Мәскеуде толып отыр тоқпақ шүйде

Біреу сөз инабатты бастап отыр
Сірә, бір игілікті қозғап отыр
Халық үшін қарайғанын құрбан қалып
Кел бер деп дос жаранға қақсап отыр

Бұрыннан әңгіме еді ойда жүрген
Айтылып талай жиын, тойда, топта жүрген.
Жәрайды, әліде болса кештік қылмас
Қайраттың жұрт жұмсасын бойда жүрген

Ұят та басқалардан қалғанымыз
Далаға кетпес бұғау салғанымыз
Бай малын, батыр күшін аямасын
Ендігі осы болсын арманымыз

Пәле-ай деп шұлғып отыр оған жұрты
Бәрінің ауған білем солай мұрты
Басшының айтқанынан шықпай тұғын
Бұл елдің болса керек сондай ғұрпы

Мынау бай, алашақ жоқ анау кедей
Бәрінде шамасынша салмақ болды
Ат демей, тан демей, ақша демей
Қаулыдан көрінбейді қалатындар

Бәрі де өлімге айда баратындар
Қалса да жалғыз өзі қайтар емес
Жоқ болса, көк шолағын салатындар
Сонымен жұрт тарапты асын ішіп

Таң атса таз қалыпқа қалған түсіп
Қаулыны күнде-күнде жасайтұғын
Ет бар ма, қазан-қазан тұрған пісіп
Сөз бітті, ет желінді, қаулы қалды

Халыққа өкпе бар ма, аузына алды
Еттің де, елдің дағы өркені өссін
Ермектің бір әңгіме болды қалды.

С.ДӨНЕНТАЕВ

//"Сарыарқа". 1917ж,- № 24.

№ 16

1917 ж. 14 желтоқсан

Қазақ, Түркістан, Башқұрт өкілдерінің жиналысы

Сентябрь айының ішінде Орынборда қазақ, башқұрт һәм Түркістан өкілдерінің жиылысы болады. Қаралатын мәселелер мыналар: Автономиялы Башқұртстан, Қазақстан һәм Түркістанның ілгеріде басқару тәртіптерінің негізгі ерекшеліктерін жұмбарлап түйін қылу.

Автономиялы Башқұрт,Қазақстан һәм Түркістан шекаралары туралы. Жер мәселесі жайынан қазақ, башқұрт һәм Түркістан үшін жалпы платформа жасау.

Қазақстан, Башқұрт һәм Түркістандағы бөтен дінді бұратаналар Учредительное собраниеде қазақ, башқұрт һәм Түркістан халықтарының саяси құқықтарын қорғау жолдарын қарастыру. Қазақстан, Башқұрт, һәм Түркістан халықтары үшін жалпы программалы бір партия жасау. Учредительное собраниеде уақытында қазақ, Түркістан һәм Башқұртстан үшін жалпы бір организация - ұйым құру. Бүл жиылысқа Башқұрт Ерік Шорасының члендері, Ақмола, Торғай, Семей облысындағы қазақтың облыстық комитеттері жіберген өкілдер һәм Түркістан Ерік Шорасынан өкілдері келеді.

// "Бірлік туы". 1917жыл. № 17.

№ 17

1917 ж. 14 желтоқсан

27 ноябрьде (1917 ж.) Қоқан шаһарында болған жалпы мұсылман съезінің қаулылары

1. Аса арнаулы болып жасалған Түркістан аймағы мұсылмандардың ІV жалпы съезі Россия ұлы өзгерісті салып берген жолмен әр жұрт өзін-өзі басқаруға ықтияр болсын деп еркіндікті қалайтын Түркістан аймағын Россия демократичесский республикасымен бірлікте болып бөлек жасауға ерікті территориальный автономиялы (жергілікті бостандық) қылып ығлан қылады. Бұл автономия қай түрлі болуы жақын арада шақырылмақшы болған Түркістан аймағының өз Учредительное собраниесінің (съезінің) ықтиярына беріледі. Съезд өз атынан Түркістан аймағындағы саны аз ұлттардың құқықтарына қиянат қылдыртпай қорғалатынын аса елеулі түрде мәлім қылады. 2. 27 ноябрьде Қоқан шаһарының мұсылман жұрты съезд члендерінің алдында автономияға шын көңілді екендігіне һәм сайланған адамдарға жанына дейін аямай жәрдемші болуға ант айтқанына қарап, аса арнаулы болып жасалған аймақ мұсылмандарының ІV жалпы съезі мынадай қаулы қылды: 1) Съезд сайлап шығарған 14 адам жұрт мәжілісі ағзаларына һәм 12 адам автономиялы Түркістанның уақытша хүкіметінің ағзаларына ешкім тие алмайды һәм бұларды жұрт мәжілісінен ықтиярсыз ешкім ұстауға болмайды. 2) Кімде-кім булардың біреуіне қарсы болып күш жұмсаса Түркістан аймағының 10 миллионнан көп халқына қарсы шығып, келсең кел дегені болып саналады. 3) Сайлап қойған адамдарды аман сақтау һәм керек болған жерде қорғап алу міндетін съезд жұрттың өзіне тапсырады. 3. Россияның күн шығыс һәм түстік жағындағы халықтардың ынтымағы "юго-восточный союзға" кіру туралы Түркістан мұсылмаңдарының ІV жалпы съезі мынадай қаулы қылды: Іс жүргізіп тұратын бір комитет сайлап шығарып " юго - восточный союзбен" Түркістан арасында ынтымақ қандай шарттармен болатынын анықтап білу үшін саяси өкілдер жіберу сол комитетке тапсырылсын. Ол союзға кіру кірмеуге ерікті Түркістан халықтарының Учредительное собраниесін ұзатпай тез жию міндеті сол іс жүргізетін комитетке тапсырылсын. Жұрт шаруасы күйзеліп кетіп тұрған шара союзға қос ғана болып қалған күндер болса, іс жүргізетін коми п.. Учредительное собраниесі ашылғанша уақытша шартнама: жасасып , уақытша қосыла тұруға ықтияры бар.

// "Бірлік туы". 1917ж. №17.

№ 18

1917ж. 14 желтоқсан Түркістан автономиясы

Өткен ноябрьдің 27-сі күні Түркістан мұсылмандарының жалпы съезі Қоқанда Түркістанды жергілікті автономиялы ығлан қылды. Жақын арада Түркістанның өз Учредительное собраниесі жиылмақшы болып тұр. Көктемдегі өзгеріс басынан Түркістан мұсылмандары съезд сайын жергілікті бостандықты талап қылып қаулы шығарумен келді. Бірақ, айтысу мен орындатуға, орындата қойғанда да дөңгелетіп істерін жөндеп жүргізіп алып, кете беруіне өздерінің көздері жетпегендіктен несиеге қаратып, көптің ұнауымен Учредительное собраниеге алармыз деп келді. Соңғы кезде бүтін Россияны астан-кестен қылған "большевик" бәлекетінің салқыны Түркістанға да тиді. Түркістанның иә, тұрмысына, иә табиғатына тура келмейтін большевик саясатын Түркістанда күшпен жүргізбекші болып, орыстың солдаттары мен жұмыскерлері қару-жарақ жұмсап, зорлықпен өкімет жүргізе бастады. Түркістан аймағында 100-ге екеуден-ақ келетін 5 орыс оның бәрі де емес, оннан бірі-ақ келетін солдат пен жұмыскерлер мұсылманның бір адамын да ішіне алмай, үкіметті өздерінен ғана сайлап, мұсылмандарды адам санына алмай азар - безер бастағаны өзгеріс, бостандық дегендерді естен шығарып, ескі заманнан да таршылық күндер тудырды. Мұсылмандардың әзіргі бар ұйымдарын, Советтерін бостандық қаскүнемдерінің тобы деп, біреуін ілтипатқа алмады. Жұмысшылар һәм солдаттар ұйымдары керек, "демократия" керек деп Түркістанның маңайына әлі бітпеген нәрселерді талап етті. Мұндайларымыз жоқ десек, жетілгенше бірдей жетістіктерге бағынасыңдар, сендерге бүл қалыпта тұрғандарында ерік беруге болмайды. Сендер "буржуй", "байларсыңдар" дейді. Мұнан кейін Түркістан мұсылмандарына автономия, федерация, бостандық дегендердің бәрімен қоштасып, Түркістан большевиктеріне қол қусырып құлдыққа мойын сұну, иә намысқа шауып, Отанын аяқ асты қылып отырған 5-6 бұралқы ит қатарлы бұзықтарға "ауыл біздікі, дәретсіз арам қолыңды тарт, аулақ жүр" деп өз билігін өз қолдарына алуы қалды. Қоқан съезіне Түркістан аймағының әр бөлшегінен келген 250-ден артық өкілдер әлгі айтылған екі жолдың екіншісін қолданып, Түркістанды өз еркі өзінде, жергілікті бостандық алды деп ығлан қылып отыр. Бүл іс біздің Түркістан мұсылмандары 10 айдан бері құр дақпыртқа ілесіп, "бостандық" ... жүрген емес. Бостандықтың қадіріне жететін, керекті жерлерде қорқып тайсалып тұрмай, бостандық жолын қолдауға жарайтын шын граждан екенін көрсетті. Басқа ұлттар мұндай көпшілікте 100-дің 98-і болмаса да, мұндай бұлқынуға ыңғайлы шетте болмаса автономия ығлан қылып жатты. Біздің Түркістан Учредительное собраниеда ерік алармыз деп сабыр қылумен бұл жерге дейін келді. Ақырында большевик деген 5-6 хайуаншылар автономия былай тұрған әзіргі азғантай еріктен айырып, тұйыққа қойып тыққан соң, һәм бүл қалыпта тұрған соң, көптің қалаған автономиясын азырақ ығлан қылуын басқа құлдыққа мойын сұнуы болмаса, лаж қалмайды. Съезд жұрттың шын көңілін біліп, шын тілегін тапқаны анық білінді. Автономия ығлан болғаны Түркістан барша шаңарларын шаңар халқы һәм дала ұлы болып қуаныш қылып, манифестация жасап, Түркістан автономиясына һәм съезд сайлаған Түркістан автономиясының Уақытша хүкіметіне ант ішіп, мойын сұнып жатыр. Большевиктердің туын тіккен Ташкентте де 13 декабрьде уезд халқы һәм шаһар халқы бірнеше жүз мыңдай болып жиылып, автономияға ант ішіп, мойын сұнып, манифестация жасап, большевиктерден именбей, орыс шаһарларын да жүріп, большевик хүкіметінде оның қылған істерін де ... алмаймыз деп, большевиктер өзіне қарсылық қылды деп түрмеге қамап, қойған 28 адамды шығарып алып кетті. Халықтың мұндай жолмен қарсылық көрсетіп, керегің жоқ дегені үлкендікке құмар, бостандық, әділдік дегенмен жұлдызы қарсы зорлықшыл большевиктердің қырына да келмей түр. Мылтықтарын, зеңбіректерін, оқ шашарларын даярлап, есебін тапқан жерде атқылап, зорлықпен басқарып тұрамыз деп, хүкіметтен әлі тайсалмай тұр. Бірақ, әлі бостандық алып көрмесе де, мәнісіне түсініп, қадіріне жетерлік болып қалған Түркістан мұсылмандары етбетті бостандықты жамылып, бұқара қамқорсынып, зорлық жүргізіп жүрген, 5-6 жүзі қара "большевик" дегендерге құл болып, жақтап отырмас. Көпке қарсы, құдайға қарсы болып шығып, жұртқа зорлық пен жақсылық келтірмекші сабаздар өз ажалынан өліп, аяғынан тозып жоқ болар. Түркістан мұсылмандары тиместен-ақ мойын сұнбай, ұлпан салық төлемей, жым-жырт тұрса, кімге өкімет жүргізеді. Қарны ашып, қаңғырып келген жағына өзі-ақ кетпей ме? Түркістан автономия алғанда Россиядан тіпті қол үзіп бөлініп кетпейді, бірақ өз істерін өзі басқарып тұрады. Мұндай бостандыққа Түркістаннан басқа жерлердегі большевиктердің қарсылығы жоқ. Бұл жағынан біздің Түркістан көпке тентек болып қаламыз деп алаңдайтын реті жоқ. Автономияға қарсы болып тұрған хүкімет бір дәурен сүріп қалайын деген, Түркістандағы солдаттар мен жұмыскерлерді алдап, айтқанына жүргізіп жүрген 5-6 бұзықтар. Түркістан мұсылмандары өздері автономия туралы бір пікірде болып, жұмылып тұрса бүл іс-бітіп тұрған іс. Россияның әзіргі күйі әркімдерді-ақ ойға қалдырған заман керек қылған соң, жұрттың тілдегі болсын һәм бәледен аулақ болайық деп бөлінгендер көп. Сібір бөлінді, Кіші Орыс, Кавказ, Башқұртстан һәм басқа жерлер бәрі де автономия алып шығып отыр. Түркістан өз Отанымды қорғаймын деп бөрі де оз бәрі де оз жерлеріне қайта бастады. Түркістан сарттарының көбі сол бөлінген жерлердің балалары, солдат бол сам оз Отанымды.../. ұлар кетіп бітсе, бұзықтар сүйеніп, зорлық жүргізуге күш табылмай қалады. Түркістанның шын қамын жеген орыс көңілі мен жасауын қалайтын Түркістанның шын балалары мұсылмандар һәм басқа жұрттар бір болып, бірлікте тұрып жоғалтамыз десе, большевик зорлығы күні бүгін сап болса керек. Күш-бірлікте, жұрт жұмылып керек қылмаса, зорлықпен керек болып, өкімет жүргізу жер үстінде болмайтын іс. Бостандық алып көгертіп жіберсе де, көрінгенге аяқ асты қылып, өзін де, Отанын да қорлықта қалдырса да жұртта тетігі. Түркістанның шын балалары Отанын аяқ асты қылып, өздерін құлдыққа қайтадан ұстап береді деп ойымызға келмейді. Париж Коммунасы сияқты, 27 ноябрьден бастап Түркістанның жаңа тарихы басталды. Мұнан былай Түркістан сансыз жылдар еркі мен бостандықта жасап, автономиялы Түркістан тарихы таусылмас деп сенеміз. Жасасын, автономиялы Түркістан, Жасасын, Түркістан халықтарының бірлік-ынтымағы !

// "Бірлік туы".1917ж. №17.

№ 19

1917 ж. 31 желтоқсан

Қоқан съезі һәм қазақ-қырғыз

Түркістан мұсылмандарының Қоқан шаһарында болған 4-ші жалпы съезі 27 ноябрьде Түркістан аймағын жер сулы автономия деп ығлан қылды. Бұл Түркістан аймағының ішінде біздің қазақ-қырғыз қоныс қылып отырған бірнеше облыстар бар.

Олар: Сырдария, Закаспий, Самарканд, Ферғана һәм Жетісу облыстары. Жоғарыдағы съездердің Түркістан автономиясы туралы шығарған қаулыларына қарағанда, осы айтылған облыстардағы қазақ-қырғыздардың да сол автономияның ішінде қалып, мұнан былай не күйде не қалыпта болса да Түркістанның басқа жұрттарымен бірдей болмақшы. Біздің Түркістан ағайындардың ұлт һәм ... қалыптарына айналдыра үй жібермей, тосыннан көз салған адамдарға олардың жоғарғы қаулысынан шетке шығаруына қапелімде ешбір дәм жоқ сияқты. Соның үшін олардың Түркістан автономиясына қалай қараулары тиіс екендігін сөз қылу біраз орынсыз, ерсі көрінуге де мүмкін. Бірақ ұлттардың ілгерідегі негізгі тіршіліктеріне ірге қаланып жатқан осы күнгі заманда мұндай үлкен мәселені әшейін тосын көзбен қарап қана өткізу қате. Автономия ығлан қылып, оған кіретін халықтардың ілгерідегі болатын тіршілік қалыптарын белгілеу оншама оңай нәрсе емес. Сол автономияның ішінде тұратын барлық жұрттар ілгеріде қызғылықты, еркі тіршілікке бақытты болулары, яки болмаса мұнан былай теріс бағытқа бет алып, түбінде армандары болулары - бәрі де осы мәселенің осы бастан дұрыс, яки қате шешілуінен тұратын нәрселер. Сондықтан, Қоқан съезінің қаулысы бойынша, Түркістан автономиясында есеп қылынып отырған ол ағайындардың бүл мәселені егжей - тегжейіне жетіп қарастырулары өте қажет, оның үшін басқалардың көңілі қалып, өкпесі қараярлық орын жоқ. Бұл мәселенің жете қаралып, ақтарыла тексерілетін бір орны сол Қоқан съезінің өзі еді. Бірақ онда бұл мәселе ортаға салынып, қалыпқа түспек түгіл, тіпті ешкімнің аузына да алынбай қалды. Тіршілік қалыптары һәм ұлтшылдық салттары түрлі болған бірнеше халықтарға бір тон пішіп, оларды бір қалыпқа соғамын деген съездің мұндай мәселені бүркеп, сөз қылмай отырғаны - үлкен кемшілік. Қоқан съезі бүкіл Түркістан аймағын автономиялы деп ығлан қылмақшы болған соң, алдымен сол аймақтағы халықтардың бір қалыпқа сия алар, сия алмасын қарап, тексеруге тиіс еді. Бірақ ол болмады. Түркістан облыстарындағы біздің қазақ-қырғыздар туралы Қоқан съезінің мұндай қате жолға түсуіне бірсыпыра себептер де болды. Бірақ, ондай себептерге қарап, мұндай тор қатені үндемей өткізуге жол жоқ. Бұл съезде болмаса, мұнан кейін түзетуге көнбейтін қате емес. Соның үшін әлі де болса, бұл мәселені тексерудің уақыты өтпеген. Қоқан съезі - Түркістан мұсылмандарының жалпы съезі деп аталды. Бұған дауласудың қажеті жоқ. Бірақ, қырғыз халқынан шақырылған өкілдер тегіс келмеді. Тегіс келмеді ғана емес... Сырдария облысының бір-екі уезінен басқа уездерінен съезд халық арнап жіберген өкілдер тіпті ... болмады.

Жетісу облысынан өкіл де келген жоқ...

Самарканд, Закаспий облыстарынан да солай болды. Мінеки, жоғарыда айтылған себептердің - бір үлкені осы. Рас, съезде өкіл жіберген жерден де әшейін көлденең ;адамдар, басқа ұйымдардан өкіл болып келген кісілер болды. Бірақ, олар халықтың съезге арнап жіберген өкілдері деуге болмайды. Онан соң бұл съезд Ташкентте большевиктер қожайын болып, Түркістанда шын хүкімет жоғалған мезгілде шақырылған съезд болғандықтан, бірінші дегені - қайтсе де бұзақы большевиктерге бір қыр, қайрат көрсету еді. Сондықтан, өзінің алдына... мәселелерін жайланып, қарап отыруға оның уақыты өте шұғыл еді... Жалпы қазақ съезінде 9 күн сөз болып, оңға-солға екшелеп автономия мәселесі онда бірдің ішінде тәмам бола қоймайтын еді. Соның үшін съезде бұл мәселені айналасы бірнеше сағаттың ішінде жұмарлап бүктеді де тастады. Яки, осы себеп сияқты тағы да себептердің жөнінен ол съезде қазақ-қырғыз халқының Түркістан автономиясына кіре алу кіре алмауы - үн-түн жоқ, жабулы қалыпта өтті. Соны мінеп, ол оз қаулысының ішінде Түркістандағы қазақ - қырғыздардың сыртынан билеп кіргізгендей болып, шеттен қараушыларға оларды Түркістан автономиясында түпкілікті қалған сияқты көрсетіп отыр. 5-13 декабрьде Орынборда болып өткен жалпы қазақ съезі Алаш ұранды қазақ-қырғызды бірге қосып, Алаш автономиясын ығлан қылуды кеңескенде Түркістан қазақ - қырғыздары туралы қаншама сөз болды. Съезд ойдағы - қырдағы Алаш балаларын бір тудың астына жиюға ұмтылғанда, олардың Түркістанда бөлініп қалуы ықтималы мәселені көп ауырлыққа жіберді. Әрине, бұған себеп, сол Қоқан съезінің қаулысы, әйтпесе Түркістандағы қазақ-қырғыз Алаш автономиясына қосылмай кетеді деп кім ойлар еді. Қоқан съезі Алаш ұлының бір шетін жырып алып, отырған соң, жалпы қазақ съезі оларды тастап, бөлек автономия қылуды, өзге лайық таппай, әлі де болса, олармен тілдесуге әдейі адам жіберіп алуға қаулы қылды. Осы январьдың 5-де Түркістанда болатын қазақ-қырғыз съезіне Алашордасы бірнеше адам жіберіп отыр. Олар сонда бұл мәселені үзілді - кесілді ашып қайтпақ. Сонан соң, бұл мәселе бүге болса да, шүге болса да Алаш автономиясы ресми ығлан қылынбақ. Мен бұл орында Түркістандағы Алаш баласының Түркістан автономиясына кіру пайдалы ма, жоқ Алаш автономиясына қосылуы артық па екенін айтайын деп отырғаным жоқ. Менің мақсатым - бұл мәселенің Қоқан съезінде тіпті қозғатылмағанын көрсету. Бұл мәселе Қоқан съезінде ашылмай кеткен соң, оны бастан аяқ алдымыздағы Түркістан съезі шешуге тиіс, бірақ Түркістандық ағайындар Қоқан съезінің қаулысын өздеріне осы күннен міндетті көріп, одан шығуды ауырсынуға орын жоқ. Мұның себебі жоғарыда айтылды. Өйткені, онда бұл мәселенің түп қожасы қазақ-кырғыз халқының өз өкілдері толық болған жоқ.

БОРТАҢ

// "Қазақ". 1911 ж. № 257.

№ 20

1918 ж. 18 қаңтар

Сырдария қазақ-қырғыздарының съезі

6-9 ғинуарда (1918ж.) Түркістан шаңарында Сырдария қазақ-қырғыздарының съезі болып өтті. Съезге Сырдария облысының барлық уездерінен келген қазақ-қырғыз өкілдерінің саны 70 шамалы болды. Онда Сырдария облысының өз өкілдерінен бөтен Алашордасынан келген Бақтыкерей Құлманов, Тұрағұл Құнанбаев һәм Міржақып Дулатов, онан соң Қоқандағы Түркістан Уақытша хүкіметінен келген өкілдер һәм Орал облысы Темір уезінен келген 3-4 адамдар да болды. Баста бұл съезге арнап шақырылған адамдардан Мұхамеджан Тынышбаев һәм Әбдірахманбек Оразаевтар келе алмады һәм бұл съезге шақырылғандардың біреуі Мұстафа Шоқаев келе алмады. Съезде қаралған мәселелердің ең бастысы - Сырдария қазақ-қырғыздарының Алаш автономиясына қосылуы туралы мәселе еді. Бұл мәселе съезде екі күннен артық тексерілді. Ақырында съездің бұл туралы шығарған қаулысының мазмұны мынадай болды: Сырдария қазақ-қырғыздарының түпкі тілегі жалпы Алаш туының астында болу. Бірақ, осы күнгі Түркістан аймағында автономия ығлан қылынып қалғандықтан егер Сырдария облысы қазірден-ақ автономиясына Алаш шығып кетсе оның күші кеміп, дұшпандардың алдауына себеп болу ықтималы бар. Соның үшін съезд қазақ-қырғыздардың Түркістан автономиясында тура тұруын мақұл көрді. Мынадай шарт қойды: Алаш автономиясы ресми ығлан қылынғаннан кейін ол Түркістан автономиясымен одақ жасасын деп. Бұлай одақ болуды съезд екі автономияның да күшейіп, қуаттанбағанына үлкен жәрдемші деп біледі. Онан соң съезд бүл қаулысының ішіне: Алаш автономиясының Бас Ордасы Түркістан шаңарында болсын деген тілекті де кіргізді. Сөйтіп ,бұл съезд әрі түпкілікті Алаш бірлігін ойлап, әрі әзіргі Түркістан автономиясының күшеюін ескеріп жоғарыдағы қаулыны қабыл етті. Ендігі тілек мынау екі автономияның да көгеріп, көріктеніп жақын арада Алаш ұранды қазақ-қырғыз халқының бір ту астында болуын құдайдан сұрау. Бұл съезд туралы толық мәлімет екінші нөмірде болады. Алашорданың өкілдері Сырдария съезіне келген. Олар 13- ғинуарда Қоқан шаңарына жүріп кетті. Онда Түркістан Уақытша хүкіметімен тілдесіп қайтпақ.

// "Бірлік туы". 1918ж. №20.

№ 21

1918 ж. 29 қаңтар

Сырдария съезі

Сырдария қазақ-қырғыздарының съезі, Ырғыз қазақтарының қосыламыз деген тілектерін жақсы тыңдап, ашық шырай жылы жүзбен қарсы алғандықтарын білдірді. Бірақ, жақын арада Алаш автономиясы жар қылынатұғындығын ойға алып, әзірге бұзылып - жарылмай бірге жарлықасып, Алаш туының астына келіп Түркістанға қосылуын мақұлдады. Егер Алаш автономиясы бағзы бір себептермен жар қылынбай қалса, яки жар қылынып та, Түркістанмен одақ болмаса, Ырғыздың Алаштан айрылып, Түркістанға кіруіне Сырдария қазақ-қырғыздарының көмек көрсететінін міндетіне алды. Осылай бірқатар жұмысты бітіре келіп съезд атынан Түркістанда болған орыс крестьяндарына үндеу сөз таратуға қаулы қылынып, съезд бастықтарына тапсырылды. Сол арада съезге бастық болып отырған Ералы Қасымовты ұстап жібер деп Ақмешіт уездік комиссарынан Түркістан комиссарына телеграмм келгендігі съезге білдірілді. Съез жөн - жосықсыз бастығын ұстап жібер деген Ақмешіт комиссарының сөзін қорлық санап, наразылық телеграмм беруге һәм Түркістан Уақытша хүкіметінен мұндай бассыздыққа бір шара қарауын тілеп айтып телеграмм беруге қаулы қылды. Мұнан соң әрбір өкіл өз маңайындағы елдері туралы доклад беріп, мұнан халықтың азық-түлігі бітіп аштыққа ұшырап тарылып тұрғаны білінді. Бұл өкілдер докладын тегіс тыңдап болып, елде болып тұрған оқиғалармен-ақ танысып болған соң съезд мынадай қаулы жасады: 1) Түркістан автономиясының Уақытша хүкіметінен халықтың бұл душар болған таршылығынан құтқару шарасын тоқтаусыз қарауын өтінуге; 2) Қазалы өкілдерінен Жанкөшік Нұрбай баласы Қазалы қазақтарының су жоқтығынан егін еге алмай, бұларға келетін сыбаға суды жоғары елдер бөгеп тоқтатып қойғандығын сол себепті Қазалы уезінің халқы басқаларға қарағанда жүдеу екенін доклад қылып, бұған съездің бір шара қылуын өтінді. Бұл туралы Қоңырқожа Қожықов сөз алып Уақытша Түркістан хүкіметіне айтып тоқтату қамын қылып амалын қарастыруға міндет алды. 3) Мұнан соң съезд аяғында бірқатар өкілдер елдерінің большевиктерден көрген зорлығымен һәм бұларға бір шара елдің қулары қосылып халықтың қатты тынышы кетіп тұрғандығын съезге шақты.

Бұл туралы болған докладтар тыңдалып біткен соң съезд мынадай қаулы жасады: "Большевик хүкіметін қазақ-кырғыз танып, айтқанына еріп, айдағына жүрмейді. Сол себепті бұлардың зорлық - зомбылық қылып, халықтың' тынышын алмауын тілеп айтуға. Екінші, бұл большевиктерге еріп халықтың берекесін кетірген қазақ-қырғыз балалары болса, бұларға наразылық білдіріп, ел дұшманы ұлт дұшманы екені жария қылынсын" деп.

// "Бірлік туы". 1918 ж. №21.

№ 22

1918 ж. 29 қаңтар

Түркістан шаңарында сырдария қазақ-қырғыздарының

съезі

(6-9 қаңтар 1918 ж.)

Өткен нөмірде Түркістан шаңарында Сырдария облысының қазақ-қырғыздарының съезі болып өткендігі жазылған еді. Енді бұл нөмірде сол съезде қаралып қылынған қаулыларды басамыз. Съезге халық тарапынан сайланып қатысқан өкілдер Түркістан уезінен 20 өкіл,

Ақмешіт уезінен - 15
Қазалы уезінен – 8
Шымкент уезінен - 10, Әулиеатадан - 3, Ташкент уезінен - 9,
Арнап шақырылғандар - 14

Алаш ордасынан - 3. Барлығы - 82 өкіл қатысып, қараған мәселелер мыналар: 1) Қоқан һәм Орынборда болған съездер туралы доклад; 2) Сырдария қазақ-қырғыздарын "Алаш автономиясына қосу туралы; 3) Ұлт милициясы; 4) Сырдария облысының қазақ-қырғыз атынан Түркістан автономиясының Уақытша Кеңесіне мүшелер сайлау; 5) Ұлт қазынасы; 6) Азық - түлік мәселесі; 7) Түрлі жақтан келген өкілдер доклады; 8) 15 ғинуарда Түркістан аймағы крестьяндары съезіне кісі сайлап жіберу. Бұл мәселелерді қарап тексерместен бұрын әр жерден съезд атына келген құттықтау телеграммаларды һәм съезді құттықтап сөйлеген сөздер тыңдалып, мұнан соң Қоқан һәм Орынборда болған съездер жайынан доклад берілді. Бұл докладтардан соң Сырдария қазақ-қырғыздарының Алаш автономиясына қосылу, қосылмауы сөз болып, Кеңеске қойылды. Бұл туралы Түркістан автономиясы атынан келген өкілдер Сырдария қазақ-қырғыздарының Түркістанмен қонысы бір қоралас отырғандарын айтып, бүл күннен айрылып, Алаш автономиясына қосылуды тіршілік жолы көтермейді деп Түркістанда қалдыруды қуаттады. Алаш автономиясы атынан келген өкілдер мынадай "аяққа тұсау, тілге күрмеу" болмай, "аяқ барғанша жүріп, ауыз ауырғанша" сөйлеп әр халық өз мұңын өзі қарап жатқанда, әр жұрт өз қалауын көтеріп, өз ұранын шақырғанда біздің де бүтін "алты Алаш баласы" болып бірігуіміз жөн. Егер біз 6 млн. Алаш баласы айырылмай бас қоссақ іргелі ел болғанымыз, бас қоса алмай бытырап бет-бетімізге кетсек өмірге іргелі ел болмай кім көрінгеннің қолында кетуіміз ықтимал. Атамыздың мақалы бар: "пайданы басқа, бастан соң досқа" деген, әуелі өзіміз бас қосалық, мұнан соң басқа барлармен бірігу жағын қарайық деп, қазірден "Алаш" автономиясына қосылуды қуаттап сөйледі. Жалпы өкілдерден бүл екі пікірдің екеуін де жақтаушылар болып, мәселе орайы екі күнге тартылды. Аяғында екі жақтың да пікірлерін тексеріп, бір анықтамақ бір қаулыға келтіру үшін әр уезден екі адам, "Алашордасың һәм Түркістан Уақытша хүкіметі өкілдері мен зиялыларынан комиссия жасап, іс осы комиссияға тапсырылды. Бұл комиссия өзінің ұйғарған жобасын, М.Дулатов оз жобасын съезге ұсынды. Съезд бұл екі жобаны да тексеріп, біраз сөз қылғаннан кейін дауысқа қоюға ұйғарысты. Дауысқа қоймастан бұрын комиссия жобасына үш түзету кіргізілді. Дауысқа қою туралы бір, екі өкіл аттары аталып, дауысқа қойылсын десе де, көптің ұйғаруымен аттары аталмай ашық дауысқа қойылуды дұрыстады. Дауысқа салынған комиссия жобасын қуаттаушы - 39, қарсы - 11 дауыс алды. Сол қарсы 11 дауыс Сырдария қазақ-қырғыздарының күні бүгін "Алаш" автономиясына қосылуын тілегендер. М.Дулатов жобасын қуаттаушылар - 10, қарсы - 38, тартынып қалушылар - 8 болып, көпшілік комиссия қаулысын түзетулермен қабыл алды.

Қабылданған комиссия қаулылары: 1) Сырдария облысы осы күні тегіс Түркістан автономиясында болғандықтан, әзірге Түркістан автономиясында қалады. 2) "Алаш" автономиясы жар қылынып, Түркістанмен одақ болса Сырдария қазақ-қырғызы сол күннен бастап Алаш автономиясына қосылады. 3) Сырдария қазақ-қырғызы қосылғанда Алаш астанасы Түркістан шаңары болады. 4) Сырдария Алашқа қосылғанда Түркістан Құрылтайына сайланған өкілдер "Алашордасының" сайлау жобаларына тура келсе, Алаш Құрылтайына да өкіл болып сайланады. 5) Осы съезде болған қаулылар Түркістан Құрылтайына сайланған өкілдерге наказ (аманат) болады.

Мирякуб ұсынған қаулылар мыналар: 1) Алаш автономиясы жария қылынғанша Сырдария Түркістан автономиясында тұра тұрсын; 2) Алаш автономиясы жария қылынуында Сырдария Алаш облыстарының бірі болып саналсын; 3) Алаш астанасы Түркістан шаңары болсын; 4) Алаш автономиясы мен Түркістан автономиясы одақ болсын. 9 ғинуарда Ырғыз уезінен өкілдер келіп, 28-29 декабрьде болған ЬІрғыз қазақтарының жасаған съезд қаулыларын айтып, Сырдария қайда болса Ырғыз да сонда болатынын білдірді. Сырдария қазақ-қырғыздарының Алашқа қосылатын қаулыларын білген соң Ырғыз өкілдерін де Сырдариямен бірге болу үшін уақытша болса да Түркістан автономиясына кіруді қалауларын білдірді. Съезд өкілдерінен Ырғыз өкілдерінің сөзін тыңдап болған соң бүгін болмаса ертең "Алаш" автономиясына кірейін деп тұрған Сырдарияға қосылып, Ырғыздың әуре болуы жөнсіз деп қарсы сөйлегендер болды. Ырғыз өкілдерінің тілектерін тексеріп, бір жауап беру үшін әр уезден бір өкіл "Алашордасы" өкілдері, Ырғыздың өз өкілдері һәм Темір уезінен бір өкіл алып, 12 кісілік бір комиссия жасады.

Мұнан кейін Ташкенттен келген большевиктер Советінің, мүшесі
Полтарацкий кезектен тысқары соз алып сөйледі:

Түркістан автономиясы уақытсыз, орынсыз һәм жалпы жұрт пайдасын көздеген автономия емес деп, өзінше түрлі дәлелдер келтіреді. Түркістанның бүл автономиясын большевиктердің танымайтындығынан һәм бұлай етіп жіберілмейтінін Народный Комиссарлар атынан сөйледі. Ол сөйлеп болған соң, бір-екі өкіл тұрып өзінің Түркістан автономиясын қуаттап отырып, бұған сөз беруіміз жөнсіз деп айтқан соң, съезд Полтарацкий сөзін елеп, қарсы жауап айтпай аяқсыз қалдырды. Полтарацкий сөйлеген өкіл сөздерін орысша перевод етіп, түсіндір деп сұрап еді, "переводчикті өзің тап, саған мұнда переводчик болатын кісі жоқ" деп жауап берді. Сөзін тыңдап, елейтін адам болмаған соң съезден шығып кетіп бара жатқанда жұрт артынан ысқырып, жер теуіп айқайлап қалды. Мұнан соң "милиция туралы болған докладтарды тыңдап, біраз сынап, сынға түсіргеннен кейін мына қаулыларды жасады: 1) Сырдария облысында басқа облыстар сияқты тоқтаусыз милиция құрылсын; 2) Мұны іске асыру міндеті Түркістан Уақытша хүкіметіне һәм облыс, уездерде болған қазақ-қырғыз ұйымдарына тапсырылсын; 3) Сырдария облысында милиция жасау ретіне Орынбордағы жалпы қазақ-қырғыз съезінің милиция жасау жобасы қолданылсын. Түркістан автономиясына һәм оның уақытша хүкіметіне съезд не көзбен қарау туралы соз болып, бірауыздан қаулы қылынды. Сырдария облысының қазақ-кырғыз съезі, Қоқанда 1917 жылда 27 ноябрьде 4-ші мұсылман съезімен жар қылынған Түркістан автономиясын һәм оның Уақытша хүкіметін қуаттандыруға құр соз болып жоғалып кетпей, іс болып жарыққа шығаруына қолдан келген көмекті аямасқа һәм автономияны оның Уақытша хүкіметінің ағзаларын зорлық -зомбылықтан аман сақтауға уәде береді. Мұнан соң 15 декабрьде Ташкенде болатын крестьян съезіне кісі сайлап жіберу сөз болып, съезд атынан Алдабек Мангелдин, Сұлтанбек Қожанов сайланды. Түркістан автономиясының Уақытша Ұлт Кеңесіне кісі сайлауды сөз қылып, Сырдария облысына тиісті болған 9 орынның үшеуін сарттарға қалдырып, алтауын осы съезде қазақ -қырғыздан сайлауға ұйғарды.

Түркістан Уақытша Ұлт Кеңесіне съезд бір ауыздан мына кісілерді сайлады.
Ақмешіттен - М.Шоқаев
Әулиеатадан - Ғ.Кенесарин
Шымкенттен - Сейітжаппар Байсейітов

Ташкенттен - Ғ.Көтібаров
Түркістаннан - Дәулетбар Алтыбаев
Қазалыдан - Меңдібала Күзембаев

Мұнан кейін Ырғыз өкілдеріне жауап беруге сайланған комиссия ұйғарған жауаптарын әкеліп съезге ұсынып, съезд комиссия қаулысын бірауыздан қабыл қылды.

// "Бірлік туы ". 1918ж. №21.

№23

1918 ж. 18 наурыз

Алаштың алғашқы құрбанынан

Тірі жанға қимайсың,
Қисыны жоқ, оққа ұштың.
Таза өмірден тұрмысың,
Періште боп көкке ұштың.

Қандай жанға қастық қып,
Кіммен баққа таластың.
Жат жігерің жастық қып,
Қаһарманы Алаштың.

Ойлантып, хал-шағыңды,
Таңба салдың жүрекке.
Бірақ сенің бағынды,
Таппас ешкім тілеп те.

Әрі тұңғыш, әрі тақ,
Кінәсі жоқ, мейман дос.
Қонағыңды күтіп ал,
Ұлттың ұлы қош бол қош!

С.ДӨНЕНТАЕВ

//"Сарыарқа ". -1918ж. -б34.

№24

1918 ж. 3 шілде

Алашордаға

І

Бірлік қылыстық Алашым
Ілгері қарай басасың
Қол ұстасып ұмтылсаң
Қарап жұрттан асасың

Атағын мәңгі қалдырып
Жасасын, Алаш, жасасын!

ІІ

Бұл дәуірде күн бар екен көретін
Жасты етіп, тілекті алла беретін
Жаны ашып, жол бастаған жастарға
Ел билеген азаматтар еретін

Әу, басында зоры осы ғой тілектің
Зарлайтыны қайғы басып жүректің
Әруақ жар боп, атқа мініп, қамданды
Демей, Алаш әлім бітіп, жүдеймін

Құтты болсын , Алаш улы теңдігің!
Көп жыл жүріп, қолға түскен кендігің
Атқа мініп, ұраныңды шығарып
Бірлік үшін басты қосқан елдігің

Зор қуаныш біткенді алатын Орданда
Сап азамат бағлан керек қорғауға
Елдің жайын ойлағандар, қамданар
Болмайды ғой қамсыздарды зорлауға

Жұрттың ісі жұрт қозғалса, гүлденер
Қызыл, жасыл гүл бақшадай нұр кірер
Алалықты арадағы жойдырып
Заман келді, бірге тұрып, бір жүрер

Алаш туын желпілдетіп қолға алып
Мынау жау деп, қаймықпай еш қорғанып
Үрім-бұтақ, нәсіл-нәсіп бәріне
Кетіңдерші бітпейтіндей жол салып,

Жұртты сүйер ерлер шығып қол басы
Сап азамат бағлан болып жолдасы
Жарық сәуле еттіретін қазаққа
Мәңгі жылдар жасасын, Алашордасы!

Б.МАЙЛИН

//"Сарыарқа ".-1918ж.-№262.

№ 25

1918 ж. 15 шілде

Областной съезд

Соңғы кезде заманның түрі өзгеріп, саясат тасқыны құбылып, хакімшілік бірден-бірге көшіп келіп, ақырында мемлекеттің бар билігі совет жағына ойысқаны халыққа мәлім шығар. Қай облыс, қай қала болсын, большевик хүкіметі алмаған жер қалған жоқ. Советтен Совет шығып, жергілікті мекемелердің бәрін төңкерді, иледі, биледі. Земстволар жабылды. Олардың орнына Совет сайланды. Областной Қазақ комитеті областной съезд шақырылып, қазақ билігінің түрі қалай болуы шешілгенше, Уақытша Советке кісілерін кіргізіп отыр. Бұрынғы халықтың іс басындағы қызмет адамдары заманның үмітіне төңкеріліп, орнығып оз бетімен іс атқарып басқарудан қалды. Жергілікті мекемелер қай қалыпта, не болуы белгісіз. Міне, заман осындай аумалы-төкпелі, толқымалы күйге ұшырап, Саяси ауасы өзгеріп, халық мекемелері жоғалып, билік Советтер қолына ауғанына халық қай көзбен қарайтыны, һәм не пікірде екенін білуге, екінші келешектегі бір областной елдің өмір-тұрмысы қандай түрде болуын шешуге Семейдегі областной қазақ комитеті бір облыстың съезін құруға қаулы қылды.

Съезде қаралатын мәселелер мынау: 1) Автономия жайы; 2) Заманның қазіргі қалы; 3) Жергілікті мекемелер; 4) Областной сот; 5) Уездной, областной мекемелер. Бұл мекемелер бұдан былай қалай қай түрде болмақ; 6) Жер мәселесі. Ішкі Россиядағы Сібірге лек-легімен көшіп келе жатқан переселен бар. Бұл жақтағы Сібір орыстары бізден басқа халықтар "переселенге жер бермейміз, тоқтасын" деп хабар айтып отыр. Енді переселеннің алмақ жері қазақтікі болмақ. 7) Оқу істері; 8) Азық-түлік. Мұнан былай ақшаға керек, табылмайтын малға әуелгі нәрсе бір басқа ғана сатылады. 9) Түркістан өлкесіндегі қырғынға ұшыраған қазақ - қырғыз жайы. Міне съездің қарайтын мәселелері аса зор һәм тығыз. Сондықтан бұл съездің тезірек құрылып һәм толық болғанын көздеп, съезд 5 майда Семейде болсын деп қаулы қылынды. Съезге болыс басы 4 кісі, уездной комитеттерден 2 кісі, ұйымдардан 1 кісі келсін. Халық ел болу, жұрт болудан ілгері күннен ұйымды болса, елге тыныштық, береке орнағанын тілесе, жер, суға, өз басына ие болғысы келсе, қара бұқара нашардың қамын ойлайтын өнерлі, жігерлі көзі ашық, азаматтарын келешек 5 майға кешіктірмей жіберсін. Бұл съезге анау-мынау жеңіл, оқтың міріндей қарап енжарланып, салақсып қалмаңдар. Бұл үлкен съезд. Бір облыстың тұрмысы, тыныштығы, билік, берекесі шешілетін съезд. Ал азаматтар заманның түрін байқап отырсыңдар, жатпай-тұрмай айтылған уақыттан қалмай Семейге жету қамдарыңызды істеңіз.

Областной қазақ, комитеті
// "Сарыарқа ". 1918ж. №38.

№ 26

1918 ж.18 тамыз

Орал тығыз областной қазақ-қырғыз съезінің бекіткен қаулылары

1) Қазақ-қырғыз өлкесі жалпы бұқараның ынтымақтасу негізіне құрылған Россия республикасының толық құқылы бір мүшесі болып өз істерінде ерікті штат болсын. 2) Қазіргі саясат күйімен Оралдан бастап 5 облыс бір губернияның бөлімімен құрылған қазақ-қырғыз өлкесі явочный порядокпен автономияны жарияласын. 3) Совет тұрғанда автономияны іске асыру мүмкін емес. Себебі, Совет хукіметі ұлтшылдыққа қарсы ұлттар үшін зиянды, саяси ұйым, сондықтан:

а) қазақ-қырғыз халқы Совет хүкіметін танымасқа һәм бой сұнбасқа тиісті; ә) Оралдың казак-орыстарымен бірігіп Орал қазақтары большевиктермен күресуге тиісті. Бірақ, күрес қазақ-қырғыз пайдасын сақтау бөлімі басқа мақсатқа ауса, ондай күреске қазақ-қырғыз қосылмасын. 4) Орал облысы Орал ұлысы аталсын. 7 кісіден хүкімет құрып,әзірге штат болсын. Орал ұлысы "Алашорданың" уақытша бір бөлімі болып, Алаш автономиясы жарияланып, билік түрін белгілеп, аяқ басқан соң, бар хакімшілікті "Алашордаға " тапсырсын.

Басқарма: Орал облысындағы бауырларымыздың саяси басшылыққа жетіп, ат төбеліндей жерде хүкіметті ел болғандарына қуаныштымыз. "Алашорданың" үстіндегі ауыр жүктен бөлісіп алғаны жақсы ғой. Бірақ, жалпы Россия құрылтайын сылтау қылған ауруға шалдығып (Орал хүкіметі, "балығы болмаса бақасынан" деп) ала қойды бөле қырқып жүрмесе жарар еді.

// "Жас азамат ". 1918ж. №3.

№27

1918 ж. 19 қараша

Алаш қызметкерлерінің қазынасы

Білім өмірден кенже қалған Алаш тез аяқтанып алға басып кетуі үшін оң-солды айыратын саяси іс жүргізетін оқудың тасқын судай Алаш ауданына тез жайылуы қажет екендігін есепке алып төмендегі Алаш қызметкерлерінің қазынасы деген мәселені ортаға саламыз: Негізінен қарағанда оқу жаю міндеті мемлекет пен земствода болуға тиісті. Бірақ, осы күнгі саясат, шаруа халінен байқауға болады. Біздің мемлекетке земствода коп жылдар өткенше сау қалпына түсе алмайтындығы. Бұдан көрінеді жоғарыдағы міндетті екі орынға көз телміртпей, жайылуына қажетті шаралар іздеудің керектігі. Бүл шаралар табылады ұлтшылдық ауданынан. Ұлтшылдық ауданына келсек, оқып жүрген шәкірттер де, оқу бітірген зиялылар да, көкірегі ояу азаматтарын да ұлтшылдық сезімінің жоғарғы дәрежеге жеткендігін, жеке бастың пайдасына ұлт пайдасын артық көріп, малдары түгіл жандарын құрбан қылып жатқан азаматтарды көреміз. Мұны көрген соң шаралардың табылатындығына көзіміз жетіп, көңіліміз сеніп, оқудың толқындап тез жайылуына себеп болатын Алаш қызметкерлерінің қазынасы қалай жасалады? Оның басты істейтін жұмыстары не, соны ғана айтып өтеміз. Алаш қызметкерлерінің қазынасы осы күнге қызметте тұратын азаматтардың жалованиеларынан ай сайын беріп тұратын белгіні, проценттен жасалады. Біздің шамалауымызша мөлшерлі процент 5/1 арасында болуы лайық. Мысалы, 100 сом жалование алатын азамат 5 сом беріп тұруға міндетті.Одан әрі 10 сомға шейін өз ықтиярында, қызметкер есебіне кіреді. Алашорда, Зем. управа мүшелері, мұғалімдер, учительдер, мал, адам дәрігерлері, кооператив, банк қызметкерлері һәм басқа жалование алғашқы кезде бұл қазынаға ақша салушылардың саны 500 болса, бұлар орта есеппен 300-ден жалование алатындар болса, соның өзінен 5 процент алынса да, айына түсіп отырады және жыл сайын бізде қызметте тұрушы көбейе бермекші, сонымен бұл қазына келешекте зорайып, күшті ұйым болар еді. Басқа үлгілі жұрттары да осындай қазыналары бар чех халқының көбі театр, кітапхана, халық үйлері, жеке адамдардың берген жәрдемінен құрылған қазынадан ашылған.

Қазынаның басты істейтін жұмыстары: 1. Ел арасына қысы, жазы тегін оқытушылар, шаруаны асылдандыруды үйретушілер жіберу; 2. Кітап бастыру, оқушылардың көбеюі, кітаптың көптігінен, арзан сатылуынан жалпы міндетті оқу болған күнде де мектептен тысқары (внешешкольное образование) білім болмаса, оқу тамырлы болып жайыла алмайды. Бүл осы күнгі орыстың һәм қазақтың бастауыш мектептерінің оқып жатқандардың біраз жылда қарайып, түк оқымаған кісі сияқты болып қалатындарынан көрінеді. Мектептен тысқары білім зейіннің таралуына, баспасөзге құмарлықтың артуына, қараймасқа себепкер болады. Ал, бүл мектептен тысқары білімде жаятын алаш қызметкерлерінің қазынасы болады. Біз ойлаймыз қазынадан 100-ден 5-10 сом беруден қызметте тұрған азаматтар тартпас деп һәм бергеннен бюджетке (кіріс-шығыс) кемшілікте келе қоймас деп.

Қазына облыс бас сайын ашылса, іс жүргізуге жеңілірек болар еді. Әзір қазына жасау үшін съезд шақыру мүмкін емес, сондықтан бүл қазына туралы "Сарыарқа", "Қазақ", "Абай" һәм басқа азаматтар да оз пікірлерін ашып ортаға салуларын өтінеміз. Сонан кейін пікірлерін қорытып тезірек іске асыру қамына кірісу керек.

//"Жас азамат ".-1918ж.-№11.
Копия с копии

№28

Постановление Семиреченского Областного Киргизского Комитета АЛАШ

Ст. Урджарская
17 марта 1919 г.

№ 3

Слушали представленный Председателем Областного Киргизского Комитета ДЖАЙНАКОВЫМ доклад следующего содержания : "Благодаря оторванности от промышленных центров и отсутствию железнодорожного сообщения и сколько нибудь сносной местной промышленности, на Семиреченскую область влияние великой войны сказалось раньше других мест, и уже к середине 1916 г. в области ощущался недостаток многих предметов первой необходимости: сельск-хоз. машин и орудии и проч. товаров. Тогда как на продукты местного и скотоводческого хозяйства / хлеб, сырье, шерсть и пр./ за отсутствием вывоза в виду бездорожья, стояли цены прежние - очень низкие, привозные товары неимоверно росли в цене, как говориться не по дням, а по часам. Такое резкое несоответствие в местах не могло, конечно, не отразиться на общее благосостояние населения и вполне, поэтому, понятно, что, не смотря на обилие в то время в области хлеба и скота, уже достаточно ясно стало вырысо-вываться перспективо будущего тяжолого экономического положения в области. Рядъ же последующих неблагоприятных обстоятельств: 1) безпорядки на почве призыва инородцев на тыловые работы в августе 1916 г., в результате своем уничтожившие до 15 ООО семейств киргиз и розорившие более 60 ООО семейств киргиз же с изгнанием большинства из них в пределы Китая, а также разорившие несколько крестьянских сел, 2) полнейший недород хлебов и трав в 1917 г., вследствие небывалой засухи с последующим голодом /людским/, падежем скота /джутом/ и разстройством транспорта и 3) всевозможные эпидемические заболевания усугубили указанное выше тяжолое положение, а своеобразное хозяйничанье Семиреченских большевиков с весны 1918 г., сопровождашееся по сие время в неосвобожденной еще части области массовыми разстрелами, вплоть до детей и женщин, где грабежами, где проста уничтожением всякого рода имущества и живого и мертвого инвентаря и прочими безчинствами довершило /и довершает/ это положение и некогда благодатное и богатейшее Семиречья, справедливо называвшееся житницей Туркестана, ныне превратилось в жалкую, убогую, обнищавшую область с уничтоженной в зачатке своем, хотя бы малой, промышленностью, с совершенно разстроенными путями сообщения, разгромленными и во многих местах совершенно выженными поселками и аулами /зимовками/. Из всех групп населения области, пострадавшими как от болыпевитского разгрома, так и от предшествовавшему неблагоприятных обстоятельств следует безусловно считать киргизский народ, положительно вымирающий в настоящее время как непосредственно от голода, так и от всевозможных эпидемических и простудных заболеваний на почве голода, неимения одежды, местами и жилища. К тому же в виду гололедицы и поставки большей части, запасов сена для воинсвих частей, как в освобожденной от большевиков, так и занято еще таковыми части Семиречья в настоящее время свирепствует ужасный „джут"/падеж скота/, равного которому не припоминают даже глубокие старцы. Исключение составляют лишь некоторые волости зимовки коих расположены на солнечной стороне „горных плато". В порыве отчаяния и в поисках способов средств для спасения хоть части скота, киргизы стали доходить до виртуозности. Так, киргизы приалакульских волостей вспомнили старинное предание о кормлений скота рыбой, а также внутренностями павших животных и произведенные опыты дали некоторые положительные результаты, оказалось, что верблюды охотно едять рыбу и довольно хорошо исправляются от нее. Других же пород скота приучить к рыбе не удалось. Кормление же потрахами /внутренними кишками с содержимым/ оказались применимым лишь в отношении баранов и таким образом в некоторых местах стали под-держивать более крепкие экземпляры баранов за счет слабых - падающих от голода. В Мурзатай-Карасуйской волости мне лично пришлось быть свидетелем того, как киргизы рубили деревья своих небольших садиков и корой, и также ветлами /прутья/ их кормили отобранных от стада лучших и более или менее крепких экземпляров скота. Остальной же скот положительно погибает один за другим на глазах растерявшихся и полных отчаяния хозяев. Попытка спасти часть скота заставляет киргиз - подкормливать его еще тем незначительным запасом хлеба /где таковой есть/, который предназначен для посевов и для питания. Таким образом, указанные выше неблагоприятные обстоятельства в результате своем угражают киргизскому населению и его скотоводческому хозяйству неминуемой гибелью. Болыневитское хозяйничанье не менее гибельное пос-ледствие имело /и продолжает иметь/ и для таранчинского населения, с которым Красная Армия жестока расправилась за активное, якобы, выступление этой народности в апрельском 1918 года возстание против советск Большевитское хозяйничанье не менее гибельное последствие имело /и продолжает иметь/ и для таранчинского населения, с которым Красная Армия жестока расправилась за активное, якобы, выступле„разданы болыиевитсвующему трудовому народу". - Таранчи - эти настоящие землеробы, по понятиям Семиреченских большевиков, не трудовой народ. Нельзя, конечно, сказать, чтобы от своеобразного "Семиреченского большевизма" не пострадали и другие группы населения, как например сознательная часть казачества, с которой не с меньшей жестокостью расправлялись большевики и которая, также побросав родные места, должна была эмигрироваться в Китай, или сознательная часть крестьянства, также обобранного большевиками. Никто, я думаю, не станет отрицать того колоссального значения, которое с играло Семиречье в общей экономической промышленной жизни России, особенно же Туркестана, снабжая первую прекраснейшим сырьем, а второй хлебом и убойным скотом, давая этим Туркестану возможность весь почти земельный фонд использовать под хлопок. При описанном выше экономическом развале, близкому к полному краху, Семиречье должно потерять свою роль — серьезного поставщика сырья, скота и хлеба, а это едва ли будет в интересах возраждающейся России, для развития уничтоженной промышленности коей теперь более чем когда либо нужны будут указанные богатства Семиречья / сырье и проч./. Поэтому, с одной стороны для спасения от гибели как самого населения, вымирающего голодной смертью, так и его сельского и скотоводческого хозяйста, с другой же дабы не дать возраждающейся России возможности лишиться т акого богатого угла, как Семиречье, в смысле поставщика всевозможных сырых материалов и долженстующего в будущем, по своим естественным природным богатством, сыграть весьма крупную роль в Государственной промыш-ленности, мне кажеться, необходимо возбудить перед Правительством ходатайство об оказании населению Семиреченской области срочной помощи отпуском средств как на приобретение семянного материала для предстоящего посева сего года и зернового хлеба на продовольствия так равно на поддержание сельского и скотоводческого хозяйства путем своевременной покупки живого и мертвого инвентаря и молочного скота, а также предметов первой необходимости. Насколько мне известно, Семиреченское казачье войска в том отношении уже вполне обеспечен. Ему по ходатайству Войского Правительства Правительством отпущен в сентябре 1918 года? Миллиона рублей и в декабре того же года около 7/2 миллионов рублей. Войсковое Правительство, за которым в путях освобожденные от большевистского ига пошли с самого начала борьбы все сознательные группы и на которые последними возлагались надежды по части благоустройства их, таким образом оказывается озаботились только о своем казачестве. Хотя Областным правлением и возбуждено уже перед Правительством соответствующее ходатайство об оказании населению Семиреченской области помощи, тем не менее, мне кажется, Киргизскому Областному Комитету, в задачи коего, по смыслу указа Временного Правительства от 4 ноября 1918 года, между прочим, входить забота о хозяйственно -экономических нуждах киргизского населения - надлежит в отношении этого населения /киргизского/ войти к Правительству с надлежащим ходатайством, как через Управляющего Областью, так и через Уполномоченных Ко-мандира 2-го Степного Корпуса в Семиреченской области. Полагаю, что Киргизскому Комитету следовало бы просить Правительство и за несчастное таранчинское население, представители коего отсутствуют в освобожденной части Семиречья, а потому не могут хлопотать сами. Я более чем уверен, что указанные выше лица: Управляющий областью и Уполномоченные Комкора, в руки коих вверена судьба области и которые в достаточной мере уже ознакомились с ужасным, катастрофическим положением в области, не откажутся поддержать ходатайство Киргизского Комитета. Обращаясь в заключение своего доклада, к вопросу о размере необходимой ссуды и о способах использования последней, должен сказать, что нужда киргизского и таранчинского населения велика и во всяком случае степень раззоренности и нуждаемости их не менее чем у казаков, если не сказать горазде более, что едва ли стало бы отрицать даже само Войсковое Правительство. Раз казачеству, состоящему из 50 ООО душ, отпущено 8 миллионов рублей, то соразмерно численность киргизского населения, состоящего из 850 ООО душ и таранчинского, состоящего приблизительно из 55-60 тысяч душ /за вычетом перебитых/ следовало бы просить в 9/2 раз более, а именно около 76 миллионов рублей и эта сумма по размеру бедствии была бы вовсе не велика. Но исходя из соображении финансовой затруднительности Государства тратящего сейчас огромные деньги на одни военные операции полагаю, что в своих требованиях надо быть несколько умеренным и следует просить ссуду в размере 30 миллионов рублей. Киргизского и таранчинского населения, оставшегося в живых должно быть около 240 000 семейств. Если пред-положит что нуждается в помощи четвертая часть /на самом деле должно быть больше/, то для 60 000 семейств, считая по 500 даже рублей на семью, получиться размер необходимой ссуды именно в 30 миллионов рублей. - На 500 же рублей, при настоящей дороговизне,- сделать что либо положительно нельзя. Рабочая лошадь стоит не менее 800 рублей, хлеб пуд 15-20 рублей, сельско-хозяйственные орудия с доставкой также должны обойтись не дешево. Тем не менее, по указанным выше соображениям, придется ограничится 500 рублевой приблизительно нормой. Часть правительственной ссуды следует по моему, просить отпустить Киргизской Областной ссудной Кассе, имевшей в своем распоряжении около 120 000 рублей и оставшейся при Областном Правлении в гор. Верном, другую же большую часть надлежить просить передать в распоряжение Управляющего областью, с тем непременным условием, чтобы при Земском Отделе Областного Правления была образована Особая Комиссия по оказанию пострадавшему населению помощи - с участием представителей от заинтересованных групп населения /киргизского, таранчинского, крестьянского/. По введении же в области Земского Управления ссуды должны быть передана в распоряжение Земства."- Заслушав и всесторонне обсудив изложенный выше доклад г. ДЖАИНАКОВА и вполне соглашаясь с доводами его, Областной Киргизский Комитет ПОСТАНОВИЛ:1) Возбудить перед Всероссийским Правительством, через Управляющего Семиреченской Областью и Уполномоченных Командира 2-го Корпуса в Семиреченской Области,-Атамана АННЕНКОВА и Полковника ГУЛИДОВА, ходатайствовать об отпуске Правительственной ссуды в размере 30 миллионов рублей, половину безвозвратно, половину в долгосрочную ссуду на принятие срочных мер по приобретению семенного материала, живого и мертвого сельско-хозяйственного инвентаря, зернового хлеба на продовольствие голодающих, а также на поддержание скотоводческого хозяйства путем покупки молочного и других пород скота. 2) Ссуду эту просить отпустить в распоряжение Управ-ляющего Семиреченской областью - с тем, чтобы из нее 5 миллионов было передано в киргизскую кассу для расходов по указанному в п. 1 назначению, и чтобы остальные 25 миллионов расходовались по тому же назначению особой комиссией, под Председательством Управляющего Областью, образованной при Земском отделе Областного Правления - с непременным участием представителей заинтересованных групп. А по введении в области Земства ссуду передать в Распоряжение Земства. 3) Атамана Анненкова и Полковника Гулидова особо просить не отказаться засвидетельствовать о плачевнам положении киргизского населения, не смотря на все лишения:- голод, джут, разгром большевиками, оказаваюшаго посильную помощ Правительственным войскам поставкой подвод, фуража, топлива, убойного скота, поддержанием почтового тракта и проч.

Подлинный подписали: Председатель Семиреченского
Областного Киргизского Комитета

АЛАШ — И. ДЖАЙНАКОВ

Члены : Сабатаев, Дюсебаев, Тергеусизов и Джакубаев.

С подлинным верно : Кумбетбаев.

С копией верно : Делопроизводитель /подпись/.

ГА РФ. Ф.1701. oп. 1. д. 35. лл. 38-41.

ІІ. Уездік және болыстық қазақ съездері

№ 29

1917 ж. 24 наурыз

Ойыл

15 март. 13 мартта 1-ші және 2-ші Орал облыстарының ел ағасы адамдарының жиылысы бірауыздан бекіткен қаулылары:

Жаңа хүкметті жақтап, бақташыларына көну.

Россия халқымен тізе қосып бірігіп, келешегімізге оң жолмен жету үшін тыныштық күйімізді бұзбауды барша халықтан сұрау. Жұртты Россияда болып жатқан үлкен оқиғалармен таныстырып, бүтіндікті бұзба деп, жаңа хүкіметтің әртүрлі қазақ һәм басқа жұрттардың ұйымшылдық өкілдерімен әріптесіп, ісімізді, күшімізді біріктіріп, халықты Учредительное собрание сайлауына көндіру, сол сайлау ісін саралап, даңғыл түзу жолға салу үшін Ойылда өлкелік қазақ исполнительный комитетін жасадық. Председателі врач Х.Досмұхамедов болды. Әр жердегі адамдар тұрған жерлерінде исполнительный комитетке өкілдер жіберу керектігін айтып тарату Өлкелік комитеттерге сол өлкелерде тұрған халықтардың өкілдері кіреді. Облыстық комитетке өлкелік комитеттерден өкілдер жіберіледі.

Барша қазақ болып областной съезд жасау.

Председатель X. ДОСМҰХАМЕДОВ.

// "Қазақ". 1917ж. №223.

№ 30

1917 ж. 27 мамыр

Учительдер съезінің қаулылары

Майдың 1-8-не дейін (1917ж.) Қызылжар уезіне қараған учительдер съезі болып өтті. Бұл съезде қаралған мәселелер қатарына бұратана школдарының мәселесі де қаралып, қорытып жасаған қаулылары мынау:

Бұратана школдарында оқу ана тілінде болсын;
Орыс тілі 3-ші жылдан бұрын кіргізілмесін;
Ер мен әйел балалар бірге оқытылсын;
Бұратаналар школдарының курсы 6 жылдық болсын;

Бастауыш школдардан басқа бұратаналарға арналып, орта һәм жоғарғы дәрежелі школдар ашылсын; Учительдер дәуірлеу үшін кешіктірілмей мұғалімдік курстар һәм семинариялар ашылсын;

Барлық бұратана школдарына міндетті оқу болсын, орыс тілі кіргізілсін;
Школ билігі Учительный Советте болсын. Оған бұратана учительдер де кірсін,
Бұратана учительдер правосы орыс учительдерінің правосымен бірдей болсын;
Бұратаналарға ашылатын школдар қазына күшімен ашылсын;

Учительдер жалованиесі 1200 сомнан кем болмасын. Пенсия 25 жылдан соң, ең соңғы болып тұрған жалованиесі мөлшерінде берілсін. Осы қаулылары барлық бұратана школдарына бірдей. Бутан біз ауылнай школдарды қоспақ жолындамыз. 25-ші майда болатын Омбы учительдерінің съезіне салмақпыз.

Учитель ЖАЛМҰХАМЕДОВ.

// "Қазақ". 1917ж. №231.

№ 31

1917 ж. 3 маусым

Қарқаралы уездік жиылысы

(ақпан 1917ж.)

Қарқаралы сегіз ауылы Қу облысының адамдары өткен февраль ішінде жиылып, қаулы жасады. Ауылнай басына бір мектеп һәм ауылный школ ашпақ болып еді. Мектеп те һәм школда бай-кедейдің балалары, жетімдер аралас тегіс оқылсын һәм өз күшімен оқыта алмайтын кедейдің балалары һәм ауқатсыз жетімдер халық жерде - мінен оқитын болсын делінді. Халықтың ететін жәрдемі: пітір, садақа, құрбандық мал беріледі. Мұғалімге де осыдан беріледі. Бұларды жию үшін һәм шәкірттерімен мұғалімдердің көбісін қарастырып тұру үшін әр ауылнайдан таза үш кісі сайланады. Бұлар 3-6 ай шамасында жинаған пұлды не орынға ұстағандықтарынан халыққа есеп беріп тұрады. Кем болса жиып тұрады. Артық болса ақшаға айналдырып, казначействоға салады. Бұл істің алды жарыққа шығып жатыр. Малды байлар сайланмыш адамдарға бермек жәрдемдерін беріп жатыр. Бұрын да ауылный школ бар еді. Сол школ мен мектеп бір жерде салынады. Салынған үйі 6 бөлмелі. Бір бөлмеде школ, біреуінде мектеп, екеуінде мұғалім мен учитель, қалған екеуінде жатып оқитын жетім нашар балалар тұрады. Бәрінің тұру реті пансион. Балалардың тамағын реттеп жататын һәм оқитын жерін күттіріп тұратын басқарушы турады. Екі іс үй һәм қора бар. Бүл салынған мектеп школдар 1-ші, 3-ші ауылнайларда. Қалған 5 ауылнай да осы ретпен салмақ. Ісіміз әбден сайбағыс болған соң, мұғалімдер шақырамыз. Оны кезінде газет арқылы мәлімдейміз.

Зақып ШАМСЫҰЛЫ

// "Қазақ". 19176. №23.

№ 32

1917 ж. 11 маусым

Бостандық мектебі

11 апрельде (1917 жыл) Тосын болысы 1 ауылдың Бестау, Шиелі, Суықбұлақ, Манзалы қыстауларының ақсақалдары бас қосып, кеңесіп мынадай қаулы жасаған. 1) Халықтың мал басына бірдей ауырлық түсірген 25 июнь жарлығының орнына тәңірім берген зор қуаныш, жақсылығының құрметіне дініміз үшін ғибадат қышуға, күніміз үшін орысша - мұсылманша заманына лайық жаңа тәртіппен жастарымызды оқытып, мойнымыздағы міндетті, борышымызды өтеуге ортамыздан Үш Қарасу деген жерге бір мектеп, бір мешіт саламыз. 2) Мұнымызды аяқсыз қалдырмай, іс қылып шығару үшін кідірмей іске кірісеміз. 3) Бұл қаулымыз бойынша салынатын мектепке "Бостандық мектебі" деп есім береміз. 4) Мектеп һәм мешіттің салыну пулы һәм әртүрлі тәрбиесіне жұмсалатын пұлы осы қаулының ішіндеміз деп, ынтымаққа қосылған ұлдардың міндетінде. 5) Мұнан кейін зекет, пітір, садақа секілді уәжіп садақаларымызды да, басқа садақаларымызды да мектеп, мешіт пайдасына әр уақыт жиып беріп тұрамыз. 6) Осы айтылған садақаларды уақытында ашып, мектеп - мешіт пайдасына тапсырып,есебін алып, сыртынан қарсы тұруға осы қаулының ішінде болған әр ауылдан бір ақсақал өкіл сайлаймыз. 7) Ақсақалдардың мектеп-мешіт пайдасына деп халықтан жиып тапсырған малын, ақшасын ұстап, тиісті орнына жұмсап ие болып тұруға бір басқарушы, қазынашы, оған жәрдемші бір секретарь (хатшы) сайлаймыз. Ол басқарушы әр жылдың басында, аяғында "Бостандық мектебінің" ақсақалдарының басын қосып, мектеп тәрбиесі жайынан кеңесіп, мектеп, мешітті ұстауға жұмсалған пулдың есебін беріп һәм мұқтажын көрсетіп тұрады. 8) Мектепке бала оқытып, мешітте иман болып, екеуіне иелік қылып, басқарып тұруға жарамды, бір мұғалім, иман сайлап қояр. 9) Мектепте орысша, мұсылманша екі түрлі оқыту болады. Оқыту тәртібі һәм программасы сайланған мұғалімнің өз еркінде болады. Әрине, балаларымыздың заманына үйлес жаңа тәртіп "қазақ емлесімен" оқытылмағын шын көңілімізбен тілейміз. 10) Өзіне жәрдемші қылып бала оқытуға нешеу керек болса, сонша мұғалім алуға мүғалім-имам ерікті. 11) Мұғалімдер ақысы мектеп пайдасына жиылған сомадан беріледі. 12) Мектепте жазы-қысы бірдей оқыту болады һәм тәулігінде бір рет мектеп балалары оқығандарын тыңдатады. Балаларын тыңдап, сынағанда ата-аналары болуға тиісті. Осы айтылған "Бостандық мектеп" һәм мешітін салу Кеңесінің ішінде болып ынтымақ жағынан ақсақалдар, мырзалар, қара шаруалар апрель ішінде істеріне кірген, берген күш-көмегі-3229 сом. Бес топ ауылдан бес ақсақал, бір қазынашы, бір хатшы мұғалім-имандыққа Әлмұхамед Оспанұлын сайлап шығарды. Жоғарыда көрсетілген 40-50 үйдің күш-көмегімен "Үш Қарасу" деген жерде "Бостандық мектеп" мешіті салынып жатыр. Сайланған мұғалім олардың балаларының жиып алып, мектеп салынып болғанша, киіз үйде 1-ші майдан бастап оқытып жатыр.

Мұғалім Әлмұхамед ОСПАНҰЛЫ

// "Қазақ". 1917ж. № 233.

№ 33

1917 ж. 14 қыркүйек Көкшетау

Көкшетауда 21-24 тамызда молдалар һәм мұғалімдер съезі болды. Съездің шығарған қаулысы:

1) Көкшетау шаңарында оқығандар ұйымын ашу. Ұйымға әр уолостан бір ағза сайланады, ағзалардан бес кісі Көкшетауда дайын тұрады. 2) Уолос басы һәм ауыл басы ұйым ашылмақ. 3) Қаржы ашып оның бестен бірі уездной ұйымға тапсырылсын. 4) Ауылнай басы 4 жылдық бір мектеп ашу. 5) Жеті жасқа толған еркек, әйел, балалар ұйымға міндетті. 6) Мұғалімдер курсын ашу. 7) Мешітті аз-көп салу халықтың еркінде. 8) Көкшетаудағы қазақ мешіті һәм медресесін қарауға кісі сайлау. Көкше уезінің қазағына оқу оқыту керектігін даярлау үшін "білім серіктігін " ашу. Ағзалық құқы - 15 сомнан. Жоғарыда айтылған орындарға съезд кісі сайлап турады.

// "Қазақ". 1917ж. №243.

№ 34

1917 ж. 19 қазан

Зайсан уезінің қазақ-қырғыздарының 7-11 қыркүйекте болған съезінің қаулылары

1. Азық-түлік, керек-жарақ туралы

Зайсанның 10 облыс қазағы "Қазақ" ұйымы қауымына қараған себепті қазаққа тиісті керек—жарақ нәрселер сол қауымының қолынан алынатын болсын деп уездной азық -түлік комитетінен сұрасын;

Әр болыстан уездной азық-түлік комитетіне бір өкілден жіберілсін;
"Қуаныш" поселкесінен де біреу кірсін;
Уездной қазақ комитетіне екі өкіл Мырзаев пен А.Кәкішев барсын;

Қырға астық алуға азық-түлік комитетінің кісісі шыққанда уездной қазақ комитетінен өкіл қосылсын.

2. Қазақ халқын оқытып, селолық тәрбие беру туралы

10 Уолос Зайсан қазағы халықты ағартып, ілгері бастыру жолында маңызды бір Зайсандағы "Қазақ жәрдемі" қауымына қосылсын. Мектеп кіндігі осы болсын; Бастауыш мектепте бала оқытатын жаңа жолмен таныс мұғалім жоқтықтан Семейде ашылатын мұғалімдік курсына әр уолостан екі кісі жіберілсін;

Бұлардың шығыны әр уолостың мойнына түссін; Мұғалімдер оқу бітірген соң, жіберген елінде екі жылдан қызмет қылуға міндетті болсын; Зайсандағы қырғыздар мектебіне әр уолос жыл сайын екі қыздан жіберіп оқытамын десе өзі білсін;

3. Халықты ағарту жолына салық алу туралы

Дін бұйыратын әр түрлі салықтар оқу һәм басқа жақсылық жолдарына ұсталуға берілсін.

4. Шаруашылық школдары туралы

Зайсан уезінің қазағының қазақ ақшасына салынған үйлер, мысалы, шаруашылық школы, таможня һәм басқалар түгелімен қазаққа берілсін.

5. Земство туралы

Земство сайлауы санға қарай болып, уолостной земствоны октябрьдің орта кезінде кіргізуге сұралсын.

6. Жер туралы

Мұжықтар қолындағы артық тұрған учаскелер, областной статьялар қайтсын деп тиісті орыннан сұрау уездной қазақ комитетіне тапсырылсын. Уездной комитеттерден жер комитеті қайтадан санға қарай сайлансын деп сұралсын. Ең болмағанда ауылнай басы бір өкілден келіп сайлансын.

Уолостной жер комитеті жасалып, бұған әр ауылнайдан бір өкіл кірсін. 7. Семейдегі облыстық Қазақ Комитетіне жәрдем беру туралы Уездной қазақ комитеті 15 октябрьден қалдырмай облыс басы жазғытұрғы облыстық съезде бермекке қаулы қылған 1000 сомды жиып областной комитетке түсірсін. 8. Жалпы қазақ съезі туралы Орынборда болған жалпы қазақ съезі жасаған қаулыларды орындау міндетті болсын.

// "Сарыарқа ". 1917ж. №15.

№ 35

1917 ж. 19 қазан

Үржар мәжілісі

1917 жылы 1 октябрьде де болған жатақтар мен маңындағы алты уолос елдің мәжілісі. Оның председателі доктор Түсілбек Жақбаев, қазынашысы Сапарғали Атамбеков болды. Мәжілісте жасалған қаулылар: 1) Орынборда болған жалпы қазақ съезінің қаулылары қолданылсын. 2) Облыстың ішіндегі мықты авариялардың көзін жоюға тиым салынсын. 3) Ел арасындағы партияларды тыюға қам қылынсын. 4) 6 уолос ел мен Үржардың жатағы болып бірігіп, Үржарда бір курс ашсын. Бұл курсқа 6 уолос елдің әрқайсынан оннан, Үржардан - 10, барлығы 50 бала оқытылып, бар шығыны бала берген елден жиналсын. Азырақ орысшадан һәм мұсылмандардан мағлұматы бар балалар алынып, оқу 1 ноябрьден 1 июльге дейін оқытқан 6 уолос елге қызмет қылуға міндетті болсын. 5) Құрылтайға Жетісу облысынан X. Аманжолов, Ы. Жайнақов, Б. Маметов һәм тағы басқа жолдастарымен сайлансын. Осылардан басқа ел аралап, "мені сайлаңдар" деп жүрген М. Тынышбаев сияқты кісілерге ермеске уағда қылды. 6) 6 уолос елдің съезін қашан ашарлық туралы дау біткенше тоқтатпалық.

Ғабдолахмет ҒИМАДИЕВ

Рымжан СЕЙІТЖАНОВ

// "Сарыарқа ". 1917ж. №17.

№ 36

1917 ж. 23 желтоқсан

Жұрттық. Шиеліден.

Сыр бойында күз басынан бері қарай ұрлық көбейіп кетті. Жұрт тыныштықпен мал жиып отыра алмайтын дәрежеге жеткендіктен, Ақмешіт уезіндегі Жүлек ауданындағы 9 болыс орта жүздің жақсылары өткен ноябрьдің 20- да Шиеліде бас қосып, ұрлықты тыю туралы 100-ден аса адам қол қойып, қаулы жасады. Осы күнде осы қаулы бойынша ұрылар ұсталып, абақтыға салынып жатыр, құлақ кескендей тыйылып қалмаса да, бір дәреже саябыр болғандай түрі бар. Солдат Советінен әр болысқа 2 солдат жәрдемші алынды. Біздің елдің бүл жұрттығы қойды алдырып болып, қораны бекіткенмен бірдей болса да, жұрттықтың белгісі, кісі сүйінерлік іс. Түбінде жанға батқанда ғана болмаса, аурудың алдын ала іс қылмайтын әдетіміз ғой. "Ештен кеш жақсы" деген, кеште болса қайырлы болғай. Бірақ, сөз оңай іс қиын. Мұндай қаулыны іске асырып, жүргізу үшін, жұрттықты сақтау үшін әділдік керек. Әділдік болмаса жұрттық бұзылып, жоқ болады. Кімде кім бұл жұрттық туралы іс басында тұрып әділдіктен тайса, көп пайдасын қара басының пайдасына айырбастағаны болады. Құдайдың ең қарғағаны осы адамдар, құдай біздің жұрттығымызды ондай бәлелерден аулақ қылғай да.

ОРАЗБАҚ

Жиылыс қаулылары:

1917 жылы 20 ноябрьде біздер Жүлек ауданының бас адамдары жиылыс құрып, биылғы халық ішінде ұрлық көбейіп, жыйғызбайтын халге келтіріп, зорлық қылып, күн көрсетпейтін болған соң төмендегідей қаулы жасадық: Әр болыста билердің съезі дайым ашық тұрсын. Бұл съезд қай болыстың ұрысы болса да сұрай беруі мүмкін; Уолостной комиссарлар, оның серіктері, ауылный комиссарлар, оның серіктері, жүз басылар, милиционерлер, уезд делегаттары, билер өздеріне қарасты жерде ұры кездессе, қай болыстың адамы болса да, іс ашылғанша ұстауға ықтиярлы; Әр болыстың іс басылары өздеріне қарасты ұрыларды қаттап 2 жетіден қалдырмай список қылып, беруге міндетті.

Ілгеріде 2 жетіде тапсырмаса, ешбір сөзсіз орындарынан түсірілсін. Әр болыстың уолостной үкім ауылный комитеттері, өздеріне қарасты белгілі ұрыларды үкім қасындағы болыстың ұрыларын приговормен орталарынан шығарып жіберуге міндетті; Кімде-кім біреудің ұры екенін білсе, соны ел арасынан жоғалтудың шарасын іздеуге борышты; Мал ұрлап қолға түскен ұрылар қатадан өліп кетсе, еш сұрау, құны болмайды. Егер кімде-кім ұрыға жақ болып жәрдем-қорғау қылса ұры қатарында жауапқа ілігеді; Съезд билері ,ия жеке би ұрыларды шақыртып қағаз шығарса, қай болыстың болса да, адамдары ешбір сөзсіз ұрыларды айдап тапсыруға міндетті. Мұны қылмағандары дереу орнынан түседі; Билердің жалқаулық, ия арамдығы білінсе, дереу орнынан түсіріліп, іс орынбасарына өтеді; Ұрының ұрлығы мойнына мініп,мал тартқанда мал бағасы, қылған шығыны үстіне жаңа 200 сом айып таратсын. Өзінде жоқ ұрының ең жақыны үш атаға дейін күйеді. Ағайыны жоқ ұрылар үшін қолы бір 50 үй күйеді. Құлы жоқ ұры болса, отырған жеріндегі бірге отырған адамдардан бастап 50 үй күйеді;

Осыларды орындатуға әр болысқа 2-ден 5-ке дейін солдат сұрап алынады; Әр болыста ауыл санына қарап сенімді, шыншыл адамдардан уолостной кеңес ашылсын; Ешкім жарлылықтан ұрлық қылмасын. Үйінде азаматы жоқ, ия болса да жеткілікті болмаған кедей үйлерге ауқатты ағайындары жәрдем беруге міндетті. Өздігінен бермеген бай ағайындарынан ауыл көрерлік ауқат алып береді; Осы айтқандары орынға келтіруге әрбір құдайға құл, Мұхамедке үмбет мұсылман жәрдемші болсын. Кімде-кім мұнан бас тартып, жалқаулық қылса, мал басы бірдей құрып, құлдық алдында жүзі қара шырамында болсын. (103 адам қол қойған) "Бірлік туы" жұрттықтың жақсылары бар дегендерін қағаздағыдай қылып, әжептеуір қылып орындата алса, мұнысы жұрттық екені рас. Бізге тапсырылды деп, амалдары ескі әдеті еске түсіп, көрінгенді жиып жек көргендерінің бәрін ұрлық қылып, әуре қыла бастаса, ұрлықтан да үлкен лаң сол болар. Өздері жұрттығымен орындатпай жәрдемге солдат алғандары адасқандық. Мұнан біз білуімізше жақсылық шықпайды. Жүгенсіз кеткен надан солдаттар біздің жұрттың сырын біліп алып, кейін шақырусыз-ақ шығып тұрлықпен шаңар халқына қылғанын қылуы мүмкін. Солдат шығару қашанда болса жақсылық емес. Біздің жұрттың Жүлекте де, Әулиеатада да солдатқа құмар болғанына таңбыз.

// "Бірлік туы". 1917ж. №18.

№ 37

1918 ж. 11 қаңтар

Қармақшыда сегіз (8) болыс съезі

Қазалы маңындағы қазақтар арасында ұрлық-зорлық көбейіп, халыққа мал малдандырып, жандандыруды қойған соң, бүл ұрлыққа комитет һәм жоғары жақтардан да халыққа тиер пайда болмаған соң, қарап отырып өлеміз бе деп, Қармақшы төңірегіндегі сегіз болыс халқы жиналып, 30-шы декабрьде ұрлыққа қарсы бір шара іздену үшін съезд жасадық. Бұл съезге мына болыстардан: Куандария, Қарабастоғай, һәм Көшербай болыстарынан барлығы 225 өкіл қатысып арамыздан председатель, секретарь сайлап, өзара кеңескеннің соңында мына қаулыларды жасадық: Уолостной, ауылный председательдер қолында бір-бірден шнурить етілген дәптер бөлінсін. Сол дәптерге малдың қашан, қай жерде жоғалғанын жазылатын; Әр болыстың билер съезі әр уақыт ашылып тұрсын. Төрт бидің біреуі шаңарда тұратын болғандықтан, елде қалған үш би бір керек болғанда өздері съезд ашуға ерікті болып, билердің екеуі бір жақ, біреуі бір жақ болса, екеуінің сөзі өтетін болсын; Сегіз болыстан бір-бірден сегіз би әр уақыт Қармақшыда тұрсын. Бағзын бір тығыз жұмыстар бола қалса 8 бидің ойы әзір болса съезд ашуға ерікті болсын. 5 үй бимен ашылған съездің 3 биі бір жақ болған жағы таңдаулы болсын; Қалада тұрған 8 би қатысып, өзара ақылдасып қылған қаулысына участковый комиссар қарсы келмесін; Қалада тұрып тығыз істерді тексеріп, тұратын 8 болыстың билері қалады 15 күннен 30 күнге дейін тұруға болсын. 15 күннен кейін де бағзы бір билердің қалада жоқтығы себепті өз ықтиярымен тұра тұрам десе ерікті болсын. Мал ұрланып кім екендігі білінсе, мұны уолостной съезд тексерсін; Мал ұрланған жерде екі болыс билер жиналып тексергенде билер арасында талас шықса, шнурить етілген дәптерге жазылған сөз ақпары болсын; Уолостной һәм ауылный председательдер, бұлардың орынбасарлары милиционер уолостной делегаттар өздері қараған жерлерде бір адамның анық ұры екені қай болыстық болса да білінсе, ұстап жаба тұруға ерікті болсын, Әр болыстың іс басындағы адамдары жеті сайын болысынан шыққан ұрылардың списогін уолостной председательге, бұл участковый комиссарға беріп тұрсын. Біліп тұрып бермеген іс басындағы адамдар орындарынан түсірілсін; Уолостной һәм ауылный председательдердің қарамағында болған жерлерде шеттен ауып келіп отырған ұрылар болса, өз еліне айдап жіберсін; Мал ұрлап бара жатқан ұрылардың артынан қуушылардың біреуі өліп кетсе, қонды болып, ұрыдан біреу өлсе қонсыз болсын; Билер шақырған орны қай болыстың іс басындағы адамдары болса да ұстап тапсыруға ерікті болсын; Ұрылар билердің шақырғанына бармай қалып, билер сыртынан хүкім етіп қойса, ұрының ізденетін жолы келіссін; Бұл қаулыдан бұрын болған ұрлықты қалада тұрып тығыз істері тексеретін билер тексерсін; Ретімен билер істеген үкімге разы болмаған ұрылардың сөздері ешбір жерде тыңдалмасын; Болыс билерінің істеген хүкімін орнына келтіруге ауылный һәм участковый комиссарлар міндетті болсын; Шақырып барған қағазды алмаған іс басындағы халық адамдарының сөзін тыңдамаған мықты ұрылар болса, участковый комиссар, яки уездной комиссар солдатымен зорлап болса да алдырсын; Төлеуге малы болмаған ұрылардың төлеуін бір атадан бастап 5 атаға дейін жақындары төлесін. Жақыны болмаса, списокте бірге болған ұрылар төлесін; Ішіп-жеуге тамағы жоқ, киерге киімі жоқ жарлыларға бай жақындары жәрдем беріп қарасын. Егер қараспаса уолостной комитеттер һәм члендері қарасуға бұйрық қылсын; Қармақшыдағы тығыз істерді тексеріп тұратын билердің бастығы Қабылан Қашқынбай баласының мекемесінде ашылсын. Міне, осы қаулылары 8 болыстық 225 өкілі қабыл қылып, қол қойып, мор басып уақытша іске ассын деп тарқасты.

ОРМАНОВ Тоқтаболат

// "Бірлік туы". 1918ж. №19.

№ 38

1918 ж. 12 қаңтар

Ырғыз

28 декабрьде 1917 жылы Ырғызда автономия қақында жиылыс болды. Әр болыстан да ақсақалдар келді. Орынборда болған жалпы қазақ съезі туралы доклад жасалынды. Ондағы зиялылардың әр түрлі пікірлері айтылды. Барлық қазақ-қырғыз болып Алаш туын көтеріп, өз алдына бөлек автономия болмаққа қаулы қылды. Мұнан соң уездік комиссар Ғ.Теміров тұрып сөз бастады. "Алашорда" өз алдына автономия бола алмайды. Себебі, мынау уақ шаруашылығымызға жайсыз, екінші, Ғалыханға ерсек, ол Сібір автономиясына қоспай қоймайды. Сібір деген жазады, айыпты адамдардың жайы. Жер байлығы шамалы, алтыны аз ағашы азған, елі қырық ру. Алашорда бөлінбестен Түркістан автономиясына қосылуы тиіс. Себебі, мынау Түркістан өсіп-өнген жеріміз. Түркістан жері нұрлы, ағаш, егін, мақта жақсы бітеді. Ар жағы Қытай,мына жағы Стамбул, Иран, Ауған, Хиуа, Бұқара осылармен астарласып ұлы дінімізді, екінші, дүние талабымызды жүргізіп халық қатарына қосылып, күшейеміз және де бір тарихтан оқып көріп едім. Бір әулие адам айтып кетіпті, мысалы: "адам баласы күн шығыста өсіп, онан күнбатысқа қарай бетін түзеп, бірнеше жылдан соң, күн батыстан күншығысқа қарай, баяғы өсіп-өнген жеріне қайтады" деген екен. Сол айтқан заман болды ма деп, комиссар сөзін аяқтады. Бұл пікірге қарсы, оқыған жастар мынау түрде өз пікірлерін айтты: Түркістан автономиясына қосылуымыз пайдасыз, адассақ Алаш ұранды қазақпен бірге адасайық. Түркістанға Ұлы жүз һәм Орта жүз қазағы қосылмайды. Кіші жүз болып бірігіп, Түркістан автономиясына тағы кіре алмаймыз. Себебі, мынау Бөкейлік Орал облысы, Ақтөбе уезі бұл қаулыға кірмесін олар Алаштың азып бытырау жағына жүрмес. Егер олар Алаш ұранынан шықпаса, сонда ат төбеліндей Ырғыз уезінде не қылмақшымыз? Алаш деген ұранымыздан шығып, ордамызды бұзып бытыратып, Кіші жүзден бөлініп қайда бармақшымыз, өзімізден көш төмен сарттарға барып қол қусырып, тағзым етпекшіміз бе? Қой, бұл ақымақтық. Кешегі Орынборда болған қаулы дұрыс, мұнан бөлініп, кете алмаймыз деген сөз айтылды. Мұнан басқа да түрлі толық дәлелдер көрсетілмесе де қара халық көнбей, адасқанның алды жөн деген мақал, заты Ырғыз уезі болса да бөлініп, Түркістан кетеміз деген пікірді (пәтуаны) қолданып жіберетін адамдарын дайындады. Барлығы 11 адам.

Басы-Теміров, Жаманмұрынов,
Шектіден-3, Наурызбай, Сағынай, Алдасүгір,
Төртқарадан-Байғабыл, Кенжалы, Түлкібай,
Шөмекейден-Тұрмұхамед, Назар, Оразымбет молда.

Оқыған жастар аз болып, бүктемеде қалды. Бұл қалай?

Ел түзейміз деген комиссарымыз елді бұзуға айналдырды. Біз мұнысын Ғалыханмен бәсекесі бар шығар деп жүр едік. Әйтпесе, бір төре қырға тартқанда, екінші төре Сырға тартып, Алаштың арасын ірітіп, шірітіп, ыдыратып бірлігін кетіру жағына дем беріп, от жағу Алаш ұлына жаны ашынып, адамның істейтін ісі емес деген лебіз, Теміровтің көңіліне келетін шығар. Әнеугіде Құрылтай сайлауының списогінде депутаттық орнымызды сыртымнан билеп Ақтөбеге алып беріп еді, енді Алашордасына сайланып, өзгелер айына 600-700 сом жалование алып министр дәрежесіне жетіп жатқанда, мен неге қатардан қалып қойдым деп, қой, қазақ, біз ешкімнің жоғары шығуға жұмсайтын басқышы емеспіз, қалай болса да, солай жетектеуіне ере беретін мал емеспіз. Бастаймын деген адам Алашты алаламай, тұтас бастасын. Бақ, береке-бірлікте. Бірлігімізді бұзып ыдырату, бізге достық емес. Бізге шын жаны ашитын адам басымызды құрауға сөз сөйлеп, іс қылуы керек. Қалай етсе, олай етсін, Алаш ұлы болып, Алашордасына қашамыз деудің жөні жоқ. Ешкімнің алдау-арбауына түспелік. Азбалық, тозбалық. Береке-бірлікте екенін ұмытпалық, алаш болып бірігелік.

Учитель

ӘЛМАН

Басқарма: Әуелі Ғабдолла Теміров Алаштың атынан бездіріп, қазақты қашыра сөз айтқанына ғажаптанамыз. Өйткені, қазақты қанша анайы ақымақ деп ойлағанда да "Алаш" деп айғай салғанда да қазақ баласы ұранына жиылатынын Теміров білсе керек еді.

Сібірді жазықты, айыптылар тұратын жайы деп, атынан шошына сөз айтқанына ғажаптанамыз. Өйткені, осы өзгеріс болып, оқығандар үйірін табатын күн туғанша, Ғабдолла Теміров Сібірде тұрған адам еді һәм біздің бұл ойымызша жазықты иә, айыпты болып тұрған емес, чиновник болып тұрған жері еді. Олай болса, Сібір өңшең бұзықты, айыпты бұзақылардың тұратын жері деп түсіндіруін һәм сондай жерде өзінің баяғыдан бері тұруын қалай түсіну керек. Сібірге қосылу деген Алаш автономиясы аталмай тұрған кезде сөйленіп, бұл күнде әңгімеден шыққан мәселе. Оны сөйлеп енді ауызды ауыртпасақ та болар. Ендігі сөз -Алаш ұлын біріктіруде. Алаш туын көтергенде Алаш ұлы адасып, бытырамауында.

// "Қазақ". 1918ж. № 259.

№ 39

1918 ж. 18 қаңтар

Қойлықта өткен уездік мұсылмандар съезі туралы

Қаулылары:

1) Түркістан автономиясына қосылып, Уақытша хүкіметке қолдан келгенше ақша һәм басқа күш көмек беріп тұруға; 2) Ташкент уезіне 3000 кісілік милиция жасап, бұның шығыны үшін әр участоктан 100 мың сомнан 400 мың сом жиюға; 3) Большевиктер Ташкент уезіне 32 кісілік бір тінту комиссиясын шығарып, әр қышлақты тінте бастаған екен, бұны бұл күннен бастап тоқтату қамына кірісуге һәм азық - түлік ісін жөнге түсіру үшін әр орыстан екі кісіден сайлап, 45 кісіні бұл комиссия адамдарына милиция құру жұмысы да тапсырылған. Съездің сайланған коммиссиясы уезде болған бүтін қышлақтардағы азық есебін түгел алатын болып, байлар бұларды жазға дейін асырап тұру міндетін өз үстеріне алған. Съезге большевиктерден де бірнеше өкілдер бар екен. Халық бұларға "сіз аш адамдарға үлестіреміз деп, бізден тінтіп арбалап-арбалап, азық алып кетеміз, қай орынға жұмсап, қайда шығарғаныңызды халыққа есеп бермейсіз сіздердің аш адамдарға бере тұғыныңыз рас болса, қазір өзіміздің арамызда ғана 100 мың шамалы аштарымыз бар, оларға бұл күнге дейін түк бергеніңіз жоқ" деп жиылған жұрт бек қатты дауыс көтерген. Съезд аяғында большевиктер съезд ашпақшы һәм басқарушыларды ұстап жабатын болыпты деген бір хабар таратылған. Халық мұны естіген соң "қамасын, бізде басқа түскенін көреміз" деп қызып кетіп, съезді басқарып отырғандар әзер тоқтатқан. Съезді басқарған Әлмұхамед Көтібаров ғалам қазылар болып, автономия турасында доклад қылған. Съезд ортасында большевиктерден бір кісі Жер Комитеті турасында сартша жазылған доклад оқи бастаған екен, халық оқып бітіруіне қарамастан "керек емес аулақ, тыңдамаймыз" деп дауыстаған. Докладшы мұнда жиылған адамдардың барлығы байлар, молдалар, жұмыскерлерден біреу үндемей тұрып, "тоқтамаймын" деген. Сол арада Мирякуб, бір жұмыскер тұрып "бізге де докладыңның керегі жоқ, тыңдамаймыз" деп жауап берген. Мұнан соң большевик өкілі мұсылмандар крестьяндарға жазған бір үндеу сөзін оқуды сұраған, бұнысында ғұламалардың жарлыларды алдауы, байлардың бүтін жерге ие болып, мұсылман жарлыларының жерсіз қалғаны жазылған екен. Мұны оқып тұрғанда ғұламадан біреу: "Жәмиғат! Көрдіңіз бе ? Ғұламаларға тіл тигізді" легенде, бүтін халық "долой" деп айқайлай бастаған. Ғұламадан бір өкіл шығып : "Жәмиғат! Бұл кісі ғұламалар жарлыларды алдап жерсіз қалдырды" дейді. Егер мұнысы рас болса, біздің әрқайсысымыз миллион-миллион десятина жеріміз болар еді. Өзіңіз де білесіз, біздің ондай жеріміздің жоқтығын һәм мұсылман ғұламаларының жарлығын бұлардың қолында артық нәрсенің болмағанын, бұл большевиктердің өздері де білетін шығар деп барып тоқтаған. Съезд қызу болған, халық қыза келіп, большевик өкілдерін сабап, қуып шығарма екен деп ойлаушылар да болған.

// "Бірлік туы ". 1918ж. №20.

№ 40

1918 ж. 9(28) сәуір

Ұлт қазынасы

15 февральда 1918жылда Семей облысының Павлодар қаласында уездной съезд ашылды. Бұл съезге Тұрағұл мен Якуб кез келіп, халықтың бас қосқан жерде ұлт қазынасы туралы сөз сөйлеп түсіндіргеннен кейін халықтың рухы көтеріліп бір мәжілістің өзінде 53 мың 259 сом ұлт қазынасына салып келген ақшасы болмай, сол арада қолма-қол тапсырылғаны 21 мың 939 сом, елге барысымен тапсырмақ болған ақша 31 мың 300 сом болды. Халық көбірек жиналған болса, ақша да көбірек жиылатын екен, бірақ, жер шалғайлықтан съезге бір уездің өкілдері түгел келмеген һәм әрі байлар да елде екен. Съезге келгендердің тартынып қалғандары жоқ. Бірлі - жарымы бай һәм басшы адамдар ол мәжілісте суырып ақша салмаса да, елге барып жұрттың басын қосып басшылық етіп, ұлт қазынасын молайтамыз деген уәделерін берісті. Бұл жігер бергенінде, бермегенінде өзінде һәм көңілінде болып тұс-тұстан елге ұғындырмақ һәм ұлт қазынасын көркейту жолында аянбай қызмет етіспек болысты. Ұлт қазынасы сөз болғанда халықтың рухы көтерілгендігі сондай "айналдырған үш тайыншам бар еді, ұлт қазынасына соның бірін бердім, сатып ақшасын алыңдар" деп бір кедей келді. Барым осы Алаш жолында аянар түгім жоқ, малым түгіл басын құрбан деп жыламсырап кедей шал келді, байларға қарап: партияға да неше мыңдап шашатынсыңдар, беретін жолдарың осы, біз кедейлер Алаш жолына басымызды беруге даярмыз, сендер малдарыңды аяма ! деп айқайлаған кедейлердің сөзі көңілді балқытқандай әсер береді. Мұхтар Жалалалдин деген жігіт: "ақшам жоқ, жегіп жүрген аяулы екі атым бар, ұлт қазынасына салдым, қазір біреуін базарға шығарып сатындар" деп, қалада тұратындарға аманат тапсырды. Павлодар қаласының бірлік-берекесі, ұлтшылдығы аса көзге көрінді. Заман түрленіп тұрғанда алалық, алты ауыздық, іріген-шірігендік көрмедік. Шашау шықпастан Алаш тілегінің үстінде екенін байқап, құдайға шүкіршілік қылдық, қуандық. Алаш баласы былай тұрсын, Павладордағы азғантай ноғай ағайындардың Алашқа тілектестігі, туысқандығы артықша көрінді. Ұлт қазынасы соз болған соң, Кереку ногайлары 8,5 мың сом берді, тағы да жинамақшы. Бұл ағайындарға Алаш атынан Алла ырза болсын айтылды. Алаш қазынасына астындағы жалғыз атын түсіп берген ногай болды. Аты Хафза Саттаров. Қандасымыз, діндесіміз ногай ағайындар былай тұрсын, ұлт қазынасы туралы сөйлегенде тыңдап тұрған Гаврилл Колмогоров деген орыс 1 мың сом ақшасын суырып ортаға салды. Қазақпен көрші орыс едім деп, әр ісімізге тілектестігін білдірді. Құдайға шүкір Павлодар қазағы Колмогоровтан бізді ұялатқан жоқ. Өзге елдерде ұлт қазынасы сөз болғанда Колмогоровтың ісін ұмытпасын.

Сөйтіп, Павлодар елі өзге жұртқа үлгілі бір ізгі іске мұрындық болды. Әр жерде әр ел осындай қимылдайтын болса, қазына табылатындығына иманымызды күшейтті. Қазынасыз іс бітпейтіндігі белгілі, неше айдан бері зор мақсат, ілгері тілеудің үстіндеміз. Бірақ құр тілекпен алысқа кете алмаймыз. Білімді білімін, бай малын, жас қайратын, қарт қариялылығын ұлт жолына аянбай жұмсап, Алаш күшін жолда қалдырмай, мақсатты қонысына қондырғанша түнде ұйқы, күндіз күлкіден безбесек, жанды құрбан малды пида қылмасақ, басың базарға малың талауға түсіп қор болған күні өкініштен пайда жоқ. Ондай күнді құдай бізге көрсетпесін. Садақанды сауға бер, Алаш !

// "Бірлік туы".1918ж. №28.

ІІІ. Бірінші және екінші жалпы қазақ съездері

(21-26 шілде 1917ж. - 5-13 желтоқсан 1917ж.)

№ 41

1917 ж. 19 маусым

Жалпы қазақ съезін құру туралы

1917 ж.. 9 майда Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыс - тарынан, Ішкі Ордалықтан, Түркістаннан жалпы мұсылман съезіне барған қазақ өкілдері жалпы қазақ съезін құру туралы кеңесіп, мынадай қаулы жасадық: 1917 ж.. 1-ші августен 10-шы сентябрьге дейін жалпы қазақ съезін Ташкент қаласында құруға; Съезге әрбір қазақ уолосынан бір өкілден жіберуге жіберілген өкіл, мұрша келгенше жалпылық, төтелік, бірдейлік, құпиялық һәм ер, ұрғашы делінбей сайлаумен сайлансын; Съезге жұрттық топ-тобынан түгел келгені, әсіресе әйелдер һәм зиялылар жіберілгені қалаулы. Кеңесте болғандар әр уезден бір әйел өкіл болғанын тілейді; Съездің программасын шығару һәм съезді жасау "ұйысдастырушы бюроға" тапсырылсын; Жалпы қазақ съезі барша қазақты қоғамдайтын һәм Учредительное собраниеге даярлайтын съезд болсын. Сондықтан, Учредительное собраниеде шешілетін мәселелер съезде түгел қаралатын болсын. Мәселелердің ішінде қазақ әскерін жасау мәселесі де қаралсын; Ойламаған жерден шыға келген себеп болса, 1-ші август пен 1-ші сентябрь арасында құрылатын етіп, съезд құру срогін өзгертуге ұйыстырушы бюро ерікті; Съезді қашан һәм қайда құру туралы ерте жария болынсын (съезден 1 ай бұрын); Жалпы қазақ съезін құру үшін Торғай облысының съезінде жасалған бюро-бюро болсын, бірақ бюроға әрбір қазақ болысынан бір өкілден кірсін; Облыстық қазақ комитеттері жалпы қазақ съезін құрушы бюроға ағзаларын жіберіп көмек қылып ақшадай жәрдем қылсын.

Нағызына қол қойғандар жалпы мұсылман съезінің қазақ өкілдері: Көлбай Төгісов, Аққағаз Досжанова, Ғабдолла Әлібеков, Ғ.Теміров, Ә.Дауылбаев, Ғұмыр Қарашев, Құлмұхамед Оразаев, Байғазы Теміртанов, Шафһат Бекмұхамедов... Ахметжанов, Ж.Тәржіманов, Ораз Татиев, Хасен Нұрмұхамедов, Уәлихан Танашев.. 1-ші пунктте көрсетілген съезд құрылатын жер Ташкент болсын дегенінен басқасына разымын Мирякуб ...

Кеңес басы врач Х.ДОСМҰХАМЕДОВ.

"Қазақ газеті"
// "Сарыарқа ". 1917ж. №2.

№ 42

1917 ж. 31 шілде

Жалпы қазақ съезінің қаулысы

Жалпы қазақ съезі 21 июльде Орынборда ашылып, 26 - да жабылды. Съезде Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облысының һәм Бөкейліктің өкілдері болды. Съезд председателі X. Досмұхамедов болды. Съездің программасы: 1) Мемлекет билеу түрі; 2) Қазақ облыстарында автономия; 3) Жер мәселесі; 4) Халық милициясы; 5) Земство; 6) Оқу мәселесі; 7) Сот мәселесі; 8) Дін; 9) Әйел; 10) Учредительное собрание сайлауына даярлану һәм қазақ облыстарынан депутаттар; 11) Бүкіл Россия мұсылмандырының кеңесі (Шорай - Ислам); 12) Қазақ саяси партиясы; 13) Жетісу облысының оқиғасы; 14. Киев шаңарында болатын бүкіл Россия федералистерінің, съезіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.

Қаулылары:

1. Мемлекет билеу түрі

Россияда демократическая, федеративная парламентарная республикасы болсын.

2. Қазақ облыстарына автономия

Қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай областной автономия алуы тиіс.

3. Жер мәселесі

1) Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін; 2) Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан, қазақ пайдасынан алынып мынадай учаскелер қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын. Дворянский, скотоводческий, торгово-промышленный, курортный, монастырский, переселен орнықпағандар, отрубтар, оброчный статьялар, жай адамдарға "показательное поле" деп берілген, бірақ осында жоқ нәрселер һәм гарнизондарға беріліп, бұл күнде олар кеткеннен кейін, яки саны азайғаннан кейін босаған жерлер; 3) Бос учаскелерге жазылу тез тоқтатылсын; 4) Переселен орныққан (жерлерде) учаскелерде әуелгі бос тұрған сыбаға жерлер қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын; 5) Қазақтан алынған қыстаулар егер, қожалары әлі көшпеген болса, қазақтың өзінде қалсын. Келген мұжықтарға қайтадан бөліс қылып, өзге учаскелерден жер әперілсін; Айрықша қазына мүлкінде деген тоғайлықтардағы қазақ шабындығы өздеріне қайтарылсын. Қазақ малы қазына ағаштарының беткейіне жайылуынан рұқсат болсын; Бүкіл мемлекетке ақылы болмаған айрықша қазына ағаштары земство қарауына берілсін;

Жер құқында қазақ өз алдына жер жобасын жасасын; Жер мәселесі туралы басқа саяси партиялармен келісу еркі Учредительное собрание қазақ депутаттарына берілсін; Қазаққа жер берілгенде негізгі өлшеуге қазақ облыстарына мал бағу һәм мал бағу-егін салу үшін лайықтаған Шербина нормасы алынсын әр жақтың ретіне қарай; Бөкейлік қазақтары басқа көрші қазақ облыстарына лайықтаған норма бойынша өздерінің отырған жерлерінен жер алсын;

Түркістан қазақтарына жер берудің үстіне жеткілікті ссуда берілсін; Қазақ халқы жермен ортақ пайдалансын (ру, ауыл, уолос болып) яғни земельный община болсын (Ферғанадан келген 2 өкіл жерді ортақ пайдалануға қарсы болды, әркімнің жер еншісі бөлек болсын дейді); Земельный община, яғни ортақ жердің ауданы, мүмкін қор кішкене болсын, мұны шамалау жергілікті жер мекемелері (земле-строительное учреждение) бір күнде болсын.

4. Халық милициясы

Осы күнгі ғаскер орнына халық милициясы құрылсын;

5. Земство

Уақытша хүкіметтің жаңа шығарған законы бойынша дала уәлаяттарында уолостной земство отырықшы елдерде ғана ашылсын. Көшпелі елдерге земство кіргізу еркі болашақ областной земский собраниеде болсын деген. Съезд бір уезден 2-ші уезге көшіп жүретін елдерді ғана "көшпелі уолостар" деп біледі. Съездің қаулысы: көшпелі елдерде де отырықшылардыкі секілді тоқтаусыз уолостной земство ашылсын;

уолостной һәм уездной гласныйлардың сайлауы бір мезгілде құрылсын;
уолостной земский управада 5 ағзадан артық болмасын;

орыс пен қазақтың сайлауына уездной һәм облыстық комитеттер арнаулы инструкторлар шығарсын.

6. Оқу мәселесі

Жалпы міндетті бастауыш оқу аса қажет;
Бастапқы 2 жылда оқу баланың ана тілінде болсын;

Мектеп кітаптары болсын, өзге баспасөздер болсын, бәрі де қазақ емлесімен жазылсын.

7. Сот мәселесі

Осы күнгі қазақтың народный соты жоғалсын;
Өзгерілетін соттың орнына, қазақ тұрмысына лайық айрықша құрылсын;

Мағлұматты адамдардан жаңа соттың жобасын жасауға облыста сот комиссиясы болсын. Областной комиссиялардың шығарған жобасы жалпы қазақтың сот комиссиясы қарауына тапсырылсын. Бұл жалпы қазақ комиссиясына областной комиссиядан бір-бір ағза кірсін. Жалпы қазақтың сот комиссиясының жұмысын 1918 жылдың 1 февральінде бітірсін. Қазақ сотының жобасы жалпы қазақтың сот комиссиясы қазақ депутаттарымен бірге тексерсін. Сонан кейін закон шығаратын мекемеге шақырсын; Жаңа соттың законы шыққанша осы күнгі народный сот областной съездердің өзгерткен күйінде тұра берсін; 2 уезд, яки 2 облыс қазағының арасындағы уголовный - жазалы болатын істер оқиға болған орынның народный соты алдында тексерілсін. Гражданский құқы даулайтын істерді жауапкердің тұрған жеріндегі народный сот тексертсін.

8. Дін мәселесі

Ақмола, Семей, Жетісу, Торғай, Орал һәм Закаспий (Маңғышлақ уезі) облыстарының қазақтары уақытша Орынбор муфтилігіне қарасын; Духовное собраниенің қарауына тиісті мәселелерді жалпы қазақтың сот комиссиясы айырсын; Сот жобасы түзелгенше Орынбор мекеме шариғатына қарайтын қазақтың діни істері ноғайлардыкіндей болсын; Мекеме шариғат құзырында қазақ бөлімі болсын һәм қазақ істерінің бәрін қазақ бөлімі муфтиімен бірге қарасын. Ал, ортақ істерді ноғай қажыларымен муфтиімен бірге қарасын;

Әр облыстан (Маңғышлақ уезінен басқа)бір қажы сайлансын;
Қазақ бөлімінің істері таза қазақ тілінде жазылсын;

Мекеме шариғат хүзіретіндегі қазақ бөлімінің кісілері һәм қызмет құқы мынадай болсын: 5 қажыға жылына 4800 сомнан, 1 секретарьға 4880 сом, кеңсе расходы 10 мың сом; Әр облыс қажыға төлесін 4800 сом, Секретарьға 1000 сом, кеңсе расходына 2000 сом, барлығы 7800 сом;

Секретарьды қазақ қажылары өздері сайлап ал сын;
Қажыдан төменгі руханилардың қаржысы әр халықтың өзінен болсын;

Орал облысынан қажылыққа сайланған Хирсам Ахметжанұлын һәм Бөкейліктен Ғұмыр Қарашұлын съез лайық көрді. Өзге қажыларды әр облыс аралас өз сайлауға қалдырды;

Мақалалардың қандай болуы әр облыстың съезд қаулысынша болсын дейді; Бұл мәселелер құқында съезд қаулысын орындау областной комитеттерге тапсырылды.

9. Әйел мәселесі

1. Әйелдер саяси құқықта ерлермен тең болсын; 2. Күйеуге тию еркі әйелдің өзінде болсын; 3. Қалың мал жоғалсын; 4. 16-ға толмаған қызға құда түсу болмасын; 5. 16-ға толмаған қызға һәм 18-ге толмаған жігітке молда неке оқымасын; 6. Молда неке оқуда әйел мен еркекті қарама-қарсы қойып ырзалықтарын біліп оқысын; 7. Тұл қатын сүйгеніне қосылсын, әмеңгерім деп зорлық қылу болмасын; Екінші қатын аламын деген кісі бұрынғы қатынының ырзалығымен ғана алсын. Егер бұрынғы қатыны ырза болмай кетемін десе, басқа байға тигенше бұрынғы байы бағып қақсын; 8. Жеті атаға келмеген жерден қазақ қыз алмасын.

10. Учредительное собрание сайлауына даярлану һәм қазақ облысынан сайланатын депутаттар

Съезд әр облыстан сайланатын депутаттарды һәм олардың кандидаттарын лайықты депутаттар тасқа түскенде списокке жазылатын ретінде төменде көрсетті. Әр облыстан депутаттыққа һәм оларға кандидаттыққа лайықтанған адамдар ретімен мыналар: Ақмола облысынан: Айдархан Тұрлыбаев, Асылбек Сейітов, Сейілбек Жанайдаров, Жұмағазы Тілеулин, Рахымжан Дүйсенбаев, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмұхамед Абылаев, Сыздық Мешінбаев, Хайретдин Болғанбаев, Сәдуақас Сейфуллин Семей облысынан: Григорий Николаевич Потанин, Галыхан Бөкейханов, Ғалымжан Ермеков, Халел Ғаббасов, Мұқыш Боштаев, Жақып Ақбаев, Биахмет Сарсенов, Ахметжан Қозыбағаров. Торғай облысынан: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ахмет Біржанов Есенғалы Тұрмұхамедов, Елжан Оразов, Тел Жаманмұрынов, Сейітқасым Қадырбаев.

11. Шораи-Ислам

1) Бүкіл Россия мұсылмандарының шурасында қазақ өкілдері болуы тиіс; 2) Шораи-Ислам ағзалары туралы мұсылмандардың әрқайсысынан санына қарай болсын; 3) Қазақ халқының уақытша Шораи-Исламға жіберетін өкілдерінің жалпы саны мұсылман съезі лайықтағанша болсын. Қазақ өкілдерінің санын көбейту мәселесін Шораи-Ислам тез арада шешеді; 4) Шораи-Исламға қазақтан съезд сайлаған кісілер: Ақмоладан - А.Тұрлыбаев Семейден - Әбикей Сәтбаев Торғайдан - F. Бөкейханов Оралдан - Ж.Досмұхамедов Бөкейліктен - У. Танашев Жетісудан - Б.Мәметов Сырдариядан - М.Шоқаев Ферганадан -Әбдрахман Оразаев. 5) Бұл аталғандар Шораға бара алмайтындар болса, олардың орынбасарын облыстық комитет сайлайды; 6) Шораға сайланған кісілердің расходын қазақ ұйымдары комитеттері көтереді. Мұнан басқа қазақ ұйымдары Шораның іс басқаратын комитеттеріне пұл жәрдем беру керек; 7) Әр облыстың өкілдері Петроградқа қазірден бару керек һәм Шорай-ислам кызметіне кірісу керек; 8) Қазақ өкілдерінің жиылысы Шораның іс басқартын комитетіне қазақ ағзаларын өздері сайлайды; 9) Уақытша басқа облыстардың өкілдері жиналғанша Шораның іс басқаратын комитетіне съезд Жаңанша Досмұхамедовты, Уәлихан Танашевті лайықтады..

12. Қазақ саяси партиясы

Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуы тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд Шорай-Исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі -демократическая, федеративная парламентарная республикаға құрылмақ. Партия жобасын жасап болған соң, өкілдер Қазақ Областной Комитеттерінің қарауына жібереді, онан кейін Учредительное собрание жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді. Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы съездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ-аманат болады.

13. Жетісу оқиғалары

1. Съезд соғыс һәм Ішкі Істер Министрлеріне суыт телеграмма берді "Жетісудағы қазақ-қырғызды атып-жаншып жатқан мұжықтардың һәм соғыстан қайтқан солдаттың қолынан қару-жарағын сыпырып алып, халықты тыныштандырсаңыз екен. Қазақ-қырғыз орысқа жер бермесіне біз кепілміз" деп. 2. Жетісу облысындағы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға Алаш баласы жәрдем беруін съезд өтінеді.

14. Федералистер съезіне һәм оқу комиссиясына өкіл жіберу

1. Киевте август ішінде болатын федералистер съезіне Ғалыхан Бөкейханов, Жаңанша Досмұхамедов һәм Уәлихан Танашев барсын деп, съезд қаулы қылды. Бұл үшеуінің бара алмайтындары болса, орнына Шорай-Ислам ағзаларының арасымен біреуді жіберсін; 2. Петроградтағы оқу комиссиясына съезд Асфендияр Кенжебаласын жіберуге қаулы қылды.

// "Қазақ ". - 1917ж. ғ23'

1917 ж. 15 тамыз

21-26 июльде Орынборда болған жалпы қазақ съезінің қаулылары

Съезде бүкіл Россия мемлекетіне қараған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен Бөкей Ордасының қазақтарының өкілдері болды. Съездің президиумына кіргендер: X.Досмұхамедов (председатель), А.Байтұрсынов, Ә.Көтібаров (орынбасарлары), Асылбек Сейітов, М.Дулатов (секретарлар).

Съезд қараған мәселелер: 1) Мемлекет түрі қандай болу; 2) Қазақ өз тізгінін өзі алу (автономия); 3) Жер; 4) Әскерлік; 5) Земство; 6) Оқу; 7) Дін;

8)Сот;
9)Әйел;

10) Учредительное собрание сайлауы кезінде жүргізетін әдіс; 11) Қазақтан баратын депутаттар; 12) Шорай-Ислам;

13)Қазақтың съезд партиясын жасау; 14) Жетісу облысындағы оқиғалар; 15. Киевте болатын жалпы Россия федерацияларының (өз жұмысына келгенде бөлініп мемлекет жұмысына келгенде бірігетіндер) съезі мен Петроградтағы жалпы жұрт оқуы комиссиясына кіру.

1. Мемлекет түрі

Алдымыздағы құрылатын мемлекет түрі одақтасқан жалпы халық билейтін хакімдерін халық сайлап, халық алдында жауапты болатын мемлекет түрі болсын. Демократическая, федеративная, парламентарная республика, автономия қазаққа рулық, жерлік, облыстық автономия берілсін.

2 Жер мәселесі

Қазақ халқы түпкілікті етіп жер алып, орныққанша қазақ жерінен жер алу тоқталсын. Қазақ облыстарына жарамды жердің кемдігінен ақсүйектерге (дворяндарға) мал өсіруге, сауда-кәсіп қылуға, орыс ауруы ішетін қымыз дайындауға, сопыханаға алынған мұжық келіп орнамаған оброчный статьяға кесілген, басында қазынаға алып, үлгілі шаруа жүргізем деген жай адамдарға берілген, күзетші (ғаскер) пайдасына алынғанмен әскер кетіп, яки азғантай ғана қалса да, қайтпай тұрған жерлер түгел қазаққа қайтарылсын. Қазынаның ерекше билігіне дача етіліп, алынған қазақтың шабындылары қайтсын. Кесіліп бос тұрған жерге мұжықты жазып орнату тоқталсын деп дереу Уақытша хүкіметтен сұралсын.

Отырған мұжықтардың саны арнаулы санға толмаса, артық жер қазаққа қайтсын. Мұжықтар орнаған жерде қыстауы бар өлкеге көшпеген қазақтың қыстаулық жері өзіне тисін, орналасатын мұжыққа жер жетпейтін болса, қайтадан бөліс жүргізіліп, басқа кесілген жерден жер берілсін. Қазынаның ерекше билеуіне алынған дачалар (ағаштар) бүкіл мемлекетке пайда келтірмейтін болса, земство қарауыша алынсын. Жер мәселесі туралы қазақ өз алдына программа (жоспар) түзесін. Жер мәселесі туралы Учредительное собраниеде қай партияға қосылуды қазақ депутаттары өздері білсін. Қазақ жер алып орнығарда тұтынатын норма (мөлшер) жер ыңғайына қарап жасаған Щербинаның малға һәм малмен егіп араласқан шаруаға деген нормасы болсын. Бөкей Ордасының қазақтары отырған жерінен қолындағы қазақ облыстары алған мөлшерімен жер алсын. Түркістан қазағына жерден басқа жеткілікті су берілсін. Қазақтың жер иелену жөну меншіктемелі болмай, жалпы иелену (община) болсын (Ферғананың екі өкілі жерді жеке иелену жолына дауыс берген, өйткені олардың жері арық қазып, ағаш-бақ өсіріп көп еңбек меңгеріп тастаған жер). Община неғұрлым кіші болғаны тәуір һәм құрамының қандай болуын жер-жердегі жерге орналастырушы мекемелер болсын.

3. Әскерлік

Учредительное собраниеде қазақ депутаттары мемлекеттен дайым әскер болмай халықтың өзі сайлап бақылаушы (народная милиция) қоюға дауыс берсін.

4. Земство

Көшпейтін елдерге уолостной земство қазір кіргізілсін. Көшетін елдерге кіргізу ретін областной земский собрание білсін. Көшпелі елдер деп бір уезін екінші уезге баратын елдер айтылсын Уолостной земскелік ағзалардың сайлауымен уездік земство сайлауы бір-ақ рет болсын, екі кезде істелмесін. Уолостной земствоның управасына бестен артық аза сайланбасын. Қазақтың уездной һәм областной земствосы олармен бірге болсын. Сайлау ретін көрсету, ұғындырып басшылық қылу үшін областной комитеттер ел-елге білетін кісі (инструктор) шығарсын.

5. Оқу

Бала қалмай жалпы оқу міндет. Алғашқы екі жылда бала ана тілімен оқысын. Қазақ тілінде шығатын кітаптар А.Байтұрсынов емлесімен басылсын.

6. Дін мәселесі

Ақмола, Жетісу, Семей, Орал, Торғай, Закаспий (Манғышлақ уезі) облыстары уақытша Орынбор муфтилігіне қосылсын. Духовное собраниеге қандай мәселелерді беру тиістігін жалпы қазақ съезінің комиссиясы айырсын. Духовное собраниеде қазақ бөлімі болсын. Қазаққа қатысты барша жұмыс муфти алдында қазақ бөлімінде қосылып қарасын. Ортақ мәселелерді муфти алдында қазақ пен ноғай қазылары ортақ қосылып қарасын. Маңғышлақтан басқа әр облыстан бір қазы сайлансын. Қазақ бөліміндегі жұмыстар таза қазақ тілінде жазылсын. Қазақ бөлімінде 5 қажы, бір секретарь болсын. Бұлардың әрқайсысы жылына 4800 сом ақы алсын. Кеңсе расходына 10 мың сом берілсін. Әр облыстан жылына қажыға 4800 сом, секретарьға 1000 сом, кеңсеге 2000 сом, барлығы 7000 сом жиылып берілсін. Секретарьді қазақ қажыларының жалпы жиналысы сайласын. Қажыдан төменгі рухани адамдар тұрған жерінен ақы алсын. Ақы мөлшерін жергілікті областной съездер кессін. Дін туралы жалпы қазақ съезінің жасаған қаулысын областной комитеттер орындасын.

7. Билік

Народный сот жоғалсын. Жаңадан халыққа жайлы сот жасауға білгіш адамдардан областной сот комиссиясы ашылсын. Областной комиссиялардың жасаған жобаларын қорыту үшін жалпы қазақтың сот комиссиясы ашылсын. Бұл комиссия әр облыстан бір-бірден областной сот ағзалары ортасынан сайлап шығарған адамдардан құралсын. Жалпы қазақтың сот комиссиясы Учредительное собрание, яки Гос. Дума қай жерде болса сол жерге жиылсын һәм 1 февральға дейін сот жобасын жасап бітірсін. Жасаған жобаны жалпы қазақтың сот комиссиясымен қазақ депутаттары қосылып қарастырып заң шығаратын орындарға табыс етілсін.

8. Әйел мәселесі

Еркектердің әйелдерімен саяси құқықтары тең болсын. Қалың мал беру жоғалсын. 16 жасқа толмаған қызға құда түсу қалсын. 16 жасқа толмаған қызға, 18 жасқа толмаған ұлға молда некесін қимасын. Некесі қиыларда қыз бен күйеу көзбе - көз отырып, екеуінің ризалығы сұралсын, иә қабыл деген сөз қылсын. Жесір қатын сүйгеніне тисін. Екінші қатын алуға бұрынғы қатын көнгені шарт. Егер бастапқы қатыны көнбесе, аламын деп, ертемін деп, екінші қатын тұрса, ол уақытта бастапқы қатын шығып һәм байға тигенше бұрынғы байы асырап сақтасын..

Жеті атадан әрі болмаса, бері туысқандар қыз алысып беріспесін.

Жетісу оқиғалары

Съезд атынан соғыс һәм Ішкі Істер Министрлігіне телеграм барып, үйіне қайтқан солдаттардың һәм мұжықтардың қару - жарақтары тартып алынып, зорлығына тыю салынып һәм шапқан қазақ-қырғыздарға жәрдем берілу сұралсын (айтылған орындарға телеграм беріліпті).

10. Учредительное собраниеге қазақтан сайланған депутаттар

Семей облысынан:

Григорий Николаевич Потанин
Ғалыхан Бөкейханов Әлімжан
Ермеков Халел Ғаббасов
Мұқыш Боштаев

Жақып Ақбаев
Ахмет Сәрсенов
Ахметжан Қозыбағаров

Ақмола облысынан:

Айдархан Тұрлыбаев
Асылбек Сейітов
Ережеп Итбаев
Сейілбек Жанайдаров

Жұмағалы Тілеулин
Рақымжан Дүйсембиев
Мағжан Жұмабаев
Сұлтанмұхамед Абылаев

Сыздық Мешінбаев
Салмақбай Көсемісов
Хайретдин Болғанбаев
Сәдуақас Сейфуллин

Торғай облысынан:

Ахмет Байтұрсынов
Міржақып Дулатов
Ахмет Бірімжанов
Есенғалы Тұрмұхамедов

Елхан Оразов
Тел Жаманмұрынов
Сейтқасым Қадырбаев

Орал облысы Маңғышлақ уезінен:

Халел Досмұхамедов
Жаңанша Досмұхамедов
Нұрғалы Ипмағамбетов
Сәлімкерей Қаратілеуов

Ғұбайдолла Әлібеков
Ғұбайдолла Бердиев
Омар Есенғұлов

Сырдария облысынан:

Мұстафа Шоқай
Санжар Асфендияров
Әзімхан Кенесарин
Садық Өтегенов

Әлмұхамед Көтібаров
Құсайын Ибрахимов
Зұлқарнаин Сейдалин
Ибраһим Қасымов

Қашабек Болатжанов
Сегізбай Айзонов
Емберген Табынбаев
Сұлтанбек Қожанов

Убайдолла Ходжаев
Омар Жанғалинов

Әмудария бөлімінен:

Мұстафа Шоқай
Әбдірәсіл Мәмбиев
Иса Қашқынбаев

Жетісу облысынан:

Мұхамеджан Тынышбаев
Ыбрайм Жайнақов
Әбдікәрім Сыздықов
Отыншы Әлжанов

Базарбай Мәметов
Мырзахан Төлебаев
Төреқұл Есенғұлов
Садық Аманжолов

Дүр Сауранбаев
Сатарқұл Жанқарашев
Сүлеймен Келгенбаев

Ферғана облысынан:

Қоңырқожа Ходжиков
Әбдірахман Оразаев
Қамшид Қарбеков
Ерғұлай Ағаев

Серікбай Ақаев
Вадим Шайкин
Тасболатбек Нарботабеков
Ғалымхан төре

Нәзір Төреқұлов
Шәймерден Қапсалямов
Захретдин Мырзақасымов
Шәкір Диваев

Оразбай Кішкенбаев
Құлназар Қалбиев
Жәнібек Сағымбаев бәрі 15 депутат.

Самарқанд облысынан:

Алдабек Мангельдин
Бөкей облысынан:
Бақыткерей Қүлманов
Уәлидхан Танашев

Батырхайыр Ниязов

Орал облысынан:

Халел Досмұхамедов
Жаңанша Досмұхамедов
Нұрғалы Ипмағамбетов
Сәлімгерей Қаратілеуов

Ғабдолла Әлібеков
Ғабдолла Бердиев
Омар Есенғұлов

Жетісу облысынан:

Мұхамеджан Тынышбаев
Ыбрайым Жайнақов
Әбдікәрім Сыздықов
Отыншы Әлжанов

Базарбай Мәметов
Мырзахан Төлебаев
Төребек Есенғұлов
Садық Аманжолов

Дүр Сауранбаев Сатарқұл
Жанқарасов Сүлеймен Келгенбаев

Сырдария облысынан:

Мұстафа Шоқай
Әзімхан Кенесарин
Садық Өтегенов
Әлмұхамед Көтібаров

Хасен Ибраңимов
Зұлқарнин Сейдалин
Ибраһим Қасымов
Исабек Болатханов

Сегізбай Айзонов
Емберген Табынбаев
Сұлтанбек Қожанов
Ғұбайдолла Қожанов

Ғұмыр Жанғалинов

Фергана облысынан:

Қоңырқожа Ходжиков
Әбдірахман Оразаев
Ерғұлай Ағаев
Серікбай Ақаев

Вадим Шайкин
Тасболатбек Нарботабеков
Ғалымхан төре
Нәзір Төрекүлов

Шәймерден Қапсалямов
Захретдин Мырзақасымов
Шәкір Диваев
Оразбай Кішкенбаев

Құлназар Қалбиев
Жәнібек Сағымбаев

Самарканд облысынан:

Алдабек Мангельдин

Әмудария бөлімінен:

Мұстафа Шоқай
Әбдірәсіл Мамбиев
Иса Қашқынбаев

Бөкейліктен:

Бақыткерей Құлманов
Уәлихан Танашев
Батырхайыр Ниязов

Ішкі Орда (Бөкейлік) һәм Амудария бөлімінен басқа қазақ облыстарында сайлау аздан-аз, көптен-көп ретінше болады. Бұл тәртіп бойынша дауысы көп болған списогын Учредительное собраниеге сайланатын депутаттары да көп болады.

Сондықтан съезд қаулы қылды: 1) Тас салуға құқығы бар қазақтан еркек, әйелі бәрі қалмастан депутаттыққа тас салу керек. Қазақтан көбірек депутат сайлап шығару үшін съезд тағы мынадай қаулы қылды. 2) Бір облыста бір списоктен артық болмасын, ол список осы жалпы қазақ съезі көрсеткен список болсын; Сайлау алдында басқа саяси партиялармен келісу, одақтасу еркі әр облыстың өзінде.

// "Сарыарқа". 1917ж. №9.

№ 44

1917 ж. 29 қыркүйек

Автономия Кеңесі

Октябрьдың 8-15 шейін Том қаласында Сібірдің автономиясы туралы Сібірге қараған 11 облыстың һәм Сібірде тұрушы әртүрлі жұрттардың өкілдері кеңеспекші. 27-ші февральдан бері әртүрлі үлкен "өңінде түгіл түсінде ойламаған" өзгерістер болып жатса да, мына Сібірге бөлек автономия жасау туралы жиылған съезд тарих жүзінде бір үлкен іс. Сібір деп Орал тауынан күн шығыс жақта жатқан 11 облыстың жері. Олар мынау: Тобыл, Том, Алтай, Енесей, Иркут, Якут губерниялары, Амур, Забайкал, Приморское, Ақмола һәм Семей облыстары айтылады. Бұл Сібір автономиясына Орынбордан Бөкейханнан алынған телеграммаға Қарағанда Торғай облысы қосылмақ болып, қаулы жасап Ғалыханды жоғарғы айтылған съезге жіберіп отыр. Бұлай болғанда біздің 6 млн-дай қазақтың жартысына таяуы Сібір автономиясына қосылып отыр. Автономия деп өз жұмысын өзі басқаруды, бөлек мемлекет болуды айтады.

Сібірдің бөлек мемлекет болуға орайы да бар. Себебі: 1) Орал тауы, Орталық Россиядан Сібірді бөліп, жері де, елі өзгеше. 2) Қашаннан болса да, Сібірдің тұрмысы, шаруа кәсібі Орталық Россиядан бөлек, қатынасы аз болатын. 3) Сібірдің халқының жартысы бұратана болып, бұрыннан Орталық Россиямен жалғауы аз болып, жалпы мемлекет заңы биленбей өз ғұрып-заңдарымен жүреді. 4) Сібірге көшіп келген орыс тұқымы жұрттардың да Орал тауының Күнбатыс жағында ұмытпастық, қимастық қалған жер, жұрты жоқ болатын. Бұлардың көбіне туған, өсіп-өнген жері осы Сібір, Орта Россия олардың көбіне "өгей шеше" қолында болған. Мінекей, осы һәм басқа себептермен Сібір автономия сұрап алмақ та болып жатыр. Сібірге автономия берілетін тағы бір толық дәлел мынау: бұрынғы Николай һәм оның балалары тұсында Россия секілді дүние жүзінде бір зор мемлекеттің ішінде 100 түрлі халықты, хәкімдер Петроградта отырып бір жол, бір заң шығарып билемек болған һәм солай билеген де. Бірақ, тарихқа қарасақ булардың істеген ісіне көз жібермей, болмасты болдырам деген істермен дәнеме шыққан көрінбейді. Қырық ру, тұрмысы, мінезі, діні, тілі һәм кәсібі басқа елдер мың жылда бір заңмен, бір жолмен жүре алар ма? Бәрін бір өлшеуге, келтіруге бола ма ? Әрине, жоқ. Осы күйге түсіремін деген Николай һәм оның қиянатшыл хәкімдері тендік, туысқандық орнына Россия ішіне өшпенділік, араздық құн туса, біреуге-біреу қас қылудан басқа дәме тапқан жоқ. Аяғында "нені ексең, соны орасың" дегендей өздерін өздері алып жейді. Мінеки, осының бәрін ойлап қарағанда, Сібірдің автономия сұрауы жөн. Уақытта жетті һәм алу шексіз. Сібірдің автономиясына кіретін Семей, Ақмола, Торғай қазақтары. Бұлар бұлай болған да жалпы қазақтан бөлініп кеткені ме. Сібір автономия алғанда ішіне кіретін Семей, Ақмола, Торғай қазақтары жалпы қазақтан бөлініп, Сібір ішінде және өздері аз болып не табады. Мұнысы пайда ма, зала ма? Жалпы қазақ Алаш болып, бөлек автономия аламыз. Халықтың оз еркі өзінде. Бұған мемлекет "бұл күйде жүре берсе бөгет болмайды" дегенімізбен тұрмыс, ғұмыр жүзінен қарағанда,бұл бір алыс та, ұзақ мақсат көрінеді. Қазақ болып өз ордамызды бөлек тігіп, өз ісімізді басқарып, өз тізгінімізді өзіміз алып жүреміз деген талаптың күні әлі ертерек, бір шеті Алтайда, бір шеті Оралдың Күнбатыс жағында Астраханда, бір бұрышы Ташкент-Бұқара арасында халық бар. Қазақтың басы қайтып қосылар? Солардың көбінің тұрмысы, өнер-білім шаруасы қазақтан ілгері, бұлар қазаққа бастанып жүрген жоқ, қайта өздері бастамаса. Қалайша біз бүгінгі таңда "Алаш" бола аламыз? Мінеки, Сібір автономиясына Семей, Ақмола, Торғай қазақтарының қосылатын бірінші себебі, осы. Екінші, Сібір автономия алғанда бір шарты - ішіндегі һәм басқа жұрттар Сібірден өздері автономия алып, болса автономиялы жұрт болмақ. Бұлай болғанда, қазақ автономиялы бөлек бір мемлекет болмақ. Бұл жақында тез жетерлік анық мақсат, бұлдыр емес. Үшінші, Семей, Ақмола, Торғай қазақтарының Сібір автономиясына кіргені, жалпы қазақ бас қосылар күн туса, жерге қарамай өнер-білім, тұқымға сүйенетін бола қалса, ешбір бөгет жоқ . Мінеки, осы себептермен Ақмола, Семей, Торғай қазақтары Сібір автономиясына кіріп отыр. Сібір автономиясы туралы будан бұрын август айында бір съезд болған. Бірақ, ол съезге өкілдер аз келіп, көңілсіздеу болып еді. Алайда, болса сол жолда-ақ Сібір автономиясының негізгі жолдары жасалып, ілгері қойылып, ақты-жасылды туы тігіліп, қалып берді. Ол съезден бері екі ай өтті. Көп өзгеріс болды. Сібір автономиясы жеңіл көзбен, яки қарсыдан тұратындардың пікірі өзгеріп қалған көрінеді. Қысқасы, Сібірге автономия керегі не Сібір халқы көбі көңіл қойып тілектес болған көрінеді. "Көп тілеуі қол" деген өнер деген үміт зор.

Б.С.

// "Сарыарқа". 1917ж. №15.

№45

1917 жыл 8 қараша

"Алаш" партиясының списоктері

Июль айында Орынборда болған жалпы қазақ съезі саяси қазақ партиясын жасауды ұнатып, оны программасын жасады. Петроградтағы Шорай-Ислам комитетіне сайланған қазақ өкілдеріне тапсырған еді. Ол өкілдердің Халел Досмұхамедовтен басқалары әлі күнге шейін Шорай-Ислам комитетіне бармапты. Сол себепті қазақ партиясының программасы жасалмаған. Оның бер жағында Учредительное собраниеге өкілдер сайлау уақыты келіп қалып, әр партия өз ұрандарын шақырып, списоктерінде сол ұрандарының атынан шығара бастаған соң, төмендегі қазақ облыстары болашақ партияның ұранын "Алаш" деп қойып, списоктерін соның атына шығарыпты.

"Алаш" партиясы атынан шығарған списоктер мыналар:

Ақмола һәм Семей облыстарынан:

Ғалыхан Бөкейханов-1 Гос. Дума ағзасы. Бұл күнде Торғай облысының комиссары. Айдархан Тұрлыбаев-присяжный поверенный, бұл күнде Ақмола облысының қазақ комитетінде председатель. Әлімхан Ермеков-студент, бұл күнде Семей облыстық комитетіңде ағза һәм "Сарыарқа" газетінің жазушыларының бірі. Халел Ғаббасов-уақ-қарыз инспекторы, "Сарыарқа" газетінің шығарушысы, Семей облыстық комитетінде ағза. Асылбек Сейітов-доктор. Ақмола облыстық комитетінде председательдің орынбасары.

Мұқыш Боштаев-юрист, бұл күнде уездной комиссар.
Ережеп Итбаев-Акмола азық-түлік управасының ағзасы.
Жақып Ақбаев-юрист.
Сейілбек Жанайдаров-юрист.

Райымжан Мәрсеков-присяжный поверенный, Семей облыстық комитетінде ағза һәм облыстық соттың председателі.

Жұмағалы Тілеулин-фельдшер, "Қазақ" газетінің жазушыларынан.
Бимұхамед Сәрсенов-учитель.
Рахымжан Дуйсенбаев-адвокаттық қылушы.
Ахметжан Қозыбағаров-фельдшер.

Мағжан Жұмабаев - учитель, бұл күнде Ақмола облысының қазақ комитетінде ағза.

Әбікей Сәтбаев - учитель.
Садық Мешінбаев - судьяның переводчигі.
Назкен Өскенбаев - фельдшер.
Салмақбай Көсемісов - банк қызметкері.

Бұл екі облыс қосылып, бір округ жасалған. Сайлаулары да бір болады. Сол себепті де списоктері аралас жасалыпты.

Торғай облысынан:

Ахмет Байтұрсынов - "Қазақ" газетінің шығарушысы, Торғай облысының жер комитетіндегі ағза. Ахмет Бірімжанов - І-ші, ІІ-ші Гос. Дума ағзасы, юрист, бұл күнде уездной комиссар.

Сағындық Досжанов-учитель, бұл күнде Торғай облысының управасында ағза.
Ғабдолла Теміров - юрист, бұл күнде уездной комиссар.
Тел Жаманмұрынов - студент.
Елжан Оразов - зиялы ақсақал.

Ғалыхан Бөкейханов - жоғарыда айтылған.

Орал облысынан:

Халел Досмұхамедов - доктор, бұл күнде Орал облысының қазақ комитетінде председатель һәм облыстық комиссар помощнигі.

Жаңанша Досмұхамедов - юрист, бұл күнде "Шорай - исламда" ағза.
Нұрғалы Ипмағамбетов - әскери доктор.
Ғабдолла Әлібеков - Орал облыстық қазақ комитетінде ағза.
Сәлімгерей Қаратілеуов - агроном, облыстық қазақ ағзасы (комитет).

Ғұмыр Есенғұлов - доктор, бұл күнде уездной комиссар.
Иса Қашқынбаев - доктор.

Осы аталған 4 облыста халық бір ынтымақ болып, "Алаш" партиясының списогынен бөтен қазақ списогы шықпапты. Бұл өте қуанатын іс. Енді жұрт осы списоктерді өткізіп, өз адамдарының санын кемітпей жіберу үшін, сайлауға тегіс кірсе, бір үлкен міндетін өтегені.

// "Бірлік туы".1917ж. №14.

№46

1917 жыл 9 қараша

Алаш партиясы

Алаш партиясының съезінде Уақытша облыстық комитет! ашылды. Кірген кісілер: Ғалыхан Бөкейханов, Райымжан Мәрсеков, Имам Әлібеков, Ахметжан Қозыбағаров, Тұрағұл Құнанбаев, Халел Ғаббасов, Садық Дүйсенбин, Әлімхан Ермеков, Мұстақым Малдыбаев, Әнуар Молдабаев, Биахмет Сәрсенов. Бұлардан басқа уез басы І кісі кіруге орын қалдырылды. Сөйтіп, Алаш партиясының съезіндегі областной комитеттің адамы 15 болмақ. Комитеттің председателі Халел Ғаббасов, жолдасы Ахметжан Қозыбағаров, қазынашысы Әнуар Молдабаев, секретары Садық Дүйсенбиев болды. Құрметті председатель Ғалыхан Бөкейханов сайланды. Алаш партиясының толық шартнамасы Орынборда жасалатын болды. Даяр болғанда жұртқа жарияланады. Қазіргі шарты-кіндік комитеттік, бұл жасалғанша уақытша областной комитеттік айтқанын екі қылмайтын, бұйырғанын дәл орындарынан, Алаш партиясының программасын жақтырып жөн көрген, программасындағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді. Алаш программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық, туысқандық бұйрығы болмайтын, дүние-мүлікке қызығып сатылмайтын шыншыл, адал тура кісі кіреді. Сыртын берсе, іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын сөзіне ісін үйлестірмейтін Алаш жолынан ауып, айтысып-тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе, сырт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі Алаш партиясына кірмейді. Алаш партиясына кіремін деген кісі, осы айтылған шарттарды ойлап, толғап жүрегі қадайтын болса ғана кіруге жөн. Орыс жұртының съезд партиялары коп: кадеттер, социалист-революционер, социал-демократ һәм басқалар. Бұлардың әрқайсысының тұтынған жолы, жасаған программалары, қала сайын ұйымдары /комитеттері/ пікірін тарататын газеттері, кітаптары, шешімдері бар. Әр партияның тарау - тарау комитеттерінің басын қосып отыратын түп қазығы - күндік комитеттері бар. Осы кіндік комитеттердің бұйырғанын тапжылмай, таймай орындау-уақ комитеттердің міндеті. Учредительное собрание сайлауында әр партия өзінен көп депутат шығару үшін шығарғанда да басқа партиялардың депутаттарымен айтысып-тартысуға жарайтын бейімді шешен көсемдері бару үшін кіндік комитет болып комитетіне пәленшені депутат сайлайсыңдар деп көрсетіп отыр. Кіндік комитеттің сөзін екі қылмай, өз ішінен жарарлық кісісі бар болса да , сайлайсыңдар деген кісілерді списокке кіргізіп, дауысты /тасты/ көп алып өтпекке қам қылып, топ жинап, сөз сөйлеп, пікірін таратып, жолын ұсынып кісі тартуға кірісіп отыр. Бірінен болмаса бірінен сайланар деп бір кісіні 5 округтің списогіне кіргізіп, 5 жерге сайланатын қылып отыр. Алаш партиясы да осы жолды қолданып Ақмоладан, Семейден, Оралдан, Торғайдан депутаттыққа жарайтын адамдарды көрсетіп, окружной комиссияларға депутаттарының списоктерін кіргізіп отыр. Орыс партияларыныкіндей біздің Алаш партиясын да кіндік комитет жоқ болғанымен Орынборда жасалған жалпы қазақтың тұңғыш тобы ұнатып, бата қылған адамдар бірен-саран яки ырзалықпен орын ауыстырған болмаса, түгелімен Алаш партиясының атынан кірген списоктерге жазылып отыр. Европа үлгісінен жүретін заман кездескен соң, біздің тұңғыш тобымыз жалпы қазақ съезі салған жол бүкіл Алаш ұранды қазақ баласына таймайтын даңғыл жол болу керек. Бұл жолдан шықтым деген кісі жасырынатын, бұғатын заман өткен шын пікірін айтып тартыссын. Ұжмаққа бір күнде кіргіземін деген өтірігін жұмсамай, майданға шығысып, біздің қазақ партиясы Алаштың тұтынатын жолының жоспары мынау:

1. Мемлекетті билеу түрі

1. Россия жерінің қолайына, елінің кәсібіне, шаруасына қарай бөлетін әр бөлімнің /штабының/ билігі өзінде болып, ортақ іске одақтасқан жалпы жұрт билейтін мемлекет болу, /федеративная демократическая республика/ 2. Қазақ облыстар Сібірмен қосылып уақытша бір штаб бола тұру

Шамам келді деген күні қазақ Сібірден бөлініп оз алдына бір штаб болды.

2. Жер мәселесі

1. Жерді мүлік /мемлекет/ болып иелену қылып, жалпы жұрт меншіктенуге тапсыру. 2. Жерүлеске түскеніне ауыл тұрғын жұрттың керегін беріп, ырза қылу; Үлес жергілікті мекемелерінің шаруа түріне /малға, егінге/ лайықтап шығарған мөлшерімен Учредительное собрание ұйғарған негізге тіреліп берілу; 3. Жер билігі жергілікті мекемелерде /областной, уездной земство, жер комитеттерінде / болу; Қазақ осы күні қай жерде отырса, содан жер алу. Қазаққа жер бергенде әлеуметке /ру, ауыл, облысқа/ деп беру. Әлеумет ішінде жерді тең пайдалану .

3. Солдаттық мәселесі

Дайын әскер ұстау бірте-бірте бақылаушылыққа / жалпы жұрт күзетшілігіне/ айналу. Солдаттыққа алынған кісі елінен, жерінен аулаққа кетпей, шаруадан бос уақытында әскерлік өнерін үйреніп, тұрған жеріне бақылаушы беру.

4. Жергілікті мекемелер

Жергілікті мекеменің өрісі кең, билік ауданы мол, аздық ақысы кетпейтін, санға қарай кісі ететін болу.

5. Сот мәселесі

Сот сайлауы түспейтін болу, сот ісі әр жұрттың өз тілінде жүргізілу . Сот законын штаттың шығаратын өз мекемелерін жасау.

6. Дін мәселесі

Дін ісі мемлекет ісіне қатыспайтын болу.
Діннің бәрі бірдей болу . Әр жұрт дін ісін өз қолына алу.

7. Жұмысшы мәселесі

Бірте-бірте 8 сағаттық жұмыскер күнін кіргізу. Кәсібі бір бетке топтар ұйымдасуға бостандық болу, жұмысшыларды қорғайтын мемлекет заңы болу.

8. Оқу мәселесі

Жалпы мәдениетті оқу болу. Мемлекет қазынасынан жалпы жұрт оқуына жұмсалатын ақша, қай тілде оқытатын оқу ордасы болса да алаламай бірдей берілу. Бастауыш пен ортаның, орта мен жоғарының арасында жалғау болу.

9. Бас бостандығы

Сотсыз ешкім тінтімей, тұтқынға алынбай, жазалы болмай, бас қосу. Тұтқынға алынған кісіге бір сутканың ішінде кінәсін мойнына қою. Әйтпесе, тұтқын кісі жауапты болу.

10. Жиылыс бостандығы

Хакімнен рұқсат сұрамай, мейлі далада мейлі ойда топ жинап әртүрлі мекемелер жайынан кеңесуге әрбір адам еркін болу.

11. Баспасөз бостандығы

Хакімнен қысымшылық көрмей, рұқсат сұрай алмай, газет, кітап, жарнамалар басып таратуға әрбір адам ерікті болу. Баспа өз бостандығы болғанда цензура /өзі аңду/ болмау. Ауызша, яки баспасөзбен кірлеу, өсектеу, кісі өлтіру секілді жұмысқа сот алдында жауапты болу.

12. Жүру-тұру бостандығы

Паспорт алуға міндетті болмай, ешбір кедергі көрмей әр адам бір жерден екінші жерге баруға ерікті болу.

13. Одақтасу бостандығы

Көпке бірдей мақсаттарға жету үшін қосылушылар еш рұқсат сұрамай одақтаса беру. Осы көрсеткен жоспарды қазақ халқының алдына салып, "Алаш" партиясынан сайланатын депутаттар топқа түсіп, тартысатынының қысқасы осы дейміз.

// "Сарыарқа". 1917ж. №19.

№47

1917 жылы 9 қараша

"Алаш" партиясы атынан Учредительное собраниеге атанған депутаттар

Торғай облысынан № 1 список

1) Ахмет Байтұрсынов - "Қазақ" газетін шығарушы. Қазақ әдебиетінің негізін салушы, қазақ ақыны. Ескі хүкіметтің қылышынан қан тамып тұрған заманда халыққа қызмет етіп, хүкіметке қарсы пікірде болғаны үшін 9 ай абақтыда отырып, онан кейін қазақ облыстарында тұрмау шырқымен жер аударылған. "Қазақ" газеті үшін 4550 сом штраф тартып, абақтыға отырып, соңғы 13-12 жылдың ішінде қуғын-қырғыннан көзі ашылмаған Алаш азаматтарының бірі.

2) Ахмет Бірімжанов - І-ші Гос.Дума ағзасы; заң ғылымына жетік юрист, осы күні Қостанай уезінде комиссар. Ескі хүкімет заманында халыққа көріне қызмет ете алмағаныменен, ақжүрек, іс білетін пікірлі адам. Учредительное собраниенің комиссиясында қызмет етуге қазақ депутаттарының көбінен артық болса керек.

3) Сағындық Досжанов - учитель. Бүл күнде Торғай областной управасында ағза.

4) Ғабдолла Теміров - өзгерістен бұрын Тобыл окружной сотта член еді. Бүл күнде Ырғызда уездной комиссар. Халыққа қызмет етемін деп бұрынғы орнын тастап шықты.

5) Тел Жаманмұрынов - ұлтшыл студент.

6) Елхан Оразов - зиялы ақсақал.

7) Ғалыхан Бөкейханов - Гос.Дума ағзасы, сол пікірлі кадет һәм кадет партиясынын центральный комитетінің ағзасы. Жасынан сельскі ісімен шұғылданып орысша оқыған, қазақта орын, дәреже қумаған. Оқу бітіргеннен кейін де, түйме тақпады. Халық қызметіне кірісіп кеткен бір һәм бірінші қазақ. І-ші Гос.Думаға осы депутат болып кетеді деп, сот хүкімімен абақтыға жауып қойып, сот сайлау алдында ғана азат етілген.

І-ші Гос.Дума қуылғаннан кейін Россияның ығай мен сығай 180 депутаттарының бірі болып возваниеге (үндеуге) қол қойғаны үшін 3 ай абақтыға отырып шығады. Выборг возваниесінің сөзі: "қашан хүкімет Думаны қайта жинағанша халық қазынаға бір тиын алым кісі әскер бермесін" - деп үкіметке бел көрсеткен еді. Сельскі ісіне Ғалыханнан артық қазақ баласы жоқтығы анықталған. Кешегі қадірлі хүкіметтік заманда қазақ облыстарында тұра алмайтын болған. Өзгеріс болардың алдында Ғалыхан Күнбатыс майданында бұратана бөлімін ашып, өзіне пікірлес оқыған қазақ жастарын жолдастыққа алып, 25 июнь жарлығы бойынша қан жылап, майдан қызметіне алынған қазақ жігіттерін тәрбиелеп тұрады. Өзгеріс болған соң, хүкімет Торғай облысына комиссар етіп сайлады. Өмірін туған жұртына бағыштаған ақ жүрек ер, білгіш көсем, шешен, қазақтың бір ұлы.

Семей һәм Ақмола облыстарынан ( бұл екі облыс Қыр округі аталып, сайлаулары бір болады. №5 список)

Ғалихан Бөкейханов (кім екені жоғарыда айтылады)

Айдархан Тұрлыбаев - присяжный поверенный, заң ғылымына жетік іскер адам. Бүл күнде Ақмола облысының қазақ комитетінде председатель. Ол І, ІІ-ші Гос.Думаға Ақмола облысынан депутат болуға лайық еді. Ол кезде халық мұнан гөрі қараңғырақ болып һәм Айдархан жуан елдің баласы болмағандықтан марқұм Науан хүзіреттің "батасы" депутат болып еді.

Әлімхан Ермеков - бұл күнде Томскі технологический институт студенті. Семей облысының губернаторы Тройницкий бір шыбықпен айдап, қазақ халқын басып, жаншып көзін аштырмай тұрған заманда, Әлімхан гимназияға түсіп, қазақ басымен орыс балаларынан жақсы оқып бара жатқан соң, Тройницкий стипендиядан мақрұм еткен еді.

Әлімхан сонда да оқудан шықпай, өзінің зеректігімен бір сабақтас орыс шәкірттерін оқытып, ақша тауып оқытып, гимназияны Тройницкийге ерегескендей алтын медальмен бітіріп, институтқа түсті. Онда да стипендия ала алмай, бір жағынан өзі оқып, бір ақша табу үшін басқаларды оқытып, көп бейнет шекті. Технологический институтқа асқан зеректер ғана түседі. Әлімхан білімді, шешен, өткір халыққа қызмет етуді өзіне парыз санаған жігерлі жас азамат. Бұл күнде Семей Облыстық Комитетінде ағза һәм "Сарыарқа" газетінің жазушыларының бірі.

Халел Ғаббасов - жаңадан университет бітіріп шыққаннан кейін Семейде уақ-қарыз инспекторы болды. Халел студент күнінде-ақ ұлтшыл, жинаған білім қазынасын халыққа таратуды өзіне борыш санаған һәм сол пікірін іспен көрсете бастаған, қазақтың ұлтшыл ұлы бүл күнде "Сарыарқа" газетін шығарушы һәм облыстық жер комитетінің һәм қазақ комитетінің ағзасы.

Асылбек Сейітов - жас доктор, қыз мінезді, ақ қағаздай, ұлтшыл жас. Облыстық қазақ комитетінде председательдің орынбасары.

Мұқыш Боштаев - Қазан университетін бітіріп шықты. Юрист, уездной сот председатель.

Ережеп Итбаев - уездной мекемесінде чиновник болған кезінде, окружной соттың переводчигі болып тұрғанда соңынан соз ерітпеген, таза пікірлі іскер азамат.

Жақып Ақбаев - ер тілді, қызу, юрист, 1905 жылы "патшаға тіл тигіздің" деп, ескі үкімет сотқа беріп, неше ай абақтыда жатып, ақталып шыққан. Онан кейін де сан рет абақтыға жабылып бес жылға жер аударылып, көп тепкі көрді. Жақып мырза саясат ісімен бірыңғай шұғылданып, халыққа қызмет етуге алаңсыз кіріскенде тіпті жақсы болатын еді. Бірақ, елге жақын тұрып, ағайын арасының өсегіне боялап, соңғы жылдарда халық көзінде бұрынғы Жақып өзгергендей болды.

Сейілбек Жанайдаров - юрист, податный инспектор, өзгерістен бұрын да, соң да халыққа қызмет істеуге лайық еді. Бірақ, көзге көріне алмай түр.

Райымжан Мәрсеков - присяжный поверенный. Қазір Семей облысының қазақ комитетінде ағза һәм областной соттың председатель Біздің қазақ юристері арасында бұрыннан әлеумет ісіне кірісіп жүрген адвокат Райымжан.

Жұмағалы Тілеулин - фельдшер, "Қазақ" газетінің жазушыларынан. Ұлтшыл, таза, жігерлі, пікірлі жігіт.

Биахмет Сәрсенов - учитель. Алаш дуанындағы мұғалімдік курстың басшысы, пікірлі, ұлтшыл жігіт.

Рахымжан Дүйсенбаев - адвокаттық қылады, қызу ер, жігерлі кісі. "Тіршілік" газетін шығарушы. Қашаннан халыққа қызмет етуге кірісулі, бірақ пікірі көп жұртқа үйлеспейтін, өзіне ғана қазы.

Ахметжан Қозыбағаров - фельдшер, пікірлі, шын ұлтшыл жастарымыздан.

Мағжан Жұмабаев - учитель, жас ақын, қатардағы азаматтың бірі. Келешекте көзге керінер деген үміт зор. Бүл күнде Ақмола облыстық қазақ комитетінде ағза.

Әлкей Сәтбаев - ақ жүрек, ұлтшыл учитель.

Салық Мешінбаев - судьяның переводчигі, қолынан келгенше елге басшылық етіп жүрген жігіт.

Базкен Өскенбаев - фельдшер.

Салмақбай Көсемісов - банк қызметкері, пікірлі, зерек қазақ.

Орал облысынан:

Халел Досмұхамедов - доктор, Орал облыстық қазақ комитетінің председателі һәм областной комиссар помощнигі. Халел ескі хүкімет заманында докторлық қызметімен қазақ ортасында пайда келтіріп, тұруының үстіне жұртты оңға бастап, басшылық етіп сол себепті хүкімет кезінде артық "сенімді" кісі болмай жүрген қазақтардан қабырғалы қазақ жігітінің бірі.

Жаңанша Досмұхамедов - өзгеріске шейін Томскі окружной сотта товарищь прокурор еді. Өзгерістен кейін ол орнын тастап, халыққа қызмет етіп жүр. Бұл күнде Петрогадта Шорай-ислам ағзасы, социалист-революционер.

Нұрғалы Ипмағамбетов - военный доктор, бұрын шетте жүруші еді. Өзгерістен бері еліне қайтып қызмет істеп жүр.

Ғабдолла Әлібеков - шын ұлтшыл, ескі хүкімет заманында шамасы келгенше халыққа қызмет көрсеткен адамның бірі. Орнымнан, пайдамнан айрылады екенмін деп, еш уақытта жасқанып көрген емес. Бұл күнде областной комитетте ағза.

5) Сәлімгерей Қаратілеуов - агроном, областной комитет ағзасы. 6) Ғұмыр Есенғұлов - жас доктор, Темір уезінде комиссар. 7) Иса Қашқынбаев - жас доктор, жігерлі, білімді, ұлтшыл жігіт.

Бөкейліктен (№ 1 список)

Уәлихан Танашев - жүйрік адвокат, бұрын Қазан ноғайларының арасында жүріп, әлеумет ісіне ынталылығын танытқан. Өзгеріс болғаннан бері еліне келіп, іске кірісіп жүргеннен ұлтшыл, пікірлі жігіт. Қазан ноғайлары мүшелік жерден орын беріп, списокке кіргізіпті.

Бақтыкерей Құлманов - Ордалық комиссар. 1-ші списокпен қатар жарыса 2-ші списокке кіріпті, ондағы адамдардың аты болмаса, кім екенін біле алмадық.

// "Сарыарқа". 1917 ж. №19

№ 48

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві

"Үш жүз" партиясы

("Үш жүз". 1917 ж. 24 желтоқсан. №2.)
Петропавл қаласы.

"Үш жүздің" саяси партиясы қазақ уәлаятының ең зор шаңары Омск қаласындағы орысша - қазақша жазса қаламы бар, сөйлесе тіл-аузы бар қазақ жастары алдындағы "Алаш" ағасының көздеген мақсаттарының /программа/ кез тұрақты қазақ байдың төрт түлік мал шаруасына өте тапшы тауып, кең қолтықты күллі "Үш жүздің" баласына "Алаш" ағасы -мыңқып-қысқа, шөп-шолақ тон кигізуге айналғанын, салып пішіп жатқан үлгісінен көрген соң, қаны бір, жаны бір бауырларына шыдамай іші ашығандықтан ағасы болса да қарсы келіп әдейі ашып отыр. Ашқанда аса атақ шығаруға қалса жұмыс таба алмай еріккендіктен ашып отырған жоқ. Бәлки, осыдан ардақты ұлтының жер-су деген жайына дін мұсылман аманды қызыл қарын жас баламен, қара қазан қамына бір дау болар ма екен деген, зор үмітпен ашып отыр. Сол тақырыпта әуелде аты шыққан "Алаштың" құр даңқына не болмай дастарқан үстінде жасағанға құлшылық қолын жайып, үлкен тілекте отырған қазақ байының баласынан соң туса да "оң туса" ғажап емес, мынау "Үш жүздің" партиясына тас салған жерде көз қырын салмағын кішілікпен өтінеді. Тіпті "Алаш" ағасымен қазақша жолдасқан күнде де бәйбіше көпейін қимайтын да һәм атаның қара шаңырағы жасы кіші інісіне тие тұғын. Бұдағы есте болсын, мырзалар! Рас, біздің қазақ тұла бойы тұңғышын өте құрметтейтіні сөйтсе де, жөнмен жолға бермей, жарым қазақтың есалаң есерсоғы болмаса, ақыл иесі ақсақалдар, құрметті молда, ғалымдар жылжыған жорғамен жылмиған жүйріктер ешқашан таласпай тұғын. Жаратқан тәңірге бұрынғы дүниеге келген қадірлі болса, Қабілдің тілегін қабыл қылып, Әбілді қарғар еді ғой. Шежіреден өздеріңіз көп білсеңіздер, жасы үлкен Қабылды қарғады ма, жоқ жасы кіші Әбілді қарғады ма? Ал, тіпті бұларды қойып, 82 таңбалы "Үш жүздің" баласы сіздер ағалы-інілі "Алаш", "Үш жүз" партияларының әкесі сіздер, бір жағымызға бір езулеп, қырындап тартпай-ақ ынталы көңіл, шын ықылас, ақжүрекпен басымен екеуінің атына қарамай, қылатын қызметін, көрсететін жақсылығын, ақыл таразысының әділ табақтарына салып өлшеңдер. Сонда қай басқан жағына тастарыңды беріп, Учредительный собранияға сайлап, шарларыңды салыңыздар. Ол қылатын қызметі көрсететін жақсылығы екеуінің "ереже-жобаларынан" мағлұм. Сондықтан, енді сіздердің алдарыңызға программаларымызды тосалық. Ол программалар мыналар: 1. Қазақ халқына кесір-кесапаты көп тиіп, түгел шаруасын күйзелеткен, дүние жүзін қызыл қанға толғызған, адам баласын топалаң тиген қойдай қырған қанды соғысты дереу тоқтатып, ешбір жағынан айып-қайыпсыз, шығынсыз көпке бірдей тыныштықты бітім жасау. 2. Көптен келе жатқан қазақ билігінің тізгінін осы жолы Петербургтан жұлып алып, Том шаңарына беріп, Сібірдің автономиясына қосылып, әлі де болса орысты аға қылуға керек деп -"Алаш" партиясы айтады. "Жоқ, сары орыстың бәрі орыс! Қазақтың "кәмшәт бөркін" бір таздан алып, бір тазға кигізгеннен не пайда? Онан да сөз жүйесін тапса, мал иесін табады" деген секілді ата-бабаларымыздың "кәмшәт бөркін" өзіміз кисек болмай ма? Қазақ көрінген орыстың бәрін аға қылғысы келмейді. Өмірінде оңбаған, қаудиған теке сақал хахолды аға қылып, мақсат атының алдына ерге мінгізіп, мақталы көрпеге үйренген қазағымды артына жайдақ мінгестірсек, бұрынғы қотыр үстіне шиқан шығарып аламыз. Онан да "есің бар да, етегіңді жап", "темірді қызу үстінде соқ" деген секілді федерация алып, құтты қадам, құтпанды үйімізде құртымызды жеп, қойыртпағымызды ішіп, мұнан бұлай өз қотырымызды өзіміз қасып отырарлық,- деп "Үш жүздің" партиясы айтады. Егер де "Алаш" партиясы айтқандай, біз барып, Сібір автономиясына қосылсақ, анау жақта жатқан Кіші жүз һәм қырғыз бауырларымыз Орта Азия, Түркістаннан айрылып, мың жылда бізге қосылар ма. 3. "Мұсылман деген құр мекерсіген аттан без, шақша бас ноғай менен бақылдаған сарттан без, өлсем бұларға қабірім жақын болмасын",- "Алаш" партиясының бастығы Ғалыхан айтады. "Жоқ, олай деме! Әуелде дінсіз адасып жүрген қазаққа он сегіз мың ғаламда жаратқан жалғыз хақты танытқан "Үш жүздің" баласынан толық үш кісі хат жаза алмайтын уақытта, ғылым-білімге үйреткен, ақтан қараны айыртқан осылар. Онан соң, асыл асылына, нәсіл нәсіліне дегендей, тар жерде тайғақ кешуде қамшысының ұшын беретін қан-жаны бір бауырларымыз, он сан ноғай, 8 орыс, түрікпен өзбек өз ағларымыз емес пе?" - деп "Үш жүздің" партиясы айтады. Қысқасы, ібілістен бір атасы жуық,сонау Томға бағынып, Сібірге табынғанша, ең болмағанда Орта Азия, Түркістан халқы бір ынтымақта болып федерацияны ортаға алалық дейді. 4. "Алаш" партиясы айтады: Учредительное собраниеде жерді бөліске салған уақытта біз қазақтың баласы 24 қараға шағындап, Шербинаның нормасымен көздеп арқандап, жер алсақ та, аз болмас дейді. Жоқ, бұлай болған уақытта осы күзде иіліп, бүгілуге келмей, сынадай қысылып отырған қазақтың жеріне әліде болса, неше млн. десятина жер үлеске түсіп кетіп, қазақ жер ортасы Көктөбеге деп шоңқиып, мұзға отырып, қалады. Не мал бағуға келмейді, не егін егуге келмейді. Өйткені, қазақ жерінің көбі құм, топырақ, қызыл құм. Онан да қазаққа өз көзіңді өзің жой десеңізші. Әйтпесе, осындай құдайдың көктем рақмет жаңбыры жауып, жер - дүние нұрға тол, тұрған уақытта кешегі қара қоңыр, ала көз ұлықтар заманында шыққан Шербина нормасымен "жер бер" деп сұрағанымыз-шөлдеп қаны кеуіп жүрген ақымақтың үй алдында бір күбі салқын суды көрмесі, болмаса тай жүрген сабадағы зәмзәм шарабы сары қымызды білмей, қолы ашық, жүзі жарық, жомарт бәйбішеден анау іріткіңнен бір жұтқызшы деген секілді ғой. Осындай "Алаш" партиясының қолақпандай қатесін көріп, шыдай алмай көлдей жерден, көздей тілегеніңді... деп, - "Үш жүз" партиясы айтады. 5. Қазақтың ілгері болашақ судья сотына Құраннан бір ауыз сөз кірістірсек, көк жеміріледі. Шариғаттан бір тал әріп қоссақ, жер ойылады деп, - "Алаш" партиясының бастығы Ғалыхан айтады. "Жоқ, Құранның қатты жерін алмасақ, алмалық, ал қатты емес жерін қалай алмаймыз мұрын кеспелік, құлағын тонамалық". Бірақ, Құранның нақақ, талақ хұсусындағы туралығын дініміз мұсылман біз тұрсын, діни басқа көпір де окружной судьяларында үлгі қылып отырады ғой. Тіпті, қазақ ғұрпында мирас болып, әділдік қылған жері жоқ. Онан соң, байларға 30-дан бір сиыр, 40-тан бір қой, 100 жылқыдан таңдама бір ат, егіннен он пұттан бір пұт, ғаріп-қасерге бөліп бер дейді. "Арақ ішпе, шошқа етін жеме, үй-киімің, денең пәк болсын" дейді. Шариғаттың осындай әділдікпен адалдықтарын қалай қазақтың болашақ сотына қоспауға болады. Қой, олардың айдалаға лағып, қаңғыртқанын деп, -"Үш жүз" партиясы айтады. Қысқасы, шариғаттың әділдік пен адалдығын алалық, егер де мұны да алмасақ, электрический лампаның жарығы қазақ көзіне жақпайды. Онан да бұрынғы қазақтың білтемен жағатын сықсимасы артық дегеніміз болады ғой деп,- "Үш жүздің" партиясы айтады. 6. Орыс түрімен земство ашалық,- дейді "Алаш" . Жоқ, қалалы халықтың земствосы көшпелі жұрттың шаруасына қабыспайды. Онан да 4 түлік мал шаруасына қолайлап, ел ақсақалдарымен, көп өткерілген білгіштермен отырып ашалық. Құр, "ойбай" земство деген тамаша, онды нәрсе деп көзсіз көбелектей, жарыққа айналып, шамға күйіп қап жүрмелік деп, - "Үш жүздің" партиясы айтады. 7. Ғарып-ғасірге хәлі келгенше болысып, жетім-жесірге шамасы келгенше қарасып, енді мұнан бұлай қара жүрек алауыздарға кедей бейшараларды жегізбеу. 8. "Алаш" анықтап ашып айтпайды, бірақ, "енеңді ұрайын" дегеннің ерінің емеурінінен білем" деген секілді Учредительный собранияда кадет партиясына қосылатын ойлары бар. Жоқ, онда құдай ұрып, біз бүктелеміз, онан да әуелі күллі мұсылман депутаттары болып бірігіп, оның үстіне федерация сүйетұғын социал-революционерлермен қосылып, ондап бүктейтұғын жағына шығалық деп, - "Үш жүздің" партиясы айтады. Ал, қазағым, енді өздерің айырып ала беріңдер! Қара қазан, жас баланың көз жасы мен мұрнының боғына қалудан жеркенбесеңдер, кейінгі ұлдарыңды нәлет, қарғыс алуға шыдасаңдар, Учредительное собраниеге депутат сайлаған уақытта тастарыңды "Алаш" списогіне салыңыз,екінші нөмір "миссионерлер" списогіне салыңыз, ықтияр болмаса, құдайдың кең, ақ жолыңдай айқын тартқан шаруаға толық қаптал "Үш жүздің" 11-ші нөмір списогіне тас салыңыздар!

Жасасын, мұсылман!
Көгерсін, көркейсін, түрік-татар баласы !

Бұл ереже, жобаларымыздың ең қысқасы, анық кестесі газетте толық қып түгел басылар.

Б.Елкеевтің жеке қоры. 2252-кор. І-тізбе.

№ 49

1918 ж. 25 қаңтар

Жалпы қазақ-қырғыз съезінің қаулысы

Съезд Орынборда 5-13 декабрьде болып өтті.

Бөкейліктен - Ғабдолла Мұқашұлы, Маубы Жомалыұлы, Ежен Көшекұлы, Ибраһим Мөлкешұлы, Сейітжан Әжгерейұлы;

Орал облысынан: Дәулетшам Көсепғалыұлы, Нұрғали Баймағанбетұлы, Хасен Нұрахметұлы, Тағыпберген Жамашұлы, Есенгүл Керейұлы, Ғабдолла Досжанұлы, Аспандияр Кенжеұлы, Нұрахмет Қалменұлы, Ғабдолла Әлібекұлы, Дулатияр Айсарыұлы.

Торғай облысынан: Сейітқасым Қадырбайұлы, Ғұмыр Алмасұлы, Намазбай Шәуменұлы, Сағынай Елшіұлы һәм Әбубәкір Алдиярұлы.

Ақмола облысынан: Жанәлі Мырзалыұлы, Жәнібек Ғайсаұлы, Ғ.Малдыбайұлы, Балға Көрлеуітұлы, М.Жұмабайұлы, Сейітжан Жақанұлы, Есет Жанбайұлы, Камалдан Ғабдоллаұлы, Х.Бауенұлы.

Семей облысынан: Жұмеке Оразалыұлы, Тұрағұл Ибраһимұлы, Ә.Ермекұлы, Х.Ғаббасұлы, А.Шегірұлы, Қаныш Бердалыұлы, Ахметұлла Барлыбайұлы.

Жетісу облысынан: Өмірәлі Айдаболсынулы, Жарылқасын Отарбайұлы, Мәнке Смағұлұлы, Ғайса Тергеусізұлы, Сатылған Сабатайұлы, Тәжен Хамитұлы, Нүсіпбек Емқабайұлы.

Сырдария облысынан: Қ.Кенесарыұлы, Имамбек Сарымсақұлы, Имамберді Ержігітұлы, Серқұл Алдабергенұлы, Мәуленқұл Байрақ ұлы.

Самарқанд облысынан: Сағдат Шахмарданұлы.

Съезд шақырушылар: Ғалыхан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Ғұмарұлы, Сағындық Досжанұлы, Мирякуб Дулатов.

Түрлі ұйымдардан һәм газеттерден: Мырза Нұрсейітұлы, Әбдірахман Ерсінұлы, Абдолғазиз Өлкешұлы, Бернияз Көкейүлы, Абдулахмет Жөндібайұлы, Ғабдулғазиз Мосыұлы, Хошмұхамед Кемеңгерұлы, Хайретдин Болғанбайұлы.

Арнап шақырылғандар: Бақтыкерей Құлманұлы, Жаңанша Досмұхамедұлы, Ғұмырғазы Қарашұлы, Ғабдолла қажы Есмұхамедұлы, Қажы Мақұлұлы, Херсам қажы Ахметжанұлы, Халел Досмұхамедұлы, Ишанғалы Арабайұлы, Ахметкерей Қосуақұлы, Уәлидхан Танашев, Жаңқожа Мергенұлы, Залыш Қарықұлы, Отарбай қажы Құндыбайұлы, Мұстафа Шоқай, Ілияс Жанқараұлы.

Съезд бастығына сайланғандар:

Председателі-Бақтыкерей Құлманов.

Серіктері: Ғалымхан Бөкейханұлы, Халел Досмұханмедов, Әзімхан Кенесарин, Ғұмыр Қарашұлы. Секратарьлары: Дәулетшам Көсепғалыұлы, Міржақып Дулатов, Сейтқасым Қадырбайұлы. Мәжіліс ашылар алдында Ғалымхан Бөкейханов: былтырдан бері жаршы топта сөйлеп, бәйгі алған, осы съезге де шақырылған ардақты, шешен Ораз ақсақал Тәтіұлы опат болды. Мәжілісті "марқұм Оразға дұға қылып басталық",- деді. Жиналған жұрт марқұм Ораздың рухына дұға қылып кірісті. Мәжіліс ашылған соң, өкілдер елдерінде болып жатқан оқиғалар жайынан мағлұмат беріп, мұнан кейін түрлі жерден съезді құттықтаған телеграмдар һәм Орынбор муфтиі Ғалымжан құзыреттің құттықтау хаты оқылды. Жер-жерде болып жатқан оқиғалардың түрі мынадай екендігі білінді: қазақ халқы земство һәм Учредительное собрание сайлауына айрықша көңіл қойып кірісті. Коп жерде уездік земство сайлаулары біткен. Көп уездерде Учредительное собрание сайлаулары біткен. Сырдария облысының қазақтары Учредительное собрание сайлауы тақырыпты біріге алмапты. Партияға бөлініп, бірнеше список кіргізген. Сондықтан Сырдария облысынан қазақ депутаты біреу-ақ болатын түрі бар. Былтырғы 25 июнь жарлығы тақырыпты ескі үкіметке қарсылық қыламын деп жанжал шығарып, Жетісудың босқын қырғыз-қазағының көбі нашар, аштан қырылып, қатын-баласын сатып жатыр екен. Әулие-ата һәм Пішпек уездерінде ашаршылық (ұнның пұты 25 сом). Бұлар астықты Ақмола облысының жақын уездерінен алады екен. Бірақ, тасуға көлік жетпей қиын болып тұрған көрінеді. Хиуа қол астындағы қазақтарға түрікмендерден шабыншылық көріп, ашаршылықтан Темір һәм Ақтөбе уездеріне ауып келіпті. Жәрдемге мұқтаж Жизақ уезінде тәртіп жоқ. Қазақтың өзі біріне-бірі шауып, малдарын қуып алысып, бүлініп жатыр. Жергілікті хакімдердің тоқтау салу қолдарынан келер емес. Жизақ өзіне қараған арғындар Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына қосылуды тілейтіндігі мәлім болды. Башқұрт өкілі Ахмет Заки Валиди Орынбор мұсылман ғаскері, Шора өкілі, пропорщик Баширов, "Яңы уақыт" газетінің бас жазушысы Т. Кәрімов, Орынбор ғаскері округінің өкілдері Тимофей Седельников, Ғабдолларов, Язданов һәм басқалар съезді құттықтап, қазақ халқын бірлікке үндеді. Жер-жерде болған оқиғаларды тексергеннен кейін съезд мынадай қаулылар шығарды: 1) Халық арасындағы алалық, партиялылықты жою үшін бірлікке үндеуге съезд атынан жұртқа баспасөз таратылсын. Мұны жазуды съезд Міржақып пен Ахметке тапсырды. 2) Бүліншілікке, ашаршылыққа ұшыраған Жетісу қырғыз-қазағына һәм түрікпеннен талан-тараж көрген қазақтарға да бүкіл қазақ облыстары болып жан басы бір сомнан жәрдем берсін. Бұл ақша байға байша, жарлыға жарлыша әділдікпен бөлініп жиналсын. Бүл ақшаны тез жиып тапсыру жергілікті управаларға міндет. 3) Ақмола облысынан астық тасу үшін Пішпек һәм Әулие-ата уездерінің қазақтарына көлігінің майын алып, Қарқаралы, Ақмола, Атбасар, Көкшетау һәм Қызылжар уездерінің қазақтары түйе берсін. 4) Жизақ уезіндегі бүліншілік , тәртіпсіздікті тоқтатсаңыз екен деп Түркістан автономиясының хүкіметінен өтінуге. 5) Учредительное собрание сайлауында бір ғана списокке тас салуды өтініп, Сырдария облысының халқына телеграмма беруге. 6) Жизақ уезіндегі арғындардың Алаш автономиясына қосыламыз деген тілегін мақұлдап, бүл туралы Түркістан автономиясының хүкіметімен сөйлесуге қазақ-қырғыз істерін билейтін ұйымға тапсырылатын болды. 7) Түркістан автономиясын құттықтауға һәм Орынбор муфтиінің съезді құттықтаған хатына қарсы телеграмма беруге.

Съезде қаралуға қойылған мәселелер:

1. Сібір, Түркістан автономиясы һәм Юго-Восточный союз туралы. 2. Қазақ-қырғыз автономиясы. 3. Милиция. 4. Ұлт кеңесі. 5. Оқу мәселесі. 6. Ұлт қазынасы. 7. Муфтилік мәселесі. 8. Народный суд. 9. Ауылный управление. 10. Азық-түлік мәселесі. Ғалымхан Бөкейхан Сібір, Түркістан автономиясы һәм Юго-восточный союз туралы доклад қылды. Ғалымханның докладын тексеріп һәм бұл туралы сөйлеушілерді тыңдағаннан кейін съезд қаулы қылды: Ғалымхан докладын, қазақ автономиясы, милиция һәм ұлт кеңесін құру мәселелерін қарауға 7 кісілік комиссияға беруге, бүл комиссия тағы да өзіне мағлұматты адамдар қосып, алуға ерікті делінді. Мұнан кейін оқу мәселесі қаралды. Бұл туралы Міржақып Дулатов доклад қылып қазіргі уақытта қазақтың мектеп-медресесі, оқытушы һәм әдебиет құралы аздығын айтып, ұлт мектебін көбейту һәм оқытатын құрал молайту керектігін корсетті. Съезд Міржақып Дулатовтың докладын бап-бабымен тексеріп, ұлт мектебін көркейтуге ешкімнің таласы жоқ екенін еске алып, алдымен қазақ тілінде бастауыш һәм орта мектепте оқытатын оқу құралдарын жетістіру үшін білікті адамдардан айрықша оқу комиссиясын құруды мәслихат көріп һәм бұл туралы сөйлеушілердің пікірін естіп қаулы қылды: Қазақ-қырғыз тілінде бастауыш һәм орта мектептер ашып, оқу құралдарын шығаруға 5 кісіден комиссия құрылсын. Шет кісіден комиссия өзіне жолдас қосып алуға ерікті болсын. Комиссия ұлт кеңесі қайда болса, сонда тұрсын. Оқу құралдарынан басқа комиссияның істейтін істері: 1. Ұлт мектептеріне программа жасау. 2. Мұғалімдер қалай оқыту тәртіптерін үйрететін жолбасшы кітаптар жазу. 3. Тәрбие жайынан кітаптар жазу. 4. Бүкіл қазақ-қырғызға оқу ісін қалай жүргізу туралы жоба шығару. 5. "Қазақ" емлесін тексеріп, түзету. 6. Қазақ-қырғыз тіліне пайдалы кітаптарды тәржімә ету. Комиссия 1918 жылдың басында іске кірісіп, комиссия жиналысымен істейтін істеріне толық программа жасап, мәслихат арқылы жария қылсын. Комиссия іске кіріскен күннен бастап, әрбір жарты жылда мәслихат арқылы не істейтіні туралы халыққа есеп беріп отырсын. Әрбір жазылып даяр болған кітап тоқтаусыз басылып отырсын. Жазылған кітаптардың неше дана басылатынын һәм олардың бастыру үшін қанша ақша керек болатынын комиссия мөлшерлесін. Кітап басу үшін комиссия керек қылған мөлшердегі ақшаны облыстық земстволар тоқтаусыз жинап тапсыруға міндетті болсын. Яки бүл ақша халық қазынасынан алынатын болсын. Комиссия ағзаларынан басқа өзге кісілердің жазған оқу кітаптарын комиссияның ұйғаруымен ғана мектептерде қолданылсын. Шет кісілердің мұндай ұнамды кітаптарын жазушылардың ырзалығымен комиссия алып бастырсын. Шет кісілердің кітаптарын комиссия ұнатпаса, не себептен ұнатпағанын газет жүзінде жария қылсын. Шет кісілердің кітаптарын тексергенде /комиссия/ мәжіліске жазушының өзі де ағза ретінде /есебінде/ болып кірсін. Комиссия шығарған кітаптар алғашқы 3 жылда неше рет басылса да, халық мүлкі болсын. 3 жылдан кейін жазушылардың өз мүлкі болсын. Комиссия программасындағы міндетті қызметтерін бітіргеннен кейін, халыққа есеп беріп тарасын. Тарарда қолындағы кітаптарын һәм қалған ақшасын бүкіл қазақ - қырғыз істерін басқаратын мекеменің көрсеткен орнына тапсырсын.

Комиссияның 1918 жылғы шығыны мынадай: 5 ағзаның әрқайсысына айға 800 сомнан, бәріне 1 жылға 48 мың сом, жылдық пәтеріне 1800 сом, материал үшін 6000 сом, кеңсе 2400 сом.

Барлығы - 58 мың 200 сом.
// "Сарыарқа". 1918 ж. №29.

№ 50

1918 ж. 25 қаңтар

Автономия мәселесі

Түркістан автономиясының министрі Мұстафа Шоқайұлы Түркістан автономиясы жайын баяндады. Мұстафа Шоқайұлының сөзіне қарағанда Жетісу һәм Сырдария облысының қазақтары Түркістан автономиясына әлі қосылмағандығы баяндалды. Түркістан уәлаятының өкілдері қазақ-қырғыз баласының бас қосылатын кез осы екенін һәм Алаш автономиясы ығлан етілсе , өздерінің қосылатындығын білдірді. Орынбор қазақ-орыс әскерінің 3 округ өкілі... съезді құттықтап қазіргі бүліншіліктен құтылу үшін Юго-восточный союзға қосылыңдар деді. Комиссия атынан Халел Ғаббасұлы автономия, милиция һәм ұлт кеңесі туралы доклад қылды. Автономия туралы Халел докладын тексеріп, октябрь аяғында уақытша үкімет түскенін, Россия мемлекетінде халыққа сенімді һәм беделді хүкіметтің жоқтығын хакімшілік жоқ болған соң, халық арасы бұзылып, пышақтасып кететіндігін, бассыздық күшейіп, бүкіл мемлекет бүліншілікке ұшырап, күннен-күнге халықтың күйі нашарлауын һәм бүл бүліншілік біздің қазақ - қырғыздың басына да келу ықшамын ойлап, бүкіл қазақ - қырғызды билейтін хүкімет керектігін ескеріп съезд бірауыздан қаулы қылды: 1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары Фергана, Самарканд облыстарындағы һәм Амудария бөлімдеріндегі қазақ уездер Закаспий облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес облыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға. 2) Қазақ-қырғыз автономиясы "Алаш" деп аталсын. 3) Алаш автономиясының жері-үстіндегі түгі, суы, астындағы кені-Алаш мүлкі болсын. 4) Алаш автономиясының низамын Бүкілроссиялық Учредительное собрание бекітеді. 5) Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтардың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады. Алаш автономиясының қол астында жерсіз халықтар болса, оларға ұлт һәм мәдени автономия беріледі. 6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсаты мен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты "Алашорда" болсын. "Алашордасының" ағзасы - 25 болып, 10 орын казақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырды. Алашордасының уақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады. 7) Алашордасы халық милициясын құруға ынтымақпен кірісуге міндетті. 8) Алашордасы тез уақытта Алаш автономиясының Учредительное собраниесін /Құрылтай/ шақыруға міндетті болсын. Алаш құрылтайының сайлау тәртібі жалпы Россиялық құрылтай сайлауы ретінде болсын. 9) Алашордасына съезд тапсырды:

А) ұлт қазынасына қарыз ақша алуға.

Б) өзге автономиялы көрші халықтармен одақтасу жайына сөйлесуге, бірақ мұның шарттарын бекітуші Алаш Құрылтайы. 10) Ұлт Құрылтайына Алашордасы автономия низамының жобасын даярлап кіргізеді. Автономияны қашан ығлан ету тақырыпты съезде 2 пікір айтылды. Бірсыпыра өкілдер автономияны қазір ығлан етелік деді. Екінші жағы автономияны ресми ығлан етуді Алашордасына тапсыралық. Әуелі милициямызды құрып алалық. Түркістан қазағымен сөйлеселік. Сонан кейін ығлан етілсін. Мұнымыз саяси әдіс болар дейді. Бұл мәселені шешу үшін өкілдердің аттары аталып, тас салынды.

Алаш автономиясы күні бүгін ресми ығлан етілсін деп тас салғандар: Ғабдолғазиз Мұса, Ғабдолахмет Жөндібайұлы, Ғабдолғазиз Өлкешұлы, Ғайдархан Мырзаұлы, Сейітхан Әшкерейұлы, Ибраһим Мөлкешұлы, Ижан Көшекұлы, Маубы Жұмалыұлы, Ғабдолла Мұқашұлы, Мәуленқұл Байзақұлы, Серқұл Алдабергенұлы, Имамберді Ержігітұлы, Дәулетияр Айсарыұлы, Нұрмұхамед Қалменұлы, Асфендияр Кенжеұлы, Ғабдолла Досжанұлы, Керей Есенқұлұлы, Нақберген Жұмашұлы, Хасен Нұрмұхамедұлы, Нұрғалы Беймағанбетұлы, Дәулетшам Көсепғалыұлы, Сағынай Елшіұлы, Намазбай Шәуменұлы, Жанқожа Мергенұлы, Уәлидхан Танашев, Ахметкерей Қосуақұлы, Халел Досмұхамедұлы, Ғабдолла Әлібекұлы, Ғұмыр Қарашұлы, Ғабдолла Есмұхамедүлы, Жаңанша Досмұхамедұлы, Бақыткерей Құлманұлы, Сағындық Досжанұлы. Автономия ресми ығлан етуді арамыздағы жат-жұрттармен сөйлескенше һәм милициямызды құрып алғанша тоқтата тұруды лайық көріп тас салғандар: 1/ Нүсіпбек Ұйықбайұлы, Хайретдин Болғанбайұлы, Хошмұхамед Кемеңгерұлы, Мұртаза Нұрсейітұлы, Ахметұлла Барлыбайұлы, Қабыш Бердіәліұлы, Халел Ғаббасұлы, Әлімжан Ермекұлы, Тұрлығұл Ибраһимұлы, Жұмеке Оразалыұлы, Сағадат Шахмарданұлы, Есеп Ақжолұлы, Нәжеп Мұхитұлы, Сатылған Сабатайұлы, Иса Тергеусізұлы, Манке Ысмайылұлы, Жарылқасын Отарбайұлы, Өмірәлі Айдабосынұлы, Құл Бауменұлы, Камалалдин Ғабдолұлы, Есет Жанбайұлы, Сейітжан Жақанұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Балға Кәрлеуітұлы, Ғайса Малдыбайұлы, Жәнібек Ғиссаұлы, Жаналы Мырзалыұлы, Әбубәкір Алдиярұлы, Хасен Бикентайұлы, Кәрім Бәтішұлы, Сұлтанғазы Ысқа ұлы, Ғұмыр Алмасұлы, Сейітқасым Қадырбайұлы, Салық Қарпықұлы, Ишанғалы Арабайұлы, Мұхит Мақұлұлы, Міржақып Дулатұлы, Елдес Ғұмырұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Ғалымхан Бөкейхан. Екі жаққа тас салудан тартынғандар: Ахмет Шегірұлы. Мұстафа Шоқайұлы, Әзімхан Кенесарыұлы. Халел докладын тексеріп, октябрь аяғында уақытша үкімет түскенін, Россия мемлекетінде халыққа сенімді һәм беделді хүкіметтің жоқтығын хакімшілік жоқ болған соң, халық арасы бұзылып, пышақтасып кететіндігін, бассыздық күшейіп, бүкіл мемлекет бүліншілікке ұшырап, күннен-күнге халықтың күйі нашарлауын һәм бүл бүліншілік біздің қазақ - қырғыздың басына да келу ықтималын ойлап, бүкіл қазақ - қырғызды билейтін хүкімет керектігін ескеріп съезд бірауыздан қаулы қылды: 1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары Фергана, Самарканд облыстарындағы һәм Амудария бөлімдеріндегі қазақ уездер Закаспий облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес облыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан оз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға. 2) Қазақ-қырғыз автономиясы "Алаш" деп аталсын. 3) Алаш автономиясының жері-үстіндегі түгі, суы, астындағы кені-Алаш мүлкі болсын. 4) Алаш автономиясының низамын Бүкілроссиялық Учредительное собрание бекітеді. 5) Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтардың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады. Алаш автономиясының қол астында жерсіз халықтар болса, оларға ұлт һәм мәдени автономия беріледі. 6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсаты мен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты "Алаш¬орда" болсын. "Алашордасының" ағзасы - 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырды. Алашордасының уақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін оз қолына алады. 7) Алашордасы халық милициясын құруға ынтымақпен кірісуге міндетті. 8) Алашордасы тез уақытта Алаш автономиясының Учредительное собраниесін /Құрылтай/ шақыруға міндетті болсын. Алаш құрылтайының сайлау тәртібі жалпы Россиялық құрылтай сайлауы ретінде болсын. 9) Алашордасына съезд тапсырды:

а/ ұлт қазынасына қарыз ақша алуға. б/ өзге автономиялы көрші халықтармен одақтасу жайына сөйлесуге, бірақ мұның шарттарын бекітуші Алаш Құрылтайы. 10) Ұлт Құрылтайына Алашордасы автономия низамының жобасын даярлап кіргізеді. Автономияны қашан ығлан ету тақырыпты съезде 2 пікір айтылды. Бірсыпыра өкілдер автономияны қазір ығлан етелік деді. Екінші жағы автономияны ресми ығлан етуді Алашордасына тапсыралық. Әуелі милициямызды құрып алалық. Түркістан қазағымен сөйлеселік. Сонан кейін ығлан етілсін. Мұнымыз саяси әдіс болар дейді. Бұл мәселені шешу үшін өкілдердің аттары аталып, тас салынды.

Алаш автономиясы күні бүгін ресми ығлан етілсін деп тас салғандар: Ғабдолғазиз Мұса, Ғабдолахмет Жөндібайұлы, Ғабдолғазиз Өлкешұлы, Ғайдархан Мырзаұлы, Сейітхан Әшкерейұлы, Ибраһим Мөлкешұлы, Ижан Көшекұлы, Маубы Жұмалыұлы, Ғабдолла Мұқашұлы, Мәуленқұл Байзақұлы, Серқұл Алдабергенұлы, Имамберді Ержігітұлы, Дәулетияр Айсарыұлы, Нұрмұхамед Қалменұлы, Асфендияр Кенжеұлы, Ғабдолла Досжанұлы, Керей Есенқұлұлы, Нақберген Жұмашұлы, Хасен Нұрмұхамедұлы, Нұрғалы Беймағанбетұлы, Дәулетшам Көсепғалыұлы, Сағынай Елшіулы, Намазбай Шәуменұлы, Жанқожа Мергенұлы, Уәлидхан Танашев, Ахметкерей Қосуақұлы, Халел Досмұхамедұлы, Ғабдолла Әлібекұлы, Ғұмыр Қарашұлы, Ғабдолла Есмұхамедұлы, Жаңанша Досмұхамедұлы, Бақыткерей Құлманұлы, Сағындық Досжанұлы. Автономия ресми ығлан етуді арамыздағы жат-жұрттармен сөйлескенше һәм милициямызды құрып алғанша тоқтата тұруды лайық көріп тас салғандар: 1/ Нүсіпбек Ұйықбайұлы, Хайретдин Болғанбайұлы, Хошмұхамед Кемеңгерұлы, Мұртаза Нұрсейітұлы, Ахметұлла Барлыбайұлы, Қабыш Бердіәліұлы, Халел Ғаббасұлы, Әлімжан Ермекұлы, Тұрлығұл Ибраһимұлы, Жұмеке Оразалыұлы, Сағадат Шахмарданұлы, Есеп Ақжолұлы, Нәжеп Мұхитұлы, Сатылған Сабатайұлы, Иса Тергеусізұлы, Манке Ысмайылұлы, Жарылқасын Отарбайұлы, Өмірәлі Айдабосынұлы, Құл Бауменұлы, Камалалдин Ғабдолұлы, Есет Жанбайұлы, Сейітжан Жақанұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Балға Кәрлеуітұлы, Ғайса Малдыбайұлы, Жәнібек Ғиссаұлы, Жаналы Мырзалыұлы, Әбубәкір Алдиярұлы, Хасен Бикентайұлы, Кәрім Бәтішұлы, Сұлтанғазы Ысқа ұлы, Ғұмыр Алмасұлы, Сейітқасым Қадырбайұлы, Салық Қарпықұлы, Ишанғалы Арабайұлы, Мұхит Мақұлұлы, Міржақып Дулатұлы, Елдес Ғұмырұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Ғалымхан Бөкейхан. Екі жаққа тас салудан тартынғандар: Ахмет Шегірұлы. Мұстафа Шоқайұлы, Әзімхан Кенесарыұлы. Азшылықты қалған өкілдер көпшіліктің қабыл еткен қаулысына көнбей, автономияны қазір ресми ығлан ет дейді. Егер қазір ығлан етілмесе, біз Түркістан автономиясына қосыламыз дейді. Сонан кейін съезд Алаш баласының бытырамауын абзал көріп, бір ауыздан мынадай қаулы қылды: 1) 1 айдың ішінде Алашордасы Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады қосып алса, алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді. 2) 1 айда Түркістан қазағын Алашқа қосып ала алмаса, оз алдына автономия ресми ығлан етуге ерікті. 3) Егер бір айдан кейін Алаш баласы қосылмаса һәм қалған Алашқа автономия ығлан етілмесе, әркім өз күнін өзі көреді. 4) Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан ығлан ықтияры Алашордасына берілсін.

Милиция мәселесі

Бұл мәселе хакімдегі докладты тексеріп, қарап һәм осы күні мемлекет ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс - талас болып жатқанын ескеріп қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін съезд төмендегі қаулыны қабыл етті: Ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс. Милиция түзеудің уақытша тәртібі мынадай: 1) Милиция қызметіне алынады: жасы 20 мен 35 аралығындағы қызметке жарайтын азаматтар. 2) Милицияға азаматтар ақымен жалданып алынады. Егер жалданушы шықпаса, талонмен алынады. 3) Милиция қызметіне алынған азаматтарға атымен болсын, талон мен болсын ұлт қазынасынан тиісті жалование беріледі. Онан соң ол жалованияның шамасын әр жердей милицияның түзеуші халық ұйымдары ретіне қарай өздері белгілейді. 4) Әрбір болысқа белгіленген милицияның санын уезд – уездге ыдырату сол облыстардағы областной ұйымдардың міндетінде. Әрбір уезге түскен милицияның санын уолос һәм ауылнай басына ыдырату-уезіне ұйымдардың міндетінде. 5) Әрбір уезге түскен милицияның санын толтырып, түзеу уезд қауымдарының міндетіне. 6) Талон мен милицияға алынған азаматтар өз орнына басқа біреуді жалдап жіберуге ерікті. Бірақ, жалдаған адамның жасы 20-35-тіц арасында болу шарт. 7) Талонға бір үйден бірнеше кісі алынса, милиция қызметіне олардың біреуі ғана алынады. Милицияға талан мен алынған адамдарға толық үй шаруасына қарай ия, басқа себептермен мәулет беру жергілікті ұйымдардың міндетінде. 8) Алғаш кезде әр ауылнай өзіне милицияға алынған азаматтарға ат-тұрман, киім-кешек түзеп беруге міндетті. 9) Милицияға керек болған қару-жарақты "Алаш ордасын" ұлт қазынасы есебіне салып алып тиісті орындарға таратады. 10) Милиция қызметіне үйрету үшін 100 милиционерге 1 офицер, 50 милиционерге 1 инструктор шақырылады. 11) Бөкейлік, Орал, Торғай, Ақмола, Семей һәм Жетісу облыстарында милиция саны 13500 болуға тиіс. Әрбір облыста бұлардың саны мынадай болуға тиіс. Бөкейлікте - 1000, Оралда-2000, Торгайда-3000, Ақмолада-4000, Семейде - 1500, Жетісуда-2000. 12) Милиция түзеуге мынадай шығын керек. Қару-жарақ сатып алу үшін /8.100.000 сом/ милиционерлердің 1 жылғы жалованиесі, өзінің тамағы, пәтері, атының жемі 33 млн. 2100 сом. Офицерлердің жалованиесін-324000 сом. Инструкторлардың жалованиесі-972000 сом. Милицияны басқарып туратын мекемелердің расходы-180000 сом. Офицерлік өнерін үйрететін азаматтар расходы-100000 сом.

Барлығы-42 млн 882 мың сом.

Бұған оқу коммиссиясымен Алашордасының өз һәм бөгде шығынын қосқанда, жоғарыдағымен барлығы-44 млн. сом. Осы айтылған 44 млн сом әрбір облысқа, халқының санына қарай былайынша бөлінеді: Бокейлікке-3542,050 сом, Оралға 7556,000 сом, Торғайға-6601,500 сом, Ақмолаға-6.705,000 сом , Семейге -96729,500 сом, Жетісуға-9.867,500 сом. Бұл айтылған сомалар әрбір уезге әр облыстарға, халқының санына қарай бөлінеді. Әр облысқа түскен ақша байға байша, жарлыға жарлыша бөлінеді. Алаш ордасына сайланғандарға съезд кісі басына 800 сом айлық жалование кесті. Алашордасының пәтер, мекеме, жүріс-тұрыс һәм басқа расходтарын белгілеу Алашордасының өз міндетінде. Алашордасына сайланды. Бөкейліктен - Уәлидхан Танашев, Оралдан - Х.Досмұхамедов, Ақмоладан-Айдархан Тұрлыбаев, Торғайдан-Ахмет Бірімжанов, Семейден-Х.Ғаббасов, Жетісудан-Садық Аманжолов, Сырдариядан-М.Шоқаев. Облыстан тысқары: Ғ.Бөкейхан, Ж.Досмұхамедов, Ә.Ермекұлы, М.Тынышбаев, Б.Құлманов, Ж.Аймауытұлы, Е.Итбаев, С.Сабатаев, Е.Қасболатұлы, Батыр Шерниязұлы, М.Боштайұлы, С.Жанайдарұлы, Сәлімгерей Нұралыханұлы, Ғ.Алмасұлы, С.Қадырбайұлы, А.Кенжин, штабс-капитан Алашордасының бастығына Ғ.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов тасқа салынды.

Сайлаушы: Сайламаушы:
Ғалыхан 40 — — 17
Бахыткерей—19 29
Айдархан 20 27

Сөйтіп, Алашордасының бастығына Ғ.Бөкейхан сайлайды.

Оқу коммиссиясына сайланды: А.Байтұрсынов. М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов. Халықтан милиция, оқу коммиссия һәм Алашордасының расходына жиылатын ақша әзірге ұлт қазынасынан болып табылады.

Түпкілікті ұлт қазынасын түзеу Алашордасының міндетінде.

Азық-түлік мәселесін һәм өкілдердің бұл туралы берген мағлұматын тексеріп, съезд мынадай қаулы қылды: 1) Азық-түлік жұмысын сайланған земстволар ешбір тоқтаусыз өз қолына алады. 2) Алашордасы әрбір облыстағы астықтың ұзын санын біліп, астық жоқ жерге астығы мол облыстардан астық алып беруге міндеткер. 3) Қырғыз-қазаққа сатып алынған астықты азық-түлік комомитеттері тоқтатпас үшін Алашордасы қам қылады: Алашордасы жақын арада ығлан етілетін болған соң, программада көрсетілген /мәселелері/ муфтилік, народный сот, ауылный управление мәселелері съезде қаралмай кейінге қалды. Уақытша автономия ығлан етіліп, Алаш құрылтайы жиылғанша, қазақ-қырғыз Орынбор муфтилігі қарауында болады. Болашақ Алаш құрылтайына Орынбор муфтилігіне сайланған қазақ қажылары қазақ-қырғыз мекемесін құру құқында жоба кіргізуге міндеткер. Ел ішіндегі народный сот ешбір іс бітіре алмайды һәм халыққа сенімді емес. Ел ішінде ұрлық күннен-күнге күшейіп бара жатыр. Соның үшін ұрлықты тиятын уақытша сот құру һәм бұл соттың тәртібін түзеу Алашордасының міндетінде .

Съезд жабылды 13 декабрьде 1917 жылы .
/"Қазақ"/
//Сарыарқа ". 1918 ж. №29.

№51

1918ж. 22 наурыз

Алашорда автономиясы һәм совет хүкіметі

1918 жылы мартта Совет хүкіметінің жұмысы ұлт жұмыстарын басқарушы комиссар Сталин Мәскеуден Семейдегі Алашордасыны бастығы Ғалыхан Бөкейханов һәм оның жолдасы Х.Ғаббасовты ауызша сөйлесетін төте телеграфқа шақырды. Ертеңінде 20 мартта комиссар Сталинмен Халел сөйлесті. Сталин Алашордасы туралы сөйлеспекші екен. Екі жаты өз пікірлерін естісіп, ақырында Совет хүкіметінің атынан Халелге комиссар Сталин мынаны айтты: /Сталин сөзін түгел өзгертпестен тәржімә қыламыз/. "Россиядағы халықтардың құқықтары туралы Халық Комиссарларының белгілі ережесі бұл күнге шейін ұлт мәселесі тақырыпты Совет хүкіметінің негізгі жобасы болып келеді. 3-ші Советтер съезі осы ережені жалғастыруға қаулы қылды. Өзінің бізге тапсырып отырған жалпы қазақ-қырғыз съезінің қаулысы түгелімен жоғары жобаға муапық келеді. Бірақ жалғыз-ақ шарт қоямын. Егер сіздің съездің қаулысы өкілдеріңіздің Совет хүкіметін тануға қалап болмаса болғаны. 3-ші Советтер съезі Советтік Федерация низамын жасап һәм бүл низам 4-ші Советтер съезінің бекітуіне салынсын деп қаулы қылынды. Бұған қарағанда енді сөзді қойып, іске кірісу керек. Яғни, әрбір тұрмысы, салты басқа халықтар жергілікті Советтермен қосылып, Автономия, Федерация алу құқы, басы байлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығаруға съезд шақыратын комиссия құруға тырысу керек. Біз ойлаймыз жалпы қазақ-қырғыздардың өкілдері тез қамданып, ыңғайлы уақыт өткізбей жергілікті Советтермен бірігіп, әлгідей комиссияны құрар. Сізден өтінеміз: біздің осы жобамызды Алашордасының Кеңесіне салып, жауап қайтарсаңыздар екен.

Адрес: Мәскеу. Кремль. Халық Комиссарларының бастығы
Ленинге һәм Халық Комиссары Сталинге.
Ұлт жұмысын басқарушы, Халық комиссары Сталин.

Алашорданың жауабы

Марттың 21-де Совет хүкіметінің жоғарыдағы сөзіне Алашорда мынадай жауап берді: 1918 жыл марттың 21-де біз Алашорданың Ұлт жұмысын басқарушы Халық Комиссары Сталиннің Алаш автономиясы туралы айтқан сөзін тексергеннен кейін Совет хүкіметі Россиядағы барлық автономиялы халықтардың Кіндік Хүкіметі деуге қаулы қылып мынаны білдірді. 1) Декабрьдың 5-нен 13-не дейін Орынборда болған жалпы қазақ-қырғыз съезінің қаулысы бойынша тоқтаусыз Алаш автономиясын жариялаймыз. Алаш автономиясына кіретін облыстар: Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, Фергана, Жетісу, Бөкей Ордасы, Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, Самарканд облысының Жизақ уезі, Амудария отделі /бөлімі/, Алтай губерниясына қараған Бииск, Барнауыл, Змелногор уездеріндегі қазақтар. 2) Жалпы қазақ-қырғыз съездерінің қаулысы бойынша Алашордадағы қазақтан басқа халықтардан көбінен көп, азынан азша 10 кісі сайланып кіреді. 3) Алаш автономиясында закон шығаратын һәм ел билейтін хүкімет Алашорда болады. 4) Учредительный съезд шақырудың билігі Алашордада болады. Бутан областной Советтерден жәрдемші боларға керек. 5) Алашқа қараған облыстардың һәм уездердің билігі қазақ бен мұжық көбінен коп, азынан азша сайлап жіберген депутаттардың Советінде болады. Қалалардың билігі қала халқы һәм қалада тұрған жұмысшы, солдаттардың сайлаған депутаттарының Советінде болады. 6) Жалпы халық көптен көп, аздан аз Совет сайлап, шығарғанша, областной , уездной қазақ комитеттері һәм мұнан басқа да қазақ сайлап қойған мекемелер бұрынғы күйінде тура береді. Земство һәм шаһар думалары да бұрынғы күйінде елдің шаруасын һәм оқу-оқыту жұмыстарын басқарып тұрады. 7) Қазақ-қырғыз өз арасындағы істерін өздері сайлап қойған областной һәм уездной соттары бітіреді. 8) Жалпы съезіміздің қаулысы бойынша қазақ-қырғыз арасында милиция құрылады. 9) Жергілікті Советтердің бұйрығы бойынша Сталин абақтыда жатқан Алашорданың Оқу комиссиясының, Қазақ комитеттерінің һәм земскі управалардың мүшелері тоқтаусыз босатылсын һәм мұнан былай оларды өтірік шағым, жаламен қуғын-сүргінге ұшырату тоқтатылсын. 10) Қазақ-қырғыз істері туралы елші Халел һәм Жаңанша Досмұхамедовтарды өкіл еттік. /Олар қазір Мәскеуде автономия туралы Алашорда атынан сөйлесіп жатыр/. 11) Алашорданың жоғарғы шарттарын Совет хүкіметі тексеріп тез жауап қайырсын.

Бұл шарттарды түгел істегеннен кейін Халық Комиссары
Сталин кешікпей, төте телеграфпен ауызша жауап қайтаруға уәде қылды.
Совет хүкіметінің жауабы "Сарыарқаның" келесі номерлерінде басылады.
// "Сарыарқа". 1918 ж. №35.

№ 52

Қазақстан Республикасы Президент архиві М.Дулатовтың Алашордаға баяндау хаты

"Ұлан". 1918 ж. 27 маусым Өскемен уезінде бұрын 16 болыс бар екен, бостандықтан кейін 3 болыс бөлініп, осы күні 19 болыпты. Бұл 19-дың ІІ-і Ертістің сол жағында Алтай елдері атанады. Ертістің сол жағындағы елдер-Ұлан, Айыртау, Сұлусары, Шар, Қалба, Қалабұжыр, Сүбе, Тарғын, Тайынты, Құлыбын,Бекен. Алтай елдері: Үркер, Алтай, Нарын, Күршім, Шағытай, Құлажорға, Новоалтай, Бергі Нарын. Әміре Айтбакин Ертістің сол жағындағы ІІ болысты 25 июньге Қалба елінің жайлауына шақырған екен. Мен 24- де Өскеменге келдім. Әміре жүріп кетіпті. Қалба елінің жайлауы қаладан 100 шақырым болады екен. Мен сол жерге 25-і күні түстен кейін жеттім. Мен келгенде сөз байланып, жұмыс бітіп қалыпты. Жұрттың қаулысы мынадай болған: Қазір милиция да, ақша да бермейді, Алашорданың жарлықтарын орындамай байқай тұрамыз. Омбыға, Сібір Комитетімен сөйлесуге Әмірені тағы екі жолдаспен 3 кісіні жібереміз. Үшеуінің ұстауына 3000 сом береміз деген. Мұқан Жәкежен баласы бірсыпыра жолдастарымен, жоғарғы қаулыға қарсы болыпты. Алашорданың бұйрық-жарлығын орындамай, тез жұмысқа кіріселік деген үкімі бүктемеде қалыпты. Жұртты мұндай тартыншақ қылып, Алашордаға бой ұрындырмай отырған Әміре доктор. Оның жұртқа айтқан сөзі: Алашорданың айтқанын қылып милиция берсек, ақша жинасаң, бүлік шығады, қан төгіледі. 1) Болыс-старшындар сотқа тартыласыңдар; 2) Алашқа Сібір Комитеті һәм казак-орыс автономия бермейді; 3) Автономия бергенде Омбы, Қызылжар, Кереку, Семей, Өскемен,район Көктерек секілді қалаларды бермейді; 4) Әрі шекара ашылған, Өскемен уезі Алашқа қалмайды, казак-орысқа кетеді; 5) Автономия бола алмай, боламыз десең, жұртқа ақша ауыр түседі, жыл сайын үй басы 100-500 сом төлейсіндер; 6) Милиция берген соң, ерік өзіңізден кетеді, жігіттеріңді қайда соғыс болса, сонда жібереді; 7) Милицияның расходын Сібір Комитеті көтереді деген бекер, өздерің тартасыңдар; 8) Мен Өскемен уезінде 20 жыл істедім, сіздерге жаным ашиды, осы айтқандарым бекер болса, 3 баламның қызығын көрмейін; 9) Тілді алмасаңдар, мен жалғыз қара басым берілсе де, казак-орыста қаламын депті. Сөз бітті деп жұрт тарқағалы тұр екен, мен келген соң қонып, ертеңінде қайтадан кеңес аштық. Жұрттан кешегі қаулыларының себеп дәлелдерін сұрадым. Өзім мән-жәйді түсіндірдім. Жұрт кешегі Әміренің ұғындырғанын өздерінің дәлелі екенін білгендей болса да, Әмірені Управаның председателі деп, бұрынғы уездной крестьянский начальниктер секілді көріп, оған жақын болған-ды. Айтқан-қылғанды өздері үшін абырой көргендей болды. Сөздің қысқасы, "берме" дегенді берді. Менімен сөйлескенде Әміренің жағы қарысты. "Көп біледі, кеше сөз байлаған жоқ, әңгімелесіңдер, мен айтарымды кеше айтып едім ғой, кешегі соз бір сөз,- деп жұртты жасқап, ауырына өз өзін салумен болды. Жұрт деген жұртымыз онша көпте емес, Көбі Әміренің қошеметінде жүргендер. Біреулер болыстықты Әміре арқылы аламын, біреулері қолымдағы Әміренің арқасында біреуге бермей жеп жүрген адамдар. Кешегі сөзден қайтпаған соң, мен айттым: Омбыға адамдарың барса барсын, бірақ жұмысты тоқтатпаңдар. Милицияларыңды, ақшаларыңызды, жинай беріңдер, өз қалталарында тұрады ғой. Омбыдан қайтқан жігіттерін "милиция" берсек, ақша жинасақ, қан төгіледі "екен" деп қайтса, таратып жіберерсіңдер" деп едім, жұрт Әміре білсін дегендей болды. Әміре орнынан тұрып кетті.

Жиналған жұртқа соңғы сөзім мынау болды:

Адасып отырсыңдар, түбінде орындамай қоймайсыңдар, сендерді босқа үркітіп, қазіргі (ақырын) ескі жұмыспен қалдырып отырған жәй бар. Қожа Нұралдин айтқандай "иә, жұма тұрар, иә, мен тұрармын" деп мен де Әміренің соңынан кеттім. Қамбаның жайлауы Көктерекке 60 шақырым екен, мен онда тура жүрмей, көлденең 70 шақырым жүріп, Ұлан еліне келдім, осы күні Жәкежан үйінде жаттым. Мұнда 4-5 болыстың басты адамдарын жинап жаттым. Бұл елдер: Айыртау, Ұлан, Сұлусары, Шар, Қара бұжыр. Бүл елдердің арасындағы партияларына жоқтау айтып, өзгеге қарама, Әмірені жайына қой, өздерің елдік қыл, Алашорданың жұмысын орында дегенмін. Бүл елдер түгелі түгел, түгел емесі жарым-жартылап болса да, айтқанға көнетін түрі бар. Бүл елден 5 июльге қарсы Көктерекке жүремін. Әміре туралы менің пікірім мынадай. Әміре автономист емес, Әміре Алашқа тілектес емес, Әміренің жоғарғы пікірі, сөйлеген сөздері рас, оған жағылып отырған жала емес. Өскемен уезінде Әміреден басқа зиялы адам жоқ. Соның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс. Жұрт надан, Әміренің Өскемен уезін билеуі зиян. Автономияны қам қылу үшін автономияны сүйетін кісіні қою керек. Автономияға, Алашордаға қарсы кісіні автономия жұмысына қоюға болмайды. Сондықтан, Өскеменді Әміреден құтқармай, бүл ел жөнге түспейді. Қай елде болса, айтқанға көнбей қалатын емес. Бірақ, әлде казак-орыспен жақын, қойны семьяларымен жақын, шағысады, жапсырып қояды деп, елдің басты адамдары қорқатын көрінеді. Сөздің қысқасы, Әміре тұрғанда, Өскемен уезі автономия жолында қызмет істей алмайды. Түгел милиция бермейді, ақша жинамайды. Бір уезден бүйтіп тұрғанын естіген соң, өзге елдердің көңілдері айнымалы болады, сөйтіп мұның кесірі, көпке тиеді. Өскеменде Алашорда бөлімі жоқ болатын да емес. Управада анық қазақ бар екен, бірі-Әміре, бірі-Дүйсембі деген өлеңші. Дүйсембі науқастанып еліне кетіпті. Әміренің түрі мынау. Қазақ соты құрылған жоқ. Бұл хатты бұл арадан әдейі кісімен жібердім. Өскемен туралы тез қам қылыңыздар. Алтай жағындағы елдерге хат жаздым июльдің 15-де Батый пристанына келіндер деп. Батыйдың қазақы аты - Қостөбе. Осы хатты алған соң, Алашорда тоқтаусыз сол елдерге бұйрық-жарлық Қостөбеге жетсін: 1) Алтайский-Курчумский уолостардың адресі: село Дарственное, Устк.у. 2) Үркер, Құлажорғаның адресі: Батый Устк.у. 3) Нарынский-Устнарынский адресі: с. Болыпе-Нарынск Устк.у. 4) Шағатай елінің адресі: Катон - Қарағай. Катон-Қарағай да телеграф бар. Ғабдолрахим Ережеп баласына телеграм берілсін. "15 июльге қарап Қостөбеге кел, Зайсаннан Мирякуб келді, соған жолық үлкен жұмыс бар" деп. Ғабдолрахим автономияны шын қуаттап жүрген адам. Алтай еліне қадірі бар. Басшылыққа жарайды. Әміреден шынға іс қылуға қолынан келеді. Әмірені Өскемен кетіргені өстіп ескере тұрмасақ болар емес. Бірақ, Әміре барда бытырай беру ахуалы бар.

Көктеректегі адресім: Дайыр Сәрсен аулы, Зайсан.

МАДИЯР

Большевик заманында Сұлусары елінің комитет председателі Қанжар Оралбек үйіне 12 мылтық алған екен. Әнеукүні большевик кеткен соң, осы мылтықтарды Райымжан мырза сұрағанда Қанжар бермеген екен. Сұлусары елінің адамдары бүгін келіп сөйлесті. Бұлардағы 19 мылтық, 1 қылышты мен қолыма алдым. Қанжар һәм басқа жолдастары Райымжаннан қорқады екен. Мен бұларға айтып, ақырын істеңдер, мылтықты беріп өздерің мынау Алашорда жұмысына кірісіңдер, партияны тастаңдар. Милиция һәм ақша жинаңдар, мұны істейтін болсаңдар, Райымжанның өкпесін тастауға біз міндеткер болайық. Большевикпен жақын болып мылтық алғандарыңды кешейік дедім. Олар осыған уағда қылды, Алаш жолында қызмет етемін деп тур һәм бұл сөзінде тұратын көрінеді. Жалпы қазақ съезі қаулысы бойынша елден жиналатын ақшаның есебін жұртқа тарату керек. Өскемен уезіне қанша түседі, шаңыраққа қаншадан келеді. Осының анық есебін алып, осы хатты оларға кісіден беріп жіберіңдер. Қазір Әміренің түрі анадай. Управа арқылы жіберуден пайда жоқ. Құрылтай Комитетіне Алаш өз тұсынан жіберсін. Түндік алым туралы бұйрық шығармай тұра тұру керек. "Алым жинап жатыр" деп шағынуы мүмкін. Тегінде Өскеменге өзімізден бір комиссар қойған жөн болар еді. Бұған имам лайық болар еді. Яки басқа бір керекті адам болсын. Мүмкін болса бүл тез болсын.

Мылтықтарды һәм мұнда болған мән-жайды кешіктірмей бітіріңіздер.
Әміре казак-орыс жағымен астыртын сөйлесіп жүр деген өсек бар.

МАДИЯР

Бұл хаттың мазмұны бойынша жауап хат пен телеграмма берілді.
14 июль 1918 жыл
Араб қолжазба әрпінен қазақ тілінің
жаңа әрпіне аударған

Садықов (4 июль 1990ж.)
140 қор. -1 тізім,- 122 іс. -2-5 п.п.

№53

1918 ж.30 маусым

"Алашорда" хүкіметінің іске кіріскендігі туралы телеграмма:

Заречная Слободкадан Орынборда Қадырбаевқа.
№ 89. Алынды 17.07.1918.

"Екінші қазақ-қырғыз съезінің қаулысы бойынша 11/ 24 июньде Алашорда "Алаш" қаласында іске кірісті. Сібір һәм Башқұртстан автономияларымен ынтымақ бір. "Алашорданың" областной һәм уездной Советтерін құруыңыз жөн. Олардың ағзасы азында үштен кем. Коп болғанда 5-тен артық болмасын. Осыған ұқсас управалардың ол жоқ жерде комитеттер көрсеткен ағзалары "Алашорда" бекітеді. Бір ағза милиция /ел құрушылар/ жұмысын басқарады. Екіншіден елден салық жинайды. Жергілікті "Алашорда" Советтері уақытша қазақ халқының саяси һәм мәдени істерін қарай тұрады. бірақ, олар темскі һәм шаңар... управлениелерінің ісіне қол сұқпау керек. Кідірмей 1917 һәм 1918 жылғы салық ақшаларын жинай бастаңыз. Бірінші ретте өз еркімен шыққан милиция құрыңыз, оның шамасы әр уолосқа 30 жігіт. Әр уолос шығарған ел қорғаушыларына ат мінгізіп, ат тұрманын мықтап барар. Ел қорғаушыларды жию ісін осы телеграмды алған күннен бастап, үш жұманың ішінде үлгеру керек. Орынбор атты казагына атаманы Дутов пен қорғаушылар үшін қару-жарақ, ат-тұрман алу, оларды үйрететін инструкторлар табу жайын кеңес. Істің барысын әлсін-әлсін бізге білдіріп тур. Семей мен Ақмола облыстарында милиция жинау ісіне, аса шұғыл кірісіліп, олардан отрядтар құрылды. Ондай отрядтардың бірсыпырасы атты казак һәм офицерлер /ақ гвардия/ мен қосылып, Жетісу облысындағы большевиктермен соғысуға кетті. Түркістан жағына атты казак һәм башқұрт жігіттерімен бірге большевиктермен соғысуға аттанғаныңыз ұнайды. Бұл туралы Дутовқа телеграмм берілген. А.Байтұрсынов 29 июньде Қостанайға кетті. М.Дутов екі жума шамасында мұнан шығар. Қазақтан шыққан большевиктерге ешбір рақым қылмаңыз.

Алашорда председателі — Ә.БӨКЕЙХАН.

// "Қазақ". 1918 ж.- № 262.

№ 54

1918 ж. 21(8) қараша

Жалпы Россияның Уақытша хүкіметінің Уәлаят

хүкіметтеріне һәм Россия мемлекетінің азаматтарына берген уәде хаты

Уфада 1918 жылы 10-23 сентябрьде Мемлекет Кеңесінде болғандардың бәрі жұмылып беруі бойынша, барлық мемлекет билігін алысымен-ақ жалпы Россияның Уақытша хүкіметі мемлекет тілектерін, ең алдымен Россияның бірлігі һәм тұтастығы сақталып, жаңаруы үшін күрес заманда керек, Отан күшін жасауға кірісті. Құрбандықты аямай, осы үлкен істі орындамаққа хүкімет қарасса да, тізілген тәртіпті бір жолда билік болмағандықтан һәм түрлі уәлаяттарда Айырым Хүкіметтер орнап, тұрғандықтан, әскердің керек-жарағын жетістіруге һәм ел үшін ұйымдастыруға қиыншылық көп кездесті. Уфада 1918 жылы 11-24 сентябрьде Россия мемлекетінің жеке бөлімдерінің кең еркіншілік /автономия/ алуға құқықтары бар деп берген уәдеден танбай, тағы да бекітіп, жалпы Россияның Уақытша Хүкіметі де Қаулы етеді: 1) Жалпы Россия хүкіметінің мемлекет билеу дүкендері құрылған соң-ақ, барша уәлаят хүкіметтерімен жұрт өкілдерінің мекемелері аз уақыт дәурен сүруден тоқтатылсын. 2) Россияның кейбір уәлаяттары автономиялы болуын жалпы Россия хүкіметі танығандықтан Уәлаят хүкіметі жасалмас бұрын оларға берілетін биліктің шегін салып, уәлаятты басқаратын құқықтарын бас хүкімет анықтап айырады. 3) Уәлаят хүкіметтері жүргізіп тұрған хәкімшілік құқықтарын жалпы Россия хүкіметі қолына алса да, олардың шығарып қойған заңдарына тимейді. Бұл заңдарды өзгерту һәм бұзу-жалпы закон шығару ретімен болады. 4) Жалпы Россияға тезірек билік жүргізу керектіктен Сібірдің уақытша хүкіметі құрған Министрліктер һәм мекемелер /кіндік/ жалпы Россияныкі болады. 5) Әскер атаулының бәрі-мемлекеттікі болып, жоғарыдағы бір бастыққа қарайтын болса да, кейбір әскер бөлімдерін жалпы Россия хүкіметі Уәлаят атымен аталатын қылып, үш түсті ұлт туынан басқа уәлаят туын да береді. Бұл тәртіптерді шығарып, жалпы Россия хүкіметі сенеді, мадиярлар мен немістердің һәм олардың соңынан ерген большевиктердің ыдыраған Россия хүкіметін жаңғыртуға Россияның халықтары бірігер деп.

Берілді Омбы қаласында. 1918 ж. 22 октябрь /4 ноябрьде.

Жалпы Россия хүкіметі: Николай Авксентьев, Василий Болдырев, Петр Вологодский, Владимир Виноградов, Александр Зинзинов.

Жалпы Россия хүкіметінің жұмыстарын басқарушы: Аполлон Кругликов.
// "Сарыарқа ". 1918 ж. № 59.

№ 55

1918 ж. 21(8) қараша

Жалпы Россияның Уақытша хүкіметіне Сібірдің; Уақытша хүкіметі хәкімшілікті бермекке 1918 ж. 3 ноябрьге қылған қаулысы:

Сібірдің Уақытша хүкіметі қаулы қылды: 1) 1918 жылы 4 июльдегі "Сібір жеке мемлекет" деген декларацияны /жарнаманы/ бұзып, Сібірдегі барлық хәкімшілікті жалпы Россияның Уақытша хүкіметіне беруге: 2) Хакімшілікті жалпы Россияның Уақытша хүкіметіне берумен бірге Сібірдің Областной Думасы тоқтатылғандықтан, жалпы Сібір өкілдерінің мекемесіне сайлау жолдарын шығару үшін айырым коммиссия жасауға һәм осы коммиссияға Сібірдің Областной Думасындағы материалдарды тапсыруға .

Аға министр - Петр Вологодский
Керек-жарақ министрі - И.Михайлов
Министрлер Кеңесінің істерін жүргізуші - Г.Геннис.
// "Сарыарқа ". 1918 ж. № 59.

№ 56

1918 ж. 21(8) қараша

Жалпы Россияның Уақытша хүкіметінен Орал хүкіметіне Указ

4 ноябрь, 1918 жыл.

Уәлаят хүкіметтеріне һәм Россия мемлекетінің азаматтарына деген уәде хатында жалпы Россияның Уақытша хүкіметі Уәлаят хүкіметтерінің һәм уәлаят өкілдерінің аз уақыт өмір сүруден тоқтатты. Оралдың Уақытша хүкіметін жоғалтқанмен жалпы Россияның Уақытша хүкіметі Оралды шаруа кәсібінің ыңғайымен билеп, түбінде Орал өкілдерінің мекемесі бостандығына қарсы тұрмай, Оралдың осы күнгі жұмысы жалпы Россия хүкіметі қойған айырым өкілі мен жергілікті мекемелер атқаруға да болар деп жалпы Россия хүкіметі қаулы қылды: 1) Оралдың уәлаят хүкіметі өмір сүруден тоқтатуға. 2) Орал уәлаятына жасалған айырым жоба бойынша халық билеуге бас өкілдің дәрежесі ашылсын. 3) Орал хүкіметі жасаған мекемелер тиісті заң шыққанша кіндік хүкімет дүкендеріне қарайтын болып сақтала тұрсын. 4) Оралдың өкілдері жиылатын мекеменің жобасын жасап, сайлау заңдарын шығарып жатқан комиссия қызметін үзбесін, жұмыстарын бітірген соң, жалпы Россия уақытша хүкіметтің бекітуіне берсін.

// "Сарыарқа ". 1918ж. № 59.

№ 57

1918 ж.23 қараша

Жарлық

Уақытша жалпы Россия хүкіметінің жарлығы Алашорда хүкіметіне 4 ноябрьде жаңаша Россия хүкіметі мемлекет билігін Министрлер Советіне тапсыруды қажет тапты. Уақытша Россия хүкіметі осы негізбен Алаш хүкіметіне қалдырып, оның орнына қазақ-қырғыз халқының бөлінбесіне... қарап билік түрін кіргізуді һәм осы мақсатпен қазақ - қырғыздың өзінен болмысты істерін билейтін өкілді мекеме/ представительный орган/ жасауды керек табады. Жақын арада Алаш халқының әкімшілік жұмыстары Уақытша Россия хүкіметінің тарапынан қойылған Бас өкілмен осы күнгі Алаштың өз мекемелерінің қолында болады деген оймен Уақытша Россия хүкіметі бекітті. 1) Алашордадағы жоғарғы хакімшілікті жоғалтуға. 2) Төмендегі орындарды жасауға: а) Бас өкіл орны /должность главы уполномоченного/ мұның бақылауына кірмей қазақ-қырғыз халқының мәдени, болмыс һәм шаруа мұқтаждары.

б) Бас өкілдік орынбасарлары . 3) Алашорда мекемелері қашан лайықты уақытша закон шыққанша бұрынғы қалпында қалып тұрады. Жалпы Россия хүкіметінің кіндік мекемелерімен істес болуға. 4) Алаштың өкілді мекемесі һәм оған сайлау туралы жоба жариялауға бөлек комиссия шығару комиссия жасаған жоба Уақытша Россия хүкіметінің қарауына түседі. Уақытша Россия Хүкіметі: Николай Авксентьев,Василий Болдырев,Петр Вологодский,Владимир Виноградов, Владимир Зинзинов, Уақытша Жалпы Россия хүкіметінің басын атқарушы Аполлон Кругликов. БАСҚАРМА.- Бұл телеграммалар Омбы қаласында түрлі өзгерістердің барлығын көрсетеді. Бірақ,қандай өзгеріс екендігін ашпайды.Саясат толқыны күн сайын өзгеріп тұрған заман ғой, аяғы неге соғатыны әзірге қараңғы.

// "Жас азамат". 1918 ж. №12.

№ 58

1918 ж. 2 желтоқсан

Жалпы қазақ-қырғыз съезі

2-ші жалпы қазақ-қырғыз съезі Орынборда 5-13 декабрьде болып өтілді. Қазіргі заманның күйіне қарай бұл съезде қаралған мәселелер зор болды. Сондықтан қырғыз өз тізгіні өзінде халық болуы үшін соңғы қаралған зор мәселе бүліншіліктен халықты қорғау үшін милиция құру жайы болды. Бүкіл Алаштан съезге 81 өкіл келді, съезде қаралатын мәселелер зор болғандықтан, өкіл емес кісілерде коп келді. Барлығы 200-ден аса адам жиналды. Алаш баласының тілегі, мұңы 9 күнде кеңесіп болып, ерсілі-қарсылы армансыз тексерілді. Ардақты ақсақалдар, ұлтшыл жастар, діндар молдалар, қажылар, атақты ғұламалардан пәленше келмей қалды, дерлік болған жоқ. Съездің толық қаулысын келер нөмірден басуға қалдырып, әзірге байланған сөздің әуелгі жобасын ғана айтып отырмыз. Уақыттың көбін автономия мәселесі алды. Бұл туралы өкілдердің пікірі екіге айрылды. Бір жағы - автономияны күні бүгін ресми /жұрт атынан бүкіл дүниеге/ жария қылуды қуаттады. Екінші жағы милициямызды құрып қамданғанша һәм арамыздағы көрші орыстар менен сөйлесіп кездескенше ресми жария етуді тоқтата тұралық деді. Ақырында екі жақ келісіп, қазір өзара автономия алдық делік, ал ресми жария қылуды съезі атынан сайлап қалдырған қазақ-қырғыз ісін басқарушы 15 кісіге тапсыралық дегенге тоқтады. Қазір Россия жүгенсіз кетіп, хакімшілік жығылғандықтан, бұл 15 кісі біздің Уақытша хүкіметіміз есебінде болсын.

Алашордасына сайланған кісілер:

Уәлидхан Танашев
Халел Досмұхамедов
Айдархан Тұрлыбаев
Ахмет Бірімжанов

Халел Ғаббасов
Садық Аманжолов
Мұстафа Шоқаев
Ғалихан Бөкейханов

Жаңанша Досмұхамедов
Жақып Ақпаев Әлімхан
Ермеков Мұхамеджан Тынышбаев
Базарбай Мәметов

Отыншы Әлжанов һәм
Бақтыкерей Құлманов.

Алашордаға председательдікке Ғалихан сайланды. Алашордасы уақытша Семейде тұратын болды. Алашордасы 1-ші айдың ішінде Түркістан автономиясына қосылған қазақтармен сөйлесіп, оларды Алашқа қосып алмақ болды. Егер Түркістан қазағы Түркістаннан шықпаймыз десе, Алашордасы қалған қырғыз-қазаққа өз еліне автономия жариялап өтуге міндетті болды. Қазақ облыстары қазірден 15 мың милиция құрмақ болды. Мұның шығыны 70 миллион сом шамасында болмақ. Милиция құруға оған керекті пулды жинауға тоқтаусыз кірісуге қаулы қылынды. Жұрттың "қара қазан, сары баланың қамы" үшін милиция құрып, бас қорғау керектігіне қарсы келген жан болмады. Автономия мәселесі қаралғанда бүкіл Алаш баласы өлсек бір шұқырда, тірі болсақ бір төбеде болалық, бөлінбелік, жарылмалық деп, съезд бір ауыздан қаулы қылды. Сөйтіп, Алашордасы құрылды. Алаш туы көтерілді. Алаш ұраны шақырылды. Ұранға намыс қаққызбайтын Алаш баласы болмас, Түркістан қазағы да алтын бесік Ақ Ордаға келіп көрер деген үміттеміз. Автономия ығлан ету мемлекет болды дегенмен бірдей. Біз енді өз алдымызға мемлекет боламыз деп турмыз. Бірақ, "боламыз" бен "болудың" екі арасы жер мен көктей. Сондықтан, боламыз деген соң болуға аянбай қам қою керек. Боламыз деп болмай қалсақ, дүниеде одан артық қорлық жоқ. Кез келгеннің қолында кеткеніміз. Қолдан келмейтін іске арамтер болудың қажеті жоқ. Қолымыздан келеді деп, тәуекелге бел байлаған соң, сол жолда ия болу керек, ия көздеген мақсатқа жету керек. Егер біз осыны ойлап, бүгіннен бастап кәріміз, молдамыз, жасымыз, баламыз, қарамыз, байымыз, жарлымыз Алаш туының астына жиналсақ, жұрт қатарына қосылармыз. Жоқ, әрқайсымыз өз басымыз қамын ойлап, бетімізбен жайылып кетсек, Алашордасы ойран болғаны, Алаш туы құлағаны, онан соң, бізге жұрттық жоқ, азып-тозып кеткеніміз.

Жасасын Алаш! Құтты болсын, Алаш автономиясы !

МАДИЯР

// "Сарыарқа ". 1918 ж. №27.

№ 59

1919 ж. 27 (14) қаңтар

Алашорда шығарған заңдар

1918 жылы 24-ші /11/ июньдегі мәжілісінде Алашорда қаулы қылған:

Совет хүкіметінің заңдары туралы

Алаш автономиясына қараған жерде Совет хүкіметінің шығарған заңдары жойылсын.

Земство туралы

Уақытша хукіметтің 17-ші июньде 1917-жылы бекіткен заңы бойынша кіргізілген Совет хүкіметі қойған жергілікті мекемелер Алаш автономиясының жерінде қайтадан орындарына отырсын. Жергілікті мекемелер әлі кіргізілмеген жерлерде сол 17-ші июнь 1919 жыл заңы бойынша кіргізілсін. Уолостной земство кіргізілгенше уолостарда хакімшілік жүргізуші февраль өзгерісінен кейін жасалған уолостной, ауылнай секілді комитеттер болсын.

Ғаскер кеңесін жасау туралы

Алашорданың қасында үш кісіден Ғаскер Кеңесі /Военный Совет/ жасалсын. Ол Кеңестің қызметі Соғыс Министрлігіңдей болады. Алашорданың областной, уездной Ғаскері Кеңестерін ашсын. Ғаскери Кеңес көпшілдермен соғысу үшін жігіт шақырсын.

Дін, сөйлеу, баспасөз, жиылысу,

Бас бостандықтары туралы

Жаңадан заң шыққанша Алаш автономиясының жерінде Уақытша хүкіметтің дін, сөйлеу, баспасөз, жиылысу, ұйымдасу, бас бостандықтары туралы шығарған заңдары, баяндамалары іске ассын.

Жер туралы

Алаш автономиясының жерінде жер пайдалану туралы жасалған жоба бекітілсін.

Темір жол туралы

Жергілікті мәнісі бар темір жолдарды Алаш автономиясының жерінде салуға рұқсатты жалғыз Алашордасы берсін.

Мемлекет салығы туралы

Алаш автономиясының жергілікті халыққа түсетін мемлекет салығы Алашорданың қазынасына түседі, топтан/ көптен/ алым тез жиналсын.

Алаш автономиясының жерінде жер пайдалану туралы

Уақытша Ереже

-1-

Жер мәселесін түпкілікті етіп шешу жалпы Россия Құрылтайына тиіс.

-2-

Жалпы Россия Құрылтайы жер заңын шығарғанша Алаш автономиясының жерінде төмендегі ретпен жер пайдалануға болады: 1) Алаш автономиясының жерінде жерді мүлік бөлу жоғалады. 2) Жердің кендерін, судың балығын, судың тегін көшін пайдалануға рұқсат жалғыз Алашордадан беріледі. 3) Қазақ арасындағы жер дауларын үш кісілік /третейский/ таңдалған сот бітіреді. Дауласқан жақтардың әрқайсысынан бір ақсақал кіреді, председателі екі жақты келісіл, сайланған адам болады. 4) Қазақ пен орыс арасындағы жер дауларын жергілікті земство мекемелері бітіреді. 5) Февраль өзгерісінен соң, кесілген жерлерге кісі

жазу,бірден бір учаскеге ауыстыру, жер кесіп қосу /бір резка/ тоқталады. 6) Әлі мұжық орналаспаған учаскелер ақсүйектерге, шіркеуге, сопыханаға, мал өсірушіге, школға, саудагер - кәсішпілерге, емханаларға арналып, кесілген жерлер, оброчный статьялар, әлі кісі орнамаған хуторлар жергілікті халық пайдасына беріледі.

а) Қазақ жерінің арасындағы учаскелер иелеріне беріледі. ә) Қазақ жерлері мен орыс поселкелерінің арасындағы участкелерді жергілікті халыққа земство мекемелері үлестіреді. 7) Февраль өзгерісі болғанша жоспарланған, уақытша комиссиялар алған жерлердегі қыстауын тастап кетпеген қазақтар сол қыстауларында қалады. 8) Февраль өзгерісіне дейін уақытша комиссиялар алған, бірақ әлі шегі жүргізілмеген участкелер бұрынғы иелеріне қайтады. 9) Қазынаның жеке билейтін ағаштарының ішіндегі шабындықтары, жайылымдарын халыққа земство үлестіреді/ жергілікті земство/. 10) Переселен мекемесімен мемлекет мүлкін билейтін мекемелер осы ереженің 6-шы бабында корсеткен учаскелерді жалға беруге жасаған ұзын срокты договорлар /шартнамалар/ жойылады. 11) Мал тұқымын асылдандыратын орындар, үлгілі егіндіктер, шаруа үйрететін фермалар кесілген учаскелерімен, мүлік-сайманымен земствоға беріледі. Переселен мекемесі жойылады, оның шаруашыл, ұйымшыл, санақшыл, бөлікшіл, мектепшіл, құдықшыл, сушыл бөлімдері земствоның тиісті бөлімдеріне аударылады, земствоға беріледі.

// "Сарыарқа". 1919 ж. № 67.

№ 60

1919 ж. 8 ақпан

Земствоның қысқаша жайы

Земство-халықтың өз қолындағы бір белгілі кеңсесі (мекемесі). Земствоның жылында халықтан жиып отыратын һәм түпкі қазынасы болмақ. Қазынасы болмаған земство земство болмайды. Қазына жәй жатпайды. Аймағындағы халық пайдаланып тұрады. Мынадай ретпен земствода түрлі бөлімдер болады. 1) Шаруа бөлімі 2) Азық-түлік бөлімі 3) Оқу бөлімі 4) Билік бөлімі 5) Ем-денсаулық бөлімі 6) Жер бөлімі 7) Ағаш қорғау бөлімі 8) Кіріс-шығыс бөлімі (бухгалтерия) һәм басқалар. Шаруа бөлімі: Халықтың шаруасына қолайлы керек-жарақты мысалы, егін, шөп-сүт машиналары, соқа (әр түрлісінен), айғыр, бұқа, қошқар, сондай-ақ, жақсы тұқымдарын ұстамақ. Егін тұқымының складын ашпақ. Керек қылған кісі нәрсенің осымен беріп, пайдаланған соң земствоға қайырып береді. Азық-түлік бөлімі: Халқы көп, базарлы жерге, азық - түлік, кездеме, шәй, қант, темір, былғары тағы сондай тіршілікке мұқтаж болған нәрселерді жиып, дүкен ашады. Оқу бөлімі: Өзінің аймағында әр қолайлы жерлерге мектеп салады. Мектепке тәртіппен оқытатын мұғалімдер жібереді. Бұлардың керек-жарағын , кем-кетігін қарап тұрады. Ем-денсаулық бөлімі: Халықтың ауырған, сырқағанын қарайды. Қолайлы жерлерге аурухана (больница) салады. Оған дәрігер емшілер жібереді. Жер бөлімі: Неше түрлі егін салу, шабындық шабу... тұрасындағы шатақ кеңестерді шешеді һәм өз аймағындағы өзенді, батпақты жолдаға көпір салады. Ағаш қорғау бөлімі: Ағашты кесуден, ұрлаудан сақтайды. Ағаш кереңктерге тиісті ақысымен ағаш сатады. Кіріс-шығыс бөлімі: Земствоның кіріс-шығысын тексеріп, халықтық жиналыстарда гласныйларға һәм халық председательдеріне есеп береді.

Ел көсемі ағалар!

Земство болғанда халыққа пайдалы ма, зиянды ма, безбендеп қарасаңыздар екен. Сіз ойламаңыз земство болған соң халыққа шығын көбейеді екен деп, шығын Николай заманындағыдан аспайды. Бұл земство сіңірі шыққан кедейлерге өте пайдалы тіршілік жолының күйзелмейтін бапты тиісті жағы. Земствоның күнімізді көріп келеміз дейтіндер де болар. Земствосыз күн көріп келсе, ол уақытта жері кең қазақ жеріне мұжықтың орнамаған уақыты еді. Тіршілік ағымы сонымен көрікті көрінетін еді. Ал, енді жері әрі тар,әрі малы аз, енді қалай күн көруге болады?

Ел көсемі ақсақалдар, атқа мінер ағалар осы жағын да бір ойлаңдар!

Б.ЕРЖАНОВ

//"Жас азамат ".-1919 ж.-№22

№ 61

1919 ж. 1(19) ақпан

Ескермей қалмасын

Семей облысының қазағы Алашорданың әмірі бойынша уолос басы 30 жігіттен жүріп, жауды елден қорғауға , бүтіндікті бұздырмауға, көпшілдердің тырнағына түсіп, жаншылып жаны шығуға тақаған қазақ-қырғыз жерінен көпшілдерді қуып аршуға тұңғыш алаш полкі деп ат қойып, әскер жасағаны алашқа мәлім. Бүл тұңғыш Алаш әскері Жетісу майданына аттанып, онда барған соң соғысқа кіріп, өжеттікті көрсетіп жауға қойға тиген қасқардай тиіп, қайрат көрсетіп жатқаны да белгілі. Бірақ, бүл Алаш әскерінің жігіттері саусаққа салып санарлықтай, оқыған қазақ азаматтарымен болмаған себептермен, талай кісі тартты, жарқыраған күн туғанда Алаштың құлағына салармыз. Әзір сол жағын біркеулі қоя тұрып, енді атыста жүрген Алаш әскерінің жігіттерінің артында қалған әке-шешесі, іні-қарындасы, қатын-баласы қазынадан қалайша жәрдемдесе алатын жөнін жазып, ел билеген Алаш балаларының құлағына салып, шаңырақ қазынадан жәрдем алуға қам қылса екен деп тілейміз. Әскерлік қызметіне алынған жігіттердің әке-шешесі, яки қатын-баласы 28 июльде 1918жылы ғ12 Күнбатыс Сібір әскеріне шығарған жарлық бойынша һәм Сібірдің уақытша хүкіметі шығарған 1918ж. жарлық бойынша уездной әскер бастықтардан ай сайын 100 сом жәрдем алады. Жәрдем аларда жігіттің қай әскер бөлімінде қызмет етіп жүргенін көрсететін куәлік қағаз көрсетіледі. Ол куәлік қағазды жігіттің қызмет қылып жүрген бастығы береді. Пәлендей менің қол астыма қараған әскер бөлімінде сол жігіттің пәлендей әкесіне, яки шешесіне, болмаса қатынына, әйтеуір үйінің ішіндегі біреуінің атына ғана куәлік қағаз жазып береді. Қазына жәрдемі өз күшімен күнін көре алмайтын, қызметке алынған жігіттің табысымен ғана жанын сақтап отырған үйге беріледі. Жігіттің бағынған бастығы куәлік қағаз беру үшін артында қалған әке-шешесі, қатыны, іні-қарындасы уолостной комитеттерден , яки милициядан куәлік қаға алады. Пәлен ғаскер бөлімінде жүрген жігітің әке-шешесі, қатыны, яки іні-қарындасы бұрын әскерлік қызметке азаматы кетпес бұрын соның табысымен ғана күн көруші еді деп. Осылай делінген куәлік қағаз алынған соң, жігіт қызмет қылып жүрген полкке жіберіледі. Бұл куәлік қағазды алған соң полк бастығы өз жеріндегі уездной воинский начальникке куәлік қағаз береді. Военный начальник аттестат (қағаз) береді. Сол қағазды ұстап казначествоға барып, жігіттің үйінде қалғанның біреуі ақша алады. Уолостной комитеттерден, яки милициядан жігіттің үйде қалғандарына берілетін куәлік қағаздың нұсқасын орысша басып отырмыз. Соған қарап жазып бергендерін қатты тілейміз һәм жазған соң төменде көрсетілген адреспен тығыз жіберулерін өтінеміз.

Форма. Удостоверение № 372

Дано сие от Семипалатинского волостного исполнительного комитета гражданину (или гражданке) той же волости аула Семипалатинского уезда Дюйсеку Даламбаеву в том, что он (или она) состоял на полном иждевении своего сына (или мужа) Хамидуллина Дюйсекенова, поступившего на военную службу добровольцем в 1-Алашский конный полк, а потому шлять право на получение ежемесячного сто рублевого пайка от Семипалатинского (или Зайсанского) уезда воинского начальника с 1-августа 1918г., с подписью с приложением печати удостоверяется 18-января 1919г.

Место волостного
Печати исполнительнего комитета
Секретарь /подпись/

Осы көрсетілген үлгіге қарап, елінен Алаш полкінде жігіті жүрген комитеттер тезірек мына адреспен жіберсе екен. г. Алаш /Заречная Слобода/ Семипалатинская область Семипалатинском областном Совете Алашорда

//"Сарыарқа ".-1919 ж.-№68.

№ 62

1919 ж. 23 желтоқсан

Өзгерістің барысы

Жалпы Русия бейнетқорларының күшті қолдарымен, төрт жүз жыл тамырланып, бұтағын жайған қанішер Николай хүкіметінің құлап, Совет хүкіметінің түзілгеніне екі жыл толып, үшінші жылға аяқ басты. Осы өткен екі жылдың ішінде бұрынғы құл есебінде жүрген бейнетқор жарлылардың хүкіметті қолдарына алуларына риза болмай түрлі жерлердің жетім аш балалары, жұрттарына зерлі пагон таққан өңкей зорлары жанарал полицейлер бейнетқорларды большевик болар талаушы, өлтіруші, ел арасына іріткі салып, өздеріне жәрдемшілер жинап, соғыс ашты. Ермегендерді қорқытып, аман алып, шет патшаларға құралға айырбастап, өздеріне ықтиярсыз мылтық ұстатып, жауға айдады. Бұл соғысқа шыққандардың бастылары - күштілері Сибирия жағынан Колчак әскері, түн жақтан Англия мен Финляндияның байлары, күншығыста ...Деникин әскерлері еді. Соғысты бітіріп, бүтін дүние халқына татулық, ағайындық, тегістік үшін күрескен бейнетқорлар амалсыз жан - жағынан қасқырша шапқан жауға қарсы шығып өздерін өздері сақтау үшін күштерін жинап құралға жабысты. Міне, бұл соғыстың да екі жылын артқа салып, үшінші жылда отырмыз. Бұл екі топ болып, осы күнге шейін итжығыс түсіп тұрған үлкен соғыстың зияны жай тұрған елдерге де аз емес. Сол елдердің бірі біздің қазақ елі. Аламан алауыздықтарға ...еріп, қазақтардан партия жинап, өздерінің бейнетқор бауырларына қарсы соғысқа шыққандары болды. Бұлардың большевиктер жағында қалған жақын-жарандары большевиктен таяқ жеп, бейнетқорлар жағына шығып, адал жүрек, ақ ниетпен халқыма қызмет етемін деген ерлері атты казак ... басқа бейнетқорлардың дұшпандарынан таяқ жеп, түрлі-түрлі көңілсіз оқиғалар болды. Бұл болып өткен кейбір жерлерде осы үнге дейін болып жатқан оқиғалардың көңілсіз екендігін қолдан қолға көшіп тұрған елдер жақсы біледі. Әуелі соғыс сақтағанда әрлі зерлі пагон таққан жанаралдар, байлар күш бізде мол, құрал бізде, бізді шет патшалар да жақтайды. Біз большевиктерді бір жұма, әрі кетсе бір айда бітіреміз деп көтеріліп, адамсып атқа мініп еді. Бұларға қашаннан жем іздеген қарға-кұзғын секілді езілген әлсіз елдердің көп байлығы, жұмыскерлерінің күші, жер-су кендерімен пайдаланам деген Англия, Франция басқа шет патшалардың жалмауыз капиталист байлары, ақшарын беріп, барын аямай жәрдемдесті. Көп жәрдемге мас болып, шабуылға шыққанның бірі жоғарыда айтылған колчак еді. Өткен жазда бұл колчак әсері бейнетқорлардың қызыл әскері мен Сибирияның алыс түкпіріне қуылып...қызыл әскер бұл жақта жүргенде құбыла, күн батыста Деникин әскері шығып, бейнетқорларды қысып, Петроградқа жақындап қалып еді. Бұл күнде олар да кері қуылып, алған қалалары кпрі қайтарып алынулы. Түрлі соғыс майдандарындағы қызыл әскерлердің үлкен жеңулерінен соң осы күнге шейін дұшпандар жағында болып, біздің мен соғысып тұрған уақ патшалар келіс жайын сөйлесе бастады. Келіс әңгімесін сөйлеспекші болды. Бұл патшалықтардың келіс әңгімелерін бастаулары Совет хүкіметінің күшейіп, бейнетқор жарлылардың бұрынғы құлдық күндерінен құтылып адам қатарында жақсы құрдастық дүниесіне шығуларына бірінші айғақ. Совет хүкіметін жер бетінен жойып, Русияның ескі күндерін қайтарамыз дегендердің ауыздары тығылулы. Енді олар да совет хүкіметін танып, қалайда басса, қосылу қамтамасына кірісулі. Дұшпан азайып, соғыс бітіп, Совет хүкіметінің алдына алған жұмасы, көз тіккен мақсаты болған құрдастықтың түрі жарқырап дүниеге шығуы алыс емес.

//"Ұшқын ". -1919 ж. -№4.

№ 63

1919 ж. 23 желтоқсан

Ақтөбе уезіндегі советтердің ІІІ-съезі

Съезге өкілдердің түгел келе алмауының себебін білу туралы әңгіме болып, бүл жұмыс съезд басқарушыларына тапсырылады һәм келешек отырыстарда осы туралы өкілдер алатын істердің тәртібі түзіліп болып тұрған жәйлардан докладтар тыңдалады. Осымен өкілдер түскі асқа тарап, түстен соңғы жиналысқа тағы да болып тұрған жәйлардан докладтар тыңдалған соң мынадай қаулылар шығарылды: Болып тұрған жәйлар туралы қаулылар: 1)Русия Совет хүкіметі Русияда қабырғасы қатып, буыны бекуінің үстіне бүтін дүние жүзіндегі бейнетқорлардың бүтін ұлттардың түрлі дін һәм елдердің ашық жүзі жылы шырайларын өзіне қаратқандығына съезд сенеді һәм оған шек келтірмейді. 2) Совет хүкіметінің мықтап тамыр жайып, табандап бекуі үшін, съезд қару ұстап соғысудан бөтен, азық-түлік, мал-мүлік һәм басқа түрлі де жұрт жұмысына керекті нәрселерге жәрдем беруге әзір екендігін білдіреді. 3) Уезд қол астындағы орыс-мұсылман барлық халық Совет хүкіметінің дұрыстық һәм тендікке жолдайтынын түсініп, әрқайсысы Совет бас мекемесінің шығарған қаулы -бұйрықтарын жеріне келтіруге, бұл хүкіметке жәрдем жолында көрісуші елдерге, жаралы һәм наукде қызыл әскерлерге жәрдем қолдарын созуларына съезд бек нық сенеді. Бүгін өзгеріс бастықтарын һәм біздің арқа таянышымыз қызыл әскерлерімізді құттықтаймыз. Кетсін, ескі шірік байлар билігі, біріксін жарлылар, бейнетқорлар хүкіметі. Онан соңғы әңгіме жалпы Русия Советтерінің съезіне екі өкіл жіберу берілгендіктен, бұл орындарға орыстан жолдас..., қазақтан Орынборда тұратын жолдас А.Байтұрсынов сайланады. Сонымен отарыс тарқайды.

26 ноябрь отырысы Съезге уақытша қазақ даласын билеу туралы шығарылған закондар тыңдалып, түсіндіріледі. Түстен кейінгі отырыста жер-жерлерден келген өкілдердің докладтары тыңдалады.

27 ноябрь отырысы Орын өкілдерінің докладтары оқылғаннан кейін, әрлі - берлі сөз болып, бұл туралы қаулы шығарылады.

Түрлі орынның докладтары туралы қаулы Әр орыннан келген өкілдердің оқыған докладтарынан да көрінеді, қай жердегі қазақ крестьян һәм жүмысшы болса да, бәрінің де мұқтаждығы бірдей екендігі. Бұл мұқтаждықтар: ауыл шаруашылығына керек машиналардың жетіспеуі, тасымал көліктің кемдігі, темірден жасалған нәрселердің, матаның, аяқ киімнің һәм басқа да сол секілді бірінші керек заттардың жоқтығы. Онан басқа да уезд арқылы өткен іскерлерден елге бірталай залал тигізгендігі, дала һәм қалада тасымал-көліктің тәртіпсіз алынуы. Кейбір іскер кісілердің дала һәм ауыл Советтеріне жұғымсыз, тек келетіндіктері аңдалды. ...уездің керегін таратып, жеткізе алмайды һәм қай себептен екені білінбейді. Іскері мекемелердің қол астына көшті.

Съезд қаулы шығарады: 1) Осындай болып тұрған көңілсіз оқиғаларды бітіру үшін әр уақыт соғыс һәм ел арасына түрлі үгіттер жіберетін мекемелермен сөйлесіп, түсініп түру сайланатын жақтың исполкомына міндет етілді. 2) Ауыл шаруашылығына керек машиналар, құралдар һәм басқа да бірінші керек нәрселерді өтеу үшін Советтер, потребитель ұйымдары осы заттардың бар жерлерімен зат айырбас жасауды тәртіпке салу һәм пайдаға асарлық қолда бар нәрселерді қала-дала болып ортақ көру. 3) Халық ағарту бөлімдерін, оқу, білім тарату жолында барлық күштерімен тырысып, орыс-мұсылман арасында бірдей ағарту істерін тәртіпке салуға міндетті ету. 4) Уолостной, ауылнай Советтерге өздерінің қол астындағы ұсталарды, зергерлерді бар құралдарымен есепке алу. Кейбір ұсталар жоқ жерлерде ауыл халқы шаруа реттерінде мұқтаждыққа түспеу үшін керек болған ұсталар үйін ашып, оларға керекті көмір тағы сондай нәрселерді тауып беру істерін қарау. 5) Керегінде түрлі жұмысқа әзір болулары үшін әрбір уолоста қандай жұмыскерлер қандай жұмысқа лайықты сандары қанша барын есепке алу, түрлі жұмысқа лайықты жұмыскерлер әзірлеу үшін школалар, қасында қысқы уақытта курстар ашып, үйрету. 6) Жүргіншілер үшін қала — қаланың арасында лау аттар әзірлеп жолды тәртіпке салу...

//"Ұшқын ". -1919 ж. -№4.

№ 64

1920 ж. 25 тамыз

Алашорда ағзалары туралы

(Копиядан копия) Жалпы Россияның жұмыскер, крестьян, қазақшы һәм қызыл әскерлер өкілдерінің атқару комитеті президиумының 1920 жылдың үшінші июнінде болған мәжілісінің 18 нөмерлі протоколынан: Жалпы Россия кіндік атқару комитетін болып өткен Алашорда хүкіметі ағзаларын Кеңесте хүкіметтерінің қызметтеріне кірістіру һәм оларды өткен уақыттағы барлық қызметтері үшін жазғырып, соңына түсуді тоқтату жақындағы шығарған жобасы қаралды .

Қаулы етілді:

Жалпы Россия кіндік атқару комитетінің 1919 жылы 4 апрельде шығарған қарары бойынша президиум Қазақ , Сібір төңкеріс комитеттеріне һәм ... губерниялық исполкомға сол кіндік атқару комитетінің 4 апрельдегі қарарын халыққа тегіс ығлан етуді міндет қылады һәм президиум болып өткен Алашорда хүкіметінің ағзаларын Кеңестер үкіметінің қызметтерін атқару ісіне кірістіретін мезгіл жетті деп біліп, оларды өткен күндегі қызметтері үшін жазғырып, соңына түсуден тоқтатуға тікелей әмір қылады.

Дұрыс: Жалпы Россияның кіндік атқару комитетінің хатшысы ... қол қойған.
Дұрыс көшірілді: Кіндік комитетінің жалпы кеңесі хатшысы. (қол қойған).

Дұрыс: Қазақ даласының Халық Ағарту ісінің комиссары һәм Жалпы Россия кіндік атқару комитетінің ағзасы:

МЕҢДЕШЕВ С.

// "Ұшқын". 1920 ж. № 27. 2) Ауыл шаруашылығына керек машиналар, құралдар һәм басқа да бірінші керек нәрселерді өтеу үшін Советтер, потребитель ұйымдары осы заттардың бар жерлерімен зат айырбас жасауды тәртіпке салу һәм пайдаға асарлық қолда бар нәрселерді қала-дала болып ортақ көру. 3) Халық ағарту бөлімдерін, оқу, білім тарату жолында барлық күштерімен тырысып, орыс-мұсылман арасында бірдей ағарту істерін тәртіпке салуға міндетті ету. 4) Уолостной, ауылнай Советтерге өздерінің қол астындағы ұсталарды, зергерлерді бар құралдарымен есепке алу. Кейбір ұсталар жоқ жерлерде ауыл халқы шаруа реттерінде мұқтаждыққа түспеу үшін керек болған ұсталар үйін ашып, оларға керекті көмір тағы сондай нәрселерді тауып беру істерін қарау. 5) Керегінде түрлі жұмысқа әзір болулары үшін әрбір уолоста қандай жұмыскерлер қандай жұмысқа лайықты сандары қанша барын есепке алу, түрлі жұмысқа лайықты жұмыскерлер әзірлеу үшін школалар, қасында қысқы уақытта курстар ашып, үйрету. 6) Жүргіншілер үшін қала — қаланың арасында лау аттар әзірлеп жолды тәртіпке салу...

//"Ұшқын ". -1919 ж. -№4.

№ 64

1920 ж. 25 тамыз

Алашорда ағзалары туралы

(Копиядан копия) Жалпы Россияның жұмыскер, крестьян ,қазақшы һәм қызыл әскерлер өкілдерінің атқару комитеті президиумының 1920 жылдың үшінші июнінде болған мәжілісінің 18 нөмерлі протоколынан: Жалпы Россия кіндік атқару комитетін болып өткен Алашорда хүкіметі ағзаларын Кеңесте хүкіметтерінің қызметтеріне кірістіру һәм оларды өткен уақыттағы барлық қызметтері үшін жазғырып, соңына түсуді тоқтату жақындағы шығарған жобасы қаралды .

Қаулы етілді:

Жалпы Россия кіндік атқару комитетінің 1919 жылы 4 апрельде шығарған қарары бойынша президиум Қазақ , Сібір төңкеріс комитеттеріне һәм ... губерниялық исполкомға сол кіндік атқару комитетінің 4 апрельдегі қарарын халыққа тегіс ығлан етуді міндет қылады һәм президиум болып өткен Алашорда хүкіметінің ағзаларын Кеңестер үкіметінің қызметтерін атқару ісіне кірістіретін мезгіл жетті деп біліп, оларды өткен күндегі қызметтері үшін жазғырып, соңына түсуден тоқтатуға тікелей әмір қылады.

Дұрыс: Жалпы Россияның кіндік атқару комитетінің хатшысы ... қол қойған.
Дұрыс көшірілді: Кіндік комитетінің жалпы кеңесі хатшысы. (қол қойған).

Дұрыс: Қазақ даласының Халық Ағарту ісінің комиссары һәм Жалпы Россия кіндік атқару комитетінің ағзасы:

МЕҢДЕШЕВ С.

// "Ұшқын ". 1920 ж. № 27.

ҚОСЫМШАЛАР

І. Облыстық қазақ съездері

Торғай облысы:

2-8 сәуір, 1917 ж. (Орынбор)
20-25 тамыз 1917 ж. (Ақтөбе)
қараша, 1917ж. (Торғай облысы)

Жетісу облысы:

12-14 сәуір, 1917 ж. (Верный)
2 маусым, 1917 ж. (Верный)
тамыз, 1917 ж. (Верный)
25 желтоқсан, 1917 ж. (Алматы)

қаңтар, 1918 ж. (Алматы)
10-31 тамыз, 1918 ж. (Лeпcі)
25 мамыр, 1918 ж.

Орал облысы:

19-22 сәуір, 1917 ж. (Орал)
маусым, 1917 ж. (Ойыл)
18 қыркүйек, 1917 ж. (Жымпиты)
17 қаңтар, 1918 ж. (Қаратөбе)

18-21 мамыр, 1918 ж. (Жымпиты)
ақпан, 1919 ж. (Қаратөбе)
14-20 шілде, 1919 ж. (Ойыл)
10 желтоқсан, 1919 ж. (Қызылқоға)

Бөкей Ордасы:

20-25 сәуір, 1917 ж. (Бөкей Ордасы)
10 қыркүйек, 1917 ж. (Бөкей Ордасы)

Ақмола облысы:

25 сәуір-7 мамыр, 1917 ж. (Омбы)
қыркүйек, 1917 ж.
31 қазан, 1917 ж. (Омбы)

Семей облысы:

27 сәуір-7 мамыр, 1917 ж. (Семей)
12 қыркүйек, 1917 ж. (Семей)
10-13 мамыр, 1918 ж. (Алаш қаласы)

Сырдария облысы:

2-5 тамыз, 1917 ж. (Ташкент-Түркістан аймағы қазақ - қырғыздарының съезі)
8-11 қазан, 1917 ж. (Түркістан)

27 қараша, 1917 ж. (Қоқан қаласы-Қоқан съезі немесе Түркістан мұсылмандарының 4-ші съезі)

6-9 қаңтар, 1918 ж. (Түркістан - Сырдария қазақ - қырғыздарының съезі)
мамыр, 1918 ж. (Түркістан)
қазан, 1918 ж. (Түркістан)

ІІ. Уездік және болыстық қазақ съездері

Торғай облысы бойынша:

18 наурыз, 1917 ж. (Торғай уезі Қартоғай мекені)
желтоқсан, 1917 ж. (Темір уезі)
28 желтоқсан, 1917 ж. (ЬІрғыз уезі)
1918жылдың соңы (Ырғыз уезі)

14-17 қазан, 1918 ж. (Қостанай уезі)
10-15 қаңтар, 1918 ж. (Қостанай уезі)
14сәуір, 1917 ж. (Тосын болысы)
27 тамыз, 1918 ж. (Ақтөбе уезі,Ақбұлақ болысы)

Жетісу облысы бойынша:

1 қазан, 1917 ж. (Үржар)
27 желтоқсан, 1917 ж. (Әулие-ата)
наурыз, 1918 ж. (Жаркент уезі, Өсек болысы)

Орал облысы бойынша:

15 наурыз, 1917 ж. (Қарашығанақ уезі)
13 наурыз, 1917 ж. (1-ші және 2-ші Орал болыстары)

Ақмола облысы бойынша:

шілде, 1918 ж. (Омбы уезі)
18-19 сәуір, 1917 ж. (Көкшетау уезі, 14 болыстың басқосуы)
21-24 тамыз, 1917 ж. (Көкшетау уезі) 1-8 мамыр, 1917 ж. (Қызылжар уезі)
1 тамыз, 1918 ж. (Петропавл уезі, Пресновская станциясы)

17 қыркүйек, 1918 ж. (Көкшетау)

Семей облысы бойынша:

7-11 қыркүйек, 1917 ж. (Зайсан уезі)
қараша, 1917 ж. (Зайсан)
ақпан, 1918 ж. (Зайсан)
13-26 маусым, 1918 ж. (Павлодар уезі)

15 ақпан, 1917 ж. (Павлодар) ақпан, 1917 ж.(Қарқаралы уезі)
25 маусым, 1918 ж. (Өскемен уезі 11 болыстың басқосуы)
19 шілде, 1918 ж. (Өскемен уезі) 1918 жылдың күзі (Ақтасты болысы)

Сырдария облысы бойынша:

23-26 наурыз, 1917 ж. (Ақмешіт уезі)
27 шілде, 1917 ж. (Ақмешіт уезі,21 болысының басқосуы)
11 қаңтар, 1918 ж. (Қойлық)
16 қаңтар, 1918 ж. (Қазалы уезі)

20 қараша, 1917 ж. (Шиелі, 9 болыстың басқосуы)
30 желтоқсан, 1918 ж. (Қармақшы, 8 болыстың басқосуы)

ІІІ. Бірінші және екінші жалпы қазақ съездері

21-26 шілде, 1917 ж. (Орынбор) - Бірінші жалпы қазақ съезі

5-13 желтоқсан, 1917 ж. (Орынбор) - Екінші жалпы қазақ съезі

TYCІHІKTEMEЛEP

*Гос Дума - патшалық Ресейдегі бірден-бір демократиялық және құқықтық, заң қабылдайтын орган. Бірінші орыс буржуазиялық демократиялық революциясынан кейінгі 1906-1917 ж.ж. аралығында Ресейде 4 рет шақырылған.

1-ші Мемлекеттік Дума (27 сәуір-8 шілде 1906 ж.)
2-ші Мемлекеттік Дума (20 ақпан-2 маусым 1907 ж.).
3-ші Мемлекеттік Дума (1 қараша 1907 ж.-9 маусым 1912 ж.).
4-ші Мемлекеттік Дума (15 қараша 1914 ж.- 25 қазан 1917 ж.).

*Учредительное Собрание - Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы 1917ж. ақпан революциясынан кейін Ресейде қалыптасқан саяси жағдайға байланысты мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуді және басқаруды айқындау мақсатында шақырылған халық өкілдерінің жиналысы.

*Шораи-Ислам - 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым. Бүл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды.

*Ғұлама қоғамы - 1917ж. ақпан революциясынан кейін Түркістан өлкесінде жергілікті халықтың мүддесін қорғау мақсатында құрылған қоғамдық-саяси орган. С.Лапин төрағалық еткен.

*Демократическая децентралистическая республика - демократиялық *қатаң бір орталыққа бағынбаған * республика.

*Муфти - мұсылман дінінің ең жоғарғы өкілі.

*Низам - заң, ереже мағынасында.

*Ахун - мұсылмандық діни лауазым, баулушы ұстаз мағынасында. XVІІІ ғ. 2-ші жартысынан бастап қазақ даласында қолданылған діни лауазым.

*Отрубной, оброчной статьялар - алым-салық төленетін жерлер

*Дала уәлаяты - 1882 ж. құрамына Ақмола, Семей, Жетісу облыстары кірген Дала генерал-губернаторлығына байланысты айтылады.

*Земство сайлауы - жергілікті басқару мекемелерінің сайлауы.

*Наказ - талап-тілек, аманат мағынасында.

*Православие шіркеуі - христиан дінінің бір тармағын ұстанатындардың меншігіндегі діни орталық.

*Вакуфтық меншік - діни, шіркеулік жерлер.

*Пансион - жанында жатақханасы бар орта дәрежелі оқу орны.

*Ваканция - мекеме, я оқу орындарындағы бос орын

*Гимназия - жалпы орта білім беретін оқу орны. Қазақстанда гимназиялар XІX г. ортасынан бастап ашыла бастады.

*Аренда - мүлік иесінің оз мүлкін басқа кісіге өзара келісім бойынша, ақыға уақытша пайдалануға беруі.

*Қазақ станицалары - қазақтар тұратын жерлер/селолар/

*Переселен ісі - орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру ісі. Мұндай іс-шаралар ХІХғ. соңында Ресейде құрылған Қоныстандыру мекемесі тарапынан мақсатты түрде жүргізілген. Мақсаты - қазақтың елінің *артық жерлерін* анықтап, орыс шаруаларына бөліп беру.

Генерал-губернатор - патшалық Ресейдегі жергілікті жоғарғы әкімшілік лауазым.

*Натуралды міндеттілік - тәуелді адамдардың табиғи өнімдерді беруге міндеттілігі.

*ЛАУ - қызмет бабымен келген лауазымды адамды бір ауылдан екінші ауылға жеткізіп тастайтын күш көлігі.

*Автономия - грек сөзі, өзін-өзі басқару, тәуелсіздік. Бір мемлекеттің құрамындағы саяси ұлттық құрылымның айрықша мәртебе алып, өзінің ішкі проблемаларын дербес шешудің кең де, ауқымды мүмкіндіктеріне ие болуы.

*Федерация - азаматтығы бірыңғай, біртүтас ортақ, одақтық мемлекет құратын мемлекеттердің бірігу формасы.

*Алаш партиясы - 1-ші жалпы қазақ съезінің шешіміне сәйкес құрылған қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы( 21-26 шілде, 1917-1920 ж.ж.)

*Алашорда - Алаш автономиясының үкіметі немесе Ұлт Кеңесі (5-13 желтоқсан, 1917-1920 ж.ж.). Алашорданың мүшесі 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Орталығы алғашқыда Орынбор, кейіннен Семей қаласы болды.

*Алаш милициясы - халықтық милиция - 1917 ж. 5-13 желтоқсан күндері Орынборда өткен 2-ші жалпы қазақ съезінің шешіміне сәйкес құрылған Алаш автономиясының Қарулы жасақтары

Коалиционный - мемлекеттердің, партиялардың ортақ мақсатқа жету жолындағы бірлестігі, саяси экономикалық одағы

*Мирас - мұра, әкеден балаға ауысқан мүлік дүние

*Медресе - бастауыш мектептен бір саты жоғары оқу орны. X ғасырға тән, Хорасан мен Маверенахрға кеңінен тараған.

*Медресе Ғалия - Башқұртстанның Уфа қаласында 1872ж. ашылған мұсылман жоғарғы діни орны. Еділ бойында, Орта Азияда, Қазақстанда оқытушы мамандар даярлаған. Прогрессивтік бағыттағы оқу орны

*Ғусмания, Расулия, Мухмадия, Хусния - XІX ғ. соңы мен XX ғ басындағы медресе атаулары

*Кооператив - еңбекті ұйымдастырудың айрықша түрі немесе игілік қоғамы. Ол бір немесе бірнеше өзара байланысты еңбек процестерін көптеген адамның бірлесіп ат - қару жолымен ұйымдастырылады әрі еңбек өнімділігін арттыруға жағдай туғызады.

*Кредит-товарищество - қаражатты белгілі бір процент мөлшерінде несиеге беру, уақ-қарыз серіктестігі.

*Кірмелер - сырттан келгендер немесе қоныстанушылар мағынасында

*Талан - жеребе салу

*Дуан - XІX ғ. 20-шы жылдарында қабылданған саяси - әкімшілік реформаларға сәйкес қазақ даласында ашылған округтердің орталығы. Парсыша *Мемлекеттік Кеңес* деген мағынаны білдіреді.

*Русско-туземная школа - орыс-қазақ (жергілікті халық) мектебі

*Партиялық - бөлінушілік мағынасында

*Манифестация - бір оқиғаға, іске тілектестігін немесе қарсылығын білдіру үшін көпшілік болып қыр көрсету, көшеде шеру жасау, жиналыс өткізу

*3екет - мал-мүлік есебінен алынатын діни салық

*Пітір - ораза айында жан басына алынатын салық

*Уәжіп - негіз, дәлел, себеп

*Садақа - молдаға, не қайыршыға жақсы тілек үстінде берілетін ақшалай, заттай берілетін құдайы

Контрибуция - соғыста жеңілген мемлекеттен ықтиярсыз алынатын алым

*Мәслихат албары - Кеңес, мәжіліс алаңы мағынасында

*Мехнат - еңбек, бейнет жұмыс

*Жәдидшілдік - арабша "жаңа әдіс" деген сөз. ХІХғ.

Соңы мен ХХғ. басында Ресей империясында түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени ағартушылық қозғалыс.

*Выборг воззваниесі - 1-ші Мемлекеттік Дума таратылған соң, оның бірқатар мүшелері патша үкіміне қарсы наразылық актісін қабылдау үшін Финляндияның Выборг қаласына аттанады. Выборг үндеуіне Ә. Бөкейханов қол қойған

*Юго-восточный союз - Оңтүстік-шығыс одаққа біріккен атты казак әскері.

*Мәулет беру - уақыт, мерзім беру.

*Жалование - айлық жалақы.

*Мирякуб, Мадияр - Міржақып Дулатовтың бүркеншік есімі.

*Ғалихан, Қыр баласы - Әлихан Бөкейхановтың бүркеншік есімі.

*Бортаң - Хайреддин Болғанбаевтың бүркеншік есімі.

*А.Б. - Ахмет Байтұрсыновтың бүркеншік есімі.

*Б.М. - Бейімбет Майлиннің бүркеншік есімі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН МҰРАҒАТ ҚОРЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

АРХИВЫ КАЗАХСТАНА

ЦЕНТРАЛЬНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АРХИВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ЦГА РК)
Ф.Р-9 - Семиреченский областной комиссар Временного правительства.
Ф. 2252 - Бабан Елкеевтің жеке қоры

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН МЕРЗІМДІК БАСЫЛЫМДАР ТІЗІМІ

СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННЫХ ПЕРИОДИЧЕСКИХ ИЗДАНИЙ

"Бірлік туы" - 1917 ж. 24 маусымынан 1918 ж. 9 сәуіріне дейін Ташкент қаласында шығып тұрған газет. Түркістан қазақ-қырғыз комитетінің ұйымы. Негізін қалаушы әрі алғашқы редакторы М. Шоқай

"Жас азамат" - қазақ жастарының саяси-қоғамдық, экономикалық газеті. 1918 ж. 30 шілдесінен 1919 ж. Ақпан айына дейін Қызылжар қаласында араб әріпімен басылған, 22 саны жарық көрген. Іс жүзінде қазақ жастарының «Бірлік мәдени-ағарту ұйымымен барша алаш жастарының ұйытқысы болған «Жас азамат ұйымының органы болды. Алғашқы редакторлары Қ. Кемеңгерұлы, Б. Малдыбайұлы болды. Газет беттерінде негізінен Ресейдегі саяси жағдай, жер мәселесі, Алашорда үкіметі мен Уақытша үкімет қызметі, елдегі шаруашылық жайлары мен мәдени хабарлар жарияланып тұрған.

"Қазақ" - қоғамдық - саяси және әдеби газет. 1913 ж. 2 ақпанынан 1918 ж. қаңтарына дейін Орынбор қаласында 265 номері 3000 данамен жарық көрді. Редакторлары А. Байтұрсынов, М. Дулатов пен Ж. Жәнібеков болды. Газет бетінде XX ғасырдың басындағы қазақ елінің саяси - әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, оқу-ағарту, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, тарих пен шежіреге арналған құнды мақалалар жарияланды.

"Сарыарқа" - 1917 ж. маусым айынан бастап Семей қаласында қазақ тілінде аптасына бір рет шығып тұрған газет. Редакторлары Райымжан Мәрсеков пен Халел Ғаббасов болды. Бастырушысы "Тендік" серіктігі. Газет беттерінде Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақпаев және тағы басқа Алаш қозғалысының қайраткерлерінің мақалалары басылып тұрды. Сонымен қатар С. Торайғыровтың "Алаштың әнұраны" өлеңі басылды.

"Ұшқын" - 1919 ж. 17 декабрьден - 1920 ж. 27 октябрьге дейін Орынбор қаласынан аптасына екі рет шығып тұрған саяси, әдеби және шаруашылық газет, қырғыз (қазақ) әскери ревкомының органы. Барлығы 37 номері жарық көрді.

ДӘЙЕК КӨЗДЕРІ

1. Мұстафа Шоқай. Мария Шоқай. Естеліктер. //Құраст. Ә.Тәкенов., М.Қойтелдиев-Стамбул, 1997.-2726.-,-Б.55. 2. Орынбор 1-ші январь. //Қазақ.-1918.-5 қаңтар. -№258. 3. Орынбор 1-ші январь. //Қазақ.-1918.-5 қаңтар.- №258. 4. ҚР ПА. 811-қор.Н.Равнягиннің естелігінен.4-т., 335-іс. 5. Орал тығыз областной... //Жас азамат.-1918.-18 тамыз.№3. 6. Орынбор 1-ші январь. //Қазақ.-1918.-5 қаңтар. -№258. 7. ҚР ОМА. 380-қор.Б.А.Тризнаның жеке қоры.1-т.,1- іс.228п. 8. Орынбор 1-ші январь. //Қазақ.-1918.-5 қаңтар. -№258. 9. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.74. 10. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.238-239. 11. Мұстафа Шоқай. Мария Шоқай. Естеліктер...-Б.55. 12. Сарыарқа.-1918.-3 наурыз. №31. 13. Ел еркі... //Қазақ,-1917.-22 сәуір,- №226. 14. Қасымбаев Ж. 1916 жылғы көтеріліс - А.Н.Куропаткиннің күнделіктерінде //Ақиқат.-1995.- №2.-30-356.6. 15. История Казахской ССР...-Б.407. 16. ҚР ОМА. 380-қор.Б.А.Тризнаның жеке қоры.І-т.,1- іс.226п. 17. Мұстафа Шоқай. Мария Шоқай. Естеліктер...-Б.55. 18. Аманжолова Д.А. Партия Алаш...-Б.107. 19. Қазақ.-1917.-24 наурыз.- №223. 20. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы...-Б.215-216. 21. Сарыарқа.-1917.-27 қараша,- №22. 22. Әбдіманов Қ."Қазақ газеті.- Алматы: Қазақстан, 1993.- 1686. Б.21-22. 23. ҚР ПА. 811-қор.Поповтың естелігінен.3-т.,71-іс.22п. 24. Өзгерістің...//Бірлік туы.-1918.-30(17) наурыз.- №7 25. Қазақ.-1917.-3 мамыр,- №228. 26. Аманжолова Д.А. Партия Алаш...-Б. 108. 27. Учредительное собрание...//Қазақ-1917.-14 қыркүйек.- №243. 28. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.79. 29. Қазақ.-1917.-24 наурыз,- №223. 30. Дулатова Г.М. Шындық шырағы,- Алматы, 1995.-2256.- Б.143. 31. ҚР ПА.811-қор.С.С.Ужгиннің естелігінен. 6-т., 135- іс.13 бп. 32. Жалпы қазақ съезін құру туралы //Сарыарқа.-1917.-19 маусым,- №2. 33. Махаева А.Ш. Қазақ комитеттері...-Б.З. 34. Аманжолова Д.А. Партия Алаш...-Б. 108. 35. ҚР ОМА. 840-қор. Семей облысы Қарқаралы уезі 2-ші шаруа бөлімшесінің Сарыбұлақ болыстығы (1909-1919ж.ж.). 1-т., 1-іс. 86п. 36. КР ОМА. 15-қор.Ішкі Істер Министрлігі Семей облыстық басқармасы. 2-т., 422-іс. 43-48п. 37. Сарыарқа.-1917.-19 маусым.- №2. 38. ҚР ОМА. 840-қор.1-т.,1-іс.86п. 39. ҚР ПА.811-қор. Е.Баймұхамедовтың естелігінен.1-т., 82- іс. 10-Пп. 40. Әмірқызы К. Қиылған ғұмырлар. Өлкетану жазбалары.- Ақмола: 1997.-2146. Б. Б. 176-177, 181-182. 41. Сонда. 42. ҚР ПА.811-қор.Б.Айтуаровтың естелігінен.1-т.,3-іс.11п. 43. ҚР ПА. 811-қор.С.Шакирзяновтың естелігінен.4-т.,184- іс.24п. 44. ҚР ПА. 811-қор.Н.Равнягиннің естелігінен.4-т.,335- іс.51п. 45. Ел еркі... //Қазақ.-1917. -22 сәуір,- №226. 46. Бірлік туы.-1917. -20 тамыз.- №6. 47. Қойгелдиев М.Қ. Қазақ демократиялық интеллигенциясының 1905-1917 ж.ж. қоғамдық-саяси қызметі: тар.ғ.д.,ғыл.дәрежесін алу үшін дайынд.қолжазба.- Алматы, 1994.- 5476. 48. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.76. 49. Махаева А. Ш. Қазақ комитеттері... - Б. 3. 50. Рүстемов С. XX ғ. басындағы Қазақстанның қоғамдық - саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс: тар.ғ.к., дәрежесін алу үшін дайынд. қолжазба.- Алматы, 1997.-1796. 51. ҚРПА. 811-қор.С.Шакирзяновтың естелігінен.4-т., 184- іс. 24п. 52. ҚР ПА. 811-қор.Н.Равнягиннің естелігінен. 4-т., 335-іс.51п. 53. ҚР ПА. 811-қор.С.Шакирзяновтың естелігінен.4-т., 184- іс. 23п. 54. ҚР ОМА.Алматы облыстық мемлекеттік архиві. 340-қор. Жетісу облыстық Халық Комиссарлары Кеңесі.1-т., 12-іс. 2п. 55. Рүстемов С. XX ғ. басындағы...-Б.131. 56. Ел еркі... //Қазақ,-1917.-22 сәуір.- №226. 57. ҚР ОМА.427-қор.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Орталық Мемлекеттік тарихи архивінің көшірме құжаттары.1-т., 120-іс.86п. 58. Өзбекұлы С.Барлыбек Сыртанов.- Алматы:Жеті жарғы, 1996.-1126.-. 59. Өзбекұлы С.Барлыбек Сыртанов.- Алматы: Жеті жарғы, 1996.-1126. -. 60. Өзбекұлы С. Ел жарғысының жобасын жасаған //Егеменді Қазақстан.-1996.-9 сәуір. 61. Кәкішев Т. Шындықты бұрмаламай, жұлмаламай айтайықшы//Социалистік Қазақстан.-1990.-13 мамыр. 62. Кәшімов М. Райымжан мырза Мәрсековпен сүйлескенім //АЙКАП.-1913.- №9.-Б.195 63. Энциклопедия "Айқап"/Бас ред. Р.Нұрғалиев.- Алматы:Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1995.-3676.-Б.297. 64. Қазақ.-1913.- маусым.-№18. 65. "Қазақ" газеті/Бас ред. Ә.Нысанбаев.- Алматы Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998.-5606.-Б.66. 66. Қойгелдиев М.Қ. Алаш өткен жол //Ақиқат.-1994-№2.- 41-466.6.-Б.45. 67. ҚР ПА.811-қор. 20-т., 140-іс. 12п. 68. Сақов Қ.Қ. "Қазақ" газетіндегі ұлттық-саяси мәселелердің жазылуы: фил.ғ.к.,ғыл.дәрежесін алу үшін дайынд. қолжазба. - Алматы, 1998.-1896.-Б.94. 69. Зиманов С.З., Идрисов К.З.Общественно-политические... -Б.132.

70.Съезд жасау//Қазақ,-1917.-9 наурыз,- №221. 71. Алаш.-1917.-21 сәуір.- №18. 72. Съезд жасау //Қазақ.-1917.-9 наурыз.- №221. 73. Жалпы қазақ съезі //Қазақ.-1917.-11 маусым.- №233. 74. Қаңтарбаева Ж. Аққағаз Досжанова.- Алматы: Қазақстан баспасы, 1974.-766.-Б.12.

75.Қаралдина Д. Аққағаз//Қазақстан әйелдері.-1985.- №10.- Б.19. 76. Ершина А. Алаштың ардақтысы //Қазақ үні.-1993.- қыркүйек 77. Ершин А. Аққағаз Досжанова //Мединформ.-1997.-16 маусым,- №5. 78. Дулатова Г.М. Шындық шырағы...-Б.161. 79. Валиди 3. Воспоминания...-Б.265-266. 80. Жалпы қазақ... //Сарыарқа.-1917.-19 маусым.- №12. 81. Жалпы қазақ съезі //Сарыарқа.-1917,-19 сәуір.- №3 82. Жалпы қазақ съезі //Қазақ.-1917.-11 маусым.-№233. 83. Тағы жалпы қазақ съезі//Қазақ.-1917.-14 наурыз.- №234. 84. Ішкі хабарлар //Қазақ.-1917.-21 сәуір.- №225. 85. Сарыарқа,-1918.-5 қыркүйек.- №12. 86. Областной съезд //Сарыарқа.-1918.-15 шілде.- №38. 87. Ішкі хабарлар //Қазақ.-1917.-14 қыркүйек.- №243. 88. Қазақ, Түркістан, Башқұрт өкілдерінің жиылысы //Бірлік туы.-1917.-1 қазан.- №10. 89. Түркістан автономиясы //Бірлік туы.-1917.-14 желтоқсан.- №17. 90. Жанұзақов Т., Ғалымбеков Қ. Ақ қалпақты қырғызға //Бірлік туы.-1917.-29 тамыз.- №7. 91. Бірлік туы.-1917.-11 қазан.- №11. 92. Қазақ-қырғыз жастарына! //Бірлік туы.-1918.-9(29) сәуір.- №28. 93. Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм...Б.223-224. 94. Байтұрсынов А.Ақ ЖОЛ..-Б.17. 95. "Қазақтың" жабылуы туралы //Бірлік туы.-1918.-20(7) ақпан.- №22 96. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.17. 97. Мадияр. Қазақ съезі //Қазақ.-1917.-31 шілде.- №238. 98. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.92. 99. Ішкі хабарлар //Қазақ.-1917.-3 мамыр,- №228. 100. Ішкі хабарлар //Қазақ.-1917.-12 сәуір,- 225. 101. Алашорда. Сборник...-Б.22. 102. ҚР ПА.811-қор. Нұрмановтың естелігінен.6-т., 99-іс.9п. 103. Қарашұлы. Ғ. Қазақтың муфтилікке қосылуы туралы //Қазақ. 1917.??? 104. ҚР ПА.811-кор..Ғ.Сәлімовтің естелігінен.7-т.105-іс.61-63п. 105. ҚР ОМА. 1441-қор.Торғай облыстық азаматтық басқармасы (1917ж.). 1-т., 1-іс.36,113п.п. 106. ҚР ОМА.1441-қор...1-т.,1-іс.76п. 107. Ішкі хабарлар //Қазақ.-1917.-12 сәуір,- №225. 108. Ішкі хабарлар //Қазақ.-1917.-22 сәуір,- №226. 109. Торғай облысының қазағына //Қазақ.-1917.-2 қыркүйек.- №242. 110. Алашорда. Сборник...-Б.61. 111. ҚР ПА.811-қор.Ғ.Сәлімовтің естелігінен.7-т.105-іс.77п. 112. ҚР ПА.811-қор.20-т.Д40-іс.99п. 113. ҚР ПА.811-кор.20-т.,418-іс.1п. 114. Торғай облысының... //Қазақ,-1917.-2 қыркүйек.- №242. 115. Торғай облысының... //Қазақ,-1917.-2 қыркүйек,- №242. 116. Учредительное собрание. Россия 1918 год. Стенограмма и другие документы-Москва: Недра, 1991.-160с.-Б.22. 117. ҚР ОМА. 1227-қор.Б.Қаратаевтың жеке қоры.1-т.,7- іс.113п. 118. Атаниязов М. Алаш партиясына... //Қызыл Қазақстан,- 1922,- №13.-Б.13. 119. КР ОМА.9-қор.1-т.,51-іс.1п. 120. Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм...-Б.96-98. 121. Туркестанские ведомости.-1917.-12 апрель. 122. Бөкейханов Ә. Шығармалар...-Б.268-269. 123. ҚР ОМА.9-кор. 1-т., 51-іс.4-5п.п. 124. Қазақ съезінің ереуілдігі//Қазақ.-1917.-22 сәуір,- №226. 125. Семиреченские ведомости.-1917.-4 октябрь.- №220. 126. Ішкі хабарлар//Қазақ.-1917.-18 (13) желтоқсан,- №255. 127. ҚР ОМА.9-қор.1-т.,86-іс.57п. 128. КР ОМА.9-қор.1-т.,86-іс.71-74п.п. 129. ҚР ОМА.9-қор.1-т.,129-іс.16-17п.п. 130. ҚР ОМА.9-қор. 1-т.,9-іс.103п. 131. ҚР ОМА. 15-қор.2-т. ,422-іс. 103п. 132. Россия мұсылмандарының съезі//Алаш.-1917.-25 мамыр,- №22. 133. Ішкі хабарлар//Бірлік туы.-1917.-29 тамыз.- №7. 134. Қазақ.-1917.-27 мамыр,- №231. 135. Аққағаз. Аш-жалаңаштарға//Сарыарқа.-1919.-2 (20) қаңтар,- №64 136. Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архиві. №І044-қор. Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті. 1-т.,11-іс.295п. 137. Алаш азаматтарына //Қазақ.-1917.-11 маусым.- №233. 138. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.99. 139. КР ОМА.9-қор.1-т.,72-іс.11п. 140. КР ПА. 811-қор.С.Шакирзяновтың естелігінен.4-т., 184- іс. 24п. 141. Мадияр. Тағы құрбан //Қазақ.-1918,- 5 қыркүйек.- №263. 142. Сатылғанның хаты //Сарыарқа.-1918.-12 маусым.- №43. 143. ҚР ПА.811-қор.4-т., 205-іс. 12п. 144. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм...-Б.57. 145. Дулатов М. Шығармалар...-Б.294-295. 146. Қошке Кемеңгерұлы. Таңдамалы.- Алматы: Қазақстан, 1996.-2966.-Б.203-204. 147. КР ОМА.9-қор.1-т.,90-іс.58п. 148. ҚР ПА. 811-қор.С.Шакирзяновтың естелігінен.4-т.,184- іс.24п. 149. Сатылғанның хаты //Сарыарқа.-1918.-12 маусым.- №43. 150. Алашорда. Сборник...-Б.86. 151. ҚР ПА. 811-Қ., Ә.Әйтиевтің естелігінен. 5-т., 7-іс.13п. 152. Қазақ. 1917.-19мамыр. №230. 153. ҚР ПА. 811-қ., Ә.Әйтиевтің естелігінен. 5-т., 7-іс.124п. 154. ҚР ПА. 811-қ., Ш.Жантілеуовтің естелігінен. 7-т., 36- іс.15п. 155. КР ПА. 811-қ., Ә.Әйтиевтің естелігінен. 5-т., 7-іс. 132п. 156. Қошке Кемеңгерұлы. Таңдамалы...-Б.94. 157. Нұрпейісов К., Құлкенев М., Хабижанов Б., Мектепов А. Х.Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. Алматы: Санат, 1996.-1766.-Б.67. 158. ҚР ПА.811-кор.Ә.Әйтиевтің естелігінен.5-т.,7-іс.125п. 159. ҚP ПА.811-қор.Б.Қаратаевтың естелігінен.7-т.,39-іс.40- 41п.п. 160. ҚР ПА.811-қор.А.Ипмағамбетов естелігінен.7-т.,36-іс.26п. 161. ҚР ПА.20-т.,686-іс.65,89-90п.п. 162. ҚР ПА.811-қор.Ш.Жантілеуовтің естелігінен.7-т.,36-іс.8п. 163. ҚР ПА.811-қор.Ә.Әйтиевтің естелігінен.5-т.,7-іс.69-70п.п. 164. ҚР ПА.811-қор.Б.Қаратаевтың естелігінен.7-т.,39-іс.40- 41п.п. 165. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.101.3 166. Құсайын Т., Тәжімұратов М. Құрыш шыныққан жерде // Егеменді Қазақстан.-1998.-11 қыркүйек. 167. Молдалар съезі//Қазақ.-1917.-21 қазан.-№246. 168. Сейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу. Үшінші рет...-Б. 152169. ҚР ПА.811-қор.Ә.Әйтиевтің естелігінен.5-т.,7-іс.137- 139п.п. 170. ҚР ПА. 139-қор.РК/б/П Қырғыз облыстық комитеті (1921- 1925ж.ж.).1-т., 266а-іс. 146- 149п.п. 171. Құсайын Т., Тәжімұратов М. Құрыш шыныққан... //Егеменді Қазақстан.-1998.-11 қыркүйек. 172. ҚР ПА.811-қор. Ә.Әйтиевтің естелігінен.5-т.,7-іс.139-140, 144п.п. 173. Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм...-Б.175-176. 174. ҚР ОМА. 1227-қор.Б.Қаратаевтың жеке қоры.1-т.,7-іс. 47- 49п.п. 175. ҚР ПА.811-қор. Ш.Жантілеуовтің естелігінен.7-т.,36- іс.23п. 176. ҚР ПА.811-қор. Б.Қаратаевтың естелігінен.7-т.,39-іс.37- 42п.п. 177. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм...-Б.38. 178. ҚР ОМА.1227-қор. Б.Қаратаевтың жеке қоры.1-т., 7-ІС.23- 25п.п. 179. ҚР ПА.811-қор.Ш.Жантілеуовтің естелігінен.7-т.,36-іс.22- 23п.п. 180. Уақытша Ойыл... //Қазақ.-1918.-30 шілде.- №225. 181. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм...-Б.94. 182. Уақытша Ойыл... //Қазақ,-1918.-30 шілде.- №225. 183. ҚР ПА.811-қор.Ә.Әйтиевтің естелігінен.5-т.,7-іс.136п. 184. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм...-Б.142-144. 185. Орал тығыз... //Жас азамат.-1918.-18 тамыз,- №3.

186.Аманжолова Д.А. Казахский автономизм...-Б.88, 93.101. 187. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм...-Б.135-136,144, 158-159. 188. Сүйінов С. Қайраткер...-Б.68,70-74. 189. Ішкі хабарлар //Қазақ,-1917.-3 маусым.- №232. 190. ҚР ПА.811-қор. П.Варламовтың естелігінен.7-т., 17- іс.161п. 191. Сүйінов С. Қайраткер...-Б.75-76. 192. Ішкі хабарлар //Сарыарқа.-1918.-25 (8) қараша.- №59. 193. Ішкі хабарлар //Қазақ.-1917.-14 қыркүйек.- №243. 194. КР ПА.811-қор.П.Варламовтың естелігінен.7-т.,17-іс.28- 30п.п. 195. Елеуов Т. Қазақстанда...-Б.163. 196. ҚР ПА.811-кор. Ғ.Сәлімовтің естелігінен.7-т.,105-іс.59п. 197. Ақмола съезі //Қазақ-1917.-19 мамыр,- №230. 198. Қазақ халқының... //Қазақ,-1917.-21 сәуір.- №225. 199. Ақмола съезі //Қазақ-1917.-19 мамыр,- №230. 200. Баржақсин А. Қазақ халқының күзі ашық әйелдеріне ашық хат//Алаш.-1917.-21 наурыз.- №15. 201. Баржақсин А.Үш миллион күң//Алаш.-1917.-13 сәуір.- №17. 202. Тілшілерден //Қазақ-1917.-14 қыркүйек.- №243. 203. Алдаоңғарова Р. Әйел еріктігі //Алаш.-1917.-14 мамыр,- №21. 204. Қошке Кемеңгерұлы. Таңдамалы...-Б.41. 205. Жұмабаев М. Ақмола жөне Семей қазақтарына //Қазақ.- 1917.-3 маусым.- №232 206. Тілшілерден//Қазақ.-1917.-19 мамыр.- №230. 207. Ішкі хабарлар//Қазақ.-1917.-14 қыркүйек.- №243. 208. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.145. 209. ҚР ОМА. 15-қор. 2-т., 422-іс. 43п. 210. Облыстық Кеңес қаулылары //Сарыарқа.-1917.-22 шілде.№6. 211. Қошке Кемеңгерұлы. Таңдамалы...-Б.63-64. 212. Құлжанова Н. Халқыма деп іс қылдым. Алматы: Рауан, 1993.-1686.-Б.5. 213. КР ОМА.2252-қор.1-тізім.Б.Елкеевтің жеке қорынан. 214. Семей облыстық қазақ съезінің қаулысы //Сарыарқа.- 1917.-22 шілде,- №6. 215. Мінөн Тұрғанбайүлы... //Сарыарқа.-1917.-22 қыркүйек.- №10. 216. Мөрсеков Р. Керектің керегі ғылым //Сарыарқа.-1917. - 22 қыркүйек,- №10. 217. Облыстық қазақ комитеті //Сарыарқа.-1917.-1 тамыз,№7. 218. Облыстық Кеңестің қаулылары //Сарыарқа.-1917.-24 қыркүйек.- №14. 219. Депутаттар белгілеу //Сарыарқа.-1917.-10 қазан.- №16. 220. Сәрсенов Б. Азық-түлік мәселесі //Сарыарқа. - 1917. - 19 маусым. -№2. 221. Областной съезд //Сарыарқа.-1918.-15 шілде.- №38. 222. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы...-Б.232.

223.Құлжанов Н. Ашық хат //Қазақ.-1917.-24 шілде,- №237. 224. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.167. 225. Қашатан. Нұрғали Құлжанов кім? //Сарыарқа.-1918.-12 маусым. -№43. 226. ҚР ПА.811-қор.Естеліктер жинағынан.3-т.,107-іс.59п. 227. Құлжанов Н. Алаш автономиясы //Үш жүз.-1918.-2 наурыз,- №7. 228. КР ОМА.2252-қор.1-тізім.Б.Елкеевтің жеке қорынан. 229. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.149. 230. Қашаған. Н.Құлжанов кім?//Сарыарқа.-1918.-12 маусым. №43. 231. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.166-167. 232. Құлжанов Н.Жауапқа жауап //Бірлік туы.-1917.-29тамыз.№7. 233. Бегалин С. Замана белестері.- Алматы: Жазушы баспасы. 1979.-4406.-Б. 188. 234. Ішкі хабарлар //Сарыарқа.-1918.-12 маусым. -№43. 235. Ішкі хабарлар //Жас азамат.-1918.-22 желтоқсан.- №16. 236. ҚР ОМА.17-қор.1-т.,22-іс.27п. 237. Түркістан аймағы қазақ-қырғызының жалпы жиылысы //Бірлік туы.-1917.-20 тамыз.-№6. 238. Ішкі хабарлар //Бірлік туы,-1917.-8 қыркүйек.- №8. 239. Ішкі хабарлар //Бірлік туы.-1917.-29 тамыз.- №7 240. Түркістан аймағы... //Бірлік туы.-1917.-20 тамыз.- №6. 241 .Қазақ-кырғыз Кеңестері//Бірлік туы.-1917.-13 қыркүйек.-№9. 242. Елге бір сын //Бірлік туы.-1917.-20 қазан.- №12. 243. Түркістанның қилы...-Б.117. 244. Түркістан автономиясы //Бірлік туы.-1917.-14 желтоқсан.- №17.

245.1шкі хабарлар //Бірлік туы.-1917.-8 қыркүйек,- №8 246. Түркістан автономиясы //Бірлік туы.-1917.-8 қыркүйек,-№8. 247. Екінші жалпы... //Бірлік туы.-1917.-16 қараша.-№І5. 248. Түркістан автономиясы //Бірлік туы.-1917.-8 қыркүйек.-№8. 249. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы...-Б.338. 250. Бортаң. Қоқан съезі һәм... //Қазақ.-1917.-13 желтоқсан.- №257. 251. Түркістан автономиясы //Бірлік туы.-1917.-8 қыркүйек.№8. 252. Бірлік туы.-1918.-11 қаңтар,- №19. 253. Қоқан шаңарында болған жалпы мұсылман съезінің қаулылары//Бірлік туы.-1917.-14 желтоқсан.- №17. 254. Мұстафа Шоқай. Мария Шоқай. Естеліктер...-Б.104-105. 255. Ташкент. 23 декабрь//Бірлік туы.-1917.-23 желтоқсан.- №18. 256. Сырдария қазақ-қырғыздарының съезі//Бірлік туы.-1918.- 29 қаңтар,- №21. 257. Байсейітов С. Шымкенттен... //Бірлік туы.-1917.-14 желтоқсан.- №17. 258. Сырдария қазақ-қырғыздарының съезі //Бірлік туы.-1918.- 18 қаңтар.- №20. 259. Алаш автономиясы //Бірлік туы.-1918.-7 наурыз.- №24. 260. Түркістан шаңарында... //Бірлік туы.-1918.-29 қаңтар.- №21. 261. Қазалы уездік Кеңесі//Бірлік туы.-1917.-11 қазан,- №11. 262. Бірлік туы.-1917.-11 қазан,- №11. 263. Түркістан шаңарында...//Бірлік туы.-1918.-29 қаңтар.- №21. 264. ҚР ПА.811-қор.Қ.Исабековтың естелігінен.5-т., 67-іс. 10-11п.п.

265.ҚР ПА.811-қор.Қ.Исабековтың естелігінен.5-т., 67-іс. 11- 12п.п 266. История Казахской ССР...-Б.402. 267. Ішкі хабарлар //Қазақ.-1917.-18(13) желтоқсан.- №255. 268. Тілшілерден //Қазақ.-1918.-12 қаңтар,- №259. 269. Учитель Әлман. Ырғыз уездік...//Қазақ.-1918.-12 қаңтар,- №259. 270. Жанкелдин Ә. Документтер...-Б.29. 271. ҚР ПА.811-қор.6-т.,190-іс.2-4п.п. 272. Таланған қазақтар //Қазақ.-1918.-26 қыркүйек.- №266. 273. Ішкі хабарлар //Қазақ.-1918.-5 қыркүйек.- №263. 274. Хасен Сарсенбайұлы. Ел хабарлары //Сарыарқа,-1918.-4 мамыр.- №41. 275. Қазақстан азамат...-Б.295. 276. Қазақстан азамат...-Б.295. 277. Атылған қазақ//Қазақ.-1918.-5 қыркүйек.- №263 278. Алашорда. Сборник...-Б.76-81. 279. Оспанұлы Ә. "Бостандық мектебі //Қазақ.-1917.-11маусым.- №233. 280. Үржар мәжілісі //Сарыарқа.-1917.-19 қазан,- №17. 281. ҚР ОМА.9-қор.1-т.,22-іс.70п. 282. Әулие-ата уездік съезі //Бірлік туы.-1918.-18 қаңтар,- №20. 283. Байбатшаев Ш. Бел-белестер /Елімізді советтендіру, колллективтендіру және қазіргі қол жетістіктерін, жергілікті партия, совет ұйымдарының ұйымдастырушылық ролі жайында/ Алматы: Қазақстан,1970.-74б.-Б.10-11 284. Ішкі хабарлар. Ойыл//Қазақ,-1917.-24 наурыз.- №223. 285. Кенжин А. "Қазақтың" шығуын желеу //Қазақ.-1917.-1 сәуір.- №224. 286. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм...-Б.64. 287. Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу (1916-1919 ж.ж.). Қызылорда, 1927.-4216.-Б. 148. 288. Көкшетауда бостапқы туы //Алаш.-1917.-14 мамыр.- №21. 289. Ішкі хабарлар //Қазақ.-1917.-14 қыркүйек.- №243. 290. Учительдер съезінің қаулылары //Қазақ,-1917.-27 мамыр.- N№231. 291. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.185. 292. Жол баласы. Жолда //Жас азамат.-1918.-23 қараша.- №12. 293. Ұлт қазынасы //Сарыарқа.-1918.-9 сәуір.- №28 294. Зайсан уездік съезінің қаулылары //Сарыарқа.-1917.-9 қазан.- №15. 295. Елкеев Б. Қазақстанда...-Б.92-93. 296. Автономия алу қамы //Сарыарқа.-1918.-18 наурыз.- №34. 297. Ішкі хабарлар //Сарыарқа.-1918.-4 шілде.- №45. 298. ҚР ПА.140-қор.РК/б/П ОК Қырғыз АКСР облыстық бюросы (1920-1921ж.ж.).1-т.,122-іс. Дулатов М. Алашорда үкіметіне баяндау хат.-1-5п.п. 299. Ішкі хабарлар //Сарыарқа.-1918.-4 шілде.- №45. 300. КР ПА.140-қор.1-т.,122-іс.2-Зп.п. 301. ҚР ПА.140-қор.1-т.,122-іс.4п. 302. ҚР ПА.811-қор.3-т.,286-іс.181п.

303.Аманжолова Д.А. Казахский автономизм...-Б.66. 304. Тілшілерден //Қазақ.-1917.-3 маусым.- №232. 305. ҚР ПА.811-қор.С.Қасимановтың естелігінен.3-т., 43- іс.41п. 306. KJP ПА.811-қор.3-т., 286-ІС.178, 180-182п.п. 307. ҚР ПА.811-қор.С.Қасимановтың естелігінен 3-т.,43-іс.41п. 308. ҚР ПА 3-т.,Естеліктер жинағынан.109-іс.61п. 309. Ақмешіттен//Бірлік туы.-1917.-29 тамыз.- №7. 310. Өзбекстан Республикасы Ташкент облыстық мемлекеттік архиві. 2-қор. 1-т., 8-іс. 128п. 311. Ақмешіттен//Бірлік туы.-1917.-29 тамыз.- №7. 312. ҚР Ташкент облыстық мемлекеттік архиві. 2-қор.1-т., 8- іс. 128п. 313. Түркістанның қилы...-Б.116. 314. ҚР Ташкент облыстық мемлекеттік архиві. 2-қор.1-т., 8- іс. 128-129п.п. 315. ҚР ПА.811-қор.И.Гержод естелігінен.5-т., 11-іс.5п. 316. ҚР Ташкент облыстық мемлекеттік архиві.2-қор.1-т., 8- іс. 128-129п.п. 317. Түркістанның қилы...-Б.118. 318. ҚР ПА.811-қор.Тонкотоновтар.- №21. 319. ҚР ПА.811-қор. Гержод естелігінен.-5-т., 11-іс., 5п. 320. ҚР Ташкент облыстық мемлекеттік архиві. 2-қор.1-т.,8- іс.127п. 321. Ел хабарлары//Бірлік туы.-1918.-29 қаңтар.- №21. 322. Туркестанский курьер.-1917.-3 тамыз.- №172. 323. ҚР Ташкент облыстық мемлекеттік архиві. 2-қор. 1-т.,8- іс.131п. 324. ҚР Ташкент облыстық мемлекеттік архиві. 2-қор. 1-т., 8- іс. 133п. 325. КР ОМА. №-1044-қор.1-т.,11-іс. 105-107п.п. 326. Тарихи тағылым және тарихи талап //Қазақ әдебиеті.- 1998.-9 қазан. 327. Дулатова Г.М. Шындық шырағы...-Б.124. 328. Қойлықта өткен уездік мұсылмандар съезі //Бірлік туы.- 1918.-18 қаңтар,- №20. 329. Ел хабарлары //Бірлік туы.-1918.-17 наурыз,- №24. 330. Оразбак-Жұрттық//Бірлік туы.-1911.-23 желтоқсан.- №18. 331. Орманов Т. Қармақшыда 8 болыс съезі //Бірлік туы,- 1918.-11 қаңтар,- №19. 332. Жаңа жыл //Бірлік туы.-1918.-22(9) наурыз.- №26. 333. Қыр баласы. Мемлекет халі//Қазақ,-1917.-24 шілде.- №237. 334. Сонда. 335. Орынбор. 1-ші январь //Қазақ.-1918.-5 қаңтар.- №258. 336. Қыр баласы. Мемлекет халі //Қазақ-1917.-24 шілде.- №237. 337. Қыр баласы. Мемлекет халі //Қазақ,-1917.-24 шілде,- №237. 338. Мадияр. Қазақ съезі //Қазақ.-1917.-31 шілде,- №238 339. Мадияр. Қазақ съезі //Қазақ.-1917.-31 шілде,- №238 340. Жұмағазы...Жалпы мұсылман съезі//Қазақ.-1917.-3 маусым.- №232. 341. Учредительное собрание һәм...//Қазақ.-1917.-5 қазан.- №244. 342. Зиманов С.З. В.И.Ленин...-Б.149. 343. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.117. 344. Учредительное собрание һәм...//Қазақ.-1917.-5 қазан,- №244. 345. Депутаттық белгілеу//Сарыарқа.-1917.-22 қыркүйек.- №10. 346. Кенжеұлы А. Алаш партиясы туралы тарихи мағлұмат // Қызыл Қазақстан.-1923.-№15.-1-16б.-Б.1. 347. Жалпы қазақ... //Қазақ.-1917.-31 шілде,- №238. 348. Алаш партиясы //Қазақ.-1917.-5 қазан.- №244. 349. Ұлы орыс үстемдігі //Сарыарқа.-1918.-18 ақпан.-№30. 350. Жас азамат.-1918,-15 қазан.- №7. 351. ХХғ. ұлттық интеллигент ғасыры бола ма? //Ақиқат.- 1998,- N9.-3-86.6.-6.7. 352. ҚР ПА. 811-қор. 20-т., 686-іс. 24-79п.п. 353. Махаева А. Қазақтың тұңғыш саяси партиясы тарихының беймәлім беттерінен //Ақиқат.-1998.- №9.-81-853.6. 354. Кәкішев Т. Әділет жеңбей қоймайды//Қазақстан коммунисі.-1990.- №2.-52-596.6.-Б.52. 355. Омарбеков Т. Қос төңкеріс және Алаш қозғалысы // Ақиқат.-1992,- №11.-38-47б.б.-Б.42-43. 356. Сонда. 357. Кенжеұлы А. Алаш партиясы...-Б. 1-2. 358. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.137. 359. Жас Алаш. Аластап айдау керек//Сарыарқа.-1917.-21 қараша.- №21. 360. Мадияр. Қазақ съезі//Қазақ.-1917.-31 шілде,- №238. 361. Кәкішев Т. Қағидаға айналған қателер түзелсе //Жұлдыз.-1988,- N11.-140-1666.6.-6.153. 362. Тілшілерден //Қазақ.-1917.-13 желтоқсан,- №255. 363. ҚР ОМА.2252-қор.1-тізім. Б.Елкеевтің жеке қорынан. 364. ҚР ПА.811-қор. М.Тәтімовтің естелігінен.3-т., 87-іс.9п. 365. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.128-129. 366. ҚР ПА.811-қор.20-т.,238-іс.2-Зп.п. 367. Григорьев В.К. Противостояние...-Б. 117-119. 368. Алаш азаматтарына ашық хат //Сарыарқа.-1918.-12 ақпан.- №30. 369. Көлбай хаты //Қазақ.-1918.-10 қыркүйек.- №264 370. Жас Алаш. Аластап... //Сарыарқа.-1917.-21 қараша.-№21 371. ҚР ПА.811-қор.Ә.Әйтиевтің естелігінен.5-т.,7-іс.138п. 372. Автономия алу қамы //Сарыарқа.-1918.-12 ақпан.- №30. 373. Сүлейменов Ж. Біз білмей келген ұйым немесе "Жас Алаш" туралы бірер соз //Ақиқат.-1996.- №11.-58-616.6. 374. ҚР ПА.811-қор.20-т.,686-іс.161-162п.п 375. Сүлейменов Ж. Біз білмей келген...-Б.59. 376. Дулатов М. Жалпы қазақ-қырғыз съезі //Қазақ.-1918.-16 қыркүйек.- №265. 377. Екінші жалпы... //Бірлік туы.-1917.-16 қараша,- №15 378. Жалпы қазақ-қырғыз съезі //Сарыарқа.-1918.-2 желтоқсан.- №27. 379. Ораз ақсақал //Қазақ.-1918.-5 қаңтар,- №258. 380. Жалпы қазақ-қырғыз съезінің қаулысы//Сарыарқа.-1918,- 25 қаңтар,- №29. 381. Автономия мәселесі //Сарыарқа-1918.-18 наурыз.- №34. 382. Жалпы қазақ... //Сарыарқа,-1918.-2 желтоқсан,- №27. 383. XX ғ. ұлттық интеллигент... //Ақиқат.-1998.-№9.-Б.4. 384. Дулатов М. Алашорда //Қазақ.-1918.-16 қыркүйек,- 265. 385. Автономия мәселесі // Сарыарқа.-1919.-27(14) қаңтар.- №67. 386. Автономия мәселесі //Бірлік туы.-1917.-13 желтоқсан.- №257. 387. Екінші жалпы... //Бірлік туы.-1917.-16 қараша.- №15. 388. Халық ғаскері //Сарыарқа,-1918.-25 қаңтар,- №29. 389. Құл-Мұхамед М. Алаш ардагері...-Б.29. 390. Тығыз жұмыстар //Қазақ.-1917.-13 желтоқсан.- №257. 391. Ұлт қазынасы//Сарыарқа.-1917.-5 желтоқсан.- №23. 392. Тығыз жұмыстар //Қазақ.-1917.-13 желтоқсан.- №257. 393. Зайсаннан //Сарыарқа.-1918.-18 ақпан,- №30. 394. Мұсылман полктерін жасау //Бірлік туы.-1917.-20 қазан.- №12. 395. Валиди 3. Воспоминания...-Б.252-258. 396. Кеңес қаулысы //Сарыарқа.-1918.- 12 маусым,- №43. 397. Тығыз жұмыстар //Қазақ.-1917.-13 желтоқсан.- №257. 398. Алашорда хүкіметінің іске кіріскендігі туралы // Сарыарқа.-1918.-5 шілде,- №46. 399. Ішкі хабарлар //Сарыарқа.-1918.-19 шілде.- №47. 400. Валиди 3. Воспоминания..,-Б.271. 401. Дулатов М. Алашорда //Қазақ.-1918.-16 қыркүйек,- N265. 402. Соңғы хабарлар //Жас азамат.-1918.-1 қыркүйек,- №5. 403. Ішкі хабарлар //Сарыарқа.-1918.- 19 шілде,- №47. 404. ҚР ПА.811-қор.Н.Равнягиннің естелігінен. 4-т.,335-іс.52п. 405. ҚР ПА.811-қор.20-т.,686-іс.54п. 406. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм...-Б.34-35. 407. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.160. 408. Валиди 3. Воспоминания...-Б.281. 409. Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.160. 410. Мәскеуден телеграм//Сарыарқа.1918.- шілде. №37.

411.Нұрпейісов К.Н. Алаш Һәм...-Б.161. 412. Бірлік туы. 1918-13(2) наурыз,- №25. 413. Қазақ.-1918.-5 қыркүйек.- №263. 414. ҚР ПА.811-қор.Галето естелігінен.3-т.,16-іс.7п. 415. Жұртбаев Т.Талки.- Алматы:Қазақстан, 1997.-3686.-Б.80416. Қазақ.-1918.-5 қыркүйек.- №263. 417. Жас азамат.-1918.-30 шілде.- №11. 418. Омбы хүкіметінің баяндамасынан //Сарыарқа.-1919.- 27(14) қаңтар.- №67. 419. Бөкейхенов Ә. //Қазақ.-1918.-30шілде.- №262. 420. Жас азамат.-1919.-28 қаңтар,- №22. 421. Ішкі хабарлар // Сарыарқа.-1918.-19шідце,- №47. 422. Ішкі хабарлар //Сарыарқа.-1919.-26 наурыз,- №74. 423. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм...-Б.56. 424. Қазақ қалай соғысады //Сарыарқа.-1919.-26 наурыз.-74. 425. Халық ғаскері //Сарыарқа.-1919.-16 сәуір.- №77. 426. Ішкі хабарлар //Сарыарқа.-1919.-26 наурыз.- №74. 427. Тоқтамышев Х...//Сарыарқа.-1919.-16 сәуір.- №77. 428. Хабаршы...//Сарыарқа.-1918.-19 шілде. №47. 429. Құрметті оқушылар // Қазақ.-1918.-16 қыркүйек.- №265. 430. Валиди 3. Воспоминания...-Б.249. 431. Қазақ.-1918.-16 қыркүйек.-№265. 432. ҚР ПА.811-қор. С.Шәріповтің естелігінен.1-т., 73-іс. 163- 1657пп. 433. ҚР ОМА.-1227-қор. Б.Қаратаевтың жеке қоры.-1-т., 7- іс. 121-122пп. 434. Басқармаға телеграмма // Қазақ.-1918.-16 қыркүйек.- №265. 435. Ішкі хабарлар // Жас азамат.-1918.-4 қазан.- №6. 436. Облыстық дума //Жас азамат.-1918.-1 қыркүйек.- №5. 437. Мемлекеттік Кеңесі// Қазақ.-1918.-26 қыркүйек.-№265. 438. Жалпы Россияның... азаматтарына берген уәде хаты // Сарыарқа.-1918.-25 (8) қараша.-№59. 439. Саясат күйі// Жас азамат.-1918.-15желтоқсан.- №15. 440. Алашорда шығарған заңдар // Сарыарқа,-1919.-27 (14) қаңтар,- №67. 441. Алашорда //Жас азамат.-1919.-1ақпан,- №21. 442. Алашорда //Жас азамат.-1919.-1акпан,- №21. 443. Кеңес қаулысы // Сарыарқа.-1918.-12 маусым.-№43. 444. Құлжанов Н...// Сарыарқа.-1918.-16 қыркүйек.- №265. 445. ҚР ПА.811-қор.А.Ипмағамбетовтің естелігінен.7-т., 36- іс. 315п. 446. КР ОМА.-1227-қор. Б.Қаратаевтың жеке қоры.-1-т.,7-іс. 315п. 447. Дулатов М...// Сарыарқа.-1918.-12 маусым.- №43. 448. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм...-Б.45. 449. Он үшінші декабрь // Жас азамат.-1989.-26 желтоқсан.- №17.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙