Еділ жайлаған қазақтар
Өтепберген Әлімгереев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Тағдыр талайымен дүние жүзінде тарыдай шашылған қазақтардың бір алуаны Ресейдің Астрахан облысында қоныс тепкен. Олардың бұл өңірді мекен ғып, өмір сүре бастағанына да екі ғасырға жуықтады. Бір кездері Астрахан губерниясына қараған Бөкей Ордасының көптеген қазағы балық кəсіпшілігі, жұмыс бабы, тұрмыс қажеттілігіне орай су бойын жағалап, қала тұрмысына бейімделді. Оқыды, тоқыды, кəсіп қылды. Ақыры сол өңірде тұрып қал
─ 1 ─
─ 2 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ УДК 316 ББК 60.54 Ə 55 Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Əлімгереев Ө. Еділ жайлаған қазақтар. Деректі зерттеу. Өтепберген Əлімгереев. ─ Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдас тығы. «Атажұрт» баспа орталығы. 2012 жыл. 248 бет. ІSBN 978-601-7023-52-2 Тағдыр талайымен дүние жүзінде тарыдай шашылған қазақтардың бір алуаны Ресейдің Астрахан облысында қоныс тепкен. Олардың бұл өңірді мекен ғып, өмір сүре бастағанына да екі ғасырға жуықтады. Бір кездері Астрахан губерниясына қараған Бөкей Ордасының көптеген қазағы балық кəсіпшілігі, жұмыс бабы, тұрмыс қажеттілігіне орай су бойын жағалап, қала тұрмысына бейімделді. Оқыды, тоқыды, кəсіп қылды. Ақыры сол өңірде тұрып қалды. Жазушы-журналист Ө.Əлімгереевтің бұл кітабында Еділ жайлаған қандастарымыздың кешегі-бүгінгі тіршілігі, қазақстандық қандастарымен араласы, Бөкей Ордасы өңірінің біртуар өрендері жайлы əңгіме болады.
УДК 316
ББК 60.54
ІSBN 978-601-7023-52-2
© Əлімгереев Ө., 2012
© Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
«Атажұрт» баспа орталығы, 2012
Ə 55
─ 3 ─
АЛЫС ТА ЖАҚЫН АСТРАХАН
Астрахан есімі қазақтарға қашаннан таныс. Аңыздарға
құлақ түрсек, əз Жəнібек ханның тұсында ірге көтерген
бұл қала Алтын Орда дəуірінде қандастарымыз мекенде-
ген құтты қоныс көрінеді. Мүмкін солардан болар, осы
өңірде кіндік кесіп кір жуған даланың дана философы Асан
Қайғы (Хасан Сəбитұлы, ХІV ғ.) «Еділ мен Жайықтың,
бірін жазда жайласаң, бірін қыста қыстасаң-қос қолыңды
маларсың, алтын менен күміске» деп көңілі шалқып таси-
ды. Бірақ Асан атаға Жəнібек ханның қала іргесін көтерудегі
əлде бір қылығы ұнамай, екі рет шақырғанда келмей, тек
үшіншісінде ғана азар келіп «Ай, Жəнібек, ойласаң, қилы-
қилы заман болмай ма, суда жүзген ақ шортан қарағай басын
шалмай ма?! Мұны неге білмейсің! Қорған салдың бейнет
қып, қызметшің жатыр ішіп жеп... Оны неге білмейсің?!
Хош, аман бол, Жəнібек, енді мені көрмейсің! Түптің
түбінде Астрахан бізге бұйырмайды, арқадан келген өзге
дін иелеріне мекен болады» деп Жайыққа қарай желмаясын
тебініп жүре беріпті деседі.
XV ғасырда қазақ əдебиеті төл басыларының бірі Қазтуған
жырау «Алаң да алаң, алаң жұрт, ағалаң ордам қонған жер.
Атамыз біздің бұ Сүйініш күйеу болып барған жұрт. Ана-
мыз біздің Бозтуған келіншек болып түскен жұрт» деп осы
өңірдегі Ақтуба мен Бозан өзендері бойын бойтұмардай
қадірлеп, жырға қосады.
XVІ ғасырда Доспанбет жырау «Айналайын, Ақ
Жайық, ат салмай өтер жер қайда?» деп Азауынан əрі өтіп,
Астраханға бет алғанда тебінгіден тер төгіп, қанжығадан қан
кетіп, қапыда қайтыс болған еді ау?!
Ақырында Асан ата айтқан өкініш аумай-төкпей алды-
мыздан шықты. XV ғасырдың орта тұсынан аса Алтын Ор-
─ 4 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
дадан қашып шыққан Махмұт хан мен оның інісі Ахмет Еділ
өзенінің төменгі сағасында Астрахан хандығын құрып, билік
жүргізе бастап еді, бірақ адам ғұмырының өзі ғасырдан ғасыр
асып, жалғаса бермейді ғой, өлім деген өкініш Махмұтты
алып тынғанда, оның мұрагері болып таққа ұлы Қасым оты-
рады. Əйтсе де байлық деген қара мысық ағайынды екеудің
жүрегін тырнап, бірін Мəскеу княздігі, екіншісін Қырым
хандығына шабуылға шығарып еді, амал не, екеуі де ойсы-
рай жеңілді. Оның үстіне Үлкен Орданың күйреуі Астрахан
хандығының Ноғай Ордасы əміріне бағынышын күшейтіп,
күннен күнге əлсіретті. Əлі кетіп, ауыз бірліктен айрылған
хандықты 1556 жылы ІV Иван Грозный айтақтаған И. Че-
ремиесинов басқаруындағы жер қайысқан Дон мен Еділ
бойының кезбе казактары басып алды. Арада екі жыл
өткенде қала Ресей патшалығы империясы қолы астына өтті.
Міне, содан бері аттай 450 жыл болды. Өкінішті, бірақ бəрін
де уақыт жеңеді, мезгіл емдейді.
Бірақ біздің нəсілдестеріміз іргесін өздері қалаған қаланы
уыстарынан шығарып алса да бұл аймақтан қол үзіп көрген
жоқ. Біраз уақыт үзілісте болса да мезгіл өте даласына ма-
лын бақты, өзеніне ау салып, қармағына қарагөз іліндірді.
Ең бастысы, ұлын өсіріп, қызын бойжеткізді. Олардың ара-
сынан келешек Ресей мен Қазақстанға белгілі талай тарлан
азаматтар тəрбиеленді, біраз жұрттың жамбасы осы өңірде
жерге тиді. Басқасын былай қойғанда, XІX, ХХ ғасырларда
халқымыздың музыка өнерінің марғасқалары, атақты күйші-
компазиторлар Құрманғазы (1823-1896) Алтынжарда, Сей-
тек Оразалиев (1861-1933) Ақтөбеде (Хошаутово), Ерғали
Есжанов (1863-1949) Лебяжьеде (Құмөзек) дүниеден озып,
мəңгілік мекен етті.
Одан беріде Еділді қатар еміп, Каспийде кеме жарыстырған
орыс пен қазақ елдеріне есімдері белгілі қанша мемлекет,
қоғам қайраткері, экономика мен əлеуметтік салаға еңбегі
сіңген айтулы адамдар өсіп шықты. Оның бəрін дəл қазір
бармақ бүгіп, саусақ санап, түгендеп біту мүмкін емес. Осы
күні Астрахан облысында 200 мыңға жуық қандастарымыз
─ 5 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР тұрады. Олар негізінен Құмөзек, Володар, Красный Яр, Икрян, Харабайлы, Приволжии аудандары мен облыс орталығының өзінде тұрып жатыр. Басқалар сынды олар да бұрынғы Одақтағы 1991 жылдың 21 тамызынан кейінгі дамудың жаңа жолына түскен Ресей Федерациясы Астрахан өңірінің экономикалық-əлеуметтік өсуіне өз үлестерін қосып келеді. Негізінен аймақтың аграрлық жүйесі, оның ішінде мал жəне егін шаруашылығын дамыту, су шаруашылығы, теңіз флоты, балық өнеркəсібін өркендету, облыста кейінгі жылдары қарқын алған мұнай өндіру саласына қосып жатқан үлестері мол. Əлеуметтік бағытта да атқарып отырған жұмыстары көп. Оларды облыстық деңгейде жалпылама бағытта сараласақ, мынандай салаларды құрайды. Астрахан облысында ежелден бергі ата кəсіп-балық өнеркəсібі, теңіз, су шаруашылығы. Кеңес өкіметі тұсында аталған облыста жылына 250 мың тонна су маржаны ауланса, оның 100 мың тоннасы бекіре тұқымдас балықтың үлесіне тиетін. Бұл сол кездің (1965-1975 жылдар) көрсеткіші бойынша Одақта теңдесі жоқ үлес еді. Бұндай артықшылық көлемі жағынан аз болғанмен, нəтижесі жағынан əлі де сақталуда. Облыс ас тұзын өңдіру мен өңдеу ісінде Ресейде бірінші орында тұрады. Сондай-ақ облыста қатты дамыған сала – егін шаруашылығы. Мұнда көкөніс, бақша дақылдарын егу мен оларды өңдеу ісі жақсы жолға қойылған. Астрахан қаласының өзі мен Ахтубада жəне Харабайлыда ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде балық жəне егін өнімдерін өңдеу, құтылау зауыттары бар. Төменгі Басқұншақ пен Ахтубада тұз шығару кəсіпорындары жұмыс істейді. ТМД көлеміндегі ең ірі кеме жасау жəне өңдеу зауыты осы Астрахан қаласында орналасқан. Аталған зауытта дайындалған қазақстандық «Сұңқар» платформасы мен басқа да мұнай қондырғылары еліміздің сутегі шикізатын өндірушілеріне жақсы таныс. Астрахан мен Ахтубадағы тепловоз жөндеу, ұстажаңыштау (прес) жəне технологиялық құрал-жабдықтар
─ 6 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
шығаратын кəсіпорындардың да үлес салмағы мол.
Жоғарыдан төмен Еділ өзенімен тасымалданып, ағып
келетін ағаштарды өңдеу, үй жиһаздарын жасау ісі де көптен
бері қолға алынған. Целлюлоза-қағаз, картон дайындаумен
облыстың аты шыққан. Шыны талшығы, резина зауыттары
бар.
Облыста ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан кəсіп-
мал шаруашылығы. Мұнда төрт түлікпен қоса шошқа өсіру
де қолға алынған. Астраханның Харабайлы, Владимировскі
қалаларында ет комби-наттары жұмыс істейді. Өңірде бір
кездері тері өңдеу, аяқ киім тігу, байпақ, киіз басу, ау тоқу
фабрикалары жұмыс істеді қазір олар уақыт талабына сай
мамандандырылып, қызмет түрін жаңартты. Сүт зауыттары
мен кондитер фабрикаларының игілігі мол.
Əлеуметтік салада да оңды өзгерістер бар. Облыс
орталығындағы балық өнеркəсібі мен балық шаруашылығы
институты, медицина академиясы, консерватория, педагоги-
ка институты қашаннан бері Ресеймен бірге Қазақстан үшін
де білікті мамандар даярлап келеді. Бұлардан басқа қалада
түрлі ғылыми-зерттеу институттары мен орта, жоғары оқу
орындары, жалпы білім беретін мектептер, мектепке дейінгі
мекемелер, мəдениет ошақтары, театрлар мен зоопарк,
мұражайлар мен кітапханалар бар.
Оңды қадам-педагогика институты мен педагогикалық
колледжінде жергілікті қазақ балаларына ана тілінде
білім беретін ұстаздар даярланады. Оларға Атыраудағы Х.
Досмұхамедов атындағы университеттің оқытушы- про-
фессорлары ұдайы дəріс оқып, тəжірибе алмасады. Мектеп
ұстаздары да жалпы білім беру бағытында озат тəжірибелерін
ортаға салып бөліседі.
Облыстық теледидар мен радиода апта сайын қазақ
тілінде хабарлар беріледі. 20 жылдан бері «Ақ арна» деп
аталатын қазақша газет шығып тұрады. 1990 жылдан бері
«Жолдастық» деп аталатын қазақ мəдениеті мен тілінің
өңірлік қоғамы жұмыс істейді. Оған туған халқын жанындай
сүйетін қаржыгер, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген
─ 7 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР қайраткері Никита Сейітұлы Ысқақов ұзақ жыл жетекшілік етті, қазірде құрметті төраға. Аталған қызметті дəрігер Х.Ф. Джаркенов атқаруда. Аталған қоғамның мұрындық болуымен өңірде қандастарымыздың ұлттық рухани өсуі мен жетілуі жолында көптеген жұмыстар атқарылды. Ұлы күйші Құрманғазының кесенесі қайта көтеріліп, Алтынжарда құрамында музыка мектебі мен концерт залы, қонақ үйі, ұлы күйшінің өмірі мен шығармашылығы, қазақтардың бұрындарғы тұрмысы, өнерін бейнелейтін мұражайы бар өңірлік мəдениет кешені пайдалануға берілді. Бұл жерде бірнеше рет Қазақстан мəдениетінің Астрахандағы күндері өтті. Қаладағы Совет көшесі бойындағы келісті алаңда Құрманғазыға арналып еңселі ескерткіш қойылды. Салмағы 115 тонна тартатын бұл алып ескерткіштің мүсіншісі, аты қазақстандықтарға бұрыннан мəлім, Атырау облыс орталығындағы ұлы күйші ескерткішін жасаған А. Рахмадиев болатын. Ал оның Еділ бойына қойған мүсіні Ресейлік қандастарымызға рух беріп, намысын оятатындай айбынды да еңселі болып шықты. Астрахан Атырауға, жалпы Қазақстан үшін қашаннан бері қанаттас жатқан төрде басы, төскейде малы қосылған, ырыс берекесі ортақ облыс. Сол достық пен дəстүр бұрынғы сынды тəуелсіздік жылдарында да жалғасын тауып, 1995 жылдан бері екі республика облыстары басшылығы өзара экономикалық, ғылыми-техникалық серіктестік байланысты нығайып, жақсарту бағытындағы келісімге қол қойды. Олардың дені кəсіпкерлік құрылымдар арасындағы-сауда экономикалық ынтымақтастықты барынша тереңдетуге арналып отыр. Сондай-ақ аграрлық жүйе мен балық шаруашылығы, мұнай-газ саласы, білім-ғылым, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу, күштік құрлым (құқық қорғау) бағытында да оңды ойластырылған екі жақты келісімдер бар. Өзара ынтымақты байланыс аталған облыс пен Атыраудың Құрманғазы ауданы арасында да аса нəтижелі
─ 8 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
екенін ауыз толтыра айтумыз керек, олар қашаннан бері ау-
дандары өміріне қатысты қандай да бір шараны бір-бірінің
қатсынсыз өткізіп көрген жоқ. Мүмкін ол да дұрыс шығар.
Өйткені түпкі құйылар айдыны бір аймақтың арасын бір ғана
Қиғаш өзені бөліп тұр емес пе? Сол Қиғаштың əр жағынан
толған айдай толықсыған жас ару иін ағашын иыққа асып,
бұлықсып кеп су алса, бергі беттегі ат суарған əсем жігіт көз
тоймай əн ағытпаушы ма еді?!
Жə, ол да өзінше өрнек, өмір суреті, тағдыр талайы...
Өткен жылдары осы өзен үстінен екі жақты келіс-
барысты жиілету мақсатында маңызды көпір салынып, іске
қосылды. Аузында шекара-кеден мен автокөлік бақылау,
санитарлық-эпидемиялогиялық станса қызметтері, мал
дəрігерлік қадағалау орындары бар бұл көпірдің ашылу-
ына екі елдің үкімет басшылары келіп, қашаннан бергі
қалыптасқан қарым-қатынасымызды одан əрмен тереңдетіп,
бекітті.
Қазақтар əлімсақтан «Атырау деп кеткен айдынды
Каспийдің терістігін қатар жайлап, ырыздығын бірге ем-
ген астрахандықтар 2008 жылы ежелгі қалаларының 450
жылдығын үлкен салтанатпен тойлап өтті. Оған теңіз
жағалаған 5 мемлекеттің басшылары бастаған үлкен де-
легация қатысты. Мерейтойды ұйымдас-тыруда қалада
көлемі 90х35 метрлік алып сахна орнатылып, онда қаланың
кешелі-бүгінгі тарихын бейнелейтін көріністер көрсетілді.
Ойын-сауық бары-сында Англия мен Германиядан келген
ди-джейлер дайындаған музыкалық шоу тамашаланып,
Людмила Сеншина, Валентина Толкуновалар əн салды, «Са-
моцветы» ансамблі мен Филипп Киркоров өнер көрсетті.
Сондай-ақ концертте құрамында 900 адамы бар бишілер
тобының өнері де қонақтар есінде ұзақ сақталатын болады.
Сөйтіп айдын шайқап, толқын құшқан ежелгі қала жаңа бе-
леске қадам басты.
─ 9 ─
ҚОС ӨЗЕН АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚОНЫС
«Еділ-Жайық – екі су»...
Жаралғалы жарып-бөліп айтылмаған бұл өзендер
жəйлі өлкеміздің өрен жүйрік ақыны Насихат Сүгірұлы
өзінің Сталиндік бұғауда отырып, төкпелеген кезекті бір
ұзақ толғауын осылай деп бастаған-ды. Беу, десеңізші,
талайдың көз сұғын өзіне тартып, өзегін жұлып алар
арудың арқасындағы қос бұрымындай қатар жатып, бар
сырды бірі қатты, бірі жəй бұралған егіз ішегінен егілтетін
қара домбыраның саз үніндей, адамзат баласының ізгі ар-
манын алға жетелейтін болат жолдың қос тініндей қатар
жатқан бұл өзендер жəйлі арғы-бергі ықылым заманда
кімдер жырға қосып, əуенді əнге арқау етпеді десеңізші.
Алдымен ару Ақ Жайықты алыңыз. Бірде Даик, Гаик, Еик,
уақыт өте Ұлысу, одан бері Жайық, тіпті Степан Разин мен
Емельян Пугачевтің елді бүрліктіріп, күллі Ресейді аяғынан
тік тұрғызған əлдебір қозғалысына бола ежелгі атын мансұқ
еткен екінші Екатерина патшайымның өзі оның Жайық атын
ел есі, халық жадынан жойып жібере алмады.
Еділ де сол, əу баста «Ра» өзені деп аталғанымен, орта
ғасырдан бергі иеленіп келе жатқан «Еділ» есімін «Волга»
деп қанша рет дүрдитіп бөрік кигізсе де əлі естен шығара
қойған жоқпыз. Иə, деймін-ау, Еділ-Жайық атауы қазақ
пен татар, башқұртта қашаннан бері жатталып қалған ұлы
есімдер. Онда бауырлас халықтардың қаны, қимас жандары
бар. Аяқталмаған армандары, алға асыққан үміттері жатыр.
Сондықтан да оны əнге қосып, жырға бөледі. Сол баяғы
XV ғасырда жер жұмағын іздеп, басында Қазанда, одан
төменгі Еділді еншілеп, Сарайшыққа желмаясын шөгеріп,
Тайсойғанның Қорғаншасында он жыл қыстаған, Қаратау
мен Жетісу асып, қос Танайын қасына ертіп, абыз шағында
─ 10 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Арқаға жетіп, ақыры Ұлытауда мəңгілік ұйықтап кеткен
Асан Қайғының өзі
«Еділ менен Жайықтың
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Қос қолыңды маларсың,
Алтын менен күміске», - деп біз сөз етіп отырған қос өзеннің
осыдан алты ғасыр бұрын Еділ мен Жайық екенін дəлелдеумен
бірге, олардың қашаннан байлық бастауы, дəулет көзі екенін
жырға қосады. Сол ақын тағы бір өлеңінде: «Ағайынмен тату
бол, керек болса жаныңды қидың» мысалы ретінде:
«Еділ бол да Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе
Жаныңды аяп тұрыспа» деп даналық жолдарын ұсынады.
Отызға жетпес ғұмырында аты Дешті Қыпшақтың көк туын
құлатпаймын деп, қолынан шашақты найза, шарболат қылышын
тастамайтын Дон мен Еділ, Жайық арасында шапқылаумен ғұмыр
кешкен жауынгер ақын Доспамбет (XVІ ғ.)
«Айналайын Ақ Жайық,
Ат саламй өтер күн қайда?!
Еңсесі биік боз орда,
Еңкеймей кірер күн қайда?!» деп зарланады.
Одан бергі XYІІІ ғасырда өмір сүрген атақты Ақтамберді
жырау да əйтеуір осы бір Еділ-Жайық есімінің қашан да
қазақтың жадында жыр, көмейінде сыр боларына сене оты-
рып,
«Еділ-Жайық екі өзен,
Талсыз болар деймісің?!
Көкшетаудың көп көлі
Елсіз болар деймісің?! – деп атасы қазақтың қоғалы
көлдер, қом суларының азбасына, тозбасына үміт артады.
XІX ғасырдың алғашқы жартысында бар-жоғы қырық
үшінде қыршынынан қиылған Махамбет те сол Еділ-
Жайықтың арын арлап, мұңын жырлады. Ағайындарының
азаттығына бола күн кешті.
─ 11 ─
«Еділ мен Жайық жер еді-ау,
Мекен еткен шаруаға» деп ол қос өзеннің мəнін көтерумен
бірге
«Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық»,- деп қос өзеннің кредосын ашық
айтады.
Сайып келгенде, осылайша арғы-бергі талай ақын ның
жырына арқау, батыр-баһадүрлердің тағды-рына темір қазық
болған бұл қос өзен арасы ежелгі түрік тұқымдас – бүгінгі
қарға тамырлы қазақтың білектің күші, ақ найзаның ұшымен
қашаннан бергі қанын төгіп, қорғап қалған қонысы. Бірақ
біз əуелі орыстың, кейін қалмақтың тепкісіне орай одан
да айрылып қалып, алыстан көз сүзіп, көңіл бұзылуымен
ғана жүргеніміз де рас. Əйтсе де жаны пейіште болғыр
Əбілхайыр ұрпағы Бөкей сұлтан арада екі ғасырдан астам
уақыт өткенде аңырап жүріп, қаңырап қалған атақонысқа
деген аңсары ауып, қанында қайсарлығы өсті ме, əлде таққа
байланған бақты қуды ма, əйтеуір ежелгі Еділ-Жайық арасы-
на Ойыл-Қиыл, Жем-Сағыз бойындағы ұлтанды елден енші
алып, көшіп келді. Дегенмен аталған жер əкімшілік-басқару
жағынан Ресейге, яғни патшалық Россияға қаралатын. Бірақ
одан бері де қаншама ию-қию заман өтті, тіпті кешегі кеңес
өкіметі шаңырақ көтеріп, кең байтақ қазақ жерін ұлтарақтай
бөліп, көбі алпауыт Ресейдің қанжығасына кеткенде Бөкей
ханның қазақтарға қоныс ретінде ғана қайтарған Еділ-
Жайық арасы Ə.Ермеков, У.Танашев сынды елім деген, еті
тірі ағаларымыздың арқасында қандастарымызға енді басы
байлы атамекен ретінде қайта бұйырды. Қазақстан жері деп
танылды. Ендеше 120 жыл Ресей отарында болған Бөкей
ордасының сол кездегі хал-ахуалы қандай еді. Патшалы Ре-
сейден не алып, неден ұтылды? Ол үшін əңгімені барлық
істің бастауында тұрған Бөкейден бастайықшы.
Расында да осы орайда күні бүгінгі дейін не жақсыда,
болмаса жаманда аты жоқ, тек «Бөкей» деген есімімен
─ 12 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
ғана ел есінде қалған, қазақтың Еділ мен Жайық өзендері
арасына қайта оралған кезеңіндегі алғашқы хан – Бөкей
Нұралыханұлы туралы бір ауыз сөз айтпауымыздың өзі де
айып сияқты.
Шындығында Бөкей кім?
─ 13 ─
БӨКЕЙ ХАН
Ішкі Орда халқы өздерінің мəдени өмірлерінің жəне
де ақыл – ой қабілеттерінің дамуы жағынан Бөкейханға
алғыс айтуға міндетті. Бөкей қазақтарды дала төсінен
астрахандықтардың жеріне көшіріп əкеліп, қала, қыстақ
ғұрпын қабылдады.
Мұхамед-Салық Бабажанов
Əділін айтсақ, тарихтан танымы бар, өткеніне өзегі
өртенер жан болмаса, бүгінгі ұрпақтың көбі бұл есімді біле
бермейді. Өйткені жоғарыдағыдай өткенді сүртіп, өлгенді
түртіп, құдай десе құтырынып, бай-молданың соңына
шырақ алып түскен кешегі кеңес өкіметі заманында Бөкей
түгіл оның ұлы атасы Əбілхайырдың өзіне бас шайқап, əре-
сəре кейіпте көз аларта қарадық емес пе?
Ішкі Орданың алғашқы ханы – Бөкейдің қай жылы
туғандығы жайлы нақты дерек жоқ, бірақ Нұралының
төртінші ұлы екені, Кеңес дəуіріне дейін өмір сүрген
зерттеуші оны 1746 не 1747 жылы туған болуы керек деп
болжайды. Бұл пікірді кейінгі кезде оралдық өлкентанушы
Ж.Ақбаев та қолдап, өз жазбаларында келтіріп жүр. Ел ішінде
айтылатын аңыздарда «Нұралыханның сандаған əйелінен 30
ұл, 40 қызы болыпты» делінсе, 1771 жылы хан ауылында
болған орыс тарихшысы И.Г.Георги өз жазбаларында «оның
4 əйелі, 8 күңінен барлығы 75 перзент, солардың 40-ы ұл» деп
көрсетіледі. Ал Атырау өңірінің біздің заманымыздың XX
ғасырының 60, 70-жылдары өмір сүрген мықты шежірешісі
Ыбыраш Қорқытов өз қойын дəптерінде жоғарыдағы аңызда
айтылатын отыз ұлдың атын тізіп, жазған екен. Олар – Абы-
лай, Ақсерт, Арыстан, Артықəлі, Бөкей, Бекқали (Сапақ),
Бегəлі, Ғазалы, Есім, Есенəлі, Елтай, Жаналы, Жалтыр,
─ 14 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Жəнібек, Жəреке, Қаратай, Күсен, Нұреке, Орман, Пірəлі,
Сығай, Саян, Сереке, Сейдалы, Тұрдалы, Ұзақəлі, Шотқара,
Шорман, Шөке. Бөкей ханның үшінші əйел – Аққолтықтан
(халықтық дəстүрде үшін-ші əйелді осылай атаған. Ө.Ə.)
өрбіген үш ұлдың үлкені деп жазады. Кейінгілері Шығай
(дұрысы Сығай), Шүке. Бөкей əйгілі Сырым батырдың за-
ман-дасы, тым əрі кетсе, төрт-бес жас кішілігі болуы да
ықтимал. Жас шағында жігітшілік жолымен екеуі бір
сұлуға таласып, бірақ соңыра əлдекімдердей бір-біріне кек
сақтамай, керек десе Сырым батыр əкесіне қарсы шыққан
кезінде де «Баяғы шүйке бастың қыжылы кетпеген мігіт екен
ғой, соны жүрегіне дық санап жүр» деп айтады деп Бөкей
Сырыммен арадағы еш дауға араласпапты. Ал Сырым болса,
Бөкейдің қос өзен- Еділ мен Жайық арасындағы кең жазыққа
қоныстан-уына жаны қалмай араласып, ақыры патшадан
рұқсат алуға да ықпал еткенге ұқсайды.
Сайып келгенде, бұл ара бі кездегі қыпшақ даласы, кейінгі
Ноғай Ордасы орналасқан, қазақ мемлекетінің уығын қадап,
керегесін көтерген Қасым хан, оның ұлы Ақназардың ақ
найзаның ұшы, құрыш білектің күшімен сақтап қалған сары
даласы, абыз ата Асанның желмаямен Жерұйық іздеп, желіп
өткен, жөргегін жуған қасиетті мекені, жері болғанымен,
біраз уақыт қалмақтар мен Астрахан губерниясына қарасты
кундр татарларының мекеніне айналғаны белгілі. Соған сай
1737 жылдан бастап бұл аймаққа қазақтардың мал-жанымен
көшіп-қонуына рұқсат етіледі. Əйтсе де 1771 жылдан бастап
қаңырап бос жатқан бұл аймаққа қожа Орал мен Астрахан
казактары ғана еді.
Солай бола тұрса да 1748-1749 жылдардың қатты қысынан
бастап Орынбор губернаторы И.Неплюевтің рұқсатымен тек
Нұралы, кейіннен 1755-1758 жылдардан бастап оның күллі
тұқымдарының Жайықтың оң, яғни Самар бетіне шығып,
қыстауына мүмкіндік туды. Бұл жылдар мал тұяғы тимеген
шұрайлы жердің табын-табын жылқы, келе-келе түйенің, қой
отарларының қандай қыстан да қысылмай шығуына жағдай
жасады. Күндер өте Шыңғырлау мен Жымпиты, Бұлдырты
─ 15 ─
мен Ойыл, Тайсойған мен Бүйрек, Сағыз бен Мұқыр бой-
ын жайлап, мал өрісі тарылып бара жатқан қыр қазақтары
аталған өңірге алаңдады. Кейде олар Жайық бойын күзеткен
шекаралық əскер басшыларының рұқсатына қарамастан
ішкі бетке еніп кетіп те отырды. Осыдан кеп жылдар бойы
тусырап жатқан қос өзен аралығын қазақтар иелігіне беру
қажеттілігі туды. Оның бұдан басқа да себептері бар еді.
Патша өкіметі Сырым бастаған шаруалар қозғалысынан
соң да қайта-қайта бас көтере бастаған Кіші жүз қазақтарының
күшін ыдырату, отарлау саясатын бұрынғыдан да пəрменді
жүргізу ниетінде болса, Орынбор-Орал казак əскерлері
старшындарының «əскери барлауы» деген желеумен елге
шығып, қара халықтың малын барымталап, дүние-мүлкін то-
науы, сондай-ақ елдегі сұлтандардың тақққа таласынан бір-
бірінің адамдарына жəбірі, тағы да ұрлық-зорлық, соққыға
жығу жиіледі. Екі оттың ортасында қалған халық қайда
кетсек те, əйтеуір осы алпауыттар мен əпербақандардан
құтылсақ екен деген ниетте болды.
Осындай тонауға түскен ел, тəлкегі шыққан халық,
Қаратай, Жантөре сынды өз ағайындарының билікке тала-
сын көрген Бөкей қайткенде де осы арадан кету, бас сауғалап,
басқа жерден мекен іздеуге асықты. Оған қоса ол бұл өңірден
өзі сынды қашаннан бері Шыңғыс хан тұқымы аңсаған тақ,
көксеген баққа жуық маңда қолы жетпейтінін де жақсы
білді. Сонда не істемек? Амал жоқ, замандасы Сырымның
жатса-тұрса айта беретін Жайық пен Еділ арасындағы Самар
даласына (Нарын құмына) бет түзеу керек. Бұл бір қарағанда
бұқара халықтың да көптен бергі көкейдегі ойы, көңілдегі
түйіні еді. Бірақ мұндай бақытқа ие болудың бірден-бір
жолы, алдымен орыс əкімшілігінің рұқсатын алу керек.
Өйткені аталған жерлер жоғарыда айтқанымыздай Орал мен
Астрахан казак əскерлерінің бақылауында еді.
Міне, осындай түрлі себептер мен қажеттілікке орай
Бөкей Нұралыханұлы Астрахан казак полкінің командирі,
полковник Поповқа, ал Поповтың Астрахан əскери губер-
наторы Кноррингке, Кноррингтің хаттары мен ұсыныстары
─ 16 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
жəне Бөкейдің Павел Біріншіге жолдаған өтініштерінің
негізінде патша 1801 жылдың 11 наурызында мынандай
Жарлық берді: «...қырғыз – қайсақ Кіші Ордасындағы хан
кеңесіне басшылық жасап отырған Нұралы ханның ба-
ласы Бөкей сұлтанды өз қарамағыма шын ықыласыммен
қабылдаймын, қай жерге көшіп барамын десе де ерікті...».
Осы жылы Бөкей бастаған 5000 үй Жайықтың оң бетіне
көшті. Арада жеті жыл өткенде үйлер саны 7500-ге жетті.
Бөкей алғашқы жылдары Сарайшық төңірегі, одан
қазіргі Атырау облысындағы Исатай ауданы Жалтыр
көлінің маңын қонысқа жəйлі, малға тыныш жер деп та-
уып, 200 үймен көшіп келеді. Ол кезде аталған көл ұзыны
22, ені 16 шақырымды алып жатқан шалғыны мол, балығы
көп, шұрайлы аймақ екен. Бірақ Жайық өзенінің көктемгі
тасуынан ғана кемерленіп, қалған кезде жаңбыр суымен
молығатын тұйық көлдің болашағы шамалы екендігіне көзі
жеткен Бөкей бұл жерде көп аялдамай, артынша Еділдің енді
бір саласы – Қиғаш өзенінің түпкі сағасына қарай қоныс ау-
дарады.
Жалтыр көлінің батыс жағасында əлі күнге Бөкей
қыстауының орны бар. Осы жерде отырғанда оның ана-
сы қайтыс болған. «Бөкей шешесі» деп аталатын үлкен
қорым қазіргі Хамит ауылының (бұрынғы Новобогат
селосының) арқа батысында орналасқан. Дəл осы арада
«Бəйбек қыстауы» деген де жер кездеседі. Ал осы атаудағы
село Нұралыханұлының Қиғаш бойындағы соңғы табан
тіреген жері – Кішкене арал (орысша «Малый арал» деп
атайды) түбінде де бар. Сөйтсе Бəйбек мырза Астрахан
басшылығымен арада тілмаштық қызмет атқарған Бөкейдің
оң қолы болғанға ұқсайды.
Біз бұл əңгімелерді кезінде жасы 100-ден асқан абыз
ата, Исатай ауданының тұрғыны Сидеғали Нұрманұлының,
ресейлік Бəйбек селосының ардагер ақсақалы, сол өңірдегі
«Родина» ұжымшарының бір кездегі төрағасы Қазбек
Дүйсенұлы Қоқаловтың ауыздарынан естідік. Бəйбек, осы-
лай аталатын ауыл туралы əңгіме сəл кейінрек.
─ 17 ─
Сидеғали қария «Атам Əлмағанбеттің əкесі Төлепбай
Бөкеймен замандас, сырлас, Нарын бетке бірге көшіп, қоныстас
болған жан еді. Аталарымның айтуынша Бөкей көруге көз ке-
рек, беденді, көркіне ақылы сай, беделді адам екен» деп оты-
ратын. Ал атыраулық белгілі журналист, марқұм Күзембай
Əмір «1947-1948 жылдары мектепте оқып жүргенімде Бөкей
қыстауын да, «Бөкей шешесі» қорымын да көрген болатынмын.
Алғашқысы күйдірілген қызыл кірпіштен салынған, бірақ сол
кезде орны ғана бар, ал соңғысының басынан түн болса от жа-
нып тұратын. Сондықтан қасына көп жақындамаушы едік» деп
еске алатын. Жергілікті халық қорым төңірегінде құрылысқа
аса қажетті қиыршық тастың мол қоры болғандығы, оны
жұртшылықтың кейінгі кезге шейін пайдаланып келгендігін
айтады. Сөйтсе де ол туралы халық аузында да түрлі аңыздар
бар, оны бүгінгі əңгімеге араластырғанды жөн санап отырған
жоқпыз.
Жоғарыда айтқанымыздай жаңа қоныстанушылар бұдан
əрі Павел І-нің рұқсат бергеніндей Қиғаш бойы, теңіз өресі,
Үлкен жəне Кіші Өзен төңірегі,басқа да сулы-нулы жерлерге
қоныс тепкенді қалап, сұлтан төңірегіне жиналғандар қазіргі
Мақаш ауылдық округі аумағы, кейін Астрахан облысындағы
Кішкене арал селосы маңына келген. Мүмкін, Бөкей атына
байланысты да шығар, сол кезде Кішкене арал «Хан сарайы»
деп аталыпты. Іргесінде Хан өзен деп аталған жіңішке өзен
ағып жатқан. Кішкене аралда сұлтан қыста қыстап, жазда
жайлауға, құмға көшеді екен. Негізінде елде Бөкейді көбіне
мал қонысына орай көшіп жүретін үйелмен болыпты дейді.
Бұл пікірді көп жыл осы арада еңбек етіп, кейін 1973 жылы
Атырау қаласында дүние салған фельдшер, Кранштат əскери
фельдшерлік мектебінің өткен ғасыр басындағы түлегі
Қажығали Мəмеков те жоққа шығармайтын.
Жергілікті халықтың айтуынша Бөкей негізінен Кішкене
аралдың терістік бетіндегі Тебенұр көлін жиектеген
Бабашағыл деген жерде отырған. Ол бір кездегі қалмақтар
жайлаған қонысқа қолайлы, малға жəйлі мекен екен. «Тебе»
қалмақтың түйе, «нұр»- көл деген сөзі.
─ 18 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Ғажапты қараңыз, сол Бабашағылдан сəл ғана аулақ-
қозы өріс терістікте Исатайдың əкесі Тайман да отырыпты
(Кейінен Тайман Ордадағы жер бөлініс ыңғайына қарай
қазіргі Манаш мекені тұсына қарай қоныс аударады).
Оған себеп екі қария өле-өлгенше көңілдес, дос болған.
Тіпті Жалтыр көлінің жағасында отырғанда шешесінің
жылын берген Бөкей жиналғандар алдында барша ағайын,
əсіресе Тайманға елден ерек рахметін жаудырып, онымен
достығы ұрпақтан ұрпаққа кететіндігі, балаларына дари-
тынын айтып, сендіріпті. Оған қоса өзінің əлі де батысқа
қарай, анау Астраханның қолтық тұсына қоныс аударғысы
келіп отырғандығын, бұл ниетке тілеулесі Тайманның да
қарсы болмайтындығы, өйткені қалған ғұмырымызда ауы-
лымыз аралас, қойымыз қоралас, жаз жайлауымыз бен қыс
қыстауымыз қатар жатып, бір-біріміздің төбемізді көріп
отырайық деп екі абыз ақсақал ағайын-туыс, балаларының
көзінше нан ұстап, нар ауыстырып, ант-су ішіпті.
Сол үрдісті ұмытпаған Исатай кейін қалың əскер, мол
қолмен Жасқұстағы хан ордасына табан тіреп, қамап
тұрғанның өзінде бір аптаға мұрсат беріп «Əкелеріміз Алла
атынан достыққа ант беріп еді, мына шоқыншы сыбан
қалмақ оны да ұмытты ғой» деген екен. Данагөй қариялар
Исатайдың сол жолғы хан ордасын шаппауының басты себебі
– батырдың əкелері антын бұзу, əруақ аттаудан қорыққаны
деп дəлелдейді. Сайып келгенде қисынды уəж, мүмкін солай
да шығар.
Ал сол Кішкене арал, немесе Бабашағылға қайта оралсақ,
аталмыш алқап Бөкей үшін қолайлы болғанға ұқсайды.
Баласы Жəңгірді Астраханға беріп, хандықты əкімшілік
жағынан басқару əдістерін үйретті. Сөйтіп ол он жыл бойы
Астрахан генерал-губернаторы Е.С.Андреевскийдің отба-
сында өсіп, тəрбиеленді. Бірнеше тіл үйреніп, еуропалық
тəлім алды. Ал Бөкейдің өзі болса бар-жоғы 13-15 жылда
жаңа қоныстанған қос өзен аралығындағы 7072000 десяти-
на кең жазықты барған сайын кеңейтіп, 5 миллионнан астам
мал өсірді. Бастапқыдағы 5 мың түтіні бар 77 болысты 25
─ 19 ─
мың шаңырақты 149 болысқа жеткізді. Отыз жыл бойы иесіз
жатқан бұрынғы Самар даласын Ресейдің ғажайып базар ба-
засына айналдырды.
Бір қарағанда бұл тек малдан басқа кəсібі жоқ халықтың
əлеуметтік жағдайын көтеру, тұрмысын жақсартудың
жəне жəй ғана емес, жаңаша əғни,əлгі айтқан еуропалық
үлгіде жақсартудың бірден-бір жолы еді. Сөйтіп алғашқы
күннен майлы ішектей араласып, бірінің қалтасын бірі
қағып, толтырған көршілердің байланысы өсті. Əсіресе
жоғарыда айтқанымыздай бар дəулеті жоңғар даласы-
на үдере көшкен қалмақтармен бірге кеткендей болған
ресейлік алпауыттар қуанышында шек жоқ еді. Өйткені
олар үшін отыз жыл бойы адам ізі түспеген иен дала енді
таза байлық көзіне айналды. Төрт түлігіне қоса жүн, тері,
басқа ырыс қайта оралды. Осы кезде, яғни 1806 жылдың
19 мамырында «Көшпелі халықтарға жер бөліп беру
тəртібі ережесіне» сай біз əңгіме жасап отырған «Кіші
қайсақ ордасының» территориялық жер көлемі бұрынғы
Кіші жəне Үлкен, немесе жергілікті халық атайтын Қара,
Сары өзендерге қоса Боғда тауы, Еділ сыртына дейін өсті.
Арқаға ұлық қаққанға мəз болатын қазақ сұлтанына пат-
ша 1812 жылы «хан» атағын беріп, өңірге тағатын алтын
медалін қоса тапсырды.
Шара 7 шілдеде өтті. Оны тарихшы Я.В.Ханыков «Очерк
состояния Внутренней Киргизской Орды» деген еңбегінде
«При прибытии князя Волконского и Букея на приготовлен-
ное и обставленое место за городом Уралском, военный гу-
бернатор обьявил киргизам Высочайшую волю о возведении
Букея в ханское достоинство, потом прочитаны были на рус-
ском и татарском языках Высочайше грамоты об утвержде-
нии и приступлено к приведению Букея к присяге на Коране.
По окончании ее, сделано 12 пушечных выстрелов, с трех-
кратным беглым ружей-ным огнем и музыкой. Новый же хан
облечен всемилостивейше пожалованным собелью шубою,
саблею и шашкою и ему была вручена Высочайшая Грамота
на имя его» деп жазыпты.
─ 20 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Бірақ Бөкейге хан атағы оңайлықпен келген жоқ. Əсіресе
Нұралының хандық тақ үшін қандары бастарына тепкен
«бес қалмағынан»* басқа да ұлдары жетерлік еді. Тіпті «сол
атақ шоқыншы Бөкейге тисе басын қағып, грамотасын өртеп
жібереміз» деп алақандарына түкіріп, жол тосқандары да бо-
лыпты. Осындай дөңайбаттан қорыққан Бөкей Орынбордағы
хандық құжатын белгілі би Бекпембетке най семіз, қаба жал,
қаба құйрық, қара айғырдың құйрық қылдарының арасына
тықтырып алдырыпты деген де аңыз бар. Қалай десек те,
көктен күткені жерден бұйырған бұл құрмет əуелгіде «жаңа
жер қоныс бола ма, жоқ па?» деген күдікпен бар байлығын
Ойыл мен Сағыз арасындағы атакүлдігіне тастап, Нарынға
бар-жоғы 5 түйе, 20 қой, 17 жылқымен көшкен Бөкей
сұлтанның да, оған қараған көшпенді оралмандардың да
мерейін өсіріп, сенімін арттырды. Жылдар бойы тусырап
жатқан шұрайлы дала қыр қазақтарының бір малын екеу,
екеуін төртеу етті. Сауда өсті, дəулет артты. Жұрт кейіннен
бұл жəйлі «Хан Бөкейдің тұсында секер шəйнап, бал жұттық»
деп жырлады.
Тегінде жергілікті халық Бөкей хан турасында еш
уақытта ғайбат сөз айтып, терісқабақ танытпайды.
Қайта «Ол өз заманында сауатты, заман ағымын жақсы
түсінген көреген адам болған. Көршілес орыс елінде етек
алған отырықшылық, елді сауаттандыру, жаңа мəдениет,
жаңалыққа көп көңіл бөлген. Кейіннен дəстүрге енген
көп бөлмелі қарағай үйлер мен шикі тастан соғылған тас
қыстаулар сол Бөкей заманында салынып, қолға алын-
ды» деп отырады. Бірақ осы сынды алдымен хандық тақ,
ғажайып даңқты аңсаумен бірге туған халқының болашағы
көбірек алаңдатқан Бөкейдің хандық ғұмыры ұзаққа бар-
мады. 1815 жылғы 21 мамырда шикі судан жұғатын бөсір
ауруына шалдығып, аз күнде қайтыс болды. Артында
бəйбішесінен туған Тəуке мен Əділ, тоқалы Атан ханым-
нан өрбіген Меңдігерей мен Жəңгір қалды. Əке өсиеті
бойынша хандық мұрагерлік тақ кенже ұлға бұйырды.
Бірақ билік басына Жəңгір өскенше інісі Шығай келді. Ол
─ 21 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР өзі билік құрған сегіз жыл ішінде аса жемқор, адамдарды бір-біріне айдап салар залымдығымен аты қалды. Керек десеңіз хандық жылы орынды мұрагер ұлға бермеудің де бар айла-шарғысын істеп бақты. Əйтсе де билік Жəңгірдің өз өтініші бойынша 1823 жылы 24 маусымда əкесі таққа отырған Оралдағы Хан тоғайында сайлау негізінде жүзеге асты. Шығай билік құрған тұста қос өзен арасын қоныстанушылардың біразы бұл өңірді жазда ғана жайлап, қыс қыстауын Жайықтың шығыс бетінде өткізу үшін ескі жұрттарына қайта көшіп жүрді. Бұл көптеген көшпендінің көңілін алаң ғып, қайсыбірі жылы орынды суытпай отырып та қалды. Өйткені Шығайдың парақор ащы тырнағы соны талап етті. Бірақ Орынбор əскери шекаралық басшылықтың 1818 жылғы Жайықтан кері өтуге тыйым салған жарлығы мен билет жүйесінің енгізілуі бөкейліктердің бұдан былай Жем-Сағыз, Тайсойған мен Бүйрек бойына қайта айналып соғуына мүмкіндік бермеді. Жəңгір таққа отырған күннен бастап билікті нығайту, басқару аппаратын өзгертуге ерекше мəн берді. Оның бұл ісін орыс тарихшылары «басқарудың Жəңгірлік реформасы» деп атады. Ол қандай реформалар еді? Алдымен бұған дейінгі ел басқару ісіндегі аталарының бəрі, керек десе тым əрідегі Шыңғыстан бастап, одан бергі Бату мен Берке, өз əкесі Бөкей мен ағасы Шығайдың үш ай қысты қыс қыстаулары мен сарайларда өткізсе де жаздықтарын жайлауда, болмаса Сарайшық сынды саумал ауа, жасыл орман, сахараға арнайтын. Бұл олардың қашаннан бергі аттың жалы, атанның қомында өскен көшпенділігінен де болса керек. Бірақ Жəңгір таққа отырып, Фатима сынды еуропалық тоқал алғаннан кейінгі жұмыстанғаны – жылжымайтын түпкілікті мекен – Хан Ордасы орталығын салу, басқару ісіне өзгерістер енгізу болды. Ол үшін хандық əкімшілік орталығын салу жəне онда басқару аппаратының ерекше жүйемен жұмыс істеуіне назар аударды. Жаңа əдіс бойынша 12 биден тұратын рулық хандық басқару
─ 22 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ жүйесі жұмыс істеді. Аппараттың өзінде бұлардан басқа ханның жеке тапсырмасын орындаушы 12 ағаман есауыл, ең негізгі жұмыс түрлерін жинақтаған екі бөлім, арнаулы тергеушісі бар кеңсе қызмет етті. Бұлардан басқа Ордаішілік жəрмеңкелер мен сауда орындарында бірыңғай ортақ тəртіптің сақталынуы мен олардағы баж салығының жинақталуын бақылап, қадағалаушы базар сұлтандары болды. Сайып келгенде, бұл Жəңгір таққа отырғаннан кейінгі дүниеге келген жаңалықтар. Бірақ оның төрінде патшалы Ресей əкімшілігі, оның отарлау саясатына байланысты не бір құйтырқылықтар да жатқан-ды. 1822 жылы Орынбор генерал-губенаторы П.К.Эссен «Орынбор қырғыздары туралы жарлығының» жобасын талдап, жасады. Дегенмен ол Азиялық комитетте 1824 жылы ғана қаралып, қабылданды да, сол жылдың күзінен бастап жүзеге асырыла бастады. Жаңа жарғы бойынша ірі феодалдардың жергілікті бөлігі жойылып, оның орнына орталықтан басқарылатын аппарат құрылды. Мəселенің бəрі əкімшілік басқару, сот, заң істерін бұрынғыдай хан кеңесі емес, ханның жеке өзі шешіп, ру басын тағайындау да өз қолына көшті. Бірақ бұл тағайындау кейіннен Орынбордың шекаралық комиссиясында міндетті түрде бекітілетін болды жəне осынау кең байтақ өлкенің батысынан Астрахан, шығысынан Орал казактары сақинадай сығып, ерекше бақылауда ұстады. Соған сай аталған Орданың көптеген шекаралық ауылдары орыс селоларымен қанаттас, көрші отырып, олардың үлгілі жақтарын үйренуге мүмкіндік туды. Отырықшылық өсті, сауда-саттық дамыды, тауар-ақша қатынасы ұлғайды. Дегенмен, ресейлік əкімшілік-басқару аппараты жат жұрттық қоңсылардың алғашқы күннен күле қарап, күңірене шығып, қойны-қоныштарына кіре араласқанын ұнатпады. Соған сай олар «Айналайын, қойыңды аулақ жайып, аяғыңды əрмен көсіл» деуді де ұмытпады. Керек десе Каспий теңізінің терістігіндегі қоғалы су, балықты көлдерін де қимай, шекара белгілеп қойды. Қазақтар оны «шырта» (черта) деген. Одан
─ 23 ─
ішке енсе, əсіресе мал өтіп кетсе шошқаның дауынан да жа-
ман бəлеге қап, қыруар айып төлейді, болмаса одан да зоры
көрсетіледі.
Нарын даласын иемдену бастамасы əуелде Бөкей атынан
болғанымен оған рұқсат берерде империялық Ресей де көп
қулығын бүгіп қалып еді. Соның бірі – бұл өлкені өздерінің
шикізат базасына айналдыру ниеті болатын. Уақыт өте ол
мақсат та толығынан орындалды. Кейіннен өлке адамда-
ры былай тұрсын, бұл аймақтың түлігіне шейін орыстарға
қызмет етіп, кəдесіне жарады.
1828-29 жылдардағы орыс-түрік соғысында Ресей əскері
Балкан тауынан кідіріссіз асса да алды қыс боп, бас сұғып,
аялдар баспана, бой жылытып, жан сақтар ауқат, артық қару,
оқ-дəрісі жоқ пұшайман халде əбден тарықты. Əу баста жа-
улап алған жердің дəулеті асырайдының керімен жорыққа
шыққан əскер үміті ақталмады. Осы кезде өкімет тарапынан
амалсыздан отар есебінде отырған қазақтарға қол жайып,
көмек сұрауына тура келді. Көз ашқалы көргені орыс, алған
білім, тəрбиесі де солардікі болған Жəңгірге басқа сөз айтуға
лаж жоқ, басын шұлғып, қол қусырды.
Бір қарағанда ол кезде бұдан басқа амал да жоқ екені
белгілі. Тез арада қалаған жеріне 1000 түйе керуен азық-
түлік, киім, қару-жарақ, киіз үйлер жеткізілді. Қаншама
ұзақ жəне тау-тасты жол болса да, соншама жүкті кідіріссіз
жеткізгеніне таң-тамаша қалған орыс өкіметі мен оның
əскер басылары тұңғыш рет түйенің мұндай жолда қолайлы
көлік екендігі, оның жүнінен тоқылған жылы шұлық, қолғап,
сиырдың бұрын-соңды жеп көрмеген құрт-ірімшігі, еділбай
қойының тəтті де майлы еті, көші-қонға қолайлы баспана –
киіз үйлерге ауыздарын ашып, көздерін жұмды.
Бұдан əрі Жəңгірге Ордада тез арада жүк көтеруге төзімді
жібек жүнді түйе мен етті еділбай қойын, жалпы түлік атау-
лыны көптеп өсіру ісі тапсырылды. Жылқы малын асылдан-
дыру бағытында Ресейдің арнаулы зауыттарында өсіріліп,
сұрыпталған 20 айғыр бөлінді.
Сайып келгенде Жəңгір тұсында Бөкей хандығы жылқы
─ 24 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
шаруашылығын дамытумен ерекше көзге түсті. Тегінде
бұл Ноғай хандығы тұсынан бері жалғасып келе жатқан
игі дəстүр. Жəңгір де сол үрдісті ұмытпай аталмыш түлік
тұқымын асылдандыруға айрықша көңіл бөлді. Соның
арқасында асыл тұқымды Орда жылқыларын сатып алу үшін
Ресей мен Кавказдың алыс-жақын қалаларынан саудагерлер
шұбырып, бөкейліктердің сұрағанын беріп, қалағандарын
алып жатты. Тіпті сол кездің Н.Лесков деген жазушысы
«Жəңгір хан сахараның алғашқы атақты сейіс, атбегісі.
Оның үйір-үйір жылқылары Еділ мен Жайық арасындағы
кең Нарында еркін жайылды. Бір қарағанда, Жəңгір тағында
емес, түлігімен де патша» деген болатын.
Бірақ, біз бұл арада əңгімені Бөкейден бастап, оның
мұрагері Жəңгір жəне олар басқарған Ішкі Орда жəйлі кең
көлемде ой толғаудан аулақпыз. Бар-жоғы халқымыздың қос
өзен аралығындағы Самар даласын сонау Ноғай Ордасы за-
манынан соң қайта иемденіп, қоныстануына, сөйтіп бүгінгі
Атырау, Батыс Қазақстан, Ресейдің Астрахан, Саратов, Вол-
гоград облыстарына қарасты Құрманғазы, Исатай, Махам-
бет, Индер, Орда, Жəнібек, Казталовка, Жаңақала, Фурманов,
Құмөзек, Володар, Краснояр, Қарабайлы, Алғай, Полласов-
ка аудандары тұрғындарының осы аймақта баянды бақыт та-
уып, қызық ғұмыр кешуіне негіз болған, аруағы риза болғыр
Бөкей Нұралыханұлы жəйлі аз-мұз болса да мəлімет беру еді.
Өкінішке орай Бөкей қай жылы туды, оның ұстанған саясаты,
адами сапасы, өлім себептері, ажалынан ба, əлде..., ол жəйлі
толық, нақты деректер жоқ. Бірақ жоғарыда айтқанымыздай
кейінгі кезде оралдық өлкетанушы Ж.Ақбаев Бөкейді 1747
жылы туған деп жазып жүр. Соған сай тарихи əдебиеттер осы
үрдісті негізге алуда.
Оның
сүйегі
жоғарыда
айтқанымыздай
Ресейдегі
қазіргі Кішкене арал, бұрынғы Хан сарайы деп аталатын
жерде. Кезінде темірден киіз үй пошымында салынған
шілтерлі бейіті кешегі отызыншы жылдары құлатылып,
майыстырылған екен. Бірақ ресейлік қандастарымыздың
қолға алуы нəтижесінде 1994 жылдың мамырында қайтадан
─ 25 ─
жөнделіп, бой көтерді. Қазір аталмыш кесене қайта
жаңғыртылуда. Ол жəйлі сəл кейінірек əңгімелекпіз.
Қасында жұбайы, Жəңгірдің анасы Атан ханымға арна-
лып қойылған құлпытас, шағын бейіт бар-ды. Қазірде ол
бейітте жаңғыртылып, жаңарды. Яғни Бөкейханның кемпірі
де осы арада жерленген деген сөз. Реті келгенде мына бір
жəйді де қатерге сала кетейік.
Біз 1995 жылы Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі»
газетінен Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданын-
да тұратын 87 жастағы Кəрім Дəулет баласының Орда
ауданының əкіміне жазған хатын оқыдық. Онда автор сонау
бір жылдары аталған ауданның Тобыл өзені жағасындағы
биік дөңде үлкен қорым болғандығы, бірақ тағы да сол
отызыншы жылдардың зобалаңы кезінде əлгі қауымның
қиратылып, құлпы тас, жəй тастарының өзі талан-таражға
түскендігі айтылады.
– Бірақ, - дейді қария бұдан əрі өз хатында – əлгі əдемі ақ
бейітке қойылған тастың үлкен жəне ауыр болуына байланы-
сты ешкім алып кете алмады. Кейінгі жылдарғы өткенімізге
үңіліп, өшкенімізді жаңғырту кезінде əлгі қауымды қолға
алып, жақсарту ойы келді.1991 жылдың 15 маусымын-
да қорым басында мал сойып, ас бердік, аруақтарға дұға
оқыдық. Сол жерде 15-20 жігітті жиып, əлгі ауыр құлпы
тасты да құмнан аршып, тіктедік. Саз-балшықтан əбден та-
зарта келгенде ар жағынан араб хəрпіндегі жазулар көрінді.
Оқып көргенде барынан ұққаным – Бөкейханның қызы
(есімін анықтауға мүмкіндік болмады) 1847 жылы 80 жа-
сында қайтыс болған.
Өткен 1994 жылы зират басында тағы да садақа беріп,
бейітке жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Бəрінің басы-
қасында жүріп, ұйымдастыруға ұйтқы болғанымның сау-
абын ұрпағыма берсін. Сөйтіп мен аруақтар алдындағы өз
міндетімнен құтылдым.
Иə, бұл істің қалай дегенде де сауапты жұмыс екендігіне
дау жоқ. Бірақ осындай имандылық бəрімізде бірдей бола
бермейтіні өкінішті. Ал қос өзен аралығындағы Бөкей
─ 26 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
ханның қызы Тобыл бойына қалай барды, топырақ қалай
бұйырды?! Ол бүгінгі əңгіменің арқауы болмаса керек-ті,
сондықтан оған назар аудармай-ақ қояйық.
Жоғарыда сөз еткен Кішкене аралдағы Бөкей бейітінің
бас жағында жергілікті халықтың көптен бері мінəжат етіп,
құлшылық жасайтын Сейіт баба зираты да бар. Ол да хан
бейітімен бірге жөнделіп, қалпына келтірілді. Қазір бейіт
басына су құбыры, электр желісі тартылып, мінəжат етіп,
тəуап жасаушылар үшін демалыс үйі салынған. Облыста
Бөкей хан Нұралыханұлымен бірге Сейіт баба атында да ар-
найы қор бар. Көне көз қариялардың айтуынша, Бөкей мен
Сейіт тірісінде сыйлас, көңіл дос адамдар болған. Тіпті оның
адамшылығы, діни оқуын мойындаған Бөкей өз ағайын-
туыстарына «Мен өлгенде сүйегімді Сейіт бабаның аяқ
жағына қоярсыңдар» деп өтініш жасаған екен дейді.
Ендеше Бөкей ханды табындырып сыйлатқандай Сейіт
баба кім еді?
Бүгінде Бөкей хан, оның жерленген жері туралы айты-
ла қалса, алдымен ауызға Сейіт баба, ол жатқан Кішкене
арал қорымы ілігеді. Қазірде ауызекі тілде Сейіт баба деп
аталатын, бірақ шындығында толық ныспысы Құлбай бин
Сейітғали ХVІІІ ғасырдың аяғы, ХІХ ғасырдың басында
Астрахан ноғайлары арасында мұсылман дінін ұстанған
белгілі тəуіп жəне зиялы жан. Астрахан губерниясына
қарасты Красный Яр уезінің Қожатай ауылында дүниеге
келген ол 17 жасынан бастап Бұхарада, кейін Бағдат, Каир
медреселерінде оқып, дін ілімінің мүршид дəрежесіне жет-
кен, Үнді елінде, Түркістанда болған. ХІХ ғасырдың басын-
да атамекеніне қайтып оралып, Бөкей ханмен жақсы қарым-
қатынаста болады, ел құрметтеген айтулы абыз дəрежесіне
көтеріледі. Ел ішінде мұсылман дінінің дұрыстық жолын
уағыздап, тəуіптікпен айналысқан.
Сейіт баба 1812 жылы қайтыс болып, мүрдесі Кішкене
аралдағы қорымға қойылады. Кезінде одан тəлім алып,
ізгілік жолын уағыздаушы діндарлар Шейх Ақмəмбет, Бин
Молла Сейіт, Салисан Шейх Мужавир, Сахиб Асар, Сейіт
─ 27 ─
Мұхаммедтер кейін фəни дүниелік болғанда осы Сейіт баба
қасына жерленеді.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында кеңестік саясат-
шылар Бөкей хан сынды Сейіт баба атынан қорқып, оның
кесенесін қайта-қайта құлатып, тəуап етушілер жолын ке-
спек болады. Бірақ мүридтер олардан қолын үзген жоқ. Қос
халықтың айтулы ұлдарының бастарына құран оқып, дұға
жасады. Жабырқағандар жандарына дауа іздеп, түнеді, ни-
яздарын байлады. Ондайлар тек өз төңірегі емес, күллі ТМД
елдерінен келіп жатты.
1994 жылы жергілікті тұрғындар өз қаражаттарымен Бөкей
хан кесенесін жəне Сейіт баба бейітін қайта жөндеуден өткізіп,
қалыпқа келтірді. Қазір қос тұлға атында қоғамдық қор бар, ар-
наулы кешен жұмыс істеп тұр. Электр желісі тартылып, ауыз су,
жатар орынмен (түнемелік үй) қамтамасыз етілген.
Егер аңызға құлақ түрсек, бір жылдары жайлаулыққа
бет алған Бөкей өзінің мал-мүлкін жиып, айдаған күйі
кете барған. Керек десе шəй қатықтық лақты ешкісі жоқ
Сейіттің отбасы жападан жалғыз үй боп, жұртта қалады.
Дəл сол күні көріпкел жан үйде жоқ, көрші ауылға кеткен
екен, кештетіп оралады. Əлгіндей қорлыққа шыдамаған
бəйбіше кешкі ас үстінде шалына наз ретінде «Отағасы,
сенің молда, көріпкел, тəуіптігіңнен не пайда?! Байқасаң,
бұл өмірде билік пен дəулетің болса ғана сыйлысың.
Жоқ екен, жолдас, дос, керек десе құдайы көршің де
қарайласпайды. Судай араласып, сүттей ұйыған Бөкейің
сол жоқтығыңды бетіңе басты» дейді.
Қаралай, қара суын сораптай тартқан Сейіт қария еш
абыржымастан «Қамықпа кемпір, ханның да мұршасы кел-
мей жатқан шығар. Əйтпесе бір түйеден артатын жүгің жоқ
екенін біледі, көшіріп алады ғой. Дегенмен шыдай тұр, бір
амалын табармыз» депті де шəйін іше беріпті. Содан соң аз-
мұз демалып алып, əбден іңір қараңғысы қоюланған сəтте
оны-мұны дүние-мүлкін арбаға тиеген күйі үстіне кемпірі
екеуі жайғасыпты да бəйбішесіне «Көзіңді жұм, тек мен
аш дегенде ғана ашарсың» депті. Кейуанада не билік бар,
─ 28 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
айтқанына көніп отыра беріпті. Осы кезде қоталақ арба зыр-
лап ала жөнеледі. Дегенмен əйел адамның қызығушылығы
қашан да бірінші жүретін əдеті емес пе, орта жолда көзін
ашып қалса, өңкей ақ қоян арбаны қаңбақ құрлы көрмей за-
улап келеді. Міне, ғажап!
Дəл осы шақта Сейіт баба кемпіріне «Өй, найсап, мен саған
не деп едім, жап көзіңді!» деп ақырады. Ештеңеге түсінбеген
бəйбіше шошып кетіп, қайтадан көзін жұма қояды. Аздан соң
діттеген жерлеріне де жетеді. Қараша үй де көтеріледі.
Күндегі əдетінше ерте тұрып, тысқа серуенге шыққан
Бөкей хан ауыл шетінен орын алған киіз үйді көріп, таң-
тамаша қалады. Жетіп келсе, ішінде Сейіт молда сахар нама-
зын оқып жатыр. Хан өз қылығына қатты өкінеді. Амал қанша,
көршісінен қателігі үшін қайта-қайта кешірім сұрап «Қалған
өміріміз бірге өтеді. Керек болса қолдан келген көмегімді ая-
маспын» деген екен. Сол уəде орындалады. Бірақ ел сыйлап,
жұрт қадірлеген абыз баба ханнан үш жыл бұрын, 1812 жылы
өзі тұрған Кішкене аралында дүние салады.
Біз бұлардың бəрін тізбелегенде Астрахан, Атырау
өңірінде Кішкене аралдағы Сейіт баба бейітін Бөкейден
бөліп қаралмайтындығын еске салу еді. Сондай-ақ, əңгіме
əйтеуір ханды дəріптеу емес, оның туған халқы алдындағы
еңбегін ескеру, тарихтағы үлесін саралау. Егер қос өзен
аралығындағы ежелгі жеті миллион десятина мекенде елді
қайта орналастырып, ілгеріде айтқанымыздай күні бүгінгі
республиканың екі облысы мен Ресейдің Астрахан, Волго-
град, Сарытау облыстары, қалмақ даласындағы мыңдаған
қандастарымыздың екі ғасыр бойы ежелгі атакүлдігінде
бақытты
ғұмыр
кешкенін
көргенде
Бөкей
ханды
ризашылықпен еске алмасқа амал жоқ. Ендеше мұның бəрі
Бөкей Нұралыханұлының еңбегін ескеру, есімін дəріптеуге
əбден лайық жан екенін дəлелдейді. Олай болса Бөкейді
еншісі бөлек ресейлік қазақтар ғана емес, қандас, қарындас
қазақстандықтар дəріптесе несі айып?!
Енді Бөкейден тараған ұрпақ, жалпы Бөкей əулеті
туралы айтар болсақ, тарихтан белгілісі – Бөкейдің өз
─ 29 ─
кіндігінен өрбіген төрт ұлы болыпты. Олар – Тəуке,
Əділ, Жəңгір, Меңдігерей. Бұлардың қай-қайсысы да
кезінде Ордадағы түрлі басқару ісіне араласқан. Бірақ
бəрі бірдей Жəңгір сынды зор беделге ие бола алған жоқ.
Ол əкесі өлген соң мұрагерлік өсиетке сай хан атануы ке-
рек еді, бірақ тым жастығына орай жəне Астрахандағы
оқуына байланысты, хан тағы уақытша немере ағасы
Шығайға бұйырды. Арада тоғыз жыл өткенде ғана билік
жүргізу мүмкіндігін алды.
Жəңгірден Ескендір, Ибраһим, Сейіткерей, Зұлқарнай,
Сақыпкерей, Ысмайыл, Ғұбайдолла, Ахметкерей есімді ұлдар
өрбиді. Кезінде олардың бəрі де Ресейдің түрлі беделді оқу
орындарынан білім алды. Зұлқарнай мен Ескендір тым ертерек,
Жəңгірдің көзі тірісінде-ақ қайтыс болып кетті. Ал Ғұбайдолла мен
Ахметкерей жəне Сақыпкерей мен Ибраһим Санкт-Петербургтың
Императорлық паж корпусын тамамдады.
Жəңгір балаларының ішінде өз қатарластары арасын-
да зор беделге ие болғаны – Ғұбайдолла (лақап аты Генерал
Шыңғысхан, 1840-1909). Ол Ресей армиясының генерал шенін
иемденген. 1857 жылдан бастап Орынбор мен Самар гене-
рал-губернатор басқармасында лейб гвардиялық казак-орыс
полкінің карнеті дəрежесінде əскери əкімшілік қызметте бо-
лып, 1865 жылы князь лауазымы мен гвардия ротмистрі шенін
иеленді. Бір жылдан соң Дон казак-орыс əскері қарамағына ау-
ыстырылды.
Ол əскери қызметте ерекше дарындылығымен көзге түсті.
1869 жылы полковник атағын алып, 1874 жылы ІІ Александр пат-
ша жарлығымен Петербургте телеграф департаментін басқарды.
Сондай-ақ ол ішкі істер министрлігінде қазақ жұртын басқару
мəселелеріне араласты. Кейін (1877-78 жылдары) флигель-адью-
тант шенінде Балканға жіберіліп, орыс-түрік соғысына қатысады.
Плевен қаласының түбіндегі соғыста ерекше қолбасшылық
қабілеті үшін оған генерал-майор шені беріледі жəне «Ерлігі
үшін» алтын қылышы қоса тапсырылады
Ғ.Бөкеев Ресей армиясындағы аса мол жəне нəтижелі
қызметі үшін, сондай-ақ шетелдердегі əскери қызметке
─ 30 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ араласқанына бола көптеген ордендерге ие болды. Кейін генерал-лейтенант (1888 ж.), инфантерия (жаяу əскер) генералы (1894 ж.) атақтарын алды. Ол Петербургта болған жылдарында тағы да Ішкі істер министрлігінде қазақтарды басқару бөлімінің меңгерушісі болып, қандастарының, əсіресе қазақ жастарының Петербургта оқуы, жұмысқа орналасуына қатты назар аударды, өз көмегін тигізді. Сондай-ақ аяқ асты жалған жаламен істі болған башқұрт ақыны Ақмолданы ақтатып жіберуге қол ұшын берді. Кезінде Мəскеудегі орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкинге арналып қойылған ескерткіштің салынуына қаржылай көп көмек жасады. Ол 69 жасында Ялтадағы өз имениесінде қайтыс болып, сонда жерленді. Ұрпақтары жайлы мəлімет жоқ. Жəңгірдің тағы бір үміт артқан ұлы, хан тағының заңды мұрагері Сақыпкерей, лақап аты князь Шыңғыс (1829-1849). Ол əкесі қайтыс болғанда бар-жоғы 16 жаста болғандықтан оқуын бітіргенше Орданы басқару Уақытша Кеңеске жүктеледі. 1847 жылы Петербургтың Императорлық паж корпусын лейб гвардиялық казак-орыс полкінің корнеті шенімен Орынбор əскери губернаторының қарамағына жіберіледі. Алдында ғана князь мəртебесін алған ол Орынборда губернатор Обручевтің ерекше тапсырмалары бойынша көмекшісі болып, келешек Орданы басқарудың тəжірибесін үйренеді. Бірақ көкірек ауруы меңдеген ол 1849 жылдың көктемінде өз ауылына қымызбен емделуге келе жатып, жол үстінде қайтыс болады. Ханның 1852 жылы аталған паж корпусын бітірген үшінші ұлы Ибраһим (1833-1865) Орынбордағы лейб гвардиялық гусар полкіне жіберіледі. 1853-60 жылдар аралығында гвардия ротмистрі шенінде Орынбор генерал-губернаторының қарамағында қазақ жұртын басқару ісімен шұғылданады. Бұл да князь атағын иеленген. Бірақ Ибраһимнің келешегі бүкіл Кіші жүздегі ел басқару ісіне негізделген еді. Тіпті көпшілік жұрт оның іскерлігі мен ұйымдастыру қабілетіне үміт артып, болашағына зор сенім білдірген-ді. Бірақ 1863 жылдың қазанында – ақ гвардия полковнигі
─ 31 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР шенін иеленген ол араға 2 жыл салып, жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Жəңгірдің Сейіткерей атты ұлы да тым ерте 1852 жылы қайтыс болды. Оның артында Мұхаметкерей, Шəңгерей есімді екі ұлы қалды. Алдыңғысы Орынбордағы кадет корпусында оқып, ислам діні ілімдерін игерген еді. Оның Ақыш, Науша, Айша, Зəуреш есімді ұл-қыздары болыпты. Кезінде есімі елге таныс, белгілі суретші Зəуреш (18671956) ағасы Шəңгерейдің қолында тəрбиеленген. Италиядан арнайы шақырылған суретшіден сабақ алған ол халқымыздың аяулы ұлдары Ж.Сейдалин, А.Қалменов, А.Бірімжанов, Ғ.Қараштармен пікірлес, сырлас болған. Ал атақты ақын өз шығармаларында саятшылық пен табиғат сұлулығы, өлең, өнерді көбірек толғаған Шəңгерейдің (1847-1920) өмірі мен шығармашылығы көңілі ояу оқырманға жақсы таныс. Жəңгірдің кенже ұлы Ахметкерей де (1838 ж.т.) Петербургтың Императорлық паж корпусын бітірген соң Ресей армиясында қызмет етіп, біраз жылы Самар губерниясында өтеді. Князь атағы беріліп, полковник шенін алған. Кезінде қазақ балаларының оқуына көп көмегін тигізген ол 1878 жылы отставкаға шығып, Уфада тұрады. Кейін Ялтадағы ағасы Ғұбайдоллаға барып, сол жақта қайтыс болады. Бөкей ұрпақтары ішінде зиялы қауымға аты жақсы таныс тұлғалардың бірі – Тəукеұлы Нұрмұхамед. Ол өткен ғасыр басында, яғни 1901 жылы Санкт-Петербургта Бөкей Ордасының құрылғанына 100 жыл толуын атап өтуге белсене араласады. Оның есімі елге таныс Махамбет, Ғабдолкəкім, Хабер, Баязит атты төрт ұлы болған. Олардың Махамбеті ерекше қабілетті күйші, Ғабдолкəкім қоғам қайраткері еді. Ғабдолкəкімнің қазіргі көзі тірі ұрпақтарының бірі – Диас Бөкейханов, ол техника ғылымдарының докторы. Тəукенің тағы бір аты шыққан ұлының бірі – Қазихан Бөкейханов (1899-1966) Астрахань фельдшерлік мектебін, соңынан сондағы медицина институтын бітірген ол бар өмірін халық денсаулығын сақтау мен жақсартуға арнады. Бұл Бөкей, оның баласы Жəңгір жəйлі аз-мұз əңгіме. Енді
─ 32 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
олар құрған хандық, кейбір салалардағы қол жеткізген табы-
стары туралы айтар болсақ, мына бір тұстарға ерекше назар
аударуға болар еді. Алдымен «Орда» атауының өзі қайдан
шықты?
─ 33 ─
БӨКЕЙ ОРДАСЫ
Күнделікті өмірде «Бөкей Ордасы» деп жиі атасақ та,
осындағы «Орда» сөзінің шығу тарихы жəйлі нақты дерек
жоқ. Бірақ «Ана тілі» (22.03.01ж.) апталығында жазылғандай
Орда əу баста хандық биліктің əкімшілік үйлерінің атауы
болған. Ол үйде хан күнделікті ресми жұмыстар жүргізіп,
елшілер қабылдаған, билік, басқару істері, кеңес-маслихаттар
өткізген. Ал қонақ қабылдау, қонақасы беру ханның өз отба-
сы Орда үйінен бөлек, басқа үйде орналасқан.
Бірақ осы бір үрдісті дұрыс түсінбеген кейбір қаламгерлер
уақыт өте шығармаларында хан ордасында қонақ қабылдап,
сол үйде дəм татылып, қона жатып, түстенілді деп жатады.
Ол түбірімен қате. Ол аз десеңіз хан кеңсесіне айналған осы-
нау үйді кейде аға сұлтанның, болмаса би, болыс, байдың ақ
ордасы деп те жаза қояды. Тіпті алты қанат ақ боз үйді де
ұялмай-қызармай ақ орда дей қоятынымызды қайтерсіз.
Сайып келгенде хан ордасы тек көшпенділердің киіз
үйінде емес, қысқы, болмаса тұрақты тұрағы – тастан,
ағаштан салынған зəулім сарайларда да орналасқан. Хан-
дар өз биліктерін қысы-жазы сол сарайларда жүргізген. Бір
сөзбен айтқанда Орда хандық орталығы.
Бірақ «Орда» атауының орыс тілі лингвистикасына кіру
төркіні моңғол тілінен. Немесе Шыңғыс ханның Орта Азия
мен Қазақстанды жаулап алу, Алтын Орда хандығын құруға
байланысты дүниеге келген. Дəл мағынасы «хан, басқарушы
ставкасы, хан сарайы» деген ұғымды береді. Батудың
Еділ бойына кеп, астана салуына орай орыстар күллі
Жошы ұлысын «Алтын Орда» деп қабылдап, кейін орта
азиялықтарды кемсіту, отарлау саясатына орай тіпті басқа
мағынаға айналдырған. Əу бастағы мемлекеттік деңгейдегі
саяси ұғым енді бытыраңқы, жабайы қауымдастық мəніне
─ 34 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ ауысқан. Уақыт өте кеңес дəуірінің ғалымдары да бұл сөздің түп төркініне назар аудармай, одан бетер мəнсіздендіріп жіберді. Жібергені сол, олар Орданы «термин применявшихся для обозначения начальных, дородовых обьеденений первобытного человека... Термин обозначавший в прошлом как и территориальные группы у различных отсталых народов» (Советская историческая энциклопедия, М.1967. Т. 10. С. 594) деп түсіндіреді, дейді тарихшы ғалым И.Кенжəлиев. Екі жүз елу жылдан артық құлдық ұрып, бəрін үйрендік, көрдік деп жүрген «ұлы» халқымыз біздердің жаманымызды жасыру, жақсымызды асыру емес, төрдегі басымызды көрге сүйреуге жұмыс істеп, үнемі бұқтырумен келгенін де ұмытпауымыз керек. Бұл əсіресе өткен тарихты бағалауда айқын байқалады. Соның жарқын көрінісі ретінде «орда» сөзін олар енді халқымыздың ежелгі «жүз» терминімен алмастырып «Малая Орда», «Средняя Орда», «Большая Орда» дегенді шығарды. «Орда у тюркских народов военно-административная организация, становище, стоянка кочевников» деп анықтама берді. Сөйтіп ол орыстың түрлі тарихи, көркем əдебиеттері арқылы Еуропаға тарады. «В обиходном смысле многчисленные скопища людей, слова «Орда» в прошлом применялось в художественной общественной структуры, ведущие бродячий образ жизни», (Большая Советская энциклопедия. М.1974.Т.18.с.591) десе бұл түсініктен Қазақ Совет энциклопедиясы да қала қоймайды, тап сол күйінде басты (КСЭ.А.1976.8т.585 б.). Кезінде осындай кемсіту салдарынан қос өзен аралығындағы ежелгі Қасым, Ақназар (Қақназар) хандар билік құрып, иелік еткен кең далаға қоныс аударған Бөкей хандығына да «Бөкей Ордасы», «Кіші Орда» деген атақтар берілді. Мұның өзі аталған сөздің түп төркініне барғанда онша анайы болмаса да, одан бергі орыс, жалпы Еуропалық ұғымдағы анықтамамен үңілгенде аса қолайлы да емес. Сондықтан бөкейлікке Ордадан гөрі «хандық» сөзінің ыңғайлырақ екені, немесе «Бөкей хандығы» деп атағанның дұрыстығын қатерге сала кеткен де артық болмас,
─ 35 ─
Бірақ бүгінгі əңгімені бұрынан қолданыстағы сол «Орда»
сөзінен бастасақ, патшалық Ресейдің бөкейлікті құрудағы
басты мақсаты 1806 жылдың 15 мамырдағы «Көшпелі
халықтарға жер бөліп беру тəртібі ережесінде» аталып
көрсетілгеніндей жаңа иелік басшылығы – хан, сұлтандар
тек империя ықпалымен жұмыс істеп, елдің Ресейдің
экономикалық базасы болуы керек жəне ол бұдан былай
Еділ мен Жайық арасындағы Самар даласына екі миллион-
нан астам мал өсіріп, керек уақытында ресейді асырап оты-
руы тиіс еді.
Міне, осы тəртіпті басшылыққа алған Бөкей алғашқы
күнен болашақ хандық орталығын белгілеуге ерекше назар
аударды. Қара, Сары өзендерді жайлап, Еділді ендей бой-
лайтын Қиғаштың бастау алар негізі (Бəйбек, Кішкене арал)
мен теңізге құяр саға тұстарын да (Көлбін) қалап, қонысқа
қолайлы көріп, іші жылып еді. Бірақ жоғары жақтағы құзырлы
орындар əні-мінемен созбалап, ақыры 1826 жылдың күзінде
түз адамы сол түзінде қала бергені абзал дегендей жалпақ
құмды Жасқұстан бір-ақ шығарды. Дегенмен еңбектенсе
еленбейтін іс жоқ екен. Бар-жоғы 10-15 жыл ішінде Жасқұс
та жайнап, қауын-қарбызы тіл үйірді. Қалың тоғайы ит
тұмсығын өткізбес жалпақ жынысқа айналды. Орынбордан
алдырған инженер, штабс-капитан Тафаев болашақ үлкен
ставканың кішкене қадасын қақты. «Отыз терезе, есікті» кең
сарай, мешіт, мектеп, шіркеу, аурухана, банк, қазарма, түрме,
орман техникумы, басқа да құрылыстар бой көтерді. Бірақ
əуелден түлігінің түгіне тірі пенде қол тигізіп, «сен анда»,
«ол мында» деп саусақ шошайтуды көрмеген түз адамдары
бұдан былайғы Жəңгір ханның қит етсе «пітір», «зекет»,
«соғым» деп сан алуан алым-салық, əңгір-таяғына үйренісе
алмай бұрынғы Жайықтың шығыс бетіндегі жері тар болса да
жүрегі кең, көңілі ашық күндері, Бөкей тұсындағы берекетті
жылдарын аңсады. Тіпті сол кездің Бердібек Түлекенұлы де-
ген ақыны:
Пəниден Бөкей кетіп, Жəңгір қалды,
Жасқұстың илеуіне Орда салды.
─ 36 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Хан Бөкей тіршіліктің тұтқасы екен,
Дүние ол кеткен соң шыр айналды, - деп зарланды.
Бір қарағанда оның да жөні бар еді. Бөкей қалың елді отыз
жыл бойы тыңайып, пенде баспаған құйқалы да шырайлы
өңірге, əсіресе нулы да сулы Еділ сағасы, Қара, Сары өзен
бойларына қондыра салғанда бұрынғы бір-бірінің жұлығын
басып, жайылым мен құдыққа таласып жүрген жатақтар енді
шын мəніндегі жұмаққа келдік деп санаған. Бірақ Жəңгір
тұсында қайтадан құлдық, тағы да алым-салық басталғанда
бастарын алып-қашып, тіпті кейбірінің бұрынғы атакүлдік
Аңқаты, Шыңғырлау, Бүйрек, Тойсойғанға жалт беріп, үдере
көшкені бар. Дегенмен бұл əуелден қара бастың қамынан
гөрі қалың елдің зарына құлағын түріп, Жəңгірдің өзі ойлап
тапқан зобалаңы емес, жоғарыдан ханды шеңгелең төндіріп,
салығын өндірген патшалы Ресейдің пəрмəні еді. Пəрменге
жəрдем жасаумен бірге туған халқы, өзі басқарған өңірдің
əлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше назар аудару –
оның басты мақсаты болды. Сөйтіп ол 1801 жылдан бастап
«Бөкей Ордасы», 1812 жылдан «Бөкей хандығы», ал 1845-
тен хандық биліктің жойылып, «Ішкі орда» атанған аймаққа
жоғарыдан орталық басқару билігін жүргізген империя тап-
сырмасын орындаумен бірге болатын аз-мұз қамқорлығын
да қалт жібермей хандық басқаруды нығайтады.
Кешегі кеңес үкіметі заманында Жəңгір хан бастап атына
біраз сын айтылды. Тіпті XІX ғасырдың бірінші жартысындаға
Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс туралы
əңгіме болса, оны халық жауындай көргеніміз де рас. Бірақ
түптеп келгенде аталған көтерілістің ең негізгі нысанасы
Жəңгір емес, патшалық Ресейдің империялық отарлау сая-
саты, оның қазақ топырағы, Бөкей Ордасында жүзеге асыру-
ына қарсылық екенін де естен шығармау керек. Солай бола
тұрса да ел басқару ісінде Жəңгір көптеген қателіктерге жол
берді. Ағайыншылыққа бой алдырып, қарапайым халықтан
жиналатын алым-салық көлемін көбейтті. Бар тірлігі мал-
мен байланысты көшпенділердің жайлауын тарылтып, күн
көрісін қиындатты. Бұл қарауындағы халыққа ұнамады.
─ 37 ─
Ұнатпаудың белгісі – үдере көтерілген қарсылық, қол жинап,
қоқан-лоққы көрсету.
Дегенмен бұл өз алдына бөлек əңгіме. Ал сол Жəңгірдің
туған халқының болашағына бола істеген жақсылықтары
да аз емес. Оны ғасырлар бойғы шұрайлы жер, тұщы сулы
қоныс үшін мал соңында көшіп жүрген қазақты Жасқұс, Но-
вая казанка сынды сандаған үйі, сынғырлаған сарайы бар
отырықшы елге айналдырып, құм суырып, тозған даласын
құнарландырып, көк жасыл орманға айналдыру, тұрғындар
денсаулығын жақсарту, оқу-ағарту ісін өрістету, өмірдің
əр саласындағы білікті маманды дайындаудағы игі істерін
атауға болар еді.
Олардың қай-қайсысы турасында да осыған дейін та-
лай рет əңгіме болды. Сондықтан да əрбіреуін жіліктеп,
жеке-жеке тоқталудың қажеті де жоқ шығар. Дегенмен сөз
ретінде кейбір тақырыпты тілге тиек ете кету де артық емес
сияқты. Осы ретте Бөкей Ордасындағы халық ағарту ісінің
əп дегеннен қолға алынып, Жəңгір тұсында ерекше назар-
да ұсталынғандығы белгілі. Жалпы Еділ-Жайық сынды қос
өзен арасына қоныс тепкен бөкейліктерге оқу-ағарту, са-
уат ашу ісі сонау 1801 жылғы қайта қоныстану кезінен-ақ
басталған. Кейбір таризи мəліметтерге назар аударсақ, Бөкей
ханның өзі, інісі Шығай да бір адамдай сауатты, көзі ашық
болғанға ұқсайды. Жəңгір Астраханға оқуға барғанға дейін
мұсылманша жазып, оқи алады екен.
Солай-ақ болсын. Əділін айтсақ Жəңгір хандық құрған
жылдарда назар аудармаған саласы жоқ. Біздіңше солардың
ішінде екі мəселеге де ерекше көңіл бөлген сияқты. Оның
бірі – əлгі айтқан əуелі халықтың сауатын ашу, оқу-ағарту ісі
де, екіншісі – сауда-саттық, экономикалық-əлеуметтік даму.
Енде-ше бұл мəселелерге неге ерекше ден қойды?
Бəрі қайын атасы Қарауылқожаның теңіз жағалауындағы
қыруар жерге қожалық етіп, билік жүргізуіне мүмкіндік жа-
сауынан басталды. Ол болса қол астындағы рулардың жайла-
уын тарылтып, өрісін кесті. Шұрайлы аймақтан айырылып,
ну мен суы тапшы қу мединеге тығылған халық бас көтерді.
─ 38 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Діңкелеткен салық тағы бар. Мұның бəрі Жəңгір қолымен
істелінсе де от көсеген көсеудің нағыз иесі басқа еді. Ал
оны қалың халық санасына жеткізу үшін олардың түсінігін
кеңейтіп, көзін ашу керек. Тұрмысын жақсартып, көйлегін
көк, тамағын тоқ күйге жеткізу, нарықтық қатынастар, ақша-
тауар айналысы керек-ақ. Бұл оның 19 ғасырда 30-жылдары
Қарауылқожа мен Исатай арасындағы кикілжіңнен кейінгі
ұстанған саясаты еді.
Бөкей хандығындағы 19 ғасырдағы оқу-ағарту, дəлелдеп
айтсақ сауат ашу ісінің қолға алынуын шартты түрде үш
кезеңге бөлуге болады.
Бірінші, 1801-1841 жылдар аралығындағы елдегі діни
сауат ашу, яғни жаттанды құран сүрелерін оқу, болмаса
құранның өзін оқи білу жəне өздігінен жаза алу. Оған Ма-
хамбет ақынның Орынбор ұлықтарына жолдаған шағын хат-
тарын дəлел ретінде алға тартуға болар еді.
Екінші, 1841-1868 жылдар аралығы немесе сол қырық
бірінші жылдың 6 желтоқсанында Хан ставкасында ашылған
қазақ балаларына орысша жалпы білім беретін мектептің
діни сауат ашу мектептерімен қатар жүруі.
Үшінші, 1868 жылдан бастап, кеңес заманына дейінгі
Ішкі Бөкей Ордасында діни білім беретін мектептерге шек-
теу салынып, есесіне орысша-қазақша бастауыш білім
беретін білім ұяларының көбейе бастауы.
Бір қарағанда осылай жіктеп, бөлсек те Орда да сауат ашу
ісі əр кезеңде түрліше жүрді. Жəңгірдің өзі он жыл бойы
Астраханнан хандықта отырған бойда, 1825 жылы Сырлы-
бай Жəнібеков деген жас жігітті Орынборға медициналық
білім алуға жөнелтіп, он бір жылдан соң туған ауылына
қайтып оралып, шешек ауруына қарсы алғашқы емдеу шара-
ларын жүргізе бастаған.
1826 жылы Қарағұлов, Шығаев, Шүкеев сынды ордалық
бір топ жас сол Орынбордағы Неплюев атындағы əскери
училищені ойдағыдай бітіріп шықты.
Сол 1826 жылдың өзінде Жəңгір Қазан университетінің
ректоры К.А.Фукстың шақыруымен аталған оқу орны
─ 39 ─
студенттері алдында қазақтардың өмірі мен тұрмысы,шығу
тегі жəйлі арнайы лекция оқыды жəне Ордада Тарту
университетінің профессоры Ф. Гебель, белгілі ботаник
Карл Клаус, химик А. Бергман, Г.Карелин, Е.Ковалевский,
В.Григорьев, М. Небольсин, Я.Ханыков, И.Мечников, В.
Даль, В.Раевский, басқа да оқымысты ғалымдар болып,
ордабасымен кең отырып əңгіме соқты,ел болашағы, оның
көзін ашу турасында ұланғайыр сөз қозғады.
1832 жылы Ордада алғашқы медициналық емдеу қосыны
ашылып,оған Қазан университеті медицина факультетінің
түлегі А.А. Сергеев басшылық етті. Артынша мал дəрігерлік
қосын да жұмыс істей бастады.
Елдің,тұрғылықты
халықтың
əл-ауқатын
жақсарту,
алдымен, олардың сауда-саттыққа араласы, тауар-ақша
қатынасының дамуына тікелей байланысты еді.Осыған
орай ордалықтар арасында сауда дамып, ақша қатынасы
өркендеді. Бұрынғыдай саудада тауарды тауарға, не малды
тауарға айырбастау емес,ақша баламасын қолдану күшейді.
Бұл, сөз жоқ, көршілес орыс селоларындағы жəрмеңкелерге
қатысуы, келе-келе өз іштерінде өткізуі, онда ханның шеттен
əкелінген тауарларға баж салығын төмендетуінің ықпалы
еді.
Орда өңіріндегі бұл сынды нарықтық қатынастарға
негізделген экономика елдің шаруашылығы мен тұрмысына
да оң өзгеріс əкеліп, ішкі қажеттілікте ақша сұранысын
өсірді. Ал ақша сұранысы дегеніміздің өзі саудасаттықтың
дамуы болатын.Осыған байланысты өте аз көлемдегі ұсақ
тауарға негізделген көлік тасымалымен жүзеге асатын са-
уда операциялары күрт өсіп, тұрақты жəрмеңкелік сауда-
лар күшейді.Онда ежелгі Ноғай хандығы тұсында ерекше
дамыған мал саудасының үлесі мол болды. Тап сол кездегі
сияқты жергілікті еділбай қойлар мен суыққа төзімді
далалық жылқылар ақша айырбасына түсті.
19 ғасырдың он үшінші жылы бөкейліктер Ресейге 41 242
жылқы, 16 302 сиыр, 227 100 қой, 14 066 ешкі сатса, жи-
ырмасыншы жылдардың аяғында Ордада жыл сайын жал-
─ 40 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
пы құны 9,5 миллион сомға тұратын 400 мың еділбай қойы,
біраз мөлшерде жылқы, аздаған сиыр өткізіп, түйе, қой
жүндері, аң терілері мен ешкі түбіттері айырбасталды. Жыл
сайын Қазан губерниясының 2 мың бақалшы-саудагері қос
өзен арасын аралап, ұсақ тауарлар сатты. Ресей империясы
осы өлкеден жыл сайын соғыс, қорғаныс мақсаты, түрлі экс-
педициялар қажеттіліктеріне орай көлік ретінде мыңдаған
түйе алып отырды.
Сайып келгенде мұның бəрі елде сауда-саттық, ақша
айырбасының мықтап дамуы,арнайы ақша айырбасына
негізделген жəрмеңкелер ашу қажеттілігін туғызды. Бұрынғы
Котяев, Кірдуан, Астрахань, Боғда жағында өтетін базар,
жəрменке-лерге қатысып жүретін қазақтар отызыншы жыл-
дардан бастап, хан ставкісінде ашылған өз жəрмеңкелерінде
сауда жасады. 1830 жылдың өзінде жəрмеңке ұйымдастыру
мəселесі Орынбор шекара комисиясында əңгіме болып, бұл
мақсатқа империя қазынасынан 56161 сом қаржы бөлінді.
Арада екі жыл өткенде құрамында 316 сауда нүктесі бар 12
корпус тұрғызылды. Былайғы кезде де жұмыс істей беретін
ол нүктелер жылдың көктемгі жəне күзгі шақтарында өтетін
үлкен жəрмеңкелерде тіптен қызып,өсе түседі. Оған Ресейдің
Мəскеу, Ярославль, Чернигов, Пенза, Кострома, Воронеж,
Сартау, Тамбов,Қазан, Самара, Астрахань губернияларының
саудагерлері мен тұтынушылары, Орынбор, Орал казак-
тары қатынасып, негізінен бакалеялық, мануфактуралық,
галантереялық, өндірістік тауар-ларын əкеліп, қазақтар мал-
дары мен мал өнімдері, киіз үй, оның жабдықтарын шығарды.
Былайша айтқанда Орда жəрмеңкесіндегі сауда-саттық
Ресейдің үлес салмағы барған сайын өсіп, олар өз тауарла-
рын үстеме бағамен шетке шығарғанға мəз болса, есесіне
қазақтардан арзан бəске мал жəне оның өінмдерін алды. Бұл
іске көршілес қалмақтар да араласып, көп мөлшерде жылқы
əкеліп, кей жылдары олардың үлес салмағы жəрмеңкеде са-
тылатын барлық жылқының тең жартысын ұстады.
Əр төртінші сиырды Еділ бойындағы кундр татарлар мен
ноғайлар, басқа да шаруалар жеткізді. Орта Азияның, яғни
─ 41 ─
Бұхара мен Хиуа саудагерлері де Жасқұсқа жетіп, тоқыма
бұйымдары, кілем, жібек, бау-бақша өнімдерін сатса, жоғары
жақтағы Сарытау шаруалары( еврейлер) астықтарын,
Царевскінің
саудагерлері
керосиндерін,
цариціндік
келімшілер көмір, арақ-шарап, мəскеуліктер хош иісті
шəйларын сатты. Ал біздің қандастарымыз кей жағдайларда
оларды пішенге айырбастады. Осындай сауда-саттық, ақша
айырбасының артуы елдің экономикалық өсуі, əл-ауқатының
жақсаруына əсер етті. 1815 жылы Орда бойынша күзгі жəне
көктемгі жəрмеңкелерге 1381608 сомның тауары шықса,
оның айналымы 1269534, 1836 жылы екі миллион сомды
құрады. Жəрмеңкелерде 1815 жылы 57 500, ал 1857 жылы
жүз мыңнан артық қой-ешкі сатылып, қандастарымыз одан
түскен қаржының үштен бірін сол сəтте өз қажеттіліктеріне
қайта жұмсаған.
Жасқұс – қашаннан бергі хандық орталығы, көптеген
үй, мекеме шоғырланған жер. Сондықтан оны экологиялық
жағынан тоздырмай ұстау, қолдан көгертіп, жасыл бел-
деу орнатқан жерді мал тұяғына таптатып, адам аяғы
астында қалдырмау ниетінде осындағы жəрмеңкені 1860
жылы Орда орталығынан 35 шақырым жердегі Ахон елді
мекеніне көшірді. Бірақ сауда-саттық түрі өзгерген жоқ.
Қандастарымыз өздерінің төрт түлігі мен оның өнімдері, киіз
үй жəне оның жабдықтарын саудаға салып, өздеріне бөрік,
мата, киім-кешек, көрпе, ер-тұрман əбзелдері, тұрмыстық
бұйымдар алды.
Бұл кезде күллі Қазақстан сияқты тек Ішкі Орданың өзінде
жəрмеңкелер қатары өсе түсті. Бірақ Ресейдің көптеген губер-
нияларымен тығыз байланыс орнатқан Азон жəрмеңкесінің
үлес салмағы бəрінен де жоғары еді. Ал Таловкада (Талөкпе)
бар-жоғы 9,5-15 мың сом аралығында еді. Осы Ахонда 1891
жылғы көктемде өткен жəрмеңкеде тауар айналысы бағасы
1 797 476 сомды құрады. Соған сай мал бағасы да басқаларға
қарағанда анағұрлым жоғары еді. Жылқы 30-70, түйе 40-80,
ірі қара 26-30, қой 4-5 сом аралығында сатылды.
Патшалық Ресейдің Министрлер Кабинеті Ішкі Ордамен
─ 42 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
арадағы саудаға үлкен мəн берді. Өйткені Ресей үшін қазақ
малы мен олардың өнімдері өте арзан жəне сапалы еді. Оны
өз аймақтарына барып сатса, үстеме пайданың өзі ұшан-
теңіз. Əсіресе, ешкі, биязы қой жүнін Ресейдің орталық
губернияларындағы граф Комаров, Вильсон, Гассель-Кус,
Пихлау, Борнгауптың киім тігу, шəлі, тоқыма фабрикалары
асқан құлшыныспен алды. Ресей Сыртқы Істер Министрлігі
қазақ ешкілері түбіттерін жоғары бағалап, Париж бен
Лондонның ақсүйектер əйелдерінің сұраныстары бойынша
жіберді.
Сөйтіп
жəрмеңке
арқылы
келген
сауда-саттық
бөкейліктер тұрмысына мықтап енді. Оны сол кезгі орыс
шолушыларының бірі В.А.Тресвятский «Азиялық Ресейдің
жер жөніндегі мəселесі», «Дала өлкесі» деген еңбектерінде
жан-жақты тоқтала келіп «Базарлар мен жəрмеңкелер
көшпенділердің жеке шаруашылығына тереңдеп енгені
соншалық, мұның өзі дүниежүзілік капиталистік рынокқа
ойдағыдай тартып отыр. Енді бұл байланысты үзу ешкімнің
қолынан келмейді» деп жазған еді.
Міне, осы сияқты қазақтар тұрмысына дендеп енген
жəрмеңкелердің өзіндік сауда жүргізу тəртібі, мерзімі болды.
Мысалы, өндірістік, азық-түлік, галантереялық тауарлар ар-
наулы дүңгіршектер (лавкалар) арқылы жəрмеңке іштерінде
босатылса, осы арада халыққа қызмет көрсету орындары
жұмыс істеді. Ал аула сыртында мал, мал терілері, пішен
сатылды. 1891 жылдың көктемінде Ордада 51 808 сомға
мал терісі, əр пұты 0 тиыннан 400 сомның пішені сатылған.
Келесі жылғы осы уақыттағы жəрмеңкеге 5 мың адам
қатысып, оның 1 мыңы орыс, 15-і хиуалық өзбек, қалғаны
қазақ пен татар, басқа да ұлт өкілдері болды.
Осы арада тағы бір құжатқа назар аударсақ – 1900
жылдың көктемінде Ахон жəрмеңкесінде базарға1 054 896
сомның тауары əкелініп, қой 4-5, ірі қара 26, жылқы 30-70,
түйе 40-80 сомнан сатылған. Осында 175 сомның шарабы, 1
мың сомның сырасы, 6500 сомның түбіті, 57873 сомның түйе
жүні, 8364 сомның қой жүні сатылған. Жəрмеңкеге 7 мың
─ 43 ─
адам қатынасып, сауда айналымында Ресей, шетел ақша-
лары жүрген. Ал сол жəрмеңкелерден өту мерзімін айтар
болсақ жоғарыдағы əңгіме аужайынан байқаған-дарыңыздай
Ахон көктемгі жəрмеңке сəуірдің 5-і мен мамырдың 15-
і, күзгі жəрмеңке қыркүйектің 15-і мен қазанның 15-і
аралықтарында, Таловта жылына бір рет, тек тамыздың 8-15
аралықтарында, Ордада жылына бір рет, желтоқсанның 15-
22 аралықтарында соңғы жəрмеңкелері ұйымдастырылған.
Егер осылардың бəрін қорытып, жинақтар болсақ,
ғасырдағы
Бөкей
хандығындағы
жəрмеңкелерде
қандастарымыз сатқан мал мен оның өнімдері ондағы
барлық сатылған тауар көлемінің 79,8 пайызын құрайды
екен. Ал осы жəрмеңкелерге Ресей саудагерлері əкелген тау-
арлар мөлшері 18,7, Орта Азия тоқымашылары мен диханда-
ры жеткізген тауарлардың үлес салмағы 1,5 пайызды құрап,
тек жоғарыдағы төрт (Ахондағы екі, Талөкпе мен Ордадағы
бір-бір жəрмеңке) жəрмеңкенің тауар айналымы күллі Астра-
хан губерниясында жəрмеңке-лердегі тауар айналымының
63 пайызын ұстаған екен. Мұның өзі 19 ғасырдың басын-
да сауда қатынасы тек ақша ауыстыратын сарайларда ғана
жүретін екі ел – Ресей мен Қазақстан арасында енді тауар,
ақша айырбасы, сауда-саттық түрінде дамып, оның Бөкей
Ордасында тіптен өсе түскендігін дəлелдейді. Сайып кел-
генде көлік түрі тек ат, өгіз арба, түйе шанадан аспаған жəне
əуе-табиғат жағдайы тіптен күрделі Бөкей хандығында бұл
сияқты көрші елдермен экономикалық байланыс-сауда,
тауар-ақша қатынас-тарының нығаюы елдің əлеуметтік да-
муы, оқу-ағарту, тұрмыстың жақсаруы, адамдар санасының
өсуіне де игі əсерін тигізді.
Міне, бұл Бөкей жəне оның Ордасы туралы аз-мұз
əңгіме. Енді Еділ бойына бет түзейік. Онда бізді Құрманғазы
аудандық
мұнай-су
айдау
басқармасының
бастығы
Нығыметолла Білəлов қарсылап алды. Бөкей хан мен Сейіт
баба басына зират еттік.
Сарайшықтан Бөкей жатқан Кішкене арал ауылына
(Астрахан облысы, Красный Яр ауданы) жол тартқанда
─ 44 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
баяғы Бату, Берке Сарайларға өкше көтерген көне Жібек
жолының көсегелі сүрлеуі есіңе түседі. Болмаса Алтын Орда
өмір сүрген тұста Сарайдан Қарақорымға сапар шеккен Ита-
лия мен Арабтың жиһанкез елкезбелері Плано Карпини мен
Гильдома де Рубрук, Марко Поло, Ибн Батутта жазбалары
ойға оралады.
Сол көне жазбалардың өзін былай қойғанда, баба-
дан балаға аңыз болып жеткен əрқилы əңгімелердің өзі
қаншама? Əсіресе əлгі айтқан Алтын Орда дəуірі, Ноғайлы
заманының Əз Жəнібек, Асан қайғы мен Сыпыра, Жиренше
мен Қарашаш, Орақ, Мамай туралы неше алуан сөздер кеше-
ден бүгінге міні құрымай жетті емес пе?!
Ноғайлы заманы сөз болса, «Азау» атауы еріксіз еске
түседі. Оны тарихшылардың біразы Қазіргі Азов теңізінің
ежелгі атауы деп түсіндіреді. Ал əлгі айтқан Ресей аймағына
екі шақырымға жетер-жетпес боп кіріп жатқан Кішкене
аралдан сəл терістік шығысқа бет бұрсаңыз қазірде аз-мұз
шөгіп, ожырайған кейпін опырыңқырап жіберген биік шағыл
– «Азау» құмы көрінеді. Бұл бір кездегі ноғайлар мекені,
əлі де солай. Өйткені мынау Кішкене арал тұрғындары түп-
түгел ноғайлар. Ал өздерінің өлең-жырларында «Азау» деп
ауыздарынан тастамайтын Доспамбет, Марқасқа, Шалкиіз,
Жиембеттеріңіздің қай-қайсысы да анау алыстағы Азов
емес, тап мына Азауда, осы ноғайлар мекенінде дүниеге кел-
ген. Ендеше осындайда ойға «бұл қайдағы Азау, əлде анау
Азаудан теперіш көрген азовтықтар тағдыр тəлкегімен бері
ауысып, өз ауылдарын «ежелгі азаулықтарымыз» деп атай
салды ма екен болмаса бұл Азаудың ана Азауға (Азовқа) еш
қатысы жоқ, Ноғайлының өз Азауы ма?» деген сауалдар ора-
лады.
─ 45 ─
ҚАЖЫМҰҚАН АСТРАХАНДА
Кішкене аралдан бесіндікке иек көтерсеңіз – алыстағы
ақшулан толқындар арасынан ежелгі Əжітархан – қазіргі
Астраханның көне кремльдерінің кресті мұнаралары
көрінеді. Астрахан да тарихқа бай. Бірақ оның өткенін ойлы
оқырман талай бұзау көн қапты, қалың кітаптардан ақтарып,
санасында сақтаған да шығар. Ал мына бір деректі көп адам
біле де бермейді. Ол атақты алып күштің иесі Қажымұқанның
Астраханда болуы еді.
Төрт рет дүние жүзінің жəне Еуропаның чемпионы атанып,
59 шет мемлекетте болған, 48 медаль алған халқымыздың па-
луандар патшасы Қажымұқан Мұңайтпасов көзі тірісінде та-
лай əлем чемпиондарын, Еуропа мен Азияның арқасы жерге
тимеген алыптарын тізе бүктірген батыр баба (ол 1927 жылы
ресми түрде «Қазақ даласының батыры» атағын алған) пат-
шалы, кейіннен кеңестік Ресейдің көшпелі циркі құрамында
боп, көптеген жерде өнер көрсеткен. Соның бірі Астра-
хан қаласында өткенге ұқсайды. Онда мынандай жағдай
болған екен. Ол жайлы болған оқиғаның куəгері, аталған
облыстың Лебяжье селосында тұрған, қазір арамызда жоқ
Қами Жұмағалиев ақсақал кезінде маңғыстаулық журналист
Əбілхайыр Спановқа былай деп əңгімелеген екен. Одан бізге
жетті.
Бұл шамамен 1910 жылдары болса керек. Алдында ғана
Ригада өткен классикалық күрестен дүниежүзілік жарыста
бас бəйгені иемденіп, аты əлемге аян болған Қажымұқан
Мұңайтпасов Астраханға көшпелі цирк құрамында келеді.
Еділ жағасындағы көне қаланың елгезек халқы күш атасын
қол қусырып, құшақ жая қарсы алады. Ойдағы – қырдағы
қазақтар да «Қажымұқан келді» дегенді естіп, цирк қызығын
тамашалауға асығады. Ойын соңынан палуанның өзімен
─ 46 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
тілдесіп, үйлеріне кіріп, дəм татуға шақырады. Солардың бірі
ретінде Лебяжьеде тұратын атақты күйші, Құрманғазының
шəкірті Ерғали Есжанов та арнайы ат басын көлденең тар-
тып «Біз де тағдыр айдап, туған жерден онша алыс болмаса
да шетте жүрген ағайындарыңызбыз. Өзіңіздің ортамызға
келгеніңіз зор мəртебе болды. Ендігі тілек – отбасымызға
келіп, төрімізге озсаңыз, сөйтіп, алыс-жақындағы көрген-
білгеніңізден сыр ақтарсаңыз, əңгіме тыңдасақ. Бұл бүкіл
ауылымыздың тілегі. Мен сізге үлкендер өтінішін жеткізіп
тұрмын, құп алғайсыз» дейді.
Палуан да бəлсінбей туғандар шақыруына бірден-ақ
келісімін береді. Лебяжьеде мынандай- бір қарағанда оқыс,
екінші жағынан қызық жəй болады.
Ерекең үйіне аулалас, көрші тұратын татардың ерке
шолжың баласы Қажекеңдер бір топ жолдастарымен аулаға
ене бергенде қорада жемде тұрған бұқаны босатады да
жібереді. Күні-түні байлауда ұрынарға қара таппай тұрған
семіз бұқа қонақтарға қарай өкіріп, бақырып шаба жөнеледі.
Мұндайды күтпеген қонақтар абыржып, қапелімде не істерін
білмей қалады. Бірақ осы сəтте Қажекең суырылып алға
шығып, шалт қимылмен бұқаның шаңырақ мүйізіне жарма-
сады да, қабырғаласа жүріп, шоқтықтан қаусыра құшақтаған
күйі асықша иіріп, атып кеп жібереді. Əудем жерге омақаса
құлаған беймаза бұқа орнынан азар көтеріліп, ауланың
аулақтау бұрышына қарай бас шайқап кете барады.
Ерғали көрші ұлдың бұл сынды əумесер қылығына қатты
ұялып, ренжіп қалады ма деген ниетпен құрметті қонағынан
қайта-қайта кешірім сұрайды. Ал ол болса тап бір ештеңе
болмағандай «Оқасы жоқ, балдыздың бір базынасын
көтермесек, несіне жезде атандық. Солай емес пе, апасы-
ау?» деп əйелі Бəтимаға қараған күйі қарқ-қарқ күліпті.
Қадірменді мейманның қабағына кірбің ұяламағанына
əбден көзі жеткен Ерекең алға түсіп, емен-жарқын пейілмен
үйге бастайды.
Бұл кештегі отырыс өте тартымды, əсерлі өтеді.
Қажымұқан күрес өнеріндегі американдық Джо, неміс
─ 47 ─
Юполь Абс, Фон Кенич, Ганс Каван, итальяндық Струмент,
француз Жан Сабатье, Фиедри Колос, эстон Тигане, атышу-
лы Алекс Аберт, Георг Лурих жəне Азия мен Африканың
арыстандары Темір Булат Кануков, Али Осман, Сали Сулей-
ман, Робине Хосаев, Чемберс Ципс, Ли Хун Синг, Мурзук
Кахута, Сара Ки-Кимен таңғажайып кездесулері жайлы айт-
са, үй иесі тартынбастан күй шертіп, көңіл көтереді. Əсіресе
күрес құдіретінің жанында жүрген Бəтима (Надежда Никола-
евна Чепковская) жеңгеміздің ризашылығында шек болмай,
қайнысына қайта-қайта қолқа сап, күй орындатқызады, татар,
орыс əуендерін тартқызады. Сөйтіп бұл кеш лебяжьеліктер
есінде ұзақ сақталып қалады.
...Тап солай, өткен ғасыр басында Қажымұқан палу-
ан Астраханда болса, осы біз тұрған төбеден бар-жоғы 2-3
шақырым жердегі Бəйбекте 1920-1930 жылдары əйгілі Сей-
тек (Оразалиев) күйші, ал мынау шығыстағы көзге ұрып
тұрған боз төбе – Жыңғылдыкөлде күй анасы Дина тұрған.
Сайып келгенде ата күлдік-Нарынның күн шығысындағы
Бекетай құмында ғұмыр кешкен күйші ана теңіз бойындағы
Жыңғылдыкөлге қалай кеді? Осы жерден Алматыға атта-
ныпты. Оған не себеп болды? Бұлар жайлы көп адам біле
бермейді. Реті келгенде оны да айта отырайық.
─ 48 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
ЕДІЛ-ЖАЙЫҚ АРДАҒЫ
Халық арасы қашан да қазына, олар алтын құрсақ
аналардың көмегімен қалың елдің қамын жейтін қаһарман
қас батырды да, қажымас қайраткерді де дүниеге əкелді,
тəрбиеледі. Солардың аты шықты, алысқа кетті, басына бақ
қонды, астына тақ бұйырды, елдің келешек көкжиектерін
белгіледі.
Міне,
осындай
санаулы
тұлға,
санаттағы
қайраткерлердің бірі, есімі тек өзі өскен Нарын бойы – Бөкей
Ордасында емес, Еділдің екі жағын ен жайлаған орыс, қазақ,
басқа да ұлт пен ұлысқа белгілі Мақаш (Мұхамбетжан)
Бекмұхамбетов. Ол қазақтың ата тек шежіресін қуалай
айтсақ, жеті атасы – Дербіс пен Қойыс, Жомарт пен Түрке,
Пұсырман мен Тұрымбет, одан бергі Еспембет пен Бекпам-
бет сынды əуелден билік пен батырлық қатар қонған, аузында
дуалы сөзі, жүрегінің түгі, ел сыйлаған беделі бар отбасын-
да 1830 жылы Бөкей Ордасының Сасықтау деген мекенінде
дүниеге келді. Əкесі Шолтыр, атасы əлгі айтқан Бекпембет
əуелі Бөкей ханның, кейін Жəңгір ханның 12 сенатының бірі,
рулы елге билік жүргізген ағаман атанып, алдынан дүбір,
құлағынан сыбыр кетпеген халқының қалаулы ұлдары еді.
Ауыл молдасынан тіл сындырып, Жəңгір мектебінен
алған білім, одан Орынбордағы кадет корпусын тəмамдауы
оны алғашқы күннен биік мансап, көппен жұмыс істеуге
бірден мойын ұсындырды. Өйткені əуел бастан «Азиаттарды
орыстармен жақындастыру, ол үшін олардың бойына орыс
үкіметіне деген сүйіспеншілік пен сенім енгізу, алыстағы осы
өлкеге əскери жəне азаматтық қызмет салаларының білімді
шенеуніктерін жеткізу» мақсатында құрылған оқу орнының
(Неплюев кадет корпусы. Ө.Ə.) 2-эскадронын генерал-адъю-
тант Ф.М.Обручевтің жобасы бойынша оқып, зауряд сотник
шенінде бітіргенде, корпус бастығы В.Шилов оның қолына
─ 49 ─
шекара комиссиясында жұмыс істеуге жолдама береді.
Бірақ жас түлек өзінің туған ауылына жақын Бөкей Орда-
сын басқару жөніндегі Уақытша Кеңеске аудармашы болып
істегісі келетінін айтып, кешірім хат жазады. Басшылыққа
аудармашы сөзі ұнап кетіп, тілек қанағаттандырылады. Бұл
1851 жылдың 23 қазаны еді.
Арада үш жыл өткенде Мақаш хорунжий шенін алып, сол
жылдың желтоқсанында ноғай руының басқарушысы, келесі
жылдың тамызында өзі туған Екінші Теңіз жағалауы округіне
əкім (правитель) болады. 1859 жылдың 28 қыркүйегінде
сотник шенін иеленіп, 1864 жылдың 2 наурызында есауыл
атағын алады.
Осы арада қаперге болар бір жай бар. Ол Неплюев ка-
дет корпусын ерекше үлгеріммен бітірген қазақ балала-
рына бірден сотник, ал үлгілі аяқтағандарға хорунжий
əскери шенін берген. Ерекше үлгеріммен бітіргендерді са-
уда керуендерімен бірге Хиуа, Бұхар асырған, хан ордала-
ры орналасқан аймақтардың картасын сыздырып, толық
мəліметтерін қағазға түсірттіріп отырған. Бұндай сапарда
Мақаштың курстас досы М.Бабажанов болып, біраз тапсыр-
малар орындаған.
Мақаш Шолтырұлының ел басқарудағы ұйымдастыру
қабілеті қызмет барысында бірден байқалады. Сол 1864
жылдың күзінде қайтадан өз ауылында əкімдік қызмет
атқарады. 1868 жылдың тамызы мен 1885 жылдың 12 шілдесі
аралығында аталған екі округке қатар, яғни 17 жыл бойы
Каспийдің терістік беткейінде отырған өз қандастарына
басшылық етті. Бұдан соң 1893 жылға дейін Екінші округке
басшылық жасайды. Бірақ ол сол кездегі тікелей əкімшілік-
басшылық жасайтын Астрахан губернаторына 1890 жылдың
15 маусымында (тіркеу реті №1875) денсаулығына байла-
нысты ел басқару ісінен босату туралы арыз береді де, 1893
аталған қызметтен босайды. Губернатордың №1342 ұсынысы
бойынша 1894 жылдың 23 сəуірінде ол əкімдік қызметтен
босатылып, Орда кеңесшісі лауазымына ие болады.
1896 жылдың 31 қазанынан 1897-інің 28 сəуіріне дейін
─ 50 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Уақытша Кеңес төрағасы жанында жауапты қызмет атқарып,
зейнеткерлікке шығады.
Тарихтан білетініміздей, 1806 жылдың 15 мамырын-
да Бірінші Александр патшаның жарлығымен бекітілген
үкіметтік «Көшпелі» халықтарға жер бөліп беру Ережесінде
«Бөкей сұлтанға қарайтын Орда Қара өзеннен Боғда тау-
ына дейін, одан Шапақ, Телепьев батағасына, одан теңізге
жайлайды» деп жер көлемі алғашқыға қарағанда біраз
ұлғайтылады. Бұл арада тағы бір айта кетер нəрсе – Бөкей
Ордасы бар-жоғы 50-60 жылда түрлі атауларға ие болды.
Мəселен, 1801 жылдан ол «Бөкей Ордасы» деп аталса, 1812
жылы «Бөкей хандығы», 1845 жылдан бастап хандық билік
жойылып, «Ішкі Орда» деген атауларға ие болды. Соған сай
ол əкімшілік басқару жүйесінде əуелі Орынбор əскери ли-
ниясына бағынып, Ресей империясының азық-түлік базасын
жасаудағы негізгі резерв көзі болып саналды. Бірақ Бөкей
тұсында Ресей патшалығы тарапынан отарлау ісі түбегейлі
жүргенімен алым-салық көлемі анау айтқан ұлғайған жоқ.
Ал 1823 жылдан, яғни Жəңгір таққа отырған мезгілден ба-
стап, салынатын салықтың түрі де, көлемі де ұлғая түсті.
Бірақ оны қол астындағы жай халық толық күйінде түсінбеді.
Бəрі Жəңгірдің амалы, соның құлқыны үшін кетіп жатыр
деп ойлады. Шындығында түп-түгел олай емес, негізінен
отарлаушы елдің тізесін барынша батырып, қанды шеңгел
тырнағының қаттырақ қадала түскен шағы болатын. Оны
Жəңгірдің өзі де түсінді. Соған сай кей жағдайда жоғары
жақтың пəрменін бірде қабылдап, бірде басынан асырып
жіберетін де кездері кездесті. Ресей əкімшілігі ондай айла-
шарғыны кешірмейді. Кешірмегені сол – Орда ханы бар-
жоғы қырықтан жаңа асқанда желке тамыры қиылып, өз
шаштаразының қолынан қансырап өлді. Аталған қазадан
соң қазақтар арасында хандық басқару 1845 жылдан бастап
жойылды, орнына Астрахан губернаторына қарасты Орданы
басқарушы Уақытша Кеңес құрылды. Кеңес төрағалығына
үміткер империя тарапынан жіберіледі. Ол аталған елдің
мүддесіне бола жұмыс істейді. Міне, осындай тұста елдің
─ 51 ─
басқару институтында қазақ ұлты өкілінің жұмыс істеуі өте
қиын еді.
Өйткені отарлаушы елдің өз ұстанымы, саясаты бар,
сондай-ақ отарланушы елдің атқару, орындау ерекшелігі,
салт-сана, əдет-ғұрпы бар. Оларды сəйкестендіріп, екі
шылбыр, бір делбеде ұстауға қиындықтар көп. Бірақ біз
əңгімелеп отырған Мақаш Шолтырұлы осынау қиын
шақта екі жақтың да тілін тапты. Қандай істі де жоғары
басшылықпен келісе отырып жүзеге асырды. Бірақ олардың
қай-қайсысының да өз қандастарына зəбірсіз, қайта пайда-
лы болу жақтарын ойлады. Мəселен, қазақтардың ежелгі
кəсібі – мал шаруашылығына Мақаш əкімнің тұсында, жаңа,
балық өнеркəсібі келіп қосылды. Оның нəсілдестеріміздің
өмір сүру қажеттілігіне пайдалы да, кейде аса қиын жайла-
ры да болды. Əйтсе де, тұтастай алғанда бұл өңірлік өзгеріс,
тұрмыстық жаңалық еді.
Əңгімеге орай аз-мұз шегініс жасайық. 1826 жылы Орын-
бордан ұйымдастырылған жер бетін бағдарлау, жергілікті
халықтың салт-дəстүр, қоныстану ерекшеліктерін зерттеу
экспедициясы Орта Азияға бағыт алып, біраз уақыт Бөкей
Ордасында болады. Осы кезде экспедицияны алып жүру,
мəлімет жинау, жатар орын, азық-түлікпен қамтамасыз ету
Забурын аймағындағы Адай руының ағаманы Қарауылқожа
Бабажановқа тапсырылып, ол тапсырманы абыроймен
орындап, орынборлықтардың жылы ілтипатына бөленеді.
Соның құрметіне оған Каспий теңізінің терістік бетінен жер
алып, одан балық аулау, онымен сауда жасауына мүмкіндік
беріледі. Сөйтіп, қазақтар 1832 жылы алғаш рет айдынға
кеп, ау лақтырып, су маржанын тере бастады. Бірақ Орын-
бор шекара комиссиясы төрағасының жарлығымен 1839
жылдан бастап аталған кəсіптің жолы кесілді. Турасын
айтсақ, Ресей кəсіпкерлерінің қазақтарға қайық, балық ау-
лау құралдары, ағаш сатуларына, былайша айтқанда балық
өнеркəсібіне қатысты құрал-саймандардың бірде-бірінің
сатылуына тыйым салынды. Бірақ өмір қажеттілігі – бұл
құжаттың ғұмырын ұзаққа апармады. Оған себеп, біз əңгіме
─ 52 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
жасап отырған Мақаш əкім болатын.
Тағы да бір шегініс Мақаштың өңірге жақында ғана
əкім болып келген сəті. Жұмыс бабында тоқсан судың арғы
бетіндегі губерния орталығы Астраханға сапар шегіп бара
жатқан. Бұндайда қыр қазағының су көлігі – қайық не ке-
меге икемі жоқ, соған сай ат не арбамен жүретіні белгілі.
Кезекті өткелге жеткенде жүзбелі көпірді қозғаушы жігіт
жоқ. Қайда? Сөйтсе, бұлардан басқа күтушілер арасынан
біреуі дауыстап «Көрмей тұрсың ба, əне, ау тартып жатыр
емес пе?» деп салмақтайды.
Тартса ше? Онда паромшының қандай қызметі бар? Онан
да əркім өз жұмысын білмей ме?
Жоқ, малшы қазақ. Ана тартылып жатқан балық осы
селодағы қолы қимылдағанның бүгін-ертеңгі отбасылық
азығы. Батаға иесіне көмек қолың созылса -өзіңе азық,
жанұяңа табыс. Балық деген сенің астыңдағы атыңдай
ертелі-кеш шөп-су, бағым-күтім сұрамайды. Судың құрты
білдің бе? – дейді əлгі мұжық.
Бұл сөз шет қонып, қыр жайлаған қазақ – Мақашты
кəдімгідей ойлантып тастайды. Қарап отырса, қазақ атау-
лы мал ұстайды дегенмен бəрінде бірдей аула толы алалы
жылқы, өрісте өрген ақтылы қой жоқ, толы түгіл, бұтқа
қыстырар қотыр тай, тіс шұқитын тышқақ лақ бітпегендері
қаншама? Сонда олар қайтып күн көрмек?!
Ал егер, осы Қрасныйярдан анау Үйшікке дейін созылып
жатқан теңіз қолтығындағы аралдарды алғашында жалдап,
қаражат көбейсе сатып алып, күнкөріс көзіне айналдыр-
са ше? Өйткені аталған аймақта бос жатқан жер жоқ, мың
арал, ондаған өзен болса, бəрінің де иесі бар. Олар - əйелінің
тегіне аты-жөнін ауыстырып алған неміс кінəзі Юсупов
(түптеп келгенде Сарайшықтың ханы-Жүсіптен тараған. Ав-
тор.) пен помещик Везбородко. Əлгі екеуі кейінгі кезде осы
жерлерді табыс көзіне айналдырып, Астраханның купецтері
мен Уақытша Кеңеске сата бастады. Ал жаңа қожайындарға
сөз жоқ, арзан жұмыс күші керек. Осы қажеттілікке орай
қырдағы жұмыссыз жүрген қандастарын су бойындағы
─ 53 ─
батаға ұстаған байларға жалдануға мүмкіндік жасаса ше?
Міне, керегі осы.
Осы оймен ол губерния басшылығы, Уақытша Кеңес
төрағасына кіріп, Каспий теңізінің солтүстігіндегі аралдар-
ды иеленіп алған купецтерге қазақтардың жалданып балық
аулауы, табыс табуы, тамақ асырауы, отбасына жағдай жаса-
уына мүмкіндік жасады. Артынан осы жағалау, аралдарды
əлді қазақтар жалға, тіпті сатып алуына да жағдай жасалын-
ды. Осыдан келіп, бұрынғы əуе-табиғат жағдайына тағдыры
байланып, қысы-жазы қыр-ой деп жайылым мен құдық
іздеп жүретін малшы қазақ енді су жағасына кеп күрке тікті.
Күркенің жанына қызанақ өсіріп, қияр екті. Қарбыз бен
қауын, картоп салды. Бір сөзбен айтқанда, ата кəсіпке жаңа
кəсіп – балық, тағы да егіншілік, дихандық қосылды. Бұл
бұрынғы көшпелі қазақты отырықшы елге айналдырды.
Мақаш елу жылға жуық ел басқару ісінде болды. Дəл
емес деректерге қарағанда əр жылдары Ресей патшасының
алдына үш рет барып, өзі өскен өңір, басқарып отырған
аймағының мұң-мұқтажын айтты. Сегіз мəрте хат жазды.
Əрісі Санкт-Петербург, берісі Орынбор мен іргедегі Астра-
ханнан атқа мінген ұлық келсе, бөкейлікте алдымен Мақаш
сөйледі, мəселе қойды. Сонда ол не айтты, қандай түйіндерді
шешті, халқына жасаған жақсылығы не дейтін болса, ол
жоғарыда айтқанымыздай, алдымен қалың қазақтың қамын
жеген қайраткер, салт-дəстүрді жаңғыртушы этнограф,
ауыз əдебиеті, жалпы əдеби нұсқаларды жинақтаушы фоль-
клорист. Туған жерінің табиғатын көзінің қарашығындай
сақтап, қорғаған патриот, аудармашы, ғылым-білім, өнер жа-
нашыры. Былайша айтсақ, ол туған халқын барлық жағынан
да жанындай жақсы көрді, пайдалы істер атқарды.
Ол рас, Мақаш туған халқының ата салты, дəстүрін
сақтады. Салты арқылы елін еңселі биікке көтерді, елдігін
нығайтты.
Экономикасын
жандандырды.
Жоғарыда
айтқанымыздай, Мақаш арқылы Бірінші жəне Екінші Теңіз
жағалауы округтері мен қазіргі Астрахан өңіріндегі қалың
қазақ балық өнеркəсібіне келді, соны ата кəсіпке айналдырған
─ 54 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
əулетті кəсіп иелері, байырғы балықшылар пайда болды.
Кеңес дəуіріндегі Қазақстанның алғашқы балық министрі
Шайқы Əбішев осы өңірде дүниеге келді. КСРО, Қазақ
ССР Жоғарғы Кеңестерінің алғашқы депутаттары (екеуі де
балықшы) Зұлқарнай Ғұмаров, Сапура Елеусіновалар да осы
Мақаштың ауылдастары еді.
Қыр қазағы балықты аулады, азық етті, Еділ бойы-
мен жоғары өрлеп сатты, сол арқылы отбасының əл-
ауқатын жақсартты, игілік көзін нығайтты. Ақыры са-
уда айырбасы жүзеге асты, тұрмыс жасқарды. Егін
шаруашылығы өркендеп, су көлігі қатынасы дамыды.
Отырықшылыққа байланысты тастан қыстау салынып,
тақтайдан еден төселінді. Тоқал тамдардың төбесіне ша-
тыр көтерілді. Ағашты қиып мектеп салу, қисық табан
етік киіп, тік жаға көйлекпен тойға барды. Танаш сын-
ды əлді қазақ ұрпақтары батаға ұстап, желкенді қайық
жүгіртті. XІX ғасырдың аяғында Ресейдің ең үздік он
балық кəсіпкерінің бірі ретінде өңіріне орден тағып, ай-
дарынан жел есті. Сол кезде округ қазақтары Кордуан,
Астрахан, Котяев жəрмеңкелерінде Ресей қалмақтарымен
аталық бураларының өзі бір тонна тартатын айыр өркеш
түйелерді, конгур татарларымен сүтті саранау сиырларды
ауыстырып, Дон мен Воронеждің қысқа төзімді, еті мол,
жүк тартатын айғырлары, Орловтың желісті биелерін са-
тып алып, Мақаш көксеген ұлы армандарға қол жеткізе
бастады.
Зырылдаған жүйрік уақыт ауылдағы қозы бағып, бұзау
айдаған кетік тіс қара баланы Ганюшкиндегі Мақаш
салдырған (1893ж.) «асты тақтай, үсті тақтай, ортасы
шылдырмақтай» қарағай мектептерге, одан Астрахандағы
гимназия, фельдшерлік, теңіз мектептерге, теңіз мектептеріне
Қазан, Санкт-Петербург, Орынбор, Уфадағы жоғары, орта
оқу орындарына алып барды. Қалаған мамандықтарын
иеленіп, өңірде қазақтың оқыған, сауатты зиялылар тобы –
қазақ интеллегенциясын қалыптастырды. Соңыра сол топ-
тан Бақтыгерей Құлманов, Сейітқали Меңдешев, Нұғыман
─ 55 ─
Манаев, Уəлитхан Танашев, Шафхат Бекмұхамбетов, Мах-
мут Шолтыров, Мүбина Танашева, Салахитдин Сарталиев
сынды көптеген қоғам, мемлекет қайраткерлері, Алаш ары-
стары, заңгерлер мен дəрігерлер, мұғалімдер шықты, еліне,
туған халқына еңбек етті.
Күй десе құлап, жыр десе жатып тыңдайтын Мақаш ел
аузындағы Шекті Мөңке би, Шеркеш Түрке би, Тана Нұрке би,
есімін ел қадірлеген Қара тоқай Беріш Есет би, Ноғайлының
батыры Шалкиіздің, Тана баласы Бертоғаштан туған Жием-
бет батырдың, аймаңдай ер Доспамбеттің ұмытылып бара
жатқан жырларын хатқа түсіріп, орыс ақыны И.Крыловтың
бірнеше мысалын елден бұрын ана тілімізге аударып, қазақ
əдебиетінің бастау төрін XVІІІ-ден XV-ке, яғни үш ғасырға
əрі жылжытуға себепкердің бірі болды. Əлгі жырлары
кейіннен 1908 жылы Қазан қаласындағы Каримовтердің сау-
да үйі баспаханасында «Жақсы үгіт» деген атпен жеке кітап
болып басылып шықты.
Сондай-ақ, Мақаш Шолтырұлы ел аузындағы мақалдарды
жинап, Нева жағасындағы досы И.Н.Березинге үш бума
мұра жолдады. Олардың ішінде əлгі айтқан қазақтың мақал-
мəтелдері (Институт Востоковедения АН.СССР. г.Санкт-
Петербург. Ф.5.01.№14), «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры
(барлығы 48 бет; ф.5, 05.№12.а.) жəне басқалар бар.
Мақаш өз ауылындағы сөзі уəлі, аузы дуалы Тышқанбай,
Шора, Жантұрған, Əтембек, Бегəлі сынды қариялар,
құрдастарымен алқа-қотан отырып, сөз жарыстырды, билік
айтты. Артында əзіл-қалжыңдары мен билік, шешендік
сөздері қалды. Оны осы күнге дейін алыс-жақындағы сөз
қадірін білетін көне құлақтар айтып отырады.
Өмір бойы басынан таяқ кетпей, қайда барса да қарсы ал-
дынан қапасты қараңғы түрменің қара темір есігі ашылып,
күтіп тұратын құдіретті күйші Құрманғазыға ара тұрып,
Астрахан ұлықтарының алдынан өтті, қолына, «тыныштық
берілсін» деген ақ билет ұстатты, түрмеден құтқарды.
Сол Құрманғазы бірде Сахмаға келген Астрахан генерал-
губернаторының алдында отырып, өзінің «Сарыарқа» күйін
─ 56 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
орындап беріпті. Сонда əлгі губернаторыңыз «Мынау кімнің
шығармасы?» деп сұрапты. Жанындағы жандайшаптар ұлық
үлкен шеберлікке қызығып отыр екен деп, «Иə, бұл өзінікі,
бəрін де өзі шығарады» деп жəпек қағыпты. Мынаны естіген
губернатор «Орындағаны күй емес, дабыл ғой. Мені өз далам,
сахарама жібер. Артыма алашымды ілестіріп, күллі дүниеңді
аяғынан тік тұрғызамын. Азаттық! Азаттық!» деп ақырып,
атандап тұр ғой. Сахмасынан сыртқары жібере көрмеңдер.
Мынау алып күш. Құдырет. Қауіпті, аса қауіпті» деп алды-
артына қарамай алтын жалатқан күймесіне асығыпты деседі.
Солай! Өйтпесе Құрманғазы бола ма, селт еткізбесе
«Сарыарқа» туа ма? Шеберлік дегенде шек жоқ қой, жоқ!
Күйші, күй дейміз-ау. Мақаш атақты Соқыр Есжан күйшіні
жанына алып, қамқорлады. Астраханның Құмөзендегі
Ерғали Есжановтың үйінде қона жатып, қолына жел, өнеріне
дем берді. Күй аспанына көтерді. Өзімен бірге Орынбор-
да оқыған Мұхамбетсалықтың досы Түркеш күйшіге де
ықыласы ауып, курстасымен басы қосылса, оны да жанда-
рына алып, «Көңіл ашар» сынды көрікті, ұшқыр күйлерді
көбірек тыңдауға құштар-ды. Көңілі тартқан сəттерде өзі де
«Байжұма», «Көкала ат», «Салық өлген» сияқты күйлерін
шығарды. Олары əлі де орындалып жүр.
Мақаш қоғам қайраткері ретінде тек өз ортасы, ауыл-
дастары ғана емес, Уақытша Кеңес, астрахандық губер-
ния басшыларымен кең отырып, келісті əңгіме құрап, тең
дəрежеде мəселе шешті, сөзін өткізді. Қандастарының
мұң-мұқтажын шешіп жүрді. Əлі күнге Астраханның көне
көз қариялары, əсіресе орыс ағайындар арасында «Қала го-
родовойы қазақ даласынан Мақаш келе жатыр десе, оның
кемесі тоқтайтын аймақта матростар мен мичмандарды екі
қатар сапқа тұрғызып, ортасынан əкімді салтанатты түрде
алып жүргізетін. Сіз оны айтасыз, Мақаш жүретін көшені
сыпыртқызып, жылан жалағандай тап-таза ұстайтын.
Ертеректе Астраханда орыстар бүйірін таянып, шəниіп
тұрған қазақты көрсе «Сен неменеге шіреніп, шекиесің?
Мақашсың ба?» деп айтып отыратындар бар.
─ 57 ─
Қалай десек те өз кезінде М.Бекмұхамбетовтың Астра-
хан ұлықтары арасында беделі үстем, мерейі жоғары болды.
Реті келгенде қалаға жолы түскен орыстың ірі тұлғалары,
ғылымдарымен кездесіп, ой бөлісіп отырды. Əңгіме орайын-
да Мақашқа қатысты екі деректі алға тартудың еш артықтығы
жоқ сияқты. Оның бірі – Мақаштың Астрахандағы белгілі
С.Климашевская
фотостудиясының
суретке
түсіруші
еврей жігіті арқылы танысқан киім тігушісі Василий
Ульяновтің, кəдімгі Кеңес дəуірінің ұлы көсемі Влади-
мир Ильич Ленинннің əкесі Ильяның үлкен ағасы екендігі.
Негізгі жұмысы теңіз айлағында балық өңдеушілерге тұз
үлестірушісі болып істейтін оның əкеден мұра болып қалған
кəсібі киім пішу, тігу көрінеді.
Бірде Мақаш аталған студияға балаларын суретке түсіруге
алып келіп, танысына сол кездің үлгісімен ұлдарына қолайлы
киім тіккізіп, өзіне де əскери сырт киімге тапсырыс бергісі
келетіндігін айтады. Осы кезде суретші жігіт Мақашқа
өзінің тегі жағынан əріден болса да қосылатын туысы Ва-
силий Ульяновты таныстарады. Сөйтіп, ол бұдан былай
Мақаш берген тапсырыстың қандайын да мүлтіксіз орын-
дап, 20 жастай үлкен болса да əбден дос болып кетеді. Осы
таныстық Мақаштың қара шаруа Ульяновтар отбасының
кішісі – Ильяның дворяндар балалары оқитын гимназияда
білім алуы, Симбирскіде арнаулы оқу орнында оқуына көмек
беруіне негіз қалайды. Өйткені сол кезде Мақаштың беделі
Астрахан өз алдына, Еділ бойы, Қазан, Санк-Петербургте де
жоғары еді.
Екінші дерек. 1883 жылдың қазан айының соңғы
күндерінде Астраханға саяси көзқарасына орай айда-
лып келген замандасы (Николай Гаврилович Мақаштан
бар-жоғы екі жас үлкен екен), орыстың ұлы жазушысы
Н.Г.Чернышевскийді түрме бастығынан əдейі бес күнге сұрап
алып, Жанбайдың жанындағы өз үйіне əкеліп, Ресейдің сол
кездегі саяси ахуалы, демократтар ұстанған бағыттың түп
қазығы төңірегінде үш күн бойы əңгіме қозғаса, Мақаштың
өзі бұл туралы кейіннен «Таусылмайтын революция, оның
─ 58 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
өзі немене, көксейтін мақсаты не, өз басым түк те түсінген
жоқпын» десе, Николай Гаврилович Саратовтағы əйелі Ольга
Сократовнаға жазған хатында «Мен қазақ даласында Мақаш
Шолтуровичтай саяси сауатты, білімді жəне мəдениетті
қазақ бар деп есептемеп едім. Кей сұрақтары менің өзімді де
тығырыққа тіреп тастап отырды» деген екен.
Сондай-ақ
венгрдің
белгілі
ориенталисі,
Каспий
теңізінің терістік бетіндегі адырлар мен дөңдерді көп
зерттеген түркітанушы А.Вамбери, орыстың көрнекті
шығыстанушысы, табиғат зерттеушісі Г.С.Карелин, бар
өмірін шығыс халықтары тарихы, филологиясы мен архе-
ологиясын зерттеуге арнаған Петербург университетінің
профессоры И.Н.Березиндермен ғылыми, достық байланы-
ста болғанын да айтуға болар еді. Ол Астрахандағы өңірді
зерттеу жөніндегі Петров ғылыми қоғамымен жақсы бай-
ланыста болып, оның мүшесі ретінде өзінің туған өңірі
жəйлі көптеген ғылыми мəліметтер жинаған. Керек жерінде
жергілікті ақпарат құралдары арқылы қазақ халқының салт-
дəстүрі, ұлттық құндылықтары мен мұқтаждары туралы
мақалалар жазып, ортақ ой бөлісіп отырды.
Соның бірі – «Қазақтардың тұрмысы мен мұқтаждары»
(түпнұсқа орысша жазылған, «Быт и нужды киргиз-ка-
захов», «Астраханские ведомости», 1894, №4) деп атала-
тын мақаласында өз қандастарына тəн ең түйінді деген 29
мəселені алға тартады жəне оларды шешу жолдары туралы
өз ойын білдіреді. Мұның өзі оның аталған мəселені жақсы
білетіндігін дəлелдейді жəне сол түйіндерді аз уақытта
Уақытша Кеңес, болмаса губерния басшылығы, Орын-
бор ұлықтары шешіп тастамайды. Есесіне округ, қисым
басқарушылары, депутаттар мен ағамандар жоғарыдағы
құзырлы орындармен бірлесе қимылдаса ғана оңтайлы
шешімдер шығады, оңды нəтиже береді. Мұны Мақаш өз
мақаласында өте дəлелді жəне жүйелі түрде баяндайды.
Жоғарыда біз Мақаш Шолтырұлы өзінің қызмет бабында Ре-
сей патшасының алдында үш рет болды, 8 рет хат жазды дедік.
Солардың қай-қайсысында да ол Бөкей Ордасында соңғы жыл-
─ 59 ─
дарда, əсіресе, 1879-1880 жылдары əуе табиғат жағдайының
қуаңдығы, жердің жылдан жылға азып, тарылып бара жатқандығы,
құмайт жерлерде тұщы су көздерінің тапшылығы, тұяқкесті
жайылымдарда құм көшкінінің көбейгендігі, соған сай теңіз
жағалауындағы көкорай шалғын жерлерге мал жайып, азықтық
жемшөп қорын дайындауға рұқсат беруін сұрайды. Бұл жыл өткен
сайын сан жағынан өсіп келе жатқан мал-жанның еркін жайлап,
кең отыруына мүмкіндік жасар еді.
Сондай-ақ, жылдан жылға қуаңданып, құм басып бара
жатқан қырлыққа арнаулы мамандар (агроном) көмегімен
қияқ, дүзгін, өзен жағаларына бұталы ағаштар егу қажеттігі,
елде отырықшылықты өсіру, өмір сүру, тұрмыс мəдениетін
арттыру үшін еуропалық білім беретін мектептер ашу, ең ба-
стысы – елде соңғы кезде белең алған қазақтарды христиан
дініне күштеп енгізу қауесетін тоқтатуды сұрап, өтініш етеді.
Алғашқы қабылдауында патша Мақашқа «Сіз көтерген
барлық өтініш те орындалады. Бірақ ол өзіңіз айтып отырған
соңғы мəселенің өз тараптарыңыздан оңды шешілуіне бай-
ланысты. Егер де Ганюшкин мен Кордуан, анау Новая Казан-
ка мен Таловтағы сияқты тағы да төрт жерде сондай құдай
үйлері көтерілсе, біз сіздерге Каспий теңізінің жағасындағы
барлық аралдарды береміз. Ен жайлап, еркін отырасыздар»
деп салады. Мақаш бұл жолы ештеңе айтпай, тұрып кетеді.
Бірақ бұдан кейін де (1894, 1897 ж.ж.) екі рет қабылдауында
болып, өзі қойған өтініштердің түпкілікті шешілуіне қол
жеткізеді. Алдымен Ганюшкинде (1893 ж.) мектеп салынады.
Қыр мен ойдағы жер өз бедері мен құнарлығына сай белгілі
телімдерге бөлініп (мал жайылымдық, құмаршық қағатын
азықтық, дəндік, ормандық алқап), оны қарап, бақылайтын
орманшы бірліктер белгіленеді. Қызметкерлердің айлық
еңбек ақысы, баспана, кеңсе үйі үшін бір мезетте 10 мың
рубль қаражат қаралады. Əлгі айтқан құм көшкінін тоқтатуға
арналып бұталы ағаштар, мал азықтық қияқ, əсемдік ағаштар
егіле бастады. Сөйтіп, 1895 жылдары қолға алынған бұл
жұмыстар кеңес өкіметі тұсындағы 30-жылдарға дейін өз
жалғасын тапты.
─ 60 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Міне, өзі өскен өңір мен туған халқына осындай
жаңалықтар əкеліп, жақсылықтар жасаған Мақаштың еңбегі
патшалы Ресей атынан орынды бағаланып «Əулие Ста-
нислав» ордендерінің екінші жəне үшінші, осы орденнің
императорлық тəжі бар (өзге ұлт өкілдеріне арналған)
2-дəрежелі, «Қасиетті Владимирдің» (орден) төртінші
дəрежелі, «Қасиетті Анна» орденінің үшінші дəрежелі,
барлығы 5 орден, тағы да 2 медальмен марапатталған.
1881 жылы «Əулетті дворянин» атағын иеленіп, 1875
жылдан бастап Қазан, Санкт-Петербург қалаларында оқып
жатқан қазақ балаларына жеке өз атынан шəкіртақы белгілеп,
бұл үрдістің кейін 1895 жылдан бастап Бөкей Ордасы бой-
ынша жалпы түрде қолға алынуына ұйытқы болады.
Ол ел үшін еңбек етумен бірге өз балаларының да көптің
алды болып, білім алуы, халқы үшін қызмет қылуына ерекше
назар аударды. Оның бар баласы да əуелі өз ауылындағы діни
медреселерде сауат ашып, кейін Астрахандағы гимназияларда,
Қазанда оқыды. Бірақ екі ұлы – Жəмілжаны мен Əміржаны сол
Қазанда оқып жатып, көлденең кеселден қайтыс болды. Фа-
зылы 1890-1907 жылдар аралығында бөкейлікте түрлі округ,
қисымдарда басшылық қызметке араласады. Ал Кенжеұлы
Шапхат 1912-1916 жылдар аралығында Қазан университетінің
заң факультетінде оқып, Алаш қозғалысына атсалысады. Кеңес
дəуірінде республикамыздың алғашқы прокуроры. Немере
ағасы, Алаш министрі, Батыс Алаш Ордада үшінші адам, кейін
Қазақстанның Мəскеудегі алғашқы өкілетті елшісі Уəлитхан
Танашев екеуі еліміздегі көптеген Заң актілерінің дүниеге
келуіне негіз болады.
Сонымен қазақ халқының адал ұлы, елу жылға жуық
ел басқарып, Ресей империясының қол астында бола тұра
олардың жақсысын жанына жалау, керегін көңіліне көрік
етіп, нəсілдестерін рухани, тұрмыстық жағынан біраз биікке
көтерген қоғам қайраткері Мақаш Бекмұхамбетовтің ауызға
алар, ұрпағына үлгі етер өнегелі қырлары көп-ақ. Оны қадыр
тұтқан халқы еңбегін ескеріп, есімін ұлықтап, лайықты
құрмет көрсетіп келеді. Кемел тұлғаның 170 жылдығында
─ 61 ─
басына келісті ғып кесене тұрғызып, есімі аграрлық жүйедегі
шаруашылыққа берілсе, 180 жылдығы өзі туған Атырау
өңірінде жəне өзі көп жүрген, араласып, білім алып, қызмет
атқарған Ресейдің Астрахан облысында кеңінен аталып өті.
Өңірлік жəне халықаралық деңгейде ғылыми-тəжірибелік
конференциялар, мəдени-көпшілік жəне спорттық шаралар
өтті. Есімі Атыраудағы орталық стадионға, сондай-ақ Астра-
хан облысындағы жалпы орта білім беретін екі орта мектеп-
ке жəне көшелерге берілді.
Қашан да халық арасында ғалымның хаты, жақсының аты
қалады. Бірде Мақаш өзінің есейіп, зейнеткер атанғанда орны-
на ел басқару ісіне келген ізбасарының өркөкірек, əлсіздерге
менменшіл, оның үстіне жең ұшынан жалғасқан парақор екенін
жəне бұл қылығының күн өткен сайын асқынып бара жатқанын
естіп, əріптесіне бір ауыз сөзбен хат жазады. Онда:
Мықтымын деп тасыма,
Осалмын деп жасыма.
Өзімшілдік, озбырлық
Ой келмесін басыңа.
Менменсісең асқақтап,
Жақының келмес қасыңа.
Тəкаппарлық жаман-ды
Түбінде қорлық басыңа.
Харам салсаң құсарсың
Ішетұғын асыңа!
Нəпсіқұмар, зор болсаң,
Былғанарсың насыңа.
Түстен кейін опынар,
Іс түскендер басыңа.
Əділ болсаң, ақкөңіл,
Қарсы алар халқың асыға! - деген екен.
Осынау озық қағиданы өз бойына өмір бақи үлгі етіп,
халқы үшін қызмет еткен Мақаш Шолтырұлы өткен уақытта
да, қазірде де заманының заңғары, Еділ-Жайық ардағы
ретінде елінің есінде мəңгі жүре беретін болады.
─ 62 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
АҒАЙЫНДЫ ШЫНТАЕВТАР
Əр халықтың өткені, оның өз кезеңінде болған ұлдары бар.
Осы орайда бұрыңғы Астрахан, қазіргі Атырау аймағында
Бірінші Теңіз жағалауы округінде елге аты мəлім, кезінде
Мақаш əкімнің тəрбиелеп, қолдауымен ел басқарып, есімі
есте қалған Молдаш (Молдағали), Əжіғали Шынтаев деген
ағайынды, оқыған-тоқығаны мол зиялы азаматтар болған.
Олар өзі өскен өңірді заман, саясат ағымына сай ұйыстырып,
орыстармен бірлікте, тату-тəтті өмір сүрулеріне негіз қалады.
Сондықтан олардың атын атап, ісін ұлықтау, бүгінгі ұрпақтың
қатеріне салу - абыройлы борышымыз болса керек.
Молдаш пен Əжіғалидың əкесі Шынтай, ол Құлту ба-
ласы. Оқу-тоқуы жоқ қыр қазағы болса да заман ағымы,
елдің беталысын жақсы түсінетін қария Хан Ордасында
ашылған Жəңгір мектебінің жастарға тигізер рухани пайда-
сын аңдайды да 1869 жылы ауыл молдасынан мұсылманша
тіл сындырып, қара танып қалған 13 жастағы Молдаш пен
9-дағы Əжіғалиді жанына алып, отбасымен Ордаға көшіп
кетеді. Өзі сондағы базар қасапханасына мал сойып, ет ша-
бушы болып орналасады да балаларын Жəңгір мектебіне
береді. Олар да əуелден оқу-тоқуға ынтасы бар, білімге
құштар балалар болса керек, аз уақытта көзге түсіп, барлық
пəндерді тез игереді.
Арада үш жыл өткенде Уақытша Кеңес Молдаш-
ты өз кеңсесіне аудармашылық қызметке алады. Ол осы
қызметте жеті жыл болып, артынан Бірінші жəне Екінші
Теңіз жағалауы округтерінің əкімі Мақаш Бекмұхамбетовтің
шақыруымен ставкіге іс жүргізуші (писарь) болып келеді. Ал
сол Уақытша Кеңесте інісі Əжіғали да тəржімашы қызметін
атқарып жүр екен. Бұл нақты дерек көздері бойынша 1882
жыл болып есептеледі.
─ 63 ─
Тағы да 3-4 жыл өтеді. Бірде қыстың қытымыр ақ
қырау шағында Мақаш əкім жұмыс бабында губерния
орталығы - Астрахан қаласына барады. Ұлықтарға кіріп,
қызмет жүйесінде шаруа шешіп жүрсе, терезеден тыстағы
қаңтарулы тұрған атшанасы жанына жиналып қалған
бір қауым елді көреді. Не боп қалды? Атқосшы жігіт
қайда? Ештеңеге түсінбеген əкім сыртқа атып шығады.
Гу-гу əңгіме. Құлақ салса, бəрінің де ат иесімен ісі жоқ,
ауызға алып, айтатыны атшанаға жеккен қара жорғаның
сұлулығы. Сақылдаған сары аязда бүйір қақпай, айнала
анталаған жандарға осқырына қарайды, көзінен от шаша-
ды. Қызықтаушылардың қай-қайсысы да бірінен бірі асып
мақтайды, кейбірінің реті келсе мінгісі, сатып та алмақ
ойы бар. Тіпті бетінен қаны тамған əлдебір көпес, ат
иесінің қыр қазағы екенін білгенде, ернін шүйіріп, маңғаз
қалпы «Правитель мырза, мен атыңды ерттеп мініп, мы-
нау орамды бір айналып келсем қайтеді. Тұрқына қарасам,
жорға сияқты ғой» дейді.
– Иə, жорға екені рас, - дейді Мақаш. Содан соң өпірем
орыстың бұл батылдығына реніш танытпаса да, аттың
шанаға үйретілгені болмаса, ерттеп мінуге көнбейтін асау
екенін еске салған Мақаш «Көпес мырза, бұл ат бас білмейді»
дейді.
– Шана сүйреген жануар арқасына адам отырғызбайды
дегенге сенбеймін, қырғыз мырза. Əлде христиандарға
атыңыздың сəттік майын қимай тұрсыз ба?
– Үстіне бір шыққаннан ештеңесі кетпес-ау, бірақ мұның
арқасына шыбыннан басқа ештеңе шығып көрген жоқ. Мініс
білмейтіні рас еді, - дейді Мақаш тағы да нығыздап.
– Тарпаңның талайын көргенбіз, бұл соның соңы бол-
мас. Жігіттер, құлақтап тұрып ер салыңдар, - дейді көпес
қызарақтап.
– Ендеше алдарыңызда болсын, бірақ сақтанғандарыңыз
да жақсы.
- Жоға, бұл да естіген сөз, оған қам жемей-ақ қой...
Қос құлақтап, азар дегенде арқасына ер салып, тақым ар-
─ 64 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
туы мұң екен, қанша дегенмен алдында жем, қасында күтушісі
тұрған əкімнің аты емес пе, əп дегеннен тұра қашып, содан
соң тулап-тулап, орам ортасындағы көк тасқа орыс көпесін тас
төбесімен түсіреді. Ана байғұс ат шіркінді тап осылай тулай-
ды деп күтпесе керек, сол бойда мойын омыртқасы үзіліп, тіл
тартпай кетеді. Əрине, өлім жолы ауыр. Көргені былай тұрсын,
сырттай естіген əркімдер əрқалай пайымдайды. Ақыры мұны
əдейі қастандыққа балаған көпес ағайындары əкімді сөзге ша-
тып, үстінен іс қозғайды, сотқа береді.
Осы кезде Мақаш ауылына келіп, Астраханға қайта жүру,
басшылыққа іс барысын түсіндіру ниетінде хат жазады.
Онысын көмекшісі Молдашқа беріп, ертеңге дейін бірнеше
дана етіп, қайта көшіруді сұрайды.
Ертесіне Мақаш əкім өзінің кешегі арызын қолға алып,
оқып көрсе, мəтінге бес-алты ауыз қосымша енгізіліпті, бəрі
де үйлесімді, тіпті жөнімен тұр. Риза болған бастық «Мына
сөздерді кім қосты?» дейді.
- Мен, - дейді көмекшісі.
Мақаш басын шайқап «Шырағым-ай, болайын деп
тұрсың-ау. Осыдан осы сапардан аман-сау қайтсам, орным-
ды саған беремін. Бірақ сендей қабілетті жанның ғұмыры,
тым қысқа болмаса қайтсін. Батихамды берейін, ғұмырлы
бол!» деп Астраханына жүріп кетіпті. Артынан жарты ай
өткенде бəрі де оңды болып, іс жабылады. Мақаш аман-сау
ауылына оралады.
Елге келген соң Молдашқа «Сенің еңбегің, менің сөзім
бар. Бірақ сендей тəжірибесі аз жасқа екі округті қатар
басқару ауырлау тиер. Əзірге Бірінші округке бара тұр. Мен
Уақытша Кеңес басшыларына солай деп ұсыныс түсіремін,
сен əзірлен» дейді. Осы кезде Молдаш қарсы уəж айтып,
келіспеушілік білдіреді. Өйткені онда осыған дейінгі əкімнің
бірнеше жыл көмекшісі болған азуы алты қарыс Бегалы, əр
сөз, ісіңді бағып, кінə таққыш арызқой ағасы - Əтембек би
мен олардың айтқанын құптап, жел берер сауатты адвокат
Сыпыра тағы бар. Олар мен сияқты тəжірибесіз əкімдерге
сын артып, күн бермейді дегенді айтады.
─ 65 ─
Осы кезде Мақаш «Оларға арыз жаздырып, қолын
қышытатын өзің емес пе, жақсы адамды кім жамандайды»
дейді.
- Меніңше қашан да үлкендер өздерінен кейінгілер ісіне
қанағаттана бермейді. Онан да сіз мені қолдасаңыз Уақытша
Кеңестің іс тіркеушісіне əлгілердің хаттарын тіркетпей,
кері қайтара беруге келісім алыңыз. Сонда мен бірер жылда
негізгі арнаға түсіп те кетсем керек дегенді айтады.
Əрине, қисынды. Бірақ іс барысы қалай болмақ. Сөйтсе
де Мақаш уəдесін береді, нақты көрініс солай болады да.
Арада аз уақыт өткенде Мақаш өз ауылы - Екінші округ-
те қалып, Молдаш Біріншіге əкім болып бекиді. Айтқандай-
ақ, əр іске өз пікірін білдіріп, баға беріп, тырнақ астынан кір
іздеген қос қария мен заңшыл адвокат ананы-мынаны жіпке
тізіп, жоғары Ордасына асырған екен, бірақ арзымайтын
арыз ба, əлде Мақаш қойған кедергі шыннан да сеп болды
ма, хат бойынша хабар-ошар, тексеріс болмапты. Ақыры
ақсақалдардың таулары шағылып, үн-түнсіз қалыпты.
Уақыт өте береді. Бірде ел аралауға шыққан Молдаш
өзінің бір кездегі əріптесі - Бегалының үйіне бас сұғады. Осы
кезде пəтерінің бір қапталында орыстың күміс кереуетінде
төсегінде тапжылмай отырған қатулы би қатарынан озып,
төрге беттеп бара жатқан əкімнің алдынан шығып қол алады.
Жақсылап қонақтап, рахметімен шығарып салады.
Оның бұл қылығын естіген Беріштің билері кейін
Бегалыға өкпе артып, «Біз сізге наразымыз. Ауылдың үлкен-
кішісін былай қойғанда Орынбор мен Астраханның түкірігі
жерге түспейтін ұлықтары - жандарал мен майырларына
төсегінен тұрмай-ақ қолының ұшын ғана созатын сіз енді
болмағанды жасап, балаңыздан да жас боз өкпе əкімнің ал-
дында қалбалақтағаныңызға жол болсын» дейді ғой. Сонда
Бегалы «Менің орнымнан тұрмасқа амалым қалды ма? Ол
есіктен кіріп келе жатқанда-ақ екі көзі менде емес, төрде
болып, жанымнан көктей өтіп бара жатты. Бала əкім би
Бегалыға көріспестен төрге озды» деген сөзге қалам ба деп,
жандəрмен күнбұрын екі қолымды ала жүгіргенім рас.
─ 66 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Сіздер кісі танымайды екенсіздер. Егер осы бала əлі
де 4-5 жыл əкім болса, талайдың төрдегі басын есікке,
есіктегіні төрге əкелер. Бірақ көрерге көз керек, жанып
тұрған жас екен, асылы ғұмыры қысқа болмаса неғылсын»
деген екен.
Айтқандай-ақ Молдаш келесі жылы Үйшіктің базарына
барғанда орыс əйелдің көзі тиіп, аз күнде қайтыс болыпты.
Бірақ оны көре алмаған біреулер «Молдаш Гурьевте орыстың
арағына жарылып өлді» деген əңгіме таратыпты. Əйтсе де
қара халық көз тиді деп мойындайды. Мұны естіген Мақаш,
«Рас шығар, тисе тигендей, аса əдемі, көзің түссе тайды-
рып əкете алмайтын сүйкімді-ақ болатын. Жалғандыққа
жаны қас, ертеңімен өмір сүретін білімдар, келешектің
адамы еді ғой, істері көп ілкімді жас болатын. Кезінде мен
де қызыққанмын. Бірақ айыбымды тез түсініп, тəубаға
келгенмін. Көз алдымнан алыс, бірақ қанаттас жүрсе екен
деп тілеп едім. Ол да болмады-ау. Шіркін-ай, жақсылардың
жарық дүниедегі орны неге қысқа, аз болады екен», деп опы-
ныпты.
Біз бұл əңгімені дендерлік Ғаббас Əбуовтің жазбасы-
нан (16.11,1976) алып отырмыз. Ол Қабыл Зұлқанов деген
қарияның Құрманғазы ауданының Шортанбай ауылының
тұрғыны
Қаратай
Ысқақовтың
аузынан
жылы
естігендігін айтады. Ал Қаратай атамыз болса, 1896 жылы
Мақаш Шолтырұлының өз айтуында естідім дейді екен.
Осыған орай біз де өз мұрағатымызды ақтарып, түрлі де-
рек көздерінен жинағандарымызды (Мақаш əкім, «Арыс»,
Алматы, 2010; 109-118 б.) ақтарып, Бөкей Ордасын басқару
жөніндегі Уақытша Кеңестің аумақтық құрылым басшыла-
ры тізімін сараланғанымызда Молдағали (ел ішінде Мол-
даш) Шынтаевтың (1856 ж.т.) 1878-1882 жылдары Кеңесте
тілмаштық, 1887-1889 жылдары Бірінші округ төрағасының
көмекшісі, 1890-1892 жылдар аралығында Екінші округ-
те төрағаның көмекшісі, кейін Бірінші округте төраға
болғандығын анықтадық.
Бұдан əрі оның есімі еш дерек көзінде көрінбеді. Соған
─ 67 ─
қарап, ол кезде қайтыс болуы мүмкін деген тоқтамға келіп
едік. Біздің бұл пікірімізді «Исатай ауданы шежіресі»
(«Арыс», 2008. 165 б.) растады, ол 1894 жылы қайтыс болған
Бейіті осы ауданның Сартөбе жайлауында көрінеді.
Ал інісі Əжіғали Шынтаев (1860 ж.т.) болса, 1893-1904
жылдар аралығында Бірінші Теңіз жағалауы округінде
төрағаның көмекшісі, 1904-1907 жылдары Талов қисымында,
одан кейін екі жыл Бірінші округте, 1909-1912 жылдары
Қамыссамар қисымында төрағалық қызметтер атқарады.
Одан басқа біздің қолымызда еш мəлімет жоқ.
Осы арада Астраханның əр жылдары шығып тұратын
губерниялық естелік кітабында тағы бір Шынтаевтың есімі
кездеседі. Ол Уақытша Кеңеске Николай Федорович Соло-
вьев төрағалық еткен 1913-1915 жылдары аталған Кеңесте
Файзолла Шынтаев деген біреу тілмаштық қызмет атқарған.
Мүмкін ол жоғарыда біз əңгімелеп отырған ағайынды
Шынтаевтардың бірінің баласы шығар. Бірақ қолда шежіре
жоқтықтан ештеңе дей алмаймыз. Сондықтан біз бұл мате-
риалды жазғанда мүмкін бəз біреулер өңіріміздің сөз болып
отырған қос зиялысы, əйгілі Нұрым (Шыршығұлұлы, 1831-
1908) сынды сөз сүлейі «Естілді губернияға білгір атың» деп
дəріптеген Молдағали (Молдаш) мен Əжіғали Шынтаевтар
туралы нақтырақ білетін, деректі ағайындар бар шығар деген
ой еді. Ал егер ондайлар табылып, хабарласып жатса, өлке
тарихының бұрынғыдан да тың, жаңа деректермен толыға
түсері сөзсіз. Олай болса, шыннан да Шынтаевтар кім, олар
туралы шындықты кім ақтарады? Біз сіздерден хат күтеміз.
(«Мұнайлы астана», 19.05.2011ж.)
Автор түсініктемесі:
Міне, аталған газетте тап осындай материалымыз жарық
көрді. Ондағы мақсат - өлкеміздің өркениетін өсіру, ел,
ұлт болып қалыптасуына үлес қосқан зиялыларымызды
тану, кейіңгі ұрпаққа өнеге ету ниеті еді. Ол ісіміз теріске
шыққан жоқ. Артынан сол Шынтаевтардың ағайындары та-
былып, хабарласты. Қолдарындағы дерек көздерін əкеліп,
естіп, білгендерін ортаға салды. Файзолла Шынтаевтың,
─ 68 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ Ғаббас Əбуовтың кім екендіктерін білдік. Сөйтсе, Файзолла Молдағалидің Хайыржан есімді ұлы, Уəсила, Уахиза атты қыздарынан кейінгі баласы екен. Кейін Орал қаласында оқып жүріп қайтыс болыпты. Ал Ғаббас осы əулетке ағайыншылығы бар, күні кешеге дейін түрлі қызметтер атқарған белгілі адам екен. Қазірде ұрпақтары бар, аталған жазба солар арқылы бізге жеткен. Сол сияқты Шынтаевтардың да ұрпақтары кең тараған. Елге белгілі, халық қадірлеген ұл-қыздары баршылық. Əйтсе де əлі де көптеген əттеген айлар да жоқ емес. Соның бірі Əжіғали Шынтаев туралы нақты деректердің аздығы. Орал, Бөкей ордасы мұрағаттарына хабарласқанбыз, еш нəтеже болмады. Бірақ, Əжіғали 1911 жылы Жаңғала жағында қайтыс болыпты. Ал Сарытөбедегі Молдағалидың моласын ағайындары өткен 2010 жылы қайта жөндеп, қалыпқа келтірсе керек. Басына құлпытас қойылып, айналасы қоршалған. Бір кезде Молдағали əкімнің өзі тұрып, балалары өскен, Хайыржан тұрған, соңғы жылдары обаға қарсы күрес стансасы үйі болған қыстау орны қазірде иесі қалып құлаған. Көзі көргендердің айтуынша тек көненің көзіндей болып шикі тастан соғылған қабырғалары қалыпты деседі. Сөз орайында осы Шынтаевтардың ағайыны белгілі қоғам қайраткері, марқұм Ғибат Мырзағалиев (1934-2000) өзінің көзі тірісінде қолдан түзген ататек шежіресінде «1995 жылы 16 тамыз күні біз-Венера, Нəсиполла, мен, тағы да бір-екі ағайын Сартөбедегі Молдағалидің бейітіне тік ұшақпен ұшып барып қайттық. Тек қана Молдағалидің қарағай бейіті қалыпты, тозған бір жағына қарай қисайып, отырған. Бірақ əлі құлайтын түрі жоқ. Айналасындағы басқа бейіттерді құм басып кеткен. Атамыздың басына тағзым етіп, айналасында өсіп тұрған жусанды теріп алдық. Сол жусанның жартысын Алматыға алып келіп, анамның бейітіне қойдым» деп жазыпты. Тағы бір айтарымыз-
─ 69 ─
араға айлар салғанда Алматы қаласынан хат келді. Ол
Шынтаевтар ұрпағы, дəлдеп айтсақ, Молдағалидің
немересі, биология ғылымдарының кандидаты Фазила
Шынтаеваның біз жазған мақалаға орай үн қатуы екен.
Орыс тілінде жазылған осы хаттың толық мəтіні мынан-
дай. Оны қазақшаға аударып, редакциялаған біз.
─ 70 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
БІЗ АТАЛАРЫМЫЗБЕН МАҚТАНАМЫЗ
Мен Атырау қаласынан шығатын «Мұнайлы астана»
газетінде жарық көрген (19.05.11 ж.) ағайынды Шынтаевтар
туралы материалды оқығаннан кейін енді оқырман қауым
сол бір айтулы азаматтардың бұл күнде ұрпақтары бар ма
екен, болса қайда, олар кімдер деген заңды сұрақтарға
кезігері сөзсіз-ау деген ойға келдім де, арада біраз уақыт
өтсе де қолыма қалам алдым. Оның да жоғарыдағыдан басқа
түрлі себептері бар еді.
Алғашқысы – ту сонау жазбаша сауатты адамы саусақпен
санарлық, бірақ Ресейдің Астрахан губерниясына қараса
да XІX ғасырда құм ортасындағы қыр қазағы арасынан ба-
ламды оқытамын деп туған ауыл, атақонысын тастап, Орда
асып, Жəңгір мектебінің есігін қаққан Шынтай сияқты
оптимист əке, оның айтқанына көніп, дегеніне жүрген
Молдағали, Əжіғали сынды ұғымды, ұңғыт жастарды XXІ
ғасырдың ұрпағына үлгі ету керек-ау, бүгінгі мамыражай
тəуелсіздік халқымызға осындай халқым деген қара нар
ұлдар арқасында келді-ау деген ой келді.
Екіншісі – осы ағайынды Шынтаевтар сынды оқыған
азаматтар арқылы өлкемізді, елімізде зиялылар шоғыры, ел
басқаратын қайраткерлер қалыптасты. Солар арқылы Алаш
ұлт автономиясының іргесі қаланды. Болашақ жетілген
Қазақ мемлекетінің шаңырағы көтерілді.
Үшіншісі – сол Шынтаев арқылы елде білімге құштар, ел
басқару ісіне ебі бар икемді ұрпақ өсті. Оларды туған халқы
қадірлеп, ардақ тұтты, ұрпақтарының мақтанышына айнал-
ды. Ендеше, неге қолға қалам алмасқа?! Бірақ осыдан ғасыр
жарымға жуық уақыт бұрын өмір сүрген адамдардың тұқым-
тұқиясы, ұрпағының қаншалықты өскендігін түгел баяндап,
əрбіріне тоқталып жату қиын жəне ұзақ əңгіме. Оның үстіне
─ 71 ─
мен туған жерден ертерек қол үзіп, ағайындармен көп ара-
ласа алмаған адаммын. Білсем, тек өзіме қатысты аз ғана
топты ғана білемін. Сондықтан бəрін қамтып, тұтас түсінік
бере алмайтынымды да қатерге саламын. Дегенмен, олар-
ды көрсетудің басқа да жолдары табылар. Ал мен болсам,
өзімнің сол арыстардың бірінің ұрпағы екендігімді айтсам
ба деп едім.
Қош, сонымен...
Мен, Шынтаева Фазила Хайыржанқызы Меңдіғали
немересі 1932 жылдың 15 желтоқсанында Гурьев
қаласында дүниеге келгенмін. 1939 жылы ұзаққа созы-
лан ауыр науқастан əкем қайтыс болды да, біз анамыз
екеуміз ағайындарды сағалап Алматыға көштік. Өйткені
біз үшін Гурьевте бұдан əрі өмір сүру өте қиын еді. Анам-
ды шонжардың тұқымы деп жұмысқа алмайды. Тапқаны
мұнай техникумының асханасында ыдыс жуушы. Үйден
таңертең ерте кетеді, одан түннің бір уағында оралады.
Мен болсам, үйде жалғызбын. Кейде жалғыз отырудан
жалығып, терезе əйнегін аламын да анамның артынан
қуып барамын. Мұндайда анамның көзі тас төбесіне
шығып, жылап-еңіреп үйге бірге қайтамыз.
Ол кезде менің нағашы əжем Мəлшүк пен анамның сіңлісі
Нұрхаят Алматыда қайнысы, халқымыздың алғашқы жоғары
білімді дəрігерлерінің бірі, Саратов Медицина институтінің
түлегі Мірахмет (Ахмет) Жүсіпұлы Ниязовтармен (18911943) бірге тұратын. Біздің əлгіндей тірлігімізді естіген бойда
əжеміз қызына «Сен сөйтіп жүргенде анау жалғыз балаңнан
айырыларсың. Бəрін таста да Алматыға кел, бір амалын
табармыз» деп хат жазады. Біз бар мүлкімізді (барының
өзі аз болатын) сатып Алматыға көштік. Жетінші сынып-
ты аяқтаған соң сондағы фельдшерлік-акушерлік мектепті
бітірдім. Одан əрі Қазақ мемлекеттік университетінің био-
логия факультетінде оқуымды жалғастырдым.
Еңбек жолым Қазақ КСР Ғылым Академиясының Фи-
зиология институтында аға зертханашылықтан басталды.
Кейін кіші, одан аға ғылыми қызметкер болып, биология-
─ 72 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
дан кандидаттық диссертация қорғадым. 1989 жылдан бері
еңбек демалысындағы зейнеткермін.
Бұл менің жеке өзімнің еңбек жолым. Ал ата-аналарым
туралы айтар болсам, əкем Шынтаев Хайыржанды көзі
көргендер атасы Шынтайдан аумай қалған білікті, салиқалы
жан еді дейтін. Астрахандағы гимназияның төрт жылын
тəмамдап, өз ауылында мектеп ашқан, орысша сауатты жан
еді. Анамның айтуынша, əкем азамат соғысы жылдарында,
оның алдында өңірде кеңес өкіметінің орнауына белсене
араласып, елде Краснов бандасын талқандауға қатысады.
Бұл кезде ол Сартөбе болыстық милиция бөлімінің бастығы
болып істесе керек. Ол жайлы естуімше мен туған өңірдің
белгілі сөз сүлейі Насихат Сүгірұлының «Ел құрсауы-ер
жігіт» («Еділ-Жайық-екі су», Арыс, 2001ж.) жырында жəне
қарт журналист Шөпенғали Дəуенұлының «Тамшы қан»
(«Ақ жол», Атырау, 2011) деректі əңгімесінде азды көпті ай-
тылатын сияқты. Əкем өткен ғасырдың 20-30 жылдарында
правительдің тұқымы ретінде (Аз уақыт өзі де осы қызметте
болғанға ұқсайды) сөзге шатылған сияқты. Сол кезде аз
уақыт Астрахан жақта тұрып, біршама жауапты жұмыстар
атқарады. Соңғы жылдары туған жерінде есепшілік қызметте
болды.
Ал анам Шынтаева Хабиба, 1905 жылы Астрахан
қаласында туылған. 2001 жылы 96 жасында қайтыс болды.
Ол Бөкей мен Жəңгір тұсындағы билер кеңесінің мүшесі,
əйгілі Шомбал бидің немересі Əбілхайыр Ниязовтың қызы
еді. Руы – Ноғай қазақтың Оразақайы, оның Қояс бөлімінен
тарайды. Ата-анасы 16 жасында əйелі өлген 32 жастағы
менің əкеме ұзатады. Шамасы ол, əкемді айтамын, сол кез-
де Ахмет нағашыммен жақсы жолдас, дос болса керек.
Оның үстіне Ахметтің əйелі белгілі Мақаш əкімнің не-
мере қарындасы Мүбина Ыбырашқызы Танашева еді. Ол
да оқыған, Саратовтан медициналық білім алған адам. Ал
Мақаш болса, Молдағали атамның ұстазы, яғни бір елдің
адамы ғой. Осы себепті Ахмет өз қарындасын досына жар
қылады.
─ 73 ─
Анам Астраханда өскенмен мұсылманша сауатты, араб
əліп-биінде медреседен сабақ алған, орысша да жазып, оқи
алатын заманының көзі ашық адамы еді.
Сол анамның айтуынша (əрине, əкемнен естуі бойынша)
Шынтай атамыз аса рухты, ортасына беделді, арғы-бергі
əңгімені жақсы білетін, көбіне –көп ұсталықты кəсіп қылған
ауылына аты таныс палуан болса керек. Ал əйелі болса, аса
ақылды, жоқты бар қылып, барды зор еткен икемді бəйбіше
көрінеді. Тіпті олар екі ұлы Молдағали мен Əжіғалиді
Ордаға оқыту үшін көшіп барғанда бірі қасапшы, екіншісі
бие сауып, қымыз сатып, кəсіпкерлікті де дамытқан.
Бұл түсінікті де, сонау алыстағы құм Нарынның
Сартөбесінен жер түбіндегі Жасқұсқа-Ордаға бала оқытамын
деп барған қыр қазағы қос ұлын оқытуы керек жəне өз
тірліктері тағы бар. Сонда олар ет шауып, қымыз сатпағанда
қалай өмір сүрмек. Мүмкін, ол кісі ұсталықты да сол кезде
үйренген шығар.
Молдағали атамыз алғашқы күннен сабағын жақсы оқып,
бірден ұстаздар көзіне түссе керек. Кейін інісі Əжіғалиды да
өз қатарына тартып, еуропалық білім игеруге құлшынады.
Артынан екеуі де ел басқару ісіне араласып, Молдағали атам
отыздан енді ғана асқанда шамамен 34 жасында кенеттен
қайтыс болады. Анам оның себебін құлағыма сыбырлап қана
«Жаулары улап өтірсе керек» дейтін.
Молдағалидан Хайыржан, Файзолла атты екі ұл жəне
Уақиза есімді бір қыз қалады. Файзолла біраз уақыт ел
басқару ісіне араласады. Бірақ кейін Орал қаласына оқуға
барып, сол жақта қайтыс болады. Уақиза апай – бірінші жол-
дасы қайтыс болып, екінші рет Атырау өңірінің белгілі азама-
ты, Кранштаттың теңіз госпиталы жанындағы фельдшерлік
мектебін бітірген өңірдің алғашқы дəрігерлерінің бірі
Қажығали Мəмековке (1883-1974) тұрмысқа шыққан-ды.
Ол кісі əбден қартайған шағында 92 жасында дүниеден өтті.
Ал Қажығали жездеміз туралы деректерді Атырау облыстық
тарихи-өлкетану мұражайынан табуға болады. Ол кісінің
атында Атырау қаласында жəне Аққыстауда көше бар.
─ 74 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Жоғарыда айтқанымдай əкем қайтыс болды. Өмірінің
соңғы жылдарында ол кісіні буын аурулары көп əуреледі.
Соған сай орталық қалалардың біріне көшіп, дəрігерлік ем
алу қажет болды да, əкем отырған үйін сатып, (əлі есімде,
үйіміз еңселі, кең де жарық, есіктерінің тұтқасы көгілдір
əйнектен еді) Гурьевке қоныс аудардық. Ол үйіміз кейіннен
обаға қарсы күрес стансасының кеңсесіне айналды.
Мен бала болсам да, сол үйді сатып, «Атырауға бағыт
ұстағанымыз есімде. Əкем ат үстінде, біз анамыз екеуміз
түйеліміз, жолшыбай Молдағали атамыздың бейіті басында
болып, тəу еттік. Ол кісінің ағаштан тұрғызылып, көгілдір
сырмен боялған бейіті алыстан көз тартып, айналаға айбар,
келбет береді екен. Əкем бейіттің ішіне кіретін есігін ашып,
ұзақ отырды. Дұғасын оқыды, көзіне жас алды. Содан соң
алыс сапарға жол тарттық.
Отбасылық ғұмырында Хайыржан екі рет үйленген.
Ертерек қайтыс болып кеткен бірінші жарынан 10 жасар
Ғафар жəне 8 жастағы Ғазиз атты екі ұлы қалады. Ал менің
анаммен өткен жылдарда Фатима, Ғалия, Хайдар жəне мені
көреді. Бірақ алдыңғы үшеуі жастай қайтыс болып, тек қана
мен қалыппын.
Гурьевте біз бұрынғы бай, кейін тəркіге ұшыраған Ара-
лов дегеннің сарайын жалдап тұрдық. Шамасы əкем ол кісіні
бұрыннан таныса керек, кейін олар да Алматыға көшіп бар-
ды, əйелі, қыздары анаммен араласып тұратын-ды. Біз отба-
сында бесеу болдық: əкем мен анам, мен жəне Ғафар мен
Ғазиз ағаларым. Асыраушымыз Ғафар ғана. Бұл кезде əкем
екі аяғын баса алмай төсек тартып жатып қалған еді.
1937 жылы Ғафар ағам Оралдың педагогикалық институ-
тына физика, математика мамандығы бойынша оқуға түсіп,
бізден қол үзді. Артынша Ғазиз де Мəскеудің Ломоносов
атындағы университетінің физматына қабылданды. Содан
бастап ағаларыма хат-хабар болмаса, жүздескен жоқпыз.
Өйткені, олардың арттарынан ақша жіберіп, қысқы, жазғы
демалыстарында ауылға келіп қайтуларына жағдай жасай-
тын ешкім жоқ. Ал өздері болса, сабақтан бос уақыттарында
─ 75 ─
түрлі көтерме жұмыстар атқарып, күнделікті ішіп-жемдерін
ғана табады. Сөйтіп жүргенде елімізде фин соғысы бастал-
ды. Кейін оған неміс фашистерімен арадағы соғыс жалғасты.
Осы кезде ағаларым соғысқа алынды. Ғазиз хабарсыз кетті.
Шамасы қоршауда қалып, оққа ұшты-ау деймін.
Ғафар ағам болса, институтта оқып жүріп-ақ сондағы
кітапханашы қызға үйленді де, балалы болды. Өзі оқуын
бітіріп, институтқа оқытушы болып қалды, өз мамандығы
бойынша студенттерге дəріс оқыды. 1948 жылы көкірек-құрт
ауруынан дүние салды. Артында қалған жалғыз ұлы- Рашид
əкесі оқыған институтты сол мамандық бойынша тауысып,
анасы екеуі Алматыға жұмысқа ауысты. Мұнда Республи-
ка Ғылым академиясының математика иститутына жұмысқа
тұрды. Киевтің кибернетика институтында үйретуші ретінде
тəжірибеден өтіп, аспирантурасын тауысты. Қайтадан Алма-
тысына оралып, түрлі беделді орындарда программист бо-
лып жұмыс істеді.
Ол өте білікті, білігіне ақылы сай аса зиялы, ұстамды аза-
мат еді. Шахматты жақсы ойнайтын. 2007 жылы Алматыда
69 жасында қайтыс болды. Артында Серік (1970 ж.т.), Ай-
жан (1973 ж.т.) есімді бір ұл, бір қызы қалды. ҚазҰУ-дың
механика жəне қолданбалы математика факультетін бітірген
Серік бұл күнде «Казкоммерцбанкте» еңбек етеді. Үйленген,
екі қызы бар. Жамбыл технологиялық институтын бітірген
Айжан қазірде Алматыдағы белгілі бір мейрамхананы
басқарады.
Бір айта кететін жай-бұлардың қай-қайсысы да, басы
Ғафар мен Ғазиз ағамнан бастап өздеріне тек қылып менің
əкем Хайыржанның атын алған. Мүмкін ол сонау 20-30
жылдарғы бай-манап, ел басқарғандар деп тапқа бөлуден
қашқандығы, бастарына тыныштық іздеуден туған айла-
шарғылары шығар. Əйтеуір, бəрінің де фамилиялары - Хай-
ыржанов.
Ал өзіме қайта оралсам, мен кезінде Ашукен Хайдарұлы
Юсупов
деген
текті
əулеттің
азаматына
тұрмысқа
шыққанмын-ды. Мамандығы геолог, ұзақ жыл Қазақстанда,
─ 76 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
біраз мезгіл Алжирде өз мамандығы бойынша еңбек етті.
Қазірде зейнеткер, ІІ топтағы мүгедек.
1954 жылы туған ұлым Юсупов Марат Алматы
энергетикалық институтының түлегі, инженер-электрик.
Бүгінде «Қазақстан» телерадиокомпаниясы АҚ-да еңбек
етеді. Үйлі-баранды, жігіт болған Тайыр есімді ұлы бар.
Міне, бізге қараған ағайынның мен білетін ұрпақтары
осылар. Бірақ біздер жоғарыда ескерткенімдей, тұрмыстағы
қиындықтарға орай анам екеуміз Алматыға ертерек кетіп
қалдық. Оның үстіне сол бір кез адамдардың бір-бірін
бағып, сəл күдіктенсе күштік орындарға ұстап беретін,
қорқып қалған кез ғой, көп ағайыннан көз жазып қалдық,
араласа алмадық. Сол себепті көпшілігін танымайтыным да
рас. Оның бір себебі əкемнің де ертерек дүние салуы себеп
болған шығар.
Жоғарыда айттым ғой, əкем кезінде оқыған, өз қатарлары
ішінде кəдімгідей сауатты, соған сай біраз жерде лауа-
зымды қызметтер атқарды. Ол кісі өлерінің алдында түн
ішінде Жайықтың бір бетінен екінші бетіне өтемін деп келе
жатқанда көпір үстінде əлдебір бұзықтар шабуыл жасап,
таяққа жығады, қалтасындағы бар ақшасы, құжаттарын алып
кетеді. Соның ішінде əкемнің сайланбалы орындардан алған
мандаттары, жеке бас куəлігі, басқа да құжаттары кетіпті.
Өзі суға құлағандықтан болар өкпесіне салқын тиіп, жатып
қалады. Анам жұмыста, əкем қасында тек мен ғана, тура
алты жарым жасымда ол кісіні өз қолымнан ажал құшағына
бердім.
Кезінде, яғни отызыншы жылдардың дүрбелеңінде əкесі
патша өкіметіне қызмет етті деген желеумен қызылдар ар-
тына түсіп, оның үстіне ауыл маңынан табылған əлдебір
мылтықты желеу етіп, əкем Орал түрмесіне жеті айға жуық
қамалады.
Əңгіменің мəнісі, былай көрінеді. Əкемді правителдің ба-
ласы деп қудалап жүргенде сол ауылдың маңынан əлдебір
мылтық табылады. Оны біреулер «Бір кезде милиция бол-
ды ғой, ақтармен күресті, мына мылтық дəу де болса
─ 77 ─
Хайыржандікі» деп болжайды. Оны теріс пиғылға жорыған
шала сауатты белсенділер «Бұл мылтық Хайыржанда қайдан
жүр, асылы əкесінен қалған дүние немесе ақ бандылармен
күресте тығып тастаған мылтығы шығар» деп топшылай-
ды да түрмеге қамап тастайды. Бірақ əкемнің ісі кейіннен
ақталып, бостандыққа шығады.
Анамның айтуынша, отызыншы жылдар біздің отба-
сы үшін аса қиын, өте ауыр кезең болып есептеледі. Оның
үстіне анам да арғы аталары атақты бай, шылқыған шон-
жар емес пе? Алдында айдаған малы, ауласында егіні жоқ
қазақ үшін бар үміт Жайықтың балығы. Ал оны аулайтын
əкемде дəрмен жоқ, орнынан қозғала алмайды. Сондайда
күнкөрістің қамы үшін не істеу керек? Амалсыздан əкем пеш
түбінде отырып-ақ балаларға түрлі сақпан, зырылдауық,
батпырауық, ысқырғыш ойыншықтар жасап, оны анам са-
татын көрінеді. Сөйтіп те тамақ асыраған. Ал анамыздың
өзіне салсаң, дүниеде ол үшін əкемнен өткен ақылды жан
жоқ. Əкем иығына қанша салмақ түссе де иіліп, бүгілмейтін
асқақ та маңғаз, келешектен үмітін үзбейтін, ортасында
аса құрметті жəне білігі мен көргені мол, қолы ашық, өзім
дегенге өзегін жарып, бөліп берер қайырымды жан еді
деп есептейді. Сол кісінің айтқаны менің миымда мəңгіге
қонақтаған. Атам Молдағали, əкем Хайыржанның əрбір ісі
бізге үлгі. Біз ол кісілердің аттарына əрдайым кір келтірмеу
үшін жұмыстанамыз.
Автордан:
Сондай-ақ біз жоғарыда айтқан Əбуов Хаббас қарияның
жеке мұрағатынан Молдағали Шынтаев қайтыс болғанда
оның қайғылы қазасына ортақтасып, сол кезгі елге сый-
лы, аты белгілі сөз сүлейлерінен қалған жыр жолдарын да
таптық. Оларда ақындар былай деп сөз арнаған екен. Əрине
ол жолдар ұзақ-ұзақ жырлардың бізге жеткен шағын-шағын
үзіктері екені белгілі.
─ 78 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ Нұрым ШЫРШЫҒҰЛҰЛЫ МОЛДАШҚА І Болса да отыз ұлдың орны басқа, Келмедің қырық пенен елу жасқа. Амал не, есеңгіреп егілгенмен, Ақсұр ат ұстатпайды қолдан қашса. Иығың қатарыңнан артық еді, Ордалық айбар едің дұшпан, досқа. Ойлансам көш адаспас, көп адасар, Орыны білгірліктің басқа-басқа. Əжіғали шу дегеннен билікті ұстай келді, Жұбанып соған көңіл басылмас па?! Нақ бес жыл округті билеп жүрген, Көлденең орыс, қазақ «би» деп жүрген, Жақсы едің тентек пенен мақұлды да, Иініне салып бəрін сүйреп жүрген. Аумады басқан жерден табаның да, Бар еді асқар таудай талабың да. Ғұмырың бек өлшеулі қысқа болды, Көз тиіп Уəйіскенің базарында. Қазаңды естіген жұрт қайғырысып, Сынығып кетіп қалды ажары да. ІІ
Тұлпар еді туды алған,
Ақ күміс еді ажары,
Сары алтынмен буланған.
Түлкідей жылмаң дүние,
Құтылды-ау талай қуғаннан.
─ 79 ─
Бұл күндері айырылдық,
Арғымақ асыл буданнан.
Ақсұңқар ұшты қолымнан,
Құладын менен қуды алған.
Молдағали армансыз,
Артында екі ұл қалған.
Əжіғали інісін,
Бұқара жұрты құлданған.
Асылдан алған аруы
Бұл да арманмен қалулы.
Қос балапан қолында,
Отыр екен бағулы.
Тоқтамыс еді арғы атаң,
Туғаннан қыдыр дарулы.
Еліңнің қамын ерте ойлап,
Ақылменен қамданған.
Қалам алып, хат жазса,
Көрген жандар таңданған.
Асылы қара болғанмен,
Кем бе еді сұлтан, хандардан.
Халықтың бақыты қайтқан күн,
Айырылдық сондай жандардан.
─ 80 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Тама ДОСЖАН
МОЛДАШТЫ ЖОҚТАУ
Осы жыл – мың сегіз жүз тоқсан төрті,
Молдашжан – ұштың қолдан елдің көркі.
Жақсының жаста кеткен зарын айтпай,
Басылмас қаста болған іштің дерті.
Жақсының жастай кеткен айттым зарын,
Көрерміз дүниенің кеңін, тарын.
Көрмедім бұл секілді ауыр өлім,
Өлімнің көріп едім талайларын.
Осындай болады екен өлім деген,
Жоқ екен, дүние, саған сенім деген.
Қырыққа жетпей кеттің қарағым-ай,
Қайғырдым өзім түгіл елімменен.
Қайтейін, амалым жоқ, жастай кеттің,
Өлгенше əз халқыңды бастап өттің.
Мінезге басқа əкімнен сен бай едің,
Жүр едің көңілін тауып азды-көптің...
Ел-жұртты бай, жарлы деп алаламай.
Пайдасын ойлаушы едің қия шеттің.
Əжіғали елді жетім етер емес,
Кемді күн қасіретті қайғылы еттің.
Құдайдың бергеніне мың да шүкір.
Ақырында жұғыны бар кереметтің.
Біреуі Байұлынан Адай еді,
Əуелден таза сүйек атайы еді,
Қасарған хан алдында салмағы бар,
Болса да Ордалықтың талайы еді.
Қараның қан болғаны – правитель,
Мəнісі солай емей қалай еді?!
─ 81 ─
Қолдағы аз дəулетін көпке есептеп,
Жол тапқан жалғыз жүріп Шынтай еді.
Ұлдары: Молдағали, Əжіғали,
Қарадан өзі болған сұлтан еді.
Адамнан шын сөйлейтін есітемін,
Білгір деп атақ алған би үйіңде,
Өзіңді өсе келе əкім еткен,
Азғырда іс жүргіз деп ел ішінде.
Азғырдың болған толық депутаты,
Естілген ой мен қырға «білгір»атын.
Ақ келін таңдап алған шүкір етер,
Сақтаулы отауында жазған хатың.
Ақ келін хас жүйріктің жұлынындай,
Қызың бар тел биенің құлынындай.
Тұлпар бар тұқымыңда, шырақтарым,
Болады рас сөздің шыны мұндай.
Жамағат, сөзімде айтқан жалған бар ма?!
Құданың қайырын берсін қалғандарға!
Көңілі көл, дария Шынтай ауылы –
Қысылып ақыл таппай барғандарға.
Ақылы Əжіғалидың шам секілді,
Жұртын жылатпайтын жан секілді.
Ізіңмен кейінгілер келе жатыр,
Қарадан туып едің хан секілді.
Бəрі де қатарыңа келе алған жоқ,
Лебізің асыл еді-ау бал секілді.
Шынтеке, сыртың - бүтін, ішің – түтін,
Берік бол, болмас іске, сөзден күтін.
Молдаштай болса болар бір азамат,
Ақтаған ата үмітін, ана сүтін.
─ 82 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
АЛЫПТАР АСТРАХАНҒА ДА АРДАҚТЫ
Дина туралы сөз бастағанда ойға қазақтың 19 ғасырдың
соңғы ширегі, 20 ғасырдың алғашқы жартысында Еділ
бойы, соның ішінде осы Астрахан өңірінде өмірінің біраз
уақытын өткізген не осы жерде жамбасы мəңгілік мекен
тапқан халқымыздың тамаша күйші, дүлдүл домбырашы
композиторлары еске түседі. Соның бастауында күй атасы
Құрманғазы тұрса, ол өмірінің соңғы он жылын Сахмада
өткізіп, ақыры Алтынжар ауылының күнгей бетіндегі биік
дөңінен орын тепті.
Қазақстандық қандастары киелі композитордың кесенесін
соңғы елу жылда екі рет жаңғыртып, құрамында мұражай,
балалар саз мектебі, мəжіліс залы, қонақ үйі бар мəдениет
орталығын салып берді. Астрахан қаласының орталығынан
күйшіге арнап, келісті ескерткіш тұрғызды.
Дина Нұрпейісова Ресей жеріне өткен ғасырдың жиырма-
сыншы жылдары келді. Тағдыр тəлкегімен туған ауылынан
жырақтаған ол бірде Володар, енді бірде Красныйяр аудан-
дарында қоныс теуіп, ақыры Алматыға ауысты. Халқымызға
ұлы ұстазы Құрманғазыны да, өзін де танытып кетті.
Өз тұстастары ішінде Соқыр есімі құрметпен аталады.
Атақты күйші. Өзі Астраханның Бəйбек ауылында өскен.
Кейінгі ұрпақтары да осыч облыста.
Енді бір ардағымыз Ерғали күйші болатын. Ол
Құрманғазының ең сенімді жəне белгілі шəкірттерінің бірі,
онға жуық күйдің авторы. Ерғали Есжанов аталған облыстың
Құмөзек
ауданындағы
Лебяжье
ауылына
жасөспірім
шағында көшіп барып, балықшылық кəсіппен айналысады.
88 жасында сол жерде дүние салды. Қазір ұрпақтары сол
Құмөзек жерінде өмір сүрып жатыр.
Өзіндік күй мектебі, орындау шеберлігі бар Сейтек Ора-
─ 83 ─
залиев өмірінің соңғы отыз жылдайын Астраханның Крас-
ныйяр, Володар аудандарында өткізеді. Бірақ Қазақстанмен
де байланысын үзген жоқ. Ол шын мəнінде арқалы, адуын-
ды, біртуар күйші еді. Бейіті қазіргі Харабайлы ауданның
Хошеуров ауылына іргелес Ахтуба қорымында.
Ел ішінде Тесіктамақ Сабыр күйші атанып кеткен Сабыр
Мұқатов Құрманғазы күйшінің немере інісі. Соған сай ұлы
күйшімен ауылдас. Бірақ Динамен тағдырлас болған ол жи-
ырмасыншы жылдардың басынан күні кешегі қырқыншы
жылдардың ортасына дейін Астрахан өңірінде жүріп, кейін
ғана туған ауылына оралады.
20 ғасырдың екінші жартысында қазақ күйінің қағаны
атанған төкпе күйдің шебері, халық аспаптары оркестрлерін
ұйымдастырушылардың бірі Рысбай Ғабдиев аталған
өңірдің Красныйяр кентінде дүниеге келген. Əкесі Хисме-
толла Астрахан мұсылмандар медресесінің түлегі. Отызын-
шы жылдардың аяғындағы нəубет кезінде Атырауға ығысып,
Жайық бойына келген.
Ендеше бұл күйшілердің қай-қайсысының да тағдырын
Еділ бойынан бөліп алуға болмайды. Қазақстанның
мақтанышы, Еділдің ерен жүйріктері. Осыған орай біз
аталған күйшілер туралы жеке-жеке материалдар əзірледік.
Оларды назарларыңызға ұсынып отырмыз.
─ 84 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
АЛМАТЫҒА САПАР
Дина Нұрпейісова (1861, Батыс Қазақстан, Жаңақала
ауданы -31.01.1955, Алматы) – домбырашы, күйші, ком-
позитор, Қазақстанның халық əртісі (1944; 1940 жылдан
Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі), қазақ мəдениетінің
көрнекті қайраткері. Құрманғазының, Дəулеткерейдің,
Түркештің дəстүрін дамыта келіп, Дина қазақтың өз
кезеңіндегі күйшілік өнерін жаңа бір белеске көтерді.
Өткен өмір, жаңа заман тынысына арнап көптеген күйлер
шығарды.
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, 3-том, 235 б.
Біз Бөкей Ордасының негізін қалаған Бөкей ханның
мəңгілік жамбасы тиген дөң басында тұрмыз. Жергілікті
халық оны «Сейіт баба қауымы» немесе «Бөкей моласы»
дейді. Бұл арадан айналадағының бəрі алақандағыдай бо-
лып көрініп тұрады. Осы біз тұрған төбеден бар-жоғы 2-3
шақырым жердегі Бəйбекте 1920-1930 жылдары аралығында
əйгілі Сейтек (Оразалинов) күйші, ал мынау шығыстағы
көзге ұрып тұрған боз төбе – Жыңғылдыкөлде күй анасы
Дина тұрған. Сайып келгенде ата күлдік Нарынның күн
шығысындағы Бекетай құмында туып-өскен, күйші ана
теңіз бойындағы Жыңғылдыкөлге қалай келді? Осы жерден
Алматыға аттаныпты. Оған не себеп болды? Бұлар жəйлі көп
адам біле бермейді.
Өткен ғасырдың 1920-23 жылдары Нарын бойындағы
дала тұрғындары үшін өте қиын болды. Оның түрлі себептері
де бар-ды. Соның бірі əуе-табиғат жағдайы келіспей, қысы
қатты, жазы жайсыз боп, жері қуаң, ылғалы аз, малмен күн
көрген адамдар тек құрығын ұстап, қурап қалды.
Осы сынды тағдыр қыспағын көрген тұрғындар бұдан
─ 85 ─
былай базарында аз-мұз астығы, суында балығы бар Еділ
бойын сағалап Каспийдің терістік бетіне қоныс аудара ба-
стады. Солардың ішінде Бекетай құмында отырған Дина да
бар еді. Біраз уақыт Астраханның Козлов, Бəйбек ауылда-
ры, өзіміздің (Қазақстанның) Ковяков селосының сыртында
аялдап, қыс кездерінде кейбір əлді қожайындардың қолында
желі бар балаларын домбыраға үйретіп, көктем, жаз, күз ай-
ларында Котяев, Кордуан базарларындағы жəрмеңкелерге
қатысатын базаршылар алдында күй шалатын.
Дина Кенжеқызының күйшілік өнеріне тəнті болған
көпшілік қауым, жеке дара өнерпаздар ылғи да ол тоқтаған
үйлер мен жəрмеңкелерге іздеп барып, күйлерін тыңдайтын,
шеберлік қырларын үйренетін. Сондай жанның бірі – Смағұл
Көшекбаев болатын. Нұржау бойы, теңіз беткейіндегі жаға
қырлықта өскен ол жастайынан өнерге ғашық еді. Өсе келе
Сейтек күйлерін көп тыңдады, үйренді. Дина шеберлігіне де
ден қойды. Смағұл музыкалық аспаптардың қай-қайсысында
да еркін ойнайтын. Отызыншы жылдардың алғашқы жар-
тысында Ковяковтағы «Пионер» орталау мектебінде сабақ
беріп жүрген ол астындағы «Орленок» есімді жалғыз атын
сатып, соның қаржысына Алматыға аттанды. Мақсат – үлкен
өнердің есігін қағу, беделді додаларда бағын сынау. Бұл
туралы А.Жұбанов өзінің «Ғасырлар пернесі» кітабында
«1937 жылдың көктемінде Гурьев облысы Теңіз ауданынан
Алматыға домбырашы, мұғалім, ақын жəне əуесқой компо-
зитор Смағұл Көшекбаев келіп, КазЦИК атындағы оркестрге
кірді.Сонымен қатар ол филармонияның қарауына берілген
қазақ музыкасы кабинетінің қызметкері болды. Көшекбаев
Динаны біледі екен. Кабинеттің тапсыруы бойынша Динаны
Алматыға шақырып келуге кетті», - деп жазады. Мұндағы
ой – аталған оркестрді ел ішіндегі халықтық таланттармен
толықтыру, репертуарындағы не бір асыл шығармаларды
жазып, қағазға түсіру, кейінгі жастарға үйрету еді.
Смағұл аға Алматыға келісімен өз ойын Дина шешемізге
жеткізеді. 76 жастағы кəрі ана бұл ұсыныс-қа еш қарсылық
білдірмейді, қайта келісімін беріп, «Ұлы ұстазымның күй
─ 86 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
мұрасын үлкен ортаға жеткіз десеңдер, қайда апарсаңдар
да барамын!» – дейді. Осындай ұсыныс Ганюшкиндегі кол-
хоз-совхоз театрында істеп жүрген жасы жеткен домбыра-
шылар Қонаш Айсин, Меңдіғали Сүлейменов, Ишанғали
Жанқановтармен бірге Меңкеңнің ұлы, жасы жеткен Хис-
метке де айтылды. Солардың ішінде аса бір жасамыс Қонаш
қария болмаса, қалғаны аталған ұсынысқа бірден келісім
берді.
Бұл кезде Дина қазіргі Құрманғазы ауданы №3 темір жол
бекетінің (аталған бекет Бөкей бейітінен 5-6-ақ шақырым)
шығысында, бар-жоғы 3-4 шақырым жердегі Карапшин
мекені, бұрынғыша айтсақ Жыңғылдыкөл деген жерде
отыратын. Ол өзі Қазақстан территориясына сиыр тіліне
ұқсап сүйірлене еніп жатқан Ресей жері. Ал егер бір-екі
шақырым шығысқа қозғалып, қоныс өзгертсе болды, орыс
жері болып шыға келеді.Республика халық ағарту Комис-
сариаты ұйымдастырған Бүкілқазақстандық халық өнері
қайраткерлерінің бірінші слетіне Дина Ресей территория-
сында, яғни жоғарыда айтқан Козловта тұрғандықтан қатыса
алмаған болатын. Бұл жолы əдейі айту, қолқалау нəтижесінде
қазақстандық шараға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ
көпті көрген кəрі ана «Жас ұлғайып, бағымның базардан
қайтар тұсында бəйгеге қосыламын деп, желпілдеп отыр-
мын ғой. Мүмкін, бұған дейін байрақ атаулыны жібермеген
алтын қолым жұлдызы жанып, тағы да топтан озар. Озбаса
озатындар кімдер екен, оны көрейін. Бір қарағанда бұндай
сапар енді қайтіп келе ме, жоқ па? Əйтсе де, алдымен, туған
топырағым – Бекетай құмына жетіп, əке-шеше, ата-ене
бейіттеріне құран оқиын, бастарына бір уыс топырақ салай-
ын. Тірілерімен бақұлдасып, қоштасайын», - деп 10-15 күнге
мұрсат сұрайды.Бірақ екі апта деп кеткен Дина шешеміз
оның үстіне тағы да екі апта қосып, бір айда азар оралады.
Бұл кезде қарап жатқан Смағұл жоқ, ауыл-ауылда
көркемөнерпаздар сайысын өткізіп, оларда өзі іріктеген
таңдаулы күйшілердің де шығармалар жебеуіне мүмкіндік
туғызды.Астраханның Құмөзегінде тұратын Ерғали күйшіге
─ 87 ─
барып, Алматыда өнер көрсетуге қолқа салды. Бірақ ол
бірден кеңес өкіметіне өкпелі екенін айтты. «Мен, - деді ол –
төңкеріс болады, барша халықты жарылқайды, əсіресе кедей-
кепшікке күн туады дегенге жанымды салып, балаларымның
бəрін сол жолға тəрбиелесем, кешегі 28-30 жылдары əлгі
өкіметің өзімді ауылымдағы оншақты қойым, шəй қатықтық
2-3 сиырым үшін құлақ, балаларымды құлақтың ұлы деп
ағаш атқа мінгізіп, артымнан ала төбет ит қосқаны есімнен
кетпейді. Ондай өкіметтен жылылық болады, 70-тен асқанда
ұшпаққа шығарады деп тіпті де ойламаймын, ниетіңе рах-
мет! Бірақ жолыңнан қалма. Мен бармаймын!»
Каспийдің тар қолтығына тығылған қарттың қаһары
қатты екен. Қалай айтса да көнбей қойды. Бұдан əрі Ысекең
адай шалдың енді қайтып илікпейтініне əбден көзі жетті де
қайтып кетті.
Дина шешей бұл кезде кіндік кесіп, кір жуған Бекетай
құмында туғандарымен қоштасып, үлкен жолға əзірлік
үстінде жүрген еді. Исатайлық Ғатау Рамазанов сол бір
шақты еске алып, бүгінде былайша əңгімелейді:
-1937 жылдың күзге салымы еді. Бірақ жаз ыстығы əлі де
қайта қоймаған шақ. Сəскеге таман біздің ауылға қасында
əлдебір ағайыны бар Дина шешей келді. Астында ақ тайлақ,
басында қорағаштай ғып байлаған нəн жаулық. Үстінде қара
тықыр мақпалдан тіккен жеңіл камзол. Тайлақтың алдыңғы
өркешіне мол ақтықпен шанди ораған домбырасын ілген.
Үйдегілер күнсіп, шөлдеп келген қонақты құшақ жая қарсы
алып, шəй қойды, əкем жалма-жан бір бағыланды аударып,
шешеміз тездетіп қазан көтерді.
Дастархан басында күйші өзінің осыдан барған соң ұзақ
жолға – Алматыға аттанатындығын айтып, туған жерін
қимастықпен қайта-қайта еске алып отырды», - дейді.
Ал, сол Дина тұрған Жыңғылдыкөлден Котяев ауы-
лына бағыт алған орта жолдағы бəлен қабат көп судың
бірі – Рожок мекенінде күні кешеге дейін тұрған Қымбат
Нұрғали келіні осыдан екі-үш жыл бұрын ғана дүние сал-
ды. Арғы-бергі əңгімені анда-санда айтса да əрдайым
─ 88 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ дəмді ғып жеткізетін сол анамыз «Дина апайды Рожоктан Ганюшкин бағытына соңғы рет шығарып салған да өзім. Ол кісі Жыңғылдыкөлде отырғанда Котяев базарына апта сайын баратын, жəрмеңкесінен қалмайтын. Құмда өсіп, су мəнісін көп біле бермейтін кейуана кемпір өзектен өтерде кез-келген жанға сене бермей ылғи да мені іздеп жүретін. Бір ғажабы ол кісі үлкен боп тұғыр ат, не байыпты боз інген, атанға аяқ артқанын көрген емеспін. Ылғи да өспейтін, өшпейтін ақ тайлағын бақыртып келіп жатады, кетіп баратады. Соңғысында «Келінжан, мен əлі ата-бабам баспаған, ұзақ жолға аттанып барамын. Мақсат – ұстазым Құрекең күйлерін барша қазақ - кейінгі ұрпаққа жеткізу. Мүмкін, бұдан əрі көріспейтін де шығармын, тіпті саған судан өткіз деп қолқа салмаспын да. Бірақ бір күн дəмдеске қырық күн сəлем деген емес пе? Рахмет, жаным! Жүріп кетсек, артымыздан жұбату айтып еске аларсың» дегені. Расында да Қымбат апай содан қайтіп Дина шешейді көрмепті. Дина, Меңдіғалилар Алматыға аттанар алдында Ганюшкенде үлкен концерт береді. Оған марқұм Айса баласы Қонаш күйші, Ғимыран Балтаев, Ишанғали Жанханов, Хисмет Меңдіғалиевтер де қатысады. Ертесіне құрамында Смағұл бастаған бес адам, яғни Дина, əкелі-балалы Меңдіғали мен Хисмет, Ишанғали Астрахань, Орал арқылы Алматыда өтетін республикалық екінші өнер фестиваліне қатысу үшін жүріп кетеді. Жолай Оралға, ондағы белгілі «Сəн-ау!» күйінің авторы Кəуенге соғады. Бірақ ол да жасының ұлғайғандығын бетке ұстап, аталған жарысқа қатыса алмайтындығын айтады. Сол бір отызыншы жылдары Мəскеу мен Алматы арасына қазіргідей күндесін-күнде жүйткіп жатқан пойыз жоқ. Барларының жүрістері де шабан-ақ. Ит арқасы қияндағы ұзақ жолда бес жолаушының ермектері өткен-кеткенді ойға оралтып, мезгіл-мезгіл күй шалады. Əсіресе, қос қарияның қолын қарау қалғандарының басты арманы. Бірақ назардың көбірек ауатын Дина шешейдің қолына домбыра алуы сирек-
─ 89 ─
ақ. Онда да Смағұл аға «Бəленшекең ана күйдің мына жерін
былайша тартатын еді. Ананың тартқаны тіпті басқаша, ал сіз
қалай тартар едіңіз? Тағы бірінікі мүлдем қате, сіз де соған
ұқсайсыз» деп адуын күйшіні алдап соғып, ақыры амалсыз
қолына домбыра алғызатын. Ондайда Дина шешеміз əбден
ызаланып барып, өзінің бір толғағанда қанша шығарманы
шиырғанын өзі де білмей қалатын. Ал қалғандарына
керегі де сол. Тіпті сирек орындалатын халық күйлеріне
шейін түйдектететін. Сөйтіп, бірінің білетінін екіншісі,
екіншісінікін үшіншісі үйренген шағын топ, апталап жол
шегіп, сары алтын күздің салтанатты шағында Алматыға да
жетті.
Бұлар барса фестиваль басталып кетіпті. Бірақ жол
мойнының қашықтығы жəне келіп тұрған күйшілердің өз
елінде өте беделді, айтулы күйшілер екендігін алға тартып,
екі қарияны бірден-ақ сахнаға шығарып жіберуге тура келеді.
Ғұмыр бойы дайындық дегенді бетке ұстап, арнайы уақыт
жойып, бəлсініп көрмеген қос тарлан сахна төріне жайылған
қалы кілемдегі құрақ көрпеге малдасын құрып, отыра қалуы
мұң екен, халқымыздың қара домбырасы сөйлей ала жөнелді.
Өнер соңы дүркіреген қол соғу. Сахнадан жібермей тағы да
күй сұрау.Тағы да шатырлаған шапалақ. Сөйтіп, Атырау-
дан ат арытып жеткен қос алып фестивальдің бас жүлдесін
жеңіп алып, жаңадан, республикалық филармония жанынан
құрылып жатқан болашақ Құрманғазы атындағы ұлт аспап-
тар оркестрінің жеке орындаушылары болып қабылданды.
Қалғандары да сол оркестрге алынып, жұмыс істей бастады.
Əрине,
алыс
ауылдардан
нағыз
орындаушыларды
шақырып, фестиваль өткізу, келген күйшілердің бет-
ке ұстарын шашау шығармай жұмысқа алып, ебіл-себіл
болудағы басты мақсат – осынау елден жеткен, нағыз
қазыналы халық ортасынан келген өнерлі жандар жадындағы
барлық байлықты өзгелерге де үйретіп, қағазға түсіру, сөйтіп
халыққа қайта жеткізу. Осы ниетпен сүйегі қатып кеткен
қариялар өз алдына, ал жастар жағына түгелдей ноталық
сауат аштыру, тек бір өңірдің шығармалары емес, күллі
─ 90 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
қазақтың күй-өнері дəстүрін үйрету, аға буын өкілдерінің
орындау, тарту шеберліктерін меңгеру.
Міне, осы ретте əр қарияның қасына қос-қостан жас
домбырашыларды қойып, олардың орындау шеберліктерін
игеруіне жағдай жасады. Бұл бүгінгі асыл мұрамыздың сол
кезден бастап тірнектеліп жиналуына негіз болды.
─ 91 ─
СОҚЫР ЕСЖАН
Есжан, Соқыр Есжан (туған-өлген жылдары белгісіз, ХІХ
ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан, Астрахан облыстарында
өмір сүрген) – күйші.
Есжан туралы ел арасында аңыз əңгімелер көп, алайда,
олар жинақталып белгілі бір жүйеге түспеген.
Есжанның халық арасына кең тараған, атын шығарған
күйлері «Соқыр Есжан» мен «Қош, аман бол, Ақбикеш».
«Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. 3 том.425 бет.»
Бірде белгілі күйші, республиканың халық əртісі,
дүлдүл домбырашы Қаршыға Ахмедияров «Мəдени мұра»
мəселесінде экспедиция ұйымдастырып, Жайықтың батыс
бетіндегі Нарын бойын аралап қайтты. Осыған орай Аты-
рау облыстық теледидары хабар ұйымдастырды. Сондағы
сұхбатында күй профессоры «Төкпе күйдің Отаны – Нарын
жəне оны сол өңірде кəсіби шыңына жеткізген Құрманғазы.
Кейін осы дəстүрді одан əрі жетілдіріп, жалғастырған
Дəулеткерей, Дина, Соқыр Есжан, Сейтектер. Ал əу басында
Боғда, Ұзақ, əсіресе, Махамбет жатыр.
Соқыр Есжанның бізге жеткен күйлері тым аз. Бірақ сол
бір – екеуінің дарасы өзі аттас күйі. Ол қазақ классикалық
музыкасының атасы Мұқан Төлебаевтың «Біржан Сара»
операсының əуендік лейтмотиві, негізі. Ал сол «Біржан
Сара» бұл күнде əлемге əйгілі айтулы дүние. Олай болса,
əлгі айтқан күйшілердің қай-қайсысының да шығармалары
əлемдік деңгейдегі ғажайып туындылар деп айтуымызға
əбден болады», дегені бар-ды.
Біз ойланып қалдық. Байқайсыз ба, бұл ерекше құбылыс?!
Төкпе күйдің туы тігілген жер... Оның өкілдері... Соқыр Ес-
жан!
Қазақстанның батыс өңірінде осы есімдегі күйші
─ 92 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
болғандығын өнер сүйер қауымда екінің бірі біледі десек
артық айтқандық болмас. Бірақ, ол қай кезеңде, қай жерде
өмір сүрді, нендей шығармалары бар, оны сірə, əлгі айтқан
екінің бірі түгіл, нағыз өнер зерттеушілерінің өзі де дəл ба-
сып айта алмайды. Ал, егер түпшектеп сұрай қалсаңыз, бірі
«Жайық бойында өскен сияқты ғой» десе, екіншісі «Нарын
жақтыкі болмаса қайтсінге» сайып,тағы бірі Астраханды ай-
тып, екі қолын жаяды. Ақыры нақты жауабы айтылмайды.
Бірақ біз білетін бір шындық бар. Ол – Есжанның ХІХ
ғасырдың екінші жартысында Астрахан губернисындағы
Бөкей Ордасына қарасты екінші Теңіз жағалауы округінде
өмір сүргені жəне сол өңірдің əкімі Мақаш Бекмұхамбетовтің
оған жылы шыраймен қарап, қамқорлық жасағандығы. Біз
оны бұрынырақта өзіміздің ғұмырнамалық «Мақаш əкім»
еңбегімізде атап өткен болатынбыз.
Содан бері де қанша уақыт өтті. Өзгесін қайдам, өз басы-
мыз əрдайым «Соқыр Есжан» деген кім, қай жерде, қашан
ғұмыр кешті?» деген сұраққа нақты жауап іздеумен болдық.
Ол үшін əуелі Есжанның руын, сол арқылы өскен ортасын
білуге тырыстық. Сөйтсек, алыста емес, Атырау қаласының
өзінде келіні Зейнеп Саршалова (Айталиева) мен жиені Оқу
Теміреева тұрады екен. Ендеше бұлардан артық қандай де-
рек керек?
Олардың айтуынша, Есжанның руы Байұлы, Нарын
құмының күнгей тұсындағы «Боранбай» мен «Қуаттың»
Қоңыр бөрік Алашасы. Жаз жайлауы сол жер болса, қыс
қыстауы теңіз өресі, Бəйбек ауылы, сондай-ақ қазіргі №7,
№8 темір жол бекеті маңы. Ендеше ежелден қатар қонып,
ауылы аралас, қойы қоралас, өзара қыз беріп, қыз алған Ала-
ша мен Шеркеш болса, Есжанның Мақаш əкім қолтығында
жүруі заңды-ақ.
Тағы бір жəй - əлгі айтқан «Боранбай» мен «Қуат»
Құрманғазы туған Жиделіден бар-жоғы 20-25, Махамбет
пен Дина өскен Бекетай құмынан 50-60, ал Сейтектің ата
күлдігінен де тым алыс емес. Сонда бұл өңірді əлгі айтқан
классикалық күй өнерінің (төкпе күй) туын тіккен Отаны
─ 93 ─
деп бағалап, осы арада кіндігі кесілген Есжанның күйші
болмасқа амалы жоқтығына тағы да көз жеткізер едік.
Сөз жоқ, Соқыр Есжан ХІХ ғасырдың екінші жарты-
сында өмір сүрген дүлдүл домбырашылардың бірі. Өнер
зерттеушілері Ахмет Жұбанов , Тымат Мерғалиев жəне көне
көз қариялардың айтуынша ол жастайынан жетім-жесір бо-
лып өседі де өтірік, өсек, қулық-сұмдықпен ісі жоқ, əділ,
бірбеткей қалыпта тəрбиеленеді. Жастайынан байларға
жалданып, күндіз тапқанын түнде асап, тек маңдай тері,
табанының көнімен ғана ғұмыр кешеді. Бірақ домбыраға
бала күнінен құмар болып, оның бұл саладағы беделі күн
өткен сайын өсе түседі.
Бірде Есжан бай қожайынына кеп, өзінің жаз бойғы
еңбегінің ақысын сұрайды. Бірақ оған құлақ асқан байекең
жоқ, есесіне шабармандарын шақырып алып, еңбекақы
сұраған Есжанды дүренің астына алады. Дойыр ашуы ет
түгел сүйектен өткен Есжан ауылына салы суға кетіп, азар
жетеді. Əйтсе де, артық емес, өз еңбегінің құнын сұрағаны
үшін таяққа жығылғаны жас күйшіні қатты қынжылтады.
Сөйтсе де өш қайтарар дəрмен қайда?
Дегенмен əрдайым армен ғана күй кешіп, əділдікті ту ет-
кен Есжан тағы бірде көрші ауылдан қайтып келе жатса, əлгі
байдың бөлек-саяқ қысырағының шетінде жүрген сүйікті
төл атының бірін ұстап мінеді де жөніне тарта береді. Бірақ
қолы ұзын бай жалшысының бұл қылығын ақ-адал еңбегінің
өтеуі емес, ұрлық деп бағалап, екі жылға соттатып жібереді.
Зырлап жылдар өтеді. Аталған мерзімін аман-есен өтеген
Есжан абақтыдан босап, ауылына қайтады. Амал не, осы бір
орта жолдағы қылығы оны өмір бойы жаңа есімге ие боп,
тарихта мəңгі атын қалдырады.
Қараңғы үйден құтылған Есжан ешқайда маңдай
бұрмастан тура туған жеріне бет түзейді. Əрине, түрмеден
шыққан адамға атын əзірлеп, арбасын жегіп тұрған ешкім
жоқ. Жаяулап, жалпылап, кейде жолды, кейде жолсыз жермен
жүріп кеп кетеді. Мезгіл жаз болса керек. Ыстық күнде ұзақ
жолдан тілі аузына симай келе жатқан жолаушы шақырайған
─ 94 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
сəскеде əлде бір ақбоз үйге кез келеді. Айналасында басқа
да қараша үйлер жетерлік. Бірақ дөдегесі дөңгеленген
еңселірегіне бас сұғады. Іште ешкім жоқ. Босағаға таяу
тұрған сабаға көзі түскен Есжан ешкімнен рұхсат сұрап
жатпай-ақ зерен кесе қымызды бір-ақ көтереді. Содан соң
аз-мұз демін алмақшы боп жата кетсе, кереге басында үкісі
күлтеленіп, ілулі тұрған домбыраға көзі түседі. Қолға алып,
шертіп көрсе, құлақ күйі келіскен, «сөйлеп» тұрған дүние.
Екі жыл бойы көзінен бұлбұл ұшқан сүйіктісіне сағыныса
көрісіп, бірнеше күйді түйдектете толғайды.
Байлары келіп қалды екен деп зыр жүгірген екі əйел
есіктен асып-сасып, сүріне-қабына кіріп келсе, төрде
жұпыны киімді біреу алдына домбыраны көлденең тартып,
есіп отыр.
– Сіз қайдағы жан едіңіз? Мына қылығыңызды
байекең көрсе, сіздің де, біздің де жонымыздан таспа тіліп,
екідегімізді еске түсіреді. Сондықтан құмарлығыңыз да,
құдайсыздығыңыз да осымен бітіп, тезірек көзден таса
болғайсыз. Бұл сіз бен бізге ең оңтайлы жол, -дейді бай
бəйбішесі мен тоқалы.
Оғаш қылығы үшін қайта-қайта кешірім сұраған Есжан
орнынан тұрып, жөніне кетеді. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа
бармайды. Артынша ауылына оралған бай өз домбырасына
əлдебір жанның қол тигізгенін байқап қалып, əйелдерінің
жанын алады. Амал жоқ, бəйбіше шынын айтады.
Бай сол бойда шабармандарын шақыртып алып, «Əлгі
«бейбастақ» өнерпазды жерге кірсе де тауып əкеліңдер,
сазайын өзім беремін» дегенді айтады. Пəрмен келген соң
жаналғышқа не жоқ. Сол бойда атқа қонып, шарқ ұрып іздеп
кетеді. Сөйтсе тапа-тал түсте жаяулап жүрген жолаушы қайда
кетуші еді. Ауыл шетіндегі кедей лашығының бірінде дема-
лып жатыр екен, бас-көз жоқ дүренің астына алып, бай ал-
дына жеткізеді. Бірге-бір келгенде есесін жібере қоймайтын
Есжанға үшеуі қатар жабылып, əлдебірінің қамшысының
ұшы көзіне де тиіп кетеді.
Домбыра иесі қатулы екен. «Ойпырмай, обал болды-ау!»
─ 95 ─
деп кешірім сұраған кейпі жоқ, қайта жаяу-жалпылы, қара
шаруаның қызығушылығын қойына қасқыр шапқаннан кем
көрмей, бұрынғыдан бетер зіркілдейді. Бірақ оған айылын
жиған Есжан жоқ. Болған жайды бастан-аяқ баяндап, өзінің
түрмеден шығып келе жатқандығын, екі жыл бойы сүйікті
домбырасын көрмегендігін айтып, ақталады.
Осы кезде барып сөзге құлақ қойған үй иесі «Егер
домбырашылығың рас болса, қазір маған бірнеше күйді
орындап бересің. Ұнамаса жазаң көбейіп, жаныңнан күдер
үзесің», дейді де Есжанға домбырасын ұсынады.
Тап қазіргі тағдырын шешіп берер аспабы қолға тиген
Есжан сол бойда бірнеше күйді қатар толғап, байекеңнің
қатулы қабағын тез ашады. Күйшінің орындау шеберлігіне
иігені сондай, тіпті өзінің біртін-біртін жорғалап, Есжан ал-
дында емпеңдеп отырғанын да сезбейді.
Сөйтіп, өнер өрнегіне мейірі қанған бай күй соңынан
Есжаннан кешірім сұрап, арнайы қонақасы əзірлеттіреді,
бірнеше күн қонақ қылады. Аттанарында «Ауылыңда кім
сені тосып отыр дейсің, сол баяғы мейірімсіз бай, пішен ша-
уып, мал бағудан басқа кəсібің жоқ. Одан да менің қасымда
қал. Əніңді салып, күйіңді шалып, керек болса малымды
да бағып, ғұмыр кешерсің. Өзім тұрғанда қолыңды қағар
жан болмайды» деп жата келіп жабысқан домбыра иесіне,
«Əркімнің туған жері мысыр шаһары. Ер туған жеріне»
дегенді айтып жүріп кетеді. Бірақ ол өзінің осыған дейінгі
«Алаша Есжан» есімінің енді мəңгіге «Соқыр Есжан» болып
ауысатынынан да еш хабарсыз еді.
Əлайым Есжан сол жүріспен еліне де жетіп қалады.
Көрші ауылда Есжанның жақсы көріп, құмартқан Ақбикеш
атты қызы бар екен. Ол өзі өнерлі, байдың қызы. Қыз да
мұны жақсы көреді. Бірақ қос мұңлықтың асқақ арманға
қолы жетер күн қайда? Екі жыл бойы хабар-ошары жоқ
махаббатының жəй-күйін білмекке ат басын бұрған күйші
жігіт той болып жатқан ауылдың үстінен шығады. Сөйтсе
бұл Ақбикештің ұзатылу тойы екен. Ауылдастары «Бұдан
былай біз Ақбикештің күйін тыңдай алмаймыз. Егер құдалар
─ 96 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
жағы əбестік деп санамаса қарындасымыздың орындауында
бірнеше шығарма тыңдағымыз келеді», дегенді айтып, ауыл
шетіндегі кіші отаудың бірінде алқа-қотан отырыс жасап
жатса керек. Кімнің тойы, не қылған отырыс, ол жағынан
еш хабары жоқ Есжан да сол үйге бас сұғып, төменгі жаққа
отыра салады.
Əлденеше күйді түйдектете толғап, бір сəт ауыр демалған
күйші қыз көзін отырғандарға аударса, есік жаққа жайғасқан
бейтаныс жолаушы көзіне оттай басылады. Кəдімгі өзінің
талай тойда күй тілімен сыр ақтарып, екеуара махаббатты
ұғысқан Есжаны. Екі жыл күтіп, ақыры амалсыздан аттанып
бара жатқанына өкінген ол қолына домбырасын қайта алып,
жаңа шығарманы бастап кетеді.
Əрине, əр ауыл, оның құйма құлақ жандары сол тегіренің
күйі мен күйшісін, олардың репертуарын жатқа біледі.
Сондай көкірегі ояу, көрегендердің бірі жаңа күйге бірден
елең етіп «Мынау «айнам қалды», «айнам қалды» деп бебе-
улеп тұрған жаңа күй ғой, айнасы не екен?!» дейді. Мұны
түсінбеген екіншісі «Бір үйдің жасауын əзірлеген бай
алақандай айнаға таршылық жасады дейсіз бе, сіздің айтып
отырғаныңыз қай айна?» демей ме?
– Ой, ақымақ! Мен дүние емес, осы ауылда қалып бара
жатқан қимасын айтамын. Мен білсем, Ақбикештің осы
арада сүйгені отыр. Мына күй оның соған арнаған қоштасу
назы!
Күй аяқталады. Тыңдарман қолпашы жоғары. Əйтсе
де қалыңдық қабағы жазылар емес. Ауыр мұң, ашылмаған
сыр бар.Осы кезде есікке таяу отырған бейтаныс жігіт
қыз қолындағы домбыраны бір сəтке сұрап алып, тағы да
бір жаңа күйді бастап кетті. Бұл махаббат отына күйіп-
жанған қос мұңлықтың ең соңғы сырласып-мұңдасуы еді.
Алғашқысында «Мен сені өлердей сағынып көп күттім
ғой. Осы кезге дейін қайда болдың? Енді істейтін амал жоқ,
бəріне өзің ғой кінəлі» деп мұң шақса, екіншісі «Мен ойнап
жүр дейсің бе, қол-аяғым матаулы, қараңғы үйдің төрінде
өзіңді сағынумен күн кештім. Тағдырдың жазғаны болар, ке-
─ 97 ─
лер күндеріңе қуаныш тілеймін» деп бебеулейді. Кейіннен
бұл күй «Қош, аман бол, Ақбикеш» деп аталып кетеді.
Қош, сонымен той бітті, қыз ұзатылды. Сүйіктісін көз ал-
дында өзге ауылға келін ғып аттандырып, туған төсегіне қу
басы оралған Есжан біраз уақыт қаралы тілек, жаралы жүрек
күйінде жатып қалады. Бірақ артында қартайған ана, есі кірген
қарындасынан басқа ешкім жоқ. Қалай еткенде де соларды
асырап, бағу керек. Ол үшін ауласында қора толы қойы, өріс
толы жылқы-сиыры жоқ. Амалсыздан тағы бір байға жалда-
нып, малшысы не құдығын қазып, шөбін шабар жалшысы
атанады. Дегенмен екі жыл темір тордың аржағында оты-
рып, біраз жайдан хабардар болған Есжан неде болса теңіз
бойындағы орыс байларына жалданып, балық өнеркəсібімен
айналысқанды жөн көреді. Міне, осы кезде ол екінші Теңіз
жағалауы округінің басқарушысы Мақаш Шолтырұлымен
кездесіп, кеңірек танысады. Бірақ таныстық кілті əкімге де-
ген бағыныс, əлді мен əлсіз арасындағы тəуелділік, шарасыз
кіріптарлық емес, өнер сабақтастығы еді.
Əрине, қашаннан бері ауылға шен-шекпенді ұлық,
құрметті қонақ келсе, барын аузына тосып, əн мен күйден
сый арнайтыны белгілі. Оның үстіне əуелден малы мен
жаны аралас, құда-жекжат атанған іргелес ауылдарда «күйші
бала» атанған Есжанның дабысы Мақашқа көптен таныс-
ты. Алдында талай рет күй жебеп, өзі де əлденеше дүркін
қолына домбыра алған. Сол таныстық оны күн өткен сайын
сыйлас, сырлас жандар атандырды. Тіпті əкім ауылына алы-
стан қадірменді қонақтар келсе, əдейі ат шаптырып, Есжан-
ды алдыратын, соның орындауындағы күйлерді тыңдайтын
болды. Кордуан, Хан базарында өтетін жəрмеңкелерге бара
қалса, жанына Есжанды ілестіріп, қалың жұртқа соның
өнерін тамашалататын-ды. Сөйтіп, оның бұдан былайғы
өмірі түгелдей Мақаш маңында өтті. Бірақ ол бір кездегі са-
рай ақыны сынды жалдамалы өнерпаз емес, күйді түсінер,
кеудесі көрік ағасы жанында көңіл қалауымен жүрген ерікті
орындаушы болатын.
Есжан осылайша өз бойындағы даңғайыр дарынын туған
─ 98 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
халқына паш ете жүріп, талай тамаша төл туындыларын
дүниеге əкелді. Өзінің балықшылық кəсібін де жалғастыра
берді. Бұл оның тіршілік көзі, отбасын асырау үрдісі еді.
Біз күйші, оның ұрпақтары туралы білу ниетінде осы күні
жасы тоқсаннан асқан (1914 жылы наурыз айында дүниеге
келген) Атырау қаласының тұрғыны, Есжанның туған
келіні Зейнеп Айталы қызына (Саршалова) бардық. Ол кісі
алғашында көп əріге бармай, сараң ғана сөз суыртпақтады.
Сөйтсек оның да түрлі себептері бар екен.
Зейнеп апай 1930 жылдың қаңтарында Есжанның 18
жасар кенже ұлы Меңдəліге тұрмысқа шығады. Бірақ ол
арада үш жыл өткенде соқырішектен қайтыс болады. Іште
қалған жалғыз қыз – Зүбайда да жастай дүние салады. Бұдан
əрі желегі желбіреген жас келіншектің тағдыры екінші рет
тұрмыс құруға себеп болады. Сөйтіп, ол туған қайын апасы-
Ділдəнің қайны-сы, яғни Меңдəлінің құда баласы Теменге
тұрмысқа шығады.
– Бұл жайлы біздің отбасымызда ешкім білмеуші еді.
Марқұм отағасының да аузынан шықпаған əңгіме-тін. Сен
мұны қайдан естіп қалдың?-деп Зейнеп апай сұрақты өзіме
қойды. Мен жай ғана «Ел құлағы елу» деген емес пе?!»
дегенді алға тарттым. Ол кісі жөніне көшіп, тағы да тиіп-
қашты əңгімесін үзіп-шатып суыртпақтады.
... Есжан орта жастан асқанда құдай қосқан қосағы қайтыс
болады. Бұл кезде оның балалары өсіп, өз алдына отау құрған,
бəрі де Астрахан жақта балық өндірісімен айналысады екен.
Өзі болса, бəйбішесімен ата жұртта қап, алаңсыз өмір сүріп
жатса керек. Енді кеп мынадай жайға ұшыраған қарияның
бұдан арғы тағдыры онша болмай, қоңыр ала күй кешеді.
Оның үстіне осы кезде екінші сау көзінің де көру қабілеті
нашарлайды. Бірақ ағайындарының араласуымен тағы да
төсек жаңартады. Бұл кісіден алғашында бала тұрақтамай
кейін-кейін екі перзент көреді. Оның бірі – жоғарыда айтқан
Ділдə да, екіншісі – Меңдəлі.
Зейнеп келін болып түскенде Есжан жоқ, шамасы ер-
терек дүние салғанға ұқсайды. «Ол неше жаста, қашан,
─ 99 ─
қай жерде дүниеге келді, қайтыс болды, ағайындары бар
ма?» деген сауалға да апайымыз дəлдеп жауап бере алма-
ды. Мүмкін тоқсан жастың əлегі, əлде «Бақытты басталып,
бақытсыздықпен аяқталған сол бір шаңырақтың əңгімесін
қайта жаңғыртып не істеймін» дегені шығар, əйтеуір бəрін
де «білмеймінмен» бір-ақ қайырды.
Сөйтіп, бұл əңгімені бір сөзбен тұйықтасақ, Есжан
күйшінің туған-өлген жылдары əлі белгісіз. Керек десеңіз,
əкесінің атын да ешкім біле бермейді. Бірақ жоғарыда
айтылғандардан қара дүрсіндеу бір түйін жасауға болар еді.
Ол – 1912 жылы туған Меңдəлі əкесінен тым ерте қалды
дегеннің өзінде Есжан 1920-25 жылдарында 65-75 жастарын-
да дүние салуы ықтимал ғой. Сонда, күйші, шамамен 1850-
1925 жылдар аралығында ғұмыр кешкен болып шықпай ма?
Тағы бір айтар нəрсе, жоғарыда атаған Темен, оның
ағайыны Оқу Темірееваның туыстары осы күні Ганюшкин
ауылында тұрады. Олар өздерінің соңғы жүз жылдағы қыс
қыстауымыз теңіз өресіндегі Мокрый аралы дейді. Ал, ру
жағынан іздесек, ол кісі шыққан Мамай Алашаның отаны
– Бəйбек.
Əзірге осы, бірақ өмірбаянына қатысты нақты деректер
Есжанның Орал, Орда түрмелерінің біріне түскені рас болса,
барлық жауапты содан табуға болатын да шығар.
Тағы бір əңгіме – оның соңғы демі қай жерде үзілді? Бұл
турасында өзіміз естіген екі деректі алға тартсақ, олар бір-
бірінен көп алшақтамайды.
Оның бірі – осы күні Алматы мемлекеттік (Бұрынғы
Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық инсти-
туты) педагогика университетінң доценті, Құрманғазы ауда-
нында туып-өскен азамат Бақыт Есқуатовтың айтуынша Ес-
жан бейіті қазіргі Мақаш өндірістік кооперативіне қарасты
Жағақыр деген жерде Жалғасбай шағылынан терістікке
қарай 3-4 шақырымдағы Шалбар қауымында болуы керек.
Дəлдеп айтса, қазіргі №8 Афанасьев темір жол бекетінен
бар-жоғы 10 шақырымдай қашықтықта. Өйткені, менің 1993
жылы 93 жасында дүниеден озған нағашы əжем Бақтылы со-
─ 100 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
лай деп айтып отыратын. Бір қарағанда ол туған өлкесінің
арғы-бергі əңгімесін көп білетін, текті жердің қызы еді.
Əкесі Қиса, ағасы Мұса бір кездері жер бөлінісіне
сай сол төңіректегі №5, №6 ауылдардың молдасы болса,
нағашылары Иіс, Бейіс өз төңіректеріне белгілі домбырашы,
күйшілер екен.
Оның үстіне біздің бала кезімізде (1956-60 жылдар)
жайлаулыққа шыққанымызда сол «Шалбардың» батыс
іргесіндегі көне уақ бейітттерді көрсетіп, «Мынау Есжан
аталарыңның қауымы. Домбырашы боламын десеңдер,
басына барып түнеңдер» деп айтып отыра-тыны жəне
ағаларымның түнегені де есімде» дейді.
Екінші – қазірде Атырау қаласында түратын 74 жастағы
ардагер ұстаз Ғарифолла Досқалиевтің əңгімесі. «Мен,
– дейді ол – 1931 жылы қыркүйектің соңғы онкүндігінде
əлгі айтқан Шалбар қауымы емес, дұрысы Шалбар төбесі
іргесіндегі Байдəулет деген жерде (кейін ол жерді құм ба-
сып, Ұзыншағыл атап кеткен) дүниеге келіппін. Балалық
шағым осы арада өтті. Іргемізде Есжан шағыл деген үлкен
қызылтақ болды. Қызылтақ етегіндегі қауымда Есжан
күйшінің бейіті бар» деп əкеміз айтып отыратын. Басына
түнеп, тəу етіп жүрдік. Есімде, 1942 жылдың қысқа ауысар
күзінде басындағы құлпытасты біреулер диірмен үшін алып
кетіпті деп естідік. Шынымды айтсам, ол құлпытаста не деп
жазылған, ол қаперімде жоқ».
Байқап отырсаңыздар, бұл екі деректің бір-бірінен
алшақтығы шамалы, алғашқысы алпысыншы, соңғысы
қырқыншы жылдарғы дерек. Сондықтан бұл айтылғандарға
шүбə келтірудің өзі артық сияқты. Оның үстіне бала жастағы
естігендер қашан да жүректе еш қоспасыз таза күйінде
сақталып қалады, кейін сол қалпында өзгеге жетеді. Тағы
бір ерекшелігі – Есжан атамыздың мəңгілік жамбасы тиген
бұл жердің оның ХІХ-ғасырдың соңындағы рулық қонысы
мен өмірінің кейінгі жылдары жолдас болған Мақаш
қыстаулығына жақын орналасуы - əжеміз берген деректі рас-
тай түседі.
─ 101 ─
Есжан күйлерінен бізге жеткені үшеу. Олар – «Қош, аман
бол, Ақбикеш!», «Соқыр Есжан», «Ақжелең». Аталмыш
шығармалардың екеуін республикамыздың батыс өңірінде
жұрттың бəрі біледі. Соған сай жиі орындалады. Ал үшінші,
«Ақжелеңді» ғылыми ортаға жеткізіп, нотаға түсірілуіне
негіз болған халық арасында «Тесік тамақ Сабыр» атанған
Сабыр Мұқатов (Жаңақала ауданы) болатын. Тегінде ел
ішінде, ғылыми əдебиеттерде Есжан күйші жайлы дерек аз.
Шəкірті деп танитын да ешкім жоқ. Бірақ «Ақбикеш» пен
«Ақжелең», «Соқыр Есжанды» дүниеге əкелген туындыгерді
тек үш шығармамен шектелді деуге ауыз бармайды. Соған
қарағанда Соқыр Есжан əлі зерттеушісін таппаған дарын.
Оған кіндіктен жалғыз боп, өз белі-перзенті- ұл атаулыдан
қол көтерген Астрахан жақтағы перзенттерінен еш хабар
жоқ дарабоз күйшінің дүниеауи пешенесі, күні бүгінге дейін
туған жер, өскен ортасын белгілей алмай жүрген өзіміз де
кінəлі шығармыз. Қалай десек те тағдыр таяғын мол жесе
де таянышты бағасын əлі толық алып үлгермеген күй
құдіреттерінің бірі – Соқыр Есжан. Ендеше, оған да лəйімде
ояну күндері туғай деңіз.
─ 102 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
ӨРКЕНДІ ӨНЕР
«Есжанов Ерғали (1864, қазіргі Атырау облысы,
Құрманғазы ауданы.-1949, Астрахан облысы,
Лебяжье селосы) ... Қазақ домбырашысы,
халық күйшісі, Құрманғазының шəкірті,
түрмеден қашқан Құрманғазыны
үйіне паналатып, көп күйлерін өзінен үйренген.
Құрманғазы күйлерін кейінгі
ұрпақтарға жеткізген. «Бозашы»,
«Қоштасу», «Маңғыстау» күйлерінің авторы»
Қазақ Кеңес энциклопедиясы, 4т. 189б.
Əр ғасыр, əр қоғамның өз заңдылығы, əдет-ғұрпы, салт-
санасы болады емес пе? Оны жеке тұлға емес, уақыт, кезең ту-
ындатады. Олай дейтініміз бір кездерде халқымыз адамдарға
жақсы байлық, дəулетіне қарап баға бермей, оның өмір та-
нымы, соған сай жүйелі сөзі, жөнін тапқан бір ауыз жауа-
бына бола тосылып отырған ғой. Болмаса таныстық сəтінің
өзінде-ақ оның бір-екі атасы аталса, əр жағын өздері жалғап,
ата-тегі, үрім-бұтағын тұтас санамалап, тармақтап, таратып
шығаратын шежірешілдік қасиетін қайтерсің. Əйтсе де бұл
айтқандарымыздың кейбір жарқын көріністері əлі сақталған.
Десек те жалпы сипат алып отырған ештеңесі жоқ. Өйткені бір
кезде халықтық салт-дəстүр, сананың бəрін ағайын, рушылдық,
жершілдік деген əлдебір алып-қашпа, əпербақандық пиғылмен
жікшілдік бағытқа бұрды да, жұртшылық арасында теріс пікір
қалыптасты. Осыдан келіп əлгіндей тағылымды дəстүр-жіктеп
танысу біздің бүгінгідей жаңашыл дəстүрімізге кірмей қалды.
Соның кесірінен осы күні əнебір ет жақын ағайын болмаса,
қандай танысымыздың өзіне сəлемнен əріге аса алмай, бас изеп
өте шығамыз. Асылы халықтық дəстүрдің ұмытылып бара
─ 103 ─
жатқандары көп-ау. Біз баяғыша, соның бəрін байқамай қала
береміз. Сайып келгенде бұл жақсылық нышаны емес екені
белгілі.
Осындай себептермен кейде күнде көріп, сəлемдесіп
жүрген адамдарымыздың бойында қандай сырлар бүгіліп
жатқанын байқамайтын, тіпті аңғармайтын, ата тегінің кім
екенін білмейтін кездеріміз де көп. Олай дейтініміз өз басы-
мыз Қамария апайды біраз жылдан бері білетінбіз. Тұңғышы
Асқармен мектепте қатар оқып, одан кейін де жоғары оқу
орнындағы жылдар, басқа да тіршілігіміз бір қалада өтіп
келетін. Əйтсе де əлгі апайымыздың халқымыздың дарынды
күйшісі, Құрманғазының сүйікті шəкірті Ерғали Есжановтың
немере келіні екенін, тіпті де білмеуші едік. Бірде əңгіме
тиегін апайымыздың өзі ағытты:
– Мен келін болып түскенде ол кісі 85 жаста екен. Үстіне
қылау жұқтырмайтын, аққұбаның кербезі, омырауын жапқан
аппақ сақалы атжақты бетіне көрік беріп тұратын. Бірақ тура
қарағанда жүзі көз қарықтыратын суық адам. Əйтсе де ол
бергі пішіні. Ал жан сарайына тереңірек үңіліп, əңгімеге
тарта, жақын келсеңіз көп адамға бітпес қоздаған жігер мен
шынайы жылылық, замандастарына деген шексіз махаббат
жатар еді. Өмірінің соңғы жылдарында қолына домбыраны
сирек алды. Бірақ кезінде ол кісіні өнердің бұл түрінен дес
бермеген дара жүйрік екенін, басқасын былай қойғанда, ака-
демик Ахмет Жұбанов-тың еңбектерінен де жақсы білесіздер
ғой, – деді.
...Есжан тұқымында атақты əншілігі, керемет күй-
шілігімен алты алашты аузына қаратқан айтулы жан-дар
жоқ екен. Ерғали болса бұл дəстүрді бұзып, қарғадайынан
қолына домбыра алып, ел ішінде «күйші бала» атаныпты.
Мұның бір себебі сол кездегі уақыт пен ортаның əсері
болса керек. Олай дейтініміз өткен ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ
ғасырдың басы Еділ мен Жайық сынды қос өзен аралығын
жайлаған қазақтар үшін өзінше ояну, қапастық құрсауын
бұзуға деген ниет кезеңі болды. Осыған сай өнерде де
өзгеше құбылыс байқалды – Махамбет жалынды жырын
─ 104 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
ұлт-азаттық көтерілісінің күрес ұранына айналдырып,
толғай да толғай күй шалды.Ұзақ пен Боғда бастаған домбы-
рашылар тобы өзіндік күй мектебін тудырды, қайталанбас
төл шығармаларын дүниеге əкелді. Бұл жаңашыл дəстүр
ғасырдан ғасырға асқан тұтас дəуірге ұласты. Құрманғазы,
Дəулеткерей, Сейтек, Диналар осы мектеп өкілдері.
Ерғали бойындағы өнерді дер кезінде бағалап, оған дұрыс
бағдар сілтеуде Құрманғазының орны бөлек. Ерекеңнің
айтуынша, оның күй атасы Құрманғазымен кездесуі шын
мəнісіндегі өнер бақыты көрінеді. Ал ол қалай болған де-
генде, мына жайларды еске алуға тура келеді. Əуелгі əңгіме-
Ерғали Есжановтың өмір жолынан бір елес.
...Ол 1864 жылы қазіргі Атырау облысының Құрманғазы
ауданының Ақтөбе ауылында дүниеге келеді. (Бірақ
Ерғалидың немере інісі Қами, кенже баласы Ғаббастардың
айтуынша, ол кісі 1863 жылы туғанға ұқсайды.) Ақтөбе – ау-
дан орталығы Ганюшкиннен бар-жоғы оншақты шақырым
қашықтықта орналасқан шағын ауыл. Ал Ганюшкин бол-
са, өткен ғасырдың тілімен айтсақ, Еділдің Атырауға
құяр тұсында тарамданып, тармақталар өзендердің бірі –
Шораның екі бетін алып жатқан көлемді орыс селосы. 1793
жылы ірге қалаған ол уақыт өткен сайын тіршілік қамымен
қыр мен ойдан көшіп келген кедей-кепшік, жарлы-жақыбай,
мұжық-тармен молығып, қанатын жая түседі. Жағалай
қазақ ауылдары көбейеді. Солардың бірі – біз əңгіме жасап
отырған Ақтөбе.
Бір қарағанда тұрғындардың Ганюшкин селосы маңына
барған сайын көбірек шоғырлана түсуінің де өзіндік
себептері бар еді. Өйткені, бұл шақта Каспий теңізінің
терістік бетінде балық өндіруші батағалар көбейеді. Батаға
қожайындары ауланып, өңделген балықтарды Еділ бойымен
жоғары өрлеп, ірі қалаларға апарып сатады. Ал ондай өнімді
дайындау үшін əлуетті арзан жұмыс, қол күші керек болды.
Оған аса көп шығынды талап ете бермейтін жергілікті халық
өкілдерін молынан пайдаланған. Сөйтіп, қазақ кедейлері
орыс мұжықтарымен қол ұстаса жүріп, өндіріске араласа-
─ 105 ─
ды, ау жамап, шаң тазалайды, су маржанын теріп, балық
тұздайды, өңдейді. Ақыры бір кезде қырда, байдың малын
бағып, шөбін шапқан кедейлер енді боршынын сүйретіп,
өндіріске келеді. Мүмкін «Өзен жағалағанның өзегі тал-
мас» деген мəтел де осы кезде қалыптаса бастаса керек,
тамағы тойып, иығы бүтінделген кедейлердің біразы бала-
ларын орысша оқытып, Еуропа мəдениетінде сауат ашты-
руды да мұрат тұтады. Оның үстіне сол кезде бұл өңірдегі
ірі-ірі селоларда екі басқышты орыс-қазақ мектептері ашы-
лып, алғашқы шəкірттерін қабылдайды. Кезең талабын көзі
ашық, көңілі ояу Есжан қария да түсіне біліп, өз баласын
Тельячьедегі мектепке беріп, кейіннен Астрахандағы алты
жылдық гимназиядан дəріс алуға жібереді.
Ерғали алғашқы күннен сабаққа зерек, əріптестерінің
алды болады. Əйтсе де көпшілікке ұнамағаны да осы
ерекшелігі еді. Жастайынан орыс балаларымен жағаласып,
тең өсіп, ештеңеден қаймықпаған ол, мұнда кейбір əлді,
белсенділер балаларының айтқанына көніп, айдағанына
жүрмеді. Қырда өскен қазақ баласы алыса кетсе алып ұрып,
жұдырықтаса кетсе тұмсықтарын бұзып та жіберетін.
Оның мұндай өжеттігі бара-бара ушығып, үлкен əңгімеге
айналды. Осыдан келді де дала ұлының мұнан əрі оқуына
мүмкіндік тумады. Ақыры гимназияның төрт жылын бітіріп
қалған Ерғали Астраханына алаңдауымен ауылына қайтып,
Ақтөбесінде кедей-кепшіктердің балаларын жинап, сауатын
ашады. Домбырасын тартып, болашақ жас ұрпақтың көңіл
көкжиегін кеңейтеді, халық өнерімен сусындатады.
Дегенмен мұның бəрі көкірек көзі ояу, дені сау жас жігіт
үшін көңіл қуантар, көсегелі іс болып көрінбейді. Ол қалаға
жақындап, өндіріске араласқанды қалайды. Осы оймен ол
өзі оқыған Астрахань жағына кетіп, қаладан 40-50 шақырым
жердегі Құмөзек өңірінде балық батағасына подрядчик бо-
лып орналасады. Бұл оған бала күнінен етене жақын, жақсы
таныс сала еді. Сондықтан алғашқы еңбек жолы Ерғалиға аса
қиынға соқпайды, бірден батыл араласып, меңгеріп кетеді.
Сайып келгенде, Ерғали халық сазгері Құрманғазы
─ 106 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Сағырбаевпен кішкене кезінен таныс, аралас болған. Ел
ішіндегі əңгімелердің бірінде , тіпті халық жазушысы, айту-
лы ақын Хамит Ерғалиевтің «Күй атасына - тағзым» («Егемен
Қазақстан», 13.10.1993ж.) атты мақаласында өрілетін мына-
дай жолдар бар: «...Бірде Құрман бабамыз Ерғали ауылына
қона-түстене жатып, күй жебейді. Жас бала – Ерғалидың
күйші өнеріне тəнті болғаны сондай, сазгер домбырашы
аттанарда «Ата, мені де өзіңізбен бірге ала кетіңізші» деп
жалынады. Мезгіл қыс айлары болса керек, Құрман баба
үйрек басты шанасына отырарда қасқыр ішігінің шалғайына
оратылған баланың сағын сындырмай, өзімен бірге ала
кетеді жəне үнсіз аттанбай «Періштеге көрсеткен құлшылық
қызметімнен Есжан хабардар болғай, алаңдамасын аз күнде
ата өнеріне аңсары ауған ұлын өз қолыммен жеткізіп сала-
мын» дейді. Сөйтіп, ол жас Ерғали екеуі апталар бойы ау-
ыл-ауылды аралап, күй шалады. Өнерге сусаған жандардың
құмарын қандырады.
Міне, осылай басталған ортақ мүдделі таныстық пен күй
құмарлық оларды жас айырмашылығына қарамастан əбден
достастырып, жақындата түседі. Ал Ерғалидың сексенінші
жылдардың
аяғы,
яғни
Құрманғазы
өмірінің
соңғы
кезеңіндегі кездесуінің орны тіптен ерекше.
Ал бұл кездегі Құрманғазы тағдырын ойға алар болсақ,
Қази сынды жалғыз ұлы сартап болған сырқаттан жатып
қалып, жаны жабырқау тартқан ол тағы да аяқ астынан істі
болған кезі еді. Онсыз да Ақбайдың Əубəкірі сынды ала
көздер қайдағы бір күйелерді үйіп-төгіп, түрмеден түрме,
қуғын-сүргіннен зəрəзəп болған ол, енді тағы бір белсенді-
лердің түрлі күнəлар артуымен абақтыға жабылады. Бұл
оның өмірінде де, өнерде де есейген шағындағы соңғы рет
қамалуы көрінеді.
Күйші түрмеде отырып, аулының атқа мінер, азулыла-
рының «Жылқы ұрлады, барып тұрған барымташы» деген
желеуімен қамауға алынған қалмақ батыры Саран жаппен та-
нысады, - дейді Ерғали өмірі туралы біраз зерттеу жүргізген
маңғыстаулық журналист Əбілхайыр Спанов.
─ 107 ─
Қазақ қызынан туған ақ көңіл де аңғал батыр, мінез-
құлқы өзіне сай, жарма көңіл күйшімен тез тіл табысып,
нағашылы-жиенді дос болады. Оның үстіне Саранжап ана
жұрты тілін өте жақсы білетін, өнерден де мол хабардар
сынды. Бұл достық олардың тас бұғауды бұзып, темір тор-
дан қашып шығуына берік негіз қалайды.
Ежелден керісіп те, келісіп те қатар өскен қос халықтың
арда мінез егіз ұлы қаланың күнгей бетіндегі көп аралдардың
біріндегі Лебяжьеде отырған Ерғалидың үйіне келіп пана-
лайды. Үй иесі атақ-даңқы алысқа мəлім дəулескер күйшіні
құшақ жая қарсы алады. Серігіне де сенімсіздік танытпай,
екеуін сырт көзден таса, қора мен үй арасына жапсарлай
салынған жаздық сарайына паналатады. Құрманғазы мен Са-
ранжап күндіз осы сарайда жатып, түнде жұмыстан қайтқан
Ерғали үйелменімен бірге отырып тамақтанады, күй шала-
ды. Бұл кезде үй иесі сенімді жігіттерінің бірін Бесшоқының
шығысындағы Жиделіде отырған күйші ауылына хабар сал-
дырып, Алқа мен Қазидың амандығын біледі. Қалмақ баты-
ры мен қазақ күйшісі Ерғали үйінде екі ай жатып, тынығады.
Бұл кезде ол Құрекеңнің көптеген күйлерін үйреніп үлгереді.
Аталған шақта қос саңлақ үй иесіне рахметін айтып, ауылда-
рына қайтқанды жөн көреді.
Осы тұста Ерғали Саранжапты Еділді өрлеп, кəсіп қылып
жүрген балықшы кемелердің біріне отырғы-зады да еліне
аттандырады. Сол арада Құрманғазы қапас торда қатар
отырған қанды көйлек досына «Мынау саған арнаған күйім
еді, бірге өткізген бірегей күндеріміздің белгісі болсын»
деп домбыра жебейді. Кейіннен бұл шығарма «Саранжап»
деп аталып кетеді. Ол Ахмет Жұбановтың сөзімен айтсақ
«адресінен адаспаған күй» (Құрманғазы , 120 бет)
Бұл əріптес жазбаларының ұзын ұрғасы. Біз оны оқырман
қатеріне сала отырып, онымен келіспейтін де жеріміз бар
екендігін айтқымыз келеді. Кейінгі кезде түрлі басылым-
дарда («Егемен Қазақстан», 9.01.1993ж., Атырау облыстық
«Атырау» газеті 13.08.1993ж.) «Саранжап» күйі төңірегінде
əңгімелер қозғалып, оның бірінде аталған күйдің осы ат-
─ 108 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
тас қалмақ батыры емес, қазақ қызына арналғандығын
айтса, екіншісінде Церенджаб Тюменов дегеннің өмірде
болған адам екендігі, əйтсе де оның түрмеге түспегендігі,
өйткені Тюменовті Астрахан губерниясының қалмақтары
əулиедей құрметтеп, сыйлағандығы жəне оның 1812-1814
жылдары Ресейдің Напалеонға қарсы Отан соғысының ба-
сынан аяғына дейін қатысқан орыс əскерінің полковнигі,
ақ патшаның қалмақ арасындағы негізгі тіректерінің бірі,
кейін аты бүкіл Астрахан өлкесіне белгілі Хошеут ұлысын
билеген князь болғандығын айтады. Ол рас та, Астрахан
өңірі тарихын зерттеуші, жазушы Б.Макаровтың «Астра-
ханские были» деген кітабында Тюменов жəйлі жан-жақты
сөз болады жəне оның əлемге əйгілі Александр Дюманың
(1858ж.), ағайынды суретші академиктер Чернецовтардың
Церенджабтың үйінде болып, арнау өлең шығарғандығы,
суретін салғандығы айтылады. Осыған қарап, Құрманғазы
Саранжаппен бірге түрмеде отырмаған шығар (жас шамасы
да келмейді) деген тұжырым жасауға да болар еді.
Бірақ есімізге тағы бір дерек оралады. Ол – осы өңірде,
дəлдеп айтсақ Тайсойған, Қарабау бойында ХІХ ғасырдың
екінші жартысында өмір сүрген ақпа ақын, төкпе жыршы
Мұрат Мөңкеұлының (1843-1906) «Қалмақтың қарғысы»
деген өлеңі (Х.Досмұхамбет-ұлы «Аламан», Алматы, «Ана
тілі», 1991ж., 172-бет). Бар-жоғы 46 жолдан тұратын осы
өлеңнің басында «Қалмақтың Саранжап деген төресі патшаға
қылмысты болып, ұсталып, Ішкі Ордадағы Бөкей ханның
Ордасында айдалайын деп жатқанда Бөкей ханға құтқар деп
жалынады. Сондағы қалмақтың сөзі» деген түсініктеме бар.
Оған қоса Құрманғазы өскен өңірдің батысындағы Азғыр
даласында Саранжап деген жер аты да кездеседі. Міне,
осылардың өзі-ақ, Ішкі Ордада əйтеуір бір Саранжап деген
қалмақтың болғандығын дəлелдейді. Олай болса Құрман
бабамыздың сол бір қалмақпен Астрахан түрмесінде бірге
отыруы немесе жақсы таныс болуы əбден заңды-ау деген де
ой келеді. Осыған сайып, біз де өз пікірімізді, Ахаң айтқан
əңгімені де өзгерте қойған жоқпыз.
─ 109 ─
Құрманғазы Ерғали үйінен аттанарда үй иесіне ақтық рет
домбыра шалдырып, тарту шеберлігіне қанығады. Содан соң
«Балам, енді саған домбыра қонды, бұдан былай хан орда-
сында да қысылмай тарта беруіңе болады. Бердім батамды,
енді сен менің сүйікті шəкіртімнің бірі бол» деп бата беріп,
біраз жыл жолдас еткен домбырасын ұсынады.
Қашаннан халқымызда «сыйға-сый, сыраға-бал» деген
сөз бар емес пе? Алдынан өткізіп, ақ батасын беріп отыр ған
жанға ол «Сізге де рахмет, еліңізге аман-есен жетіп алыңыз»
деп жолға салудан аулақтанып, Құрманғазыны сол кездегі
өзі тұрған Құмөзектен сонау Гурьев шаһарының іргесіндегі
Таскранға
дейінгі
аймақты
ашса-алақанында,
жұмса-
жұдырығында ұстап тұрған əкім, керек десе Астрахан гене-
рал-губернаторына да сөзі өтетін Мақаш Бекмұхамбетовке
алып келеді.Оған себеп – елдегі атқа мінер жандайшаптар
«Бұл шіркін, ата сақалы аузына біткенше қарағай сапты
қайың домбырасын алдына өңгеріп, жалғыз аты, жалаң ша-
панын делеңдетіп ел ақтайды да жүреді, бір ғажабы осы
күнгі елеуреп отырған ен халық та, қолында күші, сөзінде
заңы бар əкім-қараның айтқаны емес, абақтының азабын та-
лай көрген қашқын Құрманғазының артынан ереді, соның
айтқанын тыңдайды. Асылы, əу бастан домбыраға жын-
пері əуес. Құрманғазы да сол жын-пері болып, халықты ал-
дайтын, артынан ерітетін шығар. Ол қашуын да қоймайды,
біз қууымызды да тоқтатпаймыз. Əбден шаршадық. Патша
əкімдері тағы да іздеп, табыңдар деп бұйыруда. Бұдан былай
күйші бұл «өнерін» қойып, құрым киізді қараша үйінде жа-
нын бағып, жандығын жəйіп отырмаса басын жұтады, денесі
түрмеде шіриді» деген алып-қашпа жəне жымысқы қоқан-
лоққы таратады. Бұл күйші құлағына да жетеді.
Шындығында ол қашаннан даланың көк бөрісіндей
еркіндікті аңсап, желдей есіп, самалымен сағымданатын
Құрманғазы үшін жақсы хабар емес еді. Ойлап қараса,
патша абақтысына шыдай алмай шарт сынып жүрген шар
болат, бұл сияқты өмір абақтысына қайтіп төзер. Жоқ, бұл
тəлкектің бір жағына шығып, басына теңдік, болашағына
─ 110 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
еркіндік алмаса болмайды.Ондай мүмкіндік тек қана
Мақаштың болмаса, басқа ешкімнің қолынан келмейді.
Өйткені, ол патша өкіметіне адал қызмет еткен шен иесі
болғанымен халық мұңын түсініп, жан жүрегімен сезіне
білетін қайырымды да адам-ды. Оның үстіне Мақаштың
Құрманғазыға нағашы-жиенді ру шатыс ағайыншылығы
да бар еді. Сондықтан əкім жиені-мұның бір ауыз сөзін
жерге тастамайтыны да рас-ты. Құрманғазы осы оймен
Мақаш ауылына сапар шегеді.
Осы арада «Өзі басқарған өңірі былай тұрсын, көршілес
Ресей жеріне де беделі мол болған Мақаш кім еді? Деген
заңды сұрақ туады. Əділіне бақсақ, ХІХ ғасырдың екінші
жартысында өмір сүрген Мақаш өз кезеңінің озық ойлы ірі
тұлғаларының бірі. Оның туған халқының болашағы үшін
жасаған жұмыстары ұшан-теңіз. Соның бірі Мақаштың
халықтық өнерге деген көзқарасы.
Қазақ Кеңес энциклопедиясында аталып көрсетілгеніндей,
(7-том, 401-402-беттер) ең алдымен ол өнерді сүйіп
қана қоймай, өз жанынан күй де шығарған композитор.
«Мақаштың Байжұмасы» деп аталатын дүниесін Атырау
қаласының тұрғыны, көп балалы ана Əсима Ізмұхамбетова
əлі күнге орындап жүр. Əсима Мақаштың бұдан басқа да
«Қара жорға», «Салық өлген», өзге де күйлері болғандығын
айтады.
Өзі күй шығарып, шығармашылық шыңырауына шым-
шымдап бата білген Мақаштың ел ішіндегі бір туар тұлға
– таланттарға қамқорлығы да зор болған.
Құрманғазының тұстасы, белгілі күйші Соқыр Есжан
көп уақытын Мақаштың жанында өткізген. Тегінде ел ара-
сында, баспа бетінде де Есжан күйші туралы деректер ша-
малы. Оның өнеріне тəнті болған Мақаш сол кезде округ
өңіріндегі белгілі жəрмеңке – Кордуан базарына барып, бақ
сынауға кеңес бергені. Сонда сіңірі шыққан қу кедей Соқыр
Есжан «Үстінде дұрыс киімі, астында қотыр тайы жоқ мені
жəрмеңкеде кім қуана қарсы алар дейсіз» деп қапаланады.
Мақаш болса «Осы ауылда бір сенің иығыңа іліп, тақымыңа
─ 111 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР қысар көлік пен киім табылар, одан да домбыраңды даярлап, көкірек көзіңді оят» деп аталған жəрмеңкеге өзі апарып қосыпты дейді. Сонда даңқы шыққан өнерпазды кейіннен бүкіл Бөкей Ордасына белгілі Хан ордасында өтетін жəрмеңкеге қатыстырыпты. Сөйтіп ол Кіші жүздің күй əлемінде Соқыр Есжан атын мəңгі қалдырады. Кейіннен екеуі өле-өлгенше достық, шығармашылық қарым-қатынаста болып, бұл фəниден озғанда да бейіттері бір-біріне көрініп, қатар жатады. Сайып келгенде атақты Ұзақ, белгілі Боғда, əлгі айтқан Соқыр Есжан бір атаның балалары – алаша руының ұлдары. Ендігі əңгіме арнасын алдында ғана сөз еткен Құрманғазының өз басына еркіндік сұрап Мақаш алдына баруына бағыштасақ, күйші əкім ауылына келгенде мезгіл қыс екен. Əуелден күл-білтені білмей, айтарын сол бойда ақтара салатын алмас қылыш іспетті, айтулы домбырашы ат басын арнайы іздеп келе жатқан əкім інісі үйінің іргесіне тірейді де, ол отырған бөлмеге баса көктеп кіріп барады. Сөйтсе Мақаш түпкі бөлмесінде біраз адаммен əңгіме-дүкен құрып, сыр ағытып отыр екен. Бірбеткей де бейтаныс адам кіріп келгенде, Мақаш пен оның жанында отырған қашаннан бергі сырлас досы, бір кездері Жəңгір мектебі, одан Орынбордағы Неплюев кадет корпусында бірге оқыған əріптесі МұхамбетСалық Бабажановтан басқа ешкім құрақ ұша, құшақ жайып сəлем бермейді. Бар болғаны еріндерін ғана жыбырлатып, теріс қарайды. Керек десе, əлгілер халқымыздың «Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын береді» дəстүрімен ығысып, «Келіңіз, төрге озыңыз!» деп те айтпайды. Оның да себебі бар-ды. Құрманғазы қашан да елдегі түрлі əкім-қараға жақпай, түрменің төрін бермей жүрген «бұзық». Ал ондай «ақ қарғаны» кім жақсы көре қойсын. Байқаса бəрінің де иықтарына ілгені небір аңның қымбат бағалы терілерінен тігілген оқалы ішік, торқалы тондар, бірақ құрметі əлгі. Бұл Құрманғазы сынды тентек те текті жанның қияс құлқын оятады. Ол үй иесі мен Мұхамбет-Салыққа қарап тұрып, «Мен
─ 112 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
білсем осы отырғандардың ішінде екеуіңнен көп оқыған зия-
лысы жоқ, ендеше сендерге бірер сұрақ қойсам, қалай көрер
едіңіздер?» дейді. Екеуі де:
– Қойыңыз, Құреке, жауап беруге əзірміз,– дейді.
– Ендеше, бұл жалғанда адалдың маңдайы ашық па,
арамның маңдайы ашық па? – дейді. Сонда Мақаш:
– Əрине, адалдың маңдайы ашық, жолы оң, – дейді.
– Егер о дүние бар екені рас болса, пейіштің төріне адал
шыға ма, əлде арам отыра ма?
– Қай төрге де адал отырғаны абзал шығар, – дейді
Мұхамбет-Салық.
– Мінеки, жауап! Олай болса, Мақаш жиеннің төріне
ғұмырында еш адамға қиянат ойлап көрмеген, оның үстіне
иығына ілгені адал жануар – қой терісі, мен шығайын! – деп,
əлгі қарнын шіреп, кеудесімен көк тіреп ыздиғандар қатарын
бұзып ілгері озады.
Нағашысының ойлы сөзі, орынды қылығына дəн риза
болған Мақаш оған əдейі қонақасы беріп, бірнеше күн сый-
лайды. Кетерінде тілегін тыңдайды. Сонда Құрманғазы:
«Шырағым, сен де жастай хан Жəңгірдің қамқорлығын
көріп, патшаның оқуын оқыдың, деп əңгіме бастай-
ды. – Соған сай өмір бойы ұлықтарға қызмет көрсетіп,
қайткенде кəпірге қарсы шықпаудың сойылын соқтың. Ол
дұрыс. Өйткені əркім суын ішкен құдығына түкірмей, же-
ген нанын ақтауға тырысады. Мүмкін дəл қазір менің бұл
келісімді де жақсыға жорып отырмаған шығарсың. «Жиен
ел болмас» дегендей, бір өзіңнен жақсылық та күтпеймін.
Ол осыны айтады да қарқылдап күліп алған күйі əңгімесін
жалғастырып, «Бірақ, алыстан ат басын тіреп келуімнің де
жөні жоқ емес. Жас болса ұлғайды, жүріп-тұру да қиындады.
Бұрынғыдай түн қатып жүріп, түс қашып, түр көрсету
жоқ. Əйтсе де менің бұл күйімді түсініп жатқан ұлығың да
байқалмайды. Қайта қайдағы бір жалыны жоқ, бықсыған
қоламтаны үргілеп, қайткенде Құрманғазыны құртам деумен
келеді. Ал мен болсам осы бір қуғын-сүргіннен əбден шар-
шадым, талдым. Ендігі тілек – басыма теңдік алып, өзімнен-
─ 113 ─
өзім тып-тыныш күй кешсем деп ойлаймын. Ол үшін өзіңнің
көмегің қажет-ақ.
– Сонда қандай көмек тілер едіңіз?
– Басыма бостандық, шаңырағыма тыныштық.
– Жақсы, бар-жоғы сол болса, ол жағына қам жемеңіз.
Əуелі осы ауылда біраз демалып, аунап-қунап, ес жиып
алыңыз. Содан соң барып шаруаңыз орындала жатар, -деп
Мақаш жұбату айтады.
Уəдеге сай араға біраз күн түскенде Мақаш Құрман-
ғазыға Бөкей Ордасы Уақытша Кеңесінің төрағасы
В.М.Лазаревскийдің қол қоюымен «Қалған уақытта ешкім
тынышын алмасын, басына еркіндік берілсін» деген құжат
алып береді де, күйшіге бұдан əрі Жиеліде қалудың еш
мүмкіндігі жоқтығын, қалай дегенмен артына түскен
патшалық əкім-қара, өз іштеріндегі атқа мінерлердің бірде
болмаса бірде, əлде бір себептермен қолға түсіріп, абақтыға
жабатындығын айтып, түсіндіреді де, қалған өмірін
территориялық жағынан Бірінші теңіз жағалауы округіне
қарамаса да іргелес, бірақ Хан Ордасынан жырақ Астрахан
қаласына да ұштаса бермейтін тоқсан судың əр жағы – Аты-
рау айдынына сұғына еніп жатқан Сахмаға қоныс тебуді
жөн көреді. Бір жағынан онда Жиделіден қоныс аударып,
көшіп барған балықшы жатақтар да бар еді. Бұл ұсынысты
Құрманғазы да қабыл алып, жұрт аударады...
Ерғалидың арғы тегі-ата жұрты Маңғыстау өңірінің
Адайы. Тарихшыларымыздың айтуына сенсек, 1801-1812
жəне 1830-1832 жылдары Қоқан хандығының қысымшылығы
мен түркмендердің көрші отырған адай ауылына деген ау-
ыт-ауыт шабуылдаған зіл-заласы, оған қоса ел ішіндегі са-
тылап соққан ашаршылық рулы елдегі екі-үш атаның туған
жұрттан жырақтап, Жайықтың сол жақ бетіне, Нарын құмы
бойындағы Мыңтөбе өңіріне қоныс тебуіне негіз қалайды.
Соған сай Ерғалидың көп ағайыны осында болатын. Олар
1801 жылдары Айбас, Мыңтөбе төңірегіне көшіп келеді.
Ата жұртқа деген құштарлық, əлде түрмыс-тіршілік қамы
ма, Ерғали 1905 жылы Маңғыстау бойына 13 үй ағайынын
─ 114 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
алып, көшіп келеді.* Соның бірі ағасы Жұмағалиұлы
Қамидың айтуынша, олар ілкіде Бозашы бойындағы Са-
рытам, кейіннен балықшылардың көбірек шоғырланған
жері Долгийге қоныс тебеді. Орысша да, былай да сауатты,
оның үстіне домбырада дес бермейтін өнерпаз жанды түбек
тұрғындары құшақ жая қарсы алады. Келген бойда өзіне жа-
стай таныс балық өндірісі кəсіпшілігіне орналасады.
Атыраудың басқа жерлеріндегі сияқты мұнда да батаға
ұстап, қысы-жазы су кешіп, балтыры шыт-шыт болған
балықшы атаулыға тіс батырып, тізгін тежеп отырған
орыс байлары екен. Олардың зорлық-зомбылығы ана
жаққа қарағанда тіптен ауыр, жөн-жосықсыз көптеу
көрінеді. Ерғали кəсіпқой алпауыттардың бұл сын-
ды айла-қулықтарын əшкерелеп, өз бастығы Наврац-
кийге ұсыныс-пікірлерге толы шағым хат жолдайды.
Онда мүмкіндігінше жұмыс түрін жеңілдету, еңбек
ақы көлемін көбейтуді өтінеді. Ал көбейтудің жолы деп
кəсіпқойларға, жалпы балық өндіруге деген бақылауды
күшейтіп, мұзбалақ кедейлерді балық аулау құралдары,
киім-кешек, азық-түлік, басқа да қажетті заттармен
жабдықтауды жақсартса, өнімнің көбейе түсетіндігі,
тұрмыс жайларының өсетіндігін айтады.
Əуелгіде Маңғыстау сынды адамдары айдағанға көніп,
ысқырғанға жүретін тып-тыныш өлкеде, осыншалық
орысшаға сауатты, кедей-кепшік арасында көсемдік таны-
тып, көсегелі ой айтатын бұл кім еді деп таңданып қалған
уез басы, Ерғалидың өмір жолымен əбден танысып алған
соң, оны өзіне жақын тартуға ұмтылады. Ондағы ойы,
кезінде осы өңірде патшаның отарлау саясатына қарсы
шығып, Маңғыстауда 1869-1872 жылғы шаруалар көтерілісі
басшыларының бірі болған, саяси сенімсіз жəне қазірде де
көбіне қожайынның емес, халқының жыртысын жыртқанды
қалайтын жасамыс болыс Иса Тіленбаевтың орнына осы
Ерғалиды қою ниеті де жоқ емес-ті. Онда Наврацкий көп
нəрседен ұтар еді. Алдымен, арғы-бергіден хабары бар,
арызқойды іс басына апарып қойса, бар жақсы да, жаман да
─ 115 ─
соның мойнында қалып, арыз түгіл басымен қайғы боп, аузы
жабылар еді.
Екіншіден, Ерғали сынды сөзге шешен, белгілі домбы-
рашы, былайша айтқанда, өз ортасына сыйлы, қадірменді
адамның жұмысшылар арасында алауыздық болдырмай, істі
ойдағыдай ұйымдастырып кетуі де мүмкін.
Үшіншіден, сөз жоқ, кəсіпқой алпауыттарға емес,
халқына қызмет ететін болыстан да құтылудың оңай жолы
табылар еді.
Əйтсе де, əу бастан ұлықтыққа үйірсектігі жоқ күйші бұл
ұсынысты ұнатпай, өзінің өзек-жарды кəсібі – қарапайым
қайықшы-балықшылығын қол көреді.
Бұл Наврацкий бастаған алпауыттарға аса ұнамды əсер
қалдырмайды. Себебі қайткенде де көңілі орта, қолға тиері аз
кедейдің арын арлап, намысын қолдар мұндай жан бəрібір де
өз ортасында іріткі туғызбай қоймайтыны анық. Сондықтан
бұл сияқты келімсекті келген ізімен кері қайтармаса, іс
оңбайды.
Бір жағынан осындай қуғын-сүргін көбейіп, оның үстіне
ата жұрт деген аты болғанымен түйе маңып, құм суырған
жапан түз – жаңа жерді əлі де жерсіне алмай, өздерінің Еділ
бойындағы мың аралдар мекені – кіндік кесіп, кір жуған
өлкесін аңсап жүрген Ерғали мен оның ағайындарында да
алаңдаушылық пайда болады.
Бірде мынадай оқыс оқиғалы жəй болыпты. Кедей-кепшік
балықшылардың кезекті бас қосу, той-домалақ, садақаларының
бірінде көпшілік Ерғалиға қолқалап, күй тартқызады.
Күйшінің ерекшелігі екі-үш күнге созылған той, думандардың
қандайында да бір тартқан күйін екінші рет қайталамайды
екен. (Ал Қамария апайдың айтуына сенсек, «Атам өзі сынды
қариялар бас қосқан əңгімеде «Дəл санын қайдам, шамамен
150-200-дей күй шалатын шығармын, соның алпыстан астамы
Құрекеңнің күйлері» деп отыратын» дейді).
*Күйшінің Маңғыстау өңіріндегі өмірі жəйлі деректер
журналист Ə.Спановтың материалдарынан алынды. Автор
─ 116 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Əлгі бас қосудың соңында Ерғали домбырасын тағы
да жебеп алып, əлі ешкімге есімі естілмеген жаңа əуенді
шерте жөнелсе керек. Өнер тілінен хабардар, құймақұлақ
жандардың бəрі де осы кезде елең ете қалып, соны дүниеге
сұрақпен қарайды. Байқаса бұл күй бұрынғыға ұқсамайтын,
өзге сазды сарнататын сияқты. Күйшінің қос жанарынан
аққан жас кеудесін жара шоқша сақалын жуып отырғанын
көрген қариялардың бірі «Мына домбыра не дейді, байқаса-
ңыздар «Елге кетем, елге кетем» деп еңіреп, елеуреп тұр ғой.
Жоқ, Ерғали елді сағынған екен, ер туған жерінде сұлтан,
өзгеде сұлтан болғаннан өз елінде ұлтан бол деген емес
пе? Қазірден бастап үйлерін жығып, кемесінің басын туған
жұртына бұрыңдар» деп ақыл айтады. Сөйтіп, арада өткен
екі жыл да артта қалып, Ерекең ата-мекені адайлар өлкесімен
де қоштасады.
Ал əлгі бар түйінді шешіп берген жұмбақ күй артынан ел
аузында «Ел сағынған», кейде «Бозашы» деп аталады. Ол осы
күні көптеген күйшілердің репертуарынан түспей тартылып
келе жатқан өміршең, өрелі күй. Ерғали Бозашы бойындағы
жылдарда «Маңғыстау» деп аталатын күй де шығарады. Ол
да көңіл күй, сезім саздарын толғайтын, өзіндік өрнегі бар
өзгеше, «мазмұндық тереңдік, техникалық жағынан жоғары
дəрежеде тұрған күй» (А.Жұбанов, «Құрманғазы», 125 б.)
Құмөзек өңіріне қайтіп оралған Ерғали өзіне таныс
балықшылық ісін одан əрі жалғастырып кетеді. Мұнда да
жарлы-жақыбайдың жоғын жоқтап, намысын қорғауды
ұмытпайды.
Ерғалидың сегіз ұл, үш қызы болған. Зайыбы Шөкелек
сол ауылдың балықшы кедей отбасының қызы екен. Көп
болмаса да өз кезегінің ортан қол білімі бар, қай халықтың
да арғы-бергі мəдениетінен хабардар күйші, əуелден
балаларының қатарынан қалыспай, білім меңгеріп, сауатты
болып өсуіне ден қояды. Осы мақсатпен бас көтерген бала-
сы Сапиолланы Уфадағы мұсылман медресесіне, екінші ұлы
Шарапиді Астрахандағы өзі оқыған гимназияға береді. Бірақ
тағдыр тəлкегі əке арманын ойлағандай биікке көтермейді.
─ 117 ─
Жиырма екіге қараған шағында мұсылман медресесін міне-
міне бітіреді деп тұрған Сапиолла суық тиіп, көкірек ауру-
ынан қайтыс болады. Артынша Астрахан гимназиясының
5-ші сыныбында үздік оқып жүрген Шарапи де əлдебір ала
көздердің у беруінен көз жұмады. Осы кезде абзал əкенің өз
өнерін одан əрі жалғайды деп үміттенген тағы бір ұлы Хаби-
болла домбырашы да кенеттен қайтыс болады.
Қабаттап соққан үш қайғы қайың мінез, қарағай тұлға,
қайсар əкенің тек тірі сүлдесін ғана қалдырып, теңселтіп
жібереді. Топырағы құрғамай, томпайған күйі қызарып
жатқан екі арысының жанына үшіншісін қойып қайтқан ол
үш күн бойы төсегінде нəрсіз жатып, тек төртінші күн деген-
де ғана бас көтеріп, қолына қоңыр домбырасын алса керек.
Бар-жоғы жарты аптада сақал-шашы селеуленіп, өңі өзгерген
өрелі күйші осы кезде əлі ешкім естімеген жаңа күйді толғай
ала жөнеледі. Тартушы түгіл, тыңдаушысын мұңға батырып,
еңсе езетін бұл күй кейіннен «Сапи», уақыт өте «Қоштасу»
деп аталып кетеді.
Ілгеріде еске салып кеткеніміздей Ерғалидың перзенттері
барырақ болған. Ол солардың бəрін уақыт талабына сай
оқытып, сапалы, саналы азамат етіп тəрбиелеуге ден қойған.
Бірақ талайы тағдыр əуелі сондай үш ұлды қатар жал-
маса, кейіннен Ұлы Отан соғысының қанды қол шеңгелі
болашағынан үміт күттірген Əди, Ғали есімді ұлдарын тағы
да жойды. Гүлмай, Гүлəф, Гүлəй деген қыздары болған.
Олардың ұрпақтары сол Астрахан өңірінде.
Ал жоғарыда біз əңгіме тиегін ағытқан Қамария апай,
Ерекеңнің ертеректе дүние салған кенже ұлы Ғаббастан
қалған көз – Зібайырдың жолдасы. Зібайыр ұзақ жыл Астра-
хан, Атырау облыстарында партия, кеңес орындарында
жемісті еңбек еткен. Өмірінің соңында кəсіподақтардың
Атырау облыстық кеңесінде жауапты қызметте жүріп,
1973 жылы қайтыс болды. Ол тікелей Ерғали қарияның өз
тəрбиесін көріп, өскен ұл. Содан ба, Қамария апай Ерекең
туралы естелікті көп біледі.
– Мен бұл шаңыраққа 1948 жылдың жазында келдім. Со-
─ 118 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
дан үш жыл бұрын атамның қыздай алған жолдасы Шөкелек
енеміз қайтыс болыпты да, жаңадан Құснижамал деген
шешемізбен көңіл жарастырған екен. Обалы нешік, тумаған
деген аты болмаса, туғанымыздан артық жан еді.
Атам болса, көп сөйлей қоймайтын, бар ермегі күнделікті
газет-журналды жібермей, керек десеңіз əлі көз алдым-
да, қас қарайып бара жатқан қаракөлеңке шақта да өзінің
əдемі жастық ағашына басын қойып, сол баяғы «Правда-
сын» оқып жататын. Тағы бір ерекшелігі-өте таза адам еді.
Күнделікті киетін тік жағалы ақ көйлегін əрі кеткенде екі-үш
күнде ауыстырып отыратын, – дейді. Бұдан əрі ол «Атамның
көзі тірісінде тұтынып, пайдаланған мүліктері еді» деп шəй
ішетін гүлді шыны аяғы мен бұл күнде сыры кетсе де сыны
кетпеген қолға ұстайтын айшықты, оймақталған аса таяғын,
басқа киетін оймышты тақиясын көрсетеді. Содан соң ол
«Мен саған атам өміріне қатысты мына бір оқиғаны айтай-
ын, – деп келесі бір əңгіменің тиегін ағытады. - Оны кезінде
Зібайыр ағаларың кəдімгі қиял-ғажайып ертегіге ұқсатып,
үлкен сүйіспеншілікпен айтып отыратын. Шындығында ол
бір адам ойына келмейтін, тосын жай, тосын оқиға».
Соғыс жылдарында Отан қорғауға Ерекеңнің Əди,
Ғали, Қамал атты ұлдарымен бірге өмірден жастай кеткен
Шарапиінің тұяғы Идаят, содан соң өз тəрбиесіндегі
өзгелерден жылырақ немересі Зібайыр да аттанады. Бауыр
еті – балаларынан бір-бірлеп келіп жатқан «қара қағаз» күйші
қарияны да күн өткен сайын қобалжытып, алаңдата түседі.
Бірде Зібайыр-дың «Ата, біз қалмақ даласына жақын жерде
соғысып жатырмыз» деген хатын алуы мұң екен, тездетіп
қоржынын əзірлеп, «Немеремді сағындым, ауыл қа-сында
жүргенде көріп қалайын» деп жолға шығады. Ауылдағы
үлкен-кішінің бəрі «Қиын-қыстау, алма-ғайып кезең емес
пе, жазатайым жаман айтпай жақсы жоқ, жат жерде жазым
болсаңыз, бір уыс топырағымыз да бұйырмай қалар, бармай-
*Қазір олар Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының
жəдігерлер қорында сақтаулы.
─ 119 ─
ақ қойсаңыз қайтеді» деп көңіл қобалжытарлық күдік айтса,
қариямыз «Менің қу жаным майданда қан кешіп, бары-бар,
жоғы-шəйіт болған бес ұлдан артық дейсіңдер ме, ажалым
жетсе үйде өлдім не, түзде өлдім не, бəрібір асарымды асап,
жасарымды жасаған маған немере жолында не жасасам да
сияды» деп алды-артына қарамай жөнеп береді.
– Ұрыстың сəл бір саябырлаған сəті еді, - деп еске ала-
ды екен Зібайыр марқұм. – Бекіністе жатқан біз артымыз-
дан емес, алдымыздан, жау жақтан қолында қысып ұстаған
бірер түйіншегі бар, ақ шалбар, ақ шапанды əулиеден аумай
қалған əлде біреудің бізге қарай аяңдап келе жатқанын көріп,
«не деген жүрек жұтқан жан еді» деп шошып кеттік.
Тіпті оған қарсы əр жақтан да, бер жақтан да оқ атыл-
майды, бейне ертедегі оқ қағары бар жан дерсің. Сəт сай-
ын жақындап келеді, анықтап қарасақ, қолында шағын
жол дорбасы, басындағы қазақы дөңгелек бөрік, бір
түрлі жүзі таныс қария сияқты. Сөйтсем, өзімнің атам,
қуанышымда шек жоқ. Арсалаңдап алдынан шығып,
«Аталаған» күйі құшағына құлай кеттім. Іздегеніне кезде-
скен ол кісі де көзін шылап, аймалап жатыр. Сол жолы ол
бізбенен жауынгерлердің далалық жертөлесінде бірнеше
күн болып, ауыл-аймақ, ағайын-туыстардың хабарын айт-
ты.Өзімен бірге алып келген қоңыр домбырасын жебеп,
Құрман бабадан бастап біраз күйшінің шығармаларын
толғады. Көптен бері қарудан басқа ештеңе тимеген
қолымызға домбырасын ұстатып, күй шалатынымызға
жел, əн салатынымызға дем берді. Арамызда абыз
қарттың отыруы біз үшін бүкіл ел көшіп келгендей əсерлі
еді. Ауыл иісі аңқыған құрт, ірімшіктен дəм татып, мəре-
сəре болдық та қалдық. Ақыры атам ақ батасын жауды-
рып, бəрімізге жеңіс, ауылға аман-сау оралуымызды
тілеп, туған жұртына қайтты. Біз оны қалт еткен сəтімізде
қауіпсіз аймаққа дейін демеп, шығарып салдық.
Иə, сөйтіп Құрекең ұстатқан қасиетті домбыра Ерғалидың
қолында ойнап, сонау Маңғыстау өңірі, қала берді қан май-
дан ортасында да болып, жауынгерлер жанына жігер бер-
─ 120 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
ген, бойларына қайрат қосқанға ұқсайды. Қайран халықтық
өнер, қасиетті қария десеңізші?
Сол домбыра күні кешеге дейін өмір сүріп келіпті. Марқұм
Зекеңнің өзі де күйді бір сыдырғы жаман тартпайды екен.
1972 жылы Зібайырдың жанұясы жұмыс бабымен Га-
нюшкиннен Атырау қаласына көшеді. Осы кезде Фатих
деген ағайындас інісі «Атамнан қалған көз емес пе, аз
ғана күн қолға алып, күй шертейін, кейінннен жеткізіп
берермін» деп көненің көзі – қоңыр домбыраға жатып кеп
жармассын. Зібайыр бергісі келмей, қипақтап көреді де,
Фатих та күй шалып, көңіл тоғайтып жүрген ағайын болған
соң, атасының аруағынан қаймығып, қолын қақпайды.
Амал не, артынша əлгі жігіт те, Зібайыр да дүниеден озып,
хабар үзіліп қалады. Біз де кейіннен осы домбыраның
тағдырына бола алаңдаушылық танытып, іздеп көргенбіз.
Бірақ алтынға айырбастамас асыл мұраның қолды
болғаны, əлде сынып, бүлінгенін біле алмадық. Ақыры
таптырмай-ақ қойды. Бұл да болса өзіміздің өнерге, жал-
пы халықтық мұраға деген салақтығы-мыздың тағы бір
көрінісі екені сөзсіз.
Ерғали көзі тірісінде өзінің ата күлдік топырағы – Ганюш-
кин, оның Нарын құмындағы Дыңғызыл, Айбас, Мыңтөбе деп
аталатын жерлеріндегі ағайын-туыстарына жиі қатынасып,
апталап, айлап қона жатады екен. Бір қарағанда бұл берісі
– ұстазы Құрманғазы өскен жер, арғысы – Құрманғазының
өзіне асыл өнерден ақыл айтқан Ұзақ, қала берді одан арғы
Боғда сынды біртуар дүлдүлдер түлеген тұғыр. Кешегі
Дəулеткерей, Дина, Мəмен, Соқыр Есжан, Шора, Меңетай,
Сейтек, тағысын тағылар түлеген аруақты аймақ, қасиетті
орта. Соған сай мұнда екінің бірі қолына домбыра алып, күй
шалады. Осы себепті Ерекеңнің де қасиетті өнердің қадірін
білетін аймаққа жиі оралуының еш сөкеттігі жоқ еді.
Осы арада Нарын бойындағы жалпы білім беретін орта
мектептерде өмір бойы ұстаздық етіп, жас ұрпаққа күй
өнерінің қадір, қасиетін тəлімдеген жанның бірі, республи-
ка мəдениетіне еңбегі сіңген қызметкер, марқұм Шəмшиден
─ 121 ─
Шəріповтың аузынан естіген мына бір əңгімені де ойға орал-
та кеткен жөн сияқты.
Шамамен 20-жылдардың (ХХ ғасыр) аяғы болса керек,
Нарын құмының күнгей бетінде отырған ауылға «Сүндеттің
Жұмашының үйіне Астраханның дəрігерлік институтында
оқитын баласына ілесіп Ерғали күйші келіпті» деген хабар та-
райды. Бұл хабарды сол маңайдағы құлағы түрік жандардың бəрі
де естіп, Құрманғазының бел шəкіртінің өнерін тамашалауға
асығады. Сөйтіп маңайдағы өнер десе өрекпуі бөлек кəрі-жас
түгел жиналып, əлгі ауылда бас қосады.
Қатар тігілген қос ақбоз үйдің іші-сырты тыңдарман
қауымға лық толған. Арғы-бергіден айтары мол Ерекең біраз
сыр шертеді, жастар өнерін тамашалайды. Бір кезде ауылдың
алты ауызын айтып болған көпшілік қауым алыстан ат
терлетіп келген қарияның өзіне қолқа салып, қолына дом-
быра алуын өтінеді. Аздаған үнсіздіктен соң, сөз бастаған
қонақ «Қарақтарым, жас ұлғайып, қол күші де қайтып
келеді. Осы күні күй шертуден қалып барамын. Бірақ ағайын
деп аңсарым ауып келген жұртыма біраз күй толғамасам
аруақ алдында зауалым болар. Ол үшін əуелі кешкі ауамен
тыныстап, ауыл сыртындағы ақ шағылға аяқ батыра отырып,
əңгіме – дүкен құрайық та» деп ұсыныс береді. Бəрі де қария
тілегін қабыл алып, шағыл басына көтеріледі. Осы кезде
үлкендер жағы «Ереке, біз болсақ өзіңіздің «Ел сағынған»
күйіңізді тыңдасақ деп отырмыз. Өнер тиегін өз күйіңізбен
ағытсаңыз» - деген ұсыныс тастайды.
Қара домбырасын қолға алып күйге түсірген қария
айналасындағыларды көзбен шолып өтеді де «Мына отырған
Дəулеттің əкесі Шəріп марқұм арғы-бергі əңгімені көп
білетін ақыл есті адам еді. Сол кісі көзі тірісінде «Махамбет
ақын Нарынды тастап, Исатайдан айырылып, хан тепкісінен
қашып – пысып жүргенде:
Арғымақ атқа көп міндім,
Атасына нəлет буданның.
Азамат ер деп қол арттым,
Садағасы кетсін туғанның, -
─ 122 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ деп туған жер мен туғандарын сағынып, зар илеп, запыран құсыпты. Шіркін, кіндік кесіп, кір жуған ата жұртқа не жетсін» деп отыратын. Сол айтқан балалық шақты бірге өткізіп, қызық-думан кездеріңді бөліскен достар мен балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған Забурын бойы, жатып қалған тайлағы, жардай атан болған жер, жабағылы тоқтысы-қой болып, қора толған жер-Нарынға не жетсін. Бір кезде мен де жастық қызу, албырттық əсерімен бабалар жатқан жер ғой деп Маңғыстау түбегінде де бір-екі жыл болғаным бар. Бірақ жаңағы айтқан туған жерге ештеңе жетпейді екен. Өкпе-бауырым езіліп, өз жұртыма қайтып оралдым. Сол сағынышты шақтарда туған «Бозашым» еді. Бұл күйді осы күні біреулер «Ел сағынған» дейді екен. Мейлі ше, қалай десе де оқасы жоқ, түптеп келгенде, айтары сартаптанған сағыныш, туған жерге арналған толғау ғой». Ол осыны айтады да аталған күйді бастап кетеді. Оң аяғын қызыл құмға сəл тіреп, бүгіп алған Ерғали екі көзін тас жұмған күйі қара домбырасын бебеулетсін-ай кеп. Күй де төгілді, күйші де егілді. Біраздан соң Ерғалидың екі көзінен аққан жас аппақ сақалын жуып, алдына құлайды. Сөйтіп, шығарма да аяқталады. – Уһ!!! Дүние-ай! Солай шырақтарым!- деп ауыр күрсінген Ерғали қолындағы аспабын жанында отырған Жаңбырбай күйшіге ұстата сап, қалтасындағы етектей орамалымен бетін сүртеді. Бұл шындығында өзінше бір ғажап көрініс-ті. Байқасаңыз, сонда сезімі сергек, күй түсінер жандардың бəрінің бетінде өзгеріс бар еді. Біреулері жанарларына жас алса, екіншілерінің қабақтарына қайғы орнап, үшіншілері іштей буырқаныс үстінде отырды. Осынау тыныштықты бұзған Жаңбырбайдың «Жалған дүние» күйі болды. Шалғы мұртын екі жағына қайыра өсірген беденді ақсары жігіт домбыраның сағасында алақанды бипаздай қозғап, басқы екі саусақпен кербез шерт-
─ 123 ─
кенде, əуелеген асқақ үн «Өмір бар жерде ажал бар, дүние
жалған, ендеше оралыңның барында сал қиғашты» деп
тұрғандай əсер қалдырады.
Əділіне бақсақ, Жаңбырбай Ерғалидың ең бір үміт артқан
сүйікті шəкірттерінің бірі болатын. Мыңтөбе бойында
дүниеге келген ол отызыншы жылдардың басындағы нəубет
кезінде сөзге шатылып, ұсталып кетеді де, содан қайтып
елге оралмайды. Сөз ретінде Жаңбырбай əлі өз зерттеушісін
таппаған тарлан күйші. Ендеше бұл да есте болатын жəй.
Сайып келгенде, Нарын құмында Ерғали күйшіні өздеріне
ұстаз тұтқан текті домбырашылар аз емес. Солардың бірі
Ғиылман Хайрошев. Ол Есжанның Ерғалидан үлкен ұлы
Үбіштен туған Хайрош қарияның баласы, ата салтымен
айтсақ немере інісі, Ғиылман сол біз айтқан Мыңтөбе бой-
ында, Исатай ауданының Исатай стансасындағы орта мек-
тепте ұзақ жыл жас ұрпаққа ана тілі мен əдебиеті пəнінен
сабақ беріп, өңіріне «Құрмет белгісі» ордені мен «Еңбектегі
ерлігі үшін» медалін қадаған, Республика Жоғары кеңесінің
Құрмет грамотасын алған жəне Қазақстанда алғаш рет
«Халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болған танымал
жан еді. Ғилекең халық ағарту саласында көптеген жауапты
қызметтерде болған. Ол біздің заманымызда Ерғали білетін
Құрекең күйлерінің біразын бүгінгі ұрпаққа жеткізген
белгілі домбырашы. Немесе А.Жұбановтың тілімен айтсақ,
«Ғиылман тартқан Құрманғазы күйлері оған Ерғалидың
қолынан өтіп келген»
Саңлақ күйші Ғибатолла Мəсəлімовтың бағам-дауынша
ол «домбыраның дұға салар дүлдүлі».
Ғилекең 1989 жылдың жазында өзі өскен Нарын
құмының күнгей бетіндегі Исатай стансасында қайтыс бол-
ды. Біз көзі тірісінде Ғиылман ағамен əлденеше рет кездесіп,
күйін тыңдадық. Құрман баба мен Ерғали күйші жайлы
кеңінен əңгімелестік. Соның бəрінде ол өзінің күйді 9-10
жасында-ақ нағашысы, елге танылған елеулі домбырашы
Кəрім Сəденовтен үйренгендігі, келе-келе əлгі айтқан əйгілі
Жаңбырбай Бекмағамбетовтың көмегі көп болғандығын ай-
─ 124 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
тып отыратын. Бірақ Ғилекең үшін Ерғали күйдегі темір-
қазығы. Оған өзі де, өзге де шек келтірмейді.
Соңғы кездесуіміз 1988 жылдың күзінде болған еді. Онда
ол жасы 75-ке қараған, оның үстіне кейінгі мезгілде көбірек
ауырып, шау тартқан қария-тұғын. Бірақ əлі де əңгіме, əлім-
берім күйден қалмаған екен. Біз бұл жолы да аталмыш ағамен
ұзақ таңға сырласып, күй тыңдадық. Сонда байқағанымыз,
не дегенмен ол талай рет облыстық, республикалық өнер
додасына қатысып, əлденеше байқаудың лауреаты атанған
саңлақ күйші, оның үстіне Құрман бабаның алдын көрген
Ерғали сынды асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы емес пе,
саусақ күші сылбырланса да домбыра шегін бостау тастап,
бабымен қаққанда, қай шығарманы да нақышынан айырмай,
шебер орындайтын.
Бір қызығы Ғиылман ағамыз қандай күйдің тарихын
айтса да мезгіл-мезгіл осы үйдегі жеңгеміз Кəримаға қарап
алады. Өйткені Кəриманың əлі есте ұстау қабілеті мол жəне
қандай шығарманың да дүниеге келу себептерін Ғилекеңнен
кем білмейтін көрінеді. Соңғы сапарымызда ағамызға дом-
быра шалдырып отырғанда кездейсоқ жаңылып кеткен
жерлерінде ас үй жақта жүрген жеңгеміз «Əкесі «Ақжелеңге»
ауысып бара жатырсың ғой, көтеріңкіресеңші, болма-
са «Манатаның» сағасына түсіп кеттің ғой» деп дауыстап
қойып отырды. Сөйтсек Кəрима жеңгей де Ғилекең білетін
барлық күйден хабардар жəне өзі де əлім-берім тарта біледі
екен. Оның да негізі жоқ емес. Кəрима жеңгеміз осы өңірдегі
белгілі домбырашы Əлдештің Нəжімеденінің қызы еді.
Ғиылман кезінде марқұм А.Жұбановқа Құрман-ғазы мен
Ерғали жəйлі құнды мəліметтер, деректер берген екен. Бірақ
Ерғалидың көптеген күйлері жəне ол білетін Құрманғазы
шығармалары бізге жетпеген. Оның да түрлі себептері болса
керек. Біздіңше, ең бастысы – Ерекең 1918 жылы Астрахан
қазақтары арасында алғашқылардың бірі болып партияға
өтіп, ревком мүшесі, кейін өз ауданында уақыт талабына
сай біраз басшылық жұмыстар атқарды. Мұндай қызметте
балалары да болған. Əйтсе де жиырмасыншы жылдардың
─ 125 ─
аяғындағы коллективтендіру кезінде оның осындай еңбегін
ескерместен өзін жекеге жатқызып, қолындағы таңдайға
татқан сауындық бір-екі сиыр, оншақты қой-ешкісін сы-
пырып алған партиясына ренжіп, қолын бір-ақ сілтейді де
қалған өмірінде ештеңеге араласпайды. Шақырған Алматы-
сына да бармайды. Өзі білетін ұлы ұстазының 60-тан астам
күйін де көп үйретпейді, шығарған шығармасын да айтпай-
ды. Сөйтіп, бұл өмірден баз кешіп, құдайынан өлім тілеп
жата береді. Мұны бізге Ғиылман ағамыздың өзі айтқан.
Əйтсе де Ғилекең Ерекең репертуарындағы шығарма-
лардың біразын білетін. Соған сай ол өзі үйренген
Құрманғазы күйлерін нотаға түсіруге көмектесіп, олардың
шығу тарихынан əңгімелер қозғаған. Ал 1958 жылы тікелей
Ахаңның шақыруымен Алматыда болып, Қазақ радиосының
дыбыс жазу қорына алғаш рет күй атасының «Назым»,
«Айда бұлбұл, Айжан-ай», «Бұлбұлдың құрғыры», «Арба
соққан», «Маната» сынды он бір шығармасын жəне
Ерғалидың «Қоштасу», «Маңғыстау» «Ел сағынған» («Боза-
шы») күйлерін жаздырған. Академик ғалыммен өл-өлгенше
хат жазысып, хабарласып тұрған. Соның бірінде Ахаң
«Шіркін, тіршіліктің ит мініп, ирек қамшылаған күйбеңі
таусылмайды-ақ. Байқасам, əлі де атаққа сай жұмыс істеп
жатқан мен жоқ, керек десеңіз осы күнге дейін Құрманғазыны
түбегейлі зерттеп бітуге мұрындық бола алмай келеміз. Ен-
деше, сіз де осы жұмысқа атсалыссаңыз екен» деп жазыпты.
Шындығында, қандай есті, бəтуалы сөз еді. Осы күнге дейін
күйші Құрманғазының өнер əлемі туралы Ахаңнан басқа
ешкім дендеп барып, ендеп бойлаған жоқ. Көбі жұлып-
тартып, қосалқы тақырып ретінде жартысы жалған, жарыту-
сыз дүниелер туғызғанға мəз болады. Асылы біз Құрекеңді
əлі дұрыс тани алмай жүрген сияқтымыз.
─ 126 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
СЕЙТЕК
«Сейтек Оразалыұлы (1861, қазіргі Батыс Қазақстан
облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Саралжын ауы-
лы-20.05.1933, Астрахан облысы, Харабайлы ауданы, Ки-
ров ауылы) күйші, композитор. Шығармаларының негізгі
тақырыбы- халықтың тұрмыс-тіршілігі, өзі өмір сүрген
ортаның əлеуметтік теңсіздігі, озбырлығы.
1923ж. Мəскеуде өткен Бүкілодақтық ауыл
шаруашылығы көрмесіне қатысып, өнер көрсетеді.
Оның шығармалары терең мазмұндылығы, түрлі дыбыс
өрнектеріменен ерекшеленеді»
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, 7т. 633-634 б.
Қай кезеңде де нағыз ұлы дүниелерді заман, уақыт
туғызады. Оның да өз теперіші, қиыны мен қуанышы
əкеледі. Сонау бір бала кезімізде əр үйдің төрінде жарға
жабысып тұратын қара қалпақ не терезе алдындағы қызыл
қорапты шағын радио анда-санда концерт берсе «Сейтектің
күйі «Заман-ай», орындайтын Қали Жантілеуов» деп хабар-
лайтын да, содан соң күңіренген қоңыр үн гөй-гөйге басып,
бебеулеп ала жөнелетін. Сонда өз басым күй əуенінен өзінше
бір «Сейтектің күйі «Заман-ай!», «Сейтектің күйі «Заман-
ай!» деген ащы запыранды үн еститін сияқтанатынмын. Əлгі
үн əлі күнге құлағымда, жандауа жүрегімде жатталып тұр.
Шіркін, Сейтек! Сөйтсек, ұлы күйшінің өндір шағының бəрі
түгел дерлік айдауда, қуғын-сүргінде өткен екен ғой...
Бірде маған «Қостанай қаласының тұрғынымын, бірақ
атакүлдігім Атырау, өскен жерім Астрахан маңы. Аты-жөнім
Болат Баймұханов. Қазір сіздердің қалаларыңызда тұрмын» –
деп бір қария телефон шалды. Содан соң өзінің кейбір шару-
алар төңірегінде менімен кездескісі келетінін айтты.
─ 127 ─
Əрине, бұйымтайы болмаса, жайдан-жай хабарласпай-
тыны белгілі. Ақыры жұмысы бар-дағы деп мен де əлгі жан-
ды тоқтаған жеріне іздеп бардым. Сөйтсем, 70-тен асып,
жасамыс тартқан Болат аға өмір бойы балық өнеркəсібі,
өзен қатынасы мекемелерінде еңбек етіп, зейнеткер атанған
нағыз су сүлеймені екен. Аздап орысқолдау демесең, туған
өлкесінің арғы-бергі тарихын жақсы біледі. Əкесі Құмар
ХХ ғасыр басынан 30-жылдарға шейін Теңіз ауданында
мемлекеттік жер қорықшысы қызметін атқарған. Бірақ сол
жылдарғы «ұрты өскен» байды тəркілеу, «оқығанға» келген
нəубетте ел асып, Астраханның арғы мүйісіне тығылып, жан
баққан көрінеді.
Осыларды тілге тиек еткен Болат аға «Інім, сен Сейтек
деген күйшіні естігенің бар ма?» дегені.
– Бар! – деймін мен.
– Ал ол жəйлі Ахмет ағаңның жазғанынан хабардарсың ба?
– Тіптен хабардармын!- дейін.
– Онда Сейтек Сахалин түрмесінен неше адам болып
қашады?
– Екі адам. Бірі – Сейтек. Екіншісі – Василий есімді алып
орыс.
– Шындығында екеу емес, үшеу. Біреуі əлгі айтқан орысың,
екеуі қазақ. «Орысты алға салып, соның көлеңкесінде
қалтаңдаған қазақ азар адам болды» деген кеңес дəуіріндегі
шовинистік саясатпен қазақтың санын азайтып, екеу еткен
Ахаң ғой.
– Қойыңызшы! Үшеу болғанын қайдан оқыдыңыз?
– Оқыған жоқпын, əкемнен естідім. Біздің немере ағамыз
Тапал Меңдəліұлы ХІХ ғасырдың аяғында ескі Жанбайда
орысқа жүріп, балық аулайды. Қожайыны 5-10 емес, жүздеген
адам жалдайтын үлкен батағаға ие көрінеді. Аулаған өнімді
тонналап өңдейді де Астрахань, Рязань, Нижний Новгород
сынды үлкен қалаларға баржалар арқылы жөнелтеді екен.
Соған сай түсер табыс көлемі де қомақты. Бірақ ол еңбек ақы
төлеу жағына келгенде қолы ашылмайтын нағыз сараңның
өзі болса керек. Оның үстіне жұмысшыларды тəулігіне 14-
─ 128 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
16 сағаттап жұмсайды. Міне, осы қылығына наразылық
білдірген балықшылар қайта-қайта алдынан өтіп, ескер-
ту жасайды. Əйтседе оны құлақ асқан қожайын жоқ, қайта
қылығы күшейе түседі. Ақыры ыза-кегі қайнаған жұмысшы-
балықшылар əлгінің басын алады. Оны ұйымдастырып,
жүзеге асырған біздің ағамыз Тапал Меңдəліұлы болса керек.
Сол үшін бəленбай жыл бас бостандығынан айырып, Сібірге
айдайды. Осы кезде тағдыр айдап Красноярск өлкесіндегі
Шушенскіде (1897-1900ж.ж.) саяси тұтқын ретінде отырған
В.И.Ленинмен де дəмдес, тағдырлас болуға тура келеді.
Бірақ кейін бұларды тағы да бөліп-бөліп жіберді. Міне, сол
шақта Сахалин аралында қандасы Сейтек Оразалиевпен
табысады. Мұның соңы аралдағы дүрбелеңге орай қашып
шығып, елге қайтуға себепкер болады ғой.
Кейін елге оралған соң ауылдастары оның бұл сөзіне
көпке дейін сеніңкіремей, күдік келтіреді. Əйтсе де Тапал
қария басқасы басқа, өз ағайын-туыстары, ұрпақтарының
алдында өтірікші болмайын деп өлер алдында інісі Құмарға
«Бауырым, менің ұзақ уақыт айдауда жүргенім өз алдына,
сол кезде кіммен дəмдес, сырлас, жолдас болғанымды білсін,
тіпті кейбіріне ұрпақтарым шүбə келтірмес үшін қазірде Ха-
рабайлы жақта жүрген түрмелес досым, атақты күйші Сейтек
Оразалиевпен кездесіп, мүмкіндік болса ауылға шақырып,
əлгі айтқандарға əбден көз жеткізгейсіңдер жəне солай
болғаны дұрыс.Сонда менің арым тазарады, бақилықта ты-
ныш ұйықтаймын» десе керек.
Кейін Тапал дүниеден өтеді. Ағаларының əр ісі, сөзін
сағынышпен еске алған бала, бауырлары оның Сібір са-
парын нақтылау ниетінде жолға шығады. Сейтекпен
кездеседі. Сонда ол көзіне жас алып тұрып «Бəрі рас,
оның Шушенскіде пролетариат көсемі В.И.Ленинмен
бір түрмеде отырғаны да, менімен бірге Сахалиннен
қашып шыққаны, алты ай бойы арып-ашып, туған ауылға
оралғанымыз да айна қатесіз шындық. Шығыс ормандары
ішінде қасымыздағы жалғыз орыс Василийдің жазатайым
өлгені де рас. Ал біз болсақ, аттың жалы, атанның қомында
─ 129 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР өскен қазақ емеспіз бе, орманда құрға тұзақ құрдық, қарға, бақа етін жедік, жаңғақ шағып жан сақтадық. Ақыры ауылымызға да жеттік қой. Тапал өтірік пен озбырлыққа жаны қас, тек əділдікке бола, аңқылдап өмір сүретін ақжелең жан еді депті» деседі. Əлқисса, бұл күнде сүйегі қурап қалған қариялар сөзіне күмəн келтірудің еш реті жоқ, мүмкін бұл айтылғандардың біразы шындық та шығар. Қалай дегенде де айтылған сөз – атылған оқ. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды емес пе? Ендеше мұны да қаперге ала отырайық. Тағы бірде мен белгілі күйші, талай шəкірт тəрбиелеген қадірменді ұстаз жəне өзі бөкейлік күйшілердің біразын білетін Маржан Зинеловадан естіген тас ашуда «Сейтектің бір тартары» деген сəуегейлік болжам туралы əңгіме қозғағанымда ауылдас ұлт жанды ағамыз Есенбек Қарабалаев «Тас ашудағы «Сейтектің бір тартарын» қайдам, сапарға шығар алдында сіріңкені тұтатып, жалғыз-ақ шырпымен болашағын болжайтын сенімін естуім бар» деп еді. Əңгіме түсінікті болу үшін басынан бастайық. Тегінде Сейтек тəңірден болатын белгілі бір күшке сенетін, наным жетегінде өмір сүруші жан болса керек. Бір қарағанда бұл жалғыз Сейтек күйші емес, сол кезгі, тіпті қазіргі адамдардың көбіне тəн қасиет екені белгілі. Енді əлгі айтқан Сейтектің бір тартарына көшсек, Нарында дəл осындай сөз – турасы түсінік бар.Шындығында оны болашаққа болжам, үміт не жору десе де болар. Оны көне көз қариялар күні кешеге дейін қаперге алып, пайдаланып та келді. Мəнісі мынадай. Əлдебір адам көбіне-көп өзі ойлаған мақсатының орындалуына көз жеткізу мақсатында қолына сіріңке алады да, тұтатады. Содан соң əлгі тұтанған талдың басын жоғары қаратқан күйі ұстап тұрады. Маздап жанған талдың басы қисаймаса, яғни күйген шырпы тік тұрып қалса, жолдың болғаны. Ал енді өртенген бас бір жағына майысса, онда іс оңбайды. Мұнда, мəселен, жолға жиналған жолаушы сапарын доғарып, ойға алған ісінің орындалмайтынына
─ 130 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
көзін жеткізеді. Мүмкін болған жағдайда əлгі шаруаға орай
басқалай шарасын алып, өзгеше қам жасағаны дұрыс.
Мұны елде «Сейтектің бір тартары» дейді. Ал неге «бір
тартары» дейді дегенге, сіріңкені қайта-қайта тұтатып маза-
ланбайды, бар-жоғы жалғыз-ақ талмен болжам жасалынып
үлгеріледі. Тас ашудағы бір тартардың да мəнісі осы тектес
болса керек. Сыған əйелдердің болжамындай «Иə, құдайым,
жолын бер.Жолын берсең, оңын бердің», керімен бір-ақ ша-
шады да, бəтуалы сөзін сол бойда жайып салады.
Міне, кезінде бұл əдістерді ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ
ғасырдың басында Нарын бойында ғұмыр кешкен дəулескер
күйші, дарынды орындаушы Сейтек Оразалиев (1861-1933)
жиі пайдаланады екен.
Ендеше сол тағдыр айдап Сібірдің дəмін бір емес, екі рет
татып, табаны басқан, өмірде де, өнерде де өзгеге ұқсамайтын
өз қолтаңбасы, əдебі мен əдеті бар Сейтек қайда туды, өсті?
Күй өнеріндегі ерекшеліктері қандай? Енді осылар жəйлі аз-
мұз əңгіме жасай кеткен жөн сияқты.
Алдымен
айтарымыз,
Сейтек
жөніндегі
алғашқы
деректерді А.В.Затаевичтің «Қазақтың 1000 əн-күйінен»
кездестіреміз.
Кейіннен
академик
А.Жұбанов
өзінің
«Ғасырлар пернесінде» арнайы əңгіме жасайды. Əрине, оған
оңды деректерді жеткізген, жалпы Сейтек туралы алғашқы
мəліметті Алматы сынды үлкен ортаға алып барған оның
шəкірті Смағұл Көшекбаев болатын. Кейін ол ұстазының
«Ортпа» күйі негізінде сахналық шығарма жазу негізінде
біраз еңбектенді де либреттасының алғашқы нұсқасын
1940 жылдың қарашасында Алматыда Қазақ ССР-інің 20
жылдығы құрметіне сахнаға шығарды. Бірақ автордың
болашақ үлкен ойын кенеттен басталған Ұлы Отан соғысы
аяғына дейін жеткізбеді, өзі қан майданда жеңіс сағаттары
жақындаған тұста ерлікпен қаза тапты.
Л.Хамиди мен С.Шабельский «Сейтек» атты бір
актілі музыкалық пьеса жазды. Көрнекті жазушы Тəкен
Əлімқұловтың «Сейтек сарыны» есімді көлемді əдеби ту-
ындысы (повесть) дүниеге келді. Өнер танушы Тымат
─ 131 ─
Мерғалиев күйші өмірі мен шығармашылығын «Домбы-
ра сазы», «Жаңа дəуір жыршысы» деп аталатын зерттеу
еңбектеріне арқау етті. Басқа да өнер иелері мен ғалымдар
бұл тақырыпта аз əңгіме жасаған жоқ. Міне, солардан түйер
ойдың бір парасы мына сынды.
Сейтектің атакүлдігі Ордадан тым алыс емес, бір жағы мал
жайылымына қолайлы қоңырлық, екінші шеті сол өңірдегі
алғашқы өндіріс ошағы – Басқұншақ тұз көлі, терістігі
жəрмеңкесі мен базары арылмаған Хан базарына жақын,
кешегі кеңес тұсындағы «Балқұдық» кеңшарына қатысты,
бірақ «Сүйіндіктің» солтүстігіндегі 20-ақ шақырым жер. Ол
мекен əлі күнге «Сейтек қыстауы» деп аталады. Күйшінің
арғы аталары бір басына жетерлік мал-мүлік, дəулеті бар
əлді тұқым. Соның соңғысы Байшора болса керек.
Дегенмен қазіргідей қорасында пішені сіресіп, аузы-
мұрны тұтас бітелген ауласының есігінен ғана буы
бұрқыраған шаруа жоқ, түлігі жейтінін жерден жұлып,
ықтасыны ауыл маңындағы қалың қопа болған кезеңнің
дəулеті де бір жұттық емес пе, əлдебір қатты қыста басқалар
сынды Байшораның да бар малы қырылып, қу құрығын
ұстап қалады. Сөйтіп ол енді өз малының амандығы емес,
өзге байдың тілеуін тілейтін дəрежеге жетеді. Баласы Ора-
залы бөтен байдың жалшысы атанып, одан өрген Шолақ
(Сұлтанғали), Сейтек (Сейітқали), Мəнкей (Нұрғали) сол
кəсіпті одан əрі жалғастырады.
«Қырсық қырық ағайынды», Сейтек бес жасқа келген-
де əкесі өліп, оның бұдан былайғы қамқоршысы анасы –
Бəтима, ағасы – Шолақ атанады.
Сейтек жастайынан бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын,
артық сөзге жоқ, нақты істің адамы болып өседі. Оған се-
беп анасының бұл іште жүргенде қасқырдың жүрегіне жерік
болып, оны Ноғайбай мен Батырбектегі (жер аттары) аңшы
қайныларына хабарласу арқылы құмарынан шыққан деген
де аңыз бар. Қалай десек те бұл сөздің де болашақ күйші
тұлғасын өсірмесе аласартпайтыны белгілі.
Сейтектің домбыраға, күйге деген əуестігі тым ерте баста-
─ 132 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
лады. Жасы 9-10-ға келгенде ол «Күйші бала» атанып, есімі
елге танымал болады. Бірде ол өз өнерін нағашысы Дəулетияр
əулетіне көрсету ниетінде жолға шығады. Ал Дəулетияр бол-
са, өз қатарында дəулет жағынан жаңбырлығы жабыңқы,
қараша үйінен қаймақты шəй, жылт еткен жылан көз майлы
көжесі арылмаған əжептəуір күйі бар шаңырақ болса керек.
Соған сай жиен келді деп бір марқасын аударып, көрші-
көлемді түгел шақырып, қонақ етеді. Қоналқаға күй шалды-
рып, жиенінің қолын қарайды. Күй танитын көнекөздердің
айтуынша, баланың бағыты жақсы. Асығып, аптықпайды,
Құрманғазының дауылды, жүрдек күйлеріне құлқы шамалы.
Дəулеткерейдің сезімге толы үзіліп, талықсыған лирикала-
рына да көп бара бермейді. Бірақ төкпе күйдің табиғатынан
ауытқымай, оған өз өрнегін енгізуге тырысқан көңіл күй
əуендері баршылық жəне əр шығарманы орындағанда белгілі
бір ойды түйіп-түйіп тастағанды ұнатады. Бірақ одан туын-
ды тұтастығы үзілмейді, қайта сабақтасып, қайрымдағы
негізгі тақырыпты мезгіл-мезгіл ойға оралтады, буын арала-
рын үзбестен жалғап отырады. Бұл оның келешекте өз бетін,
тарту үлгісін танытатын ерекшеліктері еді.
Міне, неше дүлділді алдарынан өткізіп, саусағын са-
ралап, қабілетін даралаған дала сарапшыларының бағасы
осындай. Бұған төбесі көкке жеткен Дəулетияр «Өмір жетсе
арғымақтай ауыздықпен алысып алға да шығарсың, сонда
мен саған астыңа пырақ мінгізіп, қабырғаңа қанат байлай-
мын. Қолыңа күміс қамшы ұстатып, иығыңа зерлі шапан
кигіземін. Бірақ дала кемесі – дара төресі ойсылқарадай ой-
шыл, аздаған даңққа алып ұшпайтын, арындап жұлдызша
ақпайтын ақботадай сүйікті, сүйекті сұлу ұл боп өскеніңді
қалаймын. Туған үйіңе тұлымшағың желпілдеп жаяу қайтпа,
«Жиен алғанға тоймайды, нағашы бергенін қоймайды» де-
ген бар. Тоғыздағы ұлға толымды сыйым осы болды. Бұл
жиендігің үшін емес, желі бар қолыңның сыйы деп астына
ақ тайлақ мінгізіп, ауылына қайтарады.
«Балалығыңды сағынсаң нағашыңа бар» деген емес пе,
есін білгелі екі аяқтан басқаның қайырын көрмеген бала
─ 133 ─
Сейтек ақ тайлаққа тақым артып, асып, тасып, əн салып,
ауылға қайтса, орта жолда əлде бір төрт атты жолаушы
тап болып, жас баланы ортаға алады. Əңгімесі «Мынан-
дай мұрындығы келіскен, шудасынан жел ескен əп-əдемі ақ
тайлақты желдіртіп, жүрісіңді өндіртіп, қайдан келе жатқан
баласың. Барар жерің, басар тауың – қай бағыт, өкше ізіңде
кім жатыр» болып келеді.
Ойында өзге ниет, бөтен қылығы жоқ қайран Сейтек сол
арада бар сырын ашып салады: «Осы төңіректегі Оразалы
марқұмның екінші ұлы. Нағашыларына сəлем бере барған
еді, енді міне қайтіп келеді. Бəсіреге берген боз тайлақ
өнердегі өндір сыйы».
Іздегенге сұраған. Осы кезде сол төңіректегі Сарыбай деген
əлдебір əлдінің ұлы «Сенің əкең кезінде біздің үйден бір қысқа
міне тұруға деп атымызды алып, ажал таптырған. Ақырында
əкең өліп, мал да жоқ, майы да жоқ, ізін таппай дал болдық.
Мынау соның өтеуі» деп шырылдатып, тайлағынан аударады
да, қыр асып, кете барады. Жəй кетпейді, тайлағына жармасып,
тайталасқан Сейтекті қамшының астына алып, жонынан таспа
тіледі. Жазығы жоқ жас бала өкпесі өскен өпірем ағаларына
ақалайды, көкелейді. Мұңын айтып, шағынады, жалынады.
Бірақ құлақ асқан олар жоқ. Ақыры табанын тасқа тілгізіп, дой-
ыр өткен ауыр денесін азар алып, ауылына жаяу қайтады.
Сөйтіп, күндер өтеді, жылдар жылжиды. Жаяулап жүрсе
де жанынан домбырасын тастамайды. Хан базарындағы
(Ордадағы) жылына екі рет өтетін жəрмеңкелерден
қалмай өнер көрсетеді.Сол кезгі аты шыққан Құрманғазы,
Дəулеткерей, Əлікей, Макар, Салауаткерей, Тұрып сынды
талай күйшілермен кездесіп, бағын сынайды, бағасын ала-
ды. Уақыт өте өзі де күй шығарады.
Бірақ Сейтектің тоғыз жасында сүйегіне түскен сұмдық
таңба жүрегіндегі өз отын əлі де өшірген жоқ еді. Өнерін
өлтірмей келе жатса, сол өнер арқылы жеткен алғашқы
байрақ мұның жан дүниесіндегі занталы жараны уақыт өтсе
де жаза алмаған. Қайта мезгіл озған сайын сол кекті Сары-
байдан қалай аламын деумен əлек-ті.
─ 134 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Бірде Хан базарындағы кезекті жəрмеңкеден жаны жа-
дырап, шабыты өсіп келе жатса, əлгі Сарыбайдың арқа
сүйер дүрдей əкімі Арыслангерейдің сүттей төгілген ай
астында жылқысы жусап, үйездеп тұрғанға ұқсайды. «Ым-
жымы бір төре-төленгіттің ындыны да ажырамайды.Ақ
тайлақтың арызын талай айтып барғанда, ең болмаса жетім
баланың жер болған кеудесін бір көтерейінші деп ойлаған
еш түрің жоқ сен емес пе едің. Ендеше сол тайлақтың құны
ендігі екі биеден артып жығылмаса кем түспейтін шығар,
нар тəуекел!» деп үйірден қос аналықты бөліп ап, қуған
күйі кете барады. Үйіне əкеп «Мынау менің жəрмеңкеден
оралғандағы базарлығым» деп көрші – қолаңға əлгі биелерді
қылдай қиянатсыз қақ бөліп, үлестіріп береді.
Қашан да бөтен малдың күдігі, жоғалған жылқының
іздеушісі бар. Ол біреуден біреуге жетіп, ақыры Арыслан-
герей де бұл «мырзалықтан» хабардар болады. Оның үстіне
қай заманда да күштінің асты диірмен тартады. Ақыры Сей-
тек бұл ісі үшін Орда түрмесіне қамалады. Əйтсе де бұған
жасып, тауы қайтқан ол жоқ. Қапасты үйден құтылған бойда
əлділерден өш алуын одан əрі жалғастырады. «Жəдікбайда
құн, Тұрланда тыным жоқ» демекші, Сейтек жылқы қуып
кетуін, «күштілер» соттауын қоймайды. Күйші өзі өмір
сүрген 72 жылдық ғұмырының алғашқы қырық жылдай-
ын Орда, Астрахан, Бутырка (Мəскеу) түрмелерін былай
қойғанда, Үркіт пен Сахалинге екі рет айдалып, ақыры 1905
жылдың қаңтарында орыстың «бақытсыздық бақытқа баста-
ды» деген мақалы сынды «бостандыққа» шықты.
Оған себеп – сол 1905 жылғы орыс-жапон соғысы . Аяқ
астынан алыстағы арал – Сахалинде соғыс басталып, күн
шығыс елінің құмырсқадай қаптаған əскерінің зеңбіректер
добы бұлар отырған түрме дуалдарын да қиратып үлгерді.
Қарауылдар
шетінеп,
қабырғалар
қирады.
Тұтқын
қадағаламақ түгел, түске дейінгі тірліктің өзі көздерінен
бұлбұл ұшқан надзирательдер жан-жаққа қашты. Сол жан
баққандар ішінде Сахалинде сартаптанған 63 тұтқын да бар
еді. Жау оғы солардың біразын жусатып тастады. Ілкідегі
─ 135 ─
тірі қалғандары 16-ақ болатын. Оларға да оқ жаудырылды.
Ендігі тірлікті бір құдайдың өзі біледі. Сау қалғаны екі-үшеу.
Олар Василий, Сейтек пен Тапал (Бірақ ол бұған дейінгі
Сейтекті зерттеушілер еңбектерінде айтылмайды.Ө.Ə)
Тірі қалған үшеу əлгіндей қиян-кескі ұрыста азар-алла-
мен жан сауғалап, сал байлаған күйі нар тəуекелмен ұшы-
қиырсыз көк мұхиттың бетіне шығады. «Өлмегенге өлі
балық жолығады» емес пе, он бес күн бойы өр толқындармен
алысқан үшеу ас-сусыз жылжи отырып əйтеуір бір құрлыққа
табан тірейді ғой. Бұдан арғы күйлері белгілі, əр бұтаны
қалқа ғып, ит мұрыны өтпейтін ормандарды сүзіп өтіп, туған
жерге бет түзейді.
Жазушы Тəкен Əлімқұловтың жазуы бойынша («Сей-
тек сарыны») ол осы сапарында Сарыарқаны басып өтіп,
Атбасардың үстімен жаяу – жалпылаған күйі алты айда
ата жұрты бөкейлікке маңдай тірейді. Бірақ мұнда да оны
көкелеп, құшақ жая күткен ағайын, болмаса би, болыс
жоқ еді. Баяғы ескі жараның бетін тырнау, тағы да қуғын-
сүргін.Соған сай ол енді Нарын бойы, Орда бетке көп бет-
темей Астрахан жақ, Қалмақ даласында жүреді. Бəйбек ау-
ылы, Қараөзек жерін мекендейді. Қазан төңкерісінен кейін
қоғамдағы өзгерістерге сай Бөкей ордасындағы түрлі саяси-
мəдени қызметтерге араласады. 1923 жылы Мəскеуде өткен
Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып,
өнер көрсетеді. 1927 жылы Сейтектің кіші ұлы Астрахан
облысының Краснояр селосында жұмысқа орналасып, бəрі
отбасымен осы жаққа көшеді. Арада төрт жыл өткенде
үлкен ұлы Қайыр қайтыс болып, Есқайыр жұмыс ауысты-
рып, Ахтубаға барады. Сейтек осы кезде тұңғышынан
қалған үш перзент Батырқайыр мен Мұхамбетқали, Уа-
силаны Қаракөлдегі нағашыларына апарып, біраз уақыт
немерелерінің қасында болады. Мұхамбетқалиды ілестіріп,
ел аралап күй тартады, көп құрметіне бөленеді.
Бірақ тəңір оған бұдан əрі өмір сүру мүмкіндігін бермеді.
Сейтек зайыбы Зəбира дүние салған соң артынша бір апта-
дан соң өзі де Хошеутов селосының оңтүстігіндегі Ахту-
─ 136 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
ба ауылында 1933 жылдың 20 шілдесінде безгек ауруынан
қайтыс болады. Қазірде бейіті сонда. 1977 жылдың 10 ма-
мырында РСФСР-дің Харабайлы ауданы басшылығы күйші
басына ескерткіш қойды.
Сейтек Оразалиев қазақ өнерінде төкпе күйдің негізін
салушылардың бірі. Бөкейліктегі атақты күйші Макар
Тайжановтың (1845-1921) шəкірті. Ол Дəулеткерейден
сабақ алған соңғы оқушының бірі болатын. Қол танып, күй
түсінетін қас шеберлер ол жəйлі «Құлақ күйді бос бұрап,
өте жəй, баппен, сазды орындайтын Макар қағысын көп
күйші ала алмайтын өзіндік орындаушы. Ол өзі жанынан
күй шығармаған. Бірақ өзіне дейінгілер шығармаларын өте
шебер орындайтын» деп отырады.
Бір қарағанда Сейтек туындыларында туған халқы күй
өнерінің ғажайып қолтаңбаларымен қатар орыс пен қалмақ,
түркімен саздарының өрнегі кеңінен байқалады. Бұл оның
аталған халықтар əуендерімен де жақсы таныстығын
байқатса керек. Керек десеңіз, түркімен əуендерінде
қолданатын бас пернені қазақ домбырасына енгізген де осы
Сейтек күйші. Оны бұл күнде музыка мамандары «Сейтек
перне» деп атайды.
Басқа халық композиторлары сынды Сейтек күйлерінің
де тақырыбы кең. Азаттық пен теңдік, еркіндікті аңсаған
өр үнді, жігерлі күйлері – «Айдау», «Арман», «Арпалыс»,
«Заман-ай» сол қапасты қамал, темір торлы терезенің
ар жағында отырғанда шығарылса, «Жоқтау», «Ғазез»,
«Түңілдім» деп аталатын мұң мен зар, ішкі жан дүниенің ар-
палысын білдіретін туындылары «Уһ, Алла!» деп түрмеден
босап, жеттім бе деп туған үйге оралғанда баяғыдай
«Құлыным!» деп қарсы алатын анасы, құлдыраңдап алды-
нан шауып шығар сүйікті ұлы (Ғазез) не ылғи да сүйенішім
деп жүретін қарындасының бірі жоқ, қаңырап қалған қу
шаңырақтың босағасына бас сүйеп тұрып шығарған рекви-
ум күйлер деп есептеледі.
Сондай-ақ туған еліндегі 1916-17 жылдардағы ұлы
дүрбелеңді халық композиторы салқынқанды салғырт күйде
─ 137 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР қарсы алмайды. Өйткені ол туған Бөкей Ордасы бұл кезде аталған іс-қимылдардың нақ ортасына айналған еді. Петроградтан соққан орыс күзінің саяси үскірік желі Бөкей Ордасының қарағайлы қалың орманын тітіркентті, қазақ даласына бірінші болып жетті. Сейтек сол ұлы дүрбелеңнің ішінде жүрді. «Он алтыншы жыл», «Он жетінші жыл», «Сексен ер» деп аталатын халық қасіреті мен уақыт дүрбелеңін білдіретін тың туындылар шығарды. Көңіл күй, сезім əуендерін білдіретін «Ақ Еділ», «Бұлбүл Айша», «Шəрипа», «Жантаза», «Қарашаш», «Балқаймақ», «Бесқыз» деп аталатын күйлері де бар. Бұлардың қайқайсысы да өзіне дейінгі халық композиторларының ешқайсысына ұқсамайды. Аса арындап - өрлікті, жанға майда сезімді егіле толғамайды. Музыка зерттеушілерінің бағамдауынша оның шығармаларында күй формасын дамытқан өзгеше жаңалықтар бар. Күйлері бірнеше бөлімдерден құралып, түрлі комбинацияларда қайталанып отырылады. Буындары бір-бірімен жіктесіп, сабақтасып жатады. Бар болмысы лирикаға толы оның күйлерінің отызға жуығы нотаға түсіріліп, қайта өңделді. Кейбірі Қазақстан композиторларының ірі шығармаларына (Ғ.Жұбанова, «Батырлық») алтын арқау, күміс желі болып тартылды. Сейтек күйлерін біздің заманымызға жеткізгендер қатарында жоғарыда айтқанымыздай, оның шəкірті Смағұл Көшекбаев пен оның (Сейтек) туған жиені Фазыл Сұлтанов болатын. Ғалым, өнер зерттеуші Мұстафа Ысмағұлов, күйші Мұхит Битеновтердің де үлестері мол. Сондай-ақ Сейтектің өз ұлы Есқайыр Сейтекұлы (1893-1968) əке мұрасын біздің дəуірімізге жеткізуге көп еңбек етті. Профессор Тымат Мерғалиев күйші өмірі мен шығармашылығын зерттеген «Жаңа дəуір жыршысы» (Алматы, «Ғылым», 1980) атты үлкен ғылыми дүние жазды. Сондай-ақ 2005 жылы Ақтөбе қаласында дүние салған жиені Меңдігерейдің де бізге біраз дерек бергенін айта кетуіміз керек. Сайып келгенде Сейтек өмірі күрделі. Қашан да туын-
─ 138 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
дыгер табиғаты оның төл шығармаларында көрініс береді.
Ендеше еш уақыт арындап, аптықпайтын, не өлердей
қуанып, жанын үгіп, езілмейтін, ұдайы кеудесінен
салқынқанды салқар сезімі себелеп тұратын Сейтек
күйлері өзіндік өрнегі, табиғатының сонылығымен
ерекшеленеді. Онда пенденің тағдырға жазған ауыр
теперіші, өз заманына сай сұлу үн, сұрқайы сурет, өрелі
өрнек бар. Оны бір сөзбен күйші талайындағы уақыт
айшықтары, өмір өткелдері десе де болар.
─ 139 ─
ҮЗІЛГЕН ІШЕК
«Мұқатов Сабыр, Тесік тамақ
(1907, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауда-
ны, Шалқар (26-ншы) ауылы-1978, Казталов ауданы,
Талдықұдық ауылы)- əнші, күйші. Тамағы жас кезінде
тесіліп, мүгедек болып қалған. Белгілі Сейтек күйшінің
шəкірті. Көзі тірісінде оның «Мейрам», « Шат-
ты көңіл» атты күйлері қазақ радиосы үнтаспасына
жазылған. Сабыр өмірінің отыз жылға жуығын Ресейдің
Астрахан облысында өткізген.»
Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы, 400 б.
Төкпе күйдің Отаны - Нарын бойы күйшілері тура-
лы айтқанда сонау Ұзақ бастап, Құрманғазы қостап, шырқау
биікке көтерілген өрен өнердің кеше-бүгінгі майталманда-
ры еске оралады. Осы арада атам қазақта «Алтын шыққан
жерді белден қаз» деген жақсы сөз бар. Соған бағып, не
нəрсені де өзінің түп-төркіні, қоздаған қоламтасы, сөнбеген
отынан іздеу керек екен ғой. Мəселен, Құрманғазыға күй
үйреткен Жайықтың қазақ бетінен келген, əйгілі Боғда
күйшінің шəкірті Ұзақ болса, ол Бөкей Ордасындағы
Исатай-Махамбет
бастаған
ұлт-азаттық
көтерілістің
салқынынан басына тыныштық іздеп өзінің кіндік қаны
тамған Қаратөбе-Қалдығайтысына қайтып кетті. Қас өнерді
қастерлеген Құрекең өмір бойы соңына қалжауыр байлап,
басына бақыт, айналасына шындық, еліне теңдік тілеп, туған
топырағында қалды. Соны күйіне арқау, өміріне өзек қып,
соңғы демі біткенше жырлап өтті. Бірақ өнерде ондай шəкірт
тəрбиелеген ұстаз жоқ шығар. Қайда барса да бағы ма,
əлде байламы-жанына жүрегінің оты, саусағының желі бар
желкілдеген жастарды ілестіріп жүрді. Ұшам дегенге қанат,
─ 140 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ жанам дегенге от берді, үйретті. Ақыры ол туған Жиделінің төңірегі толған күйші, домбырашы-дарын болып шыға келді. Қыр мен ойда күй еседі, əуелеп əуен шалқиды. Саз самалы бір толастамайды. Ал күйшілер ше, саусақ бүгіп, санап көріңізші, шығысында дүлдүл Дина, ерен шабытты Ерғали мен Жаңбырбай, түстігінде Соқыр Есжан мен Түркеш, батысында Сейтек, арқасында Дəулеткерей мен Салауаткерей, тағысын тағылар. Əрине, бұл арада бір туған Дəулеткерей мен Салауаткерейді Құрекеңнің шəкірттері деуге ауыз бармас, бірақ заманы бір заңғар күйшілер екені əлімсақтан белгілі. Міне, осындай Құрманғазы өскен ортада орны бөлек өзгеше дарын, тамаша домбырашы, керемет орындаушы, тіпті əншілігі де бар Сабыр Мұқатов туралы аз-мұз əңгіме қозғау орынды сияқты. Өткені ол аталған аймақта өткен ғасырдың 40-50 жылында, яғни 1920-1975 жылдар аралығында Құрманғазы дəстүрін жалғастырған жауһар күйшілердің бірі болды. Кешелі-бүгінгі домбыра дарабоздары Шамғон Қажығалиев, Əзидолла Есқалиев, Бақыт Қарабалина, Сұлтанғали Лұқпановтар содан сабақ алды. Ол жайлы жоғарыда атаған Шамғон ағамыздың өзі: «Денсаулығына байланысты Алматыға шақырылмай қалған ғой. Мен ол кісінің домбырашылығын Оқаптармен қатар, тіпті кейде жоғары да қоямын. Əлі күнге көз алдымда, домбыра үні құлағыма келеді.» деген екен. Сондай-ақ, жыр жампозы, қара сөзде де ғажайып мұралар қалдырған Жұмекен Нəжімеденов өзінің «Ақ шағыл» романында əңгіме жасады. Бірақ жоғарыда Шəкең айтқандай жастай жабысқан құзырлы дерт Сабырдың кезінде құлашын кең сермеп, облыс, астана асып, асқақтауына мүмкіндік бермей, ауыл маңынан əрі аса алмады. Десе де əруақыт дарынның шабысы қандай да бір дуда дараланып, даңқын асырады, атын шығарады. Осы күнгі өз өңірімізде есімі белгілі көне көз, кəрі құлақ, өнерге ықыласы бар қай қарияны тоқтатып, сұрасаңыз да оны білетіндердің бəрі «Тесік тамақ Сабырды айтасың ба, ой, ол ортасында орны бөлек дүлдүл ғой. Оның
─ 141 ─
қолында сөйлемейтін домбыраның өзіне тіл бітіп, ерекше
сайрайтұғын жəне ылғи да керемет қағыс, құбылысқа толы
орындаушы еді» деп отырады.
Бұл сөзді растағандардың-бірі есімі елімізге белгілі
мəдениет қайраткері, танымал əнші, күйші Нариман
Үлкенбаев. «Мен, – дейді ол, – сол құм Нарында туып-өсіп,
қолына домбыра ұстағандардың талайының алдын көрген,
өзім де əлім-берім ойнай алатынның бірі емеспін бе?! 1975
жылдың жазы болатын. Қазақтың қыз беріп, келін алған
құдандалығы таусылған ба, сондай шаруалардың бірімен
қазіргі Тұщықұдық ауылындағы Əміров Сүндет дегеннің
үйінде отыр едік. Шəй үстінде біреулер домбыра тарт, күй
шал деп қолқалап, ана жақтан қара сырмен жалтырата
бояған, сүліктей сұлу домбыраны əкеп, ұстата салды. Қолыма
алып, қағып көріп едім, кезінде керім, көрікті болғанмен
қазір күні озып, күтімі кетіп бара жатқан аспап екен. Түтік-
түтік пернелері мен иі қанып ширатылмаған ескі капроннан
қалай болса, солай таға салған қарасұр шегі де көңілге қона
қоймады. Содан соң кеспірі келіскенмен, бау-шуы бабына
жараспаған мына аспаптан əбүйір таба қоймаспын деп əлгіні
іргеге көңілсіздеу сүйей салдым.
Осы кезде біреулер «Анау Айбас Жайық Ғилаж Өтековтің
үйінде Оралдың атақты күйшісі тесік тамақ Сабыр келіп жатыр
дейді. Қазір Қанатқалидың үйінде көрінеді, соны алдырайық.
Бірге болсын, күйін тындайық жəне өзі осы ауылға күйеу
сияқты» дегенді айтты, тіпті əлгі қонақты шақыртуға ауылдың
салмағы бар, салиқалы біреулерін жұмсап та жіберді.
Қонақ көп күттірмеді. Аласа бойлы, еті қашқан қарасұр,
мұртты қария екен. Шамасы алпысты алқымдап, жетпіске
иек сүйеп жүрген шағы болса керек. Бірақ қимылы ширақ,
сөзі дүр, сұңғыла сынды. Келе сала оң жағында отырған өзі
құралыптас жасамыс əйелдерге балдыздар деп ойнады ма,
əлде орта толтырып, əзілге айналдырғаны ма, «Мына отырған
кемпір-келіншектердің бəрі аузына су толтырып алғаннан сау
ма, үндемейді ғой. Той болғасын əн салып, күй шалынбай ма?
Томсырайып бұл не отырыс?» деп тиісіп алды да «Əкел, ана
─ 142 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
домбыраңды!» деп жаңағы мен менсінбеген аспапты сұрады.
Содан соң қолына алып, бір-екі рет қағып жіберді де үй
иелерінен «Жуандау шарғы жіп бар ма?» деп сұрады.
Пернелерді орын-орнына қойып, сағадан биіктеу төрт
перненің ортасына музыка тілімен айтқанда «ми», «фа»-
ның арасына тағы бір перне қосты. Мен бұл əдісті бұрын да
естігенмін. Марқұм Шəмшиден ағам «Кезінде Жаңбырбай
күйші үлкен жиындарда күрделі күйлерді орындауда осын-
дай қосымша пернелерді пайдаланады» деп айтып отырушы
еді. Ендеше, мына домбырашы да осал күйші болмады ғой
деп ойладым.
Түтігіп кеткен капрон ішекті де бұрауын келтіріп күйге
түсірді. Содан соң Құрманғазының «Қызыл қайыңын» баста-
ды. Жаңағы мен менсінбеген қара домбыра алдындағыдай
емес басқаша сөйлейді. Қақпақтан шыққан таңқылдақ дауыс
емес, көпті көрген көне көз қарияның көлдария көкірегінен
атылған сұлу саз лекітіп, лықсып бұрқырай төгіледі жəне
арғы-бергіні ақтарып, айызыңды қандырады. Кеудеңе ке-
ремет бір сезімдер ұялайды. Не деген шеберлік? Жетпіске
келіп, шау тартқан шал емес, бабындағы дүлдүл, томағасын
енді ғана сыпырған көк қаршыға іспетті, ғажап қой, ғажап!
Менің көзіме моншақтай тізіліп мөлдір жас толды.
Одан əрі тағы да Құрекеңе кезек беріп «Серперді»
сорғалатты. Апырай,ə?! Əдетте бұл күйді тек өзіне-өзі сен-
ген, нағыз бабындағы күйші орындайды деуші еді. Ендеше,
мына ағамыз шеберлігі шыңдалып, шығармашылықтың
шырқау биігіне көтерілген даңқты дарабоз болды ғой. Жоқ,
шабысы бөлек, дабысы зор, дəулескер екен.
Қағысына қарасам, орындау шеберлігі аса жоғары,
өзгелерге еш ұқсамайды. Əсіресе екі шектің үстіңгі-босына
ден қойып, соның қоңыр үнін зорайтуға аса мəн береді.
Бұл осы аймақта бұрын-соңды қайталана бермейтін соны
жаңалық. Тіпті, шыны керек, өз басым осы өңірде туып, та-
лай шеберді таңдай қаға тыңдасам да тап осындай дүлдүлді
əлі бір кездестірмеппін.
Ал осы күні халық күйі деп жүрген Кетбұқаның «Ақсақ
─ 143 ─
құланын» ол кісінің орындауында тыңдау тіптен өзгеше,
əсіресе, саға тұстағы ананың бала өлімін естігендегі зарын
бейнелеуі сай-сүйегіңді сырқыратады жəне Сабыр күйшінің
феномендік ерекшелігі күйді орындай отырып, ондағы
айтпақ ой, оқиғаны өз аузымен сөз күйінде де жеткізіп
отырады екен. Бір мезетте екі жұмысты қатар атқару да
шеберлік. Əлгі айтқан ананың жоқтауына келгенде көгентіп
қара домбыра күңірене сөйлеп, тоғыз перне мен қос ішек
қатар тұрып зар илейді. Сай сүйегің сырқырайды, жүйкеңді
зілмəуір күй басып, жаншып, əр жақтан өңеш күйдірген
ащы запыран ытқиды. Аталған күйді кешегі кұйын қолды
Рүстембек, мейлі нөсерлеген нұрлы əлем Нұрғиса, болма-
са кешегі Қаршыға мен бүгінгі Айгүл тартсын, бəрі бір Са-
бырдай ғып сорғалата алмайды. Сорғалатар да, бірақ оларда
Сабырдікіндей ананың зары, жан тебіренісі жоқ. Мұнда да
сол, жоғары ішектің үні басым, даусы зор.
Тағы да көзге жас толды, ол ризашылықтың, шеберлікке
шынайы тəнті болу, қызығу мен құнығудың жасы еді.
Мен осынау ғажайып күйшінің ешкімге ұқсамайтын же-
ке-дара қолтаңбасын кезінде ауылдағы жалғыз ғана ленталы
магнитофонға түсіріп алып қалғым келіп Сабыр күйшіге жатып
келіп жабысайын. Бірақ ол өзінің анау Астрахан қолтығында
жатқан Котяевтегі бажасы-Елемеске кетіп бара жатқанын
айтып, «Алдағы бірер аптада осы жаққа қайтып ораламын.
Осындағы Нұрзиба менің туған қарындасым ғой. Сонда бола-
мын, өтінішіңді орындармын» деп уəде де берген, əйтсе де ол
кеткен жағынан оралмады. Өйткені өз ауылынан жеткен шұғыл
хабарға орай Оралына қайтып кетіп, менің өтінішім жүзеге
аспай қалды. Бұл, əрине, өкінішті, бірақ өмір ғой.
Əлгі əңгімеме қайтып оралсам, қонақ бұдан əрі де
бірнеше күй орындады. Іштерінде мен білмейтін, естімеген
шығармалар да бар. Бірақ қай-қайсысының да орындалу
шеберлігі бір-біріне ұқсамайды. Күйші арасында бір сəт де-
малып, əңгімелер де сабақтайды. Олардың да мəн-мағынасы
өзгеше. Өзінің өнер қуып, өлкенің біраз жерінде болғанын,
керек десе шет шығып Ресейдің Астрахан, Сартау, Орынбор,
─ 144 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Омбы, Қазақстанның Кереку, Қызылжар, Семей бағытында
да əн салып, күй шалғанын айтып отырды.
Бұл Нариманның сөзі. Тесік тамақ Сабыр Мұқатов жай-
лы əңгімені өңіріміздің көпті көріп, көріктіні көңілге түйген
абызы Ғатих Маштақов та айтқан болатын.
Бірде қолымызға Азғыр өңірінің күнгей бетіндегі
Ұштаған, Асан елді мекендері, оның адамдары жайлы
əңгімелейтін «Таубұйрат елі» деген кітап тиіп, ондағы
Сабыр күйші турасындағы мəліметтерді көріп, кітап
авторларының бірі, бір кездергі Маңғыстау, Атырау
облыстық мəдениет басқармаларының бастығы, қазіргі
Батыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры
Құжырғали Төлеуішевке телефон шалғанымыз бар. Сонда
ол Новоказанкідегі жетімдер үйінде Шамғон Қажығалиев,
Сұлтанғали Лұқпанов сияқты өнер тарландарына домбыра
үйретіп, Азғырдағы Киров атындағы орталау мектепте дом-
быра үйірмесін ұйымдастырған Сабыр ағамыз, оның сүйікті
шəкірттерінің бірі, есімі бұрынғы Теңіз ауданына танымал
болған ұштағандық үлкен күйші Күріш Қалиева туралы
біраз жайды жайып салды. Содан соң Сабыр ағаның осы
күні Казталовка ауданының Жалпақтал ауылында тұратын
қызы Мұқсинаның жөн-жосығын айтты. Біз аталған жерге
телефон шалдық.
Алпыстың бел ортасына таяп қалған апамыз əкесінің кіндігі
кесілген топырағы қазіргі Құрманғазы ауданының Жиделі құмы
екендігі жəне өздерінің Құрманғазыға табиғи-Қызылқұрт руы,
оның Соба бөлімінен екендіктерін тебірене еске алды. Бірақ
өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарғы ашаршылық кезінде
бұл елдің біраз тұрғыны Астрахан жаққа, теңіз бойына қоныс
аударып, солардың ішінде Мұқат қарияның қос ұлы- Салақи
мен Сабыры да кеткен. Бес жасынан домбыраға үйір Сабыр
он бес жасында сол Еділ бойынан Дина мен Сейтек күйшіні
кездестіріп, екеуінің жанына алма-кезек ілесіп, Астрахан жақта
ел аралап, күй шалады. Тіпті ауыл асып, өзге жұрттың дəмін
татқан кездері де болады. Сартаудан шығыс асқан темір жол
бойын жағалап, Керекудегі Майра апамыздың дəмханасында
─ 145 ─
орыстың частушкалары мен татардың ойнақы сазды əуендерін
сырнайлата шырқағаны да бар көрінеді.
Сол бір шақта Сабыр керемет күйші болумен бірге та-
маша əнші де атанады. Əрине, əнші-күйші келе жатыр деп,
клубтың есігін ашып, ішін жылытып, жағдай жасап қоятын
қазіргі кез емес. Кісілердің көбірек жиналатын жəрменке, ба-
зарларда тұра қап əн салып, отыра сап күй шалатын мезгіл-
мекенсіз кезең ғой. Осындайда Сабырдың тамағына салқын
тиіп, ақыры 1937 жылы Астрахан ауруханасында ота жа-
сатады. Бірақ онысы ойдағыдай болып шықпай кеңірдекке
зақым келеді. Ақыры содан тесік тамақ Сабыр атанады. Өзі
кейіннен «Осыныма да мың рахмет! Марқұм Сейтектің ұлы
дəрігер еді, сол кісінің көмегімен ауруханаға түсіп, жаным
қалды» деп отырады екен.
Өріс кеңейіп, өнер қуған Сабыр туған ауылына кеш
оралады. Отау көтеруі де тым жай. Бір кездегі Жиделіден
өкше көтерген ағайынның кейбірі Астрахан бойында қалып
қойған, біразы терістікке қарай қоныс аударған. Солардың
кейбірі Ұштағанның арқа тұсындағы Шалқар көлінің
жағасында екен. Сабыр осы жерге келіп табан тірейді. Айбас
Жайықтың Мақила есімді қызымен дəм-тұзы жарасып, отау
көтереді. Бірақ Нарын құмындағы қырқыншы жылдардың
аяғындағы аумақты əскери сынақ алаңына айналдыруы ол
жердегі қашаннан бергі тұрғылықты жандарды басқа өңірге
қоныс аударуға себеп болады. Сөйтіп С. Мұқатовтардың
бұрынғы Казталовка ауда-нының Талдықұдық ауылын-
да тұратын інісі Салақи-ды сағалап, сол жаққа көшіп ба-
руына негіз қалады. Өзіне тете Мəнер, Қазима есімді екі
апасы болған, олар Құрманғазы ауданының «Балқұдық»
кеңшарында қалды. Үйлі-баранды, қазірде өздері жоқ.
– Біз,– дейді əңгімесін одан əрі жалғаған Сабыр ағаның
үлкені Мұқсина,– ата-анамыздан өрбіген төрт қызбыз.
Үлкені мен болсам, одан кейінгісі Мүгілсін, ол Ташкент
жақта тұрмыста. Үшінші, төртіншісі Ақ-лима мен Əлия осы
Талдықұдықтан елу шақырым жердегі Жаңа жол ауылында
тұрады.
─ 146 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Əкеміз көп күй білетін жəне орындау шеберлігі ерекше еді.
1977 жылы аулымызға еліміздің айтулы мəдениеттанушысы
Мұрат Əуезов бастаған біраз адам келіп, күй тартқызды жəне
бір емес, бірнеше рет байқап көрді. Ақыры Алматыға келіп,
қазақ теледидары мен радиосының алтын қорына күйлер
жаздыруға шақырды. Бұл жыл маусымдарының қоңыр күзінің
қысқа ауысар қиындау шағы еді. Əкем тамағының сырқатынан
қорқып, алдағы жазда қалай да баратынын айтып уəдесін бер-
ген. Бірақ сол қыста соққан ауыр инсульт бетін бері қаратпай
алып тынды. Сөйтіп ол кісінің күй тарту мəнері еш дерек көзіне
ілінбей өзімен бірге кете барды. Үйде менен басқасының бəрі
де домбыраны əлім-берім шертеді. Əйтсе де ауызға ілігіп, əке
атын шығарған бірі жоқ,-дейді Мұқсина.
Солай... Шеберлік, дəстүр дегеннің атадан-балаға, яғни
ұрпақ қуалап жалғасуының өзі екіталай. Сабыр да солай,
əкесі Мұқат, оның əкесі Ахмет те, жалпы Қызылқұрттың Со-
бадан тараған біразы жасынан қолына домбыра алып, күй
жебепті. Əйтсе де солардың ішінде елге танылып, əлемге
таңдай қақтырғаны Құрманғазы, содан кейінгісі, əрине, Са-
быр.
Біз Мұқсинаға «Əкеңіз домбыраны қалай қағушы еді,
əдетте күйдегі əлқиссаны неден бастайтын?» деп сұрасақ,
ол «Марқұм домбыраға қолын күндесін күнде соза бер-
мей, екі-үш күн, кейде бір аптадай жоламай қояды да содан
соң ағыл-тегіл ақ тер, көк тер болып, бірер күн домбыра-
сымен жеке қалып күй жебейтін. Одан əрі атқа мініп, дөң
асып, ел қыдырып жүріп кететін. Апталап, керек болса ай-
лап қыдыратын. Ондайда көбіне көп ат басын атакүлдігіне
бұрып, туған жерін шарлайтын. Бабалар басына құран оқып,
қайын жұртына сəлем беретін. Ал күй басын ұдайы Құрман
бабасының «Қызыл қайыңынан» бастап, «Кісен ашқанымен»
қостап, өзінің «Мейрам», «Шаттық көңіл» күйлерін де орын-
дап қоятын.»
...Телефон үзіліп кетті. Біз қажетті сандарды қайта
теріп, Мұқсинаны тағы да сұрақтың астына алуды қажет
деп таппадық. Есесіне есімізге өткен-кеткен, естіп-білген
─ 147 ─
əңгімелер оралады. Соларды қорытып қиялдаймыз. Алды-
мен Жұмекен ағаның «Ақ шағылын» еске аламыз, ондағы
Сабыр жайлы жазғандарын парақтаймыз. Романдағы
айтылған-дардың ішінен «Ол күркелі күйші ғой!
...Сабыр ірге жағында жатқан шағын, қоңыр былғары
қапты қобдишасын ашып, ішінен сабы бір бөлек, басы бір
бөлек үлкен қызыл домбыраны алды. Сабын басына тез-тез
кигізіп, бекітті, құлақ күйін келтірді.
Талжібекті күй өнеріне шын мəнінде баулыған тесік тамақ
Сабыр-ды. Сол жылы күйші Əжігерей-дікінде болғанда
Қарашаш барып, үйіне шақырып əкелген. Сабыр төрдегі
домбыраны алды да, ол кезде тіпті кішкентай Талжібектің
қолына ұстатып «Тарт, бала!» дейді. Əлі ұялуға үйренбеген
бала-қыз əркімнен естіген бес-алты күйін барынша мəнерлеп
тартып берді... Тесік тамақ сонда Қарашаштың үйінде 15 күн
жатқан. Аттанарда күйші «Дəм-тұзыңа мың да бір рахмет,
балаңа біраз күй бердім. Əзір оқсатып шерте алмағанмен
кейін көрсетеді кереметті! Менің күйлерім қазір құлағында
ғана, кейін сол үн көкірегіне қонады... Тілегім-көпшілік
көзіне əзірше көрінбей тұра тұрсын», деген.
Бұлардың көріп отырған «кереметі» сол болатын.
Қыз ақырында Сабырдың «Алпыс екі Науаиынан» «Сары
Науаи», «Қара Науаиді» шертті де, домбыраны Қарашашқа
қайтып беріп, тұрып кетті.» (42, 45 беттер) дегендері еске
түседі. Содан соң өз қиялымызға ерік береміз.
Жұмекен ағаның бұл айтып отырған Талжібегі кім?
Мүмкін, өмірдегі Бақыт Қарабалина шығар. Əбден солай.
Бірақ жазушы қиялындағы жинақталған образ. Шындыққа
бір табан жақындығы - Бақыт апалар жас кезінде Жұмекен
ағалармен көрші-қолаң отырып, қатар өмір сүрген ғой.
Ал, əлгі Əжігерейі өз атасы Нəжімеден екенін романды
оқығанның екінің бірісі біледі. Ендеше Жұмекен ағаның өзі
де тесік тамақ Сабырдан белгілі дəрежеде сабақ алған болып
шығады ғой. Ол да жөні бар əңгіме.
Қош дейік... Ой көп, қиял да жетерлік. Тағы да сол
Талдықұдықтағы Мұқсина əңгімелері мен ауылдағы Нари-
─ 148 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
ман ағаның аузының суы құрып айтатын əпсана үлгісіндегі
естеліктерді еске аламыз.
1977 жыл. Ауылға Мұрат Əуезов бастаған этномəдени
топ келді. Бəрі де Сабырдың саусағын, 70-тің желісі,
шабыттың шабысын көргісі келеді. Ал сары даланың
саңлағы, Жиделінің жүйрігі, кешегі Құрекең сынды
асылдың сынығы-Сабыр болса, тамағындағы табиғи
кемшілігі-кеңірдектегі тесігін ортаңғы саусақпен қайта-
қайта басып қойып, əңгіме сабақтайды. Содан соң
домбырасын қолына алып, аталас ағасының «Қызыл
қайыңынан» бастайды. Шанақ шеңберінен асып төгілген
адуын күй Құрекең қолтаңбасын аумай-төкпей көз алдыңа
əкелсе, ауылдасы Динаның əр күйді 3-4-ке бөліп, бөлек-
бөлек шиыратын аса жоғары шеберлігі, біресе түркімен
қағыс, тағы бірде қалмақ саздарының құмыққан зор үні,
енді бірде орыстың ойнақы əуендерін еске түсіретін Сей-
тек ұстазының (Ол өзін Сейтектің шəкіртімін дейтін)
ғажайып қағыстарымен тыңдаушы санасын сəтке болса
да селкеулендірмей сергелдең күйге бөлеуде. Байқайды,
үн шығаруда үстіңгі шектің үлесі мол. Тыңдаушылар дəн
риза. Тағы да күй сұрайды.
Ол болса, аянған жоқ. Бəрін тартты, өзге ұлттар сазынан
да сорғалатты... Ақыры артынан бір ай өткенде «Алматыға
келіңіз, өз орындауыңыздағы күйлеріңізді бейне, үн таспаға
жазып аламыз. Жол шығыны өзімізден болады» деген хабар
келді. Бұл көп ойланды. Өздігінен жүріп-тұруға 70 деген
жас бөгеді, жастай жабысқан сырқаты тағы бар. Көмектес
дейін десе өзінен туған ұл жоқ, күйеу баласы жұмыста, оның
үстіне алды қыс, қора қопсы, аулада аздаған мал бар, бұл
кетіп қалса, оған кім қарамақ?
Қой, жаз бар, қыс бар, асығатын не іс бар? Көктем де ке-
лер, жер аяғы кеңір. Сонда балалардың да қолы босар...
Бұдан əрі ол көп ойланды. Алматыға қандай күй апа-
рамын, не тартамын? Күндесін-күнде күңіренген күй
құйындатқан саусақ, əулеген əуен бір толастамайды. Ақыры
миға қан құйылды. Қоңыр домбыраның қопарыла бебеуле-
─ 149 ─
ген қой ішегінің бір тіні үзілді. Екіншісі елге хабар айтты.
Саңлақ сазгердің жүрегі мəңгілікке тоқтады... Алматыдағы
күй орындалмай қалды.
Құрманғазының аталас айбары, Сейтектің күйдегі сауы-
рынан су төгілмес жорға саңлағы - Сабыр Мұқатов қайтыс
болды. Сүйегі Талдықұдықта қалды.
Күй аяқталған жоқ. Ол əлі орындалады, күмбірлеп көкке
көтеріледі, жалаулап жұртқа жетеді. Санадағы Сабыр сазда-
ры үзілмейді...
─ 150 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
ДАРАБОЗ
«Ғабдиев Рысбай Қисметоллаұлы (05.02.1936. Ресей,
Астрахан облысы, Қызылжар ауданы- 05.06.2005.
Атырау қаласы)- домбырашы, дирижер,
Қазақстанның халық əртісі (1996, 1979 жылдан
Қазақстанның еңбек сіңірген мəдениет қызметкері,
проф.). 1953 ж. Алматыда өткен жасөспірімдердің
Республикалық өнер байқауында
1 орын алады. 1994 ж. Анталияда өткен дүниежүзі
өнер фестивалінің, 1998 ж. Алматыда өткен «Құрманғазы
жəне ұлы дала музыкасы» Халықаралық фестивалінің
бас жүлделерін жеңіп алған.»
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, 3 т. 94 б.
Қазақтың əр күйі тарих, əрбірі шежіре. Соған сай сан
əуен, мың ырғақ. Мың ырғақтың көш басын құдыретті
Құрекең саздары бастайды.
Махамбет өлеңнен от өрсе, Құрманғазы күйден қылыш
қайрайды, найзағай жарқылдатып, найза үйіреді. Оның
шығармалары орындалғанда көз алдыңа кəрі Атырау
толқындары дөңбекшіп, ақ жал көбіктер түйдектеп атыла-
ды.Сөйлеп тұрған домбыра емес, он үш перне – он үш нар,
көмейінен күркілдеп көбік шашқан он үш үлек дерсің. Қолға
түссең тізерлеп, шайнап тастар шырайда. Қос ішек үзілердей
ішін тартып, кектенеді. Сағаға дейін сартылдап, бебеу қағады.
Беу, дүние-ай десеңші. Бұл халықтың зары, көптің мұңы.
Мұндайда есіңе Қисекең, кəдімгі Меңдіғалидың Қисметі
оралады. Шіркін, сол қария күй туралы əңгіме бастай
қалса жеті қат жер астындағыны қозғайды. Ғажайыптығын
қараңыз-күй шаларда қоңырқай жүзін өзіңе аударып,
«Қайсысын қалайсың, Құрекеңнен бе, əлде төре туындыла-
─ 151 ─
ры ма?» дейтіні бар-ау. Ондайда бұл өлкенің саздарын жіпке
тізіп, жатып-тұрғызар жан болмасаң «Құрекеңі несі, төресі
кім, қайдағы күй?» деп аңырып, ауыз ашарыңыз да ықтимал.
Дəл осыны сезгендей абыз ата тым əріден əңгіме ба-
стайды.
Бір кездері Нарында екі күй мектебі болған. Оның бірі
Құрманғазы туындылары болса, екіншісі төре тұқымдары
дүниеге
əкелген
күйлер.
Төре
күйлерінің
өкілдері
Құрманғазы туындыларын орындай бермеген. Өйткені, атал-
мыш мектептің домбыра тарту үлгісі негізінен көңіл-күй
иірімдері, табиғат суреттері, яғни сезім пернелерін шерткен
лирикалық сарындағы дүниелер. Орындау мақамы да аса көп
арындамай, шанақ шеңберінен шықпайтын майда қағыстар.
Ал Құрекең күйлерінің орындалуы ылғи да екпінді, оң қолды
еркін сілтеп, дауылдата, дабылдата қаққанды ұнатады. Осы
себептен де Сағырбайұлын халқымыз-дың күй табиғатына
өзіндік өрнек, жасақты жаңалық əкелген сазгер дейміз.
Бұл Қисекең сөзі.
...Өз басым ылғи да Рысбай орындауындағы күйлерді
тыңдасам болды ойыма осынау ойлар, осынау көріністер
оралады. Бірақ мен ол кісімен таңды таңға ұластырып,
емен-жарқын əңгімелесіп те көргенім жоқ. Сыр ақтарып, ой
бөліскен де емеспін. Бар-жоғы, аз ба, көп пе, жиырма жыл
бойы сырттай бақылап, əбден зерттедім. Суыртпақтап сөзге
тартып, өзіме керек жауаптар алдым.
Атыраудың күй өнері, маңдай алды домбыра-шылары
туралы сөз болса, алдымен ауызға ілінетіні Рысбай Ғабдиев
екені белгілі. Мүмкін, бұл оның өмір бойы осы өнерді жан
серік етіп, мұрат тұтқаны, соған сай үкімет тарапынан алған
лайықты бағасына да байланысты емес, оның бəрі əу ба-
стан табиғат берген дарын, жан-дүниесіндегі өнерге деген
құштарлықтан болса керек.
Ол – өнерлі ортада тəрбиеленді. Марқұм əкесі
Астраханның діни гимназиясын бітірген. Меккеге сапар
шегіп, қажы да атанған жан еді. Бірақ Кеңес үкіметі тұсында
сол өзі тұрған Қызылжар бойында дін өкілі деп артына
─ 152 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
шырақ алып түскенде Қисекең туған жеріне қарай қоныс ау-
дарып, Жайық бойына келді. Өзі сүйіп қалаған дін жолын
өмір бойы серік етпесе де адамдарды ізгілік пен адалдық,
имандылыққа баулыр бұл идеологияны да ол естен шығарып
көрген жоқ. Өзінен тараған үбірлі-шүбірлі бала-шаға, неме-
ре, ке-лін-ері, көрші-көлемдерін осы бағытта тəрбиелеумен
болды.
Қисметолла ағаның өнерге деген көзқарасы да бөлек-
ті. Балаларының қай-қайсысына да бесіктен белі шықпай
жатып домбыра үйретіп, ел ішіндегі ірілі-уақты күйші
атаулының алдына апармағаны жоқ. Бəрі де батасын берді,
ақыл-кеңесін айтып, алдарынан ақ күн тіледі. Бұл құрметке
алғаш иеленгендердің бірі – тұңғышы Ғалымжан.
Ғалымжан шын мəнінде домбырашы еді. Оның бұл
қасиетін Қисметолла қария ерте таныды. Сол бір қапсағай
денелі қайың ұл бойындағы дарынды көре білген əке елдегі
ерен жүйрік дарабоздардың алдына апарып, лайықты
бағасын алғанды қалады. Бұл ата салтымыздың əлі де
азып- тозбаған жиырмасыншы жылдардың ортасы еді. Ко-
тяев базар-жəрмеңкесінің дəуірлеп, тоғыз жолдың торабына
жиналғандардың азаймайтын кезі. Осындай жəрмеңкенің
бірі қоңыр күзде өтеді. Оған сол кездегі бүкіл теңіз өресіне та-
нымал тарлан домбырашылар Ерғали, Дина, Жаңбырбайлар
келеді екен деген хабар сонау Қызылжарда отырған
Қисметолланың да құлағына тиді. «Мына жаманымды сол
бір аузы дуалы, қолы алтын, құйма құлақ құдіреттердің ал-
дына апарып, сынатам» деген қарияның көптен бері ойын-
да еді. Ана бір жолы анасына да айтып көріп еді. Бірақ ол
кісі отағасының алдында көп сыр аша бермейтін. Өйткені,
өз ортасында білімі жоғары, əрі қажыға барып қайтқан еріне
қарсы сөз айту - əйел үшін тіптен келіссіз, керек десеңіз бол-
майтын жəй. Дегенмен көмейінде «буыны қатпаған бозөкпе
баланы Ерғали сынды ел таныған дəулескер қайнағаның ал-
дына апарам дейді, əлденесі ұнамай қалып, тауы қайтады-
ау. Масқара боп, көз тиіп, көрінгенінен айырылып қалмасақ
неғылсын», деген сөздің тұрғаны анық еді.Нəті үндемеді.
─ 153 ─
Сөйтіп əулет иесін əлдебір құштарлық итерді де тұрды.
Ақыры қалайда сол ортаға жету керек деп түйді. Ондағысы
ортасында орны бөлек дүлдүлдер – баласының қолын қарап,
лайықты бағасын бергені дұрыс. Екіншіден, жас қыран ел
сыйлаған саңлақтардың алдын көрсін, білсін, үйренсін деген
ой да жоқ емес-ті.
Қисекең сөйтіп бұл жолғы кідірістің еш негізсіз екенін
түсінді де жедел жиналды. Алыс жəне абыройлы жолға ат-
танарда баласын ақ боз атқа отырғызып «Ей, Алла, құдіретті
құдай, құлынымды қолда! Ата-баба аруақтары, өзіңнен
жəрдем» деп жеті нанын пісіртіп жүріп те кетті.
Айтса айтқандай, жетпіске жетіп қалған қос жүйрік
– Ерғали мен Дина, жас та болса жалына қол тигізбес
Жаңбырбайдың қай-қайсысы да күй тарландары. Алқалаған
əлеумет оларды ортаға алып, жуық маңда жіберер емес.
Бірақ бет алып шыққан соң, өткелде ат ауыстырудың еш реті
жоқ, неде болса додаға салып жібергеннен артығы жоқ. Ойы
он саққа шауып, жүрегі жүйткіп, тулаған Қисекең қысыла-
қысыла сөз бастады.
– Ел таныған Ереке, дара шапқан Дина апай! Жастай
жанымызда өскен Жаңбырбай! Мен Сіздерге үлкен үміт,
зор өтінішпен келіп отырмын. Ол - өнерді серік етсем деп,
ертелі кеш еншісіне домбыра алған мына баламның қолын
сынату еді. Егер тауын қайтармай талабынан жарылқасын
десеңіздер, тыңдаңыздыр. Жоқ, жап-жас қой, жолы бол-
сын, қайтеміз, қайта берсін десеңіздер, оны айтыңыздар,
- деді.
Ақ сақалы алдын жапқан Ерғали күйші сөз алып, «Е,
Қисметжан, сен де бір өнер дарыған өнегелі шаңырақтың
бірі едің. Нəпақа-наныңды осыдан таппасаң да, ата ұстанған
ұлағатты салт деп бұл қасиетті перзентіңнен күткенің
орынды-ақ болған. Сөйткен ұлыңды үрімді көріп үлкейіп,
қырымды көріп қартаймасақ та өмірді көріп ұлғайып,
халықты көріп марқайып отырған біздің алдымызға алып
келгенің жөн екен. Кəне, балам, өнерде басыңнан бақ,
астыңнан тақ таймасын, тартып көрші», - дегені бар. Бұл
─ 154 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
ниетті жетпіске келсе де желкілдеп, өткір көздері айнала-
сын ішіп-жеп отырған Дина шешей де қолдады. Ғалымжан
қолына домбыра алды. Неден бастау керек?!
Он жастан енді ғана асқан өрім жастың жүрексінгені рас.
Ол түгел екі-үш баланың əкесі атанып, отау үйдің түтінін
тіке өрлетіп, бір ауылдың ауызға іліккен ілуде бір молдасы
Қисметолланың да жүрегі аузына тығылып, тап қазір бала
емес, өзі өнер көрсететіндей қысылып, қымтырылды.
-Құрман бабаның күйі «Адай», -деді жас бала.
Үрдіс қимылмен өрекпи басталған адуынды күй бірден
күш алып, айналасын сілті тыныштыққа бөледі. Осы сəтте
бүкіл дүниені күй, құдіретті өнер ғана билеп, ондаған көз,
сандаған сананы шанақ бетіне өрнек салған саусақтар ғана
баурап алған еді. Құлақтары үнді, қабақтары қағысты қалт
жібермей отырған үш сүлей бала қолынан көз жазар емес.
Əке болса біресе балаға, біресе бірегей дана-анаға, күй
тыңдаған жалпы қауымға қарайды. Олардың беттерінде
өзгеше құбылыс, реніш емес, ризалық сезім бар сияқты.
Сөйтіп күй де аяқталды.
Манадан бері үнсіз отырған Жаңбырбай ризалық сезімін
жасыра алмай «Əп, бəрекелді, жарайсың, жиенжан!» дегені.
– Тағы да, тағы бірін тартшы, - деді қоңырқай өңіне қан
жүгірген Дина шешей.
Қысылса да, қиналмаған, тебіренсе де терлемеген
түймедей ұл аптығын басып, аз-кем үнсіз отырды. Онысы
енді не тартсам екен дегені-түғын. Құлынының қылығын
айтпай түсінген əкесі: «Бапастың «Қосалқасы» дей салды.
Тағы да күй, тағы да құлақ түрген тыңдаушы, баяғы сол
тыныштық. Жанды жаулап, сананы іріккен өнер бірте-бірте
биіктеп, билік алып бара жатқандай. Бес саусақ домбыраның
сағасында жүгірсе, бес саусақ шанақ бетінде өрнек салады.
Əр қағыстың өзіндік үні, өз даусы бар. Ол осынау талай
ғасырлық ғұмыры бар халық өнерінің неше бір құпияларын
сыр ғып ақтарып тұрғандай. Бір сəт күй де аяқталды.
Осы сəтте манадан бері үнсіз отырған Ерғали қария ор-
нынан бір қозғалып алып:
─ 155 ─
– Бəлі, мынауың əлден-ақ Динаның адам салмас
қағыстарын қағып түскен жүйріктің өзі ғой. Туф... туф... тіл
аузым тасқа, алдыңнан жарылқасын, айналайын! Анау-мы-
нау кедір-бұдырыңды болашақтағы ала бөтен өмірдің өзі
жуып-шаяды, қалғанын құдай жеткізеді. Қане, қолдарыңды
жəй, балама бата берем, - деді Ерекең қария.
Өнер болсын сүйерің,
Домбыраны қадірле.
Орындалсын тілегің,
Қолдағай бір əулие!
– Əумин!
– Əумин!
Бəрі де беттерін сипап, бата берісті.
...Сол кезде Ғалымжан бар-жоғы он жаста екен. Бұдан
былай ол елдегі ерен жүйрік үш сүлейден бата алған дом-
бырашы бала атанып, құрметке бөленді. Құрметке сай
өнері де өсіп, жетілді. Бір қарағанда Ғалымжан тек текті
домбырашы ғана емес, сызылтып скрипкада да тамаша ой-
найтын, əуелетіп əн де салатын. Əн салғанда үнінде əуезі
бөлек, сазы бай Манарбек Ержановтың мақамы жататын.
Міне, осындай ағасы бар, Рысбайдың қолына домбыра ал-
мауы мүмкін емес еді. Əуелгіде əлжуаз Рекең Ғалымжанның
оң тізесіне отырып ап ылғи да күй тыңдайтын. Келе-келе
өзі де сол аспапты тыңқылдата бастады. Бірақ ағасы сол бір
қара еменнен ойған (қазір ол Махамбет аудандық тарихи-
өлкетану мұражайында экспонат ретінде сақтаулы тұр) қара
домбыраны өзі жолаушылар кезде баланың қолы жетпейтін
биікке іліп кететін. Ал Рысбай болса, оған өлердей ғашық,
қолға алып тартсам дейді, аймалап сипағысы келеді. Бірақ
алайын десе қолы жетпейді. Амалсыздан анасына қолқа са-
лады. Мұндайда ана жүрегі əлсіз, қарсы тұрып, қағып тастар
күші жоқ, нəзік, соған сай кенже ұлының тілегін үнемі орын-
дап отырады.
Бірде құлақ күйі келмей тұрған домбыраны қолға алған
ағасы əдейі бұған естірте «Осы күні мен жоқта домбырамды
біреулер шұқитын бопты-ау, ол кім екен, сірə?» деп дауыста-
─ 156 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
ды. Мұнда үн жоқ. Есесіне ас үй жақта жүрген анасы «Ой,
құдай-ай, қайдағыны айтады, сенің аспандатып іліп кеткен
дүниеңе кімнің қолы жетуші еді, баланы босқа қаралама»
деп зілсіз зекіп тастады.Шындығында бұл зеку емес, амал-
сыздан ара түсу нышаны болатын.
Уақыт өте Рысбай тек тыңқылдату емес, əлім-берім күй
шерту, тіпті домбыраның құлақ күйін келтіретін де дəрежеге
жетті. Сайып келгенде бұл қасиет əкесі Қисметолла мен
ағасы Ғалымжанды да қатты қуантты. Ертесіне отағасы
үйдегі бір мандолинді ауылдағы Есқайыр шеберге апарып,
одан қазақы домбыра шаптырды. Сөйтіп, Қисметолла қария
əулетіне осы күннен бастап, тағы бір домбырашы қосылды.
Ол бүгінгі біз əңгіме жасап отырған əйгілі күйші Рысбай
Ғабдиев еді.
Бірақ Рысбайды үлкен өнерге баулыған Ғалымжан
ағаның ғұмыры ұзаққа бармады. Педучилище бітірген ол
біраз уақыт қазіргі Балықшы, Махамбет аудандарының
халық ағарту орындарында жемісті еңбек етіп, 1945
жылдың көктемінде бар-жоғы 26 жасында дүниеден озды.
Рысбайдың күй əлеміндегі бұдан арғы ұстаздары сол кез-
де есімдері елге танылған күйшілер Ғибатолла Мəсəлімов,
Шəмшиден
Шəріпов,
Зəмзəм
Есжанова,
Қаһада
Дəулетовтер болды. Олардың бірі үйге келіп, қона жа-
тып, күй шертсе, екіншілері мектептегі көркемөнерпаздар
үйірмелерін басқарды, үшіншілері қолын байқап, ақыл-
кеңес берді. Сөйтіп, жасы жетіге жетпей жатып, дүйім
жұрттың алдында өнер көрсете бастаған Рысбайдың
шеберлігі жыл өткен сайын толысты. Соғыс жылдарын-
да бұл да ағасы сынды Ұлы Отан соғысының отты орта-
сынан жер ауып келген неміс профессорынан (аты-жөні
есінде қалмапты) скрипка тартудың алғашқы сабақтарын
алды. Əрине, скрипка қобдишасын оқ тескен сол сазгердің
үйретері көп, үлкен маман еді. Əйтсе де ол да Жаманқалада
жылға жуық тұрды да, артынша басқа қалаға кетіп
қалды. Бірақ шын шебердің үлгілі ісін Рысбай əлі күнге
ұмытпайды. Бұл сияқты үнемі үлкендер қамқорлығы мұны
─ 157 ─
уақыт керуенімен бірге есейтті. Осы орайда Рысбайдың
ұстаздары Ғибатолла, Шəмшиден ағалармен таныстығы
да қызық болса керек. Бұл Рысбайдың ескі Бақсай-Шойда
(қазіргі Ақтоғай селосы) жетінші класта оқып жүрген
кезі көрінеді. Новобогаттағы Амангелді атындағы орта
мектептен осында ауысқан мектеп директоры, өнердің
өрелі жанашыры Махмұт Бекбергенов бірде мұның дом-
быра шалатындығын естиді де, əбден айызы қанғанша
күй тыңдайды. Жас баланың қолының жүйріктігіне көзі
жеткен ол кейіннен бұл дəстүрін жалғастырады. Бірде
Махмұт ағасы бұған «Балам, келесі аптаның аяғында мен
сені Новобогаттағы ғажайып домбырашылар – Ғибатолла
Мəсəлімов пен Шəмшиден Шəріпов деген ағаларыңа алып
барамын, дайындал!» деп ескертеді.
Рысбай мұны құп алады. Бірақ жетінші класта оқыса да,
бір жақтағы Новобогат түгілі іргедегі Жаманқаланың өзін əлі
емін-еркін аралай алмайтын ол қайда барам деп дайындал-
сын, ала бөтен ақыл үйретер ұстазы да жоқ. Құдайға шүкір,
домбыра табылса бары басында, күші қолында, өзі қожа,
өзі би. Ақыры айтқан күні ағасының ат шанасына отырды
да, Новобогат қайдасың деп тартып-ақ кетсін.Жолшыбай
жанындағы жаңа директор алдағы ағаларының аты аймаққа
белгілі күйшілер екендігі, сондықтан бұлардың əуелі сол
кісіні тыңдайтындықтары, бəрінен кейін барып бұған кезек
тиетіндігі, ендеше сыр бермей тыныш отыру керектігін ай-
тып, түсіндірумен болды. Қашан да баланың аты бала емес
пе, қарсы сөйлеп, келіспеушілік білдіру, болмаса қоштап,
қуанғандық таныту жоқ, бəрін де үн-түнсіз құп алады. Бірақ
бала болса да мұнда үлкен сыр бар екенін білді, білді де
үндеген жоқ.
Күн көтеріле қозғалған қос жолаушы ұлы бесінде
межелі мекенге құлап, Амангелдінің сол кездегі директо-
ры Зияда Ижановтың ауласына ат басын тірейді. Сөйтсе
мұнда Мəкеңнің бұрынғы жұмыстас əріптестерінің біразы
жиналған екен, шамасы бұл сапардан бəрі де хабардар бол-
са керек, ескі директорды құшақ жая қарсы алып, амандық-
─ 158 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
саулық сұрасты. Жұмыс жайын əңгімеледі. Махмұт болса
жаңа ұжымның тынысын айтып, сөз соңында «Сендерді
көптен бері көрмеген соң сағынып, сабылып келгенім ғой.
Шынымды айтсам, өздеріңнің күлкілеріңді, күйлеріңді
сағындым» деп негізгі ойынан да хабардар етті. Күй десе
күлімдеп тұратын Шəмшиден Шəріпов «Сен айтсаң болды,
біз бəріне дайынбыз» деп қойды.
Арада аз уақыт өткенде шəй да келеді. Сол баяғы
құрдастар қалжыңы, əдемі əзіл басталады. Арасында күйге
де кезек беріліп, Ғибатолла Мəсəлімов пен Шəмшиден,
басқалары түн ортасы ауғанша күрең домбыраны бебеу
қақтырсын. Бірақ жандарында отырған шынашақтай ұлға
«Мынау кім? Неге жүр?» деп назар аударып жатқан бірі жоқ.
Алайда бейтаныс ағалары мезгіл-мезгіл домбыраны жарыса
шерткенде мұның да арқасы қозып, алға ентігіп, ұмсынып
қалады. Мұндайда бəрін сезіп, іштей ұғып отырған дирек-
тор ағасы Рысбайдың бүйірінен жəймен ғана түртіп қояды.
Мұнысы шыда балам, дымың ішінде болсын, кезек келеді
дегені. Ақыры түн ортасы ауа күй де, күйшілер де сəл сая-
бырлап, тыңдаушылардың да мейірі қанған сияқтанды. Осы
сəтте Мəкең жанында отырған Ғибатолла мен Шəмшиденге
қимастықпен жымия қарады да, көзіне күлкі үйірілген күйі
«Іңір үйірілгеннен бері өнерлеріңізді тыңдап жатырмыз. Ол
рас, қай-қайсыңның да домбырашы екендіктеріңізді білеміз.
Əйтсе де бір сəт бізге де назар аударып, бұлардың не уəжі
бар екен деген болмай ма? Мəселен, мына бала манадан
бері тыпыршып азар отыр. Менің де бұл өнерден құр алақан
емес екендігімді білесіңдер. Əлде, сіздер қонақкəде дегенді
ұмыттыңдар ма?-деп қойды.
Үй иелері болса «Мынау не деп отыр» дегендей бір-біріне
қарап жаутаң-жаутаң етеді.
– Əу, біз сені білгелі қолыңа домбыра ұстап көрген
жоқсың. Балаң болса... бала емес пе?! Аса қажет деп жатсаң
жата-жастана оны да тыңдармыз. Шəмшиден осыны айтты
да «Бұл қалай болды?» деген сыңайда Ғибатоллаға қарады.
Əуелден көп сөзге жоқ ол «Керек десең тыңдармыз да, алы-
─ 159 ─
ста емес, алдымызда отырған бала ғой» деп бір қайырды.
Махмұт жолдастарының жас балаға шыныменен назар
аудармай отырғандығын, сондықтан бұдан арғы тəжікенің
тіптен қажетсіздігін айқын аңғарып, «Əкеліңдерші» деп
əлгі домбыраны сұрап алды да «Қайран шешемнің» ба-
сын аз-мұз шалған күйі, қасындағы Рысбайға қарап «Кəні,
балам, ағаларыңның алдында сен де бір-екі күй орындап
жіберші» дегені. Манадан бері томағасы сыпырылмаған
бала бүркіттей азар отырған Рысбайдың күткені де осы еді,
қолының домбыраға қалай барғанын білмей қалды.
Баяғы «Байжұма», титтейінен тартатын «Төремұрат»,
Динаның «Бұлбұлы» мен Құрекеңнің «Терісқақпайы». Осы-
лайша төкпектете төрт күй орындалды. Əділін айтса, бұған
дейін аймақта айдарынан жел есіп, алдарынан адам өтпеген
қос күйші, басқалар да ауыздарын ашып, көздерін жұмып
қалыпты. Қаршадай баланың барған сайын үдеп, есіп
отырғанына қайран қалған Ғибатолла бұдан арғы үнсіздіктің
келіссіздігін аңғарғандай, қонағына бір жағы əзіл, екінші
жағы реніш ретінде:
– Мəке, бұл қалай болды, сен ғой бұл баланы бізге «жəй
атқосшы!» дей салып едің, шындығында олай болмады ғой,
сонда бəрімізді сақалды басымызбен жас баланың алдында
жығып бергенің бе? – деді. Махмұт та қарап жатқан жоқ.
– Жоға, келе сала сендерге мен бір ғажап домбырашы
алып келдім, ал тыңдаңдар, - дейін бе? Əуелі ауылға, елге
танымал ағаларын тыңдасын, сосын барып өнерін ортаға
салар деген ой болған, - деп жуып-шаяды. Бұған көне қояр
Ғибекең жоқ.
– Ең болмаса басында-ақ, өздеріңді тыңдап, мына қосшы
баланың да қолын байқатайын деп ем, деген сөз болмай ма?
!- деп тақымдайды. Бұған қоқиланып, ерегесе түскен Махмұт
«Жоға, мына бала кім, неге жүр қасыңда деп жатқан сендер
жоқсыңдар, сол баяғы өздеріңнен өзге ешкім болмаған күйі
есілесіңдер-ай кеп»,- деп өжектейді.
Сөйтіп арада біраз тəжіке, əзіл-оспақ жүріп өтіп, ақыры
жиналғандар, Махмұттан бұл баланың кім екендігі, қайдан
─ 160 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
, қалай келе жатқандығын бүге-шігесіне дейін сұрап біледі.
Бəрі де Рысбайдың ерекше дарындылығы – тартқыштығы
мен орындау шеберлігіне таң қалады. Əрине, күй өнерінде
тек домбыраның қос ішегін қағумен күйшілік қабілет
ерекшеленбейді. Əңгіме сол ішекті қалай қағуында. Осы
орайда жас баланың қағысынан мін табу қиын. Бұдан əрі
олар оймақтай күйшіге өздерінің ақыл-кеңестерін айтып,
өнерде ақ жол тілейді.
Рысбайдың есінен кетпейтін тағы бір оқиға, ол 1953
жылғы көркемөнерпаздардың республикалық слеті бола-
тын. Сегізінші класс оқып жүргенде Алматыда ауыл-село
көркемөнерпаздарының слеті болып, оған облысымыздағы
Зəмзəм Есжанова, Ғабдол Сапин, Ишанғали Жанханов
сынды домбырашы-лармен бірге Рысбайдың да қатысуына
тура келді. Бұл жолы ол өзінің күйтабақтан үйренген
Құрманғазының Дина вариантындағы «Төремұраты» мен
Құрман-ғазының «Байжұмасын» орындады. Тыңдарман
қауым жылы қабылдады. Құрманбек Жандарбеков, Нұрғиса
Тілендиев бастаған сарапшылар алқасының бағасы да өте
жоғары болды.
Олардың айтуынша бұл орындаған шығарма-лардың
қай-қайсысы да шын мəніндегі Дина күйшінің қолтаңбасы
көрінеді. Соған сай Рысбайға тым жастығына қарамастан
жеке аспапта ойнаушылар арасындағы бірінші орын беріліп,
қошамет ретінде арнаулы диплом мен сол кезде екінің
бірінің пешенесіне жазыла бермейтін «Звезда» қол сағаты
сыйға тартылды. Рысбай осы бір сыйды өнердегі тұсау ке-
сер таралғым деп əлі күнге мақтанышпен еске алады. Ра-
сында да сол бір «Звезда» əкелген қуанышы көп, оны ұмыту
мүмкін де емес еді.
Слет аяқталған соң астана көрермендеріне жеңімпаздар
күшімен қорытынды концерт берілетін болды. Рысбай онда
кешегі орындаған қос шығармасын қайталап ұсынуы керек.
Осы бағытта дайындық жүріп жатқан. Бір кезде Нұрғиса
мұның жанына орта жастағы ересектеу ананы алып кеп
«Апаңның сенде шаруасы бар екен, сөйлес, мүмкін бұл
─ 161 ─
болашағыңа да əсер етер» деді Бірақ бұл сөзге мəн берген
Рысбай жоқ, тек бейтаныс ана ретінде сөзіне құлақ түрді.
Жүзінде жылылық ойнаған қарасұр ана аз-мұз үзілістен
соң «Балам-ау, сен білесің бе, Дина шешеңді, кəдімгі күйші
Динаны, мен сол кісінің келіні едім, Қазір ол кісі төсек тар-
тып жатып қалды. Кеше сен орындаған «Төремұратты»
радиодан естіп, қатты қуанды. Тіпті, «Мына бала домбы-
рашы ғой, алып келіңдерші, өзім сөйлесіп, қолын қарайын,
мейірім қанып тыңдайын» деп жанымызды қоймады. Ақыры
сол тілекпен алдыңа келіп тұрмын. Қарсылық етпесең, қазір-
ақ алып кетейін, Дина шешең алдында күй шертші, шамасы
өзіңнен көп үміт күткен сыңайы бар» деп қолқалады.
Бұл алаңдап айналасындағы ауылдан келген аға-
апаларына қарады. Олар болса, бастыққа аңтарылып,
жапақтады. Ал ол болса, «Бүгін түндегі поезбен ауылға
қайтуымыз керек, болмайды» деп теріс айналды. Əңгіменің
ақыры осы болып, Дина шешей көзден бұлбұл ұшты.
Бірақ бір қуанышы Рысбай Ғабдиев сол жылы Чайковский
атындағы республикалық саз училищесінің домбыра – при-
ма класына емтихансыз қабылданды.
Алғашқы курстың бірінші семестрінің аяғы болатын.
Мұны белгілі тарихшы, өнер десе ішкен асын жерге қояр,
белгілі ғалым, этгограф Мұстафа Ысмағұлов əдейі іздеп
келіп, үйіне алып кетті. Сөйтсе ол үйде атақты домбырашы
Қали Жантілеуов пен Лұқпан Мұхитов отырсын. Аз-мұз
əңгімеден соң үлкендер жағы «Ал балам, біз сенің елден
келгеніңді жəне өткен қыста республикалық слетте лауреат
атанғаныңды, керек десе Дина шешеңнің ыстық ықыласына
бөленгеніңді де білеміз. Ендеше білгеніңше күй шалшы» деп
қолқаласын. Əуелі біраз күйді бұл толғады. Ішінде бұрыннан
белгілі «Төремұрат» пен «Байжұма» бар.
Жаңа
шығармалардан
Құрманғазының
«Серпер»,
«Қайран шешем» күйлері орындалды. Кезек Лұқпан
Мұхитовқа келіп, ол да оңды-солды бебеулетсін. Бəрін де
қалтқысыз тыңдап отырған Мұсекең əр күйдің шығу тари-
хынан ұзақ-сонар сыр ақтарады. Бірақ əңгіме түйіні – Рыс-
─ 162 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
бай бұған дейінгі республика орталығындағы өнер орда-
ларында қалыптасқан үйреншікті шиыр қағыс емес, елдегі
өрен жүйрік-тердің өзіндік өрнегі бар қолтаңбамен шертеді.
Яғни, күйдің əр иірімін ғажайып бір өрнекпен шиырып
аяқтау, ой түю тек Динаға тəн өрнек. Бұл қасиетті респу-
бликамызда Рысбайдан басқа ешбір күйші қайталай алмай-
ды. Тіпті сол Дина өскен топырақта туған, күйшінің алдын
көрген бірегей дəулескерлердің өзі де аталған құпияны
аша алмай кеткенін ескерсек, бұл Рысбайдың бірінші жəне
ең негізгі қайталанбас қасиеті, ерен ерекшілік. Осы ара-
да Нұрғиса Тілендиевтің кейіннен Рысбаймен жеке сырла-
сып отырып «Мен көрген Дина əжеміз өзі өз болып, ұстазы
Құрманғазыдан басқа күйшіні мойындаған емес, Ал өзіңе
көңілінің құлауы ол сенің шын мəніндегі өз тұрпатындағы
күйші екендігіңді танығаны болса керек» дегені бар. Мүмкін
солай да болар, егер көне, құйма құлақ күйші, не күй сүйер
жан болса осы күні Дина күйлерінің көп жерінің бастапқы
қалпынан ауытқығанын байқар еді. Себеп?
Себеп – күйші қолтаңбасын еш домбырашы бастапқы
қалпында қайталай алмайды. Осыдан келіп төл шығарма
орындалудың оңай жолына қарай өңделеді.
Əділін айтсақ, осы күні Дина күйлері үш нұсқада орында-
лады. Оның бірі – Динаның өз нұсқасы, екіншісі-жеке орын-
даушылар. Үшіншісі- оркестрлік нұсқа. Рысбай осылардың
тек алғашқы тұрпатындағы күйші. Рысбайға тəн тағы бір
ерекшелік, ол – шығарма орындаудағы дəлдігі. Ол қай
дүниені қандай орта, көңіл күйде шертсе де баяғы бір дəлдік,
екпін, белгілі мезгілде аяқтау. Бұл да өзге домбырашыларда
сирек ұшырасатын қасиет.
... Олар сол күні ұзақ отырды. Үлкендер болса өндір жасқа
ақылдарын айтты. Өнердегі мол тəжірибелерінен тағлым
таратты. Рысбай болса өзінің Дина шешейді көре алмай
жүргендігін, алдынан өтіп, ақ батасын алғысы келетіндігін
əңгімеледі. Елдегі елеулі домбырашылар турасында айт-
ты. Сөз соңында Қали аға Дина шешейдің қазірде əбден
жасы ұлғайып, оның үстіне ауру меңдеп, төсек тартып жа-
─ 163 ─
тып қалғаны, егер Рысбайдың күй шалғанын көріп, естісе
бір жасап қалатынын айтып, мұны ертесіне сабақтан соң
аруақты ананың алдына алып бару керектігін қатерге салды.
Шындығында қашан да айтулы жүйрікті əйгілі бапкердің
алыстан танитыны сияқты, мұны да Дина күйшінің алдыңғы
қыста бір-ер күйді орындауынан байқап, «Сол баланы
жеткізіңдерші, өз құлағыммен тыңдайын» деп мейір таны-
туы, сөз жоқ жас дарынның болашағынан зор үміт күтуі еді.
Уəде-уəде, бəрі де келісті. Ертең түстен соң Рысбайды
ертіп, Дина шешейдің үйіне бармақ. Сөйтіп, жас баланың
қолын əулие күйшіге сынатпақ. Əңгіме осымен аяқталып,
бəрі де жөніне кетті.
Дегенмен Дина шешеймен кездесу сəті бұл жолы да бол-
мады. Əділін айтса тағдыр оған ұлы күйшімен кездесуді
жазбапты. Сол күні таңда тарлан талант ұзаққа созылған
сырқаттан соң мəңгілікке көз жұмыпты. Рысбай оны ертесіне
сабаққа келгенде училищенің кіре берісіндегі үлкен қағазға
қара сиямен баттита жазған қазанама құлақтандырудан
көрді. Сөйтіп, Рысбай Ғабдиев өнердегі пірі, күйдегі
құдайы – Дина шешесінің алдын көрген жоқ. Бірақ ол Дина
мектебінің ірі өкілі, қайталанбас қағыскері болып қалды.
Осының өзі қазақтың күй өнері үшін зор мақтаныш, өшпес
мұрат.
Рысбай Чайковский атындағы училищеде домбыра-при-
ма бөлімінде оқыды. Онда домбырадан салмақты сазгер,
белгілі композитор Дүнгенбай Ботбаев дəріс берсе, при-
мадан Құрманғазы атындағы академиялық ұлт аспаптары
оркестрінің бас концертмейстері Петр Петрович Каннан
сабақ алды. Ал дирижерліктен осы күнде есімі күллі əлемге
əйгілі дирижер Фуат Мансуров үйрететін. Сайып келгенде,
бұлардың үшеуі де ешкімге ұқсамайтын өзіндік тұлғалар. Ал
ондай адамдардан өнеге алу – кім-кімге де ғанибет.
Р.Ғабдиев училищеде оқи жүріп, сол кезде Ф.Мансуров
жетекшілік еткен Құрманғазы атындағы консерватория
жанындағы студенттердің қазақ ұлт аспаптары оркестрі
құрамында ойнады. 1957 жылы осы оркестрмен Мəскеуде
─ 164 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ өткен студенттер мен жастардың Бүкілдүниежүзілік фестиваліне қатысып, лауреат атанды. Училище бітірген соң екі жыл Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптары оркестрі құрамында примада ойнаушы жəне жеке күйші болып еңбек етті. Одан бері де Атырау музыка училищесінде, Доссор балалар музыка мектебінде, Атырау педагогика институтының музыка факультетінде жұмыс істеп, жас ұрпақты халқымыз-дың күй, жалпы саз өнеріне баулуға үлкен үлес қосты, басшылық жасады. Көбін өз қолымен құрып, аяғынан қаз бастырды, қабырғасы қатайған ұжым қатарына қосты. Өзі де өндірістен қол үзбей, Əл-Фараби атындағы өнер институтының оркестр дирижері бөлімін тəмамдады. Рысбай Қисметоллаұлының өнер өлкесіндегі тағы бір жарқырай көрінген қыры – ұйымдас-тырушылық жəне жəй ұйымдастырушы емес, дирижер-ұйымдастырушылығы. Ол əр жылдары Балықшы ауданындағы Еркінқала, Доссордағы Мақат халық аспаптары оркестрлерін ұйымдастырды. Оркестр талай рет республика астанасында, Шымкент, Ташкент қалаларында, Мəскеудің Съездер сарайы мен Бүкілодақтық халық жетістіктері көрмесінің концерт залында өнер көрсетті. Мақат аудандық халық аспаптары оркестрі Болгарияда өткен халықаралық оркестрлер сайысына қатысып, үлкен алтын медальға ие болды. Сөйтіп, аталған елдің түрлі қалалары аспанында қазақтың ғажайып əндері мен күйлерінің сырлы əуендері қалықтады. Əрине, осындай қадір-құрметке ие болған оркестрлердің негізін қалаған жəне сондай дəрежеге жеткізген ұйымдастырушы – Рысбай Ғабдиев. Соған сай ол аталған оркестрлердегі əр орындаушыойнаушыны ауылдағы түрлі кəсіпорын, мекемелерден іздеп, бір-бірлеп жетелеп əкелді. Олардың ішінде мектеп мұғалімі, автокөлік жүргізушісі, балықшы, малшы, мұнайшы, болат жол бойының бапкерлері, кекіл шашы желбіреген оқушы, бір сөзбен айтқанда бəрі бар еді. Рысбай оларға əуелі нота үйретті, қала берді қай аспапта ойнайтынын белгіледі.
─ 165 ─
Өйткені тек домбырашы атаулымен көп дауысты оркестр
құрау мүмкін емес-ті.
Сайып келгенде, оркестр деген аты жеңіл болғанмен оны
ұйымдастыру, жұрт тыңдап, дүрілдете қол соғар деңгейге
көтеру оңай шаруа емес. Керек десеңіз қажетті музыка
аспаптары мен киім үлгілерін табудың өзі қай уақытта да
қиынның қиыны. Ол үшін əу бастан ауылдан бастап, аудан,
облыс, республика көлеміндегі талай емен есіктердің алдын
күтіп, уəдесін алу, қолын қойдырып, қаражат бөлдіру керек.
Содан кейін ғана іс оңға басады. Рысбай соңғы отыз жылда
мұндайдың талайын көрді. Бірақ еңбек жеміссіз емес.
Қазір ол Қазақстандағы өзіндік өрнек, қолтаң-басы
бар кəсіби өнер отауы – Дина Нұрпейісова атындағы
жəне өнердегі орны зор «Отырар сазы» этнографиялық
фольклорлық оркестрлерінің озық жетістіктерін бойларына
сіңіре отырып, өнерде өзгеше бағыт ұстаған тың оркестрдің
көркемдік жетекшісі жəне бас дирижері Рекең жоғарыдағы
сияқты бұл оркестрдің де аяғынан тəй тұрып, қаз басып
кетуіне көп еңбек сіңірді. Керек десеңіз, əр өнерпаздың
киімі, аспаптары, тіпті орындаушы мамандардың өзін
республиканың əр түкпірі, шеберхана, оқу орындарынан
іздеп жүріп тапты. Бəріне де тұрмыстық жағдай туғызуға
мүмкіндік жасады.
Бұл күнде Дина Нұрпейісова атындағы академиялық
кəсіби ұлт аспаптар оркестрі өнерде екі бағыт ұстап отыр.
Оның бірі – осы кезге дейін республикамыздағы барлық
өнер ұжымына темір-қазық болған – еуропалық үлгідегі
музыкалық аспаптарды кеңінен пайдалану да, екіншісі,
туған халқымыздың көне саздық аспаптарын оркестр
құрамына көбірек енгізу, сөйтіп, өнер табиғатын халықтық
үлгіге барған сайын жақындата түсу. Сайып келгенде, бұл
тəжірибені бүгінгі оқыған-тоқығаны мол, өнерді тани
білетін талғампаз тыңдаушы жылы қабылдауда. Бірақ осы
арада оркестр, оның жетекшілері үшін ерекше ескеретін
бір нəрсе – мұндай үрдіс биігінен көріну үшін, алдымен
оркестр құрамында ойнайтын əр өнерпаз сол талапқа
─ 166 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
сай не арнаулы білімі, яғни аспапта ойнау шеберлігі аса
жоғары болуы керек. Бұл жолда тек консерватория бітіру
аз, бойында табиғи дарын, өнерге деген шексіз махаб-
бат керек. Ал оны тап басып, тани білу – дирижердің
шеберлігіне байланысты.
Байқап отырсаңыз – дирижер де əр түрлі болады. Бірі –
білімді, бірақ сол білімін əр ойнаушының жүрегіне жеткізе
алмайды, ал екіншісінің білігі жетпейді, бірақ ұйымдастыра
алады. Тіпті, тағы бірі – тек сахнадағы сырттай көркемдікке
ғана ден қояды да, бір дауыстағы келіскен оркестр шығара
алмайды. Осыдан келіп өріссіз өнер туындайды. Бұл рет-
те оркестр құрылған жылдары еңбек еткен кезекті дири-
жер, талантты маман Жұмагелді Нəжімеденовтің еңбегі
зор. Ол алғашқы күннен ағаттықтарға жол бермес үшін көп
еңбектенді. Репертуар таңдауда бұрыннан таптаурын болған
симфониялық үлгідегі шығармаларға құлай бермей, ба-
рынша тың жəне орындалуы күрделі халықтық сипаттағы
туындыларға назар аударып, əр орындаушымен жеке жұмыс
істегенді, олардың өз партияларын терең меңгеруіне көңіл
бөлді. Соның нəтижесінде оркестр репертуарындағы
шығармалар əрдайым тыңдаушы жүрегіне жол тауып келеді.
Бұл, белгілі домбырашы, Республиканың халық əртісі,
жастар мен студенттердің Мəскеуде өткен бүкілодақтық
конкурстың лауреаты, профессор Рысбай Ғабдиевке де үлкен
бедел мен абырой əкелді.
Əрине, ғаламдағы қай адамның да мақсаты – алды-
мен алға қойған арманына жету, қала берді титімдей болса
да істеген ісінің жұртқа көрініп, бағасын алуы. Бұл ретте
Рысбайдың өкініші жоқ десе де болады. Өнердегі əке ар-
маны орындалды. Өзінің де ойлағанының жүзеге аспай
қалған кезі жоқ. Осы өнермен есейіп, егде тартты. Бұл
күнде оны қай күйші, сазгерің де алдымен Дина, қала берді
құдіретті Құрманғазының қайталанбас шəкірті деп біледі
жəне сол биікте қалатыны да даусыз. Расында да Рысбай
Қисметоллаұлы Ғабдиев күй əлемінде осындай адам.
─ 167 ─
Астрахан-қазақтардың құтты мекені
Астрахан есімі қазақтарға қашаннан таныс. Аңыздарға
құлақ түрсек əз Жəнібек ханның тұсында ірге көтерген бұл
қала Алтын Орда дəуірінде қандастарымыз мекендеген
құтты қоныс көрінеді. Мүмкін солардан болар, осы өңірде
кіндік кесіп кір жуған даланың дана философы Асан қайғы
(Хасан Сəбитұлы, ХІV ғ.) «Еділ мен Жайықтың, бірін жаз-
да жайласаң, бірін қыста қыстасаң-қос қолыңды маларсың,
алтын менен күміске» деп көңілі шалқып тасыйды. Бірақ
Жəнібектің қала іргесін көтерудегі əлде бір қылығы ұнамай,
үшінші шақырғанда азар келіп «Ай, Жəнібек, ойласаң, қилы-
қилы заман болмай ма, суда жүзген ақ шортан қарағай басын
шалмай ма?! Мұны неге білмейсің! Қорған салдың бейнет
қып, қызметшің жатыр ішіп-жеп... Оны неге білмейсің?!
Хош, аман бол, Жəнібек, енді мені көрмейсің! Түптің
түбінде Астрахан бізге бұйырмайды, арқадан келген өзге
дін иелеріне мекен болады» деп Жайыққа қарай желмаясын
тебініп жүре беріпті деседі.
XV ғасырда қазақ əдебиеті төл басыларының бірі Қазтуған
жырау «Алаң да алаң, алаң жұрт, ағалаң ордам қонған жер.
Атамыз біздің бұ Сүйініш күйеу болып барған жұрт. Ана-
мыз біздің Бозтуған келіншек болып түскен жұрт» деп осы
өңірдегі Ақтуба мен Бозан бойын бойтұмардай қадірлеп,
жырға қосады.
XVІ ғасырда Доспанбет жырау «Айналайын, Ақ
Жайық, ат салмай өтер жер қайда?» деп Азауынан əрі өтіп,
Астраханға бет ауғанда тебінгіден тер төгіп, қанжығадан қан
кетіп, қапыда қайтыс болған еді ау?!
Ақырында Асан ата айтқан өкініш аумай-төкпей алды-
мыздан шықты, XV ғасырдың орта тұсынан аса Алтын Ор-
─ 168 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
дадан қашып шыққан Махмұт хан мен оның інісі Ахмет Еділ
өзенінің төменгі сағасында Астрахан хандығын құрып, билік
жүргізе бастап еді, бірақ адам ғұмырының өзі ғасырдан ғасыр
асып, жалғаса бермейді ғой, өлім деген өкініш Махмұтты
алып тынғанда, оның мұрагері болып таққа ұлы Қасым оты-
рады. Əйтсе де байлық деген қара мысық ағайынды екеудің
жүрегін тырнап, бірін Мəскеу княздігі, екіншісін Қырым
хандығына шабуылға шығарып еді, амал не, екеуі де ойсы-
рай жеңілді. Оның үстіне Үлкен Орданың күйреуі Астрахан
хандығының Ноғай Ордасы əміріне бағынышын күшейтіп,
күннен күнге əлсіретті. Əлі кетіп, ауыз бірліктен айрылған
хандықты 1556 жылы ІV Иван Грозный айтақтаған И. Че-
ремиесинов басқаруындағы жер қайысқан кезбе казактар
басып алды. Арада екі жыл өткенде қала Ресей патшалығы
империясы қоластына өтті. Міне, содан бері аттай 456 жыл
болды.
Бірақ біздің нəсілдестеріміз іргесін өздері қалаған
қаланы уыстарынан шығарып алса да бұл аймақтан қол
үзіп көрген жоқ. Даласына малын бақты, өзеніне ау са-
лып, қармағына қарагөз іліндірді. Ең бастысы, ұлын өсіріп,
қызын бойжеткізді. Олардың арасынан келешек Ресей мен
Қазақстанға белгілі талай тарлан азаматтар тəрбиеленді,
біраз жұрттың жамбасы осы өңірде жерге тиді. Басқасын
былай қойғанда, XІX, ХХ ғасырларда халқымыздың му-
зыка өнерінің марғасқалары, атақты күйші-компазиторлар
Құрманғазы (1823-1896) Алтынжарда, Сейтек Оразалиев
(1861-1933) Ақтөбеде (Хошеутов), Ерғали Есжановы (18631949) Лебяжьеде (Құмөзек) дүниеден озып мəңгілік мекен
етті.
Одан беріде Еділді қатар еміп, Каспийде кеме
жарыстырған орыс пен қазақ елдеріне есімдері белгілі
қанша мемлекет, қоғам қайраткері, экономика мен
əлеуметтік салаға еңбегі сіңген айтулы адамдар өсіп
шықты. Оның бəрін дəл қазір бармақ бүгіп, саусақ санап,
түгендеп біту мүмкін емес. Осы күні Астрахан облысында
200 мыңға жуық қандастарымыз тұрады. Олар негізінен
─ 169 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР Құмөзек, Володар, Красный Яр, Икрян, Қарабайлы, Приволжье аудандары мен облыс орталығының өзінде тұрып жатыр. Басқалар сынды олар да 1991 жылдың 21 тамызынан кейінгі дамудың жаңа жолына түскен Ресей Федерациясындағы Астрахан өңірінің экономикалықəлеуметтік өсуіне өз үлестерін қосып келеді. Негізінен аймақтың аграрлық жүйесі, оның ішінде мал жəне егін шаруашылығын дамыту, су шаруашылығы, теңіз флоты, балық өнеркəсібін өркендету, облыста кейінгі жылдары қарқын алған мұнай өндіру саласына қосып жатқан үлестері мол. Əлеуметтік бағытта да атқарып отырған жұмыстары көп. Оларды облыстық деңгейде жалпылама бағытта сараласақ, мынандай салаларды құрайды. Астрахан облысында ежелден бергі ата кəсіп балық өнеркəсібі, теңіз, су шаруашылығы. Кеңес өкіметі тұсында аталған облыста жылына 250 мың тонна су маржаны ауланса, оның 100 мың тоннасы бекіре тұқымдас балықтың үлесіне тиетін. Бұл сол кездің (1965-1975 жылдар) көрсеткіші бойынша Одақта теңдесі жоқ үлес еді. Бұндай артықшылық көлемі жағынан аз болғанмен, нəтижесі жағынан əлі де сақталуда. Облыс ас тұзын өңдіру мен өңдеу ісінде де Ресейде бірінші орында тұрады. Сондай-ақ облыста қатты дамыған сала – егін шаруашылығы. Мұнда көкөніс, бақша дақылдарын егу мен оларды өңдеу ісі жақсы жолға қойылған. Астрахан қаласының өзі мен Ақтубада жəне Қарабайлыда ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде балық жəне егін өнімдерін өңдеу, құтылау зауыттары бар. Төменгі Басқұншақ пен Ахтубада тұз шығару кəсіпорындары жұмыс істейді. ТМД көлеміндегі ең ірі кеме жасау жəне өңдеу зауыты осы Астрахан қаласында орналасқан. Аталған зауытта дайындалған қазақстандық «Сұңқар» платформасы мен басқа да мұнай қондырғылары еліміздің сутегі шикізатын өндірушілеріне жақсы таныс. Астрахан мен Ахтубадағы тепловоз жөндеу, ұста-жаныштау (прес) жəне технологиялық құрал-жабдықтар шығаратын
─ 170 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
кəсіпорындардың да үлес салмағы мол. Жоғарыдан төмен Еділ
өзенімен тасымалданып, ағып келетін ағаштарды өңдеу, үй
жиһаздарын жасау ісі де көптен бері қолға алынған. Целлюлоза-
қағаз, картон дайындаумен облыстың аты шыққан. Шыны
талшығы, резина зауыттары бар.
Облыста ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан кəсіп –
мал шаруашылығы. Мұнда төрт түлікпен қоса шошқа өсіру де
қолға алынған. Астраханның Қарабайлы, Владимировскіде
ет комбинаттары жұмыс істейді. Өңірде бір кездері тері
өңдеу, аяқ киім тігу, байпақ, киіз басу, ау тоқу фабрикалары
жұмыс істеді. Қазір олар уақыт талабына сай маманданды-
рылып қызмет түрін жаңартты. Сүт зауыттары мен кондитер
фабрикаларының игілігі мол.
Əлеуметтік салада да оңды өзгерістер бар. Облыс
орталығындағы балық өнеркəсібі мен балық шаруашылығы
институты, медицина академиясы, консерватория, педагоги-
ка институты қашаннан бері Ресеймен бірге Қазақстан үшін
де білікті мамандар даярлап келеді. Бұлардан басқа қалада
түрлі ғылыми-зерттеу институттары мен орта, жоғары оқу
орындары, жалпы білім беретін мектептер, мектепке дейінгі
мекемелер, мəдениет ошақтары, театрлар мен зоопарк бар.
Оңды қадам, педагогика институты мен педагогикалық
колледжде жергілікті қазақ балаларына ана тілінде білім
беретін ұстаздар даярланады. Оларға Атыраудағы Х.
Досмұхамедов
атындағы
университет-тің
оқытушы-
профессорлары ұдайы дəріс оқып, тəжі-рибе алмасады.
Мектеп ұстаздары да жалпы білім беру бағытында озат
тəжірибелерін ортаға салып бөліседі.
Облыстық теледидар мен радиода апта сайын қазақ тілінде
хабарлар беріледі. 20 жылдан бері «Ақ арна» деп аталатын
газет шығып тұрады. 1990 жылдан бері «Жолдастық» деп
аталатын қазақ мəдениеті мен тілінің өңірлік қоғамы жұмыс
істейді. Оған туған халқын жанындай сүйетін қаржыгер,
Ресей Федера-циясының еңбек сіңірген қайраткері Ники-
та Сейітұлы Ысқақов ұзақ жыл жетекшілік етті, қазірде
құрметті төраға. Аталған қызметті дəрігер Х.Ф. Джаркенов
─ 171 ─
атқаруда. Аталған қоғамның мұрындық болуы мен өңірде
қандастарымыздың ұлттық рухани өсуі мен жетілуі жолында
көптеген жұмыстар атқарылды. Ұлы күйші Құрманғазының
кесенесі қайта көтеріліп, Алтынжарда құрамында музы-
ка мектебі мен концерт залы, қонақ үйі, мұражайы бар
өңірлік мəдениет кешені пайдалануға берілді. Қазақстан
мəдениетінің Астрахандағы күндері өтті. Қаладағы Совет
көшесі бойындағы келісті алаңда Құрманғазыға арналып
еңселі ескерткіш қойылды. Салмағы 115 тонна тартатын
бұл алып ескерткіштің мүсіншісі, аты қазақстандықтарға
бұрыннан мəлім, Атырау облысы орталығындағы ұлы күйші
ескерткішін жасаған А. Рахмадиев. Ал Еділ бойындағы
мүсін Ресейлік қандастарымызға рух беріп намысын оята-
тындай айбынды да еңселі.
Астрахан Атырауға, жалпы Қазақстан үшін қашаннан
бері қанаттас жатқан төрде басы, төскейде малы қосылған,
ырыс-берекесі ортақ облыстар. Сол достық пен дəстүр
бұрынғы сынды тəуелсіздік жылдарында да жалғасын тау-
ып, 1995 жылдан бері екі республика облыстары басшылығы
өзара экономикалық, ғылыми-техникалық серіктестік байла-
нысы нығайып, жақсарту бағытындағы келісімге қол қойып,
олар кəсіпкерлік құрылымдар арасында сауда-экономикалық
ынтымақтастықты барынша тереңдетуге арналып отыр.
Сондай-ақ аграрлық жүйе мен балық шаруашылығы, мұнай-
газ саласы, білім-ғылым,денсаулық сақтау, қоршаған ортаны
қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу, күштік құрылым
(құқық қорғау) бағытында да оңды ойластырылған екі жақты
келісімдер бар.
Өзара ынтымақты байланыс аталған облыс пен Атыраудың
Құрманғазы ауданы арасында да аса нəтижелі екенін ауыз тол-
тыра айтуымыз керек. Түпкі құйылар айдыны бір аймақтың
арасын бір ғана Қиғаш өзені бөлсе, өткен жылдары осы
өзен үстінен келіс-барысты жиілету мақсатында маңызды
көпір салынып, іске қосылды. Аузындағы шекаралық бе-
кетте автокөлік бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық
станса қызметтері, мал дəрігерлік қадағалау орындары бар
─ 172 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
бұл көпірдің ашылуына екі елдің үкімет басшылары келіп,
қашаннан бергі қалыптасқан қарым-қатынасымызды одан
əрмен тереңдетіп бекітті.
Қазақтар əлімсақтан Атырау деп кеткен айдынды
Каспийдің терістігін қатар жайлап, ырыздығын бірге ем-
ген астрахандықтар 2008 жылы ежелгі қалаларының 450
жылдығын үлкен салтанатпен тойлап өтті. Оған теңіз
жағалаған 5 мемлекеттің басшылары бастаған үлкен де-
легация қатысты. Мерейтойды ұйымдас-тыруда қалада
көлемі 90х35 метрлік алып сахна орнатылып, онда
қаланың кешелі-бүгінгі тарихын бейнелейтін көріністер
көрсетілді. Ойын-сауық барысында Англия мен Германи-
ядан келген диджейлер дайындаған музыкалық шоу тама-
шаланып, Людмила Сеншина, Валентина Толкуновалар
əн салды «Самоцветы» ансамблі мен Филипп Киркоров
өнер көрсетті. Сондай-ақ концертте құрамында 900 ада-
мы бар бишілер тобының өнері де қонақтар есінде ұзақ
сақталатын болады. Сөйтіп айдын шайқап, толқын құшқан
ежелгі қала жаңа белеске қадам басты.
─ 173 ─
ШЕКАРАНЫҢ БОЙЫНДА БӨКЕЙ ХАН ЖАТЫР
біз осы ұлы тұлғаны өз дəрежесінде
қастерлеп жүрміз бе?
Күн жексенбі болатын. Қаңтардың қарасуықты ызғарлы
таңы желкем. Кеше кешкілік бар-жоғы екі-үш градус
салқындықты көрсетіп тұрған термометр тілі бүгін бүйірге
құлап, 17-ден бір-ақ шығыпты. Шіркін-ай, жерде жылт жоқ,
қар болмаса, қыстың сəні келе ме?! Ең кішісі бет шымшыған
аязының өзі өкпек желмен қосылып, айдай бетіңе айғыз-
айғыз ызғар шашады. Облыс орталығынан тура батысқа бағыт
ұстаған үш машина адам таңғы бесте атқа қонып, қозғалып
кеттік. Мақсат – қазақтың хандық-əкімшілік басқаруында
өзіндік орны бар тұлға Бөкейхан Нұралыханұлының жамба-
сы мəңгілік жерге тиген мекен Кішкене аралға (Малый арал)
жету, аруаққа зиярат етіп, оған деген құрмет жайлы алқа-
қотан əңгіме қозғау. Ол үшін Қазақстан аумағынан аз-мұз əрі
шығып, Астрахан облысына аяқ басу, хан жатқан аумақ-көрші
ресейліктермен ақылдасып, ортақ мəмілеге келген дұрыс.
Бұл ретте аталған бастамаға негіз – өз облысымыз-
дағы оңды істерді ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
қызметтер
жөніндегі
агенттігінің Атырау облысы бойынша басқарма бастығы
Мұхит Ізбанов. Ол қызмет бабына орай мемлекеттің сенімді
өкілі ретінде шетелдерде жауапты жұмыстарда болып,
сондай-ақ өз елімізде қатардағы қызметкерден министрдің
орынбасар-лығына дейін өскен шенеунік. Бірақ халқымыздың
өткен-кеткеніне, əсіресе, тарихи тұлғаларды қайта тірілтуге
ерекше көңіл бөледі. Өткен жылы ол Өзбекстанның Нау-
аи деп аталатын аймағында жатқан халқымыздың ұлы үш
биінің бірі, кезінде қол бастаған көсем, сөз тастаған шешен
болған Əйтекенің кесенесін көтерісуге ерекше үлес қосты.
─ 174 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Ендігі ниет еліміздің жат жұрттағы жерін қайтып алу, яғни тер-
риториялық өсуі, адамдардың рухани дамуына ала бөтен ең бек
сіңірген тарихи тұлға Бөкейхан Нұралыханұлына ауып тұр.
Ендеше, əңгімемізді сəл-пəл тарқата түсейік. Əлгі айтқан
территориялық кеңею, рухани өсу дегенім не? Жалпы Бөкей
дегеннің өзі кім еді? Ол неге өз жері жетпей Ресейде жатыр?
Алдымен біз атқа қонғанымызда ойға осындай сұрақтар
келді. Содан соң арғы-бергідегі ол туралы айтылған азды-
көпті əңгімені жинастырып, ой қорыттық.
Алдымен айтарымыз, Бөкейдің дəл қай жылы туғандығы
белгісіз. Əйтсе де оның өмір жолы, тарихи орны жайлы зер-
делеп жүрген кейбір ғалымдар мен өлкетанушылар Бөкейді
1747 жылы дүниеге келген дейді. Тұқым жағынан азуын айға
білеген Шыңғыс ұрпағы Нұралыханның төртінші əйелінен
туған екінші ұл. 1797 жылы патша өкіметі Орынборға қарасты
аймақты
əкімшілік-территориялық
басқаруды
жүйелеу
кезінде хандық кеңес құрып, соның басына осы Бөкей
бекиді. Жем, Сағыз, Ойыл бойында отырып, ағайындарымен
билік жарыстырып көрген, бірақ əуелден тақ үшін тəңірін
тілдеп, туғанын ұмытатын Шыңғыс тұқымы бұған хандық
түгіл, сыбағасына тиген сұлтандығына да сұқтана қарайтын
сияқты. Сонда қайтпек, құдай салды, мен көндім деп бас
шұлғи бермек пе?
Жоқ, Бөкейдің басы бұдан əрірек ойлап, тереңірек толған-
ғанды ұнататын. Ол барып тұрған стратег, келешектің көк-
жиегін бүгінгі ақыл-оймен барлай алар барынша сұңғыла еді.
Осы орайда ол 1771 жылдан бері жүгірген аң, ұшқан құстан
басқа пендесі жоқ Еділ-Жайық арасы, Нарын бет аталатын Са-
мара даласына сүйсіне көз салды. Бірақ ол 1580 жылдан бері
Ресей иелігінде. Патша 1748 жылы Жайықтың шығыс бетіндегі
хан тұқымы мен Байбақты руының кейбір адамдарына тек қыс
кездерінде аталған аймақта мал жайғап, қыстап шығуға ғана
рұқсат беріп еді. Бірақ ол жарлығын 1756 жылы қайтып алып,
тек қалмақтардың тұруына жағдай жасады. Əйтсе де сол қалмақ
1771 жылы үдере көшіп, өз Жоңғариясына бағыт ұстады.
Сонда отыз жылдан бері адам ізі түспеген ежелгі қазақ
─ 175 ─
қонысына Бөкей қызықпағанда кімнің көзі түспек. Осы кезде
басына байлық, астына тақ іздеген Бөкей Астрахан казакта-
ры еншісіне берілген жердің иесі, казак полкының командирі,
полковник Поповқа, Астраханның əскери губернаторы Клор-
рингке жəне Ресей патшасы Павел біріншіге аталған жерді
иеленіп, мал өсіруге рұхсат сұрап, хат жазды.
Сайып келгенде патша өкіметіне керегі де осы еді.
Өйткені соңғы кезде Кіші жүз қазақтарының патша өкіметіне
деген наразылығы көбейді. Емельян Пугачев бүлігінен соң
Сырым Датов қозғалысы, Қаратай мен Айшуақтың таққа
таласы, Есімнің өлімі, Жантөренің кек жолындағы күресі,
міне, осылардың қай-қайсысы да орыс патшасын ойланды-
рып тастаған. Ал егер екі өзен арасын еншіге беріп, Бөкейді
туғандарынан алшақтатып тастаса, күш бөлініп, бірлік
азаймай ма? Оның үстіне бұрынғы берсе қолынан, бермесе
жолынан алып, Ресей үшін азық-түлік базасына айналған
қалмақ уыстан шығып, қалтасын қағып қалған патшаға мы-
надай май шелпек аспаннан түскен алтынмен бірдей емес пе?
Қазыналық ресурстың қайнар көзі осы.
Осы оймен орыс патшасы ойланбастан 1801 жылдың 11
наурызында «Председательствующего в ханском совете кир-
гиз-кайсацской Малой Орды Букей султана, сына Нурали-
хана, принимаю к себе охотно, позволяю кочевать там, где
пожелает и в знак моего благоволения назначаю ему медаль
золотую с мойм портретом, которую носить на шее на черной
ленте» деп жарлық берді. Сол жылы Бөкей 5 мың түтін, 22725
адам, 2 миллион малмен қос өзен аралығына көшіп келді,
жаңа қазақ хандығы – Бөкей Ордасының негізі қаланды. 1812
жылдың 7 шілдесінде Орал (Теке) қаласының іргесіндегі
«Хан тоғайы» деп аталатын жерде ол Астрахан жəне Жайық
сырты (Заурал) даласының ханы болып сайланды. Ақ киізге
оралып, құрмет көрсетілді. Зеңбіректен 12 рет оқ атылды.
Шындығында қазақ үшін нағыз бақыт осы еді. Өйткені
Алтын Орда құлап, Астрахан хандығы мен Ноғай Орда-
сы ыдырап, орыс патшалығының қол астына өткеннен соң
аталған аймақтан соңғы қазақтың кеткеніне де екі ғасырға
─ 176 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
жуықтап, бір кездегі Сыпыра жырау мен Асанқайғы, До-
спамбет пен Марқасқа, Қазтуған мен Жиембет туған жалпақ
жазық көзден бұлбұл ұшқан. Ал оған қандастарымыздың
табан тигізіп, түлігін тарыдай шашып, өргізуі ол тек кешегі
бақыт емес, бүгінгінің бүтін ырысы, дамыған дəулеті еді.
Содан бергі екі ғасырдан астам уақытта Ішкі Ордада (Бөкей
Ордасы) қазақтар отырықшылыққа үйреніп, тұрмысын
түзеді, мəдениетін өсірді. Рухани жаңарды, экономикалық
дəуірлеу жылдарын басынан өткерді. Кеңес өкіметі тұсында
бұл аймақ əкімшілік-территориялық бөлініс тұрғысында
6 ауданға бөлініп, төрт түлігін түлетіп, егінін жайқалтып,
балығын тайдай тулатқан ырыстың Отаны, талай ұлттың ба-
сын құрап, байлықтың мол қамбасы атанды.
Ал тəуелсіздік жылдарындағы байлығының теңдесі жоқ.
Төсін тесіп, кез-келген жерінен атқылаған көмір сутегі
шикізаты Қазақстан экономикасының күретамыры болумен
бірге əлем тірлігінің тайқазаны десе де болар. Қазір оған
қызығып, сүйсінбейтін, көз тігіп, көш басын бұрмайтын ел
жоқ, бəрі де дəметіп, дəуір донары деп қарайды.
Міне, осы бастаулардың негізін салған сол Бөкей. Осы
аймақта оның ізі, игі армандарының түп тамыры жатыр.
Бөкей сұлтан 1801 жылы Сағыз, Мұқыр, Жем арасы-
нан көш қозғап, Сарайшыққа бір қыстады. Бірақ əуелден
қазақ десе қырын қарап, өзі түгіл малын Жайық бойына
жақындатпайтын казактар оның отырып қалуына ойланарлық
уақыт бермеді. Жалтыр көлінің жанына келіп түйе шөгерген,
жауын мен қар суынан кемерін өсіретін тоғанға көңілі толма-
ды. Көнеуге інісін қалдырып, Хан сарайына (Кішкене Арал)
қарай бағыт ұстады. Осы арада он шақты жыл тұрғанда 1815
жылдың 21 мамырында көлденеңнен келген ажалдан көзін
жұмды. Денесі аға деп сыйлайтын ақылшысы, иманы түзу,
айтары ақиқат, ұстанымы берік ұстаз, өзінен бар-жоғы үш-
ақ жыл бұрын қайтыс болған тəлімгері Сейіт баба (Сейіт
Мұхаммед Құлбайұлы) қасына қойылды.
Бір қарағанда Сейіт баба Бөкей сыйлайтындай болмысы
бөлек, тұрпаты өзге, тұғыры биік, текті тұлға еді. 1742 жылы
─ 177 ─
Кішкене аралдың батысындағы Қожатай ауылында (руы -
Ноғайдың қарағашы) дүниеге келген ол он жетіге келгенде
Меккеге сапар шегеді. Египетте діни білім алып, Сирия, Үнді
елдерінде болады. Бұқарада ұстаздық етіп, алпыс жасқа жет-
кенде туған жеріне оралады. Елді имандылыққа, құдай жо-
лында адал болуға уағыздайды. Төңірегіндегі нəсілдестерінің
бəрін намазға тұрғызып, нағыз хақ жолына үйретті.
Бөкей оны осы үшін де қадірлейтін. Тіпті өлерінің алдын-
да «Мені бабайдың аяқ жағына таяқ тастам жерге кейінірек
жерлерсіңдер» деген екен. Ұрпағы əке аманатын мүлтіксіз
орындайды.
Міне, содан бері екі жүз жылға жуық уақыт өтті. Бірақ кешегі
кеңес өкіметі тұсында əулие атанып, адамдар түнейтін Сейітке
де, бүкіл елді бүтіндікке, кешпелі жұртты отырықшылыққа,
жазу-сызуы аз жұртты оқымыстылыққа уағыздаған Бөкейге
қойылған бейіттер құлатылды. Трактормен тапталып, ойраны
шықты. Дегенмен аталған екі бейітті де астрахандық қандастар
1994 жылы қайта көтеріп, қалыпқа келтірді. Сөйтіп бір кездегі
Жəңгірдің өзі қойған киіз үй тұрпатындағы темір бейіт пен
Сейіт бабаға тақтайдан өрнектеп салған талғамды там жөнге
келді. Əулие деп есептеп, алыс-жақындағы ауру-сырқаудың
бəрі келіп тұратын Сейіт баба басына түнек үйі салынды. Бейіт
сырты қоршалып, жолдар төселінді. Электр желісі тартылды.
Аруақтарға арналған құлпытас орнатылды.
Əйтсе де бүкіл бір аймақтың, қала берді қазақ халқының
территориялық тағдырын шешіп берген асыл тұлғаға
көрсетілер құрмет тек осымен бітіп қалмақ па? Өткен
ғасырдың 20-жылы республикалар шекарасын белгілеу
кезінде ол жатқан төбе Ресейде қалып, бұл ағаттық күні
кешегі (2009 ж.) бөлініс кезінде тағы да жөнге келген жоқ.
Осындай он орам ой жетегінде келе жатқан біз екі елдің
кедендік жəне шекаралық бекетіне жеткенімізді де байқамай
қалыппыз. Алдымыздағы (бар-жоғы 200-ақ метрде) дөңде
Бөкейханның сегіз қанат үй келбетіндей темір бейіті «Е,
туғандарым, тағы да ат терлетіп, ауыл асып жеттіңдер ме?»
дегендей мен мұндалап тұр екен. Бізді осы арада (Айтпақшы
─ 178 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
орта жолда бізге Құрманғазы ауданы азаматтары да қосылған
болатын. Ө.Ə.) Астраханның Красный Яр ауданының
жігіттері қарсы алды.
Əуелі екі аруаққа арналып, құран оқылды, мал бауызда-
лып, қан шығарылды. Содан соң əулие орны, хан қойылған
жерлермен таныстырылды. Одан əрі түнек үйіне тізе бүгіп,
сапар мақсаты түсіндірілді. Сөз бастаған Мұхит Кəрімұлы
бұл күнде мəңгілік мекені Ресей жері болғанмен бір кездегі
қазақ топырағының «Хан сарайы» атанып, кейін Кішкене
арал (Малый арал) ауылы деген есімге иеленген бұл жерде
түсінген адамға халқымыз үшін аса қымбат адам – Бөкейхан
жатыр. Егер осы кісінің араласы болмаса Қазақстан террито-
риясы Атырау қаласынан Жайық жағалап Оралға тіке өтіп,
екі өзен арасы көзімізден бұлбұл ұшар еді. Қазақ табанының
ізі де болмай, бір кездегі Алтын Орда аймағы деп тарих
тағылымдарын ғана ойға оралтар едік. Сондықтан бұл күнде
мұнайы елінің шырайы болып, балығы байлығының бір
бөлшегі атанған өңір халқы, күллі Қазақстан Бөкейге мəңгілік
қарыздар екенін ұмытпауы керек. Сол үшін ең болмаса бейітін
көтеріп, уақыт талабына сай кесенесін тұрғызсақ деген ой
бар. Аталған іске қол ұшын береміз деген іскер азаматтың бір
тобын жанымызға алдық, бұл ретте сіздердің де көмектеріңіз
керек, оған қалай қарайсыздар дегенді алға тартты.
Астрахан
аймақтық
«Жолдастық»
қазақ
мəдениеті
қоғамдық ұйымы кеңесінің төрағасы Никита Ысқақов бұл
мəселенің дер кезінде қозғалып отырғандығы, өзі басқарып
отырған қоғамдық ұйымның бұрындары Бөкейхан мен Сейіт
баба кесенелерін қатар тұрғызу жайлы ойластырғанын ай-
тып, өз жобаларын ұсынды, ойлар бөлісті.
Өз кезегінде Красныйяр ауданы, облыстық деңгейдегі
басшылық, ауыл азаматтары «Бəріміз де қазақпыз, осы ара-
да тудық, осы жерде өстік. Бөкейхан Қазақстан үшін қандай
қадірлі болса, біздер, осы араның тұрғылықты қазақтары
үшін де сондай мəртебелі. Бірақ екі араны бөліп тұрған ше-
кара бар. Оның бер жағы Ресей болса, арғы беті өздеріңіз.
Яғни тұлға сіздердікі, тұғыр біздікі, Ресейдікі. Соған сай əр
─ 179 ─
елдің өз саясаты, ұстанымы бар. Сіздер кесене тұрғызамыз
дейсіздер. Ойларыңыз жалғыз Бөкей емес, қасындағы ру-
хани ұстазы Сейіт бабаны да ұмытпағыларыңыз келеді.
Əрине, қандас ретінде де құптаймыз. Əйтсе де мəселе екі ел
деңгейінде, ортақ келісіммен істелінгені дұрыс.
Тағы бір айтар жай – біз Бөкейханға деген құрметті тек
кесене көтеріп, келістіре там соғу емес, оның кім болғанын,
халқына қандай жақсылық істегенін келер ұрпаққа жеткізуіміз
керек. Мына іргедегі Бəйбек ауылында Бөкейханға арналған
мұражай бар. Бірақ оның жəдігерлері жұтаң, тарихи
құжаттары аз. Сондықтан болашақта оның іші Бөкей туралы
толық мəліметтері бар кітап, тарихи құжат, зат, мүлік, сурет-
термен толықса құба-құп болар еді. Бұл ретте қазақстандық
бауырлардың көмегі керек-ақ» дегенді айтты.
Бұл пікірді Құрманғазы ауданының азаматтары да қолдады.
«Халқымыздың біртауар ұлдарына құрмет көрсету, кесене
тұрғызуда біздің ауданның да біраз тəжірибесі бар. Іс баста-
лып, шаруа қолға алынса, құрманғазылықтардың үлкен-кішісі
түгелдей қол ұшын береді, өз көмектерін көрсетеді» деді ол.
«Ханға арналған кесене қалай болғаны дұрыс, дін иесі
Сейіт бабаға қойылар бейіттің ерекшелігі, тіпті сол кісіге ке-
сене салудың жөні бар ма, онан да мешіт үйін тұрғызса қалай
болар еді» деген сұрақтар болды. Бұл төңіректе діндарлар
мен іс басындағы азаматтар, іскер жігіттер де ой қосты.
* * *
Біз Бөкей жерленген дөң басында тұрмыз. Жанымызда
ханға арналған 19- ғасыр басындағы көне там. Бірақ ол сол
кез үшін өзіндік ою-өрнек, басқа да ерекшелігі, еуроазиялық
жаңалығымен қадірлі. Алдында құлпытас. Онда «Здесь по-
коится прах Букейхана, выдающего деятеля казахского на-
рода середины ХVІІІ, начала ХІХ века, основателя Букеев-
ской Орды. Умер 21.05.1815 г» деп жазылған. Арқа беттегі
бар-жоғы бірер шақырымдайда арқырап жүрдек пойыз кетіп
барады. Өкше ізі Атырау (Қазақстан), бағыты батыс – Ре-
─ 180 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
сей. Терезесінен ондаған көз андыздайды. Осы кезде тағы да
Мұхит Кəрімұлы əңгімеге араласты, шабытты, сергек-ақ.
- Көрдіңіздер ме, пойыздағы батыс, шығысқа бағыт
ұстағанның бəрі бізге қарайды. Бізге емес, Бөкей атамыздың
мазарына көз тігеді. Шамасы, «Шекараны күзеткен бұл
нəсілдесіміз кім екен, кім де болса осал емес, оралымды
тұлғаның бірі ғой» деп ой түйеді. Сондайда күллі қазақтың
бет бейнесі, айбарын көрсетер алып кесене осы арада мен
мұндалап тұрса, ұлтымыздың ұяты, халқымыздың абыройы
емес пе? – дейді ол.
Келешек күндер көкжиегінен қарасақ- əдемі-ақ сөз, жаны
бар пікір.
Күн кешкіріп келеді. Батыс арқадан ызғарлы жел еседі,
жанға тиер жайсыз-ақ. Күн де бұлыңғыр. Ертеңдер қар жау-
маса қайтсін.
Күн еңкейе бастаған шақ,
Екінді.
Табиғат та бір нəрсеге бекінді.
... Жер астында жатса-дағы Бөкейхан,
Шекараны қорғап жатқан секілді.
...Біз ат басын ауылға бұрдық, шекараның шебінде
Бөкейхан мазары қалып барады.
Əрине, бергіде қасиетті орындар ескерусіз қалмады.
1994 жылы жергілікті Байбек селолық огругінің сол кездегі
басшысы Н. Байтеміровтың бастамасы, Красныйяр ау-
даны əкімдігі, тұрғындар қауымы мен аталған кесенелер
қайта көтеріліп, қалыпқа келтірілді. Жандарына шырақшы
қойылды. Бəрі де жақсы. Бірақ «Бөкей хан кесенесі бастапқы
қалпындай сəулетті келбетін сақтаған келісті, əлуетті бо-
лып шықты» деп айту қиын, жөндеу олақтығы көп. Бұл өзге
түгіл, өз қандастарымыз үшін де қиын сұрақ-ты. Осыған
орай атыраулық абыройлы азамат, біраз жерде басшылық
қызметте болған, əлі де ат арқасында жүрген Мұхит Кəрімұлы
Ізбанов оңды бастама көтерді. Ол-аталған ардақты ханға ар-
нап келісті кесене көтеру мəселесі еді. Бұл жағынан Мұхит
Кəрімұлының айтарлықтай тəжірибесі бар. Бұған дейін
─ 181 ─
Қазақстанның Өзбекстан жерінде жатқан қазақтың үш ұлы
биінің бірі Əйтекенің кесенесін қайта жаңғыртуға қатысқан-
ды жəне жалғыз емес, Атырау облысының əкімі Бергей
Рысқалиевтің қолдауы, басқа да іскер азаматтардың араласы-
мен жүзеге асырды.
Бұл жолы да солай болды. Аталған ұсынысты облыс əкімі,
өзге де жігіттер қолдады. Мəселе осы күні республиканың
Ресейдегі елшісі З. Тұрысбековтің де құлағына тиді. Екі ел
президенттері Н. Назарбаев пен Д.Медведевке де мəлім
болды. Ақыры аталған бастаманың тағдыры оң шешілді.
Бастаманың алғашқа шаралары басталып та кетті.
Ресей елінің Астрахан облысындағы Красныйяр ауданы,
Байбек селолық огругі аумағында орналасқан бұл қауымға
Қазақстан елшісі əлгіндей əңгіме басталғалы екі рет келді.
Соңғысында Астрахан облысының губернаторы А.Жилкинмен
бірге аталған құрлысты салу жөніндегі келісімге қол қойып,
Бөкейхан кесенесінің ірге тасын қалау рəсімін жасады. Екі елден
жиылған қалың қауым, əкімшілік-басқару, мемлекеттік құрлым,
шаруашылық өкілдері алдында басталғалы отырған құрлыстың
мəні мен ерекшелігі туралы айтты.
– Ресей мен Қазақстанның достық бауырластығы тым
əріден келеді, - деді А. Жилкин. - Оның басында бүгінгі
əңгіме болып отырған Бөкейханның болғаны зор мақтаныш.
Аталған достық əлі де жалғасып, адамдарымыз араласып
шаруаларымыз бүтінделуде. Қазір Астрахан облысында екі
жүз мыңға жуық қазақ тұрса, олар бұл өңірді қашаннан бері
өз отанымыз, туған жеріміз деп қадірлейді. Ал бүгін іргесі
қаланып жатқан кесене ол екі елдің ежелгі достығына деген
ескерткіш. Ескерткіштің іргесі мықты, тəрбиелік əсері мол
болсын...
Бұл орайда айтулы шараның салтанатына келістіріп:
– Бөкейхан екі үлкен держава арасындағы елшілікті осы-
дан екі жүз жыл бұрын бастаған жəне атасы Əбілхайыр қолға
алған ұлы достықты одан əрі баянды етті, ал біз болсақ сол істі
жалғастырудамыз. Бөкейхан ата жұртқа аяқ тигізді, халқына
қоныс, еліне жер алып берді. Ондай жанды ұлыламауға,
─ 182 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
лұқтамауға қақымыз жоқ. Ол-өз заманының ұлы адамы. Оны
бүгінгі ұрпақ мойындауы керек. Соның бір белгісі – бүгінгі
атыраулықтар бастамасы, деді Зауытбек Тұрысбеков.
Бұдан əрі аталған шараға орай аруақтарға арналып дұға
бағышталып қан шығарылды.
– Бұл ат шығару, атақ қалдыру ниеті емес, егемендік
алған еліміздің ертеде өткен ерен ұлдарының есімін ел ара-
сында қайта жаңғырту, келешек ұрпақтың танып білуі, сөйтіп
қандастарымыздың патриоттық сезімін ояту ниеті ғой,-дейді
бізбен əңгімесінде Мұхит Ізбанов.
Өз кезегінде «Байқап қарасақ, аталған қауымның орнала-
суын да да өзіндік ерекшелік бар. Біріншіден, ол Ресей мен
Қазақстанның шекарасында жатса, екіншіден, Атырау –
Астрахан теміржолы бойында. Сондықтан Қазақстаннан Ре-
сейге жол тартқан əрбір жолаушы шекара шебіне келіп, туған
елімен енді қоштасамын деп тұрғанда күнгей беттегі əйдік
кесенені көріп, «Шекара күзеткен мынау кім еді?» дегенде
қасында тұрған естілеу бірі «Ол 1801 жылы қазаққа Еділ мен
Жайық арасын қайта алып беріп, 1815 жылдан бері ел шебін
күзетіп жатқан Бөкейхан Нұралыханов емес пе?»деп жауап
берсе, қандай мақтаныш! Болмаса, керісінше, Еуропадан
Азияға бағыт алған кез келген жолаушы сұрағына осындай
жауап қайтарылса, зор мəртебе ғой. Бұл-қазақтың абыройы»
деп өз сөзін жалғады Мұхит Кəрімұлы.
Расында да, солай. Бөкейхан 200 жыл бойы ел қорғаны,
қазақтардың намысы, ар абыройы болуда.
Еділді жайлаған қазақтар
Бір кездегі Алтын Орда орталығы атанған Бату Сарай мен
Берке Сарайлар шаңырақ көтеріп, Сыпыра мен Асан Қайғы,
Доспамбет, Марғасқалар мекен еткен Еділ бойы, соның
ішінде Астрахан аймағы басқалар сынды қазақтарға да
қымбат. Əрісін айтып, саусақ бүккеннен кешегі кеңес, бүгінгі
тəуелсіздік жылдарының өзінде онда қанша туыс, бауырла-
рымыз, қандастарымыз өмір сүріп жатыр десеңізші. Олармен
─ 183 ─
байланыс, қарым-қатынасымыз үзілген жоқ. Бірақ олар бұл
күнде ресейліктер де, ал біздер болсақ қазақстандықтар деп
аталамыз. Ендеше сол ресейлік бауырларымыз қазірде қалай
өмір сүріп жатыр, тұрмыс күйі, шаруашылықтары қалай? Не-
мен айналысып, не тындыруда?
Алтынжардағы орталық
Астрахан жеріне аяқ басқан қазақстандықтың Алтын-
жарда болмағаны шамалы, өйткені мұнда күй тəңірі
Құрманғазы жатыр. Оған тəу етіп, тізгін тартпаған пенде
жоқ. Шайтани төбенің басына шығып, жан-жағыңа қарасаң,
бейне Хантəңірінің шоқысында тұрғандай айналаңның
бəрі алақаныңда жатады. Шығысындағы анау бір көрінген
Егіндіауыл, одан əрі Камардан, одан сəл терістіктегі Коше-
ванка, мына бір көрінгенді «Ферма» деп атайды. Кəдімгі
сиыр фермасы емес пе? Кеңес өкіметі тұсында оларда мал
шаруашылығы мен егін қатар дамып, əлгі ауылдардың
əр қазағы (бір қызығы бұл ауылдарда өзге ұлттың, тіпті
орысыңның өзі жоққа тəн) ертең ерте жұмысқа асығып бара
жатушы еді. Бірақ қазір бəрі де нарық жағдайына көшіп, билік
жеке қожалықта қалды. Қолда бар сиырын сауамын десе сау-
ады, жоқ, бұзауының бас жібін түріп, қосып жіберемін десе,
тағы да сол. Егіншілердің де еншісі бөлек, еркі өзінде.
Батыс жақтағы көз ұшында қалың талдың қапталынан
көрінетін шоғыр үйлер – Сахма ауылы. Құрманғазының
Жиделіден өкше көтеріп, қоныс аударғандағы тұрағы осы
Сахма. Бірақ күйші баба ажал жетіп, соңғы демі үзілерде
«Мені өлгенде анау Шайтани төбедегі досым – бəленшенің
қасына апарып қоярсыңдар. Құдай айырмаса кісі айырмас
сырласым еді. Жанындағы Айжан өзенінен ат суарып əрлі-
берлі өткен жолаушы менің тұсыма келгенде тізгін тартып,
бетін сипар, дұға жасар. Сау болсын, бəрінің де пейіште
нұры шалқысын» дейді екен. Сонысы болды да, зəузаты
əлдебір шаруамен асығып, Құрекең тұсына аялдамай асып
өтем деушілерді ұзындығы тұсаудай қара жылан алдынан
─ 184 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
кес-кестеп ысылдап, ілгері жібермей қояды екен. Ақыры ат-
тан түсіп, сəл-пəл тізе бүгіп, содан соң ғана өз сапарларын
жалғастырады дейді кешегі күннен жеткен аңыздар. Бірақ
оның да еріккеннен айтыла салмағаны анық. Белгілі дəрежеде
шындық, нобайында негіз бар.
Сол Шайтани төбеде Құрман көкеңізге зиярат етіп,
бетіңізді сипап төмен түссеңіз, етекте екі мың қара көзге
тұрақ болған Алтынжар ауылы жатыр. Ондағы осыдан
дəл бес жыл бұрын Қазақстанның батыс облыстары са-
лып берген жалпы көлемі 1600 шаршы метрді алып жатқан
Құрманғазы атындағы аймақтық мəдени орталық қазақтың
киіз үйі тұрқындағы үш жайдан тұрады. Оның бірі – Құрман
бабаға арналған мұражай болса, екіншісі – балалар музыка
мектебі де, үшіншісі алыстан-жақыннан келген меймандарға
арналған қонақ үй.
Музыка мектебінде басқа дəстүрлі саз аспаптарымен қатар
(фортепиано, баян) домбыра класы бар. Онда осы ауылдың
балалары шеберлік шыңдайды. Мектеп жанында қазақтың
ұлт аспаптарынан тұратын 17 адамдық вокальдық-аспаптық
ансамбль құрылған. Олар жыл сайынғы қазан айында ата-
лып өтілетін «Құрманғазы кешінде» қазақтың əн-күй, салт-
дəстүріне негізделген шара өткізеді. Онда беташар, тұсау ке-
сер, бесікке салу сияқты ұлттық салт-дəстүрлер көрсетіледі.
Астрахан губернаторының екі жылда бір рет берілетін
Құрманғазы сыйлығы да осы күні тапсырылады.
Музыка мектебі ішіндегі келісті киіз үй тұтастай қазақы
дəстүрде өрнектеліп, төселінген. Келген қонақтардың
сол киіз үйде жерге отырып, кеңінен əңгіме-дүкен құруы,
ұлттық салт-дəстүр, өнері жайлы шолу əңгімелер тыңдауға
мүмкіндіктері бар.
Ал жұмыс істей бастағанына біраз жыл өткен Құр ман ғазы
шығармашылығына арналған мұражай экспози циялары үш
салаға бөлінген. Оның алғашқысы күйші бабаның өмірі мен
шығармалығына арналса, екіншісі Бөкей Ордасы жəне оның
тұрмысы, үшіншісінде - Каспий жағалауы халықтарының
ХІХ-ХХ ғасырлардағы сипаты бейнеленген. Мұражай
─ 185 ─
қонақтары көп. Оның біразы қазақстандықтар болса, өз
өңірлерінен келушілер де аз емес. Сонымен бірге шетелдік
меймандар да жетерлік. Өткен жылы Құрманғазы мəдени
орталығына əлемнің 28 елінен жүздеген турист келген. Олар
аталған орталықты «Мынау біз үшін кіші Қазақстан, біз оның
ХІХ ғасырдағы тұрмысы, ХХ ғасырдағы өнерімен таныстық.
Осының өзі-ақ көңіл тоғайтады» дейді екен.
Бұл жайлы бізге аталған орталықтың директоры Нұржан
Медетов мырза айтып берді.
Қымыз ашытып, күбі піскен қандастар
Біз түске дейін Астрахан облысының губернаторы
А.А.Жилкинде болғанбыз. Сонда ол əңгіме арасында «Ресей
мен Қазақстанның бауырластығы тым əріден келеді, ғасырлар
бойы адамдарымыз араласып, шаруаларымыз жалғасып, төрде
басымыз, төскейде малымыз қосылған халықтармыз. Қазір
Астрахан облысында 170 мың қазақ тұрса, олар бұл өңірді өз
Отанымыз, туған жеріміз деп қадірлейді» деген болатын.
Енді, міне, біз Бөкейхан бейітіне бағыт ұстағанда есімізге
А.А.Жилкин айтқан осы өңірде тұрып жатқан 170 мың
қандасымыз оралды. Ертеңгілік елшінің облыс басшысы-
мен (губернатор) кездесуіне қалай да үлгеруіміз керек деп
өз ауылымыздан Астрахан қаласына бағыт ұстағанымызда
Қазақстанның Котяев атты кеден бекетінен шыға бере
Қараөзек деген селоға ендік. Оның арқа бетінде Алғара деген
ауыл қалды. Одан Бозан, Қыркүйлі (Қырық үйлі), Алтынжарға
іргелес жатқан тағы да алты ауыл...қойшы, Астраханға жет-
кенше осындай өз атауларымыз. Байбек, Кішкене арал, Сейіт
бабаға дейінгі жол бойғы жүргіншілердің бəрі де өзіміздің
қаракөздер. Тіпті төбе-төбенің басындағы қойымшылық мо-
лалары да христианның крестілері емес, өз нəсілдестеріміздің
төрт құлақты кереге тамдары.
Əңгіме орайында өзіміздің көптен танитын Красныйяр
ауданының əкімі (бұрынғы Байбек селолық округінің əкімі)
Нұрғали Байтеміровке «Осы аймақта қай жағыңа қарасаң
─ 186 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ да қазаққа көзің түседі. Сонда облыстағы халық санындағы қандастарымыздың үлес салмағы қандай?» дегеніміз бар. Əлгі сұраққа Нұрғали əкім «Облыс бойынша дəл қанша екенін айта алмаймын. Бірақ 170 деген тек берісі ғана, шамасы 200225 мыңға жетіп жығылады деп жүр ғой білем деушілер. Əйтсе де оның ашып айтылмайтын себеп-салдары да көп. Ал өзім басқарған ауданда барлық тұрғынның 60 пайызы - қазақ. Жақында өңірдегі барлық 16 селолық округтің басшылары (біздіңше əкім) сайлауы өтіп, оның 13-і өз қандастарымыз болды. Ал облыстағы үш ауданның басшысы қазақ ұлтынан. Басқа да мекеме, кəсіпорындарға басшылық жасап жүргендер арасында да қаракөздер үлесі басым» деген еді. Біз күнделікті жұмысымызда қайткенде де өз қандастарымызға көмек жасауға тырысамыз. Ата салты, тілін, ділін, дінін, өнерін ұмытқан адам қазақтығын да ұмытпады. Соны болдырмас үшін аудандағы барлық мектепте қазақ тілі пəн ретінде жүреді. Көптеген ауылда мешіт, Красныйяр мен Бəйбек ауылындағы балалар музыка мектебінде домбыра класы бар. Мектептерге оқушыларды Құрманғазы, Бөкейхан басына апарып, əңгіме өткізуді міндеттеп отырмыз. Қазақстанның Құрманғазы ауданымен байланысымыз өте жақсы. Өңірде шекара болғанмен жүректе шекара жоқ», - дейді ол əңгімесін одан əрі сабақтап. Қандай тамаша сөз. Жүректе шекара болмағаны қандай жақсы. Бұл өңірдегі агросаланың барлығында да қазақтар саны жоғары. Білім мен мəдениетте де еңбек етеді. Тіпті Сейіт баба мен Бөкейхан бейіттеріне іргелес Байбек, Кішкене арал ауылдарында орыс ұлтының өкілдері жоқ,ноғайлармен сабақтасқан таза қазақы өмір. Аталған ауыл тұрғындары негізінен мал, егін шаруашылығымен айналысады. Осы кезде арамызда сусын үлестіріп, жүгіріп жүрген пысықай қандасымыздың қолындағы «Қымыз» деген этикеткасы бар бөтелкені көре сап, əлгі жігітті сөзге тарттық. Ол осы Кішкене аралға көрші жатқан Степное селолық округінің басшысы Жұмабай Сəрсембиев екен.
─ 187 ─
– Мынау ненің қымызы? – дейміз біз.
– Сұрағыңыз қызық екен, əдетте қымыз ненікі болушы
еді? Əрине, биенікі.
– Жоқ, – дейміз біз. – Ана бір жылдары Алматыда «Сиыр
сүтінен жасалынған қымыз» дегенді де ішкеніміз бар. Мынау
да сондай химияланған жасанды сусын болмаса нетті деген
ойымыз ғой.
– Мұнда еш жасандылық жоқ, бəрі де табиғи жəне өз
шаруашылығымыздың қымызы, – дейді ол.
– Өзіңіздікі болғанда...
– Округте бірнеше шаруа қожалығы, «Степное» жауап-
кершілігі шектеулі серіктестік бар. Серіктестік бойынша
1000 жылқы, осыншалықты түйе, 400 сиыр, 800 қой өсіреміз.
287 мың гектар жерге бау-бақша егеміз. Мал өнімдері
ішінде ет, сүт өз алдына, шұбат пен қымызға деген сұраныс
жоғары. Ростов биология-тамақ ғылыми-зерттеу институты
ғалымдарымен байланыс орнатып, биылдан бастап аталған
ұлттық сусындарды шыныға құйып шығаруды қолға алдық.
Қымыз шыны ыдыста 4-40 күн аралығында сақталынады.
Ешқандай қосымша концентрат жоқ, өте дəмді, табиғи
бабындағы сусын. Шұбаттарымыз да солай.
Сауын жұмыстарының бəрі механизм күшімен жүзеге
асырылады.
Біздің округтегі тағы бір сүйінішті жағдай – əр малшының
үйінде жел қалақ бар. Электр қуаты соның күшімен өндіріледі.
Күн батареясын пайдаланып отырғандар да жетерлік. Бұл
сиыр мен биені сауу, оның майын айыру, белгілі температу-
рада сақтауға толық мүмкіндік беруде,– дейді ол.
Біз қандастарымыздың ата дəстүрін ұмытпай, қазіргі
жаһандану кезеңінде де жалғастырып отырғанына қызықтық.
Тек қызығып қана қоймай əлгі қымыздың бір шишасын
түрегеліп тұрып-ақ сіміре салдық. Тағы да ішкіміз келді,
өйткені тəтті-ақ екен. Құртқашашпен (бұл жақта арша жоқ,
сондықтан əлгіндей шөппен ыстайды) ысталған, емен күбіде
əбден пісіліп, бабына келген бал қымыздың өзі.
Шіркін-ай, Қазақстан деген қасиетті елден қияста,
─ 188 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
бірақ ата-бабасы ардақтаған топырақта жүріп ата-дəстүрін
ардақтап, қолында құрығы, астында сəйгүлігі бар жəне Бөкей
бабасы мен Сейіт атасының аруақтарына сиынып жүрген
қайран қаракөздерім-ай десеңші.
Қонақ аз отырып, көп сынайды. Біз қоныс иелерінің
сұраулары бойынша сəл-пəл тізе бүгіп, тағы да қазақтардың
кең дастарханынан дəм таттық. Қандастарымыздың бірі қызыл
қуырдағын ала жүгірсе, екіншісі сүт қатқан күрең шайын
тықпалайды. Ірімшік, құрт, балық сорпасы тағы бар. Соның
арасында домбырасын тартып, əнін де асқақтата шырқап жа-
тыр. Кəдімгі қазанында бір асым еті болса, қонағына ұсынып,
ертеңіне өзі аш отыратын нағыз қазақтың өзі.
Əңгімеге дембелше келген орта бойлы қара торы жігіт ара-
ласты. Ол Кішкене аралға жақын, шекараның арғы бетіндегі
қазақстандық Қиғаш аталатын ауылдық округтің əкімі Айбек
Нұрғалиев екен.
-Хан моласы Қазақстаннан тыс Ресей жерінде жатқанымен
намысымыз бір, тұлға ортақ қой. Оған қоса кезінде Бөкей
атамыздың ұлықтап, рухани ұстазы болған Сейіт бабаны
қалай сыртқа тебеміз. Оған осы арадағы қашаннан бері има-
ны мен жиғаны аралас жатқан барша ноғай мен қазақ жыл-
дар бойы мінажат етіп, басына түнеп, сиынып келеді. Соған
сай қос бабаның мəңгілік мекені – кешендегі қандай да ша-
руа, жұмыстарға қол ұшын беріп, көмек жасаймыз. Сөйтсек
осындағы шырақшы мен түнек үйінің қыстық отыны жоқ
екен. Жақында Мұхит Ізбановтың көмегімен қажетті көмір
мен тамыздық ағашты кедендік бекеттің қыруар қиындығына
қарамай жеткізіп бердік. Басқа да атқарылып жатқан істер
жетерлік. Бұндай көмектер енді ғана қолға алынып жатқан
игі бастамаға орай көбейе түсетін болады, - дейді ол.
Əрине, қашан да көрікті, көлемді іс көппен бітеді.
Сондықтан ондай жұмыста мынау сенікі, мынау менікі деудің
реті жоқ. Асыл жанды ардақтау ағайынға ортақ міндет. Олай
болса, ортақ істегі өркенді жетістіктеріміз мол болғай.
─ 189 ─
ҰЛЫЛЫҚТЫ ТАНУ ДА ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ
Елбасының Ресей мен Қазақстан шекарасына
Бөкейхан кесенесін тұрғызуға қолдау білдіруі
кемеңгерліктің үлгісі болды.
Бүгінгі айдай əлемге аты мəшһүр Қазақстан туралы
айта бастасақ, есімізге еріксіз тəуелсіздік сөзі оралады.
Өйткені елдің қазіргі таңдағы қандай да бір жетістігі ал-
дымен осы атауға байланысты. Ата-бабаларымыз соңғы
4-5 ғасырдың ішінде ел тəуелсіздігі жолында 300-ден
астам қозғалыс пен көтеріліске шығып, «ақырып теңдік
сұраған» екен. Əрине, сол бір көтеріліс кезінде төгілген
қан, шаһит болған жандар бар.
Бейбіт жағдайда екі жақты келісім, ымырамен қол жет-
кен жеңістер де жетерлік. Соның бір алуаны жер, шека-
раны кеңейту, халыққа мəдени-тұрмыстық ахуал туғызу,
отырықшылық болып келеді. Бұл қызметте XVІ ғасырдың
орта тұсынан бастап уыстан шығып, Ресей империясының
құзырында болған Еділ-Жайық арасындағы бос жатқан
алқапты қайта алып, ел игілігіне айналдыруда Бөкейхан
Нұралыханұлының еңбегі зор. Ол бұрынғы Нарын құмы мен
оның түстігіндегі теңіз жағалауы ойпатына алдымен адамын
əкеліп, соған сай малын өсіріп, азық-түліктің мол қорын жа-
сады. Жаңа, балық өнеркəсібі, егін шаруашылығын дамыт-
ты. Жастары бұрынғы діни сауат ашумен қоса, еуропалық
білім алды.
Сол бастамашыл Бөкейхан бақилық сапарға аттанғанда
оның денесі Ресей жерінде қалды. Бірақ ол сол кезде
қазақтың жері еді, əйтсе де кеңестік кезеңнің бөлісінде
орыстардың еншісіне тиді. Дегенмен хан орны иесіз де,
киесіз де емес-ті. Баласы Жəңгірхан тұрғызған шілтерлі ке-
сене қоғам саясатына қарай бірде бүлініп, бірде бүтінделіп,
─ 190 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
əлі тұр. Оған ресейлік азаматтар, астрахандық əкімдіктің
қосқан үлесі зор. Енді ол бұл күнде тағы да жаңғырып, жаса-
ру ниетінде. Бұған атыраулық іскер азаматтар ұйытқы болса,
астрахандық əріптестер қолдау көрсетіп, қол ұшын беруде.
Біз бұл жайлы Астрахан облысының губернаторы Александр
Александрович Жилкиннің пікірін тыңдағанбыз:
– Астрахан мен Атырау ежелден ауылы аралас, қойы
қоралас, бір арнаның суын ішіп, бір өзеннің байлығын бөле
жеген тілегі бір, білегі бірге қимылдаған көршілерміз, – деді
ол. – Ырысымыз ортақ, шаңырағымыз шалқақ халықтармыз.
Аталған достықтың түп тамыры тым əріге кетсе, жемісі əлі
күнге жалғасуда.
Қазірде Астрахан өңірінде 170 мыңнан астам қазақтар
тұрады. Олар облыстың барлық саласында тер төгіп,
өңірдің гүлденуі мен көркеюіне өз үлестерін қосуда. Өткен
уақыттарда да, күні бүгінде де Астрахан аймағында туып,
уақыт өте тарихи Отандарының түрлі саласында жұлдызды
тұлға атанған айтулы адамдар аз емес. Соның ең басын-
да Бөкейхан Нұралыханұлының тұратыны белгілі. Ол ХІХ
ғасырдың алғашқы жылынан-ақ орыс патшасы мен Астрахан
генерал-губернаторы, Астрахан казачествосы басшылығына
хат жазып, отыз жыл бойы тусырап, бос жатқан Еділ-Жайық
арасына енші бөліп, иелік жасасам деген өтініш білдірді.
Оны ұлы ағзам құп алды.
Меніңше, бұл екі жақ үшін де пайдалы болды. Өйткені оры-
стар жақсы көрші тауып, ниеттес туыс, дəмдес доспен қоңсы
қонса, қазақтар бұрынғы мал шаруашылығына қоса, балық
өнеркəсібі деген жаңа өндіріске ие болды, егін шаруашылығы,
сауда-саттық,
алыс-беріс
дамып,
халықтың
əл-ауқаты
жақсарды, білім игеру, мəдениеттің өсіп, отырықшылықтың
қалыптасуына негіз қалады. Əрине, мұның бəрі көреген басшы,
ұлт мүддесін ойлаған ұлы хан Бөкейдің арқасы еді.
Бұл туралы соңғы кезде көбірек əңгіме болып жүр. Бөкей
Ордасының орталығы – Ордада Жəңгір тұрғызған көне
құрылыстар қайтадан жөнделіп, халық игілігіне айналды.
Хан Жəңгірдің ағартушылық, қайраткерлік еңбегі ескеріліп,
─ 191 ─
жаңа кесене көтерілді. Енді сол игіліктің бастауында тұрған
Бөкейге де құрмет көрсетілу үстінде. Бұл жайлы үстіміздегі
жылдың күзінде Өскеменде өткен Ресей мен Қазақстанның
шекаралық облыстары басшылары, екі ел Президентінің
кездесуінде де сөз болды.
Сонда Д.Медведев менен «Ендігі жылғы осындай кез-
десу Астраханда өтеді. Дайындықты қазірден бастауы-
мыз керек. Екі елдің достық рəуішін бейнелейтін неңіз
бар?» деп сұрады. Сол кезде жанында отырған Нұрсұлтан
Əбішұлы «Ресей жерінде дүние салған қазақтың соңғы
хандарының бірі Бөкейге кесене тұрғызғалы жатыр-
мыз. Ол қалай айтса да жарасатын, қазақ үшін қасиетті
қайраткер, шекарамызды кеңейтіп, шебімізді ұлғайтқан
ұлт жанашыры, Бөкей Ордасының негізін қалаушы.
Салғасын екі елге де мақтаныш, артынан айтып жүрер іс
болғаны дұрыс» деді. Кейіннен Қазақстанның Ресейдегі
елшісі Зауытбек Тұрысбеков екеуміз ортақ келісім-шарт
жасасып, біраз жұмысты қолға алдық. Қазір кесененің
ірге тасы құйылып, алдағы көктемде қалған жұмыстары
жалғаспақ.
Аталған кесененің бір ерекшелігі, ол Қазақстан мен
Ресейдің шекаралық бөлігінде жəне Ақсарай-Атырау
теміржолы бойында орналасқан. Яғни, Ресейден Қазақстан
асқан, болмаса күллі Орта Азиядан Еуропаға бағыт
алғандарды шекарадан қабылдап, шығарып салған қазақтың
көнеден қалған ұлттық ұлы тұлғасы іспетті. Сондықтан
мұндай символдық кесенені қалай болса, солай көтере салуға
болмайды. Барынша айбарлы, əсерлі, еңселі етіп көтеру
ниетіндеміз. Осы орайда екі елдің іргесін біріктіріп, əр күн
сайын шекарадан ондаған қонағын күтіп алып, шығарып
салып отырған меймандос ханды елге таныту, еңбегін ерек-
шелеу де керек сияқты. Ол баспасөздің қызметі, тарихшы
ғалымдардың құзырында болса керек.
Біз бұл ойды одан əрі өрбітіп, аталған аймақ азаматтарының
да пікірлерін білгенді жөн көрдік.
Əміржан Изтилеев, Астрахан облыстық «Ақарна»
─ 192 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
газетінің бас редакторы: -Бөкейханға кесене көтеру – бұл
халқымыздың ұлы тұлғасын ардақтау, оның есімін күллі
Астрахан облысына танытумен бірге өңірдегі бүгінде өмір
сүріп жатқан қазақ ұлты өкілдеріне деген құрмет. Қанша
дегенмен қай уақытта да жергілікті ұлт өкілдерінің мерейі
үстем, азшылық көпшілікке тəуелді. Бұл күллі əлемдегі бар
үрдіс. Сондықтан ондай аз ұлттардың мерейін өсіріп, көңілін
марқайтатын істердің бірі осындай жұмыстар.
Мен өз қандастарымның Астрахан өңірінде өмір сүруі,
өндіріске араласып, отырықшылыққа бейімделуі жөнінде
азды-көпті құлақ түріп, тарихи құжаттарға назар аударамын.
Сонда байқағаным қазақтардың қала өміріне бейімделуіне
түрлі себептер бар екен. Оның біріншісі – қазақтардың
аулаған балығын базарға шығару үшін тек қана Астраханға
келуі, содан соң оны өзге жерден келген саудагерлерге
өткізуі керек. Не болмаса өзі Еділ арқылы жоғары өрлеп,
өзге қалаларға сатуы керек.
Екінші – ХХ ғасырдың басында қазақтардың білім алу,
мамандық игеруге деген құштарлығы қатты өсті. Осыдан
келіп олар Астраханның түрлі оқу орындарына түсуге ын-
талы болды, көптеп тілек білдірді. Мəселен, 1925 жылы
Астраханда 500-ден астам қазақ балалары жоғары, орта оқу
орындарында оқыған. Мұндай оқу-білімге деген құштарлық
əуелгіде Бөкейханның өзінен басталған болатын. Сондықтан
халқымызды білімге негіздеген Бөкейханға қандай құрмет
көрсетсе де артық болмас еді. Бұл Қазақ елінің Президенті
Нұрсұлтан Əбішұлының көрегенділігінің белгісі.
Есмағзом Шыналиев, Астрахан облысындағы Травин
ауылының тұрғыны: - Мен - кезінде есімі Бөкей Ордасы-
на белгілі болған ел басқарушы Мақаш Бекмұхамбетовтің
тұқымымын. Біздің ата-бабаларымыздың көбі оқыған,
көзі ашық, іс басында болған, кəсіпкерлікті ХІХ ғасырдың
екінші жартысында бастап кеткен адамдар. Солардың əсер-
ықпалы бізге де тиді. Кезінде əке-шешелеріміз оқыған
жандар-ды, біздерді де оқытты. Атамыз Мақаш Жəңгірдің
күштеуімен Ордадағы екі кластық мектепті тəмамдап, одан
─ 193 ─
əрі Орынбордың кадет корпусын аяқтады. Ел басқару ісінде
жүріп, Астраханның билік басындағылармен жақсы тіл та-
бысты. Бұл уақыт өте елдің бақыты, адамдардың əл-ауқаты,
тұрмысына оң əсер етті. Оқығандарымыз орыстармен тең
дəрежедегі жетістіктерге ие болды. Соның бір дəлелі, ХІХ
ғасырдың аяғында Өтеғали Танашев деген балық өндіруші
кəсіпкер сол кезде Ресейдегі ең алпауыт он кəсіпкердің бірі
атанып, есімі өзге елдерге де белгілі болған. Осының өзі-
ақ қазақтардың бейтаныс кəсіпке аз уақытта-ақ үйренісіп,
нағыз іскерлер қатарынан көрінгендігін дəлелдейді. Ал
мұндай жетістіктерге жетуімізде Бөкейханның орны зор. Ен-
деше, Қазақ елінің басшысы бастаған, Ресей қостаған бұл
шаруаның оңынан бітуіне тілектеспін.
Нұржан
Медетов,
Алтынжардағы
Құрманғазы
атындағы аймақтық мəдени орталықтың директоры:
- Бөкейхан салған Астраханмен арадағы достық көпірін
жалғастырушылардың бірі - біздің мəдени орталық. Бір
қарағанда аталған орталық үлкен Қазақстанның Ресей
жеріндегі шағын бөлшегі іспетті. Мұнда біздің тарихи
Отанымыздың өткен өмірі – тұрмыс-салты, əдет-ғұрпы,
шаруашылығы тұтас қамтылған. Көп жылдан бері жұмыс
істеп келе жатқан Құрманғазы мұражайы тек қазақ өнерін
ғана емес, өмірін көрсетсе, балалар музыка мектебінде дом-
быра класы жұмыс істейді. Ұлт аспаптар ансамблі кешегі-
бүгінгі қазақ композиторларының шығармаларын ойнайды.
Осындағы əсем алты қанатты киіз үйдің де келуші
қонақтарға ақтарар сыры көп. Керек десеңіз, орталықтағы
туристерге арналған қонақ үй бөлмелері де ұлттық нақышта
безендірілген. Соған сай бізге Астрахан өңіріне келген қандай
да бір қонақтың соқпай кеткені жоқ. Соны мақтаныш етеміз.
Ал аудан бойынша айтсақ, біздің Володар ауданындағы отыз
бес клубтың он бірінде домбыра оркестрі, бірқатар балалар
музыка мектептерінде домбыра кластары бар. Жиырма алты
мектепте қазақ тілі жеке пəн ретінде жүреді.
Володарда
1920-1960
жылдар
аралығында
қазақ
педогогикалық училищесінде мұғалім кадрлер даярланса,
─ 194 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ 1924 жылы ауданда «Кедей тілі» деген қазақ газеті шығып, ол 1962 жылы ғана «Заря Каспия» деген атаумен орыс тілінде жарық көре бастады. Ғаділбек Ғалиденов, Атырау облысының Жыланды ауылының тұрғыны: -Бөкейхан-ұлы тұлға. Қазақтың қалыпты тұрмысы, шаруашылығы мен мəдениеті, адамдардың рухани санасына тигізген игіліктерін былай қойғанда Орта ғасыр заманынан бергі ежелгі қонысты халқымызға қайтып алып беруі, шекара шебін кеңейтіп, адамдардың еркін өмір сүруіне мүмкіндік туғызғанының өзін қалай мақтаныш етпеске. Ал сондай адамға Елбасының өзінің пейілі түсіп, оған көтерілетін кесене жеке бақылауына алынды. Сайып келгенде, Бөкейдің мұрагері Жəңгір хан кесенесінің де көтерілуі мен ашылуына Нұрсұлтан Əбішұлының өзі қатысқан-ды. Ұлылықты тану мен оны ұлы деп бағалаудың өзі ұлылық. Осы орайда Бөкейханға көрсетілетін құрмет деген тек кесене көтеріп, аз-мұз əңгіме айтумен аяқталмауы керек. Ол атқарған істерді кейінгіге жеткізіп, бүгінгі ұрпаққа, əсіресе астрахандық қандастарымызға үлгі тұтқан дұрыс. Бұл ұрпақ бойындағы патриотизмді өрістетеді. Губернатор мен жұртшылық осылай дейді. Айтса жөні бар. Хан қазақтікі, бірақ ол көздеген бірлік пен достық екі елге ортақ. Ұлы достық байлығымызды өсіріп, бақытымызды баянды етуде. Бөкей кеңейткен шекара қара қазақтың Отан, тағдыр бесігі болды. Ендеше сол бесік тыныштық əнімен тамырын тереңге жайып, тербеле бергей.
─ 195 ─
МЕМЛЕКЕТТІК МƏНДЕГІ НЫСАН
Астрахан өңіріндегі Бөкейхан кесенесі атыраулық меце-
наттар қаражатына салынуда
Бұл əңгіме осы жылдың басында-ақ қоздаған-ды. Күні
кеше өзінің тəуелсіздік күнін үлкен мереке ретінде той-
лап өткен Қазақстанымыздың шекарасын кеңейтіп, шебін
ұлғайтқан, барыс-келісті жақсартып, бірлігі мен байлығын
өсірген Бөкейханның əу бастағы түйе шөгеріп, шаңырақ
көтерген шатырының орны бұл күнде Ресей жерінде қалып,
соңғы демі үзіліп, басы қарайған шілтерлі темір мазары да
сол елден бұйырды.
Бұл бір кезде өзі ірге тасын қалап, мыңғыртып мал өсірген
ордасы еді. Əйтпесе елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан
демей ме? Бейіті бөтеннің жерінде болғанмен, Ордасы өз
Отаны – Қазақстанда. Оған да шүкіршілік. Қазақстанның
батыс қақпасын күзеткен Бөкейханға ұрпағы қазіргі заманға
сай үй көтеріп, келісті кесене тұрғызамыз деп, бұл əңгіменің
ұшығы екі ел Президенттерінің құлағына да жетті. Тіпті Ел-
басымыз өткен қарашада Атырауға келген сапарында Астра-
хан облысының губернаторы А.А.Жилкинмен жолығып,
осы турасындағы мəн-жайға қанықты. Атырау облысының
əкімі Б.С.Рысқалиевке аталған құрылысты алдағы жылдың
қыркүйегіне дейін салып бітіру, ол үшін барлық ұйымдастыру
жұмыстарын бірізді жəне жүйелі жүргізуді тапсырған бола-
тын.
Осыған орай қолға алынған жұмыстың қазіргі қарқыны,
алғашқы нəтижелері туралы білу үшін біз құрылысты жүргізу
жөніндегі штабтың бастығы, яғни, ынталы топ жетекшісі,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігінің Атырау облыстық басқарма бастығы,
тəртіптік кеңес төрағасы Мұхит Кəрімұлы Ізбановқа
─ 196 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
жолығып, жағдайды білген болатынбыз. Сонда ол бізге мы-
наны айтты:
- Өзіңіз айтып отырғандай, келесі, 2011 жылдың күзінде
Қазақстан мен Ресейдің дəстүрлі шекаралас өңіраралық
сегізінші қарым-қатынас форумы Астрахан қаласында
өтпек. Сонда екі ел басшысы осы кесенені ашуы керек.
Соған байланысты бұрыннан əңгіме болып, ауызға алынған
оңды іс – тəуелсіздікке тəу етіп, ел шебін едəуір кеңейткен
ханымызға құрмет – кесенесін жаңғыртып, айбарын асыру
жұмысы қыркүйекте түбегейлі қолға алынды.
Əуелі
арнаулы
мамандар
кесене
орнын
орнала-
су ерекшелігі, топырақ құрамы, кесене келбеті, табиғи
мүмкіндігі бойынша конкурстық негізде жобалар жасап,
жеңімпаздар сызбасы бойынша нақты жұмыстар жүзеге асты.
Тек қана атыраулық іскер азаматтар демеушілігімен жүзеге
асатын бұл құрылысты Алматы қаласының «Аруазқұрылыс»
ЖШС-і (директоры Оразғали Іздібаев) жүргізді. Олар хан ма-
зары орнын тиянақты зерттеп, орналасқан жердің (12 м.х15
м.) топырағын екі метр тереңдікке дейін қазды (лақатына ти-
местен айнала). Сол қазылған орынға түп-түгел темірбетон
құйылды. Аталған іс Астраханның «Элко» деп аталатын
құрылыс фирмасының көмегімен жүзеге асты. Ірге тас құюға
жүз тоннаның үстінде бетон, 5 тонна арматура жұмсалды.
Бұл арада əлгіндей, тереңдігі 2, жалпы көлемі 12х15 метрлік
жердің топырағын алуға өзіміздің Құрманғазы ауданындағы
селолық округтердің азаматтары қолұшын беріп, əр күн сайын
он адамнан қайырымдылық көмек жасады.
– Сонда қазіргі кезде кесене құрылысының барысы
қандай деңгейде?
– Құрылысшылар биылғы жылдың құрғақ та, май
тоңғысыз қоңыр күзін тиімді пайдаланып, кей күндері
үш ауысымда жұмыс істеді. Сенбі, жексенбіні де ескер-
меген кездер болды. Бұл нағыз намыстың ісі еді. Ақыры
желтоқсанның он бесінде болашақ кесененің нольдік циклін
түгелдей аяқтап, алдағы жылдың көктемінде қолға алына-
тын жұмыстарға дайындықты бастап та кетті.
─ 197 ─
– Атап айтқанда ол қандай жұмыстар?
– Жалпы көлемі 185,5 шаршы метрлік аумақты алатын
құрылыстың биіктігі 18 метр болмақ. Оған жергілікті жерде
жəне Астраханның кірпіш зауытында өндіріліп, күйдірілген
қызыл жəне сары түсті 150 мың дана кірпіш, 5 тонна цемент,
40 тонна шайылған тұзсыз топырақ, басқа да құрылыс матери-
алдары керек. Бірақ олар қазірдің өзінде дайын десе де бола-
ды. Ірге тас қабырғалары түгелдей қарамайланып, көмілгені
дұрыс. Қаланатын қабырғалар жергілікті қызыл тастармен
көтеріліп, оның сырты сары таспен қапталады. Мұнаралық
күмбездер Ташкент қаласында əзірленетін көздік көк ма-
зайка тастармен көмкеріледі. Орех жаңғағы түсі үлгісіндегі
есіктер Хиуада жасалынбақ. Кесененің іші Қордайдың
қызыл не Іле Алатауының (Күртінің) ақсұр ұйғыр тастары-
мен (гранит) безендірілмек. Ханның мəңгілік үйінің іші-
сыртына құран сүрелері жəне тарихи тұлғалардың Бөкейхан
жөніндегі сөздері жазылады. Бұл бағытта діндарларымыз
бен тарихшы ғалымдарымыз жұмыс істеуде.
Хан мазарының құбыла бетінде іргелес оның жары – Гар-
тан (кей деректерде Атан.Ө.Ə) ханымның мүрдесі жатыр.
Оны да ескеру үстіндеміз. Мүмкіндік болса Маңғыстаудың
таза ақ түсті ұлу тасынан шағындап, өзіндік өрнек, шығыс
стилінде көтермекпіз.
Жоғарыда айтқанымдай, қазірдің өзінде қабырғалық
кірпіш, цемент, топырақ дайын. Ал гранит, көк көзді
тас, есік, Маңғыстаудың ұлу тастарына орай Оразғали
Айсаұлы əңгімелер жүргізуде. Олармен де келісімге
келіп, құжаттар толтырылмақ. Атқарылған жұмыстарға
орай құрылысшылар еңбекақысы төленді. Астрахандық
мекемелердің өтемдері өткізілді. Келесі жылы құрылыс
басында болатын жұмысшылар мен мамандарға елшілік
өкілдері арқылы квота алынып, құжаттары толтырыл-
ды. Сонда алдағы жылдың наурызынан бастап, қалған
жұмыстар жалғасып кетпек.
– Сонда кесене құрылысының қаражаты кімнен шығады?
Жекелеген меценаттар болса, оларды білуге бола ма?
─ 198 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
– Жоқ, əзірге олардың кімдер екенін дабыралап жатудың
қажеті жоқ қой деп ойлаймын. Жұмыс бітсін, бəрін де айта-
мыз, жариялаймыз. Бірақ бұл – жекелеген адамдардың беделі
емес, ұлттың намысы, қазақтығымызды, оның кешегі ұлысы,
бүгінгі ірісін елге таныту үшін істелініп жатқан жұмыстар.
– Ал бұл іске астрахандық қандастарымыз қалай
қарауда? Үлес қосып, үрдіс танытып, ұйымшылдық білдіріп
жатқандар бар ма?
– Бұл жағынан біз астрахандық қазақтарды жаман үйретіп
алған сияқтымыз. Қайта-қайта көтерілген Құрманғазы
кесенесі, ондағы мəдени орталық, ұлы композиторға
арналған алып ескерткіштің бəрі Қазақстан үкіметі, оның
батыс облыстарының қаражатына тұрғызылды ғой. Ал
мына іс басталғалы бірде-бір іскер азамат, болмаса он төрт
қандасымыз басқаратын красноярлық селолық округтер, ау-
дан басшылары қолұшын соза қойған жоқ. Əйтсе де, өзгеге
өнеге, қандасымызға құрмет болсын деп қолға алған ісіміз
сауапты болғай!
─ 199 ─
КЕСЕНЕ ДЕ БІРІКТІРУШІ КҮШКЕ АЙНАЛДЫ
Ресейдің
Астрахан
облысындағы
Кішкене
арал
ауылындағы Сейіт баба қорымында Атырау облысы
əкімі Бергей Рысқалиевтің бастамашылығы нəтижесінде
XІX ғасырдың басында Ресей иелігіндегі Еділ-Жайық
арасындағы Самар даласын қазаққа қайтарып, оның
мəңгілік мекенге айналуына негіз болған хан – Бөкейдің
кесенесі жаңартылып, бой көтерді. Кесененің ашылуына
алыс-жақыннан ынталы адамдар, Астрахан, Атырау облы-
стары мен аудандарының бірінші басшылары қатынасты.
Бəрі де тарихи орынның қайтадан бой түзеп, жаңарғанын
жақсылық деп бағалап, тəуелсіздік əкелген тəуір ны-
шан, өлмес шежірені шындыққа айналдыру, жастарды
отансүйгіштікке тəрбиелеудің бір тетігі дегенді айтты. Ал
егер сол айтылғандарды нақтылай түссек, мынандай ой
тұжырымдауға мүмкіндік туар еді:
Зауытбек
Тұрысбеков,
Қазақстанның
Ресейдегі
төтенше жəне өкілетті елшісі: - Тегін адам хан бол-
майды. Əрине, əр ханның тарихтағы орны бөлек. Соның
ішінде Бөкейханды айрықша бағалауымыз керек. Ол Ре-
сеймен іргелес отырып, достық байланыс орнатудың, елді
Еуропалық мəдениетке бұру, экономиканы дамытудың жаңа
жолдарын айқындау, рухани өсу, оқу-тоқу, отырықшылыққа
бейімделудің ауанын білді жəне бұл іске тек өзі емес,
артындағы мыңдаған қазақты ала келіп, Жайықтың арғы
бетінен өткізген аз ғана малды мыңға, миллионға жеткізді.
Барған сайын жерін кеңейтіп, балаларын Астрахан асырып,
Қазан, Санкт-Петербург қалаларында оқытты. Соңыра со-
лардан қазақ халқы үшін қызмет ететін сандаған саналы
ұлдар, белгілі қоғам қайраткерлері, оқымыстылар шықты.
Осындай ұлы тұлғаны ұлықтап, құрметтеу ұрпақ па-
─ 200 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
рызы. Кесене туралы айтсам, ұсыныс бізден болғанымен,
оны түсініп, қолдау жергілікті азаматтардан болды. Мына
тұрған еңселі, айбатты кесенені тұрғызуға қол ұшын берген
қалталы азаматтар емес, кəдімгі сіз бен біздей халқым деп
соққан жүрегі, намысы, ұлты үшін үлкен істер тындыруға
мүмкіндігі бар, елім, жерім деген жігіттер мен қыздар.
Осылардың ішінен мен аталған істің басы-қасында бо-
лып жыл бойы жүгірген Атырау облысының əкімі Бергей
Рысқалиевтің, осы облыстың мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі Агенттіктің облыс бойынша басқарма бастығы
Мұхит Кəрімұлы Ізбановтың еңбегін ерекше атап өтер
едім. Сайып келгенде бұл кесене Бөкейханның беделін
өсіріп, атын шығару үшін емес, ұлдарымызды ұлтын сүю,
қыздарымызды халқына қызмет етуге үйрету ниетінен туын-
дады. Бұл кесене ұрпаққа қажет, соны ұмытпаған дұрыс.
Мұхит Ізбанов, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
Агенттіктің
Атырау
облысы
бойынша
басқарма
бастығы, Бөкейхан кесенесін тұрғызу жөніндегі баста-
машыл топтың жетекшісі: - Тəуелсіздік Қазақстан үшін
аспаннан түскен бір күндік нəтиже емес, ата-бабаларымыз
мұндай ақжарылғап күнге жету үшін жүздеген жылдар бойы
күресті, қанын төкті, жанын берді. Солардың бəрін бірдей
ұлықтау мүмкін болмас, бірақ қадау-қадау тұлғаларды еске
алып, тарихта атын қалдыру міндетіміз. Соның бірі Бөкейхан
Нұралыханұлы болса, оған бүгінгідей құрмет көрсетуге Аты-
рау өңірінің көптеген азаматтары қол ұшын берді. Олардың
ішінде аз ба, көп пе, қаражат жағынан, кейбірі құрылыс
материалдары, біразы автокөлікпен қарайласты. Олардың
бəрін де аруақтар қолдасын, əрдайым рухымен желеп, жебеп
жүрсін деймін.
Бұл шаруаның оңтайлы бітуіне облыс басшысы Бергей
Сəулебайұлының бастамашы болғанын атап өткен жөн.
Ал жекелеген жігіттерден Əбдібек Бисенов, Амангелді
Барақатов, Аманжан Рысқали, Сəрсенбай Еңсегенов, Болат
Қоңырбаев, Орынғали Əлдекенов, Мұрат Жəкібаев, Əділ
Жұбановты айтар едім. Сондай-ақ кесене сəулетшісі Садуақас
─ 201 ─
Ағытаев, құрылыс жұмысын жүргізген «Аруазқұрылыс»
ЖШС, оның басшысы Ораз Іздебаевты асқан ризашылықпен
атауға болады. Аталған іс өткен жылы қолға алынып, ірге
тасы қаланды, биыл бар-жоғы үш айда бой көтерді. Əрлеу,
дизайын ісіне Маңғыстау шеберлері қатынасты. Негізінен
жергілікті құрылыс материалдары пайдаланылды. Бір сөзбен
айтқанда бұл бастама тек Атырау азаматтарының күшімен
қолға алынып, аяқталды. Меніңше біз үлкен істі атқардық
қой деп ойлаймын. Мұндай ұлт қамын жеген тұлғалар қай
жерде де бар. Соларды ұрпақтарға танытып, үлгі тұта білу
керек.
Нəжімеден Есқалиев, қоғам қайраткері, Орал қаласы:
- Менің кіндік қаным осы өңірде тамған. Осы жерде өстім,
үлкен өмірге қадам бастым. Мына тұрған Сейіт баба
кесенесі, Бөкей хан жатқан төбе маған жақсы таныс. Кеңестік
дəуір хан атын дəріптеу, əулие-аруақтарға құлшылық ету-
ге мүмкіндік бермеді. Бірақ қазір оның күні өтті. Мен бұл
істі əйтеуір бір даңқты ұлға емес, ұлтқа жасалған құрмет
деп білемін. Халқымыз үшін достық пен бірліктің мəні
зор. Біз сол Бөкейхан орнатқан достықпен өсіп, өркендедік.
Оның мəңгілік жамбасы тиген орын да - қазақ пен ноғайдың
ортақ қауымы. Өзі Сейіт əулиенің аяқ жағында жатыр. Бұл
да үлкенді сыйлау, татулықты қадір тұтқан қазақтың жақсы
жоралғысы, көрегендік ырымы емес пе?
Сол Бөкей атамыз іргесін қалаған бірлік пен татулық
əлі де жалғасып, ол қоныстанған мекен Қазақстан мен Ре-
сей қатар жайлаған құтты ортаға айналуда. Алда да алыс-
берісіміз үзілмей, іргеміздің жараса беруіне тілектеспін.
Ал Бөкейхан кесенесі болса, ол Қазақстан мен Ресей
шекарасындағы ұлтымыздың төлқұжаты, қазақ елінің эм-
блемасы іспетті. Мен соған қуанамын жəне мақтанамын.
Диляра Жамалова, Сейіт əулиенің шөбересі, Кішкене
Арал ауылының тұрғыны: - Бөкей атамыз кезінде Сейіт
бабамызбен туғанындай болып араласып, рухани түсіністік
байланыстырған жандар. Мен осы қауымда Сейіт атамның
Кеңес дəуіріндегі шырақшысы болдым. Менен бұрын бұл
─ 202 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ істі анам атқарған-ды. Бабамызға тек қазақ пен ноғайлар ғана емес, барлық ұлттың сырқат жандары құлшылық етіп, ауруларына дауа іздейді. Бірақ ол бұл күнде тек құлшылық орны ғана емес, тарихи мекенге айналды. Алыс-жақыннан ат арытып келген сырқат жандармен бірге саяхаттап жүрген адамдар да Сейіт бабаға түнеп, сыйынумен бірге Бөкей атаға құрмет көрсетеді, атына қанығып, ісін мақтаныш тұтады, кейінгі жасқа үлгі етеді. Бұл даңғаза, дабыра емес, үлкен саясат, əсіресе бүгінде даңқы əлемге жайылып бара жатқан қазақстандықтар үшін аса мəртебелі іс деп ойлаймын. Ұлт келешегін ойлаған жандар осындай қадамға барады. Сəрсенғали Құспанов, Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысындағы «Атамекен» қазақ қоғамының президенті: - Өткенге құрмет көрсетіп, ата-бабаға, ұлыларға ескерткіш орнатудан Петербург қаласы біраз жерге үлгі болады ғой деп ойлаймын. Ал қазақстандықтардың мына ісі мені көп нəрсені еске түсіріп, ойлануға итермелейді. Өйткені хан атаулының халқына қысастық жасаса да қастық істегені жоқ. Себебі сол қастықтың кеселі айналып келіп өзіне де тиеді емес пе? Бұл ретте Бөкейханның халқына деген еңбегі көп. Егер тарих парақтарын ақтарсақ, қандастары ол туралы еш уақытта теріс пікірде болмаған. Қайта «Бөкейханның тұсында секер шайнап, бал жұттық» деген сөздер қалған. Халқына қыстау орнын салдырып, малына шөбі шүйгін, суы нұр өріс тауып берді. Елде сауда-саттық дамыды, алыс-беріс өсті, малын асылдандырып, асты тақтай, үсті тақтай, ортасы шылдырмақтай үй тұрғызды. Біраз жасы Санкт-Петербургтан білім алды. Осының өзі көрегендік, ағартушылық іс емес пе? Орыстар патшалары мен княздарын ұлықтауға баяғыдаақ ден қойған. Ал біз оны жаңа ғана қолға алып жатырмыз. Сайып келгенде ата-бабаға құрмет -халқыңның өткеніне құрмет, тағзым, тарихты жаңғырту, ерлік-елдік шежірені жаңадан жасау деген сөз. Отансүйгіштік осыдан басталады. Никита Ысқақов, Астрахан қазақтары «Жолдастық» қоғамының құрметті төрағасы: - Біз Еділ бойына Бөкеймен
─ 203 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР бірге келген қазақтардың ұрпақтарымыз. Бірақ одан əріде де аталарымыз осы араны мекендеген. Дегенмен екі ғасырдың үстінде атамекеннен айырылып қалып, қайтадан оралдық. Сондықтан мұндағы 200 мыңға жуық қазақ өздерін марқұм бұрынғы Астрахан облысының губернаторы Анатолий Петрович Гужбин айтқандай Еділ бойындағы диаспора емес, байырғы тұрғындармыз деп есептейді. Салыстырмалы түрде айсақ, бізде екі Отан бар. Алдымен Қазақстан - тарихи Отан, ал Ресей - туып-өскен, тұрып жатқан мекеніміз. Біз үшін екеуі де қымбат, қадірлі, ыстық. Екі ел арасын жақындастырып Бөкейхан мен Сейіт баба тұр. Оның бірі Қазақстанның елшісі болса, екіншісі Ресейдікі сияқты. Олар екі елдің шекарасындағы бір қауымға қойылған. Бұл фəни тірлік пен бақилық ғұмырды бірге өткізген мəңгі достық демегенде не дейсің? Лайымда ірге жарасып, ауызбірлік артсын. Біріміздің осал тұсымызды екіншіміз толтырып, мəңгі қуатты елге айналайық. Сейіт баба қорымы бұрын халық үшін хан мен əулие жатқан биік боз төбе болса, қазірде ол шекара шебінде тұрған имандылық пен бірлікті, халқына қызмет етер ерлікті насихаттайтын көпшілік орынға айналды. Нағыз Күлтөбенің басындағы күнде жиын осында өтіп жатыр. Бірлігіміз нығайып, тірлігіміз ұлғайсын. Аруақтар оларға дем берсін. Равиль Жұбанов, Астрахандағы ноғай этнобірлестігінің жетекшісі: - Байқайсыз ба, əлемдік лексиконда «Ұлылар бір-біріне сүйеніп даңққа бөленеді» деген сөз бар. Астрахан өңірінің халқы, соның ішінде ноғайлар өздерінің имандылық жолындағы бағамдарын Сейіт баба арқылы мөлшерлейді, сол қасиетті тұлғамен мақтанады. Ата басына келген əр міскін Бөкейханның кесенесін көріп, екі елдің бірлік сарайы алдында тұрғандай сезінеді. Екі халықтың ұлылары бір-біріне сүйеніп, тұлғаларын биіктетуі осы емес пе? Менің айтпағым-аталған екі арыс өздерінің тарихтағы бағасын əлі дұрыс алып болған жоқ. Бары бірін халық ел сыйлап, табынатын қасиет иесі деп білсе, екіншісін қазақтың Ішкі Ордасын билеген алғашқы хан деп таниды. Шындығында
─ 204 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Сейіт баба Бұхара, Бағдат, Мысыр, Үнді жерінен білім алып
қайтқан діни оқымысты болса, екіншісі Еділ-Жайық арасын
еліне қайтарып, жерін кеңейтіп, қандастары еңсесін көтерген
қоғам қайраткері емес пе? Ендеше, олардың осындай орасан зор
ісін екі елге бірдей таныту керек. Басын қарайттық, басқасын
да қолға алайық. Құрметпен бірге қызметті де жақсартайық
«Бөкейхан-Сейіт баба» қоғамдық қорының жұмысын жаңа
сатыға қойып, жандандыру, жұртшылық көп жиналатын тари-
хи орынға айналдырған дұрыс. Бұл ретте қазақстандықтардың
көптеп келуіне жағдай жасаған жақсы.
Сөйтіп Ресей жерінде бұрын Құрманғазыны айтып
мақтанып, Ерғали, Сейтек күйшілердің мəңгілік мекені
деп мейірленетін болсақ, енді елдің шебін кеңейтіп, рухын
өсірген Бөкейханның да табан тіреп, тарихта аты қалған
қонысы деп қол соғамыз. Аузын арандай ашқан алпауыт
Ресейдің алдында жатып, бауырластарына қоныс, тым-тəуір
тұрмыс, келісті келешек əкелген Нұралыханұлы бүгінгі за-
ман үшін де ардақты. Ол елді сүю, ұлтжандылық үлгісі, Ұлы
Достықтың символы. Бірлік жараспай тірлік жақсармайды.
Іргенің
беріктігі
іріліктің
мəңгілігінде,
достықтың
баяндылығында. Оның қос өзен аралығындағы алғашқы ав-
торы – Бөкейхан Нұралыханұлы.
─ 205 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР «МЕН ЖҮРГЕН ЖЕРІМДЕ ҚАЗАҚТЫҢ ЖОҒЫН ЖОҚТАП ЖҮРЕМІН» Мемлекеттік қызметкер отбасында дүниеге келген Зауытбек Тұрысбеков 1951 жылдың 15 желтоқсанында Түлкібас ауданында туылған. 1973 жылы қазақтың химия-технологиялық институтын тəмамдаған соң, сол оқу орнына оқытушылық қызметке қалдырылады. Одан Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі комсомол, партия-кеңес жұмыстарында болып, 1993 жылдан облыс əкімі, Қазақстан Республикасының көші-қон жəне демография жөніндегі Агенттіктік төрағасы, ҚР Президент əкімшілігі жетекшісінің орынбасары, ұйымдастырубақылау бөлімінің меңгерушісі, ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік төрағасы, Республика Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы төтенше жəне өкілетті елшісі қызметтерін атқарды. Зауытбек Қауысбекұлы қай қызметте жүрсе де халқымыздың өткен уақыттарында өмір сүрген тарихи тұлғаларын ұлықтау, олардың ерлігін бүгінгі жасқа үлгі етуден жалықпайды. Біз де бұл жолғы əңгімемізді, осы тақырыпқа арнап, сауалдар тастаған едік. – Зауытбек Күмісбекұлы, сіздің мамандығыңыз технолог, бірақ сіз ауданда, кейін облыста əкім болған, тіпті, елшілікте жүрген кездеріңізде халқымыздың біртуар ұл-қыздарына қайта-қайта назар аударып, оларды ұлығылауға назар аудардыңыз. Бұл өткенді ұнату ма, əлде олардың тұңғиық сырларын білуге деген құштарлық па? – Оның қай-қайсысы да болуы мүмкін. Бірақ өткеннің *Бұл сұхбат Тəуелсіздіктің 20 жылдығына орай 2011 жылы алынған болатын. Қазір З. Тұрысбеков Қазақстанның Украинадағы елшісі.
─ 206 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
философиялық мəні де бар. Өйткені өткенін қазақтай
құрметтейтін халық жоқ. «Өлі разы болмай, тірі байымай-
ды» немесе «Сен өткеніңе тас лақтырсаң, келешек ұрпақ
сені зеңбірекпен атады» деген де сөз бар. Сондықтан есі бар
ұрпақ өткеніне үңіліп, оның ғажайып құндылығын өз бойы-
на сіңіре білуі керек. Атам қазақты күні кешеге, керек болса
бүгінге дейін тəрбиелеген халықтық педагогика, даланың
философиясы. Соны біз қаймағын бұзбай, төкпей-шашпай-
ақ өз ұрпағымызға жеткізуіміз керек.
Осы орайда Елбасының «Мəдени мұра» бағдарла-масын
қолға алып, оның бірінші сатысын игеріп, қазірде екіншісі бой-
ынша жұмыс істеп жатсақ, ол елдің брендін жоғалтпау, ұлтанды
халықтың ұлылы-ғын дəріптеу деп ұққанымыз дұрыс.
Айтып отырғаныңыз дұрыс, мен Оңтүстік Қазақстан
облысында əкім болған жылдарым (1993-1997) өте қиын
кезеңдер еді. Ескі қоғам құлады, сонымен бірге кеңестік
құрылымдар жойылды. Жаңа қоғамның форматы əлі
қалыптасқан жоқ. Халықтың рухани өмірі былай тұрсын,
олардың қалыпты тұрмысын сақтаудың өзі қиынға соқты.
Сонда да біз Домалақ ана, Бес ана, Бабатүкті Шашты Əзіз
кесенелерін жөндеу, қалпына келтіру, Ордабасында үш
жүздің бірігуін бейнелейтін монументті тұрғызуды қолға
алып, жұртшылық құрметіне бөлендік.
– Өзбекстанда Əйтеке би кесенесін көтердіңіздер. Сон-
да оған деген қаражат көзін қайдан таптыңыздар?
– Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше жəне өкілетті
елшісі болып жүріп, қазақстандық іскер азаматтардың
көмегімен алдымен Ташкенттегі Төле би кесенесін ре-
конструкциядан өткізіп, сосын Нұрата қаласына жақын
тұстағы Əйтеке би басына келісті кесене тұрғыздық.
Қазір бұрынғы сазбалшықтан əбден мүжіліп, жермен
жексен болып қалған мазар орнында айшықтары күнмен
шағылысып, қабырғасы көк тіреген келісті кесене көз тар-
тады. Тек кесене емес, қасында барлық жағдайы жасалған
мешіті, түнек үйі бар тұтас кешен. Ондай қасиетті орынға
барып, дұға оқу, мінажат жасаудың өзі мəртебе. Аруақты
─ 207 ─
атаға - халқының айбарлы абызы, қадір тұтар тұлғасына
деген сүйіспеншілігің артады. Ол өзге елдің шебінде
жатса да өз елі үшін мəртебе, тіпті мақтанасың.Мұндай
жұмыстарды Ресейдегі қызметімде де жалғастырудамын.
2010 жылы – Ұлы Отан соғысындағы жеңісімізге 65
жыл толды. Осыған орай қазақстандық майдангерлердің
ерлігін ұлықтауға ерекше көңіл бөлдік. Əсіресе, Ржев
қаласы
түбегіндегі
қантөгісті
көрсетуге
арналған
мемориалдың алатын орны зор. Аталған ұрыста Ақтөбе,
Алматы қалаларында жасақталған 100,101 атқыштар бри-
гадалары жауды алға жылжытпай, жан берген. Қазақтың
қаһарман қайсар ұлы Бауыржан Момышұлының есімі
Мəскеудегі №229 мектепке берілді. Соған сай Бауыржан,
Əлия (Молдағұлова) атындағы мектептерді толықтай
жөндеуден өткіздік. Қазір олар техникалық жарақтануы
жағынан Мəскеудегі ең үлгілі мектептердің бірі.
2011 жыл – қазақстандықтар үшін аса қадірлі, мерейлі шақ.
Өйткені Тəуелсіздікке 20 жыл, қазақтың ұлы ханы – Бөкей
бастап, ұйымдастырған Ішкі Орданың шаңырақ көтергеніне
210 жыл. Сондай-ақ ХХ ғасырдың басында қазақ даласын-
да алғашқы жаңа саяси партия – «Алаш» құрылды. Жаңа
қоғамда Қазақстан мен Ресейдің қалыптасуына мемлекет
қайраткері Тұрар Рысқұлов айтарлықтай үлес қосты. Олар-
ды ұлықтап, Қазақстан мен Ресей арасындағы достықпен
бірлікті дамытудағы үлесін ұрпаққа таныту – бүгінгі биліктің
абзал борышы болса керек.
– Бөкей хан кесенесін көтерудегі еңбегіңіз айтар-
лықтай. Осы турасында кеңірек əңгімелесеңіз?
– Осыдан 210 жыл бұрын Ресей империясының импера-
торы Павел І-нің жарлығымен Еділ-Жайық өзендері арасы-
на қазақтардың жаңа мекені Бөкей Ордасы шаңырақ көтерді.
Яғни Азиядан Еуропаға Бөкей бастаған 30 мыңдық көш келіп
түйе шөгерді. Қазақ елінің шекарасы 7 мың гектарға өсті. Бірақ
кеңес кезеңінің шекара белгілеу дүрбелеңінде Бөкейдің мəңгі
дамылдаған мекені Ресей жерінде қалып қойды.
Мен оның Астрахан облысының Красныйяр ауданы,
─ 208 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Кішкене арал деп аталатын ауыл жанындағы тат басып,
уақыт теперішін азар көтеріп тұрған темір мазарын көргенде
шебімізді өсіріп, атамекенге астана халқын көшіріп алып
келген асқан дипломат, алғыр ақылманға деген құрметіміз
неге төмен деп ренжідім.
Бөкейдің бір оқ шығармай көтеруі арқасында біз
еуроазиялықтар атандық. Кавказға қақпа ашып, еуропалық
мəдениетті игердік. Оқыдық, білім алдық. Ол өз ортасында
адам емдеп, аты мəлім болған рухани ұстазы Сейіт бабамен
ниеттес еді. Сол достық оларды өлгенде де қатар жатып,
ноғай мен қазақ халқы арасындағы бірлікті одан əрі жалғады.
Қазір екі ұлттың да өкілдері қос тұлғаға бірдей тағзым етіп,
құрмет көрсетеді.
Ендеше оларға лайықты құрмет көрсетсек – бəрімізге
де абырой емес пе? Міне, осы мақсатпен мен 2010 жылдың
қыркүйегінде Астрахан облысының губернаторы Александр
Жилкинмен кездесіп, Красныйяр ауданының Кішкене арал
ауылында Бөкей хан кесенесін көтеру жөніндегі бірлескен
шаралар жоспарына қол қойып, іске кірістік. Тап сол күннің
өзінде болашақ кесененің іргетасын қаладық. Арада бір жыл
өткенде аталған құрылыс Астрахан, Атырау облыстарының
бірінші басшылары қатысуы нəтижесінде пайдалануға
берілді. Ол да қазақстандық жекелеген кəсіпкерлердің
қаражатына салынды. Олардың ішінде Аманжан Рысқали,
Амангелді Барақатов, Əбдібек Бисенов, Орынғали Əлдекенов,
Мұрат Жəкібаев, Əділ Жұбанов сияқты бұрындары да
Өзбекстандағы Əйтеке би мемориалдық кешенін салуға
қатысқан қайырқом азаматар бар. Айтарлықтай қаржыны
«Қазмұнайгаз» басшысы Қайыргелді Қабылдин, мəжіліс де-
путаты Болат Қонарбай, сенатор Сəрсенбай Еңсегенов берсе,
құрылыстың жүруіне Астрахан облысының губер наторы Алек-
сандр Жилкин, Атырау облысының əкімі Бер гей Рысқаливтар
қамқорлық жасады. Бұл арада кесене құрлысының жүйелі
жүруіне алғашқы күннен басшылық жасап, қадағалаған Аты-
рау облыстық тəртіптік кеңесінің төрағасы Мұхит Ізбановқа
үлкен рахмет айтқан дұрыс болар еді.
─ 209 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР Аталған мемориалдық кешен жандарына шипа іздеп, дерттеріне дауа қалағандар мен тарихқа тағзым, тұлғаға құрмет көрсетулер көп келеді. Мұнда ұлтқа бөлініп, этностық бөлектену жоқ. Соған сай ол келешекте ресейліктер мен қазақстандықтар арасындағы достық пен бірлікті бұрынғыдан да ұлғайтып, бекітетін тарихи орын болатынына сенім мол. – Жоғарыда «Алаш» партиясы туралы əңгіме қозғадыңыз. Бұл бағытта қандай істерді қолға алдыңыздар? – Осыдан он күн бұрын Орынборда 1917-1920 жылдары қазақтың бірінші Алашорда үкіметі жиылып, бас қосқан жəне Ахмет Байтұрсынов бас редакаторы болған «Қазақ» газеті редакциясы орналасқан үйге салтанатты жағдайда тақта орнаттық. Ол бүгінгі тəуелсіз Қазақстанның тарихи негізі болып есептелетін «Алаш» қозғаласының қайраткерлеріне республикадан тыс жерде көңіл бөліп, назар аударудың алғашқы көрнісі, тарихи оқиға десе де болады. «Алаш» – қазақ ұлтын əлемге танытып, идеялық бет пердесін көрсеткен ірі жеңіс. Осы қозғалыстың нəтижесінде қазақ қоғамына демократияның бастауы келіп, халықтық зиялы қауым қалыптасты. Олар – Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел, Жанша Досмұхамедовтер мен Мұхамеджан Тынышбаевтар болатын «Алаш» қозғалысы Ресей империясының беделді жиыны – Мемлекеттік Думасында айтылатындай Қазақстанның саяси жəне қоғамдық өмірінде де ұлттық мүддені қорғау мен қалыптастыруды орнықтырды. Алаш партия қайраткерлерінің тағдыры қайғылы аяқталды, 30-жылдары нəубетке ұшырады, көбі қайтыс болды. Бірақ олардың құштарлықтары мен армандары арада тоқсан жыл өтсе де əлі күнге мəнді, өзекті. «Алаш» аз ғана уақыт өмір сүрді, бірақ оның қайраткерлері біздің халықтың санасында егемендік пен демократия, ең бастысы ұлттық тəуелсіздіктің, этностың идеясын өшпестей қып оятты. ҚР-сы Премьер-министрі К.Мəсімовтің қолдауымен Орынбор қаласында Алаш Орда-
─ 210 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ ны ұлықтау туралы жоба жүзеге асты. Бұл ретте аталған шараны өткізуде ҚР-ның Мəдениет министрлігі мен Орынбор облысының басшылығы көп іс істеді. Таяу жылдарда Орынборда Қазақстанның алғашқы жəне қазіргі астаналарын ұштастырып, сабақтастыруға арналған халықтар достығы бағы пайда болмақ. – Мəскеуде де тағы бір игілікті істі қолға алған сыңайларыңыз бар екен... – Ол рас, Мəскеу үкіметінің қолдауымен жақында ғана Покров бульвары бойындағы 1931-1934 жылдары Қазақстан мен Ресейдің көрнекті мемлекет қайраткері, РСФСР Совнарком төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов тұрған үйге мемориалдық тақта орнаттық. Мұның өзі де екі ел арасындағы мəдени-гуманитарлық қарым-қатынасты бұрынғыдан да жақсарта түсуге белгілі дəрежеде əсер ететіні белгілі. Тұрар Рысқұлов кезінде екі ел арасындағы қарымқатынастық байланыс пен достықты нығайту жолында берік негіз қалады. Ол Ресейдің Сібірі мен Қазақстанның түстік аудандарын жалғайтын Түрксиб теміржол магистралін жүргізуге мұрындық болу арқылы интеграция идеясын жүзеге асырды, келешек ұрпақ үшін баға жетпес іс тындырды. Ол халық арасында ерекше беделге ие болды, Орталық Азиядағы көрнекті жəне ықпалды басшылардың бірі еді. Тарихта ол туралы Ленинге хат жазған Михаил Фрунзенің «Жергілікті кадрлар арасында арттарына қалың бұқараны еріте алатын екі адамды атауға болар еді. Олар Рысқұлов пен Ходжаев. Бірақ біріншісі тек ақылмен ғана емес, алғыр, аса қабілетті мінезбен де ерекшеленеді» деген сөзі бар. Дана, дара тұлға Тұрар Рысқұлов өз халқының тағдырына ерекше алаңдады. Халық оның отызыншы жылдары Сталинге қазақтардың өте қиын жағдайдағы тұрмысын, аштық күйін баяндаған хатын ұмытпайды. Тек сол хаттың арқасында Қазақстанға азық-түлік көмегі келді. Міне, осының бəрі елшіліктің Қазақстан Тəуелсіздіктің 20 жылдығы алдында жүзеге асырып жатқан жұмыстары. Əлгі айтқан Бөкей хан кесенесінің бой көтерілуі, Алаш Орда
─ 211 ─
қозғалысы, оның ардақтыларын ұлықтау, Т.Рысқұловты еске
алып, мемориалдық тақта орнату, басқа да ондаған істер
Ресейдегі Қазақстанның тарихи-мəдени құндылықтарын
қастерлеумен бірге екі ел арасындағы ғасырларға ұласқан ұлы
достықты одан əрі баянды ету, өзара түсіністік пен сенімді
орнықтыруға арналуда. Бір қарағанда бұл Елбасы Нұрсұлтан
Əбішұлы Назарбаевтың əлемдік мəдени кеңістікте ұлттық-
мəдениет пен оның интеграциясын жаңғырту турасындағы
істерінің жарқын көрінісі. Ұлттық мəдени құндылық сайып
келгенде əлемдік ғажайып-тардың баға жетпес бөлшегі бо-
лып табылады. Соны біз өз ұрпағымызға жеткізе білуіміз
жəне оны өзге ұлттарға таныта білуіміз керек.
– Əңгімеңізге рахмет!
─ 212 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
БӨКЕЙ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ
Осыдан бар-жоғы бір жыл ғана бұрын ХІХ ғасырда
еліміздің шекарасын кеңейтіп, шебін ұзартқан Еділ-Жайық
арасындағы ен жазықта Ішкі Орда деп аталатын қазақи
жаңа қоныстың пайда болғанына 210 жыл толды. Тіпті бұл
жылды оның негізін қалаған алғашқы билеуші Нұралыұлы
Бөкейханның жылы болды десе де жаңылмас едік. Өйткені
осы жылы оның Ресейдің Астрахан жерінде жатқан кесенесі
көтеріліп, басы қарайды. Бір кездегі Бөкей Ордасының
орталығы, дəлдеп айтсақ қазірде оның атындағы ауданның
кеше-бүгінгісіне арналған шежірелік кітап – Бөкей Орда-
сы ауданы энциклопедиясы жарық көрді. Енді, міне, сол
Бөкей ханның өмірі мен қызметіне арналған деректі фильм
дүниеге келді. Оны жасаған оралдық меценат-кəсіпкер
Мұрат Жəкібаев. Ол Батыс Қазақстан облыстық қазақ дра-
ма театрының директоры, шетел драматургтерінің біршама
пьесасын қазақ тілінде сөйлеткен аудармашы Құжырғали
Төлеуішев, ресейлік кинорежиссер, талай деректі фильмдерді
жасаған Лев Александрович Вахитовтермен көптен бері
шығармашылық байланыс орнатқан. Олар соңғы жылдары
Ұлы Отан соғысында ерлік үлгісін көрсеткен оралдық май-
дангерлер туралы 9 деректі фильм жасаса, қазақтың тұңғыш
ұшқыш қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова, сол соғыс
жылдарында əйгілі Калашников автоматын ойлап тапқан Ка-
лашников туралы ленталар дайындады. Енді, міне, олар он
екінші фильм – «Егер Бөкей көшпесе»... («Возвращение Бо-
кея») атты жаңа шығарманы дүниеге əкелді.
Республика тəуелсіздігінің 20 жылдығына арналып
жасалынған бұл туынды мереке алдында Мəскеудегі
Қазақстан елшілігі үйінде тұсауын кессе, өткен бейсенбіде
Орал қаласының зиялы қауым өкілдеріне көрсетілді.
─ 213 ─
Ертесінде
Атыраудағы
Х.Досмұхамедов
атындағы
мемлекеттік университетте таныстырылым болды. Сту-
денттер мен оқытушы-профессорлар, облыс орталығының
зиялы қауым өкілдері қатысқан жиынды аталған оқу орны
ректорының міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының
докторы, профессор Бақытжан Сайлыбаев ашып, «Өткенді
білмей, келешекке үміт арту мүмкін емес. Оның үстіне
өз халқыңның тарихын танымай тамырыңды тереңге
жая алмайсың. Ал мынандай Азияда тұрып, Еуропадағы
атажұртқа ту қадау, жаңа тұрмыс, мəдениетке бет бұруды
ойластырған тұлға туралы əңгімелеу ғажап емес пе?» десе,
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі республика Агенттігінің
Атырау облысы бойынша басқарма төрағасы, Бөкей хан
кесенесін тұрғызу жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі
Мұхит Ізбанов жиналғандарға фильмді жасаушы топты та-
ныстыруды, бұдан əрі фильм көрсетілді.
Еділ-Жайық арасы қашаннан түркілер мекені Дешті
Қыпшақтың жері, қазақтың қандасып, Қасым ханның, одан
бері Ақназардың Қазақ хандығының туын тіккен құтты
мекені. Бірақ ол ХVІ ғасырдың аяғында уыстан шығып, Ұлы
Ресейдің қонысы атанды. Сондықтан ол бір кезде қалмақ да-
ласына айналып, одан кейін тусырап, бос жатқанына да отыз
жылға жуықтағанда Ойыл мен Сағыз, Жем арасын мекендеп,
біресе билік, тағы бірде жайылым жетпей ағайын арасында
ала көз болған Бөкейдің аңсары ауды. Жəне дəл сол сəтте
алып қалмаса, енді бірер жылда оның қазақтар маңдайына
сыймайтыны да белгілі еді. Осы оймен ол Астраханның ұлық
атаулысының бəріне, тіпті патша ағзамның өзіне аталған
жерді қазақтардың иелігіне беру туралы талай хат жазды.
Өтініш тек үш жылдан соң, яғни 1801 жылдың 11 наурызын-
да ғана орындалды. Ғажапты қараңыз, орыс патшасы (Павел
бірінші) аталған громатаға (жарлыққа) таңертең қол қойса,
кешкісін ол қастандықтағы біреулердің қолынан қаза таба-
ды. Бірақ пəрмен берілді, сондықтан ол орындалуы керек.
Сөйтіп, Бөкей сол көктемде, қар суымен ұлы көшті батысқа
бұрып, Еділ-Жайық арасына табын-табын жылқы қуып,
─ 214 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ Қиғаштың жағасына түйе шөгерді. Ал егер бұдан қалса, Нарын бойын Еділ қалмақтары (қарақалмақтар) иеленіп, Самар даласы санамыздан да шығар еді. Бұл ретте Бөкейдің жер иесі Астрахан казак полкының командирі, полковник Половпен өте жақсы байланысы істің оңға басуына негіз болды. Керек десеңіз жарлығы шығарылып, билігі берілген жерге иеленіп кетудің өзі 1806 жылға дейін күшке түсті. Көптеген қазақтың жүрегі шайлығып, қайдасын қара орын деп Қарабау, Қаракөл, Қаратөбесіне қайтып кеткені де бар. Бірақ Бөкей алған беттен қайтпады. Ақыры сұлтан басын ханға дейін көтеріп, қос өзен аралығын қазағына мəңгілік қонысқа айналдырды. Ол жаңа аймақта бар-жоғы 12 жыл өмір сүрді. 1815 жылдың көктемінде ұзаққа созылған ауруыдан қайтыс болды. Айқайынан ақылдылығы басым, хандық қаһарынан қарапайымдылығы мол, ел басы емес, елдің қамын ойлаған ханды ел-жұрты қатты бағалады. Оның тұсында халық «шекер шайнап, бал жұтты». Міне, жаңа фильмнің айтпағы осы. Ол түрлі өлкетанушылар мен ғалымдар, баяндауы мұрағаттық дерек көздері арқылы нанымды жеткізіледі. Фильм соңында туындыгерлер сөз алды. Құжырғали Төлеуішев, сценарист: – Байқайсыздар ма, бүгінгі залда отырған жастың езуінде күлкі табы бар. Ол шаттықтың, қуаныштың күлкісі. Ол бізге Бөкей əкелген қуаныш. Егер осыдан екі ғасыр бұрын ол Еділ бойына көшпесе, біз бұл арада күліп отырмас едік. Оны бүгінгі ештеңеге мəн бермей отырған ұрпақ түсінуі керек. Мен бұл ретте бір-ақ мысал айтайын. Осы фильмді жасаған мына режиссер Лев Александрович удмурт жігіті. Ол лентаны дайындау барысында бізге «Сіздер не деген бақытты халық едіңіздер» деп қайта-қайта мұң шақты. «Неге?» дейміз біз. Ол айтады «Біздер де бір кездері түркі тұқымдас халық едік. Бірақ алпауыт Ресейдің қолтығына кіріп, тырнағының астында қалдық. Қазір удмурт деген халықты ешкім білмейді. Өйткені біздің туымыз жоқ, елтаңбамыз тағы, əнұранды еске алудың өзі ұят. Ал тіл ше, ол да құрып бітті. Сіздерде Бөкей
─ 215 ─
сынды бөлек туған хандарыңыз халқына жер, мəдениет,
тұрмыс деп өзінің жеріне ауыз салып, қайтарып алып жүр.
Бұл деген бақыт қой» дейді. Біз болсақ сол бақытты жасау-
шылар, кеңес тұсында пышақтың қырындай болып қалған
тарихты қалыңдатайық, сере қарысқа жеткізейік деп жүрміз.
Біз тарихты жасағымыз келеді.
Марат Жəкібаев, меценат: – Біз осы фильмді жасау үшін
8 ай уақыт жойдық. Екі ай бойы Ресейдің өзгелерге есігі ашы-
ла қоймайтын мұрағаттарының құжаттарын ақтардық. Төрт
рет сценарий дайындалды, ғалымдар талқысынан өтті. Бар
тапқан деректеріміздің төрттен бірін ғана кəдеге асырдық.
Мен осы фильмдерді жасағаным үшін бір тиын да алмай-
мын. Қайта біраз шығынға батамын. Бірақ бəрі де халқым
үшін істелініп жатқанын ойға алсам, қуанамын. Өйткені ол
келешегімізге керек қой.
Лев Вахитов, режиссер: – Менің Қазақстан топырағын
басқаныма жеті жыл болды. Алғашқыда ештеңе де білмеуші
едім. Сөйтсем, елдеріңіз тұнған тарих, өткенінде өзек өртеген
өкініш те, өркениет те мол ғажап екен. Тəуелсіздік алғанына
бар-жоғы жиырма жыл. Ендеше келешек үшін жұмыс
істейтін кез келді. Тілі бар елдің тірлігі мол, ұрпақтары
бақытты. Бақтарыңыз ортаймасын.
Аққали Ахмет, Атырау мемлекеттік университетінің
проректоры, тарих ғылым-дарының докторы: – Біз КСРО
тарихын оқыған ұрпақпыз, өз халқымыздың тарихын енді
ғана жасақтаудамыз. Шындығында əр халық өз тарихын өзі
жасайды. Бүгінгі фильм соның көрінісі. Жаңа дүние жоғары
оқу орындары үшін аса қажет дерек көзі екен. Əрине, ол
көп еңбекті ізденуді қажет етеді. Өз басым шығармашылық
құрам еңбегіне дəн ризамын. Арттарыңызда із қалды, ол еш
уақытта өшпейді.
Амангелді Шамғонов, профессор: – Қашан да титімдей
жердің тарихы болса да, ол тек сол жерде туғандар үшін ке-
рек емес, тұтас елдің, Қазақстанның ғылымына қосылған
үлес. Ғылым инемен құдық қазғандай. Бұл фильм арқылы
Бөкейдің қырлары ашыла түсті. Ол жай көп хандардың бірі
─ 216 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
емес, еліне, халқына қызмет еткен ұлы тұлға. Сондықтан
оның атын ұлықтап, өз Ордасына, алғаш із тастап көшкен
мекені, бақилық ғұмыр кешіп, сүйегі қалған өңір (қазір
шекараның арғы бетінде жатса да), яғни Құрманғазы
ауданының орталығы – Ганюшкин атын Бөкеймен ауыстыру
керек деп ойлаймын. Өйткені Нижний Новгородтан осыдан
екі ғасыр бұрын (1793 ж.) тамақ асырап көшіп келген əлде
бір купецтің ендігі уақытта қазақтарға өкпесі жоқ шығар.
Ендеше жерімізді кеңейтіп, елдестеріне енші əперген
қандасымызға құрмет көрсеткен дұрыс.
Мен аталған фильмді көрген соң сондай пікірге келдім.
Сонымен халқымыздың тарихы, өңіріміздің өткенін
бейнелейтін тағы бір ізденіс жарық көрді. Туындыгерлердің
айтуынша болашақта аталған дүние республикалық теле-
арналардан көрсетіліп, көпшілік талқысына ұсынылмақ,
қажетсінгендер сұранысын өтемек. Бұл арада ерекше айта
кетер оңды іс – аталған фильм жеке кəсіпкер, кезінде Бөкей
хан кесенесін тұрғызуға айтарлықтай үлес қосқан Мұрат
Жəкібаевтің бастамашылығымен жасалынып отыр. Ал
мұндай бастамалар болашақта да қолдау тауып, мемлекеттік
«Мəдени мұра» бағдарламасын толықтырса жоғалғанымыз
табылып, жыртығымыз бүтінделе түсер еді.
─ 217 ─
БƏЙБЕК АТАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?
Қазақстанның батыс өңірі. Атырауға іргелес жатқан Астра-
хан облысының Красныйяр ауданында Бəйбек деген ауыл
бар. Аталған ауылдың іргетасының қаланғанына біреулер 200
жылдан асты десе, тағы бірі 100 жылға жуықтады, үшіншілері
ХХ ғасырдың 17-18 жылдарынан бастаса қайтеді дейді.
Жаны бар сөз, өйткені өткен 100 жылдықтың 10-15 жылда-
ры бұл жерде біраз түтінді қамтыған кəдімгідей ауыл болды.
Елімізде ұжымшар құру ісі қолға алынғанда алғашқы колхоз
осы Бəйбекте ұйымдастырылып, ол негізінен балық, егін, мал
шаруашылығымен айналысты. Сол кезде шаруашылықтың
төрт түлігі Батыс Қазақстан облысының малшыларымен
қанаттас орналасып, төрде басы, төскейде малы қосылды.
Бірақ алпысыншы жылдарғы шаруашылықтарды маман-
дан дырып, ірілендіру ісі қолға алынғанда осы маңайдағы үш
колхоз бірігіп, жаңа «Родина» деген атауға ие болды. Оны 28
жыл бойы тəжірибелі маман, үлгілі ұйымдастырушы Қазбек
Дүйсенұлы Қоқалов басқарды.
Қазір аталған ауылда ұзын саны 2000 тұрғынды құрайтын
400 түтін бар. Оларға сəулетті мəдениет үйі, қос қабатты
əкімшілік-əлеуметтік орталық қызмет етіп, «Байбекжил-
коммунхоз» мекемесі, кітапхана, пошта, шекара заставасы,
тренажерлық залы бар спорт орталығы орналасқан. Аула-
да балалар ойын алаңы жасақталған. Ұлы Отан соғысында
қаза тапқан ауылдас боздақтарға арналып орнатылған
ескерткіш тағы бар. Ескерткіш айналасы гүлмен көмкеріліп,
жасыл белдеумен қоршалған. Мерекелі күндер,қолдары
бос уақыттарында ауыл ақсақалдары, майдангерлер ұрпағы
сол жерде бас қосып, отты ортадан оралмағандар, соғыс
ардагерлері туралы əңгімелеп, сыр ақтарады. Мектеп
оқушылары аға ұрпақтың аталы сөздерін тыңдайды.
─ 218 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Ауыл жыл өткен сайын өсіп келеді. «Жақын күндері
имандылық ұйытқысы-мешіт үйі салынады. Дəрігерлік амбу-
латория, келісті стадион, жазғы концерт алаңы пайдалануға
беріледі» дейді ауылдың округ əкімі Миграм Дəуітұлы Жа-
нашев.
Бір ерекшелігі ауылда баяғы кеңес дəуіріндегі тəртіп
орнатудың үлгісі-ерікті халық жасақшылар тобы əлі бар.
Округте мал шаруашылығы қатты дамыған. Егін өсіру,
мал өнімдерін ұқсатумен айналысатын «Родина» ауыл
шаруашылығы
кəсіпорны,
«Бəйбек»,
«Даркулсервис»
кəсіпорындары бар. Оларда ондаған кəсіпкер, фермерлер
мен шаруа қожалықтары еңбек етіп, қыр төсін түлікке толты-
рады, аудан экономикасын өсірумен бірге ауылдастарының
тұрмыстық əл-ауқатын жақсартуға үлес қосады.
Міне, осындай өсу үстіндегі ауыл адамдары өздерінің
тұрғылықты мекендерінің неге Бəйбек аталғанын біле
алмайды. Біресе қазақ сөзі деп, оны Əйтеке би заманына
алып барса, тағы бірі ноғайдың Баубек атты кісі есіміне
телиді. Бірақ нақты тоқтам жоқ. Осыған орай өңір тарихы-
на белгілі дəрежеде араласып жүрген өлкетанушы ретінде
біздің де өз естіп-білгеніміз бар. Бірақ ол дəл ғылыми
тұжырым емес. Соған сай мұны тек өз ойымызды білдіру
деп ұққан дұрыс.
Бөкей сұлтан 1801 жылы Жайықтың Нарын бетіне қоныс
аударарда əуелі аталары жатқан ірі пантион Сарайшық
төңірегінде айналсоқтап, ақыры Сарытоғайда бірер жыл
қыстап, одан қазіргі Исатай ауданындағы Жалтыр көлі жаны-
на кеп түйе шөгереді. Ол кезде аталған көлдің ұзыны 22, ені
16 шақырымды алып жатқан жағалығының шалғыны мол,
балығы көп, шұрайлы айдынды аймақ екен. Бірақ Жайық
өзенінің көктемгі тасуынан ғана кемерленіп, қалған кезде
жаңбыр суымен молығатын ағысы аз тұйық көлдің өмірлік
маңыздылығы аз екендігіне көзі жеткен Бөкей бұл жерде көп
аялдамай, елді Еділ өзенінің түпкі сағасына қарай көшіреді.
Жалтыр көлінің батыс жағасында əлі күнге Бөкей
қыстауының орны бар. Осы жерде отырғанда оның анасы
─ 219 ─
қайтыс болған «Бөкей шешесі» деп аталатын үлкен қорым
қазіргі Хамит ауылының арқа батысында орналасқан. Дəл
осы арада «Бəйбек қыстауы» деген де жер кездеседі. Ал осы
атаудағы село Бөкей Нұралыханұлының Қиғаш бойындағы
ең соңғы табан тіреген жері – Кішкене аралдың (орысша
«Малый арал» деп атайды) құбыла бетінде де бар. Жоғарыда
айтқанымыздай осы күні колхоздың орталық усадьбасы.
Сөйтсе, Бəйбек Астрахан губернаторымен арада тілмаштық
қызмет атқарған Бөкейдің оң қолы болғанға ұқсайды.
Біз бұл əңгімелерді 2002 жылы жасы 105-ке келіп қайтыс
болған құйма құлақ қария, Исатай ауданының (Атырау об-
лысы) тұрғыны Сидеғали Нұрмановтан, сондай-ақ жоғарыда
есімізге алған сол Бəйбек селосының тұрғыны, еңбек ардагері
Қазбек Қоқаловтың ауыздарынан да естідік. Сидеғали қария
«Атам Əлмағанбеттің əкесі Төлепбай Бөкеймен замандас,
сырлас, Нарын бетке бірге көшіп, қоныстас болған жан еді.
Атамның айтуынша Бөкей көруге көз керек, беденді, көркіне
ақылы сай, беделді адам екен» деп отыратын. Бұл бағаны
Небольсин
жазбаларындағы
«Бөкей»
тапқырлығымен,
зеректігімен жəне ақылдығымен ерекшелінетін» деген
сөздерімен толықтырсақ, тіптен салмақтана түспей ме?!
Ал Қазбек Дүйсенұлы болса, «Кішкене арал бір кездері
«Хан сарайы» деп аталған, жанынан «Ханөзек» деген шағын
өзен аққан. Арқа тұстағы биік төбені «Хантөбе» дейді екен.
Мүмкін осының бəрі Бөкей атына сай аталған болар» дейді.
Жөні бар сөз, өйткені Бөкей Жалтыр көлінен көшіп шыққанда
əуелі қазіргі Құрманғазы ауданының 7-8 разъездерінің
теңіз бетінде отырады да княз Юсупов адамдарының
түртпектеуіне орай Кішкене аралға көшіп келеді. Осы жерде
отырғанда оған «хан» атағы беріледі.
Хан қыста Кішкене аралға қыстайды да жазда терістік
беттегі Тебенұр көлін жиектеп, əрі кетсе Баба шағылды жай-
лайды екен. Бір қарағанда ол кезде хан ұлы Жəңгір Астра-
ханда оқитын. Оның алысқа ұзап кете алмауының бір себебі
де сол баласына байланысты болғанға ұқсайды.
Бөкей жас шағында Египет, Араб елдерінде оқып, біраз
─ 220 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
діни сауаттанған, жергілікті тұрғындардың асқан құрметіне
ие болған Сейіт баба Құбайлыны қатты құрметтеген, жылы
құшағына алып, қамқорлық жасаған. Бірақ Бөкей ойламаған
жерден опат болған. Көктемгі өр суы келіп жатқан кез-
де ол сол Тебенұр көлінің жанына жайлаулыққа шығады.
Кезең тəртібіне сай көлдің лай шикі суын ішеді. Ақыры со-
дан бөсір болып 1815 жылдың 21 мамырында кешкіқұрым
қайтып кетіпті. Өлерінде «Менің денемді соңғы 5-10 жыл-
да іргеміз ажырамаған көрші əрі жасы үлкен, аруақты абыз
Сейіт бабаның аяқ жағына қоярсыңдар» деп өсиет етіпті.
Сөйтсе бабай одан үш жыл бұрын 1812 жылы қайтыс болған
екен. Бірақ əкесіне арналған кесенені Жəңгір кейіннен
таққа отырған соң Санкт-Петербургқа əдейі тапсырыспен
жасатқан шілтерлі темірден көтерген екен деген əңгіме бар.
Ал Бəйбек атауы, оның тұрғындар орталығы, ауыл ата-
луы жөнінде біздің қолымыз жеткен жерде бұдан өзге еш
дерек жоқ. Бірақ бажайлап қараса табылатын шығар. Əзірге
білетініміз əлгіндей.
─ 221 ─
«ЖОЛДАСТЫҚ» ӨТКЕН ЖОЛДАР
Қазақтардың Астрахан маңы-Еділ бойына қоныс тебуін
сонау орта ғасырдан бастайық, одан айдарынан жел ескен
Алтын Орда құлап, аталған қаланы, тұтас Астрахан
хандығын Ресей патшалығы басып алды деп ХVІ ғасырға
алып келейік, беріде Бөкейхан билік еткен заманға табан
тірейік, қалай дегенде де қандастарымыздың бұл аймақтан
қол сілтеп, қара үзіп кетпегені анық. Есесіне, есебі бүтін
қарға тамырлы қазақ бұл араны ұдайы айдынды аймақ -
ата-мекен, құтты қоныс деп білді. Үй тігіп, отау құрды, ұл
өсіріп, қыз тəрбиеледі, тамыр жайды, тамыр-таныс тап-
ты, құдандалы көршілер атанды. Бірақ, қалай мақтап,
дəріптесек те, бір кем дүние бұнда да бар. Ол қанша жер
еміп, байлығын игеріп, бар өмірін арнағанмен ел өзгенікі,
көгінде көк ту емес, тіпті басқа жалау желбірейді. Соған
сай бүкілхалықтық мемлекеттік тіл мен діл, дін де өзге. Ай-
тар əн, дəріптер сəн-салтанат та басқашарақ. Ал мұның өзі
уақыт өте қанша жергілікті дегенмен сандық жағынан үлкен
ұлттың шағын ұлттан басымдылығын өсіріп, əлгі айтқан
ұлттық сана, құндылықтарға көлеңкесін түсірмей ме?!
Міне, бұл тек Астрахан қазақтары ғана емес, өзге де
ұлт, ұлыстарды сақтандырып, ойландыратын сұрақ еді.
Осыған орай сонау тоқсаныншы жылдардың (XX ғасыр)
басындағы бұрынғы оттай жанып, қолымызда қызыл ту,
мойнымызда қызыл галстук, тіпті ұран-үгітіміздің өзі
өртенген қызыл матаға түсірілген қоғамды тəркілеп, əр ре-
спублика өзінің тəуелсіз ел ретінде үйін тігіп жатқан кез-
де Астрахан қазақтары да өз нəсілдестерінің басын құрап,
түп-тамырымызды ұмытпайық деген байламға келді.
Соның жарқын көрінісі ретінде «Жолдастық» деп атала-
тын қазақ мəдениеті мен тілі қоғамын ұйымдастырды. Бұл
─ 222 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
– 1991 жылдың көгілдір көктемі еді. Оның жарғысында
мынандай мəселелер көтеріліп, қорғалды – қазақ этно-
стары арасында қазақ тілі мен мəдениетін, халықтық
салт-дəстүр, тарихи ұлттық құндылықтарын жаңғырту,
көп ұлтты Астрахан жерінде халықтар арасында достық
пен бірлікті нығайту, Отанға - өздері тұрып жатқан Рос-
сия еліне қалтқысыз қызмет ету. Бұл мəселелер аталған
қоғамның алғашқы күннен негізгі ұстанымы болып, об-
лыс əкімдігі, аудандар басшылары, басқа да мекеме,
ұйымдармен бірлесе жұмыс жүргізуде, яғни таулар-
ды аласартпай, даланы да гүлдендіру парызы. Соны-
мен бірге қоғам басшылығы өздерінің тарихи Отанда-
рын да ұмытпай, шекаралас жатқан облыстар, Қазақстан
Республикасының Министрліктері, ведомстволарымен
тату көршілік қарым-қатынасты жақсарта түсті. Бір
қарағанда мұнсыз аталған қоғамның жұмысы алға басып,
кең өріс ала алмас еді. Өйткені, «Жолдастықтың» қай
уақытта да аяғын созып, арқасын тірейтін, қолға алған
істерінің жанданып, жақсаруына көмек беретін де солар -
тарихи Отандары, олардың адамдары екені белгілі.
Қоғам жасақтаған жоспар мен бағдарлама жергілікті
қазақ тұрғындары арасында кеңінен қолдау тауып, бұл іске
мұғалімдер мен дəрігерлер, мəдениет қызметкерлері, ау-
дан əкімдері мен ауыл адамдары, қатардағы қызметкерлер
белсенді түрде араласты. Əсіресе, қоғамның қалыптасуы,
ол жоспарлаған шаралар мен оңды істердің жүзеге асуы-
на өңірдің еңбек сіңірген абыройлы ардагерлері мен іс ба-
сында жүрген азаматтары – М.Жансұлтанов, К.Тоңбаев,
Х.Шаушиев,
Н.Арешев,
И.Бершов,
К.Батырашев,
О.Медьяев, Р.Орғанажиев, Е.Əлиев, М.Нұрғалиев, Ю.Бухаев
(бəрі де Құмөзек ауданынан), А.Қарабасов, М.Өмірəлиев,
М.Өтежанов (Володар ауданынан), Ш.Қарасаев, Х.Жаркенов
(Красныйяр ауданынан), М.Жақыбалиев, З.Жүнісовтердің
(Нариманов ауданы) үлестері мол болды. Жекелеген
ұжымдардан Байбек (Красныйяр), Алтынжар (Володар),
Хошеутово орта мектептері мен мəдениет училищесі,
─ 223 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР əлеуметтік-педагогикалық колледждердің еңбектері көп. Сол бір жылдарда қоғам басшылығы қандай да бір істі қолға алып, жолға қоюда Красныйяр (əкімі Савкин В.Ф.) жəне Володар (əкімі Ш.Р.Сейталиев) аудандары əрдайым базалық роль атқарып, ұдайы қол ұшын бергенін айтуға болар еді. Содан бері тура жиырма жыл өтті. Қазірде облыстың 52 мектебінде қазақ тілі жеке пəн, сондайақ факультативтік сабақ ретінде жүреді. Өңірлік жағдай жəне тілдік орта ескеріліп, облыс мектептерінің 1-3 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқулығы жазылып, ол пəн ретінде оқытылуда. Қоғам құрылғаннан бері облыста қазақ жəне орыс тілдерінде «Ақ арна» аралас (екі тілді) газетін шығарып келе жатса, 2005 жылға дейін облыстық телерадиокомпаниясы қазақша телерадио хабарларын беріп келді. Облыстық, аудандық көркемөнерпаздар байқауында қазақ жастары да өз шеберліктерін сынға салып, жүлделі орындар алып жүр. Сондай-ақ олар түрлі мəдениет ошақтарында өнер көрсетіп, қандастарымыз рухани сұраныстарын өтеп отырады. Астрахан өңірінде Бөкей хандығының құрылғанына 200 жыл толуы кең көлемде аталып өтті. Оның бір себебі облыста тұрып жатқан қазақтардың дені сол Бөкей Ордасының Еділ-Жайық арасында құрылуына байланысты қоныс теуіп, орныққандар. Аталған датаға орай «Жолдастық» қоғамы «Навеки вместе» деп аталатын медаль шығарып, осыған орай облыс губернаторы өңірдің мəдениет саласына сіңірген еңбегі үшін жекелеген адамдарға арнап 50 мың рубль сыйақысы бар Құрманғазы атындағы сыйлық белгіледі. Ол екі жылда бір рет қорытындыланып, лайықты жандарға тапсырылып келеді. Бұл ретте өткен уақыттарда түрлі басқармаларға жетекшілік етіп, қоғам жұмысының алға басуына айтарлықтай көмегін тигізген В.А.Шитов, Н.Д.Евлашев, Н.С.Терещенко сияқты азаматтарды қоғам басшылары құрметпен еске алады. Əсіресе, сол бір тоқсаныншы жылдардың өтпелі кезеңінде қаражат көзі аз, адамдардың өзі қиын жағдайда өмір сүріп,
─ 224 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
мекемелердің де тығырыққа тірелген шағында бұл азаматтар
барынша жағдай жасап, игі істерді дүниеге əкелді.
Сол бір жылдарда тек Астрахан аймағы ғана емес, күллі
ТМД елдерінің қай-қайсысы да қиын сəттерді бастан кешті.
Міне, осы кезде облыс басшылығы өңір тұрғындары ара-
сында қалыпты жағдайдың еш алаңсыз жалғасуы, өзара
түсіністік пен бірін-бірі қолдаудың өрістеуі, қазақтар ара-
сында өзге этностар сияқты өз ана тілі, мəдениеті, салт-
дəстүрінің сақталуы мен жалғасуына мүмкіндік жасады.
Мұндай сəтте тарихи Отан – Қазақстан мемлекеті де, атап
айтқанда Елбасының өзі жəне Каспий жағалауындағы
облыстар əкімдіктері Астрахан қазақтарының ұлттық
құндылықтарын өрістетуіне ерекше көңіл бөлді. Шынайы
достық реуіш, көрші қақы, араластық сипат өсті.
Облыс губернаторы А.П.Гужбин Қазақстан Республикасы
Президентінің бейбітшілік пен келісім үшін тағайындаған
Халықаралық сыйлығының алғашқы иегерлерінің бірі бол-
ды. Осы жылдарда Құрманғазы мүрдесі үстіне тамаша кесене
тұрғызылды, дəл сол маңдағы Алтынжарда мемлекетаралық
мəдени орталық салынды. Қазір онда өңір қазақтарына
арналған шаралар өткізіліп, мезгіл-мезгіл қандастарымызды
жинап, ұлттық рух, санасын өсіреді. Батыс Қазақстан,
Маңғыстау, Атырау облыстары əкімдіктерінің көмегімен
бой көтерген бұл орталықтан басқа, Астрахан қаласының
ірге көтергеніне 450 жыл толуына орай облыс орталығында
Құрманғазы күйшіге арнап еңселі ескерткіш ашылды. Қазір
ол алаңды астрахандықтар достық алаңы – өнер орталығы
деп атайды.
Сайып келгенде, бұл сөздердің жаны бар. Өйткені, ол са-
лыстырмалы түрде айтылғанымен, ежелден іргесі сөгілмеген
қазақ пен орыс халықтары, Астрахан облысының барлық
тұрғындары достығы, Қазақстан мен Ресей арасындағы
алғаусыз қарым-қатынастың жарқын көрінісі, бейнесі
еді. Оны бір сəт күллі Еуропа, болмаса Ресей аймағы кар-
тасына үңіліп, назар аударсақ та айқын байқар едік. Бірі
екіншісіне ескерткіш ашып, қандастарына үй салып, кесе-
─ 225 ─
не көтеріп, ұлттық құндылықтарын көкке көтеріп, ұлықтап
жатыр. Əй, қайдам, ол тек осы Еділді ендей жайлаған екі ел
арасындағы келісім, бірлік шығар. Əйтпесе, көп жерлерде
керілдескен күрес, гүжілдеген соғыс, ұлтараздық, этникалық
келіспеушілік, атыс, шабыс, адам өлімі жəне ол күн өткен
сайын өрши түсуде.
Ал Астрахан аймағында ондай ұя бұзған бөтен
қылық, дөрекі мінез, саяси келіспеушілік байқалмайды.
Мұндай қалыпты жағдай, тыныш өмірде белгілі дəрежеде
«Жолдастық» қоғамының да орны бар. Қазақстанмен
екі ортадағы байланыс жақсы. Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығымен бірлесе жұмыс істеп, көршілес жатқан
Атырау,
Батыс
Қазақстан,
Маңғыстау
облыстарымен
достық қатынас орнатылған. Сондай-ақ, жергілікті жер
басшылығымен де қоян-қолтық бірлесе жұмыс істелініп
келеді. Бұл ретте «Жолдастық» қоғамы Атырау облысы,
оның Құрманғазы ауданымен арадағы байланысты өте
жоғары дəрежеде қойған. Қоғамның қандай да бір шарасы
оларсыз өтпейді. Арадағы мəдени байланыс күннен-күнге
жақсара түсуде.
Кезінде «Жолдастық» қоғамының аяғынан тік тұрып,
қаз басып кетуіне облыстың бұрынғы губернаторы, марқұм
А.П.Гужбиннің үлесі айтар-лықтай.
Сайып келгенде, бұл кезінде кейбіреу ойлағандай үй ішінен
үй тігу емес, қайта сол аймақта өмір сүруші əр этностың көне
құндылықтарын жоймай, атадан балаға, келешекке жалғасуына
мүмкіндік туғызу екені белгілі. Сол үрдісті қолдап, үстемдік
жүргізуші емес, қол ұшын беріп, алақан жылуын ұсынушы бо-
луда өңірдің қазіргі губернаторы А.А.Жилкин, Астрахан облы-
сы Мемлекеттік Думасының төрағасы Л.Б. Клыканов, Үкімет
төрағасы К.А. Маркелов, губерна-тордың əкімшілік жетекшісі
К.З. Шантеміров, министрлер – А.Н.Кабикеев, И.В.Тарасова,
Астрахан қаласының мэрі С.А.Боженов, аудан басшыла-
ры – харабайлылық В.В.Виноградов, красныйярлық Н.И.
Байтеміров, володарлық Б.Г.Миндиев, құмөзектік И.А. Марты-
нов, енотаевтық М.Ю.Аншиков, нари-мандық Н.М.Кандыков,
─ 226 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
икряндық А.Ю. Блинков, лимандық Я.А.Феньковтардың орны
зор. Əрине, мұндай жылы көзқарас, жақсы қадамдардың алдағы
уақытта да жалғаса беретіні сөзсіз.
Қазақы тұрғындар қазірде облыстың барлық жерінде
жемісті еңбек етіп, өңірдің халық шаруашылығын дамытуға
айтарлықтай үлес қосуда. Əсіресе, қазірде нарықтық
жағдайдың адамдардың өміріне, тұрмысына кері əсер ет-
пей, əлемдік стандарт бойынша жұмыс істеп, ел экономи-
касын еселегендер қатарында жүріп келеді. Өз қоғамдарын
материалдық та, моралдық жағынан да қолдайды. Бұл ретте
қоғам басшылығы А.Кандыков, К.Шайхиев, Р.Əжмоллаев,
Е.Досқалиев сияқты іскер азаматтардың қоғам жұмысының
ілгері басуы үшін айтарлықтай үлес қосып жүргенін ризалық
сезіммен айтады.
Өткен жылдар ішінде «Жолдастық» қоғамы жұмысының
жүйелі жəне мақсатты түрде алға басуына жəне өздері
басшылық жасайтын, мүшесі болып есептелетін қоғам
ісінің дамуына үлес қосқан К.Насыров (Енотаев ауданы),
К.Себекбаев (Харабайлы ауданы), Г.Көшəлиев (Лимон ауда-
ны), С.Досалиева (Икрян ауданы), У.Бекмұқанов (Құмөзек
ауданы), Х.Жаркенов (Красныйяр ауданы), А.Кандыков (На-
ри-манов ауданы), Н.Медетовтердің (Володар ауданы) еңбегі
орасан зор. Р.Башбаев жетекшілік ететін қалалық филиал
белсенділері көптеген игі істердің ұйтқысы болды. Олар оқу
орындарындағы қазақ жастары мен студенттер орталықтарын
құрып, олардың жүйелі жұмыс жүргізуіне мүмкіндік жа-
сады. Сондай-ақ тұрғын қала, тұрғын мекендерінде өтіп
жатқан мəдени-көпшілік, этникалық шараларға қатысып,
белсенділік танытты. Қазақстанда өтіп жатқан түрлі форум,
семинарларға қатысып, тəжірибе жинақтады. Сондай-ақ
қоғам жылма-жыл Құрманғазы атындағы аймақтық мəдениет
орталығы базасында облыс аудандарының Наурыз мейра-
мын атап өтіп, ұлттық тағам түрлерін əзірлеу, салт-дəстүрді
насихаттау, өнердің халықтық үлгісінде, ұлттық спорттық
ойындар, ісмерлік, басқа да түрлерінен конкурстар өткізу,
өнер ұжымдарының əр ауданды аралап, өнер көрсетуін
─ 227 ─
ұйымдастыру əдетке айналды. Сондай-ақ қазақ тұрғындары
көп ауылдарда жастардың еңбек, соғыс ардагерлерімен
кездесулерін өткізу де естен шықпайды.
Қазақстанның
шығармашылық
ұжымдары,
жекеле-
ген өнер иелері, жазушылар ұдайы Астраханда болып,
тұрғындармен кездеседі. Тарихшы ғалымдар, көненің көзіне
қызыққан жандар Селитрендегі бұрынғы Бату сарай орны,
Құрманғазы кесенесі, оның мұражайында болады.
Астрахандық қазақтар өздерін əрдайым «Атажұрт – кіндік
кесіп, кір жуған Отанымызда тұрып жатырмыз. Отанымыз
- Россия, Ата Заңымыз – Ресей Федерациясының Заңы, ол
біздің осы елдің азаматы ретінде білім алу, еңбек етуімізге
кепілдік жасайды. Сонымен қатар ол қандастарымыздың
өздерінің тарихи Отандары алдындағы жауапкершілігін
артты-рып, оның мүддесі үшін жұмыс істеу, бейбіт қатар
өмір сүру жəне өзгелермен ождан бостандығы бірдей
дəрежеде ғұмыр кешуіне мүміндік береді» деп есептейді.
Астрахан қазақтары облыстың саяси өміріне бел-
сене араласып, заңды тұлға ретінде мемлекеттік қызметке
араласуы, сайланбалы орындарға сайлануға құқылы. Қазір
олардың біразы губернатор əкімшілігінде, аудандардың
жəне селолық тұрғын-дардың муниципалдық білімінде
басшылық қызметтерде жүр, яғни тарихи Отандарынан алы-
ста жүрсе де өмір сүру ортасында еш қиындықтар жоқ. Туған
тілін ардақтап, этникалық салт-дəстүр, өнері мен өнегесін
ұмытпай, жаңғырту ісін мақсат тұтқан.
«Жолдастық» қоғамына дəл жиырма жыл бойы сол
өңірдің тумасы, арғы аталары Атыраудың Жылыой өңірінің
байырғы балықшысы Ысқақов Никита Сейітұлы жетекшілік
етті. Ол туғандарының тарихи Отандарына мемлекет тара-
пынан ресми, не болмаса ағайыншылық, тума-туыс ретінде
араласуы былай тұрсын қоғамның араласы арқылы аралас-
құралас болуы, ұлттық намыс, ата жұртқа деген жүрек
отының өшпей, маздауына көп үлес қосты. Талай рет Ел-
басы алдында болып, жерлестері атынан мəселелер қойып,
ол ойын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы басшылығына
─ 228 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
да жеткізді. Қажетті көмектерін алды, мəселелерін шешті.
Атқарған қызметі, жанкешті жұмыстары үшін Қазақстан
мемлекеті мен Ресей Федерациясы Үкіметі атынан да талай
орден, медаль, басқа да құрметті атақтарды, марапаттарды
алды. Оған Никита Сейітұлы шынайы ризашылығы мен
алғыс сезімін білдіреді. Қазір ол аталған қоғамның Құрметті
төрағасы. Ал төрағасы Ахмет Файзоллаұлы Жаркенов.
Негізгі мамандығы дəрігер болып есептелетін ол өмір
тəжірибесі мол, аталған өңірде туып-өскен, қандастарының
қалыпты
өмірі,
салт-дəстүрі,
күнде-лікті
болмысын
жақсы біледі. Соған сай Ахмет Файзоллаұлы да өзіне
дейінгі аға ұрпақ дəстүрін жалғастырып, жоспарлы ша-
раларды дер шағында өткізіп келеді. Бір қарағанда бұл
өз нəсілдестеріміздің бірте-бірте өз тілін ұмытып, салт-
дəстүрін жоғалтуына жол бермеу, ұлттық намыс отының
өшпей, өздерінің мəңгілік мекендерінде тұрып жатқан қарға
тамырлы қазақ екендіктерін ұмыттырмау жолындағы игі
қадам екені белгілі. Бірақ, ең бастысы – жүрек оты, тари-
хи Отан, оның əр тасы, адамына деген сағыныш өшпесе,
əлгілердің де солғын тартып, санадан сызылмайтыны рас
қой. Ендеше, елім деген ерлер де, ұлым деген Ұлы Дала мен
сабырлы салқын төскей – Ұлы Жер-Ана да аман болғай.
Олар бұл күнде
Еділде, тудым Каспий есігінде,
Қазақша əжем қойған есімім де.
Жазулы жүрегімде қазақ əні,
Құлаққа алғаш тиген бесігім де,– деп жырласа,
Екі тіл де анамдай,
Бірдей сыйлап ұнатам.
Бірақ тілсіз баламды,
Қазақшалап жұбатам, – деп алтын жарлық Мəжіліс
Өтежанов айтқандай ана тілін ардақтап, салт-дəстүрін сақтап
өмір сүріп жатыр. Абыройың арта берсін, астрахандық
ағайын!
─ 229 ─
АСТРАХАН МЕН АТЫРАУДЫ ШЕКАРА
БӨЛЕ АЛМАЙДЫ
Тəуелсіз Қазақстан – қашаннан бері экономикасы дамыған,
əлеуметтік салада өзіндік өркениеті бар сандаған мемлекет-
термен көршілес бейбіт қатар өмір сүріп, мейман болса,
төрін ұсынып, тілі шықпаған баласына да бəсіре байлап,
бақыт тілеген ақ пейіл адамдар мекені. Соңғы халық санағы
мəліметтері бойынша, мұнда 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері
бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бай, қуатты өмір
сүруде. Ішінде бірлігі сақталып, сыртта ірілігі нақтыланған
республикамыздың іргелес елдермен арадағы достығына сына
қағылмаған тату-тəтті. Оны дəлелдейтін оңды дəлелдер жетіп
артылады. Осы орайда республиканың батыс қақпасы – Атыра-
уда да көршілермен арадағы байланыс қаймағы еш бұзылмаған.
Облыс əкімдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Аты-
рау хатшылығы соңғы төрт жылда Атырау жəне Астрахан
облыстары этномəдени бірлестіктерінің «Дос жүрегін ше-
кара бөле алмайды» тақырыбында халықаралық фестивалін
өткізуді дəстүрге айналдырып келеді.
Толғауы тоқсан достық
Ол биылғы 2012 жылы да өз жалғасын тапты. Фести-
валь облыстық əкімдікте өткен «Шекаралық аймақтардағы
этномəдени
саясат:
түйіндер
жəне
келешек»
деген
тақырыптағы дөңгелек үстелден басталды. Оған аталған екі
облыстың этномəдени бірлестіктерінің жетекшілері, кейбір
мемлекеттік құрылымдар басшылары қатынасты.
– Қазақстан мен Ресей қашаннан қатар дамып, ауылы
аралас, қойы қоралас жатқан тəуелсіз мемлекеттер. Аталған
екі елдің арасында 7 мың шақырымға созылған шекара жа-
тыр. Бірақ ол адамдар арасындағы достыққа кедергі болып
─ 230 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ көрген жоқ. Екеуінде де қоғамдық бірлестіктер, діни конфессиялармен ортақ тіл табысу, саяси үрдіс, жүйелі де пəрменді жұмыстардың нəтижесі. Ықылым уақыттан бүгінге дейін жалғасқан рухани-мəдени байланыстардың бірізділігі, сенім мен түсіністік, сауда-экономикалық жəне əріптестік қарымқатынастың жемісі. – Қазақстандық қоғамды жетілдіру, халқымыздың бірлігін нығайту жолында барша республика халқы жүйелі жұмыс жүргізсе, бұл істе Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарып отырған жұмыстар айтарлықтай. Бұл жеңісте 30 ұлттың өкілдерінің басын қосатын 16 этномəдени бірлестіктен тұратын Қазақстан халқы Ассамблеясының Атырау облыстық хатшылығының үлесі бар. Өңірдегі əр этнос өздерінің салт-дəстүрі, діні, ділін, тілін сақтап, ұлттық мерекелерін өткізуді, тарихи отандарымен байланыстарын үзбейді. Мұндай жақсы үрдістің көршілес Астрахан облысында да бар екенін білеміз. Бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты – сіздер мен біздердегі, яғни қатар жатқан екі шекаралас елдегі этносаралық оңды істерді ортаға салып, жақсымызды асыру, олқылығымызды бірлесе отырып жою, – деді дөңгелек үстелді кіріспе сөзбен ашқан Атырау облысы əкімінің орынбасары Серік Айдарбеков. Бұдан əрі сөз кезегі 190 ұлт пен ұлыс өмір сүріп, 24 ұлттық-мəдени орталықтың басын құрайтын Астрахан облысы делегациясының жетекшісі, облыс губернаторы жанындағы этноконференциялық кеңес мүшесі, «Жолдастық» қазақ мəдениеті аймақтық қоғамдық ұйымының төрағасы Ахмет Жаркеновке тиіп, ол дөңгелек үстелге қатысушы этномəдени бірлестіктер мен «Жолдастық» қоғамдық ұйымы филиалдарының жетекшілерін таныстырды. – Астрахан облысы Атыраумен ылғи тығыз байланыста. Шекарадағы 11 елді мекеніміз Құрманғазы ауданымен шектеседі. Ал тұтас алғанда облыстағы 100-ден астам ұйым, кəсіпорын Қазақстан Республикасындағы əріптестерімен ынтымақта жұмыс істейді. Бірақ Астрахан этностық жағынан күрделі. Өйткені сіздер сынды біз де елдің оңтүстік шығысындағы шекаралық қақпамыз. Оңтүстігіміз – Кав-
─ 231 ─
каз, шығысымыз – Қазақстан, батысымыз – Еуропаға апа-
рар жол, сонда біз тоғыз жолдың торабында тұрмыз. Ендеше
өте сақтықпен, бірақ көрегендікпен жұмыс істеу қажеттігі
белгілі. Əйтсе де біздің Қазақстанмен арадағы байланысы-
мыз өте жақсы. Екі ел президенті басқа еш елде жоқ ХХІ
жүзжылдықтағы мəңгілік достық пен одақтастық Деклара-
циясына қол қойып, 2007 жылдан бері Ресей, Белоруссия
жəне Қазақстан республикаларын Кедендік одақ біріктіруде.
2011 жылдың қарашасынан бастап үш мемлекет Бірыңғай
экономикалық кеңістік халықаралық келісім-шартына қол
қойды. Бұның бəрі оңды үрдіс.
Астрахан облысындағы 12 ауданда 170 мыңдай қазақ
тұрады. Олар диаспора емес, өз Отанында, елінде өмір
сүруде. Қазақстан Алтынжарда мəдени орталық салды. Об-
лыс орталығында ұлы Құрманғазыға ескерткіш қойды.
Шекарада Бөкей хан кесенесі тұр. Бұл сонда өмір сүріп
жатқан қазақтар үшін үлкен мерей. Біз өзіміздің этностық
құндылықтарымызды əрқашан қадірлейміз. Алтынжар –
Астрахан облысындағы кіші Қазақстан. Онда қазақтар өмірін
бейнелейтін келісті мұражай бар. «Ақ арна» атты қазақ
газеті шығады. Биылдан бастап қазақ билеріне арналған
хореографиялық конкурс өтеді. Домбыра ансамблі, биші,
əншілеріміз талай республикалық, халықаралық жарыстарда
жеңімпаз атанды.
Əрине, бірігіп шешер істер көп. Олар көбіне-көп жастар
арасындағы жұмыс – діни ағымдармен күрес, ұлттық тілді да-
мыту, тағысын тағылар, – деді Ахмет Файзоллаұлы.
«Все великое войско Донское» Астрахан округтік казак-
тар қоғамы атаманының орынбасары Алексей Лепехин өз
сөзінде бұрындары шекараны қорғау мен ұлттардың тəртібі,
тұрақтылығын қадағалауға үлес қосқан казактар – қоғамдық
топ ретінде өмір сүрді. Соған сай олардың өз мəдениеті,
дəстүрі, салт жоралғылары болды. Біз соларды əлі де өлтірмей
жалғастырғымыз келеді. Оған мемлекет тарапынан да қажетті
қадамдар жасалынып отыр дегенді айтты.
– Қазақстан елі достық пен бірліктің қадірін жақсы
─ 232 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
біледі. Ол біздің халқымызға көне дəуірлерден белгілі.
Өткен ғасырларда Ресейдің қара топырақты аудандарынан
қоныс аударған шаруалар елімізге келіп пана тапса, өткен
ғасырдың отызыншы, қырқыншы жылдарында көптеген эт-
ностар қазақ жеріне қоныстанып, жан сақтады. Солардың
бірі – шешен халқы, – деген Серік Айдарбеков сөзді Астрахан
облыстық мəдени-қоғамдық шешен-ингуш халықтары «Вай-
нах» қоғамдық ұйымының төрағасы Садавди Абдулкадировке
берді.
– Біздер қазақ халқының кең қолтық, қонақжайлылығын
жақсы білеміз. Кешегі қиын кезде жарты нанды бөліп
жеген халықтармыз. Керек десеңіз, бұл мінезділікке,
қайырымдылыққа менің туған халқым да дəн риза, шексіз
алғыс сезімде. Өкінішке орай ондай ізгі қасиетті көп елден
көре бермейміз. Бұл ретте өз еліндегі аз ұлттарға əрдайым
назар аударып, ол үшін өзгелерде жоқ халық Ассамблеясын
құрып, мəңгі достықты ту етіп отырған Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевты қазақ елінің бақыты деп түсінер едік, – деді ол.
Осы арада əңгімеге Атыраудағы «Вайнах» шешен-ингуш
этномəдени бірлестігінің жетекшісі Сейтами Акаев араласып,
«Астрахан өңірінде өмір сүруші 10 мың шешен-ингуштардың
тату-тəтті тұрмысын біздер де қолдаймыз. Сіздердің əр
істеріңізге алаңбыз. Ал Қазақстандағы тыныштық ол
өзге елдерге үлгі болатындай іс. Бұл реттегі астрахандық
əріптестерімнің бағасын құптаймын» дегенді айтты.
– Біз Астрахан өңірінде тұратын түркімендерміз. Негі зінен
Приволжье ауданында қоныс тепкенбіз, ұзын саны үш мыңдай
ғана қандасымыз бар, - деді келесі болып сөйлеген Астрахан
аймақтық түркімен мəдени «Родина» қоғамдық ұйымының
төрағасы Шамил Тағаниязов. - Олар туған жерден алыс жүрсе
де туғандарын, елін, тілін, ділін ұмытпайды. Жақын күндері
Астраханда түркіменнің ұлы ақыны Мақтымқұлұлына
ескерткіш ашпақпыз.
Біз Астраханда тұрып жатсақ, іргелес көршіміз Қазақстан
болып есептелінеді. Ал ана жақтағы біздің тарихи Отаны-
мыз – Түркмения Қазақстанмен мыңжылдық көрші. Бұл ара-
─ 233 ─
да шығыс халықтарындағы ежелден бері келе жатқан «Жаңа
жерде үй таңдама, алдымен көрші таңда» деген қағида бол-
са, біз əуелден достыққа берік, сыйластығы бастан асатын
қазақтарға бек ризамыз.
– Бүгінгі өткелі отырған фестивальға қатысушылардың
дені жастар. Болашақты жасайтын да, гүлдендіретін де
солар. Сондықтан олар өз халқының, ата-бабаларының
рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтарын ұмытпаған,
келешекке келістіріп жеткізетін буын болғаны жөн. Бірақ
қазір қай ұлттың ұл-қызын қарасаңыз да ата дəстүрін берік
ұстанғандары аз. Бəрі де ортақ конвейерден шыққандай
қалыпта. Ал ондай ортақ шекпеннен шығып, адами-рухани
ұлттық құндылықтарды игерудің жолы қайсы? – деді келесі
болып сөз алған Астрахан аймақтық орыс мəдениетін сақтау
жəне дамыту «Кириллица» қоғамдық ұйымының төрағасы
Максим Анюшин. – Ол үшін интернетті пайдалану, этностық
достық, бірліктің орны зор. Бұл бүгінгі көп ұлтты əр респу-
блика, аймақ, облыстар үшін де керек жай. Бүгінгідей достық
фестивальдары жиі өтсе, бір-бірінен үйрену, ынтымақ та мо-
лая түсетін болады.
Бұдан арғы дөңгелек үстел жұмысын жүргізуді Аты-
рау облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Эльдар
Жұмағазиев қолға алды.
– Жоғарыда айтылғандай Атырау мен Астрахан ежелден
іргесін бөлектеп, шекарасын шектемеген аймақтар. Қазақтың
маңдайына біткен жарық жұлдыздар мəңгілік мекенін Астра-
ханнан да тауып, бұрынғы достық қарым-қатынасты одан əрі
бекітті. Өткен жылы екі облыстың басшылары кездесіп, іскерлік
байланысты нығайту, экономикалық жетістікті молайту жайлы
кеңінен пікірлесті. Бөкей кесенесін тұрғызып, тағы бір ұлымызды
тірілттік, достық іргесін бекіттік. Бұл үлкен сыйластықтың
жемісі, – деген ол сөзді «Тхоньил» кəріс этномəдени бірлестігі
төрағасының орынбасары Аркадий Кимге жолдады.
– Қазақстанда ұлттар мен ұлыстардың этностық, дінаралық
қатынастарын реттеп отыруға мемлекетпен бірге Қазақстан
халқы Ассамблеясы да қатты назар аударып, айтарлықтай
─ 234 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
жұмыстар атқаруда. Ол этномəдени достығы мен бірлігін,
ұлттардың өз тарихы мен мəдениетін ұмытпай ұрпақтар жа-
дында сақтау, дамыту, сонымен бірге ортақ мүдде – Қазақстан
Республикасының саяси-əлеуметтік өсуіне игі ықпал етеді.
Бұл ретте үш мыңға тарта мүшесі бар Атырау кəрістері өз
бірлестіктерінде төрт түрлі сектор бойынша жұмыс істейді.
Олар – ақсақалдар алқасының данагөйлік кеңесін басшылыққа
алу, тілдерді дамыту (5-18 жас аралығындағыларға кəріс,
қазақ, ағылшын тілдерін үйрету), жастар арасындағы жұмыс,
кəсіпкерлік кеңес істері.
– Жұмыр жерде өмір сүрген адамға əрдайым жер ортақ,
аспан ортақ, ендеше олар бір мақсатта, бірлікте жұмыс істегені
дұрыс. Осы орайда Астрахан мен Атырау ұдайы бірлікте
қатар дамып келеді. Жоғары оқу орындары қарым-қатынас
жасап, білім беру, тəрбие ісінде өзара тəжірибе алмасып оты-
рады. Мұның өзі армандас ұрпақ өсіріп отырған өңірлер деуге
келетін мысалдар.
– Сол сияқты ғалымдарымыз да ортақ мүддеде жұмыс
істеп келеді, – деді келесі сөз кезегін алған Атырау мұнай
жəне газ институтының профессоры, Қазақстан халқы Ассам-
блеясы Атырау облыстық хатшылығының ғылыми сараптама
тобының жетекшісі Кəрім Өтелбаев.
Осы арада əңгімеге Сейтамин Акаев («Вайнах» бірлестігінің
төрағасы) араласып, «Мен туған шешен халқының өкілдері
Орта Азияға сонау отызыншы жылдардың басында келді.
Онда да өз жүрек қалауымен емес, кешегі ұлтты ұлтқа айдап
салып, «ұлылықты» қолдан жасаған кеңес дəуірінің қитұрқы
саясаты арқасында келді. Мүмкін біреулер бұған келіспес,
бірақ бір мысал айтайын. Мен он үш жасымда сыныптас до-
сым екеуміз автобусқа отырып, өз тілімізде сөйлесіп едік, сон-
да автобуста отырған өзге ұлттың ересектері «Сендер не деп
былдырлап тұрсыңдар, неге ортақ тілде сөйлеспейсіңдер?»
деп жер-жебірімізге жетті. Сонда олар бар-жоғы 13 жастағы
балаларға айтып тұрғаны. Сонда біз тумай жатып орыс тілін
үйренуіміз керек пе еді?
Бірақ біз Қазақстанда өстік, оқыдық, мамандық алдық. Аш-
─ 235 ─
жалаңаш болғанымыз жоқ, үйлі-барандымыз. Ешкімнен кем
емеспіз. Бар мақсатымыз өзіміз тұрып жатқан Қазақстанның
гүлденуі мен көркеюі. Сол үшін жұмыс істейміз. Бұл ретте
мен өз үйімде шешенмін, көшеге шықсам қазақстандықпын.
Бейбіт қатар өмір сүріп жатқан елімді, Отанымды, оның
бірегей басшысы – Нұрсұлтан Назарбаевты əр уақыт мақтан
тұтамын» деді.
Дөңгелек үстел басындағы əңгіме ашық пікір алысу түрінде
одан əрі жалғасып, Атырау облысы əкімі аппараты жетекшісінің
орынбасары Болат Шоқай бүгінгі қозғалып отырған тақырып
тек екі облыс қана емес, екі елге де ортақ екендігі, сондықтан
əңгімені тек этностық тақырыпқа аударғанмен ондағы сай-
лау жүйесі, діни экстремизм, еңбек ұжым дарындағы билік
пен жұмысшы арасындағы ортақ мүдде, жастар бірлігі, та-
рих сабақтастығы, ұлттар арасындағы бірлік, оған биліктің,
үкіметтің қамқорлығына арналуы дұрыс. Бүгін сондай əңгімелер
қозғалынды, бір-бірімізге деген қадамдарымыз жақындай түсті.
Бұл жақсы үрдіс дегенді айтты.
Қозғалған тақырыптағы əңгімені Атырау облыстық
ішкі саясат басқармасының бастығы Эльдар Жұмағазиев
қорытып, мұндай кездесулердің келе-шекте де етек алуы,
саяси əлеуметтік, соның ішінде сайлау жүйесі, жастар, діни
экстремизм жөнінде ортақ əңгіме қозғау керектігін еске сал-
ды жəне екі ел, облыс арасындағы достық көпірінің нығая
беретіндігіне сенім білдірді.
Əн қалықтаған күн
Түстен кейін Дина Нұрпейісова атындағы мəдениет
үйінде Атырау жəне Астрахан облыстарындағы этномəдени
бірлестіктердің дəстүрлі «Дос жүрегін шекара бөле алмайды»
тақырыбындағы төртінші халықаралық фестивалі болып өтті.
Оны Атырау облысы əкімінің орынбасары Серік Айдар-
беков ашып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
тəуелсіз еліміздің бірлігіне ерекше көңіл бөлетінін айтты.
Соның берік негізі ретінде де, онда тұрып жатқан
─ 236 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
этностардың мəдени дамуы, салт-дəстүрлерінің сақталуына
ұдайы ден қояды. Ондай үрдістің Ресей елінде де кең қолдау
тауып отырғаны белгілі. Соның жарқын дəлелін бұл күнде
190 ұлттың өкілі тұрып жатқан іргелес көршіміз Астрахан
облысы мысалынан жақсы білеміз. Аталған өңірмен байла-
нысымыз еш уақытта үзіліп көрген жоқ. Əніміз бен сəніміз,
күйіміз бен биіміз ортақ. Ендеше азаматтарымыз аттан,
қазанымыз оттан түспей, іргеміз жарассын» десе, бұдан
кейін сөз алған Астрахан облысы этномəдени бірлестіктері
(барлығы жетеу) тобын бастап келген облыс губернато-
ры жанындағы этноконфессиялық кеңес мүшесі Ахмет
Жаркенов дəстүрге айналған аталмыш фестивальдың тек
мəдениетте емес, қоғамдық-саяси өмірде де жалғасын та-
уып жатқаны, Елбасының Астрахан облысы губернаторы
Александр Жилкинмен өткен жылдың тоғыз айында екі
рет кездесіп, ел президенті Д.Медведевпен Астраханда
жылы шырайлы жүздесу өткізгендігі, екі елге ортақ түйінді
мəселелерді шешкендіктері туралы айтты.
Біздің бұл достығымыз, яғни Астрахан мен Атырау
арасындағы араласымыз ғасырдан ғасырға ұласқан. Біз солар-
ды жалғастырушылармыз, ол үрдіс ұрпақтарымызға ұлассын
деп Астрахан облысының губернаторы аты нан Қазақстан
халқы
Ассамблеясы
Атырау
облысы
хатшылығының
меңгерушісі Жанат Асабаеваға Алғысхат табыстады.
Фестиваль шымылдығын талай рет республикалық, халық-
аралық байқаулардың жүлдегері атанған Атырау облыстық
филармониясының
Ержан
Қитаров
жетекшілік
ететін
«Мұрагер» ансамблі Ықыластың «Жезкиік» күйімен ашты.
Оны еврей əуендеріне арналған попури одан əрі жалғады.
Құрманғазы атындағы мəденит үйінің «Гүлжан» ансамблінің
орындауындағы өзбек биі, Астрахан аймақтық орыс мəдениетін
сақтау жəне дамыту «Кириллица» қоғамдық ұйымының «Ско-
морошина» ансамблі шырқаған орыстың халық əні «Ей, пой,
девка, пой», «Ковано колесо», атыраулық «Татулық» татар-
башқұр этномəдени бірлестігі əжелері орындаған «Кубаляк»,
«Россияночка» халық вокальдық ансамблі мүшелері шырқаған
─ 237 ─
«Махаббат туралы əн», «Берегиня» казак əндері ансамблі
орындаған «Вечер девки», «Как Донские казаки» əндері
тыңдаушылар жүрегіне жылы ұялады. Əдемі ұлттық киім мен
əуендік нақыш өзара үйлесім тапқан. Сондай-ақ бидің шын
шеберлік үлгісін көрсеткен грузиндердің «Иверия» би тобының
«Наурыз», грузиндердің тау биі, Астрахан түркмендерінің «Ва-
таным», шешен-ингуштардың «Вайнах» этномəдени бишілері
көрсеткен ингуш биі көрермендер есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Фестиваль соңында екі облыстың этномəдени бірлестіктері
өнерпаздардың тыңдаушыларына Қазақстан халқы Ассам-
блеясы Атырау облысы хатшылығының Алғысхаттары табы-
сталды. Олар бірлік пен татулық, ынтымақтастықтың одан əрі
дами беруіне тілектестік білдірді.
─ 238 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
“САНКТ-ПЕТЕРБУРГТА 10 МЫҢ ҚАЗАҚ БАР”
Біз қызмет бабында Астраханда жүр едік. Бұл жолы да
тағы бір əңгіменің сəті түсе кеткені. Оның мəнісі былай еді.
... Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні
қарсаңында жергілікті басылымдардың бірінде Н.Жантөрин
атындағы Атырау облыстық филармониясының «На-
рын» фольклорлық халық аспаптары оркестрінің Санкт-
Петербургтағы
қазақтардың
«Атамекен»
қоғамының
шақыруымен Нева жағасында болып, өте тартымды өнер
көрсеткені жайлы хабар жарияланды. Бұл жаңалық бізді
кəдімгідей қызықтырды. Өйткені жұмыс бабында аталған
қоғам президентімен талай жерде кездессек те, тіпті,
бұқаралық ақпарат құралдары бетінен олар жүргізген
жұмыстар жайлы əлденеше рет құлақтансақ та, тап
солардың бүгінгі тірлігі, қандастарымен арадағы байланы-
сы, жергілікті жерлердегі билікпен қарым-қатынасы жай-
лы еш əңгімелеспеппіз. Ендеше телефон шалып, əңгімеге
тартудың реті қалай болар еді? Біз «Нарын» оркестрінің
бас дирижері жəне көркемдік жетекшісі, халықаралық
конкурстардың жеңімпазы Орақ Жауыровқа телефон шалып,
Санкт-Петербург пен Ленинград облысындағы «Атамекен»
қазақтар қоғамының президенті Сəрсенғали Құспановпен
сөйлесудің реті жайында сұрағанымызда «Ол кісіні алыстан
іздеудің қажеті жоқ, кеше-бүгін осында жүр, қажет десең
кездестірейін» дегенді айтты. Біз құп алдық.
Аз уақытта қонақтар біз жатқан мейманханадан табыл-
ды, əңгімемізді бастап кеттік.
– Сəрсенғали Аққұлұлы, біздің білуімізше бұл күнде
сіз басқарып отырған Нева бойы қазақтарының «Ата-
мекен» қоғамының құрылғанына біраз уақыт болған
сыңайлы. Бұл туған елге деген сағыныштан туды ма,
─ 239 ─
əлде басқа бір қажеттіліктерге орай дүниеге келген
қоғам ба?
– Шындығында, қандай нəрсе де дүниеге еріккеннен
келмейді, оның арғы түбінде бір қажеттілік бар екені сөзсіз.
Мен Ленинградқа өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының
басында Кеңес Армиясы қатарында қызмет етіп, өмір көрген
тəжірибелі солдат есебінде бардым. Сөйтсем қаланың
жоғары, арнаулы орта оқу орындарында оқып жатқан
қазақстандықтар көп екен. Бірақ олардың қатары алғашқы
курстарда көбірек болады да, жылдар өткен сайын сирей
беретін көрінеді. Неге? Əлде қандастарымыздың қабілеті
аз, оқу мүмкіндігі жоқ па? Олай болса, өмірінде бір орысы
жоқ ауылда өскен Шоқан Уəлиханов, Ғұбайдолла Жəңгіров,
Əлихан
Бөкейханов,
Халел
Досмұхамедов,
Мұстафа
Шоқайлар жер түбіндегі қаладан білім алып, қалайша
халқының қадірлісі атанды?
Мен осы жайлы қалада араласып жүрген қандастарыма
айтып едім. Олар «Біз даладан келген жандармыз, өзімізді
ортаға қалыптастырып, ақылын айтып, жетелейтін орта,
алдымызда
бас-көз
болатын
аға-апа,
қолтығымыздан
демейтін іні-қарындас керек. Кейбір бос мойын, ерік күші
қалыптаспағандар солар арқылы бой түзейді. Ол үшін
Мəскеуде оқып жатқан қазақстандық студенттердің «Жас
тұлпарындай» қоғам ашу керек» дегенді айтты.
Бұл ретте Ленинградта бұрыннан қызмет бабы, ғылыми
ізденіс, тағдыр талайымен тұрып қалған қандастарымыз да
аз емес-ті. Студенттер мен аспиранттар да жетерлік. Осыған
орай бір-бірімізге қанат, құйрық-жал болу үшін қазақтар
қоғамын құру керек деген ойменен бастамашыл топтың
жетекшісі ретінде облыстық партия комитетінің үгіт-
насихат бөліміне бір емес, екі рет бардым. Сөйтсем «Сен
немене, Ленинградта тұрып, кіші Қазақстан құрайын деп пе
едің? Мұндай сөзді аузыңа алма, түрмеде шірисің» деп қуып
шығады.
Бірақ түрлі жолдарын ойластырудан танбай, ақыры 1964
жылы жай ғана қазақстандық студенттер мен аспиранттардың
─ 240 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
кеңесі дегенді құрып, сол жылдың өзінде «Арай» атты
вокальді-аспаптық ансамбльді дүниеге əкелдік. Сөйтсек,
бұл екі бастамамыз да өз жетістіктерімен қуантты. Студент-
тер мен аспиранттардың кеңесі қалада оқитын қазақстандық
жастардың басын қосып, қандай қиын түйіндерді де шешу-
ге мүмкіндік алды. Бұл іске Ленинградта тұрып жатқан аға
буынды шақырып, кездесулер өткіздік. Қазақстанның өзінен
арнайы қонақтар келетін. Олардың ішінде түрлі ғалымдар,
шығармашылық ұйым мүшелері, тіпті, партия, кеңес қызметі
басшылары да болатын.
Ал ансамбліміз уақыт өте қаладағы концерттер мен
конкурстардан қалмай, орталық шығармашылық сарайда
талай рет өнер көрсетті. Қазақстан қалаларында концерт-
тер қойды. Сол кездің өзінде Ленинградта ұлттық киім,
домбыра, қобызбен əн салып, күй тартып, би билеуіміз
тыңдармандарды ерекше қызығу, қанағаттанғандық сезімге
бөлейтін. Кейде тапсырыспен сахнаға шығатын сəттеріміз
де болды.
Қайта құру жіпсілеңі жүріп, ел аз да болса, өз ұлттық
құндылықтарына бет бұра бастағанда біз бұрыннан бар
кеңесімізді енді «Атамекен» деп атап, статусын қоғамға
өзгерттік, заңдастырдық. Осыған сай жаңа қоғамның
мақсатын Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград об-
лысында тұрып жатқан байырғы тұрғындар мен студент,
аспиранттар, яғни қазақтардың басын қосып, өз іштерінде
қазақ халқының салты мен дəстүрі, мəдениетін ұмытпай
қайта жаңғырту, ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетін да-
мыту, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланысты
өсіруге негіздедік.
Ол үшін қоғам жанында жеке-жеке ақсақалдар, ғалымдар,
жастар кеңесі дегендерді құрып, оған ең таңдаулыларды
мүше еттік. Қоғам мүшелері қалада өтіп жатқан жиын,
шараларға қатысып, пікір білдіріп отырды. Сонымен бірге
халқымыздың абыройын ойлап, түрлі жұмыстар атқардық.
Жамбыл есімін алып келген, кейін Лештуков атаған көшеге
қайтадан ұлы ақынның есімін алып беріп, Санкт-Петербург
─ 241 ─
қаласының 300, Жамбылдың 160 жылдықтарына орай
аталған көшеге Жамбыл ескерткішін қойдық. Бұл өте қиын,
жүгірісі көп жұмыс болды. Бірақ бəрі де нəтижелі аяқталды.
Шараға Елбасы Н.Назарбаевтың өзі қатысып, ашып берді.
Бір кезде орыстың ақыны, ленинградтық Михаил
Дудиннің өзі Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі
жайлы «Оның сөзі майданның алғы шебінде жүрген біз –
жауынгерлер үшін зеңбіректің оғындай құдіретті естілуші
еді» десе, Н.Назарбаев «Ұлы ақынның өлеңдері бізді Нева
жағасындағы қаламен мəңгілік жақындастырды» деп, нақты
баға берді.
Осы арада бір жай есіме түседі. Аталған ескерткішті
қоярда мен қаланың Орталық ауданының губернаторы
Антоновқа жер сұрап хат жазғанымда ол кісі маған «Иə, Жам-
был сынды ұлы ақын ескерткіші Петербургтың ең көрікті,
орталық көшесінен орын тебуі керек» деп жауап бергенде
қуаныштан көзіме жас үйіріліп, өзімді қоярға жер таппадым,
бақытты сезіндім. Бұл менің нағыз ұлттық намысымның оя-
нуы еді.
Кеңес Одағының Батыры, халқымыздың біртуар қызы
Əлия Молдағұлова бір кезде осы Санкт-Петербургта мектеп-
те оқып, осы қаланы зұлым жаудан азат етуде оққа ұшқан.
Біздің қоғамның араласы нəтижесінде ол оқыған мектеп-
те батыр апамыздың ерлігіне арналып мұражай ашылды.
Аталған мектепке мен студент кезімнен барып тұратынмын.
Ұлы Жеңістің кезекті мерекесіне орай Псков облысының
Новосокольник қаласында Əлия Молдағұлованы еске
алу құрметіне патриоттық əндер байқауы өтіп, оған
қазақстандықтарды шақырды. Сол байқауға құрметті қонақ
ретінде мен де қатыстым.
Новосокольникте
Əлияға
арнап
келісті
ескерткіш
қойылған. Оны оқушылар ұдайы қамқорлыққа алып, гүлмен
көмкерген. Айнала тал, жап-жасыл орман десе де бола-
ды. Мен əлгіндей қамқорлықты көргенде қандасыма деген
құрмет үшін қатты толқыдым.
Əрине, бұрынғы Ленинград – қазіргі Санкт-Петербургта
─ 242 ─ Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ қаншама қандасымыздың ізі жатыр. Осыдан 150 жыл бұрын онда қазақтың ұлы ойшылы, Ресей қызметінің капитаны, жаужүрек əскери барлаушы, Ресей бас штабының офицері Шоқан Уəлиханов көп күндерін өткізді. Елден ерек еңбегі үшін Ресей географиялық қоғамының алтын медалін иеленді. Ғасыр түйісінде (ХІХ-ХХ ғасыр) қанша жас білім алды, ұлы жазушы Мұхтар Əуезов Ленинград университетінің филология факультетін бітірді. Екі асыл тұлғаның оқыған, болған жерлеріне тақта орнатылып, ел рухын абыройын өсірдік. – Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград қаласын қорғау жəне оны жаудан босату жолында көптеген қазақстандық құрбан болды. Оларды көрсетіп, дəлелдейтін белгілер бар ма? – Дұрыс айтасыз. Жоғарыда айтқанымыздай, аталған қалада Жамбылдың өзі болмаса да, оның өлмес өлеңі əр жауынгерге жауапкершілік артып, ел қорғауға итермелейді. Əлия апамыз жанын қиды. Одан басқа да қанша қандасымыз өмірін берді. Осыған орай əйгілі Пискаров зиратында 2007 жылы 6985 қазақтың тізімі екі тілде жазылған қара тақта қойылды. Ол тізім əлі де толықтырылып, нақтылану үстінде. Мүмкін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дейін бір қараға жетіп те қалармыз. – Сонымен бүгінгі күні Санкт-Петербургтағы қандастарымыздың жайы қалай? Өңірде қанша қазақ тұрып жатыр? – Адамдар саны əр жылда өзгеріп тұрады ғой. Бірақ шамамен 10 мың қаракөз ағайын өмір сүруде деп еркін түрде айта аламын. Негізінен тұрғылықты. Тіпті кейбіреулерінің 6-7-ден баласы бар. Мамандық түрлері əрқалай. Бірақ көбі өндірісте, зауыт, фабрикаларда еңбек етеді. Ғылыммен айналысатындар да жетерлік. Мəселен, есімі елге белгілі тарихшы, ғылым докторы Тұрсын Сұлтанов, көрнекті ғалым-этнограф Алма Құнанбаева, медицина ғылымдарының докторы Бауыржан Есбаев, тарихшы-ғалым, ғылым докторлары Ержан Жүсіпов, Дүйсен Нұрбосыновтарды атауға болар еді. Ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарын басқарып отырғандар, өнерде жұлдыз атанғандар да бар.
─ 243 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР – Сонда сіз басқарып отырған қоғам тек аталған өңірдегі істерге ғана араласа ма, туған елдеріңізбен байланыстарыңыз қалай? – Əңгіме қоғам туралы болғанда сəл-пəл кеңейтіп айтайын. Санкт-Петербургта «Лига наций» деп аталатын ұлттық-мəдени қоғамдық бірлестіктер қауымдастығы бар. Ол қаладағы 123 ұлттың басын құрайды, 6 адамнан құралған басшылық құрамы болса, мен соның тете президентімін. Өңірдегі қандай да бір этностық мəселелерді осы қауымдастық алқасына салып шешеміз. Қазақтар қауымдастығы Ресей пен Қазақстан шеңберіндегі барлық мерекелерді бірлесе атап өтеді. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы шараларға қатысып отырамыз. Мəселен, өткен жылы Дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайы мен Астраханда өткен Мақаш Бекмұхамбетовтің 170, «Жолдастық» қоғамының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шараларға, Бөкейхан кесенесінің ашылуына қатысып, өз үлесімізді қостық. Қоғамның биылғы жоспарлап отырған жұмыстары да сан алуан. Солардың бірі жақында Ұлыстың Ұлы күніне орай Атыраудағы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның «Нарын» халық аспаптары оркестрін Нева жағасына шақырып, қандастарымызға үш күн бойы қазақ өнерін сыйладық. – Неге таңдау сол «Нарын» оркестріне түсті, əлде жол шығыны, қаражат жағын ойладыңыздар ма? – Бір жағынан ол да бар. Бірақ ол негізгі себеп емес, себебі аталған оркестр талай халықаралық байқауларға қатысты, жиындарда өнер көрсетті, яғни көпке танымал. Екіншіден, негізінен этнографиялық бағыттағы туындылар, халықтық шығармаларды орындайды. Əуелгіде елу адамдық құрамды орналастыру, бір көлікте алып жүру оңай болған жоқ, бірақ еңбек қайтты. Үш күн бойы мың жарым адамдық концерт залында ине шаншар орын болмады. Өнерге сусап қалған қандастарымыз халық əуендерімен бірге Құрманғазы мен Дина, Абай мен Сүгір, Дəулеткерей
─ 244 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
мен Нартайдың отызға тарта шығармаларын тыңдап, бір
жасап қалды. Мұндай кездесулер Қазақстандық басқа об-
лыстармен де болады.
– Туған жерден алыста жүргендіктен отбасында тіл,
өнер, дəстүрді дамыту, сақтау жағы қиындау шығар.
Оның алдын алу мүмкіндігі бар ма?
– Əрине, үлкен қала, етек-жеңі кең облыс. Сондықтан
қазақ атаулының бəрін бір жерге жиып, үйірме, мектеп,
балабақша ашу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан ұлттық сипаттағы
шараларға, əсіресе, Наурыз мейрамы, халықаралық балалар-
ды қорғау күні, тəуелсіздік мерекелерінде киіз үйімізді тігіп,
қазан көтеріп, ет асып, бадана бауырсақ, ақсарыбастың бас,
жанбасымен той өткіземіз. Балалар ертеңгілігін қазақша
өткізіп, қолдарына қойдың құлағын ұстатамыз. Бұдан арғы
салт-дəстүр əр қазақтың жеке отбасында, бала-шағасының
ортасында дамиды. Қоғам жанында «Достар» атты жастар
қанаты бұл бағытта көп жұмыс жүргізіп отыр.
Енді бірер жылда Ленинградтағы қазақстандық студент-
тер, аспиранттар кеңесі мен «Арай» ансамблінің құрылғанына
50, «Атамекен» қоғамына 25, «Атамекен» қазақ қоғамының
D.O.S.T.A.R. («Достар») жастар қанатының жұмыс істей
бастағанына 5 жыл толады. Сөйтіп біз туған жерден алы-
ста жүрсек те Ресейді гүлдендіріп, Қазақстанға алабөтен
жүрекпен достар жинап жүрміз. Өйткені ол біздің мəңгілік
Отанымыз. Сөйтіп Олжас ақын айтқандай, «Тауларды ала-
сартпай, даланы асқақтатып» жүрген адамдармыз. Лайымда
даламыз гүлденіп, дара тұлғалары өсе берсін.
– Əңгімеңізге рахмет!
─ 245 ─ ЕДІЛ ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҚТАР МАЗМҰНЫ Алыс та, жақын Астрахан........................................................3 Қос өзен аралығындағы қоныс................................................9 Бөкейхан...................................................................................13 Бөкей Ордасы...........................................................................33 Қажымұқан Астарханда..........................................................45 Еділ – Жайық ардағы .............................................................48 Ағайынды шынтаевтар...........................................................62 Біз аталарымызбен мақтанамыз............................................70 Нұрым Шыршығұлұлы (Молдашқа) ...................................78 Тама Досжан (Молдашты жоқтау)....................................... 80 Алыптар Астраханға да ардақты ..........................................82 Алматыға сапар ......................................................................84 Соқыр Есжан ..........................................................................91 Өркенді өнер ...........................................................................102 Сейтек ....................................................................................126 Үзілген ішек ..........................................................................139 Дарабоз...................................................................................150 Еділ жайлаған қазақтар.........................................................167 Шекара бойында Бөкейхан жатыр.......................................173 Ұлылықты тану да ұлылықтың белгісі................................189 Мемлекеттік мəндегі нысан..................................................195 Кесене да біріктіруші күшке айналды.................................199 «Мен жүрген жерімде...».......................................................205 Бөкей туралы фильм..............................................................212 Бəйбек атауы қайдан шықты? .............................................217 «Жолдастық» өткен жолдар ...............................................221 Астрахан мен Атырауды шекара бөле алмайды.......................................................................229 “Санкт-Петербургта 10 мың қазақ бар”.............................238
─ 246 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Редакторы Серік РƏСІЛОВ
Көркемдеуші
редакторы Бейсен СЕРІКБАЙ
Корректоры Жанар ЖАНАПИЯНОВА
Беттеген
Айнагүл АУАНОВА
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
«Атажұрт» баспа орталығы,
Алматы қаласы, Ш.Уəлиханов көшесі, 43 А
Теруге 12.09.2011 жіберілді.
Басуға 30.07.2012 қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32
Қалыбы офсеттік басылыс. Қаріп түрі «Тип-таймс».
Шартты баспа табағы 13.
Есепті баспа табағы 15,5. Таралымы 2000 дана.
─ 247 ─
─ 248 ─
Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру