Мазмұнға өту
Home

Жасыл жағалау

ISBN: Беттер саны: 2 Жанр:

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жасыл жағалау

Авторы: ISBN: Беттер саны: 2 Жанр:

Күләш Ахметова Жасыл жағалау Жағалау. Жұлдыз сезім туды ойымда. Үн қатпай маужырайды гүл, мойыл да. Үп еткен самал соқпай, жапырақтар Тып-тыныш ұйықтап жатыр су бойында. Шығамын жағалауға салқын демей, Әр түрлі әсер етер әр түндегі ой. Алыста шегірткелер шырылдайды, Әупілдек көптен бері әупілдемей. Ол жайлы білмес бала елде өспеген, Естілмес су түбінен енді ескі өлең. Жұлдызы шүпірлеген туған жерге, Бір мекен жер бетінде теңдеспеген.

Мақпалтүн! Сұлулығын жаяр барша, Ай жарық. Ашылады бояу қанша. Сан түрлі дауыс толып кетеді екен Далаға Бұлбұлдары оянғанша. Тірлікті ұнатпаймын, тегінде, ұсақ. Биікке талпынады көңіл құсы ақ. Түнде де ағып жатыр аппақ өзен Тоқтаусыз өтіп жатқан өмір құсап. Көтерсе ерекше бір күй еңсені, Төгілер сезімнің де иен селі.

Күндіз де, түнде де аққан өзеніңдей, Туған жер, демалыссыз сүйем сені. Қандай жақсы шілдедегі көк орман, Көк орманда бұрқыратып шөп орған. Күннің нұры секіреді орақта, Көңіл нұры шашырайды жанардан. Тамаша ғой шілдедегі көк орман, Көк орманда хош иісті шөп орған. Шырмауықты орағыңа оралған Алып тастап, рақат қой демалған! Қандай жақсы ақын үшін мол арман, Ой орасың сияқтанып шөп орған. Бұрқыратып шумақтарды тастасаң Әр сөзіңнен ұшқын ұшып әр алуан!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙