Әлемдік саясаттану антологиясы 2 том
Әшімбаев Мәулен
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мазмұн: М. М. Сперанский Мемлекеттік заңдар жинағына кіріспе П. И. Пестель Орыс шындығы П. Я. Чаадаев Философиялық хаттар Н. Я. Данилевский Ресей және еуропа П. И. Новгородцев Қоғамдық мұрат хақында Б. Н. Чичерин Халық өкілдігі туралы П. Н. Ткачев Мақалалар Дж. Мэдисон Болашаққа хат А. Токвиль Демократия туралы Дж. Ст. Милль Өкілдікті басқару туралы толғамдар Г. Спенсер Кісі және мемлекет Г. Торо
МЕМЛЕКЕТТІК “МӘДЕНИ МҰРА”
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
КІТАП СЕРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ
ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ
БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
“МӘДЕНИ МҰРА” МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
КІТАП СЕРИЯЛАРЫ
БАС РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ АЛҚАСЫ:
ТАСМАҒАМБЕТОВ И. Н., бас редактор
ТӘЖИН М. М., бас редактордың орынбасары
ТӘУЕКЕЛ С. Т., жауапты хатшы
ӘБДІЛДИН Ж. М.
ӘУЕЗОВ М. М.
БАЙПАҚОВ К. М.
ЗИМАНОВ С. З.
КӘЛЕТАЕВ Д. А.
КЕКІЛБАЕВ Ә.
КЕНЖЕҒОЗИН М. Б.
ҚАСҚАБАСОВ С. А.
ҚОЙГЕЛДИЕВ М. Қ.
ҚОСЫБАЕВ Е. М.
ҚҰЛ-МҰХАММЕД М. А.
МАҒАУИН М. М.
МӘМБЕЕВ С. А.
НҰРПЕЙІСОВ Ә. К.
НЫСАНБАЕВ Ә. Н.
РАХМАДИЕВ Е. Р.
СҰЛТАНОВ Қ. С.
СҮЛЕЙМЕНОВ О. О.
ХҰСАЙЫНОВ К. Ш.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ,
АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ
Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы
ӘЛЕМДІК
САЯСАТТАНУ
АНТОЛОГИЯСЫ
2-том
Алматы
“Қазақстан”
ББК 66.0
Ә 52
Ә 52
“Әлемдік саясаттану антологиясы”. 10 томдық. “Мә-
дени мұра” бағдарламасы. Алматы:– ЖШС “ Қазақ-
стан” баспа үйі”, 2005 ж. – 472 бет.
ІSBN 9965-10-040-3
ББК 66.0
ІSBN 9965-10-040-3
ІSBN 9965-10-033-0
© ЖШС “Қазақстан” баспа үйі” – Аударма және безендіру
“Әлемдік саясаттану антологиясы” он томдығының түпнұсқа
мәтінін құрастырған Мемлекеттік “Мәдени мұра”
бағдарламасының “Саясаттану” секциясы
Секция құрамы:
1. ӘШІМБАЕВ Мәулен Сағатханұлы – Секция жетекшісі, саясат ғылымының кандидаты, 10-томды құрастырушы. 2. БАЙДІЛДАНОВ Лайық Әмірұлы – философия ғылымының докторы, 5-томды құрастырушы. 3. БЕЛГІБАЕВ Серік Талғатұлы – ҚР Президент жанындағы ҚСЗИның әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі, 4, 5-томдарды құрастырушы. 4. ИВАТОВА Ләйла Мырзалықызы – саясат ғылымының докторы, 1, 2, 3, 8-томдарды құрастырушы. 5. КӨШКІМБАЕВ Санат Қайырсіләмұлы – саясат ғылымының кандидаты, 7, 9-томдарды құрастырушы. 6. ЛАУМУЛИН Мұрат Тұрарұлы – саясат ғылымының докторы, 8томды құрастырушы. 7. ТАСТЕНОВ Әлішер Жақсыбекұлы – ҚР Президент жанындағы ҚСЗИ-ның аға ғылыми қызметкері, 10-томды құрастырушы. 8. ШОМАНОВ Асқар Жұмабайұлы – философия ғылымының кандидаты, 6, 9-томдарды құрастырушы.
Түпнұсқа мәтінінің қазақшаға аударылып, редакциялануын басқарған, “Қазақстан” баспа үйі” мойынсерігінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрмахан ОРАЗБЕК.
Аударма сарапшысы – филология ғылымының докторы, ҚР Мем-
лекеттік сыйлығының лауреаты Жұмағали ЫСМАҒҰЛОВ.
МАЗМҰНЫ
Алғысөз
Ф. Бэкон
Тәжірибе немесе инсанияттық және саяси нақылдар
Т. Кампанелла
Күн мемлекеті
Г. Гуго
Соғыс пен бейбітшілік құқығы туралы
Т. Гоббс
Азамат туралы
Левиафан немесе мемлекеттің материясы, пошымы және
өкіметі
Дж. Уинстенли Бостандық заңы
Б. Спиноза
Діни-саяси трактат
Б. Паскаль
Ойлар
Дж. Локк
Басқару туралы екі трактат
Ж. Мелье
Өсиет
Морелли
Табиғат кодексі
Ш. Монтескьё Заңдардың рухы туралы
Г. Мабли
Заңдар туралы немесе заңдар принциптері
Ф. Буассель
Адамзат катехизисі
Ж. Ж. Руссо
Қоғамдық шарт туралы немесе саяси құқық принциптері
Д. Дидро
Дінбасылар
Гельвецийдің “Адам туралы” кітабын жүйелі түрде
теріске шығару
К. А. Гельвеций Ақыл туралы
Адам туралы
П. А. Гольбах
Жаратылыстық саясат немесе басқарудың шынайы
принциптері туралы әңгімелер
И. Кант
Құлық метафизикасы
Мәңгілік тыныштыққа
Т. Пейн
Адам құқықтары
Алғысөз
XVІІ-XVІІІ ғасырларда елдердің көпшілігінде феодалдық тәртіп әлі де үстем болғанымен, дүниежүзі тарихының әрі қарай дамуына әсер еткен басты оқиға АҚШ-тағы және Батыс Еуропаның бірқатар елдеріндегі буржуазиялық революциялар болды. Бұл елдердегі идеялық күрес феодализм дүниетанымымен текетірес үстінде буржуазиялық саяси сананың қалайша қалыптасқанының классикалық үлгісі. Идеялық күрестің шиеленісе түсуінің негізгі саяси себебі – күштердің қалыптасқан арасалмағы болатын, сол кезде саяси билікті жеңіп алуға тырысқан буржуазия бұқара халықпен бірігуге мәжбүр болды. Зерттеушілер XVІІ және XVІІІ ғасырларды “ағарту ғасырлары” деп атайды. Ағартушылық идеялық қозғалыс ретінде саяси идеологияның даму жолындағы заңды баспалдақ болды. Қайта өрлеу дәуірінің жетістіктеріне сүйенген Ағартушылық таза ұтымдылық сипатында болды және парасаттың ғаламаттығына, оның қоғамдық қатынастар жүйесін қайта құра алатындығына кәміл сенді. Ағартушылар феодалдық құрылысты оның діни соқыр сенімдерімен, сословиелік теңсіздігімен бірге аяусыз сынады. Олар “әлемді пікір билейді”, қоғамдық өзгерістердің ең жақсы құралы салауатты идеяларды таратты деп білді. Соған орай парасат пәрменін мемлекет беделімен беркіте алатын “оқымысты монархтарға” ерекше үміт артты. Әйтсе де, “оқымысты абсолютизм” – ағартушылық идеологиясының бір саласы ғана. Онымен бірге король билігін шектеу және халық егемендігі тұжырымдамалары туындады. Буржуазиялық революциялардың көптеген ізашарлары мен идеологтары әртүрлі шамада және пошымда ортақтасқан саяси ой қағидаларының ең маңыздылары жаратылыстық құқық және қоғамдық келісім, яғни саяси билікті халықтың келісімі және ырқын білдіруі арқылы орнату, билікті бөлісу теориялары болып табылады. Бұл кезеңде сондай-ақ
биліктің шектеулі сипаты туралы, оның шегі мен пошымдар анық белгілейтін конституцияның қажеттігі туралы түсініктер бел алып тұрды. XVІІ-XVІІІ ғасырлардағы әлемдік саяси ойдың басты мазмұны – буржуазиялық революцияларды идеялық жағынан әзірлеу болды. XVІІ-XVІІІ ғасырларда жарық көрген әдебиеттің молдығынан оның материалы “Әлемдік саясаттану антологиясының” 10 томдығының екінші, үшінші томдарына бөліп беріліп отыр. Екінші томға XVІІ ғасыр мен XVІІІ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген ойшылдар еңбектері енсе, үшінші том тұтастай XVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы саяси идеологтар шығармаларынан түзілген. Қым-қуыт саяси оқиғалардың арқасында XVІІ ғасырда Англияда саяси әдебиет айрықша өркен жайды. Бұл процеске ағылшын философы әрі саяси қайраткері Френсис Бэкон белгілі бір үлес қосты. Жаңа заманның ірі философы әрі тәжірибеге сүенген ғылымының негізін қалаушы болған Бэкон бүкіл ғұмыры бойына қоғамдық һәм саяси қызметпен айналысты. Ол адвокат, қауымдар палатасының мүшесі, Англия лорд-канцлері болды. Бэконның қоғамдық-саяси көзқарасы утопиялық “Жаңа Атлантида” мемлекеті турасындағы әйгілі кітабында бейнеленеді. Бұл шығармасында ол қоғамның бүкіл өндіргіш күштері ғылым мен техниканың көмегімен дамыған болашақ мемлекетін суреттеді. Онда Бэкон ғылым мен техниканың адамның өмірін өзгертіп жіберетін әртүрлі жетістіктерін сөз етеді. Бүгінгі тілмен айтқанда Бэконды технократ деуге болар еді, өйткені ол сол замандағы барлық қоғамдық проблемаларды ғылым көмегімен шешуге болады деп санады. XVІІ ғасырдағы батысеуропалық ойдың дами түсуіне француздың діни ойшылы, математик һәм физик Блез Паскаль өз үлесін қосты. Оның ең басты шығармаларының бірі “Ойлардың” үш қайнар көзі: Библия, шіркеу тұлғалары (әсіресе әулие сынды Аугустин), М. Монтеньнің “Тәжірибелері”. Бұл шығармасында Паскаль барлығын: поэтика мен саясатты, комедия мен Қасиетті кітапты, қолөнер мен мемлекеттік
құрылысты, Адам мен Кромвельді, балалар мен императорларды қарастырады. Христиандық ілімнің мәнісін түсіндіруге тырысқан Паскаль өзінің “Ойларында” Құдайдың бар екендігінің дәлелдеріне, Библия тарихына, Қасиетті кітапқа көп орын береді. Бар болу парадоксын пайдалана отырып, Паскаль Құдай көрінбейді, адам баласы Оны барлық жерде, барлық құралдармен іздеуге тиіс дегенді айтқысы келеді. XVІІ ғасырдың саяси тарихы өз заманынан көп озып кеткен бірқатар демократиялық талаптарды алға тартқан ұсақ буржуазиялық “левеллер" (теңестірушілер) дейтіндер ағымының пайда болуымен де белгілі. Левеллерлер дәйекті республикашылдар мен демократтар болатын. Олар азаматтық тең құқықты, парламент сайлауына барлық азаматтардың қатысуын жақтады. Олар парламентті пір тұта қоймай, егемендіктің иесі ол емес, халық деп санады. Левеллерлер арасында саяси теңдік қана емес, мүліктік теңдігін, қоғамның коммунистік құрылысын жақтаған шетін топтар да болды. Олар “диггерлер" (қазушылар) деп аталады, өйткені олар жерді басып алып, ұжым болып өңдеуге әрекет жасап бақты. Диггерлердің көсемі көрнекті қоғам қайраткері Джеральд Уинстенли болды. XVІІ ғасырдағы батысеуропалық саяси ойдың дамуына итальян философы һәм ақыны Томмазо Кампанелла елеулі үлес қосты. Кампанелланың саяси ойлары оның “Күн қаласы" кітабында евгеника принципімен бақыланатын қоғамды уағыздаудан байқалады, оны абыз-король және үш мемлекеттік министр басқарады. Осынау утопиялық картина Кампанелланың адамзатты бір ғана католик дініне кіргізіп, Папаның қол астына қарайтын (“Мессия монархиясы") авторитарлық мемлекет құру жайындағы арманына сай келді. Утопиялық идеялардың қайнар көзі ретінде “Күн қаласын" Томас Мордың “Утопиясымен" қатар қоюға болады. Кампанелла барынша анық тұжырымдаған принциптер "Күн қаласына" жұрт назарын аударып, ол XVІІ-XVІІІ ғасырдағы Батыс Еуропа елдерінің барлығында кеңінен таралды. Жеке меншіктің атымен жоқтығы, елдің бәрі құрметке балайтын
жалпыға бірдей міндетті еңбек, өндірісті ұйымдастыру мен бөлудің қоғамдық түрі, азаматтарды еңбекке баулу – Кампанелланың әлеуметтік идеяларының негізгі кешені осындай. Осы идеялар "Күн қаласының" әлеуметтік-саяси ой тарихында елеулі орын алуына мүмкіндік жасады. XVІІ ғасырда Еуропа мен Америка буржуазиялық революцияларды басынан өткерді. Олардың радикалдығы арта түсті. XVІІ ғасырдың басында Нидерландта испан үстемдігінен азат болу жолындағы күрес қанағатшыл буржуазиялық өзгерістермен ұштасты. Англиядағы буржуазиялық революция Нидерландтағыдан ішкі жанжалдың сипатымен ерекшеленеді де мұның өзі ұлттың екіге бөлінуіне және азамат соғысына апарып соқтырды. XVІІ ғасырдағы революциялық Еуропадағы саяси ой ұжымдық шығармашылық нәтижесінде қалыптасты деуге де болады. Біріне бірі ұқсас идеялар, ең алдымен, адамның жаратылыстық құқығы, әртүрлі нұсқадағы қоғамдық келісім идеялары ойшылдарға ортақ еді. Бұл жерде ең алдымен голланд заңгері, мемлекет қайраткері һәм жазушысы Гуго Гроцийдың, голланд философы Бенедикт Спинозаның, XVІІ ғасырдағы ағылшынның ірі саяси ойшылдары Томас Гоббстың, Джон Локктың көзқарастары еске түседі. Жалпы алғанда бұл төрт ойшылдың саяси көзқарастарында біршама айырмашылық болатын. Мәселен, Т. Гоббс индивид толық бағынатын шектелмеген король билігін жақтады. Оның бүйрегі абсолюттік монархия жағына бұратын. Халық егемендігінің, конституциялықтың, биліктің бөлінуінің идеологы Дж. Локк адамның жаратылыстық құқықтарын және халық егемендігін қорғады. Оның ілімінің мағынасы – адамның құқықтары мен қоғамның мүддесі үшін мемлекет қызметінің шегін белгілеп, оны белгілі бір ережелермен ауыздықтау қажет. Қоғамдық шартқа дейінгі жаратылыстық ахуалды, шарттың өзін және оның салдарларын түсіндіретін бірнеше нұсқа бар. Осы негізде адамның бостандығы мен мемлекеттік өкіметтің ара қатынасы жайында да әртүрлі
қорытындылар жасалды. Т. Гоббс пен Б. Спинозаның айтуынша, жаратылыстық ахуал мүлдем қолайсыз дау-шарлы, ол "баршаның баршаға қарсы соғысы". Адамдар бірін-бірі құртып жіберуден сақтану үшін қоғамдық шарт жасасуға мәжбүр болған. Өзінің өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар жаратылыстық ахуалда пайдаланып келген еркіндіктің бәрін (Гоббс) немесе бәріне жуығын (Спиноза) мемлекетке береді. Бұлай түсіндіру шексіз мемлекеттік билікті ақтайды. Г. Гроций мен Дж. Локк басқа бағыт ұстанды. Өз құқықтарының бөгетсіз жүзеге асырлуына кепілдік жасау үшін адамдар қоғамдық шарт жасайды, яғни мемлекет құрады. Оның мақсаты айқын белгіленген, қызмет ауқымы қатаң шектелген. Мемлекет адамның жаратылыстық құқығына қол сұға алмайды. Мемлекет азаматтары бостандығын сақтай береді. Олар мемлекеттің тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыскерлерді ауыздықтау және заңды мүддені күшпен жүзеге асыру саласындағы монополиясын ғана мойындайды. Қоғамдық шарт мектебінің екі бағыты да бір ғана азамат–мемлекет дилеммасын шешуге бағытталды. Т. Гоббс мемлекетті (егер ол бодандарының өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етсе) кісіден жоғары қояды. Жоғарғы биліктің шексіз сипаты осыдан. Дж. Локк, керісінше, кісі өзінің етене жаратылыстық құқығы, оның ішінде ең алдымен бостандығы мен меншігі арқылы басты құндылық, оны мемлекет тарапынан жасалатын қаскүнемдіктен қорғау керек. Кісі мүддесінің ең жақсы кепілі, Локк бойынша, халықтың егемендігі, оның өкіметпен келісуі. Б. Спиноза ымыра жолын ұсынады. Ол мемлекет пен кісі мүддесінің арасындағы қарама-қайшылыққа реалистік тұрғыдан келіп, кісінің игілігі – бостандық, мемлекеттің игілігі – қауіпсіздік дейді. Спиноза тығырықтан шығу жолын адам құқықтары мен бостандықтарын шектеу деп біледі. Алайда ол жол беретін шектеулердің елеулілігі соншалық, Спинозаны Гоббс секілді мемлекетшілдер тобына қосу негізі бар, дегенмен монархист Гоббстан өзгеше ол өкіметтің ең жақсы пошымы демократия деп білді. Дж.
Локк адам бостандығының (жаратылыстық құқық) мемлекет бас сұға алмайтын шекарасын белгілеп берді. Тұтас алғанда, саяси ілімдер тарихында халық егемендігі идеясы – қоғамдық шарт теориясының ең жоғары жетістігі. Халық кез-келген басқару түрін өзі қалап алады, және оны өзгерте де алады. Өкіметтің ең жоғары төрешісі халық. Сөйтіп, XVІІ ғасырдағы буржуазиялық революциялар кезінде қоғамдық шарт идеясы мемлекеттік өкіметке қойылатын талап тұрғысынан жақсы талдап әзірленген теорияға айналды. XVІІІ ғасырдағы Францияда мемлекетсіз қауымдық социализм мен коммунизм теориялары пайда болып, дамыды. Сондай теорияның бірі, селолық священник Жан Мельенің тарихқа "Өсиет" деген атпен енген шығармасында баяндалған. Бұл шығармада жаратылыстық құқық жайында өзіндік түсінік бар. Жан Мельенің негізгі идеяларының бірі – еңбекші құқығы идеясы. Ол феодалдық қоғамның ең жоғары сословиелерін, монархия мен шіркеуді қатты айыптайды, абсолюттік монархияның әскери-бюрократиялық машинасын, феодалдар мен байлардың халықты қанап, тонауына көмектесетін "тиранияның сұмырай қызметшілерінің" орасан зор иерархиясын жақсылап суреттейді. Жеке меншікке негізделген абсолюттік Францияның құқықтық құрылысы да қатты сыналады. Мемлекеттік социализм (коммунизм) теоретиктерінің қатарына Морелли жатады. Оның ең басты еңбегі “Табиғат кодексі немесе оның заңдарының шынайы рухында” қоғамдық меншікке негізделген құрылыс теориялық жағынан дәлелденеді. Мореллидің доктринасы жаратылыстық құқық теориясының кейбір қағидаларына сүйенеді. Морелли дүниемүліктің ортақтығын, еңбектің жалпыға міндеттілігін талап ететін, адамдар тек табиғат заңдарына бағынатын жаратылыстық ахуалды алтын ғасырға балайды. Морелли тұжырымдамасында қоғамдық шартқа орын жоқ, өйткені жаратылыстық ахуалдың (табиғат заңдарынан бас тарту) түбіне жеткен халықтың келісімі емес, ең бастысы “табиғат туындыларын сұмдық бөлісу” болып табылатын сансыз қателіктер.
Морелли мемлекеттің, саясаттың, моральдің меншіктік қатынаспен байланысын табанды атап көрсетіп отырды. Жеке меншік сақталған жерде, деп толғайды Морелли, байлықтың шоғырлануы демократияның аристократияға, аристократияның – монархияға, монархияның – тиранияға айналуына сөзсіз жетелейді. Сондықтан басқарудың ең жақсы пошымын іздеу бос әурешілік. Меншік пен ол туғызған жеке мүдделер жойылмайынша, ешқандай саяси өзгеріс игі нәтижеге жеткізбейді. Француз Ағартушылығындағы аса көрнекті мемлекет теоретигі әрі корольдік шексіз биліктің басты қарсыластарының бірі – Шарль Луи де Монтескье. Оның еңбектерінде феодалдық саяси-құқық тәртіптеріне қарсы күрес теориялық жағынан негізделген. Монтескьенің ең басты “Заңдар рухы жөнінде” атты шығармасын Рим папасы “Тиым салынған кітаптар индексіне” енгізген. Монтескье ағартушылық идеологиясының бірінші саяси доктринасын жасады. Ол саяси-әлеуметтік теорияның ұланғайыр базасын жасауға, саяси процестердің негізгі даму заңдылықтарын анықтауға тырысты. Монтескьенің саяси ойды дамытудағы жетістіктері көбіне-көп оның мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды танып-білу әдістерімен айқындалады. Өз заманында олар озық әдістер болатын. Монтескье табиғат әлеміне қарағанда әлеуметтік әлемнің ұйымдастырылуы күрделірек екендігін көрсетті, қоғамдық заң күшінің жазмыштық сипатын теріске шығарды, адамдар қимылындағы ерік бостандығына назар аударды. “Заңдар рухында” Монтескье қоғамдық шарт жайлы тікелей ештеңе айтпаса да, автордың көзі тірісінде жарияланбаған шығармалары (“Ойлар”, “Міндеттер жайындағы трактат”) оның Ағарту ғасырына тән осынау теорияны жақтағанын айғақтайды. Алайда, қоғамдық шартты мойындай тұра, Монтескье сонымен бірге мемлекеттің пайда болуын объективті тарихи процесс ретінде қарастыруға тырысады. Мемлекетті қоғамдық шарт түрінде көрсете отырып, Монтескье сонымен бірге оны қалай болса солай жасалған келісім деп емес, қоғамдық дамудың объективті
факторларымен айқындалатын қажетті табиғи-тарихи құрылыс деп қарастырады. Оның ойынша, мемлекеттік өкімет тек қана ортақ рухқа негізделіп, сақталған. Монтескье басқару пошымдарына көп көңіл бөлді. Абсолютизмді мадақтауға дәйекті қарсы шыға отырып, ол әр халықтың ортақ рухына қарай әртүрлі басқару пошымдары бола беретіні табиғи нәрсе екенін дәлелдеп бақты. Мемлекет тарихында ол негізгі төрт тұрпатты анықтады: демократия, аристократия, монархия және деспотия. Болашақтағы мемлекет үлгісін әзірлеу – Ағарту дәуірінің саясиқұқықтық ілімдерінің негізгі тақырыптарының бірі. Монтескье шығармаларында бұл тақырып өкіметті бөлісу тұжырымдамасына негізделген еркін мемлекет жобасында жүзеге асты. Монтескье үшін өкіметті бөлу өкімет органдары арасында өкілеттіктерді айқын көрсету ғана емес, қоғамдағы әлеуметтік күштердің ара салмағы да. Монтескье әртүрлі сословиелер арасындағы өкімет үшін күрес азаматтардың бостандығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретіндігін, мемлекеттік пошымдардың азғындап, тіпті мемлекеттің күйреуіне апарып соқтыратындығын көре білді. Басқару пошымдарына көбірек орнықтылық беру, әлеуметтік топтардың бәріне саяси бостандықты қамтамасыз ету үшін Монтескье билікті әртүрлі әлеуметтік жіктерге бөліп беруді ұсынды. Бұл орайда Монтескье биліктердің емес, саяси күштердің, корольдің, аристократияның және буржуазияның тепе-теңдігіне ұмтылады. Билік бөлінісі теориясынан көрінген әртүрлі әлеуметтік күштер арасындағы тепе-теңдікті іздестіру Монтескьенің бүкіл саяси-құқықтық тұжырымындағы ымырашылдық пен қанағатшылдықтың айғағы. Саясат туралы ғылымның дамуына сондай-ақ тағы бір француз ағартушысы Мабли Габриэль Бонноның қосқан үлесі де айтарлықтай. 1776 жылы аббат Мабли өзінің экономикалық көзқарасын толық көрсететін “Заң шығару туралы, немесе заң принциптері” атты негізгі шығармасын жариялады. Негізінен жерге меншікті сынай отырып, Мабли меншіктің барлық пошымдарын, әсіресе жеке тұтыну заттарын құртып жіберуге
болмайтынын түсіне отырып, “табиғат қолынан алынған” “жеке меншіктің” болатындығын айтады. XVІІІ ғасырдағы Францияның тарихи жағдайын ескере отырып, Мабли жер иеліктерінің ең жоғары шегін белгілейтін “аграрлық заң” шығару мәселесін көтерді. Тұтастай алғанда Маблидің реформаторлық ұсыныстары қанағатшылық сипатында болды. Өзінің саяси көзқарастарында республика пошымындағы халықтық басқаруды жақтай отырып, егемендік әрдайым халықтікі деп санады. Жоғарғы заң шығарушы болмаса, халық бостан бола алмайды. XVІІІ ғасырдағы Франция саяси ойының радикалдық тенденциялары: теңдік, әлеуметтік әділет, халық егемендігі, тиранияға қарсы күрестің заңдылығы идеялары Жан-Жак Руссо есімімен байланысты. Оның әлеуметтік және саяси-құқықтық көзқарастары "Ғылым мен өнердің өрлеуі құлықтың тазаруына жәрдемдесе алды ма деген мәселе жайындағы толғамдар", "Адамдар арасындағы теңсіздіктің шығуы мен негіздері туралы толғамдар" (1754), "Саяси экономика туралы" (1755), "Мәңгілік бейбіишілік туралы пайымдау" (1782), "Қоғамдық шарт туралы, немесе саяси құқық принциптері" (1762) сияқты шығармаларында баяндалған. Қоғам, мемлекет, құқық проблемалары Руссо ілімінде халық егемендігі принциптері мен идеяларын негіздеу және қорғау тұрғысынан көрсетіледі. Пәленің басы байлар мен кедейлер арасындағы қайшылықта жатқандығын аңғарған Руссо ағартушылар арасында бірінші болып әлуметтік проблеманы алға тартты. Бастауын қоғамдық шарттан алатын мемлекет, Руссоның пайымдауынша, парасат салтанаты емес, алдау нәтижесі. Ол мемлекетті байлардың үстемдігі мен кедейлерді езуінің пошымы мен құралы ретінде қарастырып, анық әлеуметтік сипаттамалар береді. Руссоның "Қоғамдық шарт туралы, немесе саяси құқық принциптері" трактаты радикализммен және үстем тапқа, теңсіздікке, қанауға өшпенділікпен суарылған. Ол өзінің "халық пен билеуші арасындағы шынайы шарт ретінде саяси организм құру" тұжырымдамасын одан әрі
дамытады. Қоғамдық шарттың Руссо негіздеген тұжырымдамасы жалпы алғанда оның мемлекет пен құқық жөніндегі идеалистік түсініктерін аңғартады. Негізгі ой мынадай – оның қоғамдық шарт тұжырымдамасына сәйкес келетін мемлекет, саяси қатынастар мен заңдарды орнату ғана парасат, әділет һәм құқық тұрғысынан жаратылыстық ахуалдан азаматтық ахуалға көшуді ақтай алады. Руссоның пікірі бойынша оның тұсындағы феодалдық құрылыс қоғамдық шарттың буржуазиялық-демократиялық принциптерімен сыни тұрғыдан салыстырғанда өзінің легитимдігінен, әділеттілік һәм заңдылық сипатынан, қысқасы, өмір сүру құқығынан айрылады: ол құқыққа емес, күшке сүйенеді. Руссо феодалдық тәртіпті зорлықпен, революциялық жолмен құлатуды жақтайды. Руссо халық егемендігінің иманы кәміл жақтаушысы. Алайда, бұл ол барлық жағдайда үкіметтің демократиялық пошымын жақтайды деген сөз емес. Руссоның айтуынша, тек халық қана егемен, ал қандай да болсын үкімет өкіметті соның қолынан ғана алады. Халық егемендігі – қоғамдық шарттың өзегі. Ал басқару пошымы халық еркінде. Басқару пошымын белгілеуге аумақ, халық, климат секілді факторлар ықпал етеді. Руссо үкіметтің аристократиялық пошымын дұрыс көреді. Руссо үшін мемлекет пошымы – демократиялық, үкімет пошымы – аристократиялық. Руссоның саяси теорияға қосқан баға жетпес үлесі – халық егемендігі тұжырымдамасымен қатар әлеуметтік мәселені көтеру, заң жүзіндегі ғана емес, әлеуметтік теңдікті талап ету. Бұл мәселе Руссо заманынан да кейін қалып қойды. Капитализм салтанат құрар дәуір жақындап келе жатты, экономикалық либерализм принциптері талдап әзірлене бастады. Ал Руссо болса капитализмге анық қарсы бағыт ұстанды. Ол меншікті теңестіруге, бұл мақсатта мемлекет пен заң беделін пайдалануға шақырды. Оның мұраты – эгалитаризм, мүліктік теңгермешілдікке, байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылықты жоюға ұмтылыс. Дегенмен, көптеген социалистік теориялар Руссоның теңсіздік пен қарама-қайшылық негізі
меншік деген түсінігінен қанаттанған. Мемлекет туралы ол байлардың кедейлерге тықпалаған алдауы деген ойдың Т. Мор секілді ізашары болғанымен, Руссо замандастары үшін көп жағынан жаңалық еді. Руссо өз шығармаларында дербестікке, теңдікке, қоғамдық істерді басқаруға тікелей қатысуға ұмтылған еңбеккерлердің, қолөнершілер мен шаруалардың арман-тілегін білдірді. Ағартушылардың көпшілігінен оның айырмасы, ол тек әлеуметтік мәселені көтеріп қана қойған жоқ, сондай-ақ табиғатқа қайта оралу, дәулетті қала тірлігінің жасандылығы мен даңғазасынан бас тарту сарынын білдірді, діни сезім күшті болды. Руссо адамзат баласының алдына осынау өркеният көлденең тартатын проблемаларды күні бұрын көре білді. Айтылған айырмашылықтар Руссоның замандастарының көпшілігімен саяси теорияға көзқарасында ортақ болуына бөгет жасаған жоқ. Бірқатар идеяларының жаңашылдығы, өзінен кейінгі теорияларға, қайшылықты болса да, тигізген қуатты ықпалы, баяндаудың тамаша, қызу қанды пошымымен ұштаса келіп, Руссоны әлемдік саяси ойдың аса ірі өкілдерінің қатарына көтерді. Руссоның саяси тұжырымдамасы Ұлы Француз революциясы кезеңінде қоғамдық санаға да, оқиғалардың барысына да зор ықпал етті. Руссоның әлеуметтік-саяси көзқарастарын теориялық доктринаға айналдыру XVІІІ ғасырдың саяси ой тарихында бетбұрыстық оқиға болды. XVІІІ ғасырдағы француз Ағартушылығының көрнекті өкілдері Дени Дидро, Клод Адриан Гельвеций және Поль Анри Гольбах болды, олар феодализмге қарсы қосыннан табылған демократиялық бағыттағы буржуазияның позициясын қолдады. Дени Дидроның әлеуметтік-саяси көзқарасы жаратылыстық құқық теориясының бірқатар қағидаларына негізделген. Оның көзқарасы бойынша, адамдар ең әуелі жаратылыстық (мемлекетке дейінгі) ахуалда өмір сүрген. Олар бір-бірімен тең болды, толық тәуелсіздікті пайдаланды. Дидроның ойынша, мемлекеттік өкімет адамдар өз бақытын қамтамасыз
ету үшін өздерінің арасында жасаған шарт нәтижесінде пайда болады. Дидро қоғамдық шартты бұрын орын алған нақты келісім деп емес, азаматтардың дәл қазіргі билікке бағынуға жаңарып отыратын келісімі деп қарады. Мұндай келісім (шарт) тек дұрыс құрылған, қолайлы мемлекет негізі қызметін атқарады. Тирания зорлық-зомбылық, зұлымдық, алдау салдарынан пайда болады. Дидро мемлекеттік өкіметтің қайнар көзі халық, ал билеушілер мен тақсырлар – бар болғаны оны ұстап отырғандар деп білді. Дидро халықтардың тиранға қарсы шығу және ұлттың ортақ еркіне сәйкес келмейтін құрылысты құртып жіберу құқығын ұсынады. Дидро шығармаларында баяндалған саяси бағдарлама басыбайлылық құқығын жоюды, шаруаларға жер берілуін, сославиелік артықшылықтарды құртуды, азаматтардың өз депутаттары арқылы мемлекет басқару ісіне араласуын, жеке қауіпсіздіктің қорғалуын, сөз, баспасөз, сауда және кәсіпшілік бостандығын көздеді. Өзінің саяси ықыласы республика жағында болғанымен, Дидро, басқа да көптеген ағартушылар сияқты ұланбайтақ Франция үшін оны жарамсыз деп санады. Елдің болашақ мемлекеттік құрылысы мәселесін ол, шындап келгенде жауапсыз қалдырды. Парасатты да әділетті қоғамдық құрылысқа өтудің құралы ретіндегі тәрбие тұжырымдамасын Клод Адриан Гельвеций әзірледі. Гельвецийдің әлеуметтік-саяси доктринасы оның Монтескьемен қоғамдық өмірді айқындайтын себептер жөніндегі айтысының барысында қалыптасты. Гельвеций ол себептер қатарынан географиялық факторларды шығарып тастады. Монтескье ілімін жоққа шығара отырып ол заңдар мен құлықтар арасындағы айырмашылық тек қана әлеуметтік ортаға байланысты екенін дәлелдеп бақты. Мемлекеттің пайда болуын ол қоғамдық мүддеден туындатты. Гельвецийдің әлеуметтік-саяси доктринасы, тұтас алғанда, идеалистік һәм метафизикалық ауанда болды, өйткені заң шығару мен құлықта өзгерістер туғызатын себептер ішінде ол басқару пошымы, үстем пікір
ықпалы секілді рухани себептерді бірінші орынға қояды. Гельвецийдің саяси мұраты – республика. Монтескьемен пікір сайысында Гельвеций монархияның сақталып қалуына (билікті сақтап қалған жағдайда да) қарсы болды және тіпті Францияда федерациялық республика құру мүмкіндігі жайында ой тастайды. Тұтас алғанда Гельвецийдің тұжырымдамасы адамның әлеуметтік табиғатын, оның санасын, саяси өмір мен құлықты теориялық ой елегінен өткізу тұрғысында едәуір ілгерілеу болды. Француз ағартушыларының ілімін жүйелеу ісін Поль Гольбах аяқтап шықты. Өзінің саяси-құқықтық көзқарастарын ол "Жаратылыстық саясат" кітабында жинақтап берді. Ағартушылықтың демократиялық ағымдағы өкілдері жасаған тұжырымдамаларды жүйелей отырып, Гольбах француз материалистері мүлікті қоғамдастыру тдеясын жақтаушылардан алған тәпсірлерді де ескеруге мәжбүр болды. Ол ағартушылық идеологиясынан коммунистік қорытындылар жасауға жәрдемдесуі мүмкін деген қағидалардың бәрін дәйектілікпен, ерінбей-жалықпай алып тастап отырды. Сондықтан да Гольбах ертедегі халықтардың коммунистік тұрмысы жөніндегі Дидроның түсінігін де, адамдардың ақыли қабілетінің теңдігі туралы Гельвецийдің ілімін де, не олардың демократияға да бүйрегі бұруын қолдаған жоқ. Осынау идеяларды қайта қарастыра отырып, Гольбах жеке меншік пайдасына уәждерін күшейте түседі, өз доктринасын жаратылыстық құқық постулаттарымен толықтырады. Меншік, деп тұжырады ол, қашанда болып келді және адамның мәңгілік, етене құқықтарының санатына жатады. Өз кезегінде мүлік теңсіздігі азаматтық құқық теңсіздігін туындатады. Гольбахтың саяси бағдарламасы либералдық ағартушылыққа тән талабын (билік бөлінісі, конститутциялық монархия) қайталайды. Ағартушылық дәстүрін құқықтық мемлекет теориясының негізін қалаған әйгілі неміс ғалымы Иммануил Кант жалғастырады. И. Канттың әлеуметтік-саяси көзқарастары оның "Инсаният метафизикасының негіздері", "Мәңгілік бейбітшілік", "Құлық метафизикасы" сияқты
кітаптарында баяндалып, оларда этика, құқық және мемлекет тақырыптары қозғалады. Құқықтың топтап жіктеуші нышаны болып табылатын мәжбүрлеу мүмкіндігін мемлекет жүзеге асырады. Кант оны құқықтық заңдарға бағынатын көп немесе аз адамның бірігуі деп анықтайды. Мемлекеттің мақсаты – құқықтың салтанат құруы. Мемлекет азаматтар сенімінен айрылғысы келмесе, құқықты басшылыққа алуға тиіс. Мемлекеттің шығуын Кант қоғамдық шарт мектебі дәстүрімен бейнелейді. Кант адамдардың мемлекеттен гөрі жаратылыстық ахуалда бақыттырақ бола алар еді деген Руссоның пікірімен келіседі. Алайда құқықтық қорғансыздық, зорлық-зомбылық қаупінің тұрақтылығы жаратылыстық ахуалдан шығудың жолдарын іздестіріп, қоғамдық шарт негізінде мемлекет құруға итермелейді. Шарт жасай отырып, халық өзінің жаратылыстық бостандығынан тартады, бірақ мұны мемлекет азаматы ретінде бостандығын сол бойда қайтарып алу үшін істейді. Руссо сияқты Кант та егемендік тек халыққа тиесілі және оның ортақ ырқымен білдіріледі деп санайды. Халықтың прерогативасы – конституция қабылдау арқылы құқықтық тәртіп орнату. Мемлекеттік құрылыстың басты принципі деп санайды Кант Монтескьеге ілесе, өкіметті заң шығарушы (жоғарғы, егемендік соның қолында), атқарушы және сот билігі етіп бөлу. Заң шығарушы билік тек халық қолында болуы тиіс. Сөйте тұра осы үш биліктің бәрі өздері арқылы халықтың біріккен еркін білдіреді. Канттың мемлекет пошымдарына көзқарасы қайшылыққа толы. Онда әртүрлі бастаулардың басы пісе бермейді. Бір жағында өзінің құлықтық философиясына негіз болған бостандық принципіне адалдық, Руссоға және француз революциясының мұраттарына құрмет жатыр. Екінші жағында – Пруссия корольдігі қызметшісінің міндет жүктейтін жағдайы, сондай-ақ якобишілдердің террорын принципті түрде қабылдамау. Бұл оның абстрактты пошымда жариялаған халық егемендігі идеясынан бас тартуға
жетелеген тұстар болған. Жоғары билік иелерінің санына сәйкес, Кант мемлекеттің үш пошымын көрсетеді: автократия (сәтті атау, бұл монархиядан кеңірек), аристократия және демократия. Бірақ Кант билік бөлінісі өлшемін де ұсынады. Мемлекетте бұл принцип сақталса, оның республикалық, ал сақталмаса – деспоттық (мемлекеттің дұрыс және бұрмаланған пошымдары туралы көне идеяның жаңарған бір түрі) болғаны. Осылай түсінгенде монархия республика (Руссода “республикалық монархия”), демократия – деспотия бола алады. Идеал – республика. Мемлекет пошымдарын дәстүрлі тұрпаттау жағына келсек (билік иелерінің санына қарай), Кант оның бірде-біреуін тікелей таңдамайды. Оның айтуынша, ең жақсысы барынша қарапайым пошым. Ең күрделі пошым демократия екендігі айдан анық, аристократия тәуірлеу, ал ең қарапайымы, сондықтан бәрінен жақсысы монархия, бірақ ол оп-оңай деспотияға айналып кете береді әрі монархтың қасиеттеріне тым тәуелді. Канттың республика жөніндегі түсінігіне, сондай-ақ оның саяси байсалдылығы мен революциялық әдіске қырын қарауына бәрінен де сәйкес келетіні конституциялық монархия. АҚШ-тағы тәуелсіздік жолындағы соғыс кезіндегі демократиялық, саяси һәм құқықтық идеологияның ең радикалдық өкілдерінің санатына Томас Пейн жатады. Өзінің “Байсалды ой” атты еңбегінде Т. Пейн бірінші болып отардың Англиядан бөлініп, дербес мемлекет құру мәселесін көтереді. “Адам құқығы” деген еңбегінде ол Француз революциясы жариялаған демократиялық құқықтар мен бостандықтарды қорғайды. Т. Пейннің ең танымал шығармасы “Байыпты мағына” памфлеті. Бұл туындының идеялары ішінара АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясында көрініс береді. Ол туындыда Американың тәуелсіздігі туралы мәселе тек қана орындылық пен пайдаға тірелетіні ашық жарияланды. Сондықтан оны сотта емес, саудада, базарда шешу керек, және де байыпты мағына, қарапайым адамдардың нақты мүддесі басшылыққа алынса оны жасау
қиын да емес. Республика идеясын алға тарта отырып, памфлет авторы Ұлыбританияның мемлекеттік құрылысын сынға алады. Т. Пейн саяси ой тарихында алғашқылардың бірі болып қоғам мен мемлекет арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Мемлекет, Пейннің ойынша, адамдардың қоғамға бірігуінен кейін пайда болады, өйткені біріккен адамдар өздерінің өзара қатынасында әділеттілікті сақтай алмайды. Пейн мемлекеттік өкіметтің пайда болуы мен өмір сүруі тек басқарылатындардың келісімі (қоғамдық шарт) бойынша құрылады, сондықтан мемлекеттегі жоғары билік халыққа тиесілі деп санайды. Халық егемендігінің осынау идеясынан Пейн халықтың кез-келген басқару пошымын құру немесе құрту құқығы, яғни көтеріліске шығу құқығы туралы қорытынды жасайды. Осынау халық егемендігі мен революция жасау құқығы идеяларына сүйене отырып Пейн отарлардың Англиядан бөлініп шығып, дербес мемлекет құруына жол беруге болатынын негіздейді. Мемлекеттік басқарудың барлық пошымдарын Пейн екі түрге бөледі: 1) сайлау және өкілдік (республика) негізінде басқару; 2) мұрагерлік негізінде (монархия, аристократия) басқару. Республикалық басқару, Пейннің идеясы бойынша, халық өкілдігі принципіне негізделуге тиіс. Жоғарғы билік жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде (адамдардың жаратылыстық теңдігі принципімен) сайланатын заң шығарушы орган қолында болуға тиіс. Осы тұрғыдан Пейн 1787 жылғы Конституцияны сынайды. Конституцияның кемшілігін ол ценздік сайлау құқығы негізінде қалыптастырылатын қос палаталы заң шығарушы орган құрудан да көреді. Пейн парламенттің бір палаталы құрылымын құптайтын, ал басқа ойшылдар үшін ол көп ұзамай тозғындап, абыройдан айрылудың тікелей қатері болып көрінді. Тұтас алғанда Пейннің саяси көзқарасы американ фермерлерінің қалың көпшілігінің мүддесін білдірді. Ол тәуелсіздік жолындағы соғыс барысына зор ықпал етті. Ол-ол ма, бұл көзқарас Латын Америкасындағы
испан отаршылдарына қарсы азаттық қозғалысына да ықпалын тигізді және Англиядағы чартистер қозғалысы идеологиясының қалыптасуына жәрдемдесті. Сонымен, идеялық қозғалыс ретінде “ағартушылық” XVІІІ ғасырдағы саяси ойдың дамуындағы заңды баспалдақ болып табылады. Ағартушылық тұжырымдамаларының пайда болуы аяғынан тік тұрған буржуазияны енді діни ұрандар қанағаттандыра алмайтынын, ол теологиялық дүниетаным қалдықтарын түбірімен құртуға бел шешіп кірісуге әзір екенін айғақтады. Ағартушылар қозғалысы буржуазиялық құрылысқа көшудің идеологиялық дайындығының алғашқы белестерінде туындады. Ағартушылық дәуірінің либералдары мен демократтары өздерінің теориялық тұжырымдамаларына XVІІІ ғасырдың саяси ойында қалыптасқан және қоғамға, сондай-ақ кісі құқығына қарама-қарсы көзқарастарымен өзгешеленетін әртүрлі дәстүрлерді негізге алды. Либералдық дәстүрге сай қоғамда құқықтың екі түрі – азаматтардың қоғамдастығы арқылы саяси билікті жүзеге асырудан көрінетін ұжымдық құқық және қоғамдастыққа бағынбайтын, индивидуумдардың меншігі болып табылатын кісі құқығы болса, демократиялық дәстүр, керісінше, “ассоциацияның әрбір мүшесін қауым пайдасына толық аулақтату”, яғни кісі құқығын шектеп, ұжымдық егемен азаматтар қоғамдастығының шешімдеріне бағындыруды көздеді. Басқаша айтсақ, либералдық ой қоғамды жеке мүдделердің қатар өмір сүруі ретінде елестетсе, демократиялық дәстүр бойынша қоғам дегеніміз – азаматтардың бір кісідей тығыз топтасқан бірлігі, онда жеке мүдде ортақ мүддеге бағындырылған. Сондықтан революцияшыл заман енгізген жаңа тарихи тәжірибені ой елегінен өткізу кезінде Ағартушылықтың идеялық мұрасына жүгіне отырып, либерал саясаткерлер кісінің етене құқықтарының ұлықтығын, яғни бостандығын табандап қорғаса, демократтар қоғамдық прогреске жету үшін революция барысында ортақ теңдік жолында кісінің бостандығын шектеуге болады, тіпті қажет деп
санады. Ағартушылық дәуірінің саяси ойында бостандық принципі екі жақты мағына алды. Азаматтардың құқықтары мен теңдігін қамтамасыз ету тұрғысында сайлауға қатысатын адамдар шеңберін біртіндеп кеңейте беру басты орын алды, оның түпкі мақсаты жалпыға бірдей сайлау құқығына қол жеткізу болды. Азаматтық тең құқықтылық саяси либерализмнің, яғни билікті бөлу мен заңдылықты сақтауға негізделген мемлекеттік құрылыстың аса маңызды белгісі ретінде қарастырылды. Жалпы алғанда Ағартушылық дәуірі буржуазиялық саяси идеологиядағы гуманитарлық һәм ұтымдылық бастауларының барынша өркендеген кезеңі болды. Ағартушылық дәуірінің ерекшелігі – сол кезең проблемаларын халықтың толық билігін, заңның ұлықтығын негіздеу, саяси өзгерістер жасау және мемлекетті күшейту арқылы саяси әдістермен шешуге ұмтылыс. Оқырман назарына ұсынылып отырған “Әлемдік саясаттану антологиясының” екінші томына XVІІ-XVІІІ ғасырларлағы саяси ой өкілдерінің ең маңызды еңбектерінен алынған үзінділер енгізілді. Осы томның құрастырушылары бұл үзінділер Ағартушылық дәуіріндегі саяси теорияның негізгі бағыттарын жеткілікті толық бейнелейді деп үміттенеді.
Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасының
“Саясаттану” секциясы
Френсис БЭКОН (1561 – 1626) – ағылшын философы және мемлекет қайраткері. Лондонда белгілі заңтанушы әрі корольдің мөрін ұстаушының отбасында дүниеге келген. Кембридж университетін бітіргеннен кейін Францияда дипломатиялық қызметте болды. Королева Елизавета оған төтенше адвокат құрметті атағын берді. 1584 жылы Бэкон парламентке сайланды. Дәл осында ол оппозицияға қосылып, өзінің шешендік өнерімен танылды. І Яков таққа отырғаннан бастап мемлекеттік қызметте Бэконның тасы өрге домалады: 1617 жылы ол мөр ұстаушы лорд, содан кейін лорд-канцлер, барон, виконт болды. Алайда оның бұл дәуірі ұзаққа бармады. І Яковтың қатаң монархиялық басқаруына наразы болған қауымдар палатасы оның басты қайраткерлерін жауапқа тартты. Парламент тізгіндеп отырған корольдің оның заңға қайшы өкімдерін мөрмен бекітіп, оның қолындағы қаруға айналған Бэкон алғашқылардың бірі болып жауапқа тартылды. 1621 жылы сотталып, қандай да бір мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Содан кейін ол мемлекеттік қызметке қайтып оралған жоқ, өмірінің соңғы жылдарын ғылыми және әдеби жұмысқа арнады. Бэконның идеялық-саяси көзқарастары буржуазияның және оған жақын, техника мен жаратылыстанудың дамуына, өнеркәсіп пен сауданың, соның ішінде, теңіз саудасының өсуіне, отарларды басып алып, қанауға мүдделі жаңа ағылшын дворяндарының көңіл күйін білдірді; ол халықты бұлғақтар мен беймазалықтың тұрақты көзі деп білді. Мемлекет қайраткері әрі саяси ойшыл ретінде Бэкон – абсолюттік монархияның жақтаушысы, экономикалық көзқарастарда меркантилист; мемлекеттің саудаөнеркәсіптік дамуын қостаған. Бэкон Ағартушылық дәуірі саяси ойшылдарының дүниетанымының қалыптасуына зор ықпал етті.
ТӘЖІРИБЕ, НЕМЕСЕ ИНСАНИЯТТЫҚ ЖӘНЕ
САЯСИ НАҚЫЛДАР
XІ. Биік мансап туралы
Биік мансап адамды үш қожайынның малайына: корольдің немесе мемлекеттің малайына, адамдар қауесетінің малайына және өз ісінің малайына айналдырады; ол енді не өзінің, не қылығының, не өз уақытының иесі бола алмай қалады. Бостандық есебінен билікке асықтық немесе өзіңе-өзің би болу есебінен адамдарды билеуге асықтық оғаш емес
пе? Биікке жету бейнет, ал онда бір бейнет басқасын, одан да ауырын балалатады; биікке жету кей-кейде қорлыққа байлайды, ал абырой ұятсыздықпен келеді. Биік орында байыздап қалу қиын, бірақ құлап түсуден немесе бері салғанда батудан басқа жол жоқ, ал бұл – мұңды көрініс. [...] Жоқ, адамдар қалаған кезінде жан тыныштығын күйттеп кете алмайды; олар кету керек кездің өзінде кете алмайды; оңаша қалу баршаға азап, тіпті көлеңкеден шығармау қажет қарттар мен кемтарларға да; мәселен, қарттар, шашының ағын мазақ еткізсе де, ылғи үй алдында шуақтап отырады. Жоғары мансап иелері өзін бақыттымын деп санау үшін басқалардың пікірін біліп отыруы қажет, өйткені олардың өзі бақытты сезіне алмайды. Олар өзі жөнінде ойлағанда, оның орнында қуана-қуана отырғысы келетін басқалар не ойлайтынын ойлауы қажет – сонда олар бақытты немесе сондай деп саналады. Бірақ жан түкпірінде олар өзге пікірде бола алады; өйткені олар басына түскен ауыртпалықты жұрттан бұрын, өз қателіктерін жұрттан соң біледі. Және жоғары мансап иелері – өзіне-өзі бөтен; істер қарбаласында тән немесе жан саулығын ойлауға олардың мұршасы жоқ [...] Жоғары мансап жақсылық жасауға да, жамандық жасауға да мүмкіндік береді; бұл мағынасында мансап – қарғыс, өйткені жамандық жасамаудан аяқ тарту аз, оны жасай алмайтын болу керек. Есесіне билікқұмарлықты шындап, заңды түрде ақтайтын нәрсе – жақсылық жасау мүмкіндігі, өйткені, жақсы ниет, әрине, Құдайға жағады, бірақ сол ниет іске аспаса, адамдарға тәтті бір түс көргенмен бірдей; ал іске асыру қолайлы позиция болып табылатын жоғары мансап пен билік жоқ жерде мүмкін емес. Сіңірген еңбегің, жақсы істер біздің тірлігіміздің мақсаты, соны түсіну – жан тыныштығымыздың заңғары. Құдайдан басқа өз тындырғанына, кім насаттанып, алаңсыз демала алады. [...] Мансабыңды атқарғанда үздік үлгілерді көзден таса қылма, өйткені өнеге тұтас бір нақлият жинағына татиды. Біраздан кейін өзіңді үлгі етіп ал да, бастапқыда ісің қазіргіден жақсы жүрген жоқ па еді, соны мықтап
анықтап ал. Нақ сол қызметте өзін жаман жағынан көрсеткендердің үлгісінен де қашпа – оларды жамандап, сол арқылы өз бағаңды көтеру үшін емес әрине, не нәрседен қашық болуды біліп жүру үшін. Сонымен, жақсы нәрсені мақтанбай-ақ, ізашарларың мен бұрынғы тәртіптерді жамандамай-ақ енгіз; бірақ лайықты үлгілерден таймаумен шектелмей, өзің де үлгі қалдыруды қағида етіп ал. Барлық нұсқауларыңа түпнұсқаны негіз ет және олардың не нәрседе және қалай бұрмаланғанын ізерлеп отыруға ұмтыл; кеңесті брынғы заманнан да, жаңа заманнан да ізде, бұрынғыдан жақсыны, жаңа заманнан жарамдысын ал. Мүмкіндігінше дәйекті бол, сонда адамдар сенен не күтуге болатынын біледі; бірақ тым менмен, қырсық болма, егер өзіңнің әдеттегі ережеңнен ауытқитын болсаң, мұныңды түсіндір. Өзіңе тиесілі құқықтарды сақта, бірақ бұл орайда заңдарды көлденең тартпа; өз құқығың жайында аттан салып, жар шақырғаннан гөрі, соған үнсіз, de fakto бекінген жақсы. Сондай-ақ өзіңе бағыныштылардың құқықтарын да сақта және бәріне араласқаннан гөрі, ең бастысына басшылық жасауды үлкен құрмет сана. Көмекшілерің мен кеңесшілеріңді қатыстыр және өзіңді құлақтандырып отыратындарды беймазалығы үшін қума, қайта оларды жылы жүзбен қарсы алып отыр. Билік басындағыларға басты төрт кемістік тән: сөзбұйда, парақорлық, қарым-қатынастағы дөрекілік және көңілшектік. Сөзбұйдадан құтылғың келсе, қабылдауыңды оңайлат; белгіленген мерзімді бұлжытпай сақта; күнделікті істерді кейінге қалдырма және қысып бара жатпаса, бірнеше іске бірден кіріспе. Парақорлық болмас үшін, тек алушы қолдарды – өз қолың мен қызметкерлеріңнің қолын ғана емес, беруші қолдарды – өтініш айтушылардың да қолын қақ. Алғашқысы үшін сатылмау жеткілікті, ал екіншісі үшін – бұл туралы ашық мәлімдеп, парақорлықты масқаралау қажет. Теріс қылықтан ғана емес, сезік тудырудан да қаш. Кім ауытқымалы және көрінеу себепсіз оңғақ болса, сол парақор болуы мүмкін. Сондықтан пікірлердегі немесе қимыл салтындағы кез-келген өзгерісті, соған итермелеген себептермен бірге ашық айт, бірақ жасырып қалам деп
ойлама. Сенімге кірген қызметшің яки сырт қарағанда ештеңесімен сенімге лайық емес сүйікті адамың баршаның ойынша, әдетте жасырын жемқорлық жәрдемшілері саналады. Дөрекі қатынасқа келетін болсақ, наразылықтың қажетсіз ілігі. Қаталдық қорқыныш тудырады, ал дөрекілік өшпенділік тудырады. Билік тарапынан жазғырудың өзі қорлайтындай емес, байыпты болуға тиіс. Көңілшектікке келетін болсақ, бұл парақорлықтан да жаман; өйткені пара аракідік алынады, ал кім келе бергіштердің немесе орынсыз жарамсақтық ыңғайына жығылғыш болса, ол ешқашан тыныш қалдырылмайды. [...]
XXІX. Корольдіктер мен республикалардың
шын ұлылығы туралы
Афиналық Фемистоклдың өзі жөніндегі сөзі тәкаппарлық, болғанымен, неғұрлым жалпы мағынада алғанда, алайда, даналық пікір, дөп басу болып шықты. Мереке кезінде одан лютняда ойнауды өтінгенде, ол “ойнай алмаймын, есесіне кішкене қаладан ұлы қала жасай аламын” деп жауап беріпті. Бұл сөз (егер оларды ауыспалы мағынасында қолдансақ) мемлекет істерін басқаратындардың екі түрлі қабілетін білдіре алады. Кеңесшілер мен министрлердің байқауын өткізіп, біз кішкене мемлекеттен ұлы мемлекет жасай алатындарды (аз да болса), бірақ ойнай алмайтындарды кезіктіре аламыз; ал екінші жағынан – тәп-тәуір сыңғырлата алатын, бірақ кішкене мемлекетті ұлы мемлекет ете алмайтын қасқалар толып жатыр, өйткені оларға қарама-қарсы талант – ұлы да гүлденген елді құлдырау мен жұтауға жеткізу шеберлігі дарыған. Шынында да көптеген кеңесшілер мен министрлер өз қожайынының рахымын да, тобырдың көңілін де өзіне тартатын арамза айла мен құлық сыңғырлатудан жақсы атауға лайық емес, өйткені бірауық ләззат береді, ал олардың өздерін жағымды жағынан көрсетеді, бірақ бұл олар өздері қызмет ететін мемлекеттің игілігі мен гүлденуіне бағытталмаған. Сөз жоқ,
іс атқара алатын (negotііs pares), құздар мен неғұрлым айқын қиындықтарды айналып өте білетін, сөйте тұра елдің қуаты мен байлығын еселей алмайтын кеңесшілер мен министрлер де болады. Бірақ, қайраткерлер қандай болса да, істің өзіне, яғни корольдіктер мен республикалардың шын ұлылығына және ондайға қол жеткізу әдістеріне бет бұрайық, – бұл ұлы да құдіретті тақсырлар назарына лайық пән, неге десеңіз, олар өз күштерін асыра бағалап, оларды орындалмайтын шаруаларға текке жұмсамауы, ал екінші жағынан, оларды жете бағаламай, жасқаншақтар мен жасықтардың кеңестеріне бой алдырмауы керек. Елдің көлемі өлшене, байлығы мен табысы есептеле, адамдарының саны санақ бойынша анықтала, қалалар мен мекендердің саны мен мөлшері – карталар мен жоспарлар бойынша анықтала алады. Дегенмен, мемлекеттің күш-құдіреті жөнінде шын баға беру мен дұрыс пікір айтуда қателесіп кету бәрінен оңай. Көк патшалығын Қасиетті кітап қандай да бір ірі дәнге емес, ең ұсақ дәндердің бірі, бірақ тез таралатын қасиеті бар қыша дәніне ұқсастырған. Сол секілді мемлекеттер де байтақ, бірақ кеңеюге немесе билік жүргізуге дәрменсіз болады, яки керісінше, көлемі шағын, бірақ ұлы монархия негізін құрауға қабілетті бола алады. Бекітілген қалалар, қару-жарақтың арсеналдардағы мол қоры, асыл тұқымды аттар, әскери күймелер, пілдер, зеңбіректер және сол сияқтылар – осылардың бәрі, егер бұл орайда ержүрек әрі жаугер халық болмаса, арыстан терісін жамылған қой болып шығуы ықтимал. Халыққа ержүректік жетіспейтін жерде, армия санының өзінің де мәні шамалы, өйткені Вергилий айтпақшы, “қасқырға қой санының маңызы бәрібір”. Арбела даласында парсылар армиясының көп болғаны сонша, содан секем алған Александрдың әскербасылары оны жауға қарсы түнде шабуылға шығуға үгіттей бастады. Бірақ ол: “Жеңісті ұрлап алғым жоқ” деп жауап берді, жеңіске де оп-оңай жетті. Тигран Армяни төрт жүз мың әскерімен төбеде тұрып, он төрт мыңға әрең жетіп жығылатын римдіктерді көргенде, шаттанып: “Олар елшілік үшін өте көп, бірақ ұрыс үшін тым аз” деген
екен. Алайда күн ұясына батып үлгерместен-ақ, оның армиясын орасан шығынға ұшырата отырып, талқандап шығу үшін олардың жеткілікті екеніне көз жеткізген еді. Санның ержүректікке тіпті де сай келмейтінінің көптеген мысалдарын келтіруге болады; сондықтан мемлекеттің ұлылығы үшін ең алдымен жаугер халық керек, деп кесіп айтуға болады. Сондай-ақ, құлақ сарсытқан мақалға сәйкес, жауынгерлердің бұлшық еті іркілдек әрі халық нәуетек жерде ақшаны соғыс бұлшық етімен есептеуге болмайды. Алтынының көптігін айтып мақтанған Крезге Солон: “Тақсырым, сіздікінен тәуір темірмен біреу-міреу келе қалса, бар алтыныңызды сол иемденеді” деп жақсы жауап берген. Міне сондықтан тақсырлар мен мемлекеттер, егер тек олардың жасақтары ержүрек жауынгерлерден құралған болмаса, өз күштерін байыппен бағалайтын болсын. Және екінші жағынан, бодандары жаужүрек тақсырлар өздерінің күш-қуатын сезінетін болсын, әйтпесе олар өздеріне лайық істерді атқара алмайды. Жалдамалыларға (осындай жағдайда үміт артылатындар) келсек, тәжірибе соларға иек артқан тақсырлар мен мемлекеттер, “біраз уақытқа жүні тіріліп, бірақ тез арада түлей бастайтынын” ылғи көрсетіп келеді. Иуда мен Иссахарға арналған тартулар ешқашан тұтас болып бірікпейді; “ешқашан бірде-бір халық бір мезгілде жас арыстан, жүктің ауырлығынан титықтаған есек бола алмайды”; алым-салықтан титықтаған халық ешқашан жаугер де ержүректі бола алмайды. Рас, халықтың келісімімен алынатын салық оның ержүректігін жасыта қоймайды; Нидерландтағы баждар мен Англиядағы белгілі деңгейге дейінгі субсидиялар осының мысалы бола алады. Ұмытпаңыз, әңгіме әмиян жөнінде емес, жүрек туралы болып отыр. Халықтың келісімімен немесе келісімінсіз алынатын алым-салық әмияндар үшін бірдей болуы мүмкін, бірақ оның халық рухына әсері бірдей емес. Осыдан келіп алым-салықпен жаншылған бірде-бір халық басқаларға билік жүргізуге қабілетті емес деген қорытынды жасайық. Құдіреттілікке ұмтылатын мемлекет шонжарлар мен дворяндардың
тым көбейіп кетуіне жол бермесін, өйткені бұл орайда қарапайым халық топас та жасық болып, тек қожайындарына жұмыс істейді. Осыған ұқсас жайлар ағаш көшеттерін отырғызғанда болады: егер көшеттері тым жиі отырғызылса, біз ешқашан таза жас орман өсіре алмаймыз, бар болғаны бұталар аламыз. Елде де осы сияқты: егер дворяндар тым көп болса, қарапайым халық азғындайды; сөйтіп, жүз адамнан әскери қызметке, әсіресе жаяу әскерге жарамды біреу де табылмайтын жағдайға ұшырау опоңай, – ал жаяу әскер армияның басты жұлын-жүйкесі ғой; міне, адам көп, күш аз деген (қазақтың "санда бар, санатта жоқ" дейтін мәтеліндей – баспа) осыдан шығады. Бұл Англия мен Францияны салыстыру кезіндегідей еш жерде соншалық айқын байқалған жоқ: жерінің көлемі мен халқының саны жағынан едәуір төмен Англия, алайда, өзінің артықшылығын көрсетті, бар гәп ағылшын орташа табының дені дұрыс жауынгерлер беруінде, ал француз шаруаларының бере алмауында. Король VІІ Генрихтің боданға жеткілікті тұрмыс-тіршілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететіндей және соқаның соңынан жалдамалы батырақ емес, оның иесінің өзі жүретіндей есеппен фермалар мен жер телімдерінің мөлшерін белгілеген статуты (бұл туралы мен оның өмір тарихында егжейтегжейлі айтамын) кемеңгер әрі қайран қалуға лайықты шешім болды. Вергилий Италияға мегзеп: "Terra potens armіs atque ubere glebae" деп жазғанындай гүлденуге осылай қол жеткізіледі. Менің білуімше, тек Англияда және, әсілі, Польшада ғана бар сословиені де елемеуге болмайды; мен дворяндар мен шонжарлар жанындағы ерікті малайлар сословиесін мегзеп отырмын – олар ұрыс даласында йомендерден әсте кем түспейді. Сондықтан шонжарлар мен дворяндардың көл-көсір меймандостық, салтанатты, толып жатқан нөкерлер ұстау ғұрпы, сөз жоқ, әскери қуатқа бірталай жәрдемдеседі. Керісінше, дворяндардың оңаша да томаға-тұйық өмір салты әскердің жетіспеушілігін туғызады. Монархияның Навуходоносор бәйтерегінің діңі оның бұтақтары мен
жапырақтарын ұстап тұруға жеткілікті қуатты болуы үшін ешқандай күшжігерді аяп қалудың қажеті жоқ, басқаша айтқанда, тәждің немесе республиканың түпкілікті бодандарының саны олар басқаратын жатжұрттықтар санымен тиісінше арақатынаста болуы керек. Сондықтан да жатжұрттықтарды бодандыққа оңай қабылдайтын барлық мемлекеттер қуатты державаларға айналуға қабілетті. Өйткені ат төбеліндей адамдар, олар қаншама ержүрек әрі шебер болса да, ұлан-байтақ иеліктерін ұстап тұра алады деп ойлауға болмайды; бұл белгілі бір уақытқа дейін созылуы мүмкін, бірақ кенеттен қираумен аяқталады. Спарталықтар жатжұрттықтар жөнінде тым шікәмшіл болатын, содан да, өз шекараларынан шықпағанша күшті болды, ал сыртқа да таралып, бұтақтар діңге тым ауыр салмақ түсіре бастағанда, алғашқы қатты желден сынып кетті. Рим сияқты бірде-бір мемлекет жатжұрттықтарды өз аясына соншалық оңай қабылдаған емес. Сондықтан да ол ұлы монархияға айналды. Римдіктердің дәстүрінде азаматтық құқықтарды (олар jus cіvіtatіs деп атаған), және де толық көлемінде тек jus commercіі, jus connubіі, jus haeredіtatіs қана емес, jus suffagіі мен jus honorum құқықтарын да қамтитын құқықтар тек жеке адамдарға ғана емес, тұтас отбасыларына, қалаларға, ал кейде халықтарға да сыйлау ғұрпы болған. Бұған олардың отарлар құру ғұрпын қосайық, соның арқасында римдіктер жат жерде де тамырын жайды. Осынау екі ғұрыпты салғастыра келіп, біз римдіктер әлемге құлаш жайған жоқ, керісінше әлем римдіктерге құлашын кең жайды дей аламыз; ал мұның өзі ұлылыққа қол жеткізудің сара жолы болатын. Түпкілікті испандықтардың соншалық шағын санымен Испанияның соншалықты ұлан-ғайыр иеліктерді ұстап тұрғанына қарап, мен сан рет таң қалдым; бірақ, әрине, испандық дің Рим немесе Спартаға қарағанда әлдеқайда қуатты. Және мұның үстіне, оларда азаматтық құқықтарды кеңінен тарату болмағанымен, оның есесіне соған барынша жақын бірдеңе, атап айтқанда, барлық халықтарды еш бөлмей-ақ өз армиясына қатардағы жауынгер ретінде, ал кейде жоғары лауазымдарға қабылдау дәстүрі бар. Алайда,
қазір олар, тегі, таяуда жарияланған Прагматикалық Санкцияда көрінетініндей түп халықтың жеткіліксіздігін сезінді. Сөз жоқ, отырып өтетін өмір мен нәзік қолөнер (бәрінен бұрын білек күшін емес, саусақтардың ептілігін қажет ететін) өз табиғаты жағынан жауынгерлік рухқа қарама-қарсы. Ал жалпы барлық жаугер халықтар бос жүруге бейім және еңбектен гөрі қауіп-қатерді тәуір көреді. Және де олар, егер олардың күшін сақтау қажет болса, еңбекке шектен тыс мәжбүрленуге тиіс емес. Сондықтан ежелгі мемлекеттердің – Спарта, Афина, Рим және басқаларының – артықшылығы әдетте осындай кәсіптермен айналысқан құлдар еңбегі болды. Алайда, бұған христиан заңымен барлық жерде дерлік тиым салынған. Мұндай жағдайда бұл кәсіптерді жатжұрттықтарға беру ғана қалады (бұл үшін олар елге мүлдем оңай қабылдануға тиіс), ал қарапайым атағы бар жергілікті тұрғындарға сарбаздықтан басқа, үш шаруаны: егіншілікті, жалданып қызмет етуді және күш-қуат пен ержүректікке баулитын тас қалаушы, ұсталық және балташылық іс секілді және басқа кәсіптерді қалдыру керек. Бірақ қуатты держава құру үшін бәрінен маңызды нәрсе – әскери іс халық үшін ең басты намыс, негізгі шаруа болуы керек. Өйткені жоғарыда көрсетілгеннің бәрі тек әскери қуатқа қол жеткізуге дайындық қана; ал егер ниеттің өзі мен оны орындау болмаса, дайындық дегеніңіздің құны қанша? Тарих болар, аңыз болар, Ромул өлерінің алдында римдіктерге әскери өнерді бәрінен жоғары бағалауды өсиет етіпті-міс, сонда олар әлемнің ең ұлы державасы болады депті-міс. Спартада мемлекеттік құрылыс толығымен (тым қатал болса да) нақ осы мақсатқа бағындырылды. Бұл мақсат парсылар мен македониялықтарда тым аз үстемдік құрды. Біршама уақыт – галдарда, германдықтарда, готтарда, саксондарда, нормандарда және басқаларда болды. Түріктерде бұл, құлдырай бастағанымен, күні бүгінге дейін бар. Христиандық Еуропада ол, шын мәнінде, тек испандықтарда ғана қалып отыр. Адам не нәрсеге көбірек ынталы болса, сол нәрседе көбірек табысқа жетеді – бұл қағиданың
даусыздығы соншалық, бұдан әрі оған тоқталудың қажеті жоқ; оны көрсете кету жеткілікті. Бірде-бір халық, егер ол әскери өнермен айналыспаса, ұлылық аспаннан жауады деп күтпеуге тиіс. Ал екінші жағынан, ол өнерге зақ жаттыққан ұлттардың (мысалы, Рим немесе Түркия) ғаламаттар жасайтыны айдан анық. Тіпті бұл өнер уақытша гүлденген жерде, әскери өнер құлдырай бастаған кездің өзінде, әдетте ұзақ уақыт сақталған ұлылыққа қол жетіп отырды. Орай келгенде айта кетелік, мемлекет соғысқа әділетті (немесе осылай аталуы мүмкін) ілік беретін заңдар мен ғұрыптар болуға тиіс. Өйткені адамдар, егер оған қаншалықты бір орынды сылтау болмаса, туа бітті әділеттілік сезімі бойынша (көптеген апаттар осыдан болады) соғысқа кіріспейді. Түріктерде соғысқа мұндай ыңғайлы сылтау өздерінің дінін тарату; бұл сылтау оларда әрдайым дайын. Римдіктер, империя шекараларын кеңейтуді өз қолбасшыларының еңбегі деп білсе де (олар мұны жасаған кезде), алайда соғысты бастау үшін тек осы бір ғана сылтауды ешқашан місе тұтқан емес. Ұлылыққа ұмтылатын ұлттар, біріншіден, жәбірге төзе алмайтын болсын, жәбір кімге жасалса да – шекара бойындағы тұрғындарға, көпестерге немесе елшілерге жасалса да, кек қайтармай қалдырмайтын болсын. Екіншіден, одақтастарға дереу көмектесуге үнемі әзір болсын; бұл шартты Рим әрқашан сақтап отырды; сондықтан да, оның одақтасы, басқа мемлекеттермен де шарттары болып, жау баса-көктеп кірген кезде олардың әрқайсысына хабар берсе де, римдіктер қашанда басқалардан шалт қимылдап, бұл абыройды ешкімге берген жоқ. Бір кездерде қандай да бір партияның мүддесі жолында немесе өз құрылысын жаппай күштеп таңу ниетімен жүргізілген соғыстарға келетін болсақ, оларды ақтау қиын. Грекияның бостандығы үшін римдіктердің соғысы; лакедемондықтар мен афиналықтардың демократия мен олигархияны орнату немесе құлату үшін соғыстары; немесе жатжұрттықтар әділетті қорғау немесе сол үшін бөтеннің бодандарын тиранның езгісінен азат ету сылтауымен басқа да сондай сылтаумен
жүргізген соғыстар сондай болды. Егер әрбір әділетті ілікпен қарулануға әзір болмаса, бірде-бір мемлекеттің ұлы бола алмайтынын айтсақ та жеткілікті. Жаттығусыз денсаулық жоқ; мұны адам организмі де, саясат организмі де талап етеді. Ал мемлекет үшін әділетті де құрметті соғыс жақсы жаттығу қызметін атқарады. Ал азаматтық соғыс – шын мәнінде безгек секілді; бірақ жатжұрттықтармен соғыс, қаныңды қыздырғанымен, тек денсаулыққа жәрдемдесетін жаттығу секілді. Өйткені бейбіт жалқаулық кезеңдері өзімен бірге ержүректіктің мұқалуы мен мінезқұлықтың бұзылуын ала келеді. Ырыс-береке үшін қалай болғанда да, державаның ұлылығы үшін соғысқа дайын тұру даусыз артықшылық. Нақ тұрақты армияның қуаты (бұл аз шығын болмаса да) барлық көршілерді тыңдауға немесе бері салғанда құлақ асуға мәжбүр етеді, мұны біз Испанияның мысалынан көре аламыз, онда тұрақты армия міне көптеген ондаған жылдар бойы бар. Теңіздердегі үстемдіктің корольдіктер үшін бірінші дәрежелі маңызы бар. Цицерон Аттикаға Помпейдің Цезарьге қарсы жоспарлары туралы жазғанда: “Consіlіum Pompeіі plane Themіstocleum est, putat enіm, quі marі potіtur, eum rerum potіrі”. Және Помпей, егер өз жоспарынан менмендікпен бас тартпаса, сөз жоқ, Цезарьді, титықтатып барып алған болар еді. Теңіз шайқастарының маңызды салдары болатынын біз білеміз; Акция тұсындағы шайқас әлемді кім билейтінін шешіп берді; Лепант ұрысы Түркия ұлылығын шайқалтты. Соғыс нәтижесін теңіз шайқастарының шешіп бергеніне көптеген мысалдар бар; бірақ бұл тақсыр немесе мемлекет оларға сенім артқанда ғана болады. Қалай болғанда да бір нәрсе айқын: құрғақта артықшылықтары барлар, соған қарамастан көбіне-көп апатқа ұшырағанда, теңізде үстемдік етуші мемлекет барынша еркін қимылдай алады және соғысты өз қалауына қарай пайдаланады. Қазіргі Еуропада теңіздегі күш беретін артықшылықтар (біздің британ корольдігіне қалған аса бағалы мұра) шынында да зор, бұлай болатыны
Еуропа мемлекеттерінің көпшілігі үшін ішкі шекаралардан гөрі, теңіз шекарасы басты шекара екендігінен, сол сияқты теңіздегі үстемдік екі Үндістан қазынасына дажол ашатындықтан. Ежелгі заман жауынгерлеріне тиген атақпен, абыроймен салыстырғанда, жаңа заман соғыстары бейне бір ымырт қараңғылығында жүргізілетіндей. Жауынгерлік айбынды ынталандыру үшін бізде, рас, әртүрлі дәрежелі ордендер бар, алайда, олармен жауынгерлер де, ұрысты көрмегендер де талғаусыз наградталады. Кейде жеңіс жөніндегі естелік елтаңбада мәңгілік қалдырылады. Сондай-ақ жарақаттан жарымжан болып қалғандар үшін госпитальдер және тағы бірдеңелер бар. Алайда ежелгі дүниеде адамдарды бәрі де: жеңіске қол жеткен жерде орнатылатын ескерткіштер де; қабір басындағы сөздер мен соғыста қаза тапқандарға орнатылатын ескерткіштер де; жеңімпаздарға лавр гүлдестесін кигізу де; кейіннен дүниенің ұлы монархтары өздеріне теліп алған “император” титулы да; жеңіспен оралған қолбасыларды салтанатпен қарсы алу да; үйлеріне қайтарылатын жауынгерлерге жомарт тартулар да; осының бәрінен артық – триумф ғұрпы да жігерлендіріп отырды, триумф римдіктерде жай даңғаза болмайтын, ол аса кемеңгер де ізгі ережелердің бірі еді, өйткені үш нәрсені: қолбасыға құрметті, әскери олжадан қазынаға пайданы және әскерлерге наградаларды қамтыды. Рас, бұл ғұрып, әсілі, монархия үшін жарамсыз, өйткені құрмет монархтың өзіне немесе оның балаларына ғана көрсетіледі. Рим императорларының тұсында дәл солай болды да шықты, соғысты олар өздері жүргізгенде, бодандарға тек айырым белгілері мен иығына салтанатты киім жабу ғана қалды да, триумф құқығын олар өздеріне және балаларына ғана берді. Қорыта келе айтарымыз: егер әңгіме адамның бойы туралы болғанда, ешкім де “өз бойына бір сүйем де қоса алмайды”; корольдіктер немесе республикалар жөнінде – әңгіме басқа: онда тақсыр немесе үкімет өз державасын ұлғайта да, асқақтата да алады, өйткені біз жоғарыда айтқан, заңдардың, ғұрыптар мен нұсқаулардың көмегімен мирасқорлар мен
кейінгі ұрпақтар үшін ұлылық негізі қалана алады. Алайда әдетте бұл жасалмайды, жағдайдың еркіне беріледі.
L І. ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ
Көп адамдар елді басқару кезінде тақсыр және іс жүргізуде әрбір байбатша ең алдымен партиялар мүддесін назарда ұстауы керек деген жаңсақ пікірге бой алдырған; асқар кемеңгерлік, керісінше, алуан түрлі партиялардың өкілдері келісетін нәрсені жүзеге асырып, ортақ мүдделермен, не жекелеген адамдардың мүдделерімен санасуды бұйырады. Мұнымен мен, алайда, партиялар пікірін мүлдем елемеу керек деп отырған жоқпын. Жай дәрежедегі адамдарға көтерілу үшін біреудің етегінен ұстау қажет; бірақ өз күшін сезетін текті адамдарға тәуелсіздігін сақтап қалған абзал. Және тіпті көтеріле бастаған адамның өзіне неғұрлым сенімді табысқа жету үшін, өз партиясының барлық мүшелері арасынан басқаларға анағұрлым қолайлы болу үшін әдетте соншалықты қанағатшыл адалдық көрсеткен жақсы. Партия неғұрлым әлсіздеу және мүшелерінің саны жағынан азырақ болса, бірлік соғұрлым бекемірек болады; және саны шамалы қайсарлардың саны көп, бірақ неғұрлым қанағатшылдардан үстем шығатын кездері жиі кезігеді. Екі партияның бірі өз тіршілігін тоқтатса, екіншісі бөлініп кетеді. Мәселен, Лукулл мен сенат жайсаңдарын біріктірген (“Optіmates” деп аталған) партия Помпей мен Цезарьдің партиясына біршама уақыт қарсы тұра білді; бірақ сенаттың билігі күйреген кезде, Цезарь мен Помпей де бөлініп кетті. Антоний мен Октавианның партиясы да нақ осылай біршама уақыт Брут пен Кассийге қарсы тұрды, алайда Брут пен Кассий құлағаннан кейін іле-шала Антоний Октавианнан ажырап кетті. Бұл мысалдар ашық жауласу жағдайында тұрған партияларға қатысты, бірақ нақ осыны неғұрлым жеке жағдайлар
жөнінде де айтуға болады. Және бөліну тұсында көбіне-көп екінші рөлдерде болғандар партияның басына келеді, бірақ, дәл солай, бейшара болып шығып, шеттетілетін жағдай да диі кездеседі, өйткені көбісі тек оппозицияда ғана күшті, оппозиция болмаса – пайдасыз. Біз мынаны жиі көреміз: бір адам табысқа жеткеннен кейін, тегі, алғашқысынан өз аларымды алып болдым деп ойлап, жаңа пайдасын көздеп, өзінің көтерілгені үшін қарыздар партиясына дұшпан партияға өтеді. Мұндай қашқынға бұл оңай, өйткені күштер ұзақ уақыт тең болғанда, тіпті бір артық жақтас табудың өзі тараптардың біріне артықшылық береді, ал бүкіл еңбек соған телінеді. Егер біреу екі партияның арасында орташа жолды ұстанса, бұл қашанда қанағатшылдықтан емес, көбіне бас пайдасын ойлаудан болады және екеуінен де пайда табу мақсатын көздейді. Италияда, мысалы, аузында үнемі “Padre commune” жүретін папалар сезікті болып саналады, өйткені бұл барлық құралдармен өз тегін ұлықтауға ұмтылыстың нышаны қызметін атқарады. Корольдердің қандай да бір партия жағына шықпағаны мақұл, өйткені әрқилы одақтар монархия үшін сөзсіз қауіпті; олар боданның парызынан үстем түсетін міндеттемелер жүктеуі мүмкін және мұндайда король, Франциядағы Лига тұсында болғанындай, “tanquam unus ex nodіs'ке” айналады. Партиялардың және олардың арасындағы алауыздықтың шектен тыс күшеюі тақсырлардың әлсіздігін көрсетеді және олардың даңқынағ істерінің табысты болуына едәуір зиян тигізеді. Монархия өкіметіндегі партиялардың қарекеттері (егер астрономдардың тілімен айтар болсақ) ең төменгі орбиталардың қозғалысына ±қсас, оларда өз қозғалысы да бола алады, бірақ сонымен бірге жоғары қозғалысқа – “prіmum mobіle'ге” тартылады.
LVІ . Әділ сот туралы
Судьялар олардың ісі “jus dare” – заңдарды жасау және шығару емес, “jus dіcere” – оларды түсіндіру екенін есте сақтауға тиіс. Әйтпесе Рим шіркеуі өзіне еншілеп алған билікке ұқсас бірдеңе болып шығады, ол Қасиетті кітапты түсіндіру сылтауымен толықтырулар мен өзгертулер жасаудан қаймықпайды, онда жоқты тауып алады да, ескіні қорғау сылтауымен жаңаны енгізеді. Судьяларға тапқырлықтан гөрі көбірек оқымыстылық, дәлелдемелердегі шеберліктен гөрі көбірек қадірлеу, менмендіктен гөрі көбірек байыптылық лайық. Бірақ олардың ең басты жақсылығы – пара алмау. “Өз жақынының омақасын бұзғанды қарғыс атсын”,– дейді Қасиетті кітап. Кім омақа белгісін жылжытып қойса, сол сотталуға лайық. Бірақ, жерді және иеліктерді дұрыс белгілемейтін бейәділ судьядан артық омақа белгілерін жылжытып қоятын ешкім жоқ. Бір теріс үкім көптеген жаман үлгілерден қауіптірек, өйткені соңғылары ағысты, ал алғашқылары – бұлақтың өзін ыластайды. Сүлеймен нақ солай дейді: “Fons turbatus, et vena corrupta, est justus cadens іn causa sua coram adversarіo”. Өз қызметін атқарғанда судьялар дауласушы тараптармен, оларды қорғайтын адвокаттармен, өздеріне бағынышты сот хатшыларымен және шенеуніктермен және өздері бағынатын тақсырмен немесе үкіметпен істес болады.
Әуелі судьялардың дауласушы тараптарға қатысы туралы айталық. “Сотты уға айналдыратындар бар”,– дейді Қасиетті кітап, сондай-ақ әділ сотты сірке суға айналдырып жіберетіндер де бар, өйткені ол әділетсіздік салдарынан ащы және сөзбұйда салдарынан қышқыл болып шығады. Судьяның басты міндеті зорлық-зомбылық пен алаяқтықты ауыздықтау, өйткені зорлық-зомбылық ашық жасалғанда, ал алаяқтық жасырын жасалғанда қауіптірек. Бұған даулы істерді қосыңыз, ондайларға соттардың бас ауыртпай-ақ қойғаны жөн болар еді. Судья, “кез келген сайды толтыра және кез келген төбені төмендете отырып” құдайдың өз жолын салатыны сияқты әділ үкім әзірлеуге тиіс. Егер қандай да бір
тараптан озбырлық, зорлық-зомбылық, қулық, ымыра, күшті қолдау, шебер қорғаушы болса, міне, нақ сол кезде әділетті судья теңсізді теңестіруге және сот төрелігі таразысының табақтарын қалай да теңестіретін етуге тиіс. “Quі fortіter emungіt, elіcіt sanguіnem”, яғни жүзім сығымдағыш тым қатты қысса, шарап ашқылтым болып, дәнек дәмі білініп тұрады. Судьялар жаман жағына қарай бұрудан, негізсіз байлам жасаудан сақ болсын, өйткені заңмен қинаудан жаман қинау жоқ. Әсіресе қылмыстық заңдар бөлігінде олар қорқытудың қатыгездікке ұласып кетуіне жол бермеуге; және Қасиетті кітапта: “Pluet super eos laqueos” делінген сұмдыққа халықты ұрындырмауға ұмтылуға тиіс; өйткені қатаң қылмыстық заңдар халық үшін тор мен тұзақтан басқа түк те емес. Ал сондықтан ұзақ ұйқыда жатқан немесе жаңа уақытқа жарамсыз болып қалған қылмыстық заңдарды дана судьялар шектеп пайдаланады: “Judіcіs offіcіum est, ut res, іta tempora rerum ets.”. Іс өмір мен өлім туралы болып отырған жерде, судьялар сот төрелігін атқарғанда, мейірбандықты естен шығармауға, жаман үлгіге аяусыз қарауға, бірақ кінәлінің өзіне – мейірбан болуға тиіс. Бұдан әрі судьялардың істі қорғайтын адвокаттарға қатысы туралы айталық. Шыдамды, сабырлы тыңдай білу судьялық міндеттердің маңызды бөлігін құрайды; мылжың судья “кимвал сыңғырлатушы” емес. Судьяға дер уақытында адвокаттардан ести алатын нәрсені бірінші болып айту, куәның немесе қорғаушының сөзін бөліп, өзінің ұғымталдығын көрсетіп қалуға тырысу және орынды болғанның өзінде куәлікті сұрақтармен бөле беру жараспайды. Істі тыңдау кезіндегі судьяның міндеті мынадай төрт жайға: жауаптарды бағыттауға; көпсөзділікті, қайталауларды және орынсыз сөздерді азайтуға; айтылғанның неғұрлым елеулілерін іріктеп, біртұтас біріктіруге және шешім не үкім қабылдауға саяды. Осылардан басқаның бәрі артық және атаққұмарлықтан, сөзқұмарлықтан, не сабырсыздықтан, не ұмытшақтықтан, не назарын шоғырландыра білмеуден туындайды. Ұятсыз адвокаттың судьяға қалай ықпал ете алатынын көру таң қалдырады; ал судья, құдай секілді, соның уәлиі
болғандықтан, “тәкәппарларға қарсы тұруға, ал момындарға береке беруге” тиіс. Бірақ судьялардың сүйіктілерінің болуы тіптен оғаш. Өйткені бұл адвокаттарға ақы төлеуді арттыруға және парақорлықтан сезіктенуге апарып соғады. Іс дұрыс және ар-ұятқа сай қорғалғанда, судья адвокатты, әсіресе ұтылған тараптың адвокатын белгілі бір амалмен көтермелеуге міндетті, өйткені бұл дауласушының адвокатқа сенімін орнықтырады және өзінің ісі онсыз да дұрыс деген сенімін шайқалтады. Екінші жағынан, қулық-сұмдық, өрескел ұқыпсыздық, хабардарсыздық, қысым жасау немесе арсыздық көрінеу көзге орын алғанда, судья адвокатты жария түрде жазғыруға тиіс. Және адвокат сотта судьямен тәжікелеспейтін әрі үкім шығарылғаннан кейін іске қайта араласуға ұмтылмайтын болсын; бірақ судья да өз тарапынан шешім шығаруға асықпайтын және қандай да бір тараптың қорғаушымыз немесе куәларымыз тыңдалған жоқ деп шағымдануына негіз бермейтін болсын. Бұдан әрі соттардағы хатшылар мен шенеуніктерге көшелік. Сот қасиетті орын, сондықтан судьяның орындығы ғана емес, сонымен бірге оның табалдырығы да, барлық кіре берістері де нәпсі мен жаман атақтан қорғалуға тиіс. “Шомырттан жүзім жинай алмайсың", – дейді Қасиетті кітап. Сол сияқты сот төрелігі де тікенектер мен тікенді бұталар секілді ашкөз әрі пайдакүнем хатшылар мен шенеуніктер арасында тәтті жемісін бере алмайды. Бұл әбілеттер төрт түрлі болып кезігеді. Олардың біріншілері – дау-шар тудырудың шеберлері, олардан судьялар семіреді, ал халық кедейленеді. Екіншілері – өз құзырының шекарасы жөнінде соттарды қақтығысқа ұшырататындар, іс жүзінде олар “amіcі curіae” емес, “parasіtі curіae”, өйткені өз пайдасы үшін соттарды өздерінің өкілеттіктерін арттыруға арандатқысы келеді. Үшіншілері – сот төрелігінің сол қолы деуге болатын адамдар: оларда сот төрелігінің әділ жүруіне кедергі жасап, оның бұрыс та бұралаң жолға түсуіне септесетін қулық-сұмдық пен айлашарғы әркез дайын. Төртіншілері – бопсалап пара алатындар, солар үшін сотты шеңгелге жиі теңейді, онда ауа райының қолайсыздығынан пана
іздеген қойлар сөзсіз жүнінің бір бөлігін қалдырып кетеді. Және керісінше, прецеденттерді (бұрын қаралған істерді) жақсы білетін, сот ісін жүргізуде сақ және барлық істе тәжірибелі қарт шенеунік тамаша басшы болып табылады және көбіне-көп судьяның өзіне де жол көрсете алады. Тақсыр мен мемлекетке келетін болсақ, онда бұл орайда судьялар ең алдымен римдік Онекі Кестенің “Salus populі suprema tex” деген қорытынды нұсқауын есте ұстауға, және заңдар осы мақсатқа қызмет етпесе, тек қыңыр да жалған сәуегейлік болып шығатынын білуге тиіс. Король мен билеушілер судьялармен жиі кеңесетін, ал судьялар билеушілермен және корольмен жиі кеңесетін мемлекет; алғашқылары – мемлекеттік істерге құқық мәселелері араласқанда, екіншілері – құқық мәселелері саяси пікірлермен қақтығысқанда жиі кеңесетін мемлекет игі. Өйткені, іс сырт қарағанда көбіне-көп “meum” және “tuum” ұғымдарына саяды, ал оның салдары мемлекет мүдделерін қозғауы мүмкін. Мемлекеттік іс деп мен тек жоғарғы билік құқықтарын ғана емес, маңызды өзгерістер туындататын, не қауіпті прецедент жасайтын, халықтың көп бөлігіне қатысты болатын нәрсенің бәрін айтамын. Және ешкім де әділетті заңдар мен парасатты саясат бір-біріне дұшпан деп ойламайтын болсын, олар жүйке мен бұлшық ет іспетті ғой: бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Судьялар Сүлеймен тахытын екі жақтан арыстандар көтеріп тұрғанын ұмытпасын. Сөйтіп олар арыстандар, бірақ тахыт табалдырығындағы арыстандар болсын, және жоғарғы билікке ешқандай кедергі жасамасын. Сонымен бірге судьялар, заңдарды даналықпен қолдану олардың ең басты міндеті болып қала беретінін түсінуі үшін өздерінің құқықтарын жеткілікті білетін болсын. Өйткені, тегі, оларға басқа бір ең жоғары заң туралы апостолдың: “Nos scіmus quіa lex bona est, modo quіs ea utatur leqіtіme” дегені таныс болуы керек. “Бэкон Ф. Сочинения. В 2 т. М., 1971–1972” басылымынан қазақшалаған Хафиз ҚОЖАХМЕТОВ. Томаззо КАМПАНЕЛЛА
Томмазо Кампанелла (1568–1639) – итальян философы, утопияшыл коммунист. Калабрияда, Италияның оңтүстігінде дүниеге келді, жастық шағында доминикашілдер орденінің монастырына түсіп, онда антик және орта ғасырлық ойшылдардың (әсіресе Аристотель мен Фома Аквинидің), Қайта өрлеу дәуірі натурфилософтарының (әсіресе Толезионың), сондай-ақ астрологтардың шығармаларын оқып-үйренді. Алғашқы шығармасы – “Түсіну арқылы дәлелденген философия” (латын тілінде, 1591). Кейін Неаполь корольдігінде испандық езгіні құлатып, теократиялық республика орнатуды мақсат еткен қастандық әрекет жетекшілерінің бірі болды. Қастандық ашылғаннан кейін 1602 жылы Кампанелла өмір бойы қамауда отыруға кесілді. Оңтүстік Италияның абақтыларында ол 27 жыл отырып, қатты азапталды, соƒан қарамастан бірқатар философиялық шығармалар жазды. Олардың ең маңыздысы – әйгілі “Күн қаласы”. ХVІІ ғасыр басында итальян тілінде жазылған бұл шығарманы, 1613 жылы автордың өзі латын тіліне аударды, бірақ тек 1623 жылы Италиядан тыс жерде (Франкфуртта) жарияланды. Кампанелланың басқа философиялық шығармаларынан (олардың барлығы латын тілінде жазылған) неғұрлым маңыздылары – “Заттарды түйсіну туралы және магия жайында” (1620) және “Галлилейді қорғау” (1622). 1629 жылы қамаудан босатылған соң Францияға қашып, сонда дүние салды. Сол кезеңде “Жеңілген атеизм” (1631), “Әмбебап философияның, немесе метафизикалық заттар туралы ілімнің үш бөлімі” (1638) және басқа бірқатар шығармалары жарияланды.
КҮН МЕМЛЕКЕТІ
Гроссмейстер. Безат батыр, өзіңнен өтінерім, маған олардың бүкіл басқару жүйесін баяндап берші, соны естуге асықпын. Генуялық. Олардың ішіндегі ұлығы – дінбасы, солардың тілінде Күн деп аталады; біздің тілде – оны Метафизик деп атар едік. Ол дүниауи істерде де, рухани істерде де басты тұлға; қандай да даулар мен істер сайып келгенде соның шешуіне беріледі. Құқықтары бірдей басқа үш князь соның көмекшілері: олар – Пон, Син және Мор, біздің тілімізде – Құдірет, Кемеңгерлік және Махаббат деген сөздер. Құдірет соғыс пен бейбітшілік
мәселелерімен айналысады, демек, бүкіл әскери өнерді басқарады; ол әрі қолбасшы, бірақ билігі Күнге жүрмейді... Кемеңгерлікке еркін өнерлер, құрылыс ісі, ғылымдар, оларға сәйкес мекемелер мен оқу орындары бағындырылған... Махаббатқа ұрпақ жалғастыру қамы жүктелген, яғни ол еркектер мен әйелдердің олардан мүмкіндігінше жақсы ұрпақ туатындай некелесуіне қамқорлық жасауға тиіс. Күн мемлекетінің азаматтары біздің иттер мен аттардың тұқымын жетілдіруге көп күш салатынымызды, ал өзіміздің адамзат ұрпағын ұмытып кететінімізді мазақ етеді. Жаңа туған балаларды тәрбиелеу де соған жүктелген. Медицина, дәріхана ісі, одан соң егін егу, ору және жинау, жалпы бүкіл ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы да соның қарауында. Ол тамақ пен асхана ісінің, жалпы тамақтануға, киімге және жыныстық өмірге қатысты барлық нәрсенің қамын ойлайды және оған осы мекемелердің жекелеген салаларын басқару сеніп тапсырылған мансап иелері бағынады. Бұл халықтың шыққан жері Үндістан, ол елді ойран еткен Могтардың, қарақшылар мен тирандардың адам төзгісіз басқаруынан қашқан. Содан кейін олар философиялық, қоғамдық тұрмыс салтын енгізуді ұйғарды. Оларда әйелдердің ортақтығы да бар, бірақ Үндістанның басқа тұрғындарында бұл ғұрып жоқ... Оларда бәрі де ортақ. Алайда бөліп беру үкімет құзырында. Есесіне ғылымдар, құрметті мансаптар мен қоғамдық ойын-сауық ешкім ешкімнен ештеңені тартып ала алмайтындай ортақ игілік болып табылады. Олар: меншік идеясының сіздерде пайда болып, сақталып отырғандығы сіздерде меншікті, төл баспаналарыңыз, меншікті әйелдеріңіз бен балаларыңыз болғандықтан дейді. Осыдан келіп эгоизм шығады да, ол баламыздың бай болуына, құрметке бөленуіне көмектесу және оны көптеген қазынаның мұрагеріне айналдыру үшін біздің қоғамдық игілік тонаушысына айналуымызға жетелейді; кім ата-тегінен атақты да бай болса, оныœ қорқатын жөні жоқ, ал кім әлсіз, кедей немесе төмен таптан шыққан болса, сол ашқарақ, залым болады, жағымпазға айналады. Демек, осындай эгоизм мақсат болмайтындықтан, жалғыз ғана қоғамға
сүйіспеншілік қалады... Бірдей жастағы адамдардың барлығы бірін-бірі бауыр деп атайды; жиырма екі жастан асқандарды олардан жасырақ адамдар әке деп атайды, ал бұлардың өздері балалар деп аталады және үкімет ешкім де бауыр-жолдасты ренжітпеуін қадағалайды. Барлық азаматтар бірі қалмастан барлық өнерге үйретіледі. Өмірдің бірінші жылы аяқталған соң, қалай болғанда да үшінші жылдан ертерек олар қабырғадағы әліпбиді үйрене бастайды, қабырға бойын ілгері-кейін жағалап жүріп, сөйлеуді үйренеді... Біраз уақыттан кейін жастар гимнастикаға, жаяу жарысуға, диск лақтыруға және басқа да ойындарға жаттықтырыла бастайды, соның арқасында олардың барлық дене мүшелері бір қалыпты шынығады. Жетіге дейін бас киім, аяқ киім кигізілмейді. Әркімнің табиғи дарыны қажет бағытында көрінуі үшін олар әртүрлі шеберханаларға, тігіншілерге, аспаздарға, ұсталарға, ағаш ұсталарына, суретшілерге және т.б. апарылады. Жетінші жылдан кейін, балалар математикадан алғашқы мағлұматтар алып үлгерген кезде, олар қабырғадағы суреттердің көмегімен бүкіл жаратылыстануға үйретіледі... Төрт сағатта барлығы аз-аздан өтіледі: біреулер дене жаттығулармен шұғылданып жатқанда, басқалары қоғамның пайдасына жұмыс жасайды, ал үшіншілері ой еңбегімен шұғылданады... Қабілеті аздау балалар ауылға жөнелтіледі және кейін олар жеткілікті дарындылық байқатса, қалаға оралтылады. Біз ұрпақ сүйіп, тәрбилеу үшін өз зайыбымыз, ерекше пәтеріміз және өз балаларымыз болуы қажет деп санаймыз; ал соларийлер бұның бәрін жоққа шығарады, себебі олардың пікірінше, бала туу, әулие Фома (Акваи) айтқандай, жеке тұлғаның емес, адамзаттың жалғасуына қызмет етеді. Сондықтан ұрпақ жайындағы қамқорлық жеке кісінің, жеке адамның емес, мемлекеттің шаруасы болуға тиіс, себебі ұрпақ, әрине, сонымен бірге әлі қоғамның, мемлекеттің мүшесі емес. Міне осылай, егер жеке адамдарда бала табу мен тәрбиелеу жағдайы нашар болып, ұрпақ мемлекеттің тажалына өсіп шықса, онда мемлекеттің шаруасы мен аса қасиетті міндеті
осы мүдделерді қамтамасыз ету ісінің үкіметке тапсырылуына саюға тиіс. Ондайда бұл шаруаны жеке кісі емес, бүкіл қоғам қолға алуы тиіс. Сондықтан әке-шеше бір-бірімен философиялық принциптер негізінде қосылады... Алаңдағы, жарыс аренасы – палестрадағы гимнастикалық жаттығулар мен ойындарға еркектер мен әйелдер, лакедемондықтардың үлгісі бойынша, мүлдем лыпасыз келеді және оларды бақылап тұрған шенеуніктер бала тууға кім қабілетті, кім қабілетсіз екендігін және қандай еркектер мен әйелдер өзінің дене бітімі бойынша бір-біріне барынша дөп келетінін біле алады... Сұңғақ та сұлу әйелдер тек сымбатты, дене бітімі мінсіз еркектермен қосылады; темпераменттердің араласуынан жақсы ұрпақ шығуы үшін толық әйелдер арық еркектермен; керісінше, арық әйелдер толық еркектермен жұптастырылады. ... Айдың жаңасы мен толған кезінде, әртүрлі құрбандық шалудан кейін үлкен кеңес жиналады. Оған жасы жиырмадан асқан барлық адамдар кіре алады және қоғамдық істерде өз дауысын бере алады; олар басшылықтың іс жүргізуіне шағым жасауға немесе оны мақтап сөйлеуге құқықты. Үкімет, негізінен Күн, Кемеңгерлік, Құдірет және Махаббат олардың әрқайсысы өзң басқаратын өнерлер мен кәсіптерге жоғары басшылық жасайтын үш басқару саласының басшылары әр сегіз күнде жиналады. Бұның барлығы тұтас алғанда он үш мансап... Армия бастықтары, декуриондар, центуриондар, сол сияқты бастық-әйелдер де осы кеңеске шақырылады. Мұнда мемлекеттік істер талқыланып, үлкен кеңесте тек белгіленіп қоятын жоғары басшылар біржолата сайланады... Басқа басшы адамдарды жоғары тұрған төртеу – Күн, Пон, Син және Мор, – және олар басқаруға тиіс өнер саласының мұғалімдері сайлайды, өйткені тағайындалатын адам ұстазды қажет ететін кәсіпті немесе басқа бір істі үйретуге қаншалық қабілетті екендігін сол мұғалімдер жақсы біледі. Басшы адамдар халықтың еркімен орнынан түсіріле алады, тек жоғары төртеуге бұл жүрмейді, олар алдын ала өзара ақылдасып, неғұрлым кемеңгер, жарамды, лайықты адам таңдалса ғана орнынан өз еркімен
кетеді... Әрбір азаматты аталған мамандықтың мұғалімі ғана соттай алады. Сондықтан өндірістің әрбір жеке саласында басшылық етушілер өз бағыныштыларының судьялары болып табылады... Күн ең жоғары имам және барлық мансап иелері абыздар сословиесіне жатады. ... Сұмдық кедейшілік адамдарды опасыз, қу, өтірікші, ұры қылады, олардың бойында алдауға, айла-шарғыға бейімділік дамытады, адамды отанына деген сүйіспеншілігінен айырады, ант бұзуға итермелейді және т.с.с. Алайда байлық та адамдарды арсыз, тәкаппар, надан, менмен қылады, сатқындыққа, мақтаншақтыққа, басқаларды жазғыруға, өзін жақсы көруге, тас жүректілікке және т.б. бейімділігін дамытады. Ал нағыз коммунистік қоғамда барлығы бірдей бай және кедей; бай болғатыны олар барлығына ие, кедей болатыны ешкім ештеңеге ие емес. Сонымен бірге олар заттарға емес, заттар оларға қызмет етеді. Міне сондықтан олар христиандықтың тақуа монахтарына тәнті, ал бәрінен гөрі апостолдардың өміріне бас иеді.
"Предшественники современного социализма.
М.–Л. 1928" басылымынан қазақшалаған Асхат
ӘБІШОВ.
Гроций ГУГО
(1583 – 1645) – голланд заңгері, әлеметтанушы және мемлекет қайраткері. Ерте жастан ерекше ғылыми дарындылығын танытып, 15 жаста Орлеан университетінде құқық докторы дәрежесін алды. Грекиялық және Римдік авторлардың еңбектерін басып шығарумен айналысты, Гаагада адвокат міндетін атқарды. Діни-саяси пікірталастарға белсенді қатысты. 1619 жылы саяси күреске қатысқаны үшін өмір бойғы қамауға кесілді; 1621 жылы Францияға қашып, кейін Швецияда қоныс тепті. Табиғи құқық теориясы мен халықаралық құқық ғылымының негізін қалаушыларының бірі. 1625 жылы Отыз жылдық соғыстың қызған кезінде Францияда автордың “Соғыс пен бейбітшілік құқығы туралы үш кітап” атты күрделі еңбегі жарық көрді. Еңбек көпшілікке ұнады, бірақ папалық курия оны “еретиктік” басылымдар қатарына енгізіп, 1900 жылға шейін оған тыйым салынды. 1634 және 1644 жылдар аралығында Г.Гроций дипломатиялық қызметте: француз сарайы жанындағы швед елшісі. 90-нан астам еңбектің, соның ішінде заң, тарих, филология ғылымдары бойынша еңбектердің авторы ретінде танымал. Оның пікірі бойынша, кез-келген басқару пошымы, соның ішінде абсолюттік монархия да, жаратылыстық құқық талаптары сақталғанда заңды. Саясаткер һәм заңгер ретінде Рим папасының билігі мемлекеттік өкіметпен ауыстырылуы қажет; мемлекеттер өзара сақталуы “жаратылыстық заңнан” келіп шығатын шарттар жасауы қажет деп санады. Әділетсіз соғыстарға, жай халыққа жасалатын зорлық-зомбылыққа да тыйым салынуы тиіс. Ол мемлекеттер арасындағы дауларды шешу үшін өкілеттілікке ие болатын арнаулы орган құруды ұсынды.
СОҒЫС ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ
Бірінші кітап
І тарау
Соғыс деген не, құқық деген не? І. Ортақ ішкі мемлекеттік құқықпен байланыстырылмаған адамдардың барлық өзара даулары соғыс пен бейбітшілік ахуалына қатысты; әлі халық болып бірікпеген немесе әр түрлі халықтарға жататын адамдардың – жеке адамдардың да, тақсырлардың өздерінің де, сондай-ақ
соңғыларымен құқықтары тең адамдардың, атап айтқанда – атақты тектен шыққандар мен республикалардағы еркін азаматтардың даулары осындай. Ал соғыстар бітім жасау үшін жүргізілетіндіктен және соғыстың тұтануына апарып соқтырмауы мүмкін дау жоқ болғандықтан, соғыс құқығын баяндауға орай әдетте соғысқа ұласатын қандай алауыздықтар туындайтынына тоқталған жөн. Соғыстың өзі болса одан кейін бізді өзінің түпкі мақсаты ретіндегі бейбітшілікке жеткізеді. ІІ. Біз соғыс құқығын түсіндіруді ниет еткендіктен, сөз болып отырған соғыс дегеніңіз не және мәселе етіп қойылған құқық дегеніңіз не деген мәселені зерттеу қажет. Цицерон соғыс дегеніміз күш жарыстыру деп кесіп айтады. [...] соғыс дегеніміз күш қолданып күресу ахуалы. Осынау ортақ ұғым кейініректе сөз етілуі тиіс кез-келген соғысты қамтиды. [...] 2. Бұған “соғыс” сөзінің шығу тегі қайшы келмейді, өйткені duonus – bonus болып, ал duіs – bіs болып кеткені секілді, bellum [соғыс] сөзі неғұрлым көне пошымынан – duellum [жекпе-жек] сөзінен шығады. Duellum дәл осы мағынада біз үшін “бейбітшілік” “бірлесу” дегенді білдіретін duo [екі] сөзінен шығады. Дәл сол секілді гректердегі polemos [соғыс] сөзі “көп адамдық” нобайлаудан шықты; көне заманда “дененің ыдырауынан” due [азап] сөзі шыққаны секілді lue [дау-жанжал] шығарылған еді. 3. “Соғыс” сөзін осы кең мағынада қолдануға тіл қарсыласпайды. Алайда бізге соғыс атауын тек қана мемлекеттердің қарулы қақтығысына беруге ештеңе де кедергі жасамайды, себебі, сөз жоқ, тектік атау сондай-ақ бір немесе екінші түрге, әсіресе басқа түрлердің алдында қандай болсын ерекше артықшылығы бар түрге жиі өтеді. Мен соғыс ұғымының анықтамасына әділдік нышанын енгізбей отырмын, себебі осы зерттеудің міндетін қандай болсын соғыс әділ болуы мүмкін бе және нақты қай соғыс әділ деген мәселенің шешілуінің нақ өзі құрайды. Дегенмен мәселенің қойылуын сұрақ қойылатын заттың өзінен айыра білген жөн.
ІІІ. Осы зерттеуге “Соғыс пен бейбітшілік құқығы туралы” деген ат қоя отырып, біз, біріншіден, бұған дейін айтылғандай, қандай болсын соғыс әділ болуы мүмкін бе деген сұрақты түсініп-білмекпіз. Және одан соң – тағы бір сұрақ: соғыста әділ не болуы мүмкін? Өйткені құқық бұл жерде өзге бірдеңені емес, әділ дегенді білдіреді, оның үстіне көбінесе мақұлданған емес, теріс мағынада, себебі құқық деген әділдікке қайшы келмейтін нәрсе. Ал әділдікке қайшы келетіні ақылға ие тірі жандардың табиғатына жеккөрінішті нәрсе. [...] 2. Әділдіктің бір түрі теңдестер арасындағы қарым-қатынастан, ал екіншісі – басыңқылар мен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынастан тұрады. Сондықтан осы соңғы түрді үстемдік құқығы, ал біріншісін – теңдік құқығы деп атасақ, біздің қателесуіміз екіталай. [...]
Үшінші кітап
XVІІ тарау
Бейтарап мемлекеттер туралы
І. Біздің соғысқа қатыспайтындар туралы ой қозғауымыз мүлдем артық болып көрінуі мүмкін, себебі оларға соғыс құқығының таралмайтыны айтарлықтай анық. [...] 1. Соғыстан шет қалатындардың міндеті әділетсіз соғыс жүргізіп жатқанға немесе әділ соғыс жүргізушінің қозғалысына кедергі жасайтынға көмек көрсетуден тартынудан тұрады.
"Гроций Гуго. О праве войны и мира. Три книги, в которых объясняются естественное право и право народов, а также принципы публичного права. М., 1957" басылымынан қазақшалаған Асхат ӘБІШЕВ.
Томас ГОББС
(1588–1679) – ағылшын философы және саяси ойшылы. Мамзбери қаласында дүниеге келген. Оксфорд университетін бітірген. Гоббс көзқарастарының қалыптасуына ағылшын буржуазиялық революциясының оқиғалары, сондай-ақ Ф. Бэкон, Г. Галилей, П. Гассенди, Р. Декарт идеялары елеулі ықпал етті. 1640 жылы монархияны жақтаушы ретінде Францияға қоныс аударды. Кромвель билік басына келгеннен кейін отанына оралып, оның диктатурасын идеологиялық жағынан негіздеуге тырысты. Реставрация дәуірінде ол роялистік және клерикалдық ортаның тарапынан құғынға ұшырады. Философ мемлекетке “жасанды дене”, адам қызметінің өнімі деген анықтама береді. Мемлекет, Гоббстың пікірінше, “қоғамдық шарт” негізінде “жаратылыстық ахуалдан” пайда болған. Қоғамдық шарттың нәтижесінде бостандығын өз еркімен шектеген жеке азаматтардың құқықтары тақсырға (немесе мемлекеттік органдарға) көшіп, оған тыныштықты сақтау және азаматтардың ырыс-берекесін қамтамасыз ету функциясы жүктелді. Халықтың игілігі – мемлекеттің ең жоғары заңы. Күшті мемлекеттік биліктің (саяси абсолютизмнің) жақтаушысы Гоббс мемлекет мүддесін моральдің ең жоғары өлшемі деп жариялады. Шіркеуді мемлекетке бағындыру қажеттігін қорғай отырып, халықты ауыздықтау үшін дінді мемлекеттік биліктің идеологиялық қаруы ретінде сақтап қалуды маңызды деп есептеді. Гоббстың мемлекет қызметіне, саяси билікке қатысты түйінді мәселені зерттеген “Левиафан” (1651) атты еңбегі қоғамдық-саяси және ғылыми ортада жақсы қарсы алынды.
АЗАМАТ ТУРАЛЫ
Бірінші бөлім
БОСТАНДЫҚ
Шарттар жөніндегі жаратылыстық заң туралы
1. Жаратылыстық заң адамдардың келісімі емес, парасаттың әмірі. 2. Негізгі жаратылыстық заң қол жетер болса, бейбітшілікті іздеуде, қол жеткізу мүмкін болмаса, қорғаныш іздеуде. 3. Жеке жаратылыстық заңдардың біріншісі: барлық нәрсеге құқықты сақтап қалу мүмкін емес. 4.
Құқықтан бас тарту және оны көшіру дегеніміз не? 5. Құқықты көшіру үшін оны қабылдайтын адамның келісімі қажет. 6. Сөздермен құқық тек осы шақпен көшіріледі. 7. Болашаққа қатысты сөздер, егер оларға еріктің басқа белгілері қосылатын болса ғана, құқықты көшіру күшіне ие. 8. Сыйға беру жағдайында құқық болашаққа қатысты сөздермен көшірілмейді. 9. Шарт пен келісім анықтамасы. 10. Келісім кезінде құқық болаша ққа негізделген келісімдердің жаратылыстық ахуалда күші жоқ және жарамсыз; мемлекетте іс басқаша болады. 12. Ешкім де, хайуандармен, сондай-ақ егер аян бірілмесе, құдаймен келісім жасай алмайды. 13. Жаратылыстық ахуалда ешкім де құдайға ант бере алмайды. 14. Адам күш-жігерінің ең жоғарғы ықтимал шектерінен шығып кететін келісімдердің міндетті күші болмайды. 15. Бізге келісімдер арқылы жүктелетін міндеттемелерден қандай тәсілдермен азат боламыз. 16. Өлім қорқынышымен берілген уәделердің жаратылыстық ахуалда күші бар. 17. Бұрынғы келісімге қайшы келетін кейінгі келісімнің күші болмайды. 18. Денеге зақым келтіретін адамға қарсылық көрсетпеу туралы келісімде күш жоқ. 19. Өзін-өзі айыптауға міндеттейтін келісімде күш жоқ. 20. Ант анықтамасы. 21. Ант оны қабылдаушы пайдаланатын формулада болуға тиіс. 22. Ант келісімнен туындайтын міндеттемеге ештеңе қоспайды. 23. Антты келісімнің жасырын бұзылуы орын алуы мүмкін немесе келісімді солай бұзғаны үшін жаза тек құдай тарапынан берілетін жерде ғана талап ету керек. 1. Авторлар жаратылыстық заң ұғымына анықтама беруде, өз шығармаларында бұл терминді жиі пайдаланғанымен, бірауызды емес. Анықтама беруден және көпмәнділіктен арылудан бастау керектігін көздейтін әдіс қана дауға орын қалдырмайтындарға тән екендігі шүбәсіз. Өзге әдісті пайдаланатын кейбір адамдар белгілі бір қарекет жаратылыстық заңға кереғар дей отырып, мұнысын ол қарекеттің барлық аса кемеңгер немесе аса білімдар халықтардың бірауызды пікіріне қайшы
келетінімен дәлелдейді. Бірақ олар осы халықтардың даналығы, білімдарлығы мен әдет-ғұрпы жайында пікір айтатын кім екендігін тіпті де ойланбайды. Енді біреулер осы түрдегі қарекет күллі адамзат баласының бірауызды пікіріне қайшы келеді деп кесіп айтады. Бірақ бұл анықтама ешқашан қабылдана алмайды, себебі қабылданған жағдайда бұндай заңды тек балалар мен есі ауысқандар ғана бұзады ғой; өйткені адамзат баласы деген атау өз қарекетінде парасатты басшылыққа алатын барлық адамдарды қамтитыыны айқын. Демек, адамдар парасатқа кереғар қылықтарды жасамайды, оларды жасай қалған күнде де ойламай жасайды және оны кешіруге болады. Бірақ жаратылыстық заңды оны сақтаудан гөрі, жиі бұзатындардың келісімінен шығару мүлдем дұрыс болмас еді. Мұның үстіне, адамдар өз бойына лайық деп білгенді басқалар істесе, соны айыптайды және, керісінше, жан-тәнімен жек көретін нәрсені жұрт алдында мақтайды; олар бір нәрсе жайында өзінің пайымынан гөрі, басқалардың пікіріне құлақ асу әдетіне байланысты пікір айтады; бұл орайда олар бірдеңемен парасатты сенімнен гөрі, көбінесе өшпенділік, қорқыныш, үміт, махаббат немесе жанның өзге де толқуы салдарынан келіседі. Сондықтан тұтас бір халықтар, аталған авторларға сәйкес, сөз жоқ, жаратылыстық заңмен сиыспайтын нәрсені зор ауызбірлікпен және табандылықпен жиі істейді. Бірақ, егер барша жұрт жөн парасатқа қайшы келмейтін нәрсені құқық бойынша болып жатқан нәрсе деп санауға келісетін болса, (яғни, ақиқат негіздерден дұрыс ойланып-толғану жолымен шығарылған қандай да бір ақиқатқа қайшы келетін нәрсені) сол парасат қабылдамайтын нәрсені біз құқыққа кереғар болып жатқан деп санауымыз қажет. Ал құқыққа кереғар болатын нәрсені біз қандай да бір заңға қайшы болып жатқан нәрсе деп санаймыз. Демек, заң дегеніміз қандай да бір жөн парасат, ол сондай-ақ жаратылыстық (өйткені, оның адам табиғатына тәндігі кез-келген өзге қабілеттен немесе көңіл күйінен кем емес) заң деп те аталады. Демек, жаратылыстық заңды мен өмірді және
денсаулықты неғұрлым ұзақ сақтау үшін не істеу қажеттігі және неден бас тарту керектігі жөніндегі жөн парасаттың1 әмірі деп анықтар едім. 2. Бірінші және негізгі жаратылыстық заң былай дейді: бейбітшілікке жету мүмкін болатын барлық жерде соны іздеу қажет; ал бейбітшілікке жетзу мүмкін емес жерде, соғыс жүргізу үшін көмек іздеу қажет. Алдыңғы тараудың соңғы тармағында көрсеткенімдей, бұл ереже жөн парасаттың әмірі, ал жаңа ғана дәлелденгендей, жөн парасаттың әмірі дегеніміз жаратылыстық заңдар. Бұл заңның бірінші болуының себебі – қалған барлығы содан шығып, бейбітшілікке немесе қорғалуға жету жолдарын көрсетеді. 3. Осынау негізгі жаратылыстық заңнан туындайтын заңдардың біріншісі бүй дейді: баршаның барлығына құқығын сақтап қалу мүмкін емес, кейбір құқықтарды не басқаларға көшіру, не олардан бас тарту қажет. Өйткені егер әркім өзінің барлық нәрсеге құқығын өзінде ұстаса, онда бұдан қажетті түрде мынадай жәйт туындар еді: біреулер құқығы бойынша шабуыл жасар еді, ал екінші біреулер құқығы бойынша қорғанар еді (әркім жаратылыстық қажетіне қарай өз тәнін және оның беркесі үшін қажет нәрсені қорғауға талпынады ғой). Осыдан келіп соғыс туындар еді. Демек, егер кімде-кім өзінің барлық нәрсеге құқығынан бас тартпаса, бұл бейбітшілік әміріне, яғни жаратылыстық заңға кереғар болады. 4. Өз құқығынан бас тарту жайында әлдекім одан жай ғана бас тартқанда немесе оны басқаға көшірген кезде айтады. Бұрын ол өз құқығы бойынша істей алған қандай да бір қарекетті бұдан былай өзінің істеуіне жол берілмеу ниетін тиісті белгімен немесе белгілермен жариялайтын адам
1 Адамдардың жаратылыстық күйіндегі жөн парасат (recta ratіo) деп мен, көп адамдардан өзгеше қандай да бір кіршіксіз қабілетті емес, толғаныс актісін, яғни әрбір жеке адамның басқа адамдарға пайда беруі немесе зиян келтіруі мүмкін өз қарекеттері туралы дұрыс тµл толғанысын түсінемін. Мен төл толғаныс акты деймін, дегенмен мемлекетте жеке азаматтар мемлекеттің өзінің парасатын (яғни азаматтық заңдарды) жөн парасаттың нұсқауы деп санауға тиіс, өйткені мемлекеттен тыс жерде жөн парасатты өз парасатымен салыстырып алмай, жөнсіз парасаттан айыра алмайтын жерде, әрбір жеке адамның төл парасаты, оның өз қалауынша жасайтын қадамдарының ғана өлшемі емес, оның өзіне қатысы бар істердегі бөтеннің парасатының да өлшемі болуға тиіс. Мен жөн толғаныс дегенде ақиқат және дұрыс іріктелген алғышарттардан туындайтын толғанысты айтамын. Өйткені жаратылыстық заңдардың кезкелген бұзылуы басқа адамдар жөніндегі өзінің парызын, олардың өздерінің сақталып қалуы үшін қажет парызын білмейтін адамдардың қате толғанысынан немесе ақымақтығынан туындайды.
өз құқығынан жай ғана бас тартады. Өз құқығын басқаға бергісі келетін адам былай істейді: одан сол құқықты алғысы келетін адамға ол өзінің бірдеңе істеуіне бөгет жасалғанда қарсылық көрсетуіне жол берілмеуін (бұрын оның қарсылық көрсетуге хақысы болатын) қалайтынын белгімен немесе белгілермен хабарлайды. Құқықты кµшіру тек қарсылықтан бас тартудан ғана тұратыны мынадан шығады: құқық көшірілетін адамның осындай көшіруге дейін-ақ барлық нәрсеге құқығы болған; сондықтан оған жаңа құқық беруге болмайды, бірақ көшіру арқылы басқа адамның қарсылығының құқықтылығы жойылады, ал бұл құқық оның өзінде қала берсе, онда құқығын пайдалану мүмкіндігін сақтап қалады. Сондықтан кезкелген құқық алушы жаратылыстық ахуалда өзінің бастапқы құқығын асықпай-үсікпей және заңды кедергілерсіз пайдалануға ғана қол жеткізеді. Мысалы, егер әлдекім өз жерін басқа біреуге сатса немесе сыйға тартса, ол басқаларды емес, тек өзін ғана бұл жерге құқығынан айырады. 5. Алайда құқықты көшіру үшін берушінің ғана емес, оны алушының да келісімі қажет. Егер олардың біреуі осындай көшірумен келіспесе, құқық бұрынғы иесінде қалады. Өйткені егер мен өзімнің бірдеңемді оны қабылдағысы келмейтін адамға бергім келсе, онда осындай ниетке орай мен өз құқығымнан жай ғана бас тарта алмас та едім, оны басқаға көшіре алмас та едім. Өйткені өз нәрсемді басқа біреуге бергім келетін себеп жалғыз соған ғана байланысты және басқалар жөнінде дәл сондай болмайды. 6. Алайда, егер құқықтан бас тарту немесе оны көшіру ниетінің сөзден басқа нышандары болмаса, мұндай сөздер осы шаққа немесе өткен шаққа қатысты болуға тиіс. Өйткені егер бұл сөздер келер шаққа қатысты болса, олар ештеңені де көшірмейді. Егер, мысалы, әлдекім келер шақта: “Мен саған ертең беремін” десе, мұндай адам сонысымен әлі бермегенін айқын көрсетеді. Демек, бүгін оның құқығы өзгермеген күйінде қала береді және ертең де, кезге дейін ол басқа біреуге іс жүзінде әлі беріліп қоймаса, сондай бола береді. Өйткені, маған тиесілі нәрсе мен одан бас тартқанға
дейін менікі болып қала бермек. Егер мен осы шақта шамамен “бұны мен саған ертең ие болуың үшін беремін (немесе бердім)” десем, онда мұндай сөздер менің бірдеңе беріп қойғанымды және оны ертең алу құқығын бүгінге көшіргенімді білдіреді. 7. Тек қана сөз ерікті білдірудің жеткілікті құралы болмағанымен, алайда егер оларға ерікті білдірудің басқа да нышандары үстемеленсе, ол келер шаққа қатысты бола тұра, осы шаққа қатысты, дәл сол мағынаға ие бола алады. Егер, басқа нышандардың арқасында анық болғанындай, келер шақ туралы айтушы өзінің сөзі өзіне тиесілі құқықты толық көшіруді жүзеге асыру үшін мәнді болуға тиіс деп білсе, ол сөз осы мәнге ие болуға тиіс, өйткені құқықты көшіру сөзге емес, осы тараудың 4-тармағында көрсетілгеніндей, ерікті білдіруге байланысты. 8. Егер әлдекім өзіне тиесілі қандай да бір құқықты басқа біреуге көшірсе және бұны айырбаспен алынған игілік үшін және келісімге орай істемесе, онда бұл түрдегі көшіру тарту немесе ерікті тарту деп аталады. Ерікті тарту кезінде тек осы шаққа және өткен шаққа қатысты сөздер ғана міндеттейді. Өйткені, келер шаққа қатысты болса, олар жоғарыдағы тармақта келтірілген негізге орай, сөздер сияқты міндеттемейді; демек, міндеттеме пайда болуы үшін ерік білдірудің басқа нышандары қажет. Өйткені ерікті түрде істелетін нәрсенің бәрі қандай да бір игілік үшін істелетіндіктен, осындай тартудың арқасында алынатын немесе болашақта алынуы қажет игіліктен өзге ештеңені тарту белгісі деп есептеуге болмайды. Бұл орайда мұндай игілік сатып алынбаған және оның алынуы туралы келісім жоқ деп есептеледі, өйткені басқаша болса, ерікті тарту жайында сөз ету мүмкін емес. Демек, қарама-қарсы жақтан күні бұрын жасалған келісімсіз игілік күту ғана қалады. Бірақ әлдекім кері жақсылық есесін қайтаруға міндетті емес біреуге келер шаққа қатысты сөз айтып, өзінің сөзін әлгі адам оның өзіне міндеттеме жүктейтін сөз ретінде түсінуін қалайтынын байқататын белгі болуы мүмкін емес. Сондай-ақ, басқаларға оп-оңай жақсылық тілейтін адамдардың олардың көкейінде игі
ниет пайда болғанын ғана айғақтайтын әлдебір уәделердің негізінде міндетті болып шығуы да парасаттылық емес. Бұл орайда мынаны мойындау керек:ондай уәде берген адам кейіннен қайта ойланып, өз ниетін өзгертуі мүмкін, сондай-ақ уәде берілген адамның да қадір-қасиеті ойлағандай болмай шығуы мүмкін. Ал екі ойлы адам осыған орай еркін болады және ол туралы ол тартуды жасап та қойды деуге болмайды. Ал жиі уәде беріп, оны сирек орындайтын адам өзінің жеңілтектігі үшін айыпталып, сый беруші емес, уәде беруші деп аталуы тиіс. 9. Шарт деп өз құқықтарын бір-біріне көшіретін екі немесе одан көп адамның қарекеті аталады. Әрбір шарт жасалғанда не әркім қол жеткізілген уағдаластықты бірден орындайды, сондықтан уағдаласушылардың бірде бірі басқасына қарыздар боп қалмайды; не біреу өз міндеттемесін орындап, екіншісіне мұрсат береді; не, ақыр соңында, екеуі де уағдаластықты орындамайды. Уағдаласушылардың әрқайсысы шартты бірден орындаса, орындалған бойда шарт өз күшін жояды. Ал шарт жасаушылардың біріне немесе екеуіне де мұрсат берілсе, ондай адам шартты кейін орындауға уәде береді және мұндай уәде келісім (расtum) деп аталады. 10. Бірі міндеттемесін орындайтын, ал екіншісі мұрсат алатын келісім болғанда міндеттемені келешектегі орындау туралы уәде, тіпті ол сөз жүзінде берілсе де, бұл сөз осы шаққа немесе өткен шаққа қалай қатысты болса, дәл солай келер шаққа да қатысты өз күшін сақтайды. Міндеттеменің орындалуы оны орындаған адамның мұрсат берілген адамды ол өзінің уәдесін белгілі бір уақытта орындағысы келеді деп түсінгендігін барынша анық айғақтайды; осының арқасында екінші уағдаласушы оның сөзі нақ солай қабылданғанын түсінеді; ол өз сөзінің солай қабылдануын қалаған, өйткені ол мәселеге басқа түсіндірме бермеген. Демек, қандай да бір алынған игіліктің (ал оларға келісімдер де жатады) орнына берілетін барлық уәде еріктің белгісі болып табылады, яғни (алдыңғы тармақта дәлелденгендей) ол бірдеңені орындамау
бостандығы жойылатын соңғы шешімнің нәтижесі; демек, бұл уәделер міндеттеуші болып табылады, өйткені бостандық біткен жерде міндеттеме басталады. 11. Екі жақ та бір-біріне өзара мұрсат беретін және уағдаласушылардың бірде-бірі уағданы орындамайтын шарт негізінде жасалған келісімдердің, егер тараптардың бірінде негізі бар күдік пайда болса, жаратылыстық хахуалда күші болмайды2. Өйткені міндеттемені бірінші болып орындаған адам, адамдардың дұрыс та, бұрыс та жолмен қара басының пайдасын көздейтін көп бөлігінің пиғылының бұзықтығы салдарынан шарт жасасқан адамның уысына түседі. Сондықтан біреудің бірінші болып міндеттеме орындауына, егер екіншісі де кейінірек өз міндетін орындайтынына сенім болмаса, парасатты негіз жоқ. Міндеттеменің орындалуына сену-сенбеуді сезік алған адам шешеді, мұны біз І тараудың 9-тармағында көрсеткенбіз. Менің пікірімше, жаратылыстық ахуалда іс осылай болады. Бірақ мұның азаматтық ахуалға қатысы жоқ; онда екі тарапты да орындауға мәжбүрлеу мүмкіндігі бар; мұнда шартқа орай міндеттемені бірінші болып орындауға тиіс адам оны ертерек орындауға міндетті, өйткені екіншісі дәл солай орындауға мәжбүрлене алады; сондықтан бұл жерде бірінші адамның екінші адамның өз міндеттемесін орындамауы жөніндегі сезіктенуіне негіз жойылады. 12. Әрбір тарту актысы және барлық келісімдер кезінде көшірілетін құқық қабылданған болуы тиіс деген қағидадан құқықты қабылдауға келісім бермейтін адаммен ешкім келісімге отыра алмайтыны келіп шығады. Сондықтан хайуандармен келісім жасауға болмайды және оларда тіл мен парасат жетіспейтіндіктен оларға қандай болсын құқықты беру немесе олардан алу мүмкін емес. Ешкім де, сондай-ақ, Құдаймен келісім жасай алмайды немесе оның алдында ант арқылы өзіне қандай болсын міндеттеме қабылдай алмайды – бұл егер әлдекімдер Құдай өзінің орнына
2 Күдік мынадай жағдайда ғана: егер екінші жақтың міндеттемені орындамау ниеті оның қандай да бір қарекетінің немесе басқа бір қимылының салдарынан жаңа ілік туса ғана негізді деп саналады. Келісімді жасауға бөгет болмаған себеп, оның орындалуына да бөгет болмауға тиіс.
осы анттарды тыңдап, қабылдау, сөйтіп оның өкілдері ретінде келісім жасау билігін берген белгілі адамдар бар екенін Қасиетті кітаптан біле алса ғана сәті түсетін іс болар. 13. Демек, ешқандай азаматтық заң қол байламайтын жаратылыстық ахуалдағы адамдар бекер ант береді (егер тек оларға өздерінің антын қабылдайтын немесе келісім жасайтын Құдай ырқы анық аян етілмесе). Өйткені егер осы адамдардың анттары жаратылыстық заңға қайшы келсе, ол анттар ант бергендердің қолын байламайды, себебі рұқсат етілмеген нәрсені ешкім орындауға міндетті емес; егер сол адамдар уәде ететін нәрсе қандай да бір табиғи заңмен көзделген болса, олардың қолын байлайтын ант емес, заңның өзі. Егер бұл адамдар ант қабылдағанға дейін бірдеңені істеуге немесе істемеуге ерікті болса, бұл еркіндік олар ант бергеннен кейін де сақталады, өйткені әлдекім ант арқылы бірдеңені орындауға міндеттену үшін уәдені қабыл алушының ашық білдірілген еркі қажет, ал қарастырылып отырған мына жерде ондай қабылдаушы жоқ. Міндеттеме қабылдаушы деп бұл жерде мен біреу бірдеңе уәде еткен немесе бірдеңе үшін қарыздар біреудің уәдесін алған адамды айтып отырмын; ал қарыздар деп уәде бергенді айтамын. [...]
Екінші бөлім
ӨКІМЕТ
V тарау
Мемлекеттің пайда болу себептері туралы
1. Бейбітшілікті сақтау үшін жаратылыстық заңдар жеткіліксіз. 2. Жаратылыстық заңдар жаратылыстық ахуалда үнсіз. 3. Жаратылыстық заңдарға сәйкес өмір сүру мүмкіндігі көптеген
адамдардың келісіміне байланысты. 4. Көптеген адамдардың келісімінде ұзақ бейбітшілікті қамтамасыз етуге жеткілікті тұрақтылық жоқ. 5. Кейбір ақылы жоқ жануарлардың арасында тәртіп тек келісімге негізделетіні, ал адамдар арасында – тек соған ғана негізделмейтіні неліктен. Аристотель өзі қоғамдық деп атайтын мақұлықтар санатына адамды ғана емес, көптеген хайуандар мен жәндіктерді, мысалы, құмырсқаларды, араларды және т.б. жатқызады, рас оларда келісімдер жасап, ортақ өкіметке бағынатын парасат жоқ, бірақ соған қарамастан олар келісілген түрде, бір нәрсені қалап немесе бір нәрседен қашып, өздерінің қарекеттерін ортақ мақсатқа бағыттай алады, сондықтан олардың бірлестігі ешқандай дүрбелеңдерге тап болмайды. Соған қарамастан олардың бірлестіктері мемлекет бола алмайды, ал олардың өздері қоғамдық мақұлықтар деп атала алмайды; бұл бірлестіктердегі тәртіп дара ерікке (оның бар болуын мемлекет қажетті түрде көздейді) емес, бірыңғай мақсатқа бағытталған көптеген еріктердің бір жерден шығуына ғана байланысты. Шынында да, тек сезінумен және ынтамен ғана өмір сүретін осы мақұлықтарда ниеттер келісімінің соншама ұзақ болатындығы – бұл келісімді тек олардың жаратылыстық ынтасының күші ғана қолдап отырады, сөйтіп сол арқылы тыныштықты сақтайды. Алайда адамдарда жағдай басқаша, өйткені, біріншіден, олардың арасында сый-құрмет пен атақ үшін күрес туындайды, ал жануарларда бұл болмайды; сондықтан жануарларда өшпенділік пен қызғаныш жоқ, ал адамдарда бүліктер мен соғыстар солардан туындайды. Екіншіден, аралардың және соларға ұқсас мақұлықтардың жаратылыстық ниеті бір-бірімен келісілген және олардағы жеке игіліктен айырмашылығы жоқ ортақ игілікке бағытталған; ал адамдар болса иесіне артықшылық бермейтін және басқалардан жоғарылатпайтын нәрсені ешқашан игілік деп есептемейді. Үшіншіден, парасат берілмеген жануарлар олардың ортақ істерін басқарудағы қандай да бір кемшіліктерді
көрмейді не көргенін түсінбейді; ал адамдар бұқарасында өздерін басқалардан көбірек білеміз деп есептейтін, сөйтіп төңкерістерге ұмтылатын адамдар әрдайым бар. Бұл орайда әрқилы жаңашылдар өздерінше істегісі келеді де, соның салдарынан алауыздық туып, азамат соғыстары пайда болады. Төртіншіден, тұрпайы жануарлар бір-біріне өз талпыныстарын білдіру үшін қалай болғанда да өз дауысын пайдалана алғады, алайда оларға ақыл қоздыруға сөзсіз жетектейтін сөз өнері берілмеген, соның салдарынан жақсы – ең жақсысы, ал жаман – шын мәнісінен гөрі, ең нашары болып көрінеді. Ал адам тілі соғыстар мен бүліншілік кернейі сияқты; кезінде Перикл өзінің сөздерімен дүрілдеді, нажағайдай шартылдап, бүкіл Грекияны тітіретті делінеді ғой. Бесіншіден, жануарлар әділетсіздікті зияннан айыра алмайды. Осыдан шығады: олар халі тәуір болып тұрғанда, өз серіктерін айыптамайды. Адамдар болса қоғамдық істерден ат-тонын ала қашады және олармен айналысу үшін мүлдем қол бос болу керек деп санайды, қоғамда көзге түсу үшін күресті қарын тоқ, көйлек көк, тоңып қалтырамайтын болған соң ғана бастау керек деп біледі. Ақыр соңында, парасат берілмеген мақұлықтардың келісуі жаратылыстық нәрсе, ал адамдарда ол тек келісімге негізделген, яғни жасанды нәрсе болып табылады; демек, адамдардың ұрыспай-таласпай бірге тұруы үшін көбірек бірдеңенің керек екендігіне таң қалудың жөні жоқ. Демек, келісімнің болуы, немесе жазадан қорқынышты пайдалана отырып, жеке адамдарды басқаратын қандай да бір ортақ өкіметі жоқ қоғамның өмір сүруі жаратылыстық әділетті жүзеге асыруға қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.
6. Адамдар арасындағы тыныштықты сақтау үшін келісім ғана
емес, бірлік те қажет. 7. Бірлік дегеніміз не. 8. Бірлік бар кезде баршаның құқығы бір адамға көшіріледі. 9. Мемлекет дегеніміз не.
Осылайша пайда болған бірлік мемлекет, немесе азаматтық қоғам, сондай-ақ азаматтық тұлға деп аталады; өйткені баршаның ырқы біртұтас болғасын, қоғамды бір тұлға деп қарастыру керек; осындай тұлға ретінде оның өз құқықтары мен дүние-мүлкі болатынын мойындап, барлық жеке кісілерден айыра білу керек. Осылайша, жекелеп алғанда қандай болсын азамат та (егер ырқы баршаның ырқы болып саналатын адамды қоспасақ), олардың барлығы бір санатқа енгізілсе де мемлекет деп қарастырыла алмайды. Демек, мемлекет дегеніміз (біздің анықтамамыз бойынша) бір тұлға, оның ырқы көптеген адамдар келісімінің пәрменімен олардың бәрінің ырқы деп танылады, бұл оның тыныштық пен ортақ мүдделерді қорғай алуы үшін қоғамның жеке мүшелерінің күші мен қабілетін жұмсай алуы мақсатында істеледі.
1. Азаматтық тұлға дегеніміз не. 2. Жоғарғы билік иесі және бодан деген кім. 3. Мемлекеттердің екі түрі: жаратылыстық және орнатылған мемлекеттер. Бұған дейін айтылған әңгіме көптеген жаратылыстық тұлғалар өз амандығын ойлап, ортақ қорқыныш ықпалымен қалай және қандай құралдардың көмегімен біз мемлекет деп атайтын бір азаматтық тұлғаға бірігетінін айқын көрсетеді. Бұл орайда, қорқыныштың салдарынан басқа біреуге бағынатындар не өздері қорқатын біреуге, не қорғар деп үміттенетін біреуге бағынады. Бірінші тәсілді соғыста жеңіліп қалып, енді өле кеткісі келмейтіндер; екіншісін әлі жеңілмеген, бірақ жеңіліп қалғысы келмейтіндер пайдаланады. Бірінші тәсіл жаратылыстық құдіреттен туындайды және оны мемлекеттің пайда болуының жаратылыстық тәсілі деп атауға болады. Екінші тәсіл бір-бірімен бірігетіндердің келісімі мен шешімінен бастау алады; бұл арада мемлекеттің пайда болуы орнатылумен байланысты. Сондықтан мемлекеттер екі түрлі болады: олардың бірі жаратылыстық, патерналистік және деспоттық; ал екіншілері –
орнатылған мемлекет болып табылады және оны саяси мемлекет деп атауға болады. Біріншілерде билеуші азаматтарға өз еркімен ие болады; екіншілерінде азаматтар өздерінің шешімімен өздерін жоғарғы өкімет берілетін бір адамның немесе адамдар жиналысының үстемдігіне бағындырады. [...]
VІІ тарау
Мемлекеттің үш түрі: демократия, аристократия және монархия
туралы
1. Мемлекеттің үш түрі: демократия, аристократия және монархия ғана бар. ... Мемлекеттің түрлері арасындағы айырмашылық жоғарғы өкімет берілетін адамдар саны арасындағы айырмашылыққа байланысты. Жоғарғы өкімет не бір адамға, не бір жиналысқа, не көптеген адамдардың кеңесіне беріледі. Сөйткен күнде де көптеген адамдардың жиналысы не барлық азаматтардан (сондықтан олардың кез келгені дауыс беру құқығына ие және, егер қаласа, істерді талқылауға қатыса алады), не олардың бір бөлігінен ғана құралады. Осыдан мемлекеттің үш түрі келіп шығады. Бірінші түрге жоғарғы өкімет жиналысқа тиесілі, мемлекет жатады, оларда азаматтардың кез-келгені дауыс беру құқығына ие болады; олар демократиялар деп аталады. Екіншісіне жоғарғы өкімет жиналысқа тиесілі мемлекеттер жатады, бірақ оларда дауыс беру құқығы барлық азаматтарға емес, олардың белгілі бір бөлігіне ғана тиесілі; олар аристократиялар деп аталады. Үшінші түрге – жоғарғы өкімет бір адамға тиесілі мемлекеттер жатады; олар монархиялар деп аталады. Мемлекеттердің бірінші түрінде жоғарғы өкімет иесі халық (демос); екіншісінде – ең жақсы адамдар (оптиматтар); үшіншісінде – монарх.
2. Олигархия аристократиядан өзгеше мемлекеттік құрылыс емес, ал анархия мүлде мемлекеттік құрылыс емес. Ежелгі заманның жазушылары саяси ғылымға жоғарыдағы мемлекет түрлеріне қарама-қарсы тағы үшеуін енгізді, атап айтқанда: демократияға олар анархияны, немесе ретсіздікті, аристократияға – олигархияны немесе ат төбеліндей аз адамдардың басқаруын; монархияға – тиранияны қарсы қойды. Бірақ бұлар мемлекеттің үш ерекше түрі емес, бұл не басқаруға, не басқарушыларға наразылардың мемлекеттерге берген әр түрлі үш атауы. Өйткені адамдар заттарды атаумен нобайлағанда, өз сезімін, мысалы махаббатты, өшпенділікті, ашу-ызаны заттардың мәнімен ұластыруға дағдыланып кеткен. Сондықтан біреу анархия дейтінді екінші біреу демократия деп атайды; біреу олигархия деуге дағдыланған құрылысты екінші біреу аристократия деп атайды; біреу тиран деп масқаралайтынды енді біреу король деп атайды. Сөйтіп, осы атаулармен мемлекеттің әрқилы түрлерін емес, азаматтардың өкімет иелері туралы әрқилы пікірлерін нобайлайды. Анархия жоғарыда атап көрсетілген мемлекет түрлерінің бәріне қарама-қарсы екенін кім бірден көрмейді? Бұл сөз қандай да бір басқарудың, яғни қандай да бір мемлекеттің жоқтығын білдіреді ғой. Мемлекет емес нәрсе қалай мемлекет түрі бола алады? Бұдан әрі, ат төбеліндей адамдардың немесе шонжарлардың өкіметін білдіретін олигархия және ең жақсы адамдардың немесе оптиматтардың өкіметі болып саналатын аристократия арасындағы айырмашылық, адамдардың бір-бірінен айырмашылығы соншалық, бір нәрсе әркімге әртүрлі көрінетіндігінен басқа не болмақ? Бұл жағдайдан біреулер үшін ең жақсы адамдар басқаларға ең жаман адамдар болып көрінетіні ғана шығады.
3. Тирания құқыққа сүйенетін монархиядан өзгеше мемлекеттік
құрылыс емес.
...Король мен тиран арасындағы айырмашылықты сезім емес,
ақылдың көмегімен табу керек...
Монархия мен тирания шынында мемлекеттің әрқилы түрлері емес; бір ғана монархқа құрмет белгісі ретінде король атын, ал тіл тигізу түрінде – тиран атын береді. Әрқилы кітаптарда үнемі кездесетін тирандарға қарсы ескертпелер бір бөлігі халық өкіметі тұсында, енді бір бөлігі оптиматтар өкіметі тұсында өмір сүрген, сол себепті тирандарды ғана емес, корольдерді де жек көрген грекиялық және римдік жазушылардан бастау алады.
4. Жоғарыда көрсетілген мемлекет түрлерінің қосындысы болатын мемлекеттік құрылыс болмайды. Мемлекетте қандай да жоғарғы биліктің болуын шынында да қажет деп есептейтін адамдар бар; бірақ, дейді олар, мұндай билік бір адамға немесе бір жиналысқа тиесілі болуы тиіс деген қағидадан оның тұсында барлық азаматтар құлдар деген қорытынды шығады. Олар мұндай салдардан мемлекеттіœ жоғарыда көрсетілген үш түрінің қоспасы болатын, бірақ сонымен бірге олардың әрқайсысын жеке алғанда олардан өзгешеленетін мемлекеттің орташа бір ахуалына сүйеніп құтылуға болады деп біледі; мұндай құрылысты олар мемлекеттің үш түрінің қайсысы басқалардан басым болатынына қарай аралас монархия, аралас аристократия немесе аралас демократия деп атайды. Мысалы, егер мансап иелерін тағайындау және соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешу корольге, сот – шондарларға, ақшалай салық салу – халыққа, заңдарды қабылдау билігі – барлық азаматтарға тиесілі болса, онда осындай мемлекетті олар аралас монархия деп атайды. Егер осындай мемлекеттік құрылыс орнату мүмкін болса, ол сонда да азаматтар бостандығының ұлғаюына мүлдем жәрдемдесе алмас еді. Өйткені, осы өкіметтер келісіп жұмыс істеп тұрған кезде жеке азаматтардың мойынсұну дәрежесі сондай, одан жақсысын тілей алмайсың; бірақ егер осы келісім тоқтатылса, онда азаматтық соғыс туындайды да жеке тұлғаларда семсер құқығы қалпына келеді, бұл өкіметке қандай да бір мойынсұнудың бәрінен жаман.
Айтпақшы, алдыңғы тараудың 6–12 тармақтарында жоғарғы биліктің осы секілді бөлінісін іске асыру мүмкін емес екендігі анық дәлелденген3. 5. Жиналыстарды өткізудің белгілі бір мерзімдері мен орындары белгіленбесе, демократия ыдырайды. ... Демек, демократия екі низаммен бірге пайда болады; олардың бірін (атап айтқанда тұрақты жиналыстарды) халық, ал екіншісін (көпшілік дауыс) – өкімет жасайды. 6. Демократияда жиналыстардың мерзімдері арасындағы үзіліс қысқа болуға тиіс; олай болмаған жағдайда осы үзілістер кезінде жоғарғы өкіметті жалғыз біреуге тапсыру керек. 7. Демократияда жеке адамдар бір-бірінің алдында халыққа бағынуға міндеттенеді, ал халықтың өзі біреудің алдында қандай да бір міндеттеме алмайды. 8. Қандай келісімдер пәрменімен аристократия орнайды. Аристократия немесе жоғарғы өкіметке ие болған ең жақсылардың кеңесі өз құқығын сол кеңеске көшіретін демократиядан бастау алады. Мұны халыққа сайлау ұсынылады да, ол көпшілік дауыспен шыққан тегінің арқасында басқалардың арасында көзге түсетін немесе қандай да бір өзге қасиеттерінің арқасында атаққа шыққан белгілі бір адамдарды сайлайды деген мағынада түсінген жөн; сайланғандарға тұтасымен бүкіл халықтың немесе мемлекеттің құқығы көшіріледі, сөйтіп, бұрын халыққа тиесілі болған құқық жақсылардың кеңесіне тиесілі бола бастайды. Жоғарғы биліктің осындай көшірілуінің нәтижесінде халық біртұтас тұлға ретінде өмір сүруін тоқтататыны анық. 9. Аристократияда оптиматтар ешқандай келісімдер жасамайды және қандай болсын бір азаматтың алдында да, бүкіл халықтың алдында
3 Көп адам өкіметті бөлмеген жөн дейді, бірақ оны жұмсартып, белгілі шеңбермен шектегісі келеді. Іс жүзінде бұл бір нәрсе, дегенмен өкіметті бөлуге болмайтынын түсінетіндер әйтсе де оны жұмсартып, шектегісі келеді. Мен корольдер ғана емес, жоғарғы билікке ие жиналыстар да өз жауыздықтарын жұмсартқысы келгенін және өз парызы жайында толғанғанда жаратылыстық жºне құдай заңдары шегінен шығып кетпеуін қалар едім. Бірақ жаңа ғана келтірілген пікірді ұстанатын адамдар жоғарғы билеушілерді шектеп, оларды басқа адамдардың мәжбүрлеу қарекеттеріне бағындыпғысы келеді, ал бұл мүмкін емес, өйткені өкіметті шектеуге тиіс адамдар өкіметтің белгілі бір бөлігіне ие болуға тиіс, соның арқасында билік бөлінген болады, бірақ шектелген болмайды.
да міндеттеме алмайды. 10. Оптиматтардың жиналыс уақыты мен орны турасында келісіп алуы қажет. 11. Монархия қалай орнатылады. Аристократия сияқты монархия өз бастауын халық өкіметінен алады, ол кейін өз құқығын, яғни жоғарғы өкіметті бір адамға көшіреді. Мұны халыққа барлық басқалардың арасында өзінің шығу тегімен немесе өзге де айрықша нышандарымен көзге түсетін белгілі бір адамды сайлау ұсынылады деген мағынада түсіну қажет; оған көпшілік дауыспен халықтың бүкіл құқығы көшіріледі, сөйтіп осы адамды сайлағанға дейін халық ісі болған нәрсенің бәрін таңдау жасалғаннан кейін қалаулы адам істеуге хақылы болады. Таңдау жасалғаннан кейін халық енді біртұтас тұлға болмайды, бытыраңқы бұқара ретінде көрінеді, себебі ол өзіне тиесілі жоғарғы өкімет пәрменімен ғана біртұтас тұлға болып келгені, енді ол әлгі өкіметті өзінің қалаулысына көшіреді. 12. Монарх өзінің алған билігі жайында кіммен болса да қандай да бір келісіммен байланысты емес. 13. Монарх жоғарғы өкіметті жүзеге асыру үшін талап етілетін барлық қарекеттерді орындауға әрқашан даяр болады. Монархия аристократиядан да, демократиядан да мынамен өзгешеленеді: соңғыларында істерді талқылау мен шешу үшін, яғни өкіметті шындап көрсету үшін белгілі мерзімдер мен алдын ала белгіленген жерлер қажет, ал монархияда істер кез-келген уақытта және кез-келген жерде талқыланып, шешіле береді. Өйткені халық та оптиматтар сияқты жаратылыстық бірлік емес, сондықтан оған жиналыстар қажет. Ал табиғатынан дара монарх әрқашан өкімет актысын жүзеге асыруға даяр тұрады. 14. Мемлекет азаматтар алдындағы өз міндеттерін, ал азаматтар – мемлекет алдындағы өз міндеттерін орындамаған жағдайда қандай күнә жасалады және бұл күнә кімге артылады.
15. Шектелмеген уақытқа сайланған монарх өзіне мирасқор таңдай алады. 16. Патшалық құру мерзімі шектелген монархтар туралы. 17. Өкіметін сақтап тұрған монарх берген уәдесіне орай әлдекімге өкіметті жүзеге асыру үшін қажет құралдарды пайдалану құқығын берді деп есептеуге болмайды. 18. Азаматтар өкіметке бағынудан қалай босатылады. Табиғат үніне мойынсұнып, азаматтар жоғарғы өкіметке бағынуға міндеттеніп, бір-бірімен өзара келісімдер жасайтынын көрдік. Бұдан кейін бізге олардың осы секілді бағыну бұғауынан қалайша босана алатынын қарастыру қажет. Біріншіден, бұл биліктен бас тарту кезінде, яғни жоғарғы өкіметті жүзеге асырушы адам өкіметке ие болу құқығын басқа біреуге көшірмей, бірақ өкіметтен бас тартатын немесе оны қалдыратын жағдайда болады. Өйткені, бас тартылатын нәрсе барлық адамдарға лақтырылған секілді болады және әркім сол олжаны қағып ала алады. Мұндай жағдайда жаратылыстық құқық негізінде әрбір азамат өз есендігінің қамын өз қалауынша ойластыра алады. Екіншіден, егер мемлекет қарсылық көрсетуге шамасы келмей, жаулардың қолына түссе, бұрын жоғарғы өкімет қолында болған адам енді одан айрылып қалды деп санау керек. Өйткені егер азаматтар жау қолына түспеу үшін бәрін істеген болса, олардың әрқайсысы басқаларымен жасасқан бағыну туралы келісімді орындағаны. Және олардың әрқайсысы, өлімнен құтылу үшін жеңілген адам ретінде берген уәдесін бар күшін салып орындауы тиіс. Үшіншіден, егер монархияда ешқандай мирасқор жоқ болып шықса (өйткені демократияда немесе аристократияда олардың болмауы мүмкін емес), онда барлық азаматтар өздерінің міндеттемелерінен босатылады. Өйткені кімге міндетті екенін білмесе, ешкім де міндетті болып саналмайды, себебі міндеттеменің орындалуы бұл жағдайда мүмкін емес. Осы үш тәсілмен барлық азаматтар бірден азаматтық бағынудан барлық істе ортақ бостандыққа, яғни жаратылыстық және аңдық бостандыққа
(өйткені жаратылыстық ахуал азаматтық ахуалға осылай қарайды, яғни ниет парасатқа немесе аң адамға қалай қараса, бостандық бағыныштылыққа солай қарайды) көшеді. Мұның үстіне, жекелеген азаматтар жоғарғы өкімет иесі бағынудан құқық бойынша босатыла алады, өз ыр қымен әсіресе олар сол мемлекет жерін қалдырып кететін жағдайда болады және мұның өзі екі жағдайда жүзеге асады: не әлдекім басқа елде тұрғысы келіп, мемлекеттің рұқсатымен, сондай шапағатқа қол жеткізіп, көшіп кеткенде; не әлдекім уғындалушыға айналып бұйрықпен, кетуге мәжбүр болғанда. Екі жағдайда да кетіп бара жатқан адам өзі кететін мемлекет заңдарына бағынудан босатылады, өйткені енді ол өзін қабылдайтын мемлекет заңдарына тәуелді болады. [...]
ХІ тарау
Қасиетті кітаптан алынған жерлер және онда келтірілген өкімет
мәселелерін қозғайтын және, тегінде, айтқанымызды қуаттайтын
мысалдар
1. Орнатылған мемлекеттің бастауы – халықтың келісімі. 2. Сот және соғыс жоғарғы билеушінің қалай қарайтындығына
тәуелді. 3. Жоғарғы өкімет иелерін құқық бойынша жазалауға болмайды. 4. Жоғарғы өкіметсіз мемлекет емес, анархия болады. 5. Құлдар мен балалар қожайындары мен әке-шешесіне шексіз
бағынуға міндетті. 6. Жоғарғы өкіметтің абсолюттік сипатын Көне өсиеттің де, Жаңа
өсиеттің де айдан-анық жерлері қуаттайды.
ХІІ тарау
Мемлекеттің ыдырауының ішкі себептері туралы
1. Жақсылық пен жамандық туралы байламды жеке азаматтар айтуға тиіс деген пікір сенімсіз. Осы кезге дейін біз мемлекеттердің қандай себептермен және қандай келісімдер пәрменімен орнатылатынын, сондай-ақ билеушінің азаматтар жөніндегі құқықтары қандай екенін айттық. Енді біздің мемлекетті ыдырататын себептер, басқаша айтқанда, бүлік себептері туралы қысқаша айтуымыз қажет. Жаратылыстық денелердің қозғалысында үш сәтті айыра білу керек, атап айтқанда: ішкі бейімділік, соның арқасында осы денелер қозғалыс жасауға қабілетті болады; сыртқы агент, соның арқасында іс жүзінде белгілі бір қозғалыс болады; ең соңында қарекеттің өзі. Осы секілді азаматтар бүлік шығаратын мемлекетте қаперге алынуы тиіс үш элемент бар. Біріншіден, тыныштыққа қас және адамдарды бүлікке бейімдейтін ілімдер мен нәпсілер; екіншіден, қолына қару алуға, бүлікке бейім адамдарды көндіретін, шақыратын және бағыттайтын адамдар; үшіншіден, нәтижесінде осының бәрі жасалатын тәсіл, басқаша айтқанда көтеріліс актысының өзі. Бүлікке бейімдейтін ілімдердің біріншісі былай дейді: жамандық пен жақсылықты айыру құқығы жеке адамдарға тиесілі. Жақсылық пен жамандықты, әділет пен әділетсіздікті, адал мен арамды ажырататын ережелер шындап келгенде азаматтық заңдар; сондықтан заң шығарушы белгілегеннің бәрін жақсылық, ол тыйым салғанның бәрін – жамандық деп санау керек. Ал мемлекетте жоғарғы өкімет тиесілі адам не жиналыс әрдайым заң шығарушы болып табылады; басқаша айтқанда монархияда заң шығарушы – монарх... Сондықтан жақсылық пен жамандық арасындағы айырмашылықты король белгілеуі керек және король дегеніміз дұрыс істейтін адам; корольге оның бұйрықтары әділ болған кезде ғана бағыну керек және т.с.с. деп кесіп айтатын адамдардың
пікірі (күн сайын айтылса да) әділ емес. Өкімет орнатылғанға дейін әділетті және әділетсіз нәрсе жоқ, өйткені бұл екеуінің де табиғаты бұйрыққа тәуелді, ал кез-келген қарекет өзінің табиғатынан бейтарап, яғни әділетті де емес, әділетсіз де емес. Ол әмірші құқығын жүзеге асыру нәтижесінде әділетті немесе әділетсіз болады. Сондықтан заңды корольдердің әмірі олар бұйыратын нәрсенің бәрін әділетті қылады, ал олардың тыйымдары олар тыйым салатын нәрсенің бәрін әділетсіз етеді. Егер жеке кісілер жақсылық пен жамандықты ажырату құқығын өзіне телігісі келетін болса, бұл олардың корольдергеа ұқсауға талпынғаны, бірақ бұл мемлекеттің тұтастығын сақтаумен сыйыспайды. Бүкіл Құдай әмірінің ең байырғысы былай дейді: ":Жақсылық пен жамандықты таныпбілу дарағынан дәм татпа" (Болмыс. 11.17). Ібіліс сіңірген ең байырғы әзәзілдік мынадай: “сендер оның дәмін татсаңдар, көздерің ашылатынын, Құдай секілді жақсылық пен жамандықтың не екенін ажырата алатындарыңнды Құдай біледі” (Болмыс. ІІІ, 5); Құдайдың адамға ең алғашқы кейісі мынадай: “Тыр жалаңашсың деп кім айтты саған? Мен саған дәм татпа деп бұйырған ағаш мәуесін жегенбісің?” (Болмыс. ІІІ, 11). Құдай мынаны айтқысы келгендей: дүниені жаратқан кезде мен берген жалаңаштығыңды, мен ұят пен ұятсыздық арасындағы айырмашылықты білуден сені мүлдем мақұрым қалдырсам, сен қалай ұят деп санайсың? [...] 5. Жоғарғы өкіметті бөлуге болады дейтін пікір сенімсіз. ... Сондай-ақ Жоғарғы өкіметті былай бөлетін адамдар бар: соғыс кезінде де, бейбіт кезде де өкімет бір адамға (оны монарх деп атайды) беріледі, ал ақша жинау құқығы оған емес, басқа біреуге беріледі. Бірақ ақша дегеніңіз соғыс пен бейбітшілік жүйкесі болғандықтан, өкіметті осылай бөлетін адамдар оны бөліске салмайды, оны басқаша атап, ақша жұмсаушының қолына береді. Егер олар өкіметті шынымен бөлетін болса, онда мемлекет қирайды, өйткені керек кезде ақшасыз соғыс жүргізуге де, қоғамдық тыныштықты сақтауға да болмайды. 6. Сенім мен әулиелік парасат күш-жігері арқылы емес, табиғаттан
тыс түрде алынады дейтін пікір сенімсіз. ... Бұл ілім жақсылық пен жамандық арасын айыруды жеке адамдардың жасай бастауына апарып соқтырады, мемлекеттің жойылып кетуін қаламасаң, бұған жол беруге болмайды. Бұл пікірдің христиан әлемінде кең таралғаны соншалық, жаратылыстық парасаттан бас тартушыларға сан жетпейді дерлік. Оны Қасиетті кітаптан толып жатқан қасиетті сөздерді тауып алып, оларды қалауынша байланыстыруға әккі болып алғаны соншалық, олардың бәлду-батпақ сөздері білімсіз адамдарға Құдай сөзіндей болып көрінетін ақымақтар таратады; ол сөзді ешқандай негізсіз құдай сөзіндей көрінетіндерге қажетіне қарай сөйлеп тұрған адам жоғарыдан рухтандырылған секілді елестейді. 7. Жекелеген азаматтарға меншік құқығы яки олардың меншікті нәрсесіне абсолютті үстемдік құқығы тиесілі дейтін пікір сенімсіз. 8. Халық пен адамдар бұқарасы арасындағы айырмашылықты білмеу бүлікке итермелейді. Ақыр соңында, мемлекеттік, әсіресе монархиялық басқаруға жұрттың халықты адамдар бұқарасынан анық айыра білмеуі қауіп төндіреді. Халық біртұтас нәрсе, ол біртұтас ерікке ие, оған біртұтас қарекет теліне алады. Бұқара туралы ондай ештеңе айта алмайсың. Халық кез-келген мемлекетте билік жүргізеді; ол тіпті монархияда да әмір етеді, өйткені онда ол өз еркін бір адамның еркі арқылы білдіреді. Ал бұқара азаматтардан, яғни бодандардан құралады. Демократия және аристократия кезінде азаматтар бұқара болып табылады, ал олардың жиналысы – халық. Ал монархия кезінде бодандар бұқараны құрайды, ал халық дегеніңіз – король (қаншалық оғаш болса да). Қара халық пен болмыста орын алып отырған нәрсеге өте аз көңіл бөлетін адамдар әрқашан адамдар саны көп болса, соны халық, яғни мемлекет дейді. Олар мемлекет корольге қарсы көтерілді (бұл мүмкін емес) және мыжың да міңгірлегіш адамдар бір нәрсені қаласа немесе қаламаса, соны халық қалайды немесе қаламайды дейді де, халықтың атын жамылып, азаматтарды мемлекетке қарсы, яғни
бұқараны халыққа қарсы қояды. Азаматтар сеніп қалып, бүлікке арандатудың оңай олжасына айналатын пікірлердің барлығы дерлік осындай. Және әрбір мемлекетте жоғарғы өкімет иелерінің ұлықтығын құрметтеу қажет кезде, бұл пікірлер өзінің табиғаты жағынан қорлау болып табылады.
9. Әділ және қажетті болса да, шектен тыс салықтар бүлікке итермелейді. Адам ақылының толқуына көбінесе кедейшілік, немесе тәуір өмір сүру үшін қажет нәрсенің жеткіліксіздігі бәрінен көп жәрдемдеседі. Байлық еңбек арқылы табылатынын және ұқыптылық арқылы сақталатынын білмейтін ешкім болмаса да, барлық кедейлер әдетте олардың қайыршылығына өздерінің жалқаулығы мен ысырапшылдығы кінәлі емес, осындай ахуалға мемлекеттік алым-салы тар сал біліп, үкімет кінәлі деп ойлайды. Алайда адамдардың мынаны түсінуі керек: жоқ-жұтаң күн көру үшін жұмыс істеп қана қоймай, жұмыс істеу мүмкіндігі болу үшін соғыс жүргізу де қажет. Ездра заманында Иерусалим қабырғасын көтерген әрбір еврей бір қолымен жұмыс істеп, екінші қолымен семсер ұстаған. Және әрбір мемлекетте семсер ұстаушы қол король немесе жоғарғы жиналыс екендігін, азаматтардың еңбегі осы қолға нәр беруге тиістігін, өйткені соның арқасында ғана әркім өзінің төл дәулетін қамтамасыз ететіндігін түсіну қажет; шынында да, алымдар мен салықтар өзге нәрсе емес, жеке адамдардың еңбегін жаудың шапқыны үзбес үшін қолына қару ұстап сергек тұратындарға берілген ақы. Және өзінің кедейшілігін қоғамдық алым-салықтарға теліп, үкімет үстінен шағым айтатындар қарызымды төлеймін деп мал-мүлкімнен айырылдым дейтін адамдар секілді әділетсіздікке барады. Бірақ адамдардың көп бөлігі бұны түсінбейді. ...Мемлекеттің бүкіл салмағы өздерін езіп-жаншиды деп білетіндер көтеріліске дайын; дәл бүгіндері ауыр күйге ұшырағандар төңкеріске бейім екені анық қой.
10. Көтеріліске атаққұмарлық итермелейді. Мемлекет үшін қауіпті тағы бір рух дерті бос уақыты жетіпартылатындықтан, сый-құрметті аңсайтын адамдарды қамтиды. Сыйқұрмет пен танымалдыққа табиғатынан барлық адамдар, әсіресе өмір үшін қажетті нәрсе жайлы қам жемейтіндер ұмтылады... Олар ақылым мен білімім ең маңызды істерді басқаруға жетеді деп санайды... Олар төңкерістерге сылтауды жатпай-тұрмай іздейді. 11. Бүлікке табысқа деген үміт итермелейді. 12. Бүлікке қоздыру үшін қажет күш кемеңгерліктен ауылы алыс ділмарлық. 13. Тобырдың ақымақтығы мен атаққұмарлардың ділмарлығы мемлекеттің қирауына қалай жәрмемдеседі. ... Ақымақтық пен ділмарлықтың мемлекетті құлатуға қатысуы кезінде Фессалия патшасы Пелийдің қыздарының өз әкесіне қарсы Медеямен сөз байласқандағы (аңызда айтылатындай) қарекеттерін еске түсіреді. Қартты қайта жасартамыз деген үмітпен олар, Медеяның кеңесі бойынша, оны кескілеп тастап, пісіруге отқа қояды да, оның тіріліп кетуін бекер күтеді. Дәл солайша адамдар бұқарасы Пелийдің қыздары сияқты ескі мемлекетті жаңартуды қалап және Медеяның сиқыршылығы секілді, атаққұмарлардың ділмарлығымен арандатылып, бұл мемлекетті партияларға бөледі де, өздерінің ақымақтығымен шындап қайта құрудан гөрі, көбінесе өртеп жібереді.
XІІІ тарау
Жоғарғы өкіметті жүзеге асырушы адамдардың міндеттері
туралы
1. Жоғарғы өкіметке құқықтың оның жүзеге асырылуынан
айырмашылығы. Жоғарыда айтылғаннан мемлекеттің әрбір түріндегі азаматтар мен бодандардың міндеттері, сондай-ақ олар жөнінде жоғарғы билеушілер не істей алатындығы айқын бола түседі. Ал билеушілердің өздерінің міндеттері мен олардың өз азаматтарына қалай қарауы қажет екендігін біз әлі айтқан жоқпыз. Жоғарғы өкіметке құқық және оның жүзеге асырылуы арасын айырып алу қажет. Өйткені олар, мысалы, құқық иесі істі қарау немесе талқылау кезінде өзі қатыса алмағайтын немесе қатысқысы келмейтін жағдайда болатынындай, бір-бірінен бөліне алады; кейде корольдер не өзінің жасына орай істерді жүргізе алмайды, не тіпті оларды жүргізе алса да, мансап иелері мен кеңесшілерді таңдап алып, өз билігін солар арқылы жүзеге асырумен шектелу дұрыс деп санайды ғой. Құқық оның жүзеге асырылуынан бөлінген жерде мемлекет басқару әлемді басқарудың әдеттегі тәсілін еске түсіреді. Ол тәсілге сәйкес кезкелген қозғалысқа бастау беретін Құдай жаратылыстық қарекеттерді ең таяу себептермен жүзеге асырады. Ал басқару құқығының иесі барлық сот отырыстарының, кеңестер мен жұртшылық қарекеттерінің басы-қасында өзі болғысы келсе, басқару Құдайдың егер ол нәрселердің жаратылыстық ретін тәрк етіп, кез-келген істің басы-қасында тікелей өзі болғысы келсе, басқаруына ұқсаған болар еді. Сонымен, бұл тарауда біз жоғарғы өкіметті жеке өзінің немесе бөтен біреудің құқығы бойынша жүзеге асыратын адамдардың міндеттері туралы қысқаша және жалпылама айтамыз. Сондықтан менің ниетіме бір тақсырлар қарекетті қалай басқалардан өзгеше жасай алатыны туралы мәселені талқылау жатпайды; мұны жекелеген мемлекеттердің практик саясаткерлеріне беру керек.
1. Халық игілігі – ең ұлық заң. Билеушілердің барлық міндеттері бір ережеде жинақталған: халық игілігі – ең ұлық заң. Адамдар жөнінде жоғарғы өкіметке ие кісілер сөздің төл мағынасында, үстемдік бағынумен сыйыспайтындықтан заңдарға, яғни
адамдар еркіне бағына алмайиын болғанымен, олар жаратылыстық, моральдық заң және құдіретті заң болып табылатын және олар мүмкін болғанынша барлық істе бағынуға тиіс парасатпен міндетті байланыста. Өкімет тыныштыққа қол жеткізу үшін орнатылғандықтан, ал тыныштыққа қауіпсіздік үшін ұмтылатындықтан, егер қолында өкімет бар кісі оны халықтың игілігіне пайдаланбаса, ол тыныштық мүддесіне кереғар, яғни жаратылыстық заңға кереғар қарекет етеді. Және халықтың игілігін заң анықтайтыны, билеушілер өз міндеттерін сол арқылы танып білетіні секілді, ол билеушілерді азаматтардың әл-ауқаты жайында қам жейтін өнерге де үйретеді. Өйткені азаматтардың құдіреттілігі дегеніміз мемлекеттің, яғни онда жоғарғы өкіметке ие кісінің құдіреттілігі. 3. Билеушілердің міндеті қайсыбір адамның жеке игілігі емес, көпшіліктің ортақ игілігі жайында қамқорлық жасауда. Халық дегенде біз біртұтас азаматтық тұлғаны емес, яғни билік жүргізуші мемлекеттің өзін емес, басқарылатын көптеген азаматтарды айтамыз. Өйткені мемлекет өзі үшін емес, азаматтар үшін орнатылған... 4. ªл-ауқат деп әрқилы пайда айтылады. Әл-ауқат деп өйтіп-бүйтіп тек өмірді сақтауды ғана емес, мүмкіндігінше неғұрлым бақытты өмірдің қамтамасыз етілуін түсіну керек. Өйткені адамдар мүмкіндігінше неғұрлым жақсы өмір сүру үшін өз еркімен өздері құратын мемлекеттің азаматына айналады. Сондықтан жоғарғы өкіметке ие болып, мемлекет басқаруды мойнына алғандар, егер азаматтар өмірдің игілігін ғана емес, заңдардың көмегі арқылы қол жеткізілуі мүмкін шамада рахат көруі жайында қам жемесе, табиғатқа кереғар қимылдайды (өйткені оларға басқаруды тапсырғандардың сенімін бұзады)... 5. Корольдер өз ұжданының әміріне сай өздеріне ең жақсысы көрінетініне қарай өз бодандарының жанын құтқару жайында қам жеуге міндетті ме? 6. Халық игілігі неден тұрады?
Азаматтардың бұл жалғанға ғана қатысы бар игілігі келесі төрт түрге жатқызыла алады: 1) сыртқы жаулардан қорғану; 2) ішкі тыныштықты сақтау; 3) баю, өйткені ол қоғамдық қауіпсіздікпен сыйысады; 4) бостандықтан зиян тигізбейтін ләзат алу. Жоғарғы билеушілер азаматтар үшін олардың азаматтық соғыстан да, сыртқы жаулармен соғыстан да қауіптенбей, еңбекпен табылатын байлықты пайдалана алуына қол жеткізуден артық ештеңе жасай алмайды. 7. Жансыздар халықты қорғау үшін қажет. 8. Халықты қорғау үшін бейбітшілік кезінде де әскер, қару-жарақ, бекіністер мен ақша дайын ұсталуы қажет. 9. Азаматтарға мемлекет туралы ілімді дұрыс оқыту бейбітшілікті қолдау үшін қажет.
Ішкі тыныштықты сақтау үшін көп нәрсе керек, өйткені оған көп нәрсе қауіп төндіреді, бұл алдыңғы тарауда көрсетілген. Біз онда бір себептер ақылды бүлікке бет бұрғызатынын, екінші біреулері соған бет бұрған ақылды қоздырып, қозғалысқа түсіретінін көрсеттік. Бүлікке бет бұрғызатын себептердің ішінде біз бірінші орынды кейбір жалған ілімдерге бердік. Сонымен, билеушілер ондай ілімдерді азаматтардың санасынан аластап, оларға қарама-қарсы ілімдерді сіңіруге міндетті. Пікірлер адам санасына бұйрықтар арқылы емес, үйрету арқылы сіңетіндіктен ... осы жамандықпен күреске тірек болатын заңдар адасқандарға қарсы емес, адасудың өзіне қарсы бағытталуы тиіс. Алдыңғы тарауда көрсеткеніміздей, мемлекеттегі тыныштықты сақтаумен сыйыспайтын адасулар сауатсыз адамдардың санасына жартылай арандатушылар кафедраларынан, жартылай бос уақыты көп адамдардың күн сайынғы мылжыңынан сіңеді; ал соңƒылардың санасына университеттердегі жастар ұстаздарының ықпалымен сіңеді. Сондықтан дұрыс ілімді енгізу ниетіндегі адам осы университеттерден бастауы қажет. Ақиқат және дұрыс дәлелденген азаматтық ілімнің негіздері нақ соларда
қолдануға тиіс, сол ілімді кейін жеке сұхбаттар мен көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде осы ілімнің рухына әбден берілген жастар халыққа баяндай алады. Олар өздері үйретіп, өздері уағыздайтынның ақиқаттығына неғұрлым сенімді болса, мұны соғұрлым қызу және сенімді істейтін болады. Және егер қазіргі уақытта адамдар тек тыңдаушылардың дағдысы пәрменімен көз жеткізетіндей болып көрінетін және арнаулы жәшіктен көз жұмып алына салған сөз тіркестерінің астасу ретінде ғана түсінікті жалған қағидаларды місе тұтатын болса, дәл сол себеппен олар парасатқа және зат табиғатына сай келетін ақиқат ілімдерді соншалық қуана-қуана қабылдайтын болады. Сондықтан мен билеуші ақиқат азаматтық ілім негіздерінің жазылып, мемлекеттің барлық университеттерінде оқытылуын бұйыруға міндетті деп ойлаймын. 10. Қоғамдық міндетті жұмыстардың тең бөлінуі тыныштықтың сақталуына жетелейді. ... Адамдар ауыртпалықтың болуының өзінен гөрі, оның біркелкі бөлінбеуін ауырсынады. Өйткені олар міндеті жұмыстан құтылу үшін орасан зор күш салады және осы күресте бақыты кемдер неғұрлым бақыттыларға, жеңілгендердің жеңгендерге қарағаны сияқты, іші күйе қарайды. Әділ наразылықты тоқтату қоғамдағы тыныштықты сақтау үшін қажет, сондықтан билеуші қоғамдық міндетті жұмыстарды біркелкі бөліп беруге міндетті... Жаратылыстық заң басқаларға құқықтарды үлестіру кезінде әрбір адамның теңдік талаптарын бұлжытпай сақтауын бұйырады (ІІІ тараудың 15-тармағы пәрменімен); сондықтан ол билеушілерді азаматтарға қоғамдық міндетті жұмыстарды біркелкі бөліп беруге міндеттейді. 11. Жаратылыстық әділет алым-салықтар әркімнің мал-мүлкінің мөлшеріне емес, тұтыну көлеміне сәйкес төленуін талап етеді. Біз бұл арада теңдікті ақшаның тең мөлшеріне ие болу емес, төккен тер мен пайданың арасындағы тең қатынас деп түсінеміз. Өйткені тыныштықты барлығы бірдей пайдаланғанымен, тыныштық баршаға тең
шамада пайдалы емес, себебі біреулер оның кезінде көбірек, енді біреулер азырақ иемденеді... 12. Атаққұмарлар санының азаюы тыныштықтың сақталуына жетелейді. 13. Тыныштықты сақтау үшін партияларды таратып жіберу керек.
... Партия мемлекет ішіндегі мемлекет сияқты; жаратылыстық ахуалда адамдардың бірігуі мемлекетті құратыны секілді, азаматтардың одан кейінгі бірігуі партияны құрады... Жеке байлық туралы да, егер ол тым мол болса, дәл осыны айтуға болады, өйткені ақшаға бәрі де бағынады. Демек, егер мемлекеттердің бір-бірімен қарым-қатынасындағы жаратылыстық ахуалы дұшпандық болып табылады деген пікір дұрыс болса, мемлекетте партиялардың болуына жол беретін билеушілер қамал қабырғасынан жауды кіргізіп жібергендей нәрсе істейді. Бұл азаматтардың игілігі мен қауіпсіздігіне, олай болса, жаратылыстық заңдарға да кереғар. 14. Азаматтардың баюына пайда беретін өнерлер мен кәсіптердің дамуын көтермелейтін заңдар, сондай-ақ ұқыптылықты бұйыратын заңдар жәрдемдеседі. Азаматтардың баюы үшін екі құрал – еңбек пен ұқыптылық қажет; осыған үшінші бірдеңе, атап айтқанда жер мен су беретін жаратылыстық кіріс жәрдемдеседі; баюдың төртінші құралы да бар, ол – кейде азаматтардың байлығын көбейтетін, көбіне азайтатын әскери кәсіп. Тек алғашқы екі құрал қажетті болып табылады. Өйткені теңіз аралында орналасқан, қоныстану үшін қажет көлемнен артық көлемі жоқ мемлекет егін екпей-ақ балық ауламай-ақ, тек қана сауда мен кәсіптердің арқасында шешек ата алады; бірақ, осы мемлекеттің азаматтары, егер олардың саны өзгермеген болса, көбірек аумақты иеленсе, одан да бай болып шығатыны немесе, егер олардың саны артса, дәл сондай бай болып қала беретіні сөзсіз. Баюдың төртінші құралы, атап айтқанда, әскери кәсіп, кезінде қарақшылық және пираттық өнер деген атпен кіріс беретін кәсіптердің
қатарына кірген. Адамзат баласы әлі мемлекет дегенді білмеген және отбасыларға ғана бөлінген кезде бұл өнер әділетті де құрметті деп есептелді. Өйткені қарақшылық дегеніңіз азғантай әскери күш қатысатын соғыстың нақ өзі. Үлкен мемлекеттер, әсіресе Рим және Афина мемлекеттері кезінде әскери олжаның, жатжұрттықтардан, қару күшімен басып алынған жерлерден алынатын алым-салықтар арқылы байығаны соншалық, кедей азаматтардан қоғамдық қажеттер үшін ешқандай ақша талап етпегені былай тұрсын, оларға жеребемен ақша, жер беріп отырған. Алайда байлықтың осылай артуын баюдың қалыпты құралы деп қарастырмау керек. Баюдың құралы ретінде әскери өнер көбісін жұтатып, бірліжарымды ғана байытатын асық ойнына ұқсас. Демек, азаматтардың баюының үш құралы ғана бар, атап айтқанда: жер мен судан алынатын кіріс, еңбек пен ұқыптылық және билеушілер солардың ғана қамын ойлауға міндетті. Жер мен судан кіріс алу үшін жер мен судың өнімдерін алуға жәрдемдесетін кәсіптерге қолайлы заңдар пайдалы, ал бұл кәсіптер – егіншілік пен балық аулау. Ал еңбекке келетін болсақ, оны көтермелеу үшін жалқаулыққа тыйым салатын және адам бойында теңізде жүзу өнеріне (нәтижесінде еңбек сатып алуға ғана жұмсалып, мемлекетке жердің әр қиырынан әр түрлі пайдалы заттар әкелінеді), сондай-ақ механикаға (бұны мен өз кәсібімен табысқа жететін адамдардың барлық кәсіптері деп түсінемін) және теңізде жүзу өнері мен механиканың негіздерін түсінікті қылатын математикалық ғылымдарға құмарлықты қоздыратын барлық заңдар пайдалы. Ұқыптылыққа қол жеткізу үшін сондай-ақ тамақты, сол сияқты киімді және тұтыну нәтижесінде жойылып кететін барлық нәрсені қисапсыз тұтынуға тыйым салатын заңдар пайдалы. Осы секілді заңдар жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетіндіктен, оларды шығару – билеушілердің міндеті. 15. Заңдар адамдардың істерін азаматтар мен мемлекеттің игілігі қажет ететіннен артық реттемеуге тиіс.
Азаматтардың еркіндігі оларға мемлекеттік заңдардың күші жүрмейтіндігінде, мемлекеттегі жоғарғы өкімет иелерінің өздері қалағандай заңдар орната алмайтындығында емес. Бірақ азаматтардың барлық қозғалыстары мен қарекеттері ешқашан заңдармен реттелмейтіндіктен, және олардың аса алуан түрлілігінің салдарынан мұндай реттеуге жатқызыла алмайтындықтан, міндеттелмеген және тыйым салынбаған, бірақ әркімнің өзінше шешуіне жататын ая шексіз дерлік екендігі келіп шығады. Сондықтан әркім өзіне тиесілі еркіндікті пайдаланады дейміз және бұл орайда еркіндікті жоғарыда көрсетілген мағынада, атап айтқанда азаматтарға қалдырылған және азаматтық заңдарға сәйкес олардың ие болуына жол берілген жаратылыстық құқықтың бір бөлігі ретінде түсіну керек. Барлық жағынан жағалаумен шектелген, су ақпай, бұзылады; ал барлық жағынан кедергі болмаса, ол барлық жерге жайылады және шығу арнасын неғұрлым көбірек тапса, соғұрлым кедергісіз ағады. Осы секілді азаматтар да егер заңдардың тарапынан тікелей нұсқаусыз аттап бастпайтын болса, сілейіп қалады, егер заңдар оларға бәрін істеуге рұқсат етсе, жан-жаққа бытырай жөнеледі және заңдар олардың қарауына неғұрлым көп іс қалдырса, соғұрлым көп еркіндікті пайдаланады. Шектен шығудың екеуі де зиянды, өйткені табиғат жағалауды өзеннің ағысын бөгеу үшін емес, оны бағыттау үшін жасағаны секілді, заңдар да қорқыту үшін емес, адам әрекетін бағыттау үшін енгізілген. Осы еркіндіктің көлемін азаматтар мен мемлекеттің игілігі анықтауы тиіс. Сондықтан заңдардың азаматтар мен мемлекеттің игілігі үшін қажет болатыннан көп мөлшерде орнатылуы ең алдымен әмірін жүргізетіндер мен билігі барлардың міндеттеріне кереғар. Адамдар өздерінің не істеуі керектігін, не істемеуі керектігін заңдарды білуден гөрі, көбіне жаратылыстық парасатпен санасып, ойластыруға дағдыланған. Заңдар көп болса, біз олар тыйым салатынды, парасат тыйым салмаса, қалайша есте сақтамақпыз? Осыдан келіп, біз білместіктен және ешқандай жаман ниетсіз-ақ осындай заңдардың
шырмауында шатасамыз, соның салдарынан әмір етушілер жаратылыстық заңдар негізінде азаматтарға қалдыруға міндетті қол сұғылмас еркіндікке нұқсан келеді. 16. Біреуге заңдармен белгіленгеннен артық жаза қолданбау керек. Мемлекетке зияны жоқ және жекелеген азаматтардың бақытты өмірі үшін қажет еркіндіктің болуы, маңызды шарттың бірі ретінде олардың алдын алуға немесе күтуге болатын жазадан басқа ешқандай жазадан қауіптенбеуін көздейді...
"Томас Гоббс. Избраные произведения в двух
томах. М., 1964" басылымынан қазақшалаған
Асхат Әбішев.
ЛЕВИАФАН НЕМЕСЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ МАТЕРИЯСЫ, ПОШЫМЫ
ЖӘНЕ ӨКІМЕТІ
ІІ бөлім
МЕМЛЕКЕТ ТУРАЛЫ
XVІІ тарау
Мемлекеттің пайда болу себептері және анықтамасы туралы
Мемлекеттің мақсаты – негізінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
оған жаратылыстық заңмен де, сондай-ақ аз ғана адамдардың немесе
отбасылардың бірігуімен де, адамдардың көптігімен де (олардың
әрқайсысы өз пікірін жөн деп біліп, бұл ұдайы қайталанып отырады)
кепілдік берілмейді
Адамдардың (табиғатынан еркіндікті және басқаларға үстемдік етуді жақсы көретін) өздерін бұғаулауының (олар, мемлекетте өмір сүргенде өздерін солай бұғаулайтынын көрдік) түпкі себебі, мақсаты немесе ниеті аман қалу және соған қоса неғұрлым қолайлы өмір сүру қамы болып табылады. Басқаша айтсақ, мемлекетті орнату кезінде адамдар соғыстың қасіретті ахуалынан арылуға ұмтылысты басшылыққа алады, соғыс оларды қорқытып ұстайтын, жазалау қатерімен келісімдерді орындауға және XІV, XV тарауларда баяндалған жаратылыстық заңдарды сақтауға мәжбүр ететін көзге көрініп тұрған өкімет жоқ жерде адамдардың жаратылыстық нәпсісінің қажетті салдары (XІІІ тарауда көрсеткеніміздей) болып табылады. Шынында да, жаратылыстық заңдар (әділет, ешкімге бұрмау, сыпайылық, мейірімділік және (жалпы алғанда) біз өзімізге басқаның қалай қарағанын қаласақ. өзіміздің басқаларға солай қарауымызды талап ететін құлық) өздігінен оларды сақтауға мәжбүр ететін қандай да бір күш алдында қорқынышсыз бізді біржақтылыққа, тәкаппарлыққа, кекшілдікке және т.с.с. жетелейтін жаратылыстық нәпсіге кереғар. Ал семсерсіз жасалған келісімдер адамның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтын сөз ғана. Міне сондықтан жаратылыстық заңдардың (әрбір адам оларды орындағысы келгенде, мұны өзі үшін ешқандай қатерсіз істей алатын болғанда орындайтын) бар екендігіне қарамастан, әркім, егер орнатылған өкімет немесе бізге қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шамасы келетін басқа өкімет жоқ болса, өзін барлық басқа адамдардан қауіпсіздендіру үшін өзінің дене күші мен ептілігін қолданады және заңды түрде қолдана алады. Және шағын отбасылар болып өмір сүрген барлық жерде адамдар бірінбірі тонайтын; мұның жаратылыстық заңмен сыйысады деп саналғаны соншалық, адам неғұрлым көп тонап алса, соғұрлым бұл оған үлкен абырой беретін. Бұл істе адамдар ар-намыс заңдарынан басқа ешқандай заңдарды сақтаған жоқ, атап айтқанда, олар адамдарға өмірін және ауыл шаруашылық құралдарын қалдырып, қаныпезерліктен бой тартатын.
Бұрынғы шағын отбасылар секілді, қазір де үлкен рулар болып табылатын (өз қауіпсіздігі үшін) қалалар мен корольдіктер әрқилы сылтаулармен: қауіп-қатер, жаулап алыну немесе жаулап алушыға көрсетілуі мүмкін көмектен қорқу сылтауымен өз иеліктерін кеңейте түседі. Бұл орайда олар өз көршілерін дөрекі күшпен және құпия айла-шарғымен бағындырып, әлсіретуге барынша тырысады, және, қауіпсіздікке басқа кепілдік жоқ болғандықтан, олардың мұнысы әбден әділ істеледі және олардың ісәрекеттері ғасырлар бойы даңқпен еске алынады. Аз ғана адамдардың бірігуі де қауіпсіздік кепілі бола алмайды, өйткені қайсыбір жаққа бірлі-жарым адамның қосылуының өзі олардың дене күшін еселей түсетіні соншалық, ол жеңісті қамтамасыз етіп қана қоймай, жаулап алуға да ұмтылдырады. Біз өз қауіпсіздігімізді сеніп тапсыра алатын күш мөлшері қандай да бір санмен емес, жаудың күшімен осы күштің ара салмағымен айқындалады; мұндай жағдайда біздің қауіпсіздігіміз үшін жау күшінің артықтығы соғыстың қалай аяқталатынын шешіп, жаудың шабуыл жасауына түрткі болатындай соншалық зор болмауы жеткілікті. Адамдар саны қаншалық көп бола берсін, алайда олардың әрқайсысы өз қарекеттерінде тек төл пікірлері мен ұмтылыстарын ғана басшылыққа алатын болса, ондай қоғам ортақ жаудан да, бір-біріне жасалған әділетсіздіктен де қорғаныс, шапағат күте алмайды. Өйткені өз күштерін жақсы пайдалану мен қолдану жөніндегі пікірлерде келісе алмай, олар бірбіріне көмектеспейді, қайта кедергі жасайды және өзара кереғар қарекетпен өз күштерін әбден титықтатады, соның салдарынан оларды саны аз, бірақ неғұрлым топтасқан жау оп-оңай бағындырып алады, ал ортақ жау болмаса, олар өздерінің жеке мүдделерін көздеп, бір-бірімен қырықпышақ болады. Шынында да, егер біз көптеген адамдар бұқарасы оларды қорқынышта ұстап тұратын ортақ өкімет жоқ болса да, әділдік пен басқа да табиғи заңдарды сақтауға келіседі деп санай алсақ, онда біз дәл осындай негізбен бүкіл адамзат ұрпағы турасында да тап солай санай алар
едік, сонда азаматтық басқаруға немесе мемлекетке деген ешқандай қажеттілік болмас еді, өйткені ол кезде бағынышсыз-ақ бейбітшілік болар еді. Адамдар бүкіл ғұмыр бойына ұзартқысы келетін қауіпсіздік үшін олардың біртұтас ерікпен белгілі уақыт ішінде, мысалы бір шайқас немесе соғыс барысында басқарылып, бағытталуы жеткіліксіз. Өйткені олар өздерінің бір ауызды күш-жігерінің арқасында жатжұрттық жауға қарсы күресте жеңіске жеткенімен, алайда одан соң, ортақ жау жоқ кезде немесе бір партия басқа бір партия дос деп есептейтінді жау деп тапқан кезде, олар өз мүдделерінің өзгешелігі пәрменімен қажеттігіне қарай қарымқатынасты тоқтатып, қайтадан қырықпышақ болуға тиіс. [...] Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекеттің анықтамасы. Егемен және бодан деген не? Адамдарды жатжұрттықтардың басып кіруінен және бір-біріне жасалатын әділетсіздіктерден қорғауға, сөйтіп өз еңбегімен және жердің жемісімен күн көріп, молшылықта өмір сүре алатын қауіпсіздікті беруге қабілетті ортақ өкімет тек бір жолмен ғана, атап айтқанда бүкіл өкімет пен күшті бір адамға немесе көпшілік дауыспен азаматтардың бүкіл ырқын біртұтас ерікке айналдыра алатын адамдар жиналысына шоғырландыру жолымен жасала алады. Басқаша айтқанда, ортақ өкіметті орнату үшін адамдар өздерінің өкілдері болып табылатын бір адамды немесе адамдар жиналысын тағайындауы; ортақ тұлға иесі ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында өзі істейтін немесе басқаларды істеуге мәжбүр ететін барлық нәрсе жөнінде әрбір адам өзін сенім білдірілген адаммын деп есептеп, өзін осыған жауапты деп мойындауы; әркім өзінің еркі мен пікірін ортақ тұлға иесінің еркі мен пікіріне бағындыруы қажет. Бұл келісімнен немесе бірауыздылықтан артық. Бұл әрбір адам әрбір басқа адаммен жасасқан келісім арқылы бір тұлғада бейнеленген нақты бірлік, ол келісімді жасасқан кезде әрбір адам әрбір басқа адамға былай дегендей болады: мен осынау адамды немесе осынау адамдар жиналысын өкілетті
етіп, оған өзімді басқару жөніндегі төл құқығымды, сен де дәл солай етіп, оған өз құқығыңды берсең, және оның барлық қарекеттеріне рұқсат етсең деген шартпен беремін. Егер бұл жасалса, онда осылайша бір тұлға боп біріккен көптеген адамдар мемлекет, латынша – cіvіtas деп аталады. Сонау ұлы Левиафанның яки, дұрысы (неғұрлым ізетпен айтсақ), ажалды құдайдың, біз ажалсыз құдайдың шексіз билігімен өзіміздің тыныштығымыз үшін, қорғаныштылығымыз үшін қарыздар құдайдың пайда болуы осындай. Өйткені оларға мемлекеттегі әрбір жеке адам берген өкілеттік арқасында, әлгі адам немесе адамдар жиналысы өз бойында шоғырланған орасан зор күш пен өкіметті пайдаланатыны соншалық, осы күш пен өкімет сіңіретін қорқыныш осынау адамды немесе осынау адамдар жиналысын барлық адамдардың еркін ішкі тыныштыққа және сыртқы жауларға қарсы өзара көмекке бағыттауға қабілетті етеді. Мемлекеттің мәні осынау адамда немесе адамдар жиналысында, ол мынадай анықтаманы қажет етеді: мемлекет дегеніміз біртұтас тұлға, осынау тұлға жұрттың барлығының күші мен құралдарын олардың тыныштығы мен ортақ қорғанысына қалауынша пайдалана алуы үшін орасан көп адамдар өздерінің арасында жасалған шарт жолымен өздерін жауапты етті. Осы тұлға иесі егемен деп аталады, және ол туралы ол жоғарғы өкіметке ие дейді, ал басқа кез-келген адам оның боданы. Жоғарғы өкіметке қол жеткізудің екі жолы бар. Бір жол – физикалық күш, мысалы, әлдекім өз балаларын, олар бас тартқан жағдайда өлтіремін деп қорқытып, билігіне бағынуына мәжбүрлейтін кездегі немесе соғыс жолымен дұшпандарын өз еркіне бағындырып, оларға осындай шартпен өмір сыйлайтын кездегі күш. Екінші жол – бір адам немесе адамдар жиналысына осы адам немесе осы жиналыс оларды барлық басқалардан қорғай алады деген үмітпен адамдардың ерікті бағынуға келісуі. Мұндай мемлекет саяси мемлекет немесе орнатылған мемлекет, ал бірінші жолмен
негізі қаланған мемлекет, – иеленуге негізделген мемлекет деп аталуы мүмкін. Бірінші кезекте мен орнатылған мемлекет туралы айтпақпын. [...]
XІX тарау
Орнатылған мемлекеттің түрлері және жоғарғы өкіметтің
сабақтастығы туралы
Мемлекеттің әрқилы пошымдары тек үшеу ғана бола алады. Тирания және олигархия монархия мен аристократияның әр түрлі атаулары ғана. Мемлекеттердің айырмашылығы егеменнің яки баршаның және адамдар бұқарасының әрқайсысының өкілі болып табылатын тұлғаның айырмашылығынан көрінеді. Ал жоғарғы өкімет не бір адамға, не көптеген адамдар жиналысына тиесілі болады, ал бұл жиналысқа қатысу құқығына не әркім, не басқалар арасында көзге түсетін белгілі бір адамдар ғана ие болады, осыдан мемлекеттің тек үш түрі ғана бола алатыны анық. Өйткені өкіл не бір адам, адамдардың көбірек саны болуға тиіс, ал бұл – не баршаның, не тек олардың бір бөлігінің жиналысы. Егер өкіл бір ғана адам болса, онда мемлекет – монархия; егер қатысқысы келетін баршаның жиналысы болса, онда бұл – демократия немесе халық билігі; ал егер жоғарғы өкімет азаматтардың тек бір бөлігінің жиналысына тиесілі болса, онда бұл – аристократия. Мемлекеттің басқа түрлерінің болуы мүмкін емес, өйткені не бір, не көп, не барша жоғарғы өкіметке (оның бөлінбейтіндігін мен көрсеттім) тұтасымен ие болады. Тарих пен саясат жайындағы кітаптардан біз басқару пошымдарының тирания және олигархия секілді басқа да атауларын кездестіреміз. Алайда бұл басқа басқару пошымдарының атауы емес, санап көрсетілген пошымдарды жазғыру. Шынында да, монархия кезінде жәбірленгендер оған тирания деп, ал аристократияға наразылар оны олигархия деп
атайды. Дәл сол секілді демократия кезінде ренжітілгендер оны анархия (үкіметтің жоқтығын білдіретін) деп атайды, соған қарамастан, менің ойымша, ешкім өкіметсіздікті басқарудың қандай да бір пошымы деп есептемейтін болар. Сол негіздер бойынша басқару, ол бізге ұнайтын кезде бір пошымда және ол бізге ұнамайтын немесе біз билеушілер тарапынан қысымға ұшыраған кезде басқа пошымда болады деп ойламау керек. [...] Монархияны жоғарғы ассамблеяме салыстыру. Мемлекеттің осынау үш түрі арасындағы айырмашылық өкіметтің өзгешелігінде емес, олардың әрқайсысының өздеріне жүктелген мақсатты жүзеге асыруға, атап айтқанда бейбітшілік орнатып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жарамдылығының немесе қабілеттілігінің өзгешелігінде. Және, монархияны басқарудың басқа екі түрімен салыстыра отырып, біз төмендегіні байқай аламыз. Біріншіден, халық тұлғасын кез-келген иеленуші немесе осындай иеленуші болып табылатын жиналыс мүшесі бір мезетте өзінің төл тұлғасының да иесі. Сондықтан осындай адам саяси тұлға ретінде ортақ игілікті қамтамасыз ету жайында қаншама тырысып қам жесе де, ол, алайда, өзінің жеке игілігін, өз отбасының, туыстары мен достарының игілігін де қамтамасыз ету жайында азды-көпті ықыласпен қам жейді және, егер ортақ мүдделер, оның жеке мүдделерімен қақтығысып қалса, ол көп жағдайда өз мүддесін жоғары қояды, өйткені адамдардың нәпсісі әдетте олардың парасатынан күштірек болады. Сондықтан ортақ мүдделер жеке мүдделермен тығыз сәйкес келетін жерде олар көбірек ұтады. Нақ осындай сәйкестік монархияда бар. Монархтың байлығы, құдіреті мен даңқы оның бодандарының байлығына, күшіне және беделіне байланысты. Өйткені ешқандай король, егер оның бодандары кедей, көзге ілінбейтін немесе, кедейшілік пен өзара қырқыс салдарынан өздерінің жауларына қарсы соғыста төтеп беруге тым дәрменсіз болса, бай да, даңқты да, қауіпсіз де бола алмайды. Ал демократия немесе аристократия кезінде сатқын немесе атаққұмар адамдардың жеке молшылығы қоғамдық гүлденумен ғана емес,
көбінесе опасыз кеңеспен, сатқындықпен немесе азаматтық соғыспен қамтамасыз етіледі. Екіншіден, монарх қалаған адамынан, қалаған уақытында және қалаған жерінде кеңес ала алады, демек, ол өзі талқылауға тиіс мәселеден хабардар адамдардың, олардың лауазымы мен атағы қандай болса да, және қарекет сәті жөнінде қалағанынша күні бұрын және ол қажет деп тапса, қалағанынша құпия түрде пікірін тыңдай алады. Ал жоғарғы жиналыс кеңесті қажет еткенде, ол жерге оған әу бастан құқығы барлар ғана жіберіледі, ал бұлар, көп жағдайда, білім алу мәселесінен гөрі, байлық табу мәселесінен көбірек хабардар адамдар. Мұның үстіне, олар өздерінің кеңестерін адамдарды қарекетке итермелей алатын және шынында да итермелейтін, бірақ сол адамдардыœ қарекеттерін басқара алмайтын ұшықиыры жоқ сөздермен береді. Өйткені нәпсі жалыны ешқашан парасатқа дәт бермейді, керісінше, оны алжастырады, мұның үстіне жиналыста қабылданған кеңес, оның құрамының көптігінің салдарынан, ешқашан да, еш жерде де, құпия болып қалмайды. Үшіншіден, монарх қабылдаған шешімдер адам табиғатына тән шамада ғана тұрақсыздыққа ұшырайды, ал жиналыстың шешімдері, жиналыс құрамының көптігіне де орай, өзгерістерге ұшырай береді. Өйткені қабылданған шешімнен айнымау қажет деп санайтын аз ғана мүшелер жиналысқа келмей қалса (бұл өз қауіпсіздігін күйттеу пәрменімен, енжарлық немесе кездейсоқ кедергі салдарынан болуы мүмкін) немесе қарама-қарсы көзқарасты ұстанатын кейбіреулер дер кезінде келсе, кешегі шешімнің бәрі бүгін күшін жояды. Төртіншіден, монарх көре алмаушылық немесе пайдакүнемдік себептермен өз пікіріне өзі қарсы шыға алмайды, ал жиналыс қарсы шыға алады, және де күрт қарсы шығатыны соншалық, іс азаматтық соғысқа дейін жетуі мүмкін. Бесіншіден, монархия кезінде мынадай ыңғайсыздық бар, атап айтқанда қандай да бір бодан, қайсыбір фаворитті немесе жағымпазды
байыту мақсатында, бір адамның пәрменімен бүкіл мал-мүлкінен айрылуы мүмкін. Және мен мұның үлкен және амал жоқ ыңғайсыздық екенін мойындаймын. Алайда дәл осыныңыз жоғарғы өкімет жиналысқа тиесілі жерде де болуы мүмкін, өйткені мұндай жиналыстың өкіметі монархтар өкіметімен бірдей; мұндай жиналыстың мүшелері жөнсіз кеңестерге елігіп кетуі немесе монархтың жағымпаздарға бой алдыратыны секілді, шешендерге бой алдыруы мүмкін және µзара жарамсақтықпен бір-бірінің бойында пайдакүнемдік пен атаққұмарлықты қоздата түсуі мүмкін. Монархтарда фавориттер көп болмайды және ол тек өз туыстарына ғана сая бола алады, ал жиналыс фавориттері толып жатыр, жиналыс мүшелерінде туыс кез-келген монархтікінен анағұрлым көп. Мұның үстіне, монархтың қабілеті өз достарына көмектесуге де, өз жауларына зиян келтіруге де бірдей шамада жетпейтін фавориті болмайды, ал шешендер яғни жоғарғы жиналыстың фавориттерінің зиян тигізуге жетіп-артылатын билігі болғанымен, құтқару билігі өте аз болады, өйткені (адамның табиғаты солай) кінәлау үшін ақтаудан гөрі аз ділмарлық жеткілікті және жазалау бізге ақтаудан гөрі әділ сот принципіне көбірек сәйкес келетін секілді көрінеді. Алтыншыдан, монархияның ыңғайсыздығының бірі онда жоғарғы билік мұрагерлік жолымен кәмелетке жетпеген немесе жақсылық пен жамандықты айыра алмайтын бозымның қолына тию мүмкіндігі, мұндағы ыңғайсыздық мынада: оның билігі кураторлар немесе регенттер ретінде оның құқығы бойынша және оның атынан басқаруƒа тиіс басқа адамның қолына немесе адамдар жиналысына берілуге тиіс болады. Алайда, жоғарғы өкіметті жүзеге асыру құқығын бір адамға немесе адамдар жиналысына беру қолайсыздық деу – әрбір үкімет былық пен азаматтық соғыстан үлкенірек ыңғайсыздық деген сөз. Сондықтан осы жағдайда қатер төндіретін жалғыз қауіп – осындай құрметті де пайдалы мансаптан дәмелі бақталастардың күресі. Бірақ бұл ыңғайсыздық біз монархия деп атайтын басқару пошымынан туындамайтынына көз жеткізу үшін,
алдыңғы монарх өзінің кәмелетке жетпеген мирасқорының қамқорын не өсиеттің айқын сөздерімен, не осындай жағдайда қолданылатын ғұрыптың үнсіз рұқсатымен белгілеуге тиіс болғанын қаперге алу қажет. Сондықтан осы ыңғайсыздық (егер туындай қалса) монархияға емес, бодандардың атаққұмарлығы мен әділетсіздігіне телінуге тиіс, бұлар халық өзінің міндеттері мен жоғарғы өкіметтің құқықтарын жеткілікті білмейтін жердегі басқарудың барлық түрлеріне тән. Егер алдыңғы монарх қамқоршылық жайында ешқандай нұсқау қалдырмаған деп санасақ, онда осы жайындағы анық ережені жаратылыстық заңнан табамыз, атап айтқанда бұл қамқоршылық, әрине, кәмелетке жетпеген жастың өкіметінің сақталуына барынша мүдделі және оның өлімінен немесе оның билігінің шектелуінен өз басы ешқандай пайда таба алмайтын адамға берілуі тиіс. Расында да, біз кез-келген адам өзінің табиғатынан қара басының пайдасы мен жоғарылауын іздейтінін көріп жүргендіктен, кәмелетке жетпеген баланы, оның ажалы немесе оның құқықтарының кемітілуі арқасында жоғарылауы мүмкін адамдар билігіне беру қамқоршылық емес, сатқындық. Осылайша, жеткіншек мұрагер таққа отырғанда, мемлекетті кім басқаратыны жайында негізі бар ұрыс-керістердің алдын алу үшін әрқилы шаралар көзделген, ал егер бұл жағдайда да қоғамдық тыныштықты бұзатын таластар туындап жатса, бұл монархиялық басқару пошымына емес, бодандардың атаққұмарлығына және өз міндеттерін білмейтіндігіне телінуге тиіс. Екінші жағынан, жоғарғы билік ауқымды жиналысқа тиесілі кез-келген үлкен мемлекет соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешу, заңдар жасау жөнінде жоғарғы өкімет жас баланың қолында болғаны секілді жағдайда болады. Өйткені, жас бала өзіне айтылған кеңесті қабылдамау үшін өз бетінше пікір айту қабілеті болмай, сондықтан қамқорлығына тапсырылғандардың кеңесін қабылдауға мәжбүр болатыны сияқты, жиналыс та оның көпшілігі берген кеңесті, кеңес жақсы ма, жаман ба, соған қарамастан, қабылдамау бостандығынан айырылған. Және жас бала қамқорды немесе жарылқаушыны, оның өз басы мен өкіметін
сақтаушыны қажетсінетіні секілді, жоғарғы жиналыс та (үлкен мемлекеттерде) зор қауіп-қатерлер мен бұлғақ сәтінде custodes lіbertatіs'ке, яғни диктаторларды немесе өздерінің өкіметін сақтаушыларды қажет етеді. Соңғылары, шынына келгенде, уақытша монархтар болып табылады, өйткені жоғарғы жиналыс оларға өзінің толық өкіметін уақытша ғана тапсырады, және де осындай диктаторлар тарапынан өкіметті заңсыз иелену жайттары (белгіленген мерзім өткенде) протекторлар, регенттер немесе қандай болсын басқа қамқоршылар тарапынан жас корольдердің билігін заңсыз иеленіп алу жайттарына қарағанда жиірек болады. Мен көрсеткендей, жоғарғы өкіметтің тек үш түрі, атап айтқанда: жоғарғы өкіметтің иесі бір адам болатын монархия; немесе жоғарғы өкіметтің иесі барлық азаматтардың жалпы жиналысы болатын демократия; немесе жоғарғы өкімет тағайындалған немесе қалай болғанда да халықтың қалған көпшілігінен көзге түсетін белгілі бір адамдардың жиналысына тиесілі аристократия ғана болғанымен, дүниеде бұрын болған және қазір бар жекелеген мемлекеттерді шолып шығатын адамға, мүмкін, тиісті бас қару пошы ы үшеуінен қойыртпақ болып табылатын басқа да пошымдар, мысалы, жоғарғы өкімет корольдерге тек белгілі бір мерзімге берілген сайланбалы корольдіктер немесе корольдер шектеулі билікке ие корольдіктер бар деп ойлауға бейім болар, бірақ жазушылардың көбісі мұндай басқару пошымдарын сонда да монархия деп атайды. Дәл сол секілді егер қандай болсын халықтық немесе аристократиялық мемлекет дұшпан елді бағындырып, оны президент, уәли немесе қандай болсын басқа мансап иесі арқылы басқарса, сірә, бір қарағанда, мұндай ел демократиялық немесе аристократиялық түрде басқарылатындай көрінуі мүмкін. Алайда бұл олай емес. Өйткені сайланбалы корольдер егемен емес, егеменнің министрлері; дәл сол секілді билігі шектеулі корольдер де егемен емес, тек жоғарғы өкімет иелерінің министрлері ғана. Ал демократиялық немесе аристократиялық мемлекеттерге бағынышты провинциялар
демократиялық немесе аристократиялық емес, монархиялық түрде басқарылады. Сайланбалы король жөнінде де, біріншіден, мынаны ескерте кету қажет. Егер қазіргі уақытта христиан дүниесінің көптеген жерлерінде орын алып отырғандай, билігі ғұмыры шектелген немесе римдіктердегі диктатордың билігі сияқты бірнеше жылмен немесе аймен шектелген король, – егер мұндай король өзіне мирасқор тағайындау қ±қығына ие болса, онда ол сайланбалы король емес, мұрагерлік король. Егер оның өз мұрагерін таңдау құқығы жоқ болса, онда оның өлімінен кейін басқасын таңдай алатын қандай да бір басқа адам немесе белгілі жиналыс болады, өйтпеген күнде мемлекет жойылады және осы корольдің өлімімен ыдырап, соғыс ахуалына оралады. Егер, демек, сайланбалы король өлгеннен кейін жаңа егеменді тағайындау билігіне кімнің ие екені белгілі болса, онда бұрын жоғарғы биліктің иесі нақты кім болғаны да белгілі, өйткені ол құқық бойынша иелене алмайтын және егер ол жөн деп тапса да артынан заңды түрде ұстап тұра алмайтын нәрсені басқаға беруге ешкімнің құқығы жоқ. Егер бірінші сайланбалы король өлгеннен кейін мирасқорды тағайындай алатын ешкім жоқ болса, онда король өзіне өкіметті сеніп тапсырғандарды азаматтық соғыстың апатты ахуалына оралудан сақтап қалу үшін жаратылыстық заңмен өзіне мирасқор тағайындауға құқылы, тіпті міндетті болады. Демек, мұндай король сайланғаннан кейін абсолютті егеменге айналады. Екіншіден, өкіметі шектелген король, осы өкіметті шектеуге құқығы бар адамнан немесе құқығы бар адамдардан жоғары емес, ал қандай да болсын басқадан жоғары емес адам жоғарғы болып табылмайды, яғни егемен емес. Жоғарғы билік сондықтан әрқашан корольді шектеуге құқығы бар жиналыстың қолында болатын, демек, бұл жағдайда басқару пошымы монархия емес, демократия немесе аристократия болып табылады. Бұны біз патшалар өз әскеріне қолбасшылық жасау артықшылығына ие болған, бірақ жоғарғы билік эфорларға тиесілі болған ежелгі Спартадан көреміз.
Үшіншіден, мұның үстіне, Рим халқы уәли арқылы Иудеяны (мысалға) басқарған кезде, Иудея, дегенмен, осыған орай демократия болған жоқ, өйткені иудейліктер олардың тым болмағанда біреуі қатысуға құқылы болған жиналыспен басқарылған жоқ; ол сондай-ақ аристократия да болған жоқ, өйткені иудейліктер олардың біреуі сайлану жолымен кіре алатын жиналыспен басқарылған жоқ. Иудеяны Рим халқы жөнінде халық жиналысы немесе демократия болғанымен, алайда басқаруға қатысу құқы ғы ж Өйткені егер халық оның өзі өз ортасынан сайлаған жиналыспен басқарылатын жерде басқару түрі демократия немесе аристократия деп аталса, халық өзі сайламаған жиналыспен басқарылатын жерде біз монархияны – бір адамның басқасына билігін емес, бір халықтың екінші бір халыққа билігін – көреміз. [...]
ХХ тарау
Әкелік және деспотиялық өкімет туралы
Иеленуге негізделген мемлекет. Орнатылған мемлекеттен оның айырмашылығы неде. Жоғарғы өкімет құқығы екі жағдайда да бірдей. Әкелік үстемдікке қалай қол жеткізіледі: немесе тәрбиелеу негізінде, немесе бодандықты әке-шешенің бірінен екіншісіне беру негізінде. Иеленуге негізделген мемлекет дегеніміз жоғарғы өкімет күшпен алынған мемлекет. Ал жоғарғы өкімет күшпен алынған дегеніміз, адамдар – әркім жеке немесе бәрі бірге – өлімнен немесе құлдықтан қорқып, өздерінің өмірі мен бостандығына билік ететін адамның немесе жиналыстың барлық қарекеттерін өзінің жауапкершілігіне алған жағдай. Үстемдіктің немесе жоғарғы өкіметтің бұл пошымының орнатуға негізделген жоғарғы өкіметтен өзгешелігі тек мынада: өз егеменін таңдайтын адамдар мұны өздері жоғарғы өкіметті сайлайтын кісіден
қорықандықтан емес, бір-бірінен қорыққаннан істейді, ал мына жағдайда олар өздерін бодандыққа өздері қорқатын кісіге береді. Екі жағдайда да итермелейтін себеп – қорқыныш, мұны өлім немесе зорлық қорқынышынан жасалған кез-келген шартты жарамсыз деп санайтындардың ескеруі керек. Егер сол пікір дұрыс болса, онда ешкім де ешқандай мемлекетте мойынсұнуға міндетті болмас еді. Рас, бір кезде орнатылған немесе иеленіп алынған мемлекеттерде өлім немесе зорлық қорқынышының ықпалымен берілген уәделер, егер ол заңдарға кереғар болса, шарт болып табылмайды және ешқандай міндетті күшке ие болмайды; бірақ мұндай уәделерде міндетті күш болмайтындығы олардың қорқыныш ықпалынан берілгендігінде емес, уәде берушінің өзі уәде берген нәрсеге құқықты еместігінде. Дәл сол сияқты егер уәде беруші заңды негізде өз уәдесін орындай алатын болып, оны істемесе, онда оны бұл міндеттен шарттың күші жоқтығы емес, егеменнің шешімі босатады. Ал барлық басқа жағдайларда заңды негізде уәде берген бір адам нәпсісін жұтса, заңсыздық жасайды. Бірақ егер уәкіл болып саналатын егемен уәде берушіні оның міндеттемесінен босатса, онда соңғысы, өз құқығын басқаға сеніп берген адам ретінде, өзін әлгі міндеттемеден азатпын деп санай алады. Алайда жоғарғы өкіметтің құқықтары мен салдарлары екі жағдайда да бірдей. Жоғарғы өкіметке күшпен ие болған егеменнің билігі оның келісімінсіз басқаға көшіріле алмайды; мұндай егемен өкіметтен айырыла алмайды, өзінің бодандарының бірі оны әділетсіздік жасады деп айыптай алмайды, өзінің бодандары оны жазалай алмайды. Ол тыныштықты қолдап отыруға қажет істердегі қазы; ол ілімдер туралы мәселені шешеді; ол бірден-бір заң шығарушы және барлық дауларда бас қазы; ол соғыс жариялау мен бітім жасаудың уақыты мен ілігін айқындайды; мансап иелерін, кеңесшілерді, әскербасыларды және барлық басқа шенеуніктер мен атқарушыларды таңдап алу, сондай-ақ наградаларды, жазаларды, сыйсияпаттар мен лауазымдарды белгілеу құқығы соған тиесілі. Осы құқықтар
мен олардың салдарлары үшін, алдыңғы тарауда орнатуға негізделген жоғарғы өкіметтің сол секілді құқықтары мен салдарларының пайдасына келтірген пікірлер, негіз болады. Үстемдік екі түрлі жолмен: тууылу жолымен және жаулап алу жолымен алынады. Туылу негізінде үстемдік құқығы дегеніміз, әкешешенің балаларына құқығы және мұндай өкімет әке хақысы деп аталады. Бірақ бұл құқық әкенің балаларына оларды тудырғаны негізінде үстемдігі болатыны секілді мағынадағы туылу фактісінен емес, балалардың айқын білдірілген немесе қайсыбір жолдармен жеткілікті анықталған келісімінен туындайды. Өйткені туылуға келсек, құдай еркекке көмекші тағайындаған, және әрдайым екі адам болады да, олар бірдей әке-шеше атана алады. Егер балаларға үстемдік туылу актысына байланысты болса, онда бұл үстемдік оның екеуіне де бірдей дәрежеде тиесілі болар еді, және балалар екеуіне де бірдей шамада бағынышты болар еді, бірақ бұл мүмкін емес, өйткені ешкім де бірден екі қожайынға бағына алмайды. Ал егер кейбіреулер бұл құқықты басым жыныс ретінде еркекке ғана теліп жүрсе, олардың қателескені. Өйткені еркек пен әйелдің арасындағы күш пен парасаттағы айырмашылық әрдайым бұл құқық дау-дамайсыз орныға алатындай бола бермейді. Мемлекеттерде бұл дау азаматтық заңмен шешіледі және көп жаƒдайда (егер әрқашан демесек те) бұл шешім әкенің пайдасына шығарылады, өйткені мемлекеттердің көпшілігін отбасылардың аналары емес, отағалары құрған. Алайда қазір әңгіме неке туралы заңдар да, балаларды тәрбиелеуге қатысты заңдар да жоқ, тек жаратылыстық заңдар мен жыныстардың бір-біріне және балаларға жаратылыстық бейімділігі ғана бар таза жаратылыстық ахуал туралы болып отыр. Бұл ахуалда балаларға билік мәселесін әке-шешелер не өзара шартпен реттейді, не мүлдем реттемейді. Егер олар бұл орайда келісім жасаса, онда құқық шартта көрсетілгенге тиеді. Амазонкалар ұрпақ қалдыру мақсатында көрші елдердің еркектерімен шарт жасасқанын, соған сәйкес ұл балалар әкелерге,
ал қыз балалар шешелеріне берілуге тиіс болғанын тарихтан білеміз. Осылай, оларда қыз балаларға билік шешелеріне тиесілі болды. Шарт болмаған жағдайда балаларға билік шешесінің қолында болуға тиіс. Шынында да, неке туралы заңдар жоқ таза жаратылыстық ахуалда шешенің тиісті мәлімдемесі жоқ болса, әкенің кім екенін біле алмайсың; сондықтан балаларға үстемдік құқығы соның еркіне тәуелді, демек, соның құқығы болып табылады. Ол-ол ма, біз бала алғашқы кезде шешенің құзырында болатынын көреміз, ол баланы тамақтандыра да (емшек емізе де) алады, тастап кете де алады, егер ол оны тамақтандырса, бала аман қалƒаны үшін шешесіне қарыздар, сол себептен ол басқадан гөрі шешесіне көбірек қарыздар, олай болса, балаға үстемдік шешеге тиесілі. Егер шеше баласын тастап кетсе, басқа біреу оны тауып алып, асыраса, үстемдік соған тиесілі, өйткені бала өзін аман алып қалғанға бағынуға міндетті. Шынында да, бір адамның басқа біреудің боданына айналуындағы түпкі мақсат аман қалу болатындықтан, кез-келген адамның өзін құтқару немесе көзін жою қолында тұрған адамға бағынуға уәде береді деп саналады. Егер шеше әкенің боданы болса, бала әкенің билігінде, ал егер әке – шешенің боданы (патшайым бодандарының бірімен тұрмыс құрған кездегідей) болса, бала шешенің боданы. Егер әр түрлі корольдіктердің монархтары болып табылатын еркек пен әйелдің ортақ баласы болса, және оған кімнің үстемдік ететіні шартпен айқындалса, бұл құқық шартқа сәйкес беріледі. Ал шарт жоқ болса мәселе баланың тұрғылықты жерімен шешіледі, өйткені әр елдің егемені сонда тұратындардың барлығына үстем. Балаларына үстем адам, сондай-ақ немерелеріне де, шөберелеріне де үстем. Өйткені адамның жеке басына үстем адам, сол адамның құзырындағының бәріне үстем, онсыз үстемдік дегеніңіз ешқандай нақты мәні жоқ титул ғана. [...] ХХ тарау
Бодандардың бостандығы туралы
Бостандық дегеніміз не. Бостан адам болу деген не. Бостандық дегеніміз қарсыласудың (қарсыласу деген қозғалуға сыртқы кедергілер деп білемін) жоқтығы деген сөз және бұл ұғым парасатқа ие мақлұқтарға да, парасатсыз мақұлықтарға да, жансыз заттарға да бірдей дәрежеде қолданыла алады. Өйткені егер бірдеңе ол қандай да бір сыртқы дененің қарсылығымен шектелген белгілі бір кеңістік ішінде ғана қозғала алатындай байланысқан немесе қоршалған болса, онда біз осы бірдеңе одан әрі қозғалу бостандығына ие емес дейміз. Осы секілді қамап тасталған немесе қабырғамен, шынжырмен тежелетін тірі мақұлықтар туралы, сондай-ақ жағалаумен немесе ыдыспен тежелетін, өйтпесе үлкен кеңістікке жайылып кететін су туралы біз әдетте олар осы сыртқы кедергілер болмаса қозғала алатындай қозғалу бостандығына ие емес дейміз. Бірақ егер қозғалысқа кедергі заттың құрылысының өзінде болса, мысалы тас қозғалмай жатса немесе адам сырқаттан төсек тартып жатса, онда біз әдетте бұл зат бостандықтан емес, қозғалу қабілетінен айрылған дейміз. Сөздің осы өзіндік және ортақ қабылданған мағынасына сәйкес бостан адам – қалағанын істеуіне ештеңе кедергі жасамайтын адам, себебі ол өзінің тәндік және ақылдық қабілеттері жағынан соны істей алатын адам. Бірақ егер бостандық сөзі дене болып табылмайтын заттарға қолданылса, онда бұл дегеніңіз сөзді теріс пайдалану, өйткені қозғалу қабілетіне ие емес нәрсе кедергіге ұшырай алмайды. Сондықтан, (мысалы) жол ашық дегенде жолдың ашық екендігі емес, онымен кедергісіз қозғалатын адамдардың бостандығын есте ұстаймыз. Ал біз бостан сый дегенде, мұнымызбен сыйдың өзінің бостан екендігін емес, тарту жасауға қандай да болсын заңмен немесе шартпен мәжбүр етілмеген тарту жасаушының бостандығын айтамыз. Дәл сол секілді біз ойымызды ашық айтқанда, бұл дауыстың немесе айтылудың бостандығы емес, айтқысы келгенін басқаша
айтуға ешқандай заң міндеттемейтін адамның бостандығы. Ақыр соңында, ерік бостандығы сөзін пайдаланудан, ерік, ниет немесе тек бейімділік бостандығы жайында емес, адамның бостандығы жайында ғана қорытынды жасауға болады, ол бостандық оның өзінің еркі, ниеті немесе бейімділігі еліктіретін нәрсені істеуде кедергілерге ұшырамаудан ғана құралады.
ХХІІ тарау
Саяси немесе жеке адамдардың бағынышты топтары туралы
Адамдар топтарының түрлері. Барлық саяси денелерде өкілдердің билігі шектелген Грамотадан. Және заңдардан. Егер өкіл бір ғана адам болса, онда оның рұқсат етілмеген қарекеттері оның төл қарекеті. Егер өкіл жиналыс болса, оның қарекеттері оларға рұқсат бергендердің ғана қарекеттері. Құпия айла-шарғылар. Өзара қырқыстар. Қаскүнемдік мәмілелер. Мемлекеттердің пайда болуына, пошымына және өкіметіне өз көзқарасымды баяндап болып, енді олардың бөліктері туралы айтпақпын. Және ең алдымен жаратылыстық тәннің ұқсас бөліктермен немесе бұлшық еттерімен салыстыруға болатын адамдар тобы жайында айтамын. Адамдар тобы, менің білуімше, ортақ мүддемен немесе ортақ іспен біріккен адамдардың белгілі бір саны. Осынау адамдар топтарының кейбіреулері реттелген, енді біреулері – реттелмеген деп аталады. Реттелген топ деп бір адам немесе адамдар жиыны бүкіл топтың өкілдері ретінде белгіленген топ, ал барлық басқа топтар реттелмеген топ деп аталады. Реттелген топтардың кейбіреулері абсолютті және тәуелсіз, өйткені олар тек өз өкілдерінің ғана құзырында. Ондайлар алдыңғы бес тарауда
мен айтқан мемлекеттер ғана. Басқалары тәуелді, яғни осы топтардың әрбір мүшесі де, олардың өкілдері де бодандары болып табылатын қандай да бір жоғарғы өкіметтің құзырында. Біреудің құзырындағы топтардың кейбіреулері – саяси, басқалары – жеке топтар болып табылады. Мемлекеттің жоғарғы өкіметі берген өкілеттік негізінде құралған адамдар тобы саяси (басқаша айтқанда саяси денелер және заңдық тұлғалар деп аталатын) топ болып табылады. Бодандардың өздері немесе жатжұрттық өкімет берген өкілеттік негізінде құрылған топтар жеке топтар болып табылады. Өйткені, шет елдік жоғарғы өкімет берген өкілеттік негізінде мемлекетте құрылғанның бәрі де көпшілік-құқықтық сипатқа ие бола алмайды, тек жеке сипатқа ғана ие болады. Жеке топтардың кейбіреулері заңды, барлық басқалары заңға кереғар. Мемлекет рұқсат берген топтар заңды барлық басқалары заңға кереғар. Реттелмеген топтар деп ешқандай өкілдіксіз, адамдардың қара құрауы ғана болатын топтар аталады. Егер оған мемлекет тыйым салмаған және жаман мақсаттары (мысалы, халықтың базарларда, көпшілік ойынсауықтарда немесе қандай да бір басқа зиянсыз себеппен жиналуы) болмаса, онда ол заңды. Егер бұл жаман ниетпен қара құрау болса немесе (тым көп жиналғанда) тобыр ниеті белгісіз болса, ол заңға кереғар. Саяси денелерде өкілдердің билігі әрқашан шектеулі, және де оның шегін жоғарғы өкімет белгілейді, өйткені шектелмеген билік дегеніңіз абсолютті егемендік. Және әрбір мемлекетте егемен барлық бодандардың абсолютті өкілі. Сондықтан әрбір басқа біреу егемен рұқсат еткен шамада ғана осынау бодандардың бір бөлігінің ғана өкілі бола алады. Бірақ бодандардың саяси денесіне оның барлық мүдделері мен ұмтылыстарының абсолютті өкілдігін беру оған мемлекет өкіметінің тиісті бөлігін беріп, жоғарғы өкіметті бөлу болып шығар еді, ал мұның өзі бодандардың арасында тыныштықты орнату және оларды қорғау мақсатына қайшы келер еді. Мұндай сый-сияпаттың қандай түрінде де, егер егемен сол сый-
сияпатпен бір мезетте бодандардың көрсетілген бөлігін бодандықтан босататындығын айқын да анық көрсетпесе, егеменде сондай ниет болып еді деп долбарлау әбестік. Өйткені егеменнің айтқаны, басқа бір айтқаны қарама-қарсылық белгісі болған кезде оның еркінің белгісі емес. Бұл айтқаны бүкіл адамзат баласы тым берілген адасу мен әбестіктің белгісі ғана. Саяси дененің өкілдеріне берілген биліктің шегін екі деректен таныпбілуге болады. Біріншісі – егемен берген грамота; екіншісі – мемлекет заңы. Шынында да, мемлекеттің орнатылуы немесе иеленілуі кезінде ешқандай грамотаның қажеті болмайды, өйткені мемлекеттер тәуелсіз және мемлекет өкілінің билігінде жазылмаған жаратылыстық заңдарда белгіленгеннен басқа ешқандай шек болмайды, алайда бағынышты денелерде олардың міндеттері, орны мен уақыты аясы жөнінде алуан түрлі шектеулер қажет болатыны соншалық, оларды жазылған грамотасыз есте сақтай алмайсың және оны білуге тиістілер оқи алатын, сонымен бір мезетте мөрмен яки аса мәртебелі мақұлдаудың әдеттегі басқа белгілермен бекітілген немесе куәландырылған сый грамотасынсыз танып-біле алмайсың. Және осындай шектерді грамотада белгілеу әрдайым оңай болмайтындықтан және тіпті әрдайым мүмкін бола бермейтіндіктен барлық бодандар үшін ортақ әдеттегі заңдар грамотада айтылмаған барлық басқа жағдайларда өкілдің заңды түрде не істей алатынын анықтауға тиіс. Сондықтан саяси дененің өкілі бір ғана адам болатын жерлерде сол адам, өкіл ретінде, грамоталар да, заңдар да рұқсат етпейтін бірдеңені істеп қойса, бұл оның өзінің төл актысы болады, бүкіл дененің немесе оның одан басқа өзге бір мүшесінің актысы болмайды. Өйткені грамоталармен немесе заңдармен нобайланған шектен тыс ол өзінің жеке басынан басқа ешкім де емес. Бірақ оның грамоталарға және заңдарға сәйкес істегені саяси дененің әрбір мүшесінің қарекеті болып табылады, өйткені кез-келген бодан
егеменнің әрбір актысы үшін жауапты, себебі егемен өзінің бодандарының шектелмеген уәкілі, ал егеменнің грамотасынан қия баспаған адамның актысы егеменнің актысы, сондықтан ол үшін жауапкершілік дененің әрбір мүшесіне жүктеледі. Егер өкіл жалпы жиналыс болса, онда осы жиналыстың грамоталарға немесе заңдарға кереғар әрбір қаулысы осы жиналыстың немесе саяси дененің актысы, сондай-ақ өзінің дауысымен қаулының қабылдануына жәрдемдескен осы жиналыстың әрбір мүшесінің актысы болады, бірақ ол жиналысқа қатыса отырып қарсы дауыс берген немесе, сенімді адам арқылы иә деп дауыс бермесе, қатынаспаған жиналыс мүшесінің актысы емес. Қаулы жиналыстың актысы болып табылады, өйткені ол көпшілік дауыспен қабылданған, және, егер осы қаулы қылмысты болса, жиналыс өзінің жасанды сипатына сәйкес, жазаға кесіле алады. Ол, мысалы, таратыла немесе грамотадан айрыла алады (өйткені осындай жасанды және жалған денелер үшін өлім жазасы бар) немесе (егер жиналыстың ортақ қаржысы болса) ақшалай айыппұлға тартыла алады. Өйткені саяси дене тән жазасына нақ өзінің табиғатынан тартыла алмайды. Ал иә деп өз дауысын бермеген жиналыс мүшелері кінәлі емес, өйткені жиналыс өзінің грамотасымен рұқсат етілмеген істерде ешкімнің өкілі бола алмайды, демек, жиналыстың қаулысы оларға кінә етіп тағыла алмайды. [...] Егер жоғарғы өкімет мүшелері көп жиналысқа тиесілі болып, осы жиналыстың бірнеше мүшесі, тиісті өкілеттіксіз жиналыстың бір бөлігін қалғандарға басшылықты өз қолына түсіруге үгіттесе, онда бұл қылмыс және қылмысты сөз байласу, өйткені бұл жиналысты өзінің жеке мүддесіне үшін азғындату. Бірақ жеке ісі жиналыста талқыланып, шешілетін біреу оның мүмкіндігінше көп мүшесін өз жағына шығаруға тырысатын болса, ол ешқандай қылмыс жасамайды, өйткені бұл жағдайда ол жиналыстың бір бөлігі болмайды. Және тіпті ол жиналыстың мүшелерін пара арқылы өз жағына тартса да, бұл қылмыс болып саналмайды (егер бұл белгілі бір заңмен тыйылмаған болса). Өйткені кейде пара бермей әділдікке жету
(адамдардың құлқы сондай) мүмкін емес және әрбір адам өз ісін, ол сотта әлі талқыланып, шешілгенге дейін, дұрыс деп санай алады. Егер мемлекетте жеке кісі өзінің дүние-мүлкін басқаруға және өзінің заңды ісіне пайдалануға қажет болатын мөлшерден көп қызметші ұстаса, бұл қаскүнемдік сөз байласу әрі қылмыс. Өйткені мемлекеттің қорғауындағы бодан өз күшімен қорғануға мұқтаж емес. Өркениятқа жете қоймаған халықтарда толып жатқан отбасылар үздіксіз дұшпандықта өмір сүріп, бір-біріне өз малайларының көмегімен шабуыл жасап отырған, осының өзінен олардың қылмыстар жасағандығы немесе оларда мемлекеттің болмағандығы әбден анық көрінеді. Туысқандарының пайдасына жасалатын сөз байласу, папашылдардың, протестанттардың және т.с.с. секілділердің қайсыбір діннің пайдасына жасалатын сөз байласуы да, немесе сословиелердің сөз байласулары секілді Ежелгі Римдегі патрицийлер мен плебейлердің және Ежелгі Грекиядағы аристократиялық және демократиялық партиялардың сөз байласулары заңсыз, өйткені осындай барлық қаскүнемдік сөз байласулар бейбітшілік пен халық қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы және егеменнің қолынан семсерді жұлып алады. Халықтың қара көрсетуі адамдардың реттелмеген тобы болып табылады, оның заңдылығы немесе заңсыздығы қара көрсету ілігіне және жиналғандардың санына байланысты. Егер ілік заңды ла анық болса, қара көрсету заңды. Мысалы, шіркеуде немесе көпшілік ойын-сауықтарда халықтың әдеттегі төбе көрсетуі, егер жиналғандардың саны әдеттегі шеңберден шықпаса, сондай, өйткені егер жиналғандардың саны тым көп болса, ілік анық болмаса, демек, әркім тобыр ішінде өзінің болуының себептері жайында толық және анық есеп бере алмайтын болса заңға қарсы және бүлікшілі мақсаттар көздейтін болып саналуға тиіс. Мың адам үшін қазыға немесе мансап иесіне тапсырылуға тиіс ортақ петицияны түзу әбден заңды деп санауға болады, алайда, егер оны тапсыруға мың адам баратын болса, бұл бүлікшіл жиын, өйткені осы мақсат үшін бір немесе екі адам
жеткілікті. Алайда мұндай жағдайларда жиналысты заңсыз ететін қандай да бір белгілен сан емес, өкімет өкілдері ауыздықтай немесе әділ сот қолына тапсыра алмайтын сан. Егер біреуді айыптау үшін әдеттегіден тым көп адамдар жиналатын болса, онда мұндай жиналыс заңға қарсы тәртіпсіздік болып табылады, өйткені олар өз шағымын мансап иесіне аз ғана немесе бір адам арқылы бере алады. Ефесте апостол Павелмен болған оқиға осындай еді, Деметрий мен орасан көп басқа адамдар Павелдың екі жолдасын мансап иесіне алып келіп, бір ауыздан: “Ефес Артемидасы ұлы жолмен айыпталушыларды, бұлардың өз дініне кереғар және кәсібіне нұқсан келтіретін ілімді халыққа уағыздағаны үшін сотқа тартуға шақырған. Айып тағуға ілік осы халықтың заңдары тұрғысынан дұрыс болатын, соған қарамастан бұл жиын заңсыз деп табылды, ал тәртіп сақтаушы жиналғандарды осы жиын үшін мынадай сөздермен кінәлады (Қарекет. ХІХ, 38–40): “Егер Деметрий мен басқалардың біреуге шағымы болса, онда сот жиналыстары бар, проконсулдар бар, біріне-бірі шағым бере берсін. Ал егер сіздер басқа бірдеңені іздесеңіздер, ол заңды жиналыста шешілетін болады. Себебі біз бүгін болған уақиға үшін наразылық шығарды деп айыпталу қатеріне ұшырап отырмыз, өйткені бізде осындай жиынды ақтай алатын ешқандай себеп жоқ”. Тәртіп сақшысы, осылай, жұрт жеткілікті негіз келтіре алмайтын және соған есеп бере алмайтын жиналысты бұл жерде наразылық деп атайды. Осымен адам денесінің ұқсас бөліктерімен салыстыруға келетін (мен айтқандай) жұрт топтары мен жиналыстары турасында менің айтарым да таусылады: Мен заңдыларын – бұлшық еттерге, заңсыздарын – жаман сұйықтың мөлшерсіз жиналып қалуынан болатын ісіктермен, өтпен, бітеу жарамен салыстырамын. [...] ХХVІ тарау
Азаматтық заңдартруалы
Азаматтық заң дегеніміз не. Егемен заң шығарушы. Және оның өзі азаматтық заңдарға бағындырылмайды. Практика заң күшін қолданылу уақытының ұзақтығынан емес, егеменнің келісімінен алады. Жаратылыстық және азаматтық заңдар мазмұны ұқсас. Заңдардың тағы бір бөлінісі. Негізгі заң деген не. Заң мен құқық арасындағы айырмашылық. Заң мен хартия арасындағы айырмашылық. Азаматтық заңдар деп мен адамдар қайсыбір нақты мемлекеттің мүшелері ретінде емес, жалпы алғанда мемлекеттің мүшелері ретінде сақтауға міндетті заңдарды білемін. Өйткені жеке заңдарды әр түрлі елдердің заңдарын зерттеумен айналысатындар білуге тиіс, бірақ азаматтық заңды жалпы кез-келген адам білуге тиіс. Римнің ежелгі құқығы мемлекет дегенді білдіретін cіvіtas сөзінен азаматтық құқық деп аталған. Және Рим империясының қоластында болуын, Рим құқығымен басқарылуын тоқтатқан елдер осы құқықтан өздеріне қолайлы деп санаған бөлігін өздерінде әлі де ұстап, бұл бөлікті өздерінің жеке азаматтық заңдарынан өзгеше азаматтық құқық деп атады. Бірақ бұл жерде мен ол туралы айтайын деп отырған жоқпын, өйткені менің міндетіме бұл жерде немесе ол жерде құқық дегеніміз не екенін емес, құқықты арнайы зерттеумен шұғылданбаған Платон, Аристотель, Цицерон және басқа да әртүрлі ойшылдар істегендей, жалпы құқық дегеніміздің не екенін көрсету жатады. Ең алдымен заң дегеніміз жалпы алғанда кеңес емес, бұйрық, бірақ кез-келген адамның кез келген басқа біреуге бұйрығы емес, бұрын адамның өзі бағынуға міндеттенген тұлғаның ғана бұйрығы екені айдан анық. Ал азаматтық заң терминіне бұйрық берушінің аты ғана қосылады, persona cіvіtas – мемлекеттік тұлға деген сол. Осыған сәйкес мен азаматтық құқықты былай анықтаймын. Азаматтық құқық әрбір бодан үшін ауызша, жазбаша немесе өз еркінің
басқа да жеткілікті айқын белгілерінің көмегімен соған, ол дұрыс және бұрыс арасын, яғни ережеге сай келетін нәрсе мен сай келмейтін нәрсенің арасын айыра алуы үшін міндеттеген ережелер болып табылады. Бұл анықтамада бір қарағаннан түсіне қоймайтын ештеңе жоқ. Өйткені әрбір адам кейбір заңдар жалпы барлық бодандарға, кейбіреулері – белгілі бір провинцияларға, тағы біреулері – белгілі бір кәсіптерге, енді біреулері – белгілі бір адамдарға арналғандығын көреді, сондықтан да олар, басқа ешкімге емес, бұйрық берілген адамдар тобы үшін заңдар болмақ. Дәл сол сияқты заңдар не әділетті және не әділетсіз екендігін анықтайтын ережелер екендігі айқын, өйткені қандай да бір заңға қайшы келетін нәрсе әділетсіз деп саналады. Сондай-ақ, мемлекеттен басқа ешкім заң шығара алмайтыны да анық, өйткені біздің тек мемлекеттің боданы екендігіміз және мемлекеттің бұйрықтары жеткілікті айқын белгілермен көрсетілуі қажет екендігі, олай болмаса, адам неге бағынуы қажет екендігін біле алмайтыны анық. Сондықтан да осы анықтамадан қажетті нәтиже ретінде шығарылатын нәрсенің бәрі дұрыс деп танылуы қажет. Міне мен осыдан келесі байламдарды шығарамын. 1. Барлық мемлекеттерде заң шығарушы монархиядағыдай бір адам болсын, немесе демократия мен аристократиядағыдай адамдар жиналысы болсын, егемен ғана. Өйткені заң шығарушы дегеніміз заңды жариялайтын т ұл мемлекет. Сондықтан заң шығарушы – мемлекет. Бірақ мемлекет тұлға ғана және тек өзінің өкілі (яғни егемені) арқылы ғана бірдеңені істеуге қабілетті, сондықтан жалғыз ғана заң шығарушы – егемен. Дәл сол негізде егеменнен басқа ешкім де шығарылған заңныœ күшін жоя алмайды, өйткені заңның күші оның жүзеге асырылуына тыйым салатын басқа заңмен ғана жойыла алады. 2. Мемлекет егемені, ол бір адам немесе жиналыс болсын, азаматтық заңдарға бағындырылмайды. Шынында да, заңдарды шығару және күшін жою билігіне ие егемен, өзіне қажет болса, өзін шектейтін заңдардың
күшін жойып, жаңа заңдарды шығару арқылы өзін бағынудан босата алады, олай болса, ол күн ілгері бостан. Өйткені қалауынша бостан бола алатын адам – бостан. Және де адам өзі жөнінде міндетті бола алмайды, өйткені міндеттей алатын адам өз міндетінен босата да алады, сондықтан да өзіне ғана қатысты міндеттемесінің болуы – олардың болмауы деген сөз. 3. Ұзаққа созылған практика заң күшіне ие болғанда, бұл күш уақыттың ұзақтығынан емес, егеменнің еркінен, оның үндемеуінен (өйткені үндемеу кейде келісу белгісі) байқалатын еркінен алынады және бұл практика егемен басқа бірдеңе айтқанға дейін ғана заң бола береді. Сондықтан егер егемен қандай да бір құқықтық мәселе оның осы сәттегі қалауының негізінде емес, бұрын шығарылған заңдардың негізінде шешілуін қаласа, қолданылып жүрген ғұрыптың көптен бар екендігі оның құқығын кемітудің негізі бола алмайды және мәселе әділет негізінде шешілуі тиіс, өйткені есте жоқ ескі заманнан бері жөнсіз талаптар беріліп, жөнсіз шешімдер шығарылып келеді. Біздің заңгерлер заңдар деп парасатты ғұрыптарды ғана санайды және жөнсіз ғұрыптар жойылуы керек деп біледі. Бірақ ненің парасатты екенін және ненің жойылуға тиіс екенін таразылау заң шығраушының, яғни жоғарғы жиналыстың немесе монархтың ісі. 4. Жаратылыстық және азаматтық заңдар мазмұны жағынан ұқсас және олардың көлемі де бірдей. Өйткені бұра тартпауға, әділдікке, ризашылыққа және осылардан туындайтын басқа да моральдық қасиеттерден тұратын жаратылыстық заңдар жаратылыстық ахуалда (мұны мен XV тараудың аяғында көрсеттім) сөздің төл мағынасындағы заңдар емес, адамдарды тыныштыққа және мойынұнуға бейімдейтін қасиеттер ғана. Тек мемлекеттің орнатылуымен ғана, одан ерте емес, олар шынында да заңға айналады, өйткені сол кезден бастап олар мемлекеттің бұйрықтарына айналады, сондай-ақ жоғарғы өкімет адамдарды өзіне бағынуға міндеттейтіндігі пәрменімен олар азаматтық заңдарға да
айналады. Гәп мынада, жекелеген адамдардың арасындағы айырмашылықтар тұсында бұра тартпау, әділет және жақсылық дегендеріңіздің не екенін тек мемлекеттің бұйрықтары ғана белгілеп беріп, осынау барлық құлық ережелерін міндетті қыла алады, сондай-ақ олардың бұзылғаны үшін жазаны тек мемлекет қана белгілей алады, сол себепті мұндай бұйрықтар азаматтық заңдар болып табылады. Сондықтан әлемнің барлық мемлекеттерінде жаратылыстық заң азаматтық заңның бір бөлігі. Өз кезегінде азаматтық заң да табиғат бұйрығының бір бөлігі болып табылады, өйткені әділет, яғни шарттарды сақтау және әркімге өзіне тиесіліні беру жаратылыстық заңныœ бұйрығы. Бірақ мемлекеттің әрбір боданы шарт арқылы азаматтық заңға бағынуға міндеттенді (азаматтар ортақ өкілді таңдау үшін жиналған кезде жасаған өзара шарт немесе семсермен бағындырылып, олар өз өмірін сақтау үшін бағынуға уәде берген кезде әрбір бодан өзара және өкілдің өзі арасындағы шарт арқылы), сондықтан азаматтық заңға бағыну да жаратылыстық заңның бір бөлігі болып табылады. Азаматтық және жаратылыстық заңдар әрқилы түрлер емес, заңның әр түрлі бөліктері, олардың бірі (жазылған бөлігі) азаматтық, басқасы (жазылмаған бөлігі) – жаратылыстық заң деп аталады. Айтпақшы, жаратылыстық құқық, яғни адамның жаратылыстық бостандығы азаматтық заңмен кемітіліп, шектеле алады; ол-ол ма, заңдар шығарудың жалғыз ғана мақсаты осындай шектеу болып табылады, өйткені басқаша болса ешқандай тыныштықтың болуы мүмкін емес. Және заң жекелеген адамдардың жаратылыстық бостандығын шектеу үшін ғана дүниеге келтірілді, өйткені олар бір-біріне зиян келтіруге емес, қайта көмектесіп, ортақ жауға қарсы бірігуге мұқтаж-ды. Заңдар – негізгі және негізгі емес деп те бөлінеді. Бірақ мен бірде-бір автордан негізгі заң дегеніміз не екенінің анықтамасын таба алмадым. Дегенмен мұндай бөлудің парасатты мағынасы болуы мүмкін. Шындап келгенде, әрбір мемлекеттегі негізгі заң – ол жойылса мемлекет те, іргесі қираған ғимарат секілді, қақырап кетіп, біржола
ыдырап кетуге тиіс заң. Сондықтан негізгі заң (fundamental law) – бодандар соның негізінде егеменге – монархқа немесе жоғарғы жиналысқа – берілген кез-келген билікті қолдап отыруға міндетті және онысыз мемлекет шыдап тұра алмайтын заң болып табылады. Ондай заңдар, мысалы, соғыс жариялау және бітім жасау құқығы, сот өкіметі, мансап иелерін тағайындау құқығы және егеменнің мемлекет мүддесі үшін қажет деп тапқанының барлығын істеу құқығы. Негізгі емес заң – ол жойылған күнде де мемлекеттің қылы қисаймайтын заң, мысалы, бодандар арасындағы дау туралы заңдар. Заңдардың бөлінуі туралы осы айтқанымыз жеткілікті. Мен тіпті ең ғұлама авторлардың өзінен бір ғана нәрсені нобайлау үшін олардың lex cіvіlіs және jus cіvіle, яғни заң және азаматтық құқық деген сөздерді қолданатынын көремін, алайда мұны істемеу керек. Өйткені құқық дегеніміз бостандық, атап айтқанда бізге азаматтық заң қалдыратын бостандық. Ал азаматтық заң дегеніміз міндеттеме және бізге жаратылыстық заң беретін бостандықты бізден тартып алады. Табиғат әрбір адамға өзін өз күшімен қауіпсіздендіру және шабуылдың алдын алу үшін күдікті көршіге өзі шабуыл жасау құқығын береді. Ал азаматтық заң қауіпсіздікті за ңны сол бостандықтан айырады. Сөйтіп, lex пен jus арасында, міндеттеме мен еркіндік арасында қандай айырмашылық болса, сондай айырмашылық бар. Дәл сол секілді заңдар мен хартиялар деген сөздер де бірдей мағынада қолданылады. Алайда хартиялар мәні жағынан егеменнің сыйы және заңдар емес, солардан алынған нәрсе. Заңның формуласы – jubeo, іnjungo – мен әмір етемін, мен бұйырамын; ал хартия формуласы – dedі, concessі – мен бердім, мен сыйладым, бірақ адамға тартылған немесе сыйланған нәрсе оған заңмен мәжбүрленбейді. Заң мемлекеттің барлық бодандарын міндеттеу үшін шығарылуы мүмкін; ал бостандық, немесе хартия бір адамға немесе халықтың белгілі бір бөлігіне беріледі. Өйткені мемлекеттің бүкіл халқы қандай да бір тармақ жөнінде бостандықты
пайдаланады деу – осы тармақ жөнінде ешқандай заң шығарылмаған немесе ондай заң шығарылған болса, бүгінде оның күші жойылған деумен бірдей. [...]
ХХІХ тарау
Мелекетті не әлсірететіні немесе ыдырауға жетелейтіні туралы
Мінсіз орнатылмағандықтан мемлекеттердің ыдырауы. Абсолютті өкіметтің жеткіліксіздігі. Аралас басқару. Пенделер қолынан шыққан ештеңенің мәңгі болуы мүмкін емес (қазақта "өлместі құдай жаратпас, сынбасты адам жаратпас" деген мәтел бар – баспа), алайда, егер адамдар өзімізде бар деп білетін парасатты басшылыққа алған болса, олардың мемлекеттері бері салғанда ішкі дерттің салдарынан ажал табудан сақтандырылған болар еді. Өйткені мемлекетті орнату кезіндегі діңгектердің ғұмыры өзінің табиғаты жағынан адамзат әулеті секілді, яки жаратылыстық заңдар секілді немесе оларға өмір беретін әділеттің өзі секілді ұзақ болуға тиісті. Сондықтан мемлекеттер сыртқы зорлықтың салдарынан емес, ішкі өзара қырқыстың салдарынан азып-тозғанда, бұған адамдар олар мемлекеттерді құрастырған материал болғандықтан емес, сол мемлекеттің жасаушылары және басқарушылары болғандықтан кінәлі. Өйткені адамдар бейберекет қақтығыстар мен өзара кескілесуден әбден қажып бітіп, біріге отырып адамдар материалынан берік және ұзақ тұра алатын ғимарат тұрғызу үшін жан-тәнімен бір-бірімен тіл табысуды қалағанда, адамдардың өз қарекеттерін әділетті заңдарға сәйкестендіру үшін оларды жасай білмейтіндігінің, сондай-ақ өздерінің бұрынғы шексіз бостандығының кедір-бұдыр, дөрекі жақтарын жоюға к өну архитектордың көмегінсіз құрылысшылардың өздерінен сәл ғана артық
шыдап, олардың ұрпақтарының басына құлап түсетін шатқаяқ ғимараттан басқа ештеңе сала алмайсың. Мемлекеттің дәрменсіздігі арасынан мен сол себепті бірінші орынға ол орнатылған кездегі міндерінен туындайтын, жаратылыстық дененің ұрықтың ауытқуларынан өрбитін сырқаттарына ұқсас дәрменсіздігін қоямын. Осы дәрменсіздіктің бірі – корольдікке қолы жеткен адамның кейде тыныштық пен мемлекетті қорғау мүддесіне қажет өкіметтің азғантай бөлігіне қанағат етуі. Осыдан келіп мына бір жәйт балалайды: осындай корольдің өзі бас тартқан құқықтарды да мемлекет қауіпсіздігі үшін пайдалануына тура келгенде, бұл оның тарапынан заңсыз әрекет секілді көрініп, адамдардың орасан зор бөлігін (қолайлы ілік табылғанда) көтеріліске итермелейді. Осы секілді науқас әке-шеше жарық дүниеге әкелген балалар да не мезгілсіз қазаға ұшырайды, не жайсыз бітудің жаман салдары толып жатқан сырқаттардан көрінеді. Ал корольдер өздерінің кейбір етене құқықтарынан бас тартқан кезде, бұл олардың қабылдайтын мансап үшін не қажет екендігін әрдайым білмегендігінен (дегенмен кейде солай болуы мүмкін) емес: көбінесе бұл олардың қалаған кезде сол құқықтарды қайтып ала аламын деген үмітінен туындайды. Бұл жағдайда олар қателеседі, өйткені оларды өз уәдесінде тұруға мәжбүр ететіндер өз бодандарының мүддесі үшін көрші мемлекеттерді әлсіретудің әрбір сәтін қалт жібермейтін шетелдік мемлекеттерден оларға қарсы қолдау табады. Мәселен, Кентербери архиепископы Фома Бекет ІІ Генрихқа қарсы пападан қолдау тапқан, өйткені клирдің мемлекетке бағынуын таққа отырған кезде шіркеудің бостандығын шектемеуге ант берген Жаулағыш Вильгельм жойған болатын. Дәл сол секілді Жирен Вильгельм (барондар жәрдемінің арқасында өз ағасына жол бермей таққа отырған) кезінде билігі жоғарғы өкімет құқықтарымен сыйыспайтын дәрежеге дейін өскен барондар да
король Иоаннға қарсы көтеріліс кезінде француздардан қолдау тапқан болатын. Және бұл монархияларда ғана болмайды. Ежелгі Рим мемлекетінің ұраны: Рим сенаты мен халқы болатын, бірақ сенат та, халық та толық билікке ие болмайды да, бұл ең алдымен Тиберий Гракхтың, Гай Гракхтың, Люций Сатурнинның және басқалардың бүліктеріне, одан соң – Марий мен Сулла тұсында сенат пен халықтың арасындағы соғыстарға, ал содан кейін қайтадан Помпей мен Цезарь тұсында – олардың демократияларының жойылып, монархияның орнауына жетелеген соғыстарға апарып соқтырды. [...] Кейде таза азаматтық басқару кезінде де жан дегеніңіз біреуден көп болады. Мысалы, алым-салықтар алу құқығы (нәрлі қабілет) жалпы жиналыстың шешіміне тәуелді болған жағдайда, басқару мен бұйрық беру құқығы (қозғалтқыш қабілет) бір адамға тиесілі болып, ал заңдар шығару билігі (парасатты қабілет) осы екі күштің ғана емес, үшінші күштің де кездейсоқ келісуіне тәуелді болады. Мұндай жаƒдай кейде келісудің жоқтығы жақсы заңдар шығаруға кедергі жасайтындығының салдарынан, бірақ көп жағдайда өмір мен қозғалыс үшін қажет нәрдің жетіспейтіндігі салдарынан мемлекетке қатер төндіреді. Өйткені кейбір адамдар мұндай үкімет үкімет емес, үш партия арасында бөлініп қойған мемлекет екендігін түсінгенімен, әрі мұндай басқару пошымын монархия деп атағанымен, шындығында бұл жағдайда бір ғана тәуелсіз мемлекет емес, үш тәуелсіз партия, бір өкіл адам емес, үш өкіл адам болады. Құдай патшалығында патшалық ететін Құдайдың бір екендігі бұзылмай-ақ үш тәуелсіз тұлға болуы мүмкін; бірақ әр түрлі пікірлердің ықпалына түсуі мүмкін адамдар патшалық ететін жерде бұл мүмкін емес. Сондықтан егер король халықтың тұлғасы және жалпы жиналыс та халықтың тұлғасы, ал басқа бір жиналыс та халықтың бір бөлігінің тұлғасы болса, біздің алдымызда бір тұлға емес немесе бір егемен емес, үш тұлға және үш егемен болмақ.
Мен мемлекеттің көрсетілген әнтек түзілісін адам денесі сырқатының қай түрімен дәл салыстыруға болатынын білмеймін. Алайда мен бір бүйірінен басы, қолы, кеудесі мен асқазаны бар басқа бір адам өсіп шыққан адамды көрдім. Егер осы адамның екінші бүйірінен тағы бір адам өсіп шықса, осы ауытқумен салыстыру дәл бола алар еді. [...]
ХХХ тарау
Егеменнің міндеттері туралы
Халықтың игілігін қамтамасыз ету. Заңдар мен ағарту арқылы. Өзінің елеулі құқықтарының бірінен бас тарту егемен парызына кереғар. Олардың негіздері туралы халықты беймағлұм қалдыру да солай. Абсолютті өкімет парасат принциптеріне негізделмеген-біс деп кесіп айтатындарға қарсы наразылық. Қара халықтың қабілетсіздігі туралы пікірге қарсы наразылық. Бодандар басқару пошымын өзгертудің пайда бермейтінін түсінуге тиіс. Егеменге кереғар әлдебір танымал адамды артық көрмеуге тиіс. Және жоғарғы өкімет жөнінде дауласпауға тиіс.
Егеменнің (ол монарх немесе жиналыс болсын) міндеттері өзіне жоғарғы өкімет не мақсатпен берілгендігімен, атап айтқанда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен айқындалады, оған ол жаратылыстық заңмен міндеттеледі және бұл үшін ол басқа ешкімнің емес, осы заңды шығарушы Құдайдың алдында жауап береді. Бірақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегеніміз бір ғана жалаң тіршілік етудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ, әрбір адамға оның мемлекет үшін қауіпсіз де зиянсыз заңды еœбекпен тапқан барлық өмір игілігін қамтамасыз ету деген сөз. Бұл міндет жекелеген индивидуумдар жайындағы (олар шағым жасайтын реніштерден қорғаудан тыс) қамқорлықпен емес, халықты оқу-
біліммен және үлгі-өнегемен ағартудан және жеке адамдар өз өмірінің әртүрлі жағдайында қолдана алатын жақсы заңдар шығарып, қолданудан тұратын ортақ шаралармен орындалуға тиіс деп түсініледі. Жоғарғы өкіметтің елеулі құқықтарын жою (...) мемлекеттің ыдырауына және әрбір адамның баршаның бәріне қарсы соғыс жағдайы мен қасіреттеріне оралуына (бұл оның өміріндегі ықтимал барлық бақытсыздықтың ең зоры болар еді) апарып соқтыратындықтан егеменнің міндеті – сол құқықтарды өз қолында толық көлемінде сақтап қалу. Демек, егемен сол құқықтардың қандай да біреуін басқа біреуге берсе, немесе одан бас тартса, ең алдымен парызға қарсы шығады. Өйткені, белгілі бір мақсаттарға жетелейтін құралдардан бас тартқан біреу, сол арқылы әлгі мақсаттардан да бас тартады, ал құралдардан, егемен бола тұра, өзін азаматтық заңдарға бағынышты деп білетін адам немесе жоғарғы құзыр құқығынан, яки өз билігімен соғыс жариялау немесе бітім жасау құқығынан, яки мемлекет мұқтаждарын анықтау құқығынан, яки өз ұжданының әміріне сәйкес қашан және қанша қажет деп тауып, алымсалық алу мен солдат алу құқығынан, яки әскери және азаматтық шенеуніктер мен мансап иелерін тағайындау құқығынан, яки оқытушыларды тағайындау құқығынан, яки тыныштықты қорғау мен халық игілігі мүддесіне қандай ілімдер сай келетінін және қайсысы қайшы келетінін анықтау құқығынан бас тартқан адам. Екіншіден,егемен, егер ол халықты оның осы елеулі құқықтарының негіздері мен мағынасы жайында беймағлұм немесе шала-шарпы білетін жағдайда қалдырса парызына қарсы шығады, өйткені соның салдарынан адамдар нақ мемлекет мүдделері сол құқықтарды пайдалануды, жүзеге асыруды талап еткен кезде егеменге қарсылық көрсету жөніндегі азғыру мен арандатуға бой алдыруы мүмкін. Ал осы құқықтардың негіздерін ыждағатпен және дұрыс түсіндіру қажеттігінің себебі олар азаматтық заң тарапынан да, заңды түрде жазалау қорқынышы тарапынан да қолдау таба алмайды. Өйткені бүлікке (ал бұл
жоғарғы өкіметтің елеулі құқықтарына қарсы кез-келген қарекет) тыйым салатын азаматтық заң адалдықтың бұзылуына тыйым салатын жаратылыстық заң негізінде ғана міндетті күшке (азаматтық заң сияқты) ие болар еді. Ал егер адамдар осы жаратылыстық міндетті білмесе, олар егеменнің заңдар шығару құқығын да біле алмайды. Ал жазаны олар дұшпандық актысы ретінде ғана қабылдап, өздерін жеткілікті күштіміз деп есептесе, өз тарапынан дұшпандық қарекеттермен оған жол бермеуге тырысады. Мен кейбіреулердің әділет деген ешқандай мазмұны жоқ сөз ғана және адам күшпен немесе қулықпен қолға түсіретіннің бәрі (соғыс жағдайында ғана емес, мемлекетте де) оның өзінікі деп кесіп айтқанын естідім. Бұл пікірлердердің жалғандығын мен көрсеткем. Дәл сол секілді жоғарғы өкіметті абсолютті қылатын сол елеулі құқықтарда ешқандай негіз жоқ және ешқандай парасат принциптерімен қуаттала алмайды деп кесіп айтатын адамдар бар. Өйткені, дейді олар егер ондай негіздер мен принциптер бар болса, олар әйтеуір бір жерден табылар еді, ал біз осы құқықтар танылған немесе қажет етілген мемлекетті осы кезге дейін көрген емеспіз. Бұл адамдардың уәждерінің нашарлығы соншалық, дәл бір Американың жабайы тайпалары салынған үй оған жұмсалған материал секілді мәңгілік болуға тиіс, ал ондай жақсы салынған үйді біз әлі көрген жоқпыз деп, қандай да бір парасаттың негіздері мен принциптерінің болатынын терістей бастағаны секілді болып шығады. Уақыт пен адамның еңбекқорлығы күн сайын жаңа білімді тудырады. Және адамзат баласы үй сала бастағаннан (жаман болса да) көп уақыт өткеннен кейін ғана материалдар табиғатын және фигура мен пропорцияның әрқилы ықпалын ұзақ зерттеген еңбекқор адамдар ашқан парасат принциптерін қолдану негізінде жақсылап салу өнері ойлап табылғаны секілді, дәл сол секілді адамдар толып жатқан міні бар және қайтадан былыққа батуға бейім мемлекеттер құра бастағаннан кейін көп уақыт өткен соң ұқыпты ойлану нәтижесінде парасат принциптері табылып, олардың қолданылуы
мемлекеттер ғұмырын ұзақ ете алуы (олар сырттан зорлыққа ұшырамайтындықтан) мүмкін. Және бұлар мен осы трактатта баяндаған принциптердің нақ өзі, мұның үстіне осы сәтте мені бұл принциптерге оларды тәжірибе жүзінде қолдану билігі барлар назар аудара ма, әлде оларға мұрын шүйіре қарай ма, жоқ па, қызықтыра қоймайды. Бірақ егер мен баяндаған принципер парасат принциптері емес деп санасақ, қалай болғанда да мен олар Қасиетті кітап беделіне сүйенетін принциптер екендігіне кәміл сенемін, мұны мен Құдайдың еврей халқымен жасасқан өсиет негізінде оған патшалық етуі (Моисеидің көмегімен) туралы айтқан кезде көрсетемін. Бұл принциптер дұрыс болғанымен, қара халықта оларды құлағына құюға болатындай жеткілікті дәрежеде ақыли қабілет жоқ дейтіндер де бар. Егер қандай да бір корольдіктің бай да құдіретті бодандары немесе шын ғұлама деп саналатындар қара халықтан қабілеттілеу болса, мен қуанар-ақ едім. Бірақ осы тектес ілімді тануға кедергі оның мазмұнының күрделілігі емес, оларды санасына сіңіруге тиістілердің мүдделері екендігін жұрттың бәрі біледі. Күшті адамдар олардың нәпсісін ауыздықтайтын өкімет орнатуға иліктіретін бірдеңеге әрең шыдайды, ал ғылым адамдар олардың қателерін тауып, сонысымен өздерінің беделін кемітетін ілімдермен бітіспейді, есесіне қарапайым адамдардың ақылы дегеніңіз, егер олар күштілерге тәуелді болмаса және ғалымдардың пікірлері шатастырмаған болса, мемлекеттік өкімет оған бедерлеген нәрсенің бәрін қабылдай алатын таза қағаз іспеттес. Егер тұтас халықтарға адам ақылынан жоғары христиан дінінің ұлы құпияларының ақиқаттығына сендіру мүмкін болса, ал миллиондаған адамдарды бір ғана дене, парасатқа кереғар, бір мезетте сансыз көп жерде бола алатындығына сендіру мүмкін болса, мемлекет қамқорлық жасайтын ілім мен уағыз арқылы адамдар парасатпен сәйкес келетіні соншалық, бөтен ойы жоқ әрбір адам оны санасына сіңіру үшін оған құлақ қою ғана жеткілікті ілімді мойындауға мәжбүр ете алмай ма? Сондықтан мен (егемен өкімет билігін толығымен өз
қолында ұстап отырғанда) халыққа жоғарғы өкіметтің елеулі құқықтарын (жаратылыстық және негізгі заңдар болып табылатын) түсіндірудегі қиындықтар егеменнің өзінің немесе ол мемлекетті басқару ісін сеніп тапсырғандардың ғана қателіктерінен туындайды деген қорытынды жасаймын. Демек, егеменнің парызы халықты осы құқықтар турасында ағарту; мұны оның парызы ғана емес, оның игілігі мен қауіпсіздігінің мүдделері де талап етеді, өйткені ол көтерілістен жеке өзіне төнетін қауіптің алдын осылайша ғана алады. Және (жеке мәселелерге көшу үшін) халыққа, біріншіден, оның көрші халықтардың басқару пошымдарына өзінің басқару пошымынан көбірек елікпеуі тиіс екендігін және ол өзінің басқару пошымын (ол өзінен өзгеше басқарылатын халықтарда қаншалық берекені байқамасын) өзгертуге ұмтылмауы тиіс екендігін түсіндіру керек. Өйткені аристократиялық немесе демократиялық жиналыс басқаратын халықтың берекесі басқару пошымына емес, бодандардың тіл алғыштығы мен келісуіне байланысты; монархияда да халықтың гүлденуі оларды басқару құқығы бір адамда екендігіне емес, халықтың сол адамға бағынатындығына байланысты. Қайсыбір мемлекетте халы тың ті жарастығын да) жойып жіберіңізші, халық өркендеу былай тұрсын, аз уақыт ішінде жойылып кетеді. Өзінің мойынсұнбауымен мемлекетті реформалауды ғана көздейтіндер сонысымен оны қиратқанын ғана көреді... Мемлекеттегі басқару пошымын өзгертуге деген осынау ұмтылыс Құдайдың бірінші өсиетін бұзу тәрізді, ол былай дейді: non habebіs deos alіenos – сенде басқа халықтардың құдайлары болмасын; ал екінші бір жерде Құдай патшалар туралы олар құдайлар дейді. Екіншіден, халыққа мынаны сіңіру қажет: өз азаматтарының біреуінің айбынына ол қандай жоғары мансапта болса да, оның даңқы мемлекетте қаншама жайылса да, немесе қандай да бір жиналыстың (жоғарғы жиналыстан басқа) айбынына солардың өздері (құзырының арнаулы саласында) өкілі болып табылатын егеменге ғана лайық мойынсұну мен
құрмет көрсетілетіндей дәрежеде тәнтілік білдірмеуге тиіс, сондай-ақ халық олардың ықпалына жоғарғы өкіметтің ықпалын жүргізетін мөлшерде ғана берілуге тиіс. Өйткені өз халқын қызғанбайтын және танымал адамдардың мақтауына азғырылып өзіне адалдықтан бас тартуына төзетін егемен өз халқын шындап жақсы көреді деп елестету мүмкін емес, мұндай жағдай құпия түрінде ғана емес, ашық түрде де жиі болып, халық уағыздаушылардың аузымен осынау танымал адамдармен іn facіe Ecclesіae [бүкіл адал халықтың алдында] некелік одағын жария етіп, оны көше ортасында жариялаған. Мұны он өсиеттің екіншісінің (өзіңе бөгде біреуді пір тұтпа) бұзылуымен салыстыруға болады. Үшіншіден, осы себептермен де халық жоғарғы өкіл (ол бір адам немесе адамдар жиналысы болсын) туралы жаман пікір айту, немесе оның өкіметі туралы толғанып, дауласу, немесе қалай болғанда да оның атын әдепсіз атау қаншама зор қылмыс болатыны жайында хабардар етілуге тиіс, себебі осының бәрімен егемен халықтың алдында қорланып, халықтың мойынсұнуы (мемлекеттің есендігі осыған байланысты) әлсіреуі мүмкін. [...]
"Томас Гоббс. Избранные произведения в двух
томах. М., 1964" басылымынан қазақшалаған
Асхат ӘБІШЕВ.
Джерард Уинстенли
БОСТАНДЫҚ ЗАҢЫ
(1609–1652) – ағылшын утопист-социалисті. XVІІ ғасырдағы Англиядағы буржуазиялық революция кезеңіндегі революциялық демократияның барынша солшыл қанаты – диггерлердің идеологы. 1630 жылдан бастап Лондонда тұрды. Іле-шала Дайын киім саудагерлері компаниясының әуелі шәкірті, кейіннен мүшесі болды. Революция кезінде дүние-мүлкінен жұрдай болып, Суррей графтығында жалданып жұмыс істей бастады, дәл сонда диггерлер өздерінің жерді ортақ пайдалану және бос жатқан жерлерді бірігіп өңдеу бағдарламасын іс жүзіне асыра бастады. 1649 жылы Диггерлердің революциялық, антифеодалдық мұраттары бірқатар памфлеттерде баяндалды, солардың ең бастысы – Уинстенлидің "Бостандық заңы..." (Лондон, 1652). Диггерлердің бағдарламасы ұсақ өңдеушілердің республикалық құрылысын орнатуға саяды, ол жер мен оның өнімдерін қоғамдастыруға, мүлік теңдігіне, сайланбалы лауазым иелерінің үнемі ауысып отыруына, дін басыларының парламентке есеп беріп отыруына негізделуге тиіс. Уинстенли әрбір адамның тек қана еңбекпен – өзінің не өзгенің еңбегімен баитындығына құлай сенді. Байлар барлығын басқа адамдар еңбегінің есебінен алады, мұны Уинстенли барып тұрған әділетсіздік деп санайды. Мистикалық уәждерге келтіре отырып, ол толып жатқан памфлеттерінде демократиялық аграрлық өзгерістер жасауға үндеді, кедейлер сол өзгерістер нәтижесінде жер алуға тиіс деп білді. Бұл, оның пікірінше, республиканың монархияны жеңіп шығуының даусыз бейбіт шарты. Уинстенлидің саяси ұстанымдары қарама-қайшылыққа толы: ол күрес әдістерін жақтайтын, дегенмен жасалған революцияны қажет және заңды деп білді. "Бостандық заңынан" алынған төмендегі үзіктерде мемлекеттік басқару, заңдар мен заңдылық, республикадағы мансап иелерінің қызметі, олардың ауысып отыруы, бостандық, демократия және басқа мәселелерге айрықша көңіл бөлінеді.
Англиядағы республикалық армия генералы Оливер Кромвельге, менің ағылшын бауырларыма, шіркеулес ағайындарыма, сондай-ақ, өздерінің ойынша Библия нұсқауларына сай өмір сүріп келеміз деп санайтын шіркеулес емес жандарға, әлемнің барша халықтарына корольдік басқару дегеніміз не және республикалық басқару дегеніміз не екендігі түсіндірілетін, Джерард Уинстенли ізетпен ұсынған Бағдарлама түрінде баяндалған бостандық заңы яки басқарудың ақиқат жүйесін қалпына келтіру
ІІ тарау
Басқару жөніндегі жалпы ұғым қандай
Басқару дегеніміз – бүкіл халық өздері дүниеге келіп, тәрбие алған елде молшылықта, еркіндікте бейбіт өмір сүре алуы үшін тиесілі қара жерде бөліп-жармай жақсылап орналастыру және адамзат тегінің ерекше заңдар мен ережелерді бұлжытпай орындау ғұрпы. Елді басқаруда үш бірдей құрамдас бөлік болады, олар: заңдар, жарамды мансап иелері және сол заңдарды дұрыстап орындау. Біріншіден, әрбір оқиғаға және адамдардың әрбір дерлік қарекетіне сай келетін заңдар болуы тиіс; өйткені бір заң жылдың барлық мезгіліне бірдей қолданыла алмайды, есесіне жылдың әр мезгілі мен әрбір қоғамның өзінің ерекше заңдары бар, олар тиісті тәртіпті қолдап отыруды көздейді. Мәселен, жер жырту мезгілі бар және дұрыс түсінілген заңдар бұл жұмысты реттеп отырады; сондай-ақ, жер өнімін жинап алу мерзімі бар және мұны дұрыс сақтауды талап ететін заңдар бар. Сонымен қаяусыз басқару дегеніміз әрбір қадамға немесе затқа тиісті салмағы мен мөлшерін беретін қарекеттерді дұрыс ретке келтіру, ал мұның өзі тәртіпсіздіктің алдын алады, Сүлеймен айтқандай, әр нәрсенің өз сәті бар: уәде беру мен міндеттеме алу мезгілі және олардың орындалғанын көру мезгілі бар; соғыс кезінде тиісті бір тәртіп, бейбітшілік кезінде тиісті бір тәртіп болады; әрбір маусымның, әрбір мезгілдің өзіне сәйкес заңы немесе тиісті ережесі болмақ және мұның өзі дені дұрыс үкіметті құрады, ал ол болса дүниені тиісті тәртіппен ұстайды. Екіншіден, жарамды мансап иелері болуға, олардың рухы елдің орнатылған заңдарын өзінің ырқы секілді орындай алатындай, өркөкіректік пен атаққұмарлықтан өзіне артықшылықтар талап етіп, бостандық ережелерінне жоғары қоймайтындай момын, ақылды және ашқарақтық атаулыдан таза болуға тиіс.
Өйткені дұрыс жасалған заңдар басқарғанда, басқарудың дені дұрыс болады, ал мансап иелерінің ырқы заңнан жоғары тұрса, мұндай басқару тажалды сырқатқа ұшыраған дей беріңіз. Үшіншіден, сол заңдар мүлтіксіз орындалуға тиіс; үкіметтің шынайы өмірі дегеніміз де осы, өйткені басқарудағы нағыз тәртіп мансап иелерінің заңнан тыс ырқында емес, мансап иелерінен тыс заңдар емес, орындаудан тыс олардың екеуінде де емес:осынау үш жәйт қол ұстасып қатар келсе ғана, басқарудың дені дұрыс; ал үшеудің кез-келген біреуі жетіспесе, басқару дәрменсіз. [...]
ІІІ тарау
Адамзатта басқарудың алғашқы бастаулары қай жерде пайда
болды
Заңдар өсіп шығатын екі тамыр бар
Бірінші тамыр [...] дегеніміз – ортақ есендік сезімі, мұнда әркімнің бойында ешкімді бөліп-жармай басқалар үшін, дәл өзіңе қалағандай игілік іздеуге итермелейтін бастау болуы керек: бұл әділет пен тыныштық заңының шынайы басқаруының тамыры; тәжірибенің негізінде жасалған және ортақ есендіктің қажеттігімен өмірге келген жекелеген заңдар осы ағаштың өскіндері мен бұтақтары болып табылады. Адамзаттың сан алуандығы жағдайында надандықтың алға шығып кетуі мүмкін, сондықтан осынау заң оның жетекшісі мен көсемі болу үшін әрбір адамның жүрегіне жазылған; сол себепті егер мансап иесі ашқарақтық пен тәкаппарлықтан көзіне шел қаптап, надандыққа бой алдырса, одан дәрежесі төмен адам оның қай жерде жолдан тайғандығын айта алады, өйткені ортақ есендік пен тыныштық бүкіл үкімет үшін негізгі ереже; сондықтан егер кімде-кім негізгі ақиқаттарды немесе
доктриналарды уағыздай яки іске асыра бастаса, бұл арада сіз олардың түп тамыры қайда жатқанын байқай аласыз. Екінші тамыр – жеке есендік, мұндайда жекелеген мансап иелері же бетінен қара басының игілігін, қанағатын, құрметін, байлығы мен бостандығын іздейді. Олар билік басындағылар мен байлық иелерін ғана сыйлап, тыныштыққа да, бостандыққа да, бауырларының арасындағы дәрменсіздер мен аңғалдарының есендігіне де көңіл бөлмейді. Және бұл – тирания ағашының және корольдің барлық арнаулы заңдарының ішіндегі әділетсіздік заңының түп тамыры, ол заңдарды бауырдың бауырын қанауы үшін тойымсыз саясат ойлап тапқан және ол тирания ағашының адамдарға құлдық, көз жасын, -қайғы мен қайыршылық әкелетін өскіндері мен бұтақтарынан басқа ештеңе де емес. Мұндай мансап иелері шынайы басқарудан шет қалады және соның мүшесі емес, тиранияның, яғни, пері мен ібіліс қауымының мүшесі. Шынында да, осынау тирания барлық соғыстар мен бұлғақтардан, барлық халықтарда жиі кездесетініндей, жерді басқарудың қолдан-қолға өтуінің себебі болып табылады. Өйткені басқарушылар қарапайым халықтың тыныштығы мен бостандығын сақтауға және оны езгіден азат етуге қамқорлық жасаса, олар басқару тізгінін қолдан шығармайды және ешқашан кедергіге кезікпейді. Бірақ, олардың билік басында болуының мақсаты тек қара басының қамы болса, сөйтіп Жүсіптің немесе құлдық езгісіндегі оның бауырларының қасіретін ұмытып кетсе, бұл оның өзінің құлауының күн ілгері нышаны және көбіне бүкіл елді жайлаған кеселдің айғағы. Демек, барлық шынайы басқарушылардың міндеті – әділетті басқарудың түп тамыры болып табылатын ортақ заңды, әрбір адамның қорғалуы мен тыныштығын қолдау, сондай-ақ барлық эгоистік бастаулар мен мүдделерді, яғни ортақ тыныштықты бүлдіретін тирания мен езгіні аластау.
Өйткені, әрине, өзге адамдардың бәрінен де мансап иелерінің
берекесіз қылықтары республиканың тыныштығын бұзады.
Нағыз республикалық басқаруда барлық мансап иелері сайлануға тиіс
Барлық отбасыларының түп тамыры болған алғашқы отбасының тірегі әке еді; ол билеушілер тізбегінің ең бірінші буыны. Оның бауырынан өрбіген балалардың қажеті мынаған саяды: Әке, бізге өмір сүру үшін жерді қалай өңдеуді үйрет, сонда біз бағынамыз. Бұл таңдау арқылы олар оны әке ғана емес, қожайын да, билеуші де қылды. Осы тамырдан заңның орындалуын қадағалап отыру және жақсы үкіметтің сақталуын қадағалап отыру жолымен жердегі тыныштықты қорғау міндеті болып табылатын билеушілер мен мансап иелері өсіп-өнді. Осы арада бір түйіп қойыңыз: балалардың тілі әлі шықпаса да, сөзін сөйлеген олардың әлсіздігі мен бейкүнәлігі еді, әкені жетекші деп білген де солар. Сонымен, шынымен республикалық мансап иесі болып табылатын адам, басқарудағы орынды қулық-сұмдық немесе зорлық-зомбылық жолымен иеленбеуге тиіс, ал барлық корольдер мен жаулап алушылар солай істейді де, езіп-жаншушы тиранға айналып, балқып-шалқып тұру және бауырларын қожайын секілді билеп-төстеу үшін өзінің қара басының мүдделерін немесе Макиавелли амалдарын бірінші орынға қояды. Бірақ шын республикалық мансап иесін соған мұқтаж және соны осы жұмысқа жарайды деп санайтындар сайлауға тиіс. Осы секілді отбасындағы әке республикалық мансап иесі болып табылады, өйткені оның бұғанасы қатпаған балаларының мұқтажы, басқаша емес, нақ ортақ келісіммен таңдаған. Екіншіден, қауым деп аталатын үлкен отбасыда адамдар ұжымы аралас-құралас және іркі-тіркі болады, өйткені, біреулері ақылды, біреулері ақымақ, кейбіреулері қу және алдауға епті, енді біреулері бүкпесіз; біреулері күшті, біреулері қауқарсыз, біреулері қызба, ашушаң,
енді біреулері енжар және сабырлы. Осының бәрінің әсерінен бауырлар арасында өкпе-реніш пайда болады да, ортақ тыныштық бұзылады. Осы секілді ортақ тыныштыққа қажеттілік те қауымның бүкіл ұжымыны өз ортасынан екі-үш немесе одан көбірек адамдарды тәртіп сақтаушы қызметіне сайлауға мәжбүр етеді; олар жүгенсіздерді заңға, яки ережелерге бағынуға мәжбүр ету үшін сайланады, заң да нақ солар үшін жер өідеп, оның жемісін жинап алу кезінде және сол жемісті алаңсыз пайдалану кезінде жұрт арасындағы бейбіт ахуалды қолдап отыру үшін енгізілген. Үшіншіден әрбір округте, графтықта немесе отбасылар өсіп-өніп республикаға айналған елде халықтың мұқтажы ортақ тыныштықты сақтау мүддесіне орай әлі де тәртіп сақтаушылар мен мансап иелерін көбірек сайлауға мәжбүр етіп отыр. Және, халық өз ішінде жерді басқаруда тәртіп сақтау үшін барлық мансап иелерін сайлап алғаннан кейін, ортақ тыныштыққа қажеттілік халықты өзінің тәртіп сақшылары мансап иелеріне былай дегізері хақ: "Біздің қауіпсіздігім бен тыныштығымыз үшін заңдардың орындалуын қадағалаңыздар, сонда біз сіздерге көмектесеміз, сіздерді қорғаймыз". Осынау сөздер – "көмектесу" мен "қорғау" – халықтың өз заңдары мен мансап иелерін басып кіруден, бүліктен немесе қарсыласудан қорғауға, сондай-ақ ортақ тыныштықты бұзғысы келетін әлдебір ақымақ немесе эгоистік ақыл туғызған бұлғақты басуға қолына қару алып кіріседі деген сөз. Сонымен, барлық нағыз мансап иелері сайланатын адамдар және олардың қарекеттері өздерін сайлағандарды қанағаттандыруға бағытталса, онда олар республиканың адал да әділетті қызметшілері болып табылады, сонда қалада шаттық орнайды. Бірақ мансап иелері жерді өз қолына түсіріп алса, онда олар өз қожайындарының, өздерін сайлаған халықтың байбатшаларына айналып, егер тек халық өздерінен жалға жер алмаса немесе өздеріне күндік ақыға
жұмыс істемесе, олардың молшылықта, ризашылықпен өмір сүруіне қажет жер өңдеуіне және күн көру үшін соның жемісін жинауына жол бермейді. Мұндай мансап иелері нағыз республикалық басқарудан тайқығандар және әділетсіздік жасайды, сол себептен адамзат баласы мұңға бөгіп, көз жасын көлдетіп, кедейлік пен құлдықтың ащы дәмін атты, бүгінде сол халық наразылық танытуда. [...]
Республикалық барлық лауазым иелері жыл сайы қайта сайланы тиіс
Егер қоғамдық мансап иелері ұзақ уақыт сотта отыра берсе, адам жүрегінің ашкөзікке, дүниеқоңыздыққа, менмендік пен атаққұмарлық бұлтымен тұмшалануға бейім екендігін ескерсек, олар азғындап, момындықты, адалдықты және бауырларына қамқорлықты ұмытып кетеді, сөйтіп, үкімет қызметіне алғаш келгенде өзгенің бостандығына дәл өзінікіндей ұмтылып, қоғамдық рухқа барынша адал болғанымен, алайда, сый-сияпат пен маңғаздыққа байланысты мұндай орында ұзақ отырса, олар ортақ бостандыққа ұмтылмай, қарақан басының қамын күйттейтін өзімшілдікке ұрынады. Бүгінгі тәжірибеміз "Елдегі және армиядағы биік мансап жаны жайсаң талайлардың пейілін өзгертті" деген халық мәтелінің дұрыстығын дәлелдейді. Ал табиғат бізге "ұзақ тұрған су босиды" дейді, ал ағын су таза күйінде қала береді де, ортақ пайдалануға жарайды. Сондықтан, ортақ сақталу қажеттігі халықты, тыныштықта тұру үшін заң шығаруға және осы заңның орындалуын қадағалайтын мансап иелерін сайлауға мәжбүрлейтіні секілді, осы қажеттіліктің дәл өзі Англиядағы әрбір адамның құлағына айқайлап, көз алдында көлбеңдеп, халықты мансап иелерін жаңадан сайлауды, ескілерін босатуды, мемлекет қызметкерлерін жыл сайын сайлап отыруды талап етуге мәжбүрлеп отыр. Мұның мынадай себептері бар:
Біріншіден, бұл өздеріне жасалатын жамандықтың алдын алу үшін қажет, өйткені мансап иесі тәкаппарлық пен молшылықтан көзін шел қаптаса, өздерінің республика қызметшілері екендігін ұмытып, бауырларынан асқақ тұруға ұмтылады да, олардың құзға құлдырауы сұмдық терең болады, мұның айғағы езіп-жаншушы корольдердің, епископтар мен басқа да мемлекеттік қызметшілердің тағдыры. Екіншіден, республикаға жаңа езгінің енуіне жол бермеу үшін қажет, өйткені мансап иелері әбден менменсіп, байып алғанда, бауырларын кедейлендіру, жұтату, қыспаққа алу арқылы болса да, өз айбынын арттырады; мұның айғағы Англияның қарапайым адамдарын ұзақ уақыт езіп-жаншып келген корольдер мен оның заңдарының қызметі. Және біз осынау күндерде кейбір республикалық қызметкерлердің орнында тапжылмай отыруының салдарынан тамырын терең жібергенінің арқасында, қазіргі соғыстар басталғанға дейін, әу баста тым жақын болса да, дәрежесі төмен ескі танысына тіл қатуға да ерінетінін өз басымыздан өткізген жоқпыз ба? Достар мен бауырлар арасына ор қазған ұзақ отырған құрметті мансап айбыны мен байлық емей, немене. Үшіншіден, өз ұрпақтарымызға сүйіспеншілік үшін де мансап иелері жыл сайын қайта сайланатын болсын, өйткені біздің заңдарымызда және кейбір оталмаған жерді мүк пен арамшөп басып кететіні сияқты, ауыстырылу болмағандықтан мансап иелері арасында ауыртпалық пен езгі масайрай беретін болс, бұл біздің ұрпақтарымыз оңай құтыла алмайтын қасіреттің басы, сонда олар, мүмкіндік бола тұра өздері үшін жақсы қоғамдық тәртіп орнатып кете алмаған біздің, бабаларының заманын қарғап-сілейтін болады. Төртіншіден, мансап иелерін жыл сайын ауыстырып отыру оларды барынша адал етеді., өйткені олар өздерінен кейін орнына басқалар келетінін, бұлардың ісін талдап қарайтынын, егер әділетсіздік жасаса, масқараға ұшырайтынын білетін болады. Ал мансап иелері республиканы
басқаруда адал жұмыс істесе, орнынан кетуге де келісімін береді; Лондондағы тыныштық, көп ретте, қаладағы биліктің жыл сайын ауысып тұруынан сақталып отыр. Бесіншіден, өкімет басында тұрған адамдарды жыл сйын өзгертіп отырған жақсы болатыны, өздерінің жазмышы бағынушылық деп санайтын адамдар көп болғаны секілді, өз кезегінде басқара алатындар да көп, мұның өзі баршаны құрметке бөленуден үміттеніп, әділетті де жақсы қарым-қатынасты қолдап отыруға ұмтылдырады; бірақ, басқарушылардың жүрегін ақша мен байлық жаулап алса, бұл жолда тираниядан басқа ештеңе өсіп шықпайды. Алтыншыдан, осындай жолмен республика басқаруға лайық, еліміздің ар-намысы мен тыныштығын жоғары ұстайтын қабілетті де тәжірибелі адамдарға ие болады., бала тәрбиесінде осыған қатты көңіл бөлу керек, мұның өзі біздің ағылшын республикасын уақыт өте келе жер бетіндегі халықтардың сүйіктісіне айналдырады.
"Уинстенли Дж. Избранные памфлеты. М.,
Л., 1950" басылымынан қазақшалаған Шәмшия
ЖҰБАТОВА.
БОСТАНДЫҚ ЗАҢЫ
Бүгіндері беймаза жүректер нағыз бостандықтың не екенін іздеп шарқ ұруда, ол бостандықсыз әлемде ағылшын республикасы орнатыла алмайды. Нағыз бостандық адамның қоекпен қоса, өмір сүруге қаеттің бәрін алуынан, басқаша айтқанда, жерді пайдаланудан тұрады... Адам бір нәрсе үшін ғана – дейді Сүлеймен, – жерді және оның жемістерін алаңсыз пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін еңбк етеді (Экклезиаст, 2,24)... Үлкен жолдың бойындағы қарақшыдан бастап, таққа қонжиған корольге дейін бәр-бәрі бір-бірінен жерді қару күшімен болсын, алдап-сулап болсын
тартып алуға тырыспай ма, өйткені олар өз бостандығы – молшылықта, құлдығы – кедейлікте екенін көріп-біліп жүр... Егер қорек тауып бере алмаса, адамға тәннің не керегі бар. Сондықтан адамның өз бауырының жерін тартып алуы – езгі мен құлдық, жерді алаңсыз пайдалану – нағыз бостандық. Үкіметтің екі түрі бар: корольдік үкімет және республикалық үкімет. Корольдік үкімет жерді сатып алу мен сатудың алдамшы өнері арқылы басқарады да, соның салдарынан ол шайқас қайраткеріне айналады, оның қолы баршаға қарсы., баршаның қолы оған қарсы көтерілген... егер оның жұдырық құқығындай тірегі болмаса, ешқандай тәртіп те болмас еді, себебі ол халықты езіп-жаншып отырған жаулаушының тойымсыз менмен еркінің көрінісі ғана... Шынына келгенде, бұл үкіметті өзінің кіші бауыоларынан жерді күшпен алып, оны күшпен ұстап тұрған үлкен жолдың бойындағы қарақшылар үкіметі деп дұп-дұрыс айта аламыз... Бұл корольдік басқарудың ұлы заң шығарушысы адам жүрегін жаулап алып, бауырлардың бірінің екіншісіндегі жерді түгел қолға түсіріп, соған емінеркін қожайын болуға итермелейтін дүниеқоңыздық; бұл Абылды өлтірген Қабыл... Корольдік үкіметтің орнатылуы халықты ортақ бостандық жолынан ортақ құлдық жолына алдап түсіріп жіберген саяси қулыққа телінуге тиіс. Өйткені, жер баршаның ортақ игілігі болып тұрғанда, корольдік дүниеқоңыздық ешқашан өз билігін орнықтыра алмайды. Республикалық үкімет жерді сатып алу мен сатусыз басқарады, нәтижесінде ол бейбітшілік қайраткеріне, бастапқы тыныштық пен бостандықты қалпына келтірушіге айналады. Ол байларға, даналарға, күштілерге қандай қорек берсе, езілген дәрменсіз, қарапайым жандарға да сондай қорек береді. Егер бұл үкімет өзінің ныспысы секілді іс жүзінде де әділ болса, құлдық пен езіп-жаншу атаулыны түп-тамырымен құртады. Республикалық үкімет таққа орныққанда, оның алдында тирания немесе қанау құйрығын қысып кетеді. Егер нағыз республикалық бостандық жерді алаңсыз пайдаланудан тұратын болса, асқа жарамсыз тұз секілді
бауырларды жер бетіндегі бостандығынан айыратын барлық заңдар мен ғұрыптар түп-тұқиянымен лақтырып тасталуға тиіс. Заңдар өсіп шығатын екі тамыр бар. Бірінші тамыр – ортақ молшылық, мұнда әрбір адам өзгені бөліп-жармастан, өз қамын ойлағандай, оның да жағдайын ойлайды. Бұл – басқару дарағының тамыры, әділеттілік пен бейбітшілік заңы, тәжірибе негізінде ортақ молшылық үшін қажет барлық жекелеген заңдар осы дарақтың өркені мен бұтақтары. Адамзат баласы сан алуан болғандықтан, олардың арасында надандықтың ұлғаюы мүмкін, сондықтан осынау бастапқы заң әрбір адамның жетекшісі, көсемі болу үшін оның жүрегіне жазып қойылған, мұндайда егер бастықтың көзін дүниеқоңыздық пен менмендіктен шел қаптап, надандыққа бой алдырса, оған бағынышты адам оның жолдан тайғандығын айта алады. Екінші тамыр – жеке молшылық: кейбір бастықтар қара басының пайдасын, жайлы тұрмысты, сый-сияпатты, байлықты, жер бетіндегі бостандықты іздеп, билік пен жер байлығына ие жандарға жарамсақтанады, олар бейбітшілік, бостандық, өзінің дәрменсіз ес жимаған бауырларының молшылығы жөнінде қам жемейді. Бұл – тирания мен әділетсіздік заңы дарағының тамыры. Және дүниеқоңыз үкімет бір бауырдың екіншісін қанауы үшін ойлап тапқан барлық жекелеген корольдік заңдар – адамдар үшін құлдық, көз жасы, мұң мен кедейлік солардан – солардың бәрі тираия дарағының өркені мен бұтақтары. Жаулап алушылар корольдер мен олардың тираниялық заңдары езіпжагшнып, жерді алаңсыз пайдаланудан шеттеткен барша адам тамақ пен киімге қажет нәрсенің бәрінемір-еркін себуге енді мүмкіндік алуы үшін парламент айрықша бастықтарды тағайындауға және республика жеріне алаңдамай тұқым себу туралы заңдар шығаруға тиіс. Заңдар жерде жұмыс істетйнідерге қорғаныш, жалқауларға жаза болуға тиіс. Бірақ біреу-міреу былайша сұрап қалуы да мүмкін: республикалық жер деп нені айтамын? Менің берер жауабым мынадай: жаулаушылар мен озбыр корольдер бұрын
оның тұрғындарынан тартып алған, енді сол қанаушылардың қолынан Англияның қарапайым халқының жеке күш-жігері мен ақшасы арқылы оның қолына қайтарып берілген бүкіл жер республиканікі. Өйткені бұл жер олардың қанымен суарылған. Олар және олардың ұрпақтары оған тумысынан құқықты және енді бостан республиканың заңдарымен ол қайтадан жеке адамдарға берілмеуге тиіс. атап айтқанда барлық монастырьлер жері республиканың жері ол бұрын Англияның қарапайым адамдарының қанымен Папаның билігінен қайтарылып алынған болатын, бірақ корольдер халықтан сол жерлерге құқығын тартып алған-ды. Әрі қарай бұл – тәж бен епископтық қолында болған, патшалық құрған тирандардан жақында қайтарлып алынған, парктары, ормандары бар пайдаланылатын барлық жерлер, сол тирандар қарапайым адамдар сол жерлерді еркін пайдалана алмасын деп, олардың мойнына мырзалар мен ақылмандарды отырғызып қойған болатын. Әрі қарай, барлық қоғамдық және қоғамдық деп аталатын, кедейлердің де үлесі болуға тиіс бос жатқан жерлер. Бірақ ол жерлер үшін. жалдау ақысын талап еткен және кедейлердің үй салып алмауын немесе өздерінің рұқсатынсыз қоғамдық жерге тұқым сеппеуін қатты қадағалаған помещиктер ондай жерлерге қарапайым халықты жақындатпады. Қарапайым халық мырзаларға, дәл бір жаулап алушыларға төлегендей, жалдау ақысын, айыппұл, кіру ақшасын, алым төлеуге тиіс болды. Немесе осынау қоғамдық жерлерді бай ленлордтар ме фригольдерлер өзінің кіші бауырларынан тартып алып, ол жерлерге қой мен ірі қарасын қаптатты. Сондықтан көп жерлерде кедей адам сыр да ұстай алмайтын, себебі оны шөп ұрлап қана асырай алатын... Бұл құлдық емес пе, дейді халық, өйткені кейбіреулер өз бауырларынан қайыр сұрауға, күндік ақы үшін олардың ауыр да лас жұмысын істеуге, не аштан өлуге, не ұрлық істеуге, жолдан таюға мәжбүр болып, жер бетінде тұруға тиіс емес адам секілді асып өлтіріліп жүр, ал Англияда жер қазіргіден он есе көп халықты асырап-бағуға жетеді...
Бірақ сіз былай деуіңіз мүмкін: "Жер өз бауырларыңызға тиесілі емес пе? Өз үлесіңізді талап етіп, сіз басқаның құқығын құртуға тиіс емессіз". Ал мен бұған былайша жауап берем: "Жер – не жаратылу құқығымен, не жаулап алу құқығымен соныкі. Егер ол жерді менікі емес, жаулап алу құқығымен өзінікі деп санаса, онда бұл – не, корольдің қарапайым халықты жеңгендігінің жемісі, не қарапайым халықтың корольді жеңгендігінің жемісі Егер ол корольдік жаулап алудың негізінде жерге таласса, мұндай корольдер талқандалып, аласталады, оның құқығы жойылдаы. Егер оның жерге құқығы қарапайым адамдардың корольді жеңгендігінен туындаса, онда менің де, өз бауырым секілді осы құқығым бар. Өйткені, бауырым менсіз, мен бауырымсыз корольдіаластай алмас едік; тек екеуміз бірігіп қана, ақшаның күшімен және өз қайратымызбен бір-бірімізге көмектесу арқылы жеңіске жеттік. Осылай қазіргі азат етілген жерге сол жеңістің пәрменімен, әділет заңының негізінде бауырыммен бірдей құқыққа иемін"... Бірақ бір адам екіншісінен байырақ болуға тиіс емес пе? Бұған ешқандай мұқтаждық жоқ, өйткені байлық адамдарды тәкаппар, паң етеді, өз бауырларын езгіге салуға итермелейді және соғыстың себебі болады. Бірде бір адам өз еңбегінсіз немесе оған көмектесетін өзгелердің еңбегінсіз бай бола алмайды. егер жақындары қол ұшын бермесе, ол ншқашан жылына жүздеген, сыңдаған пайда беретін дәулет жинай алмйды. Егер оның жұмысына өзгелер де көмектессе, бұл байлық оның өзі секілді, өзгелерге де тиесілі ғой; өйткені сол байлық оның өз еңбегі секілді, өзгелердің де еңбегінің жемісі. Бірақ барлық байлар өзінің емес, өзгенің еңбегі арқылы жақсы тұрмысқа жетіп, ішіп-жейді, жарқырап киінеді. Бұл байлар үшін абырой емес, масқара, өйткені алғаннан гөрі берген неғұрлым сауапты іс. Ал байлар қолында бардың бәрін еңбекшілер қолымен тапқан, беретіні – өз қолымен тапқаны емес, басқалардың тапқанынан жырымшылап қана алған нәрсе. Демек, олардың жер бетіндегі тірлігі адал емес, арам...
Парламент қаналған халықтың тумысынан берілген құқығын пайдалануына кедергі жасап келген және жасап отырған барлық ауыртпалықтың шынымен жойылуын қадағалап отыруға тиіс... Парламент сауда – күнаһар іс, сатушылар мен сатып алушылар – республика бостандығы мен тыныштығының дұшпаны деп жариялауға тиіс. Өйткені парламентті халық өзінің дәрменсіз жерінде көмектессін деп қажетіне қарай сайлады. Сондықтан да парламент халықтың бір бөлігін кедейшілікке ұшрататын немесе оны екінші бөлігінеқұлдыққа салатын қауіпті байқаған бойда, халықты бұдан сақтандыруы керек. Өйткені ол – елдің көзі; бірақ халықты өздері жаңа ғана шыққан батпаққа қайта жетелейтін, сөйтіп оны құрдымға жетелейтін көздер шын соқыр. Егер күні туып, жер қанаушылардың билігі мен заңдарынан азаттық алса, парламент оның бостандығын күзетіп, өзінің келісімімен жердің сатылуына не сатып алуына жол бермеуге тиіс, қайтадан бұлай етілсе ол құлдыққа тап болады. Жер мен оның жемістерін сату да, сатып алу да болмауға тиіс. Өйткені, король үкіметі тұсында сатып алу мен сату көмегімен алаяқтар аңқаулардың тумысынан біткен құқығын ұрлап алды, жерді басқанікі емес, өзімдікі деп жариялап, сол арқылы бүгінде көптеген адамдар тап болған кедейшілік пен қайыршылықты туындатты. Және де ақылдылар ессіздерге, күштілер әлсіздерге көмектесуге тиіс болғанымен, ақылдылар мен күштілер әлсіздер мен қарапайымдарды ажалға итермелейді... Адалдық – қазына, бірақ соны ұстайтындар қайыршы боп өледі, деген мақал рас боп шықты. Неліктен солай? Себебі сатып алу мен сату алдаудың қорегі. Бұл – жаулап алушылардың заңы, кітап кеміргіштер мен екі жүзділердің әділеті. Сөйтіп, осынау алаяқтар әдетте жерді басқарушыларға айналып шыға келеді... Өйткені бастық, басқарушы болатындар ақылды кедей емес, әрқашан бай, өзі тартып алған жерге құқығын бекіту үшін өзгелерді өзі мен өз жолдастарына қарағанда кедейшілік, құлдық баұғауында ұстайтын алаяқ. Сондықтан бостан республикада сатып алу мен сату болмауға тиіс, ешкім де өз бауырын өзіне жұмыс істеуге жалдамауға тиіс. Жер әрбір отбасының еңбегімен өіделуі, оның жемісі жиналып, қоймалар мен
албарларға тасып алынуы тиіс. Егер әлдекім немесе бір отбасы астыққа яки өзге де азық-түлікке мұқтаж болса, олар қоймаға барып, өз қаетін ақшасыз алатын болсын. Егер олар мініс атына зәру болса, жазда олар даладағы, қыста көпшілік атқорадағы қараушылар қолынан мініс атын алады; барар жеріне барып келгесін бір тиын да төлеместен, атты алған жеріне қайтып тапсырады. егер әлдекім тамаққа немесе қорекке мұқтаж болса, дүкендегі қасаптан өз керегін ақшасыз алады немесе қой отарына, ірі қара табынына барып, сатып алмай-ақ отбасына керек малды тегін сойып алады, бірақ басқаға сатпайды. Барлық жер байлығы мына негізде ортақ мүлікке айналуы тиіс: жерді баптау және ондағы барлық жұмыс барлық отбасылардың ортақ еңбегімен, сатып алу-сатусыз атқарылады. Қала мен ауылдың бәрінде қоймалар тұрғызылып, оларға барлық жер өнімдері және ісмерлер қолынан өзге де заттар жеткізілуі керек, ол жерден жеке отбасы мен әр адамға қажетіне қарай өз керегі беріліп тұрады. Немесе біздің елде өндірілмейтін немесе өндіруді қаламайтын заттарға алмастыру үшін кемелерге тиеліп, басқа елдерге жөнелтіледі. Өйткені ел ішіндегі диқандар мен ісмерлердің бүкіл еңбегі және өзге елдермен барлық қатынас қоғамдық мүлік падасына жүргізілуге тиіс. Және де әрбір адам ортақ мүлікке жұмыс істейтіндіктен, олардың әрқайсысы қоймадағы азық-түлікті өзінің қанағаты мен бақытты өмірі үшін, сатып алу мен сатусыз, ештеңеден қысылмастан, емір-еркін пайдалана алады. Тамағы тоқ, киімі бүтін, басында баспанасы болса, өзі жақын-жуығының ортасында отырса, өмірін еңбекпен өткізген жанға бұдан басқа не керек? Рас, обыр, менмен, хайуан секілді адамдар көпті қалайды, ол нәрселер не көз алдында жатуы тиіс, не өзінің әздектігімен әлгі заттарды бүлдіреді, ал бұл кезде өзге бауырлары осы дүниелердің жетіспеуінен қайыршылықта жүргенін елепескермейді. Бірақ бостан республиканың заңдары мен адал бастықтары мұндай пақырлардың жөнсіз қылығын ауыздықтап отыруға тиіс... Әрбір адам өз жақынының үйін өзінікіндей санап, олармен бір отбасындай бірге тұруы қажет пе? Жоқ; жер мен қойма бардық отбасына ортақ болса да, әр отбасы қазірге дейінгідей бөлек тұруға тиіс; үй, әйел,
балалар, үйдің сәнін кетіретін мүлік, өз отбасының қажетін өтеуге адам қоймадан не алса, соның бәрі – олардың бейбіт мақсатта қолдануы үшін осы отбасының жеке меншігін құрайды. егер біреу-міреу өзгенің келісімінсіз оның әйелін, балаларын не үй мүлкін тартып алса, не үйінің шырқын бұзса, ол республикалық үкіметтің дұшпаны ретінде жазасын тартады. Обырлық пен менмендіктен өзге бұл бостандықтың жауы жоқ, шынына келгенде бостандық – біреу басқа жөнінде бірдеңе істемек болса, оны басқаның өзі жөнінде істеуіндей етіп атқаруды қалауы. Оның жауы өздерінің дұғаларында құлшылық етуінде, ризашылығы мен ораза ұстауында өздерінен басқа адал ешкім жоқ секілді құдайға бар жақсы сөзін арнайтын адамдардың өшпенді де даукес екіжүзділігі болады. Ол-ол ма, олар өздері жатпай-тұрмай құлшылық ететін құдайды қастерлемейтін адамдар қауымынан ат-тонын ала қашып, оларды абақтыға тығып, өлім жазасына кеседі. Онда тұрған не бар! Құдай мен Христос біздің пікірімізбен келісетін адамдарға ғана емес, біздің пікірімізбен келіспейтін дұшпандарға да сүйіспеншілікті уағыздайтын мәңгілік заңды орнатты, бұл заң бойынша ішер асы мен киер киімі болса, адам соны қанағат тұтуы керек. Бұл сіздер үшін сынақ: сіздер оның заңдарын орындауда құдай мен Христке адал боласыз ба немесе олар тірілген кезде, нағыз бостандықтың, әділет пен бейбітшіліктің шаранасын құртып жібересіз бе? Сіз, бәлкім, енді түлкібұлаңға салынып, бізді Египетке қайтармақ боларсыздар, соныңыздың өзімен-ақ Христтың табаны жаншыған әзәзіл жыланның ұрығының бір бөлігі екеніңізді аңғартасыз. Немесе сіз арман қуған жүрегі таза бала екеніңізді, жаныштаған король билігін – әзәзілдің басын жұлып тастауға және жер бетінде мәңгілік әділен пен тыныштық орнатуға көмектесетін Христ денесінің мүшелері екеніңізді дәлелдерсіз.
"Уинстенли Дж. Избранные памфлеты. М.,
Л., 1950" басылымынан қазақшалаған Шәмшия
ЖҰБАТОВА.
Бенедикт Спиноза
(1632 – 1677) – нидерланд философы. Бастауыш білімді еврей училищесінде алады. Р. Декарт, Ф. Бэкон, Т. Гоббс философиясының ықпалымен діннен бас тартады. Иудаизмге немкетті қарағаны үшін ол қарғалып, қауымнан аласталды. Осыдан кейін ол оптикалық шыныларды тегістеумен нан тауып жеп, өзінің философиялық жүйесін жасауға басы бүтін кіріседі. Спиноза – берік сенімдегі антимонархист және антиклерикалист. Республикалық басқару, саясатты діни моральдан арылту үшін дәйектілікпен күрескен. XVІІ ғасыр ойшылдарының көпшілігі сияқты Спиноза қоғам мен мемлекет ұқсас деп қараған. Оның пікірінше, мемлекет әлеуметтік-экономикалық процестердің себебінен емес, “қоғамды шарт” негізінде, туындайды. Ол мемлекеттің мақсаты мен басты ісі әрбір адамның өз бостандығына қол жеткізуін және оны ойындағыдай пайдалана алуын қамтамасыз ету деп санаған. Спиноза мемлекетке көзқарасында саяси әділеттілік, заңдылық, билік пен азаматтардың өзара қатынастары проблемаларына көп көңіл бөлген.
ДІНИ-САЯСИ ТРАКТАТ
ХХ тарау
Бостан мемлекетте әркім нені қаласа, соны ойлай және нені
ойласа, соны айта алатыны көрсетіледі
[... ] Ешкім де өзінің жаратылыстық құқығын, немесе өзінің қандай да болсын нәрсе туралы еркін толғанып, пікірін айту қабілетін басқа адамға көшіре алмайды және бұған ешкім де мәжбүрлене алмайды. Осыдан келіп, демек, ақылға тежеу салатын басқару зорлықшыл саналады, және жоғарғы ұлы мәртебелі әрбір адам нені ақиқат деп қабылдауы және нені жалған деп серпіп тастауы тиіс екендігін, одан әрі, әркімнің ақылы Құдай алдында бас ұруға қандай пікірлермен итермеленуі тиіс екендігін міндеттеуді қалағанда, тегінде бодандарына әділетсіздік жасап, олардың құқығын өзіне жиып алады деген байлам шығады: бұл әркімнің өз құқығы ғой, және өзі қаласа да, басқаға бере алмайтын құқығы. Мен пікір дегеніңіз көптеген,
тіпті мүмкін емес дерлік амалдармен сыңаржақ бола беретінін, және ол басқа біреудің билігінде болмаған күннің өзінде, оның басқаға тәуелділігі соншалық, оны бостан емес деп санау әділ екендігін мойындаймын. Бірақ бұл жөнінде өнер қаншалықты бұлталаққа салса да, әркімнің өзінің жеткілікті ақыл-есі бар екенін, көзқарастарда да, талғамдағы сияқты, толып жатқан айырмашылықтар бар екендігін адамдардың түсінбеуі ешқашан бола қоймаған. Бәрін де Құдай өзі берген шабытпен айтып, соның жөнімен істейтін Алла алқаған адам деп саналған, өз халқының пікіріне айламен емес, Құдайдың рахманының арқасында барынша ықпал еткен Мұсаның өзі де халықтың күңкілі мен бұрып сөйлегенінен құтыла алмаса, басқа монархтарға не жорық; ол егер мұны қалай дегенмен ойға алуға болса, оны тек монархиялық мемлекетте ойға алуға болар, бірақ халықтың бәрі немесе көпшілігі ақылдасып-кеңесіп басқаратын демократиялық мемлекетте мүмкін емес; мұның себебі баршаға айқын ғой деп ойлаймын. Осылай, жоғарғы өкімет иелері барлығын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайды, құқықтар мен адалдықтың аужайын да айтып беретін солар деп қанша ойлағанмен, адамдарды бір нәрсе туралы өз ойына сәйкес пікірін айтпауға және сол секілді әйтеуір бір аффектті сезінбеуге ешқашан мәжбүр ете алмайды. Рас, әрине, өкімет орындары өздерімен барлық нәрседе келіспейтіндердің барлығын ол құқығы бойынша дұшпан санай алады, бірақ біз қазір олардың құқықтары туралы емес, ненің пайдалы екендігі туралы айтып отырмыз. Мен өз құқықтары бойынша олар шексіз зорлық пен билік жүргізе алатынын, түкке тұрмайтын сылтаулармен азаматтарды өлімге байлайтынын жоққа шығарып отырғам жоқ; бірақ дені дұрыс адам солай істей алады деп ешкім де айтпайды. Олол ма, олар мұны мемлекетке зор қатер төндіріп қана жасай алатындықтан, олардың бұл және басқа сондай істер үшін шексіз қуаты бар екендігін де жоққа шығара аламыз, ендеше олардың бұл үшін шектеусіз құқықтары да
жоқ, біз жоғарғы өкіметтердің құқықтары олардың қуатымен өлшенетінін көрсеттік қой. Сонымен, егер ешкім өзінің нені қаласа сол туралы пікір айту және ойлау бостандығынан айырыла алмаса, қайта бұлардың әрқайсысы табиғат берген ұлы құқық бойынша өз ойларының қожайыны болып табылса, бұдан мынадай қорытынды шығады: мемлекетте ешқашан, қасіретті салдарлардан қауіптенбей, адамдардың, олардың ойлары әртүрлі және қарама-қарсы болғанның өзінде жоғарғы өкімет орындары рұқсат еткеннен өзге ештеңе айтпауына тырысуға болмайды, өйткені, тобырды былай қойғанда, тәжірибелі адамдар да екі елі ауызға төрт елі қақпақ қоя білмейді. Үндемеу керек кездің өзінде өзгелерге өз жоспарын сеніп айту – адамдардың ортақ кемшілігі; демек, өз тұсында әркімнің нені ойласа, соны айтып, соған үйрету бостандығын тыятын үкімет – ең зорлықшыл үкімет және керісінше, өз тұсында бұл бостандықты әркімге берген үкімет – қалыпты үкімет. Бірақ шынтуайтына келгенде біз ұлылыққа іспен де, сөзбен де күйе жағылуы мүмкін екендігін еш жоққа шығара алмаймыз; ендеше, бодандарды сол бостандықтан мүлде айыру мүмкін емес десек, керісінше, оған шектеусіз жол беру әбден қатерлі. Сондықтан, бұл арада біз мемлекет тыныштығына нұқсан келтірмеуі және жоғарғы өкімет орындарының құқықтарын бұзбауы үшін осы бостандық әркімге қандай шектерге дейін беріле алатындығын және берілуі тиістігін зерттеуіміз керек. [... ] Мемлекеттің жоғарыда түсіндірілген негіздерінен мынау анық көрінеді: оның түпкі мақсаты, адамдарды басқаларға бағындыра отырып, үстемдік ету, қорқынышта ұстау емес, керісінше, әркім мүмкін болғанынша қауіпсіздікте өмір сүруі үшін оны қорқыныштан азат ету, яғни, оның өзіне және басқа адамға зиян келтірмей тіршілік етіп, қызмет істеу жөніндегі жаратылыстық құқығын барынша жақсы сақтай алуы. Мемлекеттің мақсаты, деймін мен адамдарды парасатты тіршілік иесінен хайуандарға немесе автоматтарға айналдыру емес, керісінше, олардың
жаны мен тәні қауіпке ұшырамай, өз функцияларын атқаруын, олардың өздерінің еркін парасатын пайдалануы және бір-бірімен өшпенділікте, ашуда немесе қулықта бәсекелеспеуі, бір-біріне дұшпан ретінде қарамауы. Демек, мемлекеттің шын мақсаты – бостандық. Ілгерілей түссек, Мемлекеттің құрылуы үшін бір нәрсенің, атап айтқанда: бүкіл заң шығарушылық өкіметтің баршаға, немесе бірнешеуіне, яки біреуге тиесілі болуы қажет екендігін жоғарыда көрдік. Өйткені адамдардың еркін пікірі әбден әрқилы және жеке-жеке алғанда әрқайсысы бәрін білемін деп ойлайды, және баршаның бірдей ойлауы, бірдей сөйлеуі мүмкін болмағандықтан, әркім өз жанының ғана ұйғаруымен қарекет ету құқығын еркімен бермесе, олар тыныш өмір сүре алмас еді. Осылайша, әркім бір нәрсе туралы пікір айту, баға беру құқығын емес, өзінің ұйғарымына сәйкес қарекет ету құқығын ғана еркімен берген; ендеше, жоғарғы өкімет орындарының құқығын бұзбай ешкім олардың шешіміне қарсы шыға алмайды, бірақ ойлай алады, пікір айта алады, демек, айта да алады, тек айтатынын немесе үйрететінін өзінің ойын қулықпен, ашумен, өшпенділікпен және өз ұйғарымының беделінің арқасында мемлекетте бірдеңе енгізу пиғылымен емес, парасатты айтса болғаны. Мысалы, егер ºлдекім қандай да бір заң саналы ақыл-ойға қайшы келеді, сондықтан да ол алып тасталуы керек деп біліп, сол ойын жоғарғы өкіметтің (заңдарды шығарумен және күшін жоюмен ғана айналысатын) талқылауына берсе, бұл екі арада өзі әлгі заңның талабына қарсы ештеңе істемейтін болса, онда ол, әрине, лайықты, азамат ретінде мемлекетке қызмет көрсетеді, бірақ, егер ол, керісінше, мұны басшылықты заңсыздық жасады деп айыптау үшін және оны тобырға жексұрын көрсету үшін жасаған болса немесе басшылықтың еркіне қарсы, осы заңды жою үшін бүлік шығаратын болса, онда ол тыныштықты бұзушы және бүлікші. Сонымен, біз жоғарғы өкіметтің құқығын бұзбай, беделін түсірмей, яғни, мемлекеттің тыныштығын бұзбай, әркімнің өз ойын қалайша айта алатынын, қалайша соған үйрете алатынын көріп отырмыз, атап айтқанда ол былай болады:
әркім не істелу керектігі туралы шешімді өкімет орындарының өзіне береді, және, өзі жақсы деп санайтын, онысын ашық айтатын нәрсеге жиі қарсы шығуға тура келсе де, олардың шешіміне қарсы ештеңе істемейді. Ол, әрине, мұны әділеттілік пен тақуалықты бұзбай істей алады, тіпті өзін әділетті де таупықты етіп көрсеткісі келсе, солай істеуге де тиіс, өйткені біз жоғарыда көрсеткеніміздей, әділет тек жоғарғы өкімет орындарының шешімдеріне тәуелді, ендеше жалпыға бірдей шешімдер бойынша өмір сүрмесе, ешкім де әділетті бола алмайды. Ал ең жоғары тақуалық (мен алдыңғы тарауда көрсеткенімдей) мемлекеттің дін амандығы мен тыныштығы үшін қамқорлықтан көрініс табады, бірақ әркім өз жүрегінің қалауымен өмір сүретін болса, олар сақтала алмайды; демек, өзің азаматы болып табылатын жоғарғы өкіметтің шешіміне қарсы өз қалауыңмен бірдеңе жасау да адалдыққа жатпайды, өйткені, бұлай етуге әркімге жол берілетін болса, бұл мемлекеттің құлауына әкеп соғар еді. Мұнан да сорақысы: ол жоғарғы өкімет шешімдеріне сәйкес қарекет еткен кезінде, өз парасатының ұйғарымы мен бұйрығына қарсы да ештеңе жасай алмайды; өйткені ол өз парасатының кеңесімен өз пікірі бойынша өмір сұру құқығын соған берген ғой. [...] Бірақ, бұл бостандық басып тасталып, адамдар жоғарғы өкімет орындарының нұсқауынсыз ауыз аша алмайтын болды делік: сонда да, адамдардың өкіметке жағатын нәрсені ғана ойлауына ешқашан қол жетпейді; өйткен күнде үнемі адамдардың сөзі бір басқа, ісі бір басқа болатыны өз-өзінен туындар еді, демек, мемлекетке өте қажет бүкпесіздік аласталып, жиіркенішті жағымпаздық пен залымдықтың дәурені жүрер еді; Бірақ баршаның нұсқау ізімен ғана сөйлеуіне қол жеткізуге болады деген іздің ақиқаттан ауылы алыс, керісінше, адамдарды сөз бостандығынан айыруға тырысқан сайын, олар қасарыса түсіп, сол бостандықты жақтайды – әрине, оны жақтайтындар ләззаттың төресі сандықтағы ақшаны санап, қарын тойдыру деп білетін сараңдар, жағымпаздар мен пасықтар емес, өнегелі тәрбие, таза құлық, ізгілік анағұрлым еркін еткен адамдар.
Адамдардың жаратылысы көбіне сондай – олар өздері ақиқат деп білетін пікірлер кінә деп саналатыны және Құдай жолымен адамдар үшін істегені қылмыс деп танылатыны оларды бәрінен көп ашындырады, содан барып олар заңдарды елемеуге бел буады да, бастықтарға қарсы ойына келгеннің бәрін істейді, осы себеппен бүлік шығарып, қандай да болсын зұлымдық жасауды ұят емес, керісінше, әбден-ақ жөн санайды. Сонымен, адамның жаратылысы сондай екендігі айқын болғандықтан, пікірлер жөніндегі за ңдар алая не олар зұлымдарды тізгіндеу үшін емес, қайта адал адамдарды ызаландыру үшін шығарылады және мемлекетке үлкен қауіп төндіреді. Бұған мұндай заңдардың мүлдем пайдасыз екендігін қосыңыз, өйткені заңмен айыпталған пікірлерді дұрыс деп есептегендер заңға бағынатын ахуалда болмайды; керісінше, ондай пікірлерді жалған деп санайтындар, ол пікірлерді айыптайтын заңдарды өздеріне жасалған артықшылық деп қабылдап, оларды көкке көтеретіндері соншалық, кейіннен басшылық, қанша қаласа да оның күшін жоятын күш таба алмайды. [...] Осы арқылы біз мыналарды көрсеттік: 1) адамдардан ойлағанын айту бостандығын тартып алу мүмкін емес; 2) бұл бостандық, жоғарғы өкімет орындарының құқығы мен беделіне зиян тигізбей, әркімге беріле алады және осы құқықты әркім, егерд осы орайда ол мұны қабылданған заңдарға қарсы бірдеңе істеу құқығы деп біліп, мемлекетте бірдеңе істеуге бел ьайламаса, өкімет орындарының құқықтарына зиян тигізбей сақтай алады; 3) нақ осы бостандықты мемлекетте тыныштықты сақтай отырып, әркім-ақ иелене алады, сондықтан одан оп-оңай жоюға болмайтын ешқандай қолайсыздық туындамайды; 4) әркім тақуалыққа зиян тигізбей-ақ оған ие бола алады; 5) саудайы нәрселер жөнінде шығарылатын заңдар мүлдем пайдасыз; 6) ақыр соңында, біз бұл бостандыққа мемлекетте тыныштықты, тақуалықты және жоғарғы өкімет орындарының құқықтарын бұзбай-ақ жол беруге болатындығын, қайта осының бәрін сақтап қалу үшін жол беру маңызды екенін көрсеттік. Керісінше, адамдардан оны тартып алу әрекеті
жасалатын және сотқа күна жасай алатын бірден-бір нәрсе жан емес, өзгеше ойлайтын адамдардың пікірлері тартылатын жерде, сабақ болу үшін адал адамдар жазаланады. Бұл мысалдар қайта азап болып көрініп, басқаларды қорқытқаннан гөрі ызаландырады, және кек алуға шақырмаған күннің өзінде, жанашырлыққа итермелейді; мұның үстіне, өмірдегі жақсы әдеттер мен ағынан жарылу азғындайды, жағымпаздар мен залымдар көтермеленеді, қарсыластар біздің ызамыздан қаймықты, өзіміз таратып жүрген ілімге дәулеттілердің бір бөлігін тарттық деп мейманасы тасиды. Осының салдарынан олар өкімет орындарының беделі мен құқықтарын меншіктеуден тайынбайды, бізді Құдайдың өзі таңдап алған, біздің шешімдеріміз Алланың аузынан түскен, ал жоғарғы өкімет орындарының шешімдері пенделік іс, сондықтан олардың шешімдері Алланың аяны алдында түкке тұрмайды деуден ұялмайды. Осының бәрі мемлекеттің есендігіне кереғар екендігін ешкімнің білмеуң мүмкін емес. [...]
САЯСИ ТРАКТАТ
1-тарау
Кіріспе
§ 1. Философтар бізді толқытатын аффекттерді адамдардың өз кінәсінен болатын сырқау деп қарайды, сондықтан оларды сықақ ету, жазғыру немесе қарғыс айту (мұнымен әулие көрінгісі келетіндер айналысады) әдеті бар. Еш жерде жоқ адам табиғатын осылайша, асқақтатып, және іс жүзіндегі адам табиғатын масқаралай отырып, олар ең қастерлі іспен шұғылданып жүрмін әрі даналық биігіне жеттім деп ойлайды. Өйткені олар адамдарды шын мәнісіне қарап емес, өздері қалай көргісі келген күйде алады. Осының нәтижесінде олар этиканың орнына
көбінесе сатира жазады және ешқашан қолдануға болатын саясат жасаған жоқ; олардың саясаты қол жетпес арман ретінде көріне алады немесе Утопияда, яки ол саясаттың қажеті мүлдем дерлік жоқ болатын ақындардың алтын ғасырында жүзеге асар еді. Сондықтан да, барлық қолданбалы ғылымдардағы теория мен практика арасындағы дүрдараздық саясатта бәрінен де көбірек көрініс табады; мемлекетті басқаруға теоретиктер мен философтардан қабілетсіз адам жоқ деген көзқарас қалыптасты. § 2. Саясаткерлерге келетін болсақ, ортақ пікір бойынша олар адамдарға қамқорлық жасаудан гөрі көбінесе қастық жасайды, сондықтан да оларды дана деуден гөрі зымиян деседі. Олар, әрине, адамдар бар кезде сырқаулар да болады дегенге үйретті. Сондықтан, олар адамдардың жаманшылығын өздерінің ұзақ тәжірибесі үйреткен және адамдар парасаттан гөрі, қорқынышты басшылыққа алып, қолданатын амалдармен ауыздықтауға ұмтылғанда олар дінге қайшы қарекет жасағандай болып көрінеді, әсіресе жоғарғы өкімет мемлекеттік істерді жеке адам үшін міндетті тақуалық ережелеріне сәйкес жүргізуге тиіс деп білетін теологтарға солай көрінеді. Алайда, саясаткерлердің өздері саяси пәндер туралы философтарға қарағанда көбірек табыспен жазғанына күмән болмауға тиіс. Тәлімгері тәжірибе болған олар қолданылуға болмайтын ештеңені үйретпеген. § 3. Мен болсам, тәжірибе адамдардың тату өмірі үшін қажет мемлекеттердің барлық түрлерін, сонымен бірге халық бұқарасын (multіtudo) белгілі бір шектерде ұстап, басқаруға болатын құралдарды көрсеткеніне кәміл сенемін; сондықтан мен бұл салада тәжірибеге немесе практикаға қайшы келмей, ойлау күші арқылы, осы кезге дейін сыннан өткізіліп, байқап көрілмеген бірдеңеге қол жеткізуге болады деп ойламаймын. Өйткені адамдар қандай да бір ортақ құқықтан тыс өмір сүре алмайтындай етіп жаратылған ғой; ортақ құқық белгіленген, мемлекеттік істерді ең қабілетті (зұлым немесе қу болса да) адамдар жүргізеді,
сондықтан жағдай бізді ұшырастырмаған және ортақ іспен айналысатын, әрі өздерінің де қауіпсіздігін ойлайтын адамдар байқамаған, бүкіл қоғамға зәредей де пайдасы бар бірдеңе ойлап шығаруымыз мүмкін. § 4. Сонымен, саясатқа ойша көз жүгірткенде мен қандай да бір жаңа немесе құлақ естімеген бірдеңені айтуды емес, бар болғаны практикамен өте жақсы үйлесетін нәрсені дұрыс та даусыз дәлелдермен көрсетуді немесе адам жаратылысының өзінен шығаруды ғана көздедім. Және де осы ғылымға жататын нәрселерді әдетте біз математика пәндері жөнінде қолданатын рух бостандығымен зерттеу үшін, мен адам қылықтарын әжуалауға, оларға ренжімеуге, оларды қарғап-сілемеуге, қайта түсінуге ұдайы ұмтылып отырдым. Сондықтан да адамның: сүйіспеншілік, өшпенділік, ашу-ыза, қызғаныш, атаққұмарлық жанашырлық, басқа да жан көріністері сияқты аффектілерін адам табиғатының сырқаулары деп емес, ауа табиғатына жылылық, суықтық, күн райының бұзылуы, күннің күркіреуі және тағы басқалар қалай тән болса, сондай тән қасиеттер деп қарастырдым; бұлардың бәрі қолайсыздық туғызғанымен, алайда қажет және біз табиғатын тануға тырысатын белгілі бір себептері бар нәрсе, және сезімге жағымды нәрселерді танып-білу секілді, оларды шындап түйсіну жанымызды рахатқа бөлейді. § 5. Адамдардың аффектілерге бой алдыратынының қажет екендігін және олар кімнің жағдайы нашар болса, соны аяйтынын, кімнің жағдайы жақсы болса, соны көре алмайтынын, және олар жанашырлықтан гөрі кек алуға бейім екендігін, және мұның үстіне, әркім басқалар мұның құлқына сай күн кешуіне, өзі нені мақұлдаса, соны мақұлдауына және нені қабылдамаса, соны қабылдаумауына ұмтылатыны даусыз ғой (мұның ақиқаттығын біз "Этикамызда" дәлелдеп шыққанбыз). Осының нәтижесінде барлық [адамдар] бірдей бірінші болуға ұмтылған кезде, олар қақтығысып, өздерінің қолынан келгенше бір-бірін еңсеруге ұмтылады; жеңіп шыққан адам өзіне тиген пайдадан гөрі басқаға келтірген зиянын мақтан тұтады. Және де баршасы діннің басқаны, атап айтқанда бауырыңды өзіңді сүйгендей сүюге, яғни басқаның құқығын өз
құқығыңмен бірдей қорғауға үйрететіндігіне сенсе де, бұл сенім, біз көрсеткендей, аффект алдында дәрменсіз дерлік. Рас, бұл сенім, ажал алдында, аффектілердің өзін ажал жеңіп, адам дәрменсіз жатқанда немесе адамдар жұмыспен айналыспайтын ғибадатханаларда көрінеді; бірақ сол сенім бәрінен қажет болатын форумдарда немесе сарайда бәрінен кем көрінеді. Мұның үстіне, біз аффектілерді ауыздықтап, оларды басқару үшін, рас, парасаттың (Ratіo) көп нәрсе тындыра алатынын көрсеттік, бірақ сонымен бір мезгілде парасаттың өзі көрсететін жолдың тым қиын екендігін көрдік, сондықтан да, халық бұқарасын немесе билік басындағыларды өздерінің өмірінде тек парасатты басшылыққа алуға көндіруге болады деген оймен өзін өзі алдарқататындар поэзиядағы алтын ғасырды немесе ертегіні қиялдайтындар. § 6. Сондықтан, бақуаттылығы әлдекімдердің арлылығына тәуелді және оның істерімен айналысатын адамдар оларды адал атқарғысы келсе ғана ісі тиісінше жүргізілетін мемлекетте (іmperіum) тұрақтылық барынша кем болады; бірақ ол нық тұруы үшін оның істері оларға бағыт беріп отырғандар, олар парасатты немесе аффектілерді басшылыққа алса да, арам пиғылға немесе жаман істерге бейім болмайтындай етіп реттелуі керек; мемлекет қауіпсіздігі үшін істерді тиісінше басқарып отырған адамдарды ң тек іс тиісінше басқарылса болғаны. Өйткені жанның бостандығы немесе кәмілдігі (fortіtudo) жеке жақсылық, ал мемлекеттің жақсылығы – қауіпсіздік (securіtas). § 7. Және, ақыр соңында, адамдардың барлығы – варварлары да, өркенияттылары да – барлық жерде қарым-қатынас жасап, қандай да бір азаматтық ахуал орнататын мемлекеттің себептері мен жаратылыстық негіздерін парасаттың (Ratіo) нұсқауларынан емес, қайта адамдардың ортақ табиғатынан немесе құрылысынан іздеу керектігі айқын.
“Б. Спиноза. Богословский-политический трактат; Политический трактат” еңбегінен қазақшалаған Камал Әлпейісова. Блез Паскаль
(1623–1662) – француз философы, жазушысы, моралисі және ғалымы. Клермон қаласында судьяның отбасында дүниеге келген, 1631 жылдан бастап Париж қаласында өмір сүрген, мұнда ол үйінде оқып, жаратылыстанудан жақсы білім алады. Жас кезінен бастап математикаға аса қабілетті екендігін байқатады. 1644 жылы бірінші есептегіш машинаны жасайды, кейіннен ықтималдық теориясының негізін қалайды, дифференциалдық есептеу идеясын дамытады, ерекше ғылым ретінде гиростатиканы жасайды. Осылайша Паскаль Жаңа заман ғылымының негізін қалаушылардың біріне айналады. Өзінің қысқа ғұмырының соңғы жылдарында христиандыққа бет бұрып, томағатұйық өмір сүреді, жаратылыстану саласындаƒы ғылыми қызметтен шеттеп, діни философ, жазушы және моралист ретінде бой көрсетеді. 1656 – 1657 жылдары оның католиктік реакцияның тірегі болған иезуиттерді өткір сынға алған, бірақ атеистік көзқараспен де келіспеушілігін білдірген “Провинциалға хаты” (барлығы 18) жарияланады. Әлеуметтік философ ретінде Паскальді бірінші кезекте инсаният проблемалары, адам жағдайы қызықтырады, оны скептицизм мен пессимизм тұрғысынан қарастырады. Адам – “ойлай білетін құрақ” және оның байлығы – кеңістікті иемденуде, жер сатып алуда емес, парасатты ойлай білуде: адамның бар қадыр-қасиеті осында. Алайда өзінің табиғаты жағынан ой тамаша әрі теңдессіз болғанымен, ол ерсі де пасық болуы да мүмкін. Адам парасатына бостандық керек, бірақ сол “барып тұрған пасық дарақылыққа есік ашады”. Адамның жаратылысы осындай. Адамның тіршілік ету драматизмі Паскальдің өзі қайтыс болғаннан кейін бірнеше рет басылып шыққан “Ойлар” атты еңбегінде айқын көрініс тапқан. Паскальдың әлеуметтік көзқарастары “солдан” да “оңнан” да талқыланып, сынға ұшыраған; адам өмірінің жайсыздығы туралы оның ойларын ХІХ–ХХ ғасырларда едәуір кең таралған діни экзистенциализм пайдаланған.
ОЙЛАР
Өзімізді өзіміз танып-білейік: бұл ретте ақиқатты тап басып, таба алмаспыз, есесіне өз өмірімізді ретке келтіреміз, ал біз үшін ең маңызды іс сол.
Ғылымдардың әурешілігі. – Егер мен инсаният негіздерін білмесем, тіршілік өрісі туралы ғылым өмірімнің ауыр сәттерінде маған жұбаныш бола алмайды, ал инсаният негіздері сыртқы дүние туралы ғылымды білмесем де жұбатады.
Адамның сәйкессіздігі. – Адам табиғатты оның асқақ та байтақ қалпында тамашалауға бой ұрсын, өзін қоршаған түкке тұрғысыз нәрселерді көзге ілмесін. Көз қарықтырар жарыққа Ғаламды нұрға бөлеген сөнбес алаудай қарасын; Жер дегеніңіз осынау күн жүріп жататын орасан зор орбитамен салыстырғанда бар болғаны нүкте екендігін түсінсін; бұл орасан зор орбитаның өзі – аспан күмбезінде ағып жататын басқа жұлдыздтардың орбиталарымен салыстырғанда көрінер-көрінбес сызық екендігі туралы ойдан айран-асыр болсын. [...] Өйткені ғаламдағы адам дегеніміз не? Шексіздікпен салыстырғанда бейболмыстық, бейболмыстықпен салыстырғанда барша маңыздысы, барша ештеңе арасындағы орташасы. Ол тіпті бұл шетіндік – асу бермес, адам көзінен тылсыммен тұмшаланған ғаламның ақыры мен оның бастауын түсінуге жақындай да алмайды, және сол сияқты, өзі пайда болған бейболмысты да өзі сіңіп жоқ болып кететін шексіздікті де таныпбіле алмайды. Ол бар болғаны құбылыстардың елесін ғана аңдайды, өйткені олардың басын да, ақырын да тануға қабілетсіз. Бәрі де бейболмыстан туындайды да шексіздікке жөнеледі. Соншалық қиян жолға кім көз жүгірте алады? Бұл ғажайып оны Жаратушыға ғана аян. Басқа ешкімге де емес.
Адамның бар күйкілігін ақырына дейін түсіну үшін махаббатың себептері мен салдарларын айқындап алу керек. Оны себебі – “ғайып” (Корнель), ал салдарлары сұмдық. Айқындаудың өзі мүмкін емес осынау
“ғайып” дегеніңіз осынау түкке тұрғысыз нәрсе жер бетін дүрбелеңге ұшыратып, монархтарды, әскерлерді, бүкіл дүниені айтқанына көндіріп, айдауына салады. Клеопатраның мұрыны: ол сәл қысқалау болғанда – жердің бетбейнесі басқаша болар еді.
Біз ешқашан бүгінімізбен өмір сүрмейміз, ылғи болашақты аңсап, ол бейнебір кешігіп жатқандай асыға күтеміз, немесе өткенді шақырып, бейне бір ол тым ерте кеткендей, қайтаруға тырысамыз. Біздің әулекілігіміз сонша, өзімізге бұйырмаған заманда сарсыламыз да, сонымызбен өзіміз бұйырған жалғыз уақытты елемейміз, және күйбеңшілдігіміз сонша, өзімізде бар жалғыз уақытты ұмытып, өтіп кеткен уақытты аңсаймыз. Бәленің бәрі мынада, бүгінгіңіз қашанда дерлік әуре-сарсаңға толы. Ол бізді мұңайтқан кезде, біз оны байқамауға тырысамыз, ал қуантқан кезде – оның тым өткіншілігіне қайғырамыз. Біз оны болашақтың есебінен ұзартуға тырысамыз, сол болашаққа жете алмауымыз мүмкін болса да, өзіміздің уысымызда жоқ нәрсені билеп төстеуге тырысамыз. Өз ойларыңызды ақтарып-төңкеріп көріңіздерші, сіз олардан өткен шақ пен келер шақты ғана табасыз. Осы шақ туралы біз ойлана қоймаймыз, ойланған күнде де, ол бізге болашағымызды қалай дұрысырақ құруды айтып берер деген үмітпен ойлаймыз. Біз өзімізді ешқашан бүгінгі күнмен шектемейміз: осы шақ пен өткен шақ – құрал ғана, ал жалғыз мақсат – болашақ. Міне осыдан келіп біз ешқашан өмір сүрмейтініміз, бақ қонар деп үміттеніп, өмір сүргіміз келетін, бірақ сол бақытқа ешқашан жетпейтініміз шығады.
[...] Біреу әділет негізін заң шығарушының беделі, екіншісі –
монархтың мұқтажы, үшіншісі – қалыптасқан әдет-ғұрып деп біледі;
соңғысы, жалпы алғанда, бәрінен шатқаяқ, өйткені парасат уақыт тозаңға айналдырып жібермейтін әділетті іздеп табуға қабілетсіз. Әдет-ғұрып қарапайым ғана себеппен көпке ортақ болғандықтан ғана заңды – оның тылсым билігінің мағынасы осында. Әдет-ғұрыптың түп-тамырына жеткен адам, оны жояды. Бұрынғы қателіктерді түзететін заңдар бәрінен де қате: заңдарға олар әділ деп бағынатын адам заңның өздігінен негіздемесі болатын мәнісіне емес, өзі ойлап шығарған әділетке бағынады. Ол – заң, ғана басқа ештеңе де емес. Заң неменеге сүйенетінін зерттемек болған адам, оның іргетасының қаншалықты шатқаяқ, орнықсыз екендігін көреді, және, егер ол адам қиялынан туындаған делқұлылық көріністеріне дағдыланбаған болса, бар болғаны жүз жылдың ішінде бұл заңға жұрттың соншалық құрметпен, тіпті қастерлеп қарай бастағанына ұзақ таңырқар еді. Мемлекет ұстындарын қажап күйрету өнерінің өзі қалыптасқан салттарды шайқалтуда, олардың бастауларын зерттеуде, олардың негіздігі мен әділетсіздігін дәлелдеп шығуда. “Жаратылыстық құқыққа, әділетсіз салт жойып жіберген бастапқы мемлекеттік нұсқауларға қайта оралу керек”, – дейді сол адамдар. Бірақ мұндай ойындар тек ұтылысқа жетелейді, өйткені мұндай көзқарасқа барлығы да әділетсіз болып шығады. Ал халық болса бұзақы сөздерге құлақ қойғыш-ақ. Ол мойнынан қамыт арылмағанын түсіне бастайды да, одан босануға тырысады, бірақ орнатылған салттарды қызыққұмар зерттеушілермен бірге жеңіліске ұшырайды, ал бұдан бұл өмірдің мықтылары ғана ұтады. [...]
Әділет, күш. – Әділетке бағыну әділет, күшке бағынбай тұра алмайсың. Күш қолдамаған әділет дәрменсіз, әділет қолдамаған күш – тирандық. Дәрменсіз әділетке қарсылық қашанда болады, өйткені жаман адамдар ешқайда жоғалып кетпейді, әділетсіз күшке қашанда наразылық білдіріледі. Ендеше, күшті әділетпен біріктіру керек, не әділетті күшті ету керек, не күшті әділетті ету керек.
Әділетпен дауласу оңай, күш айқын әрі даусыз. Сондықтан әділет ешқашан күшті бола алған жоқ – күш өзін ғана әділмін деп, оны мойындаған емес. Сөйтіп, әділетті күшті ете алмайтын, адамдар күшті әділ деп білуді ұйғарған.
Күнделікті тіршілік мәселелерінде адамдар өз елдерінің заңдарына, қалған мәселелердің барлығында – көпшіліктің пікіріне бағынады, жалпыға ортақ басқа ереже жоқ. Неліктен? Себебі, тек солардың ғана артында күш тұр. Ал монархтарда күшті әскер де бар, сондықтан министрлердің көпшілігінің пікірі олар үшін заң емес. Әлбетте, бүкіл игілікті адамдардың арасында тең бөлген әділет болар еді, бірақ күшті әділетке бағындыру ешкімнің қолынан келмегендіктен, күшті әділ және заңды деп санай бастады; әділетті күшейту мүмкін болмағандықтан, содан былай олар бірге қимылдап, жер бетінде игіліктің ең ұлысы – бейбітшілік орнауы үшін, күшті заңдастырды.
“Иеліктің баршасы қарулы күштің қолына өткен жерде бейбітшілік
орнайды”.
Адамдар неліктен көпшілікке ереді? Олардікі жөн болғандықтан ба?
Жоқ, олар күшті болғандықтан.
Неліктен ежелгі заңдар мен көзқарастар жолын таңдайды? Олар есті
болғандықтан ба? Жоқ, себебі, оларды барша мойындағандықтан және
олар алауыздық ұрығының көктеп кетуіне жол бермейтіндіктен.
...Бұл жерде мәселе салтта емес, күште, себебі жаңаны ойлап табатындар аз, ал көпшілік баршаға ортақ нәрсені ғана істегісі келеді де, өз жаңалықтарымен даңққа бөленгісі келетін жаңашылдарға даңқ бұйыртпайды, ал егер олар табанды болып, ештеңе ойлап таба алмайтындарға кекесінмен қараса, оларға масқара ат қояды, тіпті таяқтап та алуы мүмкін. Өздеріңіздің жаңалық енгізе алатын қабілетіңізбен мақтанбаңыз, оның өзіңізде бар екеніне ырза болыңыз.
“Дүниені қоғамдық пікір емес, күш билейді”. – “Бірақ күш жұмсайтын да тап сол қоғамдық пікір”. – “Жоқ, ол – күштің туындысы. Біздіңше, жұмсақтық – тамаша қасиет. Неліктен? Өйткені арқан үстінде би билеуге бел буған адам жалғыз қалады, ал мен сол уақытта күшті пікірлестеріммен топ құрып аламын да, олар арқан үстінде би билеу – ұят іс деп айқай салатын болады”.
Қоғамның бір мүшелері басқа мүшелерімен байланысты болатын бейкүнә құрмет дәнекерлерін қажеттілік шынжыры деуге болады, өйткені адамдар жағдайының айырмашылығы болмай тұрмайды: барлығы да билеп-төстегісі келеді, бірақ оған қабілеттілер көп емес. Біз өзімізді әлдебір бір қоғамның пайда болуына куа болып тұрмыз деп елестетіп көрейік: адамдар ең күшті партия ең әлсізін жеңіп, билеуші партия болғанға дейін шайқасатыны анық. Ал бұл орындалған кезде, жеңімпаздар күресті әрі қарай жалғастыруды қаламай, өздеріне бағынышты күшке өздерінің қалауына қарай: халық билігі принципін немесе тақ мұрагерлігі принципін орнату керек деп бұйырады. Дәл оссы жерде ойынға қиял араласады. Осы кезге дейін барлығы да өкіметтің зорлығына бағынған-ды, ал енді күш Францияда дворяндарды, Швейцарияда – қарапайым халықты ұлықтайтын қиялға сүйене бастады.
Ендеше, көпшілік әлдекімдермен байланысты болатын бейкүнә
құрмет дәнекері шындап келгенде қиял дәнекерлері.
Егер швейцариялықты текті тұқымнан шыққан адам деп атасаңыз, ол намыстанып, ата-бабаларының барлығы қара халықтан шыққанын дәлелдей бастайды: өйтпеген жағдайда оны жоғары лауазымға лайық емес деп санайды.
Әлемді күш билейтін болғандықтан, герцогтың, корольдің немесе судьяның билігі әбден нақты да қажетті, және ол билік барлық жерде, әрқашан бола береді. Бірақ әлдебір герцогтың, корольдің немесе судьяның билігі қиялға ғана негізделгендіктен, ол орнықсыз, өзгеруге бейім және т.б.
Корольдерді үнемі күзеттің, барабаншылардың, әскери шенділердің және бодандарының бойына құрмет пен қорқыныш ұялататындардың барлығының қоршауында көру әдеті корольге ешкім ілесіп жүрмесе де, оның жай ғана түрінің өзі адамдардың бойында ілтипатты құрмет сезімін ұялатады, өйткені өз ойында олар монархтың жеке басын оны ұдайы қаумалап қоршап жүргендермен ылғи да біріктіре қабылдайды. Және де халық, қорқыныш пен құрмет сол әдеттен туындағанын түсінбей, бұларды король дәрежесінің ерекше қасиеттеріне жатқызады. “Оның жүзінде Құдайдың өзі дарытқан ұлылық табы бар” деген сөздің астарында осындай мән жатыр.
Әділет. – Әділет ұғымы да әйелдердің әшекейлері сияқты сәннің
ықпалына ұшырайды.
Қоғамдық пікір мен қиялға негізделген өкімет мейірбан, ізгілікке
бай болады, бірақ ол өтпелі, ал күшке негізделген билік мығым.
Сондықтан қоғамдық пікір адамдарды билейді, ал күш оларды
жаныштайды деуге болады.
Әділет. – Бұл нық орнатылған нәрсе, сондықтан да әрбір бекітілген заңды, ол бекітіліп қойғандықтан, тіпті оның мәнін түсінбей жатып, адамдар әділ деп біледі.
Халық даналығы. – Азаматтық бұлғақтан қорқынышты қасірет жоқ. Егер жұрттың барлығына еңбектеріне қарай сый-құрмет көрсетпек болса, бұлғақ болмай қоймайды, өйткені әркім марапатқа өзінің лайық екендігін айтады. Мұрагерлік құқықпен таққа отырған ақымақ та жамандық жасауы мүмкін, бірақ бұлғақ кезіндегідей зор да сөзсіз болмайды.
Бейәділет. –Халыққа заңдар әділетсіз деу қауіпті, – ол заңдарға олардың әділетті екендігіне сенгенде ғана бағынады. Демек, әділетті ме, бейәділет пе, оған қарамастан, адамдарды заңдарға – ол заң болғандықтан, ал өкімет иесіне – ол өкімет болғандықтан бағыну керек деп ұдайы сіңіріп отыру керек. Егер халық мұны бойына сіңірсе, бүлік қаупінің алдын алуға болады; әділеттің анықтауышы дегеніміздің өзі, шынына келгенде, сол.
Корольдердің құдіреті халықтың парасатына, сол секілді парасатсыздығына да, және біріншісінен гөрі екіншісіне көбірек негізделеді. Дүниедегі ең ғаламат құдіреттің негізінде дәрменсіздік жатыр,
және де бұл бұлжымайтын берік негіз, өйткені бетімен жіберілген халық әлсіз болатыны әркімге анық. Ал тек қана есті парасатқа негізделген нәрсе, мысалы, кемеңгерлікті қадірлеу қашанда тым шатқаяқ.
Ойлай алатын құрақ. – Біздің қадыр-қасиетіміз – кеңістікті иемденіп алуда емес, парасатты ойлай білуімізде. Мен қанша жер сатып алғаныммен байымаймын, өйткені кеңістіктің көмегімен Ғалам мені қаусыра құшақтап, өзіне сіңіріп жібереді, ал ойдың көмегімен Ғаламды мен аялаймын.
Ой. – Адамның бүкіл қадыр-қасиеті – оның ойлай білуінде. Ендеше, ой өзінің табиғаты жағынан тамаша да теңдессіз, және тек құлақ естімеген кемшіліктер ғана оны өрескелдікке айналдыра алар еді. Мінеки, ой дегеніңіз ұшан-теңіз олардың барынша күлкілісі де аз емес. Өзінің табиғаты жағынан ол қанщама асқақ! Ал әлгі кемшіліктер салдарынан қаншалық пасық! [...]
Лайықты мінез-құлықтың барлық ережелері баяғыдан мәлім, жетпейтіні – оларды пайдалана білу. Мысалы: Ортақ игілік үшін өмірін құрбан ету керек екендігін барлығы да біледі және шынында да, кейбіреулер құрбан етеді; бірақ дін үшін мұндай құрбандыққа ешкім де бармайды. Теңсіздік дауасыз, бұл айдан анық, бірақ оны мойындасаң болды – күшті өкіметке ғана емес, адам төзгісіз тиранияға да есік шалқасынан ашылады. Адам парасатына азғана болса да бостандық беру керек, бірақ бұл барып тұрған пасық дарақылық есігін шалқасынан ашады. “Несі бар, сол
бостандықты шектеңдер”. – “Табиғатта шек жоқ: заң оларды жасауға
тырысады, бірақ парасат онымен бітісуді қаламайды”.
"Паскаль Б. Мысли. СПб., 1843" басылымынан
қазақшалаған Камал ӘЛПЕЙІСОВА.
Джон Локк
(1632–1704) ағартушылық аталарының бірі, либерализмді дамытудағы басты тұлға ретінде кеңінен танылған ағылшын философы. 1658 жылы Оксфордта ұстаздық қызметке кіріскенімен, бұл қызметі 1667 жылы аяқталды. Оның саясат теоретигі ретіндегі беделі "Басқару
туралы екі трактатқа" (1690), философ және эмпиризмнің негізін қалаушы ретіндегі беделі "Адам парасаты туралы очерктерге" (1689) негізделген. Оның "Білім беру туралы ойлар" (1693) атты еңбегі де аса құрметтеледі. Оның "Сабыр туралы хат" (1693), "Хрисиандық парасаты" (1695) атты еңбектері де тиісінше бағаланады. "Басқару туралы екі трактат" ресми түрде сэр Роберт Филмер идеясын теріске шығару үшін жазылған деп саналады. Филмер барлық заңды өкімет, сайып келгенде, Алла адамға берген абсолютті жоғарғы билікке және бүкіл дүниені дербес меншіктену, оны мұра етіп үлкен ұлына сыйлау құқығына негізделген дейді. Локк саяси билікті ата-аналар билігінен немесе меншікпен байланысты биліктен мүлдем басқаша етіп бейнелеуге ұмтылады. Ол тек өкіметті шектеуді ғана емес, өкіметті бөлуді, заң билігін және кейбір жағдайларда көтерілістің заңды болатынын жақтады.
БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ ТРАКТАТ
Біріншісінде, сэр Роберт Филмердің және оның ізбасарларының
жалған принциптері меннегіздері зерттеліп, жоққа шығарылады
Екіншісі, азаматтық басқарудың шынайы шығу тегі, қарекет
салалары мен мақсаттары туралы тәжірибе
ІІ тарау
Жаратылыстық ахуал туралы
4. Саяси өкіметті дұрыс түсіну және оның пайда болуының қайнар көзін дұрыс анықтау үшін біз барлық адамдардың қандай жаратылыстық ахуалда екендігін қарастыруға тиіспіз, ал бұл дегеніңіз – олардың қарекетіне қатысты және қандай да бір басқа адамнан рұқсат сұрамастан және әлдекімнің ырқына тәуелді болмастан, табиғат заңының шегінде өздері үшін лайықты деп санайтын өзінің мүлкі мен тұлғасына билік етуге қатысты толық еркіндік ахуалы.
Бұл дегеніңіз сондай-ақ теңдік ахуалы, оның тұсында барлық билік және барлық құзырлылық өзара байланысты болады, – ешкімның басқадан көп ештеңесі болмайды. Бір тұқым мен түрдегі тіршілік иелері, дүниеге келген кезінде ешқандай алалаусыз бірдей табиғи артықшылықтар ала отырып және бірдей қабілеттерді пайдалана отырып, егер тек жаратқан әрі баршаның иесі өзінің қандай да бір ырқын анық білдіру арқылы олардың бірін екіншісінен жоғары қоймаса және оны айқын да анық тағайындау арқылы билеп-төстеуге және жоғарғы билікке ие етпесе, өз араларында қандай да бір бағынушылықсыз немесе басып-жаншусыз тең болуы керектігінен айқын ештеңе жоқ. 5. Адамдардың бұл табиғи теңдігін парасатты Гукер өзінен-өзі айқын әрі даусыз деп санайтыны соншалық, оны адамдар арасындағы өзара сүйіспеншілік парызының түғыры етіп алады да, біздің бір-біріміз жөніндегі міндеттерімізді соған құрады, сөйтіп содан әділет пен жанашырлықтың ұлы принциптерін шығарады. Ол былай дейді: “Тап осындай жаратылыстық талпыныс адамдарды өз жақындарын өзіндей сүю өздерінің парызы екендігін түйсінуге алып келді; өйткені, тең болып табылатын заттарды түйсіну үшін баршада бір өлшем болуы қажет; егер мен әрбір адам өзіне жақсы қарауды қаншалықты қаласа, маған соншалы ты шам барлық адамдардың жаратылысы бірдей болғандықтан, басқа адамдарда да туындайтыны күмәнсіз өзімнің осындай тілегімді белгілі бір дәрежеде қанағаттандыруға тырыспасам, онда мен өзімнің осы тілегімді қанағаттандыруға қалай дәмелене аламын? Егер оларға осы тілекке қайшы бірдеңе ұсынылатын болса, онда бұл оларды барлық жағынан тап мендей ренжітетіндігі күмәнсіз; осылайша, егер де мен жамандық жасасам, онда мен қасірет шегуге дайын болуым керек, өйткені, маƒан басқа адамдардың мен оларға көрсеткеннен көбірек сүйіспеншілік көрсетуіне ешқандай да негіз жоқ; ендеше, менің жаратылысынан өзіме тең адамдар тарапынан мүмкіндігінше көбірек сүйіспеншілік тілеуім маған менің оларға қатысты
да қуаты соншалық сезімде болудың жаратылыстық міндетін жүктейді; біз және бізге ұқсастар арасындағы осы теңдік қатынасынан жаратылыстыұқ парасат өмірде қолдану үшін әрбір адамға белгілі бірнеше ереже мен өсиетті шығарған” (Шіркеу саясаты. І кітап). 6. Бірақ бұл дегеніңіз бостандық ахуалы болғанымен, бұл дегеніңіз ойына келгенді істеу ахуалы емес; адам бұл ахуалда өзінің жеке басына және меншігіне билік етудің шектеусіз бостандығына ие болғанымен, онда өзін немесе өзінің иелігіндегі қандай да бір тіршілік иесін жойып жіберу бостандығы жоқ, бұған, әрине, ол игілікті құр сақтаудан гөрі анағұрлым ізгі мақсатта пайдалану жағдайы кірмейді. Жаратылыстық жағдайдың өзін басқаратын және әркім үшін міндетті табиғат заңы бар; және осы заң болып табылатын парасат, өзімен санасуды қалаған барлық адамдарды, барлық адамдар тең әрі тәуелсіз болғандықтан, олардың бір де біреуі басқаның өміріне, денсаулығына, бостандығына немесе меншігіне залал келтірмеуге тиіс деп үйретеді; өйткені барлық адамдарды бір ғана құдіреті күшті әрі кемеңгер жасаған жаратқан; олардың барлығы – бір жоғарғы иенің қызметшілері, дүниеге соның бұйрығымен, соның ісімен жұмсалған; олар өздерін жаратқанның меншігі және олардың тіршілік етуі өздеріне емес, жаратқанның қаншалық қалауына байланысты; және де, бірдей қабілетке ие болып отырған және ортақ иелігімізде баршамызға берілген бір ғана табиғат бар, біз өзіміздің ортамызда, тіршілік иелерінің төменгі тұқымдары біз үшін жаратылғаны секілді, біз біреуімізді екіншіміз пайдалану үшін жаратылғандай, бір-бірімізді жоюға құқық беретін бағынушылық бар деп біле алмаймыз. Біздің әрқайсымыз өзімізді сақтауға және өз орнымызды өз қалауымызбен тастап кетпеуге міндетті болғандықтан, өзіміздің өмірімізге қауіп төнбеген кезде, дәл сол себеппен адамзаттың қалған бөлігін, қолынан келгенінше, сақтауға міндетті және, қылмыскер жөнінде қазылық жасағаннан басқа кезде, басқаны өлтірмеуге, оған қастандық жасамауға, дәл сол секілді оның өмірін, бостандығын,
денсаулығын, дене мүшелерін немесе меншігін сақтауға жәрдемдесетін нәрсенің бәріне қастандық жасамауға тиіс. 7. Адамдардың барлығын басқалардың құқығына қол сұғудан және бір-біріне нұқсан келтіруден тежеп ұстау және тыныштық пен барша адамзаттың сақталуын талап ететін табиғат заңын сақтау үшін, табиғат заңын сол күйінде жүзеге асыру әрбір адамның қолына берілген, осының салдарынан осы заңды бұзатындарды оны бұзуға жол бермейтін дәрежеде жазалау құқығы әрбір адамда бар. Егер осы жаратылыстық ахуалда бұл заңды жүзеге асыру билігіне және сол арқылы кінәсіздерді қорғап, заң бұзушыларды ауыздықтау билігіне ешкім ие болмаса, табиғат заңы, осы дүниедегі адамдарға қатысты басқа барлық заңдар сияқты, пайдасыз болып шығар еді; және егер осынау жаратылыстық ахуалда әркім басқа біреуді жасаған кез-келген жамандығы үшін жазалай алатын болса, онда әркім де солай істей алады. Өйткені ешкімнің біреудің басқадан ешқандай артықшылығы және құзыры, әрине, жоқ осынау толық теңдік жағдайында, осы заңды орындау үшін біреу жасай алатын нәрсені, қажет болған жағдайда әркімнің де істей алу құқығы болуға тиіс. 8. Осылайша, жаратылыстық ахуалда бір адам екіншісінің үстінен қандай да бір билікке ие болады, алайда, дегенмен бұл билік қылмыскер оның қолына түскенде ойына келгенін істейтін, өзінің бұрқ еткен сезімдерінің немесе шексіз фантазиясының ықпалымен ойына келгенін істейтін толық немесе деспоттық билік емес, оған сабырлы ақыл мен ұждан бұйыратын деңгейде ғана, ол жасаған заң бұзуға сәйкес жазалайтын, атап айтқанда, әрі тиісті жаза әрі қатаң ескерту дәрежесіндегі билік болуы керек; өйткені тек осы екі ілік қана бір адамның екіншісіне біз жаза деп атайтын жамандықты заңды түрде жасауына негіз бола алады. Табиғат заңын бұза отырып, оны бұзушы осынысымен адамдардың өзара қауіпсіздігіне бола олардың қарекеті үшін құдайдың белгілеген өлшемі болып табылатын парасат пен ортақ теңдік ережесі бойынша емес, басқа ереже бойынша өмір сүретінін мәлімдейді; сөйтіп ол адамзат үшін қауіпті
болып, адамдарды нұқсан мен зорлықтан қорғайтын дәнекерлерді әлсіретіп, үзеді мұның өзі бүкіл адамзат, табиғат заңымен көзделген оның тыныштығы мен қауіпсіздігі жөніндегі қылмыс болып табылады. Осының пәрменімен әрбір адам өзіне тән жалпы адамзатты сақтау үшін ие болған құқығының арқасында адамдар үшін зиянды нәрселерді тежей немесе қажет болған жағдайда жойып жібере алады, сөйтіп, бұл заңды бұзған кезкелген адамға оны өзінің ісіне опынуға мәжбүр ететіндей шамада жамандық жасай алады және сонысымен оны, оның мысалымен басқаларды мұндай жауыздықтардан іркіп ұстай алады. Мұндай жағдайда және осы себеп бойынша әрбір адамның қылмыскерді жазалау және табиғат заңының орындаушысы болу құқығы бар. 9. Кейбір адамдарға мұның тым оғаш доктрина болып көрінетіндігіне күмәнім жоқ; бірақ олар мұны айыптамай тұрып, маған мынаны түсіндіріп беруін қалар едім: қандай да бір билеушінің немесе мемлекеттің олардың елінде жасаған кез-келген қылмысы үшін жат жерлікті өлім жазасына кесуіне немесе жазалауына қандай құқығы бар? Олардың заң шығару жиналысының білдірілген ырқы негізінде алған рұқсатына негізделген заңдарының жат жерліктерге жүрмейтіні күмәнсіз. Олар оған ештеңе де білдірмейді, білдірген күнде де бұл оларды тыңдауға міндетті емес. Осы мемлекеттің қол астындағы азаматтарына әмірін жүргіздіріп отырған заң шығарушы органның оларға билігі жүрмейді. Англияда, Францияда немесе Голландияда заң шығарудың жоғарғы өкіметіне ие адамдар – үндіс ‰шін, бүкіл басқа дүние секілді, қолында билігі жоқ адамдар. Ендеше, егер табиғат заңы бойынша, ақыл төрелігіне жүгінгенде жағдай талап ететін тұстарда, әрбір адам осы заңды бұзғаны үшін кім-кімді де жазалау билігіне ие болмаса, онда мен қандай да бір қоғамның судьялары басқа елден келген жат жерлікті қалайша жазалай алатынын түсінбеймін, өйткені олардың ол адам жөніндегі билігі әрбір адамның басқа адам жөніндегі табиғи билігінен көп емес.
10. Заң бұзудан және парасаттың әділетті басқаруынан таюдан (мұндайда адамның азғындайтыны соншалық, ол адам табиғаты принциптерінен бас тартатынын мәлімдеп, зиянды тіршілік иесіне айналады) тұратын қылмыстан басқа, белгілі бір адамға әдеттегі нұқсан келтіру де кездеседі, осы бұзушылық салдарынан бір адамға зиян келтіріледі. Мұндай жағдайда нұқсан келтірілген адам, барлық басқа адамдардағыдай өзінде бар жазалау құқығынан басқа, өзіне зиян келтірген адамнан өтем алу ерекше құқығына ие болады. Және мұны әділ деп санайтын кез-келген басқа адам зардап шегушіге қосылып, оның қылмыскерден келтірілген залалдың орнын толтыру үшін қанша керек болса, сонша өтем алуына көмектесе алады. 11. Осынау жекелеген екі құқықтың болуынан (бірі қорқыту және сондай заң бұзудың алдын алу мақсатымен қылмыс үшін жазалау; бұл жазалау құқығына әркім ие; екінші құқық тек зардап шеккен тарапқа ғана тән өтем алу құқығы), мынадай да болып жатады, судья ретінде өзіне берілген жалпы жазалау құқығына ие судья, қоғам игілігі заңның орындалуын талап етпейтін кезде, қылмыстық іс-әрекет үшін жазаны көп ретте өз билігімен алып тастайды; дегенмен ол кез-келген жеке адам өзіне келтірілген нұқсан үшін алуға тиіс өтем алу талабын қанағаттандыру міндетінен босата алмайды. Залал шеккен адам оны [қанағаттандыруды] жеке өзінің атынан талап ету құқығына ие, одан сол ғана босата алады. Әрбір адам өзінде бар бүкіл адамзатты сақтау және бұл мақсатқа жету үшін қолынан келетін барлық парасатты істерді жасау құқығы бойынша жасалған қылмыс үшін оның қайта жасалуына кедергі болу мақсатымен, жазалауға билігі бар екендігі секілді, зардап шеккен адам заңды бұзған адамның меншігін немесе қызметін пайдалану билігіне өзін-өзі қорғау құқығы бойынша ие болады. Осылайша, жаратылыстық ахуалдағы әрбір адам кісі өлтірушіні өлтіре алатын болып шығады, мұны ол кісі өлтіргені үшін әрбір адамның тарапынан қандай жаза күтіп тұрғанын көрсететін мысал арқылы басқаларды ештеңемен орны толмайтын қылмыс жасаудан
бой тартқызу үшін де, сондай-ақ адамзатқа Құдай берген пайымнан, ортақ ереже мен өлшемнен бас тартып, әділетсіз зорлығы және бір адамды өлтіру ар ылы қастандығынан жұртты қауіпсіз ету үшін де істей алады, демек, адамдар бірлесе өмір сүре алмайтын, не олардан қауіпсіз бола алмайтын қанқұмар жабайы аңдардың бірі арыстан немесе жолбарыс сияқты оны құртып жіберуге болады. “Кім адамның қанын төксе, соның қаны адам қолымен төгіледі” деген табиғаттың ұлы заңы осыған негізделген. Әркімнің мұндай қылмыскердің көзін құрту құқығына ие екендігіне сенгені соншалық, Қабыл да өзінің бауырын өлтіргеннен кейін: “Маған жолыққан кез-келген адам мені өлтіреді” депті, бұл бүкіл адамзаттың жүрегінде мәңгілік сақталып қалған. 12. Дәл осы себеп бойынша жаратылыстық ахуалдағы адам осы заңды бұдан азырақ бұзғандық үшін де жазалай алады. Бәлкім, өліммен жазалайды ма деген сұрақ қойылуы мүмкін. Менің жауабым: әрбір заң бұзушылық қылмыскерге тиімсіз болатындай, оның опынуына ілік берердей және басқаларды қорқытып, мұндай шалыс істерден тартынатындай деңгейде және сондайлық қаталдықпен жазалана алады. Жаратылыстық ахуалда жасалуы мүмкін әрбір қылмыс жаратылыстық ахуалда тап сондай дәрежеде, әрі мемлекеттегідей мөлшерде жазалана алады. Табиғат заңының бүге-шігесіне немесе содан туындайтын жазалау шараларына бойлау қазіргі міндетіме жатпаса да, мұндай заңның бар екендігі және оның парасатты тіршілік иесі мен сол заңды зерттеушіге мемлекеттердің қолданыстағы заңдары сияқты түсінікті де ап-айқын екендігі күмәнсіз; жоқ, тегінде, одан да анығырақ, өйткені адамдардың сөзбен бүркемеленген қарама-қайшы және астыртын мүдделерін көздейтін қайран қалдырар істері мен өтіріктерінен гөрі парасатты түсіну оңайырқа; шындығында өздері сол арқылы реттелуге және түсінілуге тиіс табиғат заңдарына олар қаншалықты негізделетін болса, соншалықты дәрежеде ғана әділетті елдердің азаматтық заңдары көбіне көп тап осындай ғой.
13. Осынау әдеттен тыс доктринаға, атап айтқанда, жаратылыстық ахуалда әркімнің табиғат заңынан туындайтын атқарушы билігі бар деген доктринаға, өздерінің жеке істеріне адамдардың өздері төреші болуы парасатсыз тірлік, өзін-өзі сүю адамдарды өздеріне және өздерінің достарына бүйрек бұратын етеді, ал екінші жағынан, жаман мінез-құлық, нәпсіқұмарлық пен кекшілдік біреулерді жазалау кезінде асыра сілтеуге апарып соқтырады, ал бұдан абдырау мен тәртіпсіздіктен басқа ештеңе туындамайды, сондықтан да адамдар тарапынан әділетсіздік пен зорлықты шектеу үшін құдай осындай басқаруды орнатқаны күмәнсіз деген қарсылық туындайтындығына мен шәк келтірмеймін. Мен жаратылыстық ахуалдың қолайсыздықтарынан арылтатын ыңғайлы құрал азаматтық басқару екенін қиналмай мойындаймын, ал адамдар өздерінің істеріне өздері төреші болған кезде бұл қолайсыздықтар орасан зор болуы керектігі күмәнсіз; әділетсіз болғандығы сонша, өзінің бауырына залал келтірген адам, бұл үшін өзін-өзі жазғыратын дәрежеде әділ бола қоймайтынын елестету қиын емес қой. Бірақ мен осындай дау айтушылар мынаны ұмытпағанын қалар едім: абсолют монархтар бар болғаны адам, және де басқару адамдар өздерінің істеріне өздері төреші болған кезде сөзсіз туындайтын жамандықтардан арылтатын құрал болуға тиіс, сондықтан жаратылыстық ахуал төзгісіз десек, менің мынаны білгім келеді: бір адам көптеген адамдарды жатқызыр-тұрғызып, өзінің жеке ісіне өзі төреші болуға ерікті болса және өзінің бодандары жөнінде ойына келгенді істеп, бұл ретте оның әділдігіне ешкімнің де күмәндануына немесе оның жүгенсіздігін орындайтындарды тексеруге ешқандай хақысы болмаса, ол қандай басқару және ол жаратылыстық ахуалдан қаншалықты артық? Және де ол пайыммен, қателесіп немесе сезімге беріліп істеген ісінің бәрінде оған бағыну керек пе? Ал адамдар басқаның әділетсіз ырқына бағынбауға тиіс жаратылыстық ахуалда жағдай әлдеқайда жақсы: егер де төрелік айтушы өзінің ісінде немесе қандай да бір басқа істе қате төрелік жасаса, ол осы ісі үшін қалған адамзат алдында жауап береді.
14. “Осындай жаратылыстық ахуалдағы адамдар қайда бар немесе бір кездерде қайда болды?” деген сұрақты аса күшті қарсылық ретінде жиі қояды. Бұған қазіргі кезде мынадай жауап беру жеткілікті: дүние жүзіндегі барлық тақсырлар мен тәуелсіз мемлекеттердің билеушілері жаратылыстық ахуалда болғандықтан, дүниедегі көптеген адамдар осындай ахуалда болмайтын жағдай ешқашан болмағаны, және тіпті болмайтыны айдан анық. Мен тәуелсіз қоғамдастықтардың барлық билеушілерін олардың басқалармен одақта бар-жоғына қарамастан айттым; мәселе мынада, адамдардың арасындағы жаратылыстық ахуалды тыятын кез-келген келісім емес, тек адамдар біртұтас қоғамдастыққа кіріп, бір саяси дене құруға келіскен кез ғана; адамдар бір-бірі жөнінде міндеттеніп, басқа да келісімдер жасай алады, бірақ бәрібір бұрынғысынша жаратылыстық ахуалда қала береді. Гарсиласо де ла Вега өзінің Перу тарихында айтатын екі адамның жан баспайтын аралда айырбасқа байланысты, немесе Америка орманындағы швейцарлық пен үндістің арасында жасалған уәделер мен мәмілелер олар үшін міндетті, бірақ олар бір-бірі жөнінде түгелімен жаратылыстық ахуалда қала береді, өйткені шыншылдық пен уәдені орындау адамдарға қоғам мүшесі ретінде емес, адам ретінде тән нәрсе. 15. Ешқандай адамдар ешқашан жаратылыстық ахуалда болмаған дейтіндерге мен “Осы кезге дейін айтылып жүрген заңдар”, яғни, табиғат заңдары, “адамдардың ешқашан да орнатылған достастығы болмаса да, нені істеу, нені істемеу керектігі туралы ешқашан өзара салтанатты келісімдері болмаса да, оларды тап адам ретінде толығымен байланыстырады; бірақ біз табиғатымыз ұмтылатын – адами қадырқасиетке сәйкес өмір үшін қажетті заттармен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етуге өздігімізден шамамыз келмейтіндіктен, біз бөлек-бөлек және тек өзіміз үшін ғана өмір сүретін кезімізде бізге тән бұл кемшіліктер мен жетпеушіліктердің орнын толтыру үшін, біз, әрине, басқалармен араласу мен серіктестікті іздеуге бейімбіз. Бұл адамдардың бастапқыда
саяси қоғамға бірігуінің себебі болды” деген парасатты Гукердің (Шіркеу саясаты, І кітап, 10-бөлім) беделіне жүгініп қана қарсылық білдірмеймін. Одан басқа, мен, барлық адамдар осы ахуалда табиғи түрде болады және өзінің жеке келісімі бойынша олар қандай да бір саяси қоғамның мүшесі болғанға дейін сонда қалады деп кесіп айтамын; және осы толғамым барысында мұны әбден айқын жеткізе алатыныма күмінданбаймын.
ІІІ тарау
Соғыс ахуалы туралы
16. Соғыс ахуалы дегеніміз жауласу және қирату ахуалы. Демек, басқа бір адамның өмірін қию туралы ойланбай айтылып, асығыс қабылданбаған, қайта ойланып-толғанып, нық қабылданған шешім туралы сөзімен немесе қарекетімен білдірген адам, осынысымен өзінің ондай пиғылы туралы мәлімдеген адаммен өзін соғыс ахуалына ұрындырады, сөйтіп басқаның немесе соның жағына шығып, қорғануына көмектесетін кез-келген адамның тарапынан өзінің өміріне қауіп төндіреді. Мені өлтірмек болғанды өлтіріп жіберу құқығына ие болуым әбден орынды да әділетті. Өйткені табиғаттың негізгі заңы бойынша мүмкіндігінше адамды қорғаштап жүруге ұмтылу керек; баршаны аман алып қалу мүмкін болмаған жағдайда, бірінші кезекте бейкүнә жандардың қауіпсіздігін ойлаған жөн. Адам өзімен соғысып жатқан немесе өзі жөнінде дұшпандық пиғыл танытқан, сөйтіп тіршілік етуіне қатер төндіретін адамды, өзі қасқырды немесе арыстанды өлтіре алатын себеппен, жойып жібере алады; өйткені ондай адамдар ортақ парасат заңымен матаспаған, олардың мойындайтыны тек күш пен зорлық, ендеше, оларды жыртқыш хайуандар, қолына түскен бойда адамды сөзсіз құртып жіберетін қауіпті де зиянды тіршілік иелері деп қарастыруға болады.
17. Осыдан келіп мынадай қорытынды шығады: басқа адамды өзінің билігіне толығымен бағындырғысы келетін адам сол арқылы өзін онымен соғыс ахуалына ұрындырады; мұны оның өміріне қарсы пиғылын жариялау деп түсіну керек. Өйткені, мені өзімнің келісімімсіз өзінің билігіне бағындырғысы келген адам, өз дегеніне қол жеткізгеннен кейін, маған ойына келгенін істейді, тіпті, қаласа, өлтіріп те жібере алады деген байлам жасауға негізім бар; егер менің бостандық құқығыма қайшы келетін жайға мені мәжбүрлегісі, яғни, құл еткісі келмесе, мені өзінің шексіз билігінде ұстауға ешкім де ұмтылмайды ғой. Менің осындай күштен бостан болуым аман қалуымның бірден-бір кепілі болып табылады; сондықтан менің парасатым оған қауіпсіздігімнің жауы ретінде қарауға итермелейді, өйткені ол қауіпсіздігімді қамтамасыз ететін бостандығымды тартып алуға ұмтылып отыр; демек, мені езіп-жаншуға тырысатын адам, сонысымен өзін менімен соғыс ахуалына қояды. Жаратылыстық ахуалда осы ахуалда әркім ие болатын бостандықты тартып алғысы келген адамды барлық басқасын да тартып алғысы келетін адам деп санау керек, өйткені бостандық барлық басқасының негізі болып табылады. Тап осылайша, қоғамдық ахуалда осы қоғамның немесе мемлекеттің мүшелеріне тиесілі бостандықты тартып алғысы келген адамды олардан барлық басқасын да тартып алу пиғылы бар адам деп күдіктену, сөйтіп соғыс ахуалындағы адам деп санау керек. 18. мұның өзі адамның өзін тіпті де қинамаған, оның өміріне қарсы ешқандай арам ниеті туралы мәлімдемеген, тек күш қолдану арқылы оның ақшасын немесе қалаған нәрсесін тартып алу үшін оны өзінің билігіне бағындырғысы келген ұрыны өлтіруін заңды етеді. Ол құқығы болмай-ақ мені өзінің билігіне бағындыру үшін күш қолданатындықтан, оның қандай ойы болғанына қарамастан, менің бостандығымды тартып алғысы келген адамның, мені өз уысына түсіргеннен кейін барлық басқасын да тартып алмайды деп санауға менде негіз жоқ. Осының салдарынан, оны менімен соғыс жағдайында деп санау, яғни, егер қолымнан келсе, оны өлтіру мен
үшін заңды; өйткені, ол кім болса да, егер соғыс ахуалын тудырса және онда агрессор болса, әділетін айтқанда, ол өзіне тап осы қауіпті төндіреді ғой. 19. Міне осы арада біз жаратылыстық ахуал мен соғыс ахуалының арасындағы анық айырмашылықты байқаймыз; ал бұл ахуалдар кейбір адамдар не десе де, бейбітшілік, ізгі ниет, өзара көмек және қауіпсіздік ахуалы жауласу, өштесу, зорлық және бір-бірін қирату ахуалынан қаншалықты алыс болса, сол секілді бір-бірінен соншалық алыс. Баршаны билеп-төстейтін, олардың арасында төрелік айтатын билігі бар әлдекімсіз, парасатқа сәйкес бірге тұратын адамдар, шын мәнінде жаратылыстық ахуалда болады. Бірақ күш-қауһар немесе жер бетінде көмек сұрайтын ешкім жоқ кезде оны басқа адам жөнінде қолдануға дайын екендігі туралы мәлімдеме – соғыс ахуалы дегеніміз осы; нақ осынау көмек сұрау мүмкіндігінің жоқтығы адамға, ол қоғамның мүшесі және азаматтығы бойынша бауыры болса да, агрессорға қарсы соғысу құқығын береді. Демек, менің барлық мал-мүлкімді ұрлап алған ұрыға, мен заңға жүгініп қана зиян тигізе аламын, бірақ ол, менің атымды немесе киімімді ғана ұрлағысы келгенімен, маған бассалса, мен оны өлтіре аламын; өйткені менің өмірімді қорғау үшін жасалған заң, осы жолғыдай күш қолданылғанда, оны қорғауға араласа алмайтын кезде, – ал егер менің өмірім қиылып кетсе, оның орнын толтыру мүмкін емес – жасалған жамандықтың есесі қайтпайтын жағдайда, менің өзімді өзім қорғауыма және соғысу құқығымды, шабуыл жасаушыдан құтылу амалы ретінде оны өлтіру бостандығын пайдалануыма мүмкіндік береді, өйткені шабуыл жасаушы біздің ортақ қазымызға жүгінуге де, заңды шешім шығаруға да мұрсат бермейді. Қолында билігі бар ортақ қазының болмауы барлық адамдарды жаратылыстық ахуалға қояды; адамның жеке басына қарсы бағытталған құқықсыз күш ортақ қазы болған күнде де, ол болмаған күнде де соғыс ахуалын туындатады.
20. Күш қолдану тиылған кезде, қоғамдағы адамдар арасындағы соғыс ахуалы тоқтатылады да, екі жақ та заңның әділ талқысына тартылады, өйткені ол кезде өткендегі шығындары үшін талап қойып, болашақ нұқсанға кедергі жасау мүмкіндігі туады. Бірақ жаратылыстық ахуалда орын алатынындай қолданыстағы заңдардың және билігі бар қазылардың жоқтығынан мұндай жүгіну мүмкіндігі жоқ кезде, бір кезде басталған соғыс ахуалы жалғаса береді, бұл ретте кінәсіз тараптың кезкелген мүмкіндікті пайдаланып, шабуыл жасаған адам бітісуді ұсынып, өзі жасаған кез-келген нұқсанның есесін қайтаратындай және болашақта кінәсіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей шарттармен бітісуді қалағанға дейін оларды жоя беру құқығы болады. Ал заңға және соған бола қойылған қазыларға жүгіну мүмкіндігі бола тұрып, әлдебір адамдар немесе адамдар тобы тарапынан жасалған зорлықты немесе нұқсанды бүркемелеу немесе ақтау мақсатында әділ сотты көпе-көрнеу бұзу және заңдарды ұялмастан бұрмалау жолымен бұл құралдан айырған кезде, соғыс ахуалынан өзге бірдеңені елестету қиын. Зорлық жасалып, нұқсан келтірілгенде, тіпті ол әділ сот құру үшін тағайындалған адамдардың қолымен істелсе де, соған қарамастан бұл заңның атымен, сырт көрінісімен немесе пошымымен бүркемеленсе де, бәрібір бұл зорлық және нұқсан болып қала береді, өйткені заңның мақсаты – заң қолданылатындардың барлығына оны ешкім бұрмай әділ қолдану арқылы кінәсізді қорғау және әділетті қалпына келтіру; ал бұл ашық көрсетіліп істелмесе, жапа шеккендер жөніндегі соғыс жүргізіле бергені, сонда әділдікті қалпына келтіру үшін олардың жер бетінде жүгінер ешкімі болмағандықтан, мұндай жағдайда оларға жалғыз амал – көкке жүгіну ғана қалады. 21. Осынау соғыс ахуалына ұшырамау (аспаннан басқа барар жері жоқ, және барлық айырмашылықтар жойылып, дауласушылар жөнінде шешім шығаратын ешқандай билік жоқ кезде) – адамдардың қоғам құрып, жаратылыстық ахуалдан бас тартуының басты себебі міне осы.
VІІ тарау
Саяси және азаматтық қоғам туралы
77. Құдай адамды өзінің шешімі бойынша жалғыз болуы жарамас деп жаратып, қажеттілікті, қолайлылықты және бейімділіктерді адам бағынатын ұмтылдырушы ұлы күш етіп сіңіріп, ол оны қоғам іздеуге мәжбүр етті, сол сияқты оған өзі пайдаланып, рахаттануы үшін парасат пен тіл берді. Алғашқы қоғам күйеуі мен әйелінен тұрды, бұл ата-аналар мен балалардан құралған қоғамның басы болды; уақыт өте бұған қожайын мен қызметші қоғамы қосылды. Олардың барлығы, әдетте болып жататындай, бір-бірімен қосылып, отағасы немесе отанасы отбасына тән басқару құқығына ие болатын бір ортақ отбасын құрай алатын болғанымен, осы қоғамдардың бірде-бірі және олардыœ барлығы бірге, біз олардың әрқайсысының әртүрлі мақсаттарын, байланыстары мен шекараларын қарастырсақ көретініміздей саяси қоғам болған жоқ. 78. Некелік қоғамдастық еркек пен әйелдің арасындағы ерікті келісім арқылы құрылады; бұл қоғамдастық олардың қосылуына және негізгі мақсат – дүниеге ұрпақ әкелу үшін қажет болғандықтан, ерлізайыптылардың бір-бірінің тәнін иелену құқығына сайса да, ол сонымен бірге өзара қолдау мен жәрдемді, сондай-ақ мүдделер ортақтығын туындатады, өйткені олардың бір-біріне қамқорлығы мен бауыр басуын ғана біріктіріп қоймай, сондай-ақ өз бетінше өмір сүре алатын жасқа жеткенше бұлардың тарапынан асырау мен қолдау табуға құқығы бар ортақ ұрпақты қамтамасыз етуі қажет. 79. Еркек пен әйелдің одағын құру мақсаты ұрпақ туғызу ғана емес, сол тұқымды жалғастыру да ғой; еркек пен әйелдің арасындағы бұл одақ ұрпақ әкелгеннен кейін де, балалар сырт адамның көмегінсіз күн көріп, өздігінен өмір сүре алатын жасқа дейін оларды асырауға міндетті дүниеге әкелушілер балаларды күтіп-бағып, аяғына тұрƒызу үшін қаншалықты
керек болса, соншалықты ұзақ уақытқа созылуға тиіс. Біз кемеңгерлігі шексіз жаратушымыз өз жаратқандарына арнап белгілеген осы заңға төменгі тіршілік иелері ұдайы бағынатынын көріп жүрміз. Шөппен қоректенетін, тірі туатын тіршілік иелерінің еркегі мен ұрғашысының арасындағы одақ жыныс қатынасынан әріге бармайды, өйткені ұрғашы хайуанның желініндегі сүт төлін шөппен қоректене алатын шаққа дейін асырауға жеткілікті, сондықтан еркегі тек ұрықтандырады, бірақ оларға көмектесу үшін ештеңе де істей алмайтындықтан, ұрғашысына да, төліне де қамқорлық жасамайды. Ал жыртқыш хайуандарда, ұрғашысы өз тамағын тауып, оның үстіне толып жатқан күшіктерін тек өз олжасымен асырауға әлі келмейтіндіктен, олардың одағы ұзағырақ болады; бұл шөппен қоректенуге қарағанда тіршілік етудің неғұрлым ауыр әрі неғұрлым қауіпті тәсілі; еркегінің көмегі өздері қорек табуға әлі шамасы келмейтін мүшелерін олар өскенше асырауға тиіс ортақ үйірді асырау үшін керек, яғни, бұл жерде ұрғашысы мен еркегінің ортақ қамқорлығы керек. Балапандары ұяда отырған кезде тамақ қажет ететіндіктен, еркегі мен ұрғашысы балапандар ұшуға, өздерінің қорегін табуға шамалары келгенге дейін одақта болатын барлық құстарда да (жемнің көптігі қораздың ұрпағын асырамауға және оларға қарамауға мүмкіндік беретін кейбір үй құстарын қоспағанда) осы жай байқалады. 80. Адамдарда еркек пен ұрғашының басқа тіршілік иелеріне қарағанда неғұрлым ұзақ мерзімді одақпен байланысты болатынының, бірден-бір демегеннің өзінде, негізгі себебі, менің ойымша осында, атап айтқанда ұрғашы бала көтеруге қабілетті, және іс жүзінде ол алдыңғы туған бала өз ата-анасының қолдауы мен көмегін қажет етпейтін уақытқа жетпей жатып тағы да бала туатындығында; ол өзінің ата-анасы көрсетуге міндетті көмекке әлі де мұқтаж болады. Осының салдарынан әйелдің бойына өзі бітірген балаларға қамқорлық жасауға міндетті әке, ұрпақтары бала туу кезеңі айналып келгенге дейін өздігінен күн көре алатын және некелік байланыстары өздігінен үзіліп, Гименей өзінің жыл сайынғы
уақытында оларды жаңа жұбайлар мен зайыптар табуға шақыратын уақытқа дейін еркіндікте болатын басқа тіршілік иелеріне қарағанда, ол әйелмен некелік одақта ұзағырақ болуға тиісті. Бұл ретте ұлы жаратушының кемеңгерлігіне қайран қалмай тұра алмайсың, ол адамға қазіргі мұқтаждықты қамтамасыз ету қабілетін де, алдын болжап болашағына қор жинау қабілетін де сыйлаған, және басқа тіршілік иелерінің еркегі мен ұрғашысына қарағанда еркек пен әйелдің қоғамы неғұрлым ұзағырақ болуын қажетті еткен; мұны олардың еңбекқорлығы ынталандырылып, олардың ортақ ұрпағын барлық қажет нәрсемен қамтамасыз ету, қор жасау ісінде мүдделері жақсырақ бірігетіндей етіп жасаған, ал оңды-солды байланыс немесе неке одағын оңай да жиі бұзу ортақ ұрпаққа қатты зиян тигізер еді. 81. Бірақ адамзат жан-жануарлардың басқа түрлеріне қарағанда неке дәнекерін неғұрлым берік ететін осындай міндеттемелермен маталса да, дегенмен мынадай сұрақ қоюға ілік бар: ұрпақ әкелу, тәрбиелеу және мұрагер болу қамтамасыз етілген осынау келісімді не келісілуіне қарай, не белгілі бір уақытқа, не кез-келген басқа ерікті келісімдер сияқты белгілі бір жағдайларда шектеулі етуге болмайды? Заттың табиғатының өзінде де, оның мақсаты үшін де мұның ғұмырлық болуының қажеттігі жоқ қой. Мен осындай шарттардың барлығы мәңгілік болсын дейтін қандай да бір позитивтік заңның шектеулеріне жатпайтындар туралы айтып отырмын. 82. Бірақ күйеуі мен әйелінің қамы ортақ болса да, әртүрлі ойлайтындықтан, олар кей-кейде әртүрлі еріктерін де көрсететін болады; дегенмен, түпкілікті шешім, яғни, басшылық біреуіне жүктелуі қажет болатындықтан, ол, әрине, неғұрлым қабілетті және неғұрлым күшті жан ретінде еркектің үлесіне тиеді. Бірақ бұл олардың ортақ мүдделері мен меншігіне ғана таралады да, шарт бойынша әйелдің ерекше құқығына жататындардың барлығы соның толық та еркін иелігіне қалдырылады, және күйеуіне әйелдің өміріне, оның күйеуінің өміріне деген билігінен артық билік бермейді. Күйеудің билігі абсолютті монархтың билігімен үш
қайнаса сорпасы қосылмайтындығы соншалық, әйел көптеген жағдайда, жаратылыстық құқық немесе өздерінің шарты жол берген жағдайда күйеуімен ажырасуға ерікті, бұл шартты олардың өздері жаратылыстық ахуалда жасасты ма немесе олар тұратын елдің салттары мен заңдары бойынша жасалды ма, мұның бәрі бір; мұндай бөлек тұратын жағдайда балалар шартта не жазылғанына сәйкес әкесіне немесе шешесіне тиесілі болады. 83. Некенің барлық мақсаты саяси басқару кезінде де, жаратылыстық ахуалда да жүзеге асырыла алатындықтан, азаматтық басқарушы осы мақсат үшін, яғни ұрпақ келтіру және өзара қолдап, көмектесіп отыру үшін қажет екеудің, олар бірге болған кезде, ешқайсысының құқығын да, билігін де кеміте алмайды, тек осы мәселе бойынша күйеуі мен әйелінің арасында туындауы мүмкін кез-келген дауды шеше алады. Егер гәп басқаша болып, абсолютті басшылық және соған орай, өмір мен өлім билігі күйеуіне тиесілі, бұл күйеуі мен әйелінің қоғамы үшін қажетті болса, онда күйеуіне осындай абсолютті билік берілмеген елдердің бірде-бірінде некенің болуы мүмкін емес. Бірақ некенің мақсаты күйеудің мұндай билікке ие болуын талап етпейді және некелік қоғамдастық шарттары оған мұны бермейді, өйткені мұндай жағдайда оның ешқандай қажеттгі жоқ. Некелік қоғамдастық онсыз да күн көріп, өзінің мақсаттарына жете алады; өйткені мүліктің және оған билік ету құқығының ортақтығы, өзара көмек пен қолдау, некелік қоғамдастыққа жататын басқа да жайттар бұл дүниеге ұрпақ әкелуге және балаларды олар өз бетінше күн көре алатын жасқа дейін тәрбиелеуге байланысты шамада еркек пен әйелді осы қоғамдастыққа қосатын шартпен өзгеріле және реттеле алады; егер осы қоғамның құрылуының мақсаты үшін қажет болмаса, ешқандай қоғам үшін ештеңе қажет болып табылмайды. 84. Ата-аналар мен балалар арасындағы қоғамдастықты және тиісінше оларға тиесілі әртүрлі құқықтар мен билікті мен осының алдындағы тарауда барынша егжей-тегжейлі қарастырдым, сондықтан осы
арада ол туралы бірдеңе айтып жатуымның қажеті жоқ. Және бұл қоғамдастықтың саяси қоғамнан айтарлықтай айырмашылығы бар екені айдан анық деп ойлаймын. 85. Қожайын және малай – бұл атаулар тарихтың өзі сияқты көне, бірақ олар мүлде кереғар жағдайлардағы адамдар жөнінде; мысалы, еркін адам басқа адамды малай етіп, ол адам алатын ақысы үшін біршама уақыт бойы өзі міндеттенген қызметтерді атқаруды мойнына алады; және, әдетте бұл өз қожайынының отбасына кіріп, онда орнатылған тәртіпке бағынуымен байланысты болса да, дегенмен, бұл қожайынға оның үстінен уақытша, олардың арасында жасалған шарттағыдан аспайтын билік жүргізуге ғана мүмкіндік береді. Бірақ малайлардың басқа, біз құлдар деген ерекше атаумен атайтын түрі де болады: бұл әділетті соғыста қолға түскен тұтқындар, және жаратылыстық құқық бойынша олар өз қожайындарына абсолютті бағынышты және олардың деспоттық билігінде болады. Бұл адамдар, мен айтып өткенімдей, өз өміріне құқығын, сонымен бірге өзінің бостандығынан да, мүлкінен да айрылƒан жандар; құлдық ахуалында олардың ешқандай да меншігі бола алмайды; демек, бұл ахуалда оларды басты мақсаты меншікті сақтау болып табылатын азаматтық қоғамның қандай да бір бөлігі деп санауға болмайды. 86. Енді біз үйішілік басқарумен отбасында біріккен барлық бағыныштыларымен, туыстарымен – әйелімен, балаларымен, қызметкерлерімен және құлдарымен бірге алып отағасын қарастырамыз; мұның барлығы, өзінің тәртібімен, міндеттерімен және санымен шағын мемлекетке қанша ұқсағанымен, құрылымы, билігі және мақсаты жағынан одан әлдеқайда алыс жатыр; немесе, егер мұны монархия ретінде, ал отағасын – абсолютті монарх ретінде қарастыратын болсақ, мұндай абсолютті монархияның билігі өте тұрақсыз және қысқа мерзімді болады, өйткені жоғарыда баяндалғаннан айқын көрінетіндей, отағасының осы отбасын құрайтын бірнеше адамға билігі уақыт бойынша да, мөлшері бойынша да әбден белгілі және түрліше шектелген болады; егер құлдарды
санамасақ (ал отбасы онда құлдардың бар-жоғына қарамастан бірдей деңгейде отбасы болып табылады және оның отағасы ретіндегі билігі де соншалық деңгейде үлкен болады), отбасы мүшелерінің ешқайсысының өмірі мен өліміне оның заңдық билігі жоқ және жалпы отбасында отанасының да ие болмайтын ешқандай билігі жоқ. Және де осы отбасына кіретін әрбір жеке адамға әбден шектеулі билігі бар адамның бүкіл отбасына абсолютті билігі болуы мүмкін емес екендігі күмәнсіз. Бірақ отбасының немесе адамдардың осыған ұқсас қоғамының саяси қоғамнан қаншалықты айырмашылығы бар екендігін біз саяси қоғамның өзі неден тұратынын қарастырған кезде жақсырақ көре аламыз. 87. Жоғарыда дәлелдеп көрсеткеніміздей, адам кез-келген басқа адам немесе дүниедегі кез-келген басқа адамдар сияқты толық бостандыққа және жаратылыстық заңның барлық құқықтары мен артықшылықтарын шексіз пайдалануға құқықты болып туады, және ол жаратылысынан өз меншігін, яғни, өмірін, бостандығы мен мал-мүлкін зақымданудан және басқа адамдар тарапынан басып алудан қорғауға ғана емес, сондай-ақ осы заңды бұзғаны үшін, оның сенімі бойынша, бұл қылмысты қалай жазалау керек болса солайша, тіпті теріс қылықтың пасықтығы сөйтуді талап еткен кезде өлімге кесіп, басқаларды соттап, жазалау билігіне ие. Бірақ бірде-бір саяси қоғам меншікті қорғау және осы мақсатта осы қоғамның барлық мүшелерінің қылмыстарын жазалау құқығына өзі болмай құрыла да, тіршілік ете де алмайтындықтан, саяси қоғам, оның мүшелерінің әрқайсысы бұл жаратылыстық биліктен, осы қоғам орнатқан заңның қорғауына жүгінуге кедергі келтірмейтін барлық жағдайларда бас тартып, қоғамның қолына берген жерде, тек сонда ғана болады. Осылайша, әрбір жекелеген мүшенің жеке соты жойылып, қоғам қара қылды қақ жаратын және барлық тараптар үшін бірдей тұрақты ережелер енгізіп, төбе биге айналады және қоғамнан осы ережелерді жүзеге асыру өкілеттігін алған адамдардың көмегімен осы қоғамныœ кез-келген мүшелерінің арасында барлық құқықтық мәселеге қатысты туындауы мүмкін барлық
келіспеушіліктерді шешеді, сондай-ақ қоғамның кез-келген мүшесі қоғамға қатысты жасаған қылмыстарды заңмен белгіленген жазалармен жазалайды. Осының нәтижесінде саяси қоғаммен кімнің бірге, кімнің бөлек екендігін ажырату оңай. Тұтас бір қоғам болып бірігіп, белгіленген ортақ заңы мен жүгінуге болатын әрі олардың арасындағы дауларды шешу және қылмыскерлерді жазалау билігі жүктелген қазылық мекемесі бар адамдар азаматтық қоғамда болып шығады; бірақ, мұндай ортақ қазылық орны (мен – жер бетінде деймін) жоқ адамдар әлі де жаратылыстық ахуал, басқа ешкім болмағандықтан әркім қазы да, жендет те өзі болатын жағдай, мұның өзі, мен көрсетіп кеткендей, мүлдем жаратылыстық ахуал. 88. Осылайша, мемлекет осы қоғамның мүшелері жасаған әртүрлі заң бұзушылық үшін қандай жаза берілуі керектігін белгілеу және ол жазаға қандай заң бұзушылықтар жатқандығын белгілеу билігін алады (заң шығару билігі дегеніміз осы), сондай-ақ ол өз мүшелерінің кез-келгеніне бұл қоғамға кірмейтіндердің кез-келгенінің келтірген нұқсаны үшін жазалау билігіне ие болады (бұл соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешу билігі), және мұның барлығы қоғамның барлық мүшелерінің меншігін мүмкіндігінше сақтап қалу үшін жасалады. Бірақ азаматтық қоғамға кіріп, қандай да бір мемлекеттің мүшесі болған әрбір адам осы қадамы арқылы өзінің табиғат заңына қарсы қылмыстарды жазалау және өзінің жеке қазылығын жүзеге асыру билігінен бас тартқанымен, солай бола тұрса да, ол сотқа жүгінетін барлық жағдайларда қылмыстар үшін соттау құқығын заң шығарушы өкіметке берумен бірге, ол мемлекетке өзін шақырған жағдайларда мемлекеттің үкімдерін орындау үшін өзінің күшін пайдалану құқығын береді: өйткені бұл үкімдер оның төл үкімдері болып табылады, өйткені оларды оның өзі не оның өкілдері шығарды ғой. Осы жерде біз азаматтық қоғамның бастапқы заң шығару және атқарушы өкіметін көреміз, ол өкімет тұрақты заңдардың негізінде мемлекет ішінде жасалған кезде қылмыстар қай шамада жазалануы керектігін айқындауға, сондай-ақ әрбір жекелеген істе сол істің мән-жайы негізінде қабылданатын
шешімдердің көмегімен сырттан келтірілген нұқсан қандай шамада өтелуі керектігін айқындауға және осынау екі жағдайда да, егер қажет болса, қоғамның барлық мүшелерінің күшін пайдалануға тиіс. 89. Демк, адамдардың қандай да бір саны, бір қоғамға бірігіп, олардың әрқайсысы табиғат заңымен өзіне тиесілі болатын атқарушы биліктен бас тартып, оны қоғамға берген кезде, тек сонда ғана саяси, яки азаматтық қоғам тіршілік етеді. Және бұл жаратылыстық ахуалдағы адамдардың қандай да бір саны бір жоғарғы үкіметтің билігіндегі бір халықты, бір саяси денені құрау үшін қоғамға кіргенде, немесе оларға әлдекімдер қосылып, бұрыннан бар мемлекетке қабылданғанда болады. Осынысымен ол қоғамға яки, оның заң шығарушы өкіметіне өзі үшін қоғам игілігі талап ететін заңдар жасауға өкілеттік береді; ол осы заңдардың (өзінің төл талаптарындай) орындалуына септесуге тиіс. Және бұл адамдарды жаратылыстық ахуал мемлекетке көшіреді, өйткені жер бетінде барлық дауларды шешетін және мемлекеттің кез-келген мүшесіне келтірілген барлық нұқсанның есесін қайтаратын билігі бар қазы пайда болады; бұл қазы – заң шығарушы өкімет яки ол тағайындаған мансап иесі. Ал адамдар өзара байланысты болса да, өздері жүгіне алатын, шешім қабылдайтын өкіметі жоқ қандай да бір саны болғанымен, олар әлі де жаратылыстық ахуалда болады. 90. Кейбіреулер басқарудың дүниедегі бірден-бір пошымы деп санайтын абсолютті монархияның іс жүзінде азаматтық қоғаммен сыйыспайтыны, осыдан-ақ анық көрінеді, демек, ол, жалпы азаматтық басқару пошымы бола алмайды. Өйткені азаматтық қоғамның мақсаты әрбір адам өзінің жеке ісіне қазы болатындықтан қалайда туындайтын жаратылыстық ахуалдың қолайсыздықтарынан арылып, есесін қайтару ғой. Бұған өкіметтің белгілі бір органын белгілеу жолымен қол жетеді, оған осы қоғамның әрбір мүшесі қандай да бір нұқсанға ұшырағанда немесе кез-келген дау туындағанда жүгіне алатын болуға тиіс, және бұл
органға осы қоғамның әрбір мүшесі бағынуға тиіс.4 Өздерінің арасындағы қандай да бәр алауыздықты шешу үшін жүгіне алатын мұндай органы жоқ қандай да бір адамдар бар жағдайда, бұл адамдардың барлығы әлі де жаратылыстық ахуалда болғандығы. Әрбір абсолютті тақсыр өзіне бағыныштылар жөнінде осындай ахуалда болады. 91. Өйткені сол, тек сол ғана бүкіл билікке, заң шығарушылық та, атқарушы да билікке ие деп есептеледі ғой, және тиісті өкілеттіктері болып, істі әділ де ешкімге бұрмай шешетін және жүгінген кезде соның шешімінен көмек пен тақсырдың өзінен немесе соның бұйрығы бойынша шеккен кез-келген нұқсанның немесе қолайсыздықтың есесін қайтаруға болатын ешқандай қазыны іздеп таба алмайсың. Осылайша, ондай адам, ол қалай – патша деп немесе жаппар ием сеньор деп, әйтпесе тағы басқаша аталса да, басқа бүкіл адамзат жөнінде де, өзіне бағыныштылардың барлығы жөнінде де жаратылыстық ахуалда болады. Өйткені, не ортақ ережесі жоқ, не жер бетінде өздерінің қайсысынікі дұрыс екендігін шешу үшін олар жүгінетін ортақ қазысы жоқ қандай да бір екі адам болған барлық жағдайда, олар әлі де жаратылыстық ахуалда болады5 және абсолютті билеушінің боданы, дәлірек айтсақ, құлы деген масқара айырмашылықпен мұның барлық қолайсыздықтарын көреді: кәдуілгі жаратылыстық ахуалда ол өзінің құқығына өзі төрелік жасап, шамасы жеткенше оны қолдап отыруға ерікті; ал қазір оның меншігі монархтың
4 “Бүкіл қоғамның қоғамдық билігі осы қоғамға кіретін кез-келген адамнан жоғары; бұл биліктің негізгі мақсаты өзіне бағынатындардың барлығына заң беру, және біз, егер қажетті кезде парасат заңы яки құдай заңы басқаша екендігі анық көрінетін себеп болмаса, мұндай жағдайларда сол заңдарға бағынуға тиіспіз” (Гукер. Шіркеу саясаты, І-кітап, 16-бөлім) 5 “Мұндай өзара шағымдардың, балағаттар мен реніштің барлығын жою үшін”, яғни, жаратылыстық ахуалда адамдарға тән нәрселерді жою үшін “басқару және шешім шығару билігін бергендер қалғандарына тыныштық, жайбарақаттық пен бақытты ахуалды қамтамасыз ету үшін өздерінің ішінде қоғамдық басқаруды орнату және соған бағыну арқылы келісім мен келісуге қол жеткізуден басқа өзге тәсіл болған жоқ. Адамдарға күш қолданылып, оларға нұқсан келтірілген жағдайларда олар өздері өздерін қорғаушы бола алатындығы қашаннан белгілі болатын; олар адамдар өздерінің пайдасына қанша ұмтылғанмен де, егер бұл басқаларға нұқсан келтіретін болса, онда бұған еш төзуге болмайтынын, және барлық адамдар қолынан келгенінше бұған қарсы тұруы керектігін білетін. Ақыр аяғында, олар ақылойы түзу бірде-бір адам жеке өзінің құқығын айқындауға бармайтынын және жеке өзінің шешіміне сәйкес бұл құқықты қорғамайтынын білетін, өйткені әрбір адам өзіне де, сондай-ақ өзі сүйетін адамдарға қатысты әділ бола алмайды; сондықтан егер адамдар барлығын да өздері орталарынан бөліп шығарған және оның келісімінсіз бір адамның басқаның қожайыны немесе қазысы болуға бел бууына негіз болуы мүмкін емес адам айқындауына ортақ келісімін бермесе, даулар мен жағымсыз жайлар ұдайы бола береді”. (Гукер. Шіркеу саясаты, І-кітап, 10-бөлім)
еркі мен ойына келгенінің уысында болып отырған кезде, оған қоғамда тұратындар секілді біреуге жүгінбек түгілі, парасатты тіршілік иелерінен бір саты төмен тұрғандай, өзінің құқығы туралы сөз айту немесе оны қорғау бостандығынан айрылған; осылайша, ол ештеңемен шектелмеген жаратылыстық ахуалда бола тұрып, мұның үстіне жарамсақтықтан азғындаған әрі билік берілген адам тарапынан жасалатын барлық қасіреттер мен қолайсыздықтардан арыла алмайды. 92. Ал абсолютті билік адамдардың қанын тазартып, адам бітімінің пасықтығын түзетеді деп ойлайтын адамға, бәрі де керісінше екендігіне көз жеткізу үшін, біздің немесе кез-келген басқа дәуірдің тарихын оқып шығу жеткілікті. Америка ормандарында дөрекі де әділетсіз болған біреу таққа отырғанда жақсара қоймас, ондай жерде, тегінде, оның өзінің бодандарына істегенінің бәрін ақтау үшін ғылым мен дін қатыстырылар, ал семсер бұған күмән келтіргендердің барлығының аузын бірден жабады. Абсолютті монархияны қорғау неге апарып соқтыратынын, мұндай қорғау тақсырлардан атамекендердің қандай аталарын жасайтынын және басқарудың осы түрі шыңына шыққанда азаматтық қоғамды бақыт пен қауіпсіздіктің қандайлық деңгейіне жеткізетінін, Цейлон туралы таяуда ғана айтылған әңгімемен танысқан адам оңай көре алады. 93. Шынында да, дүниеде орын алып отырған өзге басқару пошымдарындағы сияқты, абсолютті монархияда да, бодандардың заңға жүгіну құқығы бар, ал қазылар бодандардың өздерінің арасында, бірбірінің арасында байқалуы мүмкін кез-келген дауды шешуге және кезкелген зорлықты тежеуге ерікті. Мұндай жағдайды кез-келген адам қажетті деп санайды және оны құртып жібермекші болған адам қоғам мен адамзаттың барып тұрған қас жауы екендігіне сенеді. Бірақ бұл адамзат пен қоғамға шынайы сүйіспеншіліктен және біз бір-бірімізге көрсетуге тиіс жанашырлықтан туындай ма – бұған күмәндануға болады: өйткені бұл өзінің құдіретін, пайдасын немесе ұлықтығын сүйетін әрбір адам жасай алатын және, әрине, жасайтын нәрсе – тек соның рахаты мен пайдасы үшін
жұмыс істеп, бел жазбайтын жануарлардың бір-біріне зиян келтіруіне немесе бірін-бірі өлтіріп тастауына жол бермеуден артық ештеңе де емес; және сондықтан оларға қамқорлық жасалғанда, бұл қожайынның оларды жақсы көретіндігінен емес, қожайынның өзін-өзі жақсы көретіндігінен және сол жануарлар оған түсіретін пайдадан. Осындай ахуалда осынау абсолютті иенің тарапынан жасалатын зорлық пен езіп-жаншуға қарсы қандай қорғау, қандай араша бар деп сұрау жеткілікті ғой? Мұндай сұрақ қоюдың өзіне мұрсат беріле қоймас. Олар сізге қауіпсіздік туралы өтініштің өзі үшін өлім жазасына кесіледі деп жауап беруге әзір. Бодан мен боданның арасында, деп келісе кетеді олар, олардың өзара тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін ережелер, заңдар және қазылар болуы керек. Ал бірақ, билеушіге қатысты істің бәрінде ол абсолютті болуға тиіс, және ол барлық осындай жағдайлардан биік; оның көбірек нұқсан келтіру және көбірек жамандық жасау билігі болғандықтан, ол, бұларды істегенде әділетті жасайды дейді. Егер сіз осы ең мықты күш иесі жасап отырған жақтан келетін зияннан немесе нұқсаннан қалай қорғануƒа болады деп сұрасаңыз, мұны қылмыстың немесе бүліктің үні деп санайды. Адамдар жаратылыстық ахуалды тастап, қоғамға кіргенде, біреуінен басқасының бәрі заңмен тежелуге тиіс, бірақ сол біреу бұрынғысынша жаратылыстық ахуалдың билікпен бірге ұлғая түскен жºне жазаланбау салдарынан жүгенсіздікке айналған бүкіл бостандығын сақтауға тиіс, деп келіскен сыңайлы. Бұл адамдардың ақымақтығы соншалық, олар сасықкүзен немесе түлкілерден шегетін зиянынан арылуға тырысады, бірақ өздерін арыстандар жеп жатқанда ырза болып, тіпті өздерін қауіпсіз санайды деп ойлағанмен бірдей. 94. Адамдардың ақылын алдарқату үшін жарамсақтар қалай сайраса да, бұл адамдардың сезінуіне кедергі жасамайды; олар қандай да бір адамның, оның қандай орын алатындығына қарамастан, өздері өмір сүретін азаматтық қоғамның шекарасынан шығып кеткенін, және де ол адам өздеріне жасауы мүмкін жамандықтан қорғауды өтініп жүгінетін
адам жер бетінде жоқ екендігін байқағанда, олар өздері жаратылыстық ахуалда деп санайтын адам жөнінде өзіміз де сондай ахуалдамыз деп ойлай бастайды, және қолдарынан келгенше, азаматтық қоғамдағы қауіпсіздік пен қорғанышты барынша тез табуға тырысады, әу баста өздері үшін құрылған және тек сол үшін олар соның құрамына кірген. Міне сондықтан, бәлкім, әу баста (осынау толғамның бұдан кейінгі бөлімінде неғұрлым жан-жақты көрсетілетініндей) басқалардың арасынан көзге түскен әлдебір ізгі де тамаша адам, бойындағы жақсы қасиеттері мен ізгілігіне құрмет ретінде өзіндік бір табиғи беделі деп саналып, оған билік тізгіні, сондай-ақ олардың арасындағы даулар бойынша бәтуа жасау тізгіні, оның әділдігі мен даналығына сенімділіктен басқа ешқандай сақтық шарасынсыз, үнсіз келісіммен берілген де болар, дегенмен, алғашқы ғасырлардың салдырсалақтығы мен аңғал бейғамдығының арқасында туындаған салттарға бедел мен (кейбіреулер бізді сендіргісі келетіндей) қасиеттілік беретін уақыт басқа тұрпаттағы ізбасарларды туғызған кезде, халық ондай басқару тұсында өз меншігінің қауіпсіздікте еместігін (ал басқарудың бірден-бір мақсаты сақтау) байқайды, және сенат, парламент немесе басқаша бірдеңе деп атай беруге болатын ұжымдық органның қолына заң шығарушы билік берілгенге дейін, өзінің қауіпсіздікті де, тыныштықты да пайдалана алмайтынын, өзін азаматтық қоғамда өмір сүремін деп санай алмайтындығын көрді6. Осының арқасында әрбір жеке адам, басқа, ең құнсыз адамдармен бірге заң шығарушы органның мүшесі ретінде өзі белгілеген заңдардың боданы болып шыға келді; дәл сол секілді, заң шығарылғаннан кейін ешкім де өзінің ықтиярымен сол заң күшінен қашып құтыла алмайтын болды. Сондай-ақ өзінің артықшылығын көлденең тарта отырып ешкім де өзінің заң бұзуы немесе жақындарының бірінің заң
6 “Бастапқыда, күндердің күнінде белгілі бір тәртіп мақұлданған кезде, бәлкім, басқару салты туралы ештеңе ойластырылмай, адамдар із жүзінде барлық мүдделі тараптар үшін мұның ыңғайсыз екендігіне көз жеткізгенге дейін бәрі де басқаруға тиіс адамдардың даналығы мен ақылына берілген шығар, сондықтан да олар дәрі деп білген нәрсе емдеуге тиіс дертті іс жүзінде ұлғайта түсті. Олар адамдардың бір адамның ырқымен өмір сүру өздерінің барлық қасіреттерінің себебі болғанын байқады. Бұл оларды адамдар өздерінің міндеттерін алдын ала біліп, оларды бұзғаны үшін қандай жазаға тартылатынын білетін заңдарды жасауға мәжбүр етті” (Гукер. Шіркеу саясаты, І кітап, 10-бөлім)
бұзғаны үшін кеңшілік жасауды өтіне алмайтын болды. Азаматтық қоғамдағы бір де бір адам үшін сол қоғамның заңдарынан кеңшілік жасалуы мүмкін емес.7 Егер қандай да бір адам ойына келгеннің бәрін істей беретін болса, және сол тараптан өзіне жасалған жамандықты түзету үшін немесе одан қорғану үшін жүгінетін орган жер бетінде болмаса, мен мұндай адам толығымен әлі жаратылыстық ахуалда жүрген жоқ па, деген сұрақ қояр едім; бірақ сол арқылы ол, егер әлдекім жаратылыстық ахуал мен азаматтық қоғам дегеніміз – бір нәрсе деп кесіп айтып жүрмесе, осы осынау азаматтық қоғамның бөлігі де, мүшесі де бола алмайды; бірақ осы кезге дейін мен анархияның осылай деп табандап тұрып алатын бірден бір жақтаушысын тапқан емеспін.
VІІІ тарау
Саяси қоғамдардың пайда болуы туралы
95. Бұрын да айтылғандай, адамдар жаратылысынан бостан, тең, тәуелсіз болатындықтан, ешкім де жеке өзінің келісімінсіз бұл ахуалдан шығарылып, басқа біреудің саяси билігіне бағындырыла алмайды. Кімкімнің де өзінің жеке бостандығынан бас тартып, азаматтық қоғамның қамытына мойынсұнатын жалғыз жол – өз меншігін алаңсыз пайдаланып, қоғам мүшесі емес әлдекімге қарағанда неғұрлым қауіпсіздікте тұрып, ыңғайлы, аман-есен және тыныштықта бірлесе өмір сүру үшін қоғамдастыққа бірігу туралы басқа адамдармен жасалған келісім. Мұны қанша адам болса да жасай алады, өйткені бұл жерде бұрынғысынша бостандықтың жаратылыстық ахуалында қала беретін басқа адамдардың бостандығына жасалатын нұқсан жоқ. Адамдардың белгілі бір саны қоғамдастық немесе мемлекет құруға осылайша келіскенде, олар осынысы
7 “Тұтас алғанда мемлекеттің актысы болып табылатын азаматтық заң осы арқылы, осы мемлекеттің жекелеген бөліктерінің үстінен қарайды” (Гукер. Шіркеу саясаты, І кітап, 10-бөлім)
арқылы бірігіп, біртұтас саяси организмді құрайды онда көпшілік қалғандары үшін қарекет жасау және мәселе шешу құқығына ие болады. 96. Адамдардың белгілі бір саны жекелеген әрбір адамның келісімімен қоғамдастық құрған кезде, олар осынысы арқылы бұл қоғамдастықты біртұтас организм ретінде бой көрсету құқығы бар біртұтас организм етеді, бұл тек көпшіліктің ықтяры мен шешімі бойынша ғана жасала алады. Қандай да бір қоғамдастықты іске қосатын нәрсе тек оны құрайтын адамдардың келісімі ғой, ал біртұтас бүтін бір бағытта ілгерілеуі керек болатындықтан, бұл бүтін өзін көпшіліктің келісімін құрайтын зорырақ күштің жетектеген жағына қарай ілгерілеуі қажет: өйтпеген күнде ол біртұтас бүтін ретінде бой көрсете алмайды немесе оған біріккен барлық жекелеген адамдар келіскендей біртұтас бүтін, біртұтас қоғамдастық болып қала алмайды; осылайша, осы келісімнің арқасында әркім көпшілікке бағынуға міндетті. Міне сондықтан дұрыс заңдардың пәрменімен билікке ие болған заң шығарушы жиналыстарда, оларға билік берген дұрыс заңда көпшіліктің саны көрсетілмеген болса, олардың қарекеті бүтіннің қарекеті деп саналатынын және, әлбетте, бүтіннің табиғат пен парасаттың заңы бойынша ие болатын күшін айқындайтынын көреміз. 97. Осылайша, басқа біреулермен бірге бір үкіметке бағынатын біртұтас саяси организм құруға келіскен әрбір адам өзіне осы қоғамдастықтың әрбір мүшесінің алдында көпшіліктің шешіміне бағыну және оны түпкілікті шешім деп санау туралы міндеттеме алады; өйтпеген күнде ол басқалармен бірге бір қоғамға кірген бастапқы шарттың ешқандай мәні болмайды және, егер ол адам бостан күйінде, жаратылыстық ахуалдағы кезіндегі дәнекерлерден басқа ешқандай дәнекерсіз қалса, бұл мүлде шарт болмайды. Онда кез-келген шарт қалай көрінбек? Егер адам қоғамның кез-келген қаулыларымен өзіне қаншалықты ыңғайлы болса, соншалықты ғана байланысты және бұған өзі келісім берген болса, бұл қайдағы жаңа міндеттеме болмақ? Олай болған
күнде ол осы шарт жасалғанға дейін немесе өзі ұмтылып, егер өзіне сәйкес келеді деп есептесе, кез-келген қарекетке келісе алатын жаратылыстық ахуалдағы адам қандай бостандықты пайдаланса, сондай бостандықты пайдалана береді ғой. 98. Егер көпшіліктің келісімі бүтіннің қарекеті ретінде парасатты қабылданбаса және әрбір жеке адам үшін міндетті болмаса, онда, әрбір жеке адамның келісімін қоспағанда, ештеңе де әлденені бүтіннің қарекеті ете алмайды, бірақ, егер біз адамдардың едәуір санына, бұл сан қоғамның барлық мүшелерінің санынан әлдеқайда аз болса да, науқастану немесе іс жағдайы жалпы жиналысқа қатысуға мүмкіндік бермейтінін ескерсек, мұндай келісімге қол жеткізу мүмкін бола қояр ма екен. Егер бұған адамдар бірге жиналған кезде болмай қоймайтын пікірлердің әралуандығы мен мүдделер қарама-қайшылығын қосатын болсақ, мұндай жағдайларда қоғам құру небәрі бас сұғып кету үшін ғана келген Катонның театрға келуін еске түсіретін болады. Мұндай құрылыс алып Левиафанның ғұмырын ең әлсіз деген тіршілік иелерінен де азайтып, ол тіпті өзінің туған күнінен асып өмір сүре алмайды, ал бұлай деп, біз егер парасатты тіршілік иелері қоғамды ыдырау үшін ғана құруды қалайды деп ойлай алатын болсақ қана, болжай аламыз; егер көпшілік барлығы үшін шеше алмайтын болса, онда мұндай қоғамдар біртұтас бүтін ретінде бой көрсете алмайды, ендеше, олар кешікпей-ақ қайтадан ыдырайды. 99. Демек, егер адамдар жай көпшіліктен асатын қандай да бір сан туралы нақты келісіп алмаған болса, жаратылыстық ахуалдан қоғамдастыққа бірігетін адамдардың барлығы өздері қоғам болып біріккендегі мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті кез-келген биліктен осы қоғамдастықтың көпшілігінің пайдасына бас тартады. Және мұның барлығы небәрі біртұтас саяси қоғамға бірігуге келісу арқылы ғана жасалады, ал мұның өзі мемлекетке кіретін немесе оны құратын адамдар арасында болатын немесе болуға тиіс шарт дегеніміздің өзі осы. Осылайша, кез-келген саяси қоғамның бастауы болып табылатын және іс
жүзінде соны құрайтын нәрсе – небәрі көпшілік құра алатын осындай қоғамға бірігуге және енуге қабілетті бостан адамдардың кез-келген санының келісімі ғана. Және тап осы, тек осы ғана әлемдегі кез-келген заңды басқарудың басы болған және басы бола алатын еді. 100. Маған қарсы бұған екі түрлі дау айтылады. Біріншісі, “тәуелсіз және бір-бірімен тең адамдардың қандай да бір тобы бас қосып, осылайша үкімет құрды деген мысал тарихта жоқ”. Екіншісі, “құқық тұрғысынан алғанда адамдардың осылайша жасауы мүмкін емес, өйткені қандай да бір үкіметтің қол астында туған адамдардың барлығы оған бағынуға тиіс және олардың жаңасын құру бостандығы жоқ”. 101. Біріншісіне мен жаратылыстық ахуалда бірге тұрған адамдар туралы тарихтың бізге тек там-тұмдап жеткізгеніне қайран қалуға болмайды деп жауап беремін. Мұндай ахуалдың қолайсыздықтары, сондай-ақ қоғамға сүйіспеншілік пен соны қалау адамдардың қандай да бір саны кездесе қалса болғаны, олар бірге боламыз деген шешімге келсе, бірден бірлесіп, келісімге келетін болған. Егер біз адамдардың бір кездері жаратылыстық ахуалда болғанын өзіміздің ол туралы аз естігеніміз негізінде ғана елестете алмайтын болсақ, онда біз Салманасардың немесе Ксеркстің әскерінің жауынгерлері ешқашан бала болмаған, өйткені біз олар ересек еркекке айналып, әскерлерді құрағанға дейін олар туралы мүлде аз естігенбіз дей аламыз. Мемлекеттік құрылыс қай жерде болмасын шежірелердің алдында жүреді, басқа, анағұрлым қажетті өнерлердің көмегінің арқасында азаматтық қоғамның ұзақ сақталуы халық үшін қауіпсіздікті, қолайлылықты және молшылықты қамтамасыз етуден бұрын әдебиет те халыққа танылмайды, адамдар өз мемлекетінің негізін қалаушылардың тарихы туралы естеліктер ұмытылып қалған кезде ғана оған қызығушылық білдіріп, оның шығу көздерін іздей бастайды. Өйткені мемлекеттердің басынан да жекелеген адамдардың басынан өткен жайлар өтеді емес пе: әдетте олар өздерінің туу және сәби кезі туралы ештеңе де
білмейді. Ал егер оларға өз мемлекетінің пайда болуы туралы әлдене белгілі болса, бұл үшін олар басқа біреулер жүргізген кездейсоқ жазбаларға қарыздар. Ал біздің қолымыздағы жазбаларға келетін болсақ (жºне де бұл жазбалар әкелік биліктің пайдасына емес), құдайдың өзі тікелей араласқан жәйттер мемлекетінен басқа әлемдегі қандай да бір мемлекеттің пайда болуы туралы жазбалардың не мен айтқандай бастаудың анық мысалы, не оларда тым құрығанда соның іздері бар. 102. Рим мен Венеция арасында не табиғи артықшылық жоқ, не бағыныштылық жоқ бірнеше бостан және бір-бірінен тәуелсіз адамдардың бірігуі арқылы пайда болды дегенге сенбейтін адамның ап-айқын фактілер өзінің болжалына сәйкес келмеген кезде оларды жоққа шығару бейімі болуы керек. Және егер Джозеф Акостаның сөзіне сенер болсақ, ол бізге Американың көптеген бөліктерінде ешқандай мемлекеттік басқару мүлде болған жоқ дейді. “Бұл адамдардың, – дейді ол, – атап айтқанда, перуліктердің, ұзақ уақыт бойы не королі, не мемлекеті болмаған, Флоридада черикандар, Бразилияда үндістер және тұрақты корольдері жоқ басқа да көптеген ұлттар күні бүгінге дейін тұратындай, топ-топ болып өмір сүрген, бірақ бейбіт немесе соғыс уақытында, қажет болған жағдайда өз қалаулары бойынша басшыларын сайлап алатын болған деуге салмақты және анық негіздер бар” (І кітап, 25-тарау). Егер, ол жерде әрбір адам өзінің әкесінің немесе отағасының боданы болып туатын десе, онда баланың әкесіне мойынсұнуы одан оның өзіне лайық деп санаған саяси қоғамға кіру бостандығын тартып алмайтыны дәлелденген болатын. Бірақ қалай болған күнде де, бұл адамдардың шын мәнінде бостан болғаны айдан анық; және қазір кейбір саясаткерлер олардың қайсысына қандай артықшылықты телісе де, олардың өздері мұндайды талап етпеген, бірақ келісу бойынша олар, тап осы келісумен өздеріне билеушілерді белгілегенге дейін, бәрі де тең болған. Осылайша, олардың саяси қоғамдарының барлығы өздерінің билеушілері мен басқару пошымдарын
таңдауда еркін қарекет жасайтын адамдардың ерікті одағынан және өзара келісімінен басталған болатын. 103. Және де мен, Юстин айтқандай (ІІІ кітап, 4-тарау), Спартаны Фалантпен бірге тастап шыққандардың бір-біріне тәуелсіз, бостан адамдар болуына рұқсат етіліп, өздерінің келісімі бойынша мемлекеттік басқару құруына мүмкіндік берілген деп үміттенемін. Осылайша, мен жаратылыстық ахуалдағы бостан адамдар жиналып алып, бірігіп, мемлекеттің негізін құрағанына тарихта болған бірнеше мысал келтірдім. Ал егер мұндай мысалдардың болмауы мемлекеттік құрылыс бұлай басталмаған және басталуы мүмкін еместігін дәлелдейтін уәж бола алса, онда әкелік империяны қорғаушылардың мұндай дәлелдеуге жүгінбегені және оны жаратылыстық бостандыққа қарсы қоймағаны жөн деген ойдамын. Өйткені, егер олар тарихтан мемлекеттердің әкелік құқық негізінде құрылғандығы туралы сонша көп мысал келтіре алатын болса (бірақ, әрі кеткенде, не болғаны арқылы іс жүзінде не болуы керектігі туралы дәлелденетін уәждің көп күші болмаса да), соншалық қауіптенбейақ, бұл мәселеде олардан жеңіле салуға болар еді деп ойлаймын. Алайда, бұл жағдайда менен кеңес беру сұралса, мен онда олардың мемлекеттің пайда болу көзін өздері іс жүзінде бастап та қойғанындай, тым қатты іздеп, тырыспай-ақ қойғандары дұрыс болар еді, әйтпесе олар бұл мемлекеттердің көпшілігінің негізі қаланған кезде бұлар жүргізетін идеяға және бұлар қорғайтын билікке соншалықты қолайлы емес әлденелерді тауып алады ғой. 104. Қорыта келгенде: парасаттың бүтіндей біздің жақта екендігі айдан анық, және де ол: адамдар табиғаты бойынша бостан, ал тарихи мысалдар жер бетінде бейбіт жолмен пайда болған мемлекеттер осы негізден бастау алған және адамдардың келісімімен құрылған дейді. Шындық кімнің жағында немесе алғашқы мемлекеттер құрылған кездегі адамзаттың пікірі мен практикасы қандай болды деп күмәндануға орын аз қалады.
105. Егер біз мемлекеттің пайда болу бастауларына тарих бізге қаншалықты мүмкіндік бергенінше үңіліп қарайтын болсақ, әдетте біз олардың бір адамның билігі мен басқаруында болғанын байқайтынымызды жоққа шығармаймын. Мен сондай-ақ өздігінен күн көре алуы үшін отбасының құрамы жеткілікті мол болған және әдетте жері көп, адамы аз жерлердегі сияқты, топтасқан бүтін ретінде басқалармен араласпай-ақ тіршілік ете берген жағдайларда, басқару әдетте әкеден басталған деп ойлауға бейіммін. Өйткені әке, табиғат заңы бойынша, кез-келген адам сияқты – өзінің ойы бойынша қажетті жағдайларда бұл заңды бұзғаны үшін жазалау билігіне ие бола отырып, – соған сәйкес өзінің бағынбайтын балаларын олар ересек және өздігінен өмір сүре алатын кездерде де жазалай алатын болған; және олардың әке берген жазаны ләм-мим демей қабылдауы әрі қылмыскерге қарсы сонымен бірігіп кетуі, сөйтіп өз кезегінде осынысымен әкелеріне қандай да бір шалыс қадам жасағанда әкенің өз үкімін іске асыру билігін беруі әбден мүмкін, мұнысымен олар оның отбасы құрамында қалғандардың барлығының іс жүзінде заң шығарушысы әрі әміршісі ететін. Оған басқалардың бәрінен де көбірек сенуге болатын; әке махаббаты оның қарауындағы олардың меншігі мен мүдделерін қорғайтын; ал бала кезден оған бағыну әдеті басқалардан гөрі, оған бағынуды жеңілдететін. Демек, оларға өздерін басқаратын біреу керек болса, өйткені бірге тұратын адамдардың ішінде басқару болмай қоймайды, онда немқұрайлылық, қатыгездік немесе қандай да бір басқа рухани немесе тән кемістігінен бұлай етуге жарамсыз болмаса, мұндай басқарушы олардың ортақ әкесі болмағанда, басқа кім болмақ? Бірақ, не әке өліп, мұрагер ретінде жасы толмағандықтан, ақылының, ерік-жігерінің немесе қандай да бір басқа қасиеттерінің кемдігінен басқару үшін жарамсыз болған, не бірнеше отбасы кездесіп, бірге өмір сүруді жалғастырамыз деп шешім қабылдайтын жағдайларда, олардың өздерін жақсы басқару үшін неғұрлым қабілетті және барынша лайықты деп санаған адамды таңдау үшін өздерінің жаратылыстық бостандығын
пайдаланғанына күмәнданбауƒа болады. Бұл біз Америка халықтарынан көретін нәрсе (жаулап алушылардың семсері және екі ұлы империя – Перу мен Мексиканың кеңейіп келе жатқан үстемдігі жетпейтін жерде тұрып) осыған сәйкес келеді, олар өздерінің табиғи бостандығынан ләззат алатын, дегенмен әдетте олар өздерінің марқұм болған королінің мұрагерін артық көретін; алайда олар егер оны қандай да бір жағынан әлсіз немесе қабілетсіз деп тапса, онда оны айналып өтіп, өздерінің билеушісі етіп ең мықты және ең ержүрек адамды таңдайтын болған. 106. Осылайша, жер шарына қоныстану туралы мәліметтер сақталған шежірелер мен халықтар тарихы жол беретіндей өткенге көз жүгірте отырып, біз әдетте басқарудың бір қолда болғанын байқаймыз, алайда бұл мен айтып отырған саяси қоғамның пайда болуы жекелеген адамдардың бірігіп, бір қоғам құруға келісуіне байланысты және бұл адамдар осылайша келісім жасаған кезде, олар кез-келген, олардың пікірінше жарамды басқару пошымын орната алады деген пікірді жоққа шығармайды. Бірақ бұл адамдардың қателесіп, басқару өзінің табиғаты жағынан монархиялық, ол әкеге тиесілі болды деп ойлауына ілік бергендіктен, бұл жерде адамдардың әу баста әдетте осы пошымға неге тоқталғанын қарастыру орынсыз емес; кейбір мемлекеттерді құрған кезде әкенің үстемдігі бастапқыда биліктің бір қолда пайда болып, шоғырлануына апарып соқтыруы мүмкін болса да, дегенмен, бір адам жүзеге асыратын басқарудың бұл пошымын жалғастырудың себебі әке беделін қадірлеу немесе құрметтеу емес еді; өйткені барлық майда монархиялар, яғни өзінің бастапқы қалпынан ұзай қоймаған барлық дерлік монархиялар әдетте немесе тым құрығанда кейде сайланбалы болған. 107. Ең алдымен өзінің ұрпағының балалық шағындағы әкенің басқаруы оларды бір адамның басшылық жасауына үйретті, содан олар басшылық қамқорлықпен әрі іскерлікпен, өзінің қарамағындағыларға деген сүйіспеншілікпен әрі бауырмалдықпен жүргізілетін болса, адамдардың қоғамнан іздеген саяси бақытына қол жеткізу және қамтамасыз ету үшін
осының әбден жеткілікті екендігін бойларына сіңірді. Олардың басқарудың осы пошымын таңдағанына жºне дәл соған тап болғанына қайран қалатын ештеңе жоқ, өйткені олар бала кезінен осындай пошымға үйренген, сондықтан өз тәжірибесінен оның соншалық ауыр еместігін әрі сенімді екендігін білетін. Егер де біз бұған монархия дегеніміз басқарудың әртүрлі пошымына не тәжірибесі үйретпеген, не империяның менменшілдігі мен ұятсыздығы артықшылықтарға қол сұғушылықтардан қауіптеніп, мұралық монархия талап етуге бейім және соны бұларға күштеп-таңуға бейім абсолютті биліктің қолайсыздықтарынан сақтану керектігін сезіп-білуге алып келмеген адамдар үшін ең қарапайым және айқын пошым дегенді қоссақ, онда олардың өздерін билеуге мүмкіндік бергендер тарапынан қандай да бір заңсыздықтарды шектеу әдістері туралы ойлармен өздерінің жанын соншалықты қинамағандарында және оның жекелеген бөліктерін әртүрлі қолдарға беріп, үкіметтің билігін теңдестіруге тырыспағандарында тұрған түсініксіз ештеңе жоқ. Олар тирандық билік тарапынан қанауды сезінген жоқ, сондықтан өз дәуірінің салт-дәстүрі де, өздерінің иелігіндегі байлық та, өздерінің (ашкөздік пен атаққұмарлыққа азық бола қоймаған) тұрмыс салты да бұлардың одан қауіптенуіне немесе одан қорғануына ешқандай себепкер болған емес; олардың өздеріне, мен айтқандай, ең қарапайым және айқын болғандықтан ғана емес, олардың заңдардың әртүрлілігіне қарағанда, шет жерліктердің басып кірулері мен шапқыншылықтарынан қорғауды көбірек қажет болған өздерінің қазіргі кездегі жай-күйі мен жағдайларына бәрінен де лайықтырақ осындай басқару құрылымын құрғанында тұрған таңқаларлық ештеңе жоқ екендігі міне, содан. Адамдардың қалау-тілектері әрқайсысының шағын ғана меншігінің тар шеңберімен шектелетін қарапайым, кедей өмір салты барлығы үшін бірдей болған кезде дауласу үшін себептер де аз болатын, яғни, оларды шешу үшін көп заңның да қажеттігі болмайтын. Сол кезде әділ сот жүйесі де қажет болмаған, өйткені қылмыстар да, қылмыскерлер де аз болатын. Демек, бір-біріне соншалық
ұнаған адамдардың бір қоғам болып бірігуді қалағаны олардың бір-бірімен таныстығымен немесе достығымен және бір-біріне сенімімен байланысты еді деп ойламауға болмайды; олар бір-бірінен гөрі басқалардан әлдеқайда көбірек қауіптенді және осылайша, олардың ең алдымен ойлағандары мен алғашқы алаңдаған мәселесі өздерін шет жерлік күштерден қалай қорғау керек деген мәселе болды деп ойламауға болмайды. Олар үшін осы мақсатқа ең жақсы қызмет ететін басқару пошымын жасау және соғыстарда өздеріне басшылық жасап, оларды жауға қарсы бастау үшін ең дана әрі ең ержүрек адамды сайлауы және өздерінің билеушісі болуы негізінен осыдан екені әбден түсінікті. 108. Мәселен, біз америкалық үндістерде ел үшін халық саны тым аз болып, тұрғындар мен ақшаның жоқтығы адамдарды өздерінің жер иеліктерін ұлғайтуға немесе пайдаланатын жерлерінің аумағын кеңейтуге итермелемеген Азия мен Еуропадағы алғашқы ғасырлардағыдай жайт әлі де болып, корольдер олардың армияларының генералдарынан сәл-ақ екенін көріп отырмыз; соғыста олардың билігі абсолютті болғанымен, үйде және бейбіт күндерде олардың билігі де, егемендігі де шамалы ғана; бейбітшілік пен соғыс туралы шешімді, әдетте не халық, не кеңес қабылдайды, ал соғыстың өзі, ол билік жүргізушілердің көп болуына жол бермейтіндіктен, әрине, билік жүргізуді тек корольдің қолына ғана береді. 109. Сондай-ақ Израильдің өзінде де қазылар мен алғашқы патшалардың негізгі шаруасы, тегінде, соғыста қолбасылар мен армиялар сардарлары ретінде көріну болған секілді; бұл Иеффай тарихынан (олар соғысқа өз әскерлерін бастап барып, бастап қайтты дегенді білдіретін “халықтың алдына шығу және кіру” деген сөздер тікелей осыны көрсетеді) ап-анық көрінеді. Аммониттіктер Израильге қарсы соғыс ашып, Галаадтың халқы қорыққанынан өз отбасының некесіз туған ұрпағы, өздері қуып жіберген Иеффайға адам жіберіп, егер ол аммониттіктерге қарсы күресте көмектессе, онда бұлар оны өздерінің билеушісі ететіндігі туралы шарттасады; бұл мынадай сөздермен беріледі: “Халық оны өзінің бастығы
әрі көсемі етіп қойды” (Сот. 11, 11), сірә, бұл қазы болғанмен барабар болуы керек. “Иеффай алты жыл Израильдің қазысы болды” (Сот. 12, 7), яғни, олардың көсемі болды. Және Иофам сихемиттерді жазғырып, олардың қазысы және билеушісі болған Гидеонға қаншалықты қарыздар екендігін еске салғанда былай дейді: “Менің әкем сендер үшін шайқасты, ол өзінің жанын аямай, сіздерді Мадианиттерден құтқарды” (Сот. 19, 17). Ол туралы оның қолбасы ретінде жасағандары ғана айтылады: және шынында да, оның тарихынан немесе Қазылар кітабының басқа бөліктерінен біз осыны ғана табамыз. Ең зор дегенде қолбасы ғана болса да, Авимелехте негізінен патша деп аталады. Смайылдың ұлдарының есерсоқтығынан қажыған Исраиль перзенттері “басқа халықтар сияқты: аққарамызды патшамыз айырып, алдымызда жүреді және соғыстарымызды жүргізеді” (1 Патшалық. 8, 20) деп патшалы болуды қалаған кезде, құдай олардың тілегін қанағаттандырып, Смайылға былай дейді: “Мен саған Вениамин жерінен шыққан бір адамды жіберемін, сен оны менің халқым – Исраильге билеуші етіп май жағып, батаңды бер, сонда ол менің халқымды Филистимдіктердің қолынан құтқарады” (9, 16), бейне бір патшалардың жалғыз шаруасы – олардың армияларын басқарып, оларды қорғап, шайқасу сияқты; Смайыл да Саулға май жағу кезінде, оның үстіне құмырадан елей (шіркеуде қолданылатын зәйтүн майы – ауд.) құйып тұрып, оған былай дейді: “Жаратқан сені өз мұрасының билеушісі етіп майлайды” (10, 1). Саул салтанатты түрде патша болып сайланғаннан, Массифте тайпалар оған құрмет көрсеткеннен кейін оны өздерінің патшасы еткісі келмегендердің бұл адамның бойында өздерін қорғайтындай жеткілікті әскери қабілеттері жоқ болғандықтан, өздерінің патшасы болуға лайықсыз деп айтқылары келгендей, “Бізді құтқаратын осы ма?” (10, 27) дегеннен басқа қарсылық білдірмегені міне, содан. Ал Құдай билікті Дәуітке беруге ұйғарғанда, бүкіл патша билігі бейне бір олардың қолбасысы болуға саятындай, бұл туралы мынадай сөздермен хабарлайды: “Енді сенің патшалығыңның күні қараң; Құдай өзіне ұнайтын
адамды табады, сөйтіп Құдай оған өз халқының көсемі болуды бұйырады” (13, 14). Саулдың әулетіне адалдығын сақтаған және Дәуіттің билігіне қарсы болған рулар, Хевронға келіп, өздерінің Дәуітке бағынатынын мәлімдей отырып, өздерінің оған өз патшасы ретінде бағынуының басқа себептерінің ішінде Саул басқарған кезде мұның шын мәнінде өздерінің патшасы болғандығын, ендеше тап қазір оны өздерінің патшасы ретінде танымаудың еш негізі жоқ екендігін атап көрсетеді. “Кеше ғана, – дейді олар, – және алдыңғы күні, Саул біздің үстімізден патшалық құрып тұрғанда, сен Израильді шығарып, кіргіздің; сосын Құдай саған: “менің Израилімнің халқын сен бағасың, Израильдің көсемі сен боласың”. 110. Демек, қалай болғанда да – отбасы біртіндеп өсіп, мемлекет болып, әкенің билігі үлкен ұлға берілсе, және өз кезегінде әркім осы биліктің астында өсіп, үн-түсіз оған бағынса, ауыр болмағаны және алаламауы ешкімді ренжітпей, бұл салт ежелден келе жатқандықтан, уақыт мұны бекітіп, мұрагерлік құқығын бекіткенге дейін әркім сонымен келіссе де; немесе бірнеше отбасы немесе әлдебір кездейсоқ жағдаймен, немесе көрші болғандықтан, немесе іскерлік мән-жайлармен бірге болып шыққан бірнеше отбасының ұрпақтары қоғамға бірлесіп, бұлар оның басшылығымен соғыста өздерін жаудан қорғай алатын қолбасының қажеттігі және адамдардың осынау кедейшілікті бірақ қайырымды дәуірінде бір-біріне деген орасан үлкен сенімі оның қарапайымдылығы мен шынайылығына байланысты (кейіннен ұзақ уақыт жасайтын мемлекеттер құрылған кезде дәуірлердің барлығы дерлік осындай болады) мемлекеттердің алғашқы негізін қалаушыларды билікті істің сипаты мен басқару мақсаты талап еткеннен басқа қандай да бір нақты шекаралар мен шектерсіз бір адамның қолында жинақтауға ұмтылдырса да; осы себептердің қайсысы бойынша да биліктің бастапқыда бір қолға берілгеніне қарамастан, ол кімге сеніп тапсырылса да, бұның бар болғаны қоғамның игілігі мен қауіпсіздігі үшін жасалғаны күмәнсіз және мемлекеттердің сәбилік жасында, осындай билікке ие адамдар билікті
әдетте сол мақсаттарда пайдаланған. Ал егер олар өйтпеген болса, жас қоғамдар тіршілік жасай алмас еді; осындай қоғам игілігіне қамқор әрі жанашыр асыраушы-әкелері болмаған барлық мемлекеттер өздерінің сәби кезінің әлсіздігі мен ауруларынан тоз-тозы шығар еді; билеушісі де, халық та көп ұзамай бірге опат болар еді. 111. Алтын ғасырда (бос атаққұмарлық пен amor sceleratus halendі, қара ниет адамдар ақылын азғындатып, билік пен намыс туралы қате ұғымды қалыптастырғаннан бұрын) ізгілік көбірек болып, содан да жақсы билеушілері болғанымен, сол кездің өзінде, сонда, бір жағынан халықты қанау үшін билікті асыра пайдалану болған жоқ, соның салдары ретінде, екінші жағынан, мансап иелерінің билігін азайту немесе шектеу үшін қандай да бір артықшылықтар туралы дау да болған жоқ, сөйтіп билеушілер мен халықтың арасында басқарушылар туралы немесе басқару туралы дау да болған жоқ; сөйтсе де, бұдан кейінгі ғасырлардағы атаққұмарлық пен асып-тасқан салтанат бұл билік не үшін берілгенді істемей, билікті уыстан шығармай, ұлғайта түсуді асқындырған жарамсақтық көмегімен билеушілерді өздерінің жеке, халықтан бөлек мүдделері болуына үйреткен кезде, адамдар үкіметтердің шығуы мен құқықтарын неғұрлым мұқият зерделеу және заңсыздықты шектеу тәсілін табу, өздері басқа қолға өз игілігі үшін берген, бірақ олар өздеріне зиян келтіру үшін пайдаланыла бастаған билікті асыра пайдаланудың алдын алу қажет деп тапты. 112. Осылайша, біз табиғаттан бостан болып, өздерінің келісімімен не әкесінің басқаруына мойынсұнған, не мемлекет құру үшін бірнеше отбасылардың өкілдері ретінде біріккен адамдар, әдетте билікті бір адамның қолғына беретінін және осы соңғы ғасырдағы (XVІІ ғасыр – ред.) дін ілімі сырын ашқанға дейін адамзат өкілдерінің ішінен ешкімнен де біз естімеген аян – монархия jure dіvіno екендігі олардың түсіне кірмесе де, өздері оның адалдығы мен ақылына сенгендіктен оның билігін шектемей және ешқандай реттемей, бір адамға бағынуды артық санағаны
қаншалықты ықтимал екендігін көре аламыз; дәл сол секілді адамдар әке билігінің бұйыру құқығы бар деп те, немесе кез-келген басқару негізі болады деп те ешқашан ойламаған. Қолымыздағы тарихи айғақтарға сүйеніп, мемлекеттің кезкелген бейбіт пайда болуы өз негізінде халықтың келісімімен жүзеге асқан деген қорытынды жасауға осының өзі жеткілікті. Менің бейбіт деп отырған себебім, басқа бір жерде кейбіреулер мемлекеттің пайда болу тәсілі деп санайтын жаулап алу туралы айтуыма тура келеді. Мемлекеттің мен атап көрсеткен тәсілмен пайда болуына қарсы айтылатын келесі қарсы пікір мынаған саяды. 113. “Адамдардың бәрі белгілі бір мемлекетте туатын болғандықтан, олардың ішінде әлдекімнің қандай да бір кезде бостан болуы және басқалармен бірігіп, жаңа мемлекет негізін қалауы немесе заңды үкімет құратын ахуалда болуы мүмкін емес”. Егер осы уәж әділетті болса, онда жер бетінде соншалық заңды монархиялар қалай пайда болды деп сұрағым келеді. Егер кімде-кім осы болжалға сүйеніп, маған заңды монархияның негізін қалайтындай кезкелген дәуірдегі бостан адамды көрсете алатын болса, онда менің оған бірігіп, монархия пошымындағы немесе басқа қандай да бір пошымдағы жаңа мемлекетті құру ырқы бар ондаған адамдарды көрсетуіме тура келеді; сол арқылы басқа біреудің билігінде дүниеге келген әлдекім жаңа дербес империяда адамдарға бұйрығын жүргізу құқығы болатындай бостан ахуалда бола алатын болса, онда басқаның билігінде туған кез-келген адам дербес жеке мемлекеттің билеушісі немесе боданы болу үшін соншалықты бостан бола алатыны көрсетіледі. Демек, олардың өздерінің принциптеріне сәйкес, не адамдардың барлығы өздерінің тумысына қарамастан бостан, не жер бетінде бір ғана заңды тақсыр, бір ғана заңды үкімет болады. Сонда оларда оның қандай екенін бізге көрсетуден басқа амал қалмайды; ал олар мұны істеген кезде, адамзаттың барлығы оған бағынуға шын ықыласымен келісетіндігіне күмәнім жоқ.
114. Бұл қарсылық олардың өздерін де, қарсы жақты да қиын жағдайда қалдыратынын көрсетіп беретін қарсылыққа жеткілікті жауап болса да, мен сол уәждің әлсіздігін тереңдете ашып көрсетуге тырысайын. “Барлық адамдар қандай да бір үкіметтің билігінде туады, сондықтан олар еркін түрде жаңа үкімет орната алмайды, – дейді олар. – Әркім өз әкесінің немесе өз тақсырының боданы болып туады, сондықтан да бағынушылық пен адалдықтың мәңгілік дәнекерімен маталған”. Адамдарды өз келісімінен тыс тақсырлар мен олардың мұрагерлеріне бағынуға міндеттейтіндей адамзаттың ешқашан да тумысынан табиғи бағынышты болмағандығы және олардың ешқашан бұған келіспегендігі айдан анық. 115. Қасиетті тарихта да, азаматтық тарихта да адамдардың мойынсұнушылықтан шығып, өздері туған құзырлылыққа және өздері өсіп-жетілген отбасына немесе қоғамдастыққа бағынудан бас тартып, басқа жерлерде жаңа мемлекеттер құрғандығының мысалдары бәрінен көбірек кездеседі ғой; бастапқы дәуірде өмір сүрген және жер жеткілікті болғанша қатары күннен күнге көбейген, содан кейін неғұрлым күштісі немесе жолы болғышы неғұрлым әлсізді өзіне қосып алатын, ал ұлы державалар қайтадан бірнеше бөлікке бөлініп, шағын иеліктерге айналатын толып жатқан мемлекеттер шыққаны осыдан; Осының бәрі әкелік басқаруға қарсы толып жатқан дәлелдер беріп, әу баста мемлекетті әкенің өз ұрпақтарына өтетін табиғи құқықтары құрмағанын айқын көрсетеді, өйткені мұндай негізде шағын патшалықтардың соншалық көп санын құру мүмкін емес еді; егер адамдарда өз отбасынан және өз мемлекетінен, олар қандай болса да, бөліну және бөлінгеннен кейін жеке мемлекеттер мен өздері жарамды деп есептейтін өзге басқару пошымдарын құруға бостан болмаса, олардың барлығы ортақ бір монархияның өкілі болар еді. 116. Дүние жаралғаннан күні бүгінге дейін солай болып келді. Қазір де адамзаттың бостьандығына адамдардың белгіленген заңдары мен
тұрақты басқару пошымдары бар ұйымдасқан әрі ежелгі мемлекеттерде туғаны олардың ну орманда, сондағы ештеңемен шектелмеген өріп жүрген тіршілік иелерінің арасында туғанынан көп кедергі келтірмейді. Өйткені, бізді “белгілі бір үкіметтің билігінде туғандықтан, біз, әрине, соның боданымыз” және жаратылыстық ахуалдағы бостандыққа ешқандай құқығымыз немесе негізіміз жоқ деп сендіретіндердің (біз жауап берген әке билігі туралы толғамдарды былай қойғанда), біздің әкелеріміз бен аталарымыз өздерінің жаратылыстық бостандығынан бас тартты, сонысымен олар өздерін де, өздерінің ұрпақтарын да өздері бағынатын үкіметке мәңгілік бағыныштылыққа мәжбүрледі дегеннен басқа дәлелдері жоқ. Әділеті сол, кімде-кім өзінің атынан қандай да бір міндеттеме алса немесе уәде берсе, ол соны орындауға міндетті, бірақ ол мұны өзінің балаларына немесе өзінің ұрпағына ешқандай шартпен істете алмайды. Өйткені оның ұлы кәмелетке толған соң әкесі сияқты бостан болады да, әкесінің кез-келген қарекеті оның ұлының бостандығын басқалардың бостандығынан көбірек шектей алмайды. Әкесі қандай да бір мемлекеттің боданы ретінде өзі пайдаланған жерді иеленуді шынында да осындай бір шарттармен баласына қалдыра алады, және де бұл шарттар, егер ол әкесіне тиесілі жерлерді иеленгісі келсе, осы қоғамдастыққа кіруге міндеттеуі мүмкін; аталған жерлер – әкесінің меншігі болғандықтан, ол өз қалауынша билеп-төстей немесе кез-келген талаптар қоя алады. 117. Бұл мәселеде қателікке ұрындыратын себеп те әдетте осы; мемлекеттер өздерінің белгілі бір бөлігі кесіп алынуына немесе қандай да бір бөлігін осы қоғамдастыққа мүшелерден басқа әлдекімнің пайдалануына рұқсат бермейтіндіктен, әдетте ұлы әкесінің иелігіндегі болған жерлерді әкесі пайдаланған шарттармен, яғни, қоғамның мүшесі болып қана пайдалана алады; осы арқылы ол өзін, осы мемлекеттің кез-келген азаматы секілді, өзі орнатылған деп білетін үкіметке бірден бағынышты етеді. Осылайша, қандай да бір үкіметтің билігі кезінде туған бостан адамдардың келісімі ғана оларды осы мемлекеттің мүшесі етеді, және де
бұл келісім барлығына бірге емес, әркім кәмелеттік жасқа жеткен бойда, жеке-жеке кезекпен беріледі; адамдар мұны байқамайды да, бұл жалпы болмайды немесе бұл міндетті емес деп санайды да, дәл өздері қалай адам екендігі секілді, тап солай, табиғатымыз бойынша боданбыз деген қорытындыға келеді. 118. Бірақ үкіметтердің өздері мұны басқаша түсінетіні мүлдем айдан анық; олар әкесіне билік жүргізгендіктен ғана, ұлдарына билік жүргізуге тырыспайды; тап сол сияқты олар әкелері өздеріне бодан болғандықтан, балалары да бодан деп санамайды. Егер Францияда тұратын Англия боданы ағылшын әйелден ұл көрсе, ол кімнің азаматы болмақ? Ол Англия королінің боданы емес, өйткені олай болу үшін оның әлі осыған байланысты артықшылықтарға ие болуы керек. Дәл сол сияқты ол француз королінің де боданы емес, солай болса, әкесі оны алып кетіп, өз қалауы бойынша тәрбиелеу бостандығына қалай ие болмақ? Жалпы, шетелдік әкешешеден дүниеге келген елді тастап шыққаны үшін немесе осы елге қарсы бағытталған соғыс қимылдарына қатысқаны үшін қай кезде, қандай адам сатқын немесе қашқын деп саналып еді? Осылайша, мемлекеттердің өздерінің практикасынан, сондай-ақ есті парасат заңдарына сүйенсек, нәресте қандай да бір елдің немесе үкіметтің боданы болып тумайтыны мүлдем анық. Ол кәмелетке толғанға дейін өз әкесінің қорғауы мен билігінде болады; ал сосын ол қай үкіметтің билігіне бағынғысы келетінін және қандай мемлекеттік организмнің мүшесі болғысы келетінін таңдауға ерікті азамат болады. Егер ағылшынның Францияда туған баласы ерікті болып, осылай істей алатын болса, онда оған әкесінің белгілі бір корольдіктің боданы болуына байланысты ешқандай міндеттер жүктелмейтіні анық; дәл осылай ол ата-бабалары жасасқан шарттардың ешқайсысымен маталмайды. Олай болған күнде, оның ұлы, мейлі басқа жерде туса да, тап осындай себептермен неге осындай еркіндікке ие бола алмайды? Әкесі балаларына жасайтын билік балалар қай жерде туса да,
бірдей ғой, әрі жаратылыстық міндеттеме дәнекерлері де корольдіктер мен мемлекеттердің шекараларымен шектелмейді ғой. 119. Көрсеткеніміздей, әрбір адам табиғаты бойынша бостан, әрі оны ештеңе де өзінің келісімінсіз жер бетіндегі қандай да бір билікке бағынышты ете алмайды; адамның қандай да бір үкіметтің заңдарына бағынуына апарып соғатын не нәрсені адам келісімінің жеткілікті көрініс табуы деп санауға болатынын қарастыруымыз қажет. Әдетте білдірілген және үнсіз келісімді бөліп көрсетеді, оны біз қазір қарастырамыз. Қандай да бір қоғамға кіретін әлдебір адамның өзі білдірген келісімі оны осы қоғамның шынайы мүшесі, оның үкіметінің боданы ететіндігіне ешкім де күмәнданбайды. Қиындық мынада: үнсіз келісім деп нені түсінеміз және оның қаншалықты дәрежеде міндет жүктейтіні, яғни адам бұл мәселе бойынша ешқандай мәлімдеме жасамаса, оны келісті және сонысымен қандай да бір үкіметке бағынды деп қалай санау керек? Бұған менің айтарым сол, қандай да бір мемлекеттің қандай да бір бөлігіне иелік ететін немесе оны пайдаланатын адам осынысымен өзінің үнсіз келісімін береді және ол осы жерді пайдаланатын кезеңде осы үкіметтің заңдарына, бұл иелікке не жататынына – оған және оның мұрагерлеріне мәңгілікке бекітіліп берілген жер ме, немесе бір аптаға жалдаған тұрғынжай ма, немесе ол жолдармен тегін жүру құқығы ма – ештеңеге қарамастан, осы үкіметтің билігіне қарайтын кез-келген бас а адам міндетті; іс жүзінде ол осы мемлекеттің аумағы шегінде кез-келген адамның тіршілік етуінің өзіне де қолданылады. 120. Мұны жақсырақ түсіну үшін алғаш рет қандай да бір қоғамдастыққа кіретін және оған қосылатын әрбір адам қоғамға өз иелігіндегі немесе сатып алатын және қандай да болса басқа мемлекетке әлі де тән емес жерлерді де қосатынын және қоғамға бағындыратынын ескеру керек. Егер кімде-кім қоғамға меншігін қорғау және реттеу үшін басқалармен бірге кіре тұрып, сонымен бірге оның жері, меншігі қоғам заңдарымен реттелуге тиіс адамның жері осы жер иесінің өзі боданы
болып табылатын үкіметтің құзырына жатпайды деп санаса, бұл барып тұрған қарама-қайшылық болар еді ғой. Демек, бұрын бостан болған әлдекім өзінің жеке басын мемлекетке қосатын актымен, тап сол актымен бірге осы мемлекетке өзінің иелігіндегі бұрын бостан болған жерлерді де қосады; сосын оның екеуі де, адамның өзі де, оның иелігі де осы мемлекеттің үкіметі мен өкіметіне бағынышты болып шығады. Осыдан келіп мына нәрсе шығады: мұрагерлік, сатып алу, рұқсат алу немесе қандай да бір өзге жолмен, осылайша қосылған және сол мемлекеттің билігіндегі жердің қандай да бір бөлігін пайдаланатын әрбір адам, ол өкіметті осымен байланысты міндеттемелермен бірге мойындап, яғни, осы жер қарайтын мемлекеттің үкіметіне, осы мемлекеттің әрбір боданы секілді, бағынып қабылдауға тиіс. 121. Бірақ үкімет тек жерге ғана тікелей құзырлы болғандықтан және де бұл құзырлық оның иесіне ол осы жерде тұрып, оны пайдаланатын кезге ғана (ол өзін іс жүзінде қоғамға қосқанға дейін) таралатындықтан, онда осы пайдалануға байланысты олардың әрқайсысына жүктелетін міндеттеме – үкіметке бағыну пайдаланумен бірге басталып, бірге аяқталады; осылайша, үкіметке өзінің үнсіз келісімінен басқа ештеңе бермеген жер иесі аталған иеліктен сыйлау, сату немесе өзгеше жолмен бас тартқанда, онда ол кетіп, кез-келген мемлекетке қосылуға немесе жер бетінің өзі бос деп тапқан және ешкімге тиесілі емес кез-келген бөлігінде жа ңа іn va немесе айқын еркін білдіру арқылы қандай да бір мемлекеттің мүшесі болуға өзінің келісімін берген адам, қандай да бір апат салдарынан ол бағынатын үкімет ыдырап кетпесе немесе ол қандай да бір жария актысымен мұны бұдан әрі осы қоғамның мүшесі болып қалу құқығынан айырмаса, мәңгілік және айнымай осы мемлекеттің боданы болып қалуға тиіс және енді ешқашан да жаратылыстық ахуалдың еркіндігін қайтадан пайдалана алмайды.
122. Бірақ егер адам қандай да бір елдің заңдарына бағынып, тыныш қана өмір сүрсе және осы заңдардың артықшылықтарын пайдаланып, қорғауында болса, бұл әлі де оны аталған қоғамның мүшесі етпейді; бұл небәрі барлығы үшін міндетті және соғыс ахуалында болғанда кез-келген басқа мемлекеттің аумағында жүретіндердің барлығынан күтілетін жергілікті қорғау мен бағыну ғана, өйткені мемлекеттің барлық бөліктеріне де оның заңдары қолданылады. Алайда бұл қандай да бір себептермен біреудің отбасында біршама уақыт тұрған адам, қаншалықты соның боданы болатын дәрежеден артық осы қоғамның мүшесі, осы мемлекеттің мәңгілік боданы етпейді; бұлай тұру кезінде ол өзі тап болған елдің заңдарына мойынсұнып, басқаруына бағынуға міндетті екендігіне қарамастан солай болады. Шынында да, шетелдіктердің бүкіл өмірін басқа үкіметтің билігінде өткізетінін және оның артықшылықтары мен қорғауын пайдаланатынын және, тіпті ұждан бойынша да, олар үкіметтің әмірлеріне жергілікті тұрғындардай бағынуға міндетті болғанымен, олардың осыған байланысты аталған мемлекеттің боданы немесе мүшесі болмайтынын көріп жүрміз. Адамның өзінің оң міндеттемесін, тікелей білдірілген уәдесі мен шартынан басқа ештеңе де адамды ондай ете алмайды. Саяси қоғамдардың бастауына тап осы жатады және тап осындай келісім кез-келген адамды қандай да бір мемлекеттің мүшесі етеді деп санаймын.
ІX тарау
Саяси қоғам мен басқарудың мақсаттары туралы
123. Егер адам жаратылыстық ахуалда, біз айтқандай соншалық бостан болса, егер ол өз басы мен иеліктерінің абсолютті қожайыны болса, бұл жағынан ең ұлы адамдарға тең болса және ешкімге бағынышты болмаса, онда ол бостандығынан неге айрылады, неге сол империясынан
бас тартып, өзін қандай да бір басқа күштің пәрмені мен басшылығына бағындырады? Бұл сұраққа ең айқын жауап мынадай: жаратылыстық ахуалда ол сондай құқыққа ие болғанымен, оны пайдалану соншалықты сенімсіз және оған басқалардың қаскүнемдігі үнемі қатер төндіреді. Өйткені барлығы да оның өзі сияқты дәрежедегі билеуші болатындықтан, әрбір адам оның теңі болатындықтан, ал адамдардың көп бөлігі теңдік пен әділетті соншалы қты меншікті пайдалану тіпті де қауіпсіз емес, тіпті де сенімді емес. Бұл оны бостан болса да, қорқыныш пен үздіксіз қатерге толы ол ахуалдан ықыласпен бас тартуға итермелейді; сондықтан ол өздерінің өмірін, бостандықтары мен иеліктерін (мұның бәрін мен “меншік” деген жалпы атаумен атаймын) сақтау үшін біріккен немесе бірігуге дайындалып жатқандардың қоғамын бекерден бекер іздеп, бекерден бекер қосылуға әзір болмайды. 124. Сондықтан да адамдардың мемлекеттерге бірігуінің және өзін үкіметтің билігіне беруінің басты мақсаты олардың меншігін сақтау болып табылады. Ал бұл үшін жаратылыстық ахуалда көп нәрсе жетіспейді. Біріншіден, ортақ келісім бойынша әділет пен әділетсіздік нормасы ретінде мойындалып, ортақ өлшем ретінде қызмет ететін, соның көмегімен араларындағы барлық даулар шешілетін орнатылған, нақты, белгілі заң жетіспейді. Өйткені табиғат заңы айқын әрі барлық парасатты тіршілік иелеріне түсінікті болғанымен, адамдар өз мүдделерін басшылыққа алады, мұның үстіне оқып-үйренбегендіктен ол заңды білмейді, сондықтан да оны өздерінің нақты істерінде қолданылуы міндетті заң ретінде қабылдауға ықыласты емес. 125. Екіншіден, жаратылыстық ахуалда барлық қиындықтарды белгіленген заңға сәйкес шешу билігіне ие білгір де әділ қазы жетіспейді. Өйткені бұл ахуалда әркім әрі қазы, әрі табиғат заңын орындаушы болып табылады, ал адамдар өздеріне бұрып тұрады, және нәпсі де, кек те оларды
билеп алып, іс өздеріне қатысты болған жағдайда тым қызбалыққа бой алдыруға мәжбүр етуі мүмкін; дәл сол секілді салдыр-салақтық пен немқұрайлылық оларды басқалардың істеріне тым салғырт, үстірт қаратуы мүмкін. 126. Үшіншіден, жаратылыстық ахуалда әділ үкімді қуаттап, қолдап отыратын және оны орындайтын күш көбіне жетіспейді. Қандай да бір әділетсіздік жасайтындар өздерінің қолынан келіп тұрғанда, өздерінікін күшпен мақұлдатудан бас тарта қояды деу қиын; мұндай қарсылық жазаны жүзеге асыруға талпынатындар үшін оны қауіпті, ал көп жағдайда тажалды етеді. 127. Осылайша, жаратылыстық ахуалдың барлық артықшылықтарына қарамастан, оның тұсында адамдар жаман жағдайда күн кешеді де, қоғамдарға тез тартылады. Адамдардың қандай да бір санының сол ахуалда қандай да бір ұзақ уақыт бірге тұрғанын біздің сирек көретініміз міне сондықтан. Бұл ретте басқалардың теріс тірлігін жазалау үшін әрбір адамда бар билікті бейберекет және орынсыз қолданудың салдарынан олар тап болатын қолайсыздықтар оларды үкімет орнатқан заңдар аясынан сая іздеуге мәжбүр етеді де, бұл жерден олар өз меншігінің сақталу амалын табуға ұмтылады. Нақ осы жазалаудың әркім ие жеке құқығынан соншалық ықыласпен бас тартуға итермелейді, мұны олар жазаның сол үшін тағайындалғандар ғана және қоғамдастық немесе соған өкілеттік берілген адамдар келіскен заңдар арқылы ғана жүзеге асырылуы үшін істейді. Заң шығарушы өкіметтің де, атқарушы өкіметтің де, дәл солай үкіметтер мен қоғамдардың өздерінің де бастапқы құқығы мен қайнар көзі де міне тап осы болып табылады. 128. Өйткені жаратылыстық ахуалда адам бейкүнә көңіл көтеру үшін ие болатын бостандықтан басқа биліктің екі түріне ие болады ғой. Біріншіден, бұл өзін және басқаларды табиғат заңы шеңберінде сақтау үшін қажет деп тапқанын істеу билігі. Баршаға ортақ осынау заң бойынша ол және қалған бүкіл адамзат бір қоғамдастық, барлық басқа
жаратылғандардан өзгеше біртұтас қоғамды құрайды. Егер де азғындаған адамдардың іріп-шіруі мен жаманшылығы болмаса, басқа ешқандай ахуал қажет болмас еді; адамдардың ұлы және жаратылыстық қоғамдастықтан бөлініп, оң келісімдер арқылы бірқатар кішірек жекелеген бірлестіктер құруының қажеттігі болмас еді. Адамның жаратылыстық ахуалда болатын екінші билігі – аталған заңға қарсы жасалған қылмыстар үшін жазалау билігі. Ол, егер мен солай атай алатын болсам, жекеше немесе оқшау саяси қоғамға біріккен және қалған адамзаттан бөлек қандай да бір мемлекетке кірген кезде биліктің осы екі түрінен де бас тартады. 129. Бірінші, яғни, өзін және адамзаттың қалған бөлігін сақтау үшін қажет деп санағандықтан бәрін де жасайтын биліктен ол мұның қоғам оның өзін және осы қоғамның қалған бөлігін сақтау қажет ететін шамада жасаған заңдармен реттелуі үшін бас тартады; ал қоғамның бұл заңдары оның таиғат заңы бойынша өзінде болған бостандығын көп жағынан шектейді. 130. Екіншіден, жазалау билігінен ол толығымен бас тартады да, өзінің (бұған дейін табиғат заңын орындау үшін қажет деп тапқан кезде жеке өзінің шешімі бойынша пайдалана алатын) жаратылыстық күшін қоғамның атқарушы билігіне заң талап еткен шамада көмек көрсету үшін пайдаланады. Енді еңбегінің, қоғамдастықтың басқа мүшелерінің көмегінің және аралас-құралас болуының арқасында көптеген игіліктерді және оның барлық күшінің қорғауын пайдаланатын жаңа ахуалда ол қоғамның игілігін, гүлденуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қай шамада талап етілсе, сол шамада өзінің жаратылыстық бостандығымен қоштасуға міндетті; бұл қажет қана емес, әділетті де, өйткені қоғамның басқа мүшелері де осындай қадам жасайды. 131. Адамдар қоғамға кірген кезде жаратылыстық ахуалда өздеріне тиесілі болған теңдіктен, бостандықтан және атқарушы биліктен бас тартып, одан әрі заң шығарушы билік қоғам игілігі қанша шамада талап
етсе, соншама пайдалана алатындай етіп, оларды қоғамның қолына берсе де, дегенмен әркім мұны өзін, өзінің бостандығы мен меншігін неғұрлым жақсырақ сақтап қалу ниетімен (қандай да бір парасатты тіршілік иесі өзінің жағдайын саналы түрде нашарлатады деуге болмайды ғой) істейді. Қоғамның немесе адамдар құрған заң шығарушы органның билігі ешқашан ортақ игілікке қажеттен әріге тарала алмайды; бұл билік жоғарыда айтылған және жаратылыстық ахуалды соншалық сенімді де қауіпсіз етпейтін үш қолайсыздыққа жол бермей, әркімнің меншігін сақтауға міндетті. Және кез-келген мемлекетте заң шығару немесе жоғарғы билікке кім ие болса да, ол заматта шығарылған жарлықтар арқылы емес, халық жариялаған және халыққа белгілі бекітілген тұрақты заңдарға сәйкес басқаруға міндетті; дауларды сол заңдар арқылы шешуге тиісті бейтарап және әділ қазылардың көмегімен басқаруға, қоғамдастықтың күшін елде тек осындай заңдарды орындау кезінде ғана, ал шет елдерде – залалдың алдын алу немесе соның өтемін алу үшін және қоғамдастықты басып алулар мен шапқыншылықтардан қорғау үшін қолдануға міндетті. Және осының бәрі ешқандай өзге мақсат үшін емес, халықтың бейбітшілігі, қауіпсіздікгі және қоғамдық игілігі мүддесінде жүзеге асырылуға тиіс.
X тарау
Мемлекеттің пошымдары туралы
132. Адамдардың қоғамға біріккен сәтінен бастап, жоғарыда көрсетілгеніндей, көпшілік қоғамдастықтың бар билігіне ие болғандықтан, ол осы билікті оқтын-оқтын қоғамдастыққа қажет заңдар шығару үшін және олар тағайындаған лауазымды адамдар бұл заңдарды жүзеге асыруы үшін пайдалана алатын еді; бұл жағдайда басқару пошымы мінсіз демократия болады; немесе ол заң шығарушы билікті сайланған бірнеше адамның және олардың мұрагерлерінің немесе ізбасарларының қолына
бере алады, сонда бұл олигархия болады; немесе бір адамның қолына бере алады, сонда бұл монархия болады; егер оның және оның мұрагерлерінің қолына беретін болса, онда бұл мұрагерлік монархия болады; егер билік оған ғұмырының ақырына дейін беріліп, оның қазасынан кейін оның ізбасарын тағайындау құқығы көпшілікке қайтарылатын болса, онда бұл сайлаулы монархия болады. Және осыған сәйкес қоғамдастық, өзі нені жақсырақ деп санағанына қарай, басқарудың күрделі және аралас пошымдарын орната алады. Егер заң шығару билігін көпшілік бастапқыда бір немесе бірнеше адамға небәрі ғұмырының ақырына дейін немесе белгілі бір шектеулі уақытқа ғана берген, содан кейін жоғарғы билік көпшілікке қайтарылуы керек болса, осындай жағдай туған кезде қоғамдастық оны тағы да өзіне қолайлы қолға беріп, сөйтіп, басқарудың жаңа пошымын жасай алатын. Өйткені, басқару пошымы заң шығару билігі болып табылатын жоғарғы билік кімнің қолында екендігіне тәуелді (төменгі биліктің жоғарғы билікке нұсқау бергенін немесе жоғарғы биліктен басқа біреудің заң шығаруын елестету мүмкін емес); осыған сәйкес мемлекеттің пошымын заң шығару билігі кімде болса, сол айқындайды. 133. Мемлекет дегенде мен үнемі демократияны немесе басқарудың қандай да бір өзгеше пошымын емес, латындар “cіvіtas” деп нобайлаған кез-келген тәуелсіз қоғамдастықты (any іndependent communіty) айтамын; бұл сөзге біздің тіліміздегі “мемлекет” (commonwealth) деген сөз көбірек сәйкес келеді, ол адамдардың осындай қоғамын нобайлайтын ұғымды неғұрлым дәл білдіреді, ал ағылшынның “қауым” (communіty) немесе “қала” (cіty) деген сөзі ол мәнді білдірмейді, өйткені мемлекетте оған бағынатын қауымдар болуы мүмкін, ал бізде “қала” деген сөз “мемлекет” деген сөзден мүлдем өзге мән береді. Қос мағыналылыққа жол бермеу үшін, мен “мемлекет” деген сөзді, өз байқауымша, король І Яков қолданған мағынада пайдалануға тырысатыным міне сондықтан, және де мен мұны осы сөздің шынайы мәнін білдіреді деп ойлаймын; егер кімде-
кімге бұл ұнамаса, ол оны неғұрлым сәйкес сөзбен ауыстырған бойда мен онымен келісуге әзірмін.
XІ тарау
Заң шығарушы өкіметтің ауқымы туралы
134. Адамдардың қоғамға кіруінің негізгі мақсаты өзінің меншігін алаңсыз, қауіпсіз пайдалану болып табылады, ал мұның негізгі құралы мен амалы қызметін қоғамда орнатылған заңдар атқарады; барлық мемлекеттердің бірінші және негізгі оң заңы заң шығарушы өкіметті орнату болып табылады; тап сол сияқты заң шығарушы биліктің өзі бағынуға тиісті бірінші және негізгі жаратылыстық заңы қоғамды және (қоғамдық игілікке қаншалықты сәйкес шамада) қоғамның әрбір мүшесін сақтау болып табылады. Бұл заң шығарушы өкімет мемлекеттегі жоғарғы өкімет қана емес, бір кезде қоғамдастық сеніп тапсырғандардың қолындағы қасиетті де мызғымайтын өкімет болып табылады. Және кімнің болмасын бірде-бір жарлығы, мейлі ол қандай пошымда ойластырылмасын және қандай өкімет оны қолдамасын, егер ол халық сайлаған және орнатқан заң шығарушы органның рұқсатын алмаса, заң күші мен міндеттілігіне ие бола алмайды. Өйткені мұндай рұқсатсыз аталған заң, шындығында да заң болуы үшін мүлдем қажетті нәрсеге – бәрінен жоғары тұратын қоғамның келісіміне ие бола алмайды және осы қоғамның келісімі8 және оның мүшелерінен алған билік негізінде болмаса,
8 “Адамдардың тұтас саяси қоғамдарын басқаратын заңдарды шығарудың заңды билігі тұтастай алғанда осы қоғамдардың нақ өздеріне тиесілі екендігі соншалық, егер жер бетіндегі қандай да бір тақсыр немесе монарх мұны құдайдан тікелей және жеке алған нұсқау бойынша емес және ең алдымен оның заңына бағынатын адамдардың келісімі негізінде емес, өз пәрменімен істейтін болса, онда бұның кәдімгі тираниядан ешбір артықшылығы жоқ. Ендеше, қоғамның мақұлдауын алмаған заңдар заң болып табылмайды” (Гукер. Шіркеу саясаты, І кітап, 10-бөлім) “Осы мәселе бойынша біз ендеше мынаны атап көрсетуіміз керек: егер адамдар жаратылысынан адамдардың тұтастай саяси қоғамдастықтарына бұйрығын жүргізудің толық және абсолютті билігіне ие болмаса, онда сондықтан да өзіміздің мүлде келісіміміз болмай, біз қандай да бір адамның билігінде бола алмаймыз. Ал, бізге бұйрығын жүргізу мәселесіне келсек, егер біз бір бөлігі болып табылатын қоғам бір кездерде бұған келіскен болса және кейіннен тап сондай ортақ шешіммен бұл келісімнің күшін жоймаған болса, онда келісеміз.
заң шығаруға ешкімнің де құқығы жоқ. Демек, кез-келген адам ең салтанатты міндеттемелер арқылы көрсетуге міндетті бүкіл бағыну ақыр соңында осы жоғарғы өкіметте аяқталып, ол шығаратын заңдармен бағытталып отырады. Қандай да бір шетелдік державаға берілген ант та, ешқандай отандық бағыныштағы билік те қоғамның кез-келген мүшесін қоғамның сенімі бойынша жұмыс істейтін заң шығарушыға бағынудан босата алмайды; тап сол сияқты қоғамның кез-келген мүшесін осылайша шығарылған заңдарға қарсы бірдеңеге бағынуға немесе заң белгілегеннен көп мөлшерде бағынуға міндеттеуге болмайды; әлдекім қоғамда жоғарғы өкімет болып табылмайтын қандай да бір өкіметке толығымен бағынуға міндетті болуы мүмкін дегенді ойлаудың өзі күлкілі. 135. Заң шығарушы билік ол бір адамның немесе бірнеше адамның қолында шоғырланғанына, үздіксіз немесе белгілі бір үзілістермен жүзеге асырылатынына қарамастан, ол әрбір мемлекеттегі жоғарғы билік болса да, дегенмен: Біріншіден, халықтың өмірі мен игілігі жөнінде ол абсолютті деспоттық билік болып табылмайды және, тегінде бола да алмайды. Өйткені ол небәрі қоғамның барлық мүшелерінің заң шығарушылар болып табылатын адамдарға немесе жиналысқа берген құрама билігі ғана; ол жаратылыстық ахуалда болған осы адамдар, қоғамға кіріп, осы билікті қоғамдастыққа бергенге дейінгі кезде ие болған биліктен артық бола алмайды. Өйткені ешкім де басқаға өзінде бар биліктен асырып ештеңе де бере алмайды және ешкімнің де өзіне немесе басқа біреуге µзін өлтірерліктей немесе басқа біреуді өмірінен немесе мүлкінен айырарлықтай бағындыратын абсолютті деспоттық билігі жоқ. Дәлелденгеніндей, адам өзін басқа біреудің деспоттық билігіне бағындыра алмайды; және де жаратылыстық ахуалда оның басқаның өміріне, бостандығына немесе меншігіне деспоттық билігі болмағандықтан, табиғат
Ендеше, адамдардың заңдары, мейлі олар қандай болса да, тек қана келісім арқылы жасалады” (сонда).
заңы небәрі оның өзі мен адамзаттың қалған бөлігін сақтау билігін ғана беретіндіктен, оның мемлекетке, сол арқылы заң шығарушыға беретіні немесе бере алатыны сол ғана, сондықтан заң билігі бұдан артық ештеңеге ие бола алмайды. Бұл билік өзінің ең шеткі шектерінде қоғамдық игілікпен шектелген. Оның [қоғамды] сақтаудан өзге мақсаты жоқ, демек бодандарды қырып-жою, құлдыққа салу немесе қасақана қайыршылыққа ұшырату құқығына ешқашан ие бола алмайды9. Табиғат заңының міндеттемелері қоғамда тіршілік етун тоқтатпайды, бірақ көптеген жағдайларда олар неғұрлым анық білдіріледі және адамдардың заңдарына сәйкес оларды сақтауға мәжбүр ету үшін оларға белгілі бір жазалар ілесе жүреді. Осылайша, табиғат заңы барлық адамдар үшін, заң шығарушылар үшін де, басқа адамдар секілді, мәңгілік басшылық ретінде көрінеді. Олар басқа адамдардың іс-қимылдарын бағыттау үшін шығаратын заңдар олардың өздерінің қарекеттері мен басқа адамдардың қарекеттері секілді жаратылыстың заңына, яғни, құдайдың ырқына сәйкес болуы керек, ол соның көрінісі; табиғаттың негізгі заңы адамзатты сақтау болып табылатындықтан, егер бұған қайшы келетін болса, ешқандай да адам рұқсаты ізгілікті немесе негізді бола алмайды. 136. Екіншіден, заң шығарушы, яки жоғарғы өкімет өзіне жүгенсіз деспоттық жарлықтар10 арқылы билеп-төстеу құқығын ала алмайды; керісінше, ол жарияланған тұрақты заңдар мен соған өкілетті белгілі
9 “Қоғамдарда екі негіз бар; олардың біреуі – табиғи бейімділік, соның салдарынан адамдардың бәрі қоғамдық өмір мен серіктестікке ұмтылады; екіншісі – реттілік, ол жөнінде бірлесіп өмір сүру тұсында өздерінің одағының сипатына қатысты анық немесе жасырын келісімге қол жеткізілген; біз мемлекет заңы дейтініміз, бөліктері заңмен жандандырылатын, сонымен бірге болатын және қоғам игілігі талап ететін бағытта іс-қимыл жасауға итермеленетін саяси организмнің шынайы жаны осы келісім. Егер біз өзінің ішкі мәні бойынша адамның еркі бірбеткей, бүлікшіл және қасиетті заңдарға қандай да бір бағынудан бас тартады деп болжамасақ, адамдар арасында сыртқы тәртіпті сақтау және оларды басқару үшін белгіленген саяси заңдар олар тұжырым жасалуға тиіс пошымда ешқашан тұжырымдалмайды; қысқасы, адам өзінің азғындаған ақылы жағынан аңнан соншалық асып кетпейді деп болжамасақ, сонда за ңдар б ының мақсаты болған ортақ игілікке кедергі келмейтіндей етіп бағыттауға мүмкіндік береді. Егер олар мұны істемесе, онда олардың мінсіз болмағаны” (Гукер. Шіркеу саясаты, І кітап, 10-бөлім). 10 “Адамдардың заңдары қарекеттерін солар бағыттап отыратын адамдар жөніндегі өлшем болып табылады; алайда олар осындай өлшем болса да, сондай-ақ олар үшін де оларды өлшейтін жоғарғы заңдар бар, бұл заңдардың саны екеу: құдайдың заңы және жаратылыстың заңы; демек, адамдардың заңдары табиғаттың ортақ заңдарына сәйкес және Қасиетті кітаптың белгілі бір заңына қайшы келмейтіндей етіп жасалуы керек. Керісінше болса, бұл заңдардың нашар жасалғаны” (Гукер. Шіркеу саясаты, ІІІ кітап, 9-бөлім).
қазылар арқылы әділ сот жүргізуге және боданның құқықтарын белгілеуге міндетті. Өйткені, жаратылыстың заңы жазып қойылған заң емес және оны адамдардың ақылынан басқа еш жерден табуға болмайтындықтан, нәпсісі мен жеке мүддесінің арқасында оны бұрмалайтын немесе теріс қолданатындардың қателіктеріне, егер сол үшін қойылған қазы болмаса, олардың көзін жеткізу оңай бола қоймайды ғой. Бұл жағдайда заң өзінің күші жүретіндердің құқықтарын айқындап, меншіктерін сақтау ісіне қызмет етпейді, ал заң соған қызмет етуге тиіс, әсіресе, әркім сол заңның (өз ісінде де) қазысы, тәпсіршісі және орындаушысы болатын жерлерде; солай және құқығы бар адамда әдетте тек өзінің жеке күші ғана болады, яғни, өзін жәбірлеуден қорғау үшін немесе қылмыскерлерді жазалау үшін жеткілікті күші болмайды. Жаратылыстық ахуалдағы адамның меншігін қожырату ға жетел қоғамға бірігеді, мұны өзінің меншігін сақтап, қорғау және оны анықтайтын тұрақты заңдары (солардың арқасында әркім өзіне не тиесілі екендігін біле алады) болуы үшін бүкіл қоғамның біріккен күшіне сүйену мақсатында істейді. Бұл үшін адамдар өздерінің бүкіл табиғи билігін өздері кіретін қоғамға береді, ал қоғамдастық заң шығару билігін өзі лайықты деп тапқандардың қолына тапсырады; бұл ретте адамдар өздері жария етілген заңдардың көмегімен басқарылады деп үміттенеді, керісінше болса, олардың тыныштығы, бейғамдығы мен меншігі жаратылыстық ахуалдағыдай бұрынғысынша дүдамал жағдайда болады. 137. Абсолютті деспоттық өкімет, немесе белгіленген тұрақты заңдарсыз басқару қоғам мен үкіметтің мақсаттарына тіпті де сәйкес бола алмайды, өйткені адамдар сол мақсаттар үшін, яғни тек өздерінің өмірін, бостандығы мен меншігін сақтау үшін және құқық пен меншік туралы белгіленген заң қағидаларының көмегімен өздерінің тыныштығы мен алаңсыздығын қамтамасыз ету үшін жаратылыстық ахуалдағы бостандығынан бас тартып, өздерін тиісті дәнекерлермен матаған. Олар, тіпті қолынан келетін болғанның өзінде, өздерінің жеке басы мен
игіліктері жөніндегі абсолютті деспоттық билікті қандай да бір адамға немесе бірнеше адамға беріп, ол өздері жөнінде шектеусіз жүгенсіздік жасауы үшін билікті соның қолына тапсыруға ниеттенді деп ойлауға болмайды. Бұл өзін жаратылыстық ахуалдағыдан да жаман жағдайға ұшырату болар еді, өйткені бұл ахуалда оларда өз құқықтарын басқалардың қаскүнемдігінен қорғау бостандығы және бір немесе бірден көп адамның шабуылына ұшырағанда оны қорғап қалу үшін күші болған. Егер де біз олар өздерін абсолютті деспоттық билікке және бір заң шығарушының ырқына бағындырды деп ойлаайтын болсақ, онда олар өздерін қарусыздандырып, оны қаруландырған болып шығады, сондықтан да ол кез-келген сәтте оларды өзінің олжасы ете алады. Қарамағында 100 000 адам бар бір адамның деспоттық өкіметіне тәуелді адам, жекелеген 100 000 адамның деспоттық өкіметіне бағынған адамға қарағанда, әлдеқайда ауыр жағдайда болады ғой; өйткені осындай билігі бар адамның ырқы, мейлі оның күші 100 000 есе артық болса да, басқа адамдардың ырқынан артық екендігіне ешкім де кепіл бола алмайды ғой. Ендеше, мемлекеттің пошымы қандай болса да, билік жүргізуші өкімет оқыс шығарылған бұйрықтар мен дүдамал шешімдердің көмегімен емес, жария етілген және белгіленген заңдардың көмегімен басқаруға тиіс. Өйткені, егер адамзат, бір адамды немесе біраз адамдарды көптің біріккен күшімен бағындыруға мәжбүр ету, осынау көпті олардың мүмкіндік шегінен шығып кететін шамадан тыс және жүгенсіз, кенет ойына келген талаптарының жүгенсіздігіне немесе билеп-төстеушілердің қарекеттерін бағыттап, оларды ақтай алатын қандай да бір белгіленген өлшемдер жоқ кезде, еште ңемен ш мәжбүр ету үшін қаруландырса, жаратылыстық ахуалдағыдан әлдеқайда нашар жағдайға тап болады. Өйткені үкіметтің барлық өкіметі тек қоғам игілігі үшін тіршілік етеді ғой және сондықтан ол, қаншалық деспоттық және жүгенсіз болмауға тиіс болса, соншалық белгіленген және жарияланған заңдардың көмегімен жүзеге асырылуға тиіс, бұл халық та
өзінің міндеттерін біліп, заң шегінде қауіпсіздікте болуы үшін, билеушілер де өз шектерінде болып қолдарындағы биліктің арқасында оны өздері ашық айтуға батпайтын мақсатта және солардың көмегімен қолданудан алыс тұруы үшін қажет. 138. Үшіншіден, жоғарғы өкімет қандай да бір адамды оның меншігінің қандай бір бөлігінен оның келісімінсіз айыра алмайды. Себебі меншікті сақтау үкіметтің мақсаты болып табылады, адамдар қоғамға нақ сол үшін кіреді; осылайша, қажетіне қарай осыдан адамдардың меншігі болуы керек деп саналады және талап етіледі, өйткені мұнсыз олар қоғамға кірген кезде өздерінің кіру мақсаты болған нәрседен айырылады; бұл тым зор жөнсіздік, онымен ешкім келісе қоймас. Ендеше, адамдар қоғамда болғанда меншікке ие болады; олардың мүлікке құқығы қоғамдастықтың заңы бойынша өздерінің меншігі болады, олардың жиған-терген мүлкін немесе олардың бір бөлігін өздерінің келісімінсіз алуға ешкімнің де құқығы болмайды; мұнсыз олардың ешқандай меншігі болмайды. Егер менің меншігімді ойына келген сәтте, менің келісімімсіз тартып алуға басқа адамның құқығы болса, онда менде шынында да ешқандай меншіктің болмағаны ғой. Осылайша, кез-келген мемлекеттің жоғарғы немесе заң шығарушы өкіметі ойына келгеннің бәрін істей алады, бодандарының мүлкіне деспоттық билік жүргізе алады немесе осы мүліктің бір бөлігін жөнсіз ырқымен ала алады деп ойлау қате. Заң шығарушы орган құрамы толығымен немесе ішінара үнемі өзгеріп тұратын жиналыстардан тұратын, ал ал таратылғаннан кейін оның мүшелері басқалар секілді өз елінің ортақ заңдарына тең дәрежеде бағынатын басқару жүйелерінде бұдан онша қорықпауға болады. Бірақ заң шығарушы орган тұрақты жұмыс істейтін бір жиналыстан тұратын немесе барлық заң шығарушы билік абсолютті монархиядағыдай бір адамның уысында болатын басқару жүйелерінде бұл адамдар немесе адам өздерінің қоғамдастықтың қалған бөлігінен өзге ерекше мүддесі бар деп санап, ойына келгеннің барлығын халықтан алып, өздерінің байлығы мен билігін
ұлғайтуға бейім болады. Өйткені, егер осы азаматтарға бұйрығын жүргізіп отырған адамның өз қалауы бойынша кез-келген жеке тұлғадан оның меншігінің кез-келген бөлігін тартып алатын және оны пайдаланатын, ойына келгенінше әмірін жүргізетін билігі болса, оның меншігін өзіндей азаматтардың меншігінен бөлетін жақсы және әділ заңдары болса да, адамның меншігі мүлде қауіпсіз жағдайда болмайды ғой. 139. Бірақ үкімет, кімнің қолында болса да, мен көрсетіп өткендей, адамдардың өз меншігі болуын және оны қамтамасыз ету шартымен және сол мақсат үшін ғана билікке ие болады; тақсыр немесе сенаттың бодандар арасында меншікті реттейтін заң шығару билігі қандай болса да, дегенмен ешқашан бодандардың барлық меншігін немесе меншігінің қандай да бір бөлігін олардың келісімінсіз алу билігіне ие бола алмайды, өйткені бұл іс жүзінде бодандарды жалпы қандай да бір меншіксіз қалдыру болып шығар еді. Сондықтан қажет жерінде абсолютті билік те абсолютті бола тұра деспоттық билік болмайтынына, дегенмен кейбір жағдайларда осы биліктің абсолюттік болуы талап етілетін жағдайлармен шектелетіндігіне және мақсаттармен айқындалатынына көз жеткізу үшін бізге әскери тәртіптің әдеттегі практикасын қарастыру жеткілікті. Армияны сақтау, сол арқылы бүкіл мемлекетті сақтау өзінен жоғары тұрған әрбір офицерге абсолютті бағынуды талап етеді, және де ең қауіпті немесе ақылға сыймайтын бұйрықтарға бағынбағаны немесе дауласқаны үшін өлім жазасы қолданылатыны әділ; дегенмен біз солдатқа оның қаза болуы күмінсіз зеңбірек өңешіне баруды немесе қорған қабырғасының ойылып түскен жерінде тұруды бұйыра алатын сержанттың сол солдатқа өз ақшасының бір пенниін болса да бер деп бұйыра алмайтынын көреміз; тап сол сияқты өзінің орнын өз бетімен тастап кеткені немесе барып тұрған ақылға сыймайтын бұйрықтарға мойынсұнбағаны үшін оны өлім жазасына кесе алатын генерал, оның өмірі мен өліміне абсолютті билігі бола тұрып, сол солдаттың меншігіндегі бір фартингке де билік ете алмайды немесе оның мүлкінің болар-болмас бөлігін иелене алмайды; дегенмен ол
солдатқа қандай да болмасын бұйрықты бере алады және болар-болмас мойынсұнбаушылық үшін дарға аса алады, өйткені тап осындай көзсіз бағыну бұл билікке командирдің ие болу мақсатына, яғни, басқаларды сақтауға қол жеткізу үшін қажет; бірақ оның мүлкіне билік ету құқығының бұған ешқандай қатысы жоқ. 140. Үкіметтерді үлкен шығындар жұмсамай ұстап тұру мүмкін емес екендігі рас, және өзін қорғау үлесін пайдаланатын әрбір адам оны ұстауға кететін үлесті өзінің мүлкінен төлеуге тиіс. Бірақ дегенмен бұл оның өз келісімімен, яғни, не тікелей өзі, не өздері сайлаған өкілдер арқылы берілетін көпшіліктің келісімімен жасалуы керек. Өйткені, егер әлдекім халықтың тарапынан келісімсіз өзінің жеке билігімен салық енгізу және оны халықтан жинау құқығын талап ететін болса, сонысымен ол меншіктің негізгі заңына қаскүнемдік жасайды және үкімет мақсатының жүзеге асырылуына кедергі жасайды. Басқа адам ойына келген уақытта, өз құқығы бойынша ала алатын болса, менің қандай меншік құқығым болуы мүмкін? 141. Төртіншіден, заң шығарушы орган заң шығару құқығын басқа біреулерге бере алмайды. Өйткені бұл халық сеніп тапсырған құқық, сондықтан оған ие болған адамдар, оны басқаларға бере алмайды. Мемлекет пошымын заң шығарушы өкіметті құру және ол өкіметті ұстайтын адамдарды тағайындау арқылы халық қана орната алады. Және халық: біз заңның нұсқауларына бағынып, біз үшін осындай адамдар, осындай пошымда жасаған заңдар арқылы басқарылатын боламыз деп мәлімдейтін болса, – басқа ешкім де халық үшін заңдарды басқа адамдар жасайды дей алмайды; дәл сол секілді халық та, халық сайлап, сол үшін заңдар шығару өкілеттігі берілген адамдар шығарған заңдардан өзге заңдарға матастырыла алмайды. Заң шығару билігі, ол оң көзбен қараған ерікті сый және орнату арқылы халықтан болғандықтан, осы сый арқылы берілгеннен басқа ештеңе бола алмайтындықтан, ал ол заң шығарушыларды емес, тек заңдар шығару үшін жасалғандықтан, заң
шығару органы өзінің заң шығару билігін басқа біреуге сеніп тапсырып басқаларға бере алмайды. 142. Кез-келген мемлекеттің басқарудың барлық пошымдарында заң шығарушылар өкіметі үшін қоғам берген өкілеттіктер және құдай мен табиғат белгілеген заң шектері міне осылар. Біріншіден, олар жарияланған белгіленген заңдар бойынша басқаруға тиіс, әрбір жекелеген жағдайда олар өзгермеуге тиіс, керісінше, бай үшін де, жарлы үшін де, сарайдағы фаворит үшін де, соқа соңындағы шаруа үшін де бір заң болуға тиіс. Екіншіден, бұл заңдар халық игілігінен басқа ешқандай өзге түпкі мақсатқа арналмауға тиіс. Үшіншіден, олар халықтың өзінің немесе өз өкілдері арқылы берген келісімінсіз оның меншігіне салықты көбейтпеуге тиіс. Және бұл, әрине, тек қана заң шығарушы органы үздіксіз жұмыс істейтін немесе халық, бері салғанда заң шығарушы билікті белгілі бір бөлігін оқтын-оқтын өздері сайлайтын депутаттарға беріп қоймаған мемлекеттерге қатысты. Төртіншіден, заң шығарушы орган заң шығару билігін халық сеніп тапсырған адамнан басқа қандай да бір адамға бермеуге тиіс және бере алмайды немесе қайта сеніп тапсыра алмайды.
XІІ тарау
Мемлекеттегі заң шығарушы, атқарушы және федерациялық
билік туралы
143. Заң шығарушы өкімет дегеніміз – қоғамдастық пен оның мүшелерін сақтау үшін мемлекеттің күші қалай қолданылуға тиіс екендігін көрсету құқығы бар өкімет. Бірақ тұрақты сақталуға тиіс және күші үзілмейтін заңдар қысқа уақыт ішінде жасала алатындықтан, заң
шығарушы органның үнемі, істейтін ештеңесі жоқ кезде де, жұмыс істеуі шарт емес. Және мұның үстіне, адам табиғатысының биліктен айрылмауға бейім әлсіздігі тұсында әзәзілдіктің тым күшті болатыны соншалық, заң жасау билігіне ие адамдар оны орындау құқығын да өздерінің уысында ұстап, өздері шығарған заңдарға өздерінің бағынбауын көздейтін, заңды жасаған кезде де, оны орындаған кезде де заңды өз пайдасына жарату мүмкіндігін ойластыруы да мүмкін; осылайша олардың мүдделері бүкіл қоғамдастық мүддесінен өзгеше, қоƒам мен басқарудың мақсаттарына қарама-қайшы болып шығады. Міне сондықтан бүтіннің игілігі тиісінше ескерілетіндей етіп жақсы орнатылған мемлекеттерде заң шығарушы өкімет тиісінше жиналып, өздері немесе басқа өкімет орындарымен бірлесіп заң шығару билігіне ие болатындардың қолына беріледі; олар мұны орындаған соң, қайтадан бөлініп, өздері шығарған сол заңдардың күшіне бағынатын болады; бұл олар үшін жаңа және өздері заңдарды қоғам игілігі үшін шығаруын қадағалайтын болуына итермелейтін міндет. 144. Бірақ бір ғана рет әрі қысқа мерзімде шығарылатын заңдардың тұрақты әрі орнықты күші болатындықтан және үздіксіз орындалуын немесе олардың орындалуын бақылауды қажет ететіндіктен, жасалған және күшінде болатын заңдардың атқарылуын үнемі бақылап отыратын өкіметтің болуы шарт. Осылайша, заң шығарушы және атқарушы өкіметті жиі-жиі бөліп отыру керек. 145. Әрбір мемлекетте тағы бір өкімет болады, оны табиғи өкімет деп атауға болады, ол әрбір адам қоғамға кіргенге дейін ие болған билікке сәйкес келеді. Мемлекетте оның мүшелері бір-бірінен өзгешеленетін кісілер болып табылатынымен және сондай кісілер ретінде қоғам заңдарымен басқарылатынымен, адамзаттың қалған бөлігі жөнінде олар бір бүтінді құрайды, ол бүтін бұрын жаратылыстық ахуалда болған өзінің әрбір мүшесі секілді адамзаттың қалған бөлігі жөнінде әлі де жаратылыстық ахуалда бола береді. Осыдан, қоғамдағы адамдар мен қоғамнан тыс адамдардың арасында туындайтын даулардың барлығы
халықтан шығады деуге болады; және оның мүшелерінің біреуіне келтірілген нұқсан осы нұқсанныœ есесін қайтару мәселесінде бүкіл халыққа қатысты болады. Сөйтіп, осыны ескергенде, барлық қоғамдастық қалған мемлекеттердің барлығы немесе осы қоғамдастыққа жатпайтын адамдар жөнінде жаратылыстық ахуалдағы бір бүтінді көресетеді. 146. Демек, соғыс пен бейбітшілік құқығы, каолициялар мен одақтарға қатысу құқығы, сондай-ақ осы мемлекеттен тыс барлық адамдармен және қоғамдастықтармен барлық істерді жүргізу құқығы осыған жатады; егер қаласаңыз, бұл өкіметті федерациялық билік деп атауға болады. Мәні түсінікті болса жеткілікті, ал атауына келсек ол маған бәрібір. 147. Осы екі өкімет – атқарушы және федерациялық өкіметтер олардың біреуі қоғамның муниципиялдық заңдарын өзінің ішінде, өзінің бөліктері болып табылатын баршаға қатысты атқаруды қамтитындықтан, екіншісі өзі пайда таба алатын немесе өзіне нұқсан келуі мүмкін баршамен қатынастар сыртқы қауіпсіздік пен қоғам мүдделеріне басшылықты қамтитын болғандықтан бір-бірінен айырмашылығы бола тұрса да, өкіметтің бұл екі түрі әрқашан дерлік бірлесе жұмыс істейді. Және осы федерациялық өкіметтің, жақсы немесе жаман жүзеге асырылса да, мемлекет үшін орасан зор маңызы болғанымен, атқарушы билікке қарағанда, өзінен бұрынғы тұрақты оң заңдарды басшылыққа алуға қабілетсіздеу; сондықтан ол қажеттілігіне қарай, қоғамның игілігіне бағытталуы үшін, кімнің қолында болса, солардың естілігі мен даналығына берілуі керек. Өйткені бодандардың өзара қарым-қатынасы жөніндегі заңдар олардың қарекеттерін басқаруға бағытталған және олардан бұрын қабылдана алады. Бірақ, шетелдіктерге қатысты жасалмақ нәрсе, көбінесе олардың істеріне және ойлары мен мүдделеріне қатысты болатындықтан, мұны көп жағдайда бұл билік сеніп тапсырылғандардың өнері мемлекеттің пайдасына ең озық нәрселерді басшылыққа алуы үшін, олардың естілігіне сеніп тапсыру керек.
148. Әрбір қоғамдастықтағы атқарушы және федерациялық билік шын мәнінде, мен айтқандай, бір-бірінен өзгеше болса да, оларды бір мезгілде бөліп, әртүрлі адамдардың қолына берген жөн бола қоймас? Өйткені бұл екі өкімет те өздерінің жүзеге асырылуы үшін қоғамның күштерін талап етеді ғой, сондықтан да мемлекеттің күшін әртүрлі және бір-біріне бағынбайтын қолда шоғырландыру немесе атқарушы және федерациялық билік тәуелсіз қарекет жасай алатын адамдардың қолына сеніп тапсырылатын жағдай жасау мүмкін емес дерлік нәрсе, олай етілсе қоғамның күші әртүрлі басшылықтың қарамағында болады да, мұның өзі ерте ме, кеш пе тәртіпсіздік пен құрып кетуге апарып соқтырады.
XІІІ тарау
Мемлекеттегі өкіметтердің бір-біріне бағыныштылығы туралы
149. Өзінің базисіне сүйенетін және өзінің төл табиғатына сәйкес қарекет жасайтын, яғни, қоғамдастықты сақтау үшін қарекет жасайтын конституциялық мемлекетте небәрі бір-ақ жоғарғы өкімет, атап айтқанда, қалғандарының барлығы бағынатын заң шығарушы өкімет бола алса да, заң шығарушы өкімет небәрі белгілі бір мақсаттар үшін қарекет жасауға тиіс сенім білдірілген өкімет қана, сондықтан да халық заң шығарушы өкімет көрсетілген сенімге кереғар қарекет жасайтынын көрсе, халықта бұрынғысынша заң шығарушы органды жою немесе алмастырудың жоғарғы билігі қалады. Өйткені сенім негізінде берілген барлық билік бір мақсатқа қол жеткізуге арналады және осы мақсатпен шектеледі; ал осы мақсатты анық елемейтін болса немесе оған қарсылық көрсетсе, онда қажетіне қарай сенім қайтарылып алынуы тиіс, сөйтіп билік, оны бергендерге қайтады, және олар өздерінің қауіпсіздігі мен игілігі үшін қалай жақсырақ болады деп есептесе, солай жаңадан орната алады. Осылайша, қоғамдастық өзін кімнің де болсын, тіпті өзінің заң
шығарушыларының да (олар соншалық ақымақ немесе боданының бостандықтары мен меншігіне қарсы қаскүнемдік ұйымдастырып, оны жүзеге асыратын соншалық қара ниетті болған жағдайларда) қастандықтары мен арам пиғылдарынан құтқару үшін жоғарғы билікті тұрақты сақтап қалады. Өйткені бір де бір адамның, немесе бір де бір адамдар қоғамының өзінің амандығын немесе, демек, оның құралдарын басқа біреудің абсолютті еркі мен деспоттық үстемдігіне беру билігі жоқ: әлдебіреу оларды осындай құлдық ахуалға жетелегісі келетін кезде, олар өздерінің айырылуға хақысы жоқ нәрсесіне құқығын, сондай-ақ өздері сол үшін қоғамға кірген осынау өзін-өзі сақтаудың негізгі қасиетті де айнымайтын заңына қол сұғушылардан өзін құтқару құқығын әрдайым сақтап қалады. Осылайша, бұл тұрғыда қоғамдастықты әрдайым жоғарғы билік деуге болады, бірақ басқарудың қандай да бір пошымы болған кезде оны сондай деп санауға болмайды, өйткені, халықтың бұл билігі үкімет таратылғанға дейін жүзеге асырыла алмайды. 150. Басқару бар кездің барлық жағдайында да заң шығарушы билік жоғарғы билік болыпқала береді. Өйткені басқалар үшін заң шығара алатын нәрсе олардан биік болуға тиіс қой; ал заң шығарушы өкімет қоғамның барлық бөліктері және әрбір мүшесі үшін оларға мінез-құлық ережелерін жазып және олар бұзылған жағдайда жазалау үшін күш беретіндіктен қоғамда ғана заң шығарушы бола алатындықтан, заң шығарушы өкімет қажетіне қарай жоғарғы өкімет болуға тиіс және қандай да бір мүшелер немесе қоғамның бөліктері арқылы қалған өкімет содан туындап, соған бағынады. 151. Заң шығарушы орган ылғи жұмыс істей бермейтін, ал атқарушы өкімет өзі де заң шығарушы органға қатысатын бір адамға сеніп тапсырылған кейбір мемлекеттерде сол бір кісіні зордың күшімен жоғарғы өкімет деп атауға болады. Мұның өзі сол адам жоғарғы өкімет болып табылатын заң шығару билігіне бір өзі ие болатындықтан емес, оның өзінің жоғарғы атқару құқығына ие екендігіне, бағынышты билік түрлері
немесе, бері салғанда, төмен тұрған барлық мансап иелері ие болып отырған олардың басым бөлігі содан туындайды; оның үстінен қарайтын жоғарғы заң шығарушы орган болмағандықтан, оның келісімінсіз жасалуы мүмкін заң болмағандықтан, – оны күндердің күнінде заң шығарушы органның қалған бөлігіне бағындыратын заң болар деп күтуге бола қояр ма екен, – ол мұндай жағдайда жоғарғы билік деп әділ түрде атала алады. Бірақ оған ант және адалдыққа серт берілетін болса да, ол оған жоғарғы заң шығарушы ретінде емес, оның және басқалардың бірлескен пәрменімен жасалған заңды жоғарғы атқарушы ретінде беріледі; серт дегеніміз небәрі заңға сәйкес бағынушылық қана; ол осы заңды бұзған кезде, ол бағынуды талап ете алмайды және заң билігі берілген қоғам қайраткері ретінде болмаса, басқаша жағдайда оны талап ете алмайды; сондықтан оны мемлекеттің бейнесі, елесі немесе қоғам заңдарында жария етілген соның еркімен әрекет ететін өкілі деп санау керек; демек, оның заңдағыдан басқа еркі де, билігі де жоқ. Бірақ ол осы өкілдіктен, осы қоғамдық еріктен айрылып, өзінің жеке еркі бойынша қарекет еткен кезде, ол төмендеп, небәрі билігі жоқ, еркі жоқ, бағындыруға құқығы жоқ жеке адам болып шығады; қоғам мүшелері тек қоғамның еркіне ғана бағынуға міндетті. 152. Кімнң де болса қолында болып, бірақ заң шығарушы органға қатысатын адамның қолында болмайтын атқарушы билік заң шығарушы өкіметке бағынышты және соған есепті болатыны және сол өкіметтің қалауы бойынша өзгертіле немесе орнынан босатыла алатыны анық; бұл бағыныштылықтан жоғарғы атқарушы билік емес, бір адамға сеніп тапсырылған жоғары атқарушы билік бостан заң шығарушы органға қатыса отырып, онда өзі бағынатын және есеп беретін жоғары тұрған жеке заң шығару органы болмайды, оған өзі қаншалықты қосылып, келісім беретін дәрежеде ғана бағынышты болады деген сөз; осылайша, оның бағыныштылығы өзі қажет деп тапқан шамадан көп болмайды, ал мұның өзі ең елеусіз шамадағы ғана бағынштылық деп кесіп айтуға болады.
Мемлекеттегі басқа министрлік және бағынышты өкіметтер туралы айтып жатудың қажеттігі жоқ, өйткені олардың көптігі және жекелеген мемлекеттердің түрлі салттары мен мемемелерінде сан қилы түрде орын алатындығы соншалық, олардың барлығы туралы егжей-тегжейлі айтып беру мүмкін емес. Біз небәрі біздің мақсатымыз үшін қажеттісіне ғана тоқталамыз және олардың белгілі бір тарту әрі тапсырма ретінде берілгенінен басқа бір де біреуі биліктің қандай да бір түріне ие еместігін, олардың барлығы мемлекеттегі қандай да бір басқа билік алдында есеп беретіндігін атап өтеміз. 153. Егер заң шығарушы органның үздіксіз жұмыс істеуінің ешқандай қажеттігі жоқ, тіпті одан келетін зор ыңғайлылық та жоқ. Алайда мұның өзі атқарушы өкімет үшін абсолютті қажет: жаңа заң шығаруға мұқтаждық ылғи бола бермейді, бірақ жасалған заңдарды әрдайым орындап отыру керек қой. Заң шығарушы орган өзі шығарған заңдардың атқарылуын басқалардың қолына бергенде, онда тиісті бір себеп болса, оны басқалардың қолынан қайтып алып, заңдарды бұзатын кез-келген жаман басқару үшін жазалау билігі қалады. Бұл федерациялық өкімет жөнінде де әділетті, өйткені ол да, атқарушы өкімет те – екеуі де министірлік өкімет болып табылады және заң шығарушы өкіметке бағынышты, өйткені ол конституциялық мемлекетте, көрсетіп бергеніміздей жоғарғы өкімет болып табылады. Бұл жағдайда сондай-ақ заң шығарушы орган бірнеше адамнан (егер ол бір адамнан тұратын болса, онда ол үздіксіз жұмыс істемей тұра алмайды, осылайша, жоғарғы билік ретінде, әрине, заң шығарушы өкіметпен бірге жоғарғы атқарушы өкіметке де ие болады) тұрады деп көзделеді, олар бастапқы конституцияда көзделген немесе алдыңғы сессия аяқталған кезде олардың шешімімен белгіленген мерзімдер, немесе, егер шақырылым уақыты еш жерде көзделмеген яки олардың шақырылымы басқаша бір түрде ұйғарылмаған болса, өздері қалаған кезде жиналып, өздерінің заң шығарушы функцияларын жүзеге асыра алады. Өйткені жоғарғы билікті оларға халық
сеніп тапсырған, олар әрқашан сол биліктің иесі және, егер олардың бастапқы конституциясы оларды белгілі бір кезеңдермен шектемесе немесе олар өздеріне тиесілі жоғарғы биліктің актысымен оны белгілі бір мерзімге ауыстырмаса, өздері қалаған кезде жүзеге асыра алады, және сол шақ туған кезде олардың жиналып, қайтадан қарекет жасай бастау құқығы бар. 154. Егер заң шығарушы орган немесе оның қандай да бір бөлігі сол мерзімге халық сайлаған, содан кәдімгі бодандық ахуалына қайта оралатын және, егер жаңадан сайланбаса, заң шығарушы органға қатыспайтын өкілдерден тұратын болса, онда бұл сайлау құқығын да халық белгілі бір тағайындалған мерзімде, не ол осыны жасауға шақырылған кезде жүзеге асыруы керек. Осынау соңғы жағдайда заң шығарушы органды шақыру құқығы әдетте атқарушы өкіметке беріледі және мерзім жөнінде мынадай екі шектеудің бірі болады: не бастапқы конституция өкілдердің белгілі бір уақыт өткеннен кейін жиналып, қарекет жасауын талап етеді, сонда атқарушы өкімет оларды сайлауға және шақыруға басшылық нұсқауды тиісті пошымдарға сәйкес ресми басып шығарудан басқа ештеңе істемейді, яки жағдай немесе халықтың зәру мұқтажы ескі заңдардың өзгертілуін, не жаңа заңдар шығарылуын немесе халық бастан кешіп отырған немесе оған төніп тұрған кез-келген қолайсыздықтарды жою не алдын алуды талап еткен жағдайда оларды жаңа сайлаулар арқылы шақыру туралы шешім шығару атқарушы өкіметтің пайымына беріледі. 155. Бұл арада мынадай сұрақ қойылуы мүмкін: бастапқы конституция мен халық соны талап ететіндігіне қарамастан, егер мемлекет күшіне ие атқарушы өкімет бұл күшті заң шығарушы органның шақырылуына және жұмыс істеуіне кедергі келтіру үшін пайдаланса не болады? Мен мынаны кесіп айтамын: халық жөнінде күш қолдану, сөйтіп өзіне білдірілген сенімге кереғар қимылдау дегеніңіз халықпен соғыс ахуалын туғызу, ал халықтың өз өкіметін жүзеге асырып отыру үшін өзінің заң шығарушы органын қалпына келтіру ± ығы бар. Өйткені
халық заң шығарушы органды не белгілі бір уақытта, не қажеттілік туған уақытта өзінің билігін жүзеге асырып отыру үшін құрған, ал қандай да бір күш қоғам үшін қажет және халықтың қауіпсіздігі мен амандығы соған байланысты нәрсені істеуге кедергі келтіретін болса, халық бұл күшті күшпен жоюға хақылы. Барлық жағдайлар мен ахуалдарда жүгенсіздік күшіне қарсы ең жақсы құрал – оған нақ күшпен қарсы тұру. Өкілеттіксіз күш қолдану оны қолданғанды қашанда агрессор ретінде соғыс ахуалына душар етеді және оған тиісінше қарсы шығуға құқық береді. 156. Заң шығарушы органды шақыру және тарату құқығы – атқарушы өкімет ие болып отырған құқық – атқарушы өкіметке заң шығарушы өкіметтен жоғары тұру құқығын бермейді, ол тек сеніп тапсырылған өкілеттік қана, бұл өкілеттік оған адам істерінің құбылмалылығы мен аумалы-төкпелілігі тұрақты белгіленген ережеге төзе алмайтын жағдайларда халықтың қауіпсіздігі үшін берілген. Мемлекетті алғашқы құрушылардың қандай да бір көріпкелдіктің арқасында заң шығарушы органдарды шақырудың және оның жұмысының ұзақтығының дәл анықталған кезеңдерін мәңгілікке белгілейтіндей және де бұл мемлекеттің барлық қажеттеріне дәл жауап беретіндей етіп белгілейтіндей ахуалда болып, болашақ уақиғаларды соншалық көре білуі мүмкін емес қой. Осынау кемшілікке қарсы ең жақсы құрал мұны қай кезде де көз алдында болатын және міндетті қоғамдық игілікті қадағалап отыру болатын адамдардың ақыл-есіне сеніп тапсыру еді. Заң шығарушы органның ұдайы жиі шақырылуы және оның отырыстарының, аса қажет болмаса да, ұзаққа созылуы халық үшін ауыр болмай қоймайды және уақыт өте міндетті түрде әлдеқайда қауіптірек қолайсыздықтар туғызады; соған қарамастан оқиғалардың шапшаң өрбуі кей кезде бұл органның жедел көмегін талап етуі, оны шақыруды сәл де болса кідірту халыққа қауіп төндіруі мүмкін; кей кезде осы орган қарайтын мәселелердің маңызының зор болатындығы соншалық, оның отырыстарының шектеулі уақыты оның жұмысы үшін тым қысқа болып, халықты келелі талқылау арқасында алуы мүмкін
игіліктен айыруы мүмкін. Қоғамдастық заң шығарушы органның шақырылуы мен оның жұмысының аралығы мен кезеңдерінің бір рет барлық уақытқа белгіленуінен ара-тұра әр тараптан төнетін сөзсіз қауіпқатерге ұшырамауы үшін мұндай жағдайларда мұны төрт көзі түгел отырып, қоғамдық істердің аужайын жілікше шағатын, бұл құзырын қоғам игілігіне пайдалана алатындарға сеніп сеніп тапсырудан басқа не істеуге болар еді? Ал мұны нақ сол мақсат үшін заңдарды орындау сеніп тапсырылған адамдардан артық кімнің қолына беруге болады? Осылайша, заң шығарушы органның шақырылымдары мен отырыстары үшін уақыт бастапқы конституциямен белгіленбесе, онда ол, атқарушы өкіметтің (және де өз қалауына тәуелді деспоттық өкімет ретінде емес) қолына өтеді, бұл өкілеттіктер әрқашан тек қоғамның игілігі үшін, оқиғалар мен істердегі өзгерістер талап ететініндей етіп пайдаланылуға тиіс. Заң шығарушы органды шақырудың белгілі бір мерзімі бар кезде немесе бұл тақсырдың шешуіне берілген кезде, немесе, бәлкім, екеуі де араласқанда қолайсыздықтар аз болады ма дегенді айқындау менің міндетіме жатпайды; менің бар болғаны атқарушы өкіметте заң шығарушы органның мұндай сессияларын шақыру және тарату дәргейі болғанымен, осының салдарынан ол одан жоғары бола алмайтынын көрсеткім келді. 157. Бұл дүниедегі заттар үздіксіз өзгерісте болатыны сондай, ештеңе де ұзақ уақыт бір ахуалда қала алмайды. Мәселен, халықтар, байлықтар, сауда-саттық, күш өзінің орындарын өзгертіп отырады; гүлденген құжіретті қалалар жермен-жексен болып, уақыт өте келе ұмыт қалған құлазыған жерлерге айналады, жекелеген шалғай жерлер байлығы да, халқы да асып-тасқан, жұрты мол елдерге айналып жатады. Бірақ заттар үнемі бірдей өзгермейді, жеке мүдделер, негіз жоқ болған күннің өзінде де, салттар мен артықшылықтарды көбіне-көп сақтап қала береді; заң шығарушы органның бір бөлігі халық сайлайтын өкілдерден тұратын мемлекеттерде уақыт өте келе бұл өкілдік барынша тең болмайтын, сөйтіп бастапқыда белгіленген негіздерге сәйкес келмейтін жағдайлар жиі
болады. Мұндай сұмдық жөнсіздіктерге ешқандай мән-мағынасы қалмаған салттарды сақтау жетелейтінін, біз, егер қирандылардан басқа ештеңесі қалмаған, қой қораларынан басқа ешқандай құрылысы, қойшыдан басқа ешқандай тұрғыны қалмаған, сөйте тұра заң шығарушылардың ұлы жиналысына халқы көп және зор байлығы бар графтықтармен бірдей өкілдер жіберетін қаланың тек атауына көңіл бөлсек көз жеткіземіз. Жатжерліктер бұған қайран қалады және әркім-ақ тиісті шаралар қолдану қажеттігін мойындауға мәжбүр, бірақ көпшілік бірдеңе ойлап табу қиын деп санайды, өйткені заң шығарушы органның құрылысы қоғамның ең бірінші және жоғарғы актысы болып табылады, оның барлық оң заңдарының алдында тұрады және тек халыққа ғана тәуелді, сондықтан бірде-бір төменгі билік оны өзгерте алмайды. Міне сондықтан, біз айтқан басқару жүйесінде заң шығарушы орган бір рет құрылғаннан кейін, бұл басқару жүйесі тұрған кезде халықтың шара қолдана алатын ешқандай билігі болмайды; бұл қолайсыздыққа қарсы ешқандай амал жоқ деп ойлайды. 158. Salus populі suprema lex, дау жоқ, әділ де негізгі заң, оны шын көңілмен ұстанған адам қандай да бір қатерлі адасушылыққа ұшырамайды. Демек, заң шығарушы органды шақыру құқығы бар атқарушы өкімет өкілдіктің пошымынан гөрі дұрыс пропорциясы туралы көбірек қам жеп, дербес өкілдік жасау құқығы бар барлық жерлерден сайланатын мүшелер санын (бұған халықтың ешқандай да бөлігі, ол қанша жерден біріккен болса да, қоғамға көрсететін көмегіне пропорциялы түрде ғана дәмелене алады) ескі салт бойынша емес, парасатты негізде реттейтін болса, онда бұл жағдайда жаңа заң шығарушы орган құрылады деп санауға болмайды, керісінше, ескі мен қазіргі орган қалпына келтіріліп, уақыт өте келе соншалық елеусіз де сөзсіз пайда болған келеңсіздіктер түзетіледі. Өйткені халықтың мүддесі мен ниеттері әділ де тең өкілдік болуын талап етеді ғой; оны осыған жақындататын адам қаяусыз дос және үкіметті орнатушы болып табылады және қоғамдастықтың келісімі мен мақұлдауына ие
болмай қоймайды. Айрықша құқық дегеніңіз күтпеген және құбылмалы оқиғаларға байланысты белгілі бір және өзгермейтін заңдар сенімді басшылық бола алмайтын жағдайда қоғам игілігі жөніндегі қамқорлық жасау үшін тақсырдың қолына берілген билік қана; халық игілігі үшін ашық түрде және үкімет билігін оның шынайы негіздерінде орнату үшін не істелсе де – бұл дегеніңіз әділ айырықша құқық болып табылады және бола береді. Жаңа бірлестіктер құру және осыған байланысты жаңа өкілдерді сайлау құқығы мынаны ескереді: уақыт өте келе өкілдік нормалары өзгеруі мүмкін, және бұрын өкілдік ету құқығы болмаған жерлер өкілдер жіберудің әділетті құқығына ие болады, тап сол себеппен құқығы барлар одан айырылып, бұрын өздерінде болған артықшылықтарды сақтау үшін тым елеусіз болып қалады. Үкіметке қастандық, тегінде, сатқындық пен іріп-шірудің салдарынан пайда болған қазіргі жағдайды өзгерту емес, қайта соның өзінің халыққа нұқсан келтіруге немесе оны қанауға, сондайақ қалған бүкіл қоғамнан өзгеше және ол жөнінде артық жағдайда болатын қандай да бір топ немесе партия құруға ұмтылысы. Қоғам мен бүкіл халық үшін пайдалы деп танылмауы мүмкін емес және әділ де байыпты шаралар көмегімен жүзеге асырылатын нәрсенің бәрі, ол жүзеге асырылған кезде, әрқашан, өзін-өзі ақтайды; егер де халық өзінің өкілдерін әділетті де, дау жоқ, үкіметтің бастапқы құрылымына сәйкес келетін тең пропорциялар негізінде сайлайтын болса, онда бұл оған кім рұқсат бергеніне немесе бұған кім себеп болғанына қарамастан, қоғамның еркі мен актысы болатындығына күмәндануға орын жоқ. ХІV тарау Айрықша құқық туралы
159. Заң шығарушы және атқарушы өкімет әр қолда болатын (барлық қанағатшыл монархиялар мен дұрыс ұйымдастырылған үкіметтерде орын алатынындай) жерде, қоғам игілігі кейбір нәрселердің атқарушы өкімет иелерінің ақыл-есіне сеніп берілуін талап етеді. Өйткені заң шығарушылар
бәрін бірдей күнілгері көре алып, қоғамдастыққа пайдалы болуы мүмкін барлық жағдайларға арнап тиісті заңдар шығара алмайды ғой, міне сондай кезде, заңдарды орындаушы, қолында билігі бар болғандықтан, табиғаттың ортақ заңы негізінде оны, муниципиялық заң ешқандай нұсқау бермейтін көптеген жағдайларда, заң шығарушы органды жинап, тиісті заң қабылдауға ыңғайлы болғанға дейін, қоғам игілігі үшін пайдалану құқығына ие болады. Заң күні бұрын қайтсе де көздей алмайтын көптеген нәрселер бар; оларды атқарушы билік кімнің қолында болса, соған, ол қоғам игілігі мен пайдасы қалай талап етсе, солай жұмсауы үшін, оның ақыл-есіне сеніп беру қажет; ол-ол ма, кейбір жағдайларда, қоғамның барлық мүшелері мүмкіндігінше сақталуы үшін заңдардың өздері атқарушы өкіметке, яғни дұрысырағы, табиғат пен басқарудың осынау негізгі заңына орын беруі қажет. Өйткені заңдарды қатаң да бұлжытпай сақтау зиян тигізетін (мысалы, көрші үй өртеніп жатқанда, өртті сөндіру үшін кінәсіз адамның үйін бұзып тастауға болмайтыны сияқты) толып жатқан жағдайлар туындауы мүмкін ғой, кейде адам марапатталып, кешірілуге тиісті қадамы үшін адамдарды ажыратып жатпайтын заңдардың күшіне ұшырауы мүмкін; билеушінің көптеген жағдайларда заңның қатаңдығын кемітіп, кейбір қылмыскерлерге кешірім жасау билігі болуы керек, өйткені үкіметтің мақсаты мүмкіндігінше барлығын сақтау болып табылады, және егер жазықсыздарға нұқсан келтірмейтін болса, тіпті жазықтыларды да аяу керек. 160. Айрықша құқық деп аталатын нәрсеңіз қоғам игілігі үшін, заңның нұсқауларына сүйенбей, кейде тіпті оған қарсы өзіңнің ақылыңа сай қарекет жасауға мүмкіндік беретін дәл осы билік. Кейбір басқару жүйелерінде тұрақты жұмыс істейтін заң шығарушы өкімет болмайтындықтан және әдетте тым рабайсыз үлкен болып, сондықтан тым қимылдайтындықтан, ал заңды атқару үшін жылдамдық керек етілетіндіктен және сондай-ақ бәрін күнілгері болжап, қоғамға қатысты барлық қажетті жағдайларға арнап тиісті заңдар жасап қою, немесе барлық
жағдайларда және ол қатысы бар барлық адамдар жөнінде бұлжымайтын қатаңдықпен орындалғанда зиян тигізбейтін заңдар жасау мүмкін еместіктен, сондықтан да атқарушы өкіметке заңда көзделмеген көп нәрсені өз қалауымен істеу бостандығы беріледі. 161. Осынау билік, ол қоғам игілігі үшін және үкіметтің жауапкершілігі мен мақсаттарына сәйкес пайдаланылатын кезде, сөз жоқ, айрықша билік болады да, ешқашан күмән туындатпайды. Өйткені адамдар барлық нәрсенің бүге-шігесіне дейін мұқият және бұлжытпай орындалуын өте сирек талап етеді немесе тіпті ешқашан талап етпейді; олар айрықша құқық өзі арналған мақсат үшін, яғни халыққа анық зиян тигізетіндей емес, оның игілігі үшін белгілі бір ыңғайда пайдаланылып отырған кезде оны зерттеп тексеруден аулақ тұрады. Бірақ атқарушы өкімет пен халықтың арасында айрықша құқық деп аталатын нәрсеге қатысты күмән пайда болса, мұндай айрықша құқықты халықтың игілігіне немесе оған зиян келтіріп қолдануға бейімділік осы күмәнді оп-оңай шешеді. 162. Үкіметтің нәресте шағында, мемлекеттер адам саны жағынан отбасылардан онша көп ерекшеленбейтін кезде, олар заңдарының саны бойынша да олардан аса өзгешелене қоймағандығын түсіну оңай. Билеушілер халыққа оның өзінің игілігі үшін қамқор әкелеріндей болған соң, басқару толықтай дерлік айрықша құқық болатын. Аз ғана белгіленген заңдар жетіп жататын да, қалғаны билеушінің ақыл-есі мен қамқорлығына берілетін. Бірақ қателік пен жарамсақтық әлсіз тақсырларды бұл билікті ортақ игілікке емес, өздерінің жеке мақсаттарына пайдалануға жетелеген кезде халық айрықша құқықты өздеріне нұқсан келетін түстарда белгілі бір заңдар арқылы шектей бастады. Міне осылайша, халықтың өзі және оның ата-бабалары бұрын бұл айрықша құқықты тек қана әділет жолымен, яғни, өз халқының игілігіне пайдаланған тақсырлар естілігіне толық шешімдер бостандығын берген жағдайлардағы айрықша құқыққа енді шектеу енгізу қажет деп тапты.
163. Демек, айрықша құқықтың белгілі бір заңдармен белгіленген қандай да бір бөлігін шектегенде, халық оған қастандық жасайды дейтіндердің басқару туралы түсінігі тым ауа жайылу ғана. Осылай істегенде халық тақсырдан оған құқық бойынша тиесілі ештеңені тартып алмайды, тек халық оның қолында немесе оның ата-бабаларының қолында, халық игілігіне пайдалансын деп шектеусіз қалдырған билік, тақсыр оны өзге бірдеңеге пайдаланған кезде, ол халық берген билік болудан қалатынын мәлімдейді. Өйткені басқарудың мақсаты қоғамдастықтың игілігі, және осы мақсат үшін онда жасалатын барлық өзгерістер әлдекімге қастандық бола алмайды, өйткені өкімет басындағылардың ешқайсысы қандай да бір өзге мақсат үшін пайдаланатын құқыққа ие бола алмайды; ал қастандық тек қоғам игілігіне нұқсан келтіретін немесе оған кедергі жасайтын нәрсе. Ал басқаша айтатындар, егер тақсырдың қоғамдастық игілігіне ешқандай қатысы жоқ жеке мүдделері болатын және өзі сол үшін жасалмаған секілді ойлайды; ал мұның өзі монархиялық басқаруда орын алатын барлық қасіреттер мен тәртіпсіздіктердің тамыры мен қайнар көзі. Шынында да, егер солай болса, мұндай тақсырдың қоластындағы халық өзара игілік үшін біріккен парасатты тіршілік иелерінің қоғамы болып табылмайды; демек, осы игілікті қорғап, оған жәрдемдесу үшін өздерінің үстінен қарайтын билеушілерді олардың өздері қоймаған; керісінше, оларды өзінің қызығы немесе пайдасы үшін асырап, билеп-төстейтін қожайынның қол астындағы төмен тіршілік иелерінің табыны деп қараған жөн. Егер адамдар мұндай талаптармен қоғамға кіретіндей соншалық парасатсыз және хайуан тектес болатын болса, онда айрықша құқық шынымен-ақ сондай, кейбіреулер иеленгісі келетіндей – халыққа зиян тигізуге бағытталған деспоттық өкімет болып шығар еді. 164. Бірақ парасатты тіршілік иесі бостан бола тұра, өзіне зиян тигізіп, басқа біреуге бағына бастады деп ойлауға (адам жақсы әрі дана билеуші тапса, ол, оның билігін дәл шектеуді қажет деп те, пайдалы деп те санамауы мүмкін болса да) қаншалық айрықша құқық соншалық халықтың
өз билеушілеріне, заң үнсіз қалған кезде, кейбір нәрселерді өз қалауы бойынша, ал кейде, қоғам игілігі үшін, заң талабына қарсы жасауға рұқсаттан өзге ештеңе де емес; және де осылай жасалған кезде халық онымен келіседі. Өйткені өзіне көрсетілген сенімді есінде ұстайтын және өз халқының игілігін ойлайтын жақсы тақсыр тым көп айрықша құқыққа, яғни, жақсылық жасау үшін тым көп билікке ие бола алмайды ғой; ал өзінің ізашарлары заңның міндеттеуінсіз пайдаланған билік өзіне шені бойынша тиесілі, бұл халықтың мүддесінен өзгеше мүддені көздеп немесе жүзеге асырып, өз қалауына қарай пайдалана алатын айрықша құқық болып табылады деп білетін д әрменсіз құқығы туралы мәлімдеп, өзінің игілігі үшін жүзеге асырылған кезде үнсіз жол беріп келген билікті шектеуге ілік береді. 165. Англия тарихына көз жүгірткен адамның ең зор айрықша құқық әрқашан біздің ең дана да ең үздік тақсырларымыздың қолында болғанын көретіні сондықтан, өйткені олардың қарекеттері тұтастай алғанда ортақ игілікке бағытталғанын аңғарып отырған халық осы мақсат үшін заңнан тыс жасалған нәрселерге немесе бұл мақсаттан кейбір шамалы ауытқуларда адамның әлдеқандай әлсіздігі немесе қателігі байқалса (тақсырлар да басқалар сияқты ет пен сүйектен жаратылған адамдар ғой) олар жөнінде дау шығарған жоқ, дегенмен олардың құлқы негізінен халық жөніндегі қамқорлыққа негізделетіні сезіліп тұратын. Сол тақсырларға риза болуға негізі бар халық олар заң бойынша істемеген немесе заңға қарсы істеген жағдайларда жасалған іспен келісіп, титтей де шағым жасамастан, олар барлық заңдардың негізі мен мақсаты – қоғам игілігіне сәйкес істеп, мұнысымен заңдарға нұқсан келтірген жоқ деп әділ санап, олардың өздерінің айрықша құқықтарын қаншалықта болса да ұлғайтуына мүмкіндік бергені тап содан. 166. Егер, абсолютті монархия әлемдегі ең үздік басқару, өйткені алла-тағаланың өзі ғаламды солай басқарады деп дәлелдейтін уәжді пайдаланатын болсақ, мұндай құдай сынды тақсырлардың, шын мәнінде
деспоттық өкіметке біршама құқығы бар; өйткені мұндай корольдердің бойына оның даналығы мен рахымының бір бөлігі қонған ғой. “Жақсы тақсырлардың басқаруы өз халқының бостандықтары үшін қашанда ең қауіптісі болған” деген мақал соған негізделген, өйткені олардың ізбасарлары, тек қана халық игілігі үшін жасалған нәрсе, өздеріне халыққа қалай болса солай зиян келтіруге құқық беретіндей, билікті басқа пиғылдармен қолданып, сол жақсы билеушілердің қарекеттерін үлгі етіп, оны өздерінің айрықша құқығының өлшемі деп санаған. Бұл халық өзінің бастапқы құқығын өзіне қайтарып, ешқашан айрықша құқық болмаған нәрсенің солай деп жарияланбауына қол жеткізгенге дейін жиі-жиі дау туғызып, кейде қоғамдық тәртіпсіздіктер де туындататын, өйткені, қоғамда әлдекімнің халыққа зиян тигізу құқығына ие болуы мүмкін емес нәрсе, дегенмен халықтың қоғамдық игілік шекарасынан өздері де аттап өтпеген корольдердің немесе билеушілердің айрықша құқықтарының шегін белгілеуге ұмтылмауы әбден мүмкін де есті тірлік болатын. Өйткені айрықша құқық, дегеніміз қоғамдық игіліктерді заңнан тыс жасау құқығынан басқа ештеңе де емес. 167. Англияда парламентті шақыру құқығы, уақытына, орны мен мерзіміне қатысты, еш күмәнсіз корольдің айрықша құқығы болып табылады, бірақ ол халық игілігіне уақыт пен жағдай талап ететіндей пайдаланылу шартымен ғана. Өйткені парламенттің қай жерде, қай уақытта жиналғаны жақсырақ екендігінің алдын ала көзделуі мүмкін емес қой, сондықтан бұл жерде таңдау атқарушы билікке беріледі, бұл қоғам игілігіне барынша жақсы жәрдемдесу және парламенттің мақсаттарына сәйкес келу үшін жасалады. 168. Айрықша құқыққа қатысты: “Сонда осы биліктің қолданылуының дұрыстығын айқындайтын қазы кім болмақ?” деген ескі сұрақ қойылатын болады. Жауабым мынадай: осындай айрықша құқығы бар атқарушы өкімет пен оған шақырылу жағынан тәуелді заң шығарушы орган арасында жер бетінде қазы болуы мүмкін емес; дәл сол секілді егер атқарушы яки
заң шығарушы орган билікті өз қолына алып, халықты құлдыққа салғысы немесе жойып жібермек болса, яки соны жүзеге асыра бастаса, заң шығарушы өкімет пен халықтың арасында қазы болуы мүмкін емес. Халықта бұған қарсы ол үшін жер бетінде қазы жоқ барлық өзге жағдайлапр секілді, көкке жүгінуден басқа ешқандай амал жоқ. Өйткені билеушілер, осының бәрін жасауға тырысқан кезде, халық ешқашан олардың қолына бермеген билікті пайдаланады (әлдекімнің өзіне зияны тиетіндей етіп басқаруына халық келіседі деп санауға болмайды ғой), демек, құқығы жоқ нәрсені жасайды. Ал адамдардың бір тобы немесе әлдебір жеке адам өзінің құқығынан айырылып немесе биліктің қысымымен құқықсыз қалса және олардың жер бетінде жүгінетін жері болмаса, онда олар, егер ілік орынды деп санаса, көкке қол жаюға ерікті. Демек, сол қоғамның конституциясы бойынша халық бұл жағдайда пәрменді үкім белгілеп, шығаратын жоғарғы билігі бар қазы бола алмаса да, дегенмен ол адамдардың барлық оң заңдарының ізашары және үстемі болатын заң бойынша, жер бетінде жүгінетін ешкім жоқ жағдайларда бүкіл адамзат ие болатын түпкілікті анықтау құқығын, яғни өзінде көкке жүгіну үшін жеткілікті ілік бар жоқтығын таразылау құқығын сақтап қалады. Және мұқндай таразылаудан халық айырыла алмайды, өйткені басқа біреудің өзін жойып жіберуіне бостандық берерліктей деңгейде өзгеге бағыну адам дәрменінен тыс нәрсе; құдай мен табиғат адамның өзін-өзі сақтауға мән бермейтіндей деңгейде алжасуына ешқашан рұқсат бермеген, және ол өзін-өзі өлтіре алмайтындықтан, басқаға да мұндай құқықты бере алмайды. Осы арқылы мәңгілік тәртіпсіздіктерге негіз қаланады деп ешкім де ойламасын: қолайсыздықтың шектен шығып кететіндігі соншалық, оны көпшілік сезініп, ауырсынатын деңгейге жетіп, сол көпшілік бұл жағдайды түзету қажет деп санағанша ол күшіне енбейді ғой. Бірақ атқарушы өкімет немесе кемеңгер тақсырлар бұл қауіпке ешқашан жол берудің қажеті жоқ, олар бәрінен бұрын нақ осыдан қашуы керек, және ол барлық басқа қауіптердің ішіндегі ең тажалдысы.
XV тарау
Бірге қарастырылатын аталық, саяси және деспоттық өкімет
туралы
169. Менің бұлар туралы жеке-жеке айтқаным бар, бірақ таяудағы өткеннің басқару жөніндегі аса зор қателіктері, менің ойымша, өкіметтің осынау әрқилы түрлерін араластырып жіберуден туындағандықтан, бәлкім, оларды осы арада бірлесетіре қарастыру артық болмас. 170. Сонымен, біріншіден, аталық немесе ата-аналық билік дегеніміз өз балаларына әкелер жүргізетін биліктен өзге ештеңе де емес, бұл билік бойынша олар, балаларының өздерінің игілігі үшін, олар өздерінің парасатын пайдалануды үйренгенге дейін немесе олар өздері басшылыққа алуға тиіс заңдарды, (ол табиғат заңы болсын немесе олардың отанының муниципиялық заңы болсын) түсінетін ахуалға жетті деп санауға болатын дәрежеге дейін – мен сол заңның аясында еркін өмір сүретін басқа адамдар секілді танып-білетін ахуалға деймін – оларды басқарып отырады. Құдай ата-ананың жүрегіне құйған өз балаларына бауыр басушылық пен мейірімділік бұл басқарудың қатал да деспоттық болмауға тиістігін айдан анық етеді, қайта ол тек көмек көрсетуге, оқытуға және олардың ұрпақтарын сақтауға бағытталуы тиіс. Бірақ қалай болған күнде, мен дәлелдеп көрсеткендей, бір кезде ол басқару балалардың өмірі мен өлімі туралы мәселені шешуге келгенде, қандай да бір басқа біреу жөніндегі шешімнен артық таралады деп санауға ешқандай негіз жоқ; тап сол сияқты ата-анасы баланы ол ересек адамға айналғанда да ата-ана билігі өздерінің еркіне бағынышта ұстайды деуге де ешқандай ілік жоқ, әрине, бұған өзін өмірге әкеліп, білім берген соң әкесін де, шешесін де өмір бойы құрметтеп, сыйлап, ризашылық сезімін білдіруге және көмек көрсетіп, сүйеу болуға міндетті екендігі жатпайды. Осылайша, ата-ана басқаруы табиғи басқару
екендігі анық, бірақ ол саяси басқарудың мақсаттары мен құзырына таралмайды. Әке билігінің күші балаларының өздері ғана билік ете алатын меншігіне мүлдем таралмайды. 171. Екіншіден, саяси билік дегеніміз – әрбір адамда жаратылыстық ахуалда өзіне тиесілі болған билікті қоғамның қолына, сол арқылы билеушілерге берген билік, ол билеушілерді қоғам бұл билік қоғам мүшелерінің игілігіне және олардың меншіктерінің сақталуына пайдаланылады деген сенімін ауызша немесе үнсіз білдіріп өзінің үстінен қойған. Демек, жаратылыстық ахуалда әрбір адамда болған және қоғам оны күзете алатын жағдайлардың барлығында қоғамға берген осынау билік оның меншігін қорғау үшін өзі жақсы деп білетін және табиғат жол беретін құралдарды қолдануға, сондай-ақ басқалардың табиғат заңын бұзуын оның және қалған адамзаттың сақталуына жәрдемдесетіндей дәрежеде (өзі қаншалықты төрелік ете алатын деңгейде) жазалауға тиіс. Осылайша, бұл биліктің, жаратылыстық ахуалда әрбір адамның қолында болатын осынау биліктің мақсаты мен өлшемі өзінің қоғамына, жататындарды, яғни тұтас алғанда бүкіл адамзатты қорғау болып табылады, осының пәрменімен мансап иесінің қолындағы бұл биліктің осы қоғамның мүшелерін сақтаудан, яғни олардың өмірін, бостандығы мен мүлкін сақтаудан өзге мақсаты мен өзге өлшемі болуы мүмкін емес. Демек, бұл билік олардың мүмкіндігінше сақталуға тиіс өмірі мен байлығына таралатын деспоттық және абсолютті бола алмайды; керісінше, бұл заңдар жасайтын және оларды бұзғандығы үшін тиісінше жазаларды көздейтін билік болуға, ол жазалар бұзылып кеткендігі соншалық, бүтін де сап-сау тәнге қатер төндіретін, тек қана сондай бөліктерді кесіп тастай отырып, бүтінді сақтауға жәрдемдестін болуға тиіс; мұнсыз ешқандай қаталдық заңды болып табылмайды. Және де осынау билік қоғамдастықты құратындар жасаған шарт пен келісімнен және олардың өзара келісуінен туындайды.
172. Үшіншіден, деспоттық билік дегеніміз абсолютті, шектелмеген билік, ондай билік тұсында бір адам ойына келген уақытта екінші адамның өмірін қиып жібере алатын мүмкіндікке ие болады. Бұл табиғат бермейтін билік, өйткені ол бір адаммен екінші адам арасында мұндай айырма жасамаған; мұндай билікті шарт та бере алмайды; адам өзінің өмірі жөнінде мұншалық шектелмеген билікке ие болмағандықтан, ол өз өмірі жөнінде басқа адамға да соншалық билік бере алмайды; бұл билік агрессор өзін басқамен соғыс ахуалына қойғанда өзіне өз өмірінен айрылу қатерін төндіретіндігінің салдары ғана болып табылады. Өйткені ол құдай берген парасаттан айрылады, оны құдай адам мен адамның арасындағы заң болуы үшін, адамзат баласы бір серіктестікке, бір қоғамға біріккендегі ортақ байланыс болуы үшін берген ғой; парасат үйрететін бейбіт тұрмыс салтынан бас тартып, құқығы болмаса да басқаға өзінің әділетсіз талаптарын күштеп таңу үшін әскери күш қолданып, сөйтіп өзінің шыққан тегінен бас тартып, хайуандар деңгейіне дейін төмендеп, оларға тән күшті заң мен құқық етіп, ол өзін-өзі зардап шеккен адам мен әділ сотты жүзеге асыру үшін соларға қосылатын адамзаттың қалған бөлігі оны адамзаттың қоғамда өмір сүруіне және қауіпсіздікті пайдалануына мүмкіндік бермейтін кез-келген жабайы аң немесе кез-келген зиянды хайуан ретінде жойып жіберуге хақылы болатын жағдайға қояды. Осылайша, әділ де заңды соғыста, тек қана сондай соғыста алынған тұтқындар деспоттық билікке бағынады; ал бұл билік, шарттан туындамайтындықтан және оған мүлде жол бермейтіндіктен, небәрі соғыс ахуаланың жалғасы ғана. Өз өміріне билік ете алмайтын адаммен қандай шарт жасасуға болады? Ол қандай шартты орындай алмақ? Ал егер оған тым болмаса бір рет өз өміріне билік жасауға рұқсат етілсе, онда оның қожайынының деспоттық және шексіз билігі тоқтатылады. Өзіне өзі және өзінің өміріне қожайын адамның оны сақтау құралдарына да құқығы болады; осылайша, шарт жасалған сәттен бастап құлдық тоқтатылады, және өзінің тұтқынымен
шарттық қатынасқа түсетін адам, осынысымен өзінің абсолютті билігінен бас тартады және соғыс ахуалын тоқтатады. 173. Табиғат осы билік түрлерінің біріншісін, яғни, әке билігін балаларының нәресте кезіндегі игілігі үшін, олар өзі меншігін түсіну және (меншік деп мен, басқа жерлерде де, адамдардың өз-өзіне де, сондай-ақ өз мүлкіне де ие болатынын айтамын) жұмсау қабілетінің жетіспейтіндігінің орнын толтыру үшін ата-аналарға береді. Ерікті келісім билеушілерге биліктің екінші түрін, яғни, саяси билікті береді, бұл билік бодандардың игілігі үшін, олардың өз меншігін иеленуін және пайдалануын қамтамасыз ету үшін беріледі. Ал өз өмірімен құн төлеу қаупі мырзаларға олардың игілігі үшін биліктің үшінші түрін, бүкіл меншігінен жұрдай болғандардан үстем тұратын деспоттық юилікті береді. 174. Биліктің осы түрлерінің әрқилы шығу тегі мен мөлшерін және әрқилы мақсаттарын қарастырған адам, әке билігі мансап иесінің билігінен қаншалықты кем екендігін, деспоттық билік одан қаншалықты асып түсетінін, абсолютті билік, ол кімнің қолында болса да, азаматтық қоғам түрі болудан қаншалықты шалғай екенін көре алады; құлдық меншікпен қаншалықты сиыспайтын болса, ол билік азаматтық қоғаммен соншалықты сыйыспайды. Әке билігі нәрестелік ахуал баланы өз меншігіне билік жасауға қабілетсіз ететін жерде; саяси билік – адамдардың қолында меншік болған жерде болады; ал деспоттық билік – мүлдем ешқандай меншігі жоқ адамдарға таралады. [...]
ХІХ тарау
Басқару жүйесінің ыдырауы туралы
211. Басқару жүйесінің ыдырауы туралы неғұрлым айқын айтқысы
келетін адам әуелі қоғамның ыдырауы мен басқару жүйесінің ыдырауы
арасында айырмашылық жүргізуге тиіс. Қоғамдастық құрып, адамдарды
бөлек-бөлек жаратылыстық ахуалдан бір саяси қоғамға ұйыстыратын нәрсе – келісім, оны әркім қалған барлығымен бірігіп, бүтін ретінде бой көрсету, осылайша ерекше біртұтас мемлекет болу үшін жасайды. Осынау одақтың ыдырауына әдеттегі және бірден-бір себеп – оны жаулап алатын жатжерлік әскерлердің басып кіруі. Өйткені бұл жағдайда (адамдар өздерін бүтін де тәуелсіз бір организм ретінде ұстап, сақтай алатын болмағандықтан) өздері құраған бүтін жөніндегі адамдардың одағы міндетті түрде тоқтатылуға тиіс, осылайша әркім өзі бұрын болған ахуалға оралады да, қандай да бір басқа қоғамда өз қамын өзі жеу, өзінің қауіпсіздігін өзі қалағанындай қамтамасыз ету бостандығын алады. Қандай да бір қоғам ыдыраған кезде, ол қоғамның басқару жүйесі қалуы мүмкін емес екендігі даусыз. Жаулап алушылардың семсерлері басқару жүйелерін тамырынан қиып, қоғамды мүшелеп жіберетін, сөйтіп жеңілген немесе шашырап кеткен бұқараны зорлық-зомбылықтан сақтауға тиіс болған қоғамның қорғауы мен қолдауынан айыратын, жайлар аз емес. Дүние бұл туралы өте жақсы біледі және басқару жүйесінің ыдырауының мұндай тәсіліне жол беруге тым білімді болып табылады, сондықтан бұл туралы тағы да айтып жатудың қажеттігі жоқ; және қоғам ыдыраған кезде басқару жүйесі тіршілік етуін жалғастыра алмайтынын дәлелдеу үшін тым көп уәж талап етілмейді; бұл үйдің қабырғалары жасалған материалдар дауылдан быт-шыты шығып, жайрап қалғанда немесе жер сілкінісі қоқыс үйіндісіне айналдырған кезде үйдің дін аман қалуы қалай мүмкін емес болса, тап солай мүмкін болмайтын нәрсе. 212. Сырттан жасалатын осындай құлатудан тыс басқару жүйелері іштегі күштердің ықпалымен де ыдырайды. Біріншіден, заң шығарушы орган өзгерген кезде. Азаматтық қоғам дегеніміз оны құрайтындардың арасындағы бейбітшілік ахуалы және олардың арасында соғыс ахуалына аралық сот арқасында жол берілмейді, олар бұл сотты өздерінің арасында туындауы мүмкін барлық алауыздықтарды тоқтату үшін өзінің заң шығарушы органы түрінде
құрған; мемлекеттің мүшелері нақ өздерінің заң шығарушы органында, өзара байланысты біртұтас жанды дене болып біріккен. Бұл мемлекетке пошым, өмір мен бірлік беретін жан; осының арқасында жекелеген мүшелер өзара ықпалы, ұнатуды және байланысты пайдаланады; міне сондықтан заң шығарушы орган талқандалғанда немесе таратылып жібергенде, ыдырау мен ажал жетеді. Егер қоғамның мәнісі мен бірлігі бір ырыққа ие болуда десек, бір кездері көпшілік құрған заң шығарушы орган осы ырықты жария етіп, жүзеге асыру құқығына ие болады. Заң шығарушы органды жасау қоғамның бірінші және негізгі актысы болып табылады, соның арқасында белгілі бір адамдардың басшылығы және халықтың келісімімен, соның тағайындауы бойынша өкілеттік берілген адамдар жасаған заңдардан туындайтын шектеулер тұсында адамдар одағын жалғастыру қамтамасыз етіледі, онсыз бірде-бір адамда, олардың арасындағы адамдардың ешқандай санында басқалар үшін міндетті заңдар жасау билігі болмайды. Бір немесе бірнеше адам халықтан алған өкілеттігі болмай заң жасауға кірісетін болса, олар жасаған заңдардың күші болмайды және халық оған бағынуға міндетті болмайды; осының арқасында адамдар тағы да қандай да бір бағынудан тыс қалып, өздері жақсы деп санайтын жаңа заң шығару органын құра алады және құқығы болмай тұрып, оларды әлденеге мәжбүрлегісі келетіндердің тарапынан күш қолдануға қарсыласуға мүлдем ерікті. Қоғамның өкілеттік беруі бойынша оның еркін жария етуге тиіс адамдар мұндай мүмкіндіктен айрылып, олардың орнын олай етуге құқығы да, өкілеттігі де жоқ басқалар басып алған жағдайда, әркім өз қалауынша қимылдауға ерікті. 213. Мұндай жағдай, әдетте мемлекетте қолына берілген билікті теріс, асыра пайдаланатындардың кесірінен туындайды; мұндайда осы жағдай орын алатын басқару пошымын білмей тұрып нені әділетсіз деп санау және кінә кімде екендігін білу қиын. Заң шығарушы өкімет бірден әртүрлі үш адамның қолында деп есептелік:
1. Бір мұрагер кісі – тұрақты жоғарғы атқарушы билікке ие және сонымен бірге онда өкіметтің басқа екі органын белгілі бір уақыт өткенде шақыру және тарату билігі бар. 2. Мұрагер дворяндық жиналысы. 3. Protempore халық сайлаған өкілдердің жиналысы. Мұндай басқару пошымын елестетсек, мыналар айқын: 214. Біріншіден, осындай бір кісі немесе тақсыр заң шығарушы орган жария еткен қоғамның ырқы болып табылатын заңдар орнына өзінің деспрттық ырқын қойғанда, заң шығарушы билік өзгереді. Шынына келгенде заң шығарушы орган дегеніміз қаулылары мен заңдары орындалатын және халық бағынуға міндетті нәрсе ғой; ал басқа заңдар орнатылып, басқа қаулылар шығарылатын, және олар қоғам қойған заң шығарушы орган жасаған заңдарға кереғар жүзеге асырылатын болса, онда заң шығарушы органның өзгергені айдан анық. Қоғам өкілеттік бермей-ақ кімде-кім жаңа заң енгізсе немесе кімде-кім ескі заңдарды бүлдірсе, сол, олар жасалған өкіметті мойындамай, оны жояды да, осылайша жаңа заң шығарушы органды құрады. 215. Екіншіден, тақсыр заң шығарушы органның тиісті уақытында жиналуына кедергі жасаса немесе құрылған мақсаттарын жүзеге асыру үшін оның еркін қимылдауына бөгет болса, онда заң шығарушы орган өзгереді. Өйткені заң шығарушы өкімет дегеніміз, егер қоғам игілігіне бағытталған нәрселерді талқылау бостандығы және оларды жетілдіретін бос уақыты болмаса, адамдардың белгілі бір саны да, олардың жиналысы да емес; осынау шарттар тартып алынған немесе өзгертілген, сөйтіп қоғам өзіне тән билікті жүзеге асыру мүмкіндігінен айрылған кезде заң шығарушы орган шынында да өзгереді. Өйткені үкіметтерді құрайтын атаулар емес, олардың қолында болуға тиіс билікті пайдалану мен қолдану; осылайша, заң шығарушы органды бұл бостандықтан айыратын немесе оның өз қызметін тиісті мерзімдерде жүргізуіне кедергі
жасайтындар іс жүзінде заң шығарушы өкіметті жояды және басқару жүйесін таратады. 216. Үшіншіден, тақсырдың деспоттық ырқы бойынша халықтың келісімінсіз және оның ортақ мүдделеріне кереғар, сайламшылар ауыстырылса немесе сайлау рәсімі өзгертілсе, онда да заң шығарушы билік өзгереді. Өйткені қоғам өкілеттік бермегендер сайлаған кезде немесе қоғам белгілегеннен өзге жолмен сайлаған кезде, сайланған адам халық тағайындаған заң шығарушы орган бола алмайды. 217. Төртіншіден, тақсырдың, не заң шығарушы органның халықты шетелдік державаға бодандыққа беруі, заң шығарушы өкіметтің өзгеруін, демек, басқару жүйесінің ыдырауын білдіретіні сөзсіз. Өйткені халық қоғамға кіргендегі мақсат өздерінің төл заңдарымен басқарылатын тұтас, еркін, тәуелсіз қоғамды қорғау ғой; адамдар басқа біреудің билігіне берілген кезде мұның бәрі де жойылады. 218. Осындай мемлекеттік құрылыс жағдайында басқару жүйесінің ыдырауы тақсырдың есебіне жатқызылатыны әбден түсінікті; гәп мынада: ол мемлекеттің күшін, қазынасын және мансаптарды билеп-төстейді және жоғарғы мансап иесі ретінде өзіне ешқандай бақылау жасалмауы керек деп өзін сендіреді немесе басқалар жағымпаздықпен солай деп сендіреді; тек сол ғана заңды билік түрінде осындай өзгерістер даярлауға елеулі шара қолдана алады, және ол сол билікті қолында ұстай отырып, қарсы шыққандарды іріткі салушылар, бүлік шығарушылар және үкіметтің дұшпандары ретінде қорқыта немесе жаныштай алады; сонымен бірге заң шығарушы органның немесе халықтың қандай да бір бөлігі өздігінен, бірден байқалатын ашық және айқын көтеріліссіз заң шығарушы өкіметті қандай да бір түрде өзгерте алмайды; ал ол жеңіп шыққанда оның нәтижесі жатжұрттық жаулап алудан айырмашылығы аз болады. Мұның үстіне басқарудың мұндай пошымында тақсыр заң шығарушы органның басқа бөліктерін таратып жіберу, сол арқылы олардың мүшелерін жеке адамдарға айналдыру билігіне ие, сонда олар оған кереғар немесе оның
келісімінсіз заң арқылы заң шығарушы өкіметті өзгерте алмайды, өйткені олардың кез-келген жарлығына бұл рұқсатты беру үшін тақсырдың келісімі қажет болады. Алайда заң шығарушы органның басқа бөліктері басқару тұрпатына кез-келген қастандыққа қандай да бір түрде жәрдемдессе немесе ондай пиғылдардың жүзеге асырылуына кедергі жасамаса (өздерінің қолынан келгенінше), олар жазықты және соған қатысушы болып шығады, ал мұның өзі адамдар бір-бірі жөнінде жазықты бола алатын аса сұмдық қылмыс екендігі даусыз. 219. Басқарудың мұндай жүйесінің тоз-тозы шығуы мүмкін тағы бір жол бар, ол атап айтқанда, жоғарғы атқарушылық билігі бар адам өзінің міндеттерін елемейтін, сөйтіп оларды орындамайтын, сондықтан шығарылған заңдардың өзі күшіне енгізіле алмайтын жол. Бұл сөзсіз анархияға, сайып келгенде басқару жүйесінің ыдырауына жетелейді. Өйткені заңдар тек заң аталу үшін емес, орындалу үшін, сонысымен саяси дененің барлық бөліктерін тиісті орындарда ұстап, тиісінше жұмыс істеуі үшін қоғамды байланыстыратын дәнекер болып қызмет етуге шығарылады; бұл толығымен тоқталған кезде, басқарудың да тоқтатылатыны айқын, сөйтіп халық қандай да бір тәртіп пен байланыстан айырылған іру-тіру бұқараға айналады. Адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін енді әділ сот жүргізілмейтін және қоғамда оның күшін бағыттап отыратын немесе халықтың мұқтажын өтейтін қандай да бір өкімет қалмаған жерде, сөз жоқ үкімет те қалмайды. Заңдар орындалмайтын болса, онда бұл заңдар болмағанмен бірдей; ал заңдарсыз басқару, менің ойымша, саясаттағы адамның миына қонбайтын және адам қоғамымен сыйыспайтын құпия. 220. Басқару тоз-тоз болған осынау және басқа да жағдайларда халық бұрынғыдан не құрамымен, не пошымымен немесе халық өзінің қауіпсіздігі мен игілігіне неғұрлым сәйкес келеді деп санаса, осының екеуімен де өзгешеленетін жаңа заң шығарушы орган құрып, өз қамын өзі жеуге ерікті. Өйткені қоғам қандай да бір адамның қатесінің салдарынан
өзін-өзі сақтау жөніндегі өзінде бар табиғи және бастапқы құқығын ешқашан жоғалта алмайды, ал өзін-өзі сақтауға орнатылған заң шығарушы органның және ол шығарған заңдардың әділ де адал орындалуының арқасында ғана қол жетеді. Алайда адамзат бұл құралды қандай да бір ешқандай құралға жүгіну тым кеш болатындай сәтке дейін қолданбай отыра беретіндей соншалық бейшара ахуалда емес. Халыққа қанаудың, қулықтың немесе шетелдік державаның билігіне берудің нәтижесінде оның бұрынғы заң шығарушы органы жойылғанда ол өз қамын өзі жей алады деу – оған тек тым кеш және зұлымдықты емдеп жазу мүмкін емес кезде көмек күте алатынын айту деген сөз. Іс жүзінде бұл әуелгі адамдардың құлдыққа түсуіне жол беру, содан кейін ғана, олардың бостандықтары туралы қам жей бастау, олар бұғауланып болғанда барып, оларға бостан адам секілді қимылдай аласыңдар деу болып шығады. Бірақ бұл тек солай болса, онда бұл көмек емес, мазақ қана; егер адамдар да тиранияның билігіне толығымен тап болмай тұрып, одан сытылып кетудің амалы жоқ болса, онда ешқашан одан қауіпсіздікте бола алмайды; осыдан барып, олардың тираниядан арылуға ғана емес, оған жол бермеуге де құқықтары бар екендігі шығады. 221. Демек, екіншіден, басқару жүйесінің тоз-тозы шығуының тағы бір жолы бар, атап айтқанда, заң шығарушы орган немесе тақсыр, солардың біреуі өзіне көрсетілген сенімге кереғар қарекет жасағанда солай болмақ. Біріншіден, заң шығарушы орган бодандарының меншігіне қол сұғуға, сөйтіп өзі немесе қоғамдастықтың әлдене бір бөлігін халық өмірінің, бостандығының немесе мүлкінің қожайыны немесе шектеусіз әміршісі етуге тырысқанда өзіне көрсетілген сенімге кереғар қимылдайды. 222. Адамдардың қоғамға кіруіне себеп – олардың меншігінің сақталуы; және олар заң шығарушы органды сайлап, өкілеттік бергендегі мақсат – қоғамның әрбір бөлігінің және әрбір мүшесінің билігі шектеліп, үстемдігі тежелу үшін қоғамның барлық мүшелерінің меншігіне кепілдік
және оны күзету ретінде заңдар шығарылып, ережелердің белгіленуі. Өйткені қоғамның еркі әркім қоғамға кіргенде қамтамасыз етуге тырысқан нәрсені, сол үшін де адамдар өздері қойған заң шығарушыларға бағына бастағанда заң шығарушы органда соны жою билігі болсын деп ұйғарғанда деп санауға ешбір болмайды ғой; заң шығарушылар халықтың меншігін тартып алуға және жойып жіберуге тырысқан немесе оны деспоттық биліктің құлдығына салғысы келген кезде, олар өздерін халықпен соғыс ахуалына қояды, соның салдарынан халық одан әрі қандай да бір бағыну міндетінен босанады да, құдай күш пен зорлық-зомбылыққа қарсы барлық адамдар үшін көздеген ортақ сауғаға жүгінуге бостан болады. Демек, заң шығарушы орган қоғамның осы негізгі принципін аттап өтіп, атаққұмарлық, қорқыныш, есуастық немесе паралау арқылы халықтың өміріне, бостандығына және мүлкіне абсолютті билікті өзінің қолына түсіруге немесе басқа біреудің қолына беруге тырысқан жағдайда, сенімді осылай ақтамағаны үшін ол, халық мүлде қарама-қарсы мақсатпен оның қолына берген биліктен айырылады да, ал билік халыққа қайта оралады, ал халықтың өзінің бастапқы бостандығын қалпына келтіру және жаңа заң шығарушы орган (ол орынды деп санаған түрін) құру арқылы өзінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету құқығы бар, бұл адамдардың қоғамда болуының мақсаты. Мен бұл жерде заң шығарушы өкімет жөнінде жалпы айтқан нәрсе сондай-ақ атқарушы биліктің басшысы жөнінде де әділетті, ол заң шығарушы органның қатысушысы ретінде және заңның жоғарғы орындаушысы ретінде бірдей сенімге ие бола отырып, өзінің деспоттық ырқын қоғамның заңы ретінде таңуға тырысқан кезде, екеуін де бұзып қимылдайды. Не қоғамның күшін, қазынаны және мансаптарды өкілдерді сатып алу үшін және олардың өз пиғылын қолдауы үшін пайдалануға тырысқан, не сайламшыларды ашықтан-ашық өзінің жағына тартып, оларға өзі үгіттеу, қорқыту, уәде немесе өзге қандай да бір тәсілдермен өз жақтастарына айналдырғандарды сайлауды нұсқаған, және өздеріне қалай айтылса, солай дауыс беріп, заң
шығаруға алдын ала уәде бергендерді сайлау үшін сайламшыларды пайдаланған кезде де ол өзіне көрсетілген сенімді бұза отырып қимылдайды. Бірақ кандидаттар мен сайламшыларды іріктеп алып, сайлау тәсілін өзгерту басқару тұрпатын түп-тамырынан қию және қоғамдық қауіпсіздіктің қайнар көзінің өзін улау емес пе? Өйткені халық өз өкілдерін өз меншігінің дуалы секілді таңдау құқығын өзінде сақтап қалғанда, мұны осынау өкілдер әрқашанда еркін сайлануынан және сайланғаннан кейін, өздерінің ойынша, мемлекет үшін қажеттілік пен қоғамдық игілік талап ететіндей мәселе қаралып, байыпты талқыланған соң еркін қарекет жасап, кеңес беретін болуынан басқа қандай да бір өзге мақсатта жасай алмайды ғой. Ал талқылауды тыңдағанға және дәлелдерді жан-жақты таразылағанға дейін өз дауысын беріп қоятындар бұлай істей алмайды. Осындай заң шығарушы органды даярлап, атқарушы билік басшысының төл ырқын жүзеге асырушыларды халықтың шын өкілдері және қоғамның заң шығарушылары ретінде көрсетуге тырысу әрекеті білдірілген сенімді соншалық дөрекі бұзу және үкіметті құлату жөніндегі өз пиғылын соншалық толық мәлімдеу екендігі сөзсіз. Егер де бұған тап осы мақсат үшін қолданылатын марапаттар мен жазаларды және осы пиғылын жүзеге асыру жолында тұрған және өз отанының бостандығын сатып кетуге қатысушы болғысы келмегендерді аластап, көзін жою үшін заңды түрліше қате тәпсірлеуді қосар болсақ, онда не болып жатқаны туралы ешқандай күмән қалмайды. Өздерінің мансаптары енгізілгеннен бастап оған байланысты болатын сенімді бұза отырып билікті қолданатындардың қоғамда қандай билігі болуы керек екендігін айқындау оп-оңай; бір рет осындай тірлік жасағысы келген адамның екінші рет сенімге ие бола алмайтынын көрмеу мүмкін емес. 223. Бұған, бәлкім, халық надан және ұдайы наразы болғандықтан, басқару негізін халықтың тұрақсыз пікірі мен құбылмалы көңіл-күйіне тәуелді ету дегеніміз – мемлекет тағдырын сөзсіз апатқа байлап беру; егер халық бұрынғы үкіметке наразы болған сайын жаңа заң органын құра
алатын болса, онда бір де бір үкімет ұзақ тұра алмайды делінер. Менің жауабым: гәп мүлдем басқаша. Біреулер ойлағандай, адамдар ескі пошымдардан соншалық оп-оңай бас тарта бермейді. Оларды өздері дағдыланып кеткен құрылымдағы кемшіліктерді түзетуге әзер көндіресің. Егер онда әуел бастан келе жатқан қандай да бір кемшіліктер болса немесе уақыттың яки паралаудың өтемі ретінде өрескел бірдеңе енгізілген болса, мұны өзгертуге мүмкіндік бар екенін жарық дүниедегілердің бәрі көріп тұрғанда да, бұған қол жеткізу оңай емес. Халықтың осынау мимырттығы мен ескі тәртіптерден бас тартуды қаламауы, осы корольдікте біздің ғасырымызда және өткен ғасырларда болған көптеген революциялардан кейін ескі заңдық жүйе – корольдің, лордтар палатасы мен қауымдар палатасының бізде әлі де сақталуына немесе нәтижесіз талпыныстар кезеңінен кейін қайтадан оралуына апарып соқтырды; тәж тарапынан жасалған қандай өрескел қарекеттер жасалып, олар тәжді біздің кейбір тақсырларымыздың басынан алу қажеттігіне апарып соқтырса да, олар халықты тым әріге барып, оны басқа әулетке беруге жетелей қойған жоқ. 224. Бірақ бұл гипотеза жиі-жиі көтерілістердің қоздырғышы болады дейді. Оған жауабым: Біріншіден, басқа бір гипотезадан артық дәрежеде емес. Халықты бейбақыт етіп, ол деспоттық биліктің жүгенсіздігіне ұшырағанда оның билеп-төстеушілерін көкке көтере мадақтап, оларды Юпитердің балалары деп атауға болады ғой; олар қасиетті әрі көктен түскен періштедей немесе олардың шарапаты тиген қастерлі жандар болсын; оларды кім деп, не деп атасаңыздар да – ақыр соңында болатын нәрсе болмай қоймайды. Үнемі қорлықта ұсталып, құқықтары бұзылған халық сәті соққан алғашқы жағдайда-ақ өзіне түсіп отырған ауыртпалықтан құтылуға дайын болады. Ол адам істерінің құбылмалылығы, әлсіздігі әрі кездейсоқтығы жағдайында тіпті де зарыға күттірмейтін мүмкіндікті қалап, іздестіретін болады. Өз ғұмырында мұндай мысалдарды көрмегендер, сірә, тым аз өмір
сүрген болар, ал әлемдегі басқарулардың сан алуан түрлері тұсындағы мұның мысалдарын келтіре алмайтындар, сірә, өте аз оқыған болар. 225. Екіншіден, деймін мен, революциялар қоғамдық істердегі кезкелген елеусіз тәртіпсіздік туындағанда бола бермейді. Өкімет тарапынан болатын дөрекі қателіктерді, толып жатқан бұрыс және қолайсыз заңдар мен адам әлсіздігінің барлық ағаттықтарын халық бүліксіз, наразылықсыз көтере береді. Бірақ, бір ғана нәрсені көздейтін толып жатқан заңсыздықтар, құқық бұзулар мен қулық-сұмдық нәтижесінде, халыққа бұл жерде белгілі бір пиғыл бар екені айқын болады, өзін не қанап отырғанын сезбей, қайда кетіп бара жатқанын көрмей тұра алмайды, сонда халықтың көтеріліске шығып, билікті бастапқыда мемлекет құрылғанда көзделген мақсаттарды қамтамасыз ететіндердің қолына беруге тырысатындығына таңдануға болмайды, сол мақсаттарсыз ежелгі атаулар мен келісті пошымдар жаратылыстық ахуалдан немесе таза анрхиядан ешбір артық емес, керісінше, әлдеқайда нашар болып шығады; қолайсыздықтар соншалық орасан, соншалық жаныңда, бірақ айығып кету құралы әлдеқайда алыс және оған қол жету қиын. 226. Үшіншіден, деймін мен, заң шығарушылар халықтың меншігіне көз алартып, өздеріне көрсетілген сенімді ақтамаған кезде ол заң шығарушы жаңа органның көмегімен өз қауіпсіздігін жаңадан қамтамасыз етуге хақылы деген доктрина көтерілісті болдырмаудың ең озық кепілі және оған қарсы тұрудың барынша ықтимал тәсілі. Өйткені, көтеріліс дегеніңіз – жекелеген адамдарға емес, тек конституциялар мен үкіметтің заңдарына негізделетін билікке қарсылық; соларды күшпен бұзатындар және онысын күшпен ақтайтындар – олар кім болса да – шынайы және нағыз бүлікшілер болып табылады. Адамдар қоғамға кіріп, азаматтық басқару құрған кезде, олар меншікті, тыныштықты және өздерінің арасындағы бірлікті сақтау үшін күш қолдануды аластап, заңдарды енгізді ғой; ал заңдарға кереғар қайтадан күш қолданатындар rebellare, яғни қайтадан соғыс ахуалын жасайды және нағыз бүлікшілер болып табылады.
Бәрінен ықтималы, мұны билік басындағылар (бедел алу үшін, өз қолдарындағы күшті қолдану үшін, сондай-ақ маңындағылардың жарамсақтығынан) жасайды; бұл сұмдыққа кедергі жасаудың ең қолайлы амалы – солай жасауға көңілі ауғандарға мұның қауіптілігі мен әділетсіздігін көрсету. 227. Жоғарыда аталған екі жағдайда да – не заң шығарушы орган өзгертілетін, не заң шығарушылар өздеріне жүктелген мақсаттарға кереғар әрекет жасайтын кезде – оларға жазықты болғандар бүліктің шығуына жазықты. Кімде-кім қандай да бір қоғамда орнатылған заң шығарушы органды және осы орган өзіне көрсетілген сенімге сәйкес шығарған заңдарды күшпен жойғанда, ол сонысымен барлық дауларды бейбіт жолмен шешу үшін әркім келіскен және адамдардың арасында соғыс ахуалы туындауына кедергі болуға тиіс аралық сотты да жояды. Заң шығарушы органды жоятын немесе алмастыратын адамдар халықтың тағайындауынсыз және оның келісімінсіз ешкім ие бола алмайтын шешуші күшті жояды, және сол арқылы халық құрған, одан басқа ешкім құра алмайтын билікті жояды да халық рұқсат етпеген билікті енгізеді; мұндай адамдар іс жүзінде соғыс ахуалын жасайды, бұл ешкім мақұлдамаған қара күш билеп-төстейтін ахуал; осылайша, қоғам құрған заң шығарушы органды (шешімдерін халық мақұлдаған және халықты біріктірген, оларды халық өзінің ықтияры деп білетін) аластап, олар түйінді шешеді де халықты қайтадан соғыс ахуалына ұрындырады. Егер заң шығарушы органды күшпен жоятындар бүлікшілер болып табылса, онда заң шығарушылардың өздерін де, көрсетіп өткеніміздей, солай деп санамауға болмайды: халықты, оның бостандығы мен меншігін қорғау, оның тыныштығын күзету үшін қойылғандар оларды күш қолданып, тартып алуға тырысса, олар осынысымен өздерін бейбіт өмірдің қорғаушылары және күзетшілері етіп қойғандармен соғыс ахуалына қояды – бұл жағдайда олар шын мәнінде және, қылмысты барынша ауырлататын жағдайдағы rebellates, яғни – бүлікшілер.
228. Бірақ, “бұл көтеріліс жасауға негіз береді” дейтіндер мұнысымен егер халыққа, оның бостандығына немесе меншігіне заңсыз қастандықтар жасалған кезде сен бағынудан азатсың және сенің мансап иелерің болғандар өздеріне көрсетілген сенімді ақтамай, сенің меншігіңе қастандық жасаса, сен олардың тарапынан жасалған заңсыз зорлықзомбылыққа қарсылық жасай аласың десе, азаматтық соғыстар немесе ішкі тәртіпсіздіктер туындауы мүмкін, сондықтан мұндай доктринаға жол беруге болмайды, өйткені ол бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілікке қатер болады дегісі келсе, онда бұл адамдар тап сондай табыспен, тап сондай негізде: адал адамдар тонаушыларға немесе қарақшыларға қарсылық жасай алмайды, өйткені бұл қантөгіске соқтырады дей алады. Егер мұндай жағдайларда қандай да бір жамандық жасала қалса да, онда бұған өзінің құқығын қорғаушыны емес, өз бауырының құқығына қастандық жасаушыны айыптау керек. Егер жазықсыз, адал адам бейбітшіліктің сақталуы үшін қолында бардың бәрін, оны зорлық-зомбылықпен тартып алуды қалайтындарға ләм-мим демей бере салуы керек болса, онда мен тек зорлық-зомбылық пен тонаудан ғана тұратын және қарақшылар мен қанаушылардың пайдасы үшін ғана сақталатын әлемдегі бейбітшіліктің қандай болмағын елестетуді ұсынар едім. Қозы өзінің тамағын азулы қасқырдың осып жіберуіне еш қарсылықсыз жол беретін болса, құдіреттілер мен әлсіздердің арасында тамаша бейбіт қатынас орнады деп кім айта алар? Улисс пен оның серіктері өздерін біртіндеп жей беруге жол бергенен басқа амалы қалмайтын Полифем үңгірі бізге мұндай бейбітшілік пен мұндай басқарудың тамаша мысалы бола алады. Парасатты адам болған Улисс енжар мойынсұнуды уағыздап, серіктерін сабырлы бағыныштыққа шақырғанына, сөйтіп адамзат үшін бейбітшіліктің қандай маңызы бар екенін түсіндіргеніне және егер олар өздері уысына түскен Полифемге қарсыласса қандай қолайсыздықтар туындайтынын көрсетіп отырғанына күмәндануға болмайды.
229. Басқарудың мақсаты – адамзаттың игілігі; ал адамзат үшін не жақсы – халықтың ештеңемен шектелмеген тиранияның ырқына әрқашан мойынсұнуы ма, әлде әміршілер өз билігін пайдалануда шектен шығып кететін және оны өз халқының меншігін сақтауға емес, жоюға жұмсайтын кездерде анда-санда оларға қарсылық жасау ма? 230. Енді қандай да бір өрекпіген бас немесе беймаза рух басқарудың өзгеруін қалаған әрбір ретте, бұл жаманшылыққа ұрындыруы мүмкін деп дау айтып көрсін. Рас, ондай адамдар кез-келген уақытта ашу-ыза қоздыра алуы мүмкін, бірақ мұның бәрі тек олардың өздерінің әділ өліміне және жойылуына апарып соқтырады. Бақытсыздық баршаға ортақ болмайынша және әміршілердің қасқөй пиғылдары айқындалмайынша немесе олардың қастандықтары халықтың көп бөлігіне сезілмейінше, қарсылық білдіріп, әділетті қалпына келтіруден гөрі зардап шегуге бейім халық ашу-ызаға бой алдырмайды. Жекелеген әділетсіздік немесе белгілі бір байғұсты қанау мысалдарына халық көтеріле қоймайды. Бірақ халықта өзінің бостандығына қарсы астыртын қастандықтар жүзеге асырылып жатқандығы туралы нақты анық дәлелдерге негізделген сенім болса және оқиғалардың жалпы барысы мен олардың бағыты халықта өз әміршілерінің жаман пиғылдары күшті күдік тудырмай тұра алмаса, бұл үшін кімді жазғыру керек? Егер соның жолын кесуге шамасы келетіндердің өздері осындай күдік тудыратын болса, онда кім көмек бере алады? Халықта парасатты тіршілік иелерінің ақылы болып, заттарды қалай көрсе солай түсініп, сезіне алатын болса, сол үшін оны айыптауға бола ма? Сол нәрселерді сондай күйге жеткізіп, олар сондай күйде екен деп ойлауын қалайтындардың кінәсі емес пе? Мен жеке адамдардың кеудемсоқтығы, атаққұмарлығы мен тызетпелігі кей-кейде мемлекетте зор тәртіпсіздіктер тудырғанын, ал ұрандардың қоғамдық жағдай мен корольдік үшін апатты болғанын мойындаймын. Бірақ бақытсыздықтың себебі ненің жиірек болғандығын – халықтың есерлігі және оны билеушілерінің заңды билігін құлатуды қалауы ма әлде басқарушылардың арсыздықтары мен олардың
қолға түсіріп алып, өз халқына деспоттық билік жүргізуге тырысуы ма, тәртіпсіздіктерге жетелеген бірінші себеп қанау ма әлде бағынбаушылық па – мұны анықтауды мен бейтарап тарихтың еншісіне қалдырамын. Алайда мен бір мәселеге сенемін: мейлі ол әмірші немесе бодан болсын, бірақ ол тақсырдың немесе халықтың құқықтарына күшпен қастандық жасағысы келсе және оның әрекеттері кез-келген әділ басқару жүйесі мен құрылымын құлатуға жетелейтін болса, онда ол адам қабілеті жететін қылмыстардың ең сұмдығын жасағаны үшін жазықты және басқару жүйесінің қирауы салдарынан елде болған барлық бақытсыздықтар үшін, төгілген қан, зорлық-зомбылық пен қайыршылық үшін жауап беруге тиіс. Осылай жасаған адам адамзаттың ортақ жауы және індеті деп орынды саналуы керек және ол тиісінше жазасын алуға тиіс. 231. Егер бодандар немесе шетелдіктер қандай да бір халықтың меншігіне күшпен қол сұқса, оларға күшпен қарсы тұруға болады – мұнымен жұрттың бәрі келіседі. Бірақ, егер мансап иелері тап соны жасаса, оларға да қарсылық жасауға болатыны – күні кеше ғана жоққа шығарылатын; бейне бір заң бойынша аса зор артықшылықтары мен басымдықтары бар адамдар осынысы арқылы өз ағайындарына қарағанда жақсы жерлерге соның негізінде отырғызылған заңдарды бұзуға хақылы болатын секілді; керісінше, олардың қылмыстары зорырақ, өйткені, олар заң бойынша алған көбірек үлесі үшін ризашылығын білдірген жоқ және өздеріне бауырлары көрсеткен сенімді ақтамады. 232. Егер кімде-кім күшті құқықсыз қолданса, – қоғамда заңсыз іс істейтіндердің әрқайсысы солай етеді, – онда ол кімге қарсы күш қолданса, солармен өзін соғыс ахуалына қояды; ал мұндай жағдайда барлық бұрынғы дәнекерлер үзіледі, бұрынғы барлық құқықтардың күші болмайды және әркімнің өзін қорғау және агрессорға қарсыласу құқығы болады. Мұның айқындығы соншалық, тіпті Барклидің, өкімет пен корольдер қасиеттілігінің аса ұлы адвокатының өзі кейбір жағдайларда халықтың өз короліне қарсыласуға заңды құқығы бар екендігін мойындауға мәжбүр;
және де бұл құдай заңы халықтың қандай да бір бүлік жасауына тыйым салатынын көрсетуге тырысатын тарауда айтылады. Осылайша, тіпті оның өзінің доктринасынан да халықтың кейбір жағдайларда қарсылық жасай алатындықтан, онда тақсырға қарсылықтың бәрі бірдей бүлік болып табылмайтыны анық көрінеді. Оның сөздері мынау: “Quod sіquіs dіcat, Ergone populus tyrannіcae crudelіtatі et furorі jugulum semper praebebіt? Ergone multіtudo cіvіtates suas fame, ferro et flamma vastarі, seque, conjuges, et lіberos fortunae ludіbrіo et tyrannі lіbіdіnі exponі, іnque omnіa vіtae perіcula omnes-que mіserіas et molestіas a Rege deducі patіentur? Num іllіs quod omnі anіmantіum generі est a natura trіbutum, denegarі debet, ut sc. vіm vі repellant, seseq; ab іnjurіa tueantur? Huіc brevіter responsum sіt, Populo unіverso non negarі defensіonem, quae jurіs naturalіs est, neque ultіonem quae praeter naturam est adversus Regem concedі debere. Quapropter sі Rex non іn sіngulares tantum personas alіquot prіvatum odіum exerceat, sed corpus etіam Reіpublіcae, cujus іpse caput est, і. e. totum populum, vel іnsіgnem alіquam ejus par-tem іmmanі et іntoleranda saevіtіa seu tyrannіde dіvexet: populo, quіdem hoc casu resіstendі ac tuendі se ab іnjurі~ potestas competіt, sed tuendі se tantum, non enіm іn prіncіpem іnvadendі: et restіtuendae іnjurіae іllatae, non recedendі ~ devіt~ reverentі~ propter acceptam іnjurіam. Praesentem denіque іmpetum propulsandі non vіm praeterіtam ulcіscendі jus habet. Horum enіm alterum ~ natur~ est ut vіtam scіlіcet corpusque tueamur. Alterum vero contra naturam, ut іnferіor de superіorі supplіcіum sumat. Quod іtaque populus malum, antequam factum sіt, іmpedіre potest, ne fіat, іd postquam factum est, іn Regem authorem scelerіs vіndіcare non potest: Populus іgіtur hoc amplіus quam prіvatus quіsquam habet: Quod huіc, vel іpsіs adversarііs judіcіbus, excepto Buchanano, nullum nіsі іn patіentіa remedіum superest. Cum іlle sі іntolerabіlіs tyrannіs est (modіcum enіm ferre omnіno debet) resіstere cum reverentіa possіt”. Barclay contra Monarchom. 1. 3. с 8. Аудармасында бұл былай болып шығады:
233. “Бірақ әлдекім халық тиранияның қаншеңгелі мен қаһарының алдында үнемі қорғансыз болуы керек пе деп сұраса ше? Адамдар өз қалаларының тоналып, күлге айналып жатқанын, олардың әйелдері мен балалары тирандардың нәпсісі мен қаһарының зардабын тартқанын және өздерін және отбасыларын корольдері тып-типыл тонап, мұқтаждық пен қанаудың барлық қасіретін тарттырғанда да жайбарақат қалуы керек пе? Сонда, табиғат өздерін зорлық-зомбылықтан қорғау үшін барлық тіршілік иелеріне еркін беретін ортақ артықшылық – күшке қарсы күшпен қарсыласу кейбір адамдарда болмауы керек пе? Жауабым былай: өзін өзі қорғау табиғат заңының бір бөлігі; тіпті корольдің өзіне қарсы шығу керек болса да, қоғамдастық, ол құқықтан айрыла алмайды; бірақ қалай болғанда да халыққа корольден кек алуға рұқсат етілмеуі керек; бұл аталған заңға сәйкес келмейді. Егер король қандай да бір жекелеген адамдарға өшпенділігін көрсетіп қана қоймай, өзі басшысы болып табылатын бүкіл мемлекетке қарсы шығатын болса, ойына келгенін істеп, халыққа немесе оның бір бөлігіне қатыгездікпен зорлық-зомбылық жасаса, мұндай жағдайда халықтың қарсылық көрсетіп, өзін зорлық-зомбылықтан қорғауға құқығы бар. Бірақ бұл ретте мынадай сақтық қажет – адамдар өз тақсырына шабуыл жасамай, тек өздерін қорғауы керек; олар өздері шеккен нұқсанның есесін қайтара алады, бірақ қандай жағдайда да тиісті сыйлау мен құрмет шегінен аспауы керек. Олар осы қазіргі шабуылды тойтара алады, бірақ бұрынғы өкпесі үшін кек алмауға тиіс. Өйткені біз үшін өзіміздің өміріміз бен денсаулығымызды қорғау табиғи нәрсе, бірақ төмен тұрғандар жоғары тұрғандарды жазалай бастаса, бұл табиғатқа қайшы. Халық өзіне қарсы ойластырылған қаскөй пиғылдың алдын ала алады; ал бірақ қаскөй пиғыл жүзеге асса, король осы арамдықтың бастамашысы болса да, бұл үшін одан кек алуға болмайды. Халықтың қандай да бір жеке тұлғадағыдан артықшылығы көбірек жер міне осында; тіпті біздің қарсыластарымыздың пікір бойынша да (Бьюкененді қоспағанда) жеке тұлғалардың төзуден басқа амалы жоқ; бірақ бүкіл халық
тұтастай алғанда адам төзгісіз тиранияға құрметпен қарсылық көрсете алады; ал тирания соншалық ауыр болмаса, халық оған төзуі керек”. 234. Монархиялық өкімет осынау бір ұлы адвокаты қарсылық мәселесін осылай шешеді. 235. Рас, ол бұған, неге екені белгісіз, екі ескертпені қосады. Біріншіден, ол қарсылық құрметпен жасалуы керек дейді. Екіншіден, бұл қарсылық кек алусыз немесе жазасыз көрсетілуі қажет; ол мұнысын төмен тұрған адам жоғары тұрған адамды жазалай алмайды деген уәжбен дәлелдейді. Біріншіден. Күшке қарсы жауап соққы бермей қалай қарсыласуға болады, немесе құрметпен қалай соғу керек – мұны түсінікті ету үшін талай өнер қажет. Шабуылға соққы дарытпау үшін тек қалқан ұстап шығатын, немесе шабуылдаушының өз-өзіне сенімі мен күшін тыныштандыру үшін құрметтейтінін байқатып, қолға семсер ұстамай қарсылық көрсеткен адам ұзамай-ақ қарсыласа алмайтынын, мұндай қорғанудың аяғы өзін әлдеқайда жаман жайға түсіретінін көреді. Қарсыласудың бұл тәсілі Ювенал төбелесте мазақ еткен қылық сияқты күлкілі: “Ubі tu pulsas, ego vapulo tantum”. Ал оның нәтижесі олбылай сипаттағандай болып шығады: Lіbertas pauperіs haes est: Pulsatus rogat, et pugnіs concіsus, adorat, Ut lіceat paucіs cum dentіbus іnde revertі. Адамдар қарсы соққы бере алмайтын мұндай жалған қарсыласудың ақыры сөзсіз осындай болады. Демек, қарсыласа алатын адамға, соққы беруге рұқсат етілуі керек. Сол кезде біздің автор немесе басқа біреу өзі лайықты деп санаған құрметпен, сыйлаумен біреуді бастан немесе беттен қойып қалып көрсін. Соққы мен құрметті үйлестіре білетін адам, менің түсінуімше, қай жерде болса да, өзінің еңбегі үшін сыпайы, құрметті төмпештеуге лайық.
Екіншіден. Оның екінші – төмен тұрған адам жоғары тұрған адамды жазалай алмайды деген қағидасына келер болсақ, бұл, жалпы алғанда, ол жоғары болып тұрған кезде әділ. Бірақ күшке қарсы күшпен қарсылық жасау соғыс ахуалы деген сөз, бұл ахуал шайқасып жатқан тараптарды теңестіреді, бұрынғы барлық құрмет көрсету, сыйлау және артықшылық қатынастарын жояды; олай болса, тек әділетсіз агрессорға қарсыласушы одан жоғары деген теңсіздік қалады да, бұл жоғарылық мынадан құралады: қарсыласушы агрессорды жеңсе, бейбітшілікті бұзғаны және содан туындаған барлық жамандықтар үшін оның қылмыскерді жазалау құқығы болады. Баркли, неғұрлым дәйекті болғандықтан, басқа бір тұста корольге қарсыласудың қандай да бір жағдайда заңды бола алатындығын жоққа шығаратыны міне сондықтан. Алайда ол сол тұста корольдің өзін-өзі орнынан түсіре алатын екі жағдайды ескертеді. Оның сөздері мынау: “Quіd ergo nullіne cаsus іncіdere possunt quіbus populo sese erіgere atque іn R'egem іmpotentіus domіmnantem arma capere et іnvadere jure suo su~que authorіtate lіceat? Nullі certe quamdіu Rex manet. Semper enіm ex dіvіnіs іd obstat, Regem honorіfіcato; et quі potestatі resіstіt, Deі ordіnatіonі resіstіt: Non alіas іgіtur іn eum populo potestas est quam sі іd commіttat propter quod іpso jure rex esse desіnat. Tune enіm se іpse prіncіpatu exuіt atque іn prіvatіs constіtuіt lіber: Hoc modo populus et superіor effіcіtur, reverso ad eum sc. jure іllo quod ante regem іnauguratum іn іnterregno habuіt. At sunt paucorum generum commіssa ejusmodі quae hunc effectum parіunt. At ego cum plurіma anіmo perlustrem, duo tantum іnvenіo, duos, іnquam, casus quіbus rex іpso facto ex Rege non regem se facіt et omnі honore et dіgnіtate regalі atque іn subdіtos potestate destіtuіt; quorum etіam memіnіt Wіnzerus. Horum unus est, Sі regnum et rempublіcam evertere conetur, hoc est, sі іd eі proposіtum, eaque іntentіo fuerіt ut dіsperdat, quemadmodum de Nerone fertur, quod іs nempe senatum populumque Romanum, atque adeo urbem іpsam ferro flammaque vastare, ac novas sіbі sedes quaerere decrevіsset. Et de Calіgula, quod paіam
denuncіarіt se neque cіvem neque prіncіpem senatuі amplіus fore, іnque anіmo habuerіt, іnterempto utrіusque ordіnіs Electіssіmo quoque Alexandrіam commіgrare, ac ut populum uno іctu іnterіmeret, unam eі cervіcem optavіt. Talіa cum rex alіquіs medіtatur et molіtur serіo, omnem regnandі curam et anіmum іllіcoі abjіcіt, ac proіnde іmperіum іn subdіtos amіttіt, ut domіnujs servі pro derelіcto habіtі, domіnіum. 236. Alter casus est, Sі rex іn alіcujus clіentelam se contulіt, ac regnum quod lіberum ~ majorіbus et populo tradіum accepіt, alіenae dіtіonі mancіpavіt. Nam tunc quamvіs іorte non e~ mente іd agіt populo plane ut іncommodet: Tamen quіa quod praecіpuum est regіae dіgnіtatіs amіsіt, ut summus scіlіcet іn regno secundum Deumsіt, et solo Deo іn ferіor, atque populum etіam totum іgnorantem vel іnvіtum, cujus lіbertatem sartam et tectam consevare debuіt, іn alterіus gentіs dіtіonem et potestatem dedіdіt; hac velut quadam regnі ab alіenatіone effecіt, ut nec quod іpse іn regno іmperіlum habuіt retіneat, nec іn eum cuі collatum voluіt, jurіs quіcquam transferat; atque іta eo facto lіberum jam et suae pоtestatіs populum relіnquіt, cujus reі exemplum unum annales Scotіcі suppedіtant”. Barclay contra Monarchom. Lіb. 3. C.16 Аудармасында ол былай болып шығады: 237. “Сонда қалай болғаны, халық ешқашан, ешбір жағдайда өзінің құқығы мен өкілеттігіне сәйкес қолына қару алып, қатал билік жүргізіп отырған короліне қарсы шабуыл жасап, өзіне көмектесе алмайтын болғаны ма? Ол король болып тұрған кезде ешқашан да. “Корольді құрмет тұт” және “Өкіметке қарсыласқан адам құдайдың әміріне қарсыласады” – міне, бұған ешқашан рұқсат бермейтін құдай сөздері осы. Міне, осылайша халық, егер король нәтижесінде король болу қалатындай бірдеңе істемесе, ешқашан оған қарсы күш қолданып, қарсы шыға алмайды. Өйткені олай істесе король өзін-өзі тәж бен құрметтен айырып, жеке адам ахуалына оралады, ал халық бостан да жоғарғы тұлға болып шығады; патша тағайындаулар аралығында, оған патша тәжін кигізгенге дейін халықта
болған өкімет қайтадан халыққа көшеді. Бірақ ондай ахуалға апарып соқтыратын заңға қайшы тек бірнеше қарекет бар. Бұл мәселені мұқият ойластырып, мен тек екеуін ғана көрсете аламын. Король іс жүзінде король болудан қалатын, сөйтіп өз халқы жөніндегі бүкіл корольдік айрықша құқығын жоғалтатын небәрі екі жағдай бар деймін мен; бұған сондай-ақ Винцерус та назар аударған. Бірінші жағдай, ол үкіметті құлатқысы келгенде, яғни, корольдік пен мемлекетті жойып жіберуді мақсат етіп, соның жайын ойластырғанда болды, мысалы, Нерон туралы оның сенат пен Рим халқын бауыздап тастап, қаланы отқа орап, адамдарын семсермен қырып тоз-тозын шығарып, содан кейін басқа жаққа көшіп кетпекші болғаны, халық пен сенаттың басшысы болуды қаламайтынын, екі сословиенің де игі жақсыларын бауыздап тастамақ екендігін, сосын Александрияға кететіндігін және бір-ақ сермеп шауып тастай алу үшін халықтың бір-ақ мойны болса деп тілейтінін ашық мәлімдеген Калигула туралы хабарлар жеткен. Егер қандай да бір корольдің осындай пиғылы болып, шынында да оны жүзеге асыруға ұмтылса, онда ол сол бойда мемлекет жөніндегі барлық қамы мен ойынан бас тартады, демек, құлдарын тастап кеткен бойда, оларға билігінен айрылатын қожайын секілді, король де өзінің бодандарын басқару құқығын айрылады. 238. Екінші жағдай мынадай: король басқаның вассалына айналады да, ата-бабалары қалдырған корольдікті және өзінің қолына бостан күйінде берілген халықты басқаның билеп-төстеуіне береді. Оның пиғылы халыққа зиян келтіруге бағытталмаған болса да, ол осынысымен корольдік арнамыстың негізгі бөлігінен, атап айтқанда, ол құдайдан кейінгі тұлға және тек соған бағыну, өз корольдігінде жоғарғы әмірші болу керек деген бөлігінен айрылады, сондай-ақ ол бостандығын мұқият қорғауға тиіс болған өзінің халқын сатып кеткендіктен немесе жатжерлік ұлттың билігі мен үстемдігіне көшуге мәжбүрлегендіктен солай болды. Өз корольдігін осылай оқшаулау арқылы ол өзі билікті кімге жүктесе де, оларға титтей де
құқық берместен, өзінің онда бұрыннан бар билігінен айырылады; және өзінің осы актысы арқылы халықты босатады, ал халық енді өз-өзіне билік ете алады. Осындай мысалдардың бірін “Шотланд хроникаларынан” табуға болады”. 239. Мұндай жағдайларда абсолютті монархияның ұлы қорғаушысы Баркли корольге қарсылық жасауға болатынын және оның король болып қалмайтынын мойындайды. Мысалдарды көбейте бермес үшін қысқартып басқаша айтсақ, корольдің өкілеттіктері жоқ болса, ол король емес және оған қарсылық жасауға болатын жағдайларда; өйткені, өкілеттіктер күші тоқтатылған бойда король сол сәтте король болудан қалады және өкілеттіктері жоқ басқа адамдармен бірдей болады. Ол келтірген екі жағдайды алсақ, қиратушылығы жағынан олардың жоғарыда аталғандардан үкіметтер үшін айырмашылығы аз; ол тек өзінің доктринасына негіз болатын принципті, атап айтқанда, уағдаласылған басқару пошымы сақталмағандықтан және қоғамдық игілік пен меншікті сақтау көзделетін басқарудың өзінің мақсаты жүзеге асырылмайтындықтан сенімнің ақталмағанын қалдырып кетеді. Король өздігінен орнын тастап, өзін өз халқымен соғыс ахуалына қойған кезде, Баркли мен оның пікірін қолдаушылар бізге халықтың, өзін халықпен соғыс ахуалына қойған кезкелген басқа адаммен істейтіндей, король емес адамды сот арқылы қудалауына не кедергі жасай алатынын, айтса жақсы болар еді. Мен тағы Барклидің: “Халық өзіне қарсы ойластырылған қаскөй пиғылдың алдын ала алады” деген сөздеріне назар аударғым келеді; осынысымен ол тирания ойластырылып жатқан кезде-ақ қарсылық жасауға болатынын мойындайды. “Егер қандай да бір корольдің (дейді ол) осындай пиғылы болып, шынында да оны жүзеге асыруға ұмтылса, онда ол мемлекет жөніндегі барлық қамы мен ойынан бас тартады”; осылайша, оның айтуынша, қоғам игілігін елемеу сондай пиғылдың дәлелі немесе бері салғанда қарсылық үшін жеткілікті себеп болып саналуға тиіс. Ал мұның барлығының себебін ол мынадай сөздермен баяндайды: “ол…
бостандығын мұқият қорғауға тиіс болған өзінің халқын сатып кетті немесе мәжбүрледі”. Оның қосатынының – “жатжерлік ұлттың билігі мен үстемдігіне өтуге” – дегенінің ешқандай мәні жоқ, өйткені кінә мен заң бұзып пайдалану халықтың король сақтауға міндетті болған бостандықтан айрылуында, сондықтан халықты қандай адамдардың қол астына өтуге мәжбүрлегеннің ешқандай айырмашылығы жоқ. Оны өз ұлтының қандай да бір адамдарының немесе жатжерлік ұлттың құлы ететіндігіне қарамастан, халықтың құқығы тең дәрежеде бұзылған және бостандығынан айырылған; нұқсанның өзі осында және халықтың тек осыған қарсы қорғану құқығы бар. Барлық елдерде билік басындағы адамдардың ұлтының өзгергені емес, басқарудың өзгергіші қорлайтыны туралы мысал табуға болады. Біздің шіркеудің епископы және тақсырлардың билігі мен айрықша құқықтарының ұлы жақтаушысы Билсон, егер мен қателеспесем, өзінің “Христиандық мойынсұну” атты трактатында, тақсырлар өзінің билігінен және бодандардың тарапынан мойынсұнуынан айралы алатынын мойындайды; ал егер онсыз да барлығы түсінікті осы мәселеде тағы да беделділер керек болса, онда мен өзімнің оқырманымды Брактонға, Фортескьюге, “Зерцаланың” авторына және басқаларға – біздің құрылыспен таныс емес деп немесе олар оның дұшпандары деп күдіктенуге болмайтын авторларға сілтей аламын. Бірақ мен, өздерінің шіркеу саясатында соған сүйене отырып, сол саясатқа ол негіз ететін принциптерді түсініксіз түрде жоққа шығаруға бейім адамдарды қанағаттандыру үшін Гукердің жалғыз өзі де жеткілікті болар деп ойлаймын. Бұл орайда оларды өздерінің диірмендеріне су құюға мәжбүр ету үшін неғұрлым қу қайраткерлер өздерінің қаруы етіп отырған жоқ па – бұл туралы олардың жақсырақ ойланғаны жөн болар. Мен тек мынаған кәміл сенемін: олардың азаматтық саясаты билеушілер үшін де, халық үшін де соншалық жаңа, соншалық қауіпті және соншалық қиратқыш өткен ғасырлар оны жүргізуге ешқашан жол бере алмағанындай, осынау мысырлық қарауылдардың жаласынан босанған келер замандар да
осынау сұрқия жарамсақтар аруағына жиіркеніш сезімін оята береді деп үміттенуге болады, ол жарамсақтар тегінде, өздеріне тиімді болған соң кезкелген басқаруды абсолютті тиранияға айналдырып отырған және адамдардың барлығы да, осынау пасық пиғылдардың пікірі бойынша, өздеріне дөп келетін ахуалда – құлдықта туғанын қалар еді. 240. Бұл жерде, сірә: “Қазы кім болады және тақсыр немесе заң шығарушы орган өзіне көрсетілген сенімге кереғар қарекет жасады ма, дегенді шешетін кім?” деген әдеттегідей сұрақ қойылатын болар. Бәлкім, тақсыр өзіне тиесілі айрықша құқықты ғана пайдаланса да, наразы және арам ниетті адамдар халық арасында осындай сыбыс таратар. Бұған жауабым: халық азы болады; өйткені ол сенім білдірген немесе µкілеттік берген адамның ісінің дұрыс-бұрыстығын және оның өзіне білдірілген сенімге сәйкес қарекет жасап жүргенін айқындайтын қазы сол адамға µкілеттік берген халық болмағанда, кім болмақ және µкілеттік бергенде көрсетілген сенімді ақтамаса, кім қайта шақырып алуы керек? Егер бұл жеке тұлғаларға қатысты жағдайларда парасатты болса, миллиондардың игілігі туралы сөз болып отырғанда және егер алдын алмаса келтірілетін жамандығы әлдеқайда көп, ал орнын толтыру өте қиын, қымбат та қауіпті аса маңызды нәрселерде неліктен өзгеше болуы керек? 241. Бірақ, тереңірек үңілсек, осынау сұрақ (“кім қазы болады?”) жалпы қазы жоқ дегенді аңғарта алмайды. Өйткені, жер бетінде адамдар арасындағы дауды шешетін сот жоқ кезде, қазы көктегі құдайтағала ғой. Тек сол ғана расында әділ қазы. Бірақ әрбір адам барлық қалған жағдайларда өзіне өзі қазы боатынындай, осынау, басқа біреу өзін мұнымен соғыс ахуалына қойған жағдайда, Иеффай істегендей баршаның иесіне жүгінуге тура келген кезде де қазы болады. 242. Егер заң үнсіз қалатын немесе күмәнді мәселеде тақсыр мен оның халқының ішінен шыққан әлдебір адамдардың арасында дау туындаса, ал іс аса маңызды болса, онда мен мұндай жағдайда ең лайықты аралық сот тұтас халық болуы керек деп санар едім. Өйткені тақсырға сенім білдіріліп,
ол заңның әдеттегі нұсқауларына бағынышты болмайтын және қандай да бір адамдар зардап шеккен болып шығып, тақсыр өзіне білдірілген сенімге кереғар іс-әрекет жасайды немесе оны асыра пайдаланады деп санайтын жағдайда, ол сенім, халықтың пікірі бойынша қаншалық өріске таралу тиіс екендігі жөнінде қазылық жасау үшін тұтас алғанда (бастапқыда сол сенімді білдірген) халықтан басқа лайықты қазы кім болмақ? Бірақ тақсыр немесе билік басында тұрғандардың біреуі дауды шешудің мұндай жолын қабылдамаса, онда тек көкке жүгіну ғана қалады. Адамдардың арасындағы қатынастардың жер бетіндегі ең жоғарыны білмейтін немесе жер бетіндегі қандай да бір қазыға жүгінуге жол бермейтін адамдар арасындағы күш, шынына келгенде соғыс ахуалы, мұндай ахуалда тек көкке ғана жүгінуге болады; және мұндай жағдайда зардап шеккен тарап мұндай жүгінудің қай кезде дұрыс болатындығын және оған қашан бел байлаудың керектігін өзі анықтауға тиіс. 243. Қорытайық. Әрбір жеке адам қоғамға кірген кезде оған берген билік қоғам тіршілік етіп тұрған кезде ешқашан жеке адамға қайтып оралуы мүмкін емес, бірақ қашанда қоғамдастықта қала береді, өйткені мұнсыз қоғамдастықтың болуы мүмкін емес, мемлекеттің болуы мүмкін емес, бұл бастапқы келісімге қайшы келер еді. Демек, қоғам заң шығарушы билікті, осы билік соларда және солардың ізбасарларына болу үшін адамдардың қандай да бір жиналысына тапсырған кезде, және де бұл жиналыстың мұндай ізбасарларды тағайындау құқығы мен өкілеттігі болса, онда осы мемлекеттік құрылыс тұрған кезде заң шығарушы биліктің халыққа қайта оралуы мүмкін емес. Гәп мынада, заң шығарушы органға үздіксіз болу құқығын берген халық, сонысымен өзінің саяси билігін осы органға береді және оны өзіне қайтара алмайды. Бірақ халық өзінің заң шығарушы органының қызметін шектеп, әлдеқандай бір адамның немесе жиналыстың қолындағы осынау ең жоғары өкіметті уақытша еткен болса, немесе өкімет басындағы адамдардың қара бастарына пайдалануының салдарынан олар оны жоғалтса, онда мұндай жоғалтудың немесе
белгіленген мерзімнің аяқталуы нәтижесінде бұл билік қоғамға қайта оралады да, халық жоғарғы билік ретінде қарекет жасай алуға, сөйтіп заң шығарушы орган бола беруге, не заң шығарушы биліктің жаңа пошымын құруға, не ескі пошымды сақтай отырып, бұл билікті өзі жақсы деп санаған жаңа қолдарға бере алады. Соңы
“Джон Локк. Сочинения в трех томах. Том 3.
Москва, 1988” басылымынан қазақшалаған Камал
Әлпейісова.
Жань Мелье
(1664–1729) – Француз ағартушысы, демократ, утопиялық социалист. Деревня тоқымашысының баласы, 1689 жылдан – священник. 40 жылдай ауылдаөмір сүріп, мәдени орталықтан сыртқалса да, өз
заманының алдыңғы қатарлы әлеуметтік-саяси ой өрісінің деңгейінде болды. Өмірінің соңында ол жазған жалғыз шығарма – "Өсиет". Бұл шығармада шіркеуге және хрисиан дініне қарсы айтылған жайлар болғандықтан, Ф. Вольтер мен П. Гольбахтың "Өсиеттерінен" үзінділер секілді, оған да өкімет тыйым салып, отқа жағуға үкім шығарды. Бұл еңбекті XVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы француз Ағартуының өкілдері айрықша бағалап, оны одан әрі дамытты. Бұл шығарма 1864 жылы авторының 200 жылдығы қарсаңында Амстердамда толық басылып шықты. "Өсиетте" Франциядағы феодалдық-монархиялық тәртіп рақымсыз да әділетсіз билік ретінде қатаң сынға алынады: халық пен билік арасында бітіспес қайшылық барлығы көрсетіледі. Мелье одан шығар жол "әділетсіздік пен арсыздық тақтарын" құлату үшін күшін біріктіріп, "адамдарға лайық" өмір орнату деп білді.
"ӨСИЕТ"
Достарым сендердің еңселеріңді езген жамандықтың, сондай-ақ сендерді қателіктер мен соқыр сенімнің тұзағында, бұл жалғанның күштілерінің озбыр заңдарының езгісінде ұстап оытрған барлық алдаулардың қайнар көзі адамдардың жексұрын саясатынан басқа ештеңе де емес. Олардың кейбіреулері (ешқандай құқығы болмаса да) өзі сияқтыларға билік жүргізгісі келеді, енді біреулері өздерін әулие дәрежесіне, тіпті құдай дәрежесіне көтергісі келеді; олар бір-біріне айлакерлікпен көмектеседі, халықты алдап, өз мақсатына оңайырақ жету үшін тек қара күшті місе тұтпай, барлық пйлп-шарғыны қолданады. Осылайша сол әккі де айлакер саясатшылар өздерінен әлсіздеу және сауаты аздау адамдардың сенгіштігін, аңқаулығын және надандығы мен оқымағандығын пайдаланып, оп-оңай ғана өздерінің ойындағысына көндіріп, оған кейін өздері қалаған барлық заңдарды, ерікті түрде немесе күшпен, құрмет көрсете, бас ұра отырып қабылдауға мәжбүр етеді. Осындай жолмен кейбіреулер өздерін басқалардың ерекше қасиеті бар әулие деп, өзінің қалауын басқаларға жеткізу үшін құдайдың арнайы жіберген адамындай құрметтеуіне, тіпті пір тұтуына, ал енді біреулер байлыққа, құрметке және билікке жетеді. Осындай қулық-сұмдықпен
жеткілікті байлықты. жеткілікті билікті немесе қорқыту күшін иемденіп, бұл адамдар өздері сияқтыларды бағындыра алады да, енді ашық түрде оларды қанауға көшеді және өздеріне қажетті заңдарды қабылдауға мәжбүр етеді... Міне, достарым, адамзат қоғамының еңсесін басқан және адамдардың өмірін улайтын барлық бақытсыздықтың нағыз бастауы да, тегі де осында. Сорымызға қарай, Жер бетінде кеңінен тараған барлық қателіктердің, жалғандықтың, сенім-нанымның, жалған құдайлардың, пұтқа табынушылықтың бастауы да, тегі де осында. Сендерге ең қажетті деп таныстырылатын және дін деп қастерлеп атауға мәжбүр ететіннің бәрінің бастау да, тегі де осында. Тақуалық пен дінді бетке ұстай отырып, сендерді құдайдың өзі жіберген заңдардай қабылдауға мәжбүр ететін қасиетті де тиісуге болмайды дейтін заңдардың бастауы да, тегі де осында. Осынау озбыр басқару салтының күші де сол үкіметтің орнатылуын қамтамасыз еткен құралдар мен принциптердің қолдауына сүйенеді де, діннің негізгі қағидаларына қарсы күресу де, мемлекеттің негізгі заңдарына тиісу де қауіпті болар еді. Сондықтан да, ақылды да оқыған адамдар қаншалықты әділетсіз болса да, мемлекеттің ортақ заңдарына бейімделетініне, олар мемлекетте орныққан діннің адасулары мен түкке тұрғысыздығын әбден біле отырып, жұрт көзінше соның заңдары мен соның саясатына сырттай ыңғайланатындығына таңдану бекершілік. Сол заңдарға олар соншалықты жиіркене бағынса да, жалпы жұрттың ортақ ағымына қарсы шығып, немесе бет қаратпас билеуші болғысы келетін егеменнің өкіметіне қарсыласу арқылы басын қатерге тіккеннен гөрі, өзінің игіліктерін сақтап, тыныш өмір сүру әлдеқайда пайдалы да тиісді... Бұған тағы мемлекетте қандай бір үлкен, орташа, әтпесе ең бір кішкентай қызмет (діни немесе дүниауи) атқаратын яки сондай қызметке ие болғысы келетін адамдардың жеке мүддесі мен бейімін қосыңыз; олардың арасынан, әрине, өзінің жеке мүддесі мен өзінің пайдасын ойлаудан гөрі басқалардың қоғамдық игілігін ойлайтындарды таба алмайсың. Өз
атаққұмарлығын қанағаттандыру, жеке пайдасын көздеу, нәсіпқұмарлық – міне, бұл тұрпатты адамдардың бәрін сипаттайтын қасиеттер осындай. Мемлекеттік қызметке дәмелілерден баршаны өз заңдарына бағындырғысы келетін әміршінің менмендігіне, атаққұмарлығына, озбырлығына қарсылықты күтуге болмайды. Керісінше, көзге түсіп, соның беделімен өсіп кетемін деген үмітпен олар оның жаман нәпсісі мен пасық пиғылдарына тезірек жәрдемдеседі. Сондай-ақ байып кеткен көпестер тарапынан да билеушінің әділетсіздігіне қарсылықты немесе жалған діннің қиянаты мен қателіктерін ашық жазғыруын күту қиын, өйткені көбіне-көп әміршінің қорғаштауының арқасында олар мемлекеттегі пайдалы қызметке қол жеткізе алады немесе шіркеуден мол табыс алады. Олардың жанталасы өзіне орасан пайда түсіретін қоғамдық қателіктер мен қиянатты аластаудан гөрі көбірек байлық пен қазына жинауға бағытталған. Тәтті өмірді, көңіл көтеруді, тыныш та жайлы өмір сүруді қалайтындар туралы да осыны айтуға болады. Олар ортақ қателіктерге қарсы наразылық әрекеттері туындататын қуғындау азабынан гөрі өмірдің рахатын тыптыныш пайдалануды артық санайды. Және, ақыр соңында, дәрменсіз адамдарға келсек, олар да көтеріле алмайды, өйткені олар өздерін қамап ұстап оытған жалғандық пен жарамсақтық торын бұзып-жарып шыға алады деп күтудің өзі қиын. Олар ортақ ағыс күшіне қарсы тұра алмайды, егер олар оған ерікті түрде қосылудан бас тртса да, ол өзімен бірге ала кетер еді. Мұның үстіне қоғамдағы жағдайы әртүрлі адамдардың арасында соншалық тығыз бағыншытылық пен тәуелділік байланысы бар; олардың, тіпті жақын туыстардың арасында қызғаныш, қызғаншақтық, залымдық және сатқындық қаулап кеткені соншалық, бірде-бір адам басқаға кепіл бола алмайды. Сондықтан әлдекімдердің заматта әшкере ету немесе сатып кету қатерінсіз ештеңе жасай алмайсың, ештеңені бастай алмайсың. Жі-әне де есерсоқ үкіметті өзгерту әрекеті секілді істе досыңа да, туысыңа да сенуге болмайды. Осылайша, барлық қателіктер мен жалғандыққа, жалғанды жалпағынан басып жүргендердің тираниясына қарсы бас көтере
алатын, не бас көтергісі келетін, не соған батылы жететін ешкім жоқ. Сондықтан да барлық жерде де жамандық үстемдік ететіндігіне, оның күші орасан екендігіне таңдануға болмайды. Сырт қарағанда, дін мен саясат бір-бірімен әмпейлеспеуге, ондай жағдайда олар өзара қарама-қайшылықта болып, біріне бірі қарсы қимылдауға тиіс секілді көрінеді. Діннің жұмсақтығы мен тақуалығы тирандық үкіметтің қаталдығы мен әділетсіздігін айыртауға тиіс секілді көрінеді; екінші жағынан, кемеңгер саясаттың парасаты жалған діннің қиянатын, адасуларын және екіжүзділігін айыптап, басып-жаныштауға тиіс секілді көрінеді. Ақиқатын айтсақ, солай болуға тиіс қой; бірақ болуға тиіс нәрсе ешқашан болмайды. Осылайша, дін мен саясат өздерінің бастапқы қайнар көзімен негізгі қағидалары бойынша, бір-біріне соншалықты қарама-қарсы және жау болуға тиіс секілді көрінгенімен, бір рет өзара одақ құрып, жақын дос болып алғаннан-ақ олар бір-бірімен өте жақсы әмпей болып кетеді. Олар екі алаяқ секілді бір-бірімен тіл табысып кетті деуге болады, өйткені олар бір-бірін қорғап, қолдап отырады. Саяси үкіметті қандай адуын болса да дін қолдайды; өз кезегінде үкімет те, қандай ақымақ және мағынасыз екендігіне қарамай, дінді өз өорғауына алады. Священниктер, діннің осынау министрлері, қарғыс пен мәңгілік жаза үрейін үйіп-төгіп, халықты өкіметке, билеушілерге және егемендерге бағынуға мәжбүрлеп, оларды басқаларды билеп-төстеуге құдай қойғандай етіп көрсетеді; ал өз кезегінде билеушілер халықты шіркеу қызметкерлерін құрметтеуге мәжбүрлейді, оларға жалақысы мол жақсы қызмет береді және олардың жалған табынуындағы парықсыздықтары мен қиянатын қолдап, олардың жасағандарының және басқаларға сенуді бұйыратындарының бәріне, бұл дін және құдайға табыну деген желеумен, қасиетті нәрседей көруге халықты мәжбүрлейді. Бүкіл дүние мойындаған және барлық дерлік жұрт қабылдаған жамандық – жердің игілігі мен байлығын жеке адамдардың иемденуі, өйткені оны барлық жұрт бірдей және бірлесіп иемденуге тиіс қой. Мұны
айтқанда мен мынаны ишаралап отырмын: бір қалада немесе бургте, не бір ауылда, не бір шіркеу аймағында тұратындар бір отбасын құрауға, бірбіріне аға-қарындастай, ортақ әке мен шешенің баласындай қарауға, сөйтіп, аға мен қарындастай, бір-бірін сүйіп, қауым болып тыныш өмір сүруге тиіс. Бірақ сонымен қатар барлық азаматтар сол секілді қолынан келетін еңбегімен немесе өзінің кәсібіне қарай, жыл мезгіліне сәйкес және қандай да бір бұйымдарға қажеттілікке сәйкес неғұрлым өзекті мұқтаждыққа орай әлдене пайдалы да адал жұмысымен қоғамға пайда келтіруге тиіс. Бұл еңбек басқаларға тираниялық үстемдік жасағысы келетіндердің емес, ең кемеңгер де қоғамды игілік пен жетістік ісіне шын берілген адамдардың басшылығымен жүргізілуге тиіс. Көрші қалалар мен басқа да қауымдар қажет болған жағдайда өзара көмек беріп, қолдап отыру мақсатында бір-бірімен одақтасып, бұзылмайтын бейбітшілік пен берекелі ынтымақты сақтап отыруға барынша ұмтылуға тиіс. Мұндай шартсыз қоғамдық игілік тіршілік ете алмайды да, адамдардың көп бөлігі жоқтыққа, бақытсыздыққа тап болады. Жер байлығын бөлуден, мөйтіп әркімнің өз қалауынша жеке пайдалануынан қандай нәтиже шығады? Былай болып шығады: кез-келген пенде бүкіл өтірік-шынын араластырып, қалайда көбірек қарпып қалуға тырысады, өйткені барлық жаманшылықтың түп тамыры болып табылатын тойымсыздық. өзінің аңсағанына жететін есіктің ашықтығын көріп, ыңғайлы жағдайды пайдаланады да, адамдарды мұқтаждыққа тап болмау үшін де, қалағанынан ләззат алып, пайдалану үшін де барлық амалдарды іске қосуға мәжбүр етеді. Осылайша, ең күшті, ең айлакер, ең қу және көп жағдайда ең зұлым, ең лайықсыз адамдар жердің игіліктері мен өмірдің жақсылығын көбірек қарпып қалады. Осыдан келіп біреуде көп, біреуде аз болады, көбіне біреулер бәрін қарпып қалады, біреулерде тұлдыр да болмайды, біреулер бай, біреулер кедей болады, біреулерде жақсы үй, жақсы жиһаз, мол дастарқан, жақсы киім, жақсы төсек, жақсы аяқ киім. енді біреулерде нашар тамақ, нашар
киім, нашар үй, нашар төсек және нашар аяқ киім болады, ал кейбіреулерде нашар баспана да болмайды, аштықтан бүгіліп, суықтан көгеріп жүреді. Біреулер іркілдеп семіріп, тамақтан жарылардай болып, астатөк той өткізіп жатса, екіншілер аштықтан өліп жатады. Біреулер үшін өмір деген мәңгілік мереке, ойын-сауық, екіншілер үшін – қайғы-мұң мен жоқшылық. Біреулер құрмет пен даңққа бөленеді, екіншілер батпақтап, бар-жоғы белгісіз күн көреді, өйткені байлар әрқашан сый-құрметке ие, ал кедейлердің үлесі – тек жеккөрініштілік. Біреулер ештеңе істемей-ақ демалады, қалаған кезінде ойнайды, серуендейді, ұйықтайды, білетіні – кеңірдекке келгенше ішіп-жеу, тәтті өмірдің рахатын көру, ал басқа біреулер күн көруге қажет азын-аулақты табу үшін күн-түн демей, демалыс дегенді білмей, ащы терін төгіп жұмыс істейді. Байлар ауыра қалса, оған дереу дәрігер көмекке келеді, сәл нәрсеге мұқтаждық туса, барлық құралдарды, жайлылықты пайдаланады, көңлі сұралады, дәрідәрмек жеткізіледі, ал кедей байғұсқа көмек те жоқ, дәрі де жоқ, ешкім көңілін де сұрамайды, сөйтіп аурудан, қайғыдан о дүниеге аттанады. Және, сайып келгенде нәтиже мынадай: біреулер баршылық пен қуанышқа толы өмір – жұмақта жүргендей рахат өмір кешеді, ал соның қасында енді біреулер азап атаулыға көніп, қайғының, жоқтық пен қайыршылықтың барлық сұмдығын көріп тозақтағыдай өмір сүреді. Осынау қарамақайшылықтың сипатты бір ерекшелігі: сол жұмақ пентозақтың арасын кейде аз ғана қашықтық – бір көше, немесе бір қабырға ғана бөліп тұрады. Осынау қарама-қайшылықтың ең бір масқара, шектен шыққан тағы бір әділетсіздігін көрсетуге болады: көп жағдайда жұмақтағыдай өмірдің барлық қуанышы мен рахатын көруге лайық адамдар тозақтың барлық азабы мен қасіретін шегіп жатса, сол тозақтың азабы мен қайыршылығын тартуға тиіс адамдарға жұмақтың молшылық пен бақытына толы алаңсыз өмір бұйырады. Қысқасы, қаныпезерлердің үлесіне тиюге тиіс азапты бұл
дүниеде жақсы адамдар шегеді. Ал қайырымды адамдарға лайықты қуанышқа, құрметке және ләззатқа зұлымдар кенеледі. Мұнымен де тәмам емес. Жер бетінің игіліктерінің әділетсіз бөлінуі адамдар арасында сөзсіз туындайтын өшпенділік пен қызғаныштың қайнар көзі. Адамдарға шексіз қасірет әкелетін күңкіл, шағым, ашу-ыза, бүліктер мен соғыстар осыдан өрбиді. Жеке адамдардың, өздері атайтындай, өз жері мен өз құқықтарын қорғау мақсатында қозғайтын мың-мыңдаған процестері де осыдан өрбиді. Бұл процестер адамдарды мыңдаған тән азабы мен жан азабына ұшыратады, көбін-көп екі жақты да әбден жұтатады. Дұрыс бөлінбеудің бір салдары сондай-ақ мынадай: ештеңесі жоқ немесе өздеріне қажет нәрседен мақұрым адамдар күн көруге қажет нәрсені табу үшін жиі-жиі лайықсыз құралдар қолдануға сөзсіз мәжбүр етілгендей болады. Сөйтеді де адамдар арасында шексіз реніштер мен ойран туғызатын түрлі жамандық, әділетсіздік, алдау, қулық, ұрлық, адам өлтіру, арамдық, тонау, қирату секілді сұмдықтардың топырағын дайындап қояды. Мен жоғарыда айтқандай, егер адамдардың балығы байлықты, игілікті және өмірдің жақсылығын бірдей көлемде және ортақ пайдаланатын болса, егер олар барлығы бірге ауызбірлікпен адал да пайдалы еңбекпен айналысса, егер олар өздерінің арасында жер бетінің игілігі мен өздерінің еңбегінің, өнерінің жемісін дұрыс бөлсе, онда толық молшылықта, бақытты өмір сүру үшін жер бетінде орын жұрттың бәріне жетер еді. Өйткені адамдар жердің игілігін дұрыс пайдалана білсе, жер-ана адамдардың тамағы мен өмірі үшін қажет нәрсенің ьәрін, тіпті молынан өсіре алады, өмір үшін қажет нәрсенң жердің толық бере алмайтыны өте сирек. Осылайша, әрбір адам қажет нәрседен тапшылық көрмей, өзінің алаңсыз өмір сүруі үшін барлық нәрсеге ие болар еді; өзіне өзінің балашағасына тамақ табу үшін ешкім де зорықпас еді, өйткені жақсы ұйымдастырылған қауымда әркім өзіне барлық қажеттіні еркін, оп-оңай және молынан ала алар еді. Ешкім де өз жақынына қиянат жасау үшін
алдау мен қулық-сұмдыққа бармас еді, ешкім де өз мүлкін қорғау үшін соттасып жатпас еді, өйткені олардың бәрі шамамен бірдей жағдайда болар еді және бәрі тең болар еді. ешкімнің басына ұрлық пен тонау, кісі өлтіру туралы ой келмес еді, өйткені бұның бәрі оған пайда бермес еді. ешкім де, қазір кедейлер бұқарасы істейтіндей, шамасы жетпейтін жұмыспен өзін өлтірмес еді, өйткені барлық адам еңбекке араласып, ешкімнің де жатыпішерлігіне жол берілмес еді. Байғұсым-ай, сен мынау жарық дүниеде азапты өмір сүріп жатқаныңа таңданамасың? Інжілдегі бір әпсанада айтылған соры қалың диқандардай, күннің де, мынау аптап ыстықтың да ауыртпалығын жалғыз сен көтересің, мемлекеттің барлық ауыртпалығы саған, сен сияқтыларға артылған. Сен, жүк малындай, өзіңнің басты тирандарың – корольдер мен әміршілердің жүгін ғана арқалап жүрген жоқсың, сенің мойныңа барлық ақсүйектер, дін басылары, монахтар, заң шығарушылар, әскер, барша зорлықшылар, барлық тұз бен темекі монополиясындағы қызметкерлер және жарық дүниедегі қажетсіздер мен пайдасыздардың бәрі мініп алған. Осынау жатыпішерлер мен соларды қызмет еткізетіндер тек сенің қолыңмен жасалғанмен ғана тіршілік етеді. Сен өз еңбегіңмен олардың тіршілік етуі үшін ең қажеттінің бәрімен жабдықтап қана қоймайсың, олардың ойына келгенін істеп, содан ләззат алуына мүмкіндік бересің. Егер халық корольдер мен ұлы әміршілерді асырамаса, олардың тағдыры не болар еді? Корольдер халықтың жайын аз ойлайды, бірақ өз мәртебесін де, байлығын да, құдіретін де сол халықтан алады; егер сендер олардың мәртебесін қолдамасаңдар, олар да қазіргі сендер сияқты, езгіге ұшыраған халықтар сияқты әлсіз де бейшара болар еді. Егер сендер оларға өз байлықтарыңды бермесеңдер, оларда сендердікінен артық байлық болмас еді. егер сендер олардың заңдарына бағынғыларың келмесе, оларда сендердікінен артық билік те, құдірет те болмас еді. Егер мен айтып отырған сол адамдар сендердің еңбектерің мен шаруаларыңды өздеріңмен тең бөлісіп, тер төгіп, соншалық мол өндірілген игіліктеріңнің тиісті бөлігін теңдік негізінде
сендерге қалдырар болса, бір жағынан сендер зорықпай еңбек етер едіңдер, екінші жағынан көбірек бос болып, өмірдің қызығын да көбірек көрер едіңдер. Барлық адамдар қандай да бір нәтижелі еңбекпен немесе пайдалы да адал бір іспен айналысар болса, әділетке кереғар, барлық ауыртпалықты біреулерге ғана артуға ұмтылмай, ал басқалар оның қызығы мен рахатын ғана көрмей, әркім еңбек пен өмір қиындықтарын жұмыла көтерсе, адамдар үшін әлдеқайда жақсы болар еді. Барлық нәрсені ортақтаса иеленіп, ең кемеңгер адамдардың басшылығымен және басқаруымен өмірдің барлық игіліктері мен жақсылықтарын дау-дамайсыз бірігіп пайдалану олар үшін әлдеқайда жақсырақ болар еді. Жұрт қазіргіден әлдеқайда бақыттырақ болар еді: жер бетінде қазір біз күнде көріп жүргеніміздей, қасірет шеккендер мен қайыршылар болмас еді. Аужайын аңдасақ, христиан діні әу баста өзінің жақтастарын адамдар үшін жақсырақ, жұрттың бәрінің көңілінен шығатын осындай өмір жолына түсірмек болған. мұның өзі діннің адамдарды бір-біріне ағақарындастардай, өзара тең деп қарауға мәжбүрлеуінен ғана емес, қауымдардың өмір сүруінің алғашқы кезеңіндегі күнделікті практикасынан да аңғарылады. Біз олардың кітаптарынан олардың сол кезде барлығын ортақ қазынаға құйғанын, олардың арасында кедейлердің болмағанын көреміз; барлық діндарлар, – делінген олдардың тарихында, – бір жүрекпен, бір жанмен өмір сүреді, ешкім де өзінің қолындағысына өзінің жеке меншігі деп қарамады; жері, мекендері, үйлері барлар оны сатып, ақшасын апостолдарға апарып берген, апостолдар оны әрбір адамның қажетіне қарай олардың арасында бөліп отырды. Сондықтан да олардың сенімінің немесе дінінің басты бір тармағы немесе қағидасы "әулиелердің ортақтығы", яғни әулиелер қолындағы игіліктердің ортақтығы болды. Осынымен олар өздерінің барлығының да әулие екенін, барлық игілік ортақ екенін айтқысы келген. Бірақ бұл әулиелік бірлестік немесе барлық игілікті ортақтастыру ұзаққа бармады: сараңдық олардың жүректеріне
баспалап еніп, игіліктің ортақтығын бүлдірді де, оларды бөлшектеп, бұрынғы ахуалға оралтты. Сайып келгенде, христиандар арасында, монахтар дейтіндерді санатқа қоспасақ, қоғамдық иеліктер мүлдем дерлік қалмады; ал шіркеулік немесе дүниауи қауымдық иеліктерге келсек, олардың өте аз екендігі сонша, айтуға да тұрмайды, өйткені олардың жеке адамдар үшін ешқандай дерлік маңызы жоқ. Ал монахтар, басқалардан неғұрлым ақылды және неғұрлым сақ халық ретінде, өздерінің иеліктерін қоғамдық құндылық және пайдалану пошымында сақтап қалуға әрқашан ұмтылып отырды. Монахтар қауымының осы күнге дейін гүлденіп тұруын міне осыдан: оларда бәрі бар, олар адамдардың көпшілігінің өмірін өксітетін кедейліктің азабын да, тақсіретін де тартпайды... Егер олар иелік ортақтығынан бас тартып, барлығын өзара бөлісіп, өз үлестерін әркім өз қалауынша пайдаланған болса, олар да, басқа адамдар сияқты, өмірдің мұқтаждығы мен қиыншылықтарын бастан кешер еді деп сеніммен айтуға болады. Бұдан шығар қорытынды, монахтар қауымдарының беріктігі мен дәулеттілігі бірлесіп, ынтымақта өмір сүріп, қолдарында бар игілікті бірігіп пайдалануына байланысты.Осындай тәртәп оларға өмірдің барлық қызығы мен жақсылығын беріп отыр, оларды жоқшылық пен қайыршылықтың барлық сұмдығынан мықтап қорғап отыр. Барлық Шіркеу қауымдары, оларды құрайтын адамдар өзара татутәтті өмір сүргісі, ортақ өмір сүріп, бірлесіп жұмыс істеп, өз еңбектерінің жемісін және өз аумағындағы игіліктерді тең бөлісіп пайдаланғысы келсе, олар да дәл сондай болар еді. Олар өздеріне, монахтардан да оңайырақ, сарайлар, өздеріне және малдарына аса қолайлы да берік үйлекр салып алар еді, жеміс ағаштары мен жүзім көшеттерін егіп, оларда тамаша жемістердің барлық сорттарын өсіре алар еді; олар барлық алқапта жерді жақсылап өңдеп, егін егіп, әртүрлі астықтың мол өнімін жинай алар еді. Қысқасы, ортақ өмір адамдарға өмірлік игіліктердің молшылығын берер
еді, жоқшылық пен қайыршылық өзінен өзі құрыр еді; барлық адамдар риза да бақытты болар еді, ал жердің игіліктері мен өмірдің жақсылықтарын қазіргі бөлшектеп пайдалану адамзат баласының көпшілігін түрлі-түрлі қолйсыздықтар мен қайыршылыққа душар етеді. Жердің игілігі осылайша соншалық нашар бөлініп, оны басқару да соншалық нашар жүргізіліп отырғанда, бейбақтар да сөзсіз көп болмақ. Менің даусымды корольдіктің о шеті мен бұ шеті есітуін, жоқ, бүкіл жер үстінің бәрі есітуін қалар едім. Мен бар даусыммен айқай салып: өздеріңді алдап-арбатып жүрген сендер, адамдар, есуассыңдар, ақымақтыққа соқыр сеніммен нанған сендер есуассыңдар! – дер едім. Мен оларды қателіктерін ұғынуға мәжбүр етер едім, мен оларды билеп-төстеп жүргендер бұлардың басын айналдырып, сенімін тәрк етіп отырғанын түсінуге мәжбүр етер едім. Мен оларды бақытсыздық пен қайыршылыққа жетелейтін, бізді болашақ ұрпақтың алдында ұятқа қалдырып масқаралайтын жалғандық сырына олардың көзін ашар едім. Мен оларды қателіктерге, сандырақтарға ақымақ та дөрекі соқыр сенімдерге көзсіз сендіретін өздерінің есуастықтары мен ақымақтықтарына көзін ашар едім. Мен олардың тирандардың ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік беретін, олардың тираниялық үкіметінің жексұрын езгісін төңкеріп тастауға кедергі жасайтын бойкүйездігін мойындауға мәжбүр етер едім. Ежелгі бір жазушы қартайған тиранды көруден сирек кездесетін нәрсе жоқ деген екен.Сол заманда халық қазіргідей әлсіз де бойкүйез болмапты, олар тирандардың ұзақ өмір сүріп, билеп-төстеуіне жол бермепті. Өз билігін өрескел пайдаланғандардан құтылу үшін олардың ақылы да, ержүректігі де жеткен. Қазір заман басқа, ұзақ өмір сүріп, билеп-төстейтін тирандарды жиі кездестіруге болады. Адамдардың құлшылыққа еті өліп кеткен және қазір бұл дағдының беріктігі соншалық, олар айрылған бостандығын қалпына келтіруге әрекет те жасамайды, сөйтіп құлдық олардың тіршілік етуінің табиғи шартына айналған.
Халықтар! Сендер өз діндеріңнің адасулары мен соқыр сенімдері, өз корольдеріңнің, сондай-ақ олардың атынан билік жүргізетін барлық пенделердің тираниясы сендердің барлық қасіреттеріңнің, сендердің барлық қиыншылықтарың мен сендердің барлық бақытсыздықтарыңның жексұрын қайнар көзі екенін ұғынуға тиіссіңдер. Егер сендер адам төзбейтін осынау екі қамытты – діни соқыр сенімдер мен корольдердің тираниясын – алып ұрып, өздеріңді басқаруға қайырымды да ақылды билеушілерді қойсаңдар, сендер әлдеқайда бақытты болар едіңдер. Сондықтан да, егер сендер өз қасіреттеріңнің құтылғыларың келсе және оған ерік-жігерлерің жетер болса, өздеріңнің қанаушыларыңның масқара езгісінен құтылыңдар, ортақ күш-жігермен тирания мен діни соқыр сенімдердің езгісінен құтылыңдар; ортақ келісіммен өздеріңнің барлық священниктеріңді барлық монахтардың және барлық тирандарыңды қуып жіберіңдер де, барлық адамға әділ болып, қоғамдық игілік пен тыныштықты қамтамасыз етіп, сендерге бейбіт билік жүргізетін ақылды да сақ әміршілердің билігін орнатыңдар... Сендердің құтқарылуларың өз қолдарыңда, сендердің азат болуларың тек өздеріңе байланысты; егер сендер тығыз топтаса алсаңдар, азаттық алып, өз тирандарыңды құлға айналдыру үшін барлық қажетті құралдар өз қолдарыңда; өйткені тирандар, олар қаншалықты қорқынышты да құдіретті болғанымен, өздеріңнің көмектеріңсіз сендерге ешқандай билік жүргізе алмас еді; өйткені олардың барлық мәртебесін, барлық байлығын, барлық күшін, барлық айбындылығын оларға сендер өз қолдарыңмен жасап бересіңдер. Сендердің балаларың, сендердің туыстарың, сендердің жақындарың және сендердің достарың сол тирандарға әскерде де, тирандар тағайындайтын дүниауи мансаптарда да қызмет етеді; оларсыз және сенсіз сендердің тирандарың ештеңе істей алмас еді. Сендердің барлықтарыңды құлға айналдыру үшіңн олар сендердің күштеріңді сендерге қарсы пайдаланады. Олар сендердің күштеріңді өздеріңнің бәріңді бір-бірлеп құрту үшін де пайдаланады, тек азын-аулақ қалалар мен провинциялар ғана оларға қарсы
көтеріліп, олардың езгісін төңкеріп тастауға батылы барады. Ал, егер бүкіл халық, барлық қалалар, барлық провинциялар, жақсылап келісіп алып, ортақ күш-жігермен бүгінге дейін мойынға салынған құлдық қамытынан босануға ұмтылар болса, іс басқаша болар еді, тирандар күл-талқан етіліп жойылар еді. Бірігіңдер, халықтар! Егер өздеріңде парасат пен жанкештілік болса, өздеріңнің ортақ бақытсыздықтарыңнан құтылу үшін бірігіңдер, барлығың осынау ұлы да ізгі және маңызды мәселеде бір-бірлеріңе көмектесіңдер. Бір-біріңе өздеріңнің құпия ниеттерің мен үміттеріңді жасырмай айтудан бастаңдар. Мүмкін болған жердің бәрінде осындай, оқып отырғандарыңдай шығармаларды, бүкіл әлем алдында діни адасулар мен соқыр сенімдердің түкке тұрмайтынын ашық айыптайтын және өздеріңнің корольдерің мен кінәздеріңнің тираниялық басқаруына өшпенділік қоздыратын шығармаларды таратыңдар. Осынау әділетті де қажетті істе бір-біріңді қолдаңдар, барлық халықтардың ортақ бақыты сол істің нәтижесіне тәуелді. Бұған дейін ортақ істі қорғау үшін бір адамдай тастүйін бірігудің орнына, сендер өзара қырқысып, бір-бірлеріңмен соғысып, өздеріңді босқа құрбан еттіңдер. Сендер Испанияның герцогы Альба жүргізген адам төзгісіз езгіні аударып тастаған голландтардың, немесе австриялық герцогтардың аяусыз үкіметінен азат болған швейцарлықтардың езгі өнегесіне еруге тиіссіңдер... Сендердің билеп-төстеушілеріңнің озбырлығы шектен шығып кетті, сондықтан да сендерде олардың жиіркенішті бұғауын сыпырып тастау үшін себеп жеткілікті. Сендердің күн сайын қолдарыңмен атқарған азапты еңбектеріңнің нәтижесі болып табылатын орасан байлықтар мен табыстар осынау барлық менмендерді асырап отыр; тек қана сендердің еңбектерің, сендердің кәсіптерің барлық игіліктің молшылығынжәне әлемдегі барлық байлықты жасайды. Сендердің еңбектеріңнен сығып алынған шырын оларға ас болады, азық болады, оларды семіртеді, оларды күшті де, қаһарлы да, паң да, менмен де етеді. Егер сендер олардың тамырын қиғыларың келсе,
оларды сендердің еңбектерің мен қасіреттеріңнен алатын осынау астан, шырыннан қағыңдар. Өздеріңнің терлеріңді төгіп тапқан осынау барлық байлықтарыңды өздеріңе қалдырыңдар. Өздерің үшін және өздерің сияқтылар үшін алып қалыңдар; осынау дүниеде пайдалы ештеңе жасамайтын сол барлық менмен де пайдасыз сандалбайларға ештеңе бермеңдер; дін басылары мен монахтарға, сендерге жиіркене қарайтын менмен де тәкеббар ақсүйектерге түу бермеңдер. Және, ақыр соңында, сендерді жұтатып, қанайтын мемен де тәкеббар тирандарға түк бермеңдер. Өздеріңнің туыстарыңның, достарыңның және одақтастарыңның тирандарға қызмет етпейміз деген салтанатты уәделерін алыңдар; тирандармен ешқандай байланыс жасамай қойыңдаршы, олар, тамыры жерден нәр ала алмаған өсімдіктердей, тез солып қалатынын көздеріңмен көресіңдер. Сендерге ондай адамдардың түкке де қажеті жоқ, оларсыз да күн көре аласыңдар, есесіне олар сендердің көмектеріңсіз, сендердің әрдайымғы еңбектеріңсіз күн көре алмайды. Ешкім де сендер үшін дауыс көтермейтіндіктен ешкім де корольдерге оларға айтылатын нәрселерді, мен оларға ашық айтар нәрсені айтпайтындықтан, білімдерің жоқ сендер, барлығың, парасат иесі болсаңдар, өздеріңнің төл, өздеріңнің шын игіліктеріңді, сайып келгенде түсінуді үйреніңдер – сендер, ессіздер, ақыр соңында, кемеңгер болуды үйреніңдер! Егер сендер парасатты болсаңдар, өздеріңнің ішкі ырың-жырыңдарыңды, ұрыс-керістеріңді қойыңдар да, барлық өшпенділіктеріңді, барлық ашы-ызаларыңды өздеріңнің ортақ жауларыңа қарсы, сендерге зорлық жасаған, сендерді бақытсыз еткен, сендердің еңбектеріңнің жемісін жалмаған адамдардың менмен де айрықша нәсіліне қарсы қойыңдар. Олардың тираниялық өкіметі масқара да жеккөрінішті қамытынан, олардың жалған дінінің күпірлік адасуларынан босану үшін ұмтылыс жолында біріксеңдерші. Осынау жалған діндер жойылсын, сендердің араларыңда кемеңгерлік пен құлық тазалығы діні, адалдық діні, ақиқат пен рақымшылық діні, жүрек бостандығы мен жан бекзаттығы діні салтанат құрсын. Сендердің діндерің
тиранияны, құдайлар мен пұттарға көзсіз табынуды жобға ұмтылыс болсын. Сендердің діндерің әділеттілік пен әділ сотқа табыну, ортақ еңбек пен ортақ өмірге табыну, бостандық, туысқандық махаббатқа, бұзылмайтын бейбітшілік пен тату-тәттілікке табыну болсын.
"Предшественники современного социализма"
басылымынан қазақшалаған Мамадияр ЖАҚЫП.
Морелли
(XVІІІ ғасыр) – француз саяси жазушысы, философ, утопиялық коммунизм теоретигі. Оның өмірі туралы да, еңбектерінің авторлығы жөнінде де деректер сақталмаған. "Морелли" – лақап есім де болуы мүмкін. Әр жылдарда, әркімдер, айталық, "Табиғат кодексі, немесе Оның заңдарының ақиқат рухы" трактатын белгілі француз энциклопедисі және жазушы Д. Дидро жазды деп санаған (еңбек 1841 жылы жарық көрген). Осы трактаттан басқа Морелли атымен "Базилиада" және "Тақсыр" сияқты шығармалар да жарық көрді. Бұл есім 1743–1748 жылдары Париж бен Амстердамда шыққан үш кітапта да тұр. 1775– 1778 жылдарда жасырын атпен шыққан бес еңбек те осы автордікі деген әңгіме бар. Мореллидің негізгі қағидаларының бірі адамдар өзінің жаратылыстық табиғаты жағынан жамандықтан ада дегенге саяды; жамандықты өмірге жеке меншікке негізделген жетілмеген қоғам мен мемлекет енгізеді. Жеке меншікті жою, "Табиғат кодексінде" айтылғандай, адамдарға тән қайырымдылықты оралтады, адамдардың барлығының өз күші мен мүмкіндігіне қарай жұмыс істеп, қоғамнан қажетіне қарай алуына жағдай жасайды. Осындай утопиялық коммунистік қоғам сол кездегі қоғамға қарсы қойылады. Мемлекеттің саяси пошымдары жөнінде Морелли бірде абсолюттік монархияны, бірде патриархтық демократия негіздерін орнықтыруды жақтайды. Ол қала мен ауыл арасындағы, ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы қайшылықтарды жою, азаматтардың саяси өмірге қатысуы жөніндегі қағидаларын ұсынды.
ТАБИҒАТ КОДЕКСІ
Адамдарда туа біткен идеялар да, туа біткен бейім де болмайды. Оның өмірінің алғашқы сәті, тіпті өзінің тіршілігіне толық енжарлық ахуалында болады. Осынау енжарлықты бұзатын алғашқы ниет таза хайуандық сипаттағы соқыр сезім ғана. Адамды осындай мелшию ахуалынан шығаратын алғашқы заттарды, оның қандай болатындығының тәсілін егжей-тегжейлі сипаттап жатпай-ақ, мен адамды бірте-бірте оятатын нәрсе – қажеттілік дер едім; бұл қажеттілік оның назарын өзін-өзі сақтауға аударады, ол өзінің алғашқы идеяларын осы бағытта оның назарын аударған заттардан алады. Табиғат біздің қажеттіліктерімізді күшімізге кемеңгер сәкестікпен жаратқан; содан кейін, қажеттіліктерімізді қалған барша өмірімізге өлшеп
беріп, ол қажеттіліктермізді біздің қабілетіміздің шегінен әрқашан біршама асып түсетіндей етіп жасаған. Егер адам өз қажеттерін қанағаттандыру жолында ешқандай кедергіге ұшырамай, оларды әрбір жолы кедергісіз қанағаттандырып отырса, ол әу бастағы енжарлыққа қайта оралар еді. Ол осынау ахуалдан оны қайта ояна бастаған қажеттіліктер сезімі түрткілеген кезде ғана шығар еді. Егер ол қажеттіліктерін оп-оңай қанағаттандыра алатын болса, хайуандық нитсинкттен артық көп білімге мұқтаж да болмас еді.; ол хайуандардан асып, қоғамдық мақұлық бола қоймас еді; бірақ жаратқан иеміздің көздегені басқа болатын. Ол адамзат баласы әрі қарапайым, әрі ғажап механизм арқылы өз жағдайын өзі жасай алатын парасатты бүтін қалады: ол бүтіннің бөлшектері дайын және ең бір тамаша ұштасу құрай алатындай етіп пішіліп қойған. кейбір жеңіл-желпі кедергілер оларды біріктіруге табандап ұмтылуға иетрмелеуге тиіс болатын, ол кедергілер бұл ұмтылысқа бөгет бола алмайтын, өйткені жекежеке алғанда олар әлжуаз, нәзік және сезімтал болатын. Оларды қанағаттандыра алатын заттардың уақытша алыстауынан туындайтын қалау, мазасыздық осынау моральдық ұмтылысты күшейте түсуіне мәжбүрлейді. Осынау қозғағыштардың ширығуынан не туындауға тиіс еді? Ғажап нәтиже: 1) біздің әлжуаздығымызға көмектесетін немесе оны жеңілдететін нәрсенің бәріне жанашырлық сезімі, 2) осынау әлжуаздыққа көмектесу үшін табиғат соның жанына орналастырған парасаттың дамуы. Осынау берекелі екі бұлақтан өз кезегінде қоғамдық рух және жұртшылыққа ұмтылыс, өнер мен шеберлік, абайлау мен ынтымақ, сайып келгенде, ортақ игілікке тікелей қатысы бар барлық идеялар мен таным ағып шығуға тиіс болатын. Сенекамен бірге: Quіdguіd nos melіores beatosque facturum est, Natura іn aperto aut іn proxіmo posuіt11 деуге болады. Нақ осы мақсатта бүкіл адамзаттың қабілетін жеке тұлғаларға әртүрлі мөлшерде бөліп берді. Бірақ өзінің сыйын тартатын өрісті бөлместен олардың ортақ иелігінде
11 Бізді жақсы да бақытты ететін нәрсенің бәрін табиғат көз алдымызға, жақын жерге қойды.
қалдырды; ол оның дарқандығын пайдалану мүмкіндігін баршаға берді. Дүние дегеніңіз тойға келгендердің бәріне жететін асқа толы дастарқан; ондағы тамақтың бір бөлігі жұрттың бәріне ортақ, өйткені жұрттың бәрінің қарны аш, ал бір бөлігі кейбіреулерге арналған, өйткені басқалардың тамағы тоқ. Бірақ ешкім де оның жалғыз қожайыны емес және ондай жағдайға ие болуға тырысуға ешкімнің құқығы жоқ... Мораль мен саясат өз ережелері мен өз мекемелерін қандай принципте негіздеуге тиісті еді? Мораль мен саясат – ad ea prіncіpіaquae accepіmus consequentіa exquіere12. Олар осынау тамаша принциптерге сәйкес, табиғатқа өнер арқылы қалтқысыз көмектесуге тиіс болатын. Олар өнер ережелерін табиғат процестеріне сай етіп белгілеуге тиіс болатын. Олар қоғамның барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін реттеуге, олардың функцияларын адам күшінің бөлінуіне сәйкес етіп белгілеуге тиіс болатын; міне осы жерде таразы тастарының тепе-теңдігі принципін, cuіgue snum13 приницпін қолдану қажет еді. Адамдардың жүрегі мен қарекеттерін басқарудың бүкіл өнері Бүтіннің бөлшектерінің арақатынасында негізделуге тиіс болатын. Осынау ара қатынастан қоғамдағы татулықтың сақталуы мен дамуының, егер ол бір нәрсемен бүлінсе немесе мүлдем бұзылса, оны қалпына келтірудің шын құралдары шығарылуға тиіс болатын. Осынау жаратылыстың реңктері деп аталатындар, яғни шендер, атақтар және марапаттар әрбір азаматтың белсенділігінің, қабілеті мен пайдалы қызметінің дәрежесіне сай бөлінуге тиіс болатын еді. ортақ игілікке бағытталған әрбір ізгі күш-жігерді көтермелеу үшін даңғойлықты қытықтайтын идеяларды сол кезде ешқандай қауіптенбей-ақ сол күш-жігермен байланыстыруға болатын еді, ондай идеялар қазір қызғаныштың қызыл иті қызметін атқаратын жалған елестерді әшкерелейді. Осынау сырқат (қызғаныш) ол соншалық масқара болса да, тек бізге керек аз нәрсеге ғана қарсы көтеріледі; ол атаққұмарлық
12 Нәтижені біз қабылдаған принциптен шығару тиіс.
13 Әркімге – өзінікі.
сіңірілген еңбектің атын да, артықшылығын да өзі иемденіп алған жерде ғана орын алып, өмір сүреді. Қысқасы, атақтылық пен адамдар пайдаланатын қадір-құрмет олардың ақйырымдылығымен айқындалып, олар қаншалық жақсы болса, сол құрмет те ұлғая түсетіндей тәртіп орнатылатын болса, адамдардың арасындағы бәсеке бір-бірін өзара бақытты ету төңірегінде ғана өрбір еді. Сонда үлкен мін, қылмыс және ұятсыз қылық деп тек қана ырду-*дырдуға құмарлық пен түк істемеу саналар еді. Сонда атақұмарлық дегеніңіз адамдарды бағындырып, қыспаққа алу ниетінен емес, олардан әбжілдігімен, еңбекқорлығымен, ыждағаттылығымен асып түсуден құралар еді. ілтипат, мақтау, құрмет, даңқ соларды оңды-солды аямайтын пенделердің ұсақтығының яки үрейінің үлесі немесе бақыт дейтіннің түкке тұрмайтын, танау көтеретін тірегі, соларды талап етіп, ала білетіндердің асқақтауы емес, ризашылық пен бауырыңның қуанышына ортақтасудың тұрақты серігі болар еді. Бүкіл әлемде мен білетін жалғыз мін – тынымсыздық; басқаның бәрі, олар қалай аталса да, сол құлқынның реңктері, баспалдақтары ғана; ол – Протей, Меркурий, барша міннің негізі, жолбасшысы. Атақұмарлықты, сәнқойлықты, менмендікті, намысқойлықты, алдампаздықты, екіжүзділікті, зұлымдықты талдап көріңіз; дәл сол секілді біздің софистік ізіліктеріміздің көпшілігін жайып салыңыз – соның бәрі көрінер-көрінбес әрі қатерлі элементке: иемдену ниетіне барып тіреледі, сіз оны риясыздық өңірінен де таба аласыз. Сонымен, осынау әлемдік оба, жеке мүдде, осынау қажытып жіберетін безгек, осынау барлық қоғамның көкжөтелі өзіне қорек түгілі, титімдей қауіпті ашытқы таппайтын жерде пайда болар ма еді? Осынау қағиданың айдан-анықтығын ешкім де жоққа шығармас деп ойлаймын: ешқандай меншік жоқ жерде, оның тажалды салдарларының бірде-бірі тіршілік ете алмас еді.
Өте кемеңгер үкіметпен басқарыла алатын жабайы халықтардың
жаратылыстық ахуалы14
Егер сіз адамдарды жаратылыстық ахуалында алғыңыз келсе, Америкаға аттанайық; біз ондае, бері салғанда өз ортасында, табиғатананың қымбат заңдарын – мен сақтап отыруға бар даусыммен шақыратын заңдарды қастерлеп сақтап отырған бірнеше тайпаны таба аламыз. Біз оларға өзімізбен бірге шын кемеңгер заң шығарушы ала баралық, ол сол тайпалар қолданып жүрген жаратқан заңдарының қағидаларына сәйкес жұмыс істеп, оларға қарсы да келмейтін, олардың күшін де әлсіретпейтін болсын, ол тек солардан барлық қорытындыларын жасауға, олардың ағылтегіл қойнауынан өзі білім ұрығын сепкісі келетін жабайы халықты бүкіл жер бетіндегі ең бейбіт, ең адамгершіл, ең кемеңгер, ең бақытты ететін ережелердің бәрін тауып алуға ұмтылатын болсын. Осынау халыққа жеткен ол осынау шағын қоғамның отбасылары өздерінің ортақ қажеттерін қанағаттандыру үшін аңшылықпен, балық аулуаумен бірлесіп айналысатынын көреді. Ол өзінің пайдалы кеңестерінің арқасында, бұл халықта ақсақалдар мен неғұрлым көргені көптерді тыңдайтындай дәрежеде өзін тыңдата алатын болған кезде, олардың келісімнен бас тартуынан тайсақтап, өз ықпалын олардың аң және балық аулайтын аймақтарын әрбір отбасына бөліп алу қажеттігіне сендіруге пайдаланудан барынша сақтанар еді. Осынау данагөй оларды күн көрудің,
14 Түкке тұрмайтын, ұшы-қиыры көріне өқоймаған көптеген қарсылықтардың алдын алу үшін бұл арада мен принцип ретінде, жоғарыда көрсеткенімдей, инсанияттық реттің табиғаты біртұтас, тұрақты және өзгермейді; оның заңдары ешқашан өзгермейді және бұл заңдар жалпы алғанда тіршілік иелерінде бейбіт ынта және соған септесетін әрқилы ұмтылыстар туғызады; және, керісінше, осынау бейбіт ынтадан алшақтайтын нәрсенің бәрі жаратылысқа жат, яғни табиғаттан алшақтайды деген қағиданы ұсынамын. Жабайы немесе мәдениетті халықтар құлқының өзгермелілігі жөнінде айтылып жүргеннің бәрі табиғаттың өзгеретіндігін дәлелдей алмайды. Бұл әрі кеткенде кейбір кездейсоқ жағдайлардың салдарынан бір халықтар табғат ережелерінен алшақтағанын, енді біреулерікейбір тұрғыдан жай ғана дағды пәрменімен оларға бағынышты күйінде қалғанын, тағы біреулері, табиғатқа ылғи кереғар шыға бермейтін қолдан жасалған заңдардың арқасында оларға бағынатынын ғана дәлелдейді. Діл сол секілді кейбір елдерде, егер, табиғат көзге ілінбейтін болса, оның орнын аяусыздық иеленеді; енді бір елдерде оның қарекеті қолайсыз жағдайлардан бұзылады; содан кейін оны қателіктер көлегецлейді; бірақ бүлінетін табиғат емес, ғылымдар. Адам ақиқаттан алшақтайды., бірақ ақиқат жойылып кетпейді. Маған қарсы айтылатын даудың бәрінің менің жалпы тезисіме титтей де қатысы жоқ. Егер халық табиғат иитін нәрсенің бәрін дәл сақтаса, ол мақұлдамайтынды серпіп тастап отырса, әрбір жабайы және басқа халық таза табиғаттың заңына келтіріледі және келтіріле алады.
кейде тым жұтаң болатын осынау амалдарынан басқа, неғұрлым сенімді де тым шаршатпайтын егіншілік және малшылық секілді әдістері бар екендігіне ғана үйретер еді. Оларға ол осынау жаңа қайнарлар жаңа құралдар, басқа амалдар нәтижесі жеткіліксіз болғанда көмектесетінін көрсетеді; оларды ол осынау нұсқауларды орындаудың қажетті өнеріне үйретеді. Оның қамқорлығының арқасында дөрекілікті азайтып, шеберлікті арттырған бұл халық енді неғұрлым қаныпезер, неғұрлым жалқау бола түсер ме еді? Тегінде олай болмас. Отбасылардың арасында реформатор көрген келісім мен бірлік, ақсақаллдарға, неғұрлым ақылды, неғұрлым әбжіл адамдарға деген құрмет ынтымақты қарекеттердің табыстарына, жаңа жолдардың пайдалылығын түсінуге сәйкес арта түседі. Осынау үндістердің неғұрлым ақылды адамдардың кеңесіне деген құрметі біздің деспот әміршілеріміздің бұйрықтарына мойынсұнуымыздан әлдеқайда күштірек. Оларда ұлы деп саналу тек өз жолдастарына қаншалықты пайда келтіруіне байланысты – біздің орталарымыздың жабайы көршілерінің намысқойлығы осында; қысқасы, бұл елде құрметке сіңірген еңбегімен ғана ие болады. Барлық осынау шын ізгілік жаңа заң шығарушының нұсқауларынан кейін де әсте әлсіремейді; керісінше, сол нұсқаулар ізгілікті дамытуға ынталандырады; заң алдында тағылықтың жойыла бастауына орай, ізгіліктер жаңадан жарқырап көріне бастайды. Өзінің нұсқауларына бағынбайтын адамдардың орнына, заң шығарушы оларды мақұлдап қолдайтын адамдарды табады. Барлық жағдай оның жоспарларына қолайлы болады, ол тек табиғаттың туындысын да, адамдар туындысын да бөле бастамайтын болсын. Ол қоғамның жеке мүшелерінің арасында жұмыстар мен сабақтарды бөле алады, әртүрлі ортақ және жеке сабақтардың уақытын дәл белгілей алады, олардың еңбектерін бір-біріне көмекке бағыттай алады, әртүрлі кәсіптің түрлі пайдалылық дәрежесін есептеп шығара алады, әрбір кәсіптің мемлекетке түсіркге тиіс қажетті заттардың санын (ол сан қоғамның барлық мүшелерінің қажеттерін
қанағаттандыруға жеткілікті болу үшін) белгеілей алады. Осы шарттардың барлығын, сондай-ақ еңбекшілердің санын ескере отырып, заң шығарушы соған сәйкес жұмыс көлемін де белгілейді.; ең кемел жастағыларды ол тәртіп пен үнемді қолдап отыруға тағайындайды, ал ең мықтыларға еңбек етуді тапсырады. Ақыр соңында, ол әрбір адамның дәрежесін белгілейді, мұны қиялдағы қасиеттеріне арап емес, жарылқаушының жарылқанушылар жөніндегі жаратылыстық билігі бойынша, туысқандық, достық, тәжірибелілік, шапшаңдық, әбжілдік және белсенділік беретін жұмсақ билік бойынша істейді. Барлығы осылай орнатылғанда, басқаны өзіне бағындыру ниетін қоздыратын меншік деген жоқ жерде кімнің билік жүргізгісі келеді? Билік дегеніңіз тек қана міндеттерден және әбден титықтатар шаруалардан көрінетін, барлық азаматтар пайдаланатын қолайлылық пен ләззаттан басқа ештеңе бермейтін, өзіне тең адамдардың, құрметі мен сүйіспеншілігінен басқа ешқандай пайда, ешқандай қанағат бермейтін қоғамда тирандардың болуы мүмкін емес. Халықтардың азғындауының физикалық себептерін іздеп көрелік. Мен ол себепті олардың шығу тегінен мүлдем таба алмаймыз деп кесіп айтамын. Әрбір халық, саны қаншама көп болмасын, қаншама кең өңірді алып жатпасын, бір отбасына немесе бірнеше отбасының бірігуіне қарыздар. Әр жерде бытырап жүрген бірнеше адамның кездейсоқ бас қосуы ретінде елестетілетін адамдардың бірігуін халықтың шын бастауы деп қарастыруға болмайды; ондай бірігу олардың қоғамыныңбастауы ғана болар еді; дәл сол секілді көшіп қону мен басып алу арқылы орнатылған мекемелерді де халықтардың бастауы деп атауға болмайды: барлық осынау кездейсоқ өзгерістер шындап кегенде халықтардың алғашқы қауымдық ахуалының азғындауының салдары және осынау оқиғалар өз кезегінде аса ірі ылаңдардың жаңа себептеріне айналған. Әрбір халық бір немес бірнеше отбасының бірігуінен пайда болғаны анықталғандықтан, ол бері салғанда біршама уақыт бойы әкелік басқару
пошымын сақтауға тиіс болатын, онда бауырлар мен туысқандар арасындағы үйірлік пен мейірімділік сезімдерінің – көсем өнегесімен қоздырылып, ынталандырылатын сезімдердің заңдарына мойынсұнады. Ол баршаға ортақ игілік сыйлайтын, меншігіне ештеңені алмайтын шарапатты билік еді. Осылайша, жер бетіндегі әрбірхалық, бері салғанда өзі пайда болған тұста және өз елінде Американың қазір біз көріп отырған шағын халықтары және басқа талай ұлттардың қайнар көзі болған скифтер қалай басқарылса, солай басқарылған. Бірақ сол халықтардың көлемі, оларды құрайтын отбасылардың саны артқан сайын туысқандық бірлік сезімі және тым бөлшектеніп кеткен әкелер билігі әлсірей берген. Өз елі тым тарлық еткен соң кейбір ұлттар басқа жаққа көшуге мәжбүр болған. Ондай ұлттар оның үстіне, көшіп кетуге байланысты жағдайлар мен қиындықтар немесе көшіп барған жеріндегі табиғат жағдайына байланысты,әкелік билік мекемелерінің түбіне жететіншаралар қолдануға мәжбүр болған; бұл сол басқарудың тұғыры болған сезімдерге жаңа соққы еді. Сөйтіп ,мен әкелік басқаруды әлсіреткен үш физикалық себепті атап өтемін. Біріншіден, бұл – отбасының ұлғая түсуі, олардың саны артқан сайын, мен қандас туысқандық сезімі, сондай-ақ ортақтық рухы деп атайтын нәрсе азая береді. Екінші себепке басқа жерге көшіп-қону жатады, ол ортақтық принциптерін сақтамауға мәжбүр етеді, өйткені әркім мұндайда жүктің немесе тамақтың бір бөлігін ала кетеді. ақыр соңында, үшінші себепке жаңа жерде орнығуғабайланысты кедергілер мен қиындықтар жатады. Қандас туыстық сезімін әлсіреткен немесе сөндірген және ортақтықты да мүлдем дерлік үзген бұл себептерден мен жеке адамдардың немесе отбасылардың арасындағы, сондай-ақ тұтас бір халықтардың арасындағы айырмашылықтардың қайнар көзін көремін; демек, түрлі азаматтық дау-шар, соғыстар мен талан-тараждар бастауын
содан алады. Тайпалар бір-ьірінен бөлініп, алыстаған соң, уақыт, арақашықтық, тілдер мен құлықтардың айырмашлығы бір елден, және былай айтқанда, бір нәсілден шыққан ұлттар арасындағы қандай да қандас туыстық идеясын мүлдем дерлік жойып жіберуі тиіс болатын. Сондықтан, басқа ендіктерде ұшырасқан олар бір-бірін жай ғана жанды тіршілік иелері, бірақ басқа бір түрдегі тіршілік иелері деп білді; Олар шіміркпестен, сескенбестен бір-бірін оп-оңай құртып жіберуден тайынбау үшін титімдей дау, тиімдей қақтығыс жеткілікті болды. Заң шығарушылар бірде-бір берекетсіздікті жоя алған жоқ. Қандас туыстықсезімінің барлығының бәсеңдеп, жойылуынан кейінгі барлық алауыздықтың салдарынан, бұлғақтар қалай пайда болса да, сол зорлықзомбылық ахуалынан әбден титықтаған халықтар, заңдарға бағынуға келісті. Бірақ олар орныққан әдет-ғұрыптарды реттеуді, жаңа мекемелерді енгізуді өтінген адамдардың көпшілігідұрысын айтсақ, барлығы қиянатты жою орнына, сырқау әдеттерді, соларды орнықтырған соқыр сенімдерді құртудың орнына, бастапқы жаратылыстық мекемелерді жақындатып, оларды жандандыру құралдарын іздестіру орнына, осынау заң шығарушылардың бәрі адамдардың қалыптасуына өздері де қатысқан қатынастарын сол өздері алғаш көрген күйінде қабылдаған. Осынау реформаторлар, республикалардың негізін қалаушылар тоз-тозы шығуға шақ тұрған жұртшылықты әупірімдеп сақтап отыру үшін әр жерге таяныш, әр жерге бір тіреу қоюдан әріге бармаған. Осылай қандас туыстық сезімінің шығу тегі мен әлсірей бастауының физикалық себептеріне үңіліп, мен қандай да бір беркетсіздіктің тамырын таптым, дәл солай барлық қоғамдардың, яғни оларға қандай да бір пошым беретін мекемелердің шығу тегіне үңіле отырып, адамзат азабын уақытша ғана жеңілдететін дәрі есепті заңдар сол азаптарды нашар емдеудің барлық кесапат зардаптарының бастапқы себептері ретінде қарастырыла алатынын көреміз. Бл заңдарды сондай-ақ олардың ессіздігі салдарынан балалаған немесе олар алдын ала алмаған қасіреттердің екінші себептері ретінде де
айыптауға болады. Заңдарды шығарған дам көбіне-көп нағыз қиянаттарды игілік деп білген және, былайша айтқангда, міні қисапсыз нәрсені – жақсы тәртіпке өрескел кереғар қатынастарды жетілдіру, реттеу бағытында арам тер болған.
Заңдар неліктен шығарылуға тиіс болды
Заңдар жұртшылықтың бастапқы жаратылыстық заңына күш беріп, өмірге оралту мақсатында ғана шығарылуға тиіс болатын; олар осынау ортақ заңнан барлық жеке байламдарды шығарып алуға тиіс болатын. жаратылыстық заңнан шығарып алынған осынау байламдар оны түсіндіріп, тереңдетуге тиіс болатын, оның беделіне нұқсан келтіретін немесе оның мақсатын бұрмалайтын жайларды күн ілгері біліп, алдын алуға тиіс болатын. Бірақ олар мұндай ештеңе істеген жоқ; осынау жасанды да кещдейсоқ заңдар өздері бар қуатын алуға тиіс болған сол мәңгілік заңға тікелей кереғар болудан бастады; олардың тұрақсыздығына, олардың шатасқанына және олардың көптігіне таңдануға болмайтыны міне сондықтан. Бұл заңдар, – мен мұны қайталай беруден жалықпаймын, – табиғат туындыларын және тіпті стихиялардың өздерін сұмдық бөлшектеуді енгізіп, өзінің жиынтығында қалуғанемесе бір жағдай бұзып кеткен болса бастапқы тұтастығына ие болуға тиісті нәрсені бөлшектеп, сол арқылы қандай да бір жұртшылықтың бұзылуына көмектесті, жағдай туғызды. Қозғалмайтын заттардың бүтіндігін бұзбастан, олар меншікті емес, қозғалатын заттарды пайдалану мен бөлуді реттеумен ғана шектелуге тиіс еді; бұл үшін тек қоғам мүшелерінің айналыстаны істерін және өзара көмегін ғана бөліп беруі керек еді. Егер азаматтар арасында жарасты теңсіздік үстемдік етуге тиіс болса, онда ол бүтіннің әрбір механизмінің негізін қозғамауы керек. Шаруашылық естіліктің ережесі капиталы мол адамның оны тек қана өз табысына орай жұмсауын талап етеді.
Барынша өркендеген мемлекеттердегі құлдырау мен
революциялардың шын себептері
Скипетрден бастап, асатаяққа дейін, тиарадан бастап, ең қарапайым кепешке дейін, адамдарды не басқарады деп сұрасақ, жауап оп-оңай: жеке мүдде немесе әрқашан сол жеке мүдде борышкері болып табылатын атаққұмарлық тудыратын сыртқы мүдде. Ал осы бір құбыжық қайдан шықты? Меншіктен. Жер-жаһанның кемеңгерлері, сондай тирандар билеп-төстейтін жерден бостандықтың мінсіз ахуалын босқа іздейсіңдер. Үкіметтің ең жақсы пошымы туралы қалағандарыңша мыжи беріңдер; ең парасатты мемлекет құралдарын таба беріңдер; көп санды ұлт өзінің бақытын өздерің жасаған заңдарды сақтаудан табатынына мәжбүрлей беріңдер; бірақ сендер меншіктің тамырына балта шаппасаңдар, ештеңе істемегендерің; сендердің мемлекеттерің күндердің күнінде бейшара ахуалға тап болады. Сол бір қайғылы революцияларды кездейсоқтыққа немесе жеке адамдардың тағдыры секілді, империялардың тұрақсыздығының себебі болатын көрсоқыр жазмышқа тели беріңдер, мұның бәрі бос сөз. Барлық мүлік бөлінбейтін ортақ игілік болатын жерде сол тұрақсыздық, империялардың тағдырындағы сол тәлкек мүмкін болар ма еді? Осынау керемет принципті негіз етіп алыңдар; оны мызғымайтын ететін нәрсенің бәріне, оның жақсы нәтижесіне қолайлы нәрсенің бәріне барынша асқақ ар-ұят пен жақсылық идеяларын қосыңдар, сонда сендер сол ұлттың бақытты үлесін біржола орнықтырасыңдар. әртүрлі атаумен бәрібір үкіметтің бір құрылым, бір механизмі жасалады. Халық табиғат заңдарына – біз оларды дамытқан түрінде – бағынуға бірауыздан келіскен кезде, демек отбасылар әкелерінің басқаруына бағынатын кезде, – сонда ол демократия болады. Егер осынау қасиетті заңдар неғұрлым қастерлеп сақталып, неғұрлым көбірек тәртіппен және неғұрлым шапшаң орындалуы үшін, халық өкіметті сол заңдарда
белгіленіп, міндеттелген қарекеттерді бастауға, былайша айтқанда, белгі беруге міндетті секілді кемеңгерлердің қолына тапсыратын болса, онда бұл аристократиялық басқару болады. Егер саяси механизмнің қозғалысы бұрынғыдан да нақтырақ, дұрысырақ және дәлірек болуы үшін барлық серіппелерді бір ғана адам іске қосатын болса, онда мемлекет монархияға айналады, егер онда меншік енгізілмесе, ол ешқашан азғындамайды; бұл қасірет бәрін бүлдіре алады, бірақ біздің гипотезада оның алдын алудың мың сан амалы бар. Мен барлық құбылыстардан, тіпті шіркейдің қанатына дейін, дәйекті дамуды аңғарамын; мен өз парасатымның прогресін байқаймын, сезінемін; мен толық негізбен тамаша ұқсастық бойынша мораль саласында игі өзгерістер бар дей аламын, – өзінің күші мен жуастығына қарамай, табиғат заңдары адамзатты бірте-бірте ғана толық баурап алады. Сондықтан да ұлттар әу баста, өздері бірікке кезде қоғамның пайдасын жалпылама сезінеді, бірақ нақ осы қоғам ең жақсы нәрсе екенін дәл түсіне қоймайды. Тек ұзақ моральдық адасулардан кейін, мыңдаған өткелектен өтіп қана адамзат парасаты, сайып келгенде, жаратылыстық ахуалдан артық бақытты жағдай жоқтығын ұғады. Бірақ ұлттар басқарудың әртүрлі пошымдарын, әрқилы жүйелерін бастан өткермесе, солардың кемшіліктері, ерте ме, кеш пе, табиғат пайдасына барлық үндерді біріктіруге тиіс болмаса, мұны қалайша үйрене алар еді. Барлық халықтарда алтын ғасыр жөніндегі түсінік болған, әлі де бар. Сондай алтын ғасыр адамдар арасында шын мәнінде мінсіз жұртшылық (қоғам) болған заман, оның заңдарын мен жан-жақты сөз еттім. Бәлкім, осындай алғашқы қауымдық пәктік ахуалында адамдар бастапқы ғасырларда өмір сүріп, ол жайында ойламаған да шығар, содан да ол бұзылып кеткен шығар. Сол бұзылу тағылық және қарақшылық ахуалын тудырған, сол ахуал адамдарға алғашқы қауымдық жағдайдың бағасын да ұқтырған. Олар бұл ахуалға заңдар шығару арқылы жеткісі келген, ол заңдар ұзақ уақыт бойы мінсіз болмағандықтан, келесісіменодан дұрысырағымен алмастырылған; олар өз кезегінде жаңа, кемшіліктері
азырақ заңдармен алмастырылған және алдағы уақытта да алмастырыла бермек, сөйтіп тазаланған парасат табиғаттың тағлымдарына құлақ асуға дағдыланып, тек қана соның дегеніне көндіккенше ол жетілдіріле бермек. Осынау бақытты кезеңге жеткен соң, парасатты мақұлық өзінің бар қабілетіне сай келетін қайырымдылық және адамгершілік жетістіктерді бойына сіңіреді, бәлкім, сәуегейлік осынаук баспалдақпен адамзатты жетелеп бара жатқан шығар.
Табиғаттың мақсатына сай заңдар үлгісі
Мен заңдардың бұл нұсқасын қосымша ретінде және қосалқы ретінде беріп отырмын, өйткені өкінішке қарай, біздің қазіргі заманда мұндай мемлекет құру мүмкін болмас еді. Әрбір парасатты оқырман түсіндіруді қажет етпейтін осынау мәтіннен-ақ бұл заңдар адамзатты қаншама бақытсыздықтан құтқаратынын аңғара алады. Мен алғашқы заң шығарушылар жұрт басқа заңдарды мойындамайтындай етіп жасайды дегенді дәлелдегім келеді, егер менің дәлелім толық болса, мен өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Менің бүкіл адамзатты реформаға көндіруге батылым жетпейді, бірақ шындықты ашып айтудан қорықпаймын, мен сол шындықтан қорқатындардыфң айқайын да ойлап отырғам жоқ, өйткені олар адамзатты алдауға мүдделі, немесе оны өздері құрбаны болып жүрген адасу ықпалында қалдырғысы келеді.
Қоғамның барлық кеселдері мен кемшіліктерін құрсағында
құртатын негізгі де қасиетті заңдар
І. Қоғамдағы ештеңе ерекшелік тұрғысында немесе меншік құқымен әлдебіреуге тиесілі болмауы керек, бұған адам күнделікті рақатын көретін немесе оның еңбегіне қажет заттар кірмейді. ІІ. Қоғамның өмір сүру қажетін алатын, қолдау көретін және жұмыс алатын әрбір адам қоғамдық адам, қызметтегі адам саналады.
ІІІ. Өз тарапынан, әрбір адам өзінің күш-қуатына, қабілетіне және жасына қарай қоғамға пайда келтіруге тиіс, осыдан барып, бөлушілік заңдарына сәйкес міндеттер бөлінуге тиіс.
Бөлушілік немесе экономикалық заңдар
І. Барлығы да үлгілі тәртіппен, шатастырылмай, іркіліссіз жүріп жатуы үшін, әрбір ұлт отбасы бойынша, тек бойынша және қалалар бойынша, егер халық саны өте көп болса, провинция да есепке алынып, бөлініп қоюға тиіс. ІІ. Әрбір тек саны бірдей отбасылардан, әрбір қала ру саны бірдей тектерден құралады, солай жалғаса береді... V. Он, жүз, т.б. азаматтарға әрбір кәсіп жұмыскерлерінің белгілі саны болады, бұл сан олардың жұмысының қиындығына және әрбір қала халқын жабдықтауға сәйкес, бұл жұмысшылар тым қажымайтындай етіп, белгіленеді. VІ. Табиғат пен өнер туындыларының бөлінуін реттеп отыру мақсатында ең алдымен берік заттар, яғни ұзақ уақыт сақталатын немесе ұзақ пайдаланылатын заттар анықталады. Ондай заттарды былай айыруға болады: 1) күнделікті және ортақ пайдаланылатын заттар, 2) барша пайдаланатын, бірақ үнемі пайдаланыла бермейтін заттар, 3) тек бір адамға үнемі қажет болатын, ара-тұра баршаға қажет заттар, 4) үнемі де, барша да пайдалана бермейтін заттар, бұларға ләззат алу немесе талғам қажеттілігін қанағаттандыратын заттар жатады. Осынау барлық берік заттар барлық азаматтар арасында бөліну үшін қоғамдық қоймаларда жиналуы тиіс. Біреулері күн сайын немесе белгілі бір мерзімде бөлініп отырады және әдеттегі тұрмыс қажетін қанағаттандыру немесе әртүрлі кәсіптердің жұмыс материалы қызметін атқаруға тиіс. Басқа заттар оларды пайдаланатын адамдарға берілетін болады.
VІІ. Екінші жағынан, табиғат пен өнер туындыларының арасында тез бүлінетіндері бар екендігі анықталады: бұл заттар қоғамдық орындарға жеткізіліп, оларды ұқсатуға немесе бұйым жасауға қойылған адамдарға бөліп беріледі. VІІІ. Қандай да болсын заттар есепке алынады және олардың мөлшері не әрбір қала азаматтарының санымен, не оларды пайдаланатындардың санымен сәйкестендіріледі; сақталатын заттармен жабдықтау да сол ережелермен, қоғамдық әдіспен жүргізіледі, ал артылғаны қор ретінде қалдырылады. ІX. Ләззатқа зәрулікті ғана қанағаттандыратын өнімдердің олар көпшіліктің немесе жеке адамның қажетін өтейтіндігіне қарамай, жеткіліксіз болуы мүмкін; тіпті қандай да бір азаматқа оны бермей қоюға да тура келер; ондай жағдайда оны бөлу тоқтатыла тұрады немесе олардың жеткіліксіздігі жойылғанша бұл заттар азырақ мөлшерде бөлінеді. Бірақ мұндай жағдай баршаға қажет заттар жөнінде орын алмауын мұқият ескеру керек. X. Әрбір қаланың, әрбір провинцияның артық қорлары не ондай заттар жетпей жатқан жерлерге жіберіледі, не болашақ қажеттілік үшін сақтап қойылады. XІ. Қасиетті заңдарға сәйкес, азаматтардың арасында сату да, айырбастау да болмауға тиіс. Осылайша, айталық, көкөніс, овощ немесе жеміс керек болған адам оны күн сайын тек қоғамдық базардан алады, ал оған бұл заттарды оны өсіретін адамдар жеткізіп тұрады. Егер кімде-кімге нан керек болса, ол соны пісіретін адамнан белгілі бір мерзімге алады; ал наубай нан пісіруге қажет ұнды бір немесе бірнеше күнге жететін етіп, қоғамдық дүкеннен алады. Киім қажет болған адам оны тігетін адамнан алады; ал тігінші матаны оны тоқыған адамнан алады, ал тоқымашы өзіне керек материалды қоғамдық дүкеннен алады, ал бұл материалды оған оны жинаған адамдар жеткізеді. Барлық басқа заттар бойынша да дәл осылай
болады, олар отағасылар мен олардың балалары пайдалану үшін отағасылар арасында бөлініске түседі. XІІ. Егер бір ұлт көрші немесе бөтен ұлтқа өз елінің өнімдерімен көмектесетін болса, немесе олардан сондай көмек алатын болса, мұндай сауда тек айырбас жолымен және бәрін де жұртқа баяндап беріп, азаматтардың делдалдығымен жүргізіледі. Бірақ бұл орайда мұндай саудада республикаға титтей де меншікті кіргізбеу үшін барлық шаралар қолданылады.
Аграрлық заңдар
І. Әрбір қала өзінің белгілі бір аумағына, бірақ меншік құқығынсыз ие болады. Бұл мүмкіндігінше неғұрлым шоғырланған және дұрыс орналастырылған аумақ болады. Оның көлемі тек қала тұрғындарының күнкөрісін қамтамасыз етуге және жер өңдеуге бекітілгендердің бәрін қамтуға жеткілікті болуға тиіс. ІІ. Егер қала құнарсыз жерде орналасса, оның халық кәсіпшілікпен ғана айналысып, азық-түлікті көрші қалалар жеткізіп тұратын болады. Сөйтсе де, қаланың, басқалар сияқты, өз диқандар корпусы болуға тиіс, олар не аумағында мүмкін нәрсенің бәрін өсіру үшін, не көрші қалалардың жерін өңдеуге көмектесу үшін керек. ІІІ. Әрбір азамат бірі қалмай, әлдене науқасы бөгет жасамаса, жиырма мен жиырма бес аралағында міндетті түрде диқаншылықпен айналысуға тиіс. ІV. Әрбір қалада жер өңдеуге бөлінген осынау жастар жасағы жер айдаушылардан, бағбандардан, малшылардан, ағаш кесушілерден, жер қазушылардан, көлікпен не су бетімен жүк тасушылардан, ағаш ұсталарынан, тас қалаушылардан, ұсталардан және құрылысқа қатысты басқа да мамандардан құралатын болады. Жоғарыда аталған алғашқы алты кәсіптің бірімен белгіленген мерзімде айналысқан жас жігіттерге олар
бұрын үйренген кәсібімен қайтадан айналысуға, немесе күші жеткенше диқаншылықта қала беруге ерік беріледі.
Полициялық заңдар
І. Әрбір кәсіпте жасы үлкендер, сонымен бірге тәжірибесі мол адамдар әрбір бес күн сайын, үлкендігіне қарай кезекпен бес немесе он адамға басшылық жасайды. ІІ. Әрбір кәсіптік цехта шебердің қол астында он немесе жиырма жұмыскер болады; шебер оларды үйретіп, олардың жұмысын қадағалайды және олардың еңбегі мен тәртібі жөнінде өз қзметін бір жыл бойы атқаратын цех бастығына есеп беріп отырады. Барлық шеберлер ауыстырылмайды, және олардың әрқайсысы кезегімен цех бастығы болады. ІІІ. Белгілі бір кәсіпте шебер болу үшін ол хиқаншылық қызметтен өз кәсібіне оралған соң бір жыл уақыт өтуі керек, демек, кем дегенде жасы жиырма алтыға жетуі керек. ІV. Әрбір кәсіпте істің қандай да бір құпиясын ашқан адам бұл жайында өз корпорациясының барлық мүшелеріне хабарлайды; сонда ол заңдастырылған жасқа жетпесе де, шебер атанып, келесі жылға цех старшинасы етіп тағайындалады. Кезекті бұзуға тек осындай жағдайда жол беріледі; содан кейін ол қалпына келтіріледі. V. Он жасында әрбір азамат өзі бейім немесе қабілетті кәсіпті үйрене бастайды, бірақ мұнда зорлау болмайды; он бес пен он сегіздің арасында үйленеді; жиырма мен жиырма бестің арасында егіншіліктің бір саласымен айналысады; жиырма алты жасында ол өзінің бұрынғы кәсібіне қайтып оралса сонда немесе егіншіліктің өзі айналыса беруді қалаған бір саласында шебер болады. Бірақ ол мүлдем жаңа жұмысқа ауысса, тек отыз жасында ғана шебер бола алады. Бұрын ешқандай қоғамдықмансапты атқармаған адам қырық жасында ерікті жұмысшы болады, яғни ол
еңбектен босатылмайды, бірақ өзі қалаған салада жұмыс істей алады, өзіне өзі жүктеген міндетті жүзеге асырады. Ол өзінің бос болатын уақытының сағаттарын өзі анықтайды. VІ. Дәрменсіз адамдар, қартайған шалдар әрбір қалада осы мақсатқа бөлінген қоғамдық үйден қолайлы орынға, дастарқанға ие болып, сонда күтіледі... Дәл сол секілді сырқаттанған адамдар түп-түгелімен өздеріне арналған қоғамдық үйге апарылып, сонда өз үйіндегідей ұқыпты да таза қамқорлыққа алынады, бұл оларға ешқандай айырмашылықсыз, артықшылықсыз көрсетіледі. Әрбір қаланың сенаты сол үйлердің шаруашылығы мен қызмет көрсетуін реттеп отыруға айрықша қамқорлық жасайды және онда денсаулықты қалпына келтіру және жылдам жазылуы үшін де, және дәрменсіз адамдардың сүреңсіз тіршілігін тәуір ететін нәрсенің бәрі үшін де қажетті немесе ұнамды нәрселерде ешқандай жетіспеушілік болмауына тырысады. VІІ. Барлық кәсіп басшылары жұмыс пен демалыс уақытын белгілейді, орындалуға тиіс сабақты міндеттейді.
Сән-салтанат туралы заңдар
І. Әрбір азамат отызға толған соң, өзінің талғамына орай, бірақ ерекше сән-салтанатсыз киінеді. Ол сондай-ақ жеп-ішу мөлшерін сақтай отырып өз отбасында тамақтанады. Осы заң сенаторларға осы бағыттағы астамшылықты қатаң ауыздықтап отыруды, сонымен бірге өздерінің қарапайымдылық үлгісін көрсетіп отыруын міндеттейді. ІІ. Оннан отыз жасқа дейін әрбір кәсіптің жас адамдары бір ғана матадан тігілген, таза бірақ әдеттегі, олардың жұмысына қолайлы арнаулы киімдер киеді. Әрбір цех ондағы еңбектің басты сипатына сәйкес келетін түспен, немесе басқа бір белгімен ерекшеленеді. ІІІ. Әрбір азаматтың жұмыс киімі және қарапайым, өзіне жарасатын, бәрі де республиканың қаражатына сәйкес, және ешбір әшекей ешкімді де
басқалардан артық етіп көрсетпейтін немесе ерекше назар аудартпайтын біркиер киімі болады. Қандай да бір атаққұмарлықты старшиналар мен отбасы әкелері тұқыртып отырады.
Тәрбие туралы заңдар
І. Аналар, денсаулығы жараса, өз балаларын өздері емізеді, мұндай міндеттен олар өз дімкәстігін дәлелдейтін айғақты көрсеткен кезде ғана босайды... ІІІ. Тек басшылары әкелер мен шешелер өздерінің кішкентай балаларына қамқор болуын мұқият қадағалап отырады. ІV. Бес жасқа толғаннан кейін әрбір тектің барлық балалары бірге жиналып, арнаулы үйлерге, ұлдар мен қыздар бөлек-бөлек, орналастырылады. Олардың тамағы, киімі және алғашқы оқуы сенат белгілеген ережеге сәйкесбарлық жерде бірдей, ешқандай айырмашылықсыз болады. V. Тек басшыларының қадағалауымен, отағасылар мен отаналардың белгілі бір саны сол балаларға бес күн бойы өз баласындай қамқорлық жасайды; одан кейін оларды саны дәл соншалық ата-аналар алмастырады. Олар өз тәрбиесіндегілердің бойына қанағатшылдық пен тіл алғыштықты сіңіруге, сабырлы ескерту немесе жеңіл жазалау жолымен әртүрлі ұрыскерістің, еркеліктің, жаман әдеттің алдын алуға тырысады. Барлық балаларға барынша бірдей қарайтын болады. VІ. Осынау балалардың ақыл-ой қабілетінің жетілуіне қарай оларға отандық заңдарды үйрету басталады; оларға осы заңдарды құрметтеуді, өзжерінің әке-шешесіне, бастықтарға және үлкендерге бағынуды үйретеді. Оларға өзінің құрбы-құрдасымен сыйласып жүру, олармен дос болу, ешқашан жалған сөйлемеу үйретіледі. Олар өздерінің жасына сай қандай да бір жеңіл сабақтарда, ара-тұра ойындарда жаттықтырылады, олар балалардың денесін шынықтырып, еңбекке әзірлейді. Оларға міндетті
нәрсенің жақсылығы алдын ала түсіндірілмей ештеңе де міндеттелмейді. Осынау алғашқы тәрбиені кейін мұғалімдер жалғастырады, балалар алғашқы сәбилік жылдардан асқан соң солардың қамқорлығына тапсырылады. VІІ. Он жасқа дейін-ақ олар жарамды деп ұйғарылған кәсіптің бастауларын үйренуге жеткілікті мығым болса, олар күн сайын жаттыға беру үшін бірнеше сағатқа қоғамдық шеберханаларға жіберіліп тұрады. VІІІ. Он жасқа жеткен әрбір бала осынау ортақ ата-ана үйін тастап, шеберханаларға көшеді. Мұнда балаларға орын, тамақ пен киім-кешек беріледі, оларды әрбір кәсіптің шеберлері мен старшиналары үйретеді, балалар оларды өз ата-анасын қалай тыңдаса, солай тыңдауға міндетті – осының бәрі цех пен әрбір шеберханада бірге жүргізіледі, оларда әртүрлі жыныстағы балалар өздеріне лайықты жұмысқа бөлек оқытылады. ІX. Мұғалімдер мен мұғлималар, сондай-ақ кәсіп старшиналары механикалық жаттығуларға моральдық жаттығуларды да қосады. Балалардың ақыл-ойының дамуына орай, олардың ішіндегі әлдекім құдай деген бар екен дегенге дейін жетсе, немесе ол туралы әңгімелерді есітіп, осынау ең жоғары тіршілік иесі жайында сұрақ қоя бастаса, оның өздері тәнті болған және ұнамды да жақсы деп білетін нәрсенің бәрінің мейірімді бірінші себепкері екені түсіндіріледі. Тәлімгерлер осынау тілмен айтып жеткізілмейтін тіршілік иесі жайында баларға бұлдыр түсінік беруден және оның табиғатын мағынасыз терминдермен түсіндіруденбарынша сақтанатын болады; балаларғабүкіл әлемді жаратушы өзінің туындылары бойынша ғана танылатыны, сол туындылар оның шексіз мархабатты да кемеңгер тіршілік иесі болатыны, оны басқа ештеңемен салыстыруға болмайтыны қарапайым ғана түсіндіріледі. Жастарға адам бойына сіңірілген қоғамшылдық сезім тәңірдің ниетін білдіретін бірден бір нәрсе екендігі, тек соларды бақылай отырып қана құдайдың не екенін ұғуға қол жететіні түсіндіріледі. Оларға заңдардың мақсаты – сол сезімдерді
жетілдіре түсу және олардың нұсқауларын қоғамның игілігі үшін жүйелі қолдану екендігі айтылады. X. Барлық инсанияттық нұсқаулар, режелер, толғамдар негізгі және қасиетті заңдардан шығарылады және де әрқашан қоғамдық бірігуге, мейірімділікке бағытталады. Ақыл айтудың тиегі жеке бақыттың ортақ игілікпен біте қайнасуы болады, ал көтермелеу ниеттері жақын адамдардың, отандастар мен бастықтардың өзара құрметі мен достығы жағын көздейтін болады. XІ. Бастықтар мен сенаторлар балалардың тәрбиесі туралы заңдар мен жарлықтардың барлық жерде дәл де бірдей сақталуын қамқорлықпен қадағалайтын болады, әсіресе, жас балалардың бойында меншік сезімін оятатындай кемшіліктердің ақылмен түзетіліп, алды алынуына мән береді. Олар сондай-ақ балалардың ақылы ең сәби жастан-ақ қандай да бостекі мысалдармен, ертегілермен жәнеөтіріктермен былғануына кедергі жасайды. XІІ. Жас жігіттер 15-16 жасқа жетіп, үйленгеннен кейін қоғамдық академиялардан кетіп, ата-ана үйіне оралады, содан олар күн сайын шеберханаларға барып, егіншілікпен айналысатын тиісті жасқа жеткенше, өз кәсібімен шұғылданады; сол жасқа жеткеннен кейін соған арналған орындарға көшеді.
Ғылыми жұмыстар туралы заңдар
І. Дене күшінен гөрі неғұрлым зеректікті, тапқырлықты және дарынды талап ететін ғылым мен өнерге ғұмырын арнайтын адамдардың саны көркем және ғылыми жұмыстардың әрбір түрі үшін, сондай-ақ қалалар үшін нақты белгіленеді. Өзінің ерекше қабілетін байқатқан азаматтарды тиісінше оқыту ерте басталады, алайдабұл оларды тиісті жасқа жеткенде егіншіліктің бір саласында жұмыс істеуден босатпайды. Ғылым мен өнер үшін белгіленген мұғалімдер мен шәкірттерден басқа ешкімге де, отыз
жасқа дейін бұл жұмыспен айналысуға рұқсат берілмейді. Осы жасқа жеткен соң, тәжірибе өздерінің жұмысын жетілдіре түскен және өзі бұрын айналысқан жұмысқа қарағанда, басқадай қандай да бір жоғары кәсіпке бейімділігін аңғартқан адамдардың сол жұмыспен айналысуына рұқсат етіледі. ІІ. Заңдардың жоспары мен жүйесін түсіндіретін моральдық философиядан басқа ешқандай философия мүлдем болмайды. Бұл ғылымның бақылаулары мен нұсқаулары тек бұл заңдардың пайдалылығы мен даналығын, азаматтарды өзара байланыстарын туыстық пен достық, қызмет көрсету мен ризашылық дәнекерлерін, еңбекқорлық пен оның пайдалылығын, ізгі тәртіп пен толық жарасымның баршаға ортақ және жеке ережелерін бөліп көрсетуге бағытталады. Бұл ғылымды оқып-үйрену барлық адамдар үшін ортақ болады. ІІІ. Әрқалай метафизика тәңір туралы жоғарыда айтылғанға саяды. Ал адамға келсек, мыналар қосылады: оған парасат сыйланған, оның міндеті – ортақтасып өмір сүруге бейіл ету; оның абілетінің табиғаты сондай-ақ оның жұмыс істеуінің жаратылыстық принцуиптері бізге белгісіз; дәл сол қабілеттің мұқият ыждағатының арқасында ғана парасат жұмысының әдістерін қадағалап және бақылауға болады; бізде сол қабілеттің негізі мен тірегі болатын не нәрсе екенін білмейміз, адам өлгенде сол бастау неге айналатынын да білмейміз. Содан кейін, бәлкім, сол парасатты бастау ажалдан кейін де тіршілік ете береді, бірақ табиғатты жаратушы бұған қатысты бізге құбылыстар пошымында ешқандай нұсқау бермегендіктен, ол ахуалды білуге тырысу пайдасыз делінетін болар. Осынау ой шарықтауына арналған шекаралар осындай болады. ІV. Өзінің алдына не табиғаттың құпияларын зерттеуді, не қоғамға пайдалы өнерді жетілдіруді міндет етіп қойған ойға құрылатын және тәжірибеге негізделетін ғылымдар жөнінде адам ақылының өткірлігіне толық бостандық беріледі.
V. Барлық ғылымдардың өзіндік бір кодексі болады, онда метафизикаға және моральға заңдарда көрсетілгеннің шегінен шығып кететін ештеңе ешқашан қосылмайды; оған тек физикалық, математикалық және механикалық тәжірибе мен толғам арқылы қуатталған жаңалықтар ғана жаңадан енгізіледі. VІ. Ділмарлыққа, поэзияға және живописке табиғаттың физикалық және инсанияттық сұлулығын, ғылым пәндерін, қоғамның, ыңғайлы да ұнамды жақтарын, сондай-ақ бүкіл аталғандарды жетілдіруде ерекше көзге түскен азаматтарды мадақтауға рұқсат етіледі. VІІ. Әрбір жекелеген сенат бастықтар мен азаматтардың есте қаларлық еңбектерін жазба түрде баяндап беруді тапсырады, алайда бұл хикаяттардың қандай да болсын әсірелеуден, қандай да болсын жағынудан, әсіресе қандай да болсын аңыз әңгімеден таза болуын қатты қадағалайды. Жоғарғы сенат оларға жалпы ұлттық тарих құрастыруды тапсырады. VІІІ. Бұл заңдардың барлық тараулары, әрқайсысы бөлек-бөлекғ әрбір қаланың қоғамдық алаңдарында тұрғызылған колонналар мен пирамидалардың тиісті санына ойып жазылады және олардың ниеттерін заңдардың мәтіндерінің төте де тікелей мағынасына қарап, оларға ешқашан титімдей де өзгеріс немесе бұрмалау жасауға жол бермей орындайтын болады. Егер қандай бір заңда екіұштылық немесе күңгірт нәрсе ұшыраса, оны басқа бір заңның көмегімен түсіндіруге тырысу керек болады, немесе бұл заңның мағынасын негізгі және қасиетті заңдарға барынша қолайлы рухта біржола айқындау керек.
Жазалау туралы заңдар
І. Дәрежесі мен абырой-даңқына қарамастан, әрбір азамат, тіпті ол ұлт басшысы болсын, егер ол, – ойлаудың өзі оғаш – бұзылып біткені соншалық, біреуді өлтірсе немесе өлімші етіп жараласа, немесе түрлі айлашарғы арқылы не басқа жолмен қарғыс атқан меншікті енгізу мақсатында
қасиетті заңдарды жойғысы келсе, оны жоғарғы сенат соттап, айыпты дептабылса, ақылдан алжасқан адам және халық жауы ретінде зиратта қазылған үңгірге ғұмыр бойғы қамауға кесіледі. Оның аты азаматтар тізімінен біржола сызып тасталады, оның балалары және бүкіл отбасы бұл есімнен бас тартады да басқа тектерге, қалаларға немесе провинцияларға бөлек енгізіледі...
"Предшественники современного социализма.
М.-Л.,
1928"
басылымынан
қазақшалаған
Мамадияр ЖАҚЫП.
Шарль Луи Монтескьё
(1989–1755) – француз философ-ағартушысы, саяси ойшыл және құқықтанушы. Ұлы француз революциясының идеялық ізашарларының бірі. Шыққан тегі жағынан Мотескьё провинциялық дворяндарға жатады. Оныің нағашысы Бордодағы парламенттің мұралық президенті қызметінде болған. Жалғыз мұрагер ретінде Монтескьё өзі де кейінірек сол қызметке ие болды. Бордо академиясының мүшесі болып сайланды. Одан кейін ресми мемлекеттік қызметтерден бас тартып, ол ғылыммен, оның ішінде мемлекет пен құқық теориясымен айналысты. Монтескьё абсолютті монапрхияны сынап, парламенттік республиканы және азаматтардың демократиялық бостандықтарын жақтады, өкіметті заң шығарушы, атқарушы және қазылық өкімет деп бөлу теориясын дамытты. Ойшылдың пікірі бойынша, әрбір мемлекеттік құрылыс тиісті географиялық себептерге: климатқа, топырақ құнарына, аумағының кеңдігіне және т.б. байланысты болады. Монтескьёнің негізгі шығармасы – "Заңдар рухы туралы". Онда ол географиялық мектептің негізін қалаушы ретінде көрініп, өз идеяларын тарихи процестің теологиялықт түсіндіруіне қарсы қойды.
ЗАҢДАРДЫҢ РУХЫ ТУРАЛЫ
Екінші кітап
Үкіметтің табиғатынан тікелей туындайтын заңдар туралы
І тарау
Басқарудың әрқилы үш тұрпатының табиғаты туралы
Басқарудың үш тұрпаты бар: олар – республикалық, монархиялық және деспоттық басқару. Олардың табиғатын аңғаруға тіпті ең аз хабардар адамдардың да өресі жетеді. Мен үш анықтама, дұрысырағы үш факт ұсынамын: "Республикалық басқару – жоғарғы өкімет бүкіл халықтың немесе оның бір бөлігінің қолында болатын басқару; монархиялық басқару – бір адам, бірақ белгіленген өзгертілмейтін заңдар арқылы басқару; ал деспоттық басқаруда бәрі де ешқандай заңдар мен
ережелерге сүйенбей, тек бір адамның ырқы және жүгенсіздігі арқылы басқарылады". Міне, мен басқарудың табиғаты деп осыларды санаймын. Осынау табиғаттан тікелей туындайтын заңдарды, демек, негізгі өзекті мәні бар заңдарды қарастырмақпыз [...]
VІІІ тарау
Ар-ұят деспоттық мемлекеттер принципі еместігі туралы
Оның үстіне, ар-намыстың өз заңы мен ережесі бар, оны мүлтіксіз орындаудан ол бас тарта алмайды, сондай-ақ ол басқаның емес. өзінің өалауына тәуелді, сондықтан да ол айрықша құрылым мен тиянақты заңдары бар мемлекеттерде ғана орын алады. Деспот өз мемлекетінде оның болғанына төзе ала ма? Ол өзінің атақдаңқы өмірді тесік тиын құрлы көрмеуде деп біледі, ал деспоттың бүкіл күші оның басқалар өмірін қия алуындаАл ар-ұяттың өзі деспотқа қалай төзе алмақ? Оның мызғымайтын, бұзылмайтын ережелері және шаң жуытпайтын бабы бар, ал деспотта ешқандай ереже жоқ, және ол өзінікінен басқа ешқандай бапты мойындамайды. Деспоттық мемлекеттерде ар-ұяттың ізі де жоқ, көбіне оны нобайлайтын сөз де жоқ, ол монархияда үстем; оларда ар-ұят барлық салаға: саяси организмге, заңдарға, тіпті игі істерге нәр береді.
ІX тарау
Деспоттық басқару принциптері туралы
Республикаға жақсылық, ал монархияға ар-ұят қалай керек болса, деспоттық басқаруға үрей солай керек. Ол жақсылыққа ділгер емес, ал арұят оған қауіпті.
Тақсырдың шексіз билігі онда ол кімге тапсырса, соған көшеді. Ондай мемлекетте өзін қатты сыйлайтын адамдар революциялар жасай алар еді, сондықтан адам бойындағы ержүректікті үреймен тұншықтырып, олардың бойындағы намысқойлықтың тиімдей ұшқынын сөндіріп отыру керек. Ұстамды үкімет өз қалауынша, өзіне қауіп төндірмей-ақ басқару тізгінін босата алады: ол өзінің күшімен және заңдардың күшімен орнықты. Бірақ деспоттық мемлекетте тақсыр өзінің қаһарлы қолын сәл босаңсытса, егер ол мемлекетте алдыңғы орындарда тұрған адамдардың көзін жоя алмайтын болса, онда бәрі де құрығаны, өйткені осынау басқару тұрпатының бірден-бір қозғаушы негізі – үрейдің жоғалған және халықта енді қорғаушы қалмаған. [...]
X тарау
Ұстамды және деспоттық мемлекеттердегі бағыну сипатының
айырмашылықтары
Ұстамды монархияда жоғарғы билік оның қозғаушы негізін құрайтын нәрсемен шектеледі, мен оны ар-ұят дер едім, олмонарх ретінде тақсырға да, халыққа да үстем. Онда дін талаптарына емес – мұндай сарай қызметкері күлкілі нәрсе деп санар еді – ар-ұят ережесіне сілтеме жасайды. Осыдан барып бағыну сипатында қажетті түрлік өзгерістер туындап жатады: ар-ұят ұғымына әртүрлі баптар тән және олардың бәрі бағынудан аңғарылады. Бірақ басқарудың осы екі түрінде бағыну сипаты бірдей болмағанымен, оларда жоғарғы билік бірдей. Тақсыр өзінің назарын қайда аударса да, ол таразы басын өзіне қарай басуға мәжбүр етеді де, жұрт оған бағынады. Дегенмен, бұл арадағы барлық айырмашылықтар мынада: монархияда тақсырлар деспоттық мемлекеттердегіден неғұрлым білімді және олардың министрлері басқару ісінде әлдеқайда іскер де тәжірибелі.
XІ тарау
Осының бәрі туралы толғам
Басқарудың үш түрінің принциптері осындай. Мұның өзі бір республикада адамдар жақсылыққа жақын деген сөз емес, олар сондай болуға тиісті деген сөз. Бұдан сондай-ақ бір монархиялық мемлекетте арұят, ал бір деспоттық мемлекетте үрей үстем деген қорытынды шықпайды; бар болғаны – солай болуға тиіс деген қорытынды шығады, өйткені басқаша болса бұл мемлекеттермінсіз бола алмайды.
Он бірінші кітап
VІ тарау
Англияның мемлекеттік құрылым туралы
Әрбір мемлекетте биліктің үш түрі бар: заң шығарушы өкімет, халықаралық құқық мәселесімен айналысатын атқарушы өкімет және азаматтық құқық мәселесімен айналысатын атқарушы өкімет. Бірінші өкіметке сүйеніп тақсыр немесе мекеме уақытша немесе тұрақты заңдар шығарады, !йтпесе қолданыстағы заңдарға түзетулер енгізеді немесе күшін жояды. Екінші өкіметке сүйеніп ол соғыс жариялайды немесе бітім жасайды, елшілер жібереді немесе оларды қабылдайды, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, шапқыншылықтың алдын алады. Үшінші өкіметке сүйеніп, ол қылмысты жазалайды және жеке адамдардың арасындағы дауды шешеді. соңғы өкімет қазылық өкімет деп, ал екіншісін жай ғана мемлекеттің атқарушы билігі деуге болады.
Азаматтар үшін саяи бостандық дегеніміз өзінің қауіпсіз екендігіне сенімге негізделген жан тыныштығы. Мұндай бостандықта болу үшін бір азамат екінші азаматтан қорықпайтын басқару жүйесі болуы қажет. егер заң шығарушы өкімет пен атқарушы өкімет бір адамның немесе бір мекеменің қолында шоғырланаса, онда бостандық болмайды, өйткені бұл монарх немесе сенат тираниялық заң шығарып, оны тирандықпен жүзеге асырады деп қауіптенуге болады. Егер қазылық өкімет заң шығарушы өкімет пен атқарушы өкіметтен ажыратылмаса да бостандық болмайды. Егер ол заң шығарушы өкіметпен біріктірілген болса, онда азаматтардың өмірі мен бостандығы жүгенсіздік қолында болады, өйткені қазының өзі заң шығарушы болады. егер қазылық өкімет атқарушы өкіметпен біріктірілсе, қазы қанаушы болу мүмкіндігін алады. Егер бір адамның немесе шонжарлардан, дворяндардан немесе қарапайым адамдардан құрылған мекеменің қолында сол үш өкімет: заң шығарушы өкіметі, жалпы мемлекеттік сипаттағы қаулылардың орындалуын жүзеге асыру өкіметі және қылмыскерлерге немесе жеке адамдардың дау-шарына үкім айту өкіметі біріктірілсе, онда бәрі құриды. Еуропалық мемлекеттердің көпшілігінде басқарудың ұстамды тұрпаты орнатылған, өйткені олардың тақсырлары алғашқы екі өкіметке ие болып, үшінші өкіметті өзіне бағынышты халыққа беріп қойған. Осынау үш өкімет сұлтан қолында біріктірілген түріктерде сұмдық деспотизм билеп-төстейді. Осынау үш өкімет біріктірілген Италия республикаларында да бостандық біздің монархиямыздағыдан аз. Сондықтан да оларда үкімет өзін сақтап қалу мақсатында түріктердегідей аяусыз шараларға мұқтаж, бұған мемлекеттік инквизиторлар және кез-келген бәлеқор өзінің айыптау арыздарын салып кетуіне арналған жәшіктер дәлел бола алады. Ойлап көріңіз, мұндай республиканың азаматы қандай жағдайда болады? Онда әрбір ведомство заңды орындаушы ретінде бүкіл билікке ие,
өйткені заң шығарушы ретінде оны өзіне жасап алған. Ол ведомство міндетті заңдар пошымындағы өз ырқымен мемлекетті қирата алады; оған қоса, қазылық өкіметке ие болып отырған ол, бір жолғы үкім пошымындағы өз ырқымен әрбір азаматты құртып жіберу мүмкіндігіне де ие. Өкіметтің үш көрінісі де мұнда бөлінбейтін бірлікте; онда деспот тақсырды ерекшелейтін сырттай сән-салтанат борлмағанымен, оның рухы минут сайын сезіліп тұрады. Сондықтан да деспотизмге ұмтылған тақсырлар әрқашанда барлық өкіметті өз қолына жинақтаудан, ал Еуропаның көптеген корольдері өз мемлекетіндегі барлық басты мансаптарды өзі иемденуден бастаған. Әрине, италияндық республикалардың таза мұрагерлік аристократиясы азиялық деспотизмді тікелей қайталамайды. Мансап иелерінің көптігі оларда кейде мансаптың өзін жұмсартады; оларда бәрі бірдей өз ниеттерінде бірауызды бола бермейді; оларда бірін-бірі шектеп отыратын әрқилы соттар бар. Мәселен, Венецияда Үлкен кеңес заң шығарушылық өкіметке, прагедия – атқарушы өкіметке, ал кварантия – қазылық өкіметке ие. Бірақ сорақысы – сол әрқилы трибуналдар бір ғана сословиенің өкілдерінен құралған, соның салдарынан шын мәнінде, олар бір өкілдері болып табылады. Қазылық өкіметті тұрақты жұмыс істейтін сенатқа емес, заңда көрсетілген тәсілмен жылдың белгілі бір мерзімінде сот құру үшін халықтан шақырылған адамдарға беру керек, ал олардың жұмысының ұзақтығы қажеттілік талаптарымен анықталуға тиіс. Осылайша, халық үшін соншалық қорқынышты қазылық өкімет белгілі жағдаймен де, белгілі кәсіптермен де маталмайтын болады; былайша айтқанда ол көрінбейтін және жоқ секілді болып шығады. Адамдар көз алдында үнемі қазыларды көріп отырмайды да, қазыдан емес, соттан қорқатын болады.
Тіпті мынау да қажет елеулі айып тағылған жағдайда қылмыскер заң бойынша өз қазыларын өзі таңдау немесе ең болмағанда, олардың көбісін жаратпау құқығын пайдаланатын болсын, сонда қалғандарын оның өзі таңдағандай қарауға болады. Басқа екі өкіметті мансап иелеріне не тұрақты мекемелерге тапсыруға болады, өйткені олар ешқандай жеке адамдарға қатысты емес, оның біреуі мемлекеттің жалпы ырқын білдіреді, ал екіншісі сол ырықтың атқарушы органы болып табылады. Бірақ егер сот құрамы өзгермеуге тиіс болса, онда олардың үкімдерінде, олар тек әрқашан заң мәтінін дәл қолдану ғана болуы үшін, өзгерместік рухы билеп-төстеуге тиіс. егер оларда тек қазының тек жеке пікірі ғана көрінетін болса, онда адамдардың бұл қоғамда өздеріне сол қоғам қандай міндеттер жүктейтінін білмей өмір сүруіне тура келер еді. Тіпті қазылардың сотталғандармен бір қоғамдық жағдайдағы адамдар болғаны қажет, сонда оған өзін қыспаққа алғысы бар адамдардың қолына түскендей болып көрінбейді. егер заң шығарушы өкімет атқарушы өкімет өзінің ақтығына кепілі жеткілікті азаматтарды абақытға отырғызу құқығын берсе, онда бостандық жойылады, бұған адам қылмысы үшін жауапқа тарту мақсатында дереу қамауға алу жағдайлары жатпайды. Мұндай жағдайда қамалғандар іс жүзінде бостан, өйткені олар тек заң күшіне ғана бағынады. Бірақ егер заң шығарушы өкімет мемлекетке қарсы астыртын қаскүнемдік немесе әлде бір сыртқы дұшпанмен әмпейлесу салдарынан қатерге ұшыраса, онда ол атқарушы билікке күдікті азаматтарды қысқа да шектеулі мерзімге қамауға рұқсат ете алар еді, ондай жағдайда ол адамдар бостандығын біржола сақтап қалу үшін, одан уақытша еркінен айрылар еді. Және бұл – эфорлардың тираниясы мен Венециядағы мемлекеттік инквизиторлардың дәл сондай деспоттық билігін бірден-бір парасатты алмастыру.
Бостан мемлекетте бостан деп саналатын әрбір адам, өзін өзі басқаруға тиіс болатындықтан, онда заң шығарушы өкімет бүкіл халыққа тиесілі болуға тиіс. Бірақ үлкен мемлекеттерде бұл мүмкін емес, ал шағын мемлекеттерде үлкен қолайсыздықтармен байланысты болғандықтан, халық өзінің істей алмайтынының бәрін өз өкілдері арқылы істей алатын болуы қажет. Жұрт басқа қалалардікінен гөрі өз қаласының мұқтаждарын әлдеқайда жақсы біледі; олар өзінің басқа отандастарының қабілетінен гөрі, өз көршілерінің қабілетін жақсырақ біледі. Сондықтан заң шығарушы жиналыстың мүшелерін жалпы ел халықының барлығынан сайламау керек; әрбір ірі елді мекеннің тұрғындары оған өз өкілдерін сайлауға тиіс. Сайланған өкілдердің зор артықшылығы – олар істі байыпты талқылай алады. Халық бұған мүлдем жарамайды, демократияның еі әлсіз тұсы да осы. Өздерінің сайлаушыларынан жалпы нұсқау алған өкілдердің, Германияның сеймдерінде жасалатындай, әрбір жеке мәселе бойынша олардан жеке нұсқау алып жатуының қажеті жоқ. Рас, соңғы жағдайда депутаттың сөзі ұлт үнінің шын жаңғырығы болып табылар еді; бірақ бұл шексіз сөзбұйдаға жетелер еді, әрбір депутатқа барлық басқалардан жоғары тұру мүмкіндігін берер еді, және аса шұғыл жағдайларда халықтың бүкіл күші әлдебіреулердің әздектігінен сал болып қалар еді. Голландиядағыдай депутаттар белгілі сословиелердің өкілі болса, олар өздеріне өкілеттік бергендердің алдында үнемі есеп беріп отыруға тиіс деп Сидней әбден дұрыс айтады, ал олар Англиядағыдай қалалардың, елді мекендердің өкілі болса, әңгіме басқа. Өз округінде өкілдерді сайлау үшін өз дауысын беру құқығы барлық азаматтарда болуға тиіс, тек жағдайының төмендігі соншалық, оларға өзге жұрт өз ырқына өзі ие бола алмайтын бейшаралар деп қарайтындар ғана бұл санатқа кірмейді.
ежелгі республикалардың көпшілігінің бір ірі кемшілігі болды: оларда халық атқарушы қызметке байланысты белсенді шешімдер қабылдауға хақылы болды, бірақ ол оған мүлдем қабілетті емес еді. Оның басқаруға бүкіл қатысуы өкілдер сайлаумен шектелуге тиіс. Бұл оның қолынан әбден келеді, өйткені адам қабілетінің шегін дәл аңғара білетін адамдар аз болса да, әрбір адам өзінің таңдаған адамының басқалардың көпшілігінен қаншалықты қабілетті де құлағдар екендігін пайымдауға қабілетті. Өкілдер жиналысын ол сондай-ақ ол қандай да бір белсенді шешімдер қабылдау үшін емес (мұны ол мүлтіксіз орындай да алмайды), заңдар жасау немесе өздері жасап үлгерген заңдардың қалай орындалып жатқанын бақылау үшін сайлау керек, ол, тіпті сол ғана өте жақсы орындай алатын іс осы. Кез-келген мемлекетте тумысының байлығының немесе сыйсияпатының артықшылығымен ерекшеленетін адамдар бар; егер олар халықпен араластырылып жіберсе, егер олар басқалар сияқты бір ғана дауысқа ие болса, онда ортақ бостандық олар үшін құлдыққа айналар еді де, олар мұндай бостандықты қорғауға мүдделі болмас еді, өйткені шешімдердің басым көпшілігі соларға қарсы бағытталған болар еді. Сондықтан олардың заң шығаруға қатысу үлесі олардың мемлекеттегі басқа артықшылықтарына сәйкес болуға тиіс, ал бұған олар өз алдына ерекше жиналыс құрып, бұл орган халықтың шешімін бұза алатын болса ғана қол жетеді, сондай-ақ халықта да оның шешімін бұза алу құқығы болуға тиіс. Осылайша, заң шығарушы өкімет игі жақсылардың жиналысына да, халық өкілдерінің жиналысына да тапсырылар еді, олардың әрқайсысының бір-бірінен бөлек кеңестері, өздерінің бөлек мүдделері мен мақсаттары болар еді. Біз сөз еткен үш өкімет ішінде қазылық өкімет белгілі бір мағынада өкімет те емес. Сонда екеуі ғана қалады; олар шектен шығып кетпес үшін
реттеуші билік қажет; бұл міндетті заң шығарушы корпустың игі жақсылардан тұратын бөлігі ойдағыдай атқара алар еді. Игі жақсылардан тұратын заң шығарушы корпус мұрагерлік болуы тиіс. Ол өзінің табиғаты жағынан қазірдің өзінде солай. Мұның үстіне, бұл коррпустың өзінің айрықша құқықтарын сақтап қалуға өте мүдделі болуы қажет, бұл құқықтар қарадан-қарап жеккөрінішті және бостан, мемлекетте оларға сөзсіз үнемі қатер төніп тұрады. Бірақ мұрагерлік билік халық мүддесін ұмытып, өзінің бөлек мүддесін күйттеуге тартылуы мүмкін болғандықтан, мына нәрсе қажет: оны аздыруға, мәселен салық туралы заңдар жөнінде болғанындай, маңызды себептер бар деп қауіптену туатын барлық жағдайларда, оның заң шығаруға бүкіл қатысуы қаулы алудан емес, бұзу құқығынан ғана құралғаны жөн. Қаулы алу құқығы дегенде мен өзіне бұйрық беруді немесе басқаға берілген бұйрықты түзетуді айтып отырмын. Бұзу құқығы дегенде мен басқа біреулер шығарған шешімді түкке тұрмайтын етуді айтып отырмын, Рим трибундарының билігі осындай құқыққа негізделген болатын. Бұзу құқығы бар адамдарда мақұлдау құқығы да болғанымен, алайда бұл мақұлдау мына жағдайда өзінің бұзу құқығын пайдаланудан бас тарту жөніндегі мәлімдемеден басқа ештеңе емес және сол құқықтан туындайды. Атқарушы өкімет монархтың қолында болуға тиіс, өйткені басқарудың қашан да шұғыл қимылдауды талап ететін бұл жағы көптің емес, бірдің қолымен жақсырақ орындалады; керісінше, заң шығарушы өкіметке тәуелді нәрсенің бәрі біреуден гөрі көптің қолымен жақсырақ жасалады. Егер монарх болмаса және гере атқарушы өкімет заң шығарушы жиналысқа мүше адамдардың белгілі бір санына берілсе, онда бостандық жайына қалар еді: екі өкімет біріккен болып шығар еді, сөйтіп бір ғана
адамдар кей-кейде екі өкіметті де қосарлап пайдаланар еді, тіпті үнемі пайдалана алар да еді. Егер заң шығарушы жиналыс ұзақ уақыт бойы жиналмаса да бостандық болмас еді, өйткені онда төмендегідей екі жағдайдың бірі орын алар еді: не заң шығарушылық қызмет мүлдем тоқтап, мемлекет анархия ахуалына душар болар еді, не бұл қызметті атқарушы өкімет өз қолына алып, соның салдарынан ол абсолютті өкіметке айналар еді. Заң шығарушы жиналыстың тұрақты жиналып отыруының да ешқандай қажеттігі жоқ. Мұның өзі өкілдерге ыңғайсыз болар еді және атқарушы биліктің жұмысын тым қиындатар еді, мұндай жағдайда ол өз міндетін атқару қамын күйттеу орнына, өзінің айрықша құқықтары мен атқарушы қызметке құқығын қорғап қалуды ғана күйттер еді. Мұның үстіне, егер заң шығарушы жиналыс тұрақты жиналып отыратын болса, оның адамдар құрамындағы өзгеріс дүниеден өткен депутаттың орнын жаңасымен алмастыруға ғана саяр еді. Мұндай жағдайда, егер заң шығарушы жиналыс өзінің міндетіне сай болмай шығып, оған ештеңемен көмектесуге болмас еді. Заң шығарушы жиналыстың құрамын басқасымен алмастыру тұсында қолдағы заң шығарушы жиналысқа көңілі толмайтын халық өз үмітін негізді түрде оның орнына келетін жиналысқа артады, ал бұрынғы жиналыс алмастырылмайтын болса, оның азғындағаны көзге ұрып тұрған жағдайда халық оның заңдарынан ешқандай жақсылық күтпей, ашу-ызаға немесе немқұрайдылыққа бой алдырады. Заң шығарушы жиналыс өзінің қалауымен жиналуға тиіс, өйткені кезкелген саяси организм жиналған кезде ғана өзінің ырқын білдіре алады деп танылады. Егер ол ауызбірлікпен жиналмаса, онда оның қай бөлігі шын мәнінде заң шығарушы жиналыс екендігін шеше алмас едік: жиналғандары ма, әлде келмегендері ме. Егер өзін таратуға хақылы болса, ол ешқашан ондай қаулы қабылдамайтындай жағдай тууы мүмкін, ал мұның өзі егер ол атқарушы билікке қарсы әлдене қастандық ойлаған жағдайда қауіпті болар
еді. Мұның үстіне, заң шығарушы жиналыстың қызметі үшін бір кез екінші бір кезге қарағанда неғұрлым қолайлы болады; сондықтан бұл жиналыстарды шақыру мен отырыстардың қаншаға созылатындығын өзіне белгілі жағдайларға қарап атқарушы өкіметтің анықтағаны қажет. Егер атқарушы өкімет заң шығарушы өкіметтің қызметін тоқтату құқығы болмаса, заң шығарушы өкімет өзі ғана қалайтын кез-келген билікті алу мүмкіндігін пайдаланып, барлық басқа өкіметті жойып жібереді. Керісінше, заң шығарушы өкімет атқарушы өкімет қызметін тоқтату құқығы болмауы тиіс. Өйткені өзінің табиғатында атқарушы өкімет шектеулі болғандықтан, оны қалай да бір тағы шектеудің қажеті жоқ; мұның үстіне, оның қызметінің нысанасы – шұғыл шешуді талап ететін мәселелер. Рим трибундарының билігіндегі бір басты кемшілік – олар заң шығарушы өкіметтің ғана емес, атқарушы өкіметтің қызметін тоқтата алатын еді, ал мұның өзі зор қасіреттерге ұшырататын. Бірақ бостан мемлекеттерде заң шығарушы өкіметтің атқарушы өкіметті тоқтату құқығы жоқ болса да, есесіне онда өзі шығарған заңдардың қалай орындалып жатқанын қарау құқығы бар және қарауға тиіс; космдар мен эфорлар өз басқаруы жөнінде есеп бермеген криттіктерде және Лакедемонда болған басқарудан артықшылығы да осында. Бірақ осынау тексеру қандай нәтиже берсе де, заң шығарушы жиналыста атқарушы өкімет жұмысын атқарып отырған адамға, демек, оның іс-әрекетіне қазылық ету билігіне ие болмауға тиіс. атқарушы өкімет адамы ұлық болуға тиіс, өйткені мемлекетке ол заң шығарушы өкімет тиранияға айналып кетпес үшін қажет; атқарушы билікке айып тағылған немесе сотқа тартылған бойда, бостандық та ғайып болар еді. Мұндай жағдайда мемлекет монархия емес, бостандық жоқ республикаға айналар еді. Бірақ атқарушы өкіметке ие болып отырған адам заңдарға адам ретінде пана болса да, министрлер ретінде оларды жек көретін кесепат болғандықтан ғана қолындағы өкіметті кесепат іске
пайдаланса, онда сол кеңесшілер жауапқа тартылып, жазалана алады. Бұл тектес басқарудың Гнид басқаруынан артықшылығы да осында, Гнид басқаруы тұсында заң амимондарды, тіпті олардың басқару мерзімі аяқталған соң да сотқа тартуға рұқсат етпейтін, соның салдарынан халық өздеріне жасалған қиянатқа шағынса да, әділетке қол жеткізе алмайтын. Жалпы қазылық өкіметті заң шығарушы өкіметтің ешқанджай тармағымен матастырмау керек болса да, бұл ереже сотқа тартылғандардың ерекше мүддесі болатындығына негізделген үш айрықшалыққа жол береді. Жайсаңдар қаншан да қызғаныштың қызыл итін арпылдатады; сондықтан да олар халық сотына тартылса, оларға қауіп төнер еді және оларға бостан мемлекеттің кез-келген азаматы пайдаланатын артықшылық – өзімен тең адамдардың соттау артықшылығы таралмас еді. Сондықтан жайсаңдар ұлттың жай соттарымен емес, заң шыфғарушы жиналыстың жайсаңдардан құралған бөлігімен сотталуы қажет. Әрі көреген, әрі соқыр заң кейбір жағдайда тыс қатал болып шығуы ықтимал. Бірақ халық қазылары, бұрын айтқанымыздай, заңның сөзін қайталайтын ауыз ғана, заң күшін тежей де алмайтын, заң қаталдығын жұмсарта да алмайтын жансыз тіршілік иесі. Сондықтан бұл жағдайда да сот міндетін заң шығарушы өкіметтің біз жаңа ғана басқа бір жағдайдағы қажетті сот ретінде айтқан бір бөлігі өз мойнына алуға тиіс. Осынау соттың жоғары беделінің алдында заңның өзінің игілігі үшін сол заңда көрсетілген үкімнен неғұрлым жұмсақ үкім шығарып, сол заңды тізгіндеу міндеті тұр. Былай да болуы мүмкін: азамат қандай да бір қоғамдық істе халықтың құқығын бұзып, қылмыс жасайды, біра тағайындалған қазылар оны жазалай алмайды және жазалағысы да келмейді. Әдетте, заң шығарушы өкіметте соттау құқығы жоқ; дегенмен ол мүдделі жақ халық болып табылатын ерекше жағдайда ол бұл құқықты пайдалана алады. Сонымен, оған тек айыптау құқығы ғана қалады. Бірақ ол кімнің алдында айыптайды? Өзінен төмен қойылғандықтан және оның үстіне, соның өзі
секілді халыққа жататын адамдардан құралған, сондықтан соншалық жоғары беделді айыптаушы алдында бүгежектей беретін сот алдында ма? Жоқ: халықтың ар-нгамысы мен жеке адамдардың қауіпсіздігін күзету үшін, заң шығарушы жиналыстың халықтан шыұққан бөлігі сол заң шығарушы жиналыстың жайсаңдардан құралған, сондықтан бірінші бөлікпен мүддесі де, бірдей нәпсісі де жоқ бөлігінің алдында айыптауы керек. Кемшілігі халық әрі қазы, әрі айыптаушы болған ежелгі республикалардың көпшілігіндегі басқарудан осы тектес басқарудың артықшылығы да осында. Атқарушы өкімет, біз айтқанымыздай, заң шығару ісіне қабылданған шешімді бұзу құқығымен араласуға тиіс, онсыз ол өзінің айрықша құқықтарынан көп ұзамай айрылып қалар еді. Бірақ ол заң шығарушы өкімет атқарушы өкіметтің қызметін атқаруға қатыса бастаса да жантәсілім қылады. Егер монарх заң шығару ісіне өзінің қаулылар шығару құқығымен қатыса бастаса, онда бостандықтың күні қараң. Бірақ ол өз амандығы үшін заң шығаруға бәрібір қатыспай тұра алмайтындықтан, оның қатысуы шешімді бұзу құқығымен ғана шектелуі қажет. Римдегі басқару тұрпатының өзгертілу себебі де атқарушы өкіметтің бір бөлігіне ие сенат та, атқарушы өкіметтің екінші бөлігіне ие қазылар да, халық сияқты заңдарды бұзу құқығына ие болмағандықтан. Сонымен, біз әңгіме етіп отырған басқару тұрпатының негізгі бастаулапры мынадай. Заң шығарушы жиналыс бұл жерде бір-бірін өздеріне тиесілі бұзу құқы арқылы шектеп отыратын екі бөліктен тұрады, және олардың екеуі де атқарушы өкіметпен байланысты, ол өз кезегінде заң шығарушы өкіметпен байланысты. Осынау үш өкімет тыныштық пен қарекетсіздік ахуалына келуге тиісті ғой. Бірақ жағдайдың қажетті ағысы оларды қарекетк жасауға мәжбүр ететіндіктен де, олар келісе қимылдауға мәжбүр болады.
атқарушы өкімет заң шығару ісіне өзінің заң күшін жою құқығы арқылы ғана қатысатындықтан, ол істерді талқылауға тікелей қатыспауға тиіс. Тіпті оның өз ұсынысын енгізуінің де қажеті жоқ; өйткені оның заң шығарушы өкіметтің байламын мақұлдамау мүмкіндігі әрқашан бар, сондықтан өзі қаламайтын ұсыныстар жөніндегі кез-келген шешімді қабылдамай тастай алады. Іс бүкіл халық болып қаралған кейбір ежелгі республикаларда атқарушы өкімет әрине, ұсыныстарын да енгізіп оны халықпен бірге талқылауға да тиіс болған, өйткені, олай болмаса, қаулыларда адам сенбнс былық болар еді. Егер атқарушы өкімет салық туралы қаулыға тек өзінің келісімін білдірумен ғана қатысатын болса, онда бостандық без теріп кетеді, өйткені атқарушы өкімет заң шығарушы өкіметке заң шығарудың ең бір маңызды тармағы бойынша жүгінеді. Егер заң шығарушы өкімет нақ сол мәселе бойынша өзінің қаулыларын бір жыл мерзімге емес, мәңгілік мерзімге арнап шығаратын болса, онда ол өзінің бостандығынан айрылу қатеріне ұшырайды, өйткені атқарушы өкімет оған енді тәуелді болмай қалады, ал егер мұндай құқық біржола иеленсе, бұл үшін біз кімге қарыздармыз – өзімізге ме, жоқ басқа біреуге ме деген сұрақта мән қалмайды. егер заң шығарушы өкімет өзі атқарушы өкіметтің құзырына тапсыруға тиіс құрғақтағы және теңіздегі күштер туралы осындай мерзімсіз қаулылар қабылдай бастаса, дәл солай болып шығады. Атқарушы өкіметке ие адам басқаларды қинай алмас үшін оған тапсырылған әскер, Римде Марий заманына дейін болғаны секілді халықтың өкілі болуы және халықтың рухымен бірдей тыныстауы керек. ал солай болуы үшін екінің бірі қажет.: не әскерде қызмет ететін адамдар басқа азаматтардың алдында өз қылығы үшін өз мүлкімен жауап беруі үшін жеткілікті дүниесі болуы керек, мұның үстіне олардың қызмет мерзімі Римде қолданылғандай, бір жылмен шектелуге тиіс, немесе ол
халықтың азғындарынан құралған тұрақты әскер болған жағдайда, заң шығарушы өкіметке оны қалаған уақытында таратып жіберу құқығы берілуі керек; солдаттар халықпен бірге өмір сүруге тиіс; дара қосындар да, казармалар да, қамалдар да жасалмауы тиіс. Әскер құрылғаннан кейін ол заң шығарушы өкіметке емес, атқарушы өкіметке тікелей тәуелді болуға тиіс; бұл мәселенің табиғатына әбден сай келеді, өйткені армия толғанып жатуға емес, қимылға арналған. Өзіне тән ой салты бойынша жұрт сақтықтан гөрі, батылдықты; естіліктен гөрі қимылды; кеңес бергеннен гөрі күш қолданғанды көбірек бағалайды. Армия әрқашан сенатты жек көріп, өз офицерлерін құрметтейді. Ол именшек, сондықтан өзін билеп-төстеуге лайық емес адамдардан құралған деп санайтын жиналыс атынан берілген бұйрықтарға тыжырына қарайды. Осылай, егер армия тек қана заң шығарушы жиналысқа тәуелді болса, онда басқару әскери сипат алады. Егер әйтеуір бір жерде бұл ережеден ойысу болса, тек қандай да бір төтенше себептердің салдары: айталық, армия оқшау қалғандықтан; ол әртүрлі провинцияларға тәуелді бірнеше бөлімнен құралғандықтан; елдің бас қалалары табиғи орналасуына қарай тамаша қорғалып, өздерінде армия ұстамайтындықтан. Венецияға қарағанда Голландия әлдеқайда жақсы қорғалған. Ол бүлік шығарған әскерді суға тоғыта немесе аштан қатыра алады. Онда әскер оларды азық--түлікпен жабдықтай алатын қалаларда орналастырылмайды, сондықтан оларды сол азық-түліктен оп-оңай қысуға болады. Бірақ егер армияның заң шығарушы корпусқа тікелей тәуелділігі жағдайында да әлдебір жағдай басқарудың әскери басқаруға айналмауына бөгет басаса да, онымен мұндай жағдайдың басқалай қолайсыздықтары жойыла қоймайды. Екінің бірі ьолуға тиіс: не әскер үкіметті қиратады, не үкімет әскерді әлсіретеді. Және бұл әлсірету шын жазмыштық тәлкектің салдары болады: ол үкіметтің өзінің дәрменсіздігінен туындайды.
Тациттің германдықтардың мінез--құлқы туралы ғажап туындысын оқып шығуға бейіл әрбір адам өздерінің саяси басқару идеяларын ағылшындардың германдықтардан алғанын көреді. Осынау тамаша жүйе ну ормандар арасынан табылған. Адам туындыларының бәрінің ақыры бар, біз сөз етіп отырған мемлекет те бостандықтан айрылып, Рим, Лакедемон және Карфаген күйрегеніндей күйрейді. Ол заң шығарушы өкімет атқарушы өкіметтен көбірек азғындаған кезде күйрейді. Ағылшындар шындығында сол бостандықты пайдаланып жүр ме, жоқ па, оған төрелік айту менің шаруам емес. Мен олар соны өздерінің заңдары арқылы орнатқанын көрсетуді ғана қанағат тұтып, басқаны іздемеймін де. Менде осыларды айтқанда өзге басқаруларды қаралау ниеті де, осынау ғаламат саяси бостандық өздерінде шектеулі ғана бостандық бар елдерге мін тағу қызметін атқарсын деген ниет те жоқ. Тым артық болып кетсе парасат та әркез қалаулы бола қоймайды, адамдар шетіннен гөрі орташасына әрқашан жақсырақ бейімделеді деп санайтын мен қалайша солай дей алар едім? Гаррингтон өзінің Oceana'сында мемлекет құрылымы жете алатын бостандықтың ең жоғары сатысы қандай екендігін анықтауға ұмтылады. Бірақ ол сол бостандықты оған сыртын беріп іздеді, ол Халкедонды көзалдына Византия жағалауларын елестете отырып орнатты деуге болады.
Жиырма алтыншы кітап
І тарау
Бұл кітаптың идеясы
Адамдар түрлі заңдармен басқарылады, олар: жаратылыстық құқық;
дін құқығы болып табылатын құдайлық құқық; шіркеу құқығы, басқаша
айтқанда – діни тәртіп құқығы болып табылатын канондық құқық; халықаралық құқық, оны ғаламдық азаматтық құқық деуге де болады, әрбір халық ғаламдық азамат деген мағынада; жалпы мемлекеттік құқық, оның пәні бүкіл адамзат қоғамын жасаған адами данышпандық; әрбір жеке қоғамды мегзейтін жеке мемлекеттік құқық; ол бір халық екінші халыққа зорлық жасағысы келеді, жасай алады және жасауға тиіс еді деген жаулап алу құқығы: бір азамат басқа азаматтан өз мүлкі мен өмірін қорғай алатын жеке қоғамдардың азаматтық құқығы; ақыр соңында, ол қоғамның ерекше басқаруды талап ететін жеке отбасыларға бөлінуінің нәтижесі болып табылатын отбасылық құқық. Демек, заңдардың әртүрлі разряды бар және адам парасатының ең асқақ міндеті заңмен айқындалуға тиісті түрлі мәселелердің негізінен жоғарыда айтылған разрядтың қайсысына жататынын дәл анықтау, бұл адамдар басқарылуға тиіс бастауларға берекетсіздік енгізбеу үшін керек.
ІІ тарау
Құдайдың және адамдардың заңдары туралы
Адам заңдарына жататын нәрсені құдай заңдары қаулыларының пәні етіп алмау да, адам заңдары арқылы құдай заңдарына жататын нәрсені шешпеу де керек. Заңдардың осынау екі түрі бір-бірінен өздерінің шығу тегімен, мақсатмүддесімен және өзінің табиғатымен өзгешеленеді. Адам заңдарының табиғаты діни заңдардың табиғатынан өзгеше екендігіне жұрттың бәрі келіседі. Мұның өзі ұлы принцип, бірақ ол өз кезегінде басқа принциптерге тәуелді. Оларды айқындау керек. 1. Адам заңдарына табиғатынан болмыстың барлық өзгеріп тұратын жағдайларына бағыну және адамдардың ерік-жігерінің бүкіл өзгеруіне еріп отыру тән; керісінше, діни заңдардың қасиеті – ешқашан өзгермейді. адам
заңдарының қаулылары игілікке жатады; ал діннің талаптары – асқақ игілікке жатады. Игілік қандай да бір басқа мақсатты көздей алады, өйткені толып жатқан әртүрлі игіліктер бар; бірақ асқақ игілік – жалғыз, демек, ол өзгермейді. Заңдарды өзгертуге болады, өйткені олар тек жақсы болғанда ғана заң деп танылады; бірақ діннің талаптары әрқашан ең жақсысы деп саналады. 2. Заңдары түкке татымайтын, тек тақсырдың шалдуар да құбылмалы ырқын білдіретін мемлкеттер бар. Сондай мемлекеттерде діни заңдар адам заңдарымен бір тектес болса, олардың да ешқандай мәні болмас еді. Ал бір қоғам үшін тұрақты бір нәрсенің болуы қажет, сол тұрақты нәрсе дегеніміз – дін. 3. Діннің күші ең алдымен оған деген сенімде, ал адам заңдарының күші – солардан қорқуда. Тіршілігінің ежелгілігі дінге қолайлы; сенім дәрежесі көбіне-көп өзіміз сенетін нәрсенің қашықтығына сәйкес болады, өйткені біздің ақылымыз сол алыстағы дәуірдің біздің сенімдерімізге кереғар болуы мүмкін жанама ұғымдарынан азат. Адам заңдарына, керісінше, олардың шығу тегінің сонылығы қуат береді. [...]
"Монтескьё Ш. Дух законов. В 3 ч. СПб., 1839"
басылымынан қазақшалаған Мамадияр ЖАҚЫП.
Габриэль Бонно Мабли
(1709–1785) – француз саяси жазушысы, утопиялық коммунист, тарихшы. Иезуттық коллежде және діни семинарияда жақсы білім алып, Францияның сыртқы істер министрлігінде төрт жылдай қызмет істеп, одан кейінгі өмірінде ғылыммен, әдебиетпен айналысқан. абсолютизмді қатты сынағаны үшін өз елінде шығармаларын басып шығару мүмкін болмағандықтан, оның кітаптары Женева мен Амстердамда шықты. "Америкадағы басқару мен заңдар туралы жазбалар" деп аталатын кітабы 1784 жылы америкалық саяси қайраткерлердің өтінішімен жарық көреді. Маблидің саяси көзқарастары біршама эволюциялық өзгерістерге ұшырады: XVІІІ ғасырдың 40-жыллдары ол абсолюттік монархияның жақтаушысы ретінде көрінсе, сол онжылдықтың аяғында демократиялық идеяларды дамытып, оны қорғаса, одан кейін коммунистік принциптерді жақтады. Мемлекеттік құрылыс саласында қоғамдық шарт тұжырымдамасын қолдаса, адам проблемаларын талдағанда жаратылыстық құқыққа жүгінді. Маблидің шығармалары 1789–1794 жылдардағы француз революциясының идеялық дайындығында жºне утопиялық коммунизмнің дамуына ықпал етті.
ЗАҢДАР ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ ЗАҢДАР ПРИНЦИПТЕРІ
[...] Жер бетіндегі үкімет пошымдарының, заңдардың және құқықтардың сұмдық ала-құлалығы – желөкпелеу жұртты күлкіге қарық қылатын, парасатымызға мін болса да, адамзатты қашанда әлдене көрсоқыр да ұшқалақ тағдыр басқарып келгеніне көзі жеткен адамдарды түңілтіп жіберетін көрініс. Әркім де өз бақытын өз қалауынша орнатқысы келіп, оны бірде үлде мен бүлдеге оранудан, ләззат алудан, бірде ашкөздік пен әздектіктен, бірде біреуді қанаудан, сол секілді өзге де есуастықтан іздеді, ал өзінің басқаша тәртібін орнатқан табиғат болса, біздің өрескел қылықтарымызға әжуалай қарады. Ол бізді өзіміздің адасушылығымыз үшін жазалады; барлық дерлік халықтар өздері шығарған парықсыз заңдардың құрбандарына айналды. Барлық жерде қоғам езішілер мен езілушілердің жиынтығына ұқсады. Мыңдаған қатыгез революция жердің бетін мыңдаған рет өзгертті, ұлы империяларды күйретті, сөйтсе де
соншама қайталанған сабақ бақытымызды ол жоқ жерден іздер жүргенімізді ұқтырмады. [...] Бұл жайында қаншалық көбірек ойласам, мүлік пен ахуалдың теңсіздігі, былайша айтқанда адамды бүлдіретініне, оның жүрегінің табиғи қалауын өзгертетініне соншалық көзім жете түсті, өйткені пайдасыз қажеттіліктер оның шын бақытына кереғар тілектер туындатып, оның ақылын ең әділетсіз де жосықсыз соқыр сенімдермен немесе адасумен алжастырады. Ал, теңдік, біздің қажеттерімізді шектей отырып, қу нәпсінің оянып, өсе беруіне бөгет болатын жан тыныштығын сақтайды деп санаймын [...] Меніңше пайдасыз да зиянды нәрселерді жақсылықтан артық көруді үйретті. Теңдік ахуалы тұсында қиянаттың алдын алып, заңдарды мықтап беркітуден оңай ештеңе жоқ екені дәлелденген нәрсе деп санаймын. Теңдік барлық игілікті беруге тиіс, өйткені ол барлық адамдарды біріктіреді, олардың жанын асқақтатып, оларды өзара жанашырлық пен достық сезіміне тәрбиелейді. Мен осыдан: адамдарға барлық бақытсыздықты теңсіздік әкеледі деген қорытынды жасаймын. Егер адамдар өзара тең болса, адамдардың бойындағы жақсылық пен талантты ғана бағалайтын болса, бәсекелестік өзінен өзі әділет шегінде қалады. Теңсіздікті жойсаңыз болды, бәсекелестік қызғаныш пен қызғаншақтыққа айналады, өйткені оның мақсаты адамдық болады. [...] Бір кезде құлдық гректер мен римдіктер республикаларын қалай масқара етсе, қазір Еуропаны масқара етіп отырған қайыршылық туралы айту қажет пе? Сірә, біздің өзімізге өзіміз жасаған қасіреттеріміз аз болғанау – тұтас бір халықтар бір-біріне қарсы қаруланғанда, бүкіл адамзат құқығының быт-шыты шықты. [...] Өзінің көршілерін тонау тиімді болып шықты, сөйтіп тонаушылық пайдалы болғандықтан, оны әділеттен көбірек құрметтей бастады, содан бері біздің әділет жайындағы түсінігіміз де жалған. Біз өлшем мен салмақтың екі түрін жасап алдық; сөйтіп парасатты тәрк етіп, байлар ұрлық үшін өлім жазасына кесетін болды, өйткені
ұрланып қалудан қорқады, сөйте тұра шауып алуды мақұлдайды, өйткені солардың өздері халықтарды тонайды. [...] Табиғат теңдікті ата-бабаларымыз үшін заңға айналдырған болатын, сонысымен ниетін де айқын байқатқан, оны ұқпау да мүмкін емес еді. Шын мәнінде, біз табиғат уысынан шыққанымызда нағыз теңдікте болғанымызды кім терістей алмақ? Ол адамның бәріне бірдей мүше, бірдей қажеттілік, бірдей парасат бермеп пе еді? Ол Жер бетіне ағыл-тегіл етіп берген игілік адамдардың бәріне ортақ емес пе еді? Теңсіздік тұғырын қайдан таппақсыз? Әркімге ерекше үлесті сол беріп пе еді? егістіктердегі омақаны жасаған сол ма еді? Ол байларды да, кедейлерді де жасаған жоқ. Аңдарды өздеріне бағындыру үшін адамдарға біршама жоғары қабілет бергеніндей, табиғат кейбір нәсілдерге артықшылық беріп пе еді? Ол ұлыларды да, кішілерді де жасаған жоқ, ол біреулерді басқалардың қожайыны етіп жаратқан жоқ. [...] Спарталықтар алты жүз жыл бойы ең мінсіз теңдікте өмір сүргені белгілі,және сіз алты жүз жыл бойы мызғымаған мекемелердің энтузиазммен, бір сәттік фанатизммен немесе сән әмірімен жасалмағанын теріске шығара алмайсыз. [...] Егер қоғамдар құрылған тұста меншік дегенді білмесе, олар одан кейін сонсыз өмір сүре алмас еді. Адамдар көбейе түсіп, тұрақты баспана және жерді өңдеу керектігін ұққан кезде, олардың басына бірінші болып келген ой барды бөліп алып, меншік құқығын орнату болып па еді? Жаңа тәртіп енгізгенде біздің ақылымыз әдетте өзінің дағдылы идеяларының жетегінде болады. Сондықтан да біздің ата-бабаларымыз ыңғайлырақ тіршілік еті үшін жұмыс істеуге мәжбүр болғанда, өз күштерін ортақ еңбекке біріктірді деп ойлаған орынды, олар мемлекеттік өкімет орнатқанда солай етіп еді ғой. Бірлесіп жұмыс істеп, олар егіндерін де бірлесіп жинаған. Қараңызшы, табиғат бізді мүлікті ортақтасып иемденіп, құрдымға кетпеуімізді қандай кемеңгерлікпен дайындаған, ол құрдымға бізді меншікті енгізу кетірді. [...]
Тегінде, осынау алтын заман бақытын жалқаулық бүлдірген. Бәлкім, жалқаулау және енжарлау адамдар қоғамның еңбегімен күн көріп, оған самарқау да немқұрайды ат салысқан болар. [...] Өзіміз шағына беретін жамандықты тыю үшін біз неге әркімге өз еңбегімен тапқан өнімді ғана беру жөнінде заң шығармаймыз? Жерімізді тең бөлейік; барлық заңдардың ең дұдіреттісі мұқтаждық жалқаулықты қуып шығады; ол күш, қуат, еңбекқорлық береді, сөйтіп біздің билеушілеріміз өздері орындай алмайтын шаруадан құтылады. [...] Мүліктің ортақтығы азаматтарды мемлекеттің тағдырына немқұрайды ететіндігінен мен қорықпаймын. Адамдар өзінің байлығыме, өзінің сәнсалтанатымен және ләззатымен неғұрлым азырақ айналысса, қоғамдық игілікке солғұрлым көбірек мүдделі болады; олар өздерін ұмытып кеткендей болып, тек заңдарды жақсы көреді – тәжірибе осыны қуаттайды, ал парасат тәжрибені қуаттайды. Егер менің ешқандай меншігім болмай, үкіметтен өзіме қажеттінің барлығын алатын болсам, мен өз отанымды сүйетініме сене беріңіз, өйткені мен оған барлығы үшін қарыздар боламын. Қиялға ьерілмейік: меншік бізді екі тапқа – байлар және кедейлер табына бөледі. Байлар әірқашанда өз меншігін мемлекет меншігінен артық көреді., ал кедейлер өздерін бейбақыт еткен үкімет пен заңдарды да ешқашан жақсы көрмейді. Менің республикамның адамдары өз жағдайын өздерін құл еткісі келетін жауларының жағдайымен салыстырады; өздерінің теңдігін мақтан ететін, өзінің бостандығын қадірлейтін олар басқаның қол астына түссе, бәрінен де айрылып қалатынына көзі жетеді де, олардың торығуы олардың барлық жақсылықтарына жаңа нәр береді. [...] Бай-бағландар өздерінің дәулетін кедей-кепшік тартып алмаса екен деп қорқатыны орынды. Барлық мемлекеттер пайда болған кезде олардың теңдікке қолайлы заңдары болды; алайда барлық мемлекеттерде азаматтар арасында намысыңды келтіретін айырмашылықтар мен артықшылықтар папйда болады; және басында байлық пен атақтар тым бадырайып тұрмаса да, дегенмен олар көпшілікті бағындыруға жеткілікті еді: байлық пен атақтың билігі соншалық құдіретті! [...]
Егер енді теңдіктің көзі құрыса, егер азаматтар жерді өзара бөліп алса, егер мүліктің ортақтығын қайтадан қалпына келтіру мүмкін болмаса, сонда деп сұрайсыздар сіздер, заң шығарушылардың міндеті қандай? Олөкпек жел бет қаратпай бағытынан тайдыратын кеменің қайсар басшысына ұқсауға тиіс. Ол өкпек желдің дегеніне көнбейді, сан алуан амал қолданады, жолдан таймау үшін желкендерін дұрыс қояды. Теңіздегі тентек жел қандай болса, мемлекетте меншік тудырған нәпсіқұмарлық та дәл сондай. Олардың ырқына көнбеңдер – көнсеңдер үйіріп әкетеді, демек, құрдымға кеткенің. [...] Меншік берген нәпсіқұмарлық – дүниеқоңыздық: мен жаңылыспасам, біздің барлық міндеріміз де содан балалайды; демек, соны алқымынан алу керек, Бірақ сол долы нәпсіқұмарлық күрес үстінде күшейе түседі: оның үрейі күшейе түскен сайын, ол арсыздана түсіп, үнемі жеңіске жетеді. Оны заң шығарушының ашық күресте жеңіп шығуы қиын. Демек, ол айла мен өнерді қатар қолдануға тиіс, осынау принциптен мен шығаратын бірінші қорытынды – бір кезде мемлекетте орнатылған меншікке тәртіптің, тыныштықтың және қоғамдық қауіпсіздіктің негізі деп қарау керек. [...] Егер біз билеушілер әділ болғанывн қаласақ мемлекеттің қажеті де аз болуы қажет, ал билеушілерді әділетке көбірек үйрету үшін, заңдар оларда басқа азаматтардан көбірек қажеттілік болуына мүмкіндігін бермеуі керек. [...] Қарапайым ғана қажеттіліктер мен құлық орнатуға жәрдемдесіп, заңдар дүниеқоңыздық туғызатын бүліншіліктің алдын алатын немесе кідіртетін басқару жүйесін жасады. Осынау қарапайымдылықтан айрылып қалыңызшы, оны алмастыру үшін берілген нұсқаулардан түк те шықпайтындығына иманым кәміл. Республиканың шектен тыс қажеттіктері құлы қ сыйыса алмайды. Өзінің қажетіне қарай заңдарды үздіксіз бұра беретін билееушілер сөзсіз құлатылатынына шәк келтірмеңіз. Демек, мемлекеттік немесе оның билеушілерінің қажеттіктерін көбейте түсуге қызмет ететін нәрсенің бәрі табиғатынан кесел.
Саяси қоғамдардың жаратылыстық және қажетті тәртібі
жөніндегі философ-экономистерге ұсынылған күмәндар
[...] Жерге меншікті және жағдайдың теңсіздігін сорымызға ойлавп тапқаннан бері дүниеқоңыздық, даңққұмарлық, атаққұмарлық, қызғаныш пен қызғаншақтық біздің жүрегімізді тілгілеп, үкіметтерді ырқына көндіріп, мемлекеттерді езіп келеді. Мүліктің ортақтығын орнатыңыз, сонда дәулет теңдігін де орнату да, осынау екі негізде халықтың бақытын да орнықтыру да оп-оңай болады.
Азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы
[...] Азамат соғысы кейде ұлы игілік болып шығады.. Таңдагбаймын, ашу шақырмаймын деп уәде беріңіз; еркеліктен мен тым оқыс та қатқыл айтқан ойымды қазір өрбітіп көрейін. Азамат соғысы – қасірет, өйткені оладамдар қоғам құрғанда мақсат еткен қауіпсіздік пен бақытқа кереғар және ол көп азаматтарды ажал құштырады. Азамат соғысы – қол немесе аяқ секілді бір мүшені кесіп тастау біздің дене құрылысымызға кереғар болғандықтан және жанымды көзіме көрсетіп ауыратындықтан қандай қасірет болса, сондай қасірет. Ал менің қолым не аяғым шіри бастаса, оны кесіп тастау – игілік. Сонымен қоғам сондай операциясыз іріп-шіріп өлу қатеріне тап болғанда және, метафорасыз-ақ айтсақ деспотизмнен құрып кету қатеріне ұшырағанда азамат соғысы игілік. [...] Азамат соғысы анархиядан өрбігенде – ол ұлы қасірет. [...] Азамат соғыстары отанға сүйіспеншілікті, заңға құрметті оятып, ұлттың құқықтары мен бостандықтарын әділетті қорғауды туғызғанда мүлдем басқаша болып шығады. [...] [...] Біздің еуропалық деспотизм туындатқан, халықты жаныштап жатқан инсанияттық дәрменсіздік, сұмдық бағыныштылық, ақымақтық пен жалғыздық, баяу да үздіксіз және орасан зор ойран мені қайран қалдырады.
Азамат соғысы көбірек қасіретке душар етсе де, ол қасіреттер қалай десеңіз де өткінші ғой, олар жаныңа қозғау салып, сол қасіретке шыдай алу үшін қажет сергектікті егеді. [...] Егер тирандар, яғни тек заңдарға тиесілі бола алатын және болуға тиісті өкіметті, мұның үстіне өз бодандарыңды езуге мүмкіндік беретін соншалық күшті өкіметті өзі пайдалануға ұмтылатын билеушілер болса,жасқылыққа жақтас азамат соғысын жүргізуге хақылы. Азамат соғысын әрқашан әділетсіз санап, азаматтарды жүгенсіздікке қарсы күш қолданбауға шақыру – инсаниятқа және қоғамдық игілікке бәрінен кереғар доктрина. [...] Бодандарды тұрақты да бұлжымас көнбістікке ұшырату дегеніміз корольдерді тиранияға жеткізу және оларға соған жол ашып беру. Егер халық басып кірген жатжұрттықтардан қорғануға хақымыз жоқ деп білсе, ол сөзсіз бағындырылады. Өзінің ішкі жауларына қарсылық жасағысы келмейтін ұлт, демек, сөзсіз қаналуға тиіс. [...] ... Республиканың пайда болуы үшін бостандыққа құштарлық жеткілікті, бірақ оны сақтап, шешек атқызу үшін тек қана заңға құштарлық керек; демек, осынау сезімдердің одағы саясаттың басты мақсаты болуға тиіс. Егер азаматтардың барлық талаптарына әділетті жанашырлықпен қарайтын үкімет орнатуға қол жеткізе алмасақ, осынау аса құнды одақты орнатуға немесе оны сақтап қалуға босқа ұмтыламыз. [...]
Заңдар15
Қандай да бір мақсатқа жету үшін белгілі бір құралдарды қолдануддан бұрын, меніңше, ең алдымен өзіңнен алдыма қойған мақсатым шынымен осы ма деп сұрап алғаныңның артықтығы жоқ. Заң шығарушылар парасаттылықтың осындай талаптарын елемеді, өздеріне сенімді емес және азаматтардың нәпсісі мен соқыр сенімдері жан-жаққа тартқылаƒан
15 "Заңдар туралы" "философ" пен "милорд" арасындағы екеуара әңгіме түрінде жазылған. Автордың көзқарасын "философ" білдіреді, осынау үзіндінің бас жағында,ы толғам да соныкі.
олардың мемлекеттің берекеті қандай іргетасқа қалану керектігін ешқашан білмегені міне сондықтан. Олар алғашқы қадамдарынан-ақ маңып кетті де, өз заңдарын ешқандай ережесіз, әдіссіз жасап, үнемі бір қателіктен екінші қателікке ұрынумен келеді. [...] Мен адам жүрегінің тереңіне бойлап, адамның өзін-өзі жақсы көруі бізді қоғаммен байланыстыратын дәнекер екенін аңғардым; егер мен өзімді өзім жақсы көрмесем, жақынымды қайтып жақсы көрер едім? Мен Жаратқанның бізді бір-бірімізге қажет еткізіп, біздің өзімізді жақсы көруімізді өзара мейірбандыққа үйрету үшін біздің әр қилы қажетімізді қандай ғаламат өнермен орналастырғанын көремін. Бұл аз болғандай, ол біздің жанымызға кейбір қоғамдық қасиеттер ұрығын да септі, олардың әрқайсысы қандай да бір толғамның алдында жүретін, өздігінен туындайтын инстинкт – бізді жақындарымыздың бақытын жақсы көруге мәжбүр ететін жәнеләззаттың тәттілігімен немесе қиналу қатерімен жақындасуға, бірігуге, сүйіспеншілікке, өзара көмек беруге, өзара құрбандыққа баруға жетелейтін инстинкт. Мен өз бойымнан мүсіркеу, ризашылық, махаббатты аңсау, үрей, үміт, даңққа ұмтылыс, жарыс және т.б. сезімдерін табамын. Біздің өзімізді жақсы көруімізге қаншама балама бар десеңізші. Бірақ мен осынау ашқан жаңалығымның қуанышынан ләззат алып үлгермей жатып, осынау мен мақтан тұтатын осынау қоғамдық сезімдер, егер оларға аса ұқыптылықпен басшылық жасап, басқармаса, қаншама жамандық әкелетінін көргенде қорқыныш қайтадан жанымды түршіктіреді. Шынында да, мен оларды, мәпелеп өсірмесем, олардың әрқайсысы мінге айналуы, тұншығып, жоғалып кетуі мүмкін екен. Егер мен күн сайын өзім жасайтын сансыз қажеттіліктермен мен өзімді безбүйрек ете түссем, табиғаттың маған мейірбан жүрек бергенінен не пайда? Егер пасық мүдде және жиіркендірер қызмет ризашылық сезімін былғап, менің бойымдағы махаббатты аңсау сезімін жамандыққа айналдырар болса, адамдар үшін бақытты күтуге бола ма? егер мені жамандықтан жиіркендіруге тиіс
қорқыныш менің жақсылық адамы болу батылдығымды тартып алар болса, бәрінің біткені. Маған алдамшы ләззат ұсыныңыз, жалған құрметпен еліктіріңіз, сонда құдіретті екі ынытзарлық үміт пен жаңққа ұмтылыс, қоғам үшін қаншалық пайдалы болу орнына, оған соншалық тажалды болып шыға келеді, ал жарыс қызғаныш пен қызғаншақтыққа айналып, барлық жерде өшпенділік, ұрыс керіс пен бұлғақ ұрығын шашады. Халықтардың заң шығарушылары заңдарды жасағанда ешқашан естен шығрамауға тиіс пікірлер міне осындай. Олар өздеріне Жаратушының қызметкерлеріндей қарауы керек; олар Жаратқанның бізді қоғамға бірігуге жетектейтінін естен шығармауға, сондықтан берілген мақсаттан таюына мүмкіндік бермеуге тиіс. Заңдар бізге табиғат берген мақсат бойынша басшылық жасауға тиіс, ал билеушілер біздің бойымызға сол басшыларға құрмет сезімін тәрбиелеуге тиіс. [...] Өзіміздің қажеттерімізге кербездік пен нәзіктік енгізуге қандай оғаш есуастық бізді мәжбүрлей алмақ, егер теңсіздік осынау нәуетектіктен өзіндік бір артықшылықтың әлдене бір дәлелін көруге бізді үйретіп алмаса? Егер дәулеттің теңсіздігі менің жүрегімнің есігін атаққұмарлыққа, ал мүлік теңсіздігі сарңдыққа ашып қоймаса, мен ьбәлкім өзімнен абыройқасиеті артық адамға мен жоғарыдан қарар ма едім; артықшылықтарға ұмтылар ма едім; тиранияға, құлдыққа және қоғамға барынша тажалдыф басқа да кеселдерге есікті шалқасынан ашып тастап, билікке құмартар ма едім? Менің ойымша тек теңсіздік қана адамдардың жақсылықтан гөрі көптеген пайдасыз да зиянды нәрселерді артық көруге үйретті. Теңдік ахуалында қиянаттың алдын алып, заңдарды мықтап орнықтыру ең оңай іс болатыны дәлелденген деп санаймын. Теңдік барлық игілікті әкелуге тиіс, өйткені ол адамдарды біріктіреді, олардың жанын асқақтатады. өзара жанашырлық пен достық сезімін тәрбиелейді. [...] Байлық дұрыс бөлінбеген жағдайда неғұрлым бай адамдар жалқаулықтың ығына жығылмауы мүмкін бе? Жаңа ләззат, жаңа рахат ойлап таппай түк істемейтін адам болу мүмкін бе? Біршама бағаламай,
біршама құнын білмей, қандай да бір әсем сән-салтанатта өмір сүру мүмкін бе? Өзін-өзі соншалық көкке көтере тұрып, алғашқы қауымдық қарапйымдылығын жоғалтпаған адамдарды менсінбеуге үйренбеу мүмкін еб? Есіңізде болсын, байлар да, демек, кедейлер де болмайтын мүлік теңсіздігі болуы мүмкін емес. Ал кедейлер байларға өз қызметін сата бастамай ма, бұл олардың намысына тимей ме? [...] Біздің барлық міндеріміздің шынжырына назар аударсаңыз, оның бірінші буыны мүлік кеңсіздігі ғой. Байлық адамның беделін біршама өсіретін жерде байлар мемлекеттік өкіметті өз қолына түсіруге сөзсіз ұмтылады. Қорлық көрген, бас көтермейтін кедей сорлылар бұған бөгет бола алмайды деп ойлайсыз ба? Атаққұмар пақыр кембағалдарға аз-маз оң көзбен қараса болғаны, ол бірден қолдау табады. Мемлекет есін жиып үлгермей жатып, өкімет деспот қолына түседі, ал халықтың ақымақтығы оның құлдығын мәңгілік етеді. егер мүліктің теңсіздігі айтарлықтай жоғары болып, іскер де батыл бай адамдар ашық түрде билікке ұмтылса, онда кедейлер әлі езгіге үйрене қоймағандықтан ба, әлде жаңа бір қорлыққа ызаланғандықтан ба, бас көтеріп, адамзаттың аяқасыт болған ққықтарын қорғауға көтеріледі. Осыдан келіп республиканың құтын қашыратын, ақыр соңында оны құртып тынатын барлық ұрыс-керіс, алауыздық,, азамат соғыстары және қаскүнемдіктер өрбиді. [...] Қандай да бір түсініксіз жазмыштың пәрменімен – деді милорд біздің философқа – ең жақсы дәлелдер қашанда басымызға ең соңынан келеді. Адамдардың қоғамда бірдей болып қалуы мүмкін еместігін мына нәрсе даусыз дәлелдейді: жер қаншалықты бірдей бөлінсе де, республикада көп ұзамай байлар мен кедейлердің пайда болмауы мүмкін емес; ал мүліктің мұндай теңсіздігі дәулеттің тең болмайтындығына сөзсіз жетелейді. Бұл – дауасыз тағдыр, өйткені азаматтарды бірдей ақыл, бірдей іскерлік, бірдей еңбекқорлық, балаларының саны бірдей болсын деп міндеттейтін заң шығару ақымақтық болар еді. Ал мұндай жағдайда жер біреуде көбірек, біреуде азырақ өнім береді, сөйтіп тең бөліскеннің өзінде, көп ұзамай
бәрібір мүліктің теңсіздігі пайда болады. Бір жерде бәрін түгел жинауға, бір жерде мұраны бөлшектеуге пұрсат беріңіз, екі ұрпақтан кейін сіздің республикада теңдік дегеннен елес те қалмайды, бұған иманым кәміл. Бәлкім, зағ әрбір жүз жылдар жерді қайта бөлуге міндеттейтін болар? Мұндай жағдайда, ескерте кетейін дәрі-дәрмегі кеселден жаман болады. Әрбір жүз жылдың аяғында жұрттың бәрі, өз жерін сақтай алмасын білген соң, тастап кетеді. Бүкіл елді қулық-сұмдық торы жайылып, жайлайды. Реформа орнына республиканы ажал аранына тығасыз. Мұныңызға жауабым – деді біздің философ – осынау дерттердің басым бөлігін емдеп жазу, дұрысы алдын алу мүмкіндігі бар. Спарталықтардың алты жүз жыл бойы толық теңдікте өмір сүргені дәлелденген ,ой; ал алты жүз жыл бойы өмір сүрген мекеме модаға, әуесқойлыққа, бір сәттік фанатизмге негізделмегенін теріске шығара алмайсыз, демек, ол мың жыл да өмір сүре алар еді. Осынау ғажайыпты жасаған Ликургтың құпиясы неде? Ол сіздің қарсылығыңыздың күшін баяғыда аңғарып, жерді бірдей етіп бөлу ұзаққа созылмайтын игілік екенін біліп, оған -қанағаттанбай, өз елінің азаматтарының жерге жеке меншік құқығын алып қойды. Барлық жер республиканың қолында болды да, ол отбасы басшыларына оны жай ғана пайдалану ққығымен бөліп беріп отырды. Егер спарталықтар қоғамында түрлі қиянат тоқталса, егер олар сайып келгенде өз жерінің нағыз қожайындары бола алса, егер солбір тажалды төңкеріс республиканың да, Ликург заңдарының да түбіне жетсе, меніңше, осыдан, жеке меншіктің табиғаты жөнінде барынша пайдалы сабақ алуға болады. Меніңше, бұдан шын бақытты біз материалдық игілікке тек қауымдық иелік етуден ғана табамыз деген қорытынды жасауға болады. Милорд, шыдай тұрып, мені ақырына дейін тыңдап алуыңызыды өтінемін. Теңдіктің артықшылығы жайында деді философ сөзін сабақтап, мен біраз айттым ғой деймін; және сіздің теңдіктің жеке меншікпен сыйыспайтындығы жөніндегі уәжіңіздің күштілігі соншалық. мен осынау
қдай атқан жеке меншікті күманданбастан-ақ мүлік пен дәулет теңсіздігінің, демек біз душар болатын барлық жаманшылықтың ең басты себебі деп ойланбастан мойындаймын. Платон республикадан қуып жібергісі келген ақындар, заң шығарушылар мен философтардың көпшілігіне қарағанда, адам сезімінің тууы мен дамуын жақсырақ білген. Жеке меншік болмаған бақытты заманды олар алтын ғасыр деп атаған; олар менікі мен сенікі деп айырудан барлық жамандық туындайтынын түсінген. Философпын деп саналатын адамдардың жеке меншіксіз қоғам болмайды деп бірінен соң бірі жамырай кететіндігінде қаншалық бейшаралық жатыр. Сонда заңдар мен үкіметтер адамдардың өз меншіктерін пайдалануын қамтамасыз ету үшін ғана жасалғаны рас па? Адамдардың жақындасқан себебі олардың қоғамдық қасиеттері болғандығынан, олардың бәр-біріне көмектесіп және бір-біріне қызмет ету қажеттігінен туындаған. Бірақ, олар ашу-ызға, сабырсыздыққа, өшпенділікке, кешілдікке бой алдыратындықтан, кек алу және жауларын жазалау құқығын жиі пайдалану оқиғалары болғандықтан, нақ сондықтан мемлекеттік өкімет құрылып, оған жеке адамдарды, олар жасаған әділетсіздіктер мен реніштер үшін жазалау шаруасы тапсырылды. Қоғамның адамдар саны көбейіп, оларға жердің жаратылыстық сыйы аңшылық пен балықшылық оның тұрғындарын асырауға жеткіліксіз болғаннан бұрын құрылғаны даусыз. Осындайжағдайда жер өңдеу қиялы адамдардың басына келе қояр ма еді? Бізді еңбек етуге тек мұқтаждық мәжбүрлей алады ғой. Жердіңол кезде ешқандай құны да, бағасы да болған жоқ, бізде халықатрдың пайда болғаны жөнінде мәліметтер бар, ескерткіштердің барлығы олар өмірінің бастапқы кезеңінде көшпенді болғанын айғақтамай ма? Сонда олар меншікке қалай ие бола алар еді? Ал егер қоғам оны білмей-ақ құрылса, ол неге кейін де оны білмей-ақ өмір сүре алмайды? [...]
Жоқ, адамдарды бақытқа бейім еткісі келген табиғат олардың бақытсыз болуына бәрінен көп жол ашатын екі дертті оларға телуден барынша аулақ болатын. Атаққұмарлық пен сараңдық теңсіздіктің, солай айтуға болса, анасы емес, қыздары. Осынау екі нәпсі тарихтың бастапқы кезеңінде беймәлім екендігіне, олар меншіктің енгізілуінен бұрын емес, кейін пайда болғанына көз жеткізу үшін мынаны еске түсіру жеткілікті: оған дейін мүлік дегеніңіз тек жемістен ғана тұратын болған, тез бұзылатын, сондықтан оларды жеуден артық көп жинап алудың немесе өндірудің түкке де керегі жоқ еді. Демек, байлық жоқ жерде сарңдықтың даболуы мүмкін емес. Бірақ осынау байғұс нәсіптің ұрығы адам жанына меншік белгілі болған сәтте себілді. Азамат өзі өңдеп жатқан жерге бұрынғысынша қарамайтын болды; еңбек етіп жүріп оленді өзін көбірек ойлайтын болды, ол қоғамдық игілік жайын ұмытты, сол сәттен бастап оның пейілі тарыла түсті. Жеке отбасы өзі пайдаланбаған өнімді сата бастады. Басы артық өнім, айыбастау мүмкіндігі туғаннан кейін, пайдасыз болмай шықты; қажеттілік ұлғайды, байлықтың артықшылығын жұрттың бәрі түсіне бастады. Сараңдық осылай туды; ол күн сайын өсіп, өзін қанағаттандыру үшін жаңа құралдар ойлап таба берді. Атаққұмарлықтың жайы да дәл осындай. Адамдар қоғам пайда болғанға дейін-ақ атақұмарлық дертіне ұшырағанына менің көзімді жеткізгісі келсе, осынау нәпсі оған беретін пайданы көрсете қойсын; теңдік, бостандық және тәуелсіздік деген ұғымдардан басқаны білмейтін адамдарды басына билеп-төстеу, құлдық және тирания туралы ой келе қалғанын дәлелдеп берсін. Менің ойымша, қоғам құрылардан бұрын адамдарды парыз шеңберінде ұстаудан оңай ештеңе болмаған, өйткені ол кезеңде олардың бүкіл қажетін түк қиналмай қанағаттандыруға болатывн. Мен сол заманның азаматтарын түрлі таптарға бөлінген етіп елестетем; ең мықтылар жер өңдеуге бөлінген, басқалар қоғам онсыз күн көре амайтын қара жұмысқа жегілген: мен барлық жерден қоғамдық қоймаларды көрем,
оларда республиканың байлығы сақталады; шын мәнінде елдің әкесі билеушілер адамдардың құлқын бақылап, жеке отбасылардың тұтынуына қажетті заттарды бөліп беруден басқа дерлік ештеңемен айналыспайды. [...] [...] Жалқаулар өз отандастарына масыл болып шықты да, олар реніш білдіре бастады, сөйтіпреспубликада алғашқы кикілжіңдер пайда болды. Егер сізді мұндай болжам қанаттандырмайтын болса, онда сіз алғашқы тәрітпсіздіктердің туындауын билеушілердің әділетсіздігіментүсіндіре аласыз, олар жемістерді немесе басқа қажетті нәрселерді бөлгенде ең жақсы үлесті өзі алған немесе өзінің туыстары мен достарына заңсыз іш тартқан деуіңізге болады. Баршасы ойланып жатпастан, ашуға, ызаға және кекке бой алдырды. Енді біз бұрынғыдай жердің өзі бергенімен ғана өмір сүрмейтіндіктен, десті ең еңбекқор азаматтар, – қоғам үшін біздің қолымыздың жұмысы керек болғандықтан, әділет әрбір азаматтың ортақ еңбекке бірдей үлес қосыуын талап етеді. Жалқаулықты жойып, жалқауларды жазалайтын бірақ жол бар: жердің жемісі бұдан былай оны өсірген адамдарға ғана, яғни оларға, былайша айтқанда жаңа өмір беретіндерге ғана тиесілі болсын. Біз билеушілер бөлу ісіне біз қалағандай әділдік, алаламау енгізеді деп текке үміттенеміз. Біз ыза қылатын келеңсіздіктердің тоқталуы үшін әрбір азаматтың маңдай терімен жиналған өнімді оның меншігіне беретін заңды неліктен жасамасқа? Жерді бірдей етіп бөліп берейік, сонда заңның ең құдіреттісі қажеттілік жалқаулықты жоқ қылады; мұқтаждық күш, қуат және еңбекқорлық береді; әміршілеріміз де орындай алмайтын шаруадан құтылады. – адамдар өздеріне өздері қазған орды аңғармады да, сөйтіп жерді бөлу туралы азғындататын заң шығарылды. Сіз поэтикалық қиялыңызбен мені сендірдім деп ойлайсыз ба? – деп күлді милорд. – Қалай десеңіз де, мүліктің ортақтығы қоғамды жосықсыз бойкүйездікке душар етеді. Қандай бойкүйездік! Нәпсінің ең момақаны жалқаулық сіздің азаматтарыңыздың арасына ұрыс-керіс енгізеді-ау деген
аса бір қаупіңізді айтасыз. Оларға жұмыс істеп не керек? Диқаншылық еңбек жайына қалады, меншік мүддесі қызықтырмайтын қолмен өңделген егінжайдың түсімі де шамалы болады, өйткені басқалар үшін өзің үшін еңбек еткендей ынтамен жұмыс істемейсің. Жалпы сіздің принциптеріңіз бойынша басқарыла алуы үшін барынша қысқаруға мәжбүр болатын қоғамдар қаншалық сорлы болып шығар еді деңіз. Бірден бір жұмысы жердің бергенін жинап алу, шеберханалардың жұмысын бақылау, азаматтарға қажет азық-түлік пен киімді кісі жалықтырар бөліп беру ғана болатын билеушілер өмірінің несі қызық! Милорд, – деп жауап қатты біздің философ, – егер адамдар рахат пен азапты сезіну үшін меншікті қажетсінбейтін болса, мүліктің ортақтығы сіз қауіптеніп отырған бойкүйездікке ұрындырмайтынына сене беріңіз. Жер жақсылап өңделуі үшін жұрт дүниеқоңыз және сараң болуға тиіс дегенге мен ешқашан келіспеймін. Сіздің қарсылығыңыз мен үшін жаңалық емес, мен мұны жүздеген рет естігем, және қарсыластарымнан жаратылыстық мекемелерден ажырай қоймаған адамдар мен одан тым алшаұтап кеткен адамдар арасындағы айырмашылық туралы айқын түсінігі жоқ адамдар болғандықтан олармен мәмілеге келудің мүмкін еместігін түсінуді жүздеген рет өтінгенмін. Қайран қалдыратын адасушылық салдарынан олар біздің тәрбие сіңіген сезімдерімізді жаратылыстық сезімдермен шатастыра береді; өйткені біздің әкелеріміз қолдан жасаған және біздің ылықтарымыз бен қимылдарымыздың бірден-бір қозғаушысына айналған адасу мен нәпсіге түу бала күнімізден жүрегіміз ашық болғандықтан, біз оны жаратылыстық инстинкт деп қате атауға дағдыланып кеткенбіз. Қазір біздің міндеріміз – бізді қозғалысқа түсіретін, өмір сүруге мәжбүрлейтін бірден-бір күш және сонау менің алтын ғасырымның адамдарын, керісінше, қозғалысқа түсіретін қарекетке бастайтын себептер қазіргі жұртты түк те істемей, орнында қала бергізетіні түсінікті. Біз барлық нәрсені пасық пайдакүнемдіктің безбенімен өлшейміз, біздің ләззатымыз бен азаптарымыз біздің пайдамыз мен
зиянымызғабайланысты; бірақ нәпсіге бой алдырмаған адамдар қуаныш пен азаның басқа қайнарларын табады. Басқа үшін, дейсіз сіз, өзің үшін істегендей ынтамен істемейсің; бұл ақиқат барлық уақыт үшін шындық. Бірақ өзіне және отбасына қажетінен көбірек өнім жинайтын ерінбейтін диқан өзі үшін еңбек етпейді деп сізге кім айтты? Жоқ, милорд, егер заңдар оның еңбегін даңқ пен жұртшылық құрметіне бөлейтін болса, ол шын мәнінде өзі үшін жұмыс істейтін болады. Тіпті біздің мынау азғындаған жағдайында да біз қоғамның көрсететін құрметі мен өзінің ар-ожданын басшылыққа алып, өзін ортақ игілікке құрбан еткенін де өзім үшін жұмыс істедім деп білетін адамдарды көріп жүрміз. Мүлік ортақтығы нағыз ерлерді неліктен туғыза алмас еді? Біз сараңдықтан әрекет жасап, еңбек етеміз; ал егер біз табиғаттың ниетіне ыңғайланар болсақ, онда біз басқалардың жек көруіне ұшырамау және баршаның құрметі беретін бақыттан ләззат алу үшін парыз сезіміне орай еңбек етер едік. сонымен, милорд, сіз тыншыға аласыз; егер тіпті талай облыс халқын тентіретіп жіберген жеке меншіктегіге қарағанда қоғамдық меншік жағдайында түсім төмен болады дегенге мен келісуге мәжбүр болған күнде де, одан сіз қандай қорытынды жасар едіңіз? Меніңше, өрескел ақыматыққа ұрынбай-ақ, адамзат үшін көп жемістен гөрі бірнеше ізгі көшетке ие болған әлдеқайда пайдалы деп санай алатын секілді көрінемін. Сіз айтасыз: әрбір азаматтың өзіне жүктелген жұмысты дәл атқарып жүрген-жүрмегенін бақылау, жиналған жер жемістері мен өмірге қажетті басқа да заттарды қоймаларға жинап, оны күзетіп және бірдей етіп бөліп отыру да билеушілер үшін жұмыс болып па деп. Шынында да билеушілерді жұмысшыларға бақылаушы ету, жер басқарушы ету және үй отағасы ету – тым жадағай! Біз, әрине, билеушілерімзді соншалық қызықсыз міндеттерден босатып, олар атқаратын міндеттерді асқақтата түсу үшін, оларды түк істемеу қажеттігіне немесе тек қана ақымақтық жасай беруге жегіп, әлдеқайда парасатты іс тывндырдық.
Мен, өз кезегімде, сізге мынадай аса байыпты сұрақ қояр едім: азаматтардың өміріне қаморлық жасаудан – біз күн сайын қажет ететін құдай атқан қорек бұлғақ пен кикілжіңнің көзіне анйалмауына қамқорлық жасаудан артық билеушілерге лайық жұмыс бар ма екен? Және, ақыр соңында мүлік ортақтығы жағдайында үкіметтің функциясы жалғыз ғана азық-түлік пен киім бөліп берумен шектеледі деген дұрыс емес. Біз заңдар мен үкімет түрінде мемлекеттік өкімет құруға мәжбүр болсақ, арамызда тәртіпсіздіктер бұрын да болғаны ғой. Біздің әлеуметтік сезімдеріміз оп-оңай кінаратқа айналады – жанашырлық әлсіздікке, бәсеке қызғанышқа, қуанышқа ұмтылу тәттіқұмарлыққа, менмендік атаққұмарлыққа, демалуға құмарлық жалқаулыққа және т.б. айналады. Әрқашан адасушылыққа бейімділік, ылғи да алду айналамызды қоршап тұратын біз ұдайы заңдардың қорғауын қажет етеміз. Жаңа жақсы нормаларды ұсыну немесе бұрын ойланбай яки тым асығыс жасалған нормаларды алып тастау үшін заңдардың орындалуын қажымай-талмай бақылайтын, біздің қажетімізді қадағалайтын билеушілер түкке тұрғысыз нәрсеге бас қатыратын болғаны ма? Егер мен біздің ақыл-есімізді сара жолдан тайдыратын нанымсенімдерді жоя алатын болсам, егер мен өз жүрегімізден тираниялық нәпсіқұмарлықты жұлып тастай алатын болсам, онда мен ғана адамдарды барынша толық теңдік жағдайына сол мезетте қайтаруға күмәндандас едім. Егер менің қолымда болса, мен Платонның заңдарынан да неғұрлым қатаң заңдар шығарар едім; өйткені (сөз арасында айта кетейін) бізге еінаратсыз республика бейнесін көрсетпек болған сол философ өзінің ойында қатты қателескені мені мықтап өкінтеді, өйткені оның жай азаматтарды билеушілермен бірдей жағдайға қоюға батылы бармады. Қарапайым азаматтарға билеушілер мен жауынгерлер үшін жасалғанындай мүлік ортақтығын орнатса, республика құру оңай болар еді, ол республика мәңгілік өмір сүру үшін қажет құралдың бәрін өз ішінен табар еді, бірақ дәл осынау елеулі тармақта Платон қателік жіберді – оның
республикасының азаматтарының бойында кикілжің сөзсіз атойлап шыға келер еді. Алғашында ол тым әлжуаз болғанымен, бертін келе күш алып, өзіне дұшпан заңдарға ықпал етуге қажымай-талмай ұмтылар еді. Олар алауыздық, ұрыс-керіс, талас-тартыс, бұлғақ туындатады; және, айтуға болса, қоғамдық құлық пен пікірлердің тасқынына малшынған билеушілер өздерінің философисы азаматтардың міндерінен үстем түсе алмасына көзі жеткен бойда, олардың қырағылығы әлсірейді. Олардың өздері аспан денелерінің тарапынан ықпал жасалмай-ақ, өздерінің жақсы қасиеттерінен теріс айнала бастайды. Ал бұдан кінаратқа жақындаудың, тіпті оған құштар болып қалудың ауылы алыс емес, – сөйтіп мемлекет сөзсіз күйрейді. Платонның құлағын шулатпай-ақ қоялық. Мен Платонның республикасынан да мінсіз республика құруды армандайды деп қорықпайақ қойыңыз, милорд: ондай ғимарат салуға менде материалдар жоқ. Егер мен бірінші дәрежелі азаматтарға өздерінің айрықша құқықтарынан бас тартып, мемлекеттің ең соңғы деңгейдегі адамдарымен араласып кетіңдер десем, менің ондай ұсынысым қабылданар еді деп ойлайсыз ба? Бұл дүниенің мықтыларының атаққұмарлық ашу-ызасын олардың бірден-бір жауабы болар еді. Мен бостан-бос сөйлеп, бостан-бос дәлелдеген болар едім – менің айтқаным да, дәлелім де жай тыраштану, бос сөз болар еді. Мен оларға бақыт ұсынған болам ба? Олар одан жиіркенішпен бас тартар еді де, өздеріне ауыртпалық түсіретін, бірақ олар бәрібір көбейте түсуді қалайтын өздерінің артықшылықтарын сақтап қалу үшін ештеңеден тайынбас еді. егер мені бұл сәтсіздік біржола тауымды шақпай, атаққұмарлықтан гөрі сараңдықты алып ұру оңайырақ болар деп үміттеніп, мен мүлікті жаңадан бөлу жолымен теңдік орнатуға талпынсам, онда мен сөзсіз есуас атанамын да, сараңдықты жеңу атаққұмарлықты жеңуден оңай еместігіне тез арада көзім жетер еді. Адамдарда бір ғана басты нәпсі бар секілді көрінеді; бірақ, олардың екеу екендігіне және оған қоса, олардың мәңгілік одақ құрып алғандығына сене беріңіз. Адам тек бай ғана ма? Ол
сонымен бірге атақты болғысы келеді. Ол тек атақты ма? Ол сонымен бірге бай да болғысы келеді. Ол атақты және бай ғана ма? Ол одан да атақты, одан да бай болғысы келеді. Мен сізге, милорд, бұдан да өткен ғажайыпты айтайын. егер ділмарлықтың, дәлелдердің күшімен (мұндай күлкілі жорамал үшін кешірім өтінем), керемет жасап, атақтылар мен байларды өздері жиіркене қарайтындармен толық теңдікте болуды қанағат тұтуға мәжбүрлей алсам кедейлер оған көне қояр ма екен, ең болмағанда өздерінің жаңа жағдайына сай сезімге беріле қояр ма екен, мен осыны білмеймін. Бұл әсте де әзіл емес. Бүкіл Еуропада дерлік қорлау мен қайыршылықтың етек алғаны соншалық, оларға қожайындармен тек болу туралы ой келсе, олар жиіркену немесе ұят секілді бірдеңені сезінер еді, олармен қатар тұру оларға мүлдем ыңғайсыз болар еді. Әлде сіз осынау қорланған, өзінің бейшаралығына барынша сенген, сол жоғары тұрғандарға жақындығын соншалық мақтаныш ететін, соларға ызмет ету абыройы үшін, солардың бір ықыласына ие болу үшін арамдық жасайтын адамдарды көездестірмеп пе едіңіз? Халықта өжеттік бұлқыныстары болып тұрады, бірақ ешқандай теңдік идеясы жоқ. Көріп отырсыз, маған көп үміт арта алмайсыз; және егер сіз мінсіз республиканың негізін қалағыңыз келсе, деп сабақтайды философ, миығынан күліп, мен сізге азаматтарды Американың енемесе Африканың ормандарынан іздеңіз деп кеңес берер едім. Дүниенің сол бөліктерінің бейбақ жабайылары әлі надан ғана... Олардың міндері мен соқыр сенімдері біздікіндей нәуетектік пен сән-салтанатқа, нәпсіқұмарлыққа, жалған атақ пен сараңдыққа жетелемейді. Бізді қажетсіз нәрседен бас тартуға көндіруден гөрі сол жабайлыарды қажетті кәсіппен айналысуға мәжбүр ету оңай болар еді. Олардың енді ғана орнаған қоғамынан мен толық теңдікті көремін. Тіпті Флоридада маис егетін тайпалар өнімді қоғамдық қоймаға өткізіп, әрбір отбасы өзіне қажетті астықты белгіленген норма бойынша
керегінше алып отырады дейді. Мүлік ортақтығын орнату үшін қандай қолайлы жағдай! Охайоның немесе Миссисипидің жағалауларында Платон өзінің республикасын орната алар еді. Сол халықтарға біз өзіміздің міндеріміз бен соқыр сенімдерімізді жұқтырып, өз өркениятымызды жаямыз деп сену қандай өкінішті. Егер енді теңдік атаулы жоқ болса, азаматтар жерді бөліп алып қойса, игілік ортақтығын енді қайта орнату мүмкін болмаса, заң шығарушының міндеті қандай болмақ? Ол құтырған жел бағытынан адастырғысы келетін кеменің басқарушысындай болуға тиіс. [...]
"Г. Мабли. Избраннык произведения. М., Л.,
1952"
басылымынан
қазақшалаған
Мамадияр
ЖАҚЫП.
Франсуа Буассель
(1728–1807) – француз революционері, коммунсит-утопист. 1789
жылы "Адамзат катехизисін16" жариялап, онда жеке меншікке
негізделген "сатқын адамдардың түбіне жететін әлеуметке қарсы
тәртіп" қатты сыналды, оған ұжымдық меншікке және ортақ еңбекке
негізделген қоғамдық құрылыс идеалы қарсы қойылды.
Ұлы француз революцисы кезінде Якоби клубының белсенді мүшесі, ал
1793 жылы оның архивариусы болды, жирондистермен табанды күрес
жүргізді, Париждегі халық қозғалыстарына қатысты. Коммунизмді
революцияның түпкі мақсаты санап, санкюлоттардың революциялық
басқаруын орнату бағдарламасын жасады. Буассель жоспарында барлық
дәулетті адамдарды азаматтық құқықтан айыру, меншікке және бүкіл
экономикаға мемлекеттік бақылау орнату, меншікті шектеу жөніндегі
экономикалық шараларды алдағы уақытта коммунистік тәртіп орнату
мақсатында жас ұрпақты бірегей ұлттық тәрбиемен ұштастыру
көзделген.
АДАМЗАТ КАТЕХИЗИСІ
Сұрақ. Қоғамдарға бірігетін жануарлар мысалы арқылы табиғат бізге үйрететін құрылыс, ережелер мен құралдар барлық замандарда белгілі ме еді және олар барлық адамзат қоғамдарында барлық уақытта іс жүзінде жүзеге асырылып отырды ма? Жауап. Тарихшылар мен саясатшылардың жазған есептеріне қарағанда, барлық дерлік халықтар және олардың ішіндегі ең өркениятты дегендерінің өздері, табиғаттан кеңес сұрау, сондай-ақ өзінің тәжірибесі мен қолы жеткен танымдарын пайдалану орнына, тек қана өздерінің эгоимімен, өздерінің менмендігімен және өздерінің тойымсыз тілектерімен кеңескен. Осы уақытқа дейін олар өздерінің арасында келіспеушілік, талас, бірін-бірі қорлау және ортақ тажал ғана әкелетін тәртіпті ойлап тауып, сондай ережелерді, құралдарды ғана ұстанып келген. Сұрақ. Неге олай? Жауап. Гәп мынада, адам шындап келгенде өзі де бір бөлшегі болып табылатын табиғатта дүниеге келіп, өзінің балалы шағынан-ақ оған
16 Катехизис сөзінің төркіні христиан дінінің негізін сұрақ-жауап арқылы қысқаша мазмұндау дегенді білдіреді (Ауд.).
соншалық еті үйреніп кетіп, кейін оған тіпті жеңіл-желпі де көңіл бөлмейді; оны таң қалдырып ынтықтыратын нәрсе өзінен алыстай беретін нәрсе ғана; осылайша, ол табиғаттан сырттап, тек өзінің табиғи құрылысының міндерінен ғана кеңес сұрайды, сол міндерді ұстанады, олар оны өзінің көрсоқыр да қаныпезер эгоизміне дөп келетін барлық нәрселер жөнінде қызғаншақ етеді. Сондықтан да әу баста күшті адамдар барлығынқолға түсіріп, әлсіздерді құлдыққа салды, және бұл ең айлакер де ең зұлымдар өздері ойлап тапқан құдай атымен ең күштілерді де, ең әлсіздерді де алдайтын құралдар ойлап шығарғанға дейін созылды, олар сол құдайларды өздеріне қажетті нәрсенің бәрін айтқызды; осылайша барлық дерлік адамзат қоғамдарында үкімет бастапқыда ең күштілердің топас та ешқандай сынаққа ұшырамаған эзоизмінің пәрменімен ғана орнатылған болатын, содан кейін ең айлакер және ең зұлымдардың дәл сондай жабайы да көрсоқыр эгоизмінің – мақсаты сол қырсық тәртіптің нәтижесін өздері ғана пайдаланып, ең күштілерге де, ең әлсіздерге де зиян тигізу болған эгоизмнің көзбояушылығымен, екіжүзділігімен және сұрқиялығымен әспеттелді. Нақ осындай жолмен сатқын, адамға тажалды және қоғамға қарсы құрылыс туып, қалыптасты, жетілдіріле берді де, мызғымайтын болып орнады, ол құрылыс барлық дәуірлерде тек бөлініс, талас-тартыс, соғыстар, индивидтің индивидке, отбасының отбасыға, халықтың халыққа құлдығын, сондай-ақ мақсаты соншалық сұмдық тәртіптің жиіркенішті де тажалды салдарларына, мүмкін болғанша кедергі жасау болған азаматтық және қылмыстық заңдардың тұтас лабиринтін жасады. Сұрақ. Осынау құрылыс барлық ұлттар үшін бірдей тажалды болды ма? Жауап. Ежелгі тарих ескерткіштеріне және бүгінгі күнге сәйкес, бір мезгілде осынау сатқын, адамға тажалды және қоғамға қарсы тәртіптің жасаушысы да, құрбаны да болған адамның жазмышты да тажалды эгоизмі
үкіметтерге көбірек не кемірек ықпал етуіне байланысты және бір-бірін аздырып, төменшіктетіп, ақырында ажар таптыру үшін сол эгоизм көбірек не кемірек құралдарды көрсеткеніне байланысты халықтар көбірек не кемірек ғұмыр кешкен, көбірек не кемірек, революциялар мен қасіреттерге ұшыраған. Сұрақ. Сіз бұл тәртіпті неліктен, адамға тажалды және қоғамға қарсы тәртіп деп атайсыз? Жауап. Мен оны сатқын дейтінім, ол игілік жасауға тек есесі қайтар деген үмітке иек артып қана және жамандыққа жоламауға тек зауалдан не жазадан қорыққаннан ғана шақырады; ал бұл тек құлдарға ғана жарасады. Мен оны адамға тажалды дейтінім, олбір-бірінен иеліктерін тартып алу үшін баласын әкесіне қарсы, бауырын бауырына қарсы отбасын отбасына қарсы, халықтарда халықтарға қарсы қаруландырады, ал сол иеліктерге бұл құрылыс тек жағыну үшін, азғыру үшін және эгоизмді, ашқарақтықты, адамдардың табиғи және тойымсыз тілектерін қоздыру үшін ғана құндылық береді, сондағы мақсаты соладамдарды бөлу, олардыбір-біріне қарсы қаруландыру, сөйтіп аш иттерге сүйек тастағандай, бір-бірін жұлып жеуге мәжбүр еті. Мен оны қоғамға қарсы дейтінім, өйткені ол халықтың ортақ бұқарасына ғана берілуге тиісті нәрсені тек өзі және өзінің жақындары қарпып қалуы үшін өте жанталасқан және өте әділетсіз мүдделілік туғызады, бұл дегеніңіз барлық байланысты үзетін сұрқиялықтан басқа ештеңе де емес, сонымен бірге ол қоғамдық шарттың барлық принциптерін құртып тынады. Сұрақ. Қоғамдық шарт дегенді қалай ұғасыз? Жауап. Мен оны қоғамдық міндеттердің көрінісі дер едім, қоғамда өмір сүретін адамдар өзінің ең мол пайдасын немесе өзінің ең зор игілігін жүзеге асыру үшін бір-бірі жөніндегі міндеттерін орындауға тиіс. Сұрақ. Демек, бұл шарттың болмағаны ғой?
Жауап. Ондай шарт бар, өйткені табиғат және оны Жаратқан оның баптары мен шарттарын біздің өзімізге және айналамызға сіңірген; бірақ бастапқыда ең күшті де ең жабайы адамдар орнатқан және ең айлакер де ең зұлым адамдар оның орындалуына кедергі жасап, оны өз мүддесіне пайдалану үшін қасиетті еткен сатқын, адамға тажалды және қоғамға қарсы құрылыс... Сұрақ. Адамдардың ең қымбат мүдделеріне соншалықы қайшы келетін тәртіп соншама ғасырлар өтсе де, тіпті өркениетті елдерде де бүгінге дейін сақталып келгені қалай мүмкін болған? Жауап. Гәп мынада, адам өз жаны мен тәні қабілеттерін тек өзінің сараң да тойымсыз эгоизмін қанағаттандыру үшін пайдалана бастағалы бері, тағлым алып, өзін қалай басқару мақсатында табиғаттан кеңес сұрау орнына, тек өзінің табиғи құрылысының міндерінен ғана кеңес сұрай бастағалы бері оның жамандыққа әбден еті өліп кетті де, жақсылықты танып, соны жасаудан мүлдем айрылып қалды. Осылайша қазір біздің бүкіл түсінігіміз, бүкіл парасатымыз, барлық ережелеріміз адамзат енгізген барлық нұсқаулар тек бастапқы біздің көрсоқыр эгоизміміз бен біздің қиялымыздағы елестердің, сондай-ақ біздің тәрбиеміз бер дағдыларымыздың нәтижесі ғана болып отырғанда, біз өзімізді сатқын, адамдарға тажалды және қоғамға қарсы тәртіпке ұқсатып жібергеніміз соншалық, оол тек құбыжықты ғана дүниеге әкелетініне қарамай, біз тәрбиеміз бен дағдыларымыздың билігі әбден дәлелденген және тіпті мәңгілік ақиқат деп қарауға мәжбүр ететін парасатымызды, бүкіл түсінігімізді және барлық мекемелерімізді құртпай, өзгертпей оны жоя да, өзгерте де алмаймыз деп санайтын болдық. Сұрақ. Сол сатқын, адамға тажалды және қоғамға қарсы құрылыстың басты мекемелері қандай? Жауап. Біл – меншік, неке және дін, оны адамдар өздерінің шапқыншылықтарын, зорлықтарын және екіжүзділіктерін заңдастыру үшін ойлап тауып, орнатқан және қасиетті еткен.
Сұрақ. Меншік құқығы дегенді сіз қалай түсіндіресіз? Жауап. Азаматтық заңдардың ұғымдары бойынша, бұл – бізге тиесіліні қалауымызша пайдалануға мүмкінік беретін билік. Сұрақ. Адамдар өз меншік құқығын енгізген заттар қандай? Жауап. Бұл адамдардың өдері ойлайтындай, олар ие бола алатын, немесе ие болғанына басқаларды сендіруге мәжбүр ете алатын заттар; айталық, жерлер, әйелдер, және тіпті еркектер, теңіз, өзендер, бұлақтар, аспан, тозақ, құдайдың өздері – адамдар алтын және күміс теңгелер ойлап тауып, оған соншалық құндылық бергелі соған сатып алуға болатын жоғарыда аталған нәрселердің бәрі. Сұрақ. Барлық сол заттарды тартып алып, иемденуге мүмкіндік берген құқықты адамдар кімнен алды? Жауап. Өздерінің табиғи ашкөздігінен, өздерінің эгоизмінен, өздерінің менмендігінен, өздерінің тойымсыз тілегінен, өздерінің зорлығынан, өздерінің алаятығынан, өздерініңекіжүзділігінен, қысқасы – өздерінің табиғи құрылысының барлық міндерінен; бұл міндерден оларды тәрбие құтқаруға тиіс болатын. Сұрақ. Бірақ бұл дегеніңіз бір нәрсеге құқық емес, керісінше ғой! Жауап. Бұл дұрыс; бірақ дүниеге мүлде жалаңаш келетін адамдарға оларды табиғат пен оны Жаратқан беретіні аңғарылмайтындықтан, демек қажетіне қарай олардың көрсоқыр, сынақтан өтпеген эгоизмі оларды тартып алғанын ең күштілер жер билігі, ал ең айлакерлер мен зұлымдар көк билігі жөнінде өздерінің атаққұмарлығына ең әлсіздер мен ең аңқауларды құл ету үшін істегенін заңдастыру маұсатында сол құқықтарды ойлап табуға иетрмеледі; қажетіне қарай иеліктері мен жер мен көктің игіліктерін саудаға салу үшін алтын мен күмісті ойлап тауып, оны жүзеге асырды. Сұрақ. Адамдар бұл мекемелерге разы болды ма? Жауап. Керісінше, бұл үшін олар мықтап жазаланды, өйткені сол тәртіптің қажетті салдары ретінде кейін олар өзара кетісіп, бір-бірімен
ұрысудан, бірін-бірі қыспаққа алып қорлаудан, біреуі екіншісінікін ұрлаудан, алдаудан, бірін-бірі уландырудан, біріне қарсы екіншісі қаруланудан және бірін бірі өлтіруден тайған жоқ. Сұрақ. Жерге меншіктен туындайтын кеселді салдарлар қандай? Жауап. Жерді бөлуден кейін оны пайдаланудың ерекше құқығы пайда болды, демек, болашақ ұрпақтарды жер шарынан аластау, меншігі жоқтарды, олар меншік иелеріне құл болуды көрмесе, ал меншік иелері оларды бұл күйге қабылдамаса, егер оларды ұры ретінде дарға аспаса немесе кісі өлтіргіш секілді қазыққа отырғызбаса, бұтарлап тастамаса (бұлар қазіргі кезде де бар) аштан, аптапта қаталап, аязда қатып қалудан өлуне душар ету құқығы дүниеге келді. Сұрақ. Әйелдер мен еркектерге меншіктен қандай кеселді салдарлар туындауы мүмкін? Жауап. Ең күштілердің шексіз эгоизмі мен ең әлсіздердің топас көрсоқырлығы барлық кеселдерді, барлық пасықтықты, барлық тәртіпсіздікті туындатады, олар қазіргі кезде де орын алып келе жатыр. Сұрақ. Ең айлакер және ең зұлым көк күштеріне ие болып алғанына жол берген тірліктер қандай кеселді зардаптар туғыза алатын еді? Жауап. Олар адамдардың көзін ашып, шынайы бақытқа жеткізе алатын табиғатқа және оны Жаратқанға қайта оралудың бар үмітін біржола үзгендей болады;олар халықтардың қорлануын, сорын және азып-тозып кетуін мәңгілік ету, сөйтіп, қазір де болып жатқандай, тонап алынғанды өз арасында бөлу үшін ең күштілер мен ең қаһарлылар жерге, әйелдер мен еркектерге ие болған барлық тірліктерді өздерінің көз боушылықтарымен, өздерінің екіжүзділігімен және сыйқырымен қасиетті етті. Сұрақ. Алтын және күміс ьеңгелер енгізуден қандай кеселді зардаптар туындауы мүмкін? Жакуап. Оның көмегімен басқаның бәрін алуға болатыны мағынасында болғандықтан, оның енгізілуіне бір-бірін әлсіретіп, бірбірінен ұрлап, бір-бірін алдау, қан құстыру, өлтіру және құрту мүмкін
құралдардың бәріне ие болып, адамдарға қолдануға итермелейтін эгоизмге жарамсақтанып, жан мен тәннің бүкіл қабілетіне қозғау салуға ең ыңғайлы меншік түрі деп қарауға тиіспіз; әлгі сұмдықтардың бәрі қазір де қолданылады, барлық замандарда қолданылғанын біздің ең үздік жазушыларымыздың мына жолдары айғақтайды: Quіd non mortalіa pectora cogіs, Aurі s~~cra fames! (Vіrg) Summі materіam, malі Mіttamus, scelerum sі bene poenіtet (Hor.) Aurum іrrepertum et sіc melіus sіtum Cum terra celat (Hor.)17
Сұрақ. Соншама жамандықты бастан кешіп, соншама танымға да ие болып, адамдардың қазірде де меншікке өркенияттың іргетасы немесе тұғыры деп қарауы қалай ғана мүмкін болды? Жауап. Гәп мынада, меншіктің тажалды зардаптарын басқалардан жақсырақ сезінген аз ғана адамдардың жаратылыстық құқықтың ақиқат принциптерін жете білмегендігінде немесе оған жеткілікті түрде терең бойлай алмағандықтан, яки олар меншік құқығы қоғамдық құрылыста да, физикалық құрылыста да тек сұмпайылық қана болатынына және сұмпайылық өздерін өркенияттың іргетасы немесе тұғыры бола алмайтынына сендіре алмағандығында, дәлелдей алмағанында. Сұрақ. Сұмпайылық дегенді сіз қалай түсінесіз? Жауап. Мен оны табиғатпен үйлеспейтін нәрсенің бәрі, немесе сол табиғатты жетілдіре, көріктендіре түсудің орнына, оған қарсы келетіннің бәрі деп түсінемін.
17 Алтын, саған құштарлықтан бар пенде,
Жанығады, амал іздеп сарсылып. (Вергилий)
Күнімізді мойындасақ қаяусыз,
Жамандықтан құтылар ек бәріміз. (Гораций)
Таба алмадық алтынды,
Жер қойнында жатқаны оның абзал-ау. (Гораций)
Сұрақ. Меншік ққығының табиғатпен үйлеспейтіндігі, оған қарсы келетіндігі неде? Жауап. Метафизикалық жағынан және тікелей белгісі – мынау ғаламдағы барлық нәрсе шын мәнінде табиғатқа және оны Жаратқанға тиесілі, шын мәнінде адам да соларға тиесілі және адамдар барлығын соларға жатқызып, өзіне ештеңе де жатқызбауға тиіс; адам өмірге тыпрдай жалаңаш және өзінің тәндік қажеттігіне құқығынан басқа ешқандай құқықсыз келеді, оның тәндік құқығы жөнінде табиғат пен оны жаратқан күні бұрын ойластырып қойған, адам өзін өзі қоректендіре алмайтын кезінде ол нәр алу үшін оның анасының жүрегі мен кеудесіне қажетті заттар салып қойған; одан кейін тек қана табиғаттың игіліктерін пайдалана отырып, өзін қалай сақтау және қоректену үшін қандай әдістерді қолдану керектігін біліп алуға анасының және өзге жануарлардың тәжірибесі жеткілікті – осылайша, адам өзіне пайдасыз меншікті басып ала алмайды, өйткеніол тән тәртібіне де, қоғамдық немесе адамгершілік тәртіпкеде қайшы келеді. Сұрақ. Қоғамдық немесе адамгершілік тәртіпке неліктен қайшы? Жауап. Өйткені адам дүниеге қоғамдық және адамгершілік тәртіпте, тән тәртібіндегіден артық құқықтармен келмейді. Ол өзімен бірге қоғамдық тәртіп табиғат сыйын ғана пайдаланып, тәуелсіздік және жабайы табиғат ахуалындағыдан гөрі көбірек сеніммен, көбірек қолайлылықпен және ләззатттың көбірек көлемімен қанағаттандыра алатын және қанағаттандыруға тиіс қажеттерін ғана ала келеді, ол меншік құқығынсыз және келісімсіз, тән тәртібіндегіден гөрі табиғатқа сәйкес келе қоймайтын және оған кереғар болып, оны ренжітетін елестерсіз келеді. Бұл елестер тек бөліністі, осыдан келіп өз-өзіненбой көтеретін бейшара да сұмдық мүдделіліктен бір адамдарға басқалар әкелетін сор мен тажалды тудырып келді және тудыра алады, бұл мүдделілік әрбір қоғам мүшесінің қажетіне, ыңғайына және рахатына байланысты нағыз қоғамдық және адамгершілік тәртібіне сәйкес бөліп беру үшін тек халықтың жалпы бұқарасына
тапсырылуға тиісті нәрсені өзі қарпып қалу және өзінің жақындарына беру пиғылынан туындайды. Сұрақ. Мұндай жағдайда адамдар мойындайтын барлық құқықтар, тегінде сұмпайылық болар, өйткені табиғатпен сәйкес келетін және оған қайшы келмейтін бірде-бір құқық жоқ. Жауап. Иә, шүбәсіз солай; және бұло олардың өздеріне сұмдық зиян, өйткені жер бетінде ешкім де құқықтарды өзіне пайдалы, өзі сияқтыларға нұқсан келтіретін етіп орната алмайтыны, олай ету үшін бір мезгілде дәл сол құқықтарды өзіне және ұрпағына қарсы өзі сияқтылардың пайдасына орнату керек болатыны айдан анық.Осылайша, құқықтың немесе дәменің осынау өзаралығы меньқарама-қарсылығының қақтығысында тек зорлық немесе айлакерлік қана мәселені бәсеке жақтарды құлдыққа салу немесе құртып жіберу жолымен шеше алады. Бұл – өзінің шығу тегі жағынан қияли бірдеœе екендігін былай қойғанда, салдары жағынан анық сұмпайылық, өйткені бұл құқық табиғаттағы ештеңе тиесілі емес және ол тіпті де өз-өзіне тиесілі емес, ол тән тәртібі жағынан табиғатқа және оны Жаратқанға, ал моральдық жағынан өзі тәуелді қоғамға тиесілі. Демек, ол соларға бәрін беріп, өзі өзіне ештеңе алмауға тиіс. Қысқасы, тек зорлықпен, екіжүзділікпен орнатылып, сақталатын кез-келген құқық, кезкелген келісім құқық бола алмайды, есесіне кемістік бола алады, соларға ие болып отырғанға қарсы неғұрлым бұлтартпас айғақ және олардан жапа шеккендерден гөрі, соған неғұрлым қауіпті сұмпайылық болып табылады; бұл Горацийдің desrіctus ensіs18 дегені. Сұрақ. Бірақ едәуір белгілі бір жазушы өзінің бір толғамында, "бұл менікі" деп бірінші айтқан адамға азаматтық қоғамның шын негізін қалаушы адам ретінде қарауға тиіспіз депті ғой. Жауап. Ж.-Ж. Руссо тек азаматтық қоғамның бастапқы орнатылу фактысы туралы ғана айтқан, оның тажалды саларлары оны тағылардың өмірін артық көруге мәжбүр етті, бірақ ол өркеният үшін бұрын да, қазір де
18 Жалаңашталған семсер.
тұғыр, іргетас қызметін атқаруға тиіс құқық және оның принциптері туралы толғанған жоқ., өйткені ол оларды білмеді және тағылар өмірінен азаматтық өмірді артық көруге өзін мәжбүр ететін қымбат пайданың салдарын сезіне алған жоқ. Ол жамандықтың пайда болуына ғана көзімізді ашып берді, оған қарсы қандай да бір құрал табумен де, жақсылықтың шығу тегінмен де айналысқан жоқ. Сұрақ. Сіздің ойыңызша, осынау жердің бір пұшпағына келіп мекендеген алғашқы адам өзінің еңбегінің жемісін басқа біреу келіп алып қойғысы келсе, қандай жауап берер еді? Жауап. Былай дер еді: О, бауырларым! О, досатрым! Сіздер осы жерде көріп отырғанның ештеңесі маған тиесілі бола алмайды; жер, оның өнімдері, менің құрылыстарым, менің өзім де, жерді, күнді жаратқанға, маған тіршілік және жұмыс істеуге күш бергенге тиесілі; маған тек пайдалану ғана тиесілі және мен өзімнің қажетімді қанағаттандыру үшін пайдалануға ғана дәмелене аламын. Осының бәрін, мен секілді сіздер де, өздеріңіздіңғ қажеттеріңізді өтеу үшін пайдалана отырып, өз еңбектеріңізді менің еңбегіммен ұштастырыңыздар, өйткені бір аадмның еңбегі барлығымыздың қажетімізді қанағаттандыру үшіңн жеткілікті болмай шығуы мүмкін. Әзірше біздің ешқайсымыз аштықтан, шөлден, суықтан азап шекпейтіндей болып орналасайық; бірақ бүкіл игілік жөнінде бізді тек қана ұрыстыра алатын, қыспаққа ұшырататын, бір-бірімізге ажал төндіруге мәжбүрлейтін ешқандай зорлық, орынсыз дәме болмасын. Қоғамдық адамның жауабы міне осындай, ол нағыз адамгершілік игілікті нұсқайды, сондай-ақ қоғамдық тәртіптің принциптеріне де нұсқайды, олар бұрын да, қазір де өркенияттың іргетасы және тұғыры бола алады, ал бұдан нәтижесінде сұмдық жамандық орнына ғажап игілік шығар еді... Сұрақ. Дін деп сіз нені түсінесіз? Жауап. Мен оны бастапқыда әртүрлі халықтарда ең айлалы да зұлым адамдар ең күштілердің қаныпезерлігі мен ең әлсіздердің топастығына
қарсы өздері ойлап тауып, өздеріне қолайлы нәрселерді айтуға мәжбүр еткен құдай атымен билік жүргізу мақсатында орнатқан құралдар мен мекемелер деп түсініп, сол сөзбен атаймын. Сұрақ. Ол қандай құралдар? Жауап. Олар біз сиқыршылар, дұғагерлер, өлермендер, балгерлер және көз байлаушылар деп атайтындар өздерінің бағасын асыру, сөйтіп өзінің табиғаты бойынша аңқау, алғашында ғылым мен өнер бізге тәжірибе мен білімді көбірек берген қазіргіден тұрпайылау болған тобырды алдау үшін қолданған және қазір де қолданылып жүрген құралдар. Сұрақ. Олардың мекемелері қандай болмақ? Жауап. Біріншіден, ірі меншік иелерінің ақылы мен жүрегіне жол табу үшін, олардың менмендігі мен эгоизміне жағыну үшін олар барлық құралдарды пайдаланып олардан құдайлар жасады: мәселен, олар Сатурнды құдай жасады, өйткені ол өз балаларын жеп қойған – сөзсіз, олар өскен соң өзімді өлтіріп тастауы немесе биліктен айыруы мүмкін деп қорыққаннан. Екіншіден, олар соғыс құдайын белгіледі де, халықтардың бір-бірін қынадай қыратын тірлігінің барлығын көкке көтерді, ал өздері болса әрқашан өздерінің алтарьлары мен құдайлардың қорғауымен тасада қала берді, барлық жас арулардың, барлық әйелдердің, барлық жерден өнгеннің қызығын көрді, жеңгендердің де, жеңілгендердің де олжаларын өзара бөлісті. Үшіншіден, меншік иелерінің және төменгі топтан шыққан жастардың айуандығын ауыздықтау үшін, олар қайырымдылар үшін мәңгілік марапаты бар, зұлымдар үшін мәңгілік жазасы бар тозақ құдайын орнатады. Ал құдайлардың мекені деп өздері белгілеген көкке келгенде, олар өздері қызғыштай қорғап, өздеріне тартуға соншалық мүдделі адамдарға да онда орын қалдырды; олар жердегі билікке ие, немесе, өздерінің сорақы мекемелерін қолдап отыру мақсатымен, құдай атынан сондай билік құқығын белгілеген адамдар болатын.
Төртіншіден, олар өздері храмдар салып, ескерткіштер орнатуды бұйырған құдайларға құлшылық ету міндеттерін белгіледі. Меншік, неке және дін құқықтарын орнатуды қасиетті еткен ежелгі және ең жаңа діндердің басты мекемелері осындай; осылайша барлық замандарда тіпті ең ілім-білімді халықтарды да сара жолдан тайдырып келген сатқын, адамдарға тажалды және қоғамға қарсы тәртіпке оймен де, сөзбен де, іспен де, елемеу жолымен де қарсы шығуға рұқсат етілмеді. Дәл сол секілді ондай наразылық құдайлық және адами ұлылықты қорладың деген айып тағылмай, сені өртеп, дарға асып, ддоңғалаққа таңып, құйрығыңнан қазық қағып, дүре соғып, маңдайыңа таңба басып, осынау дүниенің тозағы – галераға айдап, тек біздің сұмдық құрылыс қана тудыра алатын оның шайтандары азаптап өлтіргеннен кейін сен баратын о дүниенің тозағындағы мәңгі отқа күнілгері бұйырылмай, оларды қолдап отыру үшін жасалған заңдарға наразылық білдіруге де тиым салынған болып шықты. Сұрақ. Алайда, діндер адамдар арасында тыныштық пен бақыт орнатуға ең қабілетті жақсылықтарға үйретіп, соған іс жүзінде дағдылануды міндеттейді дейді; олар жауды кешіруге, бізге жамандық жасағандарға да жақсылық жасауға үйретеді, сабырға, қанағатшылдыққа, ұстамдылыққа, байлықты жек көруге, билікке және нәпсіқұмарлық арбауына қарсы күреске және т.б. үйретеді дейді. Жауап. Тек қана адамдардың іс-әрекеті мен жаратылыстық міндеттерін және олардың бір-бірінің арасындағы қарым-қатынасы қарастыратын ең жоғары кінаратсыз моральдің осынау принциптерін әртүрлі культтердің нұсқауларына сәйкес құдайды ғана алға тартатын қарекеттер мен қатынастарды ғана талғажау ететін діндермен шатастырмау керек. Егер фанатизм қызметшілері кемеңгерлік пен ең озық моральдің осынау негізгі қағидаларын – өздері барлық замандарда уағыздаған, бірақ өздері орындамаған қағидаларды иемденіп отырса, бұл тек қана сатқын, адамға тажалды және жаратылысқа жат құрылыстың нұсқауымен олар
біздің қолымызға ұстататын қанжарға алтын жалатып қоюмен бірдей. Өйткені бұл құрылыс біз бір-бірімізді төмендетуге, өзара ұрыс-керіске баруға, қаруланып, бір-бірімізді құртуға барынша итермелеп отырады ғой, демек, іс жүзінде сол жақсылықтарды жүзеге асыруға барынша кереғар мүдде туғызады.Егер адамдар өздерінің көзін жауы тұрған, оларды арбап алатындай болатын екіжүзділік шымылдығын қақ айырып тастап, сол жақсылықтардың жүзеге асырылуына қарсы осынау сұмдық тәртіпті соларға шын ынта туғызатын, сондай-ақ оларға сүйіспеншілік туғызатын жаңа құрылысты, жаңа тәрбиені орнату, оларды практикада жүзеге аыру тілегін туындату, оларға дағдыландыру жолымен қиратса, әлгі жақсылықтар шынында да жалпыға бірдей бейбітшілік пен бақыт орнатар еді. Сұрақ. Діндердің жаман салдарлары қандай? Жауап. Олардың Құдайдан құбыжық жасаған және адамдардың қарекет принциптері мен адами құлық ережелері ретінде сұмдық қағидалар мен химераларды, атап айтқанда: адамдардың беруге құқығы жоқ азаптан қорқуды, дәл сол секілді адамдардың адамдарға беруге құқығы жоқ наградтарды, адамдардың біреудің пайдасына біреудің пайдасына, біреудің зиянына тағайындауға құқығы жоқ жоғары атақтарды, мәртебелер мен сословиелік айрықшылықтарды енгізгені… Сұрақ. Адамдарды өздерінің азғындап, бірін-бірі қырып жатқаны жалықтырып бітуге тиіс соншама ғасырлар өтсе де, соншама ғасырлар берген білім мен тәжірибеге ие бола отырып, олар соншалық сұмдық тәртіпті әлі қалайша сақтай бермек? Жауап. Гәп мынада, бұл тәртіп адамның табиғи құрылысындағы эгоизм деген дерт пәрменімен орнатылған, ал бұл тұрғыда адам бойына сіңген дағдының мәнсіз де рабайсыз билігі адамгершілік тұрғысынан жеңілмейтін күшке айналады.
Сұрақ. Бірақ тек білім мен тәжірибені ғана басшылыққа алуға тиіс адам қоғамдарының көсемдері бұл жайында бұрын да, қазір де ойлануға тиіс емес пе еді? Жауап. Бұл қоғамдардың көсемдері сол құрылыста тәрбие алып, соғн еті үйренген адамдар ғана болды; ең жақсы билеушілерді тек көбірек аяу ғана қалады, өйткені олар бұл биліктен көбірек азап тартады және өйткені эгоизм мен соқыр сенімдерді аяққа таптау үшін олардың барынша көп күш жұмсауына тура келеді19. Сұрақ. Алайда Ликург пен Солонның заңдарының даңқы жер жарған ғой. Жауап. Ликург Лакедемоннан алтын мен сән-салтанатты аластады; ол жасына қарап, адамдардың түрлі таптарын орнатты; сол таптардың әрқайсысы бір дастарқаннан ас ішкен, сол дастарқанға барлық тағамның төресі ретінде бір ғана атала қойылған, демек, дене әбден-ақ өсіп, соншалық құрметтелетін ұзақ жасқа ауырмай-сырқамай және қуаттан айрылмай жете алатын болған; ол “жеңіс не өлім” заңын тек қана отанды қорғау үшін орнатты; ол дәулеттің теңдігін енгізу үшін жерді тең бөлуге келісім алуға қол жеткізді (мұның үстіне оған жаратылыстық ортақтықты да қалпына келтіру қиынға соқпас еді, сонда ол әлгіден де жақсы істеген болар еді); Ликург заңдарына тек мыналар ғана: құлдықты және фанатизмнің сұмпайылықтарының күшін жойып, меншік құқығын және некеге байланысты тәуелділікті құртып, илоттар мен абыздардың жағдайын азаматтардың жағдайымен теңестіру, азаматтардың әрбір таптары үшін мақсаты білім алу және бүкіл жеке қажеттерді қанағаттандыратын барлық құралдарды практикада қолдану болатын тәрбие белгілеу, астығы шықпай қалған көрші халықтарға өз өнімдерінің артығын, оларға әділетсіз шабуыл жасалса әскери күш ұсыну жетіспеді;
19 Тарих мынаған үйретеді: ең білімді және эгоизмнен алшақ билеушілер осынау сұмдық құрылыстың дерттілігін байқамаған; олар тек заң шығарумен ғана айналысып, содан туындайтын қасіреттердің мүмкіндігінше алдын алуға тырысқан, бұл ең кемеңгер философтардың, бізге тек моральдің өте асқақ қағидаларын ғана қалдырғаны, ал оларды осынау құрылыс орасан зор көпшілік үшін практикада қолдануға мүмкіндік бермейтіні секілді.
меніңше, Ликургқа жетіспегені мынау ғана: өзінің кодексіне ол мінсіз етіп, сол арқылы табиғат пен оны Жаратқан адамдарды бір-бірін өлтіру үшін емес, бір-бірін қорғау үшін жаратқанына ғаламды үйрете алатындай ақтық тұрпат бере алмады. Ал Солонға келетін болсақ, оның заңдары сол кезде және қазір де үстем құрылыстың кінаратын тіпті де көрмегенінің дәлелі, өйткені ол, Ликургтың тамаша заңдарындағыдай, оған тікелей шабуыл жасаған емес. Сұрақ. Ликургтың кодексін мінсіз ету үшін оған жетіспейтінді қосуға болмас па еді? Жауап. Әрине, солай етуге болар еді, бірақ, кім біледі, сол әрекетті жасаған адам Ликург секілді бір көзінен айрылып қана құтылар ма? Сұрақ. Бірақ, сол кездегі Лакедемон мен Афина секілді оймақтай мемлекетке жарай беретін құрылыс Франция сияқты ірі мемлекеттерге жарамайды дейтін пікір де бар. Жауап. Шағын мемлекеттердегідей ірі мемлекеттерде де әрқашан бәзбаяғы сатқын, адамға тажалды және қоғамға қарсы тәртіп болды, ол әрқашан ірі мемлекеттерді де, шағын мемлекеттерді де жойылуға соқтырып отырған; нағыз адамгершілік тәртіп қана ірі де, шағын да мемлекеттерді сақтап қала алады. Сұрақ. Бірақ егер нағыз адамгершілік тәртіпті орнатуға кедергі адамдар сатқын, адамға тажалды және қоғамға қарсы құрылысқа бейшара бір дағдыдан ғана туындайтын болса, онда адамдардың өз балаларын нағыз адамгершілік тәртіпке баулитын тәрбиені енгізуге келісуіне ештеңе кедергі жасамайды ғой, ал балалар бұл тәрбиені келесі ұрпаққа жеткізер еді; және де қазіргі тәртіп қазіргі әкелер, аналар және олардың құрылысында бірдеңені өзгертуге де, өздерінің артықшылықтарынан да бас тартуға шамасы жетпейтін барлық басқалар үшінбұрынғысынша қала берер еді?
Жауап. Иә, сөз жоқ, мұндай шешімді қабылдаған жөн болар еді; бірақ помещик өз баласы, ІV Генрих секілді фермердің немесе камердинердің баласымен бірге тәрбиеленгеніне көне қояр ма екен? Бәлкім, парасаты жеткілікті біреулер табыла да қояр, бірақ бұл көпшілік болмас еді: өздерінің шыққан тегі мен өздерінің артықшылықтарының құбыжықтары көзіне шел қаптатып, соншалық билеп алған адамдар бар, олар өз балаларын әлгіндей тәрбиеге бергеннен гөрі тұншықтырып өлтіргенге әзір. Сұрақ. Немене, Үкімет немесе біріккен ұлт қашанда болып келген мәселелердің ең маңыздысы бойынша түпкілікті шешім қабылдай алмағаны ма? Жауап. ІV Генрих ұлы жүрегінің әмірімен жасаған келісім және бақыт орнату жобасы сондай еді. Табиғаттың құдіретті жаратушысы сол бір тілектен, сол ниеттен шабыт алған оның ұрпақтары бүгінгіден бақыттырақ болатын етсін деп тілейік; бірақ француз ұлтының өзін езіп жатқан сословиелер эгоизмінің зардабынан ырду-дырду болғаы соншалық, ештеңені көруден қалғаны және жалқаулыққа бой алдырғаны соншалық, орасан зор иеліктері және монархтардан дін тартып алған немес алдап алған шексіз артықшылықтары бар әлгі сословиелер ұлтты қақ айырып, оны өзіне қарсы қаруландырып отыр, соның зардабынан қазір ұлттың дін иелері және дворяндық деп аталатын бөлігінде де, сондай-ақ үшінші сословие деп аталатын бөлігінде де, адамдардың екі табы ғана айырылатын болды, атап айтқанда, қорлаушы, тонаушы, қорқытып алушы және езгілеуші тап және қорланған, тоналған, қорқытуға шырайтын және езілген тап; демек, монарх жүрегінің қайрымдылығы ұлтты біріктіріп, соншалық сұмдық тәртіп қана тудыра алатын барлық жамандықтан тазартқысы келсе, ең алдымен оның себептері мен салдарларын жоюы керек болады. Адамдар әзірше адамгершілік (инсаният) механизмін қолдап отыру мақсатында пайдаланатын паллиативтер (жартыкеш шаралар) осынау
сорақы тәртіптің себептері мен салдарларын одан да бетер дауасыз да үмітсіз ете түседі. Сұрақ. Осынау құқықтарды, артықшылықтарды және сорақылықтарды қандай негізде жоюға болар еді? Жауап. Мемлекет шегіндегі барлық корпорациялар тек мүдделер бөлінісі мен қақтығысын ғана туғызғанын, мұның өзі құрып кету мен қиратуды жетелей келетінін көрсеткен барлық замандар тәжірибесінің негізінде; бүкіл әлем басқарылатын, сақталатын және мәңгілік етілетін тәртіп негізінде; адамдардың қолы жеткен, адамдар арасында бір-бірін бақытты етуден және өзара бақыттарын қорғаудан басқа құқық болмауын және сол принципке, сол негізге құрылмайтын, және сол мақсатқа ұмтылмайтын қандай да құқық, қандай да мекеме тек сұмпайылық деп саналуын талап ететін таным негізінде. Сұрақ. Сонда адмгершілік айырмашылықтар мен жағдайдың теңсіздігі не болар еді? Жауап. Олар тек тән айырмашылығына ғана негізделер еді; тумысынан парасат немесе және күш бәрінен көп берілген азаматтар парасатты немесе күш-қуатты бәрінен көп талап ететін жұмыстарды орындауға жегілер еді, алайда оларға отандас азаматтардан жоғары тұруға жол берілмес еді; отандас азаматтардың жүрегі олардың таланты мен белсенділігін шын бағалайды, бірақ іштей олар ғаламның Жаратушысына ғана бас иеді. Адамдар арасындағы барлық өзге айырмашылықтар мен теңсіздік, сонысымен өзінің даңқын шығарғысы келетін барлық өзге амал тек көрсоқыр да жабайы эгоизмнің егер адамзат өзінің қазіргі тағдырына лайықты болғысы келсе, ол ауыздықтап, жер жастандырып жеңуге тиіс бірден-бір жауының елестері мен сұмпайлықтары бола алады. Сұрақ. Меншік не болады? Жауап. Ол табиғат пен оны Жаратқанның құқықтарымен сиыспайтындықтан, ол адамзат баласының барлық қасіретінің себебі болғандықтан және ол мүлде пайдасыз болғандықтан, оның құртып
жіберілуін күте отырып, әрбір қауымдағы меншік иелері, әркім өзінің шамасына қарай, балаларды жаңаша қоғамдық тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды өтеуге тартылатын болады, олар балалардың шешелері немесе олар өкілеттік берген адамдар сол балалар өз күнін өздері көре алатын жасқа жеткенше оларға қамқор болады. Сұрақ. Қоғамдық мектептер қай жерде орналасады? Жауап. Шіркеулерде, монастырьларда. Олардың иноктары, табыстарына да, соқыр сенімдеріне де, киімдеріне де, тұрмыс алтына да қарамастан, өздерінің басыбайлылық міндеттерінен азат етіледі; бұл мекемелердің жерлерін жаңа тәрбиеленушілер, басқа меншік иелерінің жері қалай өңделсе, солай өңдейді, бұл ретте жаңа жер өңдеушілер мен оларға басшылық жасайтын мұғалімдерге күнделікті қажетті заттардан басқа ештеңе берілмейді; сондайақ әрқилы кәсіпшіліктер, өнер мен ғылым үшін шеберханалар ұйымдастырылады, және оларға шикізатты сол еңбектің нәтижесін ғұмыр бойы пайдаланатын меншік иелері жеткізіп тұрады, олар алдын ала есептеліп, жаңа тәрбиеленушілер мен мұғалімдерді ұстауға және бірінші қажетті заттарды алуға жұмсалған шығын шығарылып, содан қалғанын алады. […]
“Предшественники современного социализма. М., Л., 1928” басылымынан қазақшалаған Мамадияр ЖАҚЫП.
Жан Жак Руссо
(1712-1778) – француз Ағартушылығының қайраткері, философ, Ұлы француз революциясының идеологы. Женева қаласында, сағат шеберінің отбасында дүниеге келген. Аса сауатты, саяси білімге құштар Женева қолөнершілерінің арасында өскен. Болашақ саяси ойшылдың “бостан да, республикашыл рухы” осы ортада қалыптаса бастаған.
1728 жылы ол Женевадан кетеді. Біраз уақыт Аннесиде, Туринде, Лионда дәулетті кісілердің үйлерінде қызмет етеді. Бұдан кейін оның өмірінің Париждік кезеңі (1742-1756) басталады. Бұл уақыт Руссоның идеялық жағынан өсе түскен кезеңі болды. Ол кезде Франция феодалдықабсолюттік құрылыстың ауыр дағдарысына ұшырап, үшінші қоғамдық сословиенің революциялық белсенділігінің күшейе түскен дәуірін бастан кешіріп жатқан еді. Жас философ Вольтер, Монтескьё, Тюрго, Кондорсе, Гольбах және басқалар қатысатын әйгілі Париж салондарына барып жүрді. Руссоның идеялық жағынан шыңдала түсуіне әйгілі “Энциклопедияшылар” Дени Дидро мен Д`Аламбер үлкен ықпал етті. Руссо олармен достық қатынаста болды. Руссоның саяси көзқарастары оның басты еңбегі – “Қоғамдық шарт туралы немесе саяси құқық принциптері” деп аталатын трактатында баяндалған. Руссоның ілімі француз Ағартушылығы идеяларының дамуына елеулі ықпал етті; ол ілім бүкіл Еуропаға және одан тыс жерлерге де тарап, кеңінен мәлім болды.
ҚОҒАМДЫҚ ШАРТ ТУРАЛЫ, НЕМЕСЕ САЯСИ ҚҰҚЫҚ
ПРИНЦИПТЕРІ
Бірінші кітап
Мен азаматтық ахуалда заңдарға негізделген, егер адамдарды олардың қандай екендігі күйінде, заңдарды олардың қандай болуы мүмкін күйінде алсақ, сенімді болатын әлдеқандай басқару принципі мүмкін бе деген мәселені зерттемекпін. Бұл зерттеуде мен құқық рұқсат беретін нәрсені пайда табу міндеттейтін нәрсемен, әділет пен пайда арасында ешқандай алшақтық болмайтын етіп ұштастырып отыруға ұдайы ұмтылатын боламын. Осынау іске тақырыбымның маңыздылығын дәлелдемей-ақ кіріспекпін. Менен: саясат туралы жазатындай сен тақсыр не заң шығарушы ма едің деп сұрауы мүмкін. Мен тақсыр не заң шығарушы болсам, не істеу керек деген әңгімеге уақытымды сарп етпей, не соны істер едім, не жақ ашпас едім.
Мен бостан Мемлекеттің азаматы әрі суверен мүшесі болып туғандықтан, қоғамдық істерде менің даусым қаншама әлжуаз болса да, сол істерді талқылау кезінде үн қату құқығым ол істердің мәнісін ұғып алуды міндеттеуге жеткілікті деп есептемеймін, және Басқару пошымдары жөнінде толғанған әрбір жолы, ізденістерімнен өз елімнің Басқару тұрпатын жақсы көрудің әрдайым жаңа себептерін табатыныма бақыттымын.
І тарау
Осынау алғашқы кітаптың нысанасы Адам дүниеге бостан болып келеді, бірақ қайда қарасаң да ол бұғауда. Біреу-міреу өзін өзгелердің әміршісіндей көреді, бұл оның басқалардан бетер құл болуына бөгет жасамайды. Осынау өзгеріс қалай болған? Білмедім. Оған не нәрсе заңдылық бере алады? Осы сұраққа жауап бере аламын-ау деп ойлаймын. Егер мен тек күш пен оның қарекетінің нәтижелерін ғана қарастырсам, былай дер едім: халық бағынуға мәжбүр болып, әзірше бағынып отырса, ол дұрыс істейді; бірақ халық мойнындағы қамыттан құтылу мүмкіндігін алып, оны лақтырып тастаса, ол одан да жақсы істейді, өйткені ол біреулер тартып алған бостандығын дәл сол құқық бойынша қайтарып алса, онда не оны қайтарып алудың бар негізі болғандығы, не оны одан алып қоюдың негізі болмағандығы. Бірақ қоғамдық ахуал дегеніңіз барлық басқа құқықтардың негізі болатын қасиетті қ±қық. Алайда бұл құқық жаратылыстық құқық емес; демек, ол келісімдерге негізделген. Сол келісімдердің қандай екендігін анықтап алау керек. Бұған кіріспес бұрын өзім жаңа ғана алға тартқан қағидаларды негіздеуге тиіспін.
ІІ тарау
Алғашқы қоғамдар туралы
Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгісі және бірден-бір жаратылыстығы – отбасы. Бірақ сол отбасының өзінде де балалар әкесімен оған мұқтаж кезінде ғана байланысты. Ол мұқтаждық жойылған бойда жаратылыстық байланыс үзіледі. Әкесіне бағыну қажеттігінен құтылƒан балалар және балалар қамын жеу міндетінен құтылған әке енді бірдей тәуелсіз болып шығады. Егер олар бірге тұра берсе де, олардың ендігі қатынастары жаратылыстық қажеттілік емес, ерікті қатынас; ал отбасының өзі тек келісіммен маталады. Осынау ортақ бостандық адам табиғатының салдары. Оның бірінші заңы – өзін-өзі қорғау, оның бірінші қамы – адам өзіне-өзі қарыздар нәрселер, және кәмелетке жеткен бойда, ол енді өзін сақтау үшін қандай құралдар жарайтынын өзі таңдауға тиіс, осылай ол өз билігі өзіндегі қожайын болып шығады. Сонымен, отбасы – қажет десеңіз, саяси қоғамдардың алғашқы бейнесі, әмірші – әке секілді, халық – балалар секілді, және тең де бостан болып туған барша, өз бостандығын басқаға берген күнде де, тек өз пайдасы үшін береді. Барлық айырмашылық мынада ғана: отбасында әкенің балаларға сүйіспеншілігі олардың әке қамқорлығына қайтаратын парызымен өтеледі; ал Мемлекетте әміршінің қолындағы биліктен алатын ләззаты халыққа сүйіспеншілікті алмастырады. Гроций адамдарда кез-келген өкімет халық мүддесі үшін құрылады деген ойды теріске шығарып, құлдық қоғамды мысал ретінде келтіреді.20 Өзінің толғамдарында ол көбінесе құқықтың негізі тиісті факттың болуы деп біледі. Неғұрлым дәйекті, бірақ тирандар үшін қайткенде қолайлы бола алмайтын әдістерді қолдануға болар еді.
20 “Жұртшылық құқығы жөніндегі ғылыми ізденістер көбіне тек бұрынғы қиянаттар тарихы, адамдар соларды тым егжей-тегжейлі зерттеуге мүлдем босқа тыраштанған” – (Көршілерімен қарымқатынастағы Фр[анцияның] пайдасы туралы д’А[ржансонның] трактаты; Амстердамдағы Рей баспаханасында басылып шыққан) Гроций нақ соны істеп отыр.
Гроцийдің пікірі бойынша, демек, мына нәрсе анық емес: адамзат баласы әлдеқандай жүз адамның уысында ма, әлде керісінше, сол жүз адам адамзат баласының уысында ма, және өз кітабының өнбойында ол осы екі пікірдің алғашқысына ойысатын тәрізді. Гоббс та солай деп ойлайды. Осылайша, адамзат баласы мал табындарына бөлінген болып шығады, олардың әрқайсысында өз жетекшісі болады да; ол өз табынын қорек ету үшін ғана қорғайды. Бақташының өз табынымен салыстырғанда, асқақ табиғаттың туындысы екендігі секілді, адамдар бақташысы да, яғни олардың басшысы да қоластындағы халқы жөнінде сондай асқақ табиғат туындысы. Филонның ахбары бойынша, император Калигула осылай ойлап, осындай салыстырудан әбден-ақ табиғи қорытынды жасаған: корольдер дегеніміз құдайлар, яки оның бодандары – мал. Ондай Калигуланың толғамы бізді Гоббс пен Гроцийдің толғамдарына қайта оралтады. Олардың бәрінен бұрын Аристотель де адамдар табиғатынан тіпті де тең емес, біреулер құл болу үшін, біреулер қожайын болу үшін туады деген. Аристотельдікі жөн, бірақ ол салдарды себеп деп қабылдаған. Құлдықта туған кез-келген адам құл болу үшін туады; бұдан артық ештеңе де дұрыс бола алмайды. Бұғаудағы құл бәрінен де, тіпті құлдықтан құтылу тілегінен де айырылады, өздерінің мал тәрізді ахуалын жақсы көріп кеткен Улисстің жолдастары секілді олар құлдықты ұната бастайды21. Сонымен, егер табиғаты жағынан құлдар болса, оның себебі табиғатқа жат құлдар болғандықтан ғана. Күш алғашқы құлдарды жасаған, олардың қорқақтығы оларды мәңгілік құлға айналдырған. Мен король Адам туралы да, Сатурнның балалары секілді бүкіл дүниені өзара бөлісіп алған үш ұлы монархтың әкесі император Нұх туралы да ештеңе айтқан жоқпын; Сатурнның ұлдарын кейде сол
21 Плутархтың “Мылқаулардың парасаты туралы” деп аталатын шағын трактатын қараңыз.
монархтар деп те білген. Менің соншалық қарапайымдылығыма алғыс та айтылар деп үміттенемін; өйткені, мен сол тақсырлардың бірінің, (тіпті үлкенінің де болуы мүмкін) тікелей ұрпағы болғандықтан, кім білсін, куәліктер тексерілгеннен кейін, мен адамзат баласының заңды королі де болып шыға келермін? Қалай болған күнде де, Робинзонның жападанжалғыз жүргендіктен аралдың бірден-бір иесі болғаны секілді, Адамның дүниенің жалғыз әміршісі болғанын ешкім де теріске шығара алмайды, және де осынау ешкіммен бөліспей билеп-төстеудегі ыңғайлы нәрсе – өз тағында мықтап отырған монарх бүліктерден де, соғыстан да, қаскүнемдерден де қорықпайтын.
ІІІ тарау
Күштінің құқығы туралы
Ең күштінің өзі, егер ол өз күшін құқыққа, өзіне бағыныштылықты міндетке айналдырмаса, тұрақты билеп-төстеуші болып қала беретіндей күшті бола алмайды. Күштінің құқығы – міне осыдан; ол құқық деп кекесін мағынасында аталатын-ақ секілді, ал шын мәнінде ол принципке айналдырылады. Бірақ осынау сөздердің мағынасын бізге ешқашан түсіндірмей ме? Күш дегеніңіз – тән қуаты; оның қарекетінің нәтижесі қандай мораль екенін мен тіпті де біле алмадым. Күшке бас ию – ырықтың емес, қажеттіліктің актысы; әрі кеткенде – естілік актысы. Бұл қай мағынада міндет болмақ? Бір сәтке болса да күштінің құқығы деген нәрсе бар деп саналық. Мұндай ұйғарымның нәтижесінде шытырман қойыртпақ қана пайда болады деп кесіп айта аламын; өйткені сол күш құқық жасайтын болса, нәтиже себеппен алмастырылады, яғни біріншісінен асып түсетін кезкелген күш біріншісінің құқығына да ие болады. Егер тек билікке жазасыз бағынбауға болса, онда мұны заңды негізде де жасауға болады, ал ең күштінікі қашанда дұрыс болып шығатындықтан, демек, тек ең күштінің
күшінен де басымырақ болуы керек. Бірақ күш қарекеті тоқталған бойда жым-жылас болатын ол қандай құқық? Егер күшке мойынсұнып қана бағыну қажет болса, онда парызды мойындап бағынудың қажеті жоқ; және егер адам енді бағынуға мәжбүр етілмейтін болса, онда ол мұны істеуге міндетті емес. Бұдан құқық сөзі күшке ештеңе қоса алмайтыны көрініп тұр. Бұл арада оның ешқандай мәні жоқ. Өкіметке бағыныңдар. Егер бұл – күшке қарсы тұрма деген мағынада айтылса, өсиет дұрыс, бірақ орынсыз; ол ешқашан бұзылмайтындығына кепіл бола аламын. Қандай да бір өкімет – Құдайдан, мұны мен мойындаймын; бірақ кез-келген сырқат та Құдайдан ғой: сонда дәрігер шақыруға тиым салынғаны ма? Егер маған орманда бір қарақшы шабуыл жасаса, демек, мен, күшке қарсы тұрмай, оған әмиянымды бергенім аз болғаны ғой; бірақ, мен оны жасыра алатындай болсам да, ұждан бойынша мен оған әмиянымды беруге міндетті емеспін бе? Өйткені, оның қолында тұрған тапанша да сайып келгенде – өкімет қой. Күш құқық жасай алмайтындығына, адамдар тек заңды өкіметке бағынуға міндетті екендігіне келісейік. […]
V тарау
Әрқашан алғашқы келісімге жүгіну керектігі туралы
…Тобырды өзіңе бағындыру мен қоғамды басқарудың арасында қашанда зор айырмашылқ болады. Егер жекелеген адамдар бірінен соң бірі біртіндеп бір адамның құлына айнала берсе, онда олардың саны қанша болса да, мен бұл арада тіпті де халық пен оның басшысы емес, тек қожайын мен құлдарды ғана көремін. Керек десеңіз, бұл – ассоциация емес, адамдардың топылып жиылуы ғана; бұл жерде ортақ игілік те, Саяси ұйым да да жоқ. Ондай адам, тіпті жарты дүниені құл етсе де, әрқашан жеке кісі ғана; басқа адамдардың мүддесінен оқшау тұрған оның мүддесі
тек жеке басының мүддесі ғана. Егер сол адам ғайыптан тайып өле қалса, оның державасы, өрт шалған еменнің күліндей, тоз-тозы шығып, ыдырап кетеді. Халық өзіне король тағайындап ала алады, дейді Гроций. Гроцийдің пікірі демек, халық өзін корольге бағынышты еткенге дейін де сондай болып келгені ғой. Бірақ мұндай қарекет – азаматтық акт; ол халық қабылдаған шешімнің болуын қажет етеді. Осылайша, халық король сайлап алған актыны қарастырудан бұрын халық соның пәрменімен халық бола алатын актыны қарастырған шет болмас еді, өйткені алғашқы актының сөзсіз алдында жүретін бұл акт қоғамның шын құрылуының тұғыры. Шынында да, осындай ізашар келісім болмаса, – егер тек сайлау бірауызды жасалмаса – көпшіліктің таңдауына азшылықтың бағыну міндеттемесі қайдан шығар еді? Қожайын қажеттігін қалайтын жүз адам, мұны мүлдем қаламайтын он адам үшін дауыс беруге қайдан хақылы? Дауыс көпшілігі заңы өздігінен-ақ келісім нәтижесінде орнатылады және бері салғанда бір рет бірауыздылықты қажет етеді.
VІ тарау
Қоғамдық келісім туралы
Менің жобалауымша, адамдар, олардың жаратылыстық ахуалда қала беруіне кедергі жасайтын күштер өзінің қарсы қимылында сол ахуалда қала беру үшін әрбір индивидуум іске қоса алатын күштерден асып түсетін шекке жеткен. Сонда әу бастағы ахуал одан әрі жалғаса бере алмайды да, ол адамзат баласы өзінің өмір салтын өзгертпесе, құрып кетер еді. Алайда, адамдар жаңа күш жасай алмайтындықтан, тек қолда бар күштерді біріктіре, бағдарлай алатындықтан, олардың өздерін өздері сақтап қалудың бірден-бір амалы басқа адамдармен бірлесе отырып, қарсы
қимылды еңсере алатын үлкен күш жинау, сосын оны бір басшыға бағындырып, бірлесе қарекет жасауға мәжбүр ету. Осынау күш жиыны көптеген адамдардың тек біріге қимылдауының арқасында пайда болады; бірақ әрбір адамның қайрат-күші мен бостандығы оның өзін-өзі сақтап қалуының құралы болғандықтан, ол өзіне зиян тигізбестен, оның өзі жөніндегі парызы болып табылатын шаруаны елеместен, оларды қалай бере алмақ? Егер зерттеуіміздің тақырыбына қайта оралсақ, ол қиындықтар мынадай қағидалармен білдіріле алады: “Ассоциацияның бүкіл ортақ күшпен оның әрбір мүшесінің өзін және мүлкін қорғай алатын пошымын табу керек, соның арқасында әрбір адам баршамен біріге отырып, алайда тек өзіне ғана бағынатын және бұрынғысынша бостан күйінде қала беретін болсын”. Қоғамдық келісім шешетін негізгі міндет осындай. Бұл Шарттың баптары актының табиғатының өзімен сол баптарды болар-болмас өзгертудің өзі оның пәрменділігі мен пайдалылығын жойып жіберетіндей етіп айқындалған; сондықтан, олар, тегінде, ешқашан дәл тұжырымдалмаса да, барлық жерде бірдей, барлық жерде үн-т‰нсіз қабылданып, мойындалады, бұл жағдай қоғамдық келісімнің бұзылуы салдарынан әркім жаратылыстық бостандығынан бас тартып, келісім бойынша алған бостандығынан айрылып, өзінің бастапқы құқықтары мен өзінің жаратылыстық бостандығын қайтарып алғанға дейін жалғаса береді. Бұл баптар, егер оларды дұрыс түсінсек, бір-ақ нәрсеге, атап айтқанда мынаған саяды: ассоциацияның әрбір мүшесін барлық құқықтарымен қоса бүкіл қауым пайдасына толық беру; біріншіден, егер әркім өзін түгелімен берсе, баршасына бірдей шарт жасалады; ал барша үшін шарт бірдей екен, оларды басқалар үшін ауыр етуге қаламай ешкім де мүдделі болмайды. Одан әрі, түп-түгелімен берілетіндіктен бірлесу қаншалық мүмкін болса, соншалық толық болып, ассоциацияның бірде-бір мүшесі басқа ештеңе талап ете алмайды. Өйткені, егер жеке адамдарда әлдеқандай құқық қалып қойса, олардың және бүкіл халықтың арасындағы дау-
дамайды шешуге хақылы үлкен біреу енді болмайтындықтан, кей мәселелерде әркім өзіне-өзі би бола алатындықтан, көп ұзамай барлық мәселеде би болғысы келер еді; жаратылыстық ахуал жалғаса берер еді де, ассоциация, сөз жоқ, тирандық немесе түкке керегі жоқ бірлестікке айналар еді. Ақыр соңында, әркім өзін баршаға бағындыра отырып, жеке алғанда ешкімге бағындырмайды. Сонымен, өзіңнен жырып берген құқығыңды одан жырып алу мүмкін емес бірде-бір ассоциация мүшесі болмайтындықтан, әркім өзі жоғалтқанының баламасын алады және қолында барын сақтай алу үшін көбірек күшке ие болады. Сонымен, қоғамдық келісімнен біз оның мәнін құрамайтын нәрселерді алып тастасақ, ол мына қағидаға саяды: Біздің әрқайсымыз ортақ игілікке өзімізді және өзіміздің барлық күш-қуатымызды береміз және ортақ ырықтың жоғары басшылығына бағындырамыз, нәтижесінде біздің бәріміз үшін әрбір мүше бүтіннің бөлінбес бөлшегіне айналады. Ассоциацияның осынау актысы шарттық қатынасқа түсетін жеке адамның орнына бірден шартты түрдегі ұжымдық Бүтінді құрады, ол жалпы жиналыста қанша дауыс болса, сонша мүшеден құралады. Бұл Бүтін сондай актының нәтижесінде өзінің бірлігіне, өзінің ортақ Меніне, өзінің тіршілік ету мен ырқына ие болады. Баршаны біріктіру нәтижесінде құрылатын бұл заңдық тұлға бір кездері Азаматтық қауым22 деп аталды, қазір ол Республика, немесе Саяси организм деп аталады: оның
22 Бұл сөздің шын мағынасы жаңа заман адамдары үшін әбден көмескі деуге болады: көпшілік қаланы Азаматтық қауым деп, ал қала тұрғынын азамат деп қабылдайды. Олар қаланың үйлерден, Азаматтық қауымның – азаматтардан құралатынын ескере бермейді. Осы қателік ежелгі заманда карфагендіктерге өте қымбатқа түскен. Мен қандай да бір тақсырдың бодандарына, тіпті ежелгі македондықтарға да, кәзіргі ағылшындарға да, басқа халықтардың бәрінен де бостандыққа жақын тұрған ағылшындарға cіfіs (азамат – лат.) атағын бергенін еш жерден оқыған емеспін. Тек француздар ғана өздерін оп-оңай азаматтармыз деп атайды, өйткені оларда, олардың сөздіктерінен көрінетініндей, бұл сөздің шын маƒынасы жөнінде ешқандай түсінік жоқ; Ондай түсінік болса осынау атты заңсыз иеленген олар, ұлы мәртебеліні қорлағанына жазықты болар еді. Бұл сөз оларда құқықты емес, жақсылықты нобайлайды. Бодэн біздің Азаматтар мен Қалалықтар туралы айтпақ болғанда, осы екі сөздің бірін екіншісімен шатыстырып, өрескел қателік жіберді. д’Аламбер мырза мұндай қателікке ұрынған жоқ; ол өзінің “Женева” деп аталатын мақаласында біздің қаланың тұрғындарын төрт топқа жіктеп (қарапайым шетелдіктерді қосқанда, бес топқа), олардың арасындағы айырмашылықтарды жақсы көрсетіп берді; олардың екі тобы ғана Республика құрамына кіреді. Мен білетін француз авторларының бірде-біреуі азамат сөзінің шын мағынасын түсінбейді.
мүшелері бұл Саяси организмді, ол енжар кезде Мемлекет деп, ол белсенді кезде Егемен деп, оны соған ұқсастармен салыстырғанда Держава деп атайды. Ал ассоциация мүшелеріне келсек, олардың жиынтығы халық, ал жекелеп алғанда жоғарғы билікке қатысатындар ретінде, азаматтар, және Мемлекет заңдарына бағынатындар ретінде бодандар атына ие болады. Бңрақ бұл терминдер көбіне-көп бытыстырылып, бірімен бірі шатастырыла береді; олар бүкіл дәл мағынасында қолданылғанда айыра білу жеткілікті.
VІІ тарау
Егемен туралы
Бұл формуладан ассоциация актысында бүкіл халық пен жеке адамдардың өзара міндеттемелері бар екендігі және, былайша айтқанда, өзімен өзі шартқа отырған әрбір индивидуум екі жақты міндеттеме, атап айтқанда: жеке адамдар жөнінде сувереннің мүшесі ретінде және суверен жөнінде – Мемлекет мүшесі ретінде міндеттеме қабылдайтындығы көрінеді. Бірақ бұл жерде азаматтық құқықтың ешкім де өзіне-өзі қабылдаған міндеттемені орындауға міндетті емес деген қағидасын қолдануға болмайды, өйткені өзіңе-өзің қабылдаған міндеттеме мен өзің бөлшегі болып табылатын Бүтін жөнінде қабылдаған міндеттеме арасында ғы айырмашылық зор. Мынаны да ескерту керек: әркім екі түрлі сипатта бой көрсететіндіктен, бүкіл халық қабылдаған шешімнің барлық бодандардың егеменге қатынасы саласында міндетті күші бола алады, бірақ қарамақарсы себептен, егеменге өзіне-өзң жөнінде міндеттеме қабылдауды жүктей алмайды, демек, егемен өзіне арнап, өзі өзін босата алмайтын сондай заңды міндетті етсе, бұл Саяси организмнің табиғатының ?зіне кереғар болар еді. Егемен өзін тек бір жағынан ғана қарастыра алатынды тан, ол
болады; олай болса, тұтас алғанда Халыққа міндетті ешқандай негізгі заң жоқ және болуы да мүмкін емес, оған тіпті Қоғамдық шарт та міндетті емес. Бұл, алайда, бүтін ретінде Халық осынау Шарттың қағидаларын бұзбайтын өзгелер жөнінде ондай міндеттемелер қабылдай алмайды деген сөз емес, өйткені ол жатжұрттық жөнінде кәдімгі тіршілік иесі, индивидуум ретінде бой көрсетеді. Бірақ өзінің тіршілігі үшін тек Шарттың қасиеттілігіне қарыздар Саяси организм яки егемен ешқандай жағдайда да, тіпті басқаға қатысты болса да, сол бастапқы актыға титімдей де қайшы келетін, мысалы, өзінің әйтеуір бір бөлшегін шығарып тастау немесе өзін басқа егеменге бағындыру секілді міндеттеме қабылдай алмайды. Өзінің тіршілігі соның арқасында мүмкін болған актыны бұзу өзін өзі құрту болып шығар еді, ал жоқтан бар ешқашан пайда болмайды. Осындай жолмен осынау адамдар бұқарасы бір бүтінге біріккен бойда, сол бүтінге қиғаш келмей оның бірде-бір мүшесіне зиян тигізу мүмкін емес, мұның үстіне оның мүшелері сезбейтіндей етіп бүтінге зиян тигізе алмайсың. Демек, парыз да, пайда да шарттасушы екі жақты бірбіріне өзара көмектесіп отыруға міндеттейді; ендеше бір ғана адамдар осынау екі жақты қатынаста бірігу өздеріне беретін барлық артықшылықтарын пайдалануға ұмтылуы тиіс. Сонымен, егемен, тек жеке адамдардан құралатындықтан, оның осынау адамдардың мүддесіне кереғар келетін мүддесі жоқ және болуы да мүмкін емес, демек егеменнің жоғарғы билігі бодандар алдында ешқандай кепілге мұқтаж емес, өйткені организмнің өзінің барлық мүшесіне зиян келтірмегі мүмкін емес; және біз алда соло организмнің жекелеп алғанда олардың бірде-біреуіне зиян тигізе алмайтынын көреміз. Егемен өзінің тіршілік етуінің пәрменімен әрқашан өзі болуға тиісті нәрсе бола береді. Бірақ бодандардың егеменге қатысына келгенде гәп басқаша; ортақ мүддеге қарамастан, егемен үшін, ол бодандарының өзіне адалдығын
қамтамасыз ету құралдарын таба алмаса, олардың өз міндеттемелерін орындауына ештеңе кепіл бола алмас еді. Шынында да, әрбір индивидуумдар адам ретінде ерекше ырық бола алады, бұл ырық, ол азамат ретінде ие болатын ортақ ырыққа кереғар немесе ұқсас болуы мүмкін. Оның жеке мүддесі ортақ мүдде талап ететіннен өзгеге итермелеуі мүмкін. Оның жаратылыстық тәуелсіз тіршілігінің өзі оны ол отақ іске қосуға тиіс нәрсені қайтарымсыз тарту, оның жасалмауы басқаларға байқалмайды да, ал мен үшін ол тарту қымбатқа түседі деп ойлауға мәжбүр ете алады, және егер ол Мемлекет түріндегі заңды тұлғаны, ол адам болмағандықтан дерексіз нәрсе деп қарастырса, боданның міндеттерін орындағысы келмей, ол азаматтың құқықтарын пайдаланар еді; және осынау әділетсіздік ушыға келе, Саяси организмнің түбіне жетер еді. Сонымен, қоғамдық келісім бос сөз болып қалмас үшін, ол өзіне барлық басқа міндеттемелерге күш-қуат бере алатын бір міндеттемені жымын білдірмей кіргізеді: егер әлдекім ортақ ырыққа бағынудан бас тартатын болса, мұндай бағынуға ол бүкіл Организммен мәжбүр етіледі, ал мұның мәнісі оны бостан болуға күшпен көндіреді деген сөз. Өйткені әрбір азаматты Отанға бағындыра отырып, осы арқылы бір мезгілде оны кезкелген жеке тәуелсіздіктен сақтандыратын шарт сондай. Бұл шарт саяси машинаның құпиясы әрі қозғаушы күші, және азаматтық қоғамдағы міндеттемелерді тек сол ғана заңды етеді, онсыз міндеттемелер мәнсіз, тирандық болып, тым сұмдық қиянаттарға жол ашып берер еді.
VІІІ тарау
Азаматтық ахуал туралы
Жаратылыстық ахуалдан азаматтық ахуалға осынау көшу адам бойында едәуір өзгеріс жасайды, оның құлқындағы инстинктті әділетпен алмастырады және оның қарекеттеріне бұрын болмаған инсанияттық сипат
береді. Парыз үні нәпсі құмарлығын, ал құқық пиғылды алмастырғанда ғана осыған дейін тек өзімен ғана санасқан адам, басқа принциптерге сәйкес қарекет жасауға, өзінің бейіміне ере кетуден бұрын парасатымен кеңесуге мәжбүр болады. Бұл ахуалда ол өзіне табиғат берген көптеген артықшылықтардан айырылса да, есесіне едәуір елеулі басқа артықшылықтар алады; оның қабілеттері шыңдалып, жетіле түседі, оның түсініктері кеңейеді, оның сезімдері ізгіленеді және оның жан дүниесінің шары тай түсет - жиі өзі шыққан бұрынғы ахуалдан да төмен ахуалға ұшыратпаса, ол өзін содан біржола алып шыққан және топас та өрісі тар хайуаннан жоғары парасатты тіршілік иесі – адам жасаған сол бір бақытты сәтіне әрдайым шүкірлік жасап оытуға тиіс болар еді. Енді бүкіл осынау нәтижені бір-бірімен оңай салыстырылатын жағдайларға саялық. Қоғамдық шарт бойынша адам өзінің жаратылыстық бостандығынан және өзін қызықтыратын, өзі ие бола алатын нәрсеге шектеусіз құқығынан айрылады; есесіне ол азаматтық бостандық және қолында бардың бәріне меншік құқығын алады. Осынау есені анықтаудан қателеспес үшін шекарасы тек индивидуумның дене күші ғана болатын жаратылыстық бостандық пен ортақ ырықпен шектелетін азаматтық бостандық арасын дәл ажырату, сондай-ақ тек күш қолдану нәтижесі немесе бірінші болып келген адамның құқығы болып табылатын иелік пен тек заңды құжатқа негізделе алатын меншік арасын ажырату керек. Адам азаматтық ахуалда ие болатын нәрселер туралы айтқанымызға, моральдық бостандықты да қосуға болар еді, адамды өзіне-өзін қожайын ететін тек сол ғана; өйткені тек пиғылыңның ықпалымен ғана қимылдау бегеніміз құлдық, ал өзіңе өзің орнатқан заңға бағыну дегеніміз бостандық. Бірақ мен бұл мәселе жөнінде жеткілікті деңгейден әлдеқайда көбірек айттым, ал бостандық сөзінің философиялық мағынасын анықтау бұл арада менің міндетіме жатпайды.
ІХ тарау
Мүлік иелену туралы
Қауымның әрбір мүшесі өзін оған ол құрылған сәттен бастап, өзі сол кезде қалай болса, солай бағындырады, оған өзін де, барлық күшін де, оның құрамдас бөлігі болып табылатын дүние-мүлкін де бағындырады. Бұл сондай акт салдарынан мүлік қолдан қолға өтіп, өзінің табиғатын өзгертеді, сөйтіп егеменнің меншігіне айналады деген сөз емес. Бірақ азаматтық қауымның күші жеке адамның күшінен әлдеқайда көп болғандықтан, оның иелігі де іс жүзінде неғұрлым берік те даусыз болады, дегенмен ол, бері салғанда жатжұрттықтар түсінігінде, неғұрлым заңды бола алмайды. Өйткені Мемлекетте барлық құқықтардың қызметін атқаратын Қоғамдық шарт пәрменіне сәйкес мемлекет өз мүшелері жөнінде олардың барлық мүлкінің иесі болып табылады; бірақ басқа Державалар үшін Мемлекет жеке адамдардан өзіне көшкен мүлікті алғаш алушы ретінде ғана солай болып табылады. Бірінші болып алу құқығы, ол күштінің құқығына қарағанда, көбірек дәрежеде солай болғанымен, тек меншік құқығы бекітілгеннен кейін ғана шын құқыққа айналады. Әрбір адамның табиғаттан-ақ өзіне қажет нәрсенің бәріне ие болуға құқығы бар; бірақ оны қандай да бір мүлік иесі ететін оң құқық актысы, сол арқылы оны барлық басқа нәрсеге құқықтан айырады. Өзінің үлесін алғаннан кейін ол сонымен шектелуге тиіс және қауымға тиесілі нәрсеге оның ешқандай басқа құқығы болмайды. Жаратылыстық ахуалда соншалық тұрақсыз бірінші болып алу құқығын азаматтық қоғамға жататын әрбір адамның даусыз сыйлайтыны міне сондықтан. Бұл құқықты түсінуде құрметтелетін нәрсе басқаның мүлкінен гөрі өзіңе тиесілі емес мүлік. […]
Екінші кітап
І тарау
Егемендіктің оқшаулатылмайтындығы туралы
Жоғарыда анықталған принциптердің ең бірінші және ең басты салдары мынау: тек ортақ ырық қана Мемлекет күштерін оның құрылғандағы мақсатына сәйкес басқара алады, ол мақсат – ортақ игілік. Өйткені жеке мүдделердің қарама-қайшылығы қоғамдар құруды қажет етсе, оны мүмкін еткен нақ сол мүдделердің сәйкестендірілуі ғана. Қоғамдық байланысты құрайтын нәрсе осынау әртүрлі мүдделердегі ортақ нәрсе; барлық мүдделер түйісетін осындай нүкте болмаса ешқандай қоғам өмір сүре алмас еді. Сонымен, қоғам бір ғана осы ортақ мүддені басшылыққа ала отырып, басқарылуға тиіс. Демек, ортақ ырықтың жүзеге асырылуы ғана болып табылатын егемендік ешқашан оқшаулатыла алмайды және ұжымдық тіршілік етуден басқа ештеңе де емес егемен өз тұрпатымен ғана көрсетіле алады деп кесіп айта аламын. Билік біреуден біреуге беріле алады, бірақ ырық берілмейді. Шынында да, жеке адамның ырқы әлдебір нүктеде ортақ ырықпен үйлесетіндігі мүмкін болса, осынау үйлесімнің ұзақ әрі тұрақты болуы ешбір мүмкін емес, өйткені жеке адамның ырқы табиғатында артықшылыққа, ал ортақ ырық – теңдікке ұмтылады. Мұндай үйлесімге біреу-міреудің кепілдік беру мүмкіндігі тіптен аз, дегенмен сондай кепілдің әрқашан болғаны қажет-ақ; бұл өнердің емес, кездейсоқтықтың ісі болар еді. Егемен әбден-ақ былай деп мәлімдей алады: “Бүгін мен пәленше дегеннің қалаған немесе бері салғанда, қалаймын дейтін нәрсесін қалаймын”. Бірақ ол: “Сол адам ертең нені қалағысы келсе, мен де соны қалайтын боламын” дей алмайды – өйткені ырықтың өзін болашақ уақытқа байлап беруі оғаш нәрсе және өйткені ырқы бар біршілік иесінің игілігіне жат бірдеңеге келісу ешқандай ырыққа тәуелді болмайды. Егер халық,
осылай, бас иіп бағынуға уәде берсе, осы актысымен ол өзін өзі жояды; ол халық болудан қалады. Қожайын пайда болған сәттен-ақ –егемен жоқ; сол кезден бастап, Саяси организм жойылады. Бұл тіпті де, билеушілердің бұйрықтарына қарсы шығуға бостан бола тұрып, егемен оны істемеген жағдайда, билеушілердің бұйрықтары ортақ ырықтың білдірілуі деп санала алмайды деген сөз емес. Мұндай жағдайда жаппай үнсіздік халықтың келісуінің белгісі деп саналуы керек. Бұл төменде неғұрлым кеңірек түсіндіріледі23.
ІІ тарау Егемендіктің бөлінбейтіндігі туралы Егемендіктің оқшаулатылмайтындығы себебінің пәрменімен ол бөлінбейді де, өйткені ырық не ортақ болады, не ондай болмайды; ол бүтін ретінде халықтың, не оның бір бөлгінің ғана ырқын білдіреді. Бірінші жағдайда осынау жария ырық егемендік актысы және ол заң жасайды. Екінші жағдайда – бұл жекелеген ырық немесе магистратура актысы; бұл, әрі кеткенде, – декрет. Бірақ біздің саясаткерлеріміз егемендікті принципінде бұза алмайтындықтан, егемендікті көріністеріне қарай бөледі. Олар оны күш пен ырыққа, заң шығарушы өкімет пен атқарушы өкіметке; салық салу, қазылық жасау, соғыс жүргізу, құқығына; ішкі істерді басқару мен сыртқы қатынастарды жүргізу өкілеттігіне бөледі; олар біресе осы бөліктердің бәрін бытыстырып жібереді, біресе бірінен бірін бөліп тастайды; олар егеменнен әр жерден алынып, әртүрлі бөлшектерден құралған фантастикалық мақұылық жасайды. Бұл біреудің көзін алып, біреудің қолын алып, біреуді ң ая құрастырған адам сияқты болып шығады. Жапон көз байлаушылары көрермендердің көз алдында баланы бұтарлап тастап, содан кейін оның
23 Ырық ортақ болуы үшін оныœ бірауызды болуы ылғи да қажет емес; бірақ барлық дауыстың есептелуі қажет; кез-келген есептемеу ырықтың ортақ сипатын бұзады.
барлық мүшелерін бірінен соң бірін аспанға лақтырады – бала жерге сапсау, бүтін күйінде түседі дейді. Біздің саясаткерлеріміздің де тірлігі, шамамен, осындай: Қоғамдық организмді, жәрмеңкеге лайық фокустар көмегімен бұтарлап, олар бұдан кейін не істерін білмей, оны бөлшектерден қайта құрастырады. Бұл адасу олардың жоғарғы билік туралы дәл түсінігі жоқтығынан, тек оның көріністерін, соның өзі деп қабылдауынан туындайды. Осылай, мысалы, соғыс жариялау актысы мен бітімге келу актысын олар егемендік актылары деп қарастырады, бұл дұрыс емес, өйткені бұл актылардың әрқайсысы да заң емес, тек заңды қолдану ғана, заңды қолдау оқиғасын анықтайтын жеке сипаттағы акты ғана болып табылады, мұны біз заң сөзімен байланысты ұғым дәл анықтаған кезде айқын көреміз. Егемендікті бөліп-жарудың осындай мысалдарын ізерлей отырып, біз егемендіктің қалай бөлінгенін байқап отырған сияқты болғанымызда, біз қате жібереміз; біз егемендіктің бөлшегі деп қабылдайтын құқықтардың бәрі сол егемендікке бағынышты нәрселер екенін және олар жоғарғы ырықтың бар екенін, олар тек сол жоғарғы биліктің жүзеге асуына жол ашып беретінін көреміз. Жоғарғы билік жөніндегі соншалық жаңсақ түсініктерінің салдарынан саяси құқық туралы жазған авторлар өздері белгілеген принциптер негізінде корольдар мен бодандардың тиісті құқықтары жөнінде пікір айтпақ болғанда олардың қорытындыларының қаншалықты қойыртпақ болып шыққанын сөзбен айтып жеткізу қиын. Гроцийдің алғашқы кітабының үшінші және төртінші тарауларынан осы ғалым мен оның аудармашысы Барбейрактың өздері бітістірмек болған мүдделер туралы толық немесе жеткіліксіз айтып, оларды қақтығыстырудан қорқып, өздерінің софизмдерінде қалай бытыстырып, шатысып кететінін әркім көре алады. Өз отанына разы болмай Францияға қашып келген Гроций, өзінің кітабын арнаған ХІІІ Людовикке жағынбақ болып халықтардан олардың құқықтарын алып қойып, ол құқықтармен корольдарды барынша
шебер жарылқау үшін ештеңеден тайынбайды. Өз аудармасын Англия королі І Георгқа арнаған Барбейрак та анық соған ұмтылған. Бірақ, өкінішке қарай, ІІ Яковтың елден қуылуы (ол мұны тақтан бас тарту деп атайды) оны әртүрлі құйтұрқыларға барып, Вильгельмді билікті тартып алушы етіп көрсетуден бұлтаруға мәжбүр етеді. Егер осы екі автордың екеуі де нағыз ақиқат принциптерден айнымаса, барлық олар өздерін ылғи да дәйекті адамдар болып қала берер еді, бірақ онда олар не керек, шындықты айтып, сонысымен тек қиындықтар артта қалар еді, халыққа ғана жығар еді. Бірақ ақиқат ешқашан байлыққа бастамайды, ал халық елші қызметін де, кафедра да, зейнетақы да бермейді. […]
ІV тарау
Егеменнің жоғарғы өкіметінің шегі туралы
Егер мемлекет немесе Азаматтық қауым шартты тұлғадан басқа ештеңе емес десек, егер оның ғұмыры өз мүшелерінің одағына тәуелді десек, оның ең маңызды шаруасы өзін сақтап қалу жөніндегі қамқорлық десек, бүтін үшін ең ыңғайлы амалмен әрбір бөлікті ілгерілетіп басқару үшін оған баршаға ортақ және ынталандырушы күш керек. Табиғат әрбір адамға өз денесін игеруге шексіз билік беретіні сияқты, қоғамдық келісім де Саяси организмге өзінің барлық мүшелері үстінен шексіз билік береді де, ортақ ырықпен бағытталатын сол билік, мен айтқандай, егемендік атауына ие болады. Заңды тұлға ретіндегі қоғамнан басқа, біз сол қоғамды құратын жеке адамдардың да қаперге алуға тиіспіз, олардың өмірі мен бостандығы, әрине, қоғамға тәуелді емес. Сонымен әңгіме азаматтар мен егеменнің24 құқықтарын; сондай-ақ бұлардың біріншілері бодандар ретінде мойнына
24 Мұқият оқырман, осы арада мені қайшылыққа ұрынып отыр деп айыптауға асықпаңыз. Тілдің шорқақтығынан мен одан құтыла алмадым; шыдай тұрыңыз.
артуға тиісті міндеттер мен олардың адамдар ретінде пайдалануға тиіс жаратылыстық құқықтарын анық ажырата білу жөнінде болып отыр. Қоғамдық келісім бойынша әрбір адамның өз күшінен, мүлкінен және бостандығынан бөлетін нәрсенің бәрі қауым үшін елеулі маңызы бар нәрселердің тек бір бөлігін ғана құрайтындығына бәрі келіседі. Мұнымен барша келіседі; бірақ сондай-ақ сол маңызды қаншалық екендігін тек егемен ғана саралай алатынымен келісу керек. Азамат Мемлекетке қызмет ете алатын нәрсенің бәрін егемен соны талап еткен бойда беруге тиіс, бірақ егемен, өз тарапынан, бодандарына қауымға пайдасыз нәрсені жүктей алмайды; ол тіпті мұны қалай да алмайды, өйткені парасат заңының пәрменімен де, жаратылыстық заң пәрменімен де себепсіз ештеңе де жасалмайды. Бізді оғамдық организммен байланыстырып тұратын міндеттемелердің мызғымастығы олардың өзара ықпалында және олардың табиғаты сондай, оларды орындай отырып, өзіңнің де пайдаңа қарекет етпей басқаның пайдасына да қарекет ете алмайсың. Ортақ ырық әрқашан тікелей бір мақсатқа неліктен бағытталған және барлық адамдар олардың әрқайсысының бақытының тілеуін неліктен тілейді? Өйткені осынау әрқайсысы деген сөзді өзіне қатысты деп білмейтін және баршаның мүддесі үшін дауыс бере отырып, өзін ойламайтын ешкімнің жоқтығында емес пе? Бұл құқықтардың тең болуы және содан туындайтын әділет жөніндегі түсінік әркім өзін-өзі артық көретіндігінен, демек адамның өз табиғатынан өрбитіндігін; ортақ ырық, ол шын мәнінде солай болуы үшін, өзінің мақсаты бойынша да, мән-мағынасы бойынша да шын мәнісінде ортақ болуы тиіс екендігін; ол баршаға қатысты болуы үшін баршадан шығуы тиіс екендігін, егер ол қандай да бір жеке және қатаң шектелген мақсатқа ұмтылса оған табиғаттан төл сара бағыттан айрылып қалатынын дәлелдейді, өйткені біз өзіміз үшін бөгде туралы шешім қабылдағанда, бізге ешқандай да теңдіктің ақиқат принципі басшылық жасамайды.
Шынында да, ортақ және алдыңғы келісіммен көзделмеген қандай да бір факт яки бірдеңеге жеке құқық туралы әңгіме басталған бойда, іс даулы болып шыға келеді. Бұл – мүдделі адамдар бір жақ, бүкіл халық бір жақ болып шыға келетін процесс, бірақ бұл процестен мен ұстануға тиіс заңды да, белгілі бір шешім шығаруға тиісті әділ қазыны да көре алмаймын. Сонда осы мәселе жөнінде ортақ ырық қабылдаған шешімге сілтеме жасау күлкілі болар еді, ол шешім тараптардың бірі ғана қабылдаған, демек, басқа тарап үшін тек бөгде, жеке, ретте әділетсіздікке дейін жеткізілген және адасуларға апарып соқтыратын ырық болып шығар еді. Сондықтан, жеке ырық ортақ ырықты көрсете алмайтыны секілді, өз кезегінде ортақ ырық та, егер ол жеке мақсатты көздесе, өз табиғатын өзгертеді де, ортақ ырық ретінде қандай да бір жеке адам жөнінде де, қандай да бір факт жөнінде де шешім шығара алмайды. Афина халқы, мысалы, өзінің билеушілерін атағанда немесе алып тастағанда, біреуге құрмет көрсетіп, екінші біреуге жаза бұйрығанда; толып жатқан жеке декреттер көмегімен Үкіметтің барлық міндеттерін атқарғанда халық өзінің төл мағынасындағы ортақ ырық болған жоқ; ол егемен ретінде емес, магистрат ретінде қарекет еткен. Бұл жалпы жұрт мойындаған түсінікке кереғар секілді көрінеді, бірақ менің өз түсінігімді баяндай алуыма мұрсат етіңіздер. Осыған сүйене отырып, мойындау керек: ырықты ортақ ететін дауыс саны емес, дауыс берушілерді біріктіретін ортақ мүдделер, өйткені құрылыс жүйесі солай болғанда әркім қажетіне қарай ол басқалар үшін де міндетті ететін шарттарға бағынады: бүл жерде пайда мен әділет тамаша үйлеседі де, баршаға қатысты істер жөніндегі шешімдерге теңдік сипатын береді, бұл теңдік кез-келген жеке істі қараған кезде, қазының ережелерін дауласқан жаұтың ережелерімен біріктіретін және сәйкестендіретін ортақ мүдде болмағандықтан, жойылып кетеді. Біз негізгі принципке қай жағынан өрлесек те, әрқашан бір ғана байламға келеміз, атап айтқанда: қоғамдық келісім азаматтар арасында олардың бәріне бір ғана шарт бойынша міндеттеме қабылдауға және бәрі
бірдей құқықпен пайдалануға тиіс болатындай теңдік орнатады. Осылайша, осы келісімнің табиғаты бойынша, егемендіктің әрбір актысы, яғни ортақ ырықтың кез-келген шынайы актысы барлық азаматтарға бірдей міндеттеме жүктейді, барлығына бірдей құқық береді; сондықтан егемен бүтін ретінде Ұлтты ғана біледі, және оны құрайтындардың бірдебірін ажыратпайды. Егемендік актысы дегеніміз шындап келгенде не? Бұл жоғары тұрғанның төмен тұрғанмен келісімі емес, Бүтіннің өзінің әрбір мүшесімен келісімі; бұл заңды келісім, өйткені оның негізі – Қоғамдық келісім; ол әділ келісім, өйткені ол баршаға ортақ; ол пайдалы келісім деп есептеледі, өйткені онда ортақ игіліктен басқа болмайды; ол берік келісім, өйткені оның кепілі қоғамның бүкіл күші мен жоғарғы билік. Бодандар тек осындай келісімге ғана бағынатын кезде, олар өз ырқынан басқа ешкімге бағынбайды; және тиісінше егемен мен азаматтар құқықтарының шегі қандай дейтін сұра қою – олар өздеріне – әркім барша жөнінде, барша олардың әрқайсысы жөнінде қабылдай алатын міндеттеменің шегі қандай деген сұрақ қою. Бұдан шығатын қорытынды мынау: жоғарғы өкімет, ол қаншама шексіз, қасиетті, ұлық болса да, ортақ келісімнің шегінен шықпайды және шыƒа алмайды; әрбір адам осы келісім оның өзінің мүлкі мен бостандығынан бергенді қалауынша пайдалана алады; демек бодандардың біреуіне бақасынан артық міндеттеме жүктеуге егеменнің ешқандай хақысы жоқ. Өйткені олардың арасындағы талас жеке сипатқа ие болады, сондықтан егеменнің билігі бұл арада енді құзырсыз. Біз осындай айырмашылықтарға жол берген екенбіз, демек Қоғамдық шарт жеке адамдардан іс жүзінде әлде нелерден бас тартуды талап етеді деп кесіп айту барынша бұрыс болар еді. Осынау шарттың күшіне кіруі нәтижесінде жеке адамдардың жағдайы іс жүзінде бұрын өздері болған күйінен біршама жақсы болады, өйткені олар әлденені бөліп бермейді, қайта өздеріне пайдалысын істеп, белгісіздік пен кездейсоқтыққа толы өмір салтын басқа, жақсы да неғұрлым сенімді өмір салтына;
жаратылыстық тәуелсіздігін – бостандыққа; басқаға зиян тигізу мүмкіндігін – өзінің қауіпсіздігіне; басқа біреудікі артық болып ышғуы мүмкін өзінің күшін қоғамға бірігу еңсерілмес ететін құқыққа алмастырады. Олардың Мемлекетке сеніп тапсырған өмірінің өзін ол ұдайы қорғалап отырады, және олар оны қорғау үшін өз өмірін қатерге тіксе, олар сонысымен мемлекеттен алғанын қайтарғаннан басқа бірдеңе істегені ме? Олар егер амалсыз шайқасқа кірісіп, өз өміріне төнген қатерге, оның сол өмірін сақтауға қызмет ететін мемлекетті қорғайтын болса, олар жаратылыстық ахуалда одан да көбірек және көбірек қатермен жасағаннан артық не жасапты? Рас, бәрі де өзі үшін шайқасуға тиіс. Және біз өзіміздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін нәрсе үшін күрескенде біз сол қауіпсіздіктен айрылған бойда ұшырайтын қатердің бір бөлігін кемітіп, ұтып шықпаймыз ба?
V тарау
Өлім мен өмір сүру құқы туралы
Өз өміріне билік жүргізуге құқығы жоқ жеке адамдар нақ өзінде жоқ құқықты егеменге қалайша бере алады? – деген сұрақ қойылады. Бұл сұраққа жауап беру қиын болып көрінетіні оның дұрыс қойылмағандығынан. ¤з өмірін сақтап қалу үшін кез-келген адам қатерге бас тігуге хақылы. ¤рттен аман қалу үшін терезеден секіріп кеткенде, ол өзін-өзі өлтіруге тырысқаны үшін жазықты деп қашан саналып еді? Теңізге шығар кезінде дауылдың жақындап қалғанын білсе де аттанып, сонда ажал құшқан осындай қылмыс жасады деп айыптағанды қашан есітіп едіңіз? Қоғамдық шарт мақсаты – уағдаласушыларды аман-есен сақтау. Кімде-кім мақсатқа жеткісі келсе, соған жетудің амалдарын да қолданады,
бірақ ол амалдарда қауіп-қатер де, тіпті кейбір шығын да болады. Өз өмірін басқалардың есебінен сақтағысы келетін адам, қажет кезінде өз өмірін басқалар үшін беруге де дайын болуы керек. Сонымен Заң азаматты қауіп-қатерге тігуге ұйғарса, онда сол қатер жөнінде ойланып жатуға мұрсат жоқ және тақсыр оған: “Мемлекетке сенің өлуің қажет”, – ол өлуге тиісті, өйткені ол осындай шарт бойынша осы уақытқа дейін қауіпсіз өмір сүріп келді, өйткені өмірі табиғаттың шарапаты ғана емес, белгілі бір шартпен Мемлекеттен алынған сый да. Қылмыскерлерге қолданылатын өлім жазасы да, шамамен, осы тұрғыдан қарастырыла алады: кісі өлтірушінің құрбанына айналмау үшін адам өзі кісі өлтіруші бола алатын болса ғана, өлуге келіседі. Осы шартқа сәйкес, µзінің төл өмірін билеп-төстеу құқығы болмаса да адамдар оны қауіпсіз етуге ұмтылады; уағдаласушылардың бірі өзін дарға асуға күнілгері ұйғарды деп санамауға тиіспіз. Айтпақшы қоғамдық ахуал заңына қастық жасайтын әрбір қылмыскер, µзінің қылмыстарының себебінен бүлікшіге, отанына опасызға айналады; егер ол оның заңдарын бұзса, оның қоғам мүшесі болудан қалады; тіпті ол оған қарсы соғыс жүргізіп жатқан күнде де. Сонда Мемлекетті сақтап қалу оның өмірін сақтап қалумен сыйыспайды; екеудің бірі ажал құшуы керек, ал жазықтыны өлтірген кезде, оны азамат ретінде емес, жау ретінде өлтіреді. Сот процедурасы, үкім – оның оғамдық шартты бұзғандығының айғағы және солай деп танылғаны, демек, ол енді Мемлекеттің мүшесі емес. Бірақ ол өзін соның мүшесімін деп танығандықтан, бері салғанда сондай мүше болғандығымен танығандықтан ол не келісімді бұзуші ретінде аластау, не қоғамның жауы ретінде өлім жазасы жолымен мемлекеттен шығарып ттасталуға тиіс. Өйткені мұндай жау – шартты кісі емес, ол – адам болғандықтан соғыс құқығы бойынша жеңілгенді өлтіруге болады. Бірақ, дейді маған, қылмыскерді сот арқылы жазалау жеке сипаттағы акт. Келісемін: өйткені соттау құқығы тіпті де егеменнің қолында емес; бұл
– өзі жүзеге асыратын ахуалда болғандықтан, басқаға бере алатын құқық. Менің барлы ойларым бір-бірімен байланыста, бірақ мен олардың бәрін бірден баяндап бере алмаймын. Мұның үстіне, жиі өлтіру – қашан да Үкіметтің әлсіздігінің немесе берекесіздігінің белгісі. Әйтеуір бірдеңеге жарайтын етуге болмайтын жауыз жоқ. Біз тек тірі қалдыру қауіпті болатын адамды ғана, өзгелерге сабақ болуы үшін, өлтіруге хақылымыз. Ал кешіру немесе жазықтыны Заң бойынша тмесілі және қазы белгілеген жазадан босату құқығына келсек, ол қазыдан да, Заңнан да жоғары тұрғанның, яғни егеменнің ғана қолында; бірақ оның бұл құқығы әлі жеткілікті анық емес, оны қолдану жағдайлары да тым сирек. Жақсы басқарылатын Мемлекетте өлім жазасының аз болатыны, жиі кешірім жасалатындығынан емес, онда қылмыскерлердің аздығынан; құлдырау бастаған Мемлекетте қылмыстың көптігі оларды жазасыз етеді. Рим Республикасында Сенат та, консулдар да кешірім жасау құқықтарын ешқашан пайдалануға тырыспаған. Мұны халы , кейде өз шешімдерін өзгертіп отырса да, істемеген. Жиі-жиі кешірім жасалу көп ұзамай қылмыскерлер оған мұқтаж болмайтынын, алдын ала аңғартады, ал мұның арты неге апарып соғары кім көрінгенге белгілі. Бірақ мен жүрегім атқақтап, қаламымды тежеп отырғанын сеземін; бұл мәселелерді талқылауды ешқашан қиыс баспай және өзі ешқашан кешірімге мұқтаж болмаған әділ адамға қалдырайық.
VІ тарау
Заң туралы
Қоғамдық келісіммен біз Саяси организмге тіршілік пен ендігі әңгіме заңдар көмегімен оны қозғалысқа келтіріп, ырық беру жөнінде. Өйткені осынау организмді құрып, біртұтас организмге айналдыратын бастапқы
акт оның өзін сақтау үшін ол істеуге тиіс нәрсенің ешқайсысын әлі анықтап бермейді. Игілік деген не, реттілікке не сәйкес дегенге келсек, олар табиғаты жағынан солай және адамдар арасындағы келісімге тәуелді емес. Әділет атаулы – Құдайдан, Ол – соның бірден-бір қайнар көзі; бірақ біз әділетті Жаратқанның тікелей өзінен ала білетін болсақ, онда біз үкіметке де, заңдарға да мұқтаж болмас едік. Сөз жоқ, тек парасаттан туындайтын жалпыға бірдей әділет деген бар, бірақ біз оны қабылдау үшін ол әділет өзара болуға тиіс. Егер мәселеге адами көзбен қарайтын болсақ, жаратылыстық рұқсат болмағандықтан әділет заңдары адамдар арасында дәрменсіз; олар тек арамға игілік, адалға қасірет әкеледі, егер сор адал адам сол әділетті жұрттың бәрімен қатынаста сақтаған күнде де, онымен қатынаста оны ешкім сақтамайды. Демек, құқықтар мен міндеттерді біріктіріп, әділетті оның өз тақырыбына оралту үшін келісімдер мен заңдар қажет. Бәрі де ортақ жаратылыстық ахуалда мен ешқандай уәде бермеген адамға, ештеңе қарыз емеспін; өзіме керек емес нәрсені ғана өзгенікі деп білемін. Барлық құқықтар Заңмен белгіленген азаматтық ахуалда мүлдем басқаша. Бірақ, сайып келгенде, заң дегеніміз не? Адамдар бұл сөзге метафизикалық ұғым беруді тоқтатпайынша, біз өзіміздің талғамдарымызда бұрынғысынша бір-бірімізді түсінбейтін боламыз; тіпті бізге табиғат заңы дегеннің не екенін түсіндіріп бергеннің өзінде, біз соның арқасында Мемлекет заңы дегеннің не екенін жақсыраұ түсіне қоймаймыз. Ортақ ырық жеке нәрсе туралы пікір білдіре алмайтынын мен айтқанмын. Шынына келгенде, ол жеке нәрсе Мемлекеттің өз ішінде не одан тысқары тұрады. Егер ол Мемлекеттен тысқары болса, онда оған өгей ырық ол үшін тіпті де ортақ бола алмайды; ал егер сол нәрсе Мемлекеттің ішінде болса, ол Мемлекеттің бір бөлігін құрайды: сонда бүтін мен бөлшектің арасында екеуін дара екі нәрсе етіп жіберетін қатынас орнайды;
біреуі – бөлшек, екіншісі – бөлшексіз бүтін. Бірақ бүтіннен бөлшекті алып тастасақ, ол тіпті де бүтін емес; осындай қатынас орын алып тұрғанда, бүтін жоқ, тең емес екі бөлік қана бар; осыдан келіп, олардың бірінің ырқы екіншісі үшін тіпті де міндетті бола алмайды. Бірақ бүкіл халық бүкіл халыққа қатысты шешім шығарғанда, ол өзін ғана қарастырады, және егер сонда қатынас пайда болса, онда бұл – бір көзқарас тұрғысынан қаралатын бүтін нәрсенің, екінші бір көзқарас тұрғысынан қаралытн бүтін нәрсеге қатынас, мұндайда осынау бүтін ешқандай бөлініссіз қарастырылады. Міне сонда өзі турасында шешім қабылданған нәрсенің мәнісі де, сол шешімді шығарған ырық та ортақ сипатта болады. Нақ осы актты мен заң деп атаймын. Мен заңдар тақырыбы әрқашан ортақ сипатта дегенде, Заң бодандарды бүтін ретінде, қарекетті – оқшау нәрсе ретінде қарастыратындығын, бірақ адамды ешқашан индивидуум немесе жеке қылық ретінде қарастырмайтындықтан айтамын. Осылайша Заң артықшылықтар болады деп әбден белгілей алады, бірақ ол сол артықшылықтарды ешқандай нақты адамға бере алмайды; Заœ азаматтардыœ бірнеше табын жасай алады, тіпті, сол таптардың әрқайсысына жату құқығын беретін белгілерін де белгілей алады; бірақ ол мынадай-мынадай адамдар мынадай-мынадай тапқа жатады деп көрсетіп бере алмайды; ол Корольдік басқару енгізіп, тәжді мұрагерлік ете алады; бірақ ол корольді сайлай да алмайды қандай да бір отбасын патшалық етуші отбасы деп жариялай да алмайды – қысқасы, объектісі жеке сипаттағы кез-келген қарекет зың шығаруын өкіметке қатысты болмайды. Осыны анықтап алғаннан кейін, заңдарды кім жасауы керек, өйткені олар ортақ ырық актылары ғой; тақсыр заңдардан жоғары тұра ма, өйткені ол Мемлекет мүшесі ғой; Заң әділетсіз бола ала ма, өйткені ешкім өзіне өзі әділетсіз бола алмайды ғой: бостан бола тұрып, қалайша заңдарға бағынуға болады, өйткені олар шындап келгенде біздің ырқымызды білдірудің
жазбаша түрі ғана ғой – деген сұрақтарды қоюдың өзі орынсыз екендігін бірден түсінеміз. Бұлардан көрінетін тағы бір нәрсе мынау: Заңда ырықтың және оның тақырыбының жалпыға бірдей сипаты ұштасуға тиіс болғандықтан әлдеқандай жеке тұлғаның мейлі ол кім болса да, өз бетімен шығаратын өкімдері қандай түрде де заң бола алмайды. Тіпті егемен жеке мәселе жөнінде бұйыратыны да заң емес, декрет қана; және егемендік актысы емес, магистратура актысы ғана. Осылайша, мен Республика деп, оны басқару тұрпаты қандай болса да, заңмен басқарылатын кез-келген Мемлекетті атаймын; өйткені сонда ғана Мемлекетті ортақ мүдде басқарады да, ортақ игілік деген сөзде мән болады. Заң арқылы кез-келген басқару25 республикалық басқару: ал Басқару дегеннің не екенін мен кейінірек түсіндіремін. Заңдар, сайып келгенде, азаматтық ассоциацияның шарттары ғана. Заңдарға бағынатын халық сол заңдарды жасаушы да болуға тиіс: ассоциацияға кіргендер ғана бірлесіп өмір сүру шарттарын белгілей алады. Бірақ олар мұны қалай белгілейді? Кенеттен келген шабытқа еріп, ортақ келісіммен бе? Саяси организмде оның ырқын білдіретін орган бар ма? Оның ырқының көріністері актыларға айналып, олардың күн ілгері жариялануы үшін қажет алды-арты шола білуді оған кім береді? Олай болмаса, оларды ол дер сәтінде қалай жариялай алады? Өзіне не керек екенін көбіне біле бермейтін, өзіне не пайдалы екенін білмейтін көрсоқыр тобыр заңдар жүйесін жасау секілді соншалық ұлы да қиын істі қалай атқармақ? Өздігінен халық қашан да игілікті қалайды, бірақ оның неден тұратынын ол әман біле бермейді. Ортақ ырық әманда дұрыс та тура бағытталады, бірақ оған жетекшілік ететін шешімі әманда ойдағыдай бола бермейді. Оған болмысты бұрмаламай көрсету кейде оған қалай елестесе, солай көрсету керек; өзі іздеп жүрген сара жолды көрсету керек; оны осы
25 Бұл сөзді мен тек Аристократия немесе Демократия емес, Заң көрінісі болып табылатын ортақ ырықпен басқарылатын кез-келген Басқаруды айтамын. Үкімет заңға сәйкес болуы үшін ол өзін егеменмен шатастырып алмауы керек, қайта соның қызметшісі болуы керек: сонда тіпті Монархия да – Республика. Бұл келесі кітаптан айқын болады.
жолдан тайдырып жіберетін жеке адамдар ырқынан қорғау керек; оған елдер мен дәуірлер арасындағы байланысты ашып көрсету керек; таяу да анық сезілетін пайданың ұнамдылығы мен қашық және жасырын қасіреттердің қауіптілігін теңдестіре алу керек. Жеке адамдар игілікті көреді, бірақ бас тартады, халық игілікті қалайды, бірақ оның неде екенінен бейхабар. Баршаға бірдей жетекші керек. Жеке адамдарды өз ырқын өз парасатын үйлестіруге міндеттеу керек, халықты өздеріне керегін білуге үйрету керек. Сонда халықтың көзін ашудың нәтижесі парасат пен ырықтың Қоғамдық организмдегі одағы болады; бөлшектердің дәл өзара ықпалдастығы, бәрінің түйіні ретінде бүтіннің қордаланған күші осыдан шығады. Заң шығарушыға мұқтаждықты туындататын міне осы.
VІІ тарау
Заң шығарушылар, мемлекеттер және халықтар тағдыры туралы
Бірлесіп өмір сүрудің халықтарға лайық ең жақсы ережелерін ашу үшін адамдардың барлық нәпсіқұмарлығын көре білетін, өзі олардың бірде-біріне қызықпайтын; біздің табиғатымызбен ортақ ештеңесі жоқ, бірақ оны мінсіз білетін; өз бақыты бізден тәуелсіз, бірақ бәрібір біздіœ бақытымызбен айналысуға келіскен; ақыр соңында өз даңқының салтанат құруын алыс болашаққа қалдырып, бір ғасырда аянбай еңбек етіп, оның жемісін басқа ғасырда-ақ көруге дайын асқар ақыл керек. Адамдарға заңдар беру үшін Құдайлар керек болар еді... Критте жақсы заңдар және жаман адамдар болғаны сондықтан, Минос міне көп сол халықтың арасында тәртіп орнатуға кірісті ғой. Жер бетінде ешқандай жақсы заңға төзе алмайтын мыңдаған халықтар дәурен сүрген; ал оған ыңғай беретін халықтар өзінің бүкіл тарихында бұған аз ғана кезеңді қия алған. Халықтардың көпшілігі, адамдар секілді, тек жастық шағында ғана қабылдағыш, қартая келе олар түзелмейтін болады. Салттар орнығып, соқыр сенімдер тамыр жайып алған кезде
оларды өзгертуге тырысу қауіпті де бос әурешілік болар еді; халық тіпті өзінің сырқатына жанап кетуге де төзбей, оларды дәрігерден зәресі ұшып кететін ақылсыз да қорқақ адамдар секілді бірдеңе қылып өздері жазылып кетпек болады. Бірақ бұл, адамның басын мәңгіртіп, өткеннің бәрін ұмыттырып жіберетін ауру тәрізді, кейбір дағдарыстар индивидуумдарға қалай әсер етсе, Мемлекеттер тарихында да төңкерістер халықтарға солай әсер ететін дүрбелеңдер болмайды; ұмытып қалудың орнына өткеннің сұмдықтары еске түскен кезде және азамат соғыстарының өртіне шарпылған Мемлекет, былайша айтқанда күл-қоқыстан дүр сілкіне көтеріліп, ажал құшағынан құтылып, қайтадан жасарып, құлпырып кетпейді деген сөз емес. Ликург тұсындағы Спартада, Тарквинийлерден кейінгі Римде солай болған, біздің кезіміздегі заманымызда тирандар қуып жіберілгеннен кейін Голландия мен Швейцарияда солай болған. Бірақ мұндай оқиғалар сирек: себебі сондай Мемлекеттің табиғатында жататын ерекше жағдайлар. Олар бір халықтың өмірінде екі рет қайталанбас та еді; өйткені ол тек тағылық ахуалында болғанда ғана бостан болып шыға алады, бірақ азаматтық құлшыныс әлсіреген кезде оның бұған дәрмені жетпейтін болады. Ондай жағдайда бұлғақтар ондай халықты жойып жіберуі мүмкін, енді оны төңкеріспен қалпына келтіре алмайсың; оның бұғауы тас-талқан етілген бойда, ол өзінен өзі ыдырап, халық ретінде өмір сүруден қалады. Осыдан бастап оған азаткер емес, билеп-төстеуші керек. Бостан халықтар, естеріңде болсын: “Бостандықты жеңіп алуға болады, бірақ оған жаңадан ие бола алмайсың”. Жастық шақ – балалық шақ емес. Адамдар сияқты, халықтарда да жастық ша , қажет десеңіз, кәмелеттік ша болады, оларды заңдарға бағындырудан бұрын сол шақтың келуін күту керек. Бірақ халықтың кәмелетке толғанын әрқашан ажырата қою оңай емес; егер заңдарды уақтысынан бұрын енгізсең барлық еңбегіңнің зая кеткені. Бір халық тумысынан зирек, енді біреуі он ғасыр өтсе де ондай бола алмайды.
Орыстар ешқашан шын өркениятты бола алмайды, өйткені олар өркениятқа тым ерте тартылды. Петрде еліктеушінің таланты болды, онда шынайы кемеңгерлік жоқтан бар жасайтын кемеңгерлік болған жоқ. Ол істегеннің кейбірі оларға тәп-тәуір-ақ болды, бірақ көп бөлігі орынсыз еді. Ол өз халқының жабайы екендігін түсінді, бірақ ол оның азаматтық қоғам жарғысын қабылдауға пісіп-жетілмегенін мүлдем ұқпады. Ол өзінің халқын бірден оятып, мәдениетті етпек болды, ал дұрысында мұның қиындығына оны әлі үйретіп алуы керек еді. Ол әуелі неміс, ағылшын, жасағысы келді, орнына орыс жасаудан бастау керек еді. Ол өз бодандарының әлі болмағанын болды деп сендіріп, әйтеуір бір кездерде бола алатыны болуына кедергі жасады. Мәселен ұстаз-француз өзінің шәкіртін бала шағында жарқырап көрініп, кейін түкке татымайтын біреу болып шығуына тірбиелейді. Ресей империясы Еуропаны, бағындырып алғысы келеді – болашақта өзі бағынышты болып қалады. Оның боданы немесе көршісі болып отырған татарлар оның да, біздің де билеушілерімізге айналады. Бұл төңкеріс маған сөзсіз болатын сияқты көрінеді. Еуропаның барлық корольдері ауыз жаласып, сол уақыттың жақындауына жәрдемдесуде.
VІІІ тарау
Жалғасы Дене бітімі жақсы жаратылған адамның бойы өсуіне табиғат белгілі бір шек қоятыны, ол шектен тыс тек ұзынтұралар немесе мыртықтар жасайтыны секілді, Мемлекеттің жақсылап құрылуы үшін оның көсілуінің де ол ие бола алатын шектері бар, ол жақсы басқарылуы үшін тым далайып та кетпеуі, өз тіршілігін өз күштерімен қорғай алатын ахуалда болуы үшін тым кішкентай да болмауы керек. Әрбір Саяси организм үшін өз күшқуатының максимумы болады, ол сол шектен асып кете алмайды, ал асып кетсе, көбіне алшақтай түседі. оғамдық байланыс неғұрлым ұзара түссе,
соғұрлым әлсірей береді; жалпы шағын Мемлекет үлкен мемлекеттен салыстырмалы түрде күштірек. Бұл ереженің дұрыстығын мыңдаған дәлелдер қуаттайды. Біріншіден, ұзын сырықтың басындағы зат неғұрлым ауыр болатыны секілді ара қашықтық ұзақ болса, басқару да қиындай түседі; Басқару сатылары көбейген сайын ол сондай-ақ неғұрлым қымбатқа түседі. ¤йткені әрбір қалада өз басқару органдары бар, олар халықтың мойнында; әрбір округта өз басқаруы бар – олар да халықтың мойнында; әрбір провинцияда да солай; одан әрі ірі губерниялар, уәлаяттар, вице-корольдіктер келеді, оларды асырап-ұстац біз жоғарғылаған сайын қымбаттай береді, оны да сол бақытсыз халық көтереді; ақыр соңында ең жоғары басқарудың кезегі келеді, ол бәрін опыра береді. Мұндай обыр жылу бодандарды ұдайы тұралата түседі: олар осынау әрқилы басқару органдарымен басқарылу былай тұрсын, қайта оның бір ғана органы болғаннан нашар басқарылады. Сөйтіп төтенше жағдайлар үшін қажет қаржы да болар-болмас қана қалады; сол қаржы қажет болып қалған жағдайда, Мемлекет ылғи да жұтау шегіне тап болады. Тек бұл ғана емес: Үкіметтің заңдарды сақтауға мәжбүрлеуге, қысымға жол бермеуге, қиянатты жазалауға, қиыр шеттерде бұрқ ете қалуы мүмкін бүліктердің алдын алу үшін күші де қарекет жылдамдығы да жетпей қалады; халық та өзі ешқашан көрмейтін басшыларына, оның көзіне бүкіл әлем тәріздес ұшы-қиырсыз отанына да, көпшілігі өзіне жат отандастарына да жақындығын азайтады. Айна-қатесіз бірдей заңдар әдетғұрпы әрқилы, климаттық жағдайы мүлдем кереғар, сондықтан да бірдей басқару түрлеріне жол бермейтін әрқилы провинцияларға жарамайды. Әрқилы заңдар бодандар арасында тек бұлғақ пен берекесіздік туғызады: бір ғана басшыларының құзырында өмір сүретін, ылғи да бір-бірімен араласып тұратын олар, бір жерден екінші жерге көшеді немесе басқа салттарға бағынатын адамдармен некелеседі, нәтижесінде бодандар өздерінің игіліктері шынымен өздерінікі ме, жоқ па, соны біле бермейді.
Ең жоғары басқарудың тұрған орны бір жерге шоғырландыратын, бірбірімен таныс емес, толып жатқан адамдар ішінде таланттар көміледі, жақсылық ұмытылады, жамандық жазаланбайды. Шаруасы шаш-етектен билеушілер өз көзімен ештеңе көрмейді – Мемлекетті шенеуніктер басқарады. Сөйтіп енді орталық µкіметтің беделін сақтап қалу үшін айрықша шараларды жүзеге асыру қажет болады, өйткені алыс аймақтардағы оның толып жатқан өкілдері де оған бағынудан бас тартуға, оны алдауға тырысады; бұл шаралар қоғамның бар шаруасын жайына қалдырады; халықтың қамын ойлауға күш жетпейді; ол ділгірлік туа қалса оны қорғауға әрең жетеді; сөйтіп кереметтей ұлғайып кеткен организм өзінен-өзі іріп-шіріп, өз салмағынан өзі жаншылып өлуге айналады. Екінші жағынан, Мемлекет нық тұруы үшін, тап болуы мүмкін ауыр дүрбелеңдерге ойдағыдай төтеп бере алуы үшін, өзінің тіршілігін қамтамасыз етуге сөзсіз қажет күш-жігер салмағына төзе алуы үшін өзіне сенімді негіз жасап алуы керек... Ең алдымен ұмтылатын нәрсе – кінаратсыз, берік құрылыс; үлкен аумақ беретін қаржыдан гөрі, жақсы басқару тұрпатынан күшке көбірек үміт артылуға тиіс. […]
X тарау
Жалғасы
Саяси организмді екі тәсілмен, атап айтқанда: жер көлемімен және халық санымен өлшеуге болады; осы екі өлшемнің арасында Мемлекетке қажет жер көлемін анықтауға мүмкіндік беретін ара қатынас жатады. Мемлекетті құрайтын – халық, ал халықты асырайтын – жер. Енді осы екеуінің ара қатынасына келетін болсақ, жер көлемі Мемлекет халқын асырауға мүмкіндік беретіндей, ал халық саны елдегі жер көлемінің оларды азық-түлікпен қоректендіре алатындай болуы керек. Міне осындай арақатынас халықтың қысылмай-қымтырылмай өмір сүруіне қажетті максимум жасайды. Өйткені жер тым көп болса – оны күзету қиын, өңдеу
жеткіліксіз, азық-түлік қажеттен артық болады; болашақ қорғаныстық соғыстардың себебі осында. Егер жер жеткіліксіз болса, оның есесін толтыру үшін Мемлекет көршілеріне бүтіндей тәуелді болып қалады; болашақ басып алу соғыстарының себебі осында. Өз жағдайына сәйкес сауда мен соғыстың біреуін таңдап алуға тиіс халық – әлсіз халық; өйткені ол көршілерге тәуелді, жағдайларға тәуелді болып қалады; оның тіршілігі қамтамасыз етілмеген әрі қысқа. Ол біреуді бағындыра алса – жағдайын өзгертеді, бағынса – түкке тұрғысыз болып қалады. Ол бостандығын өзінің елеусіздігімен немесе ұлылығымен ғана сақтай алады. […]
Үшінші кітап
Басқарудың әрқилы пошымдары туралы айтпас бұрын осыған дейін жеткілікті түсіндірілмеген осы сөздің дәл мағынасын анықтауға тырысып көрейік. І тарау
Жалпы үкімет туралы
Мен оқырманға мынаны ескертемін: бұл тарау асықпай, зейін қоя оқылуға тиіс, өйткені менде зейін қойғысы келмейтінгі өз ойымды анық жеткізу өнері жоқ. Әрбір бостан қарекеттің оны қосыла келіп туындататын екі себебі болады: оның бірі моральдық себеп, атап айтқанда: актыны айқындайтын ырық, екіншісі тәндік себеп, атап айтқанда: соны орындаушы күш. Мен бір объектіге қарай бет алсам, біріншіден, менің солай қарай жүргім келуі керек; екіншіден, менің аяƒым мені сол жерге жеткізуі керек. Сал болып қалған адам жүгіргісі келсін, оны шапшаң адам оны істегісі келмесін – екеуі де орнында қалады. Саяси организмнің қозғаушылары да – дәл сондай; онда да күш пен ырық ажыратылады: соңғысы – заң шығарушы
өкімет, біріншісі – атқарушы өкімет деген атаумен ажыратылады. Онда олардың қатысуынсыз ештеңе де істелмейді немесе істелмеуге тиіс. Біз заң шығарушы өкімет халыққа тиесілі екендігін және оның тек соған тиесілі бола алатынын көрдік. Жоғарыда анықталған принциптерді басшылыққа алсақ, атқарушы өкіметтің, керісінше, заң шығарушы ретінде бүкіл халыққа немесе егеменге тиесілі бола алмайтынын көру оп-оңай, өйткені бұл өкімет тек жеке сипаттағы актыларда ғана білдіріледі, ондай акт Заң саласына да, демек барлық актылары тек заңдар бола алатын егемен құзырына да жатпайды. Халық күші, демек сол күшті жиыстырып, оны ортақ ырықтың нұсқауларына сәйкес іске қосатын, Мемлекет пен егемен арасын байланыстыруға қызмет ететін, бір тұрғыдан ұжымдық тұлға ретінде қоғамда адамның бойында жан мен тәннің бірігуі туындататын нәрсені жүзеге асыратын сенімді адамды қажет етеді. Мемлекеттегі Үкіметтің мәнмағынасы міне осындай, кейбіреулер оны егеменмен шатыстырып жатады, ал дұрысында ол тек егеменнің қызметшісі ғана. Сонымен Үкімет дегеніміз не? Бодан мен егемен арасын байланыстыру үшін құрылған, заңдардың орындалуын қамтамасыз етуге және азаматтық бостандықты да, саяси бостандықты да қолдап отыруға өкілеттік алған делдалдық организм. Осынау организмнің мүшелері магистраттар немесе корольдар, яғни әміршілер деп аталады; ал бүкіл организм тақсыр26 деп аталды. Осылайша халық өзін әміршіге бағындыратын акт тіпті де шарт емес дейтіндер өте дұрыс айтады. Бұл сөз жоқ, тапсырмадан, мансаптан артық ештеңе емес; сол тапсырманы орындай отырып, олар, егеменнің қарапайым шенеуніктері, өздерін сақтап отырушы етіп қойған билікті соның атымен, егемен шектей алатын, түрін өзгерте алатын, қажет деп тапса алып та қоятын билікті жүзеге асырады; өйткені мұндай құқықтан айыру Қоғамдық организмнің табиғатымен сиыспайды және асоциация мақсатына кереғар.
26 Венецияда коллегияны, тіпті де оған қатыспаған күнде де нұр сипатты тақсыр дейтіні сондықтан.
Сонымен мен Үкімет немесе жоғарғы басқару деп заңдарға сәйкес атқарушы билікті жүзеге асыратын, ал тақсыр немесе магистрат деп осынау басқару жүктелген адамды немесе корпусты атаймын. Ара қатынасы бүтіннің бүтінге, немесе егеменнің Мемлекетке қатынасын белгілейтін делдалдық күш нақ сол Үкіметте жатыр. Мемлекетті үздіксіз пропорцияның шеткі екі мүшесінің қатынасы ретінде елестетуге болады, солардың аралық пропорциясы – Үкімет. Үкімет егеиеннен бұйрық алып, оны халыққа жеткізеді; және Мемлекет орнықты тепе-теңдікте тұру үшін, іске қосқанда бір туынды яки Үкімет билігі мен екінші туынды яки бір жағынан егеменді, екнші жағынан бодан болып табылатын азаматтар билігі арасында теңдік ппайда болуы керек. Ол-ол ма пропорцияны бірден бұзбай үш мүшенің бірде-бірін өзгерту мүмкін емес. Егер егемен басқарғысы келсе немесе магистрат заң шығарғысы келсе, яки бодандар бағынудан бас тартса, онда тәртіптің орнына берекесіздік қонжияды, күш пен ырық үйлесе қарекет етуін доғарады, сөйтіп бытыраған Мемлекет деспотизмнің немесе анархияның олжасына айналады. Ақыр соңында, әрбір қатынаста тек бір ғана орта пропорция көрсеткіші болатыны секілді, Мемлекетте де ол үшін ең жақсы бір ғана басқару тегі бола алады. Бірақ толып жатқан оқиғалар халық бой көрсететін қатынастарды өзгертіп жіберуі мүмкін болғандықтан, ондай жағдайда Басқарудың әрқилы түрлері әртүрлі халық үшін ғана емес, әртүрлі кезеңдегі бір халық үшін де жақсы болып шығады алады. Ең шеткі екеудің арасында үстемдік құруы мүмкін әртүрлі қатынастар туралы түсінік беру үшін мен мысал ретінде оңайырақ білдіруге көмектесетін қатынас ретінде халық санын аламын. Айталық, Мемлекет он мың азаматтан тұрады делік. Егемен тек ұйыстырушы ұғым және әлдене бүтін ретінде қарастырыла алады; бірақ әрбір жеке адам бодан ретінде индивидуум секілді ғана қарастырылады. Осылайша, егемен он мыңның бір санына қатынасы ретінде бой көрсетеді, яғни Мемлекеттің әрбір мүшесі жоғарғы өкіметке толық бағынатын
болғанымен, егеменнің жоғарғы билігінің он мыңнан бір бөлігіне ғана ие. Мейлі, халық жүз мың адамнан құралсын; бодандардың жағдайы өзгермейді, және олардың әрқайсысы заңның бүкіл күшін бірдей шамада сезінеді, ал жүз мыңнан бірге ғана оның дауысының сол заңның жасалуына ықпалы алдыңғылардан он есе кем болады. Мұндай жағдайда, бодан ылғи да бір санына ие болƒанымен, егеменнің әрбір азаматқа қатынасы адам санының ұлғаюына пропорционал ұлғаяды. Бұдан шығатын қорытынды: мемлекет қаншалық көп өскен сайын бостандық соншалық кеми түседі. Мен қатынас ұлғаяды дегенде, мұнымен оның теңдіктен алыстай беретінін айтамын. Міне осылайша, геометрлердің түсінігіндегі қатынас көбейген сайын, кәдіуілгі түсінікте қатынас кеми береді; бірінші жағдайда – сан тұрғысынан қарастырылатын қатынас оның бөлшегімен өлшенеді; екінші жағдайда сәйкестік тұрғысынан қарастырылатын жағдайда қатынас ұқсастықпен бағаланады. Сонымен, жекелеген адамдардың ырқын білдіруі мен ортақ ырық арасындағы яғни құлық пен заңдар арасындағы ұқсастық кем болған сайын, оларды тежеуші күш те өсе беруге тиіс. Демек, халық саны неғұрлым көп болған сайын өзінің міндетіне сай болу үшін Үкімет салыстырмалы түрде күштірек болуға тиіс. Екінші жағынан, Мемлекеттің ұлғаюы жұртшылық өкіметін сақтаушыларға өз билігіміне қиянат жасау пиғылы мен амалдарын көбірек беретіндіктен, халықты тежеп отыру үшін Үкімет көбірек күшке ие болуға тиіс, Үкіметті тежеп отыру үшін өз кезегінде егемен де күштірек болуға тиіс. Мен бұл арада абсолютті күш жөнінде емес, Мемлекеттің әртүрлі бөліктерінің салыстырмалы күші жөнінде айтып отырмын. Осынау екі жақты қатынастан туындайтын қорытынды: егемен, ‡кімет және халық арасындағы үздіксіз пропорция жауапсыз өкілдік емес, Саяси организмнің табиғатының өзінен туындайтын салдар. Бұдан шығатын тағы бір қорытынды: ең шеткі мүшелердің бірі, яғни халық бодан ретінде өзгеріссіз қалып, бір санатында өкілдік ететіндіктен, екі еселенген қатынас
дәл сол секілді ұлғайып немесе кеміп отыратындықтан, демек, ортаңғы мүше де өзгереді. Бұл мынаны көрсетеді: бірден-бір ғана болып қалатын және салыстырмасыз жақсы деп саналатын құрылысы болуы мүмкін емес, есесіне үлкен-кішілігі жағынан әртүрлі Мемлекет қанша болса, Басқарудың да өздерінің табиғаты жағынан әрқилы сонша түрі болады. Міне осы жүйені әжуаға айналдыру үшін тегеінде, меніңше, осынау орташа пропорционалды табу және үкімет организмін құру үшін халық санынан түбірдің квадратын шығару ғана жетіп жатыр дейтін шығар; мен бұған осы жерде бұл санды тек мысал үшін ғана алып отырмын деп жауап беремін; мен айтып отырған қатынастар тек адамдар санымен ғана емес, жалпы көптеген себептерден қалыптасатын қарекет санымен де өлшенеді; қайткен күнде де, өз ойымды қысқаша жеткізу үшін, мен уақытша геометриялық ұғымдарды да пайдалансам да, мен, әрине, геометрияға тән дәлдік адамдар арасындағы қатынастарға келгенде тіпті де дәл өлшем бола алмайтынын жақсы түсінемін. Үкімет дегеніміз өзін қамтитын Саяси организм үлкен істерде не болса, шағын істерде соның тап өзі. Ол – белгілі бір қабілеттерді бойына жиған, егемен секілді белсенді, Мемлекет секілді енжар шартты тұлға; Үкіметте кейбір басқа ұқсас қатынастарды да бөліп көрсетуге болады, содан, демек, жаңа пропорция көрсетеді; ол пропорцияда билік баспалдақтарының ретіне сәйкес тағы бір пропорция пайда болады, содан бөлінбейтін орташа мүшеге, яғни бірден-бір басшыға немесе ең жоғары магистратқа жеткенге дейін жалғаса береді, оны осынау погрессия ортасындағы бөлшектер қатары мен бүтіндер қатары арасындағы бірлік сияқты елестетуге болады. Осынау толып жатқан мүшелер арасында шатасып кетпес үшін Үкіметті халықтан да, егеменнен де өзгеше, сол екеуінің арасында делдалдық рөл атқаратын Мемлекеттегі жаңа организм ретінде қарастыратынымызбен қанағаттана тұралық.
Бұл екі организм арасында мынадай елеулі айырмашылық бар: Мемлекет – өзінше, Үкімет – тек егеменнің арқасында тіршілік етеді. Осылайша тақсырдың үстем билігі ортақ ырық немесе заң болып табылады немесе солай болуға тиіс; оның күші – бүкіл халықтың соның қолына шоғырланған күші. Ол өз ырқымен, өз бетімен қандай да бір актыны жүзеге асырғысы келген бойда, бүкіл Бүтіннің байланысы қожырай бастайды. Егер, ақыр соңында, тақсыр өзінің жеке ырқына егеменнің ырқынан неғұрлым жігерлі ырыққа ие болса және сол ырыққа еріп, өзінің қолындағы жұртшылық күшін пайдаланар болса, сөйтіп мемлекетте, былайша айтқанда екі егемен – біреуі құқық бойынша, екіншісі іс жүзіндегі – егемен пайда бола қалса, онда бірден қоғамның бірлігі ғайып болып, Саяси организм ыдырап кетер еді. Үкіметтік организм өз бетінше тіршілік ету мүмкіндігін алып, оны Мемлекеттік организмнен өзгешелейтін шын болмыспен өмір сүруі үшін, оның барлық мүшелері бірауызды және ол арнап құрылған мақсатқа сай қарекет жасауы үшін, оның дара мені, оны сақтау бағытталған, оның мүшелеріне ортақ сезгіштігі, күші, ырқы болуға тиіс. Осынау бөлек тіршілік ету Ассамблеяның, Кеңестердің, істі талқылап, шешім қабылдау құқығының болуын, тек қана тақсырға тиесілі магистраттың жағдайын ауырлаған сайын, құрметті ете түсетін әр текті құқықтардың, атақтардың жеңілдіктердің болуын көздейді. Қиындық жалпы алғанда осынау бағынышты бүтінге ол өз құрылысын нығайта отырып, ортақ құрылысқа зиянын тигізбейтіндей; ол өзін сақтауƒа арналған өзінің ерекше күшін Мемлекетті сақтауға арналған жұртшылық күшінен әрқашан ажырата алатындай құрылыс беру амалында; қысқасы ол Үкімет үшін халықты емес, халық үшін Үкіметті қиюға әрқашан дайын болуға тиіс. Айтпақшы, Үкіметтің жасанды организмі басқа бір жасанды организмнің туындысы болғанымен, ол басқадан алған, бағынышты өмірге ие болғанымен, бұл оның көбірек не азырақ күшпен немесе жылдамдықпен қарекет етуіне, былайша айтқанда көбірек немесе азырақ денсаулықты
пайдалануына бөгет жасамайды. Ақыр соңында, ол құрылғанда өзінің алдына қойылған мақсаттан тікелей алыстамай-ақ, өзі құрылған тәсілге байланысты одан азды-көпті ауытқи алады. Міне барлық осынау айырмашылықтарды Үкімет пен Мемлекет арасын болуға тиісті Мемлекеттің өзін де өзгертетін кездейсоқ және жеке қатынастарға сай келетін арақатынастар қалыптасады. Өйткені ол қатынастар Саяси организмнің өзінің кемшіліктеріне сәйкес өзгеріп отырмаса, ең жақсы деген Үкіметтің өзі ең сырқаулы үкімет болып келеді.
ІІ тарау
Басқарудың әрқилы пошымдарын анықтайтын принцип туралы
Осынау айырмашылықтардың жалпы себебін анықтау үшін, мен жоғарыда Мемлекет пен егемен арасының жігін ажыратқанымдай, тақсыр мен Үкімет арасын анықтап алу керек. Магистрат мүшелерінің саны аз болуы да, көп болуы да мүмкін. Біз егемен мен халықтың қатынастары халық көп болған сайын көбейе түсетінін айтқанбыз: осынау айқын ұқсастық бойынша біз Үкімет пен магистраттар арасындағы қатынас туралы да соны айта аламыз. Алайда әрқашан Мемлекеттің күші болып табылатын Үкімет күші ешқашан өзгермейді; осыдан мынандай қорытынды шығады: ол өзінің төл мүшелеріне ықпал етуге қаншалықты көп күш жұмсаса, онда халыққа ықпал етер күш соншалықты азая береді. Сонымен, магистраттар саны неғұрлым көп болса, Үкімет те соғұрлым әлсіз бола түседі. Бұл қағида – негізгі қағида болғандықтан, оны жақсырақ түсіндіруге тырысаны көреміз. Біз магистраттан ырықтың әрқилы елеулі үш түрін көре аламыз. Бірінгшіден тек қара басының қамын ойлайтын индивидуум ырқы; екіншіден – тақсырдың пайдасымен бірден-бір сәйкес келетін және корпоративтік ырық деуге болатын магистраттардың ортақ ырқы; ол
Үкіметке қатысты алғанда ортақ, Үкімет құрамына кіретін Мемлекетке қатысты алғанда жеке ырық болып табылады; үшіншіден, халық ырқы немесе жоғарғы ырық, ол бүтін ретінде қарастырылатын Мемлекет жөнінде де, бүтіннің бөлшегі ретінде қарастырылатын Үкімет жөнінде де ортақ ырық болып табылады. Мінсіз заңдар тұсында жеке немесе индивидуалдық ырықтың үлесі іске алғысыз болуға тиіс; Үкіметке тән корпоративтік ырық едәуір бағынышты сипатта болуға тиіс; демек, ортақ ырық яки жоғарғы ырық әрқашан басым ырық болуға, қалған барлық басқа ырық көріністері үшін біртұтас ереже болуға тиіс. Керісінше, жаратылыстық реттілік пәрменімен ырықтың осынау әрқилы түрлері, олар қаншалық көп шоғырланған болса, соншалық белсенді бола түседі. Осылайша, ортақ ырық әрқашан ең әлсіз ырық, екінші орында корпоративтік ырық тұрады, бәрінің біріншісі – әрбір жеке адамның ырқы; осылайша Үкіметте әрбір мүше, әуелі өзі, сосын магистрат, содан кейін – азамат; бұл реттілік қоғамдық ахуал талап ететін кезектілікке мүлдем кері. Осылай екені рас болса, барлық билік бір адамның қолына тигенде, жеке ырық пен корпоративтік ырықтың толығымен біріккені, демек, ол қолы жете алатын ең мықты күшке ие болады. Бірақ күш қолдану да ырық күшінің дәрежесіне байланысты болатындықтан, ал Үкіметтің абсолютті күші мүлдем өзгермейтіндіктен одан мынадай қорытынды шығады: Үкіметтердің ішіндегі ең белсендісі жеке-дара Басқару түрі болып табылады. Керісінше, Басқару мен заң шығарушы билікті біріктірейік; егеменнен тақсыр жасайық, ал әрбір азаматты магистрат етейік; сонда ортақ ырыққа біріккен корпоративтік ырық соңғысынан белсендірек бола алмайды да, жеке ырыққа оның барлық күшін қалдырады. Мұндайда бәз-баяғы абсолюттік күшке сөзсіз ие бола отырып, Үкімет бұл жағдайда салыстырмалы күштің, немесе белсенділіктің минимумына ғана ие болады.
Бұл қатынастар даусыз және басқа да ойлармен қуаттала алады. Мысалы, өз корпорациясында әрбір магистрат өз коррпорациясындағы әрбір азаматтан белсендірек екендігі, демек жеке ырық егеменнің қарекеттерінен гөрі Үкіметтің қарекеттеріне әлдеқайда көп ықпал ететіндігі анық; өйткені әрбір магистрат әрқашан дерлік Басқарудың қандай да бір функциясына ие болады, ал әрбір азамат, жекелеп алғанда, егемендіктің ешқандай функциясын атқармайды. Айтпақшы, Мемлекет неғұрлым ұлғайған сайын, оның күші де іс жүзінде солғұрлым өсе түседі, дегенмен Мемлекет сол күйінде қала беріп, магистраттар саны қаншалықты ұлғайса да, Үкімет бұдан іс жүзінде көбірек күшке ие боа қоймайды, өйткені оның күші – шамасы әрқашан бір деңгейде қала беретін Мемлекет күші. Олай болса, Үкіметтің салыстырмалы күші немесе пәрменділігі оның абсолютті немесе іс жүзіндегі күші ұлғайғанына қарамастан-ақ кеми береді. Тағы бір анық нәрсе мынау: істерді тындыру, онымен неғұрлым көбірек адамдар айналысқан сайын, баяулай түседі; естілікке тым көп үміт артқанда тағдырдың оң көзімен қарауына жеткілікті үміт арта қоймайды; қолайлы жағдайдан айрылып қалады және тым көп талқылайтындығы соншалық, талқылаудың жемістерін жиі жоғалтып алады. Мен қазір ғана Үкімет магистраттар саны көбейген сайын әлсірей түсетінін дәлелдеп бердім; ал одан бұрын халық саны неғұрлым көп болған сайын, тежеп отыратын күштің де ұлғая түсуге тиістігін дәлелдеген болатынмын. Бұдан мынадай қорытынды шығады: магистраттар саны мен Үкіметтің арасындағы қатынас бодандар саны мен егемен арасындағы қатынас а керісінше болуы керек; яғни Мемлекет неғұрлым ұлғайған сайын Үкімет өзінің саны жағынан соғұрлым қысқара түсуге тиіс; халық саны қандай шамада көбейгеніне қарап, басқарушылар саны да сол шамада азая түсуге тиіс. Айтпақшы мен Үкімет қарекеттерінің дұрыстығы жөнінде емес, оның салыстырмалы күші жөнінде ғана айтып отырмын. Өйткені, керісінше,
магистраттар неғұрлым көп болған сайын, корпоративтік ырық көпшілік ырқына соғұрлым жақындай түседі; ал жалғыз магистрат жағдайында дәл сол корпоративтік ырық, жоғарыда айтқанымыздай, тек жеке адамның ырық ғана. Міне осылайша, бір қатынаста ұтып шығуға болатын нәрсе екінші қатынаста ұтылысқа жатады, сондықтан Заң шығарушының өнері де Үкіметтің күші мен ырқы, ылғи да кері пропорцияда қалап отырып, Мемлекет үшін ең пайдалы қатынаста ұштасатын нүктені анықтаудантұрады.
ІІІ тарау
Басқаруды бөлу
Алдыœғы тарауда біз Үкіметтің әрқилы түрлерін немесе пошымдарын оларды құрайтын мүшелер санына қарай бөлініс қалай жасалатынын көрсету ғана қалды. Егемен, біріншіден, Басқарманы бүкіл халыққа немесе оның басым көпшілігіне тапсыра алады, мұны жай ғана азаматтардан гөрі магистратазаматтар көбірек болу үшін істейді. Басқарманың бұл пошымына демократиялық деген атау беріледі. Немесе ол Басқарманы аз топтың қолына шоғырландыра алады, мұны ол көбірек болу үшін істейді және мұндай пошым аристократиялық деген атауға ие болады. Ақыр соңында ол бүкіл басқарманы бір ғана магистраттың қолына шоғырландыра алады, басқалардың бәрі билікті тек соның қолынан алады. Бұл пошым ең әдеттегі нәрсе және монархия немесе корольдік Басқарма деп аталады. Айта кету керек, барлық осы пошымдар, немесе, бері салғанда, алғашқы екеуінің кеңдігі көбірек не азырақ болуы мүмкін; және де тиісті айырмашылықатр едәуір айтарлықтай болады; өйткені демократия бүкіл
халықты қамти алады, не оның жартысынан артылған қамти алмауы мүмкін. Аристократия өз кезегінде халықтың жартысынан азаматтардың белгіленбеген аз мөлшерін ғана қамти алады. Тіпті корольдік өкімет өзі де белгілі дәрежеде бөлінуі мүмкін. Спартада, оның конституциясы бойынша ұдайы екі патша болған; ал Рим империясында мезгілде, императорлар саны сегізге дейін жеткен жағдайлар болған, және де империя бөлінген деуге болмайтын еді. Міне осылайша, Басқарманың әрбір пошымы келесісімен астасып кететін нүктесі болады, және біз тек үш атауы ғана болғанымен Басқарма іс жүзінде, Мемлекетте азаматтар қанша болса, сонша пошымдарға ие болуға қабілетті екенін көреміз. Ол-ол ма, Басқарманың бір ғана тегі кейбір жағдайларда әлі басқа да бөліктерге бөліне алатындықтан, олардың бірінде басқару бір тәсілмен, екіншісінде екінші тәсілмен жүзеге асырылатындықтан; осынау үш пошымының ұштасуынан көптеген аралас пошымдар туындауы мүмкін олардың әрқайсысы қарапайым пошымдармен ұштасып, жаңа пошымдар бере алады. Барлық замандарда да Басқарма пошымдарының қайсысы ең жақсысы деген талас көп болған – солардың қай-қайсысы да бір жағдайда ең жақсысы, басқа жағдайда ең жаманы екендігі ескерілген. Егер әрқилы Мемлекеттерде ең жоғары магистраттар саны азаматтар санына кері қатынаста болуға тиіс десек, онда бұдан мынадай қорытынды шығады: жалпы алғанда демократиялық Басқарма шағын мемлекеттерге, аристократиялық Басқарма – орташа мемлекеттерге, ал монархиялық Басқарма – үлкен мемлекеттерге бәрінен жарамды. Бұл ереже тікелей ортақ принциптен туындайды. Бірақ шетін жағдайлар туындатуы мүмкін толып жатқан жағдайлардың бәрін қалай ескеру керек?
ІV тарау
Демократия туралы
Заңды жасаушы бұл Заңның қалай орындалуы және қалай түсіндірілуі керек екендігін басқалардың бәрінен жақсы біледі. Сонымен, атқарушы өкімет заң шығарушы өкіметпен ұштастырылған мемлекеттік құрылыстан артық құрылыс жоқ секілді ғой. Бірақ нақ осыныңыз мұндай Басқарманы кейбір жағдайларда жарамсыз етеді, өйткені бұл орайда бөлінуге тиісті нәрселер бөлінбей қалады, және тақсыр да, егемен де бір ғана адам болып кететіндіктен, Үкіметсіз Басқарма құрады. Заң шығарушының оны атқаруы немесе бүтін ретінде халықтың өз назарын жеке заттарға аударып, ортақ мақсаттан басқаға бұруы дұрыс емес. Жеке мүдделердің қоғамдық істерге ықпал етуінен асқан қауіпті ештеңе жоқ және заңдарды қолдану барысында Үкімет жасайтын қиянат заң шығарушыны сатып алудан кем қасірет, өйткені бұл қара бастың қамының сөзсіз болатын зардабы. Ондайда, Мемлекеттің мәнісінің өзі бұрмаланғандықтан, ешқандай өзгеріс мүмкін болмайды. Басқармаға өз билігін ешқашан жамандыққа пайдаланбайтын халық мұны өз дербестігі жөнінде де істемей ылғи жа жақсы басқаратын халық, өзін әлдекімдердің басқаруына мұқтаж болмас еді. Егер демократия терминін дәл өз мағынасында алсақ, нағыз демократия ешқашан болған емес және ондай болмайды да. Көп сан басқарып, аз санның басқарылуы табиғатқа жат. Халық қоғамдық істермен ғана айналысып, уақтының бәрін жиналыстарда өткізуін елестете де алмайсың. Және ол бұл үшін, басқару пошымы да өзгермейтіндей, қандай да бір комиссиялар құра алмайтындығын көру де оп-оңай. Шынында да, мен мынаны ереже ете аламын ғой деп ойлаймын: Басқарма функциялары бірнеше коллегия арасында бөлінген кезде, оның ішінде мүшелері ең аз коллегия, ерте ме, кеш пе, ең үлкен бедел мен маңызға ие болады, өйткені оның іс тындыруы, әрине, жеңілдей түсетіндігі себебінен.
Айтпақшы, Басқарманың осы пошымы басы біріге қоймайтын қаншама нәрсені көздейді деңіз! Біріншіден, бұл үшін халықты оп-оңай жинап алуға болатын, және әрбір азамат бір-бірін өте шағын мемлекет талап етіледі; екіншіден – істердің жатып қалуының және шешуі қиын даулардың туындауының алдын алатын аса қарапайым құлық қажет, содан кейін – қоғамдық және мүліктік қатынастардағы мейлінші теңдік қажет, онсыз құқықтағы және билікке ие болудағы теңдік ұзаққа сақтала алмайды; ақыр соңында сән-салтанат өте аз немесе мүлдем болмауы қажет. ¤йткені сән-салтанат не байлықпен жасалады, не оны қажетті нәрсе етеді; ол бір мезгілде байды да ,кедейді де, бірін – ие болумен, екіншісін – соны аңсаумен азғынтады; ол отанды нәуетектікке және пендешілік атаққұмарлыққа сатып жібереді; ол біреулерді екінші біреулердің құлына айналдыру, ал барлығын – жалған сенімнің құлына айналдыру үшін Мемлекеттен барлық азаматтарды тартып алады. Міне сондықтан да аса көрнекті бір жазушы Республиканың ең басты принципі – жақсылық деп білген, өйткені, онсыз осынау барлық шарттардың болуы да мүмкін емес. Бірақ сол асқар ой иесі қажетті айырмашылықтарды көрсетпегендіктен оның пікірлерінде көбіне-көп дұрыстық, кейде – анықтық жоқ; және ол жоғарғы өкімет барлық жерде бірдей болғандықтан – бір ғана принцип қандай да дұрыс құрылған Мемлекеттің негізіне, әрине, Басқарма пошымына сәйкес көбірек енемес азырақ шамада, алынуға тиіс. Қоса кетелік, демократиялық, яки халықтық басқарудан азамат соғыстарына және ішкі толқуларға соншалық бейім Басқарма пошымы жоқ, өйткені пошымды өзгертуге соншалық күшті және ұдайы ұмтылатын өз пошымын сақтап ақлу үшін неғұрлым көп қырағылық пен ержүректік талап ететін ешқандай өзге Басқарма жоқ. Мұндай мемлекеттік құрылыс тұсында азамат барлық басқа құрылыстағыдан көп күшпен және бекемдікпен қаруланып, ғұмыр бойы күн сайын жан түкпірінде бір
ержүрек Дуанбасының27 Польша Сеймінде айтқан: “Malo perіculosam Lіbertatem quam quіetum servіtіum”28 деген сөзін күн сайын қайталап отыруы керек. Егер тек құдайлардан тұратын халық болса, ол өзін демократиялық жолмен басқарар еді. Бірақ соншалық мінсіз Басқарма адамдарға жарамайды29.
V тарау
Аристократия туралы
Бұл арада бізде бір-бірінен айырмашылығы елеулі екі шартты тұлға бар, атап айтқанда: ‡кімет және егемен; демек, біреуі барлық азаматтарға қатысты, екіншісі – тек басқару мүшелеріне қатысты екі ортақ ырық бар. Осыдан келіп Үкімет ішкі тәртіпті өз қалауы бойынша енгізе алатын болғанымен, ол халыққа тек егемен атынан, яғни халықтың өз атынан сөз арнай алады; мұны ешқашан ұмытпау керек. Алғашқы қоғамдар аристократиялық пошыммен басқарылды. Отағасылар жиналып алып өз ортасында қоғамдық мәселелерді талқылаған. Жастар тәжірибе беделіне ізетпен бас иген. Абыздар, ақсақалдар, сенат, геронттар деген атаулар содан шыққан. Солтүстік Американың жабайылары өздерін осы күнге дейін осылайша басқарады және өте жақсы басқарылады. Бірақ бастапқы құрылыспен жасалған теңсіздік жаратылысты теңсіздіктен басым бола түскен сайын, байлық немесе күш-құдірет жасы үлкеннен көбірек құрметтеле бастады да, аристократия сайланып қойылатын болды. Ақыр соңында билік байлықпен бірге әкеден балаларға қалдырыла бастап, отбасын патрицийлік ете бастаған соң, Басқарма да
27 Познаньның дуанбасы, Польша королінің, Лотарингия Герцогының әкесі. 28 Құлдықтың тыныштығынан бостандықтың беймазалығын артық көремін. (лат.) 29 Optіmates деген сөз ежелгілерде “ең жақсылар” деген мағына емес, “ең құдіреттілер” деген мағына беретіндігі айқын.
мұрагерлікке айналды, сондықтан жиырма жасар сенаторларды көруге болатын еді. Сонымен, аристократияның үш тегі: табиғи, сайланбалы және мұрагерлік тегі бар. Бұлардың біріншісі өз дамуының алғашқы кезеңінде тұрған халықтарға ғана жарамды; үшіншісі Басқармалардың ең нашары; екіншісі – бәрінен жақсысы; бұл – сөздің төл мағынасындағы аристократия. Бұл орайда өкіметтің екі түрі де бір-бірінен бөліп көрсетілетінін былай қойғанда, аристократияның мұндай тегінің оның мүшелерінің сайланатыны секілді де артықшылығы бар. Өйткені халықтық Басқармада барлық азаматтар магистрат болып туады; сайланбалы аристократия мансап иелерінің санын аз мөлшермен шектейді, және олар тек сайлану жолымен ғана мансап иесі бола алады30: мұндай тәртіпте адалдық, білімділік, тәжірибелілік және артық көрініп, қоғамдық құрметке ие болу үшін қажет барлық басқа қасиеттер шындап келгенде басқарудың кемеңгер болатындығының жаңа кепілі. Мұның үстіне, жиналыстар неғұрлым сабырлы өтеді, істер жақсырақ талқыланады, неғұрлым тәртіппен әрі жедел атқарылады; Мемлекеттің сыртқа ықпалын белгісіз немесе көзге ілінбейтін тобырдан сыйлы сенаторлар жақсы жүргізеді. Қысқасы, ең кемеңгерлер көпшілікті басқаратын, олар өздерінің пайдасы үшін емес, солардың пайдасына басқаратыны мүлдем анық құрылыс қана ең жақсы және ең жаратылыстық құрылыс болады. Механизмді босқа қиындатып, таңдаулы жүз адам әлдеқайда жақсы атқара алатын нәрсені жиырма мың адамның көмегімен атқарудың түкке де қажеті жоқ. Алайда мынаны ескерте кету керек: бұл арада бүтіннің мүддесі жұртшылық күшін ортақ ырық ережелерін сақтауға кемірек жұмылдыра
30 Магистраттарды сайлау пошымын заңдармен белгілеу өте маңызды, өйткені, тақсырдың өз ырқымен істеуіне бергенде, Венеция және Берн республикаларында болғанындай, аристократияның мұрагерлік аристократияға айналып кетуінен қашып құтыла алмайсың. Сондықтан әлгілердің біріншісі әлдеқашан азғындап біткен Мемлекетке айналады; екіншісі өз Сенатының төтенше кемеңгерлігінің арқасында әлі де сақталып отыр: бұл әбден бас иерлік және әбден қауіпті оқшау мысал.
бастайды, және басқа бір сөзсіз болатын ауытқу заңдарды атқарушылық күштің бір бөлігінен айырады. Ал айрықша шарттарға келсек, аристократиялық Басқарма тұсында жақсы демократия тұсындағыдай, халық ырқынан кейін заңдардың ілешала орындалуы үшін Мемлекеттің тіпті де соншама шағын, адамдардың соншама қарабайыр да анайы болуы тіпті де шарт емес. Сондай-ақ халық саны да тым көп болмауы керек, бұл оны басқару үшін әр жерде шашырап орналасқан әкімдер өз округтерінде өздерін егемен секілді көрсетпес үшін әуелі тәуелсіз болып алып, сосын сайып келгенде билеп-төстеуші болуға ұмтылмауы үшін қажет. Бірақ егер аристократия халықтық Басқармаға қарағанда жақсылықөтарды біршама азырақ талап еткенімен, есесіне оның өзіне ғана тән басқа жақсылықтарды – ол байлар тарапынан ынсапшылдықты, ал кедейлер тарапынан өз жағдайына қанағат тұта білуді талап етеді, өйткені бұл жерде қатаң теңдік, тегінде, орынды бола қоймайды. Ондай теңдік тіпті Спартада да сақталмаған. Айтпақшы, осынау пошым жалпы біршама мүліктік теңсіздіктің болуын көздесе, қоғамдық істерді басқару бұл іске басқалардан көбірек уақыт арнай алатын адамдарға тапсыру үшін істейді; бірақ, Аристотель айтқандай, бай адамдарды ұдайы арты көргендіктен емес. Керісінше, кедей адамды сайлау кейбір ретте халықты байлықтан гөрі адамдардың жеке басының артықшылығы оларды таңдаудың неғұрлым елеулі негізі екендігіне үйрететін болуы маңызды.
VІ тарау
Монархия туралы
Біз осы уақытқа дейін тақсырдан заң күшімен бір бүтінге
айналдырылған шартты жинақ тұлға Мемлекеттегі атқарушы өкіметті
сақтап отырушы ретінде қарастырдық. Енді біз осынау өкімет бір ғана адамның, заңдарға сәйкес оны жұмсауға хақысы бар жалғыз адамның қолына шоғырланған жағдайды қарастыруға тиіспіз. Бұл – монарх немесе король дейтініміз. Бұл түр жинақ бейнені индивидуум көрсететін өзге басқару түрлеріне мүлдем кереғар, мұнда индивидуум жинақ бейнені көрсетеді, сондықтан тақсырды құрайтын рухани бірлік бұл арада бір мезгілде физикалық бірлік болып табылады, оның бойына, өзге Басқармада заң соншалық қиындықпен ұштастыратын барлық қабілет, мұнда өз-өзінен бірікке болып шыға келеді. Осылай халық ырқы мен тақсыр ырқы, және Мемлекеттің жария күші мен Үкіметтің жеке күші – бәрі-бәрі бір ғана қозғаушы күшке бағынады; машинаның тетіктері бір ғана қолда; барлығы бір ғана мақсатқа бет алады. Қарсы жаққа бағытталған, жойып жіберілетін ешқандай қозғалыс жоқ; азырақ күшпен көбірек қарекет жасай алатын ешқандай өзге мемлекеттік құрылысты елестету қиын. Жағаға жайбарақат жайғасып алып үлкен кемені суға оп-оңай түсіретін Архимед, өзінің кабинетінде отырып-ақ ұлан-ғайыр провинцияларын басқаратын, бәрін қозғалысқа түсіретін өзі орнынан тапжылмағандай көрінетін шебер монархты есіме түсіреді. Бірақ егер одан күші көбірек ешқандай өзге Басқарма түрі жоқ десек, онда өз тұсында жеке ырықта өкімет көп болатын және басқаларына үстемдікке оңайырақ жететін де басқару жоқ. Рас, мұнда барлығы бір ғана мақсатқа бет алады; бірақ ол мақсат тіпті де қоғамның дәулетті болуы емес; және басқару күшінің өзі ылғи да Мемлекетке зиянға шығып отырады. Корольдар шектеу болғысы келеді; және оларға ондай болудың ең жақсы құралы – халық сүйіспеншілігіне бөлену деген сөз баяғыдан айтылып келеді. Бұл тамаша және кейбір жағынан едәуір әділетті де ереже. Амал қанша, сарайларда ол тек мазақ шақырады. Халықтың сүйіспеншілігінен туындайтын билік, сөз жоқ, ең үлкен билік; бірақ ол
баянсыз да шартты; тақсырлар онымен ешқашан қанағаттанбайды. Ең жақсы корольдар, өзіне қолайлы болса, тіпті қатал болуды қалайды, сонымен бірге әмірші болып қала бергісі келеді. Саясаттан нәпақасын айырып жүрген әлдебір ділмар халық күші біздің де күшіміз екен, ендеше оның гүлденіп, көбейе түсіп, айбынды болуы өзіміз үшін де пайдалы деп жағы семгенше сайрай алады; оның бұлай емес екендігін корольдар өте жақсы біледі. Олардың қара басының мүддесі ең алдымен халықтың, дәрменсіз болуында, жапа шегуінде және оларға ешқашан қарсылық көрсете алмауында. Әрине, бодандар әманда көмбіс болып қала береді деп жорамалдаса, онда тақсыр халықтың құдіретті болуына мүдделлі болар болар еді, өйткені осынау құдірет өзінің құдіреті болатындықтан тақсырды көршілері үшін қаһарлы етер еді. Бірақ халық мүддесінің мәні тек екінші дәрежелі және басыңқы болатындықтан, және екі жорамал үйлеспейтіндіктен, тақсырлар, әрине, өздеріне тікелей пайдалы ережені ұстануды мақұл көреді. Бұл баяғы Самуил ежелгі еврейлерге табандап түсіндірген нәрсенің тап өзі: атақты Макиавелли нақ соны айқын көрсетіп берді. Корольдарға сабақ берген бола отырып, ол халықтарға зор сабақ берді. Макиавеллидің “Тақсыры” республикашылдарға арналған кітап31. Біз жалпы сипаттағы ара қатынастарды басшылыққа ала отырып, монархия Үлкен мемлекеттерге келеді дегенбіз, және монархияны жеке алып қарастырғанда бұған тағы да көз жеткіземіз. Басқару аппараты қызметкерлерінің саны неғұрлым көп болған сайын, тақсыр мен бодандар арасындағы қатынас азырақ және теңдікке жақынырақ бола түседі; демократия тұсында ол қатынас бірлік түрінде бой көрсетеді немесе теңдік құрайды. Дәл осы қатынас Басқарма шоғырлана түсуіне қарай ұлғая түседі; және Басқарма бір адамның қолына түскенде ол өзінің максимумына жетеді; Сонда тақсыр мен халық арасындағы қашықтық тым ұзарып кетеді де, Мемлекеттің ішкі байланысы әлсірейді. Сол байланыс орнатылу үшін,
31 Н. Макиавеллидің бұл еңбегін “Әлемдік саясаттану антологиясының” бірінші томынан оқи аласыз. – Баспа.
демек, делдалдық ахуал керек, кінәздар, байбатшалар, дворяндар қажет, олардың бос кеңістікті толтыруы керек. Бірақ бұлардың бірде бірі еуі шағын Мемлекетке жарамайды, осынау барлық аралық сатылар оны тұралатып кетеді. Бірақ егер Үлкен Мемлекеттіœ жақсы басқарылуын жолға қою қиын десек, оныœ жалғыз адаммен жақсы басқарылуы одан әлдеқайда қиынырақ; ал король орынбасарлар тағайындай бастағанда не болатынын әркім біледі. Барлық жағдайларда монархиялық Басқарманы республикалық басқарудан төмен қоятын елеулі де болмай қоймайтын кемшілік мынада: республикалық басқару тұсында халық үні әрқашан дерлік бірінші орынға тек өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқара алатын білімді де қабілетті адамдарды көтереді; ал монархия жағдайында жолы болатындар көбіне-көп ұсақ арандатқыштар, бейшара жылпостар, пасық өсекшілер, олардың шынашақтай дарыны сарай маңындағы жоғары мансаптарға жету мүмкіндігін береді, бірақ, сол мансапқа әрең жетіп, халық алдында өздерінің түкке татымайтындығын көрсету үшін ғана. Осындай таңдаулар кезінде халық тақсырдан гөрі, әлдеқайда сирек қателеседі, және республика тұсында Үкімет басына ақымақ біреудің әлдеқалай келетіні қандай сирек болса, шын лайықты адамның монархия тұсында министр дәрежесіне көтерілуі де сондай сирек. Сондықтан, басқару үшін жаратылған сондай адамдардың бірі, соншалық атышулы топ жар басына таяған монархияда әлдеқандай сәтті себеппен басқару ісін қолға алса, оның оның елді тығырықтан алып шыққаны жұрттың бәрін тәнті етеді – және бұл ел өміріндегі тұтас бір дәуір болып қалады. Монархиялық Мемлекет жақсы басқарылуы үшін оныœ үлкендігі немесе ұзындығы оны билеп-төстейтін адамның қабілетіне сәйкес келуі керек. Жаулап алу оңай, басқару қиын. Тиісті тетіктің көмегімен бүкіл жер шарын бір саусақпен-ақ қозғауға болады; бірақ оны тіреп тұру үшін Геркулестің иығы керек. Егер тек Мемлекет тым үлкен болса, тақсыр
әрқашан дерлік оған тым қораш. Керісінше, ел басы үшін Мемлекет тым шағын болған кезде, бұл дегеніңіз өте сирек болады, ол сонда да нашар басқарылады, өйткені ел басы, ұлан-ғайр ойларының жетегінде жүріп, бодандарының мүддесін ұмытып кетеді; және олардың соры өзінің талантының көптігінен қиянатқа баратын әміршінің тұсында, ондай таланты жоқтығынан шектелген әміршінің тұсындағыдан кем соқпайды. Егер корольдік әрбір патшалық тұсында тақсырдың қабілетіне қарай не үлкейіп, не кішірейіп отырса жақсы болар еді; әлдебір Сенаттың таланты неғұрлым тұрақты шамада болғанда, мұндай құрылыс тұсында Мемлекет өзгеріссіз шекараға ие бола алады, ал басқару ісі бұдан еш ақсамайды. Бір адам Басқармасының ең көзге ұрып тұратын кемшілігі – мұнда Басқарудың өзге екі пошымында үздіксіз байланысты туғызатын сабақтастықтың болмайтындығы. Король өлген екен басқасы керек болады, сайлау қауіпті үзілістер туғызады; ол талас-тартыспен өтеді; және егер азаматтар адал, таза, сатылмайтын болмаса (Басқарманың осынау пошымында мүмкін емес дерлік нәрсе), әртүрлі айла-шарғылар, сатып алу туындайды. Мемлекетті сатып алған адам, оны өз кезегінде сатып құдіретті адамдар өзінен алып қойған ақшаны әлсіздер есебінен қайтаруға тырыспауы қиын іс. Мұндай басқару тұсында, ерте ме, кеш пе, бәрі де сатылатын болады, корольдар тұсындағы тыныштық патшалықтар арасындағы бұлғақтан жаман. Осынау қасіреттерге жол бермеу үшін не істелді дейсіз ғой? Кейбір әулеттерде тәж мирасқа берілетін болып, мұрагерлік тәртібі белгіленді, сол арқылы король өлгеннен кейінгі барлық талас-тартыстан құтылмақ болды. Басқаша айтқанда, сайлаудың ыңғайсыздықтарын регенттік ыңғайсыздықтарымен алмастырды, жан тыныштығын артық көріп, жақсы корольдарды қалай сайлаймыз деген даудан құлақ тыныш болу үшін билеушілер ретінде балаларды, құбыжықтарды, жарыместерді, тағайындағынды артық көрді. Осындай жолмен өзіңді таңдау қатеріне ұрындырсаң, бәрін өзіңе қарсы қоятыныңды ескермеді. Баласы әлдеқандай
ұятқа қалдырарлық қылық жасап қойғанда, әкесі жас Дионисийге: “Мен саған қай уақытта осындай теріс үлгі көрсетіп едім?” – деп жазғырса , “Ах! Сіздің әкеңіз король болмаған!” – депті баласы. Әбден парасатты жауап. Басқаларға әмірін жүргізуге тәрбиеленіп жатқан адамды әділет пен парасаттан айыру үшін бәрі істеледі. Патшалық құру өнері дейтінді ханзадаларға үйрету үшін көп күш жұмсалады: алайда, ондай тәрбиенің оларға пайда бергені байқалмайды. Ең дұрысы оларды көмпістік өнерін үйретуден бастаған жақсырақ болар еді. Тарихта даңққа бөленген ең ұлы корольдар, тіпті де патшалық құруға үйретілмеген; бұл – тым ұзақ оқытудан үйренгеннен нашар үйренуге болмайтын және бұйырып үйренгеннен, көмпіс болып үйренген жақсы болатын ғылым. Nam utіlіssіmus іdem ac brevіssіmus bonarum malarumque rerum delectus, cogіtare quіd aut noluerіs sub alіo prіncіpe, aut voluerіs32. Сабақтастықтың осынау жоқтығы корольдік Басқармада тұрақсыздық туындатады. Патшалық етуші тақсырдың немесе соның орнына патшалық құрып отырған адамдардың мінез-құлқына байланысты бірде ана, бірде мына жоспарға бейімделе берсе, ондай ‡кіметте не белгілі бір мақсат, не дәйекті қарекет салты болмайды; бұл тұрақсыздық Мемлекетті ойға келген бір жоба мен екіншісінің арасында сенделтіп қояды, ал тақсыр біреу ғана болатын өзге Басқармалар тұсында мұндай нәрсе болмайды. Сондықтан да сарай төңірегінде қулық-сұмдық көбірек, Сенатта кемеңгерлік көбірек болатыны, Республикалар неғұрлым тұрақты да дәйекті жоспарларды басшылыққа ала отырып, өз мақсатына ілгерілей беретіні айқын; ал Министрлер кабинетінің құрамындағы әрбір төңкеріс Мемлекетте төңкеріс жасайды, өйткені барлық министрлер және барлық дерлік корольдерге ортақ ереже: кез-келген істе өзінің ізашарларына кереғар қимылдауға саяды.
32 “Жақсылықты жамандықтан ажырата білудің ең қолайлы да жедел жолы – король сен емес, басқа біреу деп есептеп, өзіңнің нені қалап, нені қаламайтыныңды сұрау”. (лат.) [Тацит. Тарих, І кітап, 16-б.].
Сабақтастықтың осынау болмауынан монархиялық саясаткерлер үшін әбден үйреншікті оғамды басқару отбасын басқарумен, ал тақсыр – отағасымен салыстыруда ғана емес (бұл қателік қазірдің өзінде мойындалады), осы магистратқа қажет болып қалуы мүмкін барлық жақсылықтарды оның басына сақилықпен үйіп-төгуде, және тақсыр дегеніңіз өзі көрсетуге тиіс нәрсе деген өзгермейтін жорамалда орын алатын жалған байламның терістелуін де табуға болады, осынау жорамалдың салдарынан корольдік Басқарма, әрине, кез-келген басқа басқарудан артық болып шыға келеді, өйткені оның ең күшті басқару екендігіне дау жоқ, тек ең жақсы да болу үшін оған үкіметтік корпустың ортақ ырыққа неғұрлым сәйкес келетін ырқы болуы ғана жетіспейді. Бірақ егер, Платонның айтуынша, табиғаттың өзі король болуға жазған адам соншалық сирек кездесетін тіршілік иесі болса, онда табиғат пен жағдайдың оған тәж кигізуінің сәті қаншалық түседі? Және егер король болу маңдайына жазылған адамды тәрбиелеу оны міндетті түрде бұзатын болса, онда тек патшалық құру үшін өсірілген адамдар ұрпағынан не күтуге болады? Демек, корольдік Басқарманы жақсы корольдің Басқармасымен бытыстыру – өзіңді өзің алдау деген сөз. Бұл Басқарманың өздігінен неге татитынын байқау үшін оның тайыз немесе жауыз тақсыр тұсында қандай екендігін қарастыру керек; өйткені олар дәл сондай күйінде таққа отырады, не тақ оларды сондай етеді. Бұл қиындықтар біздің авторларымыздың назарынан тыс қалған жоқ, бірақ олар бұған тіпті де шіміріккен емес. Жан сақтау жолы, дейді олар қыңқ етпестен көне беру. Құдай жаман патшаны халыққа ашу үстінде береді, сондықтан оған көктің жазасы деп төзе беру керек. Не десек те бұл толғам әбден-ақ тағлымды; бірақ ол саясат жөніндегі кітаптағыдан гөрі кафедрадан айтылар сөзде орындырақ секілді. Кереметті үйіп-төгетін, ал бар өнері науқасты төзе беруге шақыру ғана болатын дәрігер туралы не деуге болады? Басқарма пошымы солай болған соң жаман Үкіметке төзу керектігі жақсы белгілі; онда гәп жақсы Басқарма табуда болғаны ғой.
VІІ тарау
Аралас Басқармалар туралы
Басқарманың таза түріндегі жекелеген түрлері жоқ. Дара билеушіге оған бағынышты магистраттар керек; халықтық Басқарманың басшысы болуға тиіс. Міне осылайша, атқарушы билікті бөлген кезде көп саннан кем санға қарай біртіндеп өту қашанда болады; айырмашылық тек мынада: көп сан кем санға немесе кем сан көп санға тәуелді болуы мүмкін. Кейде билік тепе-тең бөлінеді; не құрамдас бөліктер өзара тәуелді күйде болады, бұл Англия Үкіметінде байқалады; яки әрбір бөліктің билігі тәуелсіз, бірақ жартыкеш, мәселен Польшада солай. Биліктің бұл соңғы пошымы нашар, өйткені мұндай Басқармада ауызбірлік жоқ, Мемлекетте ішкі байланыс та жоқ. Басқарманың қай түрі жақсы: тазасы ма, әлде араласы ма? Бұл сұрақ саясаткерлерге маза бермейді; және оған мен әлгінде Басқарманың әрқилы пошымдары жөнінде айтқандарым секілді жауап беруіміз керек. арапайым Басқарма – қарапайым болғандығының өзімен-ақ жақсы. Егер атқарушы өкімет заң шығарушы өкіметке жеткілікті тәуелді болмаса, яғни халық пен егемен арасындағы қатынастан гөрі, тақсыр мен егемен арасындағы қатынас көбірек болса, онда Үкіметті бөлу арқылы мұндай үйлесімсіздікті түзету керек. Өйткені мұндайда оның барлық бөліктерінің бодандарға билігі кемімейді, ал бөлу олардың бәрін бірге алғанда егемен жөнінде едәуір әлсіз етеді. Бұл қиындықты кейде делдалдық магистраттар көмегімен жояды, ол Үкіметті тұтас күйінде қалдыра отырып, тек екі өкіметті теңестіруге және олардың өзара құқықтарын қолдауға қызмет етеді. Бірақ ондай Басқарма аралас болмайды, ол қанағатшыл болады.
Осындай жолмен бұған кереғар қиындықты да реттеуге болады және егер Басқарма тым әлсіз болса, оны жұмылдыру үшін коллегиялар енгізу керек, бұл барлық демократияларда қолданылады. Бірінші жағдайда Басқарма оны әлсірету үшін, екінші жағдайда оны күшейту үшін бөлінеді. Өйткені күштілік пен әлсіздіктің максимумы Басқарудың қарапайым түрлері тұсында кездеседі, күш аралас пошымдар ал орташа береді. […]
XV тарау
Депутаттар немесе халық өкілдері туралы
Қоғамға қызмет ету азаматтардың басты ісі болудан қалып, олар оған тікелей өзімен емес, тек әмиянымен қызмет етуді жөн көрген бойда – Мемлекет қирауға жақын қалады. Ұрысқа бару қажет пе? – олар әскер жалдайды да, үйінде жата береді. Кеңеске беру керек пе? – олар Депутаттар сайлап алады да, үйінде жата береді. Ақыр соңында, азаматтарды жалқаулық жеңген кезде және оларда ақша жетіп артылатын кезде, сайып келгенде, Отанға қызмет ететін солдаттар оны сату үшін өкілдер пайда болады. Сауда-саттықпен және кәсіптермен байланысты әуре-сарсаң, пайда қуған ашқарақтық, нәуетектік және ыңғайлылыққа құштарлық – міне осының бәрі жеке қызметті ақшалай жарнамен алмастыруға жетелейді. Таза пайданың бір бөлігін береді, есесіне оны ұлғайта түсу оңайырақ болады. Ақшаңызды берсеңіз – ұзамай қамыт киесіз. Қаржы-қаражат деген сөз – құлдардың сөзі, ол азаматтық қауымда болмаған. Шын бостан елде азаматтар бәрін өз қолымен істейді, ақшаның көмегімен ештеңе істемейді; олар өз міндетінен азат болу үшін ештеңе төлемейтіні былай тұрсын, ол міндетті өздері атқару үшін ақша төлеуге дайын. Мен жалпы жұрт мойындаған теріс түсініктерден аулақпын; мен бостандыққа ақшалай садақадан қолмен атқарылатын борыш жақсы деп санаймын.
Мемлекет неғұрлым жақсы құрылса, азаматтардың санасында қоғамдық шаруа жеке шаруадан көп басым болады. Ондай жеке шаруа тіпті әлдеқайда кем, өйткені, ортақ игілік жиынтығы әрбір индивидуум игілігінің неғұрлым елеулі бөлігін құрайтындықтан, индивидуум оған өз күш-жігерін азырақ жұмсайды. Жақсы басқарылатын Азаматтық қауым әркім жиналысқа асығады; жаман басқармада оған батуға ешкімнің аттап басқысы келмейді, себебі онда не істелетіні ешкімді қызықтырмайды, өйткені онда ортақ ырық басым түспейтіні бесенеден белгілі, және бір себеп, сайып келгенде, үй шаруасы да бастан асып жатады. Жақсы заңдар одан да жақсы заңдар жасауға итерлемейді, жаман заңдар – одан да жаман заңдарды туғызады. Кімде-кім Мемлекет істері туралы: онда менің шаруам қанша? деген бойда, Мемлекетті өлді деп санау керек. Отанға сүйіспеншіліктің бәсеңдеуі, жеке мүдденің үздіксіз ықпалы, Мемлекет көлемінің тым үлкендігі, жаулап алу, Өкіметті теріс пайдалану ұлт жиналысындағы Депутаттар яки халық Өкілдері туралы ойға жетеледі. Бұл кейбір елдерде Үшінші сословие деп арсыз аталатын нәрсе. Сөйтіп екі сословиенің жеке мүдделері бірінші және екінші орынға, бүкіл қоғамның мүддесі тек үшінші орынға қойылған. Егемендіктің ажыратылмайтындығы секілді себеппен ол басқаға да берілмейді. Ол, шын мәнісінде ортақ ырықта жатады; ал ырық ешқалай ешкімді өкіл етпейді; не бұл ырық, не басқа бірдеңе, араға ешкім жүре алмайды. Демек, халық Депутаттары да оның өкілі емес және бола да алмайды; олар тек оның уәкілдері ғана; олар ештеңені түбегейлі шеше алмайды. Халықтың өзі тікелей бекітпеген заңның ешқандай күші болмайды; ол тіпті де заң емес. Ағылшын халқы өзін бостанбыз деп санайды: олар сұмдық қателеседі. Ол тек Парламент мүшелерін сайлау кезінде ғана бостан: олар сайланған бойда ол тек құл, ол түк те емес. Ол өз бостандығына ие болатын қысқа мерзімде оны қалай пайдаланатынын бажайласақ бұл бостандықтан біржола айырылып қалуға ол әбден лайық.
Өкілдер туралы ұғым жаңа заманға тиесілі; ол бізге феодалдық Басқармадан, осынау адамзат баласы азып-тозып, адам деген аттың өзі масқараға айналған әділетсіз де жозықсыз Басқарма түрінен қалған мұра. Республикаларда, тіпті монархияларда халық та ешқашан Өкілдер болған емес; тіпті ондай сөздің өзі болмаған. Трибундар ерекше құрметтелген Римде, олар халық құқығын иемденіп кетеді дегенді ешкімнің елестетіп те көрмегені, халықтың соншалық көптігіне қарамастан Олар өз билігімен бір де бір плебисцит ұйымдастыруға тырыспағаны тым түсініксіз. Соншалық Халық бұқарасы бар жерде кейде туындайтын қиындықтар туралы Гракхтар тұсында азаматтардың бір бөлігі төбесінде тұрып-ақ дауыс бергеніне қарап төрелік айтсын. Құқық пен бостандықтан асқан ештеңе жоқ жерде қиындық дегенің түк емес. Осынау дана халықта бәрі орын-орнында болатын; ол өз ликторларына Трибундар атқаруға батылы бармайтын істерді тапсырып қойды; ол ликторлар өзінің өкілі болғысы келер деп те қауіптенген жоқ. Дегенмен кей-кейде Трибундар қалайша халық өкілі болғанын түсіндіру үшін Үкіметтің қалайша егемен өкілі болатындығын аңғару жеткілікті. Заң дегеніміз – ортақ ырықты жариялау болатындықтан, заң шығарушы өкіметте халық өкілдері бола алмайтыны анық, бірақ ол өкілдер Заңға қосымша күш болып табылатын атқарушы өкіметте бола алады және болуға да тиіс. Міне осыдан мынаны байқаймыз: не нәрсені де мұқият қарастырсақ, тек аздаған халықтарда ғана заңдар болғанын байқаймыз. Қалай болғанда да, Трибундар атқарушы биліктің бірде-бір бөлігіне ие болмағандықтан, өз мансабының құқығы бойынша ешқашан Рим халқының өкілі бола алмайтын; ол үшін тек Сенат құқығын тартып алу керек болатын. Ал гректерде, халық істеуге тиіс нәрсенің бәрін оның өзі істеді; оның жиналыстары алаңда үздіксіз өтіп жатты. Ол жұмсақ ауа райында өмір сүрді; халық тіпті де дүниеқоңыз болған жоқ: құлдар оның жұмысын істеп жатты, оның басты шаруасы өзінің бостандығы болатын. Сол
артықшылықтар жоқ жерде, бәз-баяғы құқықтарды қалай сақтап қалуға болады? Сіздің неғұрлым қатал климат сізде көбірек қажеттілік туындатады33: жылдың алты айы бойы қоғамдық алаңды пайдалана алмайсыз; сіздің күңгір үніңіз ашық аспан астында естілмейді; сіз өзіңіздің бостандығыңыздан гөрі пайдаңызға пайда қосуға көбірек айналысасыз, құлдықтан гөрі қайыршылықтан әлдеқайда қатты қорқасыз. Қалай? Бостандық құлдықтың көмегімен ғана күн көре ме? Мүмкін. Бұл екі шетін нәрсе жанасады. Табиғатта жоқ нәрсенің бәрі қиындықтармен байланысты, ал азаматтық қоғам қиындықтармен бәрінен көп байланысты. Бостандығыңды басқа адамның бостандығы есебінен ғана сақтап қалуға болатын және құл нағыз құл болғанда ғана азамат мүлдем бостан бола алатын қысталаң жағдайлар ұшырайды. Спартада жағдай солай болды. Ал сіздер, жаңа заман халықтарысыздар, сіздерде жалпы құл атаулы жоқ, бірақ сіздердің өздеріңіз құлсыздар; сіздер солардың бостандығы үшін өз бостандықтарыңызбен төлейсіздер. Сіздер бұл артықшылықтарыңызбен бекер мақтанасыздар, бұдан мен адамшылықтан гөрі қорқақтықты көбірек көремін. Осының бәрін айтқанда мен құл ұстау керек және құл иелену құқығы заңды дейін деп отырғаным жоқ, менің бұған қарсы екендігімді дәлелдеп бергенмін. Мен тек өздерін бостанбыз деп санайтын жаңа заман халықтарының неліктен Өкілдер сайлап алатындығының, ал ежелгі халықтарда олардың неліктен болмағандығының себептерін ғана көрсеттім. Қайткен күнде де, халық өзіне Өкілдер сайлап алғын сәттен бастап ол енді бостан емес, ол халық енді жоқ. Барлығын мұқият қарастыра келіп, мен бұдан былай егемен біздің арқамызда өз құқығын Азаматтық қауым өте шағын болғанда ғана жүзеге асыра алады. Егер ол өте шағын болса, біреулер бағындырып ала ма? Жоқ. Төменде мен көп санды халықтың сыртқы құдіретін шағын Мемлекеттің
33 Ауа райы суық елдерде Шығыс халықтарының сән-салтанаты мен нәуетектіктігіне жол беру дегеніңіз олардың құлдық бұғауын өздеріңізге салуды қалау; олардан бетер амалсызыдықпен құлдыққа түсу деген сөз.
оңай жүзеге асатын басқарылуымен, абзал тәртібімен қалай үйлестіруге болатынын көрсетпекпін34.
XVІ тарау
Үкімет құру тіпті де шарт еместігі туралы
Заң шығарушы өкімет мықтап орнатылған кезде, атқарушы өкіметті де дәл солай орнату талап етіледі, өйткені жеке сипаттағы актылар арқылы ғана қарекет жасайтын бұл өкімет, өзінің түпкі мәнісі жағынан заң шығарушы өкіметтен, өзгешеленеді және одан бөлінеді. Егер өз мағынасында қарастыраылатын егемен өкіметке ие болатыны мүмкін болса, онда құқық пен қарекеттер мидай араласып, Заңның не екені, ненің ол еместігі белгісіз болар еді де, азғындаған Саяси организщм ұзамай өзі қарсы тұру үшін құрылған зорлыө-зомбылықтың олжасына айналар еді. Қоғамдық шарт бойынша азаматтардың бәрі тең болатындықтан, олардың бәрібарлығы істеуге тиіс нәрсені міндеттей алады, бірақ ешкім де өзі істемейтін нәрсені басқа біреуден істе деп талап ете алмайды. Саяси организмдерге жан бітіріп, оны қозғалысқа түсіретін нақ осы құқықты егемен Үкіметті құра отырып, тақсырға береді. Көп адамдар бұл актыны халық пен сол халықтың өзі тапқан билеушілер арасындағы шарт болып табылады: онда шарттар белгіленіп, олар бойынша тараптардың билеп төстеуге, екіншісі бағынуға міндеттенеді дегенді кесіп айтады. Мұның шарт жасасудың әнтек тәсілі екендігіне менімен келісер деп үміттенемін. Бірақ алдымен осы пікірді қорғауға бола ма, соны қарап көрейік. Біріншіден, жоғарғы билік өзгертілсе де, ажыратыла да алмайды; оны шектеу – оны жою деген сөз. Егеменнің өзінің үстінен басты қоюы
34 Осы шығарманың өн бойында мен осыны істегім келіп, Сыртқы қатынастарды қарастырғанда конфедерацияға дейін жетер едім. Бұл өзі мүлдем тың тақырып, бұл арада әлі бастапқы принциптер анықтап алынуға тиіс.
қисынсыз да қайшылықты нәрсе; қожайынға бағынуға міндеттену толық бостандық ахуалына оралу болып шығар еді. Мұның үстіне халықтың әлдебіреулермен шарты жекелік сипаты бар акты болар еді, бұдан ол актының заң да, егемендік актысы да бола алмайтыны шығады, яғни ол заңсыз болар еді. Сондай-ақ уағдаласушы тараптар өздерінің өзара қарым-қатынасында міндеттемелеріне ешқандай кепілсіз-ақ жаратылыстық заңға бағынатыны түсінікті, бұл қай жағынан алсаң да азаматтық ахуалға қайшы. Қолында күші бар адам әрқашан істің атқарылуын да басқарады; демек, бір адам екіншісіне: “Мен сізге бүкіл мал-мүлкімді мынадай шартпаен берем, сіз одан маған қалағаныңызды қайтарып тұрасыз” десе, ондай адамның бқұл қарекетіне де, ешбір қиналмай-ақ шарт атауын беруге болатыны ғой. Мемлекетте бір ғана шарт болады, ол – ассоциация шарты, және соның жалғыз өзі бұл арада барлық басқасын жоққа шығарады. Бірінші шартты бұзбайтын кез-келген басқа жұртшылық шартын елестетуге болмайды.
XVІІ тарау
Үкімет құру туралы
Үкімет құру туралы актыны қай мағынада түсінуге қажет? Ең алдымен ескерте кетейін бұл актынының күрделі акт немесе басқа екі актыден, атап айтқанда: заңды күшіне енгізу және оны орындау актыларынан құралатын акт. Осылардың біріншісімен егемен белгілі бір пошымда құрылған Үкіметтік корпус болатынын жариялайды, – және бұл акт заң екені айқын. Екіншісімен – халық құрылатын Басқару жүктелетін бастықтарды атайды. Бірақ, оларды атай отырып, халық жеке сипаттағы актыны ғана, басқа заң емес, жалғасын ғана және үкіметтік Қарекетті ғана туындатады.
Қиындық әлі Үкімет жоқ кезде, үкіметтік қарекет қалай мүмкін болатынын және тек егемен немесе бодан бола алатын халықтың белгілі бір жағдайда қалайша тақсыр немесе магистрат бола алатынын түсінуде. Саяси организм сырт көзге кереғар болып көрінетін қарекеттерді бітістіретін қасиеттерінің қайран қалдыратын тағы бірі осында ашылады. Бұл қасиет жоғарғы биліктің табан астында демократияға айналуынан бой көрсетеді, бұл ешқандай елеулі өзгеріссіз және тек баршаның баршаға жаңа қатынасының пәрменімен азаматтар магистраттар болып алып, ортақ актылардан жеке актыларға, Заңнан оны атқаруға көшетінінен болатын нәрсе. Қатынастардың Осынау өзгеруі әлдеқандай таза ой жүзінде болатын күрмеу емес, ағылшын Парламентінде қолданылып келе жатқан тәжірибе; мәселен, Төменгі палата белгілі бір жағдайларда мәселені дұрыстап талқылау үшін үлкен бір комитетке айнала кетеді; демек, әлгінде ғана өзі болған Жоғарғы жиналыстан әдеттегі комиссияға айналады; сосын ол өзінөзі Қаумдар Палатасы ретінде жаңа ғана өздері үлкен комитет ретінде айқындаған мәселені баяндама ретінде тыңдайды да; сөйтіп бір сапада шешіп қойған мәселесін басқа сапада талқылай бастайды. Демократия жағдайында Үкіметке тән артықшылық осындай: ол ортақ ырықтың қарапайым актысы бойынша орнатыла алады. Осыдан кейін осынау уақытша Үкімет, егер қабылданған пошым сондай болса, өкімет басында қала береді, немесе егемен атымен Заңда міндеттелген Басқарма пошымын орнатады; осылайша, бәрі де ереже бойынша жасалады. Үкіметті қандай да бір өзге заңды тәсілмен, және жоғарыда белгіленген принциптерден бас тартпай құру мүмкін емес.
XVІІІ тарау
Өкіметті басып алуға жол бермеудің әдістері
Бұл түсініктемелерден туындайтын, XVІ тарауды қуаттайтын қорытынды мынадай: Үкіметті құратын акт тіпті де шарт емес, заң; атқарушы өкіметті қоритындар халықтың қожайындары емес, соның шенеуніктері; халық қалаған кезінде тағайындап, орнынан босата алады; әңгіме олардың халықпен шарт жасасуы жөнінде емес, оған қалтқысыз бағынуы жөнінде; олар өздеріне Мемлекет жүктеген мансаптық міндеттерді атқара отырып, тек өздерінің азаматтық парызын орындайды, олардың ешқандай шарт қоюға құқығы жоқ. Халық мұрагерлікке негізделген Үкімет құрған кезде, – мейлі ол бір әулетке жататын монархиялық билік болсын, немесе азаматтардың бір сословиесіне жататын аристократиялық билік болсын, бәрібір, – ол өзіне міндеттеме қабылдайды деген сөз емес: бұл – басқаруды өз қалауынша қайта қарағанға дейін болатын уақытша басқару пошымы. Рас, мұндай өзгерістер әрқашанда қауіпті, және орнатылған Үкіметті, ол ортақ игілікпен сиыспайтын кезде болмаса, қозғай бермеген жөн. Бірақ мұндай сақтық – құқық принципі емес, саясат ережесі және Мемлекет азаматтық билікті өзінің ең жоғары мансап иелеріне өзінің генералдарына беретін әскери биліктен асып кететіндей етіп беруге міндетті емес. Мынау да рас, мұндай жағдайда, дұрыс та заңды актыны бүлік толқудан, бүкіл халық ырқын саяси фракцияның күңкілінен ажырата білу үшін талап етілетін барлық формальдықты барынша мұқият сақтау мүмкін емес. Бұл арада, әсіресе қолайсыз жағдайда құқықтың қатаң талаптарына сай сақталуға тиісті нәрсе ғана міндетті түрде сақталуға тиіс. Нақ осы міндеттемеден тақсыр халық ырқына кереғар өз билігін сақтап қалу үшін көп артықшылық алады және де ол билікті басып алды деуге де болмайды. Өйткені тек өз құқықтарын ғана пайдаланған сыңаймен, оларды оп-оңай кеңейтіп, қоғамдық тыныштықты сақтаймын деген желеумен жақсы тәртіпті қалпына келтіруге арналған жиналыстарға кедергі жасай алады; осылайша ол бұзылуына өзі кедергі бола алатын үнсіздікті, және, қорқыныш жақ ашпауға мәжбүр ететін адамдардың пікірін өз пайдасына
жарату, сондай-ақ дақ ашуға батылы барғандарды жазалау үшін өзі туғызатын тәртіпсіздіктерді пайдаланады. Әуелі бір жылға, содан кейін тағы сайланған Децемвирлер Комицийлердің қайтадан жиналуына жол бермей, билікті өз қолында біржола сақтап қалуға нақ осындай амалмен тырысты; әлемнің барлық Үкіметтері бір рет жұртшылық күшіне ие болған соң, нақ осындай оңай жолмен ерте ме, кеш пе, жоғарғы өкіметті өзәне иеленіп алады. Мен жоғарыда айтқан мерзімді жиналыстар, әсіресе оларды шақыруға әлдеқандай формальдылықтар талап етілмейтін кезде, мұндай қасіреттің алдын алуға немесе кейінге қалдыруға қабілетті; өйткені тақсыр өзін ашықтан-ашық заңды бұзушы және Мемлекет жауы ретінде көрсетпей, оларға кедергі жасай алмайды. Тек қоғамдық келісімді қолдауды мақсат еткен мұндай жиналыстардың ашылуы әрқашан әрқайсысы жеке-жеке дауысқа қойылатын екі ұсыныс арқылы жүзеге асырылуы керек. Оның біріншісі: егемен Басқарманың қазіргі пошымын сақтап қалуды қалай ма? Екіншісі: Халық басқаруды ол қазіргі кезде жүктелген адамдардың қолында қалуын қалай ма? Мен бұл арада өзім дәлелдеп бердім ғой деп ойлайтын нәрсені жорамалдаймын: Мемлекетте күші жойылмайтын ешқандай негізгі заң жоқ, тіпті қоғамдық келісім туралы да осыны айтуға болады. Өйткені егер барлық азаматтар бұл келісімді ортақ келіісім бойынша бұзу үшін жиналса, ол әбден заңды түрде жойыла алар еді. Гроций тіпті: ºркім өзі мүшесі болып табылатын Мемлекеттен бас тарта және е-гер елден кетсе жаратылыстық бостандығы мен өзінің мүлкін қайтара алады деп санайды35. Бірақ азаматтардың бәрі бірге жиналып, олардың әрқайсысы жеке-жеке істей алатынды істей алмаса, жосықсыз болар еді.
35 Әрине, отан саған мұқтаж болып отырған кезде парызын орындамау, оған қызмет етуден құтылу үшін одан кетіп қалуға болмайды. Ондай кезде қашу қылмысты да жазаланатын нәрсе; ол шегіну емес, қашқындық болар еді.
Төртінші кітап
ІІ тарау
Дауыс беру туралы
Ортақ істердің жүргізілу тәсілі қазіргі кездегі Саяси организмнің құлқы мен саулығы ахуалының сенімді көрсеткіші қызметін атқара алатындығы алдыңғы тараудан көрінеді. Жиналыстарда келісім неғұрлым көбірек болса, яғни пікірлер толық ауызбіршілікке неғұрлым жақын болса, ортақ ырық соғұрлым анық, ал ұзақ дау-дамай, алауыздық, айқай-шу жеке мүдделердің үстем екендігін және Мемлекеттің құлдырай бастағындығын көрсетеді. Оның құрамына екі немесе бірнеше сословие кіргенде ол оншалық ашық көрінбейді, мысалы Римде патрицийлер мен плебейлер кіріп, олардың арасындағы тартыс-талас тіпті Рим республикасының дәуірлеп тұрған кезінің өзінде Комициялардың талай мазасын алған. Бірақ бұл нақты шындықтан гөрі солай болып көрінетін сирек құбылыс, өйткені ондай Саяси организмге іштей тән міндердің салдарынан бір Мемлекеттің ішінде екі мемлекет бар сияқты болып көрінеді: екеуіне бірдей жақпайтын нәрсе, олардың әрқайсысын жеке алғанда дұрыс болады. Шынында да, өте беймаза уақыттың өзінде, Сенат араласпаған жағдайда, халық арасындағы плебисциттер әрқашан сабырлы өтіп, олардың шешімі айтарлықтай көпшілік дауыспен белгіленетін, өйткені барлық азаматтарда бір ғана мүдде, халықта – бір ғана ырық болатын. Ал шеңберді қосатын қарама-қарсы нүктеде ауызбіршілік қайтып оралады: бұл құлдыққа түскен азаматтарда енді бостандық та, ырық та жоқ кезде болады. Ондайда үрей мен жарамсақтық дауыс беруді айқай-шумен алмастырады; енді талқылау деген жоқ: не көкке көтереді, не қарғыс жаудырады. Императорлар тұсында Сенатта пікір білдірудің масқара тәсілі
осындай болатын. Кейде бұл күлкі шақыратын сақтықпен жүргізілетін. Тацит былай деп айтып кеткен еді: Отон тұсында сенаторлар Вителлийге қарғыс жаудырған, бірақ ол әлдеқалай әмірші бола қалса, олардың әр айсысы не айтқаны -шу көтеріп отырған. Осынау әрқилы пиғылдардан тиісті принциптер туындайды да, ортақ ырық қаншалықты оңай анықталатындығына және Мемлекеттің құлдырауға қаншалықты бой ұрғандығына сәйкес дауыстарды есептеу және пікірлерді салыстыру тәсілі сол принциптер бойынша белгіленетін болған. Өзінің табиғаты бойынша ауызбіршілікті талап ететін бір-ақ заң бар, ол – қоғамдық келісім. Өйткені азаматтардың ассоциацияға кіруі дүниедегі ең ерікті акт; әрбір адам бостан әрі өзіне өзі қожайын болып туатындықтан, ешкім де оны ешқандай себеппен өз еркінен тыс бағындыра алмайды. Күңнің баласы құл болып туады деп бекіту, ол адам болып тумайды дегенді бекіту деген сөз. Демек, егер қоғамдық келісім жасалғаннан кейін оған қарсы болатындар табылғанның өзінде олардың қарсылығы Шарттың күшін жоя алмайды, ол тек оларды оған қатысушылар санатына енгізуге кедергі жасайды: олар – азаматтар арасындағы жатжұрттықтар. Мемлекет құрылғаннан кейін Шартпен келісетіндік азаматтың тұрғылықты жерін таңдап алуының өзінен көрінеді. Сол территорияда тұрып жату – өзіңді егемендікке бағындыру деген сөз36. Осы бастапқы Шарттан басқаларында көпшілік пікірі өзгелер үшін әрқашан міндетті: бұл – Шарттың өзінің салдары. Бірақ мынадай сұрақ туындайды: адам бостан бола тұрып, шындап келгенде өзінің қалауы емес, басқалардың қалауымен келісуге қалай мәжбүр етіле алады? Көпшілікпен
36 Бұл әрқашанда тек бостан Мемлекетке қатысты болуға тиіс. Өйткені басқа жағдайларда отбасы, малмүлік, қоныстана қоятын баспананың болмауы, мұқтаждық, зорлық адамды сол елде ырқынан тыс ұстап қала алады; ондай жағдайда, адамның ол елде тұруы оның Шартқа немесе Шарттың бұзылуына келісуін білдірмейді.
келіспейтін адамдар қалайша бостан болмақ және бір мезгілде өздері келіспеген заңдарға бағынбақ? Менің жауабым, сұрақ дұрыс қойылмаған. Азамат барлық заңдарға, егер ол солардың біреуін бұзған болса, тіпті өзін жазалайтын заңдарға да келісімін береді. Мемлекет барлық мүшелерінің сөзсіз ырқы – ортақ ырық; соның арқасында ғана олар азаматтар және бостан37. Халықтың жиналысында заң ұсынылғанда, жиналыс мүшелерінен, шындап келгенде солардың өз ырқы болып табылатын ортақ ырыққа ол сәйкес пе, жоқ па деп сұрамайды. Дауыс бере отырып, әркім сол мәселе жөніндегі өз пікірін білдіреді де, және дауыстарды санау арқылы ортақ ырықтың білірілгені анықталады. Егер менің пікіріме қарсы пікір үстем болса, онда бұл менің пікірімнің қате екендігін, мен ортақ ырық деп білген нәрсе, ол болып шықпағанын дәлелдейді. Егер менің жеке пікірім басым түссе, қалағанымды емес, басқаны жасар едім де, сонда бостан бола алмас едім. Бұл, рас да, ортақ ырықтың барлық ерекшеліктері дауыс көпшілігіне бейнеленетінін көрсетеді. Сол көпшілік дауыс болмаса, қандай шешім қабылданса да – енді бостандық дегенің жоқ. Бүкіл қоғам болып қабылдайтын шешімдерде ортақ ырықтың жеке адамдардың ырқымен қалай ауыстырылатындығын жоғарыда көрсете келіп, мен ондай теріс әрекеттердің алдын алудың құралдарын да жеткілікті анықтап бердім; бұл жөнінде кейінірек мен әлі де айтамын. Бұл арада ортақ ырықтың жариялағанын көру үшін қандай салыстырмалы көпшілік қажеттігіне келетін болсақ, мұны да анықтауға болатын принциптерді баяндап бердім. Бір ғана дауыс айырмашылығы тепе-тең бөлінуді бұзып жібереді: жападан жалғыз бұра тартқан адам ауызбірлікті жояды. Бірақ ауызбірлік пен дауыстардың тең бөлінуі арасында белгілі бір жағдайлар болады, онда дауыстар тең бөлінбейді, бірақ олардың
37 Генуяда абақтыларға кіре берістен, және айдаудағы адамдардың бұғауларынан Lіbertas (Бостандық) деген сөзді оқуға болады. Бұл ұранды осылай қолдану – тамаша әрі әділетті. Шынында да, барлық жағдайдағы қылмыскерлер азаматтың бостан болуына бөгет жасайды. Солардың бәрі галераларда болатын елде адамдар толық бостандықтың рахатын көрер еді.
әрқайсысында Саяси организмнің ахуалы мен мұқтажына сәйкес ортақ ырықтың жарияланғанын көруге болатын санды белгілеуге болады. Осы қатынастарды анықтау үшін ортақ екі принцип қызмет ете алады: оның бірі – қабылданатын шешімдер неғұрлым маңызды әрі байыпты болған сайын, әсіресе басым түсетін пікір ауызбірлікке соғұрлым жақындай түсуге тиіс; екіншісі – қаралып отырған мәселені неғұрлым тезірек шешу қажет болса, соны қабылдау кезіндегі дауыстар айырмашылығы соғұрлым аз болуы керек: еш іркіліссіз тез қабылдануға тиісті шешімдерді қабылдар кезде жалғыз ғана дауыстың артық болуы жеткілікті деп мойындалуы керек. Осы екі қағиданың біріншісі заңдарды қабылдау кезінде қолайлы да, екіншісі істерді қараған кезде қолайлы болып келеді. Қайткен күнде де шешімдерді қабылданды деп есептеу үшін осы қағидаларды ұштастыра отырып, көпшілік дауыс пен азшылық дауыстың ең дұрыс арақатынасы анықталады.
ІІІ тарау
Сайлау туралы
Мен ілгеріде айтқандай күрделі актылар болып табылатын тақсыр мен магистраттарды сайлау мәселесіне келетін болсақ, бұл арада екі жол бар: сайлау өткізу және жеребе тарту. Мұның екеуі де әртүрлі Республикада қолданылған, қазір де Венеция дожын сайлау кезінде осы екі тәсіл едәуір күрделі түрде араластырып қолданылады. Жеребе тарту бойынша сайлау демократия табиғатына сай келеді, – дейді Монтескье. Мен мұнымен келесемін, бірақ бұл неге бұлай? Жеребе тарту – деп сабақтайды ол, – ешкімді ренжітпейтін сайлау әдісі; ол әрбір азаматқа отанға қызмет ету үмітін жеткілікті қалдырады. Бірақ себеп мұнда емес.
Егер бастықтарды сайлау егеменнің емес, Үкіметтің шаруасы екендігіне назар аударар болсақ, онда біз жеребе тарту арқылы сайлау әртүрлі актылары неғұрлым аз болған сайын басқару соғұрлым жақсы болатын демократияға көбірек тән екендігін көреміз. Әрбір шынайы демократияда магистратура ешқандай да артықшылық емес, қайта ол, әділін айтсақ, бір адамның орнына екінші адамның мойнына артып қоюға болмайтын өте ауыр міндет. Тек Заң ғана бұл ауыр жүкті жеребе түскен адамға жүктей алады. [...] Аристократиялық құрылыста тақсырды тақсыр таңдайды, Үкімет өздігінен сақталып қала береді; міне нақ осы жерде дауысқа қою орынды. Венеция дожын сайлау үлгісі осы айырмашылықты теріске шығармайды, қайта қуаттай түседі; осынау аралас пошым Басқарудың аралас тегіне сай келеді. Өйткені Венециядағы басқару пошымын шынайы аристократиялық басқару деп тану – қате түсінік. Онда халық Басқару ісіне ешқалай қатыспайды, ал ондағы халық тек игі жақсылар. Толып жатқан кедей варнавиттер ешқашан қандай да бір магистраттарға жолатылған емес, олардың дворяндар санатына жатуы оларға мәртебелі деген түкке тұрмайтын атақ пен Үлкен Кеңесте мәжіліс құру құқығын ғана береді. Сол Кеңес мүшелерінің біздің Женевадағы Бас Кеңес мүшелері сияқты көптігі соншалық, оның игі жақсы мүшелерінің біздің кәдуілігі азаматтардан артықшылықтары көп емес, олардың ешқандай артықшылығы жоқ. Жалпы алғанда екі Республиканың бір-біріне тіпті де ұқсамайтындығын былай қойсақ, Женеваның қалалықтары Венеция патрициатына; бізде Туғандар мен Тұрғындар Венеция қалалықтары мен халқына, біздің шаруаларымыз Венецияның материктегі бодандарына дәл сәйкес келеді; ақыр соңында, бұл Республиканы, оның жер көлемін былай қойып, қай жағынан алып қарасаң да, ондағы Басқарманың аристократиялығы біздегіден еш артық емес. Барлық айырмашылық тек мынада ғана: бізде ғұмыр бойына белгіленіп қойған басшы болмайтындықтан, бізге ешқандай жеребе тартудың қажеті жоқ.
Жеребе бойынша сайлау шынайы демократияда көп қиындық туғыза қоймайды, өйткені баршасы өздерінің құлқы жағынан да, дарыны жағынан да, өздерінің принциптері жағынан да, дәулеті жағынан да бірдей болғандықтан, кім сайланып жатса да, оларға бәрібір дерлік. Бірақ мен айтқанмын, шынайы демократия деген ешқашан болған емес. Сайлау мен жеребені біріктіріп жіберген кезде, бірінші амалмен белгілі бір дарынды талап ететін орындарға, айталық әскери мансапқа сайлау керек; ал екінші жол естілік, әділет, адалдық талап етілетін сот қызметі саласына қолайлырақ; өйткені дұрыс құрылған Мемлекетте бұл қасиеттер барлық азаматтарға тән. Ал монархиялық Басқармада жеребе тартуға да, сайлау өткізуге де орын жоқ. Монарх құқығы бойынша жалғыз өзі әрі тақсыр, әрі бірджен-бір магистрат болғандықтан, өзінің уәлилерін таңдау соның өзінің құзырында. Аббат де Сен-Пьер Франция королі жанындағы Кеңестер санын ұлғайтып, оларды дауыс беру арқылы сайлап қоюды ұсынған кезде, ол Басқарау пошымын өзгертуді ұсынып отырғанын түсінген жоқ.
VІ тарау
Диктатура туралы
Заңдардың оқиғалар кезінде қолданылуына кедергі жасайтын икемсіздігі оларды кейбір жағдайларда зиянды етіп, сол арқылы Мемлекет дағдарысқа ұшырап отырған кезде оның құлауына апарып соқтыруы мүмкін. Тәртіп пен пошымды сақтау белгілі бір уақытты қажет етеді, ал жағдай кейде оған төзбейді. Заң шығарушы, тіпті де алдын-ала көздемеген көптеген оқиғалар болуы мүмкін, және бұл, бәрін де алдын-ала көріп-білу мүмкін еместігін түсіну өте қажет естілік.
Сондықтан саяси ұстанымдарды, қажет болған кезде олардың күшін тоқтату мүмкіндігінен өзіңді айырып, өзгерместей етіп нығайта берудің қажеті жоқ. Тіпті Спартаның өзі де заңдарды уақытша іркіп, тежей тұрған. Тек ең зор қауіп қана қоғамдық құрылысты өзгертуге апарып соғатын күштерді теңестіре алады; отанды құтқарып қалу қажеттігінен басқа кездерде заңдардың қасиетті күшін ешқашан тоқтатпау керек. Осынау өте сирек және анық жағдайларда қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі қамқорлық ерекше актымен білдіріліп, ол бұл міндетті ең лайық адамға жүктейді. Бұл тапсырма қатердің сипатына қарай мынадай екі тәсілмен берілуі мүмкін. Егер ол қауіптің бетін қайтару үшін Үкіметтің пәрменділігін арттыру жеткілікті болса, онда Басқару оның бір немесе екі мүшесінің қолына шоғырландырылады, сөйтіп заң билігін емес, оларды қолдану пошымын өзгертеді. Ал егер заң талаптарын сақтау қауіптің бетін қайтаруға кедергі жасайтын болса, онда заңдардың бәрінің аузын жабатын және біраз уақытқа дейін егеменнің билігін тоқтата тұратын жоғарғы билеушісі тағайындалады. Мұндай жағдайда ортақ ырық неде екеніне күман тумайды, халық мұраты Мемлекетті аман сақтап қалу болатындығы да айқын. Олай болса, заң шығарушы өкімет қарекетінің тоқтатылуы тіпті де оны жою деген сөз емес. Бұл өкімет үндемеуге мәжбүр ететін магистрат, оны сөйлеуге де мәжбүр ете алмайды; оның өкілі де бола алмайтын магистрат оған толық үстемдік жүргізеді. Ол заңнан шығарудан басқаның бәрін істей алады. Бірінші амалды Рим Сенаты қолданып, ол арнау формуласымен Консулдарға Республиканы сақтап қалу шараларын қолдануға міндеттеді. Екінші жол – екі Консулдың бірі Диктаторды38 тағайындаған кезде қолданылды; бұл дәстүрді Рим Альбаның үлгісі бойынша қабылдады.
38 Адамды заңдардан жоғары қоюға ұялғандай, бұл тағайындау түн ішінде әрі құпия түрде жүзеге асырылды.
Республиканың алғашқы кезінде Римдіктер диктатураны тым жиі пайдаланды, өйткені Мемлекет өзінің ішкі құрылысының күші есебінен өмір сүруге жете қойған жоқ еді. Ол кездегі құлық басқа бір заманда ауадай қажет көптеген сақтық шараларын қажет етпейтіндіктен, олар Диктатор билікті теріс пайдаланады-ау деп те, оны белгіленген мерзімнен әрі ұстап қалуға ұмтылады-ау деп қауіптенбеді. Қайта, бұған керісінше, мойнына тым ауыр жүк түскен адам өзіне жүктелген мансаптан тезірек құтылуға тырысатындай, өйткені заңдарды алмастыру тым қиын және тым қауіпті іс болып көрінетін. Сол себептен де мені осынау ең жоғарғы магистратураның билікті теріс пайдалану қаупі емес, оның азғындап кету қауіпі қатты сескендіреді, сондықтан да мен Республиканың алғашқы дәуірінде оны тым жиі пайдалану тәжірибесін айыптауға мәжбүрмін. Өйткені осынау мансапқа сайлау өткізу, храмадарды киелендіру, таза формалды шараларды атқаруға пайдалану үшін соншалық жиі тағайындап отырса, нағыз керек кезінде олардың айбынын мұқалтып жібереді ме, егер диктатураның түкке тұрғысыз нәрселер үшін ғана пайдаланатын болса бірте-бірте оны бос атақ деп есептеуге жұрттың үйреніп кетуі мүмкін деп қауіптенуге болатын еді. Республиканың соңғы кездерінде римдіктер сақтық жасап, диктатураны бұрын орынды-орынсыз қаншалықты көп пайдаланса, енді одан негізсіз сескенетін болды. Бірақ олардың қауіптенуінің негізі аз болғанына; астананың әлсіздігінің өзі оның төрінде отырған магистраттардың кез-келген қаскүнемдігі кезінде де қауіпсіздік кепілі болғанына белгілі бір жағдайларда қоғамдық бостандықты қорғай алатын, бірақ оған өзі ешқашан қаскүнемдік жасай алмайтын болғанына; Римнің қол-аяғына түскен бұғау оның өз ішінде емес, оның армияларында соғылғанына көз жеткізу қуанышты. Марий Суллаға, Помпей Цезарьға көрсеткен болымсыз қарсылық сыртқы күшке қарсы бағытталған ішкі күштерден нені күтуге болатынын анық көрсетіп берді.
Міне осы қателік үлкен ағаттықтарға апарып ұрындырды: мысалы, Катилина ісі кезінде диктатор тағайындалмады. Өйткені мәселе тек қаланың өзі туралы,қәрі кеткенде әлдеқандай итальян провинциясы жөнінде болғандықтан, заң бойынша қолында шексіз билігі бар Диктатор астыртын қаскүнемдікті оп-оңай жойып жібере алатын еді; ол қастандық кездейсоқ қолайлы жағдайлардың тоғысуы нәтижесінде ғана басылып тасталды, ал адам естілігі ешқашан ондай кездейсоқтықтарға үміт артпауға тиіс. Оның орнына, Сенат өзінің бар билігін Консулдарға берумен шектелді. Осының салдарынан Цицерон ойдағыдай қимылдау үшін аса бір маңызды пунктте өзіне берілген билікті асыра пайдалануға мәжбүр болды; алғашқы шаттық кезінде оның әрекетіне толық қолдау көрсетілгенімен, кейінен азаматтардың заңға кереғар қаны төгілгені үшін одан есеп беру талап етілді, ал Диктаторға ондай жазғыру талабы қойылмас еді. Бірақ Консулдың ділмарлығы жұрттың бәрін тәнті етті; ол римдік болғанымен, отан мүддесінен гөрі өзінің атақ-даңқын асыруды көбірек ойлап, Мемлекетті құтқарудың неғұрлым заңды және неғұрлым дұрыс жолын іздестіргеннен гөрі бұл істе барлық еңбекті өзіне телу құралын көбірек іздестірді39. Сондықтан оған Римді құтқарушы ретінде орасан зор құрмет көрсетті, сонымен бірге оны заңды бұзушы ретінде әділетті жазалады. Ол айдаудан қайтып оралған кезде жұрт оны тамаша қарсы алғанымен, мұның жай ғана мүсіркеу болғандығы. Дегенмен, мұндай маңызды тапсырма қандай жолмен берілсе де, оны өте қысқа мерзіммен шектеу керек және оны ешқашанда ұзартуға болмайды. Диктатура орнатуға мәжбүр ететін белгілі бір дағдарыстар кезінде, әрине, Мемлекет көп ұзамай не жойылады, не құтқарылады; ал ондай қажеттілік өткен кезде, диктатура тиранияға айналады немесе пайдасыз болып шығады. [...]
39 Егер ол диктатор тағайындауды ұсынар болса, мұның өзінің атақ-даңқына қандай әсері боларын білмеді, өзін ұсынудан тайсақтайды, ал әріптесінің мұны ұсынар-ұсынбасына сенімсіз болды.
Дени Дидро
(1713-1781) – француз ағартушысы, жазушы, мәдениет қайраткері, энциклопедияшы-философ. Қолөнершінің отбасында дүниеге келген. Жергілікті иезуиттер колледжінде білім алған, сосын Париждегі колледжді бітіріп шыққан. 1732 жылы өнер магистры атағын алған. Оншақты жыл бойы жеке үйлерде сабақ беріп, кеңсе қызметіне көмектесіп жұпыны ғана өмір сүрген. 1751 жылдан 1780 жылға дейін Францияда “Энциклопедияның, немесе ғылымдардың, өнердің және қолөнердің Түсіндірме сөздігінің” 35 томдығы шығып тұрды. Дени Дидро француз Ағартушылығының және бүкіл Еуропа мәдениетінің дамуында орасан зор рөл атқарған “Энциклопедияның” Бас редакторы (1758 жылға дейін Д’Аламбермен бірге) болды. Дидроның қоғамдық-саяси және әдеби қызметі XVІІІ ғасырдың аяғындағы Ұлы француз революциясын рухани дайындауға үлкен ықпал етті, бірақ өзі соның аз-ақ алдында қайтыс болды. Өзінің саяси көзқарастары жағынан ол феодалдық-деспотиялық құрылысқа түбегейлі қарсы болды, материалистік және атеистік бағыт ұстады, сол үшін үкімет пен католиктік Шіркеу тарапынан ұдайы
қуғынға түсіп отырды. Дидроның ғылыми, әдеби және қоғамдық-саяси
қызметі дүние жүзінде кеңінен танымал.
ДІН БАСЫЛАРЫ
Дін және саясат
Бұлай сөзбен жер бетіндегі барлық халықтарда орын тепкен діни табынуға қызмет ететін барлық адамдарды нобайлайды. Сырттай табыну адамдардың сезіміне ықпал етуді, олар құрмет көрсететін құдайға олардың құлшылығын нығайта түсуді мақсат тұтатын рәсімдерді көздейді. Соқыр сенімдер әртүрлі діндер рәсімдерін көбейтті, ал оларға қызмет ететін адамдар ерекше сословие құрып алып, ол тек қана михрабтарда қызмет атқаратын болды. Осыншама маңызды міндет жүктелген адамдар құдайдың сүйікті құлдары деп сене бастады. Сол кезден бастап бұл адамдар құдаймен қатар құрметтелетін болды. Кәдуілгі еңбек оларға лайық еместей көрінетін болды, сондай халықтар ең қасиетті де ең маңызды міндеттер жүктелген бұл адамдардың күн көрісін өзіміз мойнымызға алуымыз керек деп ұйғарды. Өздерінің храмдарынан шы пайтын арттыра түсті. Оларға құдайдың сүйген құлдары, алланың әмірін сақтап, түсіндіруші, құдайлар мен адамдар арасын байланыстырушы ретінде қарауға дағдыланды. Өзің сияқтыларды билеп-төстеу қандай рахат! Дінбасылар адамдардың миына өздері жөнінде қондырған биік пікірді пайдалана білді; құдайлар бізге сырын айтады деп ойлай бастады; олардың бұйрығын жеткізе бастады; адамдарға догматтар үйретті; неге сеніп, неге сенбеу керек екендігін міндеттеді; құдайға не ұнап, не ұнамайтындығын көрсетті; сәуегейлікпен айналысты; беймаза да әрнеге әуес адамдарға болашақты айтып беріп отырды; дінбасылардың миссиясына күмән келтіргендер мен
олардың іліміне сын көзімен қараған батылдарға құдай бұйрығымен берілетін азапты айтып қалтыратты. Өз билігін мықтырақ негіздеу үшін олар құдайларды аса қатал, кекшіл, мейрімсіз етіп көрсетті; олар рәсімдер бағыштаулар, сырлы құпиялар енгізіп, олардың қаталдығы адамдарды енжарлыққа үйретті, мұның өзі фанатизмнің үстемдік етуіне соншалық қолайлы. Сонда адам қаны михрабтарда өзен болып ақты. Қорқыныштан құты қашып, соқыр сенімнен бастары айналған халықтар көктің ілтипатына ие болу үшін ештеңелерін аямады. Аналар көзіне жас алмастан бейкүнә сәбилерін отқа тастады, мыңдаған жазықсыз жандар қанішер абыздардың қатыгез пышағына ілікті. Адамдар үшін соншалық өрескел әрі мағынасыз, ал дінбасылар үшін пайдалы көптеген міндеттерді атқаруға әбден мойынсұнды; барып тұрған қисынсыз соқыр сенім халықтар арасына таралып, дінбасылар билігін нығайта берді. Күнделікті күйбеңнен қолы бос және өз үстемдігіне сенімді осынау дінбасылар жалғызбастылықтың зерігушілігінен құтылу үшін табиғат жұмбақтарымен және жәй адамдарға беймәлім құпиялармен айналыса бастады. Египет дінбасылары соншалық, даңққа бөлеген істер осыдан. Барлық жабайы, надан халықтарда дінмен де, медицинамен де бір ғана адамдар айналысқанын айта кету керек. Дінбасылар халықтарға тигізген пайда да олардың билігін нығайтуға жәрдемдесті. Олардың кейбіреулері тіпті ілгері кетті; Олардың физикамен айналысуы әдеттен тыс тәжірибелерімен жұртты қайран қалдырды, олардан жаратылыстан тыс есептелді, өйткені олардың себептерін жұрт білмейтін еді. Осыдан барып неше түрлі ғажайыптар, сыйқырлықтар, кереметтер туралы аңыз-әңгімелер көбейді. Осындайларға қатты таңырқаған адамдар өз абыздары стихияларды билеп-төстейді, көктің жазасын да, рахымын да өз қалауынша үлестіреді, сондықтан пенделердің құлшылығы мен қорқынышына құдайлармен ортақтасуға тиіс деп ойлады.
Осындай қадірлі жандардың берік қоғамдық тәртіпке бағыныштылық шегінде ұзақ уақыт бойы қала беруі қиын еді; өз биліктеріне насаттанып кеуде көтерген дін иелері корольдардың құқықтарына таласа бастады. Тақсырлардың өздерінде, дін заңдарына бағынып үйренген оның бодандарына дін басыларының өктемдігі мен тираниясына қарсы тұратын жеткілікті күш болмады, фанатизм мен соқыр сенімдер монархтардың өздеріне қатер төндіріп тұрды; дін басыларын ауыздықтау немесе жазалау әрекеттері жасала бастаған бойда олардың тақтары шайқала бастайтын, өйткені дін басыларының мүддесі жаратушының мүддесімен бірігіп кететін. Оларға қарсы тұру – көкке қарсы шығу, олардың құқына қол сұғу – күнаһарлық, олардың билігін шектеуге тырысу – діннің негіздерін шайқалту деген сөз болатын. Бұтқа табынушы дін басыларының өз құдырет-күшінің шыңына шығу баспалдақтары міне осындай болды. Египеттіктердің патшалары абыздардың қадағалауында болуға тиісті-тін. Құдайға жақпайтын монархтар солар арқылы өздерін өздері өлтіру жөнінде нұсқау алып отырды; және соөқыр сенімдердің күші соншалық, тақсыр оны орындауға амалсыз көнетін. Галлдардағы друидтар бүкіл халыққа шексіз билік жүргізді; олар дін қызметшісі атағын місе тұтпай, абыздар халық арасындағы талас-тартыстарға да қазы болды. Мексикалықтар өзара құпия әңгімелерінде жабайы дінбасылар оларды құдай атымен жан түршігерлік қатыгездіктерге баруға итермелейтінін айтып қынжылатын; абыздар көк жарлығын жеткізген кезде патшалар тіпті нағыз әділетсіз соғыс ашудан да бас тарта алмайтын. “Алланың әмірі солай”, – дейтін олар, ал мұны естіген әміршілер сол сәтте жазықсыз көршілеріне қарсы қарулана бастайтын да, әркім-ақ қолдарына көбірек тұтқын түсіруге тырысып, оларды өз пұттарының немесе дұрысы, олардың қызметшілерінің қатыгез де тираниялық соқыр сенімдерінің жолына құрбандыққа шалатын. Егер жалғандықтың қызметшілері діни дәрежесі беретін билікті асыра пайдаланып қана қойса, халықтар әлі бақытты бола берер еді. Інжіл
соншалық табандылықпен уағыздайтын бағыну мен жұмсақтыққа кереғар, түнек ғасырлары көтеріліс туларын жоғары көтерген, бодандарын тақсырларына қарсы қаруландырған, корольдарға арсыздықпен тағынан түсуді бұйырған, халықтарды өз әміршілерімен байланыстырып тұрған киелі дәнекерді үзу құқығын өздерінікі деп жариялаған, өрескел пиғылына көнбеген тақсырларды тирандар деп жариялаған, барлық азаматтар үшін бірдей жасалған заңдардан тәуелсіз болуға ұмтылған дінбасыларды, Құдай қызметшілерін көрді. Осынау пендешілік дәме кей кездерде орасан зор қантөгістерге ұрындырды; оларды мүмкін еткен халықтардың надандығы, тақсырлардың әлсіздігі, дінбасылардың айлакерлігі; дінбасылар өздері тартып алған құқықтарын көбіне сақтап қалып отырды; жан түршігерлік инквизиция енгізілген елдерде мексикалық дінбасылар құрбандықтарынан бірде-бір кем түспейтін адам құрбандықтары өте көп болды. Ал парасат пен философия сәулесі нұрландырған елдерде жаƒдай тіпті басқаша: ол елдерде дінбасы өзінің адам, бодан, азамат екенін ешқашанда ұмытпайды.
ГЕЛЬВЕЦИЙДІҢ “АДАМ ТУРАЛЫ” КІТАБЫН
ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУ
Бірінші том
ІV тарау
23 б. Өзімшілдік тұрақты нәрсе және ол өзгермейді. Бірақ бұл баршада бірдей күшті ме? Оның түр-түрі болмай ма? Ол өзгеріп тұрмай ма? Мен бір нәрсеге ғана таласпас едім: әркім-ақ шамадәрмені жеткенше барынша ризашылықпен қарайды. Өзін-өзі сүю
жағынан табиғат, тәжірибе және тәрбие бірдей етіп шығарған екі адамды – екі-ақ адамды! – кездестіру ғажаптың ғажабы болып шығар еді.
V тарау
24 б. Ештеңеге ықылассыз, билікті аңсаудан аулақ адамдар бола ма? Бар, бірақ өте аз, сондықтан олармен ешкім санаса қоймайды. Олардың болуының өзі, сіздің болымсыз ғана мойындауыңызға қарамастан, бұл сезімнің кереметтей әртүрлілігін көрсетеді. Ол кәдімгі қарапайым нөлден бастап шет-шегі маған беймәлім шамаға дейін өсе беретін бөлшек. 25 б. Егер деспоттық үкіметтер тұсында ділмарлық азғындап бітсе, бұл оның сый-сияпат көрмейтіндігінен емес, бұл өнердің түкке тұрмайтын нәрселерді талғажау ететіндігінен және мәжбүрлеу табы көрініп тұратындығынан. Демосфен Грекияда халыққа сөзін мемлекет игілігіне бағыштап сөйледі. Сол Парижде не айтар еді? Әлдеқандай сәтсіз некені бұзу туралы ма?
VІ тарау
27 б. Туынды тамаша, ол басылып шықты, бірақ жұртшылық авторға қарызын өтер емес. Гельвеций бәрін бұрмалап отыр. Ондай жағдай мүлдем дерлік болмайды, тәп-тәуір шығарманы көзге ілмеу яки оны қабылдамау былай тұрсын, орташа яки тіпті нашар шығармаға тәнті болудың талайын көргенбіз. Әдетте кітап жарыққа шыққан бетте оның көзге көрініп тұрған тәуір жақтарын атүсті атап өтіп, кейбір майда-шүйде кемшіліктеріне көбірек шүйіледі. Мақтауын автор үшін жазып, кемшіліктерін өздері үшін сынайды. Содан кейін ол талқылаулар мен талас-тартыстың тақырыбына айналып, пікір дай-дай болады, солай болғаны тіпті жақсы: айтыс кезінде
оның жақсы жақтары мен кемшіліктері асырып көрсетіледі. Ақырында тыныштық орнайды, әділдік үстемдік құрып, ақтық үкім шығарылады. Шын берілген бағадан көбірек табысқа үміт еткен автор риза емес, өйткені өзіне бұйырған лавр бұтағы жұсаған күш-жігерін ақтамайды, ол наградтың өзі тым көп күттірген, сондықтан өзінің де ыстық-суығы басылып қалған. 28 б. Бозбала шақ күншілдікті білмейді. Құдайға шүкір! Мен әлі жас екенмін! Мені білетін әдебиетшілер менің мына сөзімді теріске шығара қоймас: мен басқа біреудің шығармасының мінсіздігіне өз шығармамның мінсіздігінен гөрі көбірек қуанамын, өзімнің табысымнан гөрі досымның табысы мені көбірек тебірентеді, менен ақылкеңес сұраушылардың ілтипат-құрметін шамам жеткенше бар ынтажігеріммен ақтауға тырысамын. Оларға бағышталған мақтауға неге ренжуім керек? Олардың мақталуында менің де үлесім бар. Маған қатты бататыны тек кейбіреулердің ұсақ көлгірсуі соның салдарынан авторға шығармаларының жетістік-кемшілігін оның өзінен бұрын ілуде бір көрсете аласың: өйткені ол сенің айтатыныңның бәрін біледі екен. Ал авторлардың өз шығармаларына мен қосқан беттерді ұмытып қалатынына келсек, мен ондайға әбден үйреніп кеткенмін, сондықтан қиналмай кешіре саламын. 30-б. Кемеңгерлікті қорықпай-ақ дәріптедім деп кім мақтана алады? Жауап: Сіздің момақан пендеңіз. Біреуді онша жаратпасам да, оның табысына іштарлық жасап көрген емеспін деп кесіп айту үшін өзімді-өзім жеткілікті танып-білдім-ау ойлаймын. Ондайда былай дейтінмін: “Ол, әрине, мүттәйім, бірақ сол мүттәйім жақсы поэма, тамаша пнегирик жазыпты. Біздің әдебиетімізге тағы бір жақсы шығарма қосылғанына өте қуаныштымын”. Не маңыздырақ: тамаша шығарманы менің жазғаным ба, әлде кім болса да ондай шығарманың жазылғаны ма? Біз қаншалықты көрсоқырмыз десеңізші! Кітаптың мұқабасына немесе сенің құлпытасыңа кімнің аты жазылғаны соншама маңызды ма? Сен өзіңе арналған эпитафияны оқисың ба?
Достарым менің, сіздер әлі Дюбарри бәйбіше секілді баласыхдар: ол өзінің ғажап күймесіне соншалық сүйініп: “Тәңірім-ай, мен күймеде отырған өзіме сырттан бір қарасам ғой!” деп армандаған. Сол бетте. Өзін-өзі мақтайтын сөзіне “бірақ” сөзін қоспайтын кім бар? Менің “бірағым” күншілдің “бірағына” ұқсақ тек бір ғана айырмашылық бар: күншілдің “бірағы” қашанда қандай да бір кемістіктің үлесіне тиеді, ал менікі айырылып қалған немесе қолым жетпеген құндылық үлесіне айтылады.
VІІІ тарау
34-б. Біздің автор бұл арада тағылық ахуал жөнінде айтқан нәрселер, бәлкім, дұрыс та шығар, бірақ мен оның үлгісімен жүргім келмейді. Мен, шамасы, одан мәдениеттірек болармын, маған тыр жалаңаш жүру немесе өзімді аң терісін жамылып қана жүргендей елестету қиын. Басқалардан күшім асып тұрмағандықтан, оны мадақтауынан ләззат ала алмаймын және оған сене бермеймін. Маған: егер әлі ешқандай қоғамдық шарт жоқ кезде бір жабайы адам ағашқа шығып, жемісін сілкілеп түсіріп жатқанда тағы бір жабайы адам келіп, жоғарыда тұрған адамның күшімен жерге түскен жемістерді теріп алып, тұра қашса, ол өзінің біреуге қиянат жасағанын сезеді, сол үшін жазалануы мүмкін екендігін ұғады, сөйтіп тағылық дәуірдің өзінде-ақ әлгі жабайы адам біздің өркениятты қоғамымыздағы ұры деп аталатын нәрсені өзі-ақ түсінгені секілді көрінеді. Маған тоналған адам қатты ашуланып, ағаштан түсуге асыƒып, өзіне жасалған қиянатты түсініп, ұрыны қуа жөнелетін секілді көрінеді. Екеуінде де меншік жөнінде немесе өз еңбегімен тапқан нәрсені иелену жөнінде азды-көпті түсінік болатын секілді көрінеді. Маған жабайылардың екеуі де өз әрекеттеріне жазылмаған алғашқы қауым заңы бойынша баға беретін секілді көрінеді,
ал жазылған заңдар әлгі заңның түсіндірілуі, білдірілуі және заңдастырылуы ғана. Жабайы адамда әділет пен әділетсіздікті нобайлайтын сөз жоқ. Ол айғай салады, бірақ айғайда мағына жоқ па? Ол айқай жануарлар айқайынан ештеңесімен ерекшеленбейді ме? Гельвеций суреттеген нәрсе жабайы хайуандарға ғана тән. Адам тіпті де хайуан емес, сондықтан оның қимылдары туралы сөз қозғағанда олардың арасындағы айырмашылықты ескермеуге болмайды. Адам мен адам арасы жөнінде бір жануардыекінші жануармен: бүркітті кептермен, арыстанды бұғымен, акуланы дорадамен, тіпті бір бүркітті екінші бүркітпен, бір бұғыны екінші бұғымен салыстырғандай етіп ой қорыту дұрыс па? Бірақ менің сұрағымды өзімше пайымдау деп ойламаңыздар. Мен тек жексұрынның мәңгілік жаратылыстық заңға сілтеме жасап, оны қолдан жасалған және шартты заңға қарсы қоюына ілік беруді қаламаймын. Мен оның басқаларға және өзіне: “Сонда мен не істеппін? Мен тек өзімнің бастапқы табиғи құқықтарыма оралып отырмын ғой” деуін қаламаймын. 36-б. Әділет орнатылған заңдардың болуын көздейді. Бірақ ол заң шығарушылардың ойында неғұрлым бастапқы ұғымның, сондай-ақ сол заңды мойындайтындардың бәріне ортақ әлдеқандай идеяның болуын көздемей ме? Әйтпесе оларға: “Мынаны, мынаны істеңдер, өйткені бұл әділет болады”, немесе “Мынаны, мынаны істемеңдер, өйткені бұл әділетсіздік болады” деу пайдасыз нәрсе болып шығар еді. Онда бұл олар ешқандай мән-мағынамен байланыстырылмайтын бос дыбыс болып шығар еді.
ІX тарау
37-б.
Адамның
әділетке
осынау
алдамшы
сүйіспеншілігіне
қарамастан, әділетсіздік жасамайтын азиялық деспот жоқ, және оны
шімірікпестен жасайды.
Сол деспоттардың кейбіреулерін қайрымдылығы, адамгершілігі, жақсылығы үшін аса көкке көтерген. Егер соларды билік басында алмастырған хайуан тектес әміршілер сол қасиеттерді мадақтауға жиіркенішпен қарайтын болса, мен олардың ұялмай-қызармай әділетсіздік жасайтынына сенуге дайынмын. Бірақ егер тирандар зұлымдықты ұялмай-қызармай жасай беретін болса, олардың қорқыныштарының себебі неде, өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген шексіз қамқорлыƒының себебі неде? Ұялмайқызармайтын қанаушы маған қарсылық сезімінен айырылып қалған қаналушы тәрізді мүлдем оғаш нәрсе сияқты көрінеді. Адам өзін езіп-жаншып отырған тиранға өзіне тап берген арыстанға қарағандай қарай ма? Жоқ. Ендеше ол үшін осы екі бәленің арасындағы айырмашылықты әлдеқандай табиғи артықшылықтан, әлдеқандай адамгершілікпен, әділет жөніндегі көмескі идеядан көрмегенде неден көреді. Бірақ егер осы идея жапа жегуші адамда бар болса, ол неге жапа шектірушіде болмайды? Егер жапа шектірушіде әлдекімді өлтіріп жатқанда сол идея болмайтын болса, оның өзін біреу өлтіріп жатқанда, рахым жасауды өтінер ме еді? Бірақ тек менің бұл сұрақтарымды пайымдау деп қабылдай көрмеңіздер. 38-б. Халықаралық құқықты құрметтеудің негізі қорқыныш пен әлсіздік болып табылады. Өркениятты халықтардың өздерін қалай ұстайтындарын мен білемін, бірақ мені тек олардың өздері туралы не ойлайтыны, өздерінің ар-ожданы алдында өздеріне қандай баға беретін қызықтырады. Қарақшы не айтса да, ол өзін-өзі қалай сезінгісі келсе, солай сезіне алмайды.
Х тарау
41-б. Билікті теріс пайдалану билікпен байланысты, өйткені қарекет себеппен байланысты.
Титтің, Траянның және Марк Аврелийдің үлгілері бұл сәтсіз афоризмді теріске шығарады. Адамдардың “күш” сөзімен байланыстыратын әлдене ұлылық жөніндегі түсінігінің пайда болу тарихы мынадай. Адамның орманға ие болу үшін жолбарыспен алысуына тура келген кезде күш (бұл үшін қажет бірден-бір нәрсе) өте пайдалы болды, сондықтан да ол ерекше құрмет туғызады. Ормандағы ағаштарды кесіп, олардың түбірін қопарып, жерді өңдеу қажет болған кезде күш (бұл үшін қажет бірден-бір дерлік нәрсе) тағы да тым пайдалы болып шықты, сондықтан да ол ерекше құрмет туғызады. Қоғамдар бір-бірінен бөлек, дара күн көрген кезде шайқастар кезінде соншалық пайдалы болып шыққан күш құрмет сезімін туғызуға тиіс болды. Бір адамның бойынан күш пен ержүректік қатар табылған кезде, құрмет пен қошемет тіпті өсе түсті – Геркулес, Ясон, Тесей қаһарман мен қарақшы арасындағы барлық айырмашылық жойылып кетсе де және басқа да қаһармандарға тән болған осы екі қасиет. Егер философя яки адамзаттың досы әшкерелеп бермесе, жаулап алу рухы бүгіндері де құрметтеліп жатар еді.
XІ тарау
44-б. Деспотиялық мемлекетте жақсы ниетті адамға қандай құрмет болуы мүмкін? Жезөкшелік жайлаған елде ізгі әйелге қандай құрмет жасалса6 дәл сондай құрмет жасалады. Жақсылық неғұрлым сирек болған сайын оған деген құрмет те арта түседі – жақсылықтың дүниедегі барлық елдердегі және кез-келген үкімет тұсындағы өздігінен болатын құдіреті осындай. Адам аштық пен суықтан өліп бара жатса да, жақсылыққа алғыс айтады. Деспотизм отанында есімі ешқашан өшпейтін ізгілікті адамдар әркез дерлік өміріне қатер төндіріп, көбіне аман қалып, деспоттарға қаншама
сұмдық ақиқаттарды айтпады? Осынау ізгілікті адамдардың үні талай рет атылуға дайын жолбарыстың қаһарын басып, жүнін жыққаны белгілі. 47-б. Адамдардың әділетті әділет үшін ғана сүймейтіндігінің ең жарқын дәлелі корольдердің Кромвельдің алдында иіліп тұрып әділетсіздікке тағзым етуінен айқын аңғарылады. Сіз адасып отырсыз. Әділетсіздікке тағзым еткен корольдер өздерінің осы қылықтарына бірінші болып ұялды, олардан кейін барлық ізгі ниетті жандар жүздерін төмен салды, ал бұл жөнінде еркін пікір айта алатын адамдар сіздің айтқандарыңызды айтты. […]
“Дени Дидро. Сочинения в двух томах. М.,
1991”
басылымынан
қазақшалаған
Көрік
ДҮЙСЕЕВ.
Гельвеций Клод Адриан
(1715–1771) – француз философы, саяси жазушы. Сарай маңы дәрігерінің отбасында дүниеге келген, иезуиттер колледжін бітірген. 1751 жылдан кейін ғылым жолына түскен. Француз Ағартушылығының қайраткерлерімен, энциклопедияшылармен жақындасқан. Қоғамға теологиялық көзқарастарды сынай отырып, феодалдық меншікті және соған негізделген қатынастарды толық жоюды талап еткен, меншік пен халық табысы саласын мемлекет тарапынан реттеп отыру қажеттігін алға тартқан. Үлкен мемлекеттер үшін республикалық басқару түрі қолайлы деген пікірді қабылдамаған, ең дұрысы парасатты абсолютизм деп есептеген және ол мұны буржуазиялық-демократиялық көзқарас тұрғысынан дәйектеген. Экономикалық және қоғамдық-саяси дамудың қозғаушы күші адам санасы, нәпсі, адамдардың өмірлік қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған күрес деп санаған.
Төменде беріліп отырған үзінділер Гельвецийдің ең маңызды, белгілі шығармаларынан алынды.
АҚЫЛ ТУРАЛЫ
ІІІ толғам
XVІІ тарау
Барлық адамдардың деспотизмге ұмтылысы туралы,
оған жетудің құралдары туралы, тақсырларға деспотизмнен
төнетін қатер туралы
Бұл ұмтылыстың түп-төркіні зорлық-зомбылыққа құштарлықта, демек, адамның өз табиғатында жатады. Әркім мүмкіндігінше кең баспанаға ие болғысы келеді, әркім өзгелерді мұның бақ-дәулетіне барынша жәрдемдесуге мәжбүр ететін билікке ие болғысы келеді: билеп төстеу ниеті міне осыдан туындайды. Бірақ халықты басқару не орнатылған заңдар мен келісімдерге, не жүгенсіз өктемдікке негізделеді. Бірінші жағдайда тақсырдың халыққа билігі абсолютті бола қоймайды: халық оларға жағынуға онша мәжбүрленбейді; мұның үстіне халықты заңға сәйкес басқару үшін оларды білу керек, олар жөнінде ойланып-толғануы керек, оны оқып-үйренудің барлық қиындықтарын жеңе білу керек – бірақ осының бәріне жалқаулық жар бермейді. Сондықтан жалқаулықтың жайын табу үшін әркім абсолютті билікке ұмтылады, ол деспотты бас қатырудан, заңдарды оқып-үйренуден және әрқилы зер салудан құтқарады, сонымен бірге адамдарды оның ырқына құл секілді бағындырады. Аристотель бойынша, деспоттық мемлекет дегеніміз баршасы – құл, тек бір адам ғана бостан болатын мемлекет.
Әркімнің деспот болуға ұмтылатындығы сондықтан. Соған жету үшін шонжарлар мен халық билігін әлсірету керек, ол үшін азаматтардың мүддесін бір-біріне қарсы қою керек. Үздіксіз алмасып келе жатқан ғасырлар легі тақсырларға ондай мүмкіншілікті туғызып-ақ келеді. […] Азаматтардың арасына алаауыздық еккеннен кейін, адамдарды аздырып, еңселерін баса түсу үшін тиранияның жарқылдаған семсерін олардың көз алдында ұдайы жалаңаш ұстап, жақсылық атаулының бәрін қылмыс дәрежесіне түсіріп, сол үшін жазалап отыру керек. Бұл салада Шығыстағы деспотизм ғана емес, Рим императорларының деспотизмі де аяусыз қатыгездіктерге барады. […] Римде сөз тасушылар қаптап жүретін; құл – өз қожайынының шпионы, бостандыққа жіберілген құл – патронның, дос – өз досының шпионы болды. Сол қасіретті заманда ізгі ниетті адам, өзі қылмыс жасамаса да, оған қолдау көрсетуге тиіс болатын. Батылдық – қылмыс деп есептелді. Азғындап біткен римдіктерде әлсіздік қаһармандық деп саналды. […] Философтар қуғынға түсті, ғылым жойылды. Тациттің айтуы бойынша, сол тирандар ақыл мен ізгілік бой көрсеткен нәрсенің бәрін түп-тамырымен жойып жібергісі келді. […] Деспот болу оңай. Бұғанасы бекіген тиранияның қандай қасіреттер әкелетінін халық күні бұрын сирек көреді. Ақырында оны байқаған күнде де, езгіден еңсесі түсіп, қол-аяғын бұғау шырмап, қорғануға дәрменсіз күйде ғана сезеді. Енді ол дір-дір етіп өлімді ғана күтеді. Халықтардың әлсіздігі қот-қоттаған тақсырлар деспоттарға айналады. Олар өз төбесіне ертең мойнын қырқатын семсер іліп қойғанын, заңның бәрінің күшін жойып, барлық билікті жүгенсіздікке саю үшін олар ұдайы күшке жүгініп, солдаттың қаруын пайдалануға тиіс болғандығын түсінбейді. Ал мұндай құралдар не азаматтардың ашу-ызасын туғызып, кек алуға итермелейді, не оларды барлық әділет тек күште ғана дегенге сездірмей үйретеді. […] [...] Құлдарды билеп-төстеу үшін деспот өзі қашанда беймаза әрі тәкаппар әскерилерге бағынуға мәжбүр болады. Егер тақсыр өз елінде күшті қазылық жүйесін құрса, ол болмайды. Сол қазылыққа жататын
халық әділетті әділетсіздіктен ажырата білуге үйренеді; әрқашан азаматтар арасынан алынатын солдаттар да өздерінің жаңа жағдайында әділет жайында біршама түсінік алады; мұның үстіне солдаттар тақсыр мен қазылар сословиесі көтерген және заң туы астына жиылған барлық азаматтар олардың бейбастақ әрекетіне қарсылық көрсетіп, олар қаншама батыр болса да, сайып келгенде қарсыласының сан жағынан басым күшінен жаншылып қалатынын түсінеді. Қысқасы, әділет идеясы мен қорқыныш оларды өз парызын орындауға мәжбүр етеді. Осылайша, қуатты қазылар сословиесі монархтар үшін қажетті қолдау болып табылады. Ол халықты да, тақсырды да қорғайтын қалқан: біреуін – тиранияның айуандығынан, екіншісін – көтеріліс сұмдықтарынан қорғайды. […] Патша өкіметін қолдау керек деген желеумен оны деспоттық өкімет еткісі келетін адам, сонымен бір мезгілде жаман әке, жаман азамат және жаман бодан болып шығады. Жаман әке, жаман азамат болатыны – ол өз ұрпағымен өз отанына құлдық қамытып кигізеді; жаман бодан болатыны – заңды өкіметті деспоттық өкіметке айналдыра отырып, ол патшаға қарсы атаққұмарлық пен жиіркенішті көтереді. Өз тақсырларының қанына тым жиі боялған шығыстық монархияларды мысалға келтіре аламын. Ондай өкіметке ұмтылмау және өз уәзірлерінің бұл жөніндегі талап-тілектеріне көнбеу сұлтандардың өздеріне пайдалы. Тақсырлар ондай кеңестерге құлақ аспауға және өзінің тағы үшін де, өзінің ұрпағы үшін де өз мемлекетінің маңызын кемітпеу, тек өзінің мүддесі екендігін ешқашан ұмытпауға тиіс. Мұндай шын мүдде тек білімді тақсырларға түсінікті; ал басқаларда парықсыз билеп-төстеу тілегі мен жалқаулық олардан өзіне төніп тұрған барлық қауіпті көлегейлеп, қандай да бір шын мүддеден асып түседі; және кез-келген үкімет тарих көрсетіп отырғанындай, деспотизмге әрқашан ұмтыла беретін болады.
XVІІІ тарау
Деспотизмнің басты зардаптары
Мен ең алдымен деспотизмнің екі түрін көрсетемін: оның бірі ізгі ниетті, деспотизмге әрең шыдайтын халық арасында қарудың күшімен кенет енгізіледі. Мұндай халықты әрең-әрең иілген, бірақ матап тұрған арқанды өзінің серпімділігінің арқасында көп ұзамай быт-шыт үзетін еменмен салыстыруға болады. Мұның көптеген үлгісін Грекия көрсетеді. Деспотизмнің енді бір түрі заманнан, сән-салтанаттан және нәуетектіктен туындайды. Осы тектес деспотизм енгізілген халықты да әлгі еменмен салыстыруға болады, бірақ ол жайлап қана, біртіндеп иілгендіктен, өзінің серпімділік қуатын жоғалтып, қайтадан қалпына келу қабілетінен айырылған емен сияқты. […] […] Жүгенсіз кеткен өкіметке бағынышты халық арасында кімнің ойлауға батылы барады? Жалқаулық, қарекетсіздік, ойлануға дағдыланбау, тіпті ойлау дегеннің өзінен қорқу адамды ондай қабілеттен тез айырады. Өз ойларын бүгіп ұстайтын елде ой керенау. Ондай елде сақтықтан ғана үндемейді, бірақ одан ойлау кемімейді деу бекершілік; аз ойлайтыны факт және деспотизмге тәуелді ақыл ешқашан ізгі де батыл ой туғыза алмайды. Мұндай үкіметтер эгоизм рухынан және мемлекеттің күл-талқан болатындығын аңғартатын адасушылықтардан шабыт алады. Тек қара басының қамын бәрінен жоғары қоятын жерде қоғам мүддесі жайына қалады. Сондықтан мұндай мемлекеттердің бодандары қоғамдық игілік дегеннің, азаматтың міндеттері дегеннің не екенін білмейді. Осындай халықтың арасынан шыққан уәзірлерде қызметке кіріскенде не әкімшілік, не заңгерлік принциптер деген болмайды. Олар жоғары мансапқа жақсылық жасау үшін емес, тақсыр билігіне ортақтасу үшін ғана ұмтылады.
XІX тарау
Деспотизмнің екінші зардабы: халықтардың байғұстық және
бейшаралық ахуалын уәзірлердің надандығы қолдайды
Уәзірлердің өздеріне білімділіктен ешқандай пайда түспесе де, олардың білімді болуы, бәлкім, қоғам мүддесіне сай келер: қай халық та өзінің дұрыстап басқарылуын қалайды. Неге біз ол елдерден уәзірлердің надандығы мен әділетсіздігін беттеріне басып, оларды халықтың алдында жексұрын болудан қорқытып, азамат болуға мәжбүр ететін ізгі ниетті жандарды көре алмаймыз? Өйткені деспотизмнің мәнісінің өзі сол, ол адамдардың жан дүниесін аздырып, тоздырып жібереді. Адамдарды жазалау мен марапаттау билігі тек заңдарға тиесілі, бәрі тек соған ғана бағынатын мемлекеттерде ізгі ниетті жандар өздерінің әрқашанда сол заңдардың қорғауында екендіктерін сезініп, деспотиялық елдерде сөзсіз әлсірей түсетін батылдық пен мығымдылықты бойға сіңіреді.
XХІ тарау
Деспотизмнің төртінші зардабы: шексіз билік тепкісіндегі
мемлекеттердің жойылуы
Шығыс тұрғындарының ақиқатқа немқұрайдылығы, азаматтарының надандығы мен азғындығы олардағы басқару пошымдарының сөзсіз салдары ретінде, оларды бір-бірімен қарым-қатынаста алаяқ және жау алдында қорқақ етіп шығарады. Гректер мен римдіктердің Азияны таң қаларлықтай тез жаулап алуының сыры міне осында. Шынында да, әміршінің босағасында бүкшеңдеп өсіп, тәрбиеленген құлдар римдіктердің жалаңдаған семсерлері алдында деспотизм бойларына әбден сіңіріп тастаған дағдылы қорқыныш
сезімін қалай жоя қойсын? Асқақ рух дегеннен мүлдем мақұрым, әлсізді тепкілеп, күштінің алдында құрдай жорғалап үйренген топас жандар римдіктердің дегдарлығымен, өнерімен, жаужүректігімен қалай күресе алмақ, кеңесте де, шайқаста да өздерінің пасықтығын қалай жасыра алмақ? […] Құлдар халқы бостан да күшті халықтың тегеурініне қалай қарсы тұра алмақ? Шексіз биліктің рахатын зауалсыз көру үшін деспот өз бодандарының рухы мен жігерін мұқалтып отырады. Оны өз мемлекетінде күшті ететін нәрсе, сырт күштің алдында әлсіз етеді; бостандықпен бірге өз державасынан ол жақсылық атаулыны қуып шығады. […] Кейін жақсы құл болу үшін әуелі жаман азамат болу керек. […] […] Шексіз биліктен азап шеккен халықтар аз уақыттық табысқа, тек даңқтың бір сәттік жарқылына ғана ие бола алады: ерте ме, кеш пе, ондай мемлекеттер бостан да іскер халықтың илеуіне түседі. Тіпті айрықша бір қолайлы жағдайлардың қатар келуі себебінен ондай қауіптен құтылған күннің өзінде, олардың елдерін тозғындатып, елсіз қалдырып, иен далаға айналдыру үшін нашар басқару жетіп жатыр. Ондай халық мүшелерінің бойын ұдайы билеп алатын летаргиялық бойкүйездік осындай нәтижеге алып келеді. Деспотизмге құштарлықты құмықтырып ұстау тән, құштарлықты ұмытқан жан жігерлі болудан қалып, азаматтар, былайша айтқанда, сән-салтанаттың, қолы бостықтың және нәуетектіктің апиынынан топастанған бойда, мемлекет құлдырай бастайды: сырт көзге тыныштығы білімді адамның көзімен қарағанда ажал алдындағы әлсіздік қана. Мемлекетте құштарлық қажет; оның өмірін де, жанын да солар құрайды. Жеңімпаз халық – шындап келгенде құштарлығы күшті халық. Құштарлықтың асып-төгілмей толқып тұруы мемлекеттер үшін пайдалы; бұл тұрғыдан алғанда оларды дауыл болмаса ағысы жоқ, бір орында тұрып борсып кететін, сөйтіп дүние үшін тажалды иіс шығаратын теңіздермен салыстыруға болады.
Егер шектеусіз билікке бағынған халықтың ұлылығы өте қысқа мерзімді болса, билік, Римде және Грекияда болғанындай, халық пен шонжарлар немесе патшалар арасында бөлінген мемлекеттерде жағдай тіпті басқаша қалыптасады. Мұндай мемлекеттерде қоғамдық мүддемен тығыз байланысты болатын жеке мүддесі адамдарды нағыз азаматтарға айналдырады. Табыстары мемлекеттік құрылыс сипатына тікелей байланысты бұл арадағы халық, ол табыстардың ұзақтығына үміт артуға хақылы. Азамат үшін маңызды істермен айналысу қажеттігі, ой мен сөз бостандығы оның жанын жадыратып, асқақтата түседі; ой батылдығы оның жүрегіне қанат бітіріп, онда үлкен де батыл ойларды туғызады, барған сайын жаужүрек істерді жүзеге асыруына көмектеседі. […]
АДАМ ТУРАЛЫ
ІV бөлім
XV тарау
Азаматтық тағатсыздық туралы
Адам туғанда азап пен рахат құшағында дүниеге келеді. Ол билікке олардың біріншісін жойып, екіншісіне қол жеткізу үшін ұмтылады. Билік адамды әбден бұзғандықтан, оның соны аңсауына шек жетпейді. Ол өз халқын билеп-төстеуді місе тұтпай, оның көзқарастарын билеп-төстегісі келеді. Өз отандастарының ақыл-парасатын билеп-төстеуге оның ұмтылысы жаулап алушының өз көршілерінің жері мен қазынасын тартып алуға деген ұмтылысынан кем түспейді. Ол ақыл-ойын өзі құл ете алғандардың ғана нағыз қожайынымын деп есептейді. Осы мақсатқа жету үшін ол күш қолдануға жүгінеді, уақыт өте келе ол күш парасатты бағындырады. Адамдар ақыр соңында өздеріне
күшпен таңылған көзқарастарға сене бастайды. Толғаммен қол жетпейтін нәрсені зорлық-зомбылық істейді. Тақсырлардың тағатсыздығы – әрқашан олардың билікке құштарлығының нәтижесі. Олар секілді ойламау – олардың билігіне шек қою деген сөз, бұл олардың билігіне тең билік бар деген сөз. Бұл олардың ызасын қоздырады. Кейбір елдерде не үшін ерекше қатты жазалайды? Билікке қарсы шығуға батылы барғаны үшін. […] Шындап келгенде, тақсыр өз ұлтының күшімен ғана құдіретті; өзін басқарудың кемеңгерлігімен ғана құдіретті; осынау басқару тапсырылған адам сол ұлттың ішінен таңдап алынуға тиіс. Сондықтан ақылды адамдарды қуғынға салып, барлық азаматтарды қара түнекте ұстайтын басқару пошымы тұсында халықтың ұлы министрлерді тудыруы мүмкін емес. Білім беру қауіпті деп саналған жерде, білім өзі жойылады, ал халық өр кеуде надандықтың аса таяғынан ыңырсиды. […]
XVІ тарау
Тағатсыздық көбіне тақсырдың түбіне жетеді
Сұлтан жұрттың ләм-мим демей бағынатындығына риза. Ал бодандарында жақсылықтың ізі де қалмағаны, мемлекеттің әлсіреп бара жатқаны, оның азып-тозып құруға айналғанында оның шаруасы жоқ, тек сырқаттың ұзақтығы оның шын себептерін жасырсын, тек оған дүмше дәрігер айыпталмасын. Сұлтандар мен олардың уәзірлері бір-ақ нәрседен – ел ішінде кенет туып кетер толқулардан қорқады. Оташы туралы не айтсақ, уәзірлер туралы да соны айтуға болады: олардың жалғыз тілегі мемлекет те, ауру да тек өздерінің қолында өліп кетпесе болғаны. Ал мұның сыртында олардың өздеріне міндеттелген режимннен де өліп кетуі мүмкін екендігі оларды абыржытпайды, тек өздерінің абыройына нұқсан келмесе болғаны.
Жалғыз адам билейтін үкімет тек бүгінгі күнмен айналысады. Халықтан еңбекқорлық, жақсылық емес, көмпістікпен ақша талап етіледі. […]
XVІІІ тарау Діни тағатсыздық туралы Тағатсыздықтың бұл түрі ең қауіптісі. Оның түп-төркіні билікке құштарлықта жатады, дін сол құштарлықтың бүркеніші ғана. Еретик немесе құдайдан безген деп кімді жазалайды? Өзінше ойлануға жаужүректігі жететін, молдалардың парасатынан гөрі өз парасатына көбірек сенетін, еркін ойлау құқығы жұрттың бәріне тиесілі деп есептейтін жандарды жазалайды. Тәңір атын жамылған жалған кекшілдер әрқашан өзінің аяққа тапталған менмендігі үшін кек алады. Бұл жағынан алғанда барлық діндердің поптары бірдей. Әлдебір муфтийдің пікірінше, әлдебір бонзаның пікірі секілді, дінге сенбейтін адам – құдайдан безген адам, оның төбесінен жай түсуі керек, ол қоғамды бұзатын адам, сондықтан, қоғам оны өртеп жіберуге тиіс. Бірақ кемеңгердің пікірінше, дінге сенбейтін сол адам – балалар ертегісіне сенбейтін адам. Ал сол ертегілерге дін болу үшін не жетіспейді? Ештеңе де, тек олардың шын екенін қорғайтын адамдардың көп болуы ғана жетіспейді. […] ІХ бөлім
ІІ тарау
Жақсы заңдар жасағысы келгенде ең алдымен туындайтын
сұрақтар туралы
Өзіңе-өзің мынадай сұрақтар қоюыңа болады: 1. Адамдардың қоғамға бірігуіне түрткі болған не нәрсе? Алғашқы тайпалардың құрылуына жыртқыш аңдардан қорқу, оларды өз
тұрақтарына жолатпау, күн көру үшін соларды өлтіру немесе басқа бір нәрселер себеп болды ма? 2. Адамдар қоғамдарға біріккеннен кейін және аңшылықтан бақташылыққа бақташылықтан диқандыққа көшкен кездерде өзара келісім жасауға және заң шығаруға мәжбүр болған жоқ па? 3. Бұл заңдардың қоғамдық ахуал жоқ кезде, сондай-ақ деспотизм тұсындағыдай, неғұрлым күшті адамдардың зорлық-зомбылығынан қорғалмаған жандардың меншікке, өмірге және бостандыққа ие болу тілегін қамтамасыз етуден басқа да негізі болар ма еді? 4. Азамат күш пен озбырлық қиянатынан қорғалмаған, тіпті жаратылыстық өзін-өзі қорғау құқығын тартып алатын, тек жүгенсіздікке негізделген өкіметті басқарудың ерекше пошымы деп санауға бола ма? 5. Әлдеқандай бір мемлекетте орныққан деспотизм әлеуметтік байланыстардың барлық дәнекерлерін құртып жібермей ме? Сонда адамдарды о баста біріктірген себептер, сол қажеттіліктер, Түркиядағы сияқты, азаматтардың өз меншігіне, өз өміріне, өз бостандығына ие болуы қамтамасыз етілмеген; ақыр соңында азаматтары бір-бірімен соғыс ахуалында болып, күш пен айлакерліктен басқа құқықты мойындамайтын қоғамды таратып жіберуді талап етпей ме? 6. Егер Англиядағы сияқты азаматтардың әртүрлі таптары арасындағы белгілі бір тепе-теңдік сақталып отырмаса, меншікке құрмет ұзақ сақтала ма? 7. Осынау тепе-теңдікті ұзақ сақтап тұрудың құралы бар ма, және оны сақтап қалу кәзіргі заман мықтыларының ұсақ адамдар меншігін иеленіп алуға үздіксіз ұмтылысына қарсы пәрменді күрес жүргізу үшін барынша қажеттілік болып табылмай ма? […] 10. Кедейдің отаны шынында да бар ма? Қолында меншігі жоқ, өзі ештеңеге иелік етпейтін азамат сол елге бірдеңеге қарыздар ма? Байлар мен жайсаңдарға жалданып жұмыс істейтін кедей-кепшіктердің сұмдық мұқтаждығы солардың атаққұмарлық жоспарларына қолайлы жағдай
жасамай ма? Ақыр соңында, кедейдің мұқтажы шаш-етектен болып тұрса, оның жақсылық ұрығын бойына сіңіретін мұршасы бар ма? 11. Заңдар меншіктерді бөлу жолымен азаматтардың басым көпшілігінің мүддесін отан мүддесімен ұштастыра алмай ма? […] 15. Заңдардың тым көптігі оларды білмеуге және орындамауға итермелемей ме? 16. Бір-біріне қайшы келіп жататын сол заңдардың көптігі оларды түсіндіріп отыруды кейбір адамдар мен корпорацияларға тапсыруға халықтарды мәжбүр етпей ме? Заңдарды түсіндіріп отыру тапсырылған адамдар мен корпорациялар оларды білдірмей өзгертіп, олардан өз атаққұмарлығының құралын жасап алмай ма? Заңдары көп жердің бәрінде әділет аз болатындығына үйретпей ме? 17. Кемеңгер үкімет тұсында жұртқа бір-біріне тәуелсіз екі жоғарғы билікті – дүниауи және рухани биліктерді қатар қалдыру қажет пе? […] 24. Жақсы заңдар жоспары мінсіз тәрбие беру жоспарын да қамтуға тиіс емес пе? Инсаният туралы анық ұғым бермей тұрып, инсанияттық талаптарды ортақ игілікке ыстық ықылас деген бірден-бір принциппен байланыстырмай тұрып, азаматтарға сондай тәрбие беруге бола ма? Адамдарға олардың қоғам болып бірігуіне ықпал еткен себептерді ескерте отырып, олардың дұрыс түсініліген мүддесі ірқашан дерлік уақытша жеке пайданы ұлттық пайда игілігіне құрбан етуге мәжбүрлейтінін және сол құрбандық арқылы ол шапағатты адам деген құрметті атақ алатынын дәлелдеуге болмас па еді? 25. Инсаниятты қоғамдық пайда принципінен өзге принциптерге негіздеуге бола ма? [...]
ІV тарау
Халықтар заңдарының өзгертілуінің
шынайы себептері туралы
Әрқилы басқару пошымдарында толып жатқан өзгерістер жасалуын адамдар тұрақсыздығының нәтижесі деп санауға бола ма? Мен бір нәрсені білемін: ғұрыптар, заңдар, соқыр сенімдер жөніне келгенде, адам рухының тұрақсыздығына емес, қайта оның табанды консерватизміне шағынуға тура келеді. Ұлт бақыты үшін аса қауіпті жалған дінге халықтың көзін ашу үшін кейде қаншама уақыт керек десеңізші! Көбіне жазықсыз және қоғам мүддесіне қайшы заңның күшін жою үшін қаншама уақыт керек десеңізші! Мұндай өзгерістерді жасау үшін король болу жеткіліксіз, – ержүрек те білімді король болу керек және, мұның үстіне қолайлы жағдайлардан қолдау таба білу керек. Халықтардың жалған тұрақсыздығына қарсы айғақ – Қытай заңдарының, ғұрыптарының, құқықтарының мәңгілігі. Айталық, адам шынында да, біреулер айта беретіндей, соншалық тұрақсыз болса, оның тұрақсыздығы оның ғұмыры бойында аңғарылар еді. Шынында да, бала, немере сыйлаған алты ұрпақ ғұмыры бойында адамдар ойының жеңілтектігіне төтеп беріп, өзгермей келген заңдардың кәзір кенет сол жеңілтек ойдың құрбаны болып кете баруы қалай? [...] Ортақ мүддеге сәйкес заңдар орнатылсын; оларды күш, бүлік, жағдайдың ерекше тоқайласуы күштен айырады, бірақ ешқашан – адам рухының тұрақсыздығы айырмайды40. […] Сырттай қарағанда пайдалы, ал шын мәнінде зиянды заңдардың ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір жойылатынын білемін. Неліктен? Өйткені өз кезінде ол заңдардың ортақ бақытқа сәйкес еместігіне қайран қалып, өзі аңғарған жәйтті өз заманының адал ниетті ақылман азаматтарына жеткізетін білімді адам шығып отыр.
40 Заңдардың күші ұзақ сақталуы керек дейді. Бір кездері адамды қанаттандырып, шырқау биікке көтеретін ыстық сезім иелері болып есептелген сарациндер қазір сол қасиеттерінен неге айырылып қалды? Өйткені олардың қаһармандығы мен қабілеттілігі олардың заңдарының өміршеңдігінің, жеке мүдде мен қоғамдық мүдденің сәйкес келуінің, марапаттау мен жазалаудың қашанда тең түсіп, қара қылды қақ жарғандай әділеттілігінің нәтижесі емес еді. Олардың жақсылықтарының тамыры тым тереңде емес, тайызда жатты. Осылардың бәрі аз уақытқа ғана созылған діни ынта-ықыластың көрінісі болды. Ол ықылас соның өзін туғызған айрықша жағдайлардың жойылуымен бірге жойылуы керек еді, нәтижесінде шынында да дәл солай болып шықты.
Міне осы жәйт ақиқаттың баяу таралатыны себепті біреуден біреуге беріле отырып, тек келесі ұрпақтың тұсында ғана жаппай мойындалады. Сонда ескі заңдар күші жойылады. Бірақ олардың жойылуы адамдардың тұрақсыздығының емес, қайта олардың ақылының естілігі. Ақыр соңында, кейбір заңдардың нашар, жеткіліксіз екендігі мойындалады, бірақ дағды бойынша күшінде қала береді. Мұндай жағдайда олардың жойылуы үшін титтей де бір ілік жеткілікті, және ондай ілікті түкке тұрмайтын оқиға тауып береді. Ал шын мәніндегі пайдалы заңдар жөнінде осылай деуге бола ма? Әрине, жоқ. Бір де бір өрісті, өркениетті қоғамда ұрлық, кісі өлтіру және т.б. қылмыстар үшін жазалайтын заңдардың күші жойылған емес. Бірақ, Ликургтың ішінара Минос заңдарынан алынған соншалық даңқты заңдары да небәрі 500 немесе 600 жыл ғана өмір сүрді ғой41 дейді. Рас: бәлкім, ол одан ұзағырақ өмір сүре де алмас еді. Ликургтың заңдары қаншама керемет болғанымен, олар спарталықтарды қандайлық кемеңгерлікке, отаншылдыққа, ізгілік пен ержүректікке баулығанымен, Лакедемон ие болған жағдайда ол заңдардың одан әрі өзгеріссіз сақталуы мүмкін емес еді. Парсыларға қарсы тұруға саны тым аз спарталықтар сол кезде ұлы адамдары қисапсыз Грекия ортақ жауды тойтаруға күш біріктірмесе, ерте ме, кеш пе парсылардың жойқын күшіне төтеп бере алмас еді. Сонда не болды дейсіз ғой? Афина мен Спарта гректердің федерациялық одағының басына келді. Бірдей табандылықтың, бірдей ержүректіктің арқасында бұл екі республика Персияны жеңіп шықты; олар осы жеңістерімен бүкіл дүниені тәнті етті, бұл тәнтілік түптеп келгенде, олардың талас-тартыстары мен бәсекелестігін де басуға тиіс еді, солай болды да. Егер олар ортақ бір заңмен ғана басқарылса; егер олардың аумағы өзгермейтін шекаралармен
41 Уақыт өткен сайын елеусіз өзгерістерге ұшырап отырған Ликург заңдары ең ақырында тек күшпен жойылғаны белгілі. Римдіктер спарталықтарды осы заңдардың қалдықтарын түгел жойған кезде ғана бағындырдық деп есептеді, өйткені ол заңдар дүниенің билеушілері үшін өте қауіпті еді.
белгіленсе; егер олар барлық басқа республикаларды өздеріне қарсы қоймай, ол шекараларды кеңейте алатын болса, және егер, ақыр соңында, Ликург пайдалануға рұқсат еткен темір ақшадан басқа байлықты білмеген болса, бұл бәсекелестік осынау екі халықтың арасында ізгі жарысты ғана туғызған болар еді. Гректер конфедерациясы мұндай берік негізге құрылмады. Әр республиканың ерекше өз конституциясы болды. Афиналықтар соғыс пен сауданы қатар жүргізді. Саудадан түскен байлық оларға соғысты отанынан тыс жерлерде жүргізуге мүмкіндік берді. Осы тұрғыдан алғанда олар лакедемондықтардан көш ілгері тұрды. Өр кеуде, бірақ кедей лакедемондықтар өздерінің атаққұмарлығын жоқшылық қандай тар қыспақта ұстап отырғанына наразы еді. Бір-бірімен бәсеке және жаужүрек осынау екі мемлекетке де тән билеп-төстеу тілегі осынау жоқшылықты спарталықтар үшін төзгісіз етті. Сондықтан олар Ликург заңдарынан бірте-бірте теріс айналып, Азия мемлекеттерімен одақ құрады. Пелопоннес соғысы лап ете қалған кезде олар ақшаға мұқтаждықты тіпті қатты сезінді. Персия оларға ақша ұсынды, лакедемондықтар оны қабылдады. Ликург заңдарының тірегі болып табылатын кедейшілік сарай күмбезінен опырылып түскен кезде, бұл бүкіл мемлекеттің құлап түсуіне әкеліп соқты. Міне сол кезде заңдар да, құлық та өзгерді, бірақ бұл өзгеріс те, оған ілесе келген қасіреттер де адам рухы тұрақсыздығының нәтижесі, грек халықтарындағы басқару пошымдарының әрқилылығының, олардың конфедерациясындағы принциптердің жетілмегендігінің, олардың өзара соғыс жүргізу бостандығының сақталып қалуының нәтижесі болатын. Міне бұл, түптің түбінде, осы мемлекеттердің құрып бітуіне апарып соққан оқиғалар тізбегінің басы болды. Федерациялық одақ неғұрлым берік принциптерге негізделуі тиіс. Көлемі Франциядай немесе Парагвайдай ел мейлі 30 республикаға бөлінсін. Айталық бірдей заңдармен басқарылатын осы республикалар
сыртқы жауларға қарсы өзара біріккен; олардың аумағының шекаралары өзгермейтіндей етіп белгіленген; олар бір-біріне осынау шекараларының сақталуына кепілдік берген, бір-біріне бостандықты қамтамасыз еткен; бұларға қоса, олар спарталық заңдар мен құлықтарды қабылдаған. Кесіп айтамын, олардың біріккен күштері мен олардың бостандығына өзара берілген кепілдік оларды жатжұрттықтардың шапқыншылығынан да, өз отандастарының тираниясынан да берік қорғайды. Міне осындай заңдар азаматтарды бақытты етуге неғұрлым қабілетті делік. Сұрақ: енді оны қалайша мәңгілік етуге болады? Мұның ең дұрыс жолы – мұғалімдерге сабақ беру кезінде, үкімет адамдарына халық алдында сөйлеген сөздерінде ол заңдардың артықшылықтарын түсіндіріп отыру ұсынылсын. Егер осы заңдардың артықшылығы д”лелді орнықтырылса, онда ол заңдарға адам рухының жеңілтектігі қауіпті бола алмайды. Бұдан басқа жағдайлардың бәрінде адамдардың тұрақсыздығының өзі, олардың көзқарастары бойынша бөле отырып, олардың шешімдерінің бірауызды болуына кедергі жасайды, сөйтіп, ол заңдардың ұзақ уақыт бойы өмір сүруін қамтамасыз етеді. О, тақсырлар, бодандарыңды бақытты етіңдер! Оларға бала кезінен ортақ игілікке сүйіспеншілік сезімін сіңіріңдер; барлық замандар тарихы мен барша халықтар қасіретінің мысалдарымен өз заңдарыңның артықшылықтарына олардың көзін жеткізіңдер; сендердің басқаруларың мүмкін болатын барлық басқарулардың ең жақсысы екендігін дәлелдеп беріңдер (қисынды дәлелдерге инсаният тақ тұрады ғой), – міне сонда олардың жалған тұрақсыздығын біржола матайсыңдар. Егер Қытай мемлекеті өзінің көптеген кемшіліктеріне қарамастан осы уақытқа дейін, әрі еш өзгеріссіз өмір сүріп келе жатса, адамдар мейлінше бақытты бола алатын үкіметті не жоя алады? Тек жаулап алушылық немесе халықтар соры ғана басқару пошымын өзгертеді.
Жеке мүддені қоғам мүддесімен жарасымды үйлестіретін және жақсылықты индивидтің пайдасына негіздейтін кез-келген парықты заң мызғымайды. Ондай заңдар болуы мүмкін бе? Неге мүмкін болмасын? Біздің идеяларымыздың өрісі барған сайын кеңейіп келеді, басқа ғылым секілді заң туралы ғылым да, адам ойының прогресіне қатысып отыр, олай болса біз адамзаттың болашақ бақытына неге күмәнмен қарауымыз керек? Халықтар барған сайын білімді бола түсіп, өздері әбден қабілетті, толыққанды бақытқа әйтеуір бір кезде неліктен қол жеткізе алмайды? Менің мұндай үміттен бас тартуым қиын болар еді. [...]
VІІ тарау
Ақиқаттың ашылуы ешқашан мемлекетте тәртіпсіздік
туғызбайтыны туралы
Басқару нашар, халық содан азап шегеді, шағымдануын қоймайды. Міне осы сәтте оның қасіретінің бүкіл қыр-сырын ашып беретін шығарма дүниеге келді; халықты ашу кернеп, көтеріліске шығады. Солай-ақ болсын. Бірақ көтерілістің себебі әлгі шығарма ма? Жоқ, ол шығарма тек тарихи сәтке тән; көтерілістің себебі халықтың қоғамдық қасіретінде. Егер сол шығарма бұрынырақ жарық көрсе, үкімет одан күні бұрын қорытынды шығарып, халықтың азабын жұмсартып, бүліктің алдын алар еді. Ақиқат ашылғаннан кейінгі тәртіпсіздіктер тек деспоттық елдерде болады, өйткені ондай елдерде ақиқат адам төзгісіз азап әбден шегіне жетіп, халық өз күрсінісін жасыра алмайтын кезде ғана айтылады. Егер әлдеқандай бір үкімет тым қатыгез болса, онда тәртіпсіздік игі сипат алады. Бұл науқасқа дару дәрі-дәрмек асқазанның ойран-топырын шығаратынындай. Халықты құлдықтан құтқару кейде мемлекетке нашар ұйымдастырылған мереке кезінде өліп кететін адамдар санынан анағұрлым аз шығынға түседі. Көтерілістегі жаман нәрсе оны туғызатын себеп: дағдарыс кезіндегі азап оны туындатқан дертпен түсіндіріледі. Егер халық
деспотизмнің езгісіне түссе, одан құтылу үшін күш-жігер керек болады, және сол сәттегі күш-жігер – сорлы жандарға бірден-бір игілік. Сорлылықтың ең биік шыңы – содан арылу мүмкіндігінің жоқтығы және зарыңды айта алмай азап шегу. Құлдардың мәжбүр етілген үнсіздігі мен сабырлылығын бейбіт өмір деп атайтын қатыгез де ақымақ адам табыла қояр ма екен? Бұл мазарлар, тыныштығы секілді тыныштық. Демек, ақиқатты ашып көрсету, кей-кейде тәртіпсіздіктер мен көтерілістердің туындауының тарихи сәтін сипаттағанымен, ешқашан олардың себебі болмайды. Ақиқатты білу, қаналғандарға әрқашан пайдалы, қанаушыларға да пайдалы: ол қанаушыларға халық наразылығы туралы ескертеді. Еуропада халық күңкілі олардың көтерілістерінен көп бұрын естіле бастайды. Олардың шағымы – алыстан естілген күннің күркірі. Одан әзірше қорықпауға болады. Тақсырдың өз әділетсіздігін түзетіп, халқымен тіл табысуына әлі уақыт бар. Ал құлдар елінде жағдай басқаша. Сұлтанға шағым берілген кезде, жең ішінде қанжар тұрады. Құлдардың үнсіздігі қорқынышты. Бұл – күн күркіреп, найзағай шатырлар алдындағы тыныштық. Жел әлі тұрған жоқ, бірақ қою қара бұлттың ішінен найзағай жалтылдап, күн күркірей жөнелетін сәт – дауылдың белгісі. Күшпен мәжбүр етілген үнсіздік – халықтар қасіретінің де, олардың қанаушыларының жойылуының да басты себебі.
ІX тарау
Үкіметтер туралы
Егер қандай да бір моральдық ақиқат көпшіліктің бақытын ұлғайту немесе соны қамтамасыз ету тәсілі болса және егер әрбір үкіметтің мақсаты ортақ бақыт болса, онда жариялануы орынсыз моральдық ақиқат та жоқ. Бұл мәселе жөніндегі барлық алауыздықтар үкімет, басқару пошымы деген сөздердің бұлдыр мәніне байланысты. Басқару пошымы
дегеніміз не? Заңдардың немесе бір халықтың азаматтары арасындағы келісімдердің жиынтығы. Бірақ бұл заңдар мен келісімдер не көпшілік мүддесіне қайшы келеді, не соған сай келеді. Сондықтан басқарудың тек екі пошымы: бірі – жақсы, екіншісі – жаман пошымы бар, мен басқарудың барлық пошымдарын осыған саямын. […]
X тарау
Басқарудың ешқандай пошымында тақсырдың игілігі халықтар
қасіретіне тәуелді емес
Тегінде, кейбір монархтар қатты қадірлейтін дара билік тек ынсапсыз билік, ол олардың бақытына ештеңе қоспай, бодандарды сорлата түседі. Тақсырдың игілігі оның деспотизміне тәуелді емес. Тақсыр көбіне өз халқын аяусыз қанай отырып, өз төңірегіндегі небәрі бес-алты жақын адамның көңілін табамын, бос тілектерін қанағаттандырамын деп жүріп өзіне қарсы астыртын әрекет қатерін төндіреді. […] Халықтардың соры болып табылатын дара билік монархтарға бақыт та, тыныш өмір де бермейді. Демек олардың игілігі шындап келгенде олардың бодандарының қасіретімен байланысты емес. […] Басқару пошымы көбіне соншалық қажет те, кейбіреулерге соншалық жағымсыз да болғанымен, реформаға ұшырай алмайтын мемлекет жоқ. Үкімет одан қалайша бас тартпақ? Қалай ғана ол жалған тыныштық үшін ортақ игілікті шонжарлар пайдасына құрбандыққа шала алады және қалайша ғана бейбіт өмірді сақтаймыз деген орынсыз желеумен мемлекетті ұры-қарылардың тонауына беріп қояды? Бұрын айтқанымдай, қажетті қасіреттер болады. Ауыртпай жасалатын ем болмайды. Егер біз емделу кезінде қиналатын болсақ, ол дәріден емес, аурудың өзінен.
Тартыншақтық, бейшара келісімпаздық қоғам үшін көбіне көтерілістен анағұрлым тажалды. Жақсы тақсырдың намысына тимей-ақ, оның билігінің шегін белгілеуге болады; оған ортақ игілікті заңдардың бастысы деп жарияланған қасиетті, бұлжымайтын заң екендігін оны тақсырдың өзі де құрметтеуге тиіс екендігін көрсетуге болады; барлық басқа заңдар сол басты заңды орындау құралы ғана екендігін; ақыр соңында, халықтар бақыты мен тақсырлар бақыты арасында өзара тәуелділік бар екендігін, бодандардың қасіреті тақсырға бақытсыздық әкелетіндігін көрсетуге болады. Осылардан мынадай байлам жасаймын: – тақсырларға шын зиянды нәрсе – одан мемлекеттің ауруын жасыратын жалғандық; – оларға шын пайдалы нәрсе – оған сол ауруды қалай емдеуге болатынын көрсететін және сол дерттерге дару дәрі-дәрмек беретін ақиқат. Сонымен, ақиқатты ашып көрсету тек пайда береді […]
Мемлекеттің құлдырауының себептері туралы
Мемлекетте ғылым мен өнердің таралып, жетіле түсуі оның құлдырауын туғызбайды. Бірақ онда ғылымның дамуын жеделдететін себептер кейде өте қауіпті зардаптар да туындатады. Айрықша бір жағдайлардың тоғысуының пәрменімен ғылым мен өнердің нағыз шабытты шағы олардың құлқы бұзылған тұсқа сай келетін халықтар бар. Адамдардың белгілі бір саны қоғам құру үшін жиылады. Сол адамдар жаңа қаланың негізін қалайды. Олардың көршілері оның тұрғызылуын қызғанышпен қадағалайды. Ол қаланың тұрғындары бір мезгілде диқан, әрі жауынгер болуға, кезегімен біресе кетпен, біресе семсер ұстауға мәжбүр. Қажеттілік пәрменіне қарай бұл елдегі ғылым мен жақсылық қандай болуы керек? Әскери істі білу және ержүректік, онда тек солар ғана құрметке ие. Кез-келген басқа ғылым, кез-келген басқа жақсылық мұнда
беймәлім. Римнің тұрғызыла бастаған кездегі, жауынгер халықтардың қоршаған, өзі әлі әлсіз ол солардың тегеурінін әрең-әрең тойтарып отырған кездегі жағдайы міне осындай болды. Оның даңқы, оның құдіреті бүкіл жер жүзіне тарады. Бірақ Рим мұның екеуіне де бірден жете қойған жоқ. Оның өз көршілерін жаппай бағындыруы үшін ғасырлар қажет болды. Көршілерін бағындырып болғаннан кейін, сырт жауларға қарсы соғыстарды іле-шала оның басқару пошымының салдарынан азамат соғыстары бұрқ ете қалатын. Әртүрлі партияларға не көсем, не қатардағы жауынгер болып кірген, неше түрлі қауіп-қатер мен ынтық үміттер үздіксіз бойын билеген азаматтар ғылыммен айналысу үшін қажет бос уақыт пен тыныштықты пайдалана алды деп елестетуге бола ма? Осынау оқиғалар астасып жататын, бірінен кейін бірі келе беретін елде ғылым үшін бірден-бір қолайлы сәт – амал қанша, азамат соғыстары, толқулар, бүліктер тыншыған сәт; Август тұсындағыдай42 деспотизм соққысымен қалжыраған бостандық бас иген сәт […]
Билікке құштарлық басқарудың кез-келген пошымында адамдардың бірден-бір қозғаушы күші Басқарудың әрқилы пошымдарына, дейді Монтескье, қарекеттің әртүрлі бастауы тән. “Осынау әрқилы қозғаушы бастаулар мыналар: деспоттық мемлекеттерде – қорқыныш; монархиялық мемлекеттерде – арнамыс; республикалық мемлекеттерде – жақсылық”. Сонда Монтескье өз пікірін немен негіздейді? Қорқыныш, ар-намыс, жақсылыққа құштарлық, әрқилы басқару пошымдары тұсында әртүрлі күш болып табылатыны рас па? Қайта, керісінше, барлық мемлекеттерде қызметтің ортақ қозғаушы күші, тек түрлі-түрлі қолданылатын бір ғана себеп деп кесіп айтуға болмас па еді?
42 Кардинал Ришелье қарапайым халық пен дворяндарды ауыздықтап, оларды өзіне бағындырған кезде Францияда да солай болды. Міне осы кезде бұл елде ғылым мен көркем өнер гүлдене түсті.
Егер Монтескье өзінің тамаша топтап жіктеуінің ықпалына еріп кетпей, бұл мәселені неғұрлым мұқият талқыласа, онда ол неғұрлым терең, неғұрлым анық және неғұрлым ортақ көзқарасқа тоқтаған болар еді. Сонда ол барлық азаматтарды ұмтылдыратын бастапқы бастау билікке құштарлық екендігін аңғарар еді; барлық замандарда және барлық елдерде адамдардың әрқилы құлығын түсіндіретін бастау – билікке қол жеткізудің әрқилы тәсілдері екендігін аңғарар еді. Шынында да, барлық ұлттарда билік Марокко мен Түркиядағы сияқты не бір адамның қолына шоғырланған, Венеция мен Польшадағы сияқты не бірнеше адамның арасында бөлінген, Спартадағы, Римдегі және Англиядағы сияқты не бүкіл ұлттың қолына тиген. Биліктің бөлінуінің осынау әрқилы пошымдарына қарай азаматтардың әрқилы дағдылар мен құлықтарды бойына сіңіретіндігі анық, дегенмен солардың бәрі алдында бір-ақ мақсатты – жоғарғы билікке ұнауды, соның ілтипатына ілінуді, сөйтіп сондай жолмен соның беделінің біршама бөлігіне ие болу мақсатын қоя алады.
Дара билік туралы
Айталы басқару пошымы – таза дара билік. Жоғарғы билік бір сұлтанның қолына шоғырланған. Әдетте жаман тәрбиеленген осынау сұлтан белгілі бір міндерге қамқор бола алады; егер ол адамшылық дегенді білмесе, даңққа құштар болмаса, қыңыр мінезіне басып, бодандарының бақытын құрбан ете алады. Патша сарайындағылар тек соның ілтипатына ілігуді ойлап, өзінің құлқын соның құлқына бейімдейді де, отаншыл жақсы іске деспоттың өзі қаншалық немқұрайдылық көрсетсе, олар да соған соншалық жиіркеніш көрсетеді. Мұндай елдерден Тимолеондарды да, Леонидтерді де, Регулдарды да, тағы басқаларын да таба алмайсың. Ондай азаматтар Римде, Грекияда құрметтелгені секілді өзін құрметтей, қадірлей білетін елдерде ғана пайда болады; оларда шапағатты адам өзін халықтың құрмет тұтатынына сеніп, өзінен артық ешкім бар деп білмейтін.
Деспоттық мемлекетте шапағатты адамға қандай құрмет болуы мүмкін? Тек сұлтанның өзі ғана марапаттай да, жазалай да алатын болғандықтан, бар құрмет соған ғана көрсетіледі. Адамдар тек содан түсетін сәулемен ғана көзге түсе алатындықтан, ең жексұрын фаворит онда қаһарман секілді аяғын алшаң-алшаң басады. Мұндай үкіметте жарыс дегеніңіз сөзсіз далада қалады. Деспоттың мүддесі жиі-жиі қоғам мүддесімен кереғар келе беретіндіктен, ол қандай да жақсылық идеясының бәрін басып-жаншып отыруға тиіс; билікке құштарлық азаматтың осынау қозғаушы бастауы мұнда әділетті де шапағатшыл адамдардың қалыптасуына сай келмейді.
Бірнеше адамның басқаруы туралы
Басқарудың бұл пошымы тұсында жоғарғы билік шонжарлардың бірнешеуінің қолында болады. Мұндағы билеп-төстеушілер – игі жақсылар сословиесі (corps) болып табылады. Олардың мақсаты – халықты қайыршылықта, адамшылыққа жат арсыз қанауда ұстау. Бірақ оларға жағу үшін, солардың қамқорлығына бөленіп, рахымына ілігу үшін не істеу керек? Солардың жоспарларымен келісу керек, олардың тираниясына қолпаштау керек, азшылықтың менмендігіне қалың көпшіліктің бақытын құрбан ету керек. Міне осындай халықта да билікке құштарлық әділ адамдар мен жақсы азаматтарды тудыруы мүмкін емес.
Бүкіл ұлттың басқаруы туралы
Егер мемлекеттегі жоғарғы билік азаматтардың барлық топтары арасында тең бөлінген болса, онда билеп-төстеуші бүкіл ұлт болып табылады. Оның қалайтыны не? Халықтың барынша көнбістігінің игілігі. Оның ілтипатына қалай ілігуге болады? Халыққа қызмет ету арқылы. Мұнда көпшіліктің мүддесіне сай келетін әрбір қадам әділетті де шапағатты; мұнда билікке құштарлық азаматтардың қозғаушы бастауы
бола отырып, олардың бойында әділет пен дарынға сүйіспеншілік туғызуға тиіс. Бұл сүйіспеншіліктің жемісі – қоғам бақыты. Азаматтардың барлық таптары арасында бөлінген жоғарғы билік мемлекеттің жаны секілді, ол оның бүкіл мүшелеріне бірдей тарап, оған жан бітіреді, оны мығым да мықты етеді. Сондықтан басқарудың пошымының әрқашан ең жақсы басқару үлгісі ретінде мысалға келтірілуі не таңданудың қажеті жоқ. Мұнда бостан да бақытты азаматтар өздері үшін өздері орнатқан заңдарға бағынады; олар өздерінен жоғары тек әділет пен заңдар деп біледі; олар бейбіт өмір сүреді, өйткені тән саласындағы секілді жан саласында да тыныштық – күштер тепе-теңдігінің жемісі. Бірақ егер осы тыныштық әлдебір адамның атаққұмарлығымен бұзыла қалса не болады? Егер азаматтардың әртүрлі таптары арасындағы өзара тәуелділік енді жоқ болса ше? Егер мүдделері халық мүддесіне қайшы келетін не Персиядағы сияқты жалғыз адам, не Польшадағы сияқты шонжарлар тобы болса ше? Онда мемлекетте тек қанаушылар мен қаналушылар ғана қалады да, азаматтар құлдар табы және тирандар табы болып екіге бөлінеді. […]
Мемлекетте халық санының өсуі
және оның салдары туралы
Айталық, басында елсіз аралға мен бірнеше отбасын әкеліп қоныстандырдым; олар бірте-бірте көбейе берді де, аралда адамдар жер өңдеуге жеткілікті болып шықты; диқандардың қажеттерін қамтамасыз ететін қолөнершілер де қанша қажет болса, соншалық. Сол отбасылардың жиынтығы көп ұзамай көп санды халықты құрайды. Айталық, бұл халық көбейе береді; енді жер өңдеу, соған байланысты кәсіпшілік талап ететін мөлшерден адам көп туады.
Енді басы артық халықты не істеу керек? Адам саны неғұрлым көбейген сайын, мемлекетке түсетін ауыртпалық та соғұрлым ұлғая түседі. Міне бұл басы артық халықты жұтып жіберетін соғысты сөзсіз туғызады, немесе Қытайдағы сияқты, балаларын біреулердің есігінің алдына тастап кетуге рұқсат ететін заңды дүниеге әкеледі. Қандай да бір қоғамда меншігі мен жұмысы жоқ адам мынадай үш жолдың бірін таңдай алады: не отанын тастап, басқа жақтан бақыт іздеп кетеді; не аштан өлмеу үшін ұрлық жасай бастайды; не ақыр соңында әлдеқандай жаңа бұйым немесе әшекей зат ойлап табады да, оған айырбас ретінде отандастары оның қажетіне жетерлік азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Мен өз еркімен қаңғып кеткен адам немесе ұры туралы айтып жатпаймын: олар қоғамнан тыс. Менің бірден-бір міндетім жаңа зат немесе сән-салтанат бұйымын ойлап шығарған өнертапқышпен не болатынын қарастыру. Айталық, сол адам мата бояу құпиясын ашты. Егер осы жаңалық аздаған адамдарға ұнаса, олар өздерінің азық-түлігін әлгінің матасына айырбастай бастайды. Енді, айталық, сол маталар баршаға ұнап, ол көп тапсырыс алса ше? Сол тілектерді қанағаттандыру үшін ол не істейді? Ол өз төңірегіне мен басы артық деп атайтын азды-көпті адамдарды жинайды; мануфактура салады, оны қолайлы да тартымды жерге, әдетте қандай да бір өзеннің жағасына орналастырады, ел ішімен талай жерге дейін жететін оның салалары әлгінің тауарларын жеткізуді оңайлатады. Енді, айталық, тұрғындар санының одан әрі өсе түсуі қандай да бір жаңа тауардың, қандай да бір жаңа сән-салтанат бұйымының ойлап табылуына жол ашады да, жаңа мануфактура салынады. Кәсіпкер өз саудасының мүддесі үшін оны сол өзеннің жағасына, демек алғашқы мануфактураға жақын жерге салады. Мұндай бірнеше мануфактура содан кейін айтарлықтай қаланы құрайды. Көп ұзамай бұл қалада ең бай адамдар тұратын болады, өйткені сауда әлі көпестер әлі аз және бәсекелестер аз кезде әрқашан мол пайда береді.
Сол қаланың байлығы оны көңіл көтеретін орынға айналдырады. Соларды пайдаланып, ләззат алу үшін бай меншік иелері деревняларын тастап, қалаға келе бастайды, сонда айлап тұрады, онда сарайларын салады. Сөйтіп қала күн санап өсе береді; оған адамдар тұс-тұстан ағылады, өйткені кедейлер үшін онда көмек көбірек болады, жаман мінездер үшін – жазалаусыздық көбірек, нәпсіқұмарлар үшін – онда тойдың құралы көбірек болады. Түптеп келгенде, бұл қалана астана деп птпйтын болады. Әлгі аралда адамдар санының тым көбейіп кетуінің алғашқы салдары міне осындай болады. Нақ сол себептен туындайтын мұның екінші салдары тұрғындардың басым көпшілігінің қайыршылығы болады. Егер олардың саны өсе беретін болса, егер жұмыстан гөрі жұмысшылар көп болса, онда олардың бәсекесі жалақыны азайтады. Өз еңбегін арзанырақ сататын, жұмысшыға артықшылық беріледі. Сонда мұқтаждық ұлғаяды; кедейлер өз еңбегін сатады, байлар сатып алады; меншік иелерінің саны азаяды; заңдар күннен күнге қатая түседі. Меншік иелерінен құралатын халықты жұмсақ, заңдармен көмегімен басқаруға болады. Қылмысқа жол бермеу үшін мұнда дүние-мүлікті ішінара немесе толық тәркілеу жеткілікті. Германдықтарда, галлдарда және скандинавтарда әртүрлі құқық бұзушыларға азды-көпті айыппұл төлету бірден-бір жаза болды. Халықтың көпшілігі меншік иелері болмаса, жағдай басқаша. Оларды тек қатаң заңдар көмегімен басқаруға болады. Егер адам кедей болса, егер оны оның мүлкіне айып салу арқылы жазалауға болмаса, оны кісі ретінде жазалау ғана қалады – тәнді жазалау содан шыққан. Әуелі кедейлерге қолданылған бұл жаза келе-келе меншік иелеріне де қолданыла бастады. Содан былай барлық азаматтар қатаң заңдарға бағына бастады. Бәрі де оларды орнатуға итермелейді.
Енді мемлекеттегі әрбір азаматтың әлдеқандай меншігі бар деп есептелік. Оны сақтап қалу тілегі, сөз жоқ, ұлттың ортақ тілегі. Бұл мемлекетте ұрлық-қарлық сирек. Бұған керісінше, енді көпшілік меншіктен айрылған делік. Онда ұрлық-қарлық осы ұлттың ортақ тілегіне айналады. Қарақшылар саны көбейеді. Ұрлық рухы кеңінен тараған кезде, ол көбіне зорлық қарекеттерін жиілетеді. Сот ісінің баяу жүргізілуінің және меншігі жоқ адамның бір жерден екінші жерге оп-оңай жылыстап кете алуының арқасында кінәлілер әрқашанда дерлік жазадан оп-оңай құтылып, қылмыс көбейе береді делік. Сонда олардың алдын алу үшін азаматты алғашқы күдік бойынша қамаққа алу мүмкіндігі болуы керек. Бірақ қамақтың өзі жүгенсіздік талап ететін жаза. Көп ұзамай меншік иесіне де таралып, ол бостандықты құлдықпен алмастырады. Мемлекеттің бұл сырқатына қарсы қандай құрал бар? Оны жұмсақ заңдарға оралтуға бола ма? Маған белгілі бірден-бір амал – меншік иелерінің санын көбейту және, демек, жерді қайта бөлу. Бірақ мұндай қайта бөлу ºрқашан қиын. Ұлттық байлықтың тең бөлінбеуі және меншіктен айырылған азаматтардың тым көбейіп кетуі бір мезгілде мемлекетте мерездерді ұлғайтып, оны қатал заңдарға жетелеу осылай жүреді. Ақыр соңында бұлар деспотизм ұрығының дамуына жәрдемдеседі, мұны жаңағы себептердің тағы бір нәтижесі деп санауға тура келеді. Қандай да бір саны көп халық гректер мен швейцарлықтар сияқты белгілі бір федерациялық республикалар санына бөлінбеген, ағылшындар тәрізі бір текті, бір ғана ұлттан тұрады делік. Онда тым көп және ортақ істі бірлесіп талқылауға бір-бірінен қашық тұратын азаматтар әрбір жер, қаладан, провинциядан және т.б. өздерінің өкілдерін тағайындауға мәжбүр болады. Міне сол өкілдер астанада бас қосады да, осында өздерін жіберген адамдардың мүдделерінен өз мүдделерін бөле бастайды. [...]
Ұлттық байлықтың тым бірдей бөленбейтіні туралы
Қазіргі кезде өзінің тұсында ұлттық байлық тең бөліне алатын (соған ұмтыла алатын) басқару пошымы жоқ. Дара биліктің езгісіндегі халықтан осындай теңдей бөлуді күтудің өзі есуастық болар еді. Деспоттық мемлекеттерде бүкіл халық байлығы аз ғана әулеттің қолына шоғырланады, және оның себебі қарапайым. Олардың халқы қожайыны бар екенін мойындайды; оларға алымсалықты ол өз қалауынша белгілей алады; өз қалауынша азаматтардың бір табының мал-мүлкін екінші тапқа алып бере алады. Сондықтан мемлекеттің бүкіл байлығы фавориттердің қолына шоғырлануы үшін көп уақыттың қажеті жоқ. Осынау мемлекеттік қасіреттен тақсыр қандай пайда табады? Ол пайда мынадай. Барлық адамдар сияқты, деспот та өзін өзгелерден жақсы көреді. Ол да бақытты болғысы келеді және, жеке адам секілді, өзін қоршаған ортаның қуаныш-қайғысына өзінің де қатысы бар екендігін түсінеді. Ол өз адамдарының, яғни өзінің төңірегіндегілердің риза болуына мүдделі. Бірақ олардың алтынға ашқарақтығында шек жоқ. Бұл тұрғыдан оларда қанағат болмаса, олар ылғи талап ететін нәрседе ұдайы қалайша “болмайды” дей бересің? Ол өз жақындарын ылғи да ренжітіп, айналасындағылардың бәрінің өкпесін сезініп отырмақ па? Ондай ержүректік ілуде бір ғана ұшырасады. Сондықтан деспот сарай ішіндегілер үшін өз халқын ұдайы тонай береді. Ол өз фавориттерінің арасында бүкіл дерлік мемлекет байлығын бөліп береді. Осындай бөлістен кейін олардың сән-салтанатына қандай шек қоюға болады? Осынау сән-салтанат көп болған сайын мемлекет тап болған сондай жағдайда шек қою солғұрлым пайдалы болар еді. Негізгі жамандық және сән-салтанатты туындататын негізгі себептер ұлттық байлықтың теңдей бөлінбеуінде және тақсырдың шектен тыс құдіретінде жатыр. Өз міндетін нашар білетін, өзінің әлсіздігінен шашуды ғана білетін ол, әділетсіздіктер жасағанда, өзін керемет жомартпын деп ойлайды. Бірақ халықтың мұқтаждықтан шыққан зары оның адасқанын ескерте алмай ма? Солай, бірақ бодандардың шағымы қандай да бір
сұлтанның тағына ешқашан жетпейді. Оның үстіне, олардың наразылығы оның қазіргі бақытына ешқандай тікелей әсер етпейтін болса, оның игілігінің оған керегі не? Сән-салтанат, деп дәлелдеймін мен, елдердің көпшілігінде деспотизмнің шұғыл да қажетті нәтижесі. Олай болса, сән-салтанаттың дұшпандары деспотизмге қарсы шығуы керек. Салдарды жою үшін, оның себебін құрту керек. Бұл салада қолайлы өзгеріс жасаудың бірден-бір тәсілі – заңдар мен мемлекеттік басқаруды елеусіз ғана өзгерте беру. Тақсырдың өзі мен оның ұрпағының игілігі үшін осынау қаһарлы моралистердің монархтар ешқашан аттап өте алмауға тиіс салықтар табалдырығын орнатқан жөн болар еді. Егер заң тақсырдың жомарттығы үшін алынбас кедергіге айналса, патша сарайындағылар өздерінің парықсыз тілектері мен талаптарын тежеуге мәжбүр болар еді; олар ала алмайтын нәрсесін талап етпейтін болады. Бұлай етсек тақсырдың бақыты кемиді дейтіндер бар. Әрине, оның жанында сарай ішіндегілер саны, әсіресе ең пасықтарының саны азаяды, бірақ тақсырдың бақыты үшін олардың пасықтығының тіпті де қажеті жоқ қой! Егер қандай да бір корольдің сүйіктілері бостан да шапағатты жандар болса, ол солардың шапағатшылдығын өзі байқамай-ақ үйренеді. Бұдан оған тіпті де жаман болмайды, ал халқының жағдайы анағұрлым жақсарады. Сонымен, дара билік тек ұлттық байлықтың теңдей бөлінбеуіне ғана жәрдемдеседі.
V тарау
Иезуиттер мемлекеті
Мен бұл жерде иезуиттер орденінің құрылысын олардың атаққұмарлық жоспарларының жүзеге асырылуы тұрғысынан ғана
қарастырамын. Иезуиттер ықпалға, билікке, құрметке ұмтылды және бұған католиктік сарайларда қол жеткізді. Осы мақсаттарына жету үшін олар қандай амалдарға жүгінді? Қорқыту мен азғыруға. Тақсырлар үшін олар несімен қаһарлы еді? Олардың ырқының өз генералдарының ырқымен бірлігінде. Мұндай бірліктің күші, бәлкім, әлі де жеткілікті мәлім болмас. Ежелгі дүние бізге иезуиттердің басқару пошымымен салыстыратындай үлгі қалдырған жоқ. Айталық, ежелгі адамдардан төмендегеідей саяси проблеманы шешіп беру тлап етіліпті. Сұрақ мынау: “Монастырь түкпірінде отырған адам әртүрлі елдерде тұратын және әртүрлі заңдар мен әртүрлі тақсырларға бағынатын өзге қисапсыз адамдарды қалайша басқара алады? Сол адам – көбіне сұмдық алыс жерлердегі өзінің бодандарына жеткілікті билігін, оларды өз әмірімен жол жүруге, қарекет жасауға, ойлауға және өзінің құлқын атаққұмарлық жоспарларына сәйкестендіруге мәжбүр ету үшін қалайша сақтай алады?” Монахтар ордендері пайда болғанға дейін мұндай тапсырма есуастық болып көрінер еді. Оны шешуді платондық құбыжықтар қатарына жатқызар еді. Сөйтсе-дағы сол құбыжық жүзеге асты. Орден генералының өз әмірін орден мүшелеріне қалайша жүргізе алғаны, ол үшін қандай амалдар қолданғаны мәлім, сондықтан оларды егжей-тегжейлі тізіп жатпаймын. Бірақ бағыныштылары соншалық аз оныңыз тақсырларды қалайша қалтырата алатын? Саясат шыңы – осында. Осынау ғажапқа қол жеткізу үшін иезуиттер ұйымы монархиялық та, республикалық та құрылыстың барлық артықшылықтарын: бір жағынан – орындаудың жылдамдығы мен құпиялылығын, екінші жағынан – орденнің ұлылығына күшті де тұрақты сүйіспеншілікті өз бойында біріктіруге тиіс болатын. Бұл үшін иезуиттер ұйымының басында деспот, бірақ білімді, сондықтан да сайланып қойылған деспот тұруға тиіс болатын.
Осынау басшыны сайлау мыналарды көздеді: бодандардың белгілі бір санынан іріктеп алу; сол бодандардың рухын, құлқын, мінезін және бейімдерін зерттеп-білуге қажетті уақыт пен амалдар. Бұл үшін мыналар қажет болатын: ең атаққұмар, білімді ұстаздар өз үйлерінде тәрбиеленіп жатқан шәкірттерін жан-жақты, мұқият зерттейді; жаңа генерал орден мүдделерімен тығыз байланысты болуы және онда басқа мүдде болмауы керек; сондықтан ол, барлық иезуиттер сияқты, орденнің басты ережелеріне бағынуы керек; барлық иезуиттер секілді үйлену құқығына ие болмауға, солар секілді сырттан жасалатын барлық құрмет атаулыдан, барлық туыстық дәнекерлерден, достық пен махаббаттан бас тартуға ант беруі керек; өзін түгелімен иезуиттер ісіне арнап, өзіне көрсетілетін құрмет үшін орденнің ұлылығына қарыздар болуы керек; сондықтан оның орден қуатын арттырудан басқа арман-тілегі болмауы керек; оның бағыныштыларының тіл алғыштығы бұл үшін қажетті қаражат жеткізуге бағытталуы керек. Ең ақырында, өз үйымына барынша пайдалы болу үшін генерал өзінің батыл жоспарлары ешқандай қауіп қыспағында қалмауын ойлап, толығымен өзінің кемеңгерлігін ғана басшылыққа алуы керек. Осы мақсатпен оның тұратын орны Папа тағына жақын маңға орналастырылды. Осынау ағзаммен белгілі бір жағдайларда ортақ дәнекерлермен байланысты және оның бірінші дінбасы беделін жасырын бөлісетін генерал оның сарайында тұруы және сонда тұрғандықтан корольдер кегінен қаймықпауы керек деп ұйғарылды. Шынында да ол хұжырасының төрінде отырып алып, өз торының ортасындағы өрмекші секілді, өзінің тіндерін бүкіл Еуропаға жайып жіберіп, сол тіндер арқылы бүкіл континентте не болып жатқаны жайында мәліметтер алып отырды. Тәубаға келтіру көмегімен тақсырлардың, шонжарлардың және әртүрлі мансап иелерінің міндерін, таланттарын, жақсылықтарын, олқы
тұстарын жақсы білетін орден генералы қандай айла-шарғымен біреулердің атаққұмарлығына жәрдемдесу, кімдердің атақұмарлығына қарсылық жасау керектігін, кімге жағынып, өз жағына тарту немесе кімді қорқытып ұстау керек екендігін жақсы біледі. Ол осы маңызды мәселелер жөнінде ойға батады, ал оның қасында өте құпия әрі қорқынышты кітап жатады, ол кітапта тақсырлардың жақсыжаман қасиеттері, олардың орденге қолайлы-қолайсыз құлықтары жазылған, орденнің қаһарына ұшырап, тірілер санатынан өшірілуге тиіс корольдардың аты-жөні қан қызыл бояумен белгіленіп қойылған. Егер зәре-құты қашқан дәрменсіз тақсырлар генералдың өкімі оларға ажал мен құлдық ұрудың бірін ғана қалдырды деп білсе, онда бұл үрей тектен-тек тумайтын. Иезуиттер ұйымы белгілі бір деңгейге дейін ол қауіптің текке тумағандығын дәлелдеп отырды. Мүшелері қарияның қолындағы таяқ секілді қоғамды қандай адам билеп-төстеп отырғанын ескермей көріңіз? Ол солардың аузымен сөйлейді, солардың қолымен сеспей қатырады; орасан зор байлықты уысында ұстап отырған ол, орденнің мүшелерін өз қалауы бойынша орден мүддесі қажет еткен жердің бәріне емін-еркін жібере алады. [...] Оның бұйрығы бойынша қандай қатерге де бас тігуге, қандай қиын тапсырмасын да мүлтіксіз орындауға дайын. Мұндай адам, әрине, өте қауіпті. Иезуиттер мұны түсінді де, өздерінің басшысы туғызатын үрейді мақтан тұтып, осынау қаһарлы адамның өздеріне адалдығын қамтамасыз етудің жайын да ұмыт қалдырмады. Бұл үшін олар былай ұйғарды: егер генерал өзінің жалқаулығынан немесе басқа бір себеппен қоғам мүддесін сатып кетер болса, онда ол қоғамның жиіркенішіне ұшырап, оның кегінен қорқуға тиіс. Басшы мен бодандардың мүдделері осынша астасып, біте қайнасқан қандай да бір үкіметті атай қойыңызшы. Сондықтан да сырттай қарағанда құралдары соншалық жадау қоғам аз уақыттың ішінде соншалық құдіретке ие болды. Оның құдіреті оның ұйымдастырылу пошымының нәтижесі болатын.
Иезуиттердің инсаният принциптері қаншалық қауіпті болса да,
Папалар
мойындаған
олар
католиктер
шіркеуінің
принциптерімен
бірдейдерлік еді. Дүниауи адамдар қолында осынау қауіпті инсаният
соншалық тажалды болмайтын, және оған таңдануға да болмайды.
Патшаны өлтірушілер Бузенбау яки ла Круа дегендердің шығармаларын
оқығаннан пайда болмайды; осынау құбыжықтар монастырьлардың
надандығы мен оңашалығында туып, олар сол жерден тақсырларға
қастандық жасайды. Монах олардың қолына қанжар ұстатып, оны кім
бергенін жасыруға бекер тыраштанады. Дінбасылары атаққұмарлығының
ықпалымен жасалған қылмыстарды ажыратудан оңай ештеңе жоқ. [...]
Билік тұтқасын ұстағандардың мүддесі ортақ көзқарасқа
ақиқаттан гөрі көбірек ықпал етеді
Ақиқат күшін жатпай-тұрмай мадақтайды, іс жүзінде соншалық мадақталған сол ақиқат, тақсыр мүддесімен ұрықтанбаса тұл. Гордон, Сидуций, Макиавелли секілді адамдардың еңбектерінде қаншама ақиқат көміліп жатыр; оларды жарыққа шығара алатын білімді де шапағатшыл тақсырдың жігерлі ырқы ғана. Ол тақсыр ерте ме, кеш пе, дүниеге келеді дейді. Солай-ақ болсын, бірақ соған дейін сол ақиқаттарға болашақ ғимараттың кірпіштері, құрылыс материалдары сияқты қарау керек. Сол материалдарды билеп-төстеушілер даңққа ие болу мүддесі үшін қажет болғанда ғана пайдаланары тағы да рас. Пікір әлемді басқарады дейді. Ортақ пікір тақсырларды да билейтін жағдайлар болып тұратыны даусыз. Бірақ мұның ақиқат күші мәселесіне қандай қатысы бар? Ол ортақ пікір ақиқаттың туындыс екенін дәлелдей ала ма? Жоқ, керісінше тәжірибе бізге инсаният пен саясаттың барлық мәселелері парасатпен емес, күшпен шешілетінін және егер пікір әлемді билесе, сол пікірді түптеп келгенде, бұл дүниенің мықтылары билейтінін көрсетіп отыр. Сый-сияпатты, байлықты және жазаны бөліп беретін адам
өз төңірегіне көп адамды жіпсіз байлайды. Осынау бөлу оған ақыл-есті бағындырады, жан-жүректі уысында ұстатады. [...] Шындық прогресі адасу табыстарынан жылдамырақ жүрмеуші ме еді? Рас, тек өкімет мұның екеуін де бірдей жарияласа ғана. Ақиқат өздігіненақ анық, оны кез-келген есті адам біле алады. Керісінше, қашан да түсініксіз, қашан да бұлыңғыр адасу естілік тарапынан жиіркенішке ұшырайды. Бірақ арқа сүйер күш болмаса, естілік не істей алады? Ортақ пікірдің қалыптасуы тұсында парасат пен ақиқаттан гөрі, зорлық алаяқтық, оқыс оқиға көбірек рөл атқарған.
Тақсырлар тәрбиесі туралы
“Тақта туған тақсырдың лайықты болуы ілуде бір”, – дейді бір француз ақыны. Жалпы гер тақсырлар дарынын байқатса, бұл үшін олар тәрбиесінің қаталдығына, бала кезінде оларды қоршаған қауіп-қатерлерге, ақыр соңында, басынан кешкен қасіреттерге қарыздар. Тәрбие неғұрлым қатал болса, күндердің күнінде жұртты билеп-төстейтін адамға ол соғұрлым пайдалы. Мұндай тәрбиені тақсырлар бұлғақтар мен өзара соғыстар кезеңдерінде алады. Басқа уақыттардың бәрінде оларға тек этикет талап ететін тәрбие беріледі, ол тәрбие – өзі салдары болып табылатын басқару пошымы секілді соншалық нашар және дәл сондай дерлік түзетуге көнбейтін тәрбие. Ондай тәрбиеден не күтуге болады? [...] Тақсырлар да – кәдуілгі адамдар, сондықтан қандай тәрбие алса, тек сондай ғана бола алады. Түркияда сұлтан да, бодандар да – қысқасы, ешкім ештеңе ойламайды. Еуропаның әртүрлі сарайлары туралы да соны айтуға болады, өйткені мұнда да тақсырлардың тәрбиесі шығыстық тәрбиеге жақын.
Бұл тараудан жасалатын қорытынды мынау: адамдардың міндері мен жақсылықтары олардың жағдайындағы айырмашылықтар мен тәрбиесіндегі айырмашылықтардың салдары. Осы принципті қабылдайық та, қай жағдайға да ортақ үлгілі тәрбие беру проблемасын шешпекпіз делік. Бұл үшін не істеу керек? 1. Белгілі бір кәсіп адамына қандай таланттар немесе жақсы қасиеттер тән екендігін анықтап алу. 2. Осы таланттар мен жақсы қасиеттерге ие болуға оны ұмтылдыратын тәсілдерді көрсету. Жалпы адам дегеніңіз тек өзін қоршаған жұрт идеяларын қайталайды; оның бойына жаңылыспай сіңіруге болатын бірден-бір шапағат – қажеттіліктен туындайтын шапағат. Осы ақиқатқа көз жеткізіп, мен, ұлымның бойына әлеуметтік қасиеттерді сіңіргім келді делік. Ол үшін мен ұлымның төңірегіне шамамен өзі қатарлас, деңгейлес балаларды топтастырамын, сөйтіп бір-бірінің тәрбиесіне ықпал етуіне жағдай жасаймын; мен оларды қадағалауды тәрбиешіге тапсырсам, олардың тым қатты жазаланбауы үшін ғана тапсырамын. Тәрбиенің осы жоспарын басшылыққа алсам, ұлым әйдік, ұятсыз әсемпаз, менмен біреуге ұқсағысы келетінін көргенде, мұның көпке созылмайтынына сенімді боламын. Бала өз жолдастарының елеп-ескермеуіне қорлауына, келемежіне ұзақ шыдай алмайды. Мұндай тәрбие жөндей алмайтын әлеуметтік ақау жоқ. Бұл тәрбиенің нәтижелі болуын қамтамасыз ету үшін өз үйін өте сирек көретін бала тіпті мейрам күндері мен демалыс кездерінде де үйіне бармайтындай, сөйтіп бойында мектептестері жойып жіберген ақауларды ол жалғанның пенделерінің әңгімелері мен құлықтарынан қайта жұқтырмайтындай ету керек. Жалпы ең жақсы тәрбие, бала ата-анасынан алысырақ тұрып, оқу кезінде ол сіңіретін идеяларға кереғар идеяларды араластырмайтын тәрбие. Міне сондықтан қоғамдық тәрбие үй тәрбиесінен әрқашан жоғары тұрады.
Рухани тәрбиедегі кез келген елеулі реформа заңдар мен басқару
пошымындағы реформаны көздейді
Нашар үкімет тұсында тәрбие берудің жақсы жоспарын кім ұсынса да, оның қабылдауынан текке үміттенеді. Ондай жоспардың авторы тым үстірт адам болар еді, одан ғаламат бірдеңе шығады деп күтуге де болмас еді. Егер осынау жаңа тәрбиенің ережелері құлықтар мен басқару пошымына кереғар болса, олар қашан да жаман депа табылады. Олар қай сәтте қабылданар еді? Халық үлкен зор қасіреттер мен сорға душар болған кезде және жағдайдың ерекше қолайлы тоғысуы тақсырды реформа қажеттігін түсінуге мәжбүр еткен кезде ғана. Бұл түсінлмегенге дейін, әрі кетсе, жақсы тәрбие принциптерін ой елегінен өткізе беруге ғана болады. Жаңалық оны іске асырудың алдында жүруге тиіс. Мұның үстіне, әлдеқандай ғылым саласымен неғұрлым көбірек айналыссаң, соғұрлым онда жаңа ақиқаттар табасың, соғұрлым оның принциптерін оңайлатасың. Бірақ оны іске асыруға болады деп үміттенбеу керек. Кейбір атақты адамдар бұл мәселенің көп қырларын ашып берді, бірақ тәрбие сол күйінде қала берді. Неліктен олай? Өйткені, тәрбиенің жақсы жоспарын жасау үшін білімді болу жеткілікті, ал оны іске асыру үшін қолыңда билік болуы керек. Сондықтан бұл саладағы ең жақсы еңбектердің өзі әлі ешқандай елеулі өзгеріс жасай алмағанына қайран қалатын ештеңе жоқ. Бірақ сол еңбектерді пайдасыз дүниелер деп санауға бола ма? Тіпті де олай емес, ол еңбектер ғылым мен тәрбиені шынында да ілгері жылжытты. Механик жаңа машина ойлап тауып, оның жұмыс істеу принциптерін есептеп шығарып, оның пайдалылығын дәлелдеп шыққанда, осынысымен ол ғылымды жетілдіре түседі. Рас, машина әлі жасалған жоқ, ол қоғамға әлі ешқандай пайда келтірген жоқ, бірақ жаңалық ашылды. Енді тек сол машинаны жасап шығару ісін қолына алатын бай адамды табу керек, ал ондай адам ерте ме, кеш пе табылады.
Міне осындай бойға қуат беретін идея философтарды да тәрбие жөніндегі ғылымды зерттеуге ынталандыруы керек. Егер шапағатты азаматқа лайық зерттеу бар болса, ол – ақиқатты зерттеу, оны білу – түптің түбінде адамзат үшін пайдалы бола алады. Жұмыс кезінде ұрпаққа үміт арту қандай ғанибет! Философтардың бұл саладағы жаңалықтары – ақылды бастарға қонып қалатын, сөйтіп сәтін күтіп жататын ұрық, ал ондай сәт ерте ме, кеш пе, бәрібір туады. Наданның ұғымынша рухани әлем – әрқашан тыныштық пен қозғалмастық ахуалындағы нәрсе. Оның ойынша бәрі болған, бәрі сол күйінде және бәрі солай болып қала береді. Өткеннен де, болашақтан да ол тек бүгінгіні көреді. Білімді адам мұның бәріне басқаша қарайды. Рухани әлем ол үшін үздіксіз өзгерістердің сан алуан көрінісі. Өне бойы қозғалыстағы ғалам, оның ойынша, жаңа пошымдарда үздіксіз қайталана береді, оның барлық ұштасулары таусылғанша, не болуға тиісті және ойға алуға болатын нәрсенің бәрі жүзеге асқанша солай бола береді. Демек, философ алыс та жақын болашақтан өкімет кемеңгерлік сызған тәрбие жоспарын ұғынатын сәтті күнілгері көріп отыр. Осынау үмітпен қанаттанған философ сол жоспардың орындалуына қарсы тұруы мүмкін соқыр сенімдерді күні бұрын іріте! Ғаламат ғимарат тұрғызар алдында, оның іргетасын қаламас бұрын, әуелі орын табу, сол жерде тұрған лашықтар мен ескі үйлерді алып тастап, сол маңды күл-қоқыстан тазарту керек. Философияның ісі де – сол. Сондықтан ол ештеңе жасамайды-мыс деп айыпталмасын. Нақ қазір ол осы заман мен бұрынғы дәуірлердің соры болған нағыз түнек, монахтық, фанатиктік инсаният орнына адам мұқтажының өзінен теріп алынған анық, салауатты инсаниятты ұсынып отыр. Шынында да біз инсанияттың ”Қоғам игілігі – ұлық заң” деген бірінші де бірден-бір аксиомасы үшін сол философтарға қарыздармыз. Әрине, бұл ережені өз қимылында некен-саяқ үкіметтер ғана басшылыққа алды; бірақ осы үшін философтарды айыптау – оларды
қолында күш болмағандығы үшін кінәлау деген сөз. Егер архитектор болашақ сарайдың жобасын, сызбаларын, сметасын жасап берсе, ол өзінің міндетін орындағаны. Ал сол сарай салынатын жерді сатып алу, тиісті қаржы-қаражат бөлу – ол енді үкіметтің шаруасы. [...] Философ – инсаният ғимаратының архитекторы. Жоспары дайын. Бірақ діндер мен үкіметтердің көпшілігі оның жүзегеге асырылуына қарсы. Діни немесе деспоттық надандық мораль прогресінің жоланыа қойып отырған кедергілер жойылсын. Тек сонда ғана тәрбие туралы ғылымды түсінікті дәрежеге дейін жетілдіруге болады. [...]
“Гельвеций К. О человеке, его умственных способностях и его воспитании, 1938” басылымынан қазақшалаған Көрік ДҮЙСЕЕВ.
Поль Анри Гольбах
(1723–1789) – француз философы, саяси жазушы және ағартушы. Германияда неміс кәсіпкерінің отбасында дүниеге келген. Университеттік білімді Лейденде алды. Францияға көшіп келіп, үнемі Парижде тұрды, онда “Энциклопедияны” жасаған Д. Дидро мен Д’Аламбердің айналасында топтасқан ағартушылар тобына қосылды. Негізгі еңбегі – “Табиғат жүйесі” (1770 ж. Амстердамда жарияланған) – билеуші топтарға ашық саяси атой салу болды. Шығарма париждік парламенттің үкімі бойынша көпшілік алдында өртеліп жіберді (1770). Гольбахтың үйі феодалдық тәртіпке, абсолюттік монархияға қарсы шыққан француз ағартушылары қозғалысының бас пәтеріне айналды. Ойшылдың еңбектерінде адам табиғатын зерттеуге, сондай-ақ азаматтардың бостандықтары мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін негіздеуге көп көңіл бөлінді. Адам, қоғам және мемлекет мәселелерін ол билігі шексіз саясаткерлер елемейтін табиғат заңдарынан шығарды. Қоғам мен мемлекеттің дамуына, Гольбахтың пікірінше, едәуір шамада үкіметтердің, заң шығарушылардың қызметі, қалыптасқан басқару, тәрбиелеу, білім беру және ағарту жүйесі ықпал етеді. Әлеуметтік-экономикалық және саяси орта кісінің дамуына қалыптастырушы ықпал жасайды. Гольбахтың ғылыми және қоғамдық-
саяси қызметі 1789–1794 ж.ж. революция қарсаңындағы (ол оның басталуынан 6 ай бұрын көз жұмды) француз қоғамының рухани дамуына көмектесті.
ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ САЯСАТ
НЕМЕСЕ БАСҚАРУДЫҢ ШЫНАЙЫ ПРИНЦИПТЕРІ ТУРАЛЫ
ӘҢГІМЕЛЕР
ІІ ТОМ
Жетінші әңгіме
Жалпы алғанда саясат туралы
§ 1 Саясаттың анықтамасы
Саясат дегеніміз адамдарды басқару немесе оларды қоғамның сақталуы мен бақуаттылығына көмектесуге мәжбүрлеу өнері. Халықтарды бақытты қылу өнері жаны жақсы адам үшін ең ізгі, пайдалы және лайықты іс екендігіне күмәндануға болмайды; ол әрқашан философтардың, өз парызын жақсы түсінген парасатты азаматтар мен тақсырлардың толғамдарының пәні болды. Біз саясатқа мемлекетті басқару мен оның қажеттерін айқындау кезінде басшылыққа алынатын тәжірибе деген анықтама бере аламыз. Жеке өмірінде азамат өз міндеттерін орындап, өзінің бақытын қамтамасыз ету жолында еңбек ету үшін тек өзін-өзі күтіп ұстап, өзінің мінез-құлқын реттеп отыруға тиіс; ал тағдырдың пәрменімен мемлекет басына қойылған адамдар өздерінің мінез-құлқы жалпы алғанда қоғамға едәуір ықпал ететінін ескеріп, өзін-өзі қадағалап отыруға да, сондай-ақ көбіне-көп тәжірибесі мен парасаты жеткіліксіз көптеген адамдардың әртүрлі мүдделерін қарама-қайшы нәпсілерін тежеу немесе бағыттау
жағын қадағалап отыруға да тіс; ақыр соңында, олар халықтар мен тақсырлардың көзін жеткізу көмегімен, ол жеткіліксіз болса – күш көмегімен басқара отырып, олардың мүдделерін біріктіруге ұмтылуға тиіс. Нақты бір қоғамның мүшелерін жұмыла қимылдауға мәжбүрлеу шеберлігінен қиын ештеңе де жоқ. Көптеген адамдардың қарама-қайшы нәпсілерін бір мақсатқа және олар ылғи да бұрылып кететін ортақ орталыққа бағыттау өнерінен басқа ештеңе де соншалық алғырлықты, көрегендікті және ерік күшін талап етпейтін секілді. Адам ырқының барлық жеке пиғылдарын адамдардың бейіміне, жеке мүдделері мен соқыр сенімдеріне жиі қайшы келетін ортақ жоспардың жүзеге асырылуына жәрдемдесуге мәжбүр ету қабілеті, оларды заңмен анықталатын қоғамдық ырыққа бағындыра білу шеберлігі – өмір тәжірибесі үйреткен немесе философиямен қанаттанған кемеңгерліктің шын мәнінде ең жоғары көрінісі. Тек ең мінсіз кемеңгерлік қана мемлекеттік механизмнің әртүрлі серіппелеріне олар төзе алатын кернеу дәрежесін қамтамасыз етуге қабілетті; тек ең терең парасат қана ескі серіппелер белгілі жағдайлардың салдарынан тиімді қимылдай алмайтын болған кезде оларды алмастыратын жаңа серіппелерді ойлап таба алады. Саясаттың міндеттері осындай. Бірақ бәрі емес. Қоғамның ішкі жағдайын бақылаумен қанағаттанбай, саясат оның шегінен тыс жерлерге де көз жүгіртуге мәжбүр болады; ол көрші халықтардың қарекеттері мен олардың мүдделерінің бағытын қалт жібермей қадағалап отыруға, олардың қаскүнемдіктерін тоқтатуға, олардың нәпсісінің билікқұмарлығы мен ашқарақтығының зардаптарының алдын алуға, олардың қоғамға табиғи жағдайлар немесе азаматтардың еңбекқорлығы қамтамасыз ететін артықшылықтарға көз алартуына мүмкіндік бермеуге тиіс; ақыр соңында, басқа тәуелсіз қоғамдарды өз жоспарларының орындалуына жәрдемдесуге ынталандыруы тиіс.
§ ІІ. Бірдей заңдар барлық халықтар үшін жарамды бола алмайды
Халықты басқару дегеніміз оның нәпсілерін тепе-теңдікте ұстау, олардың қауіпті зардаптарға жетелей алатындарын басып тастау және оған пайдалы бола алатындарын мемлекет пайдасына бағыттау деген сөз. Бірақ жекелеген индивидтердің нәпсісі секілді халықтардың нәпсісі ұшықиырсыз алуан түрлі; олардың пайда болуының, сақталуы мен түрін өзгертуінің себебі заңдар, салттар және әсіресе көп жағдайда табиғаттан, парасаттан және заңдардан күшті болып шығатын, және аракідік ең дана саясат үшін еңсерілмес кедергілер тудыратын адамдардың көзқарастары болып табылады. Осынау нәпсі, сондай-ақ әдеттің арқасында индивидтердің жанында тамыр жайған, соған сәйкес келетін әдет, былайша айтқанда, халықтың мінезін құрайды; бұл мінез барлық қоғамдар үшін бірдей бола алмайды. […] Cондықтан, барлық адамзат қоғамдарын бір ғана бірдей заңдардың көмегімен басқару әрекеті жай ғана күлкілі, парықсыз әрекет болып шығар еді; саясатқа ең жалпылама ережелерден басқа бірдеңені міндеттеу есуастық болар еді; практикалық қызметте басқарудың барлық жеке мәселелерін реттеу барлық жерде тегіс қателіктерге ұрындырып, зиян тигізер еді, ал оқыс жағдайлар тиісті міндеттеуді ±дайы керексіз етер еді. Барлық адамдарды бір ғана бірдей ережелермен басқару барлық сырқатты бір әдіспен емдеу немесе барлық адамдарға бір ғана бірдей өмір жоспарын міндеттеу сияқты соншалық әуейілік болар еді. Шынында да, даму ерекшеліктеріне және географиялық жағдайына орай жаугершілікке бейім мемлекеттер бар; енді біреулеріне тыныштық пен бейбітшілік көбірек қажет. Әділетсіз әрі құдіретті көршілер қоршап тұрған енді біреулері өздерінің бақуаттылығын бұзатын кез-келген басқаға тойтарыс беруге әрқашан дайын тұруы керек; тағы біреулері өз жерінің құнарсыздығынан оларға табиғат бермеген дәулет көзін бейбіт саудадан іздеуге мәжбүр болады да, оларды көрші мемлекеттер өзінің неғұрлым құнарлы жерінің жемісімен жабдықтап отырады. Халықтар сондай-ақ
өздерінің елдері алып жатқан аумақтың көлемімен де ерекшеленеді: бірінде ол ұлан-ғайыр, енді біреулер тар шекарада қысылған; біреулер теңіз жағалауын алып жатыр, енді біреулерінің су айдындары жоқ; біреулері табиғи бекіністермен қорғаулы, енді біреулердің тірегі – тек µз күштері ғана; біреулер қатаң климаттық жағдайда еңбек етуге мәжбүр болғандықтан табиғатпен айқасады да, соның арқасында мықтырақ, белсендірек, іскерлірек бола түседі; енді біреулер қолайлы климат жағдайында өмір сүріп, өз қажеттерін оп-оңай қанағаттандыратындықтан, арқаны кеңге салдыратын нәуетектік пен жалқаулыққа бой ұрады; біреулері жағдайын жақсарту үшін еңбек етеді, енді біреулері қалғыпмүлгіп жата береді, ләззатқа беріліп, бар жігерден жұрдай болады. Бір халы қтар біреулері именшек, дәрменсіз және құлдық үшін жаратылған секілді көрінеді. Біреулері сауда-саттықтан мақұрым, қайыршылық күн кешеді, енді біреулері мыңғырған бай болып, сән-салтанат ләззатымен өзін бұзады. Ақыр соңында, әрбір халық белгілі бір заңдарды, салттарды, соқыр сенімдер мен дінді басшылыққа алады, ал басқалары өзге институттарға, өзге адасулар мен көзқарастарға бағынышты. Демек, бір ғана бірдей заңдар барлық халықтарға жарай бермейді, оларды табиғат пен жағдай соншалық бөлек-бөлек еткен, олардың қажеттері де соншалық әртекті, сенімдері бір-бірінен соншалық алшақ. Саясат адамдар шындығында қандай болса, сондай күйінде басқаруы керек; заңдар адамдардың дәл қазіргі жай-күйін есте ұстауы тиіс. Құлықтың, сенімнің, салттың іріп-шіруі халықтарды табиғаттан алшақтатып жібергенде ең білімді кемеңгерліктің өзінің қолынан келетіні тек оларды сол табиғатқа қайта оралту ғана. Тұтас бір ұлттар, орасан зор әлемдік қоғамның осынау индивидтері, жекелеген қоғамдарды құрайтын индивидтер секілді, қателіктер жіберіп, алжасып жатады. Қоғамдар да, тірі организмдер сияқты, дағдарыстарды, есуастық, конвульсия, революция, тіршілік пошымының өзгеру сәттерін бастан кешіреді; олар дүниеге келеді,
өседі, өледі, денсаулықтан айрылады, қайтадан сауығады, ақыр соңында, барлық адам баласы секілді, оларда да табиғат өзінің барлық туындыларына белгілеп қойған шекте балалық, жастық, қарттық шақтарын бастан өткереді және ажалға бас иеді.
§ ІІІ. Бірдей заңдар бірде-бір халық үшін мәңгілік жарамды бола
алмайды
Сонымен, әртүрлі мемлекеттерде және тарихтың әртүрлі кезеңдерінде саясат халықтарды бір рет бекітілген тұрақты әдіс бойынша басқарудан да, олар үшін әрдайым тең дәрежеде пайдалы болатын заңдарды оларға міндеттеуден де құрала алмайды. Егер де ұлттар әрқашан ғана ахуалда болса, олардың қажеттері өзгерістерге ұшырамас еді, ал олардың көрегендігі олардың бастан кешіруіне тура келетін оқиғаларды күн ілгері көре білер еді; егер де олардың нәпсісінің әсері қарама-қайшы болмаса, оларға барлық заман үшін жарамды өзгермейтін заңдарды міндеттеуге болар еді. Бірақ заң шығарушы өз халқының сол сәттегі жағдайынан өзге ештеңені басшылыққа ала алмайды. [...] Бір кездері оларға өте пайдалы болған заңдар келе-келе өте зиянды бола бастайды; жаугер көшпелілер үшін жарамды заңдар саудагерлер мен диқандар үшін жарамсыз болып шығатын. Халықтардың алғашқы заңдары әрқашан қарапайым да санаулы болды; бірақ қажеттер өскен сайын бұл заңдар күрделіленіп, көбейе беруге тиіс болатын. Ақыр соңында, байлық құлықты бұзған кезде, дамудың әртүрлі кезеңдерінде халықтың жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуге тиіс заңдар барған сайын қитұрқыланып, көбейе түсетін адам нәпсісіне неғұрлым күшті бөгеттер қоюға мәжбүр болады.
§ ІV. Заңдар мәңгілік бола алмайды
Қоғамдық өмірдің ылғи да өзгеріп отыратын жағдайын ескермей тіпті ең дана ойшылдар мен заң шығарушылар ұдайы адасатын. Олар адамдарды бақытты, ал олардың үкіметтерін – орнықты қылу үшін өзгермейтін заңдар жасап шығару жеткілікті деп санайтын; олар өздері дүние салғаннан кейін де халықтар өздері көрген күйінде қала береді деп үміттенеді; олар уақыт дегеніңіз күтпеген оқиғаларды тудырып, өздері құлық ережелерін міндеттеген қоғамдардың түсініктері мен қажеттерін өзгертуі мүмкін-ау деп ойламады. Табиғаттың қойнауы мен тағдырдың жазмышында жасырынып жатқан оқиғаларды олар қалайша күн ілгері біле алмақ? Әдетте, тарихтың тәжірибесі ғана оларға әдеттер, соқыр сенімдер мен салттар ылғи да парасаттан әлдеқайда күштірек екендігін үйрете алатын.
§ ІХ. Саясатта болашақты көре білу керек
Ең дана заңдардың өзі белгілі бір жағдайлар жеткізуі мүмкін қолайлы немесе қолайсыз нәтижелерді күн ілгері білуге тек ұмтыла алады; сонда ол оқиғаларды дайындап, келешек бақыттың негіздерін күні бұрын қалап, сондай жағдайлар ұшыратуы мүмкін тажалды зардаптардан өзін қорғай алады. Дүниені басқарып отырғандардың қылмысты жалқаулығы мен бейғамдығын, сондай-ақ олардың адам өмірі мен қоғамның байлығын пайдасыз да шексіз соғыстарда оп-оңай ысырап ететінін байқай отырып; халықтардың бүгінін де, олардың болашақ тағдырын да жиі белгілейтін заңдарды шығарудағы дарынсыздықты, ақымақтық пен асығыстықты байқай отырып, адамдарды тек кездейсоқтық басқарады, парасаттылықтың саясатпен ортақ ештеңесі жоқ, адам тағдырын белгілейтіндер ертеңгі күнді ойламайды деп пішуге болады. Тек бүгінгі бақуатты қамтамасыз етуге бағытталған саясат – өте әлжуаз және ұшқары саясат. Саясатта оқиғалардың барысын болжап біліп, алдын алу керек. Саяси кемеңгерлік әміршілерге олар басқарып отырған мемлекеттердің тіршілігіне қауіп
төндіретін кенеттен болатын күтпеген оқиғалар кезінде көмектесуге тиіс. [...]
§ ХІІІ. Саясат тәрбие жөнінде қолдануы тиіс әдістер
Елеусіз ғана қимылдап, қоғамдық организмнің дамуын бөгемей, бұзбай, оған зиян тигізетіннің бәрінен құтылуына көмектесетін амалдар қандай? – деп бізден сұрауы мүмкін. Бұл үшін тәрбие мен оқудан сенімдірек амал жоқ. Егер өкімет бодандарының білім алуына рұқсат берсе, егер мемлекет қайраткерлері болуға тиіс және міндеті халық қамын ойлау болатын жастар соқыр сенімдерден өздері босанып, олардың зардаптарының бүкіл қаупін түсінсе, олар соқыр да аңғырт тобырдың құтырған қызбалығын ауыздықтай алады, парасат сәулесі барған сайын кеңінен тарала бастайды да, біртіндеп ұлттың барлық бөліктері өздерінің бейіміне сәйкес келетін және жеткілікті жан-жақты білім алады. Тәрбие мен білім саяси қайраткерлердің қолында халықтарға олардың қабілеттері мен ізгіліктерін дамыту үшін қажет сезімдер мен көзқарастарды сіңірудің ең сенімді құралы болып табылады. Жас кезінде адам өзіне тигізілетін ықпалға бәрінен тез беріледі, сондықтан үкіметтер үшін азаматтар арасынан болашақ көмекшілерін жастық шақтан қалыптастыру маңызды. Әдетте жас адамдардың миын қатыратын дерексіз идеялар мен құрғақ ақылдың орнына, оларға өздерінің жаратылыстық міндеттерін білуді, әділет туралы ұғымды, жұртшылық сезімін немесе қоғамға сүйіспеншілікті, отанға адалдықты, ізгілікке бас июді, пайдалы болуға ізгі ұмтылысты сіңіру қажет. Осының бәрі, сөз жоқ, қоғамның қажетіне қолдану мүмкін емес бос саудайы ұғымдар көптеген тұл білімдерден әлдеқайда қызықты.
Адамдар бақытсыз, ызақор және қоғамда өмір сүре білмейтіні тек қана олардың жетекшілерінің олардың шынайы мүдделері турасында оларға білім беру жөніндегі өздерінің міндеттерін елемейтіндігінен. Нашар үкімет тек адамдарды ыдыратады, олардың бойындағы инсаният сезімі мен жұртшылық сезімін мұқалтады, олардың жеке мүддесін қоғамдық мүддеден бөліп тастайды – қысқасы, бұл үкімет харамдық үкімет, сондықтан оның жақсылық дегенді білмейтініне қайран қалудың керегі жоқ. Хайуандық пен тағатсыздыққа бөккен, кез-келген жаратылыстық адами қарым-қатынаспен сенісуге кедергі жасайтын нашар заңдар, әділетсіз үкіметтер, азғын мекемелер, парықсыз салттар, – осының бәрі ешқашан жақсы азаматтарды қалыптастыра алмайды.
§ ХІV. Саясат азаматтардың құлқы жөнінде қам жеуі керек
Халықтың құлқын қалыптастыруға нақ саясат міндетті; саясат олардың бойында өздерінің өмірі мен қауіпсіздігін қолдап, сақтау үшін, елдің гүлденуі үшін қажет қабілеттерді тәрбиелеуге тиіс. Егер халық саны мемлекет үшін аса маңызды болса, заңдар некені адамдар үшін қасиетті де қымбат етеді. Заңдар ізгі ниетті әкелерде мемлекетке адал бодандар тәрбиелеуге мүдделі етеді және бағынуды балалардың міндеті етеді, бұл олардың өздеріне берілмек білімді алуы үшін қажет. Заңдар азаматты алғыскер болуға итермелеуге және оны, жақсылыққа жамандығы үшін жазалауға тиіс, өйткені жақсылыққа жамандық қоғам мүшелерін тек жақсы дәнекерлермен біріктіретін сезім – адамдардың бойындағы бір-біріне тілектестік сезімін сөндіруі мүмкін. Әділетті заңдар ғылымды, өнерді және шын пайда әкелетін барлық білімдерді көтермелеп отырады; заңдар бодандарға әділетке сүйіспеншілікті міңіреді, ол сүйіспеншілік олардың ортасынан алдауды, жалғандықты және адамдардың арасында сенімсіздік тудыратын басқа да міндерді аластайды. Үкімет үшін шапағатшыл
азаматтарды басқару маңызды; мүшелері азғындаған қоғамды басқарудан қиын ештеңе жоқ. Азаматтарды тәрбиелеу үшін олардың түсініктерін тазартып, ізгілендіру қажет; надандық пен соқыр сенімдер тек қана пасық адамдарды туғызады. Заңдар қоғамдық пікірді бағыттап, оның заңға үстемдік етуіне жол бермеуге тиіс. […] Қысқасы, үкімет тәні мықты, да дені сау адамдарды өсіру қамын ойлауға тиіс. Ол бұған молшылық пен дәулетті қамтамасыз етіп, азаматтарды дене тәрбиесіне үйрете отырып, олардың тұрмыс жағдайын жақсарта отырып қол жеткізеді. Ол бодандарына салауатты инсаниятты тағлым ете отырып, оларда жақсылық істеу дағдысын қалыптастыра отырып, жамандықтан қатты қорқыныш тудыра отырып және мақтаулы істері үшін көтермелей отырып, олардың жүректеріне жол табады. Ақыр соңында, үкімет азаматтар мемлекеттің тірегі болуы үшін оларға қажет білім беру арқылы олардың парасатын тәрбиелейді. Осы заманғы үкіметтердің көпшілігінің соншалық маңызды нәрселер жөніндегі масқара немқұрайдылығынан басқа ештеңе де көп таң қалуға лайық емес; Еуропада саясат азаматтарды тәрбиелеумен байыпты айналысатын бірде-бір, қайталап айтамын, бірде-бір ел жоқ. Тәннің шынығуы үшін гимнастика енгізілген, жүрегіне ізгілік егетін шынайы инсаният енгізілген елді еш жерден көрмейміз. Ал ғылымға келсек, ол атыжөні беймәлім бірнеше азаматқа басы бүтін еншілеп берілген сияқты, оларды, мемлекет ешқашан кеңесуге де шақырмайды. Сондықтан, замандастардың арасында барлық жерде тек әлжуаз, білімсіз және ізгіліктен ада адамдарды ғана көретіңізге таң қалатын ештеңе жоқ. Біз мақтан тұтатын танымдарға қарамастан, мемлекет басқару туралы ғылым әзірге өте төмен деңгейде тұр.
§ ХV. Саясат мемлекет қайраткерлерін тәрбиелеуі керек
Егер саясаттың ұлы өнері мемлекеттің мұқтаждарын қанағаттандыру ісін жүзеге асыру десек, онда саясат көргісі келетін азаматтарды қалыптастыруға қабілетті мектеп тек тәрбие ғана бола алады. Қоғам өмірінің жағдайына қарап, тәрбие жас азаматтардың назарын біресе ауыл шаруашылығына, біресе саудаға, біресе әскери өнерге аудара алады. Үкіметтердің көпшілігінің ең үлкен реніш тудыратын дерттерінің бірі – оларға ел басқаруда көмек көрсетуге қабілетті адамдарды тәрбиелеуге немқұрайды қарайтындығы. Дарынсыз монархтың өз таңдауымен ең қиын міндеттердің атқарылуын талап ететін мемлекеттік қызметке тағайындаса болды, сол бодандар соншалық жоғары қызметте жұмыс істеу үшін қажет талант пен білімге ие бола кететіндей әсер туындайды. Сондықтан, халықтарға басшылықтың долбармен, жағдайға қарай жүзеге асырылатыны мүлдем таң қаларлық емес. Көптеген мемлекеттерде ең жоғары қызметтерде отырған адамдардың асығын алшысынан түсірген тек қана олардың шыққан тегі, өздері лайық емес даңқты есім, ештеңе туралы дұрыстап ойлануға қабілетсіз қайсыбір тақсырдың мейірімі, шын еңбегі бар азаматтардан сескеніп, жек көретін сарайдың айла-шарғысы мен өсек-аяңы. Министр немесе мемлекеттік қайраткер болу үшін ақылды адам болу жеткілікті деп ойлау қате болар еді. Естілік, тәжірибе және адалдық жоқ жерде ақыл көбіне қауіпті қаруға айналып жүре береді. Қиял ақылдан үстем болғанда, сұмдық ағаттықтар жасау оңай. Таза адамның ақылы – қиратушы ақыл. Мемлекеттік қайраткерде өзінің кәсібіне сай келетін – дәйекті, кемеңгер әділетті ақыл болуға тиіс. Амал нешік! Билеп-төстеушілер ие болатын қызметіне қажет қасиеттерден мүлдем мақұрым азаматтарды […] тым жиі таңдайды. Халықтар тағдырдың құрбандарынан гөрі, монархтар мемлекет істерін жүргізуді тапсырғандардың құрбандарына анағұрлым жиі айналады. Мектептер барлық жерде әрі кеткенде жауынгер тәрбиелеу немесе
юриспруденция деген атаумен әшекейленген түсініксіз ғылым саласынан үстірт білімдер беруге арналған; келіссөз жүргізіп, шарт жасасу өнерін, сауда істерін жүргізу, қаржы-қаражатты басқару, халықтардың шынайы қажеттерін анықтау ғылымын – қысқасы, саясатты үйренгісі келетін азаматтар үшін бірде бір мектеп жоқ. Әдетте соқыр кертартпалық пен күнделікті күйбеңді басшылыққа алатын дарынсыз министрлер билікті бірбіріне беріп жатады, ол билікті олардың бірде-біреуі ешқашан парасатты пайдалана алған емес; олар өз қарекеттерінде ежелгі өздері қасиетті соқыр сенімдерге сүйенеді, сөйте тұра олардың әрқайсысы өздерінің ізашарлары жүрген жолдан бас ауған жағына бұрылып кете береді. Оларда басқару мен жоспарлау ісінде ешқандай дәйектілік, ойда жоқ оқиғалардың алдын алатын құралдарды қамтамасыз етуге ешқандай талпыныс жоқ. [...]
§ ХL. Саяси жетекшілер қоғамның жан-жақты дамуына бас-көз
болуға тиіс
Саясаттың шын мақсаты мемлекет қажеттерін қанағаттандыру үшін әр түрлі заттар шығаратын азаматтар қызметінің әрқилы түрлері арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу болуға тиіс; тек осындай тепе-теңдік қана ұлтты құдіретті ете алады, оның бақуаттылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. […] Қолдың болуы тіпті де жеткіліксіз, оны жұмсай білу де керек; инсанияттағы секілді, саясатта қол бостық – мін анасы. Егер де қоғам өзінің бүкіл назарын бір ғана саудаға аударса, жинақталған байлық көптеген азаматтардың жалқаулыққа бой ұру мүмкіндігін берер еді, ал басқаларда бұл рухтың құлдырауын тудырар еді. Сайып келгенде бұл байлық ұлттың жойылуының хабаршысы болған және бола беретін сәнсалтанатқа, ашқарақтыққа, нәуетектікке және дертке апарып соқтырар еді. Мемлекеттің барлық азаматтары жұмыс істейтін болуы керек, бірақ бәрі бірдей іспен емес; егер бәрі бірдей іспен айналыса бастаса, саяси
жетекшілер оларды бұдан бет бұрғызуға міндетті болады. Ауыл шаруашылығы мемлекеттің барлық бодандарын асырауға тиіс; сауда оларды табиғат бермеген барлық қажет нәрсемен қамтамасыз етуге тиіс; фабрикант оларды киіндіруге тиіс; жауынгер оларды қорғауға тиіс. Егер саясатттың міндеті әр алуан қызмет түрлері арасындағы тепетеңдікті қолдап отыру болса, ол мемлекеттің азаматтары бөлінген әртүрлі адамдар мен сословиелер арасындағы тепе-теңдікті де сақтауы керек. Бір де бір адам, қандай жоғары орында отырса да, өзі сияқты заңның қорғауында болуға тиіс төмен тұрған адамдарды қыспаққа алу құқығына ие болмауға тиіс; бір де бір адамның, тағдыр оны қандай билікке көтермесін, отанға пайдасы бар азаматты менсінбеуге, сөйтіп аяқасты етуге құқығы жоқ. Тақсыр әрбір боданын оның еңбегі мен тигізетін пайдасына қарай құрметтеуге, қорғауға және марапаттауға міндетті. Білікті саясат әрбір есті азамат өзінің тегіне сәйкес бөліп берілген қоғамдық орнымен қанағаттанына бағытталған. Бақыт қоғамның барлық таптары үшін бар; мемлекет жақсы ұйымдастырылған кезде монархтан диқанға дейін созылып жататын берекенің тізбегі орнайды. Қанағат тапқан адам өзінің қызмет аясынан кетуді сирек ойлайды; ол тәрбиенің арқасында жастайынан үйреніп қалған әкелерінің кәсібіне жақсы көреді. Халық, егер азап шекпесе, әдетте қанағатшыл да сабырлы; қарапайым да жаратылыстық қажеттермен шектелетін ол, олардың шегінен тыс нәрсеге назар аудармайды. Неғұрлым білімді немесе неғұрлым жоғары жағдайға көтерілген адам өзінің кәсібі, өмірлік саласы бере алатын нәрсенің бәріне қолы жетсе, орынды разы болады. Егер қайсыбір мемлекеттің барлық бодандарына онда өмір сүру ұнаудан қалса, бұл осы мемлекетті басқаруда әлдеқандай кемістік бар екендігінің айғағы. Адамдардың тұрақсыздығына қарамастан, әрбір адамды оның тағдырымен әлдебір инерция күші байланыстырып тұрады; адамдар оларды бұған беймазалық сезімі мен бақуаттылықтың болмауы мәжбүр еткенде ғана өз тағдырын өзгертуге тырысады.
Шынайы саясат мемлекетте бостандықты, халықтың елеулі өсімін, молшылықты, татулық пен қауіпсіздікті ұштастыра алады; бірақ осы міндеттердің бірде-бірі, егер саяси қайраткерлер бодандардың өздерін қалай ұстайтындығын қадағаламаса, оларды қызмет етуге жігерлендіріп отырмаса, жүзеге асырылмайды. Әрбір жақсы ұйымдастырылған қоғамның негізі ізгілік және қоғам игілігіне сүйіспеншілік болуға тиіс; қоғам мүшелері бір-бірін езіп-жанши, жек көре бастағанда, өз мүдделерінің ортақтығын түсінуді, өз нәпсісін тежеуді және заңдарды құрметтеуді қойғанда бірлестіктің ғайып болғаны, қоғамдық механизмнің қозғалыстары содан былай өзара үйлеспейді, оның жұмысын қиындата бастайды да, ол тоқтайды.
Сегізінші әңгіме
Сыртқы саясат хақында, соғыс, бейбітшілік, шарттар және т.б.
хақында
§ 1. Халықтардың өзара қарым-қатынастарында жекелеген
индивидтердің өзара қарым-қатынастарындағыдай мораль мен парыз
нормалары орын алуға тиіс
Білімді саяси қайраткерлер мемлекеттің ішкі өмірінде және бодандарға өздерінің қарым-қатынасында ұстануға тиіс негізгі мақсаттар мен принциптерді қарастырып, енді олар байланысын сақтап отырған басқа мемлекеттермен қарым-қатынасында алдына қоюы керек міндеттерді зерттеп көрелік. Бәрі де адам баласы бөлінген қоғамдарды ұлы әлемдік қоғамға біріккен толып жатқан индивидтер ретінде қарастыруға
болатынын айғақтайды. Табиғат әрбір парасатты қоғамдық тіршілік иесіне артатын міндеттерді әрбір халыққа да артады. Табиғат жеке қоғамның мүшелері арасындағы теңсіздік секілді ұлттар арасында да сондай теңсіздік орнатты. Халықтардың арасында сол мүшелер арасындағы секілді өзара қарым-қатынастар бар, олар да бір-біріне қажеттілікті сезінеді, демек, дәл сол заңдарға бағындырылуға тиіс. Ақыр соңында, адамзат баласының жаһандық қоғамында байланыстар болып, бір халық басқа бір халықпен солар арқылы бірігеді, бұл жеке қоғамның азаматы өз қоғамдастарымен бірігетіні секілді байланыс. Жеке адамның басқа бір адам жөнінде белгілі бір міндеттері болатыны секілді, ұлттың да басқа ұлттар жөніндегі сондай міндеттері болады; табиғат жеке адамға міндеттер жүктейтін секілді, ұлтқа да міндеттер жүктейді. Өмір тәжірибесі мен парасат осы тектес міндеттерден келіп шығатын ережелерді түсінуге мүмкіндік береді, ал осы ережелердің жинағы заңдардың әмбебап кодексін құрайды, оны әлемнің барлық ұлттары бірі қалмастан басшылыққа алуға тиіс. Бірақ, сорымызға қарай, бұл кодекс ұмыт қалған, халықтардың құлқын анықтайтын тақсырлардың көпшілігі оны қабылдамайды немесе қалай болса солай түсіндіреді. Сонымен, хайуандық саясаттың бұрмаланған ережелеріне бағынбайық, олар ұлттар мен олардың әміршілеріне заңдар тіпті де тақсырлар үшін белгіленбеген, жоғарғы әміршілерді ешқандай міндеттер матамайды, олардың құлқының жалғыз ережесі өз мүдделерін сақтау, ал олардың құқықтарының жалғыз өлшемі тек күш қана болуға тиіс деп үйретеді. […] Бейәділет адам өзін өмір сүріп жатқан қоғаммен байланыстыратын желіні үзеді, ал бейәділет саяси қайраткер өзін жаһандық қоғаммен біріктіретін дәнекерді үзеді. Егер әлдекімнің осы ақиқатқа күмәні болса, ол тағдыр империя басына тым жиі қоятын қиянатшыл тақсырлар, беймаза жаугерлер, атаққұмар жаулап алушылар көрші ұлттар бойында қандай сезімдер тудыратыны жөнінде ойланып көрсін. Олар қоршаған мемлекеттерде,
қылмыскерлер жеке қоғамның азаматтарының бойында туғызатындай алаңдау мен күдік сезімдерін, сенімсіздікті, үрейді қоздырмай ма? Халықтар өздерінің сенімсіздігін тудыратын билікті ауыздықтап, белгілі бір шекте ұстап тұру үшін, оларды толғантатын қиянаттың жолын кесу үшін, олардың орынды қауіптерін қоздыратын пиғылдардың алдын алу үшін күш-жігер жұмсамай ма? Бейәділет саясаткерлер басқаратын халықтар өздерінің бұзылған тақсырларының қылмыстарын үнемі қанмен өтеуге мәжбүр болмай ма?
Тоғызыншы әңгіме
Мемлекеттердің ыдырауы хақында
§ І. Мемлекеттер ыдырауға қалай келеді
Өзінің үздіксіз дамуында табиғат тіршілік иелерінің бәрін жойылуға жетелейді; осынау мызғымас заңға физикалық, құбылыстар да, рухани құбылыстар да азды-көпті баяу ілеседі. […] Адам организмі секілді, мемлекеттік организмдердің ішінде де өзінің жойылуының ұрығы болады; адамдар сияқты олардың да азды-көпті ұзаққа созылатын денсаулығын пайдаланады; адамдар сияқты олар да ғұмырын өте шапщаң қысқартатын қатты науқастар мен дағдарыстарға немесе ғұмыр негіздерін бірте-бірте кеміріп, оларды біртіндеп әлсірететін үзірлі сырқаттарға ұшырайды. Ауру адамдар секілді қоғамдар сандырақ күйге, есалаңдыққа, революциялық төңкерістерге тап болады; алдамшы семіздік олардың құпия сырқаттарын көбіне жасырып тұрады; ажал өте жақсы денсаулықтың артынан аяңдай отырып, күтпеген жерден келеді. Әрқашан да тынымсыз табиғат кейде мемлекетті сауықтыратын, оны сырқаттар мен азаптан құтқаратын, былайша айтқанда, оны күл-тозаңнан қайта қалпына келтіретін адамдардың пайда болуына күтпеген жерден
жағдай туғызады. Бірақ табиғат көбінесе ұлттарды тек қиратуға ғана қабілетті, айналасының бәрін жалмайтын, көзді ашып-жұмғанша құздан құлататын тіршілік иелерін тудыруға мәжбүр етеді. Мемлекет өзінің әміршілерінің дерттері соншалық асқынып, оны қоғамдық тұтастықты сақтау үшін қажет қауіпсіздіктен, күш пен инсаният ұстындарынан айыратын дәрежеге жеткенде бірден ыдырайды. Осыны анықтап алған соң, біз мынаны кесіп айта аламыз: билеушілер қоғамды өзінің қажеттеріне сай келетін қызметке ынталандыру үшін керек рухани өрлеуді азаматтардың бойында сақтап отыруға қам жеуді қойған кезде; мемлекетте күштердің тепе-теңдігін сақтауды ұмытып, әміршілер басқарудың бір саласы барлық басқаларын екі бүктеп бір асауына жол берген кезде; қандай да бір ішкі дерттер себебімен құдіретінен, басқа ұлттардың арасындағы орнынан және өзіне табиғат сыйлаған артықшылықтарға сәйкес пайдалануға тиіс құрметтен айрылған кезде саяси организмге ыдырау қатері төнеді. […] Ұлт, үкіметі басшылыққа алатын принциптер сырқау, ал заңдар нашар да дәрменсіз болған кезде; өкіметке жиіркене қарайтын кезде; мемлекеттің барлық сословиелерін анархия жайлаған кезде; азаматтар өз мүдделерін отанының мүдделерінен оқшауланып, одан бойын аулақ салған кезде; азамат соғыстары азаматтарды бір-біріне қарсы қаруландыратын кезде; зорлықтың көмегімен мемлекеттегі басқару пошымын өзгертілген кезде; жатжұрттың басқыншылары оны бөлшектеп, тәуелсіздігінен айыру үшін елге басып кірген кезде; ақыр соңында, мемлекеттік механизмнің серіппелері әлсіреп, сән-салтанат қоғамдық игілікке немқұрайдылық пен жақсылыққа жиіркеніш туғызып, пайда беретін нәрсені бәріне барлық ақыл иелерін енжар еткенде ол берекетсіздік ахуалында болады. Сол кезде мемлекетте бұдан былай азаматтар жоқ; онда байлыққа, ләззатқа және ұстамсыз өмір салтына жүгенсіз құмарлық қана жігерлендіретін азғын, өз отанынан қол үзген мақұлықтар қаптайды.
§ ХХV. Жалпы қорытындылар
І. […] Қоғамдық адамның табиғатына сай келетін және оны қоғамның басқа барлық мүшелері жөніндегі өз борышын орындауға міндеттейтін заңдар ғана – жақсы заңдар; инсаният дегеніміз көрсетілген міндеттерді жете түсіну; жақсылық арқауы – қоғамға пайда келтіру; қоғам өзіне пайдалы мүшелерінің бақуаттылығын қамтамасыз етуге тиіс; оларға көрсетілетін көмек және оларға берілетін артықшылықтар – оның азаматтарға билігінің негізі; ешқандай билік, егер оның мақсаты адамдардың игілігі болмаса, әділетті бола алмайды. ІІ. Адамдарды басқару дегеніміз оларды қоғамның мақсаттарына сәйкес өмір сүруге мәжбүрлеу үшін адамдар жөніндегі қоғамға тиесілі билікті жүзеге асыру. Үкімет қоғамның атынан қарекет жасайды, ол қоғамдық одақтың барлық мүшелерін өздерінің қоғамдық міндеттерін орындауға және тек ортақтықтың көрінісі ғана болып табылатын заңдарға бағынуға мәжбүрлеу мақсатында билікті яки күшті соның қолынан алƒан. Осыдан шығатын қорытынды: үкімет егер индивидтердің нәпсісі қоғамның игілігіне кереғар болса, сол нәпсіні жаныштауға және қоғамдық шартты жасасқан кезде адамдар өздеріне алған өзара міндеттерді орындауға оларды мәжбүр етуге арналған қоғамдық күш болып табылады. Қысқасы, үкімет қоғамда тұрып жатқан адамдарды мораль жүктейтін міндеттерді орындауға мәжбүр ету үшін өмір сүреді. Басқару пошымдарының әрқайсысының артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. Егер үкімет қоғамның өз мүшелері жөніндегі міндеттемелерін дәлме-дәл және дәйекті орындап отырса және сол мүшелерді қоғамның мақсатына сәйкес қимылдауға міндеттесе әрбір басқару пошымы жақсы болып табылады. ІІІ. Тақсырлар солардың көмегімен азаматтарға билік жүргізу үшін сайлап, бекіткен қоғамның уәкілдері болып табылады; бірлестіктің көзқарастары мен мақсаттарына сәйкес басқаратын тақсырға бағыну дегеніміз – егеменді билік шығатын қоғамға бағыну деген сөз. Осылайша,
тақсырдың құқықтары дегеніміз оған ұлт сеніп тапсырғысы келген құқықтар; бодандар тақсырға көрсететін мойынсұнудың себебі және осы мойынсұнудың өлшемі оның өкіметі ұлтқа беретін игілік, ал ұлт өзінің бақуатын шайқалтатын нәрсеге ешқашан келісім бермейді. Әділет – тақсырдың негізгі жақсылығы; ол қауіпке ұшырамай, одан бас тарта алмайды. ІV. Тақсыр бүкіл қоғам ырқының көрінісі болып табылатын заңдарға бағындырылған; ал азаматтар тақсырға бағындырылған, себебі оның бұйрықтары ортақ игілікке сай келеді. Баршаны артықшылықтармен қамтамасыз ететін және осыған орай баршаны қоғамдық билікке бағындыру құқығы бар қоғамның мүдделерінен өз мүдделерін бөлек қоятын азаматтар топтары жоқ. Әрбір тап ортақ игілікке өзінше жәрдемдесуге тиіс. Алауыздықтар, азаматтардың мүдделерін бөлшектеу – ұлттар әлсіздігінің және өздері зардап шегетін қиянаттың нағыз қайнар көзі міне осы. V. Деспотизм билік басында тұрғандардың жеке мүдделерін ортақ мүдделерге қарсы қоюдан құралады. Бұл бір адамның немесе бір сословиенің бүкіл қоғамға заң ретінде таңылған әздектігі. Абсолютті өкімет тез арада тиранияға айналып кетеді, ал тирания тақсыр мен бүкіл басқарылатын халық арасындағы соғыс ахуалы, ол екі жаққа да бірдей қауіпті ахуал, бір де бір азамат өзінің жеке мүддесі үшін қолдамауға да, жол бермеуге де тиіс ахуал. Тақсырдың деспотизмінен немесе ойына келгенін істеуінен артық қоғамның мақсаттарына жат ешнәрсе жоқ; ондай жүгенсіздік азаматтарды байланыстыратын дәнекерлерді үзеді, олардың жүректерінен отанға сүйіспеншілікті, қызметке құлшынысты, еңбекқорлық пен жақсылықты аластайды, бүкіл қоғамның бақытын бір немесе бірнеше адамның қыңырлығынан құрбандыққа шалынады. Шексіз билік ұлттарға нағыз және ұзақ бақуаттылықты пайдалану мүмкіндігін ешқашан қамтамасыз ете алмайды.
VІ. Бостандық әрбір ұлттың және әрбір қоғамның етене құқығы, өйткені ол қоғамдық одақтардың сақталуы мен гүлденуі үшін айтарлықтай қажет нәрсе. Бостан болу – қоғамның игілігін қамтамасыз етуге бағытталған және қоғам мақұлдаған заңдарды ғана орындау деген сөз. Жүгенсіздік те деспотизм немесе тирания секілді қоғамдық игілікке жат. Жақсылық жоқ жерде бостандық мүмкін емес; өз кезегінде отаншылдық, жан ұлылығы, ар, қоғамдық игілікке сүйіспеншілік нағыз бостандықты пайдаланатын ұлтта ғана бола алады. VІІ. Саясат қоғамның дәулеттілігі мен сақталуы үшін маңызды нәрсенің бәрін бірдей дәрежеде қадағалап отыруға тиіс. Заңдар мемлекет қажеттерінің қанағаттандырылуына жәрдемдесуге тиіс; ол азаматтарды еңбекке ынталандыратын, олардың бойына жақсылық пен отанға сүйіспеншілікті егетін, халық санының өсуін, ауыл шаруашылығы дамуын және шын пайдалы сауданы өрістететін, мінді аластайтын, мақтауға лайық қызметті және қоғам үшін қажет дарындарды марапаттайтын болсын. VІІІ. Адамзат баласын табиғаттың өзі жақсы ұйымдастырылған жекелеген қоғамда орнатылатын заңдар секілді заңдар орнатқан орасан зор қоғам ретінде қарастыру керек. Халықтар – жаһандық қоғамның аздыкөпті есті де құдыретті индивидтері; оларды басқа халықтармен бір мемлекеттің барлық азаматтарын біріктіретін міндеттер секілді міндеттер байланыстырады. Адам құқықтарының негізі жердің барлық халықтарының өмір жағдайына қолданылатын мораль нормалары болуға тиіс. Соғыстарды зорлық пен кісі өлтіруге қалай қарасақ, сол тұрғысынан қарастыру қажет; жаулап алу – тонаудан өзге ештеңе де емес. Мемлекеттер арасындағы одақтар мен шарттар жеке тұлғалар арасындағы келісімшарттар, шарттар және одақтар секілді адалдықты талап етеді. […] ІХ. Бейәділет немесе өз міндеттерін елемейтін саясат ұлттарға күн сайын шыдатпас азап әкеледі. Тақсырлардың есуастығы мен зорлықтары, оларды ң оларды күйреуге жетелейді. […]
Кез келген саяси жүйенің негізінде жатуы қажет шындық осы. […]
“Гольбах П.А. Избранные призведения. В 2 т.
Т. 2 М., 1963” басылымынан қазақшалаған Асхат
Әбішев
Кант Иммануил
(1724–1804) – неміс философы, әлеуметтік ойшыл, ХVІІІ–ХІХ ғ.ғ. неміс классикалық философиясының негізін қалаушы. Кенигсбергте дүниеге келген. Сегіз жасында мемлекеттік гимназияға берілді. 1740 ж. жергілікті университеттің теология факультетіне түсті. Оны бітірген соң үй мұғалімі болып жұмыс істеді; 1755 жылдан – приват-доцент, 1770 жылдан – Кенигсберг университетінің профессоры. Кантты шын мәнісінде бостандық философы деп атайды. Өзінің әлеуметтік-саяси ілімінде ол халықтың жоғарғы билігі (халық егемендігі) идеясын дамытты. “Әдет-ғұрып метафизикасында” (1797) құқық туралы ілімнің метафизикалық бастауларын баяндап берді. Кант “құқықтық мемлекет” пен “азаматтық қоғам” тұжырымдамасын жасаушылардың бірі. Философ тиранияға үзілді-кесілді қарсы. Деспоттықты жою үшін биліктің қатаң бөлінуі керектігін қадап айтты – елді адамдар емес, заңдар билеуі керек. Канттың саясат пен моральдың арақатынасы, “адал саясат” және т.б. туралы ойлары осы күнге шейін өзекті болып отыр. Кант жекелеген адамдар мен мемлекет арасындағы бейбітшілікті қоғамның мінсіз саяси ахуалы деп біледі.
ҚҰЛЫҚ МЕТАФИЗИКАСЫ
Құқық туралы ілім
Екінші бөлім
§ 45
Мемлекет (cіvіtas) – құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдардың бірлестігі. Осынау заңдар априорлық заңдар, яғни жалпы сыртқы құқық ұғымынан өзінен-өзі туындайтын заңдар секілді (статуттық заңдар секілді емес) қажет болатындықтан, мемлекет пошымы да жалпы мемлекет пошымы, яғни идеядағы, таза құқық принциптеріне сәйкес болуға тиіс мемлекет, және де бұл идея ортақтыққа (демек, ішкі) кезкелген шынайы бірігудің темірқазығы желісі (norma) қызметін атқарады. Әрбір мемлекетте үш билік, яғни жалпыға ортақ етіп үш тұлғаның (trіas polіtіca) бойында біріктірілген ырық болады, олар: заң шығарушының қолындағы жоғарғы билік (егемендік), әміршінің (заңға сәйкес билейтін) қолындағы атқарушы билік және қазының (potestas legіslatorіa, rectorіa et іudіcіarіa) қолындағы қазылық билігі (әркімге тиесілісін заңға сәйкес беретін), бұл практикалық силлогизмдегі үш пікір тәрізді: жалпы ортақ етіп біріктірілген ырықтың заңын қамтитын көбірек шарт; заңға сәйкес істеу әмірі, яғни осы ырыққа жетелеу принципін қамтитын азырақ шарт және осы жағдайда құқыққа не сәйкес келетіні жөніндегі сот шешімін (үкімін) қамтитын қорытынды.
§ 46 Заң шығарушы билік тек халықтың біріктірілген ырқына ғана тиесілі болады. Шынында да, кез-келген құқық содан туындауға тиіс болғандықтан, ол міндетті түрде әлдекім жөнінде құқыққа сай істемеу ахуалында болуға тиіс. Бірақ әлдекім басқа адам жөнінде шешім қабылдаған кезде, оған құқыққа сай істемеу мүмкіндігі болады; алайда
мұндай мүмкіндік өзі жөніндегі шешімдерде ешқашан болмайды (өйткені volentі non fіt іnіurіa). Демек, әркім барша жөнінде және барша әркім жөнінде бірдей шешімдер қабылдайды деген мағынада баршаның келісілген және біріктірілген ырқы, демек жалпыға бірдей етіп біріктірілген халық ырқы ғана заң шығарушы бола алады. Осындай қоғамның (socіetas cіvіlіs), яғни мемлекеттің заң шығару үшін біріккен мүшелері азаматтар (cіves) деп аталады, ал олардың мәнісіне етене құқықтық атрибуттар: әркімнің өз келісімін берген заңнан өзге заңға бағынбауына негізделген бостандығы; өзінен жоғары деп халықтың құрамындағы өзі оған жүктеген құқықтық міндеттерді бұған да жүктей алуға моральдық хақысы бар адамдарды ғана мойындауға негізделген азаматтық теңдік; үшіншіден, өзінің тіршілігі мен күн көруі үшін халықтың құрамындағы басқа біреудің жүгенсіздігіне емес, ортақтық мүшесі ретіндегі өзінің төл құқықтары мен күшіне қарыздар болуға негізделген азаматтық дербестік атрибуты, демек, құқықтық істерде әркімнің өзінен басқа ешкім азаматтық тұлға ретінде оны алмастыра алмайды. Азаматтың біліктілігін дауыс беру қабілеті ғана құрайды; ал бұл қабілет халықтың құрамындағы ортақтықтың жай ғана бөлшегі емес, оның мүшесі, яғни басқалармен бірге өз қалауы бойынша қарекет ететін бөлшегі болғысы келетін адамның дербестігін көздейді. Бірақ осы соңғы қасиет белсенді және енжар азаматтарды (енжар азамат деген ұғым азамат деген ұғымның түпкі мәніне қайшы келетін секілді көрінсе де) айыра білуді қажет етеді. Төмендегі мысалдар осы қиындықты жоюға көмектеседі: көпестің піркәншігі немесе қолөнершінің шәкірті, малай, кәмелетке жетпеген (naturalіter vel cіvіlіter), әрбір әйел және жалпы алғанда өзінің күнкөрісін (тамақтануы мен қорғалуын) өз жұмысымен емес, басқалардың бұйрығы бойынша (мемлекет тарапынан берілетін бұйрықтан басқа) сақтауға мәжбүр болатындар – осынау адамдардың барлығының азаматтық бейнесі жоқ, және олардың тіршілігі – әйтеуір бір күн көру
секілді. Жасаған бұйымдарын ашық сатуға шығара алатын еуропалық ағаш ісмерімен немесе темір ұстасымен салыстырғанда мен ауламда жалдаған отын кесуші, темірмен жұмыс істеу үшін балғасымен, төсімен және көрігімен үй аралап жүретін Үндістандағы ұста; мектеп оқытушысымен салыстырғанда үй мұғалімі, жалға алушымен салыстырғанда оброк төлеуші шаруа және т.с.с – бәрі де ортақтықтың қолбалалары ғана, себебі оларды басқа индивидтер билеп-т өстеуге оларда ешқандай азаматтық дербестік жоқ. Алайда басқалардың ырқына осынау тәуелділік пен теңсіздік тұтаса келе халықты құрайтын адамдар ретіндегі олардың бостандығы мен теңдігіне тіпті де кереғар емес; дәлірек айтсақ, бостандық пен теңдік шарттарына сәйкес қана осы халық мемлекет болып, азаматтық құрылыс ахуалына аяқ баса алады. Бірақ осынау құрылыста дауыс беру құқығына ие болу, яғни жай ғана мемлекетке табын болуға емес, азамат болуға тең құқық иелерінің барлығы бірдей лайық емес. Шынында да, жаратылыстық бостандық пен теңдік заңдарына сәйкес басқалардың бәрі оларға мемлекеттің енжар бөлшектері ретінде қарауды талап ете алуынан мемлекеттің өзіне оның белсенді мүшелері ретінде қарау, оны ұйымдастыру немесе қандай да бір заңдардың енгізілуіне жәрдемдесу құқығы туындамайды; одан туындайтыны – олар өз келісімін беретін дұрыс заңдардың тегі қандай болса да, олар бостандықтың жаратылыстық заңдарына және халықтың құрамындағы баршаның сол бостандыққа сәйкес теңдігіне қайшы келмеуі керек екендігі ғана; атап айтқанда олар осы енжар ахуалдан белсенді ахуалға өту мүмкіндігіне қарсыласпауы керек.
§ 47
Мемлекеттегі аталған үш биліктің әрқайсысы белгілі бір мәртебе,
және, олардың әрқайсысы жалпы алғанда мемлекет идеясынан сөзсіз
туындайтын әрі оны (конституцияны) құру үшін қажет мемлекеттік
мәртебе. Осы биліктің барлығында ортақ басшының (бостандық заңдары тұрғысынан біріккен халықтан басқа ешкім бола алмайтын) халықтың бытыраңқы бұқарасына бодан ретіндегі қатынасы, яғни билеушінің (іmperans) бағынушыға (subdіtus) қатынасы бар. – Халықтың өзі мемлекетке айналатын акт, шындап келгенде, мемлекет идеясы ғана, соның арқасында оны заңды деп санауға болатын бірден-бір нәрсе – бастапқы шарт, оған сәйкес халықтың құрамындағы барша (omnes et sіngulі) өзінің сыртқы бостандығынан бас тартады да, ортақтықтың, яғни мемлекет (unіversі) ретінде қарастырылатын халықтың мүшелері ретінде сол бостандықты дереу қайтадан қабылдайды; және мемлекет немесе мемлекеттегі адам қандай да бір мақсат үшін өзінің тумысынан біткен сыртқы бостандығының бір бөлігін құрбан етті деп түюге болмайды; ол жабайы, заңға негізделмеген бостандығын мүлдем тастап шыққанда, мұны өзінің жалпы бостандығын заңға негізделген тәуелділікте, яғни құқықтық ахуалда дереу толық күйінде қайтарып алу үшін істеді, өйткені сол тәуелділік соның өзінің щаң шығарушы ырқымен туындайды. [...]
МӘҢГІЛІК ТЫНЫШТЫҚҚА
Голланд трактирщигінің жарнамасында бейнеленген бейіттің тұсындағы осы сатиралық жазба кімге арналған? Барша жұртқа ма, әлде соғысқа ешқашан тоймайтын мемлекет басшыларына ғана ма, әлде, бәлкім, сол тәтті түсті көріп жатқан философтарға ғана ма? Мәселе шешілген жоқ. Әйтсе де осы шығарманың авторы өзінің қамын ойлап мынаны ескертеді: практик-саясаткер теоретик-саясаткермен дауында жеткілікті дәйекті болып, теоретиктің жария түрде және бүкпесіз айтқан пікірін мемлекетке қауіпті деп ойламауы тиіс; өйткені олардың арасындағы қарым-қатынас сондай, практик теоретикке тәкаппар паңдықпен, жоғарыдан қарап, тәжірибеге негізделген принциптерге сүйенетін мемлекет үшін бос идеялары қауіпті емес мектеп кемеңгеріне қарағандай самарқау көз
салады; тәжірибесі ұшан-теңіз мемлекет қайраткеріне, оның серігінің жүрістері қанша сәтті болса да, ойынның нәтижесінен қорықпауына болады. Автор бұл ескерту (clausula salvatorіa) осы шығарманы кез-келген жаман оймен түсінуден оны жеткілікті шамада сақтайды деп үміттенеді.
Мемлекеттер арасындағы мәңгілік тыныштық туралы шарттың
алғашқы баптарынан тұратын бірінші бөлім
1. “Бірде-бір бітім шарты, егер оны жасаған кезде жаңа соғыстың негізі құпия түрде сақталса, бітім шарты деп саналмауы керек”. Олай болмаса бұл қандай да бір дұшпандық қалмағанын білдіретін бейбітшілік емес, уақытша бітім, әскери қимылдардың уақытша тоқтатылуы ғана болар еді және оған “мәңгілік” деген сын есімді қосудың өзі күдікті плеоназм (көпсөзділік, қайталау – ауд.). Бітім шарты болашақ соғыстың қолдағы барлық іліктерін, тіпті, бәлкім, осы сәтте шарттасушы тараптардың өзіне белгісіз, бірақ кейін мұрағат құжаттарынан айлашарғымен, қитұрқымен табыла кетуі мүмкін іліктердің өзін жояды. Егер әр нәрсені өз атымен атасақ, қазіргі сәтте тараптардың бірде-бірі ауызға алмайтын (өйткені, соғысты жалғастыруға екеуі де әбден әлсіреген, дегенмен соғысты қайтадан бастауға алғашқы қолайлы ілікті пайдалану жөніндегі қылмысты пиғылдан бас тартпаған) ескі талаптарды келешекке сақтап қою (reservatіo mentalіs) әміршіге лайық емес иезуиттік казуистика, сондай-ақ ондай қарекеттерді негіздеуге даяр тұру оның министріне лайық емес. Әлбетте, мемлекеттік кемеңгерліктің ілім-білімді ұғымдарына сәйкес мемлекеттің шынайы қадірін кез-келген әдіс-тәсілдермен оның құдіретін үнемі арттырудан көретіндерге біздің пікіріміз шәкірттік, таптаурын пікір болып көрінеді.
2. “Бірде бір дербес мемлекет (үлкен болсын, кіші болсын – бәрібір) не мұрагерлік жолымен, не айырбас, сатып алу немесе сыйға тарту нәтижесінде басқа мемлекет иелігіне көшпеуге тиіс”. Гәп мынада, мемлекет (айталық, ол орналасқан жерден өзгеше) мүлік (patrіmonіum) болып табылмайды. Мемлекет – адамдар қоғамы, оларды өзінен басқа ешкім де бұйрық беріп, билей алмайды. Сондықтан, өз тамыры бар ағаштың діңі сияқты оны басқа мемлекетке бұтақ секілді ұластыруға тырысудың қай-қайсысы да ол мемлекетті моральдық тұлға ретінде жойып, моральдық тұлғаны затқа айналдыру деген сөз болып шығар еді және бастапқы шартқа қайшы келер еді43, ол шартсыз халықты басқаруға ешқандай құқық туралы ойлауға да болмайды. Мемлекеттердің де некеге отыра алуынан құралатын иелену тәсілі қазіргі кезде Еуропа үшін (жер бетінің басқа бөліктері ондайды ешқашан білген емес) қандай қатер төндіріп отырғаны баршаға мәлім; бұл некеге күш жұмсамай-ақ, туыстық одақтардың арқасында өз құдіретін арттырудың немесе өз иеліктерін кеңейтудің жаңа қитұрқы тәсілі секілді қарайды. Бір мемлекеттің екіншісіне оларға ортақ емес жауға қарсы пайдаланылатын жалдамашылар ретінде өз әскерлерін беруін де осыған жатқызу керек; бұл жағдайда бодандар өзіңнің қалауыңша пайдалануға болатын заттар ретінде пайдаланылып, тұтынылады. 3. “Тұрақты әскерлер (mіles perpetuus) уақыт өте келе толық жойылуға тиіс”. Өйткені, соғысқа үнемі дайын тұру арқылы, олар осынысымен басқа мемлекеттерге үнемі қатер төндіреді. Олар шегі жоқ әскери күш мөлшерімен бір-бірінен асып түсу талпынысына түрткі болады және бейбітшілікпен байланысты әскери шығындар ақыр соңында қысқа соғыстан да ауыр бола бастағандықтан, тұрақты әскерлердің өзі осы ауыртпалықтан құтылу мақсатындағы әскери шабуылдың себебіне
43 Мұрагерлік монархия басқа мемлекет мұра ете алатын мемлекет емес; тек мемлекет басқару құқығы ғана басқа жеке тұлғаға мұрагерлікпен өте алады. Мемлекет өзінің билеушісіне ие болады, бірақ ол мемлекет иесі (басқа елді билеуші ретінде) бола алмайды.
айналады. Мұның үстіне адамдарды өлтіру немесе өлтірілу үшін жалдау, – оларды басқаның (мемлекеттің) қолындағы қарапайым машиналар немесе құралдар ретінде пайдалану деген сөз, ал бұл біздің әрқайсымызға тән адам құқықтарымен сыйыспайды. Ал азаматтарды өзін және өз отанын шабуылдан қауіпсіздендіру мақсатында қаруды пайдалануға ерікті түрде, әлсін-әлсін үйрету – басқа мәселе. Байлықты еселей беру де дәл сондай нәтижеге жетелей алады, атап айтқанда: басқа мемлекеттер мұны әскери қатер деп біліп, сол қатердің шамасын анықтау соншалық қиын болмаса, алдын ала шабуыл жасауға мәжбүр болады (себебі үш күштен: әскери күштен, одақтар күшінен және ақша күшінен – соңғысы соғыстың ең сенімді құралы бола алады). 4. “Мемлекеттік қарыздар сыртқы саясат мақсаттары үшін пайдаланбауға тиіс”. Ел ішінен немесе одан тыс жерден қаржы іздеу, егер елдің экономикалық мұқтаждары (жолдарды жақсарту, жаңа елді мекендер салу, қуаңшылық бола қалса деп азық-түлік қорын құру және т.б.) үшін істелінсе, күдік тудырмайды. Бірақ державалардың өз арасындағы күрес құралы ретінде несие жүйесі (оның тұсында қарыз шамадан тыс өсе береді, бірақ кепілдікті күйінде қала береді, себебі несиегерлер өз талаптарын бір уақытта қоймайды), – бір саудагер халықтың осы ғасырдағы құйтырқы жаңалығы – қауіпті ақшалай күшті, атап айтқанда соғыс жүргізу үшін қажет қорды құрайды. Барлық басқа мемлекеттердің қоса алғандағы қорларынан асып түсіп, бұл қор салықтар түсімінің тоқтатылуымен ғана (дегенмен, өнеркәсіп пен қолөнерге ықпал етіп, айналымды жандандыру арқылы бұл уақытты ұзаққа созуға болады) таусылуы мүмкін. Соғыс жүргізудің жеңілдігі, оған билеп-төстеушілердің бейімдігі қосылып кеткенде соғыс адам баласына туа біткен секілді көрінеді және мәңгі бейбітшілікке барар жолдағы зор кедергі болып табылады. Сондықтан да алғашқы шарт сол кедергіні жою міндетін кіргізуге тиіс, әйтпесе түптің түбінде болмай қоймайтын мемлекеттік банкроттық басқа мемлекеттерге
орынсыз нұқсан келтіреді. Демек, басқа мемлекеттердің осындай мемлекетке және оның жөнсіз талаптарына қарсы бірігу құқығы бар. 5. “Бірде-бір мемлекет басқа мемлекеттің саяси құрылысы мен басқаруына зорлықпен араласпауға тиіс”. Өйткені, бұған басқа не нәрсе құқық бере алады? Бәлкім, бір мемлекет басқа мемлекеттің бодандарына көрсететін жаман үлгі болар? Керісінше, бұл тағлым, халық өзінің заңсыздығымен өз басына қандай қасірет келтіргенінің үлгісі қызметін атқара алады. Жалпы алғанда, бір бостан адам басқа біреуге көрсететін (scandalum acceptum сияқты) жаман үлгі, соңғысына нұқсан келтіру деп әлі қарастырыла алмайды. Рас, ішкі ырыңжырың салдарынан мемлекет әрқайсысы дербестікке ұмтылатын жеке мемлекет болып табылатын екі бөлікке бөлініп кеткен жағдайды бұған жатқызуға болмайды. Егер олардың біріне бөтен мемлекет көмек көрсетсе, мұны басқа мемлекеттің саяси құрылысына араласу деп қарастыруға болмайды (өйткені басқаша жағдайда анархия пайда болады). Бірақ осы ішкі дау шешімін тапқанша бөгде державалардың араласуы тек өзінің ішкі дертімен арпалысып жатқан тәуелсіз халық құқықтарының бұзылғаны деген сөз. Мұндай араласу, демек, басқалар үшін жаман үлгі болып табылады және барлық мемлекеттердің дербестігіне қауіп төндіреді. 6. “Бірде-бір мемлекет басқа мемлекетпен соғыс кезінде болашақта, бейбітшілік кезінде өзара сенімді мүмкін емес қылатын, мысалы, құпия кісі өлтірушілерді (percussores), уландырушыларды (venefіcі) жіберу, тізе бүгу шарттарын бұзу, жауласқан мемлекетте опасыздық жасауға (perduellіo) азғыру және т.б. секілді” дұшпандық әрекеттерге бармауға тиіс”. Бұлар күрестің арам амалдары. Соғыс кезінде де жаудың ойлау жүйесіне қайсыбір сенім болуы қажет қой, әйтпесе ешқандай бітім шартын жасасуға болмайды және дұшпандық қарекеттер тып-тиыпл етіп жіберу соғысына (bellum іnterrecіum) айналады. Соғыс дегеніміз жаратылыстық ахуалда (үкімі заң күшіне ие болатын ешқандай сот инстанциясы жоқ ахуалда) өз құқықтарын күшпен орнатудың қайғылы, амалсыз құралы.
Тараптардың бірде-бірінікі қате деп жариялана алмайды, себебі бұл үшін сот шешімі болу керек және тек соғыстың ақыры ғана (Құдай сотында дейтінде осының қалай орын алатыны секілді) дұрыстықтың кімнің жағында екенін шешеді. Мемлекеттер арасындағы жазалау соғысы (bellum punіtіvum) мүмкін емес (себебі олардың арасында бастық пен бағынышты қатынасы жоқ). Осыдан тып-типыл етіп жою соғысы салдарынан екі жақтың да жойылып кетуі мүмкін, олармен бірге құқық атаулы адамзаттың аса үлкен мазаратында ғана мәңгілік тыныштыққа жеткізеді деген қорытынды шығады. Сонымен, осы секілді соғысқа, сондай-ақ оған жол ашатын құралдардың пайдаланылуына сөзсіз тыйым салынуы керек. [...]
“Кант И. Собрание сочинений, В 8 т. Т. 7. М.,
1994” басылымынан қазақшалаған Асхат Әбішев.
Томас Пейн
(1737–1809) – Америкалық саяси қайраткер және ағартушы. Англияда дүниеге келген. Осында өзінің радикалдық саяси көзқарастары үшін ресми билік тарапынан құғын-сүргінге ұшырады. 1774 ж. Пейн “бақыт іздеп” Америкаға аттанып, онда ағылшын метрополиясына қарсы революциялық күреске қатысушылардың біріне айналды. Оның “Естілік ” (1776) атты еңбегі американ халқының саяси және экономикалық бостандығы үшін ағылшын монархиясына қарсы әділетті соғысқа шақыру болды. Тәуелсіздік үшін соғыстан (1776–1783) кейін Пейн Еуропаға келіп, Франциядағы революциялық күреске қатысты. 1792 ж. француз Ұлттық конвентіне сайланды. Осы кезде 1789–1794 ж.ж. француз революциясының принциптерін қорғау үшін “Адам құқықтары” атты кітап жазады. 1793 ж. якобишілдермен тартысы үшін абақтыға қамалды. Абақтыда өзінің “Парасат ғасыры” деген аса маңызды философиялық еңбегінің екінші бөлігін жазады. Абақтыдан шыққан соң ол өзінің радикалдық республикалық көзқарастарын насихаттауды жалғастырып, француз феодалдық-монархиялық топтарымен тартысқа түсті. 1802 ж. Пейн Америкаға оралды. Бірақ оның радикалдық республикалық көзқарастары, ірі меншік иелеріне айтылған сыны жаңа мемлекеттің билеуші топтарынан қолдау таппады.
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Бірінші бөлім
Адам құқықтары
Берк мырза ара-тұра ағылшын ұлтына ғана емес, Француз революциясы мен Ұлттық жиналысқа да қарсы өзінің сұмдық принциптерінен (оларды принциптер деп атау сол сөзді қорлау болмаса) туындаған ойларын жолдап, осынау жоғары, білікті әрі ағартушы мекемені узурпаторлар жиналысы деп атап, қорлап тұратындықтан, мен өз кезегімде оның жүйесіне sans ceremonіe [бәлсінусіз] өзге принциптер жүйесін қарсы қоямын. 1688 жылғы ағылшын парламенті өзі және өзінің сайлаушыларының істеуге құқығы болған және оларға дұрыс көрінген нәрсені істеді; бірақ, өкілеттілігі бойынша парламент арийларға тиесілі сол құқықтың үстіне ол өзіне өзі берген басқа бір құқықты – ұрпаққа міндеттеме жүктеп, ғұмыр бойы оған әмірін жүргізу құқығын енгізді. Сонымен, мәселенің екі жағы бар: біріншіден, парламентке жағдайы бойынша тиесілі құқық, және, екіншіден, оның өзіне өзі берген құқық. Бірінші құқық дау туғызбайды. Ал екіншісіне келсек, менің жауабым мынау. Ешқашан ешбір елде ұрпаққа міндеттеме жүктеп, “ғұмыр бойы” оған әмірін жүргізу, немесе барлық замандарда дүние қалай басқарылуы керек екендігін міндеттеу, немесе оларды кім басқаруы тиіс екендігін шешу құқығы яки билігі бар парламент, немесе оларды адамдар ұйымы, немесе адамдар ұрпағы болған жоқ және болуы да мүмкін емес; сондықтан барлық бұл тектес баптардың, актылардың және декларациялардың – барлық осынау құжаттардың заңды күші жоқ, олардың авторлары солардың көмегімен өздерінің құқығы да, билігі де жоқ, тіпті, олар жүзеге асыруға да
д әрменсіз н әрсеге е тырысады. Бұрын өткен дәуірлер мен ұрпақтарда болғанындай әрбір дәуір мен әрбір ұрпақтың барлық жағдайда өз тағдырын өзі шешу құқығы болуға тиісті. Көрде жатып та басқармақтық бейшара дәме – тиранияның барлық пошымдарының ең күлкілісі, ең әдепсізі. Адамның басқа адамға меншік құқығы жоқ; сол секілді бірде бір ұрпақтың келер ұрпаққа меншік құқығы жоқ. Парламент пен халықтың 1688 жылы немесе заманның қандай болсын басқа кезеңінде де, бүгінгі күндері парламент пен халық жүз және мың жылдан кейін µмір сүретіндерді билеп-төстеуге құқықсыз екендігі секілді, біздің замандастарымызды билеп-төстеуге, қандай да болсын пошымда міндеттеуге немесе оларды бірдеңеде шектеуге құқығы жоқ болатын. Әр ұрпақтың өзіне қатысты барлық мәселелерді шешу құзыры бар яки құзыры болуға тиіс. Әрқашан да өлгендер емес, тірілер жайын ойлау керек. Адам дүние салғанда оның билігі мен ниеттері өзімен бірге өледі; ол енді бұл жалғанның тірлігіне қатыспайды, сол себептен де оларды кім басқаруға тиіс, басқару қалай ұйымдастырылуға тиіс және ол қалай жүзеге асырылуға тиіс екендігін оның міндеттеу пәрмені жоқ. Мен біздің елде де, қандай болсын басқа елде де қайсыбір партияның қайсыбір басқару пошымын жақтамаймын да, қарсы да шықпаймын. Егер бүкіл ұлт бірдеңе істеуді шешсе, оның бұны істеуге құқығы бар. [...] Өткен замандарда корольдар өз тәжіне ажал төсегінде жатып билік айтып өз халқын өздері тағайындаған мирасқорына мал сияқты өсиетпен тапсыратын. Қазір бұл салттың ескіргені сонша, оны есінде сақтағандар ілуде біреу, және оның сұмдық болып көрінетіні сонша, сондай салттың болғанына сену қиын [...] Әрбір елдің заңдары қандай да бір біртұтас ортақ принципке сәйкес болуға тиіс. Англияда ата-аналар да, қожайындар да, өзін құдіретті деп атайтын парламенттің бүкіл беделі де 21 жасқа толған жеке адамның жеке бостандығын да матай немесе шектей алмайды; 1688 жылғы парламент
немесе қандай да болсын басқасы кейінгі ұрпақтарды қандай негізде немесе қандай құқықпен барлық заманға бірдеңеге міндеттей алды? Дүниеден қайтқандар мен оған әлі келмегендер арасының алшақтығы соншалық, пенденің қиялы жалпы елестете де алмайды: бұл жалғанда ешқашан ұшыраса алмайтын қағидалар осы дүниеде ешқашан кездеспейтін екі фикцияның – дүниеден қайтып кеткен адамдар мен дүниеге әлі келмеген адамдардың арасында қандай міндеттеме қабылдануы мүмкін, жарық дүние таусылғанша сақтау міндеттелетін қандай ережелер яки принциптер орнатылуы мүмкін? Англияда халықтан оның келісімінсіз ақша алуға болмайды дейді; бірақ 1688 жылғы парламентті кейін келетін ұрпақтарды шектеп, бостандығын тартып алуға және олардың белгілі бір жағдайлардағы қарекет бостандығына құқығын біржола шектеуге кім уәкілеттік берді, кім уәкілеттік бере алатын? Сол ұрпақтар әлі өмірге келген де жоқ болатын, демек, олардың бұған өз келісімін беру немесе бермеу мүмкіндігі де жоқ болатын. [...] Адамның иманы, революциялар кезеңдерінде әрқашан болатыны секілді, енді ғана бекіп келе жатқан кезде, өзара күдіктер және бір-бірін теріс түсінуге бейімділік туындайды; түптеп келгенде мүлдем кереғар көзқарастарды ұстанатын партиялардың өзі көбіне-көп бір қозғалысты қолдайды, бірақ бұл орайда мүлдем басқа-басқа мақсаттарды көздейді және басқа-басқа нәтижелерді күтеді. [...] Адам қоғамға кіргенде бұрынғымнан жаман болайын немесе бұрынғымнан құқықтарым кем болсын деп емес, сол құқықтарымды жақсырақ қамтамасыз етейін деп кірген. Оның барлық азаматтық құқықтарының негізінде жаратылыстық құқықтар жатыр. Бірақ осы айырмашылықты дәлірек айқындау үшін жаратылыстық және азаматтық құқықтардың айырмалық ерекшеліктерін көрсету қажет. Олардың арасындағы айырмашылықты бір ауыз сөзбен түсіндіруге болады. Жаратылыстық құқықтар шындап келгенде адамға оның өмір сүру
құқығымен тиесілі құқықтар. Бұған барлық интеллектуалдық құқықтар, яки рух құқықтары, сондай-ақ кісінің өз берекесі мен бақыты үшін күш ж±мсау құқығы жатады, себебі бұл басқалардың жаратылыстық құқықтарына нұқсан келтірмейді. Азаматтық құқықтар шындап келгенде қоғам мүшесі ретінде адамға тиесілі құқықтар. Әрбір азаматтық құқықтың негізіне индивидте бар, бірақ осынау құқықты пайдалануға оның күші әрдайым жете бермейтін жаратылыстық құқық алынған. Бұған қауіпсіздік пен қорғануға қатысты барлық құқықтар жатады. Осы қысқаша шолудың негізінде адам қоғамға кіргеннен кейін де сақтап қалатын және ол қоғам мүшесі ретінде ортақ қорға тапсыратын жаратылыстық құқықтар тобы арасында айырма жасау оңайға түседі. Ол сақтап қалатын жаратылыстық құқықтар шындап келгенде жүзеге асыру қабілеті құқықтың өзі секілді жеке адамда соншалық мінсіз болатын барлық құқықтар. Бұл топқа, жоғарыда айтылғандай, барлық интеллектуалдық құқықтар яки рух құқықтары жатады; демек, оларға дін де жатады. Сақталмайтын жаратылыстық құқықтар шындап келгенде жүзеге асырылуы адамның толық билігінде емес, бірақ құқықтың өзі оған табиғатынан тән құқықтардың барлығы. Ол тек оларды пайдалана алмайды. Адамға, мысалы, табиғатынан өз ісіне қазылық ету құқығы берілген; және әңгіме рух құқығы туралы болып отырғандықтан, ол одан ешқашан безбейді; бірақ оның түзетуге күші жоқ болса, қазылық етуден оған не пайда? Сол себепті ол өз құқығын өзі бір бµлігі болып табылатын қоғамға береді де, өзінің жеке күшінен қоғамның күшін артық көреді. Қоғам оған ештеңені тарту етпейді. Әрбір адам – өз қоғамында меншік иесі және құқығы бойынша оның капиталын пайдаланады. Осы барлық шарттардан екі яки үш шүбәсіз қорытынды шығады:
Бірінші: әрбір азаматтық құқық жаратылыстық құқықтан өрбиді, яғни басқаша айтқанда, жаратылыстық құқықтың бірімен алмастырылып алынған. Екінші: тап осылай қарастырылатын азаматтық өкімет – кісі өз бетінше жүзеге асыруға шамасы жоқ және сонысымен ол үшін пайдасы жоқ, бірақ біртұтас етіп жиналса, баршаға пайдалы болатын жаратылыстық құқықтар тобының біріктірілуі. Үшінші: жеке кісі жүзеге асыра алмайтын жаратылыстық құқықтарды біріктіруден алынған билікті кісінің жүзеге асыру қабілеті, құқықтың өзі секілді соншалықты мінсіз кісі сақтап қалатын жаратылыстық құқықтарға қол сұғу үшін пайдалануға болмайды. Осылайша, біз бір ауыз сөзбен адамның жаратылыстық кісіден қоғам мүшесіне дейінгі дамуын ізерлеп шығып, сақталатын құқықтар мен азаматтық құқықтарға алмастырылатын құқықтардың сипатын көрсеттік немесе көрсетуге тырыстық. Енді бұл принциптерді үкіметтерге қолданайық. Дүниені шолып шығып, біз қоғамның қойнауынан немесе қоғамдық шарттан шыққан үкіметтерді, олай пайда болмаған үкіметтерден оңай айыра аламыз; бірақ жүгірте шолу кезінде қол жетпейтін анықтық енгізу үшін үкіметтер өсіп шығатын және олар арқа сүйейтін бірнеше қайнар көздерге тоқталу керек. Бұл қайнар көздің барлығын үш айдарға біріктіруге болады: біріншісі – соқын сенімдері; екіншісі – күш; үшіншісі – қоғамның ортақ мүдделері мен адамның ортақ құқықтары. Біріншісі дінбасылардың, екіншісі – жаулап алушылардың және үшіншісі – парасаттың үстемдігі болды. [...] Енді бізге соқыр сенімдер мен жаулап алудың жемісі болып табылатын үкіметтерге қарама-қарсы және олардан өзгеше, қоғамның қойнауынан өсіп шығатын үкіметтерді қарастыру керек.
Үкімет басқарушылар мен басқарылатындардың арасындағы шарттың нәтижесі деген байлам бостандық принциптерін орнықтырудағы маңызды қадам деп есептелді; бірақ бұл дұрыс емес, өйткені бұл салдарды себептен бұрын қою деген сөз: үкіметтердің пайда болуына дейін адам болуға тиіс қой, демек, ешқандай үкімет атаулы мүлдем болмаған, яғни, осы шарт жасасатын билеушілердің де болуы мүмкін емес заман міндетті түрде болғаны ғой. Сондықтан индивидтердің өздері, әркім өзінің жеке және егеменді құқығына сәйкес үкімет құру үшін бір-бірімен шартқа отырды деп ұйғаруға толық негіз бар; және бүл үкіметтердің құрылу құқығы бар жалғыз тәсіл және олардың тіршілік ету құқығына жалғыз негіз. Үкімет дегеніміз не яки ол қандай болуы керек екендігі туралы анық түсінік алу үшін оның бастауларына оралу қажет. Бұл орайда біз үкіметтердің не халықтан шығатынын, не халықтың үстінен орнайтындығын анық аңғарамыз. [...] [...] Конституция мемлекеттік өкімет жөнінде, кейін осы мемлекеттік өкімет шығаратын заңдар сот жөнінде қандай рөл атқаратын болса, тап сондай рөл атқарады. Сот заң қабылдамайды және оларды өзгерте алмайды; ол тек қабылданған заңдарға сәйкес қарекет етеді, үкімет те осыған ұқсас түрде конституциямен басқарылады. […] Француз конституциясынан үйренетін нәрсе бар. […] Француз конституциясы былай дейді: ұлт өкілдерінің жемқорлығына жол бермеу үшін Ұлттық жиналыстың бірде-бір мүшесі үкімет шенеунігі болмайды, мемлекеттік қызметте отырмайды яки мемлекеттік зейнетақы алмайды. […] Француз конституциясы былай дейді: соғыс жариялау және бітім жасау құқығы ұлтқа тиесілі. Бұл құқық соғыс шығындарын төлейтіндерге тиесілі болмағанда, басқа кімге тиесілі болуы керек? […] Соғыс дегеніңіз […] отан ішіндегі жаулап алу өнері, оның мақсаты кірісті еселей түсу, ал оны салықсыз еселей алмайтын болған соң,
шығыстар үшін сылтау ойлап табу керек. Ағылшын үкіметінің тарихын, ол жүргізген соғыстарды, енгізген салықтарды зерделей отырып, сырттағы қалыс бақылаушы соғыс жүргізу үшін салықтар жарияланған емес, салықтарды енгізу үшін соғыстар жарияланған дер еді. […] Деспоттық үкіметтер соғысты тәкаппарлықтан жүргізеді; бірақ соғыс алым-салық жинап алу құралына айналатын үкіметтерде неғұрлым тұрақты қоздырғыш себептер болады. Сондықтан, жамандықтың екеуінен де құтылу үшін Француз конституциясы соғыс жариялау құқығын корольдар мен министрлерден тартып алып, оны шығын шығаратындарға берді. […] Соғыс туралы мәселеге орай үш сәтті қарастыру керек. Бірінші: оны жариялау құқығы. Екінші: оны жүргізуге жұмсалатын шығындар. Үшінші: ол жарияланғаннан кейін оны жүргізу тәсілі. Француз конституциясы бұл құқықты шығындануға тиіс болатындарға берді, мұның екеуі де тек ұлтта ғана тоқайласады. Соғыс жарияланып қойғаннан кейін оны жүргізу тәсілін конституция атқарушы биліктің қарауында қалдырады. Егер барлық елдерде солай болса, соғыстар сирек кезедесетін құбылысқа айналар еді. […] Француз конституциясы барлық титулдардың күші жойылады, демек, бір елде “аристократия”, ал екіншісінде – дворяндық деп аталатын, шықан тегі күмәнді осы таптың бәрі жойылып, пэр (Англия мен Франциядағы ең жоғарғы дворяндық титул) адам дәрежесіне көтеріледі дейді. […] Расын айтқанда, титулдардың сойқаны аласталғаны үшін Францияның асқақ рухына қарыздар. Ол графтар мен герцогтардың ит көйлегінен өсіп шығып, еркектің киімін киді. Франция теңгерген жоқ, биіктеді. Ол адамды биіктету үшін ергежейліні төмендетті. “Герцог”, “граф” немесе “эрл” тәрізді мағынасыз, бейшара сөздер өзінің тартымды күшін жоғалтты. Оларға ие болғандардың өзі осы сандырақ сөзді серпіп тастап, балалықшалалық жастан өтіп, шылдырауықты лақтырып жіберді. […]
Француз конституциясы заң шығарушы билікті атқарушы биліктен жоғары қояды; заң корольдан жоғары: La Loі, Le Roі. Бұл да орынды, өйткені, заңдарды орындамас бұрын, олардың жасалуы керек. […] Француз конституциясын қарастыра отырып, біз одан парасатты реттілікті көреміз. Принциптер пошымдармен, оның екеуі де – шығу тегімен жарасады. Нашар пошымдарды ақтап, олар пошымдардан басқа ештеңе емес делінуі мүмкін, бірақ бұл қате. Пошымдар принциптерден өсіп шығады және солардың сақталуына қызмет етеді. Нашар пошым оның негізінде жатқан принцип те нашар болғанда ғана мүмкін. Жақсы принципке оны таңуға болмайды: қандай да бір үкіметте нашар пошымдар нашар принциптердің де анық белгісі болып табылады. […]
“Пейн Т. Избранные произведения. М., 1959”
басылымынан қазақшалаған Асхат Әбішев.
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ
АНТОЛОГИЯСЫ
2-том
“Мәдени мұра” бағдарламасы
Редакторы Н. Оразбек.
Суретшісі Н. Наурызбаев.
Компьютерде беттеген Қ. Оразбек.
ИБ № 95.
Басуға қол қойылды 28.11. 05. Пішімі 84х108 1/32
Қаріп түрі “Таймс”. Қағазы офсеттік. Басылым офсеттік.
Есепті баспа табағы 29,5.
Таралымы 3000 дана.
ЖШС “Қазақстан” баспа үйі”
Алматы қаласы,
Прокофьев к-сі, 226/1.
Тел./ факс (327-2) 41-25-47.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру