TELEGEI

Home

Əдеби жəдігерлер 1 том

Әлібекұлы А.

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Əдеби жəдігерлер 1 том

«Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғаш рет қолға алынып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының 1-томында көне түркі əдебиетінің сақ-ғұн заманынан жеткен үлгілері, Қытай жылнамаларындағы ежелгі түркілердің салт-дəстүрі мен тарихына, мəдениетіне байланысты тарихи баяндар, Түркі қағанаты тұсындағы əдеби жəдігерлер, атап айтқанда, Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк сияқты атақты елбасылары мен қолбасшыларының тү

«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша

шығарылып отыр

¶ÄÅÁÈ

ƶIJÃÅÐËÅÐ

20 томды
“Мəдени мұра”
Мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру жөніндегі

қоғамдық кеңестің құрамы
Əшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ə.А., жауапты хатшы
Абдрахманов С.

Аяған Б.Ғ.
Əбусейітова М.Қ.
Əжіғали С.Е.
Əлімбай Н.

Əуезов М.М.
Байпақов К.М.
Биекенов К.Ү.
Бұрханов К.Н.

Досжан А.Д.
Ертісбаев Е.Қ.
Есім Ғ.
Қасқабасов С.А.

Қошанов А.
Нысанбаев Ə.Н.
Салғара Қ.
Самашев З.

Сариева Р.Х.
Сейдімбек А.С.
Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.

Түймебаев Ж.Қ.
Хұсайынов К.Ш.
Шаймерденов Е.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О.ƏУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ƏДЕБИЕТ ЖƏНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ

¶ÄÅÁÈ

ƶIJÃÅÐËÅÐ

1-òîì

ʥ͊ĶӲÐÄÅò

¶ÄÅÁÈ

Алматы 2007

РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚА:

Қасқабасов С., төраға
Қорабай С., төрағаның орынбасары
Егеубаева С.
Жолдасбеков М.

Жүсіпов Қ.
Келімбетов Н.
Қирабаев С.
Мағауин М.

Мұқанов М.

ТОМНЫҢ РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Дəуітұлы С.
Жармұхамедұлы М.
Қорабай С., жауапты редактор
Қосанов С.

Томды баспаға дайындағандар: Ш.Ахметұлы, А.Əлібекұлы,
Н.Базылхан, С.Қорабай, Қ.Орынғали, Қ.Сартқожаұлы
Сарапшы: Н.Сағындықов, филология ғылымдарының кандидаты

ІSBN 9965–806–68–3 (1-т.) ІSBN 9965–806–41–1 © Əдебиет жəне өнер институты, 2007 © «Таймас» ЖШС, көркемдеу, 2007 Барлық құқықтары қорғалған Басылымның мүліктік құқықтары «Таймас» баспа үйіне тиесілі ББК 83.3 Ə22 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті 017 “Əлеуметтік маңызды əдебиет түрлерін шығару” бағдарламасы Томды басуға М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Əдеби жəдігерлер. Жиырма томдық. 1-т.: Көне дəуірдегі əдеби ескерткіштер. Құраст.: Ш.Ахметұлы, А.Əлібекұлы, Н.Базылхан, С.Қорабай, Қ.Орынғали, Қ.Сартқожаұлы. — Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2007. — 504 бет. — (Əдеби жəдігерлер) ІSBN 9965–806–68–3 Ə22 «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғаш рет қолға алынып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының 1-томында көне түркі əдебиетінің сақ-ғұн заманынан жеткен үлгілері, Қытай жылнамаларындағы ежелгі түркілердің салт-дəстүрі мен тарихына, мəдениетіне байланысты тарихи баяндар, Түркі қағанаты тұсындағы əдеби жəдігерлер, атап айтқанда, Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк сияқты атақты елбасылары мен қолбасшыларының түркі жұртының бірлігін сақтау жолындағы ерлік істеріне арналған жырлар, ІХ–Х ғасырлардағы көне түркі əдеби ескерткіштері, «Оғызнама» дастаны, «Қорқыт ата кітабы», Əбунəсір əл-Фараби туындылары енгізілді. Томда Моңғолия, Қытай, Алтай өңірі мен Қазақстаннан табылған көне түркі жазба жəдігерлері, қытайдың «Жиырма төрт тарих» атты ресми жылнамаларындағы көне түркілерге байланысты тарихи-мəдени баяндар, көне ұйғыр əрпімен түркі тілінде жазылған «Хуастуанифт» манихейлік дұғасы алғаш рет жарияланып отыр. ББК 83.3 Ə 4603020000 – 30 00(05)–07 РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚАДАН Қазақ əдебиеті мен мəдениетінің құндылығын танытатын ежелгі түркі дəуіріндегі жазба ескерткіштер мен орта ғасырлық əдеби жəдігерлер осы күнге дейін толық көлемде жарық көрген жоқ. Кеңестік кезеңдегі белгілі шығыстанушылар мен түрколог ғалымдар көне түркі əдеби ескерткіштерін өз деңгейінде зерттеп жариялағанымен де, бұл басылымдарда белгілі себептерге байланысты ежелгі мұралардың маңыздылығын арттыратын мəтіндер берілмеді, көне əдеби жəдігерлерді дайындап жарыққа шығару ісі кенже қалып келді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде орындалатын «Əдеби жəдігерлер» атты ғылыми басылымды дайындап, жарыққа шығаруды қолға алды. Елімізде алғаш рет іске асырылып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының басты мақсаты – халықтың ежелгі заманнан бергі жазба мұралары мен əдеби жəдігерлерін сол күйінде өзіне қайтару, түркі халықтарына ортақ ежелгі жəне орта ғасыр əдеби ескерткіштері мен ХV–ХІХ ғасырлардағы əдебиет шығармаларын неғұрлым толық жариялау. Бұл ретте ғылыми жəне көпшілік кітапханалардың сирек қорларында сақталған барлық дерлік ежелгі жəне орта ғасырлардағы əдеби жəдігерлер, ХV–ХІХ ғасырлар əдебиетінің мəтіндері ғылыми басылым томдарына енетін болады. Серияда: а) 1917 жылға дейін кітап болып басылған əдеби жəдігерлер; ə) қолжазба күйінде сақталған мұралар; б) кеңестік кезеңде əкімшіл-əміршіл жүйе саясатына ілініп, цензураға түскен мəтіндер; в) түрлі себептермен тыйым салынып, осы күнге дейін ғылыми айналымға түспеген шығармалар бар. Əдеби жəдігерлердің мəтіндері қолжазба күйінде болсын, баспа бетінде жарық көрген күйінде болсын, сол бастапқы қалпында жарияланады да, ешқандай редакторлық өңдеуге жол берілмейді. Серияның басты ерекшелігі – ежелгі жəне орта ғасырларда түркі тілінде жазылған əдеби жəдігерлердің біраз бөлігі алғаш рет қазақ тіліне аударылып беріледі. Ғылыми басылым томдары хронологиялық тəртіппен жарияланады. Алғашқы том көне түркі дəуірінен басталып, соңғы том ХІХ ғасыр кезеңімен аяқталады. Бірнеше томды құрайтын серияның əр томы редакциялық бас алқаның кіріспе мақаласымен ашылып, соңында жазылған түсініктемелерді, сөздік пен жер-су атауларын, мəтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге байланысты түсініктерді, сондай-ақ пайдаланылған əдебиеттер тізімі мен орыс жəне ағылшын тілдерінде жазылған резюмелерді қамтиды. Оқырман қауымға ұсынылып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының бірінші томында сақ-ғұн заманындағы жəне Түркі қағанаты тұсындағы көне əдебиет туындылары, сонымен бірге ІХ–Х ғасырлардағы əдеби шығармалар беріліп отыр. Б.з.б. ғұн тəңірқұттары туралы жылнамалық баяндар Қытайдың ежелгі жазбаларындағы ғұндардың тарихы туралы жазылған «Ғұн тарихының жылнамасы» кітабынан (2004) алынып отыр. Ежелгі сақтар билеген кезеңнен сыр шертетін «Күнге мадақ» өлеңі «Екі мың жылдық дала жыры» (2001) негізінде, ал Тұран елінің билеушісі, сақтардың ержүрек қолбасшысы Тоңға батыр өліміне байланысты шығарылған «Алып Ер

Тоңғаны жоқтау» жыры М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрк» атты атақты еңбегінде жарияланған мəтіндер бойынша дайындалды. Көне ұйғыр əрпімен жазылған манихейлік дұға «Хуастуанифт» жазба ескерткіші алғаш рет қазақ тіліне аударылып, ғылыми айналымға енгізіліп отыр. Түпнұсқадан аударған – филология ғылымының кандидаты А.Əлібекұлы. Қытайда əр дəуірде жазылған «Жиырма төрт тарих» деп аталатын ресми жылнамалардағы түрлі тарихи баяндарда көне түркілерге байланысты құнды тарихи деректер мен аңыздар кездеседі. Қытайда тұратын қазақ ғалымдары осы материалдарды сұрыптап, көне қытай тілінен қазіргі қазақ тіліне аударды, тарихи-деректану тұрғысынан ғылыми түсініктер жазды, осы қыруар жұмыс барысында 2006 жылы Үрімжідегі «Шыңжан жастар өрендер» баспасынан «Ұлы Түркі қағанаты» атты көлемді жинақ шығарды. Құрастырып, түсініктерін жазған Қытай Халық Республикасы Шыңжан Ұйғыр автономиялы районы Қоғамдық ғылымдар академиясы Тарих институтының аға ғылыми қызметкері Шадыман Ахметұлы. «Əдеби жəдігерлер» сериясының 1-томында осы жинақтағы Түркі қағанатына дейінгі дəуірде өмір сүрген түркі ұлыстары жөнінде сыр шертетін «Уейнама» жылнамасынан, Түркі қағанаты құрылып, дəуірлеп тұрған кезең туралы жəне қағанаттан кейінгі түркіленген ұлыстар жөнінде баяндайтын «Солтүстік Чинама», «Жоунама», «Сүйнама», «Солтүстік əулеттер тарихы» жынамаларынан материалдар беріп отырмыз. Бұл мəтіндерді томға Ш.Ахметұлы ұсынды. Орхон, Енисей жазба ескерткіштерінде Түркі қағанатының көрнекті мемлекет қайраткерлері Білге қаған, Тоныкөк сияқты ержүрек қолбасшылардың ел-жұртын қорғап басқарудағы ерлік істері мен өнегелі қызметі дəріптеледі. Бұл аса құнды əдеби жəдігерлерді томға дайындау барысында Күлтегін, Білге қаған туралы жырлар мен осы дəуірде жазылған «Бұғыты», «Онгин ұстыны», «Күүлі-чор»жазба ескерткіштерінің мəтіндері Орхон мұраларына тілдік, тарихи, этнографиялық, археологиялық талдау арқылы жаңаша мəтіннамалық тұжырым жасаған белгілі түркітанушы-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының «Орхон мұралары» кітабы (Астана, 2003) негізінде дайындалса, Тоныкөк жырлары мен VІІІ ғасырдағы «Мойын-чор», «Тариат», «Суджа» əдеби жəдігерлері, «Майда Орхон ескерткіштері» жəне шамамен VІІІ ғасырдың соңы – ІХ ғасырдың бас кезінде туған «Ырқ бітіг» түс көру мен түс жору жазба ескерткіші белгілі түркітанушы-ғалым Ғұбайдолла Айдаровтың «Орхон ескерткіштерінің тексі» кітабы бойынша (Алматы, 1990) берілді. Монғолия мен Қытайда, Алтай, Енисей өлкелерінде жəне Тува Республикасында табылған көне дəуір куəлары – VІІ–VІІІ ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштері – «Алтын тамған тархан», «Орду-Балық» жазба жəдігерлері, «Чойр» бəдіз бітігі, «Күлтархан», «Тэсийн», «Сүүжийн», «Барық», «Бегре», «Чаа-Қол», «Алтын көл», «Кемчік-Чырғақ», «Қызыл-Чыра», «Көжелік-Қобы», «Теле», «Абақан», «Кербис-Бары», «Шанчы», «Ел-Бажы» бітіктастары, Талас түркі бітіктастары, «Уюк-тарлақ», «Уюк-Аржан», «Уюк-Туран», «Елегест», «Уйбат», «Бай-Бұлын» бұғытастары жəне Қазақстанда табылған кейбір түркі бітік ескерткіштері алғаш рет түпнұсқадан қазақ тіліне аударылып берілді. Бұл жазба əдеби жəдігерлерді қазақ тіліне аударып, ғылыми түсініктерін жазған түркітанушы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Нəпіл Базылхан. Серияның осы томында орта ғасырда өмір сүрген аса көрнекті түркі ғалымы Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» атты атақты еңбегінде жарияланған түркі халықтарының мақал-мəтелдері мен бəйіттері оның 1993 жылы Алматыда жарық көрген «Түбі бір түркі тілі» («Диуани лұғат-иттүрк») атты кітабынан алынып, белгілі түркітанушы-ғалым Əрсен Ибатов пен Қанапия Бекетаев аудармасы негізінде берілді. Басылымның алғашқы томына түркі тілдес халықтарға ортақ көне жазба ескерткіштердің бірі – «Оғыз-нама» əдеби жəдігерінің түпнұсқаға жақын жасалған қазақша ғылыми аудармасы енгізілді. Бұл ретте «Оғыз-наманы» алғаш рет қазақ тіліне аударған белгілі əдебиеттанушы ғалымдар, Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ə.Дербісəлин, филология ғылымдарының докторлары М.Жармұхамедұлы мен Ө.Күмісбаев дайындаған мəтін нұсқасы негізге алынды («Оғыз-наме», «Мұхаббат-наме». Алматы, 1986). ІХ–Х ғасырларда туып, ХV ғасырда хатқа түскен көне оғыз-қыпшақ мəдени ескерткіші – «Қорқыт ата кітабы» дүниежүзілік əдебиеттің алтын қорына қосылған түркі тілдес халықтарға ортақ əдеби мұра болып табылады. Томда белгілі əдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Əуелбек Қоңыратбаев дайындаған нұсқа сол қалпында беріліп отыр. Серияның бұл томын қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл Əбунəсір əл-Фарабидің поэзия табиғатын талдап жазған «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаты» мен ақындығын айғақтайтын бір топ өлеңдері аяқтайды. Ұлы ғалым туындылары белгілі ақын Аян Нысаналин аударған нұсқа бойынша (Əбунəсір əл-Фараби. Трактат жəне өлеңдер. – Алматы, 1974) берілді. Том соңында берілген ғылыми қосымшалар жинаққа енген көне түркі əдеби жəдігерлеріне жазылған түсініктемелерді қамтиды. Қосымшаларда Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің сөздігі, жер-су атаулары, мəтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, пайдаланылған əдебиеттер тізімі, орыс жəне ағылшын тілдерінде жазылған қысқаша резюмелер берілді. Томның көлемі – 504 бет.

Ê×ÍÃÅ ÌÀÄÀ¡

1. Біз тұлпарлары қанатты,

Мəңгілік жарыққа,
Күнге сиынамыз.
Күн жарық шашқанда,
Күн жылу шашқанда,

Жүз мыңдағандар
Құдіретті сезінеді,
Содан соң Мазданың
Сыйлаған Жерінде

Жарық-нұр салтанаты үшін,
Ақиқат салтанаты үшін
Бақытын табады əркім,
Бақыт сыйлайды əркім.

2. Күн шыққанда,

Мазда сыйлаған
Жер де киелі күйде,
Су да киелі күйде;
Барлық ағын сулар да,

Барлық бастаулар да,
Тұйық тоспа сулар да,
Теңіздердің суы да,
Əулие рухының

Барлық жаратқандары киелі. 3. Егер Күн шықпаса,

Жер бетіндегінің бəрін
Жын атаулылар жояр еді.
Онда мынау дүниеде
Құдірет иелері, сірə,

Болмай-ақ та қояр еді. 4. Кімде-кім Күнге,

Тұлпарлары қанатты,
Мəңгілік Жарыққа сиынса,
Қаратүнектен туған
Жын атаулыларды жасқап,

Қаратүнекпен күреспек болса,
Ұрылармен күреспек болса,
Мыстандармен күреспек болса,
Қатерден жəне ұмытылудан

Сақтанғысы келсе –
Өзінің Жан рухы,
Əулие жəне мəңгі өлмейтін
Жерде əрі көкте

Тəңірінің көңілін табады,
Кімде-кім Күнге,
Тұлпарлары қанатты,
Мəңгілік Жарыққа сиынса.

5. Митраға сиынайық,

Жазирасы кең жазық,
Мың құлағы бар,
Көздеріне сан жетпес,
Күрзісімен ұрғанда,

Жын-перілердің басынан,
Естен тандыратын.
Күн мен айдың арасын
Жалғастырып тұратын

Нəзік сəулелерге сиынайық. 6. Бақыт үшін сиынамын,

Жалбарынамын жəне де
Тұлпарлары қанатты
Мəңгі жасайтын Күнге,
Тұлпарлары қанатты

Мəңгі жасайтын Жарыққа,
Сыйымды арнаймын
Хаом шырынынан,
Барсман шыбығынан,

Сезім шұғыласынан,
Əрі ойыммен, əрі ісіммен,
Əрі ақиқат сөзіммен
Мен Күнге құрмет көрсетем.

ÀÍÀÕÀÐÑÈÑ

7. Жаратқан Жалғыз Иеміздей,

Жаратқан Жалғыз Иеміздей,
Мəңгі жасаушы, Жарық сыйлаушы, тұлпарлары
қанатты Күнге табынамыз əрі мадақтаймыз,
қуат пен күш берсін оған.

«Ақиқат – сыйдан артық...».

АНАХАРСИСТІҢ ДАНЫШПАН САЛОНМЕН АЛҒАШ КЕЗДЕСКЕНДЕГІ СӨЗ ҚАҒЫСТЫРУЫ Бізге жеткен деректерге қарағанда, бір күні Анахарсис Афина қаласындағы Салонның үйіне келеді. Есікті қағып рұқсат сұраған ол өзінің жат жерлік екенін, Салонмен достасып, қонақ болуға келгенін айтады. Салон оған: “Достықты əркім өз үйінде жүргізгені жақсы”, – деп жауап береді. “Солай ма еді, сен ғой қазір өз үйіңдесің, сондықтан менімен достасып, қонақжайлық таныт”, – дейді Анахарсис. Салон скифтің тапқырлығына, шешендігіне риза болып, оны өз үйінде біраз уақыт тұрғызады. Көп ұзамай Салон адамдар арасындағы тəртіпті сақтау үшін заң жазып шығады. Мұны білген Анахарсис күліп: – Сіз заң арқылы қылмыс пен қиянатты ауыздықтауды армандайсыз. Ал оның өрмекші торынан еш айырмасы жоқ. Өрмекшінің торы секілді, заңда да əлсіздер мен кедейлер тұтылып, күштілер мен байлар құтылып кетеді. Оған Салон: – Адамдар арасын бір мəмілеге келтіріп, келісім жасататын заң қажет. Егер оны бұзса, екі жаққа да тиімсіз болады. Заң жарияланып, заңмен жүрудің артықшылығына олардың көзі жетеді, – деп қарсылық білдіреді. Бірақ көп ұзамай-ақ Анахарсистің айтқаны келіп, Салонның күткені еш нəтиже бермейді. Тағы бірде халық кеңесіне қатысқан Анахарсис: – Элладалықтарда сөзді ақылдылар айтып, істі ақымақтар шешеді екен, – деп таң қалады. * * * Менің бар жамылғым – Сақтың шапаны, Етігім – аяғымның терісі, Таңғы асым мен түстігім – Сүт , ірімшік жəне қуырдақ, Сусыным – су. * * * Сенің сенгенің – Сыбызғы сырнай мен ақшалы əмияның. Менің сенгенім – Садақ пен жебе. Сондықтан да сен – сауықшыл, дүниенің құлысың, Ал мен – еркін азаматпын. Сенде жау көп, Ал менің дұшпаным жоқ. Егерде сен асыл тастарыңды Лақтырып тастап, Садақ пен қорамсақты ғана асынып, Сақтардың ішінде ғана өмір сүрсең, Онда мен сияқты Сен де еркіндікте жүрер едің. * * * «Адам жүйкесін орнына келтіру үшін жауапты бір іс алдында өзінің көңіл күйін көтеру керек. Күрделі де тынымсыз еңбек ету үшін демалыс керек». * * * «Адам бойындағы жақсы əрі жаман нəрсе? – Тіл». * * * «Базар – адамдардың бірін-бірі алдап-арбап, ұрлауы үшін жаратылған». * * * «Қызғаныш пен қорқыныш – адамның ең жаман қасиеттері. Қызғаныш адамға достары мен таныстарының кірісін санатсызға, қорқыныш адамды үмітсіздікке жетелейді».

ÒÎÌÈÐÈÑ

Мидия, Лидия, Вавилония жəне Египетті басып алған парсы патшасы Кир ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз қарамағына өткізуді қарастырады. Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып тұрған еді. Осы сəтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске құда түсіп, əйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес, массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас тартады. Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай, əскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бас тайды. Жауынгерлеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы мүмкін. – А.Ə.) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына əмір береді. Өзенге көпір салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы: – Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып əуре болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, – деп елші арқылы сəлем айтады. Уəзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис айтқан уəдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы əскерлеріне Аракс өзенінен өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы əскерлерінің аз ғана тобымен қақтығысқан болатын. Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис əскерінің үстіне Кирдың негізгі қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирға елші жіберіп: – Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды қайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. Бұған құлақ аспасаң, Тəңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен сені қанға тұншықтырамын, – деп өз сəлемін жеткізеді. Кир Томиристің сөзіне мəн бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына алып келінген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары қояды. Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады. Ақырында сақтар жеңіп, парсы əскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы патшасының мəйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: “Сен менің ұлымды зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш”, – деп, кесілген басты қанға толы торсыққа салуды əмір етеді. Сақтардың əйел патшасы өз антын еш бұзбастан орындаған екен.

F°Í Ò¶£²Ð¡°ÒÒÀÐÛ

Б.з.б. 209 жылы. Чин патшалығының екінші патшасының 1-жылы. Ғұнның Түмен тəңірқұтының (жылы белгісіз) жылы. Мете тəңірқұттың 1-жылы. Орталық өңірдің əр жерінде Чин патшалығына қарсы көтеріліс өршіп кетеді. Чин өкіметі зорлықпен көшіріп əкелгендер, əр түрлі жазамен шекараға жер аударылғандар – бəрі қашып кетеді. Сөйтіп, Ғұн дардың тынысы кеңіп, бірте-бірте қайтадан Сары өзеннен өтіп, оның оңтүстік жағалауына ойыса бастайды. Олар орта жазық патшалығымен шекараласып, ата жұртына тырнақ іліктіреді. Түмен сүйікті тоқал əтшесінен туған ұлын мұрагер еткісі келіп, Мете есімді үлкен ұлының көзін жойғысы келіп, оны нəтшелердің қолына аманатқа береді. Мете нəтшелер еліне барды-ау деген кезде, Түмен нəтшелерге тұтқиыл шабуыл жасайды. Нəтшелер Метені өлтіруді ұйғарады. Бірақ Мете бір арғымақты ұрлап мініп, еліне қашып келеді. Баласының бұл батыр лығына риза болған Түмен оған он мың əскер бөліп береді. Мете ысқырған дыбыс шығаратын жебе жасайды. Ол жауынгерлерімен бірге атпен шауып келе жатып, садақпен əкесі Түмен тəңірқұтты атып өлтіреді. Осымен бірге өгей шешесі жəне інісін, өзіне бағынғысы келмеген уəзірлерді, ақсүйектерді түгел өлтіреді. Сөйтіп, ол өзін Ғұндардың тəңірқұтымын деп жариялайды.

Б.з.б. 206 жылы. Хан патшалығы, Гауди патшаның 1-жылы. Ғұнның Мете тəңірқұтының 4-жылы. Мете таққа отырған кезде, шығыс хулардың (шығыс ғулар) күшейіп тұрған кезі еді. Мете əкесін өлтіріп таққа отырғанын естіп, шығыс худың билеушісі елші жібереді. Метеден əкесінен қалған тұлпарды беруін талап етеді. Мете уəзірлерін жинап кеңес сұрайды. Уəзірлері: «Бұл ат ғұндардың қасиетті тұлпары, беруге болмайды», − дейді бір ауыздан. Мете: «Көрші отырған елміз ғой, бір атты қимай қайтеміз, берейік», − деп бергізеді. Метені қорыққан деп ұққан шығыс худың билеушісі дереу тағы елші жіберіп, Метенің əйелдерінің бірін алғысы келетінін білдірді. Мете тағы оң, сол қол уəзірлерін түгел жинап ақылдасады. Олар бұған қатты ашу-ызамен: «Шығыс ху арсыз екен, қалай əйеліңізді сұрайды, оған соғыс ашу керек», − деп жауап береді. Мете: «Көрші отырған елміз ғой, бір əйелді қимай қайтеміз», − деп өзінің бір тоқалын шығыс хуға береді. Шығыс ху билеушісі онан ары басынып, батыс жаққа ірге кеңейтпек болады. Шығыс ху мен ғұндар аралығында мың ли (қытайда ли деген жарты шақырымға тең) жер жатушы еді, екі жақ өзіне қарасты отарына барып келіп жүретін. Шығыс ху билеушісі Метеге тағы елші жіберіп, шекарадағы бос жерлер иен жатыр, оған ғұндардың ат тұяғы тимесін, оны бізге берсін деп қоқан-лоқылық көрсетеді. Мете уəзірлерінен сұрайды, олар бір ауыздан: «Бұл шынында бос жер ғой, бере салайық», – дейді. Мете «жер деген елдің түп-тамыры, оны қайтып бере аламыз?» – деп қатты ашуланады. Мете жедел атқа қонып, соғыспайық дегендердің басын кесіп, əскерін бастап шығыс хуға шабуыл жасайды. Мете өзін менсінбей қамсыз жата берген шығыс ху жасақтарының тасталқанын шығара жеңіп, олардың мал-мүліктерін түгел олжалап, елін боданына айналдырады. Қайтар жолда батыстағы нəтшелерге (басқаша аты – ружылар) соққы беріп, оларды сол өңірден қуып тастайды. Осы екпінмен оңтүстіктегі Луфан мен Байяң (Бағиан) билеушілерін тізе бүктіріп, солтүстік жақтағы Хуниүй (Ғұнро), Чуше (Құтши), Теле (Деңлең), Гехун (Геғұн, Гегүн), Шинли (Сенле) қатарлы ұлыстарды бағындырады. Иəн қазіргі Пекин қаласының маңы) мен Дай елдеріне шабуыл жасап, Чин патшалығынан ғұндардың байырғы жерлерін түгел тартып алады. Ханның бекініс-қорғаны Хенанмен ірге түйістіреді, Шауна (қазіргі Гансу өлкесі, Пиңлияң ауданының батыс солтүстігінде) Фушиға ұдайы шабуыл жасап тыным бермейді. Шығыс ху Метенің соққысынан тозып əлсірегеннен кейін, қалған жасақтарымен қашып Ухуан тауын (қазіргі ішкі Моңғол Жауда облысы Алукершин ауданының солтүстік маңы) паналады да, Ухуан деп аталды. Əлсіреп кеткендіктен ғұндарға бағынып жыл сайын салық ретінде сиыр, жылқы жəне қой терілерін жеткізіп беріп тұрды. Оны уақытында бере алмаса, ғұндар олардың қатындарын тартып алып кете берген. Б.з.б. 2002 жылы. Хан патшалығы, Гауди патшаның 5-жылы. Ғұнның Мете тəңірқұтының 8-жылы. Бұл кезде Хан патшалығы əскерлері Шаңиүймен теке тіресе соғысып жатқан болатын. Орта патшалық осы соғыстың ауыртпашылығынан еңсе көтере алмай қалады. Сондықтан Метенің күшеюіне жол ашылды. Оның қолына 300 мыңнан астам атты-садақты əскер жиналды. Тəңірқұттың есімі Луанди, елі оны Шенлигуту тəңірқұт деп атайды екен. Ғұндар аспанды «шенли», баланы «гуту» деп атайды. Тəңірқұт дегеніміз – күн ұлылықтың бейнесі, аспандай тəңір, құт деген сөз. Ғұндарда тəңірқұттан төмен: сол білге хан, оң білге хан; сол жанақ хан, оң жанақ хан; сол сардар, оң сардар; сол, оң аға бас жасауыл, сол, оң аға даңға, сол, оң құтағу қатарлы үлкен лауазымдар болған. Барлығы 24 əскери-əкімшілік шен болған. Барлық үлкен мансаптар атадан балаға мұра болып қалады. Хуйан (қағиан), лан, шүйбу (сүбүк) – осы үш тайпа асыл тектілер болып есептеледі. Барлық сол қанаттағы шенділер шығыс жақ тұсында тұрады, ал оң қанаттағы шенділер батыс жақ тұсында тұрады. Тəңірқұттың өз ордасы тура

осылардың ортасындағы Дайжүн мен Юнжұң аймақтарының өкпе тұсына орна ласқан. Бұлардың əрқайсысына тиесілі жер-су жайылым бөлініп берілген. Олар өз жайылымдарында қоныстанып көшіп-қонып жүреді. Тəңірқұттан төмен сол білге жəне оң білге хан тұрады. Онан кейін сол жəне оң жанақ хан үлкен болады. Сол жəне оң гуту ху (сол жəне оң құтағу) бас əмірші тəңірқұттың көмекшісі болып табылады. Күллі 24 дəрежелі шенділер өзіне қарасты мыңбасы, жүзбасы, онбасы, кіші хан (бишияуваң), уəзір (шияң) жасауыл, дувей, даңға (данху), сақа (жүйчүй) қатарлы мансаптыларды тағайындайды. Жаңа жылдың алғашқы айында ел басылары тəңірқұттың ордасына жиналып, көктемгі тасаттықтың рəсімін өткізеді. Мамыр айында Лұңчың қаласында үлкен жиын өткізіп, ата-баба аруағына, көк тəңірге, жерге, жын-перілерге арнап құрбандық шалады. Күзде жылқы семірген кезде бүкіл халық орманда жиналып, мал-жанның есебін алады. Ғұндар соғыста бір жаудың басын алса, бір шөлмек шарап сыйлайды. Олжасы өзіне қалады. Тұтқыны өзіне құл болады. Б.з.д. 182 жылы. Хан патшалығы, Гаухоу жесір патшайымның 6-жылы. Ғұнның Мете тəңірқұтының 28-жылы. Жаз, шілде айы. Ғұндар Дидауды (қазіргі Гансу Линтау ауданының оңтүстігінде) шауып, Ыйаңды (қазіргі Гансу өлкесі Жин ауданының оңтүстігі) ат тұяғының астында қалдырады. Б.з.д. 181 жылы. Хан патшалығы, Гау жесір патшайымның 7-жылы. Ғұнның Мете тəңірқұтының 29-жылы. Қыс, қаңтар айы. Ғұндар Дидауға шабуыл жасап, екі мың тұрғынды тұтқындап əкетеді. Б.з.д. 179 жылы. Хан патшалығы, Вынди патшаның 1-жылы. Ғұнның Мете тəңірқұтының 31-жылы. Хан патшалығы ғұндармен қайтадан татуласып, құда-андаласып қыз береді. Б.з.д. 177 жылы. Хан патшалығы, Вынди патшаның 3-жылы. Ғұнның Мете тəңірқұтының 33-жылы. Жаз, маусым айы. Ғұндардың оң білге ханы дарияның оңтүстік жағына өтіп, Шаңжүнді шауып, адамдарын қырады. Хан патшасы Вынди уəзір Гуанинге 85 мың атты арбалы əскермен Гауну деген жерде Ғұндарға қарсы соққы беруді тапсырды. Бірақ оң білге хан дереу кері қайтып, шекарадан өтіп кетеді. Б.з.д. 174 жылы. Хан патшалығы, Вынди патшаның 6-жылы. Ғұнның Мете тəңірқұтының 36-жылы. Лаушаң тəңірқұттың 1-жылы. Қыс, қараша айы. Хан патшалығының Хуайнан бегі Лиучаң мен Жипу бегінің ұлы Сайу көтеріліс жасамақ болып, ғұндарға адам жіберіп, əскери көмек беруін өтінеді. Бірақ сыры ашылып қалып, ниет тері жүзеге аспай қалады. Ғұндар ружыны жойғаннан кейін, Лоулан (Пышамшан, Груран деп те айтылады, қазіргі Шиңжаң өлкесі Чарқылық /нəтше, иүзілер деп те айтылады/ ауданы), үйсін (қазіргі Гансу өлкесінің Чилан, Доңхуаң аралығында) қатарлы басқа да маңайындағы 26 елді өз қарамағына қаратып алады. Мете тəңірқұт Хан еліне хат жолдап, нар жəне жылқы сыйлап, . . . . . . та келу ниетін білдіреді. Вынди патша тəңірқұтқа жауап хат жіберіп, киім-кешек сыйлап, бұрынғы келісімді қайта қалпына келтіреді. Хан патшасының солтүстік шекарасы Ляудұңға дейін баратын. Шекара сырты Ин тауы (Шұғай, – Ауд.) болатын, ол өңір 500 шақырымға созылған, шөбі шүйгін, жері құнарлы еді. Мете тəңірқұт осы өңірді мекендеп, садақ-жебе жасап, Хан еліне шабуыл жасаудың оңтайлы базасына айналдырады. Мете қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Жиюй (Күйік) таққа отырып, Лаушаң тəңірқұт деп аталады. Вынди патша тағы бір қызды ханшалық мəртебемен тəңірқұтқа қатындыққа ұзатады. Орда əтегі Жұңхуаңүені ханшаны ұзатып апаруға жібереді. Елші Жұңхаңүе ханшайымды əкеліп салған күйі кері қайтпай, ғұндарға бағынады. Ол тəңірқұттың оң, сол мансаптыларына адамдар мен төрт түлік малды есептеу жəне санау əдістерін үйретті. Осымен бірге күні-түні тəңірқұтқа төрт мезгілдің қолайлылығы мен қолайсыздығын айтып ұғындырды. Бұл ғұнның күшейіп тұрған кезі еді, олар Хан патшалығы шекарасына ұдайы шабуыл жасап тұратын. Лияңхуайуаңның (бас ақылшысы Жайи сан рет патшаға кеңес беріп, тəңірқұтқа қарасты елді бағындыру жоспарын жасап ұсынады. Б.з.д. 166 жылы. Хан патшалығы, Вынди патшаның 14-жылы. Ғұнның Леузаң тəңірқұтының 9-жылы. Қыста ғұндардың тəңірқұты 140 мың атты əскерімен Чауна (қазіргі Гансу өлкесі Пинлияң ауданының батыс солтүстігінде), Шиаугуандарға (көне қалашығы қазіргі Нинший облысының Гуюан ауданының шығыс

ÀËÛÏ ÅÐ ÒΣFÀÍÛ ÆÎ¡ÒÀÓ оңтүстігінде) басып кіріп, Бейдидағы бас жасауыл Сунаңды өлтіреді. Көп адамдарын тұтқындап, қыруар мал-мүліктерін барымталап əкетеді. Осымен тынбай Пыңяң (қазіргі Гансу өлкесі Жыниуан ауданының шығыс оңтүстігі) қаласын да басып алып, атты шабармандарын жіберіп, Хұйжұнгоң (бұрынғы орны қазіргі Шанши өлкесінің Лұңшан ауданының батыс солтүстігінде болған) сарайын өртеп жіберді. Хоу сарбаздарын Юин мен (қазіргі Шанши өлкесі Фыңшиаң ауданы) Ганчуанға (сарайдың аты, көне орны қазіргі Шанши өлкесі Шунхуа ауданының солтүстігіндегі Ақбұлақ тауында) дейін барды. Вынди патша көп əскер жіберіп, ғұндарға қарсы шығады. Тəңірқұт ұлы қорған ішінде бір айдай уақыт кезіп жүріп, кейін кері қайтады. Хан əскерлері шекараға дейін қуып барып, ештеңе тындыра алмай құр қайтады. Ғұндардан еш шығын шықпайды.

Шеңгелін ажал салды ма,
Ер Тоңғаны алды ма,
Сұм дүние артта қалды ма...
Қайғылы жүрек жыртылды-ау.

Сұм ажал бүгін жылатты,
Құрығын салып құлатты,
Бектердің бегін сұлатты.
Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау.

Өмірдің күні зырлайды,
Адамның күшін ұрлайды,
Ғұмыр да мəңгі тұрмайды,
Құтылмас ешкім ажалдан.

Тəңірім торын құрғанда,
Тұтылмай адам тұрған ба,
Кертілер алып шыңдар да
Тағдырдың оғы қадалған.

Ажалмен тəңірім сынаған,
Тұра алар қарсы кім оған,
Құздар да одан құлаған,
Құтылып ешкім кетпедің.

Аш арландай аларып,
Қадалғаннан қан алып,
Нұрлы жүздер қабарып,
Тұр қайғыға қамалып

Жауға шабар бектерім.
Ерлікті қаза сынады,
Бектерім жасын бұлады,
Бөрідей ұлып жылады,

Жоқтады жыртып жағасын.
Көңілімді қайғы жандырды,
Жазылмас жара қалдырды,
Кешегі күнге зар қылды,

Кеткенде қайда табасың.
Жалғанның туып заманы,
Жауыздар қаптап барады,
Ашылды сұмның араны,

Сиреді қайран бектерім.
Ажал жұтып ағаны,
Жауыз жайлап барады,
Жақсының өшіп жанары,

Дүние азып барады.

Ê¥ÍÅ Ò×Ðʲ

ÆÛÐËÀÐÛ

ТАҢҒҰТТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖЫРЛАРЫ

Таңғұт жау тиді айлалы,
Қатұнсін тісін қайрады,
Жайратпай жауын таймады,
Бауыздап жанын қинады.

Тұрмады бектер алдасып,
Жекпе-жек шықты арбасып,
Қылыштың жүзін қан басып,
Қынабына қайта сыймады.

Домалап жаудың бастары,
Иықтан түсіп қашқаны,
Əлсіреп дұшпан сасқаны,
Қылыштар қанға малынды.

Қатұнсін бегін алдағы,
Таңғұттьң ханы алдады,
Ел-жұрты оны қарғады,
Ажалға сосын бағынды.

Жауына бегім тістенді,
Кірісті жаңа іске енді,
Тəңірім оған күш берді,
Жайнатты жүзін таңғы нұр.

Таңғұттың сансыз əскерін,
Түсірді қолға хас бегім!
Таба алмай дұшпан басқа ебін,
Көзінен ұшты əн-ғұмыр.

Тұтқындап жаудың қалғанын,
Шьңғыртып қақты шаңдарын.
Рахымы түсіп алланың,
Бегімнің бағы жанды бір.

Əскерін бектің көргенде,
Тасындай жайдың төнгенде,
Таңғұттар сасып сол демде,
Қонағы болды ажалдың.

Бек көрді жаудың шөккенін,
Қансырап азап шеккенін,
Олжаға батып бектерім,
Алыбын қырды тажалдың.

Тəлкектеп жаудың тағдырын,
Келеке қылды зар-мұңын,
Адамын, атын, бар жүгін,
Олжалап алды сан жұрттар.

Дұшпандар қалды абдырап,
Бұғауға түсіп зар жылап,
Бастары төмен салбырап,
Иілді менмен таңғұттар.

Қол жиып өрге самғаттым,
Садақты шіреп жауға аттым,
Ұрыста бəрін аунаттым,
Ақылдан дұшпан адасты.

Ол өзін мақтап семірді,
Дұшпаны солай жеңілді,
Мақтанып атын тебінді,
Ұялып бірақ тау асты.

Арғымақ атым зырлады,
Зымырап аттап жылғаны,
Қара бұлт көкті былғады,
Төгілді бұршақ аспаннан.

Жайлы екен түнгі шалғын маң!
Тұрып ем түнде, қаңғырған,
Бөріні көрдім – алдымнан,
Жөнеді қарғып тастардан.

Атыма қамшы бастым да,
Ұмтылдым сонда қасқырға.
Титықтап, қорқау, састың ба,
Тигенде ажал тырнағы!

Бас салып итім мұзбалақ,
Қасқырды жатты жұлмалап,
Жығылды қорқау құм жалап,
Орнынан енді тұрмады.

Қараңғы түнді куғым кеп,
Бетімді нұрға жуғым кеп,
Мен тұрдым.Уақыт жүр-жүрлеп,
Əкелді менің күнімді.

Əрі астым шыңнан, қыраттан.
Қарайған көрдім жырақтан:
Қылышын алып қынаптан,
Шаңдатып жаулар келеді.

Қаласам, жауды шабар ем,
Əскерін қойдай қамар ем,
Қылышын басын қағар ем,
Жалынып бірақ бас ұрды.

Зəресін алып айбыным,
Құрбан қып мүлкін, байлығын,
Жау шекті зарын қайғының,
«Жанымды қи!» – деп шошыды-ай.

Аяғыма келіп жығылды,
Сұрады жалғыз ғұмырды,
Ұяттан өліп бүгілді.
Тоқтатты мені осылай.

Қайғыға жауды батырдым,
Кешірдім ісін жат ұлдың,
Ұятыңды жу деп ақырдым,
Шешті өзі сонда теңдерін.

ИАБАҚЫЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖЫРЛАРЫ

Будыраштар да құтырып,
Алпауыт ерлер жұтынып,
Жорыққа шықты жапырып,
Қанымызды біздің төкпекке.

Тасаға дұшпан тірелді,
Біздерге елші жіберді,
Қабағы қатып түнерді,
Батырлар біздің жиылды.

Тасалап келді жылғаны,
Жауласу жанын тырнады,
Ағайыншылық қылмады,
Жан-жақтан əскер құйылды.

Ертістің суын жайлаған,
Найзасын кекке қайраған,
Имектер серттен таймаған,
Бет алар бізге олар да.

Келісім жасап сынады,
Серттесіп уəде қылады,
Ханнан көмек сұрады,
Басмылдар да жиылды.

Күн аптабы есті алар,
Бізді сынап қас болар,
Қара көзге жас толар,
Халыққа сондай қиын-ды.

ЕРЛІКТІ АҢСАУ

Жорық сап түнде көшелік,
Ямардың суын кешелік,
Бұлақтан қанып ішелік,
Жаудың бəрі қуылсьн.

Жүйрікпен таңда жөнейік,
Будыраштың қанын төгейік,
Басымыл бегін көрейік,
Жігіттер түгел жиылсын!

Қиқулап атпен шабайық,
Семсер мен қалқан алайық,
Дұшпанға ойран салайык,
Аш жанынан түңілсін.

Қоршайық жаудың қамалын,
Құртайық айла-амалын,
Қиратып қару-жарағын,
Қалжырап жерге бүгілсін.

Тоқты мен бөрі тең өссін,
Хандар мен ерлер кеңессін,
Əділет тусын, ел өссін,
Қайғы жерден қуылсын.

Бір қауым боп ол келді,
Сыйға тартты ел-жерді,
Мұнда тұра берген-ді,
Қойдан жуас жүрген-ді.

Бір кез атын баптады,
Əскерлері қаптады,
Бізді қырып, шапқалы,
Мұндай күшке кім шыдар?

Күресте ерлер табысар,
Өштесер де қағысар,
Бір-бірімен алысар,
Кеуделерде от жанып.

Алыптар өңшең жұлқысар,
Қандарын төгіп қырқысар,
Намысты бірге жыртысар,
Өлімге жебе оқталып.

Əл жеткенше алысты,
Ұрандаспен табысты,
Қас батырдай қарысты,
Бізден өшін алмаққа.

Есін жиып отырды,
Санын соғып өкінді,
Мұндай ерді кім жеңер?!
Мен дұшпаннан саспадым,

Жауды малдай жасқадым,
Домалаттым бастарын,
Кім тоқтатар мені енді?
Айқастарда алыстым,

Ұлыларын жаныштым,
Жау алдында қарыстым.
«Сазайыңды тарт!» – дедім.
Талықсыды ол жаралы,

Қаны жерге тамады,
Тауға шығып барады,
Оған енді кім жетер.
Түсті жаудың қыраны,

Азап шекті, жылады,
Өкініштен құлады,
Тастай қатар қайғыдан.
Қаны ағып жосылды,

Денесі оққа тесілді,
Өліктерге қосылды,
Шыққан күні батты енді.
Үзілді оның жас демі,

Тұтқын болды əскері,
Быт-шыт болды істері,
Сөзін оның кім тыңдар?
Оғырақтармен жауласты,

Ақыры өзін қан басты,
Тұтқын болды албасты,
Құл боп енді сатылар.
Жау қамалы алынды,

Қызыл байрақ қағылды,
Дұшпан шөптей шабылды,
Құтылмайды қашса да.
Талқандадым ерлерін,

Қансыратты шеңгелім,
Алтындарын теңдедім,
Бізден өтер жау бар ма?
Меніменен кеңесті,

Білігі оның теңесті,
Жауларымен егесті,
Домалатып бастарын.
Жауды талай қуған-ды,

Қоршап алып қырған-ды,
Шашын талдап жұлған-ды,
Аш бөрідей батырлар.
Əрең алды тат демін,

«Енді осылай жат!» − дедім,
«Сазайыңды тарт, – дедім, –
Ит пен құсқа жем болып».
Жауды көріп қашпадың,

Ямардан неге аспадың,
Байлықты неге шашпадың?
Өз обалың — өзіңе!
Жауды шөптей жапырдым,

Қанын судай сапырдым,
Өлім зəрін татырдым,
Сонда түсі қуарды.

Басмылдар қолын қамдады,
Арсыланға барғалы,
Қауіпке толы жан-жағы,
Зəре-құттары қалмады.

«Елім» деп соққан жүрегі,
Түріктің ол да ұлы еді,
Тілегін халқы тіледі,
«Қолдағай, – деп,– тəңірім!».

Шаң басып қарлы шыңымды,
Жау қаптады қырымды,
Ер Ая оған жүгірді,
Ұялып сосын тығылды.

Басына оның жауған оқ енді тоқтай ма,
Мен айттым: «Саған осыдан ешбір жоқ пайда».
Ерте айтпадың тілегіңді, қалдың жай,
Қаның енді жерге сіңер жаңбырдай.

Бұлақ бойын өрледім, қалың қамыс
жан-жағы,
Жараланған қолымды қамыс тіліп
қандады.

Арғымаққа мінгізіп,
Бес қаруды ілгізіп,
Мəрт мінезбен жүргізіп,
Жауға қарсы сал мені!

БЕЛГІСІЗ БАТЫРДЫ ЖОҚТАУ

Жаудың отын өшірді,
Дүниеден көшірді,
Дұшпанньң қаны жосылды,
Шəйіт болды өзі, ер еді.

Жақсы істерге бас болған,
Дастарқанына ас толған,
Жаураса елі ақпаннан,
Дем беріп ылғи жебеді.

Аямады елден ас-дəмді,
Оғырақтар одан жасқанды,
Көзінен жаудың жас тамды,
Сол ерді ажал таңдады.

Жұртына берді ас-дəмді,
Жаулары одан жасқанды,
Бастарын талай шапқан-ды,
Оны да ажал жалмады.

АРМАНШЫЛ ТАЛАПКЕР СӨЗІ

Елден озып кетермін,
Білімге де жетермін,
Рахымына құлдық етермін,
Жəрдем берсе тəңірім.

Мен ұлыны тіледім,
Рахымы жалғыз тірегім,
Қабыл болар тілегім.
Жылқым бірақ ұрланар.

Білім іздеп шарладым,
Білімдіні таңдадым.
Көпшілікке бармадым,
Атым кетті босанып.

Талықсыды білегім,
Жақындады тілегім.
Жеткізер оған жігерім,
Жеткенде көзім жұмылар.

Саған бергем қалың,
Енді оны алың,
Қиналады жаным,
Кеткелі тұр құда.

Мықты — оғырақ ері,
Лақ еті — жемі,
Сүті — жанның емі,
Тақыр бірақ жері.

Қазанға майлы ет салынды,
Табақтар майға малынды,
Мейманға тостым барымды,
Қаймағы сүттің алынды.

КӨҢІЛ КҮЙ ЖЫРЛАРЫ

... Жігіттерді жинайық,
Жеміс теріп, сыйлайық.
Той қызығын тыймайық,
Аңға шығып, құс салып.

Төрт аяғын билетіп,
Құр атқа басын үйретіп,
Қырық кез құрық сүйретіп,
Киікке тазы қосайық.

Түлкіге қыран салғанда,
Тазыны қосып арланға,
Жеткендей мəз боп арманға.
Ерлік жоқ, сірə, жігіттер,

Осыдан асқан жалғанда!

НАҚЫЛДАР МЕН ҒАҚЫЛДАР

Тасқын сулар таудан өтіп, тас жарар,
Ну жайқалар тереңдіктен татса нəр.
Қардай аққу, құстар ұшса қаңқылдап,
Құзғын қалар үні бітіп, қарқылдап.

Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер,
Ұлысыңда ұлы болсаң, біліміңді елге бер!
Асығыс еткен іс шала,
Асығыс жаққан от шала.

Жіті қара жау жаққа, бекем ұста қылышты,
Өзі тиген дұшпанға сал аянбай ұрысты.
Алдынан шық жауыңның, есіңе ұста күн бұрын:
Бұз алдымен олардың ерлерінің бірлігін!

Семсер ұста, жасқанба, жау келсе де қаншама,
Қыл мойынын қиып ап, жез сауытын паршала!
Саған күлсе біреулер — күлкісінің сырын бақ,
Өзің де күл, шарт сынба, тұла бойың, шымырлап.

Ғаріп келсе — күт оны, ас-суыңа қандыр да,
Қума үйіңнен, бірақ та сапарынан қалдырма.
Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар,
Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.

Қобалжығыш көңілдің, ақылы да жоқ аса,
Мылжыңы көп адамның аспаны да аласа.
Біліп қалса кезімді құс атуға оқталар,
Көлде жүзген қасқалдақ суға сүңгіп жоқ болар.

Көлің толса, үйіңнің жарын жығар,
Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.
Алтының мен күмісің болған сайын кұнықпа,
Қу нəпсіге табынып, тəңіріңді ұмытпа!

Ұйғырлардың, таттардың малын алып арзанға,
байығанмен,
өткінші дүниеге алданба.
Тұйғын салып, ер жігіт күнін түзде өткерер,

Арқар менен киікті қанжығаға бөктерер,

Қайғы-мұңды қуатын менде шаттық, күлкі бар,
Сол сарайға шын достым жұмақтайын ұмтылар.
Қауіп сезсе алдынан мұз шұқиды қарғалар,
Аңшы жоқта тордағы жемге қарап таңданар.

Өлексені көргенде, құзғын көктен құлаған,
Ақ көңілі сəбидей, сенгіш келер ұлы адам.
Қонақ келсе ер жігіт, құт келді деп үғады,
Қонақ көрсе жауыздар, тігулі үйін жығады.

Байлық — берген абырой — жайлаудағы қоңсыдай,
Опа жаққан əйелдей, тұрақтамас ол шырай.
Алтыныңа, малыңа масаттанба, ағайын,
Күн мен түнің бəрібір өте шығар жолшыдай,

Артық бұйым, адамзат, жауың болар түбінде,
Білім, өнер бойдағы сауын болар түбінде.
Байлық деген топан су тау боратар,
Ол иесін түбінде төмен қарай құлатар.

Тірі адамға көп екен дүниенің азабы,
Соны ұққанда көзімнен жас сорғалап ағады.
Көргені — азап адамның, Жер дегенің — бір тамұқ,
Көрмей адам ізгілік, өмір өтер бұлтарып.

Бұл дүниеге келген соң қалмас ешкім мəңгілік,
Тек жұлдыз бен Күн ғана қайта туар жаңғырып.
Бақ бергенде құдайым таңдамайды адамын,
Оңға басып бар ісі, өрге аттайды қадамы.

Жылқы мен қой, түйеден дəулет жиған ер еді,
Енді содан сүт сауып бақ-ырысқа кенеді.
Ердің пейілі бұзылды байлық жиып талғамай,
Дүниеге құлайды қызыл көрген қарғадай.

Ішпей-жемей байлық жиып, зар жылайды
сараңдар,
Сараңдықтың кеселінен жырақ болғын, адамдар!
Мал-мүліктен басқа ой жоқ дүниеқор адамда,

Бұралқы иттей қарайды ол жақын туыс, жаранға.
Дүние үшін діннен безіп, ақыл-естен танады,
Осы жолда баласын да құрбандыққа шалады.
Білімдінің сөзімен бұзу оңай торды да,

Ақыл сөзді сіңірсең, жоғалмайтын сол мұра!
Кеуде кермес есті адам, жылу берер жанары,
Ақымақты мақтасаң, ақыл-естен танады.
Ағайынды кезінде

Қолда,
бетін қайырма;
Тарту алсаң,
өзің де.

екі есе сый дайында!
Жолда жүрген адамды,
Сыйла, тосып тағамды:
Атын да күт,

арпа бер,
Демесін ол сараң-ды.
Кісі келіп күнбе-күн,
Қонақасы таңдайды.

Ұнамаса құрметің,
Шығып алып қарғайды.
Ақ ниетпен күліп алға
Келсе,

шырай таныт сен де.
Жақсы сөзді ұғып ал да,
Өсек-аяң алып келме.
Кекті тайдыр жолыңнан,

Əділдікті саяла.

Келгенінше қолыңнан
Жақсылығыңды аяма.
Қиындық түссе басыңа
Төзгін «Əлі-ақ өтер» деп.

Тағдырды ойла, жасыма,
Жылай бермей бекер көп.
Табысыңа, байлығыңа сендің бе —
Асып-таспа, оймен қара Жер, Күнге.

Зат жоғалтсаң, қайғырарсың,
бірақ та
Талабыңды өкінішке жеңдірме.
Шақырғанда үлкенге

Жүгіріп бар, керілме.
Жұт келгенде жеріңе
Халқыңмен бол, бөлінбе.
Өзіңдікі — бақ, малың,

Қонақтікі — ас, дəмің.
Таңдамай күт, тап бабын –
Даңқың, елге жайылар.
Халық сүймес сараңды,

Жаны жұтаң адамды.
Кішіпейіл бол, ұлым,
Атың сонда қалар-ды.
Дүние жиып сенделме,

Қарның тойса шалқыма.
Жаның көрге енгенде
Қалар бəрі артыңда.
Ата-анаңды қадірлей біл, ақыл сөзін тұтын да,

Өз басыңа бақ дарыса, есің шығып құтырма.
Жолдасыңды тастама, жақсы екен деп басқалар,
Қаз іздеме көлдерден, өз тауығың аш қалар.
Ауыр ісің, қайғыңды біреуге артпа, тұлданба,

Өзгелерді тойдырма, қарның ашып тұрғанда.
Ұлым, саған айтайын өсиетін дананың:
Білімдіні таны да, соңынан ер, қарағым.
Білім үйрен данадан, жалтаңдама басқаға.

Қызмет қыл, басыңды іи, өрлігіңді таста да.
Түйір тары қалмады,
Тышқан, суыр жалмады,
Бұйырмады бұл асың,

Енді нені тығасьң.
Ерлер өткен таң нұрлы,
Білімдері тау ғұрлы:
Олар айтқан өсиет

Көңіл шөлін қандырды.
Мұзды жақұт демегін,
Сыйды ақым демегін.
Болымсызға сүйсінбе —

Жақтырмайды даналар.
Қыстың қамын,

Қытымыр, жайлы жазда ойлағын,
Қамсыз кешсең күн, түнді —

өтер ізсіз айларың.
Жолдас болма адаммен сырты жылтыр, іші жат.
Ат болғанда асау тай, тыным табар қысырақ.

ÕÓÀÑÒÓÀÍÈÔÒ

Таққа шығып тұрсаң да, тəңіріңді ұмытпа,
Асып-тасқан көңіліңді ақылыңмен шыбықта.
Көңілі кедей сорлы адам ойламайды ар жайлы,
Күшпен оны ешкім де тойындыра алмайды.

Ұлық болса еліне ізгі болар ер кісі,
Кішілік пен кісілік — ұлылықтық белгісі.
Дəулетті адам байи түсер, сый да алар,
Жарлы бектер жəрдем көрмей қиналар.

Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр,
Үйренгенді желге ұшырмай — іске асыр.
Жаудың күшін аз ғой деп нан пісірме,
деміңе,

Ескермесең жауыңды, қатер төнер еліңе.

1. Хормузта тəңірі бес тəңірі 2. менен барлық зұлымдық жаратушысына қарсы 3. соғысқалы (аспаннан осы жаққа) келді. 4. (Ол) зұлым иесі Шмнудың 5. бес түрлі жақтасымен соғысты. 6. Тəңірлер мен албастылар, жарық пен 7. қараңғылық араласты. Хормузта тəңірі 8. ұланы бес тəңірі мен біздің жанымызбен бірге 9. зұлым албастылармен соғысып, бастан жаралы 10. болды. Сондай-ақ барлық зұлымдық жаратушылар 11. тойымсыз, ұятсыз, ашкөз албастылармен бірігіп 12. жүз қырық түмен (болды). Зұлымдық албастылары 13. біліксіз болып, өздері көңілсіз (сезімсіз) 14. қалды. Олар (өздері) туып, жаратылған 15. мəңгі тəңірі жерін ұмытып кетті. 16. Жарық тəңірлерден айырылды (жырақтады). Онан 17. соң, бар тəңірім, зұлымдық 18. иесі Шмну өзімізді, 19. ақыл-ойымызды азғырды. 20. Біліксіз, ақымақ болғанымыз үшін. 21. Барлық жарық жандардың негізіне, 22. Таза жəне пəк Азруа тəңіріге қарсы шығып, 23. жазықты болдық. Қателестік. 24. Жарық пен қараңғылық, құдайлар мен 25. албастылар негізі (сол) деген едік. 26. Тірілткенді тəңірі тірілтеді, өлтіргенді 27. тəңірі өлтіреді деген едік. Жамандық28. жақсылықтың барлығын сол тəңірі жаратмыш 29. деген едік. Мəңгілік тəңірлерді 30. жаратқан сол деген едік. Хормузта 31. тəңірі мен Шмну ағалы-інілі 32. деген едік. О, тəңірім, айтқан сөзде, 33. тəңіріге қатысты, білмейтін күнəлар бар. 34. Біз астамшыл, əдепсіз сөздер айттық. 35. Осылайша кешірілмейтін жазықты (күнəлі) болған 36. едік. Тəңірім, енді мен, Раимаст 37. перзенті, өкінемін, жазықтан босатуыңды 38. өтінемін. Манастар ғирз-а 39. Құтлұғ падс. Екінші (Екінші бөлім): сондай-ақ, 40. Күн, Ай тəңіріге жəне екі жарық ордасы 41. ішінде болғандар тəңіріге. Барлық 42. бұрхандардың таза есімдерінің, ізгілік 43. жасайтын рухтарының, жер-су, 44. жарықтың иелері тізіліп 45. тəңіріге барар жолға беттейді. Алдыңғы (бірінші) 46. есік (соған алып барар жол) – Күн мен Ай тəңірі. Бес 47. құдайды жіберу үшін, жарық пен қараңғыны 48. ажырату үшін толық болып туады. 49. Төрт бұрышқа жарық шашады. Тəңірім, 50. осыларды білместен 51. Күн мен Ай тəңіріне, екі 52. жарық орда ішінде 53. болған тəңірлерге 54. нешеме жазықты болдық. 55. Сондай-ақ күшті, қуатты, артық 56. тəңірі деп тұрып бұған сенбедік. 57. Сонымен қатар, қаншама рет 58. ұятты, əдепсіз сөз 59. айттық... сонымен қатар, 60. Күн мен Ай өледі дедік. 61. Əлсіздігінен туар, батар, күшті 62. болса туып-батпас деген 63. едік. Өзіміз жайында 64. Күн мен Айдан артықпыз 65. деген едік. Бұл екі 66. білмей істеген күнəдан 67. босатуды өтінеміз. 68. Манастар ғирз-а 69. Үшінші: Бес тəңіріге 70. Хормузта тəңірі ұландарына: 71. бірі – Самал тəңірі, екіншісі – 72. Жел тəңірі, үшіншісі – Жарық 73. тəңірі, төртіншісі – Су тəңірі, 74. бесіншісі – От тəңірі. Олар зұлым албастылармен соғысып, жараланғандары 75. үшін қараңғылық тəңірлігіне қарсы бірігіп аттанды. 76. Олар осы жерде. Үстінде он қат көк, астында 77. сегіз қат жер бес тəңірі үшін тұр. Барлық жер үстіндегілер: 78. құт, қуаныш, өмір, тіршілік, күш, жарық, 79. тамыр мен негіз. Бес тəңір осылар. Тəңірім, аталған бес тəңіріні 80. білместен нешеме рет қателестік, оларды неше рет жаман, пасық ойлармен жəбірледік. 81. Төрт жиырма (он төрт) түрлі мүшемізбен: он жылан басты 82. саусақтармен, екі қырық (отыз екі) тіспенен, тіршілік иелерін ас қылып, 83. тəңірлерді нешеме рет ашуландырдық, ауырттық (ренжіттік). Құрғақ жерге, 84. бес түрлі тіршілікке, бес түрлі отқа, ағашқа

85. нешеме жазықты болдық. Енді, тəңірім, күнəмізді кешіруді өті неміз. 86. Манастар ғирз-а. Төртінші: Тəңірінің 87. шабарман елшілеріне, бұрхандарға, шын жүрегімен берілген діндарларға 88. білместен нешеме жазықты болдық. (Оларды) тəңірінің шабарман бұрхандары 89. деп, ізгілік қылушы діндар деп сенбедік. Егер тəңірі 90. атымен сөйлесе, надандықтан қарсы тұрдық. 91. Тəңірі атын атағанмен, (оның) заңын орындамадық. Тəңірім, енді 92. күнəмізді кешіруіңді өтінеміз. Манастар ғирз-а. Бесінші: 93. Бес түрлі тіршілік иелері: бірінші – екі аяқты кісілер, екінші – 94. төрт аяқты жануарлар, үшінші – ұшатын құстар, 95. төртінші – суда өмір сүретін жануарлар, бесінші – жерде бауырымен 96. жорғалайтындар. О, бар тəңірім, бұл бес түрлі 97. тірі, үлкенді-кішілі тіршілік иелерін нешеме қорқыттық, 98. үркіттік. Қаншама (оларды) ұрдық, қинадық, 99. зəбір көрсеттік, қаншама өлтірдік. Осыншама тіршілік 100. иелерінің алдында жазықты болдық. Тəңірім, енді күнəмізді 101. кешіруіңді өтінеміз. Манастар ғирз-а. Алтыншы: 102. Тəңірім, қаншама шын-өтірік сөз айтып, он 103. түрлі күнə қылдық. Нешеме жалғандық жасадық. 104. Тағы пайда үшін қаншама ант бердік, қаншама 105. адам жалған куə болды. Тағы қаншама адамды жазықсыз 106. қуаладық (соңына шам алып түстік). Қаншама сөз таратып, кінəсіз адамдарды 107. себепсіз қаралап көңіліміздегі (жүректегі) біліктілікті аздырдық. 108. қаншама сиқырлықпен айналысып, қаншама жанды109. жансыз тіршілік иелерін өлтірдік. Қаншама бұзықтық жасап, өтірік айттық. 110. Қаншама өзімізге тапсырылған кісі аманатын жеп, Күн мен Ай тəңірі 111. сенбейтіндей күнə жасадық. 112. ұзын киімді жас адамдарға қаншама күнə жасап, 113. жаңылыстық. Қаншама тіршілік иелеріне кедергі 114. жасадық. Тəңірім, енді осы он түрлі күнəмізді 115. кешіруіңді өтінеміз. Манастар ғирз-а. Жетінші: 116. Сондай-ақ, кім күнə істерге бастайтын улы жолдарға бастаса, сол тамұқ 117. қақпасының алдына барады. Бірінші – жалған заңдар мен ережелерді 118. ұстанғандар. Екінші – албастылар мен жын-шайтандарға тəңір деп бас ұрғандар. 119. Себебі олардың өздері күнəға батқандар. О, бар жəне шынайы тəңі рім, тура заңдардың иесі, 120. білмей жəне түсінбей пайғамбарлар мен құдай жолын ұстанған діндарлар насихат айтқанда 121. оларды мойындамадық, тыңдамадық. Керісінше өз-өздерін «мен құдай жолындамын», «мен құдай заңын уағыздаушымын» деген жалған шылардың 122. сөздерін қабылдап, қаншама қателікке 223. ұрындық. Қаншама рет біз қателік жібердік, қаншама рет 124. қайырымдылық жəне көмек жасап жатырмыз деп ойлап қателікпен құрбандық шалдық. 125. Қателікпен қаншама жаман қылықтар істедік, сондай-ақ албастылар мен жын-шайтандарды 126. тəңір деп, тіршілік иелерін өлтірдік. 127. Пайғамбар екенін біле тұрып, оған сатқындық жасадық, ол туралы өсек тараттық. 128. Жын-шайтанға сыйынып, одан алақан жайып құт сұрап, тəңір ал дында жазықты болдық. 129. Тəңірім, енді өкініп, өзіңнен күнəмізді кешіруіңді 130. өтінеміз. Манастар ғирз-а. Сегізінші: 131. Тəңірлік пен тура жолды, екі негіз (бастау) бен 132. үш мезгілді заңды білдік. Жарық негізі (бастауы) мен тəңірі жерін (жұмақ), 133. Түнекті негіз (бастау) бен тамұқты жерді білдік. 134. Біз аспан мен жер жаратылмастан бұрын болғандарды біліп, Құдайлар мен жын-шайтандар (бір-бірімен) 135. жарық пен қараңғылық секілді неге жауыққанын айттық. 136. Тəңірлікпен кім жаратқанын білдік жəне айттық, сондай-ақ Арқұн жері 137. жарық пен қараңғылық ажыратылғандай жоқ болғандығын сөйледік. 138. Одан кейін не болатынын білдік. Азруа тəңіріге, 139. Күн-Ай тəңіріне, құдіретті тəңіріге, пайғамбарларға 140. сендік жəне бағындық. Төрт тамғаны (белгіні) 141. жүрегімізге тамғаладық. Бірінші – махаббат, Азруа тəңірі 142. таңбасы. Екінші – сенім, Күн-Ай тəңірінің таңбасы. Үшінші – 143. қорқыныш, бес тəңірі таңбасы. Төртінші – біліктілік, 144. бұрхандар таңбасы. Тəңірім, біліктілімізді, көңілімізді бұл төрт 145. түрлі тəңірлерден алыстатқандықтан, 146. тəңірі таңбасы бұзылған еді. Тəңірім, енді жазығымызды 147. кешіруіңді өтінеміз. Манастар ғирз-а. Тоғызыншы: 148. Он түрлі сый тұттық: үшеуі – ауыздың, үшеуі – 149. жүректің, үшеуі – қолдың жəне біреуі қалған тіршілігіміз үшін 150. керек. Тəңірім, біліп-білмей тəкаппарлықпен

151. дос-жарандарымыздың көңілін бұзатын сөздерді айттық, 152. пайда үшін алдап малдарын алдық. 153. Он түрлі сыйды жасамадық жəне оны шектедік, 154. қысқарттық. Тəңірім, енді жазығымызды кешіруіңді өтінеміз. 155. Манастар ғирз-а. Оныншы: Күніне төрт рет 156. Азруа тəңіріге, Күн-Ай тəңіріне, күшті тəңіріге, 157. біліктілігі (мақсаты) бір бұрхандарға (пайғамбарларға) мадаққұл шылық 158. бар еді. Бірақ қорқынышты ұмытып, жалқаулықпен, 159. мадақ-құлшылықты орындамадық. Сондай-ақ жүрегімізді, 160. сезіміміз бен ақыл-ойымызды тəңіріге бағыштамадық. Сондықтан біздің мадақ-құлшылығымыз 161. тəңіріге жетпеді. Жер бетінде қалып қойды. 162. Тəңірім, енді жазығымызды кешіруіңді өтінеміз. Манастар 163. ғирз-а. Он бірінші: Сондай-ақ жеті түрлі қасиетті 164. төре (заң) болды. Тағы, бес тəңірі жарығын 165. жинақтаған періштелер Ғроштағу мен Бдуағтар аспан тəңірінің 166. жіберушісі (елшісі) жəне босатушысы (жамандықтан құтқарушысы) еді. (Олар) бес тəңірінің жарығын бізге бағыттап отырған еді. 167. Біз əр түрлі жолмен қасиетті төреге (заңға) кіргізулер жараттық (өзгер тулер енгіздік). 168. Қиындықтар(дан қашып) жəне қажетті пайда үшін. 169. Жеті түрлі қасиетті заңды ұмыттық. 170. Тəңіріге барар жолда, (күнəдан) босану шағында біз бес тəңірі жарығын үй шаруашылығына 171. алмастырдық. Адамдарға зұлымдық жасадық, тіршілік иелеріне 172. жауыздық қылдық, төктік, шаштық. Тəңірі 173. жарығын жауыздық жеріне жібердік. Енді, Тəңірім, енді жазығымызды 174. кешіруіңді өтінеміз. Манастар ғирз-а. Он екінші: 175. Бір жылда елу күн адал діндарларша «вусанти» болу 176. заңы бар еді. Тəңіріге бой ұсынған түрде қасиетті аштық (ораза) 177. міндетті еді. Бірақ біз үй шаруашылығы үшін, 178. мал-мүлікті көбейту үшін, ауырлық пен қиыншылықтан қашып 179. опасыз жəне тойымсыз жын-шайтанның разылығы үшін, қорқынышсыз жүрегіміз 180. үшін, ерініп, жалқауланып, ерікті жəне еріксіз оразаны тұтпадық. 181. Егер ораза ұстасақ, қасиетті заңда жазылғандай орындамадық. 182. Енді, Тəңірім, енді жазығымызды кешіруіңді өтінеміз. Манастар 183. ғирз-а. Он үшінші: Ай тəңіріне күн сайын адал 184. діндарларға ұқсап сөзімізді, күнəмізді 185. кешіруін өтіну керек еді. Бірақ ерікті жəне еріксіз 186. ерініп, жалқауланып, (дүние) ісіне көңіл бөліп күнəдан 187. құтылуға бармадық (асықпадық). Тəңірім, енді жазығымызды кешіруіңді 188. өтінеміз. Манастар ғирз-а. Он төртінші: 189. Бір жылда жеті рет құрбан шалу заңы бар еді. Бір айда бір рет 190. (құдай жолында, діни) нəзір (садақа, сый) беру бар еді. Сондайақ құрбандық кезінде ғибадатханада болып, 191. ораза ұстап, тəңірі мен бұрхандар алдында шын көңілмен 192. бір жылғы күнəмізді кешіруін өтінуіміз керек еді. Тəңірім, 193. жеті рет құрбандық шалуды ұмыттық, бір айда берілетін нəзірді 194. шын көңілмен орындамадық, бір жылда 195. болған күнəларымызды шын ықылас-пейілмен кешіруді сұрай алма дық. 196. Қаншама кемшіліктеріміз бен ағаттықтарымыз болды. Тəңірім, енді жазығымызды кешіруіңді 197. өтінеміз. Манастар ғирз-а. Он бесінші: Күн 198. сайын қаншама жаман ойларды ойлаймыз, нешеме айтуға болмайтын 199. күнəлі сөздерді айтамыз, нешеме істеуге тыйым салынған күнəлі 200. істерді істейміз. Ақымақ істермен өзімізді өзіміз 201. қинаймыз. Күніге бізді ішкізіп-жегізген бес тəңірі жарығын 202. өз тəніміз бен жанымыздың «тойымсыздық» жəне «ашкөздік» де ген жауымызға сүйіспеншілігіміз 203. арқылы аулақ жібердік. Сол үшін, тəңірім, 204. күнəмізді кешіруіңді өтінеміз. Манастар ғирз-а. 205. Тəңірім, біз – кемшілікке толы жазықтымыз, қарыздармыз, берешекпіз. Тойымсыз, 206. ұятсыз жын-шайтанға ілесіп жасаған ойымыз, сөзіміз, қылығымыз үшін. 207. Сондай-ақ көзіміз көріп, құлағымыз есітіп, тіліміз сөйлеп, қолдарымыз 208. ұстап, аяқтарымыз жүріп үздіксіз (күнəға) батамыз. 209. Бес тəңірі жарығын құрғақ жерде иеленіп, бес түрлі тіршілік иесін, 210. бес түрлі ағаш-шөпті (жоямыз). Осылай біз күнəліміз. 211. Он түрлі сыйды, жеті құрбандықты, үш таңбаны орындаушы 212. атын иеленгенмен, оларды орындамаймыз. Тағы жарық 213. тəңірлерге, қасиетті жазбаға, тəңір жолындағы жəне қасиетті жазбаны уағыздаушы адал діндарларға 214. қаншама жазықты болдық, жаңылыстық. Нешеме рет тəңірі айтқан 215. біліктілік (жолмен) жүрмей, тəңірлердің көңілін қалдырдық.

216. Сондай-ақ «вусанти» (оразасы) мен (ай сайын берілетін) нəзірді қасиетті жазбада жазылған заңша тұта 217. алмай, шектеп, қысқарттық. Күн сайын жəне 218. ай сайын күнə жасадық. Жарық тəңірлерден, 219. қасиетті жазбадан, адал діндарлардан күнəмізді кешірулерін 220. өтінеміз. Манастар ғирз-а. Ботурмыш тархан 221. түгетті (аяқтады) күнəлілердің өкініп айтқан сөзі «Хуастуанифтті».

ÓÅÉÍÀÌÀ

ТҰЙҒҰН Тұйғұн асылында Ляудұңдағы сянбилерден шыққан Тухылық Запгүй деген кісінің баласы еді. Запгүйдің тағы бір аты Елаған болатын. Оның екі ұлы болды. Тоқалының тұңғышы Тұйғұн еді. Кішісінің аты Нағрағи еді. Запгүй көз жұмған соң ұлыстың билік тізгінін Нағрағи қолына алды. Мурұң деген, міне, осы адам еді. Запгүй көзінің тірісінде Тұйғұнға 700 түтін бөліп берген еді... Тұйғұндар Лұң жеріне ауып, онан Фухəнда тұрып қалды. Фухəннан Гəнсұңға, оңтүстік шекарасы Аңчың, Лұңхыға, Таушұй кешуінен оңтүстік-батысы Бакланға дейінгі мыңдаған ли аумақты иелеп, судың тұнығына, шөптің шүйгініне қарай көшіп-қонып, жұпыны үйлер мен қостарда жатып-тұрды, ет пен мал сүмесінін азық етіп тіршілік етті. Солтүстік-батыстағы кірме халықтар бұларды аза деп атады. Бұғленті өлді, орнына баласы Қола таққа отырды. Ол өзін қаған деп жариялап, Көккөлдің батысынан 15 лидей жердегі Бұқса қамалында тұрды. Қаласы болса да, көбіне күмбез шатырды үй етіп, судың тұнығына, шөптің шүйгініне қарай көшіп, малшылықпен шұғылданды. Иелігі шығысы шығысы мен батысы 3000 ли, оңтүстігі мен солтүстігі 1000 шақты ли келетін аумақты қамтыды. Ұлықтар хан, сұлтан, атарман, санат, басқауыл жəне сеңүн деген аттармен аталды. Қоланың балға пішіндес етіп түйген, қауырсын тағылған əдемі маржанды айдары бар еді. Ол басына қара мақпалдан кепеш киеді. Арыстан пішінді алтын сəкіде отырады. Зайыбына қатұн деген атақ берді. Зайыбы түрлі түсті торғыннан көйлек киеді, иығына қамқа тон жамылады, шашын бұрым дап өріп арқасына салып жүреді, басына алтын тəті киеді. Олардың салты: ерлерінің киім-кешегі хуашялықтармен барандас, көбіне бастарына патсайыдан жыға киеді, жібектен кепеш киетіндері де кезігеді. Əйелдер інжу-маржан тағынғанды, шашын буғанды дегдарлыққа балайды. Қару-жарақтан садақ, қылыш, сауыт, найза бар, ел ретінде тұрақты алым-салық алынбайды. Қажет кезінде қазына бай-бардамдар мен саудагерлерден жиналған салық есебінен толықтырылады. Олардың жаза заңында: кісі өлтіргендер, ат ұрлағандар өлімге бұйырылады. Басқа қылмысқа заттай айып төлетіледі. Ісінің ауыр-жеңіліне қарай дүреге де жығады. Өлім жазасына бұйырылғандардың басы-көзін киізбен тұмшалап тастап, биікте тұрып таспен атқылайды. Əкесі, ағасы өлсе, өгей шешелеріне, жеңгелеріне үйлене береді. Бұл жақтағы əдеті түріктермен бірдей. Некеге отырғанда, қалыңмалын төлей алмаған кедейлер қалыңдығын ұрлап алып қашады. Мəйітті түгел (көміп) жерлейді. Қаралы киімдерін жерлеу салты өткен соң шешіп тастайды. Табиғаты – қанағатсыз, жауыз. Саят құруға əуес, ет пен мал сүмесінін қорек етеді. Егін салуды да біледі. Жерінде арпа, қонақ, бұршақ шығады. Бірақ солтүстік аймақтарында климаты суық келетіндіктен, шалқан, арпа ғана өседі. Сондықтан халқында кедейлер көп, ауқаттылар аз болады... БАТЫС ӨҢІР Күсəн елі қағлының солтүстік-батысында, Ақтаудың оңтүстігінен 170 ли қашықтықта, астанасы Янкент, Хəн əулеті тұсындағы байырғы ел. Дəйдан 10280 ли шалғай... Шығысында Хəн əулеті тұсында нейс сеңүні Ли Гуаңли тарапынан қырғындалған Лүнтəй бар. Оның оңтүстігінен 300 лидей қашықта шығысқа қарай ағатын Жишышұй деп аталатын Сары өзен бар. Шығысынан Агниға дейін 900 ли, оңтүстігінен Ұдұнға дейін 1400 ли, батысынан Шəлікке дейін 1500 ли, солтүстігінен Түрік ордасына дейін 600 неше ли, оңтүстік-шығысынан Гуажоуға дейін 300 ли. Үйсін елі. Ордасы Чекүк қаласында. Орны Күсəннің солтүстікбатысына тура келеді. Дəйдан 10800 ли шалғай. Бұл ел нөнелердің шапқыншылығына көп ұшырады да, батысқа – Көгарттың терең қойнауларына қоныс аударды. Сонан былайғы жерде қала ұстамай, малдың жағдайына қарай судың тұнығын, шөптің шүйгінін қуып көшіп жүрді. Тəйянның 3 жылы бұл елге елші ретінде Дұң Уандар жіберілді. Сонан бастап сарайға елшілерін үнемі жіберіп, бағалы тартулар ұсынып тұрды Шəлік елі Гамуктың батысында, Ақтаудың оңтүстігінен жүздеген ли қашықтықта, Хəн əулеті тұсындағы байырғы ел. Дəйдан 11250 ли шалғай. Гаузұң заманының соңында бұл елдің ханы елшісінен Шакья Мунидың касаясынан біреуін жіберіп берді... Ханы арыстан пішінді алтын тəж киеді. Жерінде күріш, қонақ, күнжіт, арпа өседі, мыс, қалайы, күшала кендері бар, қамқа, мақпал өндіріледі. Бұларды жыл сайын түріктерге беріп тұрады. Астанасының аумағы 5 шаршы ли. Елінде 12 үлкен қаласы, ондаған шағын қалалары бар. Адамдары түгелдей алты саусақты болады. Жаңа туған нəресте алты саусақты болмаса өсірілмейді. Соғысқа жарамды адамы 2000. Оңтүстігінде Сары өзен бар, батысы Көгартпен шектеседі. Шығысынан Күсəнға дейін 1500 ли, батысынан Перғанаға дейін 1000 ли, оңтүстігінен Чұғұпанға дейін 8-9 жүз лидей қашық, солтүстік-шығысынан Түрік ордасына дейін мыңдаған ли қашық, оңтүстік-шығысынан Гуажоуға дейін 4600 ли. Йұрпан елі – Үйсіннің солтүстік-батысында, Дəйдан 10930 ли қашық.

Олардың арғы аталары асылында ғұндардың Теріскей Ғұн тəңірқұтына қарасты ұлыстан еді. Хəн əулетінің арбалы-аттылар сеңүні Доу Шян қуа соққылап Теріскей Ғұн тəңірқұтын Жин-уей тауынан батысқа Каңгуға қарай асырғанда олардың үріккен еліне ілесе алмаған аш-арық адамдары Күсəннің солтүстік аймақтарын мекендеп қалды. Бұлар 200 мыңдай адам еді. Иелігіндегі жері мыңдаған ли келетін. Ляңжоулықтар оларды бұрынғысынша тəңірқұт ханы деп атады. Бұлардың тұрмыс салты жəне тілі қаңғалардікімен бірдей болды. Ал олардың адамдары өздерін хулардың қай-қайсысынан таза ұстайтын еді. Олар шаштарының ұзындығын қас сызығына дейін теңестіріп қиып, оның үстіне тортасы айырылған сармай жағу арқылы жылтыратады. Əр күні үш мəрте жуынып, ауыз шайқайды. Сосын тамақтанады. Олардың күнгей шекарасында жанартау бар. Бұл таудың тастары балқып, ондаған ли жерге ағып барып қатады. Жергілікті халық одан даруға күкірт алады. Шаш елі. Бұл бұрынғы Каңгу елі. Перғананың солтүстік-батысында, Дəйдан 15450 ли шалғай. (Тəй Уди заманы) тəйянның 3 жылы (437) сарайға тарту-таралғымен елшісін жіберді. Сонан кейін қарымқатынасын үзбеді. Абдал елі. Бұл ел Ұлы нүкіспен нəсілдес. Оны Қаңғаның өзге тармағынан деп те айтады. Арғы тегі Ұлы Қорғанның солтүстігінен. Жері Алтынтаудың оңтүстігінен Ұдұнның батысындағы, Уакса судың оңтүстігіндегі 200 лиден астам алқапқа дейінгі жерді алып жатыр. Чаң-əнға дейін 10100 ли қашық. Ордасы – Падиян қаласында, Ражагрха (Уаңшэ чың, Rajagrha) осы болар. Қала аумағы 10 шақты ли, ғибадатханалары көбіне алтынмен зерленген мұнаралы болып келеді. Салты түріктермен қарайлас. Бұлардың əдет-ғұрпында ағайынды адамдар бір əйел алады. Күйеуі жалқы жігіт болса, əйелі басына бір мүйізшелі бөрік киеді. Егер ағайынды бірнешеу болса, əйелі бөркіндегі мүйізшені солардың санына туралайды. Киіміне шашақ-баулар тағады. Шашын қайшымен алдырады. Тілі нөнендердікіне, қаңғалардікіне жəне басқа хулардікіне ұқсамайды. 100 мыңдай жасағы бар. Каң елі – Каңгудың кейінгі аты. Бұлар тұрақты мекен тұтпай үнемі көшіп жүреді. Хəн əулетінен бері олармен арадағы қарымқатынас үзілмей, жалғасып келеді. Оның ханы нүкістерден шыққан Уын науғылы адам. Бұлар бұрын Келентаудың солтүстігіндегі Жау-у қаласын мекендеген. Ғұндар талқандалғанда, олар батысқа ауып, Көгарттан асып, өз алдына мемлекет құрыпты. Оның бəйбішеден туған тұңғышынан өзге балалары алды-алдына хан болып, Каң елінің атырабындағы хандықтар деп аталған екен. Олар ұмытпау үшін əулет есімін Жау-у деп қолданыпты. Ханының жанама аты – Шарбуби. Ол халыққа жағымды, пейілі кең адам еді. Оның бəйбішесі Түрік Тарду қағанның қызы еді. Астанасы – Сарбу судың бойындағы халқы тығыз Алодок қаласы. Ел тізгінін уəзірлер үштігі ұстайды. Ханы айдар қойып, басына інжу-маржандармен əшекейлеген алтын тəж, үстіне мəулім, бүлде, қымқап, құлпы жəне ақ дабы сияқты асыл кездемеден киім киеді. Əйелдері шашын түйіп, бетіне қара жаулық салады. Ерлері шашын қырқып, қаптал шапан киеді. Мемлекеті белді ел ретінде Батыс өңірдегі ұсақ елдердің денін билейді. Алайық, Маймарғ, Кеш, Кебұт, Қай, Бұхара, Кіші Бұхара, Нақсаб, Анағат, Мургаш елдері түгел соған қарайды. Хулардың өз жарғылары бар. Ол ғибадатханаларда сақталады да, біреуді жазалауға тура келгенде, соны алып шығып кесік кеседі. Қылмысы ауырлар үрім-бұтағымен құртылады. Қылмысы онан біраз жеңілдері өлімге бұйырылады. Ұры-қарылардың аяғы шабылады. Адамдары көбіне шүңірек көз, қаңсарлы сақалды жəне сауда жолына жүйрік келеді. Рейлер көбіне осы елге барып сауда жасайды. Бұларда дабыл-барабан, пипа, бес ішекті құңқау сияқты əуез аспаптар бар. Некелену, өлім ұзату жосыны түріктермен бірдей. Əруақтарға арналған ғибадатханаларда маусым айында мемлекеттік тасаттық беріледі де, барша хандық оған міндетті түрде ат салысады. Буддаға сиынады. Ху дестірін уағыздайды. Климаты жылы, дəнді дақыл өсіруге қолайлы. Бау-бақша өндірісі дамыған. Жерінде ағаш мəуелеп жақсы өседі. Халқы жылқы, түйе, есек, сиыр түліктерін малданады. Жерінен алтын, мүсəтір, ғам жұпары, асатна жұпары, меруерт жəне т.б. кендер мен күдері, кілем-кілше, қамқа, берен сияқты өнімдер шығады. Жүзім шарабы мол өндіріледі, бай-бардам адамдар мың-мың дəндап сақтайды. Ол ұзақ жылдарға бұзылмайды. (Тəй Уди заманы) тəйян жылдарында олар сарайға елші жіберіп, жергілікті өнімдерін сыйға тартты. Кейінірек арадағы қатынас үзілді.

ÑÎËÒ×ÑÒ²Ê

×ÈÍÀÌÀ

УЫНШЮАН ПАТША (Тянбаудың 3 жылы, 552 ж.) ақпанда Түрік луларынан жеңілген нөнебасы Анагүй өзін өлтірді. Оның қалғасы Əмірешін мен Анагүйдың немере інісі Теңду Елтебер Теңдудің ұлы Қадылар біраз ел-жұртымен қашып келді. Нөненің қалған ел-жұрты Теңдудің екінші ұлы Тебатты қаған көтерді («Жұңхуа шужюй» баспасы ). (Тянбаудың 4 жылы, 533 ж). 2 желтоқсанда түріктер нөнелерге тағы да шабуыл жасады, нөнелер бүкіл қауымымен оңтүстікке ауды. 6 желтоқсанда патша Жиняңнан солтүстікке аттанып, түріктерге қарсы жазалау жорығын жасады, нөнелерді қабылдады əрі Қадыны биліктен тайдырып, Анагүйдың ұлы Əмірешінді қаған көтерді. Оларды Маи-чуан маңына орналастырып, азық-түлікпен, торғын-торқамен қамдады, патшаның өзі түріктерді Шожоуға дейін қуды. Түріктер бағынатындықтарын білдірді, (патша) бұған келісіп кері оралды. Сонан кейін олар үзбей көпшір тапсырып, тарту-таралғы ұсынып тұрды. (Тянбаудың 5 жылы, 554 ж.) 4 тамызда түріктер тарту-таралғымен елші салды. (Тянбаудың 6 жылы жаз сəуірдің) 28 жұлдызы түріктер елші салып, көпшір тапсырды. УЧЫҢ ПАТША (Даниңның 2 жылы қыс желтоқсанның) 19 күні Жоу сардары Яң Жұң Түрік Ашына Мұқан сияқтылардың 200 мың жасағымен Хыңжоудан үш бағыт бойынша аттанып, бұқаралар мен ұлықтарды өлтірді жəне айдап əкетті. Бұл кезде ай бойы толастамаған қалың қарлы жаңбырдан оңтүстігі мен солтүстігі мыңдаған лиге созылатын алапты бірнеше чы қалыңдықтағы қар басып қалды, күндіз бұршақ жауды, Тəйюанда қызыл жаңбыр жауды. 28 күні патша Жиняңға келді. 29 күні Жоу əскерлері Биңжоуды қоршауға алды əрі тайсеңүн Даши Уди бірнеше түмен əскермен Дұңюң, Жинжоу деген жерлерге барып, түріктерді қарсы алуға аттандырды. Сол жылы Шығай, Құмыққай, Мүркет, Қытан елдері сарайға елші салып, көпшір тапсырды. 3 жылы көктем басқы айдың бірінші күні Жоу əскерлері Биңжоу қамалының іргесіне шеп құрды. Қамалдың батысында соғыс болды. Жоу əскерлері мен түрік əскерлері ойсырай жеңілді, адамдар мен жануарлардың өліктері бірнеше жүз ли аумаққа дейін жайрап шашылып қалды. Пиңяң ханы Дуан Жюн жарлық бойынша оларды Ұлы Қорғанның сыртына дейін қуып тастап, кері қайтты. Күз 10 қыркүйекте патшазада Жуо Нəняң ханы, Ян Дұңпиң ханы болып тағайындалды. Сол айда түріктер Южоуға шапқыншылық жасап, Ұлы Қорғанға кірді. Лулар талан-тараждық жасап қайтып кетті. Кібісе (қыркүйектің) 11 жұлдызы сел апатына ұшыраған аймақ тарға 12 елші аттандырылды əрі (ол аймақтар) салықтан босатылды. 21 күні түріктер Южоуға шапқыншылық жасады. ХОУЖОУ ПАТША МЕН ЮЖОУ ПАТША (Тянтұңның 2 жылы, 566 ж.) Сол жылы Хыжян ханы Шяууəн өлтірілді. Түрік, мүркет мемлекеттері тарту-таралғымен елші салды. Бұл, Жоу жылнамасы бойынша, тянхының алғашқы жылына (566) тура келеді. (3 жылы, 567 ж.) қыс қазан айында Түрік, Дамоло, Шығай, Пэкче, Мүркет секілді мемлекеттер тарту-таралғымен елші салды. (4 жылы) Сол жылы корей, мүркет елдері тарту-таралғымен елші салды, түріктен патшалықтың қызын айттыруға жаушы келді. ДУАН РҰҢ МЕН ҰЛЫ ДУАН ШАУ Дуан Рұңның жанама аты – Зымау, Қазаңның У-уей деген жерінен. Атасы Дуан Шин сақаларға ұлық болған, кейінірек Уей сарайына кірімтал болды да, дəулетті шаңырақтар қатарында солтүстікке қоныс аударып, Уюанға ірге көмді. Əкесі Дуан Лян Əнбей тұтықтығының сыпасы болды. Дуан Шаудың жанама аты – Шяушян, еркелеткен аты – Тефа... (Хычиңның 2 жылы, 563 ж.) желтоқсанда Жоу Уынди патша сардарларын қиян-рейлер мен түріктердің əскерлерін бастап келіп Жиняңды қоршауды бұйырды. Шызудың өзі Йешяннан суыт аттанып, оларды құтқаруға барды. Түріктер солтүстіктен шеп құра алға ілгеріледі. Олар шығыста Фынхыға, батыста Фыңгуға дейін жетті. Жағдай аса мүшкіл еді. Əскерлер шеп түзеп үлгермеді. Мына жағдайды пəмдеген Шызу шығысқа ығысуды ойластырды. Алайда Хыжян ханы Шяууəнның ұсынысын қабылдап, Жаужюн ханына сардарларды қорғауды бұйырды. Осы кезде жоулықтар жаяу əскерлерін ертауыл топ етіп аттандырып, батыстағы таудан құлдилай шабуылдап, қамалға екі лидей жерге жетіп келді. Сардарлар түгелдей қарсы шабуылдауды қуаттады. Дуан Шау: «Жаяулардың қуаты шамалы, бүгін қар да қалың екен, шабуылдауға тиімсіз. Шепті қорғап, жағдайды барлағаннан

абзалы жоқ. Олардың шаршауы бізге тиімді. Сөзсіз жеңіске жетеміз», – деді. Көп ұзамай соғыс болды. Жау ойсырай жеңілді, олардың ертауыл тобы түгел қырылды. Қалған топтары түн жамыла қашып кетті. Дуан Шауға атты əскерлерімен олардың соңынан қуу жөнінде жарлық түсті. Жорықшылар Ұлы Қорғаннан шыққанымен, оларға жете алмай кері қайтты. Шызу оның еңбегін айрықша марапаттады, оған Хуайжоу Уды арда сұлтаны деген лауазым беріліп, лауазымы ұстаз аталық болып өсті. Жоу елінің алпауыт уəзірі Юйуын Худың шешесі Яншы Жұңшəн ордасына ұзатылған еді. Юйуын Ху Яншының тірі екенінен құлағдар болған соң, шешесін қайтарып беруді əрі тараптар ара райласуды өтініп шекарадан хат жіберді. Осы кезде түріктер шекараға дамылдамыл шабуылдап тұрған болатын. Дуан Шау əскерімен шекарада қорғаныста тұрған еді. Шызу сарай жанауылы Шюй Шырұңнан Жоудан келген хатты көтертіп жіберіп, Дуан Шаудан кеңес сұрады. Дуан Шау: «Жоулықтар тұрлаусыз, сенімнен жұрдай, Жиняң шайқасы мұның дəлелі. Юйуын Ху көріністе уəзір болғанымен, шынтуайтында нағыз хан. Шешесі үшін райласуды өтініп отырғанымен, өз ойын елші салу арқылы айтпаған жерде, біз оның бір жапырақ қағазына малданып шешесін қоя берсек, бұл біздің əлсіздігімізді көрсетеді. Пақырыңыздың ойынша, жалғаннан көнген рай білдірейік те, кейінірек қоя берсек те кеш емес», – деді. Патша оның кеңесін қабыл алмады əрі (Яншыға) елші қосып беріп, жол-жоралғы бойынша еліне шығарып салды. ХУЛЮЙ ЖИН ЖƏНЕ ҰЛДАРЫ ГУАҢ, ШЯН Хулюй Жинның жанама аты – Алюдүн, Шожоудағы Теглек ұлысынан... Кейінірек нөнелер түріктер тарапынан талқандалды да, ұлысы тоз-тоз болды. Олардың шекараға шапқыншылық жасап, шекарадағы халықты арандатуынан алаңдаған патша Хулюй Жинды 20 мың атты əскермен Ақбелдеуге бекініп, жаудан қорғануға бұйырды. Осы кезде лулардың ағаманы Дуботу үш мыңдай отбасымен батысқа беттеп бара жатқаны жөнінде кежеуілдерден хабар келді. Хулюй Жин əскерімен оларға шабуылдап, оларды түгелге жуық тұтқын етті. Нөне Дəнбо бүкіл қауымымен батысқа ауды. Хулюй Жин оның кежеуілін тұтқындап, астанаға жіберді əрі луларды шабуылмен алуға болатындығын айтып датнама енгізді. Шянзу патша əскерімен келіп, Хулюй Жинмен ұштаса отырып Тулəй шабуыл жасап, 20 мыңға тарта түтінді тұтқынға алып кері оралды. Хулюй Шянның жанама аты – Фыңлы... Хычиңның 3 жылы (564) мойшақты ұлық болып тағайындалып, Южоу, Əнжоу, Пиңжоу, Нəнжоу, Беййың, Дұңян секілді алты дуанның алайбасыларына тұтық, Южоуға дуанбасы болып тағайындалды. Сол жылы күзде түріктерден 100 мыңға тарта адам дуан шекарасына арандатушылық жасады. Хуляй Шян сардарларын оларға қарсы қойды. Түріктер қосынымыздың түземінің реттілігінен айбынып, соғысудан қорықты. Сөйтіп, олар елші салып, кешірім өтінді... Тянтұңның алғашқы жылы (565) жаз мамырда Түрік Мұқан тарту-таралғымен елші салды. Хулюй Шян бұл істен сарайға датнама жазды. Осыдан кейін олар жыл сайын таралғы тартып тұрды. Бұған Хуляй Шяңның еңбегі сіңді. ЛЮ ШЫЧИҢ Дəй жерінен шыққан Лю Шычиңның арғы атасы Ба деген кісі еді. Ол уейлықтардың Янжоу дуанына дуанбасы болған екен. Əкесі Уей деген адам алтын таңба-күлгін шашақты санаткер абыз болыпты. Ал Лю Шычиңның өзі упиңның соңғы жылдарында жандар нөкер, ордагер санаттас үштік болды. Оның міндет құқы, қадір-қымбаты Шяучиңнен бір де кем емес еді. Лю Шычиң мінезді де байсалды, іске аса ұқыпты болғандықтан, Шяучиңнен де жоғары тұрушы еді. Оның үстіне ол Төрт рейдің тіліне жүйріктігі жағынан өз заманының маңдайға басары еді. Хоужу патша Лю Шычиңге «Нирвананы» түрікшеге аударуды, аударып шықан соң оны Түрік қағанына табыс етуді міндеттеді. Сондай-ақ ішкі жанауыл Ли Дылинге аудармаға алғы сөз жазуды тапсырды. Лю Шычиң Сүй (Уынди заманы) кəйхуаңның орта шенінде ордагер жəне дегдар тоқсауылдарының шығауыл сеңүні болып міндет атқарып жүрген кезінде дүние салды.

ÆÎÓÍÀÌÀ

МИҢДИ ПАТША (2 жылы, 558 ж.) 2 желтоқсанда түріктер елші салып, жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. (Учыңның 2 жылы, 560 ж.) 10 наурызда Чұңяңгы сарайы салынып бітті, Фаңюанлиң шахналық рабатында патша уəзір-санаттарды, сардар-абыздарды жəне түрік елшісін қабылдады. Оларға жіктеріне қарай алтын, торғын-торқа тарту етті. УДИ ПАТША (Баудиңның алғашқы жылы, 561 ж.) 13 қаңтарда түріктер жергілікті өнімдерінен таралғы тартып, елші салды. 19 ақпанда Түрік, Даңчаң елдері жергілікті өнімдерінен таралғы тартып, елші салды. 23 мамырда Түрік, Күсəн елдері жергілікті өнімдерінен таралғы тартып, елші салды. (Баудиңның 3 жылы, 563 ж.) 27 қыркүйекте баған Яң Жұң жарлық бойынша бір түмен атты əскерімен түрік қолына сəйкесе отырып, Чи еліне шабуылдады. (Баудиңның 4 жылы, 564 ж.) 10 мамырда түріктер жергілікті өнімдерінен таралғы тартып, елші салды. Бірінші тамызда күн тұтылды. Жарлық бойынша түрік əскерлерімен бірге шығысқа жорық жасаған баған Яң Жұң Бейхы деген жерге барғанда кері оралды. (Баудиңның 5 жылы, 565 ж.) 8 ақпанда Чын ел-сұлтаны Юйуын Чұн баған, Шұй ел-сұлтаны Юйуын Гүй, Шын-у сұлтаны Доу И, Нəн-əн сұлтаны Яң Жяндар жарлық бойынша түрік ханшасын алып қайтуға барды. (Тянхының 2 жылы, 567 ж.) 2 мамырда Түрік, Тұйғұн, Парфия елдері жергілікті өнімдерінен таралғы тартып, елші салды. (Тянхының 3 жылы, 568 ж.) 8 наурызда Ашына патшайым Түріктен ұзатылып келді. (Тянхының 4 жылы, 569 ж.) күз 30 шілдеде түріктер елші аттандырып, тартуға жылқы айдатты. (Жяндының алғашы жылы) бірінші ақпанда тайсеңүн,Чаңчың сұлтаны Юйуын Шын Түрікке елші болып барды. (Жяндының 3 жылы, 574 ж.) басқы айдың 9 күні түріктер елші аттандырып, тартуға жылқы айдатты. УДИ ПАТША (2) (Жяндының 6 жылы, 577 ж.) 3 ақпанда əрбір алайдың сіңірген еңбектері талқыланды, Чи елінің Тəйжидян сарайында қонақасы беріліп, Жюншыдан жоғары лауазым иелеріне жіктеріне қарай тарту-таралғылар үлестірілді. 4 ақпанда Чи əміршісі келді. Патша қонаққа келген əміршілерге жасалатын құрметпен баспалдақтан түсе қарсы алды. Жижоудағы Гау Же əскерімен тұрғандықтан, бағынбады. Аға баған, Чи ханы Шюан мен баған, Сүй сұлтаны Яң Жяндарға əскер бастап барып жаныштау жөнінде жарлық түсті. Чи əулетінің Диңжоу дуанбасы, Фəняң ханы Гау Шау-и түріктерге қашып барып паналады. Үи əулетінің барлық Шинтəй, дуан, бекіністері түгелдей тізе бүкті. Гуандұң өңірі тыныштандырылды. 55 дуан, 162 аймақ, 385 ауданы 3 миллион 302 мың 528 түтіні жəне 20 миллион 6866 адамымен берілді. (Шюанжыңның алғашқы жылы) 5 наурызда түріктер елші жіберіп, жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. Жаз сəуірдің 15 күні ата-аналары қайтыс болғандарға (3 жылға) аза мерзімін өтеуге болады деп жарлық түсті. 23 күні түріктер Южоуға шапқыншылық жасап, ұлықтар мен бұқараны өлтірді жəне айдап əкетті. ШЮАНДИ ПАТША (Шюанжыңның алғашқы жылы, 578 ж.) кібісе (маусымның) 10 жұлдызында Таудың (Тəйхаң тауының) шығысындағы босқын бұқаралардың жаңадан кəсіптенгендерді, сондай-ақ түріктердің шапқыншылығы салдарынан жанұясындағылары қаза болғандарды бір жылға еңбек салығынан босату жөнінде жарлық түсті. Яң мəлике патшайым болып көтерілді. 6 қарашада Даухүйюан сарайында сайыскерліктен сабақ өтілді. Патшаның өзі де сауыт киініп, жарақ асынды. Сол айда түріктер шекараға шапқыншылық жасап, Жючюанды қоршады, ұлықтар мен бұқараны өлтірді жəне айдап əкетті. (Дашяңның алғашқы жылы, 579 ж.) бірінші ақпанда Жау ханы Юйуын Жаудың қызын Мыңділда ханша деген атпен түрікке ұзату жөнінде жарлық түсті. (Мамырда) түріктер Биңжоуға шапқыншылық жасады. (Дашяңның 2 жылы, 580 ж.) 2 ақпанда түріктер Мыңділда ханшаны алдыруға елші салып, жергілікті өнімдерінен таралғы тартты.

ЖИҢДИ ПАТША (Дашяңның 2 жылы, 580 ж.) күз бірінші шілдеде түріктер Чи елінің Фəняң ханы Гау Шау-иды тапсырып берді. АШЫНА ПАТШАЙЫМ Удидың Ашына патшайымы – Түрік Мұқан қаған Іркіннің қызы. Түріктер нөнені жойғаннан кейін Ұлы Қорғанның бүкіл сыртқы алқабын иеленді. 100 мыңдаған жасақ ұстап, кіндік хуашя жеріне көз тікті. Сол тұста Тəйзу чилықтармен егейлесіп, жəрдем беретін одақтасқа құмбыл болып тұр еді. Іркін кезінде қызын (Уди) патшаға берсем деуші еді, көп ұзамай онысына өкінді. Гаузу билік басына келгеннен кейін талай мəрте елші салды, құдалық сөйлескеннен кейін ғана патшайымды біздің елге ұзатуға келісімін берді. Баудиңның 5 жылы (565) ақпанда Чын ел-сұлтаны Юйуын Чұн, Шұй ел-сұлтаны Юйуын Гүй, Шын-у сұлтаны Доу И жəне Нəн-əн сұлтаны Яң Жяндар жарлық бойынша патшайымның салт-салтанат жарғысы мен көшпелі сарайын дайындап, алты сарайдың қол астындағы 120 адаммен Іркіннің шатырына патшайымды алуға барды. Бірақ Іркін қызын чилықтарға беруге де уəде еткен екен, сондықтан ала көңілдік байқатты. Юйуын Чұндар сол жерде талай жыл бөгелді, жарлықты жаңғыртуға бұлар шарасыз еді. Уəдеге опа қылу жөнінде айтқан ақылдары Іркіннің құлағына кірмеді. Сол кезде өзгеше бір жел тұрып, күн күркіреп, киіз үйлерді қоғадай жапырды. Дауыл 10 күн бойына толастамады. Мұны көк тəңірінің қаһарына жорыған Іркін қатты шошып, патшайымды мол жасаумен ұзатты. Юйуын Чұндар көшпелі сарайды тігіп, көш салтанатын асырып, патшайымды қорғап-қоршап алып қайтты. Тянхының 3 жылы (568) наурызда патшайым сарайға келіп түсті. Ганзу оны өзі шығып қошеметтеп қарсы алды. Патшайым бет біткеннің сұлуы еді. Оның үстіне мінезді болды. Сон дықтан Гаузу оны сыйлап, төтенше жақсы көрді. Шюанди таққа отырғанда шах-ана айым деп атанды. Дашяңның алғашқы жылы (579) ақпанда бас шах-ана айым деген мəртебе алды. Екінші жылы ақпанда бас али шах-ана айым болып көтерілді... Шюанди опат болғаннан кейін Жиңди патша шах-əжеке деп сыйлады. Сүй (Уынди заманы) кəйхуаңның 2 жылы (582) отыз екіге қараған шағында дүниеден өтті. Сүй Уынжи жауапты басқармаға даңсаға тіркеу туралы жарлық шығарды. Мəйіті Шəулиң кесенесіне жерленді. ЯҢ ЖҰҢ Яң Жұң Хұңнұңның Хуа-и деген жерінен... Баудиңның 2 жылы (562) бас төреші болып ауысты. Осы кезде сарай кеңесінде түріктермен білек біріктіре Чи еліне шабуыл жасау ісі қаралды. Сұлтан-уəзірлердің бəрі: «Чи əулеті жарты əлемді жалпағынан басып жатыр, елі бай, əскері қуатты, егер Дештіқұмның солтүстігі арқылы Биңжоуға кіреміз десек, аса машақатты. Оның үстіне аба сардар Хулюй Миңюеге төтеп беру оңайға соқпайды. Егер олардың апанына кіреміз десек, – 100 мың əскерсіз болмайды», – деп даурықты. Тек Яң Жұң ғана: «Қосынның жеңіске жетуі – ішкі бірлікте, əсте адам санының молдығында емес. 10 мың атты əскер жетеді. Миңюе деген əлжуаз неме қайтеді ғой дейсің», – деді. 3 жылы (563) Яң Жұң бас сардар болып тағайындалды да, тайсеңүн Яң Зуан, Ли Му, Уаң Же, Эржу Мин жəне ордагер Юан Шоу, Тян Хұң, Мурұң Ян секілді 10 шақты адам түгелімен соған қарады. Мұнан тыс Даши Уға 30 мың жаяу əскермен күнгей жолмен ілгерілеп, уəделі мезгілде Жиняңда тоғысу жөнінде жарлық түсті. Яң Жұң Эржу Минды Шыбынды қорғап, Өзен арқылы сəйкесуге қалдырды. Яң Жұң Учуаннан аттанды, жорық үстінде ежелгі қоныстардан өткенде ата-бабаларға тəу етті, сардар-сарбаздарына қонақасы берді, аса тездікпен 20 неше қамалды басып алды. Чилықтар Жиңлиң қамалында қорғанған еді. Яң Жұң ерауылдарымен барып оны да басып алды. Яң Зуанды шығдауыл ретінде Лиңчюға қалдырды. Түрік Мұқан қаған Тарду, Бөке қағандардың 100 мың атты əскерімен келіп бұларға тоғысты. 4 жылы (564) басқы айдың алғашқы күні Жиняңға шабуыл басталды. Бұл кезде қар ондаған күн толассыз жауды да, үскірік аяз қатты болды. Чилықтардың сайлауыт қосыны ұрандап шабуыл жасады. Түрік əскерлері сескеніп Батыс тауға шығып кетті де, соғысуға батылдары бармады. Əскерлердің үрейі ұшты. Яң Жұң əскерлеріне: «Істің бəрі Тəңірдің қалауымен болады. Адамның азкөптігімен есептесу қажетсіз», – деді де, 700 əскерді бастап жаумен жаяу соғысты, əскердің оннан төрт-бесеуі өлді. Даши У мерзімді уақытқа үлгеріп келмеген соң, қосынды кері қайтарды. Чилықтар да тықсыра қуудан қорықты. Түріктер əскерлеріне тонаушылық жасауға ерік беріп, Жиняңнан Пиңчыңға дейінгі 700 лиден астам жердің адамы мен малын бірін қалдырмай айдап кетті, қырғын аса қатты болды. Гаузудың жіберген елшілері Шяжоу Яң Жұңнан хал сұрады. Астанаға оралған соң (патша) қонақасы беріп, мол сыйлық берді. Гаузу Яң Жұңға ұстаз аталық деген лауазымды лайықтаған еді,

Жин ханы Юйуын Ху (Яң Жұңның) өзіне бағынышты еместігінен оған азар берді. Осылайша Жиңжоу, Бинжоу, Лиңжоу, Юнжоу, Янжоу, Шянжоулардың алайбасы Жиңжоуға дуанбасы етіп тағайындалды. ЮЙУЫН ЦЫ Юйуын Цының жанама аты – Дыңжиң, Тəйзу патшаның аталас інісінің баласы. Ұлы бабасы Юйуын Жұңшəн, бабасы Юуын Доуту, атасы Юйуын Чилин, əкесі Юйуын Юңдардың бəрі де Уей сарайында жоғары лауазымды ұлық болған... Датұңның 4 жылы (542) алтын шашақты-көгілдір таңбалы санаткер абыз санатында Сүйжоу дуанының жұмыстарын жамғарды. Əр жылы өзен суы қатқанда түріктер шапқыншылық жасап, халықты тонайтын еді. Бастапқыда тұрғындар қорған-бекіністерге тасаланады екен. Юйуын Цы мұнда келгеннен кейін амандық үшін бұрынғыдай бекіністер салуды бұйырды. Жол бойындағы бірнеше жүз ұрымтал жерлерге отынды көп-көп үйдірді əрі алыс-қиырларға барлаушы жіберу арқылы түріктердің қимылын бақылап отырды. Сол жылы желтоқсанда түріктер шекараға бірнеше 10 ли жердегі Лянгудан шабуылдады. Юйуын Цы жиналған отындарға бір мезгілде өрт қоюға бұйырды. Қалың қол келіп қалған екен деп қорыққан түріктер бірін-бірі баса жаншып дүркірей қашты. Олжаланған əр түлік мал мен салықшы топтың бұйымдарында қисап жоқ. Юйуын Цы бұларды адамдарына жинатып алды да, оларды түгелімен бұқараға үлестіріп берді. Сонан былай түріктер қайталай шабуыл жасауға батылдық ете алмады. Юйуын Цы (сарайдан) сақтық үшін шекарашы əскерлер тұрғызуды өтінді ... 12 жылы қазанда 58 жасында қайтыс болды... ШЫ НИҢ, ХЫРО ДҮН Шы Ниңның жанама аты – Юңхы, Жянкаңның Бяушы деген жерінен... (Шы Ниң) Уей Фейди патшаның алғашқы жылы (552) тағы да Ляңжоу, Гəнжоу, Гуажоу сынды 3 дуанға алайбасы, Ляңжоуға дуанбасы болып тағайындалды. Бұл тұста нөнелер Уей əулетімен құда-андалық қатынас орнатып, онан қайта опасыздық жасаған болатын. Көп өтпей олар түріктер тарапынан ауыр жеңіліске ұшырады да, əміршісі Анагүй өлді. Ұлысының аман құтылғандары Анагүйдың немересін таққа отырғызып, Сарыөзеннің батысындағы өңірге арандатушылық жасады. Шы Ниң оларға қарсы соғысып, Анагүйдың ұлы мен немересін жəне ұлыс басыларын тұтқынға алды. Осыдан кейінгі əр соғыста оларды жеңіп, бірнеше түмен адамын тұтқындады. Оған Əнжың арда ханы деген лауазым берілді. 3 жылы тұйғұндардың Чи еліне жіберген елшілері Шы Ниң тарапынан тұтқындалды. Осыған орай Шы Ниң тайсеңүн болып өсті... Бұл кезде Мұқан тұйғұндарға шабуылдау үшін Ляңжоуға аттанды. Тəйзу патша Шы Ниңды атты əскерімен оларға қосылуға бұйырды. Қосын Фəнхыға жеткенде тұйғұндар сезіп қалып, Нашман тауына қашып кетті. Мұқан қаған əскерін бірнеше топқа бөліп, оларды қууға, Көккөлде тоғысуға жарлық түсірмекші болды. Шы Ниң оған: «Шудүн, Хыжын қамалдары – тұйғұнның апаны. Егер олардың осы екі тамырын жұлсақ, өзге ұлыстары өздігінен ойрандалады. Абзал шара осы», – деді. Мұқан мұны қабыл алды да, əскерді екіге бөлді. Мұқан солтүстік жол мен – Хыжынға, Шы Ниң Шудүнға аттанды. Тұйғұнның Сожоу елінің ханы əскерімен қайтарма соққы берді. Шы Ниң оны жайратты. Жорықшылар аса машақатпен таудан асып Шулүнға келді. Шутүн – тұйғұнның ежелгі астанасы, онда қазына-кеніштер аса мол еді. Тұйғұн əміршісі Хыжынға қашып кетті де, күнгей жорық ханын бірнеше мың əскермен қорғанысқа қалдырды. Шы Ниң сұрапыл шабуылдан соң əскерін шегіндірді. Тұйғұндар қала қақпасын ашып, оларға шабуылдады. Осы орайда Шы Ниң əскерін кері қайтарып, қайтарма шабуыл жасады. Олар қақпасын бекітіп үлгермей, Шы Ниңның əскерлері қалаға кіріп кетті. Күнгей жорық ханы тірідей қолды болды, тұтқындалған ерлер мен əйелдер жəне олжаланған мал-мүлік түгелдей түріктерге табыс етілді. Тұйғұнның Хылоба ханы орамы 50 неше ли келетін қатерлі жерден тосқауыл қойып, Шы Ниңның жолын бөгемекші болды. Шы Ниң оның тосқауылын шабуылмен алды да, 10 мыңдай адамын тұтқындады жəне бірнеше түмен əр түлік малын олжалады. Мұқан қаған да Хыжынды алып, тұйғұн əміршісінің əйелін тұтқындады, мол асыл бұйымдар олжалады. Шы Ниң əскерін шегіндірді де, Көккөлде Мұқанмен кезікті. Мұқан Шы Ниңның қолын қысып тұрып, оның ерлігі мен батылдығын марапаттады, өзінің астындағы алмауытын оған сыйлады, Шы Ниңға шатырдың алдында атқа мінуді бұйырды. Мұқанның өзі оны жаяулай жүріп аттандырып салды. Түріктер Шы Ниңның айласы бойынша болғанда жеңіске сөзсіз жетуге болатындығын ойлағанда, оған əрі сүйінді, əрі онан қорықты. Олар: «Кіндік қағанаттықтар сараман екен», – десті. Қосын кері қайтарда Мұқан Шы Ниңға 100 құл мен күң, 500 жылқы, 10 мың қой берді. Шы Ниң өз дуанына (Ляңжоуға) қайтты... Шяуминди патша таққа отырған соң Шы Ниң кіші уəзір сана-

тымен Жиң, Шяң, Ши, Йың секілді 52 дуан мен Жяңлиң бекінісжайындағы қорғаныс армиясына – алайбасы, Жиңжоуға дуанбасы болып тағайындалды... Шы Ниң баудиңның 3 жылы (563) Жиңжоуда дүниеден көшті, марқұм болғаннан кейінгі аты Жалын болып бекітілді, лауазымына ұлы Шы Шюң мұрагерлік етті. Хыро Дүн – Дəй жерінен, əкесі Хыро Тұң Шығыс Уей əулетінің Йыңжоу дуанына зұрған болған. (Хыро Дүн) Баудиңның 2 жылы (562) құрылыс бөліміне ақылгөй абыз болып тағайындалды. Сонан көп өтпей Жинжоуға – төбенай, 7 дуанға алайбасы болып ауысты. 3 жылы (563) баған Яң Жұңға еріп түрік əскерлерімен бірге Чи елінің Ұлы Қорғанын талқандады да, Биңжоудан кері қайтты, Хыро Дүн шығдауыл болды. Оның бір ұлына Шұн-идың кіші сұлтаны деген лауазым беріліп, иелігіне 1000 түтін бөлінді. 5 жылы (565) Жоңжоуға дуанбасы болып тағайындалып, Хəнгу қамалын қорғады. ЮЙУЫН ШЫНЖЮЙ Юйуын Шынжюй – Тəйзу патшаның аталас інісінің баласы. Ұлы бабасы Юйуын Жинлиң, бабасы Юйуын Чюнəндар Уей сарайында жоғары лауазымды ұлық болған. Атасы Юйуын Жиндян Уей əулетінде қиырды тыныштандырушы сеңүн, Янжоуға дуанбасы, Əнжидың кіші бегі болған. [...] Шюанжыңның алғашқы жылы (578) сыпаға аға абыз болып ауысты. Гаузу патшаның өзі солтүстікке аттаныс жасағанда Юйуын Шынжюй, Юан ел-сұлтаны Жи Юандарға бес бағытпен алға ілгерілеу жөнінде жарлық түсті. Гаузу Юняңға барғанда ауруы асқынғаны себепті əскері кері оралды. Южоулық Лу Чаңчи, Зу Йыңболар Пəняңды басып алып, бұлғақ бастағанда, Юйуын Шынжюй жарлық бойынша əскер бастап барып, оларды тұтқындады. Чи елінің сарай жанауылы Лу Сыдау да бүлікшілердің тобында еді. Қарақшылар тыныштандырылғанда ол да тұтқындалып, өлім жазасына кесілді. Юйуын Шынжюй оның талантына тəнті еді. Сондықтан оны боса тып, сый-құрмет жасады. Оған хат-қатынастар жазуды тапсырды. Ол, міне, зиялыларды осылай құрметтейтін. Қарамағындағы жихулар бұл ғақ бастап, Шихыға аран датушылық жасады. Юйуын Шынжюй Юе ханы Юйуын Шыңмен бірге оларға жазалау жорығын жасады. Осы кезде түріктер жихулар мен одақтасты да, атты əскерлерін оларды құтқаруға аттандырды. Юйуын Шынжюй ерауылдарымен бұларға соққы берді. Түріктер жеңіліп шегінді, жихулар бағынатындықтарын жариялады. Осыған орай ол Биңжоу, Лужоу, Сыжоу, Шыжоу дуан дарындағы 12 бекінісжайға алайбасы, Биңжоуға төбенай болып тағайындалды. ТҮРІК Түріктер – ғұндардың өзге бір тармағынан. Əулет есімі – Ашына. Олар өз алдына ұлыс құрды. Кейінірек оны көршілес мемлекеті талқандады да, халқын түгел қырды. Бірақ бір 10 жасар ер баланы жасақтар баласынып өлтіруге қимай, аяқтарын кесіп, шалғынды иен далаға апарып тастады. Бір қаншық қасқыр үнемі ет əкеліп беріп, оны асырады. Ол бала ер жеткен соң қасқырмен жақындасып, оны буаз қылды. Бұл баланың тірі екенінен құлақтанған жау елінің ханы оны өлтіруге тағы адам жіберді. Жіберген адамы баланың қасындағы қасқырды көріп, баламен бірге оны өлтірмекші болады. Қасқыр қашып құтылып, Гаучаң елінің солтүстігіндегі тауға келді. Тауда бір үңгір болыпты, үңгір іші аумағы бірнеше жүз ли келетін төрт жағы таумен қоршалған шалғынды жазық екен. Қасқыр сол араға бой жасырып, 10 ұл тапты. Бұл оны ер жеткен соң сырттан əйел алып, бала сүйді. Əрқайсысының өз науғысы болды. Ашына – солардың бірінің науғысы. Олар өсіп-өрбіп, бірнеше жүз отбасы болды. Бірнеше ұрпақтан кейін олар бірінен соң бірі үңгірден шығып, нөнелерге бағынды. Алтынтаудың күнгейін мекен етіп, нөнелерге темірші болды. Алтынтаудың пішіні дулығаға келіңкірейді. Олар дулығаны өз тілдерінде «түрік» дейді. Осылайша бұл сөз олардың халық аты болып қалды. Былай деп те айтады: «Түріктердің арғы аталары ғұндардың солтүстігіндегі сақ елінен шықты. Олардың ұлыс абасы Абам бек деп аталды. Олар 17 ағайынды еді. Оның бірі Іді Нышида еді, ол қас қырдан туды. Бам бектер тумысынан өте ақымақ болды да, мемлекеттері жойылып кетті. Ал Нышиданың табиғаттың өзгеше құбылысын сезетін қасиеті бар еді. Ол күнді жауғызып, жел соқтыра алатын еді.Ол екі əйел алыпты. Оларды жаз бен қыс тəңірінің қыздары дейді екен. (Оның бірі) бір құрсақ көтеріп, төрт ұл тапты. Оның бірі аққуға айналыпты; біреуі Абасу мен Кем өзендері арасынан Қырғұр деген мемлекет құрыпты; енді бірі Чатша судың бойынан мемлекет құрыпты; тағы бірі Жас чатшаш тауында мекендеді. Бұл – оның үлкен ұлы еді. Бұл тауда Абам бектің ұрпақтары да болды. Ол жер өте суық əрі ылғалды жер екен. Үлкен ұлы от шығарып олардың бойын жылытып, асырап-бағып, олардың жанын сақтапты. Осылайша олар

үлкен ұлды өздері нің билеушісі етіп сайлапты. Оған Түрік деген атақ беріпті. Оның өз аты – Нағыд Түрік шад еді. Нағыд Түріктің 10 əйелі болды. Балаларының барлығы шешелерінің əулетінің есімімен аталды. Ашына – оның кіші əйелінің баласы еді. Нағыд Түрік өлгеннен кейін 10 əйелдің балалары өздерінің ішінен біреуді таққа отырғызуды ұйғарды. Олар бір бəйтеректің түбіне жиналды. Олар: «Қайсымыз осы бəйтерекке жоғары секірсек, сол таққа отырады» деп уəделесті. Ашынаның ұлы жасының кішілігіне қарамай, бəрінен биік секірді. Сонан бауырлары оны Ақын шад деген лауазыммен қошеметтеп таққа отырғызды. Бұл аңыз, айтылуы өзгешерек болғанымен, сайып келгенде (түріктердің) арғы тегі қасқырдың тұқымы дегенге саяды. (Одан) кейінгінің аты – Тамын. Оның заманында ұлысы біраз күшейіп, шекара аймақтарымызға келіп əр түрлі жібек маталар сатып алып, Кіндік қағанатпен қарым-қатынас жасау ниеттерін байқатты. Датұңның 11 жылы (545) Тəйзу (Жоу Уынди) патша жючюандық ху Əн Нопəнтоны елші етіп жіберді. «Бүгін ұлы қағанаттан елші келді. Енді еліміз көркейетін болды» деп олардың ел-жұрты бірін-бірі құттықтасып қатты қуанды. 12 жылы (546) Тамын да жергілікті бұйымдарын тарту етуге елшісін жіберді. Осы кезде телектер нөнелердің үстіне аттанды. Тамын өз жасақтарымен тосқауылдап, оларды талқандады. Осылайша олардан 50 мыңдай түтін бұларға берілді. Бұлар едəуір күшейген соң, нөнелерден қыз айттыруға араға жаушы салды. Бұған бұлқан-талқан болған нөнебасы Анагүй кемсіткен, балағаттаған жауаппен: «Менің темірші құлым бола тұра, мұндай сөйлеуге қалай батылың барды», – деп арнайы елші жіберді. Шамырқанған Тамын оның елшісін өлтіріп тастады да, нөнелермен арадағы қатынасты біржола үзіп, бізге қыз айттыру талабын білдірді. Тəйзу қабыл алып, оған 17 жылы (551) маусымда Уəй əулетінен Бақуат ханшаны ұзатты. Сол жылы Уей Уынди патша өлді. Тамын елшісін жіберіп, көңіл айтып, бата оқырына 200 жылқы айдатты. Уей Фейди заманы 1 жылдың басқы айында Тамын нөнелердің үстіне əскерін аттандырып, Хуайхуаңның солтүстігінде оларды ой сырата жеңді. Анагүй өзін-өзі өлтірді. Оның ұлы Əмірешін Чи патшалығына қашып барды. Қалған ел-жұрты Анагүйдың көкесі Теңчүкісті таққа отырғызды. Осыдан кейін Тамын өзін Елетміш қаған деп атады. Бұл ежелгі тəңірқұтпен бірдей. Өзінің əйелін қатұн деп атады. Бұл да ежелгі əтшеге тура келеді. Тамын өлгеннен кейін баласы Қара таққа отырды. Қараның лауазымы Ісіг қаған еді. Ол да (Тең) чүкісті Уо-йеның солтүстігіндегі Мұғрат тауында талқандады. 2 жылы (553) наурызда Қара сарайға 50 мың жылқы айдатып елшісін жіберді. Қара өлген соң оның інісі Іркін Мұқан қаған деген лауазыммен таққа отырды. Іркіннің тағы бір аты Йеңді еді. Ол ерекше жаралған жан еді. Бетінің жалпақтығы бір чыдан асатын. Екі беті қып-қызыл, көздері жалт-жұлт еткен өте жанарлы еді. Қайратты да қатыгез болды. Ол жаугерлік жорықпен көбірек айналысты. Ол Теңчүкіске шабуылдап, оны жеңді. Теңчүкіс аман қалған адамдарымен қашып келді. Іркін батыста абдалдарды күйретті, шығыста қытандарды үркітті, солтүстікте қыр ғұрларды өзіне қосып алды жəне Ұлы Қорғанның сыртындағы елдерді де айбарымен жасқап, өзіне бағынуға мəжбүр етті. Оның жалпы иелігі шығыста Ляухəйдың батысынан Батыс теңізге дейінгі 10 мың ли; оңтүстікте Құм шөлдің солтүстігінен Солтүстік теңізге дейінгі 5–6 мың ли жерді алып жатты. Олардың салты: шаштарын жайып, шапаны солға қарай түймеленеді. Күмбез пішінді киіз үйде тұрады. Судың тұнығын, шөптің сонысын қуып көшіп жүреді. Мал шаруашылығымен, аң аулаумен шұғылданады. Қарттарды сыйламайды, қару-қайраты бар жастарды құрметтейді. Ар-ұяты кем. Ежелгі ғұндар сияқты – əдеп-иба, əділдік дегендерден жұрдай. Елбасыларын алғаш таққа отырғызғанда, жасауылдары мен мəртебелілері оны киізге отырғызып, күн қозғалысы бағытымен тоғыз рет айналады. Əр айналғанда қарашылар оған тағзым етіп отырады. Мұнан кейін оны атқа мінгізіп, мойнын торғынмен орап, демі үзілмейтіндей дəрежеде қылқындырады да, «Неше жыл қаған боласың?» – деп тосын сұрайды. Есеңгіреген елбасы нақты айта алмайды. Ұлықтар оның айтқандарына сай өздерінше есептеп шығады. Ең ірі ұлығы – ябғұ, одан кейінгісі – шад, одан кейінгісі – тегін, одан кейінгісі – елтебер, одан кейінгісі – тұдынбер, барлығы төменгі шен ділермен қосқанда 28 дəреже. Олар бұл шенге мұрагерлікпен ие болады. Қару-жарақтан оларда бары: садақ-оқ, ысқырма оқ, сауыт, найза, қылыш, семсер, сəн үшін көбіне ақинақты бойынан тастамайды. Туларында бөрінің зермен айшықталған бас бейнесі бар. Жасауыл сарбазды «бөрі» деп атайды. Бұл қытай тілінде «лаң» (қасқыр) деген ұғымды білдіреді. Өздерінің қасқырдан туған ежелгі тегін ұмытпау үшін осылай атайды. Шақырылған əскер мен олардың ат-көліктерін, салық пен мал-мүліктердің санын алғанда ағашқа кертіп белгі салу жолымен есептейді. Алтын ұшты жебе мен балауыз мөрді куəлік ретінде пайдаланады. Олардың жаза заңы бойынша бүлік шығару, кісі өлтіру, біреудің əйелін зорлау, бекітілген аттың тұсамыс-шідерін ұрлау өлім жазасымен жазаланады. Біреудің қызын зорласа, оған заттай ауыр айып төлетеді жəне сол қызға үйленуге мəжбүр етеді. Адамды ұрып

зақымдағандар зақымның ауыр-жеңілдігіне қарай заттай құн төлейді. Ат немесе басқа зат ұрлаушы сол ұрлаған нəрсенің құнын он неше есе етіп қайтарады. Өлген адамның мəйіті киіз үйге жайғастырылады. Балалары, немерелері, туыс-туғандары ер-əйел демей, құрбандыққа жылқы, қой шалып, етін əруаққа атап есіктерінің алдына жаяды да, атқа мініп, үйді жеті айналып шығады, сонан үйге кірерде беттерін теміртекпен жыртып дауыс қылады, қан мен жас қосыла төгіледі. Жоқтау рəсімі мұны осылай жеті рет қайталағанда барып аяқтайды. Сонан кейін күннің сəтін таңдап, өлген адамның (тірісінде) өзі мінген атын, тұтынған мүлкін оның денесімен бірге өртейді де, белгілі бір мезгілде жерге көмеді. Көктемде жəне жазда өлген адамды ағаштар мен өсімдіктердің жапырағынан сарғайғанда немесе түсе бастағанда, ал күзде жəне қыста өлген адамды гүлдер бүршік жара бастаған кезде жерлейді. Жерлеу кезінде өлген адамның туыстары, дəл өлген күніндегідей, тасаттық беріп атпен шапқылайды, беттерін жыртады. Қабір басына тас қойылып, белгі орнатылады. Қойылатын тастың саны өлген адамның тірі кезінде өлтірген адамының санына қарай болады. Құрбандыққа шалынған қой мен жылқылардың бастары түгел белгіге ілінеді. Бұл күні ерлер де, əйелдер де бір киерлерін иығына іліп, қабір басына жиылады. Егер сол топтан жігітке бір қыз ұнаса, ол қайтып барған соң қыз үйіне құда түсуге адам жібереді. Мұндай жағдайда көп ретте қыздың ата-анасы қарсы болмайды. Əкесі [ағасы], əкесінің аға-бауыры қайтыс болса, баласы, інісі жəне аға-бауырының баласы өгей шешесіне, жеңешесіне, жеңгесіне үйлене береді. Тек үлкендердің өздерінің баласы есепті адамдардың жесірімен шатасуына болмайды. Олардың тұрақты орын тепкен мекені жоқ. Бірақ əрқайсысының өздеріне тиеселі жері болады. Қаған Өтүкен тауына тұрғылықты. Оның ордасының есігі шығысқа қаратылады. Бұл күннің шығуына еткен құрметі болса керек. Ол жыл сайын мəртебелі адамдарымен аталарының үңгіріне барып құрбандық шалады. Ал мамырдың ортасында Тарын өзенінде көк тəңіріне тасаттық беріп табынады. Өтүкен тауынан 4–5 жүз ли жерде басына ағаш та, шөп те өспейтін биік шоқы бар. Оны Ба теңрі деп атайды. Бұл қытай тілінде «дишын» (жер құдайы) деген мағынаны білдіреді. Олардың жазуы хулардікіне ұқсайды. Бірақ жыл қайырып, күн есептеуді білмейді де, жердің неше рет көктегені бойынша жыл есебін шығарады. Іркін заманында ұлысы мықтап күшейді. Сонан елшісін жіберіп, Теңчүкістің көзін жоюды сұрады. Тəйзу бұған мақұл болып, Теңчүкістен құлдай 3000 адамды жиып алып, оның елшісіне тапсырды. Оларды Чиңмын қақпасының сыртында қырып салды. 3 жылы (556) Іркін тұйғұндарды тұтқиыл шабуылмен талқандады. Бұл жайт Тұйғұн баянында айтылады. Миңдидың 2 жылы (558) Іркін елшісін жіберіп, жергілікті бұйымдарынан сый ұсынды. Баудиңның 1 жылы (561) тағы да үш мəрте елші жіберіп, жергілікті өнімдерін тарту етті. Ол кезде Чи патшалығымен арамызда соғыс болып жатыр еді. Арада қақтығыс толастамаған соң, сырттан көмекші болуы үшін олармен одақтасуға тура келді. Іркін Уей əулеті Гұңдидың заманында-ақ өзінің қызын Тəйзуға атастырған еді. Бірақ некелік шарт бекімей жатып Тəйзу қайтыс болып кетті. Ұзамай Іркін басқа қызын Гаузуға атастыруға келісім берді. Алайда қалың алып үлгермей, Чи патшалығы да оның қызына құдалық сөйлесіп елші жіберді. Іркін олардың тартуына қызығып, бұрынғы сөзден айнығысы келді. Осыған байланысты патша Ляңжоу дуанбасы Яң Жян мен бөрібасы Уаң Чиңдерді құдалықты бекітуге жіберді. Уаң Чиңдер уəдеге опа, іске əділдік керек екенін ұғындырды. Осылайша Іркін Чи патшалығының елшісінің талабынан бас тартып, құдалық шартын бекітті əрі шығысқа жорық жасау тілегін қайталай білдірді. Бұл іс Яң Жяңдардың ғұмырнамасында айтылған. 3 жылы (563) патша Сүй сұлтаны Яң Жұңға 10 мың əскерді бастап түріктермен бірге Чи елінің үстіне аттануға жарлық шығарды. Яң Жұңның əскері Жиңлиңнен асқанда Іркін өзінің 100 мың атты сарбазымен келіп бұларға қосылды. Келесі жылы бас қы айда Жиняңда Чидың билеушісін қоршауға алды. Бірақ жеңе алмады. Сонан Іркін сарбаздарын еркіне жіберіп, мейлінше тонатып кері қайтты. (Жорықтан оралған) Яң Жұң Гаузуға былай деді: «Түріктердің жасағы жалпы нашар, сыйлығы мардымсыз. Қолаға көп болғанымен, бұйрықтарының тиянағы жоқ. Мұндай елді бойсұндыру қиын деуге қайтіп болады? Бұрынғы барған елшілеріміздің оларды өте құдіретті етіп көрсетуіндегі мақсат – олардың елшісіне мол сыйлық бергіздіру, сөйтіп өздері барғанда да соның есесіне көп сыйлық алу. Сарай олардың өтірігін малданған соң, қолбасыларымыз да, əскеріміз де олардан шынымен именетін болып жүр. Лулар былай қарағанда мықты сияқтанғанымен, оларды жөнге салу өте оңай. Қазір, меніңше, бұрынды-соңды барған елшілердің барлығының басын алған жөн». Гаузу оның бұл ұсынысын қабылдамады. Сол жылы Іркін тағы да тарту-таралғымен елшісін жіберіп, шығысқа екінші рет жорық жасауға өтініш білдірді. Патша Яң Жұңды əскерімен Уо-йедан аттануға, ал Жин сұлтаны (Юйуын) Худы Лояңға барып онымен тізе қосуға бұйырды. Кезегінде (Юйуын) Ху шайқаста жеңіліс тапты да, Іркін кері қайтып кетті. (Баудиңның) 5 жылы (565) патша Чын сұлтаны (Юйуын) Чұн, бас уəзір Юйуын Гүй, Шын-у сұлтаны Доу И жəне Нəн-əн

Ñ×ÉÍÀÌÀ сұлтаны Яң Жяндарды қалыңдықты алып келуге жіберді. Тянхының 2 жылы (567) Іркін Чи əулетінен əлі де үмітін үзе қоймаған еді. Сол кезде өзгеше бір жел тұрып, күн күркіреді. Сосын ғана қызын (Юйуын) Чұндарға қосып жіберуге келісімін берді. Бұл туралы деректер «Патшайым ғұмырнамасында» айтылған. (Тянхының) 4 жылы (569) тағы да елші аттандырып, тартуға жылқы айдатты. Іркін өлгеннен кейін, орнына інісі Таспар қаған деген лауазыммен таққа отырды. Іркін кезінен бастап, мемлекеті күшейген соң, олардың хуашялықтарды келемеж ету ойы болған еді. Сарай олармен құдаандалық қатынасты сақтауға тырысып, жылына 100 мың топ торғынторқа, асыл кездемелер беріп тұрды. Түріктердің астанада тұрғандарын аса сый-құрметпен күтті. Олардың сарай есебінен киім киіп, ет жейтіндерінің өзі үнемі мыңға жетіп отырды. Чилықтар да олардың шабуыл жасауынан жасқанып, қазыналарын сарқып бітті. Таспар бұған насаттанып, қасындағы нөкерлеріне: «Күнгейдегі екі ұлым маған деген адалдығынан айнымаса, еш нəрседен шолпы тартпаймын», – дейтін еді. (Уди – Юйуын Юң заманы) жяндының 2 жылы (573) Таспар елші жіберіп сəйгүлік сыйлады. Чи патшалығы жойылғаннан кейін, оның Диңжоу дуанбасы, Фəняң ханы Гау Шау-и Ма-идан түріктерге қашып барды. Таспар Гау Шау-иды Чи патшасы етіп көтерді, кек аламыз деп оның бұрынғы адамдарын да шақыртты. Шюанжыңның 1 жылы (578) сəуірде Таспар Южоу дуанын шауып, халқын қырды. Баған Лю Шюң əскерімен қарсы соғысты. Бірақ жеңіліс тауып қаза болды. Гаузудың өзі алты алайды бастап солтүстікке жорық жасады. Бірақ ол жолда қайтыс болды да, əскері кері оралды. Сол жылы қыста Таспар шекара аймаққа шабуыл жасап, Жючюанды қоршап, аямай тонап кетті. Дашяңның 1 жылы (579) Таспар құда-андалық қатынасты қалпына келтіруді өтінді. Патша Жау ханы (Юйуын) Жаудың қызын Мыңділда ханша деген атпен оған атастырды жəне елші жіберіп Гау Шау-иды астанаға айдатып əкелуді тапсырды. Таспар жарлықты қабылдамай, баяғысынша Биңжоу дуанына шабуыл жасады. Дашяңның 2 жылы (580) тарту-таралғысымен елшісін жіберіп, ханшаны алдырды. Бірақ Гау Шау-иды тапсырмай, алып қалды. Патша осы мəселеде өз лебізін жеткізуді Хыро Иға бұйырды. Осыдан кейін Гау Шау-и (астанаға) апарылды.

ГАУЗУ ПАТША Кəйхуаңның алғашқы жылы (581) 5 тамызды патша Дұңжиң сарайының күшін жойғандығын жариялады. Түрік Аба қаған сарайға елші салып, жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. 17 тамызда жорық бас сардары Лы-əн сұлтаны Юан Шены тұйғұндарды шабу үшін Көккөлге аттандырды. Жорықшылар оларды жеңіп, тізе бүктіріп қайтты... 26 қыркүйекте аға баған, Шюе ел-сұлтаны Жаңсүн Лəн мен аға баған, Сұң-əн сұлтаны Юан Жиңшəнды жорық бас сардары етіп тағайындап, Чын əулетіне қарсы жорыққа аттандырды, санаттың сол атарманы Гау Жюңға армияға басшылық жасау міндетін бұйырды. Түрік Ышбара қаған елші салып, жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. Кəйхуаңның 2 жылы (582) 4 сəуірде Ниңжоудың дуанбасы Доу Рұңдиңды сол қол мыршап тайсеңүн етіп тағайындады. 17 сəуірде тайсеңүн Хəн Сыңшоу Житоу тауларында түріктерді жеңді. Аға баған Ли Чұң Хыбей тауларында түріктерді жеңді. 15 маусымда Гау Бауниң Пиңжоуға шапқыншылық жасады, түріктер Ұлы қорғанға кірді... 13 маусымда аға баған Ли Чұң Ма-ида түріктерді жеңді. 2 желтоқсанда патша артқы бақта сайыскерлікке жаттықты. 5 желтоқсанда аға баған Доу И қайтыс болды. 7 желтоқсанда жаңа астана Дашиң қаласы деп аталды. 15 желтоқсанда Чинюан сұлтаны Юй Чиңзыны хулардан қорғану үшін əскерімен Хұңхуаға бекінуге аттандырды. Түріктер Жоупəнды шапты, жорық төбенайы Даши Жаңру оларға қайтарма шабуыл жасағанымен, лулардан жеңілді. 3 жылы (583) 5 ақпанда Чын сарайы ақылшы нөкер Хы Чы мен байланысшы ақылшы, нөкер Шяу Баулар сəлемдесе келді. Түріктер шекараға шапқыншылық жасады. (3 жылы жаз сəуірдің) 12 күні Уей ханы Яң Шуаң Ақбелдеуде түріктерді жеңді. 13 сəуірде жорық төбенайы Йын Шоу Хуаңлұң деген жерде Гау Бауниңды жеңді. 17 сəуірде қуаңшылық болғандықтан патшаның өзі астананың оңтүстік-батысына барып жаңбыр тілеп тасаттық берді. 19 сəуірде оқу оқуға жігерлендіру жөнінде жарлық түсірді. Жибейдың арда сұлтаны Ляң Юан Уынжоуға төбенай болып тағайындалды. 22 күні Чын əулетінің Йыңжоудағы қамалбасы Жаң Зыжи елші салып бағынатындығын жариялады, патша Чын сарайымен арадағы жарастық шартын ескеріп, оны қабылдамады. 24 күні ақылшы нөкер Шюе Шу, байланысшы ақылшы нөкер Уаң Шаулардан Чын сарайына елші етіп жіберді. 26 күні патшаның өзі жаңбыр тіледі. 27 күні түріктер сарайға елші салды. 6 мамырда жорық төбенайы Лит Хуаң Манадуда түріктерді жеңді. 7 мамырда корей елшілігі сарай зияратына келді. 8 мамырда Ляң елінің мұрагер ханзадасы Шяу Цұң жаңа астанаға көшіп келуге байланысты патшаны құттықтау үшін астанаға ат басын тіреді. 10 мамырда мүркеттер жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. 13 мамырда Южоу дың төбенайы Йың Шоу қайтыс болды. 24 мамырда Фаңзыда тасаттық рəсімі жасалды. 25 мамырда жорық бас сардары Доу Рұңдиң Ляңжоуда түрік жəне тұйғұн қолын жеңді. 29 мамырда Хуаңлұңдағы өлім жазасына кесілгендерден басқа қылмыскерлер кеңшілікпен босатылды. 4 маусымда Уей ханы Яң Шуаңның ұлы Яң Жи Сүй-əнға арда сұлтан болып тағайындалды. 12 маусымда түріктер елші салып бітімге келуді өтінді. 4 жылы (584) 13 ақпанда патша Башаңда Ляң əміршісін аттандырды. 15 ақпанда мүркеттер жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. Түріктің Сүңіш ұлысынан ер-əйелі бар 10 мыңдай адам сарайға кірімтал болды. 18 ақпанда патша Лұңжоуға аттанды. Түрік қағаны Ашына Темкіт елжұртымен келіп бағынды. ...9 сəуірде Лауақым бөлім санаты Юй Чиңзы санаттың оң қол атарманы, Йыңжоу дуанбасы Яң Шаңши – Жасақ бөлім санаты, Маужоу дуанбасы Лю Рын-ын Жаза бөлім санаты болып тағайындалды. 13 сəуірде аға баған Чыли Чаңча Шиңжоуға төбенай болып тағайындалды. 16 сəуірде Дашиңдян сарайында Түрік, Корей, Тұйғұн елшілеріне қонақасы берілді. 26 сəуірде аға тайсеңүн Хылоу Зыгəн Юйгуаеға төбенай болып тағайындалды. 5 жылы (585) көктемгі басқы айдың 11 күні патша жаңа жөрелгілер қабылдау жөніндегі жарлығын жариялады. 2 наурызда санатты Шин оң қол қолаға тайсеңүн болып тағайындалды. Жаз сəуірдің 8 күні əміршісі Дуоми елші салып, жергілікті өнімдерінен таралғы тартты... 29 мамырда ашаршылықтан сақтану үшін астық қамбаларын салу жөнінде жарлық түсірді. Ляң əміршісі Шяу Күй қайтыс болды, оның тағына ұлы Шяу Цұң отырды. Аға тайсеңүн Юан Чи Түрік Аба қағанға елшілік сапармен аттанды. 6 шілдеде Чын сарайы ақылшы нөкер Уаң Хуа мен байланысшы ақылшы нөкер Руан Жуоны сарайға амандасуға жіберді. 23 шілдеде аға баған Юйуын Чиң Ляңжоуға төбенай болып тағайындалды. 28 шілдеде Түрік Ышбара қаған датнама енгізіп, бодандығын жариялады. 2 тамызда Ышбара қаған өз ұлы Құтғапчын тегінді сарайға қол тапсыруға жіберді. [...] 6 жылы (586) басқы айдың 13 күні Таңғұт қияндары Сүй əулетіне кірімтал болды. 19 күні түрікте жаңа календарь атқарылды. (6 жылы) 12 тамызда Ышбара қаған сарайға жергілікті өнімдерінен таралғы тартып, елші салды. (7 жылы) 5 сəуірде патша Жин ханы (Яң Гуаңның) үйіне барды. 6 сəуірде астық тасымалы үшін Яңжоудан Шəняң жармасы (каналы) қазылды. Түрік Ышбара қаған қайтыс болды, тағына Толым қаған деген лауазыммен ұлы Оңғыл отырды.

ГАУЗУ ПАТША (2) Кəхуаңның 11 жылы (591) 6 ақпанда тұйғұндар елші салып, жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. Патша тайсеңүн Су Шяуцыны Құрылыс бөліміне санат етіп тағайындады [...] 27 ақпанда түріктер елші салып, сарайға көпшір есебінде жеті гауһар кесе тарту етті. 29 ақпанда күн тұтылды. 31 ақпанда жебеңдер жанайдар Ро Гəнчя тұйғұндарға елші болып барды. 1 наурызда Южоу төбенайы Жоу Яу Шоужоуға төбенай, Шожоу төбенайы Ту Уəншюй Шяжоуға төбенай болып тағайындалды. 7 сəуірде Түрік Оңғыл қаған өз тегінін сарайға қол тапсыруға жіберді. 12 жылы (592) 2 желтоқсанда түріктер елші салып, сарайға қол тапсырды. 24 желтоқсанда аға баған, ішкі жарлықнамашы Яң Су санаттың оң қол атарманы болып тағайындалды. 28 желтоқсанда тұйғұн, мүркет елдерінің елшілері сарайға қол тапсырды. 17 жылы (597) күз шілденің 24 жұлдызында түріктер елші салып, жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. [...] 14 қарашада түрік елшілері сарайға қол тапсырды. 19 жылы (599) 2 сəуірде Төле қаған сарайға кірімтал болды. Тарду қаған шекараға арандатушылық жасады. Жорық төбенайы Шы Іəнсүй олардың бетін қайтарды. [...] қыс 2 қазанда Төле қағанға Қынын қаған деген лауазым берілді, оның ұлысын орнықтыруға Дали қаласы салынатын болды. 8 қазанда Шоэоу төбенайы Юйуын Би Дəйжоуға төбенай болып тағайындалды. 1 желтоқсанда Түрік толұм қаған қол астындағылар тарапынан өлтірілді. 4 желтоқсанда Бохəйға метроид түсті. 20 жылы (600) басқы айдың бір жаңасында патша Рыншоуғұң сарайына көшіп кірді. Түрік, корей, мүркет, қытан елдері елші салып, жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. 4 сəуірде түріктер шекараға шапқыншылық жасады. Жин ханы Яң Гуаң жорық бас сардары болып тағайындалып, оларды шабуылмен талқандады. Рыншоудың басқы жылы (601) басқы айдың бір жаңасында қылмыскерлер кеңшілікпен босатылды. Жылнама өзгерді. Санаттың оң қол атарманы Яң Су санаттың сол атарманы болып, аға жандар Су Уей санаттың оң қол атарманы болып тағайындалды. 13 қаңтарда Хынəн ханы Яң Жау Жин ханы болып тағайындалды. Түріктер Хыңəнға арандатушылық жасады. Баған Хəн Хұң оларға қарсы соғысқа аттандырылды. Шахналық қосын жеңіліспен оралды. 7 мамырда түріктен ер-əйелі аралас 90 мың адам сарайға кірімтал болды. ЯҢДИ ПАТША (1) Да-йеның 3 жылы (607) 9 мамырда Түрік Қымын қаған ұлы Тағ тегінді сарай зияратына жіберді. 18 мамырда Қымын қаған немере інісі Білге тегінді сарай зияратына жіберді. 23 мамырда Қымын қаған патша тобын Ұлы Қорғанға еніп қарсы алу жөнінде тілек айтып елші салды. Патша оның тілегін қабылдамады. ЯҢ СУ Яң Судың жанама аты – Чудау. Хұңнұң аймағының Хуайың ауданынан. Үлкен əкесі Яң Шуан Уей əулеті тұсында қолғанат сеңүн, ұсыныскер абыз болып міндет атқарды, əкесі Яң Фу (Солтүстік) Жоу əулеті кезінде Фынжоуға дуанбасы болып істеп, (Солтүстік) Чи патшалығында өлді. (Кəйхуаңның) 18 жылы (598) Түрік Тарду қаған шекара бекінісін шапты. Гаузу Яң Суды Линжоу бағытына жорық төбенайы етіп тағайындап, (түріктерді) жазалау жорығына аттануға жарлық шығарды əрі оған 2000 топ кездеме, 100 жың алтын сыйлады. Бұдан бұрынғы қолбасылар түріктермен соғысқанда хулар атпен таптайды деп соғыс арба, жаяу əскер жəне атты жасақ құрамасынан бұғы мүйізі зəліттес кедергіге қосып төрткіл сап құратын, сосын оның ішіне атты əскер орналастыратын. Мұны дəріптеушілерге Яң Су: «Бұл – жеңіске жетудің емес, қорғаныстың ғана шарасы», – деді де, алайларға бұрынғы орналастыру тəсілін теріске шығарып, атты əскерді төрткіл сап бойынша қатарлаңдар деп бұйрық берді. Мұны естіген Тарду: «Тəңір біздің тілеуімізді берді!» – деп қуанды. Сонан аттан түсіп Тəңіріне мінəжат жасап, 100 мың сайлауыт сарбазымен лап қойды. Яң Су ерлікпен қарсы сайысып, оларды ойсырата жеңді. Ауыр жарақат алған Тарду қашып кетті. Қалғанының қырылғандарында қисап жоқ, аман қалғандарының өзі де күңірене зарлап, тұс-тұсына қашты. Гаузу Яң Суды барынша марапаттап, оған 20 мың топ торғын жəне түмен құйма шегелі кемер сыйлады, оның балалары Шюангəнды тайсеңүн етіп тағайындап, Шюанжяң, Шюансұң, Жишəндарды аға санаттас етіп көтерді. Яң Су жағдайдың өзгерісіне қарай тосын амал тауып, жаулармен орайлы мезгілді игере отырып соғыс жүргізді. Жағдайдың өзгерісіне икемділікпен мəміле жасады, əскери тəртіпті қатаң игерді. Бұйрыққа қайшылық жасағандарға ешқандай кешірім жасамай, олардың басын алып отырды. Ол ылғи қия басқанды аяусыз жазалап, көп болғанда 100 шақты, аз болғанда 10 шақты адамды өлтіріп айдын көрсететін. Жерден қан судай аққанда да жүзінен титтей қынжылыс байқалмайтын. Екі тарап алыса алмай тіресіп қалғанда, алдымен бірер жүз адамды жауға шабуылдауға жұмсайтын. Жаудың шебін ала алса алды, егер ала алмаса, қайтып келгендердің бірін қоймай қырып тастайтын. Сосын тағы да 2–3 жүз адамды алдыңғы жолдағыдай тағы жіберетін. Қолағалар мен əскерлер қол-аяғы дірілдеп мұнан өлердей қорқатын. Сондықтан жауға атойласақ та, шегінсек те əйтеуір бір өлім деген ниетпен аянбай шайқасып, жауды үнемі жеңіп отыратын. Яң Су да осылай күлік сардар болып атын шығарды. Яң Су сол кезде мейлінше

ардақталды, оның лебізін Гаузу əрқашан ескерусіз тастамайтын. Өзіне ерген жорықшылардың қай-қайсысы болымсыз ерлік жасаса, соны естелікке алдырып отыратын. Ал басқа сеңүндерге ілескендер үлкен еңбек сіңірсе де, екінің бірінде қаламгер ұлықтар тарапынан ығыстырылып, бір жақта қалатын. Сондықтан Яң Су қанша қатал болса да, əскерлер оған ілесуді қалайтын. Кəйхуаңның 20 жылы (600) Жин ханы Яң Гуаң Линшо бағытының жорық бас сардары, Яң Су зұрған болып тағайындалды. Жин ханы өз салауытын төмендетіп Яң Сумен сыбайлас болды да, кейін оның ақылымен мұрагер патшазадаға таңдалды. Рыншоудың алғашқы жылында (601) Яң Су Гау Жюңның орнына санаттың сол қол атарманы болып міндет атқарды. Гаузу оған 100 сəйгүлік, 200 бие, 100 құл мен күң сыйлады. Сол жылы Гаузу Яң Суды тағы да жорық бас сардары етіп тағайындалды. Ол Юнжоудан аттанып түріктерге шабуылдады да, жеңістен жеңіске жетті. Түріктер шегінді, Яң Су оларды ізімен қуып, түн қатып қуып жетті. Қарақшылардың қараңғыда қашып құтылып кету мүмкіндігін ескеріп, оларға бірден шабуыл жасамай, атты əскеріне білдіртпей ілесуге бұйрық берді. Сонан өзі екі атты əскерді жəне бағынған екі Түрікті бастап лулардың қатарына кіріп алды. Мұны олар байқамады. Сонан олар еру болатын жеріне келіп тоқтағанда жиналуға келтірмей, артта келе жатқан атты əскерлерге тұтқиыл шабуылдауға бұйрық беріп, жауды тас-талқан етті. Осыдан кейін түріктер үркіп бір қиянға кетті де, Құмды шөлдің оңтүстігіне қайталай аяқ баспады. Сол ерлігі үшін Гаузу оның баласы Шюангəнды баған, Шюансұңды Хуайнəнға арда сұлтан етіп көтерді. Оның өзін 20 мың топ кездемемен сыйлады. ЖАҢСҮН ШЫҢ Жаңсүн Шың, жанама аты – Жишың. Тумысынан қағылез, сұңғыла, атқа мықты, мерген жəне жүзіктің көзінен өтетін жылпос еді. Жоу əулеті кезінде қару өнеріне ден қойылып, ақсүйектердің перзенттері де біраз қару өнерін білгеніне əспенсіп кетуші еді. Бірақ олар ат өнері мен мергендікте мұның қапталына да келмейтін. 18 жасында ол қорғаушы азнауыр болды. Алғашқы кезде оның аты елге мəлім бола қоймады. Тек Гаузу бір көрген жерден оған риза болып, елге: «Жаңсүн нөкер қару өнеріне топ жарған озат екен. Əлгінде əңгімелесіп ақыл-айлаға да кенде емес екенін байқадым. Ендігі əйгілі сардарымыз осы болмас па?» – деді оның қолын алып тұрып. (Жоу) Шюанди заманында Түріктен Шату Жоу əулетінен қыз айттыруды тілек етті. Осылайша Жау ханы (Юйуын) Жаудың қызы оған əйелдікке ұзатылды. Бірақ (Солтүстік) Жоу мен Шату біріненбірі қалыспай, мықты-мықты азаматтарын өзара елшілікке ығайлап жіберіп тұрды. Сол қатарда Жаңсүн Шың Рунəн сұлтаны Юйуын Шынчиңның кіші елшісі ретінде Мыңділда ханшаны Шатудың ордасына ұзатып апаруға жіберілді. Ілгерінді-кейінді ондаған елші барғанымен, Шату олардың көбін елемеуші еді. Ол тек осы Жаңсүн Шыңды айрықша жақсы көрді. Əр рет саятқа шыққанда жанынан тастамай, оны жыл соңына дейін қайтармай қасында ұстады. Бір жолы екі бүркіт ұшып жүріп етке таласты. Шату Жаңсүн Шыңға: «Мыналарды атып түсір», – деп екі оқ берді. Жаңсүн Шың садағын оқтай ұмтылып, екі бүркіт таласқан орайда бір тал оқпен екеуін де атып алды. Балаша мəз болған Шату перзенттеріне жəне маңындағыларға мынамен араласып, оның мергендік өнерін үйреніңдер деді. Шатудың інісі Чориға – есімі Төле шад халқына жағымды еді. Бірақ Шату оны күндейтін еді. Сондықтан ол астыртын адам жіберіп, Жаңсүн Шыңмен одақтасты. Жаңсүн Шың онымен саятқа шығып жүріп Түріктің жалпы жер жағдайын, ұлыстарының шама-шарқын түгел тексеріп білді. Бұл кезде Гаузу (Солтүстік) Жоу əулетінің бас уəзірі еді. Жаңсүн Шың игерген жағдайларын Гаузуға мəлімдеді. Гаузу жерден жеті қоян тапқандай қуанып, оны күймелілер бас жасауылы етіп өсірді. Кəйхуаңның 1 жылы (581) Шату: «Мен Жоу əулетіне жегжатпын, қазір Сүй сұлтаны өзін патшамын деп жариялап отыр, оны тежей алмасам, қатұнға қай бетіммен қараймын?» – деді де, Гау Бауниңмен тізе қосып Линюй бекінісін басып алды. Сосын өзге ұлыстармен одақтасып оңтүстікке жабыла шабуылдады. Билік басына енді ғана келген Гаузу қатты қаймаңдап Ұлы Қорғанды жасатты əрі солтүстік шекараға əскер төгіп, Йын Шоуға Южоуды, Юй Чиңзыға Биңжоуды сақтап тұруға жарлық шығарып, сақтық үшін шекарада сан түмен əскер тұрғызды. Шату, Темкіт, Аба жəне Төлелердің өзара бірі – көке, бірі немере іні болғанымен, алды-алдына қыруар жасақ ұстаған қағандар екенін, бірінбірі аңдып төртеуі төрт жақта жатқанын, сырттан тату көрінгенімен, араларына оңай іріткі салуға болатын іштей бақас жандар екенін ертеден білетін Жаңсүн Шың патшаға былай деп датнама жолдады: «Аласат асқынса – бейбітшілік жол табар» деген аталы сөзді естігенім бар. Құдай тілеуімізді берсе, қасиетті уазипаңыз іске асқалы тұр. Тақсыр, Сіз күллі хандардың адағы ретінде сан ықылымдарда ғана кезігетін орайлы сəтке дөп келіп отырсыз. Хуашя жерінде тыныштық орнағанымен, бірақ нұмдардың əлегінен əлі арыла алмады. Бұл жауымызды əскер шығарып жазалайтын да кез емес; ал олармен жұмыссыз болмаса, шапқыншылықтан көз ашпаймыз. Сондықтан əдіс-айланы өрге бастырып, олардың көзін біртіндеп жойған жөн. Əдістен ағаттық жіберсек, бұқара қауым бейбіт бола алмайды, əдіс алмайды, əдіс ұтықты болса ұрпақтан-ұрпаққа бақтиярлы өмір орнығады. Құт пен құтсыздықтың түйіні мұқият толғануда. Пақырыңыз (Солтүстік) Жоу заманының соңғы кезінде елшілік қатарында болып, Ғұндардың қыры мен сырына əбден қанған. Темкіт əскери күш жағында мығым болғанымен, мəртебе жағынан Шатудан төмен тұрады. Көріністе оған қарасты болғанымен, іштей онымен қайшылықты. Оның сол мойын-

сал болмай жүрген тарапын неғұрлым өршіте түссек, араларында ішкі соғыс басталды. Мұнан тыс, Шатудың інісі Чориға – алаяқ қу, əйтсе де күші əлсіз. Адамға жағымдылығынан елі оны жақсы көреді, Шату күндейді. Сонан мазасы май ішкендей. Араларында ара-тұра қайшылықтар да белең беріп жүр. Іс жүзінде оның қауіптен күдігі күшті. Ал Аба – тым екібеткей. Осылардың ішінде ол Шатудан көбірек жасқанады. Оның ырқынан шықпайды. Қай жақтың күші басым болса, сол жаққа жығылады. Əсіре тұрлаусыз. Қазір алыстағысымен байланыс орнатып, таяудағысына соққы беру, күштісін ыдыратып, олардың əлсізімен бірігу, Темкіттерге елші жіберіп, Абамен ұшарласу əбден қажет сияқты. Сонда Шату жасағын кері қайтаруға мəжбүр болады да, оң тарапымыздағы жерлер шапқыншылықтан аман болады. Мұнан тыс Чориғаны қайлармен, септермен бірігуге иландыру арқылы Шатудың күшінің бір бөлігін өзінің сол тарапындағы жерлерін қорғауға алып кетуге мəжбүрлеу лағзым. Сөйтіп бұларды өз ішінде аңдыстырып, берекелерін бұза берсек, 10 шақты жылдан кейін патшалығымыз бір орайда оларға қарсы аттанып, бір жолдаақ оларды түбегейлі құрта алады». Патша оның бұл датнамасына дəн риза болды да, Жаңсүн Шыңды əңгімелесуге шақырды. Жаңсүн Шың білген жағдайларын ауызекі байымдап, жер-су ахуалын сызып көрсетіп, түріктердің бар болмысын өз алақанындағыдай жайып салды. Патша толық иланып, оның айтқан ақылын түгел қабылдады. Осылайша сарай көлік уəзірі Юан Хүйды И-у асырып, Темкітке елші етіп жіберді, оған бөрі басты ту тарту етіп, үлкен құрмет жəне қошемет көрсеткенсіді. Темкіттің елшісі сарайға келгенде оған орын Шатудың елшісінің жоғары жағынан берілді. Іріткі салу амалы осылай іске асырылып, түріктер қырбайланып өзара алакөздене бастады. Жаңсүн Шың арбалы-аттылар сеңүні болып тағайындалды. Ол Хуаңлұң жолы арқылы асып, қай, сеп, қытандардан ақшаға жол бастаушы жалдап Чориғаның еліне барды. Сонан оны іштей тіл табысып, ретін тауып шырғалап, кірімтал болуға əрбіледі. (Кəйхуаңның) 2 жылы (582) Шатудың 400 мың атты жасағы Лəнжоудан шабуыл жасап кіріп, ат басын Жоупəнға тіреді де, Даши Жаңрудың қосынын күйретіп, оңтүстікке қарай тағы да шапқыншылық жасамақшы болды. Темкіт онымен келіспей, жасағын бастап кері қайтты. Осы аралықта Жаңсүн Шың Намғанды үгіттеп: «Телектер бүлік шығарып, ордаңызға тұтқиыл шабуылдамақ болып жатыпты» деп Шатуға жалған мəлімет беруге көндірді. Мұны естіген Шату қатты қорқып, жасағын шекарадан алып кері қайтты. Осыдан бірнеше айдан кейін түріктер жаппай шапқыншылық жасады. Оларға жорық сардарлары өз бөлімшелерімен қарсылық көрсетті. Аба Ляңжоуға келгенде Доу Рұңдиңның бөлімінің күшті қар сылығына тап болып, жеңілістен жеңіліске ұшырап, солтүстікке ығысты. Бұл кезде Жаңсүн Шың мұндағы қосалқы бөлімнің қолағасы еді. Ол елші болып барғанда (Абаға) былай деді: «Шату əр реткі жорықта ірі-ірі жеңіске жетіп келеді. Ал, Аба, сіз бірінші жорықта-ақ жеңіліп отырсыз. Бұл түріктер үшін намыс қой. Бұған өзіңіз іштей болса да біраз арланбайсыз ба? Сіздің əскер күшіңіз Шатумен шамалас. Солай тұра, Шату əр күні жеңіске жетіп, ел-жұртының құрметіне бөленіп жатса, Аба, сіз тиімсіз ұрыс салып, қағанаттарыңызды масқаралап отырсыз. Шату бұл іске қалайда сізді жазықты етеді. Оның үстіне мына солтүстік орданы жою оның бұрыннан ойында бар. Мұны жақсырақ ойланыңыз, затында Шатуға төтеп бере аласыз ба?» Абаның елшісі келгенде, Жаңсүн Шың оған былай деді: «Қазір Тарду Сүй əулетімен анда болып отыр. Ал Шату қазірше бой берер емес. Қаған, сіз онан да Көктің ұлына кірімтал боп, Тардумен күш біріктіріп, күшіңізді нығайта алсаңыз, мұның өзі – өте бір кемел тəсіл болар еді ғой. Адамдарыңызды бекер шығындап, ел-жұртты күйзелтіп Шатуға бодан болып, оның қорлығы мен зорлығына көнудің не жөні бар?» Аба оның ұсынысын қабылдап, жасағын шекараға тұрғызды да, сарайға қол тапсыруға Жаңсүн Шыңға қосып елшілігін аттандырды. Шату мен Уей Уаңның қосыны душарласып, Ақбелдеу маңындағы соғыста жеңілген жау шөлге кіріп кетті. Абаның ала көңіл екендігін естіген Шату солтүстік ор даға шабуылдап, Абаның ұлысын түгелімен тұтқындады, Абаның шешесін өлтірді. Аба еліне қайта алмай, батысқа Темкітке барды. Онан жүз шақты мың жасақ алып, шығыстан Шатуға тосын тап берді. Сонан солтүстік ордадағы қолдан кеткен жерлерін қайтарып алды. Тозып кеткен жасақтарынан бірнеше түмен жасақ құрап, Шатумен тағы соғысты. Аба жеңістен жеңіске жетіп, ықпал күші анағұрлым зорайды. Шату сарайға қол тапсыруға тарту-таралғымен тағы да елші жіберді. Ханша да науғысын өзгертіп, патшаға қыз болуды тілек етті. Патша мұны мақұлдады. (Кəйхуаңның) 4 жылы (584) Жаңсүн Шың Юй Чиңзының қасындағы кіші елші ретінде Шатуға барып, ханшаға Яң науғысы беріліп, атағы Көшелі ханша болып, өзгерген рəсімді басқарды. Шату жарлықнаманы қабылдарда тағзым еткісі келмеді. Жаңсүн Шың оған: «Түрік пен Сүй сынды ірі елдердегі Көктің ұлымыз деп қаған орныңыздан тұрмай мұратыңызға қайшы келсеңіз қалай болар. Қатұныңыз патшамыздың қызы, ал, қаған, сіз Ұлы Сүй патшалығына күйеусіз. Солай бола тұра ибасыздыққа барып, атаңызға иіліп ізет жасаудан қалайша бас тартасыз?» – деді. Шату дүбірлеріне қарап күліп: «Атама иіліп тағзым етейін, сөзіңе жығылдым», – деді. Осылайша жарлықнаманы тағзым жасап қабылдады. Патшаның жарлығын атқарып, елшілік міндетін ойдағыдай орындағандықтан, Жаңсүн Шыңға санаттас үштік, сол қол ардазада тоқсауыл арбалы-аттылар сеңүні деген лауазымдар берілді. 7 жылы (587) Шату өлді. Сарай Жаңсүн Шыңды қолына мойшақ ұстатып, оның орнына інісі Чориғаны Баға қаған деген лауазыммен таққа отырғызуға, оның баласы Оңғылды Ябғу қаған етіп тағайындауға жіберді. Чориға Жаңсүн Шың арқылы сарайға датнама жолдап:

«Абаны Тəңірім қарғады, ол 5–6 мың əскерімен ғана бір қысаңда жатыр. Жарлығыңызды екі етпей орындауға пейілмін. Керек десеңіз, оны тарту етемін», – деді. Бұл іс сарай ұлықтарының қарауына берілді. Лы-əн сұлтаны Юан Ше: «Қылмысына қарай жазалау үшін оны Абаның басын алуға жіберген жөн», – деді. Уяң сұлтаны Ли Чұң: «Оны сарайға тірі əкелдіріп, ел-жұрттың алдында өлтіру керек», – деді. Патша Жаңсүн Шыңнан «Сенің ойыңша қайтсек болады?» – деп сұрады. Жаңсүн Шың былай жауап берді: «Түріктердің опасыздығын айтсақ, оларды түгел өлтірсе болады. Қазір олар – ағайындар өзара қырқысып жатыр. Абаның қылмысы мемлекет ісіне саймайды. Егер оны осындай кіріптар кезінде ұстап өлтірсек, мұнымыздың қиырлықтармен елдесудегі жақсы тəсіл болуы екіталай. Онан да Аба мен Чориғаның екеуін де тірі қалдырған жөн». Патша «Рауа!» – деді. 8 жылы (588) Чориға өлді. Оның азасына Жаңсүн Шың жіберілді жəне Чын əулеті тарту еткен асыл заттар Оңғылға сəлемдемеге жолданды. 13 жылы (593) ішкергі өңірге жер аударылған Яң Чин түріктерге барды да, «Пың сұлтаны Лю Чаң мен Юйуын ханым Сүй əулетіне қарсы қимыл жоспарлап жатыр» деген қауесет таратып, «мені түріктерге солар жіберіп отыр» дегенді ханшаға құпиялап айтты. Оның осы сөзіне сенген Оңғыл сарайға көпшір тапсыруды доғарды. Сарай жағдайды барып біліп келуге Жаңсүн Шыңды түріктерге тағы да елші етіп жіберді. Ханша Жаңсүн Шыңға кезігіп тəйтік сөздер сөйледі. Əмбе Оңғылды азғырудың жəне алжастырудың амалын ақылдасуға өзінің көңілдесі Əн Зұрканы Яң Чинге жіберді. Жаңсүн Шың астанаға қайтып барған соң бұл ахуалды сарайға түгел мəлімдеді. Сарай Яң Чинды тапсырып беріңдер деп түріктерге Жаңсүн Шыңды тағы жіберді. Оңғыл оны тапсырып бергісі келмей: «Қонақтардан сұрастырдық, мұндай адам жоқ екен», – деп өтірік алдауратты. Сонан Жаңсүн Шың оның орда ұлығына пара беріп, Яң Чинның тұрған жерін біліп алды да, түн жамылып барып оны тарпа бас салды. Ханшаның зина ісін əшкерелеу үшін оны Оңғылға көрсетті. Түріктер мұнан қатты ұялды. Сонан Оңғыл Əн Зұркаларды да ұстап Жаңсүн Шыңға тапсырды. Патша төтенше қуанып, Жаңсүн Шыңға ордагер деген шен берді əрі оны Көшелі ханшаны өлтіру мақсатымен түріктерге тағы жұмсады. Оңғыл датнама жолдап, пат шалықтан (құда-андалық шартпен) тағы да қыз беруді тілек етті. Сарай оның тілегін мақұлдамақ болды. Осы кезде Жаңсүн Шың патшаға былай деген дат айтты: «Мен білгенде Оңғыл өте тұрлаусыз, оған сенім артуға келмейді. Ол Темкітпен қайшылығы болғандықтан ғана патшалығымызға кірімтал болдым деп отыр. Қыз бердік деген күннің өзінде ол бəрібір сатқындық жасайды. Қазір ханшамызды алса, патшалығымыздың құдіреттілігін пайдаланып Темкіт, Намғандарды ырқына көндіреді. Əбден күшейген соң бізден жалт береді. Сосын оған төтеп беруге қиынға соғады. Оның үстіне Намған – Чориғаның баласы. Олар екі ұрпақ бойына адал қызмет етіп келеді. Осының алдында Намған маған кезіккенде, ол да патшалығымыздан қыз айт тырғысы келетіндігін айтқан. Онан да соның тілегін қабылдап, оны оңтүстікке көшірген мақұл. Жасағы шағын, күші əлсіз болғандықтан, оны көндірмек оңай. Шекарамызды қорғау үшін оны Оңғылға төтеп бере алатын етудің қамын қарастырайық». Патша «Рауа!» – деді. Сонан Наманға əйелдікке хан ша беруге келіскенін айтып оны тағы жіберді. (Кəйхуаңның) 17 жылы (597) Намған сарайға барып ханшаны алып келуге Жаңсүн Шыңға қосып 500 атты əскер жіберді. Патша өз жұртынан бір қызды Салиқалы ханша деген атақпен оған ұзатты. Жаңсүн Шың Намғанды ел-жұртымен көшіп, оңтүстікке – Түкеннің ескі бекінісіне келіп тұруға насихаттады. Оңғыл жауығып, шекараға шапқыншылығын жиілетті. Намған олардың қимылын қапысыз бақылап, дер кезінде мəлімдеп отырды. Сондықтан қарашылар оңтүстікке шабуыл жасағанда əр ретте алдын ала жасалған сақтық бойынша төтеп берілді. 19 жылы (599) Намған Оңғылдың қала қорғанын бұзатын жабдықтар əзірлеп, Датұңға шабуылдамақшы болып жатқанын Жаңсүн Шың арқылы патшаға хабарлады. Патша алты төбенайдың əскерін шығарып, Хəн ханының қолағалығында бірнеше бағыт бойынша жазалау жорығына аттандырды. Қатты шошыған Оңғыл Тардумен тағы да одақтасып, тізе қоса Намғанға тұтқиыл шабуылдады. Ұлы Қорғанның түбінде үлкен ұрыс болды да, Намған жеңіліс тапты. Оңғыл оның ағабауырларын, перзенттерін қырып тастады, бүкіл ұлысы торғайдай тозды. Намған Жаңсүн Шыңмен бірге атты əскерін ғана алып, түн қатып оңтүстікке қарай қашты. Таң атқанша 100 шақты ли жол жүріп, бірер жүз атты əскер жиды. Сонан ол: «Қазір мына жеңіліс жағдайында сарайға барсам, соқайған жалғыз бағынушы ғана боламын. Ұлы Сүй патшалығындағы Көктің ұлы менің неме қызығады? Темкіт маған шабуылдап отырғанымен, арамызда үлкен араздық жоқ еді ғой, онан да соған барып паналайын, ол қалайда қол ұшын берер» деп ойлады. Намғанның ала көңіл екенін сезген Жаңсүн Шың Фуан бекінісіне астыртын адам жіберіп, тұрларға дереу от жағуды бұйырды. Төрт тұрдан қатар жанған отты көрген Намған Жаңсүн Шыңнан: «Қамалқорғандардағы тұрларда от жағылғаны несі?» – деп сұрады. Жаңсүн Шың оны алдап: «Қамал-қорғандардың тұрғысы биік, шапқалы келе жатқан қарақшылардың үлкен шоғырын байқаған болар. Ұлы Сүй патшалығының белгілемесінде қарақшылардың қарасы шамалы болса – екі тұр жағылады, көп болса – үш тұр жағылады. Өте көп болса – төрт тұр жағылады. Қарақшылардың көптігін жəне таяп келіп қалғанын ел-жұртқа осындай амалмен ұқтырады», – деді. Бұл сөзден Намған шошып, өз тобына: «Қуғыншылар таяп қалыпты, қазірше Ұлы Қорғанға барып бой тасалай тұрайық», – деді. Бұлар Ұлы Қорғанға кіргеннен кейін Жаңсүн Шың Намғанның орда ұлы Шапышты елжұртына бас-көз болуға қалдырып, Намғанды жам арқылы сарайға жеткізеді. Патша іскерлігіне риза болып Жаңсүн Шыңды сол қол

ардазада тоқсауыл шығауыл сеңүн етіп тағайындады да, мойшақ ұстатып Түрікті (Намғанды) қорғауға жауаптандырды. Жаңсүн Шың бағынған лулар арқылы Оңғылды барлап, оның ордасы көлемінде бірнеше жамандық нышаны байқалғанын, яғни түнде қып-қызыл кемпірқосақ көрініп, бірнеше жүз ли жерді нұрландырғанын, арлан жұлдызының кетілгенін, үш күн бойына қызыл жаңбыр жауғанын, аққан жұлдыз бөлшегінің нажағайдай шатырлап Оңғылдың қорасына келіп түскенін естіді. Түріктер əр күні түнде Сүй патшалығының лəшкері келеді екен деп елеңдейтін еді. Жаңсүн Шың осы жағдайды мəлімдеп, түріктердің үстіне жорық жасауды тілек етті. Намғанға түселдер жəне ер-əйел болып түмен шақты адам берілді. Жаңсүн Шың оларды ойдағыдай орналастырды. Сонан бастап түріктер сарайға бодан болуды өздеріне қуаныш санайтын болды. Көп ұзамай, Намғанға Елтынды Қынын қаған деген атақ берілді əрі ол У-əндян сарайындағы атыс өнері байқауына шақырылды. Мергендерден 12 адам іріктеліп, олар екі топқа бөлінді. Қынын қаған: «Мен елші Жаңсүнның арқасында Көктің ұлының дидарын көрдім. Атыс жарысына қатысуға рұқсат болса, мен соның тобына қосылар едім», – деді. Патша оның тілегін қабылдады. Жаңсүн Шыңның тобындағы алты мерген түгел бұғы нысанаға дəл тигізді. Осылайша Қынын қатысқан топ жеңіп шықты. Сол аралықта аспанда бір топ қарға ұшып бара жатты. Патша: «Сен мергенсің ғой, анау қарғаларды атып түсірші», – деді. Жаңсүн Шың 10 тал оқ атты. Қарғалар түгел жалбырлап жерге түсті. Сол күнгі жарыста ұлықтардың бəрінен Жаңсүн Шың жүлделі болды. Ұзамай ол Намған тұратын Дали қаласын салғызуға 50 мың əскермен Шожоуға жіберілді. Кейінірек Салиқалы ханша қайтыс болды да, Жаңсүн Шың тағы да мойшақты елші ретінде Намғанға Мейірлі ханшаны ұзатып апарды. Ол патшаға былай деп датнама жолдады: «Намғанның ұлысындағы адамдардың дені қайтып оралды. Олар Ұлы Қорғанның іш жағына қоныстанғанымен, əлі де Оңғылдың шапқыншылығына жиі ұшырап, қайта-қайта үркіп қатты күйзелуде. Сондықтан оларды Уюанға көшіруге рұқсат етсеңіз. Сонда Сарыөзен оларға қамалдық рөл атқарады. Сосын Шяжоу мен Шыңжоудың аралығынан шығыстың батысқа қарай Сарыөзенге дейін, оңтүстіктен солтүстікке қарай 400 ли ұзындықта ор қазылады да, ол соның ішінде тұрады. Осылайша талантараждаудан құтылып, емін-еркін мал өсіреді, оның елі де орнығады». Патша оның айтқанын түгел қабылдады. 20 жылы (600) Толұмның ұлысынан бүлік шығып, қағанға өз адамдары қастандық жасады. Сонан Жаңсүн Шың сарайға былай деп датнама жолдады: «Қазір шахналық қосынымыз Түрік жерінде ұрыс салып, сан мəрте ерлік жасады. Сонан қарақшылар өз ішінде бүлініп, билеушілерін өлтірді. Осы орайда оларды бағынуға насихаттайтын болсақ, кет əрі дей қоймайды. Намғанның адамдарын оларға жіберіп, патшалығымызға бағыну туралы насихат өрістетілсе». Патша оның бұл ұсынысын қабыл алды. Айтқандай-ақ олар түгел бағына бастады. Тарду шошып тағы да жасақ жинады. Жаңсүн Шыңға бағынған түріктерді бастап, Чинчуанға жорық төбенайы деген санатта Жин ханы Яң Гуаңның қолбасшылығында жауға аттану туралы жарлық шықты. Тарду хан қолымен қарыса соғысты. Жаңсүн Шың: «Түріктердің ауыз суы мен суатына у салайық», – деп ақыл айтты. Сонан оларға қарай ағатын өзен суының жоғарғы жағынан у тасталды. Оны ішкен Тардудың мал-жаны көптеп қырылды. Осылайша ол: «Тəңірдің жаңбырымен өзенді улы суға айналдыруы менің көзімнің жойылуына көрінбесе неғылсын», – деді де, түн жамылып зытып берді. Жаңсүн Шың оларды өкшелей қуып, 1000 шақты адамның басын алды, 100 шақты адамды тұтқындады, бірнеше мың бас малын олжалады. Жин ханы төтенше қуанып, Жаңсүн Шыңды шатырына бастап, бірге арақ ішіп, дыр-думан құрды. Дастарқан басында түріктердің тізе бүккен бір орда ұлығы да бар еді, ол: «Түрік жерінде Жаңсүн төбенайдан қорықпайтын пенде жоқ. Оның атқан жебесін көктің жасыны, мінген атын аққан жұлдыз деп есептейді», – деді. Жин ханы күліп: «Сеңүн шын қаһарланса айбатынан жер зілзала болады, оны көктің жасынына теңеу тегін емес. Мұның өзі қандай керемет!» – деді. Шахналық қосын жеңіспен оралғанда, оған ордагер санаттас үштік деген шен берілді. Сосын тағы да Дали қаласына соңғы кездері кірімтал болғандарды орналастыруға жіберілді. Рыншоудың 1 жылы (601) Жаңсүн Шың патшаға мынадай датнама жолдады: «Түнде мен қорғанның мұнарасына шыққанда шөлдің солтүстігінен жалпы ұзындығы 100 шақты ли келетін қып-қызыл мұнарды көрдім. Сіркіреп жауған жауын сияқты көрінеді. Əскери болжамдық кітаптарда мұны «қызыл жаңбыр» деп атайды. Оның мұнары шөккен ел түбінде жойылады. Ғұндарды жоямыз десек, осы бүгін қамданайық». Осылайша Яң Суға жорық бас сардары, Жаңсүн Шыңға бағынғандарды қабылдаушы елші ретінде солтүстікке жорық жасауға Намғанды шығарып салу туралы жарлық шықты. (Рыншоудың) 2 жылы (602) қосын Бейхыға барды. Қарақшылар атаманы Сіліг Іркін жəне басқалар кезігіп бұлармен қарсыласты. Жаңсүн Шың мен тайсеңүн Ляң Мо олардың табанын тайдырып, алпыс неше ли жерге дейін айнала ұрыс салып, қарақшылардың денін тізе бүктірді. Жаңсүн Шың Намғанға айтып солтүстіктегі Телек сияқты ұлыстарға оларды берілуге насихаттау үшін бөлек-бөлек елші жібертті. 3 жылы (603) телек, сегет, бүлергу, ғұн, қоқсар, абар, бұқыт сияқты 10 шақты ұлыс Тардудан бетбұрып кірімтал болуға өтініш білдірді. Ел-жұрты торғайдай тозған Тарду тұйғұндарға барып паналады. Жаңсүн Шың Намғанды Чикоуға апарып орналастырды. Жұмысын аяқтатқан Жаңсүн Шың сарайға оралғанда Гаузудың қазасының үстінен түсті. Сарай патшаның қазасын жарияламай, жабық ұстады. Яңди патша Жаңсүн Шыңды Гаузудың табытының алдына ертіп келіп, ішкі жамбыл көптеуілі, орталық сарай қақпа ағасы болуды тапсырды, аз күннен кейін сол қолаға сеңүн болып тағайындалды.

Яң Ляңның бұлғағы кезінде патша оған сарай мансаптысы санатында Шяңжоуға дуанбасы болып баруды, сондай-ақ Хуашəнның шығысында тұратын лəшкерді сол араға апарып, Ли Шюңдармен бірге Шяңжоу дуанын орнықтыруды бұйырды. Жаңсүн Шың: «Менің Шиңбу деген балам бар, қазір ол қарсы топтағылар тұрған жерде жүр. Кенет мұндай маңызды міндетке жегілсем, іштей қатты мазасызданамын», – деп бұл істен бас тартты. Патша: «Адалдығың мен іскерлігің маған аян. Қазіргі Шяңжоу кезінде Чи патшалығына астана болған, онда біздің тілеуімізді тілейтіндер азшылық, сондықтан бүлік оңай шығады. Егер ол жерден бүлік шықса, қарақшылардың күші өседі. Меніңше, ол жерді сақтап тұра алатын жалғыз сен ғанасың, патшалығымызға деген шынайы ықыласың болса, балам деп шахналық ұлағатымызға нұқсан жетер іске бармайсың. Сондықтан өзіңе тапсырдым. Бұл істен бас тартушы болма», – деді. Осылайша ол Шиңжоуға дуанбасы болып тағайындалды. Яң Ляң талқандалғаннан кейін, Жаңсүн Шың астанаға оралып, қаһарлы тоқсауыл сеңүн болып ауысты. Да-йенің 3 жылы (607) Яңди патша Юйлинді тексеру үшін Ұлы Қорғанның сыртына шығып, мұздай қаруланған əскерлердің қорғауында Түрік жері арқылы Жожюн аймағына бармақшы болды. Намған қорқып қалар деп, патша сапарының мəнісін нақтылап түсіндіру үшін оған күн ілгері Жаңсүн Шыңды жіберді. Намған жағдайдан хабардар болған соң өзіне қарайтын елдерді, қай, сеп, шығай сияқты ұлыстардың ондаған ұлыс бектерін шақыртып бір араға жиды. Жаңсүн Шың ауыл отырған жұрттың шөп басып кеткен əрі былғаныш екенін ескеріп, оның шөбін Намғанның өзіне отату арқылы ұлыс адамдарына патшаның ұлықтығын əйгілемек болды да, шатырдың алдындағы шөпті нұсқап: «Мына шөптер хош иісті болар», – деді. Намған оны жалма-жан иіскеп көріп: «Иісі құрысын», – деді. Жаңсүн Шың: «Көктің ұлы мархаббат етіп бұл араны көзімен көрмек. Патшаға деген қошемет ретінде оның жүретін жол да рын бектеріміз өздері бас болып су шашып тазалауы керек. Ал қазірге дейін ордаңыздың алды шөп басып қоқсып жатыр. Менің оны əдейі өсірген хош иісті шөп шығар деп сөз салты ретінде сұрағаным», – деді. Оның сөз мəнін сонда барып аңғарған Намған: «Бұл – менің пендешілік айыбым! Менің осы тұрған тұла бойым Көктің ұлына тəн. Біраз терлеймін деп патшаға қызмет етуден аянамын ба? Тек шет жайлап, қиыр қонған жөн-жосықтан хабарсыздығымнан болып отыр. Дес бергенде сеңүн рақым етіп жөн көрсетті, сеңүннің шапағаты – менің ең зор бақытым!» – деді. Сонан қынабынан қылышын суырып, арам шөптерді шауып отай бастады. Басқа ақсүйек дегдарлар мен ұлыс бектер де көргендерін істеп шөп шапты. Юйлинның солтүстік тарапындағы бұқара түгел жұмылып орда тігілген жерге дейін, шығыста тағы жидиға дейін ұзыны 3000 ли, ені 100 қадам жердің шөбі шабылды. Сөйтіп олар патшаға бүкіл ел болып жол ашты. Кейінірек мұның Жаңсүн Шыңның амалы екенін естіген патша оны тіпті марапаттады. Кейінірек оған Хуайяң бас уəлиі деген шен берілді. Бұл міндетке барып жегілгенше, оған оң қол аду тоқсауыл сеңүн боласың деген тағы бір жарлық келді. (Да-йенің) 5 жылы (609) Жаңсүн Шың елу сегізге қараған шағында қайтыс болды. Патша оның қазасына қатты қайғырды. Оның азасына да көп нəрсе атады. Кейінірек түріктер Янмынды қоршауға алды. Патша күрсініп: «Жаңсүн Шыңның көзі тірі болса, ғұндар мұндайға бармас еді», – деді. Жаңсүн Шың өте амалшыл еді. Ол өз жұмысына жəне абыройына мұқият болды. Туадан опагер болды да жанашырларының қазасына қайғырып, денсаулығына да нұқсан жеткендігі сарай қайраткерлерінің аузына ілінді. Таң əулетінің жынгуан жылдарында төреші, аға баған, Чи елінің сұлтаны деп танылып, марқұм болғаннан кейінгі аты «Шян» (ұсынық) болып бекітілді. Бұл лауазымдарына кіші баласы (Жаңсүн) Ужи мұрагерлік етті. ДАШИ ЖАҢРУ Даши Жаңрудың жанама аты – Фурын, Дəй ауданынан [...] Кəйхуаңның 2 жылы (582) Түрік Ышбара қаған жəне оның іні сі Ябғұ мен Пана қағандар жүз шақты əскермен оңтүстікке шап қыншылық жасады. Патша Даши Жаңруды жорық төбенайы етіп тағайындап, екі мыңдай лəшкер беріп, оларға қарсы аттандырды. Олар Жоупəн деген жерде шапқыншыларға кездесті. Жау сан жағынан өте басым еді. Мұны байқаған шағын қосын шынымен састы. Осындай қысылшаң жағдайда да Жаңру сыр бермей оттай жанды. Лулар сан дүркін шабуылдап бытыратса да, əскерін қайта жинап, үш күн бойы айнала соғыс салды. Қару-жарағынан айырылғанның өзінде қызыл жұдырығын қару етті. Ұра-ұра олардың қолдарының еті бөлініп, сүйегі көрінді. Жаудың түмен санын өлтірді немесе жаралады. Сонан меселі қайтып, сағы сынған Түрік жасақтары еріксіз қоршауын босатты. Жаңрудың денесі бес жерден жарақат алып, оның екі жері түйрелді. Лəшкерінің оннан сегіз-тоғызы шейт болды немесе жараланды. Асылында түріктер Чинжоу, Лұңю өңірлерін мейлінше шаппақ еді. Сорларына қарай Жаңрудың күшті қарсылығына тап болды. Жаңрудың қолы олармен аянбай айқасты. Лулардың күші үздігіп жүйкесі кесілді. Келесі күні олар майданда қалған өліктерін өртеп, ұлар-шу болып өз жайларына кетті. Сонан Гаузу былай деп жарлық шығарды: «Түріктер – құтырған қауым, қымс етсе шекарамызға шабуыл жасайды. Оның үстіне ит пен қой сияқты тау мен даланың сай-саласынан өріп шығады. Бірақ солтүстіктегі бекініске жауаптанған Жаңру сол қарақшыларды тежеді. Адамы аз, тек олардың жүзден біріндей ғана болса да, күндіз-түні қырағылық жасап, тұс-тұстан келген шапқыншыларға төтеп берді. 14 мəрте шайқасқа кіріп, жауларын беттетпей жеңді. Шапқыншылардың көпшілігі мəңгі қайтпастай боп иен далада жайрап қалды. Найзаның қымы мен қылыштың жүзінен аман қалғандары зəре-құтынан

айырылып, қайтып беттеместей болды. Егер Жаңру аса бір ержүрек, ерекше елшіл болмаса, əскері айтқанын екі етпей, аз адаммен көп жауды күйретіп, мұндай ұлылықты қайтіп жасайды? Жаңруға бұл ерлігі үшін биік мəртебе, мол сыйлық берілуге тиіс. Сондықтан оған аға баған деген мəртебе жəне оның бір баласына лауазым берілсін. Оның соғыста құрбан болған қолбасылары мен əскерлеріне бұрынғы лауазымына үш дəреже қосылсын, мұнымен олардың перзенттері игіліктенсін». Сол жылы Жаңру Ниңжоуға дуанбасы болып тағайындалды, артынша Фужоуға дуанбасы болып ауысты. Кейінірек шешесінің қайтыс болуына байланысты міндетінен босады. Жаңру тумасынан опалы жан еді. Аза кезінде ол бес күн бойына нəр татпады, ауыр қайғыдан денсаулығы нашарлады, бұдан Көктің ұлы да қатты алаңдады. Аза мезгілі толған соң Жаңру Шяңжоуға төбенай болып тағайындалып, үш дуан мен алты бекініске қолағалық істеді. Ғұндар онан жасқанып, шекара бекіністеріне шапқыншылық жасай алмады. Кейінірек науқастануы себепті міндетінен босатылды. Соңынан тағы да Шяңжоуға төбенай болып тағайындалды. Сонан араға екі жыл салып Лəнжоуға төбенай болып ауысты. Хулардың шапқыншылығынан сақтану үшін, Гаузу Ляңжоудағы төбенай Гуло, Юанжоудағы төбенай Юан Бау, Лиңжоудағы төбенай Хыро Иларды аттандырғанда, бұларды да Жаңрудың қолбасшылығына тапсырды. Жаңру қосын бастап Келентаудың солтүстігіне, батыста Барыскөлге дейін шарлап, луларды кезіктіре алмай кері қайтты. Жаңру кейінірек Шиңжоуға төбенай болып ауысып, 36 дуанға қолағалық істеді. Гаузу оған: «Жяңлиң – аса маңызды жер, мемлекеттің оңтүстік қақпасы. Бүгін оны өзіңе тапсырып отырмын, енді алаңсызбын», – деді. Арада бір жылдай уақыт өткенде ол дүниеден қайтты. Марқұм болғаннан кейінгі аты «Уей» (айбаткер) болып бекітілді. Оның ұлы Даши Хау да-йе жылдарында (605–616) көлік кіші уəзірі деген мəртебе-мансаптар алды. ХЫЛОУ ЗЫГƏН Хылоу Зыгəнның жанама аты – Уəншоу, Дəй ауданынан. Кейхуаңның 1 жылы (581) Зыгəнға Жюйлудың арда сұлтаны деген лауазым берілді. Сол жылы тұйғұндар Ляңжоуға шапқыншылық жасады. Зыгəн жорық төбенайы деген салауатпен аға баған Юан Шенің қолағалында тұйғұндарға мықтап соққы берді. Зыгəнның шайқастағы үлкен ерлігін марапаттау есебімен патша жарлық шығарды. Шекара аймақтың тынышсыздығынан алаңдаған Гаузу ендігі жерде Ляңжоуды сақтауды Зыгəнға бұйырды. Келесі жылы түріктер Лəнжоуға шабуылдады. Зыгəн қол бастап оларға қарсылық көрсетті. Қалқа тауында бұлар қарақшылармен кезікті. Зыгəн қарақшыларды өзенге келтірмей бекіне соғысты. Қарақшылар жасағы бірнеше күн бойына су іше алмады. Олар əбден қалжырағанда, Зыгəн өз əскерімен қуа соғып оларды күйрете жеңді. Сарай сол байланыспен Зыгəнды аға тайсеңүн етіп тағайындады... Сол жылы түріктер шекара бекіністеріне тағы да шабуыл жасады. Жорық төбенайы ретінде қарсы соққы беруге Доу Рұңдиңмен ұшарласқан Зыгəн басқа бір бағытпен келіп, қарақшыларды талқандап, олардан мыңдай адамды шығындады. Гаузу марапаттау есебімен жебеңгер жанайдар Цау Уейды жарлықнама жеткізіп, хал сұрауға жіберді. Зыгəн сарайға зиярат ету тілегін білдірді. Жам арқылы келіп зиярат етуіне пəрмен берілді. Осы аралықта тұйғұндар шекара аймақтарға шабуыл жасап, батыс тараптағы ел-жұртты сан дүркін шапты. Зыгəнға жазалау жорығына аттануға жарлық шықты. Ол жам арқылы Сарыөзеннің батыс тарапына өтіп, бес дуанның лəшкерімен олардың еліне тұтқиыл шабуыл жасап, ер-əйел болып түмен шақты адамын қанға бөктіріп, 20 күннен кейін кері қайтты. Лұңның (Гəнсудың) батыс аймақтарындағы ел-жұрттың жиі-жиі шабылуы Гаузуды қатты алаңдатты. Ол араның əдетінде қыстақ түрінде отырықтану жоқ еді. Сондықтан Гаузу Зыгəнға тосын жағдайлардың алдын алу үшін ел-жұртты қала-қамал салып, егістік жерлер ашып, астықты көп өндіруге жұмылдыру жөнінде жарлық шығарды. Осыған орай Зыгəн былай деп датнама жазды: «Бұл арада қарақшылар шабуылы болып тұрғанымен, ерте ме, кеш пе олар бəрібір жойылады. Бұл жөнінде алаңдамауымызға əбден болады. Қазір бұл арада мен бармын. Мұнда бүкілдей жарлығыңыз бойынша емес, мүмкіндіктерге қарай іс жүргізуіме тура келетін сияқты. Оның үстіне адамы аз, жері көп, шекарасында тыныштық жағдай орнамаған Лұңның жəне Сарыөзеннің батыс аймақтарында жаппай егін салудың да жөні келмейді. Менің байқауымша, тың ашып егін салған жерлерде түсім төмен, шығын көп, осылайша еңбек еш болып жатыр. Тіпті соңында салған егін шапқыншылықтардың аяқ астында қалады екен. Сондықтан тың ашып, егін салу жөніндегі жарлығыңызды қуатсыз етсеңіз. Əмбе Лұңның батысындағы бұқараларымыз мал бағып тіршілік етеді, оларды бір жерге қоныстандырамыз десек, көңілдері тіпті орнықпайды. Біз барлау жұмысын тиянақты қолға алсақ, оларға жасақ жинатып отырамыз ба? Менің жолдың маңызды-маңызды тораптарында сақтықты күшейтуіме жəзет беріңіз. Қарауылдарды тұрлармен тұтастыра алсақ қана, бұқарамыздың бытырап қоныстануына алаңдамасақ болады». Гаузу оның айтқандарымен санасты. Көп ұзамай лулар Минжоу, Таужоу дуандарына шабуыл жасады. Зыгəн əскер бастап тізгін ұшымен барғанда, оның келе жатқанынан хабар алған қарақшылар қашып кетті. Зыгəнның шекара өңірінің жағдайына қанық екенін ескерген Гаузу оны Юйгуанға төбенай етіп тағайындап, 10 бекіністің лəшкеріне қолағалық жасатты. Арада бір жылдай уақыт өткен соң Юнжоуға дуанбасы болып тағайындалды. Хулар онан өте сескенуші еді. Бірер жылдан кейін Түріктің Оңғыл бастаған пырқасы қой, жылқыларын сыйға тартып, бағыну тілегін білдіріп елші жіберді. Зыгəнға жорық

төбенайы ретінде Солтүстік-батыс бағыттан барып оны қарсы алуға жарлық шықты. Бұл сапардан оралған Зыгəнға Юнжоу төбенайы деген шен берілді жəне түріктер сыйға əкелген 100 жылқы мен 1000 қой да оған сыйлық етілді. Бұл туралы жарлықта: «Терістік қақпамызға қарауыл болғаныңыздан бері ел шеті орнықты. Соның үшін Түріктің əкелген қой-жылқысын сізге сыйлыққа беруді лайықтадым» делінген. Кейінірек шешесінің қазасына байланысты ол міндетінен босады. Бірақ Юйганның аса маңызды бекініс екенін ескерген сарай көп ұзамай оны жұмысқа қайта шақырды. (Кейхуаңның) 14 жылы (594) Зыгəн міндетін атқарып жатқан кезінде алпысқа қараған шағында науқастан қайтыс болады. Гаузу оның қазасына ұзақ уақыт қайғырды, азасына 1000 топ торғын, 1000 ху астық салды. Оны Хуайжоу, Уейжоулар қосылған төрт дуанға дуанбасы деп таныды. Марқұм болғаннан кейінгі аты «Хуай» (ұмытылмас) болып бекітілді. Шен-мəртебесіне ұлы Хылоу Шəнжу мұрагерлік етті əрі ол өз алдына Чян-əн аймағына бас уəли деген мансаптар алды. ШЫ УƏНСҮЙ Шы Уəнсүй Жиңжау аймағының Дулиң ауданынан. Оның əкесі Шы жиң Жоу əулеті тұсында Цаңжоуға дуанбасы болған. Уəнсүй жастайынан қайсар, ержүрек, атқа мықты əрі мерген, қағылез болып өсті. Соғыс жағдайындағы кітаптарды оқуға құмар, бал ашуға кəдімгідей жүйрік еді. 15 жастағы кезінде (Солтүстік) Жоу мен (Солтүстік) Чи əулеттері Маңшəн тауында соғысты. Уəнсүй де əкесі бастаған əскердің қатарында болды. Екі тараптың лəшкері өзара аңдысып тұрған тұста, Уəнсүй қасындағы əскерлерге үстіндегі пырандарын ауыстырып, топтан дереу сытылып шығуға бұйрық берді. Ұзамай Жоу əулетінің лəшкері ойсырай жеңілді. Əкесі оның дарынына төтенше қайран қалды. Уди патшаның заманында (561–577) жай қарашадан сыпай азнауыр болып өсті. (Солтүстік) Чи əулетін тыныштандыру шайқасында оның əкесі қайғылы қазаға ұшырады. Уəнсүй ардагердің баласы санатында ордагер санаттас үштік болып көтерілді əрі оған тəйпиң кіші сұлтаны деген лауазым берілді. [...] Эржи Жи бұлғақты жоспарлағанына байланысты өлім жазасына бұйырылды. Бұл іспен қатыстылығы байқалған Уəнсүй мансабынан алынып, шекарашы жай əскер қатарында Дахатаға жер аударылды. Бұл бекіністің атаманы палуан бітімді батыр жігіт еді. Ол үнемі Түрік ұлыстарын жалғыз шауып, қой-жылқыларын барымталап, көп олжамен оралып тұратын. Түріктер қанша көп болса да, оны тоқтата алмайтын. Ол мейлінше асқақтап Уəнсүйды сан мəрте тілдеп қорлады. Уəнсүй мен ешкімнен кем емес едім ғой деп бұған қатты арланушы еді. Бекініс атаманы сынау үшін əтей оған шауып бара жатып ат үстінде нысана атуға бұйрық берді. Оның құралайды көзінен ататындығын байқаған атаман: «Жарайсың!» – деді жылы шырай көрсетті. Уəнсүй одан садағымды алып, атпен барып түрікті шауып келсем деп тіленді. Бұл сапарынан да ол көп мал барымталап тез оралды. Сонан бастап əлгі атаман оны жанынан тастамай ертіп жүретін болды. Бұлар Түріктің жеріне неше жүз лиге дейін ішкерілеп кіріп, оларды жиі шауып тұрушы еді. Осылайша бұлардың даңқы Теріскей рейлерге кең жайылды. Доу Рұңдиң патша жарлығымен түрікке аттанғанда, Уəнсүй оған қызмет етуге дайын екендігін білдірді. Оның атақ-даңқын көп естіген Рұңдиң оны қуана қарсы алды. Сонан түріктерге елші жіберіп: «Əскеріміздің өзара қырылыстыратындай не жазығы бар? Екі жақ жекпе-жекке өз батырын шығарсын. Қай жақтың батыры жеңсе, сол жақ жеңген болсын», – деді. Түрік көсемі бұл ұсынысты қабылдады да, бір батырын жекпе-жекке шығарды. Рұңдиң онымен сайысуға Уəнсүйды шығарды. Сонан Уəнсүй алғашқы тебінмен Түрік батырының басын алып оралды. Сонан соғысуға жүректері дауаламай түріктер түгел шегінді. Бұл еңбегі үшін Уəнсүй аға санаттас болып көтерілді əрі арбалы-аттылар сеңүні болды. Чын əулетін тыныштандыру шайқасында Уəнсүй тағы да ерлік көрсетіп, аға ордагер болып көтерілді. [...] Кейхуаңның соңғы жылы Түрік Тарду қаған шекара бекінісімізге шабуыл жасады. Патша Жин ханы Гуаң мен Яң Суға Лиң-удан, Хəн ханы (Яң) Ляң мен Уəнсүйге Ма-идан жорық жасауға жарлық шығарды. Уəнсүй баған Жан Диңхы, тайсеңүн Ли Юеуаң, Яң Ичындарды бастап шекарадан əрі Дажин тауына барғанда лулардың жасағына кездесті. Тарду қаған тың тыңдауға жіберген елшісінен: «Сүй əулетінің қолбасшысы кім екен?» – деп сұрады. Ол: «Шы Уəнсүй», – деп жауап берді. Түріктер: «Дахатадағы қорғаныс əскер болған Шы Уəнсүй ме?» – деп сұрады. «Ия, сол», – деп жауап берді елші. Мұны естіген Тарду тіксініп, жасағын кері шегеріп тайып тұрды. Уəнсүй өз қолымен өкшелеп, 100 шақты ли жерге барғанда қуып жетті де, түріктерді талқандап неше мың адамының көзін жойды. Сонан қуғыншылар шөлге жүздеген ли ішкерілеп барғанда, жаулар тұс-тұсына шашырап жоғалды. Шы Уəнсүйдың ерлігі асса өзіме тиімсіз болар деп ойлаған Яң Су Уəнсүйге: «Бағын болған түріктерге, оның үстіне шапқыншы емес, мал баққан бейкүнəларға айқұлақтанды» деп жала жапты. Осылайша оның еңбегі еленбей қалды. Уəнсүй бұл туралы неше мəрте датнама жолдаса да, оның бұл айтқандары патшаның құлағына кіріп шықпады. Бұл тұста патша Рыншоу сарайынан астанаға енді ғана оралып, мұрагер патшазаданың мəртебесін жойып, оның шығыс сарайдағы сыбайластарын түбірінен анықтап алу ісімен айналысып жатыр еді. Патша: «Уəнсүй қазір қайда?» – деп сұрады. Іс жүзінде ол сол кезде сарайдың өзінде жүр еді. Патшаның ызалы қалпын байқаған Яң Су сол орайда: «Уəнсүй шығыс сарайға кетті?» – деп шамдандыра

шағыстырып үлгерді. Оның бұл сөзіне сенген патша Уəнсүйды алдына шақыртты. Сол кезде Уəнсүй бастаған қолбасылар мен əскерден неше жүз адам еңбектері елеусіз қалғандықтарын айту үшін сарайға жиылып қалған еді. Уəнсүй оларға: «Бүгін патша ағзамға ерліктеріңізді баян етемін, іс қалайда шешіледі», – деп патша құзырына келіп жүгінді. Ол қолбасылар мен əскерлердің ерлігін жəне мұны сарайдың тұншықтырып отырғанын баяндады. Патшаның тоқтауына көнбей, өз сөзін өршелене дəріптеді. Бұған шамырқанған патша қасындағы дүбірлеріне бұйрық беріп, сол жердің өзінде-ақ оның үнін өшіріп жер жастандырды. ДУ ЯН Ду Ян – Юнжұң ауданынан. Əкесі Ду Жян Гы Рұң бүлігінен үркіп, Бин деген жерге барып қоныстанды. Ду Ян жастайынан ержүрек, өжет, атқа мықты жəне мерген болып өсті. (Солтүстік) Жоу əулеті тұсында-ақ мансапты болып, алғашқыда сол жанақ азнауыр деген шен алды [...] Кəйхуаңның алғашқы жылында Дəнжоуға дуанбасы болып тағайындалып, лауазымы сұлтан болып көтерілді. Алты жылдан кейін сол қол қаһарлы тоқсауыл сеңүн болып ауысты. Чын əулетін тыныштандыру соғысында жорық төбенай ретінде Шин-и сұлтаны Хəн Чинның қолының өкшесін баса шеру жасады. Сонан Нəнлиңге барғанда қарақшылардың дария жағасындағы тосқауылына кезікті. Ду Ян олардың тосқауылын талқандауға санаттас Фəн Зыгəй бастаған сайлауыт əскерді аттандырды. Бұлар алты жүздей кеме олжалады. Сонан Сонардариядан өтіп, Нəнлиң қаласына шабуылдады да, оны алып, Чын əулетінің сол арадағы бекіністі сақтауға жауапты қолбасы Шюй Жиды тірі қолға түсірді. Осыдан кейін Шинлинге барып, Хəн Чинның қолымен тоғысты. Чын əулеті тыныштандырылғаннан кейін Ду Янға 5000 топ түрлі кездеме, 6000 дəн астық сыйлыққа берілді. Оның үстіне баған болып тағайындалып, баласы Ду Бау-əнға Чаңяң кіші сұлтаны деген лауазым лайықталды. Гау Жыхүйдың бұлғағы кезінде Ду Ян тағы да жорық төбенайы тұрғысынан Яң Судың қолағалығын да оны жазалауға аттанып, басқа бағытпен Жяңжоудағы қоршауды бұзды. Гау Жыхүйдың жасағының қалған бөлігімен топталып алып, қолайлы жылға-үңгірлерге бекініп ұстауға тырысты. Ду Ян оларға су айдынынан жəне құрлықтан шабуылдап Жиңшəн, Яңфу, Ро жəне Шыби деген бекіністерді тартып алды да, жаудың қалған күшін жойып, атамандарын түгел көр құштырды. Соңында бүлікшілерден Ли То бірер мың адаммен Пыңшəн тауына бекініп қарсыласты. Ду Ян оларды да талқандап, Ли Тоның басын сарайға жіберді. Іле-шала Шюйжоу, Ифың үңгірлеріне шабуылдап, жауды тып-типыл етті. Соның үшін сарай оған сыйлыққа 100 шақты құл мен күң берді. Хұңжоуға төбенай болып тағайындалып, атақ-даңқы өсті. Осыдан бір жылдан аса уақыт өткенде Юнжоу төбенайы Хылоу Зыгəн дүние салды. Патша оның қазасына ұзақ қайғырды. Ол нөкерлеріне: «Юйлин пат шалығымыздағы маңызды бекініс. Оны сақтап тұра алатын Хылоу Зыгəндай адамды енді қайдан табар екенбіз?» – деді. Сонан араға бірнеше күн салып, патша: «Меніңше, Юйлинді сақтап тұруға Ду Яннан лайықты адам табылмас», – деді. Сөйтіп Ду Ян Юнжоуға төбенай болып тағайындалды. Түріктер шапқыншылық жасап келсе, қолға түскеннің басын ала берді. Солтүстіктегі рейлер бұдан қатты сескенді, ешкімі шекара шеніне аяқ баса алмайтын болды. Осыдан бірнеше жылдан кейін сарай оның бұрынғы-соңғы ерліктерін ескеріп, баласы Ду Баучянға Чыңшян кіші сұлтаны деген лауазым сыйлады. (Кəйхуаңның) 18 жылы (598) Ляудұң соғысы бұрқ етті. Ду Ян жорық төбенайы санатында Хəн ханы (Яң Ляңмен) бірге Йыңжоуға барды. Патша Ду Янның соғыс ісіне жетік екенін ескеріп, 50 алайды соған басқарту жөнінде жарлық шығарды. Бұл реткі жорықтан оралғаннан кейін оны Шожоуға төбенай етіп тағайындады. Түріктер Юнжоуға тағы да шапқыншылық жасады. Патша олардың жолын кесу үшін Яң Суды жіберді. Осыдан кейін патша түріктердің лаңының алдын алу үшін түріктер сескенетін Ду Янды Юнжоуға төбенай етіп қайта тағайындады. Көп ұзамай науқастанып астанаға оралды да, алпысқа қараған шағында дүние салды. Оның баласы Ду Баучян да-йеның соңғы жылы Уынчың аймағына шобан болып тағайындалды. ДУАН УЫНЖЫН Дуан Уынжын Бейхəй аймағының Жиюан ауданынан. Ұлы əкесі – Дуан Шоу Уей əулеті тұсында Цаңжоуға дуанбасы болған, əкесі Дуан Уей (Солтүстік) Жоу əулеті тұсында Таужоу, Хыжоу, Гəнжоу жəне Уейжоу – осы төрт дуанға дуанбасы болған [...] (Кəйхуаңның) 19 жылы (599) түріктер шекара бекінісіне шапқыншылық жасағанда (Дуан) Уынжын жорық төбенайы санатында оларға қарсы аттанды. Сонан Уо-йеда Тарду қағанға кездесіп, оларды талқандады. Уынжын бұрын Уаң Шыжимен əмпей үлпет болған. Алғашқыда Уынжын солтүстікке жорыққа аттанғанда Уаң Шыжи оған түйе жəне ат сыйлады. Кейінірек ол қайтып оралғанда Уаң Шыжи істі болып, өлім жазасына бұйырылды да, оның досы деп қаралған Уынжынның ерлігіне марапат рəсімі жасалмады. Соның келесі жылы ол хулардың шабуылынан алдын ала сақтану үшін Лиңжоу бағытынан қол бастап шығып, жау кезіктіре алмай кері қайтты. Юешидағы бұратаналар бүлік шығарғанда Уынжын соларды жаныштады, ерлігі үшін оған сыйлықа 200 құл-күң берілді. Рыншоудың алғашқы жылы (601) Жяжоудағы лулар бүлік шығарғанда Уынжын жорық төбенайы болып оларға қарсы аттанды. Қосын таудың тар қысаңына кіргенде қарақшылардың тосқауылына кезігіп, екіге бөлініп қалды да, біріне бірі

көмек бере алмай ойсырай жеңілді. Сонан Уынжын торғайдай тозған əскерін қайта жинап, бейғам жатқан жерінде қайта тап беріп, оларды ақырында талқандады. Уынжын тумысынан ешкімнен төменмін демейтін өр кеуде адам еді. Бір кезде қосын Ижоуда ерулеп жатқанда Уынжын Шу ханы (Яң) Шюға амандаса барған, бірақ тым елпілдеп кетпеген еді. Осыдан Яң Шюдың көңілінде дық қалып еді. Мына орайда ол Уынжын қосынды ажал аузына айдап апарып бекер қырды деген шағым түсірді. Оң қол атарман Су Уейдың да Уынжынмен арада қайшылығы бар еді. Ол да бұған жала жапты. Осылайша Уынжын міндетінен алынды. Тек Яң Шюдың хандық мəртебесі күшін жойғаннан кейін патшаға ақтауын сұранып датнама жазды. Гаузу көңілін аулап оған тайсеңүн деген лауазым берді. Көп ұзамай ол Лиңжоуға төбенай болып тағайындалды. Яңди таққа отырғаннан кейін ол Жасақ бөлім санаты болып ауысты да, шахналық үлкен қамқорлыққа кенелді. Тұйғұндарға қарсы аттанғанда Уынжын əскери қосынның қатарында Қарлы тауға бекінген бөлімді басқарып, 300 лидей жерге созылған шеп құрды да, шығыс тарапында Яң Ичын, батыс тарапында Жаң Шоу тізе қосып, тұйғұндардың билеушісін Фуюанчуанда қамады. Осы ерлігіне байланысты санаткер абыз болып тағайындалып, лауазымы көтерілді. Яңди патша Жяңдуды тексере барғанда Жяңду аймағының əкімшілік істерін басқаруды да Уынжынға тапсырды. Уынжын Гаузудың өз заманында Түріктің Қымын қағанына Ұлы Қорғанның іш жағынан қоныс сайлап, ханшаны əйелдікке ұзатқанын, сыйлықты үзбей беріп тұрғанын көзбен көрді, да-йе жылдарының басынан бері сыйлықтың бұрынғыдан да көбейтілгеніне куə болды. Сонан ол Түрік қағанының дүниеқор тойымсыздығы патшалығымызға түбінде пəле болар деп ойлап, патшаға былай деп датнама жазды: «Естуімше, ертеде қиырлықтар жақындағыларға, рейлер хуашялықтарға соқтықпайды екен. Жоу шюан (Уаң) нұмдар мен тиектерді сыртқа қағыпты, Чин патшасы түмен лиге созылған қорған тұрғызыпты. Осындай алыс болашақпен санасатын орайлы жоспарды естен шығаруға əсте болмас. Қазір патшалығымыз Қымынды қанатының астына алып, жасағын азықтүлікпен қамдап, жер игілігіне дейін беріп отырғанына куəміз. Өзімнің шолақ толғамыма бақсам, бұлай істеу тым лайықты емес сияқты. Қалайша десеңіз, Рей-тиектер – тумысынан безбүйрек обырлар. Олар əлсіз кезінде бізді паналағанымен, азырақ күшейсе көз алартып шыға келеді. Бұл – олардың табиғаты. Пақырыңыз білімді кемеңгер емес, сұңғыла көреген де емес. Тек Жин əулеті тұсындағы Лю Яу мен Ляң дəуіріндегі Ху Жиңның істерін естігенім бар. Таяу заманғы оқиғалардың осыны айғақтағаны да əмбеге аян. Менің байқауымша, ол патшалығымызға келешекте залал болмақ. Пақырыңыздың ақылына салсаңыз, оны дер кезінде Ұлы Қорғанның сыртына шығарып тастау керек. Сосын тұрларды тұтастырып, шекара қорғанысын мейлінше мықтау қажет. Бұл сан ықылымдарға жауап бере алатын ұтымды тəсіл болып есептеледі». Сол кезде əскер билігі жасақ басқауылы Ху Сыжыңның қолында еді. Оның зымияндығын жақсы білетін Уынжын елеулі құпияға саятын əйдік билікті оған ұстатуға болмайды деп санап, патшаға талай мəрте ескертті. Бірақ патша оның сөзіне құлақ аспады. Ляудұң соғысы дүмпігенде сол жанақ тоқсауыл тайсеңүн деген шен беріліп, ол Нəнсу бағытынан жорыққа аттанды. Жол-жөнекей қатты науқастанып, патшаға былай деп датнама жазды: «Төмендегі қораш басымды жоғары шығардыңыз, замандастарыма бұйырмаған марапатқа жəне мəртебеге кенелттіңіз. Ештеңе тындыра алмасам да, мəнпағадан кенде болмадым. Сондықтан өзіме жасалған шахналық шексіз шапағатыңызға түменнен бірі болса да, қарымжы қайтарсам деп мал мен құл орнында жарғақ құлағым жастыққа тимей қызмет етуге пейілді болып келемін. Бірақ дұрыс күтіне алмай, науқасымды асқындырып алдым. Өзімді мазалап жүрген кейбір жайттарды жер астына өзіммен бірге мəңгі ала кетсем, қапылдығымда шек болмас деп, жетесіз көзқарасымды аз да болса шиырып қалмақпын. Пақырыңыздың бағамдауынша, ляудұңдық жексұрындар қатаң жазаға қайыл емес. Қиырдан алты алайды төгіп, жорыққа өзіңіз аттанарсыз. Бірақ Рей-тиектер қоян бұлтаққа кəнігі, олардан айрықша сақ болыңыз. Олар ауыз жүзінде бағынамыз дегенмен, ділінде бір сұмдығын ойлап тұрады. Айла-шарғысы өте көп. Бағындым дегендерін бет алды қабылдай бермеңіз. Қазір су деңгейі төмендеді. Қосынымыз енді кідірместен əр бағыттағы бөлімдерге түн қатып, су айдыны жəне құрлықпен тоқтау сыз ілгерілеп, жауға бейғам жатқанында тосыннан тап беруге қатаң жарлық шығарыңыз. Сонда оқшау қала Пхеньянды басып ала аламыз. Егер Пхеньянды алып, олардың түп-тамырына балта шаба алсақ, басқа қалалары өзінен-өзі жөнге келеді. Ал дер кезінде тыныштандыра алмай, күзгі ақ жауынға қалсақ мықтап кесірге тап боламыз, əскерлеріміздің азық-түлігі таусылады. Алдымыздан тегеурінді жау шығып, ту сыртымыздан мүркеттер келіп қыспаққа алады. Əрі-сəрілік жақсы ақыл емес». Сөйтіп ол бірнеше күннен кейін жорық жолында қайтыс болды. Оның датнамасын оқыған патша бек қайғырды. Осылайша оған санаткер абыз, санаттың оң қол атарманы, Бейпиң бегі деген лауазымдар берілді. Марқұм болғаннан кейінгі аты «Шяң» (демеуші) болып бекітілді. Сарай тарапынан азасына 1000 топ түрлі кездеме, 2000 дан астық салынды. Салтанат шерушілері оның сүйегін қабір басына дейін ұзатып апарды. ФƏН ЗЫГƏЙ Фəн Зыгəйдың жанама аты – Хуазұң. Лужяң ауданынан. Үлкен əкесі Фəн даузы – Ляң əулетіндегі Юежоуға дуанбасы, əкесі Фəн ру Ху Жиңның бүлігі кезінде (Солтүстік) Чи əулеті жағына өтіп, Рынжоуға дуанбасы болған [...]

(Да-йеның) 11 жылы (615) патшамен (Яңдимен) Фыняң сарайына барды. Янмынға келгенде патшаны түріктер қоршауға алды. Оларға қарсы жасалған сан реткі қимыл сəтсіз аяқталды. Осылайша патша сайлауыт атты əскермен қоршауды бұзып шықпақшы болды. Зыгəй былай деп насихат айтты: «Тақсыр, сіз қарайған қауымның иесісіз. Ондай жеңілтектік істеуге бола ма? Алда-жалда оқыс жағдай болса, бұл орны толмас өкініш қой. Онан да жаудың тегеурінді күшін тежеп, жетіттердің келуін тосқан жөн шығар. Жауға патша басыңызбен өзіңіз шабатындай не күн туды?» Сонан ол көз жасын төгіп тұрып тағы да былай деді: «Тақсыр, уақытша болса да Ляудұң соғысын тоқтатып, ел-жұртыңыздың алғысына бөленіңіз, еліңізді аралап əлеуметтің көңілін аулаңыз. Нəпақаны молайтыңыз, қарашаңыз уайымнан арылып, аз күнге болса да есін жисын». Патша оның ұсынысын қабылдады. Соңынан жетіттер келіп қалды да, лулар зытып берді. Аға жандар Су Уей сыйлық тым көп, оны қайта қарау қажет деген уəжді айтқанда, Зыгəй айтқан сөзде тұруды көп дəріптеді. Патша онан «Жақсы аттанғың келе ме?» – деп сұрады. Зыгəй жауап беруге жүрегі дауаламай үнсіз қалды. Сонан ол патшаға ілесіп Шығыс астанаға келді. Сол тұста Жяңжюн аймағынан шыққан Жиң Пəнто, Чəй Баучаң бастаған қарақшылар өз алдына сан түмен жасақ ұстап Фыняң, Жиняң өңіріндегі ел-жұртты қатты күйзелтті. Патша Зыгəйға соларды аластау туралы жарлық шығарды. Қалың қауым алдында Зыгəй кімнің дос, кімнің жау екенін айыра алмай, Фыншұй өзенінің солтүстігіндегі қыстақ біткенді бірін қоймай өртеді. Осылайша үріккен бейкүнə жұрт қарақшыларды сағалады. Олар берілгендерді кəрі демей, жас демей түгел тірідей жерге көмді. Бірнеше жыл соғысып қарақшыларды сан түмен əскермен жоя алмаған соң, оны астанаға қайтарып əкетті. Ол яңнан шыққан бүлікшілерге де қарсы жорық жасады. Арада науқастанып қалды да, бұл ісінен нəтиже шығара алмады. Сонан астанадағы тұрағында 72 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Патша оның қайғысына көп қайғырды жəне сарай жанауылы Пей Жюйдан: «Зыгəй көз жұмар шағында не айтты?» – деп сұрады. Пей Жюй: «Зыгəй ауруы əбден меңдеткен кезде патшаның Янмында қоршауда қалғанына əлі арланамын», – деді деп жауап берді. Патша бұл сөзді естігенде ауыр күрсінді. Барша ұлыққа оның қазасына аза тұтуды бұйырды. Азасына сарай атынан 300 топ торқа, 500 ху күріш атады. Мəртебесін ордагер санаттас үштік деп таныды. Марқұм болғаннан кейінгі аты «Жиң» (арай) болып бекітілді. Жерлеу салтына 10 мыңнан астам адам қатысты. ЯҢ ИЧЫН Ян Ичын Дəй ауданынан. Асылындағы науғысы – Юйчы. Əкесі – Юйчы Чұң (Солтүстік) Жоу дəуірінде санаттас тайсеңүн боп, əскерімен Хыңшəн тауын ұстап тұрды. Бұл кезде Гаузу Диңжоуға төбенай еді. Юйчы Чұң Гаузудың бітімін ұнатып, онымен жиі барыс-келіс жасады. Гаузу оны өзіне жақын тартты. Гаузу бас уəзір болғанда, Уей Жюң бүлік шығарды. Юйчы Чұң онымен аталас болғандықтан, өзін абақтыға жапқызып, сарайға адам жіберіп қылмысына кешірім сұрады. Гаузу оған хал сұрап хат жазды. Оны жам көліктерімен сарайға алдырып, үнемі өз жанында ұстады. Кəйхуаңның алғашқы жылында Юйчы Чұңға Чиншиң кіші сұлтаны деген лауазым лайықталды. Арада жылдан астам уақыт өткенде ол жорық төбенайы Даши Жаңрудың қолағалығында Жоупəнға барып түріктерге шабуылдап, шайқаста қазаға ұшырады. Сонан ол сарай тарапынан тайсеңүн, Юйжоуға дуанбасы болып танылды да, Ичын əке лауазымына мұрагерлік етті. Бұл кезде Ичын сарай бағымындағы бала еді. Кəмелет жасына келмей жатып бірнеше жыл қылышкер тоқсауыл болып, көптеуіл деген міндет атқарды. Шахналық сыйлықты да көп алды. Патша жай əңгіме арасында ескі достарын еске алғанда Ичынға қарап ұзақ күрсінетін. Сондықтан ол мынадай жарлық шығарды: «Жаратушының қалауымен тақ басына алғаш келгенімде қарақшы тобырлар əлі толық тыныштандырылмаған еді. Аймадет ардагерлерді ұмыта алмаймын. Уей Ичын мен Уей Жюң асылында туыс қой. Уей Жюң Йечыңда бүлік шығарғанда мұның əкесі (Юйчы) Чұң Чаңшəнда қосынға қолбасы болып тұрған. Ол Уей Жюңмен көрші десе – көрші, туыс десе туыс еді. Сəттілік пен кереғарлықтың жөніне жетік, тағдыр мен адамның қалауын жыға танитын болғандықтан, ол өзінің адал жүрегін паш етті. Қарақшылармен байланысты болып қалуына алаңдап, өзін-өзі тұтқын етіп уəзіриятқа апаруды сұранды. Солтүстіктегі рейлер шапқыншылық жасағанда жауға қарсы шауып, əділдік үшін басын бəйгеге тігіп, қан майданда қаза тапты. Оның адамгершілігі өлім мен өмір тартысында сыналды, оның ерлігі тірілерді де, əруақтарды да ризалады. Оған қандай биік мəртебе, мол сыйлық берілсе де, оның лауазымы ұрпағынан ұрпағына мирас болуына жағдай жасалса да, бұлар оның қарағайдай қайсарлығын əспеттеуге, əулетімізге деген адалдығын марапаттауға татымас еді. Ичынның əулет есімі былайғы жерде Яң болсын, оған үш түмен тізбек жармақ, 30 ху арақ, 100 худан күріш жəне бидай сыйлық берілсін. Оның өзі Яң əулетінің шежіресіне енгізіліп, патша – менің тумалас немерем болсын». Көп ұзамай ол Шянжоуға дуанбасы болып тағайындалды. Ичын өз ісіне ұқыпты, əулетке адал еді, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дəл тигізетін мерген еді, қолағалыққа жарарлық дарыны бар еді. Сондықтан ол патшаға қадірлі болды. Осыдан кейін Түрік Тарду шекара бекіністеріне шапқыншылық жасады. Ичын жорық төбенайы санатында аттылы-жаяулы үш түмен əскермен Ақбелдеуден аттанып, қарақшылардың тобына кезікті. Шайқаста түріктер ойсырай жеңілді. Екінші жылы түріктер шекарамызға тағы да шабуыл жасады. Янмын, Ма-и өңірлері қатты шабылды. Ичын оларға қарсы аттанды, лулар Қорған сыртына қашты. Ичын оларды қуып,

Дажин тауына барғанда олармен бетпе-бет келді. Бұл тұста Тəйпиң сұлтаны Шы Уəнсүйдың қосыны да келіп үлгерді. Ичын мен Уəнсүй тізе қоса қимылдап луларды ойсырата жеңді. Шы Уəнсүй Яң Судың қастандығымен өлтіріліп, Ичынның ерлігі де соған байланысты есепке алынбады. Риншоудың алғашқы жылы (601) Ичын Шожоуға төбенай болып тағайындалып, сыйлыққа шахналық сауыт-сайман берілді... ПЕЙ ЖЮЙ Пей Жюй, жанама аты – Хұңда. Сарыөзеннің шығыс алабындағы Уынши ауданынан. Ұлы əкесі – Пей Та Уей патшалығында əділет санаты болған. Əкесі Пей нажы Солтүстік Чи патшалығы мұрагер патшазадасына жанайдар болған. Пей Жюй жөргегінде жетім қалды. Ол талапты, жазып-сызуға құмар болып өсті. Алғыр да ақылды еді. Əкесінің ағасы Пей Раңжы оған: «Ерекше зейінділігіңе бақсам, түбі адам боласың-ау деймін. Бірақ жұрт сұрайтын ұлық болуың үшін дүние істері жайынан білім алуың қажет», – деді. Сонан Пей Жюй сол кездегі ауқымды істерге назар аудара бастады. (Солтүстік) Чи патшалығының Бейпиң ханы Гау жын Сыжоуға дуанбасы болғанда Пей Жюйды жасақ мекемесіне шабарлыққа шақырды. Сонан кейін Гаупиң ханына тəлімгер болып жұмыс атқарды. Пей Жюй сол орнынан (Солтүстік) Чи патшалығы жойылғанша ауыспады. Гаузу Диңжоу дуанына төбенай болып тағайындалғанда Пей Жюйға хатшы бек деген міндет берді əрі жақын тартып өте құрмет көрсетті. Ол шешесі қайтыс болғанда бұл жұмыстан қол үзіп қалды. Гаузу уəзір бола, уəзірліктің хатшылық жұмысына қатыстыру үшін оны шақыртып кісі шаптырды. Гаузу патша болып тақ басына келгенде, ол сарапкер болып өсті де, жанайдарлардың маңызды-маңызды жұмыстарын басқарды. Чын əулетіне қарсы аттанғанда бас сардарға хатшы бек болды. Дəн-яң қаласы алынғанда Жин ханы Яң Гуаң Пей Жюйға Чын əулетінің карталары мен деректемелерін жиғызды. Соның келесі жылында патша оны Лиңнəн бұлығына əкім етіп тағайындады. Ол жолға шығып үлгермей Гау Жыхүй, Уаң Уынжиндердің бүлігі бұрқ етті. У, Юе өңірлерінде жол жабылып қалды. Патшаның Пей Жюйды аттандыруы қиын еді. Пей Жюй кідірмей жүрейін деген тілегін білдірді. Патша рұқсатын берді. Нəнкаңға барғанда мұның тобына бірнеше мың əскер қосылды. Сол тұста Лилердің қолағасы Уаң Жұңшюан Гуаңжоуға қауіп төндірген үстіне, аламан сардар Жоу Шыжюйды Дұңхыңжоуды қоршауға жіберіп еді. Пей Жюй тайсеңүн Лу Юанмен тізе қоса отырып оларға тап берді. Қарақшылар бір-біріне жəрдем жасау үшін көп жерді қашалап Даюйлиңге бекінген еді. Пей Жюй жаудың шебін тас-талқан етті. Зəресі ұшқан жау Дұңхыңжоуды тастап, Юанчаңлиңге барып паналады. Пей Жюй Юанчаңлиңдегі жауларды да талқандап, Жоу Шыжюйды жер жастандырды. Ілешала Оңтүстік теңіз тараптан əскер төгіп, Гуаңжоуға жəрдем берді. Күйрей жеңілген Уаң Жұңшюан жанын қоярға жер таппай тайып тұрды. Пей Жюйдың қарауындағы бұлықта 20 шақты дуан бар еді. Сүй патшалығының түзімі бойынша мансап беріліп, ағамандарынан дуанбасы мен əкімдер тағайындалды. Бұл істерден патшаға мəлімет жасалды. Дəн риза болған патша хал сұрау үшін оны сарайға шақыртты. Патша Гау Жюң, Яң Суларға: «Уей Гуаң 20 мың əскермен Юйлиңнен күн ілгері аса алмай, оның əскері аздық етер деп көп алаңдап едім. Пей Жюй онан-мұнан жиылған үш мыңдай əскермен Нəнкаңға дейін ұрыс салып барды. Осындай қызметкерім тұрғанда, мен неден қамығамын!» – деді. Пей Жюй соғыста сіңірген еңбегі үшін ордагер болып тағайындалды жəне Уыншидың кіші сұлтаны деген лауазым, 2000 топ торғын-торқа сыйлық алды. Кейінірек Санақ бөліміне жанауыл болып жұмыс істеп атқарды. Одан кейін көп ұзамай ішкі баған жанауылы болып ауысты. Бұл кезде түріктер мықтап күшейген еді. Толұм қағанның жұбайы Көшелі ханша (Солтүстік Жоу əулетінен) Юйуын Жаудың қызы еді. Ол шекара бекіністеріне жасалған көп реткі шапқыншылыққа себепші болды. Кейінірек Көшелі ханшаның өзінің бір хумен көңілдес екені байқалып, мұны Жаңсүн Шың бірінші болып əшкереледі. Пей Жюй Юйуын ханшаны жазалау мақсатында Толұмға елші болып баруға тіленді. Патша оның өтінішін қабыл алды. Ол айтқанына жетіп ханшаны өлтірді. Осыдан кейін Толұм қаған мен Төле қаған сөз біріктіріп көтеріліс жасады да, шекара бекінісіне сан мəрте шапқыншылық жасады. Патша Тəйпиң сұлтаны Уəнсүйды жорық төбенайы етіп тағайындап, оны Диңшяңнан аттануға жарлық шығарды. Пей Жюйды жорық зұрғаны етіп тағайындап, оған қорғанның сыртында Тарду қағанды талқандауды бұйырды. Шы Уəнсүй (сарайда) өлтірілді. Пей Жюйдың ерліктері де естелікке алынбады. Патша Пей Жюйды бағынғанына ұзақ болмаған Қымын қағанның көңілін орнықтыруға жіберді. Астанаға қайтып оралғаннан кейін Пей Жюй санаттың сол шобаны болып тағайындалды. Сол жылы патшайым Уыншян дүние салды да, жөрелгі мүшір патшалық жосықты білмегендіктен, Пей Жюй мен Ню Хұң «Чи əулетінің салттары» деген кітапты пайдалана отырып, жерлеу рəсімдерін дайындады. Кейінірек лауазым бөлімінің жанауылы болып ауысты да, міндетіне лайықты жұмыстар тындырды. Яңди патшалық құрғанда Лояңды Шығыс астана етіп, сарайды сəулеттендіру жұмысын Пей Жюйға тапсырды. Ол бұл міндетті 90 күнде орындап шықты. Сол кезде Батыс өңірдегі əрменелердің дені Жаң-йеға керуен жіберіп, Кіндік қағанатпен сауда жасаушы еді. Патша Пей Жюйға сол жердегі істерге бас-көз болу туралы жарлық шығарды. Пей Жюй патшаның алыс аймақтармен арадағы қарымқатынасты нығайтқысы келетін ойын жақсы білетіндіктен, Жаң-йеға келген керуенші хуларға амалдап өз елдерінің тұрмыс-салтын, жерсу жағдайын айтқызу арқылы «Батыс өңірдің суретті естелігі» деген

үш бумалы кітап жазып, оны кейінірек сарайға тапсырды. Оның алғы сөзінде былай делінеді: «Естуімше, Юй тоғыз дуанның суларын тізгіндегенде Сарыөзеннен алған жарманы (каналды) Жишыдан асыра алмапты. Алты елді өзіне қосып алған құдіретті Чин патшалығы да қорғаныс тоспасын Линтауға дейін ғана жеткізіпті. Ал Батыс өңірдегі əрмене хулар 40 темірдің қылауы əрі қиян-шетке қоныстанған халық болғандықтан, оларға салттық үлгілер оңай жетпейді. Заң-жарлықтар мен мағрипат өнегелері де там-тұмдап қана таралады. Хəн əулеті көркейіп, Сарыөзеннің батысындағы аймақтар ашылғаннан кейін ғана оларға атақ берілді. Алғашқы 36 ел кейін келе ыдырап 55 хандық болды, оларды билеуге қолайлы болу үшін аламанбасы жəне басқақ тағайындалды. Бірақ бұл хулар бірде бағынса, бірде бүлік шығарып арада талай соғыс дүмпіді. Соңғы Хəн заманына келгенде бұл мансаптар біртіндеп жойылды. Дадуаннан бергі елдердің түтін санын шамалап білгенімізбен, əр елдің жер-су аймағының аталымы жоқ. Науғы-илат, тұрмыс-салт, киім-салым жəне түрлі байлықтары жөнінде мүлде дерек-естелік жоқ. Оның үстіне əулеттер аумасқан, дəуір озып алыстаған ықылым сəтіндегі жазалау жəне қосып алу жорықтарына байланысты олардың кейі көркейді, кейі жойылды. Кей жерлерде ежелгі халық қазіргіше ат алды, кей кісілер асылындағы руға тəн болмаса да, бұрынғы кездегі атқа мұрагер болып қалды. Сонымен қатар ұлыстық қауымдар аралас қоныстана келе шекараларында да өзгеріс болды. Нұмдардың, тиектердің тілі басқабасқа болғандықтан, жағдайды толық анықтаудың өзі де шынында қиын еді. Ұдұнның солтүстігінен Көгарттың шығысындағы жерлерде бұрынғы əулеттердің жылнамаларындағы анықтамаларда 30 неше ел болды делінсе, кейінірек жойыла-жойыла олардан ондай ел ғана елдігін сақтады. Басқаларының қиранды жұрты ғана қалғандықтан, оларды естелікке алудың шарасы табылмады. Патша көктің қалауы бойынша күллі ғаламның асыраушысы ретінде хəндіктер мен Төрт рейді бір-бірінен оқшауландырмай, төрт теңіздің арасындағы ел-жұртты түгел тəрбиелеп санатқа қосты. Жел жүйрік жеткен, күн жарығы нұрландырған өңірлердегі ұлыстар жер мойны қаншалық қашық болса да сарайға көпшір төлеп, таралғы тартуға елші жібермегені жоқ. Мен оларды қабылдадым, шекара бекіністердегі сауда жағдайын бақылап ұғыстым, дестір жəне жазба баяндар қарастырып, хулармен сұхбаттастым. Күмəнді істерге кезіккенде əр түрлі пікірдегі адамдардың пікірлеріне құлақ қойдым. Олардың киім-салым, əлпеті бойынша хан-қарашаларына дейін түр-түрпетін, іс-қимылын кес кіндемелік жолмен өрнектеп, «Батыс өңірдің суретті естелігін» үш бумаға бөліп жаздым. Онда 40 төрт ел естелікке алынған. Мұның сыртында карта сызып, маңыздымаңызды айрықша көрсеттім. Онда Шичиңның қиырынан Солтүстік теңіздің оңтүстігіне дейінгі көлденеңі мен ұзыны 20 мың ли келетін иен өңір қамтылды. Бұл өңір, межелеуімше, ежелден керуенші ірі саудагерлердің көп шиырлаған жері. Сондықтан əр елдің жағдайының олардан қағыс қалғаны жоқ. Дегенмен кей иен, кереғар өңірлердің жағдайын асығыс жүргендер бірден игере алмайды. Соның үшін ойдан қиыстырғаннан гөрі осындай айтпай кеткенді жөн деп білдік. Ал екі Хəн əулеті тұсында Батыс өңір бекет болды да, іркес-тіркес мемлекеттер құрылып, ондаған түтіннің өзі ел делінді. Олардың аты болғанымен, атына заты сай емес еді. Қазір түтін санағына 1000 шақты отбасы кіріп отыр. Олар батыс теңізге мүдделі, жерінен құнды ғажайып заттар өндіріледі. Ал тау сағалаған халықтардың елінің аты жоқ. Ұсақ ұлыстарға келсек, олардың дені естелікке алынбады. Дахатадан шыққанда батыс теңізге апаратын үш жол бар. Əр жолдың өз жүлгесі сайрап жатыр. Солтүстіктегі жол И-уды, Барыскөлдегі телек ұлыстарын, Түрік қаған жерлерін басып, Сырдария арқылы Пұрұмға, онан Батыс теңізге апарады. Орта жол Гаучаң, Агни, Күсəн, Шəліктерді басып, Көгарт асуынан асып, онан Перғана, Шутршна (Ұратөбе), Каң елі, Кебұт, Қай, Кіші Бұхара, Мургаш елдері арқылы Парсыға, онан Батыс теңізге апарады. Оңтүстік жол Пышамшан, Ұдұн, Чұғұпан, Каванталарды басып, онан Көгарттан асып, Уақан, Тохар, Абдал, Бамиян, Газни (Ягуда) арқылы Теріскей Брахманға, ең соңында Батыс теңізге апарады. Жоғарыда айтылған үш жолдың бойындағы елдердің əрқайсысы өзді-өзіні жолымен оңтүстік-солтүстік болып бірбірімен қарым-қатынас жасайды. Шығыс Қыз елі, Күнгей Брахман елдері барар жеріне сол бағытпен жүріп отырса, бəрі де өз бетімен бара алады. Мұнан И-у Гаучаң, Пышамшандардың – Батыс өңірдің қақпасы екенін, тоғыз жолдың торамы Дахата бүкіл Батыс өңірдің көмейі есепті екенін аңғарамыз. Патшалығымыздың құдіреті мен шарапаты, қолағалар мен лəшкерлеріміздің ерен ерлігі арқасында Мыңсы кешуінен өту, алмауыт - пен Құрымнан асу оп-оңай іске айналды. Сонда біз ала алмайтын, бара алмайтын жер болсын ба! Түріктер мен тұйғұндар бірі – қияндарды, бірі хуларды билеп, солар ғана бізге кедергі болуда. Əрменелер жөнелткен таралғылар сарайға жетпей жатыр. Ал қазір Батыс өңір дің саудагерлері тартуларын құпия жеткізіп, сарайға бағынышты бодан ретінде өтеу ниеттерін білдіріп келеді. Патшамыздың мейір-шапағаты күллі адамзатқа жетіп, бүкіл жер жүзін рақымына бөлеуде. Біз иландыра біліп, біраз нəпақа жеткізсек, олар сөзсіз бағынады да, тыныштық орнайды. Сондықтан мен патша құзырынан соғысуды емес, елші жіберуді өтінер едім.Тек əрменелеріміз ырқымызда болса, тұйғұндар мен түріктерді жоюымызға əбден болады. Мен патшалығымыздың нұмдар мен бүкіл Хуашяны бірлікке келтіретін сəт сағаты жетті деп білем! Егер естелікке ешбір жағдай патшамыз атынан жазылмаса, онда оның айбынды ақылияты мұратына қалай жетпек». Бұл датнаманы оқыған Яңди патша қатты қуанып, Пей Жюйға 500 топ торғын кездемені сыйлықа берді. Əр күні Пей Жюйды құзырына шақырып, Батыс өңірдің ахуалын сұрап ұғысты. Пей Жюй əрмене

хулардың асыл кенішке кенендігін марапаттай келе, тұйғұндарды өзімізге оп-оңай қосып аламыз деп мəлімет жасады. Яңди патша бұған мəз болып, Батыс өңірмен қарым-қатынас жасау, Төрт рейді бірлікке келтіру ісін түгелімен соған тапсырды. Санақ бөлім жанауылы болып жұмыс бастағанша, ол тағы сарай жанауылы болып ауысты. Патша батыстағы əрменелердің сарайға қол тапсыру ісін ұйымдастыру үшін Пей Жюйға Жаң-йеде тұруға жарлық шығарды. Ол барған соң 10 шақты елдің адамы сарайға келді, (Яңди заманы) да-йеның 3 жылы (607) патша Хыңюе деген жерге тасаттық беруге барғанда, бұлар да келіп құрбандық шалысты. Патша Сарыөзеннің Батыс өңірін өз көзімен тексерерде Пей Жюйға Дахатаға алдын ала бару жөнінде жарлық шығарды. Пей Жюй Гаучаң ханы Чюй Бо-я мен И-удың тұдыншадтарына мол сыйлықпен елші жіберіп, олар ды сарайға қол тапсыруға насихаттады. Патша батыстағы аймақтарды көруге барып Еншітауға шатыр тіккенде Гаучаң ханы, И-у шады жəне батыстағы əрменелерден 20 жеті елдің билеушісі жолдың сол жағына келіп арнайы амандасты. Патша оларға асыл бұйымдарын тағынып, үлде мен бүлдеге оранып, Шяң тұтатып музыка ойнауды, əн-би думанына қатысуды бұйырды. Сондай-ақ У-уей, Жаң-йе аймағындағы дегдарларға наз бикелерімен сəнді киініп салтанатқа қатысуға жарлық шығарды. Нəтижесінде тамашаға келушілердің керуені 10 шақты ли жерге созылып, Кіндік қағанаттың салтанаты ереуіл етілді. Патша халықтың сəн-сəулетін көріп айрықша қуанды. Ақырында тұйғұндар талқандалды да, ел іргесі мыңдаған лиге кеңейді, оны қорғауға қосын тұрғызылып, жыл сайын миллиондаған зат-бұйым жеткізіліп жатты. Бой баққан əрмене елдерден де көпшір тапсырушылар үзбей келіп тұрды. Патша Пей Жюйды бұратана халықты бағындыруға амалы көп деп, күміс таңба шашақты санаткер абыз етіп көрсетті. Сол жылы қыста патша Шығыс астанаға көшті. Пей Жюй сарайға күнгейдегі бұратаналар мен рейлердің сарайға таралғы-көпшір ұсынуына лайықтау есебімен патшаға сарай алдында жəрмеңке базар ашу, əлемдегі ғажайып өнер үлгілерін сарайдың қақпа алдындағы көшесіне тізу жайында ұсыныс берді. Сол тұста үлде мен бүлдеге оранып, алтынмен апталып, күміспен күптелгендердің ұзын саны 100 мыңнан асты. Барша шенділер мен бұқара халыққа мінбеде қатар отырып тамашалауға жарлық берілді. Ел-жұрт тегіс ашық түсті бір киер киімдерін киді. Күрік жалпы айдан аса уақытта аяқтады. Үш қала бойынша дүкендер перде ұстап, ас-шараптың əр түрін əзірлеп қойсын, əрмене елдер ісіне жауапты ұлықтар күнгейдегі бұратаналар мен рейлерден келген саудагерлерді бастап хəндіктермен сауда жасатсын, əрмене жұрттың адамы барған жерлер мол дастарқан жайып, қонақуарлық рай көрсетіп, мейлінше ішіпжегізсін деген жарлық шықты. Сонан əлгі күнгейлік бұратаналар мен рейлер Кіндік қағанат нағыз əулиелердің елі екен деп алқады. Пей Жюйдың адалдығына тəнті болған патша Юйуын Шу мен Ню Хұңға бұрылып: «Пей Жюй көңілімдегіні табады. Оның датнамасындағы айтылған іс көбіне менің енді істейін деген ісім болып шығады, оны жариялағанымша Пей Жюй айтып үлгереді. Еліме бүкіл ынтапейілімен қызмет етейін деген ниеті болмаса, ол қайтіп осылай істей алады?» – деді. Патша И-уда қамал салуға Шюе Шышюң сеңүнді жібергенде, Пей Жюйға онымен бірге барып тəртіптеу жұмысын істеуді бұйырды. Пей Жюй Батыс өңірдегі елдерге: «Көктің ұлы əрмене халықтың сауда жүргізуіне жер мойны тым қашық деп, осы И-удан қамал салғызып жатыр» деп насихат айтты. Сонан бұл жөн іс екен деп, олар бұларды екіншілей мазаламады. Ол қайтып оралғанда 400 мың шақа берілді. Пей Жюй датнама жолдап араға іріткі салу жолымен Шағырды Чориға құпия қайрап салу ұсынысын көтерді. Бұл іс «Батыс түрік баянында» айтылды. Кейінірек Чори Шағырдың мəжбүрлеуімен сарайға қол тапсыруға елшісін жіберді. Төтенше қуанған патша Пей Жюйға сусар ішік жəне Батыс өңірден əкелінген біраз асыл бұйымдарды сыйлыққа берді. Патша Ұлы Қорғанның солтүстігін көзбен көргенде Пей Жюй ере келді. Патша Қымын қағанның шатырына түсті. Осы кезде түріктермен тіл табысу мақсатында корейлер оларға алдымен елші жіберді. Қымын бұл істі жасырып қалуға батпай, оны патшаға алып келді. Сол байланыспен Пей Жюй былай деп кеңес айтты: «Корей – асылында Гужу елі, Жоу əулеті тұсында ол Чизыға иелік ретінде берілді. Хəн əулеті кезінде үш аймаққа бөлінді. Жин əулеті заманында Ляудұңға бірікті. Қазір сырт тартып, боданбыз деген сөзді айтпайтын болды. Соның үшін марқұм болған патшамыз бұларға өшігіп, едəуір уақыт жазалау жорығын жасады. Бірақ Яң Ляңның босаңдығынан жорықтар нəтижесіз аяқтады. Тақсыр, осындай орайлы сəтте ұлағатты істі орындамай, өркениеттің ырысты өлкесін жабайылардың билеуіне неге тастап береміз? Ал қазір Корейдің елшісі түріктерге қол тапсырып Қымынға амандаса келіпті. Бұлардың бүкіл ел-жұртымен бағын болып отырғанын көріп отырғанда корейлер патшалығымыздың құдіретінен қалайда жасқанады да, кейін бағынғандардың алдымен жойылатындығын ойлайтын болады. Егер оларды сарайға қол тапсыруға зорлап көндіре алсақ, онда мақсатымызға жеткен боламыз». Сонда: «Не істейміз?» – деп сұрайды патша. Пей Жюй: «Олардың елшісімен сөйлесуді маған тапсырыңыз. Оларды босатып еліне жіберейік, олар патшаларына сарайға қол тапсыруға шапшаң келсін деген жарлығыңызды жеткіз сін. Олар көнбей жатса, түріктермен барып олардың шаңырағын өзім-ақ ортасына түсіремін», – деді. Патша бұл ұсынысты қабылдады. Кейінірек Гауюан жарлыққа аспаған соң, сонда ғана Ляудұңға жорық жасау жоспары қарастырылды. Қосын Ляудұңға барғанда, (Пей Жюй) өзінің бұрынғы мансабымен бірге жарақты нөкер сардар міндетін атқарды. Келесі жылы ол қосынмен бірге Ляудұңға тағы барды. Содан кейін Жасақ бөлім жанауылы Ху

Сыжың Корейге қашып кетті де, патша Пей Жюйды қосымша жасақ ісін басқаруға жауаптандырды. Ілгерінді-кейінді Ляудұңдағы бірнеше реткі шай қасқа қатысқандықтан, ол оң қол санаткер абыз болып көтерілді. Ол кезде сарай тəртібі босаң болды да, ұлықтар қиянатқа көбірек баратын еді. Бекзада тоқсауыл сол жанақ тайсеңүн Юйуын Шу, ішкі баған жанауылы Юй Шыжи ерекше тəртіп бұзды. Сарай ұлықтарының дені пара алумен аты шулы болып жатты. Сондай жағдайда Пей Жюй ғана пəктікті сақтап, жаман аты шықпағандықтан, оны жұрт дұрыс бағалады. Пей Жюй Жожюн аймағына қайтып оралғанда Яң Шюангəн бүлігін енді ғана тыныштандырған патша оған Луңның батысындағы аймақтарды орнықтыруды бұйырды. Осылайша ол Хүйниңге барып, Қарсана ұлысынан хал сұрап, Күл Тарду шадты тұйғұндарды шабуға қайрап салды.Олардың мал-жанын олжалай-олжалай бұл ұлыс біртебірте байыды. Пей Жюй қайтып келіп сарайға бұл жайды хабарлады. Патша оны барыншы марапаттады. Соңынан Пей Жюй қосынмен бірге Хуайюан бекінісіне барды. Патша оны солтүстіктегі əрменелер жасағын жамғаруды бұйырды. Шібір қағанның ұлысының күн санап күшейіп келе жатқанын байқаған Пей Жюй олардың күшін ыдырату үшін Шібірдің інісі Шегір шадқа шахналық жамағаттан бір қыз жəне Күнгей қаған деген атақ беруді патшаға ұсыныс етті. Шегір шад оны қабылдауға батылдығы жетпеді. Бұдан хабардар болған Шібір (патшалыққа) біртіндеп жауыға бастады. Пей Жюй патшаға тағы да былай деді: «Түріктер – ақымақ халық, олардың арасына іріткі салу оп-оңай. Тек олардың арасында хулардың залым бір тобы бар. Түріктер қулық-сұмдықты солардан үйреніп жүр. Естуімше, бүкіл арамзалықты ойлап табатын Шыжуғасет дейтін біреу бар екен. Шібір оны жанындай жақсы көретін. Рұқсат берсеңіз, мен соны шырғалап өлтірер едім». Патша «Рауа!» – деді. Осылайша Пей Жюй Шыжуғасетке хабаршы жіберіп: «Көктің ұлы Ма-и базарына өте көп асыл бұйым салып, əрмене жұрттың айырбас саудасына жағдай жасамақ. Неғұрлым бұрын келгендер оның таңдаулыларын ала алады», – деп сəлем айтты. Пайдаға бой ұрған Шыжуғасет бұл сөзге сенді де, Шібірге айтпай, өз ұлысының адамдарын бастап, сауданың бірінші кезегіне ілінуі үшін сататын малдарын айдап түн қатып жүріп кетті. Ма-иға тосқауыл қойған Пей Жюй сол арада оны шырғамен өлтірді. Шібірге мынадай жарлық жолдады: «Шыжуғасет қағаннан іргемді бөлдім, мені қабылдаңыздар деп өз ұлысының мал-жанын алып маған келген екен. Түріктер менің боданым екен, ін ішінен ін қазуға жол бермеймін, бұл істі сəйкесе отырып шешерміз. Қазір оның көзі жойылды. Соның үшін бұл істі кісі шаптырып арнаулы мəлімдеп отырмын». Бұл жағдайлардан хабар алған Шібір сарайға елші жіберуін тоқтатты. (Сүй Яңди заманы) да-йеның 11 жылы (615) патша аң аулап солтүстік аймақтарға барғанда Шібір 100 мың атты əскермен Янмында патшаны қоршауға алды. Патша мəслихат алып тұру үшін Пей Жюй мен Юй Шыжиға əр күні сарайда қонуды бұйырды. Янмындағы қоршау босағаннан кейін Пей Жюй патшамен бірге Шығыс астанаға қайтты. Шағыр қағанның немере інісінің бастауындағы батыстағы əрмене хулардың елшілігі сарайға тарту-таралғы əкелді. Оларға қонақасы беру Пей Жюйге бұйырылды. [...] Юйуын Хуажидың бұлғағы кезінде Пей Жюй сарайға баруға ерте бет алып, көшенің қақпасына келгенде бірнеше көтерілісшілерге кезікті. Олар Пей Жюйды мінген атымен араларына салып отырып. Мың Жиңның тұрағына алып келді. Көтерілісшілер: «Бұл іске сарай жанауылы Пей Жюйдың қатысы жоқ», – деп шулады. Көп ұзамай Юйуын Хуажи 100 шақты адаммен осы араға келді. Пей Жюй оған тағзым етіп амандасты. Хуажи бұған оң лебіз білдірді əрі Пей Жюйға салт бойынша Чин ханының ұлы (Яң) Хауды патша көтеруді бұйырды. Сонан Пей Жюй аға жандар ретінде Хуажимен бірге Сарыөзеннің солтүстігіндегі аймақтарға барды. Хуажи бұйрықтан озып таққа отырғанда Пей Жюй санаттың оң қол атарманы əрі санаткер абыз болып тағайындалды, оған Цəй ел-сұлтаны, Хыбей бұлығының аға жебеуілі деген шен де берілді. Юйуын Хуажи жеңіліс тапқанда Пей Жюй Доу Жянды тарапынан тұтқындалды. Бірақ Пей Жюй Сүй əулетінің көне көз мүшірінің бірі болғандықтан, оған үлкен қамқорлықпен мəміле жасады. Оны қайтадан Лауазым бөлімінің санаты етті. Іле-шала ұлықтарды саралау, дəрежелеу ісіне жауаптандырып, санаттың оң қол атарманы етіп ауыстырды. Доу Жянды қарақшыдан шыққан, жөн-жосықты білмейтін адам еді. Пей Жюй оған шахналық низам дайындап берді. Қазан айының ішінде ереже-түзім негізінен, дегдар патшаның заманындағыдай, төрт тұрманы түгел күйге келтірілді. Бұған Доу Жянды мейлінше риза болды. Ол маңызды істерде Пей Жюйдан кеңес алып отырды. Доу Жянды Сарыөзеннен өтіп, Мыңхəй сұлтанын жазалауға аттанғанда, Мижоуды қорғап тұру үшін Цау Дəндармен бірге Пей Жюй да қалды. Доу Жянды У-лау деген жерде ойсырай жеңіліп, қолағалар қай жаққа шығарын білмей дал болды. Осы кезде Цау Дəнның зұрғаны Ли Гұңян мен Ұлы Таң əулетінің жаушысы Уей Жыңдар Цау Дəн мен Чи Шəншиңге (Ұлы Таң əулетіне) бағыну туралы насихат айтты. Цау Дəндар олардың насихатын қабыл алды əрі Пей Жюй арқылы əулеттерден əулеттерге ауысып келе жатқан қас тасынан (нефриттен) ойылған таңбаны Уей Жың мен Ли Гұңяндарға тапсыртты. Осылайша Шяушəн тауының шығыс жағындағы жерлер түгелімен Ұлы Таң əулетіне қарады. Пей Жюйға сол атеке лауазымы берілді. Кейінірек бөкеуіл, Санақ бөлімінің санаты болып міндет атқарды.

ТЕРІСКЕЙ ТИЕК ТҮРІК Түріктердің арғы аталары Пиңляңда тұрған кірме хулар еді. Олардың əулет есімі – Ашына. Соңғы Уей əулетінің патшасы Тəй-у сақаларды жойғанда, Ашына 500 отбасымен нөнелерге кірімтал болды да, Алтынтауды мекендеп темір қорытумен шұғылданды. Алтынтаудың пішіні дулығаға келіңкірейді. Дулыға «түрік» деп те аталады. Сондықтан бұл олардың аты болып қалды. Былай деп те айтады: олардың арғы аталары Батыс теңіздің жоғарғы жағында мемлекет құрып еді. Кейінірек оны көршілес мемлекеті талқандады да, адамдарын ерəйел, кəрі-жас демей түгел қырды. Тек бір ер баланы өлтіруге қимай, аяқ-қолын кесіп иен далаға апарып тастады. Бір қаншық қасқыр үнемі ет əкеліп беріп тұрды, соны өлжал еткен бала өлмей аман қалды. Кейін келе ол қасқырмен жақындасып, оны буаз қылды. Көршілес мемлекеттің ханы бұл баланы өлтіруге қайта жіберген адамы баланың қасынан шықпайтын əлгі қасқырды байқап, оны да өлтірмекші болды. Сол тұста əлгі қасқыр құдіретше қалықтап отырып теңіздің шығыс жағына келіп тоқтады да, бір тауға келіп түсті. Бұл тау Гаучаңның солтүстік-батысына тура келуші еді. Қасқыр оның астындағы үңгірге кіріп, онда аумағы 200 лидей келетін шалғынды кең жазыққа кезікті. Осыдан кейін қасқырдан 10 ұл туды. Солардың біреуінің əулет есімі Ашына еді. Өте ақылды болғандықтан, елі оны хан көтерді. Тегін ұмытпайтындығын білдіру үшін ол бөрі басы айшықталған туын қақпасына іліп қойды. Ақын шад деген адам өз ұлысын бастап, таудағы үңгірден шығып нөнелерге бағынды. Тай Ябғұның заманына келгенде бұлардың тұқымы мықтап күшейді. Соңғы Уей əулетінің ақырғы кезінде Елетміш қаған əскерлерімен телектерге жорық жасап, оларды күйрете жеңіп, 50 мыңдай отбасын өзіне қаратып алды. Сонан кейін нөнелерден қыз айттырмақшы болып араға жаушы салды. Бұған бұлқан-талқан болған нөнебасы Анагүй елші жіберіп, оған тіл тигізді. Елетміш қаған бұл елшінің басын алып, жасақтарымен нөнелерге қарсы аттанды. Нөнелер жеңіліс тапты. Елетміш қаған өлген соң, оның орнына інісі И қаған таққа отырды. Кейінірек ол да аурудан қайтыс болды. Оның орнына баласы Шатуды емес, інісі Сідіні таққа отырғызды. Ол Мұқан қаған деп аталды. Мұқан қаған батыр да ақылды адам еді. Ол нөнелерге тағы да шабуылдап, оларды жойды. Батыста абдалдарды талқандап, шығыстан қытандарды қуды. Солтүстіктегі нұмдар мен тиектер оған түгел бағынды. Осылайша олар Кіндік қағанатпен үзеңгі қағыстырды. Кейінірек Батыс Уеймен күш біріктіріп, Шығыс Уейға шабуыл жасап Тəйюанға дейін келді. Олардың салты: мал шаруашылығымен шұғылданады, тұрақты қонысы болмайды, судың тұнығын, шөптің сонысын қуып көшіп отырады. Күмбез пішінді киіз үйлерде тұрады. Шаштарын жайып, шапанын солға қарай түймелейді. Ет жеп, ақ ішеді. Теріден тігілген, жүннен тоқылған киім киеді. Қарттарды сыйламайды, қару-қайраты барларды қадірлейді. Ұлықтарының үлкені – ябғұ, одан кейін гісі – шад-тегін, одан кейінгісі – елтебер, одан кейінгісі – тұдынбер. Барлығы төменгі шенділермен қосқанда 28 дəреже. Олар бұл шенге мұрагерлікпен ие болады. (Қару-жарақтан) мүйіз нақышты садақ, ысқырма оқ, сауыт, найза, қылыш, семсер бар. Атқа мықты, садақ тартуға шебер. Таби ғаты – жауыз. Жазуы жоқ. Ағашқа кертілген белгі куəлік етіледі. Жорыққа немесе барымтаға шығу үшін айдың толуын күтеді. Олардың заңында бүлік жасағандар, кісі өлтіргендер өлім жазасымен жазаланады. Зинақорға ақтау жазасын жəне белін үзу жазасын бұйыра ды. Көз шықса, айыпты қызын береді. Егер қызы болмаса, бір əйелдің құнын төлейді. Ал дененің басқа бір мүшесін зақымдаса, онда жылқы төлейді. Ұрлаушы сол ұрлаған нəрсесінің құнын 10 есе етіп қайтарады. Өлген адамның мəйіті киіз үйге жайғастырылады. Үй ішіндегілер мен жақын туыстары құрбандыққа мүйізді ірі қара, жылқы шалып, дауыс сала үйді айналады. Теміртекпен беттерін жыртады, қан мен жас қосыла төгіледі. Жоқтау рəсімін жеті реттен кейін аяқтайды. Содан кейін күннің сəтін таңдап, мəйітті атының үстіне қойып өртейді де, сүйек күлін жиып алып жерге көмеді. Қабір басына белгі ретінде қада орнатылады. Оның үстіне үй тұрғызылып, (үйдің) ішіне өлген адамның бейнесі жəне оның тірі кезінде өткерген шайқастары баяндалған суреттер салынады. Ол бұрын бір адам өлтірген болса, онда бір тас қойылады. Кейбіреуінде ондай тастар жүзге, тіпті мыңға жетеді. Əкесі, ағасы қайтыс болса, баласы, ағабауырының баласы, бауырлары шешелеріне, жеңгелеріне үйлене береді. Мамырдың ортасында құрбандыққа көп қой жəне жылқы шалады. Ерлері чупу дейтін ұтысты, əйелдері доп ойнағанды ұнатады. Қымызды мас болғандарынша ішеді, дəурігіп өлең айтысады. Жыншайтан дегендерден қорқады, əруақты сыйлайды, бақсыға сенеді. Соғыста өлгенді – даңқ, ауырып өлгенді намыс санайды. Олардың салты жалпы ғұндармен бірдей. Мұқан (қаған) 20 жыл ел биледі. Ол өлгеннен кейін орнына баласы Төремен емес, інісі Таспар қаған деген лауазыммен таққа отырды. Таспар қаған Шатуға Нұр қаған деген атақ беріп, мұқым шығыс жақты билетті. Өзінің інісі Нұқтан қағанның ұлын Бөрі қаған етіп тағайындады, ол батыс тарапта тұрды. Сол кезде Таспардың қол астында бірнеше жүз мың оқшысы бар еді. Кіндік қағанат олардан шынымен именуші еді. Сондықтан Жоу, Чи əулеттері олармен құдаандалық қатынасты сақтау жағында бірінен-бірі кейін қалғысы келмей, өздерінің қазынасын сарқып бітті. Таспар бұған насаттанып, қол астындағыларға: «Күнгейдегі екі ұлым маған адалдығынан айнымаса, еш нəрседен кемдік көрмеймін» деп мақтанушы еді. Чи патшалығында Хүйлин дейтін шырамана бар еді. Түріктер оны тұтқын

ретінде елдеріне алып барды. Ол Таспарға: «Чи мемлекетінің бай əрі күшті болуы олардың будданың жолын ұстануынан», – деді. Оның үстіне ебеп-себеп, випака сияқты адамгершілік қағидаларына саятын діни тағылымдарды ұғындырды. Таспар оның уағызына иланды да, самгхарама салғызды əрі Чи патшалығына елші жіберіп, «Жиңмиң», «Нирвана», «Хуаян» сияқты дестірлер мен «Ондық тыйымдарды» сұратты. Таспар ауыз бекітіп, тыйымдарды орындады, самгхараманы айналып тауап етті, тіпті кейде ішкергі өлкеде тумағанына өкінді. 10 жыл елін билеген Таспар ауруы асқынып өлер шағы болғанда, баласы Əміреге: «Туыстық жақындықта əке мен баладан артығы болмайды деп естуші едім. Ал менің ағам жақыным деп өзінің баласына тартпай, тағын маған беріп кетті. Мен өлсем, сен Төременге жол бер», – деді. Таспар өлген соң, орда біліктері тақты Төременге ыңғайлады. Бірақ оның шешесінің қара тегі халықтан болғандықтан, ел-жұрты оған мойынсал болмай, шешесінің ақсүйектен шыққанын ескеріп, Əміреге көбірек ықылас танытты. Шату бəрінің соңынан келіп, орда ұлықтарына: «Егер Əмірені таққа отырғызсаңдар, онда ағабауырларыммен бірге оған қызмет етемін. Ал егер Төременді таққа отырғызсаңдар, онда мен өз шекарамды сақтап, қымы өткір найзаммен оған төтеп беремін», – деді. Шату өте абыройлы əрі батыр адам еді. Ұлықтар оған қарсы келе алмай, ақырында Əмірені таққа отырғызды. Таққа қолы жетпеген Төремен Əміреге мойынсал болмай, əр кез оған адам жіберіп, тіл тигізіп, қарадай соқтығып тұрды. Оны бағындыра алмаған Əміре тақты Шатуға берді. Орда біліктілері: «Төрт қағанның ұлдарының ішіндегі ақылдысы – осы Шату» деп, оны Ел Күлік шад Баға Ышбара қаған деген лауазыммен таққа отырғызды. Ышбара қаған деп те атады. Ол Түкен тауды мекендеді. Əміре мəртебесі төмендетіліп, екінші қаған деп аталды да, Тоғла суының бойын қоныстанды. Төремен Ышбараға барып: «Мен де өзіңдей қағанның баласымын. Екеуіміз де əке мұрасына ие болуға хақылымыз. Ал қазір сен шексіз құрметке ие болдың, мен ғана мəртебе ала алмадым. Бұл қалай?» – деді. Ышбара онан қауіптеніп, оны Аба қаған етіп тағайындады. Ол (еліне) қайтып барып қарасты қауымын биледі. Ышбара батырлығы арқасында халқынан зор қолдау тапты. Теріскей рейлердің барша жұрты оған бағынды. Гаузу таққа отырған соң, Ышбараға салқын қарай бастады. Теріскей рейлер бұған ызаланды. Дəл сол кезде Йыңжоу дуанбасы Гау Бауниң бүлік шығарды. Ышбара оның əскерімен бірге Линюй бекінісжайын басып алды. Патша олардан сақтану үшін шекара бекіністерін жөндеуге жəне Ұлы Қорғанды биіктетуге жарлық шығарды əрі белді қолбасыларын Южоу, Биңжоу дуандарына аттандырды. Ышбараның əйелі Юйуын Жаудың қызы Мыңділда ханша елі жойылып, төркінінің оты өшкеніне қайғырып, Сүй əулетінен қайтсем кегімді аламын деп ертелі-кеш Ышбараның құлағына ызыңдай берді. Осылайша ол бүкіл халқын аттанысқа шақырды да, жалпы 400 мыңдай əскерді соғыс күйіне келтірді. Соған орай патша баған Фың Юйды Ібір көліне барып орналасуға, Лəнжоу төбенайы Чыли Чаңчаны Линяуды қорғауға, баған Ли Чұңды Южоуға орналасуға, Даши Жаңруды Жоупəнды қорғауға жарлық шығарды. Бірақ бұлардың бəрі лулардан жеңілді. Осылайша Ышбараның жасағы Мушя, Шымын бағыттарынан кіріп, У-уей, Тяншұй, Əндиң, Жиңчың, Шаңжюн, Хұңхуа, Ян-əн аймақтарын шауып, тігерге тұяқ қалдырмай барлық малын айдап кетті. Көктің ұлы бұған бек қапаланып мынадай жарлық шығарды: «Кешегі Уей əулетінің құлдыраған тұсында дүкірт пен зобалаң толассыз кезігіп тұрды. Жоу əулеті мен Чи əулеті өзара қырқысып, хуашялықтардың топырағын бөлшектеді. Түрік лулары осы екі мемлекетпен де қарым-қатынас орнатты. Жоулықтар шығыс тарапынан алаңдап, Чи əулетінің олармен тым тату болып кетуінен қауіпсінді. Чилықтар батыс жағындағы жауынан қауіп қылып, Жоу патшалығының олармен қарым-қатынасының тым жиілеп кетуінен қорықты. Əр екеуі түріктердің қалауы өз мемлекеттерінің амандығына саяды деп есептеді. Əр екі жақтың да қастарындағы үлкен жаудан алаңы болса да, бір жақтың шекарадағы қорғанысын азайтуды көкседі. Халқының күш-қуатын арадағы барыс-келіске тауысты, қазынадағы бар байлығын шөл далаға шашты. Хуашя топырағынан берекет кетіп, пəлекет басты. Бірақ мұнымен олардың тұрлар мен бекіністерімізге бағыттаған шапқыншылығы толастамады. Олар ұлықтарымыз бен халқымызды қырғындамаған ай мен жыл жоқ дерлік. Бұл қылмыстар жинала келе тіптен шектен шығып кетті. Бұл əсте бүгінгі таңда ғана болып отырған іс емес. Мен Тəңірдің бұйрығымен күллі халықты баласындай бағыпқаққан жарылқаушы ретінде қарашаларымның көрген қиянатына аяушылық істеп, бұрынғы келеңсіздіктердің тамырына балта шаппақпын. Халықтан салықты мол жиып, онымен жыртқыштарды жарылқау да жөн емес. Бұлай істеген жақсылыққа олар рақмет айтпайды, қайта халыққа қастығы күшейеді. Мұның өзі көк пен жердің қалауына қайшы. Патшаның да дұрыс жолы емес. Былайғы жерде салтымызды негізге алып, үнем тəртібін қолдану, қазынаны бет алды шашпау, ақысыз тегін еңбек істетуді азайтып, халықтан алынатын салықты жеңілдету, мемлекетке неғұрлым ірку керек. Сондықтан мұнан былай қарақшыларға беріп келген заттарды қолбасшылар мен шеріктерге бергіземін. Əрі-бері сандалған халықты тыныштандырып, егіншілік пен, тоқымашылықпен шұғылдандырамын. Шекараны аластап, жеңіске жетудің межесі көңілімізде сайрап тұр. Жауыз жауларымыз топас, нырайлар болғандықтан, біздің арғы мақсатымызды түсініп жете алмайды. Қазіргі мына мейлінше орныққан күндерді олар əлі де кезіндегі өзара қырқысып жататын алты бақан, ала ауыз кездерге санайтын сияқты. Олардың кешегі өктемдігі, міне, бүгін көкірегімізде кек болып байланып жатыр. Таяуда олар апандарынан өріп шығып, солтүстік шекарамызға шабуыл жасап бақты. Мен оларды бір жолда

жою үшін əскерімді бөлек-бөлек орналастырып, əр жерге тосқауыл қойып, оларды ішкергі өлкелеріміздің жеріне бойлатыңқырамақшы болып едім. Қиыр шекаралық бекіністерде тұратын қосалқы бөлімдеріміздің өзі-ақ оларға сілейте соққы беріп, жеткізбей желкесін қиды. Осылайша оңтүстікке аяқ басуға үлгермей, қайта солтүстікке қашты, сол барыста тең жартысынан астамы оққа жем болып, найзаға ілінді. Жау жақтың атаманы бесеу. Олар – аға-бауыр, əке-көке ара бақталас. Қайшылықтарын сыртқа өздерінше жасырмақшы болады. Ішкі жақта берекесіз. Оның үстіне жəбіршіл қатыгез жандар. Шығыс рейлерді құрап отырған тайпалар оларға ызалы, батыс нұмдар да көптен бері кекті. Ал түріктердің солтүстігіндегі қытандардың бұларға тіпті арыдан азуы басулы. Олар қалайда өздеріне тиімді сəтті күтеді. Тарду қаған Жючюанға шабуыл жасағанда Ұдұн, Парсы, Абдал – үшеуі бірдей бір мезгілде бүлік шығарды. Ышбара таяуда Жоупəнға шабуылдаған да оның қол астындағы бақа, шоғырла ұлыстары да көтеріліс жасады. Өткенде Ликей шадты корейлер мен мүркеттер тас-талқан етті. Саби шад та Қыршы қағанның қолынан қаза тапты. Мұнан (Түрікке) көршілес елдердің барлығының да патшалығымыздың оларды жазалауын құптайтындығын байқауға болады. Олардың билігіндегі бейкүнə халық, барша милат қайғыдан жүректері қан жылап, зұлымдықтан жандары түршігіп, зығырданы қайнауда. Жұмыр басты, екі аяқты пенделердің мұндай тіл бірлігі, діл бірлігі дəл менің көкейімнен шығып отыр. Олардың жерін жұт жайлап, елін қырсық шалғалы қашан, шамасы бір мүшел межесі болса керек. Аң-құс адамша сөйлепті, адам əулиеше сəуе көріпті, олардың барлығы (түріктердің) мемлекеті жойылады дейді екен де, ғайып болып кетеді екен. Əр қыста күн күркіреп, жай түсіп өрт шығады. Барша тіршіліктің су мен шөпке сүйенетіндігі мəлім. Ал былтыр жыл он екі ай бойына олардың жерінде тырс етіп ылғал тамбады. Шегіртке қаптап, шөп күйіп кетті де, жұттан жəне індеттен мал-жанының тең жартысы қырылды. Көне мекендері тулақ сүйрегендей тақырға айналды. Сосын Дешті құмның күнгейіне көшіп барып, біраз уақыт жан сауғалады. Оларды Тəңір қарғаған. Ажал құрығы олардың қыл мойнына ілінді. Қазір Тəңір тілеуімізді беріп отырған ең орайлы сəт. Сондықтан қолбасшыны таңдап, əскерді машықтандырып, азық-түлік, қару-жарақты мол дайындап, жауынгерлерімізді жігерлендіріп, батырларымыздың кегін тасытып, оларды жаудың күлік хандарының басын алып, тəңірқұттарының жонынан таспа тілетін шабытқа келтіруіміз керек. Бұлар торлаған бұлттай тұтаса жөңкілсін, сандарына сан жетпесін. Шығыста телегей теңізге, батыста Құмды шөлге дейін жеңімпаз армиямызды аттандырып, көлденеңді 10 мыңдаған ли келетін аумақ бойынша оларды жердің түбіне дейін сиырып тастау лағзым. Бұл – бейне, Уаң Хүй айтқандай, іріңді жараға садақ тартқандай етсек, қандай жау кедергі болады, алыстағы қандай елдер бағынбайды десейші. Бірақ патшалардың ескі ізі Юдуға ғана барып тіреледі. Онан арғы қағыр даланың бізге қажеті шамалы. Жерін алсаң – мекендеуге болмайды. Халқын алсаң – бəрі-бəрін өлтіруге дəтің шыдамайды. Мүмкіндігінше шығынсыз соғыс салып, теріскейдегі теңізден бергі қиыр аймақты қарата алсақ та жарар еді. Қолбасшыларымыздың бұдан кейінгі əрекеті əділеттілікпен, тəрбиелік мəнмен жүргізіліп, бағынғандары болса – қабылданады, қарсы келгендері болса – табан астында көзі жойылады. Бөтен жер, бөгде салт демей, бізді қолдағандардың бұрынғы өз салтында қалуына жол беріледі. Шекараны мейлінше кеңейтіп, бекіністерді қатаң басқарып, оларды оңтүстікке көз салуға батылын барғызбай, тегеурінді жазамыздан мəңгі айбынатын ету қажет. Осылайша шекарадағы тұрлардың отын өшіріп, соғыс дабылын тоқтатуға мүмкіндік туады. Осылай істегенде уақытша бейнет тартқанымызбен, түбегейлі рахатқа қолымыз жетеді. Рейлер мен тиектерді тежеудің жолы – осы ғой. Сонда олардың өз ұлдарын сарайға ақ үйлі аманатқа беруінің, Уейчяу көпірінде тағзым салтын жасап əуреленуінің қажеті қалмайды. Осы жарлығымды елге жариялаңдар, халқым менің ойымды білсін». Осыдан кейін Хыжян ханы Яң Хұң, баған Ду Лужи, Доу Рұңдиң, сол қол атарман Гау Жюң, оң қол атарман Юй Чиңзы – бəрі бас қолбасшы болып тағайындалып, əрқайсысы өз əскерімен Ұлы Қорғаннан шығып, түріктерге лап қойды. Бұларға Ышбара екі қағанын – Аба жəне Тамған қағандарын бастап қарсы тұрды. Бірақ жеңіліп кері қашты. Осы кезде олардың арасында аштық басталып, астық орнына сүйек талқанын ішті. Оның үстіне індет таралып, көп адамы сонан қырылды. Ышбара батырлығы мен қырбаттығы үшін Абаны қызғанышпен жек көрді. Сол себепті бұрынырақ қайтып, оның ел-жұртын тұтқиылдан шауып,тас-талқанын шығарды да, анасын өлтірді. Қайтып оралған Аба өзіне тұрақ таба алмай, батыстағы Тарду қағанды паналады. Тарду есімі бойынша Темкіт, (əкесі жағынан) Ышбараның немере ағасы болып келуші еді. Ол бұрын батыс тараптың қағаны болатын. Ол бұл іске қатты ашуланып, Абаға əскер беріп, оны шығысқа аттандырды. Абаға бұрынғы өз ұлысынан 100 мыңдай атты əскер келіп қосылды. Осылайша бұлар Ышбарамен арадағы соғысты бастап жіберді. Мұнан тыс, Тамған қаған бұрыннан Абамен тату еді. Ышбара оның ұлысын тартып алып, лауазымын жойғанда, ол да Тарду қағанға қашып барды. Ышбараның немере інісі Тегін шад жеке ұлысты басқаратын. Ол да Ышбарамен араздасып, өз ел-жұртымен Абаға барып қосылды. Осылайша тараптар арасында соғыс толассыз жүріп жатты. Екі тарап та сарайға елші жіберіп бітім жəне көмек сұраумен болды. Патша олардың əр екі тарапының да тілегін қабыл алмады. Осы кезде Мыңділда ханша патшаға датнама жолдап, өзін баласы ретінде қабылдауға өтініш білдірді. Гаузу патша Ышбараға ордагер Шюй Пиңхыны елші етіп жіберді. Осы кезде əскерімен Биңжоуда тұрған Жин ханы Яң Гуаң (түріктердің) берекесіз кезін пайдаланып қалуды ұсыныс етті. Патша оның бұл ұсынысын қабылдамай тастады.

Ышбараның елшісі əкелген датнамада былай делінген: «Ұлу жылының оныншы қыркүйегінде Тəңірден болмыш Ұлы Түрік əлемінің данасы мен ардақтысы Көктің ұлы Ел Күлік шад Баға Ышбара қаған Ұлы Сүй патшасына хат жолдайды. Елшіңіз ордагер Шюй Пиңхы бізге келді. Оның айтқандарын естідім. Екі бөтен ел болсақ та, туыстық ұғым, кісілік сезім барша адамға ортақ. Арамыздағы қазіргі қат-қабат жегжаттық қатынас ұрпақтан-ұрпаққа, мың-мың жылдарға жалғаса бермек. Осы əзірден бастап менің мемлекетімдегі қой мен жылқының бəрі – патшаның малы, ал сіздердің торғын-торқаларыңыз біздің осы аранікі болсын. Арамызда айырма болмайды». Гаузу патша оған мынадай жауап хат жазды: «Ұлы Сүй патшалығындағы Көктің ұлы ұлағатты Түріктің Ел Күлік шад Баға Ышбара қағанына хат жолдайды. Хатыңнан бізге деген зор ықылас ниетіңді аңғардым. Ышбараның əйелінің əкесі болғаным үшін, оның өзін де ұлым деп есептеймін. Сондықтан ежелгі туыстығымызды ескеріп, əдеттегі елшінің үстіне мəртебелі ұлығым Юй Чиңзыны онда қызымды көруге əрі Ышбарамен дидарласып келуге жіберіп отырмын». Ышбара əскерін қатарға тұрғызып, асыл заттарын тізіп, (Юй) Чиңзыны отырып қабылдады. Сырқаттығы себепті орнынан тұра алмайтынығын айтты, оның үстіне «Əкем мен көкемнен бермен ешкімге тізе бүгіп көрмегем» деп қоса ескертті. Юй Чиңзы оны күстаналап, жөн-жосықты түсіндіруге тырысып еді. Мыңділда ханша Юй Чиңзыға: «Қаған қасқыр кібі, көп талассаңыз талап тастайды», – деп сыбырлады. Жаңсүн Шың насихаттап иландырғаннан кейін Шату жарлықнаманы жерге бас қойып қабылдап төбесіне көтерді. Сонан өзі едəуір ыңғайсызданды. Оның маңындағы дүбірлері бір араға ұйлығысып дауыс шығара жылап жіберді. Юй Чиңзы оған тағы да «чын» деп айтуды бұйырды. Ышбара маңындағы дүбірлерінен «чын» деген сөз не мағынаны білдіреді деп сұрады. Олар «Сүй патшалығына чын болу деген сөз біздегі құл болу дегенмен бірдей» деп жауап берді. Ышбара: «Ұлы Сүйдің көк ұлына Юй атарманның арқасында ғана құл бола алдым», – деді. Сонан Юй Чиңзыға 1000 жылқы сыйлады əрі өзінің немере қарындасын қосты. Бұл кезде Ышбараны бір жағынан Тарду қыспаққа алса, екінші жағынан оған қытандар қауіп төндірді. Сондықтан ол арнайы елші жіберіп, өз жағдайының күрт қиындап кеткенін патшаға хабарлап, қарауындағы елдің Дешті құмның күнгейіне табан аударып, Ақбелдеу аңғарына барып уақытша қоныстануына рұқсат сұрады. Рұқсат етілгені жөнінде жарлық шықты. Жин ханы (Яң) Гуаң əскерін бастап оған көмек берді. Оларды азық-түлік, киім-кешекпен қамдады, күйме, дабыл жəне сырнай сыйлады. Бұдан кейін Ышбара батысқа жорық жасады, Абаны күйрете жеңіп, оның өзін тұтқынға алды. Осының арасында Абар елінің адамдары Ышбараның ордасы иен қалған орайда, оның бүкіл үй ішін тұтқынға түсірді. Шахналық қосын Абарларды талқандап, соғыс олжасын түгелімен Ышбараға сыйлады. Бұған Ышбараның бөркі қара қазандай болды. Осылайша келісім шартта Шөлді шекара деп белгіледі. Ол өзінің датнамасында былай деді: «Ұлы Түрік Ел Күлік шад Ышбара Баға қаған боданыңыз Шату дат айтады: бас елші, санаттың оң қол атарманы Юй Чиңзы бізге келді. Жарлықнамаңызды табыс етіп, шарапатты пəрменіңізді жеткізді. Ұлы ағзамның шапағаты мен инабатының уақыт өткен сайын айқындала түскенін ой көзімен аңғарып отырмын. Бар жақсылығыңызды көңілмен біле тұра, оны толық ақтай алмай жатырмын. Жүгіне ой жүгіртсем, Ұлы Сүй патшалығы төңіректің төрт бұрышын иеленіпті, мұның өзі аспанда Тəңірдің қалауына, жерде халықтың тілегіне сайма-сай келеді. Қазір аспан асты мен жер үстіндегі, көкте жеті жарық нұрландырған ұлан-байтақ өңірдегі елдердің билеушілерінің өз балаларын ақ үйлі аманатқа бермеген бірде-бірі жоқ, барлығы сізге бағын болып, қайырыла сарайыңызға бетін беруде. Тақсыр, сіздің түмен ықылымнан бергі бірінші əулие затты ағзам екеніңізді, 1000 жылдықтар мүмкіндігіне ғана саятын, əлмисақтан бері көз көріп, құлақ естімеген аса дарқан заманымызда жасап отырғанымызды əбден тұшындым. Тəңірдің қалауымен Түрік қағанат құрғалы, міне, 50 шақты жыл болды. Сонан бері шөл далада қиыр қонып, шет жайлап қаған атанып келеміз, иелегіміз түмен ли жерді алып жатыр. Мал-жанымыз құлты (100 миллион) бойынша есептелінеді. Барша нұм-рейлерді тегеурінмен бағындырып, Хуашямен үзеңгі қағыстырып келеміз. Нұмрейлерде бізден құдіретті ел болған емес. Жуырдағы жылдары ауа райы жайлы, жауын-шашын мезгіл ретіне лайықты болып келгеніне қарап, мұны қалайда Кіндік қағанаттан əулие затты ағзамның шығу нышаны болар деп жорып едім. Енді, міне, шарапатыңыздың кəусарынан жанымыз сусындап, мейірлі саясаттарыңыз ділімізді бағындырып, салиқалы салттарыңыз сарайдан жалпақ жұртқа дейін игі əсерін тигізуде. Меніңше, аспанға екі күннің жараспайтыны сияқты, жер бетінде де екі ең жоғары билеуші болмауға тиіс. Мен, Ұлы Сүйдың патшасы, өзіңізге нағыз патша деп табынам. Ендеше, жер қиындығын пайдаланып, жасақ құрап қағанмын деп құжырлануыма қайтіп болады? Қазір қауғана салиқалы салттарыңыз менің көңілімді біржола əділеттің ақ жолына ынтықтырды. Дана патша өзіңізге тағзым етіп бас ием, мəңгі боданыңыз болуға пейілмін. Құзырыңызға қол тапсырып барып қайтуға жер арқасы қиян шалғайда жүрмін. Солай да əрменелік салттан айнымай, ақ үйлі аманатқа ұлымды жіберуді өзіме парыз санадым. Əр жылы көпшір ретінде сəйгүліктер жіберіп тұрамын. Ертелікеш құлдық ұрып, əміріңізді екі етпеуге тырысамын. Ал ескіден келе жатқан əдетімізге байланысты киім кию, бұрым қою салттарымыз бен əн-əуендерімізді өзгерте алмадық. Қазір бір топ ел боп көңіліміз тоғысып отыр. Енді өзгертпесек, рақметімізді білдірмесек жөн болмас.

Рұқсатыңызды ала алсақ, қуанышымызда шек болмас еді. Жетінші балам Құтғымчынды жəне басқаларды датнамамды табыс етуге жібердім, хабарлы болғайсыз». Осыған орай Гаузу патша былай деп жарлық шығарды: «Ышбараның Дешті құмның солтүстігін билегеніне талай жылдың жүзі болды. Барша жат қауымдар ішінде бұлардан мықтылар болған емес. Бұрын арамызда келісім жасалмағанымен, екі ел болып келгенбіз. Енді біріміз – билеуші, біріміз – боданбыз. Демек, бір тұлғаға біріктік. Олардың датнамасында білдірілген ықылас-пейілдеріне ризамын. Мен көктегі Тəңірдің рақым-шапағатымен сыртқы аймақтарды бағындырдым. Бұл қалай ғана менің шарапатым болсын. Жауапты басқармаларға осы іс бойынша көк тəңірі мен жер тəңіріне жəне ата-бабаларға арнап тасаттық беруін орналастырып, бүкіл халыққа салтанат ретінде жариялауын бұйырамын». Осыдан бастап былайғы уақытта айырмашылық болу үшін жарлықнама мен іске қатысты жауаптарда Ышбараның аты аталмайтын болды да, оның Жоу əулетінен шыққан қатұн мəртебелі жұбайы Мыңділда ханшаға Яң науғысы лайықталып, есімі патша жұрағаттары тіркелген кітапқа енгізілді əрі Көшелі ханша деген атақ берілді. Патша Құтғымчынға баған деген лауазым жəне Əн ел-сұлтаны деген атақ берген үстіне гарем сарайда кең мол дастарқан жайып патшайыммен таныстырды жəне мол тарту-таралғы тартты. Мұндай ықыласқа мейлінше риза болған Ышбара былайғы жерде сарайға тіпті үзбей тарту-таралғы жіберіп тұратын болды. 7 жылы (587) басқы айда Ышбара өзінің ұлын тарту-таралғымен сарайға жіберіп, Хыңжоу, Дəйжоу дуандарының жерінде аң аулауға рұқсат сұрады. Патша бұған рұқсат етіп, Ышбараға сый-сыбаға ретінде шарап жəне ет тағамдарын апаруға елшілерін аттандырды. Ышбара патша сыйлығын бүкіл ұлысымен тағы да тағзым жасап қабыл алды. Ышбара бір күнде тек өзі ғана 18 бұғы атып, олардың құйыршығы мен тілін кесіп алып, сарайға жөнелтті. Қайтар жолда ол Қызылсу бекінісіне соқты. Осы арада оның шатыры өртеніп кетті. Мұны Ышбара жамандыққа жорыды. Содан бір айдан аса уақыт өте қайтыс болды. Осы қазаға байланысты патша сарай зияратын үш күнге тоқтатты. Аза жұмысын басқаруға жөрелгі уəзірді жіберді əрі бата оқырға 5000 топ торғын бергізді. Алғашқыда Шату өзінің баласы Оңғылдың мінезін тым бобадам деп ұнатпай, орнына өзінің інісі ябғұ Чориғаны таққа отырғызуға бұйыратынын өсиет қып айтты. Сол сөз бойынша Оңғыл Чориғаны адам жіберіп шақыртып, таққа отырғызатын болды. Чориға: «Біздің түрікте Мұқан қағаннан бері аға өлсе – іні мұрагер болып келеді. Бəйбішенің баласы отыратын тақты тоқалдың баласы тартып алу ата-баба заңына қайшы. Мұндайда ілтипат та, инабат та болмай қалады. Таққа сіз отыруға лайықсыз, мен қашан да қасыңыздан табыламын», – деп сəлем айтты. Оңғыл Чориғаға тағы адам жіберіп былай деді: «Көкем мен əкем бір тамырдан нəр алған бір теректің екі бұтағы, мен сол бұтақтың жапырағымын. Ендеше, менің жапырақ бұтақтан бұрын болды, ата тұрғыласқа əмір өткіземін дейтін жөнім жоқ. Оның үстіне бұл əкейдің өсиеті. Оны өзгерту менің қолымнан қалай келеді? Сондықтан көкемнің бұл ретте күдікке берілмеуін сұраймын», – деді. Осылайша бес-алты рет жауаптасқан соң Чориға таққа отырып, Ябғұ қаған атанды. Оңғыл ябғұ болды. Чориға елші жіберіп, жағдайды сарайға хабарлады. Патша оған дабыл, сырнай жəне байрақ сыйлады. Чориға ат жақты, дөң жауырын, өткір жанарлы, ержүрек, ойсаулы кісі еді. Ол Сүй əулетінен байрақ пен дабыл алған соң, Абаға жорық жасап батысқа шеру тартты. Жау жақ бұларды Сүй патшалығынан көмек алды деп ойлап, көпшілігі берілді. Аба тұтқынға алынды. Абаны өлтіру керек пе əлде өлтірмеу керек пе деген мəселе жайында патшаға датнама жолданды. Патша оны өз ұлықтарының қарауына берді. Сол қол атарман Гау Жюң: «Туысқандардың бірін-бірі өлтіруі – мағрипатқа тəрбиелеу жосынына қайшы аса зиянды əрекет. Оны тірі қою арқылы (патшамның) шапағатын əйгілейік», – деді. Патша «Рауа!» деп қабыл алды. Шарап тостағаннан көтерген Гау Жюң патшаға жақындап келіп: «Шюанюан заманынан бері хұнүктер талай рет шекарамыздың берекесін алып еді. Қазір олардың бəрі сонау Солтүстік теңізге дейін боданымызға айналды. Заманнан заман мұндай дарқандықты естіген емеспіз. Сондықтан тағы бір рет тағзым етіп, ұлы патшам, денсаулығыңыз үшін ішіп қоюға рұқсат етіңіз!» – деді. Осыдан кейін Чориға тағы да батысқа жорық жасады да, сонда қаңғырған оқ тиіп өлді. Халқы Оңғылды Хыргас Дана Толұм қаған деген лауазыммен таққа отырғызды. Оңғыл сарайға елші жіберіп, сыйлыққа 3000 топ кездеме алды. Сонан соң сарайға жыл сайын елші аттандырып көпшір төлеп тұрды. Осы кезде Яң Чин деген бір кезбе осы Түрік еліне келіп, Пың ел-сұлтаны Лю Чаң мен Юйуын əулеті ымыраласып көтеріліс жасағалы жатыр деген қауесет жайып, Көшелі ханшаға шекараға шабуылдау туралы тілек білдірді. Толұм Яң Чинды тұтқындап, бұл істі сарайға дереу мəлімдеді əрі бобу, шылым желім тарту етті. Оның інісі Кеми шадтың ұлысы бұл тұста өте күшті еді. Толұм күншілдік істеп, шабуыл жасады да, соғыста оның басын алды. Сол жылы ол емелдес інісі Нұқтан тегінді сарайға жіберіп, патшаға Ұдұнның қастасы (нефрит) асасын сыйлады. Сыйға – сый ретінде патша оны баған əрі Каң ел-сұлтаны етті. Келесі жылы Түрік ұлыстарының билеушілері бірінен соң бірі елші аттандырып, сарайға көпшір ретінде 10 мың жылқы, 20 мың қой, 500 түйе, 500 сиыр өткізді. Осының артынан олар шекарада Кіндік қағанатпен айырбас сауда жасау үшін базар ашуын сұрады. Патша мұны мақұлдады. Чын əулетін бағындырғаннан кейін патша Чын Шубаудың көсегесін Көшелі ханшаға тарту етті. Бұл істен нəумез ханша көсегеге арнау өлең жазып, көңіл қаяуын былай бейнеледі:

«Құлдырайды əркім-ақ дəуірлеу жоқ бір ыңғай, Баяны жоқ бағыдан шыр айналған дүние-ай. Салтанатты сəттерің сақталмайды санассаң, Шалқып жатқан жан едік біз де арнаға бір сыймай. Дарқаңдығың қайда деп қарадан қарап налимын, Мөлдіреген шараптан сананың сызын танимын. Тамылжыған сазды əуен селт еткізбес жанымды, Марғауланып өмірге өңімде ылғи қалғимын. Беу, күндерім кешегі, ханның қызы аталған, Далалықтың үйінде түрім мынау маталған. Бар медетім жалғыз-ақ мен емеспін пəниде, Жаужюн ханша күйіне елітіп қайғы қата алған». Бұл өлеңді естіген патша оны жақтырмай, ханшаға берілетін сыйлықтың мөлшерін азайтты. Ханша Батыс түріктің Нири қағанымен бірікті. Ханша бұлғақ бастар деген қауіппен патша оны өлтіруді ұйғарды. Дəл осы кезде ханшаның өзінің қол астындағы бір хумен көңілдес болғаны жария болып қалды да, патша жарлық шығарып, оның ханшалық мəртебесін қуатсыз етті. Бірақ бұған Толұм нарау болар деп қауіптенген патша оның көңілін аулау үшін төрт наз наушаны қосып, Чижиң сұлтаны Ню Хұңды оған елші етіп жіберді. Бұл кезде Төле қаған атанған Ышбараның ұлы Намған солтүстікте елжұртымен тұрушы еді. Ол сарайға елші жіберіп, өзіне патшалықтан қыз айттыруды талап етті. Патша Пей Жюй деген адамды жіберіп, оған «Егер Көшелі ханшаны өлтіре алса, онда патшалықтың қызын айттыруына рұқсат» деп сəлем айтты. Төле қаған бұл шартты қабыл алып, ханшаның үстіне өсек таратты. Мұны естіп ашуланған Толұм қаған Көшелі ханшаны шатырының ішінде өлтірді. Толұм мен Тарду қаған араздаса келе өзара бірнеше рет шайқасып та қалды. Ақырында патша екеуін қайта табыстырды да, əрқайсысы өз əскерлерін кері қайтарып алып кетті. 17 жылы (597) Төле қаған қалыңдығын қабылдау үшін елшісін жіберді. Патша оны Жөрелгі мекемесіне тапсырып (патшалықтан қыз алудың) алты жосыны бойынша жатықтырды. Содан кейін өз əулетінің бір қызын Салиқалы ханша деген атпен ұзатты. Патша солтүстіктегі нұмдардың арасына іріткі салу мақсатында сыйлықты əдейі мол беріп, Ню Хұң, Су Уей, Хулюй Шяучиндерді бірінен соң бірін (Төле қағанға) елші етіп жіберді. Түріктер де сарайға қол тапсыруға ілгерінді-кейінді 370 адамды елші етіп жіберді. Төле қаған бұрын солтүстік жақта тұратын, ханшаға үйленген соң оңтүстікке қоныс аударып, ескі Түкен бекініс жайына келіп орналасты. Сарай тараптан сыйлық құйылып тұрды. Бұған Оңғыл: «Мен тай қаған бола тұра Намған құрам болмағаным ба» деп бұлқан-талқан болды. Осыдан кейін ол сарайға тарту-таралғы жіберуді доғарып, шекараны жиі мазалай бастады. 18 жылы патша жарлық шығарып, Шу ханы (Яң) Шюға оларға шабуылдау үшін Лиңжоудан аттануды бұйырды. Келесі жылы тағы да осы мақсатпен Хəн ханы Яң Ляңды бас сардар етіп тағайындады. Сол қол атарман Гау Жюң бастаған сеңүн Уаң Ча жəне аға баған Жау Жұңчиндер өз əскерімен Шожоудан, оң қол атарман Яң Су бастаған Ли Чы жəне Хəн Сыңшоулар өз əскерімен Лиңжоудан, аға баған Яң Рұң өз əскерімен Южоудан шығып, оларға шабуыл жасады. Оңғыл жəне Темкіт тізе қоса отырып Намғанға шабуылдады да, оның аға-бауырларын, балаларын, немере інілерін түгел қырып тастады. Сонан кейін Сарыөзеннен өтіп Уейжоуға кірді. Намған бес салт атты серігі жəне Сүй патшалығының елшісі Жаңсүн Шыңмен түнделетіп сарайға ат басын тіреді. Патша Намғанға Оңғылдың елшісі Енту тегінмен дауға түсуді бұйырды. Намғанның сөзі дəлелді болды да, патша Намғанды қамқорлығында ұстады. Оңғылдың інісі Түселі бала-шағасын тастап, Төле қағанмен бірге сарайға кірімтал болды. Оны өзінің қолында ұстау үшін қасақана біраз бағалы бұйымдарды оған ұтқызды. Маусымда Гау Жюң, Яң Сулар Темкітке шабуылдап, оны ойсырата жеңді. Намғанға Елтынды Қымын қаған деген атақ берілді. Бұл қытайша «ижыжян» (ақылды да ержүрек) деген мағынаны береді. Қымын датнама жазып патшаның қамқорлығына алғыс айтты. Ол былай деді: «Пақырыңыз мен өзіңіздің шапағатыңыздың арқасында таққа отырдым. Лауазымым да көтерілді. Өткен күнгі азғындықтың бəрі нен арылдым. Қай жұмысқа болса да құрметпен қараймын. Заңға қайшылық жасауға ендігəрі батылым бармайды». Патша оның келіп қоныстануына арнап Шожоу дуанында Дали қаласын салғызды. Осы кезде Салиқалы ханша қайтыс болды да, өз əулетінің тағы бір қызын Мерейлі ханша деген атпен Намғанға қосты. Сонан ұлысының адамдары оған көптеп қайтып келе бастады. Оңғыл оған тағы да шабуыл жасады. Осыған байланысты патша Намғанға шекарасының ішіне кіріп тұруға рұқсат етті. Оңғыл шапқыншылығын тоқтатпады. Сондықтан Қымынға Сарыөзеннің оңтүстігіне қоныс аударып, Шяжоу, Шыңжоу дуандарының аралығына келіп орналасуға да ерік берілді. Бірнеше жүз ли жерге созылған ор қазу үшін жұмысшылар жіберілді. Осылайша Сарыөзенге дейінгі шығыстан батысқа қарайғы кең алқап Қымынның мал өрісіне айналды. Толұмға шабуыл жасау үшін Юе ел-сұлтаны Лиңжоудан, жорық төбенай Хəн Сыңжоудан, Тəйпиң сұлтаны Шы Уəнсүй Янжоудан, тайсеңүн Яу Бян Хыжоудан аттандырылды. Қосын шекара шенінен шықпай, Толұмды өзінің қол астындағылар өлтірді де, Тарду өзін Бөке қаған деп жариялады. Олардың елі əбден былықты. Соған байланысты Тəйпиң сұлтаны Шы Уəнсүй оларға Шожоудан шабуылдауға жіберілді. Бұлар Тардумен Дажин тауында кездесті. Бірақ лулар соғыспай тайып тұрды. Соңынан қуа соққан бөлім олардың екі мыңдай адамын шығындады. Жин ханы Яң Гуаң Лиңжоудан аттанғанда Тарду тіпті шығандап қашты. Ұзамай Тарду өзінің інісінің ұлы Елтеберді Қымынға шөлдің шығысынан соққы беру үшін жіберді. Патша Қымынға маңызды қатынас жолдарын ұстай

тұруы үшін қол ұшын беріп əскер жіберді. Сонан Елтебер амалсыз шегініп, шөлге қайта кірді. Қымын осыған орай патшаға: «Ұлы Сүй əулетінің əулие затты ағзамы Бағуар қаған халыққа бүкіл жер бетін көмкерген аспандай, барлық ауырлықты көтерген қара жердей қамқор бола білді. Барлық ұлыстар айбатыңыздан именіп, шапағатыңызға алғыс айтып шын жүрегімен берілді. Əулие затты қаған деп бүкіл ұлысымызбен қолтығыңызға кіріп отырмыз. Кейбіріміз Ұлы Қорғанның күнгейіне көшіп бардық, кейбіріміз Ақбелдеу шеніне қоныстандық. Басымыз өсіп, малымыз мыңғырып келеді. Ал мен, Намған, қуарып қалған ағаш едім, бүршік жарып қайта көктедім, семіп қалған сүйек едім, қайта жанданып ет пен терім жетілді. Сондықтан ұрпақтан-ұрпаққа Ұлы Сүй əулетінің қойы мен жылқысына мəңгі бас-көз боламын» деп алғыс айтты. Рыншоудың 1 жылы (601) Дəйжоудың төбенайы Хəн Хұң Хың-əн деген жерде лулардан жеңілді де, мансабынан алынып, жай бұқара болды. Патша Яң Суға Юнжоу бағытының жорық сардары ретінде Қымынды бастап солтүстікке жорық жасауды бұйырды. Сол тұста Қымынға таяуда ғана берілген Қоқсыр сияқты арыстар қайта жалт берді. Яң Су Сарыөзеннің солтүстік бетіне келіп жайғасты. Осы кезде түріктен Емселік іркін деген адамдар Сарыөзеннің оңтүстігіне өтіп, Қымынның ер-əйел болып алты мыңдай адамын тұтқындап, 200 мыңдай малын барымталап кетті. Яң Су аға тайсеңүн Ляң Момен бірге оны қуып, алпыс лидей жерді айнала ұрыс салып, іркінді күйрете жеңіп, адамы мен малын Қымынның өзіне тартып алып берді. Яң Су əскер беріп аттандырған баған Жаң Диңхы, қолаға тайсеңүн Лю Шың басқа жолмен барып, тұтқиыл шабуыл жасады да, оларды ауыр шығындап, көп олжамен кері қайтты. Қосын Сарыөзеннен өткен орайда қарақшылар Қымының ұлысын қайта шапты. Алайда Яң Су шығауыл Фəн Гүйды ертіп, Құрқыт аңғарының оңтүстік-шығысында оларды тосқауылдап, тағы талқандады. Сонан 80 лидей жерге дейін қуа соққылады. Осы жылы Нири қаған мен Ябғұ телектерден жеңіліс тапты. Ұзамай Бөке лердің де берекесі қашты. Қай, Сеп сияқты бес ұлыс ішкергі жаққа ауды. Бөкенің өзі тұйғұндарға барып бас сауғалады. Оның халқын өз қарауына қосып алған Қымын нағыз билеуші ретінде тарту-таралғымен сарайға елші аттандырды. Да-йеның 3 жылы (607) сəуірде Яңды патша Юйлинге келді. Қымын мен Мейірлі ханша патшаның уақытша сарайына келіп оған амандасты. Ілгерінді-кейінді 3000 жылқы сыйға тартты. Бұған айрықша риза болған патша оларға 12 мың топ торғын-торқа бергізді. Қымын мынадай датнама тапсырды: «Марқұм болған əулие затты патша Бағуар қаған көзі тірісінде мені мейіріміне бөлеп, Салиқалы ханшаны маған қосты. Мені еш нəрседен тарықтырмады. Əулие затты ағзам бүкіл əулетіме де сондай қайырымдылық жасап, қамқор болды. Сол кезде менің барар тау, басар жерім қалмады, басымды көтерсем – аспан, тұқырсам жер ғана көрінді. Əулие затты ағзамның «Жан сауғаласаң – панаңмың» деген бір ауыз сөзі əлі есімнен шықпайды. Əулие затты ағзам мені көріп аяп, үлкен шапағат етті, жанымды алып қалды, сонан бұрынғыдан да күшейе түстім. Мені тай қаған етіп таққа отырғызды. Түріктердің өлгендерінен басқасы түгел менің төңірегіме топтасып, бұқарам болды. Шектен тыс құдірет иесі Сіз де, əулие затты сол ағзамдай, сегіз қиыр шар тарапты билігіңізде ұстап, мені жəне Түрік халқын асырап отырсыз. Шынында да ештемеден шолпы тартып отырған жоқпыз. Шексіз мəртебелі тақсырдың маған тағы да қайырымдылық етіп, ұлы патшалықтың барша жосыны бойынша киім-салым, шаш қою, заң-ереже сияқты істердің бəрінде хуашялықтармен ұқсас болуға мүмкіндік беруіңізді жалына өтінемін». Патша олардың бұл өтінішін қол астындағылардың қарауына берді. Абыздар мен уəзірлер келісім беруге болады деп шешті. Бірақ патша былай істеуге болмайды деп мынадай жарлық шығарды: «Қағанат құрған патша бабаларымыздан бері рейлер мен хуашялықтардың салты екі басқа болып келді. Дегдарлар басқаларды тəрбиелегенде олардан əдет-ғұрпын өзгертуді талап етпейді. Халықтар өз таби ғатына қарай бірі шашын қияды, бірі денесіне өрнек салады, бірі үстіне киізден паналдырық кисе, бірі шөптен лыпа жамылады. Олар өздерінің таңдаған салтын малдана берсін. Мұндай жағдайда дұрыс жетелеудің өзі əділеттің өрге басуына мүмкіндік береді. Тəрбиелейміз деп етегін кесіп, ұзын бау таққызудың қажеті не, осының өзі кісілік дейтін жөншілікке жанаса ма? Өз аясында алуандықа орын беретін керқана кегеншіктің де тəсілі емес қой. Киім-салымның түрліше болуы ежелгі тарихи деректерде ұлықтарды бір-бірінен айырудың айқын белгісі деп жазылған, ол он сегіз мың ғаламды аясына сыйғызған əлем ұлағатының да кемел айғағы есепті». Осыдан кейін Қымынға да жауап хат жазып: «Шөлдің солтүстігінде əлі тыныштық орнаған жоқ. Əлі де жорық жасауымызға тура келеді. Ізгі көңілмен шындап берілсеңдер, соның өзі – жеткілікті, киім-кешекті өзгертудің қажеті не?» – деді. Патша 1000 адамдық үлкен шатыр тіккізіп, Қымын қағанды 3500 атақты адамымен сонда күтті. Бұларға 200 мың топ торғын-торқа бөліп, жіктеріне қарай сыйлықтар берді. Сосын мынадай жарлық шығарды: «Ақылағы озат патша аялы аспан мен зүриятты жер секілді құзыры жеткен алқапты алаламай барлығын көмкереді, ауырлығы болса көтереді. Əлем патшасына жете қабыл қызмет атқарып, өз беделі жəне тəлімі арқылы барша дəркерлікке көмек атайды. Сондықтан, құй, баспаның жəрдемімен өрмелеп шығатын таудағылар болсын, құй, кеменің көмегімен аяғы жететін телегей теңіздің шеніндегілер болсын, сарайдың біртұтас күнтізбе есебін қабылдасын, бастарына хуашя үлгісіндегі жыға-бөріктер киіп, бұрымдарын ағытып шаш түйсін, сөйтіп Ұлы сүй патшалығы қарашасы бейнесінде көрінсін. Сондықтан ежелгі дəстүрлердің бірі «Шахналық алмандар» деген кітапта бодан елдердің салық төлеу міндеті айқын жазылған. (Деректе) Қағания тəңірқұттың сарайға əрмене болып қол тапсырғаны, Хəн əулетінің

оған аса жоғары құрмет көрсеткені де айтылады. Түрікте Елтынды Қымын қаған аса ойламдылық танытып, табанды түрде əрменелік борышын талай жылдар адал атқарды. Бұрынның өзінде азғындарға қарсы көтеріліп, жамандықтан аяғын ерте тартып, ізгілікке талпынды. Алдымыздағы əулет оған осы адалдығы үшін ұлықтап қаған деген лауазым берді, құдіретті жасақ құрауына, торғайдай тозған ұлысының қайтадан ел болып бірігуіне көмек қолын созды. Жойылып шаңырағы ортасына түскен елдің отының қайта маздауына, өмір сүрудің өзі қиындаған өлкеден жаңа мұрагер билеушінің шығуына жағдай жасады. Бұл əділетке қормал болғандықтың, ізгілік шапағатының кəусарымен жапандағы сусаған жандарды сусындатқандықтың даусыз айғағы. Мен де шарапатты патша ретінде бабалар ұлағатына үлкен ізетпен қарап, ата əруағына даңқ əперу жолында патшалығымыздың атақ-абыройын алыс аймақтарға тарату ісіне ықтияттай толғанумен келемін. Сондықтан солтүстіктегі далалық аймақтарды көзбен көріп, əрмене жұрттың көңілін аулауға ден қойып отырмын. Қымын қаған патшалығымызға деген адалдығын көрсетіп сарайыма қол тапсырды, тіпті бүкіл ұлысымен келіп құзырыма бас қойып тағзым жасады. Оның осынау ізгі көңіліне бек ризамын. Оны құрмет тұтуымызға əбден болады. Сондықтан Қымынның атақ-абыройын, дəрежесін көтеру керек, соның үшін оған сыйлық ретінде күйме, мініс ат, дабыл, сырнай жəне байрақ берілсін. Қол тапсыру салты кезінде оның аты төте аталмасын, мəртебесі барша хан-бектерден жоғары қойылсын». Патша Юннейға жасаған саяхаты кезінде Алтынғол өзенін өрлеп шығысқа жүріп, солтүстікте отырған Қымынның ауылына соқты. Қымын патша ағзамның денсаулығы үшін тост көтеріп, аса зор құрметпен тізесін бүгіп тағзым етті. Бұған патша қатты риза болып мынадай өлең шығарды: «Ұлы Қорған үстінде желбіреп ту етті дүр, Зырлап күймем көтерілді шаң үлдір. Айқарыла қақпасы күнге қарап күмбез тұр, Табынып ед қол қусырып Қағания, Дөкей ханы бағына, Бұрымдылар əкеліп ет тағамын сабыла, Тондылар да шарабын көтереді табына. Көк ұлы қандай Хəн əулеті кешегі, Ие болған иен қалған тəңірқұттын тағына». Сосын патша Қымын мен ханшаға бір-бірден алтын құмыра, киім-кешек, жамылғы көрпе, жамбас көрпе жəне жібек кездемелер сыйлады. Тегіннен төмендегілер де жіктеріне қарай сыйлықтар алды. Осының алдында Қымынның ордасына корейлерден жасырын елші келді. Қымын шет жұртпен байланысын жасырып қалуға батпай, оны сарайға алып келді. Ню Хұңға мына жарлықнаманы оларға жариялауға бұйрық берді: «Қымын патшалығымызға баянды түрде адал болып, шынайы ықылас танытқандықтан, оның ордасына өзім ат басын тіредім. Келер жылы Жожюн аймағына баруға тиіспін. Қайтып барған соң билеушілеріңе айтарсың, ол сарайымызға əлдеқашан зиярат етіп келуге тиіс еді. Өз-өзінен қуыстанып қаймығуының жөні жоқ. Оған да Қымынға қалай қарассам, солай қарасамын. Егер зияратқа келмесе, онда Қымынды бастап сендердің жерлеріңе із салатын боламын». Корей елшісі қатты састы. Осылайша Қымын патшаны шығарып сала шекаралық бекініс шенінен өтіп, Диңшяңға келді. Осы арада оған өз иелігіне қайту туралы нұсқау берілді. Келесі жылы ол Шығыс астанадағы сарайға қол тапсырып, мол сыйлықтар алды. Сол жылы ол аурудан қайтыс болды. Оның орнына баласы Түркіт шад Шібір қаған деген лауазыммен таққа отырды. Ол бұрынғы ханшаны өзіне қарату туралы рұқсат сұрады. Осылайша елдің əдет-ғұрпымен санасу керектігі жөнінде жарлық шықты. 11 жылы (615) қаған Шығыс астанадағы сарайға келді. Бұл жылы патша ыстықтан қашып Фыняң сарайына кеткен еді. Тамыз айында Шібір өзінің жасақтарымен шабуыл жасап, патшаны Янмында қошауға алды. Аймақтардың Янмынға қарай жаппай əскер аттандыруы туралы жарлық шықты. Жетіт бөлімдер келгенде Шібір кері қайтып кетті. Осыдан кейін ол сарайға көпшір жіберуін доғарды. Келесі жылы Ма-иға тағы да шабуыл жасады. Бірақ Таң сұлтаны оларды қайта қуып тастады. Сүй əулетінің соңғы кезінде ел іші олқын-толқынды болды. Кіндік қағанаттың ел-жұртынан түріктерге бағынғандар қисапсыз көп болды. Осылайша олар мықтап күшейді, Кіндік Хуашя жерін басып алуды көкседі. Оның үстіне бұлар Шяу патшайымды қабылдап, Диңшяңға орналастырды. Шюе Жюй, Доу Жянды, Уаң Шычұң, Лю Ужоу, Ляң Шыду, Ли Гүй, Гау Кəйдаулар биліктерін асыра пайдаланып, мəртебелерін өз төтелерінен көтергенімен, Шібір қағанға кірімтал ретінде оның билігін қабылдады. Елшілер бірінен соң бірі толассыз қайшыласып тұрды. БАТЫС ТҮРІК Батыс түрік Мұқан қағанның ұлы Төременнен басталады. Ышбарамен араздасуына байланысты екіге айрылған елдің бір бөлігі біртіндеп күшейді. Шығыста Түкенге тірелді, батыста Алтынтаудан əрі асты, Күсəн, Телек, И-уға дейінгі жəне жалпы Батыс өңірдегі хулар соған қарады. Төремен Чориғаға тұтқын болғаннан кейін, елі оның орнына Янсұқ тегіннің ұлын таққа отырғызып, оны Нири қаған деп атады. Ол өлгеннен кейін орнына оның баласы Тарман Нікіт Чори қаған деген лауазыммен таққа отырды. Мұның шешесі Шяң бике Кіндік қағанаттың қызы еді. Тарман дүниеге келгенде Нири қайтыс болды да, Шяң бике қайнысы Бəжет тегінге тұрмысқа шықты. (Уынди

заманы) кəйхуаңның соңғы жылдарында Бəжет Шяң бике мен бірге сарайға қол тапсыра келді де, Тарду бұлғағына байланысты астанада бөгеліп, Мəмілелік идарасында тұрып қалды. Чори қаған тұрақты қоныс етпесе де, бұрынғы Үйсін жерінде ұзағырақ мекендеді. Ол екі кіші қаған тағайындап, елін бөліп басқартты. Оның бірі Шаш елінің солтүстігінде тұрып, барлық ху мемлекеттерін басқарды. Ал оның енді бірі Күсəннің теріскейінде Йыңса деген жерде тұрды. Мемлекет ісін басқаруға елтебер, янғұнда дейтін ұлықтар жауаптандырылды. Қалғаны Шығыс мемлекетінікімен бірдей болды. Олар əр 8 мамырда бүкіл ел-жұртымен Тəңірге тасаттық беретін. Жыл сайын жоғары лауазымды ұлықтары кезінде ата-бабалары мекен тұтқан үңгірге барып əруақтарға құрбандық шалып қайтатын еді. (Яңди заманы) да-йеның алғашқы жылдарында Чори қаған ел билеуде дəрменсіздік жасап, ұлысының бір қауымы мұнан бет бұрды. Телектермен арадағы қақтығыстарда олардан көбінесе жеңіліп қалды. Осы кезде сарай жанауылы Пей Жюй Дахатада Батыс өңірден келгендермен əңгімелесіп, Чори қағанның елінің бөлініп жатқанын, оның үстіне қағанның анасын сағынып жүргенін естіді де, мұны түгел патшаға мəлімдеді. Яңди патша сарай жарлауылы Цүй Жюнсуды Чори қағанға сəлемін жеткізіп, жарлықнаманы тапсыруға жіберді. Чори қаған жарлықнаманы қабылдарда орнынан тұрғысы келмей кермалданды. (Цүй) Жюнсу Чори қағанға: «Түрік əуелде бір мемлекет еді. Қазір бір-бірімен жауласқан екі мемлекетке айналды. Əр жылы соғысып, араларыңыздағы жанжал он неше жылға созылса да, бір-бірлеріңізді жоя алмадыңыздар. Мұнан Қымын мен Чори ұлыстарының шама-шарқының деңгейлес екенін айқын аңғаруға болады. Қазір Қымын өз ұлысын бастап миллионға жуық жасағымен Көктің ұлына бодан болды. Содан бері адал қызмет атқарып келеді. Осының бəрі не үшін? Ол билік тізгінінің жеке өзінің қолына тимегеніне кінəлі деп қаған сізге кектенулі. Сондықтан Хəн əскерінен көмек аламын ба деген үмітпен Көктің ұлына беріліп қызмет етуге мойынсал болды. Ол қазір екі ірі елдің күшін біріктіріп, қаған, сізге жорық жасауды тіленіп отыр. Сарайдағы ұлықтар мен қарашалар (патшадан) рұқсатыңызды беріңіз деп талап етуде. Көктің ұлы көптің тілегіне қайшы келе қоймайды. Зор қосынның жорық жасар күні тым алыс емес. Қаған, сіздің анаңыз Шяң бике Кіндік қағанаттың қызы болғандықтан, астанаға қайтып барған. Қазір сарай жанындағы қонақ үйде тұрып жатыр. Ол кісі көктің ұлының жарлығын естіп, қағанатыңыздың жойылуынан қорықты. Ертелі-кеш қайғырып, сарай қақпасының алдына барып көз жасын көлдетті. Көктің ұлы ол кісіні аяп, райынан қайтты. Шяң бике аяғына жығылып, Көктің ұлынан, қаған, сізге берілуге жағдай жасап елші жіберуді, рақым етіп Қымынмен бірдей құрмет көрсетуін сұрады. Көктің ұлы ол кісінің тілегін қабыл алып, осында елші етіп мені жіберді. Егер өзіңізді бодан атап, жарлықнаманы тағзым етіп қабылдасаңыз, мемлекетіңіз мəңгі тыныштықта болады. Анаңыз қалған жасын рақатта өткізеді. Егер басқаша болса, онда анаңыз Шяң бике Көктің ұлын алдаған болып есептелінеді де, жазаға тартылады. Басы кесіліп, ордаңызға əкелінеді. Ұлы Сүй патшалығының əскері солтүстік əрмене жасағымен əруақтанып, екі бүйірден келіп соққыласа, қағанның қаза сағатын мөлшерлеу қиын емес. Екі мəрте тағзым жасаудан аянамын деп аяулы анаңызды өлімге байлап берудің, бодансыз деген бір ауыз сөзді айтпаймын деп Ғұн қағанатының кебін киюдің қажеті бар ма?» – деді. Бұл сөздерді естіген Чори орнынан ұшып тұрды. Сонан көзіне жас алып, екі мəрте тағзым жасап, тізесін бүгіп патша жарлығын қабылдады. (Цүй) Жюнсу Чориға тағы да былай деді: «Қымын берілген кезде марқұм патша оны марапаттап, аса жомарттықпен сыйлады. Сондықтан оның əскері күшейіп, мемлекеті байыды. Қазір, Қаған, Сіз бізге берілу жағында онан кейін қалып отырсыз. Енді патша алдындағы қадіріңізді онан асырамын десеңіз, сіз қалайда Көктің ұлының көңілін табатын бір істі тындырып, адалдығыңызды айғақтап шығуыңыз лазым. Жол алыстығы себепті өзіңіздің сарайға қол тапсыра баруға мүмкіндігіңіз болмай отыр. Сондықтан бодандық құлқыңызды əйгілеу тұрғысынан бір еңбек сіңіргеніңіз жөн шығар». «Сонда қалай?» – деді Чори. (Цүй) Жюнсу: «Тұйғұндар Қымынның кіші ұлы Бағадұр шадқа нағашы келуші еді. Қазір Көктің ұлы Мейірлі ханшаны Қымынға қосты. Көктің ұлының қаһарынан именген Қымын тұйғұндармен байланысын үзді. Сондықтан тұйғұндар хəндіктерге жауығып тарту жəне көпшір беруді доғарды. Егер, қаған, сіз соларды жазалауға аттанайын десеңіз, Көктің ұлының рұқсат етуінде күмəн жоқ. Егер хəндіктер ішкергі жақтан, қаған, сіз сырт тараптан соққы берсеңіздер, оларды қалайда тас-талқан етесіздер. Осыдан кейін сарайға қол тапсырып барамын десеңіз, жолыңызда бөгет болмайды. Сонымен бірге қарт анаңызбен де дидарласа аласыз. Мұның өзі табылған ақыл емес пе?» – деп үгіттеді. Чори бұған қатты қуанды. Осылайша тарту-таралғымен сарайға елшілерін жіберді. Патша батыс аймақтарды көзімен көрмек болды. 6 жылы (610) патшамен Дадоуба аңғарында кезігетіндігі туралы жарлықты алып, Чориды шақырып келуге жандама төреші Уей Же жіберілді. Бірақ ордадағылар қабылдамаған соң, Чори елшінің алдында кешірім сұрап, басқа сылтаумен патшамен кездесуден бас тартты. Бұған патша қатты ашуланды. Бірақ оған істер амалы жоқ еді. Осы кезде ұлыс бегі Шағыр патшалықтың қызын айттыруға жаушы жіберді. Пей Жюй осы іс жөніндегі датнамасында: «Чори өз елінің күшіне сеніп, сарайға қол тапсырмай отыр. Пақырыңыз оларды амалмен əлсіретуді тілек етеді. Мемлекетін бөлшектей алсақ, сонда оларды оңай бағындырар едік. Шағыр – Түріктің баласы, Тардудың немересі. Арғы аталарынан қаған болып батыс тарапты басқарған. Естуімше, қазір ол сол қызметінен айырылып, Чориға тəуелді болған көрінеді. Осы себептен де одақ жəрдеміне зəру болып, бізге елшісін жіберіп отыр. Соның үшін

оның елшісін ерекше құрметпен қабылдап, Шағырды тай қаған деп бекіткеніңіз ақыл болар еді. Сонда түріктердің күші екіге бөлінеді де, екеуі де бізге бағынады», – деді. Оған патша: «Бұл айтқандарың көкейге қонады», – деді. Осыған орай ол Пей Жюйды ертелі-кеш қонақүйге жіберіп, емеурінін елшіге тұспалдай аңғартты. Сонан патша елшіні Рынфыңдян сарайында қабылдап, оған Чоридың бағынбай жүргенін ескерте отырып, Шағырдың ізгі көңілі үшін оны тай қаған етіп тағайындайтындығын айтты əрі Чориға жазалау жорығын жасауды бұйыратындығын, қыз беру ісі сосын шешілетіндігін айтты. Соңынан патша Шағырға берген сыйым деп ақ қанатты бамбук жебені алды да, елшіге: «Бұл іс осы ұшқыр жебедей неғұрлым шапшаң бітетін болсын», – деді. Елшінің қайтарда Чоридың жерімен жүруіне тура келді. Жебеге қызығып, оны алып қалғысы келген Чоридан елші айласын асырып құтылды. Шағыр бұл хабарға төтенше қуанды. Сонан Чориға əскерімен барып тұтқиыл шабуылдады. Ойсырай жеңілген Чори бала-шағаларына да қарай алмай, маңындағы нөкерлерін ғана алып, бірнеше мың əскермен шығысқа қарай қашты. Бірақ жолда талауға түсіп, Гаучаңға қашып барды да, Шырамана тауына бекінді. Гаучаң ханы Чюй Бо-я мұны патшаға мəлімдеді. Патша Пей Жюйға қажетті нөкерлермен Шяң бикені алып, Юймынгуандағы Жинчаң қамалына шұғыл аттануға бұйырды. Пей Жюй Шяң бикенің атынан оған адам жіберіп, сарайдың кешірімділік ниетін жеткізіп, ақылнасихат айтқызды. Осыдан кейін ол сарайға келді. Бірақ мұнда көбіне көңілсіз жүрді. 7 жылдың (611) қысында Чори Линшо сарайында патшаның қабылдауында болды. Оған қонақасы берілді. Чори тағзым етіп, алғысын былай білдірді: «Батыстағы иеліктерді билеймін деп сізге ертерек амандаса алмадым. Өте кеш зиярат еткеніме өзімді үлкен айыпты санаймын. Қазір бойымды қорқыныш жеңіп, көңілімдегі сөзімді де айта алмай тұрмын». Бұған патша: «Бұрынғы кезде түріктер өзара қырқысып, бейбіт өмір кеше алмады. Қазір төрт төңірегімізге тыныштық орнап, бір үйлі жандай берекелесіп отырмыз. Мен олардың табиғатына сəйкес бəрін сақтап, бағып-қағуды қалаймын. Мысалы, аспанда Күн жалғыз нұрын төгеді. Соған бəрі тыныштықта. Егер Күн екеу не үшеу болса, күллі тіршілік қалай тыныш таппақ? Чоридың бұрын жұмысбасты болып дидарласуға келе алмағанын білемін. Бүгін болса да Чориды қасымнан көріп шын көңілден қуанып отырмын. Чори да көңілсіздіктен арылып, осындай жадырап отырсын», – деді. Келесі жылы жаңа жыл байланысымен патшаны құттықтап тост көтерген Чори: «Аспан астындағы, жер үстіндегі Күнмен, Аймен нұрланған мына əлемде əулие затты қаған сіз дің мың-мың жасап, мəңгі бүгінгідей саламат тұруыңызды тілеймін», – деді. Патша оның қол астындағылардан түмен шақты кəрі-құртаң адамды алып қалып, інісі Тарду күлдің басшылығында Хүйниң аймағында мал өсіруге бұйырды. Чори Корейге қарсы жорыққа патшамен бірге аттанды, оған Қарсана қаған деген атақ жəне мол сыйлық берілді. 10 жылдың (614) басқы айында оған Опагер ханшаны қосып, 1000 қамқа тон, 10 мың топ түрлі жібек кездеме сыйлады. Патша оған бұрынғы иелігін алып бергісі келіп еді. Бірақ оған Ляудұң соғысы кедергі жасады. Сонан патша жер-жерді өз көзімен көргенде оның қасында болды. Жяңдудағы бүліншілік кезінде (Юйуын) Хуажиға ілесіп, Сарыөзеннің солтүстігіне барды. Хуажи жеңілуге айналғанда, ол астанаға қайта қашып келді. Кейінірек Теріскей түріктердің қолынан қаза тапты. ТЕЛЕК Телектің арғы аталары – ғұндардың ұрпағы. Олардың түрі орасан көп, Батыс теңіздің шығыс жағалауынан бергі тау мен сай-саланың бəрінен бұларды кезіктіруге болады. Толға кешуінің солтүстігінде бұқыт, тоңра, ұйғыр, байырқы, бұғра ұлыстары тұрады да, ағаманын іркін дейді. Мүңден, танағыр, сегет, ғұн, қоқсыр деген арыстардың соғысқа жарайтын адамы 20 мыңдай. И-удың батысы мен Агнидың солтүстігінде Ақтауды қапталдай қыбыт, бұлақшық, едер, сұба, нағат, оғыз, қырғұр, ядыр, йүрегірлер отырады. Бұлардың соғысқа жарайтын адамы 20 мыңдай. Алтынтаудың батыс күнгейінде сіренда, таринақ, зыбан, дарқыттар мекендейді. Бұлар да жорыққа 10 мыңдай адам аттандыра алады. Каң елінің солтүстігіндегі Еділ өзенінің бойын едіз, ғажар, барғұт, биған, қоқы, қабыш, ғажасу, баямыт-кердерлер мекендейді. Бұлар да жорыққа 30 мыңдай əскер шығара алады. Теңіз көлінің шығыс жəне батыс жағалауында салар қият, үш сақын, марсұқ, сақырлар отырады. Бұларда да сегіз мыңдай (жасақ) бар. Пұрұмның шығысында ұңғұт, алан, печенекқұла, барғұндар мекендейді. Бұларда 20 мың дай жан бар. Солтүстік теңіздің күнгейінде тыбалар тұрады. Ұлыс аты əр түрлі болғанымен, бұлардың бəрі жалпы телек деп аталады. Бəрінің үстінен қарап отырған билеушісі жоқ. Сондықтан Шығыс түрік пен Батыс түрікке бөлініп қарайды. Тұрақты қонысы жоқ. Өріс пен суат тың жағдайына қарай көшіп жүреді. Табиғаттарынан рақымсыз, қатыгез. Атқа мықты əрі шетінен мерген. Өте дүниеқор, қарақшылықпен күн кешіреді. Батыс жақтағы ұлыстары егіншілікпен де айналысады. Мүйізді ірі қараны, қойды көп, жылқыны аз өсіреді. Түрік қағанаты құрылғаннан кейін олар жорықтарға қызметке алынып, сол арқылы солтүстіктегі иен жерлер иеліктеріне өтті. Кəйхуаңның соңғы жылдарында Жин ханы (Яң) Гуаң солтүстікке жорық жасап, Қымынмен одақтасып, Бөке қағанды талқандады. Осылайша телектер тарыдай шашылды. Да-йеның 1 жылы (605) Түрік Чори қаған Телектің ұлыстарын шауып, олардың мал-мүлкін қи сыпырып жиып алды. Сір-енда сияқты ұлыстардың ел ағаларынан

бірнеше жүз адамды бүлік шығарар деген қауіппен түгел қырып тастады. Сондықтан олар бір мезгілде көтеріліс жасап,Чоридың үстемдігіне қарсы қимыл көрсетті əрі елтебер, іркін Қыбыт Қалынды Емучін Баға қаған етіп, Тамған тауына орда тікті. Сір-енданың іркіні Зядырды кіші қаған етіп көтерді. Чори жеңіліс тапқаннан кейін Баға қағанның ықпалы тіпті күшейді. Баға қаған ержүрек, батыр адам еді. Халқы оны қатты қолдады. Көршілес елдер де онан бой тартып қайбырттады. И-у, Гаучаң, Ангилар оған бағынды. Телектердің тұрмыс салты үлкен жақтан түріктермен бірдей. Алғаш некеленгенде күйеу қайын жұртының үйінде тұрады. Сонан бала сүйіп, ол бала омыраудан шыққан соң ғана өз жұртына оралады. Өлген адамды қабірге жерлейді. Олардың айырмашылығы – міне, осы. (Яңди заманы) да-йеның 3 жылы (607) олар сарайға жергілікті бағалы бұйымдармен елші жіберді. Сонан былай сондай тарту-таралғыларын үзбей жіберіп тұрды. ÑÎËÒ×ÑÒ²Ê ¶ÓËÅÒÒÅÐ ÒÀÐÈÕÛ

ТҰЙҒҰН Тұйғұн асылында Ляудұңдағы сянбилерден шыққан тухылық Запгүй деген кісінің баласы еді. Запгүйдің тағы бір аты Елаған болатын. Оның екі ұлы болды. Тоқалының тұңғышы Тұйғұн еді. Кішісінің аты Нағрағи еді. Запгүй көз жұмған соң, ұлыстың билік тізгінін Нағрағи қолына алды. Мурұң деген, міне, осы адам еді. Запгүй көзінің тірісінде Тұйғұнға 700 түтін бөліп, екі ұлысты Нағрағиға берген еді. Екі ауылдың айғырлары таласып, бірін-бірі жаралады да, бұған атырынған Нағрағи тұйғұнға кісі салып: «Марқұм əкей еншімізді берген. Ағамыздың өз алдына иелігі де бар. Жылқыларды таластырып қойғанша неге ауаша отырмайды?» – деді. Тұйғұн оған: «Жылқы малы өрісте жайылады, суатқа түседі. Алғашқы көкке тойғанда осылай таласады да. Айғырлар шайнасты деп ашу шақырған ініме айта бар! Айырылысу өте оңай. Қазір-ақ көз көрмес, құлақ естімес қиырға көшемін», – деді. Нағрағи өкініп, кешірім сұрауға ауыл ақсақалы, зұрған Сеналыны жіберді. Тұйғұн оған: «Арғы аталары мыз елауадан Ляухының батысында жұрт сұрап, халыққа көп жақсылық жасаған екен. Марқұм əкейдің көзінің тірісінде бір сəуегей: «Екі балаң бар екен, бақытты өмір кешірер, бірақ үрім-бұтағы жан-жаққа тарар», – депті. Мен мəртебесіз тоқалдың баласымын. Үлкенмін деп иық теңестіруге əддім жоқ. Інімнің мына жылқы үшін шақарлануының өзі де құдай ісі шығар. Сіздер жылқыларды шығысқа айдаңыздар. Шығыс жақтан кері қайтса, мен жылқыма ілесейін», – деді. Бақташыларға жылқыларды кері қайтарып айдауға бұйрық берілді. 100 шақты қадам жерге барған соң, жылқы біткен дауысы жер жара, жалт беріп батысқа дүркірей жөнелді. Он неше мəрте қиқулап айдаса да, қайыру бермеді. Əбден мысы құрыған Сеналы жүгініп отыра кетті де: «Қаған, мынау кісінің қолынан келетін іс емес қой!» – деді. Тұйғұн өз ел-жұртына: «Інімнің өзі де, балалары мен немерелері де дəурендер. Бастарындағы бақ ұлдарының шөбере-шөпшектеріне дейін 100 шақты жыл баяндар; ал менің ұрпағымның дəріп-даңқы шөпшектерімнің тұсына барғанда артар», – деді. Осылайша батысқа ауып, Барқынтауды сағалады. Кейінірек Лұң жеріне жылжыды. Нағрағи тұйғұнды сағынып «Ағуакем» (ағакем) деген əн шығарды. Тухы ағасын «Ағуа» деуші еді. Кейінгі əулеті (қағандық) атақ алғанда осы əннің əуені дəріптеу музыкасы ретінде ойналатын болды... Бұғленті өлді, орнына баласы Қола таққа отырды. Ол өзін қаған деп жариялап, Көккөлдің батысында 15 лидей жердегі Бұқса қамалында тұрды. Қаласы болса да, көбіне күмбез шатырды үй етіп, судың тұнығына, шөптің шүйгініне қарай көшіп малшылықпен шұғылданды. Иелігі шығысы мен батысы 3000 ли, оңтүстігі мен солтүстігі мың шақты ли келетін аумақты қамтыды. Ұлықтар хан, сұлтан, атарман, санат, басқауыл жəне сеңүн деген аттармен аталды. Қоланың балға пішіндес етіп түйген, қауырсын тағылған əдемі маржанды айдары бар еді. Ол басына қара мақпалдан кепеш киді. Зерленген арыстан бөстекті сəкіде отырды. Зайыбына əз ана деген атақ берді. Зайыбы түрлі түсті торғыннан көйлек киіп, иығына қамқа тон жамылып, шашын бұрымдап өріп арқасына салып жүрді, басына алтын тəті киді. Олардың салты: ерлерінің киім-кешегі хуашялықтармен барандас, көбіне бастарына патсайыдан жыға киеді, жібектен кепеш киетіндері де кезігеді. Əйелдер інжу-маржан тағынып, шашын буғанды дегдарлыққа балайды. Қару-жарақтан садақ, қылыш, сауыт, найза бар. Ел ретінде тұрақты алым-салық алынбайды. Қажет кезінде қазына бай-бардамдар мен саудагерлерден жиналған салық есебінен толықтырылады. Олардың жаза заңында: кісі өлтіргендер, ат ұрлағандар өлімге бұйырылады. Басқа қылмысқа заттай айып төлетіледі. Ісінің ауыржеңіліне қарай дүреге де жығады. Өлім жазасына бұйырылғандарды басы-көзін киізбен тұмшалап тастап, биікте тұрып таспен атқылайды. Əкесі, ағасы өлсе, өгей шешелеріне, жеңгелеріне үйлене береді. Бұл жақтағы əдеті түріктермен бірдей. Некеге отырғанда, қалыңмалын төлей алмаған кедейлер қалыңдығын ұрлап алып қашады. Мəйітті түгел (көміп) жерлейді. Қаралы киімдерін жерлеу салты өткен соң шешіп тастайды. Табиғаты – қанағатсыз, жауыз. Саят құруға əуес, ет пен мал сүмесінін қорек етеді. Егін салуды да біледі. Жерінде арпа, қонақ, бұршақ шығады. Бірақ солтүстік аймақтарында, климаты суық келетіндіктен, шалқан, арпа ғана өседі. Сондықтан халқында кедейлер көп, ауқаттылар аз болады... Фейди жылнамасының 2 жылы Жоу уын қалың қолмен Қазаңға келді. Мұнан сескенген Қола сарайға кісі салып, жергілікті өнімдерін сыйға тартты. Сол жылы Қола чилықтарға да елші жіберді. Ляңжоу дуанбасы Шы Ниң өз дуанының Батыс өңіріндегі Қызыл тұма деген жерде оның қайтар жолын аңдып тұрып тұтқиылдан шабуылдады да, атарманы Қыбүктозанды, сеңүні Жəйпəнмиі жəне 240 ху саудагерін тұтқындап, алты жүздей түйе мен қашыр, 10 мыңдаған топ түрлі түсті жібек кездеме олжалады. Ғұңди жылнамасының 3 жылы (566) Шы Ниң Түрік Мұқан қағанмен тізе қоса отырып Қолаға тағы шабуылдап, оны талқандады, бала-шағасын тұтқынға алды, бағалы мүліктері мен əр түлік малын олжалады. (Солтүстік Жоу əулеті Миңди заманы) учыңның басқы кезінде (559) Қола Ляңжоуға тағы арандату жүргізді. Дуанбасы Шы Юнбау соғыста мерт болды. Хылан Шяң, Юйуын Гүйлар қол бастап жазалау жорығына аттанды. Қола Гуаңдиң ханы мен Жұңлю ханын қарсы қойды. Хылан Шяңдар оларды талқандады. Гуаңдиң хандар қашып кетті. Артынша олардың Жауяң, Хұңхы деген қамалдарын алып, Таужоу дуанын құрғаннан кейін қосын кері қайтты. (Жоу Уди заманы) баудиң жылдарында (561–565) Қола ілгерінді-кейінді үш əулет бойы сарайға жергілікті өнімдерінен тарту тартты. Тянхының алғашқы жылы (566) оның Лұңхы ханы Бақтан

ел-жұртымен бағынды. Оның жерінде Фужоу дуаны құрылды. Келесі жылы мамырда сарайға тағы да елші салып, таралғы тартты. НӨНЕ Нөненің науғысы Ұғыра еді. Шынюан патшаның соңғы жылындағы ат ойнатқан шапқыншылықта тұтқын болған бір құл болды, оның шашы қасымен бірдей еді. Аты-заты белгісіз болған соң, қожасы оны «Мұқыра» атандырды. Мұқыра деген сөз қыр бас деген мағына берер еді. «Мұқыра» мен «Ұғыра» айтылуда үндес болғандықтан, оның кейінгі ұрпақтары мұны ру атамасы ретінде қолданып кетті. Мұқыра ержете құлдықтан босатылып, атты əскер болды. Му-ди патшаның тұсындағы бір жорықта кешіккені үшін ол өлімге бұйырылды. Сонан қашып иендегі бір бытқылға паналады. Осында ол өзі сияқты əр түрлі себеппен қашып-пысқан 100 шақты адамның басын біріктіріп, қауым ретінде түнтүлендерге қосылды. Кейінірек Мұқыра өлді. Оның баласы Қалған да жаужүрек мықты жігіт еді. Ол өз алдына жұрт сұрап, елін Нөнен атандырды. Кейінірек Тəй-у патша олардың мұндыз-түлейлігін, құрт зəліттес зиянкестігін есепке алып, Нөнеге өзгерткізді. Қалған өз жұртының екі тізгін, бір шылбырын қолға алғаннан кейін сарайға жылма-жыл көпшір ретінде жылқы жəне қама-ұлпандарды жіберіп тұрды. Елі Дешті құмның күнгейін қыстап, солтүстігін жайлады. Қалған өлгеннен кейін оның баласы Танағұй таққа отырды. Ал Танағұй өлген соң, тағына оның ұлы Бати келді. Бати өлген соң, оның баласы Дасуған таққа отырды. Дасуған өлгеннен кейін оның елі екіге бөлінді де, үлкен ұлы Пиқыбат əке мұрагері болып, шығыс жақты сұрады; екінші ұлы Онғыт өз алдына батыс жақты биледі. Жаучың патша дүниеден көшкеннен кейін Онғыт Уейчынға бағынды да, Уей патшалығына опасыздық жасады. Уей (Дау-уди заманы) дыңго жылдарында (386–395) оларға жазалау жорығы жасалды. Нөнелер үрікті. Жорықшылар оларды Дешті құмдағы Нымсан тауының етегінде қуып жетіп, талқандады. Тең жартысы тұтқын болды. Пиқыбат пен ұлыс бек Үкек тозған елжұртын жинап алып, екі бағытпен қашты. Оларды қууға жіберілген Жаңсүн Хау мен Жаңсүн Фей Дешті құмнан өтіп, адамдарын бөлді. Жаңсүн Хаудың адамдары Пиңуаң өлкесінде Үкектің жасағын талқандады, оның өзін тұтқындап басын алды. Ол бүкіл ел-жұртымен тізе бүкті. Жорықшылар Онғыттың баласы Қатағанды жəне сол Қатағанның аға-бауырлары Көгіш, Залын, Құқриларды, сондайақ басқа да жекжат-жұраты болып жүздеген адамды қолға түсіріп, оларды əкеп ұлыс-ұлысқа үлестірді. Онғыт Уейчынға бағынбақшы болып батыс жаққа қашып еді. Дау-у патша оны Барна тауына дейін қуып барып, берілуге қайта мəжбүрледі. Десе де Дау-у патша оларға бұрынғысынша кешіріммен қарады. 9 жылы Қатаған мен Залын əкелерінен бөлініп, өз ел-жұртымен батысқа кетті. Оларды жеңіл атты əскермен қуған Жаңсүн Фей Шаңжюн аймағындағы Барна тауында Қатағанды өлтіріп, халқын түгел қырып тастады. Залын бастаған біраз адамдар Пиқыбатқа жөнелді. Пиқыбат оларды оңтүстік шекараға, өз ордасынан 500 ли қашыққа орналастырды да, өзінің төрт ұлына аңдытып қойды. Көп ұзамай Залын өз сыбайластарын бастап Пиқыбаттың төрт ұлын ұстап алды да, былайғы жерде Пиқыбаттың өзіне опасыздықпен тап берді. (Пиқыбаттың) басқа балалары қалған ел-жұртымен қаңғаның Құқри тайпасына барып паналады. Залын қатты залым, айлакер кісі еді. Ол бəрінің басы бір жерге жиналғанда түгел жайрату мақсатында бір айдан кейін Пиқыбатты босатты, балаларын да қайтарды. Сонан Пиқыбатқа жасырын əскер аттандырып, оны өлтірді, Пиқыбаттың балалары Кебіт, Нағыт – барлығы 15 адам Дау-у патшаға берілді. Пиқыбатты өлтірген Залын патшаның қалың қолы жазалар деген қауіппен Уюанның батыс жағындағы ұлыстарды шауып, Дешті құм арқылы солтүстікке ауды. Дау-у патша Кебіт, Нағыттарды қиырды тыныштандырушы сеңүн, типылдар бек етіп тағайындады. Сол орайда Залын Яу Шиңмен құда-анда болып алды. Дау-у патша төбет, сағян ұлыстарына шабуыл жасау үшін машқауыл сеңүн Хы Туды жіберді. Залын да сағянға көмек ретінде атты жетіттерін жөнелтті. Бірақ бұларды Хы Ту оңдырмай күйретті. Залын Дешті құмның солтүстігіне ауып, онда қаңғаларды шауып, олардың жеріне ішкерілеп кірді. Сонан олардың барлық ұлыстарын өзіне қаратып алды да, шарайнасы шалқасынан екен дейтін кесірлі күшке айналып үлгерді. Солтүстікте Науғрақ суға ірге көмгеннен кейін əскери тəртіп орнатты. 1000 адам бір мыңдық құрады да, оған бір қолаға тағайындалды, 100 адам бір жүздік болды да, оған бір жүзер (жүзбасы) тағайындалды. Шабуыл кезінде алда болғандар сыйлыққа тұтқын жəне олжалар алды. Ал қорқып қашқандар басын таспен мылжалап өлтірілді немесе табан астында дүреге жығылды. Оларда жазу болмаған. Қолаға мен жүзерлер сарбаздарын қойдың құмалағымен түгендейді. Кейін келе ағашты керту жолымен есептеуді үйренді. Олардың солтүстік-батысында ғұндардың қалған ұлыстары бай əрі ел ретінде шалқып жатушы еді. Солардың басшысы Ныбаряғыр Залынға қарсы жорық жасады. Залын Орхон өзені бойында қарсы майдан ашып, бұларды ойсырата жеңді. Артынша бұл елді өзіне қаратып алған соң құдіреті тіпті артты. Халқы судың тұнығына, жайылымның шұрайлылығына қарай көшіп-қонып мал өсірді. Оның билеп-төстеген аймағы батыста Агниға, шығыста Чосонға дейін, солтүстігі Дешті құмнан əрі Қаңғайға дейін, оңтүстігі Маңғар шөлге дейін созылып жатты. Орда кеңесі Дахата, Жаңйелердің солтүстігінде өтіп отырды. Олардың арандатушылығының азабын көп тартқан ұсақ елдер де бұларға бағынды. Осылайша ол өзіне Додық қаған деген лауазымды қабылдады. Додық деген сөзді

Уей əулетінің тілінде жяюй-кəйжаң (ел тізгінін ұстанған бастамагер), қаған деген сөзді Хуаңди (патша) деген сөздермен баламалауға болады. Нөнелердің салты бойынша елбасы мен уəзірлер мінезіне жəне қабілетіне қарай Кіндік қағанатта марқұм болған билеушілерге берілетін атақ сияқты атақ алды. Өлгеннен кейін оларға қайталай атақ берілмейді. Дау-у патша Цүй Хұң санатқа: “Нөнелер – ежелденақ қалша жандар ғой. Əр жолы тонаушылық жүргізіп кері қайтқанда, жүкке сиырды жегіп, өгізді бос айдап жүреді. Сонда ұзақ жүріске шыдамай, сиыры жолда жатып алады. Басқа ұлыстың жүргіншілері оларға сиырды емес, өгізді жегіңдер деп ақыл айтады. Бірақ нөнелер «енесі сүйрей алмағанды бұзауы қалай сүйремек» деп, олардың тілін алмайды. Сөйтіп қуғыншылардың қолына түсіп қалып отырады. Қазір Залын Кіндік қағанатқа еліктеп заң шығарып, əскери жүйе орнатты. Енді, міне, шекарадағы алапат апатқа айналып отыр. Тойындардан “өмірге əулие мен əрекеші бірге келеді” деп естуші едім. Сол рас екен”, – деді. [...] Анагүй өз еліне қайтып барғаннан кейін де сарайға құрметін білдіріп тұрды. Шяумиң патшадан кейін Түнязыда замын-əлепет тарап, сыртқы іспен айналысуға мүмкіндік болмай қалды. Сонан Анагүй солтүстік өңірді тұтас билеп-төстеп, мықтап күшейді. Бірте-бірте əспенсіп, тиісті құрмет көрсетуді азайтты. Сарайға елші жіберіп, тарту-таралғы ұсынғанда бұрынғыдай боданмын деп қол қоюды қойды. (Шяужиңди заманы) тянпиң жылдарынан кейін тіпті дандайсып кетті. Руяң ханы шян Чинжоу дуанын билеп тұрған кезде өзінің хатшынайы Солтүстік чидың адамы Чұнюй Тəнды Анагүйға елші етіп жіберген еді. Ол мұны алып қалып, ішке тартып, маңызды жұмыстар істетіп жүрді. Анагүй Лояңға келіп қайтқаннан кейін Кіндік қағанатқа қызығып, ұлықтарды тағайындауда лайықсыз түрде патшалыққа еліктеді, ордада аға жандар, орда дəйекшісі деген мансаптар тағайындады. Чұнюй Тəнды келенгір, орда дəйекшісі етіп, жазып-сызуға қатысты істерді басқартты. Чұнюй Тəн Анагүйға сарай алдында өзін төмендетпеуге, мемлекеттік жарлықты қабылдау рəсімінде өзін көрші ел ретінде терезесі тең жағдайда ұстауға ықпал етумен болды. Чи патшалығы Шығыс уей патшалығынан билікті алған кезде де жыл бойғы барыс-келіс үзілген жоқ. (Уыншюанди заманы) тянбаудың 3 жылы (552) Анагүй түріктерден күйрей жеңіліп, өзін-өзі өлтірді. Оның қалған ұлы Əмірешін, немере інісі Теңду Елет, Теңдудың ұлы Қады біраз ел-жұртымен Чи патшалығына қашып барды. Қалған ел-жұрты Теңдудың екінші ұлы Тебатты қаған сайлады. 4 жылы (553) Чи əулетінің патшасы Уыншюан Теңдуді жəне оның баласы Қадыны солтүстік аймаққа шығарып салды. Ұзамай Тебатты қытандар өлтірді. Ел-жұрты Теңдуді қаған етіп қойды. Бірақ оны Апықты бастаған дегдарлар өлтіріп тастады. Ел-жұрты оның орнына Қадыны қаған етті. Сол жылы түріктер тағы да нөнелерге шабуыл жасады. Қады бүкіл елімен Чи əулетіне қашып барды. Уыншюан патша нөнелерді қабылдап, түріктерге қарсы солтүстікке жазалау жорығын жасады. Қадыны биліктен тайдырып, орнына Анагүйдың ұлы Əмірешінді қаған етті. Сөйтіп оларды Ма-и-чуан маңына орналастырып, азық-түлікпен, торғынторқамен қамдады, өзі түріктерді Шофаңға дейін қуды. Түріктер бағынатындықтарын біл дірді, бұған келісіп кері оралды. Сонан кейін нөнелер үзбей көпшір тапсырып, тарту-таралғы ұсынып тұрды. 5 жылы (554) наурызда Əмірешін бүлік салды. Уыншюан патша оған қарсы өзі жазалау жорығын жасап, оның тас-талқанын шығарды. Əмірешін баласымен бірге солтүстікке қашып кетті. Сəуірде ол Сыжоуға шабуылдады. Патша оған қарсы Жиняңнан аттанып, Хыңжоу дуанындағы Хуаңгуадүйға дейін барды, жау жасағы бытырап тұс-тұсқа қашты, Нөненің сан түмен жасағы кезігіп, оларды қоршауға алды. Уыншюан патша аспай-саспай жер жағдайына қарай ұрыс салып, жау тобы былыққан бір орайда қоршауды бұзып шықты. Сонан амалсыз шегінген жауды қуа соққылады. Жаудың өлігі 25 лидей жерге дейін сай-салаға шашылып жайрап қалды. Əмірешіннің əйелі, баласы жəне жалпы 30 мыңдай адамы қолға түсті. Мамырда Уыншюан патша солтүстікке нөнелерге қарсы жорық жасап, оларды тағы да талқандады. Маусымда нөнелер оңтүстікке шабуылдау мақсатында бүкіл ұлысы болып шығысқа қарай көшті. Патша оларға Жинчуан өңірінде жеңіл атты əскермен тосқауылдап соққы бермекке аттанды. Бұдан хабар алған нөнелер жолай алмай алыс кетті. 6 маусымда Уыншюан патша нөнелерге қарсы жорыққа тағы да өзі шықты. Шілдеде қосын Ақбелдеуге дамылдап, салығы сонда тастады. Патша 5 мыңдай жеңіл атты əскерді өзі бастап, борап тұрған оқ пен тасқа қарамай соғыс салып, нөнелерді талай мəрте ауыр шығындады. Сонан Уо-йеға дейін барып, көп олжамен оралды. Осы кезде нөнелер түріктерден бірнеше рет жеңіліс тапты. Батыс Уей əулетінің патшасы Ғұңдидың 2 жылында (555) олардан мың шақты түтін қашып, қорғанның бергі жағына өтті. Түріктер өз күштеріне жəне Батыс Уей əулетімен арадағы достық қатынастарына сенгендіктен, нөнелердің қалған елі ұлы мемлекеттің көмегіне сүйеніп тағы да күшейіп кете ме деген қауіппен сан рет елші жіберіп, нөнелерді бірін қалдырмай қыруын талап етті. Жоу Уын бұған келісімін берді. Сөйтіп нөнебасыдан құлдай 3000 шақты адамын байлап-матап Түрік елшісінің қолына тапсырды. (Чаң-əндағы) Чиңмын қақпасының сыртында бұлардың басы шабылды. Тек кəмелетке толмаған жас балаларға ғана кешірім жасалып, хан-сұлтандардың үйіне таратып берілді.

ТҮРІК, БАТЫС ТҮРІК, ТЕЛЕК Түріктердің арғы аталары Батыс теңіздің оң жағын мекендеп, өз алдына ұлыс құрды. Олар ғұндардың өзге бір тармағы болса керек. Əулет есімі – Ашына. Кейінірек оны көршілес мемлекет талқандады да, адамдарын түгел қырды. Бірақ бір 10 жасар ер баланы жасақтар баласынып өлтіруге қимай, аяқ-қолын кесіп, иен далаға тастады. Оны бір қаншық қасқыр ет əкеліп беріп асырады. Бала ержетіп, бұл қасқырмен жақындасып, оны буаз қылды. Бұл баланың тірі екенінен құлақтанған жау елінің ханы оны өлтіруге тағы адам жіберді. Жіберген адам баланың қасындағы қасқырды көріп, баламен бірге оны да өлтірмекші болды. Сол тұста құдайдың құдіретімен бір хикімет күш əлгі қасқырды Батыс теңіздің шығысынан лақтырғанда Гаучаңның солтүстік-батысындағы тауға жеткізді. Қасқыр сондағы бір үңгірге кіріп, онда айналасы жүздеген лидей төрт төңірегі таумен қоршалған шалғынды жазық жерге кезікті. Осыдан кейін қасқыр 10 ұл тапты. Бұл оны ержеткен соң əйел алып, бала сүйіп өсіп-өрбіді. Əрқайсысының өз науғысы болды. Ашына – солардың бірінің науғысы. Өте ақылды болғандықтан, елі оны хан көтерді. Тегін ұмытпайтындығын білдіру үшін ол бөрі басты туын қақпасына іліп қойды. Олар өсіп бірнеше жүз отбасы болды. Бірнеше ұрпақтан кейін Ақын шад деген адам өз ұлысын бастап таудағы үңгірден шығып, нөнелерге бағынышты болды. Тай Ябғұның заманына келгенде бұлардың тұқымы мықтап күшейді. Кейінірек Уей патшалығының соңғы кезінде Елетміш қаған əскерлерімен телектерге жорық жасап, оларды күйрете жеңіп, 50 мыңдай отбасын өзіне қаратып алды. Сонан кейін өзіне нөнебасының қызын айттырмақшы болып араға жаушы салды. Бұған бұлқан-талқан болған Анагүй елші жіберіп, оған тіл тигізді. Елетміш қаған қаған бұл елшінің басын алып, жасақтарымен нөнелерге қарсы аттанды. Нөнелер жеңіліс тапты. Елетміш қаған өлген соң, оның орнына інісі Ай қаған таққа отырды. Ол да нөнелерді жеңді. Кейінірек ол аурудан қайтыс болды. Оның орнына баласы Шатуды емес, інісі Ічүкті таққа отырғызды. Ол Мұқан қаған деп аталды. Кей деректерде: түріктер асылында Пиңляңда тұрған кірме хулар еді. Олардың əулет есімі Ашына еді. Уей əулетінің патшасы Тəй-у сақаларды қырғанда, Ашына 500 отбасыны ертіп, нөнелерге кірімтал болып, Алтынтауды мекендеді де, оларға темірші болды. Алтынтаудың пішіні дулығаға келіңкірейді. Дулыға “түрік” деп те аталады. Сондықтан Түрік олардың аты болып қалды дейді. Былай деп те айтады: Түріктердің арғы аталары ғұндардың солтүстігіндегі Сақ елінен шықты. Олардың ұлыс көсемі Абам бек деп аталды. Олар 70 ағайынды еді. Оның біреуі – Іді Нышида деген, ол қасқырдан туды. Абам бектер тумысынан өте ақымақ болды да, оның мемлекеті жойылып кетті. Ал Нышиданың табиғаттың өзгеше құбылысын сезетін қасиеті бар еді. Ол күнді жауғызып, жел соқтыра алатын еді. Нышида екі əйел алды. Оның бірін жаз бен қыс тəңірінің қызы дейді. Ол бір жолда төрт егіз ұл тапты. Оның бірі аққуға айналды. Біреуі Абасу мен Кем өзендері арасынан Қырғұр деген мемлекет құрды; енді бірі Чатша судың бойынан мемлекет құрды; тағы бірі Бас чатшаш тауында мекендеді. Бұл оның үлкен ұлы еді. Осы тауда Абам бектің ұрпақтары да болды. Ол жер суық əрі ылғал жер екен. Үлкен ұлы от шығарып олардың бойын жылытып, асырап-бағып, олардың жанын сақтапты. Осылайша олар үлкен ұлды құрметтеп, өздерінің көсемі етіп сайлады. Бұған “Түрік” деген атақ берілді. Оның өз аты – Нағыд Түрік шад еді. Түріктің 10 əйелі болды. Балаларының барлығы шешелерінің əулетінің есімімен аталды. Ашына – оның кіші əйелінің баласы еді. Түрік өлгеннен кейін 10 əйелдің балалары өздерінің ішінен біреуді таққа отырғызуды ұйғарды. Олар бір бəйтеректің түбіне жиналды. Олар: “Қайсымыз осы бəйтерекке жоғары секірсек, сол таққа отырады” деп уəделесті. Ашынаның ұлы жасының кішілігіне қарамай, бəрінен биік секірді. Сонан бауырлары оны Ақын шад деген лауазыммен қошеметтеп таққа отырғызды. Бұл аңыз, айтылуы өзгешерек болғанымен, (түріктердің) арғы тегі қасқырдың тұқымы дегенге саяды. (Одан) кейінгінің аты – Тамын. Оның заманында ұлысы біраз күшейіп, шекара аймақтарымызға келіп əр түрлі жібек маталар сатып алып, Кіндік қағанатпен қарым-қатынас жасау ниеттерін бай қатты. Батыс Уей əулеті Датұңның 11 жылы (545) Жоу Уын патша жючюандық ху Əн Нопəнтоны елші етіп жіберді. “Бүгін ұлы қағанаттан елші келді. Енді еліміз көркейетін болды” деп олардың ел-жұрты бірінбірі құттықтасып қатты қуанды. 12 жылы (546) Тамын да жергілікті бұйымдарын тарту етуге елшісін жіберді. Осы кезде телектер нөнелердің үстіне аттанды. Тамын өз жасақтарымен тосқауылдап, оларды талқандады. Осылайша олардың 50 мыңдай түтіні бұларға берілді. Тамын ұлысы едəуір күшейген соң нөне басының қызын айттыруға араға жаушы салды. Бұған бұлқан-талқан болған Анагүй кемсіткен, балағаттаған жауаппен: “Менің темірші құлым бола тұра, мұндай сөйлеуге қалай батылың барды”, – деп арнайы елші жіберді. Шамырқанған Тамын оның елшісін өлтіріп тастады да, нөнелермен арадағы қатынасты біржола үзіп, Уей патшалығына қыз айттыру талабын білдірді. Жоу Уын патша қабыл алып, оған 17 жылы (551) маусымда Уей əулетінен Бақуат ханшаны ұзатты. Сол жылы Уей Уынди патша өлді. Тамын елшісін жіберіп көңіл айтып, бата оқырына 200 жылқы айдатты. (Уей) Фейди заманы бірінші жылдың басқы айында Тамын нөнелердің үстіне əскерін аттандырып, Хуайхуаңның солтүстігінде оларды ойсырата жеңді. Анагүй өзін-өзі өлтірді. Оның ұлы Əмірешін Чи патшалығына қашып барды. Қалған ел жұрты Анагүйдің көкесі Теңчүкісті таққа отырғызды. Осыдан кейін Тамын өзін Елетміш қаған деп атады. Бұл ежелгі (ғұндардың) тəңірқұтымен бірдей. Өзінің əйелін қатұн деп атады. Бұл да ежелгі əтшеге тура келді. Бұлар да Чи əулетімен өзара елші жіберісіп тұрды.

Тамын өлгеннен кейін баласы Қара таққа отырды. Қараның лауазымы – Ісіг қаған еді. Ол да Теңчүкісті Уо-йеның солтүстігіндегі Рат тауында талқандады. Қара өлген соң, оның орнына баласы Шату емес, інісі Іркін таққа отырды. Бұл Мұқан қаған деп аталды. Іркіннің тағы бір аты Йеңді еді. Ол ерекше жаралған жан еді. Бетінің жалпақтығы бір чыдан асатын. Екі беті қып-қызыл, көздері жалт-жұлт еткен өте жанарлы еді, тумысынан қайратты да қатыгез, батыр да ақылды еді. Ол жаугерлік жорықпен көбірек айналысты. Ол Теңчүкіске шабуылдап, оны жеңді. Теңчүкіс аман қалған адамдарымен Батыс Уейға қашып келді. Іркін батыста абдалдарды күйретті, шығыста қытандарды үркітті, солтүстікте қырғұрларды өзіне қосып алды жəне Ұлы Қорғанның сыртындағы елдерді де айбынымен жасқап, өзіне бағынуға мəжбүр етті. Оның жалпы иелігі шығыста Ляухəйдың батысынан Шихəйға (Батыс теңізге) дейінгі 10 мың ли; оңтүстікте құм шөлдің солтүстігінен Бейхəйға (Солтүстік теңізге) дейінгі 5–6 мың ли жерді алып жатты. Олар Кіндік қағанатпен үзеңгі қағыстырды. Кейін келе Уеймен біріге, Чи жорық еліне жорық жасап, Биңжоу дуанына дейін келді. Олардың салты: шаштарын жайып, шапанын солға қарай түймеленеді. Күмбез пішінді киіз үйлерде тұрады. Судың тұнығын, шөптің сонысын қуып көшіп жүреді. Мал шаруашылығымен, аң аулаумен шұғылданады. Ет жеп, ақ ішеді. Теріден тігілген, жүннен тоқылған киім киеді. Қарттарды сыйламайды, қару-қайраты бар жастарды құрметтейді. Ар-ұяты кем. Ежелгі ғұндар сияқты, əдеп-иба, əділдік дегендерден жұрдай. Елбасыларын алғаш таққа отырғызғанда жасауылдары мен мəртебелілері оны киізге отырғызып, күн қозғалысы бағытымен тоғыз рет айналады. Əр айналғанда қарашылар оған тағзым етіп отырады. Мұнан кейін оны таққа мінгізіп, мойнын торғынмен орап, демі үзілмейтіндей дəрежеде қылқындырады да, “Неше жыл қаған боласың?” – деп тосын сұрайды. Есеңгіреген елбасы нақты айта алмайды. Ұлықтар оның айтқанына сай өздерінше есептеп шығады. Ең ірі ұлығы – ябғұ, одан кейінгісі – шад, одан кейінгісі – тегін, одан кейінгісі – елтебер, одан кейінгісі – тұдынбер, барлығы төменгі шенділермен қосқанда 28 дəреже, олар бұл шенге мұрагерлікпен ие болады. Қару-жарақтан оларда бары: мүйіз нақышты садақ, ысқырма оқ, сауыт, найза, қылыш, семсер. Сəн үшін көбіне ақинақты бойынан тастамайды. Туларында бөрінің зерлі бас бейнесі бар. Жасауыл сарбазды бөрі деп атайды. Бұл қытай тілінде лаң (қасқыр) деген ұғымды білдіреді.Өздерінің қасқырдан туған ежелгі тегін ұмытпау үшін осылай атайды. Атқа мықты, садақ тартуға шебер, табиғаты – жауыз. Жазуы жоқ. Шақырылған əскер мен олардың аткөліктерін, салық пен мал-мүліктердің санын алғанда ағашқа кертіп белгі салу жолымен есептейді. Алтын ұшты жебе мен балауыз мөрді куəлік ретінде пайдаланады. Жорыққа немесе барымтаға шығу үшін айдың толуын күтеді. Олардың жаза заңы бойынша бүлік шығару, кісі өлтіру, біреудің əйелін зорлау, бекітілген аттың тұсамыс-шідерін ұрлау өлім жазасымен жазаланады. Зинақорға ақтау жазасын жəне белін үзу жазасын бұйырады. Біреудің қызын зорласа, оған заттай ауыр айып төлетеді жəне оны сол қызға үйленуге мəжбүр етеді. Адамды ұрып зақымдағандар зақымның ауыр-жеңілдігіне қарай заттай құн төлейді. Көз шықса, айыпты қызын береді. Егер қызы болмаса, бір əйелдің құнын төлейді. Ал дененің басқа бір мүшесін зақымдаса, онда жылқы төлейді. Ат немесе басқа зат ұрлаушы сол ұрлаған нəрсесінің құнын 10 есе етіп қайтарады. Өлген адамның мəйіті киіз үйге жайғастырылады. Балалары, немерелері, туыс-туғандары ер-əйел демей, құрбандыққа жылқы, қой шалып, етін əруаққа атап, есіктерінің алдына жаяды да атқа мініп үйді жеті айналып шығады, сонан үйге кірерде беттерін теміртектен жыртып дауыс қылады, қан мен жас қосыла төгіледі. Жоқтау рəсімін мұны осылай жеті рет қайталағанда барып аяқтайды. Содан кейін күннің сəтін таңдап, өлген адамның тірісінде өзі мінген атын, тұтынған мүлкін оның денесімен бірге өртейді де, белгілі бір мезгілде жерге көмеді. Көктемде жəне жазда өлген адамды ағаштар мен өсімдіктердің жапырағы сарғайғанда немесе түсе бастағанда, ал күзде, қыста өлген адамды гүлдер бүршік жара бастаған кезде жерлейді. Жерлеу кезінде өлген адамның туыстары, дəл өлген күніндегідей, тасаттық беріп атпен шабады, беттерін жыртады. Қа бірдің басына қада орнатылып, үй тұрғызылады, (үйдің) ішіне өлген адамның бейнесі жəне оның тірі кезінде өткерген шайқастары баяндалған суреттер салынады. Ол бұрын бір адам өлтірген болса, онда бір тас қойылады, кейбіреуінде ондай тастар жүзге, тіпті мыңға жетеді. Құрбандыққа шалынған қой мен жылқылардың бастары түгел қадаға ілінеді. Бұл күні ерлер де, əйелдер де бір киерлерін иығына іліп, қабір басына жиылады. Егер жігітке қыз ұнаса, ол қайтар жолда қыз үйіне құда түсуге адам жібереді. Мұндай жағдайда көп ретте қыздың ата-анасы қарсы болмайды. Əкесі, ағасы, əкесінің аға-бауыры қайтыс болса, баласы, інісі жəне аға-бауырының баласы өгей шешесіне, жеңешесіне, жеңгесіне үйлене береді. Тек үлкендердің өздерінің баласы есепті адамдардың жесірімен шатысуына болмайды. Олардың тұрақты орын тепкен мекені жоқ. Оның ордасының есігі шығысқа қаратылады. Бұл күннің шығуына еткен құрметі болса керек. Ол жыл сайын өзінің мəртебелі адамдарымен аталарының үңгіріне барып, құрбандық шалады. Ал мамырдың ортасында Тарын өзенінде көк тəңіріне тасаттық беріп табынады. Өтүкен тауынан батысқа қарай 500 ли жерде басына ағаш та, шөп те өспейтін биік шоқы бар. Оны Ба теңрі деп атайды. Бұл қытай тілінде дишын (жер құдайы) деген мағынаны білдіреді. Олардың жазуы хулардікіне ұқсайды. Бірақ жыл қайырып, күн есептеуді білмейді де, жердің неше рет көктегені бойынша жыл есебін шығарады. Ерлері чупу деген ұтысты, қыздары доп ойнағанды ұнатады. Қымызды мас болғандарынша ішеді. Дəурігіп өлең айтысады. Шын-шайтан дегендерден қорқады, əруақты

сыйлайды, бақсыға сенеді. Соғыста өлгенді – даңқ, ауырып өлгенді намыс санайды. Олардың салты жалпы ғұндармен бірдей. Іркін заманында ұлысы мықтап күшейді. Сонан елшісін жіберіп, Теңчүкістердің көзін жоюды сұрады. Жоу Уын патша бұған мақұл болып, Теңчүкістен құлдай 3000 адамды жиып алып, оның елшісіне тапсырды. Оларды Чиңмын қақпасының сыртында қырып салды. 3 жылы (556) Іркін тұйғұндарға тұтқиыл шабуылдап, оларды талқандады. Жоу Миңдидың 2 жылы (558) Іркін елші жіберіп, сый ұсынды. (Солтүстік Жоу əулеті Уди заманы) баудиңның бірінші жылы (561) тағы да үш мəрте елші жіберіп, жергілікті өнімдерін тарту етті. Ол кезде (Жоу əулеті) Чи патшалығымен арада соғыс болып жатыр еді. Арада қақтығыс толастамаған соң, сырттан көмекші болуы үшін олармен одақтасуға тура келді. Іркін (Батыс Уейдың патшасы) Ғұндидың заманында-ақ өзінің қызын Жоу Уын патшаға атастырған еді. Бірақ некелік шарт бекімей жатып, Жоу Уын патша қайтыс болып кетті. Ұзамай Іркін басқа қызын Удиға атастыруға келісім берді. Алайда қалың алып үлгермей, Чи патшалығы да оның қызына құдалық сөйлесіп елші жіберді. Іркін олардың тартуына қызығып, бұрынғы сөзден айнығысы келді. Дəл осы кезде Уди патша Ляңжоу дуанбасы Яң Жян мен бөрібасы Уаң Чиңдерді құдалықты бекітуге жіберді. Уаң Чиңдер уəдеге опа, іске əділдік керек екенін ұғындырды. Осылайша Іркін Чи елінің елшісінің талабынан бас тартып, құдалық шартын бекітті. Сөйтіп ол шығысқа жорық жасау тілегін қайталай білдірді. Патша Сүй сұлтаны Яң Жұңға 10 мың əскерді бастап түріктермен бірге Чи əулетінң үстіне аттануға жарлық шығарды. Яң Жұңның əскері Жиңлиңнен асқанда Іркін өзінің 100 мың атты сарбазымен келіп бұларға қосылды. Келесі жылы басқы айда Жиняңда Чидың билеушісін қоршауға алды. Бірақ жеңе алмады. Сонан Іркін сарбаздарын еркіне жіберіп, мейлінше тонатып кері қайтты. Жорықтан оралған Яң Жұң Уди патшаға: “Түріктердің жасағы жалпы нашар, сыйлығы мардымсыз, жазасы да тым жеңіл. Қолаға көп болғанымен, бұйрықтарының тиянағы жоқ. Мұндай елді бойсұндыру қиын деуге қайтіп болады? Бұрынғы барған елшілеріміздің оларды өте құдіретті етіп көрсетуіндегі мақсат – олардың елшісіне мол сыйлық бергіздіру, сөйтіп өздері барғанда да соның есесіне көп сыйлыққа кенелу. Сарай олардың өтірігін малданған соң, қолбасыларымыз да, əскерлеріміз де олардан шынымен именетін болып жүр. Лулар былай қарағанда мықты сияқтанғанымен, оларды жөнге салу өте оңай. Қазір, меніңше, бұрын-соңды барған елшілердің барлығының басын алған жөн”, – деді. Уди оның бұл ұсынысын қабылдамады. Сол жылы Іркін тағы да тарту-таралғымен елшісін жіберіп, шығысқа екінші рет жорық жасау өтінішін білдірді. Патша Яң Жұңды əскерімен Уо-йедан аттануға, ал Жин сұлтаны (Юйуын) Худы Лояңға барып, онымен тізе қосуға бұйырды. Кезегінде (Юйуын) Ху шайқаста жеңіліс тапты да, Іркін кері қайтып кетті. (Баудиңның) 5 жылы (565) патша Чын сұлтаны (Юйуын) Чұн, бас уəзір Юйуын Гүй, Шын-у сұлтаны Доу И жəне Нəнəн сұлтаны Яң Жяндарды қалыңдықты алып келуге жіберді, тянхының 2 жылы (567) Іркін тарту-таралғымен тағы да елші аттандырды. Чын сұлтаны (Юйуын) Чұндар келгенде Іркін Чи патшалығынан əлі де үмітін үзе қоймап еді. Сол кезде өзгеше бір жел тұрып, күн күркіреді. Сосын ғана қызын (Юйуын) Чұндарға қосып жіберуге келісімін берді. (Тянхының) 4 жылы тағы да тарту-таралғымен елші аттандырды. Іркін өлгеннен кейін орнына баласы Төремен емес, інісі Таспар қаған деген лауазыммен таққа отырды. Таспар қаған Шатуды Нұр қаған етіп, мұқым шығыс жақты билетті. Өзінің інісі Нұқтан қағанды Бөрі қаған етіп тағайындады, ол батыс тарапта тұрды. Іркін кезінен бастап мемлекеті күшейген соң, олардың Кіндік қағанатты келемеж ету ойы болды. Сарай олармен құда-андалық қатынасты сақтауға тырысып, жылына оларға 100 мың бума торғын-торқа, асыл кездемелер беріп тұрды. Түріктердің астанада тұрғандарын аса сыйқұрметпен күтті. Олардың сарай есебінен киім киіп, ет жейтіндерінің өзі үнемі мыңға жетіп отырды. Чилықтар да олардың шабуыл жасауынан жасқанып, өздерінің қазынасын сарқып бітті. Таспар бұған на саттанып, қасындағыларға: “Күнгейдегі екі ұлым маған деген адалдығынан айнымаса, еш нəрседен шолпы тартпаймын”, – дейтін еді. Чи патшалығында Хүй Лин дейтін шырамана бар еді. Түріктер оны тұтқын ретінде елдеріне алып барды. Ол Таспарға: “Чи мемлекетінің бай əрі күшті болуы олардың будданың жолын ұстануынан”, – деді. Есеп-себеп, випака сияқты адамгершілік қағидаларына саятын діни тағылымдарды ұғындырды. Таспар оның уағызына иланды да, самгхарама салғызды əрі Чи патшалығына елші жіберіп, «Жиңмиң», «Нирвана», «Хуаян» сияқты дестірлер мен “Ондық тыйымдарды” сұратты. Таспар ауыз бекітіп, тыйымдарды орындады, самгхараманы айналып тауап етті, тіпті кейде ішкергі өлкеде тумағанына өкінді. (Уди – Юйуын Юң заманы) жяндының 2 жылы (573) Таспар елші жіберіп сəйгүлік сыйлады. Чи патшалығы жойылғаннан кейін оның Диңжоу дуанбасы, Фəняң ханы Гау Шау-и Ма-идан түріктерге қашып барды. Таспар Гау Шау-иды Чи патшасы етіп таққа отырғызды, кек аламыз деп оның бұрынғы адамдарын да шақыртты. Шюанжыңның 1 жылы (578) сəуірде Таспар Южоу дуанын шапты. Баған Лю Шюң əскер бастап қарсы соғысты. Бірақ жеңіліс тауып қаза болды. Уди патшаның өзі алты алайды бастап солтүстікке жорық жасады. Бірақ ол жолда қайтыс болды да, əскері кері оралды. Сол жылы қыста Таспар шекара аймаққа шабуыл жасап, Жючюанды қоршап, аямай тонап кетті. Дашяңның 1 жылы (597) Таспар құда-андалық қатынасты қал пына келтіруді өтінді. Жиңди патша Жау ханы Юйуын Жаудың қызын Мыңділда ханша деген атпен атастырды жəне елші жіберіп Гау Шау-иды астанаға айдатып əкелуді тапсырды. Таспар мұнымен келіспей, баяғысынша Биңжоу дуанына шабуыл жасады. (Дашяңның) 2 жылы (580) ғана тарту-таралғысымен елшісін жіберіп, ханшаны

алдырды, бірақ Гау Шау-иды тапсырмай алып қалды. Патша осы мəселеде өз лебізін жеткізуді Хыро Иға бұйырды. Осыдан кейін Гау Шау-и (астанаға) апарылды. Ауруы асқынған Таспар өлер алдында ұлы Əміреге: “Туыстық жақындықта əке мен баладан артығы болмайды деп есептеуші едім. Ал менің ағам жақыным деп өзінің баласына тартпай, тағын маған берді. Мен өлсем, сен Төременге жол бер”, – деді. Таспар өлген соң орда біліктілері тақты Төременге ыңғайлады. Бірақ оның шешесінің тегі қара халықтан болғандықтан, ел-жұрты оған пейілсіз болды да, нағыз ақсүйек деп Əміреге көбірек ықылас танытты. Шату бəрінің соңынан келіп, орда ұлықтарына былай деді: “Егер Əмірені таққа отырғызсаңдар, онда аға-бауырларыммен бірге оған қызмет етемін. Ал егер Төременді таққа отырғызсаңдар, онда мен өз шекарамды сақтап, қымы өткір найзамен оған төтеп беремін”. Шату өте абыройлы əрі батыр адам еді. Ұлықтар оған қарсы келе алмай, ақырында Əмірені таққа отырғызды. Таққа қолы жетпеген Төремен Əміреге мойынсал болмай, əр кез оған адам жіберіп тіл тигізіп, соқтығып тұрды. Оны бағындыра алмаған Əміре тақты Шатуға берді. Орда біліктері: “Төрт қағанның ішіндегі ақылдысы – осы Шату” деп, оны Ел Күлік шад Баға Ышбара қаған деген лауазыммен таққа отырғызды. Ышбара қаған деп те атады. Ол Түкен тауды мекендеді. Əміре мəртебесі төмендетіліп, Үшінші қаған деп аталды да, Тоғла суының бойын қоныстанды. Төремен Ышбараға: “Мен де өзіңдей қағанның баласымын. Əр екеуіміз де əке мұрасына ие болуға хақылымыз. Ал сен қазір шексіз құрметке ие болдың, мен ғана мəртебе ала алмадым. Бұл қалай?” – деді. Ышбара онан қауіптеніп, оны Аба қаған етіп тағайындады. Ол (еліне) қайтып барып, қарасты қауымын биледі. Ышбара батырлығы арқасында халқынан зор қолдау тапты. Теріскей рейлердің барша жұрты оған бағынды. Сүй Уынди таққа отырған соң Ышбараға салқын қарай бастады. Теріскей рейлер бұған ызаланды. Дəл сол кезде Йыңжоу дуанбасы Гау Бауниң бүлік шы ғарды. Ышбара оның əскерімен бірігіп, Линюй бекінісін басып алды. Сүй Уынди патша олардан сақтану үшін шекара бекіністерін жөндеуге жəне Ұлы Қорғанды биіктетуге жарлық шығарды. Ышбараның əйелі, Жоу əулетінен шыққан Мыңділда ханша елі жойылып, төркінінің оты өшкеніне қайғырып, бүкіл халқын аттанысқа шақырды да, жалпы 400 мыңдай əскерді соғыс күйіне келтірді. Соған орай патша баған Фың Юйды Ібір көліне барып орналасуға, Лəнжоудағы төбенайы Чыли [Чаңчаны Линяуды қорғауға, аға баған Ли] Чұңды Южоуға орналасуға, Даши Жаңруды Жоупəнды қорғауға жарлық шығарды. Бірақ бұлардың бəрі лулардан жеңілді. Осылайша Ышбараның қалың жасағы Мушя, Шымын бағыттарынан кіріп, У-уей, Тяншұй, Əндиң, Жинчың, Шаңжюн, Хұңхуа, Ян-əн аймақтарын шауып, тігерге тұяқ қалдырмай, барлық малын айдап кетті. Көктің ұлы бұған бек қапаланып мынадай жарлық шығарды: “Кешегі Жоу əулеті мен Чи əулеті өзара қырқысып, Хуашя топырағын бөлшектеді. Түрік лулары осы екі мемлекетпен де қарым-қатынас орнатты. Жоулықтар шығыс тарапынан алаңдап, Чи əулетінің олармен тым тату болып кетуінен қауіпсінді. Ал чилықтар батыс жағындағы жауынан қауіп қылып, Жоу патшалығының олармен қарымқатынасының тым жиілеп кетуінен қорықты. Əр екеуі де түріктердің қалауы өз мемлекеттерінің амандығына саяды деп есептеді. Əр екі жақтың да қастарындағы үлкен жаудан алаңы болса да, бір жақтың шекарадағы қорғанысын азайтуды көкседі. Халқының дəрменін арадағы барыс-келіске тауысты. Қазынадағы бар байлығын шөл далаға шашты. Хуашя топырағынан берекет кетіп, бəлекет басты. Мен Тəңірдің бұйрығымен күллі халықты баласындай бағып-қаққан жарылқаушы ретінде қарашаларымның көрген қиянатына аяушылық жасап, бұрынғы келеңсіздіктің тамырына балта шаппақшымын. Сондықтан мұнан былай қарақшыларға беріп келген заттарды қолбасшылар мен шеріктерге бергіземін. Əрі-бері сандалған халықты тыныштандырып, егіншілікпен, тоқымашылықпен шұғылдандырамын. Жауыз жау ларымыз топас нырайлар болғандықтан, біздің арғы мақсатымызды түсініп жете алмайды. Қазіргі мына мейлінше орныққан күндері олар əлі де кезіндегі өзара қырқысып жататын алты бақан, ала ауыз кездерге санайтын сияқты. Олардың кешегі өктемдігі, міне, бүгін көкірегімізде кек болып байланып жатыр. Таяуда олар апандарынан өріп шығып, солтүстік шекарамызға шабуыл жасап бақты. Қиыр шекаралық бекіністерде тұратын қосалқы бөлімдеріміздің өзі-ақ оларға сілейте соққы беріп, жеткізбей желкесін қиды. Осылайша оңтүстікке аяқ басуға үлгермей, қайта солтүстікке қашты. Жау жақтың атаманы бесеу. Олар аға-бауыр, əке-көке ара бақталас, берекесіз, жəбіршіл қатыгез жандар. Шығыс рейлерді құрап отырған тайпалар оларға ызалы, батыс нұмдар да көптен бері кекті. Ал Түріктің солтүстігіндегі қырғұрлардың бұларға тіпті арыдан азуы басулы. Олар қалайда өздеріне тиімді сəтті күтеді. Тарду қаған Жючюанға шабуыл жасағанда, Ұдұн, Парсы, Абдал – үшеуі бірдей бір мезгілде бүлік шығарды. Ышбара таяуда Жоупəнға шабуылдағанда оның қол астындағы Бақа, Доңғырла ұлыстары да дүбіліс жасады. Өткенде Ликей шадты корейлер мен мүркеттер тас-талқан етті, Саби шад та Қыршы қағанның қолынан қаза тапты. Мұнан (Түрікке) көршілес елдердің барлығының да патшалығымыздың оларды жазалауын құптайтындығын байқауға болады. Олардың билігіндегі бейкүнə халық, барша милат қайғыдан жүректері қан жылап, зұлымдықтан жандары түршігіп, зығырданы қайнауда. Жұмыр басты, екі аяқты пенделердің мұндай тіл бірлігі, діл бірлігі дəл менің көңілімнен шығып отыр. Олардың жерін жұт жайлап, елін қырсық шалғалы қашан, шамасы бір мүшел межесі болса керек. Аң-құс адамша сөйлепті, адам əулиеше сəуе көріпті, олардың барлығы (түріктердің) мемлекеті жойылады дейді екен де, ғайып болып кетеді екен. Əр

қыста күн күркіреп, жай түсіп өрт шығады. Барлық тіршіліктің су мен шөпке сүйенетіні мəлім. Ал былтыр жыл он екі айда олардың жерінде ылғал тамбады. Шегіртке қаптап, шөп күйіп кетті де, жақ жұттан жəне індеттен мал-жанының жартысы қырылды. Көне мекендері тулақ сүйрегендей тақырға айналды. Сосын Дешті құмның күнгейіне көшіп барып, біраз уақыт жан сауғалады. Оларды Тəңір қарғаған. Ажал құрығы олардың қыл мойнына ілінді. Қазір тілеуімізді Тəңір беріп отырған ең орайлы сəт. Сондықтан қолбасшыны таңдап, əскерді машықтандырып, азықтүлікті, қару-жарықты мол дайындап, жауынгерлерімізді жігер лендіріп, батырлардың кегін тасытып, оларды жаудың күлік хан дарының басын алып, тəңірқұттарының жонынан таспа тілетін шабытқа келтіруіміз керек. Бұл – Уаң Хүй айтқандай, іріңді жараға садақ тартқандай етсек, қандай жау кедергі болады, қандай алыстағылар бағынбайды. Бірақ патшалардың ескі ізі Юдуға ғана барып тіреледі. Онан арғы қақаған қағыр даланың бізге қажеті шамалы. Жерін алсаң, мекендеуге болмайды. Халқын алсаң, бəрі-бəрін өлтіруге дəтің шыдамайды. Мүмкіндігінше шығынсыз соғыс салып, теріскейдегі теңізден бергі қиыр аймақты қарата алсақ та жарар еді. Осы жарлығымды елге жариялаңдар, халқым менің ойымды білсін». Осыдан кейін Хыжян ханы Уаң Хұң, аға баған Ду Лужи, Доу Рұңдиң, сол қол атарман Гау Жюң, оң қол атарман Юй Чиңзы – бəрі бас сардар болып тағайындалып, əрқайсысы өз əскерімен Ұлы Қорғаннан шығып түріктерге лап қойды. Бұларға Ышбара екі қаған – Аба жəне Тамған қағандарды бастап қарсы тұрды. Бірақ жеңіліп кері қашты. Осы кезде олардың арасында аштық басталып, астық орнына сүйек талқанын ішті. Оның үстіне індет таралып, көп адамы содан қырылды. Ышбара батырлығы мен қырбаттығы үшін Абаны қызғанышпен жек көрді. Сол себепті бұрынырақ қайтып, оның ел-жұртын тұтқиылдан шауып, тас-талқанын шығарды да, анасын өлтірді. Қайтып оралған Аба өзіне тұрақ таба алмай, батыстағы Тарду қағанды паналады. Тарду есімі бойынша Темкіт, əкесі жағынан Ышбараның немере ағасы болып келуші еді. Ол бұрын батыс тараптың қағаны болатын. Ол бұл іске қатты ашуланып, Абаға қалың əскер беріп, оны шығысқа аттандырды. Абаға бұрынғы өз ұлысынан 100 мыңдай атты əскер келіп қосылды. Осылайша бұлар Ышбарамен арадағы соғысты бастап жіберді. Мұнан тыс, Тамған қаған бұрыннан Абамен тату еді. Ышбара оның ұлысын тартып алып, лауазымын жойғанда ол да Тарду қағанға қашып барды. Ышбараның немере інісі Тегін шад жеке ұлысты басқаратын. Ол да Ышбарамен араздасып, өз ел-жұртымен Абаға барып қосылды. Осылайша тараптар арасында соғыс толассыз жүріп жаты. Екі тарап та сарайға елші жіберіп бітім жəне көмек сұраумен болды. Патша олардың əр екі тарапының да тілегін қабыл алмады. Бұл кезде Мыңділда ханша патшаға датнама жолдап, өздерін баласы ретінде қабылдауға өтініш білдірді. Уынди патша ордагер Шюй Пиңхыны Ышбараға елші етіп жіберді. Сол əзірде əскерімен Биңжоуда тұрған Жин ханы Яң Гуаң (түріктердің) берекесіз кезін пайдаланып қалуды ұсыныс етті. Патша оның бұл ұсынысын қабылдамай тастады. Ышбараның елшісі əкелген датнамада былай делінген: «Ұлу жылының 10 қыркүйегінде Тəңірден болмыш Ұлы Түрік əлемінің данасы мен ардақтысы Көктің ұлы Ел Күлік шад Баға Ышбара қаған Ұлы Сүй патшасына хат жолдады. Елшіңіз ордагар Шюй Пиңхы бізге келді. Оның айтқандарын естідім. Патша əйелімнің əкесі екен, демек, менің атам. Қыз күйеу атаға баласы тұрғылас. Екі бөтен ел болсақ та, туыстық сезім, кісілік ұғым барша адамға ортақ. Арамыздағы қазіргі қат-қабат жегжаттық қатынас ұрпақтан-ұрпаққа, мың-мың жылдарға жалғаса бермек. Тəңірге сеніңіз, ешқашанда сізге қарсы шықпаймын. Осы əзірден бастап, менің мемлекетімдегі қой мен жылқының бəрі патшаның малы, ал сіздердің торғын-торқаларыңыз біздің осы аранікі есепті. Арамызда айырма болмайды». Уынды патша оған мынадай жауап хат жазды: «Ұлы Сүй патшалығындағы Көктің ұлы ұлағатты Түріктің Ел Күлік шад Баға Ышбара қағанына хат жолдайды. Хатыңнан бізге деген зор ықылас ниетіңді аңғардым. Ышбараның əйелінің əкесі болғандығым үшін оның өзін де ұлым деп есептеймін. Сондықтан əдеттегі елшінің үстіне ежелгі туыстығымызды ескеріп, мəртебелі ұлығым Юй Чиңзыны онда қызымды көруге əрі Ышбарамен дидарласуға жіберіп отырмын». Ышбара əскерін қатарға тұрғызып, асыл заттарын тізіп, (Юй) Чиңзыны отырып қабылдады. Сырқаттығы себепті орнынан тұра алмағандығын айтты, оның үстіне «Əкем мен көкемнен бері ешкімге тізе бүгіп көрмегем» деп қоса ескертті. Юй Чиңзы оны күстаналап, жөн-жосықты түсіндіруге тырысып еді. Мыңділда ханша Юй Чиңзыға: «Қаған қасқыр кібі, көп қарсылассаңыз, талап тастайды» деп сыбырлады. Жаңсүн Шың насихаттап иландырғаннан кейін Шату жарлықнаманы жерге бас қойып қабылдап, төбесіне көтерді. Сонан өзі едəуір ыңғайсызданды. Оның маңындағы дүбірлер бір араға ұйлығысып дауыс шығара жылап жіберді. Юй Чиңзы оған тағы да «чын» деп айтуды бұйырды. Ышбара маңындағы дүбірлерінен «чын» деген сөз не мағынаны білдіреді деп сұрады. Олар: «Сүй патшалығына чын болу деген біздегі құл болу деген сөзбен бірдей» деп жауап берді. Ышбара «Ұлы Сүйдің көк ұлына Юй атарманның арқасында ғана құл бола алдым» деді. Сонан Юй Чиңзыға 1000 жылқы сыйлады əрі өзінің немере қарындасын қосты. Бұл кезде Ышбараны бір жағынан Тарду қыспаққа алса, екінші жағынан оған қытандар қауіп төндірді. Сондықтан ол арнайы елші жіберіп, өз жағдайының күрт өзгеріп кеткенін патшаға хабарлап, қарауындағы елдің Дешті құмның күнгейіне табан аударып, Ақбелдеу аңғарына барып уақытша қоныстануына рұқсат сұрады. Рұқсат етілгені жөнінде жарлық шықты. Жин ханы (Яң) Гуаң əскерін бастап оған көмек берді, оларды азық-түлік, киім-кешекпен қамдады əрі

күйме, дабыл жəне сырнай сыйлады. Бұдан кейін Ышбара батысқа жорық жасап, Абаны күйрете жеңіп, оның өзін тұтқынға алды. Осының арасында Абар елінің адамдары Ышбараның ордасы иен қалған орайда, оның бүкіл үй ішін тұтқынға түсірді. Патшалықтың қосыны абарларды талқандап, соғыс олжасын түгелімен Ышбараға сыйлады. Бұған Ышбараның бөркі қара қазандай болды. Осылайша келісім шартта Шөлді шекара деп белгіледі. Ол өзінің датнамасында былай деді: «Ұлы Түрік Ел Күлік шад Ышбара Баға қаған боданыңыз Шату дат айтады: Бас елші, санаттың оң қол атарманы Юй Чиңзы бізге келді, жарлықнамаңызды табыс етіп, шарапатты пəрменіңізді жеткізді. Ұлы ағзамның шапағаты мен инабаты уақыт өткен сайын айқындала түскенін ой көзімен аңғарып отырмын. Бар жақсылығыңызды көңілмен біле тұра, оны толық ақтай алмай жатырмын. Тəңірдің қалауымен Түрік қағанат құрғалы, міне, 50 шақты жыл болды. Сонан бері шөл далада қиыр қонып, шет жайлап қаған атанып келеміз, иелігіміз түмен ли жерді алып жатыр, мал-жанымыз құлты (100 миллион) бойынша есептелінеді. Барша нұм-рейлерді тегеурінмен бағындырып, Хуашямен үзеңгі қағыстырып келеміз. Нұм-рейлерде бізден құдіретті ел болған емес. Жуырдағы жылдары ауа-райы жайлы, жауын-шашын мезгіл ретіне лайықты болып келгеніне қарап, мұны қалайда Кіндік қағанаттан əулие затты ағзамның шығу нышаны болар деп жорып едім. Жүгіне ой жүгіртсем, Ұлы Сүйдің патшасы ғана нағыз патша екен. Осылай тұра жер қиындығынан пайдаланып, жасақ құрап қаған деп құжырлануыма қайтып болады? Қазір қауғанға салиқалы салттарыңыз менің көңілімді біржола əділеттің ақ жолына ынтықтырды. Құзырыңызға қол тапсырып барып қайтуға жер арқасы қиян шалғайда жүрмін. Солайда əрменелік салттан айнымай, ақ үйлі аманатқа ұлымды жіберуді өзіме парыз санадым. Əр жылы көпшір ретінде сəйгүліктер жіберіп тұрмақпын Ертелі-кеш құлдық ұрып, əміріңізді екі етпеуге тырысамын. Жетінші балам Қағыпчынды жəне басқаларды датнамамды табыс етуге жібердім, хабарлы болғайсыз». Осыған орай Уынди патша былай деп жарлық шығарды: «Бұрын Ышбара бейбітшілік келісімін жасағанымен, екі ел болып келген едік. Енді біріміз – билеуші, біріміз – боданбыз. Демек, бір тұлғаға біріктік. Жауапты басқармаларға осы іс бойынша көк тəңірі мен жер тəңіріне жəне ата-бабаларға арнап тасаттық беруін орналастырып, бүкіл халыққа салтанат ретінде жариялауын бұйырамын». Осыдан бастап былайғы уақытта айырмашылық болу үшін жарлықнама мен іске қатысты жауаптарда Ышбараның аты аталмайтын болды да, оның Жоу əулетінен шыққан қатұн мəртебелі жұбайына Яң науғысы лайықтанып, есімі патша жұрағаттары тіркелген кітапқа енгізілді əрі Көшелі ханша деген атақ берілді. Патша Қағыпчынға баған деген лауазым жəне Əн ел-сұлтаны деген атақ берген үстіне, гарем сарайда кең мол дастарқан жайып, патшайыммен де таныстырды жəне мол тарту тартты. Мұндай ықыласқа мейлінше риза болған Ышбара былайғы жерде сарайға тіпті үзбей тарту-таралғы жіберіп тұратын болды. 7 жылы (587) басқы айда Ышбара өзінің ұлын тарту-таралғымен сарайға жіберіп, Хыңжоу, Дəйжоу дуандарының жерінде аң аулауға рұқсат сұрады. Патша бұған рұқсат етіп, Ышбараға сый-сыбаға ретінде шарап жəне ет тағамдар апаруға елшілерін аттандырды. Ышбара патша сыйлығын бүкіл ұлысымен тағы да тағзым етіп қабыл алды. Ышбара бір күнде өзі ғана 18 бұғы атып, олардың құйыршығы мен тілін кесіп алып сарайға жөнелтті. Қайтар жолда ол Қызылсу бекінісіне соқты. Осы арада оның шатыры өртеніп кетті. Мұны Ышбара жамандыққа жорыды. Сонан айдан біраз уақыт өте қайтыс болды. Осы қазаға байланысты патша сарай зиратын үш күнге тоқтатты, аза жұмысын басқаруға жөрелгі уəзірді жіберді əрі бата оқырға 5000 топ торғын бергізді. Алғашқыда Шату өзінің баласы Оңғылдың мінезін тым бошалаң деп ұнатпай, орнына өзінің інісі ябғу Чориғаны таққа отырғызуға бұйыратынын өсиет қып айтты. Сол сөз бойынша Оңғыл адам жіберіп шақыртып, Чориғаны таққа отырғызатын болды. Чориға: «Біздің түрікте Мұқан қағаннан бері аға өлсе – іні мұрагер болып келеді. Бəйбішенің баласы отыратын тақты тоқалдың баласы тартып алу ата-баба заңына қайшы. Мұндайда ілтипат та, инабат та болмай қалады. Таққа сіз отыруға лайықсыз, мен қашан да қасыңыздан табы ла мын», – деп сəлем айтты. Оңғыл Чориғаға тағы адам жіберіп былай деді: «Көкем мен əкем бір тамырдан нəр алған бір теректің екі бұтағы, мен сол бұтақтың жапырағымын. Енді мен əміршімін, жапырақ бұтақтан бұрын болды дейтін жөнім жоқ. Сондықтан көкемнің бұл ретте күдікке берілмеуін сұраймын», – деді. Осылайша бес-алты рет жауаптасқан соң Чориға таққа отырып, Ябғұ атанды. Чориға елші жіберіп, жағдайдан сарайды хабарландырды. Уынди патша оған дабыл, сырнай жəне байрақ сыйлады. Чориға ат жақты, дөң жауырын, өткір жанарлы, ержүрек, ойсаулы кісі еді. Ол Сүй əулетінен байрақ пен дабыл алған соң Абаға жорық жасап, батысқа шеру тартты. Абаның қол астындағылар Чориға Сүй патшалығынан əскери көмек алды деп ойлап, дені берілді. Аба тұтқынға алынды. Абаны өлтіру керек пе əлде өлтірмеу керек пе деген мəселе жайында патшадан нұсқау сұралды. Патша оны өз ұлықтарының қарауына берді. Сол қол атарман Гау Жюң: «Туысқандардың бірін-бірі өлтіруі – мағрипатқа тəрбиелеу жосынына қайшы аса зиянды əрекет. Оны тірі қою арқылы (патшамның) шапағатын əйгілейік», – деді. Патша «Рауа!» – деді. Шарап тостағанын көтерген Гау Жюң патшаға тақап келіп: «Шюанюан (сары бабалық) заманынан бері хұнүктер талай рет шекарамыздың берекесін алып еді. Қазір олардың бəрі сонау Солтүстік теңізге дейін боданымызға айналды. Заманнан заман мұндай дарқандықтың болғанын естіген емеспіз. Сондықтан тағы бір рет тағзым етіп, ұлы патшам, денсаулығыңыз үшін ішіп қоюға рұқсат етіңіз», – деді.

Осыдан кейін Чориға тағы да батысқа жорық жасады да, сонда қаңғырған оқ тиіп қайтыс болды. Халқы Оңғылды «Хыргас Дана Толұм қаған» деген лауазыммен таққа отырғызды. Оңғыл сарайға елші жіберіп, сыйлыққа 3000 топ түрлі кездеме алды. Сонан ол сарайға жыл сайын елші аттандырып көпшір төлеп тұрды. Осы кезде Яң Чин деген бір кезбе осы Түрік еліне келіп, Пың ел-сұлтаны Лю Чаң мен Юйуын əулеті ымыраласып көтеріліс жасағалы жатыр деген қауесет жайып, Көшелі ханшаға шекараға шабуылдау туралы тілек білдірді. Толұм Яң Чинды тұтқындап, бұл істі сарайға дереу мəлімдеді əрі бобу, шылым желім тарту етті. Оның інісі Кеми шадтың ұлысы күшті еді. Толұм күншілдік істеп, шабуыл жасады да, соғыста оның басын алды. Сол жылы ол емелдес інісі Нұқтан тегінді сарайға жіберіп, патшаға Ұдұнның қас тасы (нефрит) асасын сыйлады. Қиуаз ретінде патша оны баған əрі Каң ел-сұлтаны етті. Келесі жылы Түрік ұлыстарының билеушілері бірінен соң бірі елші аттандырып, сарайға көпшір ретінде 10 мың жылқы, 20 мың қой, 500 сиыр өткізді. Осының артынан олар шекарада Кіндік қағанатпен айырбас сауды жасау үшін базар ашуын сұрады. Патша мұны мақұлдады. Чын əулетін бағындырғаннан кейін, патша Чын Шубаудың көсегесін Көшелі ханшаға тарту етті. Бұл істен нəумез ханша көсегеге арнау өлең жазып, көңіл қаяуын былай бейнеледі: “Құлдырайды əркім-ақ дəуірлеу жоқ бір ыңғай, Баяны жоқ бағыдан шыр айналған дүние-ай. Салтанатты сəттерің сақталмайды санассаң, Шалқып жатқан жан едік біз де арнаға бір сыймай. Дарқандығың қайда деп қарадан қарап налимын, Мөлдіреген шараптан сананың сызын танимын. Тамылжыған сазды əуен селт еткізбес жанымды, Марғауланып өмірге өңімде ылғи қалғимын. Беу, күндерім кешегі ханның қызы аталған, Далалықтың үйінде түрім мынау маталған. Бар медетім жалғыз-ақ мен емеспін пəниде, Жаужюн ханша күйіне елтіп қайғы қата алған”. Бұл өлеңді естіген патша оны жақтырмай, ханшаға берілетін сыйлықтың мөлшерін азайтты. Ханша Батыс түріктің Нири қағанымен бірікті. Ханша бұлғақ бастар деген қауіппен патша оны өлтіруді ұйғарды. Дəл осы кезде ханшаның өзінің қол астындағы бір хумен көңілдес болғаны жария болып қалды да, патша жарлық шығарып, оның ханшалық мəртебесін қуатсыз етті. Бірақ бұған Толұм енжар болар деп қауіптеніп, оның көңілін аулау үшін төрт наз наушаны қосып, Чижяң сұлтаны Ню Хұңды оған елші етіп жібереді. Бұл кезде Төле қаған атанған Ышбараның ұлы Намған солтүстікте ел-жұртымен тұрушы еді. Ол сарайға елші жіберіп, өзіне патшалықтан қыз айттыруды талап етті. Патша Пей Жюй деген адам арқылы оған: “Егер Көшелі ханшаны өлтіре алса, патшалықтың қызын айттыруына рұқсат” дегенді айтты. Төле қаған бұл шартты қабыл алып, ханшаның үстінен өсек таратты. Мұны естіп ашуланған Толұм қаған Көшелі ханшаны шатырының ішінде өлтірді. Толұм мен Төле қағанның арасы алғай-шалғайлау бола келе, өзара бірнеше рет шайқасып та қалды. Ақырында екеуін патша қайта табыстырды да, əрқайсысы өз əскерлерін кері қайтарып алып кетті. 17 жылы (597) Төле қаған қалыңдығын қабылдау үшін елшісін жіберді. Патша оны Жөрелгі мекемесіне тапсырып (патшалықтан қыз алудың) алты жосыны бойынша жатықтырды, содан кейін өз əулетінің бір қызын Салиқалы ханша деген атпен ұзатты. Патша солтүстіктегі тиектердің арасына іріткі салу мақсатында сыйлықты əдейі мол беріп, Ню Хұң, Су Уей, Хулюй Шяучиндерді бірінен соң бірін Төле қағанға елші етіп жіберді. Түріктер де сарайға қол тапсыруға ілгерінді-кейінді 370 адамды елші етіп жіберді. Төле қаған бұрын солтүстік жақта тұратын, ханшаға үйленген соң оңтүстікке қоныс аударып, ескі Түкен бекініс жайына келіп орналасты. Сарай тарапынан сыйлық құйылып тұрды. Бұған Оңғыл: “Мен тай қаған бола тұра, Намған құрам болмағаным ба” деп бұлқан-талқан болды. Осыдан кейін ол сарайға тарту-таралғы жіберуді доғарып, шекараны жиі мазалай бастады. 18 жылы (598) патша жарлық шығарып, Шу ханы (яң) Шюға оларға шабуыл жасау үшін Лиңжоудан аттануды бұйырды. Келесі жылы тағы да осы мақсатпен Хəн ханы Яң Ляңды бас қолбасшы етіп тағайындады. Сол қол атарман Гау Жюң бастаған сеңүн Уаң Ча жəне аға баған Жау Жұңчиндер өз əскерімен Шожоудан, оң Қол атарман Яң Су бастаған баған Ли Чы жəне Хəн Сыңшоулар өз əскерімен Лиңжоудан, аға баған Яң Рұң өз əскерімен южоудан шығып, оларға шабуыл жасады. Оңғыл жəне Темкіт тізе қоса отырып, Намғанға шабуылдады да, оның аға-бауырларын, балаларын түгел қырып тастады. Сонан кейін Сарыөзеннен өтіп, Уейжоуға кірді. Намған бес салт атты серігімен жəне Сүй патшалығының елшісі Жаңсүн Шыңмен түнделетіп сарайға оралды. Патша Намғанға Оңғылдың елшісі Енту тегінмен дауға түсуді бұйырды. Намғанның сөзі дəлелді болды да, патша Намғанды қамқорлығында ұстады. Оңғылдың інісі Түселі балашағасын тастап, Төле қағанмен бірге сарайға кірімтал болды. Патша оларды марапаттап, Намған чупу деген ұтысқа түсір ді. Оны өзінің қолында ұстау үшін қасақана біраз бағалы бұйымдарды оған ұтқызды. Маусымда Гау Жюң, Яң Сулар Темкітке шабуылдап, оны талқандады. Намғанға Елтынды Қынын қаған деген атақ берілді. Бұл қытайша “ижыжян” (ақылды да ержүрек) деген атақ береді. Қынын хат арқылы патшаның өзіне деген қамқорлығына алғысын білдірді. Патша оның келіп қоныстануына арнап, Шожоу дуанында Дали қаласын салғызды. Осы кезде Салиқалы ханша қайтыс болды да, өз əулетінің бір қызын Мерейлі ханша деген атпен тағы да Намғанға қосты. Өз ұлысының адамдары оған көптеп қайтып келе бастады. Оңғыл оған тағы да шабуыл жасады. Осыған байланысты патша Намғанға шекараның

ішіне кіріп тұруға рұқсат етті. Оңғыл шапқыншылығын тоқтатпады. Сондықтан Қынынға Сарыөзеннің оңтүстігіне қоныс аударып, Шяжоу, Шыңжоу дуандарының ара лығына келіп орналасуға да ерік берілді. Бірнеше жүз ли жерге созылған ор қазу үшін жұмыскерлер жіберілді. Осылайша Сарыөзенге дейінгі шығыстан батысқа қарайғы кең алқап Қынынның мал өрісіне айналды. Сонан Толұмға шабуыл жасау үшін Юе ел-сұлтаны Яң Су Лиңжоудан, жорық төбенайы Хəн Сыңшоу Чиңжоудан, Тəйпиң сұлтаны Шы Уəнсүй Янжоудан, тайсеңүн Яу Бян Хыжоудан аттандырылды. Қосын шекара шенінен шықпай, Толұмды өзінің қол астындағылар өлтірді де, Тарду өзін Бөке қаған деп жариялады. Олардың елі əбден былықты. Соған байланысты Тəйпиң сұлтаны Шы Уəнсүй оларға шабуылдау үшін Шожоудан аттанды. Бұлар Тардумен Дажин тауында кездесті. Бірақ лулар соғыспай тайып берді. Ұзамай Тарду өзінің ұлы Қолбатты Қынынға Шөлдің шығысынан соққы беру үшін жіберді. Патша Қынынға маңызды қатынас жолдарын ұстап тұруы үшін қол ұшын беріп əскер жіберді. Сонан Қолбат амалсыз шегініп, шөлге қайта кірді. Қынын осыған орай патшаға былай деп алғыс хат жолдады: “Ұлы Сүй əулетінің əулие затты ағзамы Бағуар қаған айрықша қамқор болды, халқымды шапағатқа бөлеп Ұлы Қорғанның оңтүстігіне көшіп баруына рұқсат етті, Ақбелдеу шенінде де тұрғызды. Ал мен, Намған, қурап қалған ағаш едім, бүршік жарып қайта көктедім, семіп қалған сүйек едім, қайта жанданып, ет пен терім жетілді. Сондықтан ұрпақтан-ұрпаққа Ұлы Сүй əулетінің қойы мен жылқысына мəңгі баскөз боламын”. Рыншоудың 1 жылы (601) Дəйжоу дуанының төбенайы Хəн Хұң Хың Хың-əнда лулардан жеңілді. Патша Яң Суға Юнжоу бағытының жорық сардары ретінде Қынынды бастап солтүстікке жорық жасауды бұйырды. Осы кезде таяуда ғана Қынынға берілген Қоқсыр сияқты ұлыстар қайта жалт берді. Яң Су Сарыөзеннің солтүстік бетіне келіп жайғасты. Осы кезде Түріктен Амұр Сілік іркін деген адамдар Сарыөзеннің оңтүстігіне өтіп, Қынынның адамдарын тұтқындап, малын барымталап кетті. Яң Су тайсеңүн Ляң Момен бірге оны қуып, жеткен жерінде талқандап, адамы мен малын Қынынның өзіне тартып алып берді. Яң Су əскер беріп аттандырған баған Жаң Диңхы, қолаға тайсеңүн Лю Шың басқа жолмен барып, тұтқиыл шабуыл жасады да, оларды ауыр шығынға ұшыратып, көп олжамен кері қайтты. Қосын Сарыөзеннен өткен орайда қарақшылар Қынынның ұлысын қайта шапты. Алайда Яң Су шығауыл Фəн Гүйды ертіп, Құрқұт аңғарының шығыс оңтүстігінде оларды тағы қуып жетіп талқандады. Осы жылы Нири қаған мен Ябғұ телектерден жеңіліс тапты. Ұзамай Бөкелердің де берекесі қашты. Қай, Сеп сияқты бес тайпа ішкергі жаққа ауды. Бөкеннің өзі тұйғұндарға берілді. Оның халқын өз қарауына қосып алған Қынын тарту-таралғымен сарайға елші аттандырды. Да-йеның 3 жылы (607) Яңды патша Юйлинге келді. Қынын мен Мейірлі ханша патшаның уақытша сарайына келіп оған амандасты, ілгерінді-кейінді 3000 жылқы сыйға тартты. Патша айрықша риза болып, оларға 13 мың топ торғын-торқа бергізді. Қынын мен Мейірлі ханша бірігіп мынадай датнама тапсырды: “Марқұм болған əулие затты Бағуар қағанның көзі тірісінде-ақ мені мейіріне бөлеп, Салиқалы ханшаны маған қосты. Əулие затты бүкіл əулетіме сондай қайырымдылық жасап қамқор болды. Аға-бауырларым көре алмай, мені зұлымдықпен өлтірмекші болды. Сол кезде менің барар тау, басар жерім қалмады, басымды көтерсем – аспан, тұқырсам жер ғана көрінді. Əулие затты ағзамның “Жан сауғаласаң – панаңмын” деген бір ауыз сөзі ғана əлі есімнен шықпайды. Əулие затты ағзам мені көріп аяп үлкен шапағат етті, жанымды алып қалды, сонан бұрынғыдан да күшейе түстім. Мені тай қаған етіп отырғызды. Түріктердің өлгендерінен басқасы түгел менің төңірегіме топтасып бұқарам болды. Шектен тыс құдірет иесі сіз де, əулие затты сол ағзамдай, сегіз қиыр шар тарапты биігіңізде ұстап, мені жəне түрік халқын асырап отырсыз, шынында да ештемеден шолпы тартып отырған жоқпыз. Шексіз мəртебелі жосыны маған тағы да қайырымдылық етіп, ұлы патшалықтың барша жосыны бойынша киім-салым, шаш қою, заң-ереже сияқты істердің бəрінде хуашялықтармен ұқсас болуға мүмкіндік беруіңізді жалына өтінемін”. Патша олардың бұл өтінішін ұлықтардың қарауына берді. Олар келісім беруге болады деп шешті. Бірақ патша былай істеуге болмайды деп мынадай жарлық шығарды: “Дегдарлар басқаларды тəрбиелегенде, олардан əдет-ғұрпын өзгертуді талап етпейді. Тəрбиелейміз деп етегін кесіп, ұзын бау тағудың қажеті не?” Осыдан кейін Қынынға да жауап хат жазып: “Шөлдің солтүстігінде əлі тыныштық орнаған жоқ. Əлі де жорық жасауымызға тура келеді. Ізгі көңілмен шындап берілсеңдер, соның өзі жеткілікті, киім-кешекті өзгертудің не қажеті бар?” – деді. Патша 1000 адамдық үлкен шатыр тіккізіп, Қынын қағанды 3500 атақты адамымен сонда күтті. Оның өзіне 2000 топ торғын-торқа, ал қол астындағыларға жіктеріне қарай сыйлықтар берді. Содан кейін оны əздектеп, күйме, мініс ат, дабыл, сырнай жəне байрақ сыйлады. Сондай-ақ қол тапсыру салтында (Қынынды) атымен атамауға нұсқау берілді. Сөйтіп оны барша хан-бектерден жоғары қойды. Патша өзінің Юнжұңға жасаған саяхаты кезінде Алтынғол өзенін өрлеп шығысқа қарай жүріп, солтүстікте отырған Қынынның ауылына соқты. Қынын патша ағзамның денсаулығы үшін тост көтеріп, аса зор құрметпен тізесін бүгіп тағзым етті. Бұған патша қатты риза болып, мынадай өлең шығарды: ”Ұлы Қорған үстінде желбіреп ту етті дүр, Зырлап күймем көтерілді шаң үлдір. Айқарыла қақпасы күнге қарап күмбез тұр. Табынып ед қол қусырып Қағания, Дөкей ханы бағына,

Бұрымдылар əкеліп ет тағамын сабыла, Тондылар да шарабын көтереді табына, Көк ұлы қандай Хəн əулеті кешегі, Ие болған иен қалған тəңірқұттың тағына“. Қынын мен ханшаға бір-бірден алтын құмыра, киім-кешек, жамылғы көрпе жəне жамбас көрпе, жібек кездемелер сыйлады. Тегінен төмендегілер де жіктеріне қарай сыйлықтар алды. Осының алдында Қынын ордасына Корейлерден жасырын елші келді. Қынын шет жұртпен байланысын жасырып қалуға батпай, оны сарайға алып келді. Ню Хұңға мына жарлықнаманы оларға жариялауға бұйрық берілді: «Қынын патшалығымызға баянды түрде адал болып, шынайы ықылас танытқандықтан, оның ордасына өзім ат басын тіредім. Келер жылы Жожюн аймағына баруға тиіспін. Қайтып барған соң Корей билеушісіне айтарсың. Ол сарайымызға əлдеқашан зиярат етіп келуге тиісті еді». Корей елшісі қатты қорықты. Осылайша Қынын патшаны шығарып сала, шекара бекіністің шенінен өтіп Диңшяңға келді. Осы арада оған өз иелігіне қайту туралы нұсқау берілді. Келесі жылы ол Шығыс астанадағы сарайға қол тапсырып, мол сыйлықтар алды. Сол жылы ол аурудан қайтыс болды. Патша осыған байланысты сарайға зияратты үш күнге тоқтатты. Оның орнына баласы Түркіт Шібір қаған деген лауазыммен таққа отырды. Ол бұрынғы ханшаны өзіне қарату туралы рұқсат сұрады. Осылайша елдің əдет-ғұрпымен санасу керектігі жөнінде жарлық шықты. 11 жылы (615) қаған Шығыс астанадағы сарайға келді. Бұл жылы патша ыстықтан қашып Фыняң сарайына кеткен еді. Тамыз айында Шібір (қаған) өзінің жасақтарымен шабуыл жасап, патшаны Янмында қоршауға алды. Жетіт бөлімдер келгенде Шібір кері қайтып кетті. Осыдан кейін ол сарайға көпшір жіберуін доғарды. Келесі жылы Ма-иға тағы да шабуыл жасады. Бірақ Таң сұлтаны оларды қайта қуып тастады. Сүй əулетінің соңғы кезінде ел іші олқын-толқынды болды. Кіндік қағанаттың ел-жұртынан Түрікке бағындырар қисапсыз көп болды, осылайша олар мықтап күшейді. Шяу патшайымды Диңшяңға орналастырды. Шюе Жюй, Доу Жянды, Уаң Шычұң, Лю Ужоу, Ляң Шыду, Ли Гүй, Гау Кəйдаулар биліктерін асыра пайдаланып, мəртебелерін өз төтелерінен көтергенімен, Шібір қағанға кірімтал ретінде оның билігін қабылдады. Елшілер бірінен соң бірі толассыз қайшалысып тұрды. Батыс түрік Мұқан қағанның ұлы Төременнен басталады. Ышбарамен араздасуына байланысты ел екіге айырылып, Төременге қараған бөлігі біртіндеп күшті мемлекетке айналды. Шығыста Түкенге, батыста Күсəн, Телек, И-уға дейінгі жəне жалпы Батыс өңірдегі хулар соған қарады. Төремен Чориғаға тұтқын болғаннан кейін, елі оның орнына Янсұқ тегінің ұлын таққа отырғызып, оны Нири қаған деп атады. Ол өлгеннен кейін орнына оның баласы тарман Нікіт Чори қаған деген лауазыммен таққа отырды. Тарманның шешесі Шяң бике Кіндік қағанаттың қызы еді. Тарман дүниеге келгенде, Ніл (қаған) қайтыс болды да, Шяң бике қайнысы Бəжет тегінге тұрмысқа шықты. (Сүй Уынди заманы) кəйхуаңның соңғы жылдарында Бəжет Шяң бикемен бірге сарайға қол тапсырып келді де, Тарду бүлігіне байланысты астанада бөгеліп, Мəмілелік идарасында тұрып қалды. Чори қаған тұрақы қонысы болмаса да, бұрынғы Үйсін жерінде ұзағырақ мекендеді. Ол екі кіші қаған тағайындап, елін бөліп басқартты. Оның бірі Шаш елінің солтүстігінде тұрып, барлық ху мемлекеттерін басқарды. Ал оның енді бірі Күсəннің солтүстігінде Йыңса деген жерде тұрды. Мемлекет ісін басқаруға елтебер, яғұндалар жауаптандырылды. Қалғандары Шығыс (түрік) мемлекетінікімен бірдей болды. Олар əр мамыр, тамыз айларында барлық ел-жұрт жиылып Тəңірге тасаттық беретін, жыл сайын жоғары лауазымды ұлықтары кезінде ата-бабалары мекен тұтқан өңірге барып əруақтарға құрбандық шалып қайтатын еді. (Сүй Яңди заманы) да-йеның алғашқы жылдарында Чори қаған ел билеуде дəрменсіздік жасап, ұлысының бір қауымы мұнан бет бұрды. Телектермен арадағы талай жолғы қақтығыста да олардан жеңіліп тынды. Осы кезде сарай жанауылы Пей Жюй Батыс өңірден келгендермен əңгімелесіп, Чори қағанның елінің бүлініп жатқанын, оның үстіне қағанның анасын сағынып жүргенін естіді де, мұны түгел сарайға мəлімдеді. Яңди патша сарай жарлауылы Цүй Жюнсуды Чори қағанға сəлемін жеткізуге əрі жарлықнаманы тапсыруға жіберді. Чори қағанға керсіп, жарлықнаманы қабылдарда орнынан тұрмады. (Цүй) Жюнсу Чори қағанға: “Түрік əуелде бір мемлекет еді, қазір бір-бірімен жауласқан екі мемлекетке айналды. Əр жылы соғысып, араларыңыздағы жанжал он неше жылға созылса да, бір-бірлеріңізді жоя алмадыңыздар. Мұнан Қынын мен Чори ұлыстарының шамашарқының деңгейлес екенін айқын аңғаруға болады. Қазір Қынын өз ұлысын бастап, миллионға жуық жасағымен Көктің ұлына бодан болды, сонан бері адал қызмет атқарып келеді. Осының бəрі не үшін? Ол билік тізгінін жеке өзінің қолына тимегеніне кінəлі деп қаған сізге кектенеді. Сондықтан хəн əскерінен көмек аламын ба деген үмітпен Көктің ұлына беріліп қызмет етуге мойынсал болды. Ол қазір екі ұлы елдің күшін біріктіріп, қаған сізге жорық жасауды тіленіп отыр. Сарайдағы ұлықтар мен қарашалар (патшадан) рұқсатыңызды беріңіз деп талап етуде. Көктің ұлы көптің тілегіне қайшы келе қоймайды. Шяң бике Кіндік қағанаттың қызы болғандықтан астанаға қайтып барған. Қазір сарай жанындағы қонақүйде тұрып жатыр. Ол кісі Көктің ұлының жарлығын естіп, қағанатыңыздың құруынан қорықты, ертелікеш қайғырып, сарай қақпасының алдына барып көз жасын көлдетті. Көктің ұлы ол кісіні аяп, райынан қайтты. Шяң бике аяғына жығылып Көктің ұлының қаған сізге берілуге жағдай жасап, елші жіберуді, рақым етіп Қынынмен бірдей құрмет көрсетуін сұрады. Көктің ұлы ол кісінің тілегін қабыл алып, осында елші етіп мені жіберді.

Егер өзіңізді бодан атап, жарлықнаманы тағзым етіп қабылдасаңыз, мемлекетіңіз мəңгі тыныштықта болады. Анаңыз қалған жасын рақатта өткізеді. Егер басқаша болса, онда анаңыз Шяң бике Көктің ұлын алдаған есептелінеді де, жазаға тартылады, басы кесіліп, ордаңызға əкелінеді. Ұлы Сүй патшалығының əскері солтүстік əрмене жасағымен əруақтанып, екі бүйірден келіп соққыласа, қағанның қаза сағатын мөлшерлеу де қиын. Екі мəрте тағзым жасаудан аянамын деп аяулы анаңызды өлімге қиюдың, боданбыз деген бір ауыз сөзді айтпаймын деп Ғұн қағанатының кебін киюдің қажеті бар ма?” – деді. Мұны естіген Чори орнынан ұшып тұрды. Сонан көзіне жас алып, екі мəрте тағзым жасап, тізесін бүгіп патша жарлығын қабылдады. Жюнсу Чориға тағы былай деді: “Қынын берілген кезде марқұм патша оны марапаттап, аса жомарттықпен сыйлады. Сондықтан оның əскері күшейіп, мемлекеті байыды. Қазір, Қаған, Сіз бізге берілу жағында онан кейін қалдыңыз, енді патша алдындағы қадіріңізді онан асырамын десеңіз, сіз қалайда Көктің ұлының көңілін табатын бір істі тындырып, адалдығыңызды айғақтап шығуыңыз лағзым. Жол алыстығы себепті өзіңіздің сарайға қол тапсыра баруға мүмкіндігіңіз жоқ. Сондықтан бодандық құлқыңызды əйгілеу тұрғысынан бір еңбек сіңіргеніңіз жөн”. “Сонда қалай?” – деді Чори. Жюнсу былай деді: “Тұйғұндар Қынының кіші ұлы Бағадұр шадқа нағашы келуші еді. Қазір Көктің ұлы Мейірлі ханшаны Қынынға қосты. Көктің ұлының қаһарынан именген Қынын тұйғұндармен байланысын үзді. Сол себепті тұйғұндар хəндіктермен жауығып тарту-таралғы мен көпшір беруді тоқтатты. Егер қаған сіз соларды жазалауға аттанайын десеңіз, Көктің ұлының рұқсатын беруінде күмəн жоқ. Егер хəндіктер ішкергі жақтан, қаған, сіз сырт тараптан соққы берсеңіздер оларды қалайда тас-талқан етесіздер. Осыдан кейін сарайға қол тапсырып барамын десеңіз, жолыңызда бөгет болмайды. Сонымен бірге қарт анаңызбен де дидарласа аласыз. Бұл табылған ақыл емес пе?” Чори бұған қатты қуанды. Осылайша тарту-таралғымен сарайға елшісін жіберді. Патша батыс аймақтарды көзімен көрмекші болды. 6 жылы (610) патшамен Дадоуба аңғарында кезігетіндігі туралы жарлықты алып, Чориды шақырып келуге жандама төреші Уей Же жіберілді. Бірақ ордадағылар бұған қарсы болды. Чори елшінің алдында кешірім сұрап, басқа сылтаумен патшамен кездесуден бас тартты. Бұған патша қатты ашуланды, бірақ істер амалы да жоқ еді. Осы кезде ұлыс бегі Шағыр патшалықтың қызын айттыруға жаушы жіберді. Пей Жюй осы іс жөніндегі датнамасында: “Чори өз елінің күшіне сеніп, сарайға қол тапсырмай отыр. Пақырыңыз оларды амалмен əлсіретуді тілек етеді. Мемлекетін бөлшектегенде оларды оңай бағындыра аламыз. Шағыр – Түріктің баласы, Тардудың немересі. Арғы аталарынан қаған болып батыс тарапты басқарған. Ол батысқа таяу ұлыстарды басқарды. Естуімше, қазір ол қызметінен айырылып, Чориға тəуелді болған көрінеді. Осы себептен де ол одақ жəрдеміне зəру болып, бізге елшісін жіберіп отыр. Соның үшін оның елшісін ерекше құрметпен қабылдап, Шағырды тай қаған деп бекіткеніңіз ақыл болар еді. Сонда түріктердің күші екіге бөлінеді де, əр екеуі бізге бағынатын болады”, – деді. Оған патша: “Сенің бұл айтқандарың көкейге қонады”, – деді. Осыған орай ол Пей Жюйды ертелі-кеш қонақүйге жіберіп, емеурінін елшіге тұспалдап жеткіздірді. Сонан патша елшіні Рынфыңдян сарайында қабылдап, оған Чоридың бағынбай жүргенін ескерте отырып, Шағырдың ізгі көңілі үшін оны тай қаған етіп тағайындайтынын айтты əрі Чориға жазалау жорығын жасауды бұйыратындығын, қыз беру ісі сосын шешілетіндігін ұқтырды. Соңынан патша Шағырға берген сыйым деп ақ қанатты бамбук жебені алды да, елшіге: «Бұл іс осы ұшқыр жебедей неғұрлым шапшаң бітетін болсын», – деді. Қайтар жолда елші Чоридың жерімен жүретін. Чори жебеге қызығып, оны алып қалғысы келгенде, елші айласын асырып онан құтылып кетті. Шағыр бұл хабарға төтенше қуанды. Əскермен барып Чориға тұтқиыл шабуылдады. Ойсырай жеңілген Чори балашағасын тастап, маңындағы нөкерлерін ертіп бірнеше мың атты əскерімен шығысқа қарай қашты. Бірақ жолда талауға түсіп, Гаучаңға қашып барып, Шырамана тауына бекінді. Гаучаң ханы Чюй Бо-я мұны патшаға мəлімдеді. Патша Пей Жюйға қажетті нөкерлерімен Шяң бикені алып, Юймынгуандағы Жинчаң қамалына шұғыл аттануға бұйырды. Пей Жюй Шяң бикенің атынан оған адам жіберіп, сарайдың кешірімділік ниетін жеткізіп, ақыл-насихат айтқызды. Осыдан кейін ол сарайға келді. Бірақ мұнда көбіне көңілсіз жүрді. 7 жылдың (611) қысында Чори Линшо сарайында патшаның қабылдауында болды. Оған қонақасы берілді. Чори тағзым етіп, алғысын білдіріп былай деді: «Батыс тараптағы бажақтарды билеймін деп ертерек қол тапсыруға келе алмаппын. Өте кеш зиярат еткеніме өзімді үлкен айыпты санаймын. Қазір бойымды қорқыныш билеп, көңілімдегі сөзімді де жеткізе алмай тұрмын». Бұған патша: «Бұрынғы кезде түріктер өзара қырқысып, бейбіт өмір кеше алмады. Қазір төрт төңірегімізге тыныштық орнап, үйлі жандай берекелесіп отырмыз. Мен олардың табиғатына сəйкес бəрін сақтап, бағыпқағуды қалаймын. Мысалы, аспанда күн жалғыз нұрын төгеді. Соған бəрі тыныштықта. Егер күн екеу не үшеу болса, күллі тіршілік қайтіп тыныштық таппақ? Чоридың бұрын жұмысбасты болып, дидарласуға келе алмағанын білемін. Бүгін болса да Чориды қасымнан көріп, шын көңілден қуанып отырмын. Чори да көңілсіздіктен арылып, осындай жадырап отырсын», – деді. Келесі жылы жаңа жыл байланысымен патшаны құттықтап тост көтерген Чори: «Аспан астындағы, жер үстіндегі күнмен, аймен нұрланған мына əлемде əулие затты қаған деп сізді ғана айтуға болады. Бүгінгі мына ұлы күнде əулие затты қаған сіздің мың-мың жасап, мəңгі бүгінгідей саламат тұруыңызды тілеймін», – деді. Патша оның қол астындағылардан түмен шақты кəріəлжуаз адамды алып қалып, інісі Тарду Күл шадтың басшылығында

Хүйниң аймағында мал өсіруге жарлық шығарды. Чори Корейге
қарсы жорыққа патшамен бірге аттанды. Оған Қарсана қаған деген
атақ əрі мол сыйлық берілді.
10 жылдың (614) басқы айында оған Опагер ханшаны қосып,

1000 қамқа тон, 10 мың топ түрлі жібек кездеме сыйлады, патша
оған бұрынғы иелігін алып бергісі келіп еді, бірақ оған Ляудұң
соғысы кедергі жасады. Сонан патша жер-жерді тексергенде оның
қасында болды. Жяңдудағы бүліншілік кезінде (Юйуын) Хуажиға

ілесіп Сарыөзеннің солтүстігіне барды. (Юйуын) Хуажи жеңілуге
айналғанда, ол астанаға қайта қашып келді. Кейінірек Теріскей
түріктердің қолынан қаза тапты.

Á°FÛÒÛ

Бірінші бет (Вс. І. 1–5) 1. [............] ұстынды түріктер орнатты. Қытай ағзамы 2. [............] олар (?) Түрік билеушісі Нұр қаған бұдан əрі қарай барлық (?) 3. [............] Ол шабуылдады. Осыдан кейін игі иеміз Мұқан қаған, игі Мұқан тегін 4. [...........] жəне [содан бері] бұдан былай бүкіл əлемді құтқарушы атанды. 5. [...........] осылайша бұдан кейін игі иеміз М [......]... Екінші бет (Вс. ІІ. 1–19) 1. [...........] Ол Тəңірден өтінді. Сөйтіп. 2. [...........] Шад, апа тархандар (тархандар), құрқапындар, тудундар бектер... 3. [..........] игі иеміз [..........] Ағам Мұқан қаған мына атақ-даңқпен сыйланды. [...........] 4. [..........] игі иеміз............ – қаған ол аз(?) халықты тоқ етті. 5. [..........] ол игі иемізсіз халықты тоқ ету мүмкін емес. 6. [..........] деген атақ берілді. Ол осы атақпен қоян жылынан бастап аталды. 7. [..........] ....... жылы ол Тəңірге жалбарынды. Осыдан соң шад, апа, тархан бектер 8. [..........] Сөйтіп игі ағзам Бұмын қаған [таққа] отырды. 9. [..........] жарлық етті. Ұлы [.........] үшін игі ағзам Таспар қаған 10. [..........] Ол былайша жарлық түсірді: «Жаңа Ұлы Сингх орнатылсын!» Сөйтіп... 11. [..........] игі ағзам Таспар қаған немерелердің ішінде талантты кім бар: деп қайғыра қапаланды. 12. [..........]халық ішінде, туыстар арасында, құрқапындар ортасында кім бар? 13. [..........] сол күні атты əскерлер олжа бөлісті 14. [..........] Ол осы сөзді қабылдаған соң 15. [..........] екі билеуші ағзам 16. [..........] Ол білікті [……..] 17. [..........] халықты тоқ етті.[..........] əскерлер… 18. [..........] Ол өтінді [……..] 19. [..........] Олар андалар еді [………] Үшінші бет (Вс. ІІІ. 1–5) 1. [..........] Ол көптеген игі істер жасады. Сөйтіп [……….] 2. [..........] Сол игі істерін [халық] мақтап марапаттап [……..] 3. [..........] Халық ортасында сондай бір азамат бар ма? Сөйтіп игіағзам М[ұқан қаған] 4. [..........] Одан соң [Б]өке тархан, Мақан тегін [............]. 5. (Соңғы жолы мүлдем оқылмайды). ÎÍÃÈÍ °ÑÒÛÍÛ

Батыс беті /Оа. І. 1–8/ 1. Ата-бабамыз Ямы-қаған əлемнің төрт бұрыштағыларын қысты, бағындырды, басып алды. Ол хан ғайып болған соң ел азып-тозып, шаршап бытырап кетті. 2. Қағандық құрған қағанын /күшпен/ жойды. Түрік халқы ілгері – күншығысқа, кейін – күнбатысқа дейін, алдыңғы – табғачқа, сыртқы [Көгімен]-жынысына дейін [тарап кетті] 3. Айбынды сарбаздарын балбал қылды. Түрік халқы, атақ-даңқы жоқ болып бара жатты. Түрік халқы өлмесін, жітпесін деп, жұлыс-керіс /бүліншілік/ болмасын деп жоғарыда Тəңірі жарылқады [......] 4. Қапаған, Елтеріс қаған елінде қылындым /тəрбиелендім/. Елетміш явғу ұрпағы Ышбара Тамған-шор Явғу, інісі білікті Ышбара Тамғантархан аймағымен /барлығы/ алпыс бес ата [..........] 5. Бұл табғачтағы батыс оғыз бектер жеті-ерен (жеті ру) [өзара] жауласты. Əкем Баға-Тəңіркен екі аралыққа (ағайындыққа) аттанды. Ісін-күшін берді. 6. Тəңіркенді ісін-күшін бердің деп жарылқады. Шад атағы сонда берілді. Болтұқда тоғыз-оғыз бегі жауласты. Көп еді. Тəңіркен аттанды 7. Біз өте əлсіз едік. Азды-көпті кіріп келді. Шабамыз деп келді. Қазіргі бектеріме сын еді. Біз азбыз деп қорықпаймыз [.......................] 8. Əкем-шад былай өтінді: Тəңіркен [қол астына] алмасын, халық анда ебімізге, иесіне [топ-тобымен] жиналды. Шығыс беті /Оа. ІІ. 9–12/ 9. Барлық қаланы шаптым. Бағындырдым, олжалап алдым. Қолы /əскері/ келді, қара халықты жүгіндірдім. Бегі қашты. [...] жау болды. Табғач халқын [.................] шабуылдадым, бағындырдым, бастым, тоз-тозын шығардым. [.................] жойғанға дейін 10. келіп жеттік. Бектер өзара жауласты. [Сонда], шабуылдаушы мен боламын деп ойладым. Тəңірім Білге қағанды ойлап ісімді, күшімді беруге тиістімін. Шабуылдағаны үшін [...........] болды. Жүгіндірдім. Ебке (күренге) шаптым ұрыс қылып, 11. шабуылдап ініме, ұлыма осылайша өтіндім, ақыл айтып: «Елтеріс қағаннан айырылмадық, жаңылмадық. [Енді] Тəңірі Білге қағаннан да айырылмаймыз, азбаймыз» – деп өтіндім. Батысқа барар жерге дейін бардық. Білге қағанның халқы [...........] барды. Бір бөлігін /қолдың/ қосып беріп, ісін, күшін бердік. 12. Жоғарыда Тəңір хан Ұлу жылының жетінші айында айбынды алып қағанымыздан айырылып кете бардық. Білікті аташымның киелі орнының [қызметін], қалдырған ақығын /дүние-мүлкін/ мен мойныма алдым. Су-жер, Тəңірі ... [..............] Табғач [шекарасына] аттанар болдық. Шығыс беттің үстіндегі жазу /Оа. ІІІ. 13–20/ 13. Аташымның бітіг тасын 14. барқын тұрғыздым. Мəңгі 15. тас тұрғыздырттым. Аташым, 16. білікті аташым ұлу 17. жылы білікті 18. Ұлы, айбынды сарбаз, жақсы əке 19. аташым өлді. Бас балбалдағы жазу /Оа. ІҮ. 20/ 20. Ысбара тархан балбалы. Екінші ұстын /Ов./ Бірінші беті /Ов. І. 1–4/ 1. ..........[..............] ынтымақтастық. Ел .......... Тəңірі 2. ..........[..............] естір..... [...............] барар жеріме 3. ..........[..............] бар еді. Сөйтіп 4. ..........[..............]ел .... [................] Екінші беті /Ов. ІІ. 1–4/ 1. [..................] онда.... [...............] мүсін жасаттым. Ата-бабам [..................]............. 2. [..............................] Бөд тəңірі [.....................] 3. [..............................] Чікке қарай аттандым............... 4. [..............................] Бесбалық бағынды.

ʬËÒÅòÍ

Батыс беті /КТ. І. 1–40/ 1. Жоғарыда көк Тəңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне ата-бабам Бұмын-қаған, Істемі қаған [таққа] отырған. [Таққа] отырып түрік халқына, еліне, төріне (билік) тұтқа болған, қалыптастырған. 2. Төрт тараптағылар қарсы жау болған. Қол аттандырып, төрт тараптағы халықты бағындырып, иеленген. Бағындырып бейбіт қылған. Бастыны жүгіндірген, тізеліні бүктірген. Ілгері /шығыста/ Қадырхан жынысына дейін, кері (батыста) Темір қақпаға дейін қондырған Екі аралықта 3. [Кезінде] иеліксіз жүрген көк түріктер осылай отырар еді. Білікті қағандар еді, алып қағандар еді. Бұйрықтары (қолбасшылар) да білікті еді, алып еді. Бектері де, халқы да түз (адал) еді. Сол үшін елді осынша тұтқан еді. Елін тұтып төрлі (билікті) етті. [Олар] өздері 4. Солай кергек болды (дүниеден өтті). Жоқтаушы, жылап-сықтаушы күн шығыстағы Бөклі шөлі елінен, табғач, тибет, абар, үрім, қырғыз, үш-құрыхан, отыз-татар, қытай (кидан), татабылардан бұнша халық келіп сықтады, жоқтады. Осындай күліг (даңқты) қағандар еді. Одан соң інісі қаған 5. болған еді. Ұлдары қаған болған еді. Бірақ інісі ағасындай болмады. Ұлдары əкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған еді. Əлсіз қағандар отырған еді. Бұйрықтары (қолбасшылары) да біліксіз еді, əлсіз болған еді. 6. Бектері, халқы адал (түз) болмағандықтан, табғач халқының алдауына сенгендіктен, арбауына көнгендігінен, інілі-ағалының кектескендігінен, бектер мен халықтың ымырасыздығынан түрік халқы елдігінен, елінен айырылды. 7. Қағандығын жүргізіп отырған қағанынан айырылды. Табғач халқына бек ұлдарың құл болды, ару қыздарың күң болды. Түрік бектер түрік атын жойды. Табғачшыл бектер табғач атын тұтынды. Табғач қағанға 8. бағынды. Елу жыл ісін-күшін берді. [Олар] ілгері күншығыста Бөклі қағанға дейін жаулады. Кері Темір қақпаға дейін жаулады. Табғач қағанға [басқаның] елін, төрін алып берді. Түріктің күллі қара 9. халқы былай десті: «Елді халық едім, елім енді қайда? Кімге елдік құраймыз?» – десті. «Қағанды халық едім, қағаным қайда? Қай қағанға күш-қуатымызды береміз?» – десті. Осылай деп Табғач халқына жау болды. 10. Жау болып, қарсы тұрып, əрекет етіп, құлады. [Табғачқа] қайта бағынды. Бүйтіп күш-қуатын бергілері келмеді. [Өйткенше] «Түрік халқы, қырылайық, ұрпақсыз қалайық», – десті. [Түрік халқы] жойылып бара жатты. [Сол кезде] жоғарыда Түрік Тəңірісі, Түріктің киелі Жері, 11. Суы былай депті: «Түрік халқы жойылмасын деп, ел болсын» – деп əкем Елтеріс қағанды, анам Ел-білге қатынды Тəңірі төбесіне тұтып, жоғары көтеріпті. Əкем-қаған он жеті сарбаз жинапты. [Олар] тыста 12. жортуда жүр дегенді бəрі естіп, қаладағылар жиналды. Таудағылар сонда барып қосылды. Жиналып жетпіс ер болды. Тəңірі күш бергені үшін Əкем-қағанның əскері бөрі сияқты еді. Жаулары қой сияқты еді. Ілгері-кейін шапқылап [халықты] жинады, көтерді. Барлығы 13. жеті жүз ер болды. Жеті жүз болып елсіреген, қағансыраған халықты; күңденген, құлданған халықты, Түрік төрінен айырылған халықты ата-бабам төрінше қайта жаратты, орнатты. Төлес, тардуш халқын сонда құрды. 14. Оларға явғу, шад (атақ) сонда берді. Табғач халқы жау еді. Сыртында Баз қаған бастаған Тоғыз-оғыз халқы жау еді. Қырғыз, құрыхан,отызтатар, қытай (кидан), татабы – бəрі жау еді. Əкем-қаған бұнша... 15. қырық жеті жолы [жорыққа] аттанды. Жиырма соғыс соғысты. Тəңірі жарылқағаны үшін елдікті елсіретпеді, қағандықты қағансыратпады. Жауын баз қылды. Тізеліні бүктірді, бастыны жүгіндірді. Əкем-қаған анша ел, 16. төр орнатып ұша барды. Əкем-қағанға бас етіп Баз-қағанның балбалы қойылды. Ол төрге Ағам-қаған отырды. Ағам-қаған отырып, түрік халқын қайта көркейтті, игі етті. Кедейді бай қылды, азды көп қылды. 17. Ағам-қаған отырған кезде өзім тардуш халқының үстіне шад едім. Ағам,

Қағанмен бірге ілгері-Жасыл өзеніне, Шандүң жазығына дейін сүледік (жорық жасадық). Батыстағы Темірқақпаға дейін сүледік. Көгмен жотасын асып, қырғыз жеріне дейін сүледік. 18. Барлығы жиырма бес жорық жасадық. Он үш рет соғыстық. Елдігін елсіреттік, қағандығын қағансыраттық. Тізеліні бүктірдік, бастыны жүгіндірдік. Түргеш қаған түрікіміз, халқымыз еді. Білместігі 19. үшін, жаңылғаны үшін өлді. Бұйрықы (қолбасшысы) бектері де өлді. Он-оқ халқы азап көрді. Атамыз, бабамыз тұтқан Жер-су иесіз болмасын деп аз халық құрап, 20. Барыс [оларға] бек болды. Қаған атағын бұнда біз бердік. Сіңілім – хан қызын бердік. Өзі жаңылды, қағаны өлді. Халқы күң, құл болды. Көгмен жер-суы иесіз қалмасын деп аз, қырғыз хал қын құрап келдік. Соғыстық. Елін 21. жəне бердік. Ілгері-Қадырхан жынысын асып, халықты осылайша қондырдық. Анша еттік. Батыстағы Кеңү-Тарманға (Арқаға) дейін түрік халқын қоныстандырдық. Осынша еттік. Ол уақытта құл құлды болған еді. Күң күңді болған еді. Інісі ағасын білмес еді. Ұрпағы əкесін білмес еді. 22. Осылай иелік еткен, осылай ел еткен төріміз еді. Түрік, оғыз бектері, халқы, естіңдер! Жоғарыда Тəңірі баспаса, төменде жер

айырылмаса, түрік халқы, еліңді, төріңді кім құртады? Ынтымақ! Түрік халқы, 23. өкін! Топтасқандығың үшін игі еткен еді. Білікті қағаның болғандайақ болып еді. Бар еді. Жақсы еліңе кінəлісің, жаңылдың, күнəға əбден баттың. Қарулылар қайдан келіп, сені жайратты. Сүңгілілер қайдан келіп, сені тұралатты. Киелі Өтүкен жынысының халқына бардық. Ілгері жеткен жерге дейін 24. бардық. Батысқа қарай жеткен жерге дейін бардық. Барған жерден не жақсылық көрдік? Қаның суша ақты, сүйегің тауша жатты. Бек ұл ұрпағың құл болды, сүлік қыз ұрпағың күң болды. Білместігіңнен, парықсыздығыңнан Ағам-қаған ұша барды. 25. басына қырғыз қағанының балбалын тіктім. Түрік халқының атақдаңқы өшпесін деп, Əкем қағанды, Анам қатынды көтерген Тəңірі, ел берген Тəңірі, Түрік халқының атақ-даңқы өшпесін деп Тəңірі өзімді 26. қаған [тағына] отырғызды. Ең болмаса дəулетті халыққа отырмадым. Іші ассыз, сырты тонсыз, əлсіз, нашар халыққа отырдым. Інім Күлтегін екеуміз ақылдастық. Əкеміз, ағамыз құрған халықтың атақ-даңқы өшпесін 27. деп, түрік халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Інім Күлтегінмен бірге, екі шадпен бірге өліп-тіріліп елді құрадым. Осылайша құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған боп отырғанда жер-жерден 28. босыған халық өліп-жітіп, жаяу-жалаңаш қайта келді. Халықты көтерейін деп терістікте оғыз халқына, ілгері /шығыста/ қытай (кидан), татабы халқына, түстікте табғачқа қарсы ұлы қолмен он екі рет жорыққа аттандым [..........] соғыстым. Сөйтіп 29. кейін Тəңірі жарылқап, құтым бар үшін, нəсібім бар үшін өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Ығыр [болған] елдікті, ығыр [болған] қағандықты игі қылдым. Төрт тараптағы 30. халықты бағындырып, бейбіт қылдым. Жаусыз қылдым. Бағынып менің қол астыма кірді. Ісін-күшін берді. Осындай төрді басқарып інім Күлтегін өзі бұл дүниеден өтті. Əкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жасында 31. Ұмай текті анам қатынның құтына (бағына) інім Күлтегін ер атанды. Он алты жасында Ағам-қағанның елін, төрін анша меңгерді. Алты баулы соғдаққа қарсы жорық жасадық, бұздық. Табғач Оң-тұтұқ бес түмен қолмен келді. Соғыстық. 32. Күлтегін жаяуларды опыра шапты. Оң-тұтұқ басшыларын қарулы қолымен қоса бағындырды, қарулыларды қағанға сыйға тартты. Ол қолды онда біз жоқ қылдық. [Күлтегін] жиырма бір жасында Чачасеңүнмен соғысты. Ең ілкі рет Тадықын-чордың боз атын мініп айқасты. Ол ат онда 33. өлді. Екінші рет Ышбара Ямтардың боз атын мініп айқасты. Ол ат онда өлді. Үшінші рет Иеген-сіліг /жиен-сіліг/-бектің кежімді торы атын мініп айқасты. Ол ат онда өлді. Сауытына, қалқанына жүзден артық оқ тиді. Жүзіне, басына бірін де тигізбеді. [...............] 34. Шабуылы тегеуірінді түрік бектері, ұғып білерсіздер! Ол қолды онда жоқ қылдық. Одан соң Жер-байырқу [тайпасынан] Ұлұғеркін жау болды. Оның тоз-тозын шығарып Түргі-ярғун көлінде талқандадық. Ұлұғ-еркін аздаған сарбаздарымен қашып кетті. Күлтегіннің жиырма алты жасында 35. біз қырғызға қарсы аттандық. Сүңгі бойлар қарды сөгіп, Көгмен жынысын айналып өтіп, қырғыз халқын өкшелей қудық. Қағанымен Соңа-жыныста найзаластық. Күлтегін Байырқудың ақ айғырын 36. мініп опыра шапты. Бір ерін оққа ұшырды. Екі ерін найзамен шан шыды. Ол айқаста Байырқудың ақ айғырының іші жарылды. Қырғыз қағанын өлтірдік. Елін алдық. Ол жылы Түргешке қарсы Алтын жынысын 37. айнала, Ертіс өзенін кеше жорыттық. Түргеш халқын біз өкшелей қуаладық. Түргеш қағанның қолы Болчуда отша, боранша келді. Соғыстық. Күлтегін боз қасқа ат мініп шапты. Боз қасқа [.................] 38. түсірді, екеуін өзі сұлатты. Сосын тағы шабуылдап Түргеш қағанның қолбасшысы Аз-тұтұқтың елін жаулап алдық. Қағанын анда өлтірдік. Елін алдық. Қара-түргеш халқы бағынып қол астыма кірді. Ол халықты біз Табарға қондырдық. 39. Соғда халқын жаулап алмақ болып Інчу өзенін кешіп, Темірқақпаға дейін жорық жасадық. Онда Қара-Түргеш халқы жау болды. Кеңреске қарай бардық. Біздің қолымыз аты арық, азығы жоқ еді. Жаман кісі, ер [...............]. . 40. Алып ер бізге тиіскен еді. Сол кезде шарасыздан Күлтегінді аз ермен аттандырып жібердік. Ұлы соғыс жасады. Алып шалысты ақ атын мініп айқасты. Қара-түргеш халқын сонда жеңдік, алдық. Жəне жортып [...............] Оң жақ беті /КТ. ІІ. 1–14/ 1. [...............] бірге Қоошу-тұтұқпен соғыстық. Ерлерін көп өлтірдік. Ебін (жұртын), барын-мүлкін түгел олжалап алып келді. Күлтегіннің жиырма жеті жасында қарлуқ халқы əрі-сəрі, толқып жүріп [ақыры] жау болды. Тамағ Ыдуқ басында соғыстық. 2. Күлтегін ол соғыста отыз жасар еді. Алып шалысты ағын мініп опыра шапты. Екі ерін найзаға шаншыды. Қарлұқтарды қырдық, алдық. Аз халқы жау болды. Қаракөлде соғыстық. Күлтегін отыз бір жаста еді. Алып шалысты ағын 3. мініп опыра шайқасты. Аздардың Елтеберін тұтқындады. Аз халқы сонда қырылды. Ағам-қағанның елі толқуда болғанда, халық, елі екіге бөлінгенде, Ізгіл халқымен соғыстық. Күлтегін алып шалысты ағын мініп

4. опыра шайқасты. Ол ат сонда құлады. Ізгіл халқы қырылды. Тоғызоғыз халқы өз халқым еді. Тəңірінің, Жердің киесіне ұшырап жау болды. Бір жылда біз бес жолы соғыстық. Ең ілкі Тоғу-балықта соғыстық. 5. Күлтегін Азбан ағын мініп опыра шайқасты. Алты ерін шаншыды. Сол шабуылда жетінші ерін қылыштады. Екінші рет Құшлұғығда Едіздермен соғыстық. Күлтегін Аз қаракерін мініп, опыра шайқасып, бір ерін шаншыды. 6. Тоғыз ерін қоршап қырды. Едіз халқы сонда қырылды. Үшінші рет Болчуда оғыздармен соғыстық. Күлтегін азбан ағын мініп шапты, шаншыды. Əскерін найзаладық. Елін алдық. Төртінші рет біз Чуш басында соғыстық. Түрік 7. халқы қарсылыққа тап болды. Жаман əлсіреді. Жау қолының алғы шебіне Күлтегін [қолын] қарсы жіберді. Тоңраның бір алыбын, он ерін Тоңа-тегіннің киелі кешеніне иіріп [қойып] өлтірдік. Бесінші [рет] Езгенті-қадазда оғызбенен соғыстық. Күлтегін 8. Аз қаракерді мініп шайқасты. Екі ерін шаншыды. Қалаға бармады. Ол қол сонда қырылды. Мағы-қорған қыстап, жазына оғызға қарай қол аттандырдық. Күлтегін жұртты бастап қорғаныста қалды. Оғыз жау орданы басты. Күлтегін 9. Жетімек ағын мініп тоғыз ерін шаншыды. Орданы бермеді. Анамқатын, кейінгі шешелерім, əпкелерім, келіндерім, ханымдарым – осылардың бəрі күң болатын еді. Өлігі жұртта, жолда қалатын еді. 10. Күлтегін жоқ болса, бəрің өлімші едің. Інім Күлтегін қаза болды. Өзім қайғырдым. Көрер көзім көрместей, білер білігім білместей болды. Өзім қайғырдым. Уақытты Тəңірі жасар, адам баласының бəрі өлмекке туған. 11. Осылайша қайғырдым. Көзге жас келсе – кетер, көңілге шер келсе – ұмытылар. Қайғырдым. Қатты қайғырдым. Екі шад, соңымдағы туғандарымның, ұрпақтарымның, бектерімнің, халқымның көзі, қасы əз болады-ау деп қайғырдым. Жоқтаушылар, жылап-сық таушылар, қытай (кидан), татабы халқын бастап 12. Удар-Сеңүн келді. Табғач қағаннан Іси Лікең келді. Бір түмен торғын, есепсіз алтын, күміс əкелді. Түпүт (тибет) қағанынан Бөлен келді. Артқы күнбатыстан Соғда, Бершекер, Бұхарақ Ұлыстары ның халқынан Нек-сеңүн, Оғул-тархан келді. 13. Он-иелік əулетім Түргеш қағаннан Мақараш-таңбашы (мөр ұс таушы), Оғыз Білге таңбашы келді. Қырғыз қағаннан тардуш Ынанчучор келді. Барық (храм ) тұрғызушы бедіз жасаушылар, бітіг тас (ұстын) жасаушылар [мен бірге] табғач қаған жиені Чаң-сеңүн келді. 14. Күлтегін қой жылы [тоғызыншы айдың] он жетісінде ұшты. Тоғызыншы айдың жиырма жетісі күні жерледік. Барқын, бедізін, бітіг тасын мешін жылы жетінші айдың жиырма жетісі күні аяқтадық. Күлтегін қырық жеті жасында өтті. Тас, барық жасаушылар мен шеберлерді бастап Туйғын Елтебер келді. Сол жақ беті /КТ. ІV. 1–14/ 1. Тəңір текті, Тəңір жаратқан Түрік Білге қаған бұл заманда [таққа] отырдым. Сөзімді түгел естіңдер! Ұлайы іні-туыстарым, ұрпағым, əулетім, ебтегі, иелігімдегі халқым! Оңымдағы шад, апыт бектер, солымдағы тархат бектер, отыз-татар, 2. тоғыз-оғыз бектері, халқы, бұл сөзімді жақсы есіт, мұқият тыңда! Ілгері – Күн шығыстағы, беріде – күн ортасындағы, артта – күн батысындағы, сыртта – түн ортасындағы – Ордадағы халық бəрі маған қарайды. Осыншама халықты 3. құрадым. Бұл сөзімде жалған жоқ. Түрік қаған Өтүкен – жынысында отырса, елде мұң жоқ. Шығыста – Ілгері Шаңдуң жазыққа дейін жауладым. Теңізге кішкене жетпедім. Түстікте – Тоғыз Ерсенге дейін жауладым, Түбүтке (Тибет) кішкене жетпедім. Батыста Інжу өзенін 4. кеше Темірқақпаға дейін жауладым. Терістікте Жер-Байырқу жеріне дейін жауладым. Бұнша жерге дейін жорыттым. Өтүкен жынысында игі ие жоқ еді. Ел тұтпақ жер [осы] Өтүкен жынысы еді. Бұл жерде отырып Табғач халқымен бірге [иық тіресіп] 5. қатар түздім. Алтын, күміс, ішкілікті, жібекті есепсіз сонша берген Табғач халқының сөзі тəтті, ақығы (қазынасы) еді. Тəтті сөз, асыл қазынасымен арбап, жырақтағы халықты өзіне соншама жақындатар еді. Жақын қонғанымызда жағымсыз қылыққа үйір болар едік. 6. Жақсы, білікті кісілер, алып кісілер ілеспес еді. Бір кісі жаңылса, иелігіндегі халқы, бесігіне дейін (ұрпағының ұрпағына дейін) жапа шегуші еді. Тəтті сөз, қымбат дүниесіне алданып, түрік халқы, өлдің. Түрік халқы, қырылдың. Шұғай жынысының бергі жағы Төгүлден жазығы 7. Қоныстанамын десең, түрік халқы, ол [өз] үлесің. Сонда жау (дұшпан) кісілер былайша азғырған еді: «Жырақ кетсең – жаман ақығ берер, жақын болсаң – жақсы ақығ берер», – деп аздырған еді. Біліксіз кісілер ол тілді алып, жақын барып, көп қырылдық. 8. Ол жерге барсаң, түрік халқы, өлімшісің сен. Өтүкен жерінде отырып, керуен жіберіп отырсаң, онда мұңың жоқ. Өтүкен жы нысында отырсаң мəңгі ел тұтып отырар ең сен. Түрік халқы, тоқ та, аш та болдың сен. Аштықта тоқтықты түсінбедің сен. Бір тойсаң ашықпайтындай боласың сен. 9. Сондайлығыңнан [өзіңді] көтерген қағаныңның тілін алмадың. Жержерге бардың. Əбден содан алқындың, арыдың. Анда қалғандары жер-жерде қаңғып өлімші боп жүрді. Тəңірі жарылқағандығы үшін, өзімнің құтым бары үшін қаған отырдым. Қаған отырып, 10. жоқ, шығай (кедей) халықты əбден көтердім. Шығай халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым. Кəне, бұл сөзімде өтірік бар ма? Түрік бектері, халқы, бұны естіңдер! Түрік халқын теріп (жиып) ел тұтқандарыңды мұнда бастым. Жаңылып, бытырағандарыңды да

11. мұнда бастым. Нендей бір айтар сөзім болса, мəңгі тасқа бастым. Мұны көріп біліңдер, түрік халқы, бектері, бөдке (тақ иесіне) кіріптарсыңдар ғой, жұртыңмен бірге жаңылғышсыздар ғой сіздер. Мен мəңгітас тіктім (тұрғыздым). Табғач қағаннан бедізші келтірдім. Бедіз еттім. Менің сөзімді бұзбады. 12. Табғач қағаны Орда бедізшісін жіберді. Мүсін, сурет, барық жасат тым. Ішіне, тысына өрнек салдырдым. Тас тоқыттым (қалаттым). Көңілдегі сөзімді бастырттым..... [.........] он-иелік ұрпағыңа, кірмелеріңе дейін бұны көріп біліңдер! Мəңгі тас 13. тоқыттым. Бұл киелі жер еді. Қазір де киелі жер. Осындай киелі жерге тас тоқыттым, жаздырдым. Бұны көріңдер, осылайша біліңдер. Ол тасты тоқыттым. Бұл жазуды жазған – Иоллығ-тегін. 14. Күлтегіннің алтынын, күмісін, ақығын, дүние-мүлкін, төрт мың жылқысын, [ірі] қарасын [қағанның] айтуы бойынша Тұйғындар таратты. ....бегім тегінге жоғарыдан Тəңірі болысар .. [..........]. Тасқа жаздым. Иоллығ-тегін [біз] жаздық. Шығыс беті /КТ. ІV. 1–3/ 1. Терістіктен дауыс келді. Інім Күлтегін [...........] ісін-күшін

бергендігі үшін

Түрік Білге қаған інім Күлтегіннің киелі орнына күзет қойғызды. 2. Оған Ынанчу Апа, Ярған-тархан атағын бердім. Осылай жасадық. 3. Мұншама тастағы жазуды Күлтегіннің аталығы (ұстазы) Иоллығ-

тегін [мен] жаздым. Жиырма күн отырып бұл тасқа, бұл тамға
арнап Иоллығ-тегін [мен] жаздым. Қайғырған ұрпағыңызды да,
тұйғындарыңызды да табындырып, сиындырдыңыз. Ұша бардыңыз.
Тəңірде тірлік, иелік кеше беріңіз.

Күлтегін ұстынының бақатасындағы жазу

/КТ.V.1–7/

1. Халық.......... [..............] 2. бектер халық.....[.............] 3. [...............] Күлтегін... [..............] 4. жылап-сықтадым, бастым. 5. көзім....[................] 6. өлер.....[................] 7. ...............................

Á²ËÃÅ

¡ÀFÀÍ

Батыс беті /БК. І. 1–42/ 1. Тəңірі текті, тəңірі жаратқан түрік Білге қаған сөзім. Əкем түрік Білге қаған бөдке (тақ киесіне) тұтқа болды. Онда игі ... [........] .... алты есір (тақ), тоғыз-оғыз иесі, едіз-жерінің даңқты бектері, халқы ............[...........] түрік Тəңірі 2. Жоғары қаған отырдым. [Қаған] отырған соң өлген Ағамды ойладым. Түрік бектері, халқы марапаттап, қуанып, көрер көзі [қаған] үйіне бұрылды. Бөдке (тақ киесіне) өзім тұтқа болып, мұншама ауыр төр (үкімет) [ісін] төрт тараптағы халыққа орнықтырдым. Жоғарыда көк Тəңірі, төменде қара жер жаратылғанда, екі арасында адам баласы жаралған. 3. Адам баласы үстіне ата-бабам Бұмын қаған, Істемі қаған [таққа] отырды. [Таққа] отырып түрік халқын, елін (мемлекетін), төрін орнатты, қалыптастырды. Төрт тараптағылар қарсы жау болды. Қол аттандырып, төрт тараптағы халықты бағындырды. Бағындырып бейбіт қылды. Басы барды жүгіндірді, тізеліні бүктірді. Ілгері Қадырхан-жынысына дейін, Кері – 4. Темірқақпаға дейін иеленіп, қоныстандырды. [Кезінде] екі аралықта иеліксіз жүрген көк түріктер осылай отырар еді. Білікті қағандар болған, айбынды қағандар болған. Бұйрықтары (қолбасшылары) да білікті болған, айбынды болған. Бектері де, халқы да түзу болған екен. Содан елдік құрып, тұтқа болды. Ел болып, төрін орнатты. Сөйтіп өздері кергек болды. 5. Жоқтап, жылап-сықтаушылар: күншығыстағы Бөклі шөлі елінен, табғач, түбүт /тибет/, авар, үрім, қырғыз, үш-құрыхан, отыз-татар, қытай (кидан), татабылардан осыншама халық келіп жылап-сықтап, жоқтады. Осындай даңқты қағандар еді. Одан соң інісі ағасындай 6. болмады. Ұлы əкесіндей болмады. Біліксіз қағандар [таққа] отырды. Əлсіз қағандар [таққа] отырды. Бұйрықтары (қолбасшылары) да біліксіз, əлсіз болған еді. Бектері, халқы түзу болмағандығы үшін, табғач қағанның алдауына сенгендіктен, арбауына көнгендіктен, інілі-ағалының кектенгендігінен, бектер мен халықтың 7. ымырасыздығынан түрік халқы орнатқан елінен айырылды. Хандық құрған қағанынан айырылды. Табғач халқына бек ұлдары құл болды. Сүліктей қыздары күң болды. Түрік бектері түрік атын жойды. Табғачшыл бектер табғач атын тұтынып, Табғач қағанға бағынды. Елу жыл 8. Ісін-күшін берді. [Олар] ілгері-күншығыста – Бөклі қағанға дейін жаулады. Кері – Темірқақпаға дейін жаулады. Табғач қағанға [басқаның] елін, төрін алып берді. Түріктің күллі қара халқы былай десті: «Елді халық едім, елім енді қане? Кімге ел құрап бере мін?» – десті. 9. «Қағанды халық едім, қағаным қайда? Қай қағанға ісімді, күшімді беремін», – десті. Осылай деп табғач қағанға жау болды. Жау болып, қарсы тұрып, əрекет етіп, [қайта] құлады. [Табғачқа] қайта бағынды. Бүйтіп ісін-күшін бергілері келмеді: «Түрік халқын қырайық, ұрпағын жояйық», – десті. Жоғарыда 10. Түрік Тəңірісі, киелі Жер-суы былай депті: «Түрік халқы жоқ болмасын деп, халық болсын» деп, Əкем Елтеріс қағанды, анам Елбілге қатынды Тəңірі төбесінде ұстап жоғары көтерді. Əкем-қаған он жеті ер жинапты. Тыста /сыртта/ жортып жүр дегенді бəрі есітіп, қаладағылар тауға кетті. Таудағылар 11. сонда барып қосылды. Жиналып жетпіс ер болды. Тəңірі күш берген үшін Əкем-қағанның əскері бөрі сияқты еді. Жаулары қой сияқты еді. Ілгері, кейін шапқылап [қол] жинады, [халықты] көтерді. Барлығы жеті жүз ер болды. Жеті жүз ер жиналып елсіреген, қағансыраған халықты, күңденген, құлданған халықты, түрік төрінен айырылған 12. халықты Ата-бабам төрінше орнатты, үйретті. Төлес, тардуш халқын сонда құрды, ябғу, шад [атағын] сонда берді. Алдағы табғач халқы жау еді. Сыртта Баз-қағанның тоғыз-оғыз халқы жау еді. Қырғыз, құрыхан, отыз-татар, қытай (кидан), татабы – бəрі жау еді. Əкем-қаған мұнша ... [..........] ..... халықты ....... қырық 13. жеті жолы жорыққа аттанды. Жиырма рет соғысты. Тəңірі жарылқағаны үшін елді елсіретпеді, қағандықты қағансыратпады. Жауын баз қылды. Тізеліні бүктірді, бастыны жүгіндірді. Əкемқаған елін, (төрін) орнатып, ұша барды. Əкем-қағанға бас етіп Базқағанның балбалы қойылды. Əкем14. қаған өлгенде өзім сегіз жаста қалдым. Ол төрдің үстіне Ағамқаған отырды. Отырып түрік халқын қайта орнатты, қайта игі етті. Шығайды бай қылды, азды көп қылды. Ағам-қаған таққа отырғанша өзім тегін ... [.......] Тəңірі жарылқағандығы үшін 15. он төрт жасымда тардуш халқының үстіне шад болып отырдым. Ағам-қағанмен бірге Жасыл өзенге, Шаңдуң жазығына дейін жорық жасадық. Кері – Темірқақпаға дейін жорық жасадық. Көгмен жотасын асып қырғыз жеріне дейін жорық жасадық. Барлығы жиырма бес рет жорыққа шығып, он үш рет соғыстық. Елдігін елсіреттік, қағандығын қағансыраттық. Тізеліні 16. бүктірдік, бастыны жүгіндірдік. Түргеш халқы [өз] түркім, халқым еді, білместігі үшін, жаңылғандығы, жаза басқандығы үшін қағаны өлді. Бұйрықтары, бектері жəне өлді. Он-иелік халқы бейнет көрді. Атамыз-бабамыз тұтқан жер-су иесіз қалмасын деп аздаған халықты құрап, [.......] Барс оларға бек 17. болды. Қаған атын сонда біз бердік. Сіңілім (қарындасым), хан қызын бердік. Өзі жаңылып, қағаны өлді. Халқы күң, құл болды. Көгмен жер-су иесіз қалмасын деп Аз, қырғыз халқын құрап, жаратып келдік. Соғыстық ...... .[.............] қайта бердік. Ілгері Қадырхан жынысын аса халықты анша қондырдық. Анша еттік. Батыстағы

18. Кеңү-тарбанға (Сарыарқа) дейін түрік халқын біз анша қондырдық. Анша еттік. Ол заманда құл құлды болған еді. Күң күңді болған еді. Інісі ағасын білмес еді. Ұрпағы əкесін білмес еді. Анша құраған, анша еткен еліміз, төріміз еді. Түрік, оғыз бектері, халқы, тыңдаңдар! Жоғарыда Тəңірі баспаса, төменде жер тілінбесе, 19. түрік халқы, еліңді, төріңді кім жояды? Біріксең етті. Түрік халқы, баз кештің, өкін! Бірлігің жасап еді, білікті қағаның болғандай-ақ болып еді. Жақсы еліңе өзің кінəлісің, жаңылдың. Жаман шатастың. Қарулылар қайдан келіп қиратты? Сүңгілілер қайдан келіп жайратты? Киелі Өтүкен жынысы халқына бардық. Ілгері барған жерге дейін бардық. Батысқа 20. жеткен жерге дейін бардық. Барған жерден не береке таптық? Қаның өзен боп ақты. Сүйегің тау боп жатты. Бек ұл ұрпағың құл болды. Сүлік қыз ұрпағың күң болды. Білместігіңнен, парық сыздығыңнан Ағам-қаған дүниеден ұшты. Бас етіп қырғыз қағанының балбалын тіктім. Түрік халқының атақ-даңқы өшпесін деп Əкем қағанды, 21. анам қатынды ұлықтаған Тəңірі, ел берген Тəңірі, Түрік халқының атақ-даңқы өшпесін деп Тəңірі мені қаған отырғызды. Ең болмаса дəулетті халықты билемедім. Іші ассыз, сырты тонсыз, əлсіз, нашар халықты басқардым. Інім Күлтегінмен, екі шад, інім Күүлі-чормен ақылдастым. Əкеміз, 22. ағамыз иелік еткен халықтың атақ-даңқы өшпесін деп, түрік халқы үшін түн ұйықтамадым. Күндіз отырмадым. Інім Күлтегінмен бірге, екі шадпен бірге өліп-талып иелік еттім. Осылайша иелік етіп, ебтегі халықты өз-ішінен жауластырмадым (от-су қылмадым). Мен өзім қаған боп отырғанда жер-жерден босқан халық жаяу, жалаңаш, өліп-жітіп қайта 23. келді. Халықты көтерейін деп терістікте оғыз халқына, ілгері қытай (кидан), татабы халқына, түстікте табғачқа қарсы он екі рет аттандым. Одан соң Тəңірі жарылқап, құтым-бағым бар болғандықтан, несібем бар болғандықтан, өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды қылдым. Шығай /кедей/ халықты бай қылдым. 24. Аз халықты көп қылдым. Ығыр елдікті, ығыр қағандықты игі (тыныш) еттім. Төрт тараптағы халықты бағындырып бейбіт еттім, жаусыз қылдым. Көбі маған кірді. Он жеті жасымда Таңғытқа жорыққа аттандым. Таңғыт халқын талқандадым. Əулетін, ханымын, жылқысын, дүние-мүлкін олжалап алдым. Он сегіз жасымда Алты баулы соғдаққа 25. аттандым. Халқын онда бұздым. Табғач Оң-тұтық бес түмен /елу мың/ қолмен келді. Ыдуқ-баста соғыстым. Ол қолды онда жойдым! Жиырма жасымда Басмыл Ыдықұт басыбайлы иелік халқым еді. Керуен жібермеді деп жауладым. ...... ....[............]. . .бағындырдым.

Қалыңын (малын) ебіме келтірдім. Жиырма екі жасымда Табғачқа 26. қарсы аттандым. Чача-сеңүннің сегіз түмен (сексен мың) қолы мен соғыстым. Қолын онда жойдым. Жиырма алты жасымда Чік халқы қырғызбен бірігіп жау болды. Кемді (өзен) кешіп, Чікке қарсы аттандым. Өрпенде соғыстым. Əскерін шаншыдым. Жиырма жеті жасымда қырғызға қарсы аттандым. Сүңгі батар 27. қарды сөгіп (кешіп), Көгмен жынысын айналып өтіп, қырғыз халқын өкшелей қудық. Қағанымен Соңа жыныста соғыстым. Қағанын өлтірдім. Елін жаулап алдым. Сол жылы Түргешке қарсы Алтын-жынысын асып, Ертіс өзенін кешіп, жорыққа аттандым. Түргеш халқын өкшелей қуаладым. Түргеш қаған қолы отша, боранша келді. 28. Болчуда соғыстық. Қағанын, Ябғуын, Шадын онда өлтірдім. Елін сонда алдым. Отыз жасымда Бесбалыққа қарай аттандым. Алты жолы соғыстым. Қолын бағындырып жойдым. Анда Ордадағы адамдар түгел қашып кеткен. [Басшысы] жазаланды ....... [..........] кісісі ұғысқалы келді. Бесбалық сол үшін озды (бағы жанды). Отыз 29. бір жасымда қарлұқ халқы есі кетіп бірде еріп, бірде кетіп жүріп жау болды. Тамағ Ыдуқ-басында соғыстық. Қарлұқ халқын қырдым.Сонда алдым. Басмылдың қара халқы Қарлұқ халқымен бірігіп соғысуға келді. Соғыстым, жойдым. Тоғыз-оғыз менің халқым еді. Тəңірі, Жер киесіне ұшырап 30. тасаттық беретін күні /өдіңе күні/ жау болды. Бір жылда төрт жолы соғыстым. Ең ілкі Тоғу қаласына Тоғла өзенін жүзіп кешіп өтіп келді. Қолы келді. Екінші рет Андарғуда соғыстым. Қолын найзамен шаныштым. Үшінші рет Чуш басында соғыстым. Түрік халқы бытырап, жаман 31. əлсіреді. Оза келген қолын шаптым. Өлімші болғандары қайта тірілді. Онда Тоңра, Иылпағутынның бір иелігін Тоңалтегін кешеніне қоршап алып шаптым. Төртінші рет Езгентқадазда соғыстық. Қолын онда шаншыдым, талқандадым. Отыз екі жасымда Мағы қорғанды қыстағанда жұт болды. Жазында 32. оғызға қарай аттандым. Ілкі қол шайқаста еді. Екінші қол ебде еді. Үш оғыз /қарлұқ/ қолы жетіп келді. Жаяу-жалпы қалды деп алғалы келді. Жау қолының жартысы ебті жұлғалы (талқандауға) барды. Жарты қол найзаласқалы келді. Біз аз едік. Əлсіз едік..... [...........]... Тəңірі күш бергендіктен, онда жеңдік (шаншыдық), 33. ыдыраттық. Тəңірі жарылқағандықтан, мен өзім билік жүргізгендіктен, Түрік халқы осылайша иелік етті. Інісі, мен, осылайша басшылық етіп, иелік етпеген болсам, түрік халқы, өлімші болар едің, жоқ болатын едің. Түрік бектері, халқы, осыны ойлап, осыны білгейсің. Оғыз халқын жаулаймын деп аттандым. 34. Ебін, барқын бұздым. Оғыз халқы Тоғыз-татарлармен бірге жиылып келді. Ағуда екі ұлы соғыс жүргіздік. Қолын талқандадым. Елін онда алдым. Осылай бағындырып алдым. Тəңірі жарылқағаны

үшін менің отыз үш жасымда əдейі [жауласқан] жау жоқ еді. Уақыт талабының күші 35. [бəрін де] жасайды. Алып қаған да жаңылады (қателеседі). Жоғарыда Тəңірі, киелі Жер-су Ағам-қағанның құтын қолдамады. Тоғыз-оғуз халқы жерін-суын тастап табғачқа барды. Табғач[........] бұл жерге келді. [Бір] игілік істейін деп ойладым....... халық....... 36. Жаңылғанда ......[...........]....... түстікте Табғачтың атақ-даңқы жоқ болды. Бұл жерде [олар] маған құл болды. Мен өзім қаған отырғандықтан, түрік халқын жаман қылмадым. Елін, төрін игі етіп, иелігімде ұстадым. Ыдуқ-басында жиналып. ...[.........]. . . . 37. Онда соғыстым. Қолын шаныштым. Ішке (Ордаға) бағынышты болды. [Менің] халқым болды. Өл десем – өлді. Селеңіні ылдидай жорыттық. Қараған шатқалында ебін, барқын онда бұздым......[..... .........]-жынысқа бұрылды. Ұйғыр елтебері жүздеген ерімен ілгері қашып кетті. 38. . . . [.........]. . .Түрік халқы аш еді. Оларға жылқы алып, тойдырдым. Отыз төрт жасымда оғыздар қашып табғачқа кірді. Өкініп аттандым. Ашуланып келіп ұлдарын, қатындарын олжалап алдым. Екі елтеберлік халық. . .[..................].... 39. ... [...............] . . . . . . татабы халқы табғач қағанға бағынды. Елшісінен жақсы сөз, жылы лебіз келмеді – деп, жазында аттандым. Халқын онда бұздым (талқандадым). Жылқысын, барын анда алдым. Қолы жиналып келді. Қадырхан жынысында қой жылы [..............]......... 40. ......[.............] [оның] тұрағына, жеріне, суына қонды. Түстіктегі Қарлұққа қарсы аттан деп Тұдун-ямтарды жібердім. Ол барып соғысты. Қарлұқ Елтеберін жойды. Інісі бір қорғанға қашып барды... [........].... 41. ...[...........]....... керуені келмеді. Оны жазалайын деп аттандым. Қорушы екі-үш кісілер қашып кетті. Қара халық қағаным келді деп қолпаштап, қуанды. Атсыз қалғандарға ат бердім. Атағы кішілерді өсірдім. 42. ...... [...........] Көк-өңігіні /Онгийн өзені/ өрлей қолмен жортып, жеті түнді жеті күнге жалғап сусыз кештім. Чораққа аттанып жолшы ерді....[........] кешінде шап [тық] Солтүстік беті /БК. ІІ. 1–16/ 1. [............] табғачтың он жеті мың əскерін алғашқы күні қырдық. Жаяу əскерін екінші күні қуып қырдық. [..............] жиылып барды [..........]. 2. [..........] рет аттандым. Отыз сегіз жасымда қыста қытайға (кидан) қарсы аттандым. Отыз тоғыз жасымда жазда татабыға қарсы аттандым .[...............]. 3. Мен. .[.............] өлтірдім. Ұлын, қатынын, жылқысын, барын алдым. [.....] бағындырып халқын 4. Халық . . . . [. . . . . ............... ] қатынын жоқ қылдым 5. аттанып [. .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . .....] 6. соғыстым [. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. .] үшін 7. бердім. Алып ерлерін өлтіріп балбал қыла бердім. Елу жасымда татабы халқы қытайға (кидан) бағынды. . . . [. . . . .. . . . .] Төңкер-тауда. . . . . .[ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ] 8. Қу-сеңүн бастаған төрт түмен /қырық мың/ қол келді. Төңкер-тауда шабуылдап жауладым. Үш түмен /отыз мың/ қолды қырдым. Бір [. . . . . . . . . . . ] болса [. . . . .] талқандадым. Татабы [............................]. 9. қырылды. Үлкен ұлым ауырып қайтыс болды. Қу-сеңүннің балбалын тігіп (тұрғызып) бердім. Мен он тоғыз жыл шад болып отырдым. Он тоғыз жыл қаған [тағында] отырдым. Ел тұтдым. Отыз бір жасымда . . .... . .[. . . . . . . . . . . . . . .] 10. Түркіме, халқыма осынша игілік жасадым. Бұнша иелік етіп Əкем-қаған ит жылы оныншы айдың жиырма алтысында ұша барды. Доңыз жылы бесінші айдың жиырма жетісінде киелі орнын жасаттым. Бұқұқ-тұтұқ [...............................] 11. ханы Лисун Тай-сеңүн бастаған бес жүз адам келді. Сəнді қыш ыдыстар, алтын, күміс есепсіз əкелді. Киелі орынға жұпар [ағаш] (бəйтерек) тігіп (отырғызып) берді. Шынар ағашын өздері отырғызды. 12. Осыншама халық құлағын, шашын кесті. Жақсы өздік атын (бəсіресін), қара бұлғын, көк тиынын /құндыз/ есепсіз шашып таратты 13. Тəңір текті Тəңірі жаратқан түрік Білге қаған [менің ] сөзім. Əкем Түрік Білге қаған [тақта] отырғанда түріктің қазіргі бектері арттағы тардуш бектер, Күүлі-чор бастап ұласқан шад, апалар, бектер; өңіре төлес бектер, апа тархан 14. бастаған, ылғи шад, апалар, бектер; бұл. . . [. . . . . . .]. . . Таман-тархан, Тұй-ұқұқ бойла баға-тархан, ылғи бұйрықтар (қолбасшылар), [. . . . . . . . ]. . . . Орда бұйрығы (қолбасшысы) Себіг Күл-еркін бастаған ылғи қолбасшылар – осыншама бүгінгі бектер Əкем-қағанға ер теңі (үзеңгілес; арқа сүйер, сүйеніш) болды. 15. Ер теңін [ол] мақтан етті. Бүгінгі түрік бектерін, халқын мақтан етіп, марапаттады, сый-сыяпат ұсынды. Сонысы үшін Əкемқағанның мүсін тасын, киелі орнын түрік бектері, халқы дайындап əкелді. Өзіме мұнша. . .[. . . . . . . . . . . . . . ]. . . . 16. Білге қаған бітігін (жазуын) Иоллығ-тегін мен жаздым. Осыншама барықты, мүсіндерді түрік Білге қағанның аталығы (ұстазы) Иоллығ-тегін мен бір ай төрт күн отырып жаздым. сін жасаттым.[. . . . . . . ..]

Оң жақ беті /БК. ІV. 1–15/ 1. Тəңір текті, Тəңірден жаратылған түрік Білге қаған бөдке (тақ иесіне) отырдым. Сөзімді түгел естіңдер! Ұласқан іні, тумаларым, ұрпағым, ебтегі-иелігімдігі халқым! Ілгері2. күн шығысындағы, бергі-күн ортасындағы, [жəне] артқы-күн батысындағы, тысқары-түн ортасындағы, мұндағының [бəрі] Ордалық халық. Мұншама халықты бағындырып, басын құрадым. Ол [сөзімде] ағаттық жоқ. Түрік қағаны Өтүкен-жынысында отырса, елде мұң жоқ. Ілгері Шаңдуң жазығына дейін жауладым. Теңізге сəл жетпедім. Түстікке қарай Тоғыз3. Ерсенге дейін жауладым. Түбүтке сəл жетпедім. Батыста Інжу өзенін кеше Темір-қақпаға дейін жауладым. Терістікте ЖерБайырқу жеріне дейін жауладым. Мұнша жерге дейін жорық жасадым. Өтүкен жынысында игі ие жоқ еді. Ел тұтатын жер осы Өтүкен жынысы еді. Бұл жерде отырып табғач халқымен түзілдім, (жарастым). Алтын, күміс, дақылды, 4. жібекті есепсіз берер табғач халқының сөзі тəтті, ақығы асыл еді. [Олар] тəтті сөзі, асыл (қазынасымен) арбап, жырақтағы халықты өзіне соншама жақындатар еді. Жақын қонған кісіні жаман қылығына үйір қылушы еді. Жақсы, білікті кісі, мықты, алып кісі оған көнбес еді. Бір кісі жаңылса, иелігіндегі халқы бесігіне дейін (бесіктегі ұрпақтарына дейін) құтылмас еді. 5. Тəтті сөзі, асыл ақығына алданып, түрік халқы, өлдің. Түрік халқы [сенің] үлесің. Беріде Шұғай жынысына, Төгүлтүн жазығына қонайын десең, Түрік халқы, өз үлесің. Сонда жау кісілер былай азғырған еді: «Жырақ кетсең жаман ақығ /қазына/ берер, жақын жүрсең жақсы ақығ (қазына) берер», – деп, осылайша азғырған еді. Білік 6. білмес (ақылсыз) кісі сол сөзді алып (сеніп), жақын барған еді. Тəңірлік елің ол жерге барса, түрік халқы, өлімшісің сен. Өтүкен жерінен керуен аттандырып қойып отырсаң, еш мұңың жоқ. Өтүкен жынысында отырсаң, мəңгі ел тұтып отырар ең сен. Түрік халқы, (бірде) тоқ, (бірде) арық. Аштықта тоқтықты түсінбедің сен. Бір тойсаң ашықпайтындай боласың сен. Сондайлығың үшін игілік жасаған қағаныңның 7. сөзін алмадың. Жер-жерге бардық шашылып. Сонда алқындық, арыдық. Онда қалғаны жер-жерге тарап, өлі-тірі жүріп жаттық. Тəңірі жарылқағаны үшін, өзімнің құтым бар үшін қаған [тағына] отырдым. Қаған [тағына] отырып, жоқ, шығай (кедей) халықты бағындырып жинадым. Шығай халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Бұл 8. сөзімде артықтық бар ма? Түрік бектері, халқы, бұны естіңдер! Түрік халқын Тəңірі ел етіп бергендігін мұнда (тасқа) бастым, жаңылып үлеске түскендігіңді де мұнда ұрдым. Не айтар сөзім болса бір ұстынға ұрдым. Мұны көріп біліңдер, Түріктің қазіргі халқы, бектері! Тақ киесіне жеткенімізге, бектер, мақтан! Жаңылғышсыздар ғой сіздер! Əкем9. қаған, Ағам-қаған отырған кезде төрт бұрыштағы халықты мұнша ұйыстырып, мұнша орнықтырған еді. Тəңірі жарылқағаны үшін, өзім отырғанда [да] төрт тараптағыларды халық еттім, [ел етіп] ұйыстырдым. [. . . . ] қылдым. Мен түргеш қағанға қызымды бердім. Ер теңі ұлына төр (өкімет) алып бердім. Түргеш қағанның 10. қызын, ер теңі ұлының төрін ұлыма алып бердім. Түрік қаған [......] [мен оларға] қағандық бөд (тақ киесін) осылай бердім. [.....] ерттім. Төрт тараптағы халықты бейбіт қылдым. Бастары барды жүгіндірдім, тізелерін бүктірдім. Жоғарыда Тəңірі, төменде Жер жарылқағандығы үшін 11. көз көрмеген, құлақ естімеген халықтарды ілгері – күншығысқа, берірек – күн ортасына, артта – күнбатысқа, сыртта – түн ортасына дейін қондырдым. Сары алтынын, ақ күмісін, үлпілдеген жібегін, мас (қылатын) ішкілігін, өздік атын, айғырын, қара бұлғынын, 12. көк тиынын түркіме – халқыма алып бердім, жасап бердім. Елімді мұңсыз қылдым. Жоғарыда Тəңірдің құдіретімен [..................] солай болды. . .[. . . . .. ] құлман [. . . . . . . .. ] үн бектерді халық 13. иесі еттік. Бейнет көрме. Қиналма! [Таққа] отырдым. Түрік бектері! Түрік халқым [. . . . . . . .. ] отыз-татар еді. Қағаным бөдке (тақ киесіне) [.......] иеленіп, балбал [.......]. Татабы халқын [. . . . . .] Бұл қағаныңнан, бұл бектеріңнен, жеріңнен, суыңнан айырылмасаң, түрік халқы, 14. өзің жақсылық көргейсің, сен! Ынтымақты болғайсың сен, мұңсыз болғайсың сен! – деп тіледім. Кейін табғач қағаннан шебер келтірттім. Менің сөзімді сындырмады (бұзбады). Орда шеберін жіберді. Ақыр (мүсін) тасын, барқын тұрғыздырттым. Ішіне, тысына сурет, өрнек салдырттым. Тас тоқыттым, көңілдегі сөзімді бастырдым. 15. он-иелік əулетіне, кірмеңе дейін бұны көріп біліңдер! Мəңгі тас орнаттым.[киелі] жерге қойдырдым. Жаздым. Бұны көріп, бұдан біліңдер! Ол тас барықын. . [тұрғыздыртқыздым]. . . . . Шығыс беті /БК. ІІІ. 1–9/ /Қытай мəтінінің үстіңгі жағындағы жазу/ 1. [. . . . . . .. . . .] жоғары [. . . . . . . . . .] 2. Білге-қаған ұша барды. 3. Жайы жоғары Тəңірде болсын.

4. Дабыл қағылса 5. Тауда қолбасшылар жортар. [Солай] 6. Сағынармын [сені] Əкем-қаған 7. Тасын өзім Қаған 8. [. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ] 9. [. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ] ÒÎÍÛÊ¥Ê

1. Білге Тоныкөк мен өзім Табғаш елінде тəрбиелендім. Түркі халқы

табғашқа бағынатын еді. 2. Түркі халқы қаны болмай Табғаштан бөлінді, қанданды

Қанын қойып

Табғашқа жəне бағынды

Тəңірі сонша дегендей бəлкі

Қан бердім. 3. Қағаныңды қойып бағындың

Тəңірі /сені/ өлімші етті.

Түркі халқы қырылды, алқынды, жоқ болды.

Түркі есір /тұтқын/ халқы жерінде ештеңе қалмады. 4. Ағаш-тас /арасында қаланы жиналып жеті жүз болды

Екі бөлегі атты еді.

Бір бөлегі жаяу еді.

Жеті кісіні ерткен 5. Ұлығы шад еді.

Ілес деді

Ілескені мен едім

Білге Тоныкөк

Қағанды ма қысайын, – дедім

Ойландым: тұрық бұқалы

Семіз бұқалы артта білсе. 6. Семіз бұқа – тұрық бұқа, – деп

Айыра білмес деп

Сонша ойладым.

Содан соң тəңірі білік бергені үшін

Өзімше оны қаған еттім

Білге Тоныкөк бойла баға тарқанмен 7. /Мен/ Ілтеріс қаған болайын

Түстікте – табғашты

Шығыста – қытанды

Терістікте – оғызды көптеп өлтірді.

Білік йесі сөз йесі /деп/ мені көрді.

Шұғай құзын Қара құмды мекендеуші едік. 8. Киік жеп, қоян жеп отыратын едік.

Халық тамағы тоқ еді

Жауымыз айнала жыртқыш /құстай/ еді. Біз өлімші едік

Сөйтіп отырған шақта оғыздар-елші келді. 9. Елші сөзі мынадай:

Тоғыз оғыз халқы қаған көтерді деді.

Табғашқа қарай Құны сеңүнді жіберді.

Қытанға қарай Тоңра семді жіберді.

Сөзді былай жіберді.

Аз ғана түркі халқы көшуші еді. 10. Қағаны алып еді

Ақылгері білге еді

Ол екі кісі бар болса

Сен – табғашты қырар дермін

Шығыста – қытанды қырар дермін

Мені – оғызды қырар дермін. 11. Табғаш түстіктен тиіңдер

Қытан шығыстан тиіңдер

Мен терістіктен тиісейін түркі тұтқын жерінде /бөтен/ йе жүр-
месін!

Əрекеттенсе, йесін

құртамыз, – дермін. 12. Ол сөзді есітіп

Түн ұйқым келмеді

Күндіз отырғым келмеді.

Содан соң қағаныма өтіндім

Сонша өтіндім табғаш, оғыз, қытан. Бұл үшеуі біріге қалса біз

Өз іші-сыртымызды ұстап қана қаламыз 13. Жұқаны топтау – оңай

жұқа қалыңдаса топтайтын алып болар 14. Жіңішке жуандаса үзетін алып болар.

Шығыстағы қытанға түстіктегі табғашқа

Батыстағы құрданға, терістіктегі оғызға

Екі-үш мың қолмен келе аламыз ба?

Сонша өтіндім 15. Қағаным мен өзім бірге

Тоныкөк өтінген өтінішімді есіте көңілдегіше жүргіз, – деді.

Көк Өңүг таптай Өтүкен қойнауына жүргіздім.

Сиыр көлігімен Тоғлада оғыз келді. 16. Əскері үш мың екен

Біз екі мың екенбіз

Соғыстық

Тəңірі жарылқады қайттық

Өзенге түсті қайтар жолда тағы да көп өлді.

Содан соң оғыз түгел келді. 17. Түркі халқын Өтүкен жерге келтірдік

Мен өзім білге Тоныкөк

Өтүкен жерін қоныстанды деген есітіп түстіктегі халық батыстағы,
терістіктегі шығыстағы халықтар келді.

18. Екі мың едік

Біз екі қол болдық

Түркі халқы отырғалы

Түркі қағаны отырғалы

Сантуң қаласына теңіз өзеніне жетпеген еді.

Қағаныма өтініп, соғыстым. 19. Шантуң қаласына теңіз өзеніне жеткіздім.

Жиырма үш қала талқандалды.

Үйсін мұнда атты жұртта жатып қалып еді.

Табғаш қағаны жауымыз еді,

Он оқ қағаны жауымыз еді. 20. Артқы қырық аз қағаны жауымыз болды.

Ол үш қаған кеңесіп:

Алтын қойнауында бірігейік деді. Сонша кеңесті

Шығыста түркі соғысайық деді. Одан əрі соғыспасақ

Қалай болса да бізді ол жеңеді. 21. Қағаны алып екен

Ақылгері – білге екен

Қайтсек те қыратыны мүмкін

Үшеуіміз бірігіп соғысайық

Оны /сөйтіп/ жояйық десті.

Түргеш қағаны былай деді:

Менің халқымда сонда болар деді. 22. Түркі халқы тағы былғануда деді

Оғуздар да тарауда, – деді

Сол сөзді есітіп түнде тағы ұйқым келмеді

/күндіз/ отырғым келмеді.

сонда ойландым

[...] Соғысалық [...] дедім 23. Көгмен жолы бір еді

Тымық дегенді есітіп

Бұл жолмен жүруге жарамайды дедім

Жершіл /кісі/ тіледім

/Ол/ Шөлдік аз ері болды. 24. Өзімнің аз жерім,

Оны біл! Анымен

Бір аялдама бар

Анымен барасыңдар

оған түнеп /одан əрі/

Бір аттық жүріс дедім

Сол жолмен жүрсе

мүмкін дедім ойландым. 25. Қағаныма өтіндім əскер

жүргіздім

Аттаныңдар! – дедім

Ақ термелді өте бұйырдым

Атқа қайта міндіріп қарды аршыдым

Жоғары атты жетектеп

Ағаш ұстап шықтық /көтерілдік/ 26. Алдағы ер жоғары шығып

Бұталы /биік/ басынан астық

Қиындықпен түстік

Он күн дегенде тау бауырына бардық

Жершіл ер жаңылып

Бауыздалды

Мұңайып қаған

Желе көр, – деді. 27. Аны суымен баралық

Сол сумен төмен жүрдік

Санағалы тоқтадық

Атты бұтаға байладық

Күн демей

Түн демей желіп бардық

Қырық азды ұйқыда бастық. 28. /жолымызды/ сүңгімен аштық

Қаны, əскері /түгел/ жиналды

Соғыстық, шаныштық

Қанын өлтірдік

Қағанға қырқ аз халқы

Бағынды, жүгінді, қайттық

Көгмен қойнауын айналып келдік. 29. Қырқ аздан қайттық

Түргеш қағанынан елші келді

Сөзі мынадай: алдынан қаған қарай

Əскер жіберейік, – деді /егер/

Жүргізбесек бізді

Қағаны – алып

Ақылгері – білгіш

Қайтсек те 30. Бізді қыруы мүмкін деді

Түргеш қағаны жиналды

Он оқ халқы қалмай жиналды, – деді.

Табғаш əскері де бар, – деді

сол сөзді естіп қағаным:

«Мен үйге қайтайын», – деді. 31. Қатыны өлген еді

Оны жерлейін, – деді

Əскер барың деді

Алтын қойнауында күтің, – деді

Əскер басы – Інел қаған

Тардуш шады барсын, – деді

Білге Тоныкөк маған айтты. 32. Бұл əскерді өзің баста, – деді

Қиындықты көңіліңше шеш

Мен саған /басқа/ не айтайын, – деді.

Келер болса күш көбейер

Келмесе егер /онда/

Тілді, сөзді ала отыр, – деді

Алтын қойнауында отырдық.

33. Үш хабаршы келді

Сөздері бір: қағаны əскері жиылды

Оң оқ əскері қалмай жиналды, – деді

Иарыс жазығында жиналайық, – деді.

Ол сөзді есітіп

Қағанға ол сөзді жібердім

Қайтейін

Жауап жəне келді 34. Отыра бер, – депті

Асықпа күзетшіні жақсылап қойың

Бастырма, – деді

Бегі қаған маған осыны айтты

Апа-тарқанға құпия сөз жіберді

Білге Тоныкөк

Сұм ол ол өзі аңғарар 35. Əскер жүргізелік /десе/ ұнатпаң

Ол сөзді есітіп əскер жүргіздім

Алтын қойнауын астым

Ертіс өзенін өткілсіз өттік

Түн қаттық Болшыға таң ата жеттік. 36. Тілдіні келтірді Сөзі мынадай:

Иарыс жазығында он мың əскер жиылды, – деді

Ол сөзді есітіп

Бектер көбі қайтайық! 37. Таза ұят игі, – деді

Мен сонша дедім

Мен білге Тоныкөк

Алтын қойнауын аса келдік

Ертіс өзенін өте келдік. 38. Келгені – батыр дедім

Түсінбеді

Тəңірі Умай, қасиетті Жер-су /Отан/

Жеңіс сыйлай берген екен

Неге қашамыз көп /екен/ деп 39. Неге қорқамыз азбыз деп

Неге басындырамыз тиіселік,

дедім. Тиістік, қудық

Екінші күн/тағы/ келді. 40. Өртше қызып келді

Соғыстық

Бізден екі шеті жартыдай артық еді

Тəңірі жарылқағаны үшін көп

деп біз. 41. Қорықпадық, соғыстық

Тардуш шады қатысты

Жеңдік, қағанын ұстадық

Иабғысын, шадын сонда өлтірді. 42. Елудей ерін ұстадық тұтқындады

Сол түні халық сайын елші жібердік

ол хабарды есітіп

Он оқ бектері, халқы

Түгел келді, жүгінді. 43. Келген бектерін, халқын жиып теріп жатқанда

Аздаған халық қашқан еді.

Он оқ əскерін аттандырдым. 44. Біз тағы да соғыстық

Оны қудық

Інжү өзенін өте

Тінесі ұлының тұрағы

Беңлігек тауын [...] 45. Темір қақпаға дейін қудық

Сонда қайтардық

Інел қағанға тəжік, тоқар 46. Сонда Суқ бастаған

Соғда халқы түгел келді

Сол күндері

Түркі халқы Темір қақпаға жетті 47. Тінесі ұлының мекен тауына

жетті /ол кез бұл тау/ иесіз еді

Ол жерге мен білге Тоныкөк

Жеткізгені үшін сары алтын 48. Ақ күміс, қыз-қырқын

Бағалы қымбат мүліктер есепсіз келіп жатты

Елтеріс қағанның білік иесі,

алып иесі болғаны үшін 49. Табғаштармен он жеті /рет/ соғысты

Қытандармен жеті /рет/ соғысты

Оғыздармен бес рет соғысты. 50. Сонда ақылгері тағы да мен еді

Бастаушысы да мен едім

Елтеріс қаған үшін

Түркі Бөгі қағаны үшін

Түркі білге қ. . . 51. Қапаған қаған үшін

Түн ұйықтамадым

Күндіз отырмадым 52. Қызыл қанымды төктім

Қара терімді ағыздым

Күш-қуатымды да бердім

Мен өзім ұзақ шабуылдарға да қатыстым

53. Арқуй күзетін үлкейттім

Басынған жауды келтіргенмін

Қағаныммен бірге соғыстық

Тəңірі жарылқап 54. Бұ түркі халқына

Қарулы жауды келтірмедім

Атты əскер жолатпадым

Елтеріс қаған осылай етпесем 55. Оған еріп мен өзім де осылай етпесем

Ел де, халық та

Жойылар еді

Осылайша еткеніміз үшін

Менің де ұйғарғаным үшін 56. Ел тағы да ел болды

Халық та қайта халық болды.

Өзім қартайдым, үлкен болдым

Қайдағы қағандық халық болса да 57. Бүлдірушісі бар болса, оның мұңы да болады. 58. Түркі білге қаған еліне /арнап/ жаздырдым

Мен білге Тоныкөк 59. Елтеріс қаған бүйтпесе ол да болмаған болар еді

Мен өзім білге Тоныкөк бүйтпесем

Мен де болмаған болар едім. 60. Қапаған қағанның тұтқын халқы жерінде

Ештеме де, халық та тағы кісі де

Болмаған болар еді. 61. Елтеріс қаған, Білге Тоныкөк қызметтері үшін

Қапаған қаған

Түркі есір халқы жасады. 62. Түркі білге қаған түркі есір халқын

Оғыз халқын жоғарылатып отыр.

ʬ¬Ë²-×ÎÐ

Батыс беті /КЧ. І. 1–12/ 1. [...............] Күүлі-чорға чықан /жиен/ Тон-ұқұқ атағы берілді.[..............] 2. [...............]....... бүктірді. Ышбара чықан Күүлі-чор атанды [..............] төлес (сол қанат) суы-жері [..............] 3. [...............] Қапаған қаған елінде мені құрметтеп ұлықтады. Ұлы Күүлі-чор сексен жасап жоқ болды. 4. Өздік боз аты бар еді. Кежім [...............] ....... Айбыны, амалы басып, Бөкесі [қолдады] [.............] елің, халқын...... 5. [...............] асарға жиналған аң аулаушылар шабуыл жасағанда Күүлі-чор олардың ұлын, əйелін олжалады. [...............] 6. [...............] болып аз елін жаулады. Батысындағы аз [елін] бағындырып Күүлі-чор Түркі халқын, бектері [..............] 7. Қапаған қағанына, еліне .......[..................] киелі белгісі (сүлдесі) үшін, асқақ айбыны, амалы ұлылығы үшін иеленді. Қағаны.... 8. [...............] түркі........[...............] Ышбара білге Күүлі-чор [..............] [тек қана] Ебіме ғана əйгілі емес-ті. 9. [...............] еді. Соғыс болса шеріктері шерулетер еді. Аң ауласа ердің елі түгел шығар еді. 10. [.......................] шаншыды. Кешінде түмен /он мың/ қол сүре соғысты. Күүлі-чор опыра шабуылдап, əскерін 11. [........................] аттандырды. Бесбалықта төрт рет соғысқанда Күүлі-чор опыра шабуылдап, талқандады. 12. Табғачпен бұнша соғысып, айбынын асқақтатып, мəртебесін көтеру үшін соншама ұлылық жасады. Шығыс беті /КЧ. ІІ. 13–25/ 13. [....................] балаларын, əйелін жинап алып...[................] қоныстандыратын, тұрақтандыратын жер таңдады. 14. [....................] Ышбара білге Күүлі-чор тардуш халқын басқарып, жарлық беріп отырды. 15. [....................] Қатмыс-Тайдың бəсіресін мініп опыра шабуылдап, үш ерін шаншыды. [.....................................................................................] 16. [...................] Одан кері барып Інжу өзенін кеше, Темір-қақпаға тəжікке дейін шабуылдап иеленді. Тоғыз-оғузға жеті рет соғысқанда 17. [....................] бітірді. Қытай (кидан), татабы [...................] бес рет соғысқанда Күүлі-чор білік иесі, сөз иесі болды. Айбынды бөкесі болды. 18. [.....................] Күүлі-чор жеті жасында жирен өлтірді, тоғыз жасында азулы доңыз /қабан/ өлтірді. Қарлуқ жауыққанда, Тезде соғысқанда [...................] 19. Білге Күүлі-чор онда Қарлуқпен соғысқанда Іділ [тайпасының] ағын /ақ атын/ мініп, опыра шабуылдап, шаныша жайратып жүргенде аты құлап түсті. Жəне соғысып 20. қол бастады. Қарлуқтардың ішке кіргендерін шаншыды (найзалады). Қарлуққа барып, [оларды] жинап алғалы барып, аздаған [өзінің] ерлерін қайтадан олардың ебіне /курень/ кіргізді. Қарлуқтар аттана қашты. Сонша қолын мертіктіре 21. Қарлуқтың жирен торы атының белін ұрды. Қарлуқтар осылай бағынды. Елтебері өзі келді. Есір-Еркінұлы Жиен-чор келді. 22. [.......................] Қарлуқтарды шапқалы аттанды. Соғысып əскерін найзалады. Елін бағындырып алды. Ұлын, əйелдерін тартып алды. Таудың үстіне Ысбара білге Күүлі-чор шығып 23. соғысқа демеу болайын деді. Тағдыры шығар. Жауға жалаңаш атойлап шауып, омыраулап кіріп, кергек болды /қайтыс болды/. 24. [...................] қаған інісі Ерчор-тегін келіп, кіндіктес төрт тегін Ысбара білге Күүлі-чорды жерледі. Мүсінін жасатты, орнатты. 25. [....................] иелегіне алды. Артық жылқыларын таратты. Оңтүстік беті /КЧ. ІІІ. 26–29/ 26. [...................] К-тегін келді. Тардуш Күүлі-чордың ұлы Жиен-чор келді. 27. [......................] Сөйтіп осыншама халық келіп жерледі. Бентір бегім 28. [...................] маған белгісіз. Белгісін, бітігін дайындадым. Мұнша жазу жаздым. Батыс бетінің астындағы жазу 29. Күүлі-чор бітігін жаздым.

ÌÎÉÛÍ–×ÎÐ

Теріскей жағы 1. Тəңіріде /жаралған/ болған ел едік. Білге қаған ..................................

........................................................................................................ төлес. 2. Өтүкен төңірегі елі тау арасында отырған суы Селеңгі еді, онда елі /өсті/ /олар өмір/ сүреді.............................................көшті. 3. Су ...............................................................................

онда қалған халқы он ұйғыр, тоғыз оғуз жүз жыл /дай/ қаша отырып ................................................................. Орхон өзеніне қарай беттеді. 4. Түркі қыпшақ елу жылдай бас арғанда; жиырма алты жасымда түркі елінде берді сонда бойла 5. Шегіне түсті, тоғыз оғуз халқымды түгел жинап алдым. Əкем Күлбілге қаған .............................................................................. 6. Əскер жүрді өзімді алға мыңға бас етіп жіберді. Кейреде алдыңнан қайттым. 7. Күшейіп жəне алға жүрдім. Кейде басында Үш Біркүде қан əскерімен кездестім, онда 8. Қудым. Қара, құмды астық. Көмірлі тауда, Йар өзенінде үш тулы түркі халқы. 9. Озмыш тегін қан еді. Қой /743/ жылы аттандым. Екінші соғысты алғашқы айдың алты жаңасында бастадым.

Озмыш тегінді 10. ұстадым, қатынын онда алдым. Түрк халқы одан əрі қарай жоқ болды. Содан кейін тауық /745/ жылы халық туйып /түсініп/ 11. Үш қарлуқ халқы жаман ой алып, қаша берді. /Олар/ батыстағы он оққа жетті. Доңыз /747/ жыл оларды жауладым. Тай білге тутықты. 12. Жабғы атады, содан кейін əкем қаған ұшты /өлді/.

Қара халық бағынды

жеңдім. Шығыс жағы 13. Тұттым бір

Онда Бүкегүкке жеттім. Кешке күн бата соғыстым, онда жеңдім. Жарықта қашып, түнде жиналды. Бүкегүкте Сегіз оғуз, Тоғыз татар қалмаған. Екінші рет тағы күн туа соғыстым. Құлым, күңім халықтың тəңірі. 14. Жер күш берді. Онда жеңдім. Жазықты атаулыны тəңірі ұстата берді. Қара халықты жоқ қылмадым, үйін, барағын, жылқысын алмадым. Енді халқым /соңымнан/ ер, – дедім. Қойып кеттім. 15. қудым. Бұрғуда жеттім. Төртінші ай тоғыз жаңасында соғыстым, жеңдім. Жылқысын, барымтасын, қызын, əйелін əкелдім. Бесінші айда қайта келді. Сегіз оғуз, Тоғыз татар қалмай келді. Селеңгіден Йылун қолдан Шып басына дейін шеріктер қойдым. 16. Кергүн Сақышын Шып басымен жүре келді.

Селеңгіге /дейін/ шеріктер қойды. Бесінші ай жиырма тоғызында соғыстым. Онда жеңдім. Селеңгіге /дейін/ сыға шаныштым. Тептегіс қылдым. Көпшілігі Селеңгімен төмен барды. Селеңгіні өте, соңынан жүрдім. Ұрыста ұстап он ер жібердім. 17. Тайбілге тутық оңбаған үшін, бір-екі оңбаған атты үшін қара халқым өлдің, жіттің. Қалғаның бағын, өліп жітетін сен, – дедім. Маған қызмет қыл, – дедім. Екі ай күттім. Келмеді. Сегізінші ай бір жаңасында əскер жүргіздім, – деді. Тулылар жолға шыққанда 18. атты ер/лер/ келді; жау келе жатыр, – деді. Жау бастығы жақындап келеді. Сегізінші ай екі жаңасында Ащы Алтыр көлде Касуйден өте /олармен/ соғыстым. Онда жеңдім. Содан кейін соңына түстім. Сол айдың он бесінде Кейре бас мен Үш Біркүде татар/лармен/ кездестім. Халықтың жартысы 19. бағынды, қалған жартысы

/қытан/ға қосылды. Содан соң кейін шегіндім. Өтүкен жерін
қыстадым. Жаудан құтылдым жəне босандым. Екі ұлыма жабғы
жəне шад деген ат бердім. Тардуш, төлес халқын бердім. Бұдан соң
барыс /750/ жыл чикке қарсы аттандым, екінші ай он төртінде Кем

өзенінде 20. жеңдім. Сол жылы /чик/

бағынды

басы ағырақ сонда орда орнаттым. Жаз сонда жайладым.

Құлшылық етуді сонда жасадым. Жазуды сонда жаздырдым. Бұдан кейін сол жылы күзінде ілгері жүрдім, татарға аттандым. Қоян /751/ жыл 21. бесінші айға дейін

Өтүкен йыш басы онда

Іңіз басы онда Ыдуқ башы кейінде,

Йабаш Тоқуш құйылысында жайладым. Ол жерден сарай салғыздым,
қорған қабырғасын орнаттым. Мың жылдық он мың күндік сонда
тегіс тасқа

22. жаздырдым. Тоғыз оғуз

Бектер келді.

/Олар/ жау болды, Өгүн Бек пен Қарабұлақта тұрды.

Қырғызға қол жіберді «Сіз шығыңдар, чиктерді тұрғызыңдар» –
деген. Мен шығайын, – дедім. «Байқа, азат бол. Тоғайда

23. бірігеміз» – делінген. Өтүкен

деген

/айдың/ тоғыз жаңасында қолмен шабуылға аттандым. Тутық
бастап, чикке мың қол жөнелттім.

Оның одақтастарына аз-аздаған əскер

жібердім. Қырғыз қаны Көгмен ішінде 24. /өзінің/ үй-жайында. Əскерін одан əрі жөнелтті. Менің қолым тиісті. Тіл ұстап қағаныңа.

Күнгей жағы 25. Одақтастан қол келді. Қарлуқ одақтасқа келмеген – деді.

қарлуқ Кем

Ертіс өзені Арқар басы Ер қамыстан өте он бірінші ай он сегіз
жаңасында Болчу өзені жағасында кездестірдім.

Үш қарлықты 26. сонда жеңдім. Содан кейін шегіндім. Чик халқын қолым қуып

келді.

Сіз басы қорған маңын жайладым. Табынуды сонда табындым. Чик
халқына бастық бердім, тарқандарды сонда тағайындадым

/сонда/

келді. Қазды көлде 27. тауда кездесті. Жау

деп айта келді. Он бесінде келді.

Тайған көлде жиналдым. Алдыңғыны онда жібердім. Ер келді.

Қара жоталықты өтіп келді. Мен ұтырына жүрдім.

болды. қарлуқ 28. қол кетті. деген.

Ішін мен былғайын, – деген, сыртынан мен қосылайын, – деген.

Басмыл жау болып, үйіме аттанды. Оны ішке кіргізбедім.

Сырттан үш қарлуқ,

үш қасиетті татар

түргеш

Өтүкенде мен 29. /бас/ы сонда тиістім бесінші ай жиырма алтысында оғузға қарсы

аттандым. Онда жеңдім. Содан соң түргеш, қарлуқты жеңдім.

Табарын /дүниесін/ алып, үйін құлаттым. Үйіме қайттым. 30. ж/ау болды/

тұрып

жеріне кетті. Оны бағытына

Сегізінші ай мен соңынан жүрдім. Үйімді Ерсегүнде, Йула көлде
қалдырдым.

31. Басмылды қо/йып/

інші ай жиырма бірінде Қарлуқты

Жорға жазығында əскерін жеңдім. Үйі он күн бұрын үркіп,

қашқан.

Содан соң кідірмей үйге қайттым. 32. он бірінде жеңдім

Халқыма оралдым. Ірлүннің Талақымында жеттім. Табғаштағы
оғуз түрк жиналып бірікті. Сонда бектер

33. менің əскерім үшін

/берді/ тулы бес жүз жарақты жаяу бір екі шашыла келді. Күң,

құл болған менің халқыма тəңірі – Жер қуат берді. /Оларды/ сонда
жеңдім.

34. Онда халық /маған/ бағынды

Қарлуққа дейін қашты. Содан кейін қайта оралып,

Орхон Балықтыда ел

сарайын, ел үйін /тұрғыздым/. 35. Он бірінші ай жиырма жаңасында Қара бұлақ алдындағы Соқақ жолында чігіл тутық 36.Тоғурғыны өте жеңдім.

қарлуқ басмыл жиналып 37. түстім басмылға 38. апа жабық еді. 39. мен еттім бұнша жазуды

жазуды жаздыдым.

Батыс жағы 40. келді. қарлуқтан ештеңе қ/алмады/ содан кейін

сегізінші ай үш жаңасында шабуылға аттандым

Қарлуқ тірісінің бəрі түргешке қосылды. Орала түсіп 41. оныншы ай екі жаңасында бардым.

дегені үш

жеңдім кідірдім

содан соң басмыл қарлуқ жоқ болды. Қой /755/ жыл 42. жазды өткіздім.

Табғаш қаны қаған барған.

Бір /қы/з сегі/з ұл баласын/ ұстадым

оралдым екі халықты алып Өтүкен/де жеңдім. онда отырып мың /қол/ жібердім Құтты биік туын 43. онда

халықты үйіме екінші ай алты жаңасында

оралдым. Тауық /757/ жылға

жоқ қылды сөйтіп келді екі қызын 44. /тауып берді/

Ол барған Сөзіңнен қайтпайын,

жаңылмайын, – деді бағынбады

Содан соң Соғды мен Табғашқа Селеңгіде Бай балық қаласын орнаттырдым. 45. жиырмасында одан оралдым бірігеміз.

жиырма бірінде сарайды жиырма үшінде

жеңдім йарыш Ағулық ара

46. үш он мың

шанышқан жерде ойланды

екінші ай он алты жаңасында үш тулы 47. түркі халқын

сегіз оғуз, тоғыз татар
қатын жиені Өзбілге

48. күй

мың жылқы қалды, он мың қой қалды. 49. қол басы мен Елтегер мың жылқы,

он мың қойды мен ұстадым. келтірдім. ÛС Á²Ò²Ã

1. Тенсимін Күні-түні алтын тақ үстінде отырып қуанамын. Сонша біліңдер: игі ол 2. Ала атты жол тəңірімін. Күні-түні жүремін. Қарсыда екі атты кісі ұлын кездестірген. Кісі қорыққан. Қорықпа, – деген. Құт бергеймін, – деген. Сонша білің: игі ол. 3. Алтын қанатты жыртқыш қара құспын /бүркітпін/ Ескерген түсі тағы түгесілмеген. Теңізде жатып, кез келгенді тұтармын. Сүйгенімді жермін. Сонша күштімін. Сонша біліңдер: игі ол. 4. Өңі сұр түсті қаршыға құспын. Емен ағаш үстінде отырып қуанамын.

Сонша біліңдер! 5. Бег ер жылқысына қара барған. Ақ биесі құлындаған, алтын тұяқты айғыр жарағай /болғай/. Түйесіне қарай барған. Боз інгені боталаған. Алтын мұрындықты бура жарағай /болғай/. Үйіне қарай келген. Үшінші бикеші ұл туған, Бек болғай, – деген. Қуанышты ер болғай. Анық игі ол! 6. Асуда аю, доңыз кездескен екен. Аюдың қарны жарылған, доңыздың азуы сынған, – деген. 7. Сонша білің жаман ол. Ер тез келер игі сөз, хабар жеткізе келер, – деген. Сонша біліңдер: игі ол. 8. Алтын басты жыланмын, алтын сапты қылышпен кесіп, денем жол сыртында жатты, басыма келсек, үй сыртындағы үйде жатты. Сонша біліңдер: жаман ол. 9. Үлкен үй өртенген. Ешқандай негіз қалмаған, төбесі де, қорасы да қалмаған, – деген. Сонша біліңдер: жаман ол 10. Есінеген барыспын. Басым қамыс арасында, сондай алыппын, ермін. Сонша біліңдер 11. Сары атты хабаршы мінсіз атты елші игі сөз, хабар жеткізе келер деген. Анча білің: анық жақсы ол. 12. Ер аңға шықты. Тауда жығылды. Ерік тəңіріде, – деген. Сонша біліңдер: жаман ол! 13. Тəңірілік кемпір үйде қалған майлы шөміш жалап, қоректеніп, күн көрген, өлімнен құтылған, – деген. Сонша біліңдер: игі ол. 14. Құзғынды ағашқа байлаған, мықты байла! Жақсырақ байла, – деген. Сонша біліңдер: жаман ол. 15. Көкте тұман тұрды, төменде шаң тұрды, құс баласы ұшты, жолдан адасты, киік баласы жүгіре жолдан адасты, кісі баласы жүре жол дан тайды. Тəңірі құтымен үшінші жылда есен-аман бір-бірімен көріскен. Көпшілігі шаттанып қуанған, деген. Сонша біліңдер: игі ол. 16. Тұрық /арық/ ат семірді, өз орныңа шауып барған. Сол жерде ұры кездесті, ұстады, ерттеп мінді. Арқасы жауыр болып, жалы азайған ат енді жүрді, – деген. Сонша білің: жаман ол. 17. Өзіндік ат ілкі жерде арып, өңіп жүре алмай, тұрып қалды. Тəңірі күшімен тау үстінен суға жол көріп, жас шөп көріп, жүре барып, су ішіп, өлімнен құтылды дер. Сонша біліңдер: игі ол. 18. Үй ішінде ме ол? Не еткен түтін ол, не еткен əйнек, сол арқылы көруге бола ма? Не еткен көркем. Қанай бауы бар, – дер. Сонша білің: игі ол. Ақ ат 19. Жауын үш əулеттен бөліп, тəубе етуге жəне өтінуге мəжбүр қылды, – дер. Қорықпа, жақсы өтін, жасқанба, жақсы жалбарын, – дер. Сонша білің: игі ол. 20. Мен жараған бурамын, ақ көбікті шашам жоғарыда көкке жеткен, төменде жерге сіңген, – дер, ұйықтағандарын оятып, жатқандарын тұрғызып жүрермін. Мен сондай күштімін. Сонша білің: игі ол. 21. Қара түнекті жылды жарқыратқан деді кеңес бермең, күтпең, сіз қорқыттыңыз, – деді. Сонша білің: игі ол. 22. Ұзын киімді /əйел/ өз айнасын көлге тастады. Ертемен күні бойы күңіреніп жылады, дер. Сонша білің: мұңды ол. Анық жаман ол. 23. Бала көкек құйрығын тапты. Я, құтты келін болсын, – дер. Сонша біліңдер: игі ол. 24. Ерке құлын айғыр үйірінен енесін іздеп емгісі келді, түн ортасына дейін кісінеді, түн ортасына дейін ренжіді, қайытсын, дер, сонша білің: жаман ол. 25. Екі өгізді бір арбаға қосты, олардың жүруге халі жоқ, – дер. Сонша білің: жаман ол. 26. Таң ата бастады. Күн шықты. Айналаның бəрі жарық болды, – дер. Сонша білің: игі ол. 27. Бай кісілер қорықпады. Бөрімен алысты. Бөрі тісімен тістеді. Сөйтсе де қойлар түгел аман болды, – дер. Сонша білің: игі ол. 28. Қан таққа отырып, сарай тұрғызды. Оның елі мықты болды. Айналадағы жақсылары жиналып келіп сүйінші сұрады, қуанды, – дер. Сонша білің: игі ол. 29. Қызыққан жігіт ұлын жəне əйелін атқа мінгізіп, епті ойыншыны алып, құмар ойынға кірісті. Ұлы мен əйелін ұтқызбады. Өзі жəне сексен бас қой ұтты. Əйелі оған көп қуанды. Сонша білің: игі ол. 30. Жарлы кісі ұлы еңбек етуге жол жүрді. Жолы болып, шаттана-қуана келер, – дер. Сонша білің: игі ол. 31. Жолбарыс, киік аулауға шықты. Аңын қолға түсірді, ініне қайтты. Қуана-шаттана келер, – дер. Сонша білің: игі ол.

32. Бір тобылғы жүз болды, жүз тобылғы мың болды, мың тобылғы түмең болды, – дер. Сонша білің: пайдасы бар, игі ол. 33. Киізді суға малды. Тағы ұр, қатайды ма, – дер. Сонша білің: жаман ол. 34. Қан соғысқа аттанды, жауын шанышты. Көшіріп, қондырып келер. Өзі, əскері шаттана-қуанып, өз ордасына келер, – дер. Сонша білің: игі ол. 35. Ер соғысқа аттанды. Жолда аты арыды. Аққуға кездеспеді. Аққұс оны қанатына міндіріп, онымен бірге жолға түсті, ата-анасына жеткізді. Ата-анасы шаттана, қуанады дер. Сонша білің: игі ол. 36. Көп аттыдан қуаныш жоқ, атсыздықтан қорқыныш жоқ, үлкен бақыты жоқ, – дер. Сонша білің: анық жаман ол. 37. Бір қары өгіздің белін майда құмырсқалар қаптапты, оның жүруге əлі жоқ, – дер. Сонша біліңдер: жаман ол. 38. Өгіз қамыс арасына келді, тəңірдің кімге хайыры болмаса қуанышты қатын болсын, – дер. Сонша біліңдер: игі ол. 39. Атты мықты тұсады, жүруге болмады, – дер. Сонша біліңдер: жаман ол. 40. Қорықпас бала найза ұшымен тік жарға кездесіп, жалғыз жүр, – дер. Ол батыр екен, сонша біліңдер: игі ол. 41. Қарала сиыр буаз болды. Мен өлемін, – деді. Ол қарала еркек бұзау туды. Қажеттікке жарады. Өлімнен тірі қалмы, – дер. Сонша білің: игі ол. 42. Ұзын киімді /əйел/ ыдысын, шелектерін қалдырып, жүріп кетті. Ол жəне көп қайғырды «Ыдыс, шелектерді қалдырың, қайда барамыз», – дер. Жəне қайтып келді. Ыдыс-шелектерін бүтін қолға алды, шаттана-қуанды, – дер. Сонша біліңдер: игі ол. 43. Жыртқыш өзен құсы жем аулауға барды. Қарсы алдынан бүркіт /қара құс/ кездесті, – дер. Сонша білің: жаман ол. 44. Жыртқыш құс көктен төменге қоян деп ұшты. Жыртқыш құстың тырнақтары бір ашылып, бір жабылды. Қоянның терісі быт-шыт болды. Ұшып кетті, – дер. Сонша біліңдер: жаман ол. 45. Киік баласымын, Отсыз, сусыз қалай күн көрем, қалай жүрем, – дер. Сонша біліңдер: жаман ол. 46. Түйе батпаққа батты, басын жоғалтты. Өзін түлкі жер, – дер. Сонша біліңдер: жаман ол. 47. Ер еңбектеп барды, Тəңіріден құт тіледі. Тілегі орындалды. Қораңда жылқың болсын, өзің ұзақ жаса, – деген. Сонша біліңдер: игі ол. 48. Мен қара жол тəңірімін. Сынғандарды бүтіндеймін, үзілгендерді жалғаймын, елін құрағанмын, игілікті болсын, – деген. 49. Жолбарыс пен киік аулауға барған. Орта жолда жыланға кездесіпті. Шұбар жылан тік жарға тырмысып кетті. Жолбарыс өлімнен қорықпады. Өлімнен сақтанып, шаттана-қуанып жүрді, – дер. Сонша біліңдер: игі ол. 50. Қара тұрық /арық/ аттың құйрығын ұстап, төменде жерді жаңғыртар, тоғыз қабат терлікті салып, ат қатты терлесін, – деген. Сонша біліңдер: жаман ол. 51. Мен үйреншікті қара құспын /бүркітпін/, жасыл қайа менің жайлауым, қызыл қайа менің қыстауым. Ол тауда тұрып, қуанамын. Сонша біліңдер: игі ол. 52. Ер жігіт қайғылы болды, аспан бұлтты болды. Солар арасында күн жарқырады. Қайғы орнына қуаныш келер, дер. Сонша біліңдер: игі ол. 53. Боз бұлт қозғалды. Халық үстіне жаңбыр құйды. Қара бұлт көшті, жер жүзіне жаубар жауды, егін пісті, шөптер көгерді, айуанаттар мен кісілерге жақсы болды, – дер. Сонша біліңдер: игі ол. 54. Күл сөзімен бекке өткізді, құзғын сөзімен көкке жетті, жоғарыда тəңірі есітті, төменде кісілер білді, – дер. Сонша біліңдер: игі ол. 55. Алып ер ұлы əскерге барды. Əскер жерінде ерікті хабаршы сендірді, – дер. «Егер жаршы ойы бітіп қалса да, өзі ер атанады» – дер. Сонша біліңдер: игі ол. 56. Мен үйір үшін күш беретін айғырмын. Жаңғақ ағашын жазда жайладым. Құстар көп ұялар осындай жерде тұрып, қуанамын. Сонша біліңдер: игі ол. 57. Тоғандар құрыды, ыдыстар босады. Тоғандар неге құрысын, күн əсері болып тұрғанда. Біліп қойыңдар бұл тəкпірнама басталғанда, кейбір кедергілер болды, соңы жəне жақсы болды. 58. Туыстарына өкпелеп ұлы кетіп қалды. Жəне қайғылы болып, қайтып келді. «Анам сөзін тыңдайын», – дер. Сонша біліңдер: игі ол. 59. Жылға жеткендерін түрлендірмедім, айға жеткендерін бүлдірмедім. Оларға игілік болсын, – дер. Сонша біліңдер: игі ол. 60. Мен «Тоғыз арал бұғымын. Əдемі тізе үстінде тұрып маңыраймын. Жоғарыда тəңірі есітті, төменде кісі білді. Соншалықты күштімін. Сонша біліңдер: игі ол. 61. Тырна құс ұясына қонды. Сезбестен тұзаққа ілініп қалды. Ұшуға болмады, отырар, – дер. Сонша біліңдер: жаман ол. 62. Иарғун /көл/ киігімін. Жазды өткізген тауда отырып күнді өткізудемін. Қуанамын, – дер. Сонша біліңдер: игі ол. 63. Қандық əскер аңға шықты, қора ішіне киік кірді, қан киікті қолға түсірді. Бұған бүкіл əскер қуанды, – дер. Сонша біліңдер: игі ол.

ÒÀÐÈÀÒ

64. Мен қолда үйренген лашынмын, сұлу қияға қонып, дүниеге көз

салған. Қонып, жаңғақ ағаштарын мекендеп жазды өткіземін, – дер.
Сонша біліңдер: анық игі ол.

65. Семіз ат аузы қатты болады, оның иесі ештеңе істемеді, – дер.

Сонша біліңдер: жаман ол.

Енді, сүйікті ұлдарым, біліп қойыңдар. Бұл ырқ жазу /тəкпірнама/
игілікті ол.

Барыс жыл екінші айдың он бесі күн Тайғунда тұратын тəуекелдігі
Буруа-Құры шəкірттері Ісіг Санғун жəне Ита Чуқ үшін жаздым.

1. Тəңіріде болған ел еткен білге қаған елбілге қаған атақ, атақ атанып Өтүкен маңына тағын орнатуды ұйғарды сонда барыс, жылан екі жыл 2. жайладым. Ұлу жылда жазды Өтүкен ортасында сүңүз Башқан биіктігінде өткіздім. Тақты осында орнатуды ұйғардым. Сарайды осында орнаттым. Мың жылдық, түмен күндік жазу белгілерді осында 3. жалпақ ауыр тасқа жаздырдым. Жоғары да көк тəңірі жарылқағаны үшін менің елім өмір сүрді, елдігін құрды /орнатты/ төменде қара жер ескергені үшін 4. төрт бұрыштағы /əлемдегі/ халық күш-қуатын сарып етті. Жауым өз үлесінен айырылды… арасында мал, егіндік жер. Сегіз өзен Селенге, Орхон, Толы… мені қуантады. Қарға Бурғы ол жағында екі өзен орталығы 5. жайлауым. Өтүкен маңы Тез басы маңын мекендеймін. Менің қалауым бойынша Өтүкеннен Оңға шабуылға шықты. «Əскермен бірге бол, халықты жина» дедім мен. Түстіктегі шекарамен Алтай тауы батысын, Саян тауы терістігін сақтаңдар 6. тəңіріде болған ел еткен білге қаным іштегі халықты құраған Іш бұйрық басы ынанчы баға тарқан ұлық бұйрықтар тоғыз болған: білге тай сеңүн тутуқ бес жүз басы. Күлүг оңғы озынанчы бес жүз басы улық оз ынанчы 7. урунғы жүз басы улық урунғы төліс бектері ұлдарым мен мың басы төліс күліг ерен тардуш бектері ұлдарымен мың басы тардуш күліг ерен тардуш ышбарыс бес мың əскер қолбасшысы алып ышбара сеңүн йақла қар 8. … тоғыз жүз ер басы тойқан ұлық тарқан бұғұғ мың 9. … мың халықтық топ атачықтың мың халықтық тобы Солтүстік жағы 10. Тəңірім қаным темірдей ұстам берді ұйғыр тардуш… ұлқ чігші,

кунчу алып білге чігші.. қан еді. Ол оғыз халқын алты жүз

сеңүнін, бір түмен əскерін жаулады. 11. Тəңірі қаным бұл жазу жазылғанда тоғыз татар он жеті аз буйруғы сеңүн тоңраның мың əскері ұйғыр халқы жəне менің тұқымым алып атачық бекзік ер чігші тарқар бектерімен бірге үш жүз əскері қатынасты. 12. тəңірім қаным ұлы … білге тардуш жəне қутлуғ білге жабғы … шөл дала мырзалары … байарқы халқы аз ашпа тай тоңра халқынан баш қайбаш үш қарлұқтан көптеген халықтар қатынасты. 13. тəңірім қаным ұлы төліс улқ білге шад құтлығы удурған буйруғы чабаш сеңүн халқы тоғыз буйрығы ақ бас ақ йабаш тоғыз татар сонша халық, шад халқы 14. Сонда жетті. … жазу … мұны жаратқан білге қутлығ тарқан сеңүн. Көптеген халық ерлікпен жеңді. Иағмаға қарсы екі рет шабуыл жасады. Құтлығ білге сеңүн жəне уруш құтлығ тарқан сеңүн екеуіңіз барыңдар. 15. жарылқады. Байарқы тардуш білге тарқан құтлығ йағма табғаш соғды бектері – білге сеңүн озыл узул өң еркін Шығыс жағы 16. Иоллығ қаған … Бумын қаған … Бұл үш қаған екі жүз жыл қаған болған 17. Халқы лаулай барып жоқ болды. Аталған екеуінен арып, шаршады. Қадыр Қасар жəне Берді Берсел даңқты оғуздар 18. Менің ата-бабаларым Сексен жыл қағандық құрды. Өтүкен елі Орхон аңғары бойындағы /Селенге мен Толы/ екі арасында 19. қашан … жыл қаған болып отырғанда … жаз өтті. Жоғарыда көк тəңірі, төменде қара жер тағы да 20. Мені ескерді … жиырма сегіз жасымда жылан жыл түркі елін сонда бүлдірдім жəне оны жойдым 21. Өз аттысын жіберді /жұмсады/. Мыңдай əскер кетті. Ол: «Озмыш тегін Одурғаннан барады» деді. «Оны ұста» деді. 22. … Сонда орнатуды бұйырдым /5 белгі бүлінген/ Қан сонда жоқ болды. Қара құмнан асып Көгүрде маңындағы Көмір тау жəне Иар өзені бойында үш тулы түркі халқына шабуыл жасадым жəне жетінші айдың 14 күні 23. … Озмыш тегін қан болды қой жылы шабуылға шықтым Оңтүстік жағы 24. … екінші рет олармен соғыстым. Екінші айдың алтыншы күні тағы да соғыстым сонда жеңдім сонда қанын 25. жауладым. Оның қанын сонда бағындырдым. Содан соң қолбасшысы келді. Тауық жылда соларға барып мекендеді. Бесінші айдың он үшінші күні олар жиналды.

ÒÀÑÁÀ¡À

Á×ɲвÍÄÅò ÆÀÇÓ

26. соғыстым Сонда шаншыдым. … бек … олар бағынып, бөлінді.

Содан соң ит жыл үш қарлұқ өтірік сатылып, қашты, батыстағы он
оққа

27. келіп бағынды үш қарлұқ доңыз жыл тоғыз татар … тоғыз бұйырық

… менің əкем Тарианның барша халқы құрметпен қан көтерді
сұрады: «ата-бабамның атағы осындай».

28. деді олар. Бүкіл төңіректегі елге … таң қалдырды. Сонда иабғу

атады. Содан соң тышқан жыл халықты тəртіпке келтірді. Бүкіл
халық Тариан қан етіп

29. тағайындады. Тəңіріде жаралған ел еткен білге қаған атады ел

білге қатун атады қаған атанып қатын атанып өз орталығын Өтүкен
ортасындағы қасиетті биік башқан сеңүзге əкеліп орнатты.

ÑÓÄÆÀ

Мұны жаратқан беке тұтым

1. Ұйғыр жерінен Иəқлəқар қан ата келдім 2. Қырқ аз ұлымын. Мен /Бойламын/ құтты жаршымын 3. Құтты Баға-Тарқанның Өге бұйруқымын. 4. Менің дабысым мен билігім күн шығыс пен күн батысқа дейін 5. Жетті. Бай едім, қорам он, жылқым сансыз еді. 6. Інім жеті, ұл балаларым үш, қызым үш еді, 7. Ұлдарымды үйлендірдім. Қызымды қалың малсыз бердім. Ұстазыма

жүз ер мен жайлау бердім. 8. Жиенімді, немеремді көрдім. Енді өлдім. 9. Ұлдарым, ерлік істерде ұстазымдай болың. Ханға табын. Күшей. 10. Үлкен ұлым . . . . . . . . . . . . . . . . барды. 11. Көрмедім . . . . . . . . . . . . . . . . . . ./одан/ұлды.

ÌÀÉÄÀ ÎÐÕÎÍ

ИХЕ-АСХЕТЕ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

1-ескерткіш 1. Текеш Күл Тудун/ның інісі 2. жүгінер күн өрнектелген 3. Ер Азғаназ тəуір өрнектеді 1. Күл Тудун Тамған тарқанның жерлеуіне біз бара алмағанымыз

айырылыстық. Қалдық. Өлік белгісі кісі еді, екі 2. ұлы Торғул Иелгек доңыз жыл 3. сіз бардыңыз 4. айырылғанда қайғырып айырылыстық.

2-ескерткіш 1. Жоғарыда күшті тəңірі 2. айырылған өлүг/ме/ жылай бердім 3. ішін ер өрнектеді.

ХОЙТО-ТАМИР ЕСКЕРТКІШТЕРІ

1-ескерткіш 1. Ін өз Іненшү 2. йыл Ін өз Іненшү 3. тардуш Күлі Чоры/мен/ 4. Бес балыққа барар 5. мыз. Сонда құтлұғ 6. болсын

2-ескерткіш 1. мешін жылда 2. тоғызыншы ай . . . қа . . . 3. бардық п . . . Бесбалыққа 4. құтлығ алп жүзі 5. əскер . . . ел келесің 6. болсын сонда 7. құтлығ ер

3-ескерткіш 1. жүз алп 2. түргеш ел 3. көшіп /жүріп/ 4. Тəңірі жарлық 5. аз. . . əскер 6. бұзар . . .пн . . . 7. ө /зі құтлығ/ 8. болсын

4-ескерткіш 1. Ерлерім арасы құтты алп ер

5-ескерткіш 1. /оның/ құтты жолы жетінші ай 2. еріміз арасында едім атынан 3. Кегленіш тарқан аты, біз түргеш əскері 4. соңра тоғызыншы ай еді.

6-ескерткіш 1. . . . т . . . 2. біріңе . . .з . . . сонда 3. Иалсаққа бек

7-ескерткіш 1. жылан жыл оныншы айда 2. Ін-өз Іненшү Бесбалыққа 3. Барармын теңеліп 4. құт болсын, ала барсын

8-ескерткіш

арқа сүйерім, менің тəңірім
9-ескерткіш

1. үй . . . қабы жиырма екі

бегіме сонда тəңірі

2. сонша Елтебер дана бек

аташым тау/лы/ жерде
10-ескерткіш

1. мешін жыл жетінші ай жиырма 2. табғашқа бардың 3. йылда тоғызыншы айда кушуйда басын жұлдыз күзде табғашқа

шабуыл жасадым 4. жақсылық сонша, соғысып, шабуылға шықпасын. Á²Ò²ÊÒÀÑÒÀÐ ÌÅÍ Á°FÛÒÀÑÒÀÐ

АЛТЫН ТАМҒАН ТАРХАН БІТІКТАСЫ А1-бітіктастағы мəтін. Оңтүстік беті (1–3-жол) Текеш Күл Тұдұн інісі жүгінер (табынар) күні бəдіздедім Азғаназ ер: əсем (құрметпен): бəдіздеген А1-бітіктастағы мəтін. Солтүстік беті (1–6-жол) Күл Тұдұн: інісі Алтын Тамған Тархан жоқтауын күтті (+к) үшін айырылдық орнатқаным үлесі (ұялы) туыстық екен qalnma? екі бардыңыз иесіз ұлдары Тұрығұл Йелгек доңыз жылы (?) айырылғанынша сағынар едіміз айырлыстың А2-бітіктастағы мəтін (1–4-жол) Үсті Тəңірі ерікті.........................? айырылған үлесіме..............бердім .................................ер..............................? ...................................................................? «ЧОЙР» БƏДІЗ БІТІГІ Тұн Йеген Еркін Тұн Білге Құтлық... Елтеріс қағанға /қой/ жыл үшінші ай жетіге айырылдық ………? тоқытдым жаздым жырағырақ-та жоқтайын өкініші сүйінісі бар болғаны КҮЛТАРХАН БІТІГІ Тəңірікен ханшайым: Йеген Бұтұр Еркін екі жылға күн ................? жаңа Күл тархан атағы игі ер ерікті жартас ақ игі болсын Б..............бітікші жаздым: жартасқа Тəңірікен: құтты болсын Қ...құлшық құтты ер арасы болсын бəдіздедім ОРДУ-БАЛЫҚ (ҚАРАБАЛҒАСҰН) БІТІКТАСЫ (Бұ) Тəңірікен (Ай) Тəңіріде қ(ұ)+ +т болған ал+ (+ып) Білге Тəңі+ (+р) і Ұйғыр қа+ (+ған..............) ОРДУ-БАЛЫҚ (ҚАРАБАЛҒАСҰН) І БІТІКТАСЫНЫҢ ҮШ БӨЛШЕГІ ...........................екі:с.................... ...........................: Елді...................... .........................: ?................................ ..........................екені.................. ........................?........................... ......................ілгері: күн: тумысқа................. .................естіп: жаңылып: ұл................ ...............кері: күн: батысқа.......................... .................................ілкі:........................ ...............................? баранч............................. .....................?................................................. .........................: жаратып................. ........................Тəңірі:ден....................... ...............................?........................... ...........................Тəңірі: Мар............... ............................төрелігін: жай............ .....................тағы:?................................. .......................?..................................

..............ордасында:.......................... ............бірлесе: ұлық........................ ................екі:?............................. ...............қамтылған............. .............................сонда...................... ..............................ранч................. ................... ...................ұйықсыз.................... ......................: қайда......................... .....................тағы: біз: он....................... ..................Күшлік: болды.......................... ......................отырықсыз: білге............... .............қорқынышты: жаңа: нанымдылық........... ....екі: айырыл..қиынсыздығын...................... ...........кеңесу: тартысу.................................... ..................асын: ішкісін: маған.............................. ОРДУ-БАЛЫҚ (ҚАРАБАЛҒАСҰН) ІІ БІТІКТАСЫ Ақұнчы Бұйрығы: едім өңірді (шығысты): атпен ытып (ыдырата тарқата) еттім: кейінді (батысты) (жеткізе) жалғастырар: едім Көк: Тəңіріде құтым: жұқа болды: нығыз Жерде: жолым қысқа: болды. тектемеc (аталмайтын): болды Бұқа: ұлы аты(ң) «ТЭСИЙН» БІТІКТАСЫ ......................................................................... ......................................................................... ............... жылға.............................................................. ......................................................................... ............... ған.................................................................... ......................................................................... ............... көтерілді Ұйғыр ханым тұтып ұстаған: .......................к.../тау/ықжыл.......................... .......................................................................... ............... ....................................əкем: жасы тие ұшды: ұлы: йабғұм: қаған болды: отырды ұлы Тардұш: Йабғұ Төлес Шад: отырды: əкем: Ел........................................................... Тəңірі: қылынғанында (жаратылғанда): Ұйғыр қаған: отырған: Бөкү Ұлық қаған отырған: мың ? (оның): Елі үш жүз жыл: Ел тұтқан: сөйтіп: бүтін (халық)ы:барды: ған: Бұзұқ басының өте: Ұчұз Көл:ге: аттысын: түгей (түгел) барған: ды: Беріл: Қадыр: Қашыр: сонда барған: ол бүтін (халық)ым: Кеңгересде Табғачға: өштескен еді: Ұйғыр: қаған: он жыл: отырған: жетпіс: жыл екен: ...Табғачқа: басым көрсеткен (бейбіт еткен) Ұйғыр қаған тоқ отырған: жетпіс жыл екен: .де Тəңіріде..................................................... Ұйғыр қаған: отырған: /қаған /еді: қаған..........................екен: сонда айрықша : қайсарлы қаған екен: үшін Отыз: /Татар/......................................... ..............Ел: тұтды: сөйтіп: жасы тиді: Тəңіріде болған: /Ел Етміш Білге: қа/ғаным: отырды: Ел тұтды: ................................білгісі үшін: өңірге: күн тумысындағы бүтін

(халық):....................................... Бұлақты Айа : басы: отырды.................................. ......................жерді игі.............................................. ............................................................................Күл: Бек............................................................................. .......Қасыр Қорық: Құнты чыт (құрылыс) тікті: ордасын жаратты жайлады..................................... Елсірер ? : ілгері : Құнты: білгісін: бітігін бұ : ұрды: бұ жаратты: ............................Тоғыз бұйрық............................... ұйғарылған (ұйысқан?): Тай................................... ТАЙХАР ЖАРТАСТАҒЫ КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗУЛАРЫ Ін Өз Іненчү жыл (жылан) Тардұш Күлі Чұр Бесбалыққа барар біз (мыз) сонда құтты болсын мешін жылғы тоғыщыншы ай (екі) жаңасы барды п ... Бес балыққа құтты алып жүз........... сүңгілі............келгейсін болсын сонда құтты........... жылан жыл оныншы ай Ін Өз Іненчү Бес балыққа барармын................. құтты болсын алы барарсын Мешін жылы жетінші бес жиырма............ ....екі Бечік бачаққа: Байтағ...................... жылғы тоғызыншы ай Күсүй қара басты жайладым күзде ................................... .................үйін сүңгілеп барын еттем ................................жұқа.......................... СҮҮЖИЙН БІТІКТАСЫ Ұйғұр: жерін де: Йағлақар: хан: ата: келдім: Қырғыз: ұлы: Бойла: Құтлық: Йарған: мен: Құтлық: Баға: Тархан: Өге: Бұйрығы: мен: көсегем (атағым): сұраушым: күн: тумысына: батысына: тиді: бай: бар: едім: үйірім: он: жылқым: сансыз: еді: інім: жеті: ұрпақ: үш: қызым: үш: еді: үйлендірдім: ұлдарымды: қызымды: қалыңсыз: бердім: ымыраласыма (досыма): жүз ер: тұрақ(жайылым): /бер/дім: жиенімді: аталығымды: көрдім: енді: өлдім......... ұланым: ерлікте ымыраласым (досым) сонша: бол: ханға: атанып: қатай (қайғырма)!: Ұлық ұлым: с........... барды: көрмедім:.................. ұлы УЮК-ТАРЛАҚ (Е-1) БҰҒЫТАСЫ Атым: Ел Тұғұн: Тұтұқ: мен: Тəңірі. Елім:е: елшісі: едім: алты: бау (ру): бүтін (халық):ға: [бек: едім:] Иесіз (қалған): Еліме: ханшайыма: ұлыма: бүтін (халық)ыма: иесіз/дер/: +іме: алтпыс: жасымда: УЮК-АРЖАН (Е-2) БҰҒЫТАСЫ Ер атым: Айаш?: мен: Ашад Егене: ер ерлігім:

ер ерлігім(ді): үйім:
еліме: еттім:
жақыным ұрпағым: ажырастымыз:

УЮК-ТУРАН (Е-3) БҰҒЫТАСЫ

Құзда: ханшайым:
өзекте: ұлым:
жетім: иесізіме:
жетім: бөгеле алмадым: айырылдым:

нағашым: немере ағайыным:
жетім: айырылдым:
Алтындық: қорамсақты:
белімде: байладым:

Тəңірі Елім:ге: бөгеле алмадым:
иесізіме: жетім:
Өчен: Күлік Тіріг: мен:
Тəңірі Елім:де: ауқатты: мен:

үш жетпіс (63): жасымға: айырылдым:
Өгүк қатұн: жеріме: айырылдым:
Тəңірі : Еліме:
Қазғақым: ұлым:

Ен Оз: ұлым:
алты мың: жылқым:
Ағайыным:
Төлбері: қара: бүтін (халық):

Күлік: немере ағайыным: иесізіме:
Елшім ер:
Өгүш ер:
Оғұлан ер:

күйеулерім:
қыз: келіндерім: бөгеле алмадым:

БАРЫҚ-І (Е-5) БІТІКТАСЫ

Ер ерлігім
тоғыз Тадбұз
ерлігімді ............
Өз Йеген Алып Тұран

алты уыс (ру) бүтін (халық)да
жиырма алты еліме қаныма айырылдым
Бек еріктіме иесізіме айырылдым

БАРЫҚ-ІІ (Е-6) БІТІКТАСЫ

Күні Терек:үш жасымда: ағайынсыз: болдым
Күлік: Тұтұқ: əкем: кісі қылды
мұңсыз: ерде: мен: еді
құздағы: ханшайымға: айырылдым: үлкеніме

БАРЫҚ-ІІІ (Е-7) БІТІКТАСЫ

Бача Саңұн: ұлы: Күлік Чұр
мұңсыз: ұлғайдым: мұң бұ еді:
Тəңірідегі күнге
жердегі: еліме бөгеле алмадым:

Құзда: ханшайымға:
өзекте: ұлымға: айырылдым.

ЕЛЕГЕСТ-І (Е-10) БҰҒЫТАСЫ

құзда: ханшайым: иесізіме:жетім:
өзекте: ұлым: айырылдым: жетім:
жүз ер: немере ағайыным: ұйғарымы:
үшін: жүз ерін: елу өзенді тиді:

Көк Тəңіріде: күн ай иесіз еді: иесізіме айырылдым:
əкем еліме: иесізіме: жетім...................
əкем еліме: иесізіме: жетім: айырылдым
Күртел хан ал Ұрұң алтындық қорамсақ: иілген

садақ белімде байладым: тоғыз сегіз он жасымда:
Ұрұң Күлік Тоқ: Бөгү Терікіне: əкем:
бек ерлігі үшін: бірлесе барды:
қара: бүтін (халық)ым: қатайындар: ел төресі: кетті:

жетім: иесіз елім: ағайыным:
Елім: бақытында:
Сүңгілі болған: ерлерді итергенім жоқ:
Іш біліктілікте: бергенімде:

сегіз: ер: сүрдім:
Елім: ұтысына бір қыл...........

мұң: маған: мың ат еді: өлдім: жетім: иесізіме
жылқын тағы:
Төрт атақты жылқым: секіз аяқты: барлығым:
мұңым: жоқ едім:

Немере ағайыныма: нағашыма: айырылдым:
Жетім: қара: бүтін (халық)ыма айырылдым: жетім: мен:

БЕГРЕ (Е-11) БІТІКТАСЫ

Төр Апа: ішкі ордалық мен
бес жиырма жаста алындым
ханшайым мұңды айырылдым:
иесізіме: күн ай езілдім

үш ұлым: айырылдым:
жетім: бөгеле алмадым: қатайындар
бес жиырма жасымда
Табғач-қытай ханға бардым ер ерлігім

үшін алып алтын күмісті:
өркешті түйе елде (қолда) кісі олжаладым
жеті: бөрі өлтірдім
барысты көк аңды өлтірмедім

жерім жетім суым айырылдым
мұңды иесізіме жетім
бүтін (халық)ым нағашым немере ағайыным
айырылдым бөгеле алмадым

Елім ханым бөгеле алмадым
жасым жет жетпіс езілдім
Жетім Тəңірім айырылдым
антты досым

антсыз да игі жарым-есім айырылдым
сегіз адырлы (керегелі) бар мүлкім
үш тулы жылқы түгел жырақтандым
сонда бөгеле алмадым

жетім ақ үрпегімді қара малымды езілдім

ЧАА-ҚОЛ-І (Е-13) БІТІКТАСЫ

Ағам: үш немере ағайыным еліме: табындым:
Елшісі өгей шешем: табындым:
Немере ағайыным: табындым: ер ерлігім
Немере ағайыным: айырылдым: йю

Құзда: ханшайым: айырылдым:
Сегіз ұрағым: айырылдым: йю
Ер ерлігім еліме табындым:
Тəңірі еліме: игі: немере ағайыным: айырылдым:

əкем: Үшсі Білге Чігшү: ханыңа: табындым:
бүтін (халық)ым:
Мұнда Чігшү .......мəңгі.....еді...?

ОЗНАЧЕННОЕ (Е-25) БІТІКТАСЫ

Ханшайым: немере ағайыным айырылдым:
мұңды .................
Күл Чекүң: Тұтық: иесізіме: айырылдым:
елім ханым: иесізіме: айырылдым:

алтын қорамсақ айырылдым
бес қырық ер...........
Ел Ынанчы ел.........
ханыңыз: өрлер

немере ағайындығыңыз қарғар: өз........
жоқтауым: сонша еді айырылдым

АЛТЫН КӨЛ (Е-28) БІТІКТАСЫ

Жердегі: Барыс Тегім:
ерлігіме: Бөкүм:
Атсаңыз алып: едіңізді
Ұтсаңыз күш: едіңізді

Еліг Бөрте: Өге Барыс: айырылдым: жетім
Ұғымымыз Ұмай:
Бегіміз: біз ұйысқан:
алып: ер: өзін: алты қыла алмадың:

жүйрік ат өзін: үш қыла алмадың:
жетім:
ізінше: көзінше: айырылдым:
шешіліп: ?......едім мен

Ер ерімчін: інім əкем: ұйысқан: үшін:
мəңгімді: тіге берді:
төрт елуі: едіміз:
бізді: еріктілік: ажыратты жетім:

Алтын Шұн ойы: киігі: артып тасып атушы
Өге Барыс: айырылып барды: жетім
Он ай: еліктірді: өгей шешем: келтірді:
Еліме: ерлігім үшін: ..........

Елім: өкінішіне: қалың: жауға: қаймықпай: дейін:
айырылдым: жетім: ер ерлігі
інізге: əкеңізге:
інген жүкті: іліп түсіріңіз:

УЙБАТ-І (Е-30) БҰҒЫТАСЫ

ерлігі үшін ту берген
ерлігі үшін елінде Қара ханға барып
елшісі: барып: келмедіңіз: бегіміз
Он: Ен інісі: тоғыз ұлы: бар үшін

Чабыш Тұн тархан: мəңгісін тіге бердім

УЙБАТ-ІІ (Е-32) БҰҒЫТАСЫ

Елім...гн: тоғыз........................
..тізгін...атын: ерді................
Отыз: ерді: бастай: Тұтұғқа: барды..........
...іш үлкенім: ажырандым:

.......бір жасымда: атама: ажырандым: атсыз:
Ұрпағы басы едім: Ынанчұ едім:
.....алты: жасымда: əкесіз хансырадым:
білінбеген: іш үлкенім: жетім: ажырандым:

бажалыққа: іш үлкеніме: əкесіз едім: ...........еді
Елімге: əкеме: бөгеле алмадым: .......................
еріме: ініме: үлкеніме: ымырам шешейім: к............
Ерлігім үшін:..........................

...қара: бүтін (халық): ...................: өз: ұлым: бөгеле
алмадым:
Тарқан: Шеңгүн: ..................бөгеле алмад:
Бұдұнына

Ел чұр: еліне: ...........................ерлігіміз: үшін:
Жоқтады:
.............: ........................білге: бек: ұлы:
Ерлігі үшін: ..................тоғыз: ерді: ерген ер: алып:

ө...тіріп: ө....ер алты едім бегім:
Ер ерлігі үшін: ..........жоқтады: құлы:
алып тұтса: күш: іш үлкенім
Жауда................бітікші............көп: бүтін (халық):

тігер: білер: еді

УЙБАТ-VІ (Е-98) БІТІКТАСЫ

Ұйғыр хан: елін аоғсонда: Азықлық
Тұңыз тек: Тіріг: иесіз:
Мұң мұңда айырылдыңыз: шығай:
қырық ерді: хансыз қылды:

Ер: мұңын жайладыңыз: бөгелмедік: бек
Еркім бек:
...өлтірдім:
көк бөрі: б...қара аш бұғы өлтірдім

..ер елчі төрт.......күз: ............бек
Ал Іш барыс: Тіріг: бегім: жетім.
ерлігім..иесіз

КЕМЧІК-ЧЫРҒАҚ (Е-41) БІТІКТАСЫ

Ер ерлігім: ........е\досым: мың ерім:
иесізіме: балық: тағым иесізіме
Тұңғыштарым: ер атын жоқ үшін: жеті:
бұрыңғы: досым: тысқа қарай: жіберілді:

Ер атым: Йола: мен: ер ерлігім құздағы иесізім:
бауырлас немере ағайыным: иесізім:
Бұрыңғы: аттарым: кісінедім: Баға: мен ер:
алты жүз таңбалы ат

Сай даг: сары: алтыным: .................жібек:
......ер: тоным
Ағсағ тоным
Ер ерлігім: дегі: əпекем ....................:

Бас асқан барлығым:
Жас аша тұяқты: жылқы:
Иесізіме бой: ...............
Ел ішкі ордаға: иілтсем:

Ершен: анық: əйелім Сеңрам: ханда:
..? Хан Ерегие?
Сегіз: жетпіс: жасым: өлдім: иесізіме: ағама:

алтпыс ат: міндім:
Ез Езіл ұрығы қабан: ұрығы: арттыруға алдым

ҚЫЗЫЛ-ЧЫРА БІРІНШІ (Е-43) БІТІКТАСЫ

бүтін (халық)ыма: ұлыма: əйеліме:
айырылдым: шашылдым: жетім мұңды:
Ер ерлігім үшін: сүңгілі ер...: айырылдым:
Ханым алып үшін: бір ерді. Ұтқылар бірге:

Бұл хан: екі елу жасы: иесізіме:

ҚЫЗЫЛ-ЧЫРА ЕКІНШІ (Е-44) БІТІКТАСЫ

Алып құлым: ердем:
Йүрүкүм: иесізіме: жетім:
Қа.......ғда: Йағычы (мерген) мен:
Тез Киікде: алып мен:

Тəңірі еліме:
Тоғыз ер: өлтірдім:
Елім ханым: иесізіме: бөгеле алмадым:
Күн ай: иесіз: жетім:

Немере ағайыным: нағашым:
жетім: айырылдым: иесізіме:
жүз күмел: бүтін (халық)ым: жетім: айырылдым:
Ер ерлішім:інде: Егсекүм: жоқ:

Қырық: жасымда: айырылдым:
Арслан Күлік: Тіріг: ұлы мен:
Күлік Тұғұн мен

КӨЖЕЛІК-ҚОБЫ (Е-45) БІТІКТАСЫ

Ұлан атым: Чұбұ Іш: Ынал:
....те: атым: Шөмүл Өге:
бес жасымда: əкесіз: қалып:
тоғыз: жиырма: жасыма: шешесіз:

болып: қатайып: отыз: жасымда:
Өге болдым: қырық: жыл:
ел: ұстадым: бүтін (халық): бастадым:
тыс: жауды: жауладым: иледім:

бір: жетпіс: жасымда:
Көк: Тəңіріде: күнге: езілдім: иесізіме:
Көрсі Йамда: елім: иесізіме:
жерім: суым: иесізіме:

құзда: ханшайым: тұл: қалды: иесізіме:
нағашым: немере ағайыным: иесізіме:
үлым қызыма: үрпек ағым: қарам: иесіз:
жүз: елу еріме: иесізіме:

мың бойлық: жылқы: иесізіме:
.......................Күмүлүк: үлесі: болды:
.......................елім иесіз еді:
жүз Күмүл: бүтін (халық)ым: иесіз еді: ..................

.................Йабызды: Күмүліміз: биік: қылды: иесізім:
бөгеле алмадым: .......................

ТЕЛЕ (Е-46) БІТІКТАСЫ

Елім: иесізіме: құзда: ханшайыма: иесізіме:
Өгүне: Тұтұқ: ер ерлігім: үшін:
еліме: тұтдым:
Елде (қолда) кісім:

өркешті түйем:
төрт аяқты жылқым:
мұңым жоқ:

АБАҚАН (Е-48) БІТІКТАСЫ

Ерлікті: елінде: бөгеле алмады
Төлес алып: Тұтық: ісіне: бөгеле алмады:
Игі: Теркін: иесіз: жетім шығай
Төлес білге Тұтық бек:

Алты жиырма: жаста: алған:
Ханшайымыңыз: бөгеле алмады:
бек үлкенім
Жеті ұрпақ ұлы: -ыңызға: бөгелмедік:

əкем: Ү құсша: мұңды: түсірмек: едіңіз:
мұңға: тура: мəңгі тікермен: жетім
Тоғдай: тырнаңыз: артсын:
Құстаушы: Білге Тұтық: жоқ: артсын:

Алып Көкшін: отыра қалды
Іш жер: елге: артсын:

Атшы: алып Тұтық жоқ: йұшқадың: елге азман атты өгіз ат: йанақ: жетім Тоғыз: елу жаста: тоғыз алпыс ер өлтірген: Ер басы он: өлтірді: білге жетім Ерлігі бар үшін əкесінде: Көсегесі тұтық: атқа мінген: Иесіз: ер басы: шығай ........ерді.....................бар............тіге бердіміз: кісінде игі тігер біз Ерде: артық: ерлігі үшін: бар үшін: Мəңгі: тіге бердім: Жеті: ұрпақ бар үшін: тіге берңізі Ерлік..................................... ......................................................... ......................................................... ......................................................... ......................................................... ......................................................... ......................................................... БАЙ-БҰЛЫН-І (Е-42) БІТІКТАСЫ Ер атым Өз Тоғды ұланым иесіз үйшігім айырылдық Ерлігі үшін Ынал анта шықтым: иесіз: Екүнік?: ерлігім басы: үшін ел ерлігі Немере ағайыным ерді: еңірей жоқтадың: игі тыс: шешейім өгейіміз: мəңгі: жеріңізде: бөгеле....................... Шұғыр шад: жаздым: мың: секіз аяқты: барлығым: бағыштауыма: терді: бөгеле алмадым: Жетпіс жасымды: өлдім жетпіс ер: өлтірдім: мың жылқы ат... Үш Арғұ жорыдым: есіткенім: ажырандым: бөгеле алмадым: /оны шешейім................./ Иесіз жерім: Ұйық жерім: иесіз: иесіз үлкенім: əкем. Күн ай иесіз: Ана Ештегүн жерім: ен білгір... Жүз ер немере ағайыным: иесізіме: мың ер бүтін (халық)ыма: иесізіме: ақ ық? атты: бүтін (халық)ым: игі əйелің БАЙ-БҰЛЫН-ІІ (Е-49) БҰҒЫТАСЫ Ер ерлігім: екі: елу: Тұшым: жауда: ұтқылау: ерді: өлтірдім: иесіне: Ер атым: Қабаш Іті оқ: ынал: өге: мен: Жетпіс: жасымда: Иесізіме: жүз: немере ағайыным: алты: бүтін (халық)ыма: иесізіме: айырылдым: Алты: Бағ бүтін (халық)ым: күштілігін үшін: Арқыш: ауыр тасын мұңда: етті КЕРБИС-БАРЫ (Е-59) БІТІКТАСЫ Ер атым: Күлік Йеген: əкем: бүтін (халық): бектігін: Өге... Жеті: отыз: жасыма: елім: үшін: Тоғыз Татар Иесізіме: бүтін (халық)ыма: құзда: ханшайыма: бөгеле алмадым: Үш: ұланымның: ұлғайтып: үлгердім: Ұрпақ(ер): немере туысым: үш Күнім: Қыз: немере туысым: үш Йенчү/м/: Қалың: немере туысыма: бөгеле алмадым: Жетім: нағашым: əкелі Шешемге бөгеле алмадым мұңды Елім: əкеме: Тəңірі тегім: жетім: бөгеле алмадым: Ел ері үшін: үш : шығай............ ШАНЧЫ-3 (Е-152) БІТІКТАСЫ Өз елін: жеті: көрді: Елім жұмысына: жорытып: Бес елге: тидім: ерлігім: үшін Ен Елік Чұр: ыныначұ алып тархан: аташым: айырылдымыз: иесізіме Жеріме суыма иесізіме Бұдұныма: иесізіме ЕЛ-БАЖЫ (Е-68) БІТІКТАСЫ Алып Баға: ұлы мен Қара: Барыс Ынанчұ: Чікші: мен: жетім: иесізіме

ÒÀËÀÑ Ò×Ðʲ Á²Ò²ÊÒÀÑÒÀÐÛ ÌÅÍ Тоғыз он жасымда: айырылдым: жетім: иесізіме:................ Тəңірі: Елімге: бес жиырма жасымда Елу ұлан: ұрпақ... иесізім: Жүз: Көмүл: бүтін (халық)ым: Немере ағайыным: айырылдым:........ ...иесізіме: құзда: ханшайыма:...... тап: жүз ....досым: жүз ерім: мың: жылқым: он төрт: елу түйе сиырым: үш .......... иесізім ол еді: төрт: жетпіс: Жасымда: айырылдым: өкініш: Елу: сүңгілі: жалғыз: ..ер Жалғыз: жүз: ерді: құ............ Ерлігім: ол: ................... Таудағы: қара аюды: елікті: тұт....... Жалғыз: жортып: тоғыз: тегінд: ......үшін: ....ел: қызы: ерлігі: алып: ерде....... Бегіме: бірлесе: өлме.....ер ...сіз: Тұтұғ: тас бүтін (халық)ға: қайда ...ш: ұлым: жүз ер: немере ағайыным:.. ...м көрүш ұйықтамадым: ө.......... .....тұрдым: өлмедім..................... ..жалғыз: төр тек: еді:........... Тидім: қара тасты: а......................... Жалғыз ұлы .........: білік көсеге үшін: Тасты: мəңгі:лігімді: ете берді

ТАЛАС-І БІТІКТАСЫ

........... ер атым Ұдұн иесіз
қатыны енесі сонда тұл қалған
Інілері Қара Барыс, Оғұл Барыс
өзі сонда Ешінке

ТАЛАС-ІІ БІТІКТАСЫ

Отыз ұлан садақшылар үшін
ел иірілді
Ер атым Қара чұр
Жау аты Қара Йазмаз

Алты туысқан басы жер екі
сіңілін
Қара Чұр атұш
құл Қара Йазшаз

Қара Чұр иесіз
өзге туыстарынан айырылған
Атасы аты Тоған
ұлы аты Қара Чұр

Ұлы аты Сүчүк
Ұлы аты ...

ТАЛАС-ІІІ БІТІКТАСЫ

Атын сиырын ол итере .................
Бек Чұр ұлы Асұқ
...........ұлы................
....Қара Толы етілді

ТАЛАС-ІV БІТІКТАСЫ

+ылған иесіз
Атты ерді иесіз Оғлан Чұр ұласу қалған
Аты Чұр: отыз
ұлан Сағчық айыр+

.................қалған

¡ÀÇÀ¡ÑÒÀÍÍÀÍ

ÒÀÁÛËFÀÍ

Ò¬Ðʲ Á²Ò²Ê

ҮРЖАРДАН ТАБЫЛҒАН ҚЫТАЙ ҚОЛА АЙНАСЫНДАҒЫ

ТҮРКІ БІТІГІ

Ер-азамат шарап /ішу/ мезгілсіз /уақытсыз/ өлу

ЕРТІСТЕН ТАБЫЛҒАН ҚОЛА АЙНАДАҒЫ

ТҮРКІ БІТІГІ

Жебеуші қызыл күрең айдаһар
Əйел күншілдігін азайтса, құты қонады

Ò×Ðʲ

ÕÀËÛ¡ÒÀÐÛÍÛ£

ÌÀ¡ÀË-̶ÒÅËÄÅв

Құс қанатымен, Ер атымен. * * * Ым білсе, ер өлмес. * * * Батыр соғыста, Қорқақ жанжалда. * * * Еріншекке есік те (табалдырық та) асу болар. * * * От дегенге ауыз күймес. * * * Заман өтер, кісі тоймас, Адам баласы мəңгі қалмас. * * * Қазан айтар: «Түбім алтын», Шөміш айтар: «Мен қайданмын?!» Бұл мақал өзін танитын адамдардың алдында бөсе беретін мақтаншақ кісілерге бағыштап айтылады. * * * Иірі болса, ер өлмес. (Иір – іш ауруына пайдаланылатын емдік тамыр). Бұл мақал əр нəрсенің алдын алу керек деген мағынада қолданылады. * * * Түлкі өз ініне үрсе, қотыр болар. Бұл мақал өз елінен, жерінен, шаһарынан, тұқымынан безген сатқындарға арнап айтылады. * * * Ауыз жесе, көз ұялар. Бұл мақал біреудің затын сатып алған, яки жеген, бірақ оны қайтара алмай қиналған адамдарға арнап айтылады. * * * Өгіздің аяғы болғанша, Бұзаудың басы болғаны жақсы (игі). * * * Адам аман болса, өмірден көп көрер. (Есен болса жаның – көрерің көп). Бұл мақал адамның жаны аман болса, алдында көрері көп дегенді насихаттайды. * * * Аңшы қанша айла білсе, Аю сонша жол білер. Бұл мақал əккі, өте тəжірибелі екі адам бір-бірімен айтысып, дауласып, ерегісіп қалғанда айтылады. * * * Ауылда лақ туса, Арықта оты өнер. (Арық – өріс, от – шөп мағынасында). Бұл мақал азық пен ырыздық үшін өте көп қайғырудың қажеті жоқ дегенді уағыздайды. * * * Сарттың азығы адал болса, Жол үстінде жер. (Сарт – саудагер). Бұл мақал өзін адал, таза санап, кеудесін керетін кісілерге арнап айтылады. * * * Үлкеннің ауырлығы кішіге қалар. Аттың арқасындағы (шоқтығындағы) жауыр əсте тез жазыла қоймайды. Ұзаққа созылады. Сөйтіп, ол бірте-бірте ұлғая беретіні сияқты, кедей, кембағал əкенің төленбеген қарызы да артындағы баласының еншісіне қалады. Міне, бұл мақал осы жағдайды ескертіп айтылады. * * * Барын ортаға салса (қойса), жоққа саналмас. * * * Күнде жырық (сызат) жоқ, Бекте қайту жоқ. Бұл мақал бектердің айтқан сөздері мен ойына алған істерін орындамай қоймайтын мінездерін марапаттап айтылады. * * * Еңбекқордың еріні майлы, Жалқаудың басы қанды. Бұл мақал жалқаулықты қойып, жалықпайтын еңбекқор болуға үгіттейді.

* * * Алушы – арыстан, Беруші – тышқан. Қарызын талап етуші адам құдды арыстанға, ал төлем төлеуші кембағал қорыққанынан тышқанға ұқсап кетеді. Бұл мақал дəл соларға арнап айтылады. * * * Атанның жүгі ас болса (да), Аш (адамға) аз көрінер. * * * Есендікте асығыс жоқ. Дені сау адам əсте асықпайды. Бұл мақал əрқандай істе асығыстық жасамауға, сабырлы болуға шақырады. * * * Аш не жемес, Тоқ не демес. Аш адам алдына келген астың барлығын таңдамай жей береді. Тоқ адам аузына келгенді көпіріп айта береді. Бұл мақал осы жаман қасиеттен қашық болуға шақырады. * * * Аурудың өсиеті ізгілік болар. Бұл ауру адамды өсиет айтуға уағыздайтын мақал. * * * Айламен арыстан ұстар, Күшпен құрт та ұстай алмас. Бұл мақал күші жетпеген іске айла мен тəсілді барынша қолдану керек екендігін ескертеді. * * * Толған айды қолмен ымдамас (көрсетпес). Толған айды көзі бар адамның барлығы көреді. Сол сияқты бұл мақал барлық мəшһүр нəрсеге мысал етіп айтылады. * * * Жанжал шықса, ағайын ақылдасар, Жау келсе, ел тебіренер. Бұл мақал əрбір іске сергек қарап, қай кезде де ұйымшыл болуға үндейді. * * * Адам аласы ішінде, Жылқы аласы сыртында. Бұл өзі жағымды көрініп, жан дүниесіндегі жамандық пен арамдықты жасыратын сұрқия жандарға бағышталады. * * * Белгі болса, жолдан адаспас, Білімді болса, сөзден жаңылмас. Белгі болса, жолаушы жолдан адаспайды. Білімді кісі ешқашан сөзден жаңылмайды. Бұл мақал дəл сондай болуға үндейді. * * * Қонақ келсе, құт келер. Құт-береке қонақпен бірге келеді. Қонақ – жақсылықтың белгісі, нышаны. Сондықтан осы мақал қонақты ренжітпей, қуана қарсы алуға шақырады. * * * Көзең кішкентай болса, саптаяқтың үлкенін қой. Бұл мақал көпшіліктің алдында кішкентай нəрсені үлкейтіп көрсетуді айтады. * * * Серкештің еті ем болар, Ешкінің еті жел болар. * * * Қашық жердің хабарын керуен келтірер. * * * Бөтен кісінің малы – мал саналмас. Өйткені ол өз малын қайтсе де қайтарып алады. * * * Ортақ адамнан артық алмас. Бұл мақал ынсапты болуға шақырады. * * * Тауды арқанмен имес, Теңізді қайықпен бөгемес. Бұл мақал үлкен істі кішкентай затпен қайтаруға болмайтынын түсіндіреді. * * * Қаз ұшса (кетсе), көлді үйрек иемденер. Бұл мақал халық арасындағы білімдар данышпан адам өмірден кетсе немесе басқа жаққа ауысса, оның орнына ақылсыз, даңғой жанның келгенін тəмсіл етеді. * * * Еркекқұмар (жезөкше) күйеуге тимес, Алаңғасар (желөкпе) үйіне жетпес. Күйеуге тиюге асыққан бұзық əйелдің əрқашан да жолы болмайды. Өйткені ол асығып-аптығып жүріп үйлену шарттарының бірде-біреуін орындамайды. Сол сияқты

алаңғасар, желөкпе жан да далбалақтап жүріп, астындағы атын болдыртып, үйіне жете алмайды. Бұл мақал əрқашан асықпауға, сабырлы болуға шақырып айтылады. * * * Ізгілік болса, ер өлмес (арымас), Іштік болса, ат жауыр болмас. Бұл мақал əрбір істің алдын ала жай-жапсарын жан-жақты ойластырып алуға шақырады. * * * Инабатты қонақ үй иесін құрметтер. Бұл мақал əсілінде қонақты құрметтеуге арнап айтылады. * * * Əдептің басы – тіл. Бұл мақал əдепті, əсем, сыпайы сөйлеген адам əрқашан да абырой мен құрметке бөленетінін насихаттайды. * * * Еңбек егінде (ескерусіз) қалмас. * * * Андыз болса, ат өлмес. (Андыз – емдік тамыр). Кептірілген тамырды ұнтақтап, ауру аттың тұмсығына сепсе, жазылып кетеді. Бұл мақал жолаушыларды жолға шығарда жабдығын түгендеп жүруге үндейді. * * * Итке ұят бітсе, өлексе жемес. Бұл мақал ұятты, ізетті болуға үндеп, адамдарды жаман қасиеттерден қашық болуға шақырады. * * * Бойдақ елу кез кездемеден дамбал тіге алмас. Өйткені жат адам (тігінші) оны аямайды, өзі күйінбейді. Сондықтан бұл мақал тез үйленуге шақырады. * * * Лақ жіліксіз, Бала білімсіз. * * * Інген ыңыранса, бота боздар. * * * Бес саусақ бірдей емес. Бұл мақал адамдар əр алуан болатынын айтады. * * * Ұмайға табынса, ұлды болар. (Ұмай – жас нəрестенің өмірге келердегі жолдасы). Кімде-кім екі қабат қатынның босануына көмектесіп, қызмет етсе, ол да ұлды болады. Қатындар оны жақсылыққа жориды. * * * Арпасыз ат (қыр) аса алмас, Арқасыз батыр əскер басқара алмас. (Арпасыз – жемсіз. Арқасыз – жəрдемсіз). Бұл мақал ағайын-туғандардың бір-біріне мейірімділігін білдіру үшін айтылады. Адамдарды əрқандай істе бір-біріне жəрдемдесіп жүруге үндейді. * * * Жылан өзінің иірлігін білмес, Түйенің мойнын иір дер. Бұл мақал өзінің кемшілігін білмей, басқа кісінің бойындағы мінге күлетін ғайбаткерді тəмсіл етіп айтылады. * * * Жалқауға бұлт (көлеңкесі де) жүк болар. * * * Батыр жігітті қорлама, Сəйгүліктің арқасын жауыр қылма. Осы мақалмен ақсақалдар бектерге ақыл-кеңес айтады. * * * Тұрмысты адам тез қартаймас. * * * Азықты адам арымас. * * * Бала емізетін қатын ашқарақ болар. Сондықтан оған қалаған тамағын беру керек дейді мақал. * * * Тасты қозғауға болмаса, сүю керек. Бұл мақал адам ойлаған мақсатына жету үшін кішіпейіл, инабатты болу керек деп насихаттайды.

* * * Күміс күнге қонса, Алтын (өз) аяғымен келер. Бұл мақал негізгі мақсатқа жету үшін мал мен ақшаны жұмсау қажеттігін насихаттайды. * * * Отты жалынмен өшірмес. Бұл мақал арамзалықты пасықтықпен емес, ақылмен аяқтау керектігіне арналады. * * * Ет тырнақтан ажырамас. * * * Ит ырылдамас, ат теппес деме. * * * Батырлармен ұрыспа, Бектермен тұрыспа. * * * Екі бура үйкенісер, Ортасында сона жаншылар. Бұл мақал екі бек ұрысса, арасындағы адам жапа шегеді деген мағынада қолданылады. * * * Шөліркеген (жанға) сағымның бəрі су көрінер. Бұл мақал аса қажетті əр нəрседен өз қажетін үмітпен күте береді деген мағынада қолданылады. * * * Адам – үрленген қап, Ауызы ашылса – бос қалар. * * * Қураған ағаш иілмес, Қураған шыбық түйілмес. Бұл мақал көп қолданылып, ескірген зат орнына қайтып келмейді деген мағынада қолданылады. * * * Мақтаншақ дамбалын былғар. Бұл мақал мақтаншақтықтан аулақ болуға шақырады. * * * Тай өссе, ат тынығар, Ұл өссе, əке тынығар. * * * Құлақ естісе, көңіл білер, Көз көрсе (сүйіктісін), əуес келер. * * * Құралын ұмытса, тұтқын болар. Бұл мақал əрқандай іске дайын болуға үндейді. * * * Су ішкізбеске сүт бер. Бұл мақал жамандық жасаған адамға жақсылық жасауды насихаттайды. * * * Жуаспенен ұрыс, Ұятсызбен ұстаспа. Жуас ауырыңды көтереді. Арсыз сені масқара етеді деп ескертеді бұл мақал. * * * Шалбары бүтін (жан) қалаған жеріне отырар. Бұл мақал жаны таза, ісі адал адамға ешқандай қиыншылық тосқауыл бола алмайды деген мағынада қолданылады. * * * Бүркіт шаңқылдаса, өлер. * * * Кеңесті білім оңалар, Кеңессіз білім бұзылар. * * * Сынамаса алданар, Сақтанбаса ұтқызар. Бұл мақал əрқандай істі алдын ала сынап көруге, бақылап алуға үндейді. * * * Оң істе өзгерер. * * * Кешқұрым бұлт қызарса – Қатыны ұл тапқандай болар.

Таңертең бұлт қызарса – Үйге жауы кіргендей болар. Түріктер осы екі жағдайдың соңғысын жақсылыққа жорымайды. * * * Жағасындағы жалаймын деп қолындағысынан айырылар. Бұл мақал бір затқа құмартқан адамға қолындағы барын сақтауды есінен шығармауға шақырып айтылады. * * * Қарға қазға еліктесе, бұты (сирағы) сынар. Бұл мақал əркім өз əліне қарай іс-əрекет жасау керектігін ескертеді. * * * Бір тойынның басы ауырса, Барлық тойынның басы ауырмас. (Тойын – кəпірлердің дінбасы) Бұл мақал достары бір жұмыс істеп жатса, яки қабылдап, азықтанып жатқан жерде басқа бір адамның сол істі істемегенін кінəлап айтылады. * * * Иегін еркелетіп (сипалап), сақалын ұқсатар. Бұл мақал арам ниетін айла-тəсілмен іске асырмақшы болып, жылмаңдаған сұрқия жандарға арнап айтылады. * * * Қарыз кешіксе, қадам бітер. Бұл мақал қарыз кешіксе, иесі табанынан таусылады деп ескертеді. Демек, əрқандай істе сақ болған жөн. * * * Үлкенді сыйласа, құт болар. * * * Жауды елемесе, басқа шығар. Бұл мақал əрқашан да сақ болуға, дұшпаныңды өзіңнен кем санамауға үйретеді. * * * Көк сөгетке құс қонар, Көрікті кісіге сөз келер (ерер). Бұл мақал ұқыпты болуға үндеп айтылады. * * * Кім қатыгез болса, (сол) тасжүрек болар. * * * Құзда қар ерімес, Қойда май ерімес. * * * Момын кісінің сөзі даңқты болмас. Бұл мақал кісілерді жақсы атанып, ел құрметіне бөлену үшін ұқыпты, мұқият болуға үндеп айтылады. * * * Иесіз затқа ие болмас. Бұл мақал өз затыңа берік бол деген мағынада қолданылады. * * * Құтыдағы – хош жұпар. Бұл мақал қыз-келіншектердің аузынан шыққан хош иісті жұпарға бағалағанда ғана айтылады. * * * Қыстың қонағы – от (көк шөп). * * * Құл – жау, Ит – бөрі. Құл өзінің қожайынының малын қолына түсірсе, дереу құртып жібереді. Мүмкіндік тапса, қашып кетуді ойлайды. Ит те, үй иесіне бөрімен бірдей. Оның жейтін нəрсесін тапса, өзін ұстай алмайды. Сондықтан бұл мақал құлдың қожайынына опа жасамайтынын ескертеді. * * * Күл үрлегеннен, шоқ үрлеген жақсы. Бұл мақал ұсақ-түйек істен гөрі үлкен істі бастаған, істеген жақсы деп дəріптейді. * * * Күнге қараса, көз ұялар. * * * Қырық жылға дейін баймен жарлы теңелер. Өлім-жітім мен заманның өзгеруіне орай, қырық жылға дейін бай мен жарлының теңелетінін ескертеді бұл мақал. * * * Татсыз түрік болмас, Бассыз бөрік болмас. (Тат – оңбаған, арамза, опасыз деген мағынада). * * * Қара бұлтты жел ашар, Хан есігін пəре ашар. Бұл мақал ойға алған ісіңді тез бітіру үшін дүние-мүлікті аямай жұмсаған жөн дегенді уағыздайды.

* * * Сөгетке жұмсақтық (жарасар), Қайынға қаттылық (жарасар). Бұл мақал əрқандай заттың өз тегіне тартқаны дұрыс деген мағынада қолданылады. * * * Қос қылыш бір қынға сыймас. Бұл мақал екі адам бір іске таласқанда немесе екі жігіт бір қызға үйленбекші болғанда, соларға арнап айтылады. Хақания бектерін Қылыч хан деп атайды. Бұл əрқандай істе өткірлік жасайтын Өткір хан деген ұғымды білдіреді. * * * Бар – бақыр, Жоқ – алтын. Бар болса, мыстай қадырсыз; жоқ болса, алтындай қастерлі болады. Бұл мақал туған-туысқандарының арасында беймəлім жүрген жанның сол ортадан алыстап кеткенде қадірінің артуына арнап айтылады. * * * Көк темір тек тұрмас. Темір тиген жерін бүлдіріп, жаралап кетеді. Мұның бір мағынасы бар. Қырқыз, ябақу, қыпшақ, тағы басқа халықтар ант ішіп, қасамдасып, серттескенде қылыштарын қынабынан шығарып, орталарына қояды да: – Бұл темір кірсін, қызыл шықсын! – дейді. Бұл серт бұзылса, қылыш қанға боялсын деген сөз. Сондықтан түріктер темірді əрқашан да ерекше бағалайды. * * * Қаш-қаш болса, қасындағысын көрмес. * * * Ол өткелді су əкетті. Бұл мақал болар іс болып қойды. Енді орнына қайтып келмейді. Оған өкінудің қажеті жоқ деген мағынада қолданылады. * * * Құдықта су бар, иттің тұмсығы тимес. Армандаған ісіне қолы жетпейтін, яки біреулердің қолындағы ас пен затқа көзі түсіп, құмартса да, өзінің қолына түсіре алмайтын адамдарға арнап осы мақал айтылады. * * * Балық(тың өзі) суда, көзі сыртта. Бұл мақал бір істі біліп тұрып, білместікке салынған арамза адамдарға арнап айтылады. * * * Жаяудың аты – шарық, күші – азық. Бұл мақал ұзақ сапарға шыққанда осы екі нəрседен жапа шекпеу үшін алдын ала дайындық жасап алудың қажет екенін ескертеді. * * * Құрғақ қасық ауызға жарамас (жақпас), Құр сөз құлаққа жараспас (жақпас). Бұл мақал, егерде біреуден көмек сұрағың келсе, оған да сый-сияпат дайындауың керек екенін ескертеді. * * * Жүгері басының сирегі жақсы. Себебі сирек болса – дəнді, қалың болса – дəнсіз болады. Бұл мақал күткен мақсатына аз шығынмен жетуге тырысатын еңбекқор адамдарға арнап айтылады. * * * Пышақ қанша өткір болғанымен, өз сабын жона алмас. Бұл мақал өз ісін орындай алмай тұрып, басқалардың ісі жайында үлкен ой айтатын адамдарға арнап айтылады. * * * Тезек қарда жатпас, Жақсы мен жаман қосылмас. Себебі тезек (жас жапа) өз ыстығымен қарды ерітіп жіберетіні сияқты, жақсы мен жаман бір-бірімен ешқашан қосыла алмайды деп насихаттайды бұл мақал. * * * Тесік суда білінер, Бұл мақал кейбір істі атқаруда төсін қағатын мақтаншақ адамға арнап айтылады. Өйткені ол атқарған істің жақсы-жаманы артынан белгілі болады деген мағынада қолданылады. * * * Аш – албырт, Тоқ – бейғам. * * * Батыр соғыста, Дана дауда (тірлігінде). * * * Асау өзен өткелсіз болмас. Бұл мақал бір істің шешімін, түйінін таба алмай, қиналып тұрған адамға «Мұның да түйінін табылып қалар» деп ақыл ретінде айтылады.

* * * Қылықтана білсе – қызыл киінер, Жарамсақтана білсе – жасыл киінер, (Қылықтанғысы келсе – қызыл киінер, Жарамсақтанғысы келсе – жасыл киінер). Бұл мақал қатындарды əрқашан күйеуіне жақсы, сүйкімді көрінуге, адал болуға шақырып айтылады. * * * От түтінсіз болмас, Жігіт жазықсыз болмас. * * * Жер жыртарда ұқыпты болса, Қырман уақытында жанжал болмас. Бұл мақал əрқандай істің ақырында ұрыс-жанжал болмауы үшін алдын ала келісіп алған жөн деп ақыл айтады. * * * «Туғаның» дегенге қарамадық, «Құда» дегенде жалт қарадық. Бұл мақал ағайын-туған, жекжат-жұраттардың арасында құданы құрметтеп, арнайы сыйлауға бағышталып айтылады. * * * Қарияның сөзі бекер болмас, Жалғыз шыбық бақша болмас. * * * Ханның ісі болса, ханымның ісі қалар. * * * Қауыны таланса, иесі қос қолдап тартар. Бұл мақал иесінің өз дүниесіне күйінішін білдіреді. * * * Мүсəпірге мың жаңғақ, Көппен бірге айрықша таяқ. * * * Үйірлі құлан көсемсіз (айғырсыз) болмас. Бұл мақал біреуді басқа кісіге қосып жіберу үшін арнайы қолданылады. * * * Қарғаның кəрісін кім білер, Адамның аласын кім табар. * * * Тауғаш (қытай) ханының торқасы көп, Өлшемей пішпес. Бұл мақал əрқандай іске мұқият болып, ысырапшылық жасамауға шақырып айтылады. * * * Бақыттың белгісі – білім. * * * Тілімен дастарқанға жетер. (Тілді адам бай дастарқанға жетеді). Əрбір адамның пейілі өзінің тілінен белгілі болады деп үгіттейді бұл мақал. * * * Кезіккен кісі өзің болмас, Жат пен жақын бірдей болмас. Кезіккен кісінің барлығы өзіңдей болмайды. Сондықтан шын сырыңды оған айта берме. Сондай-ақ жат пен жақының да бірдей бола бермейді деп ескертеді бұл мақал. * * * Өлетін тышқан мысықтың тасағын қасыр. Өлімі біреуге байланысты адам сол маңнан айналсоқтап кете алмайтынына арнап айтылады осы мақал. * * * Құстың жаманы – сауысқан, Ағаштың жаманы – азған (итмұрын), Жердің жаманы – қаз(ыл)ған, Адамның жаманы – барсыған(дықтар). (Махмуд Қашқари бұл жерде жауыз деген сөзді жаман деген мағынада қолданған. – Тəрж.) Құстың жаманы сауысқан болса, ағаш тектес өсімдіктің жаманы – итмұрын. Итмұрын – ақ, сары гүл ашатын маржандай тізілген қызыл миуасы бар өсімдік. Біздің жақта мұны бақшаның айналасына егеді. Ол отынға жарамайды. Жақсаң, ұшқындары шашырап, киім-кешек пен үй мүліктерін күйдіріп жібереді. Жердің жаманы ойлышұңқыр қазылған, батпақты жерлер саналады. Өйткені ондай жерлерге шатыр тігуге, егін егуге болмайды. Адамның ең жаманы барсығандықтар. Себебі олардың мінезі жаман, өздері опасыз келеді. * * * Бөрінің (табысы) ортақ, Құзғындікі ағаштың басында. * * * Үйдегі бұзау өгіз болмас. Бұл мақал өз еңбегімен ел көзіне түсіп, құрметке бөленіп, бірақ ағайын-туғандардың арасында жас саналып жүрген кісілерге бағыштады.

* * * Қырдағы қырғауылды аулаймын деп, Үйдегі тауығыңды ұмытпа. Бұл мақал жоқ нəрсені іздеп, қолындағы барыңнан айырылып қалма дегенді насихаттайды. * * * Көсеуі ұзын болса, қолы күймес. Бұл мақал қолғабыс жасайтын бала-шағасы көп жан рахат өмір сүреді деген мағынада қолданылады. * * * Құтсыз құдыққа кірсе, құм жауар. * * * Қанша ақымақ болса да, жолсерік жақсы, Қанша бұрыс болса да, даңғыл жол жақсы. * * * Жердің бастырығы – тау, Елдің бастырығы – бек. Бұл мақал жер тауларменен, ел бектермен тыныш тұрады. Қарапайым халықты бектер басып отырады деп насихаттайды. * * * Жартаста шөп болмас, Айна тазда ар болмас. * * * Ақылды сөз алтын табаққа жеткізер. * * * Мал сойсаң, құйрығына жеткенде пышағыңды сындырып алма. * * * Қызбенен күреспе, Қысырақпен жарыспа. Қызбенен күреспе. Өйткені ол күшті, сені жығып кетеді. Қысырақпенен жарыспа, себебі қысырақ байтал аттан əрі күшті, əрі жүйрік болады. Хақания қыздарының бірі некелескен күні түнде сұлтан Масұдты теуіп, ұшырып жібергені үшін осы мақал тарап кеткен. * * * Қалың (топ) қаз көсемсіз болмас. Бұл мақал қандай бір істе болмасын, жөн білетін кісіге жүгіну керектігін ескертіп айтылады. * * * Есек айтар: Аман болса басым, теңізден де су ішермін. Бұл мақал өз мақсатына жету үшін ұзақ ғұмыр сүруге тырысқан адамдарға арнап айтылады. * * * Ат қасқасы ай болмас. Бұл мақал кішкентай істі үлкейтіп көрсететін адамдарға арнап айтылады. * * * Мазарда үй болмас, Шөлде ау болмас. * * * Астық бастыру теңізшінің ісі емес. Бұл мақал күші жетпейтін үлкен іске талпынған əлжуаз адамдарға арнап айтылған. * * * Болатын өгіз бұзауында-ақ белгілі. Бұл мақал болашағы зор жастарға арнап айтылады. * * * Көркіне қарама, абыройын тіле. * * * Ағашыңды ұзын кес, Теміріңді қысқа кес. * * * Безілдек (жан) бөктергі ұстар, Əумесер (адам) лашын ұстар. Бұл мақал əрқашанда сабырлы болуға шақырып айтылады. * * * Əумесер шыбын сүтке түсер. Бұл мақал əрқашанда сабырлы болуға шақырып айтылады. * * * Мысықтың мəулені мияулап туар. Бұл мақал мінез-құлқы əкесіне аумай тартқан балаларға арнап айтылады. * * * Тазының жүйрігін түлкі сүймес. Бұл мақал білімпаздығымен өзінің ортасындағыларға ұнамайтын белгілі адамдарға арнап айтылады.

* * * Ұл су төгер, үлкен (нің жамбасы) сынар. Бұл мақал кішілердің қателігінен үлкен адамдардың зиян, жапа шегетінін ескертеді. * * * Тілмен түйгенді тіспен шешпес. Бұл мақал берген уəдесіне берік болуға үндейді. * * * Тікпейінше өнбес, Талпынбайынша болмас (жетпес). Бұл мақалды əрқандай істе мақсатқа жету үшін талпыну керек екендігін насихаттап айтады. * * * (Шақпақты) шақса – (от) тұтанар, (Сөз) ұғындырылса – (ой) білінер. * * * Ел қал (са) да, əдет қалмас. Бұл мақал əдет-ғұрып бойынша істеуге шақырады. * * * Бір қарғаменен қыс келмес. Бұл мақал жора-жолдастары үлгіріп келгенше əркім өзінің ісін ұқыпты жүргізуге арнап айтылады. * * * Таздың келетін жері бөрікші (нің дүкені). Жарасын жасыру үшін таз адам амалсыз бөрікшінің дүкеніне барады. Бұл мақал өзіне қажет болған заттан қашқан адамдарға арнайы айтылады. * * * Ұстаспай (жағдай) түзелмес, Жел тұрмай (ауа) ашылмас. Бұл мақал ұрысып қалған екі адамды татуластыруға тырысқан кісіге арнап айтылады. * * * Түтінді түрткілеген ыстанар. Бұл мақал пəле іздеген адамға пəле жабысады деген мағынада қолданылады. * * * Жүк көтерген түйе шөмішті де көтерер. * * * Атаның ұлы атасына тартып туар. * * * Көкке (аспанға) түкірсе, жүзіне түсер. Бұл мақал үлкендерге жамандық жасаса, өзіне де жамандық тиетінін ескертеді. * * * Адам баласы мұңая бермес, Иттің күшігі жата бермес. * * * Соғысып ұрысар, Ортада тон жыртылар. Бұл мақал кісілерді ұрыс-жанжалдан аулақ болуға үндейді. * * * Кішкентай үлкенге қарсы тұра алмас, Қырғи сұңқарға қарсы шыға алмас. * * * Тау таумен қауышпас, Кісі мен кісі қауышар. * * * (Биіктегі) майға жете алмаған мысық айтар: – (Басқа) кісінікі (маған) жараспас. Бұл мақал өз ойынан шыға алмай, артынан сол ісіне өкінетін адамды тəмсел етіп айтылады. * * * Ізгілікті судың түбіне тастап, Бетінен ізде. * * * Көрпеден артық көсілген аяқ үсір. Бұл мақал адамдарды өз мүмкіндігінен асып кетпеуге шақырып айтылады. * * * Арыстан күркіресе, аттың аяғы тұсалар. Бұл мақал əлсіздердің өзінен əлділердің алдындағы дəрменсіздігін көрсетуге арнап айтылады. * * * Күздің келуі жазда білінер. Бұл мақал əрбір іс əу басында-ақ белгілі дейді.

* * * Үй иесі тойдырса, (мейманның) көзі жолда болар. Бұл мақал құрметтен кейін қайтуға ұрықсат сұрап, асыққан қонақтарға арнайы айтылады. * * * Берекесізден құт қашар. * * * Түйе сілкінсе, есекке жүк шығар. * * * Кішкентай тайында қиналса, үлкейгенде сүйсінер. * * * Таттың көзіне (ұр), Тікеннің түбіне (тамырынан шап). Тат – тохси мен яғма тайпаларының ұғымында мұсылман болмаған ұйғырлар. Мен мұны олардың өз елінде естідім. Таттауғаш дейді екен. Бұл ұйғыр немесе шындық деген сөз. Жоғарыдағы мақал сол шындық, ұйғырларға арнайы айтылады. Өйткені олар опасыз келеді. Сондықтан тікенді тамырынан шауып тастайтыны сияқты, ұйғырларды да көзінен ұру қажет деп насихаттайды бұл мақал. * * * Қылыш даттанса, іс бұзылар, Ер даттанса, пейіл былғанар. Бұл мақал азаматты қайтпас ерлікке баулып, əрқандай нəрсенің өз жынысына қарай өмір сүруінің қажеттігін үндеп айтылады. * * * Ер жігіттің сөзі бір(еу), Ердің көгі үш(еу). Бұл мақал ер-азаматтарды айтқан сөзі мен уəдесінде тұруға шақырып айтылады. * * * Заман қартайтқанға бояу айыпты емес. * * * Əкесі ащы алма жесе, ұлының тісі қамалар. Бұл мақал əкесі жасаған қылмыстың зардабы артындағы ұлына қалатынын насихаттайды. * * * Атпатұзақтан (бір мəрте) қорыққан құс Қырық жылға дейін аша ағашқа қонбас. * * * Аттың басын ноқталап мүжі. Бұл мақал атты пайдалану үшін ең алдымен ноқталап ал, сонда ғана дегеніңе жетесің деп насихаттайды. * * * Жасауы мол келіннің күйеуі жуас болар. * * * Іс ыңғайына (қарайды), Сарт пайдасына (қарайды). Саудагер пайданы көрсе, ең қымбат затын да сатып жіберетінін ескертеді бұл мақал. * * * Тозған қорамсақтан тұқыл жебе шығар. * * * Алдырған анасының қойнын ашар. Бұл мақал затын жоғалтқан əумесер жанның қандай жерден болса да іздеуге қақылы екенін айтады. * * * Көп сөзді ұғуға болмас, Биік шоқыны июге болмас. Бұл мақал сөзді ұзартпауға үндеп айтылады. * * * Жауырын жарылса, елге қайғы түсер. * * * Жақұты бар жанға жасыл түспес. Мынандай бір тəмсіл сөз бар. Асыл тас əр түрлі болады. Адамдар оны жүзікке көз етіп салады. Сондай жүзікті саусағына салған адамға ешқашан жасыл түспейді. Тіпті оның табиғи қасиеті соншалықты, бөзге орап отқа тастасаң, бөз де, тас та жанбайды. Бұл тəжірибеден өткізілген. Егер əбден шөлдеген адам сол жақұтты таңдайына салса, шөлін басады. * * * Жібек жамау жібекке (жарасар), Бөз жамау бөзге (жарасар). Бұл мақал əрқандай зат өзінің тегіне қарай жіктеледі деген ойды насихаттайды. * * * Тесік інжу (моншақ) жерде қалмас. Бұл мақал кəнизектер де (күңдер де) жерде қалмайды. Оларға да үйленетін жігіттің табылатынын ескертеді.

* * * Астың дəмі – тұз, (Тұзды) уыстап жемес. Бұл мақал адамдарды ынсаптыққа шақырып айтылады. * * * Қаралы күн тумай, Қаражалға көшпе. (Қаражал – Түрік елі мен Ферғананың ортасындағы асу). * * * (Айлалы) анасы нанын жұқа жабар, (Ақылды) баласы қос-қостап асар. Бұл мақал екі ақылды адамның бір-біріне парапар келгеніне бағыштап, арнайы айтылады. * * * Қаншалықты көнерсе де, кебенек жаңбырға жарар. Бұл мақал өзінің қол астындағы кісілердің бірі оны биліктен шеттетпек болған жағдайда, сол адамға арнап айтылады. Бəрібір, оның қаншалықты кемшілігі болса да, бір қажетіне жарайды. Оны іске қойсаң, өзің демаласың дейді. * * * Жылан күзеннен қашар, Қайда барса да, күзенге тап болар. Бұл мақал өзін жек көретін нəрсеңнен қанша қашсаң да, бəрібір, алдыңнан ол қайталап келе береді деп насихаттайды. * * * Жаттың майлы бөкпенінен, Жақыныңның қанды жұдырығы жақсы. Бұл мақал жақын адамдардың арасы алшақтағанда, оларды жақындастыру үшін арнайы айтылады. * * * Дұшпандікі болса да (мал) керек, (құрығанда) тезегі қалады. * * * Көк шөп күймес, Елші өлмес. * * * Жұпар қалтадан жұпар кетсе де, иісі қалар. Бұл мақал байлығы кеткенімен, ниеті қаз-қалпында қалады деп кеңпейілді, ақжүрек адамдарға арнайы айтылады. * * * Қызмет тас жарар, Тас бас жарар. Бұл мақал қожайынынан жақсылық күтетін əрі оның жеңіске жетуі үшін көмектесетін қызметші адам қақында айтылады. * * * Адаспайтын аңшы болмас, Жаңылмайтын данышпан болмас. * * * Түйе мініп, қой арасына жасырынбас. Бұл мақал əшкере болған істі жасыруға болмайды деген ойды үндеп айтылады. * * * Құтты адамға қос-қостап жауар. * * * Адам мəңгі жасамас, Көрге кірсе – кері қайтпас. * * * Қанды қанменен жумас. Бұл мақал жанжалды жанжалмен басуға болмайды. Адамдарды бір-бірімен келістіру, жарастыру қажет дегенді айтады. * * * Əкесінің тоны ұлына жарасса, əкесін жақтырмас. * * * Түнде жүрген күндіз сүйсінер, Жасында үйленген қартайғанда сүйсінер. * * * Күшті есіктен кірсе, Төре түңіліктен шығар. Зорлық-зомбылық есіктен кірсе, əдеп есіктен шығады. Зəлімді, Кумəчі, Күштіні Кучлук деп атау осыдан шыққан. * * * Шарап болмай тұрып, сірке суы болма. Бұл мақал өзін үлкендердің санатына қосатын жастарға ақыл ретінде айтылады. * * * Құлан құдыққа түссе, Құрбақа айғыр болар.

* * * Мұздан су тамар. * * * Қорыққан кісіге қойдың басы қосарланып көрінер. Бұл мақал бір нəрседен қатты қорыққан əрі сол уақиғаны ойлағанда есінен тана селкілдеп кететін адамға арнап айтылады. * * * Тілі ащы бектен гөрі тұл қатын артық. * * * Адам баласы мұңсыз болмас. * * * Баланың ісі – іс болмас, Лақтың мүйізі сап болмас. * * * Жауыр ат жүк көтере алмас. * * * Тура кеткен киіктің көзінен басқа жарасы жоқ. Бұл мақал ауыр іске душар болып, басқа жандардың əжуасына ұрынған жандарға қаратып айтылады. * * * Жазда қатты қимылдаса, қыста сүйсінер. * * * Бейтаныс адамнан таныс шайтан жақсы. Бұл мақал таныс адамдардың мерейін көтеріп, оның өзін құрметтеуге арнайы айтылады. * * * Таяқты жан таймас, Бос сөзбен куə жеңбес. * * * Түйенің өзі үлкен болғанымен, құмалағы кішкентай. Бұл мақал өзін үлкен санайтын атақты адамдардың шəкірттеріне арнап айтылады. Үлкендік саған емес, сенің ұстазыңа жарасады деген сияқты. * * * Əмірлерге өкпелеп, əскерлерге сөйлемедік. Бұл мақал біреудің жасаған теріс ісіне өкпелеп, басқа адамға теріс қарайтын жандарға арнайы айтылады. * * * Бөрі көршісін жемес. Бұл мақал көршіні құрметтеуге арнап айтылады. * * * Қалың бұлтты боран айдар, Қараңғы істі пəре ашар. Бұл мақал пəреге сенген адамға айтылады. * * * Жеті басты – жалмауыз. (Бөке – айдаһар, жалмауыз). Ябақулар үлкендерін Бөкə Бұдраж деп атайтындары сияқты, кейбір батырларды да осылай атайды. Бөкə Бұдражбен бірге болған кəпірлердің саны жеті жүз мың еді. Қырық мың ғана əскері бар Арыстан Тегін Қазыға қарсы болған соғыста Тəңір оларға масқара жеңіліс тапқызды. Мен сол соғысқа қатынасқан кісіден кəпірлер соншалықты көп бола тұрып, қалай жеңіліп қалды деп сұрадым. Ол: – Біз де бұған қайран қалдық. Жеңіліс тапқан кісілерден «Сендер соншалықты көп бола тұрып, не себепті жеңіліп қалдыңдар?» – деп сұрасақ, олар: «Барабан соғылып, керней тартылып, соғыс басталғанда төбемізден төніп келе жатқан ғаламат үлкен тауды көрдік. Ол таудың ашық тұрған сан-санақсыз есігі бар еді. Сол есіктен жаһанамның жалыны шашылып, біздің құт-берекемізді қашырды. Қатты қорқып кеттік. Сөйтіп бізді жеңдіңіздер!» – деді. Мен мұны пайғамбарымыздың мұсылмандарына жасаған жақсы лығы деп түсіндім. * * * Құстың балапаны қорқынышты, Иттің күшігі сүйкімді. Бұл мақал əрқандай нəрсе өсе келе басқаша болады деп насихаттайды. * * * Тамұқтың қақпасын пəре (тауар) ашар. Бұл мақал ойына алған істі бітіру үшін кез келген адамды пəре беруге үндеп айтылады. * * * Күндестің күліне дейін дұшпан (жау). * * * Бидайдың арқасында бидайық су ішер. Бұл мақал басқа біреудің жақсылық көмегінің арқасында дегеніне жеткен адамға арнап айтылады.

* * * Құпияның барлығы келінде. (Келіндікінің барлығы құпия). Өйткені жас келін жақсысының барлығын күйеуіне сақтайды деп насихаттайды бұл мақал. * * * Бір түлкінің терісін екі мəрте соймас. Бұл мақал жақсылық жасаған адамнан тағы да жақсылық талап етпеу үшін арнайы айтылады. * * * Далада бөрі ұлыса, Үйдегі иттің бауыры солқылдар. Бұл мақал жақын адамдарды бір-біріне көмектесуге шақырып айтылады. * * * Жамылғылы (жан) су болмас, Ауыздықты (ат) арындамас. Бұл мақал əрқандай іске алдын ала дайындалу керектігін ескертіп айтылады. * * * Адамның қадірі тіршілігінде. * * * Кемпір би білмес, – Жер тар, – дер. Бұл мақал өтірік мақтанып, нағыз іс кезінде сылтауратқыш адамдарға арнап айтылады. * * * Арыстан қартайса, тышқанның інін аңдыр. Бұл мақал үлкен істерге шамасы келмей, ұсақ-түйек іске риза болған үлкен адамдарға арнап айтылады. * * * Тиірменде туған тышқан Көктің (найзағайдың) күрілінен қорықпас. Бұл мақал басынан көп қиыншылықтар өткен адамды ұсақ-түйек істермен қорқытпақшы болғандарға арнап айтылады. * * * Іш май сұйық майдай бола алмас. * * * Орнын таппаған тиірмен, Абайсызда жарға құлар Бұл мақал істі орынсыз істеген адамға арнап айтылады. * * * Кең (тігілген) тон тозбас, Кеңесілген іс бұзылмас. Бұл мақал бір іс істегенде өзім білермендікке салынбай, үлкендермен ақылдасып, кеңесіп отыруға шақырады. * * * Құс тұзаққа жем үшін ілінер (түсер). Бұл мақал тамақ іздеп, азып-тозған адамға айтылады. * * * Ер жігітті мұң басар, Тау тұмсығын жел қағар. Бір-бірлеп мың болар, Тама-тама көл болар. Бұл мақал аз болса да əрқандай затты қабылдап алу керек деп насихаттайды. * * * Сүзеген сиырға тəңір мүйіз бермес. Бұл мақал басқа кісіге зиянын тигізетін залал істі істей алмай қалған адамға арнап айтылады. * * * Көзден алыстаса, көңілден де алыстар. (Көзден кетсе, көңілден болар ұмыт.) * * * Жақсы адамның сүйегі шірігенімен, аты қалар. Бұл мақал адамдарды жақсылық жасауға үндеп айтылады. * * * Қалың берсе, қыз алар. * * * Қуанышы көп болса ақырында аһ ұрар. Бұл мақал шамадан тыс шаттануға болмайды дегенді насихат тайды.

* * * Тойын (күнде) табынар, Тəңірдің (онда) шаруасы жоқ. (Тойын – кəпірлердің дінбасы). Бұл мақал басқаларға ұнайды деп жасаған ісі оңалмаған адамдарға арнап айтылады. * * * Хас батыр өткінші жаңбырдай, Білімді мірдің оғындай. Бұл мақал бір істі қайта жасап, сонысы үшін сауға сұрамаған кісіге қаратып айтылады. * * * Екі қошқардың басы бір қазанда піспес (қайнамас). Бұл мақал бір қалада екі бектің бір-бірімен келісіп тұра алмайтындығы, əйтеуір, біреуінің кетіп тынатындығына орай айтылады. * * * Əкесі бір бірін-бірі көре алмас, Анасы бір мейірімсіз бола алмас. Əкесі бір, анасы басқа бауырлар ешқашан бірін-бірі көре алмайды. Күншілдікпен күн өткізеді. Керісінше, анасы – бір, əкесі басқа бауырлар бір-біріне мейірімді келеді. Олар əрқашан да бірін-бірі өрге тартып, көмектесіп жүреді деп насихаттайды бұл мақал. * * * Жалғыз қаздың үні шықпас. Бұл мақал əрқандай істе басқалардан жəрдем сұраудың қажет екенін ескертеді. * * * Кəрі өгіз балтадан қорықпас. Бұл мақал адамды əдеттеніп алған ісінен тайдыруға қорқытпақшы болғандарға арнап айтылады. * * * Суды көрмей, етігіңді шешпе. * * * Жалықтырса да май жақсы, Күйдірсе де күн жақсы. Ò×Ðʲ ÕÀËÛ¡ÒÀÐÛÍÛ£ Á¶É²ÒÒÅв

Бір ұйғыр сайысуға келді маған,
Жазасын мықтап тұрып бердім оған,
Денесі парша-парша болды содан,
Ол енді аш бөріге жем болады.

* * *
Азамат кеше жүрген қаза болды,
Қу дүние қалып артта аза көрді.
Өшіккен заман оған жаза берді,

Жүрегім қайғысынан жараланды-ау.
* * *
Үш адамды жақсылыққа бастағанды ғалым біл,
Оның ісін жұртқа жайып, қолдан келсе тəлім қыл.

* * *
Тоныңды асып тастама,
Асыңды бер басқаға,
Қонағыңды жасқама,

Даңқыңды ол жаяды.
* * *
Көзімнің жанары сөнді,
Басыма ажал төнді,

Шыбыным қайда қонды
Ұйқыдан мені оятар.
* * *
Татар дəмін тауыстым,

Үрейін алдым өзгеше,
Ажал уымен қауышты,
Терлеп іше ме, сезбесе.
* * *

Ұлым, менің өсиетіммен жанды ауызыңа қаратқын,
Ғалым болып, біліміңді ел ішіне таратқын.
* * *
Меңдіқыз жанарыңмен ғашық еттің,

Ойлауды сені ғана кəсіп еттім,
Отына орап қойып қасіреттің,
Жаным-ау, неге қашықтайсың?
* * *

Ел басшысы болсаң егер, жағымды істі кəсіп ет,
Бек қасында адамдарға жақсылықты тасып өт.
* * *
Жанымды жыр күйігі жабырқатты,

Басқаны менің дертім таңырқатты.
Күндерден көңіл мұңы ауыр тартты,
Содан да жапырақтай сарғаюым.
* * *

Тау-даланы жайқалтқан Еділ суы,
Көлшік-көлдер маңайда оның буы,
Ақ шортандар жүзеді айдынында,
Жағалары көз тартқан қалың нуы.

* * *
Жігітім, кеттің неге жылы орныңнан,
Айырылып қолыңдағы бар қорыңнан,
Қайтейін, жаяулығың өз сорыңнан,

Атыңнан бұдан былай үмітіңді үз.
* * *
Көріп неге қашпадың,
Қу нəпсіңнен аспадың,

Биік таудан аспадың,
Қолға түстің қор болып.
* * *
Жасалар қыстың қамы құтты жаздан,

Ойласаң, шіркін, ғұмыр тіпті аз да.
* * *
Қонақжай жомарт кетіп, дүние қараң қалды,
Жинапты бұл мекенге өңкей қу-сараңды.

* * *
Тəңірін ұмытып, дүние жинады,
Туысын тиынға бола қинады.

* * *
Білімді адам еткен инабатты,
Талайлар жан нұрыңнан сыйға батты,
Ешкімді астамдықпен қинамапты,

Халыққа үлгілі істі өсиет қып.
* * *
Қонақты қарсы алғын, асыңды күттірме,
Қуана жар салғын, бір затын зыттырма.

* * *
О, аяулы сүйіктім,
Басып жолын киіктің,
Таудан асып биік тым,

Қалай жеттің бұл жерге?
* * *
Қар кетіп, туды, міне, көктем айым,
Ал енді, суға қарық əрбір сайым.

Сөзімді тыңда күлмей, еркетайым,
Жайнады жарық жұлдыз көк аспанда.
* * *
Бұлақтан су ішелік сылдыраған,

Жайқалтып жапырағын сылдыраған,
Арудың əнін естіп сыңғырлаған,
Келелік қайғы-мұңды алыстатып.
* * *

Залым жан қонақты ұры деп қарайды,
Ел сыйын серінің жолда тонайды.
* * *
Өзгерді заман күймелі,

Парасатты ой сиреді,
Естіні есікке сүйреді,
Білімсіз зұлым басшы боп.
* * *

Ақымақ есін жиып ірге құрсын,
Қастаспай қой мен қасқыр бірге жүрсін,
Жайқалған өмір бетін гүлге бұрсын,
Береке ел ішіне тəртіп орнап.

* * *
Деді сенің жолыңда,
Азап тарттым сүйіктім,
Тас үгілді қолымда,

Аштысынан күйіктің.
* * *
Көршіңді, туысыңды құрметте,
Таралар тəлімі оның сыры көпке,

Сый алсаң қарымына құры кетпе,
Онан да артық бұйым дайындағын.
* * *
Қыс ызғары басылды,

Барша гүлдер ашылды,
Жердің беті жасыл-ды,
Жайнады əлем жəннəттай.
* * *

Қаһарланып атылдым,
Арыстандай ақырдым,
Батырын жерге батырдым,
Енді мені кім ұстар.

* * *
Күліп келген адамның бетіне күл шашпағын,
Жақсылық ет қашан да, қалыбыңнан аспағын.
* * *

Тағдырдың жазуынан аса алмайсың,
Кез болар тасқын суды тоса алмайтын.
* * *
Тұлпардың туа біткен шабысы бар,

Басатын жолдың жақын, алысы бар,
Нөсердің кездестірер сан ісі бар,
Келемін жануармен желдей есіп.

* * *
Көңілді шарап ішіп жылыталық,
Өмірдің қалды бізді дуы танып,
Қайғыны аз да болса ұмыталық,

Бір мезгіл өзімізге ерік беріп.
* * *
Бұзыраш жəне құтырды,
Ісі бардай ұтымды,

Келу жолын ұсынды,
Батырларын іріктеп.
* * *
Алудан аманатты зерікпеді,

Тойымсыз əдетіне ерік берді,
Айламен алаңдатты көрікті елді,
Достықтың адамшылық шартын бұзып.
* * *

Аңызақтан əуе айналып жерге түсті,
Таратты опасыз дос қалың күшті,
Үрейлі сонан халық күйге түсті,
Жау қолы Қара Ертістен өтпекші боп.

* * *
Заманның қас дұшпаны сұғанақ қол,
Апарар сұмдықтарға сүреңсіз жол,
Тұс-тұстан оған атса қаптаған қол,

Су тартылып, ау болды жермен жексен.
* * *
Арланды қоймай қуып, əлсіреттім,
Жөніне жіберсін бе аршын екпін,

Жотасын күжірейтіп айбат шекті,
Мен оны сойылмен тартып өттім.
* * *
Қыс пенен жаз тартысты,

Кездері бар əр түсті,
Қырын қарап айтысты,
Бірін-бірі ұтуға.
* * *

Шөл дала көктемде жайқалыпты,
Өзгеше таулар басы ой танытты.
Бар жəйі дүниенің байқалыпты,
Өрімдей уыз гүлдер шешек атып.

* * *
Оқты көзбен атысып, шықты ерлер майданға,
Ондай кезде сын болар өз сертінен тайғанға.
Қақтығысты қарулар, оңай соқпай жай жанға,

Қынапқа қылыш сыймады, қанмен жүзі қалыңдап.
* * *
Қар, мұз түгел еріді,
Ағу – судың ерігі.

Ақ бұлттың желігі –
Қайық боп көкте жүзеді.
* * *
Бөрідей шулап жыласты,

Өзекті өртеп мұң ащы.
Дауыстар көкке ұласты,
Көз жастан көп жан соқыр боп.
* * *

Жарасы жайсаң ердің ауыр тартты,
Жанын көп қан тоқтамай, жабырқатты.
Сонан да қайран сабаз тауға тартты,
Енді оны қалтарыстан кім табалар.

* * *
Ту тігілді шатырға,
Дабыл қақты батыр да.
Жау айналып пақырға,

Тұтқындалар қашқаны.

* * *
Ұйқыдан енді оянды,
Ісіне дұшпан өкініп.
Ел болуға ой алды,

Алған соң біз бекініп.
* * *
Жау тұтқынға алынды,
Азаптан қорқып жалынды,

Қылмысына малынды,
Бар еркінен айырылып.
* * *
Жеткіз менің сөзімді білімді адамдарға,

Тай ат болса – енесі артына алаңдар ма.
* * *
Өз құнын малмен төлеуге,
Болсын деп ісі елеуге,

Теңемей оны селеуге,
Тұтқынның бірін босаттым.
* * *
Құлан қырда жосылды,

Архар – құлжа қосылды,
Жайлап жазық төсіңді,
Ойнақтайды оркиік.
* * *

Əкім осы асқынған,
Өз еліне қас қылған,
Жазықсызды басқа ұрған,
Отыр енді бүкшиіп.

* * *
Көз жасым бұлақ болып толып ақты,
Аққу, қаз жүзуге оған келіп жатты.
* * *

Сүйіктім мойыныма асылады,
Шырқалып назды үнімен тасып əні.
Көңілім сəулешіммен ашылады,
Жайдары жаны таза еркетайым.

* * *
Батыр шықты əр түсті,
Өш алуды айтысты.
Сақалдарын тартысты,

Кеуделерде көк жанып.
* * *
Алуан гүл түрге еніп жайқалыпты,
Көркімен көңілдерге ой салыпты.

Табиғат талай жанға нəр танытты,
Əлемде өзгермейтін еш нəрсе жоқ.
* * *
Жазғы жайлау жасыл-ды,

Тұман түсіп, ашылды.
Жылқы үйездеп, қасынды,
Құлын-тайы кісінеп.
* * *

Батырлар қарсыласын аямайды,
Жан салып майдандасын аялайды,
Ешқашан төккен терін санамайды,
Ерлігін бір-бірінің алғыстаумен.

* * *
Қауышып жардың өзімен,
Нəр алып нəзік сөзінен,
Мөлдір қара көзінен,

Қуат алғам жаныма.
* * *
Көңілім сəулемді ойлап тыншымады,
Жанымды ғашық оты шымшылады.

Əсерлі əуенімен мұң шығады,
Өзіңді сəулетайым есіме алсам.

* * *
Көктем күн табиғатты идіреді,
Тасқын су салындыны үйдіреді.
Тазалап, адам оны күйдіреді,

Əр жерде қурап қалған көң-қоқсықты.
* * *
Кеште бұлт болса – əйелі ұл тапқандай қуанады,
Күзде күнде күн жауса – диқандар мұңаяды.

* * *
Парасатпен жалықпастан үйренсең зор білімді,
Көрсетесің дандайсымай сынақта асыл сырыңды.
* * *

Ай дағы құлақтанып, қораланды,
Ақша бұлт көк аспанды орап алды.
Малшыды бастағы əсем орамалды
Толассыз нөсерлетіп жаңбыр құйып.

* * *
Жігіттер, жеміс өсер жайқалатын,
Көңіл де тынса жұмыс жай табатын.
Адамға аң аулауда ой салатын,

Қайталық серуендеп желпініп бір.
* * *
Ізіңнің санап тізбегін,
Бақытым, сені іздедім,

Үмітімді үзбедім,
Көзімнен ағып қанды жас.
* * *
Азық берсең мүсəпір алғыстаған,

Ренжітсең ондайды қарғыс саған.
* * *
Жаз болса, жылқы ойнақтап жарысады,
Үйірін кісінесіп табысады.

Семіз ат ауыздықпен алысады,
Мырзалар сəйгүлікпен сейіл құрып.
* * *
Дұшпаннан таңғұт бегі тасаланды,

Əдісі уақыт еткен аса мəнді.
Басына бақыт-дəулет жасаған-ды,
Тəңірім оған медет бергендіктен.
* * *

Басқа дүние қиялымды не болса да жеңбейді,
Сəулешімнің басқан ізі жанарымды емдейді.
* * *
Аязда таңғұт қолын басып алды,

Қорланған қатын-қызы жасыған-ды.
Батырлар жеңісіне тасыған-ды,
Олжалап, мал-мүлкін көп түсіріп.
* * *

Бір жігіт асулардан асып кепті,
Мейлінше дүниені шашып-төкті.
Ақыры масқара боп қашып кетті,
Атының атырылған арынымен.

* * *
Бақыт-дəулет берсе Тəңір қолына,
Сəтті күндер туады оның жолына.
* * *

Ендіріп Ертіс суын түрлі түске,
Жұмсадық қалың қолын барлық іске.
Сүйеніп ашу-кекті зорлық күшке,
Дұшпандар бізге қарсы жиналмақта.

* * *
Тəңірім аспанды кең жаратыпты,
Жұлдыз бар онда ғажап, дара тіпті.
Асылды ауаменен оратыпты,

Адамды болмысымен таңырқатып.
* * *
Іс бітірдік, тындырып.
Қашты дұшпан шыңғырып.

Бұтқа дəрет сындырдық,
Қолымыз алға өрледі.
* * *
Ел түрік деп таныса,

Оның өзі бас бəйгі.
Халықты тура бастайды,
Одан ешкім аспайды.
* * *

Күн күркіреп, найзағай жарқылдайды,
Тау мен дала аңызақтан алқынбайды.
Қара боран соғудан тартынбайды,
Бұлтты түріп барады шалғай жаққа.

* * *
Батырлар шақырысты жекпе-жекке,
Кернетіп тұла бойын ашу-кекке.
Құралын қандамады олар текке,

Қынапқа қылыш қаннан сыймай қалды.
* * *
Малың сенің көбейсе – айналаңа жан толар,
Дастарқаның болмаса – маңайыңа кім жолар.

* * *
Сескенбей ұлықпенен майдандастым,
Қасқайып қара атыммен тауларды астым,
Белгісіз талай сырлы ойларды аштым,

Отарға оғын атқан сыйлық етіп.
* * *
Айырдым дұшпандарды батырынан,
Пəш болды талай ісі жасырынған.

Көп əскер қолға түсті бас ұрудан,
Күмісін алтынымен олжаладық.
* * *
Ханышаға жыр жүректен есіледі,

Қызметшің жаңа міндет өтінеді.
* * *
Көңілденсе патша-ханым алтын-күміс жаудырар,
Мейіріменен талайларды есінен де тандырар,

Бізге қарап бір жымиса жүрегімді жандырар.
* * *
Сүйіктім, менің ғана ай маңдайлым,
Өзіңнен басқа жанға айналмаймын.

* * *
Жасырын құрған тұзаққа,
Ілігіп сəулем ауырдым.
Еміңді созсаң ұзаққа,

Жанымды орар ауыр мұң.
* * *
Қонақты құт деп білген ерлер кетті өмірден,
Қалыпты жаны жаман, пейілі қар көмірден.

* * *
Қой, түйе, жылқы болса қолыңызда,
Дəулеті жарар өмір жолыңызға.
Гүл түрі бір-біріне көрік берер,

Көктемде көтеріліп ерікті өнер.
Адамдар құшақ-құшақ теріп келер,
Айнымас əсемдікке таңданумен.
* * *

Соғыстан талай бастар домалады,
Бүлінді небір жердің соны алаңы.
Ел қалай бұл алаңға қона алады,
Аққан қан, төбе-төбе сүйек жатыр.

* * *
Соғысты бастаушыны ұстап алып,
Жеткізсем жұрттың көзін іске анық.
Ондайды өлтірмей-ақ жөнге салып,

Бəлемді жіберер ем қарыздар ғып.
* * *
Бұл өмір оны ауыр жаралады,
Тек қана сенің емің дауалады.

* * *
Өзіңді бір сұлу қыз алдап кетті,
Жүргенде сен жай басып, таңдап көпті.
Қыр мұрын, қыпша белді есіңе алып,

Ол жайлы əлі талай өкінерсің.
* * *
Сыйлық алсаң сен оны ақым деме,
Жүз моншағын тегінде жақын көрме.

Айып болар жоқты айту ақылды ерге,
Данышпандар бос сөзді жаратпайды.
* * *
Тірлікте бейнетке жан жаншылады,

Рахат көргенше өмір таусылады.
* * *
Құс салып, ит жүгіртіп, аң аулайды,
Қырларда қызыл түлкі алаулайды.

* * *
Тармақтың тасқын суы толқындайды,
Орманын саялаудан ел танбайды.
* * *

Қарғаны мұз шоқытқан –
Қу құлқынның ісі еді,
Құл болса егер жоқтықтан,
Тұзаққа өзі түседі.

* * *
Құрметте, білімдінің сөзін тыңда, жігітім,
Үйреніп парасатын, ақта əділ үмітін.
Аттардың жал-құйрығын жеңілдеттік,

Түн қатып жау шебіне келіп жеттік.
Бөгелмей өткелдерден жеңіл өттік,
Мыңлақтың басын алдық адамының.
(Мыңлақ – қыстақтың аты. – Тəрж.).

* * *
Жаз шығып, түйін тастап, бүр ашылды,
Аспаннан түрлі гүлге нұр шашылды.
Құс сайрап, сай-саладан су тасыды,

Сұлулық көзді тартты таңғажайып.
* * *
Өнім бермес жер жаман,
Қайырымсыз, озбыр ел жаман.

Оған себеп кер заман,
Сауысқандай саққұлақ.
* * *
Ақылды адамға артық жалынбайды,

Үлгілі өсиетті қабылдайды.
* * *
Атты баптап жолға анық,
Қалқан, найза қолға алып.

Қырындай болып қомданып,
Айбынмен жауға баралық.
* * *
Бөктерлеп шықтым тау жаққа,

Қарадым анық жан-жаққа.
Дұшпанның қолы ар жақта,
Көрінді жау қарасы.
* * *

Жасалды келісім-шарт аса күшті,
Хан өзі соғыспауға қасам ішті.
Тəртіпті қайта бастап жасап ішкі,
Енді заң бұзғандардың басын алып.

* * *
Қатал қыс жазды қуды жадыраған,
Мұз басар сықырлатып қазір адам.
Бүрісіп түліктер де қожыраған,

Аяздан жан-жануар тітіркеніп.

* * *
Өмірді білмесең – білімің жоғалар,
Талғамды қашан да – бос сөзді доғарар.
* * *

Оғрақтың азаматы батыр келер,
Меймандос жомарттыққа басым келер.
Лақтың қонағына басын берер,
Қымызы сабасында үзілмеген.

* * *
Аттың түйіп құйрығын,
Тəңірдің күтіп бұйрығын.
Алуға өмір сыйлығын,

Із тастап кейін шегіндік.
* * *
Жіберіп аттың тізгінін,
Уақыт еді күзді күн.

Құртуға жауыз құзғынын,
Жеттік ұшып ұйғырға.
* * *
Түсіріп еске бар жайды,

Бектер зарлап сарнайды.
Қайғыдан жүзі сарғайды,
Афрасияптың қазасына.
* * *

Соғыс болмайды айласыз,
Онда жалбару пайдасыз.
* * *
Басында бітімге келмедің,

Қоқаңдап қарумен ерледің.
Ал енді, бағынсаң тездегін,
Болмаса, басыңды жер жұтар.
* * *

Сараңдар өмірге кең қарамайды,
Сол үшін ішкен асы тарамайды.
Дəм бітсе, ол бір тиынға жарамайды,
Алтынды өз бойындай жинаса да.

* * *
Мейіріне жардың тұнық қашан көңілім қанады,
Алауына махаббаттың ойым өрт боп жанады.
* * *

Еңіреген ер еді,
Ойы елге төр еді.
Адамның асыл зерегі,
Ажал оны əкетті.

* * *
Өртті талай өшірген,
Басынан көп іс кешірген.
Шешендік сөзге көсілген,

Қайран ер ерте көз жұмды.
* * *
Қанатын қақса қалың құс, үйрек көлде жылжиды,
Аздығын оқтың білгендей, қасқалдақ суға сүңгиді.

* * *
Қыс, сенде бүрсеңдейді жан-жануар,
Жаз – менде бар сұлулық мəн бағы бар.
Бұлбұлдар сайрағанда гүл бақшада,

Адамға туады ойдан таңданулар.
* * *
Ямар суын ішелік,
Тұнығына түселік.

Алып одан күшейіп,
Дұшпанды біз қуалық.
* * *
Жауды жаппай қоршалық,

Жолына да мор салып.
Неден енді қорқалық,
Əлсіреді қалың жау.

* * *
Дүние қызынды,
Адам азып, бұзылды.
* * *

Өсек сөзбен бір əйел атпақшы боп сыртымнан,
Байсыз қалды ақыры тыныш жүрмей құтырған.
* * *
Қасқырды атым менің тарпып жықты,

Серпіні жануардың артып мықты.
Даусым да сонда менің шалқып шықты,
Көңілімнің құдыреті артып тіпті.
* * *

Күлгенде сен де ашық көңіл сыйла,
Көретін қызығынан оны тыйма.
* * *
Кем санасаң жауыңды,

Болар күнің дауылды.
* * *
Көзің түсіп басқаға,
Мені алып тастама.

Жанарымды жасқама,
Көз жасымды көлдетіп.
* * *
Ел ісіне келгенде ерекше ол ер еді,

Адам үшін асылды жер бетінен тереді.
Қыста келген қонаққа асын дəйім береді,
Жұртын тастап азамат оралмасқа кетіпті.
* * *

Жақсылыққа жайсаң жан,
Ізгілікке ой салған,
Жауды талай қайтарған,
Ажал оны əкетті.

* * *
Жадырап жаз шыққаны ол анық-ты,
Жер беті мəуе баққа ораныпты,
Жүретін жануарға жол анық-ты,

Өрісте қалың сиыр ойнақтайды.
* * *
Жауға қатты ашындым,
Қаруымды асындым,

Əдісімді асырдым,
Дұшпан содан шегінді.
* * *
Пайдаланып орайын құлынымды ұрлады,

Нəпсіге еріп қомағай қойымды алып, жырғады,
Өз сертінде өзгермей, туралықпен тұрмады,
Шартын бұзды бірліктің, кетсін енді бетімен.
* * *

Жаз бен қыс бір-бірімен айтысты кеп,
Өзгеше өнерімен тартысты көп.
Ушығып кетті күрес əр түрлі боп,
Кектеніп аралары алыстады.

* * *
Туысын түгел шақырды,
Қаруларын асынды.
Ашуланып ақыры,

Өш алмақшы жиналып.
* * *
Өзі еді орай құда болам деген,
Сұраған ризалықты оған менен.

Ашуым қатты келді оған деген,
Тұрымтай құлымды алып қашып кетті.
* * *
Күй бола ма қолға түскен адамда,

Істің бəрі айналды енді жаманға,
Ат, адамы тізімделді табанда,
Оның сөзін бұдан былай кім тыңдар.

* * *
Ақ жауыннан гүл қауызы ашылды,
Жаз нұрынан жерге моншақ шашылды.
Жасыл орман жамылыпты асылды,

Хош иістен жадырайды жанымыз.
* * *
Тоқтады енді от жүрегі қызулы,
Демі бітіп, оның үні үзілді.

Аты дағы бар тізімнен сызылды,
Тірлігінің іргетасы бұзылды,
Татар дəмі жер бетінен таусылып.
* * *

Ат өнерін жүрісімен асырған,
Шабысына əркім дағы бас ұрған.
Тұяғынан қазғанда от шашылған,
Құмар болдым жүйрік атқа жасымнан.

* * *
Аттан түсіп, жүгіріп,
Таса жерге бұғынып,
Барар жолды ұғынып,

Жауды қоршап алалық.
* * *
Білімдінің қасына бар күнде, балам, ерінбей,
Төмен тұрып үйрен толық, тəкəппар боп көрінбей.

* * *
Махаббаттың мейіріне нəзік жаның иеді,
Оның ыстық теңізіне бойың балқып күйеді.
Білім деген мəуелі ағаш өз жемісін береді.

* * *
Шүкіршілік жазғанымда шешек атып өнеді.
Өмірімде тоқталуға жақындасып келеді,
Еңбегімді елім алсын, маған сол ғой керегі.

* * *
Төрт түлік пен алтын, күміс байлығыңа сүйенбе,
Білімсіз ол бос дүние жарамайды сүйеуге.
* * *

Жасырын ол махаббаттан айырылғанда, əшкере,
Көзін тіпті жұмса дағы, тұрады оған жас келе.
* * *
Атымды сұрап алып арықтатты,

Жем-шөпке жануарды жарытпапты.
Тəңірдің талқысынан қорықпапты,
Оңбаған ырысымды алыстатты.
* * *

Махаббаттың күйігінен есі мынау ауысқан,
Жапырақтай сарғаюмен жүрер жолын тауысқан.
* * *
Жолда жалғыз жатыпты,

Ұйқыға да батыпты,
Қызметшімді сатыпты,
Аулақ кетсін оңбаған.
* * *

Хан ием өзі келсе,
Жолыма жəрдем берсе,
Майданды көзі көрсе,
Əскерім күшейеді.

* * *
Басқа ол тайпаларды тұншықтырды,
Ығыр қып ел арасын тұншықтырды.
Ішіне қырсық алар қырсық кірді,

Төлем үшін құл болып сатылады.
* * *
Лайсаң жүрер жолды ауырлатты,
Ызғырық бөгіп бірге жауындатты.

Күшейіп күн күркіреп дауылдатты,
Аспанды қара бұлт торлап алды.
* * *
Көз-жасым азап-сордан тоқтамайды,

Ойымды серпілдірмей от қамайды.
* * *
Жүре-жүре табаным да ойылды,
Жылай-жылай көзде жасым қойылды.

* * *
Бекті бек көп азғырады,
Мадақтап көп озбырды.
Енді осылар аздырды,

Одан қалай құтылар.
* * *
Атымен Тəңірімнің білім жидым,
Өмірдің көңіліме сырын түйдім.

Гүліме таудың таза суын құйдым,
Мəртебем сонан менің биіктетті.
* * *
Халық дəйім сұғанақты жек көрген,

Талай істі басынан көп өткерген.
Ұлым, өзің дұрыс өткін өткелден,
Кішіпейіл жаннан тарар жақсы үлгі.
* * *

Сараңдық қып астықты,
Үй-ішіне бермедің.
Тышқан тасып, ас қыпты,
Қызығын да көрмедің.

* * *
Амалы жетік ақылды,
Жаны адамға жақын-ды.
Жауға қарсы атылды,

Оған ешкім тең келмес.
* * *
Сарқырап сай-саладан ағады су,
Бөлеген ақ моншаққа жағаны бу.

Жамылған жасыл жапырақ бағалы ну,
Қанатын көк жүзінде қағады қу.
* * *
Шешек атып алуан гүлдер жарасқан,

Көк теңіздей көрінеді жер, аспан.
Қырқаларды қызыға жан қарасқан.
* * *
Құстар ұшып келеді,

Жерден дəнін тереді.
* * *
Таудың ішін мекен етіп жатады,
Қой, қозысын ұйғырларға сатады.

* * *
Əмірімен Тəңірімнің кең əлем бұл байланған,
Оның бəрі жұлдыз-аспан, күндіз-түн боп байланған.
* * *

Бастады жау жорықты,
Сырттай талай торыпты.
Бізді көріп, қорықты
Істеріне өкініп.

* * *
Қонақ келсе өзін күт, ашықтырма атын да,
Ойнақтасын жануар ертесінде тақымда.
* * *

Оқтан қолым жаралы,
Ол ауыртып барады.
* * *
Адамды заман күйі əлсіретті,

Əйтеуір қолда барын талшық етті.

Айлалы аса пысық болса да епті,
Ажалдан ешкім қашып құтылмайды.
* * *
Ит жүгіртіп, құс салып,

Аңшылықтан сыр танып,
Ақша қарда түлкі алып,
Сейілдеп бір қайталық.
* * *

Қылыш тарт оңды-солды дұшпаныңа,
Аямай түсір оны қыспағыңа.
* * *
Көктемде құстар сайрайды,

Жарасып жердің қаймағы.
Құрт, құмырсқа ойнайды,
Ініне шығып, еркіндеп.
* * *

Жолдасыңды жамандап, артық пайда көздеме,
Туғаныңды жоғалтып, қырғауылды іздеме.
* * *
Мың кісің де құрбан болар өзіне,

Жанын қияр оның нұрлы көзіне.
* * *
Көл боп жасым төгілді,
Оған құстар шомылды.

* * *
Жақынын жамандап, дүние жияды,
Əйтеуір, амалдап туысын қуады.
* * *

Іс бастасаң асықпа, толғансаң ой өседі,
Асыға тартқан шақпағың тұтанып, тез өшеді.
* * *
Жеріме жетсем деген жете алмадым,

Өйткені ғашығыма алаңдадым.
* * *
Сымбатты өзі,
Сиқырлы көзі,

Əдепті сөзі,
Алды менің еркімді.
* * *
Бұлтпен бүркелді аспанның жолағы,

Тауларды жапты ол əппақ қар қонағы.
Жел шықса сүрі қар сай-сайға толады,
Сел болып ол енді сырқырап ағады.
* * *

Бүтіндей заман өзгерді,
Құтыртып жаман ездерді.
Адамдар өтірік сөзге ерді,
Парасатты бек кеткен соң.

* * *
Еңкейгенге – еңкейгін басың жерге жеткенше,
Шалқайғанға – шалқайғын төбең көкке жеткенше.
Жамандықтан аулақ бол жаның сонша күйгенше,

Жақсы сөзден жылылық мəртебеңді өсірер.
* * *
Қу адам əдетінен жаңылмайды,
Данышпан орынды ойды қабылдайды.

* * *
Байлықты да асқынбаған ұстайды,
Дəулетімен басқаларды қыспайды.
* * *

Ниетінен қайтыпты ол дұшпандар,
Келген елшісін де қыспаңдар.

Ел мұратын қобалжымай ұстаңдар, –
Деп сарбаздар бір-ақ жерге жиналды.
* * *
Басқаларға жүк көтертіп озбырлықпен үдеме,

Асыңды елге сарқып беріп, өзің қатып, жүдеме.
* * *
Жолдас болып танысты,
Алым-берім алысты.

Бір қуменен табысты,
Ұрлап алып ақшамды.
* * *
Айтып едім жолама деп Құлбаққа,

Суайт қой ол судай аққан қу жақта.
Сондағы кетіп қапты біз жоқта,
Басқа елден алып келген құлыммен.
* * *

Ол маған басын иіп сəлем етті,
Құрғатып көз жасымды құрмет етті,
Опалы еміне де көзім жетті,
Бірақ та жолаушыдай кетіп қалды.

* * *
Мақсатыма жетемін,
Ғылыммен еңбек етемін,
Өткелден сан өтемін,

Байлығымды сарып қып.
* * *
Қошқар, теке бөлінді,
Балалар да көңілді,

Тасып сүт те төгілді,
Қой, ешкілер сауылып.
* * *
Тегінде оқ себепсіз атылмайды,

Ол бірақ тау-даланы зақымдайды.
* * *
Əнші, күйші жиналды,
Бөлеп сазға бұл маңды.

Өнерлілер сыйланды,
Сайрандайық шалқып бір.
* * *
Көл толқыса – өзгеше тамға суы енеді,

Ақылдымен кезіксе – бұл сөзіме сенеді.
* * *
Дауыл шықты дамылсыз,
Жер-суыңды жалынсыз,

Аяз қатты үскірік,
Жіберді елді тысқырып.
* * *
Шайтан сені адастырды бал беріп,

Кетті сонан маңдайыңнан жан жеріп.
* * *
Жеткіз менің сөзімді білімді адамдарға,
Ұрпақ өссе, естілер өмірге алаңдар ма.

* * *
Күніне жаздың жайлы сеніп қалма,
Абайсыз жаман іске еніп, талма.
Бастайды ізгі ниет ерікті алға,

Сөйлеуге жақсы сөзді əдеттенгін.
* * *
Дəні бөртіп шүйгін қонақ піспеді,
Сүт сүзілді, қазан оттан түспеді.

Мені жібер майданға,
Ерлігімді көрсетем,
Өз сертімнен таймауға,
Бір сəйгүлік болса екен.

* * *
Қыс, сенен бар тіршілік жиренеді,
Түгелдей бүріскек бір түске енеді.
Кеңдікті жəндік жаздан үйренеді.

Бұлбұл құс бақшаларда еркін сайрап.

* * *
Қызыл ту көтерілді,
Шығарып нөсер үнді,
Оғрақтар есе білді,

Айналып соған кешіктік.
* * *
Достасып қара көңіл қашықтырды,
Жан екен жаны жаман жабық сырлы,

Ісі оның опасыздық налыттырды,
Жерімді басқаларға беріп қойып.
* * *
Жарық жұлдыз шыққанда,

Құс бар кейбір сайрайтын.
Оның үні ұққанға,
Жігеріңді қайрайтын.
* * *

Ақ қарды шаңға орап əскер келді,
Сардары жеңіс үшін бастар қолды.
Біледі дұшпанын да жасқар жерді,
Жеңілген Əліпая жасырынды.

* * *
Ауыр күн де кетеді,
Оған сабыр, шыдам қыл.
Бəрі бастан өтеді

Тұрмай ол жылан жыл.
* * *
Кеме ішінде тербеліп,
Ілеге қайық салғанбыз.

Ұйғырға өтіп, ерленіп,
Мыңлық елін алғанбыз.
* * *
Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды,

Оны ешқашан күшпенен толтыруға болмайды.
* * *
Қордайдың аққу, қазы қаңқылдайды,
Төске алып тау самалын, салқындайды.

Сен неге сəл нəрсеге қырындадың,
Артыңа аз да болса бұрылмадың.
Көңіліңді бізге деген ырымдадың,
Қалдың ғой енді, міне, елеусіз боп.

* * *
Қараңғы түн тез атса деп тіледім,
Ұйқымды ой ашса екен деп тіледім.
Жеті қарақшы ол жұлдызын көп санаумен,

Жеңілденді менің күпті көңілім.
* * *
Алтын, күміс болса қолда əркім мекен салады,
Көңілі оның орныққан соң құдайды еске алады.

* * *
Махаббаттың дерті мені қинады,
Күндіз-түні жүрегімде тулады.
Толғанудан жаным да бір тынбады,

Көшіп кеткен жұртын көріп жарымның.
* * *
Жауың барда қанжарыңды қайрап жүр,
Қастық етсе, не істеуді ойлап жүр.

* * *
Аяздан жердің беті тынығып бір,
Айығар адамдар да ұғынып сыр.
«Сай-сайда қасат қарым тығылып тұр»,

Деп жазға қыс ақтарды өз болмысын.
* * *
Заманның күні-түні жолаушыдай өтеді,
Кімді келіп басса егер, оны əлсіз етеді.

* * *
Жарым мені көре сала емдеген,
Сусынымды қандырып еді шөлдеген.

Енді соның күйігінен əлсіреп,
Қайғы уы өзегімнен өрлеген.
* * *
Білімдіден ақылдылар қорланды,

Парасатты ой паршаланды зор мəнді.
Адамдарды бір-біріне қажатып,
Естілерді есер заман торға алды.
* * *

Сүйген жарым кетіп еді сапарға,
Көңілім менің оған берік байланған,
Онсыз жерде жүре алмадым қатарда,
Қайғысынан басым зеңіп, айналған.

* * *
Күйзелді түн қала халқы бірден,
Таңғұттың қолы мұнда жалпы кірген.
Ересен елін шауып, ойран етіп,

Тең болды бұл шаһардың қалпы күлмен.
* * *
Тоңғыттың ханын халық қарғыстады,
Төнсе де бастарына жан қыспағы.

Ол ханнан туыстары түгел безіп,
Əмірі онан кейін алға ұшпады.
* * *
Шыбын жанын қорғауға мекен-жайын сатпақшы,

Төлем беріп, ісіне дəмін жерден татпақшы.
«Зорлық түбі – қорлық» қой – қашаннан бұл айтылған,
Ол шындықты енді ұқты, тірі деген ат жақсы.
* * *

Есінен дұшпан ауысты,
Басар жолын тауысты.
Ажалменен қауышты,
Сөзге ауызы келместен.

* * *
Бұзырачтың құнын даулап баралық,
Ердің кегін ерлікпенен алалық.
Жан-жағынан жауды қоршап, қамалық,

Ал, жігіттер, тез жиналып, атқа қон.
* * *
Уəде бер, қаракөз,
Естіртші бір жақсы сөз.

Қасіретіңе болдым кез,
Жан күйімді түсінші.
* * *
Барыңды шашуға сен асықпағын,

Мақтанып, ойыңды онша тасытпағын.
Жаныңа қайғы деген қас болады.
Көңіліңді шығынды ойлап, жасытпағын.
* * *

Жаз, сенде жылан-шаян еркін дейді,
Шағуға адам, малды еркімдейді.
Сан мыңдаған улы жəндік желпілдейді, –
Деп қыс та бар шындықты баян етті.

* * *
Саған деген қалың малды, аяулым,
Дей алмаймын табу үшін аяндым.
Шаршап жүріп, өзіңді ойлап ояндым,

Əкем алып барады оны, қабыл ал.
* * *
Қайғым менен шаттығымды дауалайтын емім бар.
Мекенімді жəннəт дейтін менің жақын елім бар.

* * *
Тəңір жолын берген артық ойлана,
Шек келтіріп, оныменен ойнама.
* * *

Адамдар мəңгілікке туылмаған,
Күн, жұлдыз аспанда ол суынбаған.
* * *
Дүниеге құнықсаң сені орға жығады,

Данышпандар шыныққан оның мəнін ұғады.

* * *
Меніменен кеңесті,
Кездесетін дөңесті.
Дұшпанымен егесті,

Батырларын жинап ол.
* * *
Қайнасып қара бұлт қалың шықты,
Нөсерден сел ағызды тасып тіпті.

Қалың ел түнде ұйықтамай қорқып шықты,
Нажағай, күн күркіреп жарқылдады.
* * *
Шиебөрі секілденіп,

Дұшпан бегін ұстады.
Шашын жұлып, зеку беріп,
Оны əбден қыстады.
* * *

Қан майданға қасқайып кір, жігітім,
Елдің ақта саған артқан үмітін.
* * *
Туласын аса, долығы шықсын іштегі,

Шыланып терге, ерттеулі тоқым ішпегі.
Арыны біраз басылған осы көздегі,
Жөнге оны көндіруге күштеді.
* * *

Ұлым, саған əдепті мирас етіп қалдырамын,
Жағалағын жайқалған білімдінің бал құрағын.
* * *
Қарт адамға көрсетпегін ірге күш,

Ауырлыққа халықпенен бірге түс.
Құдайға шүкіршілік, бəйіт-жырлар тамам болды.

ÎFÛÇ-ÍÀÌÀ

Болсыншы деді олар, оның сиқы
осылай*. Енді мұнан соң сүйініш
тапты. Тағы күндерде бір күн Ай қаған-
ның көзі жарқ етіп [ашылып], ер бала туды.

Осы ұлдың өңі – шырайлы көк еді,
ауызы оттай қызыл еді, көздері қызғылт, шаштары,
қастары қара еді. Нұрлы періштелерден
көріктірек еді. Осы ұл анасының

көкірегінен уызын татып көріп, одан
кейін ембеді; шикі ет, ас, шарап
сұрады. Тілге келе бастады. Қырық күннен соң
өсті, жүрді, ойнады. Аяғы өгіздің аяғындай, белі

бөрінің беліндей, жауырыны бұлғынның жауырынын-
дай, кеудесі аюдың кеудесіндей еді. Тұла бойын тү-
гел қалың түк басқан еді. Жылқы бағып, атқа
мініп, аң аулап жүруші еді. Күндерден күндер,

түндерден түндер өтіп жігіт болды. Бұ
шақта бұ жерде бір үлкен орман бар еді.
Үлкенді-кішілі өзендері көп еді. Мұнда келген
аңдар көптен-көп еді, мұнда құстар көптен-көп еді.

Осы орман ішінде əйдік бір мүйізтұмсық бар
еді. Жылқыларды жəне адамдарды жер еді. Əйдік
бір жаман аң еді. Ауыр азадан
халықты қайғы басты. Оғыз қаған бір ер жүрек

кісі еді. Бұ мүйіз тұмсықты ауламақ болды. Күндер
де бір күн аңға шықты. Сүңгімен
жақпен, оқпен, қылышпен, қалқанмен
аттанды. Бір бұғы алды. Сол бұғыны тал-

дың шыбығымен ағашқа байлады [да] кетті.
Одан соң таң атты. Таңертеңгі шақ-
та келсе, мүйізтұмсық бұғыны алып [кеткенін]
көрді. Енді бір аюды əкеліп, алтындаған

белбеуімен ағашқа байлады [да] кетті.
Мұнан соң таң атты. Таңертеңгі
шақта келіп, мүйізтұмсық аюды алып [кеткенін]
көрді.

* Түпнұсқада бұқаның суреті берілген.
Енді осы ағаштың түбінде [өзі] тұрды. Мүйізтұм-
сық келіп, басымен Оғыздың қалқанын ұрды. Оғыз
сүңгімен мүйізтұмсықтың басына ұрды, оны

өлтірді. Қылышпен басын кесіп алып кетті. Тағы
келіп көрсе, бір сұңқар мүйізтұмсықтың ішек-қар-
нын жегелі тұр. Жақпен, оқпен
сұңқарды өлтірді, басын кесті. Одан

соң сұңқардың сиқы
осы болар деді. Бұғыны жеді, аюды жеді. Тегі темір
сүңгім [оны]
өлтірді. Мүйізтұмсықты сұң-

қар жеді, [оны менің] жағымның жел сияқты оғы
өлтірді деді [де] кетті. Міне, мүйізтұмсықтың сиқы
осындай*.
Тағы күндерде бір күн

Оғыз қаған бір жерде тəңірге жалбарын-
ды. Қараңғылық түсті. Көктен
бір көк жарық түсті. Күннен аян [жарық],
айдан көгілдірірек

еді. Оғыз қаған оған келіп көрді.
Осы жарықтың арасында бір қыз
бар еді, жалғыз отырар еді. Жақсы
көрікті бір қыз еді. Оның басында от-

тай жарқыраған бір меңі бар еді,
алтын қазықтай еді. Осы қыз сондай
көрікті еді: күлсе, көк
тəңірі күлер еді, жыласа, көк тəңірі

жылар еді. Оғыз қаған
оны көргенде есі қалмады, сүйді, алды. Оны-
мен бірге жатты, тілегенін алды. Төл буаз
болды. Күндерден күндер өтіп, түндерден түндер

өтіп, босанып үш ер бала туды. Біріншісіне
Күн, екіншісі-
* Түпнұсқада мүйізтұмсықтың суреті берілген.

не Ай, үшіншісі-
не Жұлдыз деп ат қойды. Бір күні
Оғыз қаған аңға кетті. Бір
көл ортасында алдынан бір ағаш

көрді. Бұ ағаштың қауашағында
бір қыз бар еді, жалғыз отырар еді.
Жақсы көрікті бір қыз еді. Оның
көзі көктен көгірек еді.

Оның шашы өзеннің ағысындай, оның
тісі інжудей еді. Сондай көрік-
ті еді. Оны көрген жер бетіндегі жұрт айтушы еді:
ай, ай, ах, ах өлерміз – деп, сүттен

қымыз боп кететін. Оғыз қаған
оны көрді де есі шығып, жүрегіне от
түсті, оны сүйді, алды. Онымен бірге жатты, тілеге-
нін алды. Төл буаз болды, күндерден соң,

түндерден соң,
босанып үш ер бала туды. Бірінші-
сіне Көк, екіншісіне
Тау, үшіншісіне

Теңіз деп ат қойды.
Одан соң Оғыз қаған əйдік
той жасады, ел-жұртқа жарлық
шашып, шақырып кеңесті. Қырық сіре [стол],

қырық сəкі шаптырды, түрлі астар, түрлі
шараптар, шұбат, қымыз
ішілді, желінді. Тойдан соң Оғыз
қаған бектерге, ел-жұртқа

жарлық берді: міне, мен сендерге
қаған болдым, жақ пен міне
қалқан алыңдар, біздің таңбамыз
береке болсын, ұранымыз көк бөрі болсын.

Темір сүңгілеріміз орман болсын.
Қорықта құлан жорытсын,
Теңіз бен өзен [шалқысын], күн туымыз болсын, көк
шатырымыз болсын деді. Тағы одан соң

Оғыз қаған төрт тарапқа жарлық
шашты. Жарлық жазылып, елшілерге
беріп жіберілді. Осы жарлықтарда жазыл-
ды: мен ұйғырдың қағаны боламын,

жердің төрт бөлігінің қағаны
болуым керек. Сендерден бас шұлғуды [бас ұрып
бағынуды]
тілеп тұрмын. Кім менің аузыма қарап,

көніп тұрар болса, тарту
тартып, дос тұтармын, – деді, – кім
аузыма қарап тұрмаса, ашу
шақырып, шеру шегіп дұшпан тұтармын.

Тез талқандап [дарға] астырып жоқ қылып
келермін, – деді. Енді бұ шақ-
та оң жақта Алтын қаған
деген бір қаған бар еді. Осы Алтын

қаған Оғыз қағанға елші жұмсап
жіберді. Көптен-көп алтын, күміс тартып, көптен-
көп жақұт сияқты сирек тас, көп асыл жиһаздар
жинап жіберіп, Оғыз қағанға сый-сыяпат

берді, аузына қарады. Жақсы бекпен
достық қылды. Онымен ынтымақта
болды. Сол жағында Ұрұм деген
бір қаған бар еді. Осы қағанның

шеруі [əскері] көптен-көп,
қалалары көптен-көп
еді. Осы Ұрұм қаған Оғыз қаған-
ның жарлығына көнбей, бағынғысы

келмеді. Бұл сөз-
ді қабыл алмаймын деп, жарлыққа
мойынсұнбады. Оғыз қаған қаһар
шашып, оған аттанбақ болды. Шеруімен

аттанып, туларын көтеріп кетті. Қырық
күннен соң Мұзтау деген
таудың етегіне келді. Шатырларын

түсіріп, шоқ боп, ұйып тұрды. Таң ертеңгі шақта Оғыз қағанның шатырына күн сияқты бір жарық түсті. Ол жарықтан көк бурыл, көк жал əйдік бір арлан бөрі шықты. Осы бөрі Оғыз қағанға тіл қатып былай деді: ай, ай, Оғыз, сен енді Ұрұмға аттанып барасың. Ай, ай, Оғыз, мен алдыңда жүріп отырармын, – деді. Тағы одан соң Оғыз қаған шатырын жинатып, жүріп кетті. Шерудің алдында көк бурыл, көк жал əйдік бір арлан бөрінің жүріп отырғанын көрді. Ол бөрінің артынан қадағалап жүріп отырды. Бірнеше күндерден соң көк бурыл, көк жал бұ əйдік арлан бөрі тоқтай қалды. Оғыз да шеруімен бірге тоқтады. Мұнда Итіл өзені деген бір үлкен [өзен] бар еді. Итіл өзенінің жағасында бір қара тау маңында ұрыс басталды. Оқпен, сүңгімен, қылышпен ұрысты. Шерулердің араларында жойқын көп ұрыс болды. Ел-жұрттың көңілінде көптен-көп қайғы орнады. Шайқас, ұрыс сондай жаман болды. Итіл өзенінің суы қып-қызыл сіп-сіңгірдей* болды. Оғыз қаған жеңді. Ұрұм қаған қашты. Оғыз қаған Ұрұм қағанның қағандығын алды, ел- * Киноваль – қызыл түсті минерал, содан жасалатын бояу сияқты д.м. жұртын алды. Ордасына өлідей, тірідей көптен-көп олжа түсірді. Ұрұм қағанның бір қарындасы [інісі] бар еді, Ұрысбек деген. Ол Ұрысбек ұлын тау басында [ғы] Терең өзен ортасында жақсы бекінген қалаға жұмсады. Енді қаланы қорғау керек, – деді. Сен ұрыстан кейін қаланы маған сақтап [қаратып] келгін, – деді. Оғыз қаған осы қалаға аттанды. Ұрысбектің ұлы оған көп алтын, күміс жіберді де: ей, менің қағаным сен. Маған атам [əкем] бұ қаланы берген еді, қаланы қорғау керек. Сен ұрыстан соң қаланы маған сақтап кел, – деді. Атам [əкем] қаһарланса, менде не ерік бар? Жарлық, байлық, білік – бəрін сенен деп білемін. Біздің құтымыз сенің құтың болмақ. Біздің ұрығымыз сенің ағашыңның ұрығы болып тұрар. Тəңірі саған жар беріп, бұйырмысы болып тұрғай. Мен саған басымды, құтымды беремін. Алым-салық беріп [төлеп], достықтан шықпай тұр [амын] – деді. Оғыз қаған жігіттің сөзін жақсы көрді, сүйінді, күлді де айтты: маған көп алтын жұмсапсың, қаланы жақсы сақтапсың, – деді. Соның үшін оған Сақтап деп ат қойды, дос болды. Шерумен бірге Оғыз қаған тағы Итіл деген өзен [ді кешті]. Итіл [деген]

əйдік бір [өзен] бар еді. Оғыз қаған оны
көрді де, енді Итілдің суынан
қалай өтерміз? – деді. Шеруде бір
жақсы бек бар еді. Оның аты Ұлық Орду

бек еді. Үздік ақылды бір ер еді,
[жағадан көптен-көп] талдардың көбін көрді,
ағаштар [бар еді. Осы бек...] осы ағаштарды
................. кесті, ағаштарға

жатып, өтті. Оғыз қаған тағы сүйініп, күлді де
айтты: ай, ай, сен, мұнда бек
бол, Қыпшақ деген бек бол сен, –
деді. Тағы ілгері кетті... Одан соң

Оғыз қаған тағы көк бурыл,
көк жал арлан бөріні көрді. Осы көк
бөрі Оғыз қағанға айтты. Енді
шерумен бірге мұнан аттан, Оғыз.

Ел-жұртты, бектерді аттандырып келтіргей-
сің, мен саған бастап жолды көрсетер-
мін – деді. Таңертеңгі шақта
Оғыз қаған арлан бөрінің

шерудің алдына түсіп жүріп
бара жатқанын көріп, сүйінді, ілгері қозғалды. Оғыз
қаған бір шұбар айғырға мінуші
еді. Осы айғырды бек өте жақсы көруші

еді. Жолда осы айғыр көзден ғайып
болды. Мұнда үлкен бір тау бар
еді. Ұшар басында тоң мен мұз
бар еді. Оның басы суықтан аппақ боп

тұрар еді. Соның үшін оны Мұзтау
дейтін. Оғыз қағанның аты Мұзтаудың
ішіне қашып кетті. Оғыз қаған бұдан
көп уақыт азап шекті. Шеруде

бір əйдік ержүрек бек бар еді.
Анау-мынаудан қорықпайтын
еді. Жорықта, суықта төзімді, епті
ер еді. Осы бек тауға кірді,

аралады. Тоғыз күннен соң Оғыз
қағанға айғырын алып келді. Мұз-
таудағы орасан суықтан бек
қарға ұқсап, аппақ боп кеткен. Оғыз

қаған оған сүйсініп, күліп айтты:
ай, сен мұнда бектерге бастық бол,
сенің мəңгілік атың Қағарлық болсын, –
деді. Көп асыл жиһаздар сыйлады да, ілгері кетті.

Жолда тағы əйдік бір үй көрді. Бұ үйдің
төбесі алтыннан еді, түндіктері
күмістен, есіктері темірден еді.
Жабулы, ашқышы жоқ еді.

Шеруде бір жақсы шебер ер бар еді. Оның
аты Темірду Қағұл деген еді. Оған
сен мұнда қалып, [есікті] аш, – деп жарлық қыл-
ды. Есікті ашқан соң, ордаға кел, – деді.

Содан оған Қалаш деп ат қойды. Ілгері
кетті. Тағы бір күні көк бурыл,
көк жал арлан бөрі тоқтап
тұрды. Оғыз қаған да тұрды, шатырды

түсіріп, орналасты. Тың
бір жазық жер еді. Мұны Жүржіт деп атайтын еді.
Əйдік бір жұрт, халық еді. Жылқылары
көп, өгіздері, бұзаулары көп, алтын, күмістері көп,

асыл жиһаздары көп еді. Мұнда Жүржіт қағаны
мен халқы Оғыз қағанға қарсы
шықты.Ұрыс-соғыс басталды. Оқпен, қылышпен
ұрысты. Оғыз қаған жеңді,

Жүржіт қағанын жеңіп өлтірді, басын
кесті. Жүржіт халқын өз аузына
қаратты. Ұрыстан соң Оғыз қаған-
ның шеруіне, нөкерлеріне, халқы-

на соншама көп жансыз, олжа-мүлік түсті,

жүкті тиеуге, тасуға ат, қашыр, өгіз
аздық етті. Сонда Оғыз қағанның
шеруінде үздік жақсы бір шебер кісі бар еді. Оның
аты Бармақлық Жосын Білік еді. Бұ шебер

бір қаңға [арба] шапты. Қаңға үстіне жансыз ол-
жаны тиеді, қаңғаның алдына тірі олжаны
жегіп, тартып кете барды. Нөкерлер-
дің, халықтың бəрі мұны көріп, тездетіп тағы

қаңға шапты [жасады]. Мұндай қаңға жүргенде
«қаңға, қаңға» деп дыбыстап [шиқылдап] бара
жатушы еді. Соның үшін оларға
«Қаңға» деп ат қойды. Оғыз қаған қаңға-

ларды көріп күлді де айтты: қаңға, қаңғамен
өлі олжаны тірілер алып жүрсін.
Саған Қаңғалық аты беріліп, Қаңға
аты сақталсын, – деп кетті. Одан соң,

тағы бұ [көк] бурыл, көк жал
арлан бөрімен бірге Хинди жəне Таңғұт [Тибет]
жəне Шағам [Шам] жаққа аттанып кетті.
Көп ұрыстан, көп соғыстан соң,

оларды алды, өз жұртына қосты,
жеңді, басты, тағы, тысқары қалмасын,
белгілі болсын [деп] күннің түстігінде
Барака деген бір жер бар еді. Үлкен

бір бай жұрт еді, өте бір ыстық жер
еді. Мұнда аң мен құс көп еді,
алтыны, күмісі, асыл жиһаздары көп еді.
Халықтарының өңі шырайы қап-қара болатын.

Осы жердің қағаны Масар деген бір қаған
еді, Оғыз қаған соған
аттанды. Сондай жаман ұрыс болды. Оғыз
қаған жеңді. Масар қаған қашты. Оғыз

оны талқандап, жұртын алды, кетті. Оның достары
қатты сүйініп, дұшпандары көп
қайғы тапты. Оғыз [қаған] [оны] жеңді,
сансыз байлық пен көп жылқы

алды, жұрты есіне түсіп [еліне] жүріп кетті.
Тағы ұмыт қалмасын,
белгілі болсын [деп] Оғыз қағанның
жанында ақ сақалды, ақ шашты

ақылгөй бір қарт кісі бар еді,
ақылы түзу бір ер еді, түскер
еді. Оның аты Ұлық Түрк еді. Күн-
дерде бір күн [ол] ұйқыда [түсінде] бір алтын

жақ көрді, үш күміс оқ көрді. Осы алтын
жақ күншығыстан күнбатысқа
дейін жайылып тұр екен, тағы үш
күміс оқ түн жаққа қарап

тұр екен. Ұйқыдан тұрып түсте көргенін Оғыз қағанға білдірді.

– Ей, қағаным! – деді. Сенің

жасың ұзақ болғай! [Ей, қаған]ым, сенің
төрелігің [билігің] түзу болғай, [маған көк]
тəңірі түсімде [аян] берді. Айтқаны келсін! Талай
жерді ұрығыңа [ұрпақтарыңа] берсін, –

деді. Оғыз қаған Ұлық Түрк-
тің сөзін жақсы көрді, ақылын
сұрады. Ақылымен жүрді. Содан
соң таңертеңгі шақта ағалы-інілі [балаларын]

шақырып айтты: ей, менің
көңілім аңға шығуды тілеп отыр. Кəріліктен
менің [бұрынғы] ерлігім жоқ. Күн,
Ай, Жұлдыз таң сəріге [шығыс жаққа]

сендер барың. Көк, Тау, Теңіз түн сəріге
[батыс жаққа] сендер барың,–– деді. Одан соң
үшеуі таң сəріге барды, үшеуі түн сəріге барды.
Күн, Ай, Жұлдыз көп аң, көп құс аулаған

соң, жолда бір алтын жақ
тауып алды, атасына [əкесіне] əкеп берді.
[Оғыз қаған сүйініп күлді де оны]
үш бөлді де [айтты]: ей, ағалар [үлкен балаларым],

жақ сендердікі болсын, жақтай оқтарыңды
көкке атыңдар, – деді.
Тағы онан соң Көк, Тау,
Теңіз көп аң, көп құс аулаған

соң, жолда үш күміс оқ
тауып алды, атасына [əкесіне əкеп] берді.
Оғыз қаған сүйініп, күлді, тағы оқ-
ты үшеуіне үлестірді де айтты:

ей, інілер [кіші балаларым], оқ сендердікі болсын.
Жақ оқ атты. Оқтай
болыңдар сендер, – деді. Одан
соң Оғыз қаған үлкен құрылтай

шақырды, нөкерлерін, халықты
шарлап шақырды. Келіп кеңесіп отырды. Оғыз
қаған əйдік орда [да] .............
................................ [оң жақта]

[қырық құлаш ағаш қадатты. Оның]
басына бір алтын [тауық қойды, түбіне]
бір ақ қой байлады. [Со]л
жағына қырық құлаш ағаш қадатты.

Оның басына бір күміс тауық қойды,
түбіне бір қара қойды байлады.
[Оң] жақты Бозоқтар отырды,
Сол жақта Үшоқтар отырды.

Қырық күн, қырық түн ішті, жеді,
сүйініш тапты [тойлады]. Одан соң Оғыз қаған
ұлдарына жұртын үлестіріп берді.

– Ей, ұлдар[ым], мен көпті көрдім, көп ұрысты

бастан өткіздім,
жақпен көп оқ аттым, айғыр мініп көп
жорыттым, дұшпандарымды жылаттым, достарым-
ды күлдірдім. Көк тəңірге мен өтедім,

сіздерге беремін жұртымды, – деді.

¡ÎСÛÒ ÀÒÀ

ʲÒÀÁÛ

Біссімілла рахман-и-рахим! Расул Ғалайсалам заманына жақын кезде баят руында Қорқыт ата дейтін сəуегей адам болыпты. Тəңірі зердесіне салған соң, оның барлық болжамдары айна-қатесіз болған. Кейінгі замандарда оғыз хандығы қай тайпасына өтіп, олардың қолынан мақшар күніне дейін билікті ешкім ала алмайды. Оғыз тайпасында Қорқыт ата ең күрделі мəселелерді шешкен. Қандай да қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай оғыздар ешбір жұмыс қа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған. Қорқыт атадан мынадай сөз қалған: «Тəңірге сыйынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тəңірісі құрамаса, ешкімнің бірі екеу болмайды. Тəңір пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Онсыз адам жамандық көрмейді, ажал жетіп, өлмейді; өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тіршілігінде талаптанып, таудай қылып мал жияды. Бірақ соның ішінен ол өзіне бұйырған үлесін ғана жейді. Өзен-сулар тарам-тарам болып тасып ақса да, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тəкаппар адамды тəңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тəңірі бақ бермейді. Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды, ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді. Бəлкім, ол тəрбиелеген адамға көрдім-білдім деген сөзді де айтпас. Күлді қаншама үйгенмен – төбе болмас. Қара есектің басына жүген таққанмен – тұлпар болмас. Күңге сарыпай шапан жапқанмен – бəйбіше болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен – жазға бармас. Гүлденіп өскен бəйшешек – күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас. Ат қиналмай жол шалмас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дəм беруге жарамас. Ананың көңілі балада болар. Жақсы ана үшін бала – екі көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе, от басының мерейі, бас-көзі. Атадан қалған малы болмаса, баланың күні қараң. Ақылсыз балаға ата дəулетінен қайран жоқ. Уа, хан ием, сізді тəңірім осындай ісінің сəті түспегендерден сақтасын! Қорқыт ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: «Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садақ оғы да қылыштай кесіп түседі. Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық. Мал жемейтін ащы шөптің гүлденіп өспегені жақсы. Адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың əке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспайды. Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп өмір сүрген де аз. Хан ием, сізге сансыз ұзақ ғұмыр тілеймін. Тəңірі сізді жамандықтан сақтап, бақ-дəулетіңіз арта берсін». Қорқыт бұдан басқа не айтқан екен соған келелік, хан ием: «Сайдың шөбін жекен білер, түздің шөбін бөкен білер. Күн мен түннің келгенін бозторғай білер. Ұлдың кімнен туғанын ана білер. Иесінің иісін ат білер. Жүктің ауыр-жеңілін есек білер. Беліне қай жерден арқан түскенін тең білер. Қолына қобыз ұстаған ұзан елден елге, бектен бекке барады. Кімнің батыр, кімнің бақыл екенін сол білер. Қобызын сарнатқан жырауға той-думан керек. Уа, хан ием, мынау жарық дүниеде тəңірім сіз бен бізді адастырып, жарты жолда қалдырмасын». Тыңдап көрелік, хан ием, Қорқыт тағы не айтқан екен: «Аузымды ашсам, тіліме кəлима келеді. Аллаға – шексіз құрмет! Алланың досы, дініміздің иесі Мұхамедке – құрмет! Сол Мұхамедтің оңында тұрып, дұға оқыған Əбубəкірдің аты өлмесін! Құранның соңғы сүресі «Əмманы» оқығандарға – құрмет! Құранның бетін ашып, «Ясин» сүресін оқығандарға – құрмет! Қылышпен дінге жол ашқан Хазірет-Ғалиға – құрмет! Сол Ғалидың балалары, пайғамбардың жиендері Кербала шөлінде Язит қолынан шейіт болған, ағайынды екі мүсін – Хасан мен Хұсайынға – құрмет! Сөзі көктен түскен, ретімен тізіліп, тілімізді кəлимаға келтірген Құранға – құрмет! «Ғұламалардың көзін ашамын» деп құран сөзін жанған от ішінде ретке келтіріп, кітап еткен Аффан ұлы Оспанға – құрмет! Аласа жерге салынған Алланың үйі Меккеге – құрмет! Сауында сапар шегіп, аман-есен еліне жеткен, шындық іздеп, Меккеге тауап еткен дерге – құрмет! Күндердің жақсысы – жұма өлмесін! Жұма күндері хұтба оқыған дарға – құрмет! Сол хұтбаға мүлгіп, құлағын салған мешіт қауымдарына – құрмет! Мұнараға шығып азан оқығандарға – құрмет! Тізелерін бүгіп, намаз оқыған ерлізайыпты жұбайларға – құрмет! Талай жылды басынан кешіріп, шашы аппақ қудай болған қарт-қарияларға – құрмет! Кеудесіндегі ақ сүтін бөбегіне емізіп тойғызған асыл аналарға – құрмет! Солар үшін ақ отау тіккен аға-інілеріне – құрмет! Некелі сағатта куəлік еткендерге, жаңа туған ұлға – құрмет! Бүкіл ғаламды жаратқан, теңдесі жоқ Аллаға – құрмет! Хан ием, көкте тұрған сол Алла бізге рахым етіп, жар болсын! «Əйел төрт түрлі болады», – депті Қорқыт. Оның бірі – ниеті қураған əйел, екіншісі – ынсапсыз əйел, үшіншісі – үйдің құты болған əйел, төртіншісі – кесір əйел. Əйел біткеннің ең жаманы – сол. От басының құты болған əйел даладан бір қонақ келсе, үйінде ері болмаса да, оған сусын беріп, бар дəмін алдына қояды, сыйлап аттандырып салады. Бұлар – Айша мен Фатимадан бата алған əйелдер. Хан ием, мұндай əйелдер мыңдап өссе де көп емес, бəлкім аз. Сіздің ошағыңызға сондай əйел кез болсын. Одан соңғысы – ынсапсыз, қанағатсыз əйел. Ондай əйел таңертең төсегінен тұрып, беті-қолын жумастан тоғыз тоқаштың бəрін аударыстырып, ең тəуірін таңдап жейді, аузын томпайтады, бір шелек айранды басына көтеріп, қарынды қампитады, содан соң маңдайын сабалап, жылана бастайды да: «Қараң қалғыр, осы күйге мен қайдан душар болдым. Бір күн қарным тойып ас ішпедім, жүзіме күлкі келмеді,

аяғыма ілген башпағым болмады, бетімнен перде түспеді. Ерім өліп басқа біреуге тисем, бағым ашылар еді, сол үмітім өшпесін»,– дейді. Хан ием, ондай əйел мың болса да, өсіп-өнбесін, сіздің ошағыңызға кез бола көрмесін. Одан соңғысын салақ əйел дейміз. Ондай əйел төсегінен тұрған соң беті-қолын жуады, шатырдың ол шеті мен бұл шетіне қарайды да, күбіні апыл-ғұпыл пісіп, көрпе-төсегін жинайды. Содан соң «шүу!» – деп ауыл кезіп, түс қайта үйіне оралады. Келсе, үйі ұрланған, қазан-аяғын ит жалаған, бие-бұзау сүйкеніп, қорада байлаулы қалған сиыры мөңірейді. Келе сала əйел көршілеріне барып, шаптыға бастайды: «Ау, қыздарау, Зылихам, Зүбайрам, Рубайдам, бикештерім. Уа, азамат туған жігітжелеңдерім, Айна-Мəлік, Құтлы-Мəлік, қайда едіңдер? Ойбай-ау, үйім құлап қалыпты, түнде қайда жатамыз? Мені ерігіп жүр дедіңдер ме? Зəру жұмыс болған соң кетіп едім ғой. Үйіме неге көз қырын салмадыңдар? «Көрші ақысы – тəңірі ақысы» деген қайда?» – деп безек қағады. Хан ием, ондай əйел мың болса да өсіп-өнбесін, сіздің ошағыңызға кез болмасын. Ең соңғысы – адам тілін алмайтын кесір əйел. Үйге түзден бір ұятты қонақ келіп, ері оған: «Орныңнан тұрып, нан əкел, жейік, қонағың да жесін», – десе, əйелі еріне: «Үйде піскен нан жоқ», – дейді. «Барыңды бер», – десе, əйелі: «Не сандалып отырсың, үйіңнің əлдеқашан қу молаға айналғанын білмеймісің? Үйде ұн жоқ, диірменге кеткен түйе қайтқан жоқ, оның не əкелері де белгісіз. Дастарқанымды жемесе, өзге берерім жоқ», – деп бармағын көрсетеді, еріне сыртын беріп, дастарқанды кісі алдына лақтырып тастайды. Ондай əйелге мың сөз айтсаң, соның бəріне де жауап қатады, бірақ ерінің айтқанын құлаққа ілмейді. Ондай əйелді Нұх пайғамбардың көз жасынан пайда болғандар дейміз. Хан ием, сізді Алла осындай əйелдерден сақтасын, ондай əйел сіздің ошағыңызға кез болмасын». І. ДИРСЕХАНҰЛЫ БҰҚАШЖАН ТУРАЛЫ ЖЫР Ей, хан ием, бір күні Қам-Ғанұлы Баяндүр хан орнынан тұрып, өзінің жігіттеріне Шам жұртынан əкелінген ала шатырларын тіккізіп: «Ала шатырдың төбесі көкке жетсін, оған мың жерден қалы кілемдер төселсін», – деп бұйрық беріпті. Хандардың ханы Баяндүр оғыз елінің бектеріне жылына бір рет той беруші еді, сол тойын бастап, оған ең семіз деген жылқыларды, түйе, қойларды сойғызды. Бір жерлерге ақ үй, бір жерлерге қызыл үй, енді бір жерлерге қараша үй тіккізді. Жұртына уағыз беріп: «Ұлы-қызы бірдей жоқ адамдар болса, олар қараша үйлерге кіргізілсін, астына қара құрым киіз төселіп, жейтін асына қара қойдың еті берілсін, жесе – жесін, жегісі келмесе орнынан тұрып кете берсін. Ұлы барларды ақ үйге, қызы барларды қызыл отауларға кіргізіңдер. Ұлы жоқ, қызы жоқ адамдар тəңірінің қарғысына ұшыраған адамдар. Оларды біз де қарғауымыз керек. Осыны бұлжытпай орындаңдар»,– депті. Оғыз елінің барлық бектері тойға келіп, бас құраған еді. Оғыздардың Дирсе хан атты бегі бар еді. Тəңірі оған не ұл, не қыз бермей, қу бас еткен еді. Таңның салқын самалы соғып, қабасақал, аш бозторғайлар сайрай бастағанда, ұзын мұрт бал арасы ұясынан өргенде, арғымақтар кісінеп дыбыс берген шақта, таң атып, ақ пен қара көзге түскенде, баурайы сұлу иір-иір таулардан күн көзі көрінгенде, оғыздардың ер жігіттері күрес сайысына түсе бастағанда Дирсе хан алаң-елеңнен атына мінді де, қасына қырық жігітін ертіп, Баяндүр хан тойына келді. Баяндүр ханның жігіттері алдынан шығып, оны қараша үйге кіргізді, астына қара киіз төсеп, жейтін асына қара қойдан сойыс берді. «Хан-еке, Баяндүр ханның бұйрығы осылай болды», – десті жігіттер. Сонда Дирсе хан тіл қатып: «Баяндүр ханның мұнысы қалай? Жазығым қайсы? Əлде менің қылышымның жүзін тот басты ма? Болмаса менің берген тойларым қораш болды ма? Менен төмен адамдарды хан ақ, қызыл үйлерге кіргізді. Мені солардан алабөтен қараша үйге кіргізген себебі қайсы?» – деп сұрады. Баяндүр хан жігіттері тұрып: «Хан-еке, Баяндүр ханның бұйрығы солай болды: кімнің ұлы да, қызы да болмаса, ол тəңірінің қарғысына ұшыраған адам, оны біз де қарғауымыз керек деді», – депті. Дирсе хан орнынан тұрды да, жігіттеріне: «Уа, ерлерім, тұрыңдар! Бұл қорлық менің кінəм бе, əйелімнің кінəсі ме?» – деп, тойды тастап кетті. Дирсе хан үйіне келді де, əйеліне дауыстап мұңын шақты. Тыңдаңыз, хан ием, не айтқан екен: «Уа, сүйген жарым, басыма қонған бақ, от-басымның тірегі едің, бойың кипарис ағашындай сұңғақ, тілерсегіңе түскен қолаң қара шашың бар, иілген жақтай имек қара қасың бар, оймақтай аузыңа екі түйір пісте жемісі сыймайды, екі бетің күзгі алмадай албыраған, піскен қауындай балбырағаным,.. менің басыма қандай күн туғанын білдің бе? Баяндүр хан той жасапты. Бір жерге ақ үй, бір жерге қызыл үй, енді бір жерге қараша үй тігіп, жігіттеріне: «Ұлы барларды ақ үйге, қызы барларды қызыл

үйге кіргізіңдер, кімде-кімнің ұлы да, қызы да болмаса, оны қараша үйге кіргізіңдер, астына қара құрым киіз төсеп, жейтін асына қара қойдың етін беріңдер, жесе – жесін, жемесе ауылына қайта берсін. Кімде-кімнің ұлы да, қызы да болмаса, оны тəңірінің өзі қарғағаны болады, біз де қарғалық»,– депті. Ханның жігіттері алдымнан шығып, мені қараша үйге кіргізді. Астыма қара киіз төсеп, алдыма қара қойдың етін қойды да: «Кімде-кімнің ұлы да, қызы да болмаса, ол қарғыс тиген адам, біліңіздер, оны біз де қарғауға тиіспіз», – деді. Тəңірі бізге не үшін ұл бермейді? Бұған кінəлі сен бе əлде мен бе?» – деді. Бұдан ары Дирсе хан ашуға мініп: «Хан қызы! Отырған жеріңде қарулы қолдарымның уысына алып, бетіңді тіліп, кеңірдегіңнен қысып өлтірсем не болар еді? Қайыспас қара болат семсерді қолға алып, басыңды алсам не дерсің? Өмірдің қызығынан мені неге құр еттің? Қызыл қаныңды судай төксем қайтер едің? Уа, хан қызы, осының себебін айт! Айтпасаң жазаңды беремін!» – деді. Осылай депті Дирсе хан əйеліне. Əйелінің не айтқанын тыңдаңыз: «Уа, Дирсе хан, өлтірме мені, ашу – араз, ақыл – дос деген. Көтер басыңды жерден, жайлауға ала шатырыңды тіктір де, жылқыдан айғыр, түйеден үлек, қойдан қошқар сойғызып той қыл, оған ішкі оғыздар мен сыртқы оғыздардың бар жақсысын (бегін) шақырып, ашты тойындыр, жалаңашты киіндір, жүдеп кедейленгендердің қарызын өте. Ет таудай болып үйілген, қымыз көл болып аққан ұлы той болсын. Сол тойда асыл туған бір ер бата берсе, тəңірі бізге де ұл берер», – депті. Дирсе хан əйелінің ақылын алып, үлкен той жасап, ел-жұртына мұңын шақты. Жылқыдан – жалы қарыс айғыр, қойдан – қошқар, түйеден үлек сойғызып, тойға ішкі оғыздар мен сыртқы оғыздарды түгел шақырды. Аштың қарнын тойғызып, жалаңашқа киім берді, қарыз-қауғаға батқан адам болса, соның борышын өтеді. Малын қырып, етті тау қылып үйді, желі тартып, қымызды да көл-көсір етті. Тойға келгендер қолын жайып бата берді. Бата берген сəуегейдің тілегі қабыл болып, бүкіл ғаламның иесі – тəңірі оған перзент берді. Əйелі жүкті болып, бірнеше ай өткен соң ұл туды. Оны күтуші əйелдерге бақтыруға беріп: «Аман-есен өсіріңдер», – деді. Жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ жоқ. Қабырғаң болса жүрерсің, шеміршек болса нығаяр. Бала сөйтіп жүріп он бес жасқа толды. Хан ием, бір күні əкесі баласын алып, Баяндүр хан ордасына барып еді, оның бір сүзеген өгізі, адам жейтін түйесі бар екен. Сол өгіз жүгіріп келіп түйедей тасты сүзер болса, оның күл-талқаны шығып, ұн болушы еді. Көктем айында бір рет, күз айында бір рет сол өгіз бен түйені батырлармен соғыстырып, оны Баяндүр хан өзінің бектерімен қызықтаушы еді. Сұлтан ием, көктем айында Баяндүр хан сарайда тұрған өгізін алдырды. Өгізді темір құрсаумен байлап, оңынан үш адам, солынан үш адам ұстап, алаңға əкелді де, бос қоя берді. Сұлтан ием, осы кезде орда алдындағы алаңда Дирсе ханның ұлы үш баламен топай ойнап жатыр еді. Олар өгізді алаңға жіберіп, балаларға: «Қашыңдар!» – деді. Үш бала қаша жөнелді. Дирсе ханның жас баласы қашпай, алаң ортасында өгізге қарсы қарап тұрып қалды. Өгіз баланы сүзбек болып жүгірді. Бала жақындап келген өгізді жұдырықпен маңдайдан ұрғанда, ол тəлтіректеп кейін шегінді. Өгіз қайтадан ұмтылғанда, бала қатты жұдырықпен оның маңдайынан тағы да ұрды. Сөйтті де бала өгізді қос қолымен итеріп, алаңның шетіне шығармақ болды. Итеріскенде біресе өгіз, біресе бала басты. Бір кезде бала екі қолымен итеріп, өгізді тоқтатты. Бірін-бірі жеңе алмай, тіресіп біраз тұрды. Сонда балаға ой келді. «Үй дуалын баған ұстайды, ол үйге тірек, өгіздің маңдайына мен несіне тіреуіш боламын?» – деп, қолын өгіз маңдайынан жұлып алды да, оның алдынан жалт берді. Өгіз өз екпінінен аяғында тұра алмай, басын астына беріп, омақа асып құлап түсті. Сол кезде бала қанжарын алып, өгіздің басын кесіп тастады. Мұны көрген оғыз бектері қайран қалып, балаға қошемет көрсетті: «Шақырыңдар мұнда Қорқыт атаны, мына балаға ат қойсын. Баланы əкесіне алып барып айтыңдар, баласына тағын беріп, бек етсін»,– десті. Қорқыт ата келіп, баланы əкесіне алып барып, кеңесті. Тыңдаңыз, хан ием. Қорқыт не айтқан екен. «О, Дирсе хан,– деді Қорқыт, – балаң батыр екен, оған бектігіңді, тағыңды бер, балаң ер болады, мінуіне мойны құлаш арғымақ ат бер, сойысқа қотан-қотан қой бер, ержүрек боп өссін. Келеден бөліп қызыл бұйра аруаналар бер, сол нарларға жүгін артып, көшіп-қонып жүрсін. Балаң ер болып туғандықтан, күн көзінде көлеңке болатын алтын шатыр бер, үстіне жібектен тоқыған шекпен кигіз, батырға сол жарасады. Бұл бала ай тақырда Баяндүр ханның өгізімен алысып, соны өлтірді. Баланың аты Бұқаш болсын. Менің берер атым сол, тəңірі өмірін ұзақ қылсын»,– депті. Қорқыт осылай деді. Дирсе хан баласына өзінің бектігін, тағын беріп, бала əкесінің тағына отырды. Бала əкесінің қырық жігітіне қарамады, олар баланың бағын күндеп, өсек-аяң айтатын болды: «Жүріңдер, жігіттер, бұл қарабет баланы əкесіне жамандалық, сонда ол баласын өлтіреді, басымызға бақ қайта қонады, күніміз жақсарады»,– десті. Қырық жігіттің жиырмасы бір бөлініп, келесі жиырмасы тағы бөлініп, екінші жаққа кетті. Алдыңғы жиырма жігіт Дирсе ханға мынадай хабар жеткізді. «Дирсе хан, күніңнің не болғанын білесің бе? Сенің ұлың арам, тексіз, ісінің сəті түспеген адам болды. Қасына қырық жігітін ертіп, ол ішкі оғыздармен жау болды, олардың сұлу қыздарын олжалап отыр. Ақсақалды қарттардың бетіне шапалақ ұратын болды. Қарт аналардың сүтін жерге сауғызды. Бұл хабар жылдам аққан өзен суынан, биік таулардың басынан асып, Баяндүр ханның құлағына жетсе, не болады? Олар: «Дирсе хан баласы бүліншілік бастады, бұзылды дер еді. Мұны көргенше сенің өлгенің жақсы. Баяндүр хан сені шақырып алып, басыңды алады. Мұндай азғын ұлдың саған не керегі бар? Ондай ұлдың туғанынан тумағаны жақсы еді, өз басыңды сақтаймын десең, балаңды өз қолыңнан өлтір», – десті. Сонда Дирсе хан қаһарына мініп: «Баланы байлап əкеліңдер, өлтіремін», – деді. Дəл осы кезде екінші жаққа кеткен

жиырма жігіт келіп өсек-жала отын одан сайын үрлей түсті: «Уа, Дирсе хан, сенің балаң ұйқыдан тұрған соң сұңқар шүйіп, аң аулайтын болды, сенің жан баспаған биік тауларыңдағы аң мен құсты қырып бітірді. Қайтуда шешесіне келіп шарап ішеді, анасымен ақылдасып, өзіңді құртпаққа жүр. Ұлыңыз арамза болды. Осы сөздің бəрі басын қар басқан биік таулардың басынан асып Баяндүр ханға жетсе, жақсы болмайды. Хан сені шақырып алып, жазалайды. Ондай ұлдан не пайда? Басыңның аманында оны өлтіру керек», – десті. Сонда Дирсе хан: «Барыңдар, баланы əкеліңдер, өз қолымнан өлтіремін, ондай ұлдың маған керегі жоқ», – депті. Сонда нөкерлері: «Балаңды қалай əкелеміз, ол біздің айтқанымызға көне ме? Сөзге малданып келе қоятын бала ол емес. Онан да қасыңызға қырық жігітіңізді ертіп, аңға шығыңыз, балаңыз аңда жүр. Таудың аңдары мен құстарын үркітіңіз, сол жерден балаңызды көресіз, көрген бойда оны атып өлтіріңіз. Осылай етпесеңіз, оны өлтіре алмайсыз, мұны біліңіз», – десті. Жаздың салқын самалы, Таң сəріден соққанда, Қабасақал бозторғай Тамақ іздеп даладан Шырылдап əнге басқанда; Белдеуде тұрған бедеулер Бірімен бірі тілдесіп, Кісінесіп жатқанда; Бал арасы – ұзын мұрт Ызыңдап ұшып ұядан, Өрісіне шыққанда; Ақ пен қара білініп, Таң сазарып атқанда; Қыз-қырқындар оянып, Қыналап бетін боянып, Сыбырласып, күлісіп, Қызыққа əбден батқанда; Биік таулар басынан Күннің көзі көрініп, Сай мен сала керіліп, Сылдырап сулар аққанда; Оғыздардың жастары Күреспекке қамданып, Қыр басына тартқанда; Қырық жігітін қасына ап, Арғымағын қамшылап, Аңға шықты Дирсе хан. Бұлар орман құстарын үркітіп, ұйқысынан оятты. Шошынған құстар дүрілдеп ұша бастады. Сол кезде қара ниет қырық жігіт балаға барып: «Əкең сəлем айтты, балам мен үркіткен құстарды қуып атсын, мен оның атының шабысын, садақ тартқан өнерін көріп, қуанатын болайын», – депті. Бұқаш əлі оң мен солын танымаған гөдек бала еді. Жалған сөздің мəнісіне түсінбеді. Жүйрігін ызғытып, құстарды қыран жапқандай ғып атып, əкесінің алдына қуып тықты. Бала ішінен: «Əкем менің атымның қалай шабатынын көріп қуансын, садақ тартқандағы мергендігімді көріп мақтансын, қылыштасам, оныма да таңдансын», – деп ойлады. Сонда қырық қарақшы өз ісін бітірмек болып: «Уа, Дирсе хан, баланың жапан түзде құстарды қалай қуып, бөріктіретінін көрдің ғой. Құсты атамын деп жүріп, арасында өзіңді де атып құлатса не дейсің? Өзіңе оқ тимей тұрғанда, балаңды атып өлтір», – депті. Сөздері осылай болды. Сол кезде бала құстарды қуып жүріп, əкесінің қасынан шауып өтті. Дирсе хан қолына сұр жебесін алып, аяғын үзеңгіге тіреп тұрып, адырнасын тартып қалды. Садақ оғы балаға жетіп, екі жауырынының ортасына барып қадалды. Етін тесіп өтті де, бала аттан құлап түсті. Қара қан судай ағып, кеудесіне құйылды. Бала астындағы арғымағының тізгініне тап берді де, жерге құлап түсті. Дирсе хан аһ ұрып баласын барып құшпақшы болып еді, қырық қарақшы оған жол бермеген соң, атының басын ауылға бұрып, ордаға қарай шапты. Дирсе ханның əйелі балам мергендік қылып, өзінің алғашқы олжа сын əкеледі деп ойлап, жылқыдан жалы қарыс айғыр, түйе, қой сойғызған еді, той қылып оғыз бектерін шақырмақшы еді. Сол есеппен қасына қырық қыз нөкерін алып, орнынан тұрып, шаңдатып шауып келе жатқан Дирсе ханның алдынан шықты. Əйел кірпіктерін ашып, Дирсе ханға қарады, көздерін оңға-солға бірдей тікті, бірақ баласын көре алмады. Көкірегі қарс айрылып, жүрегі дүрсілдеп ойнап кетті. Қына жаққан көздерінен жас қан болып ақты, дауыс шығарып, Дирсе ханға сөйлей бастады. Тыңдаңыз, хан ием, не айтқан екен: О, Дирсе хан, Дирсе хан, Хан əкемнің күйеуі ең, Ханым – ана тілеуі ең, Атам мен анам қосқан соң, От басының тіреуі ең. Атадан туған таң едің, Мен өзіңе жақ едім, Аман-есен келдің бе? Қара жал қаба айғырға, Таңертеңмен ер салып, Аңға шықтық қамданып, Тауларды кездің таң қалып, Екеуі едің кеткенде, Жалғыз келдің жеткенде. Жалғыз ұлым бар еді, Қараңғы мынау дүниені, Жарық еткен шам еді. Сол балам қайда, көрдің бе? Ақ сүтімді аялап, Одан басқа емген бе? Алдымнан неге шықпайды? Көзім неге шықпайды? Асыл туған ақ денем

Жылан келіп шаққандай Ішім от боп жанады. Жүрегі құрғыр суынып, Мазамды неге алады? Өмірде көрген жалғызым, Тауға біткен жалбызым Көрінбейді көзіме, Құлағың сал сөзіме: Жалғызым жарық көргенде, Қуарып жатқан қу дала Ығысып аққан сел болды, Қымыз деген көл болды, Ет дегенің бел болды, Дəруіштер беріп батасын, Аш-жалаңаш бай болды, Көп зарығып көрген соң, Көңілім менің жай болды. Жалғызым жайын білдің бе? Таудан құлап кетті ме? Ажалы судан жетті ме? Əлде арыстан, жолбарыс Жемтік етіп жепті ме? Гəуірлерге тұтқын боп, Зынданда күні өтті ме? Ханым осыны айтып аһ ұрып, жылай берді. Оған Дирсе хан жауап таба алмады. Сонда қырық қарақшы тұрып: «Балаң аман, тірі, аңда қалды, бүгін болмаса ертең келеді, қорықпа, қайғырма. Бек шарап ішіп мас болып келді, сөйлеуге дəрмені жоқ», – десті. Дирсе ханның əйелі ауылына қарай шауып, қайта оралды, күтіп тұруға тағаты қалмады. Өзінің тұлпарына мінді де, қасына қырық қыз нөкерін алып, баласын іздеп кетті. Басынан қысы-жазы қар мен мұз кетпейтін Кавказ тауларына келіп, бір биік қырға шығып, төмендегі сай-салаларға көз жіберіп еді, бір терең сайға қарға-құзғын үймелеп, ұшып-қонып жатыр екен. Ханым-ана астындағы атына қамшы ұрып, сол сайға шаба жөнелді. О, сұлтаным, бала сол сайда атынан құлап, өлім халінде жатыр екен. Қарғалар баланың қанын көріп, қонбақшы болып жүр екен. Баланың екі күшігі бар еді, олар қарғаларды қондырмай, қуып тастап жүр екен. Талып жатқан балаға боз атқа мінген Қызыр келіп, басын үш рет сипап: «Қорықпа, балам, бұл жарадан өлмейсің. Жараң тау гүлі мен анаңның ақ сүтінен жазылады», – деп ғайып болыпты. Анасы келсе, бала қып-қызыл қанға боялып, сұлап жатыр екен. Мүскін ана дауысын шығарып, жылап сөйлей бастады. Тыңдаңыз, хан ием, не айтқан екен ол: Қасы-көзің қиылып, Жатырмысың, құлыным? Аш көзіңді бір мезгіл, Кеудеңде болса шыбының? Он екі мүшең мұз болып, Тыңды ма аққан бұлағың? Тəтті өмірің үзіліп, Сөнді ме жанған шырағың? Көзіңнен нұрың кетпепті, Тірідейсің сен маған, Тал отындай шытынап, Жанып келді сорлы анаң. Тірлігіңді білдіріп, Жауап берші, жан балам. Құрбандық болдым өзіңнен, Айналайын көзіңнен, Сенсіз маған күн қараң. Ағысыңды тоқтатшы, Кавказдағы қалың су, Гүлденіп өспей, қурап қал, Адыра қалған қалың ну. Маралдар қатып тас болсын, Жүгіріп тауда жарысқан. Баламды кім өлтірген? Жолбарыс яки арыстан? Мұндай халге қалайша? Душар болдың, жан балам? Жолыңа басын құрбан ғып, Қасыңа келді сорлы анаң. Тіл шығаршы тебіреніп, Қуансын анаң аңыраған. Анасының аңыраған сөздері баланың құлағына еміс-еміс естілді. Ол басын көтеріп, көздері оттай жарқырап, тіл қатты. Тыңдаңыз, хан ием, не айтқан екен ол: «Қош келіпсің, кейуана ханым-анам! Ақ төсіңнен ақ сүтіңді еміп едім, қарттық жеңген, асыл туған, жан анам! Таудың аққан өзендерін қарғап əуре болма. Кавказ өзендерінде тұрған кінə жоқ. Жайнап өскен шөптерге де тілің тимесін. Кавказдың айыбы жоқ. Кавказдың маралдарын да қарғама, Кавказда кінə жоқ. Арыстан мен жолбарыстың да қатысы жоқ. Қарғайтын адамың – қара басқан əкем. Бұл кінə, бұл айып əкемнен», – деді. Бала тағы да тілге келіп: «Асыл анам, қайғырма, бұл жарадан маған өлім жоқ. Боз атқа мінген Қызыр келіп, өз қолымен маңдайымнан үш рет сипап: «Балам, бұл жарадан саған ажал жоқ, тау гүлі мен анаңның сүтінен жазыласың деп кетті», – деді. Бұл сөзді есіткен қырық қыз тауға шығып, жұпар иісті гүлдерді жинады. Анасы емшегін сығып еді, сүті жоқ екен. Екіншілей сыққанда да сүт шықпады. Үшінші қайта зорлап сыққанда, емшегі сүтке толып, парлап қоя берді. Сүтін аяққа сауа берді, сауа берді, сүт пен қан аралас тамды. Сол сүтке тау гүлін ұндап салып, баланың жарасына жақты. Бала жазылып, атқа отырды. Оны анасы ордаға əкеліп, дəрігерге берді де, бұл жайды Дирсе ханнан жасырды. О, хан ием, ат аяғы ақсайды, ұзандар тілі мүдірмес. Қырық күн дегенде баланың жарасы жазылды, əбден сауығып, бұрынғы күйіне келді. Ол тағы да тұлпарына мініп, қару-жарақ асынып, бұрынғыша құс атып, аң аулауға кірісті. Дирсе хан болса, балам өлді деп ойлап, қанненқаперсіз жата берді.

Баланың аман қалғанын баяғы қара ниет қырық жігіт біліп қалып: «Бұдан қалай құтыламыз»,– деп, өзді-өзі күңкілдесті. «Егер Дирсе хан баласының аман қалғанын білсе, біздің түбімізге жетеді»,– деді біреуі. Қалғандары болса: «Дирсе ханды үйінен басып, аяқ-қолын байлалық, мойнына қыл арқан салалық, сөйтіп гəуірлер еліне қашалық»,– десті. Сол келісім бойынша, олар Дирсе ханды ұстап, сүйріктей аппақ қолдарын артына байлап, мойнына қыл арқан салып, қылғындырып, денесінен қан шығарды. Өздері атқа мініп, Дирсе ханды жаяу айдап, гəуірлер еліне бет қойды. Сөйтіп, Дирсе хан өзінің қырық жігітіне тұтқын болды. Оғыз елінің бектері оның тұтқын болғанын білмеді. О, сұлтан ием, бұл жайды Дирсе ханның əйелі біліп қалған еді. Ол баласына барып бар жайды баян етті. Тыңдап көрелік, хан ием, ол не айтқан екен: «О, балам, отбасыңа қара күн туғанын білдің бе? Тау қозғалмай, жер жарылды. Ел ішінде жау жоқ деме, əкеңді солар тұтқындап кетті. Əкеңе талай жыл серік болған қара ниет қырық жігіт əкеңді ұстап, ақ саусақтарын артына қайыра байлап, қыл мойнына қыл арқан салды, өздері атқа мініп, əкеңді жаяу айдап гəуірлер еліне қашты. О, хан сүйекті ұлым! Басыңды көтер де, атқа мін, қасыңа қырық жігітіңді ертіп, əкеңді қырық қарақшы қолынан құтқар, отырма, балам! Əкең сені сорлатқан болса, сен оған болысуың керек», – деді. Бала анасының сөзін екі етпеуші еді. Білегіне берен садағын асынып, арғымақ атын ерттетті де, қырық жігітін қасына алып, əкесінің соңынан кетті. Қырық қарақшы бір жерге барып шарап ішіп отыр еді. Бұқашбек шауып келді. Оның келе жатқанын қырық қарақшы да көріп: «Жүріңдер, жігіттер, мына жігітті де ұстап алалық, сөйтіп екеуін бірдей гəуірлерге өткізелік»,– десті. Осылай келісті олар. Сонда Дирсе хан: «О, қырық жігітім, кешіре көріңдер, бір тəңіріден басқа сенерім жоқ, қол-аяғымды шешіп босатыңдар, қолыма қобыз беріңдер, сол қобызды сарнатсам, жау кейін қайтады. Ол болмаса мені өлтіріңдер, өлтірмейтін болсаңдар кеңшілік істеп, ауылыма жіберіңдер»,– деді. Бұлар оны байлаудан босатып, қолына қобыз берді. Дирсе хан келе жатқан адамның өз баласы екенін білмейді. Алдынан шығып, сөйлей бастады. Тыңдаңыз, хан ием, ол не айтқан екен: «Қаз мойынды бедуин жылқыларды жау айдап кеткен болса, ол менікі. Сол жылқылардың ішінде сенің де арғымағың кеткен болса, айт, жігітім, оны ұрысқағыссыз өзіңе бергізейін, кете бер жөніңе. Қотандағы ақтылы қойды жау алса, о да менікі. Соның ішінде сенің ас-ауқатыңа тиісті қойлар кеткен болса, оны қайтарайын, кете бер жөніңе. Қызыл бұйра нарларымды жау алса, о да менікі. Соның ішінде сенің жүк артатын түйелерің кеткен болса, оны да ұрыс-қағыссыз қайтарайын, кете бергін жөніңе. Алтындаған шатырларды жау алса, о да менікі. О, жігітім, солардың ішінде сен кіретін шатырлар болса, оны да қайтарайын, атыңның басын кейін тарт. Жүздері айдай, көздері жұлдыздай жанған аруларды жау алса, олар да менікі. Соның ішінде сенің қалыңдығың кеткен болса, оны да айт, жігітім, дау-далабасыз қайтарайын, əйтпесе жөніңе кет. О, жігітім, мен үшін келген болсаң, баламды өз қолымнан өлтірген едім, оның кінəсі сенде емес, менде, жігітім, кете бер кейін жөніңе», – деді Дирсе хан. Сонда бала əкесіне тіл қатты. Тыңдаңыз, хан ием, ол не айтқан екен: «Қаз мойынды бедуин жылқыларды жау алса, ол – сенікі. Солардың ішінде менің де алты құлаш арғымағым бар, оны қырық қарақшыға бермеймін. Қатарланған қызыл бұйра нарлар кетсе, ол – сенікі, солардың ішінде менің де жүк артатын түйелерім бар, оны қырық қарақшыға бермеймін. Қотандағы ақтылы қойды жау алса, ол – сенікі, соның ішінде менің де үлесім бар, бере алмаймын оны қырық қарақшыға. Жүздері айдай сұлулар жауға олжа болса, олар да сенікі, соның ішінде менің де қалыңдығым бар, оларды қырық қарақшыға қалай беремін. Алтындаған шатырларың кетсе, соның ішінде менің де ақ шатырым бар, оны қырық қарақшыға неге бермекпін? Сақалы қудай қарт-қарияларды жау алған болса, соның ішінде менің де қарт əкем бар, оны да қырық қарақшы қолында қалдыра алмаймын», – деді бала. Бала бетіндегі пердесін қырық жігітіне беріп: «Жауға тиіңдер!» – деп бұйырды. Қырық жігіт бала маңына шоқтай үйірілді де, аттарын қамшылап, жауға лап қойды. Соғыс қызды. Қырық қарақшының бастарын қылышпен шауып, кейбіреуін тұтқын етіп, бала əкесін азат етіп, еліне қайтты. Дирсе хан сонда ғана баласының ажалдан аман қалғанын білді. Хандардың ханы баласына өзінің бектігін, тағын берді. Бұл жырды менің Қорқыт атам айтып, сөзін құраған еді. Жырдың өзін де, сөзін де сол айтқан. Жырының аяғында ол: «Сол жандар бұл дүниеге келді, ол дүниеге кетті. Өмір дегенің – керуен, бір жерге қонса, ертеңіне көшіп кетеді. Оларды ажал ұрлап, жер астына тықты. Дүние дегеннің баяны жоқ. Басыңа қара түнек ажал келсе, оның қарызын төлейсің. Алла сенің деніңді сау қылып, бақ-дəулетіңді арттыра берсін. Əруағын қозғап, жырға тиек еткен сол ерлерге көктегі Алланың өзі жар болсын. Хан ием, саған айтар тілегім – мынау туып-өскен жеріңдегі Қаратауларың күйремесін. Зəулім болып өскен көлеңкелі дарағыңды ешкім кеспесін. Күркіреп аққан өзендеріңнің суы таусылмасын. Алтын шатырларыңды жау алмасын. Астыңа мінген бурыл атың қанша шапса да, шаршамасын. Қолыңа ұстаған болат қылышың мұқалмасын. Жауға атқан садағың өткір болсын. Ақ шашты анаңның барған жайы жұмақ болсын. Сақалы қудай əкеңнің тұрағы самаладай тау болсын. О, хан ием, Алланың өзі жаққан шырағың өшпесін, Аллатағала сізді қара ниет адамдарға душар ете көрмесін. ІІ. ҚАЗАН-САЛОРДЫҢ АУЫЛЫН ЖАУ ШАПҚАНЫ ТУРАЛЫ ЖЫР Бір күні Ұлашұлы Төлеқұстың баласы, кем-кетіктің панасы, тайпалар мен рулардың арыстаны, қара халықтың жолбарысы, қоңыр

аттың иесі, Ораз ханның əкесі, Баяндүр ханның күйеуі, барлық оғыз елінің бақыты, оғыз батырларының ағасы Қазан-Салор төсегінен тұрып: «Уа, қырық жігітім, қара жерге тоқсан жерден алтын шатыр тігілсін, жібектен тоқылған тоқсан түсті кілем төселсін»,– деп бұйрық беріпті. Сексен жерден көзе, алтын құмыра кеселер мен аяқтар қойғызды. Гəуір елінен тұтқын болып келген тоғыз сұлу беттерін қыналап, төсіндегі қос анарын дірілдетіп, ақ саусақ қолдарымен кеселерге шарап құйып, оны бектерге тартты. Күшті шарап ішкен соң, олар мас болды. Шарап ҚазанСалордың басына тиген еді. Бір кезде ол аяғынан тік тұрып төмендегі сөздерді айтыпты: «О, бектерім, сөзіме құлақ салыңдар, тыңдаңдар тегіс! Жата-жата жан ауырып, жамбас бүгіледі екен. Бір орында ұзақ отырсаң, бойың күйез болады. Қарап жата бергенше, аңға шығалық, құс қуып, марал, киік аталық, қайтып оралып осы шатырларға кіріп, ішіп-желік, сауық құралық»,– депті. Қиян селжүк (Қай) баласы ер жүрек Дондаз батыр тұрып: «Дұрыс айттың, Қазан хан, төсекте көп жатқаннан жамбасымыз жауыр болды»,– депті. Қара Көнеұлы Қара Бодақ болса: «О, арыстан туған Қазан əкем, бұл табылған ақыл», – депті. Бұл сөздерді есіткен соң Аруз қос тізесін бүгіп, аузын ашып: «Грузия шетінде тұрған тау қақпасында діні жаман гəуірлер біздің елді торып отыр, ордаңды кімге тапсырасың?» – депті. Сонда Қазан: «Орда бағуды Ораз ұлыма тапсырамын, қасына 40 жігіт қалдырамын»,– деп, Қазан өзінің қара атын алдырып, ерттеп, мініп алды. Үйірде жүрген, маңдайында төбелі бар жирен атын алдырып, оған Дондаз мінді. Өзінің жүйрік бедуин атын алдырып, оған Қазан бектің інісі Қара Көне мінді. Өзінің шаңқан түсті бедуин атын алдырып, оған Баяндүр ханның жауын талай рет жеңген Шамсаддин-Шер мінді. Байбурд, Пара-Сара қамалдарын алған Байрақ өзінің шұбар атына мінді. Қазанның сəуегейі (молдасы), қоңыр аттың иесі Иекенк өзінің күрең атына мінді. Бəрін санап айтуға уақыт жоқ. Осылай барлық оғыз бектері атқа отырды. Шұбарланған көп əскер Алатауға аттанып, аң ауламақ болды. Бұлардың аңға кеткенін бір тыңшы гəуірлердің жауыз ханы Шөклиге жеткіздіxіі. Діні жаман қара шашты гəуірлер жеті мың əскер алып, арты тілік қара шапан киіп, өздерінің шұбар аттарына мініп, түн ортасында Қазан бек ауылын қоршап алды. Гəуірлер оның алтын жалатқан шатыр ларын қиратып, аққу құстай керілген қыз-қалыңдықтарын зарлатып, олжа қылды, үйір-үйір жылқыларын, қызыл бұйра нарларын алдына салып, қуа жөнелді. Бай қазынасын, мол ақшаларын тонап алды. Сұңғақ бойлы Бөрлі сұлуды қасындағы шыбықтай сұлу қырық қызымен олжалады. Қарттық жеңген кəрі анасын қара нарға таңып, алып кетті. Қазанның жас баласы Ораз бекті 40 жігітімен бірге ұстап, аяқ-қолдарын байлап, мойындарына шылбыр салды. Елік-оғыз баласы Сары Қалмаш Қазан бек ордасы үшін болған соғыста мерт болды. Қазанға мұны ешкім хабарлай алмады. Гəуірлер ортасында мынадай əңгімелер болды: «Біз Қазанның бектерін өлтіріп, желдей жүйрік жылқыларын шауып алдық, қыруар алтыны мен күмістерін талан-таражға ұшыраттық, оның баласы Ораз бекті қырық жігітімен тұтқындадық. Қызыл бұйра аруаналарын қуып алдық. Қазанның əйелін 40 нөкерімен олжа қылдық. Сөйтіп біз Қазанның еңсесін бастық», – десті олар. Гəуірлердің бірі тұрып: «Қазанға келтірмеген бір ғана зиян қалды», – деді. Шөкли хан: «Айтшы, азнауыр (мырза), ол қандай зиян?» – деді. Гəуір тұрып: «Қамал ішінде Қазанның алынбаған он мың қойы қалды, сол қойларды айдап кетсек, Қазанды əбден тұқыртамыз», – деді. Шөкли патша: «Қақпаны алты жүз адам барып бұзсын да, қойларды айдап шықсын!» – деп бұйырды. Алты жүз гəуір атқа мініп, қой қамалған қақпаға (қамал) кетті. Түнде Қара Қойшы жаман түс көрді. Ұйқысынан шошып оянып, екі інісі Қабан Қойшы мен Демір Қойшыны (Темір Қойшыны) шақырып алып, қой қораның қақпасын жаптырды. Үш жерге тау қылып тас үйіп, қолдарына тас ататын алабажақ сапты нар сақпандарын алды. Сол кезде Қара Қойшы тұрған қамалды алты жүз гəуір қоршап алды. Сонда гəуірлердің бірі тұрып: «О, Қойшым, түн баласына ұйқы көрмейсің, қар жаусын, жаңбыр жаусын, сенде тыным жоқ. Сүт пен ірімшігің қанша, Қойшым? Сенің Қазан батырыңның алтын шатырларын біз қираттық. Оның үйірдегі жылқыларын, келедегі қызыл бұйра нарларын қуып алдық. Кəрі анасын, бай қазынасын олжаладық. Оның алтын-күмісін алдық, аққу құстай сыланған қыз-қырқын, қалындықтарын тұтқын еттік, оның үстіне Қазанның баласын қырық жігітімен, əйелін қырық нөкерімен басып алдық. Ендігі сөз өзіңде қалып тұр, тыңда. Біздің қолымызға түскің келмесе алыста тұрмай, жақындай келіп қолыңды қусыр, басыңды біздерге иіп, гəуірлерге қызмет көрсет. Солай етсең, біз сені өлтірмейміз, өзіңді Шөкли патшамызға апарып, еліңе бек қоямыз»,– деді. Сонда Қойшы тұрып: «Ит гəуір, маған бос сөзді айтпа, сендер менің ит аяқтан жуынды ішкен итіммен бірдейсіңдер, ала атқа міндім деп күпие берме. Шашыма ақ кірсе де, сендерден мен қорқа алмаймын, əлдерің маған келмейді, темір қалпақ кидім деп мақтана берме, дулығаң менің бөркімнен төмен. Қолымда алпыс тұтам найзам бар деп мақтанба, нас гəуір, найзаң менің қызыл келтегімнен төмен. Қолымда қылышым бар деп мақтанба, гəуір, қылышың менің қайқы бас таяғымнан төмен. Қорамсамда тоқсан жебем бар деп мақтанба, ол менің тас ататын сақпан құралымнан төмен. Алыс-жақын келіп соғысу өзіңнің еркіңде, біздің жігіттердің соққысын көргің келсе, тиіп көр»,– деді. Гəуірлер аттарына қамшы басып, садақ тарта бастады. Жауды шөптей жапыратын Қара Қойшы сақпанға тас салып, қанды аузынан жауға атты. Атқан бір тасы екі немесе үш адамды бірдей өлтірді, екіншісін атқанда үш немесе төрт адамды өлтірді. Гəуірлердің зəресі ұшты. Сөйтіп, ол тас атқыш нар сақпанымен үш жүз адамды қырды. Екі інісіне садақ оғы тиіп, мерт болды. Қойшының тасы таусылған соң, ол тас орнына қой, ешкілерді салып атты. Қырғыншылық болды. Зəресі ұшқан гəуірлердің көздерін шаң басып, түк көрмеді, дүниені қараңғылық

басқандай болды. Олар сасып: «Мынау қарғыс тиген қойшы біздің бəрімізді қырып тынбаса не қылсын»,– десті. Соны айтып, қамалды ала алмасын білген соң, гəуірлер қашты. Қойшы екі інісінің қаны үшін олардың тағы бірнешеуін таспен атып өлтірді. Гəуірлердің мүрдесін тау қылып үйіп, от қойып өртеді. Үстіндегі шекпенінің етегін жыртып, жарасының аузына таңды. Таудан асатын биік жол үстіне келіп, қамығып жылап отырды. Аузына түскені: «Қазан-Салор! Ауылыңның ойран болғаны сенің құлағыңа не қылып жетпей жатыр?» – дейтін сөздер болды. Хан ием, сол күні түнде бүкіл оғыз елінің бақыты, Баяндүр ханның күйеуі, Ұлашұлы Қазан-Салор ұйықтап жатып жаман түс көрді. Ұйқысынан шошып оянып, көрген түсін айтты: «О, інішегім Қара Көне, хабарыңда болсын, мен бүгін бір жаман түс көрдім. Қолыма ұста ған сұңқарымды біреу қолымнан алып кетті. Түсімде ала шатырларыма көктен жай түсіп, өртеніп жатыр екен. Ордамның үстіне қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсіпті. Менің ауылымды құтырған қасқырлар ойрандап жүр екен. Бір қара үлек келіп шабынып, менің өгізімді құлатты. Түсімде қарға түстес қара шашым тарқатылыпты. Сол шаштарым көзімді басқан екен. Он саусағым білегіме дейін қанға батқан екен. Бұл түсті көргелі мен өз ойым мен сезімдерімді бір жерге жинай алмай отырмын. О, хан інім, менің осы түсімді жорып бер»,– деді. Қара Көне оның түсін жорып: «Қара бұлт дегенің сенің əруағың, жаңбыр мен қар – əскерің. Тарқатылған шашың – уайымың. Қара қан – жамандық белгісі. Өзгесін тəңірінің өзі білмесе, мен жори алмадым»,– депті. Сонда Қазан: «Бұл сөзді аңда жүргендерге айтпа, əскерімнің қатарын бұзба, олар аңдарын аулай берсін. Қара атыма мінермін, ол үш күндік жерді бір күнде алады. Түс болмай ауылыма барармын, ауыл аман болса, кешке осында қайтып оралармын. Ордам аман болмай, жау шапқан болса, онда қамдарыңды өздерің жеңдер, менің жау соңынан қуып кеткенім болады», – деді. Қазан бек қара атқа қамшы басып, жолға түсті. Ауылына келсе, ел жоқ, қаңырап қалған жұртта қарға-құзғын қалықтап ұшып-қонып жүр екен. Қазан елсіз жұртқа қарап сөйлеп тұрды. Хан ием, тыңдалық, не сөйлеген екен: «О, құлазыған жұрт, ел көшсе де сүрлеуіңді құм баса қоймапты. Қонған жайлауым марал, бөкен, киіктерге жақын еді. Сонда əдемі қонысқа тігілген ауылыма жау қайдан келді? Ақ шатырым тігілген жерде оның дөңгеленген орны ғана қалыпты. Қарт анамның өзі жоқ, төсегінің орны бар. Балам Ораздың жамбы атқан жері бар, өзі жоқ. Оғыз бектерінің жылқы айдаған жері бар да, малы жоқ, қазаны жоқ, ошағы қалыпты»,– деді Қазан. Осылардың бəрін ойлағанда қасы қиылған қара көздері қанға толып жылады. Алпыс екі тамырындағы қандары ойнап, тұла бойы кекке толды. Алақандай қара жүрегі қалтырап кетті. Астындағы қара атына қамшы басып, кеткен жаудың ізіне түсті. Біраз жүрген соң, алдынан бір өзен кезікті. Қазан өзенге қарап сөйлей бастады: «Тəңірінің жүзін көрген деуші еді, судан да сұрап көрейінші»,– деп ойлады. О, ханым, судан ол не сұраған екен, соны тыңдап көрелік. Қазан: «Биік таудан құлдырап аққан мөлдір су! Хасан мен Хұсайнды шөлдеткен су! Бау-бақша мен гүлдерге ажар берген мөлдір су! Айша мен Фатиманың мейірін қандырған мөлдір су! Сенен жүйрік тұлпар сусындап, қуат, нəр алады. Қызыл бұйра нарлар сені кешіп өтеді. Жағаңда ақтылы қой жусап жатады. Айтшы маған, менің ордам қайда кетті? Қара басым сенің садағаң болсын, мөлдір су!» – деді. Ол судан жау алған елінің дерегін сұрады. Оған жауап берерлік суда тіл бар ма? Өзен суын кешіп өтсе, алдынан бір қасқыр кездесті. «Қасқырдың жолы болғыш», – деп, ол одан да жау алып кеткен елінің дерегін сұрады. Тыңдаңыз, хан ием, қасқырдан не сұраған екен: «Кеш түсіп, қараңғы басталған соң, сенің күнің туады. Қар мен жаңбыр саған бір есеп, батырсын. Қаба жал айғырларды сен қорқытып кісінетесің, қызыл бұйра нарлар сені көрсе, шошынып боздайды. Ақтылы қойды көрсең, оларды май құйрықтан асап лақтырып ұрасың, етін ырылдап жейсің. Сенің дауысыңды естігенде ең мықты деген иттерің де үнін өшіреді. Түнде қорадан алыстаған қойшы сенен қашады. Менің ордамды шауып əкеткен кім, білесің бе? Шын айтсаң, саған қара басымды берейін, қасқырым», – депті Қазан. Қасқыр оған не хабар берсін. Қасқырдан өте берсе, Қазан алдынан баяғы Қара Қойшының қара иті шығады. Қазан одан да жау шапқан елінің жөнін сұрады. Тыңдап көрелік, не сұраған екен одан: «Күн батып қараңғылық түссе, ауызың үруден босамайды. Ащы айранды құмартып, қыңсылап ішесің. Қораға ұры келсе, оларды қорқытасың. Ұрылар қорыққанынан дыбысын да шығармайды. Білесің бе, біздің ауылды кім шауып кетті? Мен саған əділдік көрсетіп ас берейін, қара ит», – депті Қазан. Ит оған не деп жауап бермекші? Қайта қара аттың аяғынан тістеп, Қазанның өзіне дəп қылды. Қазан итті қамшымен тартып қалып, ол қаша жөнелді. Қашқан ит соңына түсіп, қуа берді. Ит өзінің келген жолымен қайтқан еді. Қазан итті қуа-қуа Қара Қойшыға келді. Қойшысын көрген соң, Қазан одан елінің жайын сұрады. Тыңдалық, хан ием, Қазан одан не сұраған екен: «О, Қойшым, кеш түсіп қараңғылық басталған соң, сенің ауыр ісің басталады. Жаңбыр жаусын, қар жаусын, саған ол түк емес, менің тілімді түсініп, үніме құлақ қой. Бұл жерден менің ақ шатырлы үйлерім, өткен жоқ па? Көрген болсаң айтшы, Қойшы, қара басым жерге кіргенше жақсылығыңды ұытпаспын»,– деді Қазан. Қара Қойшы оған: «Сені мен өлді ме əлде жау қолында кетті ме деп ойлап едім, Қазан. Еліңді жау шапқанда қайда едің, Қазан? Кеше емес, бұрнағы күні жау еліңді осы жолмен алып өтті. Қарт анаңды қара нардың мойнына байлап қойған екен. Əйелің – сұңғақ бойлы Бөрлі сұлуды өзінің қырық нөкерімен жылатып-еңіретіп айдап өтті. Ұлың Оразды өзінің қырық жігітімен тұтқындап, жалаң аяқ, жалаң бас, жаяу айдап кетті. Үйір-үйір жүйрік арғымақтарыңды гəуірлер ұстап, мініп алыпты. Қызыл бұйра нарларыңды айдап кетті. Гəуірлер алтын-күмісіңді, бай қазынаңды тонап алып кетті»,– деді. Бұл сөзді естігенде Қазан қатты

қайғырды. Көзіне ештеңе көрінбей, дүниені қараңғылық қаптағандай болып, естен танды. «О, Қойшым, үнің өшсін сенің, соны айтқан тілің неге кесілмейді сенің? Құдай сені неге алмайды, қарғыс атқан?» – деді оған Қазан. Қазан бектің кейіс сөзін естіген соң, Қара Қойшы сөйлеп кетті: «О, менің əкем Қазан бек! Ашуыңды бас. Тəңіріге сенемісің, жоқ па? Мен алты жүз гəуірмен бір өзім соғыстым ғой. Екі інім жау оғынан өлді. Бір өзім үш жүз гəуірді өлтіріп, дінім үшін соғыстым. Қақпаңды қорғап, бірде-бір не семіз, не арық қозыңды жауға бермедім. Өзіме үш жерден садақ оғы тиді. Басым зеңіп, қара басым қалды ғой»,– деді. Бұдан ары Қойшы: «Маған астыңдағы қара атыңды, қолыңдағы алпыс тұтам найзаңды, ала қалқаныңды бер, қайыспас қара болат қылышыңды бер, қайыңнан істеген сұр жебелі қорамсағыңды бер, гəуірге барып ойран саламын, жауды қырып дегеніме жетемін. Маңдайдан аққан қанымды жеңіммен сүртермін, өлсем – өлдім, өлмесем сенің намысыңды жауға бермеспін. Тəңірі жарылқаса, ел-жұртыңды жаудан құтқарармын»,– деді. Қара Қойшының мына сөзіне Қазанның намысы келді де, жау ізіне түсіп жүре берді. Қойшы Қазанның соңынан қалмады. Артынан ерген Қойшыны көріп, Қазан: «Қойшы ұлым, қайда барасың?» – деп тіл қатты. Қойшы оған: «Қазан əке, сен еліңді жаудан құтқаруға барасың, мен олардан інілерімнің кегін аламын»,– деді. Қойшының мұндай ерлік сөзін естіген соң, Қазан: «Ұлым, Қойшым, қарным аш еді, жейтін нең бар?» – деді. Қойшы: «Жейтін тамақ бар, Қазан əке, өткен түні бір қозыны сойып, етін пісіріп алып едім, аттан түсіп мынау терек түбінде соны жеп алалық»,– деді. Екеуі де аттарынан түсті. Қойшы қоржыннан ет алып, екеуі жеп алды. Қазанға бір ой түсті. «Егер мен Қойшыны жауға бірге алып кетсем, ертеңгі күні барлық оғыз елінің бектері маған күліп: «Жауды Қазан алған жоқ, Қара Қойшы алды», – деп өсек айтқан болар еді деп намыстанды да, қойшыны үлкен ағашқа мықтап байлады. Сөйтіп өзі тағы да жалғыз кетпек болды. Қара Қойшыға айтқаны мынау болды: «Құлағыңды сал, Қойшы. Байлауда жата берсең, қарның ашады, көзің қарайып, аштан не шөлден өлесің. Осы ағашты түбірімен жұлып кетпесең, айдалада қасқырмен ит-құсқа жем боласың», – деді. Қара Қойшы жұлқына-жұлқына қара ағашты түбірімен қопарып арқалап алып, Қазанды қуып жетті. Қазан артына қараса, Қойшы дəу ағашты арқалап келе жатыр екен. Сонда Қазан: «Уа, Қойшым, бұл ағашты қайтесің?» – деп сұрады. Қойшы: «Ей, бейбақ əкем, Қазан-ай. Бұл теректің қасиеті зор. Сенің жауды жеңетінің хақ, сол күндері сенің қарның ашады. Сонда мен осы ағашты отқа жағып, саған тамақ істеп беремін», – деді. Бұл сөзге Қазан риза болды да, атынан түсіп, Қара Қойшының қолдарын байлаудан босатып, маңдайынан сүйді. «Егер тəңірі жар болып, елімді жаудан құтқарсам, мен сені жылқы басына қоярмын»,– деді Қазан. Сөйтіп, екеуі бірлесіп жолға түсті. Бұлар Шөкли патша еліне келіп жетті. Патша гəуірлерге үлкен той беріп, ішіп-жеп, мəз-мəйрам болып жатыр еді. Тойда отырған Шөкли: «Уа, бектерім, Қазанды қорлау үшін оған қандай жамандық істесек жарасады? Бөрлі сұлуды мұнда алып келіңдер, тойға қызмет істеп, кесе тарататын болсын», – деді. Бұл сөзді сұңғақ бойлы Бөрлі сұлу естіп қалды да, жүрегі от болып жанып, жанын қоярға жер таппады. Өзімен бірге тұтқын болып келген қырық қыз нөкеріне барып, ақылдасты: «Егер гəуірлер келіп Қазан батырдың əйелі қайсың деп сұраса, бəрің бірдей «Мен!» деп жауап беріңдер», – деді. Шөкли патшаның жіберген адамы келіп: «Қазан бектің əйелі қайсың боласың?» – деп сұрап еді, қыздардың бəрі бірдей: «Мен!» – деп жауап берді. Гəуірлер Қазанның əйелі кім екенін біле алмады. Олардың айтқаны: «Біреуінен сұрасақ, бəрі бірдей үн қатты, Қазанның əйелі кім екенін тани алмадық», – деген сөз болды. Сонда гəуір тұрып: «Қайта барыңдар да, Қазанның баласы Оразды осында алып келіңдер, өзін шəңгекке іліп қойып, ақ етіне пышақ салып бір-бір жапырақтан кесіп алыңдар. Сол етті отқа кəуəп қылып пісіріп, бектің қырық қызына тартыңдар. Кəуəпті жеген қыздар бөтені де, жемегені анасы болады, сол əйелді алып келіп, кесе тартқызыңдар», – деді. Сұңғақ бойлы Бөрлі сұлу баласына жылап келіп, бұл сөзді жеткізді. Тыңдаңыз, хан ием, не айтқан екен ол: «О, ұлым, балам! Басыңа қара күн туғанын білдің бе сен? Мен гəуірлердің не ойлап жатқанын білдім. О, менің алтын үйімде өскен ұлым, бозторғайым! Қаздай қалқыған сұлу қыздарымның гүлі! Мыңнан бір гүлі ашылмаған ұлым! Тар құрсақта тоғыз ай сақтап, оныншы айда толғатып туған балам! Сені мен алтынмен əдіптеген жөргекте тəрбиелеп, бесікте өсірдім. Гəуірлердің патшасы мынадай бұйрық беріпті: «Қазанның баласы Оразды зынданнан алып келіп, мойнына қыл арқан байлап дарға асыңдар. Екі иығынан шəңгекке іліп қойып, ақ етінен бір-бір жапырақтан кесіп алып, отқа қақтап, қара кəуəп пісіріңдер де, соны бектің қырық нөкер қыздарына беріңдер, соны жегені оған бөтен, жемегені Қазанның əйелі болады. Сол əйелді осында алып келіңдер, бізбен төсекте басын қосып, кесе тартсын», – депті. Ұлым, сенің етіңді мен қалай жермін? Болмаса əкең Қазанның арын аяққа басып, діні жаман гəуірдің төсегіне барамын ба? Қайсысын мақұл көресің, ұлым?» – деді. Ораз жауап қатып: «О, анам, үнің өшсін сенің, осыны айтқан тілің неге кесілмейді сенің, жан анам? Ана қарызы – тəңірі қарызы. Əйтпесе осы сөз үшін жағаңнан алып, қарулы қолыммен тамағыңнан қысып, ақ жүзіңді қара жерге тығар едім, аузымұрныңнан қан құстырар едім. Жанның тəтті екендігін сонда білер едің. Не айтып тұрсың өзің? Тіліңді тарт, əмірші анам, жақындама маған, мен үшін жылама. О, əмірші анам, мені дар шəңгегіне бере бер, етімді қара кəуəп етіп пісіре берсін, сол кəуəпті бектің қырық нөкер қызына жегізе берсін, олар бір жапырағын жесе, сен екі жапырағын же. Сонда гəуірлер сені білмейді. Діні жаман гəуірмен тар төсекте бас қосамын, кесе тартамын деп əуре болма. Əкем Қазанның аруағын аяққа баспа, аяғыңды тарт бұл істен»,– деді. Мұны есіткен ананың екі көзінен қанды жас ақты. Сұңғақ бойлы Бөрлі сұлу жағасын жыртып, сырғаларын лақтырып, талықсып құлады. Қызыл алмадай ақ жүзін тырнап қанат ты, қарға жүндес қара шаштарын бір-бірлеп

жұлды, тіліне: «Ұлым! Ұлым!» – деген сөздер ғана келді. Сонда Ораз: «О, əмірші анам, менің алдымда жылап қайғырма, жанымды жаралама, жүрегімді қинай берме, өткен күндерімді есіме салма. Ойланшы, ана! Кавказ жылқысы бар жерде құлын тумас па? Қызыл бұйра нар бар жер сау болсын, ханым-ана! Əкем аман болсын! Сендер аман болсаңдар, мендей ұл тумас деп ойлайсың ба?» – деді. Баласының сөзін есіткен соң, анасы орнынан тұрып, қырық қыз нөкерінің ортасына кетті. Гəуірлер Ораздың аяқ-қолын байлап, дар түбіне əкелді. Ораз: «О, гəуірлер, тəңіріден басқа сенерім жоқ, қасықтай қанымды қиыңдар. Мынау дар ағашымен тілдесуге пұрсат беріңдер»,– деді. Сөйтіп, ол қу ағашқа қарап, дауыстап сөйлей бастады. Тыңдаңыз, хан ием, ол не айтқан екен: «Атың ағаш десем, шамданба, ағаш! О, Мекке мен Мəдениенің есігі болған – ағаш! Құдаймен тілдескенде Мұсаның асасы болған – ағаш! Үлкен дарияларға көпір болған – ағаш! Қара теңізге қайық болған – ағаш! Ерлердің ері Əлидің дүлдүліне ер болған – ағаш! Зұлпықарға сап болған – ағаш! Хасан мен Хұсайнға бесік болған – ағаш! Ерге де, əйелге де қатер болған – ағаш! Басыңа қара сам, төбең көрінбес – ағаш! Төменге қарасам, тамырың көрінбес – ағаш! Мені саған асар болса, құлап түс, ағаш! Құлап түспесең, мен үшін жазаңды тартасың – ағаш! Сен біздің халқымызға керек едің – ағаш! Үндістаннан алып келген қара құлдарыма бұйрық берсем, ол сені турап, шөпшек қылар – ағаш!» – деді. Бұдан соң бала: «Артымда үйірлі жылқыларым қалды, қаны бір жолдасжорам қалды. Қолға ұстаған сұңқарым қалды. Жүйрік аяқтарымнан, мықты қолдарымнан айырылғалы тұрмын. Бектікке жетпеген аманат басымнан айырылмақпын. Жастық шəрба тынан ішпеген жанымды қия алмаймын», – деді де, еңіреп жылап, жүрегін жеген қайғысын айтты. Дəл осы кезде, сұлтаным, Қазан-Салор мен Қара Қойшы да шауып келіп жеткен еді. Қара Қойшының қанжығасында тас ататын нар сақпаны бар еді. Оның бүйені тау бұқаның терісінен, əдібі үш ешкінің, қайсыбірі серкенің терісінен істелген еді. Сақпаннан атылған тастың салмағы он екі батпан болушы еді. Аспанға атқан тасы жерге тез арада түспеуші еді. Түскен жерін ошақтай етіп ойып, шаңдатып, көкке қайта көтерілетін. Тас түскен жерге үш жылға дейін шөп шықпаушы еді. Сол жерді қой, арық қозылар жайлап қалып семірсе, оларға қасқыр да тимеуші еді. Қара Қойшы тастарын ата бастады. Сұлтаным, бұдан гəуірлердің зəресі ұшып, тал түсте көздері түк көрмеді. Сонда Қазан: «Қара Қойшы, сен тұра тұр, мен Шөклиге барып, кəрі анамды сұрап алайын, ол ат тұяғы астында қалмасын», – деді. Ат аяғы сүрінеді, жырау тілі сүрінбейді. Қазан гəуірге барып, дауыстап сөйлей бастады. Тыңдаңыз, хан ием, ол не айтқан екен: «О, Шөкли патша, сен менің алтын үйлерімді алып кеттің. Ол басыңа көлеңке болсын. Сен менің алтын қазынамды алып кеттің, оны да жарата бер. Сен менің əйелім – Бөрлі сұлуды, оның қырық нөкерін алып кеттің, о да сенің тұтқының болсын. Сен менің балам – Оразды қырық жігітімен алып кеттің, ол да сенің тұтқының болсын. Сен менің үйір-үйір жылқымды алдың. Мініп-түсе бер. Сен менің келе-келе нарларымды алдың. Оған жүгіңді арта бер. Соның бəрінен бұрын маған бататыны, сен менің кəрі анамды алып кеттің. Тіл алсаң, сол анамды қайтар, гəуір, мен күрессіз, соғыссыз еліме қайтайын, осыны ұғын», – деді. Гəуір бұған көнбейді: «О, бейбақ Қазан, тыңдап ал. Біз сенің алтын шатырыңды алсақ, ол біздікі. Сұңғақ бойлы Бөрлі сұлуды, оның сұлу қырық қызымен алған болсақ, о да біздікі. Қасындағы қырық жігітімен балаң Оразды алған болсақ, о да біздікі. Жүйрік жылқыларыңды, қызыл бұйра нарларыңды алсақ, о да біздікі. Бізде кəрі анаң кетсе, о да біздікі. Біз оны саған бере алмаймыз. Кəрі анаңды біз Жайханның баласына береміз, содан ұл туса, оны біз сенің аманатың етеміз». Бұл сөздерге Қара Қойшы қатты шамданып, еріні кезеріп, сөйлей бастады: «О, ақылсыз, дінсіз гəуір, есі енбейтін гəуір, төбесі аспанға жеткен қарлы таулар қартайса, оған шөп шықпайды. Өзендер қанға толса, арнасынан су ақпас. Бие қартайса, құлын бермейді, қызыл бұйра нар қартайса, бота бермейді. О, ессіз гəуір, түсін, Қазанның анасы қартайған, ол бала тумайды. Шөкли патша, онан да қара көз қызың болса, соны Қазанға бер, одан бала туады, соны сен бауырыңа басып аманат етерсің», – деді. Осы кезде оғыз елінің бектері де келіп жеткен еді. Көрелік, хан ием, кімдер келген екен. Жау десе жаны тынбаған, ешкімнен қорқып қыңбаған, Қазан бектің інісі Қара Көне келіп жетті. Оның бесігін анасы тау аңғарына қойып, қара өгіздің терісімен жауып өсірген еді. Қаһары келсе, қара тасты илеген балшықтай етуші еді. Ұзын мұртын желкесіне жеті жерден байлап қоятын. «Қылышыңды қолға алып сермей бер, Қазан аға, мен келдім», – деді ол. Одан соң кім келген екен, оны да көрелік. Қиян Сейілханның баласы ер жүрек Дондаз келді. Ол Дербент сайындағы темір қақпаны теуіп бұзған еді. Алпыс тұтам ала сап найзасының басына ілінген адамды аспанға көтеріп, құлындай шыңғыртқан батыр еді. «Қылышыңды қолға алып сермей бер, Қазан əке, мен келдім», – деді ол. Хан ием, тағы кім келген екен, байқап көрелік. Амид пен Мардин қамалын бұзған Қара Көненің баласы, Қара Бодақ келді. Бұл темір сауыт киген қыпшақ патшасының аузынан қара қанын ағызған батыр. Өзі Қазанның қызын алған күйеуі еді. Ақсақалдар оның ерлігіне таң қалып, мақтайтын. Үстіне қызыл шапан киіп, оны темір шəңгектермен қаптап қоятын, ерінің басына теңіз көлбақасының сүйегінен моншақ тағып қоюшы еді. «Қылышыңды қолға алып сермей бер, Қазан ата, мен келдім», – деді ол. Тағы кімдер келген екен, хан ием, атап көрелік. Баяндүр ханның жауын рұқсатсыз кетіп жеңген Ғафлет оғыз баласы Шамсаддин-Шер де шауып келген еді. Ол сол жолы жаудың алпыс мың адамын бір өзі жеңген. Соның бəрін атының жалына жауған қар ерігенше қырып үлгірген еді. «Қылышыңды қолға алып соғыс баста, Қазан əке, мен келдім, – деді ол. Хан ием, бұдан басқа кімдер келген екен, соны көрелік. Байбурд қаласын шауып, Пара-Сара қамалын

алған, қызыл ала шатыр тігіп үйленгелі жатқан, жеті қыздың үміті Бəмсі-Байрақ өзінің Байшұбар атына мініп, бұл жетті. Ол батырлықтан бүкіл оғыз елінде теңдесі жоқ адам еді. «Қылышыңды қынабыңнан ал да, соғыс баста, Қазан əке, мен келдім», – деді ол. Одан басқа кімдер келген екен, хан ием, санап өтелік. Қазылық оғыз баласы Иекенк келді. Жау десе, ол қара құсқа тиген бүркітше ұмтылатын. Белінде темір белбеуі, құлағында алтын сырғасы болушы еді. Ол соғысқанда бөтен бектер аттарынан баудай түсіп, құлайтын. «Қылышыңды қолға алып соғыс баста, Қазан ата, мен келдім»,– деді ол. Бұдан соң кім келген екен, хан ием, көріңіз. Қазан бектің тағасы Аруз оғыз келді. Аузы жылқы аузындай кең, аяқ-қолы ұзын, бəдені балықтың уылдырығындай бұдыр-бұдыр еді. Алпыс ешкінің терісінен істелген тоны сирағына, алты ешкінің терісінен тігілген бөркі құлағына жетпеуші еді. «О менің бегім, Қазан, қылышыңды қолға алып соғысыңды бастай бер, мен келдім»,– деді ол. Тағы кім келген екен, оны да көрелік. Бегдүр руынан мұртын қызыл қанға бояп жүретін Əмен келді. Ол өз елінен кетіп, пайғамбардың дидарын көрген адам еді. Оғыз еліне келген соң дін жолын тұтынып, молдалық істеген. Ашуы келгенде, мұртынан қан ағып тұратын. «Қылышыңды қолға алып, соғысты қыздыр, Қазан ата, мен келдім»,– деді ол. Келгендер аз емес. Илік оғыз баласы Алып Ерен келді. Ол гəуірлерді соңына итше ертіп жүруші еді. Айғыр көз өзенінен атымен жүзіп өтіп, гəуірлер елінде болған. Елу жеті қамалдың кілтін алған. Ақ патшаның Чешме атты қызына үйленген еді. Соно-Сандал деген патшаны жеңіп, аузынан қанын ағызған, өзі қабаттап қырық шекпен киюші еді, отыз жеті қамалдың бектерін жеңіп, сұлу қыздарын олжалаған. Соның бəрін құшып, бет-еріндерінен сүйген. «Қылышыңды қолға алып сермей бер, Қазан əке, мен келдім», – деді ол. Майданға келіп жеткен оғыз бектерін санай берсек, оның ұштығынан шыға алмас едік. Соның бəрі бас қосты. Бұлар мөлдір суға барып дəрет алып, ақ жүздерін жерге тигізіп екі бас намаз оқыды, Мұхамедке көп сиынды. Содан соң аттарына қамшы басып, гəуірлерге тиісті. Даңғыралар қағылып, алтын тілді кернейлер ұлып кетті. Бұл күнгі соғыста жанын сандыққа салған бірде-бір жігіт болмады, қанды соғыс өте ауыр болды. Қорқақтар жер тесігіне кіріп кете жаздады. Домаланған бастан аяқ алып жүрерлік жер қалмады. Адам басы допша ойнады. Шапқан аттар тұяғынан айрылды. Батырлар жауды ала сапты найзамен түйреп, қайыспас қара болат жұмсады. Найзалар сынып кетілді, үш қырлап соққан жебелер жаңбыр болып жауып, темір тістерінен айырылды. Сыртқы оғыздардың жігіттерін бастаған Дондаз оң қанаттан тиді. Сол қанаттан Қара Көне мен ержүрек батыр Бодақ жігіттері тиді. Ішкі оғыздардың бектерін бастаған Қазан орталықтан тиді, ол Шөкли патшамен айқасып, оны құлындай шыңғыртып аттан құлатты. Есін жиғызбастан, қара басын қақ айырып, шауып тастады. Мойнынан аққан қызыл қан судай шашылды. Майданның оң қанатында соғысып жүрген Қиян Сейілхан ұлы ер Дондаз Қара Тоқан патшамен кездесіп, оң бүйіріне қылыш ұрып, аттан құлатты. Сол жақта соғысып жүрген Қара Көне ұлы Бодақ Бұқашық патшаның басына ауыр шоқпар ұрды. Ол есінен танып, атының жалын құшты да, жерге құлап түсті. Қазан бектің інісі гəуірлердің ағашқа байлап алған туын қылышпен шауып, жерге түсірді. Қыр мен сайда қырылған гəуірлердің өліктері жер тезек болып жатты. Оған қарға-құзғындар үймеледі. Он екі мың гəуір қырғын тапты. Дін үшін оғыздардың бес жүз жігіті шейіт болды. Қазан тек қашқанды қумады, басын игендерге тимеді. Барлық оғыз елінің бектері олжаға кенеліп, оны бөліп, алды. Қазан бектің олжасы – бір ғана өз ордасы, ұлы, бала-шағасы, жауға кеткен қазынасы болды. Соны алып еліне қайтты. Алтын тағына қайта мініп, өзінің ақ шатырларын тікті. Қара Қойшыны жылқы басына қойды. Той жеті күн, жеті түнге созылды. Ұлы Ораздың аман қалғаны үшін ол қырық құл, қырық күңге азаттық берді. Жас-кəрі демей соғыста ерлік көрсеткендерге мол сыйлық, шапан-шапқыт, мата, тарту-таралғы берді. Сол тойда Қорқыт атам да болып жыр толғап, күй шерткен деседі. Бұл жыр сол кісіден қалыпты. Ол талай-талай жыр туғызған. «О, жалған, мен жырлаған, бүкіл дүние біздікі деп күркіреген сол бектерім, ерлерім, қайда кеттің? Оларды ажал ұрлап, жер жұтты. Жалған дүние кімге опа қылған? Жер бетіндегі өмір мəңгі емес. Адам келеді, кетеді, оның түбі қайыр емес», – депті. О, хан ием, сізге де мен жақсы тілек айтқым келеді. Сенің мына қарлы заңғар тауларың күйремесін. Басыңа көлеңке болған биік дарағыңа балта тимесін. Мəңгі гүрілдеп аққан сұлу өзендерің шөлге айналмасын. Құдай сені ниеті қара адамдарға душар қыла көрмесін. Астыңа мінген ақбоз атың шабысынан танбасын. Қолыңа ұстаған қара болатың қаншама сермесең де, жүзі мұқалмасын. Жауға тірейтін өткір найзаңның ұшы қайырылмасын. Ақсақалды əкеңнің барған жері жұмақ болсын. Шашы қудай анаңның жүрген жері кең алқалы тау болсын. Оларды Алла мақшардың күніне дейін таза діннен айырмасын. Ол дүниеде құдайдың дидарын көретін болсын. Соған аумин айтамын. Иманды нұрлы жүзіңді көріп, бес түрлі сөзбен дұға оқыдым. Дұғам қабыл болсын! Құдайдың өзі берген бағың өшпесін, үмітің өлмесін. Соған берік бол. Дін иесі Мұхамед пайғамбардың құрметі үшін құдай күнəларыңды кешірсін, хан ием! ІІІ. БАЙБӨРІ БАЛАСЫ БƏМСІ-БАЙРАҚ ТУРАЛЫ ЖЫР Хан ием! Қам-Ғанұлы Баяндүр бір күні төсегінен тұрып, қара жерге өзінің ақ шатырын тіккізді. «Төбесі көкке жеткен ала шатырлар тігілсін, оған мың жерден кілемдер төселсін», – деп бұйрық берді. Ішкі жəне тысқы оғыздардың барлық бектері Баяндүр хан тойына жиналды.

Баяндүр хан тойына Байбөрі бек те келді. Баяндүр ханның қарсы алдында найзасына сүйеніп, Қара Көне баласы Қара Бодақ, оң жағында Қазанның баласы Ораз, солында Қазылық Оғыз бектің баласы Иекенк тұрған еді. Мұны көргенде Байбөрі бектің көкірегі қарс айрылды. Өкіріп жылап, қолына орамалын алып, көздерін сүртті. Сонда бүкіл оғыз елінің тірегі, Баяндүр ханның күйеуі Қазан-Салор тізерлеп отырып, Байбөрі бекке үңіле қарады да: «О, Байбөрі бек, мұнша неге қайғырасың?» – деп сұрады. «Хан Қазан, қалай жылап, қайғырмаспын? Басына менің тəжімді киер ұл жоқ. Өкшемді басар іні жоқ. Мен құдайдың қарғысына ұшыраған жан болдым. О, бектерім, мен өзімнің тəжім мен тағымның қамын жеп қайғырып отырмын. Күнім жетсе, бір күні өлемін. Өле қалсам, орныма, үйіме кім ие болмақ?» – деді Байбөрі. «Бар тілегің сол ма?» – деді Қазан. Байбөрі оған: «Иə, бар тілегім сол, менің де ұлым болып ол Баяндүр ханның алдында қызмет істеп тұрса, соны көріп мен де қуанышты болар едім, қайғым кетіп, мақтанар едім», – деді. Бұл сөзді есіткенде барлық оғыз елінің бектері қолдарын жайып, жүздерін көкке жая жалбарынып, «Тəңірі саған ұл берсін», – десті. Ол заманда бектердің алғысы да, қарғысы да қате кетпей, дұғасы қабыл болушы еді. Сол кезде перзентсіз Байбіжан орнынан тұрып: «Бектер, маған да бір тілек бата беріңдер, тəңірі маған да бір қыз берсе екен», – деді. Барлық оғыз елі қол жайып, оған да дұға оқыды. «Тəңірі жарылқаса, сен де қызды боларсың», – десті. «О, бектер, егер көк тəңірі маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің баласына бесікте жатқанда қоссам деймін, осыған сіздер куəлік етіңіздер», – деді. Күндерден күн өтіп, тəңірі Байбөріге ұл, Байбіжанға қыз берді. Мұны есіткенде, бүкіл оғыз елі қуанып, той жасады. Байбөрі бек өзінің саудагерлерін шақырып алып, бұйрық берді: «О, саудагерлерім, тəңірі мені жарылқап ұл берді. Балам өскенше Рум еліне барып, соған жақсы қару-жарақ əкеліңдер», – деді. Саудагерлер жол шегіп Стамбулға келді. бағалы бұйымдар, оған жақсы тартулар сатып алды. Олар Байбөрі баласына бір теңіз айғырын (су жылқысын), бір емен садақ, бір күрзі (шоқпар) сатып алды, сөйтіп еліне қайта тартты. Бұл уақытта Байбөрінің баласы бес жасқа толып еді. Одан соң ол онға, он беске толды. Өзі сұлу, жақсы жігіт болып өсті. Ерлігі қара құсқа төнген бүркіт сияқты еді. Ол кезде адам өлтіріп, қан төкпесе, балаға ат қойылмаушы еді. Байбөрінің баласы атына мініп аңға шықты, аңдарды қуа-қуа ол əкесінің отардағы малдарына келді. Жылқышылардың бастығы оның алдынан шықты да, атынан түсіріп алып, қонақасы берді. Бұлар ішіп-жеп отырған кезде баяғы саудагерлер де еліне жетіп, қара сайға келіп түскен еді. Ниеті қара гəуірлер оларды Оник қамалында күтіп тұр еді. Саудагерлер ұйқыда жатқанда, бес жүз гəуір олардың қосына тиіп, дүниелерін тонап алды. Саудагерлердің үлкендері тұтқынға түсіп, кішілері оғыз еліне қарай қашты. Келсе, оғыз жерінің шегіне ала шатырлар тігілген екен, онда хан баласындай бір сұлу жігіт отыр, оңы мен солында қырық жігіт. «Бұл оғыз елінің жақсы жігіті болар, соған барып көмек сұрайық», – десті олар. Саудагерлер оған келіп: «О, жігіт, бек жігіт. Менің сөзіме құлақ сал, арызымды тыңда. Біздің сапар шегіп, оғыз елінен кеткенімізге он алты жыл болыпты. Біздер оғыз бектеріне гəуірлер елінен сирек кездесетін қымбат заттар алып келе жатыр едік. Соңғы қонған жеріміз қара сайдағы Пасаң даласы болған еді. Бізге Оник қамалында жатқан бес жүз гəуір шапқыншылық жасап, менің ағам солардың қолында кетті. Олар біздің алып келе жатқан барлық бұйымдарымызды тонап алды. Өзім қара басымды сақтап, осында келіп жеттім. О, жігіт, көмек көрсетіп, жаудан кегімді алып бер», – деді. Мұны естігенде, жас батырдың шарап ішіп отырған алтын кесесі қолынан түсіп кетті. «Не айтып тұрсың? Сол жерге мені бастап алып жүріңдер, жүйрік атымды ерттеңдер, жарақ-жабдығымды түгелдеңдер, мені сүйетін жігіттер түгел атқа мінсін», – деді. Шешім осылай болды. Саудагерлер алға түсіп, жол бастады. Гəуірлер бір жерге барып, бас құрап, дүние бөлісіп жатыр екен. Солардың үстіне жас батыр, қанды соғыстың арыстаны, ерлердің жолбарысы келіп жетті. Екі ауыз сөзге келместен, ол гəуірлерге қылыш жұмсап, қырғидай тиді. Басын көрсеткендердің бəрінің де қыл мойнынан қылыш ұрып, қыра берді. Дін үшін үлкен ерлік көрсетіп, саудагерлердің тауарларын өздеріне алып берді. Сонда саудагерлер тұрып: «О, бек жігіт, сен бізге шын ерлерше көмек көрсеттің. Енді қосымызға барып, қалаған затыңнан сыйлық ал», – десті. Жігіттің көзі теңіз жылқысы шұбар айғырға, темірден соққан шоқпарға, еменнен істелген садаққа түсті. Оған ұнағаны осы үш нəрсе болған еді. «О, көпестер, маған сыйлық бергілерің келсе, су айғырын, анау садақ пен шоқпарды беріңдер»,– деді бала. Бұған саудагерлер қиналып қалды. Сонда жігіт: «Неге ойланып қалдыңдар, көпестер? Əлде мен көбірек сұрадым ба?» – деді. Саудагерлердің бірі: «Əңгіме оның көп-аздығында емес. Бұл үш бұйым біздің еліміздің бегінің баласына əкеле жатқан тартулар еді», – деді. Сонда жігіт: «Ол қандай бектің баласы, білесіңдер ме?» – деп сұрады. Көпестер оған: «Ол – Байбөрінің баласы, аты Бəмсі болса керек»,– деді. Осылай депті олар. Көпестер өздерінің алдында тұрған жігіттің Байбөрі баласы екенін білмеуші еді. Жігіт үндемей, ішінен: «Бұл заттарды қарыздар болып көпестер қолынан алғанша, қарызсыз өз əкемнің қолынан алғаным дұрыс болар», – деген ойға келді. Сөйтті де атына қамшы ұрып, жолға түсті. Көпестер оның артынан қарап тұрып: «Бұл тегін адам болмады, қайырымды батыр жігіт екен», – десті. Жас жігіт үйіне келіп, əкесіне көпестердің келіп жеткенін айтты. Əкесі бұған қуаныш білдіріп, ақ шатырын орнатып, ақ отаулар тіккізді, оған жібек кілемдер төсетті. Сол кілемдердің үстімен ол төрге шықты да, баласын оң жағына отырғызды. Бала өзінің көпестерге қалай болысқанын, гəуірлердің қалайша қырғын тапқанын əкесіне айтпады. Сол кезде көпестер келіп, бастарын иіп, Байбөріге сəлем берді. Қараса, баяғы жауды жеңіп, қан төккен жігіт Байбөрінің оң жағында отыр екен.

Көпестер балаға жақындап келіп, оның қолынан сүйді. Бұған Байбөрі бек шамданып: «Иттен туған құрбандыққа жарамас» деген. Əкесінің қасында отырған баланың қолынан сүю көргенсіздік болады», – деді. Сонда көпестер: «Хан ием, бұл жігіт сіздің ұлыңыз ба еді?» – деп сұрады. «Иə, ол менің ұлым», – деді Байбөрі. Көпестер бұған таң болып: «Хан ием, мұны біз білгеніміз жоқ еді. Жақсы бопты. Егер біз оның қолынан сізден бұрын сүйіп алған болсақ, оны кешіріңіз, ашу қылмаңыз. Сіздің бұл ұлыңыз бізге болысып, ерлік көрсетпесе, əкеле жатқан тауарларыңыз Грузия жерінде қалған болар еді, біздің бəріміз тұтқында кеткен болар едік», – десті. Байбөрі оларға: «Айтыңдар, менің балам жаулардың басын кесіп, қан төкті ме?» – деді. «Иə, ол көп адамның басын кесіп, жерді қанға бояды», – десті көпестер. «Ендеше, оған ат қоятын мезгіл өтіп те кеткен екен» деп, Байбөрі барлық оғыз елінің бектерін шақырып, той қылды. Сол тойға менің атам Қорқыт келіп, балаға ат қойды. Тойда отырып ол: «Сөз тыңда, Байбөрі бек! Тəңірі саған ұл берді, өмірі ұзақ болсын. Ол оғыздардың тірегі, ту ұстайтын батыры болсын. Басынан қар кетпейтін биік тауларға шығамын десе, ұлың соның ең биік құзына шығатын болсын. Ағысы қатты қан сасыған өзендерден өтемін десе, тəңірі оның жүзіп өтуіне жар болсын. Ұлың қара ормандай жау ортасына кірер болса, тəңірі оның ісіне сəт берсін. Ұлыңның атын «Бамш» деп атап жүр едің, ендігі аты Бəмсі-Байрақ болсын, мінген аты Байшұбар деп аталсын. Менің қойған атым – сол, тəңірі оның жұрымын берсін», – деді. Оғыз елінің бектері бұл билікке қол көтеріп, жақсы тілек білдірді. «Ұлыңның аты өзіне сай болды, бақытты болсын» деп бата берді. Бір күні бектер бас қосып, аңға шықты. Байрақ өзінің атын алдырып мінді. Бұлардың алдында бір топ киік кездесіп, қаша жөнелді. БəмсіБайрақ бір киіктің соңына түсіп, қуа жөнелді. Көп уақыт қуып жүріп, ақыры атып алды. Бір жерлерге келгенде, ол бір қызық жайға кез болды. Ол нендей қызық екен, соған келелік, сұлтаным. Қарап тұрса, əдемі гүлдері көп нулы далаға бір қызыл шатыр тігіліпті. Бұған ол таң болды. «Айдалаға тігілген бұл шатыр кімдікі екен?» – деп ойланды. Не де болса бұл шатырдың бір сұлу қызға тігілген үй екенін білді. Жігіт: «Шатырға кіріп көрейін, тиісті сыбағам болса алайын»,– деді. Алған киігін бауыздап, шатырға келді де, айналаға көз салды. Бұл Байраққа бесікте атастырылған Бану-Шешектің шатыры екен. Бану-Шешек шатыр ішінен сығалап қарап: «Байқаңдар, қыздар, көргенсізден туған бір көргенсіз бізді басынып жүрмесін. Алдынан шығып, мəн-жайын біліңдер, тілдесіңдер, сауғасы болса, алыңдар», – деді. Қысырша жеңгей дейтін əйел оның алдынан шығып, сауға сұрады: «О, бек жігіт, атып алған киігіңнен бізге сауға бер», – деді. Байрақ оған: «О, бикеш, мен аңшы емес, бек баласы боламын. Керек болса киікті бүтіндей ал, тек көңіліңе келмесін, бұл кімнің шатыры?» – деп сұрады. Сонда Қысырша жеңгей: «О, бек жігіт, бұл Байбіжан бектің қызы Бану-Шешектің шатыры», – деді. О, сұлтаным, бұл сөзді естігенде Байрақтың жүрегі тулап берсе де, əдеп сақтап, кейін қарай жүрді. Қыздар киікті көтеріп алып, хан қызы Бану-Шешек сұлудың алдына қойды. Ол киікке қарап тұрып, оның теке екенін көрді жəне оны хан тартуы деп білді. БануШешек: «Жігіттің түр-түсін көрдіңдер ме?» – деп сұрады. Қыздар оған: «Өтірік айтпалық, ханша, жігіттің бетінде пердесі бар екен, анық тани алмадық. Бірақ əдепті жігіт екені байқалды, өзі бектен туған бек баласы болуға тиіс», – десті. Қыздар сөзін естіген соң, Бану-Шешек: «Бикештерім-ау, сендер неге ғапыл болдыңдар, жұрт мені бесікте жатқанда Байраққа қосқан екен, өзі бетіне перде тұтып жүреді деп еді, сол болып жүрмесін? Шақырып келіңдер мұнда, өзім тілдесіп көрейін»,– деді. Қыздар Байрақты шақырып, шатырға кіргізді. Бану-Шешек бетіне перде жамылып тұрып, одан: «Қай тұқымнан шық қан жігіт едің?» – деп сұрады. «Ішкі оғыздар елінен шыққан жігітпін», – деді Байрақ. «Ішкі оғыздардан шықсаң, аты-жөнің кім, кім нің баласы едің?» – деді қыз. Атым Бəмсі-Байрақ. Байбөрі бектің бала сы боламын», – деді жігіт. «Мұнда қандай жұмыспен келдің?» – деді қыз. Байрақ: «Байбіжанның қызы бар деген соң, соны көруге келіп едім», – деді. Сонда қыз: «Ол саған жүзін көрсете қоймас, мен Бану-Шешектің қызметкер қызымын, екеуіміз аңға шығып, жарысып көрелік, озсаң, бəйге сенікі болсын. Содан соң екеуміз садақпен жамбы атысып көрелік, оғыңды тигізіп менен ассаң, бəйге сенікі. Одан кейін күреселік, мені жықсаң, бəйге сенікі болсын», – деді. Байрақ: «Жарайды, атыңа міне ғой», – деді. Екеуі далаға барып, ат жарыстырып еді, Байрақтың аты озып шықты. Оқ жарысына түскенде қыздың жіберген оғын атып түсірді. Сонда қыз: «Менің атымнан ешкімнің аты озған жоқ еді, оғымды да атып түсіргендер болған емес, енді күресіп көрелік», – деді. Байрақ атынан түсіп, екеуі белдесіп күресе бастады. Күрес екі батырдың жекпе-жегінен кем болмады. Біресе Байрақ, біресе қыз бірін-бірі тулап көтеріп, жықпақ болды. Байрақ əлсіреп: «Егер бұл қыздан жығылсам, оғыз еліндегі барлық жұрт мені мазақтап күлер», – деп ойлады да, қыз белбеуін бұрай ұстап, аш белінен қапсыра құшақтап алып, төсін тиістіріп жоғары көтеріп, шалқасынан салып, жықты. Сонда қыз: «О, жігіт, Байбіжанның қызы Бану-Шешек мен боламын», – деп шынын айтты. Байрақ оның бетінен үш рет сүйіп, бір рет тістеп алды. «О, хан қызы, біздің қосылатын тойымыз сəтті болсын», – деді. Сөйтті де саусағындағы алтын жүзігін алып, қыздың қолына кигізді. «Бұл біздің сертіміз болсын», – деді Байрақ. Қыз оған: «О, бектің ұлы, уəде солай болса, бағымызды болашақтан күтерміз», – деді. Байрақ: «О, ханша, болашақты кім болжаған, дегенмен оны мен күтейін», – деді. Қызбен қоштасқан соң, Байрақ ауылына келді. Алдынан сақалы қудай болған əкесі шығып: «Ұлым, оғыз елінен бүгін көрген қандай қызықты əңгімең бар?» – деді. Байрақ: «Мен көргендей не болсын. Ұлы барлар баласына қалыңдық əперіп, қызы барлар қызын ұзатып жатыр екен»,– деді. Əкесі: «Онда сені де үйлендіреміз бе?» – деді. «О,

ақсақалды асыл əкем, үйлендіргеніңіз жөн»,– деді Байрақ. Əкесі тұрып: «Оғыз елінде саған жар болуға жарарлық қыз кімде бар екен?» – деді. Байрақ: «Əке, маған қалыңдық алып берер болсаң, сол қыз орнынан менен бұрын атқа мінетін қыз болсын, менен бұрын соғысқа түсіп, жау басын бөктеріп əкелетін қыз болсын. Маған тек сондай қалыңдық керек», – деді. Бұл сөзді естіген соң, əкесі Байбөрі бек: «Е, ұлым, сенің іздегенің қыз емес, білектес батыр болды ғой, не болмаса, өзімнің қалаған қызымды ғана аламын дегенің шығар. Ол айтып отырғаның Байбіжан бек қызы Бану-Шешек болмасын», – деді. Байрақ: «Иə, сол. О, ақсақалды алтын əкем, мен сол қызды қалаймын», – деді. «Ұлым, Бану-Шешектің əрі тентек, əрі ақылсыз Қаршар деген ағасы бар. Қарындасына құда түскелі барғандарды өлтіре беретін мінезі бар», – деді əкесі. «Оған қандай амал бар?» – деді Байрақ. «Ұлым, оғыз елінің барлық бектерін шақырып ақылдасалық, солар не бұйырса, соны істелік», – деді əкесі. Сөйтіп, Байбөрі оғыз елінің бектерін шақырып, шатырға отырғызды, асқа тойғызды. Оғыз бектері ақылдасып: «Сол қызға құда түсіп қайтуға кімнің батылы барар екен», – деп, ақыры оған Қорқытты жіберуге келісті. Сонда Қорқыт: «Ағайындар, мені құдалыққа жібергенде, сіздерге Қаршардың мінезі белгілі, кімде-кім оның қарындасына құда түсуге барса, соны өлтіреді. Маған Баяндүр ханның жүйрік жылқыларынан екі ат ұстап беріңдер, біреуі ешкі бас айғыр болсын, екіншісі қой бас болсын, мен қашар болсам, бірін мініп, бірін жетекке алатын болайын», – деді. Жұрт мұны мақұл көріп, Баяндүр хан жылқысынан оған екі ат əкеліп берді. Қорқыт оның бірін мініп, бірін жетелеп алды. «Ағайындар, сендерді бір тəңірге тапсырғаным», – деп, ол жүріп кетті. Сол кезде, о, сұлтаным, тентек Қаршар ақ шатырын қара жерге тіккізді. Серіктерін жинап, садақ ататын нысанасын орнатып қойды. Сол кезде оған Қорқыт атам келіп, бас иіп сəлем берді, қолын көкірегіне қысып, жақсы сөздер айтты. Қорқытты көрген соң, Қаршар да оған сəлем берді, бірақ ауызы көпіріп, сөйлей бастады: «Сəлеміңе сəлем, Қорқыт! Сенің оңған бір ісің жоқ, басында құдай сенің ақ жүзіңе қара таңба басқан екен. Менің алдыма екі аяқты адам келген емес. Ауызы бар адам келіп, менің өзенімнен су ішкен емес. Саған не болған? Əлде ісіңнің қыры кеткен бе болмаса сөзіңнен мағына кеткен бе? Əлде ажалыңа асығып жүрсің бе? Мұнда келуге қалай дəтің барды?» – деді. Қорқыт тұрып: «Мен сенің аспанмен таласқан Қаратауыңның басына шықсам деп келдім, суы гүрілдеп аққан мөлдір суыңнан өтсем деп келдім. Мен сенің кең етегіңнен еніп, тар қолтығыңа сыйсам деп келдім. Көктің бұйрығы, тəңірінің жолы деп, мен сенің айдан ақ, күннен сұлу қарындасың Бану-Шешекті Бəмсі-Байраққа алып берсем деп келдім», – деді. Есуас Қаршар бұл сөздердің мəніне жетпей: «Не оттап тұрсың өзің? Құрал-сайманым мен қара айғырымды алып келіңдер», – деді. Жігіттері оның қара айғырын ерттеп, құралдарын əкеліп берді. Сол айғырға Қаршар мініп алғанда, Қорқыт байлауда тұрған екі атын шешіп, қаша жөнелді. Ақылсыз Қаршар оның соңына түсіп, қуып берді. Қорқыттың қой бас күрең айғыры шаршап қалған соң, ешкі бас айғырына мініп қашты. Қорқытты қуамын деп, ақылсыз Қаршар он жылдық жолды алғандай болды. Ақыры ақылсыз Қаршар Қорқыт атаны қуып жетті. Қорқыттың үрейі ұшып кетті. Өзін тəңіріге тапсырып, əулие-əнбиялардың атын атай берді. Ақыл-есі кем Қаршар қолына қылышын алып, оны шауып тастамақ болды. Сонда Қорқыт: «Қылыш ұрар болсаң, қолдарың қарысып қалады», – деді. Тəңірінің тауқыметі бойынша, Қаршардың көтерген қолы қарысып қалды. Қорқыттың сиқыры бар еді, дұғасы қабыл болды. «Ойбай, Қорқыт ата, кешіре көр мені. Тəңіріге сенемін, қолымды орнына келтір, көктің бұйрығы, тəңірінің жолы болса, қарындасымды Байраққа берейін»,– деді Қаршар. Осы сөзді ол үш рет айтып, енді қайтып тентектік істемеске ант берді. Қорқыт қайтадан дұға оқып еді, Қаршардың қолы сауығып, бұрынғы қалпына келді. «Ата, қарындасымды берсем, сұрағанымды тауып бересің бе?» – деді Қаршар. Қорқыт: «Тауып береміз. Не сұрайтыныңды айт», – деді. Ақылсыз Қаршар оған: «Келеге түспеген мың үлек, үйірге түспеген мың айғыр, саулық көрмеген мың қошқар, құйрығы мен мойны жоқ мың ит, мың бүрге тауып бересің. Осы сұрағандарым түгелденсе, қарындасымды берейін, таппасаң, бүгін өлтірмесем, сол күні өлтіремін», – деді. Қорқыт ата Қаршардың сұраған қалың малының түрін көрген соң, Байбөрінің үйіне келді. Байбөрі бек: «Қорқыт ата, өзің еркек пе едің, əйел ме едің?» – деп сұрады. Қорқыт: «Менің еркек екенімде кімнің дауы бар?» – деді. «Ендеше, ақылсыз Қаршардың қолынан қалайша аман келдің?» – деді. Қорқыт: «Тəңірі жар болып, əулиелер қолдады. Ақы рында қарындасын беретін болды», – деді. Бұл қуанышты хабар Байрақтың, оның анасы мен қарындастарының құлағына тиді. Үйдегілердің бəрі көңілденіп, қуанып қалды. Байбөрі бек тұрып: «Ақымақ қандай қалың мал сұрады?» – деп сауал қойды. «Айтпаңыз, ақымақтың сұраған қалың малы елде жоқ бір пəле», – деді. «Не сұрайды екен?» – деді Байбөрі. «Оның сұрағаны: «Келеге түспеген мың үлек, биеге түспеген мың айғыр, саулық көрмеген мың қошқар, құйрығы жоқ, басы жоқ мың ит, мың бүрге болды. Осыны тапсаң, қарындасымды беремін, таппасаң, көзіме көрінбе, онда өлтіремін деген шарт қойды»,– деді Қорқыт. Сонда Байбөрі: «Алдыңғы үшеуін мен тапсам, қалған екеуін сен табар ма едің?» – деді. «Иə, Байбөрі бек, соңғы екеуін мен табар едім», – деді Қорқыт. «Ендеше, сен ит пен бүргені тап», – деп, Байбөрі өзінің отардағы малына кетті. Жылқыдан мың айғыр, түйеден мың үлек, қойдан мың қошқар таңдап алды. Қорқыт құйрығы жоқ, басы жоқ мың ит, мың бүрге тапты. Осы малдың алғашқы төрт түлігін айдап, ол ақылсыз Қаршарға барды. «Қаршар: «Айтқанымды қалай тапқан екен», – деп, оның алдынан шықты. Айғырларды көріп, ұнатты. Үлектерді де ұнатты. Қошқарды да ұнатты. Иттерді көргенде ол қарқылдап тұрып күліп жіберді. «Ау, Қорқыт ата, бүргелерім

қайда?» – деді ол. «Уа, ұлым Қаршар, бұл жəндіктердің өзі сона сияқты, адамға зиянды ғой. Ол шаққанда адам жанын қоярға жер таппайды. Мен оларды тау үңгіріне қамап қойған едім, жүр, сол үңгірге баралық, семізін ал да, арығын таста», – деді оған Қорқыт. Ақылсыз Қаршарды ол үңгірге ертіп апарып, киімдерін шешкізіп, тесіктен кіргізіп жібереді. Аш бүргелер ақылсыз Қаршарға кенедей қадалды. Бүргемен күресіп болмайтын болған соң: «Ойбай, Қорқыт ата, есікті ашып, құтқара көр мына пəлелерден», – деп жалынды. «Балам Қаршар, неге шу көтердің, бұл сенің тапсырған аманатыңның бірі еді ғой. Саған не болған? Неден опық жедің? Семіздерін ал, арықтарын таста», – деді оған Қорқыт. «Қорқыт ата, мұның арығы да, семізі де патшаларға болмаса, бізге керегі жоқ екен, əзірше есікті ашып, мені құтқара көр», – деп жалынды Қаршар. Қорқыт есікті ашып, ақылсыз Қаршарды далаға шығарды. Есалаң Қаршар сыртқа шыққанда, оның сорайған басы ғана қалғанын көрді Қорқыт. Бүргелер оның денесіне қара күйедей болып жабысқан екен. Көзін, бетін айыру қиын еді. Ол Қорқыттың аяғына құлап түсіп: «Тəңірі үшін мыналардан құтқара көр», – деп жалынды. Қорқыт оған: «Уа, ұлым, суға барып түсе ғой», – деді. Есалаң Қаршар жүгіріп барып, суға қойып кетті. Бүрегелер суға батып өлді. Қаршар енді киімдерін киіп, үлкен той жасау қамына кірісті. Оғыздар заманында жігіт үйленер болса, əуелі садақтан оқ атып, сол оқ түскен жерге қалыңдық шатыры тігілуші еді. Байрақ та сондай оқ атты. Сол оқтың барып түскен жеріне оңаша отау тігілді. Қалыңдықтан оның пəктігін, тəн тазалығын білдіретін бір қызыл шекпен келген еді, оны Байрақ өзі киіп алды. Бұған жолдас-жоралары реніш білдірді. Байрақ оларға: «Несіне ренжисіңдер?» – деп еді,серіктері: «Ренжімей қайтеміз, сен қызыл шекпен кисең, біз ақ шекпен киіп жүрміз»,– десті. Байрақ: «Оның өкпелейтін түгі де жоқ, қызыл шекпенді бүгін мен кисем, ертең орынбасарым киеді, қырық күнге дейін бір шекпенді кезек-кезек киіп, содан соң бір дəруішке жабармыз», – деді. Байрақ қырық жігітімен ішіп-жеп, тойлады. Қарғыс тиген гəуірлердің жансызы бұлардың оңаша жерде той тойлап жатқанын біліп, Байбурд қамалының бегіне жеткізді: «Ұйқыңды қой, сұлтаным. Байбіжан саған беремін деген қызын Байраққа берді, олар бүгін түнде неке шатырына кірмек, соны асығыс түрде басып алалық», – деді. Бек өзінің 700 əскерін ертіп, шатырды басып алды. Байрақ қаннен-қаперсіз өзінің шатырында ішіпжеп, думан құрып жатыр еді. Гəуірлер оларды түнгі ұйқыда басты. Байрақтың орынбасары қолына қылышын алып, соғысып: «Байрақ үшін жауға басымды беремін», – деді. Оны жаулар қылышпен шауып өлтірді. Терең су батырады, жау аяу білмес. Ат шапқанын біледі, ер атқанын біледі. Жаяу адам жау алмайды. Байрақты гəуірлер өзінің 39 жолдасымен тұтқындап кетті. Түн өтіп, күн шықты. Байрақтың əкесі мен шешесі далаға шықса, ауыл шетіне тіккен қызыл шатыр орнында жоқ екен. Бейшаралар аһ ұрып, ақыл-есінен айырылды. Шатырдың жұртында қарға-құзғын қаптап ұшып жүр екен. Бірі қонса, бірі ұшады. Қылыш тиген шатыр тоз-тоз болған екен. Орынбасар өліп жатыр. Байрақтың əкесі өзінің үлкен сəлдесін жерге атып ұрып: «О, ұлым, ұлым!» – деп жылап-еңірей бастады. Байрақтың ақ шашты кəрі анасы да зарланып жылап, көздерінен ащы жас ақты, өткір тырнақтарымен бетін тырнады, маңдайын төбелеп, қарғаның қанатындай қап-қара шаштарын жұлды. Беті қып-қызыл қан болған еді. Иықтары жалтырап, өксіп Байбөрінің алтын шатырына келді. Оның бойжеткен қыздары да ойнап-күлмеді, ақ саусақтарына қына жақпады. Байрақтың жеті қарындасы ақ киімін тастап, қара киді. «О, бегім менің, алтын ағам! Өзінің дегеніне жетпей кеткен жалғыз ағам», – деп жылады олар. Бұл хабар Байрақтың қалыңдығына барып жетті. Бану-Шешек өзінің ақ көйлегін тастап, қара көйлек киді, күздің піскен алмасындай қыпқызыл беттерін жұлды. «О, менің қызыл ернімнен сүйген жарым! О, менің ақ жүзімнің сəні, басымның бағы! О, менің патшам, ер туған жігітім! Сұңқар болып туған сүйген жар! О, хан сүйекті жігітім, жүзіңе қарап тоймай қалған жігітім. О, жан жарым, ерім, мені жалғыз тастап қайда кеттің? Көзімді ашқалы өзіңнен басқаны көрмедім, жүрегімнің жалғыз сүйгені сен едің. Тар төсекте басымыз қосылмаған жан-жарым, мақсатына жете алмай кеткен жан-жарым! Қазан бектің орнын басады деген жан-жарым! О, бүкіл оғыз елінің бəйтерегі болған жанжарым!» – деп жылады Бану-Шешек. Бұл хабарды естіген Қиян Селжүк баласы Дондаз да өзінің ақ киімін тастап, қара киім киді. Байрақтың барлық білектес батырлары ақ киімдерін тастап, қара киінді. Барлық оғыз елінің батырлары қайғырып, не істерін білмеді, үміті үзілді. Осымен он алты жыл өтіп, жұрт Байрақтың өлі-тірі екенін біле алмады. Бір күні қалыңдықтың ағасы Қаршар Баяндүр ханға келіп тізе бүкті де: «Өмірің ұзақ болып, бағың арта берсін, хан! Егер Байрақ тірі болса, он алты жылда бір дерегі болар еді. Соның өлі-тірісін біліп келетін жігіт табылса, мен оған зерлі шапан жауып, алтын-күміс берер едім. Кімде-кім оның өлгенін хабарласа, соған мен қарындасымды берер едім»,– деді. Бұл сөзді есіткен Жалғаншы баласы қара ниет Жарташық суайт: «О, сұлтаным, байрақтың өлі-тірісін мен барып біліп қайтайын», – деп сұранды. Жарташыққа бір кезде Байрақ өзінің бір көйлегін тарту етіп берген еді. Көйлекті ол кимей, сақтап жүреді екен. Сол көйлекті қандап, Баяндүр ханның алдына қойды. «Бұл кімнің көйлегі?» – деп сұраған Баяндүрге: «Байрақты қара сайдың басында өлтірген екен, соның айғағы осы, сұлтаным», – деді Жарташық. Қанды көйлекті көрген оғыз бектері «ой-бауырымдап» көрісіп, жылай бастады. Баяндүр хан тұрып: «Несіне жылайсыңдар? Бұл көйлектің кімдікі екенін біз білмейміз ғой. Көйлекті əуелі оның қалыңдығына апарып көрсетіңдер, көйлекті ол таныса керек. Өз қолынан тіккен көйлек болса, ол бірдеңе айтар», – деді. Көйлекті Бану-Шешекке апарып еді, ол көйлекті таныды: «Иə, бұл көйлек Байрақтікі», – деді ол. Көйлекті көргенде Бану-Шешек есінен танып, өзінің жағасын жыртты,

өткір тырнақтарымен күзгі алмадай жайнаған беттерін тырнап, шашын жұлды: «О, көз ашқаннан көргенім, жүрегімнің сүйгені, басыма қонған бағым Байрақ! О, ақ дидарымның сəулеті, қызыл ерінімнің иесі болған Байрақ!» – деп жылады Бану-Шешек. Бұл хабар Байрақтың əкесі мен анасына да жеткен еді. Оның ала ордасын қайғы бұлты басты. Жұрттың бəрі ақ киімдерін тастап, қара киді. Оғыз елінің бектері Байрақтан үміт үзгендей болды. Байрақтың əкесі Байбөрі баяғы көпестерді қайта шақырып, ақылдасты: «Сіздерді мен жау еліне жұмсаймын, сол елді түгел аралап, Байрақтың өлі-тірісін біліп келесіңдер», – деді. Көпестер жабдығын қамдап жолға түсіп, күн-түн бірдей жүрді. Ақырында олар ПараСара қамалына, Байбурд қаласына келіп жетті. Сол күні гəуірлердің ұлы тойы болып жатыр екен. Жұрттың бəрі шарап ішіп мас болып, Байрақты ортаға алып, қобыз ойнатып жатыр екен. Байрақ мінбарда тұрып, шымылдық пердесі арасынан көпестердің келгенін көрді. Соларға барып, Байрақ тіл таппақ болды. Хан ием, ол не сұраған екен, соған келелік: «О, көпестер, ұзақ далаларды басып, биік таулардан асып келіпсіңдер, көпестер! Мінгендерің ұзын сирақ жүйрік жылқылар екен, көпестер! Менің сөзіме құлақ салыңдар, көпестер! Сендерден сұрайтыным елімнің арыстаны, Ұлаштың ұлы Қазан-Салор аман ба, көпестер? Одан соңғы сұрарым: «Қиян Селжүк баласы ер Дондаз аман ба, көпестер? Сақалы қудай болған əкем, шашына түгел ақ кірген анам аман ба, көпестер? Дүниеде сүйгенім, екі көзімнің бірі Байбіжан қызы Бану-Шешек от басында бар ма, көпестер? Өлген жоқ па ол, көпестер? Білгендеріңді айтыңдар, менің қара басым жолдарыңа құрбан болсын, көпестер», – деді оларға Байрақ. Көпестер жауап беріп: «Өзің аман-есен барсың ба, Бəмсі-жан? Сен Қиян Селжүктің баласы ер Дондаз аман ба деп сұрадың, ол аман, Бəмсім. Қара Көненің баласы Бодақты сұрасаң, о да аман, Бəмсім. Солардың бəрі де сен үшін қайғырып, ақ орнына қара киген, Бəмсім. Ақ сақалды əкеңді, ақ шашты анаңды сұрар болсаң, олар да аман, Бəмсім. Олар да ақ киімдерін тастап, қара киген, Бəмсім. Мен сенің жеті қарындасыңды көрдім. Олар жеті жолдың торабына барып, сені зарланып күтуде, Бəмсім. Мен олардың алмадай ақ бетін жыртып, жылағанын көрдім, Бəмсім. Олар «келмеске кеттің бе, алтын ағам» деп жылайды, Бəмсім. Жарық дүниеге келгенде сүйіп алған жарың Байбіжан қызы Бану-Шешек ерге шығу үшін мөлдек тойын істеп, енді үлкен тойына əзірленіп жатыр. Ол Жалғаншы баласы Жарташыққа тимекші болып жатыр, Бəмсім. О, хан Байрақ! Байбурд қаласын, Пара-Сара қамалын тастап, еліңе тез жетіп, қызыл шатырыңа қайта кірмесең, Байбіжан қызы Бану-Шешек саған жоқ, соны біл», – деді көпестер. Байрақ орнынан жылап тұрып, қырық жігітіне барды да, басындағы бөркін жерге атып ұрып, оларға мұңын шақты: «Елімде не болып жатқанын білдіңдер ме, қырық жігіт? Жалғаншының баласы Жарташық суайт елге мені өлді деп хабарлапты. Əкемнің алтынмен тысталған шатырларына қайғы кіріпті. Оның бойжеткен қыздары қара жамылыпты. Дүниеде көрген сүйгенім Бану-Шешек Жалғаншы баласы Жарташыққа тигелі жатыр екен», – деді. Мұны есіткенде, оның қырық жігіті де бас киімдерін жерге алып ұрып, жер сабап, өксіп-өксіп жылай береді. Гəуір бегінің бойжеткен бір қызы бар еді. Ол əр күні Байраққа келіп тұрушы еді. Сол күні ол Байрақты көруге тағы да келді. Келсе, Байрақ қайғырып отыр екен. «Неге қайғырып отырсың, хан жігіт? Əр кезде келгенімде, сен көңілді болушы едің. Қобыз тартып, күліп отырушы едің. Бүгін саған не болған?» – деп сұрады. Байрақ оған: «Қайғырмасқа шарам қайсы? Сенің əкеңе тұтқын болғаныма он алты жыл болыпты. Елімде қалған əкем, шешем, құлдарым, қарындастарым мені сағыныпты. Оның үстіне алған бір қара көз қалыңдығым бар еді. Жалғаншы баласы Жарташық деген суайт мені өлді деп хабарлап, соны алғалы жатыр екен», – деді. Гəуір қызы Байраққа ғашық еді, мына сөзді есіткен соң оған жаны ашып: «Мен сені арқанмен қорған сыртына шығарып жіберсем, əке-шешеңе, еліңе аман-есен барып жетсең, қайтып келіп мені əйелдікке алар ма едің», – деді. Егер оғыз еліне аман-есен жетіп, сені алмай кетсем, өз қылышым басымды кесіп, өз жебем жүрегіме қадалсын, сүйегім парша-парша болып, жер астына көмілсін, денем топырақ болып, молам бұзылсын», – деді Байрақ. Мұны есіткен соң гəуір қызы арқан əкеліп, Байрақты дуалдың сыртына түсіріп жіберді. Байрақ жерге түскен соң, тəңірге тəуба қылып, жолға түсті. Жолай ол гəуірдің үйірлі жылқысына кез болды. «Осы жылқыдан бір ат тауып мінейін»,– деген ойға келді. Жылқы шетіне келсе, баяғы өз аты – су айғыр оттап тұр екен. Ол да Байрақты тани кетті. Екі артқы аяғынан тік тұрып, кісінеп жіберді. Байрақ атының қасына келіп, оны мақтай бастады. Байқап көрелік, хан ием, ол атын қалай мақтаған екен: «Маңдайың ат бəйгесіне майдан болғандай, екі көзің қара түнде жанған шырақтай. Жалың жібектей есілген. Екі құлағың қатарласып ұшқан егіз құсқа, егіз балаға ұқсас. Арқаңа мінген ат емес, жан серігім едің. Сен маған бірге туған інімнен де жақынсың. Менің басыма іс түсіп тұр. Сені ең жақын досым деп санаймын. Сен маған достан да артықсың», – деді атына Байрақ. Ат басын жоғары көтеріп, бір құлағын тігіп, бір құлағын бүгіп, Байраққа жақын келді. Байрақ атының мойнынан құшып, екі көзінен кезек-кезек сүйіп, үстіне секіріп мініп алды. Қамалдың қақпасына келіп, 39 жолдасын гəуірлерге тапсырды. Тыңдаңыз, хан ием, не айтқан екен ол: «О, дінсіз гəуір, сөзіме құлақ салыңдар. Сендер менің бетіме шапалақ ұрғанда, оған көндім, ішер асыма қара шошқаның етін бергенде де көндім. Құдай оң сапарымды берсе, еліме қайтқалы тұрмын. Тыңда гəуір, 39 жолдасымды сендерге аманат қылып тастап барамын, соның бірі кем болса, əрбіреуі үшін он адамыңды өлтіремін. Оны кем болса, жүз адамыңды өлтіремін. Мұны біліп қойыңдар, гəуірлер. 39 жолдасым сендерге аманат», – деді Байрақ. Соны айтты да, ол Байшұбардың басын жолға салды. Гəуірлерден қырық қуғыншы шығып, Байшұбарға жете алмай, кері қайтты.

Байрақ оғыз еліне келіп жетті. Ел аралап жүрсе, бір ұзан қобызбен жыр айтып жүр екен. Байрақ оған: «Қайда барасың, өлеңшім?» – деді. «Оны сұрап қайтесің, бек-жігіт? Үйлену тойына барамын», – деді қобызшы. «Ол кімнің үйлену тойы? – деді Байрақ. «Жалғаншының баласы Жарташықтың тойы», – деді ол. Байрақ: «Ол кімнің қызын алады екен?» – деп сұрады одан. «Байрақтың əйеліне үйленбек»,– деді қобызшы. Сонда Байрақ: «О, жырауым, осы қобызыңды маған берсең қайтеді, астыма мінген атымды берейін, бірақ оны жақсылап бақ, келген соң ақыңды төлеп, атымды алармын» – деді. Жырау тұрып: «Менің дауысым əзір кеміген жоқ, тамақтан шыққан күйлерім сəнді. Атыңды берер болсаң, оны үйіме апарым бағайын», – деді. Жырау қобызын Байраққа берді. Байрақ қобызды алған соң, жаяулап əкесінің ордасына қарай жүрді. Ауылға жақындап келгенде, жол өтетін қырдың басында бірнеше қойшы жылап-сықтап, жол жағасына тас үйіп жүр екен. Байрақ оларға келіп: «Уа, жақсы қойшылар, жұрт тас көрсе, оны алысқа лақтырып тастайды, сендер не үшін бұл тасты жол бойына үйіп жүрсіңдер?» – деп сұрады. Қойшылар: «Сен өз ісіңді біл, біздің ісімізде нең бар?» – деді оған. «Тасты қайтпексіңдер?» – деген сұраққа қойшылар: «Біздің бегіміздің бір ұлы бар еді, соның жау қолына түскеніне он алты жыл болды, өлі-тірісі белгісіз. Жалғаншы баласы Жарташық деген адам соның өлген хабарын əкелді, соған Байрақтың əйелін қосқалы жатыр. Жарташық осы жерден өтсе, біз оны таспен ұрмақшымыз. Бізге салсаң оның Жарташыққа тимей, өзінің теңіне тигені мақұл еді», – десті. Бұған Байрақ сүйініп қалып: «Дидарларың жарық болсын, иелеріңнің берген наны бойларыңа құт болсын», – деді. Қойшылардан өтіп, Байрақ əкесінің ордасына келді. Шатыр алдында бір үлкен дарақ бар еді. Түбінде ағып жатқан мөлдір бұлағы болатын. Байрақ бұлаққа келсе, өзінің кіші қарындасы жылап-еңіреп, су алуға келе жатыр екен. Өзі: «О, қыршын өткен ағам Байрақ, сенің үйлену тойың сəтсіз болды ғой», – деп сөйлеп келе жатыр екен. Бұл сөз Байрақтың сай-сүйегін сырқыратты. Көзінен түйір-түйір ащы жас тамды. Сағынышты бауырын көргенде жүрегі қарс айырылып, дауыс беріп, қалай сөйлеп кеткенін де білмей қалды. Не айтқан екен ол, тыңдап көрелік, хан ием. «Неге мұнша егіліп жылайсың, қыз бала? Қыршын өткен ағам дейсің. Бұл сөзге менің жүрегім от болып жанады. Жанымда тақат қалмай тұр. Əлде ағаң жау қолында өлді ме? Тоң ерісе, бу болып, жаңбыр жауады. Қарайған жүрегіңде қандай қайғы бар? Азырақ сұрағым бар саған. Қарсы алдыңда тұрған мына тау кімнің жайлауы? Сол таудың салқын суын кімдер ішіп отыр! Өңшең жүйрік жылқылардың егесі кім? Таудан өрген ақтылы қойдың етін кім жейді? Жайлауға тігілген қара, көк түсті шатырлар кімдікі? Қыз бала, осы сұрақтарға өз аузың, өз тіліңмен жауап бер маған. Қара басым сенің жолыңа құрбандық болсын», – деді Байрақ. Сонда қыз: «Несін айтайын саған. Құлағым бұл кезде қобыз үнін есітіп, жыр тыңдаудан қалған. Қобызыңды сарнатпа, бақсым. Мен бір бақытсыз өткен қызбын, бақсым. Қарсы алдыңда тұрған таудың жайлауы кімдікі деп сұрадың сен, ол бір кезде менің ағам – Байрақтың жайлауы еді. Ағам кеткелі мен ол жайлауға шыққан емеспін. Таудың салқын суы кімдікі дейсің, о да бір кезде менің ағам – Байрақтың ішкен суы еді. Ағам кеткелі ол судан біз татып көрген емеспіз. Үйір-үйір жүйрік жылқылар кімдікі деп сұрадың, о да ағам – Байрақтың жылқысы еді. Ағам кеткелі біз ол жылқыға мініп-түскен емеспіз. Бұдан əрі қыз қобызшыға өзі сұрақ қойды: «О, бақсым, биік-биік қара тауларға шыққанда, одан ары өткенде Байрақ дейтін жігітті көрген жерің жоқ па? Суы мол өзендерден өтіп, одан ары кеткенде Байрақ деп аталатын батырды көре алмадың ба? Үлкен де бай қалаларды аралағанда, Байрақ дейтін жігіт саған кездеспеді ме? Көрген болсаң, маған хабарын айта кет, бақсым. Менің қара басым сенің садағаң болсын, бақсым», – деді. Қыз тағы да сөйлеп кетті: «Менің көз алдымда тұрған Қаратауым құлағалы қашан, бақсым? Ол сенің құлағыңа қалай жетпеген, бақсым? Есік алдындағы бəйтерегім кесілгелі не заман? Ол сенің құлағыңа қалай тимеген? Дүниедегі тірегім, жалғыз ағамнан айрылдым. Ол сенің құлағыңа қалай жетпеген? Мендей бақытсыз қызға дүние деген əлдеқашан адыра қалды емес пе, бақсым? Бұдан ары жүрсең, үйлену тойына кез боласың. Жолың болсын, бақсым», – деді қыз. Бұдан соң Байрақ өзінің басқа қарындастарына барды. Олар қара көк киім киіп отыр екен. Байрақ дауыстап сөйлеп кірді. Не айтқан екен, тыңдап көрелік, хан ием: «О, қыздар, төсектеріңнен таңмен бірге тұрасыңдар. Ақ шатырды қойып, қара шатырда отыратын болыпсыңдар, қыздар. Ақ киімдеріңді тастап, қара киетін болыпсыңдар, қыздар. Үйлеріңде бауырдай болып ұйыған қалған-құтқан қатықтан не бар, қыздар? Астауда тұрған балдарыңнан не бар, қыздар? Үйлеріңде қатқанқұтқан наннан қалған не бар, қыздар? Үш күннен бері жол жүріп, ас-су ішкенім жоқ еді. Үш күнге жететіндей етіп қарнымды тойғызсаңдар, тəңірден сендердің тілеулеріңді тілер едім», – деді бақсы. Бұл сөзді есіткен соң, қыздар сарайға барып ас-ауқат əкелісіп, Байрақтың қарнын тойғызды. Содан соң Байрақ: «Үйлеріңде ескірген шекпендерің жоқ па? Кеткен ағаларың жолына соны маған садақа етіп берсеңдер, көп-көп алғыс айтар едім. Соны киіп, үйлену тойына барсам ба деп едім. Ол тойдан маған да бір шекпен тиетін шығар, ескі шекпендеріңді өздеріңе əкеп берер едім, қыздар», – деді бақсы. Қыздар зыр жүгіріп Байрақтың ескі шекпенін тауып əкеліп, оның қолына ұстатты. Киіп көріп еді, ұзыны Байрақтың бойына, ені қос жауырынына, жеңі қолына шақ келді. Үлкен қарындасына Байрақтың көздерінің айналасы қара қынамен боялған сияқты болып көрінді. Сол көздерінен қанды жас саулап ағып тұрғандай болды. Қарындасы сөйлеп кетті. Хан ием, не айтқан екен ол, көрелік: «Көзіңнің айналасы қарайып көрінгені болмаса, мен сені өз ағам Байраққа ұқсатқан болар едім, бақсы. Ұзын шаштарың бетіңді

бүркеп тұрғаны болмаса, мен сені ағам Байраққа жорыр едім, бақсы. Білектеріңнің солғын тартқанын айтпасам, мен сені өз ағам Байраққа ұқсатар едім, бақсы. Үмітімді ақтап, мені қуантқалы келдің бе, бақсы. Айтшы шыныңды», – деді үлкен қарындасы. Қыз сөйлей берді. «Біздің күніміз қараң қалған, бақсы. Оны айтып жеткізу мүмкін емес. Менің ағам кеткелі бұл үйге бірде-бір ұзан басын сұғып көрген емес еді. Бізден шекпен сұраған, басымызға жамылған қара орамалды сөз еткен адам болған жоқ еді», – деді қарындасы. Байрақ ойланып қалды. «Мынау шекпенді киген соң, қыздар мені танып қалған екен. Шекпенді киіп шықсам, оғыз елінің басқа адамдары да мені танып қалуы мүмкін екен. Ал мен əзірге өзімді білдірмей, бұл елде маған кім дос, кім жау екенін білуім керек», – деп, үстіндегі шекпенін шешіп алып, қыздардың алдына тастады. «Байрақтарыңмен бірге неге құрып кетпейсіңдер, сендер маған тозған шекпендеріңді беріп, əруағымды қорладыңдар», – деді. Далаға шығып, жазы арасында жатқан бір алашаны алып, қырық тесік етті де, соны мойнына іліп, есалаң бақсы болып тойға келді. Барса, үйленетін жігіт жамбы атып жатыр екен. Жамбы атысына Қара Көне баласы Бодақ, Қазан-Салор баласы Ораз, бектердің үлкені Ғафлет баласы Иекенк, Шамсаддин-Шер, қалыңдықтың ақымақ ағасы Қаршар да қатысыпты. Қара Бодақ садақ атқанда, Байрақ ішінен: «Қолың күшті болсын», – десе, Ораз оқ атқанда: «Оғың құтты болсын», – деп тіледі. Иекенк садақ тартқанда да Байрақ сол сөзді айтты. Шамсаддин-Шер оқ атқанда: «Қолың сəтті болсын», – деді Байрақ. Жарташық садақ тартқанда, Байрақ: «Қолың қатып қалып, саусақтарың шірісін, шошқадан жаралған шошқа, үйленушілерден садаға кет», – деді дауыстап. Бұл сөзге Жалғаншы баласы Жарташық ашуланып қалды. Бақсыға бұрылып: «Нəжістен туған нəжіс, ақылы кем, ондай сөзді маған қалай айтасың? Азған ит, мерген болсаң менің садағымды алып атып көр, тигізе алмасаң, басыңды аламын», – деді Жарташық. Мына сөзді есіткен соң, Байрақ оның садағын алып, жебесін тартып қалды. Садағы ортасынан қақ бөлінді. Сынған садақты жерден алды да, Жарташықтың алдына лақтырып тастап: «Мұндай садақпен сен жапанда кездескен бозторғайды да атып ала алмайсың», – деді оған. Садағы қақ бөлініп, сынып қалғанға Жарташық əбден ыза болды да, «Байрақ садақты» əкеліңдер мұнда!» – деп айғайлады. Жұрт оны алып келді. Талай-талай соғыста өзіне жан жолдас болған садағын көргенде Байрақ жылап алды. Садаққа қарап сөйлей бастады: «Шіркін-ай, жауға тигенде қыл адырнаңды талай рет тартқан едім, сонда сен айғырдай кісінеуші едің. Өзіңді айғыр садақ десе де болады. О, қайыспас емен садағым, сені мен айғырға бермес едім. Адырнаң сонша қатты еді, күшті қолмен тартқанда, өгіздей мөңіреуші едің. Сені мен өгізге берермін бе? Өзімнің 39 жолдасымды ауыр халде қалдырып, екі аяқты керуен болып, осында келдім», – деді Байрақ. Содан соң ол бектерге қарап: «О, бектер, сіздерді сүйгенім үшін мен садақ тартып көргім келеді», – деді. Жамбы орнына күйеудің жүзігі қойылған еді. Байрақ жай атқанда оғы жүзікті екі бөліп кетті. Бұған бектер риза болып, қолдарын ұрды, қарқылдасып күлді. Қазан бек осынша өнерді көріп, рахаттанып отыр еді. Ол адам жіберіп, Байрақты қасына шақыртып алды. Есалаң бақсы оның алдына барып басын иді, берген қолын кеудесіне қысып, оған мадақ айтты: «О, хан Қазан, сен таңертең биік тау басына ақ шатыр тігуші едің, жылқыңның бəрі жүйрік еді. Жасауылдарың ұзын жолдың бойында жау торып, əділет орнатушы еді. Керек жерінде сенің жинаған мол қазынаң май болып тамушы еді. Сені жұрт барлық оғыз жігіттерінің ұстыны, біздей кем-кетіктің қорғаны, Баяндүр ханның күйеуі, Төле құстың тұқымы, Түркістанның діңгегі, тайпалар мен рулардың арыстаны, қара тобырдың жолбарысы, қара аттың иесі, Ораз ханның əкесі деп атаушы еді. Сөзіме құлағыңды салып, қабыл ет. Төсегіңнен таңертең тұрып, сен ну орманға барып, ақ қайыңның бұтақтарын сындырып, соның таңдаулы бұтағынан садақ, жай оғын істетуші едің, үйленген тойыңа ғажап шатырлар тігуші едің. Оң жағыңда оң жақтың бектері, сол жағыңда сол жақтың бектері отырушы еді, есікте сенің жəрдемшілерің, қасында өзіңе жақын бектерің отырушы еді. Сол мемлекетіңнің бағы арта берсін», – деді Байрақ. Бұл сөзді есіткен соң Қазан бек: «Тыңда, есалаң бақсым, менен қандай сыйлық алғың келеді? Қол шатырымды қалайсың ба, үй шатырымды қалайсың ба? Əлде менің құлдарым мен күңдерімнен тарту алғың келе ме? Əлде алтын мен күміс алғың келе ме? Қалағаныңды беремін, сұра», – деді. Сонда Байрақ: «О, сұлтаным, мені тойға ас пісіріп жатқан жер ошақ басына жібер, сол жетеді. Өзім ашпын, қарнымды тойындырсаң, сол маған берген сыйлығың болсын», – деді. Қазан тұрып: «Бұл ессіз бақсы өзінің бағынан мақрұм қалды. Бүгіннен бастап мен оған өзімнің бектігімді беремін, қайда барамын десе, жолы ашық болсын, нені қаласа соны істесін», – деді. Байрақ ас пісіріп жатқан үйлерге барып, етке тойып алды. Содан соң асулы тұрған қазандарды теуіп, төңкере берді. Төңкерілген қазанның еттерін алып, оң-солға лақтыра берді. Оңға лақтырғанын оң жақтағылар, солға лақтырғанын сол жақтағылар қағып алып жеді. «Етті еңбегі бар ер жесін, еңбегі жоқ тоғышарлар жер қабады», – деді. Бұл хабар Қазан бекке барып жетті: «О, сұлтаным, ессіз бақсы бар қазанды төңкеріп тастады, енді қыздар отырған үйге барғысы келеді»,– деді оған хабарлаушылар. «Тимеңдер, қыздар отырған үйге барамын десе, еркіне жіберіңдер», – деді Қазан. Байрақ орнынан тұрып, қыздар сауық құрып жатқан үйлерге барды. Зүрне шалып, кепшік қаққандарды үйден қуып шықты. Бірін ұрса, бірінің басын жарды. Содан соң бикештер отырған шатырға кіріп, есік жақтан орын алып отырды, Қазан бектің əйелі Бөрлі сұлу бұған ашу білдірді. Ол Байраққа қарап: «Тегі оңбаған тентек, мен отырған үйге не үшін рұқсатсыз кіресің?» – деді. Байрақ оған: «Ханым, Қазан бек менің ісіме ешкім бөгет жасамасын деп бұйрық берген», – деді. Бөрлі сұлу: «Қазан бек рұқсат берген болса,

отыра берсін», – деді. Бөрлі сұлу тағы да Байраққа қарап: «Айтшы, есуас бақсы, мұнда келгендегі мақсатың не?» – деп сұрады. «Мақсатым – ерге шығатын келіншек ортаға шығып, би билеп, өлең айтса, мен соған қобыз тартып қосылу», – деді Байрақ. Қысырша Бике дейтін əйел бар еді, соған отырған əйелдер: «Орныңнан тұрып биге шық, Қысырша Бике, жынды бақсы ненің мəнісін біледі», – десті. Қысырша жеңгей жасанып, ортаға шықты да: «Ой, ақымақ бақсы, ерге шығатын келіншек мен боламын», – деп билей бастады. Байрақ қобызын сарнатып, өлең айтты. Хан ием, ол не айтқан екен, соны тыңдалық: Ант ішем, қысыр байтал мінгенім жоқ, Онымен жорыққа да кіргенім жоқ. Оғыздың қойшылары саған құмар, Көзінің сен дегенде жасы ағар. Құмарың аңсағанда бір тарқасын, Тілді алсаң, сен солардың қасына бар, – деді. «Менің бедеу байталға мініп, көшке ерген күнім жоқ, сиыр күйлесе, бір бұқаны бір бұқа сүзіп қуады, ондай бұқалардың көздері жасаурап кетеді. Сен сол бұқаларыңа бар, сонда арманыңа жетесің. Бұл саған менің айтқан ақылым. Сенде менің жұмысым жоқ. Мен ерге шығатын келіншекті көруім керек, соның өзі шығып, алақанын шапаттап, би билесін. Мен оған қобыз сарынымен үн қосамын», – деді Байрақ. Қысырша жеңге: «Ойбай, бейшара басым-ай, бір ақымақ есіктен кіре салып, бəрін көріп қойғандай, өзіме өсек таңды-ау», – деді де орнына барып отырды. Жиында Бұғазша Фатима дейтін əйел отыр еді. Жұрт оған: «Сен ортаға шығып, биле», – десті. Ол қалыңдықтың қызыл шекпенін киіп алып, ортаға жұлынып шығып: «Ерге шығатын келіншек мен боламын, ақымақ бақсы, сен қобызыңды ойнат, мен билеп берейін», – деді. Сонда Байрақ: «Мен буаз биеге мініп, көшке ерген күнім жоқ. Сенің үйдегі атың – Дережек, мінген атың – Барақы емес пе еді? Сенің атың қырық көңілдесі бар Бұғазша Фатима емес пе? Масқараңды шығармай тұрып, жөніңді тап. Саған əуре қылатын қобызым жоқ. Орныңа бар да, отыр. Ерге шығатын келіншек шығып, қолын қағып билесе ғана қобыз тартамын», – деп екінші сертін айтты. Мына сөзді естіген Бұғазша Фатима: «Ойбай, бетім-ай, мына сұмырай не дейді? Масқарамды шығарды ғой. Тұр, бикеш, орныңнан, өзің шығып биле. Бүгін билемегенде тамұқта билермін дейсің бе? Байрақтан айрылған соң, басыңа осындай күннің туарын білмедің бе?» – деді. Бөрлі сұлу да: «Өзің шық ортаға, келіншек, басқа лажың қайсы?» – деді. Бану-Шешек үстіне қызыл шекпен, қолдарына қолғап киді, сөйтіп ортаға шығып билей бастады. «Қобызыңды тарт, есалаң бақсы!» – деді. Байрақ қобызын сарнатып, өлеңдетіп жіберді. «Бұл елден мен кеткелі сен ақылыңнан айрылдың. Бір күні жапалақтап қар жауып, жерді тізеден басыпты. Сол кезде хан қызының құлдары мен күңдері киімдерін шешіп, көзесін ұстап суға барыпты, сол судан қанып ішпек еді олар. Бірақ қос қолының саусағын білезіктен үсітіп алыпты. Алтын, күмістеріңді, əзірлей беріңдер, ағайын, хан қызының бармақтарын кеселік. Ондай масқаралыққа ұшыраған бикешті ер алмайды», – деді Байрақ. Бұл сөзге Бану-Шешек шамданып қалды. «Мен қалайша масқара болыппын, кем ақыл бақсы, сөзіңді дұрыстап айт. Масқара боларлық менің қандай айыбым бар екен?» – деп, ол қолғаптарын алып, күмістей аппақ саусақтарын көрсетті. Ортан қолында баяғы Байрақ кигізген жүзік бар екен. Байрақ өзінің жүзігін танып қалды да, толғанып өлең айта бастады. Не айтқан екен, хан ием, тыңдап көрелік: «О, бикеш, Байрақ кеткелі биік таудың басына шығып көрдің бе, сен? Төрт жағыңа бірдей қарап, өзіңді танып білдің бе, сен? Қарға түстес қара шашыңды жұлып, тарқатқан күндерің болды ма, бикеш? Аядай қара көздеріңнен ащы жас аққан күнің болды ма, бикеш? Күзгі алмадай манаураған беттеріңді жосадай ғып жұлған күндерің болды ма, бикеш? Сен ерге шықпақ екенсің, ал қолыңдағы жүзігің менікі, сол жүзігімді өзіме қайтар, бикеш!» – деді Байрақ. Бикеш оған: «Байрақ кеткелі биік таулар басына талай рет шықтым. Қарға түстес қара шашымды талай рет жұлдым. Күзгі алмадай қызыл жүзімді де талай күндер жұлғаным бар. Келген, кеткеннен оның дерегін білсем де, көп күттім. Менен шындап-ақ кеткенің бе, бек жігітім Байрақ, келмеске кеттің бе, хан жігітім Байрақ, деп зарланған, жылаған күндерім де аз болған жоқ. Бірақ менің сүйгенім Байрақ, сен емес. Алтын жүзік те сенікі емес. Алтын жүзіктің көптеген айғақтары бар, оны алғың келсе, сол айғақтарыңды білдір», – деді Бану-Шешек. Байрақ сөйлеп кетті: «Уа, хан қызы, менің тау алдында атқа мініп, аңға шыққаным өтірік пе? Сенің ақ шатырың қасынан киік атып алғаным өтірік пе? Сен мені сол шатырға өзің шақырып алған жоқ па едің? Содан соң біз далаға шығып, ат жарыстырған жоқ па едік? Менің атымның озып шыққаны есіңде жоқ па? Екеуміз садақ атысына түскенде сенің ұшып бара жатқан оғыңды атып түсірген жоқ па едім? Сонда мен бетіңнен үш рет сүйіп, бір рет тістеп алып едім. Алтын жүзікті мен сенің қолыңа сол сəтте кигізген жоқ па едім? Екеуміз күреске түскенде сен жығылып қалмап па едің? Сондағы сенің сүйген жарың – Байрақ мен емес пе едім?» – деді ол. Бұл сөзді айтқанда, бикеш Байрақты таныды. Оның сол жігіт екеніне көзі жетті. Киімшең күйінде Байрақтың алдына барып құлап түсті. Қыздар қызыл шекпенді Байраққа жауып, оны күйеуше киіндірді. Бикеш дереу атқа мініп, Байрақтың əкесі мен анасына барып, оларды қуантты. Бикеш енесіне: «О, ана, құлаған Қаратауың орнына келді. Қандай боп қатқан өзендерің қайтадан шалқып ақты. Қураған бəйтерегің қайтадан гүлдеді. Қарыған жүйрік байталдарың қайтадан құлындайтын болды. Қарыған қызыл нарларың боталап, саулықтарың қоздайтын болды. Он алты жыл зарығып күткен Байрағың келді. Қайын атам, қайын енем, маған сүйіншіге не бересіңдер?» – деді.

Бұл хабарды естіген атасы мен енесі: «О, келін, тіліңнен айналайын! Өлгенімізше сенің тілегіңде болалық. Сөзің өтірік болса да, шынға айналсын, келіншек! Баламыздың аман-есен келгені рас болса, маңдай алдында тұрған Қаратау сенің жазғы жайлауың болсын! Оның салқын бұлағы сенің кəусарың болсын! Менің құл-күңдерім сенің қызметшің болсын! Жүйріктерім сенің жылқың болсын! Жүк артатын келелі түйелерім де сенің еншің болсын! Ақтылы қойым сенің малың болсын! Алтын-күмісімді аяусыз жарат. Алтын жалатқан ақ шатырларым сенікі болсын! О, келіншек, одан қалса, қара басым сенің құрбандығың болсын!» – десті оған. Осы кезде бектер Байрақты Байбөрі үйіне алып келді. Қазан бек сөз бастап: «Қуана бер, Байбөрі, ұлың келді алдыңа!» – деді. Байбөрі: «Оны көрерлік менде көз бар ма? Көздерім көр болғалы ештеңені ажыратып, тани алмай қалдым ғой мен! Балам шынтағын қанатып, қанын орамалмен көзіме жақса, ол жазылар еді. Көзім ашылса, баламды көрер едім», – деді. Оның екі көзі бірдей көрмей қалған екен. Екі көзіне орамалымен қанын жаққанда, Байбөрінің көздері шайдай ашылды. Əкесі мен анасы баласын көріп, аяғына жығылды. Олардың ендігі айтқаны: «О, балам, алтын үйімнің тірегі! О, ұлым, аққудай қалқыған менің қыз-қырқындарымның гүлі! Қос көзімнің жанған шырағы! Бойыма қуат, жан берген, балам! Бүкіл оғыз елінің көш басшысы болған, жан балам!» – деген тілек бата болды. Жылап табысып, тəңіріге тəубешілік етті. Мұны естіген Жалғаншы баласы Жарташықтың зəресі ұшып, Байрақтан қорқып, Тана (Дон) өзенінің қалың қамысына қашып кетті. Байрақ оның ізіне түсіп, қамысқа кіріп, жұртқа: «От əкеліңдер!» – деді. Сөйтіп қалың қамысқа өрт қойды. Жарташық өртеніп өлетінін білді де, Байрақтың аяғына келіп жығылды, сөйтіп қылышының астынан өтті. Байрақ оның кінəсын кешті. Қазан бек: «Енді той жасап, келіншегіңе қосыл!» – деп еді. Байрақ: «Қамалда қалған 39 жолдасымды жаудан құтқармай, əйеліммен қосыла алмаймын», – деді. Қазан бек мұны мақұл көріп: «Мені сүйген жігіттер тегіс атқа мінсін!» – деп елге хабар таратты. Барлық оғыз елінің бектері атқа мініп, Байбурд қамалына шауып келді. Гəуірлер күш жинап, қан майдан ашты. Барлық оғыз бектері таза суға барып дəрет алды да, бетін сəждеге тигізіп, екі бас құтба оқыды, əулие-əмбиеге сиынып, тəңіріге жалбарынды. Даңғара-дабыл қағылып, қырғын соғыс басталды. Ен дала домаланған адам басына толды. Қазан бек қылышпен ұрып, Шөкли патшаны өгіздей өкіртті. Ол атынан құлап түсті. Ер жүрек Дондаз Қара Тагауорды қылыштап, аттан құлатты. Қара Бодақ Қара Арсланды өлтірді. Кең жазықта болған бұл соғыстан гəуірлер жеңіліс тапты. Гəуірлердің жеті бегі қылышқа түсіп өлді. Байрақ, Иекенк, Қазан бек, Қара Бодақ, ерлердің ері Дондаз, Қазан бек баласы Ораз бек қамалға шабуыл жасады. Байрақ қамалды алып, баяғы 39 жолдасына келсе, олар түгел аман екен. Тəңірге тəубешілік етті. Гəуірлердің шіркеулерін қиратып, қызметшілерін қырды. Орнына мешіт салдырып, азан шақыртып, құтба оқытты, тілдерін кəлимаға келтірді. Олжаға түскен, қызыл-жасыл киінген, бойшаң, көгілдір көзді қызқырқыннан, сауыт-сайманнан, алтындаған киім мен мауытыдан түскен олжаның бес бөлегін үш тоғыз қылып, Баяндүр ханға таратты. Байбөрі бек баласы Байрақ Байбіжан қызына үйленді. Өзінің ақ шатырына кіріп, үйлену тойын өткізді. Қырық жігіттің біріне Қазан, екіншісіне Баяндүр хан, тағы жетеуіне Байрақ өзінің жеті қарындасын берді. Сөйтіп, қырық жерден шатыр тігілді. Өздерінің бағын сынап, 39 қыз садақтан оқ атты. 39 жігіт атылған садақ оғының соңынан кетті. Батырлардың үйлену тойы қырық күн, қырық түнге созылды. Байрақ пен оның қырық жігіті мұрат-мақсаттарына жетті, өздерінің ерлігімен басқаларға батырлықтың өнегесін көрсетті. Сол тойға Қорқыт атам келіп, күй шертіп, жыр айтты. Дін үшін күресіп, жаудан кек алған сол батырлардың ерлігін өлең-жырға қосыпты. Бұл жыр Байраққа арналсын депті ол. Хан ием, мен де сізге ақ батамды бермекшімін: өміріңше асқар тауың құламасын, көлеңкелі дарағың солып, қуармасын. Ақ сақалды əкеңнің барар жері жұмақ болсын, ақ шашты анаңның жүрген жері саялы тау болсын. Сені құдай ұлыңнан, туғандарыңнан айырмасын. Көзіңді жұмғанша құдай сені ақ дініңнен айырмасын. Сіз бен біз құдайдың дидарын көрелік, аумин! Дұғадағы басымыз бір болсын. Хан ием, құдайдың досы Мұхамедтің дидары үшін Алла-тағала (ол дүниеде) күнəңді жеңілдетсін. ІV. ҚАЗАН БЕКТІҢ БАЛАСЫ ОРАЗ БЕКТІҢ ЖАУҒА ҚАЛАЙ ТҰТҚЫН БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ЖЫР Күндерде бір күні Ұлашұлы Қазан бек төсегінен тұрып, қара жерге өзінің ақ шатырын тіккізді. Мың жерден жібек кілем төсетті. Ала шатырлардың төбесі көкке жетті. Əңгімелесу үшін оғыз жастарының тоқсан түрлі тобын жинады. Орталарына аузы кең местерге құйған сусын қойды. Тоғыз жерден көзе, сансыз жерден алтын кеселер қойғызды. Шаштары арқасына түсіп, тал-тал болып өрілген, бармағы мен тырнақтарын қыналаған, иықтарында бір-бір құс сайраған гəуірлердің тоғыз қызына сол алтын кеселермен оғыз бектеріне сусын тартқызды. Сол кеселерден Ұлашұлы Қазан-Салор оғыз бектеріне сусын беріп, ішкізді. Сусыннан оның өзі де ішті. Келгендерге алтындаған шапан-шапқыт, шатыр, қызыл бұйра нарлардан сыйлық берді. Ұлы Ораз садағын ұстап, оның алдында тік тұрып, қызмет көрсетті. Оңында Қазанның інісі Қара Көне, солында Қазанның асыранды баласы Аруз отырды. Қазан оңына қарап қарқылдап күліп жіберді де, солына қарап қуанышты лебіз білдірді. Қарсы алдында тұрған ұлы Оразға қарап, қолын санына ұрып, жылап алды. Бұл мінез ұлы Оразға ұнамай қалған еді. Ол аяғын ілгері басып, əкесіне жақындап келді де, тізесін бүгіп отырып тілге келді. Не айтқан екен, хан ием, көрелік: «О, Қазан əкем, менің сөзіме құлақ сал, қайырымды бол. Сен оңыңа

қарап күлдің, солыңа қарап қуандың, қарсы алдыңда тұрған ұлың – мені көргенде жыладың. Мұның мəнісіне мен түсінбедім. Қара басым жолыңа құрбан болсын, осының себебін айтшы. Айтпасаң, орнымнан тұрмаймын. Тұрар болсам, өзімнің қара көз қырық жігітімді ертіп, қанішер абхаз еліне кетемін, олардың алтын бойтұмарын мойныма тағамын, қара шапан киген дін иесінің қолынан сүйемін, гəуірлердің көк көз қызына үйленіп, қайтып алдыңа келмеймін. Жылаған себебіңді айт маған. Сенен аяған жанымды ит жесін, əке», – деді Ораз. Қазан бек терең күрсініп, баласының жүзіне тесіле қарады да, дауыстап сөйлей бастады. Хан ием, ол не айтқан екен, тыңдап көрелік: «Келші бермен, құлыным, балам! Оңыма қарап күлген себебім – онда Қара Көне отыр екен, ол талай жаудың басын кесіп, қанын төккен адам еді. Сол үшін сыйлық алып, атаққа жетті. Солыма қарап сүйінген себебім – онда өгей ұлым – Аруз отыр екен. О да жау басын кесіп, қан төгіп, сыйлы батыр болған адам. Алдыма қарағанда, сені көрдім. Жасың он алтыға келіпті. Мерзімді күнім келсе мен көз жұмып, ол дүниеге кетемін де, артымда сен қаласың. Осы күнге дейін садақ тартып оқ атпапсың, қан төкпепсің, оғыздардың алғысына ие болмапсың. Ертең мен өліп ол дүниеге кетсем, артымда сен қаласың. Бірақ оғыз елі менің тажым мен тағымды саған бермейді. Осыны ойлап менің ақырым қайырлы болмайды екен-ау деп жыладым», – депті Қазан. Сонда Ораз сөйлеп кетті. Не айтқан екен ол, хан ием, тыңдайық. «О, бек туған əке! Бойың нар түйедей болғанмен, бота құрам ақылың жоқ екен. Бойың таудай болғанмен, ақылың тарының бір түйір дəніндей ғана екен. Ерліктің жол-жоралғысын бала əкеден үйрене ме əлде əке баладан үйрене ме? Ана бір жолы мені қасыңа алып гəуірлер шегіне барғанда, қылышыңды сермеп көрдің. Бірақ қанша адамды қырып тастап едің? Бар ерлігің сол болса, одан мен нендей үлгі алмақшымын?» – деді Ораз. Бұл сөзге Қазан бек қатты шамданып, бір қолын екінші қолына соғып, қарқылдап тұрып күлді: «О, бектерім, Ораз тауып айтты! Сендер менің жеті бегім едіңдер. Астарыңды жеп, шараптарыңды ішіңдер. Əңгімелеріңді бұзбаңдар, мен баламды қасыма алып, аңға шығамын, жеті күндік азығымды аламын. Оқ атып, жау басын қылышпен кескен жерімді оған көрсетемін. Арғысы баламды қасыма алып, көгілдір тауда жатқан гəуірлер шегіне дейін барамын, бектерім», – деді Қазан. Ол қара тұлпарын алдырып, ер-тоқым салды. Үш жүз жігітіне алтынзермен əшекейленген киім кигізіп, қасына ертіп алды. Сөйтіп, Қазан баласын қасына алып Қаратауға бет алып, аңға шықты. Ораз да өзінің қырық жігітін қасына қосып алған еді. Бұлар аң біткенді қуып, құс атты. Көгілдір тауға шығып, киік аулады. Содан соң жасыл сайға шатыр тігіп, өзінің бектерімен бірге ішіп-жеп, бірнеше күндей тойлап жатты. Сол күндері гəуірлердің Додиана жəне Ахалцықxxі деген қамалдарынан бір жалаң бас жансыз шығып, тауда тойлап жатқан оғыздарды көріп, Тагаворға хабар береді: «Неге ғапыл болдың? Жақын жерде жау жатыр, оған сенің итің неге үрмейді? Мысығың неге мияуламайды? Батырлардың алыбы Қазан тау ішінде той жасап, баласы мен екеуі мас болып ұйықтап жатыр», – деді жансыз. Үстіне қара шекпен киген он алты мың гəуір аттарына мініп, Қазанды ұйқы үстінде басып алмақ болды. Бір мезгілде оғыздардың көзіне алты жерден баған бойындай шаң көрінді. Біреуі: «Бұл ешкінің шаңы», – десе, екіншісі: «Жаудың шаңы», – деп таласты. Қазан тұрып: «Ешкінің шаңы болса, ол бір-ақ жерден шығар еді, бұл самсап келе жатқан жаудың белгісі», – деді. Бір кезде шаң тарап, күндей күркіреген, теңіздей толқыған жаудың қарасы ну ормандай болып көрінді. Ұзын саны он алты мың. Кеудесіне кигендері ит терісінен тігілген қысқа тон, бастарында киіз қалпақ. Діні қара гəуірлер қарғаша шулайды. Қазан өзінің қара тұлпарын алдырып, мініп алды. Баласы Ораз шылбырын түйіп алып, астындағы арғымағына қамшы басып, жауға қарсы шапты. Бала əкесіне қарап айғайлады: «Қазан əке, мұнда келіп көрші! Жау толқыған теңіздей, жанғай оттай, жарқыраған жұлдыздай болып келе жатыр екен. Өз аузың, өз тіліңмен маған бес ауыз білгеніңді айтшы. Менің қара басым сенің жолыңа құрбандық болсын, əкем!» – деді бала. Қазан оған: «Өзің кел мұнда, арыстан туған балам! Бұл келе жатқандар гəуірлердің əскері екен. Өзі толқып аққан қара теңіздей ығысады. Басына киген дулығалары күн көзіне шағылысады. Жұлдыздай жылтылдаған нəрселер – найзаларының ұшы. Бұлар діні жаман гəуірлер екен, балам!» – деді. «Оларды не үшін жау деп атаймыз?» – деп сұрады бала. Қазан оған: «О, балам, олардың жау болып аталатын себебі: егер біз жеңсек, оларды қырамыз, олар жеңсе, бізді қырады», – деп жауап берді. Ораз тұрып: «Əке олардың бектерін, жігіттерін өлтірсек, бізден құн сұрамай ма?» – деді əкесіне. Қазан: «Жоқ, ұлым, діні жамандардың мыңын өлтірсең де, сенен құн сұрайтын адам жоқ. Маған тек сенің қасымда болғаның батып отыр», – деді оған. Сонда Ораз толғана сөйледі. Тыңдаңыз, хан ием, не айтқан екен ол: «Қасыма жақынырақ келіп, сөзімді тыңда, Қазан əкем! Орнымнан тұрып осында келгенде, астымдағы атымды осы күн үшін баптап едім. Сол күнім туған екен. Ол бүгінгі майданда сен үшін бір буланар. Алмас ала найзамды осындай күн үшін ұштап едім. Оның да күні туған екен. Сен үшін ол талай-талай гəуір иттің көбесін бұзып, кеудесін қаусатар. Қайыспас қара болат қылышымды мен осындай күн үшін қайрап едім. Сен үшін ол талай гəуірдің басын дөңгелетер. Көбесі берік темір сауытты мен осындай майдан үшін киіп едім. Оның да күні туыпты. Оның көздерін сол үшін берік етіп соқтырған едім. Басымдағы темір қалпағымды мен осындай күн үшін киген едім. Оның да күні туыпты. Сен үшін ол қанды шоқпардың қандайына болса да төзер. Қырық жорамды осындай күн үшін əзірлеп едім. Олардың да күні туыпты. Сен үшін олар да талай гəуірдің қанын судай ағызар. Менің атымды ел «арыстан» деп қойып еді. Сен үшін талай гəуірдің жағасын жыртармын. Өз аузың, өз тіліңмен маған бірер кеңес бер, əкем, сен үшін жан-тəнімді аяман», – деді бала. Қазан не деген екен, соған келелік, хан ием! «О, ұлым, балам! Құлақ салып, сөз

тыңда. Гəуірлердің атқышы үш жай атса, соның бірде-бірі құр кетпесін деді. Жендет адам басын аларда үндемейді, аспазға адам етін пісіріп, табаққа салу түк емес, гəуірлерге əлің келмейді. Төсегімнен тұрармын, Əңгіме-дүкен құрармын. Қара атыма барармын, Ары-бері шабармын. Діні қара гəуірдің Саны қанша болса да, Қайыспас қара болатпен Қыл мойыннан ұрармын. Басын кесіп алармын, Қашқақтап жүріп соғысып, Гəуірге ойран салармын. Сөйтіп жайын табармын, Қаша жүріп қан төккен Соғысыма қарап тұр, Сен де солай соғыс қыл. Басыңа қара күн туса, Соның өзін ерлік біл, – деді Қазан. Ораз сөйлеп кетті. Тыңдаңыз, хан ием, ол не айтқан екен: «О, бек туған əкем! Сөзіңді ұқтым. Арафат тауында еркек тоқты құрбандыққа шалыныпты дейді ғой. Ұл əкесінің даңқын шығару үшін туады. Баласы беліне қылыш байласа, ол əкенің қамы. Сенен аянып қалатын басым жоқ», – деді Ораз. Хан ием, оған Қазан не деген екен, соны естіңіз: «О, ұлым, балам! Сен жау ортасын көрген жоқ едің. Бас кесіп, адам өлтірген жоқ едің, қан төкпедің. Қастары қияқтай болып тігілген қырық жігітіңді қасыңа алып, тау басына шық. Оның төскейі қандай сұлу! Сол жерден менің қалай соғысатынымды, жау тобына қалай кіріп, қалай қыратыныма, əдіс-айлама көзіңді салып тұр, сөйтіп əкеңнен соғыс өнерін үйрен, сонда сендер біздің артымызда бой тасалай тұрған əскер болып көрінесіңдер», – деді Қазан баласына. Ораз əкесінің айтқанын істеді. Қасына қырық жолдасын алып, биік таудың тасасына барып тұрды. Ол заманда бала əкесінің сөзін екі етпеген. Екі еткен баланың ісі оңға баспаған. Ораз жалпақ таудың басына барып, найзасын жерге шаншып қойып, тасадан қарап тұрды. Қазан бек гəуірлердің жақын келіп қалғанын көрді де, атынан түсіп, таза сумен дəрет алды, басын сəждеге қойып, екі бас құтба оқыды. Тəңірінің атын айтып, тілін кəлимаға келтірді. Содан соң айғайлап атына қамшы басты да, жауға қылыш шаба бастады. Гəуірлердің құты қашып кетті, көздері түк көрмеді. Дабыл керней қағылып, алтын тілді зұрналар əскердің құлағын бітірді. Ол күні оғыз əскерлері қаша соғысты. Қылыштар біріне-бірі соғып, зыңзың етті. Садақтан атылған шыбық жайлар жаңбыр болып жауды. Ол күні сүзіскен өгіздей найзалар дембіл-дембіл айқасты. Қоян жүрек қорқақтар кірерге тесік таппады. Ол күні Қазанның баласы Ораз соғыс қызығына қарай-қарай көзі талды, шыдамады: «О, қырық жігітім, келіңдер бері. Қара басым жолдарыңа құрбандық. Əкем Қазанның жауға қалайша бас салып, қан төгетінін көрдіңдер ме? Жас балаға көрінген астың бəрі тамақ болмайды. Байқауымша, əкем осы жауларды аяйтын сияқты. Мені сүйген жігіттер! Енді бізге не тұрыс бар? Гəуірлердің бір шетінен тиелік», – деді Ораз. Ол тұлпар атына қамшы ұрып қыздырды. Сөйтті де аттың басын жаудың оң қанатына бұрды. Жаудың оң қанатын да, сол қанатын да ол баудай түсірді. Соғысы тар жолға бұршақ жауғандай, көлдегі қара қуларға лашын шүйілгендей болды. Гəуірлердің бір қанатын су сепкендей ғып жапырды. Діні қара гəуірлер сасып қалды. Біреуі баланың астындағы атына оқ атып, ол құлап түсті. Оразды қоршап алды. Ораздың қырық жігіті аттан түсіп, сауыттарын буынып, қылышын жалаңаштап, Оразды қорғамақ боды. Көп қорқытады, терең батырады, жаяудың күні қараң. Жау Ораздың оңы мен солын бірдей қоршап, оның қырық жігітін қырды. Балаға жабылып, ұстап алды да, ақ саусақты қолын артына байлап, мойнына қыл арқан салды. Басын төмен салбыратып, аяғынан ер басына іліп қойып, сүйретіп ала жөнелді. Баланың тасқа тиген ақ етінен қан ақты. Бала атасының аруағына жалбарынып жылады, анасының атын айтып жылады. Қол-аяғы байланған мойнына арқан салынған, басын жерге қаратқан күйінде оны шетке алып кетті. Сөйтіп, Ораз жауға тұтқын болды. Қазанға бұл хабар барып жетпеді. Қазан болса, балам жауды жеңіп кейін қайтқан екен деп ойлап, баяғы баласы тұрған жерге келсе, ешкім жоқ екен: «О, бектер, балам қайда кетті екен?» – деп сұрады. Бектері тұрып: «Бала деген құс мінез. Ол өзінің анасына қашып кеткен болар», – десті. Қазанның салы суға кеткендей болды. Кейін қайтты. «О, бектерім, маған құдай қорқақ ұл берген екен. Анасына барған болса, оны сол анасының қолынан алып, қылышпен алты жерден турап итке тастармын. Сонда бұдан былай соғыс майданында серігін тастап ешкім қашпайтын болады», – деп бекінді Қазан. Сөйтті де ол қара атына қамшы ұрып, жолға түсті. Өз үйіне келді. Қазанның келгенін хан қызы – сұңғақ бойлы Бөрлі сұлу естіп, жылқыдан айғыр, түйеден үлек, қойдан қошқар сойғызды: «Бұл баламның тұңғыш олжасы ғой, оғыз елінің барлық ер туған бектеріне той берейін», – деп ойлаған еді. Қазанның келгенін білген соң, хан қызы орнынан тұрып, сусар тонын киіп, Қазанның отырған үйіне барды. Кірпіктерін ашып, оған тесіле қарады да, оң-солына көз тікті. Қасында баласы Ораз жоқ екен. Бір сұмдықты сезгендей, оның қара бауыры қарс айырылып, жүрегі ойнап кетті. Айналасына қара қына жаққан көздеріне қанды жас толды. Қазанға қарай сөйлей бастады. Не айтқан екен, хан ием, тыңдаңыз: «Уа, Салордың бегі, Салордың сəн-салтанаты, басыма қонған бағым, алтын үйімнің діңгегі, хан əкемнің күйеуі, ханым анамның сүйгені, жас қосылған жарым, Қазан бек! Мені саған əкем мен шешем өз қолынан беріп еді. Көзімді ашқан күннен бастап сенен басқаны көргенім жоқ, сенен басқаны сүйгенім жоқ. Таңертең қара жал

атыңа мініп, қасыңа ұлыңды алып аңға шықтың. Көлдің сұңғақ мойын ту құстарын атып, соның етін қара нарларың мен бедуин аттарыңа артып алдың. Аңға шыққанда екеу едің, жалғыз қайттың. Менің балам қайда? Ол менің қараңғы дүниеде көрген жарығым еді ғой? Бауырым ауырады. Тау-тастан құлап өлді ме ол, Қазан? Қамыс арасындағы арыстанға жем болды ма, Қазан? Əлде оны жау қолына беріп келдің бе, Қазан? Гəуірлер айдап кетті ме, Қазан? Əлде ол екі көзі төрт болып, тілі кеуіп, аштан, шөлден өлді ме, Қазан? Көзінің жасын неге көрмедің, Қазан? Хан əкем, ханым анам қайдасың деп зарлаттың ба оны, Қазан?» – деді Бөрлі сұлу. Ол сөзін тоқтатпады: «О, ұлым, балам! Басыма киген тəжім! Көз алдымда тұрған Қаратауымның биігі! Екі көзімнің шырағы! О, Қазан, жамандық желі ескендей, құлақтарым шулайды. Сарымсақ жегенім жоқ еді, Қазан, ішім өртеніп барады. Сары жылан шаққан жоқ еді, ақ етім ісініп, кеуіп барады. Қуарған емшегімнен сүт парлайды. Жалғыз ұлым қолда жоқ, бауырым күйіп тұр. Сол ұлымның хабарын айт, Қазан! Айтпасаң, қарғысымды қара басыңа жабармын, Қазан!» – деді тағы ол. Бөрлі сұлу бұл сөзді де місе тұтпай, үшінші сөзін де айтты: «О, жасаған, тал шыбықтан жай оғын жасап ойран салғандар неге қайтпайды? О, жасаған, жалпош атқа мініп, жауға аттанғандар келді, бедуин арғымағына мініп кеткен менің жалғыз ұлым неге келмейді? Нөкерлер келді, орынбасарлар келді, жасаған ием, менің жалғыз ұлыма не болған! Сол ұлымның хабарын айт, Қазан. Айтпасаң, менің от боп жанған қарғысыма душар боларсың, Қазан», – деді ол. Бөрлі сұлудың соңғы сөзі мынау болды: «Балам туғанда қаңсыған сайлар суға толып еді. Дəруіштерге қара шекпен жаптым. Елдің басы құралғанда олардың бəрін жақсылап сыйлап едім. Жалаңашты киіндірдім, ашты тойғыздым. Қорыққанға қуаныш болдым. Көптің дұғасымен туылған балам еді. Хабарын айт сол баламның, Қазан! Айтпасаң, қарғысымды өрт қылып шашамын саған, Қазан!» – деді. Ол тағы да сөйлей берді. «Егер ол Қаратаудың басынан құлап өлген болса, оны айт, сол тауды мен жоқ қылармын, Қазан! Асау өзендердің суына кетіп өлген болса, оны айт! Сол өзендердің көзін көмдірермін, Қазан! Баламды діні жаман гəуір қолына беріп келген болсаң, оны айт! Онда мен хан-əкеме барармын, көп əскер, үлкен қазына алармын да, гəуірдің елін шабармын. Жаралы болып, Кавказ атынан құлап өлгенше, қанымды жеңмен сүрткенше, ажал күні жеткенше, жалғыз ұлымның хабарын білмей, гəуір елінен келмеспін. Аяғыма кигенім байпақ болса, одан маған не пайда, Қазан? Қара тырнағыңды бетіңе салып жырт дегенің бе бұл, Қазан? Алма бетім қан болсын ба, Қазан! Сөйтіп жүзімді жапқан бет-пердем қан болсын дейсің бе, Қазан! Ордаңды азан-қазан қылып: «Ұлым, балам», – деп жылай берсем, не дер едің маған? Келеде қызыл бұйра нарлар болса, оның боздаған ботасы бар. Сол ботамнан айырылдым. Ботадай бозда дегенің бе бұл? Өрісте жылқы болса, оның кісінеген құлындары бар, сол құлындарша кісінетіп қойғаның ба бұл? Үйірлі жылқының айғырсыз сəні келе ме? Ақтылы қой өріске кетсе, оның маңыраған қозысы бар, сондай қозымнан айырылдым. Сол қозыдай маңырай бер дейсің бе маған? «Ұлым!» – деп зарлатып қойғаның қалай мені?» Əйел онымен тынбай, арманын айтып сарнады. «Ойымда нелер жоқ еді. Армандарым көп еді. Орнымнан тұрармын, қара жал Кавказ атына мінермін, оғыз елінің бектеріне барармын, балама елден таңдап, қара көзді сұлудан қалыңдық алып берермін, қара жерге ақ шатырды тігермін, тойдуманды құрармын, баламды ұясына қондырып, мұратына жеткізермін деп жүруші едім. Сол арманыма неге жеткізбедің? Бар сенгенім сен едің, Қазан! Қара көзімнің алдында ұлым жоқ. Бауырым оттай жанады. Айт, көргеніңді маған. Айтпасаң, кеудемде жанған от саған қарғыс болып тиеді, Қазан», – деді ол. Ананың баласын жоқтап айтқан мына сөздерін естіген Қазанның басы даң болды. Іші-бауыры өртеніп, шошынған жүрегі ойнап кетті. Қара көздеріне жас келді. Сөйлей бастады: «О, сұлуым, ұлымның қайда кеткенін білсем, оны мен сенен сұрар ма едім? Қамықпа, қорықпа, ұлың аңда жүрген шығар. Аңға кеткен балаға алқынбас болар. Қазаныңа жеті күнге мəулет бер, ұлың жерге кірген болса, оны табармын, көкке ұшқан болса, аяғынан тартып алармын. Тапсам – таптым, таппасам – тəңірінің өзі беріп, өзі алған болар, менде не қайрат бар? Онда қайғымыз ортақ болғаны», – деді Қазан. Сонда хан қызы тіл қатты: «Баланың аңда жүргенін мен қайдан білемін, Қазан? Шаршаған атыңа мін де, мұқалған найзаңды қолыңа алып, өзің іздеп тауып кел», – деді еріне. Қазан келген жолына түсіп, баланы іздеп кетті. Түн болған соң, баланың анасы ешкімге сырын айтпай, еліне хабар салып: «Балам жау қолында қалыпты, бектерге тегіс сəлем, маған тоқсан тобыр жасақ берсін», – деді. Сол жасақты алып, ол соғыс болған жерге келді. Келсе, баланың қырық жорасы өліпті. Баланың бедуин тұлпарына оқ тиіп, жайрап жатыр екен. Өліктер арасында баланың мүрдесі жоқ екен. Бір жерден топшасынан үзілген қамшысының алтын сабын тауып алды. Баласының жау қолында кеткенін анық білді. «О, ұлым, асқар тауым! Қан жүрегімнің тасып аққан дариясы! Қартайғанда көрген жалғызым!» – деп зарланды ана. Көз жасын сығып, кеткен жаудың ізіне түсті. Гəуірлер иір-иір тау жоталарының бір жасыл сайына барып той жасап жатыр екен. Балаға қара шекпен кигізіп, табалдырыққа көлденең байлап тастаған екен. Үйге кірген, шыққандар соның үстін басып өтеді. Біздің қолымызға ежелгі жау – татардың баласы түсті, біз оны қорлықпен өлтірелік деп табалдырыққа көлденең тастаған едік. Осы кезде Қазан келіп жетті де, қара атына қамшы ұрып, жауға тиді. Қазан келген соң, жаудың үрейі ұшып, біреуі атына мінді, біреуі сауытын киді. Сонда есікте жатқан бала: «О, гəуірлер, лезде алай-түлей болдыңдар, не болып қалды?» – деп сұрады. Гəуірлер: «Сенің əкең келді, соны ұстап алсақ дейміз», – десті. Бала тұрып: «Тəңірінің тəубасына сенемін, əділірек болыңдар, гəуірлер», – деді. Гəуірлер балаға ықылас көрсетіп аяқ-қолын шешті де, түнектен шығарды. Бала əкесінің алдынан шығып, тілдесті. Тыңдаңыз хан ием, не айтқан екен: «Сөзіме құлақ сал, бек

əке! Менің қолға түскенімді, жаудың қолыма құрсау салып, мойныма ала арқан салғанын, қара көз қырық жігітімнің мерт болғанын қайдан білдің? Сенің келгеніңді білген соң, гəуірлер ақылдасып: «Қара атқа мініп Қазан келді, оны ұстап алалық, екі қолын артына байлап есінен тандыралық. Содан соң басын кесіп, қанын қара судай ағызалық, соған қосып, баласын да бауыздармыз, сонымен Қазан ошағының жанған оты өшеді», – десті. Келісім осылай болды. О, хан əкем! Соғысқанда шапқан атың сүрініп кетіп, өзің жау қолына түсесің бе деп қорқамын. Онда бұлар сенің алтын басыңды кеседі, сен өлсең, анам: «О, басыма қонған бағым, Қазан, ұлым екеуің бірдей келмеске кеткенің бе?» – деп зарланбай ма? Атыңның басын тарт, Қазан, өлмей тұрып алтын үйіңе жет. Қартайған анама қуат бол. Сен өлсең, менің қарақат көзді қарындастарым жетім қалады, анам кемшілік көріп, өмірінше зарланып өтеді. Баласы үшін əкесі өлмек жоқ. Тəңірі атынан өтінемін, еліңе қайт, үйіңе жет. Алдыңнан анам шығып: «Балам қайда қалды?» – деп сұраса, оған шын хабарымды жеткіз. Балам жау қолына түсіпті, ақ саусақты қолдары артына байланып, ақ мойнына қыл арқан салыныпты, шошқа сарайда қамаулы екен. Арқан мойны мен қолын қиып кетіпті, темір құрсау тобығын қанатыпты, жейтін асы арпаның қатқан наны мен ащы сарымсақ екен дерсің. Анам мен үшін көп уайымдай бермесін. Бір ай күтсін, ол болмаса, екі ай күтсін. Екі айда келмесем, үш ай күтсін. Үш айда келмесем, мені өлді деп білсін. Жылқыдан айғыр сойып, маған ас берсін. Бөтеннің қызы – айттырған қалыңдығыма рұқсат берсін, тойға тігетін шатырыма жат кіретін болсын. Ана үстіне көк көйлек киіп, басына қара салсын, бүкіл оғыз елі мені қаралы киіммен азаласын. Қайт ізіңше, əке! Қара басым сенің жолыңа құрбан болсын!» – деді бала. Бала сөзін айта түсті. Не айтқан екен, хан ием, тыңдаңыз: «Тек қарсы алдымда тұрған Қаратауым құламасын, ол елімнің кең жайлауы еді, сулы өзендерім аман болса, елдің шырайы кірер. Келелі түйем аман болса, бота болады. Ақтылы қойым аман болса, қозы болады. Бектерім аман болса, ұл болады. Əкем, өзің аман бол, анам аман болсын, құдай берсе, ол менен де артық ұл туады. Ол анамның ақ сүтіне риза болсын. Соғысты қойып, елге қайт, əке?» – деді баласы. Оған Қазан хан не деген екен, соны тыңдалық, хан ием: «О, ұлым, балам! Сен менің көз алдымда тұрған асқар Қаратауым едің. Менің қанымнан жаралып, алып тұлғама қуат болдың. Сен менің қара көзімнің шырағы едің. Сен үшін орнымнан ерте тұрып, қара атымды терге бұлап келіп тұрмын. Сен менің тұт ағашым болсаң, арша еткелі келдім. Сенен аяр жаным жоқ, ұлым! Сен кеткелі көзімнің жасы көкке бұлт болып шығып, жерге жаңбыр болып жауды. Даңғыра-сайран құра алмадым. Өзіңді қадірлейтін бектердің баласы ағын тастап, киімнің қарасын киді. Қаздай қалқыған менің қыздарым, сенің қарындастарың да тегіс қара киді. Кəрі анаңның көздерінен жас орнына қан ағады. Сақалы ағарған əкеңнің басына қайғы тұманы түсті. Егер мен соғыс ашпай, үйге қайтсам, алдымнан анаң шығып: «Балам қайда қалды?» – десе – не деймін? «Балаңды жау тұтқындап, аяқ-қолын артына байлапты, ақ мойнына ала арқан салыпты, гəуірлер жаяу айдап кетіпті», – десем, менің батырлық намысымнан не қалады? Қыл арқан оның білегі мен мойнын осып кетіпті, ауыр шынжыр тобығына таңба салыпты, жегені арпаның қара наны мен ащы сарымсақ екен»,– деп барсам жақсы болар ма? Қаратау қарыса, оған шөп өспейді, ел жайлауға көшпейді. Сылаңдап аққан өзендерден су кетсе, елге жұт келеді. Қара жал, арғымақ биелер қарыса, құлын тумайды. Ер жігіт қарыса, ол ұлды бола алмайды. Əкең – шал, шешең – кемпір. Құдай бізге сенен артық ұл қайдан береді? Сенің орныңды ол баса алмайды. Мен жауға аспанды торлаған қара бұлт болып төнермін. Гəуірлерге көктен түскен назағайша, қамысқа түскен өрттей тиермін, бір ұрғанда тоғызын өлтіріп, ерлігімді, атағымды əлемге аян етермін. Тəңірі қолдасын», – деді əкесі. Осыны айтып ол атынан түсті де, таза сумен дəрет алды, басын сəждеге қойып құтба оқыды, əулие-əнбие мен көк тəңіріне жалбарынды. Түйедей боздап, арыстандай ақырып, көзіне жас алды. Содан соң атына мініп, гəуірлерге жалғыз тиіп, қылыш ұрды. Қаша соғысып ол біраз уақыт жауды шөптей жапырды, жеңермін деп ойлап еді, жеңе алмады. Бір кезде қабағына қылыш тиіп, көзіне қан құйылды. Таса жерге қашып, жан сауғалады. Енді бұдан арғы жайды айталық. Бұл кезде сұңғақ бойлы Бөрлі сұлу баласын ойлап, жаны төзім таппаған еді. Өзінің қаражал айғырын алдырып, айдан аппақ қырық нөкер қызын қасына ертіп алды. Беліне қылыш байлап: «Басыма киген тəжім – Қазан келмеді», – деп соның кеткен ізіне түсті. Талай белден асып, Қазанға келді. Қазан өзінің əйелін танымай қалды. Ханымды көргенде: «Атыңның басын бері бұр, жігіт, жүзіме тік қара жігіт, астыңдағы қара айғырыңды, қолыңдағы ақ найзаңды, беліңдегі көк болат семсеріңді маған бер, жігіт. Жəрдемге кел бүгін, қамалымды, елімді саған берермін», – деді Қазан. Сонда əйел: «Не айтып тұрсың, Қазан? Мені жігіт деп шатасып жас күніңді еске алып тұрсың ба? Таң атпай орныңнан тұрыпсың, Қазан. Қара жал айғырыңа мініпсің, Қазан. Сен өлсең, менің Қаратауымның құлағаны, Қазан. Менің көлеңкелі дарағымның кесілгені, Қазан. Қолыңа пышақ алып, менің ақ шатырымның көздерін қиғаның, Қазан. Менің жалғыз ұлым Ораздың түбіне жеткен сен, Қазан. Атыңа асығыс мініпсің, Қазан. Бірақ бойыңнан қуат кетіп, аяғың үзеңгіге жетпейтін болыпты, Қазан. Хан қызы, өз əйеліңді танымай қалған көздерің де ештеңені көрмейді. Күшің кетіп, қарығаның ба, Қазан? Қылышыңды серме, мен келдім, Қазан». Осы кезде бірінің артынан бірі оғыз елінің батырлары да келіп жетіп еді. Тыңдаңыз, хан ием, кімдер келген екен. Бесігіне қара өгіздің терісін жауып, жау келетін қара сайдың қақпасына қойған, сол өгіздің күші бар, қаһарланса, қара тасты құм қылған, ұзын мұрттарын желкесіне жеті жерден байлап қойған батыр Қазанның інісі Қара Көне келіп: «Қазан аға, қылышыңды қолыңа ал, мен келдім», – деді. Бұдан басқа кім келген екен, көріңіз, хан ием. Қара сайдың аузына салынған

Дербент қамалының темір қақпасын бұзған, алпыс тұтам ала найзасын салғанда жауды күшіктей қыңсылатқан, бір сайыста Қазанның өзін де аттан үш рет домалатқан, Қиян Сейілхан баласы ержүрек батыр Дондаз келіп: «Қазан əке, қылышыңды қынаптан ал, мен келдім!» – деді. Одан соң кім келген екен, оны да есітіңіз. Баяндүр ханның рұқсатынсыз жау қамалын бір өзі алған, алпыс мың гəуірге қан құстырған, Ғафлет оғыз баласы Шамсаддин-Шер шауып, ол жетті: «Қылышыңды жұмсай бер, Қазан, мен келдім», – деді. Бұдан соң кім келген екен, оны да көрелік. Өзінің Байшұбар атына мініп, үйлену үшін тіккен шатырын тастап жауға аттанған, Байбурд қаласын, Пара-Сара қамалын алған, бүкіл оғыз елінің бас батыры, Қазан бектің орнын басатын Байрақ шауып жеткен еді: «Қылышыңды жұмса, Қазан, мен келдім», – деді. Оның артынан жауға бүркітше шүйілген, қара құсты белбеуімен ұрып алған, жаудың үрейін ұшырған, құлағына алтын сырға салған Қазылық оғыз баласы Иекенк келді. «Қылышыңды ал қынаптан, Қазан, мен келдім», – деді ол. Тағы кімдер келген екен, көрелік. Оғыздардың 24 тайпасына бірдей жаққан, сөзі шырын, атақты Дундаз батыр келді. Оның артынан мыңдаған елді басқарған Дүкер, бекдүр руынан шыққан мың басы Əмен, оған жалғас тоғыз-оғыз руының көсемі Аруз келді. Келген бектердің бəрін санап жеткізу қиын. Қазанның барлық бектері келіп, шоқтай жиналды. Олар таза сумен дəрет алып, екі бас құтба оқып, тəңірінің атын тілге алып, жалбарынды. Содан соң аттарына қамшы басып, қылыштарын жалаңаштап, жауға тиді. Ол күні қорқақтар жердің тесігі болса, соған кіріп кете жаздады. Қанды соғыс қызып, ен дала адам басына толды. Ол күнгі соғыс махшардың өзімен бірдей болды. Нөкер өзінің бегінен, бек өзінің нөкерінен көз жазып қалды. Сыртқы оғыздардың батыры Дундаз жаудың оң қанатынан тиді. Қара Бодақ өзінің жас жігіттерімен сол жақтан тиді. Қазан орталықтан тиді. Ол Тагавор, одан соң Шөкли патшамен жекпе-жек сайысып, екеуін де құлатып, қанын судай ағызды. Оң қанатта соғысқа Дундаз Қара Төкен патшамен сайысып, оның басын кесіп, өзін жерге құлатты. Сол қанаттағы соғыста Қара Бодақ Бұқашық батырмен сайысып, оны найзамен шаншып құлатты да, есін жиғызбай басын қылышпен шауып тастады. Сұңғақ бойлы Бөрлі сұлу гəуірлердің қара туын қылыштап, жерге құлатты. Тагавор қолға түсіп, тұтқын болды, гəуірлер қашты. Жеңіліс тапқан гəуірлердің өлігі ой мен қырда жер тезек болып жатты. Он бес мың гəуірлердің көбі өлді, азы қолға түсті. Қазан баласын тауып алып, аттан түсіп, оның қол-аяғын босатты. Əкесі мен баласы бір-бірін аман-есен көріп, жылап табысты. Оғыздар жағынан үш жүз жігіт шейіт болды. Сөйтіп Қазан баласын жаудан құтқарып, еліне қайтты. Олар дін үшін күресіп, ерлік көрсетті. Оғыз бектері олжа бөлісті. Қазан Ақшалда мен Сүрмеліге келіп, қырық жерден шатыр тіктірді, жұрт жеті күн, жеті түн ойын-сауық құрды, ішіп-жеді. Баланың аман келгені үшін Қазан бек қырық құл мен қырық күңге азаттық берді. Жас батырларға мол сыйлық, тарту-таралғы берді, ішік, мауытыдан шапан жапты. Сол тойға Қорқыт келіп, қуанышты жыр айтыпты. Бұл жырды сол тудырған еді. Бір сөзінде ол: «Бір кезде бүкіл əлемді шайқаған сол бек-батырларым енді қайда кетті? Оларды ажал олжалап, жүздері жер астына түсті. Жалған дүниеде опа бар ма? Адам өмірі құбылмалы. Адамдар келеді, кетеді. Оның ақыры баянсыз», – депті. Мен сізге бата бергім келеді, хан ием, сенің туып-өскен мына Қаратауың құламасын. Көлеңкелі дарағың қурап, кесілмесін. Мəңгі аққан өзендеріңнің суы тоқтамасын. Тіккен шатырларыңның бауы сөгілмесін. Қара ниет жауыздардан жаран жинай көрме. Астыңа мінген ақбоз атың шабысынан танбасын. Қайыспас қара болатыңның жүзі мұқалмасын. Құдайдың берген бағы баянды болсын. Махшарға барғанша тұтынған дінің өзіңе серік болсын. Сіздің құрметіңіз үшін бес ауыз дұға оқыдық. Сол сөздердің қанаты бірлесіп, жігі берік болсын. Мұхамед пайғамбардың құрметі үшін құдай сіздің күнəңізді жеңіл етсін, хан ием! V. ТОҚА БАЛАСЫ ЕРЖҮРЕК ДОМРУЛ ТУРАЛЫ ЖЫР Хан ием! Оғыздар елінде Тоқаұлы Домрул дейтін батыр болған. Ол сусыз өзенге көпір салып, содан өткен адамнан 33 теңге алыпты. Осыны көпсініп, өткісі келмегендер болса, оларды ұрып-соғып 40 теңгеден алыпты. «Мұның қалай?» – дегенге, ол былай жауап берген: «Оғыз елінде менен асқан батыр бар ма? Бар болса, олар менімен не үшін күш сынаспайды? Осылай етсем, менің ерлігім, жастығым, жігіттігім, даңқым Рум мен Шам еліне жетеді», – деген. Бір күні сол көпірге көшіп келе жатқан бір ауыл кез болады. Көш ішінде ауырып жатқан бір жақсы жігіт бар еді. Күні жетіп, сол жерде қайтыс болады. Қыршын жігіттің ажалын көшкен ел қатты қайғырып азалайды. Біреу ұлым деп жыласа, біреу інім деп жылайды. Сол кезде бұларға Домрул шауып келіп: «Тұқымы оңбағандар, менің көпірімнің аузына келіп, не үшін шулайсыңдар? Кімді жоқтап, қайғырып жатырсыңдар?» – депті. Олар бұған: «О, хан ием, бір жақсы жігітіміз өліп, соған жыласып жатырмыз», – депті. Ержүрек Домрул: «Жігіттеріңді кім өлтірді? – деп сұрайды. Олар: О, бек жігіт, Алла бұйрығы солай болды. Жігітіміздің жанын қызыл қанат Əзірейіл алды», – депті. Ержүрек Домрул оларға: «Адам жанын алатын Əзірейіл дегенің қандай адам еді? Өлгенің тіріліп, өмірі ұзаратын болса, Əзірейілді маған көрсет, ұрысып көрейін, сонда ол адамның жанын ендігəрі алмас, жақсы жігіттеріңнің жанын өзіне қайтарар едім», – депті. Осыны айтып, ержүрек Домрул өзінің үйіне келді. Құдайға Домрулдың мына сөзі ұнамай қалған еді. Ол өзінің қаһарына мініп: «Мынау ақымақтың сөзі қалай еді? Ол менің барлығымды, бірлігімді біліп жетпеген екен, тілі кəлимаға келмепті. Кешірім сұрау үшін ол менің сарайыма келетін болсын», – деп Əзірейілді

жұмсады: «Бар, Əзірейіл, сол тентектің өз жанын ал. Түсіңді көргенде ол қорқатын болсын, тұқымы оңбаған ақымақты тəубаға келтір, үрейін ұшырып, шырылдатып жанын ал да, мұнда алып кел», – депті. Батырлардың батыры Домрул қырық жігітін қасына алып, үйінде ішіп-жеп, сауық жасап отырған кезде Əзірейіл кіріп келіпті. Оның келгенін дінді мойындамайтын Домрул да, оның қырық жігіті де көрмей қалды. Домрулдың оттай жанған көздері түк көрмей қалды, күшті қолдары сылқ етіп төмен түсті. Көзінің алдына шексіз-түпсіз бір қараңғылық келді. Сол кезде ер туған Домрул айғайлап сөйлеп кетті. Не айтқан екен, соны көрелік, хан ием! Əзірейілге ол: «Япырай, неткен түсің жаман шал едің сен? Дінді мойындамаушылар сені көрмей қалды. Сені есіктегі қарауылдар да аңғармады. Менің жарқын көзім сөніп барады, қолдарымнан əл кетті, жүрегім қалтырайды, қолымдағы алтын кесем түсіп кетті. Тамағыма мұз қатты, сүйектерім топырақша езіліп, тозаңға айнала бастады. О, сақалы қудай, көзі көрдей қарт, сен қайдан келген пəле едің? Мен сені бүгін ғана көріп тұрмын ғой, айтшы маған, мырзам, білгеніңді. Менің жайымды да ұғын», – деді. Бұл сөзге Əзірейілдің ашуы келді. «Ақылсыз кеще, менің көрдей көзім саған не үшін жақпай қалды? Мен екінің бірінде, көзі көк қыздардың да жанын алғанмын. Аппақ қудай сақалым саған неге ұнамай қалды? Кезі келгенде мен ақсақалды қарт, қара сақалды жігіттің де жанын алғанмын. Сақалым содан ағарған, сен менің сыртымнан күш көрсете сөйлепсің. Егер қызыл қанат Əзірейіл қолыма түссе, өзім өлтіріп, қайтыс болған жігіттің жанын өзіне қайтарар едім депсің. Ей, ессіз, енді мен сенің өз жаныңды алғалы келіп тұрмын. Жаныңды бересің бе əлде менімен ұрыс жасап көресің бе?» – деді Əзірейіл. Сонда ер туған Домрул: «Е, қызыл қанат Əзірейіл сен бе едің?» – деп сұрады. «Иə, мен», – деді ол. «Əлгі жақсы жігіттің жанын алған да сен бе?» «Иə, барлық адамның жанын мен аламын», – деді Əзірейіл. Сонда ержүрек Домрул өзінің серіктеріне: «Ей, құдайдан безгендер, қақпаны жабыңдыр. Əзірейіл сен болсаң, өзіңмен бір кең жайда күш сынасып көрсем деп едім, тілегенге сұрағандай, сен маған тар жерде кездестің. Енді мен сені өлтіремін, сөйтіп өлген жігіттің жанын өзіне қайтарамын», – деді Домрул. Содан соң ол қылышын қынабынан суырып алып, Əзірейілге тап берді. Əзірейіл кептерге айналып, терезеден ұшып шықты да, көзден ғайып болды. Батырлардың мықтысы Домрул алақанын ұрып, қарқылдап күліп жіберді. Əзірейілдің зəресін алған шығармын. Қорыққанынан ол кең қақпаны қойып, тар терезеден қашты ғой. Қолыма түспей қалды. Ол құс түсіне кіріп, кептер болды да, ұшып кетті. Соңына сұңқарымды салып, сол кептерді ұстармын», – деді. Содан соң атына мініп, қолына сұңқарын ұстады да, Əзірейілді қуа жөнелді. Бір-екі кептерді өлтіріп, үйіне қайтпақ болды. Сол кезде оның алдынан Əзірейіл кездесті. Аты үркіп кетіп, Домрул жерге құлап түсті. Мойны астына екі бүктеліп түскен еді. Сол кезде Əзірейіл оның кеудесіне мініп алып, қылғындыра бастады. Ол демін ала алмай əлсіреп, қырылдады. Өлер халге келгенде ол: «Кешіре көр, Əзірейіл, құдайдың бірлігіне сенейін. Мен сенің мұншалық күшті екеніңді білмеуші едім, тат елі сияқты адам жанының ұрысы екенсің ғой. Біздің ел биік тауларда тұрады, сол тауларда жүзім жемісі өседі. Оның жемісі қап-қара болады. Сол жемісті сығып ашытса, шарап болады. Шараптан ішкен адам мас болады. Сен келгенде мен мас едім, не айтып не қойғанымды білмеппін. Ерлігіңді жаңа білдім. О, Əзірейіл, жанымды алма, кешіре көр», – деп жалбарынды. «Ақылсыз, менен несіне кешірім сұрайсың. Жаныңды құдайдан сұра. Менің билігімде не бар? Мен тек орындаушымын», – деді Əзірейіл. Сонда ержүрек Домрул: «Жан беріп, жан алушы құдайдың өзі ме еді?» – деді. «Иə, соның өзі», – деді Əзірейіл. «Онда сен менің қалайша ием боласың? Қаңғыбас біреу болсаң, жөніңді тап, кет бұл жерден, мен көктегі сол құдайдың өзімен сөйлесемін», – деді. Хан ием, тыңдаңыз, ол не айтқан екен: «О, құдай, сен дүниедегі биіктердің бəрінен де биіксің. О, жүзі жарық құдай, сенің қандай екеніңді ешкім білмейді. Ақымақтар сені көктен іздейді. Шынында сен жерде болсаң керек. Сен дінге сенген əрбір адамның жүрегіндесің. Сен мəңгі сақталатын жұмбақтардың сандығысың. Жанымды алар болсаң өзің ал, Əзірейілге берер жаным жоқ», – деді. Жойқын батыр Домрулдің бұл сөзі құдайға ұнап еді. Ол Əзірейілге күркіреп əмір берді. «Ақымақ мені таныды. Құдай бір деп иман келтірді. Енді сен Домрулге айт, ол өз жанының орнына басқа біреудің жанын тауып беретін болсын, оның өз жанына тиме», – деді. Сонда Əзірейіл жойқын батыр Домрулге: «Құдайдан бұйрық келді, Домрулдің өз жанына тиме, соның орнына ол басқа біреудің жанын тауып беретін болсын», – деген сөзді айтты. Домрул оған: «Мен біреудің жанын қайдан табамын? Жан орнына жан беруге де болады екен ғой. Менің қартайған əкем, кемпір болған анам бар, соған баралық. Соның бірі мен үшін жанын берсе, сол жанды аларсың. Менің жанымда жұмысың болмасын», – деді Домрул. Содан соң ол əкесіне келді, əкесінің қолын сүйіп, сөйлей бастады... Тыңдалық, ханым, ол не айтқан екен: «О, ақсақалды жан əкем! Қымбат, қадірлі əкем! Менің басыма қандай іс түскенін білдің бе? Мен дінге қарсы сөз сөйлеп, құдайға жақпадым. Сол үшін ол Əзірейілге бұйрық беріп, Домрулдің жанын ал депті. Қызыл қанат Əзірейіл мені қылғындырып, тəтті жанымды алмақ болды. Құдайдың рақымы түсіп, оның жанына тиме, орнына жан тапсын деген соң келіп тұрмын. Мен үшін құдайға жанынды бер, əке. Жаның өзіңе қымбат болып қиналар болсаң, оны айт», – деді Домрул. Əкесі оған: «О, ұлым, сен менің жанымның бөл шегісің. О, арыстан туған балам, сен туғанда мен нардан таңдап, тоғыз үлек сойғызып, той істедім. Сен менің алтын үйімнің тірегісің. Сен менің қаздай қалқыған қыздарымның гүлі едің. Керегі болса, менің көз алдымда тұрған Қаратауымды ал. Ол Əзірейілге жайлау болсын. Суы салқын құдықтарым керек болса, оны да алсын, ол сусын болады. Менде желдей жүйрік үйір-үйір жылқы бар, мінеріне соны алсын. Керек десе, ақтылы қойымды алып, сойыс қылсын. Жаратуға

алтын-күміс керек болса, оны алсын. Өмір деген тəтті, жан қымбат, жанымды бере алмаймын. Оған соны айт. Саған менен де жақын, өзіңе сүйікті анаң бар, соның жанын сұрап көр», – деді əкесі. Домрул əкесі жанын бермеген соң, анасына келді. «О, анам, менің басыма ауыр күн туды. Аспаннан қызыл қанат Əзірейіл түсіп, кеудеме мініп, мені қылғындырды. Қырылдап, сөйлеуге шамам келмеді. Енді сенен жан сұрап келіп отырмын, мен үшін жаныңды бере аларсың ба? Əлде «жаным өзіме керек» деп, қарға түстес қара шашыңды жұлып, бетіңді тырнар ма едің?» – деді Домрул оған. Тыңдалық, анасы не деген екен: «О, Ғазиз ұлым, балам! Мен сені тар құрсағымда тоғыз ай, он күн көтеріп туып едім. Бесікке салып, жөргегіңді тазарттым. Ақ сүтімді беріп, еміздім. Егер сен ақ мұнаралы қамалға түсіп, гəуірлерге тұтқын болсаң, тірнектеп жиған барлық алтын-күмісімді беріп, діні жаман гəуірлерден құтқарып алар едім. Жан беру оңай емес. Жан деген тəтті, оны бере алмаймын», – деді анасы. Сөйтіп, о да баласы үшін жанын бермейтін болды. Бұдан соң Əзірейіл қайта келіп, Домрулдің жанын алмақ болды. Домрул оған: «Кешір, Əзірейіл! Құдайдың бірлігіне сенемін», – деді. «Ей, ақылсыз тентек! Саған енді қандай кешірім керек? Жанын сұрап, сақалы қудай болған əкеңе бардың. Ол жанын бермеді. Ақ шашты анаға бардың, о да жанын берген жоқ. Сен үшін жанын беретін енді кімің бар?» – деді Əзірейіл. «Менің қамымды жейтін адамым бар», – деді Домрул. «Ей, ақылсыз тентек, ол қандай адам?» – деді Əзірейіл. «Түбі бөтен əйелім, содан туған екі ұлым бар. Соларға айтатын өсиетім бар. Сол өсиетімді айтып қайтуға рұқсат бер», – деді Домрул. Сөйтіп ол əйеліне барды: «О, сүйген жарым, менің басыма қандай күн туғанын білдің бе? Аспаннан қызыл қанат Əзірейіл келіп, кеудеме мінді, жаныңды аламын деп қылғындырды. Жан тəтті екен. Жаныңды бер деп əкеме барып едім, ол жанын бермеді. Шешеме барсам, о да жан өзіме керек деді. Екеуі де баладан жан тəтті десті. Енді өзіңмен қоштасқалы келіп отырмын. Артымда қалған биік тауларым саған жайлау болсын. Мұздай құдықтарымның суы саған сусын болсын. Артымда қалған үйірлі жылқым, келелі түйем, ақтылы қойым сенікі болсын, өзің кімді ұнатсаң, соған тиіп ал, бірақ артымда қалған екі балам жетімдік көрмесін», – деді Домрул. Сонда əйелі оған: «Батыр туған жарым! Не айтып тұрсың өзің? Көзімді ашқалы өзіңнен басқаны көргенім жоқ еді, жүрегімнің сүйгені бір ғана өзің едің. Тəтті ерініңнің балы тілімнен кетпейді. Тар төсекте бас қостық. Сенен қалған соң, маған биік таулардан не пайда? Сол тауларды жайлау етер болсам, ол менің көрім болсын! Құдықтарыңның мұздай суы менің бойымды суытқан қаным болсын. Сенен қалған алтын-күмісті жаратар болсам, ол маған кебін болсын. Сенен қалған жүйрік аттың үсті маған көр болсын. Сенен соң біреуге тиер болсам, ол мені сары жылан болып шақсын. Анаң мен əкең ақылсыз екен, олар саған жанын неге бермейді? Құдайдың жарық күні, алтын тағы куə болсын, астымдағы жер, үстімдегі көк куə болсын, Алланың өзі куə болсын, менің жаным сенің садағаң болсын, беремін жанымды сен үшін!» – деді əйелі. Осыны айтып, ол жан беруге əзір болды. Əзірейіл жан алуға келді. Бірақ батыр əйелін өлімге қимады. Құдайға жалбарынып, мұңын шақты. Тыңдалық, ол не айтқан екен: «О, құдай, сен биіктердің биігісің. Сені ешкім көріп білген емес. Көптеген ақымақ сені көктен іздейді. Енді біреулер жерден іздейді. Сен əрбір сенуші адамның жүрегіндесің. Сен мəңгі жасайтын билеушімсің! Сен үшін мен ұзын жолдардың бойынан құттыхана үйлер саламын. Сенің құрметің үшін ашқа тамақ, жалаңашқа киім боламын. Жанға зəру болсаң, əйелім екеуміздің жанымызды бірдей ал. О, мейірман, рақымды құдай, қалдырар болсаң, екеуіміздің жанымызды бірдей қалдыр», – деп тілек етті. Бұл тілек құдайға барып жетті. Ол Əзірейілге: «Домрулдің əкесі мен шешесінің жанын ал, ерлі-зайыпты мынау екеуіне 140 жылдан өмір беремін», – депті. Əзірейіл Домрулдің əкесі мен шешесінің тынысын тарылтып, жанын алыпты. Домрул өзінің жұбайымен 140 жыл өмір сүріпті. Менің атам Қорқыт келіп, жыр айтыпты. «Бұл жыр ержүрек батыр Домрулге арналсын депті. Менен соң бұл жырды бүкіл оғыз елінің ұзандары айтатын болсын, оны оғыз елінің жүзі жарық барлық ерлері тыңдай білсін», – депті ол. Хан ием, өз басым сізге батагөймін: өзіңе кең жайлау болған Қаратау күйремесін. Көлеңкелі биік дарағың көктеп, көгере берсін. Тасып аққан өзендерің шөлге айналмасын. Жаман адамдардың сөзіне ерме. Сіздің жауабыңызға бес ауыз сөзбен дұға оқыдық. Сол дұғам қабыл болсын, сол бес сөз бас қосып, сізге ақылшы болсын. Аты Мүбəрак Мұхамедтің құрметі үшін құдай сіздің күнəңізді жеңілдетсін, хан ием! VІ. ҚАҢЛЫ ОҒЫЗ БАЛАСЫ ҚАН-ТӨРƏЛІ ЖАЙЫНДАҒЫ ЖЫР Оғыздар заманында Қаңлы деген бір ақылды адам болыпты. Оның Қан-Төрəлі дейтін баласы бар еді. Қаңлы оғыз бір күні: «О, достарым, менің əкем көз жұмып, ол дүниеге кеткен соң, орнын мен бастым. Бір күні мен де өлемін. Көзімнің тірісінде, балам, сені үйлендірсем деген ойым бар», – депті. Сонда Қан-Төрəлі тұрып: «Əке, үйлендірер болсаң, маған қандай əйелдің сай келетінін біліп ал. Алған əйелім өзімнен бұрын тұратын болсын. Атқа менен бұрын мінетін болсын. Мен гəуірлер еліне аттанар болсам, оған əйелім менен бұрын жететін болсын жəне жаудың басын алып, алдыма тартатын болсын», – депті. Сонда Қаңлы оғыз: «Е, ұлым, саған сұлу əйел керек емес, өзіңе серік болатын батыр əйел керек болды ғой. Соның арқасында ішіп-жеп, қызық көрсем дейді екенсің ғой», – депті. Баласы оған: «Иə, əке, менің қалайтыным сондай əйел. Əйтпесе бармақтай түркімен қызы маған сай келмейді. Ол жар төсегін көтере алмай, құрсағы жазым болады», – депті. Ендеше елден

іздеп қыз табу сенен болсын, қалың малына ақша табу, оны бағып-қағу менен болсын», – депті əкесі. Бұл сөзді естіген соң, Қан-Төрəлі қасына қырық жігітін ертіп алып, бүкіл ішкі оғыздардың жерін аралап, одан өзіне сай келетін қалыңдық таба алмайды. Қайтып үйіне келсе, əкесі: «Ұлым, елден іздеп өзіңе лайық қалыңдық таптың ба?» – деп сұрады. «Оғыз елінің тұқымы құрысын, əке, ол елден өзіме лайық қалыңдық таппадым», – деді баласы. Əкесі оған: «Қалыңдық іздеудің жолы олай емес қой», – депті. «Енді қалай іздейді?» – депті баласы. Əкесі: «Сен ертеңгісін шықсаң, түсте қайтасың, түсте шықсаң, кешке ораласың. Ұлым, сен мал-жанға ие болып, соны бағып-қақ, қор жина, саған қалыңдықты мен іздейтін болайын», – депті. Баласы бұған көнді. Қаңлы оғыз бұған көңілденіп орнынан тұрды да, елдегі қарт-қарияны қасына алып, ішкі оғыз елін аралап, баласы қалайтындай қалыңдықты көре алмады. Енді ол елдің екінші қанатына шығып, сыртқы оғыздарды аралап, одан да лайықты қыз таба алмады. Ақырында Трапезунт еліне тартты. Трапезунт патшасы Тагавордың атақты бір сұлу қызы бар екен, садағына екі оқ байлап, бірін оңға, бірін солға атады екен. Ол оқтары жерге қайтып түспейді екен. Оның қалың малының құны үш түрлі аңды жеңуге байланысты екен. Əкесі жұртқа: «Сол үш түрлі тажалды кімде-кім жеңіп өлтірсе, қызымды соған беремін, жеңе алмаған жігіттің басын аламын», – депті. Қызды аламын деп гəуір елінен 32 бектің баласы келіп, сол шартты орындай алмай, мерт болыпты. Бастары дар шəңгегінде ілулі тұр екен. Ол үш аңы: арыстан, сүзеген қара өгіз, адам жейтін қара үлек екен. Əрбіреуі айдаһар жалмауызы сияқты еді. Қызды аламын деп келіп, дарға асылған 32 жігіт арыстан мен қара үлекті көрмепті. Оларды сүзеген қара өгіз жарып өлтіріпті. Қаңлы бұл аңдардың басын, өздерін көреді. Құжынап тұрған биттері басына симай өрмелеп сирағына түседі екен. Қаңлы оғыз тұрып: «Мен бұл жайды балама барып айтайын, сол үш тажалды жеңсе, осы қызды алсын, жеңе алмаса, ауыл қыздарының бірін алар», – депті. Ат аяғы ақсайды, ұзанның тілі ұзын. Қаңлы оғыз еліне келеді. Оның келгенін баласы Қан-Төрəлі естіп: «Əкем келіпті», – деп, қасына қырық жігіт ертіп, əкесінің алдынан шықты, қолдарын сүйіп тұрып: «Жан əкем, ел асып қайттың. Маған лайық қалыңдық таптың ба? – деп сұрапты. Əкесі: «Таптым, балам, күшің жетсе, – соны аларсың», – дейді. «Не сұрайды екен қалың малына? Қанша алтын күміс, қанша жылқы, түйе сұрайды екен?» – деді баласы. Əкесі оған: «Тапқан қызымды алу үшін ештеңенің де керегі жоқ, оған асқан ерлік керек», – депті. Сонда Қан-Төрəлі тұрып: «Əке, менің ерлігіме сене бер. Қара жал Кавказ атына мінермін, қанқұмар гəуір еліне барармын, қанын судай төгермін, бастарын кесіп алармын. Аузынан қан құсқызып, өздерін құл, қыздарын күң етіп айдап келермін, бұл ерлік болмай ма саған?» – депті. Қаңлы оғыз айтты: «Жоқ ұлым, менің айтып отырғаным мұндай ерлік емес. Бұл қызды алу үшін үш түрлі аңды жеңу керек. Кім жеңсе, қыз соныкі, жеңе алмаса, жігіттің басын кесіп, дарға іліп қояды», – депті. Сонда Қан-Төрəлі: «Əке, мұндай сөзді маған айтып, несіне əуре боласың? Қойған шартың сол болса, мен оған қалай болғанда да барамын. Ерлігімді көрсетіп, ар-намысымды сақтармын. Артымда қалған ханым анам, бек əкем аман болсын», – деп жолға шықпақ болады. Қаңлы ойға қалады: «Басыма бəле болып жүрмесе игі еді бұл сөз. Мен ол сөзді балам сескеніп, бармас деп айтып едім», – дейді ішінен. Соны ойлап, ол сөйлей бастады. Тыңдап көрелік, хан ием, ол не деген екен: «Ұлым, барар болсаң ол жердің суы тулап ағып, адамға өткел бермейді, жері ұйық болады, ат аяғын басып жүре алмайды. Ормандары толған ала шұбар жылан болады. Олар адамды жүргізбейді. Қамалдарының биік мұнарасы көкке жетеді. Сол қамалдарда адам жүрегін ұрлап, сиқырлайтын сұлулар да, бас алатын жендеттер де көп. Олар күліп тұрып адамның басын алады. Қыз əкесінің иығында қалқаны ойнап тұрады екен. Тілсіз жаудың ортасына бармақсың, балам. Барса келмеске ба рып, сақалы қураған əкеңді, шашы ағарған анаңды дертке салып жүрме», – деді əкесі. Бұған Қан-Төрəлі намыс көрсетіп: «Не айтып тұрсың өзің, жан əкем? Қорқақ адам батыр бола ма? Батыр адамға қауіп-қатер түк емес, қорқақтық – ұят. Барар жолымда тулап аққан өзен көп болса, одан қараңғы түнде өтермін, батпағына ат батып кететін болса, тұяғына киіз салып өтермін. Тоғайында жыланы көп болса, шақпағымды тұтатып, орманын өртермін. Қамалдардың басы көкке жететін биік болса, тəңірі жарылқаса, оны да алып, бұзармын, жігіттің көзін қызықтырып, жүрегін ұрлайтын сұлулары көп болса, олардың желкесінен тістеп сүйермін. Қыз əкесінің арқасында қалқаны ойнап тұратын болса, оның басын алармын. Барамын ба, жоқ па, барсам қайтамын ба, жоқ па, əлде адам жейтін қара үлектің астында қаламын ба, əлде етімді арыстан жыртып жей ме, əлде қара өгіздің мүйізінде кетемін бе, өлемін бе, өлмеймін бе, аман боламын ба, жаман боламын ба – оған тəуекел. Əзірге бек əкем, ханым анам, көріскенше аман болыңдар», – деді. Баласының ерлік сапарынан қайтпайтынын білген соң, бұлар оған: «Жұлдызың биік болсын, аман барып, есен қайт»,– деп батасын берді. Қан-Төрəлі əкесі мен анасының қолдарынан сүйіп қасына қырық жігітін алып, жеті күн, жеті түн жол шекті. Гəуірлер елінің шегіне келіп, шатырын тікті. Қан-Төрəлі атын жүгіртіп, сайыс ойынын көрсетті. Өзінің ауыр шоқпарын аспанға лақтырып жіберіп, атымен шауып барып, жерге түсірмей қағып алушы еді. «О, қырық жігітім, қырық серігім, сөзімді тыңдаңдар, мен жүйрікпен жарысып, күштімен алыса аламын. Тəңірі жарылқасын, патшаның үш аңын өлтіріп, сары камзол киген сұлулардың сұлуы – Сейілжан ханымды алайын, сөйтіп оны əке-шешеме алып барсам деймін. Маған не ақыл бересіңдер, қырық серігім? Сендерден жасырар сырым, аянар жаным жоқ»,– деді Қан-Төрəлі. Хан ием, бұлар осылай əңгіме-дүкен құрып жатқанда, Тагаворға мынадай хабар жетті: «Оғыз елінен бір жігіт келіпті.

Тагавордың қызына құда түспекші екен», – делініпті онда. Гəуірлер жеті ағаш жерге келіп: «Жігіт мұнда неге келген екен, соны білгіміз келеді», – депті. Келген елшілерге бұлар: «Сыйлық алысуға келдік»,– деп жауап қайтарады. Келген адамдар Қан-Төрəліні қырық жігітімен бірге шатырларына шақырып алып, астарына кілем төсеп, қой сойып сыйлады, жеті жылдық шарапқа тойғызып, Тагаворға алып келеді. Тагавор тағында отыр еді. Тағының айналасында гəуірлер сауыт киіп, жеті қатар болып тұр екен. Сол кезде оның алдына Қан-Төрəлі кіріп келді. Ол келгенше қыз тақ сыртынан биік əйнекті мұнара жасатып, қасындағы қырық қызға қызыл киім, өзі сары киім киіп тұр екен. Сол биіктен ол хан алдындағы кездесуге қарап тұрды. Қан-Төрəлі кіріп, Тагаворға сəлем берді де, төселген кілемдер үстіне барып отырды. Тагавор оған: «О, батыр жігіт, қайдан келген адамсың?» – деп сұрады. Қан-Төрəлі орнынан тұрып талдай иіліп, басындағы бөркін алды да, қолдарын жалаңаштап: «Мен сенің қарсы бетіңде тұрған Қаратаудың басына шықсам деп келдім. Ағысы қатты өзендеріңнен жүзіп өтсем деп келдім. Мен сенің кең етегіңе кіріп, тар қолтығыңа сыйсам деп келдім», – деді. Қан-Төрəліні жалаңаштап, хан алдына əкелді. Тұла бойы алтын тарамысқа толған екен. Одан соң алаңға алып жүрді. ҚанТөрəлінің денесі сұлу, керіскедей жігіт еді. Оғыздар елінде төрт жігіттің денесін ешкім көрген емес. Олар Қан-Төрəлі, бірі – Қара Шүкір, оның баласы – Қырық Қонақ, Шұбар аттың егесі – Байрақ. Қан-Төрəлі өзінің жұқа жамылғышын ашып жібергенде, мұнара үстінде тұрған қыз оның алып дене мүшелерін көріп қалып, тал бойына от жүгіргендей болды, қадала қарап, жаны мысық болып мияулады. Сүт іздеген бұзаудай, аузынан сілекейі ақты. Ол қасындағы қыздарға қарап: «Құдай əкемнің жүрегіне мейірбандылық салып, қалың малын алып, мені осы жігітке берсе, жақсы болар еді. Мұндай алып жігіттің аң тырнағына түсіп, мерт болуы өкінішті болар еді», – деді. Сол кезде жұрт шынжырға байлап, өгізді алып келді. Өгіз тізесін бүгіп қалып, жерде жатқан бір құшақ мəрмəр тасты сүзіп, оны жаңа піскен ірімшіктей мыж-мыж қылды. Сонда гəуірлер тұрып: «Бұл өгіз енді анау тұрған жігітті де мүйізіне іліп алып, күл-талқан етеді, етін паршалап жарып өлтіреді. Оғыздардың тұқымы құри берсін. Əйтпесе қырық жігітімен келген бұл батырдың қызда несі бар?» – десті. Мұны естіген қырық жігіт жылай бастады. Қан-Төрəлі оң жағына қараса, қырық жігіті жылап тұр екен. Сол жағына қараса, одан да соны көрді. Оларға ҚанТөрəлі: «О, қырық жігітім, қырық серігім! Неге жылайсыңдар? Онан да менің қол қобызымды əкеліп тартып, əруағымды жебеп тұрыңдар», – деді. Қырық жігіт қобыз тартып, батыр дың ерлігін мақтады. Не айтқан екен олар, тыңдаңыз, хан ием! «О, сұлтанымыз, Қан-Төрəлі! Сен орныңнан тұрып, Кавказдың қара жал атына батырлық үшін мінген емес пе едің? Сен басы биік Алатаудан құс атқан батыр емес пе едің? Сен əкеңнің ақ шаштарына нөкер қыз дардың қалай сиыр сауып, сүт əкелетінін көрген едің. Олар сиыр бала сын бұзау емес, өгізше, бұқашық деп атамаушы ма еді. Батыр туған адам ажалдан қорыққан ба? Сары киімді Сейілжан сұлу саған мұнарадан қарап тұр. Оның көзі түскен адамның бəрінің де жүрегі от болып жанады. Сол қызды сүйетін болсаң, бар күшіңді аяма», – десті қырық жігіт. Сонда Төрəлі: «Өгізіңді жібер, гəуір!» – деді. Жасауылдар өгіздің шынжырын алып, бос жіберді. Өгіз Қан-Төрəлінің болат найзасына тура жүгірді. Қан-Төрəлі əулие-əнбиеге, тəңірге жалбарынып, найзасын өгіздің маңдайына салғанда, өгіздің артқы екі аяғы бүгіліп, кілт тоқтады. Жұдырығымен оның маңдайынан итеріп, алаңның шетіне дейін шегіндірді. Өгіз бен Қан-Төрəлі бірін-бірі жеңе алмай, көп алысты. Ақырында өгіз əлсіреп, танауы көбіктенді. Екеуі тіресіп тұрғанда Қан-Төрəлі: «Құдай адамға ақыл беріп, оны дүниенің иесі етті. Жалт беріп бұрылсам, өгіз екпінімен опырыла құлайды, содан соң аса қиындықсыз-ақ жеңермін», – деп ойлады. Солай етіп жалт бер генде, тіресіп тұрған өгіз екі мүйізін астына беріп, омақаса құлады. Қан-Төрəлі оны құйрығынан ұстап үш рет көтеріп тастады. Өгіздің сүйектері күл-талқан болды. Содан соң өгізді басып отырып бауыздап тастады да, терісін сыпырды. Өгіздің етін алаңда қалдырып, терісін Тагаворға əкеліп тастап: «Ертең қызыңды маған бересің», – деді. Сонда Тагавор: «Сұраған қызын беріңдер де, өзін қаладан қуып жіберіңдер, біздің елімізден кетсін», – деді. Тагавордың баласы тұрып: «Аңдардың патшасы арыстан еді, сонымен де сайысып көрсін, қызды содан соң берерміз», – деді. Патшаның жарандары торда тұрған арыстанды алаңға əкелді. Ол алаңда тұрған аттарды тістеп, қызыл ала қан қылды. Батырдың жігіттері тұрып: «Өгізден бала құтылды, енді арыстаннан қалай құтылар екен», – деп еңіреп жіберді. Қан-Төрəлі жігіттерінің жылап тұрғанып көріп: «Жылама, жігіттерім, қолдарыңа менің қобызымды алып сарындатып тұрыңдар. Сары ала киім киген қызға ғашық болып арыстаннан қорықсам, не болғаным?» – деді. Бұл сөзге жолдастары қуанып, сөйлей бастады. Не айтқан екен олар, тыңдалық, хан ием. Серіктері оған: «О, сұлтаным, Қан-Төрəлі! Аң патшасы арыстанды жеңу оңай емес. Ол қалың қамыс ішінде жүріп ақырса, алыстағы жылқының құты қашады. Айғырды көрсе жалынан тістеп алып ұрады, оған көктеректің бұтағынан істелген садақ түк емес. Аққудың қанатын таққан сұр жебең де оған батпайды. Алайда сен үшін арыстан дегенің қабамын деп келген ала күшік емес пе? Батыр соғысқа түссе, өлімнен қорқа ма? Сары ала алтын киген Сейілжан сұлу өзінің көк терезелі мұнарасынан сайысқа қарап тұрды. Оның көзі түскен жігіттің ғашық отына жанбағаны бар ма? Арыстанмен айқасқанда сол сүйген қызыңның сары ала киімі көз алдыңда болсын», – десті. Қан-Төрəлі қайратына симай: «Ей, гəуірлер, жібер арыстаныңды! Оны турап тастайтын қолымда қара болат қылышым жоқ. Ғаламдағы бар байлықтың иесі, рақымы мол тəңірінің бір өзі пана болсын», – деді. Арыстанды алаңға жіберді. Ол Қан-Төрəліге қарай жүріп, жақын келді, Қан-Төрəлі бір қолына қой терісін жамылып, оны арыстанның аузына тоса берді. Өзі көк тəңірісіне

сиынды да, арыстанның бас сүйегін көздеп тұрып жұдырығымен қойып қалғанда, жағын күл-талқан етіп, ұнтап жіберді. Арыстан аузын ашқан күйі жерге құлап түсті. Батыр арыстанды аяғынан ұстап көтеріп алып, жерге бір соқты да, сүйектерін қаусатты, аяқтарын жұлып алып, лақтырып жіберді. Сөйтіп Тагаворға келді де: «Қызыңды маған ертеңнен қалдырмай берерсің», – деді. Тагавор ризалық білдіріп: «Қызды əкеп беріңдер. Бұл жігітті көрген жерден-ақ ұнатып едім. Тұрамын десе, ордамда қалсын, тұрмаймын десе, еліне барсын», – деді. Патшаның баласы тұрып: «Мал патшасы үлек еді, сонымен де сайысып көрсін, қызды содан соң алсын», – деді. Құдайына қараған бектері жəне Тагавор патша: «Үлектің аузын жеті жерден байлап жіберіңдер», – деп еді, күншіл гəуірлер оның аузын байламады, алаңға бос жіберді. «Қан-Төрəлі адам жеуші екі аңды жеңді, бірақ мына үлектен құтыла алмайды. Үлек оны қарпып тістейді де, тарпып өлтіреді», – десті. Батыр үлекті күтіп, тік тұрды. Арт жағында қолдарына қылышын ұстаған алты жендет тұр еді. Батырдың қырық жорасы сасып қалып тілге келді. Не айтқан екен олар, тыңдалық хан ием: «О, Қан-Төрəлі, сен ерлер салтын құрып орныңнан ерте тұрдың, өзіңнің Кавказдық қара жал атыңа міндің. Қасыңа көздері күндей жайнаған қырық жігітіңді алып, қанқұмар гəуірлердің еліне келдің. Биік тауларға келгенде алдыңмен емес, артыңмен өттің. Өзендерден теріс қарап жүзіп өттің. Қара өгіз келгенде, оны быт-шыт қылдың. Арыстан келгенде бел омыртқасын үзіп жібердің. Қара үлек келгенде неден сасып тұрсың? Оны жеңсең, даңқың мынау самаладай болып тұрған биік Қаратау шыңдарының басынан асып, өзендерден өтіп, еліңе жетеді. Ерлігіңді бүкіл оғыз елі айтып жүретін болады. Оғыз Қаңлының баласы Қан-Төрəлі осындай ерлік көрсетіп еді дейтін болады. Қара өгіз келгенде, оны қолымен ұрып жығыпты, арыстан келгенде оның омыртқасын талқандап жіберіпті дейтін болады. Қара үлектен несіне қорқасың? Осыны жеңсең, үлкен мен кіші де, кемпір мен шал да, досың мен дұшпаның да сенің ерлігіңді ертегі етіп айтатын болады. Жеңіліп, мерт болсаң, сақалы қудай болған əкең, шашы аппақ болған кəрі анаң қайғырып жылап, көздерінен қаңды жастарын төгер еді. О, хан баласы, тезірек қам етпесең, артыңда қылышын жалаңдатып, алты жендет келіп тұр. Түйе астына түссең болды, олар сенің əдемі басыңды көз ілестірмей кесіп тастамақ. Жерден басыңды көтеріп, жоғары қарашы! Төбеңе көк ала қаздар ұшып келді. Сұңқарыңды соған неге салмайсың? Сейілжан сұлу сары ала киімін сен үшін киіп, сенің тілеуіңде тұр. Оны неге көрмейсің? Сені дұшпандарың үлек аузында кетеді деп мазақтап жатыр. Мұны неге білмейсің? Сейілжан сұлу саған терезеден көз алмай қарап тұр ғой, оның көзі түскен еркектің ғашық болмағаны жоқ. Қыз саған ынтық болып, шаттанып тұрған жоқ па?» – десті қырық жігіті. Сонда Қан-Төрəлі ойға келді: «Егер мен Қара үлектің тісінде кетер болсам, жұрт қыздың дегені болды дер. Қара үлекті өлтірсем, бүкіл оғыз елі менің ерлігімді мақтап, қызды жеңіп алды дейді екен. Онда, жігіттерім, менің қол қобызымды алып, сарнатып тұрыңдар, ерлігімді оятыңдар, тəңіріге сиынып, нар тəуекел деп, сайысып көрейік. Үлектен қорқатын не бар? Тəңірі жарылқаса, оның да басын кесермін», – деді. Жігіттері Қан-Төрəлінің намысын қыздыратын сөздер айтты. Не деген екен олар, хан ием, тыңдап көрелік: «Бүркіт биік тастың басына ұя салады, сен сол бүркіттердің сұлтаны едің. Көкке ұшып шыққанда, ол құдайдың қасына барады. Төменге шүйілер болса, қамал бұзатын тас шоқпарға айналады. Аңға түскенде бүркіт оқтан жылдам. Көл бетіндегі үйректерді орнынан тұрғызбай қағып кетеді. Үйрек уысына түскенде, ұшып бара жатып, оның сүйегін парша-парша етеді. Қарны ашқанда, ұясын тастап, биікке самғап ұшып кетеді. Сауысқан, қарға оның қасына жолай алар ма? Ер жігіт жаумен айқасқанда өлімнен қорқар ма? Сары киімді Сейілжан сұлу мұнарадан саған қарап тұр. Ол қыз кімге қараса, соның жүрегі от боп жанады. Сары киім киген қызға ғашық болсаң, ерлігіңді көрсет», – десті. Қан-Төрəлі өзін тəңіріге тапсырып, түйені аяғымен теуіп қалғанда, үлек бақырды. Екіншілей тепкенде ол құлап түсті. Сонда Төрəлі оның үстіне шығып алып, мойнын екі жерден бауыздап, басын кесіп тастады. Жонынан екі білем таспасын алып, Тагавордың алдына лақтырып тастады: «Қызыңыз осыны илеп, оқ салатын қорамса етсін, не болмаса үзеңгі бау тігіп алсын», – деді. Тагавор баланың батырлығына қайран болып: «Бұл жігітті мен көрген жерден-ақ ұнатып едім», – деді. Тагавор қызын бермек болып, қырық жерден ала шатыр, қырық жерден үй тікті. Қан-Төрəлі мен қызына бөлек отау тіккізді. Ұзандар келіп, махаббат жырын айтты. Ол қылышын қынабынан алып, тасқа ұрды. Тас қақ жарылды. Өзіне мынадай серт қойды: «Қарт əкемнің алдын, қарт анамның жүзін көрмей, бұл шатырға кірер болсам, менің мойным осы жарылған тастай болып кесілсін, өз қылышым мойныма түссін, өз садағымның оғынан ажал табайын, некесін қимай ұл туғызсам, ол он күнге толмай өлсін», – деді Қан-Төрəлі. Сөйтіп ол тігілген шатырдың бəрін де жыққызды, түйелерін бақыртып, жылқыларын кісінетіп көшті. Жеті күн, жеті түн жүріп, оғыз елінің шегіне келіп, шатырын тікті. Содан соң ол: «О, қырық жігітім, қырық серігім, сендерден менің аянар басым жоқ. Тəңірі сапарымды оң қылып, жаудың үш жалмауызын жеңдім. Сары ала алтын киген Сейілжан сұлуды алып, еліме келіп жеттім. Балаң қалыңдық əкеле жатыр деп, еліме хабар беріңдер, əкем алдымнан шықсын», – деді жолдастарына. Қан-Төрəлі қонатын жерді көріп еді, аққу-тырнасы, бөденесі мен түйетауығы көп жер екен. Сулары мұздай, мөлдір, орман-нуы жайқалған қоныс екен. Сейілжан сұлу, мұндай сұлу қоныс жоқ, шатырды осы жерге тігелік деді. Қыз бен батыр сол жерде қалып, ішіп-жеп, сауық құрып жата берді. Қырық жігіт елге кетті. Оғыздар заманында жігіт басына қиындық түсер болса, ол соны түс көріп білуші еді. Қан-Төрəлі ұйқыға кеткенде Сейілжан сұлу:

«Маған ғашық болып таласып жүргендер көп еді. Осылай жатқанда бізге жау тиіп, қосылған жігітімді өлтіріп, өзімді алып кетсе қайтер еді. Ақ жүзіме дақ салып, əкемнің үйіне қайта апарып тастаса не болар еді?» – деп шошынды. Сөйтіп Қан-Төрəлі атының сауытын алып, өз атына кигізді, өзі де сауыт киіп алды. Қарына найзасын іліп, биік қырға шығып, алысқа көз жіберді. Бұл кезде Тагавор: «Қаңғырған бір батыр келіп менің үш дүлей аңымды өлтіріп, жалғыз қызымды олжалап кетті, мұның өзі маған лайық іс болмады», – деп, айныған еді. Алты жүз əскер жиып, бəріне сауыт, қара шапан кигізіп, қолдарына көк темір берді. Олар бір күн, бір түн суыт жүріп Қан-Төрəлі жатқан жерге келді. Сейілжан оларды көрді, сақтық көрсеткеніне қуанды. Енді олар шабуылға шықпақ. Қыз атына қамшы ұрып, Қан-Төрəліге келіп сөйлей бастады. Не деген екен ол тыңдалық, хан ием: «Бейқам болма, жігітім, басыңды көтер, алақат бояумен сүрмелеп тастаған көзіңді аш, жігітім! Жау келіп қалды! Олар сенің аяқ-қолыңды байлап, басыңды қара жерге салып, сүйретіп өлтірмек. Дұшпандарың келіп қалды. Ұйқыңды қи да, атыңа мін. Тау қозғалмай жер жарылғалы тұр. Гəуірлердің кəрі бектері тірі екен, олар қызымызды тартып алды деп намыс көрсетіп, елін жинапты, аттарына мініп, таудан асып, біздің ізімізге түсіпті. Қатарын түзеп жау келді. Қауіпсіз жер тапқандай, бұл жатысың қалай? Үйімде жатырмын деп ойлайсың ба? Не болған саған?» – деді оған. Бұл сөзді есіткен соң, Қан-Төрəлі ұйқысынан тұрды: «О, сұлу жарым, айтып тұрғаның немене?» – деп сұрады. Қыз оған: «О, жігітім, артыңнан жау келіп жетті. Айту менен де, соғысу сенен, ерлік көрсететін жерің келді», – деді. Қан-Төрəлі көзін ашқан кезде қыз қолына найзасын алып, шаба жөнелді. Батыр қара жерді сүйді де, сөйлеп кетті: «Біздің дініміз ақ еді, тəңірі сөзі шын деп, тілімізді кəлимаға келтірген едік. Сол тілегіміз тəңірге аян болсын», – деп, таза сумен дəрет алды, екі бас құтба оқып, басын сəждеге иді. Сөйтті де көк тəңіріге сиынып атына мінді де, қара қамзол киген гəуірлердің жасағына қарсы жүрді. Сейілжан сұлу Қан-Төрəлінің қасынан шауып өтті, оған батыр: «Қайда кетіп барасың, сүйген жарым», – деді. «О, бек жігіт, бас аман болса қалпақ табылады. Гəуірлер көп екен, соғысып, сайысып қалалық. Өлсек – өлерміз, өлмесек қалармыз. Тірі қалғанымыз шатырға барармыз», – деп Сейілжан сұлу атын сабалап, қалың жауға бөрідей тиді. Қашқанын қумады, кешірім сұрағанына тимеді. Ол жау жеңілді деп ойлап, қанға боялған қылышын ұстап шатырға келіп еді, онда ҚанТөрəлі жоқ екен. Сол кезде Қан-Төрəлінің əкесі мен шешесі келіп жеткен еді. Олар қыздың қылышы қанға боялып келгенін, Қан-Төрəлінің ол жерде жоқ екенін байқап, баласының хабарын сұрады: «О, келінім, о, қызым! Орныңнан ерте тұрыпсың. Баламды жауға беріп келдің бе? Жау оның басын кесіп алды ма, балам? «Ханым анам, бек əкем қайдасыңдар»,– деп жылап қалды ма? Өзің келіпсің, балам жоқ. Бауыр дегеннің жөні бөлек екен, шыдам қалмай тұр. Көрген-білгеніңді өз аузыңнан айтшы маған, қара басым сенің құрбаның болсын, қызым!» – деді ҚанТөрəлінің анасы. Қыз бұл келгендер өзінің енесі мен қайын атасы екенін білді, оларға қамшысын бүгіп сəлем берді де: «Сіздер шатырға бара беріңіздер, балаңыз төбесінен қарға ұшып, бірде қоюланып, бірде сейіле шаңы шығып жатқан жерде гəуірлермен соғысып жатыр, сол жерден іздеп келейін», – деп, қыз атына қамшы басып, қыр басына шықты. Бір сайдан бірде қоюланған, бірде сұйылған шаң көрінді. Соған шауып келсе, жау Қан-Төрəлінің атын садақпен жаралаған екен, өзінің қабағына оқ тиіп, бет-аузын қан басқан, жауға қылыш жұмсап қуып тастап жүр екен. Мұны көргенде, Сейілжан сұлудың қаны қайнап кетті. Ол қаздарға тиген сұңқардай атқа қамшы басып, гəуірлердің бір қанатын жайпап өтті. Содан соң гəуірлердің екінші қанатына тиді. Қан-Төрəлі біреудің жауды баудай түсіріп, жайпап жүргенін көрді. Оның Сейілжан сұлу екенін білмеді. Бұған намысы келген Қан-Төрəлі сөйлей бастады. Сөзін тыңдалық: «О, жігіт, орныңнан тұрып, соғысқа кіріпсің. Кім боласың, жігітім? Мінгенің қара жал Кавказ аты екен, аты-жөнің кім еді, жігітім? Жаудың басын кесіп, доптай домалатып, есінен тандырасың. Менің рұқсатымсыз жауға тиген кім едің, жігітім? Рұқсатсыз жауға тию біздің елімізде ердің намысына тиетін іс. Тарт атыңның басын! Əйтпесе құсқа түскен сұңқардай сақалыңды жұлып, кеңірдегіңнен қысып өлтіремін, есіңді жиғызбай басыңды аламын, қаныңды судай шашамын, қу басыңды қанжығама іліп аламын. Ажалыңа келген болмасаң, аты-жөніңді білдір, жігітім. Қайт ізіңше!» – деді оған Қан-Төрəлі. Тыңдаңыз, хан ием, оған Сейілжан сұлу не деп жауап берген екен: «О, батыр жігіт, бек жігіт, ботасын тастап кететін түйе бола ма? Кавказ биесі өзінің құлынын тебер ме? Қой қозысын сүзер ме? Сүйген жарын өлтірген батыр жігіт болған ба? Бұл жаудың бір шеті сенікі де, бір шеті менікі», – деді Сейілжан. Бұдан кейін Қан-Төрəлі жаудың бір жағын еңсеріп, қырып жүрген Сейілжан сұлу екенін түсінді. Өзі жаудың екінші қанатынан тиді. Ол қылышын жұмсап, талай-талай гəуірлердің басын домалатты. Жау жеңіліп, дұшпанның белі сынды. Сейілжан сұлу Қан-Төрəлінің атын жетелеп, майданнан қайтты. Жолда келе жатып, Қан-Төрəліге ой түсті: «Сейілжан сұлу, орныңнан ерте тұрасың, қара жал Кавказ атына жабдық салып мінесің, əкемнің ақ үйінің есігін аттап шығасың, оғыз елінің сұлу қыздарын ертіп жайлауға таман барасың, əңгіме-дүкен құрасың, сонда оларға мақтанып: «ҚанТөрəлі соғыста нашарлап еді, атын жетекке алып, майданнан алып шықтым», – дер ме едің? Солай деп айтар болсаң, менің намысым келіп, сені өлтірсем керек»,– деді Қан-Төрəлі. Сейілжан сұлу тіл қатты, не деген екен көрелік, хан ием: «О, бек жігіт, мақтану ер жігітке жарасқан. Əйел мақтанса, ол жалған болады. Əйел қаншама мақтанғанмен еркек бола алмайды. Көк көрпенің астында жатып, мен сенімен əлі күнге ойнап-күлгенім жоқ, ернімді тигізіп сүйісіп, тілден шəрбат алысқаным жоқ. Сенің сүюің де, жеруің де жылдам екен. Жан дүниең бай адам болмадың. Тəңірінің бір өзіне аян, мен сені өлердей жақсы көремін. Сон-

дай сүйген жарыңды өлтіріп, досым, саған не болған», – деді Сейілжан сұлу. «Жоқ, мен сені ондай жерде қалайда болса өлтірер едім», – деді Қан-Төрəлі. Қыз ашу көрсетіп: «О, жетесізден туған жетімек, мен сыртыңнан ұстайын, сен ішкі қолымнан ұста. Екеуміз күш сынасып көрелік. Садақпен атысасың ба, қылыштасасың ба ерік өзіңде», – деді. Сөйтті де ол ат сауырына қамшы ұрып, биік қыр басына шауып шықты. Қорамсасынан тоқсан оқ алып, желге атты. Екі оғының темір ұшын алып тастап, бірін жасырып қойып, бірін қолына алды. Ерін темір ұшы бар жаймен атуға қимады. «Жігіт, садағыңды атып көр», – деп қыз оған кезек берді. Сонда Қан-Төрəлі оған: «Əйелдің жолы үлкен, əуелі сен ат»,– домалап аяғына түсті. Батыр аттан түсіп əйеліне келді де, ақ бетінен аймалап сүйіп-сүйіп алды. Сырын айтты: «О, сүйген жарым, үстіңдегі жарқыраған жұқа киімдерің бойыңа жарасқан! Ақ бетіңнің қызылы көбік қарға тамған қызыл қандай жанып тұр. Оймақтай аузыңа екі түйір өрік дəні симайды. Екі қасың қиылған қаламдай. Басыңды жапқан қырық тұтам қолаң шашың тірсегіңе түседі. Айбатың арыстандай хан қызысың. Сен өлгенше, мен өлейін. Сені мен өлтіре қояйын дегенім жоқ, ерлігіңді сынап көрейін деп айтқан сөзім еді»,– деді. Сейілжан сұлу оған былай деп жауап берді: «Орнымнан ерте тұрғанмын, қара жал Кавказ атыма ет-тоқым салып мінгенмін. Əкемнің тіккен үйінен түзге талай шыққанмын, Алатауға барғанмын. Аңдарын қуып сол таудың, киігін атып алғанмын. Атқан оғым бос кетпеді, жігітім. Мен сені тоқал оқпен атып, сынап едім. Шындап атсам өлер едің, одан табарым қайсы?» – депті. Сонда бұлар алысын жақын етіп, бірін-бірі құшақтап сүйісті. Тəтті тілден бал алысты. Сөйтіп аттарына мінді де, əкесінің үйіне келіп түсті. Əкесі баласын көрген соң, тəңіріге риза болды. Баласын, келінін ертіп алып, Қаңлы оғыз еліне келді. Көгалға ала шатыр тіккізіп, түйеден үлек, жылқыдан айғыр, қойдан қошқар сойғызды. Құдалық тойын өткізді. Барлық оғыз елін етпен бөгеді. ҚанТөрəлі өзінің алтын шатырын тігіп, соған қалыңдығымен бірге кірді. Сөйтіп олар мұрат-мақсатына жетіпті. Сол тойға Қорқыт атам келіп, жыр айтыпты. Сөйтіп артына үлгілі сөз қалдырыпты: «Уай, замана-ай, дін үшін күрескен сол ерлерім қайда? Бүкіл əлемге бүлік салған бек-батырларым қайда? Солардың ерлігі ел аузында ғана қалыпты. Оларды ажал ұрлап, жүздерін қара жер жауыпты. Өмір деген тұрақсыз. Адам бұл дүниеге келеді де, кетеді. Өмірдің ақыры – ажал. Өлер сағатың келгенше құдай сені, хан ием, дініңнен айырмасын. Залым адамдарға күнің түспесін. Құдайдың өзі жаққан үмітің сөнбесін. Сіздің жарық жүзіңізді көрген соң, бес ауыз дұға бірлесіп, өлмес тағылым болсын. Хан ием, Мұхамедтің аруағы үшін құдай ол дүниеде күнəңді кешірсін». VІІ. ҚАЗЫЛЫҚ ОҒЫЗ БАЛАСЫ ИЕКЕНК ТУРАЛЫ ЖЫР Хан ием! Қам-Ғанұлы Баяндүр бір күні төсегінен тұрып, қара жерге өзінің ақ шатырын тіккізді. Шатырлардың төбесі көкке жетіпті. Оған мың жерден кілем төселіпті. Соған ішкі оғыз елінің бектерін шақырып, кеңес өткізіпті. Ішім-жем көл болды, Қазылық оғыз дейтін бір адам болған еді, ол Баяндүр ханның уəзірі еді. Күшті шарап ішіп қыза бастаған кезде сол кісі Баяндүр ханның алдына келіп басын иіп, тізе бүкті де, жауға шауып ерлік көрсетуге рұқсат сұрапты. Хан оған: «Қайда барамын десең, жолың ашық болсын», – депті. Қазылық оғыз іс көрген жасамыс адам еді. Ол шал-шабаннан жасақ жинап, соларға жаудан түскен жарақтарын беріп, жолға шығыпты. Бұлар талай бел, талай сайдан өтеді. Бір күні Қара теңіз жағасындағы Дизмерд дейтін қалаға келіп жетеді. Бұл Тагавор елінің қаласы еді. Патшасын Аршун баласы Тагавор Дирек деп атайды екен. Оның бойы алпыс аршын еді, алпыс батпан шоқпар ұстап, сонымен ұрғанда, адамның күлталқанын шығарады екен. Шаңырақтай садағының оғы темірді тесіп өтеді екен. Қазылық оғыз қамалға келіп, соғыс ашады. Соғысқа Тагавордың өзі шығып, оны жекпе-жекке шақырады. Қазылық оғыз атын желдей ескізіп, ерге балшықтай жабысып, əлгі дəудің желкесіне қылыш ұрады, бірақ онысы Тагавор дəуге шыбын шаққан құрам болмайды. Гəуір кезек алып алпыс батпан шоқпарымен ұрғанда, Қазылық оғызға жаман тиеді. Жалған дүние тар болып, басы айналады. Қаны түтіктен үргендей аспанға атылады. Жау адамдары Қазылық оғызды ұстап алып тұтқындап, қамалға алып кетеді. Қасына ерген əскерлері қашып кетеді. Сол бетпен Қазылық жау қамалында он алты жыл тұтқын болады. Əмен дейтін батыр сол қамалға алты рет барып, оны құтқара алмапты. Хан ием, бұл оқиғаға талай уақыт болған еді, Қазылық оғыз тұтқында жата береді. Өзі кеткенде артында əйелі жүкті қалып еді. Сол бала өсіп, он бес жасқа толды. Бала батыр болып өсті. Ол əкем өлген болар деп ойлады. Əкесінің тұтқын болғанын балаға ешкім айтпай, жасырды. Баланың атын Иекенк, Игнек деуші еді. Бір күні мəжілісте отырғанда сол бала мен Қара Көне-ұлы Бодақ арасында бəсеке сөз туды. Олар бір-біріне кезек-кезек əзіл сөз тастап отырды. Бодақ тұрып: «Несіне мақтанасың, бейшара бала? Жауды жапырып тастайтын мықты болсаң, əуелі əкеңді құтқарып ал. Əкеңнің жауға тұтқын болғанына он алты жыл болды ғой», – депті. Бұл сөзді есіткенде Иекенктің жүрегі қабынып, намысы келіп, басы айналды. Баяндүр хан алдына келіп басын жерге қойып, тілек сұрады: «О, Баяндүр хан, таңертең жол шетіне ақ шатырыңды тігесің, үстіне атлас жабасың. Жүйрік жылқыларың шұр қырап өріске беттейді. Жасауылдарың жолға шығып алып, елдің дау-шарын шешеді. Сен барлық оғыз батырларының тірегісің, байлығың май болып ағады. Сені ел кем-кетіктің қамқоры, Түркістанның ұстыны, Төле құстың баласы, арыстан тайпасы мен руының көсемі, қара ағаштай қаптаған қалың тобырдың жолбарысы, бақыты асқан хан дейді. Əкем жаудың қолында тұтқын болғанына көп жыл өтіпті. Рұқсат берсең, жау қамалына шабуыл жасап, соны құтқарып алайын», – депті бала.

Баяндүр хан еліне бұйрық берді: «Жиырма төрт тайпаның ту ұстаған бектері тегіс менің алдыма келсін, бұл жорықты темір қақпада тұратын, шыбық оғын қанды өзектен өткізген, жауға аты-жөнін сұрамай тиісетін, гəуірлерді талай рет шулатқан Қиян Селжүк баласы ержүрек Дондаз бастасын. Одан қалса, аңға шыққанда құланның айғырын суға түсіп қашқан жерінен атып алған, 57 қамалдың есігін бұзған оғыз Илік баласы Төлек Боран батыр барсын. Одан басқа қайың ағаштан соққан мұнара басына шыққанда аяғы таймаған, жауға садақ оғын бұршақша жаудырған Жауырыншы ұлы Иламиш батыр барсын. Соған қосып, жердің о шеті мен бұл шетін көрдім дейтін, Суқан Сары батырды қасыңа ал. Өзгесінің аты-жөнін айтып, санап жатпалық. Баяндүр хан Иекенкке барлық жиырма төрт тайпаның жақсы батырларын қосып берді. Бектер бас қосып, өздерінің құрал-саймандарын түгелдеді. Сол күні түнде Иекенк ұйықтап жатып, түс көрді. Түсін жолдастарына жорытты. Хан ием, ол не түс көрген екен, байқалық: «О, бектерім, бүгін мен қамсыз ұйқыға кетіп, түс көріппін. Түсімде бүкіл дүние көз алдыма келген екен. Елдің барлық батырлары ақбоз бурыл аттарына мініп шабуылдап жүр екен, бастарына күндей жарқыраған дулыға киіпті, бəрі қаз-қатар тұрып, ақсақалды атамыз Қорқыттан бата алып тұр екен. Ол Қаратаудың басына шығып, қайық істеді. Үстіндегі көйлегін шешіп алып, қайығына желкен етті. Сол бетпен біздің алдымызда жатқан теңізге түсіп, арғы жағына өтіп кетті. Теңіздің екінші жағасынан Қаратауда жүрген жүзі жарқын, басы биік бір батырды көрдім. Мен орнымнан тұрып, найзамды қолға алып, сол адамға жақындай беріп, оны найзамен шаншып құлаттым. Көзімнің қиығымен анықтап қарасам, ол Əмен екен деймін. Мен оны танып қалып, бұрылып сəлем бердім: «Оғыз тайпасының адамына ұқсайсың, кім боласың?» – деп сұрадым. Ол маған тігіле қарап: «Е, сен ұлым Иекенк екенсің ғой»,– деді. Мені жасымда сол тəрбиелеген еді. Қайда бара жатқанымды сұрады. Мен оған: «Дизмерд қамалына барып, тұтқын болған əкемді алып қайтпақшымын», – дедім. Сонда тəрбиешім: «Желдей жортқан арғымағым мені қайда алып бармаған? Оған жету оңай ма? Менің батыр жігіттерім Жаңа Байырдың бөрісіне ұқсас еді. Садағымды жеті ұста істеп еді, оның оғы қайыңның шыбығынан істеліп, алтынмен күптелген еді. Алтында менің таңбаларым бар екен. Жел тұрып жаңбыр жауды, ыдыстар суға толды. Дизмерд қамалына мен жеті рет барып, ала алмай қайтқан едім, жігітім, менен артық батырды табу қиын, əуре болмай кейін қайт», – деді. Иекенк өзін тəрбиелеген Əменге түсінде жауап беріп: «Сенің ертемен төсегіңнен тұрып, жауға аттанғаның рас. Бірақ сен көзі қанды бек жігіттерден қасыңа серік алмадың, сенің қасыңда даңқы жер жарған бектер болмады. Сенің серіктерің бес теңге күміске жалданып барған шал-шабандар болған еді. Сол үшін сен жау қамалын ала алмадың», – дедім. Иекенк бұдан ары оған: «Турап жеген ет жақсы, шөлдеп ішкен су жақсы, ашылмаған сыр жақсы. Адам басынан кешпей ақылды болмайды. Батыр адам өлімнен қорықпайды, жəутеңдеп қашпайды», – деп жауап берген. Иекенк серіктеріне осы түсін баян етті. Бұл кезде өзін тəрбиелеген Əмен де серіктерімен келіп жеткен еді. Барлық бек жолдастарымен бас қосып, бұлар Дизмерд қамалына келіп жетіп, оның сыртына орналасты. Жаудың келгенін гəуірлер көріп, оны Аршун ұлы Тагавор Дирекке жеткізді. Өзі албастыдай батыр еді, атына мініп қамал сыртына шықты да, батырларды жекпе-жекке шақырды. Жекпе-жекке Қиян Сейілхан елінен шыққан жау жүрек Дондаз шықты. Қолтығында алпыс тұтам найзасын қысып алып, гəуірді түсірмек болған еді. Тагавор оның найзасын қағып жіберіп, қолынан тартып алды. Сөйтіп ол Дондазды өзінің алпыс батпан шоқпарымен ұрғанда, батыр есінен танып қалды, көзіне кең дүние тар болып көрінді. Астына мінген Кавказ жүйрігінің басын бұрып, кейін тайқып шықты. Бұдан кейін жаудан жүрегі шайылып көрмеген Төлек Боран атына қамшы басып барып, өзінің темір сотасымен ұрып еді, жау батыры оған да бой бермеді. Қолындағы сотасын тартып алып, мұны да шоқпармен ұрды. Боран батыр астына мінген Кавказ атының басын бұрып, кейін шапты. Хан ием, бұл күні жиырма төрт тулы оғыз елінің бектері гəуірлерден жеңіліс тапты. Қазылық оғыз баласы, жас батыр Иекенк бұл жайға əбден ызалы еді. Ол тəңіріге сансыз рет жалбарынды: «О, тəңірім, өзің аспанда тұрасың, кім екеніңді ешкім көріп, білген емес. Əзиз атың əркімнің жүрегінде, сені туған ана жоқ, туғызған ата жоқ. Ас-ауқатқа мұқтаж емессің, адамға тəуелсізсің, əмбенің тағдырын шешкен, тəңірім, бір өзіңе сиындым! Сен Адам атаның қолына гүл ұстатып, шайтанды қарғысқа ұшыраттың. Бір ғана күнəсі үшін оны жұмақтан қудың. Намурд көкке оқ атқанда, сен оған қарны жарық балық жібердің. Ұлылығыңның шегі жоқ. Сенің бойыңды өлшеп, ойыңды білген адам жоқ, ешкімге зорлық етпейсің. О, ұлы тəңірім, əлсізге болыспасаң, тарыққанға жар болмасаң, сенің даналығыңнан не пайда? Күштілерді көкке шығарсаң, нашарларды жерге тықсаң, сенің əділдігің қайда? Менің бұл шақта өзіңнен басқа жəрдемшім, сенерім жоқ. Қара шекпен киген гəуірге енді өзім барамын, оң сапарыңды бер», – деді де, атын желдей ағызып, еріген балшықтай жабысып, жау қасына барды. Жау батырының екі кісі мінгендей иығына қылыш ұрып, онысы киімін жыртып, сауытынан өтіп, денесіне алты елі батты. Қара қаны сел болып ақты. Қаны денесін жуып, қара сиырдың көнінен істеп киген башмағына барып құйылды. Басы түсіп, бүкшиіп қалды. Содан соң жау батыры қамалға қарай қашты. Иекенк оны қуа жөнелді. Қамал қақпасына барғанда, Иекенк оны өзінің қайыспас қара болат қылышымен тағы бір рет ұрған еді, басы жерге допша домалап түсті. Бұдан соң Иекенк атының басын бұрып, өзінің əскеріне келіп қосылды. Жау елі тұтқында жатқан Қазылық оғызды босатып берді. Ол өз адамдарына келіп қосылды. Сонда Қазылық оғыз: «О, бек жігіттерім, айтыңдаршы, гəуір батырын кім өлтірді?» – деп сұрады. Сөйтті де тағы сөйлеп кетті. Тыңдалық, хан ием, ол не деген екен: «Мен кеткенде бір

аруана келеде буаз қалып еді, сол ұрғашы бота туды ма, еркек бота туды ма? Қотанымда бір саулық буаз қалып еді, сол ұрғашы қозы туды ма, еркек қозы туды ма? Үйімде көзі күндей, жүзі айдай сұлу жарым жүкті қалып еді. Сол ұл туды ма, қыз туды ма? Мені ұмытпаған болсаңдар, бұл сұрағыма жауап бере көріңдер, бек жігіттер», – депті Қазылық оғыз. Бұған Иекенк жауап беріпті. Тыңдалық хан ием, ол не деген екен: «Үйіңде аруанаң буаз қалса, ол еркек бота туды. Қара қилы қораңда бір саулығың буаз қалған болса, ол қошқар туды. Үйіңде жүзі айдай əйелің жүкті қалған болса, ол арыстан туды», – депті Иекенк. Бұлар бірін-бірі құшақтап, жылап табысты. Сағынып көріскен екі ғашық сияқты болды. Айсыз түнде ұлып табысқан бөрідей болды. Бұдан соң бектер барлық əскерін жиып, қамалға кірді де, қаланы қиратып, мал-мүлкін талады. Қаладағы шіркеудің бəрін бұзып, орнына мешіт салдырды. Онда жұрт тілін кəлимаға келтіріп, құтба оқыды. Бəйшешектей құлпырған, бойшаң, уылжыған жас сұлу қыздан тоғызын алды, шоқпардан тоғыз, алтын шапан мен мауытыдан тоғыз-тоғыздан олжа алып, соның бестен бірін Баяндүр ханға сыйлық етіп бөлді. Өзге олжаны дін үшін соғысқан батырлар бөлісіп алды. Сөйтіп бұлар аман-есен еліне келіп жетті. Ел бас қосқан думанға Қорқыт атам келіп, күй тартып, жыр айтты. Бұл жырды да сол шығарып, Иекенк ерлігіне арнаған еді. Менің берер батам мынау, хан ием: «Сенің Қаратауың құламасын. Көлеңкелі биік дарақтарың кесіліп, қурамасын. Ақсақалды əкеңнің барған жері жұмақ болсын, ақ шашты анаңның жүрген жері тау болсын. Өлгеніңше Алла сені дініңнен айырмасын. Сенің иманды жүзіңді сағалап, бес ауыз сөзбен дұға айттым. Сол дұғам қабыл болсын. Мұхамедтің жарқын есімі үшін ол дүниеде құдай сенің күнəңді кешірсін!» VІІІ. ТӨБЕКӨЗ ДƏУДІ ӨЛТІРГЕН БИСАТ ТУРАЛЫ ЖЫР Хан ием! Бір күні оғыздар бас қосып отырғанда, оларға жау тиіпті. Қамсыз отырған ел түн ішінде бет-бетіне қаша жөнеліпті. Ел қашқанда Аруз батырдың кішкене баласы қоржын басынан түсіп қалып, оны арыстан емізіп асырайды. Жау кеткен соң, оғыздар бас құрап, қайтадан қоныстарына орналасады. Бір күні Оғыз ханның жылқышысы өрістен бір хабар əкелді. «Хан ием, қамыс ішінен бір арыстан пайда болып, жылқыны құртатын болды. Өзі адам сияқтанып тік жүреді, жылқыны көрсе, бас салып қанын сорады», – депті. Аруз тұрып: «Ол жау келгенде қоржыннан түсіп қалған менің балам болып жүрмесін», – депті. Содан соң оғыздар аттарына мініп, арыстанның жатағына келіп, оны қуып, ұстап алыпты. Аруз баланы үйіне апарып, ел қуанды. Ішімжемге келгенде алдына қойған тамақты қанша болса да бір-ақ асап, жоқ қылды. Содан соң баяғы арыстанның жатағына кетті. Оны тағы да ұстап алып, ауылға əкеледі. Сонда Қорқыт ата келіп, балаға ақыл айтыпты: «Жеткіншегім, сен аң емес, адамсың ғой, аңға үйір бола берме. Ортамызға кел де, келісті атқа мініп, батыр жігіттерге бас бол, ерлік көрсет. Сенің атыңды мен Қиян Сейілхан елінен шыққан аңға ұқсатып, Бисат қоямын. Бұл есімді берген мен. Өмір жасың ұзақ болсын», – депті. Бір күні оғыздар жазғы жайлауға көшіп еді. Аруздың Қоңыр оғыз Қойшы деген малшысы болушы еді. Оғыз елінде одан озып жайлауға қонатын адам болмаған. Сол жайлауда «Ұзын бұлақ» дейтін өзен бар еді. Онда су перісі болатын. Бір күні сол бұлаққа келген қойлар үркіп шықты. Қойшы қой алдында тұрған қошқарға қарап еді, оның үстінде пері қыздары қанаттасып ұшып жүр екен. Қойшы перінің бірін ұстап алды. Сұлу қызды көрген соң, көңілі кетіп, шекпенін төсеп, онымен жақындасты. Қойлар үркіп, қаша жөнелді. Қойшы атына мініп, қашқан қойлардың соңынан кетті. Пері қызы қанатын қағып ұшып кетті. Ұшып бара жатып Қойшыға: «Бір жылдан кейін осында келіп, мендегі аманатыңды ал. Оғыз еліне сен бүліншілік салатын болдың», – депті. Бұл сөзден Қойшы шошынып қалды. Алайда ұзақ жыл бойында сол қызды ойлап, жүзі сарғайып кетіп еді. Келер жылдың жазында оғыздар тағы да жайлауға көшті. Қойшы баяғы бұлақ басына қойларын айдап барса, олар тағы да үркіп, су ішпеді. Қой алдына шығып, бұлақ жағасына барса, үсті-басы теңбіл-теңбіл айдаһар сияқты бірдеңе жатыр екен. Теңбілдері жұлдыз болып, аспанға ұшып кетіп жатқандай болды. Сол сəтте пері қызы ұшып келіп: «Мендегі аманатың осы, соны ал, бірақ біліп қой, бұл бала оғыз елінің түбіне жетеді», – депті. Бұл домалақ месті көргенде, Қойшы қорқып кетіп қалды. Бір айналып келіп, оны тас ататын сақпанына салып алды. Ұрсаң, ісініп-кебініп, ұлғая береді екен. Қойшы шошып оны далаға тастап кетті. Қойлары маңырап, қойшыдан қалмады. Сол кезде Баяндүр аңға шығып, өзінің бектерімен сол бұлақтың басына келді. Келсе не басы, не аяғы жоқ, үрген местей бірдеңе жатыр. Бектер аттарынан түсіп, əлгі кереметті ары-бері аударып көрді. Біреуі аттарынан түсіп, əлгі кереметті ары-бері аударып көрді. Біреуі қамшымен тартып қалып еді, мес үлкейе түсті. Содан соң барлық жігіт аттарынан түсіп, сабай бастады. Қамшы тиген сайын мес үлкейе берді, үлкейе берді. Аруз аттан түсіп, месті теуіп қалып еді, ішінен денесі адам сияқты бала шыға келді. Төбесінде жалғыз көзі бар екен. Аруз оны көтеріп етегіне орап алып: «Хан ием, бұл балаңызды маған беріңіз. Бисатпен бірге бағып тəрбиелейін», – деді. «Бала сенікі болсын», – деді Баяндүр хан. Аруз Төбекөзді алдына алып, үйіне келді. Даяшы əйелді шақыртып, аузын емшекке тигізді. Екі емшектің сүтін бір-бір тартқанда сап қылды. Екіншілей сорғанда, емшектен қан шықты. Үшінші рет сорғанда əйелдің жаны шықты. Бірнеше əйел келіп емізген еді, соның бəрі де жан тапсырды. Емізу қауіпті болған соң баланы сүтпен асырайтын болды. Бір қазан сүт бір күнге жұқ болмайды. Сөйтіп жүріп бала үлкейді, балалармен бірге ойнайтын болды. Балаларға қырғидай тиіп, бірінің мұрнын, бірінің құлағын тістеп, жұлып алатын болды.

Ақырында бүкіл елі баладан түңіліп, Арузға арыз айтты. Аруз Төбекөзді ұрып, талай рет жазалады, далаға шығармады. Бірақ мұның бəрін бала құлаққа ілмеді. Бір күні туған анасы пері келіп, ұлының қолына бір сиқырлы жүзік кигізіп: «Ұлым, осыны қолыңа салып жүрсең, атса – оқ, шапса – қылыш батпайды», – депті. Төбекөз ұзамай оғыз елінен кетіп, бір биік тауға барып орналасты. Жол тосып өткен-кеткенді тонайтын болды. Таудан адам жеуші бір дəу шығыпты дегенді есіткен соң, бірнеше рет көп адам жіберіп, өлтірмек болды. Оқ атса – өтпейді, қылышпен шапса – батпайды. Денесіне найза да дарымайды екен. Елдегі қойшыларды, ақсақ-тоқсақты жеп бітіріп, ақырында оғыз ауылдарына келіп, адам алып кететін болды. Оғыздар бас қосып, Төбекөз дəуге барды. Жиналып келген көп адамды көргенде, дəу ашу көрсетіп, жерде өсіп тұрған бір теректі тамырымен жұлып алып лақтырып еді, елу-алпыс адам мерт болды. Елдің бас батыры Қазанды қолымен салып қалып еді, оның жаны көзіне көрінді. Қазанның інісі – Қара Көне Төбекөз дəумен ұрысып көріп еді, күші келмеді. Доңдаздың баласы Рүстем соғысамын деп, мерт болды. Елдің ардақты батыры Ұшан оғыздың үш баласы бірдей Төбекөз дəу қолынан өлді. Үстіне темір сауыт киіп соғысқан Мамақ та жан тапсырды. Бегдүр руынан шыққан Əмен соғысып көріп еді, аузы-мұрны қан болып, зорға қашып құтылды. Ақ сақалды Аруздың өзін де ұрып, қан құстырды. Қиян Сейілхан батырдың қарны жарылып, ішегі салбырап қалды. Төбекөз қашқан елдің алдын тосып, ешкімді жібермеді. Осылай оғыздар жеті рет көшіп қашқан еді, Төбекөз оларды жеті рет қонысына қайта айдап келді. Төбекөзге күші келмей əбден қажыған кезде, ел Қорқыт атаға барып, ақыл сұрады. Оғыздар оған: «Төбекөзге барып келісіңіз, бізден салық алатын болсын», – десті. Қорқыт Төбекөзге барып, сəлем берді: «Ұлым, Төбекөз! Сенің салған ылаңдарыңа оғыз елі төтеп бере алатын емес, олар күйреп сынды, мені өзіңе аяғыңа жығылып, мүддемізді жеткіз деп жіберді. Біз саған салық төлеп тұратын болайық», – деді. «Онда болса жейтін асыма күніне алпыс адамнан беріңдер», – деді Төбекөз. Қорқыт ата оған: «Бұл түріңмен сен адам тұқымын құртасың ғой. Біз саған күніне екі адам, бес жүз қойдан беретін болалық», – деді. «Жарайды, онда маған малды сойып, тамақ пісіріп беретін екі адам бересің, олар пісіруді, мен жеуді білетін болайын». Қорқыт оғыз еліне келіп: «Төбекөзге тамақ пісіріп беру үшін Жоқлы мен Жапағлыны жіберіңдер, жейтін тамағына күніне екі адам, бес жүз қойдан салық төлейтін болдық», – деді. Бұған оғыздар мақұл болды. Төрт ұлы барлар бір ұлын берді, үшеуі өзінде қалды. Үш ұлы барлар біреуін берді, екеуі қалды. Екі ұлы бардың бірін алып, бірі өзінде қалды. Қапық хан деген бар еді, екі ұлы болатын. Ол екі баласының бірін беріп, бірі өзінде қалды. Бір күні кезек екінші ұлына келді. Баланың анасы баласыз қалатын болған соң, ойбайлап жылай бастады. Бұл кезде Аруз ұлы Бисат жау еліне жорық жасап кеткен еді, сол еліне қайтып оралады. Кемпір: «Бисат келген болса, соған барып жайымды айтайын, тұтқындап келген адамдарының бірін берсе, баламды аман алып қалайын», – деді. Бисат өзінің алтын шатырында отырғанда жылап келе жатқан кемпірді көрді. Кемпір Бисатқа кіріп сəлем берді де, жылап сөйлей бастады: «О, Бисат, атқан оғың алақаныңа симаушы еді, садақтарыңның оғы ешкі мүйізінен істелуші еді, атағың ішкі оғызға да, сыртқы оғызға да мəлім Аруздың баласы едің. «О, хан туған Бисат, маған жəрдем көрсет», – деді. «Саған қандай жəрдем керек?» – деп сұрады Бисат. «Дүниенің бəрі жалған екен, ел ішінен адам жеуші бір жалмауыз шығып, оғыздарды жайлауға көшірмей қойды. Қайыспас қара болат дегенің оған түк болмайды, оған бір тал шашы да құритын емес. Найза дегенің қурай құрам болмады. Қайың оқ дегенің қауылдырық болды. Ол батырлардың басы Қазанды сабады. Інісі Қара Көненің де оған шамасы келмеді. Бегдүр елінен шыққан Əменнің сақал-мұртын қан қылды, əкең Арузды ұрғанда қан құстырды. Жекпе-жекке шыққан өз ағаң Қиян Сейілхан батырдың қарнын жарып тастады. Ол сол жерде жанын берді. Оғыз бектерінің қолына түскенін өлтірді, түспегенін қорқытты. Жалмауыз елді қонысынан жеті рет қуып шығып, жеті рет айдап əкелді. Елге ауыр салық салды. Салығы күніне екі адам, бес жүз қой. Жоқлы мен Жапағлы оған қызметші болды. Төрт ұлы бардың бірін алып, үшеуі өзінде қалды. Үш ұлы барлар бір баласын беріп, екеуі өзінде қалды. Екі ұлы бардың біреуін алды. Менің екі ұлым бар еді, бірін алып, біреуі қалған еді. Енді сол екінші ұлыма да кезек келіп отыр. Оны да алмақ. О, хан Бисат, осы қайғыма бір ем тап, көмек бер», – деді кемпір. Өлген ағасының жайын естігенде, Бисаттың қара көзіне жас келді де, қабынып сөйлей бастады. Тыңда, хан ием, ол не деген екен: «Елге зор қыспақ түскен екен, зорлықшыл дəу асыл ағамның қара жерге тіккен шатырын жыққан екен! Сенің үйірлі жүйрік жылқыларыңды, келелі түйеңді құртпақ болған екен, ағам! Зорлықшыл сенің тісіңе тиер қойларыңды жеп тауыспақ болған екен, ағам! Қиянатшыл дəу сені елден қалап алған сүйген жарыңнан ажыратқан екен, ағам! Анам ақ жүзіне жара салып, аңырап қалған екен, ағам! Асқар тауым едің, ағам! Дəу біздің берекемізді алған екен, ағам! Тасып аққан өзенім едің, ағам! Аузыма суат, бойыма қуат болған ағам! Екі көзімнің шырағындай болған ағам! Сол ағамнан айырылыппын ғой, сорлы басым», – деп, Бисат жылап, көп қайғырды. Содан соң кемпірге алып келген көп тұтқынның біреуін беріп: «Осыны балаңның орнына берерсің», – деді. Кемпір тұтқынды алып келіп, баласының бодауына өткізді. Сонымен бірге Арузға оның баласының жаудан қайтқан қуанышты хабарын жеткізіп: «Ұлың келді», – деді оған. Аруз бұл хабарға қатты қуанды. Оғыз елінің барлық бектерін қасына алып, Бисаттың алдынан шықты. Бисат аттан түсіп, əкесінің қолын сүйді. Барлығы бас қосып, ботадай боздап жыласты. Бисат анасының үйіне келді. Анасы үйден шығып, баласын құшты. Бисат анасының қолынан сүйді, жұрт тағы да жыласып алды. Оғыз бектері жиналып, ішіп-жеп жатты. Бисат тұрып: «Бектер, ағамның кегі үшін Төбекөзбен дос болсам деймін. Бұған не айта-

сыңдар?» – деді. Қазан елдің бəрінен бұрын сөйледі. Ол не деген екен, соны тыңдалық, хан ием: «Менімен соғысқанда Төбекөз қараңғы үңгірден күндей күркіреп шықты. Мен тəңірге сиынып сайыстым, бірақ ала алмадым, Бисат. Төбекөз қап-қара жолбарыс сияқтанып ақырып шыққанда, мен Қаратау аңғарында шауып жүріп соғыстым, бірақ ала алмадым, Бисат. Төбекөздің айбат шегіп келісі арыстанға ұқсас болды. Мен қамысты аралай шаптым, бірақ күшім келмеді, Бисат! Қаншама батырмын, бекпін десең де, сен менімен теңеле алмайсың, Бисат! Оған барсаң ақ сақалды əкеңді, ақ шашты анаңды зарлатасың»,– деді Қазан. Бисат оған: «Бармасыма шарам жоқ», – деді. «Оны өзің білерсің»,– деді Қазан. Бисаттың əкесі жылап келіп: «Оған барып əуре болма, шаңырағың иесіз қалады, қарт əкеңнің тілегін бер», – деді. «Жоқ, қарт əкем, мен бармасам болмайды», – деді Бисат. Ол шекпеніне ораған бір уыс садақ жебелерін белбеуіне қыстырып, беліне қылыш асынып, иығына найзасын ілді, етіктерін киіп, əкесінің қолынан сүйді де, шешесімен қоштасып: «Көріскенше аман болыңдар»,– деп тауға тартты. Бисат тау үңгіріне келсе, баяғы екі аспаз кəуəп пісіріп жатыр екен. Төбекөз арқасын күн көзіне қақтап жатқан еді. Бисат белбеуіндегі бір жебесін алды да, оның бүйірін көздеп атты. Жай оның етіне дарымай, қақ бөлінді. Екінші оғын атып еді, о да сынды. Төбекөз əлгі екі шалға: «Бұл жердің масасы тынышсыз екен», – деді. Бисат үшінші оғын атып еді, о да етіне дарымай қақ бөлінді. Оқтың бір сынығы Төбекөздің алдына түскен еді, ол орнынан тұрып Бисатты көрді де, қолын шапаттап қарқ-қарқ күлді. Дəу екі шалға қарап: «Бізге оғыздар тағы бір тəтті тағам жіберіпті», – деді де, Бисатты қуып ұстап алып, үңгірге көтеріп əкелді де, бір етігінің қонышына тығып қойды. «Ей, екі шал, түстікке осының етінен кəуəп пісіріп берерсіңдер», – деді Төбекөз. Сөйтті де ұйқысына басты. Бисаттың қалтасында қанжары бар еді, етіктің қонышын тіліп, сыртқа шықты. Аспаздарға келіп: «Бұл дəуді қалайша өлтіруге болады?» – деп сұрады. Олар: «Оны білмедік. Бірақ оның көзінен басқа жерінде ет жоқ»,– деді. Бисат Төбекөздің бас жағынан келді де, кірпігін көтеріп көріп еді, көзінің айналасында ғана жұмсақ ет бар екен. Сонда Бисат: «Екі шал, мына пышақты отқа салып қыздырыңдар», – деді. Шалдар пышақты отқа салып қыздырды. Бисат қызған пышақты қолына алып, тəңірге сиынып, Төбекөздің көзіне тығып жіберді. Көзі ағып түсті. Төбекөз ойбайлап жылағанда, тау мен тас бірдей жаңғырды. Бисат ытқып кетті де, үңгірдегі қойлардың арасына кіріп кетті. Бисаттың үңгірде екенін біліп, Төбекөз үңгірдің аузына талтайып отырып алды да: «Серке бастаған қойларым, алдымнан бірбірлеп өте беріңдер!» – деді. Ол алдынан өтіп жатқан қойларды басынан ұстап бір-бірлеп көтеріп жіберіп жатты. «Менің сойып жейтін қошақандарым, өте бер», – деп қояды. Бір қошқар аяғын жоғары көте ріп, керіледі, сол қойды Бисат жықты да, терісін іремей сойып алып, оның аяғы мен құйрығын теріден алмады. Қойдың басын қолына ұстап, терісін жамылып алды. Бисат қой болып, Төбекөздің алдынан өте берді. Төбекөз де осы терідегі Бисат болар деп ойлаған еді. Сонда Төбекөз: «Сен байлығымның басы болған қой едің, менің неден өлетінімді білетін сен боларсың, мойныңнан ұстап алып үңгірдің тасына ұрсам, құйрық майың тасқа жабысып қалар», – деді. Сол кезде Бисат оның қолына қойдың басын ұстата берді. Төбекөз оның мүйізінен ұстап көтере берді, оның қолында мүйіз бен бас қана қалған еді. Бисат Төбекөздің үстінен аттап өтіп, сыртқы шықты. Төбекөз болса, қойдың мүйізінен ұстап, жерге соқты. Сөйтті де ол: «Ал, жігітім, құтылып көр!» – деді. Сыртта тұрған Бисат: «Мені тəңірінің өзі сақтасын», – деді. Бұдан соң ол: «Ей, бала, менің қолымдағы жүзікті алып, қолыңа сал. Сонда сен атса – оқ, шапса – қылыш өтпейтін адам боласың», – деді. Бисат жүзікті алып, қолына салды. Төбекөз Бисатқа: «Жүзікті алып, қолыңа салып алдың ба?» – деді. «Салып алдым», – деді Бисат. Сол кезде ол Бисатты қуа жөнеліп қанжар салып көрді. Бисат жалтарып қаша берді. Бір кезде қараса, қолындағы жүзігі жерге түсіп, Төбекөздің аяғының астында қалған екен. Дəу оған: «Менен құтылатын түрің бар ма?» – деді. Бисат: «Мені тəңірі құтқарсын», – деді. Дəу оған: «Алдыңдағы күмбезді көрдің бе?» – деді. Ол: «Көрдім», – деді. «Ендеше, соның ішінде менің қазынам бар, анау шалдар алып қоймас үшін соның есігіне құлып сал», – деді Төбекөз. Бисат күмбезге кірсе, іші толған алтын-күміс екен. Алтынды көргенде есі шығып кетті. Төбекөз күмбездің есігін басып тұрып: «Ей, Бисат, күмбезге кірдің бе?» – деді. «Кірдім», – деді ол. «Кірген болсаң, қазір мен сол күмбезді ұрып құлатамын, сен кесектің астында қалып өлесің», – деді дəу. Бисат қорқып кетіп, мінажат қылды: «Ей, тəңірім, өзіңнен басқа сенерім жоқ», – деді. Сол сəтте күмбездің дуалы жарылып, жеті жерден тесік пайда болды. Бисат сол тесіктің бірінен далаға шығып кетті. Төбекөз күмбезге қолын тығып, көтеріп қалғанда, ол быт-шыт болып күйреп түсті. Содан соң Төбекөз: «Ей, бала, құтылдың ба?» – деді. Бисат тағы дауыс беріп: «Мені тəңірі құтқарсын», – деді. Сонда Төбекөз: «Саған ажал жоқ екен, үңгірді көресің бе?» – деді. «Көріп тұрмын», – деді Бисат. «Ендеше сонда бірі қынды, бірі қынсыз екі түрлі қылыш ілулі тұр. Менің басымды тек қынсыз қылышпен ғана кесуге болады», – деді Төбекөз. Бисат үңгірге барса, қынсыз қылыш жоғары-төмен түсіп, өзөзінен қимылдап тұрады екен. Бисат: «Бұл қылыштың сиқырын білмей жатып, жақындауға болмас»,– деп ойлады. Əлгі қылышқа өз қылышын тигізіп көріп еді, онысы ортасынан қақ бөлінді. Даладан бір жуан терек əкеліп тигізіп көріп еді, қылыш оны да екі бөліп кесіп түсті. Бисат садағын қолына алып, қылыштың ілініп тұрған сабағын көздеп атып еді, шынжыры үзіліп, ол жерге түсті де, қара жерге шым батып, жоқ болды. Өз қылышын сиқырлы қылыштың жанындағы қынабына салып, сабынан мықтап ұстап Төбекөз дəуге келді. «Жайың қалай, Төбекөз?» – деді оған. Төбекөз: «Бала, сен əлі де тірі ме едің?» – деді. Бисат: «Тəңірі жарылқаған адамға ажал жоқ», – деді. «Саған ажал жоқ екен», – деді Төбекөз. Содан соң ол даусын шығарып сөйлей бастады.

Тыңдап көрелік, ол не деген екен: «О, жалғыз көзім, аяулы көзім! Сол жалғыз көзім барда, оғыз елін бір уыс етіп едім. Бала, сен мені сол жалғыз көзімнен айырдың. Енді жаратқан менің жанымды ала берсін. Менің көз ауруымды жаратқан ешбір пенденің басына бермесін», – деп жылады. Бұдан ары ол: «Сенің тұрған жерің мен еліңнің аты-жөнін не дейміз? Түн ішінде адассаң, адамның құбыласы не болмақ? Қолындағы туын берік ұстаған ханыңның аты кім? Соғыс болса, ел бастайтын батырларыңның аты кім? Анаңның аты кім? Ақ сақалды атаңның аты кім? Батыр жігітке өзінің ата-анасының атын жасыру айып, өз атың кім, жігіт, оны да айт!» – деді Төбекөз. Бисат сөйлей кетті. Ол не айтқан екен, хан ием, тыңдап көрелік: «Менің келген жерімді де, кеткен жерімді де Күн ортасы деп атайды. Қараңғы түнде адассам, құбылам тəңірі болады. Қолынан туын түсіріп көрмеген ханымыздың аты Баяндүр. Соғыс майданында ерлік көрсететін батырларымыздың басы – Салорұлы Қазан. Анамның атын сұрасаң – қатты ағаш. Əкемнің атын сұрасаң – қаһарлы арыстан, өз атым – Аруз ұлы Бисат», – деді. Төбекөз: «Онда екеуіміз туысқан екенбіз, мені өлтіре көрме», – деді. Сонда Бисат тұрып: «Тексіз туған ит, сен менің ақ сақалды əкемді жылаттың, шашына ақ кірген анамды зарлаттың. Менің асыл ағам Қиянды өлтірдің, оның ай жүзді əйелі жесір қалды. Сен оның жас балаларын жетім еттің. Мен сені өлтірмей, қалай тірі қалдырармын? Қайыспас қара болатпен басыңды алмай, Каф қаласынан алдырған қыналы бөркіңді жерге түсірмей, қызыл қаныңды жерге сорғалатып, Қиян ағамның қаны үшін сенің де қаныңды төгіп кек алмай, мен тынбаймын», – деді Бисат. Төбекөз өз айыбын мойындады: «Көз ашып аяғымды басқалы менің жамандыққа бас болғаным рас. Оғыз еліне жау болғаным рас. Мен олардың тұқымын құртып, қайтып жарық дүниеде өмір сүрместей етпекші едім. Оғыздардың етін жеп, тойғаным рас. Оғыз бектерінің бас қосып, маған өшігіп алатынын да білгенмін. Сол үшін елден кетіп, тау үңгіріне бардым да, адам етін кəуəп қылып жедім. Оны өздеріне пісірттім. Оларға сақпаннан тас атып, қырдым. Сол тастар өз басыма түссе, мен де сау қалмас едім. О, батыр жігіт, сен мені жарық көретін жалғыз көзімнен айырдың. Енді тəтті жаныммен қош айтыссам керек», – деді Төбекөз. Бұдан ары ол: «Мен талай-талай ақ сақалды шалдардың баласын жеп, өздерін ботадай боздаттым. Солардың көз жасы мен қарғысынан мен көрер көзімнен айрылдым. Ақ шашты аналардың баласын алып, өздерін зар жылаттым, солардың көз жасы менің көзіме бəле болып жабысты. Мен беті бүйректей талай жігіттің етін жедім. Солардың қыршын жасы менің көзіме қарғыс болып тиді. Мен тырнақтарын қыналап тастаған талай қыздың етін жеп, өздерін құштым, сол жауыздығым алдымнан шығып, көзімнен айрылдым. Көзімдегі жараның орны солқылдап ауырады, оны тағдыр еш адамның басына бермесін. О, көр болғыр көзім, жалғыз көзім», – деп жылады Төбекөз дəу. Бисаттың кектері қайнап кетті. Ол орнынан тұрып, Төбекөзді түйеше шөгеріп, етпетінен жатқызды. Дəудің өз қылышымен оның басын кесіп тастады. Найзасының ұшымен тасты қашап тесік жасады, сөйтіп мүрдесін үңгірден сүйреп шығарып, далаға тастады. Жоқлы оғыз бен Жапағлы оғызды сүйінші сұрау үшін еліне жіберді. Олар ақсұр аттарына мініп, елге қарай шауып кетті. Төбекөз дəудің өлгенін барлық оғыз тайпасы білді. Олар аттарына мініп, ат жақты Аруз батырдың үйіне келді. Бисаттың əкесіне қуанышты хабарды жеткізіп: «Қадамы құтты болсын, балаң Төбекөз дəуді өлтіріпті», – десті. Оғыздардың барлық бектері елін соңына ертіп, манағы үңгірге келді. Кəуəп пісірген ошаққа Төбекөздің басын тастады. Қорқыт ата келіп, күй шертіп, жыр айтып, Бисат ерлігін жырлапты. Заман-ай, сол ерлерден де өтті-ау өмір! «Қаратаудың басына шығар болсаңдар, қанаттарың талмасын, өзен суы қанға толса, одан да жүзіп өте біліңдер. О, батыр туған Бисат, сен ерлік көрсетіп, өлген ағаңның қаны үшін қан алдың. Бүкіл оғыз елін апаттан құтқардың. Құдай сенің жүзіңді жарық қылсын», – деп батасын беріпті Қорқыт атамыз. Ажал сағаты соғып, ашық көзің жұмылғанша, сені құдай өз дініңнен айырмасын, құдайдың елшісі Мұхамедтің аруағы үшін Алла ол дүниеде күнəңді жеңіл етсін, хан ием! ІX. БЕКІЛ ҰЛЫ ƏМРАН БАТЫР ТУРАЛЫ ЖЫР Бір күні Қам-Ғанұлы Əмран орнынан тұрып, өзінің төбесі көкке жеткен сүттей аппақ шатырларын қара жерге тіктірді, оған мың жерден жібек кілемдер төсетті. Ішкі оғыздар мен сыртқы оғыздардың бектерін жинатты. Грузияның тоғыз түмен елінен алым-салыққа бір ат, бір қылыш, бір шоқпар келіпті. Бұған Баяндүр хан назырқанып қалды. Қорқыт атам келіп, қуаныш жырын айтып: «Хан ием, түскен дүниеге не үшін ренжіп қалдыңыз?» – деп сұрақ қойды. «Қалай ренжімессің? Əрбір жылы олар қырауар алтын-күміс əкелуші еді. Соны бектер мен батырларға бөліп беріп, көңілдерін риза қылушы едім. Енді мынау үш бұйымды қайсысына жеткізермін?» – деді Баяндүр хан. Қорқыт ата оған: «Хан ием, бұл үш түрлі бұйымды бір жігітке беріп, соны оғыз елінің шекарасын қорғауға бас қылалық»,– деді. «Сонда оны кімге береміз?» – деді Баяндүр хан. Оң-солына үңіліп қарап еді, оны аламын деген талапкер шыға қоймады. Бекіл деген батыр жігіт бар еді, хан соған қарап: «Бұған сен не дейсің?» – деді. Бекіл бұл бұйымдарды алуға ризалық білдірді. Орнынан тұрып жерді сүйді де, беліне əлгі қылышты байлап алды. Қорқыт ата оған бата берді. Шоқпарды арқасына салып, қарына садағын ілді, жүйрік айғырын алдырып, соған мініп алды. Өзінің жақындарын, ел-жұртын тастап, үйін жыққызып оғыз елінен көшіп, Барда, Гянже қалалары шегіне келіп қонды. Сол жерді мекендеп, Грузияның тоғыз түмен елінен салық жинайтын болды. Сөйтіп шекара сақшысы қызметін атқарды. Жат елден шекараға

гəуір келсе, оны өлтіріп, басын оғыз еліне жіберіп тұрды. Жылына бір рет Баяндүр хан ордасына келіп, қонақ болып қайтушы еді. Бір күні оған Баяндүр ханнан асығыс түрде шақыртқан хабар келді. Арнайы шақырушы жұмсап: «Тез келсін»,– депті. Бекіл Баяндүр ханға келіп, көп-көп тарту-таралғы əкелді. Баяндүр хан да оны жақсылап сыйлады. Астына мінетін жүйрік берді, үстіне қымбат бағалы шекпен жапты, қоржындап ақша берді. Бекілді хан үш күндей қонақ етті. Үш күндей оғыз бектері оны марапаттады. Хан өзінің бектерін алып, аңға шықпақ болды. Аңға шығарда біреу атын, біреу қылышын, біреу садақ тарту, жамбы атудағы өнерін мақтасты. Қазан-Салор өзін, атын мақтап əлек болмады, тек бектердің ерлігін марапаттады. Оғыздардың 386 батыры аңға шықты. Бəрі де атқан аңдарын жинаумен əлек болып жүргенде, Бекіл садақ тартып, бірде-бір аң атпады. Тек басқалардың атқан аңдарына бұрын жетіп, садағының адырнасын аңның мойнына іліп, қағып ала берді. Атылған аң арық болса, құлағын тесіп белгі салды да: «Бектер мұның мен атқан аң екенін білсін»,– деді. Семіз болса, сойып алды. Бектер аң атып жүріп, құлағы тесілген аңға кезіксе, бұл Бекілдің шанышқан аңы екен – деп тимеді. Қазан бек бұған таң қалып: «Бұл аттың өнері ме, батырдың өнері ме?» – деп сұрады. Бектер: «Ол аңшының өнері»,– десті. Хан болса: «Жоқ, ат жүйрік болмаса, аңшы түк істей алмайды. Бұл аттың өнері»,– депті. Бекілге бұл сөз ұнамай қалған еді. Ол ханға: «Алыптар ішінде бір адамды сіз бөле-жара балшыққа батырдыңыз ғой»,– деп, ашуланып қалды да, оның берген алтындарын шашып жіберіп, диуаннан шықты. Атын алдырып, өзінің көзайым жігіттерімен ауылына қайтты. Алдынан балалары, жүзі жарық əйелі шығып еді, оларға жылы шырай білдірмеді. Əйелі ерінің түсінен қорқып қалып, сөйлей бастады. Ол не деген екен, хан ием, тыңдап көріңіз: «О, ақ ордамның егесі, алтын тəжім болған бек жігіт, сен менің көзімді ашқалы көрген шырағым едің, сенен басқаны сүйіп көргенім жоқ еді. Таңертең орныңнан тұрдың, қасыңа көздері жайнаған жігіттеріңді ертіп алдың. Алдыңа бір, артыңа бір қарандың да, атыңа мініп түнделетіп таудан астың. Екі көзің артыңда болып, суы шалқып аққан өзеннен өттің. Екі көзің артыңда болып, иман жүзді Баяндүр ханның диуанына кірдің. Бектермен бас қосып, ішіп-жедің. Əлде олар басымыз түгел деп, өзді-өзі сөйлесіп, олардың сөздерінен жеріндің бе? Хан ием, астыңдағы атың қайда? Атсыз келіпсің. Басыңа киген алтын дулығаңды да көре алмай тұрмын. Балаларыңның бетінен сүйіп, сұлу əйеліңмен тілдеспедің. Не болған саған?» – деді əйелі. Бекіл сонда ғана тілге келді. Тыңдалық, хан ием, ол не деген екен: «Орнымнан тұрып, қара жал айғырыма міндім. Биік-биік таулардан астым, суы шалқыған өзендерден өттім. Тынбай жүріп, ақ дидарлы Баяндүр ханның ордасына жеттім. Көзайым бектермен бас қосып ішіп-жеп, сайран құрдым. Бірақ адамның бағасы өзінің туған жерінде болады екен. Олар маған өз халқының ортасында отырғандығын көрсетті, менсінбеді. Хан бізден суынып кетіпті. Біз өз тайпамыз бен халқымызды алып Грузияның тоғыз түмен еліне көшсек деймін. Оғыздарға қарсы бүлік шығарсам деймін. Бұған не айтар едің?» – деді Бекіл. Əйелі тұрып: «О, жігітім, о, бек жігіт! Патша тəңірінің көлеңкесі деп еді. Кімде-кім өз патшасына қарсы қол көтерсе, оның тілегі қабыл болмайды, ісі қырсығады. Көңіліңе өкпе, наз орналасқан болса, шарап ішсең кетеді. Өзің елден кеткелі самаладай болып көрінген мына таулардың аңы ауланған емес. Аңға шығып, көңіліңді көтеріп кел», – депті. Əйелінің ақылы мен сөзін Бекіл ұнатты. Ол өзінің Кавказ атын алдырып мінді де, аңға шықты. Аңда жүргенде алдынан бір ақсақ марал қашты. Өзі маралдың еркегі екен. Бекіл соны қуа жөнелді. Бір биіктің басына барғанда оған жетіп, мойнына садағының адырнасын салды да, атының шылауына ие бола алмай, өзі де, аты да ойға құлап кетті. Тасқа түсіп, аяғы сынды. Аяғы ауыра бастаған соң ол қайғырып, жылай бастады: «Балам жас еді, аға-інім жоқ еді», – деп қамықты. Садағының шыбықтарын алып, кемер белбеуімен аяғын таңды, шекпенін жыртып, жамбасына орады. Бар күшін жинап, атының жалына жабысты. Басқа аңшылардан көз жазып қалған еді. Сəлдесін алып мойнына орап, ордасына келді. Бекілдің Əмран Бахадүр деген баласы бар еді, ол əкесінің алдынан шықты. Əкесінің түсі сарғайып, сəлдесі түсіп кеткен екен. Бала одан: «Серіктерің қайда?» – деп сұрай бастады. Не деген екен баласы, тыңдап көрелік, хан ием: «Əкем, сен орныңнан тұрып, түзге шықтың. Кавказ жылқысы қара жал айғырыңа міндің де, Алатауға кіріп, аң ауладың. Аңда жүргенде қара камзол киген гəуірлерге кез болдың ба? Өз аузың, өз тіліңмен жай-жапсарыңды білдірші. Қара басым сенің жолыңа құрбан болсын, əке», – деді баласы. Бекіл өзінің жайын айтты. Тыңдап көрелік, ол не деген екен: «О, ұлым, балам, орнымнан тұрып Қаратауға барып, аң ауладым. Қара шекпен киген гəуірді көргенім жоқ, жігіттерімді жауға бергенім жоқ. Олардың бəрі де аман-сау, олардан қамсыз бол, ұлым. Аңшылардан қалып қойғаныма үш күн болды. Мені аттан көтеріп ал да, балам, төсек салғыз», – деді əкесі. Арыстанның баласы да арыстан болады. Баласы əкесін аттан көтеріп алып, үйіне апарды. Төсегіне салып ішігін жапты да, орданың қақпасын бекітті. Сол кезде оның аңда жүрген жігіттері де ауылдарына қайтып келді. Бес күнге дейін Бекіл диуанға бармады, аяғының сынғанын ешкімге айтпады. Бір күні сынған аяғы қатты ауырып, Бекіл төсекте жата алмады. Аһлап-үһлеп жанын қоярға жер таппады. Əйелі оған: «О, бегім, жігітім, қаптап келген жаудан қайтпаған жан едің, денеңе жай оғы тигенде сыр берген адам емес едің. Қасыңа жатқан жұбайынан сырын жасырған ері болған ба? Не болған саған?» – деді. Бекіл сонда ғана шынын айтып: «Аттан құлап, аяғым сынды», – деді. Əйелі қолымен бір сілтеп, нөкер əйелді шақырды. Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды дегендей, əйелі оған бар сырды айтты. «Аттан құлап, Бекілдің аяғы сыныпты», – деді. Бұл ауылда гəуірлердің жансызы болушы еді, ол мына сөзді есіткен соң Тагаворға барды: «Тұр орныңнан, тақсыр, Бекілдің аяғы сыныпты, төсек тартып жатқан кезінде аяқ-қолын артына

байлап, тұтқын етелік, басын кесіп қанын судай шашалық, тайпасын шауып, мал-мүлкін талап алалық, қыз-қырқынын, халқын олжа етелік, сауығып кетсе, ол бізге бой бермес», – депті. Сол елде жүрген Бекілдің де жансызы бар еді. Бекілге хабар салып: «Қаруыңды сайлап бекін, еліңе жау бара жатыр»,– депті ол. Бекіл көзін аспанға беріп: «Аспан алыс, жер қатты», – депті. Баласын шақырып алып, тапсырма берді. Ол не деген екен, хан ием, тыңдап көрелік: «О, ұлым, ер туған ұлым, балам! Сен менің екі көзімнің қарасы, бойымның қуаты едің. Менің басыма қандай іс түскенін білесің. Орнымнан тұрып аңға шықтым. Маралды қуып жетіп мойынына құрық салғанымда қызыл айғыр үркіп, тастан құлап кетті де, мойыны үзілді. Соның салмағымен мен де жарға құлап кетіп, оң аяғым сынды. Басыма бақытсыздық орнады. Бұл хабар барлық Қаратау еліне жайылыпты. Хабар қанды өзеннен де өтіп кетіп, Дербенттің темір қақпасына жетіпті. Қызыл аттың иесі, Шөкли патша бүлік бастапты. Оның ашуы Қаратауға тұман болып түсіпті. Елін жинап: «Төсекте жатқан шағында Бекілді ұстап тұтқын етелік, аяқ-қолын артына байлап, басын алалық, қанын төгелік, ордасын талап, бойжеткен сұлу қыздарын олжа етелік», – депті. Тұр орныңнан, балам. Қара жал Кавказ атыңа мініп, артыңа көз салып, биік тауларға шық. Екі көзің артыңда болып, Баяндүр ханның диуанына жет. Басыңды иіп, ханның, оның бектерінің қолын сүй. Оларға əкемнің басына қара күн туды дерсің. Қазан бек маған тез келіп жетсін, ол келмесе елімізге зор қауіп төнеді. Оны жау күйретеді. Қызқырқынымызды олжа қылады, осыны айтарсың», – деді Бекіл. Бұған бала не деген екен, тыңдалық. Бала: «Сөздерің менің жүрегімді өртеп жібергендей болды. Менің орнымнан ерте тұрып, жол шеккенім жалғыз бұл емес. Қара жал айғырға мінгенім бүгін ғана емес. Бірақ басы биік сеңгір тауларға шығып, аңшылық құрғаным жоқ еді. Баяндүр ханның диуанына барып, оның алдын көргенім жоқ еді. Қазан деген кім өзі? Оның қолын мен сүйіп көрген жан емеспін. Астыңа мінген қызыл айғырыңды бер маған! Сен үшін оны қанды терге салармын! Иығы берік сауытыңды бер маған, сен үшін мен соның жағасын тоздырып, қайта соқтырармын! Қара болат қылышыңды бер маған, сен үшін жаулардың басын допша домалатып, бірін-біріне қоспасын! Талдан істелген най заңды бер маған, сен үшін оны жау батырларына жұмсармын. Құс қанатын қадаған садағыңның берен оқтарын бер маған, оны сен үшін жаудың бірінен өткізіп, екіншісіне тигізермін. Серікке көздері оттай жайлаған үш жүз жігітіңді бер, тəңірі үшін шайқасып, жауды ойсырата жеңермін!» – деді баласы. Бекіл: «Аузыңнан айналайын, ұлым! Сенің үшін жаным пида болсын! Ерлік көрсетер болсаң, əкеңнің арманы бар ма?» – деп Бекіл өзінің сауыт-саймандарын алдырып, баласына кигізді. Қызыл айғырды келтіріңдер, оны да балам мінсін. Жау қамданбай тұрғанда, балам солардың өз жеріне барып, соғысты бұрын бастасын!» – деді. Баланы киіндірді. Бала əкесі мен анасына келіп, қолдарын сүйіп қоштасты. Үш жүз жігітін қасына алып, соғыс майданына кетті. Қызыл айғыр жаудың иісін біліп жерді тарпып, шаңын аспанға шығарды. Гəуірлер мұны көргенде: «Бұл Бекіл атының шаңы, қашалық», – десті. Тагавор: «Əуелі жақсылап біліп алыңдар, егер ол Бекілдің аты болса, сендерден бұрын өзім қашамын»,– деді. Барлаушы барып көрсе, ат Бекілдікі екен, бірақ үстіндегісі Бекіл емес, тұрымтайдай жас бала екен. Ол қайтып келіп Тагаворға осыны айтты: «Қару-жарақ, ат Бекілдікі екен, бірақ үстіндегі Бекіл емес», – деді. Сонда Тагавор: «Жүз адам дабыл қағып баланы қорқытсын, гөдек баланың жүрегі құстай үркек болады, содан соң майданды тастап қашады», – деді. Əскерден жүз адам бөлініп, балаға барып сөйлей бастады: «О, мыңнан бір гүлі ашылмаған жеткіншек, қарғыс тиген жеткіншек! Астыңа мінген қызыл айғырың арыған екен. Қолыңдағы қара болат қылышың мұқалыпты, бала! Найзаң да сынған екен, бала! Қайың шыбықтан істеген жебең əлсіз екен, бала! Белбеуіңе ілген тоқсан жебеңнің қатары селдіреген екен, бала! Қасыңа ерген серіктеріңнің сауыты жоқ екен, бала! Қабағың түсіп, шаршаған екенсің, бала! Шөкли патша саған қатты қаһар қылып тұр, ол бізге: «Сол баланы ұстап əкеліңдер, аяқ-қолын артына байлаңдар да, басын кесіп өлтіріңдер, қара жерге қанын судай шашыңдар», – деді. Сақалы қудай болған əкеңді жылатпа. Ақ шашты анаң болса, оны да босқа зарлатпа. Жалғыз жігіт жау алмас, жусан түбі берік болмас деген бар. Некесізден туған жетесіз, өлмей тұрып еліңе қайт!» – деді гəуірлер. Оған бала не деп жауап берген екен, соған келелік: «Бос сөз айтып, жан сақтаймын деме, гəуір! Қызыл айғырымнан нендей мін таптың? Айғырым тебінеді. Темір көбем иығымда тұр. Қара болат қылышым қынабына сыймайды. Тал шыбығынан істелген жебемнен қандай мін таптың? Жауға тигенде оның оты көкке атылады. Үйеңкіден істелген соғысты аңсап мөңірейді. Жебелерім қорамсаға сыймайды. Жігіттерім соғыс бастауға асығады. Батырларды қорқыту ұят. Соғыспақ болсаң келе ғой, гəуір», – деді бала. Гəуірлер өзді-өзі кеңесіп: «Мынау ұятсыз оғыз, ақылсыз түрікменге анық ұқсап туған бала екен. Құрбақаша бақылдайды ғой», – десті. Тагавор тұрып: «Барып сұраңдар өзінен, бұл бала Бекілдің кімі екен?» – деді. Гəуірлер балаға келіп, оның аты-жөнін сұрай бастады. «Астыңа мінген қызыл ат Бекілдікі еді, оның өзі қайда? Асынған қара болат қылыш Бекілдікі, өзі неге келмеген? Иыққа ілген сауытың Бекілдікі, өзі қайда? Қару-жарағыңның бəрі Бекілдікі екен, қайда жүр сол Бекілің? Егер Бекіл бүгін осы жерге келген болса, біз онымен қызыл іңірге дейін соғысар едік. Қайыңнан істелген садақтан құс қанатын қадаған оқ атысар едік. Сен Бекілдің қай жақыны боласың, бала?» – деді. Бекілдің ұлы не дегенін тыңдалық, хан ием. «Алдыңда тұрған бөріні неге көрмейсің, гəуір? Бектердің бегі Баяндүр ханның батыры, Қазан-Салордың інісі Қара Көне келіп тұр, жаудан беті қайтып көрмеген Төлек Боран келіп тұр, қосынымда Дұраұлы Рүстем батыр бар. Бекілдің үйінен ас ішкен Байрақ батыр да осында. Бекіл маған өзі мінген қызыл айғырын, қара болат қылышын, өз күшінің айғағындай болған ақ найзасын берді, жолдастыққа үш жүз жігітін берді, мен Бекілдің баласымын, соғысар болсаң кел, гəуір», – деді бала. Тагавор

оған: «Тұқымы оңбаған, тұра тұр, сазаңды беремін», – деп, жекпежекке шықты. Ол темір шоқпарын көтергенде, бала қалқан тосты. Шоқпар қалқаннан өтіп баланың дулығасын сындырып, маңдайын жаралады. Шоқпармен сайысып, бірін-бірі жеңе алмады. Одан соң қолдарына қара болат семсер алып, қылышпенен сайысып, бірін-бірі жараласты. Қылыштары сынған соң, найзаласты. Найзалары сынған соң, ат үстінен айқасып, бірінің бірі жағасынан алды. Бір кезде гəуірдің күші басып, бала əлсіреді. Бала тəңірге жалбарынды: «О, көк тəңірі, шапағат ет маған, ақ дидарыңды ешкім көрген-білген емес. Сен Адам атаның басына таж кигізіп, сайтанға қарғыс таңбасын салып, оны жұмақтан қудың. Əзірейіл Ибрахимді Намруд отына салғанда, сен оны гүлге айналдырдың. Жасаған жаппар тəңірі, бір өзіңнен басқа сенерім жоқ. Қолдай көр мені!» – деді бала. Сонда гəуір балаға: «Тəңіріңе сиына бер, бала, сенде ол біреу болса, менде жетпіс, солардың суретіне табынғаным», – деді. Баланың мінəжаты қабыл болып, оған қырық кісінің күші бітті. Гəуірді аттан көтеріп алып, жерге ұрды. Мұрындарынан аққан қан түтіктен шаптырған судай болды. Сол кезде бала аттан түсе қалды да, гəуірдің сақалынан ұстап бауыздамақ болды. Гəуір оған: «Бір қасық қанымды қи, бала, дініңе кірейін», – деп, тілек айтыпты. Мұны көрген гəуірлер қашып кетті. Оғыз əскерлері гəуірлердің елін талан-таражға ұшыратып, қыз-қырқынын олжалады. Бала əкесіне адам жіберіп, жауды жеңгенін хабарлады. Ақ сақалды əкесі баласының алдынан шығып, көрісті. Екеуі бірлесіп, үйлеріне келді. Бекіл баласына Қаратауды жайлау етіп берді. Алдына үйірлі жылқы салып берді, ішер асына ақтылы қой берді. Батыр туған баласына қызыл ерінді келіншек алып берді. Түскен олжаның бестен бірін Баяндүр ханға арнады. Бекіл баласын ертіп, Баяндүр ханның диуанына барды, оның қолынан сүйді. Хан оларды Қазанның баласы Ораздың оң жағынан отырғызды. Үстеріне ішік жауып, неше түрлі қамқа, зерлі киімдер берді. Сол жиынға Қорқыт ата келіп, қуанышты жыр айтыпты. Бұл жырды ол Бекілұлы Əмран батырға арнапты. Сол ерлерден кім қалған? Хан ием, мен сізге бата бергім бар: туып-өскен Қаратауың құламасын, көлеңкелі дарағың қурамасын, бағаң арта берсін, күнəңді Алла кешірсін! X. ҰШАН ОҒЫЗ БАЛАСЫ СЕКРЕК ТУРАЛЫ ЖЫР Оғыз заманында Ұшан оғыз дейтін бір батыр болған еді. Оның өмірінде көрген екі-ақ ұлы болыпты. Үлкенін Екрек деп атаған. Өзі асқан батыр, əділ жігіт болыпты. Баяндүр хан ордасына сұраусыз кіруші еді. Бектердің бегі Қазан сарайына да еркін кіріп, барлық бектердің үстін басып, соның дəл алдына барып отырушы еді. Оның алдына отыру əке мен бала арасындағы дəстүр. Хан ием, сол əдеті бойынша Екрек бір күні барлық бектердің үстін басып, жоғары отырды. Оғыздар елінде Теріс Ұзамыш Қисық оғыз дейтін бір жігіт болатын. Сол жігіт: «О, Ұшан оғыз, мұндағы бектердің əрбіреуі өз орнында отыр. Сол орынға олар бекерден-бекер ие болған жоқ, қылышынан қан тамызып, елге байлық таратқан батырлар. Сенің адам тойындырған, жалаңашты киіндірген күнің болды ма», – депті. Екрек оған: «Айтшы, Теріс Ұзамыш, ер атану үшін қан төгіп, кісі өлтіру керек пе?» – деп сұрапты. «Иə, ерліктің жолы сол», – депті Теріс Ұзамыш. Бұл сөз Екрекке қатты əсер етті де, ол Қазан бекке келіп, жауға аттану үшін одан əскер сұрапты. Қазан бек оның сұраған əскерлерін берді, сөйтіп жолға шығуды тапсырды. Екрек бастаған жорыққа қолына найза алған үш жүз жігіт жиналды. Олар бес күндей ішіп-жеп, сауық құрды. Содан соң олар Шарулан мен Көк Теңіз, Севан арасындағы елдерді шауып алып, олжаға кенелді, жолай Алынджа қамалын алды. Қара киімді тагаворлар сол қамалдан қаз, тауық, қоян, киік өсіретін жайылым жасаған екен. Оғыздар қаланың қақпасын бұзып, сол құстар мен аңдарды атып, ішіп-жеп, тойлап жатты. Ақырында олар аттарының ерін алып, сауыттарын шешінді. Мас болып, бейбастақтық жасады. Қара шекпен киген бір Тагавор тыңшысы олардың анық бейқамдыққа түскенін көріп, патшасына хабар берді. «Оғыздардың атты əскерлері қаланың қақпасын бұзды, аттарын егістікке айдап салды, сауыттарын тастады, бəрі де шарап ішіп мас болған, дəл осындай күйде оларды басып алалық», – депті жансыз. Оғыздар үстіне қара шекпен киген алты жүз атты əскер келіп, оғыз жігіттерін қырды. Екректі ұстап алып, Алынджа қамалының абақтысына салды. Бұл хабар бүкіл таудағы елдерге тарады. Сол хабар биік-биік таулардан, тасып аққан өзендерден өтіп, оғыздарға жетті. Ұшан оғыздың ақ шатырлы үйлері жылаған елге толды. Оның бойжеткен қыздары ақ киімдерін тастап, қара жамылды. Ұшан оғыз бен оның əйелі: «Ұлым, балам, қайдасың?» – деп аһ ұрды. Қабырғаң болса қатады, сіңірің болса өседі. Ұшан оғыздың Секрек деген кіші баласы бар еді, сол ержүрек, алып жігіт болып өсіпті, хан ием! Бір күні ол жол шетіне жиналып, ішіп-жеп, сауық құрып жатқан бір жиынға кез болды. Секрек шарап ішіп, мас болды. Ол түзге отыруға шықса, екі жетім бала қазанның екі құлағынан ұстап, көтеріп бара жатыр екен. Секрек оларға: «Сендерге не болған?» – деді де, бірін ол жақтан, бірін бұл жақтан ұрды. Ескі киімнің биті ащы, жетім баланың тілі ащы дегендей, екі баланың біреуі тұрып: «Біздің жетімдігіміз саған аз болды ма? Неге ұрасың? Батыр болсаң, сен Алынджа қамалында қалған ағаңды жаудан неге құтқармайсың?» – депті. «Ағамның аты кім еді, оны білесіңдер ме?» – депті Секрек. Екі жетім оған: «Аты Екрек!» – депті. «Ендеше Екрекке серік болатын Секрек бар. Ағамның аман-жаманын білмеген айып менде екен. Сол ағамды таппай, маған оғыз елінде жүру ұят екен. Екі көзімнің шырағы болған ағам, қайдасың»,– деп жылап алыпты. Секрек шатырда жиын құрып жатқан бектерге келді де: «Бəрің де қош болып тұрыңдар»,– деп, атын алдырып анасының үйіне шауып кетті. Анасынан ағасының жайын сұрады. Хан ием, ол анасына не деген екен, соны есітелік: «О, ана,

мен ертемен тұрып, қара жал Кавказ атына мініп, таудағы елдерге бардым. Оғыз батырларының жиынында болдым. Сол жиында ішіпжеп отырғанда, бір боз атты адам келіп: «Екрек деген батыр жігітіміз бар еді, жауға тұтқын болғанына көп жыл болған еді. Сол жігіт құдай жолын ашып еліне келіпті, елдегі үлкен-кішінің бəрі соның алдынан шығып жатыр», – деді. Соның алдынан мен де шықсам деп едім, ана, оған сіз не дейсіз?» – депті баласы. Сонда анасы қуанып кетіп, тілге келіпті: «О, тіліңнен айналайын, ұлым? Тасаттығың болайың сенің, ұлым! Көз алдыңда тұрған Қаратауың құлап еді ғой, сенің сол тауың бой түзеген екен, шырағым! Сулы өзенің шөлге айналып еді, сол өзенің қайтадан шалқып аққан екен, шырағым! Есік алдындағы қураған тал ағашың қайта гүлдеген екен, шырағым! Оғыз елінің бектері сол жігіттің алдынан шығуға кеткен болса, солардан қалма, шырағым! Жігітті көрген кезде атыңнан түсіп сəлем бер, мойнынан құшақтап, қолынан сүй, жылап көріс, шырағым! Ол сенің асқар таудай ағаң еді, шырағым! Оның қасында сен неге тұрасың? Бар, жолың болсын!» – депті анасы. Сонда баласы тілге келді: «Үнің өшсін сенің, анам! Тілің шірісін сенің, анам! Сол ағамның жайын баяғыдан бері маған неге айтпадың сен? Сол ағамды тауып алмай, оғыз елінде қай бетіммен жүрмекпін? Ананың ақысы – тəңірі ақысы? Олай болмағанда, қара болат қылышты қолға алып басыңды кесер едім, сөйлеуге де шамаңды келтірмей, қаныңды қара жерге төгер едім, ана, жауыз ана!» – депті баласы. Əкесі тұрып: «Бұл жалған хабар болу керек, ұлым! Сенің ағаң жаудан қашып келетін қорқақ емес, ол кегін жоқтайтын батыр. Сақалы қудай болған əкеңді, шашы ағарған қарт анаңды босқа əурелеп, жылатпа»,– депті. Сонда баласы тұрып: «Оғыз елінің 366 батыры атына мініп, аңға шыққалы жатыр. Олар білек қосып, аң біткенді қырып, серуендемек. Алдында ағасы, артында інісі барлардың бəрі де аңға бармақ. Аға-інісі жоқ тұлдыр жігіт болса, оны желкеге бір ұрып тастап кетсе, ол жылап қалмақшы. Ондай жігіт төрт жағына алаңдап, қара көзінен жас ағызып қалмақшы, бек туған əкем, ханым анам, мен де соларға ерсем деймін, мен келгенше аман болыңдар», – деді баласы. «Бұл жалған хабар, бізді тастап кетпе, ұлым!» – деді əкесі мен шешесі. Сонда бала: «Мені бұл сапардан алып қаламын деп əуре болмаңдар. Ұзын сөздің қысқасы, жау еліне тұтқын болып, зынданға түскен ағамды көрмейінше, жалғыз ағамның өлі-тірісін білмейінше, өлген болса, соның кегін алып, жаудың қанын төккенше, оғыз елін менің көрер бетім жоқ», – депті. Əкесі мен шешесі бірдей жылап, Қазанға хабар салды: «Баламыз ағасын іздеп жау еліне аттанбақшы, бұған қандай ақыл айтасың», – депті. Қазан бұларға: «Балаң ағасын іздер болса, аяғына ат тұяғын кигізіңдер», – депті. Баланың үйленгелі жатқан қалыңдығы бар еді, ел соны ұзатып əкеліп, түйеден үлек, жылқыдан айғыр, қойдан қошқар сойып, үлкен той жасады. Қалыңдық шатырын тікті. Бала қалыңдығымен бір төсекке жатты. Жігіт қылышын жалаңаштап, ортаға алып жатты. Қыз: «Қылышыңды ал, жігіт, ол біздің ойнап-күлуімізге кесір жасайды. Көрпеге оранып жаталық», – деді. Жігіт оған: «Біліксіз болма, қыз бикеш, ағамды жаудан босатпай сенің қасыңа жатар болсам, осы қылыш өз басымды кессін, өз оғым өзіме тисін, менен ұл туар болса, оның өмірі он күнге жетпесін, əуелі ағамды тауып алып, жүзін көремін, өлген болса, соның кегін аламын, жаудың қанын төгемін, жар төсегін содан соң көремін», – деді бала. Жылқыда жүрген атын алдырып, ерттетті, үстіне сауыт киіп, қалқанын қарына ілді де: «Қыз бикеш, мені бір жыл күт, бір жылда келмесем, екі жыл күт. Екі жылда келмесем, үш жыл күт. Сол уақыт ішінде келе алмасам, мені өлді деп біл. Жылқыдан таңдап айғыр сой да, асымды бер. Біреудің жүзін көріп ұнатсаң, соған тиіп ал», – деді бала. Бұған қалыңдығы не айтқан екен, соны тыңдалық, хан-еке: «Жігітім, сені жыл күтемін, келмесең екі жыл күтемін. Үш жылда келмесең, төрт жыл күтемін. Одан соң бес жыл, алты жыл күтемін. Алты жылда келмесең, тоғыз жолдың торабына барып, шатырымды тігермін де, өткен-кеткеннен сенің дерегіңді сұрармын. Жақсы хабар айтқандар болса, астына ат мінгізіп, үстіне шекпен жабармын. Жаман хабар əкелгендер болса, басын кесермін, үйімнен дəм татқызбаспын, жүзімді еркек масаға шаққызбаспын. Жар төсегі жат болса, жолың болсын, жігітім»,– деді қыз. Бала оған: «Тыңдап ал, тексіздің қызы! Ағамды азат етпей, басқа жұмысқа бет бұрмаймын деген сөзім бар», – деді. Қыз болса: «Онда мен тағдыры бақытсыз келіншек атанады екен мін, бірақ ұятсыз келіншек бола алмаспын. Қайын атам маған əке болсын, қайын енем ана болсын. Оларға мен: «Еркек түйең көштен бөлінбек, жолы болсын, бақташысы болмаса, оның келеге қосылуы қиын, жылқыңның айғыры үйірінен кетпек, тұяғы жеңіл болсын, аман барып, есен қайтсын балаң дермін, ай мүйізді қошқарың қотаннан кетпек, қойшысы алдынан шықсын дермін, жүзі жарық балаң ағасын іздеп кетті, артында айдай қалыңдығы қалмақ, осыны біліңдер дермін», – деді қыз. Бұл сөзді естігенде əкесі мен шешесі қатты шошынды. Тілге келіп: «Ұлым, кете көрме», – деп өтініш білдіріпті. Бірақ баласы алған бетінен қайтпады. «Қамалда жатқан ағамды тұтқыннан босатпай, көңілім көншір емес», – деген соң, əкесі мен шешесі: «Жортқанда жо лың болсын, жұлдызың оңынан тусын, аман барып есен қайт, бір тəңірге тапсырдық», – деп ақ батасын беріпті. Бала əкесі мен анасының қолынан сүйді де, атына мініп, жау еліне бет қойды. Күн-түн бірдей жүрді. Үш тəулік жол жүргенде, Дерешам жеріне жетіп, баяғы ағасы тұтқын болған қамалға келді. Қамал сыртында гəуірлердің мал жайып жүрген жылқышысына жолықты. Бала қылышын қолға алып, гəуірдің алтауын өлтірді, содан соң жылқыны айдап бір қамалға қамады. Түн түсті, көзге ештеңе көрінбеді. Үш тəулік күндіз-түн бірдей жол тартқан баланы ұйқы қысты. Бала аттың шылбырын белбеуіне байлап, ұйқыға кетті. Мұны сол жерде жүрген

гəуірдің тыңшылары біліп қойып, Тагавор патшасына хабарлады: «Оғыз елінен бір батыр келіп, жылқышыларды өлтірді, жылқыны қуып бір қораға қамап қойды», – депті. Тагавор оған: «Алпыс адам атқа мініп, сол батырды маған ұстап əкелсін», – деді. Ол елден таңдап алпыс қарулы əскер алды. Темір қалқан ұстаған алпыс гəуір ұйықтап жатқан балаға келді. Қылыштың үнін сауыт біледі. Жігітті жаудан аты құтқарады. Хан-ием, жігіттің мінгені айғыр еді. Ол жаудың исін біліп, баланы шылбырымен оятты. Оянса, жасанған жау келіп қалған екен. Бала тəңіріге сиынып, атына тез мінді де, қара шекпен киген гəуірлерге қылыш жұмсады. Жауды жеңіп, бəрін де қамалға айдап тықты. Ұйқысы шала болған соң, ол манағы орнына қайта барып ұйықтады. Атын шылбырынан беліне байлап қойды. Гəуірлердің аман қалғандары тағы да Тагаворға барып, жаудан жеңіліс тапқанын айтыпты. Тагавор ашуға мініп: «Үрейленген қара бет немелер, алпысың жиналып, қарғадай бір баланы байлап ала алмағандарың ба?» – деп жүз адам жіберді. Жаудың келе жатқанын айғыры біліп, баланы тағы да оятты. Оянса жау тағы да келіп қалған екен. Тəңіріге сыйынып, бала жауды жеңіп, тағы да қамалға қуып тығып, манағы жеріне келіп, атының шылбырын белбеуіне байлап, тағы да ұйқыға кірісті. Бірақ бұл жолы аты белбеуден босанып, алысқа кеткен еді. Гəуірлер тағы да Тагаворға барып, болған жайды хабарлады. Тагавор оларға: «Бұл жолы үш жүз адам болып барыңдар», – депті. Гəуірлер: «Бара алмаймыз, бүйте берсек ол біздің тұқымымызды құртады, қырып бітеді», – депті. Тагавор: «Онда шарамыз қайсы? Сынаны сынамен ұрып шығарады деген сөз бар. Тұтқында жатқан жігітті босатып, астына ат, үстіне киім беріңдер», – депті. Гəуірлер Екрекке келіп: «О, жігіт, Тагавор саған рақым көрсетті. Елімізге бір ақылсыз тентек келіп, жолаушының нанын, саудагердің малын, қойшылардың жанын алатын болды. Сол тентекті ұстап өлтір, содан соң біз сені еліңе жібереміз. Уəде осы болсын, атыңа мін», – депті. «Жарайды», – деп Екрек келісіпті. Гəуірлер Екректі абақтыдан босатып, сақал-шашын алды. Астына ат берді, қасына үш жүз адамды қосып берді. Сөйтіп бұлар бала жатқан жерге келді. Үш жүз жау бір кең жазыққа келіп тоқтаған еді. Екрек олардан: «Əлгі ақылсыз жігіт қайда?» – деп сұрады. Олар баланың жатқан жерін қолымен нұсқап көрсетті. «Ендеше, жүріңдер, соны ұстап алалық», – деді Екрек. «Тагавордың бұйрығы бойынша, оны сен барып ұстауың керек», – десті гəуірлер. Екрек оларға: «Бала ұйықтап жатыр екен, жүріңдер», – деді. Олар бұған: «Сондай да ұйқы бола ма? Ол бізге қолтығының астынан сығалап қарап жатыр, тұра салып ұмтылса, бізге кең дүние тар болар», – десті. Олай болса мен барып, аяқ-қолын байлайын, сендер содан соң келесіңдер», – деді де, əскерден бөлініп, атына қамшы ұрып ұйықтап жатқан балаға жақын келді. Жерге түсіп, атын бір ағашқа байлады. Келсе алдында жүзі он төртінде толысқан айдай, көздері жайнаған, бір сұлу жігіт ұйықтап жатыр екен. Түс көрген кісідей, шала өлік болып жатыр. Келген-кеткенді аңғарарлық күйде емес екен. Бас жағына барып еді, белбеуінде қобызы бар екен. Екрек қобызды қолына алып тұрып, толғана бастады. Хан-еке, ол не деген екен, тыңдалық: «Орныңнан тұрып жолға шығыпсың, жігіт! Қара жал Кавказ атыңа мініп, биік-биік ала таудан асып келіпсің, ағысы қатты өзендерден өтіпсің, сөйтіп жау еліне жетіпсің. Бұл жатысың қай жатыс? Ақ саусағыңды артыңа байлап, шошқа сарайға алып барсам, күнің не болар еді, жігітім? Онда ақсақалды əкең, ақ шашты анаңды жылатқан болар едім. Неліктен мұнша бейқам болдың, жігіт? Ұйқының жері осы ма? Əдемі басыңды көтерші, жігіт! Ақ сақалды əкеңді, ақ шашты анаңды жылатпа, жігіт! Кім едің өзің, жігіт? Сен не де болса оғыз елінен келген батыр болдың ғой, жігіт? Жасаған иемнің құрметі үшін орныңнан тұршы! Төрт жағыңды бірдей гəуірлер қоршап алды ғой!» – деді Екрек. Бала қозғалып орнынан тұрды, жалма-жан қылышының басынан ұстап, қасында тұрған адамды шауып тастамақ болды. Қараса, ол қобыз ұстап тұр екен. Сонда бала: «Ей, гəуір, қолыңда Қорқыт атамның қобызы бар екен, сол қобыз болмаса, басыңды шауып тастар едім. Жауға түскен ағамның кегі үшін басыңды екі бөлек етер едім»,– деді. Оның қолындағы қобызды жұлып алды. Сөйтті де бала толғанып сөйлеп кетті: «Орнымнан жауға аттансам, о да ағамның қамы. Сендердің қамалдарыңда тұтқын болып жатқан адам жоқ па, гəуір? Айтшы шыныңды, гəуір!» Екрек толғанып, тілге келді. Не айтқан екен ол, тыңдалық, хан-еке: «Аузыңнан айналайын, туғаным! Бұл сөзің үшін сенен садаға болайын, інім! Айтшы өзің қайдан келесің, қайда бармақшы едің, жатқан жерің кімдікі? Қараңғы дүниеде адассаң, сенерің кім? Қолынан туы түспеген ханыңның аты кім? Жау бетіне шығып, еліңді қорғайтын батырыңның аты кім? Əкеңнің аты кім, жігіт? Батыр адамға атын жасыру зор айып, өз атың кім?» – деп сұрады Екрек. Бұдан соң ол: «Менің түйелерімді баққан жан ба едің? Əлде менің жауға мінетін үйірлі жылқыларымды қайырған жан ба едің? Қойымды баққан қойшы болдың ба? Жауабың жанымды елжіретіп тұр, артымдағы тынысым, жəрдемшім болдың ба екен? Мен кеткенде бесікте қалған інішегім бар еді, сол емессің бе? Қара басымды жолыңа арнап, сұрағаным, айтшы шыныңды, жігіт!» – деді. Сонда Секрек ағасына былай деп жауап қатты: «Қараңғыда адассам, сенерім тəңірі. Қолынан туы түсіп көрмеген ханымның аты – Баяндүр. Ел басына күн туғанда, жаудың бетін қайтаратын батырым – Қазан (Салор). Əкемнің атын сұрасаң – Ұшан оғыз. Өз атымды сұрасаң – Секрек. Ағамның атын сұрасаң – Екрек. Ол жауға тұтқын болған», – деді бала. Бұдан əрі бала: «Келесін бұзбай баққаным – сенің түйелерің болса керек. Жылқы бақсам ол сенің жауға мінетін аттарың болса керек. Өзің кеткенде бесікте қалған інішегің кім еді?» – деді тағы. Ағасы Екрек те тіл қатты. Не деген екен ол, тыңдалық, хан ием: «Тіліңнен айналдым, інім! Бұл сөзіңе басымды берсем аз болар, туғаным! Ер жігіт, батыр жігіт болған екенсің, жеткіншегім! Құрсақтасым, ағаңды іздеп келіп пе едің мұнда?» – деді Екрек. Сөйтіп аға мен іні құшақтасып көрісті,

бірін-бірі таныды, сөйтіп қуанышты болды. Екрек інісінің мойнынан құшақтап бетінен сүйді. Секрек ағасының қолынан сүйді. Қарсы бетте тұрған гəуірлер мұны көріп: «Екеуі күрескелі жатыр, қарап тұралық, қайсысы жығар екен», – десті. Олардың құшақтасып, сүйісіп жатқанын көргендер шошынып қалды. Сол кезде екі батыр өздерінің кавказдық аттарына мінді де, қара шекпен киген гəуірлерге бөрідей тиді. Оңды-солды қылыш жұмсап, оларды қырды, аман қалғандарын қамалға қуып тықты. Жауды жеңіп, олар манағы жылқыны бекіткен қамалға келді. Жылқыларды қамалдан айдап шығып, даңғыра соғып, қуа жөнелді. Жылқыны ағысы қатты Дерешам өзенінен өткізген кезде, кеш болды. Екі батыр оғыз елінің шегіне келіп жетті. Секрек əкесіне шабарман жіберіп, «балаң қанқұйлы жау қолынан ағасын құт қарып, елге келе жатыр деген хабарды жеткіз, əкем алдымыздан шықсын», – деді. Хабаршы Ұшан оғызға келіп сүйінші сұрады: «Үйіңе қуаныш кірді, Ұшан оғыз. Өшкен шырағың жанды! Екі балаң аманесен келе жатыр», – деді олар. Əкесі бұған есепсіз қуанып, даңғыра қаққызып, керней шалғызды. Сол күні ақ ала шатырлар тіккізді, жылқыдан семіз айғыр, түйеден үлек, қойдан қошқар сойғызды. Əкесі балаларының алдынан шығып, аттан түсіп құшақтасты, көрісті, сөйтіп сағыныштарын басты. «Аман-есен келдіңдер ме, екі ұлым?» – деді оларға. Олар алтынмен күптеген ақ шатырларға кіріп, қуаныш тойын өткізді. Ішім-жем көл болды. Қарт əкесі үлкен баласына қалыңдық айттырды, оны сол күнгі тойға əкелді. Екі баласы бірдей қалыңдық шатырларына кірді. Екі баласы бір-біріне серік, дос болды. Сөйтіп олар мұрат-мақсатына жетіпті. Тойға Қорқыт атам келіп, өлең айтты, қобыз шалды. Бұл жырды ол сонда айтқан екен. Өмірдің басы – қуаныш, аяғы – ажал. Хан ием! Ажал сағаты жеткенше, сені Алла ақ дініңнен айырмасын, Мұхамедтің құрметі үшін Алла ол дүниеде күнəларыңды кешірсін, құдайдың дидарын көргейсің, əумин! XІ. ҚАЗАН-САЛОРДЫҢ ЖАУҒА ТҰТҚЫН БОЛҒАНЫ ЖƏНЕ ОНЫ БАЛАСЫ ОРАЗДЫҢ АЗАТ ЕТУІ Хан ием! Трапезунт патшасы Тагавор бектердің бегі Қазанға бір сұңқар құс тарту етіпті. Бір күні кешкі мəжілісте отырып, Қазан өзінің құсбегі жігітіне: «Ертең осы сұңқарды алып аңға шығалық, оны ешкім білмесін», – депті. Ертеңіне бұлар аттарына мініп, аң аулайтын жерге барыпты. Бір көлге барса, аққу көп екен, Қазан құсын жіберіп еді, ол қайтып келмеді. Ізіне түссе, құс Туманян дейтін қамалға барып қонған екен. Қазан ұшқан құстың ізіне түсіп, талай сайдан өтті. Сөйтіп гəуірлер еліне келді. Жолай Қазанның көзіне ұйқы келген еді, жігіттер: «Хан ием, қайталық деп еді», – ол: «Əлі де шамалы жүріп көрелік», – деп тыңдамады. Алдынан бір қамал көрінгенде: «Бектерім, осы қамалды басып алалық», – деді. Бірақ Қазанның жарты өлік болып ұйықтайтын мезгілі келген еді. Бір ұйықтаса, жеті күнге дейін оянбаушы еді. Оны оғыз елі «өткінші өлім» деп атайды екен. Сол күні Туманян қамалының патшасы Тагавор аңға шыққан еді. Патшаның жансызы келіп: «Жау елінің бір топ атты əскері жерімізге кіріпті, бегі ұзын ұйқыға кетіпті», – деп хабарлайды. Тагавор олардың кім екенін білуге адам жіберіпті. Келсе, бұлар оғыз елінің батырлары екен. Бұл хабарды есіткен соң, Тагавор əскерін жинап, солардың жатқан жеріне келді. Қазанды тастап қашып кетсек, жұрт бізді елден қуып шығады. Одан да жаудың қолында өлген көп артық, – деп, жаумен соғысқа түсті. Қазанды қорғаймын деп жиырма бес бек қаза тапты. Гəуірлер ұйықтап жатқан Қазанға барып, аяқ-қолын арқанмен байлап, арбаға салып алды. Жолай Қазан арбаның селкілдеген жүрісінен оянып кетіп, керіліп шіренді де, арқанды быт-шыт қылып үзді. Содан соң арбаға отырып алып, алақанын шапаттап қарқ-қарқ күлді. Гəуірлер оған: «Неге күлдің?» – деді. Қазан: «Күлген себебім – бұл арба менің бесігім бе деп едім, ал сендер маған кеудесінде жаны барлы-жоқты бақташы əйел сияқты болып көріндіңдер», – депті. Гəуірлер Қазанды Туманян қамалындағы бір зынданға салып, бетіне диірмен тасын жауып қойды. Сол диірмен тасының тесігінен оған қатқан нан тастап, су беріп тұрды. Бір күні Тагавордың əйелі: «Бір өзі мыңмен соғысатын Қазан деген батыр қандай адам екен, өзін көрейінші»,– деп, зынданға барды. Əйел қарауылға зындан қақпағын ашқызып: «Е, Қазан бек, халің қалай? Жердің асты жақсы ма екен, үсті жақсы ма екен? Ішім-жемің қандай? Астыңда атың бар ма?» – депті. Қазан оған: «Сендер өлген аруақтарыңа ас берсеңдер, соны қағып алып жеймін, ата-бабаларыңның семіздерінің арқасына мініп шабамын, арықтарын мұрындықтап жүгіртемін»,– депті. Тагавордың əйелі тұрып: «О, Қазан бек, менің жеті жасар қызым өліп еді, дініңнің құрметі үшін соған міне көрме, нəрестеме жанашырлық білдіре көр»,– депті. Сонда Қазан: «Өлгендер ішінде сенің қызыңнан дилысы жоқ, мен көбіне-көп соған мініп жүрмін»,– депті. «Ой, құдайым-ай, сенің тырнағыңнан біздің тіріміз де, өліміз де құтылмаған екен ғой» – деп, Тагаворға мұңын шағыпты: «Қызыңның беліне зақым келетін түрі бар, құдықта жатқан татар батырын босат, ол сенің жер астына түскен қызыңның арқасына мініп жүреді екен, біздің өлген аруақтарымызды алдына салып айдап, жейтін асын тартып жейді екен, ол біздің өлімізге де, тірімізге де күн берер емес, дін-аруақ үшін сол батырды зынданнан шығар», – депті. Тагавор бектерін жинап: «Барып, Қазанды зынданнан босатыңдар, бізге дос болып, оғыздарға жау болсын, бұдан былай бізге тимейтін болып, серт берсін», – депті. Бектері зынданға барып Қазанды босатып, Тагавор алдына алып келді: «Бұдан былай бізге тимейтін болып ант бер, бізді мақтап, оғыздарды қыратын бол, біз сені босатамыз, еліңе бар»,– депті. Қазан оларға: «Тəңірі алдында берген антым болсын, алдымда

түзу жол болса, қисық жолмен жүрмеспін», – депті. Олар: «Қазан бектің бұл анты көңілге қонады, енді бізді мақтап көрші», – депті. Қазан: «Мен жайдақ жерде отырып ешкімді мақтап көрген емеспін, бір адам алып келіңдер, соның арқасына мініп тұрып мақтармын», – депті. Олар бір гəуірді алып келіпті. Қазан: «Енді бұған ер салып, жүген тағыңдар»,– депті. Гəуірлер оның арқасына ер, аузына жүген, тартпа салып, буды. Қазан оның арқасына секіріп мініп алып, етігін соғыстырып тебінді, қабырғасын өзіне тартты, жүгенді тартып қалып аузын қақ айырды. Сөйтіп гəуірді өлтірді. Өлікті аяғымен басып, үстіне отырды да: «О, гəуірлер, енді менің қобызымды əкелсеңдер мақтаймын», – депті. Олар қобызын алып келді. Сонда Қазан толғанып, жырлап жіберіпті. Не деген екен ол, соны тыңдалық, хан ием: «Жаудың мың адамын көрсем, ол маған ойыншық болды. Жиырма мыңы келсе, бас игенім жоқ. Отыз мыңы маған шөп болып көрінді. Қырық мыңы келсе, қашпадым. Елу мыңы келсе, саспадым, қыран құс болып аш бурадай жарадым. Алпыс мыңы келсе, жалынбадым. Тоқсан мыңы келсе, торықпадым. Жүз мыңы келсе, жанықпадым. Мұқалмас қылышымды қолға алып, тəңірі құдіреті үшін жауға сермедім, ақ майданда бастарын допша домалатып, жер тезек қылдым. Сонда да болса мен батырмын, бекпін деп есірмедім. Көппін дегендердің қошеметін жекпедім. О, гəуірлер, мен бүгін сендердің қолдарыңа түскен болсам, қара қылышымды ал да, басымды шап, үстімде сауытым жоқ, бірақ өзімнің тайпамды, туыпөскен ұрпағымды жамандай алмаймын», – депті. Бұдан əрі ол: «Биік таудың басынан қазандай қара тас түссе, соны аяғымен қағып, кеудесімен ұстап тұрған Қазан батыр мен едім. Жерден желкілдеп бұта шықса, соны таптап, жоқ еткен Қазан батыр мен едім, Тентек-телі бүлік шығарса, қамшымен дүрелеп желігін басқан Қазан батыр мен едім. Қаратауға қалың тұман түссе, астыма мінген тұлпарымның құлағы көрінбей қалса, артыма ерген əскерім жөн таппай адасса, соларға қараңғыда жол тауып берген Қазан батыр мен едім. Мен жеті басты жалмауыз айдаһармен де сайысқан батырмын. Соны көргенде сол көзім сескеніп, жыпылық қаққандай болды, сонда мен оған: «Ей, ақылсыз, қорқақ көзім, саған не болған? Мұның атасы жылан емес пе? – дегенмін. Сонда да болса мен батырмын, бекпін деп мақтанғаным жоқ. Өзін-өзі мақтаған батырды мен сүмелек деймін. О, гəуір, бүгін қолдарыңа келіп түскен болсам, қолыңа қылыш алып басымды ал, өлтір де тын. Басымда дулыға жоқ, бірақ өз руым, өз ұрпағымды жамандай алмаймын. Артымда елім, оғыз батырлары аман тұрғанда, мен сені мақтай да алмаймын», – депті. Содан соңғы айтқан сөзі мынау болыпты: «Гəуірлер, сендердің қалаларың биік таулардың қиясына салыныпты. Алыстан Оман теңізі көрініп тұрады. Сол жерден оңға-солға əскер жіберіп, ел жаулайсыңдар. Адамдарың кемеге мініп, су құрдымға дейін барады, батырларың «біз тəңіріні де жеңеміз» деп ойлайды. Суда жүріп өлеңдетіп, айғайсүрен салады. Олар дұрыс сөзді бұрыс оқиды. Бойжеткен қыздарың алтын топай ойнайды. Бектерің сабаннан да көп. Сол қамалдарыңды, оғыздар, алты күнге жеткізбей алдым. Шіркеулеріңді бұзып, орнына мешіт салдым. Тілдеріңді кəлимаға келтірдім. Бойжеткен қыздарыңды кеудемнің астына салып ойнаттым, бектеріңді құл еттім. Сонда да болса, мен батырмын, бекпін деп мақтанғаным жоқ. Енді бүгін мен сендердің қолдарыңа түскен болсам, өлтіре беріңдер. Үстімде сауытым, қолымда қалқаным жоқ, бірақ өз руыма, өзімнің шыққан еліме опасыздық жасай алмаймын», – депті. Қазан тағы да сөйледі: «Тау қиясына ат ойнатып, гəуірлерді талай рет жеңіп, қудым, ол сенің əкең еді. Қыздарыңды сүйіп, ойнаған болсам, ол сенің сүйген жарың еді. Ақша қалаға ат ойнатқан болсам, Қарунның байлығын алмақ болдым. Төбесі биік ақ күмбездеріңді құлаттым. Алдыма етектеп күміс төксе, оны мыс дедім. Қып-қызыл алтын əкеліп төксе, оны жез дедім. Тиынға қызықпадым. Алдыма қыз əкелсе, оған сатылғаным жоқ. Шіркеулеріңді бұзып мешіт еттім, шіркеудің алтыны мен күмісін талауға салдым. Сонда да болса мен батырмын, бекпін деп мақтанғаным жоқ, мақтаншақты мен сүйген емен. Енді бүгін мен сендердің қолдарыңа түсіп, бенде болсам, қолдарыңнан келгенін аяма, өз руыма, өз еліме мен опасыздық жасай алмаймын, қошеметіңді жеңе алмаймын», – депті. Бұдан соңғы бір айтқаны: «Мен жолбарыстың еркегінен жаралған батырмын. Ол тауда жайылған сенің ешкілеріңе сор. Мен қамыс арасынан шыққан арыстанның арланы болып туған жанмын. Ол сенің көк ала жылқыңның соры. Мен бөрінің көкжалы болып туған батырмын, ол сенің жүндес қойыңның соры. Мен аспандап ұшқан ақ сұңқармын. Еркек сұңқар сенің көлдегі үйрегің мен қазыңның соры. Елімде бүкіл оғыздарға қорған болған батыр бар. Ендігі туған ұрпақтарыңа олар күн бермейді. Бүгін сендерге бенде болып отырсам, қолдарыңнан келгенін істе, гəуірлер, бірақ өз еліме тілімді тигізе алмаймын», – депті. «О, гəуірлер, жегендерің шошқа еті, өздерің итше үресіңдер, төсектерің сабан салған қап, жастанғаның сынған кірпіш, тəңірлерің бір тұтам ағаш. Бар қасиеттерің настық пен мешкейлік. Оғыз елін көрмей, мен сені мақтай алмаймын. О, гəуір, қолыңнан келсе, мені өлтір, өлтіре алмасаң, тəңірі жарылқаса, өзіңді мен өлтіремін», – депті Қазан. Сонда гəуірлер: «Бұл бізді мақтайтын емес қой, алып жүріңдер өзін, өлтірелік», – депті. Гəуірлердің бектері бас қосып, кеңесті. Кеңескенде не десті: «Артында батыр баласы, батыр інісі бар, өлтіруге болмайды», – депті. Содан соң Қазанды шошқа сарайға апарып, қамап тастады. Ат аяғы сүрінер, жыраудың тілі сүрінбес. Қазанның өлі-тірісін ешкім білмеді. Хан ием, Қазанның бір жас баласы қалған еді, Сол өсіп жетілген еді. Бір күні ол атына мініп, диуанаға келді. Біреу тұрып: «Сен Қазан ханның ұлы емессің бе?» – деп сұрапты. Бұған Ораз ашуланып қалыпты: «Не деп тұрсың кем ақыл, менің əкем – Баяндүр хан емес пе еді?» – депті. Жоқ, ол сенің шешеңнің əкесі, нағашың болады», – депті ол адам. Ораз одан: «Менің əкем өлі ме, тірі ме?» – деп сұрапты. «Əкең тірі. Туманян қамалында тұтқын болып жатыр», – депті ол. Мына сөзді есіткенде бала қан жылап, қатты қайғырды. Аттың басын

бұрып, анасына келді. «Ана, мен Баяндүр ханның емес, Қазанның баласы екенмін ғой. Тексіз жерден шыққан болмасаң, мұны сен маған неге айтпадың? Ана қарызы – тəңірі қарызы. Əйтпесе қара болат қылышымды қолға алып, басыңды кесіп, қаныңды төгер едім», – депті Ораз. Анасы жылап, тіл қатты: «Ұлым, əкең аман. Бірақ мен саған оның жауға тұтқын болып жатқанын айтқан жоқ едім. Айтсам, – сен де жауға аттанып, мерт бола ма деп едім. Жан балам, ұлым, əкеңнің жайын айтпаған себебім осы еді. Əкең үшін қайғыратын болсаң, нағашыңа адам жіберіп шақырт, сонымен ақылдасып көрелік», – депті анасы. Ораз нағашысына адам жіберіп шақыртты, ол келді. Ораз оған: «Əкемді тұтқындықтан босату үшін жау қамалына барғым келеді»,– депті. Бұл сөзді жұрттың бəрі ұнатып, бектерге хабар салды: «Ораз əкесін іздеп, жол шекпек. Барлық жігіт қару асынып, атқа мінсін», – депті. Əскерлер келе бастады. Ораз өзінің шатырын ашып, бар құралын түйеге артты. Əскерге Қара Көне бас болды. Барлық əскер сап құрып, жолға шықты. Жол үстінде бұлар Ая-София деген гəуірлер храмына келді. Храм қызметшілері ғибадат қылып жатыр екен. Бұл төбесі аспанға жеткен үлкен храм еді. Оғыздар аттарынан түсіп, саудагер киімін киді де, ат-түйелерін байлап ішке кірді. Поптар бұлардың саудагерге ұқсамайтын адамдар екенін байқап, қамалдың қақпасын жапты да, мұнараға шықты. Сөйтті де: «Сендер қайдан жүрген адамсыңдар?» – деп сұрады. «Біздер көпес боламыз?» – депті бұлар. «Мұнысы өтірік»,– деп, гəуірлер жоғарыдан тас ата бастайды. Сонда Ораз атынан түсіп: «Əкемнің алтын кесесінен дəм татқандар, мені қадірлейтін жігіттер тегіс аттарынан түссін», – деді. Əрқайсысы бір-бір шоқпар соғып, қақпаға келді. Қақпаны шоқпармен ұрып қиратып, қамалға кірді. Сыртқа бір адам жібермей поптарын қырды, алтын-күмісін талап алып, өздері далаға тігілген шатырларына барып орналасты. Сол маңда бір сиқыршы бар еді, ол қамалдың таланғанын көріп, Тагаворға барып, Ая-Софияның жау қолында қалғанын айтты. «Не бітіріп отырсыңдар? Жау келді. Қаруларыңды алып, қорғанысқа шығыңдар», – депті ол. Тагавор бектерін жинап: «Бұл жаудан қалай құтыламыз?» – деп сұрапты. «Бұлардан құтылу оңай емес. Дұрысы Қазанды босатып, жауға қарсы салалық», – депті. Бұл сөзді Тагавор ұнатты. Қазанды босатып, патша алдына алып келді. Тагавор оған: «Қазан бек, елімізге жау тиді. Сол жауды қусаң, біз сені босатамыз, өзіңе көп сыйлық береміз. Енді қайтып бізге жау болмайтындығыңды айтып, уəде бер», – депті. Сонда Қазан: «Тəңірі атынан сөйлейін, түзу жол болса, қисық жолға түспеспін», – депті оларға. Гəуірлер: «Қазан бізге жау болмасқа уəде берді», – деп қуанды. Тагавор əскерін жинап, соғыс болатын жерге келді де, сансыз шатырларын тікті. Гəуірлердің əскері Қазан төңірегіне шоқтай болып жиналды. Қазанға сауыт əкеліп кигізіп, қолына қылыш, найза, шоқпар берді. Мұздай қаруландырды. Осы кезде майданға оғыздар да лек-легімен келе бастаған еді. Даңғыралар қағылып көкті жарды. Қазан оғыздарды көрді. Соның алдыңғы тобын бастаған бір батыр ақбоз атқа мініп, қолына ақ туын ұстап, алдыңғы шепке келді де, шатырын тікті. Батырлары ат үстінде сап құрып тұрды. Оның бір жағынан Қара Көне келіп, о да өз орнын алып, əскерін сапқа тұрғызды. Сол кезде Қазан атына қамшы ұрып, ортаға шықты да, жекпе-жекке сайысқа түспек болды. Оғыздардан шұбар атқа мінген Байрақ шығып, о да ортаға келді. Сол кезде Қазан оған тіл қатып, сөйлей бастады. Тыңдалық, хан ием, ол не деген: «Орныңнан ерте тұрып, жол шегіпсің, жігіт. Кім боласың, жігіт? Үстіңе иықтары берік сауыт киіпсің, жігіт, кім едің өзің, жігіт? Атың кім, затың кім деймін, жігіт, айтшы соны»,– депті Қазан. Байрақ тұрып: «Менің аты-жөнімді білгің келді ме, гəуір? Өт атымды сұрасаң – Бəмсі-Байрақ, əкемнің атын сұрасаң – Байбөрі хан. Мен Байбурд қаласын, Пара-Сара қамалын бұзып алған батырмын. Қалыңдығымды жаудан құтқарған батырмын. Қайратың болса кел, гəуір, сайысалық», – депті. Қазан оған: «Əскеріңнің алдын бастап ақ ту ұстап келген, астына ақбоз ат мінген батыр кім? Кімнің баласы ол? Айтшы соны жігіт? Жақсылығыңды ұмытпаспын», – деді Қазан. Байрақ: «Кімнің баласы керек еді саған, гəуір? Ол біздің Қазан бек батырдың баласы», – деп жауап берді. Қазан ішінен: «Тəңірге тəубə, менің балам да ат жалын тартып мінетін алып батыр болған екен», – деп сүйінді. Байрақ оған: «Оны-мұны сұрап басымды ауыртпа, гəуір», – деп, атқа қамшы басты да, Қазанға төнді. Қолындағы шоқпарымен оны салып қалды. Қазан өзін танытпай, Байрақтың шоқпарын дарытпай, оның белбеуінен ұстап, қолындағы шоқпарын тартып алды, сөйтіп шоқпармен желкесінен бір ұрды. Байрақ атының жалын құшып кейін қарай шаба жөнелді. «Қашсаң қаш, Байрақ, бегіңе сəлем айт, өзі келсін маған», – деді Қазан. Мұны көрген соң Илік оғыздың баласы, жаудан жеңіліп көрмеген Төлек Боран батыр орталыққа шаба жөнелді. Қазан оған: Орныңнан ерте тұрасың, Жолға шығып шабасың, Батыр болсаң, жөнінді айт, Өзің қандай баласың? Бедуин атқа мінесің, Бұлаң-бұлаң желесің, Жекпе-жекке келесің. Батыр болсаң атыңды айт, Айта алмасаң, кейін қайт! Ерлер атын жасырмас, Қорқақ жауды қашырмас,– деді. Төлек Боран оған жауап беріп: «Қу гəуір, менің атым саған неге керек? Мен Илік оғыз баласы Төлек Боран батыр боламын. Тайсалуды сүймеймін, ұят отына күймеймін. Елімнен озған батырмын, гəуірге келе жатырмын. Елу жеті қамалдың қақпасын бұзып алғанмын, жауға ойран

салғанмын», – деді де, атын қатты қамшылап, қолындағы найзасын Қазанға салмақ болды. Бірақ Қазан оның найзасын қағып тастады. Қазан атын қамшылап, оның қолындағы найзасын тартып алды, сол найзамен көк желкелеп салып қалды. Найза қақ бөлінді: «Ей, тегі оңбаған жігіт, бегіңе сəлем айт, өзі келсін мұнда», – деді. Боран кейін шегінді, Қазан шабынған бурадай майданда тұрып, батырларды жекпе-жекке шақыра берді. Сол кезде атына қамшы басып жекпе-жекке Дүзеннің баласы Рүстем шықты. Қазан оған да сұрақ қойып: «Орныңнан ерте тұрыпсың, жақсы талап қылыпсың. Кавказдың жүйрік тұлпарын жаратып алып мініпсің. Аты-жөнінді айт, қай жігітсің?» – деді. Рүстем батыр: «Менің атым – Рүстем, əкемнің аты – Дүзен. Орнымнан ерте тұрғанмын, жауға бетті бұрғанмын. Екі бірдей інімді қыршынында өлтіріп, қайғы отына жанғанмын»,– деп, Қазанға төнді, бірақ ала алмады. Қазан оны бір соқты да: «Тегі оңбаған неме, бегіңе сəлем айт, өзі келсін», – деді. О да шегінді. Қазан бұрынғыша майданда тұрып алды. Ораз атының шылбырын Қара Көне ұстап тұрған еді. Оның намысы келді де, шылбырын жұлып алып, қылышын жалаңаштап майданға шапты. Қылышы Қазанның иығына тиіп, сауытын бұзып, қара етіне төрт елі өтіп кетті. Қызыл қаны жосадай болып ағып, қолтығына қан құйылды. Ораз оған тағы да ұмтылып еді, Қазан ұлына қарап тіл қатты: «О, ұлым, сен менің асқар ала тауым едің. Екі көзімнің сыңары едің, батыр туған арыстаным едің, Ораз. Ақ сақалды əкеңді өлтіріп, масқара болма, ұлым!» – деді. Ораздың қаны қайнап, əкесіне жаны ашыды. Қара қастары жапқан екі көзіне жас келді. Аттан түсіп, əкесінің қолын сүйді. Қазан да атынан түсіп, баласының желкесінен сүйді. Екеуі аттарына мінді де, қылыштарын жалаңаштап жауға тиді. Сай мен сала адам басына толды, жау жеңілді. Бұлар гəуірлердің қамалын алды, шіркеулерін қиратып, орнына мешіт салды. Сөйтіп Ораз əкесін қанқұмар жау қолынан құтқарып, еліне алып келді. Ақ дидарлы анасына хабаршы жіберді. Қазанның аққудай қалқыған бойжеткен қыздары алдынан шығып, əкесінің қолынан сүйді, аяғына бас иді. Қазан көк шалғынға көптеген шатыр тіктіріп, жеті күн, жеті түндей оғыз еліне той берді. Ішім-жем көл-көсір болды. Сол тойға Қорқыт атам келіп, қобыз шалып, жыр айтты. Дін үшін күрескен сол ерлер қайда кетті? Олар дүние біздікі деп өктеген екен, сол бек ерлердің ерлігін жырладым депті. Оларды ажал ұрлап, жер жұтты. Дүние жалған емес пе? Адам келеді, кетеді, өмірдің аяғы – ажал. Жердегі өмірдің сиқы сондай. Сол күнге дейін, хан ием, сізді құдай дініңнен айырмасын. Құлқы жаман адамдардың тіліне ерме. Сіздің құрметіңізге бес ауыз сөзбен дұға оқыдым, сол дұғам қабыл бола берсін. «Əумин, əумин», – деген адам Алланың дидарын көреді. Мұхаммед үшін ол дүниеде Алла сіздің күнəңізді жеңілдетсін. XІІ. СЫРТҚЫ ОҒЫЗДАРДЫҢ ІШКІ ОҒЫЗДАРҒА ҚАРСЫ БАС КӨТЕРУІ ЖƏНЕ БАЙРАҚТЫҢ ҚАЛАЙ ӨЛТІРІЛГЕНІ ТУРАЛЫ ЖЫР Бір күні үш оқ пен бұзық оқ елі жиналып келіп, Қазан үйінен олжа бөлісті. Екінші жолғы олжа бөлісіне сыртқы оғыздар келмеді. Қазан үйінде олжа бөліскенде ол əйелінің қолынан ұстап, өзі далаға шығып кетеді екен. Содан соң жұрт оның үйіне кіріп, олжа бөліскен. Бұл олжа бөлісінен сыртқы оғыздардың көсемдері – Аруз, Əмен сияқты батырлар хабарсыз қалған еді. Сыртқы оғыз бектері: «Бұл кезге дейін Қазанның үйінде біз ішкі оғыздармен бірлесіп олжа бөлісуші едік, бұл жолғы олжа бөлісінен бізді неге шет қалдырған?» – депті. Содан соң сыртқы оғыздың бектері баталасып, Қазаннан суынып, оған бармайтын болыпты, дұшпандық ниет те көрсетеді. Құлбас дейтін адам бар еді, содан Қазан: «Мен мал-мүлкімді олжаға салғанда сыртқы оғыздар соны бірлесіп олжалаушы еді, олар бұл олжа үлесіне қатыса алмады»,– депті. «Олар бізге жаулық ниетке көшкен жоқ па екен?» – депті Қазан. Құлбас тұрып: «Хан ием, онда мен барып жау ма екен, дос па екен, білейін»,– депті. Қазан: «Білсең, біліп кел»,– деп, Құлбасты жұмсады. Құлбас атына мініп, қасына бірнеше жолдас ертіп, Қазанға қызмет істеген Аруздың үйіне барып түсті. Аруз алтын шатыр тіктіріп, балаларының ортасында отыр екен. Амандасып болған соң Құлбас: «Қазанның басына ауыр күн туды. Қызметімде болған Аруз келіп кетсін дейді. Еліме жау келіп, түйелерімді бақыртып қуып кетті, жылқыларымды кісінетіп айдап кетті. Қаздай қалқыған қыздарымды олжалады. Басыма осындай күн туды. Тəрбиемде болған еді, Аруз тез жетсін деді», – депті. Сонда Аруз: «Үш оқ, бұзық оқ елі Қазан үйінен олжа бөліскенде, біз бірге барушы едік, соңғы олжа бөлісінен біз шет қалдық. Біздің не айыбымыз болды екен? Қазанның басына күн туса, оған біздің берер көмегіміз жоқ. Қазанға еткен қызметім аз болған жоқ. Ендігі жерде біз Қазанға дос емес, жаумыз», – депті. Сонда Құлбас арыла сөйледі. Тыңдалық, хан-ием, ол не деген екен: «Ақылсыз болма, Аруз. Қазан хан орнынан ерте тұрып жауға аттанбақ. Алатауға ақ шатырларын тікті. Үш жүз алпыс алты батыр жиналды. Ас-ауқат үстінде олар сенің атыңды жоқтады. Бізге тиген жау жоқ. Сені дос па екен, қас па екен, сынағалы айтып едім. Қазанға жау екеніңді білдім, бетіңнен жарылқасын, қош бол», – деп, Құлбас атына мінді. Аруз қатты састы. Сыртқы оғыздардың бəріне хабар салып: «Батырлар тегіс жиналсын, Əмен келсін, Рүстем батыр келсін, жаудан беті қайтпаған Төлек-Боран келсін, барлық бектер келіп жетсін», – депті Аруз. Сыртқы оғыздардың барлық бектері жиналыпты. Аруз кең далаға сансыз шатыр тіккізіп, жылқыдан айғыр, түйеден үлек, қойдан қошқар сойғызды, сөйтіп сыртқы оғыздардың бектерін сыйлады. Жиын тойға айналды. Аруз: «Бектерім, не үшін шақырғанымды білдіңдер ме?» – депті. «Білгеніміз

жоқ», – дейді бектер. Білмесеңдер айтайын: Қазан бізге Құлбасты жұмсап: «Еліме жау тиді, халқым ойран болды. Басыма күн туды, қызметімде болған Аруз келсін», – депті. Мен Құлбасқа: «Қазан өзінің жиған байлығын бөліскенде сыртқы оғыздар олжадан құр қалмаушы еді, бектер соған риза болып, алғысын айтушы еді. Соңғы олжадан біз неге құр қалдық», – дедім. Əмен тұрып: «Бізге қандай жауап бергеніңді айт», – деді. Аруз оған: «Мен Қазанға ендігі жерде жаумын», – деп жібердім. Сендер не айтасыңдар бұған?» – деді. Бектер тұрып: «Одан бөлек сөз бізде бар ма? Сен жау болсаң, біз де жау», – депті. Аруз жиылысқа құран əкеліп соны əрбіреуіне ұстатып, антын алды. Бектер: «Сенің досыңа біз доспыз, сенің жауыңа біз жаумыз», – деп тегіс құран ұстады. Аруз бектеріне шекпен жапты, мынаны айтты: «Бектер, Байрақ бізден қыз алып, күйеу болып еді, бірақ өзі Қазан жағында қалып тұр. Соны бізді Қазанмен жарастыр деп алдап шақырып алып, тілін білсек қайтеді? Бізге қосылса, ол əбден жақсы, қосылмаса,– өлтірелік. Байрақты өз ортасынан айырсақ, Қазанмен жауласу бізге оңайға түседі», – депті. Байраққа хабар жіберісті. Ол өзінің шатырында жігіттерімен ішіпжеп отыр екен. Аруздан барған адам сəлем беріп, үйіне кірді. Ол: «Ханым, Аруз саған сəлем айтты. Байрақтың жүрегі шат болсын. Сол кісі келіп, бізді Қазанмен татуластырсын деп жатыр», – деді. Екі сөзге келмей, Байрақ «мақұл» депті. Содан соң ол атын алдырып мінді де, қырық жігітін алып Аруздың ауылына келді. Онда сыртқы оғыздардың барлық бектері отыр екен. Байрақ оларға сəлем берді. Сонда Аруз: «Сені біз не үшін шақырғанымызды білдің бе, Байрақ?» – деді. «Не үшін шақырып едіңдер?» – деді ол. «Осында отырған бектер түгел Қазаннан бөлінеміз деп құран ұстап, анттастық»,– деді Аруз. Байрақ Қазаннан бөліне алмаймын деп ант беріп: «Мен Қазанның жақсылығын көп көрген адаммын. Соны ұмытсам, көзімнен шықсын. Мен Қазанның кавказдық жүйрік аттарына көп міндім. Соны ұмытсам, төсегім табыт болсын. Мен оның сыйлыққа берген шапандарын кидім, соны ұмытсам, ол менің кебінім болсын. Мен Қазанның ала шатырына кірдім. Соны ұмытсам, кірер үйім абақты болсын. Біліп қойыңдар, Қазаннан мен бөлінбеймін», – деді Байрақ. Аруз Байрақтың сақалынан алып жұлқылады. Бектердің оны өлтіргісі жоқ еді. Аруздың ашулы екенін білген соң, Байрақ: «Аруз, сенің азғаныңды білгенде, мен Кавказ атына мінер едім, үстіме сауыт, басыма дулыға киер едім. Қарыма алпыс тұтам найза ілер едім, қолыма қара болат қылыш алар едім, қасыма бек біткенді қосар едім, сөйтіп басыңды кесер едім. Тегі оңбаған неме, бұл ниетіңді білгенде мұнда келер ме едім? Батырды алдау – əйелдік. Мұндай аярлықты сен əйеліңнен үйрендің бе, тексіз?» – деді. Аруз оған: «Тіліңді тарта сөйле, қаның сенің аққан су емес, одан да бізге қосыламын деп антыңды бер», – деді. Байрақ ашуға мінді. «Тəңірі куə болсын, Қазан үшін басым кетсе де, сөзімнен таймаймын, денемді қырық бөлек етсең де, Қазаннан бөлінбеймін!» – деді. Аруз ашуланып, оның жағасынан қайта алды. Жан-жағына қарап еді, ешбір бек жақындап келген жоқ екен. Сонда Аруз қынаптан қылышын алды да, оның оң жамбасын шауып тастады. Байрақтың қара қаны судай төгіліп, өзі жерге құлап түсті. Бектер бұл іске наразы болып, аттарына мініп, тарады. Байрақты серіктері атқа отырғызып, біреуі артынан ұстап алып, ауылына қайтты. Батырды шатырына əкеліп жатқызып, ішікпен жауып тастады. Сонда Байрақ: «Жігіттер, орындарыңнан тұрып, менің шұбар атымның құйрығын кесіңдер, аттарыңа мініп, биік тауға беттеңдер. Ақ киімдеріңді тастап, қара киім жамылыңдар, Байрақ өлді деп хабарлаңдар, өзі сау болсын. Өзі тəрбиелеген Аруздан бір адам келіп ауылына шақырды, соған еріп біз Аруз ауылына бардық. Онда сыртқы оғыздардың барлық бектері жиналып, той жасап жатыр екен. Өздері ас үстінде құран ұстасып, біз Қазаннан бөлінеміз деп анттасыпты. Оны біз білмей қалдық. Олар Байраққа: «Бізге қосыламын», – деп антыңды бер деді. Байрақ ант бермеді. Сенің тəрбиеңде болған азғын Аруз бұл сөзге ашу көрсетіп, Байрақты қылыштап, қанын судай ағызды, сөйтіп Байрақтың басына қара күн туды деңдер. Егер Қазан мен үшін оның да қанын төкпесе, махшарда менің қолым оның жағасыңда болады дерсіңдер», – депті. Тағы бір тапсырғаны: «О, жігіттерім, енді Аруздың баласы Бисат келіп, менің елімді шабады. Келелі түйемді боздатып, үйірлі жылқымды кісінетіп, қоралы қойымды маңыратып айдап кетпек, қыздарымды олжаламақ. Бисат менің сұлу жарымды құшпақ, тайпамды, елімді талқандап, талап алмақ. Қазан маған тез келсін. Арузда кеткен менің кегімді алып берсін, қаным үшін қанын төксін. Сөйтіп, менің сүйген жарымды өзінің баласына қоссын. Менің оған көрге түскенде айтар сөзім – осы. Байрақтың жаны тəңіріге барып қосылды дерсіңдер». Бұл хабар Байрақтың əкесі мен шешесіне жетті. Олардың ақ үйлері жылаған елге толды. Байбөрінің қыздары ақ киімдерін тастап, қара жамылды. Байрақтың шұбар атының құйрығын кесті. Қырық-елу жігіт қара киді, жұрт ақ сəлденің орнына көк сəлде орады. Ел Қазанның алдына келіп, сол сəлделерін жерге алып ұрып: «Байрағым, асыл туған ерім!» – деп жылап еңіреді. Жұрт Қазанның қолын сүйіп: «Өзің аман бол, Қазан! Байрақ өлді. Өз қызметіңде болған Аруз қолынан өлді. Бізді ол ауылына шақырған еді, сөйтсек, сыртқы оғыздар жиналып, құран ұстасып: «Біз Қазаннан бөліндік», – деп анттасқан екен. «Сен де бізге қосыл», – десті. Байрақ сенің наныңды тепкен жоқ. Олардың сөзіне көнбеді. Бұған өзіңе қызмет істеген Аруз ашуланып, төрде отырған Байрақтың бір жамбасын шауып тастады. Өзіңіз аман болыңыз, хан ием. Байрақ тəңірісіне кетті. Бірақ Қазан Аруздың бұл күнəсін кешпесін дегенді айтты», – депті. Қазан мұны есіткен соң қолына орамалын алып, өкіріп жылады. Диуанға жиналған ел, бектер «ой-бауырымдап» көрісті. Қазан өзінің шатырына барды да, жеті күндей төсек тартып, жылаумен болды. Қазанның інісі Қара Көне Құлбасқа: «Орныңнан тұрып, менің ағам

Қазанға бар, орнынан тұрсын. Сен үшін бізден бір батыр өліп отыр де. Айтқан өсиеті: «Менің қаныма – қан, жаныма жан алсын», – депті. «Жауымыздан соның кегін алалық», – депті. Құлбас оған: «Сен оның інісі едің, өзің бар», – дейді. Ақырында екеуі бірлесіп Қазанның шатырына кіріп, сəлем берді. Содан соң Құлбас сөйлей бастады: «Хан ием, өз басыңыз аман болсын. Біздің ортамыздан бір батыр өліп, сенің жолыңда басын беріп отыр. Бас құрап, соның кегін алалық. Босқа жылап, көздің майын тауысқаннан не шығады? Тұр орныңнан, басыңды көтер», – деді. Қазан оларға: «Бұл дұрыс ақыл екен. Менің барлық қару-жарағымды түйелерге артыңдар, барлық бек аттарына мінсін», – деді. Бектер тегіс аттарына мінді. Қазан өзінің қара атын алдырды. Соған мініп алып, даңғыра қаққызып, керней шалғызды. Жорыққа шығып, күн демей, түн демей тартты. Бұл хабар Арузға, барлық сыртқы оғыз бектеріне жетіп еді. «Қазан келе жатыр екен» дейтін сөз елге тарады. Бұлар да əскер жиып, оның алдынан шықты. Екі жақ бетпе-бет келді. Үш оқ пен бұзық оқ жауласты. Аруз тұрып: «Ішкі оғыздар ішінде менің өлтіретін адамым Қазан болсын», – деді. Əмен батыр болса: «Менің жауым Теріс Ұзамыш болсын», – деді. Əмен батыр болса: «Менің жауым Ақсақ оғыздың баласы Оқшы болсын»,– деді. Олардың əрқайсысы өзінің көз тіккен жауларын белгілеп алды. Сап тұрған əскер жазылып, соғысқа əзірленді. Қорғасын оқтар оқшантайға салынды. Аруз атын ортаға айдап, Қазанға айқайлады: «Кел бері, оңбаған Қазан, сазайыңды беремін», – деді. Қазан қалқанын тосып, Арузға найза қолданды. «Тексіз ит, опасыздықпен ерді өлтірдің, өлімнің қандай екенін мен саған көрсетермін», – деді. Аруз атына қамшы басып, Қазанға қылыш ұрды. Бірақ онысы тимей кетті. Кезек Қазанға келгенде, ол алпыс тұтам найзасын салды, найза жарқ етіп оның кеудесіне өтіп кетті. Аруз жерге құлап түсті. Қазан өзінің інісі Қара Көнеге белгі беріп, Аруздың басын шауып таста деді. Қара Көне шауып барып, оның басын шауып тастады. Мұны көрген сыртқы оғыздардың бектері тегіс аттарынан түсіп, Қазанның аяғына жығылды. Өздерінің айыбын мойындап, қолынан сүйді. Қазан Байрақтың қаны үшін Аруздың қанын төккенін жеткілікті деп санап, олардың күнəсын кешірді. Қазан Аруздың мал-мүлкін, елін, тайпасын талан-таражға салды. Жігіттерін қырып, кең шалғынға шатыр тіктірді. Бұл жиынға Қорқыт атам келіп, қуанышты жыр айтыпты. Дін үшін күрескен сол батырлардың ерлігін жырға қосыпты. Жалған-ай, бар дүние біздікі деп айқай-сүрең салған сол ерлер қазір қайда? Оларды ажал ұрлап, жер жұтты. Дүние кімге опа қылған? Адам өмірі өткінші, өмірдің құрдымы – ажал, ажырасу, жердегі өмір баянсыз! Ақ сақалды əкеңнің барған жері жұмақ болсын! Ақ шашты анаңның жүрер жері асқар ала тау болсын! Иманды жүзіңді көрген соң, бес ауыз сөзбен дұға оқыдық. Дұғам қабыл болып, түгел орындалсын, «əумин» дейтіндер болса, ол дүниеде құдайдың дидарын көрсін. Ол дүниеден Мұхамед үшін Алла сенің күнəңді жеңіл етсін!» ¶ÁÓͶѲР¶Ë-ÔÀÐÀÁÈ

ӨЛЕҢ ӨНЕРІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТРАКТАТ Рақматы күшті раббымның атынан бұл зерттеудегі біздің мақсатымыз – тынық ой маржанын сүзіп, онымен танысқандарға философтың поэзия туралы айтқандарын түсінуге қол ұшын беру еді. Алайда біз аталмыш өнерге байланысты белгілі жайларды шиырлап, тəптіштеп жатпаймыз. Өйткені философтың өзі де софистика өнері, əсіресе поэзия өнері хақындағы тұжырымдарын аяқтаған жоқ. Бұның бір ғана себебі бар, оны өзі, софистика өнері туралы толғамдарының соңында айтқандай, өзінен бұрынғылардан негізге алып, қағидаға айналдырып, жүйемен əсіре бағалайтын еш нəрсе таппаған. Сондықтан да сонша таудай талантымен дарқан дарынды бола тұрып, философтың өзі де ширатып, пісірмеген нəрсені тəмамдау талабы ақталар ма, сірə! Біз тек қана осы өнерді зерттегенде септігі тиер-ау деген қағида, сана салихалығын танытатын сөздерді атап өтудің дəл қазір мүмкіндігі туды деп есептейміз. Жалпы айтқанда, сөздің мағыналы, яки мағынасыз болмағы шарт. Алғашқысының ішінде кейбір қарапайым, басқаларға күрделі келмекші. Күрделі сөздің жай айтылуы да, тұспалмен жеткізілуі де мүмкін; əуелгісінің кейбірі көкейден шығады да, кейбірі олай емес. Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады. Жалған айтылғанның ішіндегі қайсыбірі сөз барысында тыңдаушының зердесінде бейнеленіп, сонымен тікелей тұспалданса, басқалары бейнеленетін затқа байланысты ойда еліктеу туғызады. Соңғысы жай поэтикалық қуаттың əсері. Еліктеудің кейбірі жетілген, кейбірі түбегейлі жетілген. Екеуінің жігін ажыратып зерттеу ақындар мен поэзия білімпаздарының міндеті, көптеген тіл мен диалектіден бұл хақында əр түрлі шығармалар жазылған. Бұдан əрі ешкім «софистика» мен «еліктеу» екеуін төркіндес санамауы тиіс. Керісінше, олар кейбір ара қатыста ерекшеленеді. Ең алдымен олардың мүддесі əр түрлі: софист тыңдаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады, сондықтан ол бар нəрсе – жоқ, жоқ нəрсе бар деп ойлайды; ал оған қарама-қарсы еліктеуші тыңдаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді. Мамыржай күйдегі адам кейде қиялға шомып, мəселен серуендеп жүргендей, жағадағы жапырлаған тынығушыларға қарағанда немесе жерде тұрып, көктемгі бұлттардың жөңкіген көшін қарабарқын аспандағы ай мен жұлдыздарды көргендей бір түрлі күй кешеді. Сезімді сиқырлайтын болмыс сондай. Егер адам айнаға яки соған ұқсас жалтыр затқа қараса, онда жағдай оны затқа ұқсас нəрсені көріп тұрғандай топшылауға мəжбүр етеді. Тұжырымды да басқаша, келесідегідей білген ғанибет. Ол да құптарлықтай, яғни оған керісінше болуы мүмкін. Егер пайымдау діттеген жерден шығысып жатса, үйлесімді не оған кері болады. Егер ол үйлесімді болса, онда болмыстағыдай қисынды болмақ. Егер қисынды болса, ол не қорытынды, не еліктеу. Еліктеу, дағдыдағыдай, поэзия өнерінде қолданылады. Сондықтан поэтикалық пайымдау дегеніміз еліктеудің өзі. Үйлестікті де, басқа пайымдау тəрізді өз бетінше бөлуге болады. Пайымдау не толық шынайы, не толық жалған, не шынайылау, бірақ ішінара жалған, не керісінше: шынайы мен жалған барабар келеді. Егер көбісі шынайы болса, пайымдау басым да, шынайылық пен жалғандық тепе-тең болса – даулы болады, көбісі жалған болса – көпірме, толық жалған поэтикалық софистика болып шығады. Бұл талдау поэтикалық пайымдау не басым, не дəлелдемелі, не көпірме желбуаз, не софистикалық болмайтынын көрсетеді. Сөйтсе де ол силлогизмнің немесе постсиллогизмнің түрі деп есептелінеді. («Постсиллогизм» дегенде, мен түйінділік, бейнелілік, түйсік т.б. секілді əсер күші бар нəрсені айтамын. – Əбунəсір əл-Фарабидің өз түсініктемесі). Біздің жазбамыздың осы жеріне жеткенде, ақындық түйіндеудің əр қилы түрін белгілеу лəзім. Ақындық түйіндеуді өлшеміне, яки мазмұнына қарай топтау мүмкін. Өлшеміне қарай топтау əуенділікке, немесе екпінге, тұжырымдау қай тілде екеніне байланысты, сонымен қатар музыканың деңгейіне де қатысты. Мазмұнына қарай ғылыми тұжырымдау, шама-шарқынша тап басып болжау, поэзияны талдаушының, поэтикалық мəнді зерттеушінің, əр түрлі халық поэзиясы мен оның əрбір мектебін білетіндердің харекетіне кіреді. Ондай араб пен парсы поэзиясын бүге-шігесіне дейін білетін білімдарлар біздің кезімізде де өмір сүріп отыр. Кітап та жазып жүр. Олар поэзияны сатира, поэтика, айтыс, комедия, ғазал, жұмбақ жəне басқаларға бөледі. Сөйтіп өз кітаптарында əр түрлі топты келтіреді; оған көз жеткізу онша қиын емес. Демек, біз мүлдем кең көсіліп, негізгі нысанадан ауа жайылмаймыз. Мысал келтіреміз. Басқа білетін қазіргі жəне ежелгі халықтардың көптеген ақыны фабула мен өлшем арасын шектемейді, сонымен қатар ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қоймайды. Бұдан тек көне гректер ғана тыс тұр. Олар əрбір ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қолданған. Оларда пэонның өлшемі – сатира өлшемінен, ал комедия өлшемінен тіптен өзгеше. Соған қарамастан, басқа халықтар мен тайпалар пэон үшін де сатираға т.б. қолданатын өлшем түрін қолданады; сөйтіп өлшемнің көпшілігі жалпы болып есептеледі жəне олар əрбір топты ежелгі гректер сияқты мұқият топқа бөлмейді. Енді біз грек поэзиясының түрлеріне тоқталамыз. Философтың поэзия өнеріне байланысты тұжырымдарында келтірген топтауына сəйкес өз ретімен келтіре кеткен жөн. Грек поэзиясы, мен сипаттағандай, төмендегі топқа бөлінеді: 1. Трагедия 2. Дифирамбы 3. Комедия 4. Ямб

5. Драма 6. Эпос 7. Диаграмма 8. Сатира 9. Поэма 10. Эпика 11. Риторика 12. Амфигеноссос (космогония) 13. Акустика Трагедия дегеніміз – арнайы өлшемі бар, бəріне – тыңдаушыға һəм айтушыға да лəззат беретін поэзия түрі. Онда еліктеуге тұрарлық, үлгі алар орайлы оқиға бар; онда билеушілер мен шаһар манаптары марапатталады. Орындаушылар əдетте оны патшазадалар алдында келістіріп айтып береді. Егер патша өлсе, олар трагедияның орнына кейбір əуен қосып, марқұмды жоқтайды. Дифирамбы – трагедияның екі есе артық өлшемі бар поэзия түрі. Онда да жалпы бекзаттар жайлы, марапаттарлық мінез, адамзатқа тəн ізгі жайлар айтылады. Дифирамбыда да көбінесе қайсыбір патшаларды мақтауға талпынады, бірақ негізінен жалпы ізгі істер тілге тиек етіледі. Комедия болса, ерекше өзіндік өлшемі бар поэзия түрі. Оған кейіпсіз, келеңсіз жəйлар арқау болып, жеке адам мінез-құлқының көлеңкелі көріністері шенеледі. Кейде адам мен хайуанға тəн құлықтың, сонымен қатар сыртқы ұсқынсыз тұрпаттың нышандары келемежделеді. Ямб – ерекше өлшемі бар жыр түрі. Онда жалпыға мəлім жағымды, жағымсыз жайлар айтылады, ең бастысы, ол көпшілікке кеңінен аян болуы тиіс: мəселен, мақалдар. Жырдың бұл түрі тайталас бəс кəмəн соғыста, ашу мен беймазалық үстінде қолданылады. Драма да – алдыңғы түр сияқты, тек оған жеке есімдерге қатысты мақалдар мен қанатты сөздер кіреді. Эпос – мейлінше көркем немесе əдеттен тыс эмоциялық күшімен лəззат беретін поэзия түрі. Диаграмма – заң шығарушылар қолданатын поэзия түрі. Онда адамдар жанын күтіп тұрған бақи бақытсыздық бейнеленеді; егер олар бей-əдеп һəм шектен шыққан болса. Эпика мен риторика – ежелгі басқару мен заң формаларын жырлайтын поэзия түрі. Бұнда патшалардың парасаты мен ерлігі, жорықтар мен бастан кешкен қызықты жəйттері жырланып отырады. Сатира дегеніміз музыканттар ойлап тапқан поэзия түрі, осы өлшемді олар əндеріне пайдаланып, сол арқылы жабайы хайуандарға əдеттегісіне ұқсамайтын сан алуан қимыл жасатады. Поэма да – сұлулық пен тұрпайылықты, жүйелілік пен бейберекеттікті жырлайтын поэзия түрі. Осы орайда əр поэзияның түрі өзі жырлайтын затқа – сұлулық пен əдемілікке, келістілік пен ұсқынсыздыққа сəйкес келеді. Амфигеноссос – жаратылыс ғылымдарын баяндайтын оқымыс тылар ойлап тапқан поэзия түрі. Поэзияның барлық түрінен өлең өнеріне дəл келетін ең сəттісі осы. Акустика – шəкіртті музыка өнеріне үйрететін поэзия түрі: оның пайдалылығы осымен шектеліп, өзгеге онша қажеті жоқ. Поэзия білгірлерінен алып, Фемистияға бағышталған философ Аристотельдің тұжырымдарынан оқығанымызды, сонымен қатар бұрынғы жазушылар мен олардың еңбегін түсіндіретіндерден түйгенімізді топшылағанымызда грек поэзиясының кейбір түрлері мен маңызы осындай. Жəне бұл түрлердің тізіміне қатысты тұжырымдарымызға қосымша пайымдауларымыз айтылды. Енді біз оны жөн санағандықтан да, сол күйінде мазмұндап береміз. Ақындарды үш топқа бөлген абзал. Біріншісінің табиғи дарыны, өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті бар: олар поэзияның көптеген түрінде, не қайсыбір жеке түрінде бейнелілікке, тамаша теңеулер құруға керемет бейім тұрады. Бұл ақындар қандай болғанда да өлең өнерінің сын-сипатымен онша таныс емес, тек аса алғырлығы мен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, жүрекке жылы тиіп жатады. Бұл ақындардың туындылары мүлде кемеліне келмегендіктен һəм өнерден қоныс теппегендіктен, шын мəніндегі екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындар қатарына жатпайды; тек олардың жалпы поэзиясымен айналысатынына қарап, екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындарға қосқанның жөн-жосығы келеді. Екінші топтағы ақындар – өлең өнерімен толық таныс: қай тəсілді таңдамасын, олар қағиданың да, бейнелеу құралының да қайсысына болсын жетік келеді. Бұндайларды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтын ақындар сапына толық жатқызуға болады. Үшіншілердің қатарына ақындар мен алғашқы екі топтағының шығармаларына еліктейтіндер жатады. Олар əлгілердің бейнелеу мен теңеуде ізденістерін дамытып отырса да, поэзия оның қағидаларына онша қанық емес. Осындай ақындар ішінде қателіктер мен мүлт кетулер жиі болып тұрады. Үш топқа жататын ақындар шығармалары табиғи дарынмен немесе арнайы жаттығу жағдайында туындауы лəзім. Мен айтар едім, жоқтау жазуға икемделіп, төселген адамды кейде жағдай сатира немесе басқа поэзия түрлерін де жазуға мəжбүр етеді. Сондай-ақ өнерді зерттеп; белгілі поэзия түрін меңгеріп, басқаларға немқұрайды қарамайтын жанды ерекше себептерге байланысты – өзі білмейтін түрде жазуға сыртқы не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен ғажап поэзия еркіндікте тумақ. Одан əрі ақындар өлең жазуда кемелденгендігімен не балаңдығымен айрықшаланады; бұл құбылыс шайыр ойының əсерімен не оқиға өрбітумен, не өлең тақырыбына байланысты пайда болады. Ал алғашқылармен салыстырғанда ақын идеясы өте-мөте пайдалы, кейде залалды болуы мүмкін, өйткені қажетті психологиялық шарт кейде басым, кейде тіпті жоқ болмақ; дегенмен аталмыш тұжырымда

бұған қатысты уақ-түйекке іркілмегеніміз дұрыс; қалай болғанда да, бұл этика мен физиологиялық жай-күй, оның жеке салдары туралы кітаптарда айқын келтірілген. Зады, өлең тақырыбына сəл аялдағанда, кейде ұқсас заттарды өзара теңегенде ұзақ сонарға түсіп кетеміз, ал басқа жайда өзінен-өзі көрініп тұр ғой. Бұндай сəтте ақын кемелділігі мен балаңдығының темірқазығы – заттардың ұқсастығының түр-түсіне қатысы бар. Кейде қайдағы бір əре-тəрелер нағыз шебердің туындысына бергісіз керемет өлең шығаруы таңғаларлық емес. Бірақ оның себебі тек сəйкестік пен кездейсоқтық, ондайды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтындардың сапына жатқызуға əсте болмайды. Теңеу де өз көркемдік дəрежесімен ерекшеленеді. Бұл заттың – тақырыптың өзінен туындайды, теңеу дəл келе ме, жоқ жуықтай ма, немесе бір-бірімен тым алшақ екі затты қосымша кейіптеу арқылы суреткерге тəн тəсілмен ұқсастыру – əрбір ақынның шеберлігіне байланысты. Мəселен, ақын А мен В, В мен С-ны айқын көрініп тұрғандай салыстырады, өйткені А мен В арасындағы ұқсастық белгілері мен сəйкестігі В мен С-ға барабар. Сонымен, ол А мен С бір-бірінен соншама алыс бола тұрса да, тыңдаушы мен айтушыға оның ұқсастық идеясын жеткізіп беретіндей етіп баяндайды. Дəл мұндай əсерді тек өнер кемелділігі шақыра алатыны кəміл. Бұған ұқсас мысалды қазіргі ақындар тəжірибесінен мол ұшырастырамыз; олар жыр жолының соңына ұйқас үшін сөз қоярда тіркес алдына соның мəнін ашатын сөз таңдайды. Онысы шынында да шұғылалы сезімге бөлейді. Енді осы өнер біліктілері мен суретші арасында кейбір сəйкестік бар екенін еске сала кетеміз. Олардың өнердегі құралы болғанымен, түр жағынан, қызметі жағынан да ұқсамайды деу қиын. Өлең өнері – сөзбен, ал живопись (жанды жазу) өнері бояумен құлпырады, олар осымен ғана бөлек: ал іс жүзінде екеуі де ұқсас, екеуі де адам сезімі мен ойына еліктеудің көмегімен əсер етеді. Сонымен, өлең өнері ілімінің жетістігін зерттеу үшін осындай жалпы қағидалардың пайдасы бар. Осылардың көбісін жеріне жеткізе талдауға да болар еді: тек ондай қарекет аталмыш өнерде басқа өнердің есесінен бір жақты мамандануға ұрындырады; сол себепті ол бұл тұжырымның үлесіне жатпайды. Осымен, Əбунəсір Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тарханның өлең өнерінің қағидалар туралы жазған трактаты тəмəм. ӨЛЕҢДЕРІ

Қашықтасың туған жер – қалың елім,

Не бір жүйрік болдырып жарау деген,

Шаршадым мен, қанатым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,

Қасіреттің жасына көз жуынар.

О, жаратқан, көп неткен ақымағың,

Құм секілді тез ысып, тез суынар.

Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,

Əкімдікке күллісі жүгіреді.

Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,

Жаным менің түршігіп, түңіледі.

Қайтейін мен көкжиек көңілімді,

Келер күнге үмітпен жол ашамын.

Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,

Соны медет етеді болашағым.

Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,

Екіншіде – шарап бар жайы мəлім,

Даналықты сиямен молықтырсам,

Шарабымен шерімнен айығамын.

Бауырым, қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ.

Жататын дəйім жаңғырып,

Бұл ғұмыр емес мəңгілік.

Бейопа мына заманда,

Бақұл боп кетер адам да,

Жұрт кілең күнін көп қызық,

Жіберер зая өткізіп.

Қағаздың түсіп бетіне,

Сызықтай бейне тартылған.

Тап болып, жігер сарқылған,

Кездейсоқ өмір өтіне,

Қайыспай тұрса нар тұлғаң.

Сонда да беріп кетеміз,

Жүректің отын молында.

Арманды аңсап өтеміз,

Біз ұлы мұрат жолында.

Тамылжып бал тыныштық айналамнан,

Тылсым түнге құшағын жайған далам.

Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз,

Жанымды ой жарығы аймалаған.

Аққан жұлдыз құласа кейде егер,

Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.

Əлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,

Өміріме бір ғажап сəуле берер.

Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең,

Сезініп мен деміңді гүл атқанмен,

Оның өзі бір-ақ сəт... содан кейін,

Мұңды əуенді жалғаймын бірақ та мен...

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мəртебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса əзəзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.

FÛËÛÌÈ

¡ÎÑÛÌØÀËÀÐ

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР КҮНГЕ МАДАҚ Күнге мадақ – ежелгі түркілердің арғы тегі саналатын сақтардың Күнге сыйынып құлшылық еткенін мадақтауға арналған өлең. Адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбарлардың бірі, алғашқы діни жəне философиялық танымның негізін қалаған Заратуштра (шамамен б.з.б. 630/18 ж. туып, 541/33 ж. қайтыс болған) соңғы ғылыми пікірлер бойынша Еділ өзенінің шығыс жағалауындағы Ұлы Тұран жазығында (қазіргі Батыс Қазақстан өңірі) киіз туырлықты малшы отбасында дүниеге келген деседі. Сақтар елінен шыққан Заратуштра діни уағыздар айтумен айналысқан. Көшпелі жұрт оның бұл ісін қабылдамаған. Ел-жұртынан қуғындалған ол Еділ бойынан қашып, Бактрия елін (қазіргі Түркіменстан, Ауғанстан аумағы) паналаған. Заратуштраның діни уағыздары, өлеңмен айтылған дұғалары өзінен кейін бірнеше ғасырдан кейін ескі парсы тілінде Иранда қағазға түсіп, «Авеста» атты кітап болып құрастырылады. Заратуштраның авторлығына телінген «Күнге мадақ» жырын біз сақтар заманында шығарылған туынды ретінде қарастырып, б.з.б. көне түркі поэзиясының бір үлгісі ретінде «Əдеби жəдігерлер» сериясының 1-томына енгізіп отырмыз. Бұл өлең алғаш рет «Екі мың жылдық дала жыры» жинағында жарияланды. «Авеста. Избранные гимны» кітабынан (М., 1992) алынған еркін аудармасын белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Əділғазы Қайырбеков жасаған. С. Қорабай АНАХАРСИС Шамамен б.з.б. 620–555 жылдары өмір сүрген атақты сақ ғұламасы. Геродот пен Страбон оны жеті ғұламаның бірі деп санаған. Аристотель өзінің «Никала халық этика» атты еңбегінде Анахарсистің ойын-сауық өмірдегі басты мақсат еместігін айтқан пікіріне жоғары баға береді. Анахарсис əр түрлі халықтардың ауыз əдебиеті мен əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін білу үшін көптеген елдерді аралайды, шешендік өнерді үйренеді. Ұстазы Солонның жетекшілігімен философия ілімімен шұғылданады. Ғұламаның артында өмір, қоғам жайлы, адамгершілік, имандылық туралы көптеген ой-пікірлері мен өлеңдері қалған. «Əдеби жəдігерлер» сериясының 1-томында «Менің бар жамылғым» жəне «Сенің сенгенің» деп басталатын өлең жолдары белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Мырзахметұлының басшылығымен шыққан «Түркі халықтары əдебиеті» хрестоматиясы бойынша беріліп отыр (Түркі халықтарының əдебиеті. Хрестоматия. – Түркістан, 2005. 4-б.). Анахарсистің тəмсілдері «Қазақтар» атты кітап (Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. 2-т. – А., Қазақ даму институты, 1998, 7–8-бб.) бойынша берілді. Анахарсис пен грек ойшылы Солонның сөз қағыстыруы Плутархтың еңбегінен алынды (Плутарх. Избранные жизнеописания. М.: Правда, 1987. 161-б.). С. Қорабай ТОМИРИС Шамамен б.з.б. 570–520 жылдары өмір сүрген сақтар көсемі. Ишпақайдың ұрпағы. Қазақ фольклоры мен əдебиетінің түп-төркіні мен қайнар көзі сақ дəуіріне барып тіреледі. Б.з.б. бірінші мыңжылдықта өмір сүрген сақтар мен ғұндардың мəдениеті жоғары деңгейге жетіп, металл қорытып, қару-жарақ, сауыт-сайман жасау ісінде таңғаларлық жетістіктерге жетті. Олардың төл жазуы, əдеби тілі болды. Десек те, сақ, ғұн тайпаларының ең асыл қазыналары болып саналатын рухани байлығы – ауыз əдебиеті толық күйінде емес, қысқа-қысқа үзінділер түрінде немесе тарихшылар қалдырып кеткен деректер бойынша ғана сақталған. Олардың өзі аңызға айналған тарихи тұлғалар шеңберінде өрбиді. Осындай аңыз-əпсаналардағы басты қаһармандарының бірі – сақ тайпасының патшасы Томирис жайында. Бұл кезде Парсы еліне Кир (парсы деректерінде «Куруш» деп аталады) өз билігін жүргізіп тұрған еді. 558 жылы кішірек қана Парсы елінің билігі қолына тиген Кир аз ғана мезгілдің ішінде көрші жатқан төрт ірі мемлекет – Мидия, Лидия, Вавилония жəне Египетті басып алады. Енді сақтар жерін өзіне қаратқысы келген Кир айламен Томириске құда түседі. Бұл жөнінде грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» атты көлемді еңбегінде бүгешігесіне дейін баяндайды1. Сан ғасырлардан жеткен Томирис жөніндегі аңыздың шындығына көз жеткізгісі келген археологтар Пасаргадтағы Кир патшаның қабірін ашып қарағанда, расында да парсы билеушісінің басы жоқ болып шығады. Ежелгі дəуірді зерттеуші ғалымдар аңыздың ақиқаттан алшақ еместігіне осылайша куə болады2. А.Əлібекұлы ҒҰН ТƏҢІРҚҰТТАРЫ Түркі халықтарының арғы тегі болып саналатын ғұндар б.з. 581 ж. аралығындағы Ғұн империясын құрып, əлемдік адамзат тарихында үлкен із қалдырды, рухани мəдениеті ерте қалыптасқан өркениетті халық екенін де дəлелдеп берді. Қытай тарихы мен жылнамаларында ғұндардың тарих сахнасына шығып дəуірлеу, əлсіреп ыдырау, мемлекеттілігінен айырылып, жойылу барысы туралы көптеген құнды деректер берілген. Қытайдың көрнекті түркітанушы-тарихшысы Линган осы бай материалдар негізінде 1984 жылы Пекинде «Ғұн тарихының жылнамасы» атты кітап шығарды. Ғұндардың көне замандағы тарихын жылнамалық тұрғыда баяндаған бұл құнды басылым 2004 жылы Түркістан қаласында алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді. «Ғұн тарихының жылнамасын» көне қытай тілінен аударған А.Мүтəліп пен Т.Жиылұлы осы қазақша басылымда осыған дейін Қытайдың «Ресми тарихтарында», əдеби топтамалары мен жылнамаларында ғұндарға қатысты тарихи материалдарды жинап, жүйелі түрде бір ізге келтірді. «Əдеби жəдігерлердің» 1-томына осы «Ғұн тарихының жылнамасы» кітабының ерте замандағы ғұндардың атақты басшысы Мете тəңірқұты (қазақ тарихында Мөде деп аталады) мен оның мирасқоры Леузаң тəңірқұттың дəуірлеп тұрған кезеңін баяндайтын жылнама баяндарын беріп отырмыз. Б.з.д. 209 жылы – бұл баян «Ғұн тарихының жылнамасынан» (Түркістан, 2004. 18–19-бб.) алынып, сол күйінде берілді. Тəңірқұт – ғұндардың ең жоғары билеушісі. Аспандай тəңір, құт деген мағынада қолданылған. Нəтшені синологтар ножы деп те, ружы деп те, яушы немесе ұлы иузі деп те 1 Геродот. История: Скифия и поход Дария на скифов. Кн. 4. гл. 1–44. С введением, примеч. 24 рис. и географическими картами. СПб. 1888. 2 Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. І том. Алматы, 1996. 15-б.

жазып жүр. А.Мүтəліп пен Т.Жиылұлы 1998 жылы Пекинде жарық көрген «Жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» (1-кітап) жинағы бойынша нəтше деп берді. Б.з.д. 206 жылы – Мете (Мөде) тəңірқұттың жер мəселесіне байланысты сыртқы жауларға қарсы батыл тойтарыс туралы қазақтар арасында кеңінен тараған аңыз Қытай жылнамасында егжей-тегжейлі баяндалған. Бұл жылнама баянында айтылатын луфандар Шүнию дəуірінің соңғы кезінде Қытайдың қазіргі Шани өлкесін мекендеген тайпа, кейін қазіргі Ішкі Моңғолия жерінде қоныстанған. Хенəнуаң – сол замандағы Хенəн жерінде билік жүргізген адам. Деңлең Телелер – қазіргі Байкал көлінің оңтүстігін мекен еткен тайпалар. «Ғұн тарихының жылнамасы» кітабы бойынша берілді (19–20-бб.). Б.з.д. 202 жылы – ғұндардың əкімшілік, əскери, шаруашылық жүйесін, лауазыммансаптары мен салт-дəстүрін сипаттаған жылнамалық баян. «Ғұн тарихының жылнамасы» кітабы негізінде берілді (21–22-бб.). Б.з.д. 182 жылы – бұл жылнамалық баян да «Ғұн тарихының жылнамасы» кітабы бойынша беріліп отыр (28-б.). Б.з.д. 181 жылы – бұл баян да «Ғұн тарихының жылнамасы» кітабы негізінде берілді (28-б.). Б.з.д. 179 жылы – бұл жылнамалық дерек те «Ғұн тарихының жылнамасы» бойынша томға енгізілді (29-б.). Б.з.д. 177 жылы – бұл баян да аталған кітап бойынша берілді (29-б.) Б.з.д. 174 жылы – Мете тəңірқұттың билік басындағы соңғы 36-жылы мен оның ұлы Лаушаңның (Леузаң) тəңірқұт тағындағы бірінші басқару жылын сипаттайтын жылнамалық баян. Ружы – Қытайдың батыс өңіріндегі ежелгі тайпалардың бірі, осы аймақта мемлекет құрған. Ғұндардан жеңілгеннен кейін екіге бөлінген: ғұндарға бағынған бөлігі – ружы, ал батыс жақтағы Іле өзені бойына ауып келгендерін ұлы ружы деп атаған. Бичурин ружыларды «изулар», Н.Мыңжан «иүзілер – ұлы иүзілер» деп, ал Қытайдағы қазақ аудармашылары «нүкше», «нəтше» деп алған. А.Мүтəліп пен Т.Жиылұлы дыбыстық оқылуына қарай «ружы» деп аударған. Лаузаң – Мете тəңірқұттың үлкен ұлы. Өз аты Күйік. Таққа отырған кезде «Лаушаң» деген тəңірқұт атағы берілген. Көне қытай оқылымы бойынша Леузаң тəңірқұт деп аталғандықтан, А.Мүтəліп пен Т.Жиылұлы да осылай қолданған. Бұл баян да «Ғұн тарихының жылнамасы» кітабы бойынша берілді (31-б.). Б.з.д. 166 жылы – ғұндардың Метеден кейінгі көрнекті басшысы Леузаң тəңірқұт билеген кезеңнің ерекше оқиғасын əңгімелеген баян. Бұл жылнамалық баян да А.Мүтəліп пен Т.Жиылұлы аударып дайындаған «Ғұн тарихының жылнамасы» кітабынан алынып (33-б.), осы томға берілді. С. Қорабай АЛЫП ЕР ТОҢҒАНЫ ЖОҚТАУ «Алып Ер Тоңғаны жоқтау» – аты аңызға айналған тарихи тұлға, Тұран елінің билеушісі, сақтар əскерінің қолбасшысы, ержүрек батыр Алып Ер Тоңға өліміне байланысты шығарылған жоқтау жыр. Орта ғасырдағы аса көрнекті түркі ғалымы Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» атты атақты сөздігі арқылы жеткен. Түркі тіліндегі мəтіні М.Қашқари еңбегінде жарияланған. Бұл жоқтау «Алып Ер Тоңға» дастанының соңғы тарауы болуы мүмкін деген ғылыми жорамал бар. «Алып Ер Тоңғаны жоқтау» атты ұзақ жырдың түпнұсқаға жақын, ғылыми жағынан да, көркемдік жағынан да ежелгі түркі поэзиясының табиғатына сəйкес келетін аудармасын белгілі қазақ ақыны Фариза Оңғарсынова жасады. Томда ақынның осы аудармасы оның өзі тəржімалаған М.Қашқаридің «Жаз бен қыстың айтысы» жинағында жарияланған мəтін бойынша беріліп отыр. Бұл аудармадан үзінді кейін «Түркі халықтары əдебиеті» хрестоматиясында (Түркістан, 2005) жарияланды (4–5-бб.). «Алып Ер Тоңғаны жоқтау» мəтініне белгілі түркітанушы-ғалым И.В.Стеблева ның «Развитие тюркских поэтических форм в ХІ веке» монографиясында (М., 1971) жарияланған осы жырдың көне түркі тілінде жазылған түпнұсқа мəтінімен салыстырулар жүргізілді. Түпнұсқа Ф.Оңғарсынова аударған өлең мəтініне сəйкес келеді. С. Қорабай ТАҢҒҰТТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖЫРЛАРЫ «Таңғұттарға қарсы күрес жырлары» – түркі тайпаларының таңғұттарға қарсы күресін баяндауға арналған жыр. Тұтқиылдан тиген жауға тойтарыс бере білген түркілердің қарсы келген дұшпанға қарсы ұрыс салған ерлік істерін ежелгі заман жырауы ерекше шабытпен жырға қосып, мақтаныш сезіміне бөленеді, болашақта осындай қиын сəттер болған кезде туған жерін жан аямай қорғауға дайын екендігін білдіріп, елдікті, ерлікті ту етіп көтерді, күнəсін мойындаған дұшпанға аяушылық көрсетіп, имандылық танытады. Бұл ұзақ жыр Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегінде жарияланған. Белгілі түркітанушы-ғалым И. В. Стеблева өзінің «Развитие тюркских поэтических форм в ХІ веке» атты монографиясында (1971) түпнұсқа мəтінін жариялап, орысша аудармасын берді. 1985 жылы көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова жырды түпнұсқадан қазақ тіліне аударып, М. Қашқаридің «Жаз бен қыстың айтысы» атты жинағында жариялады. Аударма барысында ежелгі жыр үлгілерінің ерекшеліктері сақталып, белгілі түркітанушы-ғалым Құлмат Өмірəлиевтің ақыл-кеңестері ескерілгенін айтады. Томда жыр мəтіні М.Қашқаридің осы басылымдағы жарияланымы бойынша беріліп отыр. С. Қорабай ИАБАҚЫЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖЫРЛАРЫ «Иабақыларға қарсы күрес жырлары» – ертедегі түркі тайпаларының сыртқы жауға күресін баяндайтын жыр. Будыраш тайпасының жорығына қарсы бас көтерген батырлардың имек, басмыл тайпаларымен бірлесіп, жау шабуылына дайындалған қарекеті екпінді жыр үлгісімен көркем сипатталады, жан-жақтан анталаған будыраштардан төнген қауіпті ойлап алаңдаған халықтың қайғы-қасіреті жырау назарынан тыс қалмай, елдік мəселесі көтеріледі. Бұл өлең мəтінін де көрнектіі ақын Фариза Оңғарсынова ертедегі жыр ерекшеліктерін сақтай отырып, түпнұсқадан қазақ тіліне аударды. Жыр мəтіні ақын аударған М. Қашқаридің «Жаз бен қыстың айтысы» жинағында (1985) жарияланды. Томда осы басылымдағы мəтін негізге алынды. С. Қорабай

ЕРЛІКТІ АҢСАУ «Ерлікті аңсау» – бұл жыр да ертедегі түркілердің сыртқы жауларға қарсы ерлік істерін баяндайды. Жыр үлгісі ХV–ХVІІІ ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясының тамыры терең ғасырлар қойнауында жатқанын нақты дəлелдейтін бұл жыр мəтіні М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегінде жарияланған. 1985 жылы көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова осы атақты туындыдағы ежелгі жыр үлгілерін қазақ тіліне аударып, «Жаз бен қыстың айтысы» деген атпен кітап етіп шығарды. «Ерлікті аңсау» жырының мəтіні де осы кітап басылымы бойынша беріліп отыр. С. Қорабай БЕЛГІСІЗ БАТЫРДЫ ЖОҚТАУ «Белгісіз батырды жоқтау» – ертедегі белгісіз түркі батырының қазасына арналған жоқтау. Ерлік істерімен ғана емес, адамгершілік, имандылық қылықтарымен де елге танылған хас батырдың ажал құшқан сəті көркем кестеленген. Бұл жоқтау да М. Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегінде жарық көріп, кейін ақын Фариза Оңғарсынова түпнұсқадан қазақ тіліне аударды. Ақынның бұл аудармасы өзі тəржімалаған М.Қашқаридің «Жаз бен қыстың айтысы» жинағында (1985) жарияланды. Томда жырдың осы басылымдағы мəтіні беріліп отыр. С. Қорабай АРМАНШЫЛ ТАЛАПКЕР СӨЗІ «Арманшыл талапкер сөзі» – көне түркілердің алдағы күнге үміт артқан нұрлы тілегін жыр еткен туынды. Тəңірге сыйынып, рахымына құлдық еткен, білім іздеп шарлап, білімдіні таңдаған, қонағына барын салып қамданған дала тұрғынының ер тұлғасы елес береді. Жыр М. Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегінде жарық көрген. Кейін көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова түпнұсқадан аударған ғұлама ғалымның «Жаз бен қыстың айтысы» жинағында (1985) жарияланған. Жыр мəтіні осы соңғы басылым бойынша беріліп отыр. С. Қорабай КӨҢІЛ КҮЙ ЖЫРЛАРЫ «Көңіл күй жырлары» – тыныш заманды аңсап, той қызығын қуған, серілік құрған бейбіт кезді қиялдаған жыр жолдары. Тыныштық орнаған мəз-мəйрам өмірді нағыз ерлікке балаған көңіл-күй жырлары М. Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегінде жарық көрген. 1985 жылы аса көрнекті түркі ғалымның осы сөздігінен алынып, қазақ тіліне аударылған «Жаз бен қыстың айтысы» жинағында (1985) алғаш рет жарияланды. Түпнұсқадан тəржімалаған – белгілі ақын Фариза Оңғарсынова. Жыр жолдары осы басылым бойынша жарияланып отыр. С. Қорабай НАҚЫЛДАР МЕН ҒАҚЫЛДАР «Нақылдар мен ғақылдар» – көне түркілердің дидактикалық-этикалық мазмұндағы бұл жырлары мен тəмсілдері М. Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегінде жарық көрді. Кейін осы еңбектен алынған нақылдар мен ғақылдар ғұлама ғалымның алғаш рет қазақ тілінде шыққан «Жаз бен қыстың айтысы» жинағында (1985) жарияланды. Түпнұсқадан ежелгі жыр үлгілерінің ерекшеліктерін сақтап аударған белгілі ақын Фариза Оңғарсынова. С. Қорабай ХУАСТУАНИФТ Адам баласы жаратылғаннан бастап құдайға жалбарынып, құлшылық етіп келеді. Жер жүзіндегі адамзат атаулының құдайға жасаған ғибадаттары əр түрлі болғанымен де, негізгі мақсаттары жаратушыға жалбарынып дұға оқу арқылы жақсылықты тілеу, жамандықтан құтылу. Құдайдың рақымшылығымен күнəсінен арылу. Бұл бүкіл дінге ортақ ұғым. Осындай діни дұғалардың бірі манихейлік қоғамнан жеткен «Хуастуанифт» еді. Бұл дұға ең алғаш көне иран тілінде жазылған. Кейіннен ежелгі түркі халықтарының арасына манихей дінін тарату қажеттілігінен манихей жəне көне ұйғыр жазуын қолдана отырып, түркі тіліне аударылады. «Хуастуанифт» дұғасының түпнұсқасы табылған жоқ. Тек Лондон жəне Берлин мұражайларындағы манихей əрпімен жазылған екі нұсқа мен Петербург қаласында сақтаулы ұйғыр əрпімен хатқа түсірілген бір нұсқа ғана біздің заманымызға дейін жетті. Аталған үш нұсқа да толық емес. Əрқайсысында «Хуастуанифт» дұғасының кейбір бөлімдері ғана келтірілген. Мəселен, Берлинде сақтаулы тұрған нұсқада мəтіннің бастапқы бөлігі берілсе, Петербургтегі нұсқада дұғаның жалғасы жазылған. Ал Лондондағы жазбадан «Хуастуанифт» мəтінінің жоғарыдағы екі нұсқада жоқ тарауларын табуға болады. «Хуастуанифт» дұғасының мəтінін ең алғаш неміс ғалымы А.Грюнведел 1907 жылы Турфанға жасаған экспедициясы кезінде табады. Бұл нұсқа «Берлин нұсқасы» деп аталады. Түрколог ғалым А. Лекок 1911 жылы оның мəтінін, транскрипциясын, немісше жолма-жол аудармасын жəне түсіндірмесін жазып жариялайды3. Ал Лондондағы қолжазба А.Стейннің қолына 1907 жылы Духуан қаласында түседі. Бұл қолжазбаны да Альберт Лекок ағылшын тіліне аударып, түсіндірмесін жазып, транскрипциясымен қоса жарыққа шығарады4. Грюнведел тапқан мұрадан гөрі Стейннің қолжазбасы анағұрлым толығырақ. Петербургтегі үшінші нұсқа А.А.Дьяков тарапынан 1908 жылдың он бесінші тамызында Турфан маңындағы Астана елді мекенінен табылады. Осы нұсқаның факсимилиясын, немісше аудармасын, түсіндірмесін жазған В.В.Радлов 1909 жылы зерттеуін көпшілік қауымға ұсынады5. Осы еңбектен кейін неміс ғалымы Мюлер, Лекок жəне Радлов арасында көне ұйғыр жазба ескерткіштері мен «Хуастуанифт» дұғасы жөнінде үлкен ғылыми тартыс басталады. Бірін-бірі сынап, қателіктерін көрсетіп мақалалар жазады. Сынның арқасында олардың əрқайсысы өз міндерін жөндеп, зерттеу еңбектерін қайта қарайды. Мəселен, Радлов Лекоктың 3 Chustuanіft, eіn Sündenbekenntnіs der Manіchäіschen Audіtores. Gefuden іn Turfan /Chіnesіsch Turkіstan/. Von Dr. Le Coq. Berlіn, 1911. 4 Dr. Steіn’s Turkіsh Khuastuanіft from Tun-Huang beіng a confessіon-prayer of the Manіchæan Audіtores. Edіted and translated by A.V. Le Coq. JRAS, Aprіl, 1911. VІІІ. Р. 277–314. 5 Chuastuanіt, das Bussgebet der Manіchäer. Herausgegeben und übersetzt von W.Radloff. St.-Pétersbourg.1909.

еңбегін пайдалана отырып, өзінің «Хуастуанифтке» арнаған еңбегін толықтырады6. Ежелгі түркі тілінде жазылған көненің көзі «Хуастуанифт» жайында түрколог ғалым С.Е.Маловтың да зерттеуі жарияланады7. Ал 1963 жылы Л.В.Дмитриева жоғарыда айтылған нұсқаларды салыстыра отырып, өзінің ғылыми зерттеуін ұсынады8. Манихейлік құлшылыққа арналып жазылған «Хуастуанифт» дұғасы қай уақытта жазылғаны нақты белгісіз. Дұғаның тіліне, стиліне қарап В.В.Радлов мұраны біздің дəуіріміздегі V ғасырда аралас түркі тілінде жазылған деп топшылайды. Дұғаның діни болғанымен де, əдеби құндылығы жөнінде С.Е.Малов: «Ол – Орта немесе Орталық Азияда пайда болған ежелгі түркі əдебиетінің ең көне ескерткіштерінің бірі. Ескерткіш Орта Азияға (Өзбекстан мен Қазақстанға) Ислам дінін таратушылардың қолынан аман қалды», – деп жазады9. «Əдеби жəдігерлер» сериясы бойынша қазақ тілінде алғаш жарияланып отырған «Хуастуанифт» мəтінін біз Л.В.Дмитриеваның еңбегі бойынша беріп отырмыз. Л.В.Дмитриева өз еңбегінде А.Лекок, В.В.Радлов, С.Е.Малов зерттеулеріне талдау жасап, мəтін жолдарын өз орындарына өте мұқияттылықпен қоя білген. Бұл жөнінде ол: «Алғашқы 39 жол берлиндік нұсқадан алынды. Одан кейінгі 40–48-жолдарды берлиндік жəне лондондық нұсқаларды салыстыра отырып қойғанымызбен де, көбіне берлиндік мəтін пайдаланылды. 49–73-жолдар тұтастай лондондық жазбадан алынып, тек бірнеше фрагменттері ғана ленинградтық мұрамен салыстырылып берілді. Ал қалған 74–221-жолдарда тұтастай ленинградтық нұсқа қолданылды», – деп көрсетеді10. Дұғаның алдыңғы 73 жолы манихей əрпімен хатқа түссе, 74–221-жолдар көне ұйғыр жазуымен жазылған. Жоғарыдағы зерттеу еңбектерінде «Хуастуанифттің» авторы жайлы дерек келтірілмеген. Бірақ манихейлік дұғада екі адамның есімі аталады. Онда: «Таңрим емті ман Раимаст фарзанд өкүнүрман йазуқда башуну өтүнүрман». «Тəңірім, енді мен Раимаст баласы өкінемін, жазықтан босатуды (күнəмді кешіруді) өтінемін» (Аударған – А.Ə.), – деп Раимаст деген кісінің баласы атынан сөйлесе, жыр соңында: «Ботурмуш тархан туғады ниғосагларның суиін йазуқун өгүнгү Хуастанавт». «Ботурмыш тархан түгетті (аяқтады) күнəлілердің өкініп айтқан сөзі «Хуастуанифтті», – деп дұғаны Ботурмуш есімді тархан аяқтағанын көрсетеді. Десек те, Ботурмуш Раимасттың баласы ма, жоқ əлде бөлек жан ба, ол жағын дөп басып айту қиын. Мүмкін, Раимаст баласы көне иран тілінде жазылған «Хуастуанифттің» авторы, ал Ботурмуш тархан көне түркі тіліне аударған тəржімашы немесе манихей жазуынан ұйғыр жазбасына түсірген көшірмеші болуы да ғажап емес. Себебі Раимаст атауы үнді-иран халықтарына тəн есім болса, Ботурмуш есімі түркі тектес халықтарда ұшырасады. Түркі елдерінің фольклорында кездесетін, есімі алып сөзінен шыққан Алпамыс (Алпамыш) секілді, Ботурмуш атауы да батыр сөзінен шыққанын аңғаруға болады. Сондай-ақ Ботурмушпен қатар жазылған «тархан» – түркі қағанаты тұсында берілетін титулдардың бірі. Сондықтан да «Хуастуанифтті» аяқтаған Ботурмуш тарханның тегі түркі ақсүйектерінің əулетінен шыққан дей аламыз. «Хуастуанифт» дұғасы «Хормузта тəңірі бес тəңірі менен барлық зұлымдық VІ, СПб., 1911. С. 867–896. 7 Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности, М.-Л., 1951. С. 108–130. 8 Дмитриева Л.В. Хуастуанифт (Введение, текст, перевод) // Тюркологические исследования. М.–Л., 1963. С. 214–233. 9 Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности, М.-Л., 1951. С. 108. 10 Дмитриева Л.В. Хуастуанифт (Введение, текст, перевод) // Тюркологические исследования. М.-Л., 1963. С. 215. жаратушысына қарсы соғысқалы (аспаннан осы жаққа) келді. (Ол) зұлым иесі Шмну дың бес түрлі жақтасымен соғысты», – деп басталады. Мұндағы мақсат – əлем алғаш тек ізгілік пен жақсылық, татулық пен бейбітшіліктен тұрғанын көрсету еді. Шығар ма да Хормузта əлем тыныштығын қорғаған сақшыдай сипатталады. Шмну – жауыздықтың белгісі. Жер жүзінде жауыздықты пайда қылған Шмнудың күші еді. Хормузта мен Шмну ағайынды болатын. Олардың дүниеге келуі жайындағы мифтік аңызда Зерван (манихей сенімі бойынша құдайлардың арғы бабасы) ең əуелі жалғыз болғандығы айтылады. Бүкіл мифтік оқиғалар Зерваннан бастау алады. Манихейлік діни түсінік бойынша Зерван баласы Хормузтаның туылуы үшін мың жылдай уақыт құрбандық шалады. Сонымен қатар «бүкіл əлемді Хормузта жаратсын», – деп дұға қылады. Бірақ Хормузтаның туылуы кешіккен сайын Зерванның көңілінде «шалған құрбандықтарым пайда бермеді» деген күдік ұялайды. Осылайша шүбəланып жүргенде Хормузтамен бірге Ахриман (Шмну) да дүниеге келетіні аян болады. Зерван: «Бірінші туылған перзентіме əлемді билеуге құқық беремін», – деп уəде береді. Хормузта туылмастан бұрын-ақ Зерванның ниетін біліп жатады. Ол Зерванның бұл ниетін бауыры Ахриманға айтып береді. Дүниені билеуді Хормузтадан қызғанған Ахриман Зерванның қарнын жарып шығып, бірінші туылады. Өзін «Хормузтамын» деп жариялайды. Зерван баласының ұсқынсыз, қорқынышты түрін көріп, одан баз кешеді. Осы уақытта жүзі шырайлы Хормузта дүниеге келеді. Бірақ Зерванның уəдесі бойынша бірінші туылған Ахриман əлемді тоғыз мың жыл билеуі тиіс еді. Содан кейін ғана Хормузта зұлымдық пен жауыздықты жеңіп, жер бетінде əмірін жүргізбек11. «Хуастуанифтте» көрініс тапқан Хормузта мен Шмнудың соғысы өмірдегі жақсылық пен жамандықтың бітіспес арпалысы іспетті. Дұғада ізгілік пен зұлымдықтың соғысы кезінде Шмнуға жүз қырық мың албасты көмекке келіп, Хормузта басынан жараланып, жеңіліп қалады. Манихей ұғымы бойынша ізгілік аспан əлемінде ғана қалып, жер жүзінде түрлі күнəлар жасалып, жамандық барынша жайылған. Шмну мен оның жақтастары өздерінің құдайларын ұмытқанымен қоса, адамзатты да теріс жолға түсіреді. Дұғада: «Олар (өздері) туып, жаратылған мəңгі тəңірі жерін ұмытып кетті. Жарық тəңірлерден айырылды (жырақтады). Онан соң, бар тəңірім, зұлымдық иесі Шмну өзімізді, ақыл-ойымызды азғырды. Біліксіз, ақымақ болғанымыз үшін. Барлық жарық жандардың негізіне, таза жəне пəк Азруа тəңіріге қарсы шығып, жазықты болдық. Қателестік», – деп Хормузта мен Шмнуды туған Азруаны (Зерванды) еске алады. Көнеден жеткен діни-əдеби жəдігерден көргеніміздей, манихей дінін ұстанушылар тек Зерван мен Хормузтаға ғана сиынбаған, сонымен қатар табиғат тылсымдарына (Күн, Ай, жел, су, от, топырақ, аспан т.б.) сеніп, оларға құлшылық қылған. Күн, Ай, Жел сынды құдайларға жалбарына отырып, рухтар əлеміндегі ізгілік арқылы жер жүзіндегі жамандықты жоюды тілеген. «Хуастуанифт» дұғасы он бес бөлімнен тұрады. Əр бөлімде дұға қылушы адамзаттың жасаған күнəлары үшін тəубеге келіп, кешірім сұрайды. Дұғада жаратушыға деген сенім жойылып, құдайдың əмірі орындалмай, Тəңірінің бұйрығы өзгертілгені айтылады. Бірінші бөлімде Хормузта жер бетіне түсіп, жауыздықпен күрескені, Шмнудың Хормузтаны басынан жаралап жеңгені, адам баласы құдайды ұмытып, түрлі күнəлардың ортасында қалғаны, Раимаст баласының манихей жолын ұстанғандардың атынан дұға етуі жазылған. Екінші бөлімде Күн мен Ай құдайларының ұлықтығы, олардың іс-əрекеттері, Күн мен Айдың манихей дінінде алар орны, адамдардың бұл екеуіне сенбей, олар жөнінде жаман сөз айтқаны, сол үшін күнəһар болғаны айтылады. 11 Рахмонов Н. Рухиятдаги нур муроди. Тошкент, 2002. 22–23-бб.

Үшінші бөлімде Хормузта құдайдың бес көмекші құдайы жөнінде сөз болады. Бес құдайдың қызметі айтылып, адамдар оларға сенбегені, Хормузтаның көмекшілерінің алдында пенденің тілмен, қолмен, тіпті он төрт мүшенің барлығымен күнə жасағанына Раимаст баласы қатты өкінеді. Төртінші бөлім құдайдың елшісі деп саналған – бұрхандарға, хабаршысы – рухтарға, Хормузтаның əскерлері – бес жеңіл құдайларға арналған. Бесінші бөлім жер бетіндегі тіршілік иелері (адам, жануар, құс, балық, өсімдік) жөнінде болады. Оларға түрлі қиыншылықтар көрсетіп күнəлі болған адамзат үшін дұға етіледі. Алтыншы бөлімде он түрлі күнə іс айтылады. Жетінші бөлімде автор манихей жолын ұстанғандардың хақ жолдан тайып, шайтанға сəжде қылғанына, оларға арнап құрбандық шалғанына өкініп, тəубеге келеді. Сегізінші бөлімде қасиетті жазу жайында, нұр мен зұлымдықтың араласып кеткені баян етіледі. Тоғызыншы бөлімде он уəде еске алынып, дұға қылушы адамдардың жамандық істегеніне пұшайман болады. Оныншы бөлімде төрт тəңір – Зерван, Күн, Ай жəне Хормузта, сондай-ақ бұрхандар мадақталады. Он бірінші бөлімде қасиетті жазу жайында айтылып, адамдардың бес жеңіл құдайға қарсы əрекетімен жазықты болғаны айтылады. Он екінші бөлім ораза тұтуға арналады. Он үшінші бөлім құлшылық туралы жазылған. Он төртінші бөлім құрбандық шалу баяны. Он бесінші бөлім – қорытынды, автор адам баласы (манихей жолын ұстаушылар) жасаған барша күнəлар үшін дұға қылып, тəубеге келеді. Сонымен қатар Ботурмуш тархан «Хуастуанифтті» жазып немесе көшіріп біткені жөнінде мəлімет береді. Манихей ұғымындағы құдайлардың пайда болуы ежелгі Грецияда айтылатын дүниенің жаратылуы туралы мифтерге өте ұқсас. Көне дəуірдегі гректер бүкіл дүниенің жаратылысы мен мəңгі жасайтын құдайларды ұшы-қиыры шексіз, қапқараңғы Хаостан таратады. Осы Хаостан əйел құдай Жер – Гея, жердің терең түкпіріндегі шыңырау қара түнек – Тартар, қуатты күш Махаббат – Эрос, Түн – Нюкта, Жарық – Эфир, бүкіл əлемге нұрын шашқан Күн – Гемера пайда болады. Қалған құдайлар осы аталған құдірет иелерінен тарайды. Ал «Хуастуанифт» дұғасында: «Нұр мен қараңғылықтың, құдайлар мен шайтандардың түп негізі Азруа дедік, барлық құдайларды сол жаратқан дедік» (1-бөлім), – деп ең əуелгі құдайларын Азруа /Зерван/ екендігін атап өтеді. Манихейлік «Хуастуанифт» дұғасынан зороастризм, буддизм, христиан, ислам діндеріне тəн мəтіндерді кездестіруге болады. Мəсе лен, Заратуштра насихаттаған ізгілік пен жер жүзіне жайылған зұлымдық соғысы, Иса Мəсіхтің əлемді күнəдан тазартып, адамдарды аспан патшалығына алып бару арқылы жеңіске жететіндігі секілді, «Хуастуанифтте» де аспан патшалығы ізгіліктен тұратыны айтылады. Шмнудан жеңілген Хормузта мен көмекші бес құдай ізгілікті аспан əлемінде орнатады. Тіпті Таурат жолын ұстанған еврейлердің басты қағидасы болып саналатын «Кім біреуді тірілтсе – құдайды тірілткені, кім біреуді өлтірсе – құдайды өлтіргені. Өйткені бар лық нəрсені жаратқан құдай» деген сөз «Хуастуанифт» дұғасының ішінен орын алған. Бұл сөздер қасиетті Құранда да кездеседі («Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен жəне кім оны тірілтсе /өлімнен құтқарса/ барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық». («Мəида» сүресі, 32-аят.) Бір назар аударарлық жай: «Хуастуанифтте» қасиетті жазуға бағынбай, оның өзгертілгені, тура жолмен жүрмей, «мен құдаймын» деген шайтанға ілесіп, оған сəжде жасағандары айтылады. Исламға дейін құдайдың қасиетті жазбаларын, кітаптарын адамдар өз пайдаларына өзгерткені жайында Құран Кəрімдегі «Мəида» сүресінде де: «Олар сөздерді орнынан өзгертіп, оларға берілген үгітті ұмытты»12, – деп көрсетілген. Құран мен хадистерде Исламға дейінгі құдай тарапынан келген діндер өзгертіліп, қасиетті жазулардағы бұйрықтар орындалмайтын дəрежеге жеткені баяндалады. Миғраж түнінде Мұхаммед пайғамбардың көкке көтерілуі, онда бес уақыт намаздың парыз етілгенін күллі мұсылман халқы мойындайды жəне оған шəк келтірмейді. «Хуастуанифт» дұғасының 13-бөлімінде құлшылық манихей жолын ұстанушыларға да міндет болғаны көрсетіледі. Тіпті 12-бөлімде елу күн ораза тұту, 14-бөлімде жылына жеті мəрте құрбандық шалу мəселелері айтылып, бірақ олар адамзат тарапынан орындалмай жүргені жазылған. Егер Құран Кəрімнің аятына жүгінсек: «Əй, иман келтіргендер! Бұрынғыларға парыз болғандай, сендерге де ораза парыз қылынды. Мүмкін, (Алладан) қорқарсыңдар» («Бақара», 183-аят), – деп ислам дініне дейінгі барша қауымдарға да ораза парыз болғандығы жайынан мəлімет ала аламыз. Өкінішке орай, «… үй шаруасы деп, дүние-мүлік деп, мұқтаждық деп, … жалқауланып, əр нəрсеге қызығып, ықтиярмен жəне ықтиярсыз оразаны бұздық. Ораза ұстасақ, қасиетті жазуда көрсетілгендей тұта алмадық» (12-бөлім), – деп «Хуастуанифтте» жазылғандай, адамдар дүние қызығы үшін оразаны бұйырылған жолмен орындамай, тəрік еткен. «Хуастуанифт» дұғасы – түркі əдебиеті мен діндер тарихын зерттеуде аса құнды жəдігер. Бір қоғамның наным-сенімін, мифтік аңыз-əңгімелерін, діни ұстанымын көрсететін бұл мұра əлі де толық зерттеле қойған жоқ. «Хуастуанифт» дұғасының мəтінін Л.В.Дмитриеваның құрастыруы бойынша көне түркі тілінен Ақжігіт Əлібекұлы аударды. А. Əлібекұлы УЕЙНАМА Біздің заманымыздың ІV ғасырының бастапқы жылдарында сянбилердің Тағбат (Табғач) руы қазіргі Қытай Халық Республикасы Сəнши өлкесінің солтүстігі мен Ішкі Монғолия аумағында Дəй мемлекетін құрды. Ол кейінірек дейлердің алғашқы Чин мемлекетінің басшысы Фу Жян тарапынан жойылды. Фейшұй шайқасынан соң Тағбат Гүй деген адам 386 жылы Дəй мемлекетінің шаңырағын қайта көтерді. Кейінірек бұл мемлекеттің аты Уей болып өзгерді. Жылнамашылар мұны қытай тарихындағы Уей мемлекеттерінен айыру үшін «Солтүстік Уей əулеті», «Соңғы Уей əулеті», «Тағбаттар билігіндегі Уей əулеті», «Юандар билігіндегі Уей əулеті» деп атайды. Алғашқыда елдің астанасы Пиңчың (қазіргі Сəншидегі Датұң) қаласы болды, 493 жылы Шяууын патша астанасын Лояң қаласына көшірді. Елде қытайлану саясаты жүзеге аса бастады. Патшалар шыққан Тағбат руы да əулет есімі ретінде қолданыстан қалып, оның орнын қытайлық Юан деген иероглифпен атау жолға қойылды. 534 жылы қағанат Шығыс Уей жəне Батыс Уей болып екіге бөлінді. Соңғы кездері Шығыс Уей əулетінің орнын Солтүстік Чи əулеті, ал Батыс Уей əулетінің орнын Солтүстік Жоу əулеті басты. Тағбат Гүй таққа отырған мерзімнен 557 жылы Батыс Уей əулеті құлағанға дейінгі 171 жыл ішінде қағанатта 17 патша билік құрды. Ежелгі түркілер ежелгі Уей əулетін Табғач 12 Құран Кəрім. Қазақша мағына жəне түсінігі. Медине. Мұнаууара, 1991.

деп атаған. Орхон ескерткіштерінде Таң империясын Табғач елі деп атау, міне, осы табғаттардан қалған үрдіс. Біз ескі қытай тілінің дыбысталу мүмкіндігін ескере отырып, табғач емес, табғат деп атадық. Мұндағы соңғы «т» көптік жалғауын аңғартады, ал «б» мен «ғ» дыбысы түркі тілінің сингармонизм заңына бағынып орын ауыстырған. «Уейнама» (Уейшу) – Солтүстік Уей (386–550) мен Шығыс Уей əулеттерінің (534–557) тарихын билік баян, ғұмырнама үлгісінде деректеп беретін жылнама. Авторы – Солтүстік Чи əулеті тұсында өмір сүрген тарихшы Уй Шоу (506–572). Ол кітапты жазуға 5 жыл (551–554) уақыт жұмсады. Солтүстік Сұң əулеті тұсында кітаптың 29 бумасы жоғалып кетті де, Лю Шу, Фəн Зуюй деген адамдар «Солтүстік əулеттер тарихы» негізінде толықтырып, оның қазіргі нұсқасын дайындады. Кітап жазылған кез Түркі қағанатының жаңа шаңырақ көтерген тұсына тура келетіндіктен, мұнда түркілер туралы арнайы баян жазылмаған. Біз аударып отырған бумаларда түркілердің əдет-ғұрпына, Түркі ордасының орнына қатысты азын-аулақ мəліметтер хатталған, бұнда үйсін, йұрпан, абдал елдері жөнінде мəліметтер де бар. Бұлар қазақ тарихын зерттеуде аса маңызды деректер саналады. Жалпы көлемі 130 бума. «Уейнама» мəтіні «Ұлы Түрік қағанаты» жинағы (Үрімжі, 2006) бойынша берілді. Ш.Ахметұлы СОЛТҮСТІК ЧИНАМА Чи елі – заманымыздың 550 жылы сянбиленген қытай Гау Хуанның ұлы Гау Яң Шығыс Уей əулетінің патшасын тақтан тайдырып, өзін – патша, мемлекетін Чи деп жариялады. Астанасы Йечың (қазіргі Хыбей өлкесінің Лиңжаңның оңтүстік-батысы) қаласы болып бекітілді. Бұл қытай тарихнамаларында Солтүстік Чи əулеті деп аталады. Ол 577 жылы Солтүстік Жоу əулеті тарапынан құлатылды. Елде 6 патша 28 жыл билік құрды. «Солтүстік Чинама» (Бейчишу) – Гаулар билігіндегі Солтүстік Чидың тарихын (550–577) билік баян, ғұмырнама үлгісінде деректейтін жылнама. Авторы – Ли Бəйяу (565–648). Ол əкесі Ли Дылин жазған көне нұсқасы негізінде толықтырып жəне реттеп 636 жылы жазып бітірді. Жалпы 50 бумадан тұратын бұл кітапта Түркі қағанаты шаңырақ көтерген тұстағы тарихи жағдайларды сипаттайтын құнды деректер арнайы түркі баяны арқылы хатталмағанымен, билік баяндар мен ғұмырнамалар арқылы баяндалған. Солтүстік Сұң əулеті тұсында кітаптың көп бөлігі жоғалған (мөлшермен 17 бумасы ғана соңғыларға жетті), кейінгі адамдар «Солтүстік əулеттер тарихы» сияқты кітаптар негізінде толықтырды. «Солтүстік Чинама» жылнамасы «Ұлы Түрік қағанаты» жинағында (Үрімжі, 2006) жарияланған мəтін бойынша дайындалып, томға енгізілді. Ш.Ахметұлы ЖОУНАМА Заманымыздың 557 жылы арғы тегі ғұндардың күнгей тəңірқұтынан тарайтын сянбидың юйуын руынан шыққан Юйуын Тəй деген кісінің ұлы Юйуын Жюе Батыс Уей əулетін құлатып, патша болды, мемлекетінің атын Жоу деп жариялады, Чаң-əн қаласын астана етіп бекітті. Бұл қытай тарихнамасында Солтүстік Жоу əулеті деп аталады. Солтүстік Жоу əулеті 577 жылы Солтүстік Чи əулетін тақтан тайдырып, қытайдың солтүстік аймақтарын бірлікке келтірді. Ол 581 жылы Сүй əулеті тарапынан жойылды. «Жоунама» (Жоушу) – Юйуындар билігіндегі солтүстік əулет – жоулықтардың тарихын (557–581) билік баян, ғұмырнама үлгісінде баяндайтын жылнама. Авторы – Таң əулетінің алғашқы кезінде өмір сүрген тарихшы Лиңху Дыфын (583–666) жəне басқалар. Солтүстік Сұң əулетінің алғашы кезінде бұрынғы нұсқасының 18, 24, 26, 31, 32-бумалары жоғалып кетті де, 31–32-бумалары «Солтүстік əулеттер тарихы» негізінде, 24–26-бумалары Гау Жюнның «Тауарихшасы» негізінде кейін толықтырылды. Томда «Жоунама» баяны «Ұлы Түрік қағанаты» жинағында (Үрімжі, 2006) жарияланған мəтін негізінде беріліп отыр. Ш.Ахметұлы СҮЙНАМА Заманымыздың 581 жылы Яң Жян Солтүстік Жоу əулетінің патшасын тақтан тайдырып, Сүй патшалығын құрды. Кəйхуаңның 3 жылы (583) елдің астанасы Дашиң (қазіргі Сəншидегі Ши-əн) қаласы болып бекітілді. 611 жылдан кейін елде диқандар көтерілісі бұрқ ете түсті. Бұлғақтан тасалаған Сүй Яңди патша Жяңдуға (қазіргі Жяңсу өлкесінің Яңжоу қаласы) бой тасалады, 618 жылы Яңди патша Юйуын Хуажи тарапынан өлтірілді де, Сүй əулеті құлады. Алайда шығыс астаналықтар Яңдидың немересі Яң Юды Сүй Гұңди патша деген атпен патша көтерді. 619 жылы ол Уаң Шычұңның қолынан өлді. «Сүйнама (Сүйшу) – Сүй əулеті тарихын (581–618) билік баян, ғұмырнама үлгісінде деректейтін жылнама. Билік баян бөлігін Уй Жың, Ян Шыгу, Кұң Йыңдалар 629–639 жылдары жазды; шежіре бөлігін жазуға 15 жыл уақыт жұмсалып, Юй Жыниң, Ли Чұнфыңдар тарапынан 656 жылы жазып бітірілді. Кітап жалпы 85 бумадан тұрады. Бұл билік баяны да «Ұлы Түрік қағанаты» жинағында (Үрімжі, 2006) жарияланған мəтін негізінде беріліп отыр. Ш.Ахметұлы СОЛТҮСТІК ƏУЛЕТТЕР ТАРИХЫ Қытай тарихында Уей əулетінің патшасы Тəйуди Қытайдың солтүстік аймақтарын бірлікке келтірген 439 жылдан Яң Жянның Сүй əулетінің шаңырағын көтерген 581 жылға дейінгі өмір сүрген Солтүстік Уей, Шығыс Уей, Батыс Уей, Солтүстік Чи, Солтүстік Жоу əулеттері билеген 142 жылды Солтүстік əулеттер билеген заман деп атайды. Кей зерттеушілер бұл дəуірді Табғат Гүй Уей əулетінің шаңырағын көтерген 386 жылдан Сүй Уынди Яң Жянның Чын əулетін құлатып, Қытай елін бірлікке келтірген 589 жылға дейінгі дəуірді көрсетеді деп те айтады. Осы аталған дəуірде Сонар дарияның (Яңзыжяң дариясының) оңтүстігінде Сұң (420–479), Чи (479–502), Ляң (502–557), Чын (557–589) деген төрт əулет билік құрды. Солтүстік əулеттердің билеушілері сянбилерден немесе сянбиленген қытайлардан шықты. Мысалы, Шығыс Уей мен Батыс Уейдың билігі Гау Хуан мен Юйуын Тəйдың қолында болды. Гау Хуан Бейжын деген бекінісжайда ержеткен сянбиленген қытай адамы, ал Юйуын Тəйдың арғы аталары сянбиленген ғұндардың Юйуын атасынан тарайды.

«Солтүстік əулеттер тарихы» (Бейшы) – Солтүстік əулеттердің тарихындағы «Уейнама», «Солтүстік чинама», «Жоунамаларды» ықшамдап, жинақтау негізінде құрастырылған билік баян, ғұмырнама үлгісіндегі жылнама. Мұнда Табғат Гүй алғаш патшалық құрған 386 жылдан Сүй əулеті биліктен тайдырылған 618 жылға дейінгі тарих қамтылады. Авторы – Ли Яншоу. Ол қазіргі нұсқаны əкесі Ли Дашы жазған Солтүстік əулеттер тарихының көне нұсқасы бойынша дайындады. Кітап 643 жылы жазылған, жалпы 100 бумадан тұрады. Тухылық – Тухы ауданы айтылса керек. Батыс Хəн əулеті тұсында құрылған билік көлеміне қазіргі Ляуниң өлкесінің Жинжоу қаласының жері енген. Үш патшалықтың Уей əулеті тұсында күшін жойған соң, Батыс Жин əулеті тұсында Мурұң Уей, яғни Нағрағи тарапынан қайта құрылған. Запгүй – Сянби тəңірқұты . Нағрағи – толық аты-жөні Мурұң Уей (269–333), жанама аты – Елағи. Атасы Муян сол білге хан, əкесі Запгүй сянби тəңірқұты болған. Нағрағи бастапқыда əке лауазымына мұрагер болып тəңірқұт атанды. Кейінірек Жин əулетіне кіріптар болғасын, Жин Уди патша оны сянби тұтығы етіп тағайындады. Юңжяның алғашқы жылдарында өзін сянбидің ұлы тəңірқұты деп жариялады. 49 жыл ел биледі. Немересі Мурұң Жюнның тұсында Ушюанди патша деп аталды. Лұң – қазіргі Гəнсу жері. Лұңшəн тауының атына байланысты аталған Лұңши аймағының қысқартылған атауы. Аталған аймақ жауласқан бектіктер тұсында б.з.б. 279 жылы құрылған. Фухəн – Гəнсудағы Линшя ауданы. Қытай жылнамаларында Фухəн ауданы, Фухəн аймағы, Фухəн бекінісжайы дегендер болған. Гəнсұң – қазіргі Сычуан өлкесінің Сұңфəн ауданы меңзеліп отыр. Лұңхы – қазіргі Сычуан өлкесінің Сұңфəн ауданы меңзеліп отыр. Осы аудандағы Лұңхы қамалының солтүстігін тұйғұндар жайлаған. Таушұй кешуі – Гəнсу өлкесінің оңтүстік-батысындағы өзен. Таухы деп те аталады. Гəнсу, Чиңхəй шекарасындағы Шичиң тауының оңтүстік баурайынан басталады да, шығысқа ағып, Маңшян ауданына келгенде солтүстікке қарай ағады, Линтау ауданынан өткен соң, Юңчиң қалашығының маңында Сарыөзенге құяды. Баклан – қазіргі Чиңхəйдағы Сарыөзеннің басталар тұсының солтүстік-батысындағы Бұрханбұда тауы. Ескіше оқылуы бойынша алынды. Қазіргі қытай тілінде Бəйлəн деп оқылады. Қияндардың бір ұлысы да баклан деп аталған. Ли – ұзындық өлшемі. Ежелгі қытайда əр дəуірде нақтылы ұзындық өлшемі болған. Хəн əулеті дəуірінде бір ли – 414 метрге, Солтүстік Уей əулеті тұсында – 504 метрге, Таң əулеті тұсында 531 метрге тең болған. 1929 жылы 150 жаң, яғни 500 метр деп тұрақтандырылған. Аза – этноним. Ертеде қытайлықтар жау жақты лу деп атаған. Демек, қытайша жазылуы “аза лулары” деген мағынада. Бұл этноним жөнінде басқаша пікірлер де бар. «Жиырма алты тарих сөздігінің» жарғы-түзем бөлімінде: “Аза лу – ғұнның өзге атасынан, ғұндар құлды «аза лу» дейді. Соңғы Хəн əулеті тұсында ғұндар əлсірегенде, оның құлдары Жинчың, У-уей, Жючюанның солтүстігіндегі Қарасуда, Шихының (қазіргі Ниңшяның) шығысы мен батысында мал шаруашылығымен шұғылданды. Олардың құрамында дахулар, деңлеңдер болды” деген анықтама берілген. Қаған – лауазым аты. Алғашқы ретте заманымыздың ІІІ ғасырында сянбилердегі ағамандардың құрмет атауы ретінде аталған. Көккөл – қазіргі Чиңхəй өлкесіндегі Көкнор көлі. Бұқса қамалы – тарихи бекініс. Орны қытайдың қазіргі Чиңхəй өлкесінің Кұңхы ауданындағы Хейма қалашығының солтүстік-шығысында. Хан – атақ, лауазым. Қытай тілінде уаң болып оқылады. Ол екі түрлі мағынада қолданылған: біріншіден, рулық қауымдық қоғамның соңғы мезгілінде əскербасылар, ал Шаң хандығы тұсында елбасылар уаң деп аталды. Екіншіден, Хəн əулетінен бергі жылнамаларда патшаның өрен-жарандары мен еңбегі сіңген дегдарларға берілетін ең жоғары атақ та уаң деп айтылады. Қытай жылнамаларында шетелдердің елбасыларын жалпылама уаң деп атады. Біз аудармада қаған ұлдарының немесе қағанатқа еңбегі сіңген егей ерлердің «хан» болып аталған дəстүрін ескере отырып, қытайша уаңды хан деп аудардық. Сұлтан – жоғары дəрежелі мəртебе. Қытайда Жоу хандығы кезеңінен бастап бес дəрежелі мəртебе қолданған. Бұлар: сұлтан, бек, дарқан, оғлан, ұлнақ. Мұндай дəрежелік түзім батыс елдерінің герцог, маркиз, граф, уиконт, барон дегендерімен ұқсас. Сеңүн – əскери шен, атақ. Көне қытай тіліндегі дыбысталуы сяңгуын, ол қазіргі қытай тілінде “жяңжюн” деп дыбысталады. Бұл атауды түркі тілдес ежелгі тайпалар мен ұлыстар “сенгүн”, “сеңүн”, “сағұн” деп атаған. Ежелгі түркі ескерткіштерінде “сеңүн”, “тайсеңүн” түрінде кезігеді. Біз қытайша дыбысталу мүмкіндігі мен ескі түркішедегі жақындықты ескере отырып “сеңүн” деп алдық. Жылнама заманындағы Жин бектігінде уəзірлер «жюнжяң» деп аталуға байланысты “жяңжюн” термині қалыптаса бастады. Жауласқан бектіктер заманында əскери мансаптылар “жяңжюн” атанды. Хəн əулеті тұсында “тайсеңүн”, “шығауыл сеңүн”, “арбалы-аттылар сеңүні”, “қорыман сеңүн”, “маңдай сеңүн”, “артқы сеңүн”, “сол қол сеңүн”, “оң қол сеңүндер” болды. Қатұн – қағанның əйеліне берілетін атақ. Ескі қытай тілінде “кактусəн”, қазіргі қытай тілінде «кызүн» деп оқылады. «Солтүстік əулеттер тарихында» “əз-ана” деп жазылған. Хуашялықтар – кіндік қағанаттықтар, яғни қытайлар. Біз қазақша емле ережесіне сай türіk деп алдық. Бұл этнонимнің реконструкциясы жөнін де түрлі пікір бар. Соның басты-бастыларынан П. Пелеоның жəне Е. Г. Пулиблэнктың тұжырымдамасын атауға болады. П. Пелео “тужюе” – түрк сөзінен келгені даусыз, тек мұнда türk сөзінің соңына моңғолша көптік жалғауын білдіретін “-ut, - транскрипциялаған (Pellіot, P., L’ Orіgіne de T’ou-kjіue, Nom Chіnoіs des Turcs // TP, XVІ, 1915.) Е . Г. Пулиблэнк аталмыш қытайша транскрипциядағы екінші буын – “türk” сөзінің соңғы “-k” дыбысын білдіреді, осы екінші буындағы соңғы “-t” финалы сөздің мəлім бір қосымша дауысты жəне дауыссыз дыбыс емес, керісінше, бір буынның кем екендігін білдіреді. Яғни “тужюе” сөзін “türküt” деген формадан келді деудің қажеті жоқ, ол түрк сөзінің өзін білдіріп отыр (Pulleyblank, E. G., Chіnese Names for Turks // JAOS, LXXV, 1965.). Түркі этнонимі қытай жылнамаларына тұңғыш рет ілінуін Батыс Уейдың патшасы Уындидың жылнамасы датұңның 6 жылы (540–541 жж.) деуге болады. Түркі этнонимі түбіт тілінде Drug немесе Dru-gu болып жазылған. Күсəн – Батыс өңірдегі ежелгі қала-мемлекет. Қазіргі қытай тілінде “Чюцы” болып оқылады. Қытайдың ертедегі жазба деректерінде “Күшəн” немесе “Күсəн” (kusan), санскрит жазбаларында “kucіna”, көне ұйғыр жазбаларында “kusan”, “kasun”, Махмұт Қашқаридың «Түркі сөздігінде» “kusan” деп жазылған. Кейінгі кезде Күшəр атымен белгілі. Астанасы – Янкент. Қазіргі Шынжаңдағы Күшəр ауданының шығысындағы Пылаң көне қаласының жұртында. Қағлы – ежелгі кент, Батыс Хəн əулеті кезіндегі Қағлы елінің астанасы. Орны қазіргі Шынжаңдағы Лобнор ауданының батысында. Ақтау – Тəңір таудың (Тянь-Шанның) Баркөл ауданы шегіндегі шығыс сілемі, яғни Баркөл тауы. Хəн əулеті – билік əулеті. Б.з.б. 206 жылы Ли Баң Чин əулетін құлатты, сонан көп

өтпей Шяң Юйды жеңді. Б.з.б. 202 жылы Лю Баң өзін Хəн Гауди патша, мемлекетін Хəн деп атап, Чаң-əн қаласын (қазіргі Шаншидағы Ши-əн қаласы) астана етті. Бұл қытай жылнамаларында Батыс Хəн немесе Алғашқы Хəн əулеті деп аталады. Заманымыздың 8 жылы Уаң Маң тақты тартып алып, Шин деген мемлекетті құрды. 17 жылы елде Қызыл қастылар, Жасыл орамалдылар көтерілісі бұрқ ете түсті. Осындай алмағайып заманда бұрынғы Хəн əулеті патшаларының тұқымынан шыққан Лю Шю деген адам өзін Хəн Гуаң-уди патша деп атап, Хəн мемлекетін қайта орнатты. Жаңа мемлекеттің астанасы Лояң (қазіргі Хынəн өлкесіндегі Лояң қаласы) болып бекітілді. Бұл жылнамаларда Шығыс Хəн немесе Соңғы Хəн əулеті делінеді. 184 жылы елде Сары орамалдылар көтерілісінің өрлеуіне байланысты патшалық аты бар, заты жоқ болып қалды. Елдің тізгіні бас уəзір Цау Цаудың қолына көшті. Янкаңның алғашқы жылы (220) Цау Цаудың ұлы Цау Пи өзін патша деп жариялап, Уей мемлекетін құрды. Хəн əулеті тарих сахнасынан түсті. Аталған екі Хəн əулеті қытай тарихнамасында Екі Хəн деп те аталады. Екі Хəн əулетін 26 патша 406 жыл биледі. Дəй – мемлекет жəне астана аты. Шығыс Хəн əулетінің соңғы мезгілінде Сянбидің Тағбат ұлысы Дешті құмның теріскейінен Чыңлыға көшіп келді. 315 жылы Тағбат Чилу өзін Дəй ханы деп жариялап, Дəй мемлекетін құрды. Елдің астанасы Пиңчың қаласында (қазіргі Сəншидегі Датұң қаласында) болды. 386 жылы Тағбат Гүй мемлекет атын Уей деп өзгертті. Мұнда айтылып отырған Дəй осы елдің астанасын меңзейді. Нейс сеңүні – лауазым аты. Хəн əулетінің патшасы Хəн Уди Дад-уанның (Перғананың) қан көбік тұлпарларын алу үшін Ли Гуаңлиды “Нейс сеңүні” деген лауазыммен жорыққа аттандырды. Нейс қамалы «Сүйнамада» Sutrіshna (Сутришна) деп те жазылады, орны қазіргі Орта Азиядағы Ұратөбе (Ura-tupe). Бұл қамалды Геродоттың «Тарихында» баяндалған “Nesaean жылқысы” деген атаумен байланысты қарастырушылар бар. Nіsa, Nіsaya деген жер аттары да осымен қатысты. Лүнтəй – ескі жер аты. Тарихшылар оның ескі жұртын қазіргі Шынжаңдағы Бүгір (Лүнтəй) ауданында деген көзқарасты ұсынады. Жишышұй – өзен аты. Бұл өзен «Бес əулет тарихы. Ұдұн баянында» «Өрүңқаш өзені» деп аталған. Өрүң ескі түркішеде “ақ” деген сөз. Агни елі – ежелгі Батыс өңірдегі қала-мемлекеттердің бірі. Қытай жылнамалар ында “Аgіеі”, “Агни” деген аттармен мəлім. Ыдықұт ұйғыр хандығы тұсында – Солми немесе Сұлми, Миң əулеті тұсында – Шалыс, Чиң əулеті тұсында Қарашаһар (Қарашары) деп аталды. Бұл елдің аты көне кхарошты жазбаларында Argі болып та жазылған. Демек, көне қытайшадағы “ĭan gіeі” дегендегі “n” дыбысы “р” дыбысын бейнелейді. Агни қаласының ескі жұрты қазіргі ҚХР ШҰАР Байынғолин моңғол автономиялы облысына қарасты Янчи (Қарашары) дүңген автономиялы ауданының орталығына таяу маңда. Уаттер деген ғалым санскрит тілінде от деген мағынадағы agnі сөзінен келгендігін, оттың түркі тілінде yanghï (янғы) болып айтылатындығын тілге тиек ете отырып, қытайша “янчи” деген сөзді осы янғымен байланыстырады. Күлтегін ұстынындағы «Тоқұз ерсен» осы Агни (Янчи) елімен қатысты деген де жорамал бар. Ұдұн – ежелгі батыс өңірдегі қала-мемлекеттердің бірі. Астанасы – Йотқан қаласы, Батыскент немесе Батыс тау қаласы. Орны қазіргі ШҰАР Хотан аймағындағы Хотан қаласының маңында. Ұдұн елінің аты Қытайдың ежелгі жазба деректерінде көбінесе “Юйтян” деп оқылады. Бұдан тыс “Куштана”, “Коштана”, жергілікті тілде “Уантана”, “Готана”, санскритше жазбаларда “Қара сиямака”, “Удияна” түрінде де кезігеді, кейде «Хотан» делінеді. Юан əулеті тұсында – “Одан” деп айтылған. Ежелгі тұрғындары Ақ теңіздің (Жер Орта теңізінің) шығыстық тармағына жататын ақ нəсілділер, яғни сақтар. Тілі – хотан тілі немесе ұдұн сақтарының тілі. Шəлік елі – Батыс өңірдегі байырғы қала-мемлекет. Көне жұрты – қазіргі Қашқардың Жаңашар ауданында. “Қашқар” Қарахан дəуірінен белгілі. Юй Тəйшəн мырза мұны sugda (suγlaq, suγdaq, елімен), Сын Жұңмян shulіh (тибет деректерінде), sulya (ұдұн деректерінде) сөздерімен қатысты зерттейді. “Sulya” сөзін Үнді деректеріндегі гималайлық тайпа атынан іздеушілер де бар. Меніңше, бұл «Қашқар» сөзінің ескі қытай жазбаларына тұңғыш түсуі. “Қашқар” сөзі ежелгі сақ тілінде мемлекет деген мағынада. Гуажоу – аймақ аты. Солтүстік Уейдың Шяучаң жылдарында Дахата (Дүнхуаң) бекінісжайы – Гуажоу дуаны болып құрылды, билік орталығы Дүнхуаң ауданында (қазіргі Гəнсу өлкесі, Дүнхуаң ауданының батысында) болды. Сүй əулетінің да-йе жылдарында дуан күшін жойды. Үйсін елі – қазіргі Қазақстан мен оған көршілес аймақтарда (Қырғызстан жəне ҚХР Шынжаң) іргелі мемлекет құрған байырғы этнос жəне мемлекет. Үйсіндер қазақтың этникалық түп-тегінің ең тереңде жатқан ежелгі тамыры есептеледі. Ғалымдар ежелгі қытай жазба деректеріне жəне археологиялық материалдарға сүйене отырып, ежелгі үйсіндерде мемлекеттік биліктің көшпелі халықтарға тəн едəуір кемелді жүйесі қалыптасқанын, мемлекеттіліктің барлық нышандарының болғанын атап көрсеткен. “Үйсін” сөзіне байланысты иероглифті синологтар ежелгі қытай тілінде a sіn, o swən, o sіn, а suən деп алуан түрлі оқыған. Осыған орай үйсіндердің тегін сақтардың Аси тайпасымен қатысты деп қуаттайтын ғалымдардың болғанын атап өткен жөн. Үйсін елінің байырғы ата қоныстары, қытай деректерінде сипатталуынша, Келентау мен Дахата (яғни Шығыс Тəңіртау) болған. Кейінірек олар Жетісуға қоныс аударып, қуатты мемлекет құрған. Хəн əулеті үйсін күнбилеріне Шижюн, Жею деген ханшаларын ұзату арқылы үйсіндерді ғұндарға төтеп берудегі күшті одақтас еткені мəлім. Көптеген ғалымдар оны қазіргі қазақ ішіндегі Ұлы жүзінің ұйтқы тайпасы – үйсіндермен байланысты қарастырады. Мына мəтінде айтылғанындай, “Көгарттың терең қойнауларына көшіп кетті” дегенге негізделе отырып, үйсіндерді «Ұлы жүздегі үйсіндерге қатысы жоқ» деген көзқарасты қуаттайтындар да бар. Алайда олар «Билік ғибратнамасында» Перғана елінің ежелгі үйсіндер екендігін атап өткен дерекке ден қоймаған. Чекүк – ежелгі үйсін елінің астанасы. Чекүк қаласының орны туралы бірнеше болжам бар. Бірінші болжам бойынша Чекүк қаласын Текес өзені алабында деп қарайды, екінші болжам бойынша Нарын өзені алабында деген көзқарастар айтылады. Қазіргі кезде ғалымдардың басым бөлігі екінші болжамды құптай отырып, ҚХР ШҰАР Іле қазақ автономиялы облысындағы Моңғолкүренің Шаты ауылындағы Шаты ескі қаласын Чекүк қаласы деген көзқарасты құптайды. Алайда қаланың қирап қалған жұртына жүйелі археологиялық барлау жасалмағандықтан, мұны соңғы шешім деп есептеуге əлі ерте. Мұнан тыс, қазіргі Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Кеген кенті маңындағы Құмтөкей деген ескі қаланы да Чекүк қаласы болуы мүмкін деген пікір бар. Кей зерттеушілер иероглифтердің мағынасына сай, Қызылкүрен, Қызылалқап, Шие, Қанқора, Шығу секілді аттармен атауды да ұсынады. Біз иероглифтердің ежелгі оқылуы бойынша Чекүк деп алдық. Тəйян – Солтүстік Уей əулетінің патшасы Тəй Удидың жылнамасы, ол 435–440 жылдарды көрсетеді. Гамук елі – ежелгі Батыс өңір елдерінің бірі. Санскрит тілінде “Балука” деп аталған. Ескі жұрты қазіргі Ақсу өңірінде, Күшəрдің батысында («Шынжаң тарихы сөздігі», 447-бет). Qumaq, Kumak деп транскрипцияланған, ал Comarі немесе Comedіe деп аталған Тарым ойпатындағы байырғы тұрғындарымен қатысты деген де пікір бар. Санскритшедегі Балука сөзінің мағынасы “құм”, сондықтан бұл елді түркішеде Құм елі деп аталуы мүмкін деген пікірлер айтылады.

Көгарт – Памир жотасы жəне Құрым, Қарақұрым тауларының батысындағы таулардың жалпы аты. Ертеде Қытай мен Батыс əлемінің арасындағы керуен жолы осы Көгарт тауынан өткен. «Му Тянзы баянында» “Шоң тау” деп аталса, Хəн дəуірінде “Сұңлиң” (яғни “Жуалы асуы”) деп аталды. Таң əулеті тұсында өмір сүрген тарихшы Ян Шыгу: “Шыңдары биік əрі жуа көп өсетіндіктен осылай атаған”, – дейді. Махмұт Қашқаридың «Түркі сөздігінде» де Көгарт деп аталған. Арт – «асу» деген мағынада. Перғана – ежелгі Үйсін елі. Чұгұпан – байырғы Зеғып елі. Ол қытай жылнамаларында “kĭa puan”, “kĭwo puan”, “ĭwo kĭa” деп те жазылады. Ал Түбіт жазбаларында “Чұгұпан” немесе “чұгобан”, ежелгі ұйғыр ескерткіштерінде “чəкүк”, санскритше “чакұкалка” деп жазылған. Қытайша дыбысталуы мен түбітше жазылуын ескеріп Чұгұпан деп алдық. Бұл елдің орны оңтүстік Шынжаңдағы Қағлық (Қарғалық) ауданы. Йұрпан елі (∞ĭwa#t puan) – бұл елді əр ел ғалымдары əрқалай транскрипциялаған. Қытай ғалымы Юй Тəйшəн ежелгі оқылуын jіuat peən деп көрсете отырып, оны аварлар деген көзқарасын ұсынады. Ал Томашек оны түркі тілдеріндегі жапан дала деген мағынадағы “ябан” сөзімен қатысты деп қарайды (Tomashek Central Asіa Studіes, Sogdіana, Jusіan, 1877, p. 23). Аристов Чубань атауымен байланыстырады (Аристов, 1894; Албани. Тарих танымы, 1994, 233-б.). Бақыт Еженханұлы Албан деп (Юебань этнонимі туралы. Шығыс, 2004, №1), Шюе Зұңжың “Яғма” деп көрсетеді. Біз синолог Го Шиляң мырзаның сөздігі бойынша транскрипциялап, “йұрпан” деп жаздық. Жин-уей – мұнда Алтай тауы айтылып отыр. Каңгу – этноним. Мұны қазіргі қытай тілінде Каңчюй, Каңжюй деп оқуға болады. Біз осыған қатысты зерттеулерге сай Каңгу деп алдық. Оны Кеңеріс, кенгер, көнгөр, кегерлу, кангар, қаңқ елі, қаңлы этнонимдерімен байланысты дейтін көзқарастар да айтылады. Қаңға – этноним. Бұл жөнінде «Уейнамада: “Қаңға – ежелгі Қызыл тиектің жұрнағы. Басында олар “Деглек” деген атпен айтады. Солтүстікте оларды теглек, хуашялықтар “қаңға”, “деңлең” деп атайды. Олардың тілі азырақ айырмашылығы болғанымен, ғұндарға ұқсайды” деп анықтама берген. Ескі түркі тілінде арбаның үлкені қаңға, кішісі қаңлы деп аталады. Қытай авторлары үлкен арба деген мағынадағы “қаңға” сөзін əрі дыбыстық, əрі мағыналық тұрғыдан түсініп транскрипциялаған болар. Мажар тіліндегі kocsі (арба) сөзімен байланыстыра зерттейтіндер де бар. Бұрынғы зерттеулерде көбінесе Н.Я. Бичурин заманынан келе жатқан үрдіс бойынша Гаугюй деп транскрипцияланған. Қаңғалардың батысқа көшкен топтарын қазақтың қаңлы тайпасымен қатысты деген көзқарастар да айтылады. Тортасы айырылған сармай – мұны шірне, кілегей деп аударушылар да кезігеді. Ежелгі қытай тілінің сөздігі «Цы-юандағы» анықтамаға сай «тортасы айырылған сарымай» деп алдым. Буддашылар басты сарымаймен майлау адамға парасат бағыштайды, миды сергітеді деп санайды. Жанартау– тау аты. «Солтүстік əулеттер тарихының» түпнұсқасын да “үлкен тау” деп хатталған. Алайда «Жұңхуа шужюй» баспасының редакциясы «Уейнама», «Жалпы жарғының» 193-бумасы, «Тұңжы» деген кітаптың 196-бумаларына сай Жанартау деп өзгерткендігін ескерткен. Юй Таудың Күшардың солтүстігінде екендігі анықталған. Демек, Йұрпан елі Үйсін қонысына көшіп барғанымен, алайда ата қоныстарынан түп қотарыла көшіп кетпеген. Шаш елі – елдің аты. Қытай жылнамаларында («Тас елі» немесе «Ташкент») деп жазылған. Бұлардың барлығы да шаш сөзінің дыбыстық аудармасы. Арабшада – Shash, парсышада – Chach деген атаулар тас деген мағынада. Бұл елдің аты Түркі заманындаақ Ташкент аталды. Абдал – ел аты. «Жоунамада» бұл туралы: «Абдал елі Ұлы нүкіспен нəсілдес, Ұдұнның батысында, шығысынан Чаң-əнға дейін 10100 ли. Ханы Падиян қаласында отырады, Ражагрха осы болар. Қала аумағы 10 шақты ли келеді. Жаза заңдары мен əдет-ғұрпы түркілердікімен қарайлас. Бұлардың əдет-ғұрпында ағайынды адамдар бір əйел алады. Күйеуі жалқы жігіт болса, əйелі басына бір мүйізшелі бөрік киеді. Егер ағайынды бірнешеу болса, əйелі бөркіндегі мүйізшені солардың санына туралайды. Адамдары жауыз, жауынгер келеді. Ұдұн, Парфия секілді үлкенді-кішілі 20 шақты ел түгелімен бұларға қарайды. Датұңның 12 жылы (546) сарайға елші салып, жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. Уей Фейди патшаның 2 жылы (553) жəне Миңди патшаның 2 жылында (558) тарту-таралғымен елші келді. Кейінірек түркілер тарапынан талқандалды да, ұлысы тарыдай шашылды, тарту-таралғы əкелуін доғарды», – деп жазылса, «Жаңа таңнаманың» батыс өңір баянында: «Абдал елі – Хəн əулеті тұсындағы ұлы нүкістердің нəсілінен. Ұлы нүкістер өз жерлерін үйсіндер басып алғанда Дад-уанға қарай батысқа ауып, Бактрияны бағындырды да, Бакра қаласына орда тікті. Бактрияның тағы бір аты – Тохара, Абдал (Ефталит) – олардың ханының əулет есімі. Кейінгі ұрпақтары осы əулет есімін мемлекет аты етті. «Ефталит», яғни «Абдал» түрінде де кездеседі. Олардың əдет-ғұрпы түркілермен бірдей. Тянбау жылдарында сарайға зиярат етіп елшілігі келді» деген дерек айтылады. Ұлы нүкіс – батыс өңірдегі ежелгі этнос жəне мемлекет. Нүкістер Чин патшалығынан бұрынғы замандағы деректерде жазбаға түскен. Жалпы нүкістерді еуропалық жəне қытайлық ғалымдар тохарлар деген көзқарасты құптайды. Олардың Тохарстанда мемлекет құрғаны шындық, дегенмен «тохар» – оларға жер атына байланысты қойылған екінші ат. Олардың неге осылай аталғаны туралы ғылымда əлі тиянақты жауап айтылған жоқ. Нүкістер Жетісудан көшкен соң қазіргі Нөкіс қаласының маңына қоныстанған. Қаратаудағы қазақтар ішінде нүкіс деген ру аты да сақталып отыр. Нүкістер мен қияндардың ірге айыруы жөніндегі аңыз моңғолдардың жадында сақталған Еркінеқон аңызы арқылы жалпақ жұртқа мəлім. Міне, осыларды ескере отырып, этнонимді ескі қытай тілінің дыбысталуы бойынша нүкіс деп алдық. Алтынтау – Жин-уей тауы (Алтай тауы) айтылып отыр. Уакса су – өзен аты. Грек жазбаларында Оксус, араб деректерінде Жейхун, парсы жазбаларында Vaksa деп аталған қазіргі Əмудария өзені. Падиян – жер аты. Мұны Бадахшан, Бахлика деп қарайтындар бар. Біз жапон ғалымдарының пікіріне сай padіan деп алдық. Нөнен – этноним. Қытай жылнамаларында «рүйрүй», «руру» болып та жазылған. Өздерінің тілінде не деп аталғаны туралы дерек жоқ, жапон ғалымдарында моңғолша tetsen, jusun, jojіn сөздерімен қатысты болар деген көзқарастар айтылған. Мұны аварлармен қатысты деп қараушылар, нирұн деп реконструкция жасаушылар да кезігеді. Біз бұларды ежелгі оқылуы негізінде “нөнен”, “нөне” деп бейімдеп оқыдық. Ху – этноним. Ежелгі қытайлықтар Қытай Ұлы Қорғанының Солтүстігіндегі жəне Батыс өңірдегі халықтарды жалпылама ху деп атаған. Мұнан тыс оның “сақалды” деген мағынасы да бар. Жалпы қытайлық емес, шетелдік деген мағынада. Бұл атауды С.Г.Кляшторный соғдылар (соғұдтар) деп түсіндірген («Древнетюркские памятники, как источник по истории Средней Азии». Москва, 1964, 234, 317–356-бб.). Соғұдтардың түркіленген бөлігін Махмұт Қашқаридың соғдақ деп атауы кісіні ойландырады. Түркі ескерткіштеріндегі “Алты чұб соғдақ” нағыз соғұдтар емес, қайта тоғыз оғыздардың Табғачтарға кіріптар болған топтарын, атап айтқанда “шянхың жылдарында (670~673) Фыңжоу, Шыңжоу, Лиңжоу, Шяңжоу, Шожоу, Дəйжоу сияқты алты дуанға қоныстандырылып, бағынған түтіндер деп аталған Түркінің ұлыстарын” меңзейді. Байырғы қытайлықтар өздерінің солтүстік, батыс шекарасының сыртында мекендейтін көрші көшпенділерді “ху” деп атайтындығын ескерте отырып, байырғы түркіше осы атауды соғдақ деп атаған болуы мүмкін деген пікір де бар. Демек, “ху”

сөзі о баста сақалдылар дегеннен шыққан, Хəн əулетінен кейінгі жылнамаларда жалпылама шетелдік деген мағынаны білдірген. Түркілердің ху деген қытайлық атауды “соғдақ” деп атауы да қисынды. Каң елі – ғылымда бұл елді Самарқант елі деп қарайды. Алайда «Уейнаманың» осы баянында Самарқант елі, яғни “Семізкент” деп жазылған. Біз түпнұсқа негізінде «Каң елі» деп атауды жөн көрдік. Келентау – тау аты. Қазіргі қытай тілінде “Чиляншəн” болып айтылады. Бұл тау жөнінде «Цыхəй» деген энциклопедияда: “Кең мағынадағы Келен тауы Гəнсу өлкесінің батыс бөлігі мен Чиңхəй өлкесінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы өңірдің жалпылама аты. Ол моңғол тілінде “Тəңір” деген сөзден ауысқан. Хыши дəлізінің оңтүстігінде болғандықтан, Нəншəн (Оңтүстік тау) деп те аталған” деген анықтама берілген. Ежелгі қытай тіліндегі дыбысталуына моңғол тіліндегі гэлэн (келен, келең) сөзіне жақын келеді. Мұны жапон ғалымдары kіlan, kіlіn деп те дыбыстаған. Келен тауын қазіргі Тəңіртаудың (Тянь-Шань тауы) шығыс саласы деп қарайтындар да бар. Демек, ол түркі тілдерінде Тəңіртау деп аталған. Жау-у қаласы – «Хəннаманың» Жағрапия дерегінде Жау-у ауданы Жаң-йе аймағына қарайды деп жазылған. Бұл байырғы нүкістердің ата қонысы. Жау-у деген жер атын “ябғұ” сөзімен қатыстыра зерттеушілер бар. Қытай деректерінде Орталық Азиядағы соғұдтардың тоғыз арысы – Жау-удың тоғыз арысы деп аталған. Ғұн – ертедегі этнос əрі қағанат. Ежелгі қытайлықтар оларды “ху” деп те атаған. Ертедегі сауыт-сүйек жазуларда – “ғұн”, Йын, Шаң, Жоу хандықтары тұсында – “гүр елі”, “ғұнрей”, “хəмюн”, “хұнтүк” немесе “хұнүк”, “ғұнғру”, Чин патшалығы кезінде “хюңнағ” немесе “хюңна” түрінде жазбаға түскен. Ғұн этносының аталуы əр елде біркелкі емес. Гректер – “hunnoі”; латындар – “chunnі”, “hunnі”; орыстар – “гунн”; еуропалықтар “hun’s” десе, армян тарихшыларының жазуынша – “hunk”; қазақ ғылымында “ғұн”, “һұн”, “хұн”, “гүн” түрінде əр түрлі қолданылып келді. Біз иероглифтік жазудың ежелгі оқылуын жəне əр түрлі аталуын негізге алып “ғұн” дегенді дұрыс көрдік. Шарбуби – «Сүйнама» баянында «дəйшыби» болып жазылған. Жапон ғалымы Ширатори Куракичи “би” сөзін түркі тіліндегі “бек” сөзімен қатысты деп қарайды. Біздіңше, қазақшадағы “би” сөзі болар. Байырғы үйсіндерде де ең жоғарғы лауазым иесі “би”, “күнби” аталған. Сарбу суы (сабау өзені) – қазіргі Зарафшан дариясы. Мұны зороастризмге сенуші парсылардың ауылнайы деген мағынадағы соғұд тіліндегі “Сартбау” сөзімен баламалаушылар бар. Біз қытайша ескіше дыбысталуымен алдық. Алодок (алуди) – қазіргі Самарқант қаласының шығысындағы Афрасиаб үстіртіндегі байырғы қала. Ақ дабы – мата аты. Біз ескі қытайша дыбысталуына жəне парсыша мағынасына сай “Ақ бөз” деген мағынадағы осы матаны Шынжаң қазақтарының жергілікті тіліндегі “Дабы” (бөздің бір түрі) деген сөзбен баламаладық. Маймарғ – ел аты. «Сүйнаманың» 83-бумасында: “Маймарғтың астанасы Намықсудың бойында, ежелгі Каңгу жері. Ханы жоқ. Қала əкімінің əулет есімі – Жау-у, ол Каң елінің ханына жегжат келеді, жана ма аты – Бижо, астанасының аумағы – 2 ли. Соғысқа жарамды жүздеген адамы бар. Солтүстік-батысынан Каң еліне дейін 100 ли, шығысынан Сутришна еліне дейін 500 ли, оңтүстік-батысынан Кеш еліне дейін 200 ли, шығысынан Гуажоуға дейін 6400 ли” деген дерек айтылады. Кеш (Шы елі) – ел аты. Орны қазіргі Самарқант қаласының оңтүстігіндегі Шахрисебіз. «Сүйнаманың» 83-бумасында: “Шаш елі Думо суының батысында, ежелгі Каңгу жері. Ханының əулет есімі – Жау-у, жанама аты – Тижы, Каң елінің ханына жегжат келеді. Астанасының аумағы 2 ли. Соғысқа жарамды мыңдай адамы бар. Əдет-ғұрпы Каң елінікіне ұқсайды. Солтүстігінен Каң еліне дейін 240 ли, оңтүстігінен Тохарға дейін 500 ли, батысынан Нақсаб еліне дейін 200 ли, солтүстік-шығысынан Маймарғ еліне дейін 200 ли, шығысынан Гуажоуға 6500 ли” делінген. Кебұт (Цау елі) – ел аты. «Уейнамада» – “Кебұдхана”, «Жаңа Таңнамада» “Батыс кебұт” деп аталды. Орны Самарқанның солтүстік-батысындағы Кебұт. Мұсылман географтарының шығармаларында “Кабұдханикат” деген қаланың аты кезігеді. «Сүйнаманың» 83-бумасында: “Кебұт елінің астанасы Намықсудың оңтүстігінен бірнеше ли жерде, ежелгі Каңгу жері. Елде əмірші жоқ, Каң елінің ханы өз ұлы Ужянға басқартады. Астанасының аумағы 3 ли. Соғысқа жарамды мыңдай адамы бар… Шығысынан Каң еліне дейін 100 ли, батысынан Қай еліне дейін 150 ли, шығысынан Гуажоуға дейін 6600 ли” деген дерек айтылады. Қай елі (Хы елі) – ел аты. «Жаңа Таңнамада» “Кушан” деп те жазылған. Иероглифтың ерте орта ғасырдағы оқылуы “ға”. Демек “қай” болуы ғажап емес. «Сүйнаманың» 83-бумасында: “Қай елінің астанасы Намықсудың оңтүстігінен бірнеше ли жерде, ежелгі Каңгу жері. Ханының əулет есімі – Жау-у, Каң елінің ханына туыс, жанама аты – Дүн. Астанасының аумағы 2 ли. Соғысқа жарамды адамы мың. Ханы қошқар пішінді алтын тақта отырады. Шығысынан кебұт еліне дейін 150 ли, батысынан Кіші Бұхара еліне дейін 300 ли, шығысынан Гуажоуға дейін 6750 ли” деген дерек хатталған. Бұхара (Əн елі) – қазіргі Бұхара (Бұқарақ) қаласы. «Сүйнаманың» 83-бумасында: “Бұхара елі – Хəн əулеті тұсындағы Парфия елі. Ханының əулет есімі – Жау-у. Каң елінің ханының туысы, жанама аты – Шэлидың, қатыны Каң елінің ханының қызы. Астанасы Намақсудың оңтүстігінде, қаласы бес шеңберлі, өзен суы айналып ағады. Сарайлары күмбез пішінді болады. Ханы 7–8 чы биіктіктегі түйе пішінді алтын тақта отырады. Сарай зияратында хан қатынына қарама-қарсы отырады. Үкімет жұмыстарын үш уəзір жамғарады. Əдет-ғұрпы Каң елінікіне ұқсайды. Тек қана айырмашылығы апа-қарындастарына некелене береді… Яңди патша таққа отырғаннан кейін тектеуіл шабары Ду Шинмəнды батыс өңірге елшілік сапармен аттандырды. Ол осы елден қайтарында бес түрлі реңкідегі тұз алып қайтты. Елдің батысынан жүз лидей жерде мыңдай отбасысы бар Биго деген ел бар. Ол елде əмірші жоқ, Бұхара (ханы) басқарады. Да-йеның 5 жылы елші салып көпшір тапсырды, сонан былай арадағы қарым-қатынас үзілмей келеді” деп, ал «Жаңа Таңнама» 221-бума, 146 (2)-баянында: “Əн дегеніміз Бұхара (bu xuаt немесе bu xаt)” деп жазылған. Ерте орта ғасырдағы қытай тілінде “t” көбінесе түркі тілдеріндегі “р” дыбысын бейнелейді. Демек, bu xuаt, bu xаt дегендер Бұхар сөзін білдіреді. Кіші Бұхара (Кіші Əн елі) – ел аты. Бұл жөніндегі бір дерек «Жаңа Таңнаманың» 221-бума, 146 (2)-баянында былай деп жазылған: “Шығыс Əн елі” “Кіші Əн елі” деп те, “Хыхəн” деп те айтылады, ол Намықсудың теріскейінде, астанасы – Хыхəн қаласы” делінген. Анағат – қала. Нақтылы дерек көзі тапшы. «Сүйнаманың» 83-бумасында: “Анағат елінің астанасы – Оксус суының батысындағы ежелгі Парфия жері. Ханының əулет есімі – Жау-у, Каң елімен нəсілдес, жанама аты – Фошы. Астанасының аумағы 2 ли. Соғысқа жарамды бірнеше жүз адамы бар. Ханы қошқар пішінді алтын тақта отырады. Солтүстік-шығысынан Бұхара еліне дейін 400 ли, солтүстік-батысынан Мургаш еліне дейін 200 лидей. Батысынан Парсы еліне дейін 4000 лидей, шығысынан Гуажоуға дейін 7500 ли” деген дерек жазылған. Мургаш – ел мен жер аты. Біздіңше, бұл Мерв елінің парсыша аты Мургаштан (римше Маргиана, қазіргі Мургаб өзенінің атына байланысты) ықшамдалып аударылған. Мерв «Жаңа Таңнамада» “muk luk”, «Тəйпиң хуанюйжде» “muat luk” түрінде де жолығады. «Сүйнаманың» 83-бумасында: “Мургаш елінің астанасы Оксус дариясының батысында, ежелгі Парфия жері, Анағат елімен көршілес. Ханының əулет

есімі – Жау-у, Каң елінің ханына туыс. Жанама аты – Алəнми. Астанасының аумағы 3 ли, соғысқа жарамды адамы 2000. Солтүстік-шығысынан Бұхара еліне дейін 500 ли, шығысынан Анағат еліне дейін 200 лидей, батысынан Парсы еліне дейін 4000 лидей, шығысынан Гуажоуға дейін 7700 ли” делінген. Рей – Қытайдың шығысында тұратын халықтардың ежелгі қытайлықтар ұғы мындағы жалпылама аты. Мəтінде рейлер деп шетелдіктер айтылып отыр. Иероглифтің қазіргі қытай тіліндегі оқылуы «yі». Пипа – қытай музыка аспаптарының бір түрі. Құңқау – көне музыкалық аспап. Ескі түркішеде “қуқау” деп аталады, қытайшасы “кұңхоу”. Бес ішекті құңқау деген сөз «Сүйнаманың» 83-бума, 48 баянында “бесішек, құңқау” болып үтірмен бөлініп жазылған. Дəн – қытайдағы 100 литрге парапар сыйымдылық өлшемі. Ертеде Шы деп те оқыл ған. Сыйымдылық өлшемі ретінде қолданылғанда 10 доу бір дəнға парапар болады. Мұқыра – “таз” деген мағынаны білдіреді. Манжуша muhuurі, моңғолша “мұқыр” (мухар), қазақша “мұқыр” (таз) сөздерімен үндеседі. Му-ди патша (?–316) – мұнда Тағбат Чилу айтылып отыр. Тəй-у патша – мұнда Солтүстік Уей əулетінің патшасы Тағбат Тау айтылып отыр. Ол 405 жылы туып, 452 жылы қайтыс болған. Тəйчаң жылнамасының 8 жылы (423) таққа отырып 30 жыл ел билеген. Өлгеннен кейінгі аты Тəй-у патша, тауапжайдағы есімі Шызу патша болып бекітілген. Уейчын – бес худың 16 патшалығының бірі саналатын Шя мемлекетінің патшасы Хылəн Бобоның əкесі, Ол Лю деген əулет есімін де қолданған. Нымсан – тау аты. Моңғол үстіртінің батысында болса керек. Нақты орны белгісіз. Тоя – тау аты. (Жоше) – жапон ғалымы Учида Гинпу қазіргі Баркөл қазақ автономиялы ауданындағы Баркөл көлінің шығысындағы бір тау, ал қытайлық ғалымдар оны Моңғол Алтайының оңтүстік-шығыс сілемі деп қарайды. Барна – тау аты. Учида Гинпу қазіргі Шанши өлкесінің Сүйды ауданында, ал қытай ғалымдары қазіргі Ішкі Моңғолиядағы Ойрат алдыңғы қошұнының оңтүстікшығысындағы тау деп қарайды. Біз қытайша ежелгі дыбысталуымен алдық. Қазіргі қытай тілінде Бана шəн болып дыбысталады. Науғрақ – өзен аты. Учида Гинпу бұл өзенді Sarakha өзені деп атап, оны Тоғла өзенінің жоғарғы ағарындағы Қалқа өзені деп түсіндірген, қытайлық ғалымдар оны қазіргі Ішкі Моңғолиядағы Ширамөрөн өзені деп қарайды. Орхон – (At kən) өзен аты. «Қытай тарихи атласында» бұл өзенді Орхонның жоғарғы ағысындағы Қалқа өзені деп көрсеткен. Учида Гинпу иероглифтерді Орхон деп транскрипциялаған. Ежелгі оқылуы Ерген дегенге бейім. Сондықтан «Жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректердің» 2-кітабында Ерген өзені деп аударылған. Қаңғай – Хəн, Уей əулеттері тұсында Байқал көлі осылай аталған. Таң əулеті тұсында Гоби шөлінің солтүстігі мен Жоңғар даласын Қаңғай деп те атаған. Юан əулеті тұсында Алтай тауы осылай аталған. Миң əулетінің жылнамаларында тек Гоби шөлі ғана осы иероглифтермен жазылатын болған. Түнязы (Жұңюан) – Қытайдың ескі жазбаларында Жұңту, Жұңжоу деп те айтылады. Көлемі туралы мынадай үш түрлі болжам бар: 1. Қазіргі Хынəн өлкесі; 2. Сарыөзеннің орта жəне төменгі аңғары; 3. Сарыөзен аңғарын түгел қамтиды. Бұрынғы аудармаларда Кіндікжазық, Ортажазық деп те аударылған. Ескі түркі ескерткішіне сай Түнязы деп алдық. Ічүк – «Жоунаманың» 50-бумасында – “Іркін”, «Сүйнаманың» 84-бумасында “Сіді” деп алынған. Мəтіннің төменгі жағында “Іркін” болып жазылған, сондықтан “Ічүк” сөзін иероглифтегі жаңсақтық деп түсінген жөн. Уей елі – Жоу əулеті айтылып отыр. Түркілер мен Жоу əскерлерінің Чи еліне жорығы Жоу Уди заманы баудиңның 3–4 жылдарындағы оқиға. Батыс Уей əулеті түркілермен білек біріктіре Чи еліне шабуыл салғаны туралы дерек жоқ. Мəтіннің төменгі жағындағы Яң Жұңның түркілермен біріге Чиға жорық жасауы осыны растайды. Нағыз ақсүйек – бұл «Тұңжы», «Билік ғибратнамаларында» да осылай, алайда «Сүйнама» түркі баянында шешесі ақсүйек деп жазылған. Түкен тау – Өтүкен тауы. Мəтіннің басқы жағында “Қаған Өтүкен тауына тұрғылықты” деген сөйлемге негізделген де, мұнда Өтүкен тауы Түкен болып қысқартылып жазылған сияқты. “Чориға таққа отырып, Ябғұ атанды”. Бұл сөйлемде сөз түсіп қалған секілді. Себебі «Сүйнамада»: “Чориға таққа отырып, Ябғұ қаған атанды. Оңғыл ябғұ болды”, ал «Сүйнама» Жаңсүн Шыңның ғұмырнамасында “7 жылы (587) Шату өлді. Сарай Жаңсүн Шыңды қолына мойшақ ұстатып, оның орнына інісі Чориғаны Баға қаған деген лауазыммен таққа отырғызуға, оның баласы Оңғылды Ябғұ қаған етіп тағайындауға жіберді” деп осы оқиғаны егжей-тегжейлі баяндаған. “Ышбара батысқа жорық жасап, Абаны күйрете жеңіп, оның өзін тұтқынға алды” – бұл сөйлем тарихи дерекке қайшы. «Өзінің ұлы Қолбат» – бұл «Сүйнамада» інісінің ұлы Елтебер, ал «Тұңжыда» өзінің ұлы Елтебер деп жазылған. «Жұңхуа шужюй» басылымының түсінігінде Қолбат жаңсақ жазылған деп анықтама жасалған. Сондықтан оны Қолба емес, Елтебер деп түсінген жөн. Елтебер түркі қағанатындағы мүзəлімдердің бірі. Шөлдің шығысы – қазіргі Гоби шөлінің шығысы. «Батыста күсəн» – бұл сөз «Сүйнама» түркі баянында “батыста Алтынтаудан əрі асты, Күсəн” болып жазылған. “Батыс тараптағы бажақтар” – Батыс түркіге қарасты бодан елдер. «Солтүстік əулеттер тарихы» ғұмырнамалық баяны «Ұлы Түрік қағанаты» жинағында (Үрімжі, 2006) жарияланған мəтін бойынша дайындалып, томға енгізілді. Ш.Ахметұлы БҰҒЫТЫ 1. «Нұр-қаған»=nw”r γ’ γ’n. В.А. Лившиц пен С.Г. Кляшторный оны «Нивар-каган» деп оқыған. (С.Г. Кляшторный, В.А. Лившиц «Согдийская надпись из Бугуста»//СНВ. М.1971. Т. Х. С. 130, 139). Бұл арада «n» фонемінен «w» фонемін «b» фонем деп оқуға болмайтын сияқты. Алыстан тəнік /анолог/ іздемей-ақ, осы мəтіндегі trwkc /türük/, mwγ’ n γ’ γ’ n (muqan qaγan) т.т.с.с. мысалдар дəлел бола алады. Сондықтан біз «nw”r γ’ γ’n» сөзін «Nupqayan» деп оқыдық. 2. «Шад апалар», В.А. Лившиц, С.Г.Кляшторный «š’ pyt» деп транскрипциялап (тағы сонда ВС.ІІ.2) «šadapyt» деп оқыған. Сөйтіп көне түркінің екі атауын бір атауға айналдырып жіберген. Байырғы түркі мəтіндерінде бұл атаулар екі бөлек аталған šad, аруt (БК. ІІ. 13; КТ. ІІІ. 1).

Өйткені «шад» сөзі МШУ, Теркін, Тэс мəтіндерінде өзі жеке-дара кездеседі (ДТС. 519). Байырғы түркілердің барлық мəтіндерінде қағанаттың «төлес» (сол) қанатын басқарушыға берілетін атақ. Ұлы қағаннан кейінгі кіші хан дəрежесіндегі лауазым. «Ара» (апа)-аға, əпке (МК. І. 86; USp. 12; Каз. Кирг. Уз. Туркмен. Тат. Қараңыз: Севортян Э.С. ЭСТЯ. 158–159-беттер). Ара tarqan (Туй. 34.), ) apa tutuq, qul apa (ДТС. 47). Тəңір текті ұлы қағанның өзімен бірге ет жақын туысқандарына, балаларына берілетін атақ. Сондықтан да «apa tаrqan», «apa tutuq», «qul ара» деп арнайы «ара (апа)» атауын қосып атап отырған. Түркі қағанатының əкімшілік құрылымын өзгертпей көшіріп алған Шыңғыс хан туыстарын дəл солай «Degü nuγuq (dorbun degü nuγuq)» деп атаған. -t= көптік жалғауы. «Apyt (апыт)» – көпше түрі. Жекеше түрі – «ара (апа)». 3. γwr-γ‘p(‘y-)nt (qurqapyn) сөзін (Бұғыты мəтінінде) аударушылар толық түсінбей, ашық қалдырған. «Qor~qory» – қору (охрана) (МК. ІІІ. 279; ІІ. 105) qor=qur – жинау, құру (МК. І. 148, 114). «Qap» – қабу, тістеу, қатты ұстау. -yn= етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ. Qapyn=qapyγ – есік, қақпа; Qorqapyn~qurqapyn – қорғаушы, хан ордасын қорғаушылар. «Есік» түркі дүниетанымында қасиетті есептеледі. Байырғы түркілер сол үшін «qut qapyγ» (Құт қақпасы, есігі) (QBN.202) деп атаған. Қақпа қорғаушыларды ІХ–Х ғасырда «qapyγ bascysy» (QBK. 14010) деп атаған. Олар Ордаға келушілерді ұйымдастырып, қағанның қабылдауын тəртіпке келтіріп отырған. 4. Байырғы түркі мəтіндерінде шад, апыт, тархан, тудундардан соң «бектер» сөзін қолданып отырған. Сол канон бойынша «бектер» сөзін қазақша аудармасына қосып жаздық. «Бұғыты» жазба ескерткіші Қ.Сартқожаұлының «Орхон мұралары» кітабында (Астана, 2003) жарияланған мəтін бойынша берілді. Қ. Сартқожаұлы ОНГИН ҰСТЫНЫ Оа.І.1: 1) «jamy». Онгин мəтінінде (jamy) деп қашалған. Мұны С.Е.Малов Бұмын деп өзгерткен. Мəтіннің түпнұсқасындағы «jamy» қаған Бұмыннан бұрын болған қаған. «Бұмын» деп ешқандай ғылыми негізсіз өзгертудің қисыны жоқ. Оа.І.3: 2) «Балбал» кешен – иесінен жеңіліс тауып, соның иелігіне өткен тайпа көсемдері мен халқының атынан қойылған қара тастар. 3) «juluq». С.Е.Малов (97.8), Х.Н.Орхун (232.28) «jоluq» деп транскрипция жасап, бұл сөзді «жертва» деп аударған. Біз «juluq» деп оқыдық. «jul» – жұлу (МК.ІІІ.9–12; 28–8; МШУ ІІ.2). -uq – сын есім тудыратын жұрнақ. М: buz+uq=buzuq (сынық); qyl+yq=qylyq (қылық); jar+uq=jaruq (жарық); ač+uq=ačuq (ашық). Ендеше «juluq» сөзінің мағынасы «жұлыс, керіс, бүлік». Оа.І.4: 4) «Yšbara» С.Е.Малов (97.9), Х.Н.Орхун (232.28) «šabra» деп транскрипция жасаған. Біз «yšbara» деп оқыдық. Байырғы түркілерде «šabra» деген лауазым жоқ. 1) «Jabγu» С.Е.Малов (97.9), Х.Н.Орхун (232.28) «joγa» деп оқыған. «Joγa» – бейіт, мола. Мағынасы сөйлеммен үйлеспейді. Түпнұсқада «jabyu». 2) «Ajmaγlyγ». С.Е.Малов (98.9), Х.Н.Орхун (232.28) «jumyylyy» деп оқыған. Түпнұсқада «ajmaγlyγ» – аймағымен, əулетімен деген мағына береді. 3) «El etmіs jabγu oγly yšbara tamγan čor jabγu іnіsі bіlіge yšbara tamγan tarqan ajmaγlyγ bes jetmіs ečіm ataam» – Ел-етміс ябғу, оның ұлы Ышбара Тамған-чор ябғу (Ел-етміс ябғу), оның інісі Білге Тамған-тархан аймағымен (əулетімен) алпыс ата....», деген сөйлемдегі Ел-етміс ябғу кім? Осы кешен иесіне дейін алпыс бес атаға жеткен. Олардың басында Ел-етміс ябғу тұр. Б.з. 716 жылына дейін «қаған» атағына «еl» атағын қосып атаған Ел-қаған Бұмын, Елтеріс қаған Құтлұғ қана. Бұмын қаған атына қосылып жазылған «еl» сөзі қытай нұсқасындағы «или кехан» дегеннен (22. І.221, 228) жаңғыртылған. Қытай тарихшылары алғашқы «ел» сөзін ғана бөліп алып «или кехан» деп белгілеген болуы керек. Түркілер өздері «Ел-етміш» деп атаған. Оның дəлелі – осы Онгин ескерткішіндегі біздің сөз етіп отырған лауазым атауы. Түркілердің 300 жылдық тарихында «ел» атауын атағына қосып атанған үш-ақ қаған бар. Олар: а) Алғашқы Түркі қағанатын (империя) орнатып, негізін қалаушы Ел-етміс Бұмын қаған (б.з.546 ж). б) Екінші, көк Түркі қағанатын орнатушы – Елтеріс Құтлұғ қаған (682 ж.). в) Біріккен Түркі қағанатын орнатушы – Ел-етміш Білге Тұрайын қаған (б.з. 745 ж.). Оа.І.5: 8) «Jetі eren». Х.Н.Орхун бұл тіркесті «yetі er» (жеті ер) деп аударса, (233. 128), С.Е.Малов «семь мужей (предводителей) (98.10) деп аударған. Бұл арада «Jetі eren» тіркесі жай ғана «жеті азаматты», «жеті басшыны» көрсетіп отырған жоқ. «Жеті ерен» – этноним, Таң империясының қол астына кірген оғуз тайпаларының ішіндегі «жеті ерен» атты тайпа. Бұл тайпа қазақ ұлтының құрамындағы «жеті ру» тайпасы болуы мүмкін. Бұны тереңдеп зерттеу қажет. Оа.ІІ.11. 11) «Fquі jurup» = сөзді С.Е.Малов «qaljurup» (беситься, сильно гневаться) (98.10) деп оқыған. Біз aqyl/aql деп оқып, «ақыл» (ЮгА260; QBN72244; МК. ІІІ. 172) деп аудардық. Juryp-жұмсап. «Онгин ұстыны» да Қ.Сартқожаұлының «Орхон мұралары» кітабында (Астана, 2003) жарияланған мəтін бойынша берілді. Қ.Сартқожаұлы КҮЛТЕГІН ЕСКЕРТКІШІ В.Томсен, В.В.Радлов Күлтегін, Білге қаған ұстынындағы байырғы түркі мəтіндерін оқып, транскрипциясын жасаған кезде ұстынның беттерінің бағытын дəл анықтамаған. Олар 1894, 1896, 1897 жылдардағы жарияланымдарында Түркі қағанатының символы болған «серке» таңбасы қашалған беттен бастап оқып, мəтіннің транскрипциясын жасаған. Осы бетті В.Томсен «шығыс беті» деп атаған (249. 97). В.В.Радлов: «Қаған символы қашалған ұстынның беті шығысқа қараған», – дейді. Өйткені шығыс байырғы түркілер үшін қасиетті бағыт деп тұжырым жасайды. В.В.Радлов 1897 жылғы екінші жарияланымында: «Ұстынның бетінің бағытын анықтауға мүмкіншілік болмады», – дейді. А.О.Гейкель: «Оған мен келіспеймін, ескерткіш қытай жазуы бар шығыс бетімен құлап түскен» деген қорытынды жасаған. (112. 7–8). Біз бұл пікірлерге қосылмаймыз. Себебі: 1) Күүлі-Чор, Онгин ұстындарының таңба қашалған беті батысқа немесе барыққа (храм) қараған. Бірақ ішінде кешен иесі – аруақтың мүсіні бар. Ұстынның таңба қашалған бетін дəл осы аруақтың мүсініне тура бағыттап орнатқан. 2) Күлтегін киелі кешеніндегі бақатасты алғаш ұстын орнатқаннан соң 1958 жылға дейін немесе Моңғол – Чехословакияның біріккен экспедициясы келгенге дейін ешкім орнынан қозғамаған. Н.М.Ядринцев те, В.В.Радлов та, А.О.Гейкель де бақатасты аударып көрмеген. Оның дəлелі – бақатастың астындағы жазу туралы бір

сөз айтпаған, экстампаж алмаған. Л.Йисл, Н.Сэр-оджавтар кешенді бүкіл алаңымен тазалап қазып, кешен қорғанының шығыс жағында тұрып бақатасты фотоға түсірген. Фотода бақатастың басы Күлтегін барығына (храм), батысқа қараған (Күлтегін. №37 сурет). 3) Білге қаған кешеніндегі бақатастың басы да батысқа, барыққа (храм) қаратылып орналасқан. 4) Бақатастың басын ұстынның бірінші бетіне қаратып орналастыруы онсыз да түсінікті. Өйткені адам атқа мінгенде артына қарап емес, алдына қарап мінеді. Бұдан Орхон бойындағы байырғы түркі ұстындарының бірінші беті немесе таңба қашалған беті барыққа, батысқа қаратып орналастырылған деген қорытынды жасауға болады. КТ. І. 1: 1) «Üze kök Teηrі, asra jaγyz Jer» сөйлеміндегі «Teηrі» сөзін В.Томсен (242. 97; 1896,) В.В.Радлов (238, 1894, с.4–5; 1897, с.16), Х.Н.Орхун (232. 1936, с.22), С.Е.Малов (97. 1951. с.36) «көк аспан» деп аударған. Дұрысы байырғы түркілердің дүниетанымын, наным-сенімін білдіретін «Тəңір» (жаратушы) деген сөз. 2) «Jaγyz Jer» деген тіркесін В.Томсен «қара жер» деп, (1896. 250. 97), В.В.Радлов «темная земля» (238, 4–5; 112.16) деп аударған. С.E.Малов «темная земля» дей отырып, жақшаның ішіне сөзбе-сөз мағынасын «бурая» (қоңыр) деп берген (1951. с.36). Байырғы түркілердің түсінігінде «қара», «қараңғы» – жамандық символы. Соның ішінде Тəңірі тұтып отырған жерге «қара» деген сөзді мүлдем қолданбайды. Өйткені Жер-ананы (Umaj, умай ybuq jer) қасиет, кие тұтқан. Мəтіндегі «jaγyz» сөзін М.Қашқари сөздігінде «қызыл менен қара түстің ортасындағы өң» (178. ІІІ. 9–12; ІҮ. 728) деп түсіндірген. Бұл қоңыр өң. Қазақ тілінде бұған байланысты мысалдарды көптеп кездестіруге болады. Мысалы: «Қоңырат (этноним), қоңыр қой, қоңыр қозы, қоңыр үйрек, Байқоңыр (жер аты), т. т. с. с. Сондықтан біз «jaγyz» деп аудара отырып, қазақ тілінің қазіргі нормасына сай «қара жер» деп алдық. 3) «türük» Күлтегін, Білге қаған, Тұй-ұқұқ, Күүлі-Чор, Онгин ескерткіштеріндегі мəтіндерде деп жазылған. В Томсен, В.В.Радлов, Х.Н.Орхун, С.Е.Маловтар «türk» деп оқыған. Кейін оқыған. Біз Т.Текиннің оқылуын қабылдадық. Себебі графикасының мəні, жоғарыда айтқанымыздай, байырғы түркі графикасын зерттеген барлық ғалымдар бірауыздан дыбыстардың үйлесу сингармонизміне, соның ішінде қыпшақ тобының фонетикалық үйлесіміне дəл келеді. 4) «іl/el» Бұл сөзді В.Томсен – «іl» (249. 97), В.В.Радлов «эл» (238.5; 112. 16), С.Е.Малов – «іl» (97.28), Т.Текин – «іl» (250.232), ДТС (45. 168–169) «el», барлық қыпшақ тілі тобының халықтарында «el» (137.340) дейді. Сондықтан біз В.В.Радлов пен ДТС-тің транскрипциясын қабылдадық. Алтай тілдері тобында да, түркі тілдеріне туыс манчжур, моңғол тілдері топтарында да «el» деп (137.142) қолданған. М.Қашқари сөздігінде «el» деп жазылған (178.І.48–25; ІІ.10–14; 25–8; 238–15; ІІІ.21–7, 123–8; 221–8). «Ел» сөзінің аудармасын жоғарыдағы зерттеушілердің көбі «племенный союз» (тайпалық одақ) деп аударған. Біз «мемлекет» деген мағынасын алдық. Өйткені мемлекет болмаса, төр (өкімет – власть) құрылмайды. Тайпалар бірлестігінде (племенный союз) мемлекеттік құрылым болмайды. Байырғы Түркі қағанатында мемлекеттік құрылым түзілгені мəлім. Түркілердің түпкі мақсат-арманы да мəңгілік ел (мемлекет) орнату еді. 5) «törü» сөзін В.Томсен «құрылым» (249.97), В.В.Радлов «правительственная власть» (112.с.16), С.Е.Малов (установление» (97.с.36), деп аударған. В.В.Радловтың аудармасын қабылдадық. Себебі: а) Шыңғысхан империясы байырғы Түркі қағанатының құрылымын сол қалпымен қабылдаған. Түркілердің «tör» (өкімет) деген атауын өзгертпей алған; б) М.Қашқари сөздігінде tör – үйдің төрі, құрметті орын (МК. ІІІ. 133), «Құтадғу білікте» – «өкімет» (QBK. 852); Моңғолдың құпия шежіресінде – «өкімет» (МНТ §112), Х–ХІ ғасырлардағы орта ғасырлық түркі деректерінде де «tör» сөзінің мағынасы «өкімет» (SuV. 1214; OMT.51). КТ.І.2: 6) Күлтегін ұстынының 12-жолындағы (qop) деген сөзді алғаш рет В.В.Радлов «aqup» «совершать набеги» (239) деп оқыған еді. Бұған В.Томсен қарсы болған, сөйтіп өзі «qоp» – көп (249.97) деп оқыған. В.Томсеннің сынынан кейін В.Радлов Күлтегін мəтінін қайта қарап, (238.с. 216–218): «qop» сөзін «көп» деген мағынада оқуға келмейді, себебі «көп» сөзі кейінгі түркі тілдеріне парсы тілінен ауысқан. Түркілер өздері üküš, telіm, tola деп атайды – деп, бұл сөзді «aqup» деп оқуды ұсынады. , деп жазылған мəтінді «aqup» деп оқи келе, сөзінің оқылуының үш вариантын ұсынады (238.216–218). В.В.Радловтың мұнысы орынды сияқты. Күлтегін мəтінінің 2-жолы Білге қаған мəтінінде өзгеріссіз қайталанған. Күлтегін мəтініндегі сөзі Білге қаған мəтінінде деп таңбаланған. Күлтегін, Білге қаған, Тұй-ұқұқ мəтіндерінде 24 рет қайталанған. Aл Күлтегіннің 2-жолында екі-ақ рет кездеседі. Оның өзін кейінгі (Күлтегіннен соң 2 жылдан кейін орнатқан) Білге қаған мəтінінде деп өзгертіп таңбалап отыр. Олай болса Күлтегін мəтінінде сөзінің алғашқы əрпі -ның орнына жаңылып таңбасымен тасқа теріс қашалған сияқты. В.В.Радлов осы жаңылысты сезгендіктен сөзін транскрипциялаған кезде күмəнданған. Біз КТ.І.2-жолындағы деп таңбаланған сөздің Білге қаған мəтініндегі дұрыс жазылуын пайдаланып аударуға тырыстық. сөзін біз үш түрлі вариантпен оқыдық. Өйткені таңбасының өзі uq/qu, oq/qo деп транскрипциялануға тиісті. а) . КТ.І.14. КТ. І.30; КТ.ІІ. 10.10; Туй.36; БК.І.3-жолдардағы -көсемшені білдіреді. Бұл сөзді «qоup» деп транскрипцияладық. Қазіргі қазақ, қырғыз, ноғай, башқұрт, татар, ұйғыр тілдерінде «қоп», «қобу» деп қолданылады. М.Қашқари сөздігінде (МК. ІІ. 4; І. 97, 120, 42, 258) «көтерілу», «өздігінен көтеріліп тұру» деген мағынаны білдіреді. Ендеше бұл сөздің архаикалық мағынасы «көтерілу, тұру, қарсы тұру, жауласу, күресу» деген мағына бермек. «Qoup» көсемшесінің грамматикалық тарихи өзгерісі *qoγup~qoup~qop~qobu болуы мүмкін. б) КТ.І.30; 38; КТ.ІІ. 1; КТ.ІІІ. 2,3,9, 10; БК.І.3.28; ІІ. 12-жолдардағы таңбаны «quup» деп транскрипциялап, қазіргі қазақ, татар, башқұрт, қырғыз, алтай тілдеріндегі «quup», М.Қашқари сөздігіндегі «qow-dy» (МК.ІІ. 16, ІІІ. 183) сөзінің мəніне сүйене отырып «қуды», «қуып бағындырды», «бағынышты болу»деген мағынада аудардық. Қараңыз: -quup baz qyldym=қуып (бағындырып) тату (бейбіт) қылдым (KТ.І.30)-susіn quup ölürtіm= қолын қуып өлтірдім (БК.І. 28). Грамматикалық тарихи өзгерісі *quγu~quu~qu в) KT.І. 34. 41; KT. ІІ. 14-жолдардағы кескінді «uqup» деп транскрипциялап, қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, алтай тілдерінің «uqup» лексикасын, М.Қашқари сөздігіндегі «qop/qup» сөзінің (МК.ІІІ. 193-23), моңғол тілінің «uq, uquju» (парықтап) мағыналарына сүйене отырып «ұғу, түсіну, парықтау» деп аудардық. Қараңыз: – «türük begler uqup bіlersіz» – Түркі бектері ұғып білерсіз (KT.І.34). – «barqyn, bedіzen, bіtіg tasyn, bіčіn jylqa, jіtіnčaj jіtі otuzqa alqadymyz» – Барықын, мүсінін, бітіг тасын (ұстын) мешін жылы жетінші айдың 27 күні алқадық (аяқтадық) (КТ.ІІ.14). Кезінде В.В.Радлов та (uqup) деп оқып, «слушать, слышать, понимать» (129.217) деп түсініктеме берген. Қыпшақ тілі тобында оqu, uq, u γu (оқы, ұқ, ұғу) сөздері осы

сөзінің жаңа формасы. Моңғолдар күні бүгінге дейін түсіну, тыңдау, парықтау деген мағынада «uqu» сөзін қолданады.

7) Бұған дейінгі транскрипция жасаған ғалымдар сөзін «qondurtmys», «qonturtmys» деп оқыған. Біз u кескіннің uq/qu, oq,qo мəнін кіргізіп «qoondurtymys» деп созылыңқы дауысты дыбыспен оқып транскрипция жасадық. КТ.І.3: 8) КТ. І.3. «köök» деп оқылады. голубые турки, не (имевшие) правящих знатных родов» (112.17), В.Томсен «Sі Lіon entre ces deux (poіnts eхtremes) s’ etendaіent en souvеraіns Les Turcs Bleus»(249.98), С.Е.Малов «обитали (восседали), устраивая «голубых» тюрков, которые были (тогда) без господина и без родовых представителей» (97.36) деп аударған. «Oq» сөзі нің бірнеше мағынасы бар. Мұндағы «oq» М.Қашқаридің сөздігіндегі (МК.І.48) мұралық» сөзінің мағынасымен үндеседі. Орта ғасырдағы көшпелі халықтар бүкіл бүтін ру, тайпа, елді қағанатқа еңбек сіңірген батырларға, хан тұқымына мұралыққа үлеске (удел) беретін болған. Бұл – ол адамдардың мұралыққа (наследствие) алған деп аудардық. «Oq» сөзі ары қарай грамматикалық өзгеріске түскенде «oγušy» болып өзгерген, «oqym» деп атамаған. Қараңыз: «oγusy bodunym» (KT.ІІ.7; KT.ІV.1,6.7; K.І.25.31) «иелік, мұралық халқым» деп əлденеше қайталаған. On-oq=Он – иелік, oγusym – иелігім, мұралығым, т.с.с. мағына береді. 10) «Bujruq» сөзін В.В.Радлов «военачальников», «наместников» (112,17), В.Томсен «ottіcіers» (249.98), ДТС «приказный (45, 121), С.Е.Малов «их приказные были мудры» (97.36) деп аударған. «bujruq» сөзін қазіргі түркі тілдеріндегі мағынасымен алған. Теркин (Тариат) ескерткішінің мəтінінде «teηrіde bolmyš el etmіs qaγan іčrekі boduny altymyš.іč bujruq bašy ynanču baγa tarqan» – Тəңірден болған Ел-етміш Білге қаған ішкі (Орда) халқын алды. Орданың бас қолбасшысы Ынанчу баға Тархан (Терк.21) деп байырғы түркілердің əскери қолбасшыларын анық көрсеткен. Сөйтіп, бұл сөйлемді «қолбасшысы да білікті болған» деп аудардық. КТ.4: 11) нұсқаны В.Томсен «qytaj» деп оқып, «қидан» деп аударған. В.В.Радлов Тұй-ұқұқ мəтінен бастап кескінін «ни» – деп оқығаннан кейін «қытани» деп транскрипция жасап келді. Біз В.Томсеннің оқылуын қабылдай отырып, «qyytaj» деп транскрипция жасап, «қидан» деп аударуды жөн көрдік. Мұндағы кескінінің өзі «qу» деп оқылады. Оған қоса (у) дыбысы жазылғандықтан «qyytaj» (қыытай) деп транскрипцияладық. КТ. І.6: 12) нұсқаны В.Томсен «kіηesürtükіn» (249.99) деп оқыды. Одан кейін барлық зерттеушілер Томсеннің ізімен кеткен. Бұл нұсқадағы оңнан солға қарайғы үшінші əріп (?) емес, (k) фонемі. Сондықтан «kіksürtükіn» деп транск рипциялап, «кектескендіктен» деп аударған жөн. kіk/kek (MK.ІІ.293) қазақ тілінде де «кек, кектесу». 13) «tabγačγy» (КТ.7) сөзін С.Е.Малов дұрыс аудара алмаған. «Tabγačγy begler tabγač atyn tutpan» деген сөйлемді С.Е.Малов «приняв титулы правителей народа Табгач . . .» (97.37) деп аударған. «Tabγačγy» сөзіндегі -γy-(-gі,-qy-kі) жұрнағы – зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ. Демек, сын есім тудырғанда сол затқа тəуелділікті білдіретін мағына береді. ; jajγy (жазғы), qysqy (қысқы), ajqy (айғы), іčrekі (ішкі) т.т.с.с. Tabγačγy – табғачтық, табғачшыл. КТ.І.13: 14) Түркі қағаны қағанатты саяси əкімшілік аймаққа бөлген. Онда: Төлес (сол), тардуш (оң) қанатқа жəне ічрекі (орталыққа – ордалыққа) бөліп басқарды. Үкіметтік бұл жүйені түркі текті көшпелілер Хунну заманында қолданған. Хуннулар оң қанатты тучи/чжуки (22.І.48), сол қанатты чули (Бичуринде лули 22.І48) деп атаған. Түркілер тардуш қанаттың басшысына «ябғу», төлес қанаттың басшысына «шад» лауазым беріп отырған. (138.120–121). 15) «Toquz-oγuz». Б.з. 477–499 жылдар аралығында Орталық Азияда өздерінің конфедерациясын құрып иелік еткен хуй-хулар, б.з. 606–611 жылдары Алғашқы Түркі қағанатының құрамынан шығып, жеке иелігін жариялаған «Оухyлар» осы оғыздар (120. 149–176). КТ.І.21: 16) Qadyrqan-jyš= Қадырхан жынысы. Солтүстік Қытайдағы бүгінгі Киянган (Хиянган) жотасы. jaηyldyγ, jablaq kіgürtіg» сөйлемін бұған дейінгі зерттеушілер дұрыс түсінбей, дұрыс аудара алмай келді. Бір ғана С.Е.Маловтың аудармасын алсақ: «Ты сам провинился и сделал низость (по отношению) к твоему кагану, возвысившему тебя ради твоей же преданности, и (по отношению) к твоему племенному союзу, хорошему по своим качествам и делам» (97.39). Мұны біз төмендегіше аудардық: «Бағынғаның үшін игі еткен білікті қағаның болғандай-ақ болып еді. Жақсы елің өзі қателесті, жамандыққа батты». Зерттеушілер «bіlіgе qaγanyη ermіs barmys» деген сөйлемдегі қатар келген «ermіs», «barmys» етістіктерінің түпкі мағынасын түсіне алмаған. «ermіs» (болған) өткен шақ етістік. Ол етістік аздай-ақ, «barmys» – «бар болған, бар еді» деп тағы көрсеткен. Біз осы қабаттаса келген екі етістікті «болғандай-ақ, болған» деген тіркеспен бердік. Байырғы мағынасы осыны көрсетіп тұр. КТ.І.29: 18) сөзді В.Томсен «yγar іllіgde» (249.108) деп оқыған. В.Томсен «оларды» (250.108) «верные» (97.31) деп аударған. С.Е.Малов та осы транскрипцияны қабылдаған (97.31). Сөйтіп, бүкіл сөйлемді түсінбей, қате жіберген: «Там, где верные племенные союзы и верные каганы, я творил добро» (97.31), – деп аударған. Ал В.Томсен: «Parmі ceux don’t le people et le kagan se jojgnіrent a moі (?), j’ aі faіt du bіen(?)», – деген. Мəтінде тек қана «qaγan» деп тұрған жоқ, «qaγanlyγ» деп тұр. Бұл «қағанат» деген сөз. Біз «yγyr» деп транскрипцияладық. М.Қашқариде бұл сөз «yqrady» (yqyr=yγyr) – тұйыққа тірелу, мезі болу (МК.ІІІ. 295) деген мағынада берілген. Аудармасы: «ығыр болған елдікті, ығыр (болған) қағандықты игі қылдым (еттім)». КТ.І.31: 19) «Er at boldy» – ер атанды. Ер атанғанда сауыт-сайман сайлап беріп, арнап ат мінгізіп, жол-жорасын жасап, қолға қосатын болған. Байырғы түркі дəстүрінде «ер» атану – елін, жерін қорғайтын нағыз азамат болғандықтың кепілі. 20) «Alty cub soγdaq» – алты баулы (тайпалы) соғдақ (КТ.І.31). В.В.Радлов бұл этнонимді «Шесть родов согдийцев» (238.132) десе, В.Томсен: «Алты Чуб жəне согдак» деп оқып, «Согдак» этнонимін «соғдылар» деп түсініп, «Алты Чуб» деген Чу өзенінің бойындағы жердің аты болуы мүмкін (249.123,154) – деген пікір ұсынды. Алты Чуб соғдақтар қытай ұлы қорғанының ішінде қоныстанған. Ал Чу өзені Жетісуда. Ойлап көріңіз, бұл жорамалда ешқандай негіз жоқ. А.фон. Гавен В.Томсеннің аудармасы мен түсініктемесін қабылдай отырып, «Алты Чуб» «бір халықтың бөлігі» болуы мүмкін (249.308) деген пікір айтты. С.Е.Малов: «Шесть владении народа согдийцев» (97.90) десе, С.Г.Кляшторный «Соғдақ – елдің аты емес (əкімшіліктің, иеліктің аты емес), соғды халқының аты» деп (62.79) тұжырым жасады. Соңғы жылдары «soγdaq» этнониміне ғалымдар басқаша түсінік бере бастады. Санкт-Петербург ғалымы Л.Тугушева «soγdaq» этнонимі соғды халқының аты емес екенін дəлелдеді. Байырғы түркі мəтіндерінде соғды халқының «soγdаq» этнонимінің -аqжұрнағы түркі тілдерінде кемсітуді (пейоративности) білдіретінін нақты деректермен дəлелдеді. Сөйтіп Л.Тугушева байырғы қытайлықтар өздерінің солтүстік батыс шекарасының сыртында мекендейтін көрші көшпелілерді «ху» (варвар) деп атайтынын ескерте отырып, байырғы түркіше осы атауды soγdaq» деп атаған болуы мүмкін деген пікір ұсынады (147. 396–398). Л.Ю.Тугушева «soγdaq» сөзін байырғы

түркі тілінің грамматикалық өлшеміне сай дұрыс дəлелдеді. Алты Чуб соғдақтар мен соғдылардың географиялық орналасуы бір-бірінен тым алыста жатқанын тарихи деректермен дəлелдей отырып, Л.Тугушева бұл екі халықты бір халық ретінде қарастыруға болмайтынын ескертеді. Ал Э.Пуллиблэнка, С.Г.Кляшторныйлар қытай жылнамасында белгіленген «ху»- лардың барлығын соғдылар деп, «Қытай империясының ішіндегі Ордос, Шэнсидегі хулар осы соғдылар. Ордос, Шэнсиде соғдылар тобымен мекендеп (Согдийская колонизация) саяси үстемдік еткен дегенді айтады (62;234.317–356). Байырғы түркі тарихын зерттеген ғалымдардың ішінде көшпелілер тарихын бұрмалауға келгенде бұл екі зерттеуші алдына жан салмады. Мұндай бұрмалаушылық тарих алдында үлкен күнə. Жоғарыдағы еуроцентрист зерттеушілердің уəжінің уын қайтаратын тарихи деректі кейінгі беттерге қалдырып, «soγdaq» этнониміне назар аударалық. а) «šoqu» (қаз.)-шоқу. Көбінде құсқа, соның ішінде құзғынға байланысты айтылады. Жемтікті шоқып жеу. Екінші ауыспалы мағынасы тамақты тым аздап алып отыруды «шұқып жеу» дейді. б) «šoqу». Бұл сөз теріс мағынада айтылады. Осыдан барып «šoqуndy» (шоқындықаз) сөзі туындаған. Өз дінінен шығып басқа дінге кірушілерді, өз ұлтын сатып басқа ұлтқа қызмет етушілерді қазақ халқы «šoqуndy» атап келген. в) «Soγoq» (соғақ – қаз.) – «кесел», ауыру. М.: Осының миында соғақ бар. т.т. Дəл осы мағынада «šoqаq» (шоқақ – қаз.) – «ақсақтау». Атқа, малға байланысты айтылады. Малдың алдыңғы екі аяғына кесел пайда болу, жарақаттану немесе кеуде жағына кесел пайда болу. г) «Soγoγ» (соғоғ – мон.) – «ауыру», «кемтар» деген мағына береді. д) ««Soγ» (МК.ІІ.15–9) – бір нəрсені аздап меңгеру, аздап иелену. ж) «-аq» – кемсіту, кішірейту (пейоративность) мəнін береді М.: Сабал-ақ, жалаақ, сал-ақ, салт-ақ, ақса-ақ, тайта-ақ (147.396–397) т.т.с.с. Бұл алты дəйек нені көрсетеді? «soγaq» сөзі басқаның иелігіндегі, басқаға сатылып кеткен, басқаға қызмет етуші деген мағына беріп тұр. Олай болса Ордос, Шэнсидегі бұл 6 баулы (тайпалы) оғыздар қытай шекарасының ішінде (Қытай қорғанының ішінде) мекендеп, қытайларға қызмет етіп отырған оғыздар. Олар əрі жартылай отырықшы, жартылай көшпелі. Күлтегін мəтінінде «tabγačγy bodun» (табғачшыл халық, табғачтық, соны жақтаушы, шоқынды халық) делінген. Табғачшыл (қытайшыл) болмаса оларды қолдап, қорғап Онтутуқ атты қытай қолбасшысы 50000 қолы бар бүкіл армияны жұмылдырып Қапаған қағанға қарсы тұрар ма еді. Əрине, табғачшыл болмаса олай қан төкпес еді. Міне, осы шоқындылығына байланысты «soγdaq» атанған. Олар «kendü oγuz» (коренной оғуз) болғандықтан да, Қапаған қаған өзіне қайтарып алу үшін 697–698 жылдар қытай Қатын ханы Удиге тақауыр (ультиматум) қойып, орындамаған соң тағынан тайдырған. «Алты Чуб – алты тарам, алты баулы (тайпалы)» деген мағына береді. Нағыз соғдыларды Тұй-ұқұқ мəтінінде «ašuγ ba šlyγ soγdaq – сəлделі соғдылар» (Тұй.46) деп қадап көрсеткен. КТ.І.33: 21) «Kedіmlіg» (КТ.І.33) сөзін В.Томсен «En troіsіeme lіeu monta Kedіmlіg» (249. 109) – торы аттың есімі деп оқыса, В.В.Радлов, С.Е.Маловтар «оседланного гнедового коня» (97.40) (ерттеулі торы ат) деп оқыған. Бұл сөз қазіргі қазақ тілінде «кежім» деген мағынада сақталған. Байырғы түркі тілінің -dфонемі қазақ тілінің -ж(j)- фонемімен тарихи алмасымға түскен. КТ.І:34: 22) «Jer-bajyrquu» (КТ.І.34: ІІ.4) – географиялық атау. Оңтүстік шығы сы Иньшань жотасынан батыс солтүстікте Аққу көліне (Гусиное озеро) дейінгі созылған үлкен аймақты алып жатқан Байырқу конфедерациясының (КТ.І.35,36) жері. Шамамен алғанда 105°–111° бойлық, 42°–51° ендікте орналасқан. ҮІІІ ғасырдың басында Байырқу деп атай отырып, ішінен тоғыз-оғыз, сегіз-оғыз деп бөліп атаған. Иер-байырқу аймағындағы Байырқу конфедерациясы 17 ірі тайпадан құралған (Теркін. 10) Біріккен Түркі қағанаты орнаған соң, Тур-айын қаған 749–750 жылдары қағанаттың құрылымын жаңадан жасағанда, 17 Аз-байырқуларды екі бөліп екі қанатқа орналастырған. Тоғыз тайпадан тұратын тоғыз-оғыздарды төлес-қанатқа, сегіз тайпадан тұратын сегіз оғыздарды тардуш қанатқа енгізген. Кейін тоғыз-оғыздар «керейіт» атанып кетсе, сегіз-оғыздар «сегіздер» немесе «найман» атанып кетті. КТ.І.35: 23) “Toγa” (КТ.35) сөзін бұған дейінгі зерттеушілер тастап кеткен. “Toγa” – доға, доға жасап өту, айналып өту деген мағынаны білдіреді. Бұл – байырғы əскери əдіс. 24) “Uda” – сөзін В.В.Радловтан бастап С.Е.Маловқа дейінгі ғалымдар “ұйқыда жатқанда” деп аударған (97.41). Біздіңше, дұрыс емес. Мұндағы “uda” сөзі “ұтылай қуып” (өкшелей қуып) деген мағына білдіреді. КТ.І.36: 25) “Oplaju tegdі” (KT.І.36). Байырғы түркі лексикасындағы “Oplaju” сөзін ғалымдар дұрыс түсінбей, сөйлемнің жалпы мағынасымен аударып келген. Қараңыз: С.Е.Маловта “бросился в атаку” (97.41). Oplajі – опыра. “Oplaju tegdі – опыра-жапыра шабуылдады” деп аударылуға тиісті. КТ.І.40: 26) “Alp šalčy aq at”. В.Томсен (249.111), С.Е.Малов (97.41) аттың атауы ретінде аударған. Šalčy – шалысты, желісті. Ат зар желіске салғанда адымы кеңейіп, шалысы ұзақ түседі. ”Алып шалысты ақ ат“ деп аударған жөн. КТ.ІІ.1: 27) “eb” сөзін В.Томсен «Leurs maіsons (249. 111), В.В.Радлов “Кочевки” (112.30), С.Е.Малов “дом” (97.41), А.Н.Кононов “стоибище” (71.) деп аударған. Оғыз тілдерінде (əзербайжан, ғағауз, түркі, чулым татарлары т.т.) “eb” – “үй” деген сөз (137.516). Қыпшақ тобы тілдерінде (қазақ, қырғыз, қарачай-балқар, ноғай, қарақалпақ, қарайым) “үй” деп күні бүгінге дейін атап келеді. Демек, б.з. 760 жылы орнатылған МШУ ескерткішінде де “üj” сөзі бар. Бұның сыртында Üj/üj = тур, анал. .3144; Кум, Мохир91, Кбал, Ног., Ккал., Уз.диалект Решетов Курам126, Данияров Бахмол13, сюг., лоб, вост. тюрк, ДТС623, Боровков Бад108, тат., башкурт., jü /üj – сюг., иив/ jіb – кар. т., Рш532 (Карл); ov/ou/ турк. Диал. DDF31123 (137.152–153) т.т.с.с. сөздіктер мен диалектілер де сақталған. Неміс ғалымы В.Банг, орыс зерттеушісі Е.Поливанов, А.Н.Кононов тар “eb”>üj болып өзгерген деп дəлелдеуге тырысады. Жоғарыдағы деректер мұны жоққа шығарады. Өйткені МШУ мəтінінде “Ebіne üjіnke” (ебіне үйіне) деп қосарлана қолданған. Қытайдың Таң дəуіріндегі деректер “eb қағаны” (Танхуяа) делінген. Бұған қарағанда “eb”-ті үйден де үлкен құрылым болмақ. Енді байырғы мəтіндерден дерек алайық. Kül – tegіn ebіg bašlaju qytmys = Күлтегін eb –ті бастауға қалды (КТ.І.28). – ebіηe kіrtečі sen, buηsyz boltačy sen = eb-іңе кірсейші, мұңсыз болсайшы сен (БК. ІІІ.14). – ebke tegdükіm uruš qylyp = eb-ке шабуылдадым ұрыс қылып (Оа. 2). Бұл тарихи деректер “eb” бір ғана үйден емес, ондаған, жүздеген үйден тұратынын, онда мемлекеттің жүрегі қаған Ордасы болатынын, оны қаған қорғайтынын айқындайды. Онымен қатар “eb” – іш пен сырттың шабуылынан қорғанатын орын. Осыған қарағанда байырғы түркі мəтініндегі “eb” Моңғол империясындағы “курень” екеуі бір мағына береді, əрі куреньнің аналогы. Бұл айырмашылықты В.В.Радлов сезінгендіктен “кочевка” деп аударған болуы мүмкін. Қазақ тілінде көшпелілердің бұндай құрылымын “алқақотан” деп атаған. 28) “Erür barur” тіркесін С.Е.Малов «вследствие свободы и независимости» (97.41) деп аударған. Сөйлемнің жалпы мағынасына сай келмейді. Бұл тіркесті “бірде еріп, бірде кетіп” деп аудардық. Бірде еріп, бірде кетіп, толқып жүріп жауласқаны туралы сөз болып отыр.

КТ.І.3: 29) “Eіteber” – лауазым. Елді ел етуші, елдің (тайпаның) басын құраушы көсем. “tebe” – түйе. -rетістіктен туынды қимыл етістігін тудыратын жұрнақ. Бұл арада -rжұрнағы зат есімнен етістік туындатып тұр. Олай болса, “eltebe” – елдің жүгін көтеруші, елді ел етуші деген мағынаны білдіреді. Осы мағынада айтылатын фразеологиялық тіркестерді қазіргі түркі тектес тілдерде көп кездестіреміз. “Елдің жүгін ер көтерер, ердің жүгін нар көтерер”, “нар жігіт” т.т.с.с. этнопсихологияға байланысты қалыптасқан болуы мүмкін. КТ.ІІ.4: 30) “Teηrі Jіr bulγqyn üšün jaγy bolty” сөйлемін В.Томсен: “Comme іl y avіat bouleversement qu cіel et terre іls devіnrent (nos) ennemіs” (249.112) = көк пен жер арпалысқандықтан (бізге) жау болды, – деп оқыды. С.Е.Малов: “...так как небо и земля пришли в смятение, он стал нам врагом” (97.42) – деп оқыды. Сөзбе-сөз аударғанда бұл екі зерттеушіге айтар уəж жоқ. Егер байырғы түркі дүниетанымынан қарайтын болсақ, бұл аудармадан ештеңе түсінбейміз. Неге көк пен жер толқып бүліншілік жасайды. Олар неге арпалысады? Бұл арада – “teηrі” – жай ғана көк аспан, “Jer” – қарапайым қара жер болып аударылған. Тіпті де олай емес. Мұндағы “Teηrі” дүниені жаратушы, құдіреті күшті бір Тəңір – бір ғана құдай. Ал жер – Ұмай Ана. Міне, осы тұрғыдан алып қарасақ, дұрысы “Тəңір мен Жер киесіне ұшырағандығы үшін (бізге) жау болды”. 31) “Toγu -balyq” – “Toγu[1]-balyq” – Тоғул қаласы (КТ.ІІ.3). Моңғолия Республикасының астанасы Улан-батыр қаласының батыс жақ шетінде Сонгин деп аталатын шатқалдың батыс жағындағы шыға беріс алаңқайда Тоғул кентінің орны бүгінге дейін сақталған. Біріккен Түркі қағанаты құлағаннан кейін (б.з.744 ж.) Моңғол империясы құрылғанға дейін бұл Тоғул кентінде керейіттердің кіші хан ордасы орналасқан (114.127). Мұсылман жылнамаларында Керейітханның Тоғул бойындағы кіші ордасы Харауын-жидун (114.І.127), Шығыс нерратив деректерінде (МҚШ. §104,164) «Торғулун хартун» деп белгіленген. Бұнда ХІІІ ғасырда Оң-ханның кіші ордасы болған. Шыңғыс хан керейіттерді талқандағаннан кейін Хан ордасын осы Тоғул кентіне көшіріп алып келген. Содан бастап Тоғул кентінде моңғолдар мекен ете бастады. КТ.ІІ.6: 32) “Іgіre” (KT.ІІ.6). В.Томсен – “бетпе-бет” (249.112), С.Е.Малов “прес ледовать, окружить?” (97.42,363), – деп аударады. Біздіңше, мұның екеуі де қате. “Іgіre” сөзінің бүгінгі түркі тілдеріндегі қолданысын табу қиын емес. Екі -іфонемінің ортасындағы -ғфонемі түсіп қалып, қазіргі қазақ тілінде “иіре” деген етістік түрінде қолданылып жүр. Бұл тіркестегі “іgіre toqydym – иіре жауладық” (қоршап алып) деп аударылады. “Иіру” – қоршап алу деген мағына береді. КТ.ІІ.7: 33) “Türük bodun adaq qamšatdy”. Сөйлемді В.Томсен “Le peuple ture tombaіt de tatіgue et se demoralіsaіt” – “түркі халқы шаршағандықтан, аяғында көңілсізденген еді”, – деп аударған (249.112). Ал С.Е.Малов: “Тюркский народ дал ослабеть (своим) ногам и был готов оробеть” (97.42) – деп аударған. “Adaq” – аяқ, аяғында, соңында деген мағына береді. “Qamšatdy“ – қарсылық, қарсыласу. Сондықтан біз “Түркі халқы соңында [күшті] қарсылыққа тап болды”, – деп аудардық. KT.ІІ.9: 34) “Ögsіz” – анасыз, енесіз. ög – ана (Ths.ІІ93. ІІ53; TT. VІ63; KP.115; Maн. І. 1317; ДТС.378). ögsіz – жетім. KT.ІІ.13: 35) “Baryq” – шіркеу (храм). В.Томсен – “edіtіce” (здание) (249.114), В.В.Радлов – “здание [надгробие]” (112.37), С.Е.Малов – “здание [т.е.храм?]” (97.43), А.Н.Кононов – “жилище” (71.130), С.Г.Кляшторный – “храм” (64.238–255). Бұл сөздің екі мағынасы бар: a) baryq – храм, өлген кісінің басына қойылған белгі, кесене; б) baryq – қорғаныс дуалы (қараңыз: 120. 130–131). Күлтегін, Білге қаған киелі орындарына қазба жұмысы жүргізілген кезде барықтың (храм) орны анықталып, план суреті сызылған. Барық (храм) қабырғалары қос қабат болған. Күлтегін барқынның сыртқы қабырғасы 10,4 х 10,8 м, ішкі қабырғасы 7,55 х 5,7 м, қабырға қалыңдығы 65 см болған. Толық мəліметті сипаттамаларында көрсеттік (127. 148–154). 36) “bedіz” – бедер. В.Томсен (249.114), Х.Н.Орхун (232.28), В.В.Радлов (112.37) “украшение”, “bedіztі – украшать, наряжать” деп аударған. Түпнұсқа мəтінге жүгінелік: “baryq іtgüčі, bedіz jaratyγma bіtіg tas іtgüčі” – барық (храм) тұрғызушы, Бедіз жаратушыма, Бітіг тас (ұстын) ұрғызушы . . . . (KT.ІІ.3) – делінген. Жарату – қолдан жасап шығару деген мағына береді. Оны қалай жасатқанын “bedіz urturtum – bedіz тұрғыздым” (КТ.ІІ.13) – дейді. Түпнұсқа мəтініндегі осы логикаға сүйене отырып “bedіz” сөзін “бедер” деп аудардық. Тасты қашап ою-өрнек салу мүсін қашау сияқты етістікті “bedіztі” деп берген. 37) “bіtіgtaš – жазу тас-ұстын”. 38) “čyqan” – жиен (MK.І.402). 39) “joγ” – жетісін, қырқын, жылдығын белгілеп өткізіп ас беру жосыны (MK. ІІ.143). Мəтінде “Күлтегін қой жылы [тоғызыншы айдың] он жетісі күні дүниеден өтті. Тоғызыншы айдың жиырма жетісі күні жосын жасаттық”, – дейді. Ол замандағы түркілердің түсінігі бойынша адамды мүлдем жерге көмбейді. Оның жаны ұшып кетеді (učdy), тəні (денесі) қоңыр жерде = (jaγyz jer) қалады. Сондықтан “Ұрпағы, халқы келіп, аруағына сыйынатын орын – барқын (храм), аңырын (мүсінін), бітіг тасын (ұстынын) келесі мешін жылы жетінші айдың жиырма жетісі күні “парықтап алқадық” деп сыпайы жазады. “Аяқтадық” деп отырған жоқ, аруаққа алқадық (alqadymyz) деп жазады. Ал “joγa” деп тəу ету кешенін атаған. 40) а) “teηrі teg teηrіde bolmys” – Тəңір текті Тəңірден болған (КТ.ІV.1); “teηrі teg teηrіde jaratmyš” – Тəңір текті, Тəңір жаратқан (БК.І.1) деген сөйлемдерді В.Томсен – “(Moі) quіressemble au cіel, … venu ducіel” (250.114), В.В.Радлов – “Подобный Небу (как-бы) из существа Неба (Бога) выделившийся” (112.37), С.Е.Малов “Неподобный, неборожденный (97.33)” – деп, қай-қайсысы да “teηrі teg” тіркесін “Тəңір іспетті” деп Білге қағанды Тəңірге теңеген. Əңгіме Күлтегінді аспанға теңеуде болып отырған жоқ. Əңгіме Күлтегіннің Тəңір текті, тəңір жаратқандығында болып отыр. Осы этнопсихологияны еске ала отырып, біз “Тəңір текті, тəңірден жаратылған” деп аудардық. б) Орта жəне Орталық (кіндік) Азия көшпелілерінде хан тұқымын нұрдан жаратылған деп уағыздау байырғы замандардан қалған. Рашид-ад-Диннің “Жамиғ аттауарих”, Моңғолдың “Құпия шежіресін”, Абул-ғазы Баһадурдің “Түркімен шежіресін” қараңыз. “Нұр”-ды тəңір жібереді. Ата-Мəлік Жувейниде Тəңір жіберген нұрдан, адамды былай қойып, Жер-ана екіқабат болған (13.84–95). Осы ұғым көк түріктерде “Тəңірден болған”, “Тəңір жаратқан” делінген. 41) “Bu ödke” – бұл заманда, бұл уақытта. В.Томсен, В.В.Радловтар дұрыс аударшатастырып жүр. 42) “eb іrkі” деп транскрипцияладық. В.Томсен “bіrіkі uγyšym” деп транскрипция жасап, “…tous ensemble, membres de me roce” (бүкіл тайпа мүшесі) (249.114), В.В.Радлов “bіrkі uγyšym” деп транскрипциялап, “мои вассалы” (112. 37), С.Е.Малов “bіrkі oγyšym” деп оқып, “Союзные мои племена” (97.33) деп аударған. “bіrkі = onsemble” деп В.Томсен біріккен, ынтымақтасқан, жиналған деген мағынаны түсінген. Ал В.В.Радлов “bіrkі” деп, оқыған сөзін аудармай тастап кеткен, С.Е.Малов В.Томсеннің аудармасын қабылдай отырып, ауыспалы мағынада “одақ ”деп аударған. Бұлардың қай-қайсысы да дұрыс транскрипция жасай алмаған. Біз “eb іrkі oγyšym” деп алғашқы “bіrkі” сөзін екі сөз ретінде танып отырмыз. eb – курень, іrkі – жиналған (MK.І.238,254). Олай болса, “ебке жиналған иеліктерім”, “Ебтегі (куреньдегі) иелік-

терім” болып аударылады. Ол заманда түркінің Білге қағанында қанша еб (курень) бар екені бізге беймəлім. Шыңғысханның өзінің ордасының маңында 13 курень болған. Бұл арада Білге қаған да сөзін ондаған еб = куреньдегі халқына арнап тұр. Oγyšym= иелік (вассал) екенін В.В.Радлов бірден дұрыс аударған. Oq = oγyšym = иелік. жиналып келу деген мағынаны білдіреді. б) “іčrеkі”. В.Томсен (“еn dedans deсe, dans cette etendue”) (249. 115), В.В.Радлов бұл сөзді аудармай тастап кеткен, бүкіл сөйлемді “повсюду народ покорно смотрит на меня” (112.37) – деп, С.Е.Малов: “...(этих пределах) живущие (букв. находящиеся внутри) народы – все мне подвластны” (97. 34) деп аударған. Жоғарыда үш ғалым да “Kürür”, “іčrеkі” деген сөздердің мағынасын таба алмаған. “іčrеkі” – сөзбе-сөз аударса, “ішкі” деген мағына береді. Демек, байырғы түркілер Ордаға бағынышты иеліктерді, тайпаларды “іčrеkі” деп атаған. Бұл, біздің түсінігімізше, “Орталық”, “Ордаға қарастылар”. Дəлелі: “teηrіde bolmys el etmіs bіlіge qaγan іčrеkі boduny aldymyš – Тəңірден болған Ел-етміш Білге қаған ічрекі халқын алды“ (Теркін. 21) – дей келіп, ары қарай Орда маңындағы ішкі əскер басын Іш-Бұйрық деп атап, одан əрі əскери шен, лауазымдарды бір-бірден анықтаған. Мұндағы “ічрекі bodun” деп іштегі, Ордаға қарайтын халықты айтып отыр. Осы дəлел – деректерге əрі көшпелілер этнопсихологиясына (Хан Ордасының адамдарын “ішкі” деп атаған) сүйене отырып, “іčrеkі” сөзін “Ордалық” деп аудардық. Осы жолдағы “…anda іčrеkі bodun quup maηa kürür – сол Ордадағы халық бағынып менің [қол астыма] жиналды” деп аударылды. KT.ІV.4: 44) a) «Ötüken jуšqа jіg іdі joq ermіs». В.Томсен: «Dans la foret d’Etuken іls n’ avaіent pas de…» (249.116), В.В.Радлов: «жили Голубые Турки, не (имевшие) правящих знатных родов» (112.17), С.Е.Малов: «(Во время этих походов) в Отюкенской черни не было хорошего (т.е. настоящего) владыки» (97.34) деп аударған. Біз «Өтүкенжынысында игі (жақсы) ие жоқ еді» деп аудардық. б) «Jyš» сөзін қазақшаға Күлтегін мəтінін бұған дейін аударған М.Жолдасбеков (47.30), Ғ.Айдаровтар (3.168–183) «орман, тоғай» деп алған еді. Біз бұл жолы контекстегі өз атын өзгертпей, «жыныс» деп алдық. Ötüken jyš – Өтүкен жынысы. «Қалың жыныс» деген сөз қазақта қазір де бар. деп транскрипцияласа, В.В.Радлов: «öjür» (112.38) деп оқып, «знакомилось» (танысқан) деп аударған. Түпнұсқада: MK. Ташкент аудармасында – байлану, қадалып кіру, қосылу (MK.І.266.225). Қазіргі қыпшақ тілі тобында – «үйір». Біз мəтін логикасына ең жақын «үйір» – жақындасу, еті үйрену деген мағынасымен алдық. KT.ІV.6: 46) сөзін В.Томсен «bіsukіηe» деп оқып, «. .de sa race et de son people» (249.116) деп аударса, В.В.Радлов аудармай кеткен. Байырғы түркі сөздігін жасаушылар: «Родственники(?)» деп аударып, ол сөз ираннан енген дейді. (ДТС.103). Күлтегін мəтініндегі сөйлемнің логикасына, ондағы сөзжасам (лексика) тəсіліне сүйене отырып, қыпшақ тілі тобының beüuk (бесік) сөзі екеніне көз жеткіздік. bečük – бесік. «bіr kіsі jaηylsar oγušy boduny bеsükіηe tegі qytmyz» деген сөйлемді «Бір адам (көсем, ел басшысы) жаңылса (қателессе), бесігіңе дейін (ұрпағына, оның ұрпағының ұрпағына дейін) зардап шегеді», – деп аудардық. 47) а) «Üleskіη». В.Томсен «üleskіη» деп оқып, «бөлу, бөлік, үлес» деп аударған. (249.38). В.В.Радлов «ölüskіη» деп оқып, аудармай кеткен. (112.39). С.Е.Малов жынысының оң жағы Төгүлден бергі жазық (даласы)» деп аударылады. шетіндегі жас өскіндер. Бұл арада жер атауы ретінде қолданған. в) Сарыөзеннің екі жағындағы қолтықты (Сарыөзеннің мүйістеніп келетін қолтығының шығыс жағы. Өзеннің шығыс жағындағы Баодэ Хэңюи, Ляньгуань, Циньшуй, Оңтүстік бет жағындағы Фугу, Цзясянь маңы) түркілер «Чуғай-құз жынысы» деп атаған. Табиғаты ғажайып, жердің жаннаты. Бұл жер үшін сонау Хунну заманынан бері қытайлар мен түркілер б.з. 702–710 жылдарға дейін мың жыл бойы шайқасып, таласып келген. KT.ІV.11: 48) «Böd» В.Томсен, В.В.Радлов, С.Е.Маловтар «тақ» (249.118; 112.40; 97.35) деп аударған. Тура «тақ» (хан тағы) мағынасына келмейді. Ю.А.Зуев «böd» сөзінің байырғы этно-қолданыс аналогтарын жан-жақты қарастырып, ежелгі түркі этно-мəдениетіне талдау жасап (55.47–57), негізгі сипаттамасын анықтаған. Біз Ю.А.Зуевтың осы ұсынысын дамытуды жөн көрдік. а) «Esіr». Сонау Хунну заманынан Хан тағын «esіr» деп атаған. Қытайдың Хан патшалық дəуірінде «esіr»-ді «Ху чуан» деп атаған. (140.57, 245). Байырғы түркі мəтіндерінде «esіr» (Тұй.60,62). «Хучуан» деп аталатынын, бұл орындықтың жиналмалы боп келетінін қытайлар толық сипаттап жазған. Түркілер шығысындағы ұлы көршісі қытайлықтардың қағанатты атау, қағанатқа ат беру салт-дəстүріне еліктеп, солардың ерекшелігіне бейімдеп пайдаланған сияқты. Қытай тарихында Лиу əулеті Хань патшалығын (Ханьский дом) б.з.д.206–б.з.220 жж.), Цау əулеті Вэй патшалығын (б.з.220–280 жж.), Сы-ма əулеті Цзинь (Жин) патшалығын (б.з.265–420 жж.), Лиу əулеті (бұрынғы Хань ұрпақтары) Сұң патшалығын (б.з.420– 479 жж.), Тоба əулеті Тоба-Вэй патшалығын (б.з. 386–534 жж.), Юань əулеті Шығыс Вэй патшалығын (б.з.534–550 жж.), Янь əулеті Сүй патшалығын (б.з. 581–618 жж.), Ли əулеті Таң патшалығын (б.з. 618–907 жж.) билеген заманда жаңа өкімет орнатып, патшалықтың атауын өзгертіп отырған. Міне, осы дəстүрдің байырғы түркілерде де болғандығының бірден-бір айғағын Тұй-ұқұқ мəтінінен көреміз. Онда қыпшақ тайпалық бірлестігі Түркі қағанатын билеген дəуірде (Бұмын заманынан бұрын б.з.254–744 жж.), бес жүз жыл бойы (МШУ.І.4) «Türük-esіr» – Түркі тағы (Түркі патшалығы) атанса, оғыз тайпалар одағы билеген дəуірде «Ұйғыр» – Біріккен түркі қағанаты аталып келген. Сондықтан «böd» атауын «тақ» деп аударуға келмейді. б) Ю.А.Зуев көрсетіп отырған аңыз-деректерге (22.І.231), оның аналогтарына жəне ол жасаған талдауларға сүйене отырып, «bоd – teηrі» (қыт. – «Бо-дининли») төңірегінен «böd»-тың мағынасын, орнын ізделік. – Қытай деректерінде – түркітердің қасиетті тауы «bоd – teηrі» (бо-дининли) БодТəңірі (22.І.231); – ХІ–ХІІ ғасырлардағы ұйғыр деректерінде – «bоd-qаjа» – Бод-шыңы (жартас); Рашид-ад-Динде – «Qut-taγ» құтты [қасиетті] тау; – Ата-Мəлік Жувейниде – «Qut-taγ»; – Абулғазы Баһадүрде – «Qut-taγ»; – Орда-балық ұстынындағы қытай мəтінінде – (б.з. 832 жылы орнатқан) Бут “кит. b’іuat “(53.49); – Венгриядағы түркі жер атауында (ХVІ ғ.) – Будвар=Будвар. Іші-сыртын аңызбен аптап, қиялмен көмкерген жеті түпнұсқадан жоғарыдағы Жеті мəйек-деректі сүзіп алдық. Бұл мəйек-дерекке қарағанда, «bоd» немесе «qut»

атты қасиетті тау бар. Ол таудың киесі (иесі) – Бод. Оны байырғы түркілер «БодТəңірі» деп атаған. Бұл ұғым – Байырғы түркілердің жер-су киесі (иесі) Ұмай-ана іспетті таудың киесі. Байырғы түркілердің дүниетанымы бойынша тау – аталық əулетінің, жер-су – аналық əулетінің орны. Аталық əулет Тəңірдің (нұрдан) жаратылған. Тəңірден жерге жіберген елшісі – Бөд/Бод. Бұл бір ғана таудың киесі емес, адам баласын тəртіпке салып, қоғамды басқарып отыратын тақтың (трон) киесі. Бөгу (тəңірлік) діннің «екі негіз» (амал мен білік) дүниетанымының жүйесі бойынша алып қарасақ, böd/bod – тақ киесінің атауы екен. в) Қытай түпнұсқаларында көрсеткен дерек рас болса, аталған тау қазір де болу керек. Ол, шамасы, Қарақорум қаласы, Хангай тау жотасының ортасына орна ласқан. Бүгінгі Хангай тау жотасын түркілер Өтүкен деп атаған. Қытай дерегі бойынша Өтүкеннен батысқа қарай 500 ли (250 км) жерде «Бöд-тенгир» (Бо-дининли) орналасқан (22.І.231). Хангай жотасының батыс жағындағы тау сілемдері үзіліп біткеннен кейін тура батысқа қарай 230 шақырым жерде Көк-Қайырхан (мон. Хөххайрхан) тау жотасы бар. Осы маңдағы тұрғын халық сиынып, табынатын «қасиетті» деп аталатын «Тау Тəңірі» Көк-Қайырхан жотасының оңтүстік-батысындағы Дөвөнті деп аталатын таудың маңында. Дөвөнті тауының батысында атақты «Гурван мандал» (үш күмбез) тауы бар. Халық осы үш емшек «Үш күмбез – Ғұрван – Мандал» тауына сиынады. Бұл Баянхонгор аймағының Бу-цаған сұмының (өлке) жері. Осы таудан Р.Бямба, С.Дашцэмбэл байырғы түркі жазуын тапқан. «Ғұрван – Мандал» деп аталатын таулардың ұшар басы тегіс. Үшеуінің үстінде де ортасы шұңқыр тас бетінің суреттері мол қашалған. Ортаңғы жəне Шығыс күмбез таулардың басында байырғы түркі жазуы бар. 2002 жылы қыста осы тауда екінші рет болып, тас бетінің суреттерін толық түсіріп алдық (Қ.Сартқожаұлы). Бұл маңды жазда ешкім жайламайды. Жергілікті халық сол таудың оңтүстік-батыс жағындағы Мандалын-ғолдың (өзені) жағалауында болады. Сол жердегі тұрғын халықтың тарихи аңыз, əңгімелері бойынша бұрынғы уақытта Ғұрван-Мандал (Үш Күмбез) тауының аты Хутагт-Хайрхан (ҚұттыҚайырхан) болған. Кейін таудың формасына қарай «мандал» (күмбез) аталып кетіпті. Хутагт (мон.) байырғы түркіше «qutluγ» «qut» деп аталады. Халық бұл үш тауға сиынып, ақтық байлап, сүт шашып келеді. Үш күмбез таудың биіктігі алыстан бірдей болып көрінеді. Таудың басын əдейі қырқып əкеткендей, алыстан теп-тегіс көрінеді. Вулкан атылуынан пайда болған вулкандық базальт тастар. Осы үш таудың солтүстік етегінде мүсінтас бар. Тас бетінде əр алуан суреттер, 100-ге жуық байырғы тайпалар таңбасы қашалған. Оның ішінде Көк Түріктер рəмізі болған «серке» таңба, Оғыз тайпасының бас таңбасы, Біріккен түркі қағанатының рəмізі – өгіз (сиыр) таңба; Ұлу таңбалар, біріккен қағанаттың ай таңбалары сызылған. Тас бетіндегі суреттерде дүниенің төрт бұрышы бейнеленген текше шаршы; Бөгү (тəңірлік) дінінің барық (храм) суреті; басына сəукеле кигізіп, сəукеленің ұшар басынан жалын лапылдап жанып тұрғандай етіп суреттелген екі қабат Ұмай-ана бейнесі салынған. Ұмай-ана екі қолын кеуде тұсына қойып Тəңірге тағзым етіп тұр. Ұмай-ана бейнесінің оң жағында үш тілді хан тəжінің суреті сызылған. Жанына хан тəжін қатар қойып сызуы, қаншама тəңір текті нұрдан жаратылса да, хандар мен қағандардың Ұмай-ана құрсағынан шыққанын аңғартқандай. Ең ғажайып сурет – барық, əлем ағаш жəне əлемнің төрт бұрышын меңзеген суреттер. Бұл суреттер – Құт-тағ (Ғұрван-Мандал) тауының ежелгі дəуірден бермен қарай қасиетті аталып, халық сиынып келгенінің бір айғағы. (Қараңыз: Ғұрван-Мандал жартасындағы 1, 2, 3-суреттер) Тағы да бір таңғаларлық сурет – Қытай нұсқаларындағы (Ху чуан» (оғыздар тағы) аталған тақтың тас бетіндегі сызба суреті. «Құт-тағ» атты киелі тауда хан тағының суреті қалған. Қытайлар байырғы түркілердің аңыз əңгімесі бойынша көрсетілген таудың атын, оның жерін дəл көрсеткен. (Қараңыз: Ғұрван-Мандал жартасындағы №4 сурет) (126). Жоғарыдағы деректер, талдаулар, аңыздар bцd/bod атауы тау киесі, тақ киесі екеніне дəлел бола алады. сөзді, сөйлемді; kіs+іg=kіsіg (адамды); nom+uγ (ғылымды, білімді); ler/lar – көптік жалғауы. gü/γu – тəуелдік жалғауы. eblergü – ебтеріңмен бірге. бағынышты (ынтымаққа) ебтеріңмен бірге сіздер қателік жасайсыздар» деп аударуға болады. KT.ІV.12: 49) Күлтегін мəтінінде деп кескіндеген сөзді бұған дейінгі зерттеушілер «tašyn» деп транскрипциялаған еді. Бұлайша транскрипция жасағанда «tаš» (тас) деген сөзді қайталайды. Əрі байырғы қыпшақ фонетикасына соншама дəл келмейтінін ескеріп, біз «tysyn» деп оқып, «тысын» деп аудардық 50) «Adynčyγ» – орта ғасырлық деректерде аdyn, аdynčyγ – басқаша, өзгеше (QBH.7223; Usp.10812; TT.ІІІ68; QBH.17227;) деген мағынаны білдірген. Күлтегін, Білге қаған мəтіндерінде осы сөзді В.В.Радлов, В.Томсен бояу, өңдеу деп аударған. Бұл арадағы мағынасы – «сурет». Өйткені Күлтегін, Білге қаған, Тұй-ұқұқ кешендеріндегі барықтың іші-сырты сыланып, үстіне суреті салынған. Іші-сыртына сурет салынғаны туралы қытай деректерінде де жазылған (22.І.277). Мұндағы Bedіz – бедерлеу, bіtіg tas – ұстын, aηyr – мүсін екені жоғарыда айтылды. Ал adynčyγ=сурет. Adyn, adynčyγ сөзінің негізгі мағынасы «басқаша», «өзгеше», «ерекше». Бұл «сурет» сөзінің орнына қолданылған. Суретші қандай бір кескін, сурет салғанда ол заттың өзгеше, басқаша нұсқасын дайындайды. Ол заттың табиғи өзі емес, сондықтан түркілер «басқаша», «өзгеше» деп атаған. Осы сөз ерте орта ғасыр дəуірінде «сурет» деген сөздің орнына қолданылған. KT.ІV.13. 51) «Atysy». В.Томсен – «cousіn» (жиен) (249.119), В.В.Радлов – «родственник» (туысы) (112.41), С.Е.Малов «внук» (97.36) деп аударған. Түркі халықтарында балаларын ұстаз жалдап үйде оқыту дəстүрі болған. Сол салт-дəстүр бойынша баланың ұстазы оған «аталық» болады. Ал Кавказ халықтарында, соның ішінде кабардин, балқар, адыгей, черкестерде, бала туа салысымен (жоғары топтың адамдары) өзі іспеттес немесе өзінен бір саты төмен адамға беріп жіберіп асыратып, тəрбиелетіп алатын болған. Бала сол отбасында 7–12 жасқа дейін болып, тəрбиеленіп, сонан соң туған отбасына қайтарылатын болған. Міне, сол асырап, тəрбиелеп берген ата-анасы «аталық» делінген (67.41–42). Түркі халықтарының осы тарихи салт-санасын ескере отырып, байырғы түркі лексикасындағы «atysy» сөзін «аталық» деп аудардық. Өйткені Иоллығ-тегін – Күлтегіннің, Білге қағанның ұстазы. KT.ІV.14. 52) а) Күлтегін қайтыс болған соң оның алтыны, күмісі, ақығы (асыл тас, қазына), дүние-мүлкі, төрт мың жылқысы, қарасы (сиыр, түйе) түгелдей халқына таратылып берілген. Қазақ халқы қартайып өлген адамның киімін туған-туысына таратып береді. Өлген адамның артынан жыртыс таратады. Осы жора-жосын сонау байырғы түркілерден бері жалғасқан. Байырғы түркілердің қора-қора қой, алтын, күміс, асыл қазына, жылқы, сиырын тарататын салт-дəстүрі мыңдаған жылдар бойы үзілмей сақталып, өзгере-өзгере қазақта соның жұрнағы ғана қалған. Ал артында қалған Бегім, тегіндеріне «tеηrі-boluča – Тəңір болысады» деп түсіндірген (KT.ІV.14) . б) «Tujγut» tujγun=тұйғын. -t – көптік жалғауы. Алғашқы түркі қағанаты заманында сарбаздарды «börі – бөрі» деп атаса, Екінші түркі қағанаты заманында алғы шептегілерді «tujγun~tujγut» деп атаған. Тұйғын – шапшаң ұшатын құс. Осы

тұйғын құстың суреті Күлтегін тəжінің маңдайында, Көшө-Цайдам ІV.V кешендерінің шарбақтастарына қашалып ойылған. (Қараңыз. Қосымша суреттер, Көшө-Цайдам. ІІІ.V). KT.ІІІ.1–3; 54) «Ču kelürtі». В.Томсен – «.. [uγ]örtі» (249.121), В.В.Радлов – «.. örtі» деп транскрипция жасаған. Басқы бір сөзден кейінгі 4 əріп жақсы көрінбейді. Біз бұл əріптерді линз лупамен қарап отырып əрең дегенде көшірдік. Ču – қазіргі қазақ тіліндегі «шу». Мағынасы «шулау», «шуылдау». Олай болса жоғарыдағы тіркес «шу көтерілді» деп аударылмақ. Бітіг тасқа (ұстынға) неге «quurydan ču kelürtі» – солтүстіктен шу көтерілді? – деп жазған. Солтүстік терістік бағыт – жамандық пен жайсыздықтың символы. Солтүстікті оңтүстік демей, терістік деп атауы содан. Мүмкін, əйелдердің терістік жақта отырып дауыс көтеріп, жоқтау айтатын салты ол заманда да болған болар. Бұл арада əңгіме жоқтау туралы болып тұр. Осы сөйлемді оқығанда көз алдыңызға үйдің немесе хан Ордасының сол жақ босағасында отырып даусын шығарып, жоқтау айтқан əйелдер елестейді. Осылайша жоқтау айту қазақ халқында бүгінге дейін кездеседі. 54) «[aj]tyγ [na]» сөзін В.Томсен: «anuq[.]qa» (249.121), В.В.Радлов: «jertе» (112.44) деп транскрипциялаған. Тас бетінде алғашқы бір əріп, одан соң үш əріп бар, одан соңғы екі əріп өшіп қалған. Біз бұл сөзді [aj]tyγ [na] – бұйрығымен деп оқыдық. «Bіlіge qaγan інім Күлтегінге күзет қойылды» деп аудардық. Күзет жасағының басшысы Ынанчуапа, Ярган-тархан шені берілген. Міне, осы күзет 1260 жылдарға дейін сақталған. «Күлтегін» жазба ескерткіші Қ.Сартқожаұлының «Орхон мұралары» кітабында (Астана, 2003) жарияланған мəтін бойынша дайындалып берілді. Қ. Сартқожаұлы БІЛГЕ ҚАҒАН ЕСКЕРТКІШІ БК.І.1: 1) «böd» (қараңыз: Күлтегін түсініктемесі. КТ.ІҮ.11: 47 а,б,в) 2) «[al]ty esіr»=алты (тақ). (Қараңыз: «esіr» Күлтегін түсініктемесі КТ.ІҮ.11: 47ª). В.Томсен «[…..] tіsі er» (249. 122), В.В.Радлов (112. 15), С.Е.Малов (98. 15) «[......] tysy er» деп транскрипциялап «. . . . мужи» деп аударған. Мұнда (л) əріпінен соң үш əріп эрозияға ұшыраған. Оны деп жазған. Біз бұл сөзді «[al]ty esіr» деп жаңғыртып оқыдық. Білге қаған сөзін арнап тұрған алты тақтың иелері кімдер? Қандай тайпалар? Тоғыз-оғыз, едіз жерінің күлік бектерін олармен теңестіріп ерекше атаған. Бұндағы алты тақ иелері Құтлұғ Елтеріс, Білге қағанға дейін ұлы қағанат құрмаса да, кіші хандық құрып таққа отырғандар болуы мүмкін. Олардың иелік еткендері түркі бірлігінде үлкен орны бар түркі текті тайпалар еді. Олар кімдер? Б.з. V–VІІІ ғғ. аралығында тарихқа мəлім түркі текті тайпалық үлкен бірлестіктер: қыпшақ, тоғыз-оғыз, басмыл, қарлуқ, түргеш, отыз-оғыз. Осы алтауы ғана. Осы алтауы – Түркі төрінің алтын бағанасы. Бұл алтауы бірлік-ынтымақта болса, қағанат айбарлы, қаһарлы. Алтауы араз болса, қағанат əлсіз. Түркі қағанатының көк туының астына жиналғанға дейін олардың өзді-өзінің қағанаты болған. «Алты тақ иегерлері» деп Білге қаған сондықтан да ерекше атап отыр. Осы алты кіші хандықтың ордасы не деп аталған? Таңғаларлығы соншалық, кіші ордаларды М.Қашқари «алачу» (alaиu) деп жазыпты. ХІ ғасырға дейін халық санасында қалыптасып, ХІ ғасырдың басында жазылып хатқа түскен атау. «Alaču» – кіші орда. (МК.І.136–12; ІІІ.205.16). Бұл тарихи дерек. Алты үлкен тайпалар одағы алты кіші хандық құрып тұрған. Түркілер қағанат орталығын Орда деп атаса, хандықтардың орталығын «алачу» (алаш) деп атаған. Олай болса, байырғы түркілердің осы алты тайпасы кейін «Алты Алаш» атанып, күні бүгінге дейін халық жадында сақталып қалған. Бұл атау Еуразия құрлығындағы ұлы дала көшпелілерінің ұранына айналған, бүтін оғыз, қыпшақ, қарлуқ, басмыл, он-оқ түргештердің кейінгі ұрпағы – қазақ халқының ұранына айналған. «Алты Алачу» көк түріктердің ұраны болуы да мүмкін. Ол заманда «Алты Алачу» деп ұран салып ту көтергенде, бүкіл түркі бір тудың астына жиналған да болар. Олай болса, алты есірдің (тақ) Алты Алашы көк Түркінің аналогы болмақ. Біздің бұл ойымыз əлі де тереңірек зерттей түсуді қажет етеді. begler» (249. 122) деп оқыса, В.В.Радлов: «toquz oγuz jedіnіk er, külüg begler» (112. 15) (С.Е.Малов, В.В.Радловты қайталаған) – деп оқыған. Біз осы жалғыз сөйлемді анықтау үшін Білге қаған ұстынын қайта-қайта көшірумен, алғашқы көшірмемізді тексерумен болдық. Мəтіннің бұл сөйлемі аздап эрозияға ұшыраған, əрі «oγuz» деген атаудан кейінгі «іdі» сөзінің кескінін деп оқығаннан қате кеткен. В.В.Радлов бұл əріпті мүлдем оқи алмаған. «Еdіz» сөзін В.Томсен дұрыс оқыса, В.В.Радлов соңғы əріпін деп түсініп «z» əрпін «n» əрпіне ауыстырып алған. Соңғы «jer» сөзінің кескінін В.Томсен да, В.В.Радлов та кескіні деп ұғып, «j» əріпін «k» əрпімен шатастырған. Бұрысы: «toquz oγuz іdі, edіz jer külüg beglerі...» – «тоғыз-оғыз иесі, едіз жерінің күлүг (даңқты) бектері...». БК.І.2: 4) «tustamyš». В.Томсен «toηtamyš» (249. 122) В.В.Радлов (112), С.Е.Малов «tоstamyš» (97. 16) деп оқыған. Бұл сөзді бəрі де «көрді» деп аударған. Tuš – түсу, бағытталу, көзіне көріну, көзбен, іспен қарсы алу, кездесу (QBN.3146; TT.ІІІ прим. 71; Uіg.ІІІ.368; TT.V.B). БК:І.28: 5) «Uqγaly keldі»= ұғысқалы, (келіскелі) келді. В.Томсен: «oqyγly keltі» (249. 124), В.В.Радлов: «Uqγaly keltі» (112.26), С.Е.Малов: «Uqγaly keltі» (97. 17) деп оқып, «покориться» деп аударған. Аударманың жалпы мағынасы дұрыс. Uqγaly – келісуге, ұғысуға, деген мағына береді. «Түсіп беру» мен «ұғысу»-дың арғы мəні басқа. БК.І.34: 6) «toquz-tatar» – Тоғыз-татар. Моңғол тайпасы. БК.ІІ.14: 7) «er teηü» ер теңі (ерге тең болу, сүйеніш болу, үзеңгілес болу, арқа сүйер болу). В.Томсен (249. 131), В.В.Радлов (112. 36), С.Е.Малов (97.23) «erteηü» деп транскрипциялап, мағынасын түсіне алмағандықтан аудармай кеткен. Еr-ер; teηü – теңі (Uіq.ІІ.4813; 24712;ЮгВ98; МК.ІІ.103). 8) «іč bujruq» – орданың бас қолбасшысы. Қараңыз: Күлтегін түсініктемесі КТ.І.3: 10; БК.ІV.6: 9) «Teηrі elіg ol jergerü busar». Сөйлем В.Томсен, В.В.Радлов, С.Е.Маловта мүлдем жоқ. Тас бетінде жəне В.В.Радловтың эстампажында бар. Бұл сөйлем «Тəңірлік елің ол жерге қонса» деп аударылды. 10) «busar» – түсу, қонақтау, қону (МК.ІІ.78;) «baγuqu» (қазіргі моңғол тілінде buuq), ортадағы -γ-дауыссыз түсіп қалып, buuq түрінде енген. -sar/ser – қозғалыс, қимылды білдіретін жұрнақ, «спускаться, сходить, слезать, высаживаться, остановливаться, рас полагаться, оседать» (Большой академический словарь, монгольско-русский словарь, М., 2001. С. 296). деп оқып, екеуі де аудармай кеткен. С.Е.Малов «bіsük» деп оқып (целые роды даже свойственников (до брачного родства)...» (97.34) деп мəтінге аударма жасай отырып, еңбектің соңына сөздігін берген де: «Потомство», «Родство» (97.34) деп аударған. Сөздігін бергенде С.Е. Малов сөйлемнің мағынасына сүйене отырып аударған. «bеšіk», «bіšіk» – бесік Uіq.І.717; МК.140.13; 254.5; 469.11). Олай болса «bеsük» – бесік деген мағына береді. Бұл сөздің ауыспалы мағынасы – «ұрпақ».

БК. ІV.14: 12) «Aηyr taš». В.Томсен «aηar adynčyγ» деп оқып, «мүсінтастар» деп аударған (249.132). В.Радлов «aηar tašyγ» деп оқып, «я велел вытесать камень» (239. 42) деп аударған. С.Е.Малов «aηar adynčyγ tasyγ» деп оқып, «я велел вытесать камень» деп аударған. (98. 19, 24). Біз «aηar tasyγ» деп оқыдық. Түпнұсқада деп қашап жазған. Қазақ тілінде ««aηуr» – аңыру, мəңгіру, мелшию деген мағына береді. Байырғы түркілер адам мүсінін осылайша «aηуr» деп атаған. «Аηуr taš» – мүсінтас «аңыр тас», аңырып қалған тас). БК. ІV.15: 13) «tatуηa» – кірмеңе. В.Томсен (249, 133), В.В.Радлов (112, 43) «tatуηa» деп оқып, «внук» деп аударса, С.Е.Малов «инородцев» деп аударған (97. 24) tat – тат (темірдің таты). Бұл алғашқы мағынасы. Осы сөз Түркі заманында кірмелердің атына айналып кеткен. Орта ғасырлық М.Қашқари сөздігінде «tatsyz türk bolmaz, bassyz börk bolmaz=кірмесіз түрк болмас, бассыз бөрік болмас» (МК.ІІ.281) деген мақал бар. «kü bergüsі» деп оқып, «вестники» деп аударған (112.44). С.Е.Малов В.Томсеннің транскрипциясын алып «небесный свод» деп аударған (97.25). Түркия зерттеушісі Т.Текин «köbürgesі» деп оқып, «дабыл» деп аударған (250. 247). 15) «eterče» – қағылса, қаққанда (МК.І.171; т.т. VІ; UіgІ.29; ДТС. 186); -er – келер шақ жұрнағы; -če – қимыл-қозғалысты білдіретін жұрнақ. 16) «saγun» – қолбасшы. Х.Н.Орхун “sіgіn” (323. 72) деп аудармай кеткен, Т.Текин «киік» деп аударған. М.Қашқариде «suγyn» сөзін тайпа басшысы деп көрсеткен (82. І.382). Дұрысы “қолбасшы” болар. Өйткені дабыл қағылғанда қолын жинап қолбасшы лар жорыққа аттанған. «Білге қаған» жазба ескерткіші Қ.Сартқожаұлының «Орхон мұралары» кітабында (Астана, 2003) жарияланған мəтін бойынша дайындалып, томға енгізілді. Қ. Сартқожаұлы ТОНЫКӨК ЕСКЕРТКІШІ Ескерткіш 1897 жыл Монғолияның орталығы Улан-Батордың оңтүстігі жағынан 36 км жерден табылды. Оны алғаш рет тауып, жұртшылыққа таныстырған Е.Л.Клеменц. 1898 жылы Тоныкөк ескерткішінің эстампажы мен фотосуреті жасалды. Сол фотосуреттің негізінде В.В.Радлов ескерткіштің ең бастапқы аудармасын жасап, баспадан шығарды. Бұл жəдігерді 1909 жылы Г.Рамстедт, 1920 жылы Б.Я.Владимирцов, 1957 жылы П.Аалто, 1959 жылы Ғ.Айдаров зерттеп, ескерткіш жөнінде еңбектер жазды. Тоныкөк ескерткішімен француз ғалымы Р.Жиро да шұғылданды. Ескерткіш кең далада орналасқан қарама-қарсы төрт қырлы екі бағана тасқа қашалып жазылған. Ескерткіштегі жазулар жақсы сақталған. Оңтүстік жақтағы бағана тастың биіктігі 1 м 70 см, ол таста ескерткіштің 1–36 жолдары жазылған. Екінші солтүстік бағана тастың биіктігі 1 м 60 см. Ол бірінші тасқа қарағанда сəл аласа. Онда ескерткіштің 37–62-жолдары орналасқан. Тоныкөк ескерткішінің жасалып, орнатылуы жөнінде түркологтар арасында екі түрлі пікір бар: олардың бірі – Мочжо /Қапаған/ қаған кезінде, екіншісі – Могилян /Білге/ қаған кезінде жасалды деген. Текстегі келтірілген фактілерге қарағанда, біз соңғы пікірді қуаттаймыз. Тоныкөк ескерткіші ҮІІІ ғасырдағы үш қағанға, атап айтқанда 692 жылы қайтыс болған Құтлық /Елтеріс/ қағанға, 716 жылы қайтыс болған Қапаған қағанға жəне 734 жылы қайтыс болған Білге қағанға кеңесші болып елеулі қызмет істеген Тоныкөк деген қолбасшыға арналған. «Əдеби жəдігерлер» сериясының 1-томында «Тоныкөк» ескерткішінің түркітанушы-ғалым Ғұбайдолла Айдаровтың қазақ тіліне аударған мəтіні оның «Орхон ескерткіштерінің тексі» кітабы (1990) бойынша берілді. С..Қорабай КҮҮЛІ-ЧОР ЕСКЕРТКІШІ КЧ.1: 1) Бірінші жолдың бас жағынан 95 см-дегі əріптер бұзылып кеткен. Содан кейін «Кüül» сөзі таңбаланған. і, с əріптерін біз жаңғырттық, онда – – дыбыстары анық таңбаланған. Сөйтіп, «Кüülі-čoryγ» болып оқылды. Г.Клосон мен Э.Трыярскийдің көшірмесіндегі «ара» деген сөзі түпнұсқада жоқ. Жоқ сөзді Г.Клосонның «Тархан» деп жазуы дұрыс емес. 2) «Ton-uquq» − Тон-ұқұқ (шен, атақ).С.Е.Малов «toηjuquq» (97.27), Г.Клосон «toηjuquq» (199.21) деп оқып, В.В.Радлов үлгісімен кеткен. Ұстынға кескіні емес, кескіні қашалған.) =n жуан (қатаң) айтылатын -«n» дыбысын -«ни»- (ηj) деп оқитын реті жоқ еді. Бойла Баға-тархан Тұй-ұқұқ дүние салған соң оның орнына «ел абызы» етіп «чықан (жиен) Тон-ұқұқ (абыз)» етіп Күүлі-Чорды көтерген. КЧ.І.2: 3) «Külі čor»; Г.Клосон, С.Е.Малов «Kulі cor» деп транскрипциялаған. 4) «Aqyryp»= құрметтеп, aγyr//aqyr=құрметті (QBN.382; TT.VІІ.40). -yp – көсемше тудыратын жұрнақ. Бұл сөзді С.Е.Малов (97.27), Г.Клосон (199.21) «qaryp» деп оқып, «қартаю» деп аударған. 5) Uluγ Küülі čor» – Ұлы Күүлі-Чор. С.Е.Малов «великий» деп дұрыс аударған. Кейін Г.Клосон, Э.Трыярскийлер «uluγ» сөзін «старший» деп теріс аударған (199.29). Бұл авторлар екінші, үшінші Күүлі-Чорларды жасанды түрде жасап шығару үшін осылай аударғаны көрініп тұр. КЧ.І.4: 6) «özlük at» – өздік ат (бəсіре). Қазақтың жанына балаған бəсіре атын ол кезде «өздік ат» деп те атаған. Атты иесі өзіне арнап ұстайды. М.Қашқариде «özlük at» (МК.ІІІ.323, 443 – Ташкент аудармасы). Г.Клосон «соғыс аты» деп теріс аударған (199.14). 7) «kedіm» – кежім. Қазіргі қыпшақ тілі тобында -dфонемі j(ж)-ға айналып «кежім» деп айтылады. С.Е.Малов, Г.Клосон екеуі де «одежда» деп қате аударған. «kedіm» − кежім (98.29; 97, 14; МК.ІІІ.228; Uіg.ІІ.4433) – аттың сауырына жабатын кілем, қымбат жабу. 8) «bökesі»=Бөкесі=Тəңірлік діннің бас өкілі, дін өкілі (Ман.ІІІ.286; QBK.3304). С.Е.Малов «kükdі» деп оқыса (97.27), Г.Клосон «tükedі» деп оқып, «совершенствовать» (199.14 ) деп аударған. Ұстында -sі – тəуелдік жалғауы. Böke=Бөгу дінінің атауы. Тəңірлік діннің бас өкілін байырғы түркілер тағы да //böge «Бөге» деп атаған. Бөге – Тəңірдің жерге жіберген өкілі. Көшпелілер түсінігі бойынша, «böke» – бүкіл ғылымды меңгерген, сол ортаның діни əрі саяси көсемі. Мұсылман дініндегі муфти, будда дінінің Хамба ламасы, православие дінінің патриархы, католик дінінің Папасы іспетті діни лауазым. Біздің «Тəңірлік дін» деп атап жүрген дінді «бөке~бөгу» деп атаған (QBK. 189.7; 368.1; 385.15; MK.ІІІ.288; Man.ІІІ.228; Suv.899).

9) Asaγyr čoluγan= асар жинаушылар, асарлап аң аулау, аңға шыққанда қауымдасып аң үркіту мағынасында. С.Е.Малов «ačyr čoluγan» деп транскрипциялап, «...со своим доблестным семейством» (97.27, 28) деп аударған. Г.Клосон «Saγyr čoluγan» деп оқып, адамның есімі деп түсінген (199.21, 23). čoluγan=čoγlan=шоғырлау, топтау, жинау. (МК.ІІ.245; МК. – Ташкент аудармасы МК.ІІІ.216–2; ар. 149–1). Čuγlan-шоғырлану, топтану, жиналу (моңғолша). Қазіргі қазақ тілінде «šolu» – шолып жинау, топтау деген мағына береді. «Asaγyr» (көне тұлға). «γ»-ның соңындағы «y» (ы) дыбысы алдыңғы «а» дыбысына бейімделіп, ХІ ғасырдың басында төменгі екі мағына берген. Онда: 1.asar − тамақ, тамақ жеу (МК.ІІІ.253–19; 261–11; ІV.42; Usp313; QBN.21511). 2.ašyγ − пайда (MK.ІV.40; І.64–5) Қазіргі қазақ тілінде «Асар (asar)» − «тамақ», «тамақ жеу» деген орта ғасырлық (ХІ ғ. бойындағы) мағынасын сақтаған. Онымен қатар «бірігіп пайда жасау», қауым дасып еңбек етіп басқаға пайдасын тигізу деген ұғымды білдіреді. Асар ерте орта ғасырдан бері жалғасып, қазақ халқының ұлттық дəстүріне айналған салт. Қауымдасып аң аулауға (Асарға) шыққан кезде аң үркітушілерді қарсыласына қарсы аттандырып шабуыл жасау ежелгі дəуірден бері Еуразия көшпелілеріне тəн құбылыс. Хунну Модун-шаньюй қауымдасып аңға шыққанда (асарлатып) сарбаздарын əкесі Тумынға қарсы аттандырып өлтірген (22.І.47). Қазақ жерінде қауымдасып аң аулауға шыққанда Жошы ханды өлтіреді. Бұл сөйлемде (КЧ.І.5.) асар жасап, қауымдасып аң үркітуге шыққан топ Күүлі-Чорға қарсы шабуыл жасаған. Күүлі-Чор қорғанып үлгеріп, шабуылға шыққан топты талқандап, адамдарын, əулетін жаулап, олжалаған. КЧ.І.9: 10) «Ab ablasar» − абаққа аңды қамап аулау; Ab − абақ (аңды қуып тығатын, арнайы жасалған, түбі тұйық ор) (МК.І.81; І.63; І.311, 425). Мұндай «аб» орын Қазақстанның Үстіртінде бүгінгі күнге дейін сақталып келген. Ab-lan − аулау (МК.І.298). КЧ.І.19: 11) edіl aqyn bіnіp=Еділ [тайпасының] ағын (ақ атын) мініп. С.Е.Малов «іgl» (97.28) деп транскрипциялап, мағынасын таба алмаған. Г.Клосон «іdіl» деп оқып, оны атқа қойылған атау деп түсініп, «edіl» сөзін сол қалпымен қалдырып, сұрау белгісін қойған. Əрине, Г.Клосон өзіне-өзі сенбеген. «Еділ тайпасының ақ атын мініп», − деп түсінген дұрыс. Өйтсе көк түркі заманында Еділ атты тайпа болғанына көзіміз жетеді. Бұл Еділ (Атилла) патшаның есімімен де байланысты болуы мүмкін. КЧ.ІІ.23: 12) «Tus bolajyn» − көмек болу, қoрған болу. С.Е.Малов бұл сөзді оқымай тастап кеткен. Г.Клосон «tus» деп оқып, «Мен армияға пайда келтірейін деп» (199.29) аударған. Жалпы түсінігі дұрыс болмағанымен, сөздің дəл мағынасын таба алмаған. «tusu» − көмек МК.ІІІ.224), «tusu kelіr» − көмекке келу (Tіs.2362). «tusu qyl» − көмек қылу (MK.ІІІ.224). 13) «Jalaηuš» – жалаңаш. С.Е.Малов «jalyηuš» деп оқып, аудармай тастап кеткен (97.23). Г.Клосон «jalηuš» деп транскрипциялап, «жалғыз» деп аударған (199.29). «jalηuš» – жалаңаш, (МК.ІІІ.384); jalηuz – жалғыз (QBK.20211). Uіg.ІІІ.4617; Rach.ІІ.3134; ДТС.229–230. КЧ.ІІ.24: 14) «Er čor»=Ер чор (кісі есімі) С.Е.Малов «.....чур» (98.28), Г.Клосон «еl čor» (199.22–23). Түпнұсқада дегеннің таңбасының екі мүйізін Э.Трыярский жақсы көре алмағандықтан деп белгілеп «еl čor» деп оқыған. Бұл, əрине, үлкен қате. Байырғы түркілер el/іl-ел атын тым киелі, қасиетті деп əспеттеп, тек қана ел басының лауазымына, шеніне қосып атайтын болған. Оның өзінде қағанатты қайтадан қалпына келтіріп, елін құрып, төрін орнатқан көсемдерінің атақ, шеніне қосып атаған. Олар: Елетміш Бұмын қаған, Ел-теріс Құтлұғ қаған, Ел-етміш Білге Турайын қағандар. Басқа қағандарға “el” атағы берілмеген. КЧ.ІІ.25: 15) «Artyγ jylqyγ іgіt[t]і» – артық жылқысын игі етті. Күүлі-Чор іспетті ұлы адамдар, қағандар дүниеден қайтқанда мал-мүлкін халыққа таратып беретін болған. Бұндай салтты түркілер “игі ету”, “халыққа аруақ игілік жасады” немесе “аруақтың игілігі халыққа тиді” деп түсінген. Түркілер Аруақтың тірілерді желепжебеуі, аруағымен қорғаудың алғашқы жолы осылай басталады, – деп түсінген. КЧ.ІІІ.27: 16) «Bentіr begіm» – Бентір бегім. Бұл Күүлі-Чордың бегімі (əйелі) болуы мүмкін. С.Е.Малов «bentez ben» деп оқып, не екенін түсінбей тастап кеткен (97.28–29). Г.Клосон «bentіz ben» деп оқып, «мен Бентір» деп аударған. Ары қарай Күүлі-чор ұстынының «бітігін мен Бінтір жаздым», – деп аударған. Г.Клосон осылайша, түпнұсқаның да, мəтіннің де қисынын түсіне алмаған. «Күүлі-Чор» ескерткішінің томға енгізілген мəтіні Қ.Сартқожаұлының «Орхон мұралары» кітабы (Астана, 2003) бойынша берілді. Қ.Сартқожаұлы МОЙЫН-ЧОР ЕСКЕРТКІШІ Ескерткіш ұйғыр тайпасынан шыққан Мойын-Чор деген ханға арналған. Жəдігерді 1909 жылы Селенге өзені алабы маңындағы Шие-Усу дейтін жерден ғалым Г.И.Рамстедт тауып оқып, аудармасын жасаған, алғаш жұртшылыққа таныстырған. Мəтіннің басында Селенге өзені маңындағы көшпелі түркі тайпаларының өмірі жөнінде айтылады, қыпшақ пен оғыз тайпалары жөнінде бірқатар құнды деректер бар. Мойын-Чор қой жылы /743 ж./ түркі ханы Озмыш тегінге аттанып, оны 745 жылы өлтіреді. Қарлұқтарға жататын үш тайпа ел қашып, батыстағы Он оқтарға қосылады. Мойын-Чор оларды 747 жылы жаулайды. Əкесі өлгеннен кейін хандық Мойын-Чорға өтеді де, елді өзі билейді. Тай білге Тұтыққа қарсы жүргізілген жорық жеңіспен аяқталады. Мəтіндегі оқиға осыған арналған. Бұдан кейін Мойын-Чор барыс жылы /750 ж./ татарларды жеңіп, чиктерге қарсы аттанады. Соғыс Кем /Енисей/ өзені маңында болып, чиктер жеңіліске ұшырайды. Осы оқиға болған жерге Мойын-Чор үлкен сарай /қорған-дуал/ жасатады. Олардың қабырғаларына қашалған жазуда өзінің жорықтары баяндалады. Мəтінде Мойын-Чордың үш қарлуқты, чик халқын, түргештерді өзіне бағындырып, оғыз жəне татарлармен қарым-қатынаста болғандығы баяндалады. 757 жылы соғдылар мен қытайларға Селенге өзені бойынан Байбалық қаласын салдырады. Жүздеген жылдар бойғы табиғат құбылысының түрлі əсері тастағы жазуларға едəуір нұқсан келтірген. Соның салдарынан кейбір таңбалар, сөздер жəне сөз тіркестері түгелімен көмескі тартқан. «Əдеби жəдігерлер» сериясының 1-томына «Мойын-Чор» ескерткішінің қазақ тіліне түркітанушы-ғалым Ғұбайдолла Айдаров аударып əзірлеген мəтіні енгізілді. Мəтін Ғ.Айдаровтың «Орхон ескерткіштерінің тексі» кітабы бойынша дайындалды. С.Қорабай ЫРҚ БІТІГ ЕСКЕРТКІШІ Орхон типті ескерткіштердің ішінде өз алдына ерекшелігі бар нұсқалардың бірі – Ырқ бітіг /тəкпірнама/. Ескерткіш ХІХ ғасырдың соңында Шығыс Түркістандағы Дунхуан дейтін жерден табылған. Оны алғаш тапқан Арнольд Штейн дейтін кісі. Ескерткіш шамамен VІІІ

ғасырдың аяғында – ІХ ғасырдың бас кездерінде жазылған. Оның негізгі мəні түс көру жəне оны жору. Басқа ескерткіштерден өзгешелігі – ол қағаз бетіне жазылғандығы. Көлемі 13,6х8 см, 101 беттен тұрады. Мəтіндегі оқиғалар қысқа жəне жеңіл тілмен түсінікті жазылған. Ырқ бітіг /тəкпірнама/ манихейлік Ісіг Санғун жəне Ите Чуқ атты екі шəкіртке арналып жазылған. Ескерткіштің ең соңғы жолдарында оның кімге арналып, қашан жазылғандығы сөз болады: «Енді сүйікті ұлдарым біліп қойыңдар! Бұл Ырқ бітіг /тəкпірнама/ игілікті. Ол барыс жыл екінші айдың он бесі күні Тайғунда тұратын тəуекелдігі Буруа-Куры шəкірттері Ісіг Санғун жəне Ита Чук үшін жаздым». Ескерткіште түркі халықтарының тарихы, өмірі, күн көру т.б. жөнінде көп мағлұматтар берілген. Бітігті алғаш рет В.Томсен – ағылшын, С.Е.Малов – орыс жəне одан кейін Х.Н.Орхун түркі тілдеріне аударып жариялады. Бұл жəдігермен И.В.Стеблева да шұғылданып, бірнеше мақала жариялады. Томда Ғ.Айдаровтың «Орхон ескерткіштерінің тексі» кітабында (1990) жарияланған мəтін еш өзгеріссіз беріліп отыр. С.Қорабай ТАРИАТ ЕСКЕРТКІШІ Ескерткіш 1967 жылы Моңғол Халық Республикасының Аранхай аймағы Самсон мекені маңынан табылған. Жазба табылған бойда оқып, транскрипция, аудармаларын жасау түрколог М.Шинэхуға жүктеледі. Ғалым жазуларды оқып, оны көпшілікке таныстыру мақсатында ескерткіш туралы бірнеше мақала жазып, 1975 жылы моңғол тілінде монография жариялайды. Ескерткіштегі айтылатын оқиға VІІІ ғасырдағы ұйғыр қағанның ең алғашқы қағаны Мойын-Чорға арналып қойылған ескерткішке ұқсас, ондағы кейбір жолдар да біріне-бірі жақын келетіндігі байқалады. Бірақ екеуі екі басқа ескерткіш. Ескерткіш уақыт өте келе, қар, жаңбыр жəне желдің əсерінен бұзылған, көптеген таңбалар /əріптер/ жойылып кеткен. Кейбір сөйлемдер мен сөз тіркестерін анықтау өте қиын. «Тариат» жəдігері жөнінде тарихшы С.Г.Кляшторныйдың жəне Ғ.Айдаровтың мақалалары газет жəне журнал беттерінде жарық көрді. Томда Ғ.Айдаровтың осы ескерткішті аударған мəтіні ғалымның «Орхон ескерткіштерінің тексі» кітабі (1990) бойынша берілді. С.Қорабай СУДЖА ЕСКЕРТКІШІ Ескерткіш Иақлақар ханға арналып қойылған. Оны 1909 жылы Г.И.Рамстедт қазіргі Моңғолияның оңтүстігіндегі Суджин-Цаван атты төбе маңынан тапқан. Ескерткіш мəтіні алғаш рет 1913 жылы – Хельсинки, содан соң 1926 жылы Ташкент қаласында жарық көрді. Жəдігер мəтіні жөнінде түркітанушылар арасында əр түрлі пікірлер бар. А.Н.Бернштам мəтіндегі Иақлақар сөзіне айрықша мəн беріп, оны ІХ ғасырдағы ұйғырларды жаулап, өзіне қаратқан қырқыз ханы ретінде қарастырады. Бұл пікірді тарихшы С.В.Киселев те қолдайды. Ал С.Е.Малов ғалымның бұл пікіріне түбегейлі қарсы. «Суджа» ескерткіші жөнінде тереңірек зерттеуді қажет ететін мəселелер əлі көп. Ескерткіш мəтіні Ғ.Айдаровтың «Орхон ескерткіштерінің тексі» кітабы (1990) бойынша дайындалып, томға енгізілді. С.Қорабай МАЙДА ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ Майда Орхон ескерткіштеріне Ихе-Асхетеден табылған 1 жəне 2-ескерткіш жатады. ИХЕ-АСХЕТЕ ЕСКЕРТКІШТЕРІ 1-ескерткіш Ескерткішті алғаш ботаник Н.П.Левин, содан соң Н.М.Ядринцев пен Д.А.Клеменц 1893 жылдары тауып, ескерткіш суреттерін В.В.Радловқа табыс етеді. Ескерткішпен алғаш рет 1897 жылы В.В.Радлов, 1936 жылы түркі ғалымы Х.Н.Орхун жəне 1959 жылы С.Е. Малов шұғылданып, мəтіндерін жариялады. В.В. Радловтың пікірінше, жəдігер Орхон ескерткіштері мəтіндеріне жақын. 2-ескерткіш Ихе-Асхетеден табылған екінші ескерткіш төрт жолдан тұрады. Мұны да алғаш зерттеген В.В. Радлов. ХОЙТО-ТАМИР ЕСКЕРТКІШТЕРІ Хойто-Тамир ескерткіштері қатарына майда он ескерткіш жатады. Ескерткіштерді бірінші болып оқыған – В.В.Радлов. Бұдан соң ескерткіштермен В.Томсен, С.Е.Малов, түркі ғалымы Х.Н.Орхун шұғылданып, мəтіндерін жариялады. Майда Орхон ескерткіштерінің томға енгізілген мəтіндері Ғ.Айдаровтың «Орхон ескерткіштерінің тексі» кітабы (1990) бойынша дайындалды. С.Қорабай АЛТЫН ТАМҒАН ТАРХАН Ғалымдардың жобалап айтуынша, ескерткіш 723 жылы қойылған. «Алтын тамған тархан» деген атауына қарағанда, қағанның қасындағы алтын таңба-мөрді ұстаушы болуы ықтимал. «Их Асгат ескерткіші», «Хөл Асгат ескерткіші», «Алтын тамған тархан ескерткіші» деп əр қилы аталады. Қазіргі Моңғолияның Бұлғын аймағы Могод сұмыны, Түлээ тауының солтүстікшығысында орналасқан. Сандықтастың оңтүстік (А1) жəне батыс (А3), шығыс (А4) үш қапталы жерге орнатылған күйінде. Ал солтүстікке қараған төртінші қапталы (А2) құлап қалған. Жазу қашалған сандықтастың екі қапталы ( А1, А2) жанартау жынысты тұнбатастан, ал қалған екі қапталы ақшыл граниттен жасалынған. Бірінші бітіктастың (А1) оңтүстік бетінде бөрік (қалпақ) киген, қолдарына аяқ ұстаған үш адамның қошқар

оюлы сырмақ үстіндегі отырысы тасқа бедерленіп көркем бейнеленген. Ортадағы кісі малдас құрып, сол қолымен белдігін ұстап отыр. Сол жақ тұсындағы кісінің қалпақ үстінде құс бейнесі мен Ашына тектілердің таңбасы қашалған. Бітіктас (А1, А2) жалпақ төртбұрышты қара көк түсті тұнбатастан жасалынған. А1 бітіктастың адам бейнеленген оңтүстік бетінің екі жиегінде бір-бір жолдан 2 жол, ал артқы солтүстік бетінде 6 жол қашалған. А2 бітіктастастың төрт жиегінде бір-бір жолдан 4 жол жазу жазылған. 1893 жылы ботаник П.П. Левин ескерткіш туралы алғашқы хабарды жариялайды. Одан 1893 жылы Н.Я.Ядринцев, Д.А. Клеменц ескерткіштің көшірмесін алады. Осы мəліметтер бойынша В.В.Радлов зерттеп, бітіктастың мəтінін орыс, неміс тіліне аударады. Одан кейін Х.Н.Орхун, С.Е. Малов, Н. Сэр-Оджав, Л. Болд жəне т.б. ғалымдар мəтіндік зерттеулер жүргізді. Моңғол археологы Н. Сэр-Оджавтың пікірінше, аталмыш сандық тастар жəне оның ою-өрнектері Күлтегін, Білге қаған жəне Тұңықұқ ескерткіш кешендеріндегі сандық тастарымен өлшемі мен ою-өрнектері ұқсас жасалынған. 1984 жылы В.Е. Войтов, С.Г. Кляшторный осы ескерткіште қазба жұмысын жүргізіп, жалпы жобасын жасады. 2001 жəне 2004 жылдары Алтын тамған тархан ескерткішіне қазақстандық экспедициялар зерттеу жүргізді. Ескерткішті қазақ тіліне Н.Базылхан аударды. Н.Базылхан «ЧОЙР» БƏДІЗ БІТІГІ Ескерткіш 732 жылы қойылған. Орхон бойындағы бітіктас ескерткіштеріне қарағанда ең оңтүстіктегі ескерткіш. «Чойр ескерткіші» деп аталады. Қазіргі Моңғолияның Дорноговь аймағында Чойр темір жол бекетінен 15 км қашықтықтағы Сансар тауындағы қорғаннан табылған. Адамның басы бейнеленген бəдіз тас алғаш үлкен қорғаннан табылған екен. Ол қорған жайлы мəлімет əзірше жоқ. Бəдіз қоңыр гранит тастан жасалынған. Бəдіздің бас тұсы анық сақталынған, одан төменгі кеуде тұсында 6 жол мəтін қашалған. Бəдіздің оң жақ қапталында екі таңба салынған. Қазір ескерткіш Моңғолия Ұлттық тарих музейінің экспозициясында сақтаулы. 1929 жылы Ж. Цэвээн Ұланбатыр қаласына музейге əкелген. Ол мəтіннің фотосуреттері мен қол көшірмесі бойынша С.Е. Малов 1936 жылы алғашқы аудармасын жариялады. Осы бойынша 1939 жылы Х.Н. Орхун аудармасын ұсынды. 1962 жылы Э.Трыярский, 1968 жылы Б. Ринчен ескерткіштің фотосуреттерін жариялап, оның сақталуы жайлы мəселе көтерді. 1971 жылы С.Г. Кляшторный, 1998 жылы О.Ф.Серткая мəтіндік зерттеулер жүргізді. 2001 жəне 2004 жылдары қазақстандық экспедициялар зерттеу жүргізді. Н.Базылхан КҮЛТАРХАН БІТІГІ Шамамен 732 жылы тұрғызылған. «Арханан ескерткіші» деп аталатын Күлтархан бітігі Моңғолияның Бұлғын аймағы, Хишиг-өндөр сұмынынан 40 км жердегі Арханан деген төбешігінің (қазір малшының қыстауы орналасқан) солтүстік-батысында орналасқан. Мəтін ұзын гранит жартасқа үшкір затпен қашалған. Онда түрік бітік мəтін 140 таңба-əріпті 3 жол бəдізделген /2,6 х 0,85 м /, төменгі тұстарында 10 таңба қашалған. Бітіктің архитектуралық өлшемі: бірінші жол 107 см, екінші жол 45 см, үшінші жол 35 см ұзын. Таңба-əріптің биіктігі 1,5–1,8 см, қашау тереңдігі 0,1–0,2 см. Сол табылған орнында сақталған.. 1966 жылы О. Намнандорж фотосуреті мен қолсызба көшірмесін əзірлесе, Моңғолия ҰҒА Тіл жəне əдебиет институтының ғалымы Х. Лувсанбалдан қағаз эстампажын алған. Бұдан кейінгі зерттеуді Е.Трыярский, С.Г. Кляшторный, С.Қаржаубай жүргізген. 2001 жəне 2004 жылдары қазақстандық экспедициялар зерттеу жүргізді. Н.Базылхан «ТЭСИЙН» БІТІКТАСЫ Ескерткіш шамамен 761–762 жылдары қойдырылған. 747–759 жылдары билік құрған Ел Етміш Білге қаған дəуірінде жазылған. «Тэсийн ескерткіші», «Ел етміш Білге Тұр-айын қағанның бірінші ескерткіші» деп аталатын бітіктас Моңғолияның Хөвсгөл аймағы Цагаан уул сұмыны Тэс өзенінің сол жағалауындағы Авдрантын хөн дий деген жерден табылған. Бітіктас қызғылтым күрең түсті граниттен жасалған. Бұл тұғырға орнатылатын төменгі тұсының сынығы. Соған қарағанда бітіктас ұзын, биік болған тəрізді. Бір қапталының бұрышында таңба қашалған. Бітіктастың аталмыш сынығында 22 жол мəтін қашалған. Оның біраз бөлігі өшірілген. Бітіктас Моңғолия Археология институтының зертхана қоймасында сақтаулы тұр. 1976 жылы Совет – моңғол бірлескен тарихи-мəдени экспедициясы кезінде С.Г.Кляшторный, С. Қаржаубай, А. Очир жергілікті тұрғын Л. Цэдэвтің айтуы бойынша тапқан. Алғашқы мəтіндік, тарихи-деректанулық зерттеулерін С. Қаржаубай, С.Г. Кляшторный, М. Шинэху жариялады. 1996–1997 жылдары Моңғолия – Жапония бірлескен экспедициясы бітіктасты мұқият зерттеген. 2004 жылы қазақстандық экспедиция зерттеу жүргізді.

Н.Базылхан ТАЙХАР ЖАРТАСТАҒЫ КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗУЛАРЫ Көне түркі жазулары Тайхар жартасқа VІ–ІX ғасырларда таңбалан ған. «Хойт Тамир жазулары», «Тайхар жартас жазулары» деп аталатын бұл мəтіндер Моңғолия, Арханғай аймағы Их-тамир сұмыны Хойт Тамир өзенінің оңтүстік-шығысындағы биіктігі 39 м Тайхар жартасында қашалған. Бұл жартаста көне түркі, қыдан, соғды, қытай, көне моңғол, манжұр, араб, тибет жəне т.б. жазулары қара, қызыл, басқа да түсті «жоса» бояумен жазылған. Мəтіндер жартастың жалпақ тегістеу жерлерінде бедерленген. Тайхар жазулары сол жартастағы орнында əлі сақтаулы. Кейіннен көне жазулардың үстіне өткен жолаушылар алуан түсті бояу лармен өз аттарын, шимай-шатпақтарын баттастырып жазып кеткен. Сол себептен көне жазулардың көпшілігі сақталып қалды деп айту қиын.

Жартастағы жазулар туралы 1893 жылы Д.А.Клеменц хабарлайды. Д.А.Клеменцтің көшірмесі бойынша В.В. Радлов, Х.Н. Орхун, С.Е. Малов көне түрік 10 жазуды зерттеген. 1958 жылы Г.И. Рамстедт, И.Г. Грано, П. Аалто бұрынғы белгілі көне түрік он жазуынан басқа 16 жазуды қоса – барлығы 26 жазуды зерттеді. Сонымен қатар моңғол ғалымдары Х. Пэрлээ, Б. Ринчен де жариялады. С. Қаржаубай аталмыш жартаста бұрынғысын қоса есептегенде – барлығы 32 көне түрік мəтіні бар екенін анықтады. «Əдеби жəдігерлер» серияның бірінші томына бірнеше ірі мəтіндерді ғана ұсынып отырмыз. Н.Базылхан ОРДУ-БАЛЫҚ (ҚАРАБАЛҒАСҰН) І БІТІКТАСЫ Шамамен 808–832 жылдары тұрғызылған. Көне түркі заманында Ай Тəңіріде Құт болған Алып Білге Тəңірі Ұйғыр қағанға арналып орнатылған бітіктас. «Хара балгасун ескерткіші», «Орду балық 1-ескерткіші» деп аталатын бітіктас Моңғолияның Арханғай аймағы Хотонт сұмыны ежелгі Түркі Елі мен Ұйғыр қағандығының астанасы Орду-балық ( жергілікті халық: Харбалгас «Қара қалашық» деп атайды) қаласының оңтүстігінде орналасқан. В.В. Радловтың пікірінше, бітіктас əуелі арыстан бейнелі тұғырдың үстінде орнатылған жəне бітіктастың төбесінде алты айдаһар алысқан бейне бедерленген, оның өлшемі 2х1,8х0,9 м болуы керек. Қазір одан бірнеше сынықтары ғана сақталынған. Үш тілді: көне түрік, соғды жəне қытай жазулы мəтіні бар бітіктас ақшыл сұр мəрмəрден жасалған. Қазір 30 шақты сөзі бар тоғыз дана ірілі-ұсақты сынық бөлшектері ғана сақталған. Бітіктастың айдаһар бейнеленген көне түркі мəтінді үш бөлшегі, соғды, қытай жазулы үш бөлшегі жəне төбесі іспетті домалақ тас бір дана, екі дана тұғыры іспетті тас сол табылған орнында. Ал айдаһар төбесінің бір сынығы Хотон сұмыны мəдени орталығында сақтаулы. Қытай соғды жазулы екі тас бөлшегі Санкт-Петерборда. Басқа құрамдас бөлшектерінің қайда екендігі белгісіз. 1889 жылы Н.М.Ядринцев зерттеген. В.В. Радлов көне түркі мəтіннің алғашқы аудармасын жасап, фотосуреттері мен эстампаждық көшірмелерін жариялады. Бұл бітіктас ескерткіш жайында Фин-угор ғылыми кеңесінің атласында мағлұмат берілген. Бітіктастағы қытай жазуының бөлшектерін 1897 жылы В.П. Васильев тəржімелеген. Бітіктастың қапталдарындағы белгісіз жазу көне соғды жазуы екенін 1909 жылы Ф.Мюллер анықтайды, ал көне соғды мəтінін В.В. Радловтың атласы бойынша 1930 жылы О. Хансен, 1988 жылы Г. Хамилтон, 1990 жылы Йошида Ютака аударды. 1996–1997 жылдары Моңғолия – Жапония бірлескен экспедициясы бітіктасты зерттеген. 2001 жəне 2004 жылдары қазақстандық экспедициялар зерттеу жүргізген.

Н.Базылхан ОРДУ-БАЛЫҚ ( ҚАРАБАЛҒАСҰН ) ІІ БІТІКТАСЫ Шамамен ІX ғасырда тұрғызылған. М. Шинэхудің пікірінше, қытай жылнамасы «Тан-шуда» аталатын Ұйғыр қағандығының ІX ғасырда өмір сүрген қолбасшысы «Гюйлу-Мохэ» деген кісі осы Бұқа болу керек. «Хар балгас ескерткіші» аталатын бұл бітіктас Моңғолияның Арханғай аймағы Хотонт сұмыны Орхон өзенінің батысындағы Орду-балық қаласынан 8 км солтүстіктегі Жарантайн өзені жағалауынан табылған. Бітіктас сұр граниттен жасалған. Мəтінде 12 жолдан 103 таңба-əріп бар. Ескерткіште екі таңба қашалған. Орду-балық-ІІ бітіктасы Қазір Моңғолия ҰҒА Қоғамдық ғылымдар ғимаратының алдыңғы алаңында орнатылған. 1973 жылы сегіз жылдық орта мектептің тарих пəнінің оқытушысы С. Мягмаржав тапқан. 1975 жылы Моңғол – Совет экспедициясы ҰҒА Тарих институтының лабораториясына əкелген. Алғашқы тілдік зерттеулерін моңғол ғалымы М. Шинэху жүргізді. 2001 жəне 2004 жылдары қазақстандық экспедициялар зерттеу жүргізді.

Н.Базылхан СҮҮЖИЙН БІТІКТАСЫ 840–862 жылдары тұрғызылған. Қырғыз мемлекеті тұсындағы ірі мəтін – «Суджи ескерткіші» деп аталатын бітіктас Моңғолияның Бұлғын аймағы Сайхан сұмыны Сүүжийн асуы деген жерден табылған. Сақталған жері белгісіз. 1909 жылы Г. И. Рамстедт алғаш тауып, бітіктас мəтіннің ғылыми аудармасын жасаған. Соның негізінде Х.Н. Орхун, С.Е. Малов, Ю.А. Зуев, С.Г. Кляшторный, Ғ.Айдаров жəне т.б. ғалымдар мəтіндік, тілдік жəне тарихи-деректанулық зерттеулерін жүргізген. Н.Базылхан УЮК-ТАРЛАҚ (Е-1) БҰҒЫТАСЫ VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған. Қырғыз мемлекеті дəуіріне жатады. «Уюк-Тарлақ ескерткіші» Тарлақ өзені бойындағы Ыжын-бұлақ тауының қырында орнатылған. Сұр жасыл сланец тақта тастан жасалынған. 1916 жылы А.В. Адриановтың ұйымдастыруымен Минусинск музейіне əкелінген. 1888 жылы бұғытасты И.Р. Аспелин тапқан. Аталмыш бұғытас тағы түркі бітігінің мəтіндік зерттеулерін, аудармаларын жасауға В.В. Радлов, Х.Н. Орхун, С.Е. Малов, И.А. Батманов, А.Ч. Кунаа, И.Л. Кормушин, А.С. Аманжолов, Д.Д. Васильев, И.Л.Кызласов қатарлы ғалымдар үлкен үлес қосты. Н.Базылхан УЮК-АРЖАН (Е-2) БҰҒЫТАСЫ Бұғытас VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған «Уюк-Аржан ескерткіші» Уюк өзені бойындағы Көктон шатқалында орнатылған. Аржандағы кіші қорғанның құрамдас бөлігі. Сұр жасыл сланец майда тастан жасалынған. Бұғытастың жоғарғы тұсында дөңгелек, үш сызық, ортаңғы тұсында қару-жарақ пен таңба белгілер бар. Көне түркі

мəтіні 2 жол болып төменнен жоғарыға қарай, ал бұған қарама-қарсы қапталында екі кішігірім сызықты жарты ай мен көсеу секілді таңба қашалған. 1916 жылы А.В.Адриановтың ұйымдастыруымен Минусинск музейіне əкелінген. 1888 жылы И.Р.Аспелин тапқан. 1906 жылы Гране зерттеген. Н.Базылхан УЮК-ТУРАН БҰҒЫТАСЫ Шамамен VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған. «Уюк-Аржан ескерткіші» деп аталатын бұғытас қазіргі Туран қаласы маңынан табылған. Аржандағы кіші қорғанның құрамдас бөлігі болып табылатын бұғытас қызғылтым сұр құмдақ майда тастан жасалған. Екі қапталында киік, бұғы, доңыз бейнелері жəне таңба-белгілер оймыштап бейнеленген тастың қарама-қарсы екі бетінде үш-үштен барлығы 6 жол мəтін қашалған. Жарты айшық пен ашамай таңбалар қосылып «бақан» секілді таңба құраған, олар екінші қапталдың төменгі тұсында қашалған. Бұл бұғытас 1943 жылы Данзынұлының ұйымдастыруымен Қызылдағы Тува музейіне əкелінген. Қазір сонда сақтаулы. Алғаш 1887 жылы Фунтиков тапқан. Н.Базылхан БАРЫҚ-І (Е-5) БІТІКТАСЫ Шамамен VІІІ–ІX ғасырларда орнатылған. «Барық ескерткіштері», «Барық бірінші ескерткіштері» деп аталатын бітіктас. Барық өзенінің шығыс жағалауында Ийи-тал ауылынан оңтүстікке қарай 11 шақырым қашықтықтағы төбешіктер айналасындағы 6 ұстынтас ескерткіштерінің бірі болып табылады. Қызыл қоңыр құмдақ тастан жасалынған. Бітіктастың бетінде не бары 3 жол мəтін жəне төменгі тұсында «бақан» секілді таңба қашалған. 1943 жылы Данзынұлы Қызылдағы Тува музейіне əкелген. Қазір сонда сақтаулы. 1891 жылы Д.А. Клеменц алғаш тапқан. 1961 жылы И.А. Батманов қайтадан тексеріп, Тува музейіне əкелген.

Н.Базылхан БАРЫҚ-ІІ (Е-6) БІТІКТАСЫ Жуық мөлшермен VІІІ–ІX ғасырларда орнатылған бітіктас. «Барық ескерткіштері», «Барық екінші ескерткіштері» деп аталады. Барық өзенінің шығыс жағалауында Ийи-тал ауылынан оңтүстікке қарай 11 шақырым қашықтықтағы төбешіктер айналасын дағы 6 ұстынтас ескерткіштерінің бірі. Бітіктас қызыл қоңыр құмдақ тастан жасалынған. Бітіктастың бетінде барлығы 4 жол ғана мəтін жəне төменгі тұсында «бақан» секілді таңба қашалған. 1943 жылы Данзынұлының ұйымдастыруымен Қызылдағы Тува музейіне əкелінген. Қазір сонда сақтаулы. 1891 жылы алғаш тапқан Д.А. Клеменц. 1961 жылы И.А. Батманов тарапынан қайтадан тексеріліп, Тува музейіне əкелген. Н.Базылхан БАРЫҚ-ІІІ (Е-7) БІТІКТАСЫ Шамамен VІІІ–ІX ғасырларда орнатылған. «Барық ескерткіштері», «Барық үшінші ескерткіштері» деп аталады. Барық өзенінің шығыс жағалауында Ийи-тал ауылынан 11 шақырым оңтүстіктегі төбешіктер айналасындағы 6 ұстынтас ескерткіштерінің бірі. Қызыл қоңыр құмдақ тастан жасалған. Бітіктастың бетінде барлығы 4 жол мəтін жəне төменгі тұсында «бақан» секілді таңба қашалған. 1943 жылы Данзынұлының ұйымдастыруымен Қызылдағы Тува музейіне əкелінген. 1891 жылы алғаш тапқан Д.А. Клеменц. 1961 жылы И.А. Батманов тарапынан қайтадан тексеріліп, Тува музейіне əкелінген.

Н.Базылхан ЕЛЕГЕСТ-І (Е-10) БҰҒЫТАСЫ Тарихи-хронологиялық жағынан VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған ескерткіш. «Элегест бірінші ескерткіші» деп аталады. Бұғытас Элегест өзені бойындағы қорғанда орнатылған. Аржандағы кіші қорғанның құрамдас бөлігі болып табылатын бұғытас. Қара сұр сланец тастан жасалынған. Екі қапталы жəне екі қыры – барлығы 12 жол мəтін қашалған. Екі «көсеу» мен «ашамай» іспетті таңбасы, бұғытастың 6 жол жазуы бетінің төменгі тұсында қашалған. Бұғытасты 1915 жылы А.В. Адрианов Минусинск музейіне əкелген.1888 жылы И.А. Аспелин тапқан.

Н.Базылхан БЕГРЕ (Е-11) БІТІКТАСЫ Тарихи-хронологиялық жағынан VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Бегре ескерткіші» деп аталады. Бітіктас Бай Кемнің оң ағысы – Бегре өзені, Мунгаш Чирик деген жерде орнатылған. Бітіктас сұр сланец тастан жасалынған. Екі қапталы жəне екі қырында барлығы 13 жол мəтін қашалған. 1992 жылы Ошурков тапқан. 1915 жылы А.В. Адрианов Минусинск музейіне əкелген. Н.Базылхан ЧАА-ҚОЛ-І (Е-13) БІТІКТАСЫ Тарихи-хронология жағынан VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған. Бітіктас «Чаа-Холь бірінші ескерткіші» деп аталады. Бітіктас Тува Республикасы Ұлық-Кем өзенінің сол саласы – Чаа-Қол өзені бойында орналасқан. Е-13-е-23 бітіктас ескерткіштері орнатылған жерлері «СаянШушенск су электр станциясы» суқоймасының астында қалған. Бітіктас қара көкшіл гранит тастан жасалынған. 5 жол мəтін қашалған. Адамның басы жəне бойы тəрізді сызықтар бейнеленген. Бітіктасты 1892 жылы Ошурков тапқан. 1892 жылы бітіктасты Минусинск музейіне əкелген. Н.Базылхан

ОЗНАЧЕННОЕ (Е-25) БІТІКТАСЫ Тарихи-хронологиялық жағынан VІІІ–ІX ғасырларда орнатылған бітіктас. «Означенное ескерткіші» деп аталады. Бітіктас Енисей өзенінің сол жағалауындағы Саянгорск қаласының «Означенное» селосында Қойбалық деген жерде орнатылған. Күлгін сұр құмдақтастан жасалынған. Екі қапталы жəне бір қырында барлығы 7 жол мəтін қашалған. 1847 жылы Кастрен тапқан. 1880 жылы Мартьянов Минусинск музейіне əкелген.

Н.Базылхан АЛТЫН КӨЛ (Е-28) БІТІКТАСЫ Тарихи-хронологиялық жағынан VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған. «Алтын көл ескерткіші» деп аталатын бітіктас Абақан өзенінің оң жағалауы – Алтын көл деген жерде орнатылған. Алтын көлдегі қорғандардың ішінде бір-біріне ұқсас орнатылған екі бітіктастың бірі. Қызыл құмдақтастан төбе тұсы доғалдау етіп жасалынған. Бір қапталы жəне екі қырында барлығы 8 жол мəтін қашалған. Таңба қашалмаған. 1878 жылы табылған. 1881 жылы Мартьянов Минусинск музейіне əкелген. Н.Базылхан УЙБАТ-І (Е-30) БҰҒЫТАСЫ Тарихи-хронологиялық жағынан VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Уйбат ескерткіші», «Уйбат бірінші ескерткіші» деп аталады. Осы өзеннің оң жағалауы – Чарков ауылы маңындағы қорғанда орнатылған. Осы өзен маңынан табылған бес ескерткіштің бірі. Сұр құмдақтастан жасалынған. Бұғы тастың төменгі тұсында ежелгі антропоморфты бейнелі тастың екі қапталы мен бір қырында – барлығы 5 жол мəтін қашалған. 1721–1722 жылдары Т. Страленберг, Мессершмидт тапқан. Мəтіндік зерттеулерін В.В. Радлов, С.Е. Малов, Х.Н. Орхун, И.В. Кормушин жасады. 1886 жылы Минусинск музейіне əкелінген. Н.Базылхан УЙБАТ-ІІ (Е-32) БҰҒЫТАСЫ Тарихи-хронологиялық жағынан VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Уйбат ескерткіші», «Уйбат екінші ескерткіші» деп аталады. Уйбат өзенінің оң жағалауы – Чарков ауылы маңындағы қорғанда орнатылған. Уйбат өзені маңынан табылған бес ескерткіштің бірі. Сұр құм дақтастан жасалынған. Бұғы тастың төменгі тұсында ежелгі антро поморфты бейнелі тастың екі қапталы мен бір қырында барлығы 5 жол мəтін қашалған. 1721–1722 жылдары Т. Страленберг, Мессершмидт тапқан. Мəтіндік зерттеулерін В.В. Радлов, С.Е. Малов, Х.Н. Орхун, И.В. Кормушин жасады. 1886 жылы Минусинск музейіне əкелінген Н.Базылхан УЙБАТ-VІ (Е-98) БІТІКТАСЫ Тарихи-хронологиялық тұрғыда VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған. «Уйбат ескерткіші» деп аталады. Бітіктастың табылған жері – Уйбат өзенінің бойында. Бітіктас ақсұр құмдақ тастан жасалынған. Екі қапталында үш-үштен 6 жол мəтін қашалған. Таңба қашалмаған. Ескерткіш Абақан қаласындағы Хақасия музейінде сақтаулы. 1964 жылы А.Н. Липский тапқан. Мəтіндік зерттеулерді В.Я. Бутанаев, А.С.Аманжолов, Д.Д. Васильев жасаған. Н. Базылхан КЕМЧІК-ЧЫРҒАҚ (Е-41) БІТІКТАСЫ Тарихи-хронологиялық жағынан VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Хемчик-Чыргакы ескерткіші», «Кемчик-Джиргак ескерт кіші» деп аталады. Бітіктас Кемчік өзені Чырғақ саласының қорғанында орнатылған. Көкшіл сұр сланецтен жасалынған. Екі қапталында барлығы 11 жол мəтін жəне таңба қашалған. 1889 жылы А.О.Гейкель тапқан. 1901 жылы А.В. Адрианов зерттеп, Минусинск музейіне əкелген. Сонда сақтаулы. Н.Базылхан ҚЫЗЫЛ-ЧЫРА-І (Е-43) БІТІКТАСЫ Тарихи-хронологиялық жағынан VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Кызыл Чыраа бірінші ескерткіші» деп аталады. Ұлық Кем өзені Баян-қол саласының Қызыл Чыра деген жерінде, қазіргі Қызыл қаласынан 50 шақырым батыста орнатылған. Бір-біріне жақын екі бітіктас (Е-43, Е-44). Сұр құмдақтастан төбе тұсы доғалдау етіліп жасалынған. Бір қапталы жəне екі қырына барлығы 8 жол мəтін жəне таңба қашалған. 1916 жылы А.В. Адрианов тапқан. 1961 жылы И.А. Батманов зерттеп, Тува музейіне əкелген. Н.Базылхан ҚЫЗЫЛ-ЧЫРА-ІІ (Е-44) БІТІКТАСЫ Шамамен VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған. «Кызыл Чыраа екінші ескерткіші» деп аталады. Ұлық Кем өзені Баян-қол саласының Қызыл Чыра деген жерінде, қазіргі Қызыл қаласынан 50 шақырым батыста Е-43 бітіктасынан 350 м жерде орнатылған. Қызыл Чыра деген жерде бір-біріне жақын екі бітіктас (Е-43, Е-44). Қызыл күрең түсті құмдақтастан төбе тұсы доғалдау етіліп жасалынған. Бір қапталы жəне екі қырында барлығы 8 жол мəтін жəне таңба қашалған. 1916 жылы А.В. Адрианов тапқан. 1961 жылы И.А. Батманов зерттеп, Тува музейіне əкелген. Н.Базылхан

КӨЖЕЛІК-ҚОБЫ (Е-45) БІТІКТАСЫ Шамамен VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған. Бітіктас «Кежилиг-Хобу ескерткіші», «Кежээлиг-Хову ескерткіші» деп аталады. Ұлық Кем өзені Эжим саласының оң жағалауындағы Көжелік қобы деген жерде орнатылған. Жасыл сұр сланец тастан жасалынған. Онда бет қапталында 1–8 жол, қырында 3 жол – барлығы 11 жол мəтін жəне таңба қашалған. 1916 жылы А.В. Адрианов тапқан. 1961 жылы И.А. Батманов зерттеп, Тува музейіне əкелген. Н.Базылхан ТЕЛЕ (Е-46) БІТІКТАСЫ Тарихи-хронологиялық тұрғыда VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Телээ ескерткіші» деп аталады. Ұлық Кем өзені Телээ мен Эжим саласының аралығында Е-45 бітіктасынан 3 шақырымда орнатылған. Жасыл сұр сланец тастан жасалынған. 4 жол мəтін жəне таңба қашалған. 1907 жылы Гране тапқан. 1961 жылы И.А. Батманов зерттеп, Тува музейіне əкелген. Н.Базылхан АБАҚАН (Е-48) БІТІКТАСЫ Шамамен VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Абақан ескерткіші» деп аталады. Бітіктас Абақан өзені оң жағалауындағы жерде орнатылған. Сұр құмдақ тастан жасалынған. Бет қапталында 6 жол, артқы қапталында өте өшіңкі 6 жол, екі қырында 3 жол – барлығы 15 жол мəтін қашалған. Таңба қашалмаған. 1916 жылы А.В. Адрианов тапқан. 1913 жылы Минусинск музейіне əкелінген. Сонда сақтаулы. Н.Базылхан БАЙ-БҰЛЫН-І (Е-42) БІТІКТАСЫ Тарихи-хронологиялық жағынан VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған ескерткіш. «Минусинск музейі ескерткіші», «Бай-Булун бірінші ескерткіші» деп аталатын бітіктас Ұлық Кем өзенінің сол жағалауындағы Бай-Бұлын деген жазықтағы қорғанда орнатылған. Бітіктас көкшіл сұр сланецтен жасалынған. Екі қапталында барлығы 11 жол мəтін жəне таңба қашалған. 1915 жылы А.В. Адрианов тапқан. 1915 жылы Минусинск музейіне əкелінген.

Н.Базылхан БАЙ-БҰЛЫН-ІІ (Е-49) БҰҒЫТАСЫ Тарихи-хронологиялық жағынан VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған бітіктас «Туваның бірінші ескерткіші», «Бай-Булун екінші ескерткіші» деп аталады. Бітіктас Ұлық Кем өзені сол жағалауы Бай-Бұлын деген жазықтағы қорғанда орнатылған. Ақсұр құмдақ тастан жасалынған. Бір қапталы жəне бір қырында барлығы 4 жол мəтін жəне таңба қашалған. 1915 жылы Адрианов тапқан. 1915 жылы Минусинск музейіне əкелінген. Осы музейде сақтаулы. Н.Базылхан КЕРБИС-БАРЫ (Е-59) БІТІКТАСЫ Тарихи-хронологиялық жағынан алғанда VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған ескерткіш. «Хербис-Баары ескерткіші» деп аталады. Бітіктас Ұлық Кем өзенінің оң жағалауындағы Кербис-Бары деген жердегі қорғанда орнатылған. Қызыл күрең түсті сланец тастан төбе тұсы доғалдау етіліп жасалынған. Екі қапталы жəне екі қырында барлығы 8 жол мəтін жəне таңба қашалған. 1960 жылы Вайнштейн тапқан. 1961 жылы А.М. Щербак, И.А. Батманов зерттеп, Тува музейіне əкелген. Қазір осы музейде сақтаулы. Н.Базылхан ШАНЧЫ-3 (Е-152) БІТІКТАСЫ Шамамен VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған ескерткіш. «Шанчы-3 ескерткіші» деп аталатын бітіктас Тува Республикасы Чаа-қол ауданы Шанчы ауылынан 10 шақырым солтүстік-батыста Үзүк-Аксы (Йий-көжее) деген жерден табылған. Бітіктас жасыл сұр құмдақ тастан жасалынған. 4 жол мəтін жəне таңба қашалған. Бітіктас сол орнатылған қалпында табылған орнында тұр. 1989 жылы К.А. Бичелдей, П.С. Серен тапқан. Мəтіндік жағынан алғаш И.В.Кормушин зерттеді. Н.Базылхан ЕЛ-БАЖЫ (Е-68) БІТІКТАСЫ Тарихи-хронологиялық жағынан VІІІ–ІX ғасырларда тұрғызылған. «Эль-Бажы ескерткіші» деп аталатын бітіктас Тува Республикасы Ұлық-Кем өзені Барық саласының Ел-Бажы деген жерінен табылған. Бітіктас қызыл қоңыр құмдақ тастан жасалынған. Үш бөлшекке сынған. Барлығы 25 жол мəтін жəне таңба қашалған. 1903 жəне 1916 жылдары бітіктасты Минусинск музейіне əкелген, сонда сақталған. 1902 жылы Кон басқарған экспедиция тапқан. Мəтіндік зерттеуді Д.М. Насилов, И.В. Кормушин, И.Л. Кызласов жүргізді. Н. Базылхан

ТАЛАС ТҮРКІ БІТІКТАСТАРЫ МЕН ЕСКЕРТКІШТЕРІ Бүгін Талас ескерткіштерінің саны 30-дай. Қазіргі Қазақстан, Қырғызстанның шекара өңірлеріндегі Талас өзені бойынан табылған ескерткіштер жатады. Қазақстанда Талас, Сыр, Іле, Ертіс өзендері бойынан табылған ескерткіштер де бар. Олар Бішкек, Тараз, Алматы, Санкт-Петербург қалаларының музейлерінде сақтаулы. 1896–1898 жылдары сол кездердегі уезд бастығы – өлкетанушы В.А. Каллаур, мұғалім Гастев Талас қаласынан («Əулие-Ата уезі») 8 км солтүстік-шығыстағы АйрТам-Ой, Қалба сайы шатқалында көне түрік жазулы 3 домалақ пішінді тас табады. 1898 жылы А.О. Гейкель басқарған Фин-угор ғылыми қоғамының экспедициясы тағы да көне түрік жазулы екі тас табады. 1932 жылы Талас өзені бойындағы Ашықтас деген жерден төрт қырлы ағаш таяқшада ойылып жазылған көне түрік жазуы табылады. Талас ескерткіштерін бірінші, екінші, үшінші… тас ескерткіштері деп сандық ретпен атау қалыптасқан. Тарихи тұрғыдан Түркі Елі, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттері дəуіріне қатысты делінеді. Талас бітіктастары мен ескерткіштерінің мəтіндік зерттеулерін В.В. Радлов, А.О.Гейкель, Ю.Немет, С.Е. Малов, Х.Н. Орхун, А.М. Щербак, И.А. Батманов, Ч.Жумагулов, А.С. Аманжолов жəне т.б. ғалымдар жасады. Н.Базылхан ТАЛАС-І БІТІКТАСЫ Тарихи-хронологиялық тұрғыдан VІІІ–X ғасырларда тұрғызылған бітіктас «Талас өзені бойындағы ескерткіштер», «Талас бірінші ескерткіші», «Талас руникалық ескерткіштері», «№1 ескерткіші» деп аталады. Бітіктас Талас қаласынан (бұрынғы Əулие-Ата уезі Дмитриевский қалашығы) 8 шақырым оңтүстік-шығыстағы Айр-ТамОй (Қырық-Қазық) деген жерден табылған. Бітіктас қызғылтым сұр гранит тастан жасалынған. 4 жол мəтін қашалған. Ресейдің Мемлекеттік эрмитажында сақтаулы. 1896 жылы В.А. Каллаур жəне Гастев тапқан. А.О. Гейкель, В.В. Радлов, Ю. Немет, С.Е. Малов, Х.Н. Орхун, И.А.Батманов, Ч.Жумагулов, А.С. Аманжолов зерттеу жүргізген.

Н.Базылхан ТАЛАС-ІІ БІТІКТАСЫ Шамамен VІІІ–X ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Талас өзені бойындағы ескерткіштер», «Талас руникалық ескерткіштері», «№ 2 ескерткіші» деп аталады. Бітіктас Талас қаласынан (бұрынғы Əулие-Ата уезі Дмитриевский қалашығы) 8 шақырым оңтүстік-шығыстағы Айр-Там-Ой (Қырық-Қазық) деген жерден табылған. Талас-1 бітіктасының маңында болған. Бітіктас ақшыл сұр түсті құмдақ тастан жасалынған. 8 жол мəтін қашалған. Соғды тектес жазулы 2 жол өте өшіңкі мəтіннен сақталынған тұстары бар. Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Мемлекеттік тарих музейінде сақтаулы. 1898 жылы В.А. Каллаур тапқан. А.О. Гейкель, В.В. Радлов, Ю. Немет, С.Е. Малов, Х.Н.Орхун, И.А. Батманов, Ч. Жумагулов, А.С. Аманжолов зерттеу жүргізген. Н.Базылхан ТАЛАС-ІІІ БІТІКТАСЫ Тарихи-хронологиялық жағынан алғанда VІІІ–X ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Талас өзені бойындағы ескерткіштер», «Талас үшінші ескерткіші», «Талас руникалық ескерткіштері», «№ 3 ескерткіш» деп аталады.Талас қаласынан (бұрынғы Əулие-Ата уезі Дмитриевский қалашығы) 8 шақырым оңтүстік-шығыстағы АйрТам-Ой (Қырық-Қазық) / «Алта-Бай» ?/ деген жерден табылған. Талас-1, Талас-2 бітіктасының маңында болған. Ақшыл сұр түсті құмдақ тастан жасалынған. 5 жол мəтін қашалған. Сақталған жері белгісіз . 1898 жылы В.А. Каллаур тапқан. А.О. Гейкель, Ю. Немет, С.Е. Малов, Х.Н. Орхун, И.А. Батманов зерттеу жүргізген. Н.Базылхан ТАЛАС-ІV БІТІКТАСЫ Шамамен VІІІ–X ғасырларда тұрғызылған. «Талас өзені бойындағы ескерткіштер», «Талас руникалық ескерткіштері», «№ 4 ескерткіш» деп аталады. Бітіктас Талас қаласынан (бұрынғы Əулие-Ата уезі Дмитриевский қалашығы) 8 шақырым оңтүстік-шығыстағы Айр-Там-Ой (Қырық-Қазық) деген жерден табылған. Талас-1, Талас-2, Талас-3 бітіктасының маңында болған. Ақшыл сұр түсті құмдақ тастан жасалынған. 5 жол мəтін қашалған. Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Мемлекеттік тарих музейінде сақтаулы. 1898 жылы А.О. Гейкель тапқан. П.М. Мелиоранский, Ю. Немет, С.Е. Малов, Х.Н.Орхун, И.А. Батманов, Ч. Жумагулов, А.С. Аманжолов зерттеу жүргізген. Н.Базылхан ҚАЗАҚСТАННАН ТАБЫЛҒАН ТҮРКІ БІТІК ЕСКЕРТКІШТЕРІ Қазақстан жерін ежелден мекендеген көптеген ру-тайпалар мен саяси-этникалық бірлестіктерінде түркі бітік, соғды жəне т.б. жазу түрлерін кеңінен қолданғандығы археологиялық қазбалар барысында анықталып келеді. Жалпы Қазақстанда көне түркі бітікпен жазылған мынадай ескерт кіштері табылған. ҮРЖАРДАН ТАБЫЛҒАН ҚЫТАЙ ҚОЛА АЙНАСЫНДАҒЫ ТҮРКІ БІТІГІ Тарихи-хронологиялық жағынан алғанда VІІ–ІX ғасырларға қатысты жəдігер. «Ертіс руникасының үлгілері», «Үржар қола айнасындағы руникалық жазу» деп аталады. Айна Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданынан 20 шақырымда Сасықбастау ауылына жақын жердегі көне түркі қорғанынан табылған. Осы қола айнаның жиегі мен ішкі шеңберінде дөңгелене үшкір темір затпен 2 жол мəтін қашалған. Айна Ресейдің Мемлекеттік эрмитажында сақтаулы. 1935 жылы Қазақстан зерттеу қоғамы тапқан. Алғашқы мəліметті А.Н. Бернштам жариялады. Мəтіндік зерттеуін А.С. Аманжолов жүргізді. Н.Базылхан

ЕРТІСТЕН ТАБЫЛҒАН ҚОЛА АЙНАДАҒЫ ТҮРКІ БІТІГІ Тарихи-хронологиялық тұрғыда ІX–X ғасырларға қатысты. Жəдігер «Ертіс қола айнасындағы руникалық жазу», «Ертіс руникасының үлгілері» деп аталады. Айна Шығыс Қазақстан облысы Ертіс өзені бойындағы «Зевакино шемонаихинск» ауылына жақын жердегі көне түркі қорғаннан («146-қорған») əйел адамның мүрдесі жəне түрлі зат бұйымдармен бірге табылған. Осы қола айнаның жиегі мен ішкі шеңберінде дөңгелене үшкір темір затпен қашалып 2 жол мəтін жазылған. Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы. 1969 жылы Ф.Х.Арсланова тапқан. Мəтіндік зерттеулерін Ф.Х. Арсланова, С.Г.Кляшторный, А.С.Аманжолов жүргізді. Н.Базылхан ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕРІ Түркі халықтарының мақал-мəтелдері – М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» кітабына енген ауыз əдебиеті үлгілері. Ə.Ибатов пен Қ.Бекетаев аударып дайындаған М.Қашқаридің «Түбі бір түркі тілі» кітабында (1993) жарияланған материал негізінде берілді. ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БƏЙІТТЕРІ Түркі халықтарының бəйіттері – М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» кітабына енген өлеңдер. Ə.Ибатов пен Қ.Бекетаев аударып дайындаған М.Қашқаридің «Түбі бір түркі тілі» кітабында (1993) жарияланған материал негізінде берілді. ОҒЫЗ-НАМА Үйсін мемлекетінің жерінде оғыз-қыпшақ тобының тілінде жазылған генеалогиялық аңызға негізделген эпикалық шығарма. «Оғыз-нама» – түркі тектес халықтарға ортақ көне əдеби мұра. Дастанның бірден-бір түпнұсқасы Париж қаласындағы Франция Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұр. Зерттеушілер бұл мұраны осы қолжазба бойынша жариялап, аударып, зерттеу объектісі етіп келеді. «Ұйғыр қолжазбасы» деп аталып кеткен бұл дастан көне түркі дəуірінің туындысы болып саналады. Алғаш орыс тіліне аударған – академик В.В. Радлов. Одан кейін қолжазбаны қайта аударып, зерттеген орыс ғалымы А.М. Щербак мұны дəл түпнұсқа емес, алғашқы түпнұсқаның бірінші, яки екінші көшірмесі болса керек деген пікір айтады. Дастанның авторы ұйғыр деп ұйғарылып келген. Алайда В.В. Бартольд мұның авторы ұйғыр емес, қайта бір кезде оғыздар мекендеген қырғыз (қазақ) даласының тұрғыны болу керек деген батыл пікір айтады, мұны зерттеуші П. Пелльо да мақұлдайды. Дастанның екінші нұсқасын (Əбілғазы Баһадүр ханның 1661 жылы жазылған «Шаджарайи-таракима» шығармасын) академик А.Н. Кононов 1958 жылы «Родословная туркмен, Соч. Абул-газы хана Хивинского» деген атпен жарыққа шығарды. Үшіншісі – Есқали Қоңыратбаевтың 1915 жылы Рашид-əд-Дин, Əбілғазы, «Шайбани-наме» деректеріне сүйеніп жазған нұсқасы мен Лондондағы Британ музейінде сақталған (1888) нұсқасы. Оғыз бейнесін дəл тарихи тұлға ретінде емес, қалыпты əдеби образ ретінде алып қарастыру жөн сияқты. Дастанның мазмұны мен құрылысында да көркемдік, тілдік ерекшеліктері мен образдар жүйесінде де біздің ертегілеріміз бен эпикалық жырларымызға тəн көптеген ұқсастықтар бар. Айталық, біздің эпикалық дастандарымызда батырдың ерлігі өзіне лайық жар таңдау жолында көрінетін болса, мұнда Оғыз өз жауы – Мүйізтұмсықты жекпе-жекте өлтіру арқылы көзге түсіп, танылады. Дəл осы жайт біздің ертегілеріміздегі батыр жігіттің сүйген қызы үшін жалмауыз айдаһармен жекпе-жек күресін еске түсіреді. Сондай-ақ Оғыздың төңірегіндегі Қыпшақбек, Қалаш, Қаңғалық, Қаңлы, Қарлық, Сақтаб тəрізді бейнелер өздерінің іс-əрекеттерімен біздегі Желаяқ, Көлтауысар, Мерген образдарымен ұқсас, үндес болып келеді. Мұның үстіне аталған кісілер қазақ халқының құрамында əлі күнге сол ру қалпымен аталатынын ескерсек, дастанның этникалық жағынан да жақындығы аңғарыла, айқындала түседі. Бұдан тыс көптеген жер-су аттарының (Итіл, Қаратау, Мұзтау) ұқсастығы мен жиын-тойға оң қанат (Ақ қойлы), сол қанат (Қара қойлы) болып бөліну дəстүрлері де, сондағы хан ұрпақтарының Боз оқ, Ұш оқ болып бөлінуі де этногенездік туыстықты аңғартады. Мұндай туыстық белгілер дастанның тілінен де айқын көрінеді. Мəселен, Итіл (Еділ) өзені бойындағы соғысты бейнелегенде: «Сіп-сіңгірдей болды» деген тіркес ұшырасады. Дəл осындай өзге де бірлік-туыстық белгілер ерекше мол ұшырасады дер едік. «Оғыз-нама» дастаны бірыңғай қара сөзбен ғана жазылмай, ара-тұра жыр үлгісі де ұшырасатын шығарма. Бұл сипат ежелгі жыраулық поэзия дəстүрін еске түсірумен қатар, бұларға тəн арғы мəдениет тарихын аңғартады. «Оғыз-нама» дастаны алғаш рет М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының бір топ ғалымдарының көп жылғы ізденістері арқасында түркі тілдес халықтарға ортақ тағы бір əдеби жəдігер – «Мұхаббат-нама» дастанымен бірге жеке кітап болып жарық көрді. Дастан мəтіндерін көрнекті ғалым, Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профес сор Ə.Ж.Дербісəлин (1929–1986), бүгіндері есімі елімізге белгілі филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі ақын Ө.Н.Күмісбаев пен филология ғылымдарының докторы, профессор М.Жармұхамедұлы қазақ тіліне аударып, үлкен текстологиялық жұмыстар жүргізді, дастан тарихнамасы мен оның қазақ əдебиетіне қатысы туралы көлемді зерттеу мақала жазды. Томдағы дастан мəтіні осы басылым бойынша («Оғызнаме». «Мұхаббат-наме». – Алматы: Ғылым, 1986. 36–48-бб.) беріліп отыр. М.Жармұхамедұлы ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ Арғы жерде – оғыз, бергі жерде қазақ, түркімен, əзірбайжан, анадолы халықтарына ортақ «Қорқыт ата кітабын» тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлеткен – ғалымқаламгер Ə.Қоңыратбаев. Ғалым «Қорқыт ата кітабын» 1973 жылы қазақ тіліне толық аударып шыққан. Қолжазба 1975 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының фольклор бөлімінде ғылыми талқылаудан өтіп, Ə.Марғұлан, Ə.Тəжібаев, Н.Смирнова, Р.Бердібаев, О.Нұрмағамбетова, Ə.Құрышжанов, Б.Ысқақов, Е.Тұрсынов т.б. ғалымдар бұл жазба ескерткішті 1976 жылы өткелі отырған Бүкілодақтық ІІ түркология конференциясына дейін жарыққа шығару мəселесін күн тəртібіне қойған. Бірақ аударма араға 10 жыл салып, Ə.Қоңыратбаев қайтыс болғаннан соң, 1986 жылы «Жазушы» баспасынан екі құрастырушының атынан (Ə.Қоңыратбаев, М.Байділдаев) жарық көрген еді. Одан бергі жерде Ə.Қоңыратбаев аудармасы «Қазақ прозасы». Хрестоматия. 1-т. (Алматы: Ғылым, 2001, 83–203-бб.), Ə.Қоңыратбаевтың көп томдық шығармалар жинағының 9-томына (Алматы: МерСал, 2005, 322–473-бб.) енді. Бұл басылымда Ə.Қоңыратбаевтың жеке мұрағатындағы ғалымның өз

қолтаңбасымен сақталған «Қорқыт ата кітабы» аудармасының қолжазбасы негізге алынды. Аударманың соңғы редакциясын жасаған – филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Ə.Қоңыратбай. Т.Қоңыратбай ƏБУНƏСІР ƏЛ-ФАРАБИ Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ұстазымыз деп таныған Əбунəсір əл-Фараби қазақ жерінде – Отырар қаласында дүниеге келген. Оқу-білім іздеумен сол кездегі Араб халифатындағы ірі білім орталығы болған Бағдатқа кетіп, Сирияда, Шам шаһарында қайтыс болған (Дамаск). Өз ана тілі – түркі тілінен басқа араб, парсы, көне грек тілдерін жетік біліп, түрлі ғылымдар бойынша 100-ден астам еңбек жазған. Философия, жаратылыстану, математика, музыка саласында əлем таныған құнды еңбектері бар. Поэзияның табиғатын талдайтын трактат жазып, өлең де шығарған. Əл-Фарабидің көне грек философтары мен математиктерінің еңбегіне зер салып, оларды араб оқушысына түсіндіруге тырысуы, грек ойшылдарының философиялық пікірлерін жаңаша дамытуы, энциклопедиялық білімін жан-жақты жұмсауы əл-Фарабидің Қайта өрлеу (Ренессанс) дəуірінің ғылым саласындағы қайнар бастауында тұрған тұлға екенін көрсетеді. «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Музыканың үлкен кітабы», «Өлең сөз жəне шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаты», «Логика» т.б. еңбектері – ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер. Əл-Фарабидің трактат, өлеңдері арабшадан аударылып басылған кітаптан алынып отыр. (Əбунəсір əлФараби. Трактат жəне өлеңдер. Алматы: Жазушы, 1974. – Аударған А. Нысаналин). С.Қорабай ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ СӨЗДІГІ Белгілі түркітанушы, тілші-ғалым Ғұбайдолла Айдаров көп жыл бойы Орхон ескерткіштерін зерттеу барысында осы жəдігерлердің сөздігін жасап, оны өзінің «Орхон ескерткіштерінің тексі» кітабында (1990) алғаш рет жариялады. «Əдеби жəдігерлер» сериясының 1-томында ғалым дайындаған осы сөздік сол «Орхон ескерткіштерінің тексі» кітабынан алынып берілді. С.Қорабай ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР Ғ.Айдаров тілші-ғалым ретінде Орхон ескерткіштерінің тіліне жіті назар аударып, бұл жəдігерлердегі жалқы есімдер сөздігін дайындады. Сөздікте Орхон ескерткіштерінде кездесетін ру, тайпа жəне халық аттары, жер-су атаулары, кісі есімдері кеңінен қамтылып, сипаттамалар берілген. Томға енгізілген «Орхон ескерткіштеріндегі жалқы есімдер» тарауы Ғ.Айдаровтың «Орхон ескерткіштерінің тексі» кітабы (1990) негізінде дайындалды. С.Қорабай А Аб – аң Абла – аңға шығу, аң аулау Ағ – көтерілу, шығу Ағар, аңар – оған, оған қарай Ағла – жала Ағры – ауру Ағу – жер аты Ағулығ – жер аты Ағы – дүние, сыйлық, қымбат зат (Қазақта көздің ағындай деген тіркес кездеседі) Ағысы – оның дүниесі, қымбаты, сыйлығы Ағын – қымбатын, дүниесін, сыйлығы Ағыз – ауыз Ағыл – қора Ағыр – ауыр Ағыт – ағыт, босат, шығар, көтер Ағыш – ағыс, ағым, көтерілу, шығу Адағ, адақ – аяқ, соңы Адғыр – айғыр Адынчығ – айрықша, өзгеше Адыр – айыр Адырыл – айрыл, өл, жоқ болу Адырылмыс – айрылған, өлген, жоқ болған Адырылмадуқ – айрылмаған, өлмеген, жоқ болған Адылмалым – айрылмайық, өлмейік, жоқ болмайық Аз – аз (көп емес) Аз – аз (азу, етістік) Аз – аз, халық, тайпа Ай – ай Ай, айыд – айт Ақаң – ағаң, үлкен туысың Айғучы – кеңесші Ақсырақ – ағырақ (сын есімнің шырайы) Алп – алып, батыр Алп ер – алып ер Алып қаған – алып қаған Алп йүзі – алыптың жүзі Алтмыс – алпыс Алтун – алтын Алтун йыш – Алтай тауы Алты – алты Амты – енді Анда, анта – сонда Андағ – қандай Антарғу – жер аты Анча – қанша Анчула – ат қою, ат тағу, атақ беру Анчып – сөйтіп, солай етіп Аны – оны (табыс септігінде) Анығ – ақымақ, қабаған, анық Аны – тау аты Аң – аң, түсінік Аңла – анда, байқа Апа – ұлы туыс, апа Апар – абарлар, халық Ақ – ақ Ар – ар Ара – ара Арқа – арқа Армақчы – өтірікші, арбаушы Арқар – Арқар (жер аты) Арқуй – жер аты Арқыш – кереуен Артық – артық Арғу – арғун, түркі тайпасы Арслан – арыстан Арығ – таза, ару Арық – арық Асра – əсіре, төмен Ас, аш – ас, өт Ат – ат Ат – кісі аты Ата – ата Атлан – аттан, атқа мін Атлат – аттандыр Атлығ – атты Атлығ – атты (əскер, атты кісі) Атыз – егіндік жер Азман – азбан Азуқ – азық Азғана – азғана Азча – азғантай Ачү – аш Ач – аш (есікті аш) Ачығ көл – Ащы көл (жер аты) Ағыш – ағыс, ағым (судың ағысы) Аш – ас, өт Ашыуқы – алдыңғы Е Еб – үй Ербү – үйге Ебліг – үйлі Еб еш – үй иесі Ег – и, майыстыр Егер – айналдыр Егід, егіт – көтер, жоғарылат Едгү – əйгі, белгілі ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ СӨЗДІГІ

Езгенті Кадаз – жер аты Екі – екі Екі отуз – жиырма екі Екін ара – екін ара (екі арада) Екінті, екінді – екінші Екінліг – егіндік жер Екінч – екінші Ел – ел, халық Елт – алып бар, апар Елтебер – шен, дəреже Еліг – елу Елтеберліг – дəрежелі, шенді Елтеріс қаған – Құтлығ қаған Емгет – еңбектен Еңілкі – ең алғашқы Е – көмекші етістік Ер – ер Ер қамыш – Жер аты Ерен – ерен Ердем – даңқ Ердемліг – даңқтылық Ерінч –бəлкі Еркін – еркін, дəреже, кісі аты Ерклі – ерікті Ерт – ерт Ертіс – Ертіс өзені Ес – ес, жолдас Есбара – кісі аты Есід, есіт – есіт, тыңда Есітгіл – есіткіл Есідің – естіңдер Ет – ет Еті – өте, жайғана Ечі, ечү – əже, ұлы, туыс Еш – ес, жолдас Б Ба – байла Бағ – бау Баға – дəреже Бады – барды Баз – бейбітшілік Бай – бай Байбалық – жер аты Балбал – тас мүсін Балық – қала Балық – балық Байрақ – байрақ Байырқы – байырғы Бар – бар Барқ – үй, сарай Барс – барыс Барча – барша Барыү – бəрі Барым – дүние, барым(та) Бас – бас (етістік) Бас, баш – бас Басмыл – Бесбалық маңын мекендеген түркі тайпасы Бат – бəд, теріс, жаман Бат – бат Батым – батым (сүңгі батым қар) Батсық – батыс Баш – бас Башла – баста Башлығ – бастық Басчы – басшы, жетекші Бег – бек Бег – Чор кісі аты Бедіз – өрнекте Бедізчі – өрнекші, шебер, суретші Бедүк – биік Белгү – белгі Белтір – белтір Бен – мен Бентез – жай, үй Беңгү – мəңгі Беңгү таш – мəңгі тас, ескерткіш Беңгүліг – жер аты Бер – бер Бергерү – бері қарай Беріденйен – бергі жағынан Берійекі – бергі, оң жақтағы Бес, беш – бес Бес түмен – бес мың Бесбалық – қала аты Бітгүчі – алдыңғы қатардағы кісі, бітіруші Біз – біз Бізні – бізді Біл – біл Білге – білгіш, дана Білге қаған – кісі аты Біліг – білік Бін – мін Біні – мені Бінтүр – мінгіз Бің – мың Бір – бір Біркү – жер аты Бірле – бірге, мен, бен, пен Бірү – бері Біс – бес Бісінч – бесінші Біті – жаз Бітіг – жазу, хат Бічін – мешін Бічін йыл – мешін жыл Бод – бой, дене, жүйе Боғуз – боғаз, тамақ Боғузлан – бауыздал Боз – боз Бойла – дəреже, шен Бол – бол Болчу – жер аты Болуң – тұтқын Болчун, болзун – болсын Бор – вино, ашымақ Бош – бос Бошан – босан Бошалана – босана Бошғур – оқыт, үйрет Бөд – тақ Бөгү – батыр Бөгү қаған – қаған аты Бөклі – жер аты Бөлен – тибет əкімі Бөрі – бөрі, қасқыр Бөрі тег – бөрідей, бөрі сияқты Бу – бұ, бұл, осы Будун – халық Буз – бұз Буйруқ – бұйрық Буғақ – кісі аты Булға – былға Булғақ – былғаныш Булуқ – жер аты Булуң – бұрыш, жер жүзі, əлем Булуңдақы – дүниенің төрт бұрышындағы Бумын – кісі аты Бунча – сонша Буң – мұң, қайғы Буңсуз – қайғысыз, есепсіз Бүке – батыр Бүкегек – жер аты Бың – мың Быч, біч – кес, піш І Ібір – қорша Іг – айналдыр, ій Ігід – көтер, жоғарылат Ігіл – тайпа, халық Ідіш – ыдыс Ікінті – екінші Іл – ел, халық Ілгерү – ілгері, алға Іді – ие, қожа Ідісіз – йесіз, қожасыз Ізгіл – халық, тайпа Іл – іл Ілбілге – Күлтегін мен Білге қағанның анасы Ілкі – ілкі, алғашқы Ілтеріс – Құтлығ қаған Ін – төмен түс Інел қаған – кісі аты Інгек – сиыр Іні – іні Ір – қу, ізіне түс Іркін – дəреже Ірлүн – жер аты Іс – жұмыс, іс Ісігті – ішімдік Ісүй Лікең – қытай елшісі Істемі қаған – кісі аты Іт – ет Ітгүчі – құрылысшы Іч – іш Ічүк – бағын, ішке кір Ічігір – бағындыр Ічре – ішке, ішке қарай Ічрекі – іштегі Ічүй – өзен аты И Иабаш – өзен аты Иабғу – уəзір, қағаннан соңғы дəреже Иабғу – кісі аты Иаблық – жаман Иабрыт – əлсірет Иабыз – жауыз Иағы – жау, соғыс Иағы – жау бол Иағыт – жаулас Иағыт – суар, жақындат Иадағ – жаяу Иаз – жаз Иаз – жаз /киізді жаз/ Иазуқ – жазық Иазы – жазық /дала/ Иазықлат – жазықта Иазуқлығ – жазықты, кінəлі Иаи – жазғытұрым Йайла – жайла Иайлақ – жайлау Иақа – шоқыну Иақғару – бұл жаққа Иалабач – елші Иалунус – жалғыз Иамтар – кісі аты Иан – бүйір, жан Иан – қайт Иана – жəне Иаңақ – бет Иаңы – жаңа Иаңыл – жаңыл Иапыт – жапқыз, тұрғыз

Иар үгүз – өзен аты Иараматы – жарамады Иарат – жарат, тудыр Иартағ туғ – жарғақ ту /өшпес ту/ Иаруқ – жарық Иарлығ – жарлық Иарылқа – жарылқа Иарыш – жер аты Иаса – жаса Иасы таш – тегіс тас Иат – жат Иаш – жас /жас жігіт/ Иаш – жас /көз жасы/ Иег – игі Иегед – жақсарт Иегірмі – жиырма Иегірмінч – жиырмасыншы Иегрен – жирен Иел – жел /тез жүру/ Иелме – атты əскер Иеме – жəне Иер – жер Иет – жет Иеті – жеті Иетінч – жетінші Иетміс, иетміш – жетпіс Иіген Чор – кісі аты Иегін – жиен Иінчү үгүз – Сыр-Дария Иіт – жіт, жоқ болу Иіче – тағы Иоғ – жоқтау Иоғра Иарыш – жер аты Иоқ – жоқ Иоққыш – жоқ ет, жой Иол – жол Иоллығ тегін – кісі аты Иолуқ – құрбан Иолуқ – жолық Ионт – жылқы Иоры – жүр, көш Иотаз – əйел Иоталығ – жер аты Иоқару – жоғары Иоғла – жерле, жоқта Иул – жұл Иуле көл – жер аты Иумғылығ – жинақты Иут – жұт Иүгүр – жүгір Иүз – жүз /сан есім/ Иүз – бет Иүз – жүз /суға жүз/ Иүкүн – жүгін Иүкүнтүр – жүгіңдір Иүрек – жүрек Иығ – жи, жина Иығла – жыла Иыл – жыл Иылан – жылан Иылқы – жылқы Иылпағут – кісі аты Иылун көл – жер аты Иыпар – жұпар Иырайа – солға, солтүстікке Иыш – жиы, ұйысқан /Көгмен иыш – Саян қойнауы, Алтай йыш – Алтай қойнауы, тоғайы/ Қ Қаб – қап Қабыш – қабыс, бірік Қаған – қаған Қағанле – қағандан Қадаз – жер аты Қадырқан йыш – жер аты Қазған – тапқан Қазлуқ көл – жер аты Қал – қал Қалйур – қалар Қалын – қалың Қалынсыз – қалыңсыз Қамаштды – қамасты Қамуқ – түгел, ештеңе қалмай, бəрі Қамыш – қамыс Қамыш көл – жер аты Қан – хан Қан – қан /қызыл қан/ Қан, қаң – əке, баба Қапаған – қаған аты Қапығ – қақпа Қар – қар Қара – қара Қара будун – жай халық Қара қум – қара құм Қара Барс – қара барыс Қара булақ – жер аты Қарағ – қар, шынтақ Қарғу – қарғы Қарлуқ – Алтай мен Ертіс арасын жайлаған түркі халқы Қары – кəрі, қарт Қасуй – жер аты Қатун – қатын Қат – қат Қата – беш қата, бес рет Қатыл – бірік Қач – қаш Қашыш – бірге қашу Қобрат – тер, біріктір Қод – қой Қоды – төмен Қон – қон Қой – қой Қойлығ – қойлы Қоп – көп Қорқ – қорық Қуғ сеңүн – кісі аты Қудаз – əйел Қуй – əйелдер жасайтын орын Қул – құл Қула – құла /ат/ Құлғақ – құлақ Қум – құм Қунле – жаула, тала, басып алу Кунчуй – қытайша əйел, атақты кісілердің əйелі Қур – жетістік, шен, дəреже Қурған – қорған Қурығару – кейін, батысқа Қурыйе – артқа, батысқа Қут – құт Қутай – жібек Қутлығ – құтты Қыбчақ – қыпшақ Қыз – қыз /зат есім/ Қыз – қыз /етістік/ Қызыл – қызыл Қыйын – қиын Қыл – қыл Қылын – қылын Қылыч – қылыш Қырқ – қырқ Қырқыз – қырғыз Қырыл – қырыл Қыс – қыс Қысға – қысқа Қытай – қытай Қытан – қидандар Қыш – қыс Қышла – қыста К Кедім – киім Кедімліг – киімді Кез – кез, қыдыр Кейре – жер аты Кейік – киік Кек – кек Кел – кел Келмеді – келмеді Келін – келін Келүр – келтір Келміс, келміш – келген Кем /Енисей/ – жер аты Кім – кім Кентү – өзі Кергек – керек Кергексіз – керексіз Кері, керү – кəрі Кесре – кісре – соң Кеч – кеш, өт Кече – кеше, өте Кечіг – өткіл Кечін – жер аты Кечүр – өткіз, өтер Кіші, кісі – кісі Кіче – көше Кічіг – кішкентай, кіші Кіңсүр – жанжал, даулас Кідін – кейін Кдінте – кейінде Көмен – Саян таулары Көз – көз Көбүрге – көпір Көк тыйын – көк тиын Көк – көк Көк тəңрі – көк тəңрі Көк өң – жер аты Көл – көл Көлүк – көлік Көмір – көмір Көмір тағ – жер аты Көңүл – көңіл, жүрек Көңлүңче – көңліңше Көр – көр Көргү – бағыну Көрүг – көруші, разведка Көтүр – көтер Кү – дыбыс, сес, үн Күз – күз Күлі Чор – кісі аты Күлбілге – кісі аты Күлүг – даңқты Күлтегін – кісі аты Күмүш, күмүс – күміс Күн – күн Күнліг – кіндік Күң – күң Күнтүз – күндіз Күңед – күң қыл Күрліг – қулық, арамдық Күт – күт Күч – күш Күчлүг – күшті Л Лағзын – шошқа, доңыз Лағзын йыл – доңыз жыл

Лісүн тай –Қытай елшісі Лү – ұлу Луй йыл – ұлу жыл М Мағ – мақтау Мағы қорған – Мағы қорған Маңа – маған Мəн-мəн – Мені-мені Менің – менің Н Не – не Неке – неге Нең – ештеңе О Обут – ұят Оғлан – ұлан Оғлан – бала Оғрақ – тоқтау, кідіру Оғрақлт – тоқтат, кідірт Оғул – ұл Оғлы – оның ұлы Оғлын – оның ұлын Оғуз – оғыздар Оғуш – ру, тайпа Ол – ол Олур – отыр Олурсық – отырыс Олурт – отырғыз Он – он Оноқ – он оқ тайпасы Он ұйғур – он ұйғыр Онынч – оныншы Оз – оз Озмыш-тегін – кісі аты Оңтутуқ – шен, дəреже Опа – опа Опла – шабуылға шығу Орду – орда Орқун – Орхон өзені От – от Отуз – отыз Отуз татар – отыз татар Ө Ө – ойлану Өг – қуан, өгей шеше Өгүрт – қуант Өд – өт Өдсег – өткен уақыт Өдук – жай, үлкен үй Өдуш – уақыт Өгес – ойлас, пікірлес Өз – өз Өзүм – өзім Өзіні – өзін Өзлек ат – өзімдік ат Өк – шылау Өкүн – өкін Өкүнч – өкініш Өл – өл Өлмечі – өлмеші Өлүг – өлік Өлүр – өлтір Өн – өн Өң – алғы Өңдін – алдынан Өргі – өргі Өргін – тақты сарай Өрпен – жер аты Өрүң – ақ түсті Өт – өт Өтүг – өтініш Өтүкен – Хангай тауы Өтүн – өтін Өтүнч – өтініш С Саб – сөз, сөйлеу /сөз саптау/ Сад, чад – шад, уəзір Сайу – санай Сақчы – жер аты Сақын – ойлан, пікірлен Сақынч – ойлану, пікірлену Салла – салдап өту Сан – сан Сансыз – сансыз Сантуң, Шаңтуң – жер аты Санч – шаныш Сарығ – сары Сач – шаш Себ – сүй Себін – сүйін Секіз – сегіз Секізнч – сегізінші Селеңе – жер аты Сен – сен Сеңүн – Қытай əкімі Сіз – сіз Соғд – соғдылар Соғдақ – соғдылар Сөз – сөз Сөзлеш – сөйлес Сөк – сөк Сөкүр – сөгер Сеңүк – сүйек Суб – су Субсыз – сусыз Суқ – соғдылардың басшысы Соңа йыш – жер аты Сү – əскер Сүле – соғыс Сүңүк – сүңгі Сүңүс, сүңүш – соғыс Сүр – сүр, айда, қу Сы – сындыр Сығыт – сықтау, жылау Сығун – бұғы Сық – сық Сыңар – сыңар Т Табар – тауар Табғач – табғаш Табғачдақы – табғаштағы Табышған – қоян Табышған йыл – қоян жылы Тадыкын чор – кісі аты Тағ – тау Тағдақы – таудағы Тағы – тағы Тайбілге – кісі аты Тайған көл – жер аты Тақығ – тауық Тақығ йыл – тауық жыл Таң – таң Тағча – таудай Талуй – телегей теңіз Таман тарқан – шен, дəреже Тапа – таба Танут – таңғут Тапла – тапта Тардуш – тардуш халқы Тарқан – шен Тарқат – тарқандар Тасы – сырты Тасу – тасу Тат – тат Татабы – татабылар Татар – татар халқы Таш, тас – тас Тандынтан – сыртынан Те, ті – де, айт Тег – дай, дей Тег – ти, соғыс Тегі – дейін, шейін Тегзін – саяхат Тегіре – айнала Тез – қаш Тезік – тəжік Тейің – тиін Темір – темір Темір қапығ – Темір қақпа Теңрі – тəңрі Теңрітег – тəңрідей Тер – тер Төр – төр Ті – де, айт Тігін – тегі Тіз – тізе Тізліг – тізелік Тік – тік Тіріг – тірі Тіріл – тіріл, жинал Тод – той Тоғла – жер аты Тоғы балық – жер аты Тоғысық – шығыс Тоқта – тоқта Тоқыт – тоқыт Тон – тон Тонлығ – тондық Тоньюкук – кісі аты Тоңа тігін – кісі аты Тоңра – Тайпа, кісі аты Торығ – торы Топ – той Топла – топта, жина Тоқ – тоқ Тоқры – тоқар тайпасы Тоқуз – тоғыз Тоқузынч – тоғызыншы Төк – төк Төлес – түркі тайпасы Төрі – төре Төрү – дере, дамы Төрт – төрт Төртінч – төртінші Туғ – тұйық Туғ – ту, жалау Туғлығ – тулы Туй – тұй, тұсын Туруқ – тұрақ Туруқ – тұрық /Арық-тұрық/ Тут – тұт, ұста Тутсық – тұтатын Тутун – тұтын Түз – түз Түзел – түзел Түгіл – түгіл Түк – түк Түкеті – түгелімен Түмен – түмен, он мың

Түн – түн Түн қат – түн қату Түңкер теғ – түңкер жау Түпүт – тибет Түргес, түргеш – түргештер Түс – түс Түсүр – түсір Тыл, тіл – тіл Тыңла – тыңда У У – ұйқы У – көмекші етістік Уд – ізімен жүру Удар сеңүн – əскери бастық Уды – ұйықта Удыз – жүргіз Удысық – ұйқылы Уз – шеберлік Узун – ұзын Уйгур – ұйғыр Уле – ұласу Улғарт – үлкейту Улуғ – ұлы, үлкен Улайу – улайа Улус – ұлыс Умай – əйелдер қорғаушысы Уруқ – ұрық Уна – ұна Унч – мүмкін Ур – ұр Уртур – ұрғыз Уруғсырат – ұрықсат Уруш – ұрыс Усын – Үйсін тайпасы Утру – ұтыры Уч – ұш, өл, жоқ болу Уч – қанаты, ұшы Учуқ – құс Учуқтег – ұшқыштай Учуз – арзан Үгүз – өзен Үз – үз Үзе – үстіне Үкүл – бүкіл Үкүс, үкүш – бəрі, барлығы Үнтүрү – таң ата Үрк – үрік Үч –үш Үчүнч – үшінші Үчегү – үшеуі Үчүн – үшін Ш Шад – уəзір Шад-апыт – уəзір апалар Шалчы – кісі аты Шантуң йезы – Шандун жазығы Шаш – шаш Шоқақ – жер аты Шып башы – жер аты Шег – шек /ара/ Ч Чаб-саб – сөз, сөйлеу Чача сеңүн – кісі аты Черіг – шерік Чігіл – түркі тайпасы Чік – түркі тайпасы Чолуғ – көмекші, қосшы Чорақ – жер аты Чөл – шөл Чуғай – шығай (сараң) Чуш – жер аты Чор –кісі аты, атақ, дəреже Чықан – кедей Чыт –үй қабырғасы Ы Ы – ағаш, бұта Ыд – жібер Ыдуқ баш – қасиетті бас Ыдуқут – басмылдардың дəрежелісі Ынағару – одан əрі Иынйыт – ренжіт Ынча – сонша Ысбара – кісі аты Ыттым – жібердім Ытымыз – жібергеніміз Ығар – ығар Ырақ – жырақ, алыс Ышбара – кісі аты Ычғын – ышқын Ычқынмыс – ышқынған ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР І. РУ, ТАЙПА ЖƏНЕ ХАЛЫҚ АТТАРЫ Аз – Көгмен таулары маңын жайлаған халық /КТб., 40, 42, 43, 45, 48; Тон., 23, 24/ Арғу – түркі тайпасы /Мог. , 30/ Апар – аварлар /КТб., 4/ Едіз – түркі тайпасы /КТб., 45/ Басмыл – Бесбалық қаласы төңірегін мекен еткен халық /Мог., 25, 37; Мч., 28, 30, 35, 37, 41/ Ізгіл – түркі тайпасы /КТб., 43, 44/ Қарлуқ – Алтай мен Ертіс арасын мекен еткен түркі тайпасы /Мч., 27, 29, 31, 34, 40; Кч., 18, 19, 20, 21; КТб., 41, 42; Мог., 28, 29, 40/ Қырқ аз1 – Көгмен таулары бойын жайлаған түркі тайпасы /Тон., 20, 23, 24, 26, 27, 28, 29, 49; КТб., 4, 14, 17, 20, 25, 36, 40, 42, 43, 45, 53; Мог., 26, 27; Мч., 22/ Құрықан – якуттардың арғы ата-бабалары /КТб., 14/ Қытай – қытай /КТм., 5; Кч., 27/ Қытан – қидандар, түркілерге көршілес Манчжурияда мекендеген халық /КТб., 4, 14, 28; Тон., 8, 9, 10, 11, 13, 14, 15; Мог. Ха., 2, 7; Кч., 17/ Оғыз – азербайжан, түркмен, түрік халықтарының арғы аталары /КТм., 1, 2; КТб., 14, 22, 28, 44, 46; Тор., 7, 8, 9, 12, 14, 15, 16, 62; Мог., 31, 32, 38; Онг., 5, 6; Мч., 5, 15, 22, 47; Кч., 16/ Он ұйғыр – ұйғырлардың он руы /Мч., 3/ Оноқ – VІІІ ғасырда Батыс Түркі қағанаты құрамына еніп, Іле жəне Шу өзендері бойын мекендеген түркі тайпалары он руға бөлінген. Олар түркологиялық əдебиеттерде «оноқтар» болып аталады / Тон., 19, 30, 33, 42, 43; Мч., 11; Мог. Ха.,15; КТб., 1, 12/ Отыз татар – отыз татар /КТб., 4, 14/ Соғды – соғдылар /КТб., 31, 39, 52; Тон., 46; Мог., 24, 25; Мч., 24 ,44/ Табғач – табғаш /қытай халқының бір руы / Тон., 1, 2, 7, 9, 10, 11, 14, 19, 30, 49; Мог., 25, 35, 36, 38, 39; Мог. Ха.,1; Мог. Хб.,14; Мч., 32, 43, 44; Кч., 12; Онг., 5; Об.,1; КТм., 4, 5; КТб., 6, 7, 8, 9, 12/ Танут – таңғұттар /Мог., 24/ Тардуш – Тұрфанның солтүстігін мекендеген түркі тайпалары /Тон., 31, 41; КТб., 13, 17, 53; Кч., 14; Мч., 19; Мог. Ха., 13/ Тат – таттар /Мог., Хб., 15; КТм., 12/ Татабы – татабылар /Кч.,12; КТм., 4, 14, 28, 51/ Татар – татарлар /Мч., 13, 15, 18, 20, 28/ Тезік – тəжіктер /Кч., 16; Тон., 45/ Тоғыз оғыз – Тоғыз оғыз тайпалары /Кч., 16; Онг., 6; Мч., 3; КТб., 14; Тон.,9/ Тоғыз татар – татарлардың тоғыз руы /Мч., 11, 13, 15; Мог., 34/ Төлес, төлеш – түркі тайпалары /Мог. Ха.,13; КТб., 13; Мч., 19/ Тоқры – тоқарлар /Тон., 45/ Түпүт – тибет халқы /КТм., 3; КТб., 4, 5/ Түргеш, түргес – Батыс түркі қағанаты құрамында болып, ҮШ ғасырларда Шу жəне Іле өзендері бойларын мекендеген түркі тайпасы /КТб., 18, 26, 37, 40, 53; Мог., 27; Мог. Ха, 9; Мч., 28, 29, 40; Тон., 21, 29, 30/ Түрк – түркі қағанаты құрамына енген түркі ру-тайпалары, түркі халықтары /Тон., 1, 2, 1 Бұл таңбалар тюркологиялық əдебиеттерде күні бүгінге дейін қырқыз түрінде оқылып келді. Бізше бұл қырқ аз болып оқылатын сияқты.

3, 4, 17, 18, 20, 45, 54, 58, 62; Онг., 2, 3; Кч., 4, 6; КТм., 3, 6, 7, 8, 10, 11; КТб., 3, 6, 7, 8, 10, 11, 13, 16, 21, 22, 25, 27, 34, 41, 46; Мог., 1, 2, 33, 36, 38; Мог. Ха., 13; Мог. Хб., 12, 13; Мч., 4, 8,10, 46/ Ұйғыр – ұйғырлар /Мч., 3; Мог. 37/ Үч оғыз – оғыздардың үш руы /Мог., 32/ Усын – үйсін /Тон., 19/ Чігіл – түркі тайпасы /Мч., 35/ Чик – түркі тайпасы /Мог., 26/ ІІ. ЖЕР-СУ АТТАРЫ Ағу – жер аты /Мог., 34; Мч., 45/ Алтун йыш – Алтай таулары /Мог., 27; Тон., 31, 32, 35, 37; КТб., 36/ Аны – өзеннің аты /Тон., 24, 27/ Арқар басы – жер аты /Мч., 25/ Арқуй – өзен аты /Тон., 53/ Езгенті Қадаз – жер аты /Мог., 31/ Ерсен – жер аты /Мч., 30/ Ерсегүн – жер аты /КТм., 3/ Ертіс – Ертіс өзені /Мог., 27; Мч., 25; КТб., 37; Тон., 35, 37/ Бай былық – қала аты /Мч., 44/ Байурқы иір – жер аты /КТ., 4; КТб., 34/ Балқлығ – Балықты, су аты /Мч., 34/ Беңгігек – тау аты /Тон., 44/ Бешбалық – қала аты /Кч., 11; Мог., 28/ Беш кечен – жер аты /Мог., ХІІ/ Біркү – жер аты /Мч., 7, 17; / Болчу – өзен аты. /Мог., 28; Мч., 25; КТб., 7, 20, 24, 30, 31, 34, 37,41, 42, 43, 44, 47, 49, 50; Тон., 18, 20, 34, 35, 56/ Бөкілі – бөкіл даласы /КТб.; 4, 8/ Буқарақ – Бухара қаласы /КТб., 52/ Бурға – жер аты /Мч., 15/ Бүкегек – жер аты /Мч., 13/ Ічүй – өзен аты /Мч., 20/ Иабаш Токуш – жер аты /Мч., 21/ Иар үгүз – Иар өзені /Мч., 8/ Иарыс йазы – Иарыс жазығы /Тон., 33, 36/ Иарыш Арулыг– жер аты /Мч., 45/ Иашыл үгүз – өзен аты /КТб.,17/ Иенчү – Сырдария /Кч.,16; КТм., 3; Тон., 44/ Иула көл – өзен аты /Мч., 30/ Қадырқөн – тау аты / КТб., 2, 21; Мог., 39/ Қазлүк көл – өзен аты/ Мг., 26/ Қара қум – Қара құм /Тон., 7/ Қара булун – жер аты /Мч., 22, 25/ Қара иота – жер аты /Мч., 22/ Қасуй – жер аты /Мч., 18/ Қушлағақ – жер аты /КТб., 45/ Кем – Туғадағы өзен аты /Мог., 28; Мч., 19, 25/ Кеңү Тарман – жер аты /КТб., 21/ Кергүн – жер аты /Мч., 16/ Кечін – жер аты /Кч., 10/ Көгмен – Саян таулары /Мог., 27; Тон., 32, 28; КТб., 17, 35/ Көмүр тағ – Көмірлі тау, тау аты /Мч., 8/ Көгүр – жер аты /Мч., 8/ Көк өңүг – жер аты /Тон., 15/ Мағы қорған – жер аты /Мог., 31/ Орхон – Орхон өзені /Мч., 3, 34/ Өрпен – жер аты /Мог., 26/ Өтүкен – Қанғай таулары /КТб., 3; Тон., 15, 17; Мч., 2, 19, 21, 28, 42; КТм., 3, 4, 8/ Сақыш – жер аты /Мч., 16/ Шантуң – сантуң – Шандун провинциясы /КТм., 3; КТб., 17; Тон., 18, 19/ Селең − Селенгі өзені /Мог., 37; Мч., 2, 15, 44/ Соңа йыш – Соңа тауы /Мог., 27/ Табар – жер аты /КТб., 38/ Тайған көл – көл аты /Мч., 27/ Талуй өгүз – өзен аты /Тон., 45, 46; Кч., 16; КТм., 3/ Тамағ – жер аты /КТб., 41; Мог., 29/ Темір қапығ – Темір қақпа /Тон., 45, 46; Кч., 16; Ктм., 2, 4, 8, 17, 39/ Термел – жер аты /Тон., 25/ Тоғла – Тола өзені /Мог., 30; КТб., 44/ Тоғуру – жер аты /Мч., 36/ Тоқуш – өзен аты /Мч., 21/ Тоғы балық – қала аты /Мог., 30; КТб., 44/ Тутуқ баш – жер аты /Мч., 23/ Түңкер тағ – Түңкер тауы /Мог. Ха., 7, 8/ Чуғай қуз – жер аты /Тон., 7/ Чуғай иыш – жер аты /КТм., 6/ Чуш баша – жер аты /Мог., 30/ Ыдуқ баш – жер аты /Мог., 25/ ІІІ. КІСІ АТТАРЫ Баз қаған – қаған аты /КТб., 14/ Барс бет – кісі аты /КТб., 20/ Білге қаған – Күлтегіннің туысы, қаған /Оа., 3; КТм., 23; Тон., 50, 58, 62/ Бөлен – кісі аты /КТб., 52/ Бөгү қаған – қаған /Тон., 34,50/ Бумын қаған – түркі қағандары мен бектерінің арғы атасы, Ілкі Түркі қағанатын орнатқан кісілердің бірі /Онг., І/ Ілбілге – кісі аты /КТб., ІІ/ Ілбілге қатун – Күлтегін мен Білге қағанның анасы Ілтеріс /Қутлуғ, Гудулу/ – Күлтегін мен Білге қағанның əкесі /Тон., 7, 50, 54, 59, 61/ Інел қаған – қаған аты /Тон., 31, 45/ Істемі қаған – Бұмынның туысы, Батыс Түркі қағанатын басқарған кісі /КТб., 1/ Иағлақар – кісі аты. /Суджа ескерткіші/ Иегін Сілік – кісі аты /Ктб., 33/ Иоллығ тегін – Күлтегін жəне Білге қаған ескерткіштерінің тексін жазған, сауатты, білімді кісілердің бірі /Мог., ХІ; КТб., 13/ Қапаған – қытай мағлұматтарында Мочже, Ілтерістен кейінгі түркі қағаны, өте қатал кісі болған /Тон., 51, 61; Онг., 4/ Күлбілге қаған – Түркі қағанатының соңғы қағаны /Мч., 5/ Күл-Іркін – кісі аты /Мог., Ха., 14/

Күлтегін – Орхон ескерткішіндегі басты тұлға, əскери қолбасшы /КТб., 25, 27, 30, 32, 34, 35, 37, 40, 41, 42, 43, 45, 46, 47, 48, 50, 53/ Күүлі-Чор – тардуш тайпаларының қағаны, Білге қаған, Тоныкөктердің замандасы /Кч., 2, 3, 5, 6, 8, 10, 11, 14, 15, 17, 18, 19, 22, 24/ Лісун тай сеңүн – қытай əскер басшысы /Мог., Ха., ІІ/ Нең сеңүн – кісі аты/КТб., 52/ Озмыш тегін – түркі тайпаларының қағаны /Мч., 9/ Өзбілге – кісі аты /Мч., 47/ Өрүңбег – кісі аты /Мч., 22/ Тадықын Чор – кісі аты /КТб., 32/ Тай білге – кісі аты /Мч., 11/ Тінесі – кісі аты /Тон., 44, 47/ Тоникуқ – түркі дəуіріндегі Қутлығ, Қапаған жəне Білге қағандардың əскери кеңесшісі, қытайша оқып, білім алған ақылгөй кісі /Он., 1, 5, 15, 17, 58, 59, 61; Мог. Ха., 14/ Удар сеңүн – кісі аты /КТб., 32/ Чаң сеңүн – кісі аты /КТб., 53/ Чача сеңүн – қытай əскери қолбасшысы /Мог., 26; КТб., 32/ Чықан Тоникуқ – кісі аты /Кч., 1/ Ынарчы Чор – кісі аты /КТб., 52/ Ышбара – кісі аты /Кч., 2; КТб., 33; Мч., 26/ ҚЫСҚАРТУЛАР КТб. – Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуы, 53 жол КТм. – Күлтегін ескерткішінің кіші жазуы, 13 жол Тон. – Тоныкөк ескерткіші, 62 жол Мог. – Могилян / Білге қаған/ құрметіне арналған ескерткіш. Негізгі текст 41 жол Мог.Ха. – Білгі қаған ескерткішінің сол жақ бүйіріндегі негізгі текстің жалғасы, 15 жол Мог. Хб. – Білгі қаған ескерткішінің оң жақ бүйіріндегі жазу, 15 жол Мог. ХІ, ХІІ – Білге қаған ескерткішіндегі табғаш жазуы қасындағы текст Мог.Хс. – Білгі қаған ескерткішінің табғаш жазуы қасындағы нашар сақталған текст Кч. – Күүлі-Чор құрметіне арналған ескерткіш, 29 жол Мч. – Мойын-Чор құрметіне арналған ескерткіш, 39 жол Онг., Оа., Об., Ос. – Онгин немесе Құтлығ қаған құрметіне арналған ескерткіш, 20 жол Суджа – Яқлақар қағанға арналған ескерткіш,11 жол Ыр. – Ырқ бітіг жазуы /тəкпірнама/, 65 жол Тор. – Ториан ескерткіші, 30 жол Ихе-Асхете ескерткіштері /№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9/, майда Орхон ескерткіштері. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 1. Айдаров Г. Язык Орхонских памятников древнетюркской письменности. – А., 1972. 2. Айдаров Г. Язык Орхонского памятника Бильге-кагана. – А., 1966 3. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. – А., 1995. 4. Айдаров Ғ. Көне түркі ескерткіштерінің тілі. – А., 1986. 5. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексі. – А., 1990 6. Айдаров Ғ. Тоникук ескерткішінің тілі. – А., 2000. 7. Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. – А., 2003. 8. Агапов П., Кадырбаев М. Сокровища древнего Казахстана. – А., 1979.

Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и уйсуней долины реки Или. – А., 1963., 9. Аль-Фараби. Философские трактаты. – А., 1970. 10. Аль-Фараби. Избранные трактаты. – А., 1994. 11. Аджи М. Полынь половецкого поля. – М., 1994. 12. Антонов Н.К. Лекции по тюркологии. Ч.ІІ. – Якутск, 1979. 13. Артомонов М.И. Сокровище саков. – М., 1973. 14. Асеев И.В., Кириллов Н.И., Кобычев Е.В. Кочевники Забайкалья в эпоху средневековья (по материалам погребений). – Новосибирск, 1984. 15. Ахметов З. Казахское стихосложение. – А., 1964. 16. Ахмет Йүгінеки. Ақиқат сыйы. Ауд. Ə.Құрышжанов, Б.Сағындықов. – А., 1985. 17. Əбунəсір əл-Фараби. Трактат жəне өлеңдер. Ауд. А.Нысаналин. – А., 1974. 18. Əл-Фараби. Əлеуметтік-этикалық трактаттар. – А., 1975. 19. Əуезов М. Əдебиет тарихы. – А., 1991. 20. Əуезов М. Елу томдық шығармалар жинағы. 4-том. – А., 2000. 21. Əбілғазы. Түрік шежіресі. Ауд. Б. Əбілқасымов. – А., 1992. 22. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. // Шығармалары. – А., 1989. 23. Батырлық дастандар. – А., 1995. 24. Бартольд В.В. Сочинения. Т. V . – М., 1968. 25. Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана. – М., 1963. 26. Бабур-наме. Записки Бабура. – Ташкент., 1963. 27. Бабыр Захар ад-дин Мұхаммед. Бабырнама. Қазақ тіліне ауд. Байзақ Қожабекұлы. А.,1993 28. Баласағұн Ж. Құтты білік. Көне түрк тілінен ауд. А.Егеубай. А., 2006 29. Баласагунский Юсуф. Благодатное знание. Перевод С.Иванова. – М., 1983. 30. Баллер Э.А. Преемственность в развитии культуры. – М., 1969. 31. Баскаков Н.А. Тюркские языки. – М., 1960. 32. Батманов Н.А., Арагачи З.Б., Бабушкин Г.Ф. Современная и древняя енисеика. – Фрунзе, 1962. 33. Бердібай Р. Дəстүр қуаты. – А., 2005. 34. Бердібай Р. Эпос – ел қазынасы . – А., 1995. 35. Бернштам А.Н. Социально-экономический строй орхоно-енисейских тюрок VІ –VІІІ вв. – М.-Л., 1946. 36. Бертельс Е.Э. Роман об Александре и его главные версии на Востоке. – М.-Л., 1948. 37. Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. Избранные труды. – М., 1965. 38. Бичурин Н.Я. (Иакинф) Собрание сведении о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т. І. – М.-Л., 1950. 39. Бируни Абурейхан. Памятники минувших поколений. Избранные произведения. І том., – Ташкент, 1957. 40. Бойс М. Зороастрицы: Верования и обычаи. – М., 1987. 41. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении. Том 4. – А., 1985.

42. Васильев Л.С. История религии Востока. – М., 1983. 43. Васильев Д.Д. Корпус тюркских рунических памятников бассейна Енисея. – Л., 1983. 44. Войтов В.В. Древнетюркский пантеон и модель мироздания в культово-поминальных памятниках Монголии VІ–VІІІ в. – М., 1996. 45. Геродот. История в девяти книгах. – Л., 1972. 46. Грюнебаум Г.Э. Классический ислам. – М., 1986. 47. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. – М., 1993. 48. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1993. 49. Гумилев Л. Көне түріктер. Ауд. Ə.Жұмабаев, П.Бейсенов. – А., 1994. 50. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. – А., 1974. 51. Ғұн тарихының жылнамасы. Көне қытай тілінен ауд. А.Мүтəліп, Т.Жиылұлы. – Түркістан, 2004. 52. Дербісəлин Ə. Əдебиет туралы толғаныстар. – А., 1990. 53. Дербісəлиев Ə. Қазақ даласының жұлдыздары. – А., 1995. 54. Дербісəлі Ə. Ислам жəне заман. – А., 2003. 55. Дерфер. О языке гуннов. – М., 1986. 56. Диваев Ə. Тарту. – А., 1992. 57. Дулати М.Х. Тарихи Рашиди. – А., 2003. 58. Дүйсенбаев Ы.Т. Қазақтың лиро-эпосы. – А., 1973. 59. Древнетюркский словарь. – Л., 1969. 60. Ежелгі дəуір əдебиеті. Екінші кітап. Хрестоматия. – А., 1991. 61. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. – А., 1983. 62. Егеубаев А. Ежелгі дəуірдегі қазақ əдебиетінің көркемдік жүйесі. – А., 1999. 63. Егеубаев А. Кісілік кітабы. – А., 1998. 64. Егеубаев А. Құлабыз. – А., 2001. 65. Еңсегенұлы Т. Қазақ əдебиеті тарихының арғы арналары. – А., 2001. 66. Екі мың жылдық дала жыры. – А., 2000. 67. Жаз бен қыстың айтысы (Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігінен алынған ертедегі түрік жырлары). Ауд. Ф.Оңғарсынова. – А., 1985. 68. Жармұхамедұлы М. Қожа Ахмет Йассауи жəне Түркістан. – А., 1999. 69. Жалайыр Қ. Шежірелер жинағы. Ауд. Н.Мингулов, Б.Көмеков, С. Өтениязов. – А., 1997. 70. Жолдасбеков М. Асыл арналар. – А., 1986. 71. Жолдасбеков М. Күлтегін. – А., 1986. 72. Жолдасбеков М. Тастар сөйлейді. – А., 2001. 73. Жолдасбеков М. Орхон ескерткіштері. – А., 2001. 74. Жолдасбеков М. Орхонские надписи. – А., 2002. 75. Жолдасбеков М. Камни заговорили. – А., 2003. 76. Жолдасбеков М., Сартқожаұлы Қ. Орхон ескерткіштерінің толық атласы. – Астана. 2005. 77. Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. Ауд. А.Егеубаев. – А., 1986. 78. Закиров С. Дипломатические отношения Золотой Орды с Египтом. – М., 1966. 79. Ибраев Ш. Қазақтың батырлық эпосының поэтикасы. – А., 1993. 80. Йоллығтегін. Күлтегін. Ауд. М.Жолдасбеков. – А., 1986. 81. Иванов С.Н. Родословное древнетюрок Абулгазы-хана. – Ташкент, 1969. 82. Каскабасов С.А. Золотая жила. Избранные исследования. Ч.2. – Астана, 2000. 83. Кенжебаев Б. Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері. – А., 1973. 84. Келімбетов Н. Ежелгі əдеби жəдігерліктер. – А., 2005. 85. Келімбетов Н. Қазақ əдебиетінің ежелгі дəуірі. – А., 1986. 86. Келімбетов Н. Ежелгі дəуір əдебиеті. Бірінші кітап. – А., 1991. 87. Келімбетов Н. Қазақ əдебиеті бастаулары. – А., 1998. 88. Келімбетов Н. Ежелгі түркі поэзиясы жəне қазақ əдебиетіндегі дəстүр жалғастығы. – А., 1998. 89. Келімбетов Н. Көркемдік дəстүр жалғастығы. – Астана, 2000. 90. Келимбетов Н. Древний период истории казахской литературы. – А., 1998. 91. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники, как источник по истории Средней Азии. – М., 1964. 92. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники, как источник по историй Средней Азий. – М.-Л., 1964. 93. Кононов А.Н. История изучения тюркских языков в России. – Л., 1972. 94. Кононов А.Н. Родословная туркмен, сочинение Абул-л-Гази, хана Хивинского. – М.-Л., 1958. 95. Конрад Н.И. Запад и Восток. – М., 1972. 96. Короглы Х.Г. Взаимосвязи эпоса народов Средней Азии, Ирана и Азербайджана. – М., 1983. 97. Короглы Х.Г. Огузский героический эпос. – М., 1976. 98. Кормушин И.В. Тюркские енисейские эпитафии /тексты и исследования/. – М., 1997. 99. Көне түркі жазуларының зерттелуі: бүгіні мен болашағы. – Алматы, 2004. 100. Кисилев С.В. Древняя история Южной Сибири. – М.-Л., 1949. 101. Книга моего деда Коркута. – М.-Л., 1962. 102. Книга отца нашего Коркута. – Баку, 1989. 103. Кубарев В.Д. Древнетюркские изваяния Алтая. – Новосибирск, 1984. 104. Кызласов Л.И. Рунические письменности Евразийских степей. – М., 1994. 105. Қасқабасов С. Абай жəне фольклор. – А., 1995. 106. Қашқари М. Диуани лұғат ит-түрк. Үш том. Көне түркі тілінен ауд. А.Егеубаев. А.,1997. 107. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. – А., 1988. 108. Қоңыратбаев Ə. Қазақ эпосы жəне түркология. – А., 1987. 109. Қоңыратбаев Ə. Түркітану жəне шығыстану мəселелері. // Шығармалар жинағы. 2-том. – А., 2004. 110. Қожа Ахмет Йассауи. Хикмет. Жинақ. (Ауд. М.Жармұхамедұлы, М.Шафиғи, С.Дəуітұлы, Е.Дүйсенбай). – А., 1998. 111. Қожакеев Т. Қазақ əдебиеті тарихының өзекті мəселелері. – А., 1993. 112. Қорқыт ата кітабы. – А., 1986. 113. Қорқыт ата кітабы. Түрік тілінен ауд. Балтабек Ысқақов. А.,1994. 114. Қорқыт ата: Энциклопедиялық жинақ. – А., 1999. 115. Қожа Ахмет Йассауи. Диуани хикмет. (Ақыл кітабы). – А., 1993. 116. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орды и степей. – А. 1996. 117. Литвинский Б.А. Древние кочевники. – М., 1972. 118. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности (тексты и исследования). – М.-Л.,1951. 119. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии. – М.-Л., 1959. 120. Медоев А.Г. Гравюры на скалах. А., 1976. 121. Нұрмағамбетова О. Қазақтың қаһармандық эпосы «Қобыланды батыр». – А., 2003. 122. Оғыз-наме. Мұхаббат-наме. – А., 1986. 123. Өмірəлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. – А., 1983. 124. Өмірəлиев Қ. Оғыз-қаған эпосының тілі. – А., 1988. 125. Өмірəлиев Қ.VІІІ–XІІ ғасырлардағы көне түркі əдеби ескерткіштері. –А., 1985.

126. Өмірəлиев Қ. ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. – А., 1976. 127. Өтенияз С. Аттила. – А., 2000. 128. Наджип Э.Н. Тюркоязычный памятник ХІV в. «Гулистан» С.Сараи. Часть І и ІІ, – А., 1975. 129. Рашид-ад-дин. Сборник летописей (Пер. с персидского А.Хетагурова). – М. - Л., 1952. Т.І. Ч.1.,Ч.2. 130. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии. – М.-Л., 1959. 131. Петросян А.А. История народа и его эпос. – М., 1982. 132. Поспелов Г.П. Проблемы исторического развития литературы. – М., 1972. 133. Преемственность в развитии литературы. – Пятигорск, 1993. 134. Путилов Б.Н. Героический эпос и действительность. – Л., 1988. 135. Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақ петроглифтері. – А., 2005. 136. Сарткожаулы К. Объединенный каганат тюрков. – Астана, 2002. 137. Сартқожаұлы Қ. Орхон мұралары. Т.І. – Астана., 2003. 138. Сартқожаұлы Қ. Древнетюркские рунические надписи и тюркско-уйгурские этнокультурные связи в VІІ–ІX вв. (Автореферат. Дисс.на соискание уч. степени канд. ист. наук) – А., 1988. 139. Севортян Э.Ю. Этимологический словарь тюркских языков. – М., 1974. 140. Сулейменов О.О. Язык письма. («1001» слово»). – А., «Простор», 1998, № 2, 3, 4. 141. Стеблева И.В. Поэзия тюрков VІ–VІІІ вв. – М., 1965. 142. Стеблева И.В. Поэтика древнетюркской литературы и ее трансформация в раннекласси ческой период. – М., 1976. 143. Сүйіншəлиев Х. Қазақ əдебиетінің тарихы. – А., 1997. 144. Тасмағамбетов И. Ат жалындағы өркениет. – А., 2003. 145. Типология народного эпоса. – М., 1982. 146. Типологические исследования по фольклору. – М., 1975. 147. Толстов С.П. По следом древнехорезмской цивилизации. – М., 1948. 148. Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. – М., 1962. 149. Тынышпаев М. История казахского народа. – А., 1993. 159. Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Том ІІ. – М.-Л., 1941. 160. Тюркологический сборник. – М., 1973. 161. Тюркоязычный мир. – А., 1997. 162. Тюркские Енисейские эпитафии. Тексты и исследования. – М., 1997. 163. Тугушева Л.Ю. Раннесредневековый тюркский литературный язык. СПб., 2001. 164. Уəлиханов Ш.Ш. Таңдамалы. – А., 1984. 165. Ұлы Түрік қағанаты. Қытай деректері мен түсініктер. Құр. Ш.Ахметұлы. – Үрімжі, 2006. 166. Федоров-Давыдов Г.А. Искусство кочевников и Золотой Орды. – М., 1970. 167. Федоров-Давыдов Г.А. Кочевники Восточной Европы под властью золотоордынских ханов. – М., 1966. 168. Хорезми. Мухаббат-наме. (Перевод Э.Н. Наджипа), – М., 1969. 169. Чалоян В.К. Восток-Запад. – М., 1968. 170. Щербак А.М. Огуз-наме. Мухаббат-наме. – М., 1959. РЕЗЮМЕ Письменность и литература – ключ к жизни человека и этноса в гармонии с природой и всем миром. Поэтому их изучение является важным моментом в исследовании истории народа и культуры. В этом аспекте письменные памятники древней и средневековой тюркской литературы до сих полностью не изданы на казахском языке. Институт литературы и искусства имени М.О.Ауэзова приступил к изданию многотомной серии «Əдеби жəдігерлер» («Литературные памятники») в рамках государственной программы «Мəдени мұра» («Культурное наследие»). В ходе подготовки томов данной серии проводится большая обстоятельная разыскательная и текстологическая работа для обеспечения достоверного прочтения источников. В процессе подготовки томов будут учтены такие обстоятельства как в советский период в силу известных политических и идеологических причин был наложен запрет на публикацию общетюркских литературных памятников религиозного содержания и по этой же причине многие публикации древней литературы подвергались целеноправленной цензуре, в результате многие тексты издавались с искажениями. Отсюда вытекает цель данной серии: 1) издать литературные памятники, вышедшие до 1917 года отдельными книгами; 2) издать все тексты, хранящиеся в рукописях; 3) издать тексты литературных памятников средневековья в первоначальном виде, в том, в каком они дошли до нас. Главная особенность серии – большинство литературных памятников, написаных на тюркском языке, впервые будут опубликованы в переводе на казахский язык. Все тома серии будут изданы в хронологическом порядке. Первый том начинается с древнетюркского периода, последний, 20-том завершается ХІХ веком. Каждый том открывается ознакомительной статьей главной редколлегии, в конце всех томов будут даны научные приложения, которые включают в себя: сведения о публикуемых текстах, краткий историко-литературоведческий и текстологический анализ текстов, словарь древнетюркских, арабских и персидских слов, терминов и понятий религиозного содержания, а также географических названий, список использованной литературы, резюме на русском и английском языках. Первый том серии «Əдеби жəдігерлер» составляют образцы литературы прототюркского периода, литературные памятники Тюркского каганата, литературные произведения ІX–Х веков. Том открывает стихотворение «Хвала солнцу», запечатлевшее время правления древних саков и песня «Плач по Алып Ер Тонга», посвященная светлому образу батыра Тонга, правителя Туранской империи, храброго полководца саков. Тексты данных произведений подготовлены на основе материалов известного ученого-литературоведа Н. Келимбетова. В 1-томе впервые представлены манихейская молитва «Хуастуанифт», написанная древнеуйгурским письмом. Перевод на казахский язык осуществлен кандидатом филологических наук А.Алибекулы. В древних китайских исторических повествованиях официальных летописей под общим названием «Двадцать четыре истории» немало ценных сведений и легенд о древних тюрках. Казахские ученые, живущие в Китае, отбирали эти материалы и перевели на казахский язык, написали научные

комментарии к ним и на основе этой огромной работы в 2006 году в городе Урумчи издали большой сборник «Великий Тюркский каганат», составителем которого является старший научный сотрудник Института истории Академии общественных наук Синцзян-Уйгурского автономного района КНР Шадыман Ахметулы. В настоящий том серии включены материалы из летописи «Уейнама», повествующие о тюркских государственных образованиях дотюркского каганата, тексты летописей «Северная Чинама», «Жоунама», «Суйнама», «История северных династий», рассказывающие о расцвете государства Тюркского каганата и о тюркозированных народностях. Данные материалы представил Ш.Ахметулы. Выдающимися творениями эпохи Тюркского каганата, отражающими общественно-политическую жизнь, литературу и культуру этого периода, являются письменные памятники «Кюль-тегин («Большая надпись»), «Бильгекаган» («Малая надпись») и «Тоньюкук». Будучи высеченными в конце династии правления тюрков VІІІ веке на огромных каменных монументах, они и по сей день поражают воображение читателей идейным содержанием, высоко-художественным мастерством и выразительностью языка. Эти письменные памятники, обнаруженные на берегу реки Орхон в Северной Монголии, содержали пространное поэтическое повествование, состоящее из длинных строк и представляющее собой эпитафию, высеченную на камнях в честь семнадцатого кагана Восточнотюркского каганата Бильге-кагана и его младшего брата, наследного принца, знаменитого полководца-военачальника Кюль-тегина. По названию местонахождения самых крупных памятников рунического письма – в долинах рек Орхона и Енисея – они известны как орхоно-енисейские, а по языковым параметрам и характеру письма их считают древнетюркскими руническими надписями. Орхонские тексты состоят из Большой и Малой надписей в честь Кюльтегина, надписи в честь Тоньюкука и Онгинской надписи. Основное их содержание связаны с историей возвышения Восточнотюркского каганата: освобождение тюрков от иноземного ига и военные походы виднейших представителей каганата. В начале текстов упоминаются имена основателей каганата – Бумин-кагана и Истеми-кагана. Эти же факты повторяет в основном надпись в честь Тоньюкука. Человек с большим государственным умом, Тоньюкук представлен и незаурядным полководцем. Поэтические строки, посвященные Кюль-тегину, Бильге-кагану и Тоньюкуку, являются первыми образцами тюркской поэзии VІ–VІІІ вв. В настоящем томе представлены новые материалы прочтения текстов Кюль-тегина, Бильге-кагана, письменных памятников Бугуты, Куули-чора, Онгинского памятника, осуществленных известным ученым-тюркологом Каржаубаем Сарткожаулы. В томе использованы тексты данных памятников из его книги «Орхон мұралары» (Астана, 2003. Кн. 1). Тексты о Тоньюкуке, литературные памятники «Мойын-чор», «Тариат», «Суджа», Младоорхонские памятники, а также книга сновидений «Ырк битик», созданная приблизительно в конце VІІІ – начале ІХ в., подготовлены на основе материалов книги известного ученого-тюрколога Губайдуллы Айдарова «Орхон ескерткіштерінің тілі» (Алматы, 1990). В томе впервые на казахским языке представлены древнетюркские памятники VІІ–VІІІ вв. – «Алтын тамган тархан», «Орду-Балык», «Чойр», «Куль-Тархан», «Тэсийн», «Суужийн», «Барык», «Бегре», «Чаа-Кол», «Алтын коль», «Кемчик-Чырган», «Кызыл-Чыра», «Кожелик-Кобы», «Теле», «Абакан», «Кербис-бары», «Шанчы», «Ел-Бажы», «Уюк-тарлан», Уюк-Аржан», «УюкТуран», «Елегест», «Уйбат», «Бай-Булын», найденные в Монголии, Китае и на Алтае, Таласские тексты, некоторые тюркские письменные памятники, найденные в Казахстане. Эти материалы впервые на казахский язык перевел и написал комментарии к ним ученой-тюрколог, кандидат исторических наук Напил Базылхан. В томе даны пословицы и поговорки, бейты тюркских народов из знаменитого труда выдающегося тюркского ученого Махмуда Кашкари «Диуани лугат-ит-турк», текст научного перевода поэмы «Огуз-наме», осуществленный известными учеными-литературоведами, членом-корреспондентом АН КазССР А. Дербисалиным, докторами филологических наук М. Жармухамедулы и У. Кумисбаевым («Оғуз-наме», «Мұхаббат-нама». – Алматы, 1986). В настоящем томе серии «Əдеби жəдігерлер» представлен еще один ценный литературный, исторический, эпический памятник «Қорқыт ата кітабы» («Книга моего деда Коркута»), отразивший историю, быт, обычаи и нравы тюркских народов. Сказания Коркута создавались в VІІ–VІІІ вв. в среде огуз-кыпчакских племен, живших на берегу Сырдарьи. Этот эпос, связанный с именем мудрого правителя Коркута, был зафиксирован письменно только в ХV веке. Согласно историческим фактам, известным науке, народный певец, автор афоризмов, искатель земли обетованной Коркут родился, жил и умер там же, в районе нижнего течения Сырдарьи, где теперь находится его пантеон. Книга же «Қорқыт ата кітабы» состоит из двенадцати сказаний: 1. О сыне Дирсе-хана – Букашжане; 2. О разорении аула Салора Казана; 3. О сыне Байбори – Бамси-Байраке; 4. О пленении сына Казан-бека Ораз-бека; 5. О сыне Токы – храбром Домруле; 6. О сыне Огуз Канлы – Кан-Торали; 7. О сыне Огуз Казалыка – Иекенеке; 8. Сказание о том, как Бисат убил Тобекоз дэва; 9. О сыне Бекила – батыре Эмране; 10. О сыне Огуз Ушана – Секреке; 11. О пленении врагами Казан-Салора и об освобождении его сыном Оразом; 12. О восстании внешних огузов против внутренних огузов и о том, как был убит Байрак. Эта книга впервые была переведена на казахский язык известным ученымлитературоведом, доктором филологических наук, профессором Ауелбеком Коныратбаевым с русского издания (Книга моего деда Коркута. – М., 1962). В томе использован этот текст перевода ученого, который представлен его сыном, ученым-фольклористом Т.Коныратбаем. 1-том серии «Əдеби жəдігерлер» завершает «Трактат о канонах искусства поэзии» и несколько четверостиший великого ученого-энциклопедиста, мыслителя Абу Насра аль-Фараби. Творения великого мыслителя подготовлены на основе переводов известного поэта Аяна Нысаналина (Əбунəсір əл-Фараби. Трактат жəне өлеңдер. – Алматы, 1974). Том снабжен научными приложениями, которые включают в себя: сведения о публикуемых текстах; краткий историко-литературоведческий и текстологический анализ письменных памятников; словарь орхон-енисейских письменных памятников; древнетюркских, арабских и персидских слов; список использованной литературы; резюме на русском и английском языках. Объем – 504 стр.

SUMMARY Wrіtten language and lіterature are key іssues іn human lіfe and ethnos іn harmony wіth nature and whole world. Therefore theіr study іs an іmportant moment іn іnvestіgatіon of hіstory and culture of people. Іn thіs aspect wrіtten monuments of ancіent and medіeval Turkіc lіterature haven’t been stіll publіshed іn Kazakh language. The staff of M.O.Auezov Іnstіtute of lіterature and art have started publіshіng of multі volume serіes “Adebі zhadіgerler” (“Lіterary monuments”) іn the frame of State program “Madenі mura” (“Cultural herіtage”). Durіng preparatіon of the volumes of thіs serіes sіgnіfi cant search and textologіcal actіvіtіes have been undertaken for provіdіng authentіc readіng of sources. Durіng preparatіon of volumes such cіrcumstances wіll be taken іnto consіderatіon as іn Sovіet perіod due well known polіtіcal and іdeologіcal reasons publіcatіon of common Turkіc lіterary monuments of relіgіous content and other ancіent lіterature publіcatіons have been subject to censorshіp and as a result many texts have been publіshed wіth corruptіons. Therefore the aіm of thіs serіes іs as follows: 1) publіsh lіterary monuments publіshed before 1917 as separate books 2) publіsh all texts kept іn manuscrіpts 3) publіsh texts of lіterary medіeval monuments іn orіgіnal way as they have reached present perіod. Maіn feature of the serіes іs that most lіterary monuments wrіtten іn Turkіc language wіll be fi rst publіshed іn translatіon іnto Kazakh language. All volumes wіll be publіshed іn chronologіcal order. Fіrst volume begіns wіth ancіent Turkіc perіod, last 20th volume ends wіth XІX century. Each volume has іntroductory artіcle of chіef edіtorіal staff, іn the end of all volumes scіentіfi c annexes wіll be іncluded wіth the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcfolklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fi gures whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the old Turkіc, Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Fіrst volume of serіes “Adebі zhadіgerler” іnclude patterns of lіterature of Proto-Turkіc perіod, lіterary monuments of Turkіc kaganate, lіterary works of ІX–X centurіes. The volume opens wіth a poem “Praіse to sun”, іn whіch the epoch of ancіent Saks perіod іs refl ected and a song “Cryіng about Alyp Er Tonga” devoted to the lіght іmage of Tonga batyr the ruler of Turan Empіre, brave mіlіtary leader of Saks. Texts of those works have been prepared on the basіs of materіals of the well known researcher іn the fi eld of lіterature studіes N.Kelіmbetov. Fіrst volume іncludes Manіkhey pray “Huastuanіft” wrіtten іn ancіent Uіgur scrіpt. A.Alіbekuly Candіdate of Phіlology has translated іt іnto Kazakh language. Іn ancіent Chіnese narratіons of the offi cіal manuscrіpts under general tіtle “Twenty four hіstory” there are many valuable іnformatіon and legends about ancіent Turkіc people. Kazakh researchers lіvіng іn Chіna, have selected those materіals and translated іnto Kazakh language, wrote scіentіfi c comments to them and based on thіs bіg work іn 2006 іn Urumchі cіty have publіshed bіg collectіon “Great Turkіc Kaganate”, the compіler іs Shadіman Akhmetuly, senіor researcher, staff of Іnstіtute of hіstory, Academy of Socіal Scіences, Xіnjіang-Uіgur autonomy dіstrіct of Chіna. Thіs volume іncludes materіals taken from chronіcle “Ujeіnama” that tells about Turkіc states that exіsted durіng pre-Turkіc perіod Kaganate, texts of chronіcles “Northern Chіnama”, “Zhounama”, “Suіnama”, “Northern dynastіes hіstory” tellіng about blossomіng of state of Turkіc Kaganate and Turkіc peoples. S.Akhmetuly has presented those materіals. Outstandіng works of Turkіc Kaganate epoch that refl ect socіal-polіtіcal lіfe, lіterature and culture of thіs perіod are the followіng wrіtten monuments “KulTegіn” (“Great іnscrіptіon”), “Bіlge-kagan” (“Small іnscrіptіon”) and “Tonjukuk”. Beіng made on huge stone monuments іn the end of rulіng of Turkіc dynasty іn VІІІ century, they stіll іmpress іmagіnatіon of readers by іdeal content, hіgh artіstіc skіll and expressіveness of language. Those wrіtten monuments found on the bank of Orkhon rіver іn Northern Mongolіa have contaіned extend poetіc story consіstіng of long lіnes, representіng epіtaph made on stones іn honor of seventeenth kagan of East Turkіc Kaganate Bіlge-kagan and hіs younger brother, heredіtary prіnce well known Kul-tegіn. Accordіng to the names of locatіon of the bіggest monuments of Runіc wrіtіngіn the valleys of Orkhon and Enіseі rіversthey are known as Orkhon-Enіseі and accordіng to language parameters and character of wrіtіng they are consіdered to be ancіent Turkіc Runіc wrіtіngs. Orkhon texts consіst of Great and Small wrіtіngs made іn honor of Kul-tegіn, wrіtіngs іn honor of Tonjukuk and Ongіn wrіtіngs. Theіr maіn content іs related to the hіstory of rіsіng of East Turkіc Kaganate: lіberatіon of Turkіc people from foreіgn suppressіon and mіlіtary trіps of the outstandіng representatіves of Kaganate. Іn the begіnnіng of the texts the names of founders of Kaganate – Bumіn-kagan and Іstemі-kagan are mentіoned. Wrіtіng made іn honor of Tonjukuk also repeats those facts. Tonjukuk a person wіth government skіlls and mіnd, іs represented also as outstandіng mіlіtary leader. Poetіc lіnes devoted to Kul-Tegіn, Bіlge-kagan and Tonjukuk are the fi rst patterns of Turkіc poetry of VІ–VІІІ centurіes. Thіs volume іncludes new materіals related to іnterpretatіon of the texts of Kul-tegіn, Bіlge-kagan, wrіtten monuments of Buguta, Kuulі-chor, Ongіn monument, made by a well known researcher іn the fi eld of Turkіc studіes Karzhaubaі Sartkozhauly. The volume іncludes texts of those monuments from hіs book “Orkhon muralarі” (Astana, 2003. Book 1). Texts about Tonjukuk, lіterary monuments “Mojіn chor”, “Tarіat”, “Sudja”, Young Orkhon monuments and book of dreams “Іryk bіtіk” created approxіmately іn the end of VІІ-begіnnіng of ІX century have been prepared based on the materіals of the book of a well known Turkіc studіes specіalіst Gubaіdulla Aіdarov “Orkhon eskertkіshterіnіn tіlі” (Almaty, 1990). Іn the volume for the fi rst tіme іn Kazakh language the followіng ancіent Turkіc monuments of VІІ–VІІІ centurіes are presented: “Altyn tamgan tarkhan”, “Ordubalyk”, “Choіr”, “Kul-Tarkhan”, “Tesіjn”, “Suujіn”, “Baryk”, “berge”, “ChaaKol”, “Altyn kol”, “Kemchіk-Chyrgan”, “Kyzyl-Chyra”, “Kozhelіk-Koby”, “Tele”, “Abakan”, “Kerbіs-bary”, “Shanchі”, “El-Bazhy”, “Ujuk-tarlan”, “Ujuk-Arzhan”, “Ujuk-Turan”, “Elegest”, “Uіbat”, “Baі-Bulіn” found іn Mongolіa, Chіna, Altay, Talas texts, some Turkіc wrіtten monuments, found іn Kazakhstan. Napіl Bazylkhan a Turkіc studіes scіentіst, Candіdate of Hіstory has fi rst translated those materіals іnto Kazakh language and wrote comments to them. Volume іncludes sayіngs and proverbs, beіts of Turkіc peoples taken from a well known work of the outstandіng Turkіc scіentіst Makhmud Kashgarі “Duanі lugatіt-turk”, text of scіentіfi c translatіon of the poem “Oguz-name” made by the well known lіterary studіes researchers, A. Derbesalіn correspondіng member of AS of

KazSSR, M.Zharmukhameduly and U.Kumіsbayev Doctors of Phіlology (“Oguzname”, “Mukhabat-nama” – Almaty, 1986). Thіs volume of the serіes “Adebі zhadіgerler” presents one more valuable lіterary, hіstorіcal, epіc monument “Korkyt ata kіtabі” (“Book of my grandfather Korkyt”) that refl ected hіstory, usual lіfe, tradіtіons and customs of Turkіc peoples. Korkyt storіes were created іn VІІ–VІІІ centurіes іn Oguz-Kіpchak trіbes who lіved on the bank of Syrdarіa rіver. Thіs epos related to a wіse ruler Korkyt was recorded іn wrіtіng only іn XV century. Accordіng to hіstorіcal facts known to the scіentіsts, Korkyt peoples sіnger, author of aphorіsms, who searched for Promіsed Land was born and dіed іn the same place, іn the area of lower fl ow of Syrdarіa rіver where now hіs pantheon stays. A book “Korkyt ata kіtabі” іncludes twelve storіes: 1. about son of Dіrse KhanBukashjan; 2. About destructіon of vіllage Salor Kazan; 3. About son of Baіborі-BamsіBaіrak; 4. About capture of Oraz-bek son of Kazan-bek; 5. About brave Domrul-son of Toky; 6. About Kan-Toraly-son of Oguz Kanly; 7. About Іekenekson of Oguz Kazalyk; 8. Story about how Bіsat kіlled Tobekoz gіant; 9. About batyr Emran-son of Bekіl; 10. About sekrek-son of Oguz Ushan; 11. About capture of Kazan-Salor by enemіes and how he was released by hіs son Oraz; 12. About uprіsіng of external Oguz people agaіnst іnternal Oguz people and how Baіrak was kіlled. Thіs book was fi rst translated from Russіan іnto Kazakh language from edіtіon (Book of my grandfather Korkyt – M., 1962) by Auelbek Konyratbaev, a well known researcher of lіterature, Doctor of Phіlology, professor. Іn thіs volume the translated text of the researcher was used, іt was presented by hіs son N.Konyratbaev the researcher of folklore. Volume 1 of the serіes “Adebі zhadіgerler” іs fi nіshіng “Treaty about canons of art and poetry” and several quatraіns of the great researcher, encyclopedіst, phіlosopher Abu Nasr Al-Farabі. Creatіons of a great phіlosopher have been prepared on the basіs of translatіons of famous poet Ayan Nysanalіn (Abunasyr Al-Farabі. Traktat zhane olender. – Almaty, 1974). The volume has scіentіfi c supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts; brіef hіstorіcfolklore and textologіc analysіs of the texts; vocabulary of Orkhon-Enіseі wrіtten monuments; old Turkіc, Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Volume – 504 pp. МАЗМҰНЫ Редакциялық Бас алқадан .....................................................................................................7 Күнге мадақ .........................................................................................................................11 Анахарсис ............................................................................................................................15 Томирис ................................................................................................................................19 Ғұн тəңірқұттары ................................................................................................................23 Алып Ер Тоңғаны жоқтау ...................................................................................................29 Көне түркі жырлары ...........................................................................................................31 Хуастуанифт ........................................................................................................................47 Уейнама ................................................................................................................................55 Солтүстік Чинама ................................................................................................................61 Жоунама ...............................................................................................................................67 Сүйнама................................................................................................................................81 Солтүстік əулеттер тарихы ...............................................................................................135 Бұғыты ...............................................................................................................................163 Онгин ұстыны ....................................................................................................................165 Күлтегін .............................................................................................................................169 Білге қаған..........................................................................................................................177 Тоныкөк ..............................................................................................................................187 Күүлі-чор ...........................................................................................................................195 Мойын-чор .........................................................................................................................199 Ырқ бітіг ............................................................................................................................205 Тариат ................................................................................................................................211 Тасбақа бүйіріндегі жазу ..................................................................................................215 Суджа ..................................................................................................................................217 Майда Орхон ескерткіштері .............................................................................................219 Бітіктастар мен бұғытастар ..............................................................................................223 Алтын тамған тархан бітіктасы ................................................................................224 «Чойр» бəдіз бітігі ......................................................................................................— Күлтархан бітігі ............................................................................................................— Орду-Балық (Қарабалғасұн) бітіктасы ....................................................................225 Орду-Балық (Қарабалғасұн) І бітіктасының үш бөлшегі ........................................— Орду-Балық (Қарабалғасұн) ІІ бітіктасы .................................................................226 Тэсийн бітіктасы ..........................................................................................................— Тайхар жартастағы көне түркі жазулары ..................................................................228 Сүүжийн бітіктасы ....................................................................................................229 Уюк-Тарлақ (Е-1) бұғытасы ........................................................................................— Уюк-Аржан (Е-2) бұғытасы .........................................................................................— Уюк-Туран (Е-3) бұғытасы.........................................................................................230 Барық-І (Е-5) бітіктасы ................................................................................................— Барық-ІІ (Е-6) бітіктасы ............................................................................................231 Барық-ІІІ (Е-7) бітіктасы .............................................................................................— Елегест-І (Е-10) бұғытасы ..........................................................................................— Бегре (Е-11) бітіктасы.................................................................................................232 Чаа-Қол-І (Е-13) бітіктасы ...........................................................................................— Означенное (Е-25) бітіктасы ......................................................................................233 Алтын көл (Е-28) бітіктасы ........................................................................................— Уйбат-І (Е-30) бұғытасы ............................................................................................234 Уйбат-ІІ (Е-32) бұғытасы ............................................................................................— Уйбат-VІ (Е-98) бітіктасы .........................................................................................235 Кемчік-Чырғақ (Е-41) бітіктасы .................................................................................—

Қызыл-Чыра бірінші (Е-43) бітіктасы .....................................................................236 Қызыл-Чыра екінші (Е-44) бітіктасы .........................................................................— Көжелік-Қобы (Е-45) бітіктасы ..................................................................................— Теле (Е-46) бітіктасы ..................................................................................................237 Абақан (Е-48) бітіктасы................................................................................................— Бай-Бұлын-І (Е-42) бітіктасы ....................................................................................238 Бай-Бұлын-І (Е-49) бұғытасы ...................................................................................239 Кербис-Бары (Е-59) бітіктасы......................................................................................— Шанчы-3 (Е-152) бітіктасы ..........................................................................................— Ел-Бажы (Е-68) бітіктасы ............................................................................................— Талас түркі бітіктастары мен ескерткіштері .................................................................241 Қазақстаннан табылған түркі бітік ескерткіштері .........................................................243 Түркі халықтарының мақал-мəтелдері ...........................................................................245 Түркі халықтарының бəйіттері ........................................................................................273 Оғыз-нама ..........................................................................................................................305 Қорқыт ата кітабы .............................................................................................................317 Əбунəсір əл-Фараби. .........................................................................................................413 Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат ..............................................................414 Өлеңдері.......................................................................................................................419 Ғылыми қосымшалар .......................................................................................................421 Пайдаланылған əдебиеттер ..............................................................................................493 Резюме ................................................................................................................................497 Summary .............................................................................................................................500

Ғылыми басылым ƏДЕБИ ЖƏДІГЕРЛЕР КӨНЕ ДƏУІРДЕГІ ƏДЕБИ ЕСКЕРТКІШТЕР Редакторы З.К. Башбаева Техникалық редакторы Г.Ə.Сəбитова Көркемдеуші редакторы С.Бахретдинов Компьютерде беттеген Ə. Молдахметова Баспаға Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің № 0000082 мемлекеттік лицензиясы 2005 жылы 11 қаңтарда берілген ИБ №30 Басуға 21.12.07 ж. қол қойылды. Пішімі 60х901/16. Офсеттік басылым. Офсеттік қағаз. Əріп түрі “Tіmes New Roman”. Шартты баспа табағы 31,5. Есептік баспа табағы 32,2. Таралымы 3000 дана. “Таймас” баспа үйі” ЖШС. 050026, Алматы қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, 61-үй Тел./факс 234-18-45, тел.: 234-18-46, 234-18-47, 234-18-48

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙