Мазмұнға өту
Home

Өмір философиясы

ISBN: Беттер саны: 0 Жанр:

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Өмір философиясы

Авторы: ISBN: Беттер саны: 0 Жанр:

Дәулетжан Тапиқұлы өмір философиясы Чин НАН Уаң Чуан Хуа (Ғылыми-танымдық аударма мақалалар жинағы) Ханзу тілінен аударған Дәулетжан Тапиқұлы Алматы 2015 ӘОЖ 821.512.122-3 КБЖ 84(5қаз)-44 Т 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Тапиқұлы Дәулетжан «өмір философиясы». — Ғылыми-танымдық аударма мақала­ лар жинағы. /Д. Тапиқ­ұлы — Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2015 — 285 б. ISBN 978-601-03-0363-8 ӘОЖ 821.512.122-3 КБЖ 84(5қаз)-44 ISBN 978-601-03-0363-8  Тапиқұлы Д., 2015

 «Хантәңірі», 2015 Өмір сапарында бірде шуақты, бірде ызғарлы, күндердің, ал бірде қатерге толы қатаң кезеңдердің болуы да табиғи, мейлі қалай болсын, өзінің қысқа да қымбатты тірлігінде барлық адам азды-көпті табысқа жетуге, адамдық өмірдің арман-мұратын жүзеге асыруға талпынады. Осы сапарыңызда бір ауыз ұлағатты сөздің сізге күшті ықпал жасайтыны, терең философиялық мәнге әрбір ақылиялық ойдың тағдырыңызды өзгертуіңізге септігін тигізетіні шындық. Олай болса сансыз аға буын табыскерлердің бұраң да жұлдызды өмір тәжірибесі мен ақылпарасатының жауһарынан жинақталған «Өмір философиясы» – деген бұл кітаптың ұлтымыздың жастарына берері мол деген сеніммен кітапты жинақтап аударып, алдарыңызға ұсынуды жөн көрдік. Т 20

Дәулетжан ТаПиҚұлының қысқаша өмірбаяны

Дәулетжан Тапиқұлы 1967 жылы 16 тамызда Шапшал ауданының Үйсін тауы баурайындағы, сиыр фермасына қарасты Ұқыршы атты ауылда дүниеге келген. 1985 жылы Іле облыстық 1 ортаны үздік тамамдап Шыңжаң университетінің екі жылдық дайындық класына қабылданады. 1987 жылы Шян қаласындағы Шанши педагогикалық университетінің саяси оқу ағарту факультетіне оқуға түседі. Алғашқы тұсаукесер ”Қыз қадірі“ атты туындысы 1988 жылы «Іле жастары» журналында жарияланғаннан кейін ол ізденуден танбайды. Автордың өлеңдері мен өмірбаяны 2002 жылы «Ұлттар» баспасынан жарық көрген «ХХ ғасыр әдебиет қамбасы» атты топтамда таныстырылса, аударма жағындағы еңбектері 2010 жылы Шынжаң халық баспасынан жарық көрген «ХХ ғасыр – жұңго қазақ аудармашылары» атты топтамда таныстырылады. 2006 жылы шілдеде «Ұлттар» баспасынан «Боз тұман» атты жеке жыр жинағы жарық көрсе, қосымша жыр жинағы «Қоңыр дала – қобыз жыр» 2011 жылы қазақ елінің «Ақ отау» баспасынан жарық көреді.

Прозалық шығармаларынан 20-дан астам шалқыма, таныстыру мақалалары жарық көрген. Аударма кітаптарынан «Көк бөрі», «Әйелдерге тән 10 түрлі қабілет», «Дүниедегі ең ұлы сатушы», «Жігерің – мұқалмасын», «Жастар білуге тиісті өмір философиясы», «Ізгілік және адалдық», «ХХІ ғасырдағы 100 мың не үшін», «Сүйіспеншілік тәрбиесі», «Акбар Мажитұлының таңдамалы шығармалары және әдеби сындар жинағы», «Бын қуа», «Кезбе» Нобель әдебиет сыйлығын алған түрік жазушысы Орхан Памұктың «Жым-жырт үй», «Уақыт және адамдар» кітаптары жарық көрді. 2008 жылы қарашада, орталық үгіт бөлімі жағынан арнайы ұйымдастырылған Лұшұн әдебиет институтының 10 кезекті аз ұлттың жас және орта жас аудармашылар курсына қатынасты. Ол қазір Шынжаң Жазушылар Одағының мүшесі, Шынжаң Жазушылар қоғамы, әдеби шығармаларды аудару қоғамының жорасы.

1-бөлім Жастар – білуге тиісті өмір философиясы

Бақыттылық пен бақытсыздық – біртүрлі түйсік Бақытты мен бақытсызды айыратын ешқандай өлшем жоқ. Ол біртүрлі көңіл-күй ғана. Мейлі қандай жағдайда болсын, сіз өзіңізді бақыттымын деп сезінсеңіз, сіздің бақытты болғаныңыз, керісінше, титтей келіспестікке (бақытсыздыққа) кез болып, аһ ұрсаңыз, сіз шынында бақытсызға айналасыз. Егер түйірдей сорды микроскопқа салып, қарар болсаңыз зәреңіз ұшар еді. Торығу – сізді түпсіз шыңырауға батырады. Бір жолы алып әскери кеме теңізде сапар шегеді. Тосын нөсер құйып, дауыл тұрады. Теңізге тұңғыш шыққан бір жаңа әскер қорыққанынан бақырыпшақырып, есі шыққан елдің берекесін әбден кетіреді. Ашуға бұлыққан капитан оны қамап тастауға бұйырады. Бір офицер оны бір жайлы етудің жөнін капитаннан өтініп алады да, қол астындағыларға әлгі байбалам салған әскерді теңізге тастауды бұйырады. Дүлей толқынға тоғытылып, жан дәрмен «құтқарыңдар», – деп жалынған әлгі әскерді бірнеше секундтан кейін құтқарып алады. Құтқарылған ол

кеменің бір бұрышында үнсіз отырады. Таңданған капитан мұның сырын білмек болады. Офицер: «үлкен пәле-қала басына келмейінше адамдар өз басындағы бақыттың не екенін сезінбейді», – деп түсіндіреді. Капитан оның дана логикасына еріксіз тәнті болады. Өзіңізді жұбату тұрғысынан әрқашан мейлі қандай қиын күйге түссеңіз де: «менен де бақытсыздар бар емес пе, олармен салыстырғанда мен шынында бақыттымын», – деп ойлаңыз. Өзін бақыттымын деп сезінген адам өмірге белсенді ұстаныммен қарайды. Белсенді көңіл-күй жеңіске жетудің қозғаушы күші. Егер теңізді тозақ деп санасақ, онда әлгі әскер тозаққа бір барып қайтқан болады. Оның түйсігінше бұл дүниеде одан да үрейлі іс болмақ емес. Оған кемеге аман қайтудан артық тағы қандай бақыт болсын! Сондықтан жеңіліс пен сәтсіздіктің адамға әкелетін пайдасы ұшан-теңіз. Ажалға батылы барып: «ей!» – дей алған адамдардан ажалдың өзі қашады. Өйткені оның өлім архивінде жаңағы батырдың тізімдігі жоқ. Ол – ажал үшін қарсы алынбайтын қонақ. Егер сіз ұдайы «жеңіліс» – деген албастымен алыса берсеңіз, оның несі қорқынышты?! Көптеген аға буындар бұл жағынан біздің үйрену үлгіміз, олардың бақытсыздыққа күле қарауы, тіпті оны өмірдегі үлкен байлыққа балауы, бізді еріксіз мойындатады. Диалектикалық тұрғыдан қарағанда бақыттылыққа бақытсыздық жасырынған, ал бақытсыздық ғажайып бақыттыларды жарыққа шығарады. Бақытсыздық – бақыттылар үшін үлкен апат, олардың қарсыласуға қауқары жетпейді, өйткені бақыттылардың өмір жолы бастан жоғары, тасы өрге домалап отырады, олар бақытсыздықты тұрмыстың

құрамдас бөлігі деп қарамайды, жылыжайдағы гүл секілді. Боран-шашынға болған қарсылық қуаттан атымен жұрдай, ал бақытсыздық пен сәтсіздіктің соққысына ұдайы ұшырап тұратындар үшін ол үйреніскен жау ғана. Олардың жігері мығым, олар өмірдің жауынсыз, дауылсыз болмайтынын, тәлейдің тек кездейсоқ қонақ екенін жақсы біледі. Бақыт шекті, ал бақытсыздық шексіз. Бақытын тым ерте ұттырған адамдар үшін қалғанының бәрі бақытсыздық. Мұндағы гәп: егер сіз бақытсыздықтың соққысына төзе алмай құласаңыз, алапат сынақтардан өтпеген сіздің қайта тұруыңыз тым қиын. Сонымен қатал тағдыр сізді тіпті өктемек. Кейде басқаларға жайдақ төбе көрінгендер, сіз үшін асу бермес асқар көрінуі мүмкін, бақытсыздықтан тұяқ серпе алмағандардың соңғы тағдыры өлім. Ал, бақыттан басы айланып, сор жайлы ойланбағандардың да алды бұлдыр. Бақытты нақұрыстар да қызықтай алады. Ал бақытсыздық кімде-кім арқалай алатын жүк емес.

Қандай қиын жағдайда да өмірге күле қараңыз Адам дүниеге келгенде өзінің келбетін өз еркімен таңдай алмайтыны сияқты отанын, отбасын, атаанасын да өзі таңдауға шарасыз. Мүмкін сіздің келбетіңіз келісті емес те шығар, бірақ оған бола өзіңізді қорашсынбаңыз, біз келбетімізге төреші бола алмағанымызбен жаздай жайдары бейнемізбен өмірге күле қарай аламыз. Өзіміздің мінезімізбен ішкі қасиеттерімізді үздіксіз сомдай аламыз. Өмір – таңғажайып, ол – әрбір адамға бірдей әділ. Мәселе сіздің өз тұрмысыңызды қалай меңгеріп, өмірден қаншалық ләззәттана алуыңызда. Өмірге күле қарасаңыз, қақаған қаңтарды да жылы сезінесіз. Тек өмірге, адамдарға, айналаңыздағы барлық құбылыстарға күле қарай білсеңіз сізді күтетін шуаққа малынған, гүл біткен құлпыра ашылып, құс атаулы тамылжыта сайраған болашақ таңы болмақ. Американың әйгілі ән шолпаны, Кастилийдің дауысы тума әдемі, ән салғанда бұлбұлша тамылжытатын, бірақ оның әлпеті ақсиған тістері төтенше сиықсыз еді. Сондықтан, ән жарыстарына қатынасқанда тек өзіндегі кемістікті жасыру үшін аузын еркін ашып шырқай алмай, ылғи сәтсіздікке ұшырап отырады.

Тіпті үмітсізденіп торығады. Бір жолы бағалаушы оған: «сенде керемет әншілік тума талант бар. Сен сөзсіз жеңіске жетесің. Бірақ ән салғанда, әсте ақсиған тісіңді еске алушы болма» – деп ескерту береді. Әлгі бағалаушының бір ауыз ақылымен ол ақсиған тісінің үрейінен арылып, бүкіл мемлекеттік ән байқауында бас жүлдені жеңіп алады. Адамның түрінің сиықсыз болуы – белгілі кемістік. Бірақ ақыл-ойыңызды тек сол кемістікке ғана шоғырландырсаңыз, ол – үлкен бақытсыздыққа айланып, түнек болып төнеді. Тағдыр сізге бір есігін бекіткен тұста, тағы бір есігін айқара ашады. Біз өзіміздің қорықсыз жай пенде болуымыздан қорашсынуымыздың ешқандай қажеті жоқ. Біз көреген болсақ, соның өзінен де өміршеңдік құн байқай аламыз. Сабырлы да үміткерлікпен өмірге күле қарасақ, сол кемістіктің де мардымсыз екенін байқаймыз. Өмірге, айналамызға күле қарайық. Сол күлкінің құдіреті қара түнді жарық сәулеге бөлейді, үміт сізді шыңға жетелесе, үмітсіздік шыңырауға жетелейді. Әрине барлық адам жеңілістің дәмін татып көреді, мәңгі сәтті өмірді аңсамаңыз, өйткені ондай өмір жоқ, әрі ол кемелді өмір емес. Нағыз өмір – жеңіс пен жеңілістен, күлкі мен көз жастан сомдалған өмір. Сіз өмірге күле қарасаңыз, сізде ақаусыз арманшыл жүрек болса, жеңіс пен шаттық сізге тән. Күлкіде гүлдің ажары, мәңгілік көктемнің көркі, даланың дарқандығы мен алып шыңдардың асқақтығы, өрлігі бар. Дүниеде мінсіз жан жоқ, әркімде түрлі кемістік болады десе де, сіз оған басқа бір тұрғыда қарасаңыз ол онша маңызды емес. Тіпті елемеуге де болатын нәрселер. Тұяғы бүтін тұлпар, қанаты бүтін сұңқар

жоқ. Тума кемістік өкініш. Қалайда ол – шындық. Біз шындықты мойындауымыз, тіпті оған дұрыс ғылыми мәміле жасауымыз керек. Қызмет, тұрмыс, үйрену басымы жөнінен күлкінің құдіреті ғажайып. Өйткені күлкі – үміттің, ізгі көңілдің, кешірімнің, шексіз махаббаттың жаршысы. Біз болмысты өзгерте алмауымыз мүмкін. Бірақ заттарға деген ұстанымымызды өзгерту арқылы оқиғаларға өзімізше шешім жасауымызға болады. Біз – ертең не боларын білмейміз, бірақ бүгінді меңгере аламыз. Біз желдің бағытын өзгерте алмаймыз, бірақ желкенімізді түзей аламыз. Біз болмыс-бітімімізді өзгерте алмаймыз, десе де тартымдылығымызды, мінез сұлулығымызды кемелдендіріп, жарқын бейнемен өмірге күле қарай аламыз. Жас достар! Сізді тосып тұрған табыс немесе сәтсіздік болсын, басыңызды көтеріп, өмірге күле қараңыз. Бұл – сіздің жеңіске жете алғаныңыз.

Айналаңыз алғысқа толы болсын! Өмірдің жолы бұраң да әсем. Біз оны сезінуіміз, өмірдегі барлық сәттерді қадірлеуіміз керек. Алғыс – махаббаттың, қуаныштың қайнары. Егер біз айналамызға алғыспен қарасақ, өмірдің нағыз маңын, адамдар әлеміндегі қайырым мен мейірімді шынайы ұғынамыз. Көнелер «тұтқынның сұлулығын сезінудің өзі де біртүрлі жүрек тебірентерлік іс» – деген еді. Бұл – қандай дарқан көкірек десеңізші! Адамның өмір кешуінен артық қандай мереке болсын. Осы қағиданы ұғынғанда ғана өмір алғысқа, қуанышқа толы болады. Айналасына сезімсіз қарайтын адамның тірлігі – сұрғылт, сүреңсіз. Бізде бәріне алғыспен қарайтын жүрек болғанда ғана тұрмысымыз ақаусыз әрі бай мазмұнды болмақ. Бір жолы Американың президенті Рузвельттің үйіне ұры түсіп, қыруар мүлкі жоғалады, бір досы хабар тапқан соң хат жазып, аса қамығып кетпеуін айтады. Рузвельт қайтарған хатында:

«Сүйікті досым, жұбатқаныңа рақмет, қазір аман-саумын, құдайға шүкір, жақсы болды. Бірінші – ұры тек мүлкімді ғана алып кетті, өміріме қауіп төндірмеді. Екінші – ұры тек мүлкімнің бір бөлімін ғана әкетті. Үшінші – бәрінен де маңыздысы ұрлық істеп қара бет болғанмен емес, соның өзі болғаны» – дейді. Кімкім үшін де семьяның тоналуы – бақытсыздық әрі қасірет. Бірақ Рузвельт соның өзінен де алғыс айтудың қисынын тауып отырған жоқ па? Ағылшын жазушысы Теккерей: «Тұрмыс – бейне айна сияқты, сен күлсең ол да күледі. Жыласаң ол да жылайды» – дейді. Біз қашанда айналамыздағы қалыпты құбылыстарға елеусіз қараймыз. Тұрмыс шын мәнінде көптеген сұлулыққа толы. Егер сіз көзіңізді мысықша жұмып алып, бәріне қарғыс жаудырсаңыз, тұрмыс сізге де солай сараңдық етеді. Ал, бәріне шүкіршілік етсеңіз, сіз тірліктің әрбір таңынан шапағат сезінесіз. Көптеген адамдардың қарауынша бақытты, көңілді өтіп жатқан адамдар ғана өмірге алғыс айтуы керек сияқты. Бірақ та бір адамның бақытты немесе бақытсыз болуы, тұрмысының көңілді-көңілсіз болуы, байлығының аз-көптігімен, қоғамдағы орнының жоғарытөмендігімен, табысының мол немесе мардымсыз болуымен ешқандай қатыссыз. Қайта сол адамның айналасына әлдеқандай бір сана көзімен қарауында. Тек өзінің басқаларға істеген бірер қайырымды ісін бұлдап, басқалардың, қоғамның бергенін ешқашан ойламайтын адамда алғыс сезімінің болуы мүмкін емес. Біреулер ақша, мансап, мәртебеге қолы жеткеннен кейін, гүл мен шапалақ үнінің жебеуінде де біз ойлағандай бақытты емес. Олардың ауыз жаппай ай-

татыны қожайын, қызметтестері, қол астындағылары, қаридарлары, тіпті әке-шеше, әйел-балаларының бәрінің оны түсінбейтіндігі десе де – бұл біртүрлі түйсік қана. Бір философ: «Дүниедегі ең ауыр трагедия мен бақытсыздық, адамның ешкімде маған ештеме берген емес деп аузын қу шөппен сүртуі» дейді. Дүниеге алғыспен қарайтындар «Адам күні адаммен» екенін біледі. Осы қарапайым заңдылық негізінде өзінің қол жеткен жетістіктерінің барлығына борыштарлықпен қарайды. Олар әке-шешесінің тірлік сыйлап, осынау таңғажайып дүниеге әкелгеніне, бағып-қағып қатарға қосқанына алғыс айтады. Жақын-жанашыр жандарының қамқорлық бағыштап түсінікпен қарағанына, аға буын ағаларының, ұстаздарының өзінің өсіп-жетілуіне жүрек қанын сарқа жұмсағанына алғыс айтады. Өзіне де алғыс айта біледі, тіпті ай, күн, аспан, өзен, көл, қиыр далалардың, жер бетіндегі барлық сұлулық атаулының өзіне ғажайып өмір сыйлағанына, құшағында мәпелегеніне, тәңірге, бәріне алғыс айтады. Өйткені тірі жүрудің өзі де жаратушының ұлы шапағаты емес пе?! Алғыс сезімі, біртүрлі ақаусыз көңіл-күй, тамаша түйсік, үлкен көрегендік, зор қозғаушы күш. Дүние – барлық пенде үшін бірдей, әрбір адам дүниеге көз ашқан күннен бастап, ғажайып сауғаға ие болады. Ол – күллі ғалам. Онда адамға қажеттінің бәрі бар. Сұлулық та, сұрқиялық та, кемелділік те, ділгірлік те бар. Оның нағыз мәні, сонымен. Өйткені, ол – тұрмыс, тұрмыста гүл мен тікеннің, күн мен бұлттың, сәттілік пен сәтсіздіктің қатар өмір сүретіні табиғи. Сондықтан тұрмыстың әр күні арайлы таң бо-

луы мүмкін емес. Кейбіреулер сәтсіздікке жолықса, тәңірін қарғайды, басқаларға нәлет айтады. Оны ешқашан өзінің себебінен деп қарамайды. Күнделікті тұрмысымыз бен күллі өміріміз де алғысқа мұқтаж. Сізде тебірене білетін жүрек болғанда ғана, мерездіктен аулақ болып, ата-ана, досжарандарыңыздың қамқорлығына бөленгенде, оны олар солай істеуге тиісті деп сезінбейсіз. Қайта өзіңізге жанының жылуын сыйлаған жанашырларыңызға дәл солай сый қайтаруға қам жасайсыз. Бізде тебірене білетін жүрек болғанда ғана өмірге өкпелемейміз. Қысылып-қымтырылмай, өз қалауымызбен өмір кешеміз. Сонда ғана дүниенің ғажаптығын, өмірдің сұлулығын сезінеміз. Алғыс – бізді айналамыздағы адамдарды, заттарды, тұрмыстағы әрбір сәттерді қадірлеуге жетелейді. Бізде айналамызға алғыс пен қарайтын жүрек болса, дүниеде алғыс көп, қарғыс аз болады. Таңертең орныңыздан тұрғанда, терезеден төгілген шуаққа, халіңізді сұрап телефон жалғаған досыңызға, аулада тамылжыта сайраған құсқа, хош иісі аңқыған гүлге, күнге, бұлтқа, ойлы ормандарға, ағылған ақ бұлақтарға, еркін жүрген даланың құралайларына, бәріне алғыс айтасыз. Сол алғыс сезімі сізге қанағат, қуаныш сыйлайды. Табиғат пен өмірдің ғажайып көркемдігін есіңізге салады.

Арман қанша асқақ болса, кеңістік сонша кең болмақ Адамның алға ұмтылу арманы мен қиял қуаты жеңістің бастамасы әрі ең маңызды психологиялық қуат қайнары. Ылғи да биікке талпыну табыскерлерде болуға тиісті жақсы әдет. Әрбір адамның көкірегі өзіне тән сахна. Сіздің жан дүниеңіз қанша дарқан болған сайын, қимыл жасайтын сахнаңызда сонша үлкен болады. Өмірдің бізге сыйлағанының өзі бір теңдессіз алып сахна. Сіздің қандай адам болуыңыз өз өміріңізге қалай жоспар жасауыңызбен, өзіңізді қай деңгейге қоюыңызбен тіке қатысты. Егер жетпек болған өмір нысанаңызды тым мардымсыз белгілесеңіз, онда үлкен табысқа жету мен адамдық алыс мұратқа жол алуыңыз тым қиын. Адам өзіне биік өлшем ұстанса арманы үздіксіз ұштала түседі де, тынбай алға ілгерлеу психикасы қалыптасады. Керісінше, ұзақ уақыт талабы төмен ортада тірлік

кешкенде, адамның арманы да соған сай аласарып, жан дүниені торығушылық билейді. Сайып келгенде адамның өмір нысанасы оның жалпы жететін биігінің өлшемі. Өзіңізге қалай талап қойсаңыз, сіздің өміріңіз, айналысқан кәсібіңіз сол деңгейде жеміс береді. Біреу құзар шыңның басындағы жартастан қыранның балапанын ұстап әкеліп, тауықпен бірге ұяға салып бағады, балапан күні бойы тауықпен бірге өріп, бірге жайылады. Оның тірлік тәртібінің тауықтан еш парқы болмайды да, өзінің қыран екенін ұмытады. Уақыт өте денесі толысып, қанаты қатаяды. Оны қыранша баулымақ болады. Бірақ, тауық табиғатына сіңген қияға самғау арманы атымен жоқ еді. Қыран өзінің барлығын, тауықтың көз аясымен өлшегенде, уақыттың өтуімен ұшу ынтасының қыранға тән қасиетін жоюы қалыпты құбылыс. Нысанаңыз қалай болса, сіздің өміріңіз солай болмақ. Егер сіздің нысанаңыз, қалыпты қызметтің талабынан шығып, айлықты толық алып, отбасын асырау төңірегінде болса, онда кәсіптен табысқа жетіп, тіпті де кең аяда қабілетіңізді сәулелендіруге болады. Белгілі табысқа жеткен саудагер былай түйіндейді: «егер сіз оқушы болып, тек баға үшін ғана үйренсеңіз, жоғары бағаға ғана қол жеткізесіз. Егер білім үшін үйренсеңіз, онда жоғары баға алумен бірге, тіпті де мол білімге, қол жеткізесіз. Тек ақша үшін құлшынсаңыз, көп ақша табуыңыз ықтимал. Ал сауда істеу арқылы үлкен игілікті жұмыс тындырмақ болсаңыз, онда ақша тауып қана қоймай, үлкен табысқа да жетесіз. Егер

сіз айлық үшін ғана істесеңіз, сіздің алатыныңыз қашанда сол мардымсыз жалақы. Ал өзіңіз істеген кәсіпорынның болашағы үшін кәсібіңіз үшін ізденсеңіз, табысыңыз мол болып қана қоймай, өз өміріңіздің күнін жаратып, қызметтестеріңізбен елжұрттың құрметіне бөленесіз». Өміріңізге ұлы мұрат, биік нысана белгілеп, осы нысана үшін бар зейініңізді шоғырландырып күрессеңіз, тың табыстың сізге тән болатыны сөзсіз. 1949 жылы, 24 жастағы бір жас жігіт өзіне деген асқақ сеніммен Америкадағы дүниелік машина серіктігіне бухгалтерлік қызметке емтихан тапсырмақ болып келеді. Ол әкесінің таныстыруымен бағын сынамақ болып келген еді. Емтихан жауаптысы, емтиханға қатынасушылардың ерекше көп екенін, қызметтің талабы да ерекше ауыр екенін айтады. Әлгі жас бұл қызметті ешқандай қиын көрмейтінін, одан да зор қызметтерді атқармақ ойы бар екенін, түбі осы серіктіктің қожайыны болатынына сенетінін жасырмайды. Жігіттің өзіне деген мызғымас сенімі мен өмірге деген биік нысанасы емтихан жауаптысына да терең әсер қалдырады. Ол хатшысына: мен жаңа ғана осы серіктіктің қожайыны болмақшы бір жігітті жұмысқа қабылдадым» – дейді. Бұл – жас Роджер Смит еді. 1981 жылы 1 қаңтарда ол ақыры осы серіктіктің қожайындығына тағайындалады. Өмірге деген нысананың қалай болуы өмірдің қалай болуын белгілейді. Ересен табысқа жеткендердің әуел баста-ақ арманы асқақ, көздеген көмбесі алыс жандар. Көз аяңыздың тарлығы

мен өмір нысанаңыздың мардымсыздығы сіздің шалқар әлемге құлаш сермеуіңізге құрсау салады. Қыранның көкте самғауы аңсарының зеңгірде болғандығынан, адамның алысқа жетуі де көкірегіне асыл армандардың толғанынан.

Дүниеде алынбайтын қамал жоқ Барлық адамның әлсіз жағы болады. Бірақ оның бәрі табысқа жетуге бөгет бола бермейді. Егер сіз соның өзін абзалдылық деп біліп, жалықпай талпынсаңыз, сәтсіздік сөзсіз жеңіске айналуы ықтимал. Соқпалы музыка аспабының тұңғыш дүние жүзілік шебері Иврин Грена әуел баста-ақ: «Менің арманым – музыкант болу, оған ешқандай нәрсе бөгет бола алмайды» – деген еді. Ол Шотландияның шығыс терістігіндегі бір диқаншының отбасында өседі. 8 жастан бастап рояль үйренеді. Жылдар өтісімен музыкаға аңсары ауа түседі. Бақытқа қарсы оның есту қуаты барған сайын әлсірей түседі. Дәрігер сырқаттың жүйкеге қатысты екенін, қалпына келмейтінін,12 жасқа толғанда тас кереңге айналатынын айтады. Бірақ оған бола үйренуден жалықпаған ол соқпалы аспаптың күй тарту шеберлігінің сырына қанығу үшін үнемі басқалардың орындағанын тыңдайды. Ұдайы ұзын байпақ киіп, денесіндегі бар сезім мүшелері мен түйсігін тұтас дыбысқа шоғырландырады. Кейін Лондондағы әйгілі патша­ лық институтына түсуге өтініш береді. Бір тас керең оқушының музыка институтына түсіп оқуы бұрын болмаған құбылыс еді. Сондықтан кейбір мұғалімдер бұл талапқа қарсы болады. Бірақ, оның күй тарту шеберлігі бәрін де бағындырады. Ол мектепті ең жоғары әйгілі куәлігімен тамамдайды. Содан бастап, ол осы салада тың жол ашуға айналады. Оған дейін соқпалы аспапқа арналған музыкалық шығармалар

нотаға түсірілмеген еді. Оның осы салада құлшынып келе жатқанына да неше он жылдың жүзі болыпты. Дәрігердің қорытындысы оның арманы мен сеніміне бөгет бола алмаған еді. Музыка пірі Бетховеннің тас керең болғаны бәрімізге белгілі. Ұқсамайтыны ол музыкант болғаннан кейін керең болады. Ал Иврин Гренаның сазгер болу арманын қатыгез ауру әуел баста-ақ тұншықтыруға ұрынған еді. Бірақ асыл мұрат, асқақ арман бөгеттердің барлығын да тас-талқан ете алды. Кереңдік – біртүрлі физиологиялық кемістік. Керең адам басқа кәсіптің бәрін істеуіне болады. Тек музыкант болуына болмайды. Иврин Гренаның бойындағы кемістік пен арман от пен судай отаспайтын еді. Ол шынында тұйыққа тірелген, бірақ тұйыққа тірелу табансыздар үшін ғана айықпас сор. Ал жігері мұқалмайтындар үшін шұғылалы жол. Айтылмыш сазгер-әйел, есту түйсігінен мүлде айырылған жағдайда тұтас сезім мүшелері, әрбір тері көздері, әрбір жасуша, денесіндегі барлық жүйке жүйесімен тыңдай білді. Ол қос құлағынан айырылғанымен, бойындағы сансыз қосалқы құлақтарды іске қоса білді. Сонымен тарихта үлгі көрсетіп қана қоймай, адамның жасырын қуатындағы керемет күшті әйгілеп бере алды.

Өзіндік нысанасын жүзеге асыра алған адамдардың өмірі – нағыз жеңісті өмір Адам өмірінің жеңісті болуы әрине атағының аспандауын қамтиды. Десе де бұл дүниені дүр сілкіндіргендердің өмірі ғана жеңісті өмір дегендік емес. Құлшынып, өз өмір мақсатын жүзеге асырғандардың өмірі, әрине жеңісті өмір. Данте: ‹‹ел айта берсін, сен өз жолыңмен жүре бер›› деген еді. Құлағымызға таныс осы сөзге мән беріп, оны өзімізге жетекші етеміз бе? Жауап: әрине, композитор Людвиг ван Бетховен скрипкаға онша шебер емес еді. Бірақ ол қашан да өзінің күйін ойнайтын. Ол техникалық жақтан өзгертуге көнбейтін, мұғалімі оны музыкант болмайды деп түңілген еді. Сократ кезінде басқалар жағынан «жастарды азғырушы», – деп айыпталған. Альберт Эйнштейннің тілі төрт жасында шығып, 7 жасында хат таныған. Мұғалімі оны «зердесіз, адамға жұғымы жоқ, қиялсоқты», – деп бағалаған. Тіпті мектептен шеге­ рілген. Исаак Ньютонның бастауыштағы оқуы тым нашар болғандықтан, мұғалімдері мен сабақтастары оған «нақұрыс», – деп лақап қойған. «Соғыс және бейбітшілік» сынды ұлы шығарманың авторы Лев Толстой да университеттегі оқуын алып жүре

алмағандықтан, мектептен шегерілген. Басқалар жағынан «миына оқу қонбайды, үйренуге ынтасыз», – деп қаралған. Ойланып көрейік, егер осылардың бәрі «өзінің жолымен» жүрмей, өзгелердің бағасын өлшем етсе, жан таңғаларлық табыстарға қол жеткізер ме еді? Адамдық өмірдің жеңісті болуы әрине атағыңыздың аспандауын қамтиды. Десе де ол дүниені дүр сілкіндіргендердің өмірі ғана жеңісті өмір дегендік емес. Дүниеде мүлде біріншілік жоқ, Марадоннаның доп тепкенін көрген адамның қан-терін ағызып, командада доп ойнағысы келе ме? Павароттидің әнін тыңдаған адамның тағы әнші боламын деп тырбанғысы келе ме? Барлық адам егер өзінің басқаларға жете алмауынан алаңдап, атақ шығаруды ғана ойласа, онда дүниеде Марадонна, Паваротти сияқты адамдар болмаған болар еді. Ресейдің әйгілі жазушысы Антон Чехов: «Жалпы үлкен де, кішкене де ит бар. Үлкен иттен именіп, күшіктің бұғып қалуының қажеті жоқ. Сондықтан бәрі де үруі керек. Тек өздерінің дауысымен үрсе болғаны», – деп тауып айтқан еді. Шынтуайтында аңсаулы тұрмыс формасын іздеу ешқашан бәсекелесу немесе біріншілікті ең керемет санау емес, ол тек адамның өзін кемелдендіруге, құдіреттендіруге, бақытты өмірге деген талпынысы. Қараңыз әр күні таң сәрі де бақшаға барып жұдырыққа, гимнастикаға жаттығып би би­лей­тіндер, уақыты бола қалса киім жобалау, ән айту, хаккерлікпен айналысатындар, ешқашан басқалардың – қалай қарайтынымен санаспайды. Елдің бағасына бола қимылын тоқтатпайды. Рухани жақтан әсерге ұшырамайды. Олардың мақсаты елге көріну емес, жарысқа түсіп,

бәйге алу да емес, қайта өзіне көңілділік іздеу. Өмірге, сұлулыққа деген арманын жүзеге асыру. Қорытып айтқанда, нағыз жеңісті өмір. Жеткен табыстың үлкен-кішілігінде емес, қайта сіз өмір нысанаңызды жүзеге асырдыңыз ба, өз үніңізбен сөйлеп, өзіңізге тән орын таба білдіңіз бе, соған қатысты.

Жүрек – барлық қуаныштың қайнары Күймеде отырғандардың көңілді болуы, күймені көтергендердің көңілсіз болуы да екі талай. Қуаныш – биік тақта, байлық пен бақта да емес, тек жүректе. Қазіргі адамдар ақша мен мансапқа, материялық жақтағы заттық байлыққа барған сайын бой ұруда, ақша мен мансап әрине көптеген ләззәт пен рақатқа кенелтуі мүмкін. Бірақ шынайы қуанышқа бөлеуі екі талай. Ақшасы көптің алаңы да көбейеді. Олар басқалар жағынан байлығының ұрлануынан, тоналуынан, өзінің барымталануынан қорқады. Мансабы үлкендердің дағдарыс түйсігі тіпті күшті болады. Олар басындағы баянсыз бағының қашан ұшып түсерінен, басқалардың зиянкестік жасауынан, алаңдап сақтану мен бойына ас батпай, абайлаумен болады. Үрейдің басымы психикалық қалыпсыздыққа апарып соғады. Бұрын бір асқан бай болыпты. Байлығы асып-тасыса да жаңа күндері көңілді емес екен. Үйінің қасындағы темірші ерлі-зайыптының екеуі күлкілері жарасып, төтенше көңілді күнелтеді екен. Бір күні байдың әйелі ән дауысын естіп, күйеуіне: «бізде байлық жетерлік, бірақ теміршінің отбасы құрлы көңілді күніміз жоқ» – депті шағынып. Бай ойланып тұрып: «Мен – оларды – ертең-ақ күле алмайтын, шырқай алмайтын адам ете алам» – депті де, екі тал шөке алтынды тамнан асырып, теміршінің ауласына тастап жіберіпті. Ерлізайыпты кедейлер, екінші күні таңертең аула сыпырып жүріп алтынды тауып алып, ересен қуаныпты.

Алтынды көрген соң темірші дүкенінің оты да жанбайтын болыпты. Еркегі: «Біз алтынға құнарлы атыз алайық» – депті. Әйелі: «Болмайды! Біреулер байқап қалса, бізді ұры деп күдіктенеді» – депті. Екеуі алтынды дұрыс бір жайлы етуге келісе алмапты. Содан бас­тап, олардың ұйқысы да күлкісі де бұзылыпты. Ал алтыннан ада болған әлгі байдың отбасында алаңсыз тірлік, қамсыз күлкі ауысыпты. Темірші ерлі-зайыпты екеуінің өткендегі шаттық пен күлкіден айырылуы әлгі алтынның кенеттен пайда болуынан еді. Олар, әрине, басқалардың байқап қалуынан, күдіктенуінен, ұрлап кетуінен қорқады да қайтерін ұқпай, беймаза күн кешеді. Шындық өмірде солай. Кейбір ақшалылардың қызылды-жасылды суретті қағазы, даңғыраған сәулетті сарайлары, тотыдай құлпырған періштелері болғанымен, олардың өмірден бал-шырынды татып отырғаны беймәлім. Сол секілді, көңілділік пен көңілсіздікті қолдағы мансаппен өлшеуге болмайды. Мансап иелесе ғана күндері көңілді болуы екі талай. Біз ұдайы кейбір мансап ұстағандардың, басындағы тәжісін қорғаштап, өзінен зорларға иіліп төсек, жайылып жастық болып, қоғадай жапырылып, адамдық құрметтен де айырылып қалып жүргенін көріп жүрміз. Оларда қайдағы нағыз көңілділік болсын? Кейбіреулер қолындағы мансабын пайдаланып, үкімет ақшасын суша сапырып, бір мезет аранын ашып, барынша ішіп-жеп, жер-әлемді саяхаттап, сәулетті сарайларда сұлу құшып, дүниенің қызығын белшеден кешкендей болады. Бірақ оның арты тек қуаныштан айырылумен ғана тынбайды. Францияның әйгілі жазушысы Ромен Роллан: «Бір адамның көңілді

немесе көңілсіз екенін айыруда, әркез оның неге қол жеткізгеніне немесе нені жоғалтқанына қарамау керек. Қайта сол адамның өзінің қалай сезінетіндігіне қарау керек» – деген еді. Кейбір қалталылар басқалардың назарында төтенше бақытты секілді. Бірақ олар бақыттың не екенін ұқпайды. Қалайда өзін көңілсіз сезінеді. Ал біреулер басқалардың назарында бақыттан тым алшақтай көрінеді. Бірақ олар өзін төтенше бақытты сезінеді. Жұмыстан босаған ерлі-зайыптылар екеуі таңер­ теңгі базарда жайма ашып, мардымсыз кірісіне сүйеніп, бес жанды асырайды. Олар кезінде биге құмар болғандықтан, таң сахнаға кіріп тұратын. Қазір (ақшасы жоқ) ауласында музыка қойып, бір уақ билеп қояды. Ері құс бағуға, әйелі гүл өсіруге әуес. Ауладан құстың жағымды үні мен гүлдің хош иісі аңқып тұрады. Қызметсіз, екеуінің кірісі көп құлдырады. Бірақ олардың көңілді тірлігіне көршілері қызыға қарайды. Иә, біз тағдырымызды өзгертуге шарасыз болғанымызбен, өз көңіл-күйімізді өзгерте аламыз. Қызмет болмаса оқасы жоқ, қуаныш болмаса болмайды. Біз тұрмыстың көңілділігін де жоғалтсақ, онда өмір сүрудің қанша маңызы болмақ?! Өйткені қуаныш адамның тума қажеті. Көңілдегі көктем ең өміршеңдік қуатқа тіршілік тірегі. Бағыштау – шаттықтың қайнары. Аталмыш ба­ ғыш­тау дегеніміз ақша, уақыт, мейірім, жылы сөз, сіз басқаларға берген, өзгелерге пайдалы әрқандай нәрселердің бәрін қамтиды. Сіз өзгелерге бағыштасаңыз, осы бағыштағандарыңыз өзіңізді

тануыңызға көмектеседі. Бұл ұстаным тым түсініксіз сезілуі мүмкін. Бірақ өмірге бергені көп адамдардың алары да сонша көп. Өмірдегі қуанышты іздеудің ұстанымы: өзінің өмірде сандаған қиындықтар мен қасірет қатерге жолығатынына іштей дайындық пен оны бірге жеңіп шығуға деген асқақ сенімінің болуы. Мұндай қуаныш баға жетпес байлық, біз айтып отырған тірліктің қуанышы.

Тағдырыңызды өзгертетін тек өзіңіз ғана Қиыншылық алдында біз қашанда өзімізге мән бермейміз. Қалайда мәселенің тетігін қайдағы өзімізден тысқары заттық нәрселерден іздейміз. Мысалы, қызметтің кері кетуі, карахананың дағдарысқа бет алуы, некенің бұзылуы бәрі де көз алдымызды бұлдыратып, бір мезет өмірдің ертеңі мен үмітін көрсетпейді. Соған сеніңіз. Сіз, өзіңіз баға жетпес байлықсыз, тек өзіңіз ғана жеңіске жетудің шешуші факторысыз. Өзіңізді түсініңіз, таныңыз, жеңе біліңіз, тек өзіңіз ғана тағдырыңыздың қожайынысыз. Кезінде арман қуған бір жас, ауылынан алысқа аттанарда еліндегі ақылгөй абыздан бата алмақшы болып алдына келіпті. Өмірге ынталы, жалынды жасқа ықыласы ауған қарт: «Балам, өмірдің сырын екі ауыз сөзге жинақтауға болады. Әуелі саған бір ауызын сыйлайын. Ол сенің жарым өміріңе медет болады» – депті. Қарияның сонда тұмардай етіп сыйлағаны «батыл бол» – деген бір ауыз сөз екен. Отыз жылдан кейін жер ортаға келген әлгі жиһангез ауылына оралып, әлгі қартты іздепті. Қарт баяғыда қайтыс болыпты. Балалары қарт қалдырып кеткен аманатты әлгіге ұсыныпты. Конвертті ашып қараса, «өкінбе» – деген тағы бір ауыз сөз екен. Солай, бәріміз де өмір жолында батыл күресуіміз, өткенге өкінбеуіміз керек. Өйткені әлгі өмірде әлде көптеген орайлар бізді күтуде. 42 жастағы бір франциялық өткен өмірі жайлы

толғанып, өзінің бекер ғұмыр кешкенін терең сезініпті. Некеден ажырасу, жұмыссыздық, кәсіпорынның күй­ реуі. Оның өмірінде ешқандай мән-мағына қалмаған секілденіпті. Ол өкініштен түңіліп, қатты нашар күйге түсіпті. Бір күні көшеде құмалақ ашып отырған сыған оның алақанын көріп: «Сен керемет ұлы адам екенсің!» – депті. Қайран қалған франциялық: «не деп тұрсыз, маған бұлай қалжыңдамаңыз», – деп сенбепті. Сыған салмақты бейнеде: «сіз өзіңіздің кім екеніңізді білесіз бе?» – дейді. Франциялық іштей: «мен кім болушы едім, бағы жанбаған бейбақпын, жалаң төс кедеймін, өмірден тастанды болған сорлымын» – дегендерді ой елегінен өткізеді. Құмалақшы және қатаң түрде: «Сіз ұлы адамсыз, білесіз бе, сіз өмірге қайта келген Наполеонсыз, сіздің тұлғаңызда тулаған қандар сіздің жігеріңіз бен парасатыңыз тұтас Наполеондікі, сенесіз бе, сіздің жүрісіңіз де Наполеонға ұқсайды» – дейді. Франциялық төменшіктеп: «мен некеден ажырастым, байлығым селге кетті, кәсіптен құралақан қалдым, тіпті барар жер, басар тауым қалмады» – дегендерді айтады. Құмалақшы оған: «әй, ол сіздің өткеніңіз, сіздің болашағыңыз керемет, нанбасаңыз ақы бермей-ақ қойыңыз. Бес жылдан кейін сіз Франциядағы ең табыс­ ты адамға айналасыз, өйткені сіз Наполеонның өмірге қайта келген тұлғасысыз», – деп тұжырымдайды. Франциялық құмалақшымен келіспей қайтады. Бірақ, іштей өмірі болмаған ғажайып сезімге бөленеді. Онда Наполеонға деген ерекше қызығу пайда болады да, Наполеонға қатысты кітап материалдарды тауып зерттейді. Біртіндеп дүние өзгере бастайды. Айнала, бұрынғы дос-жаран, қызметтес, қожайын дегендердің бәрі оған басқаша қарай бастайды. Жұмысы да

оңға басады. Кейін оның байқауынша, өзгерген ештеңе жоқ екен, тек оның өзі ғана өзгеріпті. Оның көзқарасы,батылдығы, ойлау формасы, тіпті жүрісі де Наполеонға ұқсапты. 13 жылдан кейін ол 55 жасқа келген кезінде миллионерге айналып, Франциядағы ең әйгілі адамдардың бірі болыпты. Франциялық әлгі сығанның сөзінен шабыт алып, өзін біртіндеп өзгертіп, ақыры табыс жолына түсіп, асқан ақшалыға айналады. Бұл мысал бізге адамның әрбір кезеңде сан өзгерістерге тап болып отыратынын, адам тек өзін жоғалтып алмай, өзін жеңе білсе, болашағының сөзсіз шұғылалы болатындығын ұғындырады. Адам мейлі қандай тағдырға тап болмасын, шешуші фактор тек өзі ғана. Сіз қиыншылықтан торығып, аһ ұрсаңыз, сізді албастыша өктейтіні қасірет пен үмітсіздік ғана. Егер сіз ерлік пен шындыққа бетпе-бет келіп, өз қабілетіңізді сәулелендірсеңіз, ақыры барлық қиындықты жеңіп шыға аласыз.

Өз өміріңізге өзіңіз төрелік етіңіз Адам өмірде түрлі талғамдарға тап болады. Ұқсамаған талғам, әрине ұқсамаған тағдырға бас­ тайды. Сіз әрқандай талғамға дөп келгенде, әркез терең толғаныңыз. Өйткені ол сіздің болашақ тағдырыңызбен тіке қатысты десе де сіздің қалауыңызбен ата-анаңыздың жоспары ортасында алшақтық туылып, сіз аңсаған арманыңызға жете алмай дағдаруыңыз мүмкін. Философ Гибран бұл жайлы тамаша ескерту беріп, былай дейді: «ата-ана садақ сияқты, ұл-қыз одан атылған жебе. Бізді өмірге әкелуші ата-ана. Бірақ соңында өзімізге жауапты болатын және де өзіміз». Егер ата-анаңыз сіздің оқытушы немесе дәрігер болуыңызды қаласа, ал өзіңіз суретші немесе жазушы болуды қаласаңыз, сіздің өз қалауыңыз бойынша талғам жасауыңыз өзімшілдік болғаны ма? Жоқ, ешқашан олай емес. Өйткені өмір сіздің өзіңізге тәуелді. Сіз өз қалауыңызды таңдауға хақылысыз. Шындық өмірде ата-аналардың баласының қалауына құлақ аспай, өз жоспары бойынша жол нұсқап, ақыры зорлап салған жолдан баланың бағы жанбайтын, тіпті соңы трагедияға ұласатын жайттар да көп. Әркім сіздің өміріңіз жайлы ұсыныстар айтады. Бірақ олар сіздің өміріңізге әрине жауапты бола алмайды. Өйткені олардың сіздің өміріңізге уәкілдік етуі мүмкін емес. Солай емес пе?! Америкалық ойшыл Аймесон: «сенің адам болып өмір сүргеніңнің маңызы шын мәнінде өзің болып жасауың» – дейді.

Әрбір адам сабырмен өз жүрегінің үніне құлақ салса, ол үн сол адамның өміріне жетекшілік етеді. Бірақ адамдар сол үнге құлақ аспайды. Құрметтеуді білмейді. Сіз кейде жастықтың әсерінен немесе өмір тәжірибеңіздің кемшілігінен өзіңізге «тыңдама, ол мүмкін емес» – дейтін шығарсыз. Өкінішті, сіз неге сол үнді тыңдамайсыз? Ол қаншама әлсіз болғанымен, сіздің өз қалауыңыз емес пе? Сіз өз таңдаған өмір жолыңыздан табысқа жетсеңіз, отбасыңыз, халқыңыз сізді мақтан тұтатын болады. Өзіңізге адал болыңыз. Қашанда өзгелердің идеясына мән беріп, солардың көңілін аулауды ойламаңыз, есіңізде болсын, өмірдің қымбаты сіздің нағыз өзіңіз болып жасауыңызда. Өз шаттығыңыз үшін өз арманыңыз үшін өзіңіз үшін тамаша өмір сүріңіз. Әрқандай жұмысты істегенде, «өзіңіз үшін істеуді» ойлаңыз. Көкейіңіздегі ойлағаныңыз бойынша істеңіз. Істей алмасаңыз онда бекер өмір сүрген болмайсыз ба? Басқалардың пікірін тыңдауға болады. Бірақ, бүкілдей қабылдауға немесе бағынуға болмайды. Тек өзіңіз мұқият ойлану арқылы шешім жасасаңыз, ол нағыз өзіңізге жауапты болғандық. Егер сіз басқалардың пікірімен қателессеңіз, басқаларға кінә артуға келмейді. Өйткені, басқалардың пікірін қабылдау-қабылдамау құқығы өзіңізде. Басқаларды кінәлау, обьектив жақтан мәселені шешу немесе келесі мәселеге төрелік айту құқығын басқаларға бергендік. Өз мәселесін соңғы есепте өзі шешуі керек. Өзіне болған жалпы жауапкершілікті батыл арқалау, өзіне тиеселі шаруасын өзі тындыру, өзіне болған ең зор сүйіспеншілік.

«Тәуекел түбі – жел қайық» Ертеде бір диқан болыпты. Ол егістік жеріне ештеңе екпепті. Егіс кезінде біреу: «атызыңа бидай ектің бе?», – деп сұрапты. Диқан: «биыл ауа-райы жауынсыз бола ма деп екпедім» – депті. Онда «мақта ектің бе?», – деп сұрапты. Диқан: «құрт түсіп кете ме деп екпедім» – депті. Әлгі адам «онда не екпексің?»дегенде, Диқан: «ештеңе екпесем, ең қатерсіз екен», – деп жауап беріпті. Күзде бәрі қамбасына астық толтырғанда, әлгі диқан амандығын азық етіп отырыпты. Зерттеулерге қарағанда қазір құрлық пен суда жасайтын қос мекенді хайуанаттар суға жүзуді кейін үйренген екен. Әсілі тауықтың да суда жүзуіне әбден мүмкіндігі болған екен. Бірақ бабалары тәуекелге батылдық етпепті. Шынайы өмірде көптеген адамдар бар. Олар бірер жұмысты істеуден қорқады. Сонымен ештеңе істемейді де тірлікке қажетті болған қабілеттен құр алақан қалады. Соңында айықпас қасірет пен өкініш арқалап қалады. Қиыншылық пен қатер, сіздің бұғып қалғаныңызға қарап аттап өтпейді. Біз өзімізді шыңдауға, өзгертуге, бәрін де қабылдауға шебер болып, ақаусыз есейсек қана басқа қиындық түскенде өзіміздегі қарсылық қуат арқылы тағдырмен бетпебет күресе аламыз. Өзін бұғаулап алу өз қалауымен өмір сүру еркінен айырылу дегендік. Тәуекелге бармайтын адамдарда өзіндік пікір болмайды. Өйткені олар елге күлкі болудан, ақымақтанудан қорқады. Өзінің бекіміне сенбегендіктен, басқаны терістеуден қорқады. Басқаларға көмек қолын созуға батпай-

ды. Өйткені бірер іс түйіліп қалса, шатысып қалудан қорқады. Басқаларға сыр алдырудан қорқып, өз ойын ортаға салуға батпайды. Олар сүюге батылдық етпейді. Тойтарысқа ұшыраудан қорқады. Үміттену үшін де одан келетін үмітсіздіктен қорқады. Олар бәрінде де сәтсіз болудан қорқады. Жүрексіз пенде бүркеніп жатып алады да, өзінің шығар жолының қайда екенін білмейді. Өмірі сүреңсіз, бар мен жоқтың ортасында жалғасады. Мүмкін өзінің аядай тар әлемінде, тас бүркеніп алу уақытша қатерсіз де сезілер. Бірақ боран-шашын кім-кімді де қағыс қалдырмайды. Сіздің кішкентай далдаңызды боран жұлып әкеткенде, сіз қалтырап далада қаласыз. Өмірдегі қиын кезеңдерге көз жасы дал болмайды. Тек қайсарлық қана оның дауасы. Бәріне батылдық ете алмай бұғып жүргендер, дауыл тұрғанда басын құмға тығып, жұбаныш табатын түйеқұстың ақымақтығын енді қайталамаңыз. Тағдырмен бетпе-бет келіңіз, өйткені қиыншылық пен қатер де қабаққа қарай басатын албасты екенін ұмытпаңыз.

Кеше білудің өзі кемелділік Өмірде қол жеткізе де білетін, сол қол жеткізгенін қажетті кезінде мейірін үзіп тастай да алатын адамдар тым аз. Бұл әсіресе сезімдік жақтан тіпті де қиынға түседі. Сондықтан да қаншалаған трагедиялар біздің айналамызда қайталануда?! Бұл келісті қыз еді. Толысқан, ақ құба жүзі, сұңғақ бойы, кермаралдай керілген кербез келбеті, ұяң мінезі көрген жігіттерді оңай тұтқындап алатын. Оның сұлу сопақша жүзімен кербездігі Лын дайүға ұқсайтындықтан, біз оны Дайиұ деп атап кеткенбіз. Біз оны осылай шақырсақ, ол қарсыласпайтын. Ақ жүзі тіпті де алаулап кететін. Ол кешкі шапақты жамылып, көл бойында жалғыз серуендеуді ұнататын. Үміткерлердің жазған махаббат хаты да күн бойы толастамайтын. Ел орынға жайғасқанда, ол терезесінің пердесін түсіріп алып, сытырлатып әлденелерді парақтауға кірісетін. Біз оның әлгі өтініштерді оқып жатқанын тұспалдайтынбыз. Сабақтастардың тынышы кетіп, күңкіл-сүңкіл де айтылатын. Кейін келе мектеп газетінің бас редакторы, көзілдірікті сері оның қалауынан шықты. Олардың күндері романтикалық түске толы еді. Таң сәріде көл бойындағы дөңеске шығып, Пушкиннің өлеңдерін оқитын, кеште қол ұстасып орманда сейілдейтін. Тіпті адам иін тірескен кітапханада да бір-біріне қарсы қарап, назданып отыратын. Ас ішкенде де жұбын жазбай, бір ыдыспен тамақтанатын, бір кісілік материалмен пысықтау жасайтын. Олардың дүниені ұмытқан бақытты бейнесіне

қарап, қызғаныштың қызыл отын маздатқандар да болды. Сайып келгенде, біз олардың құп жарасқан жұп екенін мойындап, бақыт тілейтінбіз. Күтпеген жағдайда, бір жылдан кейін Дайиүннің ұяң бейнесі мұңлы күйге ауысты. Жиын-топтан оның бейнесі көрінбеді. Ол жатаққа қайтып, пердесін түсіріп алып, төсегінде үнсіз жататынды, жиі-жиі күрсінетінді шығарды. Сабақтастар оның себебін білді. Бірақ сұрауға ешкімнің батылы бармады. Өйткені ол төтенше қағілез һәм нәзік еді. Көп ұзамай сабақтастар әлгі көзәйнекті тұрлаусыздың шет тілі факультетіндегі бір сұлуды ертіп жүргенін байқады. Ол Иүй бикешпен жұп жазбай доп ойнап, сейіл құрып, таныс сахналарға қыдырды. Сабақтастардың әлгіге ызасы келіп, барып тергегендер де болды. Ол қаперіне де алмай, сұқ саусағымен көзәйнегін жоғары сырғытып қойып, екі иығын қомдап, шімірікпестен: «мен жүректің әмірін тыңдауға құштармын, Дайиүннің тартымдылығы шамалы екен, ал Иүй бойжеткен менің жастық жалынымды қаулата түсті» депті. Біз мысымызды басып қала бердік, байғұс Дайиұ ұйқысыздық сырқатымен демалыс алып ауылына кетті. Мектепті де тауыстық. Дайиү төменгі жылдыққа түсті. Кетер кезде сабақтастар барып, қоштасып қайтты. Оның халінің қиын екенін түйіпті. Ол бір жатақта жалғыз тұрады екен. Қазір шошынған қоянның көжегіндей бұйығы, тәртіпті. Барғандарды төсегіне жолатпапты. Тоқтаусыз үстелін сүрткіштеп, тынбай қолын жуыпты. Сабақтастардың ешқайсысына тіл қатыспапты. Дайиұ ақыры өлімді таңдады. Қыстың қақаған ызғарлы түнінде көлге түсіп, өмірін аяқтатыпты. Қалтасында арыздасу сөзі жүріпті. Дайиұдың трагедиясы бәрімізге де ащы

сабақ. Ол бізге кеше білудің өзі де кемелділік екенін ұғындырады. Барлық адамда тасқындаған рухты күш болады десе де, кейбір рухы басым салдарынан адамдардың мінезі торыққыш болып өзгереді. Жан дүниеңіздің ақаусыздығын сақтап, рухты жүгіңізді тым ауырлатып жібермеу үшін қол жеткізе де алатын, қажетті кезде тастай да алатын болуыңыз керек. Мидың рөлі біздің еске сақтауымызға көмектесіп қана емес, тағы ұмытуымызға да көмектеседі. Әрқашан қасіретті, қамыққыш көңіл-күйді тастап, үмітке толы шат-шадыман көңіл-күйді таңдауымыз керек. Сонда ғана құлшына алға басуымызға, рухымызды тасқындатып, үйренуімізге, қызмет істеуімізге болады. Ұмыту – біртүрлі рухани қалыптылық. Әлдебір өткен іске өлердей жабысып алып ұмытпау, адамның өзіне ауыр зиян ала келеді. Хикаядағы Дайиұнның бір мезеттік сезімге бола өзінің қыршын өмірін қиюы мүлде татымайтын нәрсе. Біз қазір өмір сүрудеміз, болашаққа да бет аламыз. Өткеннің барлығы уақыт тасқынымен оралмасқа кетті. Көңілсіз істерді, адамдар ара өшпенділікті еске сақтауымыздың ешқандай қажеті жоқ. Ұмытпау, біздің өмірге деген сенімімізді мұқалтады, тіпті рухымызды күйретіп құмға батырады. психологиялық тұрғыдан талдау жасағанда, егер сіз ұзақ уақыт өшпенділіктің шыңырауына батып, елестер әлемінде өмір кешсеңіз, шынайы тұрмыстан қол үзесіз де, психикалық ақаусыздығыңызбен ақылдық жақтан дамуыңызға ауыр нұқсан жеткізесіз. Ұмыту – қарбаластықтағы қалтарыс. Ол біздің қаталап қалжыраған шақта дем

алып, өміршеңдік қуатымызды қалпына келтіруімізге мүмкіндік жасайды. Егер сіз ұмыта білсеңіз, қол жеткізе де, тастай да білесіз. Онда барлық көңілсіздіктен құлан таза айығасыз да тасқындаған жаңа өмір бастай аласыз.

Үмітсіздік – сайтан ісі Сіз өмірдің сайыс майданынан сабырыңыз сарқылып шегінбекші болып тұрғаныңызда, әлде біреулер асқан ынтамен майданға кіруге әзірленіп жатады. Сіз, сал төзім сақтасаңыз ғана жеңіс сізге тән. «Бір кез алтынға алты кез қалды» – деген нақыл дүниенің әр жеріндегі алтын қазушылардың аузында жүрді. Неше он жылдың алдында американдық Давид атты біреу кіші әкесін ертіп, қиыр батысқа барып, алтын қазады. Олар тырна тұмсық қайласы мен күрегін іске қосып, алтын қазуға кіріседі. Бірнеше апта қазған соң жарқыраған алтын рудаларын көріп, қайран қалады. Сонымен олар кен құдығын бүркеп қойып, ауылы Мариленд облысының Уильям қорғанына қайтып, мол қаржы топтап, кен ашу жабыдықтарын сатып алады. Көп кешікпей, олардың кен ашу жұмысы да дүрілдеп арнасына түседі. Алғашқы қазып алынған рудалар айыру заводына апарылған соң, мамандар олардың ашқаны Американың батыс бөлегіндегі қоры ең мол кен екендігін тұрақтандырады. Давид тек бірнеше машина рудадан-ақ салған қаржысын қайтарып алады. Бірақ дәл осы кезде күтпеген оқиғаға кез болады. Кен жүлгесі тосын ғайып болады. Давид қанша іздесе де кен сілемі ендігәрі табылмай-ақ қояды. Тәңірдің қатыгез үкіміне еріксіз мойын ұсынған Давид кен құдығын тастауға мәжбүр болады. Сонымен олар кенге керекті бар жабдығын жергілікті бір саудагерге сатып береді де, өкініш арқалап ауылына қайтады. Олар кетісімен әлгі саудагер бағын сынамақшы бо-

лып, тастанды құдыққа барады. Ол бір кен инженерін ұсыныс етіп барлатады. Бір реткі қарапайым барлау арқылы әлгі инженер, алдыңғы кеншілердің сәтсіздігінің себебі, олар алтын кен қабатының жігіне қанық болмағандықтан, заңдылығын білмей шегініп кеткенін, тіпті зор мөлшердегі кен қабаты Давид қазып барған қабатқа азғана аралықпен жалғасатынын байқайды. Дүниедегі істердің ғажаптығы осындай. Көкірегіне көп үміт ұялатып, зор өтем берген Давидтің қол жеткізгені алтынның мардымсыз бөлегі ғана. Ал аз ғана еңбектенген саудагердің қолға келтіргені ұшы-қиырсыз мол байлық. Зер салар болсақ, екеуі де ұқсамаған екі түрлі тағдыр. Шыдамсыздық етіп, орайдан бас тартқан адам өзінің қаншама зор несібесін ұттырғанын білмейді. Ал орайын күткен адам ғана орайдың өзіне таяп қалғанын анық біледі. Орай ең соңында өзіне шексіз бауыр басқандарға, сабыр сақтағандарға тән болады. Күнделік өмірде кездес­ кен бір жеңіліс немесе сәтсіздік салдарынан тым асығыс бас тарту ақыры жеңіліспен аяқтайды. Кейде тұрмыстың өзі де алтын кенінің кен сілеміне ұқсайды. Оның да үзіліп жалғанар кезі болады. Тек мұқият төзімділікпен қарасаңыз, үміттің ауылы сізден алыс емес.

Адалдық – ең қымбат байлық Адалдық – байлық, байлық болғанда ең қымбат байлық. Сіздің ұлы, ақылды, бай болмауыңызға болады. Бірақ сөзсіз адал адам болуыңыз керек. Адалдық – табыстың есігін ашатын алтын кілт. Адам айналасына адалдықпен мәміле жасағанда ғана басқалармен етене істес болуына болады. Істес болушы осы барыста зиян тартқан күннің өзінде өкінбейді. Адал адам басқалармен оңай достасады. Сіз қашанда адалдығыңыздан айнымасаңыз, ол сіздің өміріңізге көптеген жақсылықтар әкеледі. Флеминг – Шотландиядағы бір кедей егінші. Бір күні ол атызда жұмыс істеп жатып, кенет біреудің айғайлаған даусын естиді. Жүгіріп барса, бір кішкене бала абайсызда өзенге түсіп кеткен екен. Ол суға секіріп түсіп, баланы құтқарып шығады. Ертесі оның есік алдына сәулетті күйме келіп тоқтайды. Күймеден салауатты князь іспетті біреу түсіп: «мен сіз кеше судан құтқарып шыққан баланың әкесімін, бүгін сізге арнаулы алғыс айтқалы келдім» – дейді. Флеминг қалтқысыз пейілмен: «балаңызды құтқарғаным үшін сізден ештеме дәметпеймін» – дейді. Осы кезде диқанның баласы келеді, әлгі князь іспеттес кісі оның диқанның баласы екенін білгеннен кейін, «біз келісімге келейік, мен ұлыңызды әкетіп, арнаулы тәрбиелейін, егер ол әкесі сияқты адал болса, сөзсіз сіз мақтаныш ететін адам болып шығады» – дейді. Олар келіседі. Бірталай жылдардан кейін диқанның баласы

Сентамари медицина институтынан оқу бітіріп, кейін микробқа қарсы дәрі пеницилинді тауып атағы жер жарады. Осы тапқырлығы үшін ол 1945 жылы Нобель сыйлығын физиология-медицина саласы бойынша иеленеді. Оған үлкен патшалық шен беріледі. Бір жылы кеңес мүшесінің баласы, әлгі диқан өзеннен құтқарып алған бала салмақты өкпе қабыну науқасына душар болады. Оны ажалдан құтқарған құдірет – пенцилин еді. Әлгі князь іспеттес салауатты кісі мемлекеттік кеңестің мүшесі Черчиль еді. Ал оның өзеннен құтқарылған баласы екінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы Ұлыбританияның президенті Уинс­ тон Черчиль болатын. Бениямин Франклин: «Не ексең соны орасың» – дейді. Флемингтің адалдығынан оның баласы үздік тәрбие алу орайына ие болып, ХХ ғасырдағы әйгілі медицина ғалымына айналды. Князьдің адалдығы оның баласын құтқарды, әрі ХХ ғасырдағы адамзат тарихының ілгерлеуіне үлес қосқан саяси қайраткерге айналдырды. Барған сайын сұңғыла тартқан қазіргі заман адамдары тез қарқынды асфальт жолда қайшалысып, ең маңызды бір нәрсеге немқұрайды қарауда. Ол – адалдық. Американың әйгілі психологі Иоганн Андерсен графаға адамдық мінездің қасиетін суреттейтін 500 есімді тізіп шығады да, 6 мың жоғары мектеп оқушысына өздері ұнататын адамдық қасиетті таңдап шығуды тапсырады. Тексеру нәтижесі студенттердің ең жоғары бағалағаны «адалдық» болып, сегіз түрді таңдаған адам саны ең көп болған, сөздің алтауы адалдыққа қатысты сөз болып шығады. Олар: адал, қалтқысыз, шынайы, сенімді, ақпейіл, кіршіксіз деген сөздер еді. Адамдық қасиеттің түрлерінен ең

төмен бағалағаны «көлгірлік». Қалғаны да осыған жақын сипаттағы мінездік ерекшеліктер. Мысалы: өтірікші, алаяқ, жылпың, тұрлаусыз және т. б. Осыдан адамдардың адалдықты көксейтіндігін көруге болады. Иоганн Андерсеннің бұл зерттеу нәтижесі қоғамдық жалпылық маңызға күнделікті өмірде біз адал, сенімді адамдармен барыс-келіс жасауды ұнатамыз. Өтірікші, алаяқ адамдарды жек көреміз. Жапонияның әйгілі будда тағылымшысы Читан былай дейді: «адал адамда қанша кемістіктер болғанымен, онымен қарымқатынас жасағанда көңілің жай табады. Мұндай адамдар сөзсіз бақытты болады. Кәсіптен табысқа жетеді. Өзі адал болғандықтан басқалардың да ізгілігіне бөленеді». Адалдық – қазына, әрі ең қымбатты қазына. Осы жағынан қаржы салған адам сөзсіз мол байлыққа кенеледі. Ұлы да, бай да болмауыңызға болады. Бірақ сөзсіз адал адам болуыңыз керек.

Ешкімнің де өмір жолы бірдей даңғыл болмайды Жеңіліс – төтенше қарапайым құбылыс. Жеңіліске ұшырағанда, тек күдер үзбесеңіз жүректегі үмітті бір мезеттік сәтсіздікке бола сөндірмеңіз, сөзсіз, өзіңізге тән кеңестік аша аласыз. Адамның өмірі сәтті бола бермейді. Жеңіліс те жеңіс те болып тұрады. Сәттілік бейне жасыл шыраққа ұқсайды. Шынайы өмірде ылғи жасыл шырақ болуы немесе қызыл шырақ бола беруі де мүмкін емес. Сәтсіздікке тап болғанда, тек тағдырға өкпелей бермей, жеңіске жеткен шақтарыңыздың болған-болмағанын еске алыңыз. Егер болған болса, кезінде жасыл шыраққа кез болған сізді, ендігі аялдамада күтіп тұрғаны тағы жасыл шырақ болуы мүмкін. Тағдыр Павелмен ымыраға келмей-ақ қойды. Төрт жас кезінде бір реткі қатынас шырғалаңында оның әке-шешесі бірдей қаза тауып, ол алыс нағашысының қолында ұрыс пен таяққа жәбірленіп өседі. Сондықтан да ол тым ерте ес жиып, ерекше құлшынып үйренеді. Орта мектепті бітіріп, бір әйгілі дашуенің маңдай алды кәсібіне оқуға түседі. Бірақ оқу бітірген жылы тұтас елдің экономикасы құлдырап, қызметке орналасу қиындасып, ол бір жыл бос жүреді. Павелға ең қайырымды жан, шашы қудай ағарған, жүзінен мейірім төгіліп тұратын, жасы алпыстан асқан, үйін жалға берген шешей еді. Әр рет Павел сырттан оралғанда, ол өзі шығып есік

ашып, оны қуана қарсы алатын. Павелдің торыққан бейнесін көрген шешей: ‹‹Павел балам, дүние сен ойлағандай қатігез емес. Бәрі де оңалып кетеді›› деп дем беретін. Павел қатты тебіренеді, бірақ оны, өзінің жан дүниесін түсінбейді деп қарайды. Ол іштей, күні бойы тек көшедегі ағылып жатқан машиналар мен адамдар тасқынына қарап отырғанда, не сезінер деген күдікпен шешейден: «сіз күні бойы көшеге қарайсыз да отырасыз, онда сіз беріліп көретіндей не бар?», – деп сұрайды. Шешей: «балам, неге түсінбейсің? Бұл өмір бейне жасыл, қызыл шыраққа ұқсайды. Бірде жасыл, бірде қызыл шырақ кезектесіп тұрады. Қызыл шырағы жанғанда қозғалуға амалсыз қаласың, қозғалсаң шырғалаң туылады, жасыл шырақ жанғанда жол іркіліссіз болады. Алыстан қарап тұрсаң, жанып тұрған жасыл шырақ машина алдына барғанда, тосын қызылға өзгереді. Кейде жанып тұрған қызыл шырақ машина алдына барғанда, жасылға өзгереді. Кейде тіпті машиналар әрбір жол өткеліне барғанда қызыл шырақ жасылға, жасыл шырақ қызылға өзгеріп жатады. Десе де сол жолаушылардың бәрі соңында осы арадан алыстарға жол алып, ұзап кетеді. Осы жасыл, қызыл шырақтардың ауысу заңдылығы болғаны үшін өмір ырғағының баяу-жылдамдығы теңшеліп отырады. Өмір содан мағыналы емес пе? Неге бір реткі қызыл шыраққа бола өмірден түңіліп, бір реткі жасыл шыраққа бола өзімізді қоярға жер таппаймыз?!», – деп ақыл айтады. Павел ақыры өзінің қызыл шырақты айналсоқтап жүргенін, жасыл шырақтың жануы табиғи екенін, алыс болашақтың өзіне қол бұлғап тұрғанын сезінеді. Шешейдің сөзінен ерекше тебіренген Павел жаңа ізденіс жолын бастайды. Ол

қырық жасында жүз миллион долларлық мүлкі бар, әйгілі компьютер саудагеріне айналады. Харуарт дашуесінде лекция жасағанда, ол найзағайша күркіреген шапалақ үні ішінде баяғы шешейдің сөзін есіне алып, сабырлы түрде өзінің жасыл шыраққа кез болғанын айтады. Жолыңыз болмағанда, тағдыр әділ емес деп налымаңыз. Жайшылықта кездескен сәтсіздік пен тағдырдың қаталдығы – бақыт пен жағдайдың басқаша формада бейнеленуі. Олар сіздің үздіксіз өсуіңізге түрткі болады. Ол – сіздің күш қайнарыңыз. Өзіңізді жеу барысыңыз. Сіздің шыңға шығуыңыз да сөзсіз басып өтуге тиісті жолыңыз. Жеңіске жеткенде өмірдің қызыл шырағын, жеңіліске ұшырағанда алда тағы жасыл шырақ болу мүмкіндігін ұмытпайық. Өмір бейне жол сияқты. Сіз тек сапарға шығады екенсіз, жол торабында жасыл шырақтың немесе қызыл шырақтың ғана кездесуі мүмкін емес. Жеңіліс – төтенше қарапайым құбылыс. Жеңі­ліске ұшырағанда тек күдер үзбесеңіз, жүректегі үмітті мезеттік сәтсіздікке бола сөндірмесеңіз, сөзсіз өзіңізге тән кеңістік аша аласыз.

Шегінер жол қалдырмағанда, шығар жол табуға болады Адам өзіне ешбір шегінер жол қалдырмағанда, ештемеден тайынбайды да соңында табиғи түрде «өлмеген алтын аяқтан ас ішеді» – дегендей тірлік жолын ашады. Біз қиын мәселелерге, маңызды бұрылыстарға тап болған кезімізде мәселенің қатысты жақтарын жіңішке ойласқанымыз жөн-ақ, бірақ өткеннен, келер күннен бірдей алаңдап, кібіртіктесек одан ешқандай өнім болмайды. Тіпті одан әрі кері кетуіміз мүмкін. Шегінерге жол қалса, шығар жол болмайды. Сондықтан сіздің тек шығар жол іздеуіңіз, шегінерге ешбір мүмкіндік қалдырмауыңыз керек. Көптеген табыскерлердің табысқа жетуіндегі себеп олардың бастан-аяқ ауытқымай, тек нысанаға қарай жан сала талпынғандығынан, нысанаға жету үшін олар табыс жолынан басқаны қайырып қойып, тек нысанасынан қол жазбайды. Цезарь билік ұстаудан бұрын да үздік әскери қолбасы еді. Өткен ғасырларда Цезарь бұйрық бойынша Нилен топ аралын бағындыруға жорық жасамақ болады. Жолға шығар алдында ол әскери кемелерді тексеріп, әскерлердің адам күші, қарулануы тым әлсіз екендігін байқайды. Мұндай әлсіз қосынмен ержүрек, соғысқа шебер жауды жеңу, тек қиял ғана еді. Цезарь бұйрық беріп, Нилен аралына қарай

жолға шығады. Кемелер нысаналы жерге жеткеннен кейін ол әскерлерін түгел кемеден түсіріп, кемелерді түгел өртетіп жібереді де, қосынды жиып мынадай анық ескерту жасайды: кеме өртеліп тасталғасын тек екі түрлі ғана жолдың қалғаны мәлім. Бірі жан тіге шайқасып жауды жеңу, енді бірі жеңіліс тауып, мына шалқар теңізде балықтарға жем болу. Жауынгерлердің сана-сезімін жаулаған бір ғана түйсік, жауды сөзсіз жеңу еді. Олар осылайша жауға өртше тиіп, өздерінен әлдеқайда мығым дұшпанды жеңіп шығады. Цезарь да осы жолғы жеңіс арқылы билік тағына шығуға негіз қалайды. Ештемеден тайынбай қан кешіп шайқасқан қосын ақыры жеңістік алады. Сол секілді, әрқандай істе шегінер жол қалдырмай, алға ұмтылған адам, мейлі қандай қиыншылық пен бөгет кездессе де шегінбейді. Өйткені онда шегінер жол жоқ. Ал әлгі өзіне шегінер жол қалдырғандар өздіксіз шегініп отырады. Олар­дың жігері әлсіз, олар бар зейіні мен уақытын шегінудің дайындығына жұмсайды. Мұндай адамдар ешқашан табысқа жетпейді. Адамның табысқа жете алу, алмауы оның ерік-жігеріне қатысты. Жігері мығым адамдар қаншама бөгет пен қиыншылыққа кездессе де мойымай, амалын тауып жеңіп шығады. Жігері әлсіз адамдар әурешілікке тап болысымен, тіпті пәле-жала басына келмей жатып, қарадай құты қашып, ақыл-ойын қиын өткелден қалай айналып өтуге, шегінуге жол қарастыруға жұмсайды. Қиыншылық баспалап келген сайын, олар шегіне-шегіне соңында тұйыққа тіреледі. Шынайы өмірде мынадай жастар молынан кезігеді: олар да алға талпынады, табысқа жетуді армандайды. Бірақ олардың жігері әлсіз, қиындықты сөзсіз жеңіп

шығатын ерік күші жеткілікті емес. Олар бастан-аяқ солқылдақтық етеді. Берік сенім болмағандықтан шегінеді. Мұндай адамның жеңіліске тап болуы сөзсіз. Өзіне шегінер жол қалдырмай, бар ынтапейілімен алға ұмтылған адам қаншама қиындықтарға кез болса да шегінбейді. Өйткені ол өзіне шегінер жол қалдырмаған. Егер ол ештеңеге қарамай алға талпынса қалайда үміт білтесін іліктіруі шүбәсіз. Дәл осындай «жан тігіп», «барын салатын» ынта болғанда ғана көңілдегі алаңды, уайымды, үрейді түбегейлі аластауға болады. Адам өзіне шегінер жол қалдырмағанда, ештемеден қорықпайды. Ақыры «өлмеген – алтын аяқтан ас ішеді» – дегендей өзін де өзгені де жеңе алады.

Адамда өзіне тән даралық болған абзал Дүниеде мүлде ұқсас екі түйір қар немесе бүкілдей ұқсас екі тал жапырақ жоқ. Адамның қолтабы, дауысы, дянайы бәрі солай парықты болады. Біздің бәріміздің дара екеніміз шындық. Тарихта ешқашан біз секілді адам жасаған емес. Бейне Руссо айтқандай: «табиғат мені жасап болып, қалыбын шағып тастаған››. Мұндай ерекшелік біздің даралығымыздан көрінеді. Өкініштісі көптеген адамдардың даралығы айқын емес. Сондықтан төтенше жай, елеусіз өмір кешеді. Даралық деген не? Даралық бір адамның сезімдік ерекшелігі мен сыртқы бейнесінің жиынтығы. Басқаларға ұқсамауы, бір адамның киген киімі, дауысы, идеясы, т.б. сияқтылар даралықты қалыптастырады. Даралық қолдан жасалған сыртқы бейне емес. Мысалы: қазіргі заман адамдары аса ден қойып жатқан сыртқы безендіру, әлем-жәлем киім, түрлі реңге бояған шаш, өрескел тігілген сым, басқашалау таққан сырға бәрі де мүлде даралық саналмайды. Мұрал – даралықтың ең маңызды құрамдас бөлегі, өскелең мұрал сіздің даралығыңызды тіпті де асыра түседі. Ол өмірден шыңдалып қалыптасады да, сіздің алуан бөгеттерді алуыңызға әрі жаратылысыңыздағы кемістіктерді жеңуіңізге көмектесіп, өміріңізге шұғыла шашады.

Даралық жайлы, мына даралық қасиет жақсы, анау нашар деп үкім айту қиын. Бірақ батыстықтар айтқандай, «даралық – өмір». Адамда сөзсіз даралық болу керек. Даралық тағдырды белгілейді дейміз. Өйткені даралығы жоқ адамнан үлкен нәтиже шықпайды. Ол өзінің дара қасиетін бейнелеп бере алмайды. Өзінде пәлендей басқалардан озық қабілет болмайды. Даралығы бар адамда ерекшелік те болады. Ол сонымен ғажайып нәтижелерді жарата алады. Әйгілі комедия алыбы Жувелин кино өнеріне жаңа келгенде актерлік өнерге дерлік жатық емес еді. Режиссерлер оған германиялық бір актерге еліктеп, образ жасауды тапсырады. Бірақ Жувелин бұл пікірді мүлде қабылдамайды. Өзіндегі талантқа сенеді. Ол әлгі режиссерлерге егер басқаларға еліктесе, актерлік қызметтің еш ләззәті болмайтынын, қызығы болмаған қызметтің өзін өрге жетелеу қуаты болмайтынын айтады. Содан ол өзінше бейнелеу өнерін қалыптастыруға тырысады. Көптеген күрделі әрекеттердің басы мен аяғын қабыстырып, өз жасампаздығын көрнектілендіреді. Өзіне тән образ тартымдылығы мен сахна тартымдылығын сәтті сомдайды. «Даралық тартымдылық» – біртүрлі қабілет. Ол сіздің даралығыңыз жағынан белгіленіп, басқалармен сезім, идея, тән жағында тоғысу арқылы қарсы жаққа терең әсер қалдырады. Мұндай даралық көп жақтан бейнеленеді. Мысалы: мимика, тіл, білім, көзая, үйлесу қуаты және т. б. Ол – көптүрлі факторлардан қалыптасқан бір тұлға. Тұқым қуалау, ақыл, байлық, қоғамдық орын, бұлардың бәрі даралық тартымдылықты қалыптастыра алмайды. Ол тек адамның еңбектенуі арқылы қалыптасады.

Өмірдің өзі келісті сахна. Сіз қандай рөл аласыз? Менменшіл, жоқ, бағынғыш жалтақой ма? Біздің ағартуымыз бәрімізді ұқсас формаға салуы мүмкін. Біз неге өзіміздің даралығымызды сақтап қалмасқа? Тек өзіңіз дұрыс күрессеңіз болғаны, кім қалай айтса да мейлі. Тек ең жақсы өзіңіз болып, өз даралығыңызды әйгілеңіз.

«Бергеніңіз қанша болса, аларыңыз да сонша болмақ» Өмірден қаншалық алмақшы болсаңыз, әуелі соншалық өтем беріңіз. Әрқандай нәрсе сізден қанша бөлініп шықса, соншалық келеді. Сіз беруде қанша жомарт болсаңыз, алғаныңызда сонша мол болады. Ал беруде қаншалық сараңдық етсеңіз, қол жеткізеріңіз де соншама мардымсыз болады. Жаздың бір жауынды күні, ақ самайлы жасамыс ана түрлі бұйымдар дүкеніне кіріп жауыннан ықтайды. Көп санды адамдардың онымен шаруасы болмайды. Тек жас сатушы ғана оған не қажет екенін сұрап, көмек жасайтын бейім байқатады. Оның тек жауынның басылуын күтетінін білген соң, зат таныстырып мазасын алмай, орындық беріп, қасында отырып әңгімелеседі. Жауын басылған соң әлгі қарт алғысын айтып, сатушының байланыс карточкасын алады. Бірнеше ай өткеннен кейін бұл дүкен Шотландиядан жіберген тұтас бір қаланы безендіруге, әлгі сатушыны ұсыныс еткен шақырту қағазын алады. Сатушы жігіт осы бұйымдар сарайының кәсіптік серіктесі салауатымен Шотландияға сапар шегеді. Ал әлгі жауыннан ықтаған қарт Американың әйгілі болаттемір патшасы Канекейдің анасы еді. Шақыртуды сол қарт жіберген. Жас сатушының бағының ашылуы оның басқаларға қарағанда мейірімді, басқаларға көңіл бөлгіш әдептілігінен еді. Бір жиһангез қу медиен шөлде арып-ашып екі күн жол басып, шөліркеп өлуге айналғанда, бір ескі үйді байқайды. Ол кіріп ары-бері қарайлап, ескі-құсқы ағаш материалдары

үйілген үйдің бұрышынан бір су тарту машинасын байқайды. Ол қанша әбігер болса да су шықпайды. Торығып отыра кеткен ол құдықтың қасына бір ескі күбі қойылғанын көреді. Қараса күбіге су толтырылған болып, қабырғасына ‹‹су тарту үшін, су тарту машинасының алқымына су толтыру керек! Кетеріңізде күбіге су толтырып кетуді ұмытпаңыз!›› деген ескерту қағаз жапсырылған еді. Ол күбіні ашып қараса, шынында су толы еді. Ол іштей ширығады. Егер ол өзімшіл болса, күбідегі суды ішіп, қанып алып, жайына кетуіне болады. Ал ескерту бойынша бар болғаны бір күні суды құдыққа құйғанда, су шықпай қалса, онда өлгені сол емес пе?! Ол ақыры күбідегі суды құдыққа құйып, дірілдеген дәрменсіз қолдарымен су тартқышты әзер толғайды, сәлден соң шынында мол су көлкіп шығады, ол ішіп қанған соң күбіге су толтырып, өзінің ескертуін жазып қояды: сөзсіз су шығатынына сеніңіз! Алудың алдында беруді білу керек. Өмір бейне су тартатын құдық секілді. Біз әуелі су тартқыш шығырдың алқымына су толтырсақ қана, сол арқылы мол су тартып шығара аламыз. Егер бізде беру болмаса, алу да болмайды. Мейлі жалындаған жас, қаусаған қарт болсын, адалдықпен өзін қалтқысыз арнау – басқаларға шаттық бағыштайтын тамаша қасиет. Жомарт жандарды әркім де жақсы көреді. Әрқандай табыскерлердің бәрі табысқа жету жолында басқалардың көмегіне ие болғаны шындық. Сондықтан басқаларға қайта беруде, әділ қарымжы саналады. Бодау беру, яғни өтем беру табысқа жетудің ең сенімді тәсілі. Басқалар үшін өзінің уақыты мен зейін қуатын сарп еткен адам нағыз бай, жомарт адам,

басқалар үшін өзін арнау, елге пайдалы болып қана қалмай, өзінің өмір күнін жоғарылатады. Қарсы жақ сіздің көмегіңізді қабылдасын, қабылдамасын сізге іштей борыштар болары сөзсіз. Ойлаңызшы егер барлық адам басқалар үшін жақсылық бағыштаса, өмір бойы басқаларға қол ұшын берсе, мына дүние қандай көркем, қандай берекелі болар еді.

Өзіңізді тұрақтандыра білгенде ғана табысқа жете аласыз Адамның күні кейде дүкен сөресіндегі тізілген затқа ұқсайды. Мүмкін мынадай немесе анадай себептер салдарынан ешкім де біздің бар-жоғымызбен санаспауы, көңіл бөлмеуі, марапаттап-мақтамауы мүмкін. Бірақ бұл біздің ештеңеге тұрмайтын адам екенімізді дәлелдемейді. Көптеген жағдайда, басқалар біздің қадір-қымбатымызға немқұрайды қарауы, тіпті жоққа шығаруы қалыпты құбылыс. Мұндай кезде не істеуіміз керек? Мүмкін сіз төмендегі ертегіден оның дұрыс жауабын табарсыз. Бір жолы қожайын бір жасқа: «Сен ертеңнен бас­ тап жұмысқа келмей-ақ қой» – дейді. «Неліктен?», -деп жас оның ұйғарымын түсінбейді. «Сенің қазір серіктікке ешқандай қажетің жоқ». Қожайын темекісін будақтатып, орындықта шалқаяды. Шынында әлгі жастың қызмет нәтижесі дерлік емес еді. Жас осылайша қызметтен босап қалуға пейілі болмай, қожайынға өтініп: «десе де мен тағы бір талай шаруаларды тындыра алатыныма сенем» – дейді. «Сатушы тұрғысынан айтқанда, сенің шартың толмайды» қожайын ашығын айтады. «Мен сізге, сіздің серіктігіңізге керекті адам екеніме сенемін» – дейді жас торықпай. «Өзіңнің қандай жарамды адам екеніңді маған айтшы?» «мырза мен өзім де білмеймін. Бірақ мен қолға келтіруге тиісті...» жас тебіреніп, өрекпіп сөйлейді. «Өзім де білмеймін» қожайын кекесінмен күледі. Бірақ бұрылып, көз алдындағы жасқа тіке қарай бастайды.

«Тек мені осында қалтырсаңыз болғаны, мырза, мені алып қалыңыз! Менің басқа жағынан өзімді сынап көруіме орай беріңіз. Мүмкін мен зат сатуды келістіре алмаспын. Бірақ менің басқа жұмысты істеуіме болмай ма?». Қожайын біртіндеп жұмсарып: «мүмкін сенің мұнда келуің дұрыс болмаған шығар» – дейді. «Мейлі қалай болмасын, мен белгілі нәрселерді істей алам, маған сеніңіз, мен қажетке жараймын». Жас, табандылық пен өзін дәріптеуден танбайды. Ақыры қожайын оның талабына қосылып, оны қазына бөліміне жұмысқа ауыстырады. Ол онда өзінің есепқисап жағындағы талантын әйгілеп, бірнеше жылдан кейін осы сауда сарайының қазына жауаптысы, әйгілі бухгалтері болып шығады. Әлгі жастың қасиеті тек табандылық рух қана емес, өзінің қымбатына деген тұрақтандыруында. Қайта-қайта тойтарысқа ұшыраған жағдайда, сенде сондай сеніміңді сақтай аласың ба? Өзіңе: «мен – алтынмын, мен нұр шашам, ақыры менің жарқырайтын кезім болады!» – дегенді айта біл. Өзіңе сен, белсенді рухани күйіңді сақтай біл. Мейлі аса алмайтын асқар тау, өткел бермес өзен алдыңды бөгесін, ең ауыры шығар жол таппай, кәсіпсіз қалу ма? Бұлардың бәрі сен санасатын мәселе болмауы керек. Сабыр етсең, жалғасты күрессең, өмірлік табысқа жетуің мүмкін. Мүмкін орта жаңаласаң, ол сенің тағы бір жеңісті қадамың болар. Мейлі қалай айтайық, ең маңыздысы сен өзіңнің жарамды екеніңе сенуің, өзіңнің ең тамаша тірлік ортаңда ең зор деңгейде, тіршілік күніңді сәулелендіруің керек.

Уайым – баяу жан алатын улы дәрі Қалыпты уайым біздің алға ілгерлеуімізге түрткілік рөл атқарады. Бірақ қалыптан тыс уайым күн бойы қара түнек торлап, ештеңеге көңілімізді барғызбайды. Сізде сары уайымға қарадай тұтқын болған кешірме кездескен болар? Мысалы: бір күні құдай атып, жай тұрып қалдыңыз, сонда еріксіз мыналарды ойлаған болуыңыз мүмкін: «Бітті! Тым кеш қалыппын, қатынас бөгелсе кешігетін болдым, кешіксем қожайын құртатын болды, бүгін шекесі тыртысып тұрса, мені қызметтен айдайды, қызметтен айырылсам, ойдың қарызын, аманат кассасының қарызын қайтем? Дер кезінде қызмет таба алмасам, сенімнен айырылу былай тұрсын, ойымды пешеттесе қайда барып жан сақтаймын. Аштан қаңғыған итше көшеде өлермін! Міне осылардың бәрі бүгіннің себебінен бастау алмай ма?!». Мүмкін бұл сәл асырып айтқандық шығар. Бірақ осы тектес уайымның болуы шындық. Барлық адам да ертеңнің бүгіннен жақсы болуы үшін тырбанысы. Бүгін жеткеннің ертең қолдан шығып кетуінен алаңдайды. Уайым мүлде болмаса да адамдар қозғаушы күштен айрылады. Бірақ жанжүйкеңізді уайым торлап алса, ол әдет тіпті мінезге айналып, бәрінен уайымдайтын күйге жеткізеді. Ганлис Бостондағы әйгілі қонақ сарайының қожайыны. Ол қатты уайымшыл болғандықтан, асқазан жарасына тап болады. Бір күні асқазанынан қан шығып, Калифорния Дашу иесіне қарасты шипаханаға жеткізіледі.

Үш маман оған жан-жақтылы тексеру жүргізіп, «ем қонбайды» – дегенге тоқтайды. Ол шипаханада тек сода суын ішіп асқазанын жуғызумен күнелтеді. Мұндай күй бірнеше айға жалғасқаннан кейін Ганлис өзіне: «өлімді тосып жатқаннан басқа еш үмітің қалмады, қалған уақытыңды мықты ұста, ең қиыны өлім шығар, қазір өлген жоқсың, сондықтан істеуге тиісті шаруаңды істеп қал», – деп тоқтау айтады. Ол өмірінің соңына дейін дүниені бір айналып шығуды армандайтын. Сонымен ол дереу қимылға кіріседі. Оның жоспарын естіп қайран қалған дәрігерлер сүзгің теңізде қалады деп сақтандырады. Ганлис: «олай болмайды, мен дос­ тарыма сүзгімді өз руымыздың қабырстандығына қоясыңдар деп тапсырғам, сондықтан табытымды ала жүрем» – дейді. Сонымен ол мәйіт сандығын әзірлеп, кемеге шығады. Егер теңізде қайтыс болса, мұздатқышқа салып әкеліп жерлеуді ескертеді. Саяхат барысында ол уайым атаулыны ұмытып, барынша соңғы ғұмырынан ләззәттанады. Біртіндеп ол дәрі ішуді де, ашқазан жууды да тоқтатып, ас біткенді, тіпті дәмі алуан түрлі жергілікті тағамдарды жей бас­ тайды. Бірнеше апта өткен соң ол тіпті күшті шылым шегіп, шараптан да тартатынды шығарады. Ол көп жылдан бері тұрмыстан мұндай ләззәттанбаған еді. Ол кейіндеп, тайфун дауылын да уайымдамайтын болады. Ганлис кемеде әр алуан адамдармен ән айтып, әңгіме дүкенін құрып, түрлі ойындар ойнайды. Үнді еліне барғанда, өзінің барған соң шешім ететін шаруаларын мұндағымен салыстырғанда бейіш пен тозақтай парықты екенін аңғарады. Ол уайымнан арылудың рақатын шынайы сезінеді. Америкаға қайтқаннан кейін ол өзіндегі ауыруды мүлде ұмытып

кеткен еді. Ол дереу қызметке кіріседі. Әр күннің келуін асыға күтеді. Содан кейін ол ешқашан ауырмайды. Ганлистың тәжірибесі бізге: уайымның біртіндеп жан алатын улы дәрі екенін, оны емдейтін дәрігер тек өзіміз екенін, тек біз үмітті тастамасақ үміттің де бізді тастамайтындығын ұғындырады. Біз өзімізге сенуіміз керек. Өйткені дүниеде әрбір адам тек өзі дара. Сондықтан сіз өзіңізге сенуіңіз керек. Сіз неліктен дарасыз? Өйткені сіздің істегеніңізді басқалар істей алмауы мүмкін, оның үстіне сіздің басқаларға ұқсамайтын ерекше қасиетіңіз болуы мүмкін. Сондықтан басқалар қалайда сіздің орыныңызды баса алмайды. Онда сіз өзіңізге сенбей, кімге сенбексіз? Бұл дүниеге келген әрбір адамда елге ұқсамайтын қасиет болады. Олар сонысы арқылы басқаларға әсер етеді әрі өзара барыс-келіс жасайды. Сенбесеңіз ойлаңызшы, кімнің гені бүкілдей сіздікімен ұқсайды? кімнің даралығы сіздікінен аумайды? Осындай маңызды, түрлі себептерден біздің сенеріміз: сіз бұл дүниеде жасауға құқықтысыз. Өйткені бұл дүниеде жасау мақсатыңыздың орнын ешкім баса алмақ емес. Десе де, кейде басқалар (немесе тұтас орта) біздің қадір-қасиетімізден күдіктенеді, тіпті біздің өзіміз де өзіміздің маңызды екенімізге күдікпен қараймыз. Мұндай қиялдарды санаңызға жолатпаңыз, әйтпегенде өмір бойы бас көтере алмайсыз.

Өкініштен еш қайыр жоқ Өткен өтті. Тіпті сіз ауыр ағаттық жіберген болсаңыз да енді өкіну тек қасіретіңізді ауырлатады. Басқа ешқандай пайдасы жоқ. Өмірде қайтар жол жоқ. Әрбір адам тек бір ғана түрлі өмір таңдай алады. Ешкім де өмірді қайта бастай алмайды. Сондықтан жас күнімізде сөзсіз тегі қандай өмір жолын таңдауымыз керек екенін егжей-тегжейлі ойлауымыз керек. Таңдаған екенсіз, оның шұғылалы екеніне сеніңіз, мейлі ол болашақта сізге қандай нәтиже әкелсе де өкінбеңіз, таңдаған өмір жолыңызды сүйе біліңіз, бұл өте маңызды. Өмірде көптеген жастар сабылып іздесе де өзінің бағытын таба алмайды. бағытын тапқан күнде де табысқа бастар жолдың соншама бұраң, қатерлі екенін байқайды. Бұл кезде еріксіз жүрексізденіп, торығады. Бұл тым дұрыс емес, таңдаған екенсіз, өзіңізге сенуіңіз керек. Жастар жөнінен уақыт – капитал, сәтсіздік, торығу, қиыншылық, дегендердің барлығы адамның жігері алдында тек көзді көлегейлеп тұрған бұлт қана. Сіз өз талғамыңыздың дұрыс екеніне сенсеңіз, шегінбесеңіз, өз кеңістігіңізді ашатын күн туады. Уақыт аққан су. Көзді ашып-жұмғанша өмірдің салқын күзі де жетеді. Сан сарпалдаңды бастан кешкен адамдар өмірің тым шіркін-ай емес екенін кенет байқайды, сондай-ақ өмір бойы отасқан жұбайының өзіне тым сәйкесті емес екенін сезінеді. Бірақ бұл кезде баланың бойы өзімен теңесіп қалған, кәсіптің де жырғатып нәтиже бермегенін көріп, кезінде басқадай

етсем, қайтер еді дегенді қиялдап, жаны жай таппайды. Бірақ өмір атылған оқ, кері қайтпайды, тек тозуыңыз керек. Достарының, кезіндегі қызметтестерінің білдей мансап ұстағанын көріп, өзі неге осы жолда қатыпсеміп қалғанына өкінеді. Бірақ сіздің нәтижеңіз енді көп нәрсеге уақытыңыз үлгірмейтінін ұғындырады. Алдыңызда ақ самайлы қарт, артыңызда өрімдей жас. Бәрін де абайлап істеуіңізге тура келеді. Өзіңіздің қуат жақтан кемігендігіңізді, ендігәрі бір саланың тоңын ерітіп жаңа өріс ашуға, жастармен жарысуға жағдайыңыз жар бермейтінін байқайсыз. Жас күніңізді есіңізге алып, өмір қайта келсе деп аһ ұрасыз, өкінесіз. Өмір қайта бір келер болса, бәрін де бастан бастар едім деп таусыласыз, жаңыласыз. Өкінгеніңізбен бұған ешқандай шара жоқ. Қорықпау мен өкінбеу өмірдің екі маңызды түйіні. Әсіресе өкінбеу, тіпті маңызды, өйткені өтер өтті, кезінде қателескен боларсыз, бірақ өкініш сіздің қасіретіңізді ауырластырғаннан басқа ештеңеге жеткізбейді. Өмір тегіннен алу мен берудің қосындысы, мүмкін сіздің жеткеніңіз басқалардың жетсем деп армандағаны болар. Тек сіз өзіңіз көтере алмайсыз. Егер өмір қайта бір келер болса, басқа бір жолды таңдаған сіз неге тағы бір жолды таңдамағам деп өмірдің күзінде өкінуіңіз мүмкін. Адамның жеткеніне сәл қарап, жетпегенге шөлдейтін психикасы түсінуге болатын қалыпты құбылыс. Адам аһ ұрып өкінгенде, тек өзінің өмірін зая етіп, өз жанын жаралайды, өкініштен басқа келер қайыр жоқ.

Табандылық – табысқа жеткізеді Алдымызда қосылып жатқан жолдар ылғи тегіс болмауы мүмкін, тек бағыт дұрыс болып, сапарды жалғайтын ерік күшімізбен үздіксіз алға ілгерілесек, өзімізге таң болған кереметтерді жарата аламыз. Өмірде арман-мұраты асқақ адамдар бар. Олар тырбынып, құлшына күресіп көреді. Табысқа жетуді армандайды, бірақ сапар төтенше машақатты болғандықтан бірте-бірте босаңсып, ақыры жол ортадан қайтады. Артынан олар өздерінің тағы бір мезет төзімділік еткенде, нысанаға да аз қалғанын байқайды. Уақытты ең зая ететіні бір істі істеп, белгілі сатыға жеткенде тастау, тоқсан пайыз жұмысты тындырып аяғына шықпағанда, тек он пайыз ғана өнімге қол жеткізуге болады. Бұлай болғанда, ең өкініштісі салған қаржыны селге кетірумен бірге соңғы жеңістің шаттығына бөленіп, ашылған алып кеннің асылдарын көру орайынан құр қалу. Шынайы өмірде адамдар бір қызметті бастап істеп, жаңа техниканы меңгеріп, нәтижеге жетудің алдында үмітсізденіп, жалғастырмайды. Бас­табында әрқандай жұмыстың азабын басқаларға қарағанда өзіңіз көбірек білетін қиын сатысы болады. Бастағанда бәрін де жанталасып істеуге тура келеді. Бір мезгілден кейін бастапқы жұмыс басымдылығы жеңілдеп, сіз де тетігін меңгере бастайсыз. Бірер шеттілін үйренуді мысалға алайық, сіз бірнеше ай ғана үйреніп тастасаңыз, там-тұмдап білгеніңіз қажетке жаратуыңызға келмейді, ал сіз тағы бірнеше ай немесе бірнеше жыл жалғастырсаңыз, онда емін-еркін

сөйлесуіңізге, кітап оқуыңызға,жазуға қолдануыңызға болар еді. Бальзак: «қиындық – таланттылар үшін баспалдақ, іскерлер үшін байлық, ездер үшін түпсіз тұңғиық», - дейді. Құрыштай қажымас мінез бен мызғымас төзімділік – ерлер мен ездерді парықтайтын ең негізгі өлшем. Сұрқия тағдырға бас имеу, қиындық алдында тізе бүкпеу батырлықтың бейнесі де, соққы мен сәтсіздік алдында ұнжырғасы түсіп, тәңірін қарғап, алға ілгерілеу сенімінен айрылу – әлсіздіктің белгісі. Табыс табандылықта, арықтауды мысалға алайық. Сіз бір мезет қарыныңыз тоймаудың, ұйқыңыз қанбаудың, ауыр қимылдың азабын тартуыңыз мүмкін. Тез арада еш өнімі көрінбегенге торығасыз да. Бірақ тек табандылық етсеңіз, бір мезгіл өткен соң өзіңіздің арықтап сындарланып қалғаныңызды байқайсыз. Кейбіреулер дереу өнім берсе деп асығады. Аз уақыт жалғастырғаннан кейін, парықтың көрнекті болмағанын бұрынғы әдетіне қайта түсіп, барынша ішіп-жеп, арықтау мақсаты жайына қалады. Үрлемей жатып көзің қалай дейтін мұндай қылық әрқандай істе өнім бермейді. Мұндай әдісті былай қойғанда, алға қойған нысанасын жүзеге асыруға деген ұстаным да дұрыс емес. Табандылармен, табансыздар әрқандай істің соңында белгілі болады. Табандылар тісін-тісіне басып, көмбеге жете жығылады. Ал табансыздар жеңіске жетуге сенімі жетпей, жол ортада қалады. Колумб әр күнгі теңіз сапары естелігінің ең соңында: «Біз жалғасты ілгерілейміз!», – деп жазып қояды. Бұл сөзде шексіз сенім мен жігер қамтылып жатқан секілді. Міне осындай алған бетінен қайтпайтын асқақ жігермен олар ұшы-қиырсыз су әлемінде асау ағыстармен алысып, қу медиен далаларды кезіп, сансыз қатер мен

қиыншылықтарды жеңіп, ақыры жаңа құрлықты тауып, тарихтағы ғажайып табысқа қол жеткізеді. Көптеген жеңіліске ұшыраушылардың трагедиясы – олар алға басу жолындағы бір мезет торлаған тұманға бола нысанасынан адасады. Төзімділік етсе, ілгерілей түссе, жарқырап күннің шығарын білмейді. Жеңіс сағаты дабыл соғудың алдында өзін-өзі мерт қылады да, бөленуге тиісті болған атақ-абыройдан құр алақан қалады. «Болашақ нұрлы, жол бұраң». Бұл – адамдар ұдайы айтатын сөз. Шынында да солай, қалың нөсер өткен соң шуағын шашып күн де шықпай ма? Қиындыққа кез болғанда әр кез асығып шегінбеңіз, торығып нысанаңыздан қашпаңыз. Тек табандылық етсеңіз табысқа жетесіз. Шегіну түбегейлі жеңіліске бастайды. Тек торықпасаңыз, мәселені шешудің бір амалы табылады.

Ешкім де өмір бойы сүйеніш бола алмайды

Басқаларға сүйеніп, табысқа жетіп, әлде нені меңгергеніңізбен ол шын мәнінде басқалардың табысы, сізге қалар ештеңе жоқ. Өйткені сіз оған біреу арқылы қол жеткізіп отырсыз. Елге сүйенбеу, бұл – өзіңізге болған біртүрлі сын. Үлкен табысқа жетушілер үшін басқаларға иек сүйеу – сөзсіз жеңуге тиісті жаман әдет. Былайша айтқанда басқаларға сүйену тағдырыңызды басқаларға тапсырып, өзіңіз үлкен істерді тындыру орайынан мақұрым қалғандығыңыз. Тұрмыста қымс етсе басқалардан көмек сұрауға дайын тұратын, жұмысы болсын-болмасын елдің артында салпылдап жүріп уақытын босқа өткізетін, бар жұмысымды сол тындырады деп қарайтын адамдар баршылық. Мұндай адамдар иек сүзу психикасындағылар. Олар алдымен басқаларды ойлайды, ілеседі, басқалардан көмек сұрайды. Өзінде табандылық, сенімділік, дербестік жоқ. Өз шаруасына өзі кесім жасай алмайды. Үйінде ата-анасына сүйенсе, сыртта қызметтесіне, бастығына сүйенеді. Жасампаздыққа, өзін бейнелеуге, дербес істеуге әлсіздік етеді. Бұл – адамдық қасиеттің толысып жетілмеуінің, тән жағынан да, психикалық жақтан да сандалудың, қораш рақат құмарлықтың белгісі. Бала күнінде ананың етегіне жармасып қана, киім, тамақ, бар қаражатын ата-ана, аға-бауыр әзірлеп беріп, дербестіктен аулақ, бойкүйез, ерке шолжаң болып өсу жасөспірімдер үшін өте зиянды. Бәрі әзір болса, ештеңеден қамсыз өмір сүре беруіңізге болатын шығар. Бірақ осыдан дербес мінездің, кемелді

қабілеттің жетілмеуі туындайды. Ата-анаңыз мұны сізді өте жақсы көріп, көмектескенім деп ойлайды. Бірақ та бұл сізге үлкен зиянкестік жасағандық болады. Олар сізді өз алдыңызға ақаусыз дамып, кемелдену орайыңыздан мақрұм етті, өмірде сірә осыдан артық қастандық бар ма? Ойлаңызшы, тепсе темір үзетін бір азаматтың басқаларға көз сатып, көмек күтуі қандай масқаралық? Өмірде өзі де анық білмейтін, әлденені тосумен сарылатын адамдар көп. Олар әлдеқандай арман-ойдың, тосын бақыттың өзін шапағатқа бөлеуін, әлдекімдердің көмегімен өзі өмірінде әзірлемеген мүмкіндіктерге ие болып, кереметтің жарыққа шығуын армандайды. Олар тағы да әкесі немесе қайсы бір ақшалы көкесі арқылы көмекке ие болып, үлкен шаруаларды тындыруды қиялдайды. Бірақ біз ешқашанда тосуға, көмек дәметуге дағдыланған адамдардың арман-ойы оңынан келіп, табыскер болғанын көрген де, естіген де емеспіз. Табысқа жеткен ата-аналар көз аясы кең ата-аналар. Бір үлкен серіктестіктің қожайыны баласын басқа серіктікке жіберіп, қиыншылықта шыңдауды ойлайтынын, оны бастан-аяқ қасына алып келіп әкеге иек сүйейтін жаман әдетке дағдыландырғысы келмейтінін айтады. Ата-ананың шексіз мейірімі мен қорғаштауында, айтқанын істеткен балада үлкен болашақ болмайды. Тек өз күшіне сүйеніп, өмір сүру ғана адамға күш, сенім, қабілет бағыштайды. Ата-ананың баланы титтей іске тап болса, болғаны көмек алу мүмкіндігі бар ортада тәрбиелеуі – өте қатерлі іс. Дене шөкпейтін таяз суда, малтауды үйрену тым қиын. Терең суда, бала малтауды тез үйренеді. Ол басқа өткел таппағанда қарсы жағаға аман-сау өтеді. Жалқаулық, рақат, құмарлық –

адамның тума табиғаты, тек шарасыз жағдайда ғана баланың жасырын қуатын қозғауға болады. Үйде ылғи әкенің көмегінде есейген баланың болашағы «шіркінай» болмайды. Ол өз күшіне сүйенбесе, өзі қол салып істемесе, болмайтын жағдайда немесе әлде қалай сәтсіздікке тап болғанда, ең қысқа уақыт ішінде адам таңғаларлық қабілетін бейнелейді. Күштілер өз нысанасы үшін күреседі. Ал басқаларға сүйену әлсіздікке бастайды. Егер сіз басқаларға сүйенсеңіз, мәңгі күшейе алмайсыз, сізде мәңгі жасампаздық қуаты болмайды. Егер сіз басқаларға иек сүйеуді тастап, басқалардың көмегін қажет етпей, дербестік қуатқа ие болсаңыз, табыс жолына қадам тастағаныңыз, басқадан келетін көмектің жолын үзіп тастасаңыз, сіз бұрын ешқашан сезінбеген күш-қуатыңызды сәулелендіресіз. Жастарға қажеті өзінің тұла бойынан қайнап шыққан күш-қуат. Ешқашан басқалардың көмегі емес. Олар туа да үйренуші, еліктеуші, қабылдаушы, егер оларға асыра көмек еткенде, ол сіздің көлеңкеңіз болып шығады. Асатаяқ бермесеңіз, жүре алмайтын жарымжанға айналады. Тек сіз ырық береді екенсіз, олар сүйенуге әзір. ‹‹Жұмсақ орынға отырғандардың ұйқысы оңай келеді›› дейді. Басқаға сүйенгенде біз үшін жұмыс істейтін адам бардай көрінеді де, тырысуымыздың қажеті жоқтай сезіледі. Бұл ой – өз күшіне сүйеніп өзі болып өмір кешуге өте пайдасыз бөгет.

Қиялдай бермей қимылдаңыз Батылдықпен тұңғыш қадам бассаңыз сіздің табысқа жету салыстырмаңыздың жоғарылағаны. Егер адам тек ойлап қана қойса, істемесе, онда ол мәңгі нысанасын жүзеге асыра алмайды. Табыс – ғылымның атасы. Наполеон Хилл: ‹‹шынайы сіз тұрған жаға, ортада ағысы қатты өзен, ал қимыл сол өзенге салынған көпір» дейді. Адамның бәрін де арман болады. Арман – біздің өмірге болған ынтамызды арттырып не бір сындардан ерлікпен өтуімізге дем береді. Бірақ біз сөзсіз арманымызды жалау етіп, нақты іс-әрекетімізбен құлшынуымыз керек. Әйтпегенде арман-мұрат дегеніміз құр қиял ғана болып қалады. Бір жаны жүдеген орта жастағы ер адам күнде шіркеуге барып, тәңірінен тілек тілейді екен. Оның өтініші бастан-аяқ ұқсас болып, ‹‹тәңір маған бір сыйлықты билет арқылы мол ақша бұйыра көр!» дегенді қайталайды. Ол осылайша жалықпай қайталапты, тәңіріне өкпесін де білдіріпті, ақыры бір күні ол жүгініп отырып: «тәңірім-ау, неге менің өтінішімді тыңдамайсың, маған тек бір ғана рет арман-ойымды нәсіп етсең болды, тек бір рет, мен қиыншылығымды шешіп алайын, өмірлік құлың болып өтейін...», – деп жалбарынғанда, аспаннан: «менің назарымда сен барсың, пендем, сен болмағанда бір рет сыйлық билет алып көрдің бе?» – деген өктем

үн келіпті. Хикая бір жағынан күлкілі сияқты. Бірақ еріксіз адамды ойлантады. Өмірде аспаннан алтын жаууын көксейтін адамдар көп. Олар күн бойы тәтті қиялға батады. Қиялының күндердің бірі шындыққа айналуын аңсайды. Бірақ та бұл адамдардың арманы мәңгі жүзеге аспайды. Себебі өте қарапайым, тек ойлап қана істемесе ол құр қиял ғана, ал нақты қимыл жасағанда үміт бар. Төмендегі хикая да бізге нақтылы қимылдың маңыздылығын ұғындырады. Бір күні бір кедей монах, бай монахқа: «мен Нанхайға барсам деймін, қалай қарайсың?» – дейді. Бай монах: «неңмен барғалы жүрсің?» – дейді. Кедей монах: «бір құмыра, бір шара (ыдыс) болса болғаны» – дейді. Бай монах: «кеме жалдап, Чаңжяңның төменгі ағысын араласам деген ұзақ жылғы арманым еді, ол әлі жүзеге асқан жоқ, саған ондай қайда!» – дейді. Екінші жылы әлгі монах Нанхайдан ауқаттанып оралады. Ондағы хикаяларын бай монахқа жырдай қылып айтып бергенде, бай монах өзінің үй күшіктігіне өкінеді. Өмірдің нысанасын белгілеу оңай, жүзеге асыру қиын. Егер талаптанбаса, қимылдамаса жүзеге асу мүмкіндігі де болмайды. Белсенділікпен қимылға көшкенде, қиын іс те оңайға айналады. Сіз бір мәселеге дөп келгеніңізде алдыңызда сан тарау жолдар тұрады. Солқылдақтық істеп, бір бекімге келе алмау уақытыңызды зая етіп қана қоймай, тамаша орайды өткізіп те жіберуі мүмкін. Егер сіз уағында бір бекімге келіп, қимылға кіріссеңіз, онда бекімге келуіңіз де, амалын табуыңыз да бір шама оңай болады. Жалпы өмірдің өзі де қимылдан тұрады. Бәрінен де әрекет ең маңызды. Сондықтан әркез артқа сүйремеңіз. Нысана жарыққа шыққан заманда кірісіңіз. Сіз қызмет барысында жоспарыңызды

қатаң атқаратын әдет қалыптастырып, босаңсудың алдын алуыңызға болады, қиялдамаңыз, қимылдаңыз. Сіз бірінші нақты қадамды сәтті бастасаңыз табысқа жету салыстырмаңыздың жоғарылағаны. Адам егер тек ойлап қана қойса, қимылға көшпесе, онда оның мәңгі нысанасын жүзеге асыру орайы болмайды.

Арман-мұрат ақшадан да қымбат Адам тұтас назарын ақшаға ғана шоғырландырма­ уы керек. Ақшаға аса ден қойсақ көзаямыз тарылып, көкірегімізден біртіндеп дарқандық жойылады. Нағыз дарындар шын мәнінде мұратты ақшадан да маңызды орынға қояды. Табыс – ғылымының алыбы, Канекей: ‹‹байлық, даңқ, қоғамдық орын, мансап дегендердің бәрі де, мейлі қай қырынан айтсаң да табысқа жетудің өлшемі емес›› дейді. Десе де, дүниедегі көп санды адамдардың ақша үшін қызмет істейтінін жоққа шығаруға келмейді. Адам егер тек ақша үшін қызмет істесе, ол нағыз көңілді адам емес. Материалдық қажет – ең төменгі деңгейдегі қажет. Өз арманын қанағаттандыру жолында күресу – өмірдің ең жоғарғы нысанасы. Біздің ақшаға қол жеткізуіміз біртүрлі тәсіл ғана, мұратқа жетудегі тәсіл. Сондықтан мұрат ақшадан көп маңызды. Шынайы өмірде көптеген адамдар өзінің мұраты үшін көп ақша табу орайын кешеді. Джордж – әне солардың бірі. Ол он үш жасар кезінде Массачусетс штатындағы бір аяқкиім заводының жерасты үйінде жұмыс істейді. Бір күні хат алады. Нью-Йорктағы бір зауыттың оны цех жауаптысына ұсыныс еткен хаты еді. Ол дереу ұсыныс бойынша барып, жұмысқа түседі. Қырсық болғанда

бұл зауыттың саудасы жақсы болмай, жұмыс тоқтату қаупіне бет алған еді. Ол: ‹‹мен бір жыл жүргізейін, мен сөзсіз әрі әдемі әрі арзан аяқкиім өндіріп шығарам›› деп зауыт басшыларына өтініш етеді. Зауыт оған тек ‹‹цех басшылық ақысын ғана беретін›› болып келіседі. Сонымен Джордж өндірісті бастап кетеді. Бұл зауыт үшін алғанда суға кеткен тал қармайдының кебі еді. Ойламаған жерден бірнеше айдан кейін зауыттан үміт сәулесі байқалады. Зауыт басшылығы жан-жаққа шапқылап, қарыз сұрамайтын, мерзімді аманат қарызды да уағында тапсыра алатын болады. Екі-ақ жыл ішінде, зауыттың әр аптада өндірген затының сатылуы бұрынғының он есесіне тура келеді. Бұл кезде зауыттың еңбекақы қосу жайлы өтініші Джордж жағынан тойтарысқа ұшырайды. Ол: ‹‹тоса тұрыңыздар, қазір зауыттың негізгі қаржысы құрылыс жағына жұмсалуы керек, жекенің мүддесімен санасатын уақыт емес›› дейді. Джордж қырық екі жасқа келгенде де еңбекақы қосуды тойтарады. Керісінше серіктестіктің жарнасының жартысын сатып алып, кейін келе жиырма неше бөлімше зауыт құрып, әр айда неше жүз мың пар аяқкиім өндіреді. Арманы асқақ Джордж ақшаға онша беріліп кетпейді. Ол НьюЙорк облысының оңтүстігіндегі көрікті өзеннің екі жағалауынан екі түрлі сипаттағы типтік қала салуды армандайды. Әрі оны өзінің өмірлік күрес нысанасы деп біледі. Ол: ‹‹менің аңсарым қол жеткізген дүнием де емес, қайта тындырған істерімде›› дейді. Ол осылай ойлады әрі осылай істеді. Біз назарымызды ақшаға ғана аударсақ, тек ақша үшін ғана өмір сүрсек, онда жай, қораш адам болып шығамыз. Ақшаны аса маңызды орынға қойсақ, ол біздің көз аямызды та-

рылтып, көкірегімізді соқыр етеді. Нағыз дарындар мұратты ақшадан әлдеқайда маңызды орынға қояды. Әйтпегенде олардың алғашқы табысынан алған мардымсыз ақысы оларды жалғасты құлшынуға жебей алмаған болар еді. Олар өзінің мұраты үшін тынбай күрескендіктен, адамдар жағынан бірдей мойындалып, басқалар жете алмайтын ұлы табыстарға жете білді.

Мақтаншақтық – марқадам таптырмайды «Мақтанба, бірақ мақтанға тұрарлық жұмыс тындыр» дейді. Ақылды адам ешқашан мақтанбайды. Олар нағыз іс тындырудың маңыздылығын біледі. Нақты жұмыс қана өнім жарата алады. Жел сөздің ешбір күні жоқ. Бөспе адамдар ұзақ өмір сүреді дейді. Өйткені ылғи желігіп жүргендіктен, көңілі көтеріңкі болса керек. Акю міне осылай, ол не ойласа соған қол жеткізеді. Бұлай болғанда ұзақ жасауға тиісті сияқты, десе де: ”армансыз өмір – дәрменсіз өмір“. Акюдің өзі әрең он сегіз жылдан кейін ғана адам санатына қосылады. Бұл ұзақ жасау өмірдің маңызын, мақтаншақтық өмірдің күнін бейнелеп бере алмайтынын дәлелдейді. Бөспе адам мақтанған кезде шарқ ұрып, тежеу қуатынан айырылады да, желігі қайтқан соң өзінің дөй далада қалғанын аңғарады. – Мақтаншақ адамды ешкім де көзге ілмейді. Өйткені ол құдық түбіндегі бақаны, қарауға да қолы жетпестей секілді. Бірақ олардың көз аясы тым тар. Олар кеудесін көтеріп, мақтанған кезде көкірегінің тарлығынан еркін қанат қаға алмай, құдық түбінде, шөлдерде, аласа белдерде титықтап қалады. Сондықтан ақылды адамдар мақтанбайды, олар нақты іс істеудің маңызын біледі. Нақты қимыл дүниені жаратады. Ал бос сөздің еш құны жоқ. Ақылдылар үнсіз ғана бөспелер тамсанатын биікке шығып үлгіреді. Ішіне шынашақ айланбайтын, көзаясы тар жандар, арманы асқақ адамдарды

‹‹жынды›› санайды. Бірақ олар ондай бағаға назарын бөлмейді. Тиімсіз әсерлерді қабылдамай, өз нысанасына үдіре тарта береді. Өйткені нағыз жұмыс тындыру рухы болған соң өмірдің табыс нысанасы ең кем дегенде он жыл бұрын олармен қауышатыны сөзсіз. Шындығында адамдардың көбінде дүрбі бар, сіз көк пен жердің қиылысқан тұсынан күн салып қарағаныңызда басқалар өзіне ең жайлы тау шоқысына шығып алып, алысқа көз салып отырады.

Мызғымас сенім қашанда хикмет жаратады Адамның өмірде қатал тағдырды жеңіп, хикмет жарата алу-алмауы онда біртүрлі сенімнің қуаты бар-жоқтығына қатысты болады. Құдіретті сенімнен қозғаушы күш алған адам қашан да ғажайып хикметтерді жарата алады. Жаңа арадан бұрынғы 100 жылы Суу Хан Удидің бұйрығы бойынша ерекше құқықты әскери елші салауатымен Хан Уди өз қолымен сыйлаған туды орынбасар елші Жаң Шың әрі оның көмекшісі Жаң Хүй және 100-ден астам әскермен дан Иүйге берілетін сәлем-сауқатты және бұрын тұтқынға түскен хұнның елшілерін алып, хұндардың еліне барады. Суу хұндар еліндегі бар міндетін орындап, хан еліне қайтпақшы болып тұрғанда тосын оқиға туылады. Ілгері хандарға бас иген Уи Лүйдың Иүй Чаң атты қол астындағы әскері Уи Лүйды өлтірмек болады. Иуй Чаң Хан ордасындағы кезінде Жаң Шыңмен ауыз жаласып, тұтас жоспарын оған айтады. Жаң Шыңды ақшалай көмек беріп қолдайды. Ойламаған жерден Иүй Чаңның жоспары орындалмай жатып әшкереленіп қалады. Суу Жаң Шыңның кесірінен пәлеге ұрынады

да, ордада ашық сотқа тартылып абыройым төгіледі деп, қылышын суырып өзіне қол салады. Бірақ, Жаң Шың, Иүй Чаңдар оны өлімнен арашалап қалады. Иүй Чаң ауыр тән жазасына төзбегенде Жаң Шыңды әшкерелейді. Жаң Шың Суудың орынбасар елшісі болғандықтан, Дан Уй, Уи Лүйды шақырып, Сууды сотқа тартуды бұйрады. Суу қорлық тартып, абыройын төккісі келмей тағы бір рет өзіне қылыш сілтейді. Уи Лүй оның қылышын тартып алғанымен, Суу ауыр жараланып қанға малшынады. Өлімнен тайынбайтын Суудың жігеріне тәнті болған Дан Иүй оны бас иіп, өзі үшін қызмет істеуге насихаттайды. Адам жіберіп, оның халінен жиі хабар алып, райынан қайтармақ болады. Бірақ Суу илікпейді. Оның денсаулығы қалпына келгеннен кейін, Дан Иүй Уи Лүйға Учаң мен Жаң Шыңды сотқа тартып, Сууды имендірмек болады. Сот барысында Уи Лүй, Иүй Чаңды шауып өлтіріп, Жаң Шыңға айбат көрсетеді. Жаң Шың қорқып тізе бүгеді. Уи Лүй тағы Сууды қорқытпақ болып, оған қылыш жұмсайды. Суу еш тайсалмай, қарсы ұмтылады. Ешқандай айла таба алмаған Уи Лүй ахуалды Дан Иүйге мәлімдейді. Суудың мұнша ержүрек екенін білген Дан Ииүй оны өзіне қызметші етіп алуға, тіпті де қызығады. Дан Иүй оны үңгірге тастап, неше күн нәр татқызбайды. Қар қапалақтаған ызғарлы қыста Суу қар түйіршігімен тамағын жібітіп, ескі киіздің пұшпағын қаужау етіп, ерлік жасайды. Жос­пары жүзеге аспаған Дан Иүй оны қиыр шалғайдағы Бихайдың иен даласында ‹‹қошқар бағу», «қошқар қоздағанда›› елге қайтуға бұйырады. Адам баласы жоқ Бихайда Суу күндіз хан бектігінің ‹‹қодас құйрығынан жасалған›› елшілік

туын ұстап, қошқар бағып, түнде оны жанынан тастамай ұйықтайды. Тіске басар ештеңе болмағандықтан тышқанның інін қазып, құрғақ шөп тамырын талшық етеді. Дан Иүй оған адам жіберіп, анасының дүниеден өткенін, інісінің өліп қалғанын, әйелінің біреуге тиіп кетіп, ұл-қыздарының өлі-тірісі белгісіз із-түзсіз кеткенін хабарлайды. Осымен оны алған бетінен қайтармақ болады. Суу оған титтей де толқымай тойтарыс жасайды. Ол қақаған Бихай жағалауында, аш-жалаңаштыққа төзіп, ғажайып жігермен ұзақ та жаралы ай-жылдарды өткереді. Жаңа дәуірдің 1981 жылы көктемде сан реткі саяси өзгерістер арқылы Суу, Чаң Хүй қатарлы 19 адам ақыры көздерінен бұлбұл ұшқанда Астана қаласына – Чаң Анға алдырылды. Суу елшілікке барған кезде қырық жас шамасындағы қыран ер жігіт еді. 19 жылын хұндарда өткерген ол отанына ақсақалды шал болып оралады. Содан бастап, Суудың қиындықтан қорықпайтын, мәңгі тізе бүкпейтін қайсар рухы тұтас елге тарап, аңыз болып айтылып, дастан болып жырланады. Өзін өлтіріп алмақшы болғаннан бастап, Суудың басынан кешкендерінің бәрі ғажайып қиын тағдыры да хан еліндегілердің жауға намысын бермейтін ерлігін дәлелдеу еді. Екі рет өліп қалмақшы болуы сотқа тартылып отанның намысын төгуден бас тартуы еді. Бұл оның намыс үшін өлімді елең құрлы көрмейтін ер екенін дәлелдейді. Кейін адам баласы мекендемеген қу медиан далада 19 жылдан артық өмір сүруі, дұшпанына, саған қарсылық көрсетер әлім болмағанымен, әркез бас имеймін дегенді әйгілеу еді. Ол ‹‹менің қалай өмір кешкенімді көр! Отаныма қайтпай, көзім жұмылмас››, - деген сеніммен адам

төзгісіз азаптарға шыдап, ақыры отанына қайтады. Мызғымас сенім, хикмет жаратты. Ол тірі қалу аса қиын шарт жағдайда 19 жыл өмір сүріп, өзінің арманына жетті. Қатігез тағдырдан арылудың жолы – оған бас имеу, сіз қатігез тағдырға тап болғаныңызда қайсарлық пен әлсіздік, сіздің жеңіс-жеңіліс өлшеміңіз болады.

Рухани күйдің өзгерісі, тағдырдың өзгерісін белгілейді Табысқа жеткендермен, жеңіліске ұшырау­ шылардың ортасындағы айырмашылық: табыскерлер бастан-аяқ белсенді рухани күймен өзінің өмірін тізгіндейді әрі арнаға салады. Ал жеңіліске ұшыраушылар керісінше, олар қашанда кері арнау рухани күймен мәселелерге талдау жасауды ұнатады. Кезінде екі қылмысты түрменің терезесінен бір уақытта сыртқа көз салады. Бірі маңайдағы балшық жерді көреді. Ал енді бірі аспандағы самаладай жұлдызды көреді. Ұқсас дүниеде жасап, басқа, біреулер өмірін бай-бақытты, қуанышпен өткізеді. Ал енді біреулер қасірет пен кедейлік қыспағында күнелтеді. Бұл сірә неліктен? Асылы адамдар ортасында аса зор айырма жоқ. Бірақ рухани күйдің ұқсамауынан мүлде ұқсамайтын нәтиже шығады. Кезінде ауылдан сыртқа шығып, жұмыс тауып істемек болған екі ауылдас вокзалда кездеседі. Олардың бірі Шаңхайға енді бірі Бейжіңге жол тартпақ болыпты. Поезд күту үйінде отырғанда қасындағы біреудің: ‹‹шаңхайлықтар тым пәле, сырттан барғандар жол сұраса да ақша алады. Ал Бейжіңдіктер жуас, қарыны аш адамдарды көрсе, тамақ әрі ескі киімдерін береді›› дегенін естиді. Шанхайға жол алған әлгі ауылдас: ‹‹Бейжіңдіктер жақсы екен, ақша таба алмасам да аштан өлмейді екем,

ал Шанхайға барсам тірі тозаққа түсермін›› деп ойлайды. Әлгі Бейжіңге бармақшы болғаны: ‹‹Шаңхай қандай жақсы, адамдарға жол көрсетіп қойса да ақша табуға болады екен. Бейжіңге жолға шығып кетпегенім мұндай жақсы болар ма, әйтпегенде бір рет ақша табу орайынан құр қалғандай екем›› деп ой түйеді. Сонымен олар билет сату орнында билеттерін өзара ауыстырып жолға шығады. Бейжіңге барған әлгі ауылдас Бейжіңнің расында жақсы екенін мойындайды. Бейжіңге барған алғашқы бір айда ештеме істемей-ақ аш қалмайды. Банкінің қызмет залындағы қайнаған суды бекер ішуге, ерен базарындағы дәм татып көруге арналған пірәндікті тегін жеуге болатын еді. Шаңхайға барғаны, Шаңхайдың шынында ақша табуға қолайлы қала екенін, жол бастаса да, дәретхана ашса да, беті-қол жуатын су әзірлеп берсе де, қысқасы аз ми жұмсап, күш сарп етсе де қалай істегенде де ақша табуға болатындығын байқайды. Ауыл адамдарына тән топыраққа болған таным мен сүйіспеншілікке негізделіп, екінші күні ол бір құрылыс орынынан құм мен ағаш жапырағы араласқан топырақты сылау дорбаға өлшемдеп салады да, гүл өсіруге құмар шаңхайлықтарға ‹‹гүл өсіретін топырақ›› деп жазылған қалталарды пәлен юаньға сатады. Ол бірінші күні-ақ 50 юань таза кіріс кіргізеді. Осылайша ол бір жыл жұмыс істеп, өз алдына кәсіп жүргізетін деңгейге жетеді. Кейін ол қаланың үлкенді-кішілі көшелерін кезіп жүріп, кейбір сауда дүкендерінің қабырғасы жарқырап, үй сыртының тотығып, кір басып тұрғандығын байқайды. Асылы тазарту серіктестіктері тек дүкен қабырғаларын ғана жуып, тақталарды елеусіз қалдыратынын байқайды. Ол де-

реу арнаулы түрде тазалайтын шағын типтегі тазарту серіктігін құрады. Біртіндеп оның жұмысшысы 100ге тарта адамға молайып, кәсіп көлемін Шаңхайдан Нанжиың, Хаңжоуларға ірге кеңейтеді.

Бір талай жылдан кейін әлгі қожайын Бейжіңдегі осы кәсіп аужайын байқау үшін сонда барады. Пойыз вокзалында қоқыр-қоқсық жинайтын біреу вагон терезесіне басын сұғып, босаған құмыра сұрайды. Екеуінің көзі түйіліскенде олар бірінбірі танып қайран қалады. Өйткені ол екеуі талай жылдың алдында осында билет ауыстырған еді. Бұл хикая бізге: ‹‹рухани күйдің қос жүзді қанжар секілді екендігін, белсенді рухани күй өмірді гүлге бөлесе, ал керанау рухани күйдің түнекке батыратындығын ұғындырады. – Шынайы өмірде көптеген адамдар анау да мынау да мүмкін емес деп өзіндегі кері рухани күйді ақтамақшы болады. Олар сылтауды құдайдан, басқалардан, өзі жасап жатқан ортадан іздейді. Өмірдегі шешуші фактор шынында жаратылыстық орта ма? Әрине олай емес. Дүниеге әйгілі жасырын күш ғылымның атасы Антони Робин: ‹‹өмірге әсер ететін жасаған орта емес, тағдыр да емес, қайта біздің ұстанған ұстанымымыз дейді. Бір адамның жеңіске жету-жетпеуін тұрақтандыруда оның қандай рухани күйде екеніне қарау керек. Табыскерлер мен жеңіліске ұшыраушылар ортасындағы айырма: ‹‹табыскерлер бастан-аяқ ең белсенді рухани күймен өз өмірін арнаға салады және тізгіндейді. Жеңіліске ұшыраушылар дәл керісінше. Олар қашан да кері рухани күймен мәселеге талдау жасағанды жақсы көреді. Наполеон Хилл: ‹‹біртүрлі рухани күймен біртүрлі идеяны, біртүрлі идеямен бір түрлі қимылды;

біртүрлі қимыл мен біртүрлі әдетті; біртүрлі әдет пен біртүрлі мінезді; біртүрлі мінез бен біртүрлі тағдырды әзірлеуге болады›› дейді. Осыдан рухани күйдің өзгерісі тағдырдың өзгерісін тудыратындығын көруге болады. Достар, біз әркез рухани күйдің салдарынан жеңілісті өмірге тұтқын болмайық. Біз қазірден бастап, мейлі қандай жағдайда да белсенді рухани күйді сақтап, тұтас тұлғамызды кернеген жігермен парасат арқылы жеңіліс пен сәтсіздікті үйрену орайы деп білуіміз керек. Осылай болғанда, біз күні ертең өзімізді жеңіп, өзімізді құдіреттендіріп, жеңістің ауылына жетеміз.

Кешірім – ең тамаша тарту Кешірім – басқалар үшін де, өзіңіз үшін де ең тамаша тарту. Егер біз дүниеге кешірімшіл жанармен қарасақ, әлемнің, мөлдір аспан астындағы тауөзендердің, он сегіз мың ғаламның ғажайып көркем екенін сезінеміз. Өмірде адам баласы кейде алай, кейде былай қателіктер өткізіп отырады. Тіпті ең ізгі өткен пенденің өзі де абайсызда басқалардың көңілін ауыртып алуы мүмкін. Бір досымыздың опасыздық етуі, бастығымыздың бақырып-шақыруы, бірге туғандар ортасындағы өкпе-наз бәрі де көңілімізді жаралайды. Мүмкін кейбіреудің адамгершілікке жатпайтын қылығын ұмыта алмай азаптанамыз, бәріне өкпелейтін адамның шаттыққа бөленуі тым қиын. Ал, басқалар мен қарым-қатынас жасағанда кешірімшілдік ету елге сыйлаған ең бағалы тартуыңыз, ол әрі жүрек жарасын емдейтін ең өнімді – дәрі. Адамда кешірімшіл жүрек болғаны абзал. Бұл – өзгеге де, өзіне де пайдалы қарымқатынастың дәнекері әрі адамның толысуындағы аса маңызды сапалық өлшемдердің бірі. Ми хандығы кезіндегі Лу Күн: ‹‹басқалар жаман іс істесе, оны кешір, тіпті оның жыртығын жасыр. Адамдарға осылай адамгершілікпен мәміле жасағанда, өз көкірегін де кеңейтетін болады›› дейді. Бұл былайша адамдардың

дағдылы ұстанымына қайшы да сияқты, бірақ сабырмен ойласақ, ол біртүрлі парасаттылық екенін байқаймыз. Екінші дүниежүзілік соғыста Совет Одағы аса ауыр өтем беріп, Москваны қорғау шайқасының жеңісіне қол жеткізді. Жеңіс күні он мыңдаған неміс тұтқындары тым сұсты, мұздай қаруланған Совет Армиясының айдауында Москваның қала қорғанына кірді, олар әбден ашып-арыған, қалжырап шегіне жеткен еді. Жеңістік алған жандардың бәрі көшелерге шықты десе де, дені қарттар мен балалар еді. Осы реткі соғыста Совет Армиясы да аса аянышты өтем берген. Олар бұл келе жатқандардың соғыс тұтқындары емес, өздері зарыға күткен жақын жандары болуын қаншама армандады десеңізші?! Тұтқындар келе жатқанда, жаны асыл, ізгі халық оларға кектенеді. Осы тұтқындар олардың жақындарын өлтіргендер емес пе?! Олар көкірек кернеген кекпен тұтқындар келе жатқан бағытта сұстана қарап тұр еді. Тұтқындар көзіне көрінсе болды, көкіректегі ащы запыранды солардан шығармақ. Тұтқындар ілбіп келе жатты. Адамдар тобы толқи бас­тады. Кейбіреулер ‹‹фашистерді жоғалтайық!›› деп ұран шақырды. Кейбіреулер алға атылды. Тәртіп сақтауға жауапты сақшылар көпшілікті тежемек болды. Бірақ алып тасқынды бөгеу мүмкін емес еді. Ең соңында сақшылармен әскерлер қол ұстасып, қорған қалыптастырып, адамдар тасқынын ретке салмақ болды. Тұтқындар ақырын ілбіп келеді. Олардың киімдері дал-дұл, аяқтарын сенделектеп әрең басады.

Бір қадам алға аттауы мұң сияқты. Ойланып көрсек, олар соғыстың зиянкестігіне ұшыраушылар емес пе? Кейбіреулер екі көзінен айырылған, кейбіреулер түрмеде жатып, азаппен ышқынады. Кейбіреулер керең болып қалған сияқты. Жүзінде ешқандай бейне жоқ, олар кектенген бұқараның алдында үрейден артқа шегінеді. Кейбірі шошынған, жер бауырлап жатып қалған, ал, түрмеде жатқандардың шарасыздан түсі қашып кеткен. Тосын бір орта жастағы әйел буырқанған топтан қысылып алдыға шығып, жұдырығын көтерген бойы бір жаралы тұтқынның қасына келді. Ол жаралы тұтқынның басы таңылған, дал-дұл әскери киімі қан дағымен сірескен, балауса жүзінен оның әлі жиырмаға еркін толмаған бала екені толық аңғарылады. Өзіне төніп келген жұдырық алдында үрейден екені, өкініштен екені белгісіз ол жасына ерік беріп, көзін жұмып алды. Орта жастағы әйел аңғарған күйі бала тұтқынға қарап, азапты күй кешті. Мүмкін көз алдында тұрған балғын жүз оның жақында ғана өлген ұлының бейнесін елестеткен шығар! Әйел дағдарып күрсінді. Жұдырығы еріксіз төмен түсті. Ол қойнынан газетке оралған бөлкені алып балаға ұсынды. Бала тұтқын өзінің көзіне сенбегендей, әйелге шошына қарап, алуға батпай тұр. Әйел тықпалағанда барып ұйқыдан оянғандай, ораған газетті жыртуға да үлгірмей, бөлкені ауызына нығарлады. Неше күн нәр татпағаны көрініп тұр. Ештемеге қарар емес, әйел еріксіз баланың басын сипап, еңіреп жылап қоя берді. Азалы дауыс елдің жүрегін тілгіледі. Даурыққан жұрт лезде тына қалды. Ел қайран қалды, таңырқаған көздері алдағы көрініске

сене алмай қарап тұр. Дүние бір сәтке орнында қатып қалып, тұтас көше өлі күй кешкендей. Бір талай уақыттан кейін ғана адамдар әрең есін жинады. Осы кезде ешкім ойламаған бір жағдай болды, қарттар, әйелдер, балалар қойны-қонышындағы бөлке, шұжық сияқты азықтықтарын алып, тұтқындарға қарай жылжыды... Адамдар кектен қайратына мінуге, кекті алға басудың қозғаушы күшіне айналдыруға болады. Егер кек тек өз қалпы қабылданса ғана. Ол – біздің жүрегімізді құрсаулап алып, қасіретті кешірмелерге жетелейді де, өзгеге мойын бұрғызбайды. Егер сіз кешірім мен кеңдікті бір түрлі тарту ретінде ұсынып, кектік орнын бастырсаңыз, көкірегіңізден таң рауандап, көз алдыңыз нұрға малынатын болады. Американың белгілі базарында, бір жұңғолық әйелдің саудасы кұс еті болады. Маңайындағылардың күндестігі қозып, әр күні қоқыр-қоқсықты оның дүкенінің есігіне үйіп қояды. Әйел оған ешқандай шамданбайды, тазалап қояды. Көкөніс сататын мексикалық көрші әйел бірнеше күн байқап жүріп: ‹‹елдің бәрі қоқсығын есік алдыңда үйіп қойса ешқандай ашуланбағаның қалай?›› деп сұрайды. Жұңғолық әйел күліп қойып: ‹‹біздің елде, шаған өткізген кезде қоқыр-қоқсықты үйге қарай сыпырады. Қоқсық қанша көп үйілсе, байлықтың сонша көп болғаны. Қазір көршілер әр күні ақшаны маған қарай үйіп, қойса және оны қалай тойтарам? Менің саудамның күн сайын жақсы болып келе жатқанын байқамадың ба?›› дейді. Осыдан кейін бұл іс қайталанбайды. Кешіру ырқына жіберу де, әлсіздікте емес қайта бір түрлі парасатты тірлік жолы. Жұңғолық әйел кең пейілмен басқаларды кешіре білді . Әрі өзі

үшін тату-тәтті қарым-қатынас ортасын жаратты. Мұндай өшпенділікті татулыққа айландыра білген парасат еріксіз мойындатады. Кешірімшілдік адам болудың біртүрлі өлшемі. Ол – басқаларға, әрі өзіңізге ұсынған ең жақсы тарту. Егер біз дүниеге кешірімшіл жанармен қарасақ, дүние көз алдымызда ерекше құлпырған түске енеді. Өмірге кешіріммен қарасақ, тұрмыс әдемі, ән әсерлі өлең болып сезіледі. Кешірім көкірегіміздегі дуалдарды құлатып, шекарасыз байланыстарды жалғайды. Кешірім – адамдарға ізгіліктің құдіретін сыйлап, көркемдүние бағыштайды.

Кең болсаң, кем болмайсың Пейіл – өмірдің деңгейін белгілейді. Пейілі кең адамдардың жеткен табысы да қомақты болады. Әйтпегенде болашақта жетер табыс шектемеге ұшырайды. ‹‹Нағыз ердің ішіне ер-тұрманды ат жатады›› дейді халық. Көкірегі кең адамдар басқалардың мұң-мұқтажына тілектестікпен қарап, қатесін кешіре білді. Өзгелердің артықшылығын көре біледі. Көкіректің кең болуы белгілі деңгейде мінезбен қатысты болса керек. Бірақ негізінен кейінгі тәрбие мен дағдыға тікелей қатысты. Саналы түрде өзінің көз аясын, назарын кеңейтіп, өскелең өмір нысанасына талпынған адам біртіндеп жер бетінде білуге тиісті ұшан-теңіз, істеуге тиісті шаруа шаш етектен болып тұрғанда, осындай татымсыз істер үшін ми шаршатпай, қымбатты уақыты мен зейін-зердесін тіпті мағыналы істерге жұмсауы керек екенін аңғарады. Тұрмыс – бейне бір әнге ұқсайды. Оның кейде асқақ, секілді өрі де, еңісі де кездеседі. Сондықтан, арманойыңыз теріске баққанда сабырыңызды сарқып алмаңыз. Пейіліңізді кеңге салу үшін сіз тағы ұмытуды үйреніп алыңыз. Бастан кешкеннің бәрін де жан дүниеңіздің елегіне салыңыз. Өзіңізге шынайы көркем қуаныш бағыштап, алға жебейтіндерін жүрек түкпіріңізге мәңгі сақтап қалыңыз да, қалғанының барлығын лақтырып тастаңыз. Егер оның бәрін арқалап алсаңыз, босқа қалжырайсыз.

Гюңо кезінде: ‹‹құрлықтан үлкені теңіз-мұхит, теңіз-мұхиттан шалқары аспан, аспаннан да дарқаны әлем – адамның көкірегі››, - деген еді. Біздің көкірегімізге аспан, құрлық, теңіз-мұхит сыйып жатқанда, қалайша кішкентай адам сыймасқа? Неге қысқа ғана өмірдің шаттығы мен мұңы сыймасқа? Егер біздің көкірегімізге соның бәрі сыйып жатса,онда біздің жалғаспайтын жолымызбен алынбайтын қамалымыздың болуы мүмкін бе? Белгілі серіктіктің маңызды бір бөлімінің директоры қызметтен кететін болып серіктік оның орнына ақылына адамгершілігі сай жауапты адам алмақшы болады бір талай дарынды келіп бағын сынайды. Бірақ бәрі бас жораның сынауынан өтпейді. Бір күні 30 жас шамасында, Америкадан докторлық атағын алған дарынды жас емтиханға қатынаспақшы болады. Бас жора оған емтихан таңғы сағат үште деп ұқтырады. Ол айтылған уақытта бас жораның есік қоңырауын басады. Оған ешкім есік ашпайды. Сағат сегіз болғанда, бас жора есік ашып, оны үйге кіргізеді. Емтихан, ауызша алынады. Бас жора оған: «сен жазу жаза білесің бе?» деп сұрайды. Әлгі жас: «білем» деп жауап береді. Бас жора оған бір парақ ақ қағаз беріп: «сен ақ құрыш дегендегі ақ деген сөзді жаз» деп бұйырады. Доктор жазып болып, күдікпен ‹‹осылай ма?›› деп сұрайды: Бас жора аз үнсіз тұрғаннан кейін «дұрыс»! емтихан бітті!» – дейді. Әлгі жас бұл қандай емтихан болды деп қайран қалады. Екінші күні бас жора алқалар кеңсесінде әлгі жастың емтиханнан өткенін әрі аса қатаң емтиханнан сүрінбей өткенін жариялайды. Ол көпшілікке былай түсіндіреді: «доктордың ақылы мен қабілетінде айтар жоқ, сондықтан, мен оның

неғұрлым маңызды жақтарын сынап көрдім алдымен оның құрбан беру рухын сынға салдым. Таңғы сағат 3-те емтиханға шақырып, оны ұйқысын құрбан етуге мәжбүр еттім. Ол орындады; мен оның сабырын сынадым. Оны қасақана бес сағат тостырдым, ол оған да іш жимады, мен тағы оның мінезін сынадым, оны тәлкек еткендей болдым, әрі оның кішіпейілдігін сынап, ғылым докторына бес жасар бала да жаза алатын әріп жаздырдым, ол оны да ауыр алмай орындады. Өзі шетелден оқыған доктор болса әрі онда құрбан беру рухы, сабыр, тамаша мінез, кішілік бәрі толық тұрса, мен бұндай адамды алмай, кімді алмақшы едім, мен оны қабылдауды бекіттім» дейді. Бұл бас жораның адам жайлы талдау жасауы ерекше әрі дұрыс, солай емес пе? Пейілдің кеңдігі адамның жетер табысын белгілейді. Әйтпегенде адамның болашағы шектемелікке ұшырайды. «Білім – күш» дегенді еске ұстаумен бірге, біз» «кең болсаң, кем болмайсың» дегенді де ұмытпауымыз керек. Біз білім қопарылысы дәуірінде, білім алуға, қабілетімізді жоғарылатуға, өзімізді құдіреттендіруге талпыну мен бірге ішкі жан дүниеміздегі мінездік қасиет пен кеңпейілділікті баулуға әркез немқұрайды қарамауымыз керек.

Адамдардың бәрі өзіне сенетін жанды ұнатады Сіз өзіне сенетін адамдардың бүгежектейтінін кезіктіре алмассыз . Өмірге, дүниеге, барлық істерге сеніммен қарайтын адамдардың бәрі басын тік, көкірегін асқақ ұстап, адамдарға тіке қарайды. Американың образ жобалау маманы Пауль былай дейді: ‹‹табыскерлердің стилі сыртқы бейнесінен әйгіленеді. Ал асқақтық жан дүниеде, ол сіздің өзіңізге болған ризалығыңызда. Ол сіздің сыртқы портретіңіз, жүріс-тұрысыңыз, күлкіңіз арқылы ашылады›› дейді. Қазіргі адамдардың бәрінде қысым бар. Мейлі кішкентай бала, мектеп оқушысы, қызметкерлер, дос­ тармен ғашықтар ортасында, түрліше салауат пен түрліше жіктегі адамдардың бәрі де түрліше қысымда өмір сүреді. Басымға төзбейтін адамдар денесі еңкіш тартып, бүкірге айналатын жағдайлар көп. Бүкір адам басқаларға сенімсіз, рухсыз көрініп қана қоймай, оның бүкірлігі қоғамдық қарым-қатынасқа ауыр ықпал жасайды. Англияның ескішілдер партиясының бұрынғы көмекшісі Чың Лян Ми англиялықтар жағынан «кішкентай шал» атанған. Қырықтан енді ғана асса да қартаң тартқан, кейпі жүдеу, бейнесі мен даусынан рухсыздық пен сенімсіздік аңғарылатын жан еді. Ал одан кейінгі тағайындалған оның егіз туған бауыры болатын. Ал, жұмысшылар партиясының көсемі Тауней біраз келбеті келіскен, жүзінен күлкі есіп тұратын,

кейпі адамға дем бере алатын нағыз көсемге лайық жан еді. Ол сыртқы келбетімен-ақ сайлау билетіне ие болатын. Бір англиялық: «ескішілдер партиясының көсемдерінен түңіліп болдым. Олар екі реткі көсемге ұқсамайтын жандар» – дейді. Тіпті біреу қызба даурығып: «ескішілдер партиясы басы ендігі жерде төбе шашы толық біреуді тауып сайламаса, олар мәңгі қарсылыққа ұшыраушы партияның орнында тұру орайынан қағыла береді» дейді. Өзіне сенімсіздік тудыратын факторлар аса көп. Негізінен субьектив фактор мен обьектив фактор. Обьектив факторлардың бастысы өз басымдық шарт-жағдайдың шектемелілігі. Мысалы: оқу тарихы, бойының ұзындығы, келбеті, отбасы жағдайы, кәсіп ортасының өзіне белгілі танымы сияқтылар. Бұл белгілі дәрежеде сіздің өзіңізге жасайтын үкіміңізге ықпал етеді. Содан барып, сіздің рухани күйіңізге, қызмет қабілетіңізге, соңында бастығыңыздың сізге болған көзқарасына, қызметтестеріңіз ара байланысқа, сіздің өсу жолыңызға ықпал жасайды. Біреу бар мүмкіндігін шағын тұрпатты кәсіпорынға салады. Дүние соғысы басталғаннан кейін, ол өзінің зауытына қажет ететін материалды таба алмағандықтан, еріксіз күйрегендігін жариялайды. Бар қазынадан айрылу оған апат сипатты тағдыр әкеледі. Ол әйелінен, балаларынан айырылып, сергелдең күй кешеді. Ол осы зиянның жанына батқан азабына шыдамай, көлге түсіп, өлмек болады. Бір кездейсоқ жағдайда ол ‹‹Өзіне сенім›› деген кітапты көріп қалады. Кітап оған жігер мен үміт бағыштайды. Ол бұл кітаптың оған авторын тауып, өз хикаясын әңгімелеп бергеннен

кейін, әлгі автор оған: «мен саған аса зор ықыласпен сенің әңгімеңді тыңдадым. Мен саған аз да болса көмектескім келді, бірақ менің саған қол үшін беруім мүлде мүмкін емес» – дейді. Әлгінің өңі қуарып, басын салбыратып: «онда біткен екем» – дейді. Автор бірнеше минут үнсіз тұрғаннан кейін: «мен саған өзім көмек бере алмағаныммен, саған көмек бере алатын біреуді көрсетсем, ол сенің жығылған жеріңнен қайта тұруыңа көмектесе алады. Сен ол адамды тани алмасаң, онда ажалың көлден болады. Өйткені бұл адамды шынайы танудың алдында, сенің өзіңе, бұл дүниеге соқыр тиындық құның жоқ» – дейді. Сергелдең орнынан атып тұрып, автордың қолынан ұстап: «құдай ақына, мені сол адамға кездестіріңіз» – дейді. Автор оны бір үлкен айнаның алдына апарып, қолымен айнадағы өзін нұсқап тұрып: «менің таныстырайын дегенім осы адам, бұл дүниеде тек сол ғана сенің қамқорың» – дейді. Ол айнаға қарай бірнеше қадам аттап, сақал басқан жүзін сипалап, өзінің тамтығы кеткен кейпіне қарап, артына бір неше қадам шегінеді де, басын салбыратып еңкейеді. Бірнеше күн өткеннен кейін, автор көшеде әлгі сергелдеңді көріп тани алмайды. Ол нық қадаммен, денесін асқақ ұстап келе жатыр еді. Ол басынан аяғына дейін жап-жаңа бейнеге енген. Былайша сенімді көрінетін. Ол авторға:‹‹сол күні мен сіздің кеңесіңізде тек бір сергелдең едім, мен айнадан өзімнің сенімімді таптым. Қазір менің тапқан қызмет орнымның айлық еңбекақысы 3 мың америка доллары, қожайыным бір үлесін алдын ала қолыма берді. Мен қазір табыс жолына түстім›› дейді. Өзіне сенген адамдардың бүкірейіп жүргенін көрмейсіз. Мейлі жасыңыз қаншада болса да

басыңызды тік ұстап, көкірегіңізді керіп жүріңіз. Өз жасыңыздан бес жас кіші адамдар киетін киім киіп, ағымға лайық шаш қойыңыз. Қадамыңызды бұрғанда 15 сантиметр кең алып, екпеніңізді тездетіңіз, даусыңызды көтеріп сөйлеңіз, амандасыңыз. Бұл өзіндік образ қалыптастырудың бастамасы.

Кішкентай істерді тындыру – үлкен істі істеудің негізі Өмірдің биігіне талпынғанда, бір адам бір адамнан алға жылжуға тура келеді. Табысқа жетуде асығыстық етуге болмайды. Өйткені, ол – ұзақ уақыт тер төгудің жемісі. Зор табысқа жетем десеңіз, ең маңыздысы әлгі шарт жұмысты көз алдағы ең негізгі істерді істеуден бастаңыз. ‹‹Кішкентай істерді тындыру – үлкен істі істеудің алғашқы қадамы. Ұлы табыстар қашанда бір шоғыр кішкентай табыстарға ілесе келеді››. Қызметті жаңа бастаған кезімізде, біздің еншімізге қашанда ең қарапайым шаруалар тиеді. Сол кезде біз әділетсіздікті сезінеміз. Әуелі өз қызметіңізден бастап, қол салып істеңіз. Есіңізде болсын, сіздің қызмет орныңыз мәңгі сіздің қызмет қабілетіңізбен сәйкесті. Ерте кезде бір бай болыпты. Ол тағы бір байдың үйіне қонаққа келіп, оның үш қабатты сәулетті де әшекейлі тұрағын көріп қатты қызығыпты. Әрі іштей: ‹‹менің де байлығым одан кем соғып тұрған жоқ, мен де сондай ғимарат салдыруым керек қой›› деп ойлапты. Ол үйіне келген соң Щы аға ұстадан: ‹‹маған дәл сондай үй салып беруіңе бола ма?›› деп сұрапты. Аға Щы: ‹‹Айтар жоқ. Оның үйін кезінде мен салып бергем›› депті. Бай: ‹‹онда маған дәл сондай, бір ғимарат салып бер!›› депті. Сонымен Щы аға үйдің тағанын өлшеп, тасын жатқызып, ғимарат салуға кірісіпті. Бірнеше күннен

кейін бай келіп, оның әрекетін түсінбей: ‹‹бұл не қылғаның?›› деп сұрапты. Щы аға: ‹‹бұл үш қабат ғимарат салатын материал›› депті. Бай: ‹‹астындағы екі қабаттың керегі жоқ, сен маған үшінші қабатты салып берсең болды!›› дейді. Щы аға: ‹‹мұндай іс қайда бар? Қайтып бірінші қабатын салмай тұрып, екінші қабатын, екінші қабатын салмай тұрып, үшінші қабатын салуға болсын?›› дейді. Бай ашуға басып: ‹‹сала алмасаң шыныңды айтпайсың ба сенің өнерің жетпейді, жолыңа түс!›› деп Щы ағаны қуып жібереді. Бай расында ақымақ еді. Бірақ төмендегі қайыршы да одан асып тұрған жоқ. Бір қайыршы неше күн ашығып ізгі ниетті жанға кез бопты. Әлгі адам оған қайыр етіп, бір қасқан манты алып беріпті. Аш өзегіне түскен қайыршы апылғұпыл тоғыз мантыны қылғып үлгіріпті. Ол оныншы мантыға келгенде, құрсағының тойғанын байқапты. Бірақ манты де таусылуға айналыпты. Ол өкінішпен: ‹‹Әй, әттеген-ай! Ең соңғы мантының қарын тойғызарын білсем, алдыңғыларын жемейтін едім?›› депті. Мүмкін ақыл-есі қалыпты адамдардың барлығы қайыршының алдыңғы жеген тоғыз мантысы мен байдың астыңғы екі қабат ғимаратының олардың мақсатқа жетуіндегі кем болса болмайтын әлгі шарт екенін біледі. Сондықтан байдың талабы мен қайыршының өтініші екеуі де ақымақтық десе де шынайы өмірде адамдар мыналарға немқұрайды қарайды: жаңа қызметке келген жас кадр немесе жаңа келген қосын, сабырынан айырылып, тезірек маңызды орынға қызметке бөлінуге асығады. Өйткені олардың ойынша бұлай істемеу дарындыны құрмет

етпеу әділетсіз мәмілеге тап болу. Мұның бәрі адамды жайсыздандыратын жайттар. Бірақ осының өзі бір адамның табысқа жетуінде басып өтуге тиісті жол. Өйткені барлық адамның табысқа жетуі ұзақ мерзімдік топталу арқылы жарыққа шығады. Тосын көктен түсетін олжа болған емес. Берік тағансыз сәулетті сарайлардың салынуы мүмкін емес. Сіздің қызмет қабілетіңізді сыннан өткізбей тұрып, сізге қайтіп маңызды қызмет жүктемек? Сіз әлгі шарт болған қабілет пен мүмкіндікті әзірлемесеңіз маңызды міндеттерді қалай мойныңызға алмақсыз? Егер жеңіске ұласатын жолды баспай, оңай табысқа жетудің әдісін қарастырсаңыз, онда қайыршы мен байдан айырмаңыз қанша? Өмірдің биігіне жармасқанда, әрбір адамды нық басып ілгерлеуге тура келеді. Табысқа асығып жетуге болмайды. Өйткені, ол – ұзақ уақыт тер төгудің жемісі. Зор табысқа жетем десеңіз, ең маңызды әлгі шарт, жұмысты көз алдағы ең негізгі істерді істеуден бастаңыз.

Қанағатсыздық – қасіретке бастайды «Ашкөздік» атты осы дерт қаншама адамды сорлатты десеңізші. Ол – шынында, сұрқиялықтың қайнары. Өмірде адамдар байлыққа, атаққа, сұлуға болған ашкөздік салдарынан, ақыл-есі мен нысабынан айрылып, сан сұрқиялықтарға барып, өздері ашытқан уды өздері ішіп тынады. Бір диқан жер сатып алмақшы болыпты. Ол жер сататындарды сұрастыра келе ақыры жер иесін тауыпты. Жер иесі оған: «тек екі мың юань тапсырсаң болғаны, саған бір күн уақыт берем. Күн шыққаннан ұясына батқанша адымдап қанша жерге белгі салып, күн батудан бұрын шыққан орныңа келсең, сол жердің бәрі сенікі. Ал күн батқанша жетіп келе алмасаң, саған сынық сүйем жер тимейді» – дейді. Диқан іштей: «шаршап шалдықсамда көбірек жер қоршап алайын, мұндай көл-көсір олжа маған қайдан табыла берсін», – деп ойлайды. Сонымен ол жер иесімен келіседі де, таң бозынан жолға шығады. Тақаты таусылып алды-артына қарамай адымдайды, түскі ас ойынан шығып кетеді. Түс ауа ол өзінің қай арадан шыққанын білмейді. Бірақ үздіксіз алға жүре береді. Іштей: «тағы аз шыдайын кейін соның рақатын көрем емес пе?!», – деп ойлайды. Ол тым алыс жол жүріп, күннің батуға таяп қалғанын бірақ байқайды да іштей қатты әбіржиді. Өйткені күн батқанша өзі жолға шыққан жерге бара

алмаса, оған ешқандай жер берілмейтін еді. Ол жан дәрмен артына қайтып, көмбеге асығады. Бірақ күн батарға аз қалғанда бар күш-қуатын сарқып болған еді. Ол өкпесін қолына алып, ақыры белгі жіпке ілініп жығылады. Жер бүкілдей оған тән болады. Ол бар қуатын сарқып, өмірінен айрылған еді. Ақша мен байлық туарда әкелуге болмайтын, өлгенде әкетуге болмайтын сырлы нәрсе, оған жан тігіп берілудің қажеті қанша? Өмір – бейне аққан су. Ол қол жеткізу мен айрылудың алма-кезек ауысуын да сарқылып таусылады. Кейбіреулер шекті өмірде тек алсам деп аранын ашады. Олар күннің шуағын сімірумен бірге аспанның ай-жұлдызын бойына әшекей бұйым етіп тақсам дейді. Бірақ қанша көп қол жеткізсем деп зорыққан сайын, сонша көп зиян тартады. Лын Иұтаң бізге: «қанағатпен қарын тойдырудың құпиясы – қолда бардың қадіріне жетіп, игілігін көріп, орынсыз дәмені тежеуде» – дейді. Бірақ көптеген адамдар қолындағының қадіріне жетпей, жалғасты ала берсем дейді. Бала күнімізде мынадай ертегі тыңдағанымыз әлі жадымызда: бір күні шал орманда отын алып жатады. Ол бір тұп бұтаны кеспек болғанда, ағаштан бір алтын тұмсықты кішкентай құс ұшып шығып тіл қатады. Құс шалға: «сен неге бұл ағашты кесесің?» – дейді. «Үйге отын қажет дейді» шал, «сен отын алмайақ, үйіңе қайта бер, таңертең ұйқыдан оянсаң, отын дайын болады»дейді құс. Екінші күні кемпір аула толы отынды көріп, шалын шақырып көрсетеді әрі істің жайын сұрайды. Шал болған істі қаз-қалпында кемпіріне айтып береді. Кемпір шалына:» отын ғой табылды, енді әлгі алтын тұмсық құсыңа айт,

бізге жейтін азық жеткізіп берсін» дейді. Шал құсқа жолығып, жағдайды айтады. Құс оны алаңсыз бол деп қайтарады. Екінші күні аулада азық та дайын болады. Осылайша сатылы түрде өрлеп, кемпір патша болу талабын да орындатады. Оған да қанағат қылмай, құстан бар құдіретті қолына беруді сұрайды. Соңында шалкемпір екеуі сиықсыз ергежейлілерге айланып тынады. Адамның жетсем деген арманы қате емес. Бірақ бұл дүниеде жақсы нәрселер өте көп, біз барынша тіпті көп нәрселердің өзіміздікі болуын армандаймыз, бірақ сол ашкөздік өзімізге де аңғартпай жүрегімізді құрттай кеміреді. Бірақ та біздің өмір мен қуанышқа қол жеткізгеніміз ең үлкен олжа. Несіне аранымызды аша береміз? Ашкөздіктің ақыры тұлдыр қалумен тынбақ.

Басқаларды құрметтегеніңіз, өзіңізді құрметтегеніңіз Егер сіз басқалардың құрметіне ие болмақшы болсаңыз, әуелі өзіңіз басқаларды құрметтей біліңіз. Нағыз құрмет зорлаудан емес, мойындаудан келеді. Өмірде барлық жерде халықтың құрметіне бөленуден артық көңілді іс жоқ. Әсіресе, басшы болған адам жөнінен, маңайыңдағы адамдар, әсіресе, сіздің қол астыңыздағылар тегіс сізді құрмет тұтса, бұл сіздің басшылық қабілетіңіздің жоғары өреде сәулеленген шағы. Құрметтің қуаты шексіз. Бұл сіздің амал-айла ойлап, жағыңызды талдырып иландыруыңыздан, басқаларды өз бұйрығыңыз бойынша істеуге қузауыңыздан әлдеқайда өнімді. Басқалардың сізге қызмет етуге пейілі болуы, сіздің тартымдылығыңызға мойынсал болғандығынан. Олардың сіздің бұйрығыңызды атқаруы бүкілдей өз қалауы, бұл әрқандай стратегиядан да өнімді. Джордж Вашингтон – Американың жұртқа таныс тұңғыш президенті. Ол – америка халқын бастап, еркіндік, дербестік үшін толарсақтан қан кешіп күрескен, ұлт

қаһарманы. Дж. Вашингтонның жалғыз өзінің Американы дербестікке жеткізгеніне сенгіңіз келмейді. Егер мыңдаған, миллиондаған адам оның үндеуіне үн қоспаса, оның осындай ұлы табысқа жетуі мүмкін емес еді. Дж. Вашингтон қалайша табысқа жете алды? Ең маңызды бір фактор – ол Америка халқының сенімі мен құрметіне бөленді. Ол басшылық өнеріне төселген, басқаларды түсінеді, құрметтейді, адам сезімін аялай біледі. Мынадай бір кішкене оқиға оның жақсы дәлелі: бір күні Дж. Вашингтон тізеден келетін пальтосын киіп, жалғыз өзі казармадан шығады. Оны кезіккен әскерлердің ешқайсысы танымайды. Ол бір жерден командирдің қол астындағы әскерлерді бастап, көше қорғанын жөндеп жатқанын көреді. Әлгі командир екі қолын сымының қалтасына салған күйі тамағы жыртылғанша айғайласа да әскерлер алып тасты көздеулі жерге шығарып, қоя алмайды. Әскерлер титықтайды, бірақ көтерген тасы домалап түсіп кетуге айланады. Осы кезде Дж. Вашингтон жетіп келіп, тасты иығымен тірейді. Бұл көмек адал кезінде жасалып, тас орнына қойылады. Дж. Вашингтон екі қолын қалтасына салып тұрғаннан: «сенің мына тұрысың не?», – деп сұрайды. Командир: «менен сұрап тұрмысың? Менің бұл араның қожайыны екенімді білмей тұрмысың?», – деп тұмсығын шүйіріп, аспанға қарап, екі қолын артына ұстап, жақтырмай жауап береді. Вашингтон асықпай кеудесін ашып, әскери шен белгісін көрсетіп: «киім жағынан мен майормын, бірақ келесі кезекте ауыр нәрсе көтергенде мені шақыр» – дейді. Әлгі командир осы кезде ғана оның Дж. Вашингтон екенін біледі. Оның ұялғаннан бетінен

оты шығады. Десе де ол ұлы адамның ұлылығы, ешқашан басқаларды зорлап құрмет еткізудей, жүрек айнытатын істі істемейтіндігін танып жетеді. Дж. Вашингтон мен командир екеуінің де басқалар құрмет тұтатындай, сол арқылы қызмет барысында белгілі өнімділікке қол жеткізудей қажеті бар. Еш күмәнсіз Дж. Вашингтон бұл жағынан зор табысқа жетті. Ал әлгі командир осы бойы кетсе күні қараң еді. Екеуінің айырмасы басқалардың құрметіне ие болудағы тәсілде. Командирдің әдісі өзінің құқығымен басқаларды өзін құрметтеуге зорлау. Басқалардың сезімімен еш санаспау. Ал Дж. Вашингтон басқалардың құрметіне ие болуда құқығынан басқаны пайдаланбайды, басқаларға қысым жасамайды, бәрін адамгершілік тұрғыда шешеді. Бір командир майордың алдында кеуде көрсетіп кердеңдесе, майорға қалай жарасатыны түсінікті. Бірақ Дж. Вашингтон онымен санаспады, қатты келіп оны айыптамады да, қайта командирдың өзі қайран қалатын тәсілмен кешірім, кеңдік, дарқандықпен командирдің абыройын сақтап мәселені бір жайлы етті. Мұның өнімі күш көрсетуден мың есе артық екені даусыз. Десе де, Дж. Вашингтонның мәселені шешу әдісі ешқандай қайран қаларлық емес, бұл барлық табысқа жеткен ұлы тұлғалар істететін тәсіл. Әрі әрбір адамның құрметті жеңіп алу үшін қолданатын тәсілі. Дж. Вашингтонның бұлай істеуінің себебі тым қарапайым. Өйткені сіз басқалардың абыройын төксеңіз, оның аянатын ештемесі қалмайды да. Артын шамалау қиын. Ал сіз зорлау тәсіліңізбен елді бұйрығыңызға бағындырғаныңызбен, ол уақыттық. Өйткені ол сезімнің немесе адамдық қасиеттің

күшімен келген құрмет емес. Басқалардың сізге жасаған құрметі шынайы пейілден емес, қайта мансаптың күшімен шарасыз жасалған құрмет. Мұндай жағдайда басқалардың сізге бергені тек имену ғана, нағыз құрмет емес, егер сіздің құқығыңыз оны тежеуге жетпейтін жағдайда, ол сізге берген құрметін қайтарып алады. Сондықтан тек жеңіп алған нәрсені ғана мәңгі игіліктенуге болады. Бір ауыз сөзбен айтқанда, басқаларды құрметтегендік – өзіңізді құрметтегендік.

Басқаларға көмектескенің – өзіңе көмектескенің Тек адам біткеннің бәрі қайырымды болса, дүние ғажап сұлулыққа толса, егер сіз қиыншылыққа ұшырағандарға көмек қолыңызды созсаңыз, әрі қарымтасы қайтпаса да осылай істеуіме татиды деп қарасаңыз, онда сізді құттықтауға болады. Сіз дүниедегі ең қымбатты байлыққа қол жеткіздім дей беріңіз. Егер сіз бірер жұмысты істеуіме татиды деп қарасаңыз, ешқашан әрі-сәрі болмай істесеңіз, оның қарымтасы қайта ма, қайтпай ма деп бас қатырмаңыз, тек сіз істеуге тиістімін деп қарасаңыз, бұл ең маңызды. Қыстың қақаған бір кешінде қар қапалақтап, қою қараңғылық атырапты торлаған шақта Бартон майшинасымен үйіне қайтып келе жатады. Экономика құлдырағандықтан, ол тұрған шағын қалашықтың кетеуі кетіп, оның жұмыссыз жүргеніне де екі айдан асқан еді. Оның достарының бәрі жайлы жер іздеп кетсе де, оның қалашықтан кету ойы жоқ. Өйткені ол осында туылып, осында ер жетті. Оның әке-шешесі осында жерленді. Оның бала күнгі құрбысы, қазіргі әйелі осында жұмыс істейтін. Сондықтан оның бұл арадан кеткісі келмейтін. Әйелін ойлағанда оның жүзіне күлкі үйрілді. Олар бірін-бірі шын сүйген, әсіресе мынадай қиын күндерде бір-біріне сүйеніп өмір кешуде еді. Алдыңғы жақта бір машина бұзылып қалған

сияқты. Бартон жолда тоқтап қалған ерекше ұшқыр машинаның терезесінен бір ақсүйек кемпірді байқады. Мынадай күнде, қыстың қақаған түнінде машина бұзылып жолда қалудың өзі тым үрейлі жағдай еді. Бартон егер оның көмегі болмаса, мына кемпірдің осында түнейтінін білді. Сонымен ол кемпірдің қасына келіп, машинадан түсті. Кемпірдің саусағындағы алмас жүзік қараңғыда сәуле шашты. Бартонның тозығы жеткен машинамен шарқылдап келіп, тоқтағанын көрген кемпірдің жүзінен үрей байқалады. Оны іштей сезген Бартон оған: «қорықпаңыз шешей, мен сізге көмекке келдім. Бұл ара қалашықтан алыс шалғай, сіз машинға кіріп отырып тұрыңыз, дала суық, машинаны жөндеп болған соң сізді шақырамын» – дейді. Асылы балоны жарылған болып, жаңасын ауыстырса ғана болатын. Бірақ мынадай сүйектен өтетін аязда жалғыз еркектің машина доңғалағын ауыстыруының өзі оңай шаруа емес еді. Бартон қолын жаралап, үстіндегі бір киімін де былғайды. Машинаның шынында жөнделгенін көріп, кемпірдің күдігі тарайды. Бірақ ол Бартонға қанша ақша алса да беретінін айтады. Өйткені Бартонның көмегі болмағанда, мынадай иен далада әрқандай істің туылуы мүмкін еді. Кемпірдің сөзі оның күтпеген жерінен шықты. Өйткені ол адамға қызмет қылуды ешқашан біртүрлі қызмет деп қарамайтын. Оның ойынша басқалар қиыншылыққа тап болғанда, оған көмек қолын созу керек, оның ақшамен қатысы жоқ. Бартон күліп тұрып: «егер сіз менің жақсылы­ ғымды шынайы қайтармақ болсаңыз, келесі кездескен көмекке зәру адамға көмек етіңіз, ол сіздің маған қайтарған ең жақсы қарызыңыз» дейді. Кемпір

ендігі әрі ештеме айтпай, жолына түседі. Ол машинамен аз жүргеннен кейін, шағын қалашыққа келеді. Оның бірталайдан нәр татпағаны есіне түсіп, машинасын тоқтатып, жол бойындағы кофеханаға кіреді. Кофехананың іші тозыңкы, бір жүкті әйел күңгірт шырақ жарығында кемпірге аса мүләйім бейнеде амандасады. Жүзінен күлкі үйірілген әйелге қарап, кемпір оның кемінде сегіз айлық құрсақ көтергенін шамалайды. Осындай жағдайда тағы оның жұмыс істеп жүргеніне, әбден түн болғанда жолдан өткен бір жүргіншіге соншама қызу мәміле жасағанына қарап Бартонды еске алады. Әйел кемпір ұсынған жүз Америка долларын алып, есебін жасап, ақша қайтармақ болғанда, кемпір әлдеқашан кетіп қалған еді. Үстел үстіндегі қағазға: «Менімше сен көмекке мұқтажсың. Менде сен секілді болып, ізгі ниетті адамдардың көмегіне қол жеткіздім, қазір мен сол қайырымды әрі жалғастырмақшымын. Стаканның астында тағы 400 Америка долларын қыстырып кеттім» деп жазып кетеді. Әйел күтуші үйіне қайтып барғанда тым кеш болып кеткен еді. Күйеуі тағатсыздана күтіп отырған болатын. Ол күйеуінің бүгінде қызмет таба алмай қайтқанын білетін. Әйел түннің бір уағына дейін, дөңбекшіп ұйықтай алмайды. Кемпірдің сөзі құлағында. Иә, келер айда нәрестелері дүниеге келеді. Бірақ сол балаға қажетті ақшаның өзі бұлар үшін тым қиын болып тұр еді. Әлгі кемпір қайтіп білді екен деші? Ол баяғыда ұйықтап қалған күйеуіне қарап, оның жүзінен аймалады да, бәрі оңалып кетеді сүйікті Бартон деді. Көптеген адамдар, қазіргі қоғам жөнінен адамға көмектесуді қуаныш деп білудің дәуірі өтті, мынау

қай заман, қазір бәрін де ақшаға қарау керек дейді. Бірақ әркез өміріңіздің күнін ақшамен өлшемеңіз. Олай болғанда сіздің өміріңіз, сүреңсіз тартады. Бір қартаң ана өзінің тұрмысы да пәлендей ырғын болмаса да, әр рет мүгедек, қайыр тілегендерді көргенде барынша қайырым етіп тұрады. Ол ұдайы: «олар маған қарағанда бір юаньға тіпті де зәру» дейді. Мүмкін сіздің Бартон сияқты бағыңыз жанып, дереу қарымтаға ие бола алмауыңыз мүмкін, бірақ, оның ең үлкен табысы рухани жақтағы жұбаныш еді. Ол өзінің бақытсыздығы үшін басқалардың қиыншылығына немқұрайды қарамады. Бұл – оның ең зор байлығы. Бұл байлық – әрқандай керемет байлық орнын баса алмайтын байлық. Егер сіз қиыншылыққа тап болған адамға көмек қолыңызды созсаңыз әрі бұл ісім өтем күтуге татымайды деп қарасаңыз, онда сізді құттықтауға болады. Өйткені сіз, өмірдегі ең қымбатты байлыққа қол жеткіздіңіз.

Бақ пен сор – егіз Адамның өмірі де жазғытұрым құлпырып ашылған гүлге ұқсайды. Оның көздің жауын алатын шағы да, кұз-желімен дәрменсіз қалтылдайтын кезі де болады. Сондықтан басқа бақ қонғанда, есіріп естен айрылудың, бақытсыздық келгенде ұнжырғасы түсіп өзін жоғалтып алудың еш қажеті жоқ. Мүмкін кейде бақытсыздыққа бақ, арман-ойдың жасырынатын кезі болады. Дүниеде көптеген істерді болжау аса қиын. Бақ болсын, сор болсын қашанда егіз. Өйткені өмірдің өзі жету мен айрылудың қосындысынан тұрады. Тым ерте кезде, қиырдағы таулы орман ішінде бір қария болыпты. оның бір ұлы, ұлының жалғыз тұлпары болыпты. Күндердің күні тұлпар аяқ астынан ғайып болыпты. Көршілер қарияға жұбаныш айтып, тұлпардың із-түзсіз жоғалғанына өкініш білдіріпті. Қарт: «Мұны бақытсыздық деп кім айтты сендерге?»депті. Көршілер таңырқасып тарасыпты. Аз күн өткеннен кейін тұлпар үйір жылқыны бастап келіпті. Көршілер тағы қарияның тосын олжасына құтты болсын айтып барыпты. Қария көршілеріне қарап, аса сабырлы бейнеде: «Мұны жақсылық деп кім айтты сендерге?» – депті. Көршілер бұл сөздің бай-

ыбына бара алмай, тағы үнсіз тарасыпты. Аз күннен кейін шалдың баласы әлгі бір үйір тағының ішіндегі айғырын мініске үйретем деп жүріп, аяғын сындырып алыпты. Көңілін сұрап келіп, жұбатқан көршілерге қария тағы: «Мұны келіспестік деп кім айтты?» депті. Жұртшылық бұл сөздің байыбына тағы бара алмапты. Сол жылы соғыс болып, атқа мінер азаматтардың бәрі шайқаста мерт болыпты. Қарияның баласы аяғы кем болғандығы үшін соғысқа қатынаспай аман қалыпты. Шынайы өмірде адамдар бақытқа кенелгені үшін асып-тасады, бірақ сол бақытқа сор жасырынбағанына кім кепіл? Сол секілді, бақытсыздыққа тап болғанда, қатты күйзеледі. Бірақ сол сорға бақыттың жасырынып жатпағанына кім кепіл? Ертеде үнді елінде ел жанды, қайырымды хан болыпты. Ол мемлекетті жақсы басқару үшін ұдайы ел аралап, халықтың қамын жеп, мұң-мұқтажын ұғынып тұрады екен. Оның аса іскер, парасатты уәзірі болып, әрқандай істе патша оның ақылын, кеңесін тыңдайды екен. Бір күні кенет жаңбыр жауып, патшаның ел аралау жоспары бұзылыпты. Патша қасындағы уәзірінен: «мына жаңбырдың жауғаны жақсылық па?» деп сұрапты. Уәзір: «Жақсылық! Жаңбыр жауса, дүние тазарады, ауа ылғалданады. Тақсыр, сіз күн ашылғандағы тамаша табиғат көрінісінен ғұзырланасыз, халықтың да хал-жайын жақсы ұғынасыз» депті. Патша естіп қуаныпты. Бір жолы патша сыртқа шығады. Күн қатты шыжып кетіпті, патша жайсызданып, уәзірден: «Мынадай шіліңгір ыстықта ел араласақ, қалай болады? Мұндай күн райы елімізде сирек кездеседі. Тақсыр!

Мұндай ауада халықтың қалай күн кешіп жатқанын тіпті анық көруіңізге болады» – депті. Патша оның бұл сөзінің де тым орынды екенін аңғарыпты. Патша уәзір екеуі де аң аулауға құмар болып, ұдайы бірге аңға шығады екен. Бір жолы патшаның бір саусағын қақпан жұлып кетіпті. Патша уәзірінен: «Саусағым үзіліп қалды, бұл жақсылық па?» депті. «Жақсылық!», - депті. Шамырқанған патша уәзірді зынданға тастатып: «Сені зынданға тастағаным қалай?» деп сұрапты. Уәзір тағы: «Өте жақсы болды!» – депті. Ызаға булыққан патша жырғаған болсаң, жата бер!» деп жайына кетіпті. Аз күннен кейін патшаның аң құмары ұстап, уәзірді ертіп алайын десе намысы жібермей, ақыры өзі жалғыз кетіпті. Аңшылықтың сырына, жер жағдайына қанық болмағандықтан, патша қанша айланса да аң емес тышқан да аулай алмай, кешке дейін сенделіп жүріпті. Тауға ымырт үйіріліпті. Қалжыраған патша атын жетелеп, қалың жыныс орманнан зорға шықса да, айналаның тым жат екенін байқап, өзінің адасқанын біліпті. Көп өтпей жыртқыш аңдарға қазылған орға түсіп, қанша тырбынса да шыға алмапты. Сәлден соң адамдардың аяқ дыбысы естіліпті. Патша «құтқарылатын болдым деп қуаныпты, әрі құтқарыңдар!», – деп айғай салыпты. Десе де олар көрші елдің адам жейтін жабайылары екен. Олар патшаны ауылға алып қайтыпты. Кешінде патшаны ортаға алып, отты маздатып ән салып, биге басып шаттыққа шомылыпты. Ойын бір талай жерге барғанда, ағаштан сөре жасап, патшаны асып, астына отын үйіп, қақталған адам етін жеуге әзірленіпті. Бір ауыз датын айтуға шарасыз қалған патша ымдап әлденелерді ұқтырмақшы болыпты. Бірақ оның да-

тын ешкім ұғынбапты. Аздан кейін рәсім басталып, ру басы жұртшылықты тыныштыққа шақырыпты. Құшнаш дұғасын оқып, патшаның тұтас денесіне иіс су шашып, әрбір ағзасын тексере бастапты. Тексеріп қолына келгенде, басын шайқап, әлденелерді айтып үздіксіз күбірлепті. Құшнаш: «біздің рудағылар тек денесі ақаусыз хайуандарды ғана жейді, мына хайуан жақсылықтың нышаны емес, өйткені оның бір саусағы кем екен, оны жеуімізге болмайды!» – дейді ру басына сыбырлап, ру басы өзі тексеріп көргеннен кейін, патшаны қоя беруге бұйырады. Ажалдан аман қалған патша еліне қайтқан бойда зынданда жатқан қайырымды уәзірін құшақтап, көз жасын көлдетіпті әрі: «Сенің неліктен менің саусағымнан айрылғанымды жақсылық дегеніңді енді түсіндім, ол менің жанымды алып қалды. Сені жазықсыз жазғырыппын!» деп ағынан ақтарылыпты. Патша уәзірінен: «сені зынданға он шақты күн қамағаным дұрыс болып па?» деп сұрапты. Уәзір: «өте жақсы болған!» деп жауап береді. «Неліктен?» патша тағы байыбына бара алмай сұрайды. Уәзір: «тақсыр, мені зынданға қамамаған болсаңыз, адам жегіштердің қолына екеуіміз бірге түсетін едік, сіз саусағыңыздың кемдігінен аман қалар едіңіз де, мен оларға дәмді қонақасы болар едім. Өйткені менің дене мүшемде кемдік жоқ» деп ұғындырыпты. Патшаның осыдан: «Әрқандай істің екі жағы болады екен. Жақсының жаманға айналуы тек өзіңізге қатысты екен-ау» – деген ақиқатты танып жетеді. Қол жеткізу мен айрылуды бөліп қарауға болмайды. Ол бір тұлғаның екі жағы ғана. Өмірде осы ақиқатты айыра білмегенде, оның тәлкегіне ұшырап, ауысуы тым тез бақыт пен сор-

ды меңгере білмеуіміз мүмкін. Онда қолға қонғалы тұрған бақыттың өзі де жылыстап кетеді. Шынайы өмірде бәріміз де мәселеге дұрыс диалектикалық тұрғыда қарай алмаймыз. Сонымен бір реткі сәтсіз махаббат, баянсыз неке немесе белгілі себеп салдарынан қызметтен айырылғанымызға, кәсіпте сәтсіздікке ұшырағанымыз үшін шексіз құсаланып, өмірдің күні мәңгі сонымен батқандай, түпсіз күйге батамыз. Шындығында, дүниедегі құбылыстардың бәрі де солай. Жұлдыздардың үздіксіз қозғалысы, күн мен түннің ауысқаны сияқты, дүние өзінің заңдылығымен дөңгелеуде.

Жалқаулық – табыстың қас жауы Жалқаулық – бейне оба сияқты. Ол сіздің денеңізге дарығаннан кейін оңдырмайды. Біз табысқа жол алған сапарымызда сөзсіз өзімізге жауапты болып, жалқаулықты жеңіп, нық қадаммен алға ілгерілеуіміз керек. Әр күні түс әлеміне сапар шегудің алдында бүгінгі істерді ойлап, өзіңізге: «анау керемет болды, мынау өте жақсы істелді, ал тағы бір шаруа...», – деп қилы қорытынды жасауыңыз мүмкін. Осы бір күндік тірлігіңізге қорытынды жасау барысында, артықшылығыңыз бен ағаттығыңызды сараптап, белгілі танымға келесіз. Сүйіншіңіз бен сеніміңіздің үрдіс артқанын байқайсыз. Өйткені сіз тағы арманға қарай шеру тартып барасыз. Арықтауды мысалға алайық. Сіз өнімге қол жеткізем дейді екенсіз, сөзсіз әр күнгі азықтану мен әрекетіңізге көңіл бөлуіңіз, дер кезінде дене салмағыңызды өлшеп, нысаналы түрде өзіңізді баулуыңыз керек. Жалқаулық – табыстың жауы. Кімдекім табысқа жетем дейді екен, сөзсіз жалқаулықпен күресу керек. Әдебиет алыбы Лев Толстой жас күнінде аса жалқау жан еді. Осы індетті жеңу үшін ол екі түрлі шара қолданады. Бірі, әр күні гимнастика ойнау, енді бірі күнделік жазу еді. Осы екі тәсілді ол сексеннің сеңгіріне шыққанша, естелік жазуды қайтыс болуына төрт күн қалғанша жалғастырады. Ол жалқаулықпен күресіп, түбегейлі жеңіске жеткені үшін де «Тірілу», «Анна Каренина», «Соғыс және бейбітшілік» сынды ұлы шығармаларды жазып, әдебиет алыбына айнала

алды. Қорытып айтқанда, жалқаулықты жеңуде әр күні өзіне есеп беруден тыс, төмендегі төрт түйінді орындау керек. Бірінші – әр уақытта өзінің өмір нысанасын есінде берік сақтау. Бұл жалқаулықты жеңудің ең жақсы әдісі. Көптеген адамдар қашанда не істерін білмей, ғұмырын босқа өткізеді. Өйткені оларда мағыналы, өзіндік құнға ие күрес нысанасы жоқ. Олар өмірдің шынайы мәнін сезіне алмайды да, ішіп-жеу, сауық-сайран мен бойындағы қуатын сарп етіп болғанын бір-ақ біледі. Олардың әр жылы жасына бір жас қосылудан басқа ешқандай табысы болмайды. Екінші – әрқандай сылтауды аластау керек. Жалқаулықты тудыратын маңызды себептердің бірі, өзіне түрлі сылтауларды іздеу. Біреулер: «егер менің мәдениет өрем жоғарылау болған болса, сендерден жақсы істейтін едім. Өкініштісі менің алған білімім тым шекті болып тұр» дейді. Ал тағы біреулер: «жас күнім болса талай шаруаны тындырар едім, жас болса мынау, арман бар, дәрмен жоқ» дейді. Әркімде әр түрлі сылтау жеткілікті. Мәселе олар осы сылтауларға мойынсал болып отыр. Үшінші – сөзсіз белгілі нақты істерден бастап істеу. Жалқаулықты жеңуде сөзсіз табандылық пен ерік күш болу керек. Әрі нақты істерден бастап, қол салып істеу маңызды. Төртінші – жоспарды уағында орындайтын тамаша әдет болу керек. Жалқау адамдардың бәрінде жақсы қызмет, тұрмыс дағдысы болмайды. Егер олар уағында жұмыс істейтін дағды қалыптастырған болса, жалқаулықты жеңе алған болар еді. Үздіксіз тырысудың бір амалы, әр уақыт өзіңізге тек бүгін ең қымбат уақытты ақшаны үнемдеген сияқты сақтап қойып, қажет кезінде істетуге болмайды. Бізге берілген уақыт тек бүгін, бүгінді,

әрбір бүгінді ұстай алсаң, бәрін де меңгере аласың деп ескертіп отырыңыз. Кешегіңіз күшін жойған, ертеңіңіз әлі ақшаға айланбаған шек, тек бүгін ғана нағыз істету күні бар алтын, бүгінді мықтап ұстамағанда, біткен үміт селге кетеді. Жалқаулық бәрін де жегі құртша жалмап бітіреді. Оның үстіне бүгін орындауға тиісті міндетті ертең орындағанша, осыған жұмсаған зейінмен сол міндетті бүгін орындаған әлдеқайда артық емес пе?! Артқа созылған жұмысты орындау тіпті қиын. Оған ұстаған ұстаным тек зорланудан басқа емес. Бүгін орындауға болатын міндет бірнеше күнге немесе бірнеше аптаға созылғаннан кейін, ол дұрысқа айналады. Хатты тапсырып алғаннан кейін дереу жауап хат қайтармаса, артынан хат қайтару аса қиын шаруа. Көптеген ірі серіктіктер хатты алған күні қайтару керек дегенді тізім етіп бекіткен. Тек бүгінді, қазіргі әр минут, секундты қадірлеу керек. Тағы бір жағынан уақытты қадірлеу тек сіздің өз уақытыңызды қадірлеу ғана емес. Одан да маңыздысы сіздің басқалардың уақытын қадірлеуіңіз. Біреулер уағда, неке сияқты киелі іске салқын қарауға келмейді. Уағдада тұрмаған адам, себебі толық болмауын есепке алмағанда, толық қанды алдамшы, оның айналасындағы дүние оған алдамшыға қарағандай қарайды дейді. Гораци Грелей: «егер адам басқалардың уақытымен еш санас­ паса, мұның басқалардың ақшасын ұрлағанмен не парқы бар? Біреудің бес сом ақшасын ұрлау мен бір сағат уақытын сарп еткеннің не парқы бар? Керісінше көптеген адамдардың бір сағаттық қызмет күні бес Америка долларынан жоғары тұрады»дейді. Президент Дж. Вашингтон сағат 4-те ас ішетін.

Кейде президент сарайына асқа ұсыныс етілген жаңа парламент мүшелері тамаққа кешігіп келетін. Мұндай кезде Дж. Вашингтон тек өзінің қамымен болып, оларға қарап та қоймайтын. Олар қатты ұялатын. Президент ұдайы: «менің сағатым ешқашан қонақтар келді ме дегенді сұрамайды, қайта уақыт болды ма? дегенді сұрайды» – дейтін. Франклин кешігіп келіп сылтауды сықпыртатындарға: «меніңше сылтау табуға мықтылардың басқаша ерекшелігі жоқ» – дейтін. Бір жолы Наполеон маршалдарына кешкі асқа ұсыныс етеді. Маршалдар белгіленген уақытта келмейді. Ол өзі тамақты жей бастайды, енді жеп бола бергенде маршалдар келеді. Наполеон: «мырзалар, қазір ас ішетін уақыт бітті, біз қызметті бастайық» – дейді. Жон Квинси Адамс ешқашан кешікпейтін. Парламент жиын ашқанда Адамс мырзаның отырғанын көрген мүшелер жиынның басталатынын жариялайтын. Бір жолы жиын төрағасы жиынның басталғанын жариялағанда, біреу: «уақыт толған жоқ, өйткені Адамс мырза әлі келген жоқ» дейді. Нәтижеде парламенттің сағаты үш минут ілгері екені байқалады. Үш минуттан кейін Адамс мырза әуелгісіндей дәл уағында келеді. Уақытқа құрмет ету, сенімге ие болудың алғышарты. Ол – адамға даңқ және байлық әкеледі. Уақытты қадірлейтін адамдар әдетте уәдесін бұзбайды немесе екі айтпайтын сенімді адамдар. Ол бізді сенімге, жеңіске қадам тастауға жебейді. Өзіңізге сылтау қарастырмаңыз. Көптеген сәтсіздіктің бәрі кешігуден. Қарамаққа ерте-кеш бірнеше минуттың ісі болғанымен, нәтижесі мүлде басқаша. Сондықтан бүгіннен бастап, қазірден бас­тап ештемемен санаспаңыз, тек істеуге кірісіңіз.

Даңқ пен сенім – баға жетпес асыл Тамаша абырой мен даңқ бір адамның моральдық сапасына берілген баға, оның шапағаты хан тағынан да биік тұрады. Әрқандай кезде, әрқандай уақытта бір адамның даңқы мен абыройы мақсатты-мақсатсыз түрде басқалардың бақылауында болады. Мүмкін сіздің ізгілігіңіз, жомарттығыңыз, әділдігіңіз, басқалар жағынан мадақталмауы мүмкін. Бірақ адамдар іштей сізге даңқтың тәжін кигізіп үлгірген. Даңқ болса, басқа әрқандай шен-шекпенде басы артық нәрсе. Осы даңқ ешқандай кір шалмай, кейінгі ұрпаққа жетсе, олар да бақыт пен даңққа бөленетін болады. Бір күні Гугу Миллер бір ірі банкінің оны кассирлікке шақырған ұсынысын алады. «Кешіріңіз, мен бұл қызметтің талабынан шыға алмаймын, білсеңіз етті, мен касса есебіне мүлде жоқпын!», «Оқасы жоқ, мұның бәрін ақырын үйренуге болады!» Банк қожайыны Лос мырза оны титтей де қаперіне алмайды. «Бірақ мен өзіме кепілдік ететін лайықты адам таба алмадым». Миллер тағы сыпайы тойтарыс жасайды. «Біз сенің ешқандай кепіл адамыңды қажет етпейміз! Сенің даңқың өзіңе кепіл

бола алады, алаңсыз бол, сенің келіп мұнда істегенің біз үшін абырой!» – дейді Лос табанды түрде. Миллер Лос банкирмен ешқашан танысқан, тіпті бірер рет қарым-қатынас та жасаған емес. Міне, бұл жақсы атақабыройдың шашқан шұғыласы. Десе де адам жақсы атақ-даңққа бөленгеннен кейін оны қадірлеуді білу керек. Себебі жақсы атақдаңқ әлсіз әйнек дүрбі сияқты, қалпына келуі тым қиын. Шағылған әйнек паршасы басқаларды, тіпті өзіңізді жаралауы мүмкін. Германияда оқып жатқан бір оқушы қыз жұмыс іздеп шапқылайды. Бірақ қайда барса да еш себепсіз тойтарысқа ұшырап отырады. Ақыры ол төзбей өзін тойтарған директорға: «сендерді нәсіл кемсітуші деп үстеріңнен арыз жасаймын!» дейді ызаланып. Директор қызға байсалды түрде: «егер сені обалды етпеген болсам, сен жайында көше автобусында бір рет билет алмай түстің, серіктік қақпасындағы амандық қорғаушыларға пәлен серіктіктің қызмет бабымен келген директорымын деп өтірік айттың, сен өзіңнің қызмет іздеп келген оқушы екеніңді басқаларға білдіруді қаламайсың өйткені басқалардың көзге ілмеуінен қорқасың» – дейді. Қыз басын төмен салып мойындайды, өйткені директордың айтқандарының бәрі шындық еді. «Құдай атқанда, бүгін екеуіміз бір автобусқа шықтық, мен сенің артыңда болатынмын. . . . »осы екі кішкентай іс үшін қыздың қызмет іздеуі сәтсіз болады. Германияның көше көлігі билетін тексеру он мыңнан үш салыстырма. Яғни сіз он мың рет билет алмасаңыз, үш рет қана ұсталу мүмкіндігіңіз бар. Бірақ ұсталмайды екем деп ойыңызға сеніп, абыройдан айрылсаңыз, тек бір рет қана, ол сіздің тыр-

наштап жиған абыройыңызды бір-ақ төгіп кетеді. Нағыз ақылды, парасатты адамдар тұрмыс формасын таңдағанда көркем, қарапайым, тыныш тұрмыс формасын таңдайды. Ол оның жан дүниесінің кіршіксіз, жақсы атақ-даңқын сақтап, адал, түзу ғұмыр кешу үшін. Сіз бай болмасаңыз да, атақ-даңқыңыз болса, осының өзі де жетіп жатыр. Көлденең олжамен ақымақтарша істелетін қателіктерден сақтанып, өз абыройыңызды қорғаңыз. Жақсы атақ-даңқыңыздың болғаны, сіздің шартарапқа сәуле шашқан асыл тәжіңіздің болғаны. Өмір қысқа, түкке тұрғысыз ұсақ істерге бола өзіңізді зая етпеңіз. Егер мардымсыз істер табысқа жетудің бөгетіне айналса, үлкен істерді істеуге кесірін тигізеді. Біз әдетте ірі-ірі дағдарыстарға көкірек кере төтеп береміз де, түкке тұрғысыз ұсақ мәселелерге келгенде ұнжырғамыз түсіп таусыламыз. Шындығында, кішкентай істерден туындаған беймазалықтан арылу үшін тек өзіміздің танымымызды жаңаласақ қана жаңа идеяға ие болып, рухани жақтан жеңілдейміз. Кейбір істер бізді мазалағанымен, ол бұл істің шынында берекесі кеткен шаруа екендігінен емес, қайта көп жағдайларда өзіміздің сол іске қалай қарауымызға қатысты. Бір күні «хайуанаттар патшасы» атанған жолбарыс әулиенің алдына келіп: «құдіретті тірлік иесі маған мынадай құдіретті қуат пен ешкім басынбайтын айбат бергеніңізге көп алғыс, мен аса күшті болғаныммен әр күні таң сәріде тауықтың дауысынан шошып оянам. Маған тағы бір рет қайырым етіп, тауықтан қорықпайтын құдірет беріңіз!» деп өтініпті. Әулие: «сен пілге барып жолық, ол саған қанағаттанарлық жа-

уап береді»депті. Сонымен жолбарыс пілдің ауылына жол алыпты. Пілді тауып сәлем бергенше, піл өзіменөзі әлек болып, «қорсылдап» мазасы кетіп жатыр екен. Жолбарыс: «сол ғұрлы не болды?» деп сұрапты. Піл жапырақ құлағын тынымсыз қағып тұрып: «бір оңбаған маса құлағыма кіріп алып, жанымды жай таптырмай жатыр» деп шағыныпты. Жолбарыс: «менен де алып пілді түйірдей маса тәлкек қылғанда, оның да қорқатын нәрсесі бар екен, менің өкпелейтін не жөнім бар? Оның үстіне тауық мені күніне бір ғана рет мазалайды. Ал маса күн бойы пілге тыным бермейді екен» деген ойға келіп, жолына түсіпті. Жолбарыс: «бұдан кейін тауық шақырса, оны мені орнымнан тұруға шақырған дабыл деп қарасам болды емес пе?!» деген танымға келіпті. Әдетте тек ішінара адамдар ғана түкке тұрмайтын істермен өзін қасіретке салады. Калифорниядағы әйгілі сот бастығы Сабос 40 мыңнан астам некеден ажырасу істерін бір жайлы еткен. Ол «неке тұрмысының ойдағыдай болмауының бәрі асылы ылғи ұсақ істерден» деген еді. Заңда «заң ешқашан түкке тұрғысыз істерді тектемейді» – деген әйгілі сөз бар. Адам жан дүниесінің тыныштығын ойласа, кір арзымас істер үшін таусылмауы керек. Адамдар түкке тұрғысыз істер үшін беймаза болып, әп-сәтте үміт болуға тиісті істерге бола құсалы күй кешеді. Біз бұл дүниеде қысқа ғана бір неше он жыл ғұмыр кешеміз. Көптеген төленбейтін уақыттарымызды зая етеміз. Бір жылға жетпей, басқалардың есінен шығып кететін істер үшін өзімізді азаптаймыз. Олай етпейік, зейін-зердемізді нағыз істеуге тиісті істер үшін шоғырландырып, нағыз сезімімізбен жасайық. Өмір

тым қысқа, мардымсыз істерге шашылатын уақыт жоқ. Уайым сізді түбегейлі құртудың алдында, мардымсыз істерге уайымдайтын әдетіңізді өзгертіңіз. Есіңізде болсын, түкке тұрғысыз істерге шашылып, үлкен істерден кешікпеңіз. Егер татымсыз істер сіздің аяғыңызға тұсау болса, аса қымбатты өмірдің зая кеткені.

Бәсеке Тек өнімді істестік болса, бәсеке тамаша табысқа бастауы мүмкін. Үлкен істерді тындыратын адамдар әріптесін өз серігіне балап, бәсекеде өзінің парасаты мен қабілетін жоғарлатуға күш салады. Жайшылықта, бәсекеде сөзсіз жеңіс-жеңіліс болады деп қараймыз. Десе де бәсеке атаулының бәрі бір жақтың жеңілісі, енді бір жақтың жеңісі бола бермейді. Кейде екі жақтың да жеңісі болуы мүмкін. Петрдің ата-бабасы осы қалашықты мекендеп, «Балалар әлемі» дүкенін ұрпақ ауыстырып келе жатқан еді. Ал қазір дүкен оның иелігіне өтіп отыр. Оның дүкені әділдігімен сенімге бөленіп, қалашықтағылардың кем болса болмайтын қажетіне айналған. Ұзаққа бармай оның баласы да дүкен мұрагеріне айналмақ. Бір күні сырт ауылдан келген біреу дүкеннің қарсысынан құрылыс сала бастайды. Шамасы жаңа дүкен ашылатын сияқты. Петр от алып қопаға түсіп, дүкеннің есік алдына «бұл дүкен ашылғалы бір ғасыр болды» деген тақта тұрғызды. Ауылдастары көріп мырс етісіп, езу тартысты. Жаңа дүкен ашылған күні Петрдің ұнжырғасы түсіп, дүкеннің алдында отырады. Әйелі оның қасына келіп, «сүйіктім, жаңа дүкенге қандай көзқарастасың?» деп сұрайды. «Мүмкін болса қазір-ақ өртеп жібергім бар» дейді Петр ызаланып. «Жоқ сүйіктім, сен ол дүкенді барып құттықтауға

тиіссің. Білуің керек, сенің елді сүйінтетін қасиетің бар, адал момын жансың, қалайша ондай сұрқия ойға барасың?» – дейді. Петр оның талабына зорға қосылғандай болғанымен, әріптесіне шын жүректен тілеу тілеп тұрған жоқ еді. Бірақ екінші күні Петр жаңа дүкеннің алдына келеді. Дүкен әлі ашылмаған, есік алды адамға толы еді. Әріптесі келгенде, Петр оның алдынан шығып, дауыстап тұрып: «сырт ауылдан келген бауырым, дүкенің құтты болсын, сен ауылдастарға игілік жараттың!» – дейді. Петрдің сөзін естісімен қыстақтағылар жабыла келіп, Петр­ді алқайды. Оны қыстағымыздың мақтанышы деп мадақтайды. Әлгі сырт ауылдан келген жігіт Петрдің қолын алып, екеуі ескі достардай бірін-бірі құттықтайды. Кейін Петрдің саудасы жаңа дүкеннің ықпалына ұшырамайды. Өйткені олардың қалашығы жылданжылға ұлғаюда еді. Дүние онша тар емес, дүниеде тек әріптесің екеуің ғана жасап жатқан жоқсыңдар. Қайнаған қаланың үлкен даңғылында екі үлкен дүкен болып, бір дүкеннен қажетін таба алмағандарға дүкен қожайыны екінші дүкенге барып қажетін іздеп көруді тапсырады екен. Ғажаптылығы сол, бұл дүкеннің саудасы оның тұтынушыларын қарсы дүкенге барып, зат сатып алуға ұсыныс еткені үшін тоқырап қалмайды. Қайта бұрынғыдан да қажет болады. Асылы адамдардың бәрі кеңпейіл жандармен қарымқатынас жасауды ұнатады. Нағыз үлкен іс тындыратын адамдар қашан да өз әріптесін серігі ретінде қабылдап, бәсеке барысында өзінің парасаты мен қабілетін жоғарылатады. Өйткені әріптесі өзімен ұқсас қызметпен айналысатындықтан, ол оның әріптесі ғана емес, үйрену обьектісі болуы да өте айқын,

сіздің әріптесіңіз болмағанда, сіздің де зауалға бет алғаныңыз, өзара қырқысудың соңы тек екі жақтың да жеңілісімен тынбақ. Бұл заңдылықтың істелетін көлемі шынында кең, тек адамдар арасында ғана емес, сауда саласында, мемлекет аралық бәсекеде, саясаттан экономикаға дейін бұл қағиданы дәлелдейді. Егер қазіргі заманда кім де кім бәсекелесуші екі жақты бірі өліп, бірі қалатын жау деп қараса, оның дәуірдің көшінен қалып қалғаны. Ендеше, біздің дәріптеп отырған бәсекеміз, екі жақты да жеңіске бастайтын бәсеке.

Жеңіс – үміткерге тән Үміт – ол сенім, сізді алғысқа жетелеп, үйлесімді шешім жасау мүмкіндігіне ие етіп, әр істі жөнге салуға жетелейді. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының орта шенінде Американың белгілі қамсыздандыру серіктігі 5 мың сатушы қабылдап, оларды тәрбиелейді. Әрбір қызметкердің тәрбиелену қаражатының өзі 30 мың Америка долларынан асып кетеді. Бірінші жылдың өзінде сатушының жарымы жұмыстан қол үзіп, 4 жылдан кейін тек бестен бірі ғана қалатынын кім ойлаған? Бұл серіктестіктің Песилвания университетінің профессоры «адамның табысқа жетуінде үміткерлік ұстанымының маңызы» атты ғылыми еңбегімен әйгілі болған Мартин Селигманнан нұсқау сұрайды. Оның серіктігінің қызметкерлеріне көмектесуін өтінеді. Профессер Селигман үміткерлер жеңіліске тап болғанда, олар жеңілісті белгілі өзгертуге болатын іс деп қарайды. Қашанда оны өзгермейтін, жеңуге болмайтын болмыс деп түсінбейді. Сондықтан олар қазіргі ауқымды өзгертіп, табысқа жетуге құлшынады деп түйеді. Профессор оларға екі түрлі сынақ жүргізеді. Бірі, серіктіктің қалыпты зейін сынауы, енді бірі өзі жобалаған, олардың үміткерлік ұстанымына болған сынақ. Ол соңынан қызметкерлерді түрге айырып зерттеу жүргізеді. Бірінші топтағылар зейін сынау емтиханынан өтпейді. Бірақ «үміткерлік сынағынан» «аса үміткерлер» нәтижесіне ие болады. Зерттеу нәтижесі

осы топтағылардың міндетті орындауы ең жақсы екенін, бірінші жылдың өзінде әдеттегі сатушыларға қарағанда 20 пайыз, екінші жылы 57 пайыз артық орындағанын дәлелдейді. Содан бастап профессор Селигманның «үміткерлер сынағы» осы серіктестіктің қызметкер қабылдаудағы маңызды шартқа айналады. Біз қашанда басқалардың өзімізге қалай қарауына ерекше назар аударамыз. Мысалы, киген киімімізге, жүріс-тұрысымызға, әлдеқалай айтқан бірер ауыз сөзімізге басқалар не деп жатыр деп секем аламыз. Қашан да басқалардың дұрыс бағасын ала алмаудан алаңдаймыз, басқалардың көзқарасы үшін көлгір ғұмыр кешу жүйкені тоздырады. Тұрмыстағы түкке тұрғысыз кінәраттардан қағыс қалу қиын. Маңыздысы, көңілді тұрмыс кешуді, дүниедегі істердің бәріне үміткерлік ұстаныммен қарауды үйреніп алу. Әр күні бірнеше минут уақыт тауып, тек келер аптада немесе келер жылы мүмкіндігі бар қуанышты істерді қиялдаңыз. Болашаққа уайыммен торыға қарамаңыз. Өмірдегі көңілді, көркем істерді көп қиялдаңыз, өзіңізде сезінбей, оларды жүзеге асыруға жоспар жасайсыз, уақыт өте келе үміткерлікке дағдыланып қаласыз. Әрқандай қайраткер немесе табыскер торықпай­ ды. Американың оңтүстік және солтүстік соғысы ең қиын жағдайға тап болғанда да, екі жақтың қол басшысы Линкольн мен Ли генерал болашақтың көркем екендігіне батыл сене білді. Адамзат қоғамы тарихындағы ең тамаша кезде өмір сүріп жатқан сіз сол тарихи адамдардай берік үміткерлікке ие бола алмайсыз ба? Үміткерлік қана үмітке жетелейді. Үмітсіздік пен

торығу сізді ешқашан сарыуайымнан арылта алмайды. Үміткерлік – тегіннен ұлы жеңіс. Өйтке­ні, ол сіздің ақаусыз да алаңсыз ғұмыр кешіп жатқан­ дығыңыздың белгісі. Төрт түлігі сай адамның аса көңілсіздік салдарынан рак ауруына шалдығуы, оның әуелі тәннен жеңіліске ұшырауы, «жаның тірі болса, етің сірі болады» бұл айтылым үміткерлік емес, надандық. Үміткерлік – батыл сенім. Ол сізді алысқа жетелеп, үйлесімді үкімге сай шешім жасап, әр істі жөнге салуға баулиды. 1928 жылы, ауыр экономикалық дағдарыс бол­ ғанда, бір бөлім асыра үміткерлер көбік экономиканың құрығанына сенбеді. Көреген қайраткерлердің үкімет­ тен ақшаның құнсыздануын тежеуді талап етуі «асыра күйреуіктік» саналып келекеге ұшырайды. Экономика үздіксіз тұралағанда, «асыра надан», «үміткерлер» зор өтем берді. Оларда жеңіліске серпіліп шығардай жігер болмады. Бірақ дәл осы адамдардың нағыз күйреуіктер екенін дәлелдеді. Ал, көзаясы ашық адамдар шындықпен бетпе-бет келіп, үйлесімді шара қолданып, ауыр қатердің алдын ала білді. Олар нағыз үміткерлер еді. Сіз нағыз үміткер бола аласыз, болашаққа беталғанда, түрлі факторларды ақылға жеңдіріп, онан соң бағдарыңызды белгілеңіз, бәрі сіздің күткеніңіздей болмақ. Сіз шұғылалы болашақты күтіп аласыз. бағдарыңызды белгілеңіз, бәрі де сіздің күткеніңіздей болмақ. Сіз сөзсіз жұлдызды болашақты күтіп аласыз.

Сенімің серік болсын! «Менмін» деп өзіңе сенсең, сенің алмайтын қамалың жоқ. Бұл ешқандай ғылыми негізі жоқ сөз сияқтанады, бірақ сенім адамзатты ғылыммен әзілдесе алатын алапат күшке ие ете алады. Сенім небір кереметтерді жарата алады, сіз өзіңізді кереметпін деп қарасаңыз, сіз шынында кереметсіз. Біз әрқашан, әруақытта өз көңіл-күйімізді өзгеге білдіреміз. Біздің беделіміз басқалардың бізге берген бағасы. Біздің табысқа жетуімізбен тығыз қатысты. Егер басқалар бізге сенбесе, әлсіз тұстарымызға қарап қабілетсіз, қорқақ деп бағаласа, онда біздің жауапкершілігі күшті, маңызды орынға шығуымыз тым қиын. Егер, біз өзгелерге өзіне нық сенімді, батыр, ержүрек бейнеде әсер етсек, онда істеріміздің сөзсіз табысқа жеткені. Егер біз жеңбей тынбайтын сенімді серік етсек, басқалардың әлгіндей әлсіз, қорқақ, қабілетсіздерге қарағанда, біздің болашағымызға үлкен сеніммен қарайтын болады. Былайша айтқанда, өзіңізде болған сеніміңіз бен басқалардың сізге берген сенімі ұқсас маңызды. Басқаларды өзімізге сендіру үшін, ең әуелі өзіміз сенімді, жеңімпаз рухты болуымыз керек. Сеніммен, жеңімпаз рухпен өмір сүріп жатқан адамдар бағынушы орында қалтырап, жеңілісті күй кешіп жатқандарға қарағанда зор парықты. Басынан бақайшығына дейін жігері лапылдаған қайсар жандар өз-өзінен бордай үгіліп, көлеңкесінен қорқып, өзін қорашсынумен

күн кешетін дәрменсіздермен салыстырғанда, қаншама парықты десеңізші?! Жұрт қашан да жеңіске талпынған жандарды ұнатады, қадірлейді. Адамдарға сенім, өміршеңдік күш сыйлайтын нәрсе бойымыздағы ерік күші. Егер біздің көңілкүйіміз бізге рухани қозғаушы күш бере алмаса, онда біздің бұл дүниеде белсенді, жеңімпаз болып жасауымыз тым қиын. Кейбіреулер неліктен өзінің қоғамда тым елеусіз, ескерусіз болып қалғанына опық жеп ашынады. Мұндағы себеп, олар жеңімпаздар сияқты ойланып, солар сияқты қимыл жасамайды. Оларда өзіне сенгендердің, жеңімпаздардың рухани күйі жоқ, қашанда өзгеге дәрменсіз әсер береді. Идеясы белсенді адам ғана бай, өміршеңдік қуатқа ие болады, ал идеясы кертартпа адамдар басқаларға ұнамсыз ықпал жасайды. Жеңіске жетушілердің бәрі алдымен рухани жақтан бір белеске көтерілгендер. Өмір болған соң тоғышарлар да болады. Олардың армандайтыны басына бақ қонып, ырғын тұрмыс кешіру. Олардың назарында бәрі де баянсыз, азап пен әурешілік. Олар бастан-аяқ өмір азапты сандалудан басқа ештеме емес деп қарайды. Іс жүзінде өмір қуанышқа толы, даңқ пен құрметке бөленіп жатады. Нағыз өмір, үздіксіз дамитын білім, үздіксіз тереңдеп, өрісі кеңейген жан дүниеміздің көркем болашаққа ұласқан барысы болуы керек. Мұндай өмір бізге теңдессіз ризалық бағыштауы керек. Ешқандай нәрсе мұндай жеңімпаз түйсіктің орнын баса алмайды, ешқандай нәрсе осы жеңістен туындайтын тамаша танымның орнын баса алмайды. Бұл тәрбиені баланың жан дүниесіне сіңіру керек. Бала жеңіс үшін жаралған, оның дүниеге келуінің өзі

жеңіс. Олар жеңістің бөлшектерінен жаралған, дүниеде туа құл болып жаралған адам жоқ. Біз оларды жеңіске, өзіне сенуге, өзін құрметтеуге баулысақ, жеңімпаз болмауы мүмкін емес. Сондықтан, біз балаларды өміршеңдік қуатқа ие болуға, өз рөлін сәулелендіруге, жеңімпаз болуға баулуымыз керек. Адамның тәні мен жаны әуелі үндестікте болу керек. Әуелі рухани ақаусыз болуы шарт. Сіз өз дәуіріңіздің адамдарымен ақаусыз байланыста болуыңыз, бақытты өмір кешу үшін олармен тату-тәтті өтуіңіз керек. Жеңімпаз болам десеңіз, күндестіктен, өшпендіктен аулақ болып, тыныш, уайымсыз рухани күйді жетілдіріңіз. Міне бұл нағыз даралық, табысқа жету мен бақытты болудың сыры, өзіңіз армандаған нысанаға шексіз ұмтылуда. Өмір жолына енді ғана қадам бастаған жастар мынадай сөзді айтуға хақылы емес: «Менің шынында табысқа жеткім келеді, бірақ, мен өзім көксеген бейнеге айнала алатыныма сенбеймін. Менің істеген саламда бостық қалмаған, көптеген адамдар қызмет таба алмай жүр. Ал істеп жүргендердің де күні қараң. Сондықтан бұл жағынан жаңылғанымды білем. Егер бағым жанып жатса, бір жерден шығармын. Мұндай ойдағы, осындай ойдың жетегінде кеткен жастар «бір жерден шыққан күннің өзінде жарытпайды». Шынайы өмірде елдің алдында біздің бейнелейті­ німіз нағыз идеямызбен сол идеяның жетегіндегі құлшыныс. Біз қанша тәтті сөйлегенімізбен, өзімізді қанша жасап көрсеткенімізбен шындық қашан да жасыруға келмейді. Бодаусыз, тек тәтті қиял арқылы қолға келетін ештеме жоқ. Көптеген адамдардың өмірі бай мен кедейдің, жеңіс пен жеңілістің ортасында өтеді. Өйткені олардың ұстанымы бірде белсенді,

бірде керанау толқумен өтеді. Сондықтан түбегейлі табыс немесе түбегейлі жеңіс те болмайды. Олар бір күн үміт пен шабытқа бөленіп, ерлікке басқанда, едәуір табыстарға қол жеткізеді. Өйткені мұндай кезде олардың идеясы белсенді, жасампаздыққа толы. Ал бірден сәтсіздікке тап болып, сенімнен айрылғанда, ниеті күдік пен күмәнға жауланғанда тірлігі кері кетіп, жасампаздық рухтан айрылады. Сонымен ит тұрмыстың құмына қайта батады. Біз бастан-аяқ жасампазға, құрушыға тән рухани күймен ғұмыр кешсек, ісіміз оңға басады.

Өмірің өз қолыңда Тірлік тегінде оншама машақатты емес, ол табиғат заңдылығы, өз заңдылығы бойынша дамиды. Тірлікті ауыр сезінгендердің өзі тегінде өзіне асыра жүк артып алғандар. Күнделік өмірде біз «өмір сүру қандай қиын» деп кейіген адамдардың наласын жиі естиміз. Онда, шындығында солай ма? Бірақ, тірлік оншама машақатты емес, ол табиғат заңдылығы, өз заңдылығы бойынша үздіксіз жалғасып отырады. Я, тірліктің мазмұны төтенше бай, бұл дүниеде жасайды екенсіз, киім, тамақ, тұрар жай, қара қазан, сары баланың қамы үшін шапқылайсыз. Түрлі-түсті оқиғаларға, не қилы адамдарға жолығасыз, сіздің ылғи көңілді істерге, құдайға қараған жандарға жолығуыңыз мүмкін бе? Сондықтан сіздің шаттыққа, көңілсіздікке, ізгі жандарға, екі аяқты мақұлықтарға кездесуіңіз табиғи, өйткені тірлік сонысымен қызықты. Олай болса, тірлікте көңіліңіз көншімейтін істерге, өзіңізге мінез-құлқы сай келмейтін адамдарға кездескенде қайту керек? Қандай ұстанымда болғаныңыз жөн? Кең де ашық ұстанымда болуыңыз керек пе, әлде үреймен, күдікпен, қарауыңыз керек пе? Көпшілікке айтарымыз, ұзақ мерзім қарбалас, алаңдаулы көңілкүйде, рухани қысыммен тірлік кешсеңіз, өз түбіңізге өзіңіз жетесіз. Ең абзалы өзіңізді еркін, жеңіл ұстаңыз. Өмір әрбір адамға бірдей әділ. Дүниеде мүлде тойлы жан да, мәңгі сыры ашылмаған пенде де жоқ. Сізде мынадай әттеген-ай болса, оның өзіндік қасіреті,

оның анадай орайы болса, сіздің де бағыңыз жанған тұстарыңыз болған. Сондықтан өзіңізді қашан да сорлымын деп қасірет күйіне батырып, өзіңізді-өзіңіз сорлата көрмеңіз. Өмірде қалтылдап тірлік кешетіндердің барлығы дерлік көлеңкесінен қорқатын су жүректер. Олар әрбір сөзі үшін әлде кімнің шымбайына тидім бе деп алаңдайды, әрбір істеген ісімнен әлде қандай саңылау шығып, өзіме бәле болар ма деп жаны жай таппайды. Қызметте бастығының қабағын бағып, қызмет­ тестерінен сақтанады да, тұрмыста достарынан, көршілерінен сезіктенумен күн кешеді. Бірақ сіздің айналаңыздағы адамдардың ой-арманы, мінез-құлқы алуантүрлі. Бәрінің көңілінен шығуыңыз мүмкін емес. Сіз соншама сақтанып абайласаңыз да біреулердің анадай немесе мынадай айыптауынан аулақ бола алмайсыз. Сондықтан тек адамгершіліктен, ардан аттап кетпесеңіз, көкірегіңізді керіп, алшаңдай басып жүргеніңіздің өнімі өзгеше болмақ. Тірліктен шаршайтын адамдар өзін ойдағыдай ретке сала алмайды, титтей көңілсіздік туылса, ғылыми үміткерлік тұрғыда мәміле жасай алмайды. Керісінше салы суға кетіп, өмірден бір жола торығып, қара аспанды басына бір жола төңкеріп түңіледі. Ұйқыдан тамақтап қалып, ақырзаман таяп қалғандай болады.

2-бөлім Сіз де керемет жаСАЙ аласыз

Сіз де керемет жасай аласыз

Өзіңізді жеңе алғанда ғана, тағдырыңызды өзгерте аласыз. Өзіңізді жеңе алғанда ғана, қиындықты жеңе аласыз. Өмірдің ұзақ сапарында ылғи бағымыздың жана беруі мүмкін емес, қиыншылық қашанда біздің жігерімізді сынға салып тұрады. Қиындық алдында ежелден екі-ақ түрлі жол бар. Бірі аһ ұрып, қарғаныпсіленіп, әлсіздік байқату. Енді бірі қиындық пен белдесіп белін бүгіп, тағдырдың қожасына айналу. Сайып келгенде не ексеңіз, соны аласыз. Ақылдылар қиындық алдында күресті таңдап, оны өзін құдіреттендірудің орайы етіп, бар күшқайраты мен арман-мұратын жүзге асырады. Тек өз кемістігіне дұрыс мәміле жасағанда ғана құдіреттенуге болады Алып әлем, қым-қуыт дүниеде адам мен адам ұқсамайды. Бірақ ұқсамастықтың бәрі кемістік емес. Белгілі тұрғыдан айтқанда, кемістіктің өзі ерекшелік. Тек одан шебер пайдаланғанда ғана, басқалар қиялдап көрмеген табыстарға жетуге болады. Филиппиннің бұрынғы сыртқы істер министрі Рометтің бойы тым аласа, биік өкшелі аяқкиім кигеннің өзінде әрең бір метр, алпыс үш сантиметр еді. Ол басында біртүрлі

ыңғайсызданып, биік өкшелі аяқкиім киіп бұл кемістігін жасырмақ болады. Бірақ мұны ол өте жайсыз сезінетін. Тізе бүкпе, мәңгі тізе бүге көрме Мен көп жылдан бері, адамда басқасының бәрі кем болса ештеңе етпейтінін, тек алға басу рухының кем болса, болмайтынын терең сезіндім. Әсіресе олимпиада чемпиондары секілді мәңгі тізе бүкпейтін, мәңгі қайтпайтын рух керек. Сіз солар секілді шаң қауып қалуды қаламайтын жігерді әзірлесеңіз, қай уақытта, қай кезде де қасқайып өмір кешуіңізге болады. Қиындықпен майдандасып, тағдырдың құқайын көру Елена Келлер көру, есту, сөйлеу қабілетінен бірдей айрылады. Осындай үш қабат тұңғиықтың түрмесінде ол тағы: ”Үміт маған құшағын айқара ашты. Басқалардың көзіндегі шуақ менің күнім, басқалардың құлағындағы күй менің симфониям, басқалардың жүзіндегі күлкі менің шаттығым» дейді. Елена Келлердің өмірі әр минут бізге: бақытты өмірдің, жан дүниенің ішкі қуатынан бастау алатынын; мейлі қай дәуірде болса да сүйіспеншілік пен ерлік біздің тірлігіміздің негізі екендігін дәлелдейді. Шындығында біз әрбіріміз өзіміз де түсінбейтін қабілетпен орайды меңгеріп, өз арманымызды жүзеге асыруымыз мүмкін. Қорашсынуды жеңіп, ұйқыдағы алып айдаһарды ояту Жастар мен жасөспірімдердің табысқа жетуіндегі ең маңызды шарт, жігер, сенім, мығым болып,

қорашсынуды жеңу. Американың бұрынғы президенті Рузвельт: «Өзіңнің мақұлдауыңсыз, ешкім де сенің жан дүниеңді құлазыта алмайды» деген еді. Машақатты жағдайда өздігінен үйреніп, адамды қайран қалдырарлық табысқа жетуіндегі ең қымбатты рух, оның студенттердің масқаралауы алдында титтей де қорашсынбай, қайта өзін қадірлеп үздіксіз күшейтуінде. Кейін ол өзін масқаралаған студенттер алдында өзін дәлелдеп қана қоймай, күллі жапондықтар алдында жоңғолықтар үшін даңқ әпереді. Өзін құдіреттендіріп, арманын жүзеге асыру Ерлікке зәру болған кезіңізде, амалын тауып әлсіздігіңізді жеңіңіз; – құлшынысқа зәру болған кезіңізде, амалын тауып жалқаулығыңызды жеңіңіз; – кішілікке зәру болған кезіңізде, амалын тауып менмендігіңізді жеңіңіз; – сабырға зәру болған кезіңізде, амалын тауып ұшқалақтығыңызды жеңіңіз; – қарсылаысыңыздан озуға зәру болған кезіңізде, амалын тауып, арманға қанат бітіріңіз;

рухани күй жеңіс пен жеңілісті белгілейді – соққыны, сәтсіздікті, жеңілісті қадірлеңіз Колумбияның әйгілі жазушысы, 1982 жылғы Нобель әдебиет сыйлығын еншілеген «Жүз жылдық жалғыздықтың» авторы Габриэл Гарсиа Маркос, әлемдегі ең мықты әдебиет сыншылары жағынан, қазіргі дүниедегі ең ұлы он жазушының ішіндегі маңдай алдысы деп бағаланды. Тілші сұхбаттасқанда, ол адамды қайран қалдыратын мынадай сөздерді

айтты: «мен әрқайсысына құрметті әдебиет сыншыларының маған деген бағасы мен шабыттандыруына көп алғыс айтам. Мен атағыма ере келген түрлі даңқтарды ерекше қадірлеймін; десе де бала күнімнен бастан кешкен түрлі соққы, сәтсіздік, жеңілістерді тіпті де қадірлеймін» дейді. Қиыншылық жағдайда біздің қамқоршымыз жас күніңізде әркез қиыншылыққа бас июге әдеттенуіңізге болмайды. Сөзсіз қиыншылық пен бетпе-бет келуді, қиыншылыққа алымсынбай қарауды үйреніп алуыңыз керек. Сіз бар мүшкіл қиындықты жеңіп, жеңіске қарай шеру тартқаныңызда, жомарттықпен қиыншылықтың біздің дұшпанымыз емес, қайта қамқорымыз екенін байқайсыз. Бізді қайсарлыққа үйреткен, қарсыласымыздан оздырған әне сол қиыншылық. Қиыншылық асылы бақыт періштесінің безендіріп бізге ұсынған қымбатты сауғасы екен. Сергек ми мен қалыпты көңіл-күйді сақтау Сабырлы болу бұл бір маңызды психологиялық сапа. Олимпиада жүлдегерлері тек жаннан асқан шеберлікті ғана жетілдіріп қоймай, тамаша көңіл-күймен сабырлы сананы да жетілдірген. Олимпиаданың шешуші жарысында, бас жүлдегерлер мен жүлдегерлер ортасындағы техникалық айырманы байқау өте қиын. Сабырлы қалыпты сақтау жеңіске жетудегі шешуші әдіс. Торығу мен тоқыраудан, үміт білтесін қайта жалғау мұнай патшасы Иоганн Рокфеллердің баласына жазған хатында былай дейді: «балам, сен рухани жақтан торығып, бас тартуға бекіген кезіңде бәрін де ұттырасың; сәтсіздікке менсінбей қарап,

табандылықпен алға ұмтылған кезіңде көп өтпей уақыттық жеңілістің түкке тұрмайтынын сезінесің! Сен асқақ рух пен қиыншылықты жеңген кезіңде көз алдың шұғылаға шоматын болады! Жеңіліс бір түрлі үйрену тәжірибесі, сен оны қабіріңнің құлпытасына немесе алға басатын баспалдағыңа айналдыруыңа болады». Сенім – жеңіске бет алған алғашқы қадам. Шек Үншанды он алты жасанда, жоғары кернеулі ток оның бір көзімен, бір аяғын жалмап кетеді. Жұртшылық оның шипасы сонымен бітті деп қарайды. Бірақ, он неше жылдан кейін ол Тайвань ауданының әйгілі суретшісіне айналады. Оның бақытты отбасы, сүйкімді екі баласы болады. Ол ересен бақытты еді. Осындай жарымжан адамды ақыры бақыт пен табысқа жеткізген сірә нендей құдірет? Ол – мызғымас сенім еді. Сөзсіз қайсарлықпен өмір сүру керек, өмір болса үміт болады. 1990 жылы Американың жүз метрге жүгіруден спорт-шебері Гай Дефси деген әйел он екі айлық ғұмырының қалғандығын біледі. Бірақ ол ажалға тізе бүкпейді. Үздіксіз тырысып, «көрге сүйреген қайырымсыз ауруды» жеңеді. Сонан 1992 жылы Олимпиада дене тәрбие жарысының жүз метрге жүгіру түрінен чемпион болып, ”ажалды жеңген аға жүлдегер“ атанады. Гай Дефси қайтпас рух, ұлы табысымен бізге: қиыншылыққа, ажалдың үрейіне тап болғанда, ес – ақылымызды жоғалтпауымыз, күдер үзбеуіміздің тіпті де керек екенін айтады. Тек өмірді тастамасақ жеңе алмайтын қиындық болмақ емес.

Үрейді жеңіп, періштедей уайымсыз жасау Үрей – адамзаттың алғашқы танымдарының бірі. Ол адамзаттың өмір сүруінің тума әсері. Үрей сізді алға бастырмай тоқыратып, нысанаңызды жүзеге асыруға тосқауыл болады; Үрей сізді қазіргі шынайылықпен құрсаулап, ілгерілетпейді, күйкі тірлікке бұйдалайды. Десе де, үйлесімді теңшеу арқылы, үрей бір түрлі ғажайып әсерлі көңіл-күйге айналып, сіздің жекелік шеңберіңізді бұзуыңызға көмектеседі. Ерлікпен, үрейлі көңіл-күйді жеңу, әрқандай қиыншылыққа төтеп беру, әрқандай күшті қарсыласын бағындыру, бұл Олимпиада жүлдегерлерінің жеңіске жетуінің сыры. тамаша мінез жеңіске жетуіңіздегі асыл айла ”тума талант“ болған күнде де құлшыну керек Американың психология профессоры Майк Хью арнаулы дарындылар мен тума зерек балаларды зерттеген. Ол зерттеуден мынадай қорытынды жасайды; әдеттегі адамдар; дарындар тума-таланттар, онда еш бөгеусіз төгіліп тұрған таланттың нұры болады дейді. Бірақ таланттар аз болғанда, он жыл уақыт жұмсап, сол ерекше қабілетті жетілдіруі керек, ешқайсысы одан қағыс қалмайды. Маман болу үшін күшті даралық пен табанды қасиетке ие болу керек. Әр саланың кәсіптік қайраткерлері, өз кәсібі үшін аянбай, жүрек қанын сарп еткенде ғана кәсіптік дарынын баулып шығуына болады. Ол мынадайда санақ жасап көрген; егер роял үйренуді мысалға алсақ, келіскен роялшы болып жетілу үшін кем дегенде үш мың сағаттық жаттығу

керек; егер кәсіптік өредегі роялшы болуға тура келсе, онда он мың сағат жаттығу жасау керек екен. Шахмат, дене тәрбие, шет ел тілі сияқты түрлерден кәсіптік қайраткерге айналу үшін ұзақ уақыт сарп етіп, жаттығу жасау керек екен. Осы тұрғыдан қарағанда, көптеген адамдардың тек қатардағы қарапайым жан болып қана қалуы «үздіксіз құлшынудың» болмауынан екен. Табандылық қана, табысқа жеткізеді Адам күрес нысанасын белгілеп алғаннан кейін, егер ұзақ мерзім, босаңсымай өз нысанасы жолында күрессе, онда жеңістің соған тән болары шүбәсіз жазушы Полибёс былай деген еді: ”біреулер нысанаға таяп қалғанда шегініп кетеді; ал кейбіреулер оның керісінше, олар соңғы минут секундқа дейін құлшынып жеңіске жетеді“. Осыдан, ең соңғы жеңіске жету үшін табандылық болмаса, болмайтынын көруге болады.

Ерік күшімен ересен табыстарға жету Американың бір психологі кезінде мыңнан астам жасөспірімдерге зерттеу жүргізеді. Отыз жылдан кейін ол жүргізген сынақты қорытындылағанда, ақыл мен табысқа жетудің бүтіндей байланысты емес екенін, ақылдылардың табысқа жете беруі беймәлім екенін байқайды. Ол табысқа жеткендер мен табысқа жетпегендерді салыс­ тырып, олардың ортасындағы ең зор парық ақылда емес, қайта даралық пен ерік-жігер жағында екенін танып біледі. Табысқа жеткендердің бәрі өз қызметін асқан сеніммен істейтін, ерік күші ересен күштілер. Ал табысқа жете алмағандар да бұл қасиеттер кемшін. Табыс періштесі тек құлшынғыш адамдарды ғана аймалайды. Көптеген адамдар басқалардан озып, табысқа жетуді армандайды. Бірақ тек аз сандағы адамдар ғана он жылды бір күнгідей құлшыныспен өткізе алады. Идеядағы салғырттық көптеген адамдардың соңғы табысқа жете алмауындағы шешуші себеп. Идеядағы кереғарлық тәндегі ауру немесе кемістіктен де үрейлі. Жалқаулық адамның ерік күшін жалмап, жігерін мұқалтып, табыстан барған сайын алшақтатады. Табысқа жетпек болсаңыз сөзсіз жалқаулықты жеңіп, бастан - аяқ, құлшынысты өзіңізге серік етіңіз. Көкірегі даладай дарқан болу

Қазіргі қоғам береке бірлік пен селбестікті дәріптейтін қоғам. Жастар мен жасөспірім достар, осындай берекелі қоғамда табыс талғарына шығу үшін, кеңпейілді, көкірегі дарқан болмаса, болмайды. Басқаларға күндестік ету мен өзін қорашсыну, көкірегі тар, идеясы таяз, тарпейілділіктің белгісі. Мұндай адамдар басқаның артықшылығын көрмеу мен бірге өзінің кемшілігін тіпті де көрмейді, олардың басқалармен селбесіп жеңіске жетуінен сөз қозғау әрине қиын. Ынтымақтың күшіне салқын қарамаңыз мейлі жеке адам немесе мемлекет болсын, өркендеп дамымақ болса, өз күшіне сүйеніп өмір сүру мен бірге ынтымақтасып селбесуге де мән беру керек. Гете: «ынтымақ пен селбестік барлық ізгі ниетті адамдардың ең жоғары қажеті» десе, Вебстер: «адамдар бірге болғанда жалғыз адам істей алмайтын істерді істеуіне болады; парасат, қос қол, күш қосылғанда алмайтын қамал жоқ» деген еді. Арман болғанда ғана, талмайтын талпыныс болады Сеніміңіздің мұнарасын тіктеңіз. Олимпиада чемпионы Лю Шыяңның 2004 жылы Афина Олимпиада жарысында жаратқан аңызы сенімнің құдіретіне болған ең тамаша түсінік. Лю Шыяңның мемлекет туын жамылып, сыйлық сахнасына шығуы, оның тек өзінің айбатын ғана көрсетуі емес, қайта күллі дүниеге, жұңхуа ұл-қыздарының әлемнің ғажайыптарын жаратуға болған асқақ сенімін әйгілеуі еді. Егер Лю Шыяңда дүниежүзілік жеңіл атлетика жарысында ғажайып өре жаратудай асқақ сенім болмаса, егер Лю Шыяң жұңголықтар, азиялықтар, жеңіл атлетика жарысында мәңгі еуропалықтар мен американдықтардың

қосағы арасында жүреді деп қараған болса, онда оның Олимпиада спорт жарысының сыйлық сахнасына шығуы мүмкін емес еді. Арманы мардымсыз адамдардың өзі де мардымсыз болмақ. Ұлы құлшыныс арманды жүзеге асырады. Әрбір олимпиада жүлдегерлерінің бәрі де арманымен алға аттанғандар. Олар туа жүлдегер болып жаралған емес. Дәл баскетбол әлемінің алып жұлдызы, Олимпиада жүлдегері Майкл Жордан айтқандай, ол былай деген еді: «біз төмен жіктен шығып, дүниеге келгенде емес, құр алақан жұмыс бастадық, десе де біз ешқашан арманымыздан көз жазып қалған емеспіз. Біздің арманымыз ақыры жүзеге асатын болады». Мызғымас күрес нысанасымен өзін жебеу өмірдің күнін шын мәнінде жүзеге асыру үшін біз асқан батылдықпен өмір нысанамызды белгілеумен бірге, табанды түрде сол нысанамызды бірте-бірте жүзеге асыруымыз керек. Егер біз Олимпиада чемпионы Уаңшұ секілді, өзімізді үздіксіз жебеп отырсақ, дүниелік марафон жарысының жүлдегері Шантянбын секілді арманшыл адам болсақ, Шүйіше сияқты мейлі қаншама машақаттарға кездессек те сылтау іздеп өмір нысанамыздан адаспасақ, онда несіне тағы мақсатымыздың жүзеге аспауынан алаңдаймыз? Қызығу мен әуестікті баулып, күресті шаттыққа айландыру ”Бастысы сіздің әр күнгі қызметтен көңілділік табуыңызда. Мен үшін мұндай қуаныш тартымды адамдармен істес болып, мәселелерді біржайлы ету. Әсіресе жұмсақ деталдарды тапқырлау, адамды ең қызықтыратын қызмет. Өз ойымша менің қызметім ең

көңілді қызмет, мен әр рет титтей табысқа жеткенімді шаттық сезінем, жеңіс сезінем“, - дейді Билл Гейтс мұны өзінің табысқа жетуінің құпиясы деп қарайды. Мызғымас сенім орнату Американдық әйгілі табыс ғылымының маманы Наполеон Хилл жиырма бес мыңнан астам жеңіліске ұшыраушының кешірмелерін зерттегеннен кейін, мынадай қорытынды шығарады: бұл адамдардың жеңіліске тап болуы оларда сенімнің кемшілдігі, бұл түйін жеңіліске бастайтын факторлардың ішінде бас­ ты орында тұрған. Сенімді өзгерту осы жиырма бес мың адамның жеңіліске ұшырауының негізгі себебі болған. Тек борыштарлық сезім болғанда ғана құлшына ілгерілеуге болады Борышын еске берік сақтау табыскердің бірінші құпиясы. 1999 жылы Чыншың, Шаншы өлкесі бойынша қоғамдық пәндерден, жоғары мектепке емтихан беру жарысында алға озып, Бейжің университетіне қабылданғаннан кейін, ұдайы көптеген ата-аналармен оқушылар оның табысқа жету құпиясын қуарлап сұрайды. Кейін келе ол ағынан ақтарылып: ”көмек күткендердің риясыз жанарына қарап мен қатты қынжылам. Менің Бейжің университетіне оқуымның ешқандай ерекше құпиясы жоқ, өйткені мен бастауыштың екінші, үшінші жылдықтарында оқып жүрген кезімде өзімнің қалай істеуім керек екенін айқын түсініп, мойнымдағы борышты анық аңғардым. Мен өзімнің жанашырларымның тағы да сығырайған кәресін шамның жарығында қасірет шегуіне, олардың тағы жоқшылық қыспағында жан таласуына төзбейтін

едім! Сондықтан, мен сөзсіз жақсы үйренуім керек, солай болғанда ғана, мен жан ашырларымның тағдырын өзгерте алуым мүмкін еді“, – дейді. Адамдағы ең зор бақытсыздық ол талапсыздық, арман-мұрат адамның жаны. Ол өмірдің асқақ нысанасын және оған талпынудағы ерік күшімізді қамтиды. Ол өскелең рухани күш. Олимпиада чемпионы Лин сияқты үздік дарындар осындай рухани күштің жебеуімен табыс талғарына жеткен. Жастармен жасөспірім достар егер асқақ мұрат орнатып, үздіксіз жақсы үлгілерден шабыт алып құлшынса, сөзсіз керемет жасай алады. Күшті борыштарлық сезіммен табыс қақпасын ашу борыштарлық түйсігі болмаған жасөспірімнің кезіндегі Бейли сияқты есею барысындағы тамаша орайды жан-тәнімен қадірлеуі мүмкін емес. Мұндай жасөспірімдер өзіне тән болғанның барлығын солай болуға тиісті деп қарайды. Қазір елімізде көптеген өспірімдердің ақаусыз есе алмауындағы ең негізгі себептердің бірі оларда борыштарлық сезімінің болмауынан. Сондықтан да олардың құлшынып үйренгісі келмейді де оқудан қашып, күн бойы торапқаналарда өмірін өксітеді. Өзін күшті жебеп отыру табысқа жетудің шешуші шарты. Американың Харуарт университетіндегі Виллям шабыттандыруға ие болмаған адамның қабілетінің тек жиырма да - отыз пайызын ғана сәулелендіре алатынын, ал шабыттандыруға ие болған адамның сексен де тоқсан пайызға дейін сәулелендіре алатындығын, адамның шабыттандыруға ие болғаннан кейінгі сәулелендірген рөлі шабыттандыруға ие болудың алдындағыдан үш те төрт есе жоғары болатынын байқаған.

Әрқандай сылтау іздемей, үздіксіз құлшынып құдіреттену американның әйгілі Сиде әскери мектебінің екі жүз жылдан бері ұстанып келе жатқан қимыл өлшемі ”ешқандай сылтау айтпаңыз “. Сиде оқушыларына: мүмкін болмайтын ештеме жоқ «амал жоқ» немесе «мүмкін емес» дегендер жалқаулар мен қораш жандардың желеуі. Бүгінгі заманда көптеген жастар жоқтан жал тауып, түрлі сылтаулармен күрес жасаудан, алға ілгерілеуден бас тартады. Сиденің саңлақтары мүмкіндікпен барынша күресіп алға ілгерлейді, олар ешқашан сылтау іздемейді, тіпті орынды сылтауды да қажет етпейді. Өзіңізді жеңе алғанда ғана тағдырыңызды өзгерте аласыз. Тамаша мінез, жеңіске жеткізетін таптырмас айла елден ерек сенім, сізді барлық қамалды алуға жебейді. Орнықты рухани күй сіздің қиырға құлаш сермеуіңізге кепілдік етеді Күшті қоғамдық жауапкершілік сезімі сіздің өміріңізді шексіз байытады Өзіңізді жеңе алғанда ғана, қиындықты жеңе аласыз. Өмірдің қиыр сапарында біздің жолымыздың ылғи да сәтті бола беруі мүмкін емес, қиындық әрдайым біздің жігерімізді сынға салып, бұғанамызды қатайтып отырады. Қиыншылық алдында ежелден екі-ақ түрлі талғам бар, не қиындық алдында аһ ұрып, тәңірін қарғау; не қиыншылықпен ерлерше белдесу. Мұның нәтижесі «не ексең, соны аласың»,-ға саяды.

Ақылдылар қашанда қиыншылық алдында күресті таңдайды, қиындықты өзін құдіреттендірудің орайы болып, бар күш-қайратын көкейіндегі арманын жүзеге асыруға жұмсайды. 1928 жылғы Амстердам Олимпиада жарысынан бастап, спортшы әйел-шеберлердің де жеңіл атлетика жарысына қатынасуына жол ашылады. Осы реткі жарыста американың спорт шебері Элизабет Робинсон он екі секундта жоғары нәтижемен әйелдер арасындағы жүз метрге жүгіру жарысының алтын медалін еншілеп Олимпиада тарихындағы жеңіл атлетика жарысынаң әйел-жүлдегеріне айналады. 1931 жылы Элизабет Робинсон бір реткі аэроплан шырғалаңында ауыр жараланады, оны тұңғыш байқаған біреу өлдіге санап, сақтық сандығына салып мәйіт сақтау орнына тіке алып барады. Ол туптура жеті апта есін жия алмайды, кейінгі екі жылда қалыпты жүре алмайды. Ол бағына қарай ажалдан аман қалғанымен, денесінде сау тамтық қалмайды, миы шайқалып, аяқ қолы сынады, маңдай сүйегі жарылып зақымданады. Элизабет Робинсон тосын келген орасан зор азапқа бас имейді, тәуірленген соң жарыс майданына қайта оралады, бірақ, оның тізесі бүгілмейтін болып қалғандықтан, тек күш жалғап жүгіру жарысына ғана қатынасуына болатын еді. Сонымен ол жай адамдар үшін мүмкін болмаған қиындықтарды жеңіп, 1936 жылы Берлинде болған Олимпиада жарысына қатынасып, командамен бірге төрт адамдық жүз метрге күш жалғап жүгіру жарысында алтын медаль еншілейді. Олимпиада жүлдегері Элизабет Робинсонның

қиыншылық алдында адам таңғаларлық ерлік көрсетуі тағы бір ақиқатты қайта дәлелдегендей болды – Әлемдік әдебиет алыбы Онере де Бальзак – «Дүниедегі әрқандай нәрсе мәңгі емес, бәрінің де нәтижесі адамға қарай өзгереді. Қиыншылық таланттар үшін биікке шығатын баспалдақ, іскерлер үшін байлық, әлсіздер үшін түпсіз шыңырау» деген еді. Қиындық басыңызға төнген екен, қорқу, қорғану, оған бола ұнжырғаңызды түсіруіңіз, бәрі қате талғам. Элизабет Робинсонның қиыншылыққа ұстаған ұстанымы адамды тебірентеді әрі қайран қалдырады. Елдің жүрегіндегі жастар мен жасөспірімдердің үлгісі кім, бұл мәселеге жауап әрине алуан түрлі, десе де қазір Америкада жарыққа шыққан мынадай дәстүрлі образ көп санды адамдар жағынан бірдей мойындалды. Он сегіз жастағы Джон Томсон орта мектеп оқушысы. Ол солтүстік Дакота облысындағы бір егіншілік алаңында тұратын. 1992 жылы 1 айдың 11 күні, ол жалғыз өзі әкесінің егіс алаңында жұмыс істеп жатады, ол машинаны іске қосып жатқанда мұздан тайғанап құлап түседі де, киімін машина орап, екі қолын бірдей жалмап кетеді. Томсон жан түршігерлік азапқа төзіп, төрт жүз метр аралыққа жүгіріп келіп, бір үлкен үйге кіреді, тісімен есіктің ілгегін ашып, телефонның қасына жармасып жеткенімен, нөмірді басуға шарасыз қалады. Ақыры бір қарындаш тауып, тісімен тістеп тұрып бөле інісіне телефон соғады, бөле інісі ахуалды маңайдағы қатысты орындарға хабарлайды. Миннеаполис облысындағы бір емхана Томсонға қол жалғау операциясын жасайды, ол бір жарым ай

емделгеннен кейін солтүстік Дакота облысындағы үйіне қайтады. Отбасындағылар мен дос-жарандар оны мақтаныш тұтады. Адамдар Томсонның ерлігі мен төзіміне мойындап қана қоймай, оның тағы бір дербестік рухы машинадан оқыс болып қатер төнгенде, батырлықпен өзін құтқарудағы ұстамдылығына тәнті болады. Дербестік, ерлік, берік сенімнен босаңсымай табиғатпен күресу, бұл американдықтардың отар кезінен жалғасқан тамаша дәстүрі. Бұл дәстүр тонаушылық, улы шегімдік, жыныс былықпалығы жайлаған американдықтардың рухында әлі сақталуда. Томсонның әңгімесінің мынадай бір тұсы бар: қанының текке ағып кетуіне төзбеген ол үзілген білегін моншаның науасына тосып ағызады. Құтқарушы дәрігерлер жетіп келіп, зембілге салып алып жүргенде, ол – оларға сабырлы түрде: «үзілген қолымды ала жүруді ұмытып қалмаңыздар», – деп ескертеді. Адамды ең тебіреніске салатын хикая әрине қиындық алдында қасқая күрес жасағандардың хикаясы. Ондай рух бір адамның ұжданы мен арын бейнелейді. Тұрмыс әрине әділ, ол бізге ауыр азаптарды арқалатқан тұста бір жағынан тағы мол сауғаларын әзірлеп қояды. Егер сіз қиыншылықтың ауыр сындарынан сүрінбей өте алсаңыз, ел қызыға қарайтын ғажайып сауғаларға ие боласыз. Әйгілі скрипка шебері Н.Паганини қат-қабат қиындықпен жағаласа жүріп, ішектің құдіретін шегіне жеткізіп танытқан талант. Әуелі ол туа, бақытсыз жан еді. Төрт жасында, қызылшадан есі ауып, жаны әрең қалады. Жеті жасында салмақты өкпе қабыну

науқасына душар болып, көп мөлшерде қан құйып емдейді. Қырық алты жасында тісінің айналасына іріңді жара қаптап, біткен тісін жұлып тастауға тура келеді. Тіс жарасы енді ғана сауыққанда, үрейлі көз науқасына душар болады, қаршадай ұлы оның жол бас­ таушысына айналады. Елу жастан кейін, ревматизм, ішек қабыну, кеңірдек туберкулезі сияқты сырқаттар оның денсаулығын рақымсыздықпен жалмайды. Кейін оның дыбыс пердесі де зақымдалып, баласы оның ауыз пішініне қарап, ойын жеткізіп беріп отырады. Ол тек елу жеті жыл ғана ғұмыр кешіп, соңында қан құсып өледі. Тіпті сүйегі де қорлық көріп, сегіз рет көшіріледі. Тағдырдың оған жазған азабы аса мейірімсіз еді. Десе де ол бұларды жеңіл көргендей, өзінің өміріне көптеген кедергілер мен ауырлықтарды қолдан қосады. Ұзақ күн бойы өзін оңаша бөлмеге қамап алып онда – он екі сағат аштық пен өлімді ұмыта музыкаға жаттығады. Он үш жасынан бастап ел аралап сергелдең тұрмыс кешеді. Ол өмірінде үш әйелмен отбасын құрған еді. Бірақ оның назарында бұлардың бәрі махаббат емес, оның күйге жаттығу барысы еді. Онда бала мен скрипкадан басқа жанашыр жақын жоқ еді. Тек қиыншылық қана оның нағыз ғашығы, ол оны соншама қызу, соншама қасіретпен сүйген еді. Ол сол үшін де талант. Үш жасында скрипка үйреніп, он екі жасында тұңғыш музыка кешін өткізіп, әлемдік музыка саласын дүр сілкінтеді, содан бастап оның музыкасы Франция, Аустрия, Германия, Англия, Италия, Чехославакия сияқты елдерде еркін қалықтайды. Ол Италияда қыдырып ойын қойғанда,

ғажайып аңыздағыдай ертегілер тарайды. Ел оның скрипкасының ішегі ғашығының ішегінен есілген екен, оған албастының сиқыры ұялапты, сондықтан ерекше баурау қуатына ие екен деп әңгімелейді. Венециядағы бір соқыр оның музыкасын тыңдағанда, асылы оркестр ойнап жатыр деп шамалайды, ол сахнада тек жалғыз адамның музыка ойнап тұрғанын білгенде, ”ол – адам емес албасты “ деп қаша жөнеледі. Франциялықтар оның музыкасына тұтқын болып, таралып жатқан обаға қарамай, әрбір ойынды таласа тамашалайды... Ол дара тарту арқылы, сиқырға толы ырғағымен тұтас Еуропа мен дүниені жаулап қана қоймай, дирижерлік өнерін де дамытып «шексіз тербеліс», «еркін ырғақ», «Құшнаштың биі» сияқты алты скрипка сазы мен көптеген гитара әуендерін жазып қалдырады. Еуропадағы көптеген көркемөнер алыптары, мысалы Дюма, Бальзак, Шопен, Стендал қатарлылар оның туындыларына тебіренген. Музыка сыншысы Болаз оны”ішекті аспаптардың сыйқыр шебері “ деп бағалайды. Гете оны «ішектен от өргізген дарын» – дейді. Лист: «құдай-ау, бұл төрт ішекке телегей қасіретпен қайғы, қатыгез тағдыр қалай сыйып кеткен»! - деп айқай салады. Тәңірдің таланттарды жарату тәсілі соншама ерекше әрі ғажайып адамдар, азап талантты жаратты ма әлде таланттар азапқа ерекше ынтық па? деп сұрайды еріксіз. Бұл мәселеге анық жауап табу қиын десе де адамдар Милтон, Бетховен, Паганини сияқты әлемдік әдебиеттің көркемөнер тарихындағы үш ғажайып да-

рыны атанған тұлғалардың, бірінің – соқыр, бірінің – керең енді бірінің – мылқау екенін біледі! Қиыншылық ең керемет мектеп, әрине гәп сіз­дің оның соққысынан құлап қалмай, оны өзіңізді құді­ реттендіретінін біліп, табысқа жете алуыңызда. Екі рет Нобель сыйлығын еншілеген франциялық ғалым Кёри: ”менде ешқашан арман-ой деген болған емес, болашақта да болуынан дәметпеймін, менің бірден - бір ұстанымым: мейлі қандай қиындық болса да тізе бүкпеу! “ дейді. Қазіргі жұңгода да қиындық алдында тізе бүкпейтін жастар үлгісі баршылық. Хоңжанхүй – солардың ішіндегі үздік өкілдерінің бірі. Хоңжанхүй 1982 жылы туылған, ол он екі жасқа дейін басқа балалар сияқты, әке-шеше, ініқарындасымен бір кедей отбасында бақытты балалық шағын өткізеді. 1994 жылдың тамыз айының бір күні бақытсыздық олардың басына тосын үйіріледі. Бұл күні қайырымды әке тосын құтырынып, үйдегінің бәрін шағады, Хоңжанхүй мен інісі Хоңжынхүй қайтерін білмей тұрғанда, әкесі кішкентай қарындасын биік көтеріп, жармасқан шешесін теуіп ұшырып жіберіп, жерге лақтырады. Әке жынданып, қарындасы өліп, шешесінің қолы сынады. Хоңжанхүйдің тұрмысы тосын шаттығын жоғалтады, ол шешесін құшақтап еңіреп қала береді. Маңайдағы адамдардың көмегімен, әке-шешесі бірдей емханаға жеткізіледі. Содан бастап бір отбасының салмағы Хоңжанхүйдің мойнына түседі. Ол үй, мектеп, емхананың ортасында шапқылап, әке-шешесімен, інісіне қарайды. Үш айдан кейін, шешесі емханадан шығып,

әкесінің ұстамалы жүйке ауруы да тежеледі. Бірақ аз уақыттан кейін, әкесі бір тастанды бала тауып әкеледі. Өлген қызын сағынғандықтан, Хоңжанхүйдің шешесі баланы бағып алу бекіміне келеді. Әкесінің сырқаты ауық-ауық қайталап, шешесін ұрғанда денесінен тамтық қоймайды, азапқа төзбеген шешесі үйден шығып кетеді. Содан бастап сәби қарындасын бағу Хоңжанхүйдің мойнына жүктеледі. Осындай ауыр шарт жағдайда Хоңжанхүй әкесіне қарап, қарындасын бағып, құлшына кітап оқып, жоғары мектепке өтеді. Университетте оқып жүрген кезінде Хоңжанхүй, қарындасын жанынан тастамай, оқып жүріп бағады. Қалыпты адамдар қиялдауға батпайтын қиындық алдында Хоңжанхүй қарғанып-сіленіп торықпайды. Ол қайсарлықпен, жеңімпаз рухпен қат-қабат қиындықтарды жеңіп, қарындасын мектепке түсіреді. Кейін оның іс-іздері ақпарат дәнекерлері жағынан хабарланады. Көптеген ізгі ниетті адамдар оған көмектеспекші болады. Хоңжанхүй орталық Жастар одағы ұйымы жа­ғынан ”бүкіл мемлекеттік өз күшіне сүйеніп құді­ реттенген үздік студент“ деген даңқты атаққа ие болады, сонымен бір уақытта 4000 юаньмен марапатталады. Бірақ Хоңжанхүй тек даңқ куәлігін ғана алып, ақшаны алмайды. Ол сыныптас достарына былай деп жазады: ”мен үшін жылу жию мәселесіне менің ұстанымым, әркез желіде немесе ақпарат дәнекерлері арқылы банкінің карточка нөмірін жарияламау, былтыр біреулер менің мұғалімімнің атын жамылып, желіде менің карточка нөмірімді жариялапты, мен көріп қатты ашуландым, сақшыға мәлімдедім,

көпшілік мұндай нөмірді көрсеңіздер сенбеңіздер“. ”Жылуды қабылдамауым, менімше адамның өз күшіне сүйеніп өмір кешкені ең абзал! Қиыншылықпен азапты кешірмелер, менің барлық жылуды қабылдауымның капиталы емес! Адам өзінің құлшынысы арқылы, басындағы сұрқия тағдырын өзгертуі ең маңызды! Мен қазір дербес өмір сүру мен даму қабілетін әзірлеп болдым! Бұл қоғамда көптеген қиындық қыспағында дәрменсіз жанталасып жатқан адамдар бар! Дәл солар біздің көмек беруге тиісті адамдарымыз! Хоңжанхүйдің қажымас қайсар рухы жүз миллиондаған жұңголықтарды тебірентті, ол 2005 жылғы «Жұңгұоны тебіренткен“ аты шулы қайраткер болып бағаланады. Орталық телевизия станциясы оған мынадай арнау сөз оқиды: ол өзі бала кезінде, өзінен де әлсіз баланың жүгін арқалап қиындық қыспағындағы отбасына тірек болды, ол достықты, ерлік пен қайсарлықты тұрмыстан үйрене білді. Сондықтан ол бала күнінде-ақ қиындық жыға алмайтын азаматқа айналды, қиындық қыспағында үйренді, қиындық қыспағында есейді, бүгін ол қарамаққа тағы да балауса секілді, бірақ ол рухани жақтан ежелден жеңімпаз Хоңжанхүй былай дейді: «мен қиыншылық қыспағында жан таласып жатқан адамдарға, байсалды руанхи күйді сақтаңдар, тәңірді қарғап-сілемеңдер, ең маңыздысы өзіңді қалай өзгертуіңде, солай болғанда ғана қиыншылықты жеңуге болады дегім келеді». Ол өзінің күнделігіне былай жазады: «тауқы­меттің қою түтіні маған қарай қаптағанда, мен қайсарлықпен арман қанатын қағып, шексіз аспан жиегіне, өзіңе сен, мен саусағыммен сонау қиырдағы көкшіл толқындарды нұсқаймын, мен қолыммен күнді, теңізді тербеймін.

Мен – баланың қаламымен, болашаққа сен деп жазамын. Оқырман достар, сізде кезінде қиындыққа дөп келген бе едіңіз? сіз оған қалай мәміле жасағансыз? Біз өзіміз тап болған қиыншылықтарымызды Хоңжанхүй мен Паганинидің кездескен қиыншылығымен, олардың қиыншылық алдында сәулелендірген алға басу рухымен өзімізді салыстыра аламыз ба? Егер біз американдық Олимпиада чемпионы Элизабет Робинсон, скрипка шебері Паганини, жұңголық жас Хоңжанхүй секілді қиындыққа тап болсақ, біз қиыншылықтың қорқынышты болып қана қоймай, керісінше адамға ең жомарттық пен көмектесетін қамқоршы екенін байқар едік. Біздің еркімізді шыңдап бұғанамызды қатайтқан, бізді құдіреттендірген әне сол қиыншылық емес пе. Ұлы тұлға Онере де Бальзак он тоғызыншы ғасырдағы Францияның ұлы сыншыл реалистік жазушысы, Еуропалық сыншыл реализм әдебиетінің негізін салған тұлғаларының бірі. Ол өмірінде 96 роман, повесть, әңгіме, эссе жазған, жалпылай «тіршілік комедиясы» деген атпен аталған. Оның шығармалары ”Франция қоғамының айнасы“ деп аталған. Әдебиет алыбы Гюго оны: ”ең ұлы тұлғалардың ішінде, Бальзак ең маңдай алдыда тұрады; ал ең үздік тұлғалардың ішінде Бальзак ең еркесі“, – деп бағалайды. Лист – (1886 – 1811) Венгрияның әйгілі композиторы, роялшісі. Ол алты жасынан бастап роял үйреніп, тоғыз жасында роялда ойнау өнері адамды қайран қалдыратын деңгейге жетеді. Лист он алты жасында Парижге қоныстанады. 1847 жылы ол Веймар ордасында оркестр жауаптысы болып істейді.

1861 жылы Римге барады. 1865 жылы Ватиканда шашын алғызып, монах болады. 1870 жылы Веймарға қайтады. 1875 жылы Будапешт музыка институтының бастығы болады. Лист музыканы тақырып етіп ”әдеби ойды музыкаға сіңіруді дәріптейді. Әрі тұңғыш симфония тектес өлеңді жарыққа шығарады. Негізгі музыкалық шығармаларынан: «Венгрия – арман», «Прометей», «Данте», «Фауст» симфониялары сияқты туындылары бар. Милтон – (1674–1608) Англия ақыны. саяси шолушы. Ол қаршадайынан кітап оқуға, әдеби шығармаларды оқуға әуестенеді. Он алты жасында Кембридж университетіне түсіп оқиды әрі сол кезден бастап, өлең жаза бастайды, 1632 жылы магистр атағын алады. Кейін келе ол төңкерістік қимылдарға түбегейлі ат салысады. 1652 жылы қатты қалжырау салдарынан, екі көзінен айырылады. 1660 жылы, хандықты қалпына келтіру қимылының салдарынан Милтон түрмеге жабылып, көп ұзамай босатылады. Содан бастап, ол арнаулы өлең жазумен айналысады, достарының селбесуінде «Сүреңсіз бақша», «Гүлденген бақша», «Балуан цсо» сияқты үш дастан жазады.

Хоң Жан Хүй сізге жол сілтейді 1. Егер қиыншылық сіздің басыңызға түсер болса, сіз оған ғылымыи тұрғыда қарауыңыз керек. Ол бір түрлі апат, сонымен бірге сіздің жігеріңізді шыңдайтын, қабілетіңізді сомдайтын орай. 2. Қиындық алдында сабырлы көңіл-күймен батыл рухты сақтаңыз, қиындыққа бола ақылыңызды жоғалтып алмаңыз. 3. Өзін үздіксіз қиыншылықты жеңуге жебеп отыру керек. Қиындықпен күресу барысында табанды түрде өзіне дем беріп, қамшылап тұру аса маңызды. 4. Олимпиада чемпионы Элизабет Робинсондарды үлгі етіп, әр рет қиындық алдында төзіміңіз сарқылуға шақ қалғанда, сабыр сақтап олардың хикаяларын оқып, рухынан үйреніңіз. Солай болғанда сеніміңіз еселеп артады. 5. Мүмкіндіктің барынша дене тәрбие қимыл­ дарына қатынасып, денеңізді, жігеріңізді шыңдаңыз. Ақаусыз тән мен мызғымас ерік-жігер болмайынша, қиыншылықты жеңу қиын. 6. Ұзақ күрес жасайтын психологиялық әзірлік болу керек. Қиындық алдында жеңіске асығуға болмайды, сабырлы көңіл-күймен, қиындықпен ұзақ белдесу керек. 7. Нысана белгілеп, асқақ мұрат орнату керек. Асқақ арманы болмаған адамдар қиыншылыққа оңай мойын сұнады, сондықтан асқақ мұрат пен өзін қиындықты жеңуге жебеп отыру керек. 8. Қиындық алдында қайсарлықпен күресіп,

қасіретті күшке айналдырғанда, өз өмірінің ғажа­ йыптарын жаратып, өз чемпионы болуға болады. Тек өз кемістігіне дұрыс мәміле жасағанда ғана, құдіреттенуге болады. Қым-қуыт дүниеде тұяғы бүтін тұлпар, қанаты бүтін сұңқар жоқ. Біреулер туада аласа, біреулер қорықсыз, ал енді біреулер тума жүрек ауру. Тума кемістігі барлар, кейбіреулер тәңірін қарғайды, кейбіреулер өмірден торығады, енді біреулер өзін қорашсынып, бұғып өтеді. Еш күмәнсіз бұлардың бәрі тума кемістікке болған қате ұстаным. Онда біз қалай қарауымыз керек? Дың я пиң қазіргі дүниежүзіндегі ең үздік үстел доп спортшыларының бірі саналады. Бірақ оның бастауыш екінші жылдықта оқып жүрген кезінде, Хынан өлкелік жасөспірімдер чемпионы болған ол, әкесімен бірге өлкелік шоғырлы жаттықтыру отрядына келген кезде, жаттықтырушының үмітсіз бейнеде, бойы тым аласа екен, даму болашағы жоқ дерін кім ойлаған. Бірақ Дың я пиң күдер үзбейді. Әкесі оған, бойдың аласалығын, қолдың қысқалығын өзгертуге амал жоқ, тек басқалардан көп жаттығып, басқалардан көп жапа шеккенде ғана өз артықшылығын жетілдіріп, шығар жолын табуға болатындығын айтады. Дың я пиң әкесінің тәрбиесін ақыры ақтады. 1987 жылы, он үш жастағы Дың я пиң Жыңжоу қаласына уәкіл болып, бүкіл мемлекеттік жарысқа қатынасып, чемпион болады. Десе де, ол 1988 жылы мемлекеттік командаға келгенде, кейбір жаттықтырушылар оны бойы бір тұтам, тіпті үстел допқа мүмкіндігі мүлде жақын келмейді, деп көзге ілмейді. Дың я пиң оған бола қорашсынып торықпайды,

қайта, өзінің техникасын ұштап тез қарқынмен жоғарылатып, жаратқан табыстарымен әлгі жаттық­ тырушыларын қайран қалдырады. Әрі-берісі бір жылдан кейін ол серігі Чяухоңмен селбесіп дүниежүзілік әйелдер үстел доп жарысының қос адамдық түрінде жүлдегер болады. Содан бастап ол әр реткі жарыста олжасыз болмайды. Ілгерінді-кейін болып неше дүниелік жарыстар­ дың жүлдесін еншілейді. 1992 жылғы және 1996 жылғы екі кезекті Олимпиада жарысында әйелдердің жеке, қос жарыс түрі бойынша төрт алтын медаль еншілеп, дүниежүзіндегі бірден-бір аға жүлдегерлігін бермей келе жатқан спортшыға айналады, әрі дүниежүзілік үстел доп жарысында жүлде көрсеткішінде сегіз жыл бірінші орынды сақтайды. Дың я пиңнің бойы аласа, бірақ ол атағы бар әлемге жайылған, қазіргі дүние үстел доп саласындағы ең үздік чемпиондардың бірі. Бойы аласа Дың я пиңді қысқа мерзім ішінде дүниежүзілік алып шолпанға айландырған сірә нендей құдірет? Ол қимыл, әркез жеңіліске бас имейтін рухы жаттыққан кезде жетекшінің оған ең көп берген ескертуі «көп жаттығу емес қайта көп дем алу, қалыптан тыс шаршамау». Оның жаттығу мөлшері әдеттегі спортшылардың жаттығу мөлшерінен көп асып кетеді. Командада түске дейінгі белгіленген уақыт сағат он бірге дейін, ол он бірден қырық бес минут өткенше жаттығады, түстен кейін сағат алтыға дейін деп белгіленген, ол алтыдан қырық бес немесе жетіден қырық бес кеткенге дейін жаттығады. Жабық жаттығу уақыты тоғызға дейін деп белгіленген ол он бірге дейін жалғастырады. Бір шарбақтағы екі жүзден астам жаттығу добынан Дың я пиң бір күнде он

шарбағын жаттығады. Ол әрбір реткі жаттығудан төрт жүз метрге жүгірген өлшемде қимыл жасаса, бір реткі жаттығу сабағында он километрге барабар жүгіреді. Оның әр рет доп қаққан қимылы мұның сыртында біреулер, Дың я пиң әркүні басқалардан бір сағат артық жаттығу жасаса, бір жылда қырық күн артық жаттығу жасайтынын есептеп шыққан. Ол көз жазбай, лезде мың доп ұратын, жаттықтырушының есебінше ол әр күні он мыңнан астам доп ұратын. Дың я пиң әр күні жаттығу жасағанда екі пар киім әзірлеп шығатын да, бірі суға шыланғанда енді бірін ауыстырып киетін. Ол дерлік тамақ уағынан жай қалатындықтан, оған арнайы қазан асуға тура келетін, ол көп жағдайда даяр кеспе жеп күн өткізетін. Ол мейлі жаттығуда немесе жарыс кезінде болсын әрбір доптың басталуы мен жалпы барысына ерекше ден қоятын. Тума кемістіктің тасасында қашанда зор жасырын қуат жатады. Өзінің кемістігі жайлы Дың я пиңда ертеден терең әсері бар еді. Ол кезде басқалар: «Жыңжоу командасы» қоқыр-соқырды жиып алған», - деп мазақтайтын. Ол ызадан қалақпен тақтаны төпештейтін, кейін келе, құр ашудан ештеме өнбейтінін ұғынып, қимылмен қарсыласуға бекиді. Ол: «мен өзімнің әлсіз екенімді, басқалардың елемейтінін жақсы білем, бұл мені құлшынуға әрбір майдан допты сәтті ойнауға жебейді», - дейді. Ұзақ мерзімдік қалыптан тыс ауыр жаттығу оған ауру ала келеді. 44-кезекті дүниежүзілік үстел доп жарысы тұсында, оның желкесінен аяғына дейін жара мен сырқат қаптайды. Белінің ауырғанына төзбей ол кең белбеу байлап алады: тізесінің буыны ісіп, тобық сүйегі қабынғандықтан, ол төзбегенде дәрі

қабылдап ауырғанын бәсеңдетеді. Табаны тесіліп қан тоқтамағанда, неше қабат таңған дәкеден ірің саулайды. Ол тісін-тісіне басып, осының бәрін де өзі жеңе біледі. Дың я пиң: «бір адамның көздеген нысанасы қанша алыс болса, оның қабілеті де сонша тез өседі. Бірақ менің терең сезінгенім, жарыста қарсыласыңды жеңу үшін, сөзсіз әрбір доп әрбір майданда мықты ұстауың керек. Тек табанды түрде бүгінді мықты ұстағанда ғана, ертеңді меңгеруге болады», - дейді. Тамшы – түйірден құралған жаттығу, басқадан артық төлеген төлем оның сайыс өнері мен жарыс техникасын үздіксіз жоғарылатады, сонымен Дың я пиң сынды бұл спортшы заңды түрде дүниежүзілік үстел доп жарысының шыңынан орын алады. Кейде чемпион болғаннан кейін ол: ”өте қапалы!“ дейді. Бірақ бұл барлық табыскерлердің ортақ әсері, өйткені басқадан зор төлем бермесең, басқаларды қайран қалдыратын табысқа да жете алмайсың. Дың я пиңнің бойы бір жарым метр ғана, бірақ ол әр рет дүниенің сыйлық сахнасына мақтанышпен көтеріледі. Әлмисақтан бері бойымен қаһарман болған кім бар? Шындығында әркімнің алдында қосылып жатқан өз өмір жолы бар, тек жетпейтіні өз нысанасын сергек байқайтын көреген көз бен қиындықтарға мойымайтын мызғымас жігер. Францияның әдебиет алыбы Монтен:”әрбір адамда кемістік болады, тек кемістікке дұрыс қарағанда ғана кемістікті өзгертуге, жеңуге болады. Ең зор бақытсыздық кемістікке бола өзін қорашсыну“. – дейді. Кезінде Дың я пиң елдің, жаттықтырушылардың

мазағы алдында шегінген болса, дүниежүзілік бір жұлдыз азайып, бір ынжық көбейген болар еді. Дың я пиңнің өз кемістігіне ұстаған ұстанымы адамды терең ойға салады, әрі еріксіз мойындатады. Тек Дың я пиң сияқты ұстаным мен құлшыну рухы болса, біз несіне тума кемістігімізден қорашсынамыз, алаңдаймыз? Дарқан дүниеде, адамға адам ұқсамайды, десе де ұқсамастық ешқашан кемістік емес. Кейде ұқсамаған тұрғыда талдау жасасақ кемістік ерекшелік дегендік. Тек өз бойындағы ерекшелікті сәулелендіре білгенде, басқалар ойлап көрмеген табыстарға қол жеткізуге болады. Филиппиннің бұрынғы сыртқы істер министрі Рометтің бойы өте аласа болып, өкшелі аяқкиім кигеннің өзінде бір метр алпыс үш сантиметр ғана келетін. Бастапқыда Ромет бойынан қатты намыстанады. Ол кезінде биік өкшелі аяқкиім киіп бойын ұзын көрсетпекші де болады, бірақ онысынан өзі қатты ыңғайсызданатын. Кейін келе ол өзінің бұл кемістігін дұрыс қабылдап, ол үшін назаланбайтын болады. 1935 жылы Ромет Америкаға барып, Сенмв университетінің құрметті атағын қабылдайды әрі сөз сөйлейді. Ол кезде көптеген американдықтар Рометтің кім екенін білмейтін. Американың президенті Т. Руз­вельт те жиынға қатынасып сөз сөйлейді. Асқақ тұлғалы Рузвельт аласа Рометтің қасында тұрғанда оның көңіл-күйіне ешқандай кері әсер етпейді. Кейін Рузвельт тидімдей ғана Ромет ”Америка президентінің айбатына таласқандай“ деп тамаша әзілдейді. 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу салтанаты көне Кастилияда өткізіледі. Ромет Филиппин уәкілдер үйірмесін бастап жиынға қатынасады. Ол

кезде Біріккен Ұлттар Ұйымында Филиппиннің орны недәуір маңызды болатын, ал оның сыртқы істер министрі оңай адамды бойына тоғыта қоймайтын. Ромет сахнаға шығып сөйлегенде, зор дүмпу қозғайды. Рометтің бойы, мінбемен қарайлас еді, бірақ, ол салтанатты түрде мынадай бір ауыз сөз айтады: “біз осы мәжіліс майданын, ең соңғы соғыс майданы деп білейік! ”жиын майданындағылар бұл сөзге қызу қол соғады, ең соңында Ромет: ”намысты қорғауда, сөз бен идея мылтық пен зеңбіректен де қуатты... Бірден-бір алынбайтын қамал өзара кешірім етіп, өзара көмектесетін қамал“. – дейді. Оның сөзі аяқталғанда, шапалақ үні залды тіпті кернеп кетеді. Сол күннен бастап, әлсіз Филиппиннің халықаралық орны едәуір жоғарылайды. Ромет осы барысқа былай талдау жасайды: егер бойы сырықтай біреу бұл сөздерді айтқан болса, ел құрметпен қол соғып қана қояр еді, ол кезде Филиппин әлі дербес болмаған еді, аласа адамның аузынан осы сөздер шыққандықтан, ойламаған өнім берген еді. Рометтің өмірінде, бойдың аласалығы оған тұсау болған емес, керісінше, оның табысқа жетуіне көмектесіп отырған. Бұл оның өз кемістігін дұрыс танып, құлшына алға ілгерілеп, өзін үздіксіз құдіреттендіріп, кемшілігін артықшылыққа айналдыра білгендігінде. Кейінгі кезде Ромет шынайы жүректен:”мен аласа жаралғаным үшін тәңірге алғыс айтам“, – дейді. Төменде біз тағы бір тума кемістікті қалай жеңгендіктің мысалын көрейік. Жөннің әкесі жаңа дүниеге келген баласын көріп жаны түршігеді. Кішкентай тіршілік, тек сусындық құмырасының үлкендігіндей ғана, аяғы қисық, үлкен

дәрет жолы бітеу болып, дәрігерлер бір тәуліктен аспауы мүмкін дегенді айтады. Түңілген әке баласына ақыреттік, жерлік дайындап қайта оралса, ол әлі тірі жатады. Дәрігер тағы бір аптадан аспауы мүмкін дейді. Бірақ нәресте тірлікке тырбынып, апталарға жалғасып өмір сүреді. Әкесі оны үйіне әкеліп, оған Жөн куыс деп ат қояды. Жөн шынында әлсіз еді, айналадағының бәрі оған алып дүние болып көрінетін. Ең аяғы үйдегі итте оны әбден басынатын, ол бәрінен қорқатын. Отбасындағылар оның әлжуаздығы үшін оны мүсіркемейді, қайта әкесі оған қатаң түрде: ”сен барлық үрейлі нәрселерге өзің үйірлесіп, жүректі бол! “ деп ескертеді. Уақыт зулап өтіп, кішкентай Жөн оқу жасына да толады. Ол өзінен үлкен боқшаны асынып, дөңгелекті орындыққа отырып, нұрлы болашағын қиялдағанда, өзін тосып тұрған сұрқия күндерді мүлде қиялына келтірмеген еді. Мектепте көптеген тентек балалар болып, Жөн солардың тепкісіне айналады. Олар оның дөңгелекті орындығының тамтығын ұшырып бұзғаннан тыс, оны кластағы желдеткішке таңып қойып, айналдырып тамашалайды. Ең сорақысы, бір жолы бірнеше сабақтасы оның қолын байлап, аузын шаптап, қоқыс сандығына тастап, от қойып жібереді. Ыс-түтекке тұншыққан оның зәресі ұшып кетеді. Ақыры бір мұғалім байқап қалып, арашалап алады. Жөннің төзімі таусылады. ол айнаға қарап өзінің қорлық көрген түрін мүсіркеп, өкіріп жылайды, өліп қалуды ойлайды, ақыры ата-анасын қимайды. 1987 жылы, он жеті жастағы Жөн аяғына опера-

ция жасатады. Өйткені маймылдың құйрығындай қайқиған екі аяқ ешқашан істеген емес, қимылға тым қолайсыз еді. Жөн ”жарымжанға“ айналады, бірақ қимылға қолайлылау еді. Орта мектеп тауысқаннан кейін Жөн қызмет іздейді. Ол әрбір дүкеннің есігін қағып сөйлеспекші болғанда, қожайын есік ашып жермен-жексен болып тұрған оны көрмей, есігін жауып алатын. Сансыз тойтарыстан кейін ол өзінің тұңғыш қызметін сатушылықтан бастайды. Техник жұмысшы болып істейді. Ол әр күні таңғы сағат төртте орнынан тұрып, пойызға жармасып, қалашыққа баратын, одан сырғанақ қалақшамен неше шақырым шалғайдағы зауытқа баратын. Тұрмыс аса қиын болғанмен, ол өз күшіне сүйеніп, көңілді тірлік кешеді. Бір реткі кездейсоқ лекция Жөннің өміріне шыт жаңа өзгеріс әкеледі. Бір жолы, ол түскі астан кейін өзінің өмірбаяны жайлы қысқаша лекция жасайды. Өзіне: ”мен тыңдармандарға өзімнің қаһарман бейнемді көрсетуім керек!“ - дейді. Лекциядан кейін, тыңдармандар оның өмірбаяны мен қазіргі жағдайынан терең тебіреніп көздеріне жас алады. Бір әйел сахнаға жүгіріп шығып, жылап тұрып Жөнге: «Өзінің бақытсыз екенін, өзін өлтірмекші болып, жан құрал алып жүргенін, оның лекциясын естігеннен кейін, сөзсіз ерлікпен жасау бекіміне келгенін айтады. Жөн осы кезде өзінің қорқынышты, қорлықты өмірбаянының, қазіргі құлшыныстарының, адамдарға зор шабыт бергенін, мұның аса маңызды

іс екенін анық аңғарады. Ол өзі істеу мүмкіндігі болған, істеуге асыққан шаруаларын істейді, машинамен сыртқа шығып саяхаттайды, суға малтайды, дене шынықтырады, дүниенің әрқайсы жерлеріне барып, саяхаттап сау адамдар мен ұқсас өмір өткізеді. 2000 жылы Жөн той жасап, бір ұлды болады. Оның ұлында бүркемелену, бұлшық ет солу, үлкен мидың ішкі пердесінің зақымдалу, жүрек бұлшық еті қызметінің тосқауылға ұшырауы сияқты түрлі сырқаттары болғанымен, Жөн батыл түрде: ”менің балам болашақта ең керемет адам болады!“ - дейді. Бұл күндері Жөн тұтас Аустралияның танымал қайраткері. Ол өткенін еске алып: ”мына дүние қасірет пен қиыншылыққа толы, біреулер жылауда, біреулер қайғыруда, тағдыр жөнінен адамдар, қасіретпен қауышып тұрып өмірге күле қарау керек, тек тағдырға өкпелеп аһ ұрмау керек, әрқандай қиыншылыққа ерлікпен төтеп беру керек, жеңсе жеңді, жеңілсе жеңілді, бәрі де мүмкін, мәңгі мүмкін емес дегенді айтпа“, – дейді. Жөннің ақылиясы: ”өзіңе мүмкін емес дегенді айтпа“. Ол осылай сенгені үшін де ерекше жобаланған машинаға отырып, дүниені айналып саяхаттады, теңізге сүңгіп, батыл түрде махаббатқа жорық жасады, әрі құрмет пен бақытқа ие бола алды. Жөн шамамен 190 елге барып лекция оқыды, оңтүстік Африканың президенті Р.Н. Манделамен кездеседі. Оның лекциясы адамдардың жүрек қылын тербеп, алға басуға жебейді. Ол дүниедегі ең әйгілі шабыттандырушы деп құрметтеледі. Енді тағы мысал алудың қажеті жоқ, жоғарыда баяндалған үш үлгінің өмірбаяндары сізге көптеген

нәрселерді ұғындырады. Тума кемістіктің болуы біздің аһ ұруымызға себеп бола алмайды. Дүниеде ешкімде әлсіздің үнін тыңдауды қаламайды. Олимпиада жүлдегері Дың я пиң, саяси қайраткер Ромет, шабыттандыру маманы Жөн бізге көптеген ой салады. Олардың өмірбаяндарын ойлағанда, біздің тағдырға тағы қандай өкпеміз болсын? Біз Американың бұрынғы президенті Т. Рузвельттің: ”есіңде берік сақта, сенде тума кемістік болған күннің өзінде, өзіңді қорашсынатыныңды мойындамасаң, ешкім де өзіңді қораш сезіндіре алмайды “ деген сөзін жадымызда берік сақтауымыз керек. Егер сіз Т.Рузвельттің осы ақылиясын жадыңызда берік сақтап, Дың я пиңдер сияқты кемшілігіңізді жеңіп, артықшылығыңызды сәулелендіріп, құлшына кемістік тасасындағы зор жасырын күшті аша алсаңыз, соңында сіз кемістікке алғыс айтатын боласыз, өйткені ол сізге қозғаушы күш пен жігер сыйлаған.

Тізе бүкпеңіз, мәңгі тізе бүге көрмеңіз Қазіргі дүние бәсекеге толы дүние. Кейбір жастар бәсеке барысында жарамсыз болып, қатардан түсіп қалып, ат басын кері бұрып, құлдилап жатқан жайы бар. Мұндай мінез адамның ақаусыз есеюі үшін тым зиянды. Десе де көптеген Олимпиада жүлдегерлерінің жетілу жолдары бірдей сәтті бола қойған емес, тіпті Жордан сияқты шұғылалы жұлдыздың өзі жарамсыз болып, қатардан қалудың дәмін бір кісідей татқан. Меніңше дүниедегі әрбір шаң қауып қатардан қалғандардың бәрі, Жорданның жасөспірім

шағындағы, мектеп баскетбол командасынан тойтарылған өмірін білуі керек. Жордан толық ортаның екінші жылдығында оқып жатқанда, оның баскетбол жағындағы таланты ескерілмей ғана қалмай, мектеп командасы жағынан төлімсіз болып тойтарылады, себеп бойының өлшемге жетпеуі. Сол кезде бойы 1. 75 Жордан баскетбол саласында еш даму болашағы жоқ деп қаралады. Бұл дүниежүзілік баскетбол тарихындағы ең үлкен қателік еді. Егер Жордан оған бола күдер үзсе, бүгінгі дүниені қайран қалтырған керемет жарыққа шығар ма еді? Сол реткі соққы, екі рет Олимпиада баскетбол жарысының алтын медалін алған ұлы баскетбол жұлдызын жарыққа шығарады. Ол, сол кезді еске алып былай дейді: ”мектеп баскетбол командасына кіре алмау өте ұятты іс еді, команда мүшелігіне талданғандардың есім сыртқа жапсырылып ұзақ тұрды, онда менің атым жоқ керісінше маған әлдеқайда жетпейтін біреулердің есімді жүр еді, мен сол кезде жындануға шақ қалған едім“. Жордан оған бола күдер үзбейді, қарғанып сіленбейді, керісінше оны қозғаушы күшке айналдырады. Ол жаттықтырушыдан себебін сұрағанда, оның берген жауабы: ”біріншіден сенің бойың өлшемге толмайды; екіншіден техникаң тым төмен, сен университеттің командасына кіруің мүмкін емес“, – дейді. Ол жаттықтырушыға: ”мені осы командада қалдырыңыз, мен олардың қашқан добын жинап, терін сүртіп берейін, маған тек солармен бірге жаттығу орайын берсеңіз болды“, – деп жалынады. Жаттықтырушы баланың шынайы ынтасын көріп, талабына қосылады. Жарыс аяқталғанда, Жордан расында команда мүшелерінің терін сүртеді.

Дүниеге әйгілі баскетбол жұлдызы міне осылайша, ғажайып табысқа жол ашады. Бір күні таңертең, алаң тазалап жүрген тазалықшы, алаңда бір негр команда мүшесінің ұйықтап жатқанын байқап оятады. Әлгі негр: мен Жорданмын, кеше кеште осында жаттығып қалжырап ұйықтап қалыппын“, – дейді. Адамдар оның сапалы жаттығуының сырын түсінгендей болады. Жаз маусымында, ол сапалы жаттығу арқылы мектептің оған айтқан әділетсіз шешіміне жауап іздейді. Ол әр күні таңертең сабақтан бұрын, мектептің баскетбол алаңына барып жаттығады, жаттығу бірнеше сағатқа созылады, ол қалжырап дем алысқа ерік бергенде, көз алдына әлгі өзінің аты жоқ тізімдік келетін де жалғасты жаттығатын. Жорданның кейінгі негізгі жаттықтырушысы оны былай деп бағалайды: ”Жордан бірлестікке жаңа келгенде тек шабуылшы сипатты ғана спортшы болатын, ол кезде оның сөреге доп тастау өресі кәсіптік деңгейге жетпеген болатын. Десе де, ол демалыс кездері мен жаттығу аз күндердің бәрінде допқа жаттығып, дене шынықтыратын, әр күні неше жүз рет доп тастап жаттығатын, ақыры ол дүниеге әйгілі шеберге айналды“. Осыдан Жорданның үздік болуы тума емес екенін, қайта құлшыныс пен қайтпас рухтың оны дүниеге әйгілі жұлдызға айналдырғанын көруге болады. Тіпті қызығы Жорданның бойы орта мектептегі 1. 75 тен 1. 98 ге өседі. Олардың отбасында 1. 80 нен бойы асқан ешкім жоқ еді. Мүмкін Жорданның сапалы жаттығуы мен табысқа жету арманы оның бойын да, ойын да өсірген болар. Жордан 15 рет Америка кәсіптік баскетбол жарысына қатынасып, әр реткі жарыс нәтижесі 30. 12

болып тарихтағы аға буындардың өресінен асып кетеді. Ол Америка кәсіптік командасында он рет аға жүлдегерлікті сақтап, тоғыз рет біріншілікті алады, ол осы нәтижелерімен аты затына сай дүниедегі ең ұлы баскетбол спортшысы саналуға әбден хақылы 1983 жылдан бастап, ол 49 рет «дене тәрбие суретті журналының мұқабасына басылып, жиырмасыншы ғасырдағы ең ұлы дене тәрбиешінің бірі болып бағаланады. Бұдан тыс ол сандаған ел жетпеген атақ пен шенге ие болады. Жордан бір дәуірдің шұғылалы спорт жұлдызы болып қана қоймай, ол сауда саласына да сәтті ойысқан айтулы табыскер. Ол әр жылы мемлекеттік командасынан неше жүз миллион Америка долларында жалақы алып қана қоймай, мемлекеттің іші-сыртына жалғасқан сауда топтарының жарнамаларына араласып, уәкілдік образымен, тауардың өтімін жоғары шекке жеткізеді. 1991 жылдан бастап ол, мемлекеттік телевизияның таңғы берілім уақытында балалардың қылмыстан тежелуі жайлы үгіт бағдарламасына қатынасады. Сүйікті оқырман! Сіз Жорданның қолға келтірген табыстары мен ғажайып жұлдызды өміріне тамсана таңданғаныңызда, оның; бір кездері мектеп командасына да кіре алмай, сандалған кездерін ұмытып қалмағайсыз. Ол да сіз бен біз секілді қоғамның ең төменгі сатысынан келген әрі бәрін де нөлден бастаған жан. Сіз қорлыққа тап болғаныңызда, әр рет басқалардан қалғаныңызда, өмір еш мағынасыз сезіліп, үміт ұшқыны байқалмағанда, есіңізде болсын: сізге қажеті шегіну, тағдырға өкпелеп қарғануда емес, өйткені одан

сізге еш пайда жоқ. Бұл кезде сізге керегі Олимпиада жүлдегері Жорданның әр кез тізе бүкпейтін рухымен өзіңізді шабыттандыру. Сіз тек осылай істесеңіз, сіз де керемет өз Олимпиада чемпионыңызға айнала алатыныңыз сөзсіз! Мен – Жордан секілді жұлдызды табыстарға жете алмадым, десе де орта мектеп кезінде менің де Жордан секілді ұятты өмірбаяным болған. Көп жылдан бері ол менің жадымнан ешқашан көтерілген емес. Ол кездер маған зор рухани байлық пен қуат сыйлады. Толықсыздың бірінші жылдығында оқып жатқан кезімде, әдебиет мұғалімім менің мақаламды ең нашар орындаған тапсырма ретінде, бүкіл кластағы оқушылар алдында оқып талдау жасады, толық ортаны тауысарда, математика мұғалімі толықсыз бірінші жылдықтың сабағынан бізден емтихан алды, нәтижеде тұтас класс бойынша мен жұмыртқа жеп шыға келдім. Жоғары мектеп емтиханынан өтпеуім табиғи еді. Бірақ мен шегінбедім, қайта мектебіме барып пысықтау класына кірдім. Пысықтау класында оқып жатқанда мен күнделік те жаза алмайтынмын. Ол кезде мен әдебиет мұғалімінің күнделік тапсырманы қузауынан алаңдайтынмын. Солайда мен ешқашан босаңсыған емеспін, қашанда құлшынып үйренетінмін. Сабақтастар мені тырысшаң деп мақтап қана қоймай ”ағаш ми “ деп мазақтайтын. Мен шегінбейтін, шаң қауып жабы болуды қаламайтын рух пен табысқа жетерімді, күнделік жаза алмайтын менің кітаптарымның орталық телевизиясының ”қазіргі заман ағартуы “ айдарына жолдама аларын, шабыттандыру лекцияларымның мемлекеттің жер-жеріндегі ата-аналар мен оқушылардың көз жасын ағызатындай

әсер беріп, күш бағыштайтынын ойлап та көрмеген едім. Мен – әр рет лекция сөйлегенімде, ата-аналар менің бастан кешкенімнен терең әсер алады, әрі қызыға таңдана қарайды. Менің қатарымнан қалғаным, одан кейін зор танымдық өрлеуге көтеріліп, қатты құлшынғаным бәрі де шындық еді. Ол жылы мен жоғары мектеп емтиханында әрең он жеті нөмір алдым. Мұндай жағдайда кімде болса күдер үзер еді. Бірақ мен шегінбедім, өйткені менің осы жолды тастауым мүмкін емес еді. Он жеті жасар бала жөнінен кейінгі өмірдің аса машақатты боларын мен жақсы білетінмін. Содан мен бір жағынан математика пысықтасам, енді бір жағынан әдебиет пысықтайтынмын, жақсы мақалаларды, ұлы адамдардың ақылиялық сөздерін тауып оқып, өзімді шабыттандыратынмын. Есептегі қиын түйіндерді қайталай істеу арқылы, мен математиканың өзім ойлағандай немесе басқалар айтқандай қиын емесін сезіндім. Асылы мен одан тым шошып кеткен екем. Мен әр рет бір ұғымды меңгергенімде немесе бір мәселені шешкенімде бұрын сезініп көрмеген шаттыққа бөленетінмін. Кейін менің аңғарғаным: табыстың жолында көптеген қиындықтар болса да, ол алынбайтын қамал емес. Көптеген адамдардың қиындықтан шегінуі, оларды басқалардың қате жетелеуінен немесе қиындықты тым әсірелеп жіберіп, шошып кеткендігінен. Сондықтан мен көп жылдан бері мынаған батыл сеніп келемін: адамда бәрі кем болуына болады, бірақ алға басу рухы кем болуына болмайды. Әсіресе олимпиада жүлдегерлерінің, ешқашан жеңіліске мой-

ын сұнбайтын, шегінбейтін рухы, адамның жасырын қуаты керемет зор. Сіз Жордан секілді артта қалуды қаламайтын рухты жетілдірсеңіз, қай уақыт, қай жерде де, »көкірегіңізді керіп жүре аласыз». 1948 жылы Оксфорд университеті ”табысқа жетудің сыры“ деген тақырыпта лекция сөйлеу мәжілісін өткізеді, лекцияға сол кезде атағы жер жарған Черчильді ұсыныс етеді. Ақпарат дәнекерлері үш ай бұрын дайындалады, әр саланың қайраткерлері бұл күнді асыға күткен, адам тасқынша ағылып, ине шаншар жер қалмайды. Ел бұл әйгілі саяси қайраткер, стратег, шешен, әдебиетшінің (Нобель әдебиет сыйлығын алған) табысқа жету сырын білуге асығады. Черчиль қол ишарамен найзағайша шатырлаған шапалақ үнін тоқтатқаннан кейін: ”менің табысқа жетуде үш құпиям бар: бірінші әркез тастамау; екінші әркез, әркез тастамау; үшінші, әркез, әркез, әркез тастамау! Менің лекциям аяқталды“. – Ол осы бір ауыз сөзді үш қайталап сахнадан түсіп кетеді. Жиын залы кенет тыныштыққа шомып, аздан кейін шапалақ нажағайша шатырлайды, ұзаққа жалғасады. Дұрыс табысқа жету сондай қарапайым. Бұл дүниеде мейлі Олимпиада чемпионы, ғалым немесе басқа кәсіптің табыскерлері болсын, табысқа жетудің сыры ортақ, яғни әрқандай қиындыққа кез болғанда әркез кешпеу. Американың бұрынғы президенті Калвин Кулидждің өткен өмірін еске алып былай дейді:”дүниеде ешқандай нәрсе қажымас-талмас, мәңгі шегінбейтін күрескер рухтың орнын баса алмайды, дарындар, түк бітірмейтін таланттылар көп, бірақ адам қайтпас-қайсар, мәңгі шегінбес рухты

әзірлегенде оның алмайтын қамалы болмайды“, – дейді. Дәл сондай қажымас-қайтпас, мәңгі тастамайтын күрескерлік рух сандаған Олимпиада чемпиондарын соңғы жеңіске жеткізді. Өйткені олар: мүмкін болмайтын нәрсенің жоқ екенін, тек қажымас-талмас, мәңгі шегінбейтін рух болғанда, сөзсіз жеңіске жетуге болатындығына сенеді, жеңіліс жоқ, тек жеру бар, тек тастамай табандылық етсе, жеңіске жетуге болады, жеңіліс төзім мен ерік күшіне болған ең соңғы сынақ, ол бір адамның арманын быт-шыт етеді, немесе оны құрыштай шыңдайды.

Калвин Кулидж – (1933–1872) Американың отызыншы кезекті президенті. Оның әкесі дүкен қожайыны, облыстың кеңес мүшесі болған, анасы оның он екі жасында дүние салады. Кулидж 1915 жылы Масажёссе облысының орынбасары, облыс бастығы, 1918 жылы облыс бастығы болады. 1920 жылы Республика партиясының орынбасары, президенттікке кандидат Гардингтің бәсекелесі болып жеңіске жетеді. 1923 жылы Гардинг қайтыс болғаннан кейін президент боп сайланады. 1924 жылы жалғасты сайланады. Ол мемлекет ішінде экономикалық қимылдарға араласпау саясатын қолданып, бажыны жеңілдетіп, бажыны қорғау негізінде экономиканы басқарып, тұтас елде гүлденіп көркейген жағдайды жарыққа шығады. Ол зейнеткерлікке шыққаннан кейін ара-тұра саясатқа араласады. Алпысқа толған жасында, жүрек ауруынан қайтыс болады.

жордан сізге нұсқау береді Бастан-аяқ белсенді рухани күйді сақтауда сіз іріктеліп қалған, шаң қауып артта қалған кезіңізде ең маңыздысы белсенді көңіл-күйді сақтаңыз. Уақытша басқалардан қалып қалуыңыз, сіздің мәңгі артта қалуыңыздан дерек бермейді. Әркез тастамаңыз, кешу мүлде жеңілістен дерек береді. Жордан сараптауға ілінбей қалған жағдайда шегіну былай тұрсын, қайта барынша құлшынып, нәтижеде ойламаған табыстарға жетті. Артта қалу мен сараптаудан қалудың соққысына төзу керек, мәңгі тізе бүкпейтін рухты жетілдіріп, ора­ йын тауып, күш топтап бәйгеге қайта қосылу керек. Бейне Жордан секілді, бастан-аяқ шегінбейтін, артта қалмайтын рухты сақтап, жүз есе тырысшаң­ дықпен өзінің басқалардан әлсіз емес екенін дәлелдеу керек. Мызғымас сенімді сақтау керек. Артта қалу мен екшеліп қалу ешқанша қорқынышты емес.

Қорқыныштысы сіздің қиыншылықтан қорқып, тіпті қиыншылықты әсірелеп, өзіндік сеніміңізді жоғалтуыңыз. Ең жақсы әдіс жеңіліске мойынсынбайтын рух пен бәріне төтеу, қимыл арқылы өзінің мықты екенін дәлелдеу. Егер сіз осыларды істей алсаңыз, онда, сіз сөзсіз өзіңізге тән керемет жаратып, өзіңіздің чемпионыңыз бола аласыз. Зағиптық тағдыр басқа түскенде, біреулер қарғанады; біреулер мойынсынады; біреулер өлімді таңдайды; ал енді біреулер қарсыласады. Юри 1873 жылы он төртінші қазанда Американың Индяна облысында дүниеге келеді. Ол кішкентай кезінде балаларда болатын сал ауруға душар болады да, отбасындағылар оны өмір бойы топ болып қалатын болды деп алаңдайды. Бірақ Юри ауруға бас имейді, ол құрсақ бұлшық еттерінің солып қалуынан сақтану үшін дәрігердің нұсқауы бойынша орнында тұрып секіруге жаттығады. Табанды жаттығу арқылы оның, аяғы біртіндеп оңалады, Ол қалыпты адамдар сияқты қимыл жасап қана қоймай, мектеп жеңіл атлетика командасының белді мүшесіне айналады. Юри есейгеннен кейін ауылына жақын маңдағы Дуб университетіне түсіп оқиды, әрі инженерлік мамандық алып, су инженері болып істейді. Ол дене тәрбиені өте ұнатқандықтан Нью-Иоркқа барып, клубта жеңіл атлетикаға жаттығады. Кезінде дене қуатын арттыру үшін биікке, ұзындыққа секіріп, жаттыққандықтан тамаша сайыс өнерін меңгеріп, денесіндегі кемістікті ерекшелікке айналдырады. 1900 жылы екінші кезекті Олимпиада дене тәрбие жарысы Парижда өткізіледі, 27 жастағы Юри үшін

бұл өзін әйгілеудің тамаша орайы еді, ол жеңіл атлетика түрлеріне жазылып, жарысқа қатынасады. Еңбек ешқашан босқа кетпеген, Юридің ұзақ жылдық берген өтеуі мол жеміс береді. Жетінші айдың он алтысы күні биікке, ұзындыққа секіру жарыстары бір күнге орналастырылған болып, Юри секірудің үш түрінен жүлдегер болады. Оның орында тұрып биікке секіру нәтижесі 1. 65 болып, дүниежүзілік рекорд жасайды, бұрынғы сақталып келе жатқан нәтиже 1. 27 еді. Төрт жылдан кейін, 1904 жылы Американың Санлуис та өткізілген үшінші кезекті Олимпиада жарысында сол үш түрден ол тағы чемпион болады. Ол бұл жолғы жарыста орнында тұрып биікке секіру түрінен дүниежүзілік жаңа рекорд жаратады, оның нәтижесі 3.47 болып, бұл өре жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарына дейін, бұл жарыс түрі қысқартылғанша сақталып келеді. Юри тағы 1906 жылғы қысқы Олимпиада жарысында, 1908 жылғы Лондон Олимпиада жарысында биікке және ұзындыққа секіруден жекежеке екі алтын медаль алады. Ол Олимпиада жарыстарында алтын медаль алудан тыс, 1898–1910 жыл аралығында, жиыны он бес рет мемлекеттік жарыстың биікке секіру түрінен жүлдегер болады. Өкінішке орай 1912 жылы бұл жарыс қысқартылады да Юридің жаратқан нәтижесі сол қалпы, олимпиада жарыс тарихындағы ең зор нәтиже болып жазылады. Егер бұл жарыс түрі қысқармаған болса, ол тіпті де зор нәтижелерді жаратқан болар еді. Юри үздік нәтижелерімен өзінің дүниедегі ең таңдаулы спортшы екенін дәлелдеді. Кемтарлық шынында өмірдегі бақытсыздық десе де бақытсыздық үшін қасіреттенсек, қайғырсақ,

өкпелесек, бақытсыздықты титтей де өзгерте алмаумен бірге, тіпті де бақытсыз боларымыз хақ. Кемтарлық адамдарға бақытсыздық әкелумен бірге орай, күрескерлік рухты бағыштайды. Юри бастан-ақ қалыпты дені сау адам емес, ол кезінде ешкім де елемейтін кемтар жасөспірім болатын. Ол кемтарлықтан құлшынып дене тәрбиешіге айналды, ол шынында керемет, оның барлық дені саулар мен кемтарлар үйренуге татитын ұлылығы; иектеген ауруды жеңген күшті жігері, қатал тағдырға мойынсынбайтын қайсар рухы мен өзін үздіксіз алға жебеп отыратын күрескерлік ынтасы. Юридің өмірі мен қайсар жігері Олимпиаданың уставында дәріптелген рухы жайлы мынадай түсіндірмені есіме түсірді. Онда: ”олимпизм өмірдің философиясы, ол тәннің, ерік пен рухтың әмбебап сапаның бірдей тоғысуы және жоғары деңгейге көтерілуі, қимыл мен мәдениет және ағартудың бірлігі, ол біртүрлі қалыптасқан тұрмыс формасы: ол күрестегі шаттық, үздік үлгінің тәрбиелік күні және дүниелік негіздік ақлаққа болған құрмет“. Юридің күрескерлік рухы мен ұлы өмірі олимпизмге болған ең жақсы анықтама. Адамдардың көңілі аласапыран бүгінгі қоғамда, әрбір адам Юридің рухынан үйренуі өте қажет. Өмірдің бақсыздығы, қоғамның әділетсіздігі үшін қарғанып өкпелеудің ешқандай маңызы жоқ, үнсіз төзумен тайсақтау да түкке тұрмайды. Германиялық композитор Бетхоуын есту қуатынан айрылғаннан кейін қасіреттенген, бірақ ол тағы ”мен тағдырдың кеңірдегінен алам“ деген күшті бекімге келеді. Оның өмірі, осындай берік бекімге келгені үшін шұғылалы

өмірге айналды, сондықтан да «Тағдыр симфониясы», «Ай нұры симфониясы сияқты мәңгі өлмейтін, дүниені дүр сілкіндірген ұлы шығармалар дүниеге келді. Елена Келлер Американың әйгілі саңырау, әрі – мылқау жазушысы, ол екі жасында ауру оны есту, көру, сөйлеу қуатынан мақұрым етеді. Ести алмау, көре алмау, сөйлей алмау екі жастағы бала үшін тіршіліктің үш қабат тамұғы еді. Ол осындай қат-қабат тұңғиықтың құрсауында тұрып Харуарт университетін бітіреді, тірлігінің бар тынысымен дүниенің бар жерін аралайды, сандаған қайырымдылық орындарын құрып, қиындықтар үшін бақыт жаратады, американың «Дәуір» апталық журналы «оны жиырмасыншы ғасырдағы американың он ірі қаһарманының бірі деп бағалайды. Осындай кереметті жарату, тек бір ғана талықпас жүректің қуатымен еді. Елена Келлер өмірдің қатаң сынағын қабылдап ұлы махаббатымен дүниені құшағына ала білді, адам таңғаларлық жігермен қиындықтарға төтеп беріп, ақыры қара түнектен өмірдің шұғылалы жағын сезінді, ең соңында қайырымды қос қолын тұтас дүниеге созды. Франциялық философ Тысвейг: ”тағдыр ұлы тұлғалардың өміріне трагедиялық перде тартуды ұнатады. Тағдыр өзінің ең зор қуатымен, ең күшті адамдарды сынға салады, сан сорақылықтар мен олардың жоспарын бүлдіруге ұрынып, олардың тұрмысын ғажайып сырлы тәсілдермен мазақтағысы келеді, олардың өмір жолдарына қат-қабат тосқауылдарды қойып, олардың ақиқатты іздеу жолында тіпті де ауыр сындардан өтіп шыңдалуына мүмкіндік жасай-

ды. Тағдыр әне сондай ұлы тұлғаларды тәлкек етеді. десе де, бұл өтемі бар тәлкек ету, өйткені ауыр сындар ақыры табыс әкеледі“, – дейді. Елена Келлер көру қуатынан, сөйлеу, есту қуатынан айрылған үш қабат тамұқтың ішінде тағы: ”үміт мәңгілік қақпасын ашты, басқалардың көзіндегі жарық менің күнім, басқалардың құлағындағы музыка менің симфониям, басқалардың езуіндегі күлкі менің шаттығым“, – деді. Ол тағы бізге:”бақытты өмір адамның ішкі қуатынан бастау алады, мейлі қайсы дәуірде болсын махаббат пен ерлік біздің өмір сүруіміздің негізі, десе де біз әрбіріміз өзіміз де түсінбейтін қабілет пен орайға ие болып отырмыз, мүмкін бәріміз де өзіміз қиялдамаған істерді істеуіміз мүмкін“, – деп ескертеді. 2008 жылы екінші айдың он бесі күні, орталық телевизия стансасының ”жұңгоны тебіренткен“ сауық кешінде, жұңгоның Келлері деп аталған Лили қыз көрермендермен дидарласты. Оның кемтарлыққа бас имейтін, сұрқия тағдырға бас имейтін, босаң­ сымай күрес жасайтын іс-іздері бүкіл елдегі жүз миллиондаған көрермендерді тебірентті. Лили жас кезінде сал ауруына душар болып, төсек тартып қалады, кішкене күнінде ол тек еңбектеп қана жүре алатын. Сегіз жастан кейін, қырық сағатқа созылған жан түршіктіретін операциядан кейін, Лили балдақпен жүретін күйге келеді. Орта мектеп тауысқаннан кейін ол, жұмысшы болып, іс орнынан қалады, жайма ашып тамақ сатады, күрте тоқып дүкен ашады, май құю орындарында істейді. Ол ылғи жеңіліске ұшырап отырады. Бірақ сансыз жеңілістер оны жыға алмайды, ол сансыз рет

орнынан тұрып қайта ұмтылады. Ол ашқан май құю орны жабылғаннан кейін, үш миллионнан артық қыруар қарыз арқалайды. Ол кезінде өзенге барып, өлмекші де болады, бірақ мынадай зор апат алдында тағы күресті таңдайды. 2000 жылдың басы, Лили мың қиындықта ағаш майсасын әзірлеу серіктігін құрып, екі жыл тырысу арқылы кәсібі жандана бастайды, өкінерлігі тағдыр тағы оның жігерін сынға салады. 2002 жылы бесінші айдың жиырма жетісі күні, бір қатынас шырғалаңы, оның жанын жалмап кете жаздайды, бұл апатта оның бет бөліміне 89 жіппен тігеді, денесіндегі тыртық 260-қа жетеді, денесінің ішкі жағына төрт қалақша темір, алты пуржина шеге салынады. Операциядан кейін, ажалдан қалған Лили өзінің бағбаншылық кәсібімен мықты айналысумен бірге, уақыт тауып түрмеге барып қылмыстыларға лекция жасайды. Десе де, бірінші реткі лекцияда Лили үш рюмка арақ ішіп, жүрек тоқтатып барып, сахнаға шығады. Ол өзінің бақытсыз өмірі мен күшті жігері қылмыстылар үшін зор тәрбиелік рөл ойнайды деп ешқашан ойламаған еді. Көп өтпей, көп толғану арқылы Лили өмірдің қымбаты ағартуда екенін терең сезінеді, сонымен ол саудасы дүрілдеп тұрған майса жетілдіру серіктігін басқаға беріп, сексен мың юань пұл мен Бейжіңге ағарту білімдерін үйренуге жол алады, ол Хыңяң қаласына аты таныс кәсіпкерден – бірде аш, бірде тоқ оқушыға айналады. 2005 жылы, ол ”Лили отбасылық тәрбие ісха­ насын“ ашады. Екі жыл уақыт ішінде ол екі жүзден артық торапқа тұтқындалған балаларды тұңғиықтан құтқарып шығады, әрі екі жүз мың әріптік «отбасы

тәрбиесі әдістемелігін құрастырып шығады. Кейін, Лилидің қызмет орны екі жүзден артық еріктілерді баурап, мыңдаған адасқан балаларға қол үшін береді. Бір күні ол, мыңдаған хаттарды реттеп отырып терең тебіренеді, өйткені әрбір хаттың басы – жанға жақын атаумен басталатын – сүйікті Лили шеше, сүйікті Лили апай, сүйікті Лили әпеке бұл шын жүректен шыққан дауыстардан Лили қатты азапталады, ол өзінің азапты өмірін, өзіндегі жауапкершілікті, өзі­нің қоғамда болған шексіз күнін шынайы сезінеді... Оның бұралаң тағдыры сансыз адамдарды тебірентеді. ”Жұңгоны тебіренткен“ программасы­ ның комиссиясы оған мынадай арнау сөз бағыштайды: кемтарлық құлата алмаған, қиындық меңдете алмаған, пәле-жала жеңе алмаған, қайсарлық онымен бірге есейген. Тәні тағдыр жағынан талақ етілгенімен, жүрегі ерліктің әнін шырқаған. Бес жыл уақытта, сексен мың жүдеген жүректі жылытқан, қабылдау, қайырым, бәрін де құшағына алу, ол қос балдақпен сүйіспеншіліктің ғажайып үлгісін салды. Жоғарыдағы хикаялар бізге, адам кемтарлықтың ауыр жарақатымен, тұрмыстың бақытсыздығына тап болған кезде жаратушының барлық жолдарды бөгеп тастамайтындығын ұғындырады. Тек рухымыз кемтар болмаса, сенімнен айрылмасақ, талмай талпынсақ, қиын қамалдарды таптап өтіп, тамаша өмір сүруімізге болады. Юри Олимпиаданың кереметін жаратты, онда біздің әрқайсымыз арманымыздан адаспауымыз керек. Бетхоуен тағдырдың құқайынан алып, тамаша симфонияларды жазғанда біздің аһ ұратын не жөніміз бар? Елена Келлер қорықпағанда, біз тағы неден қорқамыз? Лили қос балдақ пен сүйіспеншіліктің тың

үлгісін салғанда біздің тосырқап алға ілгерілемейтін не жөніміз бар? Юри, Бетхуен, Елена Келлер, Лилилар бізге: тек тағдырға бас имегенде, бүгін арқылы ертеңді тұтандыруға болатындығын; тек өмірді қызу сүйіп, талмай талпынғанда, сөзсіз шұғылалы болашақ жаратуға болатындығын, күнге беталғанда мәңгі көлеңке болмайтындығын ұғындырады.

лили сізге жол сілтейді 1. Юри секілді, кемтарлық тағдырға дөп келгенде, кешпе бақытсыздықты орай қозғаушы күшке айналдыра біл. Лили сияқты, тағдырың қанша тарпаң болса да, әркез қайырымсыз тағдырға сенбе, әркез тағдырға тізе бүкпе! 2. Дене тәрбиені қызу сүй, талықпай дене шынықтыру арқылы жігеріңді шыңдап, дене қуатыңды күшейт. Бұл ауруды жеңіп, қиындыққа мойымау да төтенше маңызды. 3. Жүрегің ақаусыз болсын! Тәннің кемтарлығы қорқынышты емес, қорқыныштысы жүректің кемтарлығы. Елена Келлер сияқтыларды үлгі етіп, кемтарлық пен бақытсыздыққа күле қарап, өмірге сеніммен бет ал! 4. Кемістігіңді түзеп, артықшылығыңды сәулелен­ ді­ре біл. Әрбір адамның өз ерекшілігі болады, бастысы өз абзалдылығын аша білу. 5. Ұдайы үлгі мен өзін шабыттандырып отыру, сөзсіз өзінің үлгісін тіктеу, мұқият түрде бірнеше ұлылардың қиын тағдырды бағындырған, қатаң тағдырды жеңген өмірбаяндық кітабын оқып шығу керек. Мысалы Елена Келлер, Бетхоуен сияқтылардың өмірбаяны, олардың бойынан ауру мен азапты жеңген қуат қабылдап, қымбатты тәжірибелері мен қайсар мінезінен үйрену керек. 6. Әр күні өзін, кемтарлықты жеңіп, тағдырмен белдесуге, Юри сияқты құлшынуға, өзінің кереметін жаратып, өзінің чемпионы болуға жебеу керек.

Қорашсынуды жеңіп, ұйқыдағы алып айдаһарды ояту Көптеген адамдардың табысқа жете алмауындағы себеп, олардың қабылетсіздігінен немесе орайдың жоқтығынан емес, қайта өзін қорашсынудан, өзінің ұйқыдағы арыстан екенін білмеуінен. Олимпиада жүлдегерлерінің сансыз саңлақтардың ішінен жеңіп шығуы, зор дәрежеде олардың үміткер, белсенді алға басу рухынан, әдеттегі сансыз сапалы жаттығу барысында, олар өзгеден озық техниканы жетілдіріп қана қоймай, қорашсыну психикасын жеңіп, жан дүниесіндегі алып айдаһарды оята білді. Жұңго әйелдер командасындағы қол мерген Жаңшан 1992 жылы Барселона ер-әйел аралас ұшпа тәлеңке жарысында, көптеген ер шеберлерді жеңіп, алтын медаль алады. Сол кезекті олимпиада жарысында әйелдердің ерлерді жеңген ақбары ерекше жаңалық болады. Жаңшан қалайша табысқа жетті? Дүбірлі себеп оның әдетте сапалы жаттағуында емес, қайта оның бұлжымас сенімі ерік күші мен үміткерлігінде. Ол әр рет жаттығудан түскенде іштей мұғалімінің мына ескертуін қайталайтын: ”жер мен көктің арасында мен қадірлімін“. Бұл – сөз Бұддызымның атасы Сакямонидің сөзі, Жаңшан одан бір жайды түсінеді: қарауыл майданында адамға қажеті дәл осындай ”дүниені қаперіне алмайтын “рухани күйде болу керек, сенім мен үміткерлік Жаңшанның жеңіске жетуінің негізі Қарсыласын жеңу, өзін жеңу, бәрін жеңуде сенім мен үміт қажет. Ол: ”ұшпа тәлеңкеге қажеті сенім мен үміт мылтықты көтергенде менің назарымда ештеме де болмайды“. –

осындай өзін өзек ететін рух пен сенім болғаны үшін, Жаңшан ақыры жарыста көптеген ер-әйел таңдаулы шеберлерді жеңе алды. Егер сіз дүниежүзілік Олимпиада чемпиондары­ ның адамдық қасиетін зерделеп зерттер болсаңыз, олардағы: қаншама күшті қарсылас, қаншама қиын барыс, қаншама қиындық болса да қорықпайтын, қайғырып үмітсізденбейтін, өзінің тырысшаңдығы арқылы сөзсіз жеңіске жететіндігіне сенетін ортақ ерекшелікті байқар едіңіз. Олар қашанда мынадай ақиқатқа сенеді: өзін қорашсынған, чемпиондыққа батыл таласа алмаған адам, мәңгі чемпион бола алмайды. Көбінше бізді жеңетін күшті жау емес, жеңуге болмайтын қиындықта емес, қайта біздің өзімізді қорашсыну психикамыз. Әйгілі психолог А. Маслоу ұзақ уақыттық зерттеу арқылы мынадай қорытынды шығарады: ”адамда зор мөлшерде әлі істетілмеген жасырын қабілет бар“. – бірақ көптеген адамдарда кейін келе қалыптасқан қорашсыну түйсігі болғандықтан, өзінің тума жасырын қуатын көміп алады, тек аз сандағы адамдар ғана сол жасырын қуатын аша алады. А. Маслоу өзінің жетелеген аспиранттарын қорашсынуды жойып, күрес нысанасын жоғары белгілеуге шабыттандырады. Ол олардан қандай ұлы шығармаларды жазып, қандай міндеттерді орындамақ екенін сұрайды. Бұл сұраулар аспиранттарды ыңғайсыз күйге салып, олар жауап беруден бас тартады. Маслоу: ”егер сен психолог болсаң, белсенді ізденгіш психолог боласың ба әлде нашар психолог боласың ба?. Егер сен қасақана жалқаулыққа салынып, аз

күш жұмсауды ойласаң, онда саған ескертіп қояйын, сен ендігі өміріңде бақытты бола алмайсың. Өйткені ылғи өз қабілетің жететін, өзің істей алатын істерден қағыс қаласың“, – дейді. Қатысты мамандардың зерттеу нәтижесі: әдеттегі адамдардың тек бірде, екі пайыз ғана парасатын істете алатынын, ұлы ғалым Эйнштейннің өзі әрең ми қуатының бес пайызын ғана істете алғанын дәлелдейді. Канекей – Американың батыс бөлегіндегі бір кедей отбасында дүниеге келген диқанның баласы, оның жасөспірім, жастық шақтары кемсітуге, сәтсіздікке, үрей мен уайымға толы болады, оның жан дүниесін қараңғылық жайлап алған еді. Ол масқаралауды, мазақты барынша бастан кешіп, тіпті өліп қалуға дейін барады. Бағына қарай ақыры үздіксіз өзін шыңдап қорашсыну түйсігін жеңіп шығады. Оның шығармалары, лекциялары мен ашқан курстары ұқсамаған елдердегі, ұқсамаған дәуірдегі миллиондаған адамдарға әсер етіп, ол ”табыс ғылымының атасы “ деген атқа ие болады. Канекейдің ерте кездегі «Адамдықтың шұғыласы», «Тылдың қамалы», «Тамаша өмір», «Адамның артықшылықтары» сияқты шығармалары 28 тілге аударылады, оның ішіндегі «Адамның әлсіздігі» толық жинақ, «Інжілден кейінгі дүние» бас­па тарихында екінші орында тұрады. Канекейдің өмірбаяны бізге: барлық адам табысқа жетуіне болатындығын, біздің әрбіріміздің батыл түрде өзімізге қожа болуымызға болатындығын, әрқандай себеп салдарынан өз жүрегімізді сәтсіздік пен қорашсыну түйсігіне жаулатпауымыз керек екенін айтады. Канекейдің табысқа жетуі жадымызға

Жоугопыңның мына сөзін салады: ”мен таланттардың жанында аздап қорашсынудың жасырынып жатқанына, жеңіске жеткен күштілердің жүрегінің терең түкпірінде қашанда бір қорлыққа толы кешірме жасырынып жатқанына сенемін“. Дүниеге әйгілі Канекейдің кезінде өзін аса қорашсынатын жасөспірім екенін кім ойлаған. Егер сол кезде ол шынында өліп қалуды таңдаған болса, бұл дүниеде бір әлсіз көбейген болар еді. Бірақ Канекей қорашсыну түйсігін жеңіп қана қоймай, дүниедегі сансыз өзін қорашсынғандарды тұманнан айығып, табысқа жетуге жебеді. Мария атты бір қыз Англияның оңтүстігіндегі кедей отбасында дүниеге келеді. Екі жасында оның сол жақ бетіне кенеттен сиықсыз бір қал өсіп шығады. Сондықтан, адамдардың суық раймен қарауы оның өңменінен өтеді. Бақытқа қарай, ол кітап оқуға ерекше құштар болады. Ол тек кітап теңізіне малтағанда ғана сумаңдаған суық көздер мен жалғыздықтан құтылуға болатындығын терең сезінеді. Бір күні Окс­форд университетінің бір әйгілі профессоры өзін ұмытып кітапқа беріліп отырған бұл қыз баланы байқайды. Ол баланың кітапқа берілуінен әсерленіп өтіп жатқандар мен тегіс жиналған диқандарға: ”Қараңдаршы керемет, мына баланың көзінде от бар екен, сөзсіз жаннан асқан ақылды болады, ол беріліп үйреніп, болашақта қалашықтағы ең жарамды адам болады. Оның жүзіндегі қара қалы, бұдан былай елден асқан адам болуының белгісі“, – дейді. Біз бұл профессордың ол сөзді қалай айтқанына жіп таға алмаймыз, бірақ бұл сөз таралып кеткеннен кейін, қыздың өмірінде комедиялық өзгерістер жарыққа шығады, оның әкесі

содан бастап, оған ерекше күйінеді, әлгі суық раймен қарайтын жанарлар қызыға қарайтын болады, тіпті сондағы бір бай ақша шығарып, оған ең жақсы оқудың шарт жағдайын жаратып береді. Кішкентай қыз басқа шытжаңа бір адамға айналып шыға келеді. Бұрынғы қорашсыну атымен жоғалып, өзіне деген батыл сеніммен құлшынады. Оның қан термен берген өтемі, оған басқалар қызыға-қызғана қарайтын табыс сыйлайды, бұлардың бәрі әлгі профессордың болжағанындай шығады. Көп жыл өткеннен кейін, әлгі қыз ел үмітін ақтап Кембридж университетінен докторлық атақ алады, кейін Англияның ең жоғары оқу орны болған – Единбург университетінің ең жас профессоры, қоғам қайраткері, Лондон қаласының қала бастығының көмекшісі міндетін өтейді. Әлгі оқымыстының бір ауыз сөзі, өзін қорашсынып жүрген қызға қанат бітіріп, оны үміткер, құлшынғыш адамға айналдырып, жұлдызды өмірді өз қолымен сомдауға дем береді. Адам, тегінде мөлшерлеу қиын, қоры мол кен тау, қайткенде оны әрі тез, әрі толық ашу керек? Кейде қазуда, қопаруда қажет емес, тек аға буындардың немесе дос жаранның бір ауыз адал мадағы мен сенімі жетіп жатыр! Барлық адамның табысқа жетуі «қалдыбет» қыз­ ды­кі секілді сәтті болмауы мүмкін, біз ондай жағдайды тосып жатпай, әрқайсымыз өзімізге профессор, шабыттандырушы болуымыз керек. Дүниедегі ең жақсы, ең маңызды профессор тек өзің ғанасың. Біз интернационал әнінің ырғағымен, шынайы жүрегімізден: ”ежелден жоқ құтқарушы құдай бақытты өмір жарату үшін өзімізге сүйеніп, қорашсынуды жеңіп, батыл

сенім орнатуымыз...“, – дегендерді шырқауымыз керек. Жауиұзы 1975 жылы орта мектепті тауысады, жоғары қан басым салдарынан, ол жоғары мектеп емтиханының денсаулық тексеруінен өтпей қалады. Отбасының ауыртпалығын жеңілдету үшін ол, ұсақтүйек жұмыстар істейді, көкөніс сатады, қақпа күзетеді, дәретхана тазалайды. Ол Бейжің педагогика университетінде қақпа қараған кезінде, кейбір оқушылар: ”жап-жас болып қақпа қараған, көкейінде арман жоқ жан екен!“, - деп келемеждейді. Әлгі ”тәңірдің еркелерінің күлкісінен Жауиұзы жасымайды. Ол: ”мені басқалар көзге ілмесе мейлі, мен өзімді-өзім көзге ілмесем болмайды. Мен университет оқушылары үшін дәретхана тазалағанымда, мен олардың білім алу шарт-жағдайына қызыға қараймын. Десе де, университетте оқи алу, оқи алмау бір нәрсе де, дарынды бола алумен, бола алмау тағы бір нәрсе. Университетте оқи алу, оқи алмау бас­тысы өзін қорашсыну, қорашсынбауда. Тек адам өзі құлшынса жарамды адам болуға болады“, – дейді. Жауиұзы қаршадайынан жұңго классик әдебие­ті мен хатшылықты ұнатады. Университет емтиханынан қалғаннан кейін, ол хатшылықты зерттейді. Бейжің педагогика университетінің бір оқушылар жатақ ғима­ ратының жер асты бөлмесінің шамы ұдайы, түні бойы өшпейді. Ол өзінің барлық демалыс уақытын бүтіндей хатшылықты зерттеуге арнайды. Ол күн-түн кітап оқып, мақала жазып, жұңгоның хатшылық жағындағы ақтаңдағын толтыруға, аянбай ат салысады. Жастар мен жасөспірімдер үшін ең маңыздысы жігер, сенім болу, өзін қорашсынбау. Жауиұзының

оқушылардың сайқымазағына төзіп, үздіксіз өзін құдіреттендіріп, кейін университет оқушылары алдында, жапондықтар алдында жұңголықтар үшін абырой әперуі әне сол, өзін қорашсынбай, үздіксіз алға ілгерлеуден еді. Кейбір жасөспірімдер өсіп-жетілу жолында өздерін көзге ілмейді, өзі қанша тырысса да елге жетпеймін, тырыссам да бекер деп ойлайды да, құлшынып үйренбей, жарамды адам бола алмайды. Егер Жауиұзы елдің мазағы алдында бас көтере алмаса, оның кейінгі табысы мүлде болмас еді. Бірақ, өзін көзге ілмей, басқаларға жете алмауынан қорқу, қиыншылықтан, жеңілістен кейін басқалардың сайқымазағынан қорқу... Мынадан да, анадан да қорқудың не қажеті? Анау орман арасындағы жемістің қалай өскеніне қараңыз! Бүгін боран соқса, ертең нөсер төпештейді, ол соған төзбей түсіп қалса, баяғыда шіріп кетер еді. Тек нөсер мен жауыннан қорықпайтындары ғана толысып пісе алады. Жасөспірімдер егер өсіп жетілу барысында өзін қорашсынса, өзін өзі мүсіркеп, құлшынбаса, ормандағы шіріген жеміс сияқты, қоғамға еш пайдасыз адам болып шығады. Сондықтан, жасөспірімдер өсіп-жетілу барысында өзін қорашсынуының, төмен мөлшерлеуінің, қажеті жоқ, қайта асқақ арманда болу, өзінің болашақта үздік дарынды болып, елді елеңдететін дарынды болуына сену керек. Әрине нысанасын тым биік белгілеп алғандарда да қорашсыну болады, өйткені, ол өзінің жетерсіз жерін біледі, десе де олардың ең қымбатты жері қорашсынуды жеңіп, үздіксіз күресуінде. Сон­дықтан, сіздің өзіңізді төменсініп, қарғанып-сіленуіңіздің еш қажеті жоқ. Қайта өз сенім,

құрмет, қажырыңыз бен алға ұмтылыңыз. Сонда сіз күрескерлік жігер мен тұрмыстың жеңімпазына, өз чемпионыңызға айналып, өміріңізден шұғыла шаштыратын боласыз. Маслоу – (1908–1970), Американың ең ықпалды психологтарының бірі. Маслоудың ең ұлы үлесі жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдарында, ол адамизм психология ағымын жаратып, ”адамизм психологиясының атасы“ деп аталды, әрі тұңғыш рет өзін жүзеге асырған адаммен ”адамзаттың жасырын қуатының» ұғымын психология катагориясына кіргізді. Ол адамизм психологиялық зерттеудің жаңа бағытын ашып, қажеттілік сатымен өзін жүзеге асыру назариясын жарыққа шығарып, адамды өзек еткен басқару назариясының дамуын тездетті. Жоугопиң – 1945 жылы Шаңхайда туылған, 1967 жылы Бейжің университетінің философия факультетін бітірген, қазір жұңго қоғамдық ғылымдар академия­ сының зерттеушісі, ғылыми еңбектерінен «Нисыше: ғасыр бұрылысында», «Нисыше және қалыпшылдық», эсселер жинағынан «Адам және мәңгілік», өлеңдер жинағынан «Қасіретті құштарлық», шалқымалар жи­нағынан «Аңсаудың аралығы», «Әркімнің тауап жолы», «Тыныштық», ақпараттық шығармаларынан «Ню ню: - бір әкенің естелігі», «Оңтүстік жақта ақпар жоқ Зорж патша аралының естелігі» сияқтылар бар. Университет кезінде: ”ұлдардан уаңшяубоны, қыздар­дан жоугопиңды оқуға болмайды“, - деген сөз тараған.

жауиұзы сізге нұсқау береді 1. Көбіне идеясы жетілген өзіңді түсінетін адамдардан ақыл ал. Мысалы: өзің сенетін мұғалімің, аға буындар саған жол сілтейтін болсын. Адамды қорашсыну түйсігі иектегенде, сөзсіз, дер кезінде тәжірибелі адамдардан нұсқау сұра, мүмкін бұл сенің өміріңнің бұрылыс кезеңі болса керек. 2. Қорашсыну түйсігі жан дүниеңді шеңбектеп алғанда, сабырмен мұқият ойлан, неліктен мұндай түйсіктің пайда болғанын, оның қайнарын тауып, оны санаңнан аластауға тырыс. Мұқият ойлану арқылы, өзіңді-өзің көзге ілмеуіңнің себебін тауып, анығына жеткеннен кейін, мүмкін саған басқалардың көмегінің қажеті де болмас, өзің байқаған сәтте, қорашсынуды тудырған алғашқы факторлар сізден алыстай бастайды. 3. Өзің істеуден, қорқатын істерді істе. Мысалы, белгілі атақты адаммен кездеспекші болсаң, батылдықпен барып кездес, мүмкін жүрексінбей оның үйінің немесе кеңсесінің маңында ұзақ айналсоқтап, ақыры бекімге келіп, кезігерсің. Тек сен ішке кіргеннен кейін, жағдайдың бүтіндей сен ойлағандай қиын емес екенін байқайсың. Ұқсас заңдылық, егер сен өзіңді қорашсынатын әдетіңді өзгертпек болсаң, өзің істеуге зәру болған әрә істеуден қорқатын істерді істе, іс біткеннен кейін, өзіңнің оншама жарамсыз емес екеніңді, ол істің де сен ойлағандай қиын емес екенін байқайсың.

  1. Бастан-аяқ сенімді рухани күйіңді сақта, басқалардың өзіңе берген төмен бағасымен санаспа, жасөспірімдердің өзін қорашсынуының маңызды бір себебі сырттың дұрыс болмаған бағасынан, әсіресе мұғалімдердің, ата-ананың төмен бағасы, өзіне болған сенім өмірде кем болса, болмайтын киелі дәрі, сенім өмірдегі ең маңызды рухани түбірік. Жас өспірімдердің өсу жолында ең қажет ететіні сенім мен шабыттандыру, қайта төменсіну мен кінәлау емес. Жасөспірімдердің қорашсынуды жеңудегі бір маңызды әдісі өзіне сену, басқалардың төмен шамалауымен қорашсынуын елемеу, өзіне сенім орнату әрі нақты қимыл арқылы өзінің күшті екенін дәлелдеу. 5. Басқалардың қорашсынуды жеңген тәжіри­ бесінен үйрену кезінде өмірдің шыңырауына батып, кейін қайта табысқа жеткен тіпті шыңға шыққандардың өмір кешулеріне қатысты өмірбаян, естеліктерді көбірек оқу керек. Әсіресе, Олимпиада жүлдегерлерінің табысқа жетуіне қатысты ертегілерді көп оқып, олардың өзіндегі қорашсыну түйсігін қалай жеңгендігін, жеңу әдісін үйреніп, басқаның жағдайына салыстырып қорашсыну идеясын жеңіп, әрқашан өзіне: басқалар қиын сәттерде өзін қорашсынбағанда, мен неге қорашсынам дегенді ескертіп тұру керек. 6. Өзін обьективті тұрғыда танып, бәсекеге дұрыс қарау. Әркез өзіңнің әлсіз жақтарыңды басқалардың озық жақтарымен салыстырма. Жасөспірімдердің өзін қорашсыну түйсігін тудыратын бір басты себеп, өзінің әлсіз жағына ерекше ден қойып, оны басқалардың артықшылығымен салыстыру, өзінің артық жағы мен кемістік жағын дұрыс зерттей алмау, нәтижеде салыстырған сайын өзін

басқалардан төмен сезінеді де сенімінен айрылып, өзін қорашсынатын болады. Жігерлі жас өзінің жетесіздігін мойындаумен бірге артықшылығында білу керек. Мінсіз адам болмайды, әрқандай адамның өзіндік артықшылығы мен кемістігі болады. Басқалардың артықшылығынан үйреніп, өзінің кемістігін толықтап отырғанда, сөзсіз табысқа жетуге болады. 7. Ұдайы өзіне былайша белсенді псхикалық ишарат жасап тұру керек, менің ешқандай қорашсынатын жөнім жоқ, мен өзіме, өзімнің чемпион бола алатыныма сенем, мен сөзсіз соны орындай алам. 8. Өзін құдіреттендіріп, арманын жүзеге асыру керемет кәсіптік нәтиже жаратуда, маңыздысы басқалардан озу емес, қайта өзіңді жеңу. Адамның ең үлкен жауы басқа емес, тек өзі. Американың «Дене тәрбие» суретті журналы на мынадай ажуа сурет басылған, бір бокс шебері жаттығу алаңында сұлап жатады, суреттің аты «Кенет жеңу ең қиын қарсылас өзім екенін байқадым». Бұл сурет шынында адамды терең ойға салады. Жапонияда бір жас әйгілі серіктікке емтихан беріп, сынаудан өте алмайды, ол қатты намыстанып, өзін өлтіруге ұрынады, бағына қарай басқалар байқап қалып, дер кезінде құтқарып алады. Асылы ол емтиханда алды болып өткен бірақ нөмір қондырушылардың ағаттығынан қателік кеткен еді. Серіктік дереу оны қызметке шақыртады, десе де, аз күннен кейін оның өліп қалмақшы болған хабары таралып, серіктік оны қызметке алу бекімінен қайтады. Кішкентай соққыға төзе алмаған адам, қайтіп үлкен істерді тындырмақ? Асылы, ол емтиханда көптеген қарсыластарын жеңгенімен, өз жүрегіндегі жауынан жеңілген еді. Ол жау, жеңіліске ұшыраудан қорқу еді.

Көптеген Олимпиада жүлдегерлерінің табыс шыңына жасаған жорығында алдымен жеңетіні басқа емес өзі. ”Голландияның қанатты қызы“ деп аталған Бланкс Коен 1936 жылы Берлиндегі Олимпиада жарысына қатынасқанда, он сегіз жастағы қыз еді, жарыс нәтижесінде қалыпты болатын, тек биікке секіруден алтыншы, күш жалғап жүгіруден бесінші орынды иелеп, ешқандай жарыс түрінен алдыңғы үшінші орынға өте алмаған еді. Берлин Олимпиада жарысынан кейін, жүз метрге жүгіру, сексен метрлік бөгеттен секіріп жүгіру, биікке, алысқа секіру түрлерінен дүниежүзілік рекорд жаңалаған бұл үздік чемпионның, осы саладағы күштілермен белдесу орайы болмай-ақ қойды. Өйткені, арада екінші дүниежүзілік соғыс басталды да, соғыс от пен судай отаса алмайтын, дене тәрбие жарысы үш кезек тоқтады. Осыдан дүниедегі сандаған үздік спортшылардың жігері құм болып сансырады, олардың ендігі әрі жарыс алаңына шығу орайы болмады, ал Бланкс Коен бұл өткелден ерлікпен өте білді. Екі баланың анасы болған ол, отыз жасында 1948 жылы қайтадан жарыс алаңына қадам тастап, Англияның Лондон қаласында өткізілген Олимпиада жарысына қатынасады. Жасамыс тартып қалған ол үлкен ерлікпен төрт жарыс түріне бірдей қатынасады, өзінен он жас кіші шабандоздар мен бірге жүз метрлік жарысқа қатынасып бірінші келеді, нәтижесі он бір секунд болып, онымен құйрық тістесіп келген қарсыласынан 0.3 секунд алда келеді, сол реткі жарыс­та төрт алтын медаль алып, ”голландияның қанатты қызы “ деген тамаша атқа ие болып, Олимпиада тарихындағы бір жарық жұлдызға айналады. Коен

де өзін жеңіп, арманын жүзеге асырудай күшті жігер болмаса, жасы отыздан асқанда, төрт алтын медалға ие болып, керемет болуы мүмкін болмас еді. Жігері күшті адамдар, басқалардың түсінбестігіне бола, өз арманынан кешпейді, олар үздіксіз өзін жеңуге, ұлы мұратын жүзеге асыруға жан сала құлшынады, содан жеңістің шаттығына бөленеді. Бәсекеге толы мына қоғамда, көптеген адамдар әр күні қапысын тауып, басқалардан озудың әлегінде жүреді, басқалардың артында қалудан, басқалардың озып кетуінен қорқады, бірақ сұрапыл бәсекеге дөп келгенде, біздің озуға тиісті қарсыласымыз басқа емес қайта өзіміз. Әлі кешегідей есімде, жиырма жас­тан ілгері, мен университет емтиханында ағалап алға шығуды соншама армандайтынмын. Озып шығу үшін мен көптеген әдістерді ойладым, көп жапа шектім бірақ арманымдағыдай болмады, өйткені есідертім табысқа жетуде болып, күресу барысындағы көптеген түйіндерді сабырлылықпен шеше алмаған едім. Бір күні бір мақаладан мынадай хикаяны көзім шалды: осы ғасырдың алпысыншы жылдарында, сүйікті Жоуынлай Зұңли, еліміз экономикасы сонша әлсіз жағдайда, футбол дене тәрбие істерінің дамуын барынша қолдайды, жоғары баға мен Жапониядан жаттықтырушы алдырып, жетекшілік еттіреді. Жаттығу кенеттен сапалы болып, спортшылар тыныс­ тау орайын таппай титықтайды да жаттықтырушыға, аз дем алдыруды айтады. Сонда қаһарланған жаттықтырушы: ”жарыста қарсыласың сені дем алдырып қоя ма? Жауыңды жеңу үшін алдымен сөзсіз өзіңді жеңуің керек“, – деп ақырады. Осыларды оқығанда мен терең әсерге бөлендім. Содан бастап,

”басқаларды жеңбекші болсаң, сөзсіз алдымен өзіңді жең“, - деген бұл қанатты сөз менің құбылнамама айналды. Мен бұл сөзді естелік дәптеріме, әрбір үйрену материалдарымның беттеріне жазып қойдым, әрі өшпестей етіп жүрегіме жазып алдым. Содан бастап, тесіліп елге қарағаннан көрі, өз бойымнан кінәрат іздейтін, ар жақтан өзімді жеңуге тырысатын болдым. Мысалы ол кезде мен жасөспірім кезеңде едім, мен өзімді махаббат торына түсуден арашалай алдым. Бұдан тыс мен өзімнің жалқаулығымды, қорашсыну түйсігін жеңуге, күйгелектігімді жеңуге құлшындым. Неше жылдық сапалы үйрену арқылы, мен көптеген жақтан өзімді жеңе алдым. Жоғары мектеп емтиханынан қалғаннан кейін, ауыл тірлігінде, құлазулы бес жылды өткердім, ол кезде ешкім менің тағы жоғарылап оқи алатыныма сенбесе де, өзім ешқашан болашағыма күдікпен қараған емеспін, мен тек құлшынып барлық жақтан өзімді жеңе алсам, ақыры басқаларды жеңе алатыныма батыл сенетінмін. 1983 жылы мен өзімді білетін барлық адамдардың ойламаған тұсынан шығып, сәтті түрде жоғарылап, оқу арманымды жүзеге асырдым. Францияның әйгілі жазушысы Ромен Роллан былай деген еді: ”тұрмыс үздіксіз бір адым, бір адымнан алға озып отыру керек, бейне музыканың үздіксіз ырғағы мен ритмін өзгертіп отырғаны сияқты, бір күй біткен соң, тағы бір күй жалғануы керек, әркез үзіліс жасауға, жалығуға болмайды, бастан-аяқ ми сергек көңіл ояу болу керек“. Озу бір адамның жасырын қуатын қозғай алады. Ирландияның драма жазушысы Дж. Бернард Шоу: ”бір жүйрікті, екінші бір жүйрік қуып жетіп, жанаса-

лап келмесе, ол мәңгі қолтығын ашып жүгірмейді“. – дейді. Тарихтан бергі көптеген үздік қайраткерлердің бәрі үздіксіз өзінен озу барысында табысқа жеткен. Американың бұрынғы президенті Роналд Уилсон Рейганның өмірі тым комедиялы еді, бұл оның үздіксіз өзін құдіреттендіргендігінің, құлшынғандығының бейнесі еді. 1933 жылы, жиырма екі жастағы Р.У. Рейган дене тәрбие программасын жүргізуші болып қызметін бас­тайды. Бес жыл барысында, ол қызметке үздіксіз ысылып, көптеген табыстарға жетеді. Бірақ ол бұған қанағат етпейді. 1937 жылы, Рейган басқалардың таныстыруы мен «Кеңістіктегі махаббат» фильмінде сезімге бай, қалжыңбас диктордың рөлін сомдайды, содан бастап, ол актерлік өмірге қадам бастайды. Ол өзінің актерлік өмірінде жиыны 64 фильмде рөл алады. 1941 жылы ”болашағынан ең зор үміт бар актерлерді“ талдау қимылында, Рейган бес ”болашақ жұлдыздардың“ бірі болып бағаланады. 1942 жылғы фашизмге қарсы соғыста Р.У. Рейган тағы алда жүреді. 1947 жылы ол, Хәурейдің жұмысшылар ұйы­ мының төрағасы болып сайланады. 1964 жылы, Америка ”көркемөнер бірлестігі“ ки­ но серіктестігі «Ең жақсы еркек» деген фильм алады, фильмдегі бас кейіпкер президент еді. Р.У.Рейган президенттің рөліне сынаққа түскенде, бас режиссер, оны президенттің келбетін әзірлемеген деп қалтырып тастайды. Ол саясатқа ежелден араласып көрмеген, әрине тәжірибесіз еді, бірақ бұл оның саяси жолға қадам тастау бекіміне ықпал ете алмайды. 1964 жылы

ол соңғы фильмін түсіргеннен кейін, ресми саяси өмірін бастайды. 1966 жылы ол облыс бастығын сайлау бәсекесінде ұтып шығып, 1971 жылы облыс бастығы болып сайланады. 1980 жылы он бірінші айда, 69 жастағы Р.У. Рейган Американың 40-шы кезекті президентіне сайланады, осылайша ол жай бұқарадан президент болу арманын жүзеге асырып 1984 жылы жалғасты президент болады. Көп жылдық саяси өмірінде ол, Америка халқына көптеген игі істерді тындырып беріп, халық жүрегіндегі сүйікті президентке айналады. 2004 жылы алтыншы айдың бесі күні, 93 жасында Рейган дүниеден өтті. Сол кездегі Американың президенті кіші Буш ”бұл Америка халқы үшін қаралы бір күн“, - деп жариялайды. Америка бас агенттігінің тілшісі Михаил: ”Рейганның өмірі мағыналы, шұғылалы өмір...“, – деп жазады. Табыс қашанда кейінгі үздіксіз құлшыну арқылы қолға келеді десе де, көптеген адамдар бұл шартты әзірлеген, өйткені біз туа чемпионбыз. Ойлап көріңізші: сіздің дүниеге келуіңіз үшін көптеген шайқастар болып, сіздің табысқа жетуіңізбен бұл шайқастар аяқталды. Миллиондаған саңлақтар ұлы шайқасқа қатынасып, тек оның бірі ғана жеңіске жетті – ол дәл сізді жарыққа шығарушы! Бұл белгілі нысанаға жету үшін жүргізілген көлемді жүгіру жарысы: сіздің жарық дүниеге келуіңіздің өзі жеңіс, сізде шексіз жасырын қуат бар, сіз тек үздіксіз құлшынсаңыз ғана жеңістерден, жеңістерге жетесіз. Американдық кіріс ғылымының маманы Наполеон Хилл кезінде: ”барлық байлық, барлық табыс, бәрі тек бір сенімнен, өзіне деген танымнан бастау алады“,

– деген еді. Адам өзінде, күшті өзін құдіреттендіру танымын әзірлесе, ол сонда ғана үздіксіз құлшынады, үздіксіз өзінің шекті шеңберін бұзып, ең зор шекте өзінің жасырын қуатын сәулелендіре алады. Өзін жеңуде, ептеп-септеуге, қулық-сұмдық істетуге болмайды, қайта мызғымас сенім мен ерік күшіне сүйену керек. Дүниеге әйгілі суға малтау шебері Фаорис Чедвик бір жолы Карделин аралынан Калифорния теңіз шығанағына қарай жүзіп, теңіз суында он алты сағат дамылдайды, тек бір теңіз милі ғана қалғанда айналаны тұман торлап, ”қашан жағаға жетем “ деген ой оның санасын торлап алады. Ол дереу үмітсізденіп, бойынан лезде күш қуат кетеді, сонымен ол кемеге шығарылады, осылайша бір реткі рекорд жарату орайынан айырылады. Іс өткеннен кейін барып, ол өзінің жеңіс жағалауына аз ғана қалғанын біледі, оның жеңіске жетуіне көлденең болған тұман емес, оның көңіліндегі күдік еді. Тұман оның көз алдын торлап алған жағдайда, ол рекорд жарату сенімінен айрылады да тұманның тұтқынына айналады. Екі айдан кейін ол тағы бір рет Калифорния теңіз шығанағында жүзеді, жүзіп ең соңына барғанда, ол өзіне үздіксіз: ”шыда, шыдай түс, жағаға аз ғана аралық қалдың! “ деп дем береді. Оның жүрегінің үні оған шыдай түссең, дүние рекордын жаңалайсың деген дабылды жеткізген еді. Ол ақыры көздеген нысанасына жетеді. Біз енді тағы бір адамды терең ойға салатын мысал көрейік. Англиялық өспірім Енкихеннің бітімі сиықсыз, қимылы салбыр, қылығы жөнсіз болғандықтан, сабақтастары оны ылғи сайқымазақ ететін, тіпті мұғалімдерде оған сабақ сөйлеуді қаламайтын. Ол

уағында тапсырмасын орындап, құлшынса да, мәтінді жаттағаны тым күлкілі болып, класс іші қыран-топан күлкіге көміліп, сабақ сөйлеуге шарасыз қалатын. Оған отыз бес нөмір қойған тарих мұғалімі: ”онда мысқалдай тарихқа қатысты түйсік жоқ, әрине, онда ешқандайда түйсік жоқ“, – деп бағалайды. Оның әкесі оның миында бір мәселе бар, «нақұрыс» деп қарап онымен сөйлеспейді. Қоғамға шыққан Енкихен бойындағы кемістіктер салдарынан жұмыс таба алмайды, өзін қатты қорашсынып, торыққан ол үйде жатып арақ ішумен уақытын өткізеді. Тек оның анасы ғана оны үздік деп бағалайды. Ол бір гүл септеу­ ші маман болып, Енкихенді бақшаға ертіп барып, әртүрлі гүлдерді көрсетіп: ”әртүрлі гүлдің ашылатын мүмкіндігі болады, анау ашылмаған гүлдердің әлі ашылатын маусымы келмеген, адамға ұқсас, әрбір адамның табысқа жету орайы болады, сенде солайсың, тек үйлесімді орайдың келмей жатқаны ғана», - дейді. Десе де, гүл өзінің ашылуына үйлесетін маусым келмеген жағдайда, қоректік пен күн нұрын қабылдап, жеткілікті азықтық пен өзінің гүл ашатын маусымын тосу керек. Сондықтан қазір сенде жеткілікті қуат жинауың керек, ол үшін тіпті де көп білім алып, тіпті де көп сәтсіздіктерді бастан кешіп, көптеген, өмірге қажет болған парасатты топтасаң, өзіңнің маусымың жеткенде, өмірің құлпыра гүл ашатын болады“, – дейді. Енкихен анасының өзіне деген сенімді жанарынан түсініп, қайта түрегеледі. Содан кейінгі бір мезгіл ішінде қызмет табу тағы да өте қиын болғанымен, ол әркез үмітсізденбейді. Ол анасының сөзін берік есіне сақтайды: ол жарамсыз емес, қайта оған үйлесімді мау­сым әлі келген жоқ.

Англияның «тоғыз түйінді бейхабар «группа­ сындағы режиссерлер оның ойынын көргеннен кейін, ішегі қатып күледі, ол сонда өзінің қабылданғанын біледі. Ол рөлін алған Хандоу мырза біршама ақымақ, аңқау болғандықтан, сәл жалаң ойлайтын (миы икемсіз) ұялшақ болып, көрермендердің алғысына бөленеді де Англияда күшті аңыз қозғайды. Бұл күндері «Далокыс мырза «дүниені кезіп жүр, бұл киімі ретті, ақылы аз, қашанда бәлені бастап алып, зытып беретін ақымақ образ тұтас Американы шарлайды. Оның образына үйлесетін ”бүлгіншілік инженериясы“ фильмі Еуропада үш миллиардтан астам билетпен, көрермендермен жүздеседі, Америкада ашық таратылғанда, өте жоғары бағаланады. Енкихеннің гүлдейтін маусымы ақыры жетіп келген еді. Адамда сенім, арман болса, ерік күші пайда болады. Адам мен адам, әлсіз бен күшті, жеңімпаз бен жеңіліске ұшыраушы ортасындағы парық, тек ерік күшіндегі парық қана. Адамда ерік күші болғанда, өз бойындағы көптеген әлсіздіктерді жеңіп, табысқа жетеді. Сіз тек бастан-аяқ талпынсаңыз, тек босаңсы­ майтын рухани күймен, емін-еркін әр салаға сайыс жарияласаңыз, онда, сіз сөзсіз, өзіңіздің гүл ашатын маусымыңызды күтіп аласыз. Ерлікке зәру болған кезіңізде, амалын тауып, өз жүрексіздігіңізді жеңіңіз: Құлшынысқа зәру болған кезіңізде амалын тауып, жалқаулығыңызды жеңіңіз: Кішіпейілдікке зәру болған кезіңізде, амалын тауып такаппарлығыңызды жеңіңіз:

Тыныштыққа зәру болған кезіңізде, амалын тауып жеңілтектігіңізді жеңіңіз: Қарсыласыңыздан озуға зәру болған кезіңізде, амалын тауып өзіңізден озып, арманға құлаш сермеңіз. Ромен Роллан – (1866–1944) Францияның әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері. Ол – өмір бойы адамзаттың еркіндігі, демократия­ сы мен азаттығы жолында талмай күрескен жауынгер. Уәкілдік шығармасы «Иоганн Христоффер» сияқтылары бар. Ол 1913 жылы Франция әдебиет сыйлығын, 1915 жылы Нобель әдебиет сыйлығын еншілеген. Дж. Бернард Шоу – (1856–1950) Ирландияның осы заман реалистік драма жазушысы дүниеге әйгілі комедиялық, сатиралық тіл шебері. Оның ең әйгілі драмаларынан: «Жесір шалдың мүлкі» «Уоррен ханымның қызметі» «Құрал және адам» және т.б. бар. Ол жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап, совет және жұңгоға сапарлай келіп, М. Горький, Лұшүндер мен терең достық орнатады. Наполеон Хилл – ол 1883 жылы оныншы айда Американың Виргиня деген жерінде бір кедей отбасында дүниеге келеді. Он сегіз жас кезінде университетте оқып жатып, бағына қарай, болат, темір патшасы, байланыс маманы Кэнекеймен танысады. Кэнекей оның америкадағы табыскерлерді зерттеумен айналысуын насихаттайды, әрі Хиллді Американың саяси, өнеркәсіп сауда, ғылым-техника, финанс саласындағы қайраткерлермен таныстырады. Осыдан кейінгі жиырма жыл ішінде Хилл Форд, Рузвельт, Эдисон, Рокфеллер сияқты бес жүз табыскермен сұхбаттасып

дәуір бөлгіш маңызға ие сегіз том «Табысқа жетудің заңдылығын» жазып шығады. Ол әрі Американың екі президенті Рузвельт пен Виллсонға ақылшы болып, екі президенттің қаулысына ықпал етіп, сол арқылы Америка тарихының ілгерлеуіне ықпал етеді.

хандоу мырза сізге нұсқау береді 1. Өзіңде болған сенімді жетілдір. Өзіне сенімі болмаған адам өзін жеңіп, өз арманына жол тарта алмайды. 2. Өзіңнің әлсіздігің мен кемшілігіңді біліп, үздіксіз өзгерт, әрі жеңе біл. 3. Өзіңді жеңуде, ең ұсақ істерден баста, тамшыдан – көл, шағылдан – тау құралатынын ұмытпа. Сенің жаман әдетің мен кемістіктерің бір күнде қалыптасқан емес, өзін жеңу ұзақ мерзімдік жай, әрбір ұсақ істер қол салып, істеуді қажет етеді, айлап, жылдап сенің еркің мен табандылығың әлсіздіктеріңді жеңеді. 4. Белсенді көңіл-күй және белсенді ойлау формасын жетілдіріп, үздіксіз өзіңнің жасырын қуатыңды ашуға, өзіңнің шеңберіңді бұзуға, өзіңнің кереметіңді жаратуға құлшын. 5. Әр күні өзіңді жеңуге, құдіреттендіруге жебеп, жалықпай тырысу арқылы, сөзсіз өз чемпионыңа айнала алатыныңа сен. Рухани күй жеңіс пен жеңілісті белгілейді. Тамаша мінез, жеңіске жеткізетін асыл дәнекер өзіңе деген ерік, сенім барлық қамалды алады Орнықты көңіл-күй алысқа құлаш сермеуіңе мүмкіндік жасайды. Күшті қоғамдық жауапкершілік, өміріңді шексіз шуаққа бөлейді.

Соққыны, сәтсіздікті, жеңілісті қадірле Бүгінгі қоғамда, өмір сүру, жоғарылап оқу, кәсіпке орналасудың бәрінде бәсеке күшті болғандықтан, мейлі жастар мен жасөспірімдер болсын, мейлі ересектер болсын, бәрі де ауырлықты басым сезінеді, қайқашанда, жеңіліс пен сәтсіздіктен қағыс қалмайды. Қазір көптеген адамдар басына қысым түскенде, өлім жолын таңдауда. Төмендегі жан түршіктірерлік әңгімеге қараңыз: 2005 жылы, бесінші айдың, жетісі күні кешкі сағат тоғыздан он минут өткен мөлшерде Бейжің университетінің жаратылыстану пәндері екінші бинасынан, 2002 жылы математика факультетіндегі бір доктор тоғызыншы қабаттан секіріп, мерт болады, себеп басым төтенше ауырлық, қызмет табу қиындығы және т.б. 2005 жылы, оныншы айдың, отызы күні Бейжің университетінің информация-техника институтының аспиранты Шяунның өзін өлтіреді. Ол 1999 жылы Хұби өлкесінің Жыңжоу қаласынан екінші болып, Бейжің университетіне қабылданған еді. Өзін өлтіру себебі оқу басымы ауыр, өзінің мінезі тұйық болғандықтан, ішкі басымнан айыға алмаған... жылы, он бірінші айда, Чиңхуа университетінің химия инженерия факультетінің аспиранты Хоңчыанкүн Чүанжоу қалалық Жоңның институтының жетінші қабатынан секіріп өледі, қалтырған өсиетінде айтқаны, қызмет таба алмағандықтан, отбасындағыларды қинағысы келмеген. 2006 жылы, үшінші айда, еліміздің оңтүстік өлкесіндегі белгілі түйінді университетінде он

күннің ішінде төрт оқушы ғимараттан секіріп, өмірін аяқтаған. 2002 жылы жетінші айдың отыз бірі күні, Шыяңгаң кино жұлдызы Чынбаулян Шаңхайда өзін өлтіреді, себеп сезіміне серік таба алмаудан... 2005 жылы, бірінші айда, Шаншылық бай Жауынлоң өзін өлтіреді, сол жылы бесінші айда Шаншы лық бай Шұкай өзін өлтіреді... Жоғарыдағы жан түршіктірерлік өзін мерт қылулардың тасасында адамды қайран қалтыратыны түсіну қиын ұқсастық бар: өлгендердің бәрі кезіндегі қоғамның серкелері, бұл адамдар неліктен тұйық жолға түседі?. Десе де, ұзақ өмір жолында, әрқандай адамның сәтсіздік пен жеңілістерге ұшырауы табиғи, қысым мен қасіретке дөп келгенде, біз не істеуіміз керек? Колумбияның әйгілі жазушысы, 1982 жылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері, «Жүз жылдық жалғыз­ дықтың» авторы Гарся Маркос, дүниедегі ең үздік он сегіз әдебиет сыншысы жағынан қазіргі дүниедегі он ұлы жазушының маңдай алдысы деп бағаланғанда, тілшілерге адамды таңдандырып: ”Мен – әрқайсы қадірменді сыншылардың мені шабыт­тандырғанына, қадірлегеніне алғыс айтам. Мен даңқыммен бірге келген барлық марапаттарды ерекше қадірлеймін; десе де, мен бала күнімнен бас­тап басымнан кешірген түрлі соққы, сәтсіздіктер мен жеңілістерді тіпті де қадірлеймін. Ұлы редактор Гиллермо Деторе мырзаның тұңғыш әңгімемді қайрымсыз түрде қайтарып тастағаны әлі есімде...“, – дейді. Асылы, қырық жылдың алдында Гарся Маркос жиырма екі жасында, көз майын тауысып жазған

тұңғыш әңгімесі «Қу бұтақ қураған жапырақ» сол кезде көптеген баспалардан тағдыры тайқы болып қайтқан екен, тіпті Гиллермо Деторе мырза, шығарманы қайтарумен бірге: ”бұл кітап еш құнсыз, көркемдігі жағынан қарағанда мардымсыз, ілікке алары бар“, – деп баға жазады. Ал бүгінгі сыншылар, ол шығарманы шыңға балайды. Бұдан тыс бұл ұлы сыншы, оның ең жақсысы басқа кәсіппен айналысуын айтады. Оның назарындағы Маркос талант емес, жай тобыр Деторе Маркос мырза ұлы редактор, ол бүгінгі дүниедегі ең ұлы жазушыны жарыққа шығарды, – дейді. Өйткені шығарма қайтарылғаннан кейін, Маркос жалама жартасқа қамалып қалады, қазіргі тағдырын мойындамай, сәтсіздік алдында мойымай, ақыры әдебиеттің құзар шыңына қармасып шығып, Нобель әдебиет сыйлығын алады. Қиын кездерде, тіпті қайсар болу керек, сәтсіздік басымызға түскен кез, дәл біздің жігеріміз сыналатын кез, сәтсіздікті жеңгеннен кейін сіз тіпті де қайсар боласыз. Жеңіліске ұшырағанда, көп санды адамдар сенімінен айрылып қалады, ал қайтпайтын қайсар адамдар нағыз өзіне сенімді жандар. Үмітсіз адамдар қашанда бір жығылса, қайта тұра алмайтын жандар. Ұзақ өмір жолында, біз жеңісті армандаймыз, сонымен бірге қат-қабат сәтсіздіктерді бастан кешеміз. Мен жасөспірім кезімде, екі рет жоғары мектеп емтиханынан құлап қалудай, соққыны бастан кештім. Қарын тойғызу мұң болған, ол кезде, он бес жастағы мен жазғы демалыста, он екі жастағы қарындасымды ертіп шыжыған ыстықта, алған отынымызды мардымсыз ақшаға айырбастап, жиырма километр қашық

орта мектепке барып, емтихан беретінмін. Бірақ, мен екі ретте де сәтсіздікке ұшырадым. Ол азапты, басқалардың түсінуі мүмкін емес еді. Содан бастап, мен үлкендермен бірге атызда еңбек істейтін болдым. Ол кезде, мен қайғырдым, үмітсіздендім, тіпті диқаншылық дәрісін өзім еңбек істейтін атызға жасырып қойдым. Абырой болғанда, мен ондай ақымақ әрі дәрменсіз істі істемедім. Күресті, еңбекті, еңбек арасында өздігімнен үйренуді таңдадым. Ол кезде жоғары мектепке өту мен үшін қиямет еді, ал менің жағдайымды білетіндер менің жоғарылап оқитыныма сенбейтін, тек өзім іштей үмітсізденіп, азап тартатынмын. Ауылдағы қиын күндерде, мейлі өздігімнен үйрену уақытым қанша қыс болса да, уақыт шығарып газетжурналдардағы дене тәрбие жарыстарына қатысты хабарларды, әсіресе дүниежүзілік чемпиондар жайлы хабарларды көруге асық едім. Ол кезде ауылда телевизор жоқ, мен тек газет беттерінен ғана олимпиада саңлақтарының нәтижелерін біліп тұратынмын. Мен – олардың жеңіс-жеңіліс, күресі мен құлшыныс жолдарынан көптеген шабыт алдым. Десе де, өмір дегеніңізде бір реткі жарысты бастан кешу емес пе?.. Әлсіздер жеңілістен мерт болады, ал күштілер жығылған орнынан қарғып тұрады. 1984 жылы, Томас сауытына таласу қауырсын доп жарысында, еліміз шебері Ханжян шешуші майданда бір доп ұттырып, Томас сауытын Ини командасына тартқызып қояды. Томас сауытын тартқызып қойғаннан кейін, Ханжян елдің айыптауымен, кінәлануына қалады. Кейбіреулер ол тарихтың қылмыстысы десе, енді біреулер оны мемлекет иелігінен шығару керек,

ол бүкіл мемлекет халқынан кешірім сұрауы керек, деп даурығады. Ол әр күні көптеген көрермендердің хатын тапсырып алып, көңілі жарым болып, күн бойы үйге бұғып алып, далаға да шыққысы келмейді. Мынадай қатыгез шынайылық алдында, Ханжян бір мезгіл ауыр қасіреттенеді, бірақ ол қасіреттен өзін жоғалтпайды, жеңілісін мойындайды, бірақ үмітсізденбейді. Бұл кезде Ханжян өзінің қарсыласы Инилік Лыншүйжыңды еске алады. 1980 жылы, Сингапурда өткізілген жұңго мен ини жарысында ол Ханжяннан жеңілген болатын. Сол кезде, Инидің ел ішінде де бірталай дүрбелең туылған, кейбір көрермендер үйіндегі теледидарды шақса, кейбіреулерінің жүрек ауруы ұстап алаңда өледі. Қаһарланған көрермендер Лыншүйжыңның алдындағы үкімет жасатқан үлкендікішілі тірі адамнан аумайтын, осы алып жұлдызға арнап салдырған мүсіндерді шағады. Соққы аса ауыр болса да, ол оған бола құламайды әліге дейін жарыс алдында келеді. Ханжян: ”бір шетелдік дене тәрбиеші солай ауыр соққыға шыдағанда, жаңа Жұңгода есейген мен неліктен шыдамаймын? Нағыз өмірде ащытұшының бәрі болу керек. Ащыға да, соққыға да, жамандыққа да шыдау керек“, – деп ойлайды. Кейін ол Гұаңжоудан бір көрерменнің хатын алады. Хатта былай жазылған: ”Сол күні түнде мен жыладым, өмірімде сандаған қиын-қыстауларды бастан кешсем де жыламағам. Бір адамның жеке қасіреті Отанның мүддесі зиянкестікке ұшырағаннан ауыр болмас. Егер сен жазғырған хаттарды алсаң, ауыр алма, кейбір доп әуескерлері ауыз жүзінде сені ұрысқанымен, жүрегінде жақсы көреді. Егер жан дүниесінде сезім болмаса,

олар тебіренбес еді. Ханжян-ау, қайғырма, торықпа, еселеп құлшын, мен өзім спортшы болмағаныммен, мен бір дене тәрбиеші болудың қаншама машақат екенін білем, сендер тән азабын бір тартсаңдар, рухани азапты тағы тартасыңдар. Дене тәрбиеші дүниедегі ең қасіретті адам әрі ең бақытты адам“. Кейін Ханжян: ”Мен қазірге дейін сол адамның кім екенін білмеймін, десе де оның маған берген шабыты мен сенімі, менің жеңілісті жеңуіме көп көмегін тигізді“, – дейді. Томас сауытында жеңілгеннен кейін, дүниежүзілік чемпион болу, Ханжян үшін өте қиынға түседі. Көптеген ізгі ниетті адамдар оған: ”Енді жарыспай-ақ қой сенің енді жүлдегер болуыңнан үміт жоқ“, – деп ақыл айтады. Бірақ Ханжян тынбайды, қайта тіпті де сапалы жаттығуын бастап кетеді. Жаттыға, жаттыға, Томас сауытындағы жеңілістен кейін, Ханжян тағы, алты рет дүниежүзінің чемпионы болады. Жеңіс пен жеңіліс мәңгі алма-кезек. Кейбіреулер жығылғаннан тұра алмайды, ал кейбіреулер қайта тұрып, ағынға қасқая қарсы жүзіп, табыс жағалауына талықпай жетеді. Бір көрермен Ханжянға хат жазып, былай дейді: ”Ханжян, егер сол кезде жазғырумен кінәлаудан құлап қалған болсаң, онда тарихта Ханжян есімді бір ынжық жан көбейген болар еді!“ Солай, Ханжянның жеңісі мен жеңілісінен, біз адамның жеңіліске ұшырағаннан кейін, орнынан қарғып тұрып шыңға жармасуы, немесе тұңғиыққа батып кетуі, бүтіндей өзіне қатысты екенін көреміз. Ханжянның сөзімен айтқанда: ”Өмір бейне доп секілді, оның бір жағы жеңіс болса, енді бір жағы жеңіліс. Тіпті ауыры жеңіліс. Өмір добы, жеңіс пен

жеңілістің үздіксіз ауысуымен алға дөңгелейді. Адам жеңістен тасып, жеңілістен жасып кетпеу керек, жеңе де алатын, жеңіле де алатын болу керек“. Пышақ қанша өткір болғанымен, оңай сынып қалса, оның еш пайдасы болмайды. Адам ұстарадай өткірлікті, көк шыбықтай төзімді де қажет етеді. Бұл дүниеде, қайсарлық та төзімділік те болу керек, сонда ғана еркін өмір сүруге болады. Майда самалмен шыбықтар оңай иіледі, ал зәулім емендер былқ етпейді. Дауыл алып ағашты тамырымен жұлып тастай алады, бірақ жерде өсіп тұрған майсаны ештеме ете алмайды. Қасқая да, иіле де білу ақылдылардың айласы. Иілушіде қасқайғанға қарағанда тіпті мықты төзімділік бар, өз көңіл-күйін тежеуі де отқа салған темірдей. Өмір жолы әсіресе, жеңіске тұтасатын жолдардың әрбір соқпағы даңғырап жатқаны жоқ, барлық есіктен тек иіліп қана кіруге болады. Мыңмайфұ институты Үндістандағы ең әйгілі будда институттарының бірі, оның құрылған тарихы ұзақ, шұғылалы дәстүрге ие әрі көптеген әйгілі қайраткерлерді баулып шыққан. Бұл басқа институттарда жоқ бір ерекшелігі, тым кішкене ғана түйін, онда кіріп шыққандарға көп нәрсе аңғартып, көл-көсір ақылға кенелтеді. Бұл тым қарапайым түйін, тіпті елдің бәрі көңілді бөліп те кетпейді: Мыңмай будда институтының үлкен қақпасының қасынан биіктігі бір жарым метр, кеңдігі қырық сантиметр келетін есік ашылған, ересек адам кірсе, еңкейіп кіреді, әйтпегенде басын ұрып алады. Міне бұл Мыңмай институтының оқушыларға өтетін тұңғыш сабағы. Жаңа келгендерді мұғалім осы

есікке әкеліп бір рет өткізеді. Мұнда ол хан болсын, қара болсын есіктен иіліп өтері хақ. Мұғалім, үлкен қақпа әрине кіріп-шығуға қолайлы, әрбір адамның асқақ салауатымен кіріп шығуына болады. Бірақ адам өмірінде, кіріп-шығатын жердің бәрі сәулетті үлкен қақпа емес, оның үстіне қақпаның бәрінен емін-еркін кіріп шығуға болмайды, - дейді. Бұл кезде, тек иілуді, қырынан келуді, атағы мен такаппарлығын қоя тұруды білген адам ғана есіктен кіре алады, әйтпегенде көбінде қақпаның сыртында қалып қояды. Будда институтындағы мұғалімдер оқушыларына, будданың философиясы сол есікте тұрғанын айтады. Десе де, өмірдің құпиясы да осыда тұрғаны шындық. Өмір жолында, әсіресе жеңіске жалғасар жолдың бәрінде үлкен қақпа жоқ, барлық есіктен иіліп кіруге тура келеді. Кейде тіпті шарасыздан жеңіліс пен сәтсіздіктің үңгірінен өрмелеп шығуыңа тура келеді. Бірақ, нағыз ақылдылар үшін өрмелеп шыға алмайтын тесік те, аса алмайтын тау да жоқ. Десе де, өмірде сәтсіздік қанша зор болса, сынақ та сонша үлкен, жеңіске жеткен соң, қолға келетін табыс та сонша зор болады. Шынайы өмірде, кейбіреулер сәтсіздіктің шыңырауына батып кетеді, кейбіреулер тіпті өзіне қол салады. Ал кейбіреулер сәтсіздіктің соққысына төзіп, ерлікпен алға ілгерлейді, қиындықты өзінің еркін шыңдайтынына орай, шапағатшы деп біліп, үздіксіз қат-қабат қиындықтарды жеңіп, кәсіптен табысқа жетіп, тұрмыстың жеңімпазына айналады. Дүниеде ешқандай бір Олимпиада жүлдегерінің өмірі сәтті болған емес, кейбіреулері тіпті сәтсіздік пен қиындықтың қыспағында қалған. Сондықтан біз ба-

сым мен қасіретке дөп келгенімізде, төзуге дәрменіміз қалмаған кезде, сөзсіз Олимпиада жүлдегерлерінің сәтсіздіктен қорықпай, ерлікпен қиындыққа сайыс жариялайтын рухынан үйренуіміз керек. Тек осындай рух болғанда ғана, біз өмірдегі барлық қиындықты жеңіп, жеңістен-жеңіске жетіп, өзімізге тән кереметімізді жарата аламыз. «Жүз жылдық жалғыздық» Колумбияның әйгілі жазушысы Гарсия Маркостың үлкен шығармасы, ол ”қияли реализмнің уәкілдік туындысы болуымен, дүниеге әйгілі. Чилидің ақыны Неруда кезінде Маркосты ”Сервантестен кейінгі ең ұлы тіл зергері“, - деп бағалаған. Маркос, осы шығармасы үшін 1982 жылы Нобель әдебиет сыйлығын алады.

ханжян сізге жол нұсқайды 1. Мейлі қаншама зор қиындық пен сәтсіздікке тап болсаңда, сабырлы ақылың мен айнымас сеніміңді сақта. Азап басым, сәтсіздік алдында шегіну мен өзін мерт қылу, мәңгі ең ақылсыз талғам. 2. Әр рет теңдессіз қасірет пен басымға тап болғаныңда, рухани жақтан тағыда жүгіңді ауырлата көрме, қайта кешуді емес, кеңуді үйрен. Алдымен өзіңді жеңілдетіп алып, онан соң барып дүниежүзі Олимпиада жүлдегерлерінің жеңіске жету жолын үйрен, одан шабыт, қуат ал. 3. Сәтсіздік пен қасіретті орай білуді үйреніп ал, оны ерік күшін шыңдайтын, қабілетіңді өсіретін орай деп біл, оны әркез алынбайтын қамал санама. 4. Әдеттегі үйрену мен тұрмыстағы тәрбиеленуге көңіл бөл. Жеңіске барар машақатты жолдарда сезімдік қуат, ақылдық қуаттан да маңызды. 5. Әдетте дене тәрбиелік жаттығуға, еркіңді шыңдауға, қуатыңды сомдауға көңіл бөл. Күшті ерік қуаты мен мығым денсаулық, басым мен сәтсіздікті жеңуің үшін төтенше маңызды. 6. Әдетте адамдар ара қарым-қатынасқа көңіл бөліп, бүркемеленуден сақтану керек. Сәтсіздікке кез болғанда, өзіңдегі басым мен қасіретті достарына, ата-анасына, мұғалімдеріне айтып, олардың дем беруі мен қолдауына ие болу керек, тек өзі ғана қасірет пен басымға үнсіз төзбеуі керек. 7. Өзін тәрбиелейтін, өзіне шабыт беретін әдетті жетілдіру керек. Сәтсіздік пен қиындық дүниедегі

ең жақсы университет, өзін тәрбиелеу дүниедегі ең жақсы тәрбие. Әр рет соққыға, сәтсіздік пен жеңіліске тап болғанда, өзін үміткер болуға, өзіне сенуге баулу керек. Өзін керемет жаратып, өз чемпионы болатынына сенуі керек. Қиыншылық жағдай да біздің қамқоршымыз. Америка мамандары зор мөлшердегі оң теріс бағыттарда нақты тексеру жүргізу арқылы, адамның табысқа жетуі, сексен пайызды сезімдік факторға, тек жиырма пайызды ғана ақылдық факторға қатысты екендігін дәлелдеген. Мынадай бір адамды терең ойға салатын хикая болған: белгілі орын он мың адам бір уақытта тәуіп қылатын бұтханаға Бұрханның тас мүсінін тұрғызбақшы болып, тасшы зергерлер көп мөлшердегі тастың ішінен сапалы тасты таңдап мүсін оймақшы болады. Өкініштісі әлгі әдемі тас зергердің нақыштау барысындағы азаптауына төзбей үгіліп кетеді. Амалсыз қалған құрлысшылар, қайтадан далада жатқан қарапайым тастан әулиенің тамаша тас мүсінін ойып шығады. Мұны естіген әлгі бірінші реткі таңдаудан өтіп, азаптауға төзбей үгіліп қалған тас, зергерге: ”маған тағы бір рет орай беріңіз, мен ендігәрі әрқандай қиыншылық пен азапқа төземін!“ деп жалынады. Тасшы: ”сенің шарт-жағдайың соншама жақсы бола тұра, кезінде өзіңе келген тамаша орайды қадірлемедің, қиыншылықтан қорқып, жолыңды басқаларға беріп қойдың. Егер сен тағы келмек болсаң, сен сияқты ештемеге төзбейтін бос белбеуді тек әулиенің астына төсеймін, күніне тәуіп қып келген неше мың адам таптайтын болады“, – дейді. Бұл ертегі

төтенше терең мәнге ие, одан көптеген адамдардың көлеңкесін көруге болады, біздің маңайымызда көптеген жас­тар мен жасөспірімдердің тума шартжағдайы төтенше жақсы, зерек, отбасылық жағдайы да толық, бірақ олар ешқашан қадірлемейді, олар қашанда қиыншылықтан қорқады, қашанда анадаймынадай сылтау іздеп тайсақтайды. Мұндай адамдар қиыншылық жағынан сыпырылып тасталады. Тек қиындықтан қорықпайтын, алға басуға ынталы адамдар ғана, шұғылалы табыстарға қол жеткізе алады. 2000 жылы, оныншы айдың, жиырма бірі Сытыниде өткізілген Олимпиада жарысына жалғап өткізілген он бірінші кезекті мүмкіндігі шектеулі жандардың дене тәрбие жарысында, ішкі Моңғолдан келген қыз Бянжяншын адам жүрегін тебірентерлік нәтиже көрсетеді: Ол 102. 5 килограмдық нәтижемен, әйелдердің қырық килограмдық салмақтағылар бойынша алтын медаль еншілеп, арт-артынан үш рет өзі сақтап келген дүниежүзінің рекордын жаратады. Бянжяншынды танитындар оның өте қайсар қыз екенін, кішкентайынан аяғы кем болса да, ес білген шағынан бастап, аса зор құлшыныспен, өзінің арманын жүзеге асыруға бекігенін, бастауыштан орта мектеп тауысқанша, оқу нәтижесінің алда екенін айтады. 1992 жылы Бянжяншын ауырлық көтеру командасына қатынасып, содан жаттығу жолын бастайды. Мейлі сүйектен өтетін суық қаһарлы қыс, шіліңгір ыстық болсын, ол жай адамдар сезіне алмайтын қиындықтарды бастан кешіп, қан тер төгудің арқасында дүниежүзілік чемпионына ұласатын жол салады. Дене салмағын түсіру, ауырлық көтеру спортшыларының көкейіндегі үрей, дене салмағының артуы ауырлық көтерушілердің ”ортақ дұшпаны “.

1993 жылдан бастап, ауырлық көтеруге жаттыққан Бянжяншын салмағын қырық килограмм төңірегінде тежейді, бұл әрине өте ауыр еді. Салмақты тежеу үшін тамақтан тиылуға тура келеді. Бұлай болғанда, ол шарасыздан бір жағынан тамақтан тежелсе, енді бір жағынан ауыр жаттығуына тура келетін! Азапты жаттығу барысында, бұл дене салмағы қырық килограммға жетпейтін қыз ғажайып қуатқа ие болады, оның екі білегі өз денесінің салмағынан екі есе артық салмақты көтереді. Егер осындай машақат барысында, ол тек бір рет босаңсыған болса, дүниежүзілік чемпионы бола алмаған болар еді. Бір оқушы қыз Бейжің университетіне қабылдан­ ғаннан кейін ағынан ақтарылып: ”мен секілді қарапайым оқушының әйгілі Бейжің университетіне қабылдануы бүтіндей қиындықтың көмегінен, сондықтан мен қиыншылыққа алғыс айтуым керек. Көптеген сабақтастар қиындыққа қайсарлықпен бетпе-бет келе алмайды, қашанда қиындықты жауына балайды, бірақ мен қиыншылықты қамқоршым деп қараймын, өйткені қиындық болғаны үшін мен, асылы төтенше үздік, бірақ табансыз адамдарды басып өтіп, ең соңғы жеңістерге қол жеткізе алдым!“, - дейді. Сондықтан сабақтастар болашақта талантты адам болам дейді екен, сөзсіз кішкентайынан қайсарлыққа баулынуы, қиыншылықты алымсынбау­ ды үйренуі керек. Мен бұрын қызым Уашыны мынадай сөздермен шабыттандыратынмын: ”қиыншылық бейне серіппе секілді, сенің күшті немесе күшсіз емесіңе қарайды. Сен күшті болсаң, ол босайды, ал сен әлсіз болсаң, ол күшейеді“. Осы наным негізінде төрт жылдан бері қызым Уаңтау екеуіміз ортақ алға

ілгерледік, бірге есейдік, сандаған қиындықтарды жеңдік. Бұл күндері кіші бір кішкентай бастауыш мектеп оқушысынан, үздік студент болып жетілді, мен де бір қарапайым әкеден, бүкіл мемлекеттегі ата-аналармен балалар жақсы көретін шабыттандыру маманы және ағарту маманы болып жетілдім. Бірнеше жылдан бері мен сансыздаған ата-аналармен балалардың қиыншылықты жеңіп табысқа жетуіне көмектесіп, көптеген жақсы бағаға ие болдым. 2005 жылы жиырма тоғызыншы наурыз, орталық телевизия стансасының ”Қазіргі заман ағартуы“ айдары менің қиыншылыққа ұшыраған балаларға көмектескенімді арнайы хабарлады. Мен кезінде өзім редакциялаған «Қиыншылық біздің қамқоршымыз» деген кітапта әрқандай қиындықтан қорықпайтын қаһарман жанұяға арнайы тоқталғанмын. Америкаға қарсы тұрып, Чаушянға көмек беру шайқасында, ол екі қол, екі аяғынан айрылады, сол көзі көрмей қалады, оң көзіде тек 0.3 қана көреді. Мұндай мүгедек болған адам ерекше күтімдегі әскери емханаға жатып, өмір бойы қамқорлыққа алынуына болар еді, ол ауылына қайтып, өзі ас ішіп ауыртпалығын өзі көтеріп қана қоймай, қыстақта жиырма бес жыл шужи болып істейді. Сансыз қиындықтарды жеңіп, бір кедей таулы қыстақта, едәуір оңайды, ол елу жасында зейнеткерлікке шыққаннан кейін, оның көкейінде кітап жазу арманы туындайды, оның бұл ойы, бала-шағасымен досжарандарын қатты алаңдатады, Жұәнфұдың баласы: ”сіз әркез кітап жазам деуші болмаңыз! Сіз бір күнде мектеп бетін көрген емессіз, танитын әріпіңізде шамалы, оның үстіне аяқ-қолыңыз жоқ, жалғыз көзіңіз

қалған, оның көру қуаты да мардымсыз, елу жастан асқан адамның күн бойы аузымен сөздік парақтап, тісімен қалам тербеп, жазу жазуы қаншама машақат, сіз өйтсеңіз денсаулығыңыздан айрыласыз. Оның үстіне, сіздің мәдениет өреңізде тым төмен, кітап жазып шыққан күннің өзінде, оны еш баспахана баспайды“, – дейді. Жұянфұ:”адам жеңбейтін қиыншылық болған ба? Сазан аяқ-қолсыз-ақ өсімдіктің топырағын жұмсатып береді! Қазір көптеген адамдар, мынауда қиын, анау­ да қиын дейді, менің аяқ-қолым жоқ, бірақ мен кітап жазып шығып, миы салданғандардың жүйкесін жандандырмақпын. Мен кітапты сөзсіз жазып шығам! Егер баспадан шығара алмасам, отбасылық шежіре ретінде қалдырам, егер оған да болмаса, өсиет қылып қалдырам, Әйтеу мен соны жазып шығуға бекідім“, – дейді. Кейін Жұянфұ жеті жыл уақытын сарып етіп, кітапты жазып шығады. Кітап үш миллион әріптен астам болып, өңдей келе төрт жүз мың әріп айналасында болады, кітаптың аты «Шекті өмір» еді. Оның кітабы сансыз оқырмандардың жүрек қылын тербейді. Ол бұл кітапты жазу үшін қаншама қиындықтарға төзді десеңізші! Бір әріпті іздеу үшін аузымен екі сағаттан астам уақыт сөздік ақтаратын. Ойлаңызшы, бір сауатсыздың кітап жазып шығуы үшін қаншама рет сөздік аударуына тура келетінін! Мүмкін біреулер бұл тип пен оқушылардың өмірі тым алшақ деп ойлайды. Біз бұлай қарауымызға болмайды, біздің үйренетініміз Жұянфұдың ешқандай қиыншылықтан қорықпайтын рухы. Бұл кітап сансыз адамдарды тебірентіп, көптеген оқушыларға күш қуат берді. Хұби өлкесінің Хұаңгаң қаласындағы бір

оқушы бұл кітапты оқығаннан кейін телефонда маған: ”қиыншылық біздің қамқоршымыз, бұл кітап шынында біз жасөспірімдер оқуға тиісті тамаша шабыттандыру шығармасы, кітапта таныстырылған үлгі адамды шынында әсерлендіреді, олардың бастан кешкендері, қайран қалдырып, адамды алға жебейді. Әсіресе аяқ-қолы жоқ, сол жақ көзі жоқ, соғыс қаһарманы, өмірінде бір күн мектеп бетін көрмеген, елу жастан асқан болса да, жеті жыл уақыт жұмсап, тісімен қалам тістеп, жазу жазып, керемет шабыттандыру кітабын жазып шығады. Ол аса қиын жағдайда сау адамдарда жеңе алмайтын қиыншылықтарды жеңіп шығады, мен оның кітабын оқығаннан кейін, жеңуге болмайтын ешқандай қиыншылықтың жоқ екенін сезіндім“, – дейді. Бұл орта мектеп оқушысының әкешешесі де бұл кітапты аса ұнатады. Кітап көптеген қиыншылық қыспағында сенделген ата-аналар мен оқушыларға жол сілтейді. Жас достар! Көретін күні санаулы, ауруымен жұғымдалушы Жұянфұдың үлгі болуы, тәрбиелеуі мен шабыттандыруының арқасында, ерлікпен өмір сүру бекіміне келеді, сіздер осыншама жас, осыншама ақаусыз бола тұра, егер жас күндеріңізден бастап, жақсы үлгілер арқылы өздеріңізді шабыттандырып отырсаңыздар, жеңе алмайтын нендей қиындық болсын? Мен бала кезімде әр рет қиыншылыққа жолыққанымда, іштей еліміздің әйгілі жазушысы Лючыңның мынадай сөзімен өзімді шабыттандыратынмын: ”өмірдің жолы ұзақ, шешуші сәттер бірнеше қадам ғана, әсіресе жастық шақта“. – мен осы сөздер арқылы өзімді қиыншылық ал-

дында бас имеуге жебейтінмін, әйтпегенде керемет кездерді босқа өткізіп, орны толмас өкінішке қалатындығымды ескертетінмін. Бақытқа қарай мен жас күнімде қиындықпен белдесіп бас имейтін мінез қалыптастырдым әйтпегенде бүгін сабақтастармен бірге өмірдің мәні жайлы талқы жүргізу орайы маған нәсіп болар ма еді? Дұрыс, жас кезде қиыншылыққа бас иетін әдет қалыптастыруға болмайды, сіз сөзсіз қиыншылыққа батыл төтеп беруді, қиындыққа менсінбей қарауды үйреніп алуыңыз керек. Сіз қатқабат қиыншылықтарды жеңіп, жеңіс жағалауына жеткенде, қиыншылықтың біздің досымыз ғана емес, қайта біздің шапағатшымыз екенін байқайсыз. қиыншылық бізге қайсарлықты үйретті, қиыншылық бізді қарсыласымыздан оздырды, қиыншылық асылы періштенің жасандырып бізге жіберген қымбатты сауғасы екен. Десе де қиыншылық қашанда біз ойлағандай қиын емес. Өмірдегі көптеген істер, тек біз қиыншылықтан қорықпасақ, тек біз табандылықпен істесек, істей алатын істер. 1965 жылы, бір кореялық оқушы Кембридж университетіне барып, психологияны үйренеді. Түскі тамақ кезінде ол ұдайы мектептің кофеханасына немесе шайханасына барып, табысқа жеткен қайраткерлердің әңгімесін тыңдайды. Бұлардың ішінде тіпті Нобель сыйлығын иеленгендер де бар еді, олар белгілі ғылым орындарының азулы зерттеушілері мен экономикадан ғажайып табыс жаратқандар еді, олар аса ісмер, шыншыл, өздерінің табысқа жетуін өте табиғи деп санайтын уақыт ұзара келе, ол мемлекет ішінде көптеген адамдардың табыскерлер жағынан алданғанын

байқайды. Олар енді ғана табыс жолына түскен адамдарды жолынан қайтару үшін жалпы беттік өздерінің табысқа жету барысын әсіре үрейлі етіп көрсетеді, былайша айтқанда, олар өздерінің табысқа жету барысын сөйлеу арқылы, табысқа әлі жете қоймағандарды қорқытатын. Психология кәсібінің оқушысы болу салауатымен әлгі оқушы, табыскер кореялықтардың рухани күйін зерттеудің аса қажетті екенін сезінеді. 1970 жылы, ол «Табысқа жету, сіз ойлағандай қиын емес» – деген мақаланы өзінің мектеп бітіру диссертациясы ретінде қазіргі заманғы экономика писхологиясының негізін салушы Уил Бредон профессорға тапсырады. Бредон профессор мақаланы оқығаннан кейін қайран қалады, ол мұны бір жаңалық деп қарайды. Мұндай құбылыс шығыста, тіпті дүниенің әрқандай жерінде жалпы сақталғанымен, бұрын ешкімде мұны батылдықпен ортаға салып, ашық зерттемеген еді. Таңданумен бірге ол өзінің Кембридж университетіндегі досы Кореяның президенті Бұжыңшыға хат жазып, былай дейді: ”мен бұл шығарманың сізге қанша көмегінің боларын білмеймін, бірақ бұл сіздің әрқандай саяси бұйрығыңызға қарағанда күшті дүмпу тудырарын білем“, – дейді. Кейін бұл кітап Кореяда шынында күшті дүмпу қозғайды. Кітап көптеген адамдарға әсер етеді, өйткені бұл кітап жаңа бір тұрғыдан адамдарға; ”тек сіз қиыншылықтан қорықпасаңыз, оған асыра үрейлі түс бермесеңіз, белгілі кәсіпке қызықсаңыз, ұзақ табандылық етсеңіз, табысқа жетуіңізге болады, өйткені тәңір сізге берген уақыт пен парасат сіздің бір кәсіпті басына алып шығуыңызға жетеді“, - дегенді

айтады. Кейін бұл жас табысқа жетеді, ол Корея машина серіктігінің бас алқасы болады. Сондықтан, жастар мен жасөспірімдер әр рет өзі жеңу мүмкін емес деп қараған қиыншылыққа тап болғанда, өзінің кездескен қиыншылығы мен ол үшін төккен терін Олимпиада чемпионы Бянжяншын мен тағы Жұянфұ мен салыстыруы керек. Тек соларды үлгі етіп, сол арқылы өзіңізді қайрап отырсаңыз, барған сайын күшейіп, табысқа жететініңізге сеніңіз. Жұянфұ сізге нұсқау береді 1. Үлгімен өзіңізді шабыттандырып отырыңыз. В.И.Ленин: ”үлгінің күші шексіз“, – деген еді. Мен бұл кітабымда көптеген Олимпиада жүлдегерлерін таныстырдым, олар ең жақсы үлгілер, әрі олардың ортақ бір ерекшелігі, бәрі ерекше қайсар, қиындыққа алымсынбай қарайды әрі қиындықты жеңе алады. 2. Әйгілі адамдардың ұлағатты сөзімен өзіңді жебе. Кейбір ұлағатты сөздер ересен шабыттандыру қуатына ие сабақтастар әр күні бірнеше азат жолдағы ұлағатты сөздерді дауыстап оқитын әдет қалыптастыруы, сол арқылы өздерінің күрескерлік рухын жебеуі керек. Мысалы: Иогансон былай дейді: ”ұлы істерді күшпен емес қайта сабыр арқылы тындыруға болады әр күні үш сағат жол жүрген адамның, жеті жылда жүрген жолы жер шарының жиегін бір айланып шыққанмен бірдей жол басады“ дейді. Жаңгуаңхоу былай дейді: ”ғылым-техника зерттеу қызметінде, табыс пен жапа оң пропорционал болады, жеңген қиындығыңыз қанша үлкен болған сайын, табысыңыз да сонша үлкен болады, бір ғылыми жетістіктің жарыққа шығуы, сіздің қиындық алдында тағы сабыр етуіңізге қатысты. Егер қиыншылық алдында

ығыссаңыз онда қиындықты жеңуіңіз мүмкін емес“ Канекей: ”әрқандай іс сізді үмітсіздендіре алмайды, табандылық етіңіз, әркез тастамаңыз, бұл көп сандағы табыскерлердің стратегиясы. Әрине үмітсіздену болады, маңыздысы оны жеңу, егер осыны орындай алсаң, дүниенің бәрі саған тән болады“, – дейді. 3. Көңіл-күйің құлазығанда, қиындық алдында ауытқыған солқылдаған кезіңде, өзіңнің ұлы мұратың арқылы өзіңді шабыттандыруды ұмытпа. 4. Еңбек және дене тәрбиемен еркіңді шыңда. Қиындық алдында сенімі мен жігерінің кемшіл болуындағы ең маңызды себеп әдетте еңбек пен дене тәрбиені қызу сүймеуінен. Еңбек пен дене тәрбие адамның жігерін шыңдап, дене қуатын күшейтеді. 5. Әр рет қиыншылыққа ұшырағанда дағдылы түрде өзіңе: ”қиыншылық дұшпан емес, қайта досым және қамқоршым“ ”қиындық адам біз ойлағандай қорқынышты емес“. 6. Сергек ми, қалыпты көңіл-күйді сақтау. Адамдардың барлығы да табысқа жетуді армандайды, бірақ шынында табысқа жеткен адамдар өте аз. Мұндағы маңызды бір себеп көптеген адамдар күрес барысында сергек ми, сабырлы қалыпты сақтай алмайды. Сабырлылық бір өте маңызды психологиялық сапа. Олимпиада жарыстарында бас жүлдегерлер мен жүлдегерлер ортасындағы техникалық парықтың жоғары төмендігін айыру өте қиын. Сергек ми мен сабырлы қалыпты сақтау аса маңызды. 2004 жылы Афина Олимпиадасында, бүкіл ел халқының тілегіне сай, 44 жастағы Уаңиыфұ тағы бір рет сыйлық сахнасынан бой көрсетті. Сыйлық сахнасындағы Уаңиыфұ Ресейдің әйгілі спорт шебері

М.Неструев пен бірге айбатты бейнеде бүкіл ел халқының алғысына бөленеді. ”Сібірдің аюы “ атанған М.Неструев газ тапаншасы болсын, үлкен алқымды мылтық болсын бәрін дал тигізудің шебері еді. Ол сол кезде бағы жанып бірнеше дүркін дүниежүзі жарыстарында жүлдегер болған еді. Әйгілі спорт шеберлері ортасындағы сайыс әрине жан тебірентерлік болып, бүкіл қауым көз тігіп, дүрбелеңге түскен кезде Ресей шебері аспайсаспай Уаңиыфұ мылтығын көтергеннен кейін барып атуға дайындалатын, бастапқыда екеуі тістесе келе, ең зор парық тек 0.2-ге тұрақтанады. Екеуінің бейнесі де мүлде ұқсамайтын, Уаңиыфұ ағаттық жібергенде, бейне оны бағалаушылар айтқандай бейнесінен ешқандай белгі байқалмайтын, ал қарсы жағы бір нысанасын қате жіберсе, бас шайқап аһ ұратын. 7. 9 нөмір! Шынында керемет! Осы кезде оның бейнесіне қарасаңыз да, оның он ұпай атқан кезімен еш ұпайсыз еді. Ол кезде көрермен: алтын медаль бәлкім қарсы жақтың қоржынында кетті деп ойлайды, ал қарсыласы ертерек есіріп кетіп, 10. 2 нөмірге тигізеді. Келесі кезекте, Уаңиыфұ 10.3-ке тигізіп, қарсыласы 9. 3 нысанаға тигізеді, Уаңиыфұ қасақана деңгейін қарайлас келтіреді, ең соңғы тағдырын белгілейтін минут келіп жетті, қарсы жақ бір кезек атты, мүмкін ол осы жарысты аяқтатпақта болды. 9. 7! Уаңиыфұ сабырмен ең соңғы рет нысанаға оқ атады, нәтижесі 9. 9, ол қос қолын көтеріп, жеңіске жеткеннің белгісін жасайды. Міне осылайша Олимпиаданың алтын медалі Уаңиыфүнің омырауына тағылады.

Уаңиыфұ алты рет Олимпиадаға қатынасқан болса да, бұл жүлде оның 12 жыл күткен арманы еді; он екі жыл бойы оның тартқан азабы мен көрген қорлығын оның өзі де айтып бере алмайтын; жарыс майданындағы қызу мерей мен жарысты көптің алқауы жүрек тебірентерлік болса да, шынын айтқанда, Уаңиыфұға жүлде сыйлаған ондағы мығым психикалық орта еді. Бұл жарыс барысында шабандоз тек өзі техникаға төселіп қана қоймай, батыл күрескерлік рухы мен сергек ми, сабырлы көңіл-күйді сақтау керек екенін түсіндіреді. Ешкім өмірінде бағы жанып, жеңіске жете бермейді, бәрінің де сәтсіздік пен жеңіліске тап болатын кезі болады, маңыздысы сергек ми ұстамды мінез біздің қиын мәселелерді жеңуімізге көмегін тигізеді. Олимпиада жүлдегері Уаңнан көп рет халықаралық үстел доп бәсекелерінде жүлде алады, бірақ, 2002 жылы Фұшан азя дене тәрбие жарысында, сабырсызданып қарсыласын дұрыс мөлшерлей алмай, Чаушяндық әріптесіне ұттырып қояды. Содан кейінгі әйелдер қос кісілік жарысында, Уаңнан көңіл-күйін орнықты ұстай алмай, қатты басым сезінеді де шешуші кезеңде ұттырып қояды. Бұл реткі Азия дене тәрбие жарысында, Уаңнан үш рет жеңіліске ұшырайды. Содан кейін ұзақ бір мезгіл оның көңіл-күйі өте нашар болып, қалыпты жаттығу жасауға да шарасыз қалады. Кейін, үстел доп аға буындардың ақылы мен тәрбиесінде, ол өзінің ағаттықтарын жинақтап, рухани күйін қалыпқа түсіріп, өз арнасына түседі, ол ақыры 2004 жылғы Афина Олимпиадасында Жаңиының мен бірге әйелдер қос кісілік үстел доп жарыс түрінен жүлде алады. Сондықтан, сәтсіздік пен жеңіліс алдында сөзсіз

сабыр сақтау керек. Жеңіле де алатын жеңе де алатын болу, жеңгенде асып, жеңілгенде жасып қалмау керек. Канекей: ”көңіл-күйді тежеуді үйреніп алу біздің жеңіспен шаттыққа бөленуіміздің сыры“, – дейді. Ешқандай күш біздің көңіл-күйіміз сияқты біздің тұрмысымызбен қызметімізге әсер ете алмайды. Жастардың қаны қызу келеді де, оңай әсерленіп, албаты ұрынып, сәтсіздікке оңай ұшырайды, осындай кезде салмақтылықты сақтау, орнықты ілгерілеу үшін пайдалы тұрмыста солай, біз қазірше шешу мүмкін болмаған мәселелерді қоя тұрып, орайы пісіп жетілгенде біржайлы етуіміз керек, бұл ақылдылықтың бейнесі. Адамдар ұдайы: ”ақыл алда, ашу артта болсын“, – дейді. Бұл сабырмен іс тындырудың маңыздылығын дәріптейді. Адам рухани күйі қалыпсызданған жағдайда, заттарға болған дұрыс үкім жасау қабілетін жояды, көңіл-күйдің әсерінен біздің мәселелерге шешім жасауымызда сыңар жақтылы болып шығады. Голландияның философы Спенноша: ”адам өзінің сезімін тежей алған кезде, ол өзінің қожасына айналады“, – дейді. Тек салқын қандылықпен ойланып, ақылмен жасалған шешім ғана, әділ шешім болады“, – дейді. Еліміздің спорт шебері Люшыяң 2004 жылғы Афина Олимпиадасында ерлердің 110 метрге жүгіру жарысында чемпион болып, бүкіл ел халқын сүйіндіреді, өйткені көп жылдан бері қысқа аралыққа бөгеттен секіріп жүгірудің тізгіні еуропалықтардың қолында еді. Жеңіс алдында тек жиырма бір ғана жастағы Люшыяң дандайсып кетпеді, ол спортшыларда болуға тиісті сабырды сақтайды. Өйткені ол: ”қысқа мерзім ішінде, мемлекет ішінен оны басып оза

қоятын адам болмағанымен, дүниеде жетіліп жатқан бірінен-бірі өтетін шабандоздарға төтеудің шынында қиын екенін“ білетін. Сондықтан ол жаттығу майданына қайтып жалғасты жаттығуға кіріседі. Люшыяң: ”мен тек жиырма бір ғана жастамын, мен тек сабырлы, талпынғыш көңіл-күйді сақтасам болғаны 2012 жылға дейін жүгіруіме болады“, – дейді. Нағыз жеңімпаз құшақ-құшақ гүлдер мен сатырлаған шапалақ үні алдында миын сергек ұстап, өзінің жеңісі мен жетістіктеріне дұрыс мәміле жасап, үздіксіз алға басу ынтасын сақтай алады. Сабырлылық пен сергектік және мұқият ұстаным сіздің ең тамаша күйіңізбен сайыстарды қарсы алуыңыздың, қиындыққа дер кезінде шешім жасап, ең тамаша қабілетіңізді сәулелендіріп, өз тағдырыңызға жауапты болуыңыздың кепілі. Керісінше, адам мәселеге ат үсті қарап, қол ұшымен істесе, тек өкініште қалары сөзсіз, тіпті өзінің қабілеті жететін көлемде, үздіксіз өз ізін қайталап өкініштен өкінішке қалады. Сондықтан жастар мен жасөспірімдер мейлі күнделікті ұсақ істерде болсын, үйренуде болсын сабырлы-салмақты болып, ең тамаша істер әзірлеуге құлшыну керек. Тек мәселеге тап болғанда, салмақты ойлануға, тұжырым жасауға, дағдыланғанда ғана, нағыз ақ пен қараны айырып, ағаттықтарды азайтып, бұраң жолдарды аз басып, ақаусыз есеюге болады. Спенноша – (1632–1677), Голландиядағы бір еврей саудагер отбасында дүниеге келген. Оның 24 жасында еврейдің қоғамы оны идеясы керанау деген қылмыстық атпен еврейлер қоғамынан қуғындайды. Ол басқа жерлерге қоныс аударып, көзілдіріктің әйнегін жасап күнелтеді, ол аса машақатты тұрмыс

жағдайында философияны, ғылымды зерттеумен табанды шұғылданады. Спенношаның өмірі, идеясы еркін, моральы асқақ философияны арқау еткен өмір. Оның негізгі шығармаларынан «Декарттың философиялық қағидалары», «Мораль ғылымы», «Ғылми өзгертімпаздық» және т.б. бар.

Уаңиыфұ сізге жол нұсқайды 1. Бейне Олимпиада жүлдегері Уаңифұ сияқты, әдетте қатаң жаттығатын, сабырлы іс тындыратын психиканы жетілдір. 2. Әрқандай істе, алдымен көңіл-күйіңді орнықтырып, одан соң жұмыс бітір. 3. Мұқият ойланатын, көп ойланатын, жұмыс бастаудың алдында басқалардың ескертуінсіз әр іске ой жүгіртетін жақсы әдет қалыптастыр. Әрине жаңа бастағанда оңайға соқпайды, сөзсіз қатты құлшынуың керек. Ол дағдыға айналғаннан кейін, пайдасы шексіз болады. 4. Мол шындықты негіз етіп, мұқият тексеру, зерттеу, нақты жағдайды түсіну негізінде, асқақ рухани күй және босаңсымайтын күрес рухы мен түрлі жұмыстарды жасампаздықпен тындыру керек. 5. Егер, сіз бастан-аяқ сергек ми қалыпты рухани күйді сақтай алсаңыз, онда қиыншылық пен кездейсоқ жағдайларға қайсарлықпен төтеп беріп және оны жақсы бір жайлы етіп, сізде өз өміріңіздің хикметін жаратып, өзіңіздің чемпионыңыз бола аласыз. 4. Торығу мен тоқыраудан үміт білтесін қайта жалғауда, өмірдің ұзақ сапары қашанда даңғыл болмайды, адамдар қашанда түрлі сәтсіздіктер мен тоқырауларға тап болып, рухани жақтан тоқырайды. Рухани жақтағы торығуға, өмірдің шатқалына тап болғанда біз тегі қайтуіміз керек? Американың кинофильмі «Ұшқыр жылдарда» жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарындағы мынадай бір

ертегі баяндалады. Ол Даль Рузвельт президент билік жүргізіп тұрған кез еді, ол кезде Американың экономикасы тұралап, адамдардың өмірге деген сенімі мұқалған еді. Осындай жағдайда, адамдардың рухын құтқаратын бір оқиға болған. Велосипед жөндеуші Хоуарт бір кішкентай құлын сатып алып, оған, ”қатты пірәндік“, - деп ат қояды. Хоуарт көзінің мүкісі бар досы және бір серігі бар құлынды жаттықтырып бәйгеге қоспақшы болады. Табанды жаттықтыру арқылы құлыншақ қожайындарының үмітін ақтап, салған жерден бәйгеден келеді. Қуанарлығы бір жарыста, құлын «генарал» аталатын әскери жүйріктен озып кетеді, генерал қаны таза нәсілді тұқымнан еді, ол ешқашан жеңіліп көрмеген-ді. Мұндай жағдайда тұтас Америка дүрлігеді. Адамдар қара түнектен үміт білтесін көре бастайды, тұралаған күйден өзіндік сенімін тауып, арманымен ояна бастайды. . . Бұдан, дене тәрбие рухани жақтан бір елді, бір мемлекет пен бір дәуірді құтқара алатындығын көруге болады. Үш жаттықтырушының құлшынысы арқылы құлынның ересен табысқа жетуі тұтас бір елге үміт сыйлап, оның қиын өткелдерден мұқалмай өтуіне күш-қуат бағыштаған еді. Расында, сол қайсар адамдардың бәрінде дұрыс өмір танымы мен қажымас рухы бар, олар күшті сенім, үміткерлікпен өмірдегі барлық сындарды қабылдап, рухани жақтағы тұралаумен, өмірдегі сәтсіздіктерді жеңген ерлер еді. 1988 жылғы Олимпиада жарысында, дүниеге әйгілі жеңіл атлетика шебері, кубалық спортшы Куилот өз өміріндегі дене тәрбие кәсібінің асқар биігіне шығады. 1991 жылы жазда, Гаванада өткізілген жа-

рыста, Куилот 400 метрлік, 800 метрлік жарыстардан рекорд жаратып, Кубаның алтын медаль саны тұңғыш рет Америкадан асып кетеді. Бірақ көп өтпей, ол үлкен бақытсыздыққа тап болады. 1993 жылдың, бір күні, Куилоттың үйіндегі газ ошағы тосын қопарылыс жасап, оның денесінің үштен бір бөлік терісі күйіп кетеді, келіп шығуы сәнгер Куилот тума сұлулығынан айрылады, оның бет бейнесі, мойны, иығы және білегі тұтас күйіп сиықсыз тыртық қалады. Бақытсыздық онымен тындым болмайды, он күннен кейін оның құрсағындағы баласы жарақат салдарынан түсіп қалады. Сонымен кезінде айрылмастай уәделескен Кэуыде оны тастап жайына кетеді... Куилоттің өмірі аяқ астынан бар қызығынан айрылғандай болады, ол тіпті өмірден күдер үзуге дейін барады. Көптеген адамдар Куилот осыдан бас көтере алмас деп ойлайды. Десе де, ойламаған жерден Куилот достарының дем беруімен қайтадан спорт жолына қадам тастайды. Оның жүрегінде дене тәрбиеге деген махаббаты оның өмір сүруінің сеніміне айналады. Операция жасап, екі айдан кейін, ол жаттығуын бастап кетеді. Үшінші айында емханадан шығады. Оған қараған бір сестра: ”мен оның қайтадан жүгіре алатынына сенбеймін, десе де, ол жаттығуды бастаған кезде, мен оның сөзсіз жеңіске жететініне сендім, өйткені онда жаннан асқан жігер бар еді“, – дейді. Ол жараланып, төрт айдан кейін мойнындағы құрсау қалақшаны, білектеріндегі таңғыштарын алып тастап, жаттығу алаңын бес айналып шығып, тебіреніп: ”мен тағы жүгіре алатын болдым!“, - дейді. Сол жылдың қараша айында Куилот Пуерто-Рикода өткізілген орта

Оңтүстік Америка ауданының жарысына қатынасады. Бұл оның жараланғаннан кейінгі тұңғыш жарысы еді. Бұл реткі жарыста жарақаты толық қалпына келмеген, емін-еркін әрекет жасауы қиын еді. Ол: ”мен тек мойнымды түп-түзу ұстап жүгіруіме тура келді, әрі-бері бұруыма немесе толғауыма келмейді, бейне қолапайсыз машина адам сияқты. Көптеген адамдар мені енді жарысқа қатынаса алмайды, тіпті жүлде ала алмайды, деп қарауда, мен нақты қимылыммен бүкіл дүниеге кемтарлардың да хикмет жарата алатындығын дәлелдеймін!“ - дейді. Айтса айтқандай, Куилот екі минут бес секундта-ақ нәтижемен күміс медаль еншілейді. Елге қайтқаннан кейін Кубаның президенті Фидель Кастро оны былай мадақтайды: ”Бұл біз туылғаннан бері көрген ең ұмытылмас оқиға. Куилот күміс медаль еншілеп қайтты, бірақ ол өзінің ерлік жігерімен алтыннан да қымбатты нәрсені жеңіп қайтты“. 1995 жылы он үшінші тамыз, Куилот жүзі толған жарақатымен Голдбау дүниежүзі жеңіл атлетика жарысына барғанда, бәрі қайран қалады. Одан да ғажабы, Куилот бір минут елу алты секундтық нәтижемен, 800 метрдің жүлдегерлігін еншілейді! Бүкілдүниежүзі халқы тебіреніп жас төгеді, олар оның қайсар еркі мен асқақ жігеріне тебіренген еді! Ешкімде өмірдегі сәтсіздіктермен торығушылық­ тан аулақ бола алмайды, десе де, ақылдылар қиындықты орайға айландыра біледі, тек ақымақтар ғана күрескерлік рухын жойып, оны айықпас қасіретке айналдырады. 1939 жылы, неміс армиясы Польшаның астанасы Варшаваны жаулап алады, бұл кезде Кая мен оның

қалындығы Дина той әзірлігін жасап жатқан еді. Бірақ Кая ешқашан өзінің еврейлер сияқты машинаға итеріп шығарылып, жиып алу лагеріне апарылып тасталатынын ойламаған еді. Кая шексіз үрей мен қасіретке батады, ол толассыз ұрып-соғу жәбірлеуге ұшырайды, оның рухани күйі орнықсыз болып, қатты құсаланады. Бірге қамалған бір еврей оған: ”балам, сен тірі қалғанда ғана сүйгеніңмен қосыла аласың. Есіңде болсын тірі қал!“, - дейді. Кая сабырға көшіп, өзіне: мейлі тірлік қаншама машақатты болса да, сөзсіз белсенді көңіл-күйді сақтаймын, - деп уәде береді. Лагердегі еврейлердің әр күндік тамағы бір тілім нан мен бір шыны сорпа еді. Көптеген адамдар аштық пен тән азабына шыдамай, жүйкесі қалыпсызданып, азаптан көз жұмады. Кая өзінің рухани күйін қалыпты ұстауға тырысып, үрей, қасірет, қорлық дегендердің бәрін қиялынан сырып тастайды. Оның денесі қу ағаштай семіп кеткенімен рухы берік еді. Бес жылдан кейін лагерьдегі адам саны бұрынғы 4000-нан азайып 400ге түседі. Нацистер қалған еврейлерді аяғындағы кісенінен матап алып, ақ қар көк мұзда жаяу жалпылы басқа бір лагерьге алып жүреді. Көптеген адамдар ұзақ уақыттық аштық пен жапаға шыдамай, қарлы далада қалады. Мұндай тірі тозақта, Кая адам таңғаларлық жігермен тірі қалады. Ол үздіксіз өзіне дем беріп, теңдессіз ерік күшімен, соңғы тынысын сақтайды 1945 жылы, бірлескен армия лагерьді талқандап, бұл тартпаған азабы қалмаған еврейлерді құтқарып шығады. Кая лагерьден тірі шығады, ал әлгі өзіне дем берген қарт бұл күнге жете алмайды. Бірталай жыл-

дардан кейін, Кая лагерьдегі бастан өткендерінен бір кітап жазады. Ол: ”Егер әлгі қарт болмаған болса, қасірет, үмітсіздік, торығу менің жан дүниемді торлап алған болса, менің бұл күнге жетуімді қиялдау тым қиын еді“, – дейді. Кая өзін құтқарды, ол белсенді, үміткер рухпен өзін құтқарды. Адамның көңіл-күйі денсаулықтың ақаусыз болуында өте маңызды рөл атқарады, рух пен тәннің ақаусыздығын сақтағанда, уақыттық пассив көңіл-күйден саулыққа зор ықпал көрсете қоймайды, ұзақ уақыттық пассив көңілсіз рухани күй, адамның денсаулығын зияндап, тіпті ауруға душар етеді. Сондықтан адам, қиын тұстарда, сөзсіз үміткер болу, үмітпен күшті рухани жеңімпаздық арқылы, торығудың құрсауынан арылу керек. Психологтар, жұбайынан айрылғанына алты ай болған әйелдің, қасіретпен, үмітсіздік қыспағында ауруға душар болу салыстырмасының әдеттегі әйелдерден алты есе жоғары болатынын байқаған. Мұнай патшасы Иоганн Рокфеллер баласына жазған хатында былай дейді: ”балам, сен рухани жақтан үмітсізденіп, кешуге бекіген кезіңде бәрінен де айрыласың; сен қиындықты алымсынбай, алдыға қарағаныңда, ұзаққа бармай, уақыттық қиыншылықтың ештемеге тұрмайтынын аңғарасың! Сен асып-тасқан үмітпен қиыншылықпен белдескеніңде, болашағың шұғылаға бөленеді! Жеңіліс бір түрлі үйрену барысы! Сен оны биікке жармасатын баспалдағың етуіңе немесе қабіріңнің құлпытасына айналдыруыңа болады“. Осыдан, тек жеңілістің ғана өз қателігіңді танытатын, ең қымбатты рухани байлық екенін, та-

былмайтын үйрену орайы екенін көруге болады. біз қиыншылықтан қорықпауымыз, қиыншылық барысында қолға келтірген тәжірибемен әсерді ардақтауымыз керек. Біз төмендегі өміркешірмелерін көрейік: 7 жасында, отбасымен тұрғындар ауданынан қуғындалу. 9 жасында, анасынан айрылу. 22 жасында, саудасы күйреу. 23 жасында, облыстық кеңестің мүшелігіне бәселекелесіп жеңіліске ұшырап, сонымен бір уақытта қызметсіз қалу. 24 жасында, саудасы тағы күйреп, қарызға белшеден бату. 25 жасында, облыстық кеңестің мүшелігіне сайлану. 26 жасында, әйелі қайтыс болу. 27 жасында, рухани жақтан тұралап, жарым жыл төсек тартып қалу. 34 жасында, мемлекеттің кеңес мүшелігіне бәсекелесіп, жеңіліске ұшырау. 37 жасында, мемлекеттік кеңестің мүшелігіне сайлану. 39 жасында, мемлекеттік кеңес мүшелігіне жалғасты сайлануда жеңіліске ұшырау. 46 жасында, мемлекеттік кеңестің мүшелігіне сайлануда, жеңіліске ұшырау. 47 жасында, орынбасар президенттікке бәсеке­ лесіп жеңіліске ұшырау. 49 жасында, мемлекеттік кеңестің мүшелігіне тағы жеңіліспен тыну. Бұл өмірбаянды көріп, сіз бұл адам сөзсіз бағы

жанған жан емес деп ойлауыңыз мүмкін, бейне сәтсіздік мәңгі оған серік секілді, бірақ, бұл адам қайсар рухпен біткен сәтсіздіктерді жеңіп шығады, ол 51 жасында Американың президенттігіне сайланады. Бұл Абраам Линкольн еді. Ол Америка тарихындағы ең ұлы президенттердің бірі. Шынайы өмірде неліктен соншама көп күдер үзгендар мен табыссыз адамдар болады? Ол өмірдің әділетсіздігінен емес, олардың табысқа жететін мүмкіндікті әзірлемегендігінен де емес, қайта олар үмітсізденгенде, торыққанда баз кешуді таңдағандығынан. Сондықтан, Эйншейн: ”өмірдегі көптеген сәтсіздіктердің болуы, тастауға бекігенде, өзінің табысқа жетуге аз қалғандығын сезінбеуінен“, – дейді. Белгілі университет бір асқан табыскер оқытушы­ ны лекция оқуға ұсыныс етіп, еркін сұрақ-жауап формасында ой өрбітеді. Бір мектеп тауысу алдында тұрған оқушы: ”Мен көп рет мектеп ішінде игілік істеуге қатынастым, бірақ біреуі де сәтті болмады, жақыннан бері көп рет сырттың жұмысқа қабылдау сынауларына да қатынастым, бірақ ешқайсысы сәтті болмады. Мен, бұл үшін өте үмітсіздендім. Айтыңызшы мен қайтсем табысқа жетем?“, - деп сұрайды. Оқытушы тікелей жауап бермей, өзінің тауға шыққан оқиғасын әңгімелеп береді. Бұл оқытушы теңіз деңгейінен 8848 метр биік Чұмалаңма шыңына шығады. Ол тауға шығу тәжірибесі жеткіліксіз, оның үстіне үстірттің күшті әсерінен, тынысын дұрыс тежей алмай, оттегін тым тез тауысып алады. Ол 8300 метр биікке жеткенде, кенет көкірегі сығылғандай болады, асылы оттегі азайып қалған еді. Бұл кезде оның алдындағы талғам

тек екі түрлі ғана еді, бірі артқа шегініп, төмен түсу, енді бірі тау ортасындағы құтқару орталығынан көмек сұрау. Бұл кезде өмірге пәлендей қауіп болмағанымен, шың басына шығу келер кезекке қалатын еді: ал одан басқа бір талғам, алдымен шың басына шығып, одан кейінгісін көру. Оңай-оспақ шегінбейтін, ол соңғысын таңдайды. Ол 8400 метрге жеткенде, маңайға көптеген керексіз оттегі құмыраларының тасталғанын байқайды, ол теріп алып байқап көреді. 8430 метрге жеткенде жол аузынан бір ортадан жоғары оттегі бар құмыра тауып алады. Осы құмыра арқылы ол тау басына аман-сау шығады, әрі қайтара түседі. Бұл оқытушының тауға шығу тәжірибесі бізге, кәсіп істеудің бейне тауға шыққаны сияқты екенін, сәтсіздікке тап болғанда, асығып сәтсіздікті мойындауға, жеңіл-желпі уайым кешуге болмайтындығын аңғартады. Көп жағдайда тек сіз сәл төзімділік етсеңіз, жеңістің бір айналмада тосып тұрғанын байқайсыз, кейде бізге алдымыз бұлдырдай сезіледі. Бұл біздің білместігімізден, тек аз төзімділік етсек, даңғыл жолдарға тұтасып, содан жеңістің шаттығына бөленеміз.

линкОлЬн сізге нұсқау береді 1. Үмітсіздік пен өмірдің сүреңсіз сәттеріне кез болғанда, сөзсіз миыңызды сергек ұстаңыз. Ондай кезде өзіңіздің пассив көңіл-күйіңіздің рухыңызды жаулап кетуіне жол бермеуіңіз, қайта үміт білтесімен өзіңізге шабыт беріп, өз болашағыңызға сәуле шаштыруыңыз керек. 2. Өз көңіл-күйіңізді тежеуді үйреніп алыңыз. Ұдайы нашар, үмітсіз халден арылып, жеңіл, көңілді рухани күйді сақтаңыз. 3. Бәсекелік рухыңызды баулыңыз. Әр қиыншы­ лық пен сәтсіздікке жолыққаныңызда, әуелі үміт­ сіз­дікке жол бермей, дағдылы түрде: ”менің қиыншылықпен белдесетін кезегім тағы келді, бұл жігерімді шыңдайтын жақсы кез“, – дегенді ескерте біл. 4. Өмірдің шатқалына кез болғаныңда, Куилот сияқты жақсы үлгілермен өзіңді шабыттандыра біл. 5. Тамаша адамдар ара қатынас пен белсенді алға басатын тұрмыс ұстанымын сақтай біл. Әдетте басқаларға көмектес, қиыншылық пен сәтсіздікке жолыққаныңда достарың мен жақын жанашырларыңнан көмек, шабыт ал. Куилот кезінде өрттен ауыр жараланғаннан кейін, достарының дем беруімен қайта құлшынып хикмет жаратқан. Кая шегіне жеткен террорлық пен әр сәт өлім қаупі төніп тұрған қиын жағдайда, түрмедегі бір қарттың ескертуімен, ақылына келіп,

өзіне ылғи: ”күндер мейлі қаншама ауыр болғанымен, сөзсіз белсенді көңіл-күйді сақтау керек“, – дегенді ескертеді. Сенім – жеңістің алғашқы қадамы Қазір көптеген жастар өзінің табысқа жетуіне сенбейді, тек қана өзіндегі жетерсіздіктерді көреді де, қалайда басқалар өзінен күшті сияқтанып тұрады. Бұл бір қате, аса зиянды рухани күй. Мен америкалық әйгілі жазушы, ойшыл Оймесонның мына сөзін ұнатам: ”Өзіңіздің керемет екеніңізге сенсеңіз алмайтын қамалыңыз болмайды. Күні бойы сарыуайым сандалтса, өмірдің алғашқы сабағында меңгере алмайсыз“. Гүйжоу өлкесі, Гүйяң қаласындағы 14 жасар Сұншяуданның өз өмірін аяқтар алдында қалтырған арыздасу сөзінен оның өзін өлтіру себебі, өзіне болған сенімнің жетерсіздігінен екенін көруге болады. Ол былай деп жазады: Сүйікті әке-шеше! Мен ғайып болдым, қайғырмаңыздар. Ұяттымын, мені кешіріңіздер. Сіздердің мені бағып-қағып осы күнге жеткізулеріңіз оңай емес екенін білем. Десе де, мен оны ақтаған емеспін. Менің оқу нәтижем ежелден жақсы болып көрген жоқ, не үшін екенін өзім де білмеймін. Қашаннан бері өзімде өлу ойының пайда болғанында білмеймін, бұрында бірнеше рет өліп қалу ойы болған, бірақ оншама ерте өлуге қимағам, бірақ осы жолы мен шынымен үмітсіздендім, басқа еш себеп емес, қайта мен өзімнің расында жарамсыз жан екенімді шынайы сезіндім, қай жағынан болса да басқаларға жетпеймін.

Нәтиже қағазым мен сабақ пысықтау дәптерімді тапсырмағандығым себепті мұғалім маған оқулық, берген жоқ, тізімге де алмады. Бүгін біздің класқа бір жаңа оқушы келді, Хоу мұғалім оған: ”арт жақта отыратындар негізінен нашар оқушылар ...“, – деді, ойлаймын мені де нашарлар қатарына қосқаны ғой. Мен үмітсіздендім. Түстен кейін, мұғалімнен дүйсенбі тапсырсам бола ма деп сұрадым, сабақтасым қыстық тапсырмасының екі есебін орындамапты, мұғалім: ”болмайды, бүгін тапсырмасаң дүйсенбі сабаққа кірмейсің“, – дейді. Күдерім үзілді. Мен өлгенде сендер қайтесіңдер?, – деп те ойладым. Оның пайдасы да зияны да бар екен, мен өлсем сендер рухани жақтан көп азап шегесіңдер, пайдасы, сендер көптеген ақша үнемдеп қалуларыңа болады, менің қаражатымнан алаңдамайтын боласыңдар. Алаңсыз дүниені кезіп, сейіл құруларыңа болады, менің қамымды жемейсіңдер. Өлгенімді ешкімге дақпырт қылмай-ақ қойыңдар, өсектен аулақ боласыңдар, ақша шек нөмірім 1122 (Шыяуданның ұсақ ақша шегі). Қияметте кездесейік, Шяудан. Егер мені қатты сағынар болсаңыздар, хат жазыңыздар. Тағы бір сөз қоса кетейін, шеше сіз әкемді жазғырмаңыз, ол да сізді жазғырмасын. естеріңізде болсын. 17; 10 20. 2. 97 Шяуданның осы тұсынан қарағанда, ол өте ақылды бала, Шяудан шынында ақылды бала, ол өлу алдындада әке-шешесі үшін соншалық бас қатырып тұрмай ма! Өкінішті болғанда ол өзін аса қорашсынған. Егер ол көңіл-күйін дер кезінде мұғалімдеріне, ата-анасы-

на, аға буындарға айтып уағында нұсқау алып, өзгерсе сөзсіз болашағы нұрлы бала болар еді. Германиялық жүйке ғылымының маманы Лындеман, өзіне сенгендер, рухани жақтан және тән жағынан ақаусыз болады, - дейді. 1900 жылы шілдеде ол кішкентай кемемен, толқыны тулаған айбатты Иынды мұхитына шығып психикалық сынақ жүргізеді. Оның алдында жүздеген ержүректер мұхитқа шығып, артынан мерт болған еді. Сондықтан тұтас Германия бұл ересен ерлік қимылға көз тігіп отыр еді. Лындеман, бұл қатерге ұшыраушылар әуелі физологиялық жақтан емес қайта психикалық жақтан жеңілушілер, бастысы үмітсіздік пен үрейден құлағандар деп түйді. Оның өзі де сансыз қиындық пен үрейге тап болады, әр рет үмітсіздік пен үрей оның бойын билегенде, өзін жазғырып: ынжық, теңізде мерт болып балыққа жем болмақпысың? Жоқ, мен сөзсіз жеңіске жетем!, - деп айқайлайды, міне осылайша ол Иынды мұхитты бағындырады. Адам өзіне сенсе, күдерін үзбесе, рухы құламайды, содан әрқандай қиындықты жеңіп, жеңіске жетеді. Олимпиада арыстарында, еліміз шабандозда­ рының өзіне деген асқақ сеніммен, құлшынған рухы бүкіл ел халқына сансыз атақ пен даңқ әперіп, берік сенім көптеген адамдардың дүниежүзі чемпионы болу, олимпиада жүлдегері болу арманын жүзеге асырды, әрі адамзатқа зор рухани байлық сыйлады. Маянхоң, 1963 жылы бесінші шілдеде Бейжіңде туған, ол сегіз жасында істен сыртқы дене тәрбие мектебіне кіріп, гимнастикаға жаттығады, он бес жасында, биік аласа турниктің жүлдегері болып, еліміздегі тұңғыш дүниежүзі гимнастика жары-

сында алтын медаль еншілеген шеберге айналады, халықаралық гимнастика ұйымы оның атымен аталатын биік-аласа турник қимылын жобалайды, іркестіркес, гүл, марапат, шапалақ үні оны қаумалап алады. Десе де тағдыры ылғи оңынан келмейді. Осыдан кейін ел іші-сыртындағы бірталай жарыстарда оның бағы дерлік жана бермейді, қат-қабат соққыға тап болған ол турник темірінен құлай береді. Жарақаттың азабы, жастықтың беймаза шағы, оны өте құлазыған күйге салады. Бірақ ең соңында ол өзіне деген асқақ сеніммен, жұңго дене тәрбиешілері үшін маңызы төтенше зор болған 1984 жылғы Лос-Анжелес Олимпиада жарысында топ жармақшы болады. Жарыс алаңына келгеннен кейін оның көне асқазан науқасы қозғалып, еш емдеу шипа болмайды. Алаңға шығарға он минут қалғанда, ол қайсарлықпен орнынан тұрып, іштей ”мен сөзсіз жеңемін “ деп қайталайды. Міне осылайша ол алдын бермей, гимнастикадан Жұңгоның тұңғыш олимпиада чемпионы болады. Біз мейлі қандай қиындыққа кез болсақ та сенімді жоғалтпай, өзіміздің сәтсіздікті жеңіп, күрес нысанамызды жүзеге асыруға, батыл көз жеткізуіміз керек екендігін ескертеді. Өзіне сену, барлық тамаша қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы, ол кемшіл болса, тұтас тіршіліктің салданғаны. Өзіне сенімі кемшіл адам бойындағы зор жасырын қуатын сәтті аша алмайды. Р. Никсон бізге аса таныс Америка президенті. Ол тұңғыш рет Жұңго Америка ортасындағы мұзды ерітіп, Жұңгоға сапарлай келіп, екі ел ортасындағы достық байланыстың жаңа ғасырын бастаған. Осындай ірі қайраткер өзіне деген сенімнің кемшілдігі

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙