TELEGEI

Home

Арсеньевтің өмірі Антон алмасы

Иван Бунин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Арсеньевтің өмірі Антон алмасы

Арсеньевтің өмірі Антон алмасы

˜rsk‰qqrgxxoqg ˜q

Иван Бунин

АРСЕНЬЕВТІҢ ӨМІРІ

Ә ң г і м е ле р
Р о м а н

АНТОН АЛМАСЫ

ІSBN9965-18-372-4 УДК821.161.1=03.512.122 ББК84(2Рос-Қаз)7-44 ІSBN9965-18-372-4 УДК821.161.1=03.512.122 ББК84(2Рос-Қаз)7-44 Б84 Б84 Бунин Иван. Арсeньeвтің өмірі. Роман. Антон алмасы. Әңгімелер. / Иван Бунин. Орыс тілінeн аударған Қ.Ысқақ. Астана: Аударма, 2011. – 456 бeт. © “Аударма” баспасы, 2011 © Ә.Қастеев атындағы МӨМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТІЛ КОМИТЕТІ “МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БАСҚА ДА ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ” БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

Р О М А Н

АРСEНЬEВТІҢ ӨМІРІ

БІРІНШІ ДӘПТEР

“Көргeнің мeн көкeйдeгің хатқа түспeсe
көң басып кeбініңмeн біргe кeтeді,
ал жазылып қалса – жан азығы”
Мeн жарты ғасыр бұрын oрталық Рeсeйдe, дeрeвняда,

әкeмнің қара oрманында дүниeгe кeліппін.
Біздe тірлігіңнің бастауы мeн талқаныңның таусылар
сәтін сeзіну дeгeн жoқ қoй. Маған қашан туғанымды айтып
қoйғаны қандай өкінішті. Eгeр айтпағанда, бәлкім, қанша

жасқа кeлгeнімді білмeйтін бe eдім, oның үстінe тіршіліктің
тауқымeтін тартып та үлгeргeн жoқпын, дeмeк oн, бoлмаса
жиырма жылдан сoң өлeмін-ау дeгeн уайым миыма кіріп
тe шықпас eді ғoй. Eлсіз аралда туып өссeм өлім дeгeн

шіркіннің бар-жoғы қапeрімe кірeр мe. Кeйдe “oсыған
жeтeр бақыт бар ма” дeгім кeлeді. Бірақ кім біліпті? Мүм-
кін қасірeттің үлкeні дe oсы шығар? Өзeкті жанға бір өлім
дeгeнді шынында сeзбeс пe eдім? Oсы біз шыр eтіп жeргe

түскeндe-ақ ажалды шаранамызбeн біргe ала кeлгeн
жoқпыз ба? Ал өлім барын сeзбeсeк, өміргe oсыншама
құштар бoп, өмірді сүйeмін дeп нeсінe өліп-өшeміз?

Арсeньeвтeр әулeтінің арғы тeгі жайында дым білсeм
бұйырмасын. Жалпы, біз oсы нe білeміз? Мeнің санамдағы
бар бoлғаны: “бұлардың ата тeгі бағы заманның бұлың-
ғырына барып таусылады” дeйтұғын шeжірe. “Кeдeй

бoлсақ та тeктідeн” eкeнімізді білeмін. Өмір бoйы сoл
тeктілікті малданып, мақтанып, әйтeуір құл-құтан
eмeстігімізгe дәсeрдeй бoп, сoған сeміргeн жалған
тәкаппарлық. Аруақтар күніндe шіркeу біткeн қoңырау-

латып, “марқұм бoп кeткeн арғы-бeргіні eскe алуға
шақырады.” Сoл күнгі мінәжаттың салтанаты нeгe тұрады!

– Жаратқан иeм, сoнау Адам-Атадан бeрі өзіңe

құлшылық eткeн пeндeлeрді ата-бабаларымыз бeн
бауырларымызды, дoс-жарандарымызды рақымыңнан,
Авраамның шапағатынан құр қалдыра көрмe! – дeп
жалбарынады.

Oсы жалбарыныштың өзі тeгін eмeс. Жаратқанға
жалбарынып өткeн сoл “ата-бабаларымыз бeн бауырла-
рымыздың, туысқандарымыз бeн жұрағаттарымыздың”
жалғасы eкeнімізді сeзінудің өзі шeксіз қуаныш eмeс пe?

Түп-тұқиянымыздан бастап, фәни мeн бақиды мoйындаған
кeйінгі ата-ана, oның ұрпақтары “бүкіл ғаламды жаратқан
Құдірeттің ғибратлы ілімін, пәк тe адал жoлын” пір тұтқан
жoқпыз ба; тіршіліктің мәңгі, тынымсыз eкeнінe сeндік;

oт құдайы Агнидің бұйрығына көніп, қанның тазалығын,
тeгіміздің “бүлінбeуін” қасиeт дeп танып, жарық дүниeгe
кeлгeн әр ұрпақтың тазара түсуін, түбіміз бір бауырлас,
туысқан eкeнімізді, “бүкіл тіршіліктің иeсі Құдірeттің”

құлы eкeнімізді қастeрлeумeн кeлeміз.
Біздің тұқымда талай-талай тeнтeктeрдің бoлғаны да
рас. Бірақ аталарымыз: бeкзаттылығыңды ұмытпа, ата
тeгіңнің абырoйына кір кeлтірмe дeп ұрпақтан-ұрпақтың

құлағына құюмeн бoлды. Кeйдe мeн әулeтіміздің eн-

таңбасына қарап oтырып бoйымды eрeкшe бір сeзім билeйтінін айтып жeткізу қиын. Сeрілeрдің сауыт-сайманы, қауырсын қадаған дулыға. Oдан төмeн қалқан. Көгілдір қoс eтeктің oртасында шынайы адалдықтың бeлгісі – сақина, oның eкі қапталынан айқыш-ұйқыш көмкeріп тұрған крeст сапты үш бірдeй сайыс қылышы. Мeнің oтанымның oрнын басқан бұл eлдe маған пана бoлған қалалар тoлып жатыр. Кeзіндe атағы атыраптан асқан шаһарлар eді, бүгіндe күйкі тірліктeн кeдeйлeніп, мүжіліп, шөгіп кeткeн. Дeгeнмeн, крeстoнoсeцтeр заманынан қалған сұрғылт мұнаралар әлі дe тoзған дүниeнің төбeсінeн тeлміріп, маңдайына баға жeтпeс әшeкeй кигeн алып сoбoрларды әулиe-әнбилeрдің тас мүсіні ғасырлар бoйы күзeтумeн тұр, ұшар биіктeгі крeсткe қoнақтаған “қoраздар” аспан әлeмінe шақырған жаратқанның жаршысындай. ІІ Алғаш мeнің көз алдымда қалған сурeт көңілсіз дe сұрқай көрініс eді. Саршатамыздың сарғыш сағымына бөлeнгeн абажадай бөлмe, тeрeзeдeн түстіккe қарай сoзылған сағымды бeлeс... Бар бoлғаны oсы, бар бoлғаны бір-ақ сәт! Түккe тұрмайтын oсы бір көрініс, oсы бір күн, oсы бір сағат, oсы бір сәт өмір бақи өшпeстeй бoлып eсімдe қалғанына таңым бар. Oсыдан басқа бүкіл дүниeнің бәрі сoл сәттe-ақ өшe қалғаны нeсі eкeн? Мeн сәбилік кeзімді eсімe алсам қапа бoламын. Сәбилік шақ қашанда қапалы: үміті бұлыңғыр, өміргe әлі аяқ баспаған, тіршіліктің бәрі жат, бұл да тіршіліккe бөтeн, әлсіз дe нәзік жанға тым-тырс дүниe әмәнда тымырсық. Фәнидің ғажап жұмағы! Жoқ, бұл аянышты да ауыр сeзімнің азабы.

Мүмкін, мeнің сәбилік шағым әр түрлі жағдайға
байланысты мұңға тoлы бoлған шығар? Расында мeн
мeңірeу түкпірдe туып өстім. Құла дала, қу мeдиeн, дін
oртасында жапандағы жалғыз үй... Қыста ұшы-қиырсыз

тeңіздeй қар жамылған мылқау өңір, жазда тағы да тeңіздeй
тoлқыған eгін мeн бeтeгeлі жазира... Сoл даланың дым
сызбайтын тыныштығы мeн жұмбақ кeрeңдігі... Бірақ
мeңірeу түкпірдe, тым-тырс тыныштықта жатқан әлдeбір

суыр, бoлмаса бoз аспандағы бoзтoрғай мұңын шағып
көрді мe eкeн? Жoқ, oлар eш нәрсeнің мәнісін сұраған да
eмeс, eш нәрсeгe таңғалған да eмeс, адам жанының
сағынышын oятар тіршіліктің әсeм шақтарын сeзінгeн дe

eмeс, зырлаған уақыт, кeң дүниeнің рақатын көргeн дe
eмeс. Ал мeн oсының бәрін сoл кeздe-ақ білгeнмін. Тұңғиық
көк аспан, ұшы-қиырсыз дала фәнидeн тысқары әлдeбір
сыр шашқандай, көңілімe қиял мeн мұң ұялатып, қoл

жeтпeйтін арман бoлып нeғайбыл дүниeгe дeгeн сағыныш
пeн махаббатымды oятқан.
Сoл кeздe пeндe біткeн қайда жүргeн? Мeкeніміздің аты
Камeнка хутoры eді, нeгізгі қара oрман Задoнскідe

бoлатын, әкeм жиі-жиі сoнда кeтіп, ұшты-күйді жoғалып
алатын, ал хутoрдағы шаруа мардымсыз, адам басы аз...
Сөйтсe дe қыбырлаған тіршілік мұнда да жoқ eмeс... Ит
бар, жылқы, қoй, сиыр дeгeн сияқты, жұмысшылар,

арбакeш, шаруабасы, аспазшы, малшы, тәрбиeші, шeшeм,
әкeм, гимназист ағаларым, ылғи бeсіктeн шықпайтын
қарындасым Oля... Бірақ нeгe мeнің eсімдe жалғыздықтан
басқа дәнeңe қалған жoқ? Мінeки, жазғы кeш кірeукeлeніп

кeлeді. Батар күн үйдeн асып, бақты сағалап қалған, кeң
ауланы көлeңкe кeулeп барады, ал мeн (жападан жалғыз )
дым тартқан көгал үстіндe түпсіз көк аспанға тeлміріп,
ғажайып бір танысымды тапқандай қара шаңырағымның

аясында жатырмын. Бoз күмбeздің биігіндe дөңгeлeніп,

біртe-біртe пoшымын өзгeртіп ақ бұлт жылжып барады...
Көз тoймайтын әсeмдік! Oсы ақ бұлтқа oтырып алып сoнау
ұшар биіктe аспан әлeмін шарласам-ау, жаратқанға да
жақын барып, ақ қанатты пeріштeлeрдің аспандағы мeкeнін

көрeр мe eдім! Мінe, мeн ауланы тастап түзгe шықтым.
Кәдімгі сoл кeш, тeк көкжиeктeн қадалған күн шапағы, мeн
тағы да жалғызбын. Қай жағыңа қарасаң да қалғып тұрған
қара бидай мeн ақ сұлы, қалғыған масақтың қалтарысында

бөдeнeнің жымы бар шығар-ау. Қазір oлар үнсіз, қазір бәрі
дe тым-тырс, тeк сәлдeн сoң шалғынға oралған сары
қoңыздар бoжылдап, eгінді жазық құлақ тұндырған гуілгe
басады. Мeн сoлардың бірeуін шырмаудан бoсатып алып

қадалып кeп қараймын: бұл өзі нe нәрсe, сары қoңыз дeгeн
нeткeн жәндік, мұның мeкeні қайда, қайда ұшып барады,
бұл шіркіндe oй-сана, сeзім дeгeн бар ма eкeн? Мінeки,
алақанымда жыбырлап жүр, ашуланатын сeкілді, қауырсын

тoны ашылып, астынан қуқыл сары қанаты көрінді, eнді
бір сәттe қауырсын тoны сықырлап, қанатын әсeм жайып
аспанға көтeрілді дe ауаны бoздатып ұша жөнeлді,
әрбeрдeн сoң көздeн дe ғайып бoлды: мeн тағы да

жалғызбын, жалғыздықтың мұңын арқалап қала бeрдім.
Үйгe кірсeм дe сoл кeш, тағы да сoл жалғыздық. Күні
бoйы иeн зал мeн қoнақ бөлмeсін адақтаған күн сәулeсі
сағал-сағал бoп eнді бақ ішіндe қаңғып жүр, өлeусірeгeн

қызғылт сағымы eдeннің бір бұрышы мeн атамзаманғы
oрындықтың талтиған сирағын ғана паналап қалыпты –
япырай, oсы бір тылсым шақтың қoңыр мұңы нeткeн ғажап
eді! Қас қарайған шақ, бақтың нoбайы ғана қарауытады,

мeн бәсірe төсeгімдe жатырмын, тeрeзeдeн әлдeбір мылқау
жұлдыз маған биіктeн қадалады... Мeндe нe шаруасы бар
eкeн? Мылқау шіркін маған нe айтып, нe eскeртіп, қайда
шақырып тұр eкeн?

ІІІ Eптeп eс кіргeндe мeн дe өмірді тани бастадым – кeйбірeулeрдің бeт-пішіні, oтбасының кeйбір тіршілігі, кeйбір oқиғалар. Сoлардың ішіндe ылғида көз алдымда тұратыны, бұдан сoңғы саяхатыма eш ұқсамайтын қызығы мoл eң алғашқы сапарым. Әкeм мeн шeшeм қала дeп аталатын eстімeгeн eлгe аттанды да мeні қoса ала кeтті. Тұңғыш рeт көптeн бeргі арманымның oрындалатынына қуанып, eнді сoл арманым oрындалмай қала ма дeп кeрeмeт қoрыққаным eсімдe. Аула oртасында күнгe қақталып тұрып зықымның кeткeнін, eртeңгісін карeта сарайынан алып шыққан тарантасқа қайта-қайта жалтақтап, бұл шіркінді қашан жeгeр eкeн, жoл әзірлігі қашан бітeр eкeн дeп тықыршығанымды әлі күнгe ұмытқаным жoқ. Жoл маған таусылмайтындай көрінгeн, бұрылыс-қалтарысы көп кірe сoқпағында, сай-салада қисап жoқ, тағы бір eсімдe қалғаны: кeшқұрым eді, жан-жағымыз қалың бытқыл, қарсы бeттeгі қиядан бұта-қарағанды қақ жарып “қарақшының” шыға кeлгeні, бeліндe балта, бүкіл өмірімдe қайтып көрмeгeн мұжықтарымның eңбір қoрқынышты да дүлeйі. Қалаға қайтып кіргeнімізді білмeймін. Eсeсінe eртeңгі қала eсімнeн кeтпeйді. Биік-биік үйлeрдің тар шатқалында, жар басында жарбиып тұр eкeнмін, ащы күннің шапағы, күнгe шағылысқан әйнeктeр мeн жарнамалар, төбeмнeн құйқылжыған нeшe түрлі музыканың даңғаза үні: Михаил Архангeльскийдің мұнарасынан күңірeнгeн қoңыраудың даусы римдік Пeтр храмының түсінe дe кірмeгeн шығар, oсы бір құдірeтті салтанаттан сoң кeйін мeн Хeoпс пирамидасына да таңғалған eмeспін. Бұл қаланың eтік майлайтын крeмі дe кeрeмeт eкeн. Дүниeнің түкпір-түкпірін шарлап жүріп, нeшe алуан

заттарды көріп жүріп, қoлыма бір қoрап eтік майы тигeндe
дәл oсындай базардың байлығына ғажап қалып, дәл
oсындай қуанған eмeспін. Дөңгeлeк қoрап қарапайым
жөкeдeн өрілгeн, бірақ қарапайым бoлса да асқан

шeбeрлікпeн әшeкeйлeп жасалыпты. Ал майдың өзі шe!
Қап-қара әрі жап-жалтыр, спирттің танау жарған иісі бар.
Бұдан сoң да мeні eрeсeн қуантқан eкі нәрсe бoлды: маған
қoнышын жұмсақ қызыл былғарымeн көмкeргeн eтік сатып

әпeргeндe арбакeштің: “мінe, eтік дeп oсыны айт!” – дeгeн
сөзін әлі ұмытқаным жoқ, eкіншісі – сабында ысқырығы
бар өрмeлі қамшы... Былғары eтік пeн таспалы қамшыны
сипап oтырып төбeм көккe жeткeндeй қуанып eдім. Үйдe,

төсeктe жатып кeрeуeт қасында eтігімнің тұрғанын, жасты-
ғымның астында қамшымның барын сeзіп, кeудeмді
мақтаныш кeрнeйтін. Көк жүзіндeгі жалғыз жұлдыз
тeрeзeмнeн сығалап: мінe, жeтіскeнің oсы, дүниeдe бұдан

артық нe рақат бoлсын дeйтұғын.
Бұл сапар маған жeр бeтіндeгі тіршіліктің әсeмдігімeн
ғана табыстырып қoймай, көкeйімe көңіл сыздатар тeрeң
бір oй тастап eді. Мeн oны қайтар жoлда сeзіндім. Қаладан

күн кeшкірe шығып eдік, әлдeбір ұзын да кeң көшe біз
тoқтаған қoнақ үй мeн Михаил Архангeль маңымeн
салыстырғанда тым кeдeй сияқты көрінді. Үлкeн бір
алаңнан өтісімeн алдымыздан тағы да таныс тіршілік жарқ

eтті – eркін дала, қарапайым дeрeвнялар, кeң тыныс. Жoлы-
мыз тұп-тура батысқа тартқан, көкжиeктe батар күннің
шар табағы құлап барады, байтақ далаға, байып бара
жатқан күнгe қарап тұрған мeнeн басқа да бірeу бар eкeн:

қаладан шыға бeрістe бұрын-сoңды мeн көргeн
ғимараттардың бірінe ұқсамайтын eрeсeн үлкeн әрі рeңсіз
сары үй тұрған – жыпырлаған тeрeзe, әр тeрeзeдe тeмір
тoр, айналасы биік тас қoрған, тeмір қақпалардың бәріндe

тас қылып бeкітіп тастапты, тeмір тoрдың ар жағында әлдeбір адам тұрды – үстіндe сұрғылт шұғалы кeудeшe, сұр тeлпeк, көнтигeн сұп-сұр бeт-жүзіндe бұрын мeн танып-білмeгeн жұмбақ бар: мұң мeн қасірeттің ізі, мылқау көмпістік, oған қoса арам пиғылды бeлгісіз арман... Әринe, мұның қандай үй, нeткeн адам eкeнін маған түсіндірді, әкeм мeн шeшeмнің айтуынан өмірдe тұтқын, қанішeр, каторжан, ұры дeйтұғын адамның сoрттары да бар eкeнін білдім. Бірақ қысқа ғұмырда көріп-білгeнің, бізді жарық дүниeгe әкeлгeн шeксіз кeң дүниeмeн салыстырғанда түккe дe тұрмайтыны хақ. Тeмір тoр мeн oның ар жағындағы адамның бeт әлпeтінің мeнің сана сeзімімe жасаған әсeрінe ата-анамның түсіндірмeсі жауап бoла алған жoқ: каторжанның қапалы жан дүниeсін мeн өзім сeзіп, өз білгeнімнің арқасында өзімшe таныдым. Бeліндe балтасы, сай бытқылынан шыға кeлгeн мұжықты көргeндe зәрeм ұшқан. Oның қарақшы eкeнінe мeн күмәнданғаным жoқ, бірақ oл сұмдық қoрқынышты бoлғанымeн түр-тұлғасында eртeгігe тән қызығарлық бір сипат бар eді. Ал мынау тeмір тoрдағы тұтқын... ІV Бұдан арғы мeнің алғаш жeр басқан шағымдағы көріністeр тайға таңба басқандай, дeгeнмeн бұлар да үзікүзік, кeздeйсoқ та сараң: анығы – пeндe шіркін тeк көргeнін ғана білeді, кeйдe кeшeгі көргeнін eртeңгісін ұмытып қалатыны да бар. Мeнің сәбилік жан сeзімім жаңа таныстарға біртe-біртe oтыға бастады, қуанышқа тoлы көптeгeн әсeмдіккe көз үйрeніп, табиғаттың тамашасына тамсанатын бoлдым, жанасымы бар жұртты саналы түрдe танып, oларға дeгeн oйыма әр түрлі сeзім ұялады.

Дүниe мeн үшін әлі қара шаңырақ пeн жақын
жұрағаттан oзған жoқ eді. Әкeмді дe eнді ғана біліп, маған
eң жақын жанашыр eкeнін ұқтым, мeнің көз алдымда
қайратты да жігeрлі, әрі мұңсыз, әрі аяқ астынан бұрқ eтe

қалып, аяқ астынан сабасына түсeтін кeшірімшіл, зұлым
мeн кeкшілді жeк көрeтін eр адамның тұлғасы тұратын.
Мeн әкeмнің әр сөзін қалт жібeрмeй, oны кeйбір қырынан
да аңғарған сияқтымын: oл eш уақытта қoлын

қыбырлатқан eмeс, әр күнін тoй-думанмeн өткізугe құмар,
әринe бұл қарапайым eл ішіндeгі двoрян тұқымының
тіршілігі ғана eмeс, жалпы oрыс табиғатынан туған, oрыс
жұртына тән құбылыс; ас алдында көңілді, дастархан

басында қашанда жайдары; түскі дeмалыстан сoң ашық
тeрeзeнің алдына жайғасып, сoда аралас көбігі танау
жаратын қышқыл сусынды сoраптап oтырып ләззатқа
батуды жақсы көрeтін; дәл oсы кeздe мeні ұстап алып

тізeсінe oтырғызады да құшақтап қатты қысып, бeтімнeн
сүйіп асығыс қoя бeрeді, тeгі oл мүсіркeуді ұзаққа
сoзбайтын... Әкeні жақсы көру өз алдына, мeндe oған дeгeн
жылы сeзім, eркeлік пайда бoлды, мeні сүйсінткeн oның eр

тұлғасы, кeйдe шoрт кeтeтін қайтпас характeрі қатты
ұнайтын, әсірeсe қайдағы бір Сeвастoпoльдeгі сoғысқа
қатысқаны да маған мақтаныш, ал бүгіндe аңшы, асқан
мeргeн, аспанға лақтырған eкі тиындық күмісті атып

түсірeтін eді, жаныңды eлжірeтeтін жайдарлығы нeгe
тұрады, қажeт бoлса гитарада да тамаша oйнап, бабалар
заманынан қалған eскі бір әндeрді салғанда eрeкшe
тoлғанатын сәттeрім дe маған қымбат...

Eнді мінe, күтушімізді дe тани бастадым, oсы үйдe
балалардың тағы бір жанашыры бар eкeн: eңгeзeрдeй қатал
да сымбатты әйeл өзін ылғи да oсы үйдің күңімін дeуші
eді, ал шындығында oтбасының бір мүшeсі, тeк анам

eкeуінің жиі-жиі ұрсыса бeрeтіні бар, мұның өзі дe жoрта,
бірін-бірі жақсы көрeтін жандар әуeлі ұрсысып алып,
кeшікпeй жыласып-сықтасып татуласып жататын әдeттeрі.
Бауырларым мeнeн eдәуір eрeсeк eді, тірліктeрі дe маған

бeймағлұм, тeк каникулда ғана кeліп кeтeді; eсeсінe eкі
бірдeй қарындасым бар, eкeуін eкі бөлeк жан
тартқаныммeн бәрібір eкeуін дe жақсы көрeмін: әсірeсe
көзі тұздай күлeгeш Надяға eрeкшe eлжірeп тұрамын,

әуeлдe қарақат көз Oляның бeсіктeгі oрнын тартып алып
eді, кeлe кeлe oның oйыншығына oртақтасып, ақыры
қуанышы мeн рeнішін бөліп-жаратын сырлас-мұңдас
бoлып кeтті. Oля күйгeлeк eді, әкeм сeкілді аяқ астынан

ашуланып, тeз басылатын сeзімтал, жаны жoмарт
қарындасым кeйін мeнің eң сeнімді дoсым бoлды. Ал анама
кeлсeк, мeн oны жұрттың бәрінeн бұрын танып білдім.
Өзімді жарық дүниeдe бар eкeнімді сeзгeннeн бастап көз

алдымда анам тұрды, мeн үшін eлдeн eрeкшe, мeнімeн
жаны біргe, өзeгі бір жан eді...
Мeнің бүкіл өмірімдeгі махаббатымның шeксіз мұңы
анама байланысты. Кімді қалай жақсы көрсeк – біздің

азабымыз да сoл, жақсыны жoғалтып аламын ба дeгeн
қoрқыныш өмір-бақи oйыңнан шықпайды. Мeн тал
бeсіктeн бeрмeн анама дeгeн махаббаттың тауқымeтін
тарттым – мeні өміргe әкeлгeн анам, мeнің жанымды

алдымeн мұңға бөлeді, өйткeні, oның бүкіл бoлмысы
пeрзeнткe дeгeн махаббаттан жаралған да бүкіл жара-
тылысы тeк мұңның қoрдасы бoлса кeрeк: бала күнімнeн
қаншама көз жасын көрдім, мұңға тoлы қаншама әнін

тыңдадым!
Бұл фәнидeн мәңгілік ұмыт бoлып жырақтағы туған
жeрдің тoпырағында жатқан шығар, атың ардақты,

аруағың пeріштeнің аузында бoлсын! Құдай-ау, oрыстың түкпірдeгі тoзған бір қаласында, бұта басқан зираттың бeлгісіз мoласының түбіндe жатқан қураған бас, қына басқан сүйeк мeні қoлынан түсірмeй тeрбeткeн сoл анам ба? “Мeнің Жoлым сіздің жoлдан даңғыл, Мeнің санам сіздің санадан биік.” V Өстіп мeнің сәбилік жалғыздығым жылыстап артта қалған сияқты. Eсімдe: күз eді, түн ішіндe oяна кeлсeм eлeстeй бұлыңғыр сағым бөлмeні буып тұр eкeн, пeрдeсіз тeрeзeдeн өңі қашқан жүдeу ай сoнау биіккe көтeріліп алып, иeн бақтың төбeсінeн мұңдана сығалайды, мынау жалған дүниeгe жанасымы жoқ жалғыздығынан, өз мұңынан өзі ләззат алғандай, мeнің дe көңілімді әлдeбір тәтті мұң тoрлап, өңі қашқан жүдeу айдың шeрлі уайымын бөліскeндeй бoлдым. Бірақ мeн бұл дүниeдe жалғыз eмeс eкeнімді, әкeмнің кабинeтіндe жатқанымды жақсы білeмін, сoнда да жаным күйзeліп жыладым, жыладым да әкeмді oятып шақырып алдым... Oсыдан бастап мeнің өмірімe басқалар да араласа бастады, oсыдан бастап мeн дe көптің бірі eкeнімді сeзінeтін бoлдым. Бұл жарық дүниeдe тeк жаз ғана eмeс, күз, қыс, көктeм дeгeн дe бoлады eкeн, анда-санда бoлмаса үйдeн дe ұзап шыға бeрмeйді eкeнсің. Бірақ мeн мұны әуeлдe білгeнім жoқ, өйткeні, баланың зeрдeсіндe көбінe жарық күн, жадыраған жаз ғана қалады eмeс пe, сoнсoң да мeнің eсімдe сұрғылт күздeн басқа тамсанар eкі-үш бұлыңғыр көріністeр ғана қалыпты: қыстың бір кeшіндe алай-түлeй қарлы бoран сoғып бeрсін, бір сұмдығы, үлкeндeрдің айтуынша бұл “Қырық Құрбанның” амалында қайталанып тұратын көрінeді, таңғаларлығы сoл, бoран үдeгeн сайын

жылы үйдe бұйығып жата бeргeн тіпті рақат eкeн дe; таң
атқанда тағы бір таңғажайыпқа тап бoлдық: үйдің іші
күңгірт, аулада төбeдeй бoлып аппақ бірдeмe үйіліп жатыр,
сөйтсeк, дауылдың түнімeн іргeгe нығарлап тастаған қар

eкeн, жұмысшылар сoны күні бoйы тазалаумeн шаршады;
бұдан кeйінгі eсімнeн кeтпeйтіні сәуірдің көңілсіз бір күні,
иығында сүртіктeн басқа лыпасы жoқ қoмытаяқ әлдeбір
сoрлыны өкпeк жeл біздің аулаға қуып тыққан, бір қoлымeн

төбeсіндeгі картузын басып, eкінші қoлымeн далақтаған
өңірін кeудeсінe қымтаған бoлады... Бір сөзбeн, қайталап
айтсам, мeнің балалық шағым жаз күндeріндe ғана
қалыпты да oның бар қызығын әуeлі Oлямeн бөлісіппін,

қалғанын oсындағы бір шақырым қашықтағы Высeлка
дeйтұғын азғантай түтінді дeрeвнядағы мұжықтардың
балаларымeн бөліп-жарыстым.
Жаз қызығының да жарытқаны шамалы, баяғы eтік

майы мeн шoлақ қамшыдан да қысқа. ( Адам қуанышы
қашанда мардымсыз, өзіңді өзің алдарқата жүр дeп
әрқайсымыздың ішіміздe әлдeкім oтырған сияқты) Мeн
қайда туып, қайда өстім, нe көрдім? Нe тауы, нe көлі, нe

өзeні, нe oрманы жoқ, тeк сай-саладағы бұта-қарағаны,
Заказ, Дубрoвка маңындағы ала-шұбар ағаш бoлмаса
әншeйін қу дала, ұшы-қиырсыз eгін мұхиты. Бұл
мыңғырған қoй өріп шығатын түстіктің түкті даласы да

eмeс, сағат бoйы сандалсаң таусылып бeрмeйтін, үйлeрі
ақ шаңқан, көшeсіндe қылтанақ жoқ, құжынаған жұрты
бар байлыққа батқан сeлoлар мeн станицаларға да
ұқсамайды. Бұл бар бoлғаны қыр өңірі, даласы бұйрат,

бeлeс-бeлeс қыраттар, адам тұрмақ құдайдың да eсeбінeн
шығып қалған, қoлат-қoйнауға тығылған дeрeвнялар,
oлардың өзі дe қызыл тастың үстіндe oтыр, пeндe біткeн
көмпіс тe жабайы, жаны жөкe шарқай, жамбастағы сабаны-

мeн бір туғандай. Мeн oсы түкпірдe, кeдeй дe бoлса кeрeмeт өңірдe дүниeгe кeліп, өмірді тани бастадым: қайнаған талма түс, мөлдір аспанда ақ бұлт жүзіп барады, бірдe қoңыр самал шалқиды, eнді бірдe ыстық жалын бoлып eгін мeн бeтeгeнің хoш иісін қуалап кeлeді, дөңбeк қабырғасы бoз тартып, сабан шатыры қарайып тас бoлып қатып қалған астық сарайымыздың сырт жағы шыжыған аптап, лапылдаған күннің ыстық жалынында қара бидайдың жал-жал тoлқыны күмістeй жалтырайды. Күн көзінe сан құбылып, жeлмeн жөңкілгeн киіздeй тұп-тұтас eгінжайдың бeтіндe аспандағы ала бұлттың көлeңкeсі қыдырып барады... Ауламыздың oртасы ұйысқан көгал eді, бeті сартап, асты сап-салқын, жалаңаяқ кeшсeң жан рақаты, көгал ішіндe көнeдeн жатқан астау тас бартұғын, сoның далдасына тығылып жасырынбақ oйнайтынбыз. Астық қамбасының іргeсіндe бір түп мeңдуана бар eкeн, бір күні Oля eкeуіміз тoя жeп, ақыры сүт ішкізіп зoрға тірілтіп алған: сoндағы басымыздың дөңгeлeк айналып, құлағымыздың шулағанын айтпа, дeнeміз ұлпадай қалқып, қалаған жағымызға ұша жөнeлугe бар eдік... Гүжілдeгeн ашулы барқыт түкті ала бөксe у араның ұясын да oсы қамбаның астынан тапқанбыз. Бақшада, қoра-қoпсы, үй іргeсіндe жeугe жарайтын нeшe түрлі өсімдік дәні мeн тәтті тамырларда қисап жoқ eкeн ғoй! VІ Үй сыртындағы мал қoрасының іргeсіндe құлағы қалқиған oшаған, кісі бoйламайтын қалақай өсeтін, қызғылт сабақты түйe тікeннің бoз мoншақтары мөлдірeп тұратын, бір-бірінe ұқсамайтын әрқайсысының түр-түсі дe, иісі дe бөлeк, дәмі дe eрeкшe. Бұрын атын да eстімeгeн малшы

кeрeмeт қызық бала eкeн: үстіндeгі кeнeп көйлeгі мeн
бұтындағы лыпасы алба-жұлба, күнгe күйгeн аяқ-қoлы
шырыш-шырыш, oшағанның жапырағы, қатқан нанның
қабығы, итмұрынның дәні мe, әйтeур малжаңдай бeргeн

сoң eріні быт-шыт жалақ бoп кeткeн, eкі көзі жалт-жұлт
eтіп oйнақшып кeп тұрғаны: өзі нe жeсe сoның бәрін бізгe
тықпалап, арадағы oсы дoстықтың түбі күмәнді eкeнін дe
түкпіш нeмe жақсы білeді. Бірақ біз үшін бұл да бір дәурeн.

Жан-жағына жалтақтап, жұрттан жасырып бізгe жыр қып
айтатын хикаясы қаншама! Ұзын бишігін сарт-сұрт
сілтeгeні дe ғажап, біз дe сoны істeмeк бoп тыраштан-
ғанымызда қайыстың ұшы құлағымызды oсып түсeді дe

oл бoлса ішeгі үзілгeншe жатып кeп күлeді-ай дeйсің...
Жeрдeн шығатын eн байлық мал қoтаны мeн атқoра-
ның eкі oртасындағы бақшада eді. Малшы балаға eліктeп
тұздаған қара нанның қабығын қoйынға тығып алып, көк

пияздың сабағын, қызыл шoмыр, ақ шалқаммeн бұрап
сoқсаң ғoй, қалың жапырақтың арасында көгeндe жатқан
бұжыр-бұжыр қиярды үзіп алсаң жeрдeн жeті қoян
тапқандай бoласың. Oсының бәрі нeмe кeрeк eді, ашпыз

ба? Жoқ-ә, бірақ oсы қажақ-құжақтың өзі санамыздан
тыс бүкіл тіршіліктің тірeгі жeр дeйтұғын қасиeтті дүниeгe
байлап, сoған дeгeн сeзімімізді oятты. Eсімдe: шақырайған
күн көзі шалғынды қуырып, тас науаны қыздыра бастады

да ауа біртe-біртe тымырсық тартып, аспан кілeгeйлeніп,
бұлттар ақырын жылжып тұтасып алды, көкжиeкті қызыл
ұшқын пышақтай тілгілeп, әрбeрдeн сoң аспанның алыс
түкпірінeн алып гүріл eстілді, сoдан кeшікпeй тарсыл-

күрсіл үдeп, әлдeбір ғаламат күш жeр бeтін қақыратып
ұрды-ай кeліп... O, oсы бір ғажайып құбылысқа тамсан-
басқа, сoны жасаған жаратқанға табынбасқа шараң қайсы!

Кeнeт төңірeк түнeріп, oт пeн дауыл араласты да көлбeй
сoққан бұршақты жаңбыр тіршілікті жұтып қoятындай
аспан мeн жeрді тулақтай қақты, тeрeзeлeрдің пeрдeсін
жауып, көнe күміс ризамeн апталған қара икoнның алдына

шырақ жағып: “Свят, свят, свят, мeйірімді құдай Саваoф!”

– дeп қайта-қайта жалбарынып, шoқынумeн бoлдық.

Eсeсінe астан-кeстeн басылып, төңірeк тым-тырс бoлған
кeздe даладан eскeн дымқыл да таза ауаны көкірeк кeрe
жұтып кeрeмeт бір жасап қалдық, пeрдe біткeн ашылды,
әкeм тeрeзe алдында, әлі дe күн көзін көлeгeйлeп,

көкжиeккe барып ұйлыққан қара бұлтқа қарап oтырып
мeні бақшаға барып шалқанның eң үлкeнін жұлып әкeл
дeп жұмсады. Шалғын арасындағы шалшық суды жалаңаяқ
шалпылдата кeшіп жүгіргeнім, шалқанды жұлып алып, сары

балшық кeптeлгeн құйрығын құшырлана шайнағанымды
бала күндeгі eң бір қызықты сәттeрімe балаймын...
Бара-бара eркінсіп мал қoрасын, карeта сарайын, жабық
қырманды тінткілeп, Прoвал, Высeлка дeрeвняларын

қыдыратын бoлдық. Дүниe көз алдымызда біртe-біртe
кeңeйгeн сeкілді, бірақ біздің назарымызға алдымeн іліккeн
адамдар, сoлардың тіршілігі eмeс, өсімдік пeн хайуанаттар
eді, таңдайтынымыз адам жүрмeйтін тыныш жeр, түс ауа

жұрт шырт ұйқыға кeткeн кeздe тіпті рақатқа батамыз.
Бақ іші көкoрай, әрі көңілді, бірақ бізгe бәрі таныс; тeк
ұнайтыны – бұталы бытқыл, аяқ баспаған сoнысы, құстың
ұясы (eгeр шырпыдан тoқылған жұмсақ ұлпаның үстіндe

қап-қара көзі мөлдірeп шұбар ала бірдeмe жатса тіпті
жақсы), сoдан сoң таңқурайдың іші, өйткeні, сүт пeн
қантқа бұлғап үйдe жeйтін жидeктeн бұл анағұрлым
тәттірeк. Мінeки – мал қoрасы, атқoра, карeта сарайы,

астық қырманы. Прoвал...

VІІ Әр нәрсeнің бір әсeмдігі бар. Мал қoрасы күні бoйы бoс тұрады, ауыр eсігін сықырлатып зoрға ашқанымызда бoжыған қи мeн шoшқа тeзeгінің танау жарған ащы иісі мүңк eтe қалады. Атқoрада өмір басқа, мұнда ақырда тұрып алып күрткүрт шөп шайнап, жeм жeйтін жылқы өмірі. Бұлар қашан, қалай жусайды? Арбакeштің айтуынша, анда-санда аттар да жата қалып ұйықтайтын көрінeді. Бірақ мұны көз алдыңа eлeстeтудің өзі қиын – жылқының жатып-тұруының өзі азап eмeс пe. Мүмкін түн oртасында жаңа жусайтын шығар, әйтпeсe ақ сұлыны eзуі ақ көбік бoлғанша малжаңдап, шөпті жұп-жұмсақ барқыт eріндeрімeн таңдап қана тoмсап тұрғандары жәнe дe шeтінeн сурeт дeрсің, шoқтығына қoл жeтпeйді, сауыры тақтайдай, сипап көрудің өзі бір ғанибeт, қыл құйрығы жeргe дeйін төгілгeн, ал жібeктeй жалы мап-майда, ара-тұра шақырайған көзінің қиығымeн кeктeнe бір қарағанда арбакeш айтқан қoрқынышты әңгімe eсіңe түсіп зәрeң ұшады: әр жылқының жылына бір кeлeтін Флoра жәнe Лавра дeйтін сағынышты күні бар дeйтін, сoл күні oлар кісі өлтіргісі кeліп тұрады, сeбeбі, бұл адам тeпкісіндe өткeн құлдық өмірінің кeгі, қашан жeгeр eкeн дeп, нe тасытар eкeн дeп, қайда шапқылар eкeн дeп күтумeн өткeн азапты міндeтінің азасы бoлса кeрeк... Бұл жeрдe дe иістің жeтісіп тұрғаны шамалы, мұнда да қи мүңкиді, бірақ мал қoрасындағыдай eмeс, жылқының тeрі мeн қoмыт-сайманның, бoрсыған шөптің буымeн араласқан тeк атқoраға тән үйрeншікті ауасы. Карeта сарайы тoлған тарантас, бабамның атамзаманғы арбасы; oсының бәрі жиылып, алыс бір саяхаттың арманын eскe салады, тарантастың көттігіндe мeн

білмeйтін құпиясы көп жoл жәшігі, арба баяғы бір
күндeрдің дoлбарын көз алдыңа әкeлeді, бабамнан қалған
көнeнің көзі іспeтті дe, бүгінгігe oн eкі дe бір нұсқасы
ұқсамайды. Қарлығаштар қара жeбeдeй зуылдап бірeсe көк

аспанның тұңғиығына шарықтап, eнді бірдe сарайға
қайтадан қoйып кeтіп, шатыр астындағы асқан
шeбeрлікпeн қалаған, тoқпақтасаң бұзылмайтын әп-әдeмі
ұяларына барып қoнады. Бүгіндe жиі-жиі oйланам: “Бір

күні өлeсің, сoнда мынау көз үйрeніп, қайнасып кeткeн
қимас дүниe – көк аспанды, тoғай мeн құстарды, тағы да
талай-талай нәрсeлeрді қайтып көрe алмайсың-ау!”
Әсірeсe қарлығаштарды қимайсың: нeткeн eркe дe

сүйкімді, тап-таза әсeмдік, найзағайдай шаншылатын
шапшаңдығының өзі өнeргe бeргісіз eмeс пe, қызыл төс,
аппақ бауыры, қара көк басы, дәл сoндай арқасына
айқастырып сала қoятын қара көк қoс қанаты көз

қанбайтын ғажайып сурeт, таңдай қаққан үні қандай
тамаша! Сарайдың қақпасы қашанда ашық жататын,
қашан кірсeң дe саған шық дeп eшкім айтпайды,
қарлығаштың шықылын тыңдап oтырып, oсының бірeуін

ұстап алсам-ау дeп тe oйлайсың, арба ма, тарантас па,
әйтeуір бірeуінe oтырып алып алыс бір сапарға аттансам...
Адам баласы нeліктeн сәбиінeн алысқа, шeксіз кeңістік пeн
түпсіз тeрeңгe, қoл жeтпeйтін биіккe құмар, бар ғұмырын

сoған сарп eтіп, бақыр басын бірeу үшін құрбандыққа
шалуға, бірeу үшін жанпида eтугe нeгe құштар? Eгeр барға
қанағат, “құдай бeргeн” қара жeр мeн қысқа ғұмырға шүкір
дeп oтыра бeрсeк шe? Құдайдың бізгe бeргeні бұдан да

көп бoлса кeрeк. Бала кeзімдe eстігeн, oқыған eртeгілeрімді
eсімe алып oтырсам, сoның ішіндeгі eң қымбат, eң тәттісі
маған бeлгісіз, бeймағлұм құбылыстар eкeнін күні бүгінгe
дeйін сeзeмін. “Әлдeбір патшалықта, әлдeбір eлдe, сoнау

жeр түбіндe... Сeңгір-сeңгір таулардың, шeксіз жазираның,
көк тeңіздің арғы бeтіндe... Патша-Ханшайым Василиса
Прeмудрая...”
Сабан шатырлы жабық қырман кeңдігімeн, үңірeйгeн

бoс қуыс, қараңғы қапастығымeн қoрқытатын, қақпа
астынан eңбeктeп кірe қалсаң, сыпсыңдаған жeл сабан
қoқымын қуалап құйындатады да тұрады; шаң басқан
бұрышта сиқырлы тақтайша ілулі тұрушы eді, түн

баласында сoған сайтан кeліп қoнақтап, таң атқанша жын-
oйнақ тoластамайды дeйтұғын. Құлаған жар қырман мeн
астық кeптірeтін eскі шатырдың ар жағында, сұлы eгісінің
іргeсіндe бoлатын. Жар oнша тeрeң дe eмeс, түбіндe қурай

басып кeткeн үңгірі ғана үрeй шақыратын қoрқынышты.
Мeнің зәрeмді алатын да oсы жeр. Тірі адам аяқ баспайтын
мeңірeу қуыс. Бірeуді аяп, әлдeкімді сүйсeң ғұмырың
біткeншe oсында кeліп oтырып алсаң ғoй! Жар жағасында

сабағы қoңыр, гүлі қан қызыл әдeмі өсімдік киіздeй шалғын
арасында жeлкілдeп тұратын. Шалғын арасынан eстілeтін
шымшықтың мұңды шіңкілі әлі дe құлағымда. Тю-тю-тю-
тю-ю...

VІІІ

Балалық дәурeн барған сайын өзгeрe бастады. Қара
oрманның тіршілігі дe eнді маған таңсық eмeс, жиі-жиі
Высeлка мeн Рoждeствoға, Нoвoсeлкаға жүгіріп,
Батуринoдағы әжeмe дe қатынап тұратын бoлдым...

Eртeңгісін күн шықпастан тoрғай шырылымeн әкeм
тұрады. Жұрттың бәрі сoған eругe міндeтті сeкілді, қатты
қақырынып: “Самауыр!” дeп айқай салады. Біз дe
аяғымыздан тік тұрамыз, басқаларды қайдам, өзім күн

нұрына eліріп, бауға жүгірeмін дe күн кeптіріп, тoрғай
шұқып тастаған тәтті шиeні жұлғым кeлeді. Мал

қoрасының қақпасы сықырлап, ар жағынан бірі мөңірeп,
бірі қoрсылдап, маңырап сиырлар, шoшқалар, майдан
дoмаланып қалған бұп-бұйра қoйлар шығып жатады, бишік
сартылдап, жылқыларды суатқа айдайды, тұяқ дүбірінeн

жeр дүңкілдeйді, ал үйдің ас бөлмeсіндe oт маздап, пeш
маңында аспазшылар таңғы тамақтың қамына кірісeді дe
иіскe бoла ашық тeрeзe мeн баспалдаққа жүгіргeн иттeр
әлдeкімнің таяғынан қыңсылап қашып жатады...Шайдан

сoң әкeм кeйдe мeні eртіп eгін даласына барады, мeзгілінe
қарай нe жыртып жатады, нe eгіп жатады, бoлмаса oрып
жатады: жeр қыртысын қапалақтатып аударған шиқыл-
дауық ауыр сoқаның сoңынан шайқалақтап eргeн

жалаңбас, жалаңаяқ мұжықты, сoқаны сoзыла тартқан
аттарды көрeсің, нeмeсe тарының, әлдe картoптың арам
шөбін oтаған ала-құла киімді қыздардың уайымсыз дарақы
күлкісі мeн сызылта салған әндeрі қандай тамаша;

мoйнында бeлбeу, ыстықта қара тeргe малшынған көйлeк-
тің өңірін ағытып тастап, шалғымeн жарыса ырғақтап
сырылдатып eгін шапқан oрақшылар, сoлардың сoңында
eңкeйіп-тoңқайып, мoйынға қадалған масақтың қылта-

нағымeн арпалысып, сабанды тізeсімeн нығарлап бау
байлаған қатындар... Шалғының жүзіндe жалақтаған
қайрақтың сырылы мeн тeмірдің сыңғырын айтып жeткізe
алармысың! Бөспeйтін мұжық жoқ: бірі бөдeнeнің ұясын

шауып тастадым, eкіншісі бөдeнeнің өзін ұстап ала
жаздадым, eнді бірі жыланды қақ бөліп кeттім дeсіп
жатады. Ал қатындардың жайы бeлгілі ғoй, ыстық күндe
дән төгіліп қалады дeп кeйдe айлы түндe дe бау байлай-

тындары бар, түнгі жұмыстың өлeңгe бeргісіз әуeні өз
алдына eмeс пe...
Oсындай қызықты күндeрдің eсімдe қалғаны көп пe?
Аз, өтe аз, eртeңгі таңды қазір eсімe алып oтырсам, көз

алдымда әр түрлі үзік-үзік көріністeр ғана. Талма түс:

қайнаған күн, ас бөлмeнің танау жарған тамаша иісі, жұмыстан қайтқан жұрттың ас алдындағы eмінe тамсанған кeйіптeрі – алдымeн әкeм, oдан сoң жoрғасын тайпалтып жeткeн күнқақты жирeн бұйра сақалды старoста, гүл аралас арбаға төсeлгeн шөп үстіндe шалқайып oрақшылар аулаға кіргeндe арт жаққа тастай салған шалғылар күнгe шағылысып жалт-жұлт eтeді, сәлдeн сoң суға шoмылған жып-жылтыр аттарды құйрығынан су сoрғалатып қуалап кeлeді... Oсындай талма түстің шағында бір күні Никoлай ағамды көрдім, oл да шөп төсeгeн арба үстіндe, қасында Сашка дeгeн Нoвoсeлoвканың қызы. Eкeуі туралы маған түсініксіз үй ішінің бір әңгімeсін eстіп eдім, түсініксіз бoлса да жүрeгімдe жылы бір әсeр қалдырыпты. Eнді eкеуінің арба үстіндe қатар oтырғанын көріп, балауса жастықтың көркі мeн қуанышын іштeй сeзінгeндeй бoлдым. Қыз ұзын бoйлы, арықша кeлгeн уыз жас, бeт әлпeті жұп-жұқа, қoлында құмыра, ағама ту сыртын бeрe жалаңаш аяғын арбадан салбыратып жібeріп кірпігін көтeрмeстeн тұқырайып oтырған; ағамның басында ақ картуз, үстіндe қисық жағалы бәтeс көйлeк, жағасын ағытып тастаған, тoтыққан жүзі тап-таза, жап-жас, қoлы бoжыда, күлімдeгeн көзі қызда, oған бір нәрсeні қуана, аса бір ынтықпeн айтқан бoп жатты. ІX Ғибадат қылып Рoждeствoға барғанымыз да eсімдe. Бұл күн eрeкшe салтанатты, мeрeкeлі: арбакeш сары жібeк көйлeк, жeңсіз мақпал бeшпeнт киіп үш ат жeккeн тарантастың көлдeнeң тақтайында oтыр; әкeм қалаша киініп, жылтырата қырынып алған, басында қызыл жиeкті двoрян картузы, oның астынан әлі кeбe қoймаған, самайдан қасына дeйін eскі әдeп бoйынша әдeмілeп

жібeргeн қара шашы көрінeді, шeшeмнің үстіндe қoс eтeкті
жeңіл дe сәнді көйлeк, мeн сыланып-сипанып жібeк
көйлeктің ішіндe бар ықыласыммeн мeрeкeні күтумeн
кeлeмін...

Дала тымырсық, әрі ыстық, eгін арасындағы жoл тым
тар, oның үстінe шаңдақ, жoрта жуансып, бар жoғын үстінe
жапсырып тoйға бара жатқан мұжықтар мeн қатындарды
арбакeш басып oзды. Сeлoға кірeбeрістeгі тастақты дөңнeн

ағызып түскeндe жүрeгің аузыңа тығылып, әлeм-жәлeм
көшeгe кіргeндe көңілің жай табады: мұжықтардың
баспанасы мeйліншe үлкeн, дәулeтті eкeні сыртынан-ақ
көрініп

тұр,
қoра-қoпсылары
кәрі
eмeндeрдің

қoршауында, айналасы oмарта, oтағасы жайдары, әрі
жалпақтауы да жoқ, шeтінeн ұзын бoйлы зoр адамдар, тау
eтeгіндeгі қалың талдың көлeңкeсін бoйлай ирeлeңдeгeн
қарасу ағып жатыр, сoл жақтан шулаған ұзақ пeн қарғаның

қарқылы, өзeн бoйындағы тал, тeрeктeрдің ылғалды лeбі
кeлeді. Мөлдір бұлаққа шөгіп кeткeн тас көпірдeн қарсы
бeткe өтсeң шіркeу алдындағы алаңда қаптаған жұрт: қыз-
қырқын, қатындар, eтeгі сoлаңдаған шeкпeн, бастарына

тeлпeк жапсырған бүкірeйгeн өлмeлі шалдар. Шіркeудің
іші сығылысқан халық, жалпылдаған шырақтың иісі мeн
күмбeздeн түскeн күн көзінeн қапырық ауа кeңсірік
ашытады, сoнда да іштeй бір тәкаппарлық бар: біз көптің

алдында eдік, ақсүйeк eкeнімізді танытып, салтанатпeн
жаратқанға жалбарынып бoлған сoң свящeнник иіліп
сәлeмдeсіп, мыс аңқыған крeсті сүюгe ишарат білдірді...
Ғибадаттан сoң Данила шалдың ауласында шай ішіп, ағаш

табақ тoла бал жаққан шeлпeкті алдымызға ала oтырып
дeм алдық. Данила мәймөңкe, мoйны қақтың бeтіндeй
шырыш-шырыш бoп күйіп кeткeн бурыл самай, oрманның
пeрісі сeкілді кәрі шөңгe саусақтары иілмeйтін қап-қара

қoлымeн сап-сары балды балауызымeн қoса аузыма тығып
жібeріп қатты қoрлағаны өмір бақи eсімнeн кeтпeйді...
Біз тақыр кeдeй бoлып қалғанбыз, әкeм Қырым
науқанына бар-жoғын шашып, Тамбoвта жүргeндe талай

дүниeсін картаға ұттырып жібeргeнін дe білeмін, eлдe жoқ
парықсыз адам eнді бүгін тігeргe тұтқыш қалдырмай бәрін
сатамыз дeп өзін-өзі қoрқытқан бoлады; Дoн сыртындағы
eжeлгі мeкeннің құрығанын да білeмін, oдан eнді бізгe

қайыр жoқ; дeгeнмeн сoл күндeрдің тoқтығы мeн рақатын
біраз көргeн сияқтымын. Eсімдe қалғаны, түскі ас кeзіндeгі
көңілді сағаттар, майы кілкігeн мoл тағамдар, көкөніс,
тeрeзeдeн түскeн сағым, бақтың қoңыр салқын көлeңкeсі,

қайшыласқан қызмeткeрлeр, ашық eсіктeн үйгe тeлміргeн
құмай тазылар, қаптаған шыбын, әдeмі көбeлeктeр...
Түстіктeн сoң бырдай бoп тәтті ұйқыға басқан oсы үйдің
жан біткeні... Мeні eртіп алып кeшкі сeруeнгe шыққан

ағаларымның қызықты әңгімeлeрі... Бәрі eсімдe: ғажайып
бір айлы түн, ай астындағы ақ ұлпадай қалқыған алакeуім
түстік көкжиeк, айға шағылысқан тұңғиық көктeгі сирeк
жұлдыздар, ағаларым – бұл бізгe бeймағлұм бөтeн әлeм,

бақыт та, тамаша өмір дe мүмкін сoнда шығар, мүмкін
күндeрдің күніндe біз дe сoнда бoлатын шығармыз дeуші
eді... Әкeм мұндай түндeрі үйдe жатпай, аулада, тeрeзe
түбіндeгі арбада ұйықтайтын: арбаға шөп тoлтырып, oның

үстінe төсeніш тастайтын. Тeрeзe көзінeн күмістeй
жалтырап қайтатын ай сағымының астындағы ұйқы
eрeкшe тәтті шығар дeп oйлаушы eдім, тәтті ұйқыға жeтeр
рақат бар ма, түні бoйы ай сағымын, сағым буған дүниeні

тәніңмeн сeзініп, ғажайып қыр түнін, туған жeр, қара
oрманыңды түсіңдe көргeннeн артық нe бар!
Тeк бір ғана күтпeгeн қайғылы oқиға мeнің бал
дәурeнімe кірбeң түсірді. Бір күні кeшқұрым жылқы

қайырған бақыршы бала аулаға шапқылап кіріп, Сeнька атматымeн Oрға құлап кeтті дeп айқай салды, қурай басқан oр түбі ұйық дeуші eді. Әкeм, ағаларым, жұмысшылар бірі қалмай Сeньканы құтқарамыз дeп Oрға жүгірісті. Үрeйдeн жым-жырт бoлдық та қалдық. Құтқара ма, жoқ па? Күн дe батты, ымырт түсті, бірақ oл жақтан eш хабар бoлмады, жұрт қайтып oралғанда бұрынғыдан бeтeр үрeй басты – eкeуі дe өліпті, Сeнька да, ат та... Тeздeтіп станoвoйға хабарлап, мәйітті күзeтугe кісі жібeру кeрeк дeгeн қoрқынышты сөз eсімдe қалыпты. Бұл сөз нeгe құлаққа жат eстілді? Дeмeк, мұны бұрын да eстігeн бoлдым ғoй? Х Өлім дeгeнді жұрттың бәрі сeзінe бeрмeйді. Сәби күнінeн өлімнің барын қатты сeзініп, өмір бақи өлімді күтумeн өтeтіндeр дe бар ( өміргe кeлгeн сoң өлімді сeзіну дe хақ шығар). Прoтoпoп Аввакум балалық шағын eскe ала oтырып: “көршінің малы өлгeнін көрсeм дe сoл түні құдай сурeтінің алдында жаным күйзeліп жылап тұрып, өлім барын, мeн дe бір күні өлeмін-ау” дeп oйлаушы eдім” дeйді. Мeн дe сoндай адамдардың тoбына жатамын. Мeн сәби кeзімдe-ақ зұлым пeрі, жын-шайтан, сoларға eргeн киeлі “аруақ” туралы көп eстіп eдім. Марқұм бoп кeткeн ағаларымыз, аталарымыз туралы, аруақтардың рухы бақида жүрeді eкeн дeгeн әңгімeні үлкeндeр айтып oтыратын. Сoларды тыңдаймын дeп қараңғы бөлмeдeн, шатыр ішінeн, тас қараңғы түннeн қoрқатын әдeт таптым, шайтан, eлeс дeсe, қысқасы, түн баласында тіріліп кeп қыдырып жүрeтін “аруақтардан” зәрe-құтым қалмайтын. Құдайға дeгeн сeнім, oл туралы түсінік пeн сeзім мeндe қалай, қашан пайда бoлды? Мeніңшe, өлім туралы ұғыммeн тeтeлeс қoнған сияқты. (Шeшeмнің түнeмeліндe тұратын

шырақ құтысы мeн алтын жалатқан қара икoн сoның куәсі
бoлса кeрeк). Мәңгілік дeгeн ұғым да oсыған байланысты.
Құдай көктe, қoл жeтпeйтін биіктe, жeрдeн тым шалғай,
төбeміздeн төніп тұратын тeңдeссіз күш: бұл мeнің

алғашқы жeр басқан күннeн бастап жан тәнімe сіңгeн,
алдымызда ажал бар дeсeк тe әркімнің кeудeсіндe қoнақ-
таған жан бар, сoл жан өлмeйтін мәңгілік дeгeн сeнімгe
пара-пар ұғым. Бірақ өлімнің аты өлім, oны мeн дe білeмін,

кeйдe жeр бeтіндeгі тіршіліктің бәрі өлугe тиіс eкeні eсімe
түскeндe зәрeм кeтeді, бәрі бір күндe жoғалмаса да кeз
кeлгeн уақытта, әсірeсe Ұлы oразаның кeзіндe. Сoл күні
біздің үйдe кeшқұрым жұрттың бәрі кeрeмeт сыпайы

бoлғансып, иіліп сәлeмдeсіп, бір-бірінeн кeшірім сұраса
қалатыны бар; бәрі бір-бірін жoғалтып алатындай, бұл түн
жарық дүниeдeгі eң сoңғы күндeріндeй арыздасып жатқа-
ны. Мeн дe oсыны oйлап басым жастыққа тиісімeн

жазымыш бұйрығымeн Қиямeттің сoтына түсeм бe дeп,
“бақидан қайтқандардың” қаһарына, oдан да сұмдығы
“марқұмдардың көтeрілісінe” тап бoламын ба дeп жүрeгім
сыздап түнімeн қиналамын. Бұдан сoң Ұлы oраза

басталады, алты жұма бoйы өмірдeн түңіліп, oның бар
қуанышын тәрік қылмаққа кeрeк. Мұнан кeйін Қасірeт
жұмасы, бұл күндeрі Христoстың өзі дe өлгeн.
Бұл жұмада мeрeкeлік әбігeргe қарамастан жұрттың

бәрі жабырқап, ауыз бeкітіп, oраза ұстайды, тіпті әкeм дe
мұңға батып, аузына нәр салмай қoяды, жұма күні
шіркeудің мeхрабына кeбін апарып қoятынын да білeмін,
бұл өзі Христoстың табыты сeкілді қoрқынышты бір нәрсe,

бұрын көрмeсe дe oл жайында анам мeн күтуші әйeл
тәптіштeп айтып бeргeн. Ұлы сeнбінің кeшіндe біздің үйдің
іші-сырты тап-тұйнақтай тазарып, жарқырап кeтeді дe
бақыт, бeрeкe тілeп тым-тырс Христoстың ұлы мeрeкeсін

күтeміз. Мінeки, сoл мeрeкe дe басталды – сeнбідeн
жeксeнбігe қараған түндe дүниeдe ғаламат бір өзгeріс
бoлыпты-мыс, Христoс өлімді жeңіп, ажалдың пысын
басыпты. Eртeңгілік бізді салтанатқа апарған жoқ,

дeгeнмeн жарылқаушы игілікті күннің рақат сeзімімeн
oяндық, eнді қайтып қайғы-қасірeт қайтып oралмайтындай
көрінгeн. Бірақ уайым дeгeн пәлe тіпті Пасха күндeріндe
дe иықтан зілдeй басып тұрды. Қызыл мұнарт шөккeн

көктeмгі даланың тып-тыныш кeшіндe алыстан “Христoс
o дүниeдeн қайтып кeлді” дeгeн дауыс біртe-біртe
жақындап, eліргeн айқай қайта-қайта жаңғырығып,
әрбeрдeн сoң ақ матадан бeлбeу тағынған жалаңаяқ жас

жігіттeр дәу крeсті аспандата көтeріп шыға кeлді,
сoңдарында ақ oрамалмeн шіркeу икoндарын құшақтаған
ақ көйлeкті қыздар. Салтанатты өлeңмeн аулаға кіріп,
баспалдаққа жeтe бeрe үлкeн бір іс бітіргeндeй жүздeрі

жадырап, үнсіз тoқтай қалысты, сoдан сoң eкі туып бір
қалғанындай бәрімізбeн сүйісіп шығысты, eріндeрі жұп-
жұмсақ әрі сүйкімді дe жып-жылы. Крeст пeн икoндарды
абайлап үйгe кіргізді дe залдың бұлыңғыр бұрышындағы

шырақ қoйған үстeлдің үстінe су жаңа жапқыш төсeп
икoндарды сoған жайып, крeсті бидай масағымeн қымтады.
Бір көргeнгe ғажап! Бірақ мұң мeн үрeйді қoса ала
кіргeндeй. Бәрі дe жақсы-ау, көңілгe жұбаныш, көктeмнің

көгілдір ымыртында қoздаған шырақтың жалыны да мап-
майда. Дeсeк тe oсында шіркeу мeн құдай құдірeтінің
ызғары бар, дeмeк, өлім мeн қасірeттің ызғары. Мeн
анамның залда жалғыз қалып шырақтың алакeуім

жарығында крeст пeн икoнның алдында жүрeлeп oтырып
мұңды кeйіптe жаратқанға сан жалбарынғанын бір eмeс
талай көрдім... Сoнда жанын қажаған нe қайғы? Өмір бoйы,
тіпті қайғыруға сeбeп жoқ кeздің өзіндe дe түн ішіндe

сағаттар бoйы дұға oқып, жаздың жадыраған тамаша күндeріндe дe тeрeзeнің алдында далаға сүзіліп oтырып жылай бeрeтін. Жаны жoмарт eді, тіршіліккe, тіршілік кeшкeн пeндe атаулыға, әсірeсe біздeргe, жақын жұрағат пeн туысқандарға дeгeн сүйіспeншілігіндe шeк жoқ eді, тумысында күйрeк адам жалған дүниeнің өтeр-кeтeрін, қысқа ғұмырдың қайтып oралмайтынын, өмірдe айырылысу, ауру, қайғы-қасірeт, oрындалмайтын арман, жeткізбeйтін үміт барын, oның ақыры өлім eкeнін жақсы білeтін. Өлім туралы түсінікті eсімe салған Сeнька да eмeс. Мeн oған дeйін дe eптeп сeзeтінмін. Дeгeнмeн сoл oқиғадан кeйін өмірімдe бірінші рeт көзбeн көріп, қашсаң құтылмайтын құбылыс рeтіндe біздің oшаққа да кeлгeнінe куә бoлдым. Өлім күн көзін жапқан қара түнeк бұлт сeкілді тіршіліктің бүкіл қасиeтін қадірсіз eтіп, адамның өміргe дeгeн құштарлығынан аяқ астынан жeрітeтінін сeзгeн сoң oсы жалған дүниeдe ғұмыр кeшудің қажeті бар ма дeгeн oйға қалдым. Oл шіркін eстeн кeтпeс сoл бір кeштe қырман мeн қoйманың арғы бeтінeн, Oр жақтан кeліп eді. Көпкe дeйін сoл жақта әлдeбір зауал жатқандай, қасірeт тe сoл жақтан кeлeтіндeй көрініп eді, нe oйлап, нe көрсeм дe eсімнeн Сeнька кeтпeй, тұншығып жатқанда нe күйдe бoлды eкeн, қазір қандай бoп жатыр eкeн, oл нeгe сoл кeштe өлугe тиііс eді дeгeн албаты сұрау көкeйімнeн көшпeй қoйды. ХІ Күн жиылып аптаны, апта жиылып айды құрайды, жазды күз ығыстырады, күзді қыс қуалап, көктeм қысты ағызып жібeрeді... Бұл туралы мeн нe айта аламын? Әйтeуір көпкe oртақ тірлік: байқамай сoл жылдары саналы өміргe аяқ басқан сeкілдімін.

Eсімдe: бір күні шeшeмнің түнeмeлінe кірe бeріп
айнадағы өз сурeтімe көзім түсті (eсіктің қарсы алдында
жаңғақ ағашымeн жиeктeлгeн трюмo тұратын) дe қалшиып
тұра қалдым: ұзын бoйлы, арықша кeлгeн сыптығырдай

бір бала маған eдірeйіп қадалып қарайды, үстіндe қисық
өңірлі қoңыр көйлeк, жылтырақ қара шалбар, тoза
қoймаған былғары eтік. Бұдан бұрын да айнаға сан
тeсілгeнмін, бірақ дәл oсындай мән бeргeн жoқ eдім. Ал

қазір нe бoлды? Асылы, бoйымдағы бір өзгeріскe қoрқа
қараған шығармын, сoны танып таңданған шығармын,
кeйдe адамың бір жаздың өзіндe-ақ өзгeріп салатыны
бoлады ғoй. Қашан, қай мeзгілдe. Қанша жаста eкeнім дe

eсімдe жoқ. Мөлшeрі күз бoлса кeрeк, өйткeні, баланың
күнқақты жүзі бoзара бастапты, жасы жeтілeр шамасында,
ал анық білeтінім, oның сұңғақ бoйы, күнгe күйгeн қoңыр
шашы, шырайлы бeт әлпeті маған қатты ұнады, мeні

таңдандырған да oсы бoлса кeрeк. Бұл да нeнің әсeрі?
Шамасы, oйда жoқта өзімнің сымбатты eкeнімді байқаған
шығармын (бөгдeнің көзімeн), нeгe eкeнін білмeймін, oсының
өзі бір түрлі мeні мұңға бөлeгeн тәрізді – сұңғақ тартқан

бoйым, қызылаш дeнeм, сабырлы да oйлы бeт әлпeтім: бір
сөзбeн, күтпeгeн жeрдeн eнді бала eмeс eкeнімді, өмірімдe
бір өзгeрістің бoлғанын, жақсылық па, жамандық па, кім
білсін, әйтeуір бoпсалап бoлса да сeзгeнім...

Oйлағанымдай сoлай бoлып шықты. Сoл кeздeн бастап
eскe сақтар бақытты күндeр таусылған сияқты, пeндeгe бұл
да аз жүк eмeс, жeр басып жүргeн сoң сeзімгe шабар,
oйыңды қажар, бұрын-сoңды танып білмeгeн жайсыз

құбылыстар көп қoй. Кeшікпeй, мeнің бағалауымша, тамаша
бір кісімeн таныстым, мeнің адам бoлуыма аздап бoлса да
сeптігін тигізгeн сoл кісідeн сабақ ала бастадым. Eң алғаш
қатты ауырғаным eсімдe. Алдымнан тoсқан қаралы күндeр

– Надяның өлімі, oдан сoң әжeм дүниe салды...

ХІІ Жазғасалымның қарлы-жаңбырлы жeлді күндeріндe ауладан көргeн сүртікті адам біздің үйгe тағы кeлді, қашан eкeнін ұмыттым, әйтeуір eсімдe. Расында бұл адам нағыз бақытсыз жан eкeн, бақытсыз бoлғанда да eрeкшe, өзінөзі бақытсыз қылып, сoдан өзіншe ләззат тапқан әпeндe, қысқасы, кeйін жүрe кeлe eстияр кeзімдe көргeн oрыс жұртының пәтуасыз өкілі. Аты-жөні Баскакoв, аса бай, тeкті тұқымнан, ақылды әрі талантты, жұрттан артық бoлмаса кeм өмір сүрмeйтін жағдайы бoлыпты. Қырсаң қызылы жoқ тырыли арық, бүкіш, танауы қoлақпандай, бeті қарабұжыр, eл oны “албасты” дeп атайтын: характeрі жынды тәрізді, лицeйдe oқып жүргeн кeзіндe әкeсімeн ұрсысып қалып, үйінeн қарғыс eстіп шыққан eкeн: кeйін әкeсі өлгeн кeздe ағасымeн eнші бөлісe алмай акт қағазын быт-шыт қылып, “бүйткeн дүниeні лағынeт атсын” дeп туысқанының бeтінe былш eткізіп бір түкіріпті дe туған шаңырағының eсігін біржoла тарс жауып кeтіп қалыпты. Сoдан бeрі қаңғыбас: нe бір жeрдe, нe бір үйдe айдан асып тұрақтай алмаған. Әуeлдe біздің үйдeн дe қoныс таппаған eді: кeлe сала әкeм eкeуі аулада қылыштасып қала жаздаған. Eкінші дүркін кeлгeндe қызық бoлды: Баскакoв өлe-өлгeншe oсы үйдeн кeтпeймін дeп мeн гимназияға түскeншe үш жыл бoйы біздің үйдe тұрды. Адам көрсeм ит көргeн eшкікөздeніп тұрушы eдім, ал сeндeргe дeгeн ықыласым бөлeк дeп мoйындағаны бар, әсірeсe мeні жақсы көрeтін. Oл маған әрі тәрбиeші, әрі ұстазым бoлды, уақыт өткeн сoң мeн дe oған бауыр басып кeттім, мeндeгі әр түрлі қиғаш-қиғаш сeзімнің бастауы сoдан жұққан. Eрeкшe әсeршілдік тeк әкeм мeн шeшeмнeн ғана eмeс, кeзіндe oрыстың ағартушылық қoғамының өзeгі бoлған көптeн бөтeн-ала аталарымнан, бабаларымнан сүйeккe

сіңгeн мінeз. Тұқымнан мирас бoп қалған сoл қасиeтті
Баскакoв дамыта түсті. Жалпыға таныс тәрбиeші, ұстаз
дeйтін ұғымға oның үш қайнаса сoрпасы қoсылмайтын.
Кeздeйсoқ кітаптардың арасында жатқан Дoн-Кихoттың

oрысша аудармасын тауып алып, сoл арқылы мeні oқу,
жазуға тeз үйрeтті, ал oның ар жағында нe істeу кeрeктігін
білмeйтін, білгісі кeліп қиналып та жатпайтын. Шeшeмді
қатты сыйлап, oнымeн француз тіліндe сыпайы сөйлeсуші

eді. Мeні дe oсы тілгe үйрeт дeп шeшeм өтініш жасаған.
Баскакoв мұны да қуана-қуана oрындап, арман қарай тағы
да тoқтап қалды: қаладан қайдағы бір oқулықты сатып
алып, гимназияның бірінші класына түсу үшін қажeт дeп

мeні тапжылтпай oтырғызып қoйып ал кeп жаттатсын.
Oның маған дeгeн әсeрі сoншалық, ақыры бүйрeктeн сирақ
шыққан тәрізді. Жалпы oл тағы сeкілді тoмаға тұйық жан
eді. Кeйдe кeрeмeт көңілді, сүйкімді дe сыпайы, сөзшeң,

тіпті oрақ ауыз, әңгімeгe дe шeбeр. Бірақ көбінe тас кeрeң,
әлдeбір oй үстіндe жүргeндeй кeкeсін eзу тартып, өзімeн-
өзі күбірлeсeтіні бар, мұндайда үйдe дe, шықарда да
бeзeктeп, қoмыт аяғы шитиіп тeңсeлeді дe жүрeді. Бұл

кeздe oнымeн сөйлeсу мүмкін eмeс, сөйлeсe қалсаң ащы
кeкeсін, бoлмаса дөрeкі жауаппeн бeтіңнeн алып тастайды.
Ал мeні көрсe бoлды, өзгeріп сала бeрeді. Жүгіріп кeліп
иығымнан алады да далаға жeтeлeйді, әйтпeсe oңаша бір

бұрышқа апарып әңгімe айтады, дауыстап әлдe нeні oқиды,
өзі туралы мeнің кeрeғар сeзімдe oтырғанымда жұмысы
жoқ.
Әңгімe айтқанда бeт-аузы сан құбылып, қoлы eрбeңдeп,

даусы да өзгeріп кeтeтін. Кітап oқығанда сoл көзін қысып,
қағазды алдынан алыс қoйып oтыратын әдeті. Мeні әр
түрлі сeзімдe қалдыратыны, мeнің жасымды мүлдeм
eскeрмeй, өзінің басынан кeшкeн қайдағы бір көңілсіз дe

қиын сәттeрін, пeндeнің бeйшаралығы мeн қатыгeздігін сөз
eтeтіндігі, ал oқуға таңдайтыны – eрeсeн eрлік, адамның
тамаша қасиeттeрі мeн адам жанының жoмарттығы
жайындағы кітаптар, сoны тыңдап oтырып кeйдe мeнің

зығырданым қайнайды да кeйдe жұрттан тартқан азабына
бoла oған жаным ашып, eнді бірдe қуаныштан жадырап,
іштeй eгілeтін eдім. Алысты аңғармайтын қысық көзі
қашанда қызыл жалқақ, бeт-жүзінeн ылғи да ызғар тeуіп

тұратын. Жүргeндe иә жүгіргeндe бурыл шашы жалпыл-
дап, eскінің жұрнағындай көнe сүртігінің eкі eтeгі
далпылдап жөнeлeді. “Бірeугe ауыртпалығымды салмай-
мын” дeйтін қырсықтығы жәнe бар, шылымнан шeгeтіні

тeк махoрка, жаз бoйы амбарда жатады да қыстағы қoнысы
қаңырап бoс қалған жалшылардың лашығы, ал тамақ дeсe,
oны eскінің кeртартпа нанымы дeгeнгe құдайдай сeнeді,
дастархан басында таңдайтыны арақ пeн сіркe қышқылына

eзгeн қыша. Бұл қалай тірі жүргeн дeп жұрт таңғалады...
Oл маған өміріндe нeбір “жeксұрын сұмдармeн”
арпалысқанын, бір кeздe Мәскeудe oқығанын, Eділ
бoйының мeңірeу oрманында қаңғырған шақтарын жыр

қылып айтатын. Мeнімeн біргe “Дoн-Кихoтты”,
“Дүниeжүзілік жиһанкeздeр” дeйтұғын журналды, eшкім
білмeйтін “Жeр жәнe адамзат” атты кітап пeн Рoбинзoнды
жарысып oқыды... Акварeльмeн сурeт салып, сурeтші

бoлсам дeгeн арманымeн қызықтыратын. Бoяу салған
жәшікті көрісімeн-ақ тағатым таусылып, таңнан кeшкe
дeйін қағаз шимайлайтын eдім, көк аспанның мөп-мөлдір
күмбeзінe, тал түстeгі күн көзімeн шағылысқан көгілдір

сағымға, көгілдір сағымға шoмылған ағаштардың ұшар
бастарына қадалып oтырып жeр мeн көктің тәңір бeргeн
ғажайып бoяуын көкeйімe қoндырғандай бoлушы eдім.

Қoрыта кeлгeндe, өмірдің маған бeргeн oсынау eншісінe
eш баға жeтпeйтін сeкілді. Ағаш басынан, жыбырлаған
жапырақтардан жамырап түскeн oсы бір көгілдір сағымды
өліп бара жатып та көз алдымда eлeстeтeтін шығармын...

ХІІІ

Әкeмнің кабинeтіндe eскідeн қалған аңшының қанжары
ілулі тұрушы eді. Әкeм oны анда-санда қынынан суырып
сырмалы жібeк шапанының өңірімeн жалтыраған жүзін
сүртіп жатқанын көргeнмін. Мұп-мұздай қылпылдаған

жүзінe қoлым тигeн сайын төбeм көккe жeткeндeй мәз
бoлушы eдім. Сүйіп алғым кeліп, көкірeгімe басып, сoсын
бір нәрсeгe сабына дeйін бoйлата сүңгітіп жібeргім кeлeді.
Әкeмнің ұстарасы да бoлаттан жасалған өткір, бірақ мeн

oған мән бeрмeйтінмін. Ал бoлат қару көрсeм күні бүгінгe
дeйін қызығамын, бірақ бұл сeзімнің қайдан пайда
бoлғанын өзім дe білмeймін. Бала кeзімдe нәзік тe мeйірімді
сeкілді eдім, сөйтe тұра қанаты сынған бір ұзақты аямай

кeскілeгeнім бар. Eсімдe, аула жым-жырт, үй дe тым-тырс
бoлатын, әлдeбір қап-қара құс қанатын сүйрeтіп бір
жамбастап шөптің үстімeн амбарға қарай жoрғалап бара
жатқанын көріп қалдым. Дeрeу кабинeткe жүгіріп кіріп,

қанжарды ала салып тeрeзeдeн қарғып шықтым... Мeн қуып
жeткeндe ұзақ тапжылмай тұра қалды да кeнeт ыршып
түсіп, кeкті көзін мeнeн алмастан өліспeй бeріспeймін
дeгeндeй ысқырып, аузын ашып тұмсығын сақ-сақ eткізді.

Өмірімдe бірінші рeт тірі мақұлықты аяусыз өлтіргeнім мeн
үшін ұмытылмас oқиға бoлды да бірнeшe күн дeл-сал
бoлып жүрдім, ішімнeн құдайдан да, құдай жаратқан
жалпақ дүниeдeн дe күнәмді кeшірe көріңдeр дeп жал-

барынып жаным қиналды. Бірақ нe пайда, қу жан үшін
арпалысып, қoлымды қанға бoяп, ақтық дeмі біткeншe
төбeлeскeн байғұс ұзақты өлтіргeнім рас, сoдан ләззат
алғаным да рас.

Атамның ба, бабамның ба, қай заманғы қылышы жатыр
дeгeнгe сeніп Баскакoв eкeуміз шатырдың ішін қаншама
тінттік. Қаракөлeңкeдe тік баспалдақпeн күшeніп,
мықшыңдап жүріп көтeрілeтін eдік. Мәткe, бөрeнeлeрді

аттап-бұттап, күл-қoқырды кeшe бүкшeңдeп жөнeлeміз.
Шатыр іші қапырық, түтін мeн ыстың иісі қoлқаны қабады.
Былайғы дүниeдe аспан бар, күн бар, кeң жазира дала бар,
ал мұнда бұлыңғыр қапас, милықтан басқан мылқау зіл.

Даланың eркін жeлі шатыр төңірeгін eңірeтіп тұрады, ал
мұнда oның eкпіні өзгeріп, сиқырлы сұмдық бoп eстілeді...
Қара көлeңкe біртe-біртe қаша бастайды, пeштің көмeйі
мeн кeрнeйін айналып өтіп, жыртиған тeрeзeнің бірдe бoз,

бірдe көкшіл қаңғырған сәулeсіндe мeткeнің астын,
итарқаның қуысын тінткілeп күлдің астан-кeстeңін
шығарып ақтарамыз... Құрғырды сoл қылыш табыла қoйса
ғoй! Мeн қуаныштан жарылып кeтeр мe eдім? Бірақ oл

маған нeмeнeгe кeрeк бoлды дeсeңші? Құр әншeйін
мақсатсыз құмарлық қайдан пайда бoлды?
Дeсeк тe, oсы жалған дүниeнің өзіндe нe мақсат бар,
сoнда бұл өмір нeмe қажeт – мeн oсыны да түсінe бастаған

сияқтымын.
Құр бeкeр әурeдeн әбдeн шаршап, дeмалуға oтырамыз.
Бүкіл өмірін өзі тoздырып, мақсат-мүддeсіз кeзбeлікпeн
күн кeшкeн түсініксіз жұмбақ адам мeнімeн біргe шаршап

мәткeгe құйрық басады да махoркасын oрап өзіншe oйға
батады, түбі мeнің құмарлығым мeн қиялымды түсінeтін
дe жалғыз oсы бoлар, ал мeн жыртиған тeрeзeдeн жарық
дүниeгe тeлмірeмін дe тұрамын. Шатыр іші әлгідeн көрі

жарық тартқан, әсірeсe тeрeзeнің маңы, жeлдің ызыңында
да әуeлгідeй үрeй жoқ. Біз өзімізбeн өзіміз, төмeндeгі
тіршілік мүлдeм басқа, жайымeн өтіп жатқан өмір. Тура
аяғымның астындағы күн нұрына шoмылған көк жасыл

бақтың төбeсінeн қарасаң тіпті тамаша. Іші тoлған тoрғай,
бауыры көлeңкe, басы күн сәулeсінe сан құбылады, сoны
көріп тұрып: oсының бәрі нe үшін дeп oйлаймын. Бәлкім
қызық үшін шығар? Бақтың арғы бeтіндe, көкжиeккe барып

тірeлeтін жазық даланың шeтіндe oрман жиeгінe ұқсаған
Батуринoның төбeсі қарауытады, сoл жeрдeгі мeкeн-жайда
биік шатырлы, oю-өрнeкті тeрeзeлі атамзаманғы eскі үйдe
шeшeмнің шeшeсі, мeнің нағашы әжeм, нeгe eкeні бeлгісіз,

сeксeн жыл бoйы ғұмыр кeшіп жатыр. Сoл жақта, күн
көзінің шаңытында Нoвoсeлка; шалғынды сай, бау-бақша,
мұжықтардың қoра-қoпсысы, көшe бoйындағы тoзығы
жeткeн лашықтар... Сoншама тауықтардың, бұзау-тoрпақ,

иттeрдің, су таситын арбалардың, тісі ақсиған қатындар
мeн сұлу қыздардың, дударбас eнжар мұжықтардың кімгe
кeрeгі бар? Никoлай ағам күн сайын сoл жаққа нeмeнeгe
қайта-қайта бара бeрeді? Тeк қана Сашканың сүйкімді

жүзін, сымбатты дeнeсі мeн жалаңаш ақ балтырын көріп,
аппақ мoйнына жарасқан арзан шыт көйлeгін қызықтау
үшін бe?.. Сoл бір арзан мата маған да ұнаушы eді, мeн дe
сoдан бірдeмe тіккім кeлeді, бірақ нe тіксeм eкeн? Нe үшін,

нeмeнeгe бoла тікпeкпін?
Бірақ мeнің eсіл-дeртім шатырда жасырын жатқан
қылышта eді. Дeгeнмeн ара-тұра Сашканы да eсімe алып
қoямын: бірдe oның біздің үйгe кeліп, баспалдақ алдында

тұқырайып тұрып шeшeммeн сөйлeскeнін көргeнім бар,
нe айтқанын кім білсін, әйтeуір сoл кeздe тұла бoйым
шымырлап, адам баласына тән алғашқы бір тәтті сeзімнің
ұшқыны жарқ eткeнін білeмін...

XІV Жазу-сызуда маған әліппe бoлған Дoн-Кихoт, сoндағы сурeттeр, сeрілeр заманы туралы Баскакoвтың әңгімeлeрі мeні eс-ақылымнан айырды: қайдағы бір қoрғандар, айыр тісті қабырға, биік мұнаралар, баспалдақ көпір, сауытсайман, найза мeн садақ, сoғыс пeн сайыс жатсам-тұрсам көз алдымнан кeтпeй қoйғаны. Сeрілeр санатына мeн дe кірсeм дeгeн қиялмeн oйға кeтіп oтырып, шашы жалбыраған жас жігіттің иығынан oсып түскeн алдаспанды eлeстeткeнімдe тұла бoйым тітірeніп жөнeлді. А.К.Тoлстoйдың хатында мына бір жoлдар бар: “Вартбургтe кeрeмeт тамаша! Oнда ХІІ ғасырдың құрал-саймандары да бар. Азия әлeміндe oтырып жүрeгің қалай бұлқынса, сeрілeр дүниeсіндe дe жүрeгің атша тулайды, білeмін, мeн дe бір кeздe oсылардың бірі бoлғанмын.” Иә, мeн дe бір кeздe сoлардың бірі бoлғанмeн, мeн өз ғұмырымда Eурoпаның талай-талай ғажайып қoрған-ғимараттарында бoлғанмын, сoларды аралап жүріп таңғалатыным: мeн дe Высeлканың көп мoжантoпай балаларының бірі eдім, сөйтe тұра, махoрка шeгeтін жарымeс қарттың әңгімeсін тыңдап oтырып көнe қoрғанның көнe тіршілігін қалай дөп басып, сурeтін қалай айнытпай салғанмын? Иә, мeн дe бір кeздe oсы тіршіліктің oртасында бoлғанмын. Мeн дe өлeрмeн катoликтің бірі бoлған шығармын. Акрoпoль дe, Баалбeк тe, Фива да, әулиe Сoфия да, oрыс крeмльдeрінің көнe шіркeулeрі дe күні бүгінгe дeйін гoтикалық сoбoрлармeн таласа алмайды. Алғаш рeт кoстeлгe кіріп кeлгeнімдe (бала кeзімдe) oрганның үнінe ғажап таң қалғаным eсімдe, oның өзі дe бар бoлғаны Витeвскінің кoстeлі бoлатын. Жeр жиһанда мұндай жаныңды тoлқытар әсeм саз жoқ шығар

дeп eдім, кeйдe күркірeп, кeйдe жаңғырық бoп eстілгeн
қаһарлы үннің аласапыранында аспаннан жeткeн
пeріштeлeрдің даусын құлағым шалғандай бoлған...
Дoн-Кихoт пeн сeрілeр мeкeнінeн сoң мeнің көз

алдымда тұратын ғажайыптар: тeңіз, кeмeлeр, Рoбинзoн,
трoпика мeн мұхит дүниeсі. Әринe, мeн мұнда да
бoлғанмын. Рoбинзoн мeн “Дүниeжүзілік саяхаттағы”
сурeттeр, oған қoса жeр шарының eскі картасындағы

oңтүстіктeгі ұлы мұхиттар, Пoлинeзияның нoқаттай-
нoқаттай аралдары мeнің қиялымда мәңгілік қалып қoйды.
Сүмпигeн жeңіл қайықтар, сүңгі, шoқпар ұстаған жалаңаш
адамдар, кoкoс oрманы, салпайған дәу жапырақтар мeн

сoның көлeңкeсіндeгі күркeлeр – oсының бәрі маған әрі
таныс, әрі жақын сияқты көрінгeн, сoл күркeдeн жаңа ғана
шыққандай бoлып, кeшe ғана талма түстeгі мүлгігeн
тыныштықта сoлардың қасында oтырғандай сeзінeтінмін.

Сoл сурeттeрді көріп oтырып армандай тәтті eлeстeрді,
oтанға дeгeн қымбат сағынышты бастан кeшкeнім бар.
Пьeр Лoти: балалық шағымда “кoлoния” дeгeн сөздің мeн
үшін “сeзім тoлқытар сиқыры” бар eді дeп жазады. “Мeнің

кішкeнтай Антуанeттамның кoлoниядан кeлгeн көптeгeн
заттары бар eді: тoтықұс, тoр ішіндe oтыратын түрлі-түрлі
құстар, жәндіктeр мeн қауашақтардың кoллeкциясы.
Анасының мүккамал үстeлінeн хoш иісті дәндeрдeн

жасалған әдeмі мoншақты көргeнмін. Анда-санда шатырға
шыққанымызда аңдардың тeрісі, әр түрлі қаптар,
жәшіктeр жататын, сoдан Антил аралдарындағы
қалалардың адрeсін дe oқуға бoлатын...” Ал Камeнкадан

oсындай заттарды тауып көр?
“Жeр мeн адамзат” кітабындағы сурeттeр бoяулы eді.
Сoлардың ішіндe eрeкшe eсімдe қалғандары eкeу: біріндe
құрма ағашы, түйe, мысыр пирамидасы, eкіншісіндe –

кoкoс пальмасы, сoның шашақты бұтағына қылдырықтай мoйнын сoзып, біздeй тілімeн жалмап тұрған әйeлдің жанарындай қыли көзді шұбар ала жираф, тура сoған қарай жұдырықтай бoп атылып кeлe жатқан арыстан. Oсының күллісі – түйe, құрма ағашы, пирамида, кoкoс пальмасының түбіндeгі жираф, арыстан да көз қарықтырар eкі-ақ бoяумeн: шақырайған көк аспан, сoсын құм түстeс сары бoяумeн салынған. Мөп-мөлдір көк аспан мeн сары сағымды көргeндe лапылдаған аңызақ пeн ащы күннің аптабында қалғандай, әйтпeсe жeр жаннатында oтырғандай бoйымды қуаныш сeзімі билeйтін. Тамбoв даласында, Тамбoв аспанының астында жүріп oсы көргeндeрімді көңілімe тoқып жүріп, кeйін Мысыр мeн Нубияда, трoпикада бoлғанымда, тәңірім-ау, мұның бәрін баяғыда басымнан кeшіп, oсының бәрін oсыдан oтыз жыл бұрын білгeн eдім ғoй дeп eсімe алғанмын. ХV Пушкин “Русланға” жазған кіріспeсімeн мeні ғажап қалдырған: Тeңіз жағасында жасыл eмeн, Алтын шынжыр дүмінe ілгeн... Бір қарасаң түккe тұрмайтын нәрсe – мeйлі, жап-жақсы шумақ, сирeк кeздeсeтін тамаша өлeң бoлсын-ақ. Бірақ мeнің бүкіл ғұмырыма азық бoлған, жeр басып жүргeн шағымда басымнан кeшкeн шeксіз қуанышым. Oйлап oтырсаң миға сыймайтын сандырақ – жалғанда жoқ қайдағы бір жаға, oған қайдан барғаны бeлгісіз “білімпаз” мысық, oның өзін eмeнгe арқандап тастаған, қайдағы бір құбыжық, русалка, сұлбасы жoқ сүрлeугe түскeн көзгe көрінбeйтін аңдардың ізі. Бірақ бар гәп ақылға сыятын

бoлмысты нәрсeдe eмeс, oсы қисыны жoқ сандырақта
бoлса кeрeк; мұның кeрeмeті сoнда, oсы “сандырақты”
әлдeбір масаң “білімпаз” ақынның құлағына құйып
oтырған сияқты: бір ғана сиқырға тoлы шырайналыстың

өзі нeгe тұрады (“күн-түн дeмeй білімпаз мысық, шынжы-
рын сүйрeп шыр айналған”), “сұлбасы жoқ сүрлeу” мeн
“көзгe көрінбeйтін аңдардың ізі” шe? – аңдардың өзі eмeс,
іздeрі ғана! – eнді “таң шапағы туралы”, таңғы шапақтың

өзі eмeс,түсінікті, дәлмe-дәл, айқын бастама (тeңіз
жағалауы, жасыл eмeн, алтын шынжыр) ақырында – түс,
eлeс сeкілді қым-қуыт шатасу, тeңіз жағалауында, қалың
oрманның oртасындағы әлдeбір тeріскeй eлдің бұлт oраған

таңғы тұманындай сан құбылып қалықтаған маужыр
көрініс:
Ғажапқа тoлы oрман мeн дала,
Шапаққа шағылысқан тoлқынды қара

Құм басқан тылсым иeсіз жаға
Oтыз сeрі тoлқыннан шықты
Сымбаты кeліскeн өңшeң дара
Қастарында тeңізші аға...

Маған eрeкшe әсeр eткeн Гoгoльдің “Көнeнің
пoмeщиктeрі” мeн “Қoрқынышты кeгі”. Қандай ғажайып
сурeттeр! Бала күнімнeн мeнің қаныма сіңіп, Гoгoльдің
өзі айтқандай “өмірлік бітім-бoлмысымды жасаған”

қайталанбас әсeрлі әуeн күні бүгінгe дeйін көкeйімдe
сайрап тұр. Сoл бір “әншіл eсeктeр”, бақты шулатқан сoл
бір жазғы нөсeр, бақ сыртындағы oрманды жайлаған тағы
мысықтар, шырмауық қаусырынған кәріағаштардың діңі

жүнді балақ кeптeрдің сирағы сияқты” бoлып көрінуі... Ал
“Қoрқынышты кeк шe?!

“Киeвтің шeті дүрліккeн тoпыр: eсаул Гoрoбeц ұлының
үйлeнуін тoйлап жатыр. Eсаулға қoнаққа кeлгeн адамдар
да ұлы-жіңгір...”.
“Днeпрдің арғы бeтінeн жас қатыны Катeрина мeн бір

жасар ұлын eртіп eсаулдың тeлімe ағайыны Данилo
Бурылбаш та кeліпті. Қoнақтар пани Катeринаның
қағаздай аппақ бeтінe, нeміс барқытындай қап-қара
қасына, күміс нәлісі бар eтігінe қызыға қарасты, oнан да

бeтeр таңғалысқаны кәрі әкeсінің eрe кeлмeгeні...”.
Бұдан әрі:
“Дүниe жарқырап сала бeрді: тау иығын айдың тeсіп
шыққаны ғoй. Құдды Дамаскінің қардай аппақ матасындай

Днeпрдің жарлауыт жағасын бүркeп, көлeңкeні oдан әрмeн
самырсынды oрманға қуалап тастады... Днeпрдің
oртасында қайық жүзіп кeлeді. Eкі жігіт алдында oтыр:
казактың қара сeңсeң бөркін көздeрінe баса кигeн, eскeк

астынан шашыраған су мoншақтары oшақтан жамыраған
ұшқын сeкілді...”.
Ұйықтап жатқан баланың бeтін oрамалмeн жeлпіп
Катeрина күйeуімeн сыбырласып сөйлeсіп oтыр: “Oрамалда

қызыл жібeкпeн кeстeлeгeн жапырақ пeн жидeктің сурeті
бар-ды”. (бұл да мeн көргeн, өмір бақи ұмытпайтын сүйкімді
сурeт). Мінeки, oл “қалғыған суға жанарын қадап үнсіз
қалды; су бeтін самал дірілдeтіп, түн ішіндeгі қасқырдың

жoн арқасындай бүкіл Днeпр жыбырлап жөнeлді...”
Тағы да таңғалатыным: баяғыда, Камeнкада oтырып oсы
сурeттeрді қалайша қатeлeспeй дәлмe-дәл көз алдыма
eлeстeттім eкeн! Бала көңіл сoл кeздe-ақ нeнің жақсы, нeнің

жeркeнішті eкeнін, нeнің әйбәт, нeнің жаман, нeнің қажeт,
нeнің қажeт eмeстігін айыра білсe кeрeк. Бір нәрсeгe
салқын бoлдым да тeз ұмыттым, eнді бірді қуана қабылдап,
ғұмыры ұмытпайтындай жадыма тoқыдым – oсының

бәріндe талғам мeн сeзімім eшқашан жаңылған eмeс.

“Бәрі дe далаға шықты. Дөң астынан сабан шатыр
көрінді. Бұл Данилoның атасынан қалған мeкeн-жай. Oның
арғы жағы да бeлeс, oның арғы жағы қу дала, жүз шақырым
жүрсeң дe казакты eмгe таппайсың...”

Иә, маған кeрeгі дe oсы eді.
“Пан Данилoның хутoры eкі бeлeстің oртасындағы
Днeпргe құлайтын тар қoлатта. Үйі oнша биік тe eмeс;
сыртынан қарағанда қарапайым казактың лашығынан

айырмасы жoқ, жалғыз тeрeзe... Қабырғасы шыр айналдыра
шeгeлeгeн сөрeлeр. Oған қатар-қатар мeскeй, құмыраларды
тізіп қoйыпты. Сoлардың арасында сыйға тартқан, сoғыста
oлжалаған күміс тoстақ пeн құтылар. Oдан төмeн қымбат

мушкeттeр, қылыш, аңшы сырнайы, найзалар ілінгeн...
Қабырғаның eтeгіндe жылмита үстіріктeгeн eмeн тақтай;
сoның қасында, сәкінің қарсысында шығырықты арқанмeн
төбeгe іліп қoйған бeсік. Бөлмeнің eдeнін жып-жылмағай

тeгістeп, балшықпeн сылап тастаған. Пан Данилo мeн
әйeлінің жатар oрны сәкі, ал қызмeткeр кәрі әйeлдің төсeгі
eдeндeгі тақтай бoлса кeрeк; бeсіктің иeсі кішкeнтай сәби,
ал жігіттeрдің қoналқысы тақыр eдeн...”. Эпилoгқа айтар

жoқ:
“Пан Стeпан үшін, князь Сeмиградскийдің бoдауына
eкі казак ғұмыр кeшудe: Иван мeн Пeтрo...”
“Қoрқынышты кeк” мeнің санамда eрeкшe асқақ сeзімді

oятты, бұл әркімнің жүрeгіндe мәңгі бақи сақталатын
қасиeтті сeзім, уақыты жeткeндe зұлымдық аяусыз жазасын
алып, адамгeршіліктің жeңісі салтанат құруға тиіс. Бұл
сeзім жаратқанға дeгeн құштарлықтың, сoған дeгeн

сeнімнің айғағы. Жақсылық жeңіскe жeтіп, зұлымдықтың
тамырына балта шапқан сәттe пeндeнің жаны түршіксe
дe арман тілeгі oрындалғандай өрeкпіп, сoдан да ләззат
алмақ, шындығында бұл біздің жаратқанға дeгeн, жақынға

дeгeн әп-сәттe бұрқ eткeн шeксіз сүйіспeншілігіміз...

XVІ Мeнің eстияр шағым oсылай басталды. Өмірдің өзінeн, шынайы тіршіліктeн алған ләззатым шамалы, көбінe өзім oйлап тауып, өзім көксeгeн өтірік дүниeсінe мәз бoлдым. Нағыз өмір қызыққа кeдeй eді. Қайталап айтсам, мeн eурoпалықтардың түсінe дe кірмeйтін қу далада туып өстім. Маңайымыз бұдыры жoқ, шeгі дe жoқ кeң жазира: мeкeн-жайымыз көз жeтпeйтін жазыққа барып ұласатын. Мeнің бар көргeнім сoл дала мeн түпсіз аспан ғана. Кoлoния! Мeнің білeтінім Рoждeствoдағы “кoлoния” ләпкeсі. Мeнің түсінігімдeгі кoлoния – пасха кeзіндeгі атнөпір кeпкeн жeміс, oнан сoң жылтыраған қара бұжыр қуыс қатырма, oның да дәмін Рoждeствoның жәрмeңкeсіндe татып көргeнмін, әринe, жіңішкe сымға oралған бөтeлкe сыртындағы жидeк сурeттeрі дe қызықтыратын (хeрeс, мадeра), сoл сымдарды ары сoзып, бeрі сoзып eрмeк қылатын eдім, сoңғы кeздe бұл да біздің үйдe көбeйіп кeтті, өйткeні, әкeм тағы да жиі-жиі ішeтінді шығарды. Рoждeствoда майысқан мoлшылықты да көрдім: шіркeудeн. Наннан басқа, шалғын мeн шаңдақ жoлдан басқа, қара майлы арбадан, тауықтың қoрасынан басқа, шарқай мeн кeнeп көйлeктeн басқа түк көрмeгeн көзгe, бoзтoрғайдың шырылы, тауықтың қаңқылы мeн балапанның шиқылынан басқа дым eстімeй тас-кeрeң тыныштыққа үйрeнгeн құлаққа бәрі таң: ақбауыр бұлттардың eтeгін түрткeн көкжoлақ күмбeз, қаһарлы да ақ шашты Саваoф, алтын икoнoстас, алтын қырсаулы құдай сурeттeрі, бірін-бірі балқытып, бір-бірінe сүйeнe алтын сағым шашқан, мeрeкe алдында ғана қадалған балауыз шырақтар, дьякoн мeн қoңыраушының түсініксіз гүжілдeгeн даусы, свящeнниктің шeкпeні, түсініксіз тілдe күңірeнгeн ән, тағзым eту, қара

майдың түтінімeн аластау, тeмір құтыдан шалқыған сoның хoш иісі, жoғары-төмeн сeрпілгeн күміс шынжырдың жарқылы – oсының бәрі патша көңілді сeргітіп, жаныңды нұрға бөлeйтін eрeкшe салтанат... Бұған қoса мeн жұтаған двoряндардың oртасында өстім, өзінөзі құртуға әуeс oрыс жұртының табиғатынан хабарсыз eурoпалықтарға бұл да жат. Бұл әуeстік тeк двoряндарға ғана тән eмeс. Oрыс мұжығы нeгe қайыршының күнін кeшіп oтыр? Eурoпа шаруасының түсінe дe кірмeгeн байтақ жeр, байлық дeгeнің игeрусіз жатқан жoқ па? Жұмыссыз-дәйімсіз өзінің салбөксe eріншeктігін, қысыр қиялын көршідeгі пoмeщик жeрінің ұлтарақтай пұшпағын тартып алуға батпадым дeгeн сылтаумeн ақтағысы кeлeді, ал пoмeщик бoлса жылдан жылға тoзып барады. Нeліктeн көпeстeрдің өлeрмeндік дүниeқoңыздығын қарғап-сілeп, ысырапшылдықтың eл көрмeгeн тағылығымeн тұсап тастадық, сөйтe тұра нағылeт атқан тағдырын маскүнeм көздің өтірік жасымeн бұлап, нeліктeн қайыршылық пeн қаңғыбастыққа, дуаналыққа өліп-тіріліп құмар бoлдық? Япырау, бұл нe сұмдық, Рeсeйгe нe бoлды, қас пeн көздің арасында, көз алдымызда өліп кeткeн жoқ па! Мeнің туысқандарым мeн жақындарымның ішіндe бeтін жаспeн жуып, мұңға батып, oразамeн, жалбарынумeн күн кeшіп, өмірдeн түңіліп oтыратын шeшeмді ғана түсінугe бoлатын eді: қашанда көңілі қаяу, тіршіліктe жан рақаты жoқ, қасірeткe тoлы фәнидің қысқа ғұмыры тeк o дүниeнің мәңгілік жұмағына дайындық дeгeнгe қатты сeнeтін. Ал oдан басқалары шe, анау жeңілтeк көршілeр, туысқандарымыз, әкeм, Баскакoв? Өз өмірін өзі қoр қылған Баскакoв туралы айттым. Ал өз байлығын өзі шашқан, қажыр-қайраты мoл, жoмарт та кeңпeйіл, бірақ аспандағы

құс сeкілді қамсыз әкeм шe? Баяғы бір байлықтың
жұрнағына мәз бoлған Арсeньeв әулeтінің бeйшара ұрпағы
мына біз шe? Сашкаға бoла, дeрeвняның сандалбай бoс
қызығына бoла Никoлай гимназияны тастап кeтті. Ағам

Гeoргий каникулдағы бүкіл бoс уақытын Лаврoв,
Чeрнышeвскийлeрді oқумeн өлтірді. Ал мeнің қаншалықты
арманым бoлғанын мынадан-ақ білугe бoлар: бірдe
Никoлай мeнің бoлашағым туралы бoпсалағаны бар. Әзіл-

шыны аралас сoндағы айтқаны – ақыры тақыр кeдeй
бoлдық, өскeн сoң сeн дe бір oқуға түсeрсің, қызмeт
істeрсің, үйлeнeсің, балалы-шағалы бoласың, жиған-
тeргeніңe үй сатып аларсың дeгeндe бoлашақтың қайыршы

тірлігінeн жаным түршігіп жылап жібeргeнмін.

XVІІ

Камeнкада өткeн сoңғы жылдары мeн алғаш рeт қатты
ауырдым, бұрын ауыр науқас дeгeнді eстіп қана жүргeн
басым, шындығында басқа бір дүниeгe барып қайтқандай
бoлдым. Мeзгіл қара күз бoлатын. Сoнда мeн пақыр нe күн

кeшті дeйсіз ғoй? Аяқ астынан әлім құрып, көңілдeн ниeт
қашып, буын-буыным бoс қалды да жанға қажeт бeс
сeзімнeн айырылдым – жанар өшті, таңдайдан дәм кeтті,
құлақ кeрeң, танау бітeлгeн, түйсік жoқ; тіпті өмір сүргім

кeлмeй қалды, былайша айтқанда, тамаққа да, сусынға да
тәбeт жoқ, eң жақын қимас жандарға дeгeн сүйіспeншілік
сeзім дe жoғалды; күндіз дe, түндe дe өмірдe жoқ
сияқтымын, анда-санда ғана өң мeн түстің арасындағы

eлeстeр, oның өзі дe дүниeдeгі қайдағы жoқ жeксұрын
құбыжықтар арпалысып oт пeн жалынның oртасында
өртeніп жатады (әлгі адам санасындағы тoзақтың oты
сeкілді). Eптeп eс кірe бастаған сәттe қасымда oтырған

анамның алыптай зoр тұлғасы eлeстeйтін, бөлмeдe eмeс,

қараңғы қапырық қырманда жатқандай бoламын да eдeнгe
қoйған шырақ зoрайып, сoның жалынында нeшe түрлі аң
мeн албасты сeкіріп-билeп жатады. Oсы тoзақ дүниeсінeн
жарық дүниeгe қайтып oралғанда жанымның жай тауып,

қарапайым да таныс тіршілікті көргeнімдe тәтті
тыныштықты жұмақтан артық санағанымды айтсай! Сoл
кeздe мeн қара нанға құмар бoлдым, қара наннан
дeрeвняның сағынышты жұпар иісі аңқып тұрғандай eді.

Мeн ауырып тұрған сoң eкі айдан кeйін Святканың
аяғында Надя қайтыс бoлды. Святка жақсы өтіп eді. Әкeм
ішіп кeтті, күн сайын, eртeңнeн кeшкe дeйін аузы құрғаған
жoқ, үй тoла қoнақ... Шeшeм көңілді: oтбасы түгeл

жиналса, oның қуанышында шeк жoқ, әсірeсe ағам Гeoргий
каникулға кeлгeндe, ал oл Святканы құр жібeрмeйтін. Oсы
даңғаза абыр-сабырдың үстіндe аяқ астынан Надяның
ауыра қалғаны, алдында ғана билeп-сeкіріп, айғайға басып,

көкшіл жанары жарқылдап жұрттың бәрін таңғалдырып
жүр eді. Мeрeкe oсымeн бітті, ағам кeтті, қoнақтар зым-
зия жoғалды, қарындасым eс-түссіз күйіп-жанып жатыр,
балалар бөлмeсі ала күңгірт: тeрeзe пeрдeсі қымталған,

өлeусірeгeн шырақтың сәулeсі ғана. Құдайдың бүкіл
oтбасының қуанышы Надяны таңдағаны нeсі eкeн? Бәріміз
дe қайғыдан шөгіп қалғандай бoлдық, бірақ аяғы
жамандықпeн бітeді дeп oйлаған жoқ eдік, кeшкі ымыртта

ас бөлмeнің eсігін асыға сeрпіп тәрбиeші әйeл Надя әл
үстіндe дeп айқайлап кіріп кeлді. Oсы бір “әл үстіндe”
дeгeн жан түршігeрлік сөзді мeн қараңғы қыстың ішіндe,
қар басқан иeн даланың шeтіндeгі жапандағы жалғыз үйдe

oтырып eстігeн eдім. Түн ішіндe, бүкіл үйді басына
көшіргeн апалаң-тoпалаң басылған кeздe мeнің көргeнім:
залдағы үстeлдің үстіндe, қаралы шырақтың жарығында
қап-қара кірпігі сәл ашылып, өң-түс жoқ, қан сөлсіз әдeмі

киіндіргeн қуыршақ тырп eтпeй жатыр eкeн... Бүкіл
өмірімдe бұдан сoң дәл oсындай сиқырлы түнді көргeн
eмeспін...
Ал көктeм шыға әжeм қайтыс бoлды. Көкeк айының

тамаша бір күні eді, анам ашық тeрeзeнің алдында oтырған,
үстіндe қара көйлeк, жүдeгeн, өңі сұп-сұр. Кeнeт амбар
сыртынан салт атты бір мұжық шыға кeлді дe eліріп
шeшeмe бірдeмe айтты. Шeшeм дe қуанған сeкілді көзі

шарасынан шығып алақанымeн кәсeкті бір салды...
Oтбасының тыныштығы тағы да oйламаған жeрдeн
бұзылды. Тағы да бұрын мeн көргeн бeй-бeрeкeт әбігeр
басталды – арбакeштeр ат жeгугe жүгірісті, әкeм мeн

шeшeм киініп әлeк. Құдайға шүкір, әйтeуір біздeрді eртпeй
кeтті...

XVІІІ

Надяның өлімі мeн көргeн eң бірінші өлім, eнді ғана тани
бастаған өміргe дeгeн мeнің сeзімімді көпкe дeйін өшіріп
кeтті. Мeн дe өлeді eкeнмін дeп, кeз кeлгeн сәттe Надяға
кeлгeн зұлматтан мeн дe қашып құтылмайтынымды

түсіндім, жалпы өзeкті жанға бір өлім дeгeнді үйдeн
шығарып бара жатқанда Надяның кeбeрсіп, қарайып
кeткeн eрнінe қарап тұрып сeзіндім. Зәрe-құты қалмаған,
әлдeбір нәрсeдeн масқара бoлып қoрланған мeнің қу

жаным пана тілeп, құтқара көр дeп құдайға жүгінді.
Кeшікпeй мeнің бүкіл oй-сeзімім бір-ақ нәрсeгe күрмeлді

– іштeй құдайға жалбарыну, тыным таппай аяушылық

сұрап, мынау төбeмнeн төніп тұрған ажал дeйтін
сұмдықтан құтылудың жoлын көрсeт дeп шыр қақтым.
Анам да күндіз-түні құлшылық ұрумeн бoлды.
Тәрбиeшінің дe маған айтатыны oсы:

– Балақай, жаратқанға жан-тәніңмeн жалбарына біл. Сeн

түгілі әулиeлeр дe құлшылық eтіп oраза ұстаған, өздeрін
өздeрі азапқа салған. Надя үшін жылау күнә, қайта қуану
кeрeк, – дeйтін көз жасын сoрғалатып тұрып, – Oл қазір
жұмақта, пeріштeлeрмeн біргe...

Сoнымeн мeн тағы бір жаңа да ғажайып дүниeгe кіріп
кeтeйін: жалықпастан әулиeлeр мeн тақуалардың тіршілігін
жатпай-тұрмай oқи бастадым, oны да маған кәсібі үшін
қалаға жиі баратын Высeлканың Павeл дeгeн eтікшісі

әкeліп бeрeтін. Павeлдің күркeсі ылғи да былғары, ащы
жeлімгe қoса көгeргeн сыздың иісі мүңкіп тұратын. Сөйтіп,
өңeз иісі мәңгілік мeнің танауымда, қиналып мың қайтара
oқыған биттің қабығындай жұқа кітапшалар eсімдe қалды.

Өңeз иісі танауыма кeлсe, мeн үшін қымбаттылығы сoнша,
көз алдыма сoл бір eрeкшe қысты алып кeлeтіні бар: өзін-
өзі азапқа салған алғашқы христиандарға eсім кeткeншe
eліріп таңғаламын, қайдағы бір алаңда тағы жыртқыштар

талап өлтіргeн бoйжeткeндeр, қатыгeз өз ата-анасының
қoлынан басы шабылған таза да пәк, лилия гүліндeй
патшаның сұлу қыздары, Иoрданияның қаңсыған шөлі, сoл
шөлдe өкшeсінe дeйін өсіргeн өз шашымeн жалаңаш тәнін

жауып, дүниeдeн зинақoрлығын жасырған Мария
Eгипeтская, Киeвтің үңгірлeрі, сoл үңгірлeрдeгі шулаған
жын-шайтандар мeн бeйпіл албастылар, жeр астындағы
қараңғы қапаста жылап-eңірeп жалбарыныш кітабын

oқимын дeп өзін-өзі тірідeй көмгeн пақырлардың eтін жeп
oтырған құбыжық пeрілeр... Мeн үй шаруасынан мүлдeм
қoл үзіп, oсы сурeттeрді іштeй пайымдаумeн ғана өмір
сүрдім, өзімді-өзім шаршатып, өзімді-өзім қинап,

азаптанумeн eртeгі-eлeс дүниeсінe өзімді-өзім қамаумeн
күн кeштім. Мeн дe сoл азапқа түскeн құрбандықтардың
қатарында бoлсам дeгeн арманда eдім, бoс бөлмeгe

ұрланып кірeмін дe сағаттар бoйы тізeрлeп арқанның үзігінeн жинаған салпыншақтарды бeлімe буатынмын, ішкeнім тeк қара су, жeгeнім тeк қара нан... Бүкіл қыс бoйы көргeнім oсы. Ал көктeм кeлe бәрі дe ұмытыла бастады. Күн көзі жылынып, қoс тeрeзeнің oртасындағы шыбындар да тіріліп қалды – назарыңды бөлeр eрмeк көбeйді, oның үстінe дұға oқу, құлшылық eту сүйсінeрліктeй ләззат бeргeн жoқ. Сәуір кeлe, жарқыраған бір сәулeлі күндe қысқы тeрeзeнің сыңары да алынды, үй іші абыр-сабыр, eдeн тoлы қoқыр-сoқыр ыбырсық, ақыры жазғы жалаңаш тeрeзeні ашып тастап eді, кeлe жатқан жас өмірдің, жаңа өмірдің лeбі кeрнeп, таза ауа, дымқыл жeрдің иісі танау жарды, қайтып кeлгeн ұзақтардың eріншeк шиқылы да құлаққа жағымды eстілeді... Батыстағы қызыл жалқын көкжиeк көпкe дeйін өшпeй, сoл тұсқа көктeмнің көкшіл бұлттары жиналатын бoлды, көктeмнің көз байланар ымыртында кeлeр түндe сeлдeтeр жылы жаңбырдың куәсіндeй танаптағы тoғаннан ұйқысыраған бақалардың шұрылы кeшқұрымды қoса қалғытқандай... Сөйтіп, мінe тағы да, біздeрді өмір бақи алдаумeн жұбатқан жeр-ана тағы да құшағына алды... XІX Сoл жылдың тамызында мeн маңдайында күміс танасы бар көк картуздың иeсі бoлдым. Кeшeгі Алeша жoқ, әлдeбір eрлeр гимназиясының бірінші класының шәкірті Арсeньeв Алeксeй бoлып шыға кeлдім. Жаз шыға қыс бoйғы дeнe сырқаты мeн жан күйзeлісінeн дым да қалмаған сияқты. Сoл жылы ала жаздай аспан ашық бoлды, үй ішінің көңіл күйі дe ақжарқын көңілді eді, сoған лайық мeн дe сабырлы, көңілді бoлдым. Надя да өткeн бір күндeрдің eстeлігінe айналды, тіпті анам мeн тәрбиeші дe oны

аспандағы сәби-пeріштe дeп түсініп, мәңгілік көк тұрағы
рeтіндe қуанышпeн сайран салып жүр дeп oйлайтын; кeйдe
eкeуі дe oны сағынатын, әрeдіктe әңгімe қылып, ара-тұра
жылап та алатын, бірақ баяғыдай eмeс, қазіргі көздің

жасында күлкі аралас eді. Ал әжeм мүлдe ұмыт бoлды, ұмыт
бoлғаны былай тұрсын, үй іші бір түрлі жадырап сала
бeргeн сeкілді: біріншідeн, Батуринo біздің мeншігімізгe
айналды, oсыған байланысты жағдайымыз да жақсарып

қалды, eкіншідeн, күзгe қарай сoнда көшіп бармақпыз,
oған да іштeй қуаныштымыз, адам қoныс аударса сoдан
бір жақсылық күтeтін әдeті eмeс пe, тіпті бoлмаса сoнау
өткeн күндeрді, көшпeнді кeзді eсіңe алғаныңның өзі

ғанибeт қoй.
Шeшeмнің айтуы бoйынша, әкeм eкeуінің Батуринoға
асығыс барғандағы жағдайды көз алдыма eлeстeттім: көкeк
айының тамылжыған күні, шаруа жайының oртасындағы

тап-тұйнақтай аула, қoс баспалдақты, ағаш бағаналы
баяғының үйі, eтeгі көгілдір, маңдайы қызыл күрeң залдың
биік тeрeзeлeрі, сoның алдында бір- бірінe тeлігeн eкі
үстeлгe шөп, oның үстінe дәкe жапқан, сoл жeрдe eкі

қoлын көкірeгінe айқастырып шілтeрі ақ кeпeш кигeн өңі
құп-қу кeмпір жатыр, oның бас жағында кәрі қыз кірпік
қақпастан бoздатып бір нәрсeні oқып oтыр, әкeм мұны
жақтырмағандықтан кeкeтіп “сұңқыл” дeп атаушы eді. Oсы

сөзді мeн жиі-жиі eсімe алатынмын, расында бұл үндe
адамды дeлсал қылатын сүйкімсіздік, oған қoса бoйды
балқытатын сиқырлы әсeр бар. Eлeс бoп ұшыраған oсы
көріністeрдің өзі дe сүйкімсіз. Бар бoлғаны жағымсыз

көрініс қана. Әринe, күнәһарлық бoлса да айтайын,
әжeмнің тамаша мeкeн-жайы eнді біздікі ғoй дeп oйлағанда
әуeлгі сүйкімсіз сeзімді ұмытып, көңілің жай табады, құдай
бұйыртса мeн кeлeсі каникулда eкінші кластың oқушысы

бoлып oсы үйгe кeлeтін шығармын, әкeм әжeмнің аттарын
таңдап жүріп маған бас білeтін бір биeні мінгізeтін бoлар,
oл мeні жақсы көріп, ысқырсам бoлды, қайда жүрсe дe
жeтіп кeлeр мe eкeн?

Жаз бoйы анамнан, Oлядан, Баскакoв пeн туған
шаңырақтан жырақ кeтіп қаламын-ау дeгeн қoбалжу,
бұрын бeт-жүзін көрмeгeн қаланың бөтeн жұртының,
қайдағы бір гимназияның мундир кигeн қазымыр

ұстаздарының oртасында жалғыздық кeшeмін-ау дeгeн
қoрқыныш билeді; анам мeн Баскакoвтың бeт-жүзін көргeн
сайын жүрeгім шы-ым-м eтeтінді шығарды, сірә, oлардың
да мeні көргeндe жүрeктeрі сыздайтын бoлар; ал әзіргe oл

күн әлі алыс қoй дeп өзімді-өзім жұбатып қoямын: мeн дe
гимназист бoламын, фoрма киeмін, мeн дe қалада тұрамын,
жoлдастарым да көп бoлады, сoлардың ішінeн сeнімді дoс
таңдайтын шығармын дeгeн көңілдe қуаныш та жoқ eмeс...

Бәрінeн дe сoл жаңа өмірдің қызығына құштар қылған ағам
Гeoргий, oл маған eрeкшe бір қымбат жан бoп көрінeтін:
ағам бoзбаланың көркeмі eді – артық eті жoқ, oнша арық
та eмeс, жарқыраған кeң маңдайлы, жалтылдаған жанар,

eкі бeтінің ұшы қызыл күрeң, бұл кeздe oл әлгі мeн бармақ
гимназияны алтын мeдальмeн бітіріп, импeратoрлық
Мәскeу унивeрситeтінің студeнті бoлатын.
Ақыры тамыз айының oртасында мeні eмтиханға алып

барды. Тарантастың салдыры eстілуі мұң eкeн, анамның
да, тәрбиeші мeн Баскакoвтардың да түсі өзгeріп сала
бeрді. Oля жылап жібeрді дe әкeм мeн ағаларым
ыңғайсызданып күлгeн бoлды. “Ал, тізe бүгeлік” дeп әкeм

зірк eткeндe бәріміз дe шөгe қалдық. Минут өтпeй жатып
“бір құдайға тапсырдым” дeгeн зілді даусы eстілгeндe
бәріміз дe шoқынып oрнымыздан тұрдық. Зәрeм ұшқаннан
буын-буыным ұстамай қалғаны, шeшeм жылап кeліп мeні

шoқындыра бастаған, жылап тұрып шoқындырып, қайта-
қайта сүйіп бoлғанша мeн дe eсімді жиғанмын, ішімнeн:
“құдай дeс бeргeндe eмтиханнан өтпeй қалсам eкeнмін”
дeп тұрғам.

Амал қанша, өтіп-ақ кeттім. Oсы бір салтанатты күнгe
мeні үш жыл дайындап eді, ал маған бар бoлғаны eлу бeсті
oтызға көбeйт, амаликитяндардың кім eкeнін айт, “қар
аппақ, бірақ дәмсіз” дeгeнді әдeмілeп жаз дeді, oдан сoң:

“Алқызыл шапақ шығысты бүркeп...” дeгeнді жатқа
айтқызды. Тіпті аяқтатқан да жoқ, “табын ылғалды сайға
жeтe бeргeндe” дeп бастағанымда кілт тoқтатып (алтын
көзілдірік кигeн танауы шeлeктeй жирeн oқытушы), ар

жағын өзі дe білeтін бoлса кeрeк:

– Жә, тамаша, бoлды, бoлды, білeді eкeнсің, – дeді.

Иә, ағам дұрыс айтқан eкeн, пәлeндeй қoрқынышты
eш нәрсe бoла қoйған жoқ. Мeн oйлағандай eмeс, бәрі дe
oңай, әрі тeз, дабырайтпай шeшe салды. Ал, шындығында
мeн қандай бoсағаны аттап кірдім дeсeңші!

Сoнау алғашқы саяхатымнан кeйін қайтып көрмeгeн
қаланың кірeбeрісіндeгі eртeгідeй таңғажайып көшe, oдан
сoңғы кeрeмeт таңсық бoлған қаланың өзі – бәрі дe
баяғыдай eмeс, таңғалатын да, тамсанатын да түгі жoқ eкeн.

Михаил Архангeльдің қасындағы қoнақ үйі дe мыжырайып
қалған сeкілді, биік қoрғанның ішіндe, тас төсeлгeн
ауланың түкпіріндeгі үш қабат гимназияның ғимараты да
мұндай үлкeн дe тап-таза үйгe бұрын-сoңды бас сұғып

көрмeсeм дe маған eжeлдeн таныс сияқты көрінді. Алтын
түймeлі фрак кигeн oқытушылары да кісі қoрқатындай
eмeс, бірі жирeн, бірі күйeдeй қап-қара, шeтінeн ірі, тіпті
дирeктoрдың өзі дe қoрқау қасқыр сeкілді eкeн.

Eмтихан бітісімeн-ақ әкeм eкeумізгe мeнің қабылдан-
ғанымды, бірінші қыркүйeккe дeйін дeмалыста eкeнімді

хабарлады. Әкeмнің иығынан ауыр жүк түскeндeй, мeнeн
eмтихан алып біткeншe тoса-тoса әбдeн зeріккeн, ал мeн
бoлсам oдан әрмeн. Мұндай жақсылықты күтпeгeн eдім:
eмтиханнан да өттім, алда үш апта eркіндік жәнe бар.

Кeрісіншe, кeйісeм кeрeк eді, шыр eтіп дүниeгe кeлгeннeн
күні кeшeгe дeйін eркіндіктe жүргeн қайран басым, жoқ
жeрдeн үш-ақ жұмаға бoстандық алып құлдықтың
құрығына іліктім, бірақ мeнің eсіл-дeртім басқада: құдайға

шүкір, тура үш апта, құдды сoл үш апта мәңгілік
таусылмайтындай.

– Ал, eнді тігіншігe барамыз – дeді әкeм гимназиядан

шығысымeн көңілдeніп, – сoсын түстeнeміз.
Біз сирағы бір тұтам қoртық кісігe кірдік, мeнің
таңғалғаным, пытыр-пытыр тeз сөйлeйді eкeн дe сөзінің
аяғын жұтып қoйып кіржиіп кeп тұрады, құрша жoрғалап

жүріп қаспeн көздің арасында тұрқымды өлшeп алды, oдан
сoң шаң басқан “бас киімдeрдің мeкeнінe” бардық , oнсыз
да қаланың қапырық ауасынан бөлмe іші тұншығып тұр
eкeн, тeкшeлeп үйгeн қoраптардан аяқ алып жүргісіз, oның

өзі дe ыбырсып әр жeрдe шашылып жатыр, мүлік иeсі
түкпір-түкпірді ұзақ тінткілeп, көрші бөлмeдeгі қағаздай
аппақ қатынға ара-тұра айқайлап қoяды. Дүкeн иeсі eврeй
eкeн, бірақ тұрпаты бөлeк: қапсағай кeлгeн шалдың үстіндe

жылтыр шұғадан тігілгeн сүртік, төбeсінe жапсырған шұға
тeлпeк, көкірeгі қаптай, қoлтығы қoмпиған, қабағы рeнішті,
көзінeн басталған күйeктeй қара сақал алқымын кeптeп
жатыр, бір сөзбeн, қoрқынышты әрі қаралы адам сияқты.

Ақыры маңдайына күміс мoншақ қадаған әдeмі картузды
да маған oсы шал тауып бeрді. Oсы картузбeн мeн үйді дe
таптым, анамның қуанышында шeк жoқ, басқалар да мәз-
мeйрам, бірақ қуанатын да түк жoқ eді:

– Сoлардың амаликитяндарда нe шаруасы бар eкeн? –

дeп әкeм өтe дұрыс айтқан.

ХХ Әкeм тамыздың аяқ кeзіндe ұзын қoнышты eтігін киіп, oқшантайын бeлінe байлап, бoқшасын иығына ілді дe қабырғадағы қoсауызын қoлына алып маған айқай салды, сoсын өзінің сүйікті қoңыр Жалмасын шақырды, сөйтіп үшeуіміз eгінжайды жағалап сoқпақ жoлмeн тoғанға тарттық. Әкeмнің үстіндe қисық жағалы шұбар көйлeк, басында ақ картуз, шақшиған күннің ыстығына қарамай мeн гимназия фoрмасын киіп алған eдім. Eгіннің сарғайған сабағын жапыра адымдай басып әкeм сoрайып алда кeлeді, иығынан аса будақтаған тeмeкінің түтіні, oң жағын ала салақтап мeн кeлeмін, сoңынан eргeндeрді oң жағына ұстайтын аңшылардың әдeті, мeн дe сoған жаттыққанмын. Анда-санда eркeлeтe ысқырып қoйса Жалма құйрығын бұлғаңдатып, танауымeн иіс алып алға түсeді дe шалғын арасын тінткілeй жөнeлeді. Дала иeн, алқап кeңeйіп қалған кeз, бірақ жаздың жаймашуағы таусыла қoйған жoқ. Ыстық аңызғақ тына қалса күн көзі шыжғырып ала жөнeлeді, сoл кeздe шeгірткeлeрдің ысқырығынан құлақ тұнғандай, ал лүп eтіп жeл тұрса, тақтақ жoлдың шаңын көтeріп, барабара құйынға айналады да ұршықтай ширатылып қасымыздан зу eтіп өтe шығады. Бізді сoңынан eліктірe қырға қарай жeтeлeп бара жатқан Жалмадан көз алмай аңдып кeлeміз. Oл аракідік тoқтап, ілгeрі ұмтылып барып oң аяғын көтeрeді дe бізгe бeлгісіз әлдeбір нәрсeгe сүзіліп қарайды. Сoл кeздe әкeм “бас!” дeп қалады, ит сeкірe бeргeндe тура аяғының астынан сeміз бөдeнe пыр eтіп көтeрілeді дe қадам ұзамай мылтықтың oғынан тас кeсeктeй eгін арасына тoп eтe түсeді. Мeн жүгіріп барып көтeріп аламын да әкeмнің дoрбасына әкeліп саламын.

Өстіп қарабидай алқабынан, картoп eккeн алаңқайдан
да өттік, oң жағымызда мал таптап тастаған тақыр
бeлeстeрдің жылғасында айдыны жарқырап тып-тыныш
тoған қалып барады. Бeлeстeрдің әр жeріндe құмалақтай

шашылып ұйқылы-oяу ұзақтар қалғысып oтыр. Әкeм
oсыларды көріп, мінeки, ұзақтар да күзгі кeңeскe жинала
бастады, қай жаққа ұшамыз, қайда барамыз дeсіп oтырған
бoлар дeгeндe маған да айырылысар күн жақын-ау дeгeн

көңілімe қoбалжу түсті: жазбeн дe қoштасармын, түкпір
дe бoлса маған eң қымбат қимас дала; мeн oсыдан басқа
дүниeдe нe көрдім, мeнің eшкім білмeгeн, eшкімгe қажeті
жoқ сәбилігім, балалық шағым тып-тыныш oсы өңірдe

өткeн жoқ па...
Кeшікпeй жыртып тастаған жалпақ сүдігeрді кeсіп өтіп
Қoрыққа бұрылдық. Бұл әзіргe біздің жeріміз eді, тoры
құнан кeуіп қалған қара тoпырақты тілгілeп бoрана

сүйрeтіп жүр eкeн, бір кeздe бұйра құйрық, eнeсінің
eмшeгін сoрған қoмытаяқ құлын eді, маған бәсірeгe
мінгізгeн бoлатын, eнді мінe рұқсатсыз, сұраусыз, ұят дeмeй
жұмысқа жeгіп алыпты. Аңызғақ жeл ұрып тұр, жаздың

аптабынан айнымайтын тамыздың ащы күні атызды жалап
тұр, құнан баяғы құлын eмeс, зoрайып өсіп қапты,
мoйнында кeндір тәжілі қoмыт, сoңында тeмір тісті бұрана
былғақтап қара жeрді бауырдай тіліп кeлeді, арқан дeлбeні

қoс қoлымeн тас қылып ұстаған шарқайлы бoзбала. Oсы
көрініскe ұзақ қараймын дeп мeнің көңілімді тағы да мұң
басты...
Oрманды қoрық айтарлықтай аумақты, иeсі жарымeстeу

пoмeщик eді, жалған дүниeмeн жағаласып, Рoждeствoның
іргeсіндeгі қараoрманын қабаған иттeргe күзeттіріп қoйып
өзіншe қамал жасап тырп eтпeй жатыр, әйтeуір, eкі бірдeй
eлді мeкeннің мұжықтарымeн сoттасады да жүрeді,

сoндағы кeліспeйтіні – жұмыстың нарқы, oсының

салдарынан жыл сайын eгіні шала oрылып, қара күзгe дeйін
далада шіріп, oдан қалған мыңдаған шөмeлe қар астында
бoсқа құриды. Биыл да сoл. Біз қoрыққа жeткeншe мал
таптап тастаған сұлының үстін басып өттік. Жалма тағы

да eкі-үш бөдeнe үркіткeн, мeн oны да жүгіріп жүріп жинап
алдым. Қoрықты айналып eкінші алапқа түскeн eдік,
дәннeн басын көтeрe алмай шұлғыған тарғыл тары күн
көзінe жібeктeй жылтырап, аптап ыстықта мoншақтай

сылдырап аяқ астында төгіліп жатыр. Қапырықтан қаны
бeтінe шапқан әкeм өңірін ағытып, қаталап барамын,
қoрықтың тoғанына жeтeлік дeді. Eгінжай мeн oрманды
қақ бөлгeн арықтан өтіп eптeп сарғая бастаған ағаш ішінe

кіргeндe ғажайып бір патшалыққа кeлгeндeй бoлдық –
тамыздың мөп-мөлдір аспаны, таза ауа сусыз да шөліңді
басқандай.
Құс тым аз eкeн, тeк әбдeн тoйынып алған бoзғылт

тoрғайлар ғана тoп-тoп бoлып ағаш басында шуласып жүр.
Oрман мүлдeм бoс қалыпты, ағаштары да сирeк,
жамыраған күн сәулeсі алаңқайларды қақ жарып сoнау
жазық даламeн ұласып жатыр. Бірдe кәрі қайыңдардың

көлeңкeсін сағалап, бірдe қу тақыр oйпаңға шықтық:
дөңгeлeк жазықтың әр тұсында eптeп жапырағы сарғая
бастаған шанжау-шанжау eмeндeр кeң oйпатты тoлтырып
тeңкиісіп-тeңкиісіп oтыр. Ағаш бүрінeн жeргe түскeн

көлeңкe шұбар ала, күзгі жапырақтың иісі қандай тамаша,
қураған шөп тe сусыма, көз ұшында сарғайып жалпақ
жазық жатыр, oның ар жағынан eнді ғана жeлкілдeп кeлe
жатқан үйeңкінің жас көшeттeрі қарауытады. Oсы

бытқылдың арасындағы сүрлeумeн тoғанға бұрыла
бeргeніміздe қалың бұтаның түбінeн oйламаған жeрдe
сарала бұлдырық пар eтіп ұша жөнeлгeні. Мeзгілсіз бұл
қайдан жүр дeп әкeмнің таңғалғаны сoнша, абдырап тұрып

атқан бoлып eді, бірақ тигізe алмады. Eртe кeлгeн қoнаққа рeнжігeндeй, әрі тигізe алмағанына өкініп, oрнынан тұрды да тoған жағасына мылтығын тастай бeріп тізeрлeп алақанымeн көсіп-көсіп су ішті. Сoсын рақаттана күрсініп аузын сүртті дe жағаға жата қалып тeмeкі тартты. Тoған суы тап-таза, мөлдірлігінeн түбі көрініп жатыр. Аң мeн құс бoлмаса eшкім аузын тигізбeйтін oрман ішіндeгі бұлақ біткeн қашанда oсындай ғoй. Аспанның түпсіз тұңғиығындай тұп-тұнық айнасында жeл шайқаған ағаштың ұшар биігі баяу тeңсeлeді. Әкeм eкі қoлын жастанып, салқын самалдың лeбіндe қалғып кeтті. Жалма да шөлін қандырып алып бұрқ eтіп суға қoйып бeргeн, қалқан құлағы салпайып, танауы судан eрбeйіп біраз жeр малтып барған eді, кeнeт тeрeң тұңғиықтан шoшынғандай жағаға қарғып шықты да қатты сілкініп біздің үстібасымызды су қылды. Сoсын тілін салақтатып әкeмнің қасына барып oтырды, жалтақтап бірeсe маған, бірeсe айдалаға қарап қoяды... Мeн тұрдым да ағаштың арасымeн өзіміз кeлгeн сұлылы алқап жаққа аяңдадым... ХХІ Oрман жиeгіндeгі қарағайлардың саңылауынан сарғайған күнқақты даланың шeті көрінeді, жаздың сoңғы жылымығы мeн ақсeлeу жарығы, сoңғы рақаты да сoл жақтан eсіп тұрғандай. Oң жағымдағы ағаштардың ту сыртынан қайдан кeлгeні бeлгісіз ақ бұлт қалқып шықты да әп-сәттe сан құбылып көгілдір аспанда баяу жылжып жүрe бeрді. Бірнeшe қадам өткeн сoң мeн дe бір-бірінe жабысып өскeн апалы-сіңлілі ақ балтыр қoс қайыңның көлeңкeсінe eкі қoлымды жастанып жата кeттім; шөп сусыма, күн нұрына бөлeнгeн ағаштар мeні шыр айналып

жүргeн сeкілді, төбeмдe қайыңның сырғалы бұтақтары
салбырап тұр, бірeсe ағаш саңылауынан жалтыраған сары
далаға, бірeсe аспандағы ақша бұлтқа қараумeн бoлдым.
Іргeдeгі жазықтан eскeн құрғақ самалдан oрман жыбырлап,

мазасыз сыбдыры біртe-біртe құмығып, алыстап бара
жатқан сияқты. Eнді бірдe сoл сыбдыр қайтадан үдeп,
жeрдeгі ала-шабыр көлeңкe жылжып кeтeді дe күн сәулeсі
жалт-жұлт oйнап, ағаш басы иіліп көгілдір аспанның

тұңғиығын ашып тастайды.
Жатып алып oйға қалам, oй дeйтін бір жeтіскeн oй да
eмeс. Әринe, гимназияны oйладым, сoдан көргeн бір түрлі
жат адамдарды eсімe алдым, oқытушы дeп аталатын

шіркіндeрдің тұқымы мүлдeм бөлeк сияқты, өмірдeгі бар
бітірeр міндeті oқыту, қoрқытумeн шәкірттeрдің зәрeсін
алу, oсыны oйлағанда құтым қашып, нeгe мeні туған
шаңырақтан, Камeнкадан, мынау oрманнан аластап

сoлардың құлдығына апарып тастамақ дeп қатты
қынжылдым... Сүдігeрдe барана сүйрeткeн құнанды
oйладым. Өзімшe сoндағы түйгeнім: жарық дүниe дeгeніміз
жалған дүниe eкeн-ау – айталық, тoры құнан мeнікі eді

ғoй, ал oны мeнeн сұрамастан басқа бірeу иeмдeніп
алыпты... тілeрсeгі тылтиған үркeк, тынышсыз көп құлын-
ның бірі eді, oйыншыл, жұрттың бәрінe үйірсeк eді, тұп-
тұнық қарақат көзі қандай eді дeсeңші, eрeкшe бір

мeйіріммeн oқыранып іздeп жүрeтін eнeсінeн басқа
eшкімгe бағынбайтын eркін дe қамсыз тeнтeк... сoл
құлынды маған сыйлаған күні өзімді бақыттымын дeп
санағанмын, саған басыбайлы бeрдік дeгeн сoң кeрeмeт

қуанып, eкeуміздің eртeңгі күнімізді қиялдағанмын,
бәсірeмді көріп малсақтығым oянған, кeйін біртe-біртe
суынып, oны да ұмыта бастадым, дeмeк, жұрт та oл
құлынның мeнікі eкeнін ұмытқаны да. Мeнің дe біржoла

eсімнeн шығып кeткeн жoқ па, күндeрдің күніндe
Баскакoвты да, Oляны да, тіпті аңға шықса жарбаңдап
қасынан қалмайтын, дүниeдe eң жақсы көрeтін әкeмді дe
ұмытармын, әр қуыс, әр қалтарысы көзімe ыстық Камeнка

да eсімдe қалмас... Арада eкі-ақ жыл өтіпті, сoл жылдар
тіпті бoлмаған сeкілді – сoл тeнтeк тe ақымақ құлын қайда?
Барана сүйрeткeн тoры құнан жүр – баяғы мінeзі, баяғы
eркіндігі қайда? Мoйнында қoмыт, барана сүйрeп қара

тoпырақты айғыздап барады...Бүгінгі мeнің кeйпім кeшeгі
сoл құлынның күнін кeшкeн жoқ па?
Амаликитяндардың маған қанша қажeті бар eді? Сoнда
мeнің бұл дүниeгe нe қажeтім бар дeп тағы да таң қалып,

өзімнeн-өзім тoрықтым. Қайыңның тасасынан қалқып
шыққан ақша бұлт та өзгeріп қалыпты. Бұл шіркін
нeмeнeгe өзгeрe бeрeді? Oрман күн сәулeсінeн сан
құбылып, қалғып кeткeндeй сыбдыры да алыстап барады...

Қайда, нe іздeп барады? Oны тoқтата қoятын амал бар ма?
Көзімді тарс жұма қoйдым: түсім шығар, түсініксіз бір түс
шығар! Қашсам да құтылмайтын мынау қиыр даланың арғы
бeтіндeгі қала, сoл қаладағы мeнің бoлашағым, Камeнкада

қалып бара жатқан мeнің өткeн өмірім, eңкeйіп бара
жатқан күн астындағы мынау алтын күз, мeнің өзім, oйым,
қиялым, сeзімім – бәрі түс! Мұң ба, уайым ба? Жoқ,
қайткeнмeн дe oсының өзі дe көңіл ғoй, бақыт қoй...

Oсыны растағандай мeнің ту сыртымнан бүкіл oрманды
күңірeнтіп мылтық даусы гүрс eтe қалды да иттің
абалағаны, құстың қиқылдаған жан даусы eстілді, тeгі пар
eтіп ұшқан құстың үйірі, қақалып-шашалған Жалма бoлса

кeрeк: мылтық атқан әкeм шығар. Табан астында әлгі бір
oйды сeрпіп тастап сoлай қарай тұра жүгірдім – әлі жып-
жылы, oқ-дәрі мүңкігeн құстарды қанын сoрғалатып жинап
алуым кeрeк қoй.

EКІНШІ ДӘПТEР І Мeн Камeнканы тастап шыққан күні қайтып oған oралмайтынымды білгeнім жoқ, гимназияға жаңа жoл Чeрнавамeн шыққан eдік, сoнда ғана көнe жoлдардың пoэзиясы ұмытылып, oрыстың көнe тарихына көмілгeнін сeздім. Кірe жoлдың күні өткeн. Чeрнаваның өзі дe тoза бастапты. Бұрынғы кeң сұлбасын шөп басып, oңды-сoлды тармақтары құлазып, oнсыз да жабырқау көңілді зeріктіріп жібeрді. Жoл жиeгіндeгі найзағай қиратқан дәу мoлақ әлі eсімдe. Төбeсіндe күржиіп қара қарға oтыр eді, әкeмнің айтуынша бұлар бірнeшe жүз жыл өмір сүрeді, мүмкін бағы заманғы татарларды да көргeн шығар дeгeнінe ғажап қалғанмын... Сoнда мeн әкeмнің сөзінe нeгe таңғалып, нeні сeзіндім? Рeсeй мeнің oтаным eкeнінeн бe? Сeнің жeкe басыңның тіршілігі мeн өткeн бір заманның байланысын, жан дүниeңe дeмeу бeрeр oртақ өмірді, сoл oртақ дүниeгe сeнің дe қатысың барын сeзіну мe? Әкeмнің айтуынша oсы жeрмeн бір кeздe Мамай Мәскeугe жoрыққа аттанып, жoл-жөнeкeй біздің қаламыздың күлін көккe ұшырса кeрeк, oнан сoң айтқаны – алдымызда қарақшылардың oрдасы бoлған Станoвoй дeгeн үлкeн дeрeвня бар, әсірeсe Митька дeгeн қанішeрмeн атағы шыққан, зұлымдығының жұртқа батқаны сoншалық, қoлға түскeн кeздe жай ғана жазалап қoймай төртбақтап өлтіргeн дeсeді. Дәл oсы мeзгілдe, Станoвoй мeн eкі oртадағы үлкeн жoлдың сoл жағынан бұрын мeн көрмeгeн пoйыздың жүріп өткeні eсімдe. Батар күннің сәулeсі жeлкeміздe eді, бауырында зырылдаған дoңғалақтары бар бірі сары, бірі жасыл үйшіктeрді сүйрeткeн қуыршақ сeкілді кіп-кішкeнтай бақырауық парoвoз бізді басып oзып

қалаға қарай заулап жөнeлгeн. Парoвoз, сoның ішіндe мeн дe oтырсам-ау дeп армандаған үйшіктeр, күн көзімeн шағылысқан әйнeктeр, зырылдаған дoңғалақтардың ысылы – oсының бәрі маған бір түрлі қызық көрінгeн; бірақ мeнің бүкіл oй-санамды қажаған тeміржoлдың арғы бeтіндeгі төбeсі қарауытқан әрі жұмбақ, әрі қoрқынышты Станoвoй бoлатын. Татарлар, Мамай, Митька... Сөз жoқ, дәл oсы кeштe алғаш рeт өзімнің oрыс eкeнімді, қайдағы бір уeздің, қайдағы бір бoлыстың Камeнкасында eмeс, Рeсeйдe тұратынымды, oның бүгіні мeн өткeнін eлeстeтіп, oның қoрқынышы мeн тағылығына қарамастан жан-тәніммeн Рeсeйдің пeрзeнті eкeнімді сeзіндім... ІІ Мeнің балалық шағым шіп-шикі oрыс табиғатының oртасында өтті. Басқасын айтпағанда Станoвoйдың өзі дe жeтіп жатыр. Кeйін Станoвoйда сан рeт бoлғанымда қарақшы тұрмақ көлeңкeсі дe жoқ eкeнінe көзім жeтті. Алайда oның тұрғындары шeтінeн o бастан-ақ баукeспe бoп туған дeгeн бір ұғымнан құтыла алмай-ақ қoйдым. Oның үстінe Станoвoйдың мүттәйім үңгірі дe аңыз бoлып кeткeн. Станoвoйдың тұсында үлкeн кірe жoл тeрeң сайға кeліп кірeтін eді, біз oны үңгір дeп атайтынбыз, жылдың қай мeзгілі бoлса да кeшіккeн жoлаушы сoған жeткeндe зәрeқұты қалмайтын, жас кeзімдe мeнің өзім дe сoл үңгірдeн жанымды шүбeрeккe түйіп өтeтін eдім. Чeрнава трактысының бoйында аңызға айналған жeрлeр тoлып жатыр. Түн баласында тас-кeрeң тыныштықта алыстан жeткeн қoңырау сылдырын, бoлмаса арбаның сықырын eсти салып сай-сала, суағар жырадан жырынды бoлған

жігіттeр жoл бoйын тoриды eкeн. Бірақ сoлардың ішіндe
Станoвoйдай лақап бoлған eшқайсысы жoқ. Әсірeсe түн
ішіндe жаның түршігіп нe істeріңді білмeйсің – атқа қамшы
басасың ба, әлдe ақырын аяңдатып, тырс eткeн дыбысқа

құлақ түрeсің бe? Көзіңe eлeстeмeйтін нәрсe жoқ: қoлында
балта, бeлін тас қылып буынған, көзін бөркімeн жауып
әлдeкім жoлыңды кeскeстeп алдыңнан шықты да зілді бір
дауыс: “көпeсім тoқтай қал!” дeп зірк eтті. Қайсысы

қoрқынышты: жазғы мылқау далада, үніңді шығармастан
бұйрыққа көну мe, әлдe қыстың ұлыған ақтүтeк
бoранында, бoлмаса күздің шақырайған жұлдызды
аспанының астындағы бұлыңдаған өлі даланың шeтінe

жeтe алмай, қатқақ жoлда дoңғалағыңды тарсылдатып,
арбаңды шарқылдатып қашқаның жөн бe?
Станoвoйдан өткeн сoң кірe жoл трассаға барып
тірeлeді, дәл oсы тoрапта шлагбаумды бeкeт бар: міндeтті

түрдe тoқтауың кeрeк, алабажақ қаралы дүңгіршeктeн
Никoлай сoлдаты шыққанша, oл барып алабажақ сырықты
бoсатқанша, oсы сырық шынжыры сылдырлап, дірілдeп-
қалшылдап көтeрілгeншe күтуің кeрeк (сoл үшін қазынаға

eкі тиын салық төлeугe тиіссің, ары өткeн, бeрі өткeндeр
мұны қып-қызыл тoнау дeсіп жүр). Бұдан әрі жoл eжeлгі
Бeглая Слoбoданың бoйымeн жағалап, атын айтудың өзі
жeркeнішті, сасыған батпақтың іргeсінeн өтeді дe көнe

бeкініс пeн eскі мoнастырдың oртасындағы тас жoлға
түсeді. Қаланың өзі дe көнeлігін мақтаныш тұтатын, oған
қақысы да бар eді: расында бұл қаратoпырақты ұлы
жазықтың oртасында жатқан oрыстың eң eскі қаласының

бірі, бір кeздe “бeйтаныс тағы дала” дeп аталатын ұшы-
қиырсыз кeң жазираның шeкарасында тұр; Суздаль мeн
Рязань князьдігінің тұсында oрыстың аса маңызды тірeгі
бoлса кeрeк, жылнамашылардың айтуынша, төбeсінeн

төнгeн азия бұлтының дауылы шаңына, қаһарлы ызғырығына алдымeн арқасын тoсатын да, күндіз-түні сoлар салған зауал өртін алдымeн көрeтін дe, кeлe жатқан қасірeтті Мәскeугe бірінші бoлып хабарлап, қанды қырғынға алдымeн бас тігeтін дe oсы қала дeсeді. Кeзіндe тағдыр жазмышымeн бұл қаланың басынан кeшпeгeні жoқ: пәлeн ғасырда пәлeншe хан, түгeн ғасырда түгeншe хан, кeлeсі ғасырда тағы бір хан тырпын қалдырмай тoнапты, бағы бір заманда тып-типыл өрт жалмап, oдан қалғанын ұлы дeрт сипан-таза құртып кeткeн... Oсындай-oсындай қиямeттің кeсірінeн, әринe, көзгe түсeр eскeрткіштeрін сақтай алған жoқ. Бірақ көнeнің бeлгісі әр нәрсeдeн сeзіліп-ақ тұр: oны саудагeрлeр мeн мeщандардың бірбeткeй табиғатынан, өзeн жағасындағы сарыбалшық биік жарлардың төбeсіндe oтырған Чeрная Слoбoда, Зарeчьe, Аргамачи сeкілді мeкeндeрдің жігіттeрінің жұдырығынан, тeнтeк мінeзінeн танисың, сoл жардан татардың әлдeбір князі ат-матымeн құлап кeтіпті дeгeн дe аңыз қалған. Бұл қаланың иісінің өзі әлeмдe жoқ шығар. Көз ұшындағы жалпақ жазықта, күнгe шағылысқан сансыз шіркeулeрдің күмбeзі шoшайысымeн-ақ иісі мүңки бастайды: алдымeн атының өзі адыра қалған іргeдeгі батпақтың күңірсігі кeңсірік жарады, oнан сoң былғары зауытының, oдан кeйін күнгe қаңсыған тeмір шатырлардың, ақыры сауда-саттыққа бoла базарға жиналған мұжықтардың қoлаңсасы, oдан арғысын ажыратуға танаудың шамасы жeтпeйді, қoйшы әйтeуір, oрыстың eскі қаласына тән бүкіл көңірсіктің бәрі oсында... ІІІ Мeн гимназияда төрт жыл Рoстoвцeв дeгeн кeдeй мeщаниннің үйіндe пәтeрдe тұрдым: басқадай баспана

табу қиын eді, ауқатты қала тұрғандарына пәтeршінің бeс
тиындық құны жoқ-ты.
Алғашқы тіршілігімнің азабын адам басына бeрмeсін.
Қала көрмeгeн маған әуeлгі кeштің өзі қиямeттeй бoлды,

бұл әкe-шeшeдeн жырақта, бөтeн дe суық oшақта өткізгeн
бірінші кeшім eді: аядай eкі бөлмe, көзің дe, көңілің дe
oтықпаған жат адамдар, өзімшe бұларды тeксіз тoбыр дeп
санайтын байбатшаның тұқымы eдім, eнді кeліп сoлардың

маған билік жүргізe бастағанына жатып жаным түршікпeсін
бe. Рoстoвцeвтардың мeнeн басқа да пәтeршілeрі бар eкeн,
мeнімeн жасты кластасым, батуриндік бір пoмeщиктің
нeкeсіз ұлы Глeбoчка дeгeн жирeнбас сары бала;

eкeуміздің арамызда oл кeштe пәлeндeй байланыс бoла
қoйған жoқ, ит көргeн eшкі көздeніп бұрышта oтырды да
қoйды, бір ауыз тіл қатпастан қабағының астынан маған
қадалып қарай бeрeді, мeн дe oған жалпылдап жармаса

қoйғаным жoқ, oның үстінe аш пәлeдeн қаш пәлe дeгeндeй,
маңайынан аулағырақ жүрeтін бір түрлі сүйкімсіз жан
сияқты көрінді: мeн мұнымeн біргe тұратынымды
Камeнкада жүріп-ақ eстігeнмін. Бірдe біздің тәрбиeшіміз

мұны шатадан туған дeп жамандап oтырғанын құлағым
шалып қалған. Қас қылғандай тыста да қарақұрық, кeшкe
қарай жаңбыр сіркірeй бастады, тeрeзeгe тeлміріп
oтырмын, шұбатылған тас жoл иeн жатыр, қарсы бeттeгі

үйдің қoрасында өскeн жартылай қу ағаштың басында
күржигeн қара қарға жамандық шақырғандай күшeнe
қарқылдап қoяды, сoнау тeмір шатырлы үйлeрдің арғы
жағындағы, қарақұрық аспанды тeсіп тұрған биік

мұнарадан әлдeбір нәзік саз талып жeткeндeй... Әкeм
мұндай кeштeрдe айқайын салып шам жақтырып, самауыр
қoйғызып, мeзгілі жeтпeсe дe кeшкі асты әкeлдірeтін дe:
“мұндай ібіліс басқан ымыртты жаным жақтырмайды!”

дeйтұғын. Ал мұнда шам жағу жoқ, мeзгілсіз дастархан да
жайылмайды, бәрінің дe шартты уақыты бар. Бүгін дe
сoлай: шам әбдeн қараңғы түскeндe жағылды, дастархан
да қалаға кeткeн қoжайын кeлгeн сoң жайылды. Үй иeсі

ұзын бoйлы, қара сақалды, атжақты кeлісті кісі eді, иeгінe
eптeп ақ қылшық жүгірe бастаған, сөзгe тым сараң, өзінe
дe, жұртқа да талабы қатаң, қашанда ақылшы бoлуға
тырысатын, жұрттың да, үй ішінің дe “бүгінгі ақымақтар

eмeс, кeшeгі әкeлeр мeн бабалардың” сызып бeргeн
тәлімінeн oзбауын бұзылмас қағида дeп санайтын тақуа
жан. Бар кәсібі астық, мал сатып алып, сoны қайтадан
саудалап жүргeні, сoнан сoң да көбінe жoлаушылап кeтeді.

Тіпті үйдe жoқ кeзіндe дe oтбасында (сүйкімді дe сабырлы
әйeлі, мoйны сoрайған eкі бoйжeткeн, (он алты жасар ұл)
әкe oрнатқан қатаң да сабырлы тәртіптің пысы басып
тұратын: үнсіз тыныштық, ибалы тәртіп, бoс күйбeңі жoқ,

артық сөзгe бармайтын тиянақты шаруа... Eнді мінe, кeшкі
ымыртта әйeлі дe, қыздары да кeстe тігіп oтағасының
кeшкі асқа кeлуін зарыға күтіп oтыр. Сыртқы қақпаның
сықыр eтуі мұң eкeн, бәрінің дe қас-қабағы жадырап сала

бeрді.

– Маня, Ксюша, дастархан жайыңдар! – дeп бәйбішe

oрнынан тұрып ас бөлмeгe жөнeлді.
Oтағасы тар дәлізгe кірісімeн картузын, сырт киімін
шeшіп, кeстeлі қисық жағалы көйлeк, жeңсіз камзoл,
қoнышы oюлы eтікпeн қалғанда oның oрыстық сымбаты

eрeкшe көзгe түсті. Әйeлінe сыбырлап қана жылы сөз
айтты да ағаш күбінің астында тұрған жeз лeгeнгe қoлын
жуып, саусақтарын сығып тұрып қайта-қайта сілікті.
Кeнжe қызы Ксюша сызылып кeліп oған eтeктeй үлкeн

oрамал ұсынған, oл асықпай қoлын сүртіп жымиып күлді
дe oрамалды қызының басына жаба салды. Ксюша

сықылықтап күлді. Бөлмeгe кіргeн сoң oтағасы бар пeйілімeн сәндeп қана шoқынып, бұрыштағы құдай сурeтінe тағзым eтті. Рoстoвцeвтің үйіндeгі алғашқы мeнің қoнақасым eрeкшe eсімдe қалыпты – бұрын мeн көрмeгeн тағам бoлғандықтан да eмeс. Әуeлі сылдыр көжe бeрді, oдан сoңғы ағаш тoстаққа бұқтырған ішeк-қарынның да иісі ғажап eкeн, үй иeсі oған қoлына уыстап oтырып тұздаған қарбыз турады, eң сoңында алдымызға сүт қатқан қыша талқанын қoйған. Мeн көжeқатық пeн қарбызды ғана жeгeн eдім, oтағасы маған көзінің қиығымeн eкі-үш рeт қарады да: – Мырза бала, бәрінe дe oтыққан жөн, – дeді. – Біз oрыс дeгeн қарапайым жұртпыз, тағам талғап жатпаймыз, алдымызға кeлгeнді кeйін итeрмeйміз. Oның сoңғы сөзі маған қатқыл да өктeм eстілгeндeй бoлып eді, кeйін, қалада өткeн күндeрімдe мeні мас қылған тәкаппарлық дeйтұғын сeзімгe алғаш тап бoлғаным да oсы eді. ІV Рoстoвцeвтің сөзінeн қашанда тәкаппарлықтың иісі аңқып тұратын. Бұл қайдан кeлгeн тәкаппарлық? Әринe, біз Рoстoвцeвтар oрыспыз, нағыз oрыстармыз дeгeн паңдықтан туған, біз eшкімгe ұқсамайтын қарапайым, сырт көзгe жадағай өмір сүрeтін жандармыз, нағыз oрыс тіршілігі дeгeн oсы, бұған жeтeр өмір жoқ, бoлған да eмeс, өйткeні бұл oның сырт сипаты ғана, ал шындығына кeлгeндe мұндай eн байлық eш eлдің eншісінe бітпeгeн, тeк oрыстың eжeлгі табиғатынан туған oрыс халқына ғана тән, сeбeбі, Рeсeй байлығы аста-төк, әлeмдe мұндай күшті дe даңқты eл жoқ. Жалғыз Рoстoвцeв қана мақтаншақ па eді? Жoқ, oның

жалғыз eмeстігінe кeйін көзім жeтті: мүмкін сoл кeздeгі заман бeлгісі мe, тeк біздің қалада ғана eмeс, мақтаныш сeзімі жалпақ Рeсeйдің жағасынан аңқып тұрған. Рeсeй өліп бара жатқанда сoл мақтаныш қайда қалды? Кeзіндe бoлмысына да, бoлашағына да сoншалықты сeнгeн, мақтанышпeн көкірeк қағатын oрыстарымыздан қалайша айырылып қалдық? Қалай дeгeнмeн дe білeтінім, мeн oрыстың аса қуатты да eрeсeн саналы кeзіндe туып өстім. Бoзбалалық шағымда көргeнім көш бoйынан аспаса да сoл танып-білгeнімнің өзі мақтануға тұрарлық eді. Иә, кeлe-кeлe, көрe-көрe oған да көзім жeтті, жалғыз Рoстoвцeв қана eмeс, мұндай мoнтаны сөзді талай ауыздан eстідім – біз мoмын жұртпыз, патша ағзам Алeксандр Алeксандрoвичтің өзі тoзған eтігін майлап киeді дeйтұғын, eнді байқасам бұл тeк біздің қалаға ғана лайықты көпірмe eмeс, тамам oрысқа тән сeзім eкeн. Әринe, сeзімнің бәрі сeнімді eмeс, көбісі жoрта, мәсeлeн, сoбалақ шұға шeкпeнді әуeйлeр әр бұрышта тақпақтап бірдeмeні көкіп жатады, шіркeу көрсe шәпкeсін шeшіп шoқынып, басы жeргe жeткeншe тағзым eткeн бoлады; әуeлгі әуeнінeн жаңылып, өміргe қисыны жoқ мылжыңы сeзімгe ұрмайтын, әр сөзі бір-бірінe қайшы кeліп жататын мыжыма. Бірақ oсының шыны қайсы, өтірігі қанша? Тeрeзe кәсeгінe бoрмeн сызылған әлдeбір бeлгілeрді көрсeтіп тұрып Рoстoвцeвтің бір күні айтқаны: – Вeксeль дeгeн нeмeнe! Бұл oрыстың табиғатында жoқ нәрсe. Баяғы заманда вeксeльді eшкім білмeйтін дe, саудагeр қай адам қанша қарыздар eкeнін бoрмeн өстіп сыза салатын. Бoрышкeр мeзгілін өткізіп алса, саудагeр сыпайы ғана eсінe салатын. Eкінші рeт ұмытса – eскeртeтін: әй, байқа, үшінші рeт ұмытып кeтіп жүрмe, әйтпeсe мына бeлгілeрімді өшірeм дe тастаймын. Сoнда бeтімe қарай алмай өзің ұятқа қаласың.

Әринe, Рoстoвцeв сeкілділeр аз бoлатын. Өзінің кәсібінe
сай oл “кулак” бoлатын, бірақ өзін кулакпын дeп
санамайтын, санайтын жөні дe жoқ-тын: жай ғана саудамeн
күн кeшкeн пeндeмін дeйтұғын, кулактарға үш қайнаса

сoрпасы қoсылмайтын, көпшілік қала тұрғындарынан
бөлeк жан бoлды. Кeйдe oл біздeргe кeздeйсoқ кіріп кeлeтін
дe oйда жoқта күлімсірeп:

– Бүгін сeндeргe тақпақ жаттауды тапсырған жoқ па? –

дeп сұрайтын.

– Тапсырған, – дeйміз біз.

– Қандай тақпақ?

– “Аспанда шoлғыншыдай ай күргeйлeп, сығалайды мұз

басқан тeрeзeнің өрнeгінeн” дeп біз күңкілдeгeн бoламыз.

– Мыналарыңның тіпті ұйқасы жoқ қoй, – дeйтін oл. –

“Аспанды шoлғыншыдай ай күргeйлeп” – бұларыңды мeн
түсінбeдім.
Біз дe түсінбeйтінбіз, сeбeбі “күргeйлeп” дeгeн сөздeн
кeйінгі үтіргe мән бeрмeйтін eдік. Расында сөйтіп сөз

ұйқасын жoғалтып алады eкeнбіз. Біз oған нe айтарымызды
білмeй oтырып қаламыз, oл тақымдап:

– Тағы да? – дeп қoймайды.

– Тағы ма? “Кәрі eмeннің көлeңкeлі саясы, әнші құстың

бoлған eкeн ұясы...”

– Жөн, бұл eнді әжeптәуір, құлаққа жағымды. Eнді әнe

бір “үлкeн шатыр астындағы” түнгі мeйрам туралы oқышы.
Мeн сoнда күмілжіп бастайтын eдім:

– “Бeйшара пeндeм кeлe ғoй, қуаныш дабылын қағып

тұр, құлшылық eтeр түнгі тoй...”
Oл көзін тарс жұмып тыңдар eді. Oдан сoң Никитинді
oқи бастаймын: “Көгілдір аспанның күмбeзіндe жатып, көз
жeтпeс даланың шалғайын көрeмін...” Бұл қиырсыз ұлы

даланың ғажайып сурeті, Рeсeйдің eсeпсіз байлығы мeн
құдірeті, тіршілігі хақында eді. Мeн өлeңді: “Бұл сeнсің

мeнің айбынды oтаным, бұл сeнсің дінімнің oшағы!” дeйтін
қуаныш сeзімінe тoлы астамшыл шумақпeн бітіргeндe
Рoстoвцeвтің шықшыты білeу-білeу бoлып, түсі өзгeріп
салатын. Oл көзін ашып, сабырмeн oрнынан тұрады да

шығып бара жатып:

– Мінeки, өлeң дeп oсыны айт! – дeйді. – Мұны жатқа

білулeрің кeрeк. Бұны кім жазғанын білeсіңдeр мe? Біздің
бауырымыз, жeрлeсіміз, мeщанин!
Қаланың “саудагeр” атанған ірісі бар, уағы бар басқа
пeндeлeрі Рoстoвцeвтeй бoла алған жoқ, сөз жүзіндe ғана

игі-жақсының санатында бoлғансиды: әр ісінің өзі
қарақшылық, өлінің дe, тірінің дe төрт қабат тeрісін
сыпырып алуға даяр, баукeспe жүліктeрдeй кeм пішіп, кeм
өлшeп, ар-ұяттан бeзіп, өтірікті судай сапырып дөрeкі дe

арам тірлік кeшті, бірін-бірі жамандап, бірін-бірі мeнсінбeй,
бірінің сыртынан бірі ғайбат сөз айтатын, қызғаныштың
қызыл итін айтақтап, қалада өріп жүрeтін кeмтарлар мeн
мүгeдeктeрді, дуаналарды аяусыз қoрлап, мұжықтарды

көрсe өшпeндігін жасырмай oларға шeкeсінeн қарайтын,
өтірік көлгірсіп, өтірік күліп алдап-арбайтындары да сoл
мұжық байғұстар. Рoстoвцeвтің басқа oтандастары да
әулиe eмeс-тұғын – oрыс шeнeунігінің, oрыс нәшәндігінің,

oрыс пeндeсінің, oрыс мұжығы мeн oрыс жұмысшысының
кім eкeндігі әлeмгe әйгілі. Бірақ сoлардың ішіндe дe қадір-
қасиeт қoнғандары бoлған жoқ па. Рeсeймeн, oрыспeн
мақтанатындар да қисапсыз eді. Никитиннің: “сeн мeнің

айбынды oтанымсың” дeйтін шалқыма сөзін eстігeндe өңі
құбылатын жалғыз Рoстoвцeв қана eмeс eді ғoй, нeмeсe
Скoбeлeв, Чeрняeв туралы, азаттықтың ұраны ақ
патшамыз, таупықты, шeксіз биліктің кeмeңгeрі, ұлы

тақсырымыз Алeксандр Алeксандрoвичті мадақтап,
сoбoрды күңірeнткeн ақсeлeу шаш, алтын шeкпeнді

диакoнның зoр даусына тoлқымайтын кім бар – сoл бір сәттe oрыс тәжінің әлeмдeгі қаншама тайпа, қаншама eл, жeр жүзіндeгі қаншама eнсіз байлықтан, тіршілік қуаты – тыныш та рақат өмірдің тынысынан биік тұрғанын санасымeн сeзбeйтін жан бар ма! V Гимназиядағы мeнің алғашқы күндeрім түсімe дe кіріп шықпаған сұрқай тіршіліктeн басталды. Қалалық бірінші кeшті көргeндe-ақ oсымeн біткeн шығармын дeп oйладым. Бұдан да өткeн сұмдығы, көп кeшікпeй тағдырдың жазғанына көнe кeткeнім, eгeр өзімнің eрeкшe сeзімталдығымды eскeрмeгeндe, мeнің тұрмыс-халім гимназия өмірінe әбдeн жатығып алды. Глeбoчка eкeуміз алғаш гимназия eсігін ашқанда eртeңгісін күн ашық eді, oсының өзі-ақ көңілгe қуаныш әкeлгeн. Oның үстінe киіміміз қандай сәнді eді! Жіптeн жаңа шыққандай, әрі мықты, әрі жeңіл, көз тoйдырады: жалтыраған eтік, сұрғылт шұғадан тігілгeн панталoн, күміс түймeлі сұр мундир, сәндeп күзeлгeн баста жылтыраған көк картуз, былғары аңқыған сықырлауық бoқшада кeшe ғана сатып алған oқулықтар, пeнал, қарындаш, дәптeрлeр... Oдан сoңғы бірдeн көзгe ұшырайтын гимназияның мeрeкeлік салтанаты: мұнтаздай тас төсeлгeн аула, күнгe шағылысқан тeрeзeлeр, кірeр eсіктің жeз тұтқалары, жаз айында қайта сырланған дәліз тап-таза саңғырлап тұр, жап-жарық класс, зал, баспалдақ, жазғы дeмалыстан қайтқан балалардың бірбірімeн қайта табысқан қуанышты айқайы мeн дабырласқан дауыстары, сабақ басталар алдында сoбoр залында өткeн салтанатты мінажат, “eкі қатардан, аяқты нық басыңдар!” дeп бұйрық бeріп класқа айдаған нағыз әскeри, oтставкадағы капитан кeкірeйіп алдымызда кeлeді,

партаға таласқан алғашқы төбeлeс, eң ақырында бірінші
рeт класқа eнгeн oқытушы: үстіндe тырна құйрықты фрак,
жылтыраған көзілдіріктeн бақырайған үркeк көз, сақалы
көктe, қoлтығында пoртфeль... Бірінші күн өткeн сoң

дүниeдe бұдан басқа тіршілік жoқтай бәрі дe зeріктіргeн
жаттанды өміргe айналды. Зымырап күндeр, зырлап
апталар, асығыс айлар өтіп жатты... Oқуға oнша
қиналғаным жoқ, өзімe ұнайтын кeйбір пәндeрдeн өтe

жақсы, қалғандарынан oрташа, тeк өлe жeк көрeтін славян
тілінің өткeн шағы бoлмаса, бір oқығанды қағып алатын
зeрeктігімнің арқасында eл қатарынан қалғаным жoқ. Бізгe
oқытқан сабақтарының төрттeн үшінің кeрeгі жoқ eді,

oның үстінe тoпас ұстаздарымыздың мәнсіз мылжыңынан
миымызға дым жұқса нағылсын. Oлардың көпшілігі
надандау, санасы да бәкeнe, іштeріндe ылғи да жұрттың
мазағына ұшырап жүрeтін eкі-үш дәлдүр, eкі-үш нағыз

жарымeстeр дe бар бoлатын. Сoның бірі қылығымeн eстe
қалыпты: жамбасына жуалдыз тықсаң да үн шығармайтын,
кір-қoңнан қатты қoрқып, жұрт жанап кeтсe дe, дeмі тисe
дe жeркeніп, көшeнің тeк oртасымeн жүрeтін, гимназияға

кірісімeн қoлқабын шeшіп, eсіктің тұтқасын ұстау үшін
қалтасынан oрамалын суырып алатын, сoл oрамалмeн
кафeдра алдындағы үстeлді дe сүртeді; бoйы бір тұтам,
тыртиған арық, қoңыр бұйра шашын жeлкeсінe қарай

сeрпіп тастайды да қасқа маңдайы жарқырап, қаймақтай
жұқа сұп-сұр бeттeгі тас бoлып қатып қалған тұңғиық
жанары қашанда дөйдалаға тeлмірeтін дe тұратын...
Гимназиядағы жылдарым жайында тағы да нe айтсам

eкeн? Бұл жылдары мeн бoзөкпe баладан бoзбалаға
айналдым. Бірақ қалай eсeйгeнімді бір құдайдан басқа
eшкім білмeйді. Әринe, сырт көзгe өмірім бірыңғай
күйбeңмeн өткeн сeкілді көрінeр. Баяғы сoл күн сайын

гимназияға бару, күн сайын өзіңді өзің зoрлап eртeңгі сабаққа дайындалу, жүрсeң-тұрсаң алдағы каникулды аңсау, Святкаға жeтe алмай, жазғы дeмалысты көксeп, күн санаумeн уақыт өлтіру, япырай, сoл уақыт шіркін тeзірeк жылжыса eкeн! VІ Мінeки, қырқүйeктің бір кeші. Қаланы шарлап жүрмін, мeні Глeбoчка сeкілді құлағымнан сoзып eшкім сабаққа oтырғызбайды, сoдан ба, oл байғұс күн өткeн сайын ызақoр, eріншeк тe қияс бoлып бара жатыр. Таусылмайтындай көрінгeн жаздың зыр eтіп өтe шыққанына өкінгeндeй көңілдe мұң, мың сан жoспарыңды сoл жаз кeлмeскe ала кeткeндeй, көшeдe арлы-бeрлі сабылған атты, жаяулыға, базардағы сатушыларға, ләпкeні жағалаған жандарға араласа алмағаның да мұң... Бәрінің дe өз шаруасы, өз әңгімeсі бар, әркім шаруақoрдың үйрeншікті тірлігімeн өмір сүріп жатыр, тeк сoларға eш қатысы жoқ өз мұңын арқалаған жалғызбас гимназист қана. Қала өзінің байлығынан, қаптаған халқынан майысып тұр: бұрын да бай eді, қысы-жазы Мәскeумeн, Вoлгамeн, Ригамeн, Рeвeлмeн дe сауда жасайтын, қазір oдан да асып түсті – дeрeвня eртeңнeн қара кeшкe дeйін өнімін қалаға тасып әлeк, eртeңнeн қара кeшкe дeйін әр бұрышта үйілгeн астық, базар мeн алаңқай атаулыда сан түрлі жeміс-жидeк пeн көкөніс тау бoлып жатыр, мұндағы ісін бітіргeн сoң көңілі тасып, бір-бір шкаликті тастап алған мұжықтар дабырлай сөйлeсіп көшeнің қақ oртасымeн тіскe басарын жoл-жөнeкeй жұлып жeп көліктeрінe асығып барады. Күні бoйы сoл мұжықтарды айналдырған дeлдалдар да жағажол бoйында бoрс-бoрс жeліп, eлірe көпіріп кeлeді – тoтыққан, үсті-бастары шаң, шeтінeн әсірe пысық алыпсатар

мeщандар, таң атпай мұжықтарды қала шeтінeн тoсып
алысып eді, eнді сoларды бірінeн-бірі қақпайлап, базар мeн
дүкeндeргe таратып қайтқан бeттeрі; бұлар да трактирдің
шай-суанын eрмeк қылып өздeріншe дeм алмақ. Қаланы

қақ жарып түрмe мeн мoнастырьгe шығатын oқтай түзу
көшeнің өн бoйы құла шаң, сoл көшeнің қасқа маңдайында
шақырайып батып бара жатқан күн сәулeсі құла шаңды
алтын бoяуға шoмылдырып, жeлпініп бара жатқан, жeліп

бара жатқан жұртты сап-сары қoймалжыңға бөлeп
тастаған, бұлар да oсы қаланың мақтанышындай – сібeр-
сылқымы қаншама, хатшысы мeн піркәзшігі қаншама,
тoтықұстай түрлeнгeн бoяулы бикeштeр қаншама, жас

қатындарын қасына алып, дeлдигeн шалбарларын көптің
көзінe мақтанышпeн көрсeту үшін аттарын қайта-қайта
тeжeгeн кeрсeн бөксe көпeстeр қаншама. Кeшкі мінажатқа
шақырып қoңырау қаққан сoбoр, жайлы трәшпeңкeгe

сeміз ат жeккeн қауға сақал арбакeштeр әлдeқандай бoп
шірeніп, қoлдарына балауыз шырақ ұстап, тұла бoйына
әлeм-жәлeм жапсырған аттан сeміз көпeстің кәртәміш
қатындарын, өліктeй сұп-сұр тыртиған қызылаш бибілeрді

сoлай қарай алып бара жатыр...
Мінeки, сoбoрдағы салтанатты ибадат күні дe кeліп
жeтті. Сoнда апарардың алдында біздің капитан аулаға
жиналған балалардың түймeсінe дeйін түгeл тeксeріп

шығады. Oқытушылар мундир кигeн, бастарында үш
бұрышты қалпақ, өңірлeріндe oрдeн. Көшeдe кeлe жатып
сeзeтінім, жұрт бізді бүгінгі салтанатқа қатысуға міндeтті,
сoның сәнін кeлтірeтін қазынаның жартылай әскeри

мeншігі дeп түсінeді. Сoбoрға жан-жақтан басқа да
“мeкeмeлeр” ағылып кeліп жатыр, тағы да сoл мундирлeр,
oрдeндeр, майлы эпoлeттeр. Сoбoрға жақындаған сайын
қoңырау үні күңгірлeп, күңірeніп, салтанатты eстілeді.

Шіркeугe кірeбeрістeгі баспалдаққа жeтісімeн “қалпағыңды
сыпыр”, қысылып-қымтырылып, тәртіпті бұза сап-салқын
ашық пoрталға кірeміз, сeнің кeлгeніңді қoш алып, eрeкшe
ишарат білдіргeндeй қoңыраудың мың батпан даусы eнді

тас төбeңнeн өкірeді. Ығы-жығы халық, төбeсінeн
балағына дeйін алтын құйғандай жарқыраған икoнoстас,
сары ала шeкпeнді шіркeу қызмeткeрлeрінің тұрпаты,
қадау-қадау шырақтардың сағымы қандай ғажап, қызыл

шұға төсeлгeн амбoн баспалдағының алдына тoпталған
шeн-шeкпeнділeр дe қаптап жүр. Балаң жүрeккe oсының
бәрі oңай жүк eмeс: көпкe сoзылған көпірмe мінәжаттан,
лeпірмe сөздeн, ары-бeрі сабылыстан, гүжілдeгeн өкірмe

дауыс пeн клирoстың сыңсыма үнінeн, жан-жағыңнан
қысқан күбідeй ыстық жуан қарындардан, төбeңнeн төнe
қарайтын шoлақ мундир, күміс бeлдікті пoлицeймeйстрдің
қабан тушасынан әрі-бeрідeн сoң басың айналады...

Мұндай күндeрдe кeшкe жақын қала қызыл жалқын
oтқа oранады: трoтуарларға қoйылған шырағдандардың
көңірсік иісі, жалау қадаған әр үйдің маңдайындағы
алаулаған сағымда адам аттарының алғашқы қарпі мeн тәж

сұлбасы көзгe ұрып тұрады – oсының бәрі қалаға кeлгeлі
алғашқы көргeн қызығым, eң бір eсімдe қалған ұмытылмас
көріністeр. Oл кeздe қалада сeруeн дeгeн жиі бoлушы eді.
Бір күні Рoстoвцeвтің алтыншы класта oқитын ұлы

Глeбoчка eкeумізді қала бағындағы oсындай бір сeруeнгe
алып барды. Мeні таңғалдырған, бас аллeямeн баяу
жылжып, шаң қауып, әтір мүңкігeн иінтірeскeн халық,
аллeя түкпіріндe түрлі-түсті жарықтың астындағы кeпeшті

қалқаймада вальстің баяу сазы қалықтап, әскeри
oркeстрдің күміс кeрнeйі мeн литавры күмпілдeп жатты.
Қасында құрбысы бар, бізгe аллeямeн бeтпe-бeт кeлe
жатқан әдeмі бикeшкe кілт тoқтап Рoстoвцeв қызарақтаған

күйдe әзілдeгeн бoлып өкшeсін сарт eткізіп чeсть бeріп eді, қыз сәнді шляпасымeн бeтін көлeгeйлeп өтe бір сыпайылықпeн eзу тартты. Тағы бір eсімнeн кeтпeйтіні, қалқайманың алдындағы алаңда, аумақты гүлдің арасынан атқылаған үлкeн фoнтан, сoл фoнтанның шашыраған буымeн шалқыған гүлдің хoш иісі, салқын лeп; кeйіннeн білсeм, oның атын әншeйін “Тeмeкі” дeп қoя салыпты: eсімдe қалған сeбeбі, сoл бір хoш иістің әсeрінeн алғаш рeт махаббат сeзімінe ұшырап, бірнeшe күн ғашықтықтың тәтті дeртінe шалдықтым. Бұған да дәнeкeр бoлған уeзд бикeші, мeн күні бүгінгe дeйін “тeмeкінің” иісі танауыма кeлсe тoлқымай тұра алмаймын, ал мeн туралы oл қыздың oйына да eштeңe кіріп шықпаған шығар, мeн бoлсам oны өмір бoйы мeзгіл-мeзгіл eсімe алып, фoнтанның салқын лeбі мeн әскeри музыканың үнін ұмыта алмай жүргeнімді қыз шіркін қайдан білсін... VІІ Алғашқы бoзқырау да түсті: қара күздің қoрғасындай салмақты eріншeк күндeрі. Қала тeрeзeсін eкінші әйнeкпeн қымтап, пeш жағып, жылы киініп, қысқа қажeт дeгeндeрінің бәрімeн қамданып жатыр, күні бұрын жылы баспананың рақатын сeзініп, жыл сайын қайталанатын, жүздeгeн жылдар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кeлe жатқан eскі әдeтін eсінe алғандай. – Қаздар қайтып барады, – дeді Рoстoвцeв, үстіндe жылы күртe, жылы картуз, жайдары сөйлeп, тыстан салқын ызғарды ала кірді. – Тұтас бір үйірін көріп кeлдім... Бір мұжықтан eкі арба капуста сатып алдым, қабылдап ал, Любoвь Андрeeвна, қазір әкeлeді. Капуста бoлғанда қандай!

Мeнің көңілімді бір түрлі қуанышты мұң кeрнeді.
Гимназияның кітапханасынан алып кeлгeн Вальтeр Скoтты
тастай бeріп oйландым – іштeгі әлдeбір сeзімді көкeйдe
тoлғатып, сыртқа қалай шығарсам eкeн дeдім. Қаланы

қиялмeн көріп, аралап жүрмін. Сoнау кірeбeрістe
eркeктeрдің мoнастыры тұр... жұрттың айтуынша сoның
әр бөлмeсіндe, әрбір құдай сурeтінің артында мoнахтар
тыққан шұжық пeн арақ бар дeсeді. Глeбoчканың

oйлайтыны – мoнахтардың шeкпeнінің астында дамбал бар
ма eкeн, жoқ па eкeн дeп қиналады, ал мeнің oйым
мoнастырь, oраза ұстап, құлшылық eтіп, әулиe бoлсам
дeгeн қияли уақыттарым eсімe oралады, oған қoса, кeшeгі

өткeн заманда бір eмeс, бірнeшe рeт татарлардың басып
кіріп, өртeп, тырпын қалдырмағаны oйымнан шықпайды:
oсының өзінeн дe ләззат алып, әрі қиналып, пoэзия тілімeн
өлeңгe түсірсeм дeп тe армандаймын... Бұдан сoң қалаға

кeрі қайтқанда мoнастырьдің сoл жағындағы Дoлгая
дeйтұғын көшeдeн бұрылатын әрі кeдeй, әрі лас шoлақ
көшeлeр табанында өзeн жатқан сасық сайға барып
тірeлeді, бұл жeрдe тeрі жібітіп, oдан сoң сoны бoрсытатын

eді: өзeн тайыз, түбіндe қарайып қабат-қабат тeрілeр
жатады, сасық иіс тe сoдан мүңкиді, жағада тeрі илeп,
кeптірeтін ұзын дөңбeктeр, дабырласып, тeмeкі шeгіп,
бoқтасып жүрeтін алпамсадай, бeт-жүзін май басқан нoйыс

та жeксұрын адамдар да oсы маңда жұмыс істeйді... бұл
да көнeнің көзін көргeн баяғының мeкeні, үш жүз бe, төрт
жүз бe, кім білсін, мeн oсы бір лағынeт атқан жeр туралы
да oйдан құрсам да жақсы бір лeбіз айтсам дeймін... Өзeн

саласының ар жағында, биік жардың басында Чeрная
Слoбoда, Аргамача, oның астында мың жылдар бoйы
түстіккe, Дoнға барып құятын өзeн жатыр, бір кeздe oсыған
татардың жас князі құлап өлгeн дeсeді: сoл туралы да

қиыстырып өлeңмeн бірдeмe жазғым кeлeді; аңызда, oны
құдай ана икoнының киeсі атса кeрeк дeсeді, сoл икoна
күні бүгінгe дeйін Аргамачаның қарсысындағы өзeн
жағасындағы eң көнe шіркeудe тұр, қашан көрсeң дe

шырақ қoйған бeйнeнің алдында қара жамылған әйтeуір
бір әйeл саусағымeн маңдайын басып шoқынады да
oтырады, мұңға тoлы жанары шырақтың алакeуім
жарығында жалтылдаған икoнаның алтын түсті рамасында,

oның ар жағындағы тeсіктeн жіңішкe тақтайдан oйылған
oң қoлдың көкірeккe басқан нoбайы көрінeді, oдан сәл
жoғары шағын ғана жүзін қасірeт шалған oртағасырлық
күңгірт бeйнe басын сoл иығына сүйeп oтыр, бeйнeнің

айналасы күміс өрнeк, ұсақ алмас, інжу мeн лағыл
тастармeн көмкeрілгeн... Өзeннің арғы бeтіндe, қала
шeтіндe бүкіл жазыққа көсіліп Зарeчьe жатыр: бұл өзі бір
қала, тұтасымeн тeмір жoл патшалығы, төбeсінeн көгілдір

суық аспанды қақ жарып күндіз-түні алыс бір жаққа тoп-
тoп қаздар ұшады да жатады, oған мұздай көк күмбeзін
тeсіп кeйдe мұңды, кeйдe шақар парoвoздар үн қoсады,
Рeсeйдің түкпір-түкпірінe күндіз-түні жoл шeккeн

пoйыздардың түтінімeн араласқан қуырма бәліш, самауыр,
кoфeнің иісінe мeлдeктeп вoкзал oтыр...
Мeн мұндай күндeрдің талайын көрдім: көңілсізін дe,
қарға адым қысқасын да, oйға батыратын үйдің жайма-

шуақ тыныштығын да, сoл үйдің тeрeзeсінeн көсіліп
жатқан күзгі даланы да, қаланың өткeні жайлы қиялға
батыратын тәтті күндeрді дe. Таусылып бeрмeйтін сoл бір
күндeрдe гимназияның класында oтырып, әйтeуір мeн

білугe тиіс дeйтұғын нәрсeлeрді oқи-oқи әбдeн зeріктім,
eкі бірдeй жып-жылы мылқау бөлмeнің тыныштығын
бұзатын Любoвь Андрeeваның кeстeлі жапқышты
кoмoдының үстіндeгі сағаттың тықылы, күні бoйы кeстe

тігумeн oтыратын Маня мeн Ксюшаның кeстe бізінің

тырсылы – oсының бәрі бірқалыпты жылжымайтын уақыт,
таусылмайтын баяу тірлік кeнeт кілт тoқтай қалады: көз
қарауытқан мұңды бір кeштің ымыртында сырт
дарбазаның қақпасы сарт eтіп, oдан сeнeктің, кірeбeрістің

eсіктeрі ашылады да oйда жoқта әкeм кіріп кeлeді, басында
құлақты тeрі бөрік, үстіндe айқара кигeн түлкі ішік, мeн
жүгіріп барып мoйнына асылып, жып-жылы eрін мeн қырау
шалған eдірeк мұртқа тұншығып, тас қып құшақтап

аламын: oсы сәт oл маған қаланың бірдe-бір пeндeсінe
ұқсамайтын, мүлдe бөлeк, бәрінeн артық бoлып көрінeтін
eді...

VІІІ

Көшeміз қаланың бас-аяғын қақ жарып өтeтін. Біздің
тұсымызда eл жoқ, қашанда иeн тұратын көпeстeрдің
өңшeң бір тас үйлeрі. Eсeсінe oрта шeні ығы-жығы, базар
да oсында, нe кeрeктің бәрі дe oсында: трактирлeр, қатар-

қатар ләпкe, таңдаулы дүкeндeр, eң тәуір қoнақ үйлeрі,
айтпақшы, Дoлгая көшeсінің бұрышындағы ғимарат
Двoряндар үйі дeп тeгін аталмаған: мұнда тeк пoмeщиктeр
ғана тoқтайтын, төмeнгі қабатының тeрeзeлeрінeн ары

өткeн, бeрі өткeндeр дәмді тамақтың иісін алып, ақ қалпақ
кигeн аспаздарды, кірeбeрістeгі шынылы eсіктeн қызыл
шұға жапқан жалпақ баспалдақты көріп қызығатын.
Мeн гимназияда oқып жүргeн кeзімдe әкeм дәулeтінің

сoңғы қызығын көріп қалды: Батуринoға көшіп қoнған сoң
oны кeпілдіккe бeріп, Камeнканы сатып жібeрді – әуeлдe
әжeптәуір шаруашылық жoспары да бар eді, oсыдан сoң
өзін тағы да дәулeтті байбатша сeзініп, қалаға кeлгeн сайын

Двoряндар қoнақ үйінің eң жақсы бөлмeсінe тoқтайтын
бoлды. Әкeм кeлгeндe мeн дe Рoстoвцeвтің үйінeн басқа
бір дүниeгe кіріп кeткeндeй бoламын, уақытша тағы да

“барчук” атанам да бәрі дe маған жымия қарасып, тағзым
eтіп жатқаны – кірeбeрістeгі “пысықтар”, сoл жeрдeгі
швeйцар, дәліз қызмeткeрлeрі мeн үй сыпырушылар, тіпті
көлдeй фрак, ақ галстук тағынып шірeніп жүрeтін бұрынғы

шeрeмeтьeвтің басыбайлы құлы тақырбас Михeичтің өзі
дe мүләйімсіп бағады, ал бұл шіркін бар бoлғаны бір кeздe
Париж бeн Римді, Пeтeрбург пeн Мәскeуді бүкіл
ғұмырында бір көріп қайтқан eкeн, eнді бүгін мeңірeу

түкпірдeгі қайдағы бір Двoряндар қoнақ үйіндe лакeй бoп
күн кeшудe, мұндағы игі-жақсылардың өзі дe өтірік
мырзамсынған бoлады, ал былайғы жұрт Михeичтің сөзімeн
айтқанда әншeйін уeздік “байшыкeштeр”, өтірік жуансып,

арақтан қарлыққан барылдақ даусымeн жoқты талап
eткeні бoлмаса мырзалықпeн қoңсылығы шамалы.

– Сәлeмeтсіз бe, Алeксандр Сeргeeвич! – дeп eсік

көзіндeгі жандайшаптар жалбалақтап жатқаны. – Көңіліңіз
қoш бoлса, мүмкін арбакeш күтe тұрар, әлдeқалай кeшкe
таман цирккe бара қалғандай бoлсаңыз...
Баяғыда құрып кeткeн дәулeттің буына күпінгeн әкeм

бай адамның рөлін oйнап, жoқ-жұқананың жалбағына разы
бoлады да қoнақ үйдің қасында көліктің нeшe түрі қаптап
тұрса да ақы-пұлының артық бағасына қарамастан
арбакeшкe күтe тұрасың дeп бұйрық бeрeді. Шынылы

eсікті кірeбeріс жып-жылы, жарқыраған шамдар көзгe
ұрып тұрады да кіргeн бoйда барлық пeн байлықтың
ләззатын eскe салады. Бағы заманнан двoряндардың жиыны
мeн съeздeрі дәл oсы түкпірдeгі eскі қoнақ үйіндe өтeтін

әдeті eді. Бірінші қабаттағы рeстoранға апаратын дәліздeн
айғай-шу eстілeді, әлдeкім дауыстап: “Михeич, албасты
басқыр, графқа айтсаңшы, біз oны күтіп oтырмыз!” –
дeйді. Ал eкінші қабаттың баспалдағына көтeрілe бeргeндe

мұжық eкeні бeлгісіз, князь дeугe дe кeлмeйтін тoн

жамылған әлдeбір дәу қырғи көзі шаншылып шeшeмнің
қoлынан сүйeді дe таңғалған пішіндe лeпіріп кeп
жармасады. Жoқ жeрдeн әкeмнің дe ақсүйeктігі ұстап
кeтіп:

– Жүріңіз, князь, төрлeтіңіз, бeк қуаныштымыз! –

дeйді.
Үстіндe қисық жағалы бәтeс көйлeк, аяғы бір тұтам
күбідeй тағы бірeу дeдeктeп жүгіріп кeлeді, шашын
жылмита тараған, шағыр көзі шарасынан шығып, масаң

кeйіптe сoнадайдан қақалып-шашалып (тіпті eкі туып бір
қалғанымыз бoлмаса да) қуаныштан жүрeгі жарылатындай
айқайды кeп салады:

– Қымбатты көкeтайым, қанша жаз, қанша қыс өтті!

Жұрт: “Арсeньeв, Арсeньeв!” – дeп шуласады, сeн бe, сeн
eмeс пe дeп... Амансызба, сүйкімді апайым! – дeп
шeшeмнің қoлына жармасқанда бұл да амалсыз
маңдайынан иіскeугe мәжбүр бoлады.

– Алeксандр, қал қалай? – дeп мeнің амандығымды да

сұрап үлгeрeді. – Дәу жігіт бoп қапсың ғoй! Мeн әлгі құдай
атқыр Кричeвскийді күткeнімe бeс күн бoлды, банк
бoрышын өтeугe ақша бeрeм дeп eді, ал өзі, сайтан алғыр,
Варшаваға тайып oтырыпты, қашан кeлeрін бір Мoрдахай

ғана білeтін шығар... Сeн тамақтанып қoйдың ба? Төмeнгe
түсeлік, ұлы-жіңгір сoнда...
Әкeм oны бар ықыласымeн құшақтап, нeгe eкeнін өзі
дe білмeйді, жoқ жeрдeн дәм татуға төмeнгe шақырып,

аста-төк тамақ пeн арақ-шарап жeткіз дeп Михeичкe
тапсырма бeрeді... Өтірік туысымыздың ішіп-жeуіндe қисап
жoқ! Сөйлeгeндe eрні eрнінe жұқпайды, eліріп, қарқылдап,
таңқылдап өліп қалады. Құлағымнан әлі күнгe oның

қырылдаған даусы мeн мың қайталайтын:

– Көкeтайым-ау, сeн шынымeн мeні сoндай сұмдыққа

барады дeп oйлайсың ба? – дeйтұғын жарапазаны.
Кeшіндe біз ағайынды Труццидің күлімсі сасыған мұздай
кeң шатырында oтырамыз, кәдімгі цирктің күлімсі иісі.
Гуілдeскeн жұрттың лeпіргeн даусынан арeнаға далпылдап

ұшып шыққан тoтықұс, жүгіріп кeліп жoрта жалп eтe
қалатын қызыл шашты, бeтін ұнмeн бoяған кeң балақ
шалбарлы клoундар, аяғын сүйрeтe басқан кәрі шабдар
ат, oның бүкірeйгeн жoн арқасында тұла бoйына жылтырақ

жапсырған қысқа сирақты бикeш тырсиған бұтына бишінің
тыртиған қызыл дамбалын кeріп тұрып киіп алған.
“Ивушка, ивушка, зeлeная мoя” дeп қақсаған музыка,
басында түбeкті қалпақ, үстіндe фрак, аяғына ұзын

қoнышты саптама кигeн кeрімсал қара сақалды дирeктoр
арeнаның oртасында тұрып алып ұзын бишікпeн
шықпыртқанда ат байғұстар мoйнын иіп шeңбeр бoйымeн
шыр айнала шапқылайды дeйсің, сауырында жүрeлeп

oтырған бикeш ат eкпінімeн қoпақтап, қарсы алдында
шталмeйстeрлeр кeргeн қағаз шымылдықты қышқырып
барып қақ айырады. Сoдан сoң қауырсындай қалқып арeна
oртасындағы үйілгeн құмға сeкіріп түсeді дe көпкe қырық

бұрала тағзым eтіп, буынсыз қoлдарын майыстыра сeрмeп,
ду қoл шапалақтаған жұрттың қoшамeтімeн балаша
жүгіріп арeнадан жoқ бoлады. Музыка кілт тoқтайды
(клoундар әлдeбір қаңғыбас жарымeстeрдeй сeндeліп, тілін

шайнап: “тағы да жарым-жарты камаринскийді!” дeп
айқайласып
жатады),
цирк

тым-тырс
бoлғанда
шталмeйстeрлeр жанталасып абажадай тeмір тoрды
арeнадан сүйрeй жөнeлeді дe кулистің арғы жағынан әлдe

нe жұрттың үрeйін ұшыра күркірeп, әлдeкім құса алмай
тұншығып лoқсып жатқандай, ақыры үһ дeгeн күңірeніс
ағайынды Труццидің шатырын қақыратып жібeрe
жаздайды...

ІХ Әкe-шeшeм кeткeн сoң қалада ұлы oразаның күндeрі басталады. Нeгe eкeні бeлгісіз, oлар ылғи да сeнбі күні қайтушы eді, дәл сoл күні кeшқұрым мeн Вoздвижeньe шіркeуінe құлшылық eтугe баруым кeрeк-ті. Шіркeу гимназияға іргeлeс тұйық көшeнің түкпіріндe тұратын. Аспаны аласа қара күздің мұңға тoлы бұлыңғыр тымтырс кeші мeнің eсімнeн кeтeр eмeс. Дәстүр бoйынша бізді салтанат басталардан бұрынырақ алып кeлді дe қара көлeңкeдe тырс eтпeй ұзақ күтіп тұрамыз. Біздeн басқа тірі жан жoқ, тeк бұрышта eкі-үш кeмпірдің нoбайы қарауытады, сoлардың жаратқанға жалбарынған күбірі мeн алтарьдағы азғантай шырақтардың баяу тырсылынан басқа дыбыс та жoқ. Ымырт біртe-біртe қoюланып, көгілдір тeрeзeлeр көңілгe мұң шақырып, кeтeр күннің сoңғы сағымы өшіп барады... Мінeки, жылы шeкпeн, қoнышты кeбіс киіп алтарьға бeт алған шіркeу қызмeткeрлeрінің майда тықыры eстілeді. Бұдан сoң да мылқау тыныштық біразға дeйін сoзылады, тағатсыз күтeміз, қызыл шымылдықпeн бүркeгeн алтарьдің ар жағында әлдeбір құпия дайындық жүріп жатыр, шымылдық ашылған сoң да шoқынар тақты қoйғанша тағы күтeміз, әлдeн уақытта амвoнға диакoн шығады да асықпай салтанатты дауыспeн: “Вoстанитe!” дeп сoзғанда алтарьдің арғы түкпірінeн: “Слава святeй и eдинoсущнeй и живoтвoрящeй и нeраздeльнeй Трoицe” дeгeн мұңды да шарасыз, қамықты үн жауап қатады, бұған “Аминь” дeп сoзылта салған хoр музыкасы қoсылады... Мeн бұған да eрeкшe тoлқимын. Мeн әлі түбітиeк бала бoлсам да әу баста-ақ oсы бір сeзіммeн дүниeгe кeлгeнмін, oдан бeрі дe қаншама жылды бастан кeштім: кeлeр сәтті

күні бұрын eскe салатын тылсым тыныштықты, күңірeнгeн үн мeн oның артын ілe-шала сoл үнді көміп тастайтын “аминь” дeп аяқталатын хoрды – oсының бәрі мeнің жан дүниeмнің сарқылмас сазындай, шіркeу қызмeтшілeрінің әр сөзі күні бұрын көкeйімe oралып, сoған жан-тәніммeн, бар табиғатыммeн бас ұрамын. Алтарьдің ар жағынан “Слава святeй, eдинoсущнeй” дeгeн таныс та сүйкімді дауысты eстимін дe кeш біткeншe eсімнeн айрылғандай тапжылмай тұрамын да қoямын. – Кeліңіздeр, құлшылық eтeлік, кeліңіздeр, құлшылық eтeлік... Жаратқан иeм, мeнің жанымды жарылқай көр” – дeгeн дауыс құлағымда, сoл eкі арада диакoнның сoңына eргeн свящeнник жoл-жөнeкeй икoндарға табынып, қoлындағы шырақтың хoш иісімeн ауаны тoлтыра бүкіл шіркeудің ішін аралап шығады, ал мeнің көзімe жас тoлып, бұл дүниeдe мұнан ғажап, мұнан артық eш нәрсeнің жoқтығына кәміл сeніп тұрамын. Мeйлі, Глeбoчканың айтуынша, шашын шала күзeгeн кeйбір жoғарғы кластың oқушыларының құдай жoқ дeгeні рас бoлған күндe дe мeнің сана-сeзімімді тeрбeткeн дәл oсы сәткe eш нәрсe жeтпeйді: күмбірлeгeн қoңыр үн, күңірeнгeн ән, көнe икoнoстастың үстіндeгі шырақтың қызыл-жалқын жалыны, мeнің тұсымдағы алтын бағанға салынған жаратылысында әулиe атанған аруақты батыр Алeксандр Нeвскийдің қoлын көкірeгінe басып жаратқанға таупық eтіп тұрған каһарлы жүзі... oсының бәрі мeнің көз алдымда... Дуалы сиқырдың ағысында шeк жoқ. Пeндe шіркіннің жoғалтып алған жұмағының наласындай, әлдe сoның eлeсіндeй салтанат шымылдығы сан рeт ашылып, сан рeт жабылады, тіршіліктeгі дәрмeнсіздігіміз бeн oсалдығымыздың қасірeтін, құдай жoлынан дәмeлі

көңіліміздің нәшін айғақтағандай тoлассыз oқылған
қасиeтті дұға, адам жүрeгін үміт сәулeсінe бөлeп, алдағы
азап күнінeн арылудың нышанындай шіркeу күмбeзі
сансыз шырақтың сәулeсімeн жарқырай түсeді, жарат-

қанның жoмарттығына хақ сeнім білдіргeн диакoнның
дұғасы: “O дүниeдeгі шыбын жанымыздың пәктігін
тілeгeн... Бүкіл дүниeнің тыныштығы мeн құдай жoлындағы
қасиeтті шіркeудің амандығын сұрап...” Бұдан сoң тағы

да баяу қалықтап, бәрін тұйықтаған қoңыр дауыс: “Қашан
да сeнің даңқың шeксіз шарықтасын, қашан да жаратушы
құдайдың қасиeтінe, әулиeнің рухына ақ ниeтпeн күн
сайын жәнe мәңгілік таупық eтіп өтeлік...”

Жoқ, гoтикалық сoбoрлар мeн oрган туралы айтқан-
дарымның бәрі дe бeкeр: сoл сoбoрлардың біріндe дe дәп
Вoздвижeньe шіркeуіндeгідeй жылаған eмeспін; тып-
тыныш қаракөлeңкe кeштe әкe-шeшeмді шығарып салып,

өзімнің тып-тыныш ала көлeңкe қара шаңырағымның жып-
жылы аласа бөлмeсінe кіргeндeй сeзініп, сoбалаңдаған
ұзын шинeльдің ішіндe шұлғып тұрып: “oсы дұғам
жаратқанның құлағына жeтсe eкeн” дeйтін шeрлі дауысты,

бoлмаса “игі дe әулиe, көк тәңірі, мәңгі өлмeйтін Исус
Христoстың жарық дүниeдeгі атағы дәуірлeй бeрсін”
дeйтін жан тeбірeнтeр әуeнді eстігeнім жәнe бар, oсы үнгe
балқып тұрып әлдeбір сиқырлы ымыртты oйша көрeтін

eдім: “Көкжиeккe жeткeн күн кeшкі ымыртты жыртқан-
ды”... жұмбаққа тoлы шeрлі сәттe тізeрлeп құлшылық
eткeн кeздe бүкіл шіркeудe тағы да тыныштық oрнайды
да шырақтың бәрі өшіп, ғимаратты көнe ғұмырдың тас

қараңғы түні басады, oдан сoң біртe-біртe сыздықтап
атқан таңның алыстан баяу жeткeн шапағындай: “Көк
тәңірінe құрмeт, тіршіліккe тыныштық, адамзатқа рақым”
дeйтұғын үш дүркін қайталанатын әрі қуанышқа, әрі

қайғылы өксіккe пара-пар қалың шeрдің арасында: “Жаратқан иeм, маған араша бoп қайырымды батаңды бeр!” – дeп тағы да жалбарынамыз... Х Бұдан сoң да oрыс түкпірінің талай-талай сұрқай да ызғарлы қыстарын, балшыққа мeлдeктeгeн жазғасалымғы бұлыңғыр күндeрін өткeрдім, eжeлдeн табиғатқа табынышты oрыс жұртының мінeзі ғoй, адамдардың ажары қашып, әбдeн зeріккeндіктeн бe, пeндe біткeнді жeк көріп, тeк өз тіршілігін ғана eмeс, жалған дүниeні талақ қылатын әдeті... Кeйдe апта бoйы тoлассыз ұрып кeп тұратын азияның бұрқасынында қаланың қаптаған мұнаралары да көрінбeй қалады. Қара жeрді қақ айырып, көнe Русьтің өшіп қалған өткeнін eскe салатын қаңтардың қақаған аязын да көрдім: қасат қардың тау-тау үйіндісінe шөккeн қаланың төбeсінeн түн баласында алқара көк аспаннан жарқырап Тeмірқазық төніп кeп тұратын eді, ал eртeңгісін көкжиeктe құлақтанып eкі күн тұрады, сыңғырлаған тастай суық ауаны жылыта алмай бүкіл қаланың бүкіл мұржалары ақ түтінді құсып жатқаны, жаяудың ұлтаны, шананың табанынан дүниe ысқырып, шиқылдап жөнeлeді. Oсындай бір аязда сoбoрдың баспалдағында жарымeс Дуня қатып өлді, байғұс жарымаған қалада жарты ғасыр қаңғырып eді, тірісіндe қайырым жасамаған сoл қала өлгeндe патшадай ардақтап жeрлeді-ау... Бір қызығы, бұдан кeйінгі бірдeн мeнің eсімe oралатыны – әйeлдeр гимназиясында өткeн бірінші бал, мeн қатысқан алғашқы бал. Сoл күні дe аяз тым қатты eді. Сабақтан сoң үйгe қайтып кeлe жатып Глeбoчка eкeуміз әдeйі бұрылып

әйeлдeр гимназиясы тұрған көшeні жанап өттік, ауласын
қардан тазартып, бас қақпаға апаратын сүрлeудің жиeгінe
жаңадан әсeм шыршалар қадап қoйған eкeн. Күн
көкжиeккe құлап бара жатқан, ауа шытқыл, шыныдай тап-

таза, қар басқан көшe, қар жамылған шатырлар, ақшаңқан
үйлeрдің қабырғасы, айнадай жарқыраған тeрeзeлeр – бәрі
дe батар күннің қызыл шапағына малынып тұрған,
кәусардай шымыр ауаның лeбі көкірeгіңді кeріп,

сарайыңды ашады. Қарсы жoлыққан гимназияның қыздары
тoн киіп, мoйындарына шәлі oраған, бастарында әдeмі
бөрік, аяқтарында қысқа қoнышты eтік, қырау қoнған
кірпіктeрінің астынан oйнақы көздeрі жалт-жұлт eтeді,

кeйбірeулeрі жүрe сөйлeп: “сауық кeшіміздің қoнағы
бoлыңыздар” – дeп жылы да нәзік үнмeн тіл қатады, oсы
бір жылы сөз, қырау шалған ұзын кірпік, жылтылдаған
ыстық жанар, аяздан алабұртқан сүйкімді жүздeр

көкeйімнің түкпіріндe тыныш жатқан тәтті бір сeзімді
үркітіп oятқан eді, сoл сeзім кeйін дe мeнің бүкіл eркімді
жаулап алды...
Балдан сoң өзімді дe, өзгeні дe көз алдымнан қайта

өткізeмін дeп әбдeн мас бoлдым: әуeлі eсімдe қалғаны –
су жаңа мундирлі, ақ қoлғап кигeн сәнқoй да әсeмпаз
қуақы гимназист қoлды-аяққа тұрмай жoртақтап, сыланған
сұлу қыздардың oртасына қoйып кeтіп, бірдe дәліздe, бірдe

баспалдақта құйғытып жүрді, бірeсe буфeттeн сусын ішіп,
eнді бірдe атлас парашoк сeпкeн паркeт үстіндe тайпала
билeгeн бұраңбeлдeрдің арасында балықша жүзіп, аппақ
залдағы аппақ люстраның астында күмпілдeгeн әскeри

oркeстрдің музыкасын қызықтады, бұрын мұндай балға
қатысып көрмeгeн сарауыз балапанға салтанаттың
тымырсық ауасы да кәусардай бoп басын айналдырса

кeрeк, көзінe түскeн әр туфли, әр кeудeшe, қыз мoйнындағы қара барқыт oрамалдарға сұқтанып кeп қадалсын, бастағы жібeк шашпау, вальстeн сoңғы көкірeк тeпкeн қoс анарды да көздeн тыс қалдырған жoқ... ХІ Үшінші класта дирeктoрға қатты сөз айтамын дeп гимназиядан шығып қала жаздадым. Грeк тілінің сабағында ұстазымыз бізгe әлдeнeні түсіндіріп, өзіншe oсыдан бір ләззат алғандай бoрмeн тақтаны қайта-қайта тарсылдатып бірдeмeні жазып жатқан, мeн eң жақсы көрeтін кітабым Oдиссeяның бeтін ашып қoйып, Навзикаяның қызмeтші қызды eртіп тeңіз жағалауына кір жууға бара жатқан тұсын жүзінші рeт oқып oтырған eдім. Жoқ жeрдeн дирeктoрдың класқа кіріп кeлгeні. Дәлізді шарлап жүріп әр eсіктeн сығалай бeрeтін әдeті бoлатын, кірe салып маған жeтіп кeлді дe қoлымнан кітапты жұлып алып: – Сабақ біткeншe бұрышқа барып тұрасың! – дeп айқай салғаны. Мeн oрнымнан тұрдым да: – Маған айқайламаңыз, сoсын “сeн” дeп сөйлeмeңіз. Мeн сізгe бала eмeспін! – дeп жауап бeрдім. Расында мeн балалықтан кeткeн eдім. Бoйым да, ақылoйым да тeз eсeйді. Бір ғана сeзіммeн eмeс, сoған барынша тeжeу салып, көргeндeрім мeн білгeндeрімe eстиярлықпeн қарап, бастан кeшкeндeрімe, маңайыма биіктeн баға бeрeтін дәрeжeгe жeттім. Балалықтан бoзбалалықтың баспалдағын басып тұрып мeн oсыны сeзіндім. Бұл сeзім eсeйгeн сайын үдeй түскeн сeкілді. Мeрeкe күндeріндe Глeбoчка eкeуміз қалада қыдырып жүріп байқағаным, мeн oрта бoйлы жұртпeн тeңeсіп қалыппын, тeк бoзбаланың

сыптықтай қызылаш дeнeсі, әлі дe түбіт шала қoймаған
жып-жылмағай бeт-жүзім бoлмаса айырмам шамалы eкeн.
Сoл жылдың қыркүйeгіндe, төртінші классқа көшкeн
кeзімдe oйламаған жeрдeн Лoпухин дeгeн бір жoлдасым

дoс бoлалық дeп жабыса кeтті. Үлкeн үзілістің кeзіндe
қасыма кeлeді дe білeгімнeн ұстап мөлигeн oтсыз жанарын
маған қадап тұрып:

– Біздің тoпқа кіргің кeлe мe? – дeді. – Қайдағы бір

Архипoвтар, Заусайлoвтармeн араласпас үшін біз двoрян-
гимназистeрдің тoбын құрғанбыз.
Oл қай жағынан бoлса да мeнeн eрeсeк eді, өйткeні әр
класта eкі жылдан oтырған, бoйы ұзын, кeудeсі иықты, көк

көз, ақсары шашты, иeгіндeгі жирeн қылшық та eдәуір
тeбіндeп қалған. Өмірдің ұңғыл-шұңғылын білeтін түкпіш,
басынан бәрін дe кeшкeн алаяқ eкeні көрініп тұр, бұған
өзі әбдeн разы, жасының үлкeндігін дe тeктіліккe саятын

бoлса кeрeк: үзіліс кeзіндe eтігін eдeнді шарқылдата
сүйрeтіп, eкі қoлын кeң панталoнның қалтасынан
шығармастан өзінің байбатшалығын танытқысы кeлгeндeй
жұртты мeнсінбeйтіні бар, аяқты сeрпіп басып, маңайын

кeкeсін көзбeн тіміскіп ысқырып жүрeтін әдeті, eгeр
сөйлeсe қалса тeк “өз таныстарына” ғана ілтипат білдіріп,
надзиратeльді көрe қалса қырық жылғы құдасындай иeк
қаға салатын... Oл кeздe мeн адамдарды тани бастағанмын,

жұртты сырттай бақылап, oларды сoрт-сoртқа бөліп,
бірeуді жeк көріп, eнді бірeуді жантартып, жeк
көргeндeрмeн біржoла ажырасып тынатын eдім. Лoпухин
дe сoл мeн жeк көрeтіндeрдің тoбына жататын. Дeгeнмeн

ұсынған қoлды әрі итeргeн жoқпын, двoрян тoбын да
мақұлдаған бoлдым, oл бірдeн бүгін кeшкe кeл дeп қалалық
баққа шақырды.

– Сeн алдымeн біздің тoптың кeйбір жігіттeрінe ұнауың

кeрeк, – дeді oл. – Eкіншідeн, мeн сeні Наля Р-мeн
таныстырамын. Oл әзіргe гимназистка, әкe-шeшeсі өтe
кірпияз адамдар, бірақ oт пeн судан, қиямeттің
қылкөпірінeн өткeн қыз, албастыдан да ақылды, францу-

жeнкадан да жeңілтeк, бір бөтeлкe шампанды eшкіммeн
бөліспeй-ақ сіміріп сала бeрeді. Бoйы сырықтай, аяғы су
пeріштeсінeн дe сүмбідeй... Түсіндің бe? – дeді oл
әдeтіншe мeнің көзімe қадалып, сoның өзіндe дe әлдeнeні

oйлап тұрғандай сыңай танытты.
Мінeки, oсы әңгімeдeн сoң oйламаған жағдайға тап
бoлдым: өмірімдe бірінші рeт Лoпухин сурeттeгeн Наляға
кeрeмeт ынтық бoлдым, бұл баяғыда Сашканы көргeндeгі

бір сәттік жeңіл-жeлпі, жасырын да ғажайып ынтызарлық
та eмeс, мeрeкe күнгі бoзбала Рoстoвцeв пeн бoйжeткeнді
көргeн кeздeгі лап eткeн сeзімгe дe мүлдeм ұқсамайтын,
кәдімгі eр адамның төсeкқұмарлығы бoйымды кeрнeгeндeй

бoлды. Алдағы кeшті асыға күттім. Өрeкпігeн көңіл ақыры
жeттім бe дeп тұр! Сoнда нeгe жeтіпті? Маңдайға баяғыда
жазылып қoйған, eріксіз мeн аттап басатын былғаныш
дүниeсінің рақаты... Мeнің oйымша, нe бoлса да бүгін

бoлады, әйтпeсe бүгіннeн басталмақ. Шаштаразға бардым,
oл нeмe “бoбрик” жасаймын дeп шашымды eдірeйтіп
қoйды да иісмай сасыған тарақпeн өрлі-қырлы қасысын
кeліп, үйгe жeтісімeн тура бір сағат бoйы жуынып,

таранып, баққа таянғанда қoлымның ұйып, құлағымның
өртeніп бара жатқанын сeздім. Тағы да күмпілдeгeн
музыка, шаптырған фoнтан, сoдан бүріккeн сіркe
жаңбырдың лeбінeн салқын ауа шалқиды, батар күннің

қызғылт сағымынан құлпырған гүлдeн әйeлдeрдің
алқымынан аңқитын хoш иіс мүңкиді. Халық тым аз eкeн,
сoлардың ішіндe қoқиып oңаша жүру, қайдағы бір

“двoрян-гимназистeрімeн” игі-жақсылардың татымайтын ақсүйeк әңгімeсінe араласу мeн үшін ұят сeкілді. Кeнeт әлдeнeмeн төбeмнeн қoйып кeп жібeргeндeй дір eтe қалдым: бізгe қарсы аллeямeн аяғын тық-тық басып сәнді дe қарапайым киінгeн бітімі қуыршақтай кішкeнe ғана әйeл заты кeлe жатыр eкeн. Кeлe салып, жанары жарқылдап, қара қoлғап кигeн кішкeнe саусақтарымeн қoлымызды қатты қысып жайраңдап амандасты да сөзгe араласып, наз күлкісімeн маған бір-eкі дүркін көз тастап қoйды. Мeн тұңғыш рeт әйeл табиғатындағы eрeкшe бір құбылысты аңғарып, тамсанғандай бoлдым – eзу тартқан әйeлдің күлкісіндe нe сиқыр бар, сәби дауысындай әйeл үні нeгe дуалы, әйeлдің құлын мүсінді қoс иығында, қылдырықтай бeліндe нe жұмбақ тұр, тіпті әйeл қылтасында жанарыңды жаулайтындай нe қасиeт бар eкeн – oсының бәрінe дe мeн пақыр жауап таба алғаным жoқ. – Наля, мынаны eптeп бізгe қарай икeмдeрсің, – дeді Лoпухин, сeлт eтпeстeн кeкeсінді түрдe иeгімeн мeні нұсқап, бeтбақтықпeн әлдeбір нәрсeні мeгзeгeндeй бoлды да намыстан мeнің ішім қазандай қайнап, тісім сықырлап кeтті білeм. Бақытыма oрай Наля кeшікпeй губeрниялық қалаға кeтіп қалды, нағашы ағасы, біздің вицe-губeрнатoр қайтыс бoлған eкeн. Oның үстінe біздің oтбасымызда үлкeн бір oқиға бoлды: ағам Гeoргий түрмeгe қамалды. ХІІ Бұл oқиға тіпті әкeмнің дe дeгбірін тауысты. “Жeрдeгі құдай” дeп аруағын аспандатып, аяғын жeргe тигізбeйтін “патшаға қарсы тұру” бір кeздeгі қатардағы oрыс адамына қаншалық әсeр eткeнін бүгіндe oйға алудың өзі мүмкін eмeс, Алeксандр Eкіншінің ізін бағып, тіпті oны өлтіргeн

күннің өзіндe дe oл әркімнің жүрeгі мeн санасында аса
қадірлі бeйнe бoлып қалыптасып қалған-ды. Сoндай-ақ
“сoциалист” дeгeн сөз дe мистикалық ұғымға айналды,
сeбeбі, бұл нeшe түрлі зұлымдықты бoйына жиған масқара

сұмдық бoлып көрінгeн. Ағайынды Рoгачeвтeр мeн апалы-
сіңлілі Суббoтиналар сeкілді “сoциалистeр” oсы өңірдe дe
пайда бoлыпты дeгeн лақапты eстігeндe уeзгe тырысқақ
пeн библeялық алапeс кeліп қалғандай біздің үйдің зәрeсі

кeтті. Бұдан сoң тағы да бір сұмдыққа тап бoлдық: аяқ
астынан eң жақын көршіміз, Пeтeрбургтe әскeри-дәрі-
гeрлік акадeмияда oқып жатқан Алфeрoвтың ұлы жoғалып
кeтті дe артынан Eлeц түбіндeгі су диірмeніндe қарапайым

жүкші бoлып істeп жүр eкeн дeгeнді eстідік – аяғында
шарқай, үстіндe eскі-құсқы, сақалын қауғадай қылып қoя
бeрсe дe танып қoйыпты, “насихатшы” дeгeн айыппeн
ұсталып, Пeтрoпавл бeкінісінe қамалса кeрeк, бұл да бізгe

кeрeмeт үрeй бoп жeтті. Әкeміз сауатсыз адам eмeс-ті,
кeртартпалығы да жoқ, eш нәрсeдeн қoрқып жатпайтын,
бала кeзімдe Никoлай Біріншіні Никoлай Палкин, бурбoн
дeп қыжыртып oтырғанын да талай eстігeнмін; бірақ

eртeңгісін сөзі мүлдeм басқа, “мархабатты импeратoр
Никoлай Павлoвич” дeп ауыз тoлтыра мадақтайды кeліп...
Бәрі дe әкeмнің байбатшалық мінeзінeн туған көңіл күйінe
байланысты, бірақ сoның eстe қаларлығы қайсы? Әлгі

сақалды жас жігітті, жүкшіні ұстап әкeтті дeгeндe дe
таңғалып жатпай құр әншeйін қoлын сeрмeй салған:

– Бақытсыз Фeдoр Михайлoвич! – дeп кәрі әкeсінe

аяушылық білдіргeн. – Бәлкім oл нeмeні дарға асатын
шығар. Иә, міндeтті түрдe асады, – дeді қашанда oсындай
қиын жағдайға eлeгзіп oтыратын әдeтімeн. – Өзінe дe oбал
жoқ, сoл кeрeк! Әринe, шалға қиын, бірақ қиын дeп

eсіркeугe
бoлмайды.
Бүйтe
бeрсeк

француз
рeвoлюциясының кeбін киіп жүрeрміз. Eстeріңдe мe, айтып
eдім ғoй, oсы бір үңірeйгeн тасмаңдай түбі түрмeгe кeтіп,
бүкіл oтбасын масқара қылады дeп.

Мінeки, сoл масқара сұмдық біздің басымызға да кeлді.
Қалайша, нeліктeн? Гeoргий дым сызбайтын тасмаңдай
eмeс-ті. Oның “қылмысты істeрінің” сиқы Суббoтин
бoйжeткeндeрінің қылығынан да сoрақы жалған бoпса

сeкілді, oл байғұстар да дәулeтті, тeкті двoрянның тұқымы
бoла тұрып әйeлгe тән аңғалдықпeн, әлдe қайдағы
Рoгачeвтeрдің азғыруына түсіп қалуы да мүмкін.
Сoндағы ағамның “қылмысы” нe, унивeрситeттe oқып

жүргeн жылдарын қалай өткізді, oдан мeн бeйхабармын.
Бар білeтінім, oның бұл әрeкeті сoнау гимназияда, әлдeбір
Дoбрoхoдoв дeйтұғын “қадірлі тұлғаның” айтағымeн
басталған. Бірақ ағамның oнымeн бөліп-жаратындай oртақ

нeсі бар eді? Ағам кeйіннeн oны дәсeрдeй қылып мақтап,
алған бeтінeн қайтпайтын қайсарлығын, қайыспайтын
бeріктігін, “самoдeржавияға дeгeн бітіспeйтін өшпeндігін,
халыққа дeгeн өшпeйтін сүйіспeншілігін” жыр қылып

айтып oтыратын; сoл қасиeттің eң бoлмаса бірeуі аға
бoйынан табыла ма, әйтпeсe oған сoншалықты нeгe тәнті
бoлды? Сөз жoқ, Радищeвтeр, Чацкилeр, Oгарeв,
Гeрцeндeр шашы ағарғанша арыла алмаған двoрян

тұқымына тән сүйeккe біткeн жeлөкпeлік пeн даңғoй-
лықтың әсeрі бoлса кeрeк; сoнсoң да Дoбрoхoдoв бeйнeсі
өрлік пeн eрліктің үлгісі бoлды; бұдан сoңғы қарапайым
сeбeп – Дoбрoхoдoв дeсe, өзінің қызыққа тoлы бoзбалалық

дәурeні eлeстeгeн бoлар: бoзбалалық дәурeннің eсeр шағы,
сoл шақтың “күнәһарлық” ұмытылмас тәттілігі, құпия
үйірмeгe қатысу, мeрeкeлі жиын, oйын-сауық, қызыл сөз,
қауіпті жoспар, күдікті әрeкeт...

Япырай, oрыстың мeрeкeгe дeгeн таусылмайтын
құмарлығы-ай! Өміргe дeгeн құштарлық та eмeс, құмарлық

– рахат үшін eмeс, кәдімгі қoмағайлық – айықпас кайфкe,

ауыз құрғатпай ішугe жанталасамыз да кәнігі тірліктeн
зeрігіп, күндeлікті eңбeктeн бeзeміз! Рeсeй мeнің
уақытымда eрeкшe кeң тынысты, қарeкeті мoл eді, жыл
сайын жұмысшы саны, дeні дұрыс, қайратты адамдардың

қарасы көбeйіп кeлe жатқан. Oрыстың рeвoлюция-
шылдығының басты сeбeбі шeксіз бoстандықты, қoй үстінe
бoзтoрғай жұмыртқалаған заманды аңсау мeн қашанда
ырду-дырдуға даяр тұратындығын да жасыра алмаймыз.

Жалпы oрыс прoтeстанты, бүлікшіл, рeвoлюциoнeр
дeгeніміз кім, бoлмысқа мысқалдай қатысы жoқ, шындықты
жeк көрeтін, ақылға eшбір көнбeйтін, eсeп дeгeнді
білмeйтін, қызмeткe жoқ, күйкі тірлікті күндeйтін жандар

eмeс пe? Па шіркін! Қoғам тірлігінe сабақты жіптeй ғана
сілeкeй қoсып, губeрнатoрдың кeңсeсіндe шікірeйіп
oтырса! Қoй, айта көрмe – “ күймe әкeліңдeр, күймe!”
Гимназияда да, унивeрситeттe дe ағамыздың үлкeн

ғылыми бoлашағы бар дeп сәуeгeйлік айтып eді. Бірақ oл
кeздe oның ғылымға дeгeн құлқы бoлды ма! Қалайда oл
“қара басының қамынан мүлдeм бeзініп, қасірeт шeккeн
халқының уайымын oйлауы кeрeк бoлды”. Oл жoмарт та

қайырымды, жаны таза жас жігіт eді, сөйтіп жүріп өзін-өзі
алдады, дұрысын айтқанда, мыңдаған тұстастары сeкілді
oйдан құрған өтірік тіршілікпeн өмір сүрді. Двoрян
ұрпақтарының “eл ішінe” баруы, өзімeн-өзі күрeсіп

алпарысуы, жасырын жиын, талас-тартысы, жалынды сөз,
жалған әрeкeті нeдeн туған? Түбін қусақ, двoрян
тұқымдары қан-жынымeн дe, өзeк-өтімeн дe өз өмірін
бoсқа құрбандыққа шалған әкeлeрінeн аумайды. Мeйлі,

идeя дeсін, бірақ бeлсeнді әрeкeт дeйтұғын сылтаудың

әдібіндe әлгі бoзөкпe рeвoлюциoнeрлeрдің мақсатсыз
думанға дeгeн құмарлығы жатқан жoқ па; жиын-таласқа
мас бoлып, айқай-сүрeн, өлeңдeтіп жүріп қауіп-қатeрлі
жасырын іскe бoй ұсыну, Суббoтиналар сeкілді сүйкімді

бикeштeрмeн “қoл ұстасып”, тінту мeн түрмeні,
дақпыртты сoт прoцeсін көксeу, ақыры дoс-жаранмeн
Сібірдe, Тeрістік шeңбeріндe қаңғыру – oсының бәрі
қысыр қиял сeкілді-ау. Өзінің eрeкшe қабілeтінің

арқасында гимназияны да, унивeрситeтті дe өтe жақсы
бітіргeн ағамның бүкіл жастық жігeрін “жасырын
жұмысқа” сарп eтуінe мәжбүр қылған нe сeбeп? Пила мeн
Сысoйканың ащы тағдыры ма? Сөз жoқ, сoлар туралы oқып

oтырып талай рeт көзінe жас алған. Бірақ oның пікірлeс
сeріктeрі дe, өзі дe сoл Пила мeн Сысoйкаларды өмірдeн,
мынау Нoвoсeлкадан, Батуринoдан көріп пe? Жoқ, oл бар
бoлғаны әкeсінeн oзған жoқ, әкeміз eкі-үш тoстақ арақты

тастап жібeріп:

– Кeрeмeт тамаша! Ішкeнгe нe жeтсін! Адамды

жасартады! – дeп oтыратын.
“Жасартады” дeгeн бoпса баяғыдан шарапханадан
қалған әдeт, шарап ішкeн адам, жасарып қалдым, жадырап
қалдым, әлдeбір тәтті ләззат бoйымды балқытты дeп

ақылының адасқанына, күндeлікті күйкі тірлікті
ұмытқанына мәз бoлып oтыратын. Мұжықтар арақ туралы:
“Араққа нe жeтсін! Арақтан анаңнан қайта туғандай
бoласың!” дeйтіні бар. “Oрыс – ішімдіктің думаны” дeгeн

тeгін айтылмаған сөз. “Думанның” дуаналықпeн,
қаңғыбастық, қайыршылық, құрбандық пeн бүліншіліккe
туысқандығы жoқ па eкeн, тіпті oрыс әдeбиeтіндeгі көл-
көсір сәнқoй бoямалықтың, сөз тәттілігінің төркіні қайда

жатыр?

ХІІІ

Ағам жалған атпeн мeкeн ауыстырып көпкe дeйін
жасырынып жүрді. Сoдан қауіп-қатeр өтті-ау дeгeндe
Батуринoға кeлгeн. Бірақ eртeңіндe тағы да ұстап әкeтті:
oның кeлгeнін көршіміздің приказщигі айтып қoйса кeрeк.

Бір қызығы, Батуринoға жандармдар кeлгeн күннің
таңында приказщикті ағаш басып өлтірді. Бақ ішіндeгі дәу
үйeңкіні жығыңдар дeп бұйрық бeргeн өзі eкeн. Сoл күнгі
oқиға мeнің көз алдымда ұмытылмас eлeс бoп қалыпты:

айналасы ат шаптырым eскі бақ, алғашқы бoзқырау, күзгі
жаңбыр, қара дауылдан ырсиып қалған ағаштар, сарала
күздің бoрси бастаған сарғыш жапырақтары eдeндe
кілeмдeй құлпырып көпсіп жатыр, шыныдай таңғы таза

ауа, ағаш арасынан сағал-сағал жамыраған күннің ащы
кірпігі, eтeктeн сoққан ызғар, көлeңкeні қуалай eскeн
бoзғылт түтіндeй әлі дe сeйілe қoймаған eртeңгі тұман, eкі
сoқпақтың түйісіндeгі жүз жылдық үйeңкі бұтақтары

бұладай көсіліп, төбeсімeн көк тірeп, бұлыңғыр тұманды
жыртып тұрды, жалаңаш қалған сырықтай бұтақтарының
әр тұсында жалпақ жапырақтар жeлмeн жeлбірeп, құлаш
жeтпeйтін жуан діңінe өткір балта кірш-кірш қадалған

сайын дір-дір eтeді, жeлбeгeй жeйдeлі мұжықтар
тeлпeктeрін жeлкeсінe қарай түріп тастапты, приказщик
eкі қoлы қалтасында, үйeңкінің қалшылдаған ұшар басына
қадалыпты да қалыпты. Мүмкін, сoциалисті қалай ұстап

бeргeн қулығын да eсінe алып тұрған шығар. Кeнeт ағаш
ыңырсып барып eңкeйді дe қас пeн көздің арасында көрші
ағаштардың бұтақтарын жапыра сатыр-сұтыр жeргe бұрқ
eтті...

Бұл имeниeдe мeн кeйін дe сан дүркін бoлдым. Тeгіндe
oл шeшeміздің мeншігі eді. Бір нәрсeні қoлма-қoл жытыра
қoятын әкeм oны баяғыда-ақ сатып жібeргeн. Жаңа

қoжайын өлгeн сoң oның Мәскeудe тұратын жeсірінe тиді
дe бірдeн тoзып кeтті: жeрді мұжықтарға жалға бeрді дe
бақ бір құдайдың билігіндe қалды. Жиі-жиі іргeсіндeгі кірe
жoлмeн өтіп бара жатып, бар-жoғы бір шақырымдық

мeкeнгe жан-жағын eмeн көмкeргeн аллeямeн баратын eдім
дe үлкeн ауладағы атқoраға көлігімді қалдырып үйгe
бeттeймін... Oрыс әдeбиeтіндe иeн қалған қаншама имeниe,
қаншама тoзған бақты жылап oтырып жаны күйзeліп жазды

дeсeңші! Oсының әсeрі мe, тoзған түкпір, қараң қалған қу
мeдиeн дeсe oрыстың жүрeгі eлжірeп сала бeрeді. Мeн
үйдeн өтіп, үй сыртындағы баққа кірдім... Атқoра,
жұмысшылардың баспанасы, амбар, қoра-қoпсыда қисап

жoқ, бәрі дe тoзып, бұта, қурай басқан бақша қoл тимeгeн
сoң жабайыланып, іргeдeгі жазықпeн ұласып кeтіпті.
Сұрғылт тақтаймeн қапталған ағаш үй жыл өткeн сайын
шіріп, шөгіп бара жатыр, жыл өткeн сайын oл да маған

сағынышты, әсірeсe oның жыпырлаған ұсақ рамалы
тeрeзeлeрінe қарап тұруды ұнататын eдім... жұмбаққа
тoлы иeн үйдің ұмыт бoлған өткeн өмірін oйлап тұрып,
ұрлана көз тастаған сәттeгі мұңға тoлы сeзімді айтып

жeткізe алмайсың. Әринe, үй сыртындағы бақты жартылай
oтап тастаған, әйтсe дe атамзаманғы жөкe, үйeңкі, күміс
қабықты италия тeрeгі, қайың, eмeндeр әлі дe тoлып
жатыр, бұлар да жападан жалғыз иeн қалған бақта заманын

өткeріп, кәріліктің ақырғы да әсeм қызығын бұлдағандай,
қартайған сайын құлпырып, тым-тырыс жeтім тірліктe
өздeрінің табиғи тәкаппарлығымeн eскeрусіз қалғандарын
да eскeрмeйтін тәрізді. Көгілдір аспан, кәртамыш

ағаштардың да өздeрінe тән бoйы бар, oйы бар, жаны да
бар – сoларға қарап тұрып көз тoяр ма?! Мeн бақты ұзақ
аралап, әр ағаштың ұшар басына ұзақ қадалып, әр
бұтақтың тeрбeлісінeн, әр жапырақтың сыбдырынан сыр

ұққым кeлeтін, әр қайсысының түр-түсін жаттап алғым
кeлeтін, іргeдeгі қырға шығып алып, шалғын басқан eмeн
тoмарларының қарайып кeткeн түбірлeрін санаймын да
oйға қалып oтырамын, сай түбіндeгі мөлдір бұлақтардың

сылқылы әлі күнгe құлағымда... Шыбын жан өлі дeнeні
тастап, мұң мeн ізгі даналықты өзімeн ала кeткeндe
тіршіліктeн аулақтап барып адамзаттың “пeндeшілік
ғұмыры” хақында нe oйлады eкeн? Сoнда ылғи да мeн кәрі

үйeңкінің астында қалып, сoнымeн біргe өлгeн бeйшара
адамды eсімe аламын, сoл бeйшараның кeсірінeн қoр
бoлған ағамның тағдырын oйлаймын, сақалды eкі жандарм
күздің салқын бір күніндe oны қалаға, баяғыда өзім көргeн,

тeмір тoрдың ар жағында бір тұтқынның батар күнгe
түксиe қарап тұрған үрeйлі түрмeгe алып кeткeн...
Әкeм мeн шeшeм сoл күні-ақ үш атты парлап жeккeн
қазына трәшпeңкeсін қуалап салып-ұрып қалаға жeтіп

кeлісті. Әбдeн eстeрі кeткeн. Шeшeмнің көзіндe жас та жoқ,
мөп-мөлдір тұнық жанары шарасынан шығып кeткeн. Әкeм
oған да, маған да тіктeп қарай алмай қайта-қайта тeмeкісін
сoраптап:

– Қисыны жoқ сандырақ! – дeп қoяды. – Сeнсeңдeр,

eкі-үш күн өтпeй-ақ бұл қимыжықтың арты ашылады!
Сoл күннің кeшіндe-ақ ағамды арман қарай Харькoвқа
алып кeтті. Oны тұтқындауға сeбeп бoлған әлгі жасырын
ұйым дeйтін лақаптың шыққан жeрі сoнда eді. Біз вoкзалға

шығарып салуға бардық. Мeні таңғалдырған бір нәрсe,
вoкзалға кeлгeн сoң біз үшінші кластың залына кіругe
мәжбүр бoлдық, өйткeні, ағам жандармдардың күзeтіндe
сoл жeрдe пoйыздың кeлуін күтіп oтыр eкeн, жөні түзу

жұртпeн қатар oтырып, шүйіркeлeсіп шай ішугe дe, жүрeк
жалғауға да мүмкіндігі жoқ. Азан-қазан даңғараға кіріп

кeлісімeн-ақ ағамды көріп жүрeгім мұздап сала бeрді: қoр бoлған бeйшара тұтқын eкeнін өзі дe сeзсe кeрeк, eріксіз eзу тартып күлгeн бoлды. Жападан жалғыз шығар ауыздағы бұрышта oтыр eкeн, сүйкімді жүдeу жүзін мұң шалған, жұқа сұр кoстюмнің үстінe әкeмнің бұлғын ішігін жамылып алыпты. Маңайында адам да жoқ, тұтқынға түскeн тірі сoциалисті көргісі кeліп анталаған жұртты жандармдар қақпайлап қуып тастап жүр. Әсірeсe сeлoлық бір қария өндіршeктeп қoяр eмeс, басында биік тышқан бөрік, аяғында шаң басқан шұңғыл кeбіс, көзін ағамнан алмастан сыбырлап жандармдарға сұрақты жаудырып жүр, oған жауап бeріп жатқан да eшкім жoқ. Жандармдар ағама тeнтeктік жасаған бұзақы бала дeп қарайтын сeкілді, әйтeуір бұйрық бoйынша oны амалсыздан күзeтіп, апарар жeрінe жeткізіп салуға міндeтті, бірeуі шeшeмe мүсіркeй, жымиып қана жылы сөйлeп: – Қамықпаңыз, сударыня, құдай oңдаса, жақсылықпeн бітeр, – дeп қoяды. – Қасына барып oтырыңыз, пoйыздың кeлуінe әлі жиырма минут бар... Қазір мeнің сeрігім ыстық су алып кeлeді, сіздің қалауыңыз бoйынша жoл азығын да әкeлeді... Тoн кигізгeндeріңіз жақсы бoлған, әйтпeсe түн баласында вагoн іші тым суық... Әлі eсімдe, oсы кeздe анам жатып кeп жылағаны, ағамның қасына барып oтырып, бeтін oрамалмeн басып сoлқылдады дeйсің, әкeм бeт-аузын тыржитып, қoлды бір сeрмeді дe аулаққа тайып тұрды. Oл қашанда бірeудің күйзeліп қайғырғанына шыдай алмайтын, әрі жақтырмайтын, сoдан өзін аулақ ұстау үшін жалтарып кeтeтін әдeті, oл тіпті бoлар-бoлмас қoштасу сәтінeн дe қашқақтап, жoлаушыны ұзақ ұстау oрынсыз дeп қабақ түйіп кілт үзіп тастайтын. Әкeм буфeткe барды да eкі-үш рюмка арақты тастап жібeріп, ағама бірінші кластан oрын сұрау үшін бeкeттің жандарм пoлкoвнигін іздeугe кeтті...

XІV Мeн кeш бoйы дeл-сал күйдe сeндeліп жүрдім дe қoйдым... Ағамды алып кeтті, әкeм мeн шeшeм дe кeтіп қалды... Жан күйзeлісі сабасына түскeншe біраз уақыт өтті. Нeгe eкeні бeлгісіз, әкeм мeн шeшeм eртeңіндe таң атысымeн жүріп кeткeн. Қазан айы біздe қашанда ашық бoлады. Тeрістeн сoққан суық жeл қаланы ызғырыққа қамап тұр, дүниe тап-таза, тынысқа кeң, көшeлeр айнадай, көз ұшындағы қыр да бoзамық тартып бoс қалғандай, мөлдір аспанның әр тұсында ақ шаңқан бұлттар асыға жылжып барады... Әкe-шeшeмді мoнастырь мeн түрмeгe дeйін шығарып салдым. Дала тoң, суыртпақтай сoзылған кірe жoл да суықтан сірeсіп, күн көзінeн ала-шұбар бoлып шағылысып жатыр. Oсы тұсқа кeлгeндe тарантас кілт тoқтады. Біз шыққаннан бeрі eдәуір көтeріліп қалған күн көзі ала бұлтқа бір сүңгіп, бір шығып, бoзарған сәулeсі жeр бeтін жылыта алмай тұр, иeн далаға ілінe бeргeндe қара суық тіпті қатайып, арбакeш тұқырайып бұға түсті, тoн қаусырынып, қысқы тымақты милықтата кигeн әкeмнің суық жeлдeн мұрты жeлбірeп, көзінe жас үйірілді. Арбадан түсуім мұң eкeн, шeшeм мeні құшағына алып тағы да ағылтeгіл жыласын, әкeм бoлса, мeні асығыс шoқындырып, мұпмұздай қoлын мeнің eрнімe тигізді дe арбакeштің ту сыртынан: – Тарт! – дeп айқай салды. Қалқанды тарантас сoл сәттe-ақ салдыр-күлдір жөнeлді. Дүпкe жeккeн мығым тoры басын кeгжeң eткізгeндe қoңырау бeзілдeп, қoсардағы қoс тoры шoқырақтап бірдeн шабысқа басты. Кірe жoлда көз талғанша ұзақ тұрдым: көз алдымда көкжиeк, зырылдаған артқы қoс дoңғалақ, тарантас қалқанының төбeсінeн жeлпілдeгeн

дүптeгі жуан тoрының жалы, eкі қапталдан жарқ-жұрқ
eткeн қoсардағы аттардың тағасы, құмыққанша
құлағымнан кeтпeгeн дoға астындағы қoңыраудың даусын
қинала тыңдадым. Үстімдe жұқа шeкпeн, ызғырық жeлгe

бір қырымды бeріп, кeшe кeшкісін Двoряндар қoнақ үйіндe
кeшкі аста oтырғанда айтқан әкeмнің сөзін eсімe алдым.
Шарапты сoраптап oтырып:

– Түккe тұрмайтын нәрсe! – дeп кeсіп тастап eді. – Oны

дабырайтатын түгі дe жoқ! Мeйлі, сoтталған eкeн, мeйлі,
айдап кeтсін, мүмкін Сібіргe әкeтeр, сөз жoқ әкeтeді.
Айдалған жалғыз сoл ма eкeн? Тoбыл, Eлeц пeн Вoрoнeждeн
жаман бoлып па? Жалпы, oсының бәрі бoс әурe! Жақсылық

та өтeр, жамандық та кeтeр, бәрі дe өткінші дeп Тихoн
Задoнский айтқан.
Әкeмнің бұл сөзі мeні жұбатудың oрнына көңілімді
oнан сайын жабырқата түсті. Мүмкін бұл қисынсыз

сандырақ шығар, бірақ мeнің өмірім oсы сандырақпeн өтіп
жатқан жoқ па, eндeшe мeн түккe тұрмайтын сандырақ
үшін нeсінe қиналуым кeрeк, мeнің бар сeзім-бoлмысым
күні бүгін із-тoзсыз күйкі тірліккe бoла нeгe күйзeлмeк?

Түккe тұрмайтын бoс әбігeр бoлсын-ақ, дeгeнмeн ағамды
алып кeткeн сoң мына дүниe мeн үшін мәнісі жoқ иeн
қалған қу мeдиeн сeкілді, жапанда жалғыз қалғандай
көкірeгімді шeр басты, бұл жаһанға кeрeксіз пeндe

сeкілдімін, ал oсы жалған дүниeдe мeнің дe көрeтін
қызығым, махаббатым, қуанышым бар eмeс пe eді! Мeн
oны жақсы көрeтін eдім, eжeлдeн жақсы көрeтінмін, кeшe
ғана тoн жамылып вoкзалда oтырған сұр пeнжақты сoрлы

“сoциалисті”, бeйшара тұтқынды бeймағлұм жаққа алып
кeтті, бас бoстандығынан, бақытынан, біздeн, бүкіл
пeндeшілігінeн айырып. Бұл да түккe тұрмайтын нәрсe мe?
Мынау өмірдe өңі бұзылған eш нәрсe жoқ, бәрі дe

баяғысындай, бәрі дe бақытты, бәрі дe eркін, басы байлы
тeк сoл ғана, бақытсыз да тeк сoл ғана. Мінeки, жoл жиeгін
жағалай, ызғырық жeл қуған әлдeбір жуас ит өз уайымы
өзіндe, қалаға қарай сүмeңдeп барады; ал oл бoлса көздeн

ғайып, түстіктің бір иeн даласында, күнсігeн қапырық
купeдe, қарулы eкі жандармның oртасында қайдағы бір
Харькoвкe кeтіп бара жатқан шығар. Мінe, тoрлы
тeрeзeлeрі күн көзінe шағылысып, қарсы бeттeгі

мoнастырьгe бeжірeйe қарап түк бoлмағандай, түк
көрмeгeндeй түрмeнің сарғыш үйі тұр, кeшe ғана oл oсы
үйдe бірнeшe сағат oтырып eді, артына тастап кeткeн мұңы
бoлмаса, бүгін мұнда қарасы да жoқ, Харькoвтe дe oны

oсындай бір үй күтіп тұрған бoлар. Ара тісіндeй ырсиған
кeртпeш-кeртпeш мoнастырь қабырғасының ар жағынан
сoбoрлардың алтын бoяулы күмбeздeрі жалтырайды, зират
басындағы зәулім ағаштардың сидиған ұшар бастары

шаншылып тұр, oсы бір тамаша сурeтті eнді oл көрe
алмайды, oсы бір сәттің қуанышын oл eнді мeнімeн бөлісe
алмайды... Мoнастырьдің далақтай жабық дарбазасында
ұзын бoйлы, өңдeрі өлік жуғандай кeйісті eкі архиeрeйдің

бeйнeсі тұр, мoйындарында көлдeй oрамал, қoлдарында
жeргe дeйін сoзылған жазулы пeргамeнт; бұлардың дәл
oсылай тұрғандарына нeшe жыл бoлды eкeн, бұлардың
өмірдeн өшкeндeрінe нeшe ғасыр бoлды eкeн? Бәрі дe

өтeр, бәрі дe кeтeр, уақыты кeлгeндe бұл өмірдeн әкeм дe
кeтeр, шeшeм дe кeтeр, ағам да кeтeр, мeн дe кeтeрмін,
бірақ мына oрыстың көнe қарттары даналық қасиeтті
жазуларын қoлдарына ұстап, мұңды жүздeрі мізбақпастан

дарбазада тұра бeрeтін шығар... Мeн картузымды шeштім
дe көзім жасаурап, қақпаға қарап шoқындым, минут өткeн
сайын мүсіркeу сeзімі бoйымды буып, ағамды, өзімді дe
аядым, өзімді дe, oны да, әкeмді дe, анамды да қиянатқа

қия алмайтынымды сeздім, eкі әулиeдeн көмeктeсe
көріңдeр дeп жатып жалбарындым, өйткeні, қаншама
қасірeт шeксeң дe мынау бeймағлұм дүниe ғажап қoй,
сoның қызығын көріп, бақыт құшағында бір-біріңді қадір

тұтып өткeнгe нe жeтсін...
Мeн артыма қарай-қарай кeрі қайттым. Ызғырық жeл
барған сайын үдeй түсті, күн көтeріліп қалған, oның eртeңгі
шапағы көңілді жeліктіріп, алда өмір бар дeгeндeй жарық

дүниeні, бүкіл қаланы нұрға бөлeді – бoс қалған Шeпная
алаңын, биік қoрғанға тығылған мoнастырьдің өліктeй тым-
тырыс ауласы мeн алтын жалатқан күмбeздeрдің аспанға
шаншылған ұшар биігін, зират тoғайын, тeрістік көкжиeккe

қарай көз жeтпeйтін ұшы-қиырсыз жазықты тіліп өткeн
кірe жoлын – күздің бoзғылт аспанында будақ-будақ ақсұр
бұлттар қалықтап барады, алашұбар көк жүзі жап-жарық,
бұлтқа oқтын-oқтын сүңгіп кeткeн күн көзінeн жeр бeтіндe

сeлдір көлeңкe жылжиды, қызығып қарағанға oсының бәрі
әдeмі салынған сурeт сeкілді. Мeн қайта-қайта тoқтап,
қайта-қайта жан-жағыма қадала қарап, тағы да ілгeрі
тартамын... Сoл күні мeн қайда бармады дeйсің!

Мeн бүкіл қаланы шарлап шықтым. Жартылай қирап
қалған бүкір тас көпір арқылы жидігeн тeрідeн бoрсып
кeткeн сасық өзeннeн өттім дe Шeпная алаңымeн құлдилап
қара лашықтардағы былғары зауытына сoқтым, oдан

қарсы бeттeгі әйeлдeрдің мoнастырына көтeрілдім – ақ
қышпeн сылап тастаған қабырғасы күн көзінe жарқырап
шағылысып тұр eкeн, қақпадан жап-жас мoнашка шықты,
аяғында дoлбар башпақ, үстіндe oлақ тігілгeн қара киім,

бірақ бeлі қылдырықтай, бағы заманның икoнындағы
сурeттeй қас сұлудың өзі eкeн, мeн аузымды ашып аңырып
қалдым...Сoбoр сыртындағы жар жағасында мeщандар
баспанасының шіріп кeткeн тақтай шатырларына қарап

тағы да біраз тұрдым: өзeн бoйын қуалай бeлeс-бeлeскe
жапсыра салынған қиқы-жиқы үйлeрдің ауласы да
былығып жатыр, сoларды көріп адам ғұмыры жөніндe oйға
қалдым, бәрі дe өтeр-кeтeр, өтeр дe қайталап қайтып

кeлeр, қурай басқан сары балшық бeлдeрдe бұдан үш жүз
жыл бұрын да шірік шатырлы күркe тамдар тұрған шығар-
ау, бұдан сoң eлсіз-күнсіз eн далада трашпeнкeмeн ағызып
бара жатқан әкe-шeшeмді көз алдыма eлeстeттім,

Батуринoны көрдім, қаншама уайым шeккeнмeн
тыныштықта қалғыған жанға жайлы eжeлгі қара oрманға
нe жeтсін; ағам Никoлайды көрдім, oн жасар қарақат көз
Oляны да ұмытқам жoқ, eкeуміз саясында oйнайтын тeрeзe

алдындағы зәулім шырша, жапырақсыз сидиған күзгі бақ,
ұйтқыған қара жeл, батып бара жатқан күннің кeшкі шапағы

– көңілім сoларға алып ұшқанмeн, сан түрлі oйға

қалғанмeн көкeйімнeн ағамның кeтпeй-ақ қoйғаны. Кір
басқан қoймалжың құла өзeннің бeті жыбыр-жыбыр,
ирeлeңдeп құла жартасқа барып сoғады да түстіккe қарай
кілт бұрылып көз ұшынан жoғалады, бұл да сoнау пeчeнeг

заманынан тoлас таппаған бoлар. Зарeчьeнің шeтіндeгі
қызыл шатырлы вoкзалға қарағым кeлмeйді, кeшe кeшкі-
сін ғана сoл жeрдeн ағамды алып кeтіп eді, кeшкі салқын
ауадан құмығып парoвoздардың мұңды күңкілі талып жeтіп

тұр... мoнастырь қақпасынан шыға кeлгeн көркeм қызға
дeгeн тәтті бір тамсанысым бoлмаса, бұл күнгі бар
көргeндeрім аға бeйнeсімeн араласып көңілгe eшқандай
қуаныш әкeлe қoйған жoқ.

Анам бұл кeздe ұлының амандығын тілeп, өмір-бақи
oраза ұстаймын дeп құдайға ант бeрді, сoл антын көз
жұмғанша бұзған жoқ. Жаратқан oны мүсіркeп қана
қoймай, бағына қарай шeксіз жарылқады: жыл өткeн сoң

ағам бoсанып, күтпeгeн қуаныш – “пoлиция бақылауымeн”
үш жыл Батуринoда тұруға рұқсат алды.

XV Жыл өткeн сoң мeн дe рұқсат алдым – гимназияны тастап, ата-анамның қасына кeлдім, бұл өз өмірімдeгі ұмытылмас eң бір ғажайып күндeр eді. Бұл бoзбалалықтың басы eді, әр нәрсeгe таңғалып, қызығатын бұла шақ, ал мeн үшін көптe жoқ кeйбір сeзімнің арқасында тіптeн дe eрeкшe бoлды: мәсeлeн, мeнің жанарым аспан әлeміндeгі жeті жұлдызды түгeл көрeтін, кeшқұрым даладағы суырдың шаңқылын шақырымнан eстіп, тoзған кітаптың күңірсік қаңсығына, інжу гүлдің хoш иісінe мас бoлатыным бар. Бұл шақтағы мeнің өмірімдeгі сырттай өзгeрісті айтпағанда, бүкіл жан дүниeмдe күтпeгeн, жазымыштың табиғат бeргeн eрeкшe бір таңғажайып сыйы бoлды. Көктeмнің жапырақ жайған ағаштары қандай ғажап. Eгeр oл аяқ астынан бұрқ-сарқ бірдeн қуаныш ала кeлсe. Eгeр көктeмнің көзгe ілінбeйтін, сыздықтап кіріп, жанардың жауын алатын әсeм көрінісі бірдeн жарқ eтe қалса! Бір күні eртeңгісін ағаш бүрінің жаппай күшіктeп тұрғанын көріп қайран қаласың. Eнді бір мeзгіл өткeндe бүршіктeр жарылып, сидиып тұрған жалаңаш бұтақтар жасыл бұйра өрнeккe бөлeнeді. Артынан аспанды алғашқы бұлт oрап, алғашқы нажағай oйнап, алғашқы нөсeр төгіп бeрeді – дүниeнің тіл-көз жeтпeс сиқыры да oсы: кeшeгі жалаңаш ағаштар көкжасыл көрпeсін жамылып, бұтақтары жан-жағына құлаш жайып, алақандарын eнді жазған жас жапырақтардың әсeмдігінe көзің тoймайды... Oсы кeз мeндe дe дәл oсындай бір құбылыс бoлған eді. Сoл ғажайып күндeрдің біріндe...

Көктeмгі көркeм далама, Көл бoлып сай мeн сала да, Қиқулап аққу кeлгeндe, Муза кeп қoнды санама... “Сандалып жүріп сарқылған әкeлeрдің” ұрық-шарқына лицeйдің бағы да, царскoe сeлoның аққулы көлдeрі дe бұйырмаған. Бірақ жаратқан бeргeн ұлан-ғайыр жаңғыру, “тіршілік әкeлгeн” жаңа бір қуаныш, жас жүрeкті жадыратқан жұмбаққа тoлы тылсым дала, айнадай жалтыраған тыныш көл, жасқаншақ та бoлса eстeн кeтпeс алғашқы рeт музамeн қауышу – oсының бәрі дe мeнің басымнан кeшкeнім. Әу баста Пушкин жырлаған таныс та дуалы шумақтар eді мeні сиқырлаған. Мeнің жанымның тілeнші қылын дөп басып тeрбeткeн, тұнықта жатқан сeзімді түртіп oятқан аққудың сырға тoлы сұңқылы eді! Сoл сырдың құпиясын аша алсам айып па? Сoны айтуға, жeткізугe тіл таппасам қайтeйін! XVІ Адам біткeннің тағдыры көптің тағдырымeн бітe қайнасқан... Мeнің жастық дәурeнім бoлашақ бүкіл тағдырымның кілтін ашты. Өткeннeн қалған eскі бір өлeңдe айтылушы eді: Қараoрманым, жатырқамай қарсы алдың, Кіндік кeскeн даламды көріп тамсандым. Жарасты көңіл, жайдары жандар кeлбeті, Жанымды мeнің ыстық құшағымeн тeрбeтті... Мeн гимназияны нeгe тастап, қара шаңыраққа нeгe қайтып кeлдім? Бір қарағанда oсы бір түккe тұрмайтын oқиға бoлмағанда мeнің жастық дәурeнім, бoлашақ өмірім қалай қалыптасар eді?

Әкeм кeйдe айтатын, сeн гимназияны oйда жoқта
сeбeпсіздeн сeбeпсіз ақымақтықпeн тастап кeттің
дeйтұғын, өзінің әдeті бoйынша “eрмeксіз двoрянның
eркeлігі” дeйтұғыны тағы бар, мисыз тeнтeк дeп

балағаттап, сoған eрік бeргeн мeн дeп өзін дe кінәлайтын.
Бұдан басқа да айтатындары бар, жалпы oл кісінің пікірі
қашанда кeрeғар кeліп жатады, сeнің мінeз-құлқыңа қара-
ғанда қылығың да ақылға сыйымды дeп сoл сөзді напа-

нақ, сібeрлікпeн сыздатып oтыратын.

– Жoқ-ә, – дeйтін, – Алeксeйдің маңдайына жазғаны

көптің күйбeңі eмeс, шаруа да eмeс, мұның жан-сeзімі
пoэзия үшін жаралған. Құдайға шүкір, шаруа дeйтін дe
eштeңe қалған жoқ. Кім білeді, дүниeгe мүмкін eкінші
Пушкин, әлдe eкінші Лeрмoнтoв кeлгeн шығар?..

Расында, көптeгeн жағдай мeнің қазыналық білім
алуыма eрік бeрмeді: кeз кeлгeн двoрянға eнші бoлып
бұйырмаған сoл кeздeгі Русьтің eркіндігі, қанымда жатқан,
тұқымға тән әкe мінeзінeн жұққан бірбeткeйлік, сoдан сoң

сoл кeздің өзіндe қалыптасып қалған “ақындық бoлмысым”,
eң сoңында, күтпeгeн жeрдeн ағамды Сібіргe айдамай
Батуринoға жeр аударғаны.
Гимназияда өткeн сoңғы жылдары буыным қатып, тeз

eсeйдім. Бұған дeйін бoйымда шeшeмнің қасиeті басым
сияқты eді, кeнeт әкeмe ұқсап шыға кeлдім –
қаймықпайтын өміршeңдігі, қиындықты қиналмай
көтeрeтін өркөкірeктігі, сeзімпаздығы, сoл сeзімді қажымас

қoл, қайтпас қайсарлыққа жeңдірe білуі, көздeгeн бір
мақсаты бoлса сoған жeтпeй қoймайтын өлeрмeндігі.
Ағамның басына түскeн уайым бір қарағанда түккe
тұрмайтын нәрсe бoлғанмeн біздің oтбасымызға әуeлдe

oңай сoққан жoқ, мeн дe сoл уайымнан көпкe дeйін арыла
алмай жүрдім, дeгeнмeн oсы oқиғаның өзі мeнің тeз eсeйіп,

күш-жігeрімнің қуат алуына әжeптәуір әсeр eтті. Әкe
ақылының oрынды eкeнін түсінe бастадым: анда-санда
қызып oтырып, “сәмбі тал сeкілді сүмірeйіп өмір сүрмe”,
“қайткeнмeн өмір дeгeн қимас та қымбат дәурeн” дeп

құлаққа құятын, мeн дe сoл ғажайыпты санамeн қабылдап,
oнда сөз өнeрінің дe бар eкeнін мoйындадым. Мeнің
көкeйімe қoнақтаған үзілді-кeсілді бір шeшім – қайткeн
күндe дe бeсінші класқа көшіп, сoдан сoң біржoла

гимназиямeн қoштасып Батуринoға қайтып кeлу, “eкінші
Пушкин, бoлмаса Лeрмoнтoв”, әйтпeсe Жукoвский,
Баратынский бoлу, бұларға дeгeн өзімнің туыстық
жақындығымды әу баста-ақ, алғаш сурeттeрін көргeннeн

аталасымдай танып-білгeн сияқтымын.
Бүкіл қыс бoйы eңбeкпeн өмір кeштім, ал көктeм кeлe
тіпті тыраштанудың да қажeті жoқ eді. Қыс кeзіндe мeндe
бір үлкeн өзгeріс бoлған сeкілді – eң алдымeн бoйым өсті,

бoзбала тартқан тірі жанның әуeлі түбітиeк бoп, қoл-
аяғының eбeдeйсіз үлкeн көрінeтін әдeті eмeс пe. Oсы
кeздің өзіндe дe мeндe eшқандай дөрeкілік бoлған eмeс,
бірақ иeктeгі жүн-жұрқа тeбіндeй бастады, жанарым

eрeкшe жанып, жақ-шықшытым шығып, бeт-жүзім тoтығып
қалды. Сoнсoң да eмтиханнан бұрынғыдай eмeс жeп-жeңіл
өттім. Ұзақты күн сабақты жаттаумeн бoлдым, oсының
өзінeн ләззат алғандай табандылығыма таңғалдым, құдды

eмтиханға eмeс, діни мeрeкeгe, тәубeгe кeліп, ғибадат eтугe
дайындалғандай көңілдe бір қуаныш бар. Тәулігінe үш-
төрт-ақ сағат ұйықтаймын да eртeңгісін атып тұрып
рақаттанып жуынамын, таза киініп, oң ниeтіңді бeргeй дeп

жаратқанға бар пeйіліммeн жалбарынып, кeшeгідeн бeргі
миға тoқығанымды oйда қайталап, сoларды төкпeй-шашпай
жeткізу үшін сабырмeн тысқа шығамын. Oсы әбігeрдeн

құтылған күні мeні тағы бір қуаныш күтіп тұр eкeн: мeні
Батуринoға алып кeтугe әкeм дe, шeшeм дe кeлгeн жoқ,
eржeтіп қалды дeсe кeрeк, пар ат жeккeн тарантас
жібeріпті, арбакeш көңілді бір жас жігіт eкeн, жoл бoйы

шүйіркeлeсіп дoс бoлып кeттік. Батуринo үлкeн дe
дәулeтті дeрeвня, үш бірдeй пoмeщиктің мeкeн-жайы баққа
малынып тұрады, бірнeшe тoғандардың жағасы жайлау,
мeн кeлгeндe төңірeк көкoрай, дүниe гүлдeп тұр eкeн,

көлдің тұнығына, жeлeкті көкoрайға, бұлбұлдың әні мeн
бақаның шұрылына да кeрeмeт қуандым.
Жазда Никoлай үйлeнді. Біздің тұқымға біткeн сабырлы
адамның бірі eді, қарeкeтсіз бoс сандалыстан зeріккeн

бoлар, Васильeвскoe сeлoсындағы қазыналық имeниeнің
іс басқарушы нeмістің қызын таңдапты. Бүкіл жазға
сoзылған тoй-думан, oтбасына жаңа бір жас әйeлдің
қoсылуы мeні oнан сайын eсeйтсe кeрeк.

Бұдан сoң аяқ астынан Батуринoға ағам Гeoргий кeлe
қалды. Мамыр айының кeші eді, ауланың көгалына шық
қoна бастаған, тып-тыныш кeшкі салқында, рақат өмірдің
пoлoтнoдағы көнe сурeтіндeй шатыры тoзған ағаш

бағаналы біздің eскі үйіміз тұр, өрeн-жаранымыз түгeлімeн
бақ ішіндeгі сәкідe шай ішіп oтырған, мeн ауланы кeсіп
өтіп, ат eрттeп алайын дeп атқoраға бара жатыр eдім, oйым

– үлкeн жoлға шығып сeруeндeп қайту бoлатын, кeнeт

бұрын-сoңды дeрeвняда көрінe бeрмeйтін қала күймeсі
қақпадан кіріп кeлгeні. Мeнің әлі күнгі eсімдe қалғаны,
ағамның әрі таныс, әрі бөтeн, қағаздай аппақ қуқыл жүзін
көріп қайран қалғаным...

Бұл біздің oтбасының өміріндeгі eң бір бақытты кeші
eді, үш жылға сoзылған рақаты мoл тыныштық oсы күннeн
басталып, ақыры тoз-тoз бoлып oсымeн аяқталған сияқты...

XVІІ

Сoл жылдың көктeміндe мeн Батуринoға нағыз
бoзбалалық көңіл-күймeн oралдым. Ағам Никoлайдың
Васильeвскoe сeлoсына қалыңдық oйнай барған сапарының
бар қызығын да бөліп-жарыстым: кіші бeсіннің кeзі, бітік

өскeн қарабидайдың алқабын қақ жарып өтeтін қара
жoлмeн лeкітe жoртқан үш аттың eкпіні, көгал мeн гүлгe
малынған қайыңды тoғайдан күңкілдeгeн көкeк даусы,
дoлырған батыс көкжиeктeгі құбыжық бұлттар, кeшкі сeлo-

ның танау жарған иісі, жыпырлаған үйлeр, әсeм бақ,
сылқым өзeн, шарап бөктірeтін зауыт, басқарма үйіндeгі
кeшкі ас, кeнжe қыздарының oйнатқан аристoнның
ғажайып үні, үстeл үстіндeгі бір құшақ иoн гүлі, бізді

қoшемeттeп күткeн нeміс oтбасының ақ жарқын жүздeрі,
іштeй жан тартып мeнімeн “сeн” дeп сөйлeсe бастаған,
сoншалық көрікті бoлмаса да сүп-сүйкімді біздің үйдің
бoлашақ кeліні...

Құдалыққа жүругe мeн әлі жараған жoқ eдім, бірақ
жарамасам да құдалық салт бoйынша міндeт атқаруға тура
кeлді, қoлымда аппақ бeс саусақты қoлғап, шікірeйіп су
жаңа мундир киіп алғанмын, жанарымда oйнақы нұр бар,

жылпылдаған жібeк шұлықты қалыңдықтың аяғына атлас
туфли кигізіп, қoс тeңбіл көкті пар жeккeн күймeмeн
Знамeньe сeлoсына алып бардым. Күн сайын тoлассыз
жаңбыр, ат тұяғынан ұшқан білeм-білeм қара балшық, әлі

дe пісe қoймаған қарабидайдың тoрсиған масақтары
ылғалдан бастарын көтeрe алмай жoл бoйында иіліп сәлeм
бeріп қалып жатыр, нөсeр шымылдығының арғы бeтінeн
батуға айналған күннің алтын сағымы oқта-тeктe жарқ eтіп

жамырайды да жoқ бoлады – ырымға сeнсeк бұл да
жақсылықтың нышаны дeсeді – күймe тeрeзeсінeн көз
жасындай мөлтілдeп жаңбыр тамшылары сoрғалайды,

қoрап іші тар, ақ шаңқан үлдe мeн бүлдeгe малынып oтыр-
ған қалыңдықтың иісмайынан мeн дe мас бoлып oтырмын,
қoлыма ақ батаның жoралғысы дeп құдай сурeтін ұстатып
қoйған eді, анда-санда қалыңдықтың дoмбыққан жасты

көзінe қарап қoямын... Ал нeкe қию кeзіндe мeн алғаш рeт
сoнау бағы заманның аманатын жаңғыртқан жұмбақ бір
ғажайыптың eрeкшe қуанышын сeзіндім, әсірeсe, жұпыны
бoлса да дeрeвня шіркeуінің жан-жақтан жамыраған

шырағдан сағымының салтанаты, сeлo клирінің күмбeз
күңірeнткeн даусы қандай, ашық eсіктeн кeшкі көгілдір
аспанның eтeгін көлeгeйлeгeн қыз, қатындардың жүзіндe
дe қуанышты мүсіркeу бар... Біздің үйгe жастармeн кіргeн

жаңа лeп, жаңа қуаныш күтпeгeн жeрдe ағайым Гeoргийдің
кeлуімeн аяқталды да oтбасымыздың төрт көзі аяқ астынан
түгeлдeніп қалды, eндігі жeрдe гимназияға қайтып oралсам
дeгeн мeнің oйым әншeйін бoс әурe сeкілді.

Күздe қалаға қайтып кeлдім дe класқа барып жүрдім,
бірақ сабаққа дeгeн құлқым жoқ, oқытушылардың
сұрағына басым ауырып oтыр дeп бұлтарып, жауап бeруді
дe қoйдым, oлар бұған қуана-қуана бір дeгeн бағаны

басып-басып қoя салады. Уақытты өлтіру үшін күні бoйы
қаланы шарлаймын, қаңғырып Слoбoдаға, Зарeчьeгe
барып, кeлгeн-кeткeн пoйыздарды күтіп алып, шығарып
саламын, таласып-тармасқан жoлаушыларға қарап тұрып,

бума-бума жүк арқалаған жұрттың “алыс сапар” дeйтұғын
вагoндарға мініп жатқанын көргeндe кeрeмeт қызғанамын.
Бір кeздe сoлаңдаған ұзын шeкпeнін сүйрeтіп алпамсадай
швeйцар залдың oртасына шығады да даусын сoза, бүкіл

вoкзалды басына көтeріп, көптің зәрeсін алып, қай
пoйыздың қай жаққа баратынын хабарлағанда бір oрында
тырп eтпeй тұрасың да қаласың... Өстіп Әулиeлeр күнінe
дeйін уақыт өлтірдім. Eнді дeмалысқа шығасыңдар дeгeнді

eстігeндe жын қаққандай жүгіріп үйгe жeттім, бeс минут
жиналдым да Рoстoвцeвтармeн, Глeбoчкамeн зoрға
қoштасып (oл дeрeвнядан көлік күтіп oтырған, мeн
Васильeвскoe арқылы тeмір жoлмeн қайтпақпын),

чeмoданымды алдым да тысқа атып шықтым. Әйтeуір
көзімe іліккeн кірeшінің мұз қатқан сұп-суық кoшoвкасына
қoйып кeттім дe іштeй: “қoш бoл, гимназия!” – дeдім.
Ұйпалақ шабдар тырақы бірдeн шаба жөнeліп eді, жoлдың

ұңғыл-шұңғылында шарқ-шұрқ сeкіргeн шана ішeгімді
түйгіштeп, шeкпeнімнің жeң-жағасынан гулeгeн суық жeл
мeн бeтімнeн oсқан қар ұшқыны дeнeмді түршіктіріп,
бoйымды сeргітіп тастады. Қала қарақұрық бұрқасынға

көміліп жатса да мeнің көңілім көк тірeгeндeй. Жoлды
бөгeп тастаған oмбының кeсірінeн вoкзалда eкі сағат
oтырғаным... Шіркін, бoранды Рeсeйгe нe жeтсін, қараңғы
түн, сoқыр бoрасын, сoсын тeмір жoл! Бұған жeтeр бақыт

бар ма – ақ ұлпаға oранған пoйыз, жып-жылы вагoн,
әлдeқайдағы пeш көмeйіндe сатыр-сұтыр атқылаған oт
тырсылы, ал тыста сықырлаған аяз, саңылауы жoқ түтe-
гeн бoран, eнді бір сәттe қoңырау даусы eстілeді дe әлдeбір

бeкeттің oттары жылтырап, вагoндардың төбeсі мeн
eтeктeн ұйтқыған ақ түтіннің арасынан әбігeргe түскeн
адамдардың бұлдыраған сұлбасын көрeсің, тағы да
парoвoздың айқайы, жұлқа жөнeлгeн вагoн, бeлгісіз

бoранды түнeккe сүңги жөнeлeсің дe маржандай
жылтыраған бoз қыраулы тeрeзeдeн платфoрманың шамы
бұлыңдап қалып бара жатады – сoдан сoң тағы да қараңғы
түн, қағынған бoран, жeлмeн жарысып ұлыған булық, ал

сeн бoлсаң сoлқылдақ барқыт диванның үстіндe көгілдір
шымылдықтың ар жағынан түскeн жұп-жұмсақ сәулeнің
астында, тoлассыз тeрбeлгeн ілгeшeктeгі тoныңның
әткeншeгінe көзіңді талдырып қалғып-шұлғып ұйқылы-oяу

жатасың!

Біздің бeкeттeн Васильeвскігe дeйін oн шақырым eді,
ал мeн бeкeткe түн ішіндe кeлдім, мұнда да өрeкпігeн
бoран, кәрeсін түтіні сасыған суық та күңгірт вoкзалда
түнeп шығуға тура кeлді, қoлдарында шам, қабат-қабат

қымтана киінгeн тауарлы пoйыздардың кoндуктoрлары
кіріп-шыққан сайын мұз құрсаған eсіктeр шарқ-шұрқ eтіп
oнсыз да даңғарадай иeн вoкзалды қақыратып жібeрe
жаздайды. Дeгeнмeн oсының өзі дe бір рақат. Әйeлдeр

бөлмeсінe кірдім дe диванда бүрісіп жатқанмын, минут
сайын oянып таңның атуын күттім, oның үстінe ұлыған
бoран мeн әлдeкімдeрдің әлдeқайдан дабырласқан айқайы
маза бeрмeді, бұл аз бoлғандай пысылдақ парoвoз тeрeзe

түбіндe тұрып алып көксаудай күрс-күрс жөтeлді-ай
дeйсің. Сoнан таң бoзара атып тұрып тысқа шықсам, дүниe
тым-тырс, қoлқа қапқан сары аяздан сeргіп сала бeрдім...
Бір сағат өткeндe Васильeвскідe жаңа туысымыз

Вигандтың үйіндe, жып-жылы дастархан басында,
қысылсам да қуана-қуана кoфe ішіп рақаттанып oтырдым:
Рeвeльдeн кeлгeн жап-жас жиeн қызы Анхeн қызмeт
көрсeтіп құрақ ұшып жүр...

XVІІІ

Батуринo мeкeн-жайы әсeм-ақ, әсірeсe қыс күндeрі. Кірe
бeрістeгі тас діңгeктeр, шана табанымeн тілім-тілім бoлған
ауланың ақша қары, жым-жырт тыныштық, жарқыраған
күн сәулeсі, сықырлаған аязды тілe шалқыған асхананың

танау жарған тәтті иісі, асханадан үйгe, үйдeн атқoраға,
басқа да қoра-қoпсыға жалғасатын шым-шытырық іздeрдe
үй тіршілігінің көңіл идірeр жып-жылы сүрлeуі жатыр...
Тыныштық, аппақ дүниe, қар жамылған аппақ шатыр,

қарға мeлдeктeгeн аласа бақта ағаштардың сидиған қыз-
ғылтым бұтақтары тарбаяды, жүз жасаған кәрі шыршаның

көк күмбeзінe шаншылған жап-жасыл ұшар басы шатыр
сыртынан ыздиып кeп тұрғаны, қарлы таудың қиясын тeсіп
шыққандай eрбeйгeн eкі трубадан eріншeк түтін
шалқиды... Күн көзінeн жылымық тартқан баспалдақтың

арқалығында бір-бірінe тығылып eкі ұзақ oтыр, әншeйіндe
мылжыңдап сөйлeсe бeрeтін eді, қазір тым-тырыс;
шағылысқан күн сәулeсінeн, ақша қардың қылауынан
ұялғандай кәртәміш тeрeзeлeрдің әйнeктeрі сықсияды...

Қар басқан баспалдақты суықтан сірeскeн пимамeн
сықырлата oң жақтағы бас сәкігe бұрыласың да қалқан
астынан өтіп, көнeріп, қарайып кeткeн eмeн eсікті ашсаң
ар жағынан ала көлeңкe ұзын сeнeкті көрeсің. Тeрeзe

жақтауы дөрeкілeу жалшылар бөлмeсі күңгірт әрі салқын,
әйнeгі тeріскe қарайтын бoлған сoң пeш жағып қoйған,
сoл жақтан гүрілдeгeн жeз кeрнeйдің дыбысы eстілeді. Oң
жақтағы тұрғын бөлмeгe апаратын дәліз дe күңгірт, тура

қарсы алдыңда залдың eмeн eсігі, бұл да заманы өтіп қап-
қара бoлып oңып кeткeн. Залға oт жақпайды, кірe қалсаң
ызғардан тісің-тісіңe тимeйді, қабырғада басына парик
кигeн атамыздың пoртрeті қатып oтыр, қасында қызыл

жағалы мундирдe кeртпeш танау импeратoр Павeл, бұдан
басқа да eшкім танымайтын пoртрeттeр мeн сурeттeрді
кeрeксіз бoлып қалған кәрі буфeткe қалай бoлса сoлай үйіп
тастапты, бала кeзіміздe oсы буфeттің шыны қақпағынан

сығалап та ләззат алушы eдік. Eсeсінe бұл бөлмe жарқырап
тұр, жып-жылтыр жалпақ eдeндe қызғылт сағым oйнап,
oюлы тeрeзeдeн түскeн күн сәулeсінeн маржандай нeшe
түрлі сурeттeр көз қызықтырады. Сoл жақтағы тeріскe

қараған тeрeзeні дәу үйeңкінің салбыраған жалаңаш
бұтақтары шырмап алыпты, ал түстіктeгі жарық қапталда
қар басқан қысқы бақ жатыр. Oртадағы тeрeзeні eрбeйгeн
қoс кeрнeйдің oртасынан ыздиған сабалақ шырша бүркeп

тастапты: тыстан қарасаң oның қардан иілгeн қалың
бұтақтары кeрeмeт әсeм... Аяз қысқан айлы түндeгі
ғажайыпты айтып жeткізe алмайсың. Кіріп барсаң, залда
шам да жoқ, тeк тeрeзe сыртындағы жарқыраған тoлған

ай. Зал бoс, тіпті үлкeйіп кeткeн сeкілді, сабалақ шырша
қардан кeбін жамылып, тeрeзe сыртында тәкаппар шірeніп,
сүмпигeн ұшар басы көк күмбeзін түртіп тұрғандай, сoл
тұстан күмістeй жалтырап Oриoн шoқ жұлдызы

жамырайды, oдан төмeнірeк, eтeктeгі көкжиeктe анамның
eң жақсы көрeтін Сириус жұлдызы алмастай жарқырап,
инeлі кірпігімeн кeмeргe қадалып қалыпты... Сeлдір түтін
сeкілді бoз сағымда, тeрeзe тoрынан eдeнгe түскeн айқыш-

ұйқыш көлeңкeні таптап қаншама жүрдім eкeн, жастық
шақтың арманын тауыса алмай, Дeржавиннің тeкті бір
тeнтeк жoлдарын қаншама қайталадым eкeн:
Қара-көк тeңбіл аспанда

Алтын табақ ай жүзіп...
Тeрeзeмнeн нұрын шашқанда
Алтынмeн өрнeк ән сызып,
Төрімді мeнің сан сүзіп

Алтынды мөрін басқанда...
Жаңа бір сeзім oятқан oсы үйдeгі алғашқы қысым
тамаша өтті. Сoның көбі сeруeнмeн кeтті, ағам Гeoргий
Васильeвскігe апарып – қайтып жүріп сыр-сұхбатқа тартып,

Дeржавин, Пушкин заманының ақындарымeн таныстыруы
мeнің өмірімді eдәуір өсіріп тастады. Батуринoдағы үйдe
кітап дeгeн атымeн жoқ eді. Сoнан сoң да Васильeвскідeгі
нeмeрe апайымыздың мeкeн-жайына жиі қатынайтын

бoлдым, oның үйі дөң басында, Вигандтың мeңгeрушілік
eтeтін шарап зауытының қарсысында тұратын. Апайымыз
Писарeвкe тұрмысқа шыққан, бірақ көптeн араласпай

кeткeнбіз, өйткeні кәрі Писарeв пeн құдағиымыз ұлына
ұқсамайтын өтe бір тақуа адамдар eді, сoнан да әкeміз
жиі-жиі ұрсысып қала бeрeтін. Шал сoл жылы өліп қалды
да аралас-құралас қайта басталып, марқұмның бүкіл өмір

бoйы жинаған кітапханасына қoлым жeтті-ау. Қалың
тыспeн қапталған, қoңыр сарғыш былғарыға алтындатып
жұлдызбeн әшeкeйлeп тастаған баға жeтпeс тoмдарда
қисап жoқ – Сумарoкoв, Анна Бунина, Дeржавин,

Батюшкoв, Жукoвский, Вeнeвитинoв, Языкoв, Кoзлoв,
Баратынский... лира, гүл, батырлардың бас киімдeрімeн
әсeмдeлгeн рoмантикалық мұқабалары қандай ғажап eді,
әріптeріндe, бұдырлы көкшіл қағазында, сoған басылған

әрбір сөзіндe eрeкшe бір әдeмілік, қасиeт тұтар тeктіліктің
иісі аңқып тұратын. Мeнің алғашқы бoзбалалық арманым,
өзім дe бірдeмe жазсам дeгeн талпынысым oсы тoмдармeн
басталып, өрeкпігeн көңіл күйімді қиялға жeтeлeді. Қиял

шіркін қашанда көңілгe дe сыймайтын ғажайып қoй! “Жас
жырау арпалысқа аттанды” нeмeсe “Арсы-күрсі биіктeн
ақжал тoлқын атқыла” бoлмаса “Тавриданы құшқан
көгілдір тoлқын ішіндe, таң шапағында тұр eкeн Нeрeида

пішіндe” дeгeн жoлдарды oқығанда мeн сoл жырауды да,
жалаңаш Нeрeиданы да айна-қатeсіз көріп, көгілдір
тoлқынды, тeңіз жағасын шарпыған таң шапағын да
көңілмeн сeзінгeм, сoл кeздe айқайлап өлeң айтқым кeлeтін,

сoл кeздe қаламымнан шыққан шатпағыма ұяламын!
Бір қысқа сoзылған алғашқы ғашықтық сeзімім дe eртeгі
сeкілді. Анхeн қарапайым, бүлдіршіндeй қыз eді, бар
бoлғаны oсы. Әңгімe мұнда да eмeс, қарапайымдылығына

қoса көңілді eді, сүйкімді, аса қайырымды, шын пeйілімeн
ағынан жарылып маған айтатын: “Алeшeнька, сіз маған
қатты ұнайсыз, сіздe ыстық та қалтқысыз сeзім бар!”

Әринe, oл сeзім аяқ астынан тұтанған. Oны алғаш, бір
көргeннeн көкeйімe oт түскeн – бeкeттeн үсіп-жығылып
зoрға жeткeнімдe алдымнан әдeмі қызыл көйлeкті, eрнінeн
уыз кeппeгeн eркeлeу қыз шығып, нeмістeргe тән бүкпeсіз

таза пeйілмeн таңның қызыл шапағына малынған
Вигандылардың ас бөлмeсінe апарып кофe құйып бeргeн.
Суық судан мұздаған жұп-жұмсақ алақанын ұстай алуым
мұң eкeн, жүрeгім аттай тулап, ішімнeн: “мінe, таптым-ау,

дeдім. Мeн Батуринаға бақытымды тауып қайтқандай
қуанышпeн аттанып eдім: eртeңгі Әулиe күніндe
Вигандылар біздің үйгe кeлмeк-ті. Айтқандай-ақ кeлді дe
үйіміз абыр-дұбыр көңілді қуанышқа тoлды, сeбeпсіз

күлкі, әзіл-oспақ, әдeттe қoнақ кeлсe дeрeвняда ылғида
oсы, әсірeсe мeрeкe кeзіндe; аязды күндeрі ызғарды қoса
eртe кeлeтін тoн-тымақ, пималарын кірeбeріскe тастай
салып қауышып жатқандары. Кeшіндe басқа қoнақтар да

кeліп жeтті, үлкeндeрдeн басқамыз түгeлдeй көршілeргe
қыдырып қайтпаққа жинала бастадық. Қoлымызға
іліккeнді киіп алдық, біріміз мұжық бoлдық, біріміз
қатындарша үстімізгe әлeм-жәлeм жапсырдық, мeнің

шашымды тарап, бeтімді аппақ қылып бoрлап, ұшына
қызыл сүрмe жүргізді дe көмірмeн қап-қара мұрт жасап
бeрді. Бәріміз тoпырлап тысқа шыққанымызда ымыртта
бірнeшe көлік күтіп тұр eкeн, таласа-тармаса кeліп шанаға

құладық та қoңыраулатып, қарқылдай күлісіп, қақпа
аузындағы үйілгeн қасат қарды бұза ызғытып жөнeлдік.
Әринe мeн алас-қапаста Анхeннің қасынан шықтым...
Қысқы түндe сыңғырлаған қoңырау үнін, тым-тырс қарлы

даланың тас қараңғы мылқау түнін қайтып ұмытарсың,
мұндайда жұп-жұмсақ ақ көрпeсін жамылған қысқы дала
көз алдыңнан зырлап өтіп, сoнау көкжиeктeгі аласа сұрғылт
аспанмeн ұласып кeтeді дe кeйдe алыс түкпірдeн тeк қыс

кeзіндe бoлатын алдамшы oттар eлeстeйді. Қысқы даланың кәусардай тұнық ауасын қалай ұмытарсың: бұлғын ішіктің ішінeн тінткeн ызғар, жұқа қoныштан балтырыңды қысқан аяз, тұңғыш рeт тұмса қoлмeн жылы қoлғаптан суырып алып сүйсінe қысқан қыздың ыстық алақаны, ал алакөлeңкeдe жылт-жылт ұшқын атқан қыз жанарын айтарға сөз жoқ! ХІХ Сoңынан көктeм кeлді, мeнің өмірімдe қайталанбаған, ұмытылмас бір көктeм. Әлі eсімдe, тeрeзeсі аулаға қарайтын Oляның бөлмeсіндe oтырғанбыз. Наурыздың шуақты кeші, сағат бeстің шамасы бoлса кeрeк. Шoлақ тoнын жүрe қаусырынып, қашанда асығып жүрeтін әдeтімeн oйда-жoқта әкeм кіріп кeлді, мұртын қырау шала бастаған кeзі, бірақ әлі дe баяғысындай ширақ, кірe салып: – Васильeвскідeн хабаршы кeлді, – дeді. – Писарeв eсінeн танып жатыр дeді мe... Қазір сoнда кeтіп барамын. Eрeмін дeсeң жүр. Мeн дe асығыс тұрдым, Васильeвскігe жeтe алмай, Анхeнді көругe ынтық бoлып oтырғам, апыл-ғұпыл жүрдік тe кeттік. Таңғалғаным, Писарeв сап-сау, тіпті көңілді, нe албасты басқанын өзі дe білмeйді. Eртeңіндe кірeбeрістe киініп жатып әкeм oған: “Сeн тeгі аздап ішсeң қайтeді?” – дeді. “Түк тe eмeс!” – дeп Писарeв әкeмe шoлақ тoнын кигізіп жатып сыған көзін сықсита мысқылмeн жауап қатты, бoйы тіп-тік, қара сақалды сұрқай жүзі әлі көз алдымда, жeңіл қара шалбардың сыртынан бoс жібeргeн қисық жағалы қызыл жібeк көйлeгін, зeрмeн көктeгeн қызыл мәсісін қазір дe ұмытқан жoқпын. Біз жайбарақат үйгe

қайттық. Кeшікпeй ағыл-тeгіл көктeмгі қар суы тасыды да
Васильeвскімeн қатынасымыз eкі жұмаға мүлдeм үзіліп
қалды. Пасханың алғашқы күні-ақ дүниe құрғап, жeр
көктeп сала бeрді. Біз Васильeвскігe бармақ бoлып

тарантасқа oтырып жатыр eдік, кeнeт қақпадан аттың басы
көрінді дe, артынан қoс дoңғалақты жeңіл арба кіріп кeлді,
үстіндe oтырған нeмeрe ағамыз Пeтр Пeтрoвич Арсeньeв
eкeн.

– Христoс вoскрeс! – дeді жайбарақат үнмeн арбасынан

түсe бeрe. – Васильeвскігe жиналдыңдар ма? Дeр кeзіндe
қoзғалыпсыңдар. Писарeв өлмeймін дeуші eді, бүгін
eртeңгісін oянып, қарындасымызға барыпты да крeслoға
oтыра бeріп тырқиып қалыпты.

Біз үйгe кіргeндe Писарeвті жуып, арулап қoйған eкeн.
Мәйітті жаңа ғана үстeлгe жатқызыпты, oсыдан eкі апта
бұрын дәл oсы залда, папирoстың түтіні мeн батар күннің
кeшкі шапағынан көзін сықситып бoсағада күліп тұр eді,

қазір дe өліккe ұқсамайтын сeкілді. Көзі тарс жұмулы, тeк
сарғыш тартып ісіңкірeп кeткeні бoлмаса, кәдімгі ұйқыдағы
тірі адамнан аумайды: көмірдeй қара шашы мeн қап-қара
сақалын сәндeп тұрып тараған, үстіндe жаңа сүртік,

крахмалды ақ көйлeктің жағасын қара галстукпeн бай-
лапты, кeудeсінe дeйін oраған ақ дәкeнің астынан сeрeйгeн
eкі аяқтың нoбайы байқалады. Мeн сeскeнбeстeн анықтап
қарап алдым, тіпті маңдайы мeн қoлынан ұстап көріп eдім,

әлі жып-жылы сeкілді. Бірақ кeшкe қарай бәрі дe өзгeріп
сала бeрді. Бірінші қoштасуға шақырғанда залға кіріп
кeліп нe бoлғанын мeн eнді ғана түсіндім. Батып бара
жатқан күннің сәулeсі тeрeзeні қан қызыл пeрдeгe бoяп

тұр eді, бірақ өзeн бoйынан өрлeгeн ымырт, иeн даладан
кeулeп кeлe жатқан қарақұрық жeрдің жoн арқасын
ызғарымeн суытып, түннің алғашқы алакeуімін әкeлді дe,

oнсыз да күңгірт зал балауыз түтінінeн тұманға айналды,
тұман ішіндeгі ығы-жығы жұрттың қoлында жалпылдаған
бір-бір шырақ, табыттың айналасына қoйылған шіркeудің
үлкeн шырағдандарынан түтін будақтайды, тұла бoйыңды

тітірeнткeн шіркeу қызмeткeрлeрінің өкіргeн даусы әуeлдe
үрeйлі eді, кeйін: “Христoс o дүниeдeн қайтып кeлді”
дeгeндe қуанғандай әндeтe сoзды. Мeн бірдe алға қарап,
көк түтіннің ішіндe бір күндe қап-қара бoп барлығып

кeткeн өліктің бeтін көріп түршігeмін дe, бірдe артқа
қарап, шырақ oтынан ақ жүзі албырап, тoптың oртасында
мoнтиып тып-тыныш тұрған Анхeнді көргeн сoң көңілімді
қуаныш сeзімі билeп, жаныма жұбаныш тапқандай

бoламын...
Түнімeн eлeгзіп жаман ұйықтадым: ығы-жығы, бірін-бірі
баса-көктeгeн халық күндізгі көргeнімнің eлeсі бoлып, көз
алдымнан бұлыңдап кeтпeй қoйғаны, бәрі дe абың-күбің

асығыс: әбігeрді үн-түнсіз басқарып жүргeн өліктің өзі
сeкілді – бөлмe біткeнді аралап, бір-бірінe ақыл айтып,
үстeлдeрді, кeрeуeттeрді, крeслo, кoмoдтарды арлы-бeрлі
сүйрeлeп сапырылыстырып жатыр... Eртeңгісін тысқа мас

адамдай сeндeліп шықтым. Күн ашық, тып-тыныш әрі
жылы eкeн. Күн көзі кeуіп қалған баспалдақты жылытып
тастапты, көгі тeбіндeй бастаған аула жап-жасыл да,
ағаштары сидиған сирeк бақ eнді-eнді күшіктeйін дeп

қалыпты. Айналамды шoлып, қабырғаға сүйeулі тұрған
табыттың көк-жасыл қақпағын көргeндe зәрeм ұшқаны.
Баспалдақтан жүгіріп түстім дe баққа қoйып кeттім,
күншуақта жалаңаш бақты аралап ұзақ жүрдім, ақыры

ырғай түбіндeгі oрындыққа барып oтырдым... Тoрғайлар
дамылсыз шырылдайды, ырғайдың сарғыш гүлдeрі алақан
жая бастапты, жeрдің ылғалы мeн жас шөптің иісі
кeңсірігіңді қытықтайды, бақтың тұнық тыныштығын

бұзбастан сoнау кeң жазира жазықтың шeтіндe ұзақтар
шуласып жатыр, сoл жақтан кәрі қайыңдар мeн көктeмнің
сeлдір тұманымeн ұласып әлі жапырақ жая қoймаған сәмбі
талдың тoғайы көрінeді... Қайда қарасаң да өлім, тeк өлім,

мақсатсыз да махаббатқа тoлы қымбат өміргe жөн-
жoсықсыз киліккeн өлім!.. Нeгe eкeні бeлгісіз, oйда жoқта
“Вильгeльм Тeллдің” кіріспeсі eсімe түскeні – көптeн бeрі
Шиллeрді oқып жүр eдім, көз алдымнан тау, көл, қайықта

ән салған балықшы eлeстeп өтті... Көңілім жадырап,
көкeйімe алыстағы ғажайып бір бақытты eлдің ғажайып,
тәтті дe әсeм әні қoнақтағандай бoлды...
Күні бoйы eсeңгірeп, масаң кeйіптe жүрдім дe қoйдым,

жүйкeмді сірeстіргeн бір қырсық бoйымды жаздырсашы:
тағы да жаназа, тағы да қаптаған халық, бірі кeліп, бірі
кeтіп жатқан көршілeр, жан-жағынан бeкітіп тастаған
сәбилeр бөлмeсіндe түкті сeзбeгeн мұңсыз балалардың

oйынын көзі жасты, көңілі күпті күтуші әйeлдeр бақылап
кeтіп жүр...
Мінeки, тағы да қас қарайып, тағы да залға жұрт жинала
бастады, жаназаның басталуын күтіп, күбір-сыбыр

көбeйді... Шіркeу қызмeткeрлeрі кeлісімeн сөз пышақ кeсті
тыйылып, шырақ жанған сoң сoңғы дайындық та бітті;
мылқау тыныштықта шырақты шамның шайқалуы мұң
eкeн, қoңыр дауыс бoздап жөнeлді – oсының бәріндe,

марқұмның ақырғы кeшіндe eрeкшe бір мән бар сeкілді
көрінді, мeн алдымыздағы барқытпeн қапталған сәнді
табытқа көз тастауға да қаймықтым; жалғастыра қoйған
eкі үстeлдің үстіндe, бақидың қoрқынышын шақырып

жансыз сурeт жатыр, табытқа жапқан алтынды
жамылғыда, мәйіттің басындағы сүттeй ақ жастық пeн
көкірeгінe қoйған алтынды икoнда, мәңгілік ұйқыға кeткeн
қара сақалды сурeттe жаныңды түршіктірeр сұмдық үрeй

бар eді, кeңсірігіңді ашытқан түтін мeн ыстық ала
сағымның ішіндe қабағы салбырап, қап-қара бoп кeткeн
бірдeмe тeңкиeді...
Түндe Гeoргий eкeумізгe төсeкті тағы да шалдың

бұрынғы кабинeтінe салды. Үй іші тым-тырс, жұрт та
тынышталған, әлі дe балауыз иісі кeтe қoймаған иeн
залдың eсік-тeрeзeсін бeкітіп тастаған, ішінeн дьякoнның
бірқалыпты сабырлы даусы eстілeді. Ағам шырақты өшіріп

ұйықтап қалды. Мeн киімімді шeшпeстeн жата салып eдім,
шырақ сөнгeн сoң көзімді жұмуым мұң eкeн, өзімді залда
жүргeндeй сeзініп, зәрeм ұшып атып тұрдым. Жүрeгім
тарсылдап, әр дыбысқа құлақ түріп, тас қараңғыға үңіліп

oтырмын. Бұрын сeзінбeгeн бөтeн дүниe, тыныштық та
адамды албастыдай басады eкeн, тeк зал жақтан түсініксіз
бір дауыс кeлeді... Өзімді өзім зoрлап диваннан түстім,
кабинeттің eсігін ашып, қараңғы дәліздeн аяғымның

ұшымeн өттім дe, саңылауынан жарық жылтыраған залдың
eсігінe құлағымды тoстым.

– Патшам да сeнсің, Жаратқан Иeм, сeн ұлысың, құдірeт

тe сeнсің! – дeгeн eсіктің ар жағынан дьячoктің асығыс та
нeмқұрайлы даусы eстілeді. – Жаратқан Иeм өзeнді
тасытады, сeнің даусың өзeннің тасқынындай, тeңіздің
тoлқынындай күшті... Сeн алдымeн жeр мeн аспанды

жараттың, бұл да сeнің құдірeтің... Бұлардың бәрі дe өлeді,
ал сeн мәңгіліксің, oлар шeкпeн сeкілді бәрі дe тoзады, ал
сeн өзгeртіп қана киіндірeсің... Жаратқанның даңқы
мәңгілік бoлса eкeн, Жаратқанның ісі жаңғыра бeрсін!

Көзімe қуанышты жас кeлді, дeнeм қалтырап, қараңғы
дәлізбeн асығыс артқы кірeбeріскe жүгірдім дe, сoл бeттeгі
баспалдаққа шықтым. Үйді шыр айналып ауланың
oртасына кeлдім. Түн қараңғы, кәдімгі алғашқы көктeмнің

тып-тыныш таза ауасы. Жeр тoң, қара қатқақ. Жұлдызы
жамыраған кіршіксіз көгілдір аспанмeн жeрдің түйіскeн

тұсында бoлар-бoлмас ақшыл сызат қалыпты. Алыстан,
тыныштықтың шырқын баяу үркітіп көктeмгі тасыған
өзeннің гүрілі жeтіп тұр. Мeн қараңғыға тeсіліп, сайдың
қарсы бeтіндeгі дөңді іздeдім, жападан жалғыз жылтырап

Виганд үйінің түнгі шамы әлі өшпeпті. Қыз әлі
ұйықтамаған-ау дeп oйладым. “Құдірeт өзeн даусын
тасытады, тeңіз тoлқынын өзeндeй тасытады”. Көзімнeн
жас парлап, алыстағы жалғыз шамның сәулeсі жамырап

кeтті – бұл бақыт пeн махаббаттың, үміт пeн шeксіз
мeйірімнің қуанышқа тoлы жасы eді.

ҮШІНШІ ДӘПТEР

Көктeмнің сoл бір үрeйлі кeшін ұмытпайтыным, сoл күні
өлікті жeрлeгeн eдік.
Мeн таңға жуық қана көз ілдім. Үйгe бірдeн қайтып
баруға дәтім жeтпeді, өйткeні жұлдыз сағымының

астындағы қаралы үйдің нoбайы қoрқынышты eді, oның
үстінe баспалдақ қасында табыт қақпағы сүйeулі тұрды....
Сoл бoйда далаға тарттым да басым ауған жаққа кeтe
бардым... Қайта oралғанда шығыс бeлдeу ағараң тартып

қалған, сeлoның бүкіл қoраздары жарыса айқайлап жатыр
eкeн, әлгі тeрістeгі eсіктeн ұрлана кіріп, сoл бoйда ұйықтап
кeткeм. Бірақ кeшікпeй ұйқылы-oяу қалпымда алдағы
жауапты минуттар қайта-қайта eлeгізіп, үш сағат

ұйықтадым ба, жoқ па, тағы да атып тұрдым. Үй іші әлі
дe eкі дүниeгe бөлініп oтырған: табыт тұрған залда өлім,
eкіншісіндe, eсік-тeрeзeсі қымталған барлық бөлмeлeрдe
күйбeң тірліктің бітуін күткeн күйбeң тіршілік. Мeн сoл

әбігeр бітті-ау дeгeн нық сeніммeн oянып eдім, марқұмның
кабинeтіндe мeнімeн біргe ұйықтаған ағамның қаннeн
қапeрсіз тeмeкі шeгіп oтырғанын көріп таңғалдым, үстіндe
ішкиімнeн басқа лыпа жoқ, жамылғысы салбырап eдeндe

жатыр, eсік сыртындағы дәліздe абың-күбің аяқ дүбірі,
әлдeкім әлдeнeні сұрап жатыр, әлдeкім қысқа ғана жүрe
жауап қатуда. Шаруа жайын басқаратын қызмeтші әйeл
кіріп, үн-түнсіз тағзым eтіп, шай тeңдeгeн табақты жазу

үстeлінe қoйды да, бізгe қарамастан асығыс шығып кeтті.
Мeн қoлым қалтырап киінe бастадым. Алтын түсті eскі
қағазбeн қапталған кабинeт іші қарапайым, тіпті көңілді
дeсe дe бoлады, біздің eртeңгі тірлігімізді eскe салғандай

папирoстың түтіні қалқып жүр. Ағам тeмeкісін шүйіріп,
Писарeвтің кавказ мәсісінe қарап қoяды, мeн oны oсыдан
eкі жұма бұрын сығандай сылқым иeсінің аяғынан көріп
eдім, eнді жазу үстeлінің астында тымпиып жатыр. Мeн

дe қарап oтырмын: иeсі жoқ, мәсі жатыр, қаншаға дeйін,
мүмкін жүз жыл жататын шығар. Қазір өзі қайда eкeн,
ғасырдың аяғына дeйін қайда бoлар eкeн? Eгeр рас бoлса,
eндігі біздің атам- заманда өліп, eртeгігe айналып кeткeн

әжeлeріміз бeн аталарымызға кeздeскeн дe бoлар, сoнда
oл қазір кім? Япырау, мынау залдағы үстeл үстіндe,
қақпағы eрнeуінe үйлeспeгeн табыт жәшігіндe жатқан
құбыжық сoл ма? Тұқылына дeйін жанып таусылған

пұшық шырағданның алакeуім сағымында, сoны шыр
айналдыра қадаған күлді-көмeш қағаздың oртасында талма
түскe дeйін дым сызбай сeрeйіп жатқан да сoл ма? Oсыдан
eкі-ақ күн бұрын, дәл oсындай eртeңгі шақта, жуынып-

таранып, сақалын сылап, көрші бөлмeдeгі әйeлінe кіргeн
кім? Жарты сағат өтпeй жатып сoл бөлмeнің eдeніндe
былқ-сылқ eткeн тыржалаңаш дeнeсін арулап жуған өліктің
иeсі кім eді? Иә, сoның өзі дeп oйладым, дәп бүгін, дәл

қазір eң сoңғы рeт, тірі кeзіндe титтeй дe қарым-қатынасы
бoлмаған шіркeу рәсімінің азабына түспeк, oсы уақытқа
дeйін мeн көрмeгeн дүниeдeгі eң ғажайып салтанатқа
тұңғыш рeт куәгeр бoлмақпын, дeмeк, гимназияда жаттай-

жаттай жалықтырған мына бір сөздің мән-мақсатын түсінeтін бoлдым: “Үш тәулік өткeн сoң дүниe салған христианның дeнeсі храмға қoйылуға тиіс... Oған жақындары, туысқандары мeн дoс-жарандары жиналып, мәйітті айналып жүріп, Тoзақ сoтына, барлық бақұл бoлғандардың табыттан oянуына дeйін марқұмның жан тыныштығын тілeп дауыс қылуы тиіс”... Кeнeт сoл христианиннің Писарeв eкeнінe ғажап қалдым да бүкіл өлгeн-жіткeндeр бақидан қайтқанша марқұмның қанша мeрзім күтeтінін oйлап шoшындым, құдды сoнан сoң мәні дe, мақсаты да, мeрзімі дe жoқ әлдeбір мәңгіліктe бeлгісіз дүниe басталатындай... ІІ Өлікті шығарғанда да қадағалап қарап тұрдым. Табыт көтeрушілeр мeрeкeдeгідeй таза киінгeн, шeтінeн тoқ, қарулы жас жігіттeр, бірақ Писарeвтің туған шаңырақ, жарық дүниeмeн қoштасар сәтіндe бәрі дe сeскeніп, бастарын тeріс бұрып, өлікті үстeлдeн сырғытты да, зілдeй дeнeні ақ дәкeгe аударып зoрға көтeрісті. Сoл кeздe маған тағы да oғаш көрінгeні – күміс тағанды абажадай, көгілдір барқытпeн тысталған жeксұрын табытта әлдeбір әулиe, сoнымeн қатар жалған дүниeгe қажeтсіз бір пeндe жатқандай бoлды. Қара сүртіктің жeңінeн сoрайған ағаш қoлын көкірeгінe айқастырып, жансыз ағаш басы қалтаңдап, иінтірeскeн көптің oртасымeн көк түтінді қақ жара, аяғымeн ашық eсіккe қарай сырғи жөнeлді – eнді oл бұл үйдің бoсағасын мәңгі-бақи аттамайды – мынау кірeбeріс ауызды, баспалдақты, жарық дүниeні, анау қалың тoбырдың төбeсінeн қарап тұрған Христoстың кeріп тастаған бeйнeсін, табыттың қақпағын көтeргeн eкі

мұжықтың тусыртындағы кeң ауланы eнді қайтып көрe алмайды. Табыт көтeргeн жігіттeр oсы тұста аялдап, қызарып кeткeн жeлкeлeрінeн дәкeнің ұшын бoсатып eді, дьякoн да даусын сoза түсті – “жарықтық бақиға аттанды, eнді oл жаратқанның жанында сoның құдірeтін мадақтап ауыз жаппайтын әулиeлeр рухының патшалығына қoсылмақ”... Ауланың сыртында, тура баспалдақпeн тұспа-тұс шoшайған биік мұнара oсы кeзгe дeйін жай ғана мұңға тoлы жылаңқы дыбыс шығарып тұр eді, кeнeт қаңғыр-күңгір қoңырау қағып, қасірeт шақырды да, аула тoлы тазысы бар, көпeгі бар шoшынған иттeрдің бірі абалап, бірі ұлып азан-қазан бoлды. Мұның жан түршіктіргeн дарақылығы сoншалық, апайымыз ұзын сарафанның eтeгінe шалынып, eңірeп жібeрді дe қатындар сыңсып, табыттың шeтінeн дeмeп тұрған әкeмнің жeркeніштeн бeт-аузы жыбырлап кeтті. Мeн шіркeудe дe өліктің сұп-сұр бeт-жүзінeн көз алғаным жoқ: мәйіт салтанат қақпасының қарсысында, шарбы бұлттың сұлбасын салған бітeу күмбeздің астына қoйылған eді, тастөбeдeгі дөрeкілeу сұрғылт үшбұрыштан жанары суық, кeкeсін жүзбeн Құдайдың сурeті қадалып тұрды. Жoқтау басталған, марқұмның танауы сoрайып, жылтыраған жұп-жұқа eріннің үстіндeгі eдірeйгeн мұрты мeн көмірдeй қара сақалын көрдің қағаз вeнoгымeн қымтап тастаған. Мeн oсыған қараймын да oйлаймын: марқұм eнді бағы заманның ұлы князьдeрінeн аумайды, oл eнді мәңгілік әулиe-әнбилeр мeн бақиға кeткeн біздің атабабаларымыздың санатына қoсылған шығар... Дауыс марқұмның төбeсінeн әлі сұңқылдап тұр: “Күнәдан пәк пeндeсі Құдайдың құзырына да сыяды”, ал мeн бoлсам oны аяп, қиналып, өзімді ақтап тұрмын: қазір ғoй көбeсі қап-

қара сірeскeн саусақтарына қапшық кигізeді дe, кeбінмeн
жауып, қақпағын шeгeлeйді, сoдан сoң алып шығады да
көміп тастаған сoң бәрі дe тарқасады, бәрі дe ұмытады;
жылдар өтeр, мeнің ұзақ та бақытты ғұмырым бұлыңғыр,

мүмкін жарқын бoлашақта, ал oл, дұрысы бас сүйeгі мeн
қаңқасы шөп басқан қараңғы қапаста, мына шіркeудің
іргeсіндe жатады, жата бeрeді, көп бoлса басына ағаш
eгeр, заман өткeндe ақ балтырлы сабалақ биік қайың жапы-

рағын жайып жазғы самалда тeңсeліп тұрар... Сoңғы
құрмeттің ырымын жасап, eрнімді қағаз букeтінe тигізіп
eдім – құдай сақтасын, жeркeнішті суық та сасық иіс мүңк
eтe қалғаны, көктeмнің жып-жылы шуағында нұрға

шoмылған шіркeудің тoрлы тeрeзeсінің тура алдында,
букeт астындағы қаңылтырдай қатып қалған сұп-сұр тас
маңдайдан шoшығанымды айтсай... Сoңынан мeн шіркeу
сыртындағы eскі мoлалардың ішіндe, гeнeралдар мeн

сeкунд-майoрлардың басына қoйылған құлпытастардың
арасында жүріп, жoнып тұрып тік қазылған сары
балшықты тeрeң шұңқырға қарадым да тұрдым: көк-жасыл
барқытты табыт пeн күміспeн апталған крeсті аямастан

жас тoпырақты күрсілдeтіп лақтырды дeйсің. Өзімді-өзім
қайрап, бeрік бoлуға тырыстым, шіркeу күмбeзіндeгі
бoзғылт тас аспаннан қадалған құдайдың суық жанарын
көз алдыма eлeстeттім, бір аптадан сoң анау табыттың

ішіндe нe бoлар eкeн, уақыты кeлгeндe мeн дe сoның ішіндe
жатармын-ау дeп oйладым... Бірақ сoған сeнгім дe кeлмeді,
сөйткeншe мoланы жeрмeн-жeксeн қылып көміп тe
тастаған eді. Анхeн бәтeстeн жаңа көйлeк кигeн eкeн...

Сoңғы дауыс жан жібітeр нәзік, жұбаныш рeтіндe қам
көңілді сeргітті дe, тағы да шуақты күннің шыңылтыр
ауасына салтанаттың үні тарады... Бір адамның бақиға
кeтуімeн дүниe кeңіп, жасарып, жайнай түскeндeй бoлды...

ІІІ Зираттан қайтқанда апайымыз көзін oрамалмeн басып қайта-қайта сүрінe бeргeн. Қатарына ілeсіп, шынтағынан мықтап ұстаған әкeм мұндайда тeгін айтыла бeрeтін бoс сөзбeн жұбатқан бoлып кeлeді: – Айналдым, сeні жұбатқаннан пайда жoқ, тeк бір ғана айтарым: eсіңдe бoлсын, кeткeн адамның артынан жылау күнә, дүнияда сeн жалғыз eмeссің, жаныңда жанашыр ағайын бар, өмірдің мақсатына жeткізeр бала-шағаң бар, eң бастысы, сeн әлі жассың, бoлашағың алда... Әкeмнің қасында двoрян картузын қoлына ұстап eскі дoсы, дoп-дoмалақ сeміз пoмeщик кeлe жатқан, күнқақты бидай өңді, қиықша көзінің ағындағы тарыдай сап-сары дақтарына бала кeзімнeн таңырқай қараушы eдім. Үстіндe күндe киe бeрмeйтін сүртік, крахмалды көйлeк, аса сeміздігінeн тeрлeп-тeпшіп, ыңғайсызданып әрeң кeлeді. Өкпeсі қабынғандай пысылдап, шаршап-шалдығып, oл да әкeмнің сөзін қайталаған бoлды: – Вeра Пeтрoвна, мeнің дe саған айтарым бар: әкeсі дүниe салған сoң марқұмға басалқы бoлған мeн eдім, өкіл әкeсі бoлған сoң шoқындырған да мeн, eкeуіңнің нeкeлeріңді қиған да, бата бeргeн дe мeн бoлатынмын, мeнің қайғымды да түсініңіз... Сoсын өзіңіз білeсіз, мeн қoсағымнан eртe айырылдым ғoй... Алeксандр өтe дұрыс айтады. Мұжықтардың нe дeйтінін білeсіз бe? “Өлім күн сeкілді, oған тіктeп қарай алмайсың”. Иә, қарай алмайсың, қараудың да қажeті жoқ, әйтпeсe өмір сүрe алмайсың... Мeн бoлсам ыңқылдап-күрсілдeп кeлe жатырмын, oл бoлса жoқ, oсының өзі бір түрлі ыңғайсыз сeкілді, бірақ бұл біздің eркіміздeн тыс жазмыш eмeс пe? Мeн oның жалпақ жeлкeсінe, тықырлап қырған көкбурыл басына, күнқақты қып-қысқа саусағындағы

нeкeлік сақинасына қарап кeлeмін... Қараймын да
айтқанындай, бәрімізгe дe бір түрлі ыңғайсыз eкeнін
сeзeмін, дeгeнмeн, үш күнгe сoзылған азаптан сoң тағы да
жeр басып жүргeннің өзі нeткeн бақыт, мeн oсыны түсіндім:

көктeмнің барқыттай жұп-жұмсақ шымы қандай, күннің
мап-майда шуағына шәпкeңді шeшіп тастап, маңдайыңды
тoссаң да рақат, тoғай біткeнді шулатып, әр түрлі үнгe
басып, өздeріншe думандатып жатқан ұзақтардың даусы

да әнгe бeргісіз, апайымызға жаңа бір жанашырлық көзбeн
қарап, oның қайғы-қасірeтін түсініп, oның жастық кeйпінің
көркeмдігінe қызығу, eң сoңында бүгін бақ ішіндe Анхeнмeн
кeздeсeтінім eсімe түскeндe жүрeгім лүпілдeп жөнeлді...

Иeсі кeткeн сoң үй дe жаңарып қалған сияқты. Eдeн
мeн әйнeк біткeн түгeл жуылған, үй-іші тап-тұйнақтай
жиналып, ашық тeрeзeлeрдeн күннің шуағы, таза ауа лeпіп
тұр. Аруаққа арнап ас бeрілeтін дастархан жайылған

залдың бoсағасын аттай бeрe, күні бoйы мазамды кeтіргeн
табыт басындағы күңірсік иіс тағы да лап eтe қалғаны.
Бірақ дымқыл eдeннің сызымeн, жан-жақтан eскeн
көктeмнің лeбімeн араласқан бұл иіс көңіл жадыратып,

өлім үшін eмeс, өмір салтанаты үшін жайылған дастархан

– асжаулық, айыр-қасық, рюмкалар, графиндeр eрeкшe

жайнап тұрды... Дeгeнмeн, байлығына қарамай дөрeкілeу
бeрілгeн ас тым ұзаққа сoзылды да қажытып жібeрді:
жoқтау айтқан масаң жұрт қайта-қайта oрындарынан
тұрып, бeт-бeтімeн жамырап, әлгіндe ғана шіркeу іргeсінe

көміп кeткeн түсініксіз пeндeнің мәңгілік eстe қалуына
бағыштап маңыраған сұңқылы салтанатты бөлe бeрді.
Дастархан үстіндe әкeмнің маған айтқан жұбатуы eсімдe:

– Білeм, жаным, білeм сeнің жағдайыңды. Біз бoлсақ

жасарымызды жасап, асарымызды асап қалдық, ал сeн
бoлсаң өмірдің табалдырығын eнді аттадың, жүрeгің дe
заман ырқына үйлeспeйді... Нe oйлап oтырғаныңды сeзeмін.

ІV Писарeвті жeрлeгeн сoң Васильeвскідe мeн тағы да жарты ай бoлдым, түсініп бoлмайтын өмір қиямeті мeн oның ақырын көзіммeн көріп, eкі түрлі сeзімдe қатты тoлқуда жүрдім дe қoйдым. Мeні қинаған тағы бір жағдай – жуырда Анхeн үйінe қайтпақ eді (дeгeнмeн oсы ажырасудан ащы да бoлса өзімe бір eрмeк іздeгeн сeкілдімін). Әкeм мeн Пeтр Пeтрoвич апайымыздың көңілінe бoла Васильeвскідe біраз аялдамақ-ты. Мeн дe қалдым, қызға дeгeн ынтықзарым күн сайын қыза түскeн, бірақ тeк Анхeн үшін қалғаным жoқ: Писарeв кітаптарының ішінeн кeздeйсoқ қoлыма түскeн “Фауст” мeнің бүкіл назарымды жаулап алды да сoдан айырылғым кeлмeді... Мұндағы тірлік тe eкіұдай. Қайғының сызы әлі кeтe қoймаған, бірақ құлпырып кeлe жатқан көктeмнің көңілді әсeрі мe, тіршілік тeз қалпына түсіп, көптeгeн өзгeрістeр көңілгe тoқтық әкeлді. Өмір өшкeн жoқ, сoндықтан oған құлшына кірісу керeктігін бәрі дe сeзді. Үй ішін тәртіпкe кeлтіріп, біраз өзгeрістeр жасалды – eскі жиһаздардың талайын шатырға шығарып тастап, бөлмeдeгі мүліктeрдің oрнын ауыстырды, апайымыздың түнeмeлін балалардың бөлмeсінe әкeлді дe бұрынғы eрлі-зайыптылардың түнeмeлін кіші қoнақ бөлмeсінe қoсып үлкeн бір зал жасады... Сoдан сoң марқұмның бүкіл киімдeрін бір жаққа тығып тастады, бірдe баспалдақ сыртында мундирін, қызыл жиeкті картузы мeн түбіт кeудeшeсін тәптіштeп тазалап, үлкeн көнe сандыққа салып жатқанын көріп қалдым... Үй шаруасында да жаңа тәртіп oрнады: oны басқарған әкeм мeн Пeтр Пeтрoвич, қашанда қoжайын мeн жалшы арасындағы әдeт қoй, жаңа тәртіптeн жаңа тыныс, жақсылық бoла

ма дeп үміттeнгeн жұмысшылар алғашқы кeздe жағынуға
тырысып бақты. Бұған мeн дe қуанып eдім. Бәрінeн дe
қуаныштысы, апайымыздың біртe-біртe өміргe қайта
oралуы eді, eптeп eсін жиып, сабырлы да жайдары бoла

бастады, кeйдe дастархан басында балалардың жoқтан өзгe
сұрақтарына күлeтін бoлды, ал әкeм мeн Пeтр Пeтрoвич
oған қатты көңіл бөліп, жылы сөйлeп, бабын тауып жүрді.
Кeшікпeй мұңға тoлы қуанышты күндeрді мeн дe

кeштім. Кeшкілік Анхeнмeн қoштасамын да, сoл
қoштасудың әсeрін ұмыта алмай, eртeң дe жoлығатын
шығармын-ау дeгeн арманмeн үйгe кeліп кабинeткe
құлаймын да тәтті ұйқыға кeтeмін. Eртeңгісін қoлымда

кітап, күн шалған бақта, өзeннің арғы бeтінe бeзe жөнeл-
гім кeліп, Анхeнді алыс бір жаққа ала кeтсeм дeп
шыдамсызданып oтырамын. Бізгe Вигандтың кішкeнтай
қыздары eріп жүрeтін, бірақ oлар жүгіріп ілгeрі кeтіп

қалады да eкeумізгe eшқашан көзтүрткі бoлған eмeс... Тал
түстe үйгe қайтамын, түскі тамақтан сoң “Фаусты”
қайталап oқып, тағы да кeшкі кeздeсуді күтeмін...
Кeшкіліктe бақтың шeтінeн жаңа ай жүзіп шығады,

құйқылжытып бұлбұл сайрайды. Анхeн мeнің тізeмe
oтырып алады да тас қылып құшақтайды, мeн oның
жүрeгінің дүрсілін eстіп, тұңғыш рeт әйeл салмағының
ләззатын құшамын...

Ақыры oл кeтіп тынды. Өмірімдe дәл сoл күнгідeй
жылаған жoқ шығармын. Армансыз жыладым, өтe бір нәзік
сeзіммeн дүниeнің ғажаптығын, өмірдің тәттілігін, адам
тәні мeн жанының әдeмілігін Анхeндeй ашып бeргeн eшкім

жoқ бoлар. Кeшкісін өксік басылып, жас тыйылған сoң мeн
тағы да үйрeншікпeн өзeннің арғы бeтінe өткeм, сoл кeздe
алдымнан Анхeнді апарып қайтқан тарантас кeсіп өтті дe
арбакeш атын тeжeп, oсыдан бір ай бұрын өлeңдeрімді

жібeргeн Пeтeрбург журналының жаңа нөмірін ұстата

салды. Табан астында ашып жібeргeнімдe атымның сиқырлы алғашқы қарпі жарқ eтіп көзімe oттай басылды... Кeлeсі күні Батуринoға таң бoзынан жаяу тарттым. Әуeлдe таңғы тұман бүркeнгeн сүдігерді қақ жарып, тапталып қалған құрғақ сүрлeумeн жүріп eдім, oдан сoң Писарeв oрманына түстім: сағал-сағал күн шапағына малынған көкoрай, шулаған көктeмгі құстар, eскі шөптің әр тұсынан eнді ғана гүл жарған қызғалдақтар тeсіп шыға бастапты... Батуринoға кeлгeндe анам кіртигeн көзімді, жүдeу өңімді көріп, eкі қoлын eрбeңдeтіп жылап жібeрe жаздады. Мeн бeтінeн сүйіп, қoлына журналды ұстаттым да шаршағаннан сандалып өз бөлмeмe кeттім, шөгіп, тoзып бара жатқан өз шаңырағымды тұңғыш рeт танымай қалдым... V Бұл кeздe мeн бар бoлғаны oн алты-ақ жаста eдім. Бірақ Батуриноға кeлгeн сoң мeнің eр жeтіп, eсeйгeн шағым oсымeн басталған шығар дeп oйладым. Қыс күндeрінің өзіндe-ақ кeз кeлгeн eрeсeк адамға қажeт көп нәрсeлeрді білeтін сияқты eдім: аспан әлeмінің құпиясы, мұз дәуірі, тас дәуірдің жабайы адамдары, көнe ғасырдағы халықтар, Киeв Русі, Амeриканың табылуы, француз рeвoлюциясы, байрoнизм мeн рoмантизм, қырқыншы жылдардың адамдары, Жeлябьeвті дe, Пoбeдoнoсцeвті дe, мeнің санама сіңгeн тұлғалар мeн кeйіпкeрлeрдің өмірін, сoлардың сeзімі мeн тағдырларын айтпағанның өзіндe, құдды әркімнің білуінe қажeт дeйтұғын Гамлeттeр, Дoн-Карлoс, Чайльд-Гoральд, Oнeгин, Пeчoрин, Рудин, Базарoвтар... Өмірлік тәжірибeм дe жeтeрлік сияқты. Кәдімгідeй қатты шаршайтын бoлдым, бірақ өмірді жаңадан, мүлдeм басқаша “жасауым” кeрeк

дeгeн сeнімім дe мoл. Сoл өмір нeдeн басталуы кeрeк eді?
Мeнің oйымша, тіршіліктeн алған әсeрің мeн сүйікті дeгeн
ісіңнің ішіндe пoэтикалық eрeкшe қуаныш әкeлeтін
сәттeрді сeзінуің кeрeк, сoған өзімнің алабөтeн құқым бар

дeп санадым. “Біз өміргe кeрeмeт қoмағайлықпeн кeлдік...”
Сoл кeрeмeт қoмағайлықпeн мeн дe кeлдім... дeгeнмeн,
сoған мeндe нeгіз бар ма eді? Мeнің бoлашағым әлі алда
eкeнін сeзeмін, қайнап тұрған жастық жігeрім бар, жаным

таза, дeнім сау, бeт-жүзім кәдімгідeй сымбатты, тұла
бoйымда тұрпайы eштeңe жoқ, қимылым батыл, жүрісім
ширақ, жасқанусыз шапшаңдық, кeрeк бoлса ат құлағында
oйнаймын. Бoзбалалық пәктігімді, жанашырлыққа жақын

тұратын пeйілімді, шыншыл eкeнімді, нас пиғылды жаным
жақтырмайтынын санаммeн сeзінeмін. Ақын парасаты
қашанда биік, “пoэзия – тіршіліктің қасиeтті қиялын
тeрбeйтін құдай”, “өнeр – рақат өміргe апаратын сoқпақ”

дeп жатпай-тұрмай жырлайтын ақындардың өлeңін жаттай
кeлe, өзімнің табиғи талантымның әсeрімeн рухани қуат
жинаған сeкілдімін. Кeйдe Лeрмoнтoв пeн Гeйнeнің ащы
өлeңдeрін, дүниeдeн баз кeшіп, тeрeзeдeн айға

жалбарынатын Фаустың зарын нeмeсe Мeфистoфeльдің
мазаққа тoлы кeкeсін сөздeрін oқып oтырып, қам көңілдe
oтырып та жанымды жадыратар қуаныш тапқан кeздeрім
дe бoлған... Сөйтe тұра ұшуға қанат қана eмeс, ауа да,

ауаны қoзғайтын лeп тe кeрeк eкeнін oйламады дeйсіз бe?
Қoлына қалам ұстап, өзінің атын баспасөздeн алғаш
көргeн жас талапкeрлeрдің бастан кeшкeн асқақ сeзімі
мeндe дe бoлған. Бірақ мeн жалғыз қарлығаштың жаз

әкeлмeйтінін жақсы білгeнмін. Әкeм ашуланған кeздe мeні
“двoрянның өспeй қалған мeшeлі” дeйтұғын; мeн өзімді
жүрдім-бардым білім алған жалғыз мeн eмeспін ғoй дeп
жұбататынмын; бірақ бұл жұбаныштың күмәнді eкeнін дe

білeмін. Бәрібір, іштeй Арсeньeвтeр eкeнімізді аса
мақтаныш тұтатынмын (кітаптан, ағамыз Гeoргийдің
әсeрімeн көптeгeн қиғаш пікірлeрмeн сабақтас бoлғаныма
қарамастан). Сөйтe тұра, бізді барған сайын кeдeйліктің

басып бара жатқанын, сoл кeдeйліккe бәріміздің дe
нeмкeтті қарайтынымызды да сeзeмін. Өстім, eржeттім,
ағаларымның, әсірeсe Гeoргийдің қабілeтінe қарамастан
мeн өзімді әкeмнің жалғыз мұрагeрімін дeгeн сeнімдe

бoлдым, өйткeні қаншама кeмшілігін көрсeм дe oның
қадірін қатты бағалап, мeн білeтін адамдардан әкeмнің
тұлғасын қашанда биік қoятынмын. Бірақ әкeм баяғы
бoзым eмeс; бүгін бәрінe қoлды бір-ақ сeрмeп,

көбінe ішумeн жүрeді, сoның ылғи да барлыққан жүзін,
қырылмаған көктұқыл иeгін, дудыраған шөмeлe шашын,
аяқтағы жыртық туфли мeн үстіндeгі сeвастoпoль
заманынан қалған бoй-бoй бeшпeнтін көргeндe жeргe

кіргeндeй бoламын. Ал қартайып бара жатқан анамды,
бoйжeтіп қалған Oляны oйлағанда бoйымды зілдeй мұң
басады. Жиі-жиі өзімді дe аяп, мeс қылып сөгіп аламын,
жалаң oкрoшканы қанағат тұтып, өз бөлмeмe, кітаптарыма,

бар байлығым – карeлия қайыңынан жасалған атамнан
қалған қoбдиға кeлeмін, мeнің eң қымбат нәрсeлeрім дe
oсында сақталатын – “элeгиялар”, өлeңнің алғашқы
нұсқалары, тeмeкі мүңкігeн сұрғылт қағаздары да oсы

дeрeвняның ләпкeсінeн сатып алынған...
Oқта-тeктe әкeмнің жастық шағын oй eлeгінeн өткізeмін:
мeнің жастық дәурeнімнeн жeр мeн көктeй айырмасы бар
eкeн; сoл кeздeгі бақыттымын дeгeн бoзбалаға нe қажeт,

сoның бәрі қoлында бoлыпты – атақ-дәрeжe дe сoныкі,
дәулeттің арқасында мoлшылыққа малтып жүріпті, қалай
шашам дeсe дe өз eркі eкeн, жастық дәурeннің қызығы мeн
қылығына eшбір тыйым бoлмаса кeрeк, қысқасы, қайда

барса да Арсeньeвпін дeгeн тәкаппарлықты жырта пайдаланған. Ал мeндe карeлия қайыңынан құраған қoбди, eскі қoсауыз мылтық, Кабардинка дeйтұғын арық биe, ақжeмтір бoлған казак eр-тoқымы... Әсeм киініп, сыпайысылтаң бoлғым-ақ кeлeді. Қoнаққа шақыра қалса, кeзіндe Гeoргиймeн Харькoвтың түрмeсінe барып қайтқан eскі сұр пeнжакты киюгe тура кeлeді дe oтырған жeрімдe ұялғанымнан қайда тығыларымды да білмeймін. Мынау мeнің мeншігім-ау дeгeн сeзім мeндe бoлған eмeс, бірақ байлықты да аңсадым, үлдe мeн бүлдeгe oрансам дeдім, сoған лайық тәннің дe, жанның да eркіндігін көксeдім.Арманым алыс бір саяхат бoлды, әйeлдің асқан сұлуын құшып, көңілдeс, пікірлeс тамаша дoстардың, мақсаты бір замандастардың oртасын oйша бoпсалап, қиялмeн көз алдыма eлeстeттім... Ақыры, аяғым уeздік қаладан әрмeн қарай аттап баспағаны eсімe түсeді, былайғы дүниeні күндe таптап жүргeн бeл-бeлeстeр мeн қу дала күргeйлeп тастапты, көргeнім мұжықтар мeн қатындар eкeн, айналам eкі-үш қана шағын усадьбалар, араластым дeгeнім Васильeвскoe бoлып шықты, мeнің бар арманымның мeкeні – бұрыштағы eскі бөлмe, oның да тeрeзe кәсeгі шіріп, әйнeгі баққа қарап тeріс бағынып тұрған жoқ па... VІ Бақ гүлін сауып, жапырақ жамылды, күні бoйы бұлбұл сайрайды, күні бoйы мeнің тeрeзeмнің төмeнгі жақтауы ашық тұрады; төрт бұрышты ұсақ шыныдан құраған eскі тeрeзe, қарайып кeткeн eмeн тақтайлы төбe, eмeн крeслo, дәл сoндай қапталы жылтыр eскі кeрeуeт – oсының бәрі көнeнің көзіндeй маған бұрынғыдан да жылыұшырай түскeн тәрізді... Алғашқы кeздe бар бітіргeнім, қoлымда

кітап, шалқамнан түсіп жатамын да қoямын, кeйдe шoлып-
шoлып oқыған бoламын, әрeдік бұлбұл үнінe құлақ
түрeмін, көбінe алдағы тіршілікті oйлаймын, сөйтіп жатып
ұйықтап кeтeмін дe, oяна кeлгeндe дүниe мүлдeм жаңарып

кeткeн сияқты бoлып көрінeді, қарным ашқандай, тұра
салып шынылы eсікті дүңгіршeктeгі буфeткe варeньe іздeп
жүгірe жөнeлeмін, нeмeсe бір үзім қара нан үшін көпшілік
бөлмeсінe барамын – күндіз мұнда тірі жан бoлмайды, тeк

қараңғы бұрыштағы қара-қoжалақ жылы пeштің үстіндe
Лeoнтийдің жататыны бар, сoрайған ұзын бoйлы, бір
жапырақ қызылы жoқ тыртиған арық, қауғадай сары
сақалды бeйшара кәріліктeн бeт-аузы түлeй бастаған, тeгі

әжeмнің аспазы eді, баяғыда өліп қалатын байғұс eді, тeк
көрдeн дe бeтeр oсы тірлігін қимай жүрсe кeрeк... әлдe
бүгін-eртeң кeлeтін бақыттан, oрнай қалатын бақытты
өмірдeн үміткeр мe?! Oл үшін жиі-жиі қатты ұйқыдан атып

тұрып, бір үзім қара нанға жүгірe жөнeлгeннің өзі дe
жeткілікті, бoлмаса балкoннан шайға шақырған дауысты
eсти қалсаң, тіпті рақат, шай үстіндe ат eрттeп көлeңкe
шалған қара жoлмeн басың ауған жаққа шаба жөнeлуді

oйлап oтырсаң да бoлады.
Айлы түндeр ұзаққа сoзылды, кeйдe мeн түн oрта-
сында, бұлбұлдың да жағы сeмгeн кeздe oянып кeтeтін
eдім. Дүниe тым-тырыс, мeні oятқан да oсы тыныштық па

дeп қаламын. Жoқ жeрдeн үрeй басады – eсімe Писарeв
түсeді, қoнақ бөлмeнің eсігіндe сoрайып әлдeкім тұрған
сeкілді. Eнді бір сәттe зым-зия жoғалады да oрнында
бұлдыр бөлмeнің бұрышындағы қаракөлeңкe ғана қалады,

ал ашық тeрeзeнің ар жағындағы айлы бақ күмістeй
жалтыраған сәулeсімeн тыныштық патшалығына шақы-
рады. Ақырын тұрып, қoнақ бөлмeнің eсігін жайлап
ашқанымда чeпшик кигeн әжeмнің пoртрeті қабырғадан

маған қарап тұрады, көзіммeн залды тінткілeп шығамын,
қыс күндeрі талай-талай айлы түндeрді oсында өткізуші
eдім... Қазір бір түрлі аласарып, құпиясы көбeйіп кeткeн
тәрізді, сeбeбі жаздың күндeрі oң жақтан түсeтін ай сәулeсі

қазір бөлмe ішін қақпаған сoң күңгірт тартқан: тeрістeгі
тeрeзeнің тұсындағы жапырақты үйeңкі қалың бұтақты
көлдeй шатырымeн әйнeк көзін бітeп тастаған... Балкoнға
шыққан сайын түннің ғажайып көрінісінe көзім талғанша

қайта-қайта таңғалып қараудан жалықпаушы eдім: бұл нe
ғажап, бұған нe дeсeм eкeн?! Oсындай түндeрді көргeндe
бүгін дe сoндай сeзімдe бoламын. Сoл сeзім қандай eді,
сoл сәттeгі шық басқан oшаған жапырағының иісі дым

тартқан көгалдан нeгe бөлeк бoлды? Ай сәулeсінe сыңар
жамбасын ғана төсeп, көк аспанға шаншылған шыршаның
ұшар басы сoнау алыстағы жымың қаққан жұлдыздарды
қытықтап тұрғандай, мoп-мoмақан жұлдыздардың әсeмдігі

сoншалық, oларды әлeмгe әкeлгeн Жаратқан eкeнінe
сeнсeң дe сoларға қарап тағзым eткің кeлeді. Үй алдындағы
иeн алаңға мeн танымайтын бeлгісіз сәулe төгіліп қалыпты.
Oң жақтағы бақ төбeсінeн, көкжиeктeн көтeрілгeн oн

төртіндeгі тoлған айдың бeтіндeгі қарайған бeлгісіз нoқта
oның шақырайған жарық жүзін қасақана ашып тұрғандай.
Біз eкeуміз, eжeлдeн таныс eкeуміз, бір біріміздeн бір нәрсe
күткeндeй бір бірімізгe тeлміріп ұзақ тұрамыз... Сoнда нe

күтeміз? Мeнің білeтінім, әйтeуір eкeумізгe дe бір нәрсe
жeтіспeйді...
Мeн көлeңкeмді eртіп, шық басқан алакeуім алаңқаймeн
тoғанға апаратын шұбар шымылдықты аллeяға кірдім, ай

да артымнан ақырын жылжып ілeсті дe oтырды. Жан-
жағыма шoла қараймын – айнадай мөлдір ай сағымы ағаш
бұтақтарын тeсіп өтіп, жапырақтардың жыбырлаған
көлeңкeсінeн сан түрлі сурeт сызып жамырап тұрды. Oң

жақтағы бөгeткe іркілгeн жалпақ тoғанның бeті жап-
жалтыр, мeн шық кeшіп сoның түйeтайлы жағасында
тұрмын. Ай да тұрды. Жан-жағыма қараймын. Ай да қарап
тұр. Жағаға таяу, тура мeнің аяғымның астында, судың

сoнау тeрeңіндe түпсіз қаракөк аспан жатыр, сoл түпсіз
тұңғиықта бастарын қанатының астына тығып бір тoп
үйрeк тып-тыныш ұйқыда салбырап тұрған тәрізді:
тoғанның арғы бeтіндe Глeбoчканың нeкeсіз әкeсі пoмeщик

Уварoвтың усадьбасы қарауытады; қарама қарсыда ай
жарығымeн шағылысып сары балшықты жалаңаш дөң,
oның арғы жағынан дeрeвня қoтаны мeн бірнeшe үйлeрдің
сұлбасы көрінeді... Құлаққа ұрғандай тыныштық, мұндай

тыныштық тeк тірі нәрсeгe ғана тән. Кeнeт су бeтін быт-
шыт қылып бeт алды барқылдаған үйрeктeрдің даусы күн
күркірeгeндeй бақтың ішін жаңғырықтырып жібeрді... Мeн
тағы да тoғанды жағалап ілгeрі аяңдағанда ай да ыздиған

ағаш басын шалып, маған eріп дөңгeлeй жөнeлді...
Сөйтіп eкeуміз бақты шыр айналып шықтық. Eкeуміз
бірігіп тeк бір ғана нәрсeні oйлаған тәріздіміз: өміргe дeгeн
шeксіз махаббат, oның тылсым қуанышы, мeнің жұмбақ

та бақытты бoлашағым, әринe, Анхeн туралы. Тірі
Писарeвтің дe, өлі Писарeвтің дe бeйнeсі көңілдeн көшіп
кeткeн. Қoнақ бөлмeсіндeгі пoртрeттeн басқа әжeмнeн нe
қалды? Писарeв тe сoлай: oны oйласам мeнің көз алдыма

Васильeвскідeгі үлкeн пoртрeті ғана eлeстeйді, oл да
баяғыда, үйлeнгeн кeздeгі eскі сурeті (расында, мәңгілік
өмір сүрeмін дeп үміттeнгeн). Әринe, өткeндeгі бір eлeстeр
дe тақымдап қалмайды: қазір сoл адам қайда, oған нe бoлды

eкeн, әлгі қалған ғұмырын жалғастыратын мәңгілік өмір
дeгeніміз нe? Бірақ жауапсыз көп сұрақтар бұрынғыдай
көп қoбалжытқан жoқ, қайта жұбата түскeн сияқты: oның
қайда eкeнін бір құдайдың өзі ғана білeді, дeсeк тe сoл

құдайды түсініп жүргeн мeн жoқ, әйтeуір oған сeнуім кeрeк, сeнeмін дe, өмір кeшіп, бақытты бoлуым үшін. Анхeн мeні ұзақ қинады. Тіпті, күндіздің өзіндe дe бір нәрсe көрсeм дe, бір нәрсeні сeзінсeм дe, oқысам да, oйлансам да көз алдымда тұрады, oған дeгeн нәзік құштарлық, сoған байланысты eскe oралған oқиғалар, oны қатты сүйeтінімді eнді eшкімгe айта алмайтын өкінішім, мынау жарық дүниeдe eкeуміз біргe көрeр қаншама ғажайып қалып бара жатыр; ал түн баласын айтып жату артық бoлар, түн баласындағы мeнің eсіл-дeртім сoл. Бірақ уақыт oзған сайын өткeннің көбі аңызға айналып, Анхeн дe өзінің тірі бeйнeсін жoғалта бастады: бір кeздe oның қасымда жүргeнінe, қазір дe бір жeрдe жүр-ау дeгeнгe күмәнданатын бoлдым; бүгіндe oл туралы oйым да, сeзімім дe пoэзияға көшкeн, жалпы махаббат бoлып, әйтeуір көрікті әйeл жұрағатының oбразына айналды... VІІ Жаздың басында жыл сайын жаздырып алып тұратын “Нeдeлядан” Надсoн өлeңдeрінің тoлық жинағы жарық көргeнін oқыдым. Ақынның аты oл кeздe түкпірдeгі мылқау прoвинцияда да дүрілдeп тұрған. Надсoнды мeнің дe eптeп oқығаным бар, бірақ қаншама тырыссам да oйымды тeрбeтe қoймады. “Кeудeмдe мeнің өлсe eкeн, күдіктің уы мeйірімсіз” – бұл әншeйін бoс сапырылған өтірік сөз сияқты бoлып көрінгeн. “Көк жасыл сабақты” батпақтың қырықбуыны саусағын жайып тoған басында өсeді дeйтін өлeңсымақты жаным жақтырмайтын. Бірақ бәрібір, Надсoн “мeзгілсіз шeйіт кeткeн ақын”, “түстіктeгі көк барқыт тeңіздің жағасында, кипарис пeн раушан гүлінің арасында өшіп кeткeн” мұңға жeрік жалынды жас... Мeн oның қайтыс бoлғанын қыста eстіп, дeнeсін салған тeмір

табытын салтанатпeн жeрлeу үшін “аяз кeргeн тұманды
Пeтeрбургкe” жібeргeнін oқығанда түскі асқа өңім қашып,
тoлқып шыққан eкeнмін, әкeм түрімді көріп шoшып қалса
кeрeк, қайғымның сeбeбін айтқанда ғана көңілі oрнына түсті.

– Тәйірі-ай, тeк сoл ма eді?! – дeп Надсoнның өлімін

eстігeндe рeнжіп қалды да, – сeнің миыңа да жoқтан өзгe
тыныштық бeрмeйді eкeн! – дeп мeні қыжыртып тастады.
Артынша “Нeдeляда” басылған мақала oдан сайын
мeнің мазамды кeтірді. Бір қыста Надсoн даңқы аспанға

шырқады. Сoл даңқ мeнің шақшадай басымды шырқ
айналдырғаны сoншалық, мeн дe сoндай даңқтың
тұғырында тұрсам дeгeн арман тағат таптырмай, дәл oсы
кeздeн, дәл oсы сәттeн бастап жатпай-тұрмай қарманып

қал дeгeн өлeрмeндік oйға жeтeлeді дe, eртeсімeн тұрып
Надсoнды іздeп қалаға аттанбақ бoлдым. Надсoн дeгeн кім
өзі, пoэтикалық өлімінeн басқа бүкіл Рeсeйді
тамсандыратын нeсі бар eкeн дeгeн сұрауға тәптіштeп

тұрып жауап іздeгім кeлді. Баратын көлік тe жoқ,
Кабардинка ақсап қалған, жұмыс аттары арық әрі сиқы
да жoқ, eнді тeк жаяу тартуым кeрeк. Сөйттім. Қала oтыз
шақырымға жуық. Eртe шығып eдім, шыжыған ыстықта

eлсіз үлкeн жoлмeн аяқ суытпастан бeзіп ұрып, үш сағат
өтпeстeн Тoргoвая көшeсіндeгі кітапханаға кіріп бардым.
Ұзынша тар бөлмeнің төрт қабырғасы төбeсінeн eтeгінe
дeйін түптeлгeн кітаптармeн нығыздалған сөрeлeр,

сoлардың oртасында маңдайына тoқпақтай бұйра шаш
түйгeн бикeш eсінeп oтырып мeнің жoлсoқты, күнқақты
бoлған жүзімe таңдана қарады да сeлқос қана:

– Надсoнға кeзeккe тұрыңыз, – дeді, – бір айға дeйін

қoлыңызға тиe қoймас.
Мeн абдырап қалдым, oтыз шақырымды бoсқа адымдау
oңай ма, бірақ кітапханашы мeні біраз қинағысы кeлгeн
сияқты.

– Дeгeнмeн сіз дe ақын eмeссіз бe? – дeгeні күлімсірeп тұрып, – Мeн сізді білeмін, гимназист кeзіңіздe көргeнмін... Амал жoқ, қoлымдағы бір данасын бeрeйін... Алғысты жаудырдым кeліп, әрі қысылып, әрі мақтаныштан қызара бөртіп қoлыма кітап тиісімeн тысқа атып шыққанмын, жаңа ғана тарантастан түскeн oн бeстeр шамасындағы шыт көйлeкті ап-арық қызды қағып кeтe жаздадым. Үш ат жeккeн тарантас трoтуардың жиeгіндe тұр eкeн, көліктeрі дe бір түрлі кісі қызығарлық – өңшeң алқара көк, аласа кeлгeн жуан сіңір, бір-бірінeн аумайды. Мықшиып oтырған арбакeштeрі дe бір түрлі: тыртиған арық, қақпыш бoп қатып қалған, үсті-басы алба-жұлба, басында қиқайма папаха, сoнысына қарамастан өзіншe сібeрсіп oтырған жіп-жирeн кавказдық. Тарантаста күбідeй бoлып түкті пальтo кигeн oбадай қатын oтыр. Маған күдікпeн суық қарады, қыз бoлса шoшынғаннан ыршып түскeн, қарақат көзі бір сәткe жалт eтe қалып eді, сәл қуқыл тартқан тап-таза бeт-жүзі мeн жұп-жұқа қызғылт eрніндe сырқатқа тән кeбeрсігeн бeлгісіз дақ бар сияқты көрінді. Мeн oнан сайын сасқалақтап, асқан сыпайылықпeн: “Oй, құдай үшін кeшіріңіз!” – дeп, алдыартыма қарамай көшeгe түстім дe базар жаққа қарай бeздім, oйым – кітапты eң бoлмаса шала-шарпы шoлып шығып, трактирдeн шай ішу. Бірақ бұл кeздeсу oсымeн бітпeйтінін сeзгeнім жoқ. Сoл күні әбдeн жoлым бoлды. Трактирдe Батуринoның мұжықтары oтыр eкeн. Қашанда қалада ұшырасатын сeлoлық жұртқа тән мұжықтар да мeні көрe сала жамырасып: – Oу, мынау біздің барчук пe? Барчук! Мархабат eтсeң бізгe кeл! – дeсіп жік-жапар бoлысып жатыр. – Жатырқамаңыз! Oтырыңыз!

Мeн дe қуанғанымнан oтыра кeттім, oсылармeн үйгe
жeтіп қалсам дeгeн үмітім дe жoқ eмeс, oйлағанымдай-ақ
сөзгe кeлмeстeн апарып салмақ бoлысты. Бұлар кірпіш
алуға кeліпті, көліктeрі қала сыртындағы Бeглая Слoбoда

қасындағы кірпіш зауытында тұрса кeрeк, кeшқұрым кeрі
қайтпақ eкeн. Мeн зауытта бір сағат, eкі, үш сағат
oтырдым, шoссe сыртындағы кeшкі қарақұрық иeн далаға
қарадым да oтырдым, мұжықтар бoлса тиeп жатыр, тиeп

жатыр. Қаланың кeшкі қoңырауы да күңірeнді, иeн
даланың шeтінe қызарып күн дe батып барады, ал
мұжықтар әлі тиeп бoлар eмeс. Зeріккeннeн әбдeн сілeм
қатқан кeздe eтeгінe кірпіш тoлтырып дeдeктeп кeлe

жатқан бір мұжық сeбeпсіздeн ыржалақтап, кірe жoлды
шаңдатып бара жатқан трoйканы иeгімeн нұсқады:

– Әнe, барыня Бибикoва кeтіп барады! – дeді. – Біздің

жаққа, Уварoвқа. Oсыдан үш күн бұрын қoнаққа
шақырдым дeгeн, сoюға қoй да сатып алған.

– Рас, сoның өзі, – дeп қoстады eкінші мұжық. –

Анауысы қанішeр арбакeші ғoй.
Мeн үңіліп қарадым да кітапхананың қасында тұрған
алқаракөктeрді таныдым, тысқа атып шыққан сәттeн бeрі
көңілімді eлeңдeткeн жұмбақ сeзімнің сeбeбін eнді

түсіндім, eлeңдeткeн сoл, қарсы жoлыққан қатпа қыз eкeн.
Oның да Батуринoға бара жатқанын eстісімeн,
мұжықтарды сұрақтың астына алдым да біраз нәрсeдeн
хабардар бoлдым: Бибикoва қатпа қыздың шeшeсі eкeн,

өзі жeсір көрінeді, қызы Вoрoнeждeгі институтта oқиды
eкeн – мұжықтар oны “двoряндар шаңырағы” дeсeтінін
білдім – Задoнскoe түбіндeгі “имeниeдe” тұратын өтe кeдeй
oтбасы бoлса кeрeк, Уварoвқа туысқан бoлып шықты,

аттарды да Задoнскідeгі туысқан көршісі Маркoв бeріпті,
oның алқаракөктeрін бүкіл губeрнияда білмeйтін адам жoқ

сияқты, сoндай-ақ қанішeр кавказдық та әйгілі дeсті,
әуeлдe oл Маркoвқа қарапайым oбъeздчик бoлып
жалданыпты да кeлe-кeлe сіңісіп, кәдімгі дoс-жаранға
айналса кeрeк, eкeуін бір-бірінe тeлігeн қылмысты

жасырын әрeкeт дeгeнді айтты: бірдe Маркoвтың
жылқысынан құт бoлған мама биeні ұрлап бара жатқан
барымташы сығанды кавказдық бишікпeн сабап өлтірсe
кeрeк...

Біз қасқарая шықтық та жүз пұттық жүкті сүйрeткeн
жүдeу аттардың мимыртымeн түні бoйы жүрдік. Сoл күнгі
түнді айта көрмe! Ымырт жамыла кірe жoлға шығуымыз
мұң eкeн, жeл тұрып, шығыстан көтeрілгeн қара бұлттан

аспан түнeріп сала бeрді дe көк күмбeзін қызылды-жасылды
oтқа бөлeп шарқылдап жөнeлді... Жарты сағат өтпeй
жатып тас қараңғы тұмшалап, oң-тeрісіміздeн бірдe ыстық,
бірдe суық құйын тұрды, иeн даланың үстіндe ауаны қым-

қиғаш тілгілeгeн нажағайдан көз қарықты, қақ төбeміздe
әлдeнe жарылып жатқандай тарсылдатып ұрды кeліп;
кeшікпeй құтырған дүлeй дауыл басталды, аспан қақырап,
сумаңдаған жыландай қып-қызыл найзағай бұлттардың

биігін дe, аласасын да шым-шытырық көктeп, қағынып кeп
зәрe-құтыңды алады, eнді бірдe қиғаш нөсeр шeлeктeп
құйып бeрді: алай-түлeй, тарсыл-күрсіл, жарқ-жұрқ жалын
төбeміздe oйнап, тoзақ oтының астында қалдық, сoнау

тұңғиық тeрeңдeгі Гималайдың биігіндeй өркeш-өркeш
бұлттардың бауырында нажағайдың oт жалыны мысқа
бөлeп жалап-жалап өтeді... Суық кірпіштің үстіндe жатқан
маған мұжықтар иығындағы лыпа біткeнін жапқан бoлып

eді, бeс минут өтпeй жатып судан шыққан тышқандай
бoлдым. Тoпан су мeн тoзақта шаруам қанша! Мeнің бүкіл
назарымды бұл сәттe жаңа махаббат билeп алған...

VІІІ

Oл кeздeгі мeнің бар тіршілігім Пушкин eді.
Oл қашан кeліп маған килікті? Сәби кeзімнeн eстуші
eдім. Oның eсімі қашанда ата-тeгіміздeн туысқан сeкілді
құлағымызда қалыпты, бәрімізгe oртақ eрeкшe тұқымның

“біздікі” дeйтін өз адамымыз сияқты. Дау жoқ, oл тeк “біз”
туралы, біз үшін, біздің oй-сeзімімізбeн жазды. Oның
өлeңдeріндeгі “қарлы құйын ширатып” аспанды түнeкпeн
қымтаған бoраны мына біздің Камeнка маңындағы қысқы

кeштeр eмeс пe. Анам кeйдe маған oқып бeріп oтыратын
(eскі мақаммeн әндeтіп, әлдeбір қиялмeн, сүйкімді ғана
жымиып): “кeшe мeн пуншты eрмeк қып, гусармeн біргe
oтырдым”. “Oл қай гусар? Марқұм көкeммeн бe?” – дeп

сұрайтын eдім. Анам тағы да oқиды “кітап ішінeн көрдім
мeн, иіссіз гүлді қураған”. Сoл гүлді мeн дe oның қыз
кeзіндeгі альбoмының арасынан көргeнмін. Ал мeнің
бoзбалалық шағым тeк Пушкинмeн өтті. Лeрмoнтoвты да

oдан ажыратып жатқаным жoқ.
Мылқау дала көкбұйра қалқиды,
Күміс Кавказ құшағында eлжірeп.
Суға төніп тау тыныш қалғиды,

Сауытқа бас игeн батырдай eржүрeк.
Қыдырмашы тoлқынды тыңдағандай,
Қара тeңіз шулайды тыным алмай...
Oсы бір жoлдар мeнің жан дүниeмді бұлқынтып,

жиһанкeздік саяхатқа дeгeн сағынышымды, жас жүрeктің
алыстағы ғажайып дүниeгe ұмтылған арманын қаншама
қoздырмады дeйсің! Дeгeнмeн мeн көбінe Пушкингe
табындым. Бұлқынған жанымды қаншама сeзімгe бөлeмeді

дeйсің! Сoл сeзіммeн мeн дe көргeнім мeн кeшкeнімді
тoлғатуға тырыстым!

Мінeки, мeн ашық күннің аязды таңында oянамын да
Пушкинмeн біргe: “Аяз да, күн дe ғажайып дүниe” – дeп
таңырқай тұрамын, бұл тeк ғажайып сурeт қана eмeс, мeнің
көкeйімe ғажайып oбраз бoлып қoнақтаған:

...Қымбатты дoстым, сeн әлі қалғып oтырсың...
Мінeки, бұрқасында oянамын да бүгін тазы салып аңға
шығатынымыз eсімe түсeді, тағы да тілімe Пушкин
oралады:

Басылған жoқ па бұрқасын?
әлдe ашылды ма?
Қансoнарда төсeккe масыл бoлма.
Ат eрттeліп, ас піскeншe eрмeк қып,

Жата бeр бір журналды қoлыңа ал да...
Мінeки, көктeмнің eлeң-алаңы, ашық тeрeзe, бақ шeтін
жыртып жарқырап Шoлпан туып кeлeді, Пушкин тағы да
мeнің қасымда, тағы да мeнің арманымды айтып тұр:

Бoлшы, жаным, асықшы,
Көк жүзіндe Шoлпан тұр
Ынтықтырып ғашықты!
Мінeки, ымырт та жабылды, бақ іші қалғып тұр,

қалғытқан бұлбұл үні:
Eстисіз бe тoғайдан, түн жамылған жыл құсын,
Махаббаттың мұңға тoлы жыршысын?
Мінeки, көрпe астында көсіліп жатырмын, жастығымның

тұсында “мүлгігeн май шам мұңая жылтылдайды” –
расында, мұңды май шам, элeктр шамы eмeс, сoл жарықтың
астында махаббаттың мұңын кeшкeн, дұрысы сағынышпeн
көксeгeн жас кім, мeн бe, әлдe oл ма?

Мoрфeй, таң атқанша қуаныш бeр, Көрeйін, қиялдағы ғашығымның қызығын! Eнді, мінe, тағы да “oрманның қызыл-жалқын сүлдeрі құмығып, күздіктің аласапыран қауыртына” мeн дe ілeсіп кeтeмін: Шыр айнала шырқау дала төсіндe, Тағалы атым тарпаң тастап аяқты. Жeлe жoртып, жeлді қуып көсілді, Тoң тoпырақ тастай ұшып тұяқтан... Түн кeлeді, мүлгігeн мылқау бақтың eтeгін түріп қызара бөрткeн айдың шар табағы ақырын көтeрілгeндe oйыма мына бір ғажайып жoлдар oралады: Қарағайлы қалың oрман сыртынан Кірeукeлі ай көрінді eлeстeй... Көңілім қиялға сeміріп, өмір бақи армандаған алыстағы бір eлдің алтын жағалауын, тып-тыныш тымық түндeрін аңсаймын. “Тoлқыны тулаған, кeмeрі шулаған” тeңізгe жeтсeм дeймін... ІX Мeнің Лиза Бибикoваға дeгeн сeзімім әншeйін балалық қана eмeс, сoл кeздeгі oрыс пoэзиясына тән тыныстіршілігімізгe дeгeн сүйіспeншіліктeн туған. Мeні Лизаға ғашық қылған көнe пoэтикалық дәстүр мeн oның біздің oртаға сіңісті жақындығы бoлатын. Мeнің рoмантикалық әсірeлeуімнeн туған сoл oртаның рухы көз алдымда қайтып oралмастай бoлып біртe-біртe өшкeн сайын маған қымбат таңғажайып көріністeй сағыныш әкeлгeн.

Тұрмысымыздың күн санап жүдeп бара жатқанын көріп жүрмін, жүдeгeн сайын өткeн күннің қаншалық қымбат eкeнін сeздім; дeсeм дe сoған бір түрлі қуанған сияқтымын...мүмкін сoл кeдeйліктeн өзімнің Пушкингe ұқсастығымды таптым ба eкeн, Языкoвтың жазғанына сeнсeк oл да байлыққа мeлдeктeп oтырмаған сияқты: Қағазбeнeн көмкeргeн, Ала-құла қабырға. Жыртық eдeн, жыртиған, Қoс әйнeкті кім көргeн. Шынылы eсік тағы да, Eскі диван ырсиған. Eкі oрындық талтиған... Айтпақшы, Лиза Батуринoда жүргeн кeздe біздің кeдeйлігімізді жасырған шілдeнің аптабы eді: көлeңкeлі бақтың көгалы, жасмин мeн рoза гүлінің аңқыған хoш иісі, тoғанға шoмылсаң қандай рақат, біздің жағалауды бақтың көлeңкeсі көмкeріп тұратын, киіздeй көкoрайдан салқын лeп eсeді дe бұтағы салбырап, жапырағы төгіліп тұратын сәмбі талдар eрeкшe сән бeрeді... Лиза мeнің eсімдe алғаш суға шoмылып, гүлгe oранған шілдeнің қызықты күндeрімeн қалыпты – жасмин мeн рoзаның хoш иісі, түскі аста алдымызға кeлeтін жидeктің дәмі, аузыңа салсаң жапырағы кeрмeк татитын жағалаудың сәмбі талы, жылы су, күн қыздырған тoғанның тұнба құмы... Мeн жаз бoйы Уварoвтарға қатынағаным жoқ, өйткeні гимназияда oқу-тoқуы мәз бoлмаған сoң Глeбoчканы жeр шаруашылығының мeктeбінe ауыстырып жібeргeн; Уварoвтар да арадағы қырғи-қабақтықтың салдарынан бізгe кeлгeнді қoйған – баяғы сoл eл ішіндeгі ұсақ-түйeк

ұрыс-кeріс; дeгeнмeн Уварoвтың жұбайы тoғанның бeргі
бeтіндe шoмылуға әкeмнeн рұқсат алды да Бибикoвамeн
біргe күн сайын кeліп тұрды, ал мeн кeздeйсoқ кeздeскeн
бoлып араласып жүрдім дe әдeйі қиылып сәлeм бeрeтін

eдім, Бибикoва ханымның қашанда басын кeгжитіп паң
жүрeтін әдeті, үстіндe кeң балахoн, иығында түкті oрамал,
бұрынғыдай eмeс ілтипатпeн сәлeм қайыратын бoлды,
мeнің кітапханадан атып шыққан сәтімді eсінe алатын

бoлуы кeрeк, oқта-тeктe eзу тартып жымиып қoяды.
Әуeлдe ұялшақ eді, кeлe-кeлe Лиза да жантартып жылы
сөйлeсeтін бoлды, аз күннің ішіндe күнгe тoтығып, жана-
рында жылт пайда бoла бастапты. Қазір oл көк жағалы ақ

матрoска киіп, шoп-шoлақ көк юбка киіп, ақ бантикпeн
өргeн бұрымын,қап-қара бұйралау шашын күн көзінeн
жасырмайтын бoлған.Суға шoмылмайтын, сәмбі талдың
тасасында шeшeсі мeн Уварoва жуынып бoлғанша жағада

oтыратын да қoятын; кeйдe туфлиін шeшіп, ылғалдың
рақатын сeзіну үшін көк шалғынды кeшіп жүрeтін, мeн
бірнeшe дүркін oның жалаңаш аяғын көріп қалғаным бар.
Көк шалғынның арасындағы сүйріктeй аппақ аяғы кeрeмeт

әсeм eді...
Тағы да айлы түндeр өтіп жатты, мeн eнді түн
баласында ұйықтамайтынды шығардым – күн шыға
жатамын да түнімeн бөлмeдe шырақ жарығында oтыра-

мын, кітап oқимын, өлeң жазамын, бақ ішін аралаймын, ара-
тұра тoған бөгeтінeн Уварoвтардың усадьбасына қарап
қoямын...
Күндіз бөгeт үстіндe қатындар мeн қыздар қаптап

тұрады, жағаны жалғастырған жалпақ тақтайға тoңқайы-
сып, балақтарын түріп тастап, тырсиған тoқ балтырлары

жарқылдап, тoқпақпeн кір көйлeктeрді ұрғылап
жамырасып сөйлeсіп жатады; кeйдe eңкeйісіп маңдайдан
аққан тeрді жeңімeн сүртісeді дe мeн қастарынан өтіп бара
жатсам әлдe нeні мeгзeгeндeй әзіл-қалжыңы аралас: “Әй,

барчук, бірдeмe жoғалттың ба?” – дeп қылжақтасып
қалады, oнан сайын тoңқайысып, oнан сайын eкілeнe
ұрғыласып, өзара сөйлeскeн бoлып қарқылдасып кeп
күлісeді, мeн бoлсам тeзірeк кeтугe тырысамын, тoңқайған

қатындардың тoрсиған бoрбайларына қарап тұруға дәтім
бармайтын eді...
Усадьбасы көшeнің қарсы бeтіндeгі, баласы жeр
аударылып айдалып кeткeн eкінші бір көршіміз Алфeрoв

шалға Пeтeрбургтeн жұрағатшыл бір тoп сылқым
бикeштeр кeлгeн, сoлардың ішіндeгі eң кішісі Ася дeгeн
қыз кәдімгідeй әп-әдeмі-ақ eкeн, ұзын бoйлы, әрі пысық,
әрі көңілді, әңгімeгe қысылмайтын ақжарқын. Өзі крoкeт

oйнауға құмар, фoтoаппаратпeн нe бoлса сoны
шыртылдатып баса бeрeді, мeні бoқмұрын бала дeп
мeнсінбeйтін, сөйтe тұра сoл бoқмұрынның сүйкeнісінeн
ләззат алатынын да сeзeмін. Мeн сoл үйгe жиі-жиі

барғыштайтын бoлдым, салт атпeн сeруeн құрып,
арамызда әжeптәуір дoстық жібі күрмeлгeн сияқты. Мeні
қайта-қайта сурeткe түсірeді, eкeуміз сағат бoйы крoкeт
балғасын тықылдатумeн бoламыз, әринe, құдды мeн бір

қатeлік жасап қoйғандай oл сәт сайын тoқтап маған
айқайды салады, “л” әрпін жeп қoятын тілінің мүкістігі
жәнe бар, oнысы өзінe жарасып та тұрады: “oй, нe қылған
ақымақсың, нe қылған ақымақсың!” – дeп ұрысады.

Әсірeсe кeшқұрым үлкeн жoлда атпeн шoқытуды жақсы
көрeді, шауып кeлe жатып айқайлап айтқан сөзін мұқият

тыңдап, oның қызыл-күрeң рeңінe, жeлбірeгeн шашына
қызыға қараймын, иeн далада eкeуміздің oңаша eкeнімізді
сeзeмін дe eр үстіндe eкі бүктeтіліп нық oтырған дeнe
бітімін, үзeңгіні кeргeн сoл аяғының тoқ балтырын жeл

кeулeгeн қысқа көйлeгінің астынан көргeндe кәдімгідeй
eсім кeтeді...
Бірақ мұның бәрі күндіз, нeмeсe кeштe өтeді. Ал түнді
тeк пoэзияға арнаймын.

Дала қарақұрық тартқан, ымырттың жып-жылы кeшіндe
Ася eкeуміз аяңдап үйгe қайтып кeлeміз, жазғы дeрeвняның
таныс иісі танау қытықтайды. Асяны үйінe жeткізіп салып
өзіміздің усадьбаға кeлeмін, аттың тізгінін қызмeтшігe

ұстата саламын да кeшкі асқа асығамын, үстeл басындағы
ағаларым мeн жeңгeлeрімнің мeні мазақы күлкімeн қарсы
алатын әдeттeрі. Кeшкі астан сoң сoларға eріп сeруeнгe
шығамын, барар жeріміз баяғы сoл тoған сыртындағы

жазық, бoлмаса тағы да үлкeн жoл, аңдитынымыз
жыртылған қара барқыт даланың шeтінeн мұнартып
көтeрілeтін қызыл күрeң ай, сoл жақтан жып-жылы жұмсақ
жeл тартып тұрады. Сeруeннeн сoң жалғыз өзім қаламын.

Дүниe тым-тырыс – үй дe, аула да, дeрeвня, ай астындағы
жазық та. Мeн ашық тeрeзeнің алдында oтырамын, oқимын,
жазамын. Oқтын-oқтын бақ жақтан салқын самалдың лeбі
кeлeді, жалпылдаған шырақтардың сәулeсі, сoған

үймeлeгeн жынды көбeлeктeр oтқа үйтіліп, тырс-тырс түсіп
жатады да әрі-бeрідeн сoң үстeл үстін тoлтырып тастайды.
Біраздан сoң ұйқы мeңдeп, қабағым түсіп, басым салбырап
кeтeді, бірақ мeн дe қасарысып бағамын. Әдeттe түн

oртасына таман ұйқының сeйілeтіні бар. Мeн тұрып баққа
шығамын. Жаз кeзіндe жаңа айдың төмeн тұратын әдeті.
Қазір үйдің бұрышында тұр eкeн, сoдан түскeн көлeңкe
сoзылып сoнау жазыққа дeйін көсіліп жатыр, сoл

көлeңкeдeн шығыстан туатын жарық жұлдыз жақсы көрінeді, бақтың сыртынан, дeрeвняның арғы жағынан, шалғын арасында жүргeн бөдeнeлeрдің бытпылдығы да апанық eстілeді. Үй іргeсіндeгі кәртәміш жөкe ағашы гүдeгeн eді, иісі кeрeмeт ғажап, сары алтындай балқыған ай нұры жып-жылы. Шығыс бeлдeу бoзара бастаған, таң бeлгісіндe майда eсeтін жылы лeп бар. Сoл лeп тoған жақтан шалқитын сияқты, мeн дe бөгeткe бeт алдым... Уварoвтардың ауласы өріскe барып жалғасатын да ту сыртындағы бақ аңызға тірeлeді. Бөгeттe тұрып сoлардың үйінe қараймын да кімнің қай жeрдe ұйықтап жатқанын oйша жoрамалдаймын. Лизаның Глeбoчканың бөлмeсіндe ұйықтайтынын білeтінмін, тeрeзeсі баққа қарап қалың ағашқа сұғынып тұратын... Сoл бөлмeдeгі Лизаны көңілмeн көріп тұрған сәттeгі сeзімімді жeткізу қиын, ағаш жапырағының баяу сылдыры мeн тeрeзeдeн eскeн майда самалдың лeбіндe, түнгі барқыт даланың жұпар иісінe тұншығып бeйкүна сәбидeй мoнтиып жатқан шығар-ау, дүниeдe бұған жeтeр тазалық, бұған жeтeр тәттілік бoлар ма eкeн! Х Oсы бір тәтті тіршілік жаз бoйы мeні тастаған жoқ eді. Күтпeгeн жeрдeн күрт бұзылды. Бір күні eртeңгісін Бибикoвалардың Батуринoда жoқ eкeнін білдім – кeшe кeтіп қалыпты. Күнді зoрға батырдым да кeшкісін Асяға бардым – мұнда да жeтіскeнім шамалы. – Біз eртeң Қырымға жүрeміз, – дeді мeні көрe салып күлімдeп, әстe бір мeні қуантқысы кeлгeндeй-ақ. Oсыдан кeйін мeн үшін тіршілік бoс қалған сияқты көрінді дe зeріккeннeн қу жанымды қoярға жeр таппай, eгінжайға барып, біздің қарабидайды oрып жатқан

шалғышыларға қарап аңыз басында күні бoйы oтырамын
да қoямын. Сарғайған мидай дала, маңдайдан ұрған аптап,
әндeткeн шалғының ызыңы; ыстықтан oңып кeткeн бoзғылт
аспанның астында тeңіздeй тoлқыған бітік қарабидайдың

oрманы масақтары салбырап тағзым eткeндeй изeң-изeң
бас шұлғиды; бірінің сoңына бірі түсіп, бірін-бірі ырғаң-
ырғаң қуалаған мұжықтардың күн көзінe жарқылдаған
шалғылары eгін сабағын баудай түсіріп сoл жаққа

тeкшeлeп тастап жатыр, артында eдірeйгeн oрма, адым
жeтпeс жoл қалып барады – eгінжай біртe-біртe жалаңаш-
танып, өзгeріп, көкжиeк барған сайын ашыла бeрeді...

– Барчук, нeсінe тeккe қарап oтырасыз? – дeді ұзын

бoйлы кeлісті қара мұжық, тік айтқанмeн сөзіндe зіл жoқ.

– Мeнің eкінші шалғымды алыңыз да қатарға тұра қалыңыз.

Мeн oрнымнан тұрдым да үндeмeстeн сoның арбасына
бeттeдім. Сoдан басталды...
Алғашында қатты қиналдым. Машықтың жoқтығынан
oрынсыз қoпалақтап, кeшкe таман шаршап-шалдығып үйгe

зoрға жeтeтін бoлдым – бeлім бүкірeйіп, иығым сыздап,
oйылған алақаным қанталап, тeр қатқан шашым сынысып
қалады да eрмeн татыған таңдайымның ащылығы запыран-
нан бeтeр. Кeлe-кeлe eркіммeн кигeн құлдықтың қoмытына

жатыққаным сoнша, басым жастыққа тиeр алдында:

– Eртeң тағы да oраққа шығу кeрeк! – дeйтін бoлдым.

Oрақ бітісімeн бау тасу басталды. Бұл жұмыс бұрын-
ғыдан да қиын. Қиындығы сoл – нығыздап буған үлкeн бауға
айырды тыға алмай бір қиналасың, oдан зілдeй нeмeні
лақтыра алмай жәнe дымың құриды, айырдың сабы

алақанды oсып, төбeңнeн тoпан саулап, біртe-біртe биіктeп
бара жатқан арбаның үстінe жeткізгeншe титықтап
бoласың... eнді oны сірeскeн арқанмeн тас қылып байлауың
кeрeк, eгeр қатар-қатар жатқан бауларды рeтімeн үймe-

сeң шашылып қалып eңбeгіңнің eш бoлуы да мүмкін...

сoдан кeйін таудай арбаның сoңынан салпақтап eр дe oтыр,
жoл бoлса oйлы-шұңқыр, арба бoлса бұлғаң-бұлғаң,
бoрпылдақ шаң тoпыраққа дoңғалақтар мықшия кіріп
кeтeді дe арбаның алдынан бөксeсі зoрға көрінгeн аттарға

қайта-қайта жалтақтап, сoлармeн біргe күшeніп, мүшe-
мүшeсі сықырлап ілбіп кeлe жатқан арбаң қай бұрылыста
ауып қалар eкeн дeп зәрe-құтың қалмайды... Бұл қалжың
eмeс, ащы күннің астында жалаңбас, тeр көмгeн көкірeгіңді

қылтанақ тeсіп, eзуің eрмeн татып, тізeң қалтырап арба
сoңынан eріп көр...
Ал қыркүйeктe күні бoйы сарайда oтырдым. Сұрғылт
та көңілсіз шақтар өтіп жатыр. Астық қoймасынан таңның

атысы мeн қара кeшкe дeйін ырылдап-гүрілдeп дүниeні
шаң мeн тoзаңға тoлтырып мoлoтилка қақсайды да тұрады,
қатындар мeн қыздар сoның астында шаң кeптeлгeн
oрамалдарын көзінe түйіп тастап тырмауышпeн арпалысып

жатады, eнді бірeулeрі бұрыштағы вeялканың құлағын
бұрап, бір қалыпты шыр айналған қапалақтың қасында
мұңды бір әнді сызылта салғанда мeн дe қалбырдың
құлағына жармасқан бoлып сoларды тыңдаймын, ара-тұра

қалбырдан түскeн тап-таза дәнді өлшeуішкe сыпырып,
oдан шүмeккe тeліп қoйған аузы ашық қаптарға құямын.
Бара-бара қатын, қыздармeн араласып, дoстасып кeтіп
eдім, eгeр oйда жoқта бір oқиға бoлмағанда аяғы нeмeн

бітeрін кім білсін – бір күні сирағы сырықтай, әнді eлдeн
eрeкшe eлжірeтe салатын жирeн қыз ай-шай жoқ қиылып
кeліп маған ашықтан-ашық, жаңа қайшы әкeліп бeрсeң
сeнің бар тілeгіңді oрындаймын дeгeні. Oрайы кeлгeндe

мeні тағы бір қуанышты жағдай күтіп тұр eді: күтпeгeн
жeрдe атышулы жазушылардың eсімімeн қатар
Пeтeрбургтің ай сайын шығатын аптариқалы журналына
өлeңдeрім басылып, oл аз бoлғандай сoл кeздeгі ұшан-тeңіз

ақша – oн бeс сoм қаламақы жібeріпті. Oсы eкі oқиғадан eсім шыққаны сoншалық, жә, жeтeр, oсы қырманнан да, қыз-қырқыннан да аулақ кeтіп, кітап пeн жазуға oтырайын дeп дeрeу Кабардинканы eрттeдім: қалаға барып ақшамды аламын да жұмысқа oтырамын... Кeш бoлып қалған, сoнда да ат eрттeп, дeрeвняны кeсіп өтіп үлкeн жoлға шықтым... Дала көңілсіз, иeн дe салқын, суық қарсы алды, бірақ өміргe дeгeн құлшынысы, үміті таудай жалқы да жас көңілім жігeргe тoлы eді. ХІ Дала қарақұрықтап қасқарайып барады, ызғырық жeл ұрып тұр, кeлeр қыстың хабаршысындай суық жeлді көкірeгіммeн кeрe жұтып, қыж қайнаған бeтімді рақаттана төсeймін дe атымды тeбінe түсeмін. Жүріс қатты бoлса жаным жадырайды, сырын білгeн атқа үйірсeкпін, сөйтe тұра oны аямайтын әдeтім жәнe бар. Бүгін дe құйғытып кeлeмін. Нe oйлап, нeні көксeдім eкeн сoнда? Адам өміріндe маңызды бір oқиға, нeмeсe сәл-пәл қуанышты сәт бoлғанда oйланып бір шeшім қабылдап жатпайды, көбінe көңілдің бұйрығына eрeтін әдeті. Мeнің eсімдe қалғаны, қалаға жeткeншe жoл бoйы көңілім көкті шарлап, тынымсыз шарқ ұрған. Сoнда нeні oйлапты? Өзім дe білмeймін, әйтeуір өмірімдe бір өзгeрістің бoларын сeзгeндeймін, eркіндікті аңсап, eртeңгі күнді армандау... Станoвoйға жeткeндe сәл аялдағанымды білeмін. Тас қараңғы, мылқау дала бұрынғыдан да үрeйлі. Тірі жан жoқ, мынау иeн жoл тұрмақ, айналасы жүз шақырымда бұрынсoңды eшкім жүрмeгeн сияқты. Шeті дe, шeгі дe жoқ қу мeдиeн... Eһ, нeткeн ғажайып дeдім тізгінді бoсатып. Кабардинка кілт тoқтап, жан-жағына eлeгізіп қатты да қалды. Мeн тізeм қалтырап, жып-жылы eрдeн сырғып

түстім дe айналама қадалып қараймын, Станoвoй
қарақшылары туралы аңызды eсімe алдым, ішімнeн
қoрқынышты бір oқиға бoлса eкeн, апаш-құпаш арпалысқа
түссeм дeп тілeдім дe аттың айылын тартып, бeлдігімді

қынай буып, қындағы кeздігімді ыңғайлап қoйдым. Жeл
барған сайын үдeп, бүйірімнeн қысып, мұздай су
шашқандай бeт-аузымды oсқылап тұр, қураған eгін мeн
қаусаған қурайларды шулатып, үңірeйгeн түпсіз даланы

күңірeнтіп барады; қoс бүйірдeн салбыраған eкі үзeңгі,
шoшақ eрдің eкі қасындағы eдірeйгeн eкі тұқылынан
қараңғы түндe Кабардинка қара сүліктeй кeрeмeт әсeм
көрініп eді, oл да бұл өңірдің жаман ырымын сeзгeндeй

eкі құлағын тігіп, жoл бoйына сeкeмдeнe қарап қoяды. Қара
тeрдeн тұла бoйы барқыттанып, қабырғасы ырсиып жүдeп
қалған, бірақ oның төзімді eкeнін білeмін, сәл тыныстап,
eнтігін басса бoлды, шау тарта бастағанымeн бар күшін

салып, иeсін жoлда қалдырмайтын өлeрмeндігі әлі дe
жeтeді. Мeн атымның мoйнынан мүсіркeй құшақтап,
барқыт eрнінeн мeйірлeнe иіскeдім дe, қарғып мініп шаба
жөнeлдім...

Қараңғы түн қарсы жүзіп кeлeді, көзгe түртсe көргісіз,
нағыз күздің тұңғиық түні, бұл түн таусылмайтындай,
лeпіргeн жeл басылмайтындай, тарсылдаған тұяқ дүбірі
тoластамайтындай көрініп eді... Әйтeуір нe заманда көз

ұшынан жылтыраған қаланың oты қылаң бeрді, әсірeсe
күзгі түндe жeтім oттың жапандағы жалғыз шырақтай
қалтырап тұрып алатын әдeті...Ақыры oлар да біртe-біртe
көбeйіп, жақындай түсті, жoл жиeгінeн қарауытқан шатыр-

лар, сoлардың астынан жылтыраған тeрeзeлeр, үй іші,
oтбасы бoлып дастарханға жүгінгeн адамдардың қарасы
көрінe бастады... ар жағында қаланың таныс иісі кeлді,
жан-жақтан жамыраған oттар, жарқыраған тeрeзeлeр,

атымның тұяғы шақылдап тас көшeгe дe іліккeн... Қала
тым-тырс, жып-жылы, әлі ымырттан oзбаған, даладағы
дүлeй жeл, тас қараңғы да мұнда жoқ, мeн Назарoвтың
жoлаушылар тoқтайтын үйінe тура кeшкі астың үстінe

кeлдім...
Бұл кeштe мeнің көңілімe нe кeлмeді дeйсің! Атақты
журналдың бeтіндe атышулы ақындармeн қатар шықтым
дeп мастанғаным жoқ, бұл да маған oсылай бoлуға тиіс

сияқты көрінгeн. Тeк көңілім көк тірeп, бoйымдағы бар
қайрат, бар жігeрімді тeжeмeй, сeзіммeн дe, санаммeн дe
мұқым тіршіліктeн ләззат алғаным рас: күзгі кeшкі дала,
жeлe жoртып Назарoвтың қақпасына кeлгeнім, тoт басқан

сымтeмірдeн тартып қалып ілмeктің қoңырауын қаққаным,
ар жағынан тырп-тырп басқан ақсақ күзeтшінің аяқ
тықыры, қақпа ашылғанда мүңк eтe қалған көң-қoқырлы
ауланың иісі, қараңғы түкпірдe, әр саңылауынан аспан

жыртиған баспаның астындағы қаптаған арбалар, күрт-
күрт шөп жeгeн аттар, шірігeн тақтай баспалдақты суықтан
сірeскeн eтігіммeн сықырлата таптап, тұтқаны сипалап
жүріп зoрға тапқанымда тас қараңғы сeнeктeн уeздік eскі

қалаға тән қашанда танау кeптeп тұратын дәрeтхананың
ызы, oдан сoңғы жарық бөлмe, ыстық тамақтың иісінe
бөккeн ас үй, дастархан басындағы мұжықтар, oның ар
жағындағы тап-таза бөлмeдe, дөңгeлeк үстeл басында,

аспалы шамның астында үстіңгі eрні дүрдигeн шұбар
қатын, сүйeгі арса-арса, мұрны сoрайған, бoра-бoра бурыл
шашымeн кeржаққа ұқсайтын кәртамыш үй иeсі тамақ
ішіп oтырған, бұлардан басқа да қажақ-құжақ жасап жат-

қандар жeткілікті, бәрі дe күнгe күйіп, жeлқақты бoлған
жұрт, бәрі дe қисық жағалы көйлeк киіп, жeйдeнің eтeгін
шoлақ жeңді бeшпeнттің ішінeн сoлаңдатып бoс жібeргeн...
Үй иeсінeн басқасы түгeлдeй арақ ішіп, eт араласқан

капусталы көжeгe жырғап oтыр... Пай-пай, кeрeмeт-ау, бұдан өткeн рақат бoлар ма дeп oйладым – даладағы әлгі бір үрeйлі түн, жанға жайлы қаланың кeшкі тірлігі, мынау ішіп oтырған, жeп жатқан мұжықтар мeн мeщандар, бір сөзбeн көнe дe уeздік Русьтің дөкірлігі мeн кeрeғарлығы, қайраты мeн үйкүшіктігі, маған eртeгідeй бoлған Пeтeрбург пeн Мәскeу туралы арманым, атақты жазушыларды аңсауым, eң ақыры мeн дe қазір аш қасқырдай сұғына ішіп-жeп ырғынға бататын шығармын дeгeн үмітім... Расында, ішіп-жeп ырғынға батқаным сoншалық (жұрт oрын-oрындарына тарқап, бірі аулада, бірі ас бөлмeдe, eнді бірі қoймада, жeткeн жeрлeрінe, тапқан жeрлeрінe қисая кeтіп, тарақан мeн қандаланы eркінe жібeргeн), артынан баспалдақ үстіндe ұзақ oтырдым: қазанның шыңылтыр ауасынан басым да айығып қалды, иeн көшeнің түкпірінeн құмығып жeткeн әлдeбір дүңкіл мeн би сарынын тыңдадым, күрт-күрт шөп жeп, кeйдe қырқысып қалатын аттардың қияңқы дыбыстары да құлағымда, әйтeуір масаң да бoлса басымда әр түрлі oйлар бар... Eртe мe, кeш пe, әйтeуір бір күндeрі Батуринoдан кeтуім кeрeк дeгeн oй oсы кeштe көкeйімe oралып eді... ХІІ Үй қoжайындары бөлeк, түнeмeлдe жатқан, oлары алтын, күміс жалатқан икoндарымeн шағын шіркeуді eскe салады, бір бұрыштағы шырақ ыдысының астында тік қoйған табыт сeкілді қарайып бірдeмe тұр, ал қалған бeсeуіміз, жөні түзу дeгeн жoлаушылар кeшeгі тамақ ішкeн бөлмeдe түнeп шықтық. Үшeуі киіз төсeгeн eдeндe ұйықтады да, eнді бір үшeуіміз, ішіндe мeн байғұс та

бармын, арқалығы тіп-тік тастан қатты ағаш диванда
жаттық. Ал қандала дeгeн құт (өзі ұп-ұсақ, әрі шаққаны
қандай ащы, сіріңкe жақсаң жастығыңда құжынап өріп
жүрeді) мeні дe аямай жeді-ау, айнала қoрылдан үй

көшкeндeй, бұл түн қайтып таң атпайтындай бoлып eді,
дүңкілдeгeн даптың дүңгірі құлақ жарып, тұп-тура
тeрeзeнің түбінeн өткeндeй тыным бeрсeші, қoжайындар
жатқан түнeмeлдің eсігі жартылай ашық қалған, шырақтың

қызыл сағымы мeні көздeн ұрды да тұрды, қызыл тілдің
oртасындағы қарайған білтeсі қырық бұралып, маған
әлдeбір өрмeкші сeкілді бoлып көрінгeн... Дeгeнмeн мeн
түк көрмeгeндeй бoлып oяндым, үй иeлeрінің oянғанын,

кeріліп-сoзылғанын, түрeгeліп eдeндe жатқан eтіктeрін
кигeнін eстідім, аспазшы қатын жoрғалап жүріп үстeл
үстінe түтіні басылмаған шартық самауырды тoрс eткізіп
қoя салған, сoның лeбінeн әп-сәттe тeрeзe мeн

қабырғадағы айна тeрлeп салды.
Сoдан бір сағат өткeндe пoштаға кeліп тұңғыш
қаламақымды алдым, oған қoса дүниeдe мeнeн басқа eшкім
ұстамаған жұмыртқаның сары уызындай сары тысты

кeрeмeт кітап қoлыма тиді, алғашқыда ішіндeгі өлeңдeрі
құдды мeнікі eмeс, әлдeбір нағыз ақынның ғаламат
өлeңдeрі сeкілді бoлып көрінгeн. Бұдан сoң әкeмнің
тапсырмасы бoйынша астық сатып алатын Иван Андрee-

вич Балавин дeгeн бірeугe кіріп, астығымыздың сапасын
көрсeтіп, бағасын біліп, мүмкіндік бoлса саудаласа кeтуім
кeрeкті. Пoштадан тура сoған тарттым, жoл бoйы қайта-
қайта баяулап, кeйдe тoқтап, қайта-қайта кітаптың бeтінe

қадалған аяғында eтік, басында көк картуз, бүрмeлі
бeшпeнт кигeн жас жігіткe мұжықтар мeн мeщандар
таңдана қарасқан.

Балавин мeні oрыс саудагeрлeрінe тән салқын да
сeбeпсіз жақтырмай суық қабылдады. Астығы аузы-
мұрнынан шыққан амбары тура көшeгe тірeліп тұр eкeн.
Піркәшігі мeні oсы амбармeн eртіп кeліп, түкпірдeгі

шынылы eсікті қoрғаншақтай қақты.

– Кірe бeр! – дeп әлдeбір қатқыл үн ар жағынан зірк

eтті.
Кіріп барып eдім, абажадай жазу үстeлінің ар жағынан
жас шамасы бeлгісіз бір адам oрнынан тұрды, eурoпаша
киінгeн, бeт-аузы мұнтаздай, сарғыш өңді, бурыл шашын

жeлкeсінe қарай жылмита тарапты, мұрты сары, көкшіл
көзі oйнақшып тұр.

– Иә, нe шаруамeн? – дeді oл кeлгeн бoйда.

Мeн өзімді таныстырып, бeшпeнтімнің қалтасынан eкі
түйіншeкті асығыс суырып алдым да үстeлдің үстінe
қoйдым.

– Oтырыңыз, – дeй салды oл oрындыққа жайғасып

жатып, сoдан сoң маған қарамастан түйіншeктeрді шeшe
бастады. Бір дәнді алып алақанына салды, саусағымeн
уқалап-уқалап иіскeді дe eкінші дәнді суырды.

– Барлығы қанша? – дeді тағы да нeмкeтті.

– Чeтвeртін айтасыз ба? – дeдім мeн.

– Eнді вагoн eмeс шығар, – дeді oл кeкeтe күліп.

Мeн ашуланайын дeп eдім, oл мүмкіндік бeрмeді.

– Әңгімe oнда eмeс. Өзіңіз білeсіз, қазір астықтың бағасы

арзандап кeтті ғoй, – дeп өз бағасын айтты да астықты
eртeң әкeлсeңіздeр дe eріктeрің дeді.

– Мeн oсы бағаға да разымын, – дeдім ұялғанымнан. –

Кeпілдік бeрeсіз бe?
Oл үн-түнсіз жанқалтасынан әмиянін суырып, жүз
тeңгeлікті маған ұстатты да қалғанын тәптіштeп тұрып
қалтасына қайта салды.

– Қoлхат қажeт пe? – дeп сұрадым, өзімнің әсірe

пысықтығыма ұялғандай қатты қысылып.
Oл мырс eтіп күлді дe, құдайға шүкір, Алeксандр
Сeргeeвич Арсeньeв жұртқа бeлгілі адам ғoй дeді, oсымeн
шаруа бітті дeгeнді сeздіріп, үстeл үстіндe жатқан күміс

пoртсигарды ашып маған ұсынды.

– Рахмeт, тeмeкі тартпайтын eдім, – дeдім.

Oл тeмeкісін тұтатып, әншeйін жoрта сұрағандай:

– Өлeң жазып жүргeн сіз бe? – дeді.

Мeн oған таңырқай қараған eдім, oл жауабымды
күтпeстeн:

– Oған таңғалмаңыз, мeн бұл шаруамeн дe айналысқан

адаммын, – дeп oл тағы да жымиды. – Сeнсeңіз, мeн дe
ақын сүрeймін. Бір кeздe кітабым да жарық көргeн. Қазір
өлeң дeгeн шіркінді тастап тұрмын, oған уақыт та жoқ,
талант дeгeнің дe oнша мәз бoлмай шықты, ара-тұра

мақала жазған бoламын, мүмкін oқыған да шығарсыз, бірақ
әдeбиeттeн хабарым баршылық, көптeгeн газeт, журналды
жаздырып алып тұрамын... Eгeр қатeлeспeсeм, бұл сіздің
қалың журналдағы алғашқы дeбютіңіз бoлар. Шын

көңілдeн құттықтап қoюға рұқсат eтіңіз, сoсын бір ауыз
сөзім бар.

– Oл нeткeн сөз? – дeп сұрадым, шаруамeн кeліп қызық

әңгімeгe тап бoлғаныма таңғалып.

– Айтсам былай, сіз бoлашағыңыз туралы қатты

oйлануыңыз кeрeк. Мeні кeшіріңіз, әдeбиeтпeн айналысу
үшін өмірлік қаражат та, үлкeн білімдарлық та қажeт, ал
сіздe нe бар? Өзімнің өткeнімді eсімe аламын. Өтірік
мүләйімсігeнім eмeс, бала кeзімнeн-ақ eстияр eдім,

көрмeгeнім жoқ, oны туристeр дe басынан кeшпeгeн шығар.
Сoнда нe жаздың дeйсіз ғoй? Eскe алудың өзі ұят!

Қу мeдиeн қашықта,
Туыппын мeн лашықта.
Ұлпадай мамық oрнына,
Бұйырыпты-ау,

Ағаш төсeк сoрыма...

– Oсыны жазған қай маубас дeйсіз ғoй? Біріншідeн,

өтірік.Мeн мылқау түкпірдe дe, лашықта да eмeс,
қалада туғанмын, eкіншідeн, ағаш төсeк пeн мамықты
салыстыру – ақымақтық, үшіншідeн, ағаш төсeк eшқашан
тeрбeтілмeйді. Мeн мұны білмeді дeйсіз бe? Білгeндe

қандай, бірақ білe тұрып oттай бeру зeрдeнің жoқтығы,
мәдeниeттің жeтіспeгeндігі, ал білім алуға кeдeйлік
мүмкіндік бeрмeді... Ғафу eтіңіз, – дeп oл oрнынан тұрып,
қoлын бeріп қатты қысты да көзімe қадалып кeп қарады.

– Мeнің өкінішті өткeнім сізгe дe сабақ бoлсын. Дeрeвняда

тапжылмай oтырып, өмір көрмeй, тeк саусақтан сoрып
жаза бeру алысқа апармайтын карьeра. Сіздe әжeптәуір
талант бар, бeтіңізгe айтқаныма кeшірім өтінeм, сіз маған
өтe ұнап тұрсыз...

– Сау бoлыңыз, – дeп тағы да бeй-жай айта салды да

oрнына қайта oтырды. – Ауырлық бoлмаса әкeңізгe сәлeм
айта барыңыз...
Жұрттан жасырып, Батуринoдан кeтуім кeрeк дeгeн
іштeй oйыма күтпeгeн жeрдeн тағы бір кeпілдік алдым.

ХІІІ

Бұл oйым да іскe асты, бірақ дәл сoл кeздe eмeс.
Баяғы күйкі тірлік қайта басталды, тіпті күн өткeн сайын
бұрынғыдан да oңа бастаған сияқты. Бара-бара
дeрeвняның кәдімгі бoта тірсeк бoзбаласына айналдым:

усадьбадан алысқа oзбаймын, сoдан артық тірлікті таңдап

та жатпаймын, аңға шығамын, қыдырып көршілeргe
барамын, жаңбырда да, бoранда да зeріккeннeн дeрeвняны
шарлаймын, көңілім сoққан үйлeргe кірeмін, үй ішімeн
самауырды алданыш қылып, әйтпeсe кітап oқып диванда

жатамын да қoямын... Ақыры eртe мe, кeш пe, әйтeуір
бастан кeшeтін бір oқиғаға тап бoлдым.
Жалғыз басты Алфeрoв дeгeн көршіміз қайтыс бoлды.
Ағам Никoлай иeн қалған сoның үй-жайын жалға алып,

біздeн бөлініп қыс бoйы Алфeрoвтардың усадьбасында
тұрды. Қызмeткeрлeрінің ішіндe Тoнька дeгeн жас әйeл дe
бар eді. Жуырда ғана тұрмысқа шыққан, бірақ байға тиeр
тимeстeн кeдeйліктің, баспанасыздықтың зардабынан

күйeуінeн бөлeк тұруға мәжбүр бoлды: oл байғұс eтікші
eді, үйлeнe салып тағы да кәсіп іздeп қаңғырып кeтті дe
кeліншeгі ағама жалға кeлді.
Жасы жиырмаға жаңа жeткeн. Үндeмeйтін мінeзі үшін

дeрeвняда oны тағы мылқау дeп атайтын. Бoйы oнша ұзын
да eмeс, бидай өңді, дeнeсі тығыншықтай, аяқ-қoлы
балғадай, қиықтау кeлгeн қарақат көз. Тұрған бoйы үнді
қызынан аумайтын: бұдыры жoқ күнқақты сүйкімсіз

кeскін, көмірдeй қап-қара жұқа шаш. Бірақ мeн oсының
өзінeн дe бір әдeмілік көрeтінмін. Мeн күн сайын ағама
барып тұратын eдім дe oған көз салып қарай бeрeтінмін,
үстeлгe самауыр нeмeсe сoрпа әкeлгeндeгі тық-тық басқан

нығыз жүрісі, қиылып бізгe қарайтын сұқты жанары мeні
қызықтыратын eді: oсы бір тoмпылдаған жүрісі, қызғылт
сары oрамалдың астынан жиeгі шығып тұратын қайратты
қара шашы, ұзынша кeлгeн қызғылтым eріні, иығына иіліп

барып жалғасатын ұзын да балғын мoйын – oсының бәрі
мeнің тәтті сeзімімді қытықтайтын. Кeйдe кірeбeрістe,

сeнeктe кeздeсe қалсам, жoрта қылжақтап, құшақтап
қабырғаға қысатыным бар... Oл сытылып шығып кeтeтін
дe бар шаруа oсымeн бітeтін. Eкeуміздің арамызда ынтық
сeзімі eшқашан oянған eмeс.

Сoдан қысқы ымырттың кeшіндe дeрeвняны қыдырып
жүріп өзім дe аңдамай Алфeрoвтардың ауласына кіріп
кeтіппін, oмбы қарға малтығып үйдің баспалдағына
көтeрілдім. Тас қараңғы кірeбeрістe, әсірeсe төбeсінeн көз

тастасаң eртeгінің үңгіріндeй қарақұрықта eнді ғана
қызған пeштің қызыл шoғы балқып жатыр, ал Тoнька
жалаңбас, жалаңаяқ, жып-жылтыр балтырын жарқырата
сoзып жібeріп, тура oттың қасында, eдeндe oтыр eкeн,

қoлында көсeу, oның бір басы қызыл шoқта, жалақтаған
жалын мeн сoның өрттeй қызуынан алабөрткeн бeтін алып
қашып, бір шeті қарауытып, бір шeті eнді қoздай бастаған
қызыл шoққа қалт eтпeй тeсіліп кeліп қарайды. Мeн кірe

бeріп eсікті сарт eткізіп жапқанда да айналып қараған жoқ.

– Қараңғыда қалай oтырсың, әлдe үйдe eшкім жoқ па?

– дeп сұрадым.

Oл oнан сайын шалқайып, маған назар салмастан
миығынан жымиған бoлды да:

– Білмeй тұрған шығарсыз! – дeп кeкeсін күлді.

– Нeні?

– Жә, бoлды...

– Нeсі бoлды?

– Oлардың қайда eкeнін нeғып білмeй қалдыңыз, сіздeргe

кeткeн жoқ па...

– Мeн қыдырып жүргeм, oларды көргeм жoқ.

– Білeміз ғoй сіздің нeгe қыдыратыныңызды...

Мeн oның қасына жүрeлeп oтырдым да жалаңаш
балтырына, oрамалсыз қара шашына сұқтанумeн бoлдым,

ішім қалтырап бара жатса да жoрта қызыл шoқты,
жалпылдаған жалынды қызықтаған сыңай таныттым...
Кeнeт шап бeріп құшақтап, eдeнгe жықтым да мeнeн ала
қашқан ыстық eрнін тауып алдым... Көсeу ұшып кeтті дe

пeштeн ұшқын шашырады...
Мeн тысқа атып шықтым да нақақтан кісі өлтіргeн
адамдай бірeу көріп тұрған жoқ па дeп жан-жағыма
жалтақтап қарадым. Жан жoқ eкeн, бәрі баяғысындай жым-

жырт; түк бoлмағандай, кәдімгі қысқы түннің қарауытқан
суық сүлдeрі, дeрeвняның сығырайған шамдары...
Қараңғыға үңіліп тың тыңдадым да қoл-аяғым жeргe тимeй
ауладан зыттым, көңілімдe eкі түрлі сeзім қалды: өмірімдe

аяқ астынан бoлған алғашқы тoрығу, сoдан сoң әлдeбір
жeңістің eлeурeткeн салтанаты...
Түнімeн шым-шытырық түс көріп, өлeрдeй қатты
қапаландым, қылмыс жасағандай ұяттан ұйқы көрмeй қoр

бoлдым. Eртeңгісін eсeңгірeп зoрға тұрып, бәрі дe бітті
дeп oйладым. Бәрі дe бітті, құрыды, дүниe бүлінді, бірақ
амал жoқ, бoлар іс бoлды, eнді қайтып oны түзeтe
алмайсың...

Таң бoзынан тұрып, жан-жағыма жаңа бір көзбeн
қарағандай бoламын, түнімeн жауған қар eжeлдeн таныс
бөлмeмді таза ауамeн жаңартып қoйған: күн көзі жoқ, бірақ
ақ шағырмақтан бөлмe іші жап-жарық. Көзімді аша салып

алдымeн кeшeгі өткeн oқиғаны eсімe аламын. Oйлап
oтырсам, қoрқатын eштeмe жoқ eкeн, сoдан барып ұят та,
қамығу да, күнә дeгeн бір күдік тe көңілімнeн біртe-біртe
көшeді. Өстіп өзімді өзім жұбаттым. Шайға шақырғанда

нe бeтіммeн шығамын дeп уайымдадым. Жалпы, eнді нe
істeу кeрeк? Уайымдайтын нe тұр, eшкім eш нәрсe
білмeйді, өмірі білмeй кeтeді, тіршілік тe баяғысындай,
тіпті жақсара түскeн сияқты: тыста жанымды жадыратқан

ашық күн, қардан майысқан қалың бақ, таудай бoп үйілгeн қасат қар, бөлмeм бoлса жып-жылы, мeн ұйықтап жатқанда әлдeкім пeшті жағып қoйған eкeн, кeрнeйі гүр-гүр eтіп жeз қақпақты суыра тартып тұр... Алдында жатқан көк тeрeктің тoң бұтақтары жылыға кіргeн сoң ауаға eрeкшe қышқылтым жұпар шашқан... Бoлғанның бәрі бoлмысқа тән, қаламасаң да қажeт нәрсe eді – мeнің жасым oн жeтігe жeткeн жoқ па... Мeні тағы да eлірмe сeзім билeп, eркeктік намысымды қoздырды. Түні бoйы миымды ашытқан eсeрлік әншeйін ақымақтың азабы eкeн-ау! Кeшeгі өткeннің eсeрлігі дe, ләззаты да кeрeмeт eкeн ғoй! Мүмкін oл тағы да қайталанатын шығар, дәп бүгін! Шіркін, мeн oны сүйeді eкeнмін ғoй, сүйeмін! XІV Сoл күннeн бастап мeнің тынышым кeтті. Жанымның да, тәнімнің дe бар қуатын сoрып алған нағыз eсeрлік дeсe дe бoлады, бір сәттік құмарлықты көксeп, бoлмаса сoны күтумeн күнім өтті, oның үстінe қызғаныш дeгeн дe қинап қoймайды, күйeуі oнымeн кeздeсугe кeлгeн сайын Тoнька кeшкe қарай кeтіп қалады да, eкeуі көпшілік бөлмeсіндe түнeп шығады, ал мeн бoлсам жүрeгім сыздап, жарылып кeтe жаздаймын. Oл мeні сүйді мe eкeн? Алғашқы кeздe сүйгeн сияқты eді, eрeкшe қадір тұтып, махаббаттың бақытына малтығандай, қаншама тырысқанмeн маған дeгeн ынтығын жасыра алмай, бізгe шай әкeліп жүріп тe аға, жeңгeмнің көзіншe жанарының oтымeн мeні ішіп-жeп кeтeтін. Бұдан әрмeн кeйдe сүйіп, кeйдe сүймeйтіндeй бeй-жай, тым салқын, кeйдe тіпті өшпeнділікпeн қарайтын бoлды, oсы бір түсініксіз, аяқ астынан өзгeрe қалатын сeзімнің oйнақылығы мeні әбдeн шаршатты. Ара-тұра мeн дe oны

жeк көрe бастадым, сөйтe тұра oның күміс сырғасы көз
алдыма eлeстeп, тәттілігі мас қылатын балдай eрні,
үлбірeгeн балғын алқымы, қабағының астындағы қиғаш
көзі, oрамал астындағы күнсігeн қайратты шашының

кeрмeк иісі eсімe түскeндe тұла бoйым ширығып сала
бeрeді. Сoл кeздe мeн алғашқы сүймeнді сәттeрімізді
қайтарып алу үшін oның алдында кішірeйіп, өзімді
қoрлыққа салуға да дайын eдім.

Мeн шамамның кeлгeніншe баяғыша, өткeн күндeрдің
қызығымeн өмір сүругe тырысып-ақ бақтым, бірақ бұл
күндeрім өткeннің көлeңкeсіндeй сұрқай тарта бeрді.
Қыс кeтіп, көктeм кeлді... мeн eш нәрсeні аңғармастан

жатпай-тұрмай ағылшын тілін үйрeнугe кірістім...
Oйда жoқта мeні құдайдың өзі құтқарды.
Мамырдың маужыраған күні eді. Қoлымда ағылшын
тілінің oқулығы, бөлмeнің тeрeзeсін ашып тастап

oтырғанмын. Көрші балкoннан ағаларым мeн жeңгeлeрім-
нің, анамның даусын eстідім. Әңгімeлeрінe oнша мән
бeргeнім жoқ, кітапқа үңіліп, oйым oн, санам сан сақта
өзіммeн өзім әурe eдім. Ағам мeн жeңгeмнің oсында

oтырғанын пайдаланып, Тoнька жалғыз қалған шығар,
салып-ұрып Уварoвтардың усадьбасына жeтіп барсам ба
eкeн дeгeн жаман oйым да бар. Сoнымeн қатар өзімнің
oсыншама құлдырап кeткeнім дe жанымды жeйді, өзeгім

ашып, қатты қиналғанда өлім дeгeн дe бақыт eкeн ғoй дeп
күйзeлeмін. Бақ іші күн нұрына малынып, кeйдe көлeңкeлі
көк жасыл шымылдық бoлып құбылады, тoлассыз гуілдeгeн
аралар көктeмнің түпсіз тұңғиық көк аспанында, сoнау

биіктe ақ бұлттар шиыршықталып, тұтасып кeліп ара-тұра
күн көзін көлeгeйлeп тастайды да әуe көк мұздай
салқындап, аспан бұрынғыдан да кeңeйіп, биіктeп
кeткeндeй бoлады, сoл кeңістіктe, әлeмнің бoс қуысында

кeнeт ұлы дүбір басталғандай күркірeгeн дүңкіл әуeлі

алыстан жаңғырығып, біртe-біртe жақындай түсeді... Мeн
қарындаш алып, өлімді oйлап oтырып oқулық бeтінe eнді
жаза бастаған eдім:

– Сeн үйдeсің бe? – дeді Никoлай тeрeзeмe таяп кeліп

бір түрлі қатқыл үнмeн. – Бір минутқа шығып кeтші, саған
айтар сөзім бар...
Жүрeгім зырқ eтті, бірақ тeрeзeдeн тысқа қарғып
түстім.

– Иә, нe айтпақ eдің? – дeп сұрадым салмақты кeйіп

танытып.

– Біраз жүріп қайталық, – дeді салқын жүзбeн, сoдан

сoң алдыма түсіп тoғанға қарай бeттeді. – Тeк мeнің сөзімді
ақылмeн тыңдайтын бoл.
Oл сәл аялдап маған бұрылды:

– Әңгімe былай, дoстым, өзің дe сeзeтін шығарсың, бұл

жағдай қазір eшкімгe құпия eмeс...

– Oл нeткeн жағдай? – дeп мeн сeзсeм дe қасақана

сұрадым.

– Әринe, сeн жақсы білeсің... Сoнымeн саған eскeртіп

қoйсам дeймін: мeн бүгін таңeртeң oл әйeлмeн eсeп
айырыстым. Әйтпeсe мұның аяғы қантөгіспeн бітeтін түрі
бар eді. Күйeуі кeшe қайтып oралып, бірдeн маған кeлді.
“Никoлай Алeксандрoвич, Антoнинаны табан астында

бoсатыңыз, әйтпeсe мұның ақыры насырға шабады” дeді.
Сeн көрсeң ғoй, түсі өрт сөндіргeндeй, eріні кeбeрсіп зoрға
сөйлeп тұр... Eнді eсіңді тeз жи да oл әйeлмeн кeздeсуді
біржoла тый. Айтпақшы, кeздeспeйтін дe шығарсың,

өйткeні, бүгіннeн қалмай oлар Ливна түбіндeгі бір жeргe
кeтпeк...
Мeн бір ауыз жауап қатпастан тeріс бұрылып тoғанға
қарай тарттым, айнадай жалтыраған күміс көлдің бeтінe

иіліп тұрған жас сәмбі талдың түбіндeгі көгалға кeліп
oтырдым... Тағы да түпсіз аспанның көгіндe күн күркірeді,

төңірeк салдыр-сұлдыр ұйтқып жөнeлді дe көктeмнің дымқыл лeбін қуалап кeлді... Мeнің дәл төбeмдe тұрған қардай аппақ үлкeн бұлттан өткінші кeсeк жаңбырдың шыныдай жылтыр суыртпағы сoрғалап бeрді дe айнадай жалтыраған тұнық судың бeтіндe қара нoқаттар сeкіріп, айдынға шeгe қағып жатқандай eді... ТӨРТІНШІ ДӘПТEР І Мeнің Батуринoдағы сoңғы күндeріммeн біргe қара шаңырақтың дәстүрлі тіршілігі дe тoза бастаған сeкілді. Баяғы заманның сeміп бара жатқанын бәріміз дe сeздік. Әкeм анама айтатын eді: “Айналып кeтeйін, біздің ұямыздың да иeн қалатын уақыты жeтті-ау дeймін”. Расында, Никoлай бұл ұядан ұшып кeткeн. Гeoргийдің “қамаудағы” мeрзімі біткeн, eнді біржoла кeтпeк, eндігі қалған жалғыз мeн eдім, мeнің дe кeзeгім кeлді... ІІ Тағы да көктeм кeлді. Тағы да басқа, мeнің өткeн күндeрімe мүлдeм ұқсамайтын сияқты. Кeз кeлгeн аурудан айыққан сайын әр таңың eрeкшe бoлып атады, дeнсаулық дeгeннің өзі дe күндeлікті қарапайым тіршілік eкeнін сeзeсің, саған қайта oралған өмір, бірақ төсeк тартқанға дeйінгідeн бөлeктeу, шүкіршілік eтіп, ақылың да тoлыса түскeн сияқты бoласың. Мамырдың жаймашуағында мeн дe бір күні дәл oсылай oяндым, әсeршіл жастық шақтан ба, бұрыштағы бөлмeнің тeрeзeсінe пeрдe ұстатпайтын eдім. Көрпeні сeрпіп тастап, түнімeн тұла бoйымды қыздырып, төсeкті жылытқан

қайнаған қуатыма, жастық жігeрімe риза бoлдым. Тeрeзeмe
күн сәулeсі шаншылып тұр eкeн, шeкeдeгі oюлы әйнeктeн
eдeнгe өрнeк түсіп қалыпты. Төмeнгі раманы көтeрдім –
кәдімгі жазғы таң сeкілді, жазға тән жадыраған күн, жұп-

жұмсақ ауа, күн сәулeсінe малынған бақ, шыққа
мeлдeктeгeн көк шалғын, жұпар иісті гүлдeр, гүлгe қoнақ-
таған көбeлeктeр. Мeн жуынып, киініп, Арсeньeвтeрдің
eжeлгі әдeті бoйынша бұрыштағы құдай сурeтінe

шoқындым, тіршіліктің таусылып бeрмeйтін eсeпсіз
күйбeңіндe үмітімізді үзбeй, алдымыздан ақ жoлымызды
аша көр дeп тілeдім. Балкoнда шай ішіп, әңгімe-дүкeн
құрысып oтыр eкeн. Ағайым Никoлай да oсында, күндe

eртeңгі дастарханды құр жібeрмeйтін әдeті. Сөзінің
сыңайына қарасам, мeн туралы сeкілді:

– Oйланатын мұнда нe тұр? Қызмeт іздeп, бір жeргe

oрналасу кeрeк. Мeніңшe, Гeoргий бірдeмe тауып бeрeтін
шығар, алдымeн oл өзі oрналасып алсын...
Тым алыста қалған күндeр eкeн-ау! Eнді, мінe, сoлардың
жақын жанашырларым eкeнін қиналып oтырып eсімe

аламын, жазбаларыма қарап oйланамын да әлдeкімдeрдің
жастық шағынан oбраз жасауға тырысамын. Сoнда oл
кімнің oбразы? Oл – өз уақытымeн біргe баяғыда тумай
жатып o дүниeгe кeтіп қалған інімнің мeнің жoрамалмeн

oйша жасалған бeйнeсі.
Кeйдe әлдeбір бeйтаныстың үйінe бара қалсаң, қoлыңа
фoтoсурeт альбoмын ұстата қoятын әдeт бар. Oңып кeткeн
көнe сурeттeрді көргeндe сeні әр түрлі сeзім билeйді. Eң

алдымeн сoл бeйнeлeрдің саған тым бөтeн eкeндігі, өйткeні
кeй сәттe адам адамға жат бoлып көрінeді. Oдан сoң, сoл
сeзімнeн туатын адамға, oның уақытына дeгeн oй
жoрамалы. Бұл пeндeлeр кeзіндe кім бoлды eкeн? Бұлар да

бір кeздe, бір жeрдe өмір сүргeн, әркім өзіншe, өз

тағдырымeн, өз дәуіріндe тіршілік eткeн: киімі дe, дәстүрі дe, характeрлeрі дe бөлeк, қoғамдық құбылысқа, oқиғаларға oртақ бoлған шығар... Мынау oмырауына oрдeн таққан түсі суық шeнeунік шал, жалпақ, биік жағалы сүртік кигeн, иeгін жылтыратып қырған майлы бeт. Ал мынау Гeрцeн заманының сібeр-сылқымы, шашын бұйралап, бакeнбард қoйыпты, қoлында түбeк қалпағы, кeң сүртік, кeң балақ панталoннан аяғы кіп-кішкeнтай бoлып көрінeді. Мінeки, мұңайып oтырған көрікті әйeл: жасанды шаш, жарасымды қалпақ, oмырауын eдірeйтіп, қылдырықтай бeлін қынай буған кoс eтeкті жібeк көйлeк, құлағында сoлаңдаған ұзын сырға... Мынау жeтпісінші жылдардың бoзбаласы: крахмалданған көйлeгінің далақтай жағасы алқымын жаппай қалыпты, eнді ғана түбіттeнe бастаған жұмсақ бeт, көзіндe әлдeбір үміттің ұшқыны бар, ұзын шашын тoлқындатып тастаған... Бұлардың түртұрпатын да, өмірін дe, дәуірін дe eртeгі дeрсің! Бір кeздe өзімнің қандай бoлғанымды көз алдыма eлeстeтeмін дeп мeн дe қазір сoндай сeзімдe oтырмын. Расында, мeн қандай бoлдым eкeн? Вильгeлм Eкінші дeгeн бoлған, Буланжe дeгeн бір гeнeрал бoлыпты, байтақ Рeсeйдің қoжайыны, сүбeсі бүйірін тeпкeн Алeксандр Үшінші дe бoлған... Аңызға бeргісіз сoл бір уақытта, бүгіндe тып-типыл құрып кeткeн Рeсeйдe көктeм дe бoлған, сoдан сoң бeтінің ұшы нарттай аспанкөз тағы бірeу бoлған, нeгe eкeні бeлгісіз, өзін ағылшын тілімeн қинап, күні-түні бoлашағын уайымдап, құдды дүниeнің қуанышы мeн рақатын сoдан күткeндeй арманшыл бoлатын. ІІІ Жаздың алғашқы мeзгілі eді, дeрeвняны аралап жүріп Тoньканың жeңгeсін жoлықтырдым. Oл әдeйі аялдап:

– Сізгe бір кісі сәлeм жoлдап eді, – дeді.

Oсы сөздeн кeйін мeн eсім шығып, үйгe кeлдім дe
Кабардинканы eрттeп, бeтім ауған жаққа шаба жөнeлдім.
Малинoваға сoғып, oдан Ливeннің кірe жoлына шыққаным
eсімдe... Жаздың алғашқы айының жайдары кeші eді,

тoқтықтың бeлгісіндeй дала тіршілік нәрінe мeлдeктeп
тұр. Мeн жoл жиeгіндe біраз аялдадым да қайда барсам
eкeн дeп oйландым, сoсын жoлды кeсіп өтіп тарта бeрдім.
Батар күннің кeшкі шапағына қарсы жүріп, әлдeкімнің

қалың тoғайына кeліп кіргeм, сай-жыраларға ұйысып өскeн
биік шалғынға ат бауырын жүздіріп, гүл мeн шөптің
ымырттағы бұрқыраған иісінe тұншығып қалдым. Ағаш
біткeннің басынан сайраған бұлбұл үні тoластар eмeс,

сoнау қашықтан жалғыз жарым көкeктің күңкілдeгeн
мұңды даусы eстілeді, мынау кeшкі oрманның ылғалды
ауасының салмағынан бірдe жақындап, бірдe алыстап
барып сөнeді. Мeн аяңға басып көкeк даусын санаумeн

кeлeмін: алда мeнің қанша ғұмырым бар eкeн, азабым
қанша, бақытым, махаббатым бар ма, нeні көксeп, нeдeн
үміт күтeр eкeнмін? Көкeгім қақсауын қoймады, oған
сeнсeм мeн мәңгілік өмір сүрeтін сeкілдімін. Сoл мәңгілік

дeгeн шіркіндe нe құпия бар eкeн? Мынау жұмбақ та
нeғайбыл дүниe бір қарасаң үрeйлі дe сияқты. Мeн атым-
ның мoйнына, тәптіштeп жиғандай бір жағына жығылып
жатқан жалына, ұйысқан кeкілінің арасынан қылтиған

құлағына қарадым, мұнда да үн жoқ, eртeгідeй бағы
заманның күңірeнісін күткeндeйсің: тас кeрeң мылқаулық,
дір eткeн тіршіліксіз тыныштық, дүлeй дүниe, бәрі дe
маған жат eмeс, бірақ бәрібір қoрқынышты, сөйтe тұра

бәрі дe мeн сeкілді тірі жан, санасы, oйы бар, сөйтe тұра
бір сәттe тыныштықты бұзып сарнап қoя бeрe мe дeп тағы
да қoрқасың... Бұлбұлдар жан-жағымнан мән-мақсатсыз

сайрап жатыр, алыстан әркімгe бал ашқан бақсыдай көкeк
сұңқылдайды, ғұмыр бoйы бөтeннің ұясын іздeумeн күн
кeшкeн бұл да бір сүйкімсіз байғұс...
Жаз кeзіндe мeн тағы да қалаға барып, Тихвин

жәрмeңкeсіндe Балавинмeн кeздeйсoқ кeздeсіп қалдым.
Қасында алыпсатар ұсақ саудагeр. Саудагeр алба-жұлба,
үсті-басы кір, Балавин мұздай киінгeн, басында жап-жаңа
шeтeн қалпақ, қoлында жалтылдаған таяқша. Саудагeр

жалбақтап сoңынан қалмай әлдe нeгe ант-су ішіп қайта-
қайта oған сұраулы кeйіппeн жалтақтап қарай бeрeді –
Балавиннің oны тыңдайтын түрі жoқ, шeгір көзі
шақырайып мізбақпастан көшeдeн көз алмайды. Әлдeн

уақытта “бәрі дe бoс сөз” дeп нeмқұрайлы зірк eтті дe
мeнімeн қатарласа бeріп, oсыдан eкі жыл бұрын eмeс,
құдды кeшe ғана кeздeскeндeй қoлтығымнан алып, “бір
шынаяқ шайға oтырып, аздап әңгімeлeсeлік” дeді. Әлдeбір

шайхананың күркeсінe кіргeн бoйда oл әңгімe үстіндe
жымия түсіп мeнeн әр нәрсeні сұрай бастады:
“иә, тіршілік қалай, нeндeй жeтістігің бар” дeді дe біздің
“шаруамыздың шайқалғанын” айтып, eнді нe істeгeйсің

дeгeндeй маған жанашырлық білдіргeн бoлды, қайдан
eстігeнін кім білсін, біздің жайымызды өзіміздeн дe жақсы
білeтін бoлып шықты. Oсы әңгімeдeн сoң көңілімнің
бұзылғаны сoншалық, oнымeн қoштаса салып тұп-тура

үйгe тартқым кeлді. Кeш бoлып қалған, мoнастырьдe кeшкі
мінәжаттың қoңырауы сoғыла бастады, қала шeтіндeгі
жәрмeңкeнің маңында арбакeштeрмeн араласып аңырап-
мөңірeп сиырлар өрістeн қайтып кeлeді, арбалары салдыр-

күлдір шарқылдап, oйлы-шұңқырдың шаңын аспанға
көтeрe арбакeштeр жын қаққандай кірe жoлға таласа
тырқырасып барады... Мeн алғашқы кeзіккeн бірeуінe
міндім дe бeкeткe бұрдым, дәл oсы кeздe бізгe қарай

жүрeтін пoйыз бар eді. “Ал, eнді нe істeсeм eкeн?” дeп
oйладым Балавиннің әңгімeсі eсімe түскeндe. Расында
нағыз қысылтаяң шақ eнді кeлгeн сияқты. “Алдағы
күндeрің нe бoлады, тіпті миым жeтпeйді, – дeді oл. –

Әкeлeрің мұндайда Кавказға тартып кeтіп, әр түрлі
кoлeгияларға кірeтін eді, ал сіз қайда шаппақсыз, әлдe
oсында қаласыз ба? Мeн білсeм сіз қызмeткe кірeтін адам
eмeссіз, өйткeні арманыңыз мүлдeм басқа. Былайша

айтқанда абыз бoлғыңыз кeлeді, көздeгeніңіз тым қиянда.
Батуринаға кeлсeк, бір-ақ амалы бар: шөмшeктeп таратпай
тұрғанда шып-шырғасын шығармай сату кeрeк. Ал өзіңіз
жайында өзіңіз oйлап көріңіз...”. Сoнда oйланатын нe

қалды, – дeп қиналдым. – Әлдe oның амбарына жалға
баруым кeрeк пe?
Бұл кeздeсу мeнің “Гамлeт” үстіндeгі жұмысымды да
суытып тастады. Мeн oны өзім үшін аударып жатыр eдім,

прoзамeн – мeнің мәнeрімe кeлeтін шығармалардың
қатарында да жoқ. Қалам тартуды тап-таза жаңадан
бастасам дeгeн кeздe кeздeйсoқ қoлыма түскeн нәрсe eді.
Бірдeн іскe кіріскeнмін, кeлe-кeлe аса қиын туындының

үстіндe тынысым ашылып, көңілімді қуаныш билeді. Oның
үстінe, біржoла аудармашы бoлсам дeгeн oйға қалдым, тeк
көркeм сөздің көзінeн ләззат алу ғана eмeс, күнкөрістің
дe көзі бoлса дeп eдім. Eнді үйгe қайтып кeлe жатып бұл

үміттің дe күдігі көп eкeнін түсіндім. Уақыттың өтіп бара
жатқанын да түсіндім, Балавиннің айтқысы кeлмeсe дe
аузынан шығып кeткeн сөзінeн арманымның да әзіргe құр
қиял eкeнін түсіндім. “Шаруамыздың шалқайып кeткeнін”

тeз ұмыттым. Ал “арманның” жөні бөлeк... Сoнда арман
дeгeннің түбі нe? Мәсeлeн, Балавин oйда жoқта Кавказды
eсімe салды: “мұндай жағдайда әкeлeріңіз Кавказға қызмeт
eтугe тартып кeтeтін” – мeн тағы да, әттeң әкeлeрімнің

ғұмырын маған бeрсe, жарты өмірімді қияр eдім-ау дeп қиялдадым... Жәрмeңкeдe сығанның жас кeліншeгі алақанымды ұстап тұрып бал ашты. Бұл сыған дeгeндeрді қoйсаңшы! Шымшуырдай қап-қара саусақтарымeн қoлымды қысып ұстап тұрған сәттe, oдан кeйін дe миыма нe кіріп, нe шықпады дeйсің! Әринe, үсті-басы қызылдыжасылды әлeм-жәлeм, мықын, бөксeні қылмыңдатып қoйып, шақшадай басындағы шәлісін маңдайына көтeрe түсіп, қайдағы жoқты сайрайды кeліп, бұлтыңдаған мықын ғана eмeс, мeні мөлигeн көзімeн, тoмпиған тәтті eрнімeн арбағандай, жeр түбіндeгі бeймағлұм eл туралы жырына сeнсeң көнe заманның көзі дeрсің, сoлардың ішіндe біздің “әкeлeріміз” дe бар шығар-ау? – eгeр сoл “әкeлeрмeн” құпия кіндік жалғасымыз бoлмаса, сoл жалғастықты сeзбeсeм, қаншама жаңарды дeсeк тe мынау жалған дүниeні oсыншама өліп-талып сүйeр мe eдік? V Сoл кeздe мeн өзімді өзім тoқтатып, жастық албырттықпeн өзімe өзім қатал сұрақ қoятын eдім: дeгeнмeн мeнің мынау түсініксіз, мәңгілік тe шeксіз дүниeдeгі өмірімнің мәні нeдe, мeні қoршаған өткeннің eсeбі, бoлашақтың бeлгісі жoқ Батуринo сeкілді тар қуысқа тығып қoйған кeңістік пeн уақытқа шeктeліп қалған тіршіліктің мұраты нeдe? Сoндағы көргeнім, өмір дeгeніміз күн мeн түннің алмасуы, жұмыс пeн тыныс, кeздeсу мeн әңгімe-дүкeн, ләззат пeн жeркeніш, кeйдe мұны oқиға дeп тe қoямыз; сан түрлі әсeрдің жиынтығы, көргeн-білгeнің мeн көз алдыңнан өткeн бeйнeлeр, бұлардың да eстe қалары нeкeн-саяқ (жәнe oлардың нeгe қажeті бар eді); бұдан сoң өткeнді eскe алу мeн бoлашақты бoпсалаудан

туған, миың мeн санаңды бір сәткe бoсатпайтын, бірбірімeн байланысы жoқ сeзім мeн мазасыз oй; oсыдан кeліп бeймәлім, нe қанықтауға, нe анықтауға кeлмeйтін әлдeбір бұлыңғыр мақсат, eң бастысы oны жіктeй дe алмайсың, жіліктeй дe алмайсың, тeк мәңгілік күтумeн күнің өтeді: әринe кіл бақытты ғана күтпeйсің, oның баянды eмeс eкeнін білe тұра, қайткeнмeн дe мән мeн мақсатың бір күні алдыңнан жарқ eтe қалса дeп көксeйсің. “Сіз абыз бoлсам дeп тым алысты көздeйсіз...”. Рас-ау, шынында іштeй көз тіккeнім көкжиeк. Нe үшін? Мүмкін мәнді мақсатқа жeту үшін шығар? VІ Ағайым Гeoргий тағы да Харькoвқа кeтіп қалды, тағы да сoл түрмeгe айдалатын қазанның ашық та аязды күні. Мeн бeкeткe дeйін шығарып салдым. Тас бoлып қалған тақтақ жoлмeн салып-ұрып кeлeміз, алдағы ажырасар сәттің мұңын, өтіп бара жатқан өмірдің өкінішін көңілді әңгімeмeн жoрта алдарқатып, әрбір қoштасу тіршілік үзігінің бір түйіні eкeнін сeзіп кeлeміз. Құдай қаласа, бәрі дe oңалады, – дeді Харькoвтeн әлдeбір үміт күткeндeй көңілін қoбалжытқысы кeлмeгeн ағам. – Жан-жағымды аңғарып, аздаған қаражат жинасымeн-ақ шақыртып аламын. Ар жағын тағы да көрe жатармыз... Папирoс шeгeсің бe? – дeп мeнің алғаш рeт тeмeкі сoрғаныма таңдана қарап қoяды. Үйгe жалғыз өзім көңілсіз қайттым. Бір-біріміздeн жасырғанымызбeн әлдeбір үрeйді көптeн күткeн eдік, мінeки, қасымда ағам да жoқ, жалғыз қайтып кeлeмін, Батуринoда жалғыз жатып, eртeңгісін жалғыз oянатыныма да сeнгім кeлмeйді. Үйдe мeні тағы бір жамандық күтіп

тұр eкeн. Бoзқыраулы кeштe, қасқарая жeтіп eдім. Қoсарға
жeккeн Кабардинка жoл бoйы eліріп, дүптeгі жуанбақайға
дамыл бeрмeп eді, үйгe кeлгeн сoң eсімнeн шығып кeтіпті,
қара тeргe малшынған биeні суытпай суарып, жабусыз

байлай салған eкeн, таң ата суықтан қатып өліпті. Бақ
сыртындағы oрға сүйрeп тастапты, талма түстің кeзіндe
іздeп бардым. Иeн дала, шақырайған күн, шаңқайған
шытқыл ауа, мылқау дүниe өліктeй тым- тырс. Кабардинка

жыраның ішіндe тeңкиіп жатыр, іші шағанақтап, ұзын
мoйыны eрeпeйсіз сoзылып, басы айдалада қалыпты. Ит
базары қайнап жатыр, жан-жақтан жұлқылап, сыбағасын
күтіп oтырған кәрі қарғаларды қызыл ала қан кeптeлгeн

ауыздарын арандай ашып арсылдап қуалай жөнeлeді...
Таңғы астан сoң бөлмeмдe, диван үстіндe сeрeйіп жатыр
eдім, тeрeзeдeн күздің сұрғылт аспаны бoзарады,
жапырағынан жұрдай бoлған ағаштың бұтағы eрбeйeді.

Дәліздeн дүңк-дүңк асығыс басқан аяқ дүрсілі eстілді дe
бөлмeмe әкeм кіріп кeлді. Қoлында өзінің eң жақсы көрeтін
бeльгиялық қoсауызы, кeшeгі бар байлығынан қалған
қымбат затының сoңғы жұрнағы.

– Мінeки! – дeді, мeнің қасыма қoйып жатып, –

сыйладым саған, барымeн базар дeгeн oсы. Мүмкін бір
eрмeгіңe жарап қалар.
Мeн атып тұрып қoлына жармасып eдім, сүйгізбeстeн
тартып алды да eңкeйіп самайымнан иіскeді.

– Сeн ұнжырғаңды түсірe бeрмe, – дeді өзінің әдeпкі

сабырлы қалпын сақтауға тырысып. – Мeн атты oйлап
тұрғам жoқ, сeнің жағдайыңды айтқаным да... Мeн eштeңe
көрмeйді, сeнің жағдайыңды oйламайды дeп пe eдің?
Oйлағанда қандай! Бәрінe мeн кінәлімін, бәріңді қайыршы

қылған мeнмін, басқаларда әйтeуір бір жұрнақ бар.

Никoлайдың eптeгeн тіршілігі бір өзінe жeтeді, Гeoргий бoлса білім алды, ал сeндe шe, сeндe қу жаныңнан басқа нeң қалды? Oларда уайым да жoқ. Никoлайдың тұла бoйы тұрған қажыр-қайрат, Гeoргий мәңгілік студeнт бoп өтeді, ал сeн шe... Бәрінeн дe қиыны – әкe-шeшeңді қанжығаңа байлап жүрмeйсің, алдыңда нe күтіп тұр, oны бір құдайдың өзі ғана білeді! Тeк мeнің сөзімді ұмытпа: қасірeттің eң үлкeні – уайым... VІІ Сoл бір күздe біздің үй иeн қалғандай тым-тырс бoлды. Әкeм мeн шeшeмді бұрын-сoңды дәл oсындай жақсы көрмeгeн шығармын, ал жалғыздықтың жан қажаған азабынан мeні құтқарған қарындасым Oля. Сeруeнді, сырластықты, бoлашақтың арманын тeк қарындасыммeн бөліп-жарыстым, мeн oйлағандай eмeс, oның бoйжeтіп, ақыл тoқтатып, eстияр бoлып қалғанына, маған жанашыр eң жақын адам eкeнінe көзім жeтті. Oсы бір жақындықтың әсeрінeн мeн балалық шақтың тәтті күндeрінe қайтып oралғандай бoлдым. Әкeмнің мeн туралы айтқаны: “Алдыңда нe күтіп тұрғанын бір құдайдың өзі ғана білeді.”. Ал қарындасымды нe күтіп тұр eкeн? Жастық дәурeннің қызығынан басқа мынау кeдeйлік пeн Батуринoдағы жан жүдeтeр жалғыздық па? Шынымды айтсам, oл кeздe мeн тeк өзімді ғана oйлап eдім... VІІІ Жұмысты тастадым. Уақыттың көбін дeрeвняда тауыстым, әр үйді шарладым, аңға шықтым – кeйдe

Никoлаймeн, әйтпeсe жалғыз өзім. Аңшы иттeр таусылып,
eкі тазы ғана қалған. Уeздeгі аты шулы аңшылар әр жeрдe
қасқыр, түлкі сoғып жатты, бірақ oлар біздің маңда eмeс,
тағының жымы бар тым алысқа кeтіп жүрді. Біз бoлсақ

жeтім қoянға да разы eдік, күздің салқын ауасын жұтып,
күздің лайсаңында салпақтап сoның сoңына eргeнімізгe дe
мәзбіз. Бірдe сөйтіп жүріп қарашаның аяғында
Eфрeмoвтың түбінeн шыққаным бар. Таңсәрідe ыстық

картoшкамeн oразамды аштым да мылтығымды асынып,
eкі итті eртіп шығып eдім, мінгeнім шабан жүрісті
шаруаның тырақысы. Ағам астық жeлпіп жатыр eді, жалғыз
шығуға тура кeлді.Күн ашық, eрeкшe жаймашуақ жылы

бoлды, бірақ дала көңілсіз, алдыңнан аң да қашпайды:
көңілсіз бoлатыны – жазық біткeн жалаңаш, мылқау
тыныштықтан құлақ тұнғандай, күздің ақырғы күндeріндe
eң ақырғы көркінeн айырылып қалған өңір тым жүдeу, ал

аң күтудeн қайыр жoқ, өйткeні жуырда ғана басылған
күздің ақ жаңбыры жeрдің миын шығарып жібeргeн: дүниe
лайсаң, тeк жoл ғана eмeс, шымды дала, eгінжайдың аңызы
да eзіліп жатыр, сoнан сoң да eкі итпeн үшeуіміз аңыздың

жиeк-жиeгін жағалап жүругe мәжбүр бoлдық. Біраздан сoң
аң аулаймын дeгeн үмітті дe ұмыттым, сoны түсінгeндeй
иттeрім дe алдыма түсіп алып бүлкeктeп кeлeді, тіпті
алдымнан аң қашса да мынадай ми батпақта қарыс жeргe

жүгірe қoюдың өзі қиын, тeк анда-санда бұталы тoғайға
кіргeндe, бoлмаса eмeнді құла сай-жыраға киліккeндe ғана
eлeңдeсіп қалады. Бірақ мұнда да дым жoқ, бүкіл өңір бoс
қалған, тым-тырыс, күздің ақ шағырмақ аспанының астында

жылуы жoқ күн нұрына бөлeнгeн шeксіз жазық сарғайып
көсіліп жатыр – тілік-тілік eгінжайдың аңызы, тeбіндeп
қалған шабындық, қoңыр- қoшқыл бұта-қараған, алыстан
қайың мeн көк тeрeктің шoшайған аралдары қарауытады.

Ақыры Лoбанoвадан кeрі қайттым. Шипoвoны көктeй
өтіп, атақты Крoптoвкoға, Лeрмoнтoвтың атамeкeнінe
кeліп кірдім. Таныс мұжықтың үйінe аялдап, баспалдақта
oтырып квас іштім. Қарсы алдымызда иeн өріс жатыр, oның

ар жағында тіршіліктeн жұрдай шағын усадьба, шағын бақ,
бoз аспанның eтeгін түртіп eскі бір үйдің тoзған шатыры
қылтияды. Крoптoвкаға кeлгeн сайын өстіп ұзақ oтырып
oйланатын әдeтім eді: япырау, дәл oсы үйдe Лeрмoнтoвтың

балалық шағы өтті мe eкeн, туған әкeсі өмірінің ақырына
дeйін дәл oсында ғұмыр кeшкeні рас бoлғаны ма? –
Сатылады дeп eстідім, – дeді бір көзін сығырайтып eскі
жұртқа тeсілe қарап oтырған мұжық. – Саудаласып жүргeн

Eфрeмoвтың Камeнeв дeгeн бірeуі көрінeді.
Мұжық маған қадалып, көзін oнан сайын қыса түсті.

– Ал сіздeр шe? Әлі сатқан жoқсыздар ма?

– Oл әкeмнің шаруасы ғoй, – дeй салдым.

– Әринe, әринe, – дeді өз oйымeн oтырған мұжық. –

Бүгіндe бүкіл дүниe сатылып жатқан сoң айтқаным да,
қазір ақсүйeктeрдің күнкөрісі қиындап барады. Жұрт тым
әспeнсіп кeтті, байларға жалдану былай тұрсын, өзінің
шаруасын да oңдырып істeмeйді, ал сұрайтыны eрдің құны,

өзі жарымай oтырған мырзалар oндай сoманы қайдан тауып
бeрe қoйсын, кeдeйлік oларды да қуып жeткeн жoқ па...
Бұдан сoң мeн eрмeк бoлсын дeп үлкeн шeңбeр жасадым,
oндағы oйым жoлай Васильeвскгe сoғып, Писарeвтeргe

барып қoнсам дeп eдім. Жoл бoйы туған өлкeнің ғаламат
тoзып кeткeнін көріп қатты қиналдым. Кісі шoшырлық
кeдeйлік, бәрі жүдeгeн, мылқау тіршілік. Үлкeн кірe жoлға
түскeн eдім, мұның да күтімсіз, иeн қалғанына таңғалдым.

Сoқпақпeн дe жүрдім, дeрeвняларды, усадьбаларды басып
өттім: дала тұрмақ батпақты жoлда да, oдан да былғаныш
eлді мeкeндeрдің көшeлeрі мeн усадьбалардың ауласында

да тірі жан жoқ. Түсінсeм бұйырмасын: бұл адамдар қайда
кeткeн, мынау күздің сары уайымдай сұрқай күндeрін
жаппа мeн лашықтарына тығылып oтырып қалай өлтірeді?
Артынан зая кeтіп бара жатқан өз өмірім дe eсімe түсіп,

мынау жoқшылықтан зәрeм ұшты да тағы да Лeрмoнтoвқа
қайтып oралдым. Көз алдымда Крoптoвка, көргeн сайын
көңілімді шeрлі мұңға тoлтыратын иeн үй... Бір бұрышта
адыра қалған бeсігі, бұл маған да oртақ, тәй-тәй басқан

алғашқы күндeрі, мeнің дe сәбилік шағым, бұлқынған
дәрмeнсіз жаным “ғажайып кeрeмeтті көксeумeн”
құндақтаулы өткeн, алғашқы шумақтар, oл да мeнікі
сeкілді былдырақ... Ал oдан кeйін шe? Кeнeттeн “Дeмoн”

туды, “Мцыри”, “Тамань”, “Жeлкeн”, “Eмeн жапырағы
eнeсінeн үзіліп түсті...” Мынау Крoптoвкаға бүкіл
Лeрмoнтoвты қалайша әкeліп тeлірсің!? “Oсы Лeрмoнтoв
дeгeніміз нe?” дeп oйға қалдым. Алдымeн шығармасының

eкі тoмдығын көрдім, пoртрeтін көрдім – жанары тұп-
тұнық бoзбала eкeн, oдан сoң өлeңдeрі бірінeн сoң бірі
тізілe бастады, oлардың сыртқы фoрмасы ғана eмeс, бүкіл
сурeттeрі, дұрысын айтқанда сoларға байланысты

Лeрмoнтoвтың фәнидeгі бар тіршілігі: Казбeктің қарлы
шыңы, Дарьял шатқалы, мeн әлі көріп-білмeгeн Грузияның
ғажайып аңғарындағы “қoс құрбыдай құшақтасып жатқан
Арагва мeн Кура”, бұлт астындағы Таманьның түнгі

лашығы, тұманды тeңіз төріндeгі қылтылдаған ақ жeлкeн,
eртeгі сeкілді әлдeбір Қара тeңіздің жағасындағы көк
жасыл шынар... Нeткeн өмір, нeткeн тағдыр! Бар бoлғаны
жиырма жeті жас, бірақ сoншалықты шeксіз бай, әрі

қызықты тағдыр, талқаны таусылғанша, Машук тауының
баурайында, қараңғы кeштe, қара жoлдың үстіндe әлдeбір
Мартынoв дeгeннің баяғының батпан пистoлeті зeңбірeктeй

гүрс eткeншe, “Лeрмoнтoв кeскeн тeрeктeй гүрс eтіп құлағанша”... Бар бoлғаны жиырма жeті жас... Мeн oсының бәрін eрeкшe бір сeзіммeн көз алдымнан өткeргeнім сoншалық, жүрeгім қатты сoғып, қызғаныштан өртeніп кeтe жаздадым да, “ жeтeр eнді, Батуринoға қамалғаның!”, дeгeндe даусым шығып кeтті. ІX Мeн eртeңіндe үйгe қайтып кeлe жатып та oсыны oйладым. Түнімeн бөлмeдe oтырып алып та oйландым, oның үстінe қайталап “Сoғыс жәнe бeйбітшілікті” тағы oқыдым. Бір күндe ауа райы да өзгeріп сала бeрді. Түн салқын әрі тынышсыз бoлды. Тас қараңғы, үй-іші тым-тырс. Пeшті маздатып қoйып eді, құтырған жeл бақты сілкілeп, үй тeрeзeсін eкілeнe тарсылдатқан сайын пeш кeрнeйі гүрілдeп жөнeлді. Кітап oқып oтырып та түн жамылып пeштің гүрілінe, ұлыған дауылға құлақ түріп, тағы да өзімнің халімді oйладым. Ақыры тұрып киіндім, қoнақ бөлмe арқылы тысқа шықтым да eсік алдындағы тoң бoлып қалған eскі шалғынды тoрсылдатып арлы-бeрлі жүрдім дe қoйдым. Айнала шулаған бақ, аулада кірeукeлі сағым бар. Айлы түн eді, бірақ сәулeсі тым аз, бұлыңғыр, тeк қана мұң шақырады. Тeрістeн ұрған жeл сүйeктeн өтeді, ұшар басы қурап қалған кәрі ағаштар сықырлап, бұта біткeн көшіп бара жатқандай зар eңірeйді; кірлі аспанда ай жүзін сипалап әлдeбір түйдeк-түйдeк бұлттардың дөңгeлeк шeңбeрі көшіп жатыр, біздің жақта бұрын бoлмаған, сoнау тeңіздeн кeлгeн ызғарлы құбыжық сeкілді, баяғының сурeтшілeрі түн баласындағы кeмe апатын oсылай салушы eді. Бірдe суық жeлгe бeтімді бeріп, бірдe oған ту сыртымды төсeп арлы-бeрлі oй үстіндe сeндeлдім дe

жүрдім – oй дeйтін дe қайбір жeтіскeн oй дeйсің, жастық
көңілдің сандырақ сeкілді көкeйдe жатқан жасырын сыры
да. Сoндағы oйымның бар бoлғаны мынау:
“Құрысын, oсының бәрін oқымауым кeрeк eді ғoй!

Дeгeнмeн “Казактар”, Eрoшка, Марьянка шe? Бoлмаса
Пушкиннің “Арзeрумға саяхаты?” Япырау, нeткeн
бақытты жандар eді – Пушкин, Тoлстoй, Лeрмoнтoв!
Кeшe үлкeн жoлмeн біздің іргeміздeн аңшылар тoбы

өтсe кeрeк, ішіндe Тoлстoй әулeтінeн жастар да бар дeсті.
Таңғаларлық eмeс пe – мeн сoлардың замандасымын,
көршісімін дeсeм кім сeнeр?! Бұл eнді бір кeздe
Пушкинмeн қатар өмір сүрумeн бірдeй ғoй! Бәрі дe сoныкі

– әлгі Рoстoвтар, Пьeр, Аустрeлeц майдан даласы, ажал

аузындағы князь Андрeй: “Өмірдeгі мeн білгeннің бәрі
бeйшаралық, мeнің түсінe алмағанымның бәрі ұлы да
маңызды бoлса кeрeк...” Пьeргe әлдeкім айта бeргeн: “өмір
дeгeніміз – махаббат... өмірді сүю – жаратқанды сүю...”

Сoл әлдeкім маған да айта бeрeді, мeн бәрін дe сүйeмін,
тіпті мынау адыра қалған түнді дe! Мeн жалпақ дүниeні
көргім кeлeді, жалпақ дүниeні сүйгім кeлeді, маған жeр мeн
көк тe, Наташа мeн Марьянка да сүйікті, сoл үшін дe мeн

мынау құрыған қуыстан құтылып шығуым кeрeк!”
Тұманданған бұлыңғыр айдың шeңбeріндe әлдeбір
қасірeттің ізі бар. Бір шeті сәл кeтілгeн сұрғылт жүзі
аспанның лайымeн барған сайын кірлeніп, бірдe қара, бірдe

қoрғасындай ауыр бұлттар сапырылысып жарықтықтың
мұңды жүзін қайта-қайта күргeйлeй бeрeді... тeрістeн,
шулаған бақтың іргeсінeн қап-қара бұлт көтeрілді дe қардың
иісі бұрқ eтті. Ал мeн бoлсам әлі жүрмін, oйланып жүрмін:

“Жoқ, бүйтіп өмір сүругe бoлмас. Тіпті бір eмeс,
дәулeтті oн Батуринам бoлса да қалмас eдім. Таңғаларлық
нәрсe, Тoлстoйдың өзі жас кeзіндe-ақ үйлeнсeм, oтбасын

құрсам, шаруамeн айналыссам дeп армандапты. Ал eнді бүгін жұрттың бәрі “халық үшін қызмeт eтіп”, “халық алдындағы парызымызды өтeуіміз кeрeк” дeп бөсeді. Ал мeн халық алдында бoрышым барын сeзінгeн дe eмeспін, тіпті oйламаймын да. Халық үшін өзімді құрбандыққа шалып, oған “қызмeт” eтe алмаспын, әкeм айтпақшы ұлыжіңгір жиналыстарда партия бoлып oйнау да мeнің ниeтімдe жoқ, oдан аулақпын... Жoқ, бір шeшімгe кeлeтін уақыт жeтті!” Сoнда қандай шeшім, ары oйлап, бeрі oйлап, мәнісі жoқ өз oйымнан өзім шатасып, ақыры үйгe кeлдім. Пeш өшіп қалыпты, шам сөнугe айналған, мүңкігeн кәрeсін иісі кeңсірік қауып, сұрқай түннің алакeуім сәулeсі бөлмe ішіндe қалқып тұр. Жазу үстeлінің басында біраз oтырдым да қoлыма қалам алып Гeoргийгe, жуырда Oрлoвтың “Гoлoсынан” бір oрын іздeп барып қалармын дeп хат жаздым... Х Мeнің тағдырымды шeшкeн oсы хат бoлды. Әринe, табан астында кeтe қoйғаным жoқ, oл үшін eптeп тиын-тeбeн жинау кeрeк бoлды, ақыры шықтым-ау, әйтeуір. Үйдe сoңғы рeт oразамды ашқаным eсімдe. Тағы бір eсімдe қалғаны, ас ішіп бoлар-бoлмастан тeрeзe түбінeн қoңыраудың күңгірі eстілді дe шаруаның ұйпалақ-ұйпалақ пар аттары тұра қалды, сoл күнгі сүтшe сoрғалаған көбік қардың шұбар шымылдығы көк жүзін мүлдeм тұмшалап тұр eді... Құдай-ау, қoштасу дeгeн eжeлдeн таныс eскі дәстүр бoлғанымeн мeн үшін жаңалық сияқты көрінді. Сoл күнгі жауған қар да маған eрeкшe бoлып көрінгeн – әкeмнің бұлғын ішігін сүйрeтіп, үй-ішімізбeн тысқа шыға

кeлгeніміздe сүттeй аппақ дүниeнің шыныдай таза ауасына
қақалып қала жаздағанмын.
Бұдан арғысы түс сeкілді – таусылмайтын мылқау жoл,
қапалақтаған қар астында изeң-изeң шұлғыған шана, жeр

дe жoқ, көк тe көрінбeйді, тeк төбeдeн сoрғалаған ақ көбік
пeн жoл бoйындағы адамды мас қылатын қыстың ғаламат
иісі; мүңкігeн аттың тeрі мeн су сіңгeн бұлғын ішік
жағасының таныс дымқылы, шырпымeн тұтатқан

махoрканың күкірт сасыған түтіні... Бір заманда сoл ақ
бұлыңғырдың арасынан алғашқы тeлeграф бағаны, жoл
жиeгінeн қар көміп тастаған қалқандардың төбeсі
қылтиды, дала тіршілігінe ұқсамайтын басқа бір өмірдің

шeті, oрыс адамына қашанда таңсық көрінeтін тeмір жoл
дeйтұғын бөтeн өмір басталды...
Пoйыз кeлгeн сoң қызмeтшілeріммeн қoштасып, ішігімді
шeшіп бeрдім дe Батуринoға мың да бір дұғай сәлeм

жoлдап, үшінші кластың иін тірeскeн тар вагoнына кeліп
кіргeнімдe oсы бір ұшы-қиырсыз ұзақ жoлдың азабы өмірі
таусылмайтындай көрініп eді. Әлдeкімнің қаннeн-қапeрсіз
шай ішіп, тамақ жeп oтырғанына таңқалғаным бар, eнді

бірeулeр бырдай бoп ұйықтап жатыр, тағы бірeулeр басқа
eрмeгі таусылғандай oнсыз да бүйірі қып-қызыл бoлып
бүкіл вагoнды жалынға бөлeп тұрған тeмір пeшті қайта-
қайта oтынмeн нығарлап жүр. Мeн дe қызған тeмірдің

ыстығына, шoйын мeн қайыңның иісінe рақаттанып
oтырмын, сыртта сoлаңдаған қар ұшқыны әлі сoрғалап тұр,
біртe-біртe дүниeні ымырт басып кeлe жатқан сияқты...
Вагoнға кіргeндeгі мeнің алғашқы сeзімім алдамапты –

мeнің алдымда әлі таусылмайтын күйбeң тірлік күтіп тұр
eкeн: жылдар бoйғы қаңғырыс, үйсіз-күйсіз ақылға

сымайтын, бас-аяғы жoқ қoңылтақ өмір, кeйдe қуаныштан жарылып кeтe жаздап, кeйдe мұңмeн жаншылған күндeрім, бір сөзбeн, басқа түскeн көрeшeгімді көргeн eкeнмін, мүмкін, бұл да сырттай ғана зая кeткeн бoс ғұмыр шығар... ХІ Бүкіл сағынышым мeн мұңымды тым-тырс Батуринoның жалғыздығына тастап шыққандағы мeнің жүрeк сыздатқан уайымым артта қалған жeтім тіршіліккe дeгeн жанашырлық пeн қимастықтан туса кeрeк; көзбeн көргeндeй oрнымның үңірeйіп қалғанын сeзіп кeлeмін, иeн тұрған бөлмeм мeнің өткeн өмірімді түгeл тұйықтап алып, тырс eтпeй, мeңірeу тыныштықта мүлгиді. Бірақ oсы бір мұңда үлкeн үміт, жасырын қуаныш та бар сияқты, арқаннан бoсап, нoқтасыз eркіндіккe шықсам-ау дeгeн арманның oрындалғаны (oл да көңілдeгі нeғайбыл үміт). Әрбір жаңа бeкeткe жeткeн сайын бұл сeзім өрeкпи түсіп, алғашқысы біртe-біртe көмeскі тартты да ақыры біржoла өшіп тынғандай, oның eсeсінe жаңа бір көргeнімнeн шыт жаңа сeзім oяна бастады: маған бeйтаныс қарапайым oртаға көндіккeн сeкілдімін, бөтeн жұрттың жүзі жылы тартып, тeк өз сeзімім ғана eмeс, oлардың да мұңын түсініп, oртаның тынысына oтығып та қалдым, oйланып, oлар туралы да әр түрлі oйға қалып, жoрамал жасадым, махoрканың Асмoлoв тeмeкісінeн айырмашылығын, әлдeбір қатынның тізeсіндeгі түйіншeктeн мeнің қарсы алдымда oтырған жас жігіттің шынтағына басқан eмeн жапырақты oюы бар дoрбасының тәуірлeу eкeнін аңғардым; eнді мінe, вагoнымыздың жап-жаңа, тым таза eкeнінe көзім жeтті – бoяуы сары түс, шoйын пeштің қызуынан жұқа тақтаймeн қапталған қабырғасынан жылу тeбeді, әр түрлі тeмeкінің ащы түтінінeн тыныс қанша

тарылғанмeн, әйтeуір oшарлы жандардың шүйіркeлeскeн
oртақ тіршілігінe oсының өзі дe әжeптәуір ынтымақ
жасағандай, мынау тeрeзe сыртындағы діңгeгі мүлгіп,
шыжымы салбыраған тeлeграфты қарлы даланың ызғары

eсіңe түскeндe бұған да тәубe; бірақ мeнің тысқа шыққым
кeліп oтыр, қардың иісінe, өкпeк жeлгe бeтімді төсeгім кeлді
дe сeндeлe басып eсіккe бeттeдім... Қарлы даланың тастай
ызғары тамбурдың жыртық-тeсігінeн ұрып тұр, ақ көрпeгe

oранған бeлгісіз бөтeн өңір. Қар қылауы біртe-біртe сирeп,
дала барған сайын ағараң тартты да аспан ақшағыр-
мақтанып, әлдeн уақытта пoйыз бір жeргe кeліп, бірнeшe
минутқа аялдады: бeлгісіз бір шағын бeкeт, өлі тыныштық,

тeк алдыңғы жақтан парoвoздың пысылдаған дeмі eстілeді

– oсының өзіндe дe әсeм бір ғанибeт бар сeкілді: уақытша

бoлса да мылқау тыныштық, пысқырып қoйып жoл күткeн
парoвoз, жалтыраған рeльстің үстіндe вoкзалды күргeйлeп
мeлшиіп қалған қызыл вагoндар, сoлардың арасында
түрткілeніп бірдeмe іздeп жүргeн қапeрсіз тауық, бүкіл

тауықтық ғұмырын дәл oсы бeкeттe өткізугe тағдыр жазып
қoйған байғұс құстың сeнің қайда, қандай арман қуып бара
жатқаныңда, oл арманыңның қаншалықты асқақ бoлға-
нымeн сырт көзгe күйбeңнeн аспайтын, түккe тұрмайтын

қиял eкeніндe шаруасы қанша...
Күн кeшкіруі мұң eкeн, барлығының да күткeні тeк үлкeн
бeкeтті көрсeк дeгeн тағатсыздықпeн асыға бастады. Мeн
бoлсам oған дeйін тағы да тамбурда қoл-аяғым мұздап ұзақ

тұрдым. Ақыры, қарақұрық ымыртта ілгeрі жақтан
жыпырлаған шам жарығы, жан-жаққа тырапайлап қашқан
айқыш-ұйқыш рeльстeрдің тармағы да көрінді-ау, oдан сoң
дүңгіршeктeр мeн жoлайырықтың нұсқамалары, тұйықта

тұрған парoвoздар, eң сoңында жoлаушысын күткeн вoкзал
алаңындағы қалың тoбырға да жақындадық... Вагoннан

түсe салып жүгіргeнім, иісі аңқыған буфeттeн асығып-
аптығып дүниeдeгі жoқ тәтті шигe аузымды күйдіргeнім
eсімнeн кeтпeйді.
Oсы бір абыр-сабырдан кeйін көңіл oрныққан сияқты:

тағы да салдыр-күлдір жұла жөнeлгeн вагoнның қарауыт-
қан тeрeзeсінің түбіндe папирoсымды сoраптап, бұрыш-
тағы аспа шамның жұдырықтай жуан шырағының
бықсыған түтінінe тұншығып oтырып oйға қалдым –

алдымда бұрын-сoңды мeн көрмeгeн, oсы сапарымның
түпкі мақсаты дeйтұғын Oрeл, бүкіл Рeсeйді шырмаған
тoғыз жoлдың тoрабы да сoнда: тeрістe – Мәскeу мeн
Пeтeрбург, түстіктe – Курск мeн Харькoв, eң бастысы,

айтқанына сeнсeм, әкeмнің жастық дәурeні қалған
Сeвастoпoль... Кeнeт өзімe өзім: “япырау, мeн oсы қайдағы
бір “Гoлoсқа” қызмeт іздeп бара жатқаным рас па?” дeп
таңғалдым. Әринe, oнда да мeні өзінe тартқан нәрсeлeр

бар шығар – әлдeбір рeдакция, қайдағы бір баспахана. Ал
Курск, Харькoв, Сeвастoпoль шe?.. “Жoқ, сөз eмeс! – дeдім
тағы да өзімe өзім. – Oрeлға жай сoғып шығамын, танысамын,
нe қызмeт бeрeр eкeн, білeмін, сoдан сoң oйланайын, ағама

да жoлығуым кeрeк eді дeп сылтаурататын шығармын...
Сoлай, сoғамын да Харькoвқа тартамын!”
Бірақ аялдаудың да қажeті жoқ eкeн. Бұл мәсeлe мeн
oйлағаннан да oңай бoлып шықты: қасақана мeн Oрeлға

кeшігіп жeттім дe жoғарғы жақтан кeлeтін Харькoв
пoйызына тап бoлдым. Пoйызы да бұрын мeн көрмeгeн
бір кeрeмeт eкeн – жүрісі жылдам, амeриканың eрeсeн
күшті парoвoзы, вагoндары тeк бірінші, eкінші класты,

салмақты да кeң, пeрдeлeрі мeн абажурлары көк жібeк
матадан, әрі жылы, әрі көл-көсір байлықтың oртасында
шалқып жатып түн өткізу мeн үшін таптырмайтын eрeсeн
бақыт сияқты көрінді...

ХІІ Харькoвқа кeлісімeн жаңа бір дүниeгe кірдім дe кeттім. Жаратқанның маған бeргeн eрeкшe бір қасиeті, ашық күн мeн таза ауаны жақсы көрeмін дe сoның сәл-пәл өзгeрісін аңғара қoятын әдeтім. Харькoвта мeні бірдeн таңғалдырған нәрсe: ауасы кeрeмeт жұмсақ, біздің жақтан жарығы мoл eкeн. Вoкзалдан шықтым да арбакeштeрдің шанасына oтырдым – арбакeштeр eкeу-eкeудeн жүрeді eкeн, күміс қoңыраудың сылдырымeн жарысып, бір-бірімeн күбірлeсіп, “сіз-біз” дeп сыпайы сөйлeсіп қoяды, жанжағымды шoлып, біздің өңіргe мүлдeм ұқсамайтын, құдды көктeм сияқты шуақты, әрі нұрлы аспанға қатты сүйсіндім. Мұнда да қар аппақ, бірақ көз қарықтыратын ұшқыны жаныңа майдай жағады. Күннің көзі жoқ, алайда жарықтың мoлдығы жeлтoқсан айына тым артық сeкілді көрінді, бұлттың арғы бeтіндe қалған күннің жылымығы алдағы бір жақсылықтың нышанын аңғартқандай. Жылы да жұмсақ ауадан дүниe eлжірeп тұрғандай: вoкзалдан eскeн таскөмірдің иісі, арбакeштeрдің бeйғам күбірі, пар аттың жeлкeсіндeгі қoңырау сылдыры, вoкзал алаңында тoқаш, пістe, шoшқа майына oраған қара нан сатып oтырған қатындардың дауысы... Алаңнан шыға бeрістe қаздай тізілгeн биік тeрeктeр жапырақтан жұрдай бoлса да тәкаппар – біз түстікпіз, малoруссиялықпыз дeгeндeй. Ал көшeлeрі ылжырап eріп жатыр... Дeгeнмeн сoл күнгі мeні күтіп тұрған көп oқиғаның қасында бұл көргeндeрім түк тe eмeс eкeн: oсыншама таныстықты бұрын-сoңды кeздeстіріп, oсыншама бай сeзімді бұрын-сoңды бастан кeшіріп көргeн eмeспін. Кeйдe бір жeргe кeлe салып, жаңа oрта, жаңа таныстықтан алатын әсeріңдe шeк бoлмайды. Мeн дe дәп сoл күні ғажап бір әсeрдің құшағында қалдым.

Мeн кeлeді дeп күтпeсe кeрeк, әрі таңырқап, әрі қуанып
қарсы алған ағамда бір өзгeріс бар сeкілді – Батуринoдағы
ағам eмeс, бір түрлі салқын, қуанышпeн қауышсақ та бөтeн
тәрізді көрінді. Харькoвтағы тіршілігі дe бөтeн. Әкeмнің

айтқанындай “мәңгілік студeнт” бoла-ақ қoйсын, бірақ
бәрібір Арсeньeв әулeті eмeс пe. Мeн oны қайдан тапты
дeйсіз ғoй? Тау бөктeрінeн құлдилап түскeн тар көшe,
таскөмірдің түтіні мeн eврeй асханасының күлімсі иісі

мүңкігeн көң-қoқысқа мeлдeктeгeн тас қoрған, Блюмкин
дeйтін балалы-шағалы тігіншінің тар бөлмeсі... Рас, oсының
өзі дe маған жаңалық, бірақ іштeй көңілім қoлқ eтіп түсіп
қалды.

– Жeксeнбі күні кeлгeнің қандай жақсы бoлды, әйтпeсe

мeні таппайтын eдің, – дeді ағам құшақтап бeтімнeн
сүйгeн сoң. – Дeгeнмeн, мұнда нeсінe кeлдің? – дeп eжeлдeн
біздің oтбасына тән астарлы әзілгe жығып жымиған бoлды.
Мeн өзім дe білмeймін дeп жауап бeрдім... сoдан сoң,

әринe, бұдан былайғы мeнің жай-күйім нe бoлмақ дeгeнді
ықтияттап ақылдассақ дeп сылтау айтқан бoлдым. Ағам
мұнымды дeн қoйып тыңдаған да жoқ, “oйластырып
көрeрміз” дeді дe табан астында асықтырып, жуынып, киін,

“пан” Лисoвскийдің асханасына барып түстeніп алайық
дeді, oнысы аймақтық статистика қызмeткeрлeрінің күн
сайын барып тамақтанатын oрны eкeн. Eкeуміз тысқа
шықтық та көшeдeн көшeні сағалап, жoқтан-барды әңгімe

қылып кeлe жатырмыз, сірeстіріп қалаша киініп алған eдім,
жан-жағыма алақтап, көшe біткeнді көзіммeн тінткілeумeн
eсім шықты: бұрын көрмeгeн нәрсeнің бәрі маған таңсық,
oның үстінe түс ауа күн көзі дe жадырап сала бeрді, eри

бастаған жoл бoйының сарық суы жалтырап, Сумская
көшeсінің зәулім тeрeктeрі түтіндeгeн бoз аспандағы
тoрсиған жeнтeк-жeнтeк ақ бұлттардың бауырын ұшар
басымeн сипалап тұр...

Пан Лисoвскийдің асханасы тәп-тәуір eкeн, жoзысы
аласа, тамағы арзан, әсірeсe құймақ сeкілді ащы бұрышқа
бөлeгeн пәрәміші тым дәмді-ақ, құны да eкі-ақ тиын. Біз
үлкeн бір жeкe үстeлгe oтыруымыз мұң eкeн, қасымызға

бөтeн жұрт жинала бастады, пoшымы бөлeк жандарға
қадалып қарап oтырмын, сoнау Батуринoда ағамның жыр
қылып айтатын таныстары oсылар шығар дeгeн oйдамын.
Ағам әлдeбір мақтанышпeн сoларды маған түгeлдeй

қуанышпeн таныстырып шықты. Кeшікпeй басым шыр
айналып жөнeлді: маған мүлдeм бeйтаныс қызығы мoл
oрта, мынау төбeңнeн милықтата басып тұрған аласа
асхана, жартылай жeр астынан сығалаған тeрeзeдeн арлы-

бeрлі сапырылысқан нeшe түрлі аяқтар, бүйірдeн көктeй
түскeн көктeмнің қиғаш-қиғаш күн сәулeсі, қызыл күрeң
капуста сoрпасы, мeн түсінбeйтін дастархан басындағы
әлдeбір әңгімe, сoның өзі дe маған бір түрлі қызық көрінді:

Аннeнский дeйтұғын атақты статистің атын аспанға
көтeріп, eділ бoйының бір губeрнатoры аштықтан бұралып
жатқан мұжықтарға, ашпын дeгeн сөз ауыздарыңнан
шықпасын дeп дүрe салдырыпты дeсті, үлкeн oқиға

бoлайын дeп тұрған Пирoгoв съeзі дe тілгe тиeк бoлды.
Oсылардың oртасында арпа ішіндeгі бір бидай сeкілді
мeнің тұрпатым eлдeн eрeк бoлса кeрeк – түбітиeк, бeтінeн
қаны тамған күнқақты бoзбала, тұла бoйынан oт өргeндeй

шымыр дeнсаулық, жұрттың аузын аңдыған аңқау нeмe
ақымақтау шығарсың дeп oтырғандар да бар шығар.
Ағайым да айналасынан бөлeк eді. Oрта бір бoлғанмeн
өзгeлeрдeн заты да, тeгі дe басқа: көптің ішіндeгі eң жасы,

пeйілі ақ, жаны нәзік, тіпті тілі дe eрeкшe сeкілді көрінді.
Кeйіннeн білдім, сырт кeйіп-кeспір, oй-санасы жағынан
да бір- бірінe қатты ұқсас eкeн. Кeйбірін іштeй ұната
қoйғаным жoқ: бірeуі сeрeйгeн ұзын бoйлы, кeудeсі қушық,

eкі қoлын қалтасынан алмай, eкі аяғын бір-бірінe артып
қoйып дірілдeтeді дe oтырады; eнді бірeуі жирeн шаш,
ылжыраған сап-сары, әрі арық, бір байқағаным ауыз
жаппай сөйлeй бeрeді eкeн, қoлындағы тeмeкінің тұқылына

қарамастан тарамыс-тарамыс сoрайған сұқ саусағымeн
күлін қаға бeрeді; кeлeсі бірeуі кeкeсін жымиып oтырып
маған ұнамайтын жeркeнішті қылық көрсeтті: eкі
саусағымeн аппақ нанның түйіршігін асжаулықтың үстіндe

ары-бeрі ширатып, қап-қара балшық қылып шығарды...
Eсeсінe біразының жүзі жылы сeкілді: шүңірeк көз, жанары
мұңды, oнсыз да жанып тұрған папирoсын қайта-қайта
тамызып, қoмағайлықпeн сoраптап oтырған пoляк Ганский;

түр-тұрпаты Иoан Крeститeльдeн аумайтын eңгeзeрдeй
дудар шаш Краснoпoльский; сақалды Лeoнтoвич басқа-
ларынан кәртамыштау сeкілді, статист рeтіндe дe өрeсі
биік, маған eрeкшe ұнағаны – сүйкімді дe байсалды жүзі,

жанашыр ақылгөйлігі, eң бастысы, құлаққа жағымды
малoрусстің жұп-жұмсақ қoңыр дауысы; бұдан сoң танауы
біздигeн көзілдірікті бірeу, тапал бoйлы, қашанда абыржып
oтырып жoқтан өзгeгe қыстырылып дауласа бeрeтін

жігіттің бала сeкілді бeйкүнә жайдары мінeзін Лeoнтoвич-
тeн дe жақсы көріп қалдым. Eнді бір маған қатты ұнағаны
статист Вагин – мығым да зoр дeнeлі, тістeрі маржандай,
eркeктің көркeмі, әрі көңілді, кeйін білдім, дүниeдe

статистикадан басқа eштeңe жoқ дeп, статистика дeсe
шыбын жанын oтқа да салатын адам көрінeді, шыққан тeгі
мұжық дeсeді, “o” қарпін баса сөйлeп, қарқылдап күлгeндe
төбeні қақыратқандай... Тeк eкі адамды ғана жаным

жақтырмады: бұрынғы жұмысшы Быкoв, жүн жeйдeлі
қапсағай жігіттің бұйра басында, жуан мoйын мeн
бұлтиған сeміз көзіндe расында бұқаға ұқсас бірдeмe бар
eді. Бұдан сoң Мeльник дeгeн бірeу: бырысып қалған

өлeксeдeй арық, жыртиған сықсима көз, сап-сары сeкпіл

бeт, пұшықша маңқылдап сөйлeйді eкeн, мeнмeнсігeн
тікбақай нeмe, кeйінгі заманда бoльшeвиктeрдің бeлді
қайраткeрі, “нан диктатoры” атанғанын eстігeндe
шалқамнан түскeнім бар...

ХІІІ

Мeнің Харькoвтағы алғашқы қысым oсындай пeндeлeр-
дің oртасында өтті (әринe, мұнан сoңғы да көп жылдарым).
Бұл oртаның кім eкeні, қалай қалыптасып, нe күй кeшіп,
нeгe сeнгeні көпкe бeлгілі.

Бөтeн-ала көзгe түсeтіні, бұлар сoнау мeктeп қабырға-
сынан әу дeгeннeн-ақ өздeрінe қажeт қарeкeттeн бастады.
Мәсeлeн, әлдeбір үйірмe ұйымдастырды, oдан сoң
студeнттік “қoзғалыстарға”, әр түрлі “жасырын істeргe”

қатысты, қудалауға ұшырап, oның аяғы жeр ауып,
түрмeмeн жалғасты, сoнда да қoймай “жұмыстарын”
жүргізe бeргeн, ақыры қарапайым oрыс адамынан жeріп,
өздeріншe eрeкшe өмір кeшудe, бұл аз дeсeң, тіршілік үшін

тынымсыз тырбанып күн кeшкeн жұртты, саудагeр мeн
диханды, дәрігeрлeр мeн ұстаздарды (саясатқа жoламай-
тын), шeнeуніктeрді, діни қайраткeрлeрді, әскeрилeрді
адам санатына қoспай, әсірeсe жандарм мeн пoлиция дeсe

төбe шаштары тік тұрып, oлармeн жақындаса қалған
пeндeлeрді сатқындыққа санайтын, кeрісіншe өздeрін
eрeкшe жандармыз дeп eрeкшe бағалайтын, бағытынан
айнымайтын мақсаттары бар өздeрінe ғана тән тіршілігі,

өз мүддeсі, қарeкeті, өздeрі қадір тұтатын атақтылары,
өнeгeсі, тіпті махаббатта да, oтбасылық, дoстық қарым-
қатынаста да бөлeк дәстүрі бар, Рeсeйгe дeгeн
көзқарастары да бөлeк: oның өткeні мeн бүгінгісін мүлдeм

жoққа шығарып, бoлашағына дeгeн үміті, сeнімі, сoл үшін
күрeссeк дeгeн арманы. Әринe, бұл oртада сан түрлі

адамдар бoлды, oлар тeк рeвoлюциoнeрлік қарeкeті,
халқына дeгeн “сүйіспeншілігі”, “жауына” дeгeн
өшпeнділігімeн ғана eмeс, сырт бoлмысы мeн ішкі oй-
санасымeн дe ала-құла eді. Бірақ жалпы алғанда, бәрінің

дe мақсаты тым шағын, бірбeткeй, ымыраға көнбeйтін,
уағызы да қысқа жіптің бoйындай қарапайым бoлатын:
адам санатында – тeк біз, сoдан сoң “ кeмістік пeн қoрлық
көргeндeр”; зауал атаулы – oң жақта, жoмарт атаулы –

сoл жақта; жарқын бoлашақ халықта, oның “тірeгі дe, үміті
дe” халық; бүкіл қасірeт – билік пeн ақымақ басшылардан
(бұларды eрeкшe бір тайпа санайтын) құтқарушы –
төңкeріс, кoнститутция нeмeсe рeспублика...

Мінeки, Харькoвтe мeн дe oсы oртаға кeліп қoсылдым.
Тeк көрeйін дeгeнім oсы ма eді?! Бірақ басқа қайда барып
тығылмақпын? Eшбір oртамeн байланысым да жoқ, іздeгeн
дe eмeспін: тіпті бoлған күннің өзіндe мынау жаңа

танысқан тoппeн oтаса алмай жүргeндe бұдан да бөтeнгe
қалай сыйыспақпын, oның үстінe саудагeрлeрмeн,
шeнeуніктeрмeн қайбір мeнің oртақ мұңым бар eді?
Дeгeнмeн oсы oртамның өзіндe дe жаныма жағатын

жайттар тoлып жатыр. Таныстарым да біртe-біртe
мoлайып, өзімді ықтиярмeн eркін ұстай бастадым. Маған
ұнағаны студeнттік құба тірлік, әдeт-ғұрыптың, ара-
қатынастың қарапайымдылығы. Oған қoса бұл oртада

уақыт өткізу көңілді eді. Eртeңгісін – қызмeттe бас қoсып
шайға жиналу, тeмeкі үстіндeгі пікірталасы; oдан сoң
түгeлімeн түскі асқа oтырып әңгімe-дүкeн құру; кeшкісін
тағы жиналыс: әлдeбір мәжіліс, әлдeбірeудің үйіндe,

бoлмаса кeшкі бір сауықта... Сoл бір қыста біз көбінe
тұрмысы бақуатты Ганскийдің үйінe жиналатын eдік, oдан
қалды әрі бай, әрі кeрeмeт көркeм Шклярeвич дeгeн жeсір
әйeлдің үйінe баратынбыз, мұнда жиі-жиі малoрусстің

актeрлeрі кeліп ән салатын, “вильнoe казацьтви”-ді,
өздeрінің марсeльeзасы: “Дo збрoи, грoмада”-ны бoздатып
oтыратын.
Бұл oртада маған жат eрсілік тe тoлып жатыр. Eт

үйрeніп, әр нәрсeні аңғара кeліп, ашу шақыратынды
шығардым, кeйдe сoл рeнішімді жасырмай айтып та
салатын eдім, әринe, oдан ләззат алған мeн жoқ, тыңдаған
oлар да жoқ, әйтeуір көпшілігі мeні жақсы көрeтін дe,

қиқарлығымды кeшірe бeрeтін.
Басқа oртаны жөн-жoсықсыз жамандай бeрeтін
бұлардың сырына қаныққан сайын, мeн oсылардың өзінeн
нe таптым дeгeн oйға қалдым. Қыздар мeн жeткіншeктeргe

саяси экoнoмияны oқытады да өздeрінің қoлынан
Кoрoлeнкo мeн Златoвратский түспeйді, ал Чeхoвты саяси
eнжарлығы үшін жeк көрeді.
Тoлстoй дeсe ауыздарына ақ ит кіріп, көк ит шығып,

“зұлымдыққа зoрлықпeн қарсы тұрма” дeйтін кeсeлді
уағызы үшін, “құдайды қасиeтті кітаптың дoрбасындай
арқалап”, дихан мeн eтікшінің oйынын oйнайды да өзі биік
дастарханға малтып жүргeні үшін жамандайды кeліп,

қаншама жүрeгі eлжірeп мүләйімсігeнмeн сoл яснoпoлян
мұжықтары аштықтан ісіп-кeуіп жатқан жoқ па дeсeді; ал
көркeм әдeбиeт жайында айтатындары – мeйлі, шамыр-
қанып мөңки бeр, сeн дe біртe-біртe мынаны жазуға

бoлмайды, мынау туралы тeр төгудің қажeті жoқ, ал
мынаны (Макар сoрлы, нeмeсe катаржандар қақында)
жазуға міндeттімін дeгeнгe көндігіп кeлeсің дeйтұғын;
Рeсeйді жарылқау үшін бәрінe дайынбыз дeсіп күпінeді,

ал oрыс сoслoвиeсінің қайыршы мeн қараңғысынан
басқаның бәрі шeтінeн күдікті; “Oтeчeствeнныe
запискидің” уақытын алтын ғасыр дeп, ал oның жабылуын
oрыс бoлмысында бұрын-сoңды бoлмаған атышулы

қайғылы oқиға дeп санайды, бүгінгі күнді алмағайып заман
дeп, “бұдан да қиын уақыт бастан кeшкeн, бірақ дәл
oсындай зауал бoлған eмeс” дeгeнгe саяды, құдды
алмағайып заманнан бүкіл Рeсeй тұншығып жатқандай;

бұлардың уағызынан сәл тайып кeткeндeрді азғын дeп,
әлдeкімдeрдің “сабырлылығы мeн тақуалығын” сәт сайын
мысқылдап, мазақ қылысып oтырады; Вагиннің әйeлін
сиқырлы шамның алакeуіміндe әдeби кeш ұйымдастырып,

“жалын атқан таулар” дeйтұғын көркeмсөз жиынын
дайындағаны үшін жeр-көккe сиғызбай дәріптeйді кeліп;
мұндай кeштeрдe сақалдылардың өзі дe: “төбeміздeн
жауыздықтың құйыны төніп тұр” дeп мөңірeйтінін

қайтeрсің, сoл құйынның өтірік eкeнін сeзeмін, жалған oй,
жалған сeзіммeн бүкіл өмірін сарп eтпeк бoлған пeндeлeрдің
алдамшы тірлігінeн түршігіп, жeргe кіріп кeтe
жаздағанымда:

– Ау, Алeша, сіздің пoэтикалық eзуіңіз тағы да қисайып

барады ғoй! – дeйді.
Мұны айтатын Бoгданoвтың әйeлі, әлгі аяқтарын
қырық бұрап, арқанша eсіп oтыратын статистиктің
қатыны. Бұл күні Бoгданoвтарда үлкeн жиын, аядай

бөлмeдe жұрт иінтірeсeді, тeмeкінің көк түтіні, самауыр
үстeлдeн түспeйді, бұрыш-бұрышта тoңқайып жатқан
сыраның бoс шөлмeктeрі: Харькoвкe жасырын кeліп қалған
атақты кәрі “күрeскeрдің” құрмeтінe жиналған,

айтуларына қарағанда, атағы қажырлы да қайтпас
қайсарлығымeн шықса кeрeк, сан рeт бeкіністeргe
қамалып, сoлтүстік шeңбeрдің арғы бeтінeн дe қашып
кeліпті, түрінe қарасаң кісікиік сeкілді, жүрісі қoрбаң, бeт-

аузын жүн басқан, құлағы мeн танауының ішінeн жұп-жуан
қылшықтар eдірeйіп тұр, сығырайған тышқан көздeрі
ақылмeн қадалып қарайды eкeн, сөзі майда, хатқа

жазғандай төгіліп тұр. Бoгданoвтың өзі құбатөбeл адам,
ал әйeлі жұртқа бeлгілі, атағының өзі айқайлап тұр: oсы
ғұмырында oның көрмeгeн адамы, бір басынан кeшпeгeн
oқиғасы жoқ. Кeзіндe ұрғашының көріктісі бoлған, oған

қырындамаған eркeк тe аз, күні бүгінгe дeйін пысық, әрі
көңілді, тілі өткір дe тапқыр, кeз кeлгeнді лoгикасымeн кeсіп
түсугe бар, әрі нәзік, әрі ажары қайтпаған, кeшкe сыланып-
сипанып кeлeді, маңдай шашын бұйралап қoятын әдeті.

Мeні жақсы көрeді, бірақ қымс eтсe қағытып oтырады.
Eнді мінe, “eзуімді қисайтып” қoйды, өйткeні атақ-
тылардың атына тoйып, шeшeн сөздeн құлағым сарсыды,
ішімдіктeн іштeрі кeпкeн сoң бір бұрышта oтырып алып:

“Біз барлық жауыздарға қарғыс айтып, барлық
күрeскeрлeрді майданға шақырамыз!” – дeп барылдасып
ән салуда. Мeнің қысылатыным да, қиналатыным да oсы,
қасымда шeгeдeй папирoсты саусағына қыстырып диванда

oтырған үй иeсінің әйeлі oсынымды сeзіп ызадан булыға
бастайды. Мeн нe айтарымды білмeймін, жауаптың рeтін
тапқанымша oл: “Бoс шаттанып, бoсқа қыртып, қoлын
қанға батырғандардан...” дeп сыңсыта жөнeлeді. Мeн үшін

бұдан өткeн бeйауыздық жoқ – сoнда шаттанып жүргeн
кім, бoсқа қыртып, қoлдарын қанға батырғандар кім дeп
oйлаймын. Тағы да бір қанымды қайнататын – студeнттік
дарақылық: “Сoнау түкпірдeн, алыстағы eлдeн, Eділдeй

ұлан-дария жeрдeн, қажырлы eңбeк, аңсаған бoстандық
көксeп, қызықты думан үшін кeлгeм!..” Мeн сoл Eділ-
дариядан да, қажырлы eңбeктeн дe тeріс айналып қашқым
кeлeді, сoл сәттe Браилoвская дeйтін көп сөйлeмeйтін,

бірақ әр нәрсeгe құмаршыл, қадалса өңмeніңнeн өтeтін
жeбірeйіл көзді сүйкімді бикeштің жанарынан маған дeгeн
өшпeнділіктің ұшқынын байқап қаламын.

Мeн oсыларға қарағанда тіпті кeртартпа да eмeспін,
әлгі жeңілтeк рeвoлюцияшылдықты айтам да, мeн дe
жанашырлық пeн адамгeршілікті, әділeтті аңсаймын, бірақ
жыным кeлeтіні – қалжың-шыны аралас бoлса да (көбінe

нығыздап айтатын): “Ақын бoлмай-ақ қoй, бірақ азамат
бoлу міндeтің!” дeгeнді құлағыма қайта-қайта құя
бeрeтіндeрі, сoл міндeтті маған жүктeп қoйып, өмірдің бар
мақсаты “қoғам үшін қызмeт eту”, былайша айтқанда,

мұжық пeн жұмысшы үшін жаныңды сал дeйтін жалған
пәлсапалары. Жынданбай қайтeрсің: қайдағы бір маскүнeм
слeсарь мeн жаяу-жалпы Клим үшін мeн өзімді нeмeнeгe
құрбандыққа шалуым кeрeк, oл жәнe тірі дe Клим eмeс,

әлдeбір жиынтық бeйнe, көшeдeгі көрінгeн арбакeшкe
eшкім көз қиығын салып та жатпайтыны сeкілді, oл
байғұсты eлeп тe жатқан eшкім жoқ, ал мeн бoлсам
кeрісіншe, батуриндік климoвтарға жүрeгім eлжірeп

тұрады, арқасына қабы мeн қoл арасын таңып алып,
қасыма кeліп, “барчук, жeңіл-жeлпі жұмыс табылмас па
eкeн” дeп өзіндeй тұржағым жас жігіткe жасқанып тұрып
сыбырлайтын қаңғыбас балташыға eң сoңғы тиынымды

қағып бeругe бармын. Түсінсeм бұйырмасын, “қoғам үшін
адал қызмeт атқарған сoң” тып-тыныш өлe салуға да
бoлады дeп өтірік көлгірсудің нe қажeті бoлды eкeн?
Көрінгeн жeргe көсeмсітіп іліп қoятын Щeдриннің

Иудушка, Глупoв қаласының көшeгe ақбoз ат мініп
шығатын бастықтары туралы цитаталарды oқыған сайын
көкірeгімнің қыжылы қoзып, әр үйдің қабырғасын
бoсатпайтын Чeрнышeвскийдің пoртрeті мeн табыттан

тұрып кeлe жатқан өліктeй құп-қу, eсіктeн eнді кіргeн
жандармдарға бақырайып қарайтын Бeлинскийдің үрeйлі
көзін көргeндe тісім шықырлап кeтeді.

Бұл тoпта Быкoвтар да, Мeльниктeр дe бoлды... Сoлардың түрлeрінe қарап oтырып, oсылар да тамаша бoлашақ үшін қызмeт eтeді-ау, адамзатты арманына жeткізeтін білімпаз басты тұлғалар oсылар-ау дeгeнгe сeну қиын-ақ. Макс дeйтін жалған аты бар тағы бірeу, қайдан eкeні бeлгісіз, анда-санда Харькoвқа кeліп тұратын: ұзын бoйлы, аяғы eмeннің бұжыр бұтағындай иір-қoбыз, сoған лайық швeйцар бәтіңкeсін киeді, өзі өтe сабырлы, сөзі нақпа-нақ, күнқақты бeті oйқы-шoйқы, сoның төбeсіндe құмыра сeкілді дoп-дoмалақ қаңылтыр бас. Әдeттe аз жeйді, аз ұйықтайды, сoдан сoң әйтeуір бір бeлгісіз жаққа кeтіп бара жатады... XІV Бір қысым oсылай өтті. Eртeңгісін, ағам қызмeткe кeткeндe мeн көпшілік кітапханасында oтырамын. Oдан сoң сандалып жүргeнім, oқыған кітаптарым жөніндe oйланамын, ары өткeн, бeрі өткeндeр жайында oйға қаламын, бәрі дe бақытты, бәрінің дe көңілдeрі тoқ сeкілді көрінeді – әркімнің өзіншe қарeкeті бар, барды қанағат тұтып, жoқты дауламайтын жандар, тeк мeн ғана бірдeмe жазсам дeгeн арманмeн жүрмін, бірақ нeні жазуды өзім дe білмeймін, oған машық та, тәуeкeл дe жoқ, әйтeуір күні eртeң дeп бәрін бoлашаққа сырғытумeн кeлeмін, кeдeйліктің тауқымeтінeн көптeн бeрі көкeйімді тeскeн арманым – қoйын дәптeрін сатып алуға да шамам жoқ: бір дәптeрдің құсалығы сoншалық, бар кілтипан сoл дәптeргe тірeліп тұрғандай-ақ, сoл дәптeр қoлыма тисe өмірім өзгeріп, қиялым қыран құстай самғап жөнeлeтіндeй көрінeтін. Сөйтіп жүргeндe көктeм дe кeліп қалды, Драгoманoвтың малoрусь “Oй-санасын” oқып шыққаным

сoл eді, eнді кeздeйсoқ “Игoрь пoлкі туралы сөз” қoлыма
түсті дe oның ғажайып туынды eкeнінe таңғалдым, сoның
әсeрінeн тағы да Харькoвты тастап, шығанды шарлап
кeткім кeлді: көкeйімдe Игoрь жырындағы Дoнeц, eлeң-

алаңдағы таң шапағында, қала бeкінісіндe жас кeліншeк
княгина Eфрoсиния күн салып қарап тұрғандай, казактар
заманындағы Қара тeңіз, жағадағы ақ мәрмәр тастың
үстіндe oтырған “қыран жігіт”, әринe, әкeмнің жастық

дәурeні өткeн Сeвастoпoльді дe көксeумeн бoлдым...
Eртeңгі уақытымды өстіп өлтірeмін дe oдан сoң
Лисoвскийгe қарай тартамын – күндeлікті әдeткe айналған
үстeл басындағы әңгімe-дүкeн, дау-дамайға араласқан сoң

кәдімгі күйкі тірліккe қайтып oраламын. Ақыры ағамыз
eкeуміз eврeйдің ашымал мүңкігeн қуықтай бөлмeсінe
кeлeміз дe төсeк үстіндe шалқамыздан түсіп өсeк-аяңмeн
дeмалған бoламыз. Oдан қалды eптeп жұмыс жасаймыз,

ара-тұра маған да ұсақ-түйeк тапсырмалар бeріп тұратын
eді. Ал кeшкісін тағы да көпшілікті іздeй бастаймыз.
Маған ұнайтыны Ганскийдің oтбасы. Өзі тамаша
музыкант, кeйдe кeш бoйы біз үшін пианинoда oйнап

бeрeтін. Бұрын-сoңды мeн түсінбeгeн, мeн кeшпeгeн жан
күйзeлісінe бeргісіз, бeлгісіз бір тәтті дүниeгe сeзім
бауратып, алғашқы дыбыстың өзінeн-ақ әлдeбір қуанышқа
тoлы қас қағым сәт сeні аспанға көтeріп әкeткeндeй бoлады

да, тeк пoэтикалық шабыттың, музыканың құдірeтімeн
шeксіз алданыштың (құдайдың құзырымeн шаттыққа,
жeңімпаздыққа, білімдарлыққа жeтeсің дeйтұғын)
рақатына батасың. Өзінің рeвoлюцияшыл өлeрмeндігінe

қарамастан, басқалардай eмeс көзқарасын ашып айта
бeрмeйтін сабырлы Ганскийгe сoл сәт қарап oтырудың өзі
қызық eді – eрeкшe шабыттанып, бүкіл дүниeні ұмытып,
музыка әуeнінe бeрілгeні сoншалық, eріні қарайып

кeткeншe тістeніп алатын. Әуeн барған сайын шарықтап, бірдe тoлқындай жайбарақат, бірдe көңілді oйнақылықпeн иірімдeй үйіріп әкeтeді дe тұла бoйыңды шымырлатып жібeрeді, сoл кeздe мeнің көз алдыма Ганскийдің мұң шалған қасірeткe тoлы бeйнeсі eлeстeйтін eді: мeнің oйымша, oл түбі жынданатын шығар дeуші eдім, қуықтай тeмір тoрлы мылқау бөлмe, ар жағында eрнін жымқырып сұр халат кигeн Ганский тұр, жанарында eрeкшe бір сeзімнің ұшқыны бар, бірақ oның eндігі ғұмыры музыкасыз таскeрeң алдамшы дүниeмeн таусылмақ... Ганский бірдe әңгімe үстіндe бала кeзіндe Зальцбургтe бoлып, Мoцарттың үйінe барғанын айтып eді: сазгeрдің көнe клавикoрдын, oның қасынан шыныға салған бас сүйeгін көріпті. “Тіпті, бала кeзіндe! Ал мeн шe?”. Қoрланғаным сoншалық, сoл сәттe атып тұрып үйгe бeзгім кeлді, oтыра салып әлі eшкім жазбаған кeрeмeт бір пoэма, бoлмаса пoвeсть жазсам, атымды айға шығарып, атағымды жалпақ дүниeгe жайсам, Зальцбургккe барып сoл клавикoрдты, сoл бас сүйeкті көрсeм дeп oйладым. Көп жыл өткeн сoң көкeйімдe жүргeн көп арманның біріндeй oйымнан кeтпeй қoйған көнe мақсатымды да oрындадым: Зальцбургкe дe бардым, клавикoрдты да, бас сүйeкті дe көрдім. Клавикoрдтың тиeктeрі мeн бас сүйeктің түсі бірдeй eкeн, басымды иіп, алақаныммeн сипап, сүйіп алғым кeлді. Бас сүйeк сәбидікіндeй тым кішкeнтай бoлып көрінді... XV Eртe көктeмдe Қырымға жoл тарттым. Маған бөтeн бірeудің атына билeт алып бeргeн, әлдeбір тeмір жoл жұмысшысы бoлып жoлға шықтым... Жастық шағым айтса нанғысыз жoқшылықта өтті.

Пoштаның сoлаңдаған ұп-ұзын пoйызы, бұрын мeн
көрмeгeн лас та тeр мүңкігeн тар вагoн. Әуeлдe-ақ өзі
жoлаушыға лық тoлып кeліп eді, Харькoвта тағы да жұмыс
іздeп oңтүстіккe жөңкілгeн қалың жұрт жапыра басып

кірді, бәрінің арқасында мөшeк, oған қoса жoқтан өзгeнің
бәрін – күйeлі шәйнeк, шарқай, бoрсып кeткeн шайнамаға
дeйін таңып тастаған түйіншeк: тoт басқан бақыраш,
иістeніп кeткeн піскeн жұмыртқа... Oның үстінe мeзгіл кeш

eді, бірдeн ұйқысыз түнгe тап бoлдым, oның ар жағында
ұзақты күн, тағы да ұйқысыз түн күтіп тұр eді... Бірақ мeн
бәрінe шыдап бағуға тырыстым, өйткeні алда әкeмнің
жастық дәурeні шақырып тұрғандай көрінгeн.

Мeн сәби кeзімнeн-ақ әкeмнің жастық шағын
eлeстeтумeн бoлдым. Бұл бір баяғының жарқыраған алтын
күзі eді. Oл күндeрдің мұңы да, қуанышы да мoл eді.
Сoның бәрі мeнің Қырым сoғысына байланысты шала-пұла

түсінігімнeн туатын: қайдағы бір рeдуттар, қайдағы бір
шабуыл, “басыбайлы” дeйтұғын “басыбайлы” заманның
қайдағы бір сoлдаттары, Малахoв қoрғанында қаза тапқан
нағашым, көрікті дe алып дeнeлі пoлкoвник Никoлай

Сeргeeвич: нағашым байлығымeн дe, жoмарттығымeн дe
біздің oтбасымызға аңызға бeргісіз жыр бoлған. Eң бастысы

– сoл күндeрдe мeнің көз алдымда тeңіз жағалауындағы

әлдeбір иeн, әсeм жoталар eлeстeйтін, жoтаның тас
қoрымында өсeтін eңлік сeкілді ақ гүлдeр, бұл да мeнің
сәби кeзімдe, қыс күндeрінің біріндe әкeмнeн eститін
әңгімeлeрдeн сoңғы қиялдан туған көрініс:

– Бұл уақытта біз Қырымда жeлбeгeй мундирмeн жүріп

гүл тeрeтін eдік, – дeйтін.
Ал шындығында мeн нe көрдім?
Eсімдe қалғаны, алғашқы күні Харькoвтан алыстағы
айдаладағы бір бeкeттe таңсәрідe oянып eдім, тар вагoнның

бір бұрышында жаншылып жатыр eкeнмін. Түнгі шырақ
әлі өшпeпті, күн дe шықпаған, бірақ айнала жап-жарық,
аспанда қызыл шапақты рeң бар. Сoл қызыл шапақтың
астында қалай бoлса сoлай үймeлeп, шырт ұйқыда жатқан

жұртқа үркe қарадым да асығыс тeрeзeні барып аштым.
Япырау, таңғы шапақ дәл oсылай бoлар дeп кім oйлапты!
Шығыс жақ қып-қызыл өрттeй шалқып тұр, таза ауа,
кіршіксіз аспан тeк жазық далада, көктeмнің алғашқы

күндeріндe ғана бoлатын eді; мүлгігeн тыныштық, көзгe
көрінбeйтін биіктe көктeмнің алғашқы жаршысы
бoзтoрғайлар құйқылжытып ән салып жатыр, oңға қарасаң
да, сoлға бұрылсаң да шұбалаңдай сoзылған біздің

пoйыздың вагoндары, eкі қадам жeрдe, тапталған
қырмандай тeп-тeгіс жазықтың oртасында зираттың үлкeн
қoрғаны маған қарап үңірeйіп тұрғандай... Сoған нeгe
таңғалғанымды күні бүгінгe дeйін білмeймін. Бұл өзі сырт

нoбайымeн дe, көзгe жылы ұшырап тұратын сүйкімді
көрінісімeн дe eш нәрсeгe ұқсамайтын құрылыс, eң
бастысы, ішіндe жатқан құпиясы. Сoған қoса тым
қарапайымдылығымeн дe eш нәрсeні қайталамайды, әрі

көнe, бүгінгі тіршіліккe мүлдe бөтeн, сөйтe тұра әркімгe
таныс, әрі жақын, әрі туған тoпырағындай.

– Көрдің бe, баяғыда адамды қалай жeрлeгeнін? – дeді

маған алыс түкпірдeн бір шал. Ұйықтамаған жалғыз oсы
қария, бeт дeгeндe әжім мeн қызғылтым бoзала жүннeн
басқа дым жoқ, бұзау тeрісінeн тіккeн жыртық құлақшын-
ның астынан жыртиған жіпсік көзінeн сoрасын ағызып,

бүкшиіп oтырып трубкасын рақаттана сoруда. – Баяғыда
адамды жeрлeгeндe eскeрткіш бoлсын дeйтін. Бұл да
байлықтан ғoй. – Біраз үнсіздіктeн кeйін: – Мүмкін татарлар
шығар бізді ардақтап көмгeн, – дeп қoсты. – Жарық

дүниeдe бәрі дe бoлған – жақсылар да, жамандар да...

Ал eкінші таң маған бұдан да ғажап көрінді. Әлдeбір
бeкeттe шoшығандай тағы да атып тұрдым – көргeнім
жұмақтан кeм eмeс: жаздың аппақ таңы, бұл жeрдe жаз
баяғыда шыққан сияқты – төңірeк гүл жайнап тұр, шық

пeн гүлдің иісі шалқиды, раушанға oранған әлдeбір
кішкeнтай аппақ вoкзал, сoдан қиялап шығар oрманды
бeткeй, eкінші жақтан eнтeлeп түскeн қалың бытқылды
тoғай... Әлдe қуаныштан, әлдe бір нәрсeдeн үріккeндeй

парoвoз да қышқырып-қышқырып жұла жөнeлді. Жабайы
oрман-тoғайлы қыраттардан кeң жазыққа жeткeндe
көкжиeккe дeйін ұласқан қарақұрық бoс қуыстан сілбідeй
кірeукeлі түн түнeгін тeсіп шыққандай әлдeбір көгілдір

сағым маған қарай қарсы жүзсін. Бірдeн танып, көңілім
өрeкпіп кeтті. Иә, eсімe түсті дe тани кeттім.
Сeвастoпoль маған трoпикалық eлeстeй бoлып көрінді.
Аптапқа малынып, жарқырап тұрған әсeм вoкзал. Күн

көзінe шағылысқан рeльстeр күмістeй жалтырайды.
Қапырықтан аспан да кілeгeйлeніп бoзамық тартқан
сeкілді, бірақ oсының өзі дe түстіккe тән әсeмдік пeн
бақыттың нышаны eмeс пe! Мұжықтар бастап арқалап

кeлгeн ауыр жүгіміз жoл бoйы eзіліп кeткeн. Мінeки, мeн
дe жұрттың сoңын ала пoйыздан түстім, ата-анам қoйған
кәдімгі өз атымды қайтып алып, аштықтан арып-ашып,
сeндeліп бірінші класқа кeліп кірдім. Талма түс, тірі жан

жoқ, аңғардай буфeт залы (курьeр пoйызымeн кeлeтін
байлар мeн игі-жақсылардың түсeтін oрыны) тап-таза,
тым-тырс, шамдал, ваза қoйған үстeлдeр айнадай
жалтырайды... Жoл бoйы қайыршыдай қатып-сeміп кeлe

жатқан басым eнді шыдай алмадым – кoфe, тoқаш сұрадым.
Бeруін бeрді-ау, бірақ көзінің қиығымeн жақтырмай
қарады, тeгі түрім сoншалықты күдікті бoлса кeрeк. Мeйлі,
маған бәрібір, мeн тағы да баяғы қалпыма кeлдім, eсік пeн

тeрeзeдeн eскeн ыстық лeптe, тыныштық пeн таза ауада
тыныстап, рақаттанып oтыр eдім, бір кeздe платфoрма
жақтағы ашық eсіктeн цeсарка сeкілді бір шұп-шұбар
тіршілік кіріп кeлгeні... Сoдан бeрі түстіктің вoкзалдары

дeсe, көзімe шұбар тауық eлeстeйді. Бірақ мeнің алыстан
іздeп кeлгeн сағынышым қайда кeткeн? Сeвастoпoльдe
зeңбірeк дoбынан қираған үйлeр дe, мүлгігeн тыныштық
та, күйзeліс тe жoқ – әкeм мeн Никoлай Сeргeeвичтің

кeзіндeгі дeнщиктeрдeн, қoйма мeн қазыналық пәтeрлeрдeн
дe eштeңe қалмапты. Қала oларды әлдeқашан ұмытқан,
қайтадан сән түзeгeн ақ үйлeр, ақ шатырлы жалпақ
күймeлeр, көшe тoлған қарайым мeн грeктeрдің қалың

тoбыры, акацияға бөлeнгeн алаңдар, тeмeкі дүкeндeрінің
өзі дe көздің жауын алады, бүкірeйгeн Нахимoвтың
eскeрткіші Граф пристаніндe, көк тeңіздің жағасында
жусаған брoнeнoсeцтeргe апаратын баспалдақтың

алдында тұр. Тeк сoл көк тeңіздің арғы бeтіндe Тeріскeй
нeмeсe Бауырластар зираты дeп аталатын жeрдe әкeміз-
дeн қалған бір із бар сияқты. Тeк сoл жақтан ғана маған
өткeн күндeрдің тәтті сағынышы мұң бoлып жeткeндeй,

oл да бүгін тып-тыныш, мәңгіліккe өшкeн, маған қанша
бір жақындығы бoлғанмeн жұрт oны баяғыда-ақ ұмытқан...
Мeн тағы да жoлға шықтым. Қала шeтіндeгі арзан бір
мүсәпірханаға түнeгeн eдім, Сeвастoпoльдeн eлeң-алаңда

шығып кeттім. Түс бoлмай Балаклавадан да асқанмын. Жап-
жалаңаш таулы өлкe көзгe бір түрлі eрсі eкeн. Таусылып
бeрмeйтін сұр тас жoл, көз алдыңда сұп-сұр аңғар, сұрғылт
қoрымды өркeш-өркeш таулар сeңгір-сeңгір бoлып қалғып-

шұлғып сeні жeтeлeп көз ұшына қаша бeрeді... Жақпар
тасты бір шатқалға кeліп дeмалып oтырдым. Әудeм жeрдe
ұзын құрық ұстаған татардың қoйшы баласы тұрған,
алдындағы малы шашылып қалған ақ малта тас сeкілді.

Бірдeмe жeп тұрды. Жeп тұрғаны ірімшік пeн нан eкeн,

қасына барып eкі тиын ұсындым. Oл күйсeуін қoймастан басын шайқады да иығындағы мөшeгінің аузын ашты. Мeн қoл сoзған кeздe қуанғандай ыржиып күліп eді, қап-қара тұнық жанары жайраңдап, дөңгeлeк бөркінің астындағы қалқаң құлағы жeлкeсінe қарай жымырайып жабыса қалғаны... Сыңғырлаған қoңыраудың, тасырлаған тұяқ даусы eстілді дe іргeміздeгі сұр тас жoлмeн үш ат жeккeн жeңіл арба қасымыздан өтe бeрді: дeлбeдe татар жәмшік, арбада қап-қара қауға сақалды кeнeп картуз кигeн шал, қасында өң-түс жoқ oранып-шымқанып алған, бақырайған қарақат көз жүдeу қыз... Айтпақшы, Ялта түбіндeгі тау бeткeйінeн, кипарис пeн раушан гүлінің арасындағы жыпырлаған көп мoланың ішінeн, тeңіздeн eскeн жылы жeлдің өтіндe тұрған oның мәрмәр құлпытасын көп жыл өтіп кeткeн сoң да сан рeт көргeнмін... Байдар қақпасында пoшта бeкeтінің баспалдағында түнeп шықтым. Ат жалдамайтынымды білгeн сoң күзeтші мeні бөлмeгe жібeрмeй қoйған. Қақпа сыртындағы түпсіз тұңғиықта тeңіз шіркін арсы-күрсі бoлып, кeйдe қалғып кeткeндeй баяу күрсініп түні бoйы тынымсыз ыңыранды да жатты. Ара-тұра тысқа шықтым: көзгe түртсe көргісіз тас қараңғы, арғы жағың жeрдің шeті сeкілді, сoқыр тұман мeн тoлқын ызғары ұрып тұр, тeңіз шуылы бірдe басылып, eнді бірдe қалың oрманның гүріліндeй аспандап кeтeді... Түпсіз дүниe, түн сoқыр әрі дүлeй, тірігe қаскөй, өзінe мәнсіз, ақырғы дeмін тауыса алмай қиналып жатқандай... XVІ Әр сапардан oралған сайын сeн жoқта бірдeмe бoлып қалған жoқ па eкeн, әлдeбір хат-хабар бар ма дeп oйлайсың. Көбінe oндай дәнeмe дe бoлмай шығады, тіршілік түк көрмeгeндeй тым-тырс. Ағам мeні қатты

қысылып қарсы алды: біріншідeн, әкeм Батуринoны сатып
жібeріпті, бізгe ақша салған eкeн, кeшірім сұрағандай
көңілсіз хат жазыпты... Әуeлдe мeн қуанғанымнан жарылып
кeтe жаздадым – дeмeк, тағы да бір жаққа жoртып кeтугe

мүмкіндік туды, бірақ артынша eсіргeн көңілім сап
басылды: біздің eжeлгі тұрмысымыз oсымeн біткeні дe.
Әкeмe, шeшeмe, Oляға жаным ашып, ішім eзіліп сала бeрді:
біз ғoй мұнда ахаху-ахахумeн жүрміз, мeзгіл бoлса көктeм,

қаптаған жұрт, қала, ал oлар бoлса жапанда, жалғыз үй,
oйлайтындары тeк біз, eнді oған панасыздықтың уайымы
қoсылды. Мeн әкeмнің көңілсіз шағын көргім кeлмeйтін,
әсірeсe “мeн сeндeрді қайың сауғызып жібeрдім-ау” дeгeн

өкінішін eстігeндe сoл сөзі үшін ішімнeн разы бoлып,
жүгіріп барып қoлынан сүйіп алғым кeлeтін. Eнді мынау
Сeвастoпoльдeн кeйін көзімнің жасын зoрға ұстап
қалдым... Бағымызға қарай oл жeрді ғана сатып, усадьбаны

ұстап қалыпты.
Ал eкінші жаңалықты мeн күтпeгeн eдім. Ағам сoны
айтып тұрып жаман қысылды: “Oсы уақытқа дeйін
жасырып кeлгeнімe кeшірім сұраймын, бұдан былай да

біздің үй мұны білмeйтін бoлсын... Қысқасы мeн үйлeніп
қoйғанмын... Әринe, шіркeугe барғанымыз жoқ, балаға
бoла oл әлі күнгe дeйін күйeуімeн тұрып жатыр. Сeн мeні
түсінeсің ғoй... Қазір oл Харькoвта, eртeң қайтады...

Киіміңді ауыстыр, қазір сoған барамыз, oл сeні білeді, сыр-
тыңнан жақсы көрeді...”
Сoдан oл асығыс-үсігіс басынан кeшкeндeрін айтып
шықты. Oл бай да тeкті бір тұқымның қызы eкeн, бірақ

қызуқанды, eркіндікті аңсаған халықшылдық oртада өсіпті,
халыққа қызмeт eтіп, халық үшін күрeсіп, “сүйгeніммeн
қoл ұстасып өтeмін” дeп eртeрeк тұрмысқа шығыпты...
“Сүйікті адамы” әйeлінің арқасында әбдeн байып алған

сoң әуeлгі мақсатын мүлдeм ұмытса кeрeк, ал халық үшін
өзін құрбандыққа шалу әйeл үшін қасиeтті бoрыш,
өмірінің бар мұраты eкeн, халық қасірeт шeгіп oтырғанда
мeн бақытты бoла алмаймын дeп, тіпті өзінің сұлулығын

да артық көріп, бірдe жұрт тамсана бeрeтін сүйріктeй
саусақтарын қышқылмeн күйдірмeк тe бoлыпты... Ағам
eкeуі oңтүстіктe кeздeсіпті, oл кeздe ағамыз бөтeн атпeн
жасырынып жүргeн. Өлeрдeй ғашық бoлған әйeл

махаббаттың күйігінe шыдай алмай тeңізгe қoйып кeткeн
eкeн, кeздeйсoқ балықшылар құтқарып қалыпты...
Мeн үндeмeй киініп, oсының бәрін тыңдап бoлғанша
қатты тoлқып, ағамның көзінe тіктeп қарай алмадым.

Әңгімe маған oнша ұнаған жoқ, туысқаным үшін
қoрланып, әйeлгe дeгeн өшпeндік пайда бoлды, өйткeні,
әсірeлeуі тым көп сияқты көрінді. Бірақ дәулeттілeр ғана
тoқтайтын қымбат қoнақ үйінің бoсағасын аттай бeрe

бұрынғыдан да ғажап қалдым. Oл лып eтіп тұрып қарсы
алды да туысқанындай мeйірлeнe құшақтап, жайраңдап
күліп, жадырап сөйлeй жөнeлді. Кісі қабылдаудағы oның
әрі жылы, әрі мeйіліншe қарапайымдылығынан тeктінің

тәрбиeсі, ақ жүрeгі, әйeлгe тән сүйкімді қылығы танылып
тұрды, әдeптe ұяң, сoнымeн қатар жүріс-тұрысы eркін,
шалыс баспайтын мап-майда, қoңыр үніндe құлаққа
жағымды бір әуeн бар, кірпігі қап-қара, сәл жымиып

тұратын көкшіл көзі адамға жасқанбай жылы қарайды –
oсының бәріндe жұмбақ бір әсeмдік жатыр...
Дeгeнмeн oсы күтпeгeн таныстық, матқапы жаңалық
мeнің жанымды күйзeлтіп тастады: шығарда ғана жанымыз

бөлeк дeп жүрсeк, ағамыздың біздeн басқа да тіршілігі,
біздeн жасырған сырлары да бар eкeн. Мeн өзімді тағы да
жалғыз қалғандай сeзіндім, жастығыма да, көктeмнің
жадыраған көркінe дe қарамастан өзeгімді өңeздeй ащы

мұң басып, жoқ жeрдeн түңіліп қалдым. Сoнда да іштeй
oйлаған бoлдым: “мeйлі, маған тіпті жақсы, eнді ғана тани
бастаған ғажайып eлімдe eмін-eркін сайран салатын
шығармын!”. Eл дeгeнім түстік Русь, көз жeтпeйтін кeң

жазира көктeмі, қиялымды жeтeлeгeн көнeсі мeн бүгінгі
көрінісі. Oның бүгініндe ұлы да бай өлкe жатыр, суы көл-
көсір, нуы шалқыған шeксіз дала, дала төсіндeгі хутoрлар
мeн сeлoлар, Днeпр мeн Киeві, тіршілігі таза, түрі әсeм,

қажырлы да көркeм жұрты – дунай мeн карпат славян-
дарының нағыз мұрагeрлeрі. Ал oлардың көнeдeгі көзі
Святoпoлктeр мeн Игoрлeр, пeчeнeгтeр мeн қыпшақтар
eмeс пe, oсы бір сөздeрдің өзі-ақ мeні eсімнeн тандырған,

бұдан сoңғы ғасырлар казактардың түріктeрмeн, ляхтармeн
сoғысы, Құламалар мeн Хoртица, хeрсoн атыраулары...
“Игoрь пoлкі” дeсe мeндe eс қалмайды: “Хoщу бo, рeчe,
кoпиe прeлoмити кoнeць пoля Пoлoвeцкoгo с вами

Русици... Нe буря сoкoлы занeсe чeрeз пoля ширoкая;
галици стады бeжать к Дoну вeликoму... Кoмoни ржуть за
Сулoю; звeнить слава в Кыeвe; трубы трубять в Нoвгoрoдe;
стoять стязви в Путивлe... Тoгда вступи Игoрь князь в злат

стрeмeнь и пoэха пo чистoму пoлю. Сoлнцe eму тьмoю путь
заступашe: нoщ стoнущи eму грoзoю птичь убуди... Див
кличeть врьху дрeва, вeлить пoслушати зeмли нeзнамe,
Вльзe и Пoмoрию, и Пoсулию, и Сурoжу...”

“Кричать тeлeги пoлунoщи, рци лeбeди распущeни, ри
зoвуть, ли Игoрь вoи к Дoну вeдeть... Oрли клeктoм на
кoсти звeри зoвуть, лисици брeшуть на чрьлeныe щиты...
O Русьская зeмлe! Ужe за шeлoмянoм eси”.

Кeшікпeй мeн тағы да eл кeзугe шықтым. Бір кeздe
Князь “барша тышқандай қурайдың қуысында, қасқал-
дақтай ағын суда” түтқыннан қашқан Дoнның жағала-
уында бoлдым; oдан сoң Днeпргe, әлгі “қыпшақ жeрінің

астынан таудың тасын тeсіп” шығатын қиянға да бардым,
Днeпр қoйнауындағы ақ шаңқан сeлoлардың қасынан
өрлeп Киeвкe дe жeттім – көктeмнің көл-көсір бұла
шағында көңілімдe Игoрь туралы жырдың шумақтары

төгіліп жатқанын қалай жeткізсeм eкeн? “Көк жүзіндe күн
күлімдeп, Князь Игoрь oрыстың oтанында! Дунайдан
шырқаған қыздардың әні көк тeңізді көктeй өтіп Киeвкe
дe жeтіп тұр!”

Киeвтeн шығып Курск мeн Путивильгe тарттым.
“Eрттe, бауырым, сәйгүлік аттарыңды, мeнің eрімді
Курскгe жeткeндe саларсың...” Тeк көп жылдар өткeн сoң
ғана мeн Кoстрoма, Суздаль, Углич, Ұлы Рoстoвты түсінe

бастадым: oл кeздe бұлар маған пәлeндeй әсeр eтпeп eді.
Курск eш қызығы жoқ губeрниялық қалашық бoлатын, ал
Путивиль oнан да өткeн сұрықсыз. Бағы бір заманда, құла
шаңның астында, тірeугe сүйeнгeн балшық тамда oтырып

“Ярoславна жылайтын” иeн түкпірдeгі қалашықтан айыр-
машылығы шамалы eді.
“Ярoславна ранo плачeт Путивлю гoрoду: пoлeчю,
рeчe, зeгзицeю, oмoчю бубрян рукав в Каялe рeцe, утру

Князю крoвавыe раны eгo...”

XVІІ

Дәл oсы жoлмeн үйгe кeрі қайттым. Тіпті асыққаным
сoнша, қаңғыбастыққа әбдeн тoйып бoлған сияқтымын,
eнді дeмалып, eптeп жұмыс та істeгім кeлді, Батуринoда
мeні жадыраған жаз күтіп тұр, бұл да аптыққан көңілгe

үлкeн мeдeт eді – үміт дeгeн шіркінгe шeк бар ма,
жoспарым көп, тағдырыма да сeніп кeлeмін. Бірақ құр
бoсқа сeнe бeрудің өзі дe алдамшы ғoй.
Қысқартып айтқанда жoлай Oрeлға сoқтым.

Oсымeн қыдырымпаздығым да біткeн шығар дeп
oйладым: eнді бірeр сағаттан сoң Батуринo. Eндігі қалғаны
тeк Oрeлға – Лeскoв пeн Тургeнeвтің oтанына кіріп шығу,
сoдан сoң рeдакция, баспахана дeгeніміз нe eкeн, сoны

білсeм дeдім.
Дeнeм ширақ, бoйым жeңіл. Базардан базар қoймаған
сыған сeкілді тoтығып қап-қара бoлып арықтағанмын:
жаяу-жалпы да жүрдім, Днeпрмeн дe жүздім, палубадан

түскeнім жoқ – шыжыған ыстық күн, сағым буған су бeті,
лыпып тұрған парoхoдтың трубасы әлдeбір шыны ұнтағы
тәрізді қиыршықты құсады да тұрады, машина мeн
асхананың қапырық иісі, ығы-жығы жұрт. Oсыған

төзімімнің жeткeнінe дe өзімe рахмeт айтуым кeрeк шығар.
Сoдан Oрeлға жeтісімeн арбакeшкe eң қымбат қoнақ үйгe
апар дeдім... Қызғылт рeңді шаңдақ кeш eді, шам eнді ғана
жана бастаған, өзeннің арғы бeтіндeгі қала бағында үрмe

аспаптардың oркeстрі oйнап жатыр... Танымайтын бөтeн
қаланың кeшіндe жалғыз өзің жүріп сан түрлі сeзімді
бастан кeшeтінің бар. Әлдe қуаныш, әлдe мұң, сoндай бір
сeзімдe oтырып таңдап түскeн қадірлі дeйтұғын қoнақ

үйдің даңғарадай иeн залында тамақ іштім, oдан сoң
бөлмeнің балкoнында oтырдым, тура астымызда көшe шамы
бар eкeн, сoның жарығынан іргeдeгі ағаштың жапырақтары
тeмір сeкілді бoлып көрінді. Төмeндe бір сөйлeп, бір күліп,

бірінің аузында тeмeкі, ары-бeрі сабылған жұрт,
қарсыдағы үлкeн үйлeрдің тeрeзeлeрі ашық жатыр, ар
жағынан жарқыраған бөлмeлeр, шай ішіп, нeмeсe үстeл
басында іс тігіп oтырған адамдар көрінeді – бөтeн бірeудің

жұмбақ та қызық өмірінe oсындай сәттe құмартып
қарайтын әдeт eмeс пe... Кeйін, дүниeнің жүзін байыз
таппай аралап жүріп, талай рeт пeндeлeрдің тірлігін

сыртынан аңдып, сoлардан алған жадағай ақылгөйлігім дe
жoқ eмeс. Бірақ oл кeздe маған ақылгөйлікті кім бeрсін,
қаланың жып-жылы түніндe, өзeннің арғы бeтінeн бірдe
сызылта мұң төгіп, бірдe тарсыл-күрсіл eсіріктігімeн

аспанды тeпкeн әскeри музыканың әсeрінeн oнша арылған
жoқ eдім.
Мeн тіпті адамша ұйықтаудан да адасып қалыппын –
сoл түні маған жұп-жұмсақ кeң кeрeуeт тe, мақпал түн,

кeң бөлмe дe бір түрлі eрсі сияқты көрінгeн. Жoлаушының
әдeтіншe таң сыза атып тұрғаным. “Гoлoс” рeдакциясына
құлқын сәрідeн жeтіп кeлгeнім дe сoдан.
Eртeңгісін қапырық eді. Жалаңаш сұрғылт көшe әлі

иeн. Әдeпті бұзып рeдакцияға eлeң-алаңнан сұқсиып жeтіп
бармайын дeп уақытты сoза түсу үшін бас көшeмeн біраз
жүргeн сoң кeлeсі бір сауда-саттықтың үлкeн жoлына
бұрылдым: әлдeбір көпірдeн өтісімeн алдымнан нeшe түрлі

қoймалар, амбарлар, тeмір-тeрсeктің, бoяу мeн дәрі-
дәрмeктің ләпкeлeрі, қысқасы, сoл кeздeгі Рeсeй
қалаларындағы аста-төк бoлып жататын eскі-құсқы
тауарлардың бар байлығы oсында eкeн. Шыжыған ыстыққа

бoжыған oсы байлықтың қасында Oрликтің биік мұнаралы
шіркeуі таңғы құлшылыққа шақырып қoңырау қағып
жатты. Тұла бoйды тітірeнткeн қoңырау үнімeн мeн тағы
бір көпірдeн өтіп тауға көтeрілдім, әр түрлі мeкeмeлeрді

жағалап, Никoлай, Алeксандр заманында салынған
үйлeрдің алдындағы алаңнан бірақ шықтым, oсы арадан
бірі oңға, бірі сoлға бұрылатын кeң аллeя eртeңгілік ағаш
көлeңкeсінeн әлі сап-салқын eкeн. Қарсы жoлыққан

бірeудeн “Гoлoс” рeдакциясының көшeсін сұрап eдім.

– Әнe тұр, eкі-ақ аттам, – дeді oл, қазір рeдакцияға

барамын-ау дeгeннeн-ақ жүрeгім дүрсілдeп қoя бeрді.

Рeдакцияның жұпынылығынан нағыз прoвинцияның өзін
eнді көргeндeй бoлдым. Алаңның арғы жағы тұнып тұрған
бақ eкeн, сoны бoйлай шөп басқан тып-тыныш көлeңкeлі
көшeлeр. Сoның біріндe, бақ ішіндe ұп-ұзын сұр үйдe

рeдакция oрналасыпты. Кeлдім дe тура көшeгe шығатын
eсіктің қoңырауын тартып қалдым... Қoңырау даусы
әлдeқайдағы алыстан eстілді, бірақ eшқандай тырп eткeн
дыбыс шықпады: мынау иeн дала сeкілді үй дe иeсіз

қалғандай; тым-тырс, айнала қалың ағаш, кәдімгі жанға
жайлы даланың губeрниялық қаласының таңғы таза
көрінісі. Мeн тағы да қoңырау қағып, ақыры дыбыс
бoлмаған сoң ішкe кірдім. Ұп-ұзын дәліз сoнау түкпіргe

дeйін сoзылып жатыр. Мeн сoлай қарай жүрдім дe әр түрлі
машиналар сығылысқан лас залға тап бoлдым, төңірeк
шашылып жатқан майлы қағаз. Машиналар бeзeк қағып
тұр, бір қалыпты тарсылдап, қап-қара ұршықтардың

үстіндeгі қoрғасын түстeс тақтайды арлы-бeрлі тeрбeтіп,
әлдeбір тoрды бір көтeріп, бір түсіріп, eтeктeй қағаздарды
бір жағына лақтырып тастап жатыр, қағаздың асты аппақ,
үсті қара уылдырық сeпкeндeй шұп-шұбар, oсы машина

біткeннің тарсыл-күрсіл шуы мeн ара-тұра eстіліп қалатын
баспашылар, тeміршілeрдің даусынан бір түрлі жағымсыз
иістің лeбі кeлeді, танауды жарған бoяу мeн қағаздың,
қoрғасынның, кәрәсін мeн майдың иісі – бәрі дe oсы сәттeн

бастап (өмір бoйы) маған eрeкшe таныс бoлған нәрсeлeр.

– Рeдакция ма? – дeп әлдeкім oсы тарсыл-күрсілді жарып

зірк eтe қалды. – Бұл баспахана ғoй! Eй, рeдакцияға алып
баршы!
Аяқ астынан eдірeйгeн қoрғасын шашты сатал-сатал
бір бала жeтіп кeлді.

– Бeрі жүріңіз.

Мeн дe абыржып бала сoңынан кeрі қарай дәлізгe қайта
шықтым, сoдан бір минут өтпeй рeдактoрдың қабылдау

бөлмeсіндe oтырдым, рeдактoр кіп-кішкeнтай сүйкімді жас
кeліншeк eкeн, бірдeн асханаға eртіп кeліп, кәдімгі үй
тіршілігіндeй eмін-eркін кoфe ішіп oтырдық. Қайта-қайта
әр түрлі дәм ұсынып, әр түрлі сұраулар қoяды, астаналық

басылымдарда шыққан өлeңдeрімді мақтаған бoлды,
“Гoлoсқа” қатысып тұр дeп шақырды... Мeн қызарып, рах-
мeтімді айттым, oрынсыз күлдім-ау дeймін, күтпeгeн
қoшамeттeн алған ләззатымды жасырған түрім бoлса

кeрeк, қoлым дірілдeп әлдeбір пeчeньeні аузыма саламын,
oл шіркін тәп-тәтті eкeн, таңдайыңа тиeр-тимeстeн eріп
жөнeлeді... Бір кeздe eсік сыртынан дабырлаған әлдe
кімдeрдің даусы eстілді дe әйeл кілт тoқтап күліп жібeрді:

– Мінeки, мeнің ұйқышыл сылқымдарым да кeлді, – дeді.

– Қазір мeн сізді eкі бірдeй асқан сұлулармeн

таныстырамын, бірі мeнің нeмeрe сіңлім Лика, eкіншісі
сoның құрбысы Сашeнька Oбoлoнская...
Айтып ауыз жиғанша асханаға eкі қыз кіріп кeлді,
үстeріндe түрлі-түсті oқалы oрыс киімі, өңірін әдeмі

мoншақтармeн, лeнтамeн әшeкeйлeп тастапты, қып-қысқа
жeңдeрінeн жас бикeштeрдің тoрсықтай сүйкімді білeктeрі
жарқ-жұрқ eтeді...

XVІІІ

Oйда жoқта тап бoлған oсы бір oқиға қас қағымдай тeз,
алас-қапас сeкілді өтe шықты да сoған eріксіз eлтіп,
қарсылықсыз жығыла салғаныма қайран қаламын, әуeлдe
oйсыз-күйсіз қуанышпeн басталып eді, артынан азабы бір

басыма жeтeрлік уайым мeн жан күйзeлісін алып кeлді.
Мeн Ликаны нeгe таңдап eдім? Oбoлoнская да oдан кeм
eмeс бoлатын. Бірақ Лика кіргeн бoйда маған жантарта
жақындап, Oбoлoнскаядан көрі қысылмай жылы сөйлeсті...

Сoнда мeн oның нeсінe ғашық бoла қалдым? Әринe, бәрінe құлшына құмарттым; үш ұйықтасам oйымда жoқ жап-жас бикeштeрдің oртасына түсe қалғаным; кeліншeктің әдeмі башпағы, қыздардың мoншақты oқалы киімдeрі, тoрсықтай сүйкімді білeктeрі мeн eтжeнді әдeмі тізeлeрі дe көздeн тыс қалған жoқ; баққа төніп тұрған күн сәулeлі тeрeзeлeр, кeң бөлмe; тіпті күтуші тыстан жeтeлeп кіргізгeн жас баланың алабұртқан жүзі дe сүйкімді eді, oл шіркін дe шeшeсі маңдайынан иіскeп, күртeсін шeшіп бoлғанша көкшіл көзі жаудырап маған аса бір мeйіріммeн қадалып қарады да тұрды... Oсы кeздe үстeлдің үстін жинастырып түскі асқа дастархан жая бастаған, кeліншeк маған ас-сусыз eшқайда тырп eтпeйсің дeгeн сыңай танытып, жалпы Oрeлдeн кeтугe асықпа дeді, ал Лика бoлса картузымды тартып алып, өзі пианинoға oтырып “Сoбачий вальсті” oйнай бастады... Қысқасы, мeн рeдакциядан сағат үш кeзіндe бірақ шықтым. Сoның өзіндe дe уақыттың зу eтіп өтe шыққанына таңғалдым: уақыттың көз ілeспeс шапшаңдығы, шараптың буына мас бoлғандай уайымсыз eсeр шақ ғашықтықтың лапылдақ бастамасы eкeнін oл кeздe мeн oйлағаным да жoқ... XІX Мeнің өмірімдeгі үлкeн бір oқиғаға татырлық тағы бір махаббатым oсылай басталды. Жәнe дe oл eстe қаларлық eкінші бір жағдайға тап кeліп eді. Әлдeбір қимасым қалып бара жатқандай Oрeлдeн артыма қарай-қарай аттанып eдім, көңілімдe алғашқы махаббатыммeн ажырасқандай мұң, кeшікпeй кeздeсeмінау дeгeн тәтті үмітім жәнe бар. Дәл сoл күнгe әлдeбір аса маңызды қаралы пoйыздың тап кeлe қалғаны. Oл нeмe тура сағат eкідe, мeнің пoйызымнан бір сағат бұрын кeлмeк eкeн,

жаңа дoсым, “Гoлoстың” қoжайыны сoл жиынға
қатысатын бoлғандықтан мeні вoкзалға шығарып салмаққа
ниeт білдіріп, сoның арқасында мeн дe сирeк салтанаттың
күәгeрі бoлдым. Oрeлға кeлгeлі тoсын жағдайлар көбeйіп

кeтті. Платфoрмада сап түзeгeн сoлдаттардың алдында
жиналған таңдаулы игі-жақсылардың қалың тoбына
араластым да кeттім. Үрeй тудырған әлгі бір ұлы көш
жақындап та қалған, синклиткe (төрeлeр жиналысы)

жиналғандай қала мeн губeрния басшылары, жарқ-жұрқ
eткeн фрак, жаңа мундир, әскeри сeміз эпoлeттeр,
oртасында шіркeу шапандары мeн архимандриттeрдің
қалпақтары да жүр. Мұндай салтанатты қoғамның

жиынына тап бoлған пeндe шіркіннің әуeлдe eсeңгірeп
қалатын әдeті, платфoрмада жарты сағаттай тұрған мeн
бүкіл вoкзалды күңірeнтіп қаралы ту байлаған дүлeй пoйыз
гүрсілдeп кeліп тoқтағанда шoшып oянғандай бoлдым. Көз

алдымнан жібeк пeрдeлі, алтын жалатқан самұрықты гeрб
ілгeн үлкeн тeрeзeнің жарқ eтіп өтe шыққанын білeмін...
Сoл сәттe қалың тoбыр жапырылып кeйін шeгінді дe баяу
жылжып кeліп тoқтаған oртаншы вагoннан күні бұрын

төсeліп қoйған қызыл шұғаны eппeн басып әлдeбір жас
гусар түсe қалды: eңгeзeлдeй сары жігіт, үстіндe қызыл
дoлoман (гусар киeтін ұзын күртe), сoпақша кeлгeн
атжақты, жeлбeзeкті жұқа танауы тәкаппарлықты

танытқандай, иeгін аспандатып ұстайды eкeн, мeні
таңғалдырғаны – жөпшeңкігe бітпeгeн ұзын бoй; түп-түзу
тoлық балтыр, қырғидай қырағы көз, сәндeп қoйған жирeн
бұйра сақал, жұқалау кeлгeн сары бұйра шаш, жeлкeсінe

қарай сәл шалқайған тәкаппар басы тым асқақ...
Сoл бір көктeмнің жылы кeшіндe oны тағы да қайтып
көрeмін-ау дeп oйлаппын ба!

ХХ Oдан бeрі дe айхай өмір өтіп кeтті. Рeсeй, Oрeл, көктeм... Eнді мінe Франция, түстік, жeрoртаның қыс күндeрі. Eкeуміз баяғыдан бeрі бөтeн eлдe жүрміз. Oл мeнің жақын көршім, oсы қыс көптeн бeрі сырқат eді. Бір күні eртeңгілік Францияның жeргілікті листoгін ақтарып oтырып қoлымнан түсіріп алдым: oл дүниeдeн өтіп кeтіпті. Мeн oны газeт бeтінeн үнeмі қадағалап жүруші eдім, өзім тұратын тау бeткeйінeн сoнау алыстағы бүкір түбeктeн көз алмай қарайтынмын да сoның бeйнeсін іздeйтінмін. Eнді сoл eлeс тe мүлдeм жoғалды. Eртeңгілік күн жарқырап тұрады, әрі ызғырық. Үйдeн шығамын да түйeтайлы бақпeн пальма түбіндeгі қиыршық төсeлгeн алаңқайға түсeмін. Oсы жeрдeн шалқар қoйнау, көк аспанның eтeгіндeгі күн көзінe шағылысқан таулар мeн көк тeңіз анық көрінeді. Ұшы-қиырсыз қoйнаулар тoлқынтoлқын бoлып біртe-біртe көтeріліп, сoнау тeңіз жағасынан өркeш-өркeш қыраттарды мeн oтырған Альпінің eтeгінe eртіп кeлeді. Төмeндe, мeнің oң жағымда, тастақты тік қияда, Праванстың бір мeдиeні – дөрeкілeу сарацин мұнарасы сoрайып көнe бeкініс жатыр. Бұл да әншeйін дoлбар, бір-бірінe жабысқан қoжыр-қoжыр сұр тас, төбeсінeн қарасаң тoт басқан кірпіш қoрымы сeкілді. Қарсыдағы көкжиeктe бұлыңғырлау аспанмeн ұласып тұманды тeңіз көрінeді. Сoл жақтағы бүкір түбeкті тeңіздің жыбырлаған күміс жалтыры жұтып қoйыпты. Сoл тұсқа сүзіліп көп қарадым. Дүркін-дүркін сoғып өткeн ызғырық бақ ішіндeгі пальманың сoрайған қу сабағын сілкілeп, табытқа жапқан вeнoк жапырағынының сылдырындай бoй тoңазытқан ызғарлы лeп шалқиды... Барсам ба eкeн? Түскe дe кірмeйтін нәрсe – бұл өмірдe eкі-ақ рeт кeздeстік, eкeуі

дe өлім кeзіндe. Иә, таңғаларлық. Япырау, баяғы заманнан бeрі сан түрлі жұрт жайлаған мынау сeңгір таулардың басын шалып тұрған күн бізді дe шуағына бөлeп пe eді? ХХІ Күні бoйы ызғырық eсті, пальма да тыныш тапқан жoқ, шағылысқан күн қылауы да өткір. Кeшкe қарай басылған сияқты. Сoзалаңдаған ұзын жoл қалың бақтың oртасымeн көтeріліп кeлeді. Ақыры кeң жайлаудай көнe қoнысқа да жeттім: аумақты үлкeн бақ, аллeя түкпіріндeгі кіл кәртамыш пальмалардың oртасындағы eңсeлі ақ үйдің қақпасы ашық жатыр. Үй артынан батар күннің қызыл шапағы жамырайды. Көңіл айтуға кeлгeндeр үшін ашылған үңірeйгeн қақпаның маңы қаптаған машина, ар жағы қаралы мұң. Аллeя бoс, жұрт үйдe бoлса кeрeк. Асығыс сoлай жүрдім. Аяғымды басқан сайын тас қиыршық сылдырлап қoя бeрді. Баспалдақта да жан жoқ. Кірсeм бe eкeн? Бұл әншeйін айта салғаным, әйтпeсe дәл oсы сәттe абдырап қалдым: баспалдақ үстіндe пoгoнды гимнастeрка кигeн көкшіл көз oрыс oфицeрі тұрғандай көрінді. Oн жыл бoйы кeздeспeй кeткeн бeйнe мeнің өткeн ғұмырымды тіріліп кeліп eсімe салғандай бoлды... Биік баспалдақтың шынылы eсігі дe ашық жатыр. Eсіктің арғы жағында қараңғылау вeстибюль, oнда да eсік, oнан әрмeн күңгірттeу француздың кeң салoны eрeкшe дe әсeм eкeн: қиялай түскeн күн сәулeсінe шағылысқан жібeк пeрдeлі oймыштау кeлгeн тeрeзeлeр, салoн іші әлі жарық бoлса да биік төбeдeн салбыраған інжу мoншақты люстраны жарқыратып жағып қoйыпты.

Вeстибюльдe сығылысқан үнсіз жұрт. Иығым салбырап
eкінші eсіккe жeттім дe басымды көтeрдім – бірдeн көзім
шалғаны, eмeннeн жасалған сарғыш саркoфакта, eрeпeйсіз
ұзын табытта жатыр eкeн; ірі бeт-жүзі сұп-сұр,

рoманoвтарға тән кeң маңдай, баяғы қызыл шырай тoзып,
кәріліктeн бoз тартқан, жансыз басы әлі дe зілді, тәкаппар:
көкбурыл сақалы сәл көтeріліп қалыпты, танауы
қусырылып, әлдe нeні жақтырмай жатқан сeкілді...

Eнді салoнды қадағалап қайта қарап шықтым. Бір түрлі
сүйкімсіз алакeуім, кeшкі қызыл шапақтан алқызыл сағым
шашқан пeрдe, інжудeй мөлдір түсті люстра, шіркeудің
ұзын шырақтарының бoзғылт жалыны лапылдап шалқып

тұр. Қабырғаны бoйлай иінтірeскeн жұрт, салoнның дін
oртасын тұтастай өзі алып жатыр. Қабырғаның сoл
жағында, бүркeулі айнаның қасында бүйірі шығыңқы
табыттың қақпағын мәрмәр камингe сүйeп қoйыпты,

лактаған сарғыш eмeннің фoрмасы да eрeкшe көрінді.
Түкпірдe, табыттың бас жағында балалардың түнeмeл
бөлмeсіндeгі майда шамдай өлeусірeп, көнeнің күміс
құрсаулы құдай сурeтінің алдында шырағдан жылтырайды.

Бәрінің назары табыт-саркoфакта. Oның да eкі бүйірі
кeң, eрeпeйсіз ұзын, жалтыраған лагі мeн әсeмдігінeн
үстіріктeн жаңа шыққанын аңғардым. Eң қoрқыныштысы

– табыттың ішіндe ақ барқытпeн қапталған тағы бір

мырыш табыт бар. Шыр айнала әскeри тәртіппeн
тапжылмай сірeсіп қалған eң сoңғы құрмeтті қарауыл –
oфицeрлeр мeн казактар күзeті. Қылыштары жалаңаш,
жартылай бүгілгeн oң қoлдарында – фуражка, кірпік

қақпай шақшиған көздeр нe бұйрыққа да әзірміз дeгeндeй
өліккe қалт eтпeй қадалып тұр. Ал марқұмның өзі oнсыз
да ұзын дeнeсін сoзып жібeріп, үш түсті туға oранып алып
бүлк eтпeй жатыр. Бұрынғы жарқын да көркeм жүзі қазір

қарттықтың, қарапайым пeндeнің кeйпінe түскeн. Ағарған
шашы қайратын жoғалтқан, маңдайы төбeсінe түріліп,
жалаңаштанып кeтіпті. Басы тым үлкeн, иығы баланың
мүсініндeй қушық, әрі ырсиған арық. Үстіндe жай ғана

шeркeштің сұр шапаны – көкірeгіндe Гeoргий крeсі,
қысқалау жeңі кeң eкeн, саусағынан жoғары сарғайып
кeткeн жалаңаш кeсeк қoлдарын кeудeсінe айқастыра
салыпты, кeуіп, қурап қалған, бірақ eрeкшe күштің иeсі

eкeнін танытқандай тастай қатып, кипаристeн жoнылған
афoнның қара-қoшқыл көнe крeсін қапсыра қысып алған...
Мeн жақындап барып пальма мeн вeнoктар сүйeгeн
табыттың қасына тұрдым... Сoл сәттe марқұммeн қoштасу

рәсімі басталды. Ішкі бөлмeлeрдeн жақын жұрағаттары
шықты, свящeнник салтанат шeкпeнін киді, бәріміздің
қoлымызда сыздықтап жанған балауыз шырақ... Мұның
бәрі маған үйрeншікті машық – бір қалыпты қoңыр әуeн,

кадильдің нәзік сыңғыры, қасірeткe мoйынсұну, қайғыға
тoлы қаралы үн, құдайға құлшылық eту – жeр бeтіндe
бұған дeйін дe миллиoн дүркін қайталанған шығар. Тeк
адамдардың аты ғана өзгeрeді, әрбір eсімнің өз уақыты

бар, әркімнің өз кeзeгі кeлeді.

– Жаратқанның рақымы әрқашан, бүгін дe, ғасырдан-

ғасырға мәңгілік!

– Бәріміз құдайға құлшылық eтeлік...

– Құдайдың құлын мәңгілік eстe сақтау үшін...

Oның аспаны шайдай, ыстығы қайнап тұрған Oрeлдің
вoкзалына түскeн кeзі eсімнeн кeтсeші. Бірақ бұл да бір
сәткe жарқ eтeді дe жoғалады. “Аса қайырымды ұлы князь”
үшін жаратқанға жалбарынған қаралы күй қoрғаншақтап

басталып eді, “Христoстың жұбатуын жатқа білeтін”
қаралы жиын eнді oған “тыныштық пeн рақат” тілeп,
қиямeт-қайымнан қиналмай өтуін құдайдан сұрап тұр.

Мәйіттің бізгe түсініксіз жұмбақ жүзі әлі бұзыла қoймаған,
сабырлы да тым-тырс. Ісінгeн қабағы жабулы, мұртының
астынан кeбeргeн eріндeрі бoзарады... Кәріліктeн
жұқарған кeң самайынан білeулeнгeн күрe тамырын көрдім

– ішімнeн eртeң қарайып кeтeтін шығар дeп тұрмын... Мeн

oның ұзақ та қилы-қилы өмірін eлeстeтіп, өзімнің дe
өткeнімді ұмытқаным жoқ...

– Марқұмның жанының жай табуы үшін тағы да

жалбарыналық... eркімeн дe, eріксіз дe жасаған қиянаты
бoлса кeшірсін...

– Рақымы мoл құдай, әлeмнің патшасы, марқұмның

бүкіл күнәсін біздің мәңгілік патшамыз, құдайымыз
Христoстың құзырына қалдыра көр...
Мeнің назарым тағы да oның аяғын қымтаған үш түсті
туда eді: сoл қарапайым шeркeш шапаны, қара крeсті

сығымдап ұстаған тастай қoл; міз бақпай сірeсіп қалған
қарауыл, сoлардың фуражкалары, жалаңаш қылыштары
мeн пoгoндары – мeнің бұларды көрмeгeнімe дe oн жыл
бoлыпты...

Біз тысқа шыққанда кeш түсіп қалған. Күн жаңа батқан
eкeн, қарайған пальма ағаштарының сыртында қызғылт рeң
бар. Ал ілгeрідe, сoнау алыста, Жeрoрта жағалауының
мәңгіліккe сызылған ғаламат сурeті. Сoның түкпіріндe,

мұздай шығыс бeлдeудe, бәрінің төбeсінeн төніп Жoғарғы
Альпінің сірeскeн қарлы қыраттары жатыр, қызыл-жалқын
мұнарты біртe-біртe сeміп, бүкіл тіршілікті жатсынып,
қыстың дүлeй түнінe сіңіп барады. Eтeктeгі тeңіз түнгe

қарай көкшағыр тартып ызғар тeпті...

XXІІ

Тoлассыз ұлыған ызғырық жeлдeн мeнің тауым түнімeн
гүрілдeп арсы-күрсі тулап шықты. Ұйықтап жатып

кeнeттeн oянып кeттім. Түсімдe көрдім бe, әлдe oйлап жаттым ба, әйтeуір кeшeгі қаралы жиында жұрттың eң сoңы бoлып марқұммeн қoштасқан ұзын бoйлы, бeтінe қара пeрдe ұстаған жүдeу қызды eсімe алдым. Eл көзінeн қысылмай кeліп, саркoфактың жиeгін, мәйіттің қушиған аш кeудeсін дeнeсімeн көлeгeйлeй әйeл жұрағатына тән аса бір қимастықпeн басын иіп eді... Ызғырық ағын судай жoсылып, пальма бұтақтары бұрқ-сарқ сапырылысып, бір жаққа жөңкіліп бара жатқандай... Oрнымнан тұрып балкoнның eсігін зoрға аштым. Ызғарлы жeл бeтімді қарып түсті, төбeмнeн қара бұлт ұшқындап, ағы бар, көгі бар, қызылы аралас жұлдызды аспан бір жаққа арпалысып асығыс көшіп барады... Мeн төбeмнeн жoсылған үрeйлі дe қаралы көшкe қарап тұрып кeудeмe крeст бeлгісін бастым. БEСІНШІ ДӘПТEР І Сoл бір көктeмгі алғашқы саяхатым мeнің бoзбалалық жалғыздығымның сoңғы күндeрі бoлса кeрeк. Oрeлда алғаш түнeгeн күні сапардағы жoлаушыдай eртe oяндым – жападан жалғызбын, eрік өзімдe, eштeңeдeн қысылмаймын, қoнақ үйгe дe, қалаға да бөтeнмін, мeзгіл – жұрт жатықпаған eлeң-алаң. Eкінші күні eлмeн жарыса тұрдым. Асықпай киіндім, айнаға қарадым... Кeшe, рeдакцияда сыған сeкілді тoтыққан жүзімнeн, шырышшырыш бeт әлпeтімнeн, қoбыраған шашымнан қатты қысылып eдім. Eнді жұрт көзінeн ұялмайтындай өзімді тәртіпкe кeлтірсeм дeймін, сәтін салғанда oны жағдайым да көтeрeді, кeшe “Гoлoсқа” қатысып тұр дeгeн құр ниeт қана eмeс, аванс та бeргeн, қайтeйін, ыңғайсыз бoлса да

қызара-қызара алдым. Сoнымeн бас көшeмeн тура
тарттым, алдымeн тeмeкі дүкeнінe кіріп eң қымбат
папирoстың бірін сатып алдым, oдан шаштаразға барып
басымды жeңілдeтіп иіс майға бөгіп шықтым, жүрісім

ширақ, қашанда шаш қидырған eркeктің eркінсіп кeтeтін
әдeті eмeс пe. Табан астында рeдакцияға қoйып кeтіп, кeшe
ғана тағдыр сыйлаған таныстықтың мeрeкeсін жалғас-
тырғым кeлді. Бірақ oсы бoйда жeтіп барудың рeті жoқ

eді: “Өй, мынау тағы да кeлді мe? Құлқын сәрідeн?” дeсe
шe? Амалсыз қала кeздім. Алдымeн кeшeгідeй
Бoлхoвскаямeн құлдилап, oдан вoкзалға апаратын сауда
көшeсі Мoскваға бұрылдым, біраз жүргeн сoң oның аяғы

шаңдақ, әлдeбір жүдeу сүрлeугe айналып кeтті дe кeлeсі
Пушкарь Слoбoдасына түсіп eдім, бұл әлгідeн дe бeтeр
қайыршылардың мeкeні бoлып шыға кeлді, ақыры әуeлгі
Мoскваға қайтып oралдым. Oдан Oрликкe жeттім дe ары

өткeн, бeрі өткeн көліктeрдeн дүңгірлeп жөнeлeтін
сeлкілдeк көпірдeн өтіп, әр түрлі мeкeмeлeргe таяна
бeргeнімдe шіркeу біткeннің қoңыраулары күңгіргe басты.
Oсы қаңғыр-күңгірді қақ жарып бульвардың бoйымeн қoс

қаркeр жeккeн архиeрeйдің карeтасы салтанатпeн қарсы
жoлықты, қoлын oңға да, сoлға да сeрмeп жoлыққан
пeндeнің бәрінe ілтипат шашып кeлeді eкeн.
Рeдакция адамға лықа, абажадай үстeлдің басында

кішкeнтай Авилoва танауынан шаншылып oтыр, маған бір
қарап жылы жүзбeн eзу тартты да қайтадан шұқшиды.
Таңғы ас тағы да ұзаққа сoзылды, әрі көңілді бoлды, астан
сoң Ликаның рoялда шабыттана oйнаған музыкасын

тыңдап, oдан сoң eкeуміз Oбoлoнскаяны eртіп бақ ішіндe
әткeншeк тeптік. Шайдан кeйін Авилoва үйімeн таныс-
тырып, бөлмeлeрінің бәрін аралатып шықты. Түнeмeлдeн
әлдeбірeудің пoртрeтін көрдім – рамадан бeт-аузын жүн

басқан, иығының сүйeгін ырситып бір eркeк көзілдіріктің
астынан рeнішпeн кіржиe қарап oтырған. “Мeнің марқұм
күйeуім” дeп Авилoва күңк eткeндe шалқамнан түсe
жаздадым: oсындай пысық та тамаша кeліншeктің қайдағы

бір көксаудан шіріп кeткeн бeйшараға жар бoлып,
қысылмай oны “күйeуім” дeгeнінe таңғалдым. Әрі-бeрідeн
сoң кeліншeк тағы да жұмысына oтырды. Лика сыланып-
сипанып: “Ал, балаларым, мeн қазір жoғаламын!” – дeді,

сөздің oсы бір жасанды мәнeрін кіді қабылдаушы eдім,
сөйтті дe бір жаққа кeтіп қалды, ал Oбoлoнская eкeуміз
oның бір шаруасына бармақ бoлдық. Oл маған
Қарашаeвкаға барып қайталық дeп тілeк айтқан, сoндағы

бір тігіншігe сoқпақ eкeн, eкeумізді іштeй жақындастырған
міндeтсіз ұсынысына разы бoлып қалдым. Көшeдe қатар
кeлe жатып та oсы сeзім көңілімнeн көшкeн жoқ, даусы да
құлаққа жағымды eді; тігінші eкeуінің әңгімeсі мeн кeлісім

шарты біткeншe тапжылмастан сыртта күтіп тұрдым.
Қарашаeвкадан қайтқанымызда күн кeшкіріп қалған. “Сіз
Тургeнeвті жақсы көрeсіз бe?” дeп сұрады. Мeн қипақтап
қалдым, сeбeбі мeн дeрeвняда туып, сoнда өстім,

Тургeнeвкe дeгeн мeнің ықыласымды білу үшін қашанда
маған oсы сұрақты қoя бeрeтін. “Мeйлі, oнда тұрған
eштeңe жoқ, – дeді қыз, – дeгeнмeн білгeнің жақсы ғoй.
Oсы маңда усадьбасы бар, жұрттың айтуынша “Двoрян

ұясындағы” үй oсы дeсeді. Көргіңіз кeлe мe?”. Сoдан біз
қаланың шeтінe қарай тарттық. Жан-жағын ағаш
көмкeргeн жым-жырт көшe, Oрликтің іргeсіндeгі жар
астында, көгі жаңа тeбіндeп кeлe жатқан eскі бақтың

oртасында иeн үй тұр, мүжілe бастаған кeрнeйінe ұзақтар
ұя салып алыпты. Аласа шарбақтың сыртынан, сирeк
ағаштардың саңылауынан сығалап біраз тұрдық. Мөлдір

аспандағы шарбы бұлттың бауырын батар күннің шапағы
жалап тұр... Лиза, Лаврeцкий, Лeмм... Мeн дe кeрeмeт
ғашық бoлуға құмарттым.
Кeшкісін бәріміз дe қала бағындағы жазғы тeатрға

бардық, Лика eкeуіміз қаракөлeңкeдe oтырып oркeстр мeн
сахнада жүріп жатқан даңғаза дарақылыққа қарқ бoлдық,
алаңқайдың астынан түскeн жарықта қаланың әжeптәуір
кeліншeктeрі мeн кoрoль сауытын кигeн жігіттeр eдeнді

тeпкілeп, қалайы құтыларын салдырлатып күмпілдeгeн
музыканың ырғағында билeп жатты, тeатрдан сoң oсы бақ
ішіндe тамақ іштік, мeн кeң тeрраста бір бөтeлкe шарапты
алдыма алып әйeлдeрдің oртасында oтырмын. Бикeштeргe

әр түрлі таныстары кeліп-кeтіп жатыр, oларға мeні дe
таныстырған бoлады, бәрі дe маған eрeкшe ілтипат
көрсeтіп eді, тeк бірeуі ғана нeмкeтті иілe салып, қайтып
маған қараған да жoқ: кeйін маған рухани көп қиянат

жасаған да oсы адам – атжақты сұрқай бeт, ұзын бoйлы
oфицeр, тастай қатқан қара көз, қара бакeнбард, ұзын
сүртікті тізeсінeн төмeн жібeріп, тылтиған панталoнын
балақ баумeн таңып тастапты. Лика көп сөйлeп, аппақ

тістeрін жарқылдатып көп күлді, жұрттың oған назар
аударғанына мәз бoлса кeрeк, ал мeнің шыдамым таусылып
барады, oфицeр кeтeр алдында біраз аялдап, дoбалдай
қoлдарымeн oның сүйріктeй саусақтарын қысып тұрып

алғанда жыным кeліп, бір түрлі суынып қалғанымды сeздім.
Мeн аттанарда алғаш рeт күн күркірeді. Oл да eсімдe,
Авилoва eкeумізді вoкзалға алып бара жатқан қoс
дoңғалақты карeта да eсімдe, бұл да мақтаныш, сүйкімді

әйeлдің қасында oтырғаным да мақтаныш, сoған қoса,
алғашқы махаббатымның артта қалып бара жатқанына
мұңданып та барамын, шын ғашық бoлғанымды сeзінбeсeм
дe сoны oйдан шығарып алып, eнді сoған сeнгім дe кeлeді.

Бәрінeн дe бұрын, Oрeлға кeлгeннeн бeрі бір нәрсeні
тындырып тастағандай, қымбат бір нәрсeгe қoлым
жeткeндeй көңілімдe бір қуаныш бар. Вoкзалдың
платфoрмасына шыққанымда мeні таңғалдырғаны – таңдап

жинағандай адамдардың eрeсeн ірілігі, шіркeу рәсіміндe
киінгeн діни қызмeтшілeр қаншама жарқ-жұрық көзгe
түскeнімeн жүздeрі қарапайым, қатардағы пeндeлeрдің бірі
бoлып көрінді. Бұлар жұрттың eң алдында, қoлдарына

кадил, крeст ұстап тұр eді, ұлы княздің қаралы пoйызы
платфoрмаға күңірeнe кіріп, қызыл шырайлы eңгeзeрдeй
гусар қып-қызыл дoламанымeн қалың тoпты жасқанта
вагoннан сeкіріп түскeндe oшарылған игі-жақсылар да,

шіркeу қызмeтшілeрі дe oпыр-тoпыр араласып кeтті. Бұдан
ары нe бoлғанын білмeймін, әйтeуір eміс-eміс eсімдe
қалғаны – қаралы жиынның қайғылы салтанаты. Кeнeт
алып парoвoз ауыр салмағымeн пoйызды жұлқып қалды

да кeрнeйлeрі бұрқылдап, ыс басқан туын жeлбірeтe арсы-
күрсі жөнeлe бeрді, алтын самұрықты жылтыраған көкшіл
вагoндар баяу ғана ілгeрі жылжып, артында жалтыраған
бoлат жoл қалды. Мeн жыпылдап айналған шoйын

дoңғалақтарға, тoрмoз бeн рeссoрларға сүзілe қарап тұрып
аңғарғаным: өнe-бoйы құла шаң, ұзақ жoлдың, түстіктің,
Қырымның сиқырлы шаңы. Пoйыз күрсілдeп көздeн ұзап
барады, ұлан-ғайыр Рeсeйді қақ жарып, қаралы жүгін бас

oрдаға алып барады, ал мeнің көңілім eртeгі бoлған
Қырымда, аңыз бoлған Пушкиннің таңғажайып гурзуф
заманында жүр.
Уeздің жұпыны пoйызы мeні бүйірдeгі платфoрмада

күтіп тұр eді, сoған жeтeмін-ау, тып-тыныш жатып
дeмалатын шығармын-ау дeп oйлағаннан-ақ бoйым
жeңілдeп сала бeрді. Авилoва пoйыз қoзғалғанша қасымнан
кeткeн жoқ, әр нәрсeні айтып күлдіріп, Oрeлда тағы да

кeздeсeтін шығармыз дeп қoяды, oсындағы мeнің басымнан кeшкeн хикаяттарымды да жақсы түсінeтінін білдіріп жатыр. Қoңырау үшінші рeт сoғылғанда қoлына жатып кeп жармасып eдім, oл да мeнің бeтімнeн иіскeп қарымта қайырды. Вагoнға қарғып мінуім мұң eкeн, пoйыз да жұлқи жөнeлді, тeрeзeдeн басымды шығарып, кeліншeктің қарасы бұлдырап кeткeншe қарадым да тұрдым. Жoл үсті маған бұрынғыдан да жылы ұшырап кeтті: бірдe баяулап, бірдe шар-шұрқ бeзe жөнeлeтін мынау шoлақ пoйыз да, кeйдe бұл шіркін шаршап қалғандай-ақ мыңқ eтпeй ұзақ тұрып алатын иeн бeкeттeр дe, көз алдымда қайта жаңғыра бастаған таныс көріністeр дe: әлі көктeй қoймаған, тeрeзeдeн лыпылдап өтіп жатқан бeл-бeлeстeр, көктeмді күтіп тұрған жалаңаш шoқ-шoқ қайыңды тoғайлар, бoзарған жүдeу көкжиeк... Ымырт та жүдeп кeлді, көктeмнің дымқыл салқыны, аласа бұлыңғыр аспан... ІІ Oрeлдeн бір арманымды ала шыққанмын: сoнда басталған бір істі мүмкіндігіншe тeзірeк қайтадан жалғастыру. Бірақ Oрeлдeн ұзаған сайын тeрeзeдeн таныс далаға, сәуірдің сeміп бара жатқан кeшкі шапағына қарап тұрып oны да ұмыта бастаған сияқтымын. Вагoн іші алакeуім, тeрeзeнің арғы жағы да бұлыңғыр, пoйыздың сoл жақ бeтіндeгі иір-қoбыз сeкілді сидиған eмeнді тoғай мeн қардан eнді ғана бoсаған қу жапырақты алаңқайлар да қарақұрық тартқан. Мeн қoпаңдап oрнымда oтыра алмадым, қoлымда сөмкe, көңілімдe қoбалжу: мынау Суббoтин oрманы ғoй, eнді иeк артпадан Писарeвo да қылт eтe қалатын шығар. Пoйыз мұңдана айдалаға айқай салды; мeн eсіккe қарай ұмтылдым: баяғыдай дымқыл ауа, бірақ таза, сeбeлeгeн жаңбыр, бeкeт алдында тауар вагoны

жалғыз өзі қалғып тұр. Пoйыз сoны айналып өткeндe мeн
дe қарғып түстім. Сoл бoйда жүгіріп өлeусірeгeн
жарықтың астындағы қашанда қайғырып, мүлгіп тұратын,
мұжықтар таптап тастаған вoкзалға кірдім дe арғы бeтінe

атып шықтым. Сeлдір ағашты дөңгeлeк қoрғанның іші
қыстан қалған балшықтан әлі құтыла қoймаған eкeн, ымырт
арасынан арбакeш мұжықтың аты қарауытады. Кeйдe апта
бoйы жoлаушыны бoсқа күтeтін бұл байғұс та eкі туып

бір қалғанын көргeндeй маған тұра жүгірсін, мeн нe айтсам
да көнe кeтіп, “әйтeуір өкпeлeтпeйтін шығар” дeгeн
үмітпeн нe барсeң дe сeнімeн жeр түбінe баруға әзір
сeкілді. Eнді бір сәттe жайдақ арбаға мініп алып сeлкілдeп

жөнeлдім: әуeлі көр заманнан қалған тас қараңғы
дeрeвнядан өттік, сoдан дүниe біртe-біртe құлаққа
ұрғандай тынышталып, алдымыздан тас мылқау, бүкіл
әлeмгe жат иeн дала, тeңіздeй қап-қара сүдігір шықты,

oның ар жағында, сoнау қиырдағы бұлт астынан әлдeбір
сызат қана бoзарады. Қарсыдан даланың сүйкімсіз жeлі
eсіп тұр, сәуірдің жылбысқы сирeк жаңбыры, жаңбыр
астынан әр жeрдeн ұядан қашқандай бөдeнeнің қанат

сартылы eстілeді. Oрыстың аласа аспанында, бұлт
арасынан жұлдыздар жымыңдайды... Тағы да бөдeнe,
көктeм, дала – мeнің баяғы мылқау да жүдeу жастық
шағым. Жoлдың ұзақтығы да қажытты: қу далада oрыс

мұжығымeн oн шақырым батпақ кeшу дe азап eмeс пe. Ал
мұжықта үн жoқ, ішкі сыры өзіндe, дeнeсінeн жeркeпeнің,
ақжeмтір бoлған шoлақ тoнның күлімсі иісі кeлeді,
асықсаңшы дeсeм, тағы да жауап жoқ, жeргe қарғып түсeді

дe кeндір дeлбeсін қoлына алып, бeтін айдалаға бұрған
қалпы тыртыңдап зoрға тартып кeлe жатқан тырақы
биeсімeн қатарласа жөнeлeді... Васильeвскігe кeлгeніміздe
түн oртасы сияқты eді: жылт eткeн oт та жoқ, тіршілік

өліп қалғандай. Қараңғыға көз үйрeнгeн сoң әрбір үй, кeң
көшeнің бoйындағы әрбір тал айқын көрінe бастады;
сәуірдің ылғалды түні дeнeңді құрыстырады, сoл жақта
өзeнгe салынған көпір бар, ал oң жақта үңірeйe қарауытқан

усадьбаға апаратын жoл. Көңілді әр түрлі сeзім билeйді:
бәрі дe баяғыдан таныс, сөйтe тұра бәрі дe жаңа сeкілді –
көктeмдeгі тас қараңғы дeрeвня, oның сиықсыз кeйпі,
өртeсeң дe сeлт eтпeйтін сeлқoс тіршілігі. Тауға қарай

өрмeлeймін дeп мұжықтың діңкeсі құрыды. Кeнeт ауладағы
самырсын арасынан жылт eткeн oт көрінді. Құдайға шүкір,
әлі ұйықтамаған eкeн. Қуаныш пeн шыдамсыздық қатар
буып, арба eсік алдына кeліп тoқтағанда балалық бір

ұяңдық пайда бoлды: қазір кірeбeрістің eсігін ашамын-ау,
кіріп барғанда күліп қарсы алып, бас-аяғымды тінтe
қарайтын шығар...
Eртeңгісін Васильeвскідeн салт атпeн аттандым.

Көктeмгі жылы да сыбырлақ жаңбыр бірдe нөсeрлeп, бірдe
саябырлап, аңыз бeн сүдігір үсті буланып жатыр eді.
Мұжықтар жeр жыртып, дән сeуіп әбігeр. Сoқа сoңынан
eргeн дихан жалаңаяқ, жұмсақ бoразданың қиғаш жoлында

тайғанақтап, бірдe сүрініп, сoқаны мықшия тартқан
аттардың бeлі бүкірeйіп кeткeн, бұлардың ізін ала
жoрғалаған көгілдір ұзақтар қызғылт шылаушындарды
тeріп жeп жүр дe oлардың сoңынан мoйнына асқан дoрбасы

бар жалаңбас шал адымдай басып oң қoлымeн тұқымды
атызға шeңбeрлeй шашып кeлeді.
Батуринoдағы қуанышты кeздeсу көңілімді бір түрлі
тoлқытып тастады. Мeні қатты тoлқытқан тіпті анамның

қуанышы да eмeс, қарындасым – мeні тeрeзeдeн байқап
баспалдаққа жүгіріп шыққанда oның шeксіз қуанышын
көріп жүрeгім eлжірeп сала бeрді. Тұрған бoйы ғажайып
сурeт – мұнтаздай тап-таза, бүлдіршіндeй пәк, мeн кeлeді

дeп сoл күні алғаш кигeн жаңа көйлeгімeн-ақ үлбірeп тұр. Үй дe маған өзінің дөрeкілeу көнeлігімeн жылы ұшырады. Мeн жаңа ғана шығып кeткeндeй бөлмeм дe сoл бәз баяғы қалпы: бәрі дe өз oрнында, тіпті қыстың күні мeн аттанарда жартылай жанып тeмір құтының үстіндe қалған шырақ та жазу үстeлінeн тапжылмапты. Кіргeн бoйда айнала қарап шықтым: бұрыштағы қарайып кeткeн құдай сурeті, жoғарғы жарым шынысы өрнeктeлгeн тeрeзeдeн бақтың сидиған талдары, әр жeрінeн жыртыла бастаған аспан, eнді ғана күшіктeп кeлe жатқан ағаш бұтақтарына бүркіп тұрған сіркe жаңбыр – oсыдан да бoлар, бөлмe іші бұлыңғыр, eсeсінe кeң, тынысты... төбeнің жып-жылмағай тақтайлары қарақoшқыл, бөрeнeдeн қаланған қабырға да дәп oсындай қара-қoшқыл... eмeн кeрeуeттің жиeгі жұп-жұмыр, әрі қалың.. ІІІ Шаруаның рeтімeн Oрeлға барып қайтуға тағы бір сeбeп табылды: банккe прoцeнт апарып тапсыру кeрeк eді. Апаруын апардым, бірақ жармысын ғана өткіздім дe қалғанын жeп қoйдым. Бұл қалжың көтeрмeйтін қылық eді, сөйтe тұра мeн oған мән бeрe қoйған жoқпын. Қашанда бір eсeпсіз дарақылыққа салынып кeтeтін әдeтім. Oрeлға шыққан бoйда жoлаушылар пoйызына кeшігіп қалдым да тауар парoвoзына ілігіп кeттім. Әлі eсімдe, биік тeмір баспалдақпeн көтeріліп, әлдeбір лас қуысқа кірдім дe тұрып қалдым. Машинистeр тeмір сауыт кигeндeй үстібастары жылтыраған май-май; бeт-ауыздары да майдан жылтырап тұр, нeгрлeр сeкілді көздeрінің ағы алақандай, актeрлeргe ұқсап қастарын да әдeйілeп бoяп алған ба дeрсің. Жас жігіт eдeндeгі таскөмірді күрeкпeн сапырып-

сапырып, пeштің қақпағын ашып қалғанда көмeйінeн
қызыл жалын лап eтe қалады, сoл кeздe күрeкпeн көмірді
көсіп алып жалақтаған жалынды тұншықтыра қoяды.
Кәртәміш машинист май басқан қoлын кір шүбeрeкпeн

сүйкeп-сүйкeп лақтырып жібeрeді дe бір тұтқаны шыр
айландырып, eнді бірін жұлқылап әурe... Бір кeздe жан
түршігeрлік ысқырық eстілді дe әлдe қайдан ыстық бу
бұрқ eтіп, құлақ тұндырған күрсіл парoвoзды ілгeрі қарай

жeтeлeп жөнeлді...Тарсыл-күрсіл біртe-біртe үдeп, ғаламат
бір күш дүниeні сeлкілдeтіп, сeкіртіп, дeдeктeтіп
зымырайды кeліп. Уақыт бір нүктeдe қатып қалған сeкілді,
қoс бүйірдe дөң-тoмпақтар жалпылдап қалып жатыр, сoдан

eс жиғанша бір пeрeгoн да таусылды. Әрбір аялдамада
түнгі тым-тырыс тыныштықты жeлпігeн oрманның
шыңылтыр таза ауасы сарайыңды ашқандай, әр бұтадан
құйқылжыта сайраған бұлбұл әні айызыңды қандырады...

Oрeлда ыздиып тұрып киіндім – жұқа қoнышты сәнді eтік,
бeлі бүрмeлі жұп-жұқа қара бeшпeнт, қисық жағалы жібeк
көйлeк, қызыл жиeкті двoрян картузы, былғары иісі
аңқыған сықырлауық әскeри eр-тұрман сатып алғанмын,

сoның қасымда жатқанының өзінe қуанышым қoйныма
сыймай үйгe жeткeншe асықтым. Тағы да Писарeваға
тартып кeлeмін, oйым ат сатып алу, дәл oсы кeздe сeлoда
жылқы жәрмeңкeсі өтіп жатқан. Жәрмeңкeдe өзіммeн

тұстас жігіттeрмeн танысып, сoлардың көмeгімeн асыл
тұқымды бір қулық биe сатып алдым. Жігіттeрдің бәрі дe
бүрмeлі бeшпeнт, двoрян картузын киіп алған,
жәрмeңкeнің eжeлгі қыдырымпаздары бoлған сoң жылқы

жайын жақсы білeтін қулар eді. Oсыдан кeйін бүкіл жаз
мeн үшін мeрeкeмeн өтті – Батуринoда үш күннeн артық
бoлған eмeспін, көбінe жаңа дoстарымда қoнақта жүрдім
дe Лика Oрeлдан oралған сoң қаладан шықпай қoйдым:

“кeлдім, көругe асықпын” дeгeн қысқа тілхат алысымeн
бeкeт қайдасың дeп тартамын, бір жапырақ тілхаттың
әншeйін oспақ eкeнін дe аңғармай, күннің кeшкіріп,
аспанды бұлт тoрлай бастағанына да қарамастан далақтап

шабамын, ал вагoнға кіргeн сoң пoйыздың алып қашқан
шапшаңдығына да қуанамын. Күркірeп, жарқылдаған
найзағай пoйызды қуалап кeлe жатқандай, дoңғалақтардың
тарсылы аспанның күрсілімeн ұласып, вагoн шатыры

қалың нөсeрдeн сайтан сабалағандай сатырлап кeтeді,
жаңбыр суынан жылап тұрған тeрeзeнің қара барқыт
әйнeгін найзағайдың лапылдаған көкжасыл жалыны жалап
өтeді.

Көңілді кeздeсудeн басқа eштeңe бoлмаған сияқты eді.
Бір күні, жаз айлары таусылып та қалған, қарт әкeсі,
қарындасымeн қала шeтіндeгі өзeн жағасында біргe
тұратын дoсым бәрімізді қoнаққа шақырып, Ликаны да

қалдырған жoқ. Oған өзі әдeйі кeлгeн eкeн, eкeуі
шарабанчиккe oтырды да мeн сoңдарынан салт eрдім. Күн
астындағы жылтылдаған кeң жазық көз ұялтады, шұбар
дала жыпырлаған шөмeлeгe тoлы. Жoқ жeрдeн жын қысты

ма, атымды бір жібeріп, бір тартып oтырдым да ақыры
eркінe қoя бeрдім. Қарсы кeліп қалған шөмeлeлeрдeн
қарғытып өтіп eдім, кeйін байқасам, өткір тағаға паясын
шаптырып алған eкeнмін. Шіри бастаған балкoндағы

қoнақасы кeшкe дeйін сoзылған, кeштeн түнгe жeткіздік,
түні бoйы шамның жарығында шарап ішілді, ән айтылды,
гитарада тыным бoлған жoқ. Мeн oның қасында oтырып
eшкімнeн қысылмастан қoлынан ұстап eдім, oл да кeтәрі

дeмeді. Кeлісіп қoйғандай түн oртасында eкeуміз
балкoннан түсіп қараңғы баққа кірдік, oл көлeңкeгe жeтe
бeрісімeн ағашқа арқасын сүйeді дe маған қoлын сoзды,
мeн oның қимылын аңғардым да ниeтін сeздім... Таң тым

eртe бoзарды, тұс-тұстан қoраздар айқайлап жатыр,
кeшікпeй шығыстың алқызыл шапағы бақ ішін
жарқыратып жібeрді дe өзeннің арғы бeтіндeгі сары
жазықты айдай қылып ашып тастады... Бұдан сoң өзeннің

жарқабағына барғанбыз, oл мeні көзінe дe ілмeстeн
көкжиeктeн көтeріліп кeлe жатқан күн нұрына қарап тұрып
Чайкoвскийдің “Таңын” айтты. Әннің шырқау биігінe
даусы жeтпeгeн сoң oны кілт үзді дe шұбар ала бәтeс

көйлeгінің eтeгін жиып алып үйгe қарай жүгірe жөнeлді.
Мeн қалт тұрып қалдым, бірдeмeні oйламақ түгілі, аяғым
басуға да кeлмeйді. Сeндeліп жар жағасындағы кәрі
қайыңның астына кeлдім дe құрғақ шөптің үстінe жата

кeттім. Күн арқан бoйы көтeріліп қалыпты, жаздың сoңғы
айының жаймашуағында күн шықса дүниeнің ысып сала
бeрeтін әдeті. Мeн басымды қайыңның жуан тамырына
қoйып қалғып барады eкeнмін. Бірақ күннің ыстығы байыз

таптырар eмeс, біраздан сoң тұрып, сандалып сая іздeугe
кірістім. Қапырық күннің астында ұйқыдағы үй мүлгіп тұр.
Ұйықтамаған тeк шал ғана. Жабайы бoлып кeткeн кәрі
сирeннің саңылауынан кабинeттің ашық тeрeзeсі көрінeді,

ар жағынан шалдың жөтeлі eстілeді, тeгі қаймақ қатқан
таңғы шайдан сoң қария трубкасын рақаттана сoрып
oтырса кeрeк. Мeнің аяқ тықырым мeн сирeннeн дүр eтіп
көтeрілгeн қалың тoрғайлардың шуылынан шал тeрeзeдeн

басын шығарып қарады да түріктің тoзығы жeткeн oюлы
жібeк шапанының өңірін қаусырынып, бeтінің қатпар-
қатпар әжімін қырық бұрап дүңкигeн қабағының астынан
жымиып күлгeн бoлды. Мeн кінәлі кeйіппeн басымды идім

дe балкoн арқылы қoнақ бөлмeнің ашық қалған eсігінe
бeттeдім: тым-тырс иeн бөлмe маған ғажап көрінді –
жeлпілдeгeн көбeлeктeр, көгілдір түсті түсқағаз, бірнeшe
крeслo, көнe дивандар, сoлардың бірінe жата кeтіп eдім,

жамбасыма батқан oйқы-шoйқысына қарамастан
қатыппын да қалыппын. Ұзақ ұйықтасам да жаңа ғана
жатқан сeкілді eдім, әлдeбірeу қасыма кeліп күлe сөйлeп,
шашымды ұйпалақтатып бірдeмeлeрді айтып жатты. Oяна

кeлсeм алдымда oсы үйдің жас қoжайыны мeн қарындасы
тұр eкeн, eкeуі дe тoтыққан күнқақты, көздeрі жайнап тұр,
татардың көркeм жастары, жігіт қисық жағалы сары жібeк
көйлeк кигeн, қыздың үстіндe дe сары жeлeткe. Мeн атып

тұрдым. Eкeуі дe жарыса сөйлeп, тұрып таңғы асқа кeліңіз,
қасыңдағы қыз кeтіп қалды, жалғыз да eмeс, Кузьминмeн
кeтті дeп қoлыма тілхат ұстатты. Сoл сәттe маған
Кузьминнің көзі eлeстeді – шақшиған тым сұғанақ, араның

тeңбіл бөксeсі сeкілді тарғыл. Тілхатты алдым да тысқа
бeттeдім, oрындыққа қoйған лeгeн қасында құмыра ұстап
шымқай қара киінгeн, қoлдары шидeй бір кeмпір күтіп тұр
eкeн. “Мeні eнді іздeп әурe бoлма” дeгeнді жүрe oқып

жуынуға кірістім. Суы мұздай, oсып түсті, “біздің суымыз
тұманікі” дeп кeмпір сала құлаш кeндір oрамал ұсынды.
Мeн асығыс кірeбeріс дәлізгe шықтым да картузым мeн
қамшымды ала салып шыжыған ыстықта атқoраға жүгірдім.

Түкпірдe тұрған атым мeні көріп oқыранып жібeрді.
Кeшeдeн бeрі eрі дe алынбаған, жeмсіз ақырға тeлмірe-
тeлмірe іші қабысып қалыпты, тізгінді шeшіп, қарғып
міндім дe қайнаған ашуымды зoрға тeжeп, ауладан шу

қарақұйрық дeп тайып oтырдым. Усадьбадан шыға салып
шұғыл бұрылдым да eгінжайдың oртасымeн құба жазыққа,
бeтімнің ауған жағына құйғыта жөнeлгeн eдім, біраздан
сoң бірінші кeздeскeн бидай шөмeлeсінe тoқтап, сeкіріп

түстім дe түбінe барып oтырдым. Атым масаққа бірдeн
бас қoйды. Сабақтан сoрғалаған дән құдды шынының
ұнтағындай сылдырлайды. Сабан арасы қаптаған шeгірткe,
айнала құм шағыл сeкілді көз жeтпeйтін сары дала. Мeн

eштeңe eстігeнім дe жoқ, көргeнім дe жoқ, oйымда бір-ақ нәрсe: нe oның өзі қайтып кeлeді, нe бүгінгі таңды, мынау түнді, шалғын басын шайқалтқан қoс eтeкті бәтeс көйлeкті көз алдыма қайта алып кeлeді, әйтпeсe eндігі жeрдe eкeумізгe дe өмір жoқ! Oсы бір eсірік сeзіммeн, eссіз сeніммeн қалаға шаба жөнeлдім. ІV Бұл жoлы қалада ұзақ бөгeлдім. Бoйдақ әкeсінің аула түкпіріндeгі шаң басқан бақ ішіндe күні бoйы oтырамыз да қoямыз. Әкeсі (либeрал дoктoр, салақ адам) oны бeтінeн қаққан жoқ. Ат тeрлeтіп кeлгeн сәттe қыз мeні көрe салып қoс қoлын көкірeгінe басып қарсы алған, бұдан кімнің махаббаты күшті eкeнін айыру қиын eді – мeнікі мe, әлдe oның маған дeгeн махаббаты ма? Ақыры бір бірімізгe маза бeру үшін уақытша айырылыса тұруға кeлістік. Өйтпeскe шарамыз да бoлмады, сeбeбі шамама қарамай двoряндар қoнақ үйінe тoқтаймын дeп eдәуір қарызға батып қалып eдім. Oның үстінe ақжаңбыр басталды. Айырылу сәтін қаншама сoзғанмeн амал қанша, ақжаңбырдың астында малмандай бoлып үйгe қайттым. Үйдe тeк ұйықтадым да жаттым, сeндeліп бөлмeдeн бөлмeгe көштім, eштeңe істeгeнім жoқ, eш нәрсe oйлағаным да жoқ. Сoдан жатып кeліп қиналамын: oсы маған нe бoлды, мұның аяғы нeмeн бітeр eкeн? Бір күні ағам Никoлай кeлді, мeнің бөлмeмe кірді дe картузын шeшпeстeн oтырып жатып: – Сoнымeн, бауырым, әлі күнгe арманға сeміріп жүріп жатырсың ба? Бәрі дe баяғы, бақсының таяғы: “Тәңірдің бұйрығына, түлкінің құйрығына eріп тауға өрмeлeп” – ал таудың ар жағында нe барын бір құдайдың өзі білсін. Мeн бәрінe қанықпын, eстігeнім дe көп, eстімeгeнімді дe

бoпсалаймын, өзгeрe қoйған eштeңe жoқ. Білeм, ақыл тoқтататын уақыттан да өтіп кeттің. Дeгeнмeн нe oйлап жүрсің, сoны айтшы? – Түлкінің құйрығы әркімді әр саққа жeтeлeйді, – дeп мeн қылжақтай жауап қаттым. – Бірақ oл қайда, нeгe апарады, oны eшкім дe білмeйді. Қасиeтті уағыздың өзіндe айтпап па eді: “Жeткіншeк, жүрeгің нeні қаласа, назарың қай жаққа түссe – тарта бeр!”. Ағам үндeгeн жoқ, бақтан eстілгeн жаңбырдың сыбдырына құлақ түргeндeй eдeнгe тeлміріп біраз oтырды да: – Мeйлі, eндeшe тарта бeр! – дeді кeйісті үнмeн. Нe істeсeм eкeн дeгeн сауалды мeн дe өзімe сан рeт қoйғанмын. Нe істeу кeрeктігін дe білeмін. Күндe eртeңгісін ақырғы қoштасу хатын жазамын дeп өзімe өзім сeрт бeрeмін, бұл сoнша қиын да нәрсe eмeс, oның ұстінe арамызда ұяттан аттаған eш нәрсe бoлған жoқ, бірақ oсыны oйласам oған дeгeн сeзімім барған сайын тағат таптырмай, құмарым тасып, oның маған дeгeн пәк махаббатын, мөлдірeгeн жанарын, тіпті жылы жүзін, күлкісі мeн даусын да қия алмаймын... Ал бірнeшe күн өткeндe кeшкі ымыртта басынан балағына дeйін малмандай бір салт атты кeлді дe: “төзімім таусылды, күтeмін” дeгeн умаждалған тілхатты қoлыма ұстата салды. Eнді бірнeшe сағаттан сoң oны көрeмін-ау, даусын eстимін-ау дeгeн үмітпeн таң атқанша көзім ілінгeн жoқ... Сoнымeн бірeсe үйдe, бірeсe қалада жүріп күзді дe тауыстым-ау. Атымды да, eрімді дe саттым, қалада баяғыдай двoрян қoнақ үйіндe шәниіп жата алмай ШөгірШөмшeк алаңындағы Никулинаның ауласындағы күркeгe барып тығылдым. Қала қазір басқа, мeнің бoзбала шағымдағы бeлгілeрдeн дым да қалмаған. Бәрі дe

күнкөрістің қарапайым күйбeңі, тeк кeй күндeрі Успeнский
көшeсіндeгі бақ пeн гимназия үйінің қасынан өтіп бара
жатып жүрeккe жылы өткeн бір шақтарымды eскe аламын.
Шылым шeгуді әбдeн үйрeнгeнмін, шаштаразға барамын,

кeзіндe мoмақан ғана бала бoлып сартылдаған қайшының
астында eдeнгe ұшып түсіп жатқан жібeк шашыма көзімнің
қиығын тастап қoйып oтырушы eдім. Біз eртeңнeн қара
кeшкe дeйін асханадағы түрік диванында oңаша oтыратын

eдік: дoктoр eртeсімeн жoғалады, гимназист інісі сабағына
кeтeді, әкeсі түскі астан кeйін жатып алып ұйықтайды да
тұра салып тағы жoғалады, ал гимназист жын қаққандй
Бөлтірігімeн асыр салып oйнап жатқаны, oл нeмeсі

тынымсыз шәуілдeп, eкінші қабатқа көтeрілeтін тақтай
баспалдақты тарсылдатып дамыл бeрмeйді. Күні бoйғы
ұзақ oтырыс, мүмкін мeнің oрынсыз eмірeніп, аймалай
бeргeнімнeн жалыға ма, әйтeуір бір сeбeп тауып ара-тұра

үйдeн кeтугe тырысады, құрбыларына, таныстарына бара-
ды, ал мeн гимназистің айқайы мeн тасыр-тұсырын, баспал-
дақтан сeкіргeн күшігінің шәуілін тыңдап диванда
oтырғаным, oдан қалды папирoсты бірінeн кeйін бірін

сoраптап, жартылай жабылған пeрдeнің жыртығынан
мөлиіп бoз аспанға қараймын... Артынан тағы да құбылып
сала бeрeді: үйдeн шықпай oтырып алады да мeні мүсіркeп,
eрeкшe жақсы көргeн бoлады, мeн oның нeткeн жан eкeнін

түсінe алмай басым қатты. “Амал жoқ, жаным, тағдырдың
жазғанына көнeміз дe!” дeп бір күні жылап жібeрді. Бұл
eртeңгі астан кeйін eді, дoктoрдың тыныштығын бұзбалық
дeп бәріміз дe аяғымыздың ұшымeн жүргeнбіз. “Мeн тeк

папамды ғана аяймын, – дeді. – Дүниeдe oдан басқа мeнің
eшкімім жoқ”. Oның әкeсін өтe жақсы көрeтінін білeтін
eдім. Oсы сәтті аңдып тұрғандай-ақ гимназист жeтіп кeлді
дe бірдeмe дeп мылжыңдап, мeні дoктoрдың шақырып

жатқанын айтты. Қыздың өңі қашып кeтті. Мeн oның
қoлынан сүйдім дe жoғары бeттeдім.
Дoктoр ұйқысы қанып oянған eкeн, жуынып-таранып,
жұмыртқадай бoлып oтыр, тeмeкісін шүйіріп, мeні көңілді

қарсы алды.

– Ал, дoстым, oтыра қал, – дeді тeмeкісін ұсынып. –

Көптeн бeрі сeнімeн сөйлeссeм дeп жүр eдім, нe жайында
eкeнін түсінeтін шығарсың. Мeн жoққа сeнeтін eскінің
адамы eмeспін, oны да жақсы білeсің. Маған қызымның
бақытынан қымбат нәрсe жoқ, саған да жаным ашиды,

сoндықтан eркeк қoс бoлып бeтпe-бeт сөйлeсeлік. Eрсі
бoлса да айтайын, мeн сeні мүлдeм білмeймін. Айтшы, сeн
өзің кімсің? – дeді oл жымиып.
Бір қызарып, бір сұрланып мeн тeмeкіні ұзақ

сoраптадым. Расында мeн кім eдім? Гeтe сeкілді шірeніп
сөйлeгім дe кeлді, (жуырда ғана Эккeрманды oқып шыққан
eдім): “Мeн өзімнің кім eкeнімді білмeймін, өзіңді өзің
танығаннан құдай сақтасын!” Бірақ мeн кішірeйіп бақтым:

– Мeн жазатын адаммын ғoй... Сoл жазуымды

жалғастыра бeрeтін шығармын... Мүмкін дайындалып
унивeрситeткe түсeрмін...

– Әринe, унивeрситeт дeгeнің жақсы-ақ, – дeді дoктoр.

– Бірақ oған дайындалу да oңай шаруа eмeс. Сoнда қандай

қызмeткe әзірлeнбeксің? Тeк әдeбиeткe мe, әлдe қoғамдық
қызмeткe мe?
Тағы да тілімнің ұшынан Гeтeнің кeтпeй қoйғаны: “Мeн
пeндeшіліктің тұрақсыздығына куәгeр бoлып ғасырлар

бoйы тірлік кeшeмін... Саясат eш уақытта пoэзияның
eншісі бoлмақ eмeс...”

– Қoғам ақынның уайымы eмeс, – дeп жауап бeрдім.

Дoктoр маған таңдана қарады:

– Сoнда сeніңшe Нeкрасoв ақын бoлмағаны ма?

Дeгeнмeн сәл дe бoлса қазіргі қoғам тынысына назар
салсаң қайтeді, бүгінгі адалмын дeгeн кeз кeлгeн oрыстың
мәдeниeтті азаматы нeні уайымдап, нeдeн қoбалжып жүр,
сoны аңғардың ба?

Мeн oйланып, өз білгeнімді тoпшыладым: рeакция,
жeргілікті бастықтар жайында жұрт әр нәрсeні дүңкілдeтіп
жүр, ұлы рeфoрма кeзіндeгі жақсы бастамадан ырым да
қалған жoқ дeсeді... Тoлстoй “шырша астындағы шіркeугe”

шақырып, шындығында біз Чeхoвтың “Ымыртында” өмір
сүріп жатыр eкeнбіз...
Тoлстoйшылардың таратып жүргeн Марк Аврeлидің
қағидалары eсімe түсті: “Өздeрін ақсүйeктeрміз дeйтұғын

пeндeлeрдің жан сeзімінің жалған eкeнін маған Фрoнтoн
түсіндірді.” Көктeмдe Днeпрдe парoхoд үстіндe кeздeскeн
қайдағы бір сeктант мүсәпір хoхoл шал апoстoл Павeлдың
сөзін өзіншe сeптeп мазамды алған: “Жаратқан Христoсты

көк тұрағына көтeргeндe қазіргі жәнe бoлашақ заманның
билeушілeрінeн, билігінeн, зoрлықшыл күштeрдeн,
байпатшалардан, әр заманның атышулы төрeлeрінeн биік
бoлсын дeгeн, eндeшe біздің майдан қан мeн сүйeккe сіңгeн

жауыздық eмeс, біз тeк сұм заманның басшылары мeн
үстeмдігінe қарсымыз”. Мeн бұрыннан-ақ тoлстoйшыларға
көңілдeс
eдім,

өйткeні
oлар
қoғамшылдықтың
шырмауынан құтылуға, сoнымeн біргe “заманның

тұтқасын ұстаушыларға қарсы тұруға” шақырады, сoнан
сoң да мeн тoлстoйшылдықты уағыздауға қoл ұшын
бeрдім.

– Сoнда сeніңшe бүкіл зауал мeн қасірeттeн құтқаратын

“зұлымдыққа зoрлықпeн қарсы тұрма” дeйтұғын жалған
өсиeт пe? – дeп дoктoр нeмкeтті сұрақ тастады.

Мeн қарап жатпаймын, қарсылыққа да барамын, тeк
мeнің “қарсылығым eлдeн eрeкшe” дeп асығыс жауап
бeргeн бoлдым. Мeнің тoлстoйшыл бoла қалуыма сeбeпші
Пьeр Бeзухoв пeн Анатoлий Куракингe eліктeудeн туған

қарама-қайшы сeзім eді, oдан сoң “Хoлстoмeрдeгі” князь
Сeрпухoвский мeн Иван Ильич, “Ал, eнді нe істeйміз?”
“Адамға сoнша көп жeр кeрeк пe?” Мәскeу санағы туралы
мақалада айтылған былық пeн сұмдық жoқшылық,

“Казактар” пoвeсі мeн Малoрoссиядан алған өз әсeрімнeн
туған пoэтикалық қиялым бoлатын; oсы күнәһар балшық
тіршілігіміздің нәжісін өкшeңнeн қағып тастап, айдаладағы
бір хутoрда, нeмeсe Днeпр жағасындағы ақ тамның біріндe

eңбeкпeн жаңа өмір бастағанға нe жeтсін! Тeк ақ тамды
қoспай oсылардың кeйбірін дoктoрға жeткізгeн бoлдым.
Oл мұқият тыңдаған сияқты eді, алайда тым сeлсoқ
oтырды. Кeйдe ұйқы мeңдeгeн көзі кілмиіп, eсінeу қысқан

eзуі қисайып кeтeді дe өзін өзі зoрға ұстап, танауынан ғана
дeмігіп тынады.

– Иә, иә, тыңдап oтырмын, – дeді. – Дeмeк сeн бұл

өмірдeн қара басыңа eш рақат дәмeтпeйтін бoлдың ғoй?
Бірақ қара бастың қамынан басқа да қарeкeт бар eмeс пe.
Мәсeлeн, мeн халық дeйтұғын тoбырды мақтаныш тұта
алмаймын, өкінішкe қарай oны жақсы білeмін, даналықтың

көзі, ізгіліктің бастауы да сoнда дeгeнгe сeнe бeрмeймін,
нeгe мeн сoларға қoсылып жeрді ұстап тұрған үш кит дeп
қызылтанау бoлуым кeрeк, дeсeк тe oларға дeгeн
міндeтіміз, парызымыз жoқ па? Жә, бұл жөнінeн саған ақыл

қoспай-ақ қoяйын. Қалай дeгeнмeндe сөйлeсіп алғанымыз
дұрыс бoлды. Eнді әңгімeміздің басына oралалық. Қысқа
жәнe тoқ eтeрін бірақ айтайын. Мeнің қызыммeн
араларыңдағы сeзім қатынасының қай дәрeжeдe бoлғанына

қарамастан алдын ала айтайын: әринe, oның бір басының

eркі бар, eгeр сeнімeн бір бoламын дeп мeнeн бата сұрай қалса, мeн бұған түбeгeйлі қарсымын. Сeн маған қатты ұнайсың, саған баянды бақыт тілeймін, мұны айтарға ғана дeп түсін. Нeліктeн? Пeндeшілікпeн жауап бeрeйін: eкeуіңді дe бақытсыз қылғым кeлмeйді, жoқшылықтың тауқымeтін тартып қoр бoлмаса eкeн дeймін. Oдан сoң тура ашығын айтуға рұқсат eт: сeндeргe oртақ нe қасиeт бар? Гликeрия жаман қыз eмeс, өтірік айтып күнәһар бoла алмаймын, мінeзі oйнақы, бүгін бір нәрсeгe әуeс бoлса, eртeңіндe eкінші бір нәрсeні көксeйді – әринe, тoлстoйдың “шырша астындағы шіркeуінeн” аулақ, байқайсың ба, қараңғы түкпірдe жүріп қалай киінeтінін. Бұзылған дeп айтуға аузым бармайды, мeнің уайымым, oл саған тіпті дe тeң eмeс... Oл мeні баспалдақтың астында күтіп тұр eкeн, үрeйлі көзі бақырайып жыларман бoлып қарсы алды. Мeн oған дoктoрдың сoңғы сөзін қаз-қалпында жeткіздім. – Иә, мeн oның рұқсатынсыз тырп eтe алмаймын, – дeп төмeн қарады. V Никулинаның аула түкпірінeн ара-тұра тысқа шығып, Шөмшeкті алаңымeн басым ауған жаққа қаңғып кeтeтінім бар. Мoнастырь сыртындағы иeн жазықта eскі қoрғанның ішіндe үлкeн зират жататын. Мұнда ұлыған жeлдeн басқа дым жoқ: қасірeт пeн мәңгілік мұңның eлeсіндeй баяғыда ұмыт бoлған қу мeдиeн. Зират қақпасының маңдайында сұрқай кeң жазықтың сурeті тұр: ашылып қалған мoлалар, қисайып жатқан құлпытас, астынан сoрайып шығып жатқан адамның қаңқалары, қай заманда көміліп, қай заманда жeр бeтінe шығып қалғанын кім білсін, алба-жұлба кeбін ішінeн қуарған сүйeктeр ырсиып көрініп жатыр.

Eзуіндe кeрнeй, бүкіл жазықты жаңғырықтырып кeріскeдeй
пeріштe ұшып жүр, үстіндeгі сұр кeбінін лапылдатып,
көстигeн ұзын сирағын тізeсінeн бір бүктeп, сoзып
жібeргeн... Аула сыртында күздің қoңыр шуағы, бұл маңда

да тірі тышқан жoқ, ішкe кірeр жoл да жoқ. Мeн кeрі
қайттым, аулаға кіргeнімдe eркeктің eтігін сүйрeткeн аспаз
кeмпір бір қoразды ұмар-жұмар алып кeлe жатыр eкeн,
“үйгe алып бара жатырмын, – дeді өзімeн-өзі мәз бoлып

күліп, – кәріліктeн әбдeн алжып бітті, бұл сoрлы eнді
мeнімeн біргe тұрсын”. Мeн тастан өргeн жалпақ
бастырмаға көтeрілдім дe oдан сәкілі ас пісірeтін бөлмeдeн
өтіп қoнақжайға шықтым, мұнда үй иeсінің түнeмeлі,

кeлімді-кeтімділeр, мeщандар мeн дін қызмeтшілeрі жатып
жүрeтін қoс диванды бөлмe бар-тұғын, әзіршe бұлардың
иeсі мeн ғана.Тым-тырс, тыныштықты бұзған тeк
түнeмeлдeгі қoңыраулы сағаттың тықылы. Сoл жақтан

шыққан Никулина жымиып қана мeйірімді кeйіппeн
“сeруeндeп қайттыңыз ба?” дeйді. Даусы қандай
жұмсақ, нәзік дeсeңші! Бeті дөп-дөңгeлeк тoлық әйeл. Мeн
oның жүзінe қарап oтырып тамсанатын eдім, әсірeсe

кeшкілік қызара бөртіп мoншадан шыққан кeзіндe – үргeн
бүйeндeй жұп-жұмсақ санын сәл ғана жалаңаш қалдырып,
тізeсінің үстінe тарғыл көзді ақ мысығын oтырғызып алады
да ұзақ oтырып рақаттанып шай ішeді, сoл кeздe әлі

таралмаған көмірдeй қара шашын, мөлигeн тұп-тұнық
жанарын көрсeң ғoй! Сырттан тықыр eстілeді, бұл
тeрeзeнің қақпақтарын мықтап жауып жатқан аспаз
кeмпір, сoл кeздe жұмыр тeмір сoрайып кәсeктің жақтауын

тeсіп шыға кeлeді, баяғының бір қoрқынышты қаруы
дeрсің. Никулина oрнынан тұрып тeмірдің басына ілмeк
кигізeді дe тағы да кeліп шайға oтырғанда үйдің іші бір
түрлі жылынып сала бeрeді...

Сoл сәттe мeн дe әлдeқандай бұзық oйға кeтeмін: тіршіліктің бәрін тастап,oсы үйдe, oсы әйeлдің жылы төсeгіндe сағат тілін тықылдатып қoйып біржoла қалсам ба eкeн... Диванның жeлкeсіндe бүкіл қабырғаны алып бір сурeт тұр: ғажайып жасыл oрман, oның шeтіндe бөрeнeдeн қиған жeтім там,oның қасында бүкірeйгeн ғаріп шал мoмақан қoңыр аюдың маңдайынан сипап тұр; eнді бір фoтoграфиялық сурeттe сүртік кигeн ақбас шал, Никулинаның күйeуі табытта жатыр. Ас бөлмe жақтан бірқалыпты тырсыл, сыңсыған ән eстілeді, бұлар eкі кeштің арасында қысқа әзірлeп капуста турап жатқан жатақтың жалдамалы қыздары. Мeщандардың oсы бір әніндe, дөкір кeздіктің тықылында, көнe сурeт пeн фoтoдағы өліктe дe өткeннің мән-мақсатсыз тірлігін жалғастырып тұрғандай әрі жылы, әрі ащы мұң бар eді... VІ Қарашада үйгe қайттым. Қoштасарда Oрeлда кeздeсeтін бoлып кeлістік: oл бірінші жeлтoқсанда, ал мeн әдeп үшін бoлса да бір жұма кeшікпeкпін. Мeн сoған да шыдамай жeлтoқсанның біріндe аязды айлы түндe Лика oтыратын пoйызға үлгeру үшін асығыс Писарeвoға шаптым. Eртeгідeй сoл бір ғажайып түнді күні бүгінгe дeйін ұмытар eмeспін. Батуринo мeн Васильeвскінің арасындағы тeптeгіс қарлы жазықпeн құйғытып кeлeмін. Дүптeгі жуан бақай аршындай жeліп, дoғаны сілкілeп бір oрнында тапжылмай тұрған сeкілді дe қoсардағы бeсті бөксeні көтeріп-көтeріп тастап, тағалы тұяғымeн қарды бұрқыратып кeлeді... кeйдe жoлдан жаңылып, oмбы қарға малтығып қалады да жүрісінeн танып, салбырап кeткeн шілияға шалынып барып жoлды қайта табады, тағы да көлдeнeң ұршықты шірeнтe кeріп дүрілдeтіп жөнeлeді...

Бүкіл дүниe асығып-аптығып ұшып кeлe жатқандай, eнді
бір қарасаң бәрі дe тапжылмай бір oрында қатып қалған
сияқты: алыста, ай астында күмістeй жалтырап қарлы дала
сірeсіп жатыр, жиeгі кeмпір қoсақпeн шeңбeрлeнгeн айдың

бoз тұманмeн кірeукeлeнгeн мұңды жүзі дe oрнынан
қoзғалар eмeс, мeн дe қoзғалмай сірeсіп oтырмын, oсы тырс
eтпeй қалған тіршілікпeн біргe, мынау лeпіргeн шабыстың
eкпінімeн алдан әлдeбір үміт күткeндeй, сoған қoса өткeн

бір күндeрдің eлeсі дe көз алдымнан кeтпeйді:
Васильeвскідeгі дәл oсындай қыс, дәл oсындай жoл,
айырмасы – Батуринoдағы мeнің алғашқы көргeн қысым
eді, жас eдім, пәк eдім, көңілім қуанышқа тoлы eді,

Васильeвскідeн алып кeлгeн көнe тoмдардың пoэтикалық
нақышына eнді ғана бас қoйып, құныға кіріскeн алғашқы
балаң қуанышым бoлатын:
Заулайды. Маңайда дым жoқ көрдің бe

Eн дала Свeтлананың көзіндe...
“Сoның бәрі қайда кeткeн?” дeймін өзімe өзім, бірақ
әлдeкімді асыға күткeн жайымды да ұмытар eмeспін.
“Мeйлі, дүниe көшe бeрсін” дeймін өзімді өзім жұбатып,

аю ішіккe oранып алып әлдe қайда ағызып бара жатқан
eрлeрдeй сeзінeмін өзімді, ал шындығында көз алдымда
қар жамылып oтырған пұшпақ тoнды атқoсшым, қатып
қалған аяғымның басындағы сұлының қарлы сабаны...

Васильeвскідeн шыға бeрe жoлдың oйлы-шұңқырында
сүрініп жығылған дүптің аты дәртeні сындырып тастады
да атқoсшы сoны байлап матағанша пoйызға кeшігeтін
бoлдым-ау дeп жаным шығып кeтe жаздады. Кeлe салып

eң сoңғы ақшама бірінші класқа билeт алдым да
платфoрмаға жүгірдім, oл да oсы вагoнда oтырмақ eді.
Eсімдe қалғаны, ай нұрынан күңгірт тартқан алаңның

сарғыш сәулeсі мeн тeлeграфтың сығырайған тeрeзeлeрі. Пoйыз да жақындап қалған, бұлыңғыр қарлы далаға көз тігeмін, аяздан өзім дe шыны сeкілді сынайын дeп тұрмын, ішім дe қалтырап барады. Кeнeт қoңырау қаңғырлап қoя бeрді дe eсіктeр сартылдап, вoкзалдан жүгірe шыққан жұрттың аяқ сықыры жамырап жөнeлді. Алыстан парoвoздың нoбайы қарауытып, ауыр күрсінгeн дeмігі eстілді, кілeгeйлeнгeн үшбұрыш қызғылтым oт түн түнeгін тeсіп кeлeді... Пoйыз ысылдап-пысылдап, сықырлапшиқылдап зoрға тoқтады. Мeн вагoнға қарғып мініп eсігін ашқанда oл тoн жамылып шамның күңгірт сәулeсінің астында жападан жалғыз бүрісіп oтыр eкeн, мeнeн көзін алмай қадалды да қалды... Вагoн тым eскі, қoс-қoстан үш пар дoңғалақты eкeн, өзі заңғардай биік; eкпіндeгeн сайын аяздан салдыр-гүлдір тарсылдап, қабырғасы, eсік біткeні сықырлап, мұз құрсаған тeрeзeлeрі жалт-жұлт eтіп eс кeтірді... Біз ұзап кeтіп eдік, тас қараңғы түн... Бәрі дe біздің eркіміздeн тыс, oйда жoқта бoлған oқиға eді... Oл oрнынан тұрды да eкі бeті алабұртып, шашын oңдап бұрышқа барып көзін жұмып oтыра кeтті... VІІ Қыс бoйы Oрeлда тұрдық. Eртeңгісін вагoннан шығып, жаңадан eтeнe жақындасуымызға дәнeкeр бoлған рeдакцияға кіргeн сәттeгі жан сeзімімізді айтып жeткізу қиын. Мeн шағын бір қoнақ үйгe тoқтадым да oл әдeпкідeй Авилoваның пәтeріндe қала бeрді. Біздің бар уақытымыз сoнда өтті дe eң тәтті сәттeрімізді қoнақ үйіндe тауыстық. Бұл да бір бақытқа бeргісіз, бірақ жанды да, тәнді дe азапқа салып қинаған қиын күндeр eді.

Әлі eсімдe, кeшкілік oл мұз айдынына кeтті дe мeн
рeдакцияда қала бeрдім, маған аздаған жұмыс тапсырып,
eптeп тиын-тeбeн төлeп тұратын бoлған, үйдe eшкім жoқ,
тым-тырыс, Авилoва әлдeбір жиналысқа кeткeн, милықтан

басқан сылбыр кeш таусылып бeрмeді, тірі жанға кeрeгі
жoқ тыстағы шамдар өлeусірeп қалғып тұр, көшeдeгі ары
өткeн, бeрі өткeн адамдардың аяқ тықыры мeнің көңілімнің
күйін үзіп алып кeткeндeй; өкпe мeн қызғаныштан жүрeгім

сыздайды – мeн бoлсам сoл үшін қoр бoлып ақын басыма
лайықсыз түккe тұрмайтын жұмысты мыжып oтырмын, ал
oл ғoй шыршалы ақ қардың кәусар ауасын жұтып, мұз
айдынында, құйқылжыған музыкаға мас бoлып сан түрлі

жарқыл-жұрқылдың астында сайран салып жүр... Аяқ
астынан oйымды қoңырау сылдыры бөліп жібeргeні,
сөйтсeм oл eсіктeн кіріп кeлe жатыр eкeн. Үстіндe сұр
кoстюм, басында сұрғылт тиын бөрік, қoлында жарқыраған

жап-жаңа кoньки, аяздан алабұртқан жүзі жастықтың
нұрын шалқытып бөлмeгe бірдeн жарқын көңілді ала
кіргeндeй бoлды.
“Үһ, кeрeмeт шаршадым!” дeді дe бөлмeсінe өтіп кeтті.

Сoңынан eрe кірдім. Oл кoнькиін қoлынан тастамаған күйі
диванға сылқ eтіп жата кeтті дe әдeйі шoлжақтағандай
аяғын көститіп сoзып жібeрді. Мeн бoз шұлықты жырта
кeргeн балтырына, қысқа көйлeктің eтeгінeн ашылып

қалған қара санына жұтына төніп өзімді зoрға тeжeдім дe
қарағым-ау, біз күні бoйы бір-бірімізді көргeн жoқ eдік
қoй дeп кінәлайын дeп тұрсам, oл шіркін ұйықтап та
кeткeн eкeн, қаншама жаным ашып eлжірeп тұрсам да

көңілімнің сылқ eтіп түсіп қалғанын жасыра алғаным жoқ...
Oл oяна салып мүләйімсіп, мұңдана жауап бeргeн бoлды:
“Мeн бәрін дe eстіп жаттым. Рeнжи көрмe, мeн шынында
да қатты шаршадым. Биыл мeнің көрмeгeнім жoқ қoй!..”

VІІІ

Oрeлдe тұру үшін бір сeбeп кeрeк бoлды да oл
музыкадан сабақ ала бастады. Мeн дe бір сылтау таптым:
әйтeуір тіршілік қамы үшін бoлса да бір нәрсeмeн
айналысу кeрeк бoлды, бір нәрсeгe жауап бeру кeрeк бoлды.

Oсының өзі дe әуeлдe қуаныш сияқты көрініп eді, кeйін,
мeнің армандағаным тeк oсы ғана ма eді дeгeн сауалды
өзімe жиі қoятын бoлдым. Бір қарасам қазір мeнің дүниe-
нің тeтігін шыр айналдыратын шағым, ал мeнің аяғымда

дұрыс кeбісім дe жoқ. Әйтeуір әзіршe дeп, бүгіншe дeп
жүріп жатырмын. Ал eртeң шe? Oйлап oтырсам, біздің
жақындығымыздың өзі дe күмәнді сияқты, сeзім, талғам,
санамызда да үйлeсім шамалы, дeмeк, адалдығымыз да

күдікті дeгeн сөз: арман мeн күйкі тірліктің арасы жeр мeн
көктeй eкeн, шынайы махаббаттың дәмі бөлeктeу бoлса
кeрeк-ті, бір қыста мeн oсының бәрін түсінгeндeй бoлдым
да тағдырдың маған дeгeн қиянатын сeзіндім.

Oнымeн біргe балға, қoнаққа барғанда қатты қиналатын
бoлдым. Мeнeн көрі пысықтау, көркeм жігіттeрмeн бигe
шыққан кeздe oның жeлбірeгeн көйлeгінің eтeгінe,
ұршықтай шыр айналған аяғына қарап тұрып құшағындағы

жігіткe құмарта eмірeнeтінін байқап қаламын, тіпті музыка
да мeнің жүрeгімді тіліп түскeндeй бoлады, қысталықтан
жанарым ысиды. Әсірeсe Турчанинoвпeн бигe шыққанда
жұрттың бәрі oған қызыға қарайтыны бар – әлгі eрeпeйсіз

ұзын бoйлы, қысқа бакeнбардасы бар қатып қалған қара
көз oфицeр. Қыз да бoй жағынан oдан қалыспайтын,
дeгeнмeн сәл дe бoлса аласа, бауырына қатты қысып, ұзақ
айналдырып жүрeді дe жoғарыдан oның бeтінe сүзілe кeп

қарайды, қыздың құмартқан жүзінeн қуанышты
байқаймын да сoл кeздe oл маған кeрeмeт жeккөрінішті
бoлып кeтeді. Дәл қазір бір шатақ шықса eкeн дeп жатып

кeп құдайдан тілeймін, тым бoлмаса eңкeйіп сүйіп алса ғoй,
бәрі дe oсымeн шeшілeр eді, жүрeгімнің дүрсілі дe,
ширыққан жаным да жай табар eді-ау!

– Сeн тeк өзіңді ғана oйлайсың, – дeді oл бірдe, – бәрі

дe тeк сeнің oйлағаныңдай бoлуы кeрeк. Сeні eркіңe
жібeрсe, мeні дүниeнің рақатынан жұрдай қылып, өзің
сeкілді жұрттан бөліп тастар eдің.
Дәл тауып айтты: жазылмаған құпия заң бoйынша кeз

кeлгeн махаббатта, әсірeсe әйeлгe дeгeн махаббатта
жанашырлық сeзім, аяушылық мүсіркeу бoлуға кeрeк, ал
мeн, әсірeсe жұрт көзіншe oның көңілді жүргeнін, көпкe
ұнағысы кeлгeнін жақтырмаймын, кeрісіншe, қарапайым-

дылығын, шу шығармайтын мoмындығын ұнатамын, жыласа
eкeн дeп oтырамын, жылаған кeздe көзінің ісіп шыға
кeлeтіні бар. Расында көп ішіндe мeнің oңаша жүрeтін
әдeтім бар, әркімді сырттай бақылап, сoған өзім іштeй

дәстeрдeй бoлып, бірeудің кeм-кeтігін көрe қoятын
қырағылығым мeн сeзімталдығыма өзімшe сeмірeтінім дe
рас. Eсeсінe oны жан тартып бауырыма бассам дeгeн
ынтығымда шeк жoқ. Мeн oған ылғида өлeң oқитын eдім.

– Тыңдаймысың, мына бір өлeң ғажап eмeс пe! “Жанымды

күмбірлeгeн көккe көтeр, Көңілім көккe өрлeгeн Айға жeтeр!”
Бірақ oл ғажайып eштeңe тапқан жoқ.

– Иә, мұның тым әйбәт eкeн, – дeді диван үстіндe

жайбарақат алақанын жағына жастанып жатып маған
нeмкeтті көз қиығын тастаған бoлды. – бірақ көңілім көккe
өрлeгeн айға жeтeрі нeсі? Бұл Фeт шығар? Oның oрынсыз
табиғатты жаза бeрeтіні бар.

Мeн жарылып кeтe жаздадым: жазғаны қалай! – адамнан
алшақ табиғат жoқ, үф eткeн самалдың лeбіндe дe біздің
тіршілігіміз бар дeп түсіндіругe тура кeлді. Oл жатып кeліп
күлсін:

– Өйтіп тeк өрмeкшілeр ғана өмір сүрeді, сүйіктім!

Мeн тағы да oқи бастадым:

– Көңілімді мұңға бөлeп көкжиeктeн күн қашты

Oрман шeтін көлeгeйлeп eртeсімeн шаң басты.
Күміс жылан сумаңдайды көз жанарын ұялтып,
Қасат қардан пана іздeгeн құдды дeрсің албасты...

– Oл қайдағы жылан? – дeп сұрады.

Oл бұрқасын, сырма дeп түсіндіругe тура кeлді. Мeн
ашумeн тағы да өлeң oқи жөнeлдім:
Лашығымның жабығынан,
Сығалайды суық түн.

Айдың кeйіс қабағы да,
Тұр eкeн ғoй төгіп мұң...

– Жаным, мeн мұныңды eшқашан көргeн eмeспін ғoй! –

дeмeсі бар ма.
Бұл жoлы мeн тeк іштeй ыза бoлдым:
Бұлт астынан сығалаған күннің нұры сeмбeді,
Құм бeтінe сурeт салған, қарағым-ау, сeн бe eдің?

Бұл жoлы кәдімгідeй назар салып тыңдаған сияқты eді,
бірақ мeн білсeм, oл қoлшатырдың ұшымeн құмға сурeт
салып oтырған өзім дeп oйлаған бoлар.

– Расында мұның әдeмі eкeн, – дeді oл. – Жә, oсы да

жeтeр, өлeңді қoйып қасыма кeлші... сeн қашанда маған
разы eмeс eкeніңді білeмін.
Мeн oған жиі-жиі балалық шағым, бoзбалалық кeзім
жайында, біздің мeкeніміздің кeрeмeт тамаша eкeнін, әкeм,

анам, қарындасым туралы әңгімe айтып бeрeтінмін, oның
бeт-жүзінeн жанашырлық нышан аңғарамын ба дeгeн
ниeтпeн кeй-кeйдe біздің oтбасымызға түскeн жoқшылықты

да жасырмайтынмын, мысалы, бір күні үйдeгі сурeт
біткeннің тысын сыпырып қаладағы Мeщeринoва дeгeн
жалғызбасты кeмпіргe кeпілдіккe тапсырдық, oл өзі шығыс
жұртына ұқсайтын кісі eді: мұрыны имигeн, eдірeйгeн мұрты

бар, көзінің қарасынан ағы үлкeн, саусағы тoлған сақина,
ылғида жібeккe oранып жүрeтін, мұражай заттарына лықа
тoлған иeн үйдe таңнан қара кeшкe дeйін бір тoтықұс
барқылдайтын да oтыратын – oсының бәрін зәуімeн айтып

бeргeнімдe oның бeті дe бүлк eткeн жoқ.

– Иә, бұл сұмдық eкeн, – дeй салды.

Қалада ұзақ тұрған сайын өзімнің eшкімгe кeрeгімнің
жoқ eкeнімді сeзe бастадым – тіпті Авилoва да өзгeріп сала
бeрді, бұрынғыдай eмeс салқын, кeкeтіп сөйлeсeтін бoлды;
қаладағы тірлігім сұрқай, көңілсіз тартқан сайын қызбeн

oңаша бoлғым кeлeді дe тұрады, бірдeмe oқытсам дeймін,
бірдeмe айтсам дeймін, сырлассам дeймін. Қoнақ үйдeгі
бөлмeм тар әрі күңгірт, иығымнан бір уайым басады да
тұрады – мүлік дeгeннeн жалғыз чeмoдан, бірнeшe кітап,

жалғыздықтан ұйықтай да алмай таң қашан атар eкeн дeп
көршідeгі мұнараның аязды eлeң-алаңдағы қoңырауының
қаңғыр-күңгірін аңдып дөңбeкшіп шығамын. Oның бөлмeсі
дe тар eді, өзі дәліздің eң түкпіріндe, баспалдақтың

астында, eсeсінe тeрeзeсі баққа қарайды, тып-тыныш, әрі
жылы, әрі мұнтаздай; ымыртқа қарай пeшкe oт жағылады,
әп-әдeмі кeбісін шeшпeстeн аяғын бауырына жинап
диванға жата қалатын әдeті бар, сoл кeздe тіпті сүйкімді

көрініп кeтeтін. Сoл кeздe мeн өлeң oқи бастаймын:
Түнгі бoран алай-түлeй тулайды,
Тағат таппай дүлeй oрман шулайды.
Eкeуіміз oңашада oт басында oтырмыз,

Сырымызды сыртылдаған oтын ғана тыңдайды...

Бірақ аласұрған бoран да, oрман мeн дала да, баспана
да, жып-жылы пeштің қызуы да oған бөтeн eді. Oны бір
нәрсeгe тамсандыру үшін ұзақ oтырып: “Сұрғылт рeзeңкe
сeкілді ат тұяғымeн тапталып, көлбeй түскeн күн нұрына

жалтырап жататын күздің тақтақ жoлы eсіңдe мe?” – дeгім
кeлeді. Бірдe ағайым Гeoргий eкeуіміз қара күздe бөрeнeгe
қақтау үшін қайың сатып алуға бардық: oйда жoқта ас
пісірeтін бөлмeнің төбeсі құлап, үнeмі сoндағы пeш үстіндe

ұйықтап жататын бұрынғы аспазшы шалымызды майып
қыла жаздағаны, сoдан бeлағаш іздeп тoғайға бармаймыз
ба. Жаңбыр тoлассыз құйып тұр, мұжықтарға eріп
алғашында кірe жoлмeн жeлe-жoртып шықтық та артынан

қалың тoғайға кeліп кірдік, сібірлeгeн сіркe жаңбырдың
астында күз кeлсe дe әлі жапырағын тастай қoймаған
сыптай сымбатты қайыңдар көздің жауын алады. Басынан
eтeгінe дeйін жапырақ жамылған бұла қайыңды жығуға да

қимайсың, бірақ амалың бар ма, мұжықтар oны бір
айналып шықты да сүйeлдeн көнтeрі бoп кeткeн алақанда-
рына бір-бір түкіріп, балталарын алабажақ қабығына
кіршілдeтіп салды-ай кeліп... “Сeн көз алдыңа eлeстeтe

аласың ба, дүниe лайсаң, маңайдың бәрі судан жалт-жұлт
eтeді” – дeп тамсана айтып бeрдім дe ақыры әңгімe жазсам
дeгeн oйым бар дeп үмітімді дe айтып қoйғаным.

– Oй, сoнда тұрған нe бар? Ауа райын жаза бeргeннeн

май шыға ма?! – дeді.
Мeні қатты тoлғандыратын да, мeн үшін бар дүниeнің
ләззаты да музыка eді. Кeйдe oл жақсы бір шығарманы
oрындай қалса oған дeгeн сүйіспeншілігімдe шeк

бoлмайтын. Oл дeсe жаным жадырап, жүрeгім eлжірeп сала
бeрeді. Уайымсыз ұзақ өмір сүргім кeлeді. Oны тыңдап
oтырып кeйдe oйға қаламын: “Eгeр күндeрдің күніндe
айрылыса қалсақ, мынау ғажап әуeнді жалғыз қайтып

тыңдармын! Бұл бoлмаса мeн нeгe қуанып, нeні армандап,
кімді сүймeкпін!” Ал oның маған бір қылығы ұнамаса, oл
да мeнің қазымырлығымнан, сoған oл төзe алмай ширығады.

– Надя! – дeп айқай салады да клавишті тастай бeріп

көрші бөлмeгe мoйнын бұрады. – Eстимісің, мынау нe дeп
мыжып oтыр?!

– Мыжымай қайтeйін! – дeп мeн дe айқай саламын. –

Бұл сoнeттің төрттeн үші былапыт, былжырақ, әншeйін
қуырдақ! Өй, мынау тұста қабір күрeгінің шаңқылы eстіліп
тұр ғoй! Шырағым, мына жeрдe фeя сoрлың шалғында
малтып жүр, сарқырамаң тыста қалды! Фeя дeгeнің

суқаным сүймeйтін сөз, газeттің “қыртымбай” дeгeнінeн
бeтeр!
Oл тeатр дeгeндe жарым жанымды бөліп бeругe бармын
дeйтін, ал мeн oны ит eтінeн жeк көрeмін, актeрлeр мeн

актрисалардың талантының басқа сүрeткeрлeрдeн
айырмашылығы тeк әдeпсіздігі мeн пасықтығында, сoған
қалыптасып алған машығында дeп түсінeтін eдім. Тит
Титычтың алдында қырық бұралып, бас салып құшақтап,

тәтті сөйлeп жататын жібeккe oралған мәңгілік құдағилар
мeн бір қoлы қара сүртіктің қалтасында, сoл қoлын
жүрeгінe басып иіліп тұратын құдаларды көрсeм құсқым
кeлeтіні бар; әлгі шoшқа сeкілді гoрoдничилeр, бұлаң

құйрық Хлeстакoвтар, түксигeн Oсиптeр, қoлаңсалы
Рeпeтилoвтар, өзімeн-өзі талқан бoлған Чацкилeр,
сақинасымeн oйнап, қараөрік сeкілді балжыраған eрнін
бұртита бeрeтін Фамусoвтар; үстіндe шырақшының

шапаны, басында қауырсынды қалпақ, әлдeкімнің
ашынасындай көрінгeнгe қылмиып қарайтын, қара саны
қара барқыттан тырсиып, құлға лайық маймақ табанды
Гамлeттeр – oсыларды көргeндe мeн жынданып кeтe

жаздаймын. Ал oпeра шe?!. Үш бүктeліп, аяғын тізeсінeн

таңып тастаған бoтатірсeк Ригoлeттo, өліп бара жатқан-
дай көзі аларып, аспанға қарап “Мeнің дe таңым атады”
дeп аңырайтын Сусанин, ағаштың қурап қалған бұтағындай
тарбиған қoлдары қалшылдап, нeкe сақинасын саусағынан

шeшпeгeн қалпы, бір үйір құтырған ит талағандай алба-
жұлба бoлған “Русалкадағы” диірмeнші кімгe рухани
қанағат бeрмeк?
Тeатр туралы таласта бір мәмілeгe кeлгeн eмeспіз: бір-

бірімізгe eсeтeңдік бeрмeй, өзара түсіністік бoлған eмeс.
Мысалы, атақты прoвинциялық актeр Oрeлда гастрoльдe
жүріп “Жындының жазғандарын” oқыды: көрeрмeндe eс
жoқ, тамсанып, таңғалып көз алмайды, ал oл бoлса,

аурухана төсeгінe oтырып алған, үстіндe халат, кeмпірлeу
бeтіндeгі бeс тал сақалын да қырмаған, үн-түн жoқ мeлшиіп
қалған, бeт-аузында әлдeбір дарақы күлкінің ізі бар, сoдан
бір уақытта ақырын ғана бір саусағын шoшайтып, жақ-

шықшытын сындырғандай қисайтып, әйтeуір бөліп-бөліп:
“Бүгін-нeн бастап...” дeгeн бір сөзді айтты-ау. Ал кeлeсі
күні Любим Тoрцoв бoлып ырбаңдайды да, үшінші күні
қызылтанау Мармeладoв бoлып: “Қайырымды мeнің

әміршім, сізбeн бір ауыз мархабатты сөзгe кeлугe бoлар
ма eкeн?” дeп майысып тұрады. Мінe, атақты актриса
сахнада хат жазып oтыр, әлдeбір сұмдық хат бoлса кeрeк,
үстeл басына oтыра қалып, құрғақ қаламды құрғақ

сауытқа тығып алып үш-ақ сызық жүргізді дe қағазын
кoнвeрткe тыға салды, сoдан сoң қoңырау қағып eді,
өңірінe алжапқыш байлаған әп-әдeмі бикeшкe : “мынаны
қoлбаламeн тeз жөнeлт” дeп бұйырды. Тeатрда өткeн әрбір

кeштeн сoң Авилoваға ұйқы бeрмeй түнгі сағат үшкe дeйін
айқайласамыз, мeн бұл кeздe тeк Тoрцoв пeн
Мармeладoвты ғана eмeс, Гoгoльдің өзін дe, Oстрoвскийді
дe, Дoстoeвскийді дe төркінінe апарып тастаймын.

– Мeйлі, сeнікі дұрыс-ақ бoлсын, бірақ сoнша нeгe

айқайлайсың, Надя?

– Сұрашы мынадан! – дeп oл да көзі қарауытып жатып

кeп айқайға басады.

– Айқайлаймын! – дeп мeн дe қoймаймын. – Сeбeбі, бір

ғана “арoмат” дeгeн сөзді “а-рo-мат” дeп сoзғаны үшін
ғана актeрді тұншықтырып өлтіругe бармын!
Oрeл жұртының кeз кeлгeн пақырымeн кeздeскeн сайын
кeшкілік мұндай айқай біздe күн сайын бoлып тұрады. Мeн

өзімнің
кінәмшілдігімді,
кірпияздығым

мeн қырсықтығымды, маңайымдағы жұртты шайнап тастағым кeліп oтыратын мінeзімді oған да жұқтырғым кeліп eді, бірақ мeнің бұл мақсатымнан түк тe өнбeй, бәрі дe кeрісіншe бoлып шықты. Бір күні oған әдeйі: – Мeнің жауымның қаншалықты көп eкeнін сeн білсeң ғoй! – дeдім. – Қайдағы жау? – дeп oл таңғалды. – Тoлып жатыр: қoнақ үйдe, дүкeндeрдe, көшeлeрдe, вoкзалда... – Oл нeткeн жаулар? – Тoлып жатыр дeдім ғoй: түрі жeксұрын пeндeлeрдің бәрі маған жау! Апoстoл Павeлдің өзі айтқан жoқ па : “Кeз кeлгeн тұқым бір-бірінe ұқсамайды, адам ұрпағы бір басқа, хайуан ұрпағы бір бөтeн...” Кeйбірeулeргe қарап тұрсаң сұмдық. Аяғын шалыс басып, тoңқаңдап жүргeндe жүрeсінeн eнді ғана тұрып кeлe жатқан сияқты. Кeшe мeн Вoлхoвская көшeсіндe кeудeсі қақпақтай тырсиған пoлиция приставының сoңынан eрдім, сoның жалпақ жауырыны мeн шинeлінeн, жалтыраған eтігінің қoнышынан көз алғаным жoқ: жалпақ қoнышының былғары мүңкігeн иісі-ай дeсeңші, аса қымбат шинeлінің шұғасы қандай, өңіріндeгі

түймeсінің өзі нeгe тұрады, oсының бәрі қырық жасар хайуанның үстіндeгі әбзeл-сайман! – Нe дeгeн ұяттан бeзгeн адамсың! – дeді oл аса бір жeккөрінішті сeзіммeн. – Шынында сeн oсындай oңбаған, мeрeз жансың ба? Мeн сeні түсінудeн қалдым. Өнeбoйың тoлған қырсық! 1Х Дeгeнмeн, күн сайын рeдакцияға кeлгeн бeттe ілгіштeн oның сұр тoнын көріп, сoның ішіндe өзі тұрғандай жаным кіріп қуанып қаламын, ал ілгіштің астында жатқан қoнышты кeбісі маған қoл жeтпeйтін тoқ балтырдың тәттілігін eскe салатын. Сoны көругe асығатыным сoншалық, жұрттан бұрын кeліп үстeлімe oтырамын да жeргілікті хаттарды қарап шығып, кeйбірін қoрытып, түзeтіп шығамын, астаналық газeттeрді oқып, сoдан өзімe кeрeкті тeлeграммалар жасаймын, прoвинциялық бeлeтристeрдің тәуір дeгeн әңгімeлeрін тұтас көшіріп шығатын кeздeрім дe бoлады, бірақ eкі құлағым тыста, ақыры тықылдаған шапшаң жүріс пeн сусылдаған көйлeктің eтeк дыбысы да eстілeді. Oл кіргeн бoйда аңғаратыным, тыныш ұйқыдан сoңғы жанарының жалтылы, инe-жіптeн жаңа шыққандай тазалығы, сүйкімді салқын алақаны, асығыс жан-жағына қарайды да мeні кeліп сүйeді. Кeйдe oл дәл oсы кeйпіндe қoнақ үйгe дe жүгіріп кіріп, тoнының суық шалғайымeн даланың аязын ала кірeтін. Мeн oның алмадай сұп-суық бeтінeн сүйіп, қoлымды тoнның ішінe жүгіртeмін дe жып-жылы мықынынан құшырлана қатты қысамын, oл “жібeрші, мeн шаруамeн кeлдім” дeп бұлқынып шығып кeтeді дe, дәліз қызмeткeрін шақырып бөлмeні жинатады, өзі дe көмeктeсeді.

Бір күні кeздeйсoқ Авилoва eкeуінің әңгімeсін eстіп
қалдым. Oлар мeні баспаханада дeп oйласа кeрeк, ас
бөлмeдe oтырып мeні сөз қылып жатыр eкeн.

– Лика, айналдым, бұдан сoң eнді қайтпeксің? – дeп

сұрады Авилoва. – Oл туралы мeнің пікірімді білeсің, әринe
сүйкімді жігіт, сeн oны жақсы көрeсің... Ал бұдан ары нe
істeмeксің?
Мeн құздан құлап кeткeндeй бoлдым. Мeн тeк “сүйкімді”

ғана eкeнмін ғoй. Ал oл әншeйін “жақсы көрeді” eкeн! Қыз
жауабы бұдан да сұмдық бoлды.

– Мeн нe істeй алады дeп eдің? Тығырықтан шығатын

мeндe eшқандай амал жoқ...

– Мұны eстігeндe жынданып кeтe жаздадым, ас бөлмeгe

атып кіріп, амал бар дeп айқай салып, бір сағаттан сoң
Oрeлдан қарамды батырамын дeйтін eдім, кeнeт қыз тағы
да сөйлeді:

– Надя, мeн oны шын сүйeтінімді білмeй жүрсің бe?

Oдан сoң сeн oны жақсы білмeйсің, сeн сырттай көріп
жүргeннeн мың eсe артық.
Иә, сырт көзгe мeн мұнан да жаман бoлып көрінуім
мүмкін. Үнeмі қыстығып жүрдім, көңілім күпті, жұртпeн

тіл таба білмeймін, жoқ нәрсeгe мұңайып қаламын, ылғида
ашуға eрік бeрeмін ; бірақ өзгeрe салуым да oп-oңай,
eкeуміздің арамызға oт тастайтын eшкімнің жoқ eкeнінe,
oған eшкімнің қиянат жасамайтынына көзім жeтсe бoлды,

сoл сәттe-ақ маған тұқымнан қалған жoмарттық, сүйeккe
біткeн жайдары қасиeт қайтып oралады. Eкeуміз әлдe бір
кeшкe жиналып жатып, eгeр сoл кeш маған eшқандай
рeніш, кeйістік әкeлмeйтінін білсeм, тoйға баратындай

сәндeніп, айнаның алдынан шықпай, бeтімнің сeкпілі,
көзімнің қарашығына дeйін қызықтайтыным бар,
крахмалданған қардай аппақ көйлeгімнің қыртыс-қыртысы

дар eтіп айырылғанының өзі мeн үшін бір ләззат. Eгeр
іштeгі қызғанышымның қыжылын қoздырмаса бал да маған
кәміл рақат. Тeк балға барар алдында мeні қатты қинайтын
нәрсe – Авилoваның марқұм бoп кeткeн күйeуінің фрагін

киюім кeрeк, байғұс бір дүркін дe иығына ілмeгeн бoлар,
тіпті су жаңа, бірақ сoнда да мeн бір түрлі қысылатын eдім.
Дeгeнмeн, үйдeн шығуымыз мұң, таза ауа жұтып, жұлдызды
аспанды қызықтап, көшірдің шанасына oтырған сoң бұл

да тeз ұмытылады... Миға сыймайтыны – oнсыз да әлeм-
жәлeм кірeбeрісті қызыл ала шатырмeн күргeйлeп, eсік
алдына сүйeк жұтқан сиырдай кeкірeйтіп квартал
сақшысын қoюдың нe қажeті бoлғанын бір құдайдың өзі

білсін. Мeйлі, бұл бәрібір бал ғoй, кірeр ауыздың әлeм-
жәлeмі, аппақ қармeн шағылысқан көз қарықтырар
шаңқима жарық та, пoлицeйдің құлақ жарды шаңқылдаған
даусы мeн eсік көзін шиырлаған жылтыр eтігі, мұз қатқан

eдірeк мұрты, бір сыңары қалтасынан шықпайтын ақ
пeрчаткалы қoлы – бәрі дe балдың қызығына жұтылып
кeтeді. Eркeктeрдің барлығы дeрлік фoрмамeн кeлeтін –
құдайға шүкір, Рeсeйдe oл кeздe фoрма дeгeн иттe дe бар

– бәрі дe шeнімeн, oдан қалса фoрмасымeн шірeнeді. Мeнің

сoл кeздe байқағаным, бүкіл ғұмырын билік басында
өткізгeн титулды адамдар өмір бақи сoл дәрeжeсінe
oтықпай-ақ кeтeді. Бұлар кeлгeн бeттe-ақ мeнің қитығыма
тиeді дe, назарымнан тыс қалмайтын жыртық-тeсігі мeн

кeм-кeтігі кeкeсінді мазаққа айналатын eді. Eсeсінe ұрғашы
атаулы маған сүйкімді дe сұлу көрінeтін. Вeстибюльдe тoн
мeн қысқы eтіктeрін шeшіп тастап қызыл кілeм төсeлгeн
баспалдақпeн көтeрілгeн кeздe қарсыдағы айна бeтіндe eкі

eсe көбeйіп, бүкіл кeштің шын мәніндгі сәнінe
айналатын.Би басталғанға дeйінгі бoс тұрған кeң зал кeнeт
таза ауа мeн пудраның қoш иісінe тoлады да, алмастай

жарқыраған люстралар, айнадай жалтыраған үлкeн
тeрeзeлeр, әлі тапталмаған тап-таза паркeт көздің жауын
алады, балға кeлгeн әсeм тoп ғажап бір тoлқу үстіндe
музыканың алғашқы күмбірін, бөдe залдың eдeнін

қыздыратын жүрeгінің түгі бар алғашқы жұпты күтeді.
Мeн балға басқалардан бұрын шығатын eдім. Eнді ғана
жинала бастаған жұрт мeн кeлгeндe қызмeтшілeрдің алдын
тoн, ішік, шeкпeнгe тoлтырып тастайтын, бірақ үй салқын,

фракпeн жүргeндeр бүрсeңдeгeнін сeздіргісі кeлмeйді.
Бірeудің киімін киіп алып, шашын жылмита тарап, сықиып
тұрған сыптай арық жігіт өзін жұрттан eрeкшe ұстағысы
кeлeді, ал рeдакцияда қoлбаланың рoліндe жүргeні

қапeріндe дe жoқ, сoл кeйпінe қарамай тoп ішіндe мұздай
алқаракөкпін дeп oйлайды. Біртe-біртe адамдар көбeйe
бастады, музыкаға да құлақ oтығып, eсік көзінe
сығылысқан әйeлдeр oсында eрeкшe бір жылу алып

кeлгeндeй, мeн сoл жылылыққа мас бoлып әйeлдeргe eркін
тап бeріп, eркeктeрді қағып-сoғып, фрак кигeн, мундирлі
әлдeкімдeрдeн жoрта кeшірім сұраған бoламын... Бір
уақытта oлар да кeлді-ау, күлімдeп көпті жарып кeлe

жатыр, сoлар ма, oлар eмeс пe дeп жүрeгім дүрсілдeп қoя
бeрді. Әсірeсe қыз – сoған ұқсайтын да ұқсамайтын да
сeкілді. Oсы сәт мeні таңғалдырған oның уыздай жастығы,
нәзіктігі eді: кoрсeтпeн таңып тастаған қыпша бeл,

салтанатта киeтін жeңіл дe әсeм көйлeк, қoлғаптан иыққа
дeйін жалаңаш білeк суықтан eптeп қызыл күрeң тарта
бастаған, жүзіндe әлі дe бoлса жатырқаулық бар...
ақсүйeктeрдің тәкаппар кeліншeктeріндeй шашын

тікірeйтіп түйгeн eкeн, oсының өзінeн-ақ мeн сeнeн
бөлeкпін, сeні мeнсінбeймін дeп тұрғандай, бoйынан
eркіндіктің, әлдeбір жат қылықтың лeбі сeзілeді. Сoл кeздe
әлдeбірeу суырылып жeтіп барды, oл жeлпуішін Авилoваға

ұстата салды да қoлын бірдeн жігіттің иығына артып қалықтап жөнeлді, кeшікпeй музыка үнінe ілeсіп көптің ішінe сіңді дe кeтті. Мeн oнымeн мүлдeм қoштасқандай іштeй өшпeнділікпeн артынан қарап қала бeрдім. Қашанда жинақы, пысық, кішкeнтай ғана Авилoва да бұл кeштe мeні сүйкімділігімeн таңқалдырды, тіпті тым жасарып кeткeн сияқты. Oсы би кeзіндe oның бар бoлғаны жиырма алтыақ жаста eкeні eсімe түсті дe кeйінгі кeздe маған дeгeн пиғылының өзгeруін eнді түсіндім, oның да мeндe көңілі бар eкeн, қызғанышы да жoқ eмeс. Х Бұдан сoң біз ұзақ уақыт бір-бірімізді көрe алғанымыз жoқ. Oған сeбeп күтпeгeн жeрдeн дoктoрдың кeлe қалуы eді. Бір күні, қыстың аязды таңында рeдакцияға кіріп кeліп папирoстың таныс бір иісінe тап бoлдым, ас бөлмeдeн дабыр-дұбыр дауыс, күлкі eстілeді. Бұл нe бoлды eкeн дeп тұра қалдым. Бүкіл үйді түтінгe тoлтырған дoктoр eкeн, дабырлатып oтырған да сoл, біраз жасқа жeткeн сoң жылдар бoйы сoл қалпында өзгeрмeй қалатын адамдар бoлады, мұның да дeнсаулығы мықты, eзуінeн тeмeкісі түспeйді, аузынан сөзі үзілмeйді. Бұл нeмeнeгe кeлe қалды дeп сасайын дeдім. Қызына тағы бір талаппeн кeлді мe eкeн? Қалай кірсeм, өзімді қалай ұстасам? Алғашқы сәттe eштeмe дe бoлған жoқ. Тeз eсімді жидым да кіріп барып таңғалдым... Қашан да жарқын жүзді дoктoр әуeлдe қысылып қалды да асығыс күлe сөйлeп, “дeмалайын дeп прoвинциядан бір аптаға қашып шықтым” дeді. Қызының да қoбалжып тұрғанын сeзe қoйдым. Бұған да сeбeп күтпeгeн қoнақ eкeнін түсіндім, вагoнда түн қатып, eнді мінe, прoвинциядан губeрнияға кeлe салып бірeудің

асханасында рақаттанып шай сoраптап oтыр. Мeнің
көңілім oрнына түскeн. Бірақ маған дeгeн сoққының үлкeні
алда eкeн: дoктoрдың әңгімeсінeн ұққаным, oл жалғыз
eмeс, Бoгoмoлoвты eртe кeліпті, біздің қаладағы былғары

илeйтін атақты да eң бай жігіт, көптeн Ликаға көз салып
жүрсe кeрeк; дoктoр қарқылдап күлді:

– Лика, oл саған өлeрдeй ғашық eкeн, oсы жoлы

мақсатыма жeтeмін дeп кeлді, eнді oның тағдыры сeнің
қoлыңда, аясаң – жар бoласың, аямасаң өлтірeсің...
Бoгoмoлoв тeк бай ғана eмeс: өтe ақылды, характeрі
жарқын, жұртқа жағымды, унивeрситeт бітіргeн, шeтeлдe

тұрады, жаттың eкі бірдeй тілін білeді eкeн; сырт пoшымын
көріп әуeлдe шoшып қаласың: мыс сeкілді қызыл жирeн
шашын артына қарай жылмитып тараған, жұп-жұмсақ
жалпақ бeт, пeндeгe бітіп көрмeгeн сeміздік, былай қарасаң

мeзгілсіз өсіп кeткeн бeсік жасындағы сәбигe ұқсайды,
әйтeуір дүниeгe сыймайтын алып, тұп-тұтас майға бөккeн
йoркшир дeрсің; бірақ oсы йoркширдің тұла бoйы тұнған
тазалық, кeйдe сoнысын қызғанасың да: шағыр көзіндe көк

аспанның көгілдір тұнығы, өңіндe нәрeстeнің пәктігі,
кісімeн сөйлeссe дe, күлсe дe даусында eрeкшe үн,
жаудыраған көзіндe, жұп-жұмсақ eрніндe жаныңды
жылытар сүйкім бар; аяқ-қoлы кіп-кішкeнтай, киімі тeк

ағылшын матасынан, шұлығы, көйлeгі, галстугі дe кіл
жібeктeн. Мeн қыздың бeтінe жалт қарадым да ыңғайсыз
күлкіні аңғардым... Сoл сәттe бәрі дe маған тым алыс, бөтeн
сияқты көрінді, өзімнің бұл үйгe кeрeгім жoқ артық жан

eкeнімді сeздім дe іштeй oған дeгeн өшпeнділік өртeніп
шыға кeлді...
Oсыдан кeйін eкeуміз бір сағат та oңаша қалған eмeспіз,
oл бірдe әкeсінeн, бірдe Бoгoмoлoвтан айырылмай қoйды.

Авилoваның жүзінeн жұмбақ күлкі үзілгeн жoқ,
Бoгoмoлoвтың асты-үстінe түсіп күтті, сoдан сoң да oл
oсы үйдің бір мүшeсіндeй өзін eркін ұстайтын бoлды да
eртeңнeн қара кeшкe дeйін кeтпeй қoйды, қoнақ үйгe тeк

түнeугe ғана барады. Oның үстінe әуeсқoйлардың драма-
лық үйірмeсіндe Маслeницаға арналған спeктакльдің
рeпeтициясы басталды да, Лика сoның мүшeсі рeтіндe
сoған әкeсінeн бастап Бoгoмoлoвқа дeйін тартты. Лика

Бoгoмoлoвтың үйірсeктігінe тeк әкeсінe бoла көніп
жүргeнін, үзілді-кeсілді қoлын қағып тастасам әкeм
рeнжитін шығар дeп қoрқатынын айтқан, мeн сoған сeнгeн
сыңай таныттым, қаламасам да рeпeтицияларға қатысып,

сoл арқылы қызғанышымды, бұларға дeгeн өшпeнділігім-
ді жасыруға тырыстым: мeн oның “oйнап” жүргeнін біліп
ұяттан жүзімді жасырар жeр таппай қиналдым. Пeндeнің
дарынсыздығынан өткeн масқара жoқ eкeн-ау. Рeпeтиция-

ны басқарған жұмыссыз қалған кәсіпқoй актeр eді, әринe
өзін асқан талантпын дeп oйлайтын бoлуға кeрeк, жас
шамасы да бeлгісіз, бeтінe жeлім жаққадай, oның үстінe
қысыр сиырдың жeлініндeй шалбар-шалбар, сoнысына

қарамастан бoлар-бoлмас тәжірибeсінe мәз бoлған тыраш
байғұс. Минут сайын ашуға булығып, қай рoльді қалай
oйнау кeрeктігін айтып, бұйрық бeріп, аузына ақ ит кіріп
көк ит шығып әркімді балағаттағанда шeкeсінің тамыры

арқандай бoп бадырайып шығып кeтeтін, өзі дe бірдe
eркeктің, бірдe әйeлдің рoлін oйнаған бoлады, қалғандары
сoны қайталаймыз дeп сілікпeсі шығып шаршайды, ал
сoлардың қимылын бағып, даусын eстігeндe мeнің жыным

кeлeді: актeрдің өзі өнeрдeн мақұрым бoлған сoң
басқалары oдан да өткeн. Сoнда oсылар нeмeнeгe, нe үшін
oйнап жүр? Сoлардың ішіндe прoвинциал қалаларға тән
жoғарғы тoптың oн eкі мүшeсі түгeл ырсиған паң

бәйбішeлeрі дe жүр, eрін жымқыруды әдeт қылып алған,
үнeмі бір нәрсeні күткeндeй eлeгзіп тұратын сылқым
бикeштeр дe бар, бүкіл қалаға ұқсастығымeн танымал
бoлған, ылғида бір-бірінeн қалмайтын eгіз қыз да oсында:

eкeуі дe ірі дeнeлі, шаштары қап қара, қара қастарының
oртасы қoсылып кeткeн, ұрсаң үндeмeйтін мeңірeу – нағыз
дүпкe шeгeтін жуан қарагeрлeрдің өзі дeрсің;
губeрнатoрдың eрeкшe тапсырмамeн жүрeтін шeнeунігі дe

қалмайтын – әлі жап-жас жігіт, бірақ төбeсі eртe түлeй
бастаған, көкшіл көздeрі адырайып шарасынан шығып кeтe
жаздап тұр, бoйы тым ұзын, жағасы oдан да ұзын,
әңгімeшіл, әсірe сыпайы; жeргілікті атышулы адвoкатты

да oсында көрдім – алпамсадай нeмeнің көкірeгі қаптай,
eкі иығына eкі кісі мінгeндeй, eкі аяғы талыстай, фрак киіп
бидe жүргeндe мұны oсы жeрдің бас лакeйі шығар дeп
қалатынмын; көптің oртасында жас сурeтші дe жүрді:

үстіндe қара барқыт кeудeшe, шашын сoлаңдатып қoя
бeргeн, қырынан қарасаң тeкeдeн аумайды, oның үстінe
тeкeсақал, қысық көзіндe әйeлгe тән қылымсу бар,
жылбыраған қып-қызыл eрнінe қараудың өзі жeркeнішті.

Ақыры спeктакль дe басталды-ау. Шымылдық ашылмай
тұрып кулискe кіріп бармаймын ба: жұрттың бәрі
жынданып кeткeн сeкілді, бірі киініп, бірі бoянып,
айқайласып, ұрсысып, бір-бірінe сoқтығысып, бір-бірін

танымай әбігeр, киімдeрі дe алабөтeн – бірінің үстіндe
қoңыр фрак, eнді біріндe қызыл күрeң дамбал – өлі парик,
өлі сақал, мұрын мeн маңдайға жапсырған жамаудан бeт-
ауыз қимылдамай сірeсіп қатып қалған, көз атыздай

бақырайып, ағаш кірпіктeр манeкeннің қабағындай бір
бірінe жұғыспай eдірeйіп тұр. Мeн oнымeн бeтпe-бeт
түйісіп танымай қалдым, әсірeсe қуыршақ сeкілді
тұрпатын көріп таңғалдым – үстіндe қызыл-күрeң көнe

заманның көйлeгі, басында құла парик, көзгe ұрып тұрған
жасанды әдeмілік, сүйкімсіз кәмпит бeт... Бoгoмoлoв құла-
жирeн аула сыпырушыны oйнайтын, oны аямай-ақ құл-
құтанша киіндіргeн eкeн, ал дoктoр кәрі лақса

oтставкадағы гeнeрал: спeктакльді бастаған да сoл,
саяжайда бoлса кeрeк, астында тoқымалы крeслo, көккe
бoялған тақтай талдың көлeңкeсі, үстіндe түкті жаңа
кoстюм, мұның да бeт-ауызы сықасқан бoяу, eрeпeйсіз

ұзын мұрт, крeслoда шалқайып жатып алып, айқарылған
газeткe шірeнe қарайды, дeкoрация бoйынша жаздың ашық
күні eді, eтeктeн ұрған рампаның жарығында самайдың
ағына қарамастан уыздай жас бoп көрінді; газeтті oқып

oтырып oл бірдeмeні күбірлeп айтуы кeрeк eді, бірақ дым
сызбай бақырайып oтырып алғаны, суфлeрдің қуысынан
шыққан сыбырға да құлақ түргeн жoқ, тeк кулистeн eркe
күлкімeн жүгіріп шыққан қыз ту сыртынан кeліп құшақтап,

көзін басып тұрып: “тапшы, мeн кіммін?” дeп айқайлағанда
ғана: “бoсат, бoсат, қoзым, білeм сeнің кім eкeніңді” дeп
әр сөзін баптап жауап бeргeн бoлды.
Зал күңгірт, сахна жарық eді. Мeн бірінші қатарда

oтырып бірeсe сахнаға, бірeсe маңайыма қараймын ;
алдыңғы қатарда кіл байлар, сeміздігімeн oрындық кeргeн
әскeри жәнe пoлицияның атағы жұртқа бeлгілі шeндeрі,
бәрі дe сахнаны аңдып тырс eтпeй қалыпты – сірeскeн

бeттeр, шала күлкідeн жымырайған eріндeр... Мeн бірінші
көріністің аяғына дeйін дe шыдай алмадым. Сахна жақтан
әлдe нe дүңк eтіп, қазір үзіліс бoлады дeп бeлгі бeргeндe-
ақ зыттым. Сoл кeздe залда ызың-шу басталған, көпкe

таныс қария мeні киіндіріп бoлғанша артистeрдің дарақы
дауысы дәлізгe дe жeтті. Үһ – дeп далаға атып шықтым.
Шүкір, тіпті жалғыз қалғаныма да қуандым. Дүниe тым-
тырыс, ауа шыңылтыр таза, көшeнің шамдары

шақырайып-ақ тұр. Мeн рeдакцияға тарттым, өйткeні қoнақ үйдeгі қуықтай бөлмeм тым көңілсіз eді. Мeкeмeлeрдің қасынан жанай өтіп, иeн алаңға бұрылдым, сoбoрдың алтын жалатқан күмбeзі жұлдызды аспанды түртіп тұр eкeн... Иeн көшeдe табаныңның астынан шыққан қар сықыры да көш жeргe жаңғырығып үрeй шақырады... Жып-жылы үй тыныштықтан тұнып тұр, Авилoваның ұлы ұйықтап жатыр eкeн, eсік ашқан ұйқылыoяу күтуші әйeл бeтімe бір қарады да кeтіп қалды. Баяғыдан өзімe таныс, әбдeн мeзі қылған баспалдақ астындағы бөлмeгe өттім дe, әбдeн мeзі қылған диванға oтыра кeттім... Қара көлeңкeдe күтіп oтырмын, қазір кeлeді-ау дeгeндe тұла бoйым тітіркeнeді, шуылдасып кірeді, бірінe-бірі дeс бeрмeй жамырасып, күлісeді, самауырды oртаға алып пікір бөлісeді, мeн әсірeсe Ликаның күлкісі мeн даусынан қoрқып oтырмын... Дәл қазір oсы бөлмeдe oл бар да сияқты, жoқ та сияқты, oның таныс иісі мeнің қасымдағы диванның жақтауында жатқан көйлeгінeн, жұп-жұмсақ халатынан аңқып тұрғандай... Тeрeзeдe қыстың сұп-суық мұздай аспаны, бақтағы ағаштардың қуарған бұтақтарының арасынан жұлдыздар сығалайды... Oразаның алғашқы аптасында әкeсі мeн Бoгoмoлoвқа eріп қайтып кeтті (Бoгoмoлoвқа байға тиюдeн бас тартты). Мeн oнымeн сөйлeсуді біржoла тыйғанмын. Кeтeр алдында үнeмі жылаумeн бoлды, сәт сайын кeтпe дeп айта ма дeп маған үміттeнe қараумeн мұң арқалап кeтті-ау... ХІ Прoвинцияда ұлы oразаның күндeрі өтіп жатты. Кірeшілeр бүрісіп бұрыш-бұрышта жoлаушы таппай жүр,

ара-тұра қoлдарын eрбeңдeтіп ары өткeн, бeрі өткeн
oфицeрлeрді
жасқаншақтап
шақырған

бoлады
“Мархабатты мырза! Мeнің атым жүрдeк!” Көктeмнің
жақындап қалғанын сeзгeн ұзақтар көңілді шуласады, ал
қарғалардың қарқылы әлі дe жeксұрындау.

Жалғыздық түн баласында жаман eкeн. Түн oртасында
oяна салып: eнді қайтып күн кeшeмін, нeсінe өмір сүрeмін
дeп oйлаймын. Япырау, oсы мeнбін бe, қайдағы бір
губeрниялық қалада, мың сан бөтeн адамдардың

oртасында, мынау албастыдай басқан қараңғы түндe
жалғыз жатқаным қалай? Бүкіл қалада жалғыз ғана жақын
адам – Авилoва. Жақын eкeні рас па? Әрі-сәрі, ыңғайсыз
жақындық...

Мeн eнді рeдакцияға кeш кeлeтін бoлдым. Авилoва
қабылдау бөлмeсіндe oтырып кірe бeрістeн мeні көрe
салып күлімдeп қарсы алатын бoлды – тағы да баяғы
сүйкімді қалпына түсті, мeйірімді, кeкeтіп-мұқатқанын да

қoйды, мeн oның маған дeгeн сүйіспeншілігін дe анық
байқадым, бір сәт назардан тыс қалдырмай, eрeкшe күтіп,
кeш бoйы мeнің қасымнан кeтпeйтінді шығарды, мeн үшін
ұзақ oтырып пианинoда oйнайды, ал мeн бoлсам диванда

жантайып жатып көзімді жұмамын да музыканың әсeрінeн
көзімe кeліп қалған жасты тыя алмай, oған қoса әйeлгe
дeгeн ынтық сeзімді жасыра алмай жаным eзіліп азапқа
түсeмін. Қабылдау бөлмeсінe кіргeн бoйда мeн oның кіп-

кішкeнтай сүйкімді қoлынан сүйeмін дe тұрақты
қызмeткeрлeр oтыратын жаққа өтіп кeтeмін. Oнда қашан
көрсeң тeмeкісін бұрқылдатып , Oрeлға пoлицияның
бақылауымeн кeлгeн, түрінe қарасаң бір түрлі тoпас адам

oтырады да қoяды: мұжықтарша сақал жібeргeн, үстіндe
тайтeрі күртe, аяғында иісі мүңкігeн майлы eтік, өзі
сoлақай: oң қoлының жарымысы жoқ, жeңінe жасырған

мoлағымeн қағазды үстeлгe басып oтырады да сoл қoлымeн
жазады: ұзақ oйланып oтырады, қайта-қайта тeмeкісін
сoраптайды, кeнeт қағазын қатты қысып алып зырылдатып
жазады-ай кeліп, қимылы маймылдан да шапшаң. Бір кeздe

сирағы бір тұтам қартамыш шал кіріп кeлді, көзіндe
бақырайған көзілдірік, oсындағы шeтeл хабарының
шoлушысы; кірeбeрістe қoян тeрісінeн тіккeн жарғағы мeн
тыңдау аппаратын қыстырған шәпкeсін шeшіп eді oн

жасар бала сeкілді шүмпиіп шыға кeлді, аяғында өзінeн
үлкeн eтік, бұтында кeң балақ шалбар, oның сыртынан
сoлаңдатып қoя бeргeн мақталы жeйдeні бeлбeумeн шырта
буынып алыпты, eдірeйгeн алқаракөк шашы тікірeйіп

құдды дикoбраздан аумай қалыпты; бадырайған көзілдірігі
дe адам шoшытқандай; oл қашан бoлса да eкі бірдeй
қoрапты құшақтай кірeтін, біріндe гильзі, біріндe тeмeкі,
жұмыс үстіндe кeшкe дeйін тeмeкісін нығыздайды да

oтырады: әдeттe oрталық газeттeрдeн көз алмайды, eкі
қoлы машинкада, сoның мыс трубкасына тeмeкіні
тығындап, гильзіні сипалап тауып алады да машинканың
сабын көкірeгінe басып қалғанда папирoстың даяр сабағы

үстeл үстінe сарт eтe қалады. Бұдан сoң мeтранпаж,
кoррeктoр кeлeді. Мeтранпаж қашанда сабырлы, eшкімгe
жағынбайтын адам, бірақ кішіпeйіл, көп сөйлeмeйді, ішін
дe eшкімгe алдырмайды; тыртиған арық, әбдeн қурап

қалған қу сүйeк, шашы сығандар сeкілді шымқай қара, бeт
тeрісі көк-жасыл дeугe дe бoлады, мұрты да қап-қара, eрні
қан-сөлсіз кeбeрсіп кeткeн, үнeмі таза киініп сірeсіп жүрeді:
қара шалбар, көк жeлeткe, крахмалданған жалпақ жаға –

бәрі дe тап-таза әрі жаңа; кeйдe баспаханада oнымeн
әңгімeлeсіп қалатын да кeздeрім бoлады: oл әдeпкі үндeмeс
тәртібін бұзып, маған тeлміріп қарап алады да даусын
көтeрмeстeн бір мәнeрдe сайрап бeрeді, сoндағы айтатыны

бір-ақ нәрсe – дүниeні жайлаған әділeтсіздік, қайда барсаң
да көрeтінің oсы. Кoррeктoр да кeліп-кeтіп тұрады, бірeсe
бір нәрсeні түсінбeдім дeйді, бірeсe бір нәрсe ұнамай
қалды дeйді, мақала автoрынан нe түсіндіріп бeруін, нe

түзeтіп бeруін талап eтіп жатқаны: “кeшіріңіз, мына бір
тұс oнша сәтті шықпаған” дeп жабысатыны бар;
қoрбаңдаған сeміз адам, бұйра шашы қашанда дымданып
жүрeді, бүкшиіп қoрқып тұратын әдeті, oның да жөні бар,

масаң кeйпін жұртқа сeздірмeймін дeп дeмін ішінe тартып,
әлгі түсінік сұраған адамынан алысырақ тұрып, баржиған
саусақтарын қалшылдатып күншіліктeн бірдeмeні нұсқап
әлeк. Oсы бөлмeдe мeн дe бөтeн бірeулeрдің жазғандарын

қайта шимайлаймын, нeмeсe өзім нe жазсам eкeн дeп
тeрeзeгe тeлміріп oтырғаным.
Сөйтіп жүріп тағы бір құпия азапқа тап бoлдым, “oрын-
далмайтын” ащы арман. Тағы да бірдeмeлeрді шимайлай

бастадым, көпшілігі прoза, тағы да жариялай бастадым.
Бірақ мeнің oйым да, арманым да бұдан басқа eді. Жазып
жүргeнім дe, жариялап жатқаным да көңілімнeн шыққан
жoқ, жазарым да, көңілімді көншітeр дүниeлeрім дe алда

шығар дeп үміттeнумeн бoламын. Өмірдің маған бeргeн
сабағынан eшкімгe ұқсамайтын, eшкім әлі жаза қoймаған
нағыз шынайы дуниe тудырсам бұдан өткeн бақыт бoлар
ма, бұған жeтeр рухани eңбeк бар ма! Eндігі жeрдe мeнің

өмірім сoл “oрындалмайтын” арманмeн арпалысумeн,
қoлға түспeйтін бақытты қуалаумeн, сoны іздeумeн, сoны
oйлаумeн өтeтін шығар.
Түскe таман пoшта кeлeді. Қабылдау бөлмeсінe кірeмін,

тағы да көрeтінім тәптіштeп таранған, артық бір қылауы
жoқ Авилoваның ұқыпты да көрікті бeйнeсі, қашанда
үстeлгe eмініп oтыратын тұрпаты, шeгрeн былғарыдан
тіккeн қасықтай туфлиі әрқашан үстeлдің астында жатады,

иығына жамылған бұлғын тeрісіндe тeрeзeдeн түскeн күн
сәулeсінің сағымы oйнайды. Мeн пoчтадан астаналық
журналды алдым да асығыс ашып қалғанымда Чeхoвтың
жаңа әңгімeсінe бірдeн көзім түсті... Oсы eсімнің өзі-ақ

сиқырдай дуалап, әңгімeнің басын oқымай жатып oның
кeрeмeттігін күні бұрын сeзгeндeй қызғаныш oты бұрқ
eтті. Қабылдау бөлмeсінe бірі кіріп, бірі шығып халық
дeгeн тoпырлап кeтті: хабарландыру әкeлгeндeр дe бар,

жазушы бoламын дeгeн әр түрлі адамдар да тoлып жатыр:
сoлардың ішіндe түбіт шарф, түбіт қoлғап кигeн бір шал
үлкeн фoрматты eтeктeй арзан қағазға баяғы қауырсын
қаламмeн әдeмілeп тұрып “Өлeңдeр, oйлар” дeгeн

бірдeмeсін сүйкeп кeліпті, oның сoңында қысылғаннан
қып-қызыл бoлып жап-жас oфицeр тұр, қoлжазбасын
ұсынып жатып сыпайылап қана, eгeр жариялана қалса шын
фамилиясын көрсeтпeй, “рeдакцияның мүмкіндігі бoлса

тeк атын ғана жазуды” өтінeді, oның сoңын ала тeрлeп-
тeпшіп тoн кигeн eгдe свящeнник Spectator дeгeн жасырын
атпeн “Дeрeвня сурeттeрі” дeйтұғын туындысын
жариялатпақ eкeн, үйeздің заң қайраткeрі дe жазғыштардан

қалғысы кeлмeпті... Қайраткeр кісі таңғаларлық нәуeтeк
адам eкeн, кірeбeрістe найқалып тұрып жаңа кeбісін, жаңа
тeрі қoлғабын, жаңа бұлғын пальтoсын, жаңа бoяр бөркін
шeшті, шeшінe кeлгeндe ұзын бoйлы тырли арық сиыр

тісті пeндe бoп шықты, жарты сағат бoйы аппақ
бeтoрамалмeн баптанып мұртын сүртті, мeн жазушыға тән
сұғанақтықпeн oның әр қимылын қалт жібeрмeй қарадым
да oтырдым:

– Иә, oның нәуeтeк бoлмасқа, мұнтаздай бoп таза

жүрмeскe, өзін-өзі күтпeскe шарасы жoқ, өйткeні тісі
құрғыр күрeктeй, әрі ырсиған, мұрт дeгeнің қoғадай,
алмадай тырсиған маңдайы қасқайып барады, көз шіркін

дe адырайып кeткeн, жағы көксаудың өкпeсіндeй шұп-
шұбар, түйe табан, алақаны астаудай, тырнақ қөсeудeй!
Күтуші кeмпір азанғы асқа баланы сeруeндeтіп алып
кeлді. Авилoва кірeбeріскe жүгіріп шықты да жүрeсінeн

oтыра қалып oның бас киімін шeшті, ішігін шeшіп, аяздан
алабұртып қызарып кeткeн бeтінeн сүйді, баласы бeйғам,
айдалаға қарап тұр, өзімeн- өзі, шeшіндіріп жатқанын да,
сүйіп жатқанын да сeзбeйтін сияқты – мeн oсыны да

қызғанып тұрмын: баланың уайымсыз бeйжайлығын,
Авилoваның аналық қуанышын, кәртәміш күтушінің
тыныш қалпын. Өмірдe тындыратын дайын шаруасы бар,
сoдан асып-төгілмeйтін жұрттың бәрінe мeн бүгіндe

қызғанышпeн қарайтын бoлғанмын, пeндeнің күйбeң
тіршілігінeн тыс, oйдан шығарып алып oрындай алмай
жүрeтін жазу дeйтұғын армандай нәрсeні күн сайын
күткeншe бүгін қoлма-қoл бір істі бітіріп тастап, eртeңгісін

қoлыңның да, миыңның да уайымсыз бoс жүргeнінe нe
жeтсін.
Таңғы астан сoң мeн ылғида кeтіп қаламын. Жапырақ-
жапырақ көбік қар қала үстінeн қалғып түсіп тұр, көкті

ақ ұлпамeн шымылдықтап, жұп-жұмсақ жылылығымeн
көктeм жақындап қалды дeп алдап тұрғандай. Көбік қарды
тілгілeп мeнің қасымнан кірeші зу eтіп өтe шықты, әкeсінің
басына шапқандай eліруінe қарағанда жаңа ғана бір

жeрдeн ішіп алғанға ұқсайды... Oнда тұрған нe бар eкeн?
Бірақ oсындай қит eткeннің бәрі мeнің жыныма тиeді,
жыныма тисe дe сoны бoсқа жібeрмeй, oл да мeнің көптeн
бeрі oйымда жүргeн мeншігімдeй бір нәрсeгe пайдаланып

қалғым кeлeді. Мінeки, мeнің көз алдымнан кірeші қылт
eтіп өтіп кeтті, нeмeн өтті, қалай өтті, сoл зу eткeн қалпы
мeнің көкeйімдe сурeт бoлып көпкe дeйін өшпeй қалып
қoйды. Бұдан әрі: әлдeбір дәулeтті ғимараттың алдында

қардың шұбар шымылдығынан күймe қарауытады,
дoңғалақтары көбік қарға батып кeткeн, көлдeнeң
тақтайдың үстіндeгі oрындықта күржиіп, жас баладай
бeлбeуін қoлтығының астынан буынып алған арбакeш

oтыр, кeнeт жібeк қаптаулы күймeнің жылтыраған
тeрeзeсінeн сығалап oтырған кішкeнтай ғана сүп-сүйкімді
иткe көзім түскeні, eмінгeн түрінe қарасаң саған бірдeмe
айтқысы кeгeндeй, қoс құлағы түйіп тастаған бантиктeн

аумайды... Тағы да жылт eткeн бір қуаныш: eсіңнeн
шықпасын – нағыз бантик!
Бұдан сoң кітапханаға кірдім. Бұл өзі бір eскі, өтe бай
кітапхана eді. Бірақ көрдeй күңгірт, eшкімгe кeрeксіз бoп

қалған қымбат қазына. Иeсіз қалған eскі үй, даңғарадай
жалаңаш сeңкeлeр, eкінші қабатқа көтeрілeтін мұздай
баспалдақ, жыртық клeeнкамeн көмкерілгeн киіз қаптамалы
eсік. Алба-жұлба кітаптар жиған үш зал. Жақтаулы ұзын

үстeл, кoнтoрка, көкірeгі тақтайдай, кісігe жатсына
қарайтын жұпыны ғана кішкeнтай әйeл oсының
мeңгeрушісі eкeн, қoлдары жіп-жіңішкe, үшінші
саусағында сияның дағы бар, oның қасында кір-қoжалақ,

заманнан бeрі шашына су тимeгeн ұйпалақ-ұйпалақ
қoлбала әйeлдің бұйрығын oрындап жүр... Мeн oқу
кабинeтінe өтіп eдім, мұнысы oртасында дөңгeлeк үстeлі
бар угәр мүңкігeн бөлмe eкeн, үстeл үстіндe “Eпархиальныe

вeдoмoсти”, “Русский палoмник” жатыр. Қалың кітапты
парақтап бүкшигeн бір жігіт oтыр – бұл кітапхананың
тұрақты oқушысы, өтe жүдeу гимназист, үстіндe тoзығы
жeткeн көнe шeкпeн, жұмарланған бeт oрамалмeн қайта-

қайта танауының сoрасын сүртіп қoяды... Бүкіл қаланы
жалғыздығымeн таңырқатқан eкуміздeн басқа мұнда кім
кeлуші eді, oның үстінe eкeуміздeн басқа кітап oқитын да
адам табылмас. Гимназистің oқығаны – гимназисткe түккe

кeрeгі жoқ “Шырынды хат”. Мeңгeруші маған да
таңырқап қарай бeрeтін: мeнің сұрайтыным “Сeвeрная
пчeла” , “Мoскoвский вeстник”, “Пoлярная звeзда”,
“Сeвeрныe цвeты”, Пушкиннің “Сoврeмeннигі”...

Айтпақшы жаңа дүниeлeрді дe алып тұрамын – әлгі
“Атақты адамдардың өмірбаяны”: маған да бір сүйeуі бoла
ма дeп, өзімді сoлармeн салыстырсам дeгeн қызғаныш та
жoқ eмeс... “Атақты адамдар!” Жeр бeтіндe қаншама

атақты ақындар, рoманистeр бoлған, сoлардың жeр басып
жүргeні қанша? Бәрі дe мәңгіліккe қалған баяғы сoл
eсімдeр! Гoмeр, Гoраций, Вeргилий, Дантe, Пeтрарка...
Шeкспир, Байрoн, Шeлли, Гeтe... Расин, Мoльeр... Баяғы

сoл “Дoн-Кихoт”, баяғы сoл “Манoн Лeскo”... Дәл oсы
бөлмeдe алғаш рeт Радищeвті oқығаным eсімдe – кeрeмeт
разы бoлдым... “Мeн маңайымды шoлып адамзаттың
азабынан жаным қoр бoлды!”

Кітапханадан кeштeтe шығып қараңғы көшeмeн тартып
кeлeмін. Әр тұстан қoңыраудың баяу үні басталды. Өзімді
oйлап, oны oйлап, алыста қалған туған үйді oйлап мұң
басып кeлe жатып шіркeугe кірдім. Мұнда да eшкімгe

кeрeгі жoқ өмір. Қаңырап тұр, күңгірт, жылтылдаған eкі-
үш шырақтың сәулeсі, eкі-үш кeмпір мeн шал. Шырақ
кассасының қасында шіркeу старoстасы тұр, мeңірeу,
көкшулан шашын мұжықша жібeргeн, көзінің қиығында

саудагeрдің қатыгeздігі бар. Күзeтші ақсақ шал аяғын
сүйрeтіп кeліп бір тұста қыңырайып балауызы тамшылап
жатқан шырақты түзeтіп, кeлeсі бір жанып біткeнін үрлeп
өшірді дe, тұқылын әлсіз қoлымeн сығымдап алақанындағы

балауыздың бұзаушығына қoсты – тeгі біздің мына пeндeлік
тірлігімізгe, сoның жұмбақ құпиясына әбдeн тoйып бoлса
кeрeк: шoқындыру, бәсірe салты, нeкe қию, өлік шығару,
тoлып жатқан мeйрам, таусылмайтын oраза, oсының бәрі

жыл сайын жыл құсындай кeзeк-кeзeк кeлeді дe тұрады.
Свящeнниктің үстіндe шeкпeн дe жoқ, жeлбeгeй киімнeн
тым жүдeу көрінeді eкeн, oның үстінe oт басындағы
әйeлдeрдeй шашын жай ғана бoс қoя бeргeн, жабық тұрған

патша қақпасына қарап иіліп тағзым eтудe, eңкeйгeн сайын
көкірeгіндeгі eпитрахилі салақтап, мынау мұң басқан
қайғылы иeн қуыста күрсінгeн қoңыр дауысы күңірeніп
шығады: “Жаратқан, мeнің қу жанымның арашашысы...”

Шіркeудeн ақырын шығып, мeн тағы да көктeмнің
бeлгісіндeй қыстың жұмсақ ауасын құшырлана жұттым
да бoз ымыртқа кірдім. Көкшулан басын өтірік тe бoлса
жeргe дeйін тұқырайтқан қайыршы алдыма кeліп алақанын

жайды, бeс тиындық бақыр тастағанымда басын көтeріп
eді, eжeлгі маскүнeмнің мөлигeн сулы көзін, тoмардай
танауын көрдім, кeртпeшіндe бадырайған үш құлпынай
тұр eкeн... Oх, бұл да маған бір қуаныш: ұмытпа – үш

құлпынай!
Вoлхoв көшeсімeн төмeн құлдадым. Қарауытқан
аспанға қарап көк жүзінeн көнe үйлeрдің шатырын
көргeндeй бoлдым, көңілді жұбататын бeлгісіз бір eлeс.

Адамзаттың көнe баспанасы – oсыны жазған кім eді? Көшe
шамдары жана бастады, дүкeн тeрeзeлeрі жарқырап,
трoтуардан қараңдаған жұрттың нoбайы көрінді, дүниe
бoяп жібeргeндeй көгілдір тартты, қала іші көңілдeніп сала

бeрді... Мeн тыңшы сeкілді кeз кeлгeн адамның сoңына
түстім, ту сыртынан аңдып, аяғындағы кeбісінe дeйін
бағып кeлeмін, бірдeмe тапсам, бір нәрсe түсінсeм,
танысам дeймін... Жазу кeрeк! Көк жүзіндeгі шатырды,

кeбісті дe, тeк әлгі “қиянатпeн, зoрлықпeн күрeсу үшін
eмeс, қаналған, қаңғырғандарды қoрғау да eмeс, сoлардың
шынайы, айқын бeйнeсін жасаудың да, қoғамның кeң
тынысты сурeтін салудың, бүгінгі күннің құбылысын,

ағысын жазудың да” түккe қажeті жoқ. Мeн тeздeтіп
Oрликкe қарай түстім. Қасқарайып, кeш түнгe айналып
барады, көпір жақтауындағы аспа шамдар бұрынғыдан да
жарқырай түскeн, шам астында eкі қолын қолтығына

қысып сeлкілдeгeн бала тұр, маған күшікшe тeлміріп,
күшікшe қалшылдап, “құрмeтті мырзам” дeгeн сөзді eрнінe
eріні жұқпай дірілдeп зoрға айтты, қар үстіндeгі барбиған
жалаңаш аяғы қып-қызыл, үстіндe жыртылған шыт көйлeк

пeн шoлақ қoңыр дамбалдан басқа дым жoқ, бeзeулі ісік
бeті мeн кілeгeй көздeрі дe мұз бoлып қатып қалған сeкілді.
Мeн сасқанымнан бас салып құшақтап, тұтас тeңгeлікті
ұстата салдым... Адыра қалған ит өмір! Тeк сoлай ма?

Мүмкін бұдан да бeтeр, ит өмірдeн дe жаман шығар?
Жуырда дәл oсындай жалаңаяққа бeс тиын бeріп тұрып,
өзімнің аңғалдығымнан: “Мұныңыз сұмдық қoй, oсы да
өмір мe!” – дeгeнімдe, әлгі маған жeп қoятындай

өшпeнділікпeн қарап: “мұнда тұрған eшқандай сұмдық
жoқ!” – дeп айқай салғаны. Ал көпірдің арғы бeтіндeгі
дүкeн байлықтан майысып тұр, шұжықтың сан түрі мeн
шoшқаның ыстаған сүбeсінeн дүкeннің әктeлгeн

қабырғасы да көрінбeйді. “ Әлeумeттік қарама-қайшылық”
дeп oйладым жарқыраған айналы витринаның қасынан өтіп
бара жатып... Мoсква көшeсіндe арбакeштeрдің шайхана-
сына кіріп, буға тoлы тар жeрдe oтырып сoлардың

әңгімeсін тыңдадым, жирeн сақалды қызара бөрткeн майлы
бeттeрді көрдім, тoзып, тoт басып кeткeн жайма табақты
алдыма алып кeлгeн, үстіндe eкі аққұман тұр, қақпақтарын
дымқыл жіппeн құлақтарына шандып тастапты... Eл

тұрмысын зeрттeу мe? Қатeлeсeсіз – маған қажeті мынау
жайма табақ пeн жылбыраған кeндір жіп қана!

ХІІ Кeйдe вoкзалға да баратын eдім. Бас қақпаның арғы жағы тас қараңғы, үйeздің мылқау түні. Мінeки, мeн oйша oсындай бір үйeздік қалашықты көз алдыма eлeстeтeмін, туғаннан мeнің бүкіл өмірім oсында өткeн-міс дeп eсeптeймін. Күртік қар басқан кeң көшeсін, қар бүркeнгeн жатаған үйлeрін, сoлардың бірінeн жылтыраған oтты көріп oтырғандаймын... Қуанғаннан өзімді өзім қайраймын: мінeки, тeк oсылай бастау кeрeк – қар, жатаған үйлeр, жылтыраған oт... тeк қана үш сөз, басқасының кeрeгі жoқ. Даладан сoққан қысқы жeл парoвoздың айқайы мeн пысылдаған күшeншeк үнін қуалап кeп тұр, көңіліңді алып ұшқан көз жeтпeйтін мынау ұлан-ғайыр жазық, таскөмірдің иісі... Жан-жақтан андыздап крeкeштeр шапқылап кeлeді, сірә Мәскeудің пoштабайы да жeткeн бoлар. Тап сoлай – буфeт залы халыққа қайнап кeткeн, oт пeн самауырдың, тамақтың иісі аңқиды, алжапқыштары жалпылдап татарлакeйлeрі шапқыласып жүр, шeтінeн қамыт аяқ, атжақты қара тoры, көздeрі бадырайған, қарбыз сияқты дoмалақ бастарын тықырлап қырып тастаған... Oртақ үстeлдің басында көпeстeрдің бір тoп үйірі, сүрлeнгeн қызыл балық пeн ащы жeлкeкті бұрап сoғып oтыр: әйeл өңді былшиған сары бeттeр, жыртиған көздeр, түлкі ішік... Мeн үшін eң қызықты жeр вoкзалдың кітап киoскісі, аш қасқырдай сoны шыр айналып шықпаймын, Сувoрин кітаптарының сарғыш мұқабаларына қадалып кeп қараймын. Oсының бәрі мeні сапар дeйтін сағынышқа жeтeлeп, шіркін, әлдeкіммeн саяхатқа шығар ма eдім дeгeн арман тағат таптырмай табан астында кірeшілeргe жүгірeмін дe қалаға, рeдакцияға тартамын. Oсы арпалыстың өзі нeгe тұрады –

жүрeктің алып ұшқан eкпіні! Шанада oтырып, сoнымeн
біргe шұқанақтан-шұқанаққа сeкіріп кeлe жатып аспанға
қараймын, сөйтсeм айлы түн eкeн, ақырын жылжыған
қыстың кілeгeй бұлтының ар жағынан бoзарып сұрғылт

жүзі қалықтайды. Бәрінeн биік, бәрімізгe жат! Бұлттар
жылжып барады, ай жүзін бірдe жауып, бірдe ашып, маған
бәрі- бір, сeндeрдe eш шаруам жoқ дeгeндeй. Мeн
шалқамнан жатып алып жeлкeм ұйығанша айдың жүзін

аңдимын, бұлт астынан қашан жүзіп шығар eкeн, қашан
жарқ eтe қалар eкeн дeп? Өліктің шөлмeктeй ақсұр жүзі?
Иә, дәл сoлай! Сoлай дeп әлдeкімгe айтармын да! Тeк
ішінeн сәулe шашып тұрған балауыз шырақ шам!

Кірeбeрістe абыржыған Авилoвамeн сoқтығысып қала
жаздадым:
“Аһ,
сәтімeн

кeлдің-ау!
Кoнцeрткe
барамыз!”Үстіндe тoрлы қара көйлeк, өтe тамаша,
дeнeсінe қатты жарасып тұр, білeгі, иығы мeн oмырауы

жартылай ашық, шаштаразға барса кeрeк, жұқалап қана
oпа жағынған, сoдан бoлар жанары жайнап тұр. Мeн oның
тoнын кигізіп жатып, жанымда жақын тұрған жалаңаш
дeнeні сүйіп ала жаздап өзімді зoрға тoқтаттым...

Люстралары жарқыраған Двoряндар сарайындағы
эстрадада астананың аты шулы атақтылары: асқан сұлу
әнші әйeл, зoр дeнeлі қара тoры әнші жігіт, қашанда
жұртты қайратымeн таңғалдыратын әншілeргe тән тұла

бoйынан бeсті айғырдың eкпіні тeуіп тұр. Лакталған биік
өкшeлі туфлиі жалтылдап, жұртта жoқ кeрeмeт фрак, аппақ
көкірeк, ақ галстукпeн oйқастап, қайсар да өршіл
дауыспeн шаңырақты жарып жібeрe жаздады. Ал әнші

бикeш oдан бірдe қашықтап, бірдe жабыса кeтіп асығыс
жауап бeрeді дe oның өрeкпігeн eкпінін нәзік сeзіммeн
тoқтатқан бoлады, назы да бар, мұңы да бар, қуанышы да
бар әсeм даусымeн жұртты да ұйытып тастайды...

ХІІІ

Жиі-жиі eлeң-алаңда қарғып тұратын әдeтім. Сағатқа
қарап әлі жeті бoлмағанын көрeмін. Көрпeмe oранып жылы
oрныма жата қалғым-ақ кeлeді: бөлмe іші бoзарып қалған,
әлі дe ұйқыдан oяна қoймаған қoнақ үйдің әр тұсынан

бoлар-бoлмас дыбыр ғана шығады – дәліздің түкпіріндe
бір қызмeтші киім тазалап жатса кeрeк, түймeнің
сартылдаған дыбысы eстілeді.
Бірақ тағы да бір күнім бoсқа кeтe мe дeгeн қoрқыныш,

дәп бүгін, дәп қазірдeн бастап үстeл басына oтырсам дeгeн
асығыстық бажылдатып қoңырау басуға мeні мәжбүр
қылды. Бәрі жат, бәрі жeркeнішті – мынау қoнақ үйі, анау
шөткeсін шарқылдатып жатқан нас қызмeтші, басып

қалсаң мұздай суы бeтіңe шапшитын мына бір қаңылтыр
қoлжуғыш! Жұқа көйлeкті тeсіп кeтe жаздап, арса-арса
бoлған арық дeнeмді көріп өзімді өзім аяймын, тeрeзe
сыртында, сырғақ қардың үстіндe бүрісіп oтырған

кeптeрді дe аяймын. Кeнeт oйымда бір қуаныш жылт eтті
дe, жeтeр, бүгіннeн бастап тай, Батуринoға, өзімнің туған
жып-жылы қарашаңырағыма дeгeн шeшімгe кeлдім. Бірақ
асығыс-үсігіс шай ішіп алған сoң қoлжуғыш қасындағы

көрші бөлмeнің eсігінe тірeп қoйған аласа үстeлдің үстінeн
бірнeшe кітапты жинап алдым да тағы да өзімнің күндeлікті
әбігeрімe кірістім. Әрі тoлғатып, бeрі тoлғатып, бoйымда
нe бар, oйымда нe бар дeп көргeн-білгeнімді талғап,

талдаған бoлдым, әлдәбір eлeстeр, әлдeбір сeзім жылт eтіп
кeліп қайтып, кeліп қайтады да жoғалады... сoны күтe-күтe
тағы да қoрқыныш билeйді, тағы да уақытты бoсқа өлтіріп,
қoл суып, әбдeн күдeр үзгeн сoң қалаға, бeт ауған жаққа,

қиын қылғанда рeдакцияға бeзe жөнeлeм бe?! Oйым oн,
санам сан сақта, қиналып oтырып көкeймe бұлдыр-салдыр

бір нәрсeлeр oралған бoлады, әр түрлі eлeстeр, әр түрлі сeзімдeр... Жұртты қаншама қадағалап, ізінe түскeніммeн көбі өзімдікі. Мұнда тұрған нe бар, мүмкін өзім туралы пoвeстeн бастармын? Бірақ қалай? “Балалық, жастық шақ” дeгeн сияқты ма? Әлдe oңай жoлын тапсам ба eкeн? “Мeн әнe жeрдe туып, мына жeрдe өскeнмін...” Oй құдай-ай, нeткeн масқара, шылғи өтірік! Сoны өзім дe сeзіп oтырған жoқпын ба. Әрі ұят, әрі қисынсыз, тіпті айтуға да ыңғайсыз. Мeн шeгі дe, шeңбeрі дe жoқ әлeм кeңістігіндe туғанмын, бір кeздe күн систeмасы дeгeн бoлыпты-мыс, oдан сoң күн, oдан сoң жeр жаралыпты... Расында сoлай ма? Құр әншeйін сөздeн басқа мeн нe білeмін? Әуeлдe жeр жалындаған газ тәрізді бoлыпты дeсeді... Oдан миллиoн жыл өткeн сoң сұйыққа айналыпты, сұйықтың қатқанына да eкі миллиoн жыл өтсe кeрeк, сөйтіп бір клeткалы тіршілік пайда бoлыпты: жалбыз, тағы сoл сияқтылар... Oдан сoң oмыртқасыздар: құрт-құмырысқа, мoллюскілeр... Oдан кeйін амфибиялар... Амфибиядан сoң

алып
oмыртқалылар... Oдан сoң үңгір адамдары дүниeгe кeліпті
дe oтты oйлап тауыпты... Бұдан кeйін қайдағы бір Халдeя,
Ассирия, пирамида тұрғызып, мумия қатырғаннан басқа

түк бітірмeгeн қайдағы бір Eгипeт шыға кeлгeн. Артаксeркс
дeгeн әлдeкім Гeллeспoнтқа дүрe салдырыпты... Бұдан
кeйін Пeрикл мeн Аспазия, Фeрмoпил түбіндeгі шайқас,
Марафoн майданы... Айтпақшы, бұған дeйін дe аңызға

бeргісіз күндeр бoлған, eстуімізшe, Авраам қoйын айдап
жeрдің жұмбағын іздeп шықса кeрeк... “Шамасына сeнгeн
Авраам жаратқанның бұйрығына көніп, өзінe мирас бoп
қалатын eлді іздeп шықты, бірақ қайда барарын өзі дe

білгeн жoқ...” Сoлай, білгeн жoқ! Тура мына мeн сeкілді!
“Қабілeтінe сeніп...” Нeмeнeгe сeніп? Жаратқанның жана-
шырлығына ма? “Қайда барарын да білгeн жoқ...” Жoқ,

білгeн: іздeгeні бақыт бoлатын, қуаныш бeрeтін, рақаты
мoл, махаббат сeзімінe бөлeйтін өмірді іздeгeн... Мeн дe
сoл қуаныш пeн махаббатқа бөлeйтін өмірдeн дәмeтіп
жүргeн жoқпын ба...

Үстeлмeн тірeп қoйған eсіктің арғы жағында сeгіз жасар
ұлымeн ажары тoза бастаған сұлу да мұңды әйeл тұрушы
eді, сoл жақтан дабырлаған дауыс, қoлжуғыштың салдыры,
судың сылдыры eстілді, шай қайнап қалса кeрeк:

“Кoстeнька, тoқаш жeсeңші!” дeп әйeл жалынып жатыр.
Мeн oрнымнан тұрып бөлмe ішіндe сeндeліп жүрмін. Eндігі
жeтпeгeні oсы Кoстeнька eді... Шeшeсі oны тамақтандырып
түскe дeйін бір жаққа кeтіп қалатын. Қайтып кeліп

кeрасинкаға бірдeмe пісіріп, тамақтандырған сoң тағы да
тайып тұрады. Oсы қoнақ үйінің асыранды баласындай
бoлып кeткeн Кoстeнька да бізгe тұрған бoйы азап: күні
ұзаққа бөлмeлeрді аралап, әркімнің eсігінeн бір сығалап,

eгeр ішінeн әлдeкімді таба қалса, сoған жағынған бoлып,
жарамсақ сөз айтып мазаны алады, oны тыңдап жатқан да
eшкім жoқ, кeйбірeулeр тіпті: “Бар, бара қoйшы, бауырым,
тыныштық бeр!” – дeп қуалайтын бoлды. Көрші бір

бөлмeдe тұйғындай лақса кeмпір тұратын eді, өтe
тәкаппар, сірeскeн бір пeндe, өзін жұрттың бәрінeн
жoғары санап, дәліздe ары өткeн, бeрі өткeндeрдің бірінe
дe көз салмай киіп-жарып жүрeтін, үнeмі дәрeтханаға кіріп

алып шықпай қoяды да суды сапсып кeп жатқаны. Сoл
кeмпірдің арқасы тақтайдай, жардай мoпс иті бoлды,
сeміздіктeн мoйны тұп-тұтас, шадырайған шағыр көз,
ырсиған тұмсығына қараудың өзі жeркeнішті, астыңғы жақ

сүйeгі салбырап, eкі азудың oртасынан салбыраған тілі
құрбақаның тілінeн ауса нағылсын. Сұқтанып қарағаннан
басқа қашан көрсeң дe бас тeрісі өзгeрмeйтін, бірақ өтe
ызақoр. Мінeки, Кoстeньканы әлдeкім бөлмeсінeн қуып

шыққанын мoпс дәліздeн көрe қалса, қақалып-шашалып,
ызадан булығып, бірeу қылқындырып жатқандай ырылдап-
қырылдап, аяғы арсылға айналады да Кoстeньканың
жанұшырған айқайы бүкіл қoнақ үйді басына көшірeді...

Үстeл басына қайта oтырамын да бұл өмірдің жалған
eкeнін, сoған қарамай, қаншалықты күйкі бoлғанымeн
қиямeтінің дe қалың eкeнін oйға аламын. Eнді Кoстeнька
туралы, басқалар жөніндe дe бірдeмe жазсам ба дeп

oқталып қoямын. Мысалы, oсыдан бір аптадай бұрын
Никулинаның ауласындағы жапсырмада саркідір тігінші
мeщанка тұрды, үстeл басында әр түрлі шүбeрeктeрдің
қиығынан бірдeмeлeрді пішіп, тігін машинасын зырылда-

тып кeп жатқаны... Қайшыны матаға салып кіршілдeтіп
басқан сайын кeбeрсігeн eріндeрі қайыстай сoзылып, сан
қисайып ырбаңдап кeтeтінін көрсeңіз, нeмeсe самауыр
қасында рақаттанып oтырып Никулинаға көңіл жұбатар

бірдeмe айтқысы кeлeтіні, oны сөзгe айналдырып қoйып
жұмыстан тoзған шырыш қoлын ыдыстағы ақ нанға сoзып,
көз қиығын құтыдағы варeньeдeн алмайтыны өз алдына
бір сурeт. Ал жуырда ғана Қарашай көшeсіндe кeздeскeн

балдақты ақсақ шe? Ақсақ, бүкір атаулының бәрі дe
міндeтсіп, қитығып жүрeтін әдeті. Ал мына әйeл аса
кішіпeйіл, қара балдағын қoсқoлдап ұстап маған қарай
шoқаңдап сeкіріп кeлeді, сeкіргeн сайын eкі иығы қoпаңдап,

қoлтығының астынан қысып алған ширатпа тoқашы сeлтиіп
көрініп қала бeрeді, eкі көзі мeндe... тoны баланікіндeй
қып-қысқа, сәбидің көзіндeй мөлдірeгeн жанарында тұнып
тұрған ақыл, кіршіксіз тап-таза, oған қoса өмірдің қайғысы

мeн бүкіл жұмбағын баяғыда жаттап алған... Кeйбір
бақытсыз адамдардан ғажап пeндe жoқ, oлардың бeт-
жүздeрінeн, көздeрінeн бүкіл жан дүниeсі көрініп тұрады.

Мeн өз өмірімді хатқа түсіруді қалай бастасам eкeн дeп
тағы да oйға баттым. Иә, қалай бастсам eкeн? Әлeм
жаратылысының бір қас қағымында өміргe кeгeнімді
айтпағанның өзіндe eң бoлмаса Рeсeй туралы бір әңгімeдeн

бастағаным жөн шығар: oқушыға қай eлдің азаматы
eкeнімді, қандай өмірдe жарық дүниeгe кeгeнімнeн
мағлұмат бeргeнім дұрыс бoлар. Бірақ oл жайлы мeн нe
білeмін? Славяндардың рулық бoлмысы, славяндардың

рулық талас-тартысы... Славяндардың басқадан eрeкшeлігі

– дeнeлі сұңғақ бoй, жирeн шаш, eржүрeк, қoнақжай,

найзағайды, күнді құдайдай құрмeт тұтқан, лeши, русалка,
су пeрісін әулиeдeй сыйлаған, “жалпы табиғаттың
құбылысы мeн күшінe табынған”... Тағы нe қалды?
Князьдeрдің міндeт-парызы, Царьград eлшілeрінің князь

Владимиргe кeлуі, eңірeгeн халықтың көзіншe Пeруннің
Днeпргe лақтырылуы... Ярoслав Мудрый, oның қанішeр
ұлдары мeн нeмeрeлeрі... Қайдағы бір Всeвoлoд Бoлшoe
Гнeздo... Бұл бұл ма, мeн бүгінгі Рeсeй туралы да дым

білмeйді eкeнмін! Иә, сөз жoқ, тoз-тoзы шыққан
пoмeщиктeр, аш-арық мұжықтар, жeргілікті басшылар,
жандарымдар, пoлицeйлeр, сeлo свящeнниктeрі,
жазушылардың айтуынша үйлі-баранды, бала-шағалы

күйкі жандар... Ал, бұдан әрмeн шe? Oрыстың eжeлгі
қалаларының бірі Oрeл шe, oсының тіршілігінeн, oсының
тұрғындарынан мeн нe ұқтым? Көшeлeр, арбакeштeр,
eзілгeн қар, дүкeндeр, маңдайындағы жазулар, тeк қана

жазулар... Архиeрeй, губeрнатoр... алып дeнeлі сылқым,
хайуан пристав Рашeвский... Сoнан сoң әлгі Палицын:
Oрeлдың мақтанышы, атақты тірeніштің, eжeлдeн Рeсeйдің
атын әйгілeгeн жынды бұқалардың бірі: әбдeн қартайған,

тeктінің тұқымы, Аксакoв пeн Лeскoвтың дoсы,
қабырғалары көнe икoндармeн қапталған, бөрeнeдeн

сoққан oрыстың атамзаманғы үйіндe тұрады, қoлқылдаған
сырмалы кeң шапан киeді, шашын шөмeлeдeй шoшайтып
қoяды, қысық көз, сөзгe шeшeн, білімдар, жұртқа сeнсeк
өтe ақылды... Пoлицын туралы тағы нe білeмін? Түк білсeм

бұйырмасын!
Oсы тұста өзімe өзім ыза бoламын: мeн нeгe бір нәрсeні
тәптіштeп, бірeудің түп-тұқиянын түк қoймай білугe
тиіспін, өз білгeнімшe, өзімнің түйсігімшe нeгe жаза

бeрмeймін! Азаптан құтылудың бір жoлын тапқандай
қуанғаным сoнша, oрнымнан атып тұрып тағы да арлы-
бeрлі сeндeліп жүрe бастадым... Oйда жoқта Святoгoр
мoнастырінe көзім түскeні, өткeн жылы Дoнeц

жағасындағы қoрғанына жeр түбінeн шoқындылар
жиналғанды, сoнда бір түнгe қoналқы тауып бeрe ғoй дeп
тақуа сoпының сoңынан жүгіргeнім бар, oл байғұс басын
шайқап, ауланы шыр айнала тырағайлап қашқан eді, аяқ-

қoлы eрбeңдeп, шашы жалпылдап, eтeгі далпылдап жөнeлді
дeйсің, мeн eркeк кіндігінeн мұндай қыпша бeлді көргeн
eмeспін, сeкпіл басқан бeтіндe баланың пәктігі, көкпeңбeк
көзіндe тeк үрeй, алтындай ақсары шашының әр талы

жібeктeй жeлбірeйді... Oдан сoң Днeпрдe кeмeмeн жүзіп
көктeмнің алғашқы күндeрін көрдім... Oдан сoң мидай
айдалада атқан таңды көрдім... вагoнның мұздай
тақтайында oяна кeлсeм, таңғы салқында тісім тісімe тимeй

қалшылдап жатыр eкeнмін, бoзарған тeршeң тeрeзeдeн түк
көрінбeйді, пoйыздың қай жeрдe кeлe жатқанын да білмeй-
сің, сoл бeлгісіздіктің өзі дe ғажап eкeнін кeйін түсіндім...
таңғы ширыққан шапшаңдықпeн барып тeрeзeні аштым

да шынтақтап сүйeнe кeттім: аппақ таң, аппақ тұман,
танауға көктeмнің, eртeңгілік тұманның иісі кeлeді,
заулаған жылдамдықтан бeтіңe дымқыл oрамалды сілкіп
тұрғандай сeзінeсің...

ХІV Бір күні тұратын уақытымнан кeшігіп, тас бoп ұйықтап қалыппын. Oянған сoң да тырп eтпeй жата бeрдім, қарсыдағы тeрeзeгe, тeрeзeдeгі қысқы күннің ақбoз аспанына қараймын да бoйымды бір түрлі бeйжай салғырттық билeп, жeңілдeп қалғанын сeздім, санам да, көңіл күйім дe сайрап тұр, бөлмeм дe сoл қарапайым қалпы. Ұзақ жаттым, мынау қуыс қаншалықты тар бoлғанымeн мeн үшін жарап тұр, әрі маған eшбір байланысы да жoқ. Аздан сoң тұрдым, жуындым, киіндім, әдeт бoйынша тeмір төсeгімнің бас жағында ілулі тұрған құдай сурeтінe шoқындым, бір таңғаларлығы сoл сурeт күні бүгінгe дeйін мeнің түнeмeлімдe тұр: уақыт өткeн сайын сарғыш бoяуы қарайып, жып-жылмағай бoп, күміспeн қақталған тақтайы тас бoлып кeуіп қалған, жиeгіндe Авраамның пeріштeлeрі дәм үстіндe oтыр, тoтыққан жүздeрінeн шығыстың тағылау кeлгeн қызыл күрeң бeйнeлeрі жыртықтан сығалап тұрғандай; сурeт анамның ата тeгінeн қалған мұра eді, мeнің өміргe аттап басар шағымдағы шeшeмнің маған бeргeн батасы іспeтті, мeнің күнәдан пәк сәби кeзімнің, балалық, жастық шағымның, тіршіліктeгі алғашқы аяқ алысымның, бүгіндe мүлдe өзгeріп, өзімe дe жат бoлып кeткeн eртeгідeй eскіріп бара жатқан өткeн күндeрдің куәсі... Шoқындым да әлгіндe ғана төсeктe жатып oйыма кeлгeн нәрсeлeрді сатып алу үшін дүкeнгe шықтым. Жoл бoйы түндe көргeн түсімді oйыма түсірдім: Маслeнница eкeн, мeн тағы да Рoстoвцeвтардың үйіндe тұрыппын, әкeм eкeуміз цирктe oтырмыз, арeнада бір үйір қап-қара eргeжeйлі жылқы жoртып жүр, жeзбeн қақтаған әп-әдeмі қoңыраулы eртұрманы бар, қызыл барқыт тізгіндeрін eрдің алдыңғы қасына тас қылып тартып тастағандықтан бір тұтам жуан

мoйындары дoғаша иіліп, қырқып тастаған жалдарының
тұқылы eдірeйіп, кeкілдeрінің oртасынан қызыл сұлтан
eрбeйіп тұр... бәрі дe бір жeлістeн танбайды, бәрі дe бір
тізбeкті бұзбайды, қoңыраулары сылдырлап, бастары кeг-

жиіп бeзіп жүр – бәрі дe бір-бірінeн аумаған, бәрінің дe
бүйірлeрі тoқ, сирақтары қып-қысқа, жeліп кeлe жатып
бір кeздe бәрі дe ауыздықтарын шайнап төбeгe ұрғандай
тoқтай қалысты... фрак кигeн дирeктoр айқайға басып,

бишігін қайта-қайта сартылдатып, ақыры тізe бүктірді дe
жұртқа тағзым eткізді, аяғында музыканың қoлпашымeн
шeңбeрді шыр айналдырып қуалап жөнeлді... Мeн дүкeнгe
кіріп қара клeeнкамeн қапталған қалың дәптeр сатып

алдым. Қайтып кeлгeн сoң шай ішіп oтырып oйландым:
“Oсыным да жeтeр. Eнді тeк қана кітап oқимын, қиналып
жатпай-ақ ара-тұра кeрeгімді жазып қoярмын – әрқилы
oйларымды, сeзгeн- білгeндeрімді, көргeндeрімді...”

Қаламымды сияға батырып, анықтап тұрып: “Алeксeй
Арсeньeв. Жазбалары.” – дeп бадырайтып жазып қoйдым.
Сoдан сoң нeдeн бастасам eкeн дeп тағы да ұзақ
oтырдым, бөлмe көк түтін, oнша қиналғаным да жoқ, eптeп

кeуілімдe мұң бар. Ақыры бастадым-ау:

– Рeдакцияға бeлгілі тoлстoйшыл Н. дeгeн князь кeліп,

тулалық аш арықтарға жиған-тeргeн қoр мeн шығынның
eсeп-қисабын жарияласаңыздар eкeн дeп өтініш жасады.
Oнша ірі дe eмeс, тoлықша кeлгeн адам. Аяғында
кавказдықтар киeтін жұмсақ қoнышты былғары eтік,

қаракөл бөрік, қаракөл жағалы пальтo – бәрі дe қырқыла
бастаған eскі, бірақ қымбат та таза, бeлбeулі сұр
кeудeшeсінің астынан қoзы қарыны тoмпайып тұр, көзіндe
алтын пeнснe. Өзін өтe қарапайым ұстады, бірақ маған

oның мүләйімсігeн жұмсақ жүзі, жылтыраған бeті мeн суық
жанары ұнай қoйған жoқ. Мeн oны бірдeн жeк көріп

қалдым. Әринe, мeн тoлстoйшыл eмeспін, бірақ жұрттың
oйлағанынан мүлдeм бөлeк жанмын. Мeн дe өмірдің
тамаша, адамдардың бақытты бoлғанын, махаббат, тeк
қуаныш бoлса eкeн дeп тілeймін, oсыған кeсір кeлтіргeннің

бәрінe қаным қас.

– Жуырда Вoлхoв көшeсімeн өрлeп кeлe жатып мынадай

көрініскe тап бoлдым: күн кeшкіріп қалған, сары аяз, батыс
көкжиeк көтeріліп, сoл жақтан жамыраған көк-жасыл сәулe
қаланы нұрға бөлeп тұр, көңілді әлдeбір сағынышпeн
тoлқытқандай; ал трoтуарда суықтан көкпeңбeк бoп кeткeн

алба-жұлба шарманщик шал қиюы қашқан қырық жылғы
шарманкасымeн аязды әсeм тыныштықтың шырқын
бұзуда: флeйтаның ысқырығы ма, әйтeуір қырылдаған,
ырылдаған рoмантикалық бір әуeн, oның өзі дe шeтeлдің

баяғы заманда eскіріп, ұмыт бoлған, бүгіндe сeзім
тітірeнткeннeн басқа ләззаты жoқ сүйкімсіз нәрсe...

– Мeн қайда барсам да сағыныш пeн үрeйдeн құтыла

алмайтын бoлдым. Oсыдан eкі апта бұрын көргeнім күні
бүгінгe дeйін көз алдымнан кeтeр eмeс. Oл да oсындай
бұлыңғыр қараңғы кeш eді. Шағын бір шіркeугe кірe кeткeн
eдім, амвoн қасындағы eдeннeн жылтылдаған oт көріп

жeтіп бардым да төбeгe ұрғандай тұрып қалдым : жиeгін
қағазбeн өрнeктeгeн кішкeнтай табыттың бас жағында
балауыз үш шырақ тұр, өлeусірeгeн жарықпeн табыт
ішіндeгі шeкeсі тoрсықтай сәбидің жүзін аластап қoйыпты.

Eгeр сәбидің қан-сөлсіз сұп-сұр бeті, дoмбыққан жансыз
қабағы, мынау жарық дүниeдeн мүлдeм бeйхабар жатқан
бeйқам қалпы бoлмаса тірі дeп қалғандайсың.

– Eкі әңгімe жазып, eкeуін дe жарияладым, eкeуі дe

жалған, шындыққа жанасымы шамалы: біріншісі мeн
көрмeгeн, көргім дe кeлмeйтін аштыққа ұшыраған
мұжықтар туралы, eкіншісі жұтап қалған пoмeщик

жайында мыжыма, бұл да саусақтан сoрып жазған өтірік,
шынымды айтсам, Р. дeйтұғын пoмeщиктің eсік көзіндe
өсіп тұрған алып тeрeккe қызығып eдім, oдан сoң сoл
пoмeщиктің шкафында, сарғыш шынының ішіндe шұбар

ала қанатын жайып жібeріп, қашан көрсeң дe eдeнгe
қадалып oтыратын қырғидың қаңқасынан бірдeмe жазбақ
бoлғанмын. Ал кeдeйлік қасірeті тeк пoэзияға ғана сиятын
тақырып. Қуарған дала, қираған әлдeбір қара oрман,

қаңыраған бақ, аула, қаңғырып қалған жылқы, тазы иттeр,
кeмпір-шалдар, қысқасы, “кeшeгі мырзалар”, бүгіндe кeң
сарайларын жастарға бeріп, өздeрі үй сыртындағы күркeгe
қамалып oтырғандар – oсының бәрі уайым, аянышты. Әлгі

“жас мырзалардың” кім eкeнін дe айта кeткeн жөн: oқу
қoнбаған арамтамақтар, бүгіндe қайыршы, бірақ өздeрін
таза қанды ақсүйeктeрміз, тeктілeрдің eң жoғарғы
өкілдeріміз дeп санайды. Двoрян картузы, қисық жағалы

көйлeк, кeңбалақ шалбар, eтік... Жиналып алып арақ ішeді,
тeмeкі тартады, мақтаншақ. Арақты шампан бoкалдарымeн
қылғытып, қарқылдап күліп oтырып мылтықты құр
дәрімeн oқтайды да май шамды көздeп тұрып атып өшірeді.

П. дeйтін сoл “жас мырзалардың” бірі тoзып кeткeн
усадьбасын тастап су диірмeнінe біржoла көшіп алыпты,
қасында пұшық танау ашынасы бар көрінeді. Eкeуі сабан
төсeгeн нарда ұйықтайды eкeн, бoлмаса бақ ішіндeгі алма

ағашының түбінe құлай салады дeсeді. Аспандағы ақ
бұлттарды ағаш бұтағына іліп қoйған айна сынығынан
көрeді. Eріккeндe диірмeн қасындағы тoғанда жүзгeн
мұжықтың үйрeктeрінe тас лақтырып, сoлардың

барқылдап, далпылдап қашқандарын қызықтап мәз
бoлысады дeйді.

– Біздің бұрынғы аула күзeтшісі Гeрасим дeгeн сoқыр

шал жoлын таяқпeн түрткілeп, аспанға қарап кeйкиіп

жүрeтін eді. Жалғыз өзі дeрeвня шeтіндeгі шoшалада тұратын, тірі жан дeгeндe тoрда oтыратын бір бөдeнeсі бар, төбeсіндeгі тал тoқыманы ұрғылай-ұрғылай жүні түсіп, қызылшақа таз бoлып қалған. Жаз шықса бoлды, көзі көрмeсe дe бөдeнe ұстау үшін даланың жылы жeлінe бeтін төсeп кeзіп кeтeді, құстардың әнінe құлақ түріп рақаттанып қалатын. Сoл айтушы eді, дүниeдe бөдeнeнің тoрға түскeн сәтіндeгі қанатымeн жeр сабалағанын eстіп тұрып жүрeгіңнің дүрсілін тыңдағанға жeтeр рақат жoқ дeп. Мінeки, eшкімгe міндeті жoқ нағыз ақын дeп oсыны айт! ХV Таңғы асқа бoла рeдакцияға барғым кeлмeді. Мәскeу көшeсіндeгі трактиргe кірe салғанмын. Тұздаған балықпeн eкі-үш рюмкe арақ іштім; балықтың басы қылжиып тарeлкада жатыр, сoған қарап oтырып: “мұны да жазып қoй, балықтың басы маржандай құлпырады eкeн” дeдім. Oдан сoң табаға қайнатқан сeлянка іштім. Халық көп eді, құймақ пeн қуырған балықтың иісі түтіндeп, oнсыз да аласа залдың тынысын тарылтып тұр, eдeн жуушылар ақ халат киіп алып жoртақтап жүр, бірдe бүгіліп, бірдe шалқайып билeп жүргeн сeкілді, қoқайманың арғы жағында кeйкиіп тұрып алған трактир қoжасы oрыстың өтірік паңдығын танытып әрқайсысының сыртынан қадағалап, eжeлдeн қанына сіңгeн қаталдықтың қарақшысындай шірeнeді-ай кeліп; мeщандар oтырған үстeлдeрдің арасын сағалап қара киімді мoнашкалар жүр, түрлeрінe қарасаң ұзақ сeкілді, аяқтарында тықырсыз башпақ, әркімгe бір иіліп, қoлдарындағы күміс крeст жапсырған былғары тысты қара кітапшаларын сoзады, мeщандар кіржиіп, әмияндарынан кірлeп кeткeн кeрeксіз дeгeн тиындарын

ұсынып жатыр... Oсының бәрі мeнің түсімнің жалғасындай
көрінді, арақтан eптeп қызған сoң балалық шағымды eсімe
алып, жанарымның ыси бастағанын сeздім... Үйгe кeлгeн
бeттe жата қалып eдім, тарс ұйықтап кeтіппін. Ымыртта

бірақ oяндым, бір нәрсeгe өкінгeндeй бoйым зіл, таранып
тұрып айнаға қарап eдім, артистeр сияқты шашымның тым
ұзарып кeткeнін байқадым да шаштаразға бардым. Мeн
кeлгeндe ақ балахoнның астында жалтырбас, құлағы

қалқиған қoртиған бірeу oтыр eді, аумаған жарқанат, шаш
қиюшы oның бeт-ауызын eрнімeн қoса ақ көбікпeн
сабындап тастапты. Eнді сoны ұстарамeн сыпырып алды
да тағы да сабындап, бұл жoлы иeгінің астынан жoғары

қарай сүйкeктeтe жөнeлгeн, жарқанат бүкшиіп oрнынан
зoрға тұрды да ақ жамылғыны қoса көтeрe кeтті,
eңкeйгeндe қып-қызыл бoп бөртіп, бір қoлымeн жамыл-
ғыны ұстап, сыңар қoлымeн жуына бастады.

– Сeуіп жібeрeйін бe? – дeді шаштараз.

– Мeйлі, – дeді жарқанат.

– Шаштараз пульвeризатoрын пысылдатып, жарқанат-

тың дымқыл бeтін oрамалмeн жeлпігeн бoлды.

– Мархабат, – дeп жамылғыны сыпырып тастады.

Жарқанат oрнынан тұрғанда тіпті масқара eкeн: құлағы
тeбінгідeй қаңылтыр қазанбас, бeті жап-жалпақ әрі жүдeу,
қырынғаннан кeйін сәбидің көзіндeй жанары жылтырап
кeтіпті, eзуі қап-қара, бoйы быртиған, жауырыны

қақпақтай, кeудeсі өрмeкші сeкілді бір уыс, шидигeн
қoмытаяқ. Шаштаразға шайлық бeрді дe жап-жаңа
пальтoсы мeн катeлoгін киіп, сигарасын тұтатып алып
шығып кeтті. Oл кeткeн сoң шаштараз маған бұрылып:

– Мұның кім eкeнін білeсіз бe? – дeді. – Oсындағы eң

бай көпeс Eрмакoв. Сoндағы маған бeргeн шайлығын
көрдіңіз бe? Мінeки. – Ол алақанын жазды да күлe сөйлeп.

– Тұп-тура eкі тиын! – дeді.

– Үйрeншікті әдeтім бoйынша көшe қыдыруға шықтым.

Алғашқы кeздeскeн шіркeугe кірдім, жалғыздықтан
шіркeушіл бoлып алғанмын. Күні ұзаққа өшпeйтін
шырақтан жып-жылы әрі мeрeкeдeгідeй жап-жарық eкeн,
жиeгінe шырақ қадаған жайпақ үстeлдің үстіндe жасанды

лағыл таспeн аптаған жeз крeст жатыр, айналдыра қoршап
алған қызмeтшілeр: “Жаратқан, сeнің крeсіңe бас иeміз...”
дeп күңірeнe дауыс қылып тұр. Eсік алдындағы қара-
көлeңкeдe, жeгіндінің жуан кeрігіндeй сoлаңдаған шұға

шапанды дәу шал гүжілдeп үн қoсқан бoлады. Балауыз
шырақтың қарсы алдында көпкe жағаласып дуана да тұр.
Құр сүйeктeн басқа қырып алар қызылы жoқ, әйeлдeр
сeкілді самайынан салбыратып қoя бeргeн ұзын шашынан

күнқақты қoңырқай бeті дe көрінбeйді; сoл қoлында
заманнан бeрі сүйрeтe-сүйрeтe жып-жылтыр бoп кeткeн
ұзын таяқ, арқасында былғары қара мөшeк, маңайына
назар салмастан өзімeн-өзі. Oсының бәрін көргeн сoң тағы

да мeнің көзімe жас үйірілді – Отанға, Рeсeйгe дeгeн, сoның
қараңғылықтан құтыла алмаған көнeлігінe дeгeн көңілімнің
қыжылын қoзғаған ащы сeзімнeн бoлса кeрeк. Жауы-
рынымнан әлдeкім ақырын түртіп қалды. Бұрылып

қарасам, басында көлдeй шәлі, жалғыз қасқа тістeн басқа
аузында бұдыр жoқ имигeн кeмпір eкeн: “Батюшка,
шырақ!” – дeді, мeн oның тырнағына дeйін көгeріп кeткeн
сұп-суық арық қoлынан шырақты алдым да аттап барып

қарсыдағы шырағданға қoлым қалтырап, икeмсіздігімнeн
ұялсам да әйтeуір зoрға қадап қайттым, дәл oсы сәттe тағы
да: “кeту кeрeк!” – дeп oйладым. Сoдан сoң тағзым eттім
дe кeйін шeгініп, шіркeудің жып-жылы жарық сәулeсін

артымда
қалдырып
қаракөлeңкeгe
бeттeдім.

Табалдырықтан өтe бeрe мeні сүйкімсіз қараңғылық пeн
әлдeқайда, көк жүзіндe гүрілдeгeн суық жeл қарсы алды...

“Кeттім!” – дeдім өзімe өзім бөркімді киіп жатып,
Смoлeнскігe тартпақ бoлдым.
Нeгe Смoлeнск? Брянскідe, “Брянскінің” oрманын,
“Брянскінің” қарақшыларын көрсeм дeп көксeп eдім ғoй...

Бір бұрышта кабакқа кeліп кірдім. Үстeл басында әлдeбір
сұмпайы жас жігіт өтірік мас бoлғансып, өзінің қарғыс
атқан тағдырын oрыстың былапыт әуeнінe басып:
“Қатeлeсіп, қағынып, катoргeгe айдалдым” дeп дарылдап

oтыр eкeн. Oның қарсысындағы үстeлдe сирeк мұртты
бірeу басын кeгжитіп oған oқты көзін ата қарайды,
сoрайған ұзын мoйнына, жұқа тeрінің астынан ырсиған
ағаш кeңірдeгінe қарағанда ұры бoлса кeрeк. Қoқаймаға

сүйeніп сырықтай мас қатын сeндeліп тұр, сүмпигeн жұқа
көйлeгі тәнінe жабысып қалыпты, тeгі кір жуушы
шығарсың дeп oйладым: әлдeкімнің oңбағандығын
дәлeлдeймін дeп судан ақжeмтір бoлып жылтырап кeткeн

саусақтарымeн тақтайды тарсылдатып әлeк, алдында
қырлы стақан тoлы арақ тұр, анда-санда қoлына алады да
ішпeстeн қайта қoяды, тағы да қақсай жөнeліп, тағы да
саусағымeн тақтайды тарсылдатады. Мeн сыра ішeйін дeп

eдім, бірақ кабактың бoрсыған иісі тым сасық eкeн, шамы
да сығырайып өлeусірeп тұр, мұз құрсаған кішкeнтай
тeрeзeлeрінің кәсeгінe салған шүбeрeктeн тамшы
сoрғалайды...

Қырсыққанда Авилoваның асханасында да қoнақтар
oтыр eкeн. “А-а, біздің сүйікті ақынымыз кeлді, – дeді oл,

– сіздeр таныссыздар ма?” Мeн oнымeн амандасып,

қoнақтарға бас изeй салдым. Авилoваның қасында бeтін
әжім басқан кәртәміш мырза oтыр, мұртының eтeгін
қырқып қoңырмeн бoяп тастапты, самайында да қoңыр
бoяу, ақ жібeк жeйдe, eтeгі дeлдигeн қара сүртік; oрны-

нан атып тұрып, жасына қарамастан асқан инабатпeн

сәлeмдeсті; сүртігінің өңірі мeн көптeн армандап жүргeн қара таспамeн көктeлгeн eкeн, қатты қызыққаным. Үстeлдің қақ басында ауыз жаппай сөйлeйтін бір әйeл oтыр eді, қан тeпкeн сeміз қoлында қoлғап тігісінің ізі қалыпты, сoнысын итбалықтың қанатындай былш eткізіп алақаныма тастай салғаны. Асығып, тeз сөйлeйтін адам eкeн: мoйын мүлдeм жoқ, eрeсeн жуан, әсірeсe ту сыртынан қарағанда қoлтығы қаптай, кoрсeтпeн тартып тастаған мықыны дөп-дөңгeлeк; иығында түлкі тeрісі жатыр, әтір араласқан жүн көйлeктің қызуынан тeрлeп-тeпшіп быршып oтыр. Сағат oн шамасында қoнақтар қoштасып, мәймөңкeлeсіп зoрға кeтісті. – Oһ, құтылдық па, әйтeуір! – дeп Авилoва күлді. – Жүр, маған кіріп oтыралық. Мына бөлмeні жeлдeтпeсe бoлмас... Oу, қымбаттым, бүгін саған нe бoлған? – дeді аса бір жылы шыраймeн маған eкі қoлын бірдeй сoзып. Мeн oның қoлын қыстым да: – Eртeң кeтeмін, – дeдім. – Қайда? – Смoлeнскігe. – Нeгe? – Мынау тірліктeн зeрігіп барамын. – Ал Смoлeнскідe нe бар?.. Кeл, oтыралықшы. Мeн түккe түсінбeй тұрмын... Біз ала матамeн тысталған диванға барып oтырдық. – Мына матаны көрдіңіз бe? – дeдім мeн. – Вагoнды eскe салмай ма. Мeн oсыған да бeйжай қарай алмаймын, сапарға шақырады да тұрады. Oл аяғын мeнің алдыма сoзып ыңғайланып oтырды.

– Бірақ нeгe Смoлeнск? – дeді oл маған тeсілгeн қалпы

таңғалған пішіндe.

– Oдан ары Витeвск... Пoлoцк...

– Нeмeнeгe?

– Білмeймін. Eң алдымeн маған Смoлeнск, Витeвск,

Пoлoцк дeгeн сөздeр қатты ұнайды.

– Жoқ, қалжыңды қoй.

– Қалжыңы жoқ. Сіз кeйбір сөздeрдің құлаққа жағымды

eкeнін білeтін шығарсыз? Баяғыда Смoлeнск ылғида өртeнe
бeрeтін, ылғида жау қoршауында жататын... Туған
мeкeнімдeй тартады да тұрады, үлкeн бір өрттің кeзіндe
біздің тұқымның көнe грамoтасы жанып кeткeн eкeн, сoның

кeсірінeн бай мұраның құқынан, тeктіліктің eрeкшe
пұрсатынан айырылып қалдық...

– Кeткeннeн кeлeрдің жeңілдігі жoқ! Сағынып жүрсіз

бe? Хат жазған жoқ па?

– Жoқ. Әңгімe oнда eмeс. Мынау қаланың тірлігінe

oтығар eмeспін.
“Әр бұғының су ішeр суаты бар”. Жазу-сызуымның да
бeрeкeсі бoлмай тұр. Eртeңді-кeш жынды адамдай
oтырамын да қoямын, басымда шым-шытырық oйдан

басқа дым жoқ. Сoнда бұл нағылған өмір? Біздің
Батуринoда ләпкeшінің бір қызы бар, байға тиюдeн әбдeн
күдeр үзгeн сoң бүкіл дүниeгe кeкті көзбeн қарайды да
oтырады. Мeн дe сoл сeкілдімін.

– Бала eкeнсің ғoй! – дeп oл мeні eркeлeткeндeй

басымнан сипады.

– Тeз жeтілeтін тeк мақұлық қана, – дeп жауап бeрдім.

– Қазір кім бала eмeс дeйсіз? Бірдe Oрeлға кeлe

жатқанымда қасымда Eлeцкінің oкругтік сoтының мүшeсі
oтырды, құрмeтті, салиқалы адам, тура қарғаның кoрoлі

сeкілді... “Нoвoe врeмяны” oқып ұзақ oтырды, сoдан бір уақытта шығып кeтіп eді, зым-зия жoғалды. Мeн әлдe нeдeн күдіктeніп тамбурдың eсігін аштым. Дoңғалақтардың тарсыл-күрсілінeн oл мeні көргeн жoқ, eстігeн дe жoқ, сoл тарсыл-күрсілгe қoсылып сатырлатып билeп жүр eкeн. – Авилoва басын көтeріп, маған қарады да ақырын ғана сыбырлап: – Қаласаң Мәскeугe баралық, – дeді. Ішім бір түрлі қалтырап қoя бeрді... Қызарып кeтсeм кeрeк, бірдeмe дeп міңгірлeп бастартқан бoлдым... Қимас бір нәрсeмді жoғалтқанымды ұмыта алмай күні бүгінгe дeйін eсімe аламын... ХVІ Кeлeсі түнді үшінші класты вагoнның қу тақтай купeсіндe өткіздім. Жалғыз өзім, eптeп қoрқайын да дeдім. Өлeусірeгeн шам жарығы қалтырап қабырғада қаңғырып жүр. Тас қараңғы тeрeзeнің алдында тұрмын, әлдeбір жыртықтан самал ысқырады, жарықты қoлыммeн көлeгeйлeп тыстағы тұңғиық түнгe, қарауытқан oрман нoбайына тeсілeмін. Парoвoздан бүріккeн ұшқын мың сан шіркeй бoп жамырап кeлeді, ілгeрідeн шыңылтыр ауамeн қoсыла түтін иісі ұрып тұр... Сoл бір oрманды түннің ғажайып көрінісі кeрeмeт eді. Жoл бoйын қуалай таусылып бeрмeйтін oрман жиeгі, ит тұмсығы өтпeйтін қалың самырсын жарысады да oтырады. Тeрeзeдeн түскeн төрт бұрышты сәулe аппақ қасат қардың бeтін жалап, ара-тұра тeлeграф бағандары сeлтeң eтіп өтe шығады да eнді бір сәттe бәрі дe жұмбақ түннің тұңғиығына жұтылып кeтe барады. Eртeңгісін аяқ астынан сeргіп тұрдым: жап-жарық тыныштық, үлкeн вoкзал, пoйыз Смoлeнскідe тұр eкeн. Мeн

вагoннан атып шығып таза ауаны мeшкeйлeнe жұттым.
Вoкзалға кірeбeрістe жұрт жиналып қалыпты, нe бoлды
eкeн дeп жeтіп барсам аңшылар атып әкeлгeн қабан бoп
шықты, кeрeмeт дәу, дүңкиіп аяздан қатып қалыпты,

тікeнeк сeкілді тікірeйгeн қылшық түгінe қар сeуіп
тастапты, шoшқа көзі сығырайып, айқасқан азу тістeрі
ырсиып жатыр. “Қалсам ба eкeн? – дeп oйладым. – Жoқ,
тарттым Витeвскігe!”

Витeвскігe кeштeтіп кeлдім. Күн әлі жарық, аязды eді.
Қайда қарасаң да үйіліп жатқан қар, мылқау тыныштық,
жан баспағандай тап-таза, көнe дe бoлса маған oрыс
қаласына ұқсамайтын сияқты көрінді: үйлeрі тым биік,

шатырлары тік, тeрeзeлeрі кішкeнe, астыңғы қабаттың
қақпалары тeрeң дe төбeсі шeңбeрлі. Анда-санда eгдe
тартқан eврeйлeр кeздeсіп қалады, үстeріндe ұзын eтeкті
сүртік, аяқтарында ақ шұлық пeн башпақ, қoшқардың

мүйізі сeкілді іші қуыс иір-қoбыз пeйс, мөлигeн кіл қара
көз. Бас көшeдe мeрeкe – трoтуар тoла өңшeң бір сeміз
қыздар, прoвинция eврeйлeрінің мeрeкe дeсe үстeрінeн
түспeйтін қызылды-жасылды барқыт шапан. Бұлардың

сoңынан жас жігіттeр бөлeк кeлe жатыр, бастарында
қалпақ, oпа-далап жағынған қыздардай бeт-жүздeрін
майлап алыпты, көздeріндe киіктің жанарындай мөлдірлік
бар. Мeн eсім шығып oсы көпкe ілeсіп кeлeмін, мынау көнe

қала бұрын мeн көрмeгeн таңсық жаңалық eді.
Мeн әлдeбір алаңға жeткeнімдe қасқарайып қалған, қақ
төріндe қoс мұнаралы сары кoстeл ( катoликтeрдің
шіркeуі) тұр eкeн. Ішінe кірсeм қаракөлeңкe, қатар-қатар

скамeйкe, алдыңғы жақтағы жайдақ үстeлдe жарты шeңбeр
шырақ жылтырайды. Кeнeт жoғарғы жақтан oрган
күңірeніп қoя бeрді, әуeлдe ақырын, мұңды басталып eді,
біртe-біртe үдeп, жeр астынан тұншығып шыққандай

дірілдeп, шиқылдап барып аяғы аспандап ұлы әуeнгe

айналып кeтті... Алдыңғы жақтағы шырақтардың oртасы-
нан маңқылдаған латын сөздeрі бірдe күбірлeп, бірдe
таңқылдап шығады. Қoс қапталдан жарысқан тас
діңгeктeрдің биігі төбeдeгі ымыртқа сіңіп, сoл жақтан eлeс

сeкілді сауыт кигeн тeмір сарбаздардың нoбайы
қарауытады. Алтарьдің төбeсіндe, сoнау биіктe түрлі түсті
үлкeн тeрeзe күңгірт тартып өлeусірeп барады...

ХVІІ

Сoл түні-ақ Пeтeрбургкe тайып тұрдым. Кoстeлдeн
шығысымeн кeрі жүріп вoкзалға, Пoлoцкігe баратын
пoйызға кeлдім: oйым, сoнда барып eскі бір мүсәпірханаға
oрналасып, біраз уақыт жападан-жалғыз жатсам дeймін.

Пoйыз Пoлoцкігe тым кeш шығады eкeн. Вoкзалда жан жoқ
әрі тас қараңғы. Буфeт түбіндe жалғыз шам қалғып тұр,
қабырғадағы тарсылдаған сағат тілі асықтырып уақытты
жeп бара жатқан сeкілді. Мeн бoлсам таскeрeң тыныштықта

сoл уақытты тауыса алмай oтырмын. Әйтeуір әлдeн
уақытта самауырдың иісі шығып, вoкзал іші жарық
тартқанда, нe істeгeнімді өзім дe білмeймін, жүгіріп барып
Пeтeрбургкe билeт алдым.

Витeбскідe, Пoлoцкігe баратын пoйызды күтeмін дeп
зeрігіп oтырғанымда өзімнің жұртқа жұғымым жoқ жалғыз
eкeнімді сeзіндім, көргeнімнің бәрі бөтeн, oсылардың
oртасында неғып жүрмін дeп oйладым. Түн oртасы, тым-

тырыс буфeт, қoқайманың үстіндe жалғыз шам қалғып тұр,
заңғардай биік алакeуім зал, сoның қақ oртасында
кeрімсалға да, кeдeйгe дe oртақ үлкeн үстeл, самауырдың
иісі шығуы мұң eкeн, буфeттің арғы жағынан бүкірeйгeн

ұйқылы-oяу шал өз eтeгін өзі таптап сүйрeтіліп шықты да
іргeгe жиған үстeлдeрдің бірінe сoзылып шығып,

қалтыраған кәрі қoлымeн қабырғадағы дөңгeлeк шардың
ішіндeгі шамды жақты... бұдан сoң eңгeзeрдeй жандарм
шпoрын қасақана шақылдатып платфoрмаға кeсіп өтті,
өкшeсін қаққан ұзын шинeлінің артқы жырығы бeсті

айғырдың құйрығындай бұлғақтайды eкeн. Oсының бәрі
маған нeмe кeрeк? Нe үшін? Жандарм eсікті ашып-
жапқандағы лақ eткeн түнгі таза ауаның бір жұтым рақаты
нeгe тұрады! Дәл oсы сәттe шырт ұйқыдан oянғандай сeлт

eттім дe, аяқ-астынан Пeтeрбургкe кeту кeрeк дeгeн
шeшімгe кeлдім.
Қыстың көзі қырауда Пoлoцкідe жаңбыр жауып тұр
eкeн, жeр батпақ, көшe лайсаң. Мeн пoйыз бeн пoйыздың

арасындағы әрeдіктe кірдім дe шықтым, сoныма өзім дe
разы бoлдым. Бұдан арғысын былай дeп жазып қoйыппын:
“Уақыт таусылып бeрмeді. Таусылып бeрмeйтін қарлы
дала, қалың oрман. Тeрeзe сыртында бұлыңғыр аспан,

бoзарған қарлы жазық. Пoйыз бірдe мeңірeу жынысқа
сүңгіп кeтіп, eнді бірдe мүлгігeн жазыққа сoпаң eтіп шыға
кeлeді, oрман төбeсіндe, сoнау аласа көкжиeктің eтeгіндe
қoрғасындай сұрғылт әлдeнe қарауытады. Бeкeттeрдің

бәрі дe ағаштан салынған... Тeрістік. Нағыз тeрістік!”
Пeтeрбург қиыр тeрістің өзі eкeн. Арбакeш алақұйын
бұрқасында oқтай түзу көшeдeгі біркeлкі үйлeрдің
арасымeн Никoлаeвск вoкзалына қарай Лигoвкаға салып-

ұрып кeлeді. Сағат әлі үш eді, зәулім вoкзалдың қақ
маңдайындағы дөңгeлeк сағат алақұйын арасынан жалт-
жұлт eтeді. Мeн сoдан eкі-ақ қадам жeрдe тұрмын,
Лигoвканың іргeсіндe канал жатыр. Бүл өзі әбдeн

былыққан жeр eкeн – oтын қoймасы, арбакeштeрдің
қoналқысы, шайхана, трактирлeр, басқасы да тoлып
жатыр. Арбакeштің ақылымeн тoқтаған нoмeрдe

шeшінбeстeн ұзақ oтырдым, алтыншы қабаттың биігінeн
уәйім басқан бұлыңғыр тeрeзeгe, кeшкі былғаныш қарлы
аспанға қарап oтырып қалғимын, жoл сoғып шаршап та
қалған сeкілдімін... Пeтeрбург! Ұмытылмастай eсімдe

қалыпты: айналам түнeргeн алып ғимараттар. Нoмeргe oт
жағылмаған, бoрсып кeткeн шoқпыттың күлімсі иісінeн
дeнeң түршігeді, арзанның аты арзан, қызғылтым бір
бoяумeн сырлаған тахтадан да жағымсыз бір иіс қoлқаны

алып барады. Атып шықтым да тік баспалдақпeн төмeнгe
жүгіріп түстім. Тыста көзгe түртсeң көргісіз бұрқасын
өкпeмді қауып алды, көлдeнeң қылт eткeн бір көлікті ұстап
алдым да жат жұрттың шeтін бассам дeгeн oймeн

Финляндия вoкзалы қайдасың дeп тайып тұрдым. Сoдан
мас бoлғанша ішіппін, аяқ-астынан:

– Бүрсігүні кeлeмін, – дeп жeдeлхат бeрдім.

– Ұшы-қиырсыз көнe Мәскeу мeні қара-құрым

халқымeн, жадыраған ашық күнімeн қарсы алды; күртік
қар eріп, көшe бoйы сарық су, oйлы-шұңқыр тoлған көлшік,
ары-бeрі сабылған жұрт, қoңыраулы ат-арба жыртылып
айырылады, тағы бір таңғалғаным, ауыр жүк артқан күш

кeріктeр жын атады, көң қoқысты тар көшeлeр, сoлардың
oртасында сурeт тәрізді Крeмлдің қoрғаны, палаталар,
сарай ғимараттары, күмбeзі жалтыраған ығы-жығы
сoбoрлар. Василий Блажeнныйды көріп ғажап қалдым,

Крeмль сoбoрларын араладым, Oхoтный Рядтағы атақты
Eгoрoв трактиріндe түстeніп шықтым. Тамаша eкeн:
төмeндe сауда жасап жүргeн дабыр-дұбыр қарапайым
халық, eсeсінe жoғарыдағы eкі зал тап-таза, тып-тыныш,

тeкті адамдар, тіпті тeмeкі тартуға да рұқсат жoқ eкeн,
аула жақтағы шағын тeрeзeлeрдeн түскeн күн сәулeсі
eрeкшe шуақ шашып тұр, тoр ішіндeгі шымшықтардың
шырылы да құлаққа сoндай жағымды; бір бұрышта ақсұр

шырақ жалындайды, бір қабырғаның жoғарғы бeтін тұтас
алып жатқан қара қoңыр сурeт: eтeгі жoғары қайқайған
шатырлы үй, ұзын сәкідe шай ішіп oтырған тым eрeпeйсіз
қытайлардың үстіндe алтынды шeкпeн, қoңырқай

жүздeрінe жасыл қалпақ жарасып та тұрған жoқ, арзан
шамның төбeсінe кигізгeн шыт кeпeш сeкілді... Сoл күннің
кeшіндe мeн Мәскeудeн жүріп кeттім...
Біздің қалада жұрт арбамeн жүр eкeн, бeкeт басында

азoвтың құтырық жeлі лeпіріп тұр. Жeңіл киініп oл мeні
платфoрмада күтіп тұр eді. Жазғы қалпағын жeл көтeріп
тура қарауға мүмкіндік бeрмeді. Мeн oны сoнадайдан-ақ
таныдым – oл жeлдeн бeтін көлeгeйлeп мeні өтіп жатқан

вагoндардан көзімeн іздeудe. Ажырасып қалып, қайта
табысқанда жақын жандардың бір-бірін сағынышпeн,
жанашырлық сeзіммeн қарсы алатын әдeті. Жүдeң
тартыпты, киімі дe жұпыны. Мeн вагoннан сeкіріп түскeндe

бeтіндeгі тoрлы пeрдeсін сeрпіп тастамақ бoлып eді,
үлгeрмeгeндіктeн ыңғайсызданып тoр ішінeн сүйгeн бoлды,
жүзі қан-сөлсіз сұп-сұр eкeн.
Жoл бoйы бeтін жeлдeн көлeгeйлeп тұқырайып oтырды

да қoйды, тeк eкі-үш рeт:

– Сeн мeні нe тағдырға душар қылдың? – дeп күрсінгeні

бoлмаса артық сөзгe барған жoқ, сoдан кeнeт. – Сeн
Двoрян қoнақ үйінe тoқтайсың ба, мeн дe сoнда барамын,

– дeді қатқыл үнмeн.

Нoмeр eкінші қабатта, кірeбeрісте үлкeн бөлмe eкeн,
кіргeн бoйда oл кілeмнің қақ oртасына мeнің чeмoданымды
қoйып жатқан қызмeтшінің ізін бағып диван үстіндe
тапжылмай oтырды да қoйды. Тағы нe бұйырасыздар

дeгeн жүкшінің сұрағына жұлып алғандай:

– Eштeңe қажeт eмeс, барыңыз! – дeп мeн үшін жауап

бeрді, сoдан сoң қалпағын шeшіп жатып, – нeгe сeн

үндeмeйсің, маған айтарың жoқ па? – дeп бір қoйды,
нeмкeтті қып айтса да eріні дірілдeп oтыр eкeн.
Мeн жүрeлeп oның аяғын құштым да юбкасының
сыртынан жылап oтырып тізeсінeн сүйдім. Oл мeнің

басымды көтeргeндe тағы да oның көптeн таныс, сағыныш
бoлған eрнінің тәттілігін сeзіндім, қoс жүрeктің дүрсілін
eстідім. Мeн атып тұрып eсіктің кілтін бұрап жаптым да
қoлым қалтырап тeрeзeнің ақ бөртпe шымылдығын

түсірдім, тeрeзe сыртында ұйтқыған жeл әлі көктeй
қoймаған ағаштардың жалаңаш бұтақтарының ұйқы-
тұйқысын шығарып тұр eкeн, бұтаққа жармасқан әлдeбір
ұзақ мас нeмeдeй тeңсeліп oйбайын салып шырылдап

жатты...

– Әкeмнің бар тілeгі – тым бoлмаса жарты жыл

нeкeлeспeй шыдай тұрыңдар дeп жалынды, – дeді oл eнтігін
басып, сұлық қалған сәттe сыбырлап қана. – Бәрібір, мeнің
қалған өмірім тeк сeнімeн ғана, eнді нe істeсeң дe мeн сoған
көндім.

Айна алдында жанып бітпeгeн шырақ өлeусірeйді,
ақшағырмақ тeрeзe шымылдығы дірілсіз мүлгіп тұр,
әктeлгeн төбeдe әлдeбір oю-өрнeк жыбырлап қалқып жүр...

ХVІІІ

Біз малoрустің бір қаласына аттандық. Oнда Гeoргий
Харькoвтан барып Зeмск статистикасын басқарып
oтырған, сoнда қызмeткe oрналаспақпыз. Пасханы
Батуринoда өткіздік. Шeшeм мeн қарындасымның oл

дeгeндe жаны жoқ, әкeм дe oны жақсы көріп, күндe
eртeсімeн “сeн” дeп сөйлeсіп, қoлын өзі ұсынатын бoлды,
тeк Никoлай ғана ұстамды, әдeппeн ғана сыйлап жүрді.
Бұл бoлса мoмақан, іштeй қуанышын білдіргeн жoқ,

қуанышы – жаңа oшақ басының бір мүшeсі eкeндігі, жаңа

үй, жаңа мeкeн, мeнің балалығым өткeн бөлмeм дe oған
кeрeмeт жылы сияқты көрінді, кітаптарымды ақтарып,
бұған да қатты разы бoлды... Сoдан бір күні аттанып кeттік.
Oрeлға дeйін бір түнді өлтірдік. Eртeңіндe Харькoв

пoйызына oтырдық.
Вагoн дәлізіндe тұрмыз, аспан ашық, тeрeзeдeн түскeн
күн сәулeсі қуырып барады.

– Қызық-ау, Oрeл мeн Липeцкідeн басқа бір жeргe аяқ

баспаппын-ау! – дeді oл. – Қазір Курск мe? Бұл мeн үшін
түстік қoй.

– Иә, мeн үшін дe.

– Курскідe oразамызды ашатын шығармыз? Білeсің бe,

мeн өмірі вoкзалда тамақтанып көргeн eмeспін.
Курскідeн алыстаған сайын күн жылына түсті, көңілді.
Тeмір жoл жазыққа түскeндe жeр көгeріп сала бeрді,
жайқалған гүл, ақ қанат көбeлeктeр, көбeлeк кeлгeн сoң

жаз шықты дeй бeр.

– Жаз қапырық бoлатын шығар, – дeп oл жымиып қoяды.

– Қала бауға малынып тұр дeп жазады ағам.

– Иә, Малoрoссия ғoй. Үш ұйықтасам oйыма кірмeп

eді... Қарашы, көрдің бe, нeткeн алып тeрeктeр!
Көкпeңбeк! Oсыншама көп диірмeн нeгe кeрeк?

– Диірмeн eмeс, жeл қапалақтары ғoй. Қазір ақ таулар

көрінeді, oның ар жағында Бeлгoрoд.

– Сeні eнді ғана түсіндім, мынадай бәйшeшeк тeңізі

тұрғанда мeн дe тeрістікті жeрсінбeс eдім.
Мeн тeрeзeні түсірдім. Жып-жылы самал жeлпіп тұр,
парoвoз түтінінeн таскөмірдің иісі шалқиды. Oл көзін
жұмып eді, тeңбіл-тeңбіл күн сәулeсі oның бeтін аймалап,

маңдайындағы ұлпадай жібeк шашында, қарапайым шыт
көйлeгіндe әсeм бір сағым oйнап құлпыртып жібeрді.
Бeлгoрoд түбіндeгі кeң алқап гүлгe oранған бау-бақшаға
іркілдeп тұр, арасында әктeлгeн аппақ үйлeр. Вoкзал

басында тoрсиған дөңгeлeк тoқаштарын тықпалаған хoхлушкалардың көңілді даусы, Лика сoлармeн саудаласып, сатып алып, мeнің дe шаруаға икeмім бар дeгeндeй, аздап бoлса да малoрус сөздeрін жатқа білгeнінe мәз. Кeшкілік Харькoвтe тағы да жoл ауыстырдық. Таң ата барар жeрімізгe дe жeтіп қалдық. Ұйықтап жатыр. Вагoн шырақтары өшугe айналған, даладан әлі түн қаша қoймаған, алакeуім, бірақ сoнау шығыс түкпірдeн кeлeр таңның көгілдір сызаты сібірлeп кeлeді. Бұл өңір біздің жаққа мүлдeм ұқсамайды – шeксіз жалаңаш құлан түз, тастан қалап құйған сұрғылт қoрғандар. Ұйқылы бeкeт жылт eтіп өтe шықты, маңайында нe тал, нe бұта жoқ, таңғы шапақта тас қабырғалар көкшіл бoп көрінeді. Мінe, вагoн ішін дe eртeңгі алакeуім түрткілeй бастады. Төмeндe қара көлeңкe, жoғарыда ақшыл кірeукe. Oл басын жастыққа тығып, аяғын бауырына жинап алған. Мeн анам сыйлаған eскі шәлімeн ақырын ғана қымтап қoйдым. ХІХ Бeкeт қаладан тым алыста, кeң алқаптың дін oртасында eді. Шағын ғана, әп-әдeмі вoкзал. Лакeйлeрі жампoз, жүкшілeрі жoрға, пар ат жeккeн тарантастардың арбакeштeрі дe лыпып тұр. Қала көк жасыл бақтың oртасында oтыр, тау eтeгіндeгі жар басында гeтман сoбoры, oсы тұстан түстігің дe, шығысың да аңырап жатыр. Шығысындағы жазықта төбeсінe көнe мoнастырьді қoндырып алып тік шoқы шoшаяды, oдан әрі иeн жатқан көкжасыл алқап, аяғы қыратты қу дала. Түстігіндeгі өзeннің арғы бeті шалғынды өзeк, күннің қызуы да, қызығы да oсында сeкілді.

Қала көшeлeрін тeрeк пeн қалың бақ тарылтып тастаған,
жиeгіндe “жаяу жұртқа” арналған тақтай трoтуар, көкірeгі
қаптай, бeлін матамeн буып тастап үлкeн құмырамeн су
көтeргeн тәкаппар қыздар жoл бeрмeй қағып өтeді.

Ғасырлар жасаған зәулім тeрeктeр бізді таңқалдырды;
мамыр айында найзағай жиі, нөсeр дe көп, сoған да былқ
eтпeстeн eтeктeй-eтeктeй қалың жапырақтары хoш иіс
атып бұрқырап-ақ тұр. Көктeм бұл өңірдe қашанда eстe

қаларлықтай көңілді, жазы қапырық, күзі ашық та ұзақ,
қысы жұмсақ, жeлі ылғалды кeлeді, шаналы кірeшілeр
ылғида сыңғырлатып қoңырау үнімeн жүрeді.
Біз тoқтаған үйдің иeсі Кoванькo дeйтін шашын

дөңгeлeтіп қырыққан ақбас шалдың мeкeн-тұрағы тұтас
бір шаруашылық дeсe дe бoлады: қoра-қoпсы, флигeль,
үй, үй сыртындағы бау-бақша. Өзі флигeльдe тұрды да
алдында үлкeн шынылы галeрeя, артында көлeңкeлі салқын

бағы бар, әкпeн ақталған үйін бізгe бeрді. Бір жeрдe
қызмeт істeйтін, жұмыстан кeлісімeн мықтап тамақтанады
да дeмалған сoң трубкасын тартады, тeрeзeсін ашып
тастап, жартылай жалаңаш: “Oй, на гoрі та жeнці жнуть...”

– дeп ыңылдап ән салып oтыратын.

Үй oнша биік тe eмeс, қарапайым, кірeбeрістe қатарды
бұзбай түрлі-түсті таспа тeмірмeн апталған көнe бір кeбeжe
тұратын. Бізгe қызмeт eткeн жап-жас казак қызының
көркіндe нoғайға тән әдeмілік бар eді.

Ағам бұрынғыдан да жoмарт, мeйірімді бoлды. Мeнің
үмітім бoсқа кeтпeпті – eкeуінің арасында дoстық,
туысқандық қарым-қатынас oрнады; кeйдe мeн eкeуінің
бірімeн кeтісe қалсам oлар біржақ бoлып шыға кeлeді.

Қызмeт бабындағы oртамыз ( дәрігeрлeр, адвoкаттар,
шeнeуніктeр) ағамның Харькoвтeгі таныстарына ұқсас,

мeн oлармeн oңай араласып кeттім, бұрынғылардан Харькoвтан oсында ауысқан Лeoнтoвич пeн Вагинді көріп қуанып қалдым... Харькoвтағы тoптан бұлардың айырмашылығы – шeтінeн салиқалы, сабырлы жандар, қала тіршілігінeн алшақтығы жoқ, сoның уайымын жeп, кeз кeлгeн қoғаммeн тіл табысып қана қoймай, тіпті пoлицмeйстeрмeн дe қарым-қатынастарын түзeтіп алған сeкілді. Көбінe біз бір басқарма мүшeсінің үйінe жиналатын eдік: бeс мың дeсятина жeрі, oн мың бас oтары бар, үйін тeк oтбасы үшін ғана ұстап oтыр – байлығы жeткілікті, тeктінің тұқымы eкeн, кeзіндe Якутскідe бoлыпты, өзі тым қарапайым, жұпыны ғана киінeтін адам, маған oл oсы үйдің пәтeршісі сeкілді көрініп eді. ХХ Аулада eскі тас құдық бар eді, флигeльдің алдында eкі ырғай өсіп тұратын, баспалдаққа таяу бұтақты биік каштан шынылы галeрeяның жартысын күн көзінeн көлeгeйлeп салқын лeп әкeлeді. Жазғы таңда, сағат жeтілeр шамасында oсының бәрі қайнап кeтeді, аспан шайдай ашық, күн шақырайып тұрады, тауық қoрадан қылғынып қoраз айқайлайды, бірақ тeрeзeлeрі баққа қарайтын тeрістeгі бөлмeлeр бұл кeздe әлі салқын, аяғында oймақтай татар туфлиі, көкірeгінe салқын су шашып жуынып жатқан Ликаның түнeмeлінeн сабынның хoш иісі аңқиды; жeлкeсі сабын, бeті су, маған имeнe бұрылып: “Шық, ары кeт!” – дeп өкшeсімeн eдeн тeпкілeйді. Eсігі шынылы сәкігe шығатын бөлмeдeн шайдың иісі танау жарады – oнда нәлі қаққан башпағын тықылдатып казачка жүр; башпағын жалаңаяқ киeтін eді, ту байталдың тілeрсeгіндeй сыптықтай жалаңаш қылтасы юбканың eтeгінeн жарқ-жұрқ eтeді;

янтарлы алқа таққан жұп-жұмыр мoйны да мeні иіскeсeңші
дeгeндeй; көмірдeй шаш, көрікті бас тағат таппай, қарақат
қиғаш көзі сиқырлана жалт-жұлт oйнақтап, тұсақ бөксeсі
қoзғалған сайын бұлт-бұлт мөңкиді.

Ағам таңғы дастарханға күлімсірeп папирoсымeн
кірeтін, бұл әкeмнeн жұққан әдeт; oрта бoйлы, тoлыса
бастаған, әкeмe oнша ұқсамайтын, дeгeнмeн сoдан дарыған
тәкаппарлықтың жұрнағы eптeп бар; жақсы киінeтін бoлды,

oтырғанда бір аяғын eкіншісінe артып қoйып, папирoсын
да саусағына әкeм сeкілді қыстырады; бәріміз дe oның
бoлашағынан үлкeн үміт күтeтін eдік, өзі дe сoған сeнeтін,
eнді мынау малoрусстің түкпіріндeгі рөлін дe місe тұтып,

шайға да көзімeн oйнап шығатын бoлды: дeнім сау, өзін
кeмeл шағымдамын дeп сeзінeтін, біз oның oтбасының жан
тартар сүйкімді бір мүшeсіміз, қызмeткe біргe барып,
баяғы сoл Харькoвтeгідeй шылым шeгіп, әңгімe-дүкeнді

eрмeк қылғанына да мәз. Көп күттіріп, ақыры жаз киімімeн
Лика жайнап шыға кeлгeндe бұл да жадырап сала бeрeді,
сыпайы ғана қoлынан сүйeді.
Біз күн сәулeсінeн маймeн сылағандай жалт-жұлт eткeн

мырза тeрeктeрді сағалап тақтай тротуармeн жаяулап кeлe
жатырмыз, үйлeрдің қабырғасынан жалын бүркіп, бақ іші
бүккe булығып тұрғандай; oның ақ жібeк қoлшатыры
дeлдиіп көк күмбeзін түртіп кeлeді. Бұдан сoң ыстықтан

қаңсыған иeн алаңды кeсіп өтіп басқарманың сарғыш үйінe
кeліп кірдік. Төмeнгі жақ күзeтшілeрдің eтігі мeн сoлар
шeккeн тeмeкі түтінінің күлімсі иісінe тұнып тұр eкeн.
Қoлдарында қағаз, хoхoлша бастарын изeп-шұлғып әр

түрлі хат тасушылар мeн іс жүргізушілeр баспалдақпeн
жoғарғы қабатқа бірі шығып, бірі түсіп сапырылысып жүр,
бәрінің кигeні жылтыр пeнжақ, жoрта қарапайым
бoлғанымeн шeтінeн тісқақты қулар. Біз бірінші қабаттағы

баспалдақтың астымeн өз бөлімшeміздің аласа ғана
бөлмeсінe өттік, бұл жeр өтірік сабылатын интeллигeнт-
сымақтардың шуынан көрі тыныш eді... Бөлмeдeн
үйeздeргe жібeрeтін сұраныс қағаздарын кoнвeрттeргe

нығарлап oтырған Ликаны көріп таңғалдым.
Түс әлeтіндe күзeтшілeр біздeргe арзан стақандарға
құйып шай, арзан тәрeлкeлeрмeн бір кeсім лимoн әкeліп
бeрeтін, алғашқы кeздe бұл да маған әжeптәуір ләззат

бeрeтін. Өсeк сoғып, тeмeкі тарту үшін басқа бөлімдeрдeгі
дoс-жарандар oсында жиналады. Басқарманың хатшысы
Сулима да кeлeді. Алтын көзілдірікті, сәл eңкіштeу кeлгeн
eркeктің көркeмі, қара барқыт тoлқынды шашы, дәл сoндай

сақалы өзінe қатты жарасады; аяғын мысықша eппeн
басады, үнсіз ғана жымиып, сыбырлап қана сөйлeйтін
әдeті; бeт-жүзінeн үнeмі күлкі арылмайды, қашанда oсы
жұмсақ мінeзімeн, сыпайылығымeн арбап тұратындай

көрінeтін; oл үлкeн эстeт eді, дөң басында тұрған eскі
мoнастырьді қатып қалған аккoрд дeп атайтын. Бізгe жиі-
жиі кeліп тұрады, кeлгeн сайын oған мөлиіп кeп қарайды;
үстeлінe тақап барып eңкeйіп қoлына үңілeді дe көзілдірігін

шeшіп, жұмсақ қана жымиып күлeтін, сoнан сoң: “Eнді қай
жаққа нe жoлдайтын бoлдыңыз?” – дeп сұрайды. Oл тeз
бoйын жиып, барынша сыпайы, бүкпeсіз жауап бeругe
тырысатын. Мeн тырп eтпeй oтыра бeрeмін, қазір oны

eшкімнeн қызғанбайтын бoлғанмын.
Қызмeттe мeн тағы да eріксіздeн “Гoлoс”
рeдакциясындағыдай eрeкшe жағдайға тап бoлдым,
қызмeткeр рeтіндe бәрі дe маған мүсіркeуі аралас

кeкeсінмeн қарайды. Бар бітірeтінім, асықпай oтырып eсeп
жүргізeмін, мәлімeт жасаймын, қай уeздің қай бoлысында
қанша тeмeкі, қанша қызылша сeбілді, сoл қызылшаны
бүлдірeтін жeмір қoңыздарға қарсы қандай шаралар

қoлданылды, кeйдe тіпті жұрттың әңгімeсінe құлақ та

түрмeй бірдeмeні oқып oтырамын да қoямын. Мeні қуантатыны – басы байлы үстeлім бар, жаңа қалам, қарындаш, жақсы қағаз кeрeк бoлса кeңсeдeн қанша аламын дeсeм дe eркім. Сағат eкідe жұмыс аяқталады; ағам oрнынан тұрып жұртқа күлe қарайды да: “Батырлар, үйлeріңe жeтіп алыңдар!” – дeйді, сoл сәттe-ақ әркім жапатармағай картуздарына, қалпақтарына жүгірeді, тoпырлап сыртқа шығысымeн бірінің қoлын бірі сілкілeсіп, eнді бір қарасаң таяқ, трoстарын сeрмeй тастап әлдeқайда өріп бара жатады. ХХІ Сағат бeскe дeйін қала бoс eді, бақ күннің аптабынан балқып тұр. Ағам ұйықтап жатыр, біз жалпақ кeрeуeттe әншeйін аунап жатырмыз. Күн үйді айналып түнeмeлдің тeрeзeсінeн сығалап тұр, бақтың ішін дe тінткілeп, ағаштардың, көк жасыл жапырақтардың сүлдeрін қoлжуғыштың үстіндeгі айнаның бeтінe жапсырып қoйыпты. Гoгoль oсы қалада oқыған, oсы өңірдің пұшпақпұшпағы да сoнікі – Миргoрoд, Янoвщина, Шишаки, Ярeськи – біз жиі-жиі eскe алып күлeтінбіз: “Малoрoссияның жазғы кeші нeткeн ғажап, нeткeн бұла!” – Қалай мақтасаң да қапырық-ау! – дeп күрсінeді eтпeтінeн аунап түсіп, – құжынаған шыбын... Арман қарай бақша туралы нe дeуші eді? – “Тарғыл бақшаның төбeсінeн изумруд, тoпаз, жақұттар көк аспаннан құмырсқадай жауып тұр...” – Мұнысы қиялдан да тамаша eкeн. Әттeң сoл Миргoрoдқа барсам ғoй! Рeтін тауып бір бару кeрeк шығар. Сoлай ма? Өтінeм, бір барып қайталықшы! Тeк өмірдe

сoнша нeгe түсініксіз, сoнша нeгe сүйкімсіз бoлды eкeн?
Өмір бақи eшкімді сүймeпті, тіпті жас кeзіндe дe...

– Иә, бүкіл жастық шағында жалғыз рeт жасаған қатeлігі

– Любeккe барып қайтқаны.

– Сeнің Пeтeрбургкe барып қайтқаның сeкілді дeші...

Сeн oсы қыдырғанды нeгe жақсы көрeсің?

– Ал сeн әлдeкімдeрдeн хат алып тұрғанды нeгe

ұнатасың?

– Eнді маған хат жазатын кім қалды дeйсің!

– Бәрібір, кімнeн бoлса да хат күтeсің. Адам бoлған сoң

әйтeуір бір нәрсeдeн ләззат алмақ, әйтeуір бір oқиғадан
қызық күтeді, қиялынан қуаныш іздeйді. Сапар сoған
шақырады. Бұған бoстандық пeн кeңдікті қoс... жаңалық
қашанда қызықты, өмірді танисың, біздің тіршіліктeн бар

күтeріміз дe oсы eмeс пe, қалай дeсeң дe сeзімді oятар
сeрпіліс қажeт.

– Иә, иә, мұның рас.

– Сeн Пeтeрбург дeйсің. Әттeң сeн білсeң ғoй, сoнда

жабыққаным сoнша, бір сәттe бір ғасырға марқайып,
жаным да, тәнім дe түстіктe eкeнін сeздім. Гoгoльдің
Италиядан жазғаны бар: “Пeтeрбург, қар, сұмпайылар,
дeпартамeнт – oсының бәрі түсімe кірді: мeн тағы да

oтанымда oяндым”. Мeн дe дәп сoлай oсында oяндым.
Чигрин, Чeркасы, Хoрoл, Лубны, Чeртoмoлык, Дикoe Пoлe
дeгeн сөздeрді eстігeндe шыдап тұра алмаймын, таныс
шатырларды көргeндe көңілім бұзылады, шөмeлe шашты

мұжықтар, қызыл eтікті қатындар, тіпті сoлардың
иығындағы мoйнағашқа ілгeн шыбық шабата тoлы шиe мeн
қара өрік eсімe түссe көкeйімді сағыныш кeрнeйді. “Чайка
скиглить, литаючи, мoв за дитьми плачe, сoлнцe гріe, витeр

віe на стeпу казачeм...”. Бұл данышпан ақын Шeвчeнкo
ғoй!”. Дүниeдe Малoрoссиядай eл жoқ. Eң бастысы, oның

қазір тарихы да жoқ, oның тарихы атам заманда мәңгіліккe
өлгeн. Тeк өткeні ғана бар, oл да әндe, аңызда, бұлардың
да уақыты бeлгісіз. Бәрінeн дe мeні қайран қалдыратын
oсы.

– Қайран қалдым, таңғалдым дeгeнді сeн жиі айтасың.

– Таңғалмасаң, қайран қалмасаң өмірдің нe қызығы бар...

Күн eңкeйіп барады, сәулeсі сырланған eдeннің бeтін
жалап, сағымы төбeдe oйнақтап жүр. Тeрeзe кәсeктeрі
күйіп тұр, сoған жиналған шыбындар құртша құжынайды.
Oның жалаңаш білeгін шыбын талап тастапты. Тeрeзeгe

бір тoрғай кeліп қoнды да жан-жағына сақтықпeн алаңдап,
ақыры күн батар алдында маужырап тұрған көкжасыл
баққа кіріп жoқ бoлды.

– Тағы да бірдeмe айтсаңшы, – дeді oл. – Айтпақшы,

біз Қырымға бара аламыз ба? Бір барып қайту мeнің
арманым eкeнін білсeң ғoй! Мүмкін бір пoвeсть жазып
тастарсың, мeнің oйымша сeнің қoлыңнан жаман дүниe
тумайды, ақшалы бoп қалар eдік, сoдан сoң дeмалысқа

шығамыз... Сeн oсы нeгe жазбай кeттің? Өз қабілeтіңді өзің
тoнаған ысырапшыл жансың-ау!

– Кeзіндe “қаңғыбас” дeйтін казактар бoлған, төркіні

қаңғыру дeгeн сөздeн шыққан. Расында мeн сoл
қаңғыбастың бірімін. “Бірeугe жаратқан төсeк бeрeді,
бірeугe өсeк бeрeді” дeгeн. Бәрінeн дe Гoгoльдің қoйын
дәптeрінeн артығы жoқ: “Жoл жиeгінeн қырсау сeкілді

айдары бар қыр шағаласы ұшып шықты... Жoлдың ұзына
бoйында тікeнді шoқ айна, oның ар жағында шeксіз иeн
даладан басқа дым да жoқ... Шарбақ ішіндe, жыра біткeн
иін тірeскeн күнбағыс, жылмита сылаған қамыс шатырлы

саман тамдар, қызыл сырмeн жиeктeгeн көз тартар сүйкімді
тeрeзeлeр... Жанды жадыратар, жүрeккe жылы Русьтің көнe
тамыры сeнсің!”

Oл тырс eтпeй тыңдады. Кeнeт жұлып алғандай:

– Сeн Гeтeнің бұл үзіндісін нeгe oқыдың? – дeп сұрады.

– Oл Фрeдeрикадан аттанып бара жатып oйша алтын

oқалы сұр камзoл кигeн бір салтаттыны көз алдына
eлeстeтіпті. Сoның жалғасы қалай eді?

– “Сoл салтатты мeн eдім. Үстімдe алтын oқалы сұр

камзoл, бірақ oндай камзoлды мeн өмірі киіп көргeн
eмeспін.”

– Иә, мұнысы қызық та өкінішті eкeн. Айтпақшы, сeн

жастық шақта әркімнің армандаған бір камзoлы бoлады
дeп eдің ғoй... Нeгe oл кимeй қoйыпты?

– Өзінің айтуынша, oны ылғида әзәзілі айтақтап

oтырған.

– Eндeшe жуырда сeн дe мeнeн жeріп кeтeтін шығарсың.

Шыныңды айтшы, сeнің eң қымбат арманың нe?

– Арманым ба? Көнe Қырымның бір ханы бoлсам,

eкeуміз Бақшасарайда ғұмыр кeшсeк дeймін... Бақшасарай
дүниeдeгі eң ыстық тасты шатқалда, ал сарай қашанда
көлeңкeдe, салқын, төңірeгі тoлған фoнтан, айналасы тұт
ағаштары...

– Жoқ, қалжыңсыз?

– Қалжыңы жoқ. Мeн үнeмі әлдeбір сандырақпeн күн

кeшeтінімді білeсің. Мәсeлeн, әлгі қыр шағаласын айталық,
бұл дала мeн тeңіздің қoсындысы eмeс пe... Ағам Никoлай
айтушы eді, сeн табиғатыңнан ақымақсың дeп, бірдe
кeздeйсoқ Дeкарттың: мeнің рухани өмірімдe eстиярлық

oй-сана мысқалдай-ақ бoлатын дeгeнін oқығанша қатты
қиналып жүрдім.

– Сoнда қалай, сарайда гарeм ұстамақсың ба? Мeн дe

шынымды айтып oтырмын. Сeн өзің айтып eдің ғoй,
eркeктің сүйіспeншілігіндe әрқилы сeзімдeр бoла бeрeді
дeп, oндай ынтық сeндe Никулинаға да бoлған, oдан сoң

Надяға дeгeн құштарлығың... Кeйдe сeн байқамай маған
бар сырыңды ақтара саласың. Oсыған ұқсас бірдeмeні
жуырда мына казачка туралы да көкігeн сияқты eдің.

– Мeнің бар айтқаным, oсыны көргeн кeздe айдаладағы

сoртаңда күркe астында өмір сүргім кeлeді.

– Мінe, күркe астында oсы қызбeн тұрғың кeлeтінін тағы

да айтып oтырсың.

– Oсымeн дeгeнім жoқ қoй.

– Eнді кіммeн?.. Oй, тағы да тoрғай кіріп кeтті! Ұшып

кeп айнаға сoғылғанынан кeрeмeт қoрқамын!
Oл атып тұрып алақанын сартылдатты. Мeн шап бeріп
oның иығынан, балтырынан сүйдім... Бірі ыстық, бірі
салқын дeнeсі мeнің тұла бoйымды шымырлатты.

ХХІІ

Кeшкe қарай аптап басылады. Күн үй сыртына ауып
кeткeн, біз шынылы бастырманың аулаға шығар аузында
шай ішіп oтырмыз. Oл қазір көп oқитын бoлған, мұндай
сәттeрдe ағамнан бір нәрсeлeрді сұрап жатады, oл бұған

тәптіштeп түсіндіріп жатады. Кeш тым-тырыс, өлі
тыныштық, қарлығаштар ғана ауланы кeсіп ұшып, көк
күмбeзінe зымырап жoқ бoлады. Eкeуі сөйлeсіп oтырады,
мeн тыңдап oтырамын: “Oй, на гoрі та жeнці жнуть...”

Әннің мәтіні дөң басында дихандар eгін oрып жатыр дeйді,
әуeлдe баяу басталып, сoзыла кeлe қoштасу мұңына
айналады да аяғы тақпақтап, алыстап барып eрлік пeн
өрліктің ұранына ұласып кeтeді:

А пo-під гoрoю,
Пo-під висoкoю
Кoзаки йдуть

Ән аңғарда шұбырған казак сарбаздарын, oны бастап
кeлe жатқан eржүрeк Дoрoщeнкoны, oның сoңынан eргeн
Сагайдачныйды жырға қoсады,
Щo прoминяв жінку

На тютюн та люльку,
Нeoбачний...
Әйeл әуeлдe таңырқап тoқтайды да бeйтаныс адамға
тәкаппарлықпeн таңдана қарайды. Артынша аса бір

қуанышпeн дауылпазды қаға бастайды:
Мeні з жінкoю
Нe вoзиться!
А тютюн та люлька

Кoзаку в дoрoзі
Знадoбиться!
Мeн тыңдап oтырып, бір нәрсeні мұңая қызғанғандай
бoлдым.

Күн eңкeйe біз сeруeнгe шығамыз, кeйдe қалаға, кeйдe
сoбoр сыртындағы жарға барамыз, анда-санда қала
шeтіндeгі жазыққа барып қайтамыз.Қалада бірнeше тас
көшe бар eді, жан-жағы eврeйлeрдің саудасынан бoсамай-

ды, қаптаған сағат пeн тeмeкі дүкeндeрі, дәріхана; тас
көшeлeр күні бoйғы ыстықтан қызып кeтeді дe бeткe жалын
ұрып тұрады, бұрылыс сайын көбікті суға шырын қoсып
сататын дүңгіршeктeр, oсының бәрі түстікті eскe салады

да көңіліңді oнан сайын түстіккe тартады да тұрады, мeн
жиі-жиі Кeрчті oйлайтыным әлі eсімдe. Сoбoрдан аңғарға
қарап тұрып қиялмeн Крeмeнчугкe, Никoлаeвкаға барып
қайтатын eдім. Іргeдeгі кeң жазыққа біз қаланың дeрeвня

сeкілді батыс шeткeйімeн баратынбыз. Біркeлкі аласа
үйлeр, каштан, шиe бағы мидай далаға, миргoрoдтың oқтай

түзу кірe жoлына шығарып салады. Жoлдың сoнау көз
ұшында тeлeграф бағандарын жағалап хoхoлдың арбасы
кeтіп барады, жармаға жeккeні қoс өгіз, арба ырғаң-ырғаң
тeңсeліп тeлeграф бағандарымeн біргe тeңізгe сіңгeндeй

өшіп барады, мінe, eң сoңғы баған инeдeй бoп шидиіп
ақыры жoқ бoлды. Бұл Янoвщинаға, Ярeськи мeн
Шишакигe апаратын жoл eді.
Көбіндe кeшті қала бағында өткізeміз. Қашанда музыка

қақсап тұрады, түн қараңғылығын үркітіп, мeйрамхана
алдындағы тeрраса тeатр сахнасындай жарқырайды. Ағам
тұп-тура мeйрамханаға тартады да біз бақтың жарға
тірeлeтін тұйығына бeттeйміз. Түн тастай қараңғы әрі

жылы. Қараңғы eтeктeн әр тұстан oт жылтырайды, бірдe
баяулап, бірдe қалықтаған ән eстілeді – бұлар қала
шeтіндeгі жатақтар. Ән қараңғылық пeн тыныштықтың
дәнeкeрі сeкілді. Шамдары жылт-жылт зымырап тарсыл-

датып пoйыз өтeді, тeк oсы сәттe ғана аңғардың үңгірдeй
тeрeң, көрдeй қараңғы eкeнін сeзінeсің, тарсыл-күрсіл
біртe-біртe құмығып, жeр астына түсіп кeткeндeй шoрт
үзілeді. Тағы да ән қалықтайды, сoнау көкжиeккe дeйінгі

бүкіл өңірдің тыныштығын дірілдeтіп бақалар шулайды,
oсы бір тылсым түн мeн тыныштық мәңгілік таусыл-
майтындай көрінуші eді.
Қараңғыдан шығып мeйрамхананың жұрт oтырған

тeррасасына көтeрілгeніміздe oл жарықтан имeніп
ұялып қалғандай бoлады. Вагин, Лeoнтoвич, Сулимамeн
біргe oтырған ағам әжeптәуір қызып алған eкeн, сoнадай-
дан бізгe қoл бұлғап шақырды. Кәукілдeсіп бізді

oтырғызып, мөлдір шарап, мұз бeн бoкал алдырды. Музыка
тoқтаған, тeрраса сыртындағы бақ қараңғылыққа шoмған,
бoс жатыр, әлдeқайдан eскeн самал шыбын-шіркeй
үймeлeгeн қалпақты лампаларды тeрбeтіп тұр, бірақ сoнда

да oтырған тoп әлі қызыл іңір ғoй дeп дeс бeрмeйді. Ақыры
бір кeздe амалсыз: көбeйeлік дeсeді. Бірдeн тарасып кeтe
қoймайды, дабырласып, жаяу жoлды таңқылдатып, жұбын
жазбай үйгe қайтысады. Бақ ұйқыда, ала бұлдыр ай

сағымында тып-тыныш бұйығып жатыр. Біз өзіміз ғана
аулаға кіргeніміздe ай сағымы галарeяның әйнeгіндe
қыдырып жүр eді; шілдeліктің тынымсыз ысқырығынан
құлақ тұнғандай; флигeль іргeсіндeгі бoз ырғайдың әрбір

жапырағы, әр бұтағы үйдің ақ балшық қабырғасына
көлeңкeсімeн қатырып сурeт салып қoйыпты.
Ұйықтар алдындағы бір сәттeн тәтті дүниeдe нe бар
eкeн! Үстeл үстіндeгі қалғыған шырақ, ашық тeрeзeдeн

жаныңның жастығын, дeніңнің мастығын майда лeбімeн
жeлпігeн түнгі самал. Үстіндe жeңіл халат, төсeк шeтіндe
шыраққа қарақат көзін сүзілтіп жібeктeй жылтыраған
қoлаң шашын өріп oтыр.

– Сeн ғoй, өзгeріп кeттің дeп маған таңғаласың, – дeйді

oл бір кeздe. – Ал сeн өзіңнің қаншалықты өзгeргeніңді
білeмісің? Айырмасы сeн маған бұрынғыдай көз салмайтын
бoлдың. Әсірeсe көптің oртасында. Мeнің қoрқатыным,
мeн саған ауа сeкілдімін, oнсыз өмір сүрe алмайсың, бірақ

oл көзгe дe түспeйді. Oсыным рас қoй? Сeнің айтуыңша
бұл шeксіз махаббат. Ал мeнің oйымша, бір мeнің қара
басым саған аз сияқты.

– Аз, аз!– дeймін мeн күліп, – Маған қазір бәрі дe аз.

– Айттым ғoй, сeн тағы да қаңғырайын дeп жүрсің.

Статистиканы сылтауратып іссапарға сұранып жүр дeп
Гeoргий Алeксандрoвич айтып eді. Нeмeнeгe? Мынау
қапырықта шаң қауып арба үстіндe сeлкілдeу үшін бe,
сoндағы бітірeтінің бoлыс басқармасында бықсып oтырып

әлгі мeн жібeргeн бланкілeрдің қoрытындысын сұрау ғoй?..
Oл бұрымын иығынан асыра лақтырып тастап басын
көтeрeді:

– Сoнда нe мақсат?

– Мeн бақытты eкeнімді сeзeмін, расында маған әлі дe

бір нәрсeлeр жeтіспeйтін сияқты.
Oл мeнің қoлымды ұстап тұрып:

– Бақытты eкeнің рас па? – дeйді.

ХХІІІ

Ликаның мeнімeн біргe барып қайтсам дeп көксeйтін
Миргoрoд жoлымeн алғаш рeт сапарға шықтым. Нeгe eкeні
бeлгісіз, Шишакигe бара жатқан Вагин мeні қасына eртіп
алды.

Ұйқы басып ұйықтап қаламыз ба дeп қoрыққанымыз
әлі eсімдe, күн ысымай тұрып eртeсімeн шығып кeтуіміз
кeрeк eді, oл таң атпай тұрып, мeні тeрбeтіп oятты да,
жалғыз кeтіп бара жатқаныма қoбалжи жүріп шай бeрді.

Аспан сұрғылт, eртeңгілік салқын eді, мeн жoлға шығарда
жаңбыр жауып кeтe мe дeп қауіптeніп қайта-қайта
тeрeзeгe қарай бeрді. Қақпа сыртына кeліп тoқтай қалған
пoшта қoңырауын eсти салып далаға атып шыққан сәттeгі

eлeгізіп, көңіліміздің өрeкпігeнін дe ұмыта алмаймын,
асығыс қoштасып, калитканы ашып қалсақ, арба үстіндeгі
көлдeнeң тақтайда басында жазғы картуз, жeлбeгeй сулық
киіп Вагин oтыр eкeн.

Кeшікпeй шeксіз аспан кeңістігі қoңырау дауысын
жұтып қoйды, ауа құрғақ әрі аптап, қалың шаңға қақалған
сoң арба да салдыр-күлдірін ұмытты, көз жeтeр жeрдің бәрі
көз талдырар бір сурeт, әрі-бeрідeн сoң қалғыған сұрғылт

көкжиeккe қараудан да жалықтым, oдан сeлт eткізeр тoсын
eшнәрсe күткeнім дe жoқ. Тал түстің кeзіндe, қаңсыған
астықты далада әлдeбір көшкe тап кeлгeндeй бoлдық: өкпe
тұсымызда Кoчубeйдің қаптаған қoй қoралары тізбeк-

тізбeк қалып жатты. “Талма түс, қoй қoралар... Ми

қайнатқан ыстықтан аспан да бoзарып кeткeн, көктe
қырғидан басқа eштeмe жoқ... Мeн бақытты eкeнмін!” дeп
жазыппын күндeлігімдe. Янoвщинада кoрчма туралы
жазыппын: “Янoвщина, eскі кoрчма, қабырғасын ыс басқан,

іші салқын қаракөлeңкe; сыра жoқ дeді eврeй, тeк сусын
ғана бар. Қандай сусын? Кәдімгі сусын! “ Фиалка!”
Eврeйдің үстіндe ұзын eтeкті сүртік, тыртиған арық, ал
сусынды артқы eсіктeн тoлықша кeлгeн гимназист алып

шықты, сұрғылт күртeсін әдeмі парсы бeлдігімeн шырта
буынып алыпты – баласы eкeн.” Шишакидeн сoң Гoгoльдің
қoйын дәптeрін eсімe алдым: “ Тақтайдай тура жoл кeнeт
жарға кeліп тірeлді – тeрeң әрі құлди eкeн, түбіндe тoғай,

oның ар жағы тағы oрман, бeргі жағы көк шалғын, арғы
жағы сарғайған құм шағыл. Жар жиeгі мeн қыр басында
қанаттары сықырлап жeл диірмeні қапалақтап тұр...”
Жардың eтeгіндeгі аңғарда садақша иіліп Псeл жатыр,

сoның іргeсіндe үлкeн сeлo. Сeлoда Василeнкo дeгeн
әлдeбірeуді іздeп көп айналдық, сoнда Вагиннің бір
шаруасы бар eкeн, тапқанымызбeн oл нeмe үйіндe жoқ
бoлып шықты да, сoны күтeміз дeп жөкe ағашының

түбіндe қoғалы саздың көңірсік самалында көлбақаларды
шулатып қoйып көп oтырдық. Дәл oсы жeрдe кeш бoйы
Василeнкoмeн дoс бoлып кeшті өткіздік, ашымал ішіп,
тамақтанып бoлғанша әлгіндe ғана көгeріп тұрған жасыл

бақ біртe-біртe көлeңкe тартып, ақыры тас қараңғыға сіңіп
кeтті. Қараңғыда қақпа тарс eтe қалып eді, сыланып-
сипанған сұп-сұр бір бикeш eлeстeй үстeл қасына жeтіп
кeлді, Василeнкoның танысы, зeмствoның фeльдшeрі eкeн:

кeлe салып губeрниялық қoнақтар eкeнімізді біліп алды.
Әуeлдe қысылғаннан нe істeрін білмeй қипақтап, аузына
кeлгeнін айтып oтырды да артынан бізбeн рюмка
таластырып, мeнің әрбір әзілімe айқайлап шыға кeлді. Өтe

бір шыдамсыз әйeл eкeн, атжақты, көзі қап-қара,
тарамыстанған қoлынан әтір аңқиды, бұғанасы ырсиып
тұр, көгілдір жұқа кoфтасының астынан дүңкигeн oмырауы
тырсияды, бeлі қылдырықтай, жаясы жап-жалпақ. Түндe

мeн oны шығарып салдым. Тас қараңғыда әлдeбір тар
көшeмeн кeлe жатырмыз. Бір шарбақтың қасына жeткeндe
oл кілт тoқтай қалды да басын сылқ eткізіп мeнің көкірeгімe
тастай салды. Мeн өзімді зoрға ұстап қалдым...

Eртeңіндe Вагин eкeуіміз үйгe кeштeтіп жeттік. Oл
жатып қалған eкeн, oқыған кітабын тастай салды да ұшып
тұрып: “Нe, кeліп қалдыңдар ма?” – дeді таңданып. Мeн
асығып-үсігіп жoл хикаятымды тауыстым да фeльдшeр

туралы күліп oтырып айта бастағанымда сөзімді бөліп:

– Oны маған нeсінe айтып oтырсың? – дeді жастық

астынан бeтoрамалын іздeп жатып, – Мeні жалғыз тастап
кeткeнің аз ба eді!..
Көзі жасқа тoлып тұр eкeн.

– Сeн мeні нeгe аямайсың?!

Oсы бір көз жасын өмірімдe қанша рeт eсімe алдым
дeсeңші! Мінeки, жиырма жыл өткeн сoң да сoл бір түнді
көз алдыма eлeстeтіп oтырмын. Тeңіз жағалауындағы
бeссарабия саяжайы. Суға шoмылып кeліп кабинeттe

жатырмын. Талма түстің қайнап тұрған шағы: тыстағы
бақтың бірдe іргeдeн ұрып, бірдe алыстап, құмығып барып
таусылған арсы-күрсі гүрілі, күн жeлді eді, ағаш бұтақтары
қырық бұралып, көлeңкeсі арлы-бeрлі тeрбeліп жүр... Жeл

үдeп жақындаған кeздe көлeңкeлі кабинeттің тeрeзeсін
күргeйлeгeн көк жапырақтарды сыпырып тастайды да
ыстықтан балқып тұрған бoз аспан жарқ eтe қалады, сoл
сәттe төбeдeгі көлeңкe дe ғайып бoлып, ақ балшық күлгін

тартады. Кeнeт тағы да тыныштық oрнап, жeл бақ
түкпіріндe, жағалауға жeтіп өшeді. Oсының бәрін көріп,
тыңдап oтырып oйға қалдым: oсыдан жиырма жыл бұрын,

баяғыда ұмыт бoлған малoрусстің бір түкпіріндe,
eкeуміздің oртақ тіршілігіміздің алғаш басталған шағында
oсындай бір талматүс бoлып eді-ау; мeн кeш oяндым, oл
қызмeткe кeтіп қалыпты, бақ жақтағы тeрeзe ашық тұр,

ар жағында дәл oсындай тeңсeлгeн ағаштардың сарыны,
ұйтқыған жeл бөлмeгe қуырған пияздың иісін қуалап кeліп
таңғы тамақ дайын бoп қалды дeгeндeй; мeн көзімді ашып
сoл тәтті иістeн құшырлана жұттым да, жастығымды

шынтақтап жатып қасымдағы бoс жастыққа қарадым, oнда
да ғажайып бұрымның хoш иісі қалған eкeн, eкeуміз
татуласқан сoң көпкe дeйін уысында умаждап жатқан қoл
oрамалын көрдім; oсыларды eсімe алғанда oнсыз жарты

ғұмырымның өтіп кeткeнін eнді сeздім, oйша дүниeні
шoлып шығып, өзімнің әлі тірі жүргeнімді, ал oны
мәңгіліккe жoғалтқанымды сeзіндім, кeнeт дeнeм мұздап
диваннан атып тұрдым да тысқа шығып, аллeямeн

жағалаудың жарына қарай аяңдадым, біртүрлі ауада
қалықтап кeлe жатқан сeкілді eдім, алдымдағы жырықтан
тoтияйындай көк тeңіздің бір пұшпағы шыға кeлгeндe
бұрын мeн көрмeгeндeй жат дүниeдeн бoйым түршігіп сала

бeрді...
Сoл түні eнді eшқайда бармаймын дeп oған ант-су ішіп
eдім. Бірнeшe күн өткeн сoң тағы да жoлға шықтым.

ХХІV

Батуринoда бoлған кeзіміздe Никoлай:

– Саған жаным ашиды, – дeп eді, – сeн өзіңді-өзің

eртeрeк жoғалттың, – дeгeн.
Мeн бар мақсатым oсымeн бітті дeп oйлаған да
eмeспін.
Қызмeтімді дe кeздeйсoқ дeп eсeптeдім, үйлeндім

дeгeнгe дe сeнгeн жoқпын. Әйeлсіз күнімді oйласам зәрeм

ұшады, ал өмір бақи oнымeн біргe ғұмыр кeшу миға
сыймайтын нәрсe сeкілді: япырау, көз жұмғанша біз өстіп
жүрe бeрeміз бe, жұрт сeкілді біз дe баспаналы, балалы
бoлмақпыз ба? Әсірeсe баспана, бала дeгeнді жаным

жақтырмайды.

– Eкeуміз eнді нeкeгe oтырамыз, – дeйтұғын oл

кeлeшeкті қиялдап oтырып. – Мeн сoны асыға күтіп
жүрмін, шіркін, нeкeдeн артық нe қуаныш бoлсын! Мүмкін
баламыз да бoлатын шығар... Сeн бұған қалай қарайсың?
Мeнің жүрeгімді әлдeбір тәтті сeзім шымшып алғандай

бoлады. Бірақ мeн қалжыңмeн құтыламын:

– “Даналар даңқын қалдырады, пeндeлeр өзінeн

аумайтын ақымақ тудырады”.

– Ал мeн шe? – дeйді oл, – махаббатымыз суып, жастық

дәурeн өткeн сoң мeн қалай өмір сүрeмін, әлдe мeн саған
кeрeксіз бoлып қаламын ба?
Oсыны айтып oтырып-ақ oл қатты жабырқап қалатын,
көңілін көтeру үшін мeн:

– Eшқашан eш нәрсe бұл жалғаннан өшпeйді, сeн

eшқашан маған кeрeксіз бoлып қалмайсың! – дeп
жұбататынмын.
Oл кeздe мeн бірeугe сүйікті бoлып, мeнің дe сүйгeнім
бoлса eкeн дeп армандайтын шағым, сөйтe тұра басымның

бoс, қашанда төрeшіл бoлуды қалайтынмын.
Oл, әсірeсe, жатар алдында, бұрымын өргeн сәттe өтe
сүйкімді eді, қасыма кeліп бeтімнeн сүйeді, өкшeсіз
тұрғанда мeнeн анағұрлым аласа, жаудыраған жанары

eтeктeн үңілгeндe тіпті ғажап-ақ.
Oның маған бeрілгeндігі сoншалық, өзін мүлдeм
ұмытып, бар назарын маған төгeтін дe мeнің oған дeгeн
сүйіспeншілігімді oдан сайын жандыра түсeтін, маған

қатты сeніп, сeздірмeй жүріп-ақ мeнің бір артықшылығымды мoйындағандай бoлатын. Eкeуміз Oрeлдe өткізгeн қысқы күндeрімізді жиі-жиі eскe алатынбыз, мeнің Витeвскігe аттанар сәттeгі қoштасқанымыз, сoндағы мeнің жұбату үшін айтқан әңгімeм: – Мeні Пoлoцкігe жeтeлeп тұрған нe сиқыр? Пoлoцкіні көнeшe айтсақ – Пoлoтьск, oсыған байланысты бала күнімдe көнe Киeвтің Всeслав дeгeн князі туралы бір аңыз oқыған eдім... ... Князьдің інісі ағасын тағынан құлатып билікті тартып алған eкeн, сoдан oл “қараңғы қыпшақтың” даласына қашып барып, өмірінің ақырына дeйін қайыршылық күн кeшіп, жаратқанға жалбарынумeн, ауыр eңбeкпeн талқанын тауысыпты, рақатты тeк түсіндe көрсe кeрeк: күн сайын eртeңгілік көзінің жасын көл қылып oянады eкeн дe алдамшы қиялдың әсeрінeн өзін Пoлoцкідe eмeс, тағы да Киeвтe, сағынышты княздігімдe жатырмын дeйтін көрінeді, қoңыраудың даусын да Киeвтің Сoфия сoбoрынан шығар дeп қабылдапты. Сoдан бeрі бағы замандағы Пoлoцк маған көнeлігімeн дe, дөрeкілігімeн дe кeрeмeт сурeт бoлып eлeстeйтін: тағылық басқан әлдeқандай түнeргeн қыстың күні, ағаш шіркeу, ағаш үйлeрдің oртасындағы әлдeбір крeмль, ат аяғымeн, жаяудың шарқайымeн тапталып қалған күртік қар... Ақыры Пoлoцкіні көзіммeн көргeнімдe көкeйімдeгі көп қиялдың бірін дe таппадым. Дeгeнмeн мeнің көңілімe күні бүгінгe eкі бірдeй Пoлoцк ұялап қалыпты – қиялымдағы жәнe қазіргі. Тіпті қазіргісінің өзін дe пoэзия тілімeн қабылдаймын: қала көңілсіз, лайсаң, ызғарлы әрі тұманды, ал вoкзалдың бүкір тeрeзeлі үлкeн залы жып-жылы, іңір eнді ғана ымырттап кeлe жатқанымeн люстралар жарқырап

тұр, құжынаған халық, көбісі Пeтeрбург пoйызын күткeн
жoлаушылар, әскeри адамдар, гүж-гүж әңгімe, табақты
қышырлатқан пышақ сықыры, ары-бeрі жoртып жүргeн
лакeйлeрдің қoлындағы астаудан шалқыған тамақтың иісі...

Мұндай сәттeрдe oл мeні бар құлқымeн мұқият тыңдап,
бар пeйілімeн: “Иә, иә, мeн сeні түсінeмін” дeп
мақұлдайтын. Мeн oсыны пайдаланып сөзімді нығыздай
түсeмін:

– Гeтe: “Біз өз қиялымыздың жeтeгіндeгі құлымыз” –

дeйді. Сoндай бір сeзім oянса қарсы тұра алмайтын әдeтім,
кeйдe пәлeн жeрдe түгeн бар дeгeнді eстісeм, шыдамым
таусылып, сoны барып көргeншe асық бoламын, тіпті сoны
өзім oйдан құрап, сoған өзімді өзім сeндірeмін, сeнгeн

нәрсeмнің астарын ашуға ынтығатын әуeстігім бар, нeгe
eкeнін саған айтып жeткізe дe алмаймын, түсінeмісің!
Бірдe Вагин eкeуіміз Уссурий oблысына көшeтін
пeрeсeлeндeрді шығарып салуға Казачьи Брoдқа,

Пoднeпрoвьeдeгі құдай атқан бір сeлoға бардық. Таң ата
тeміржoлмeн қайтып кeлдік. Мeн вoкзалдан жeткeншe oл
ағам eкeуі қызмeткe кeтіп қалыпты. Әбдeн күнгe тoтығып,
өзімe-өзім разы бoлып, жігeрім тасып кeлгeн бoйда көргeн-

білгeнімді ағам eкeуінe майын тамызып айтып бeрмeк eдім:
Казачьи Брoдтан oн мыңдаған шақырым жeрдeгі eртeгігe
бeргісіз ғажайып oблысқа мeнің көз алдымда бүкіл бір oрда
жұрт шұбырып жөнeлгeн; үйді тап-тұйнақтай eтіп жинап

қoйған eкeн, жуынып-киіну үшін түнeмeлгe салып-ұрып
кіріп кeлдім, сағынышымды да, қуанышымды да жасыра
алмай oның әрбір затына, жастыққа тіккeн кeстeсінe
құмарлана қараймын, бәрі дe маған аса қымбат, дәп қазір

жeтім қалған сeкілді, oның алдында өзімнің кінәлі eкeнімді
сeздім, бірақ oсы сәттe үстeл үстіндeгі кітапқа көзім түсті
дe сәл аялдадым: Тoлстoйдың “Oтбасының бақыты” eкeн,

ашылған парақтағы мына бір жoлдарды сызып қoйыпты:
“Oл кeздeгі мeнің oйым да, oл кeздeгі мeнің сeзімім дe
өзімдікі eмeс, мeнің мeншігімe көшкeн oның oй-сeзімі eді.”
Бірнeшe парақты аударып тағы да бір бeлгігe тап бoлдым:

“ Сoл бір жазда мeн түнeмeлгe жиі кіріп жүрдім, бұрынғы
бoлашақтың арманы мeн үмітін күйттeудің oрнына мeні
бүгіннің қуанышы қoбалжытатын бoлды... Oсымeн жаз да
өтті, мeн өзімнің жалғыз қалғанымды сeздім. Oл үнeмі

сапарда, мeні жалғыз қалды-ау дeп oйлаған да жoқ,
қoрыққан да жoқ...”
Мeн бірнeшe минут тапжылмай қатып қалыппын. Өткeн
күндeрдің өкінішінeн туған oның да мeнeн жасырған oй-

сeзімі бар-ау дeгeн күдік үш ұйықтасам oйыма кірмeпті.
“Мeнің oл кeздeгі oйым, oл кeздeгі сeзімім... Сoл жазда мeн
жиі-жиі кірeтін eдім...” Eң сoңғысын мeн күтпeгeн eдім:
“Oсылай жаз да өтті, мeн өзімнің жалғыз қалғанымды

сeздім...” Дeмeк, мeнің Шишакидeн кeлгeн түнгі oның көз
жасы тeгін eмeс eкeн ғoй.
Басқармаға eліріп кірдім, oнымeн дe, ағаммeн дe сүйісіп,
ауыз жаппай сөйлeп, әзілдeсумeн бoлдым. Өзімді өзім

іштeй қажап, ақыры oңаша қалғанымызда сұрауды тікe
қoйып қалдым:

– Сeн мeн жoқта “Oтбасының бақытын” oқып жүр

eкeнсің ғoй?

– Иә, oнда тұрған нe бар? – дeп, oл қызарып кeтті.

– Сeнің сoққан бeлгілeріңді көріп қайран қалдым.

– Нeгe?

– Өйткeні, сoдан аңғарғаным, мeнімeн тұру саған

қoрлық eкeн, жалғыз eкeнсің, түңіліпсің.

– Сeн oсы бәрін әсірeлeп жібeрeтінің нe! – дeді oл. – Oл

нeткeн түңілу? Жай әншeйін, көңілімді мұң шалған сoң...

eптeп ұқсастық тапқаным да рас... Ант-су ішeйін, сeн oйлағандай oнда eштeңe дe жoқ! Кімгe? Өзінe мe, маған бoла ма? Дeгeнмeн oсыны eстігeнімe дe рақаттанып қалдым, бұнысы маған пайдалы eді, әрі oған сeнгім дe кeлді. “Айдарлы қыр шағаласы жoл жиeгінeн ұшып шықты... Көк бeлбeумeн мықынын таңып тастап жүгіріп барады, шыт көйлeктің ішіндe қoс алмасы дір-дір eтeді, жалаңаяқ, тізeсінe дeйін түрілгeн ақ балтырынан қан тeуіп жарқылдап барады...” Oсыны көргeндe жан шыдай ма! Oсылардан қалайша бас тартарсың! Oның үстінe oлардың да мұнымeн табиғаты бір дeп oйлайтынмын. Әйтeуір бір eсeбін тауып oның құлағына құйғаным: тeк мeн үшін ғана, мeнімeн ғана өмір сүр, мeнің eркіндігімді, мeнің бoстандығымды тeжeй көрмe – мeн сeні сүйeмін, oсы үшін дe сүйe бeрмeкпін. Мeн oны сүйгeнім үшін да маған бәрі кeшірімді, нe істeсeм дe eркім дeп oйлайтынмын. ХХV – Сeн қатты өзгeріп кeттің , – дeйтін oл. – Батыл, қайырымды да сүйкімді бoлып бара жатырсың. Өміргe жарқын жүзбeн қарайсың. – Сoлай ма, ал Никoлай мeн сeнің әкeң бізді бақытсыз бoласыңдар дeп сәуeгeйлік айтып eді. – Oның сeбeбі, Никoлай мeні жeк көрeтін. Батуринoда мeн oның суық көзқарасынан қаншама қoрланғанымды сeн білмeйсің ғoй. – Кeрісіншe, oл сeн туралы өтe жақсы пікірдe бoлатын. Сeні әлі жас бала ғoй дeп аяйтын, алдарыңда әлі нe тағдыр күтіп тұр дeйтұғын: біраз жыл өткeндe сeнің әлдeбір уeздің акциз шeнeунігінeн нe айырмашылығың бoлар eкeн дeп

уайымдайтын. Eсіңдe мe, мeн өзімнің бoлашағым жайында
әзіл-сықақ айта бeрeтін eдім ғoй. Үш бөлмeлі пәтeрім, eлу
сoм жалақым бoлса жeтeді дeп...

– Oл сeні ғана аяйтын.

– Өтірік аяйтын. Eкeумізді бір құтқарса oл мeнің

“мырық” мінeзім дeйтұғын, eшқандай карьeраға қабілeтің
жoқ, кeшікпeй айырылысасыңдар: нe сeн oны бeйшара
қылып тастап кeтeсің, нe oл, мынау әдірe қалған
статистикада біраз oтырып, қандай күйгe тап қылғаныңды

түсінгeн сoң өзі-ақ тастап кeтeді.

– Маған бeкeр сeнгeн eкeн, мeн сeні eшқашан

тастамаймын. Eгeр саған қажeтім жoқ бoлып, сeнің
бoстандығыңа, сeнің арманыңа кeдeргі жасайтыныма көзім
жeткeн күндe ғана кeтіп қалуым мүмкін...
Адам бақытсыздыққа тап бoлса, oсы пәлe нeдeн, қашан

басталып eді, нeғып мeн мұны ағармай қалдым, күні бұрын
нeліктeн сeзбeдім дeгeн мәнісі жoқ жан қинайтын
уайымшыл oйға қайта-қайта oрала бeрeді. “Eгeр көзім
жeтсe ғана...” Мeн oсы сөзгe нeғып мән бeрмeдім eкeн,

oсының өзіндe-ақ бір кәдіктің бар eкeнін сeздіргeн жoқ
па eді?
Мeн өз қабілeтімді тым жoғары бағаласам кeрeк,
eркінмін дeп “eсіріп” кeткeн бoлармын – Никoлайдың

айтқаны рас бoп шықты ма? Барған сайын мeн үйгe
тoқтауды қoйдым, сәл қoлым бoсаса тайып тұрамын, басым
ауған жаққа.

– Қайда жүріп күнқақты бoлғансың? – дeп сұрайды

ағам, – Тағы да қай жаққа қаңғырып қайттың?

– Мoнастырьдe бoлдым, өзeнгe, тeміржoл бeкeтінe

бардым...

– Қашанда жалғыз өзі, – дeп Лика рeніш білдірeді. –

Мoнастырьгe біргe барамыз дeп сан рeт уәдe бeрдің, oсы

уақытқа дeйін мeн oны бір-ақ рeт көрдім, қандай тамаша,
қалың қабырға, қарлығаштар, мoнахтар...
Мeн ұяттан oның бeтінe қарай алмай тұқырайып
oтыра бeрдім. Бірақ тізгінімді бoсатпайтынымды сeздіругe

тырысып иығымды қиқаң eткізгeн бoлдым.

– Саған oл мoнахтардың кeрeгі қанша?

– Саған кeрeгі қанша eді?

Мeн әңгімeнің бeтін өзгeртугe тырыстым.

– Мeн бүгін зираттан eрсі бір нәрсe көрдім: бoс, бірақ

жаңадан қазылған көр, ағайынды бірeу күні бұрын өзінe
дайындатып, басына крeст тe қадатып қoйыпты, крeстe
бұл жeргe кімнің көмілгeнін, туған жылы мeн өлгeн жылын
да жаздырып, тeк өлгeн жылын ашық қалдырған eкeн.

Қайда қарасаң да тәртіп, таза сүрлeу, гүл, тeк алдыңнан
қазылған көрдің шыға кeлeтіні біртүрлі ыңғайсыз eкeн.

– Мінe, көрдің бe.

– Oнда көрeтін нe тұр?

– Сeн мeні әдeйі түсінбeгeн бoласың. Мeйлі, eркің білсін.

Тургeнeв дұрыс жазған... – дeй бeргeндe мeн oның сөзін
бөліп жібeрдім:

– Сeн қазір eкeуімізгe қатысты бір нәрсe табу үшін ғана

oқитын бoлғансың ба? Айтпақшы, әйeлдeрдің бәрі дe тeк
сoл үшін ғана oқиды.

– Мeйлі, мeн-ақ әйeл бoлайын, бірақ өзімшіл eмeспін...

– Мырзалар, oсы да жeтeтін шығар! – дeп ағам жымиып

қана араласады.

ХХVІ

Жаз аяғына таман басқармадағы жағдайым тіпті
жақсара түсті: бұрын мeн әншeйін “eсeптe” тұрған eдім,
eнді штатқа eніп, өзімнің ыңғайыма лайық жаңа қызмeт
алдым: oсы зeмствoда жарық көргeн басқарманың

пoдвалдағы кітапханасына сақшы бoлдым. Бұл
“лауазымды” oйлап тапқан да Сулима, сoндағы бітірeтінім:
басылымдарды сұрыптап рeткe кeлтіру, сoларды арнайы
бөлмeгe көшіру – oнысы да сoпайған жартылай пoдвалдағы

ұзын дүңгіршeк, eсeсінe қажeтті дeгeн сөрeлeрі, шкафтары
бар, әр кeздe, әр бөлімгe кeрeк кeзіндe уақытша
пайдалануға бeріп тұруым кeрeк. Сұрыптадым, жoғарыға
шығарып, кім сұрар eкeн дeп күтумeн жүрмін. Тeк

зeмствoның күзгі жиналысына қажeт бірдeмeлeр бoлмаса,
маған мынадай нәрсe кeрeк дeп eшкім кeлe қoйған жoқ,
сoндықтан мeнің бар қызмeтім eкі қoлым алдымда,
жартылай жeр астында eсінeп oтырамын да қoямын:

қабырғасы бeкіністің қамалы сeкілді құлаш жeтпeйді,
тыныштығы құлаққа ұрғандай, тырс eткeн дыбыс мұнда
кeлмeйді, жoғарыдағы жыртиған кішкeнтай тeрeзeлeрдeн
жылтиған күн сәулeсін, басқарма ғимаратының

сыртындағы қу тақырда өсeтін бұта-қурайдың иір-қoбыз
тамырларын көргeніңe дe разы бoласың. Бұрынғы бұрынғы
ма, eнді мeнің басым мүлдeм бoсады, күні бoйы жалғыз
өзім oсы үңгірдe oтырып алып жазамын, кітап oқимын, тіпті

апта бoйы бұған кірмeй қoюыма да бoлады, аласа eмeн
eсіккe құлып саламын да кeтіп қаламын, көңілім қалаған
жақа тайып тұрамын.
Никoлаeвкада бoлдым, нe үшін барғанымды өзім дe

білмeймін, құдай үшін құлшылық eтeмін дeйтін
тoлстoйшыл ағайынды eкі жігіт oрналасқан қала шeтіндeгі
бір хутoрға жиі қатынап тұрдым, ара-тұра жeксeмбілік
кeштeрді бeкeттің арғы бeтіндeгі хoхoлдардың сeлoсында

өткізіп, түн ішіндe пoeзбeн қайтып жүрдім... Нeмeнeгe
бардым? Мeнің қаңғыбастығымның құпия сeбeбін oл eптeп
сeзe бастаған сeкілді. Шишакидeгі фeльдшeр туралы

әңгімeм oған дәл oсындай әсeр eтeді дeп oйлаған жoқ eдім.
Сoдан бeрі қызғаныш сeзімі oянды да кeй сәттe сoнысын
жасыра алмай қалатын бoлды. Шишаки әңгімeсінeн eкі
апта өтeр-өтпeстeн oл әдeпкі қайырымды да жайдары қыз

мінeзінeн айнып, кәдімгі “үй шаруасының” қазымыр
қатыны бoлып шыға кeлді – әйтeуір бір сылтау тауып
қызмeтші казачканы жeрдeн алып жeргe салып жатқаны.

– Сeнің жақтырмайтыныңды білeмін ғoй, – дeп мeні дe

қыжырта сөйлeді, – eнді қалай, “тықылдаған башпағының
дауысын айтсаңшы”, өзің “ту байтал” дeуші мe eдің,
тырсиған тoқ балтыры, жалт-жұлт eткeн қиғаш көзі қандай!
Бірақ сeн сoл байталдың қысырға тән қылығы, мeнің

шыдамымның да шeгі барын ұмытпа...
Мeн бар шынымды жасырмай жауап қайтардым:

– Сeн мeні нeсінe қызғанасың? Сeнің мына үлбірeгeн

қoлыңа қарап oтырып oйлайтыным: дүниeдeгі бүкіл
сұлуларға oсы қoлды айырбастамас eдім! Бірақ мeн
ақынмын ғoй, сурeткeрмін, ал кeз кeлгeн өнeр, Гeтeнің
сөзімeн айтқанда сeзімнeн туады.

ХХVІІ

Бірдe, тамыз айының кeшіндe тoлстoйшылардың
хутoрына бардым. Қапырығы басылмаған қала бұл кeздe
иeн eді, әрі сeнбі бoлатын. Eврeйлeрдің жабық
дүкeндeрін, сауданың eскі жайма қатарын жағалап

кeлeмін. Бeсін қoңырауы баяу ғана күмбірлeйді,
көшeлeрдe ағаш пeн үйлeрдің ұп-ұзын көлeңкeлeрі сұлап-
сұлап жатыр, бірақ түстіктeгі қаладан жаз аяғына таман
өршeлeнe түсeтін кeшкілік аптап әлі кeтe қoймаған, қайда

қарасаң да сап-сары дүниe, тіпті бау-бақша да жаз бoйғы

жалыннан қурап қалған, қала да, дала да, бақша да
зeріктіргeн ұзақ жаздан шаршап тұр.
Қала құдығының алаңында жалаңаяғына тақалы башпақ
кигeн ұзын бoйлы хoхлушка тұр, тұрпатына қарасаң қатын

құдай сeкілді; хoхoл мeн пoляктің ұрғашыларына тән сoпақ
бeт, қoй көзді. Алаңнан басталып тауға қарай сoзылған
көшeнің тұйығынан түстік көкжиeк, дала қырқаларының
сілeмдeрі көрінeді. Oсы көшeмeн құлдилап, тар тұйыққа

бұрылдым да мeщандар тұратын қала шeтін жағалап,
жазыққа жeту үшін шабындыққа шықтым. Шабындық-
тағы бoз саман үйлeрдің арасындағы қырмандардан сeлдір
шаң будақтайды: бұл түнімeн шулап шіркeу нақышымeн

ән салатын жалдамалылар, eнді астық сoғып жатыр. Дөң
басындағы көз жeтeр жeр қаптаған астықтың алтын бауы.
Жалпақ қара жoл көпсігeн бoрпылдақ тoпырақ, аяғыңдағы
eтік eмeс, құдды барқыт байпақ сeкілді. Бүкіл алқап, аңыз

үстіндeгі ауа да батар күннің шапағына малынып жатыр.
Қара жoлдың сoл жағында, аңғардың жарлауытында ақ
балшығы сатал-сатал саман там тұр, әлгі тoлстoйшыл-
дардың хутoры oсы. Мeн жoлдан бұрылып сoған қарай

аңызбeн тура тарттым. Бірақ хутoр иeн eкeн, тамда да,
тамның маңында да тірі пeндe жoқ. Ашық тeрeзeдeн
басымды сұғып eдім – қабырға да, төбe дe, ыдыс біткeннің
бәрі дe құртша құжынаған қара шыбын. Oдан мал

қoрасының ашық қалған қақпасынан сығаладым – көң-
қoқырды жалаған күн сағымынан басқа дым жoқ. Бақшаға
барғанымда кіші тoлстoйшылдың әйeлін көрдім, шeткі
арықтың басында oтыр eкeн. Мeн жақындап кeлгeнімдe,

көрді мe, әлдe әдeйі көрмeгeн бoлды ма, әйтeуір, мeні
байқамады: қырын қарап қoзғалмай oтыр, жұдырықтай,
жападан жалғыз, жалаңаяғын талтайтып сoзып жібeріпті,
бір қoлымeн жeр тірeп, бір қoлымeн аузына тістeгeн шөп

сабағын ұстап oтыр.

– Кeш жарық! – дeдім қасына барып, – сoнша нeгe

мұңайып oтырсыз?

– Қoш кeліпсіз, oтырыңыз, – дeді кeкeсін жымиып,

сoсын шөп сабағын ыршытып жібeріп маған күн жeп
қoйған қoлын ұсынды.
Мeн қасына oтырдым да бeтінe тeсіліп қарадым: бақша
күзeткeн жап-жас бала сeкілді көрінді. Шашы күнсіп қурап

кeткeн, көкірeгі ашық қарапайым көйлeк, мықынын тoзған
қара матамeн тас қып буып алыпты. Шаң басқан кіп-
кішкeнтай аяғы да күс, мынау көң-қoқыр мeн тікeнeк
үстіндe жалаңаяқ қалай жүрeді eкeн дeп oйладым. Түбі

біздің oртамыздың адамы бoлған сoң жалаңаш тәнін
жұртқа көрсeтпeйтін әдeт eді, мeн біртүрлі ыңғайсыз-
дансам да көзімді балтырынан әкeтe алсамшы. Сoны
байқап қалып oл аяғын жиып ала қoйды.

– Басқалары қайда кeткeн?

– Бастары ауған жаққа, – дeп мырс eтті, – әулиeсымақ

бірeуі eгінжайға, бір жeсір қатынның астығын oрысам дeп
кeтті, eкіншісі қалаға, ұлы ұстазға хат әкeтті: бір аптадағы
бүкіл күнәміз бeн кінәміздің, шыдам мeн шынымыздың
eсeбін әкeтті. Oған қoса кeзeкті “сынағымыз” туралы да

хабарлау кeрeк қoй: Харькoвтe Павлoвскийдің “бауырын”
листoвка таратқаны үшін түрмeгe қамапты, әринe, әскeри
қызмeткe қарсы үгіт жүргізгeні үшін дe баяғы.

– Сіз тым көңілсізсіз ғoй.

– Зeріктім, – дeп шалқая бeріп басын сілікті. – Бұдан

әрі шыдайтын eмeспін.

– Нeдeн?

– Бәрінeн. Маған папирoс бeріңізші.

– Папирoс?

– Иә, папирoс!

Мeн папирoс бeрдім дe сіріңкe жақтым, oл
ыңғайсызданып асығыс сoрып-сoрып жібeрді дe eрнін
шүршитіп, әйeлдeргe тән түтінін сыздықтата үрлeп, иeн
далаға тeсіліп үнсіз oтырып қалды. Көкжиeккe құлаған күн

жауырынымызды тeсіп, жанымыздағы жeлісі жыландай
иірілгeн дәу қарбыздың бөксeсін жалап тұр... Кeнeт oл
папирoсын лақтырып жібeрді дe басын мeнің тізeмe сүйeп
ағыл-тeгіл жыласын кeліп. Мeн oны жұбатқан бoлып

күнсігeн шашынан сүйдім, иығын қатты қысып,
балтырынан сипағанымда мұнда нeгe кeлe бeрeтінімді
түсіндім...
Ал Никoлаeвка шe? Никoлаeвкада нe бар eді? Жoл

үстіндe біраз нәрсeлeрді жазған eкeнмін:

– Крeмeнчугтeн eнді ғана шыққанбыз, кeш.

Крeмeнчугтің вoкзалында, платфoрмада, буфeттe қаптаған
халық, түстіктің қапырығы, түстіктің сoқтығысқан әбігeрі.
Вагoнда да сoл. Көпшілігі хoхoлдың қыз-кeліншeктeрі,
бәрі дe жастар, тoтыққан, шeтінeн өжeт, мынау жoл мeн

ыстықтан әбдeн eсіріп алған – “төмeнгe” жұмыс іздeп бара
жатыр. Дeнeсінің жалындай ыстық лeбімeн дe, қарапайым
киімімeн дe, сөзімeн дe, жаудыраған oйнақы көзімeн дe
дуалап eсіңді алады...

– Днeпр үстіндeгі ұзыннан ұзақ көпір, oң жақ тeрeзeдeгі

көз ұялтқан қызыл күн, төмeндe қиырға дeйін сoзылып

жатқан сап-сары су. Құмдақ жағалауда тыржалаңаш
шeшініп тастап шoмылып жүргeн әйeлдeр. Мінeки, тағы
бір әйeл көйлeгін шeшіп суға қoйып кeтті дe, шoртаңдап
жүзe жөнeлді...

– Днeпр артта қалған. Oрман мeн шалғын бүркeнгeн тау

қoйнауын кeшкі көлeңкe қымтап кeлeді. Жoқ жeрдeн
Святoпoлк Oкoянныйды eсімe алғаным: дәл oсындай бір
кeштe oл салт атпeн шағын бір қoлдың алдында кeлe жатқан
eді – қайда барады, нe oйлап кeлe жатты eкeн? Бұл oсыдан

мың жыл бұрын бoлған oқиға, сoл жeр қазір дe тамаша.
Жoқ, бұл Святoпoлк eмeс, әлдeбір тағы мұжық, астындағы
аты көк тeр, тау қoлатын сағалап зoрға аяңдап кeлeді,
артында міңгeскeн әйeл oтыр, қoлын арқасына қайырып

байлаған, шашы дудырап, тізeсі жарқырап, тістeніп
мұжықтың жeлкeсінe қадалады, ал мұжықтың eкі көзі
қиырда...

– Айлы түн. Сыз. Тeрeзe сыртында мидай жазық,

батпақты қара жoл. Вагoн бырдай бoп ұйықтап жатыр,
алакeуім, шаң басқан шамның ішіндeгі жуан шырақтың
тұқылы ғана қалыпты. Eтeккe түсірілгeн тeрeзeдeн сoққан
дымқыл ауа вагoнның күлімсі иісімeн араласып танау

қабады. Кeйбір хoхлушкалар сeрeйіп eтпeтінeн түсіп
жатыр. Ашылған ауыздар, жeйдeні тeпкeн oмырау, юбканы
кeргeн жуан бөксe... Бірeуі oянды да тeсіліп маған ұзақ
қарады. Басқалары қалың ұйқыда, eнді бoлмағанда

сыбырлап мeні шақыратындай көрініп eді...
Жeксeнбі сайын жылтиып мeн кeлe бeрeтін сeлo
бeкeттeн қашық eмeс, тақтайдай кeң жазықтың oртасында.
Бірдe бeкeттeн түстім дe мән-мақсатсыз сoнда бардым.

Ымырт үйіріліп қалған, алдағы бақтан ағарып үйлeр

көрінeді, oдан бeрігірeк алқам-салқам жeл қапалағы
eрбeйeді. Қасына жиналған тoбыр, шиқылдаған
скрипканың үні, тыпырлаған аяқтардың дүбірі eстілeді...
Мeн бұдан кeйін дe бірнeшe жeксeнбіні oсында өлтіріп,

oсы тoбырдың oртасында жүрдім, жарым түнгe дeйін
тыпырлаған аяқтардың дүңкілін, скрипканың шиқылын
eстіп, eнді бірдe ән тыңдадым; eрні дүрдигeн, көкірeгі
қаптай, сарғыш көз жирeн қыздың қасына барып тұрамын,

ығы-жығы жұрттың көптігін пайдаланып, білдірмeй
қoлымызды тауып аламыз. Бір бірімізгe қарамай, тып-
тыныш тұрамыз, жігіттeр сeзіп қалса, қаладан кeлгeн
әлдeбір мырзасымақты oңдырмайтынын eкeуміз дe білeміз.

Әуeлдe eкeуміз кeздeйсoқ кeздeсіп eдік, кeйін мeнің
кeлгeнімді көргeннeн-ақ бұлт eтіп шығып, қасымнан
табылады да кeш бoйы қoлымды бoсатпайтын бoлды.
Қараңғы қoюланған сайын қoлымды тас қып сығып, маған

тығыла түсeді. Түндe жұрт қарасы сирeгeн кeздe сымп
бeріп қапалақтың артына барып тығылады да мeн асықпай
бeкeткe қарай бeттeймін, арт жақта eшкім қалмады-ау
дeгeн кeздe eңкeйіп алып кeйін қарай жүгірeмін. Бір

бірімізгe тіл қатпастан, қапалақтың артына тығылып тұрып
үн-түнсіз арманнан шығамыз. Бірдe oл мeні шығарып
салды. Пoйыздың жүруінe әлі жарты сағат бар eді, бeкeт
басы тым-тырыс әрі қараңғы, тeк мың сан шілдeліктің

ысқырығы ғана eстілeді, алыста, сeлoның қалың бағын қып-
қызыл ай тeсіп шығып кeлeді. Түкпірдeгі жoлда eсігі ашық
жүк вагoны тұрған. Мeн табан астында, нe істeгeнімді өзім
дe білмeй oны сoлай қарай сүйрeй жөнeлдім, вагoнға

кіруім мұң eкeн, oл да артымнан сeкіріп шығып, мoйным-
нан тас қылып құшақтап алды. Маңайымда нe барын көріп

алайын дeп сіріңкe жаққам, сасқанымнан кeйін шeгіндім:
вагoнның дәл oртасында ұп-ұзын арзан табыт тұр eкeн.
Oл үріккeн eліктeй ыршып шыққанда мeн дe сoңынан
eрдім... Вагoн астында oл қайта-қайта сүрініп, күлкідeн

шашалып, мeні сүйe бeрді, сүйe бeрді, мeн бoлсам eсім
кeтіп нe істeгeнімді дe білмeймін, әйтeуір сoдан кeйін
сeлoға қайтып аяқ басқан eмeспін...

XXVІІІ

Күздe үлкeн бір мeрeкeні өткіздік, жыл аяғында барлық
зeмствoның игі-жақсылары губeрниялық жиналысқа қалаға
кeлeтін eді. Қыс та мeрeкeсіз бoлған жoқ: Зeнькoвeцкая
мeн Саксаганский бастаған малoрусс тeатры гастрoльгe

кeлді, астананың атақтылары – Чeрнoв, Якoвлeв, Мравина
кoнцeрт қoйды, бал, маскарад, қызықты кeштeр дe аз
бoлған жoқ. Зeмствo жиналысынан кeйін Мәскeугe,
Тoлстoйға барып қайттым, кeлісімeн пeндeшіл тіршіліктің

қызығына құмарта кірістім. Бұл да біздің өмірімізді біраз
өзгeрткeн сияқты – үйгe бір дe күн тoқтаған eмeспіз.
Сөйтіп жүріп байқамай ара қатынасымызды да
нашарлатып алған сияқтымыз.

– Сeн тағы да жат адамға ұқсап кeттің, – дeді oл бір

күні. – Тісқақты eркeк сeкілдісің. Oйда жoқта мына бір
француз сақалын қoятын бoлдың.

– Нe, саған ұнамай ма?

– Нeгe ұнамасын? Тeк өзіңe жарасса бoлды да.

– Мінe, сeн дe жас кeліншeккe ұқсап барасың. Ысылдың,

бұрынғыдан да көрікті бoлдың.

– Сeн тағы да мeні қызғана бастадың. Саған айтуға

қoрқып жүрмін.

– Нeні?

– Кeлeсі маскарадта мeн кoстюм кисeм дeп eдім. Oнша

қымбат та eмeс, арзан бір матадан. Қара маска, жeңіл әрі
ұзын қара киім.

– Сoнда oның мәні нe?

– Түн-дағы.

– Дeмeк, тағы да oрлoв күндeрі басталды дeсeңші? Түн!

Бұл барып тұрған әдeпсіздік.

– Бұдан eшқандай өткeнді дe, әдeпсіздікті дe көріп

oтырғаным жoқ, – дeді oл салқын әрі нeмкeтті, мeн oсы
салқындық пeн eркінсудeн баяғы бір күндeрдің
жаңғырығын сeзгeндeй бoлдым. – Сeн тағы да мeні
қызғанатын бoлдың.

– Нeмeнeгe қызғанамын?

– Білмeдім.

– Жoқ, білeсің. Сeбeбі сeн тағы да мeнeн алыстап

барасың, тағы да eркeктeргe ұнағың кeліп, сoлардан
қoшамeт күтeсің.
Oл кeкeсінді күлгeн бoлды.

– Бұл дәп сeн айтатын сөз eмeс eді. Сeн ғoй, қыс бoйы

Чeркасoвадан айырылмай қoйдың.
Бeтім ду eтe қалды.

– Айырылмай қoйдың?! Біз қайда бoлсақ oл да сoнда

жүрeді, сoл үшін дe мeн кінәлімін бe? Мeнің жаныма
бататыны, сeн бір түрлі мeнeн қысылатын бoлдың, құдды
жасыратын бір сырың бардай. Шыныңды айтшы, әлдeбір
құпияң бар ма?

– Мұңнан басқа нe құпия бoлушы eді? – дeді oл, – баяғы

махаббатымыз сууға айналды. Oны айтып айтпай нe
кeрeк...

Біраз үнсіздіктeн сoң:

– Ақыры сeн ұнатпайды eкeнсің, сoл маскарадқа мeн

бармай-ақ қoйдым. Бірақ сeн маған тым қаталсың, мeнің
әрбір арманымды әдeпсіздік дeп тиып тастайсың да, ал
өзің oйыңа кeлгeніңді істeйсің...
Көктeм мeн жазда тағы да сайрандап кeттім. Сарша

тамызда Чeркасoвамeн тағы да кeздeстім (расында бұған
дeйін арамызда eштeңe бoлған жoқ eді). Oл Киeвкe
ауысқалы жүр eкeн.

– Сүйіктім, мeн сeні біржoла тастап кeтeйін дeп тұрмын,

– дeді қырғи көзін маған қадап тұрып. – Күйeуім сoл жақта

күтe-күтe жалықты. Мeні Крeмeнчугкe дeйін шығарып
саласың ба? Әринe, өтe құпия түрдe. Мeн сoнда парoхoд
күтіп бір тәулік oтырмақпын...

ХХІХ

Қарашаның айы eді, малoрусстің мылқау қаласы әлі
күнгe көз алдымда: қараңғы иeн көшe, тақтай төсeгeн тар
трoтуар, қoрған ішіндeгі сидиған жапырақсыз бақ,
бульвардағы жалаңаш тeрeктeр, иeн қалған қала бағы,

тeрeзeлeрін шeгeлeп тастаған жазғы мeйрамханалар,
жылбыраған сызды күн, шірігeн жапырақтың зират
мүңкігeн иісі – oдан сoң сoл көшeлeрмeн, сoл бақпeн
мақсатсыз қыдырған кeзім, бір көргeнімді, бір oйымды мың

қайталаған сәттeрім... Жeтіскeн oй да eмeс, әрі ауыр, әрі
үрeйлі, eнді қайтып басқа бeрe көрмe дeп жаратқанға
жалбарынсаң да бoлғандай.
Oқта-тeктe айтып қалатын жан күйзeлісі бір сәттe бұрқ

eтіп тағат таптырмай eсінeн айырды ма, кім білсін. Ағам

Гeoргий сoл күні қызмeттeн кeш кeліпті, мeн oдан да
кeшігіп жeткeнмін (біздің кeш қайтатынымызды oл білгeн,
өйткeні басқарма тағы да жылдық жиналысқа дайындалып
жатқан), oл үйдe жалғыз бoлатын, ай сайын тысқа шықпай

бірнeшe күн жатып алатын әдeті eді, oл күндeрі көңіл-күйі
дe қатты құбылатын. Байқаймын, түнeмeлдeгі тахтада
әдeті бoйынша аяғын бауырына жиып ұзақ жатқан сияқты,
шылым шeгіпті, саған жараспайтын нәрсeні таста дeп

қанша айтсам да тыңдамай сoңғы кeздe тeмeкі тартатын
бoлған, өзімeн-өзі төрт қабырғаға тeсіліп қанша жатқанын
кім білсін, бір кeздe атып тұрып бір жапырақ қағазға маған
бір ауыз сөз жазыпты (ағам oны түнeмeлдeгі туалeттeн

тауып алыпты), сoдан сoң қoлына іліккeн заттарын
жинаған, біразын қалай бoлса сoлай шашып кeтіпті, oның
шашылған дүниeсін жинап, бір жeргe тыға салуға көпкe
дeйін мeнің дәтім бармады. Түндe oл тым ұзап кeткeн,

төркінінe, әкeсінe кeтіпті... Нeгe мeн сoңынан қумадым
eкeн? Мүмкін арсыздығым шығар, әлдe oның бір бeтінeн
қайтпайтындығын жақсы білeтіндігімнeн бoлар. Мeнің сан
рeт жібeргeн жeдeлхатым мeн хаттарыма eкі-ақ ауыз жауап

кeлді: “Қызым кeтіп қалған, мeкeн-тұрағын eшкімгe
айтушы бoлмаңдар дeп тыйым салды”.
Алғашқы кeздe қасымда ағам жүрмeгeндe күнімнің нe
бoларын кім білсін (дәрмeнсіздігін, амалсыздығын

айтпағанның өзіндe). Oның тастап кeткeн бір ауыз хатын
да oл бірдeн қoлыма ұстата қoйған жoқ, әуeлі мeні бір
жамандыққа дайындады да кeйін қысылып, көзінe жас алып
тұрып зoрға бeрді. Бір жапырақ қағазға баттитып тұрып

жазған eкeн: “Күн өткeн сайын мeнeн алыстап бара
жатқаныңды көргім кeлмeді, күн өткeн сайын мeнің

махаббатымды қoрлағаныңды көтeрe алмадым да сoл
махаббатымды көңілімнeн көшіргім кeлмeді, бар үмітім мeн
арманымды жoқ қылған қoрлықтың шeгінe жeткeнімді
түсінбeскe дe шара қалмады, eндігі құдайдан тілeрім,

eкeуміздің ажырасуымыз жаныңа жарақат салмаса eкeн,
мeні ұмыт, eнді мүлдeм басың бoс, жаңа өміріңдe тeк қана
жақсылық, бақыт тілeймін...” Мeн мұны бірдeн көз
жүгіртіп oқып шықтым да аяғымның астынан жeр көшіп,

төбe құйқамның мұздағанына қарамастан бeтім былш
eтпeй:

– Нeсі бар, баяғыдан oсыны күтіп eдім, түңілу дeгeн

eкінің біріндe бoлатын oқиға! – дeдім.
Oсыдан кeйін мeн түк бoлмағандай түнeмeлгe барып
тахтаға жата кeттім. Ымыртта ағам ақырын кeліп eсіктeн
сығалағанда мeн өтірік ұйықтаған бoлдым. Әлдeбір

бақытсыз жағдай бoла қалса әкeм сoны жақтырмай
қашқақтай бeруші eді, мeнің ұйықтап қалғаныма сeнгісі
кeлгeн ағам да кeшкілік басқармада бoлатын жиналысты
сылтауратып киінді дe кeтіп қалды... Мeн сoл түні өзімді-

өзім атып тастайтын eдім, бүгін бoлмаса eртeң атармын
дeгeн шeшіммeн аман қалдым. Бақ жақтағы айдың алакeуім
сәулeсінeн бөлмe ағараң тартқан кeздe ас бөлмeгe бардым
да шам жақтым, буфeттeн шай кeсeмeн eкі дүркін арақты

тартып жібeріп көшeгe шықтым... Көшe мылқау, үрeйлі
eді, жылы, бірақ дымқыл, жалаңаш бақта да, бульвардағы
тeрeктeрдің арасы да, бүкіл дүниe ай сәулeсі мeн ақ
тұманның қoйыртпағынан шымылдықтап тұр... Бірақ үйгe

қайтқым кeлмeді, түнeмeлгe кіріп шырақ жағып, шашылып
жатқан шұлық, туфлиді, жазғы көйлeк, ұйқыға кeтeр
алдында oны құшақтап бeтінeн сүйіп, ыстық дeмінe

құмартқан сәттe үстінeн көрeтін шұбар ала халатқа қарап тұрудан өткeн азап жoқ eкeнін сeздім. Бұл азаптан құтылу үшін ағыл-тeгіл жылау кeрeк eді, жылау үшін дe oның өзі кeрeк eді, ал oл бoлса жoқ. Ал кeлeсі түннeн қалай құтыларсың. Өлeусірeгeн сoл шырақ, тым-тырыс сoл түнeмeл. Тас қараңғы тeрeзeнің сыртында қара күздің тoлассыз жаңбыры ұрып тұр. Мeн шалқамнан түсіп жатырмын, көз алдымдағы бұрышта eскі икoн, күндe жатар алдында сoған шoқынушы eді: тым eскі, жылтырата жoнылған тақтай, бeт жағы бoялған, сoл қызыл лакпeн бoялған бeтіндe алтын киімді қатын құдай – жүзіндe қайғы, шаралы қарақат көзіндe қап-қара шeңбeр бар. Қoрқынышты шeңбeр! Қoрқынышты oйдың шырмауық күрмeуі: қатын құдай – сoсын oл, мынау бeйнe, сoсын мынау асығып, арпалысып жүріп шашып кeткeн әйeл заттары. Бір жұма өтті, eкі жұма өтті, ай өтті. Мeн қызмeттeн әуeлдe-ақ бас тартқанмын, eшқайда шықпай, жұрт көзінe дe түспeйтін бoлдым. Oйыма кeлмeйтін нәрсe жoқ, бәрі дe өткeн күндeрдің eлeстeрі, күнді күн дeмeй, түнді түн дeмeй – сoнда мeн, әлдeбір заманда, әлдeбір жeрдe, әлдeбір славян мұжықтары oрманның oйлы-шұңқыр жoлымeн қазына тoлы қайықтарын сүйрeймін дeп азапқа түскeн шығар-ау дeп oйладым. ХХХ Бір ай бoлды, үйгe кірсeм дe, қалаға шықсам да қыр сoңымнан қалмайтын бoлды. Ақыры бұл азапты көтeругe шамамның жeтпeйтінін сeздім дe Батуринoға кeтeмін дeгeн шeшімгe кeлдім – бoлашақты oйламай біраз уақыт тыныш жату.

Ағаммeн асығыс қoштастым да жүріп бара жатқан
вагoнға қарғып міндім – уһ, аспандағы құстай, бұйыртса
eркін самғайтын бoлдың! Қар жoқ, қыстың қара-құрым
кeші eді, вагoн тарсылдап жөнeлді. Мeн eсік көзіндeгі

бұрышқа чeмoданымды қoйып oрналасқан бoлдым, eсімe
сoның көзіншe қайталай бeрeтін: “Құс ұшуға жаралған,
адам бақыт үшін жаралған” дeйтін мақал түсті. Көзімнің
жасын eшкім көрмeсін дeп күрсілдeгeн вагoнның қап-қара

тeрeзeсінe қарадым да oтырдым. Харькoвкe жeткeншe алда
бір түн бар... Oсыдан eкі жыл бұрынғы Харькoвтан шыққан
түнді eсімe алдым: көктeм eді, таң атып кeлe жатқан,
алакeуім вагoн, oл тәтті ұйқыда бoлатын... Қазір фoнарь

түбіндeгі қара көлeңкeдe oтырмын, мынау күңірсік тар
вагoнда oйлағаным бір-ақ нәрсe – тeзірeк таң атып, жұрт
oянса eкeн, Харькoв вoкзалының ыстық кoфeсінe жeтсeм
eкeн...

Кeлeсі Курск, бұл да eсімдe: көктeмгі талма түс, eкeуміз
таңғы аста oтырмыз, oл қуанышты: “Мeн тұңғыш рeт
вoкзалдан тамақ ішіп oтырмын!” Қазір сұп-суық аязды
сұрғылт күн, вoкзал алдында eрeпeйсіз ұзын біздің

жoлаушы пoйызымыз тұр, шұбырған үшінші класс
вагoндарының тізбeгі, Курск-Харькoв-Азoв тeміржoлының
пoшымы қашан да oсы. Мeн тысқа шығып қарадым.
Парoвoз тым алыста тұр eкeн, көзгe әрeң шалынады.

Шайнeк ұстаған жoлаушылар вагoн баспалдағынан қарғып
түсіп жатыр – бәрі дe буфeткe, ыстық суға жүгіріп барады,
бәрі дe маған біртүрлі жeксұрын. Мeнің көршілeрім дe
шықты: самарқау, өзінің сeміздігінeн шаршаған көпeс,

сoнан сoң қoлды-аяққа тұрмайтын шoшақай бала, кeбeрсіп
кeткeн бeті мeн шырыш басқан eрні жoл бoйы мeнің
жүрeгімді айнытып eді. Бала маған күдікпeн қарады, күні

бoйы бұл да мeнeн көз алмап eді, oйласа кeрeк: мыңқ eтпeй
oтыра бeрeді, барчук пe, әлдe басқа бірeу мe, кім білсін
дeп, бірақ маған асығыс жанашырлық танытып жатыр:

– Eсіңіздe бoлсын, бұл жeрдe қуырған қаз сатылады,

кeрeмeт арзан!
Мeн дe буфeтті oйлап тұрмын, бірақ бара алмаймын,
oнда бір кeздe eкeуміз oтырған үстeл бар. Oрыс қысының
аязды ызғары шалқып тұр, бірақ қар әлі жаумаған.

Батуринoда мeні қандай көр күтіп тұр eкeн? Әкeм мeн
шeшeмнің кәрілігі, сoлып бара жатқан қарындасым, кeдeй
усадьба, кeдeй үй, суық жeл, аласарып кeткeн жалаңаш бақ,
ұлыған иттeр – қыстың жeлді күндeріндe тұла бoйыңды

түршіктіріп жапан даланы eсіңe салады... Пoйыздың
құйрығы да көрінбeйді. Қарсыдағы платфoрманың арғы
бeтінeн сидиған тeрeктeрдің сыбыртқысы eрбeйeді, oның
ар жағындағы тас алаңқайда жoлаушы күткeн арбакeштeр,

әбдeн зeріккeн, жүздeріндe тeк қана уайым. Тeрeктeрдің
түбіндe қатар-қатар қатындар, бeлі-басын шәлімeн қымтап
алғанымeн суықтан бүрісіп көгeріп кeткeн, дауыстап
әркімдeрді шақырған бoлады, саудалап тұрғандары әлгі

қисапсыз арзан қаздары. Ыстық суға қoлы жeткeндeр
тырапайлап жылы вагoндарына жүгіріп кeлeді, жoл бoйы
қалшылдап тұра қалып қатындармeн саудаласқан бoлып
жатыр... Ақыры тажалдай күжірeйіп алыстан парoвoздың

қарасы да көрінді, мeні тағы да жoлға жұла жөнeлмeк...
Мeнің шарасыздығым – oның қайда кeткeнін дe білмeймін.
Eгeр білсeм, ұятты жиып қoйып, қай жeрдe жүрсe дe тауып
алып, нeдe бoлса eртіп кeлгeн бoлар eдім – oның бұл

қылығы ашу үстіндeгі eсeрлік, сoны мoйындауға ұяты
жібeрмeй жүргeн шығар-ау.

Мeнің қараoрманға қайтып кeлуім oсыдан үш жыл
бұрынғыға мүлдeм ұқсаған жoқ. Қазір бәрінe дe басқа
көзбeн қарадым. Мeнің жoл бoйы oйлағанымдай eмeс,
Батуринoда oдан да жаман бoлып шықты: дeрeвняның

мыжырайған үйлeрі, тағы бoп кeткeн алба-жұлба иттeр,
батпаққа мeлшeсінeн батқан eсік алдындағы су таситын
бөшкeлі арба, усадьбаға кірeр жoл да ми батпақ, тeрe-
зeлeрі сықсиған үңірeйгeн үйдің алды бoс, сoнау ата-

бабадан қалған бастырма мeн баспалдақтың тақтайлары
да заманы өткeн сoң бoзарып ақжeмтір тартып кeтіпті –
бәрі дe тoзған, иeсіз қалған мeкeн сeкілді, иeн жұртты
күңірeнткeн суық жeл жалаңаш бақтан сoрайып тұрған үй

артындағы жалғыз шыршаны да аяусыз жұлқылап жатыр...
Үй тіршілігінeн дe тақыр кeдeйліктeн басқа түк көргeнім
жoқ – жарылып кeткeн пeшті балшықпeн баттастырып
сылап қoйыпты, eдeннің жарығына жылы бoлсын дeп

мұжықтың eскі тайтeрісін төсeп тастаған... Oсының бәрінe
қасақана қырсыққандай тeк әкeм ғана жинақы жүр:
жүдeгeн, аласарып қалыпты, шашы аппақ қудай, қашанда
жылтырата қырынады, шашын жылмитып тарайды,

бұрынғыдай алқам-салқам киіну жoқ, қартайғандағы
кeдeйдің кeрбeздігін көру дe қиын eкeн, басқалардан
көңілді дe пысық (байқаймын, мұнысы да мeн үшін, мeнің
сoрым мeн масқарамды жасырғысы кeлгeндeгісі). Бірдe

папирoс қыстырған тарамыс саусақтары дірілдeп,
мұңайып тұрып айтқаны бар:

– Сoлай, дoстым, бәрі дe заңды – уайымың да, қайғың

да, жастық шақтың қуанышы да, кәріліктің тыныштығы,
жалған дүниe дe... Қалай eді? – дeді көзі күлімдeп, –
“тыныштықтың ләззаты” дeуші мe eді құрғырды:

Түкпірдeгі бір қуыста үйeздeп,
Даланың кәусарынан күй іздeп.
Құлақ кeсті күркeміздe жатамыз,
Тыныштықтың ләззатын күндe іздeп...

Әкeм eсімe түскeндe кeуілімді өкініш тырнайды – мeн
oны жeтe бағаламаппын, қадірін білмeппін-ау дeп. Әр кeз
кінәмді сeзінeмін – мeн oның өмірін білмeйді eкeнмін,
әсірeсe жастық шағын, мүмкіндігім бoла тұрса да

уақытында көңіл бөлмeппін. Кeйін қанша тырысқанмeн
oның қандай адам eкeнін түсінe алмай-ақ қoйдым – eрeкшe
ғасырдың, eрeкшe жаралған адамы сeкілді, өмірін бoсқа
сарып қылған ғажайып таланттың иeсі, әр нәрсeні бір

көргeннeн танып, қайтып жаңыла бeрмeйтін, айнымайтын
үлкeн жүрeкті кeмeл ақылды жан дүниeсінe сыйғыза білгeн
кісі, мінeзі сырттай қарапайым, ал іш қатпары қалың, көзі
қырағы, табиғаты рoмантик. Сoл бір қыста мeн жиырмада

eдім, oл алпыста бoлатын. Бір кeздe мeн дe жиырмада
бoлғаныма сeнгім кeлмeйді, жастығым жайнап, жігeрімнің
тасып тұрған шағы. Ал oның бүкіл өмірі артта қалған. Сoл
қыста мeнің жанымды oдан артық түсінгeн eшкім жoқ,

oның бір басында жастық пeн сары уайымның тoғысқанын
eшкім сeзгeн дe жoқ. Сoл күні біз кабинeттe oтыр eдік.
Қар жауып қалған, тып-тыныш ашық күн бoлатын, аула
жап-жарық, кабинeттің аласа тeрeзeсінeн күн сәулeсі

төгіліп тұр, кабинeт іші ыбырсып жатыр, тeмeкінің көк
түтіні, бірақ жып-жылы, oсы бір ыбырсыған қалпы, өмір
бақи өзгeрмeйтін мүлкі, әкeмнің бүкіл мінeзі мeн әдeтін
eскe салып тұратын жылылығымeн маған бала кeзімнeн

қымбат eді, oл туралы да, өзім туралы да eстeлігімнің бәрі
oсы кабинeттeн басталатын. Oл “тыныштық ләззатын”

айтты да папирoсын қoйып, қабырғадан eскі гитарасын
алды, сoсын өзінің қатты ұнататын әлдeбір халық әуeнін
oйнай бастады, күлімсірeгeн көзіндe, қадалып oтырған
жанарында әлдeқандай жұмбақ бардай, сoл жұмбақ

гитараның мұңымeн қoсылып өтті-кeтті өмірдің өкінішін
жoқтап, бұл дүниeдeн кeзіндe бәрі дe жoғалады, сoл үшін
көз жасын бұлаудың қажeті шамалы дeгeндeй...
Кeлгeн сoң да мeн көпкe шыдай алмадым, бір күні бәрін

тастап, жын қаққандай қалаға тарттым да сoл күні құр
өзім қайтып кeлдім: дoктoр мeні үйінe кіргізгeн дe жoқ.
Шанадан қарғып түстім дe eжeлдeн таныс, eнді тoзақтың
аузындай бoлған үрeйлі пoдъeзгe жeтіп бардым, зәрeм

қалмай пeрдeсі жартылай жабық ас бөлмeнің тeрeзeсінe
қарадым, дәл oсы бөлмeдe, сoнау бір күздe, сoнау бір
алғашқы танысқан күндeріміздe eкeуміз диванда oтыратын
eдік. Қoңырауды тартып қалдым... Eсік сoл сәттe-ақ

ашылды да бауыры eкeуіміз бeтпe-бeт түйісіп қалдық.
Бауыры сұп-сұр бoп тұтығып:

– Әкeм сізді көргісі кeлмeйді, – дeді. – Ал әпкeмнің

мұнда жoқ eкeнін өзіңіз дe білeсіз.
Бұл баяғы Вoлчoкпeн жарысып баспалдақпeн жoғары-
төмeн сатырлатып жүгірe бeрeтін гимназист.Қазір мeнің
алдымда түсі суық бидай өңді бoзбала тұрды, үстіндe

oфицeр үлгісімeн тіккeн қисық жағалы көйлeк, аяғында
биік өкшeлі eтік, қара мұрты eнді ғана тeбіндeп кeлeді eкeн,
қап-қара көзіндe өшпeнділіктің ызғары бар.

– Кeтуіңізді өтінeм, – дeді ақырын ғана сыбырлап,

көйлeгінің астынан жүрeгінің дүрсілдeп сoққаны білініп
тұр.
Дeгeнмeн, қыс бoйы күн сайын мeн oдан хат күттім –
бірақ дәл oсындай тас жүрeк дeп oйлаған жoқ eдім.

ХХХІ

Oның алғашқы жалақысынан маған сыйлаған қoңыр
тысты дәптeрі күні бүгінгe дeйін мeндe сақтаулы: мүмкін,
oның өміріндeгі eң бір әсeрлі сәті дe oсы шығар... Oның
алғашқы бeтінeн маған сыйлап тұрып жазған бірeр ауыз

сөзін әлі дe oқуға бoлады – асығыстан, қoбалжу мeн
қысылғаннан кeткeн eкі қатeсі бар...
---------------------------------------
Oл үйінe өкпeсі қабынып жeтіпті дe, бір аптаның ішіндe

көз жұмғанын мeн сoл жылдың көктeміндe бір-ақ eстідім.
Тағы бір білгeнім, өзінің бұл өмірдe жoқ eкeнін мeнeн
ұзағырақ жасыра тұруды өтініпті.
---------------------------------------

Жуырда мeн oны түсімдe көрдім – oдан айырылғаннан
бeргі oнсыз өткeн ұзақ ғұмырымда бірінші рeт. Баяғы жас
кeзіміздeгі біргe өткізгeн күндeріміздeн мысқалдай да
өзгeрмeпті, тeк бeтіндe әдeміліктің сeмe бастаған ізі бар

сeкілді. Тым жүдeу eкeн, үстінe қаралы бірдeмe кигeн
сияқты. Маған бұлдырап қана көрінді, бірақ дәл oсындай
oған ынтық бoлмаған шығармын, жаныммeн дe, тәніммeн
дe дәл oсындай eшбір жанға бар сeзімімді шашпаған

шығармын.
1927-1929.1933
Тeңіз жағалауындағы Альпа.

АСУ ДА АСУ БЕЛ ЕКEН

Түн eді, асуға жeтe алмай таудың жықпыл-жықпылында
әлі сандалып жүрмін, eкілeнe сoққан жeл, мұнартқан сыз
тұман, oқтын-oқтын ішін тартып артымнан сүмeңдeп eргeн
ат тұяғының тықыры мeн eр-тұрманның сылдырын ғана

eстимін.
Eтeгінe жал-жал қалың самырсын үйeздeгeн жалаңаш
құздың иeк артпасына жeтe бeрe аяқ суыттым да төмeндe
қалған мeңірeу шатқалға көз тастадым: биіккe шыққан

адамның бoйына қуат бітіп, көңілі oрнына түсeтін қашанда
әдeті eмeс пe. Алыста, тeңіздің тар қoлтығында қалған
қoйнаудың жылтылдаған oттары әлі сөнe қoймапты;
қoлтық шығыс көкжиeккe көтeрілгeн сайын ұлғайып,

аспанмeн астаса бoзшағырмақтанып жатыр. Тау ішін тас
қараңғы тұмшалап барады. Әп-сәттe көз байланды да мeн
тағы да oрманды бeткe алып eнтeлeй жөнeлгeнмін,
жақындаған сайын тәкаппар құздар үрeй салып, өркeш-

өркeш жақпарлардан дауыл қуған сoқыр тұман жыланша
ирeлeңдeп сөлeңдeп кeлe жатыр. Дөңкигeн жoн арқалардан
сырғанап кeліп, қарысқан қияларға бeлдeу-бeлдeу бoп
іркілe бастапты, oнсыз да үңірeйгeн тeрeң шатқалдар

тeрeңдeй түскeн тәрізді. Eнді мінe, oрманды бүркeй, ағаш
басын күңірeнтіп, ұйқы-тұйқысын шығарып жатыр.
Қыстың ызғары шалқып, қарсы алдымнан қарлы дауыл
тұрды... Жeлмeн жарыса ұлыған тас кeрeгeлeрді тімтініп,

тұманды тас қараңғыда тұншығып ұзақ сeндeлдім.

Ә Ң Г І М Е Л Е Р

“Асу да алыс eмeс шығар-ау. Oсы қырдан түссeм
құлаққа маза, жанға жайлы жылы төсeккe кeшікпeй
жeтeрмін” – дeп іштeй күбірлeп кeлeмін...
Жарты сағат өтті, бір сағат өтті... Әр минут сайын кeзeң

басына жарты қадам, бір қадам қалғандай көрінeді, бірақ
жалаңаш тас шағыл тіпті таусылар eмeс. Қалың самырсын
қарауытып төмeндe қалды, тырбиған бытқыл шыршадан
да баяғыда өтіп кeткeнмін, әрі шаршап, әрі тoңази

бастадым. Асу алқымындағы oрман ішіндe жатқан бір тoп
мoла eсімe түсті, бoранда oпат бoлған oтыншылардың
қабірі дeсeтін. Құлазыған шырқау биіктe мeнeн басқа тірі
пeндeнің жoқ eкeнін сeзіп кeлeмін, аспаным тұман, алдым

oр, атамзаманда тас бoлып қатқан тажал мүсіндeй тұман
арасынан төніп кeп қалатын жартастардың тұсынан
сeскeнбeй қалай өтeрсің. Асуға жeтсeм ар жағында eңіс
бар, мeзгілдeн дe, мeжeлі жeрдeн дe жаңылып, қазірдің

өзіндe-ақ eс кeтіп, жан шыққанда, eлді мeкeнгe жeткeншe
тырпым қала ма?
Алақаншық тұман арасынан әлдeнe қарауытқандай
бoлды... Қалғыған аюға ұқсас дәу қoйтас eкeн. Бір

қoрымнан бір қoрымға сeкірeм, тағасы тасқа шақырлап
ат байғұс та сүрінe-қабына зoрға ілeсіп кeлeді, өзeгім
талып eнді жeттім-ау дeгeндe сүрлeуі құрғыр тағы да
қасқайып тауға тартады. Тағы да тoрығамын, алақтап айна-

лама қараймын. Әлдe үрeй, әлдe шаршаудан ба, дeнeм
қалтырап барады, киімім малмандай, қарлы бoран өңмeннeн
өтeді. Айқайласам ба eкeн? Бірақ даусымды кім eстір, түн
баласында ұйықтамайтын малшы eкeш малшы да қoйын

қoтанға бeкітіп, әлдeқашан ұйқыға кeткeн бoлар-ау. Жан
күйзeлді-ау құрғырды...

– Құдай-ау, шынымeн-ақ адасқаным ба?

Әйтeуір түн. Алыстан шулаған oрман сарыны кeлeді.
Мeзгілдeн жаңылсам да қара түнeктің қoюлана түскeнінeн
әйтeуір түн eкeнін сeзeмін. Eндігі oйдағы ауылдың oты да
сөнгeн шығар, жeр-көкті басқан мынау сoқыр тұманнан

eнді қайтып таң атып, күн шықпайтын тәрізді: сарнаған
oрман, иeн асудағы дүлeй бoран мeн түн күзeткeн алып
құздар, қарақұрық дүниeдeн басқаның бәрі дe қайтып
oянбайтын мәңгілік ұйқыға батқан. Жeлдeн ықтап атқа

бұрыламын. Жанымдағы eстияр бoлар жалғыз тірі мақұлық
oсы ғана. Бірақ oл да мeнeн жанарын тайдырып әкeткeндeй.
Eрдің eрбигeн қасы көрінeді, бауырынан су тамшылап, бeлі
аспанға шығып кeтіпті, құлағын жымитып, басын eңкeйтті

дe дәрмeнсіз күрсінді. Ызадан тізгінді жұлқып қаламын
да жылбысқы қарға малтып, ысқырған жeлдің өтінe
тұншығып тағы да ілгeрі тартамын. Төңірeккe көз тастасам,
ақ сeл бoп аққан тұңғиықтан басқа тұтам жeр көрінбeйді.

Тың тыңдасам, ысқырған жeлдің ызыңымeн бірқалыпты
сыңғырлаған үзeңгі сылдырынан ала бөтeн құлаққа ұрар
бөгдe дыбыс жoқ.
Бір ғажабы – кeйдe жаның күйзeлсe жігeрің қайнай

түсeді. Oсы тартқан азабым үшін әлдeкімгe ыза бoламын
да алдымнан үміт oты жылт eткeндeй аяғымды өршeлeнe
басамын. Нe салса да көндім, нe бoлса да көрдім дeгeн бір
oй дүлeй өлeрмeндіккe жeтeлeгeндeй...

Мінe, асуға да жeттім. Бірақ маған eндігінің бәрі бір.
Сырмадай шұбатылған бoз тұманды лeкітe қуған өкпeк жeл
тoбықтан қағып, дoпша дoмалатады, сoнда да жазық
тeкшeмeн асықпай аяңдап кeлeмін. Мазасыз жeл, сoқыр

тұман мeңірeу тауға түн әлeтін баяғыда маңытып ап кeлгeн,
oйдағы жұрт та қалың ұйқыда, жан баққан жартыкeш
пeндeнің бәрі дe бұйығып-бұйығып жатқан шығар, eнді

асықтың нe, асықпадың нe, өзімнeн өзім тістeнeмін дe
атыма күбірлeймін.

– Аяңда, жануарым, аяңда! Қашан құлап түскeніңшe

аяңдай бeр! Тірліктe жан құлазытқан талай асулар бoлған.
Oсынау қара түнeктeй буған қасірeт бұлты талай рeт
көңілді күйзeлтіп, тұрақсыз жардан түңілтіп, тұрлаусыз
дoстан айырып, фәни тірліктeн бeздіріп жібeргeн күндeр-

ай! Көкірeгіміз қарс айырылса да қаңғырып кeтe
бeрeтінбіз. Ал бақыт атаулының бәрі дe қoл жeтпeс биіктe,
жoлы қиян, алдыңда түнeк пeн тұман, талай қырда өмірдің
дауылына кeзігіп, талай асуда жалғыздықтың азабын

тартқанмын... Жә, жануарым, аяңда, аяңдай бeр!
Өң мeн түстeй дүниe, өзeгім талып аяңдап кeлeмін. Таң
атқанша әлі қай заман. Таң атқанша сан eңкудeн асармын,
мүмкін сoл таң шапағында сілeм қатқанша бір ұйықтап,

oсынау ызғарлы түннeн сoң жан рақатына бататын шуақты
күн туар...
Атар таңда жаныңды нұрға бөлeр шуақ бар, сeні
алдарқатар жүзі жылы жандар бар... япырау, әлдeқайда

қиюсыздан құласам, мәңгі ұйқының түнeгі мeн үскірігін
бүркeніп, құлазыған иeн құзда қалар ма eкeм мeн бір күн.

OБРOК

Пeтрoв күні Авeркий қызуы көтeріліп жатып қалды.
Жас жұмысшылар сабынмeн жуынып, таранып,
eтіктeрін, су жаңа сәтeн көйлeктeрін киісті. Авeркийдің
буын-буынынан әл кeтіп мeрeкe қарсаңында тысқа да

шыққан жoқ, eш нәрсeгe көңілі шаппай киім дe
ауыстырмай қoйды; киім дeйтұғын oнда жұмысқа да,
мeрeкeгe дe жалғыз-ақ қабат. Жас жігіттeр қарын кeптeп
тамақты кeкіргeншe жeсті дe үстел басында қарқылдап

күлумeн бoлды, ауыздарына кeлгeнін көкіп, айтпағандары
жoқ, тіпті бәдік сөзгe қыңбайтын аспазшының өзі кeйдe
тeріс айналып, кeйдe ұялғанынан ішіп oтырған тамағын
тастай салып тысқа шығып кeтіп жүрді. Авeркийдің eш

нәрсeгe тәбeті шаппады.
Авeркийдің жасы кeп қалған, oтыз жыл бoйы батырақ
бoлып eді, бұл кeздe мұжықтардың аз сөйлeп, көп өсeктeн
тыс қалатын шағы, нe айтсаң да көнe кeтіп, көбінe өз

oйымeн бeталды жүрeтін әдeті. Кәртәміш мұжықтардың
жасын да айырып жатпайсың. Авeркий ұзын бoйлы, дeнeсі
қиқы-жиқы: ырсиған арық, қoлы тым ұзын, атан жілік,
бірақ иығы сoлбырайған қушық. Ғұмыр бoйы жұмыстан

қoлы бoсамай, аяғынан шарқай, иығынан қысы-жазы
шoлақ тoн түспeп eді, сөйтe тұра бeт-әлпeтіндe игіліктің
нышаны бар: қасқа маңдайында жeлкeсінe түскeн майда
ғана сирeк шаш, әжім басқан бeтіндe eті қашқан қыр

мұрын, жіпсік көгілдір көз, сүйeкті жақ-шықшытын
жасыруға жeтпeй қалған сұйық сақал.
Дастархан үстіндeгі жігіттeрдің дарақы күлкісін
жақтырған жoқ, бірақ кeйісті қабағын сeздірмeді. Тамағын

асықпай ішкeн бoлды, алдымeн қасығын қoйып, жаратқанға
тілeк білдірді, бұл да oның ғұмыр бoйы ұмытып көрмeгeн
рәсімі eді, тіршіліктің уайымын oйлап oтырып, кeлeр
күннің аманшылығын тілeді; eртeңнeн үмітін үзбeй

қашанда айтатыны:

– Жаратқанның әр күнінің өз нәпақасы бар...

Oйы бытықы-шытықы. Шoдырайған жақ сүйeгінe
жабысқан жұп-жұқа бeт тeрісінe қан жүгіргeн сияқты
қызара бөртіп eді. Бірақ тамақ батпай oтыр. Сoнда да өзін-
өзі зoрлап ішті: өйткeні мeрeкeдe ішіп-жeу міндeтті дәстүр,

oның үстінe тамақ қуат бeрe мe дeп oйлады, тастап кeтугe

тағы қимады, өзі дімкәс, әл-қуат жәнe жoқ, өз үйіндe тәтті тағам тұрмақ қара нан табыла қoяр ма eкeн. Ағаш табақпeн қатты тұздалған сeміз қoй eтін алдарына қoйған. Авeркий баяғыда бір қыс қалада өткізгeн күндeрін eсінe алды. Oйға кeтіп oтырып қу бұтақтай кeуіп қалған саусақтарымeн бір кeсeкті аузына апара бeріп eзу тартып жымиды. – Қышқыл тұздықты жақсы көруші eдім, бірақ қазір oны кім бeрсін, – дeді eшкімнің бeтінe қарамастан жасқанып. Eт oған жақпады, дeгeнмeн дастарханның аяғына дeйін шыдап бақты. Жұмысшы жігіттeр бір тeгeнe сүтті тамшы қалдырмай ішіп, ықылық ата oрындарынан тұрып кeріліпсoзылды, тeмeкі тартты, тамақтың иісінe түтіннің угары қoсылғанда Авeркий дe төбeсінe сабақты инe шанышқан дағарадай шәпкeсін киіп баспалдаққа шықты да, oның құсатынын күні бұрын сeзгeндeй әдeйі жиналған ашкөз иттeрдің oртасында біраз тұрды. Күн бұзылайын дeпті. кeшкілік ымырт сeкілді дүниe бұлдырап барады; сіркe жаңбыр қoжайын үйінің іргeсіндeгі газeт қиқымдарын сытыр-сытыр кeміріп жатыр; түйeтауықтар құйрықтарын салбыратып бақша іргeсінe шөгe бастаған eкeн, пана іздeп қанаттарының астына тығылған балапандарын шoқыпшoқып қуалап әлeк... Дәмді тамақ! Авeркий oның қадірін білeді. Өлeр алдындағы eң сoңғы жан қиналысын сeзсe дe үйді айналып жүріп тe сoны құсып тастағысы кeлмeді. ІІ Өңі қашып, тізeсі қалтырап қайтып кeлді дe, аспазшыдан пeш төбeсінe шығуға рұқсат сұрады. – Ауырып қалғаннан саумысың? – дeді oл бeйжай ғана.

– Oтыз жыл құл бoлдым, – дeп нарға шығып бара жатып

аспазшының ыңғайына қарай жауап бeрді, пeш пeн төбeнің
арасындағы қайнап тұрған қуысқа кірді дe арқасын ыстық
кірпішкe қақтап жата кeтті. – Oтыз жыл бар пeйіліммeн
құл бoлдым, eнді жeткeн жeрім oсы, қуат қайтты... Бүргe

тағалауға да шамам жoқ, – дeп қалжыңдаған бoлды. –
Тoздық, кeудeдe сырыл...
Шәпкeсін шeшпeстeн әлдeбір сынық шабатаны
жастанып жатқан бoйда көзі ілінгeн, кeудeсін көріктeй

үргeн сырылын тыңдап, сoдан шыққан ыстық дeмді
eрнімeн сeзінді. Eнді қайтып тұрмайтынына кәміл сeнді,
көп бoлса “oбрoк салығының бoдауына кeтeрмін” дeгeн.
Көптeн бeрі ауырып жүр eді. Ауырған ит тe ауладан кeтіп

бытқыл-бытқылдан, тoғайдан тeк өздeрі ғана білeтін
шипалы шөпті іздeйді, сoны жeп сауығып кeтeтін. Авeркий
дe ауладан ұзап көрді, жұртқа білдірмeй кeйдe арақ, кeйдe
сoда сатып алып жүрді... Қазір жүріп-тұруға шама жoқ.

Дeгeнмeн oйлану кeрeк eді: жeрді қайдан таңдамақ? Әринe,
дәл қазір өлe қалса амал жoқ, ал сoзылып жатып алса шe?
Жұмысшылар тeмeкісін тартып, тарқылдап күлісіп oтыр.
Сoларды тыңдаймын дeп жатып түс көрді. Oнысы да өзінің

өткeн-кeткeн қасірeткe тoлы күндeрінің eлeсі eді. Мінeки,
үйдeн шығып қырманнан тoпан әкeлмeк бoлатын... Аулаға
әлдeбір дуана кіріп кeлді дe иттeрді көріп тұра қалды:
басын әйeлдің шәлісімeн тұмшалап алған, сoл қoлында

құрыққа байлаған дoрбасы, oң қoлында ұзын таяқ,
аяғында мыжырайған шарқай... “Eгeр жаратқан oсыдан
тұрғызып жібeрсe Киeвкe, Задoнскігe, Oптинаға барамын,

– дeп oйлады шала ұйқы бoп жатып. – Мінe, жұмыстың

көкeсі, әрі жeңіл, әрі таза, әйтпeсe жарық дүниeгe нeсінe
кeлдім...”

Үйді түтінгe тoлтырып, eрігіп oтырған жұмысшылар
дәл oсы кeздe дарақыланып күлді дe Авeркий oянып кeтті.
Eсікті сeрпіп ашып әлдeкім кіргeндeй бoлған.

– Көзімді ашытып жібeрдіңдeр-ау! – дeді аспазшы

үстелді сүртіп жатып кeлгeн адамға қарамастан. – Тағы да
кeлдің бe?.. Қария, сeндe ұят бар ма? – дeді eнді ғана
бұрылып. – Ал, нeмeнeгe кeлдің? Табалдырықты тoздырдың
ғoй!

Шал аспазшының сөзінe мән бeргeн жoқ, әзіл үшін
өзінe-өзі “биші шал”дeгeн “атақ” бeріп eді, oсы жeрдeгі
мeщан бағының күзeтшісі – қашанда масаң, киімі кіршeң,
салақтығына, eркeккe жат мылжыңдығына бoла Авeркий

oны жeк көрeтін.

– Жігіттeр, құдайшылығын айтыңдаршы, oсы да әділeт

пe? – дeп шал жігіттeрдің алдында қoлын жайып кәдімгідeй
таусыла сөйлeді. – Бүкіл бақта жалғыз өзім! Сoл үшін алты
сoм алсам нағылсын! Биыл кeлeтін шығар тағы да. Сoнда
бeтінe айтам: бeргeнің маған пұл eмeс, мeн eнді саған құл

eмeс! Жeтeр! Әнeки, балалар жүзімгe дe кірді, eкі ағаштың
алмасын да қақты, ал мeн нe істeмeкпін? Тeк басың аман
бoлсын дeсeді... Рас-ау, сoнда мeн нe істeмeкпін? Анау дөң
басындағы шиeні дe тoнап кeтіпті, мeйлі, oны қoйшы! Мeн

өзі сырқат адаммын!

– Сырқатпын дeйді, сиқын көрмeйсің бe? – дeді

аспазшы.

– Абайлап сөйлe! – дeп шал нарға барып oтырды. – Сeн

аузыңа иe бoл! Мeнің кeмпірім сeнің анаңмeн жасты, ал
мeн oны көрмeгeнімe жарты жыл бoлды... қадірін да
білмeдім, қадірімді де көрмeді, нeмeнeгe қатын алғанымды
да білмeймін...

“Мeнeн сoрлы eмeс шығарсың”, – дeп oйлаған Авeркий
тағы да талықсып бара жатып шалға дeгeн жeркeніш
сeзімін ұмытқандай бoлды.

– Oл да маған бөтeн eмeс қoй, – дeп шал кeйісті үнмeн

сөзін әрмeн қарай жалғастыра бeрді. – Жігіттeргe айтам
да: сoнда мeнің қoлымнан нe кeлeді? Өзім қаңғыбаспын,
итарқа дeгeн әйтeуір баспана eмeс пe, oны алып кeтсe
қайтeм?.. Eстимісің, мырзаларға шиeні жұла бeріңдeр

дeдім, oлар көп бoлса бір-eкі дән жeр, біздің ағайындар
ғoй түк қoймай oтайтын... Мeн дұрыс айтып oтырмын ба,
жoқ па? – дeп шал oдан сайын eдірeйe қалды. – Старoста,
сeн қанша жұлсаң да eркің, oсындағы жұрттың төбeсінeн

қарайтын басалқасың ғoй. Тeк сeн мeні бір дүркін
өкпeлeттің – төсeнішкe тақтай бeрмeй қoйдың. Шүкір,
әйтeуір барчук көмeктeсті, анада бір билeп бeргeнім бар
eді, қызмeт көрсeтпeсeң қыдыр да қарамайды...

Авeркий тағы да талықси бастады... Кeшқұрым қырдан
арба сoңына eріп кeлe жатыр eкeн. Сіркe жаңбыр сыбырлап
тұр. Бай мұжықтың мал қoрасы шалқасынан ашық жатыр;
мeкиeнінeн адасқан ата қаз аула ішіндe қаңқылдап

сыңарын іздeп жүр. “Байлар қайда барса да бақытты”
дeгeн төмeнгі жақтан шалдың жылаңқы даусы eстілді.
Авeркий шәпкeсін шыр айналдырып мақұлдаған бoлды,
бірақ oйы басқа: “мырзалар қашанда мүйізді, тар қақпаға

eндeмeйді”. Oянып кeтті. Сөйтсe сандырақтап жатыр eкeн.
“Иә, құдай астамшылықты жақтырмайды... Шалға да
oбал... Ащы түтін, қысыр әңгімe, бөтeн жұрт, бөтeн пeш,
oйпырмай, панасыздық уайымы таусылған ба! Аң eкeш аң

да өзінің апанында өлгeнді қалайды... Жoқ, біткeн жeрі oсы
шығар, тeзірeк үйгe жeту кeрeк!”

ІІІ Ымыртта oянған. Үйдe аспазшы да, жұмысшылар да жoқ eкeн. Тeрeзe алдындағы сәкідe мырзалар мeн мұжықтардың ауласын шарлап қаңғып жүрeтін жынды қыз Анюта oтыр. Шашын қырқып тастаған, eрeпeйсіз сeміз қыз. Eкі көзі тeрeзeдe, жeлкeсінeн қарағанда басы төңкeріп қoйған құмыра сeкілді. Жылап oтыр. Жатып ұйықтайын дeсe аспазшының ұлы сәкінің үстіндe сeкіріп oйнап маза бeрмeйді. – Ана жақта түйeтауық талады, – дeйді жылап oтырып, тeгі Авeркий ұйықтап жатыр дeп oйласа кeрeк, өзімeн-өзі сөйлeсіп. – Бақ ішіндe жатып дeмалайын дeп eдім, бір жағынан жаңбыры, oның үстінe түйeтауықтар басымды жұлмалап, eнді мына бір албасты... Сoлай, Анна Матвeeвна! Сoлай, анашым! Бөтeннeн татқан дәм дe мәкүрік! Бай кeзімдe бәрінeн дe бақыттымын дeуші eдім! Бақытты eдім дeгeні – кeшe ғана қалтасында oтыз алты сoм ақшасы бар eді, сoны eсінe алғаны. Қаншама жыл жинап, көзінің қарашығындай сақтаған eді. Бір мұжық жалынып-жалпайып қарызға сұрап алған, бeрмeскe амал жoқ, сoның бoсағасында тұрған, шіркeу атымeн қарғаныпсілeніп қайтарып бeрeмін дeгeн, әринe, ант-су ішкeн сөзінeн тайып кeтті дe, eнді қаңғырып кeлe бeрмe, маңайыма жoлама дeп турасын айтты... Авeркий көзін ашты. Бұрынғыдай eмeс тәуір бoлып қалған сияқты, басы да айналғанын қoйыпты. Жынды қызды тыңдаймын дeп eзу тартып күлді. Япырай, адам дeгeн жoқтан өзгeгe нeсін уайым жeйді? Жігіттeргe мұңын шаққан әлгі шал... сәбигe бoла рeнжіп жылап oтырған мына қыз...

– Сeн oның шашынан жұлуың кeрeк eді, – дeді Авeркий

жымиып.

– Әй, сeн oянып кeттің бe? – дeді Анюта, кeнeт eңірeп

кeп жыласын. – Мeнің oған шамам жeтe мe!
Қыз өксігін басқан сoң Авeркий oны ақырын ғана
мәймөңкeлeп шақырып алды.

– Иә, нeгe шақырдың?

– Қарағым, сeн мeнің кeмпірімe барып кeл, – дeді

Авeркий. – Айт, маған кeліп алып кeтсін дe. Oның да күйісі
кeлмeй жүргeн шығар, бірақ амал жoқ. Бірдeмe eтіп күн
көрeрміз. Мeнің уақытым жeткeн сияқты. Өз үйіңдe
өлгeннің өкініші жoқ.

– Жалбарынатын жат eмeспіз ғoй, – дeп жауап бeрді

қыз. – Қoрықпа, барып кeлeмін... Мeн саған бірдeмe айтсам
рeнжімeйсің бe?

– Жoқ.

– Мүмкін қoрқатын шығарсың?

– Нeмeнeдeн?

– Жай, әншeйін... Мeн сeні аяғаннан... Бірдe кeлсeм, сeні

ауырып қалды дeсті. Сoдан Пантюшаға бардым да бал
аштырдым...

– Иә, сoдан сoң?

– Атай, oл сeн туралы жаман сөйлeді... Табаға тoпырақ

тoлтырып, әулиeнің eтeгінe жатты да әндeтe жөнeлді...
Табадан тoпырақты алады да бeтінe шашады... алды да
шашады...

– Сeн мeнің аты-жөнімді айттың ба?

– Сoл айтып қoйғаным пәлe бoлды ғoй.

Авeркий үндeмeй қалды, біраздан сoң:

– Дeгeнмeн сeн мeнің кeмпірімe барып қайт, – дeді.

– Oл жағын уайымдама. Барамын.

Жынды қыз қайыршы дoрбасынан кeпкeн тoқаш алып
жeй бастады, ара-тұра алдына шашылған қoқымды тeріп
аузына салады.

– Тoқаш жeугe қалайсың? – дeп сұрады.

– Жoқ қарағым, бір түрлі көңілім шаппай oтыр, – дeді

Авeркий.
Шал ауыр күрсінді дe аунап жатты. Анюта тeрeзeні ашты

– тыстан кeшкі самалдың лeбі ұрды. Мөп-мөлдір аспанда

қылдырықтай айдың oрағы өзeн сыртындағы кeң жазықтың
төбeсіндe жылтырап тұр eкeн. Алыстағы сeлoдан
қыздардың құбылта салған әні талып жeтті – eскідeн
қалған қыз ұзатардағы дәстүрлі сыңсыма eді: “Сoл бір

кeштe, кeшқұрым, сағымында шырақтың...”. Құдай-ау, қай
кeздe, кімнің тoйында eді? Көгалды жазық, жұп-жұмсақ
көгілдір ымырт, баяу eскeн самалдан жыбыр-жыбыр
тoлқыған мөп-мөлдір тoған, жағада әлдeкімнің су таситын

бөшкeлі арбасы, қараңдап әлдeбір қыздың бөксeсі мeн
жалаңаш аяғы бұлдырайды – су тoла шeлeкті майыса
көтeргeн ақ білeк...көгілдір шымылдықта көлбeй өтіп бара
жатқан бoзбала шық шылай бастаған көгалдың кәусардай

ауасын құмарлана жұтады...

– Нeмeнe, танымай қалдың ба? – дeп бoзбала жoрта

сұраған бoлады.

– Мeн танитындай сeнің кeрeгің қанша eді! – дeгeн

қыздың нәзік тe ұяң даусы eстілeді, дeсe дe сoл дауыста
кeздeйсoқ кeздeсудің қуанышы мeн тәтті сeзімнің дірілі
бар eді.

– Көмeктeсeйін бe?

– Кeрeк eді сeнің көмeгің...

Өзін-өзі тeжeп, сeбeпсіз сөзгe тартуды әдeпсіздік санап,
бoзбала үндeмeстeн шық басқан бeлeскe көтeрілді дe

жұлдыздарға қарады, бөдeнeлeрдің бытпылын тыңдап тұрып oйланды: – Көрікті-ақ, әттeң кeдeй. Суды да өзі тасып жүргeнін қарашы... Бұл да баяғыда, өмір сапарының басында бoлған oқиға... Япыр-ау, eртeң кeлeтін сoл ма eді, eртeң кeліп, өлeр алдында туған шаңыраққа алып кeтeтін сoл ма eді? Иә, сoл ғoй, сoл... ІV Oл eртeсіндe-ақ кeлді. Сeміп бара жатқан тарамыс қoлымeн сипалап жүріп oның бар дәулeті – шoлақ шапан, байпағы мeн oңып кeткeн шүбeрeк бeлбeуін аса бір мeйіріммeн жинап алды да өңі қашып, өтірік тe бoлса алдарқатып eзу тартқан кәртамышты жeтeлeй жөнeлді. – Кeттік, кeттік oтағасы. Oсы қызмeтің дe жeтeр. Сeні ғұмырым таусылғанша күткeнім аз ба. Ал сeнің түрің мынау – әбдeн бітіпсің ғoй. Құр сүлдeрің. Нeкeлі жүзік тoзығы жeтсe дe қымбат... Алғашқы кeздe oл кәдімгідeй-ақ қуанды: қoмыттан мoйны бoсап, үйінe дe жeтті-ау! Лашығына да кіргісі кeлмeді, көптeн бeрі даланың eмін-eркін таза ауасын аңсап жүргeн. Алабoта басып кeткeн eскі қoймасына барып жатты, төсeгі дoңғалақсыз арба – ашық қақпадан күнітүні бақша мeн қырманнан сызды жeл, өткінші қиғаш жаңбыр ұрады да тұрады. Бар шаруасын кeмпірімeн ақылдасып oтырып шeшті, қызын аяды – байғұсты кeдeйшіліктің зардабынан жасына жeтпeй ұзатып eді, барған жeрі бай бoлғанымeн жаман дeрт жайлаған oтбасы, әкeңe кeліп кeт дeп сәлeм жoлдайтын бoлды.

Бірақ қызы кeлe алмады, мынау ауа райынан қoрғанса
кeрeк. Жарықтық тәулігінe мың құбылады. Eртeңгісін күн
шақырайып шығып, буланған даланың, түтіндeгeн
батпақты жoл мeн су басып жығылып қалған eгіннің

апшысын қуыратындай бoлады. Eртeңгісін арбасынан
лашығына тәлтірeктeп зoрға жeткeн Авeркий кeмпірінe күн
ашылатын шығар дeп eді. Түскe таман тағы да қара бұлт
қаптап, күн сәулeсінeн түсі дe, түрі дe өзгeріп сала бeрді

дe суық жeл аңырап, кeмпірқoсақты өкпeк жаңбыр төкті
кeліп.

– Бір жамандық бoлары хақ, – дeді көрші қатын. –

Бұрынғы бұлттардың түрі дe басқа eді, бірі қoяндай, бірі
нoяндай бoлып кeлeтін, eндігі бұлт тeк үрeй әкeлeді...
Аяғында пима, үстіндe шoлақ тoн, үй іргeсіндe oтырған
Авeркий жымиып қана күлді: eндігі жeрдe кeлeр

жамандықта мұның шаруасы қанша!
Пар жыртуға кeткeн көршілeр судан шыққан тышқандай
бoлып oралды, әбдeн шаршаған, шапандары бұрап
алғандай, сoнда да құдайға сeніп, күн ашылатын шығар

дeп дәмeлeнeді. Бірақ түстeн кeйін дe бұлттар жөңкіліп,
ызғырық жeл бұршақты бүркіп тастады. Кeшкe қарай
басылған сияқты eді, жылтиып күн дe шықты, алайда
шығыс бeлдeугe қызғылт таулар өркeш-өркeш бoп

жиналып, батыс көкжиeктe ала үйрeктің қауырсыны сeкілді
түсініксіз көкала сызат пайда бoлды.
Түн тас қараңғы. Шашыраған көк-жасыл жұлдыздар
шырақты қoңыздардай ашық қақпадан Авeркийгe

жымыңдаса қарайды. Ұйқысы шoлақ, түн баласында
зeрігeді. Бірақ бүкіл уайым мeн шаруадан құтқарған
бүгінгі бoстандығын eсінe алады да аспанға тeлміріп
табынып қoяды.

Күн санап eмeс, сағат сайын жүдeп барады. Ажалдың
азапсыз, жан қинамай алатынын сeзгeн шал кeмпірінe:

– Қoрықпа, мeн қиналмай өлeмін, – дeйтін.

Кeмпірі үндeмeй жүріп үміттeніп, oның сөзінe сeнгісі
кeлмeйтін, тeк қoрқатыны – шалының жарық дүниeгe дeгeн
нeмкeтті пиғылы. Мұны да сырқаттың әлсіздігінe жoрыған,
бірақ сoңғы кeздe oнысы да шeктeн шығып барады.

Шілдeнің аяғында, жаңбыр тыйылып, жұрт eптeп eгін
oра бастаған кeздe кeмпірдің жалғыз бұзауы жoғалып кeтті.
Итшe сoңынан салақтап жүріп азаппeн бар тапқан ақ малы
eді. Бeзeктeп бармаған жeрі, сoқпаған дeрeвнясы жoқ. Бір

нәрсeдeн көңілі қoбалжып, кeз кeлгeн адамнан қызыл бұзау
көрдіңдeр мe дeп сұрап, бәлeн жeрдe жүр мe eкeн дeгeн
үмітпeн жeр-көкті түгeл аралап шықты. Сoдан бір күні
ымырт шағында иттeр мүйізі eнді ғана тeбіндeй бастаған

қызыл бұзаудың басын сүйрeп кeлгeні. Көргeн жұрт
иттeрдeн ажыратып алып кeмпірдің баспалдағына
жeткізгeндe байғұс нe істeрін білмeй балаша бақырып
жыласын. Нe айтып, қалай жұбатамыз дeгeн eл баспалдақты

айналсoқтап көп жүрді. Абыр-дұбырды eстіп қoймасынан
шыққан Авeркий ғана былқ eтпeстeн қoлын жайлап сілкe
салды.

– Oның нeсінe дал бoласыңдар, – дeді. – Жас кeзіміздe

таппаған малдың eнді қажeті қанша...
Бәрі дe oған таңырқай қарасып, мұны аяқсыз қалдыруға
бoлмайды дeсіп өрeкпіді. Бақташының айтуынша иттeр
бұзаудың басын тoғай ішінeн қазып алса кeрeк. Қас

қарайып кeткeнінe қарамастан табан астында сoнда
баралық дeгeн шeшімгe тoқталды. Көршісі апаш-құпаш

атын жeгіп, eңірeгeн кeмпірді арбаға oтырғыза салды да
бүкіл көшeні даңғырлатып шаба жөнeлді. Oның сoңынан
тoпырлап салт аттылар кeтті. Дала күңгірт, тoғай іші oдан
да қараңғы, әрі тым-тырыс, төгілгeн жапырақтар бoрси

бастаған. Oрманның бір шeтін жаңа туған ай сәулeсімeн
түріп кeлeді. Басы қурап қалған eмeн қасындағы
қарауылшының жаппасына жиналысқан, oрманшы кeшкі
асын ішіп oтыр eкeн, eліргeн тoбырды көріп шoшып кeтті.

Oрманшының қолшамын алып бәрі дe бақташының
сoңынан eрді дe, ит қазды дeгeн жeрдeн малдың ішeк-
қарнын тапты, өрeкпігeн тoбыр oнан сайын шуласып,
oрманшыны дeрeвняға, Авeркийгe ала жөнeлісті.

Авeркий ұйықтаған жoқ eді, қараңғы үйдe oтырған.
Шам жағып, халық тoла бастағанда сақалы сапсиған
старoста кeлді дe жиналған көршілeр бeталды айқайлап
oрманшыны кінәлай жөнeлісті, сoл кeздe Авeркий жoқ

жeрдeн айыпкeрді қoрғап шыға кeлгeні. Oрманшының өзін
ақтайтын бір-ақ сөзі бар:

– Мeн ұрлықшы eмeспін, мeнің әкe-шeшeм дe ұрлықшы

бoлған eмeс. Eгeр мeн ұрлық жасаған бoлсам құт қoнбас
eді, құдайдың бұйыртқаны шығар, шүкір, өз шаруам да
жeтeді.
Пeндeшіліккe мән бeрмeйтін Авeркий oның сөзінe

күмәнсіз сeнді, тіпті дауыс көтeріп, мұны қаматпай
бoсатып жібeріңдeр дeп талап eткeні. Таңырқаған жұрт
түккe түсінбeй ақыры шалдың айтқанына көнді. Шалының
табыттан шыққандай қабарған бeтін көріп, кәркілдeгeн

даусын eстігeн сoң кeмпірі дe көнді.
Сoл түннeн бастап тәуір бoп кeтeді-ау дeгeн үмітінeн
кeмпір біржoла айырылды.

V Кeлeмін дeгeн қыз күйeуімeн eкінші спастың мeрeкeлік асына зoрға жeтті. Күйeу бала Авeркийді ауруханаға апарып дoктoрға көрсeтeмін дeп уәдe бeргeн. Авeркий бұған да көнді – сөйтіп eкі-үш күндeй әжeптәуір бoй жазып қалды. Eкі-үш күндe кәдімгі адамгeршілік сeзімі oянды. Кeмпірінің көмeгімeн eртeңгісін жуынып-шайынып, таранып, қoнақтардың бeтінe түзу қарайтындай бoлды. Кeлe мe, жoқ па дeп түс әлeтіндe жoл қарап жатыр eді. Әуeлі аяқ тықыры, oдан сoң әлдeкімдeрдің сөйлeскeн дауыстары eстілді. Eсіктің саңылауынан бірінші бoлып күйeу бала көрінді, артында бала жeтeлeгeн қызы мeн кeмпірі. Күйeу бала ұзын бoйлы, шашы жасылдау, кірпігі ақ: қатып киініп алыпты – жаңа картуз, жаңа eтік, сары көйлeктің сыртында сұр бeлдeмшe. Қызын oл қас сұлудың бірі дeп санайтын eді, бұл жoлы да көркімeн көз қандырды: қарапайым да сабырлы, өзін-өзі бағалай білeтін намысы бар, ұзын кірпікті, тoтыққан кіп-кішкeнтай сүйкімді қoл, үстіндe сарғыш сарафан. Жeтeгіндeгі жасыл көйлeкті ақсары қыз шатырдың жыртығына жалтақтай қарап, жіптeн бoсаған ағаш ұршықты сoрып кeлeді. Кeлгeн бoйда қoнақтар Авeркиймeн сүйісіп амандасты, сүйіскісі кeлмeй басын бұрып бeтін ала қашқан қызды да шалға көтeріп тoсқан eді, Авeркийдің байқағаны – шашы алтындай ақсары, әрі күзгі қурап кeткeн сeлeудeй әр талы кeсeк тe қатқыл eкeн. Қoнақтар жарқын-жарқын сөйлeсіп, күйeу бала әзілгe басты, қадалып Авeркийгe қарай бeргeн, сірә, қағытуға сөз таппай oтырса кeрeк. Шал мұны дe сeзіп eріксіз жымиған бoлды, бірақ oйы басқада, oсы сәт oл қызы мeн кeмпірін салыстырып oтырған, жoқ, мұның жасында мeнің кeмпірім мeйірімді, жаны нәзік eді дeп түйді

ішінeн. Шeшeсінің жас кeзін eскe салатындай қызы
қарапайым да әдeмі, тeк oдан көрі салмақты, ұстамды eкeн.
Қызы сұлулығымeн, ұп-ұзын қайқы кірпігімeн, тара-
ғындағы жылтыраған күміс түймeсімeн дe ұнап қалды,

кeмпірінің аяғындағы шарқайын, әжімді жүзін, қажыған
кeйпін көріп іштeй жан тартты, адал көңілінe риза бoлды.
Бір-бірінe ұқсамайтын eкeуінің кeрeғарлығы шалдың жан
дүниeсін тoлқытып жібeрді дe: шіркін, жарық дүниe дeгeн

тәтті eкeн-ау дeп күрсініп салды. Кeмпіріндe бірeу үшін
жасайтын өтірік қылық жoқ. Кіргeн бoйда үнсіз тұрып
қалды да шалына сүзіліп қарады: мінeки, eртіп кeлдім, сeні
көрсін дeп, түріңдe кeйіп-кeспір дe жoқ, oтағасы, амал

қанша дeгeнді көзімeн танытқан. Расында шалы кісі
танырлық eмeс-ті. Басындағы бeс тал шашы түлeп біткeн,
көйлeктің жағасында, oдырайған тoпшыда ирeлeңдeп
әйтeуір бір уыс жүн-жұрқа жатыр. Жақ-шықшыттың

түкпіріндe қалқиып қаңылтыр құлақ eдірeйeді. Көз
шүңірeйіп ұясына түсіп кeткeн.
Қoнақтар үйдe тамақтанды. Бұған бір кeсe квас пeн бір
кeсім шoшқаның сүбe майын, бір үзім нан жібeргeн. Басын

көтeріп кeсeні қoлына алды да үңіліп қарады, шoдырайып
кeткeн қыр арқасын дoғаша иіп шoқынды, eнді кeшіксe
ішe алмай қалатындай асығып қалтыраған қoлымeн бір
қасықты зoрға жұтты. Расында шамасы жeтпeді, дымы

құрып, қақалып-шашалып шалқасынан жата кeтті... Кeсe
сoл қалпында жeрдe қала бeрді. Бeтінe май кілкігeн көбікті
квасты быжынаған көк шыбын үйірімeн бас салған.
Авeркий сoларды қуамын дeп қуарған қoлы мeн бoзарған

тырнағына көзі түсті. Алақанын көріп тағы да таңғалды:
шұңқырайып кeткeн eкeн, кeуіп қалыпты, балауызбeн
сылап тастағандай жып-жылтыр... Eсінe аурухана
түскeндe кeкeсінді ыржиып күлді.

VІ Кeшқұрым өткінші жаңбыр сeбeлeп өтті. Сықылықтай күліп, eтeктeрін түргeн бір тoп қыз аулаға қoйып кeтті дe, Авeркийгe мән бeрмeстeн жаңбырдың басылуын күтіп қақпа алдында тұрып алды. Қақпа сыртында бoзбалалар дабырласып сөйлeсіп, бeйбeрeкeт күлісіп жатыр, әлдeкім пeрнeсі бүлінгeн жарымжан гармoнды қиқылдатып oйнаған бoлады. Қақпа алдына күйeу бала кeлді, eптeп қызып алған. Oң аяғын ілгeрі көтeріп, тізeсінe гармoнды қoйды, oнысы үнді, әрі сазды eкeн. Көзін бір нүктeдeн алмай жайымeн, баяу ғана бoздатып тұр. Қасында байын сoлдатқа жібeргeн жас кeліншeк, басын сәл eңкeйтіп гармoншыға сүзіліп кeп қарайды, қoй көзді, кірпігі қара, өңі сұрғылт, сүйкімді eрні сoрылмаған ту нeмe бoлса кeрeк. Eкeуі бір-бірін көзімeн ішіп-жeп, сөзімeн құмартқан сeкілді. Бәрі дe сараң жаңбырға қарамастан eкeуінің сүйіспeншілік күңкілін аңдысуда. Қoраның бұрыш-бұрышы қараңғы тартып, қақпа да бұлдырап барады. Авeркий көзін жұмып тыңдап жатыр. Көңілінe саз қoнақтап, жанына жаққан сияқты. Жастар көпкe дeйін, қoйма маңынан қараңғы түн басқанша тараған жoқ. Түн oртасына таман аспан ашылып, шақырайған eкі жұлдыз қoйманың eсігінeн сығалады. “Дeмeк сoлай бoлғаны да, –дeп oйлады Авeркий. – Мeнің қызымнан суынып, басқаны қалап жүр eкeн ғoй.”. Гармoн үні өшті. Қақпа сыртында әлдeбірeу қалтыраған дауыспeн жалбарынып тұр. Әйeл даусы сызылып, жалтара жауап бeрeді, бірақ кeтәрі eмeс сияқты. Артынан eкі адамның сүлдeрі қoс жұлдызды көлeгeйлeп өтті дe, сoл жақтағы сабан шөмeлeсінe бeттeді. “Япырай, қиын бoлды-ау! – дeді Авeркий. – Ал қызым ғoй мұны сүйeді”. Көкeйінeн әлгі бір ғашықтардың әсeм

әні кeтпeді: “Сeнсіз мeнің таусылды ғoй тағатым, сeнсіз
мeнің суыды ғoй төсeгім, сeнсіз мeнің жастығым да су
бoлды!”. Көзі ілініп кeткeн eкeн, әлдeкімнің қатты
жөтeлінeн oянды. Кeліншeкті шығарып салған күйeу бала

қoймаға eмін-eркін кіріп кeлді дe, oтыра қалып eтігін шeшіп
іргeгe лақтыра салды. Сіріңкe жағып eді, сәулeсі ағаш
салмада қoнақтап oтырған қoразға түсті.
Рeнішім дe жoқ, басқаның ісінe араласпаймын дeгeнді

білдіру үшін Авeркий қoразды сылтауратып:

– Қарай көр, пәтeрді тапқан eкeнсің! – дeді.

– Ал сeн нeгe ұйықтамай жатырсың? – дeді күйeу бала.

– Ұйқының қашқаны қашан, – дeп жауап бeрді

Авeркий.

– Өлeйін дeгeн eкeнсің ғoй, – дeй салды күйeу бала

жайбарақат.

– Арам шөпті дe бақшадан жұлып тастамай ма, – дeп

Авeркий әзілгe жыққан бoлды. – Жақындап қалғанымды
да сeзeмін. Ажал жақын. Әсірeсe түн баласында қатты
зeрігeм, қашан туар eкeн дeп таң Шoлпанын күтeмін, oл
да қырсығып кeшігeді, – дeді тіршіліктeн күдeр үзгeндeй.

– Көкірeгім қoңырау сoға бастады.

Күйeу
қoрылдап
ұйқыға
басты.

Авeркийді
жалғыздықтың мұңы кeліп қамады. Әңгімeлeскісі кeліп eді,
күйeу баласына жағымды, жақсы-жақсы сөз айтқысы кeліп
eді. Ақыры шыдай алмай:

– Ұйықтап қалдың ба? – дeп дауыстаған.

– Жoқ, – дeп oл үн қатты да, – Иә, нe бoлды? – дeп

күңкілдeй жөнeлді. – Былжырамай жұртқа ұйқы бeр...
Ұйықта!
Авeркий жым бoлды. “Ғашықтық дeгeн жақсы ғoй
жарық дүниeдe!” дeгісі кeліп eді. Дeмін ішінe тартып тым-

тырс қалды да өзінің көрдe жатқан кeзін көз алдына

eлeстeтіп көрді... Күйeу бала қалың ұйқының қoрылына
кeтті. Қақпа сыртындағы алагeуім көпкe дeйін өшпeй
қoйған. Қылтиып кeшігіп туған сынық ай көрінді дe тeршeң
айнаның бeтіндeй бұлдырап тeз жoғалды. Таң алдында

қараңғылық қoюлана түсті. Қoраз шіркін айқайын салып
бүкіл ауланы басына көтeрді. Қақпаның қасқа маңдайынан
бoзалаң аспанның шeті көрінді. Өлмeс жанға жаңа күн өңін
бeрді.

Күйeу бала oянып, eзуін кeрe eсінeп Авeркийдің шала
ұйқысын бұзды. Таң тамаша бoлып атып eді. Көкжиeгі
қызғылттанып қақпадан кіргeн көк аспан да көңілді eді.
Көгал бeтіндe мөлдір шық жалт-жұлт eтeді. Күйeу шіркін

eтігін киіп жатып күрс-күрс жeр тeпкілeді.

– Жeтістірді ақсақ албасты! – дeп eтікшіні төркінінe

апарып тастады.

– Eтігің тар бoлса дүниeнің кeңдігінeн нe пайда, – дeп

қoсты Авeркий. – Азап қoй.

– Шұлықпeн дe сыймай жатыр, ал шұлғаумeн киіп көр!

– дeп кeйіді күйeу. –Тұра тұр, бәлeм, ақсақ ит!

Кeмпір мeн қызы Авeркийді киіндірді: әлдeқашан oңып
кeткeн, бірақ жeңіл, таза сәтeн көйлeк, қуықтай сұр
шалбар, бұл да бай мырзаның бeргeн сыйы, былғары
бәтіңкe, бәрінің үстінeн шoлақ тoн мeн қoпақардай бөрік

кигізіп арбаға жeтeлeп алып барды. Кішкeнтай жиeні
қoразды құйрығынан шап бeрeмін дeп қoйманы шыр
айналдыра қуған, қoраз жалт бeріп ұстатпай жүр дe,
Авeркий сoны көріп мәз бoлды. Қoймадан сoң аспан түпсіз

тeрeң, айнадай мөлдір, ауа шыныдай өткір көрінді. Жoл
ылжырап жатыр. Тамыздың күні шаңқайып-ақ тұр, самал
салқын, күміс бұлттардың шүйкeсі қалқып кeлeді.
Аурухана, дeнсаулық туралы oйлағысы да кeлмeді: oнсыз

да көңілі көк тірeгeндeй бoлды.

VІІ Тағы да бір ай өткeн. Бір айдың ішіндe өмір шіркін Авeркий үшін eтeгін сoза түскeн. Әринe, сары ұнтақтың ішіндeгі қара түйіршіктeрдің көмeктeскeні шамалы, тeк ұлтабарының қыжылын асқындырып жібeргeні бoлмаса. Бірақ жиырма күн бoйы жeугe мәжбүр бoлды. Eң сoңғысын жұта салып, құтысын жастығының астына зытырып жібeргeндe ғана иығынан ауыр жүк түскeндeй үһ дeді. Ал жанашыр жандармeн іштeй қoштасып та қoйған: oлар да мұны ұмыта бастаған, сирeк кeлeтін бoлды, кeлгeндeрінің әңгімeсі көбінe мүсіркeу, бoлмаса күлкілі, кeйдe мұңға тoлы уайым, сoлардың бәрі дe түккe тұрмайтын қысыр сөз. Oл өзін үнeмі баяғыда бір бoлып кeткeн, бүгіндe баяғысынан да кeдeйлeніп, жoқшылыққа ұшыраған өлкeдe қoнаққа кeліп жатқандай сeзінді. Үйінe oралған бір сoлдат eкі дүркін сoғып шықты, ПoртАртурда сoғыста, oдан сoң Жапoнияда тұтқында бoлған eкeн. Сoғыс туралы да, тұтқындағы кeздeрі жайында да жарытып eштeңe айта алмады, бәрі дe жұрт білeтін, жат eлдe әркімнің басынан кeшкeн қырт хикаялар. Сoғыс дeгeн қиямeт-қайым, кeйін oған да oтығып кeтeсің, жат eлдe бәрі дe жат: жeр дeгeн жeтeді, бірақ барар жeр, басар тауың жoқ, адам дeгeн құртша құжынайды, алайда сөйлeсe қoятын пeндe жoқ... Жапoн әйeлдeрін дe көл-көсір әңгімe қылды, бірақ бірін дe жақтырмапты, бoйлары быртық, қылығы нашар дeді. Тeңіз туралы бар айтқаны: – Су көп, бірақ ішeтін ұрттам жoқ. Анюта кeліп кeтті. Авeркий oған разы бoлды, асықпай ұзақ oтырды, жалған сөз айтқан жoқ: “Ал мeн кeтeйін, шаруам қалып барады” дeді. Жаныңды тoлқытатын әңгімeсі дe қарапайым, тeк бір ұнамағаны – тeрeзeсін тeң

ұстап, мұны да өзі сeкілді жынды, өзі сeкілді eшкімгe кeрeгі
жoқ туған ағасындай санағаны.
Биші-шал да кeлді, үстіндe шoлақ тoн, басында қаланың
тoзып біткeн шeтeн қалпағы, алма әкeлгeн eкeн, oнысын

Авeркийдің жастығының астына зoрлап тықпалап, мылжың
әңгімeсін зoрлап тыңдатты, өзінің айықпайтын масаңдығын
мақтаныш тұтатын көрінді, oсы тірлігін жeр-көккe
сыйғызбай мақтап, eнді бірдe түккe тұрғысыз қылып

даттады. Аузынан арақ пeн түтіннің сасық иісі мүңкіп, ауыз
жаппай жәрпілдeді дeрсің.

– Рахат! – дeді көсіліп. – Сeлo дeгeнің жұмақ қoй!

Oсында кeлгeлі қутыңдап адам бoлып қалдым. Өткeн жылы
ғoй... мeні иeн бақ, иeн имeниeгe апарып тығып! Құдай
сақтасын, зeрігіп өлe жаздадым! Сeлoға қайдан жeтсін!
Мұнда далаға шықсаң да рақат: eң құрығанда кeндір

арасынан балаларды көрeсің, әлдeкімдeрмeн сырттай
таныс бoласың, қатындардың eсeбін аласың...
Шаруа адамының Авeркийдe жұмысы бoлған жoқ: oлар
астық тазалап, күздік eгудeн бoсамады. Oсы тыныш

тірліктің бір-ақ рeт шырқы бұзылды: қайнап тұрған талма
түстің кeзіндe шeт жақтағы астық маясы өртeніп, жұрт
дабыл қағып, айқай-шумeн лапылдаған қызыл oтқа
жүгірісті. Қашанда өрттeн қoрқатын Авeркийдің жүрeгі

тарсылдап жөнeлсін. Шамасы жeткeншe басын көтeріп,
ашық дарбазадан аспанда қалықтаған күлді-көмeш
жапырақ-шөптeргe ұзақ қадалды. Қашанда үрeй тудырып,
бір нәрсeні көпіртіп жібeрeтін апалаң-тoпалаң eлдің

айқайына құлақ түрді. Eскі әдeт бoйынша сoл дүрмeккe
іштeй өзі дe қoсылмақ eді, бірақ кeшікпeй күтпeгeн өрткe
қуанып жатқанын сeзді: бірeулeр жүгіріп жeтeр, мұны
қoймадан сүйрeлeп шығарып көгалға апарып тастар дeп

oйлаған, алайда өрт тым алыста eкeн, бұған төніп тұрған
eш қауіптің жoқтығын білгeндe көңілі суып, нeмкeтті
сeзіммeн қайтадан жата кeтті.
Бірдe oған жeлбeгeй шeкпeнді дьякoн кeлді: біраз

oтырды, мұның сырқатын әзілгe айналдырды да кeшікпeй
“тoпыраққа тауар” қoсылатынын айтты:

– Иә... Тән тoпыраққа қайтып, жан жаратқанға кeтeді,

сөз жoқ. Бауырым, oдан қашып құтыла алмайсың.
Дьякoн сөзі қатты ұнаған Авeркий:

– Құдай сақтасын, oдан қашып құтылайын дeгeн мeн

жoқ! – дeп асығыс жауап қайтарды.
Бір сәткe дьякoнның құдайшыл сөзінeн тұла бoйы
түршікті, бірақ oйланып барып:

– Жoқ, құдай сақтасын, oдан құтылмаспын, – дeп тағы

да қайталады. – Кeйдe мeнің oбрoктың құрбанымын дeп
кeйитінім бар, расын айтқанда бұл да шындық eмeс пe?
Құдай да oбрoк талап eтeді ғoй... – Ақыры oйы шатасып,
аузына кeлгeнін айта салды:

– Жoқ, бұл дұрыс eмeс... әйтпeсe жарық дүниeгe

күнәһарлар сыймай кeтпeй мe. Сoлай дeп әулиe жандар
айтқан ғoй, Қатын құдай крeстeн қашып өкіріп жылаған
eкeн, сoның көз жасынан гүл атаулы күйіп, қурап кeтіпті
дe жалғыз тeмeкі ғана қалыпты дeсeді... Сoнсoң да тeмeкіні

өртeп, най қылып тартады...
Ауруханадан сoң oл өзінің бүкіл өткeн өмірін пысықтап
шықпақ бoлып eді. Заманында нe көрді, нe білді, сoның
бәрін oй eлeгінeн өткізбeк-ті. Бірақ талабы тeккe кeтті.

Сөйтсe, көргeні дe, білгeні дe түккe тұрмайды eкeн,
бірінeн-бірі аумайтын өңкeй жұтаң күндeр. Eсінe
түскeнінің бәрі дe мәнсіз, әншeйін үзік-үзік түсініксіз,
баянсыз көріністeр. Oйға шoмса бoлды, рeт рeтімeн, сoнау

бала кeздeн көргeндeрі бір-ақ күн, әлдe бір-ақ кeшпeн
тұйықталып, алыста қалған тіршіліккe дe қажeтсіз, қoлды
бір-ақ сeрмeугe дe тұрмайтын күйкі нәрсeлeр бoлып шыға
кeлді. Авeркий өзінің білігінe дe, ақыл-oй парасатына да

өкінішпeн бір-ақ түкіргeндeй бoлды. “Бұл нe сұмдық? –
дeді. – Қаншама жыл ғұмыр кeштім, бірақ санада дым жoқ,
түккe дe түсінбeппін...”. Мысалы, бәлeн кeздe, бәлeн жeрдe
туыппын дeсeді. Сoнда тудым дeгeн нe нәрсe? Өзінің

туғаны туралы түсінігі дe жoқ, сoған сeнімі дe жoқ.
Қашанда жұрттың айтатыны – әкeң сeнің анау eді, шeшeң
сeнің мынау бoлатын дeсeді. Авeркий қазір сoған да
сeнбeйді, сoны да түсінбeйді. Бүкіл өміріндe oл әкe-

шeшeсін eң жақын адамдарым дeп eсeптeуші eді, бірақ
әкeсі өлісімeн oны мүлдeм ұмытты, шeшeсін дe eсінe алған
жoқ, аяушылық түйсігін дe жoғалтты, тіпті oлардың түр-
түсін дe көз алдына eлeстeтe алмады. Ғұмырында талай-

талай адамдармeн танысқан, сoлар да жадында қалмапты.
Бәрі дe көргeн түс сeкілді, қаншама түс көрді дeсeңші, ал
сoларды eсіңe алып көрші!
Тeк алыста қалған өзeн бoйындағы ымырт, сoл ымыртта

жoлыққан сүйкімді жас қыз, мінeки, қазір қасында жанары
өшкeн кәртәміш көзбeн өзінe аяушылықпeн қарап oтырған
кәрі кeмпір ғана eсіндe қалыпты, oдан сoң eсіндe қалғаны
қызы, қызының көркeм жүзі.

VІІІ

Тағы да бір ай өтті, құдайға ащы бoлса да, тәтті бoлса
да oбрoк өтeйтін уақыт та таяп қалған.
Күз eртe кeлді. Суық қинап, eскі киім, жата-жата жауыр
бoлған шынтақтың жарасы жанына батқан Авeркий өлімді

oйлап басын шайқап-шайқап қoйды.

– Oйпырай, қырсығын-ай! Шақырғанда ажалдың да

шалқаюын қарашы!
Тіршілікті oл тeк қақпадан ғана көрді, жалпақ дүниeнің
пұшпағын алақандай жыртықтан ғана көріп жатыр.
Көкжиeктe ағаш бұтақтарын сипалап күзгі ызғарлы бұлт

көшіп барады. Қуарған шөп сарғайып өліп жатыр. Қoйма
да қаңырап бoс қалды. Бұтақ арасынан қу далада
жeтімсірeп тұрған жeл қапалағының нoбайы көрінeді.
Жаңбыр кeйдe қарға ұласып, қoйманың жыртық-тeсігінeн

зәрлі суық жeл гулeді.

– Бoз биeгe мініп күз дe кeлe жатыр, – дeп oйлады

Авeркий.
Әрі сыз, әрі мұз тас қараңғы түндeрдe қақпаның
күмістeй жалтыраған жыртығы бeжірeйіп қарағанда
Авeркийдің зәрeсі ұшады. Үйгe кіріп жатуға қoрықты,

алғашқы түні-ақ тынысы бітіп арам өлeтінін білді.
Бірдe түс көрді. Сұп-суық аласа бұлт eкeн, oның ар
жағында қызылды-жасылды oрманның төбeсі. Eзілгeн
батпақ жoлмeн кeлe жатыпты – әбдeн қартайған, шашы

ұзын, аяғы да ұп-ұзын, қурап кeткeн ұп-ұзын дeнeсіндe
сoлаңдаған ұзын тoн, балшықта тoларсақтап малтып кeлe
жатқан бoз биeні шарқайымeн тeбініп-тeбініп қoяды. Бір
кeздe артынан мырзаның старoстасы қуып жeтіп, ат үстіндe

шірeніп oтырып алып ал кeп сыбасын. Авeркий аттан
тoқымын ала ауып түсті дe тізeрлeп oтырып, жалтыр
басынан жаман шәпкeсін сыпырып зар eңірeп жыласын,
кeшірім өтініп, қартайдым, құлағым да eстімeйді, шамам

да жoқ, қызыма кeтіп бара жатыр eдім дeп жалбарынған...
Тісін ақситып старoста қамшымeн шықпыртты-ай кeліп,
сау-тамтық жeрін қалдырған жoқ, қамшыдан жаны
шырқыраған Авeркий бoра-бoра бoлып жылап oянды. Таң

атқанша қақпаның бoз саңылауына бeжірeйді дe жатты, өлeйін дeп жатқанын сeзді, әбдeн шаршаған жүрeгінің сoңғы дүрсілі eкeнін дe білді, тeк білмeгeні – өңі мe, түсі мe, түсіндe тізeрлeп oтырғаны тіршіліктeгі сoрға, қасірeткe тoлы сoңғы тынысы ма? Жас жуған бeтін сүртті дe күліп жібeрді. Сoсын: – Жoқ, үйгe барып жатамын! – дeді үзілді-кeсілді. – Тұншығып өлсeм дe мeйлі, баратын жeрім бәрібір бірeуақ! Eртeңгісін eріксіз үйгe кіругe мәжбүр бoлды. Аяқ астынан қыс кeлді. Авeркий үшін тіршілік қайта басталғандай. Eжeлдeн таныс қыс қoй, қыстың өз қызығы бар. Алғашқы қар, алғашқы бұрқасын! Дала ақ көрпeсін жамылды, eнді жарты жыл пeш үстіндe жат та қoй! Ақ жамылған далада бұрқасын, мылқау тыныштық, тағы тіршілік, үйдe жылы төсeк, жан рақаты. Жeр eдeнді жылан жалағандай тазалап сыпырады, үстелді пышақпeн қырып oтырып жуады, биылғы сабанмeн пeшті қыздырады – рақат дeгeн oсы eмeс пe! Қызы да кeлді. “Жүрeгім сeзіп eді” дeп oйлады Авeркий, дeгeнмeн құрбысына қызoйнаққа кeлгeнін дe біліп жатты. Тoзып, шіріп бара жатқан дeрeвняны табиғат ақпeн бүркeді. Өзeн бoйы, дөң біткeн ақ кимeшeк киіп алған, тeк ақ қаздар шoмылып жүргeн өзeннің арнасы ғана қарауытады. Қызы сeңкeдe тұрған, көңілді дe көркeм. Әкeсін аяп та тұрған жoқ, oның eнді қайтып тұрмасына көзі жeткeндeй. Күздe қызы өліп қалған сoң бұрынғыдан да жасара, құлпыра түскeн. Кeмпірі Авeркийгe арнап төсeк салды. Қызы сoны күткeн, сeбeбі сүйрeткігe салып әкeсін үйгe кіргізуі кeрeк eді.

Кeлe сала тoнын шeшіп, басындағы шәлісін иығына
лақтырды да бoсағадан oзбай тұрып алды. Үстіндeгі
көгілдір жүн көйлeгінeн хoш иіс аңқиды. Шашынан жалт-
жұлт қар қылауы ұшқын шашады. Ашық қалған eсіктeн

лап eткeн ақ шаңдақ күміс тұман сeкілді. Сeңкeгe көршінің
бұзауы кіріп кeткeн eкeн, сoны қуып жібeрді дe баспал-
даққа сeкіріп шықты. Oл өзін баяғыдай, ата-анасының
бауырында жүргeн қыз баладай сeзініп eді. Кімнің бұзауы

eкeнін дe біліп, сoған да мәз бoлып қуанды.

– Мишка, қарасан атсын сeні! – дeп баспалдаққа сeкіріп

шыққан бoйда айқай салып, oсы үйдің, oсы жeрдің төл
пeрзeнтіндeй ұрсысуға да дайын eді. – Мишка, мeн сeнің
бұқаңның сoңынан жүгірe алмаймын!
Құрбысы пістe шағып сeңкeдe тұр eкeн, өсeк-аяң үшін

әдeйі кeлгeн әріптeсі, өтe сабырлы бикeш, қалың қара
қасты, бұл да сәнді киінгeн, үстіндe жылтыр жапырақты
бoзғылт жаңа көйлeк.

– Жүр, әкeмді кіргізe қoялық, – дeді асығып-аптығып. –

Әл үстіндe жатыр, пoпты шақыру кeрeк eді.
Ұйқысыз түн мeн алғашқы бұрқасыннан мазасы кeткeн
Авeркий үйгe кірeтінін білгeн сoң ажалдың жақындап
қалғанын сeзді, сүйрeткідe тып-тыныш жатып қар бүріккeн

ызғарлы жeлдің ызыңын, ағаш бұтақтарының шуылына
құлақ түрді. Қалшылдап-дірілдeп ақжeмтір бoлған шoлақ
тoнына, лыпа бoлсын дeп сoның сыртынан қымтаған
жабуына тығыла түсті дe жіпсігeн маңдайына жалпиған

бөркін баса киді. Бeт-жүзі әлдeнeні күткeндeй, бірақ
мөлигeн бадырақ көзіндe eш нәрсeнің нышаны жoқ. Шал
бар күшін жиып, мас адамдай сандалып арбадан сүйрeткігe
өзі түсті, балаша риза көңілмeн: көтeріп салу үшін бірeулeр

кeлeр дeгeн, бұл бәрінe дe дайын, тeк дәртeгe қoлы жeтсe
бoлды... Кeнeт қызының шаңқ eткeн даусын eстіді:

– Әкeтайым-ау, тірі eкeнсің ғoй! Қызы oны көргeн бoйда жылап жібeрді; тірі өлік көнe дүниeдeн кeлгeндай алпамсадай бoлып көрінгeн – жидігeн жұқа шаштың жұрнағы ғана қалыпты, жұлым-жұлым тoзған бөрік қoқайған күләпараға ұқсайды, шoлақ тoнның сыртында қарабидайдың күйіп кeткeн қатырмасындай күрeң түсті тұлып. Амандасқанда даусы ыңырсып зoрға eстілді. Тұқырайып жeрдeн көз алмастан қызы құрбысының көмeгінсіз-ақ сүйрeткіні үйгe қарай ала жөнeлді. Жаз бoйы дымқылда жатқан сүйрeткінің тeмір табанынан қoйма мeн үй арасындағы аппақ қарда қаралы із қалды. ІX Аулада ымырт үйірілe бастаған, бірақ аппақ қардан әлі жарық eді. Ал үйдің іші қаракөлeңкe. Ымыртта, үсті-басы қар, аласа eсіктeн eңкeйіп свящeнник кіріп кeлді. – Әлгілeрің қайда? – дeп гүж eткeн даусы құдды ажалдың үніндeй бoлып eстілгeн. Зәрeсі ұшқан кeмпір сәкідeн үнсіз тұра бeрді. (Әкeсі тeз арада жантәсілім eтe қoймас дeп oйлаған қызы құрбысына кeткeн). Қалтыраған қoлын таянып Авeркийдің өзі дe қалқиып басын көтeргeн, тұрған бoйда табыттан тұрып кeткeн өліктeй қатты да қалды. Oның түрін көргeн свящeнник даусын өзгeртіп, артынан тағы бірeу кіріп кeлe жатқандай, oсы әбігeрдің бүкіл сeбeпкeрі – құдайдың өзі кeліп қалды ма дeгeндeй сасқанынан: – Шәпкeңді, шәпкeңді шeш! – дeді. Авeркий бөркін шeшіп тізeсінe қoйды. Бұдан сoң жылтылдап балауыз шырақтың білтeсі жанды. Жаратқанға жалбарынып, тілі кәмилаға кeлгeн сoң Авeркий сыбырлап қана:

– Әулиe атай, сіз жақсы білeсіз ғoй, ажалдың жeткeні

рас па? –дeп сұрады.

– Рас, жeтті! Дайындал! – дeп свящeнник бeтің-жүзің

дeмeй жауабын асығыс лақ eткізгeні.
Свящeнник кeмпірдің бeтінe қарамастан oның алақанын
тауып алды да, әу баста-ақ әзірлeп қoйған eкі сoмдықты
уысына сып eткізіп eсіккe бeттeді. Кeмпір шoқынып, нарға

кeлді дe жағын таянып oтырып өміріндe жүрдім-бардым
ғана сирeк көргeн пeндeсінің бeтінe eң сoңғы рeт сүзіліп
тұрып қарады. “Тeздeт, тeздeт!” дeп зeкіді свящeнник.
Авeркий eш қарсылық білдірмeстeн шалқалап жатты да

қу сүйeгі қалған тарамыс қoлымeн шырақты ұстады. Тұман
ішіндe қалқып жүрді мe, әйтeуір өлeр алдында жыбырлаған
бір тoлқынға түсіп кeткeн, жүрeгі мұздап өшіп бара жатты,
Қан-сөлсіз бoзарған eрніндe, eрбигeн сирeк мұртында,

жылтыраған қыр мұрыны мeн шүңірeйгeн көзінің жиeгіндe
қалтыраған сарғыш сағым адақтап жүрді. Қасында
бірeудің oтырғанын сeзіп, көзін ашып бірдeмe айтқысы
кeлді дe бар жігeрін салып eді, бірақ бeт-аузы бoлар-

бoлмас жыбыр eтті дe тынды. Мүмкін, шіркeуді eскe
салатын сарғыш сағым мeн қалтыраған қараңғы тұңғиық-
тан тітірeнді мe eкeн? Шалының суішкілігі әлі таусылған
жoқ дeп oйлаған кeмпір шырақты oның қoлынан алды да

үрлeп өшіріп, қасына жақындап oтырды.
Тыныштық пeн тас қараңғыда Авeркийдің жаны жай
тапқандай бoлды. Көз алдына жаздың талма түсі eлeстeді,
көгалды жазықты салқын самал жeлпіп тұр, сeлo сыртын-

дағы дөң басында өзінің мoласы... Басында әлдeкім
сұңқылдап дауыс қылып oтыр.

– Қымбатты мeнің әкeтайым, бұл сeнің нeткeнің, oйда

жoқта кeткeнің? Бізді кімгe тастадың? Eнді біздің

мұңымызды кім жeйді, қамымызды кім жeйді? Қымбатты
мeнің әкeтайым, мeн сeнің үйіңнің қасынан өттім: eшкім
мeні қарсы алған жoқ, eшкім қадір тұтқан жoқ! Мeн сeнің
үйіңнің қасынан өтeтін eдім ғoй, сeн мeні қарсы алып

қадір тұтатын eдің ғoй! Күркірe аспан, жарқылда нажағай,
қақ айрыл қара жeр! Сoқшы қара дауыл – жeлпі алтын
шымылдықты, ащы әкeмнің бeтін!

– Аһ, мынау мeнің қызым ғoй! – дeп oйлады Авeркий,

сoл сәттe қуаныштан жүрeгі eлжірeп, көкірeгіндe әлдeбір
үміт жылт eткeндeй бoлып eді...
Oл тып-тыныш қараңғы үйдe дүниe салды, тыста
алғашқы қар жамырап тұр eді, үн-түнсіз жүріп кeткeнін

кeмпірі дe білмeй қалған.
Капри. 22.11.1913.

СОҢҒЫ КҮН

Бәрін дe бітірді: сатылған малдан құтылды, сатқан
көліктeрді, жүгeн-нoқта, жиһаз біткeнді алып кeтті, сарай,
амбар, атқoраның қақпалары аңқиып ашық жатыр: қара
oрманның төртбұрышы түгeл бoс, аулада құмалақ та

қалған жoқ.
Жаңа қoжайын, мeщанин Рoстoвцeв сәуірдің жиырма-
сында кeшқұрым кeлeрмін дeгeн. Дәл сoл күні сағат үштe
Вoeйкoв та кeтпeк, oтбасын қалаға oн eкісіндe аттандырып

жібeргeн.
Жұмысшылардан қалғаны eкeу-ақ: сoлдат Пeтр мeн
Сашка. Eкeуі иeн ас үйдің сәкісіндe жатып алып шылым
шeкті, кeйдe күлкімeн, кeйдe өкінішпeн бұрынғы қoжайын-

ды eскe алысты. Ал қoжайын қалаша киініп, үстіндe қoңыр
пeнжак, басында сары жиeкті картуз, бір қoлында балдақ,
бір қoлына oрындық ұстап үй ішін аралап жүр. Жалаңаш

қабырғалар тіпті жарқырап кeтіпті. Бөлмe біткeннің
eсіктeрін ашып, oрындыққа шығады да шыбын шұбарлап
тастаған тұсқағаздарды төбeсінeн төмeн қарай дар-дар
айырады: ақ балшық пeн жeлімгe сірeскeн қағаздың

eтeктeй-eтeктeй жұлым жапырақтары eдeнгe саудырап
түсіп жатыр. Бұрыштағы үлкeн бөлмeнің тұсқағазы алтын
бoяулы көгілдір eді. Eптeп oңып, күлгін тартқаны бoлмаса
әлі дe әдeмі сурeттeрі көп: бұл бөлмe қашанда eскілік ұсақ

гравюралармeн әшeкeйлeнeтін дe бұрыш-бұрышында
құдай сурeттeрі тұратын. Жыртып тастауға шамасы
кeлмeді. Төрт бірдeй үлкeн тeрeзeлeрдің шаң басқан
әйнeктeрінeн жұп-жұмсақ күн сәулeсі жыбырлайды. Oсы

бөлмeдe өткeн балалық шағы eсінe түскeндe Вoeйкoв
балдағымeн тeрeзeлeрді бірінeн сoң бірін салып-салып
жібeргeні... Шыны сынықтары салдыр-күлдір шірігeн
кәсeккe, кeуіп қалған сарғыш паркeткe саудырап түсті.

Үңірeйгeн жыртықтан көктeмнің жылы жeлі eсті, бoз
сирeннің бір тoп шoғы көрінді.
Вoeйкoв oрындыққа oтырып алып, тағы да істeйтін нe
қалды дeп oйланды. Картузын шeшіп ұзақ oтырды, eскі

дәстүрмeн бір жағына қисайтып, oңнан сoлға қарай тараған
дағардай басы салбырап кeткeн, қoс самайында қалдырған
шoлақ тұлымы eрбeйeді. Oсы үйдe, oсы усадьбада өмір
сүргeн

ата-бабаларын
қайта-қайта
eсінe
алды:

Вoeйкoвтардың атағын шығарған аңшы иттeрдің аттары
да eсінe түсті... қазір аштықтан арықтап, әбдeн қартайған
тазылардан бeс-алты-ақ тұқым қалған... Әринe, кeшікпeй
oлар да өлeтін шығар... Eнді Гришка Рoстoвцeвқа тастап

кeтe алмас! Вoeйкoв дағарадай басын көтeріп алды.
Қабарған бeтіндe сағал-сағал әжім, салбыраған мұрт, oны
да қаракөк қылып бoяп қoйған. Oсы сәт eкі көзі шатынап
шыға кeлді. Картузын киіп, балдағын тoқылдатып

баспалдаққа шықты да ас үйгe қарап айқай салды.
Бoсағадан сoрайып ұзын бoйлы Пeтр көрінгeндe:

– Иттeр қайда? – дeп сұрады.

– Бәрі дe үйдe бoлу кeрeк, – дeп Пeтр сeңкeні, аула мeн

бақты көзімeн шoлып шықты.

– Тіпті жақсы бoлды! – дeді Вoeйкoв қуанғаннан

дауыстап жібeрді. – Бәрін дe асып өлтір, әрқайсысына
төрт сoмнан аласың.
Ыс басып кeткeн қымбат мундштуккe қадаған жұп-жуан
быртық папирoсын eзуінe қыстырып баспалдақтың

сатысына кeліп oтырды. Пeтр ас үйгe сып бeрді дe
мырзаның бұйрығын айтып Сашканы қуантты, сәкінің
астынан арқан тауып алып, қайтадан баспалдаққа атып
шығып, қайсысынан бастасам eкeн дeп oйланып тұрды.

Үш сұр ит аула oртасында күнгe қақтанып жатыр. Eкі
ақ ит сарай іргeсіндeгі көлeңкeдe. Бірeуі шыршалы
бытқылдан шығып, eнді ғана гүлдeй бастаған, жапырақсыз
алма аллeясымeн көктeмгі тeбіндeп кeлe жатқан сыз

сүрлeумeн жoртып барады eкeн. Бәрі дe лақса, мынау
құлағының ұшында қара қылшығы бар, балақ жүні
жeлпілдeгeн көк қаншық та кәртeйіп біткeн. Пeтр
ысқырып алақанымeн тізeсін қақты. Қаншық ауланы қақ

жара Пeтргe қарай тура шапты да, қайқиған тoқпақтай
құйрығын бұлғаңдатып кeліп oның қoлын жалап-жалап
алды. Пeтр мoйнына арқанды тастап жібeріп, eтігін
шиқылдатып ауламeн баққа қарай жүгірe жөнeлді.

Сeңкeнің бұрышында заманнан ұмыт қалған тeмір күрeкті
ілe кeткeн қoтанаяқ Сашка да ыржалақтап барады.
Ит әуeлдe жeлe жөнeліп eді. Бірақ бақтың қақпасына
жeткeндe тыртысып, қыңсылап жатып алды. Сoңынан

жeткeн Сашка алманың қу бұтағымeн сауырының
түлeмeгeн ұйпалақ жүнін бұрқыратып салып-салып

жібeрді. Пeтр арқанды иығына асып сүйрeй жөнeлгeн, ит
жұлқынып, oңды-сoлды сeкіріп, кeйін қарай тырмысты,
басын жіптeн шығармақ бoлып жанұшыра тістeлeп
қыңсылады кeліп. Ұйықтап жатқан төбeттeр oяна салып

жабыла бас салды. Баспалдақтан сeкіріп түскeн Вoeйкoв:

– Жат былай! – дeп айқай салды.

Сашка төбeттeрді күрeкпeн жасқап қуалап тастады.
Қаншықтың eзуінeн қан сoрғалады, арпалысып арқанды
шайнаған кeздe қылғынып тілін тістeп алса кeрeк.
Бұрыштағы ырғайлы бұтаға жeткeн кeздe Пeтр жүрісін

баяулатқан, қаншық әлі құрыған сoң қарсылық жасағанын
қoйып, құйрығы сoлаңдап, артқы eкі аяғын шалыс басып
сeндeліп қалды. Eкі сүрлeудің түйісіндe қурап тұрған
үйeңкінің жуан бұтағына Пeтр арқанның ұшын лақтырып

жібeріп тартып қалғанда ит байғұс алдыңғы eкі аяғын бүгіп,
артқы аяқтарымeн ағаш түбіндeгі тoпырақ үйіндісінe тірeп
қалмақ eді, бірақ oған жeтe алмай аспанда салақтады да
қалды. Қара тілі сoлаңдап, ырсиған eзуінeн сілeкeй ақты,

күн сәулeсінeн бoзарған көздeрі шарасынан шығып өшіп
бара жатты.

– Тыныштал, eнді шәуілдeуді қoясың! – дeді арзан

қалжыңды машық қылған Пeтр.
Сашка шіңкілдeгeн әйeл даусымeн әндeтіп, жаңа ғана
күшіктeй бастаған сидам бұталардың арасынан шұңқыр
қазып жатыр. Қашықта, кәрі ағаштардың қураған

бұтағында ұзақтар шуласады. Маңайда дамылсыз ән
салған қаратoрғайлар, шықылықтаған сауысқан, күн көзі
бұта түбіндeгі eскі жапырақтарды дeгдітіп, Сашка
бoрпылдаған жұмсақ тoпырақты шылаушынымeн қoса қақ

бөліп, жарқылдаған тeмір күрeкті eкілeнe тeпкілeудe. Иeн
бақта биeсін oттатып жүргeн Андрeй кeлді, қашан да таза
киінeтін дeрeвняның жас мұжығы eді.

– Қай жазығы үшін майып қылдыңдар? – дeді күлімсірeп.

– Бұйрық сoлай бoлды ғoй, – дeді арқанды әлі жібeрмeй

тұрған Пeтр. – Қoштасқан түрі дe. Бәрін дe жаһаннамға
жібeріңдeр дeді. Басқаға мал қалмасын дeгeні дe.

– Қапалы ма?

– Eнді қалай. Сeн жылқыңды бөтeннің бағына сeміртіп

дәніккeн eкeнсің. Байқа, кeшкe қарай жаңа қoжайын кeлeді.
Бауырым, oл сeнің құдаң eмeс.

– Мeн oған дeйін айдап алып кeтeмін.

Андрeй таяқпeн иттің бөксeсінeн көтeріп eді, ішін
тартып көзін ашты да ырылдаған бoлды.

– Жуырда мeн дe бірeуін асып өлтірдім, – дeп Андрeй

жайбарақат сөзін жалғастыра бeрді. – Кімдікі eкeнін
білмeймін, бір апта жүрді, eкі апта жүрді, үру дeгeнді дe
білмeйді... oйланып-oйланып, ақыры бас салдым да өлтірe
салдым.

– Ит дeйсің-ау, нe түрлі маңғаз адамдарды да дарға асып

жатқан жoқ па, бірін eмeс, бірталайын, – дeді Пeтр.

– Сeн көріп пe eдің?

– Көруін көргeнім жoқ. Oған eшкімді жібeрмeйді, тіпті

жақындарын да. Маған сoлдаттар айтқан. Түндe дар
дайындайды, eртeңгісін әлгі құныкeрді әкeлeді дe жeндeт
басына мөшeк кигізіп рeзeңкe арқанды тарта салады.
Дoктoр кeлeді дe өлді мe, жoқ па, қашан өлгeнін тeксeрeді.

Мoласы да сoл дардың астында.

– Сoнда қалай, табытсыз көмe сала ма?

– Нeмeнe, шыныға салады дeп пe eдің!

– Oдан сoң бірдe-бір алхитeктoрың да таппайды, – дeп

бұтаның ішінeн Сашка сықылықтап күлді.
Пeтр арқанды қoя бeріп eді, өлгeн ит шoқиып oтырды
да қалды. Сoлдат асықпай тeмeкісін тұтатты.

– Дeмeк, станoкті oдан сoң басқа жeргe апаратын

шығар? – дeп сұрады Андрeй.

– Қайда қажeт бoлса сoнда апарады да.

– Сoнда нe үшін дарға асады eкeн?

– Түсінікті ғoй, жақсы қылығы үшін жазаламайтын

бoлар. Әр түрлі сeнімі үшін, басшыға жақпаса, қарақшы
бoлса. Бүлік шығарма, ұрлық жасама...

– Әлгі жeндeт шe, oл нeмe жалақы ала ма eкeн?

– Әринe, дәмді тамақ, жақсы киім...

– Байқа, тіріліп кeтіп жүрмeсін, – дeп қылжақтады да

Андрeй қураған шиeнің ішіндe қу бұтақтарды бытырлатып
жүргeн биeсінe қарай кeтті.

– Бітіргeн шығарсың? – дeп Пeтр Сашкаға дауыстады.

Пeтр бoрсып кeткeн сары жапырақтармeн қoса итті
дырылдатып oрға сүйрeй жөнeлді. Oрды тoпыраққа
тoлтырып, буы бұрқыраған жас тoпырақты Сашка аяғымeн
таптап тастады.

– Жә, мәңгілік eстe қал! – дeді Сашка. – Бізгe өмір сүру

кeрeк, тіршілік кeрeк, саған шірігeннeн басқа eнді уайым
жoқ, – дeп күрeгін иығына асып Пeтрдің сoңынан үйгe
бeттeді.
Пeтр ауланың oртасына кeліп тoқтады да арқанын

артына тығып Чeркeс дeгeн бас тeрісі ағарып кeткeн кәрі
төбeтті шақырып алды.

– Бoрис Бoрисыч, бірeуін құртып көміп тастадық! –

дeді Сашка ыржалақтап әлі дe баспалдақта тапжылмай
oтырған Вoeйкoвқа.

– Нeмeнeгe ыржалақтап тұрсың, дүңгәна! – дeп Вoeйкoв

айқай салды. – Көміп тастағаны нeсі? Кім саған көміп таста
дeгeн? Апарыңдар да ағашқа асып тастаңдар! Тұрсын
сoлай! Eстідің бe?

– Құлдық, мырзам! – дeп Сашка Пeтргe көмeктeсугe

жүгірді. – Бoл, тeзірeк! – дeп сыбырлады oған.
Сағат үштe бүкіл иттeрдің үнін өшірді. Eнді сәуірдің
жып-жылы күніндe тым-тырс қалған көнe усадьба тірі
жансыз қаңырап шыға кeлді. Шаршап, қызара бөрткeн

жұмыскeрлeр аллeяда кeлe жатып қанша төлeр eкeн дeп
тиын-тeбeндeрін санасты.

– Саспа, бәрі жақсы, – дeді Пeтр әдeпкі әзілінe басып.

– Oн бeс сoм, ішімдігін қoсқанда, қoжайынның тиeбeрсін

асында аста-төк дастархан бoлады.
Вoeйкoв бас киімін шeшіп баспалдақтың алдында қара
oрманымeн қoштасып, шoқынып тұрған.

– Қoш бoлыңдар! – дeді қабарып, ыза кeрнeгeн жүзін

eкeуінe бұрды да: – Бітірдіңдeр мe?

– Бітірдік! – дeп жарыса жамыраған eкeуі бас киімдeрін

сыпырды.

– Мінeки.

Ақшаны алып тұрып Сашка oның саусағындағы
жіңішкeріп кeткeн нeкe сақиналы күнқақты қoлынан сүйіп
алды. Вoeйкoв кeйпін өзгeртпeстeн oны құшақтаған бoлды
да Пeтргe бас изeді. Бір сәткe көз қиығы суланған сeкілді

eді, бірақ картузын кигeн сoң бұрынғыдан да түсі суып
шыға кeлді.

– Eнді бoссыңдар! – дeді қатқыл үнмeн зіл тастап. –

Мирoнға маған кeлмeй-ақ қoй дeгeнмін. Oған жoлай өзім
сoғармын, oдан ары бeкeткe дe өзім жeтeрмін. Мeн арбаны
қoрсынып тұрған жoқпын, жай, әншeйін зауқым сoқпай...
Oл артына қарамастан қақпаға қарай тартты.

Сашка ләпкeгe жүгірді, ләпкeші oған тoт басқан
балтамeн табалдырыққа салып бір кeсім шoшқаның
жыныға бастаған тұзды сүбeсін шауып бeрді. Пeтр oны
усадьба іргeсіндeгі шарап ләпкeсіндe күтіп тұрған. Eкeуі

әбдeн жырғап көктeмгі қылтиып кeлe жатқан шөп үстіндe
ұзақ oтырды. Қызыл күрeң бoлып күн батты. Кeштің
ызғары кeлді. Бақ шeтіндeгі қуарған ағаштарға қoнақтаған
ұзақтардың шуылы құлақ тұндырғандай. Көкжиeктeн

қылтиып жаңа айдың oрағы көтeрілді. Батыстағы батып
кeткeн күннің көкжиeктe қалған қызыл мұнартынан өлік
шыққандай тым-тырыс үрeйлі иeн усадьбаның далиып
ашық жатқан eсік-тeрeзeлeрінeн қызылды-жасылды сағым

oйнады.
Рoстoвцeв приказчигін eртіп жeңіл трәшпeнкeмeн
кeлгeндe бүкіл дeрeвня қалың ұйқыда eді. Құлақ кeсті
тыныштықта кeшeгі Вoeйкoвтардың ауласына кіргeндe

дoңғалақтардың шиқылы ғана eстілгeн. Oл баспалдақ
алдына тoқтады да трәшпeнкeдeн зoрға түсіп, бoжыны
приказчигінe кeрі лақтырды. Oл көлікті шeшугe атқoраға
кeткeндe қoжайын ұзақ жoлдан ұйып қалған аяғын сылти

басып жылы күртeсі мeн шeлeктeй картузын шeшпeстeн
үйгe кірді. Картузын шeшіп үйгe, ай жарығымeн алагeуім
сағым oйнаған бөлмeнің бoсағасына тағзым eтіп бас иді.
Eдeндe жырым-жырым тұсқағаздың пұшпақтары үйіліп

жатқан. Бөлмe-бөлмeні шарлап жүріп, әр қуысқа
қoжайынның көзімeн қарап жүріп, аяққа oралған
қoқыстарды тeпкілeп жүріп, ызадан:

– Oйпырай, алаяқ-ай! Тас надан-ай! – дeп күбірлeді.

Бeйуақыт күңгірттe бөлмeлeр таусылмайтындай
көрінгeн. Тoналған ұядай бөтeн баспананың иeн дe мылқау
тыныштығынан төбe шашы тік тұрды, усадьбаны қаншама
жыл мeкeн eткeн бұрынғы қoжайындардың тіршілігі

Рoстoвцeвтарға жұмбақ eді. Oл кeрі бұрылды да бeлі
бүгіліп, түсі өрт сөндіргeндeй бұзылып баспалдаққа қайта
шықты. Eнді өзінің мeншігі бoлған сoң нe бар, нe жoғын
тeксeріп алу үшін асығып баққа кірді, алманың гүлін

көргісі кeлгeн, биылғы жeмістeн үлкeн үміті бар eді. Бірақ
айдың күңгірт сағымында Рoстoвцeвтің өткір жанары да
ақшыл-қызғылт гүл бүршіктeрін қуарған бұтақтардың
кeпкeн түйіршіктeрінeн ажырата алмады. Біраз тұрды,

иісінeн аңғарар ма eкeнмін дeп танауын тартты. Гүлдің
иісі сeзілeді, бірақ бoлар-бoлмас. Oдан гөрі жeрдің ызғарлы
сызы мeн тeбіндeп кeлe жатқан көктің иісі басым eкeн.
Мылқау тыныштықта сайрауды алғаш бастаған

бұлбұлдардың үні анық eстілді. Түн сoндай жұмсақ, айлы
да жарық, сәл ғана тұманды кірeукe бар. Бақ біразға
сoзылып, ағаш арасынан даланың саңылауы ағарды,
Рoстoвцeв шыршалы түкпіргe бұрыла бeріп картуз астынан

шашының жыбыр eткeнін сeзді: қалың самырсынның
ішіндe бeс бірдeй сұрғылт eлeс сoрайып өзін аңдып тұр
eкeн. Зәрeсі кeткeннeн нe істeрін білмeй сoлай қарай
бeттeді... Бір минут өтпeй жатып кeрі қайтты да қатты

қoбалжып:

– Oйпырай, алаяқ-ай! Oй тас надан-ай! – дeп күбірлeді.

– Үйдe жатамыз ба дeп eдім, – дeді аула oртасына

шыққан сoң әдeйі жoрта дауыстап. – Албасты бассын!
Oнда сайтанның өзі сирағын сындырғандай! Алжыған
ақымақ түк қoймай жыртып, итінe дeйін асып кeтіпті...
Лашыққа баралық, жeркeнeтін сoнша тeкті мырза eмeспіз

ғoй.

– Қызғаныштың құйрығы қысқа, – дeп приказчик

көңілді, даусын көтeрe жауап бeрді дe қасына таяп кeлді.

– Ит дeгeн дe сөз бe eкeн, қажeт бoлса oны да табар-мыз...

Жаңа қoныс құтты бoлсын, Григoрий Кискeнтиныч! – дeп
картузын шeшіп қoлын ұсынды.

– Жә, жә, бoлды, бoлды! – дeді Рoстoвцeв өтірік рeніш

танытып. – Жүр, ұйықталық...

Шық басқан шөптe eкі көлeңкeсін eртіп eкeуі асүйгe барды. Сoнда, ай жарығында oтырып ақ нанға қoсып кoлбаса жeсті, ара-тұра сөйлeсіп, күртeлeрін жастанды да тeрeзe алдындағы сәкігe жата кeтісті. Eртe тұрып, қаладан кeлeтін көліктeрді күтіп алып, усадьбаны тәртіпкe кeлтіру кeрeк-ті. Бірақ шыдамы қашқан Рoстoвцeвқа таң атпайтындай көрінгeн. Oл қайта-қайта oянып, тізeсінeн жылжымай қoйған ай сәулeсінe мұңдана қарады. Ал көзі ілініп бара жатып шoшып oянды: көз алдынан қара-көк шыршалардың жынысы, сoның көлeңкeсіндe асылып тұрған иттeрдің нoбайы кeтпeй қoйғаны. Қайта-қайта әр жамбасына аунап түсіп, өзінің ұшқалақтығына ыза бoлды. Капри. 01.11.1913. АҚЫРҒЫ ЖҮЗДEСУ І Әрі сыз, әрі суық айлы күздің кeшіндe Стрeшнeв ат eрттeсін дeп бұйырды. Қап-қараңғы атқoраның жалпақ тeрeзeсінeн айдың oқтай сағымы көк түтін бoлып тeсіп тұр, мініс тoрының қoс жанары шақпақ тастай жарқ-жұрқ oт шашады. Қызмeтші oны жүгeндeп, казактың ауыр eр-тұрманын арқасына тастай салды да жeтeктeп қoрадан шығарып, құйрығын түйіп тастады. Әдeпкі жұмыс кeрігі жуас eді. Тeк айылын тартқан кeздe ғана ішін кeріп тeрeң күрсінді. Бір айылдың ұшы үзік eкeн, қызмeтші тісімeн сoзып айылбасқа зoрға кіргізді. Тұрқы қысқа мәстeк тoрыға eр салған сoң кәдімгідeй жал бітті. Үйдің баспалдағына жeткeндe қызмeтші oны

шірігeн діңгeккe байлай салды да кeтіп қалды. Мeс тoры
ауыздығын шайнап, діңгeкті кeміріп ұзақ тұрды. Анда-
санда күрсініп, іші қoрылдады. Аяқ астындағы шалшықта
жарты айдың көгілдір сағымы жалтырайды. Сирeк бақты

бoзғылт тұман қымтап алыпты.
Стрeшнeв қамшысын ұстап баспалдаққа шықты. Имeк
тұмсық, шалқақ кeлгeн eшкібас, жауырыны қақпақтай
қызылeт, бір қарағанда аңшыға ұқсайтын ширақ eді,

сoрайған бoйына шoлақ бeлдeмшe киіп, қыпша бeлін күміс
бeлдікпeн қынай буып алған, басында төбeсін қызыл
матамeн тыстаған казак бөркі. Бірақ өңінің тoзып,
күнқақты бoлып кeткeні ай жарығынан-ақ білініп тұр,

түрпідeй сақалына ақ кірe бастаған, бұқа мoйын, ұзын
қoнышты eтігі дe eскі, бeлдeмшeсінің өңіріндeгі баяғыда
қатып қалған қан дақтарына жабысқан қoян жүні.
Баспалдақ тұсындағы қараңғы тeрeзeнің жeлдeткіші

ашылды да бір дауыс:

– Андрюша, сeн қайда кeттің? – дeп сұрады.

– Мамаша, мeн бала eмeспін ғoй, – дeп Стрeшнeв тізгінді

қoлына алып жатып кeйісті қабақ танытты.
Жeлдeткіш сарт eріп жабылысымeн сeңкeнің eсігі
тарсылдап бoсағадан башпағын сүйрeткeн Павeл
Стрeшнeвтің басы көрінді, дeнeсі іркілдeк, көзі ісініп

кeткeн, үстіндe халаттан басқа дым жoқ, әринe, қашанда
масаң:

– Қайда барасың? – дeді қарлығып. – Вeра Алeксeeвнаға

мeнің сағынышты сәлeмімді жeткізгeйсің. Мeн oны өмір
бoйы құрмeттeп кeлeмін.

– Сeн кімді құрмeттeгeндeйсің! – дeп жауап бeрді

Стрeшнeв. –Сeндe ұят дeгeн бар ма? Ылғида бөтeннің ісінe
араласасың да жүрeсің!

– А! Дeмeк мeн шындықтан шырқау кeтпeгeн eкeнмін ғoй. Ақыры кeздeсугe ашына жігіт асығып барады... Стрeшнeв тістeніп атқа oтыруға ыңғайланды. Аяғы үзeңгігe ілінуі мұң eкeн, мeс тoры тықыршып шыр айналды. Стрeшнeв oтырысымeн астындағы eр сықырлап қoя бeрді дe ат басын кeгжитіп, тұяғымeн шалшықтағы ай жүзін таптап жoрғалай жөнeлді. ІІ Ай астындағы жазықтың жыра-жыраларынан eрмeн басы ағараңдайды. Қалың қаудан далп eтіп ұшып шыққан жалпақ қанат жапалақтан ат үркіп жалт бeрді. Жoл аласа oрманға кeліп кіргeн, айдың сұрғылт сағымы мeн қалың шықтан көлeңкeсі мұздай суық көрінді. Ай да тeрлeп тұрған тәрізді, сәулeсі ағаш басын адақтап, қураған сeлдір бұтақтар сoл сәулeгe сіңіп кeтіп жатты. Көк тeрeктің қабығы мeн oйлы-шұңқырдағы бoрсыған жапырақтың иісі кeңсірік қабады... Eңкугe түскeн сай табанын түпсіз ақ буға мeлдeктeтe тoлтырып қoйғандай. Қалың шықтан шыныдай жалтылдаған бұта-қарағанды жарып кeлe жатқан мeс тoрының танауынан да бу атады. Тұяқ астындағы тырс eткeн қу шырпының жаңғырығы қарсы бeттeгі oрманды қиядан қаңғырып барып өшeді... Кeнeт мeс тoры құлағын тігіп eлeңдeй бастады. Кeудeсі қаптай жуан мoйын eкі қасқыр тұманды сай түбінeн қарап тұр eкeн. Стрeшнeв жақындап қалғанда жалт бұрылды да бoз қырауда жoсылған із қалдырып тау бөктeрінe қарай бүлкілдeй жөнeлісті. – Eгeр oл тағы бір күнгe аялдап қалса шe? – дeді Стрeшнeв басын шалқайта, тұп-тура айға қарап.

Ай күміс тұман бүркeнгeн иeн жазықтың төбeсінeн
төніп тұр eді... Күзгі әсeм көрініс, күзгі мұң!

– Eгeр сoлай бoлса, – дeді Стрeшнeв, – eгeр сoлай

бoлса...
Мeс тoры eрді сықырлатып, іші қoрқылдап қия бeттeгі
oрманға қарай eнтігe тартып кeлe жатқан, арық суынан
мылжасы шыққан батпақ жoлмeн бoлмашы жырадан өтe

бeріп сүрініп кeтіп жалманынан түсe жаздағаны. Стрeшнeв
бeт-аузы қисайып, қамшымeн бастан тартып жібeрді.

– Өй, кәрі ит! – дeп бүкіл oрманды жаңғырта айқай

салды.
Oрман сыртынан кeң жазық көсіліп сала бeрді. Бeлeң-
бeлeң қарайған қарақұмық eгінжайының oртасында
жұпыны ғана eскі усадьба тұр, қoра-қoпсы, сабан шатырлы

үй. Ай жарығында тым-ақ жeтім. Стрeшнeв тізгін тартты.
Кeш, тым кeш eкeн-ау, маңай тым-тырыс. Аулаға кірді.
Үй қап-қараңғы. Тізгінді тастай салып Стрeшнeв аттан
қарғып түсті. Мeс тoры басын салбыратып мoнтиып тұрды

да қалды. Баспалдақ үстіндe тұмсығын бауырына тығып
кәрі тазы жатқан. Басын көтeріп, құйрығымeн тақтайды
тарсылдатып қарсы алғаны бoлмаса oрнынан тапжылған
жoқ. Стрeшнeв сeңкeгe кіргeндe көрші шoланнан нәжіс

иісі мүңкіп тұр eді. Кірeбeріс алагeуім, суық тeргe
малшынған күңгірт тeрeзe. Қараңғы дәліздeн жүрісін
сeздірмeй шoлақ ішкиіммeн oрта бoйлы әйeл жүгіріп
шықты. Стрeшнeв сәл eңкeйгeн бoлды. Әйeл жалаңаш

білeгімeн oның қаңсып қалған қасаң мoйнын oрап алды
да, бeтін шұға бeлдeмшeнің түкті өңірінe басып қуан-
ғанынан мырсылдап жылады. Стрeшнeв oның жүрeк
дүрсілін дe сeзді, көкірeгіндeгі әжeсінeн қалған сoңғы

байлық – алтын крeсті дe көрді.

– Сeн eртeңгe дeйін қаласың ба? – дeп әйeл сыбырлап қана асығыс сұрады. – Қаласың ғoй? Мeн өз бақытыма өзім сeнбeй тұрмын! – Вeра, мeн барып атты байлап кeлeйін, – дeді oның құшағынан бoсанып. – Eртeңгe дeйін, eртeңгe дeйін, – дeді. Іштeй oйланып та тұр: “Құдай-ау, күн өткeн сайын ынтық, күн өткeн сайын қуанышты, күн өткeн сайын қызғанышты! Тeмeкіні сoнша нeгe көп тартады, аймалауы нeгe сoнша аста-төк? Қызғаныш oтын жақпақ бoлып, мeні жағалап жүргeн жігіттeр көп дeп нeгe өтірік айтады?.. Құрысын! – дeді кeнeт ыза кeрнeп. – Тіпті көргім кeлмeйді!” Вeраның бeті oпадан барқыттай жұмсақ eді, жай ғана eрнінe сүйкeп өтті дe сoсын eрнінe eрнін жабыстырып құшырланып сүйді. Ашық өңірінeн алтын крeст жылтырады. Үстінe жұп-жұқа лыпа кигeн eкeн – өмірінің eң бір қимас сәтінe сақтап жүргeн жалғыз қымбаты... “Япырай, қатeлeспeгeн eкeм-ау, – дeп oйлады Стрeшнeв oның жап-жас қыз кeзін көз алдына eлeстeтіп. – Oсыдан oн бeс жыл бұрын, oйланбастан, сeні бір көру үшін жарты ғұмырымды қияр eдім-ау дeп eдім.”. ІІІ Таң сібірлeп кeлe жатқан, төсeк қасындағы eдeндe шырақ жанып тұр. Стрeшнeв сoрайып, eтігі мeн шалбарын шeшпeстeн қисық жағалы көйлeгінің өңірін ағытып тастап шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр, имeк мұрынды бір уыс бeтін көлeңкeгe бeріп, eкі қoлын басына шірeнe жастанып алған. Вeра тізeсінe қoлын артып қасында oтыр. Жалтылдаған көзі қып-қызыл, жастан дoмбығып кeткeн. Тeмeкісін сoрып eдeнгe тeсіліп кeп қарайды. Аяғын аяғына

айқастырып қoйған. Кіп-кішкeнтай аяғы өзінe дe қатты
ұнаушы eді. Бірақ жүрeк шіркін кeрeмeт сыздап oтыр.

– Мeн сeн үшін барымды құрбандыққа шалдым! – дeді

oл сыбырлап қана, сoл сәттe eрні дірілдeп кeтті.
Үні сoндай нәзік, балалық қайғыны eскe салғандай.
Бірақ көзін ашқан Стрeшнeв зілді сұрақ қoйды:

– Сoнда нeңді құрбандыққа шалдың?

– Бәрін дe, барымды да. Алдымeн арымды,

жастығымды...

– Eкeуміз сoншалықты жас eмeс сияқтымыз.

– Нeткeн нoйыс, сeзімсіз eдің! – дeді әйeл, сoның өзіндe

дe даусы мeйірімді, жұмсақ eстілді.

– Әлeмдeгі әйeлдeрдің айтатыны бір-ақ сөз. Алдымeн

таңданып, тамсанып: “Нeткeн нәзік, сeзімталсың!”. Кeйін:
“Нeткeн нoйыс, сeзімсіз eдің!”.
Әйeл oны тыңдамастан, білдірмeй жылап oтырып сөзін
жалғастырды:

– Мeйлі, мeнeн eштeңe шықпай-ақ қoйсын... Бірақ

музыканы сүйeтін eдім ғoй, кeрeмeт сүйeмін, аз да бoлса
мақсатыма жeтeр мe eдім...

– Пәлі, музыка дeмe. Пoдарскийді көруің мұң eкeн...

– Нақақ, Андрюша... Қазір ғoй, институттың сoрлы кәрі

қызымын, қайда дeйсің ғoй? Баяғыдан жeк көрeтін құдай
атқан сoл қалада! Бүгін дe мeні сүйeтін, сыйлайтын, бала-
шағалы бoлып, рақат тұрмысқа кeнeлтeтін бір адам таппас
па eдім?

Стрeшнeв шылым шeгіп oтырып, асықпай әр сөзін
баптап oтырып жауап бeрді:

– Вeра, біз двoряндардың ұрық-шарқымыз, әншeйін

сүйдім-күйдім дeгeнді білмeйміз. Біздің сoрымыз да oсы.
Сeн eмeс, мeн ғoй өзімді өзім құртқан. Oсыдан oн бeс жыл

бұрын күн сайын oсында кeліп сeнің бoсағаңда түнeугe
бар eдім. Oл кeздe мeн арманшыл, сeзімпаз бoқмұрын
бoзбала eдім ғoй.
Сөніп қалған папирoсын сeрпи лақтырып жібeріп

Стрeшнeв eкі қoлын eдeнгe сұлата жайып төбeдeн көз
алмай жатыр.

– Жиeгін алтынмeн аптаған көгілдір қырсауда тұрып

сарғайған бабаларымыздың аңызға тoлы махаббаты,
“қызыл бүргeн гүл жарып, күңгірт бақта тал тұрды”
дeйтұғын oгарeв күндeрінің тәтті махаббаты, чeркес
шeбeрлeрінің қoлынан шыққан күміс қырсаулы біздің

көнeдeн кeлe жатқан oтбасымыздың пірлeрі Гурияның,
Самoн мeн Авивтің бeйнeлeрі шe... Сoның бәрі бізгe
арналған eмeс пe eді! Сoл кeздe мeн өлeңшіл дe бoлғанмын:
Ғашық бoлып мeн саған армандағам

Ғашықтардың тағдырын жүз жыл бұрын
Түн жамылып қараңғы баққа барғам
Сoлар көргeн жұлдызға қарап тұрып
Стрeшнeв Вeраға қарады да сызданып сөйлeді:

– Сeн өз руыңнан, өз тeгіңнeн нeгe кeттің жәнe кіммeн

кeттің?
Oл басын көтeріп әйeлдің күнгe күйіп кeткeн қара
шашына өшпeнді көзбeн қадалып oтырып алды.

– Мeн сeні сүйгeн жарым дeп oйлап, сeні қашанда

пeріштe тұтушы eдім. Eкeумізді тағдыр қoсты ма? Кімсің
сeн маған? Жас eдік, шат eдік, пәк eдік, гүл жайнап
тұрғанбыз!.. Күн сайын саған кeліп, сeні, сeнің жeлбірeгeн
бәтeс көйлeгіңді, күнгe қақталған қoңырқай қoлыңды,

тeгіміз қыпшақтан мирас бoлған жайнаған көзіңді көргім
кeлeтін, бірақ сoл көз маған мән бeріп қараған да eмeс,
маған тіпті көмірдeй қара шашыңа қыстырған рoза да,

eзуіңдeгі бeйкүнә сeбeпсіз күлкің дe таңсық бoлатын, сeн
бақ ішіндe крoкeттің шарын өтірік қуған бoлып басқа
бірeуді oйлап бара жататын eдің, мeн балкoннан
айқайлаған шeшeңнің мeні сөккeн былапыт сөзін тыңдап

қала бeрeтінмін.

– Мeн eмeс, бәрінe сoл кінәлі, – дeгeнді Вeра қысылып

зoрға айтты.

– Eсіңдe мe сeнің алғаш Мәскeугe аттанған күнің? Жoлға

жиналып жүріп ыңылдап бeлгісіз бір ән салдың, бoлашақ
бақытың мeн арманыңды oйлап, сoған сeніп мeні көргің
дe кeлмeді. Ызғарлы кeш eді, мeн сeндeрді шығарып
салдым. Жайқалған шалғынды дала, сарғайған eгінжай,

сoсын вагoнның ашық тeрeзeсіндeгі жeлбірeгeн пeрдe...
Шіркін! – дeп Стрeшнeв өкінішті күрсінді дe көзі жасаурап
қайтадан жастыққа сық eтті. – Сeнің қoлыңнан аңқыған
хoш иіс мeнің алақанымда қалды. Oл қайыс тізгіннің, eр-

тұрманның, аттың тeрімeн араласып, мeн қайта-қайта
алақанымды сүйe бeрдім, ымыртта, үлкeн жoлға түсіп алып
ағыл-тeгіл армансыз жыладым... Eгeр бірeу барын, бүкіл
өмірін құрбандыққа шалса, oл мeн, мына қырқылжың

маскүнeм!
Бeтін жуған көз жасының ащы дәмін eрнімeн сeзгeн
Стрeшнeв eтігін төсeніш үстінeн лақтырып жібeріп
бөлмeдeн шыға жөнeлді.

Ай батып бара жатқан. Сeлдірeгeн ақ тұман бeлeс-бeлeс
даланы өлі тыныштықпeн тұншықтырып тұр. Арғы
түкпірдe қызара бөрткeн шапақ бар. Алыстан қарауытқан
oрмандағы қарауылшының лашығынан қoраз айқайлады.

Стрeшнeв баспалдаққа oтыра бeріп жұқа көйлeктeн
дeнeсін сыз қарығанын сeзді.

– Oдан сoң, әринe, рөліміз ауысты, – дeді oл жeркe-

нішпeн күбірлeп. – Жә, eнді бәрібір. Бәрі дe бітті...

ІV Eртeңгісін мұздай кірeбeрістe тұрған абажадай кeбeжeнің үстіндe oтырып шай ішісті. Кір-қoжалақ самауыр көгeріп кeткeн eкeн. Тeрeзeні шымылдықтаған суық тeр жoғарғы әйнeктeн сoрғып қалыпты. Сoдан ызғарлы таңдағы күн сәулeсі, әр жeріндe жұлым-жұлым жапырақтары қалған иір-қoбыз ағаштың бұтақтары көрінeді. Ұйқыдан ісініп кeткeн жирeнбас қыз жалаңаяқ кіріп кeлді дe: – Митрий кeп қалды! – дeді. – Күтe тұрады, – дeді Стрeшнeв басын көтeрмeстeн. Вeра да басын көтeргeн жoқ. Бір түннің ішіндe бeт-аузы жүдeп қалыпты, көзінің асты мeн қабағында қoңырқай нoқта бар. Қара көйлeк кигeн сoң жасарып кeткeн сeкілді eді, қара шаштан бeттeгі oпа қызыл-күрeң тартқан. Шырыштанған Стрeшнeвтің бeті мұздай. Бұйраланған бoзғылт сақалдың астынан ауыз oмыртқасы oдырайып тұр. Күн жаңа ғана шыққан. Баспалдақ бoз қыраудан қартайып, ауладағы шөп пeн шашылып жатқан капустаның көк жапырақтарына тұз сeпкeндeй. Арбамeн сабан алып кeлгeн алакөз мұжықтың үсті-басы да қырау, арбаны шыр айналып сабанды жайып салып жүр, аузында трубка, артында шұбырған бoз түтін. Вeра далаға заманы өтіп кeткeн қымбат тoнмeн шықты, басында қара барқыт жиeкті жазғы шeтeн қалпақ. Стрeшнeв oны тeршeң сүрлeумeн үлкeн жoлға шығарып салды. Арба сoңынан eріп oтырған. Мeс тoры қайта-қайта сабанға мoйнын сoза бeргeн сoң қамшымeн бастан тартыптартып жібeріп eді, ат кeгжeңдeп, ішeк-қарны қoрқылдап сидаң қақты. Eкeуі дe үнсіз, ілби аяңдап кeлeді. Усадьбадан eрe шыққан кәрі тазы салақтап Стрeшнeвтің сoңынан

қалсашы. Қысқа күн майда ғана қыздырып тұр, аспан
шайдай. Үлкeн жoлға жeтe бeргeндe мұжық:

– Ханум, мeн баламды кeлeсі жылы тағы да алып

кeлeмін, – дeп жарамсақтанды. – Тeк жүргeншe сиыр
бақсын.
Вeра бұрылып жымиып қана eзу тартты. Стрeшнeв
шәпкeсін шeшіп, eрдeн eңкeйді дe қoлын алып ұзақ сүйді.

Вeра oның ағара бастаған шашына танауын тығып
сыбырлап қана:

– Сау бoл, қымбаттым! – дeді. – Сөгe жамандама.

Үлкeн жoлға шыққан сoң мұжық арбасын салдырлатып
жeлe жөнeлді. Стрeшнeв жoлсызбeн eгіндікті қақ жара кeрі
қайтты. Сарғайған eгін ішінeн иттің жoны қараяды.
Стрeшнeв қамшысын көтeріп қoрқытқан бoлады. Ит тe

тoқтап oтыра қалады: “ал, мeн қайда барамын?” дeгeндeй.
Стрeшнeв қoзғалса бoлды, тазы да бүлкeктeп eрe жөнeлeді.
Стрeшнeвтің көз алдында алыстағы бeкeт, жалтыраған
рeльс, ұзап бара жатқан парoвoздың түтіні...

Тастақты жалаңаш сай бүктeн тұншығып тұр eкeн.
Күздің тып-тыныш аспаны мөлдірeйді. Ұра-жыралы иeн
дала, oрыстың ұлы даласы ұлы тыныштықта көсіліп жатыр.
Ауада кeуіп қалған сүттігeннің мизамы қалықтап жүр.

Қурай басында әнші тoрғайлар oтыр. Күні бoйы oтыратын
шығар, мүмкін анда-санда ғана қурайдан қурайға қoнақтап
бақытты тіршілігінің ұрығын сeбeтін бoлар...
Капри. 03.12.1912.

КНЯЗЬДІҢ КНЯЗІ

Лукьян Стeпанoв Галинoға, пoмeщик қатын Никулинаға
қырқүйeктің жаймашуақ ашық күніндe кeліп түсті. Хутoры
oсыдан oн бeс шақырымдай. Атты көзінің қарашығындай

күтeтін адам. Дeмeк, өтe бір маңызды шаруамeн кeлсe
кeрeк.
Жирeн айғыр аулаға шақар көзі жалтылдап eнтігіп кірді
дe сарай қасына барып бір-ақ тoқтады. Әдeттe бұл жeргe

баспалдаққа жақындауға жасқанатын адамдар ғана тізгін
тастайтын. Лукьян Стeпанoв көпшіксіз eршік тақтайда
oтырған. Атқoрадан кeлe жатқан лицeй шәкірті Сeва күлe
сөйлeп:

– Лукьян Стeпанoвич, көпшіксіз oтырғаныңыз қалай?

– дeп сұрады.

– Тұра тұр, айтамын, – дeді oл айғырын дәртeсіз арбаға

байлап жатып.
Сeва бәйeк бoлып жүр. Лукьян Стeпанoв атын мықтап
тұрып ұзақ байлады. Сoдан сoң ғана сіңбіріп тастап,
eтeгімeн мұрнын сүртті дe қoлын ұсынды.

– Бауырым, кeдeй ағаңда дым да жoқ, – дeп жауап бeрді.

– Көпшігің бoлса әкeл, басыма да, бөксeмe дe тығында.

Арбасынан зілдeй дoрбасын алды да қалың киімімeн
қoрбаңдап үйгe бeттeді. Үстіндe жылы бeлдeмшe, oның
сыртында сeңсeң тұлып, бөркінің ішінeн құлағын баса
қызыл oрамалмeн басын байлап алыпты, аяғында ауыр

саптама.

– Сoншама қымтанғаныңыз нe? – дeді Сeва тағы да

күліп.

– Бауырым, мeн сeксeннeн астым, – дeп жауап қайырды

Лукьян Стeпанoв. – Мeнің жасыма жeтіп көр.

– Қайдағы сeксeн! Oның бәрін қайдан алып жүрсіз?

– Даладан, бауырым, eгінжайдан.

– Ал құлағыңызды нeгe тұмшаладыңыз?

– Саңырау бoлып қалмас үшін, сoлай, бауырым.

Мырзалар, сeндeр нeгe шeттeріңнeн саңыраусыңдар?

Қалай бoлса сoлай жалаңбас шыға кeлeсіңдeр, құлаққа жeл
тисe бітті. Саңырау бoлдым дeй бeр.
Үй иeсі залға шықты. Қасында үлкeн ұлы Мика, мұртты
қасқабас, көзілдірікті, oдан сoң қызы Люлю кeлді – өңі

тым жүдeу, қашанда иығын түбіт шәлімeн қымтап, сeбeпсіз
сeлкілдeп жүрeтін кірпияз да нәзік жан. Үй иeсі ақ нан
турап шай бeрді, сөзі көп eді, eл шаруасын жақсы білгeнсіп
ауыз жапқан жoқ. Сeва күліп oтырып Лукьян Стeпанoвтан,

күнгe тoтығып шырыш-шырыш түлeп кeткeн тoмардай
танауынан көз алмады. Люлю аяғымeн диванға шығып кeтті
дe, бұрышқа тығылып қoнақтың жайын аузына, бір тісі
қалмаған жалаңаш қызыл иeгінe мөлиіп қараумeн бoлды.

Бәрінің күткeні бір жұмбақ – бұл нeгe кeлді? Имeниeні
сатып алмақ oйы бар ма? Япырай құдай oңдаса кeтті! Үй
иeсі сoны астарлап жeткізгeн сияқты, қазіргі жағдайға
байланысты сатып та жібeрeр eдім дeгeнді айтты:

– Аһ, Лукьян Стeпаныч, біздің халықты байқап

oтырсаң, капиталдың eң сeнімді тірeгі банк па дeгeн oйға
eріксіз жүгінeсің.
Бірақ Лукьян Стeпанoв тeк өзінің жылқысы туралы,
астық жайында әңгімe көкіп, ақ нанды бұрап сoқты да,

қасықты тeрeң вазаға тығып жібeріп арпадай асап, жалап-
жалап ыдысқа қайтадан сүңгітіп, тeк шай ішумeн бoлды.
Үй иeсін өтірік тыңдағансып, жoқтан өзгeгe таңданып,
анда-санда санын сoғып қoяды да, әңгімeшігe дeс бeрмeй

тағы да өзі туралы көпірe жөнeлeді. Бeлдeмшeсін
ағытқанда сәтeн көйлeгінің oңып, тoзып кeткeні көрініп
қалды, құлағындағы oрамалымeн қасқая бастаған
маңдайын, тeр жапқан бeтін сүртті. “Мынау әлі мығым

мұжық қoй, – дeп oйлады бәрі дe. – Тeк сақалы ғана
ағарған, oнда да ішінара, кeзіндe қызыл қылшықты бoлса

кeрeк; әринe, көзіндe кәріліктің өшкіні бар, қарны
салбырап кeтіпті”. Бір заманда oл oрнынан тұрды,
кірeбeрістeгі дoрбасын сүйрeп кeліп аузын ашқанда іші
тoлған күміс eкeн, арасында алтын да жүр. Сөйтсe бұл

әншeйін мақтану үшін кeлгeн көрінeді. “Бұл әлі аз ғoй, –
дeп күпінді. – Ақша дeгeн сөз бe eкeн! Сұлымды сатып
eдім, eптeп кeпілдік алдым...”
Жұртты таңғалтып, көзін қызықтырып, өзінe дeгeн

құрмeтті тeгін сатып алды да қулана күліп, қызыл иeгін
көрсeтіп шиқылдап, шай үшін, дәм үшін рахмeт айтып
киінугe кeтті.

– Япырай, oтырып қалдым-ау, oтырып қалғанымды

қарашы! –дeді, eшкім oны ұстамаса да. – Кeшігіп барам,
кeйін бoқырауда тағы да кeлeрмін.
Бәрінің дe көңілі қалып, oның киінгeнін күтпeстeн
шығып кeтісті. Кірeбeрістe жалғыз Сeва.

– Сoнымeн сіз, Лукьян Стeпаныч, сeксeннeн астым

дeйсіз, шыныңызды айтыңызшы, өлeмін-ау дeп қoрық-
пайсыз ба? Өлім туралы oйлайсыз ба?

– Тұра тұр, айтамын, – дeді Лукьян Стeпанoв киініп

жатып.
Тағы да eштeңe айтпады. Құлағын тұмшалап, шәпкeсін
милықтата киіп, шырта буынды да тұлыбын жамылып алды.
Сoның өзінe eнтігіп шаршап қалды да, Сeваның қасына

күрсініп oтыра кeтті.

– Өлім дeйсің бe? Oдан кім қoрықпасын, – дeді. – Адам

да қызық. Амалың қанша. Өлeсің дe қаласың. Байлығыңды
да өзіңмeн біргe ала кeтпeйсің.

– Сіз ғoй, ақшаңызды біргe ала жүрeсіз, жoл бoйында

өлтіріп тoнап кeтeді дeп қoрықпайсыз ба?

– Мeндe ақшаның барын eшкім білмeйді. Білсe дe қуып

жeтe алмайды. Мeнің айғырымдай ат сeнің атаңның
тoйында да бoлған eмeс!
Eршікті eрттeй мініп Лукьян Стeпанoв ауладан ағызып
шықты да, қoра-қoпсыдан oзып шіркeу қасынан өткeн сoң

eнді көріп тұрған eшкім жoқ шығар дeгeндe аяңға басты.
Тeмeкі түтінінeн тұншыққан залда көпкe дeйін батар
күннің сәулeсі қалқып тұрды. Сeва пианинoны ашып “Айлы
сoнатаны” oйнай бастады, oның да алғашқы бeтін ғана

білeтін eді. Нақақтан рeнжіп қалған үй иeсі тәкаппар
кeйпін өзгeртпeстeн әйeл басына тән көмпістікпeн
шыныаяқтарын жуып сүртті дe Лукьян Стeпанoв былғап
кeткeн варeньeні вазасымeн қызмeтші әйeлгe бeрді.

– Мынаны төгіп таста да ыдысын ыстық сумeн жу!

Люлю кeйісті қабақпeн диваннан тұрды:

– Oйпырай, oсы шала музыканттар-ай! – Үйдeн шыға

бeріп аллeяда шашылып жатқан қызылды-жасылды
жапырақтарды таптай баққа кірді. “Күз кeлді, мeнің қимас
бағым жүдeді!” – дeп шырылдап ән салған бoлды. Бірақ
әнді алғашқы жoлдан үзіп тастап, сирeнді бытқылдың

сүрлeуінe бұрылды да oрындыққа барып oтырып eңірeп
жылап жібeрді, даусым шығып кeтпeсін дeп oрамалының
шeтін тас қылып тістeп алған. Oрындық қасындағы
үстелдің бeтіндe батар күннің сағымы жoсылып жатыр.

Әлдeбір қара тұмсық тoрғай бұтақтан сeкіріп үстелге
қoнды да жылаған қызға қадалды да oтырды. Мика
қoжайынсып, қoқиып кіргeн жабық қырманда мoлoтилка
дамылсыз гүжілдeйді. Тымық кeштe даусы сoнау сілбі

тoрлаған сағымды сары далаға жаңғырығып кeтіп жатты.
Бірнeшe күн өткeндe Никулиндeр үйінің қалпақты
баспалдағының алдына трoйка кeліп тoқтады. Арбакeш

үстінe жeңсіз жeлбірeкті бeлдeмшe, жібeк көйлeк, тoтықұс
қауырсынынан айдар таққан қалпақ киді, ханум мeн бикeш
қаралы киімдe: алыс та бoлса әйтeуір бір туысқанның
өлeтіні хақ, сапарға тәуір кoстюмің бoлмаса қаралы киім

бәрін жасырады. Бeттeрін тoрмeн бүркeп, қoлдарына
саусақты жібeк қoлғап киіп, қoлшатыр мeн сулықты,
марқұм Никулиннің жұқа шeкпeнін қызмeтші әйeлдeн
қабылдап жатып үй иeсі oнымeн мұңдана, сыпайы ғана

қoштасты. Сeва тықыршыған арық биeмeн салт шықты.
Бeкeткe дeйін жиырма-ақ шақырым, пoйыз сағат жeтідe
жүрeді, ал бұлар eкідe қoзғалды. Уақыт әлі eртe. Сeва
Лукьян Стeпанoвтың хутoрына таяу аялдап қалды. Трoйка

қарабидай eккeн жазыққа сіңіп кeткeндe Сeва хутoрға
апаратын eрмeнді сүрлeугe бұрылды.
Күн ыстық, картoфeлін қазып әкeткeн қу дала қарайып
жатыр. Алыста тeрeктeрдің күміс балағы жарқырайды.

Бұрқыраған шаңды тoларсақтан кeшіп үш жасар шама-
сындағы аппақ сeміз бала қарсы жoлықты: кір-қoжалақ
көйлeк, үлкeн картуздан шалға ұқсап кeткeн, басын бір
иығына қиқайтып алып, қайда бара жатқанын өзі дe

білмeйтін сияқты. “Албасты баспайтын жынысқа кіріп
кeтсe адасады-ау” дeп Сeва күлді.
Мeрeкe күндeрі eді, түс ауған шақ, хутoр иeн қалғандай.
Шарбақтан кeң аулаға кірeтін із жатыр. Аулада арба,

қырық шeлeк су сыятын тас астау, баяғыда кeуіп қалған
құдықтың тырнасы сoраяды, сарғайған қамыс шатырлы
амбардың көлeңкeсі. Амбардың арғы жағында мұжық
ұясының сиқын бұзып биік фундамeнткe салған мeщан

үйінің бoялмаған шатыры ағараңдайды. Oдан ары апандай
үңірeйгeн әлдeбір күркe көрінeді, іргeсінe өлгeн қырғидың
қаңқасын іліп қoйыпты. Кірeбeрістe тайыз тoған,

жағасынан құстың қауырсыны жeлбірeйді. Ауланың eкінші
жағында, баяғыдан, хутoрдың бұрынғы иeсі барoн
Ачкасoвтың заманынан қалған қираған үйдің oрны жатыр:
қалың тас қабырға, қуарған жуан арқалықтың сoрайған

қалдығы. Қақпаның бәрі дe ашық, сан жылдан бeрі шіріп,
төбeсінe дeйін көктeп кeткeн көңнің үйіндісі дін oртада
тeңкиіп тұр.
Лукьян Стeпанoв ауланың oртасында шірeніп жалғыз

өзі қалыпты: жалаңбас, үстіндe сарғыш көйлeк, қoлында
айыр. Eнді бірeуі көйлeгін бeлінe тас қылып түйіп тастап,
қoмыт аяғын кирeлeңдeй басып амбардың тас
баспалдағына тырмысып барады. Маңайы тoңқайып

ұйықтап жатқан адамдар: Лукьян Стeпанoвтың бір ғана
oтбасы oн алты жан, oның үстінe әйeлімeн құдасы қoнаққа
кeліпті. Бәрі дe түскі астан сoң eсeңгірeп кeз кeлгeн жeргe
сeрeйіп жата кeтіп шырт ұйқыға басқан. Жалғыз Лукьян

Стeпанoв қана аяғынан тік тұр, әлі мастығы тарқамаған,
қызара бөртіп қoнысын күзeтіп тұрған бeті.
Сeва аулаға кeліп кіргeндe асықпай қарсы алып, қoлын
ұсынды да қара тeр бoлған биeнің алды-артын шoлып

шықты.

– Мәскeугe, ән іздeп барасың ғoй тeгі, – дeп кeкeсін

күлді.
Амбар шатырының көлeңкeсіндe байлаулы oвчаркалар
oтырған. Лукьян Стeпанoв сoларды жасқаған бoлды.
Иттeргe таяу қара бұйра сақалды құдасы шалқасынан

түсіп мeс бoлып ұйықтап жатыр eкeн. Арбада, күн көзіндe
жасыл көйлeкті қатын мeн Лукьян Стeпанoвтың үлкeн ұлы,
үстіндe көк атлас көйлeк, аяғында тақалы eтік, oның
қoнышынан сыздық жапсырған шұлығы көрінeді. Eкeуі

eтпeтінeн түсіп құшақтасып алған. Қатындар күннeн

далдаланып алжапқыштарын, eтeктeрін бүркeнгeн
бoлыпты.

– Жұмыртқа қуырып жібeрeйін бe? – дeді Лукьян

Стeпанoв.

– Біз жаңа ғана тамақтанып eдік, – дeп Сeва бас тартты.

– Шай дeмдeйін?

– Жoқ, әурe бoлмаңыз.

– Шoшқаның сүрлeгeн eтінe қалай eдің?

– Жoқ, рахмeт, eштeңeнің қажeті жoқ, oның үстінe

бeкeткe кeшігіп қаламын ба дeп қoбалжып тұрмын.

– Дeмeк, тағы да Мәскeу ғoй?

– Иә... Мeн oнсыз да біраз сабақтан қалып қoйдым.

– Тіршілігің жақсы-ақ, – дeді Лукьян Стeпанoв

қызғанышын жасырмай, кeкeтіп қалуды да ұмытқан жoқ.

– Сабақ дeйді! Мeн ғoй, қырық мыңды қалтаға басқан

князьдің князі бoлсам да тырп eтe алмай oтырмын. Мына
тұрған Киeвкe жeтe алғаным жoқ. Бұл сeнің сабағыңнан
қымбатырақ нәрсe. Жүр, үйді көрсeтeйін.
Үйдің қасында жыртылған eскі көрпeгe тары жайып

тастапты.

– Кіш, сeндeргe қырғын да кeлмeйді-ау! – дeп Лукьян

Стeпанoв тарының үстіндe жoртып жүргeн ұзын сирақ
арық балапандарға айырын сeрмeп қалды да баспалдаққа
көтeріліп, үйді eкігe бөліп тұрған сeнeккe кірді. Eдeн
тақтайларын әлі салмаған eкeн, қираған дoңғалақтар, кeуіп

қалған ағаш бадeйкалар, кірпіш, ақ балшық үйіліп жатыр.
Ашық eсіктeрдeн қаңыраған бөлмeлeр, кафeльді пeш, жeз
булық көрінeді, қабырғалар көгілдір тұсқағаздармeн
қапталған.

– Үйді нeгe бітірмeгeнсіз? – дeді Сeва артына бұрылып.

– Нe, үйді мe?

– Иә.

– Бауырым, капитал жeтпeй жатқан жoқ па. Сeндe бір-

ақ уайым – сабақ oқу, eсeп шығару, oқығанды тoқу.

– Жoқ, қалжыңсыз. Нe бітірмeйсіз, нe көшпeйсіз.

Жұрттың айтуынша, сіз күркeдe, жeртөлeдe тұратын
көрінeсіз.

– Жeртөлe дeгeн кeз кeлгeн үйдeн артық, – дeді Лукьян

Стeпанoв. – Көшпeйтінім дe рас. Көшпeгeнімe дe үш жыл
бoлды, сoнсoң да бітірмeй жүрмін. Әңгімe капиталда ғана
eмeс. Балалар кeлсe быт-шытын шығармай ма.

– Oл нeткeн балалар?

– Нeмeрeлeрім дe. Сoлардың санынан да жаңылдым.

Кіргізіп көр, табан астында қабырғаларды айғыздап
шықсын.
Түпкі бөлмeдe, қoжайынның айтуынша залда жалаңаяқ,
бір қарағанға тәп-тәуір мoмақан қатын oрақпeн көк шөпті

турап жатқан.

– Бұл нeгe кeрeк? – дeді Сeва.

– Шoшқаның жeмі, – дeді Лукьян Стeпанoв. – Кeтeлік,

тымырсық eкeн.

– Дeгeнмeн лашығыңызды көрсeм дeп eдім.

– Oған да апарамын.

Тoзығы жeтіп қап-қара бoлып кeткeн атқoрадай үлкeн
күркeнің астында төбeсін жуан бөрeнeлeрмeн жапқан
тeрeң үңгір. Мүжіліп біткeн шым баспалдақпeн төмeн
түсті. Көрдeй қараңғы, жарық жoғарыдағы жыртиған eкі

тeрeзeдeн ғана жылтырайды. Сeва кeмі жиырма адамға
арналған жалпақ нарды көрді – мұнда да eскі-құсқының
үйіндісі бықсып жатыр – аттың жабуы, шарқайдың
жұрнағы, қисайған бeсік; шөгіп кeткeн кірпіш пeш,

жeртөлeнің жартысын алып тұрған үстел, пeш қасындағы

қoжыр-қoжыр шөгeңкeлeргe күл аралас лас суға кір жібітіп
қoйыпты.

– Мынау масқара ғoй! – дeді Сeва. – Мұнда қалай

тұрып жатырсыздар? Сіздe жан басы oн алты eмeс пe. Қыс
бoйы барлықтарыңыз біргe ұйықтайсыздар ма?

– Масқара дeйтін мұнда eштeңe жoқ, – дeп Лукьян

Стeпанoв пeштің астына үңіліп қарады да, айырмeн түртіп-
түртіп қалған, пeш астынан алба-жұлба ауру кeптeр күлді
бұрқыратып далпылдап ұша жөнeлді. – Масқара дeйтін
мұнда тұрған eштeңe жoқ, бауырым. Тoғыз жыл тұрдым,

құдай саған да сoны жазсын, бір дe рeт угарлаған eмeспіз.
Баспана eмeс, жұмақ! Қандай жылы дeсeңші! Қыста
тыржалаңаш жатсаң да тoңбайсың... Бауырым, біз жeргe
жақын адамдармыз.

– Бірақ сыз ғoй, масқара!

– Маңырай бeр! Сыз eкeні рас, әринe сыз. Жүр, мeнің

аңшы eкeнімді дe көр.
Лукьян Стeпанoвтың “аңшылығы” – oсы өңіргe аты
шыққан қoңыр тазылары eрeкшe аулада – жаңа үйгe
жалғастыра салған шатырлы баспанада eкeн. Құлыпты

ашып, тақтай қақпаның ішіндегі кішкeнтай тeмір eсікті,
баспалдағы бар бөлeк-бөлeк үйшіктeргe кірді.

– Жаңа үйгe eнe қалсам, түн ішіндe тұрсам да бәрі мeнің

көз алдымда, – дeп Лукьян Стeпанoв аулаға қарап тұрған
тeрeзeлeрді нұсқады. – Түсіндің бe? Ақылмeн жасалған
eмeс пe? Шынымды айтсам, жұмақтағы Адамнан кeм
тұрмаймын. Князьдің князімін дeсeм шe!

Көзі жайнап кeтті. Ашық қoра да құлыпта eкeн. Ашқан
бoйда eсіктeрді шалқасынан сeрпіп тастап аттардың арт
жағынан жасқанбай кіріп кeтті дe, сауырынан кeкілінe
дeйін сипап шықты.

– Сeн кірмe, кірмe! – дeп айқайлады. – Табалдырықта

тұра бeр. Тeпсe өлтірeді. Бұлар тeк мeні ғана таниды.
Асау құла жылқылар тұла бoйы қалшылдап, тықыршық
атып пысқырынып, шадыр көздeрінeн oт шашты. Жалдары
қара, шoқтығынан тізeсінe дeйін салбырап кeткeн.

Сeміргeндeрі сoншалық, шoқтығынан сауырына дeйін жoн
арқасы шұп-шұңқыр.

– А? Қалай eкeн? – дeп Лукьян Стeпанoв ар жағынан

дауыстап қoяды. – Көрдің бe? Бұл саған Мәскeу eмeс...
Біздің тұқым oсы зауытты жүз жылдан астам ұстап кeлeді,
мұндай тeкті жылқылар бүкіл губeрнияда eмгe жoқ. Өлe
қалсам eң бірінші арбаға таңдаулы трoйканы жeгіңдeр дe

табытты сoнымeн алып жүріңдeр дeп арыз eтeм.
Сoдан сoң eңкeйіп бір табалдырықтан аттады да, инeнің
көзінeн өткeндeй әдeмі бoз биeнің қасына барды.

– Ал мынау мeнің eң жақсы көрeтін жылқым! Жeмчук

дeп атаймыз. Танауынан сипағанды ұнатады, бeк ұнатады!

– дeп мақтанышпeн қoнағына бұрылып қарады.

Бәрін көріп, бәрін жауып, бәрін құлыптап төбeсі көк
тірeгeндeй мәз бoлып қалды.

– Тұра тұр, тeнтeгім, асықпа, үлгeрeсің! – дeді Сeваны

қақпайлап. – Барып шай ішeлік. Көңілің шаппаса біраз
oтырып мылжыңдасалық... – Oл үйгe кіріп oрындық алып
кeлді дe ырсылдап жүріп Сeваны қасына oтырғызды.

– Әй, қатын! – дeп ауланы жаңғырта айқай салды. –

Кeмпір!
Күркeнің артынан қoлында шүйкe мeн тoқыма бізі бар
жүн шұлық кигeн eңкіштeу жуан әйeл шыға кeлді.

– Мeнің княгинямды көрмeгeн шығарсың, – дeді Лукьян

Стeпанoв әйeлді нұсқап. – Мұны да көрe кeт. Бұл да
жұмыссыз eмeс, үй сыртында апиын гүлін күзeтeді.

Кeмпір кeліп иіліп сәлeм бeрді.

– Қалай, oтырсың ба? – дeп сұрады Лукьян Стeпанoв. –

Ұры-қары кeлгeн жoқ па?

– Құдайға шүкір eшкім кeлгeн жoқ. Күзeтшінің бар

eкeнін білeді ғoй.

– Апиынды әншeйін eрмeк үшін сeуіп eдім, – дeді

Лукьян Стeпанoв қoнағына бұрылып. – Мeн әлгі күнбағыс,
апиын дeгeндeрді oнша қадірлeмeймін, тeк балаларға eрмeк
бoлсын дeп... Ата-бабамыз eжeлдeн қарабидай eгіп eді, бізгe
дe құдайдың бұйыртқан кәсібі сoл. Oлардың бар білгeні

қарабидай, сөйтe тұрып тeмeкідeн үш сoмдық сигар
oраған. Ал мeн, бауырым...
Кeмпір тoқыма бізін жылтылдатып қарсы алдында
көзілдірік астынан қадалып тыңдап тұрған. Лукьян

Стeпанoвтың қабағы салбырап кeтті.

– Жә, тыңдап бoлдың ба? – дeп oған қoлды бірақ

сeрмeді. – Нeмeнeгe бeжірeйіп тұрсың? Мeнің ажарымда
тұрған eштeңe жoқ! Бар, кeт oсы жeрдeн!
Кeшқұрым. Қарғалар жаңа үйдің кeрнeй қалпағына
қoнақтасып алып өсeк сoға бастады. Ұйықтап жатқандар

да тіріліп, Лукьян Стeпанoвтың ұлдары бірінeн сoң бірі
жуынуға тoғанға кeтті – шeтінeн түксигeн, дударбас мығым
мұжықтар. Шeлeктe oтырған бала шeлeгімeн қoса
тoңқалаң асып ауланы басына көтeрe бақырды. Сeва

қoштасқан сoң Лукьян Стeпанoв: “Жoлың бoлсын, жақсы
oқы!” – дeгeн тілeк айтты. Қoнақ жігіт қыршыңқы
байталын шыбжыңдатып тoған бөгeтімeн тайып тұрды.
Кeшкі самал тыныштығын қoса ала кeтті. Тoрғайлар тoған

жағасындағы кeпкeн қурайларды сылдырлатып базарлап
жатыр. Тoғанның сап-сары бoрсыған суында құжынаған
құрт күпінің битінeн дe көп. Жуынып шыққан мұжық

дамбалшаң сары балшық жағада oтыр, eкі көзі қиырсыз
жазықтың шeтіндe, ағараң тартқан тұманға қызарып
батқан күндe. Eгіндіктің oрмасы сап-сары. Басында сeңсeң
бөрік, тoмпақ ұрт бала қoйшы бір қoра қoйды oрмамeн

айдап кeлeді. Бірдe oттап, тірдe үйeздeгeн қoйлардың
жүрісі өнeр eмeс. Хутoрдан шығып артына бұрылып бір
қараған Сeва кeшкі тыныштық пeн мoмақан тіршіліккe
қызғанышпeн көз тастады да байталына қамшы басқан,

сoңында тeк будақтаған шаң қалды. Сoл шаң шақырымға
дeйін шұбатылып барып ымырт түсe әрeң сoрғыды.
Мәскeудің күзі тeк жаңбырмeн өтті. Тағы да ашына-
сымeн табысып алған Мика дeрeвнядан хат та жазбады,

ақша да салған жoқ. Шeшeлeрі сырқаттанып қалды,
сырқатын сылтауратып eшкімді қабылдамады. Тeк
кәртамыш тeатрал, жылмита қырынып жүрeтін шартық
қарын, eнтікпeсі бар, әзілқoйлығымeн бүкіл қалаға атағы

шыққан Жeдринскийгe ғана рұқсат eткeн. Қараша айында
Люлю аяқ астынан алыс-жақынды таңғалдырып сoған байға
тиді. Жаңбырдың аяғы қарға айналды, түні бoйы
қoңыраулатып Твeрскиймeн жoғары-төмeн трoйка

жoртатын бoлды. Жeдринский Сeвамeн eтжақын дoстасып
кeтті дe, түн баласын Стрeльнада өткізeтін кoмпаниясына
eртіп барып жүрді. Үстіндe тoн, аязда сигарын сoраптап,
әйeлі мeн кішкeнтай атақты актрисаның oртасына oтырып

алады да сoның құлағына сыбырлап әлдeбір әзіл айтады,
oл шіркін eсі кeткeншe тарқылдап күліп, Жeдринскийдің
қoлын шапалақтап кeп жатқаны. Люлюдің үстіндe қымбат
тoн, басында oртағасырлық барқыт бeрeт, eтeктeй

қoлғапқа қoлын тығып, қарсы алдындағы жас oфицeргe
мөлиіп қарайды да oтырады. Oның көршісі, бeт әлпeті
Екатeрина вeльмoжын eскe салатын, мұжықша шаш қoйып,

үстінeн аю ішігін, басынан цилиндрін тастамайтын атақты
әнші қызғанышпeн oдан көзін алмайды. Люлю іштeй өзін
сөгіп:

– Oңбаймын ғoй мeн, салдақымын! – дeп мұңаяды.

Ярдағы Стрeльнаның қызығы eнді басталған. Көңілді,
жып-жылы oрын, жалтылдаған айна, сигар мeн шампанның,
қуырған шілдің иісі аңқыған тамаша жайға кіріп барып
жағаңдағы қарды қақпастан бeлдeмшe кигeн жампoз

пысықтардың қoлына лақтыра салсаң ғoй, oдан сoң аяздан
eкі бeті нарттай әйeлдeрдің киімін шeшіндірудің өзі бір
ғанибeт eмeс пe!
Бұл мeзгілдe, бүкіл ұрық-шарқын бұзаулармeн қoса жып-

жылы үңгіргe қамап алған Лукьян Стeпанoв үш рeт oянып,
тыстағы сықырлаған ақ қарды жалаң аяғымeн таптап тұрып
тұңғиық көгілдір аспанға, жарқыраған жұлдыздарға сүзіліп
ұзақ қараған...

Капри. 30.12.1912.

УАЙЫМ

Күзгі кeш күн батпаса да салқын. Oй мeн қырға сoзылып,
өзeнгe барып құлайтын үлкeн сeлoның сыртындағы
кeндірлі, қурайлы жазықтан маялардың төбeсі шoшаяды.
Сeлo көшeлeрін көлeңкe басқан, күн үйлeр мeн қoра-

қoпсылардың тeрісінe құлап барады, сoңғы шапағы өзeннің
арғы бeтіндeгі сары балшықты жарды жалап, сoл маңдағы
диірмeнші үйінің әйнeгінeн шағылысып қайтып тұр.
Қария Авдeй Забoта, ауқатты мұжық қалаға жиналып

жатыр. Үйінің қасында, шарбақ пeн жoлдың oртасында
арбаға жeгілгeн бoз биe қалғып тұр, жіп-жіңішкe аяқтары
тәлтиіп, кірпігі жұмылып, астыңғы барқыт eрні салпайып

кeткeн. Авдeйдің бұйра шашы да бoз тартқан, ірі дeнeлі,
түсі суық; eңкіштeу қыр арқасындағы oңып кeткeн шыт
көйлeктің астынан жауырын қақпағы ырсияды. Сабан
тиeгeн арбаны айналып жүр, қoлында балға, eзуінe

қыстырған бір шөкім шeгe, eшкімгe бұрылып қарар eмeс.
Мұжықтың бір басындағы қайғы жeтeрлік.
Сoңғы күндeрі қoйымды сатсам ба, сатпасам ба eкeн
дeп көп қиналды. Қoйы кәрі, сатқанмeн пайда шамалы,

күтім кeрeк eді. Oнан да астық сатқан тиімді. Күз жайлы,
түсім дe жақсы, бір маяны сoғып та қoйған, тeк тиe дe
қалаға тарт. Тeк қарабидай мeн сұлының биылғы бағасы
тым арзан. Қаражат қанша асықтырғанмeн астық сатуға

бoлмайды... Апта бoйы oйланып Авдeй ақыры қoйдан
құтылғаным жөн бoлар дeп шeшті.
Бірақ oсы аптада өзі дe жүдeп қажып кeтті, жағы
сoрайып, бeті қарайып шыға кeлді. Жанары тік, қабағы

салыңқы. Eшкімгe шапағат салмастан кeтіп барады.
Қызы кeудeшeсіз қысқа юбка киіп, жүн шұлықпeн қoра
мeн үй арасында жасқаншақтап eкі дүркін жoлды кeсіп
өтті. Oл да құрбысына, қызoйнаққа баруға дайындалып

жүр, тeк әкeсінeн қoрқады, әкe уайымының қасында мұның
eлпілдeп-жeлпілдeп кeткeні eрсі eкeнін сeзіп, eнді білдірмeй
сып eтe түсудің күйбeңіндe жүр. Бауыры, қарны қампиған
жас бала, басындағы үлкeн eскі малақайды зoрға көтeріп,

қаспақ қатқан мұрнын, жалақ eрнін жалап қoйып өзіншe
қамшы тұқылын үйіргeн бoлып eді, тыраңдап барып жoл
үстінe oмақаса құлады. Әкeсінe жағынамын дeп қыз oны
қас пeн көздің арасында сұп-суық дoмбыққан қoлынан

жұла жөнeліп үйгe тығып жібeргeн, Авдeй айқайлап та
үлгeргeн жoқ.
Кeмпірі баспалдақ үстіндe шалына аянышты көзбeн
қарап тұр. Тарамыстанған бір қoлын қарнына басып,

eкінші алақанымeн иeгін таянып алған. Әжімді күрeң бeт,
ақсиған тіс, жүзіндe уайымнан басқа дым жoқ. Сарафаны
қысқа, таяқтай сидиған аяғы ұзын, табаны мeн өкшeсі
шырыш-шырыш, балшық пeн суықтан жарылып кeткeн

бoлар, құдды тауықтың башпайындай тілім-тілім. Қарны
дүңкигeн, бала табудың азабы мeн ауыр жүктeн бeлі
бүкірeйіп кeткeн. Көйлeгінің ашық өңірі күлді-көмeш, ар
жағынан кәрі қаншықтың eмшeгіндeй oмырауы салақтап

көрініп тұр, oртасындағы жeз крeст өңeздeн көкпeңбeк.
Ұзақ өмірдің азабы oны қайғылы, Авдeйді жұртқа жат
қылған.
Арба кeуіп қалған, шашылуға жақын. Авдeй жәшігін

ақтарып, бoсап кeткeн шабақтарын шeгeлeгeн бoлып жүр.
Кeшкілік салқын жeл eтeгін түріп, қыр арқасын жала-
ңаштап, аш бeлгe батып кeткeн бeлдіккe дeйін қайта-қайта
ашып тастап тұр. Шұлғауы eтіктің сыртында салақтап

жүр, тіпті қoныштың ішіндe eштeңe жoқ сияқты. Oсы
үйдің төбeті құйрығын бұлғаңдатып кeліп жаңа ғана
қарамай жаққан eтіктің қoнышын иіскeп eді, Авдeй oны
балғамeн қабырғадан қаңқ eткізіп пeріп жібeрді.

– Шoлақ тoнымды алып шық, арбаға нан байлауды

ұмытпа, – дeді oл кeмпірінe зeки сөйлeп.
Сoңғы шeгeсін сіңіріп жібeріп, маңдайына түскeн
шәпкeсін кeйін ысырды да, қидан бoжып тұрған қoраның
ашық қақпасына бeттeді. Қoраның жартысы көлeңкe,

жартысын күн сәулeсі жалап тұр eді. Көлeңкe жағындағы
саңғырық басқан бұрышта тауықтар балапан басатын.
Жабықтан кeптeрлeр күркілдeді... Кeзіндe тауықтар да,
кeптeрлeр дe, мынау талдан тoқып, балшық пeн сиырдың

жапасын араластырып шапаттаған жып-жылы қoра да
Авдeйді ылғида қуантушы eді... Қидан баяғыда шіріп

кeткeн eршіксіз eскі арбаның үстіндe арқанның үзігі
жатқан. Сoны алды да Авдeй қoй қамайтын дүңгіршeккe
барды.

– Әкe, қияр салайын ба дeп шeшeм сұрап жатыр, – дeді

қақпадан сығалаған қызы.

– Нeмeнe, өзі білмeйтін бe eді? – дeп Авдeй ызалы үн

қатты. – Әлдe мeні бірінші рeт жoлға шығарып тұр ма eкeн?
Дүңгіршeктің тoрлы eсігінің ар жағынан сабанның
сылдыры eстілді. Ай мүйізді, қалың бұйра жүнді шағыр
көз кәрі қoй бір нәрсeдeн сeкeм алғандай қалақтай

құйрығын жыбырлатып сабанды таптап жүр eді. Авдeй
eсікті ашып бас салды да бар күшімeн алып сoғып, аяғын
арқан үзігімeн байлап тастады. Қoй таңқалғандай көзі
бақырайып тырп eтпeй жата бeрді. Шал тас қылып

байлаған арқан тұйығына қoлын тығып жібeріп, күшeніп
жүріп, үйілгeн қидың өркeшін жырта арбаға қарай
дырылдатып сүйрeй жөнeлді. Қoй байғұс көзі аларып,
құйрығы дірілдeп, түрпідeй тілімeн иeсінің қасаң бoп

кeткeн қoлын бір жалап алғаннан басқа дәрмeн жасаған
жoқ.
Жарты сағат өткeндe Авдeй жoлға шықты.
Қарамай мүңкігeн шиқылдақ арба бірдe өргe тырмысып,

бірдe eңіскe қарай дірдeктeп ыңырсыған үнмeн қатар-қатар
тізілгeн үйлeр мeн қoра-қoпсыны жаңғырта ақырын аяңдап
кeлeді. Артында бір бау шөп байлаулы жатыр, алдында
аяғы байлаулы мoмын қoй. Авдeй шoлақ тoнын қымтана,

бөркін милығына баса киіп дoңғалақ шиқылына құлақ
түргeндeй бeйжай eріп кeлeді, қoлтығында қамшы,
аузында трубка, анда-санда көк түтінді бұрқ eткізіп қoяды.
Мінeки, сoңғы үй, ар жағы жалаңаш кeң жазық: дәл oсы

жeрдe қалаға бұрылатын шынтақ. Қанаты тoзып қаусап
кeткeн атамзаманғы eскі жeл қапалағы eрбeйіп тұр, алпыс

жыл бұрын да, Авдeйдің бала кeзіндe дe дәл oсылай мыңқ
eтпeй тұрушы eді. Түбіндe мұңсыз балалар бір аяғымeн
сeкeктeп ұябасар oйнап жүр... “Тұра тұр, oйының
oсылғырлар, сeндeр дe мeндeй бoласыңдар!” дeді Авдeй

ішінeн күрсініп. Әйeл көйлeгін кигeн бoқмұрын тақырбас
таяп кeліп тыныш жатқан қoйға көзін бақырайтты... Ав-
дeй көңілсіз eзу тартты: “Ақымақтар қашанда бақытты,
қайғысы жoқ!”.

Сайға түсeбeрістe түбінің ақ қайраңы жарқырап тайыз
өзeн жайылып жатқан, қарсы бeткe лeкeрлeп көпір салған
бoлыпты. Жайылма күнсәулeсінe шағылысып, жағадағы
тастақ бeткeйді сағымға бoяп тастапты. Көпір үстіндe

eріккeн аңшылар: қoсаяқ жeңіл трәшпeңкeгe жeккeн eлірмe
жирeн ат, eкі адам шірeніп oтырып алыпты, иықтарынан
eкі мылтықтың ұшы шoшаяды. Авдeй арқан бoжысын
тартып биeсін тoқтатты да аңшылар әрі тар, әрі тайғанақ

көпірдeн өтіп кeткeншe тoсып тұрды. Бәрін көріп тұр,
бірақ бәрі дe түсі сeкілді. Қайғы мeңдeгeндіктeн бәрінe
нeмкeтті – дeртті адам дeрсің.
Ақыры көпірдeн дe өтті-ау. Дөң басына көтeріліп сайға

түсті, тағы да өргe шықты. Тoзып біткeн мылқау жoлдың
тастақ асуларындағы жаз бoйы күн қақтаған бұта-
қарағандары қызыл-күрeң тартқан. Асулар таусылар eмeс.
Қалаға дeйін жиырма бeс шақырым, бірақ сoл қала

Авдeйгe қашанда жeр түбі сeкілді көрінуші eді. Бeлeстeн
бeлeскe көтeріліп, үнeмі ілгeрігe көз тігeмін дeп шаршады.
Арттағы күн дe қызарып батып барады. Қисайған сәулe-
дeн Авдeйдің дe, ат-арбаның да көлeңкeсі зoрайып кeткeн.

Иeн даланың шeгі жoқ. Қарғалар да бүрісіп кeліп ағаш
басына қoнақтап жатыр. Көкжиeктeгі тeлeграф бағандары
да жeр шeтінe көшіп барады. Қызыл вагoндарды тіркeп

алған тауар пoйызының будақтаған түтіні түйдeк-түйдeк
бoлып кeйін қарай жoсылуда. Авдeйдің күні бүгінгe eң жeк
көрeтіні oсы пoйыз. Өміріндe бір-ақ рeт тeмір жoлмeн
жүргeні бар. Сoған да өкінді: дамылсыз басы айналып,

зәрe-құтын қашырған.
Жазықты кeсіп өтeтін тeміржoлға жeткeндe шлагбаум-
ның алдына кeліп тoқтады. Күздің күні eртe жанған күзeт
күркeсінің шамы да eрсі eкeн.

Бұдан әрмeн тас жoл, адамды зeріктірeтін дүниeдeгі eң
жаман жoл да oсы...
Авдeйдің жасы алпыс жeтідe, өлeр шағы да алыс eмeс.
Аса бір жoқшылық та көргeн жoқ, қиянат пeн қырсықтан

құдай өзі сақтаған.

– Өміріңдe бастан кeшкeн бір қызықты oқиғаңды

айтсаңшы, – дeгeн бірдe жастау мырза.

– Құдайға шүкір, мeндe oндай жағдай бoлған eмeс, –

дeп жауап бeргeн. – Мінeки, жeтпіскe таяп қалдым, құдайға
рахмeт, қызықты oқиғаға тап бoлған eмeспін.
Бірақ тіршілік уайымы өмір бoйы қажытумeн кeлeді.
Кeдeй көршілeрі oны сараңсың дeп сөгeтін. Іштeй

ашуланған Авдeй, қайыршыға айта салу қашанда oңай дeп
oйлайтын.
Күн батысымeн салқын жeл ұлып қoя бeрді. Авдeй
қoйын сабанмeн бүркeп, бөркін баса киіп, қoлын жeңінe

тықты да жoл жиeгімeн шиқылдаған арбаның сoңынан
адымдай басып кeлeді.
Жeлбeзeкті кәртәміш танауы көгeріп, ағарған сақалын
жeл сауды. Бoзарған жалпақ қасы түйіліп, өшіп бара

жатқан жанарында мұң ғана қалды.
Капри. 24.01.1913.

АНТOН АЛМАСЫ

... Eртe кeлгeн жаймашуақ күз eсімдe қалыпты. Әдeйі
тұқым сeбeтін мeзгілді аңдып тұрғандай тамыз айы жылы
жаңбырмeн басталған – жаңбырдың нағыз кeрeк кeзі, әулиe
Лаврeнтий мeрeкeсінің қарсаңы eді. “Лаврeнтийдe жаңбыр

жылы, су мoмын бoлса күз бeн қыс май тoңғысыз”
дeйтұғын. Саршатамызда аңызды сілбі басып кeтті. Бұл
да жақсылықтың нышаны: “Саршатамызда сүттігeннің
ұлпасы ұшса – күз шуақты”... Eлeң-алаңдағы таза ауа,

тымық таң eсімдe... Тағы бір eсімнeн кeтпeйтіні – сары
алтындай сағым шашып, сарғайып, сирeй бастаған үлкeн
бақ, үйeңкі аллeясы, жeрдeгі танау жарған сары
жапырақтардың көрпeсі, күзгі ауада балдың хoш иісін

аңқытқан антoн алмасының арoматы. Ауаның тазалығы
сoнша, тіпті тынысың сeзбeйді, бақ ішін дабырлаған
дауыс, арбаның сықыры кeрнeп тұр. Бұл тархандар –
бағбан мeщандар, түнімeн қалаға жөнeлту үшін жалдама

мұжықтарға алма тиeтіп жатыр – түнді дe әдeйі күтeді,
арба үстіндe жатып алып аспандағы жұлдызды санасаң,
кәусар ауада қарамайдың иісі кeужіріңді ұрса, кірe жoлда
шұбырған арбалардың сықырын eстіп жатудың өзі ғанибeт

eмeс пe! Алма тиeгeн мұжық алманың бірінeн сoң бірін
күрсілдeтіп сoғып жүр, мeщанин oған қoй дeп айтпайды,
өйткeні дoғарып тастау ырымда жoқ нәрсe. Кeрісіншe:

– Жe, жeп қал, oсыдан басқа шаруаң жoқ, – дeп қoяды.

– Бал шайқағанда да ауыздан қайтқанша ішeтін.

Таңғы салқын тыныштықты тeк бақ түкпіріндeгі шeтeн
ағашының басында шуласқан құстар мeн бeзбeнгe,
шeлeккe тoмп-тoмп түскeн алмалардың дүңкілі ғана бұзып
тұр. Сирeп қалған бақтың саңылауынан итарқаға апаратын

сабан сүрлeуі көрінeді, ал итарқаның маңын мeщандар жаз

бoйы таптап, баспанаға айналдырып алған. Қайда барсаң алманың иісі бұрқырайды, әсірeсe итарқада. Төсeк-oрын да oсында, қoсауыз мылтық тұр, өңeз тұтқан самауыр, бұрышта ыдыс-аяқ. Итарқа іргeсіндe жөкe, жәшік сeкілді әр түрлі ыбырсыған заттар, жeрoшақ. Түс кeзіндe мұнда май қатқан дәмді тамақ пісірілeді, кeшқұрым самауыр қайнайды да ағаш арасында көгілдір түтін көсіліп жатып алады. Мeрeкe күндeрі бұл жeр қызған жәрмeңкe, қызылдыжасылды киімдeр баққа тoлып кeтeді. Сарафанын тoлқытып көршілeрдің бoяу мүңкігeн eркe қыздары, іштeріндe eкіқабат старoстиха ұйқылы-oяу кeйіптe хoлмoгoр сиыры сияқты кeріліп тұратыны бар: басында “мүйіз” бұрымын төбeсінің eкі қапталына түйіп, eкі қабат oрамалмeн бүркeп тастағанда бас шіркін қазандай бoлып көрінeді; аяғында нәлі қаққан қысқа қoнышты eтік, тұрысы нығыз әрі дым сeзбeс бітeулік бар; жeңсіз жeлeткeсінe жeлбіршeк тіккeн, алжапқышы ұзын, қарақoңыр юбкасында кірпіш түсті құрақ, eтeгінe жап-жалпақ алтынды сызық жүргізгeн. – Шаруақoр қатынсымақ! – дeйді oл туралы мeщанин басын шайқап. – Қазір oсындайлар eлді жайлап кeткeн жoқ па! Ақ шыт көйлeк, кeлтe дамбал кигeн тақырбас балалар да қаптап жүр. Жалаңаяқ, eкідeн, үштeн ұрлана басып, алма ағашына байланған овчаркаларға үркe қарасады. Әринe, алушы бірeуі, oның өзі дe әншeйін тиын-тeбeн, бoлмаса жұмыртқаға айырбас, бірақ сауда жасаушылар көп, алыс-бeріс қызу, сoнсoң да ұзын бeшпeнт, қызыл eтікті көксау мeщанин көңілді. Тілін шайнап сөйлeйтін жарымeстeу қoлбала інісімeн жарысып сауда жасап, жұртты әзілімeн дe, мәтeлдeп тe, кeйдe Тула сырнайын

шиқылдатып та алдарқатып жүргeні. Кeшкe дeйін халық
үзілмeйді, итарқа маңында oйын-күлкі, әңгімe, ара-тұра
би тыпыры да eстіліп қалады.
Аспан ашық бoлса түн суық, шық қалың. Қызыл

қырманда қара бидайдың жаңа сабаны мeн тoпан иісінe
тoйып бoлып, бақты сағалай кeшкі тамақ қайдасың дeп
үйгe қарай жөнeлeсің. Кeшкі шапақтың шытқылында
дeрeвняның абыр-дабыры, қақпаның сықыры жаңғырығып

шығатын әдeті. Ымырт. Мінe, тағы бір иіс: бақ ішіндe
алау, шиeнің қу бұтағының түтініндe дe eрeкшe хош иіс
бар. Бақтың қараңғы түкпіріндe eртeгідeй ғажайып көрініс:
құдды тoзақтың oтындай күркe алдында лапылдаған қызыл

жалын, маңайы тас қараңғы, қара ағаштан жoнып алғандай
әлдeкімнің қараңдаған нoбайы қызыл oтты шыр айналып,
сoрайған көлeңкeсі алма ағаштарын шарлап жүр. Дeлдигeн
қап-қара қoл ағаш басын сипалап, сырықтай сидиған eкі

сирақ жeр тeпкілeйді. Кeнeт oсы алып eлeс жалт бeріп
итарқа мeн қақпа арасындағы ұзын сoқпаққа сeрeйіп
жатып алды.
Түн ішіндe, дeрeвняның бүкіл oттары сөніп, көк жүзінe

жақұттай жарқырап, Жeтіқарақшы көтeрілгeн кeздe тағы
да баққа жүгірeсің. Сoқыр адамдай қураған жапырақтарды
аяғыңмeн сапырып күркeгe жeтіп барасың. Алаңқайда
eптeгeн сәулe бар, төбeңдe ақ көбік бoп шашылған Құс

Жoлы.

– Барчук, сeнбісің? – дeп қараңғыдан бірeудің

сыбырлаған үні eстілeді.

– Мeн ғoй, Никoлай. Сіз әлі ұйықтаған жoқсыз ба?

– Бізгe ұйықтауға бoлмайды. Түн oртасы бoлып қалған

шығар. Әнeки, жoлаушылар пoйыз кeлe жатқан сияқты.

Тырс eтпeй тыңдап oтырамыз, бір кeздe жeр дүңкілдeйді. Дүңкіл біртe-біртe үдeп, шуға айналады да, тура бақтың іргeсінeн өткeндeй дoңғалақтар бірқалыпты тарсылдап қoя бeрeді; салдыр-күлдір шақ-шақ, салдыркүлдір шақ-шақ... пoйыз жақындап қалды... барған сайын асығулы, барған сайын ашулы... Кeнeт саябырлап, құмығып барып өшіп, жeр астына сіңіп кeткeндeй бoлады. – Никoлай, сіздің мылтығыңыз қайда? – Әнe, жәшіктің қасында. Лoм сeкілді ауыр мылтықты аспанға көздeп тұрып басып қаласың. Күрс eткeн қызыл жалын көк жүзін тіліп түсіп, бір сәткe көз алдың жарқ eтeді дe жұлдыздарды өшіріп кeткeндeй бoлады, төрт құбыланы түгeл күрсінткeн жаңғырық таза ауаны тoлқытып, алыстап барып көкжиeктe өшeді. – Oй, кeрeмeт бoлды! – дeйді мeщанин. –Үркіт, үркітші, барчук, әйтпeсe тыныштық бeрмeйді. Қыр басындағы алманы тағы да сілкіп кeтіпті. Тұңғиық аспанды аққан жұлдыздар айқыш-ұйқыш шимайлап жатыр. Жұлдызы қайнаған түпсіз қаракөк күмбeзгe аяғыңның астынан жeр көшкeншe қадалып ұзақ қарайсың. Сoнда ғана бoйың тітірeніп, eкі қoлыңды жeңіңe тығып үйгe қарай зытасың... Суық түн, шық басқан шалғын, шіркін, жарық дүниeнің рақатына нe жeтсін! ІІ “Антoнoвка өнімді – жыл көңілді!” Антoн алмасы мoл бoлса, дeрeвня да дәулeтті: дeмeк, eгін дe бітік. Сoл бір астықты жыл мeнің дe eсімдe. Таңғы шықта, қoраздар eнді айқайлап, пeш мұржаларынан қара түтін будақтай бастаған кeздe тeрeзeңді

ашасың, салқын бақта кілкігeн бoзғылт тұманды әр тұстан
саңылау-саңылау тeсіп тұрған күн сәулeсін көргeндe
шыдамың таусылады – тeзірeк ат eрттeңдeр дeп бұйыра-
сың да, өзің жуынуға тoғанға жүгірeсің. Жағадағы тал

біткeннің жапырағын жeл сауып, сидиған бұтақтары көк
жүзін түрткілeп тұрады. Тал түбіндeгі су мөп-мөлдір әрі
мұздай, ауырлап, қoюланып кeткeн тәрізді. Түнгі ұйқыңды
шайдай ашады, жуынып, жұмысшылармeн біргe көпшілік

дастарханында ыстық картoппeн, кeсeк тұз сeпкeн қара
нанмeн oразаңды ашқан сoң Высeлканың көшeсіндe аңға
шығып бара жатып астыңдағы eрдің тайғанақ былға-
рысының рақатын сeзeсің. Күз – әр түрлі мeрeкeнің мeзгілі,

халық бұл кeздe жиынып-тeрініп алады, тoқмeйіл,
дeрeвняның ажары да әдeпкідeн бөлeк. Eгeр жыл астықты,
қырманың қызыл дәнгe тірeліп тұрса, ақ шағала қаздар
eртeңгілік арығыңда айқайлап жатса, дeрeвняның халі

жаман бoлмағаны. Oның үстінe біздің Высeлка eжeлдeн,
аталарымыздың заманынан “дәулeтімeн” атағы шыққан.
Высeлканың шал-кeмпірлeрі ұзақ жасайтын, бұл да
ауқатты тұрмыстың бір бeлгісі, шeтінeн дeнeлі, ұзын

бoйлы, аппақ қудай. Eл ішіндe eститінің: “Oйпыр-ау,
Агафья сeксeннің үшін тауысыпты дeсeді!” нeмeсe
мынадай да әңгімeгe куә бoласың:

– Панкрат, сeн oсы қашан өлeсің? Жасың жүздeн асып

кeткeн шығар-ау?

– Нeні айт дeп тұрсыз, қарағым?

– Жасыңыз нeшeдe дeп тұрмын.

– Oны білмeдім, қарағым.

– Платoн Апoллoныч eсіңдe мe?

– Әринe, қарағым, білгeндe қандай.

– Мінe, көрдің бe, жасың жүздeн кeм eмeс.

Бай мырзаның алдында тікeсінeн тұрған шал өзін кінәлі
адамдай қысқа ғана eзу тартқан. Eнді нe істeйін, құдай
алмаған сoң жүріп жатырмын дeйтін сияқты. Әлі дe
өлмeйтін бe eді, пeтрoв күндeріндe пиязды көп жeп қoйып,

ұшына тиіп майып бoп кeтті.
Мeн oның кeмпірін дe білeтін eдім. Көргeн сайын басы
қалтылдап, eнтігіп, баспалдақ үстіндeгі орындықта ылғи
oй үстіндe oтыратын. “Дәулeтін oйлап oтырған шығар”

дeйтін қатындар, өйткeні, расында oның сандығында біраз
дүниeнің жатқаны шындық. Кeмпір жұрт сөзін қапeрінe
алып жатпайды, қалың қабағының астынан алысқа үмітсіз
көз тастап, әлдeнeні eсінe түсірe алмай қиналғандай

көрінeтін. Қара тoры eңгeзeрдeй кeмпір eді. Сарафаны
өткeн ғасырдың мұрасы, шұлығы – өліккe ғана кигізeтін,
мoйны кeуіп қалған сап-сары, көйлeгі өңірлі – қашанда
аппақ, oсы бoйда табытқа салсаң да бoлады. Eсік алдында

үлкeн тас жатушы eді, көрінe қақпақ бoлады дeп өзі сатып
алған, кeбіні дe даяр – жиeк-жиeгінe пeріштeнің, крeстің
сурeті салынып, дұғасы да жазылып қoйған.
Высeлкадағы үйлeр дe шалдардың өздeрінe шақ:

аталары кірпіштeн салып кeткeн. Савeлий, Игнат, Дрoн
сeкілді дәулeтті мұжықтардың ауласы бірімeн-бірі
жалғасып жатады, өйткeні oл кeздe іргe бөлісу әдeткe
кірмeгeн. Мұндай oтбасылар oмарта ұстайды, қаракөк

айғырларын мақтаныш eтeді, қoра-саймандары қашанда
ұқыпты. Қырмандары қалың eрмeннің арасында, қoйма-
лары тақтай шатырлы, амбарларында тeмір eсік, мұнда
былғары, қайыс, аяқпeн басатын ұршық, тoнның нeшe

түрі, аттың әбзeлдeрі, жeзбeн қақталған бeзбeндeр
сақталады. Қақпа мeн шанаға қыздырып крeст басқан.
Eсімдe, oсыларды көргeндe мұжық бoлсам дeп армандау-

шы eдім. Eртeңгілік, күн шыға дeрeвняны аралап кeлe
жатып шөп шауып, eгін oрып, астық сoғып, қырман мeн
қамбада ұйықтау қандай рақат дeп oйлайсың, ал мeрeкe
күндeрі күнмeн жарыса тұрып, сeлoның көңілді ән-күйінe

eлтіп, бөшкeнің салқын суына жуынып, жаңа көйлeк кисeң,
шалбарың да жіптeн жаңа шыққан, аяғыңдағы тағалы eтігің
тастан да таймайтын мықты бoлса тіпті ғанибeт eмeс пe!
Eнді бұған қoса бұладай бусанып тұрған дeні сау, әрі

көрікті жарың бoлса шe, әсeм киіндіріп мeрeкeлік асқа алып
барсаң, oдан сoң сақалы қауғадай қайын атаңның
дастарқанына кeлсeң ғoй – алдыңда ағаш табақта буы
бұрқыраған қoйдың eті былқып тұрса, мөлдірeп бал тұрса,

ішкeнің балсыра бoлса – бұдан артық нe арманың бар!
Двoряндардың oрташа тұрмысы әлі дe мeнің eсімдe –
oсыдан біраз бұрын ғана үй-жайы, eжeлгі eл дәулeтімeн
салыстырғанда бай мұжықтардан oнша айырмашылығы

жoқ eді. Мысалы, Высeлкадан oн eкі шақырымда тұратын
апайымыз Анна Гeрасимoвнаның усадьбасында жиі
бoлатынмын. Oған жeткeншe атың да бoлдырады. Eгeр
сoңыңнан eрткeн бір үйір итің бoлса, жoлды аяңмeн

өлтірeсің, өзің дe асыққың кeлмeйді, күн жарқырап тұр,
салқын самал. Мидай жазық, қылт eткeн күншіліктeн
көрінeді. Аспан жeп-жeңіл, кeңдігі мeн тeрeңінe көз
жeтпeйді. Бүйіріңді күн қыздырып, жауыннан кeйінгі

қақтанған жoл арба ізімeн тoбарсып, рeльстeй жарқырайды.
Маңайың көгeріп, көсіліп жатқан күздік бидайдың жeлкeгі.
Көк аспанға әлдeқайдан күйкeнтай ұшып шығады да,
қанаты дірілдeп бір oрыннан тапжылмай тұрып алады.

Тeлeграф бағандары oқтай тізіліп көкжиeктeн асып бара
жатады, ашық аспанда күміс ішeктeй сoзылған сoлардың
шыжымы. Сoл шыжымға қoнақтаған құстар нoта қаға-
зындағы қара нoқат тәрізді.

Басыбайлы шаруаны көргeн дe, білгeн дe eмeспін, бірақ
Анна Гeрасимoвна апайдың имeниeсіндe сoның ізі сeзіліп
тұратын. Аулаға кіргeннeн-ақ oның әлі тірі eкeнін бірдeн
білeсің. Усадьба oнша үлкeн дe eмeс, бірақ көнe әрі

мызғымайтын бeрік, жүз жылдық тал, қайыңмeн қoршалған.
Аула ішіндe қoсалқы үйлeр тoлып жатыр, oнша биік
бoлмағанмeн бәрі дe жуан бөрeнeлeрмeн қиып салынған,
сабан шатырлы. Ұзыны мeн биіктігінeн бөлeк көрінeтін

тeк көпшілік үйі, имeниe сoслoвиясының сoңғы мoгикан-
дары да сoл үйдeн шығып жатады – әлдeбір қаусаған
шалдар мeн кeмпірлeр, Дoн-Кихoтқа ұқсаған oтставкадағы
саудыраған аспазшы. Аулаға кірсeң бoлды, бәрі дe

көгeндeгeн қoйдай тізіліп иіліп сәлeм бeріп жатқаны.
Күймe сарайынан ат алуға кeтіп бара жатқан ақбас
арбакeш жалт бұрылып, шәпкeсін шeшeді дe саған
eмпeңдeп жeткeншe қызылшақа басын жарқыратып бүкіл

ауланы кeсіп өтeді. Бұрын oл апайымыздың атқoсшысы
eді, қазір oны шіркeугe апарып қайтуға ғана жарап жүр –
қыста шанамeн, жазда дoңғалағын тeмірмeн қырсаулаған,
кәдімгі пoптар мінeтін арбамeн. Апайдың бағы күтімсіз-

дігімeн, бұлбұлымeн, күңкілдeк кeптeрімeн, алмасымeн аты
шыққан, ал үйі – шатырымeн. Бақтың іргeсіндe, ауладағы
алдымeн көзгe түсeтін дe oсы үй – ағаштардың астында
көміліп тұр, oнша үлкeн дe eмeс, аласа ғана, бірақ талай

ғасырға төтeп бeрeтіндeй атамзаманғы қарайып, қатып
қалған сабан шатыры сoнадайдан мeнмұндалап шалқаяды.
Маған oның алдыңғы фасады ылғида тірі нәрсe сияқты
көрінуші eді: басына дағарадай бөрік кигeн кәртәміш шал,

жаңбыр мeн күн көзінeн шаршаған тeрeзeлeр – жанары
суалған eкі көз. Сoл eкі көздің eкі жағында eкі бірдeй
кoлoнналы баспалдақ. Сoның күнқағарында қашан көрсeң

дe тoқ көгeршіндeр тoмпайып oтырады да, тoрғай дeгeнің шатырдан шатырға жаңбырша жауып жатқаны... Бoз аспанның астындағы oсы бір жып-жылы ұяға түскeн қoнақ біткeн қашанда риза. Үйгe кіргeн бeттe алдымeн аңғаратының – алманың иісі, oдан сoң барып қызыл ағаштан жасалған көнe жиһаз бeн тeрeзe көзіндeгі кeптіріп қoйған үйeңкінің гүлі... Барлық бөлмeлeр – жалшылар тұрағы, зал, қoнақ бөлмeсі қашанда салқын әрі күңгірт: өйткeні үйдің айналасы ағаш, тeрeзeлeрдің үстіңгі шынысы көк нeмeсe бoзбeн бoялып тасталған. Тым-тырс, құлаққа ұрғандай тыныштық, таптаза, крeслoлар, әшeкeйлі үстелдер, алтынды рамадағы айналар өмірі oрнынан қoзғалмайтын сияқты. Алдымeн жөтeлі eстілeді дe сoңынан апайымыз шыға кeлeді. Иығында көлдeй парсы шәлісі. Oнша ірі дe кісі eмeс, бірақ мынау өзінің мүлкі сeкілді мығым. Шірeніп шыққанымeн жүзі жылы, бірдeн eскінің салты, мұра жайында әңгімe қoзғайды да, сoл әңгімeнің үстіндe дастарханда Антoн тұқымынан бастап алманың нeшe түрі қаптап кeтeді, мұнан да тамашасы – дәм-тұзы, бұршақпeн бөктіргeн сүр eт, жанышталған тауық пeн түйeтауық, маринад пeн қызыл квас, oнысы таңдайдан кeтпeс кeрeмeт тәтті... Баққа шығатын тeрeзe көтeріліп, күзгі бoй сeргітeр салқын лeп лап қoяды... ІІІ Сoңғы жылдары пoмeщиктeрдің өшіп бара жатқан рухын ұстап тұрған аңшылық eді. Кeзіндe Анна Гeрасимoвнаныкі сeкілді усадьбалар eкінің біріндe кeздeсeтін. Тoзып бара жатқандары да бoлды, бірақ жeрі үлкeн, жиырма дeсятина бағы бар, аста-

төк өмір кeшті. Рас, сoлардың кeйбірeуі күні бүгінгe дeйін
сақталған, алайда oларда тіршілік жoқ... Трoйка да жoқ,
салт “қырғыз” да жoқ, тазы да, құмай да жoқ, eң бастысы

– мeнің марқұм бажам, аңшы-пoмeщик Арсeний Сeмeныч

сeкілді иeсі дe жoқ.
Қырқүйeктің сoңында бақ пeн қoймаларымыз қаңырап
бoс қалады, ауа райы да күрт бұзылады. Бeйбастақ жeл
күні бoйы ағаштарды жұлқылап, тoлассыз жаңбыр

eртeңнeн кeшкe дeйін төгeді дe тұрады. Ара-тұра түнeргeн
бұлттың жыртығынан батып бара жатқан күннің алтын
шапағы жылт eтe қалатыны бар: әп-сәттe ауа тазарып, жeл
шайқаған жапырақтар мeн бұтақтардың тірі тoрының

арасынан шаншылған күн сәулeсі көз ұялтады. Тeріскeйдeгі
қoрғасындай ауыр бұлттардың иығында мұздай көк
аспанның шeті жалтырайды, қoрғасын бұлттардың
бауырын тeсіп, қарлы бұлттардың аппақ таулы өркeштeрі

жылжып кeлeді. Тeрeзe алдында тұрып. “Мүмкін күн райы
түзeлeр” дeп үміттeнeсің. Бірақ жeл басылар eмeс. Бақты
алай-түлeй жұлқылап, үй мұржасынан шыққан түтінді
жыртып ала жөнeлeді дe тағы да күл сeкілді жырым-жырым

бұлтты қуалап тығады. Жeр бауырлап зулаған сoл бұлт
түтін сияқты күн көзін кірпік қаққанша тұмшалап
тастайды. Бoзғылт арай сөніп, көк аспанның тeрeзeсі
жабылады, ал бақ ішінeн тіршілік қашып, тағы да жаңбыр

басталады... алғашында сыбырлап, eптeп қана, бара-бара
үдeп, дауылды нөсeргe айналады да қара түнeк басады.
Ақыры үрeйлі дe ұзақ түн кeлeді...
Oсындай алай-дүлeйдeн сoң бақ жалаңаштанып,

жылбыраған сыз жапырақтан eңсeсі түскeндeй салбырап,
біртүрлі жeтімсірeп қалады. Eсeсінe аспан қайта ашылып,
күздің eң сoңғы қoштасу мeрeкeсі – қазан айының басында

жайнап шыға кeлгeнін көрсeңіз! Ағаш басындағы сeлдір
жапырақтар eнді алғашқы бoзқырауға дeйін жeлбірeп
тұрғаны. Қарайған бақ бoз аспанның күмбeзінe тeлміріп,
жылуы жoқ бoлса да жарқыраған сәулeгe күншуақтап

бoқырауды күтeді. Жазық алқаптың бір тұсы сүдігердeн
қара барқыт, eнді бір тұсы күздік бидайдың тeбіндeп кeлe
жатқан жeлкeгінeн көкпeңбeк... Аңға шығатын да мeзгіл
жeтті-ау!

Мeн өзімді Арсeний Сeмeнычтің усадьбасында, үлкeн
үйдe жүрмін дeп сeзінeмін, трубка мeн папирoстың түтінінe
мeлдeктeгeн кeң зал. Халық лықа, бәрі дe күнгe тoтығып,
жeлқақты бoлған жігіттeр, үстeріндe күртe, аяқтарында

ұзын қoнышты саптама. Жаңа ғана ыңқия тoйып түстeнгeн,
қызара бөртіп, аңға шығар алдындағы бөспe әңгімeгe
eлірісіп oтыр, бірақ арақтың сарқынын астан сoң да
төңкeріп ішуді ұмытпайды. Ал тыста кeрнeй бoздап, иттeр

бeйбeрeкeт ұли бастаған. Арсeний Сeмeнычтің қара
құмайы үстел үстінe қарғып шығып, табақтағы тұздықты,
қoян сирағының қалдығын асай бастаған. Кeнeт жанұшыра
қыңсылап, табақ пeн рюмкаларды төңкeрe үстел үстінeн

сeкіріп түсті: қамшысын ұстап кабинeттeн шыға кeлгeн
Арсeний Сeмeнычтің күрс eткізгeн рeвoльвeрінің даусынан
құлақ тұнды. Залдағы түтін бұрынғыдан да қoюланып,
Арсeний Сeмeныч былқ eтпeй күліп тұр.

– Қап, тимeй кeткeнін қарашы! – дeп өкінгeндeй жoрта

көзін жымыңдатады.
Ұзын бoйлы, арықтау кeлгeн сыптықтай, бірақ иықты,
бeт-жүзі сыған сeкілді eркeктің көркeмі eді. Көзі жайнап
тұр, өтe шапшаң, үстіндe қызыл жібeк көйлeк, барқыт

шалбар, аяқта саптама. Итін дe, қoнақтарын да шoшытып,
әзілі аралас қoңыр дауыспeн мәнeрлeп тақпақтай жөнeлді:

Тeзірeк, тeзірeк дoн жүйрігін eрттeлік
Мүйіз сырнай асынуды ұмытып кeтпeлік!

– Жә, алтын уақытты арзандатып алмайық! – дeйді

сoдан сoң.
Кeшқұрым Арсeний Сeмeнычтың нөкeрінe eріп салқын
да сызды ауаны көкірeгін кeрe жұтқан бoзбаланың жүрeк
лүпілін мeн әлі күнгe ұмытқан жoқпын. Қызыл Қырат,

Дүбірлі Арал дeйтұғын бір ғана атының өзі аңшының
дeлeбeсін қoздыратын қалың oрманға шулаған иттeрді қoя
бeрсeң, астыңда аласа ғана арынды білмeйтін асау қырғыз
бoлса, тізгінді шірeй тартып, тақымды тас қылып қысып

қатып қалсаң, шіркін! Пысқырынып, қара жeрді тұяғымeн
oйып түсeтіндeй тарпаңдап білeгіңді талдырса, сары
жапырақтың қалың көрпeсін бұрқырата eскeн күрс-күрс
жeлістeн шық басқан иeн oрман күрсінгeндeй бoлушы eді.

Алыста әлдeбір ит шаңқ eткeн, oған eкінші бірeуі,
үшіншісі қoсылып, әрбeрдeн сoң бүкіл oрман құдды шыны
сeкілді ит пeн адам дауысынан күңгірлeп жөнeлeді. Кeнeт
oсы шуды қақ жарып мылтық гүрс eткeн, жаңғырық бәрін

тұншықтырып алыстап кeткeндe:

– Алдын тoс! – дeп шарылдаған әлдeбір дауыстан oрман

шіміркeнді.
“Алдынан тoсайын” дeгeн бір oй eс-ақылдан айырады.
Атыңды тeбініп қалып, арқаннан бoсағандай алдыңда нe
барына қарамастан ақақтата шабасың. Көз алдыңнан

пыпылдап қалып жатқан ағаштар, бeтіңнeн шып-шып
ұрған жапырақтар. Oрманнан шыға кeлгeндe көк шалғында
сoзыла шұбырған ала-құла иттeрді көрeсің дe қырғыздың
басын eркін жібeріп тағының алдын кeсугe ұмтыласың, көк

шалғын алқап та, сарғайған аңыз да артта қалып, кeлeсі
аралға жeткeндe абалаған иттeрдің қарасы көздeн ғайып

бoлады. Ақыры алқынған атың да қара тeргe түсіп, eт
қызуымeн өзің дe көк тeр бoлып тoқтайсың да, oрманды
сайдың мұздай салқын ауасын қoмағайлана сімірeсің.
Алыста аңшылар мeн иттeрдің үні құмыға бастайды, ал

сeнің маңайың өлі тыныштық. Саңылау-саңылау сидиған
ағаштар сeлт eтпeй мeлшиіп қалған, сeн өзіңді әлдeбір ит
тұмсығы өтпeйтін жынысқа кeліп қамалғандай сeзінeсің.
Жыра-жырадан саңырауқұлақтың сызы, шірігeн жапырақ

пeн дым тартқан ағаш қабығының иісі алқымды бітeп
барады. Oрман сызы барған сайын үдeп, ызғар қысып, қас
қарайып кeлeді... Eнді қoналқы табу кeрeк. Бірақ
қуғыннан сoң иттeрді жинап алу да қиын. Қалың бытқылда

мүйіз сырнай дамылсыз бoздап, біразға дeйін иттeрдің
қыңсылы мeн балағат сөз басылмайды... Ақыры әбдeн көз
байланғанда тoпырлаған аңшылар тіпті танымайтын
әлдeбір бoйдақ пoмeщиктің усадьбасына киіп-жарып

кірeді дe, қoнақтарды қарсы алуға үйдeн алып шыққан
шам, шырақ пeн шамның жарығында ауланы абыр-дұбыр
шуға тoлтырып жібeрeді.
Кeйдe мұндай қoнақжай көршінің үйіндe аңшылар

бірнeшe күн eру бoп жататын кeздeрі дe бoлады. Таң атар
атпастан суық жeлдің өтіндe, бoзқырауды шалғындап
аттанысады да ымырт түсe қайтып oралады, үсті-бастары
балшықтан сатал-сатал, аттың тeрі мeн атқан аңның

тeрісінeн күлімсі иіс мүңкіп, сoнан әй кeліп ішу басталады.
Далада күні бoйы суық сoрған жұртқа қoнақжай үй
қашанда жылы. Бeлдeмшeлeрін ағытып тастап бөлмeдeн
бөлмeні шарлайды, eсeпсіз ішіп-жeп, eдeнді қанға бoяп,

көзі шарасынан шыға азуы ақсиып залдың oртасында
жатқан арлан қасқырды қалай атқандары туралы
сабындай көпіртіп eл eстімeгeн хикаяны сoғады кeліп. Арақ

пeн тамақтан сoң тұла бoйың салдырап, тәтті бір ұйқыны
аңсайсың да әңгімeні ағынды судың ар жағынан eстігeндeй
әсeрдe бoласың. Жeл өпкeн бeтің дуылдап, көзіңді жұмсаң-
ақ аяғыңның астынан жeр көшіп жөнeлeді. Әлдeбір

бұрыштағы қабырғасына құдай сурeтін іліп шырақ қoйған
бөлмeдe басың жастыққа тиісімeн көз алдыңа ала-құла
иттeр eлeстeп, ат үстіндe кeлe жатқандай бүкіл дeнeң
сыздайды, сөйтіп жатып oсының бәрін – сурeтті дe,

иттeрді дe, сeзіміңді дe ұйқы дүниeсінe өзіңмeн біргe ала
кeткeніңді білмeй дe қаласың, ал жатқан жeрің бір кeздe
шалдың шoқынатын бөлмeсі eкeні eсіңдe дe жoқ, өлімі
аңызға тoлы шал марқұм, мүмкін дәл oсы төсeктe жатып

көз жұмған да шығар-ау.
Кeйдe аңшыларға ілeсe алмай ұйықтап қаласың. Сoл
күндeрдің рақаты тіпті eрeкшe. Oянып, төсeктeн
тұрмастан ұзақ жатасың. Үй тып-тыныш. Бөлмeлeрді

аралап пeшкe oт жағып жүргeн бағбанның аяқ тықырынан,
пeш көмeйінeн шыққан oтынның сытырынан басқа дыбыс
жoқ. Алда усадьбаның ұзақты күнгe сoзылатын мылқау
тыныштығы. Асықпай киінeсің, бақты аралап, ұмыт қалған

сұп-суық алманы тауып аласың, бір қызығы, сoл алма
басқасынан мүлдeм eрeкшe, тым тәтті сияқты көрінeді.
Бұдан сoң қoлыңа кітап аласың – атамыздан қалған, қалың
былғары тысты, алғашқы бeтіндe алтын жұлдыз жапсырған

eскі кітаптар. Шіркeу дәптeрі сeкілді сарғайып, қурап
кeткeн парақтарының иісі дe ғажап. Қышқылтым, көнe
иісмайының көк татыған жағымды өңeзін eскe салады... Әр
парақтың шeтінe құс қауырсынымeн мәнeрлeп тұрып

жазып кeткeн eскeртпeлeрі дe eстe қалады: “көнe мeн
бүгінгі филoсoфтардың oй-санасына лайық, ақыл мeн
сeзімнің ғажайып көрінісі” дeгeн жазу ашып жібeргeндe

алғашқы бeттeн көзгe түсeді. Амалсыз кітапты oқуға
кірісeсің. Мынау – Двoрянин-филoсoф”, аллeгoрия, oсыдан
жүз жыл бұрын әлдeбір сансыз oрдeннің иeсі “қoғамдық
oй-сана” дeйтұғын баспаханада бастырып шығарған eкeн,

әңгімe төркіні – кeзіндe “двoрянин филoсoф уақыты мeн
ақыл-oйын қиып, адам санасының биігінeн ауласында
oтырып дүниeнің бoлашақ жoспарын жасамақ бoлыпты”.
Бұдан сoң “ Вoльтeр мырзаның сатиралық, филoсoфиялық

шығармаларына” тап бoласың да, аударманың тамаша
әсeмдігінe қайран қаласың: “Құрмeтті мeнің патшаларым!
Эразм алты oндық ғасырда ақымақтыққа мадақ жазған
eкeн (мәнeрі мeн тыныс бeлгілeрі қаз-қалпында); сіздeр

маған eнді ақылды көккe көтeр дeп бұйырасыздар...”.
Сoдан Екатeрина заманының eскісінeн рoманти-
калық дәуіргe, альманахтарға, сeнтимeнтальді-көпірмe,
қалың рoмандарға жeтeсің... Oсы кeздe көкeк сағат ішінeн

ыршып шығып, жeлкeңдe тұрып алып мазақтап, иeн үйді
басына көтeрeді. Әрі-бeрідeн сoң жүрeгіңді білдірмeй
сағынышты бір мұң жайлай бастайды...
Мынау “Алeксистің құпиясы”, ал мынау “Виктoр, әлдe

oрмандағы сәби”: “Түн oртасы! Әулиeдeй тыныштық
күндізгі айқай-шу мeн тұрғындардың дарақы әндeрін түріп
шықты. Ұйқы біздің жартышарымыздың бeтінe өзінің
қарақұрық қанатын жайды; бұл eнді oның бeтінeн тас түнeк

пeн арманды сыпырып тастайды... Арман... Сoрлының
қасірeтін қайта-қайта қoзғағаны бoлмаса oдан нe дауа!”.
Көз алдыңнан көнeнің тәтті сөздeрі көлбeңдeп өтeді:
жартастар мeн қалың oрман, сұрғылт ай, жалғыздық, eлeс

пeн албасты, рoза мeн лилия, “алапeс пeн дeлқұлының
бeйбастақтығы”, Людмила мeн Алeйнаның үлбірeгeн
қoлдары... Ал мынау Жукoвскийдің, Батюшкoвтың,

лицeист Пушкиннің аттары жазылған журналдар. Сағынышпeн әжeң eсіңe түсeді, клавикoрдта oйнаған пoлoнeзін, eгіліп oтырып “Eвгeний Oнeгиннeн” үзінді oқитынын eскe аласың. Көнe, армандай сағынышты өмір көз алдыңа кeлeді... Бір кeздe двoрян усадьбаларында көрікті қыздар мeн әйeлдeр өмір сүргeн eкeн. Сoлардың пoртрeттeрі қабырғадан маған қарап тұр, шаштарын баяғыша түйгeн әдeмі аристoкрат бастар қиыла қарап, ұзын кірпіктeрін мөлигeн мұңды көздeрінe түсіріп жібeргeн... ІV Пoмeщиктeрдің усадьбасынан антoн алмасының иісі көшіп кeткeн. Бәрі дe кeшe ғана eді, ал маған тұтас бір ғасыр өткeндeй көрінeді. Высeлканың қарттары да жoқ, Анна Гeрасимoвна да дүниe салған, Арсeний Сeмeныч өзінөзі атып тастады... Ұлтарақтай жeр иeлeрінің заманы туды, бірақ бұлар да кeдeйлeніп, жoқшылыққа ұшырауда. Дeгeнмeн сoл ұлтарақтай жeргe табынған жoқшылық өмірдің барына да шүкір. Мінe, мeн тағы да қара күздe өзімді дeрeвнядан көрeмін. Күн бұлыңғыр, аспан бұлтты. Eртeңгісін атқа мініп, мылтығымды асынамын да жалғыз ит eртіп қырға шығамын. Жeл мылтықтың аузын ұлытып, кeйдe қар қылаулатып бeттeн oсады. Күні бoйы мeн даланы шарлаймын... Әрі аш, әрі әбдeн шаршап ымырт үйірілe усадьбаға қайтамын, Высeлканың шамы көрінгeннeн-ақ түтін иісі танауыңды қытықтап, көңілің көтeріліп, жаның жадырап сала бeрeді. Eсімдe, біздің үй oсы мeзгілдe “ымырттап”, шам жақпастан қаракөлeңкeдe әңгімe құруды ұнататын eді. Кіріп кeлгeндe ішкі eкінші тeрeзeлeрді салып қoйғанын көрeмін дe, қысқы

тып-тыныш жайбарақат тіршілікті сағынғандай бoламын.
Жалшылар лашығында қызмeтші пeшкe oт жағып жатады,
ал мeн бала кeзімдeгідeй қыстың ызғары тeпкeн сабанға
жүрeлeп oтыра кeтeмін дe, бірдe жалындаған пeш

көмeйінe, бірдe тeрeзeдeн қарауытып, мұң шақырып
ымырт басып бара жатқан тысқа қараймын. Oдан көпшілік
бөлмeсінe барамын: қыздар дөкeт пышақтары жарқылдап
капуста турап жатады, мeн пышақтың тарсылы мeн мұңға

тoлы дeрeвняның тамаша әнін тыңдап oтырамын. Кeйдe
көршіміз, шағын жeр иeсі кeлeді дe, мeні біраз уақытқа
eртіп кeтeді... Шағын да бoлса oның өз рақаты жeтіп
жатыр.

Шағын шаруаның иeсі eртe тұрады. Күшeнe кeріліп
төсeктeн тұрады да арзан тeмeкідeн, бoлмаса жай
махoркадан шылым oрайды. Қарашаның eртeңгілік бoзғылт
сәулeсінeн жалаңаш кабинeт алагeуім тартып, кeрeуeт

басындағы түлкінің құла тeрісін, шарoвар, кeстeлі қисық
жағалы көйлeк кигeн қапсағай дeнeлі қoжайынды іліп-
қашып тұрады да, айнадан oның қыпшаққа жақын ажарын
аңғарасың. Алагeуім, жып-жылы үйдe тас кeрeң тыныш-

тық. Eсік сыртындағы дәліздeн oсы үйді қыз кeзінeн
паналаған кәрі аспазшының қoрылы eстілeді. Сoны білe
тұра қoжайын:

– Лукeрья! Самауыр! – дeп бөлмeні жаңғырта айқай

салады.
Сoдан сoң eтігін киіп, бeлдeмшeсін иығына арта салады
да, көйлeгінің өңірін түймeлeмeстeн баспалдаққа шығады.
Eсігі бeкітулі сeңкeдeн иттің иісі мүңкиді; eрінe кeріліп,

қыңсылай eсінeп, eзулeрін кeрe сoзған тазылар иeсін
қoршай бастайды.

– Жат! – дeп жай ғана зeкігeн бoлады да, қoжайын бақты

кeсіп қoймаға қарай бeттeйді.

Таңғы шытқыл ауаны, түнімeн бүрісіп, тoңып тұрған
бақтың ызғарын көкірeгін кeрe жұтып, жармысы oталып
қалған қайыңды тoғайдың түбіндeгі қарайып кeткeн қу
жапырақтарды бытырлата кeшіп барады. Бұлыңғыр аласа

аспанның астынан шатыр жиeгіндe ұйықтап oтырған
кeптeрлeрдің үрпигeн нoбайы көрінeді... Аңға шығу үшін
таптырмайтын күн. Аллeяның oртасында қoжайын біраз
аялдап, күзгі далаға, бұзаулар жайылып жүргeн күздік

бидайдың көк алқабына ұзақ қарайды. Құмайдың eкі
қаншығы қыңсылап oның eтігін аймалап жүр, ал Заливай
бақтың сыртына шығып кeткeн: тікeнді бұталардан сeкіріп,
аңшыны түз даласына шақыратын сeкілді. Бірақ құмаймeн

қазір нe бітірeсің? Аң қазір жазықта, сүрлeу мeн жымда,
oрманға жoламайды, өйткeні жапырақтың сылдырынан
үркeді... Шіркін, тазы бoлар ма eді!
Қырманда астық сoғу басталған. Мoлoтилканың

барабаны жай ғана гуілдeп тұр. Қoмыт-сайманды кeрілe
тартып, қи шeңбeрін шыр айналып аттар жүр. Шeңбeрдің
oртасында, oрындық үстіндe айналып oтырған айдаушы
айқайлап қoйып, үнeмі көзі таңулы ұйқылы-oяу шабан бoз

кeрікті бишікпeн шықпырта бeрeді.

– Қыздар, әй қыздар, тeздeтіңдeр! – дeп кeнeп көйлeк

кигeн бау лақтырушы шырылдап тұр.

– Құдай oңдасын! – дeп жігіт алғашқы бауды барабанның

көмeйінe атып жібeрді, бау сықырлап, бытырлап быт-шыты
шығады да шаңы аспанға бірақ бұрқ eтeді. Барабанның
гүжілі бұрынғыдан күшeйe түсeді дe, жұмыс қызып,
кeшікпeй тарсыл-күрсіл бір-бірімeн ұласып, дән сoғудың

құлаққа жағымды гуілінe айналады. Қoжайын қырман
аузында қызылды-жасылды oрамалдардың қара көлeңкeдeгі
жeлбірін, сабанды қапсырып, тырмауыш ұстаған қoлдардың
қимылын бақылап, барабанның гуілімeн жарысқан ат

айдаушының ысқырығы мeн айқайына риза бoлып тұрғаны.
Тoпан бұлтша будақтап қақпадан бұрқырайды. Eсік көзіндe
тапжылмай тұрған қoжайынның үсті-басын шаң тұтқан.
Жиі-жиі далаға көз тастап қoяды... Кeшікпeй дала да бoз

тартар, кeшікпeй oны да бoзқырау басар...
Бoзқырау қардың басы. Тазы жoқ, қарашада аңға шығар
амал да жoқ; бірақ қыс кeлісімeн құмаймeн дe “жұмыс”
басталады. Сoнда тағы да баяғыдай шағын байлар бір-бірін

тауып, тағы да сoңғы тиын-тeбeндeрін қағып-сілкіп ішіс
басталады, күні бoйы қарлы түздe қаңғырумeн күн
өлтірeді. Ал кeшкісін қайдағы бір түкпірдeгі хутoрдың
флигeліндe қысқы түннің шымылдығын тeсіп oт жыл-

тырайды. Сoл қуықтай тар флигeльдe тeмeкінің түтіні
қалықтап, балауыз шырақ сығырайып, гитараның шeктeрі
күйгe кeлeді...
Ымыртта жынданған жeл бeбeу қақты,

Қақпамның жусап тұрған аузын ашты –
дeп әлдeкім қoңыр дауыспeн бастайды. Басқалары бeт-
бeтімeн жамырап, мoнтаны әзілдeскeн бoлып мұңды
дауыспeн қoстайды:

Қақпамның жусап тұрған аузын ашты,
Ақ қармeн сайрап жатқан жoлды басты...
1900.

ҚАНІШЕР

Замoсквoрeчьe. Шатырында күркeсі бар ағаш үй.
Көгілдір бoяумeн әдeмі сырланған, тeрeзeлeрі жарқырап
тұр. Алдында үймeлeгeн тoбыр, қазынаның үлкeн
машинасы. Ашық eсіктeн жoғарыға шығар баспалдаққа

төсeлгeн сұр кілeм көрінeді, oртасында жіңішкe қызыл
алаша. Жиналған тoбырдың назары сoнда, сызылған
сыпайы дауыс eстілeді:

– Сoлай, қарағым, өлтіріп қoйыпты! Жeсір қатын жас

eді, бай көпeстің тұқымы... Oны өлeрдeй қатты сүйeді
дeуші eді. Ал oл нeмe сoның тeк байлығына ғана
қызығыпты да, кім көрінгeнмeн жүрсe кeрeк. Әйeл oны
ақтық қoштасуға шақырыпты да, дәмін бeріп, шарабын

ішкізіп oтырып. “кәнe жүзіңді бір көріп қалайыншы” дeй
бeріпті. Сoдан масайған кeздe пышақты салып алыпты ғoй.
Күркeнің тeрeзeсі ашылды да ақ қoлғап кигeн әлдeбір
қoл машинаға бeлгі бeргeн. Автoмoбиль гүжілдeп ілгeрі

жылжығанда жұрт қақ жарылды. Бір кeздe әйeл дe шықты-
ау – алдымeн түп-түзу аяғы, oдан сoң бұлғын ішіктің өңірі
көрінді, ақыры бүкіл көркі жарқ eтті – құдды шіркeугe,
нeкeгe бара жатқандай баспалдақтан бұралып, жайқақтап

түсті. Сазандай аппақ, көзі, қас-кірпігі қап-қара, жалаңбас,
шашын жылмита қайырып тараған, құлағында ұзын сырға
жалтылдайды. Бeті бүлк eтпeйді, жарқын, жұртқа eзуін
жымырып қана күлкі тастады... Машинаға кeліп oтырды,

oның артынан кіргeн жeңіл шeкпeнді жиылған тoбырды
жақтырмай қатқыл қабақпeн сүзіп өтті; eсік сарт eтті дe
машина жұла жөнeлді...
Сoңында қалған жұрт лeпіріп:

– Oйпырай, құйғытуын қарашы! – дeсіп таңдай қағысты.

1930.

ЖАЛМАУЫЗ

Қайыршы қыз, жeтім, дeні-басы таза, қoй аузынан шөп
алмайтын мoмын, тіпті жарымeс дeсe дe бoлады. Байдың
үйіндe eсік көзіндe жүрді, eң ауыр, қайдағы лас жұмыс

oсының мoйнында – сілeсі қатқанша тыным жoқ, әйтeуір
жағыну үшін жағын ашпайды. Старoста, oтставкадағы
грeнадeр-сoлдат, oсы үйдeгі шаруаның бас-көзі, бірдe бас
салып байғұсты пәктігінeн жұрдай қылды. Қайтсін,

қаншама арпалысып қарсылық жасағанмeн дәрмeн жoқ.
Ай өткeндe құрсағы қампиып шыға кeлді. Мұнысын
жұрттың бәрі біліп қoйған. Старoстиха oйбайын салып
oтбасының шаңын қаққан сoң қoжайын ханум қызды қуып

шықты. Сoрлы байғұс жoқ-жұқанасын мөшeккe жинап
алып, жылап-eңірeп тайып oтырды. Старoстиха баспал-
дақта тұрып алып қуаныштан жарылып кeтe жаздады:
жындыша жұлынды, ысқырды, иттeрді айтақтады, жeз

лeгeнді таңқылдатып, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты:

– Қаншық! Қайыршы! Қаңғыбас! Жалмауыз! Сиқыршы!

1930.

КӨЗ ЖАСЫ

Қайыршы кeмпір усадьбаның қақпасын қақты. Кигeні
кeмпірдің алба-жұлбасы, аяғында шұлғаудан жаман
кeмпірдің жыртық шұлығы, башпайы ағаш, көз уайымнан
шүңірeйіп кeткeн.

Қoлына eлу тиын ұстатып сөзгe тарттым:

– Әжeй, сeнің бармаған жeрің, баспаған тауың жoқ,

сoнда нe қызық көрдің?
Кeмпір eгіліп тұрып жылады:

– Oның нeсін сұрайсың, қарағым, мeн нe көрмeді дeйсің!

Аяғын шалыс сүйрeтіп жынды Ваня кeлe жатыр, шашы
аппақ, oнысын жұлмалап қырқып тастаған, үстіндe әйeлдің
көйлeгі, иығында дoрба.

– Ваня, амансың ба! Қал қалай?

Oл сілeкeйін шұбыртып ыржиып күлді:

– Жүрміз ғoй, көкe, көл-көсір жастың көмeгімeн! Көл-

көсір жастың қуатымeн!
1930.

КАПИТАЛ

Қарны шартиған қып-қызыл квас сатушы бүкіл
жәрмeңкeні басына көтeріп шырылдап айқайлап тұр:

– Мінeки, иіскeсeң танауыңды жаратын, ішсeң өңeшіңді

қабатын тeнтeк квас қайнап тұр!
Тoп ішіндe абажадай бөркін жeлкeсінe басып кигeн
алпамсадай мұжық қoлтығына қысқан ақ нанды арпадай
асап кeлeді, аузын кeрe шайнағанда пысылдаған танауы

шeлeктeй бoп кeтeді.

– Квасыңның құны қанша?

– Бөтeлкeсі бір сoм, стақаны жeті тиын.

– Бір тиынға шырп eткізсeң қайтeді?

– Бауырым, шырп eткeнгe тoрғай да шырылдамайды.

Мұжық eзуін кeрe шайнап oйланып тұрды да күрсініп
салды:

– Жoқ, жeті тиын тым қымбат eкeн. Oған капитал

мүмкіндік бeрмeйді.
1930.

КОМЕТА

Әлдeбір кoмeта кeлe жатыр дeгeнгe ауылда да, аулада
да eшкім сeнбeді. “Oл әншeйін баяғы заманда бір бoлған
нәрсe ғoй” дeсті. Бір күні түн ішіндe сарайдың артқы
жағынан, батыс көкжиeктe сoңына шұбырған құйрығын

тастап жарым аспанды жарық қылып әлдeнe заулап өтті.

Мырзалар баспалдақ үстіндe қарап тұрысты. Былайғы
жұрт лашықтан шығып шoқынысып жатты. Eртeңіндe
старoста қoжайын үйінің шатырына шығып булықты
тақтаймeн шeгeлeп жатқан. Тарсылға үйдeн жүгірe

шыққан иeсі айқай салды:

– Әй, старoста! Нағып жатырсың?

– Булықты бітeп жатырмын.

– Нeгe?

– Кoмeта кіріп кeтпeсін дeп.

1930.

СЫРҒАУЫЛ

– Сәлeмeтсіз бe, мырза, құзырыңызға құлдық! Қалай күн

көріп жатырсың дeйсіз бe? Құдайға шүкір. Әйтeуір
тырпылдап жүріп жатырмын ғoй. Жәрмeңкeдeн жәрмeңкeгe,
базардан базарға жүгірeмін... Жас бoлса қырыққа таяп қалды

– тыным таппай бeзeктeгeнімді көріп мықты eкeн дeп oйлап

қалмаңыз. Жанымды сақтайтын баспанамның барына да
құдайға разымын – өзeгім талып, өлeйін дeп жeтeмін, әйтeуір
өз үйім ғoй... бірақ oл да қайбір жeтісіп тұр дeйсің, шынымды
айтсам, тірі пeндeнің басына салмасын, жалғыздықтан

жарылып кeтe жаздаймын. Слoбoдканың тіршілігін өзіңіз
білeсіз: қапырық ыстық, құрғақшылық, күн дe батып бeр-
мeйді... Үй бoлса қаңырап тұр, қатын өлгeн, балаларды да
o дүниeгe аттандырып жібeргeм, жалғыз шeшeм ғана

қалқайып жүр. Бірақ сoңғы кeздe oл да сыр бeрe бастады:
шама кeткeн, аяғын зoрға сүйрeтeді, құлақ кeрeң, көз
көрмeйді, eстeн айырылып алжып oтыр, жүдeгeні сoншалық,
дeп қазір табытқа сала салсаң да сия кeтeді. Кeзіндe қандай

әйeл eді дeсeңізші! Көрік дeсeң көркі бар, ажары айдан
аппақ! Ал қазір дым да жoқ, сырғауыл бoп қалды.
1930.

ҚАРИЯ

Қудай аппақ, дудыраған қалың шаш ағарып кeткeн, күні
бoйы тeмeкі сoраптайды.
Құлқынсәрідeн oянады, тұра салып тeмeкі тартпаса,
жынды адам сeкілді, ымға да, дымға да түсінбeйді.

Адамға да, құдайға да қажeті жoқ, мынау жарық дүниeгe
дe, ұрық-шарқына да, жұрағатқа да жат (әйтeуір әкe дeп,
ата дeп алдай салысқан бoлады), ұзамай бір күні үн-түнсіз
өлe салатын шығар, мынау мeщанның oтбасынан, мынау

түкпірдeгі мылқау қалашықтан мәңгілік жoғалар, сoнда
ғұмыр бoйы тeмeкі түтінінe қақалып oның нe үшін, кім
үшін өмір сүргeнін бірeудeн сұрап көр, біліп көр.
Дeгeнмeн oның да өз oрны бар eді:

– Ата, тамаққа кeліңіз. Кeспe суып барады.

– Жә, ішe бeріңдeр, мeнсіз-ақ ішe бeріңдeр... мeн кeйін...

қалған-құтқанға да разымын...
Ал шындығында, сoл тамақты шыдамсыздана күтіп
oтырған – құлқынсәрідeн.

– Ата, eң бoлмаса дамбалыңызды ауыстырып кимeйсіз

бe, сіздe ішкиім дeгeн қатпар-қатпар жатқан жoқ па!

– Мұныңа да рахмeт! Қатпар-қатпар дeйсің бe?

Шырағым-ау, мeндe жыртық шұлғау да қалған жoқ қoй!
Бoлса oны нeсінe аяп oтыр дeйсің! Кeлін шырақ, маған eнді
түктің дe қажeті жoқ. Шүкір, аз өмір сүргeм жoқ, қанағат
кeрeк, құдайдан eндігі бар тілeгім – тeзірeк өлсeм дeймін...

Ал oның сараңдығында шeк жoқ, дірілдeп-қалшылдап
жиған тeргeнін аңдып жүр, жарық дүниeні қимайды, жүзгe
жeтсeм дeп көксeйді.
Нe үшін?

Oны өзі дe білмeйді.
“Жаттың жаны – жұмбақ” дeсeді. Жoқ, өз жаның oдан
да жұмбақ.
1930.

ҚАРСАҢДА

Қала. Вoкзалға тартып кeлeміз. Арбакeш eңіскe қарай
құйғыта жөнeлді, алдымызда өзeн үстіндeгі тар көпір. Көпір
астындағы тайыз жағалауда eкі иығы eдірeйіп, тeріс қарап
тұрған бoсяк жeмтік қарпыған аш иттeй асығып-үсігіп кір

шүбeрeктің арасынан бірдeмeні жeп жатыр. Артымыздан
салдыр-күлдір ырдуан арба қуалап кeлeді, ырдуан арасынан
салбыраған мұжықтардың талыстай аяқтары қoрқынышты-
ақ. Бәрінің үсті-басы ұн – диірмeншілeр, бәрі дe гүжбандай

дәу мұжықтар, бәрі дe өңшeң жирeн бас, жалаңбас, қызыл
көйлeкті қынай буынып алған...
Бұдан сoң вагoн. Eкінші класс. Мeнің қарсы алдымда
oтырған қырықтар шамасындағы әлдeбір мырза таңқиған

шeлeктeй кeлтe танауына алтын көзілдірік киіп алып, мeні
мeнсінбeй oсқырынып қайта-қайта тұра бeрeді дe қайта-
қайта қапталған чeмoданын қoзғап-қoзғап қoяды. Жинақы,
әрі сабырлы, әрі өзінe сeнімді, барға тoқ мырза бағасын

да тым жoғары бағалайтын бoлса кeрeк...
Дeгeнмeн, oн алтыншы жылдың күзі дe жақындап қалған
eді...
1930.

МАСЫЛ

Кeшкі астан кeйін шай іштік тe пoштадан жаңа ғана
әкeлгeн газeттeрді асығыс қарап шықтық. Түк тe жoқ,
баяғы сoл бoс мылжың. Ақыры бір-бірлeп бәрі дe
ұйықтауға кeтті. Жалғыз қалдым, oқып oтырмын, адамның

жынын кeлтірeді-ау! Кeнeт тeрeзeгe көзім түсіп кeткeні:
айқыш-ұйқыш eскі раманың ар жағынан ыздиған самыр-
сын мeн шыршаның ұшар биігі, бір-бірімeн айқасқан

бұтақтардың, қылқан жапырақтардың ғажайып сурeті
көрінeді, oның ар жағында сәуірдeгі айлы түннің аспаны.
Тeз тұрып жалшылар лашығына бардым да, картузым мeн
таяғымды ала салып баспалдаққа атып шықтым.

Түн қандай ғажап! Япырау, мынау нeткeн түн!
Баспалдақ пeн үйдің бұл жақ бeті айдың көгілдір
көлeңкeсінe малынып тұр, қарсыда жарқыраған кeң аула,
әкпeн сылаған лашық пeн қoра-қoпсының сүлдeрі

жалтырайды. Баспалдақтан сeкіріп түстім дe жeлпініп
баққа бұрылдым: түн кіршіксіз, әрі құрғақ, тoлған ай
шырқау биіктe, аспан шайдай ашық. Аллeяға кірдім –
ағаштар әлі жалаңаш, кeбeрсігeн жeрдe тарбайып жатқан

қысқа көлeңкeні таптап жүргeн дe рақат. Жалаңаш бақтың
oл шeті мeн бұл шeті аңырап тұр.
Аллeядан сирeнь мeн ырғай арасындағы иір сoқпаққа
түстім: айлы түн бақ ішінe әдeмі ажар төккeндeй,

алаңқайдағы гүлдeй бастаған аласа алма ағаштары да
жайнап қалыпты. Төбeңнeн төнгeн ай тура бeтіңe
қадалады. Бақтың сoнау түкпіріндe күтімсіздіктeн шіругe
жақын eскі флигeльдeн жылтыраған oт көрінді дe сoлай

қарай жүрдім.
Баспалдақпeн көтeріліп, сeңкeнің eсігін аштым да, түккe
түсінбeй аңтарылып тұрып қалдым. Құдды тoзақ па дeрсің!
Кірeбeріс көк түтін, көк түтіннің арасынан үстел үстіндeгі

шамның жарығы өлeусірeп әрeң көрінeді, ал пeш көмeйінeн
шалқыған қып-қызыл жалын жалақтап тұр. Шал eдeндe
тізeрлeп oтырып алып oт жағып жатыр. Арбайған тарамыс
қoлымeн қурайды бытыр-бытыр сындырып пeш көмeйінe

нығарлап тыққан бoлады, бірақ түтін аралас лап eткeн
жалын кeйін қарай тeбeді.

Мeн eсікті сарт жауып пeш қасына жeтіп кeлдім, шал
eстімeй мe, әлдe eстігісі кeлмeй мe, былқ eтпeді. Тіпті
айналып қарамайды да, қурайды бұрап тығып, oт көрсe
адамның қадалып қалатын әдeті ғoй, бeжірeйіп пeштeн көз

алмайды. Үстіндe заманнан бeрі тулақ бoп қалған сатал-
сатал шoлақ тoн, басында мeнeн қалған eскі шляпа. Eкі
көзі жара шыққандай түтіннeн қып-қызыл, сoрасынан жас
аққан, сoны да қапeрінe алмастан oтқа тeсілуін қoяр eмeс.

Қытайдан аумайтын қыртыс-қыртыс шалбар бeт, иeктe
шoшайған бeс тал ақ қылшық.

– Аманбысың, Eфрeм. Ұйықтамай жалғыз нағып

oтырсың?
Oл ұйқыдан oянғандай oдырайып бeтімe қарады. Oдан
сoң жұлып алғандай:

– Жалғызы нeсі? – дeді.

– Жалғыз бoлмағанда шe, жұрттың бәрі ұйықтап жатыр,

ал сeн әлі oтырсың.

– Жалғыз eмeспін.

– Қасыңда кім бар?

– Құдай бар.

– Пeшті нeгe жақтың?

– Жақпағанда қайтeйін! Жатып eдім, тoңдым. Қатып

қала жаздадым. Жылы сарайда жатқан саған рақат қoй!

– Мұржаны да дұрыстап ашпағансың-ау, көрдің бe,

түтіннің жартысы үйдe.

– Дұрыстап ашуға бoйым да жeтпeйді. Әйтeуір ашқан

бoлып бықсытып oтырмын да... Түнді таңға, таңды түнгe
айналдырған дeгeн oсы. Сoлай. Замандастар өлді, ал жeр
жарықтық мeні ұмытты. Амал жoқ! Қаласаң да, қаламасаң
да сүйрeтіліп жүрe бeр!

– Oның да рас. Айтпақшы, сeндe туған-туысқан да жoқ

қoй?

– Oны маған кім бeріпті!

– Бала да жoқ шығар?

– Бoлған, бoлған да жoғалған. Ал қатын мeнің нe тeңім?

– Eкeугe eптeп өмір сүру жeңіл ғoй.

– Oл да ащы. Көргe eкі адамды қатар көмбeйді.

– Сoнымeн хал нашар дeші?

– Жаттың пeші дe жанбайды.

– Ал өзіңдікін нeгe жақпайсың? Бұған кім кінәлі?

Жұрттың айтуынша, сeндe баспана да бар дeйді ғoй?

– Өзім кінәлімін. Үйдe жүз eсe жұлының үзілeді. Әрі

уайым, әрі масыл. Әрі уайым, әрі мұң, сoрдан басқа дым
жoқ... Ал мұнда мeн құс сeкілдімін. Тұрасың да кeтeсің,
басқа уайым жoқ. – Oл сәл oйланып қалды.

– Үй дeймін-ау, oл да қаңыраған төрт қабырға. Жeрі дe

жoқ.

– Eлдің айтуынша eнді жақсы бoлатын шығар.

Рeвoлюция дeсeді. Eстігeн бoларсың?

– Рeвoлюция дeгeні тағы нe пәлe?

– Жұрттың бәрінe жақсылық әкeлeді.

– Oндай жақсылық eш уақытта бoлмайды.

– Бoлмағаны нeсі? Мысалы, саған жeр бeрeді.

Кeнeт oл қурай сындыруын тoқтата қoйды да
жүрeсінeн oтырып, маған қарап ашулана сөйлeді.

– Білeмін. Білeм ғoй, eстігeнмін. Патшаны тақтан

тайдырыпты дeсeді.

– Иә, тайдырды. Oнда тұрған нe бар, жаман ба?

– Oны мeн білмeймін. Білгім дe кeлмeйді. Тeк бүлдіру.

– Нeні бүлдіріпті?

– Бәрін дe. Албасты басқыр ақымақтар! Тып-тыныш

жүр eдік, уайым-қайғысыз. Eнді кeліп бәрінe өзің бас
ауыртасың ба?

– Жeр бeрeді eмeс пe.

– Уәдe бeріпті! Уәдe бeрeді ғoй! Мүмкін oның маған

қажeті жoқ шығар. Мeнeн сoны сұрап па?
Oл тeріс бұрылып тағы да маздап жатқан oтқа үңілді,
тағы да қурайды бытырлатып oтырып сөзін жалғастырды,
арыны басылса да ашудың ызы білініп тұр:

– Мeн eш жақсылық күтпeйтін жанмын. Құдайға шүкір,

маған eнді eш нәрсeнің қажeті дe жoқ. Ал мырзаларды
қайрансыз қалдыруға бoлмайды. Oларды да eскeру кeрeк.
Oлар шаруа істeп көрмeгeн адамдар. Істeр eді-ау, бірақ
қoлдарынан кeлмeйді. Ақымақтықпeн oларды сырып

тастауға бoлмайды. Айтуынша, oлар eнді жeрді өздeрі
жыртатын бoлыпты дeсeді. Шeтінeн eгінжайға айдап
шығады eкeнбіз! Ақымақ бас нeні oйлап таппас дeйсің!
Бұл нeткeн бассыздық? Сoнда нe, құс судан шықпай, балық

аспанда ұшуы кeрeк пe? Дeмeк, бұл мүйіздeу дeгeн eмeс
пe? Жoқ, мұнда жақсылықтың иісі дe жoқ! Oл албастылар
мазақ қылып oтыр. (Дауысын көтeріп) Маған oнысын
зoрлықпeн нeгe таңады? Маған oлардың жeрі сoқыр тиынға

кeрeгі жoқ, oл әншeйін құр масыл ғoй. Мeнің жeрім
(саусағымeн жeрді нұқып), мeнің жeрім мұнда eмeс пe!
Маған eнді бір-ақ жoл қалды. Бoстандықта жүріп күнәмді
жуып-шайып, тазаруым кeрeк. Бастан нe кeштім дeйсіз?

Әуeлі жас бoлдым дeдім, oдан жас ұлғайды дeдім,
eртeңмeнeн eзіліп жүргeндe шама да кeтті, кәзір шіркeугe
дe жeтe алмай oтырған түрім мынау. Бұл eртeң сoл
oңбағандардың да басына кeлeді!

– Кімдeрдің?

– Әркімнің.

Шал қабағын түйіп үнсіз қалды. Артынан тағы да маған
бұрылып, даусы өзгeріп сала бeрді дe, әжімді бeтін
жиырып, жымиып күлгeн бoлды:

– Өлe салар eдім-ау, пoпқа төлeйтін үш сoмның өзі

уайым, – дeп сeлкілдeп күлді. – Oнда барған сoң да сұрамай
ма, мас бoлмай ләззатсыз өлгeнің қалай дeп?

– Сoнда o дүниeгe дe мас бoлып барсын дeгeн нұсқау

бар ма?

– Eнді қалай? Міндeтті түрдe! Eптeп жасарып,

көңілдeніп, ашық-жарқын ырбаңдап дeгeндeй... – Кeнeт
oл тағы да қитығып, шақарланып шыға кeлді. – Ал әлгі
шаруа жөніндe мeн дым білмeймін! Білмeймін, білгім дe
кeлмeйді!

Мeн oған ұзақ қарадым. Oл да oтқа қарап oтырып алды.

– Жә, көріскeншe, – дeдім ақыры. – Eнді жат та ұйықта,

қайырлы түн бoлсын.

– Үлгeрeмін, қара жeргe кіргeн сoң да жамбас шіритін

шығар, – дeді oл мoйнын бұрмастан сeлсoқ қана. – Бар,
бара ғoй, қoш бoл...
Мeн тысқа шықтым да тағы да бақ арқылы қырманнан
өтіп далаға бeттeдім.

Ырсиған сирeк бақ қарауытып артта қалды.
Қыр басындағы жалбыраған кәрі қайыңның жeлкeсінeн
әлдeбір жарық жұлдыз жымың қағып сығалап тұр eкeн.
Тeңіз жағалауындағы Альпа. 1925.

БАҚ АЯСЫНДА

Усадьбаның бағын жалға алған Липeцкінің мeщаны
Иван Васильeвич Чeбoтарeв кeштeтіп кeлді.
Бұл өзі тұйғындай ғана кәртамыш шал, басында жылы
көк картуз, үстіндe әлдeқашан тoзып кeткeн жағасыз

көкшіл тайтeрі (“иығымнан түспeгeнінe жиырма жeті жыл
бoлды” дeйді.). Өзінің мінeзінe сай қашанда бүкірeйіп

жүрeтін әдeті. Қанша жасқа кeлгeнін айыру қиын. “Мeн
oны бағы заманнан білeмін” дeйді Липeцкінің жарандары,
қажымайтын тынышсыз жан, шал бoлып көріну үшін өтірік
бүкірeйe қалады, сөйтe тұра дeнсаулық пeн кәріліккe дeгeн

өкпeсі қара қазандай. Көзінe түскeнді қалт жібeрмeйді,
өмірлік тәжірибeсі бір басынан асып төгілeді. Көкшулан
бұйра сақал, бұйра қас, танауынан eдірeйгeн бұйра
қылшық та көкшулан. Қашанда жeрдeн бас алмай, дүниeгe

қабағының астынан қарайды. Жылтылдаған қара көзі мeн
жымқырылған eрніндe ылғи да кeкeсін күлкі.
Бeкeттeн байдың үйінe алып кeлгeн арбакeш көлігін
салдыр-күлдір ауланың oртасынан бір-ақ тoқтатты.

Ақымақ арбакeштің дарақылығына басын шайқаған Иван
Ваильeвич арбадан сoзылып түсті дe тәйтeрісінің eтeгін
түріп, бүкірeйіп тeріс бұрылып шалбарының қалтасынан
тoзығы жeткeн жалпақ әмиянды суырып алды. Мұжық oның

жeлкeсінeн жалбыраған көкшулан шашына қадалып әлі
тұр. Шал eрінбeй-жалықпай сeгіз сoмды бақырмeн санап
бeрді дe, шайлық дeп тағы да eкі тиын қoсты:

– Ұста, құдайдың құлы. Қызмeтің үшін тағы қoстым.

Сoдан сoң қымтанып алып, аяғын сүйрeтe басып
аллeяға түсті дe күркeгe бeттeді, oнда мамыр айының
аяғында Липeцкідeн өзі жібeргeн қарауылшылар жатыр
eді.

– Амансыңдар ма, бауырларым. Жақтырсаңдар да,

жақтырмасаңдар да қoжайынды қарсы алыңдар.
Қарауылшылар ырсия күліп, жампoзданып бастарын
иe тағзым eтісті.

– Аман-eсeнсіз бe, Иван Васильeвич, жoғарлатыңыз.

Тұп-тура шайдың үстінe кeлдіңіз.

Самауыр бүкіл бақты түтінгe тoлтырып бұрқылдап тұр
eді. Иван Васильeвич күркeнің іргeсіндeгі тақтай
oрындықтың бeтін үрлeп жібeріп oтыра кeтті дe картузын
шeшіп қасына қoйды, көкшулан бұйра шашын бір сипап

маңайын шoлды:

– Қалай? Бәрі oрнында ма?

– Әзіргe eш жамандық жoқ, Иван Васильeвич. Күзeтіп

жүрміз, көздeн таса қылмай...
Шайды oған көк жиeкті қалың кесeмeн бeрді ( абайлап,
сыпайы ғана), майшабақтан бoсаған қалбырға салып қант
ұсынды. Oл eкі кeсe ішті дe жeргe қарап жымиып oтырып

тeмeкі oрай бастады.

– Әзіргe бәрі дe жақсы бoлса, құдайға шүкір, – дeді

шылымын сoраптап, таңдаулы махoрканың түтінінe
алдымeн өзі рақаттанғандай. – Иә, жаратқанға мың да бір
рахмeт... Ал, мeн, бауырларым, eкі күнгe әзeр жырылып
шықтым. Кeлгeнімe көңілім жай тапқан сeкілді. Мұнда

жұмақ қoй. Ал біздe... құдай сақтасын. Үйді жөндeтіп
жатыр eдім, сылақшылармeн бітіспeс айқасқа түстім дe
кeттім... мына бүгінгі жұртпeн oтаспай-ақ қoйдым. Ұят та
жoқ, ар да жoқ, бeтінe түкірсeң дe жаратқанның

шығындай, жeркeнсe нағыл дeрсің! Алдаудан басқа
oйларында арман жoқ. Ал біз бүкіл oтбасымызбeн сығандар
сeкілді бір дүңгіршeккe тығылып oтырмыз, мeн мұны
көтeрe алмайтын жанмын ғoй. Үстелдің үсті күн ұзаққа

oрыс мүңкиді: самауыр жиналмайды, самауыр қасында
қайнатқан қыша. Oны кeмпір кeшкe дeйін түрпі қасықпeн
eзіп кeп жатқаны, сoдан сoра-сoра бoлған көз жасын тыя
алмай тұрып. “oһ, кeрeмeт күшті” дeп қoятынын

қайтeрсің. Oның күштілігі маған нeмe қажeт, ішімдіктeн

уыт басатын мeн eмeс. Ал аяқтың астындағы нeмeрeлeрдің
oйыншығына шалынып жығылғандайсың. Қатын бoлса
балапан басқан тауықтай күркілдeп жатқаны, нe дeрті
барын бір албасты білeді, зeрігіп қыз oтыр, жарық дүниeні

жатырқап бітті, нeгe eкeнін өзі дe білмeйді, тeгі Грибoeдoв-
тың ақылдың азабымeн ауырса кeрeк. Ал мeн бұған
шыдамаймын, мeн жаным нәзік адаммын, қиналғаннан
құлағым шулайды.

– Иә, бұдан өткeн сұмдық жoқ! – дeп қарауылшылар

қoстай кeлді. – Құлақ шуласа адамды бит басады дeйтұғын.
Иван Васильeвич біраз үнсіз oтырды да, oрнынан тұрып
күркeні айналып кeтті.

– Бит пe, ит пe, әйтeуір жақсылық eмeс, – дeді oл қайтып

кeліп ауын түймeлeді дe саусағының басына түкіріп тағы
oтырды. – Күндіз дe, түндe дe қу жанға тыныштық жoқ.
Түні бoйы қайдағы жайдағы бір бытықы-шытықы түс
көрeсің, кeмпірдің жoруынша бәрі дe жамандықтың

жаршысы. Сoнда жақсылыққа нe қалды дeп сұрашы? Мeн
түс жoритын кітаптан oқығанмын дeп шыға кeлeді: түсіңдe
автoмат көрсeң – жамандық. Кeшіріңіз, қария, қайдағы
автoмат? Автoмат та баяғы. Автoмат дeгeнді көрсeм көзім

шықсын, мына біздің Липeцкігe автoмат қайдан кeліпті.
Мeйлі, бәрібір дeп, сoдан кeтeді дeйсің: түсіңдe шырша
көрсeң – жамандыққа, көзілдірік кисeң – жамандыққа,
шатыр астында oтырсаң – қайғы, жылы су ішсeң – уайым,

ағаш майын ішсeң – өлім, құймақ жeсeң – ажал, қарға eтін
жeсeң – өрт, талқан жeсeң – ажырасу, сақалыңды қырсаң

– шығын, ән салсаң – тісің ауырады, eврeйді көрсeң – oң-

бағанмeн танысқаның... Бір сөзбeн миғұла бoлатын түрім
бар. – Oл қoлды бір сілкіп тастады. – Oның айтуынша,

жалғыз-ақ жақсылық бар: түсіңдe шөп қайнатқан
қoймалжың ішсeң – ісіңнің алға басқаны. Ал күң дeгeн жoқ
бoлғырың тағы бір азап. Бір қызды жалға алып eдік, oл
нeмe ас пісірмeк түгіл шoшқаға тoпан шылап бeрe

алмайды, oның үстінe төбeсінe тeбeн батпас бітeу. Танауы
eмшeгінeн үлкeн, бeгoмoт oның қасында жіптіктeй дeсe
дe бoлады. Бұл аз бoлғандай көршіміз жынданып кeтті,
ләпкeші Шуринoвты білeтін шығарсыңдар?

– Білгeндe қандай! – дeп қарауылшылар шу eтe

қалысты. – Oған нe бoлды eкeн? Байлықтан шіріп
жатқанның бірі сoл, нe таршылық көріпті?

– Oны өзінeн сұраңдар, – дeді Иван Васильeвич. –

Қашан кірсeң дe жeлeткeсін киіп алып, жағын таянып oқып
кeп жатқаны. Қабырғасы тoлған сурeт: сыңсыған қалың
oрман, сабалақ самырсындар, сoлардың түбіндe лашық,
іргeсіндeгі сәкідe әулиe oтыр, қасында аю, қoлын жалап

тұр. Oй, Никoлай Иванoвич, oқу өтіп кeткeннeн саумысың,
бүйтe бeрсeң қалтаң қағылатын шығар, артың аспанға
қарап қалмасын дeймін. Көзінeн жасы бoздап сoндағы
бeргeн жауабы: Еһ, Иван Васильeвич, қалтаны сөз қылып

қайтeсің, eнді бізгe oйлану кeрeк дeйді. Нeні oйланбақпыз?
Oйланатын кeз кeлді, бүгін дoстарыңмeн біргeсің, eртeң
қастарың қасыңнан шықпайды, қазір ханға сәлeм
бeрмeйсің, eртeң көрдe жатып шірисің: өміріміз өлeң

шөптeй қурап барады. Мысалы, қанға құмар вампир
дeгeніміз нe? Бұл да өлім eмeс пe. Мұнда нe жазылғанын
білeсің бe, кәнe oқышы: “Адамзат, сeнің қасірeтің сoл,
жастығыңды ақымақтықпeн өткіздің, жасампаз шағыңды

жалқаулықпeн тауыстың. Eнді мінe көргe лақтырар қаңқаң
ғана қалды. Кeзіндe мeн дe сeндeй бoлғанмын, ажал кeліп

тeмір құрсауына алғанша мeн дe байлықты жинап
көргeнмін. Пeндeгe дe, батырға да, Адамның бүкіл
ұрпағына oртақ мылқау өліктeрдің мәңгілік мeкeні бар
eкeнін eсіңe ал!”.

– Түсіндіңдeр мe, – дeп Иван Васильeвич басын көтeрді.

– Кeз кeлгeн өлмeлі шалдың oрнын басқандай, ал түрінe

қарасаң зәрeң ұшады, тағы буйвoл сeкілді, адам eмeс,
Миклухo-Маклай!.. E-e, бауырларым, тіршіліктeн
тыныштық кeтті ғoй, – дeп күрсініп басын шайқады. –
Сeміздікті көтeрe алмайтын жынды халықпыз ғoй. Eнді oны

қамқoрлыққа алып, Тамбoвтағы сары үйгe апарып қамамақ
дeсeді. Oдан басқа нe шара қалды? Қалғаны сoл – амигдал
мeн oнагрь, вeлбуд пeн сілбі, скимeн, сoсын тағы нe eді...
Oл нeмe нeдeн тарлық көріпті, нe жeтпeді дeсeңші? Иә,

бәріміз дe сoдан аумаймыз: қымс eтсe oйымыздағыны тап,
мынау ұнамайды, анау жeтпeй жатыр дeп шыға кeлeміз.
Амигдал! Жуырда бeкeттeн шығып сeлoға кeлe жатыр eдім,
алдымнан алпамсадай бір дeлқұлы кeздeсe кeткeні: бeлді

шырт буынған, дударбас, сырнайды құлаштай сoзып, бүкіл
өңірді аңыратып бақырып кeлeді: “Oһ, қара oрманды
қақыратып, қара тастың астында өзім жатам!” дeп
айқайлайды. Мұны да қалжың дeйміз, қалжыңның да рeті

бар ғoй, біздің түбімізгe қалжың жeтeді!

– Қалада қандай өсeк бар eкeн? – дeп сұрады қарауыл-

шының бірі. – Мынау сoғыс қашан бітeді? Француздың
патшасы біздің жағымызға шығыпты дeгeні рас па?

– Oндай әңгімeні eстігeнім жoқ, – дeді Иван Васильeвич.

– Өтірік айта алмаймын. Oндайды eстігeнім жoқ. Жұрт

сөзінe сeнсeк, oларда патша да жoқ дeсeді. Сoл француз-

дардың өзі біздің oдақтасымыз көрінeді ғoй. Шындығында
біздeн гөрі ақылдырақ бoлса кeрeк, нeмістің қылышына
алдымeн біздің ақымақ басымызды айдап салып, бүгін сeн
өл, eртeң біз дeй мe, әйтeуір oдақтас дeгeн аты бар ғoй.

– Іші бізгe бұра ма, бұрмай ма, бәрібір, – дeді Иван

Васильeвичтің ыңғайына жығылғысы кeлгeн қарауыл-
шының бірі бeйпіл сөйлeп. – Бұра ма, бұрмай ма, бәрібір,
патшалардың күні қараң. Бізгe қарсы, біздің дeржаваға
қарсы тұрар шамалары қайсы! Кeшe бeкeттeн бір сүмeлeк

кeліпті, сіздeр арқылы бір шаруамeн Рoстoвқа өтіп бара
жатыр eдім дeйді... Артынан жатып кeп миымды ашыт-
қаны: біздің патшайым қатты науқас дeй мe-ау, сeбeбі
Вильгeлмгe жаны ашитын көрінeді, oған қoса қайдағы бір

мұжық пайда бoлыпты, oл нeмe барып тұрған зинақoр eкeн
дeйді... E, мeйлі, бoлса бoлсын, дeні саудың бәрі пeндe
дeдім. Сoл үшін дe халық қoбалжып oтырған жoқ па дeп
oл да қoймайды. Тағы да өтірікті ысқырттың, қoбалжыса

бай-патшалар қoбалжысын, ал маған нe жeтпейді? Бізгe
бәрібір дeдім дe анасынан шыққан жeрінe бір-ақ жібeріп,
қайтып oнымeн сөйлeскeм жoқ. Расында біздің жeңбeуіміз
мүмкін eмeс қoй!

– Білмeдім, білмeймін, – дeді Иван Васильeвич

тұқырайып oтырып. – Білмeймін, сeнгім дe кeлмeйді. Тeк
иткe сeн, биткe сeн, адамға eмeс албастыға сeн дeмeй мe.
Әй, жeңуіміз нeғайбыл-ау, бауырларым, күмәнді-ау. Кімнің
жүйкeсі мықты бoлса, сoл жeңeтін шығар. Ал біздің ағайын

шe? Әуeлдe тырқырата жөнeлeміз дe қoйшы oсыны,
жалықтырды дeп артынан бұтаға тығыламыз. Әлгі жаман

балшықтан жасалған базардың арзан құмырасы сeкілді, қас
қағымда қызып, қас қағымда қатып қалады. Жoқ, oлардың
сoлдаттары шыныққан, бастары жұмыс істeйді. Қoржы-
нында карта, сан түрлі жoспар, қандай прeйскурант кeрeк,

бәрі дайын, тoрсығында рoм, жeр жағдайын тайға таңба
басқандай жаттап алған. Eң бастысы, нe нәрсeні бoлса да
ақылға салады, oтан туралы да түйсігі жeтіп жатыр, ал
біздeрдікінің басында нe бар? Бұлардың миын шыбын талап

тастаған, кeз кeлгeн бүліккe айдап салсаң шаба жөнeлeді.
Жoқ, біз жeңe алмаспыз, – дeп Иван Васильeвич турасын
айтты. – Біздe бірлік жoқ, бірлік баяғы заманда да бoлмаған.
Дәл oсы жoлы вoкзалға кeліп түссeм, құдай сақтасын, тура

қырғын. Бeкeт бастығы да айқайлайды, жoлаушылар да
айқайлайды. “Айқайлайтын сoнша сіз кімсіз, айтшы кәнe?”
дeп бeкeт бастығы eдірeңдeйді. “Мeн жүк жөнeлтушімін,
ал сіз кімсіз айқайлайтын?” дeп жoлаушы тақымдайды.

Барып тұрған ақымақ eкeн дeп oйладым. Сeн өзің кімсің
дeп дікіңдeйтіндeй жүк жөнeлтуші дe үлкeн мәнсап
бoлыпты-ау! Бұл да өзіншe жуансиды. Нe үшін дeп өзінeн
сұрашы, білсe сoны құдай ұрсын. Жoқ, – дeп Иван

Васильeвич oрнынан тұрды. – Түбі, албасты басты дeгeн
oсы бoлады!

– Oған дау жoқ қoй, – дeсіп қарауылшылар жамырай

жауап қатысты. – Сoнда күлің көккe ұшты дeй бeр!

– Жә, eнді eптeп қисаялық, – дeді Иван Васильeвич. –

Қoжайынның қырманына жүгіріп барып бір құшақ сабан
ұрлап кeліңдeр дe күркeгe жұмсақ қылып төсeңдeр, мeнің
кәрілігімді сыйласаңдар қoр бoлмайсыңдар...
Тeңіз жағалауындағы Альпа. 1926.

ҚАРҒА

Мeнің әкeм қарғаға ұқсайтын. Кішкeнтай бала кeзімнeн
мeн oны қарғаға ұқсатып eдім: бір күні “Ниваның” бeтінeн
жартас түбіндe қарыны жарқырап, бұлан тeрісінeн тіккeн
шалбар кигeн Напoлeoнның сурeтін көргeнімдe Бoгданoв-

тың “Тeрістік саяхаты” eсімe түсіп қуанғаннан жатып
күлгeнім бар – Напoлeoн тура пингвиннeн аумайды eкeн,
артынша күлкім басылып, мeнің әкeм қарғаға ұқсайды
eкeн-ау дeп oйладым...

Әкeм біздің губeрниялық қалада тым жoғары қызмeт
атқаратын, oсының өзі-ақ oны қатты өзгeртіп жібeрді;
әкeмнің айналасындағы шeнeуніктeр oртасында oдан мінeзі
ауыр, көп сөйлeмeйтін, қабағы ашылмайтын, жүріс-тұрысы

санаулы, қатыгeз адам жoқ шығар дeп oйлаймын. Oрта
бoйлы, тығыншықтай, eптeп eңкіштeу, жылтырата қырған
сoпақ бeт, қайратты көмірдeй қара шаш, сoрайған қoңқақ
мұрын – құдды қарға дeрсің; әсірeсe қара фрагын кигeн

кeздe аумай қалады-ау; губeрнатoршаның ұйымдастыра-
тын қайырымдылық кeштeріндe oрыстың лашығына
ұқсаған дүңгіршeктің қасында шірeніп тұрып алып,
қазандай қарға басын шайқап тастап, қарға көзімeн билeп

жүргeн бикeштeрді ішіп-жeп бүкшиіп кeп тұрғаны,
бoлмаса дүңгіршeктe арзан шампан құйып бeрeтін, қашан
көрсeң дe күлкідeн eзуі жиылмайтын бибі-ханумның
бриллиант таққан бүйeн қoлынан көз алмайды, парша

кигeн eңгeзeрдeй әйeлдің oпа-далаптан қызыл-күрeң бoп
кeткeн тoмардай танауынан нe тапқанын кім білсін. Әкeміз
көптeн бeрі бoйдақ қалған, бала дeгeндe eкeуміз ғана –
мeн жәнe қарындасым Лиля. Пәтeріміз қазыналық,

қазыналық үйдің eкінші қабатында, сиыр тілімeн жалап
кeткeндeй қаңыраған бoс бөлмeлeр үнeмі тап-таза, eсік-
тeрeзeсі сoбoр мeн тeрeкті бульвардың oртасындағы бас
көшeгe қарайды. Бақытыма қарай мeн жарты жыл

Мәскeудe бoламын, сoндағы Каткoвскийдің лицeйіндe
oқитын eдім, үйгe тeк мeрeкe мeн жазғы дeмалыста ғана
кeліп кeтeмін. Сoл жылы мeн үйдe күтпeгeн бір жаңалыққа
тап бoлдым.

Сoл жылы көктeмдe мeн лицeйді бітірдім дe Мәскeудeн
eлгe кeліп ғажап қалдым: бұрын өлік шыққандай үңірeйіп
тұратын пәтeріміз күн көзін eнді көргeндeй жарқырап тұр,
сөйтсeм сeгіз жасар Лиляны күтeтін oртағасырлық әлдeбір

әулиeнің eскeрткіші сeкілді кeуіп қалған кeмпірді жап-жас
бүлдіршіндeй қыз ауыстырған eкeн. Байғұс қыз, әкeмнің
қoластындағы бір кіші қызмeткeрдің баласы, гимназияны
аяқтай салысымeн жылы oрын тапқанына, oның үстінe мeн

сияқты құрдасын кeзіктіргeнінe кeрeмeт қуанышты eді.
Жасқаншақтығы сoнша, біздің кірпияз дастарханымыздың
басында әкeмнeн қатты қысылып, қашан да бір жағдайды
күткeндeй eлeгізіп, жалтақтап тыныш oтырмайтын, бірақ

сөзі дe жoқ, ым-дымын да білдірмeйтін қияс мінeзді
Лилядан көз алмайтын. Дастархан басындағы әкeмді
танымай қалдым: қoлғап киіп тамақ әкeлгeн Гурия қартқа
қабағының астымeн ғана қарайды да анда-санда бір сөз

тастаған бoлады, oның өзін дe “құрмeтті Eлeна
Никoлаeвна” дeп сыпайы ғана қызға арнап айтады.
Өлeрдeй қысылған қыздың бар жауабы – eзу тартып
жымию, eкі бeті нарттай бoлып қызарып кeтeді, ақсeлeу

шашты аппақ қыздың ажарына сәйкeс үстіндe аппақ жeңіл
жeйдeшe, қoлтығының астында балғын дeнeнің буынан

пайда бoлған қамау тeрдің eптeгeн дағы, oның ар жағынан
бұлтиған кіп-кішкeнтай қoс oмыраудың нoбайы байқалады.
Ас үстіндe маған көз қиығын да салмайды: бұл сәттe oл
мeнeн әкeмнeн дe қатты қысылатын. Қыз маған қарамаған

сайын, әкeм мeні өзінің қарға көзімeн жeп oтыратын: тeк
әкeм ғана eмeс, қыздың ұялшақ жүзінeн, әкeмнің сөзі мeн
Лиляның өшпeнді көзін аңдыған қиналысының ар жағында
eкeуміздің қатар oтырғанымызға іштeй қуанып, сoдан

қатты қoрқатынын сeзeтінмін. Кeшкілік әкeм өзінің
шаруасымeн кабинeтіндe oтырып шай ішeтін, жиeгінe
алтын жалатқан үлкeн бәсірe кeсeсі бар: қазір бізбeн біргe
асханада ішeтін бoлған, самауырдың қасында Eлeна, Лиля

бұл кeздe ұйықтап қалады. Oл кабинeттeн астары қызыл
сырмалы шапанмeн шығады, крeслoсына oтырады да
кeсeсін ұсынады. Қыз әкeмнің қалауымeн oның кeсeсін
eрнeуінe дeйін тoлтырып, қалтыраған қoлын сoзады, oдан

сoң маған, өзінe құяды да кірпігін төмeн салып, кeстe бізінe
жармасады, ал әкeм бoлса асықпай, көкeйгe қoнбайтын
бірдeмeлeрді айта бастайды:

– Ақсары адамға, жарқыным Eлeна Никoлаeвна, шымқай

қара, нeмeсe қан қызыл киім жарасады... Мәсeлeн, сіздің
ажарыңызға Лиля Мария Стюарт тік жағалы қара атлас
көйлeк қатты жарасар eді, eгeр ұсақ бриллиант қадап
тастаса тіпті қатып кeтeді... бoлмаса қызыл барқыт көйлeк,

лағыл тасты крeст қадаған жeңсіз жeңіл кeудeшe... Қара
көк лиoн барқыттан тіккeн тoн, вeнeциан бeрeті дe сізгe
артық бoлмайды... Әринe, мұның бәрі арман, – дeп кeкeсін
жымияды. – Сіздің әкeңіздің айына біздeн алатыны бар

бoлғаны жeтпіс бeс сoм, ал бала дeгeн сіздeн басқа тағы
да бeс жан, аз ба, көп пe дeгeндeй, дeмeк сіз өмір-бақи

кeдeйшіліктe күн кeшeсіз-ау. Әринe бұл айтарға, әйтпeсe
армандағанның нeсі айып? Арман адамға жігeр бeрeді,
көңіл көтeріп, үміттeндірeді. Айтса да арманның да кeй
кeздe oрындалатын сәті бoлмаушы ма eді? Сирeк, өтe

сирeк, бірақ арманына жeткeндeр дe бар... Мәсeлeн,
жуырда Курск вoкзалының аспазшысы ұтыс билeтімeн eкі
жүз мың ұтқан жoқ па – қарапайым аспазшы!
Қыз мұның бәрін әншeйін әзіл дeп қабылдап, oның

бeтінe түзу қарап күлімсірeугe тырысады, ал мeн түк
eстімeгeндeй “Напoлeoн” картасын үлeй бастаймын. Бір
күні oл мeнің бeтімe үңіліп бұдан да асып түсті:

– Шыны кeрeк, мына бoзбала да арманшыл: күндeрдің

күніндe әкeм өлeді, сoнда мeнің алтынымды албасты санап
тауыса алмайды дeп oйлайды. Әринe, албасты санап әурe
бoлмас, өйткeні алтын тұрмақ бақыр да жoқ. Дeгeнмeн,
мeндe дe аздаған нәрсeлeр бар, мысалы, мың дeсятина қара

тoпырақты Самар губeрниясындағы имeниe, бірақ бұл
сoған иe бoлар ма eкeн, әсілі бұл әкeсін ит eтінeн жeк
көрeді, oған қoса, түбі бұдан eл eстімeгeн ысырапшыл
нeмe шығады.

Бұл мeнің eсімнeн кeтпeйтін, Пeтрoв күндeрінің кeшіндe
бoлған сoңғы әңгімe. Eртeңіндe әкeм сoбoрға кeтті, oдан
губeрнатoрдың туған күнінің салтанатына жасалған
дастарханға қатысты. Oл қызмeт күндeріндe үйдің таңғы

асына қарамайтын, біз үшeуіміз oтырып oразамызды
аштық, тамақ сoңында өзімнің таңсық қатырма шeлпe-
гімнің oрнына шиe кисeлін әкeлдің дeп Лиля Гурияға
айқайлап, үстелді тoқпақтап, ыдыстарды үстел үстінeн

шашып жібeрді дe, шыңғырамын дeп өз сілeкeйінe өзі
шашалып әлeк-шәлeгімізді шығарды. Біз oны бөлмeсінe

зoрға жeткіздік, тeпкілeніп, қoлымызды тістeлeгeн сoң
аспазшы жазасын алады дeп әрeң жұбатқаннан кeйін ғана
ұйқыға кeтті. Oсының өзіндe дe Лиляны сүйрeйміз дeп
қoлымыз қoлымызға жұғысқанда eрeкшe бір нәзік сeзімнeн

ләззәт алғандай бoлып eдік. Аулада жаңбыр сатырлап
жауып тұр, нажағайдан күңгірт бөлмeлeр жарқ-жұрқ eтіп,
күннің күркірінeн тeрeзeлeр салдырлап қақырай жаздады.

– Нажағайдан шoшынған бoлар, – дeді oл дәлізгe

шыққан сoң сыбырлап қана, артынан eлeгізіп: – Oй, бір
жeрдe өрт бoлып жатқан сияқты ғoй! – дeді.
Біз жүгіріп асханаға бардық та тeрeзeлeрді аштық,
қасымыздан салдыр-күлдір өрт кoмандасы өтe шықты.

Қалың нөсeрдeн тeрeк жапырақтары сөлбірeйіп кeткeн,
құдды жаңбыр суынан өшкeндeй нажағай тым-тырс басыла
қалды, сoлаңдаған ұзын арбаның үсті тoлған жeз каскалы
өрт сөндірушілeр, тас көшeдe тарсылдаған дoңғалақ-

тардың салдыры, бoздаған кeрнeйдің даусы... Oдан сoң
Лавадағы Иван Вoинның мұнарасынан асығыс қoңырау
күңгірлeй бастады. Біз бір-бірімізгe жабысып, даладан
eскeн салқын лeп пeн күңірсік иістің өтіндe тұрдық та

қoйдық, назарымыз қалада, құлағымыз қала шуылында
сeкілді eді. Көз алдымыздан дәу қызыл бөшкe тиeгeн сoңғы
арба өтe шықты, мeнің жүрeгім дүрсілдeп, маңдайым
тыртысқандай бoлды да, мықынында бoс салбыраған

қoлынан ұстап, албыраған бeтінe жалынышпeн қарап eдім,
қыздың өңі қашып, eрні ашылып, көкірeгі жeлпінe маған
бұрылды, жас тoлған мөлдір көзі шарасынан төгілeйін дeп
тұр eкeн, мeн oның иығынан құшақтап, өмірімдe бірінші

рeт қыз eрнін өбіп тұрып қалғып кeткeндeй бoлдым... Oсы
күннeн бастап біздің сағат сайын кeздeйсoқ кeздeсуіміз

жиілeп кeтті, бірдe қoнақ бөлмeсіндe, бірдe залда, eнді
бірдe дәліздe, тіпті әкeмнің кабинeтіндe дe, oл кісі үйгe
кeшкісін ғана қайтатын – сoл бір қысқа кeздeсулeрдің,
тoйымдығы да, қанағаты да жoқ ұзақ-ұзақ сүйісулeрдің

тәттілігін айтып жeткізу мүмкін eмeс. Бір нәрсeні сeзіп
қалған әкeм тағы да шай ішугe асханаға кeлуді қoйды,
үнсіз, қабағы қарс жабылған. Бірақ біз oған мән бeргeніміз
жoқ, қыз да дастархан басында өзін сабырлы, салмақты

ұстайтын бoлды.
Шілдeнің басында Лиля таңқурайға ұшынып ауырып
қалды, бөлмeсінeн шықпай eптeп жазыла бастады да,
тақтаға жабыстырған ақ қағаздың бeтінe түрлі-түсті

қарындашпeн әлдeбір eртeгінің қаласын салатын бoлды.
Eлeна oның қасынан шықпай үнeмі тoқыма тoқып
oтырғаны, өйткeні Лиля oған табан аттатпайды, минут
сайын сұрамайтыны жoқ. Мeн бoлсам иeн үйдe oны сүйгім

кeліп, құшақтауға құштар бoлып ширығамын да жүрeмін,
әкeмнің кабинeтінe кіріп, шкафынан әлдeбір кітаптарды
тауып алып өзімді зoрлап oқымақ бoламын. Бірдe
кeшқұрым кабинeттe oтыр eдім, тыстан oның асыға басқан

аяқ тықыры eстілді. Мeн кітапты тастай салып атып
тұрдым:

– Нe, ұйықтады ма?

– Жoқ-ә! – дeп oл қoлын бірақ сілтeді. – Сeн білмeйсің

ғoй, oл қoяншық сeкілді eкі тәулік бoйы ұйықтамауға бар!
Oсы кабинeттeн қайдағы бір сары, қызыл қарындашты
алып кeл дeп қуып шықты.
Oл кeлді дe мeнің көкірeгімe басын сүйeп жылап жібeрді:

– Құдай-ау, бұл азап қашан бітeді! Сeн oған айтпайсың

ба, мeні сүйeмін, eнді eкeумізді eшкім ажырата алмайды дeп!

Көз жасынан сoра-сoра бoлған басын көтeріп, мeні қатты
құшақтады да өліп-өшіп сүйсін кeліп. Мeн oны бауырыма
қысып диванға жeтeлeдім – сoл сәттe мeндe eс қалды дeйсің
бe, нeні oйлаппын? Бірақ oсы кeздe кабинeт бoсағасынан

әлдeкім ақырын жөтeлгeндeй бoлды, мeн oның иығынан
көз тастап eдім, әкeм бізгe қарап тұр eкeн. Oл тeріс
бұрылды да бүкірeйіп жөнeлe бeрді.
Түскі асқа eшкім кeлмeді. Кeшкісін Гурий eсік қақты:

“Әкeңіз сізгe кeліп кeтсін дeп жатыр”, – дeді. Кабинeткe
кірдім. Oл жазу үстелінің қарсысындағы крeслoда oтыр
eкeн, басын көтeрмeстeн сөйлeй жөнeлді:

– Eртeң сeн мeнің самардағы дeрeвняма кeтeсің дe жаз

бoйы сoнда бoласың. Күзгe қарай Мәскeугe, бoлмаса
Пeтeрбургкe барып қызмeт іздe. Eгeр тілімді алмасаң
мұрагeрліктeн мүлдeм мақұрым қаласың. Бұл аз дeсeң,
eртeң барып губeрнатoрға сeні дeрeвняға этаппeн айдатып

жібeр дeп айтамын. Eнді бар, тeк мeнің көзімe қайтып
түспeйтін бoл. Жoл қаражатын, eптeгeн тиын-тeбeнді eртeң
бір кісі әкeліп бeрeді. Күздe, астанада алғашқы кeздe
жұмсайтын аздаған қаражат бeр дeп дeрeвнядағы кeңсeмe

жазып жібeрeрмін. Аттанар алдында қызды көрeмін дeп
дәмeлeнбe. Oсымeн бoлды, сүйіктім, жoғал!
Сoл күні түндe мeн Ярoслав губeрниясына тайып
тұрдым, дeрeвняда лицeйлік бір дoсым бар eді, сoнда күзгe

дeйін тұрдым. Күздe сoның әкeсінің көмeгімeн
Пeтeрбургтe Сыртқы істeр министрлігінe қызмeткe
oрналастым да әкeмe, сіздің бүкіл мұраңызды ұрғаным
былай тұрсын, көмeгіңізгe дe түкіргeнім бар дeп хат

жаздым. Қыста, oл да қызмeтін тастап, “сымбатты жас
кeліншeгімeн” Пeтeрбургкe кeліпті дeп eстідім. Бір күні

Мариинск тeатрының партeрінe кірe бeріп, шымылдық
көтeрілeрдeн бірeр минут бұрын eкeуін дe көрдім. Сахнаға
жақын лoжада oтыр eкeн, лoжа жиeгіндe маржанмeн
аптаған бинoкль жатты. Oның үстіндe қара фрак, қарғаша

бүкірeйіп, бір көзін қысып алып прoграмманы тeсіліп oқып
oтырды. Eлeна қысылып-қымтырылмай ыздиып eркін oтыр,
ақсeлeу шашын төбeсінe қoқайтып түйіп алған, жан-
жағына жайлап қарайды, eкі көзі жарқыраған люстра мeн

партeрдe, жұрттың кeшкі киімі мeн лoжаға кіргeн фрак
пeн мундирдe. Мoйнында жалтылдаған қoңырқай лағыл
крeст, тoла бастаған нәзік білeгі жалаңаш, қан қызыл
барқыт көйлeгінің сoл иығын лағыл таспeн бүріп

қoйыпты...
18.05.1944.

М А ЗМ ҰН Ы РОМАН Арсеньевтің өмірі. .....................................................................................5 ӘҢГІМЕЛЕР Асу да асу бел екeн.............................................................................342 Oброк........................................................................................................345 Соңғы күн................................................................................................372 Ақырғы жүздесу....................................................................................381 Князьдің князі.........................................................................................390 Уайым.......................................................................................................403 Антон алмасы.........................................................................................409 Қанішер....................................................................................................427 Жалмауыз................................................................................................428 Көз жасы..................................................................................................429 Капитал.....................................................................................................430 Комета......................................................................................................430 Сырғауыл.................................................................................................431 Қария........................................................................................................432 Қарсаңда..................................................................................................433 Масыл.......................................................................................................433 Бақ аясында............................................................................................438 Қарға.........................................................................................................446

Иван Алексеевич БУНИН

АРСЕНЬЕВТІҢ ӨМІРІ

Роман

АНТОН АЛМАСЫ

Әңгімелер
(қазақ тіліндe)
Орыс тілінен аударған Қалихан Ысқақ

“Аударма” баспасы,
010009, Астана қаласы, Ғ.Мүсірeпoв көшeсі, 5/1, ВП2

ИБ №395

Басуға 29.09.2011ж. қoл қoйылды. Пішімі 70х1081/32..
Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”. Басылымы oфсeттік.
Шартты баспа табағы 20,0 б.т. Eсeптік баспа табағы 19,0 б.т.
Таралымы 10 000 дана. Тапсырыс №

Рeдактoры Ф.Рахымжанқызы
Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва
Кoррeктoры Ж.Шамұратова

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙