Абайдың сөз өрнегі
Рәбиға Сыздықова
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Кітапқа «Абайдың сөз өрнегі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» атты зерттеулері еніп отыр. Абай тілінің көркемдік бітімі, «өткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмайтын сөз өрнегін толғауы тоқсан қызыл тілмен салудың құдіретін танытқан ұлы Абайдың сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен тәжірибесі талданады. Жалпы әдеби тіл мен поэзия тілі заңдылықтарының Абай өлеңдері м
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
С 94
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің
тапсырысы бойынша
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
аясында шығарылды
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Жауапты шығарушы: филология ғылымдарының докторы О.Жұбаева
Сыздықова Рәбиға С 94 Абайдың сөз өрнегі. Көптомдық шығармалар жинағы/ Рәбиға Сыздықова / – Алматы: «Ел-шежіре», – 2014. ІSBN 978-601-7317-88-1 Т. 2: – 580 бет. ІSBN 978-601-7317-90-4 Кітапқа «Абайдың сөз өрнегі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» атты зерттеулері еніп отыр. Абай тілінің көркемдік бітімі, «өткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмайтын сөз өрнегін толғауы тоқсан қызыл тілмен салудың құдіретін танытқан ұлы Абайдың сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен тәжірибесі талданады. Жалпы әдеби тіл мен поэзия тілі заңдылықтарының Абай өлеңдері мен поэзиясындағы көрінісі, ондағы дәстүрлі нормалары мен Абай ұсынған жаңалықтар танылады. Абайдың поэтикалық тіл үлгісінің жалғасын тапқандығы Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым өлеңдерін ішінара талдау арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ ғылыми ойларды одан әрі ширата түсу мақсатында кітаптағы негізгі тақырыпқа үндес, әр жылдары жарық көрген Абай шығармашылығына қатысты мақалалар да беріліп отыр. Кітап Абайдай сөз алыбының «жүрекке жылы тиетін» көрікті тіліне сүйсіне түскісі келетін студенттер мен ұстаздарға, сондайақ поэтикалық тіл дегенді танытушы ақын-жазушылар мен ғалым мамандарға арналады. УДК 821.512.122.0 ББК 83.3 (5 Қаз) ІSBN 978-601-7317-90-4 (Т.2) © Сыздықова Р. , 2014 ІSBN 978-601-7317-88-1 © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2014
СӨЗ БАСЫ
Көркем әдебиет, оның ішінде поэзия – өнер дүниесі. Ал
бұл дүние әсемдік, үйлесімдік, көркемдік деген сипаттарымен
өнер аталады. Сондықтан да «өнер» деген жерде «көркем» де
ген анықтама сөз қоса жүреді. Көркемдік – кең ұғым. Әсіресе
поэзия әлеміне келгенде, ол тек «сыртқы сұлулықтың» көрінуі
емес, яғни өлең қызыл сөздің жиынтығы емес, ең алды
мен, ғылым тілімен айтсақ, мазмұн мен түрдің сәйкестенуі,
түсіндіре айтсақ, ақынның білдірмек ойына (поэтикалық иде
ясына) оны беретін тілінің сай келуі. Поэзиядағы көркемдік –
тіл деген құбылыстың (құралдың) адам баласының өміріндегі
құдіретін, күшін көрсететін белгі. Демек, осы белгі қандай
тәсілдермен, тілдің қандай заңдылықтарымен жүзеге асады,
қай ақын қалайша жүзеге асырады деген сұрақтар алдымыз
дан шығады. Бұл сауалдың ақындардың ақыны, «қазақтың бас
ақыны» Абай тіліне келгенде қойылуы әбден заңды. Абай тілін
зерттеу – бүгінде қазақ филологиясы ғылымының ауқымды
саласы болып қалыптасып отырған абайтанудың өз алды
на маңызы зор бір тармағы. Абай тілін танып-таныту сала
сы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін, сондай-ақ жеке
және жалпы мәселелерін біршама анықтап, бір алуан еңбектер
ұсынғанымен, әлі де арнайы жүргізілетін зерттеулердің
қажеттігі даусыз. Солардың бірі – ұлы суреткердің сөз өрнегін
тіл білімі тұрғысынан тану, яғни ғылымның «лингвистика-
лық стилистика» деп аталатын саласы бойынша талдау деп
білеміз. Бұл сипаттағы ізденістер енді-енді басталып отыр.
Осы кітап сол бастамалардың бірі болмақ.
Көркем әдебиетте, оның ішінде поэзияда сөз әрдайым тура
(жалпы тілдік) мағынасында жұмсалмай, әр алуан мақсатта
құбылып, өзгеріп, қосымша реңк үстеп, негізгі тілдік мағына-
сын ауыстырып немесе тарылтып, я кеңейтіп қолданылып
жатады, бірақ бұл құбылулар бейберекет емес, тілдің белгілі
бір заңдылықтарымен, нормасымен жүзеге асады. Лингвости
листика қалам иесінің осы заңдылықтармен дүниеге әкелген
«әсем бұйымдарын» зерттейді. Осы себептен біз бұл еңбекте
ұлы ақынның «өткірдің жүзі, кестенің бізі – толғауы тоқсан
қызыл тілімен» салған өрнегін тіл маманы танымымен талдау
ды мұрат тұттық.
Әдетте бір нәрсені, айталық, ақынның тіл көркемдігін зерт
теуде негізінен үш түрлі тәсіл қолданылады: бірі – зерттелетін
объектіні, мысалы, сөздерді, сөз тіркестерін, ұйқасты, өлшемді
т.б. тауып, жүйелеп көрсетіп беру (орысша описание), екінші-
сі – талдау (орысша анализ) зерттеген объектілердің, айталық
сөздердің, тіркестердің т.б. әр ыңғайдағы қызметін талдау.
Үшіншісі – түсіндіру (интерпретация) – мағыналық құбылыс-
тарды түсіндіру. Осы тәсілдердің ішінде біздің көбірек ден
қойғанымыз – соңғы екеуі болды. Бұл үшін, әрине, бірінші
амалға да жиі барып отырдық.
Сөз жоқ, бұл шағын еңбекпен Абайдай алыптың тілін зерт
теп тану тәмамдалмайды. Суреткер тілін танудың біз бармаған
қырлары әлі де аз емес екенін айтамыз, ол қырлар (зерттеу
аспектілері) жеке танымдық ізденістермен қатар, көркем тілдің
жалпы теориялық мәселелеріне де қатысты болатынын және
айтамыз. Бұл – алдағы шаруалар, бізден кейінгі зерттеушілер-
дің, әсіресе жас талаптардың қолына алатын игілікті ісі деп
білеміз.
Ұсынылып отырған жұмыста сөз болған тақырыптар
едәуір, бірақ соларды мазмұнына қарай былайша топтастырып
бердік. Әуелі «Абай тілі» деген ғылым тармағының зерттеу
нысаналарын анықтап алуға тура келді, бұл орайда жалпы по
эзия тілін танудың мақсат-мұраттарын сөз ету де қажет болды.
Бұған «Абай тілін танудың қырлары» деген тарау арналды.
Поэзия ғимаратының негізгі «кірпіші» – сөз. Сөздің үш
түрлі: 1) тура немесе номинативтік, лексикалық, 2) ауыспалы,
3) символдық мағыналарын ақын Абай қалай жұмсады деген-
нің сырына үңілу керек болды. Ол үшін кітаптың «Сөз –
өлеңнің арқауы» деген тарауы жазылды.
Ақын өзінің айтпақ ойына тілінің әрі сай, әрі әсем, әсерлі
болып шығуы үшін керекті тәсілдер мен сөздерді таңдайды.
Бұл таңдаудың бір ұшы көркемдік талабында жатады. Абай
сөздерді не үшін таңдады, қалай талдады, таңдаған сөзін
қалайша жаратты – бұған «Сөз таңдау» деген тарау арналды.
Көркем тілде, әсіресе поэзия тілінде сөздің мағынасын
түрлендіріп қолдану – бірден-бір қажетті шарт. Бұл – көркем
сөз дүниесі жиі жүгінетін амалдардың бірі. Абайдың сөз
құбылту шеберлігі жөніндегі талдауларымыз бен ойларымыз
ды осы аттас тарауда ортаға салдық.
Тілдің әсемдік құдіретін өлең үнінің құлаққа жағымды,
тілге икемді келуі, яғни сөздердің әуен жағынан бір-бірімен
үндесуі, өлеңнің тұтас өн бойындағы мақам гармониясы да та
нытады. Абай өлеңдері тұнып тұрған «музыка». Бұл жайында
«Сөз үндестіру» тарауында әңгіме болады.
Абай – ақын ғана емес, прозамен де қалам тартқан сурет
кер. Абай прозасының тілі көркемдік тұрғысынан кеңінен
сөз болған емес. Сондықтан зерттеуіміздің бір өзегін «Қара
сөздердің» стильдік-тілдік болмысына бұрдық. Мұнда
қаламының көркемдігімен қатар, қаламгердің өзге тұстардағы
шеберлігі сөз болады, яғни қазақтың ұлттық тіліндегі публици
стика мен ғылыми және геологиялық (діни) әдебиет үлгілерінің
алғашқы нормалары талданады.
Ең соңында Абай салған тілдік-стильдік жаңа арнаның
жалғасын тапқанын әңгімеледік. Ол үшін Шәкәрім, Сұлтан-
махмұт, Ілияс, Қасым ақындардың тіл өрнегінен мысалдар
келтіріп, ішінара талдаулар жасадық. Бұл тарауға «Абай тілінің
тағылымы» деп ат қойдық.
Бұл еңбекпен танысу үстінде оқырманнан мына ескертпе-
лерімізге құлақ асуларын өтінер едік. Жұмысымыз ең алды
мен ғылыми зерттеу болғандықтан, жазу стилімізде біраз
«икемсіз» сөз қолданыстарына орын беруге тура келді. Мыса
лы, «өлең жасау», «өлең құрау немесе құрастыру» дегендерді
кездестіресіз. Әдетте қазақ өлеңді жасады демейді, өлең жазды,
өлең шығарды дейді, ал өлең құрылымын сөз ету керек болған
тұста еріксіз жасау, құрау, құрастыру етістіктерін қолдандық,
өйткені
құрылымды
шығармайды,
жазбайды, жасайды,
құрайды, құрастырады. Бұл сияқты «сірескен» сөздеріміз бен
таза ғылыми терминдік «орысшылдау» сөз қолданыстарымыз
қалың оқырман құлағына жаттықтау тиюі үшін кейде жақша
ішінде оларды «жалпақ» тілге аударып (дәлірек айтсақ, ша
мамен түсіндіріп) отырдық және, керісінше, жаңадан қазақша
ұсынылған ғылыми терминіміздің күні бүгінге дейін жиі
қолданылып келген орысша (интернационалдық) баламасын
да жақша ішінде кейде көрсетіп отырдық.
Текстің жазылуы бойынша ескертеріміз және бар. Талдау
барысында өлең тармақтары (жолдары) «өлеңше» жазылмай,
жол бойында қатарынан жазылып берілді, бірақ әр тармақ
бас әріптен басталып жазылғандықтан, ара жіктерін айыру
мүмкіндігі бар екендігін ескертеміз. Ал өлеңнің тармақ, шумақ,
ұйқас сияқты кұрылымдық бөліктері сөз болған тұста өлең
тексі «өлеңше» берілді.
Сондай-ақ өлең тексі мен өзіміздің баяндау тексіміздің
жігін айқын көрсету мақсатымен араларына сызықша қойып
отырдық (ол, әрине, төл сөз бен автор сөзі сияқты ережеге
бағындырылған сызықша емес, «стильдік» деп аталатын ты
ныс белгісі). Мысалға алынған текст ішінен тек талданатын
объектілер: сөздер мен тіркестер, қосымшалар мен жеке дыбы
стар сияқтылар ғана курсив деп аталатын шрифтімен берілді.
Әр өлеңнің тексінен немесе бір өлеңнің әр жерінен бөліп алып
қатарынан көрсетілген тармақтар, үзіктер, фразеологизмдер
т.б. бір-бірімен қосылып кетпесі үшін көп нүктемен ажыраты
лып берілді.
Сөйтіп, бұіл ескертпелеріміз ғылыми және танымдық
мақсатпен жазылған осы жұмысты әдебиет пен тіл тану
шы мамандар ғана емес, қалың жұртшылық та оқиды деген
үмітімізбен айтылды. Сондықтан қазымыз – оқырман қауым:
ең алдымен, «өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп Абайдың өзі
айтқандай, «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» ұсынып келе
жатқан бүгінгі ақын-жазушылар қауымы, ғылымның әр сөзін
қадағалап отырушы ғалымдар ортасы, одан қалды, поэзия-өлең
атты құдіретті дүниені жанымен қалап, жүрегімен қабылдап
оқитын, оның ішінде Абайындай ұлттық мақтанышын сүйсіне
оқитын қалың жұртшылық. Егер Абайдың классикалық биіктен
көрінген тілі жайында жалпылай айтылған мадақ сөз емес,
талдап-таратқан ғылым сөзі керек болса, оқырман қауымнан
осы еңбекті соның бір үзігі деп қабылдауын қалаймыз.
АБАЙ ТІЛІН ТАНУДЫҢ ҚЫРЛАРЫ Абай – қазақтың бас ақыны. (Ахмет Байтұрсынұлы) Біздің бұл еңбегіміздің тақырыбы – Абай өлеңдерінің тілі, дәлірек айтсақ, тіл өрнегі, сөз кестесі. Демек, алдымен, өзекті әңгімемізді бастамас бұрын, нақты зерттеу нысанамызды көздеп алсақ, талдайтын материалдарымызды іріктеп, анықтап алсақ дейміз. Ол үшін поэзия тілін жеке бөліп зерттеудің қажеті қандай болмақ? Зерттелсе, қай қырынан келу керек, қандай мақсат көздеу керек деген мәселелерді айқындап алу керек бо лар. Өлең тілін зерттеуде назарға алынатын негізгі объектілер неменелер және осы мәселелер жайында ғылым не деп келді деген сияқты сұрақтар да көлденең тартылады. Жоғарғы сауалдарға филология ғылымы мен оның тіл білімі саласы жауап іздеп, өлең тілін жеке-дара әңгіме етудің қажеттігін дәлелдеген болатын. «Прага мектебі» деп аталған лингвистикалық бағыттың өкілдері өлең тілі дегеніміз бір төбе де, әдеби тілдің қалған қолданыстары («практикалық стильдердің тілі») бір төбе деп бөліп қарайды1. Бұл – жаны бар тезис, өйткені поэзия – көркемдік әлемінен. Ал көркемдікке ие болу үшін мұнда тілдік-көріктеу құралдарының айрықша қалыпта қолданылуы шарт. Оның үстіне өлең техникасына, яғни өлеңді жасауға (жазуға, шығаруға) қажет ұйқас, ырғақ, шумақ, шоғыр (тирада) сияқтылар поэзия дүниесін көркем сөздің өзге түрлерінен: көркем прозадан, драматургиядан, көркем публицистикадан бөліп тұрады. Көркем шығарманы, айталық өлеңді, тұтас бір эстетикалық дүние деп қарастыратын болсақ, оның айтпағын (мазмұнын) білдіретін құрал – поэтикалық тілін тану қажет. Поэтикалық тілдің жақсы көрінетін жері – поэзия, өлең – жыр. Өлең – тілмен берілген контекст, демек, сол контекстегі көркем 1 «Прага мектебі» – о баста, 1926 жылы, В. Матезиус сияқты чехословак тіл мамандары ұйымдастырған үйірме негізінде пайда болған лингвистикалық бағыт. Кейін бұл бағытқа Н.С. Тубецкой, Р.О. Якобсон, Г.О. Винокур, Е.Д. Поливанов, Б.В. Томашевский, Ю.Н.Тынянов, Л. В. Шерба, И.А. Бодуэн де Куртенэ сияқты орыс ғалымдары да ден қойған.
құралдардың көрінісін зерттеу қажеттігі туады, жалпақ тілмен айтсақ, ақынның көркемдік сөз кестесін тану мақсаты тұрады. Әдетте тіл – адамдардың бір-бірімен жасайтын қатынас құралы болып табылады дейміз де, оның осы қызметін көбірек сөз етеміз. Ал тіл – сонымен қатар эстетикалық құрал, көркем дүние құралы. Тілдің бұл екі қызметі – бір-бірімен тоғыспайтын екі бөлек нәрсе емес. Керісінше, тілдің поэтикалық қызметі коммуникативтік (қатынас құралы ретіндегі) қызметіне негізделеді, сонымен қатар ол тілдік тәсілдердің өнерге тән эстетикалық және әлеуметтік-тарихи заңдылықтарға бағынған жаңа әлемін жасайды2. Демек, негізінде қарым-қатынастық жүк арқалағанмен (көркем шығарманы жазушы, ақын өзі үшін жазбайды, өзгелер оқысын деп, өзгелерге ойын білдіру үшін жазады ғой, сондықтан бұл да қарым-қатынас), көркемдікпоэтикалық қызмет атқаруға келгенде, оның өзіне тән тәртіпзаңдылықтары болады, тіпті әдеби нормадан ауытқитын «орынды қыңырлықтары» да табылады. Міне, бұлар өлең тілін зерттеудің өзіндік қырларынан келуді талап етеді. Поэтикалық тіл әрдайым метафора, эпитет, теңеу сияқты көріктеу құралдарының санымен (көптігімен), тіпті сапасы мен (аса көріктілігімен) танылмайды, суреткердің өз міндетіне алған эстетикалық талаптарына сәйкес болмысты тіл арқылы әсерлі де бейнелі түрде көрсете білуінен танылады. Ал әсерлілік пен бейнелілік көркем әдебиетте, оның ішінде поэзи яда әрқашан образды метафора, теңеулермен берілмей, ешбір экспрессивтік бояуы жоқ сөздермен немесе сөз тіркестерімен берілуі де мүмкін. Әңгіме көріктеу құралдарының материалдық көрінісінде ғана емес (әрине, ол да орын алуға тиіс), шығармада сол көркемдіктің бар болуында, оның оқырман сезіміне әсер ететіндігінде. Міне, өлең тілін зерттеуде осы жайтқа да назар аудару қажет. Сөйтіп, сөз патшасы – өлеңнің көркемдігін оның поэтикалық тілі көрсетеді. Көркемдік дегеніміз – өлең тілінің сыртқы жылтырақтығы емес. Көркемдік – ең алдымен, мазмұн мен қалыптың (форманың) сәйкестігі, яғни ой мен тілдің гармония2 Виноградов В. В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. - М., 1962. - С. 155.
сы: ақын идеясын білдірген сөздердің оқырман сезіміне әсер
ететін экспрессиялылығы мен эмоциялылығы. Ал бұл белгі-
лерді жүзеге асырудың амал-тәсілдері сан алуан. Ол амал
дарды таңдай білу суреткер шеберлігінің сыны болмақ. Де
мек, поэтикалық тіл дегеніміз – бір жағынан, сөзбен түскен
әсем кестелер болса, екінші жағынан, сол кестелерді төгетін
амалдардың көрінісі.
«Поэтикалық тіл» мен «өлең тілі» деген ұғымдар бір-біріне
мүлтіксіз пара-пар емес. Поэтикалық тіл тек өлең тексінде
емес, қара сөзде де, ауызекі сөйлеу барысында да орын ала ала
ды. «Поэтикалық» деген анықтауыш тіл көркемдігінің, дәлірек
айтсақ, көркемдік үшін қолданыстың биігін, идеалын білдіреді.
Сондықтан өлең біткеннің барлығында поэтикалық көрініс
тұнып тұрмайды. Көріктеу құралдары қолданылған текстің
өзінде әрдайым мазмұн мен қалыптың сәйкестігі бола бермеуі
мүмкін, демек, текст әсемдік биігінен көрінбеуі ықтимал. Өлең
тілін сөз етуде бұған да көңіл қою керек болады.
Өлең тексін талдауда жеке сөздерді нысанаға алу – белгілі
бір поэтикалық (стильдік) жүк арқалаған сөздерді айырып
тануға алып барады. Ал сөздің жеке тұрғандағы беретін атау-
ыштық (номинативтік) мағынасы жалпы тілдік хабарлама-
лық (информативтік) болса, көркем әдебиеттегі, оның ішінде
өлең тіліндегі мағынасы өзгеше болуы мүмкін, яғни өлеңде сөз
мағынасы ауыспалы, қосалқы, бояулы сипаттарда келуі зан
ды. Мұндайда сөз экспрессивтік мәнге ие болып, тыңдаушы
(оқырман) сезіміне белгілі бір әсер беретін элемент ретінде
жұмсалады. Ол сөздердің бірқатары тек осындай әсерлі,
экспрессивті мәнімен жиі қолданыла келе тұрақтала түседі
де, ғылымда «поэтизм» деп аталатын топ құрайды, бейнелеп
айтсақ, оларға қазақша «көрікті сөздер» деген айдар тағуға бо
лар. Мысалы, қазақ тіліндегі ару, пәк, арзу, әз сияқты сөздер
негізінен поэзияда кездеседі де, сұлу, таза, қымбатты,
құрметті деген сөздердін поэтикалық вариантын түзеді және
осы мағыналарда тұрақталған поэтизмдер болып танылады.
Ал енді бірсыпыра сөздер тек сол контексте, сол өлеңнің
ішінде ғана ауыспалы-бейнелі мағынаға ие болады. Мысалы,
Абайдың: «Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та, бар қалан»
деген жолдарындағы кетік сөзінің атауыштық – мағынасы
«белгілі бір заттың, айталық, үй қабырғасының толмай тұрған
үңірейген тұсы» немесе «ағаш тостағанның сынған (кетілген)
жері» дегенді білдірсе, ақын бұл сөзді осы контексте «адамдар
қауымының қажет бір мүшесі» деген ауыспалы мәнде, бейне
леп қолданып отыр.
Өлең тіліндегі жеке сөздерді зерттеу объектісі етуде тек
олардың поэтикалық қызметін ғана емес, информативтік
қызметтерін де талдауға тура келеді. Бұл – өлеңнің мазмұны
мен оның тілдік көрінісі арасындағы сәйкестікті анықтауға
алып барады. Мысалы, Абай тіліндегі болыс, ояз, пысық, са
удагер, білім-ғылым, медресе, қазы, би, тілмаш деген сөздер
өздерінің номинативтік тура мағыналарында қолданылған,
бұған Абай өлеңдерінің тақырыбы (мазмұны) себепкер бо
лып тұр. Демек, бұл топтағы сөздердің актив-пассивтігі, өзге
сөздермен тіркесу қабілеттері және образ жасауға қатысы жай
ында да әңгіме болуға тиіс.
Суреткердің, айталық ақынның, поэтикалық тілін зерттеуде
өз алдына бөлініп шығатын дербес тақырып – ақынның өзіне
тән көркемдік қолтаңбасы, мұны ғылымда «шығармашылық
контекст» деп те атайды. Бұл орайда ақын тіліндегі сөз-сим-
волдарды, өзі сүйіп, жиі пайдаланған троптарды және өзге де
тіл элементтерін эстетикалық қызметте жұмсауының принцип-
терін, стильдік ерекшеліктері арқылы көрінетін «автор обра
зын» ашып талдау қажет болады. Бұлардың үстіне поэзиядағы
дыбыстық символизм немесе дыбыс арқылы жасалған образ
деген де кеңінен сөз болмақка керек. Грамматиканың поэзия-
дағы үлесі (И.Д.Благойша айтсақ, «поэзияың грамматика
сы») деген қызық тақырып зерттелер болса, поэтика саласы
қарастыратын мәселелер көбейе түседі. Бұлардың көпшілігі
қазақ ғылымында жеке-жеке арнайы сөз болмай келеді.
Поэзия тілін талдауда образ (бейнелілік) проблемасы ба
сты тақырып екені мәлім. Поэтикалық образ көркемдік
құралдармен де, стильдік бояуы бар сөздермен де, бейтарап
(бояусыз) сөздермен де берілетін сәттері болады. Поэтикалық
образдың тілдік көрінісін зерттеу – өлең тілін талдаудың бір
мақсаты.
Текстің фоникалық (музыкалық, әуезділік) құрылымын
(оркестровкасын) зерттеу де қазақ ғылымында әлі бел алып
кеткен жоқ. Бұл жөнінде ішінара З. Ахметовтің «Казахское
стихосложение» (1964) және біздің «Абай өлеңдерінің синтак-
систік құрылысы» (1971) деген монографияларымызда сөз бо
лады. Ішінара дейтін себебіміз мынада. Текстің әуезділігі не
месе дыбыстық эффект тек қатар келген сөздердің басқы ды
быстары, я болмаса өлең жолдарының бірінші сөзі біркелкі
дауысты дыбыстан басталып, ассонанс, біркелкі дауыссыз
дыбыстан басталып, аллитерация құралуы арқылы ғана пайда
болмайды. Өлең жолдарында не бір жолдың ішінде түбірлес
сөздердің қатар келуі де өлең үнінің әсерін ерекше етеді. Мы
салы, Абайдың: «Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын» деген
өлең жолында қу, қулық сөздері қатар келіп, дыбыс әуезділігін
күшейтіп тұр. Ал бұл құбылыс – қазақ лингвостилистикасында
мүлде сөз болмаған тақырып объектісі.
Көркем шығарма тілін талдаудағы басты объект – сөз. Өйт-
кені сөз поэтикалық қызмет атқарғанда өзінің мүмкін (потен
циалды) және жасырын жатқан, яғни контексте ғана көрінетін
мағыналарын ашады. Өлең тілін танудың үлкен бір мұраты
осында дейміз.
Поэтикалық тіл әңгіме болғанда, өлең тексіндегі көрік-
теу құралдары: троптардың көрінуін, перифраздардың қолда-
ныстарын, теңеулердің, образды анықтауыштардың, поэтика-
лық синоним дегендердің жұмсалуын көрсетіп, олардың
бейнелеуіш қызметтерін анықтау қажет, сонымен қатар сол
көркемдеуіш құралдардың жасалу амалдарын анықтау керек.
Бұл амалдарға сөз мағынасының ауысуы (метафоралануы),
сөздің айшықты мағынасы (орысша «фигуральное значе
ние»), фразеологиялык тіркес құрап, оған поэтикалық өң беру
сияқтылар жатады. Осыларды қарастыру – ақынның поэтика-
лық тілін зерттеудің лингвистикалық объектілерінен саналады.
Өлең тіліндегі сөздің экспрессивтік-мағыналық бояуларын
таныту, сөздердің тіркесу барысында беретін жаңа ұғымдарын,
оның ішінде контекстік, кейде окказионалдық ұғымдарын
көрсету, синтаксистік құрылымдағы жарыспалы қатарларын
(варианттарын) қарастыру – бұлар да тілдік поэтиканың проб-
лемалары.
Қорыта келгенде, өлең тілін талдауда негізгі мақсат – жоға-
рыда көрсетілген зерттеу қырларынан келіп, ақынның сөз
кестесін: көріктеу құралдары мен көркемдеу тәсілдерін та
нып-таныту болмақ, екінші сөзбен айтсақ, ақын поэзиясының
мазмұны мен сол мазмұнның тілдік көрінісін – тілдік
механизмін зерттеу болмақ. Ғылымда мұны суреткердің
идиостилін көрсету деп те атайды.
Жеке суреткердің идиостилін танытуда әдеби дәстүр, көркем
сөз мектебінің ұласуы, әдеби тіл нормаларының көрінісі,
ақынның тілдік-көркемдік әлеміндегі ізденістері, шеберлігі,
қосқан үлесі дегендер де әңгіме өзегіне айналады.
Міне, осы мақсат-мұраттарды көздей отырып, біз ұлы Абай-
дың поэтикалық тілін хал-қадарымызша талдап, қазақтың
көркем сөзінің құдіретін қалайша танытқанын айтпақпыз.
Абай сияқты сөз зергерінің тілін зерттеуде екі түрлі үлкен
мақсат көзделуге тиіс. Бірі – Абайдың қазақ әдеби тілінің даму
барысындағы алатын орны, яғни «Абай және қазақтың ұлттық
жазба әдеби тілі» деген тақырып. Екіншісі – оның тілдік-
көркемдік шеберлігі, яғни Абайдың сөз өрнегі, поэтикалық тілі
деген проблема. Алдыңғысы – қазақ әдеби тілі курсының үлкен
бір бөлігі, өйткені Абай дайын тұрған әдеби тілді пайдаланған
қатардағы қаламгер емес, ол – осы тілдің ұзын-сонар көшін
жаңа бағытқа салған, тілдің даму тарихының жаңа сапалы
кезеңін бастаған суреткер.
Ұлттық әдеби тілдің қалыптасу барысындағы көркем әде-
биеттің рөлі жайындағы мәселе өте күрделі, мұнда тілдердің
кай-қайсысына да тән бағыттармен қатар, әрбір әдеби тілдің
өзіндік жеке тарихи шешімдері болатындығын мойындау
қажет. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасуы мен
дамуы да өзге ұлт тілдерінің басып өткен ізін жолма-жол
қайталамай, өзіне тән тарихи жолын бастан кешірді.
Егер әдеби тіл деп қоғамның қолданыс тәжірибесінде сын
нан өткен, өңделіп-қырланған, яғни әр алуан нормаларын
қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған әрі ол нормалары барлық
үлгілерге ортақ болып келетін тілді атайтын болсақ және он
дай тіл қоғам мүшелерін топтастырушы қызмет атқаруға
тиіс екендігін мойындасақ, қазақтың ұзақ дәстүрлі әрі күшті
дамыған әдеби тілі Абайға дейін көп бұрын-ақ, тіпті сонау
қазақ қазақ болып жеке халық (этнос) ретінде тарих сахнасы
нан көрінген кездерден өмір сүріп келгенін айтып жүрміз.
Ол тіл ауызша дамып, ауызша таралып, ауызша сақталып
келгенін, соған қарамастан жалпылық, ортақтық, тұтастық,
ұйымдастырушылық қасиеттерге (сипаттарға) ие болып, нор
малары едәуір қалыптасқан, сөздік қазынасы бай, көркемдік
белгілері күшті дамыған әдеби тіл болды деген тезисті
де ұсынып, дәлелдеп келеміз. Бұл тілді ұлттық кезеңге
дейінгі әдеби тіл санатында қарап, оны танытқан үлгілерді
іздестіргенде, ең алдымен, мыналарды айту қажет.
Әдеби тіл статусын тану сол халықтың мәдени-рухани
болмысының, әр алуан әдебиетінің тарихын танып-білумен
тығыз байланысты. Көптеген халықтардың әдеби тілінің
қалыптасуы мен дамуы оның көркем әдебиетіне қатысты бо
лып келеді. Соның ішінде, мысалы, қазақ әдеби тілі алғашқы
кезеңдерінде XV-XVІІІ ғасырлардағы ақын-жыраулар шығар-
машылығымен тікелей байланысты болды. Сондықтан Абай-
дың алдындағы сан ғасырлық қазақ поэзиясының тілі өзге
де үлгілермен қатар, қазақтың ұлттық кезеңге дейінгі әдеби
тілінің ең басты сүбелі үлгілерін танытады. Бұлардан басқа
билердің шешендік сөздері және ауызша-жазбаша түрде
тараған шежірелері де қазақтың төл әдеби тілінің үлгілері
болып саналады. Бұлардың барлығын «фольклор» деп атала
тын халық ауыз әдебиеті мұраларынан бөлек дүние деп санау
қажет. Өйткені ақын-жыраулар мұрасы – авторлы, профес
сионал әдебиет үлгілері, ал фольклор – авторсыз және өзіне
тән ерекшеліктерімен ажыратылатын халықтық мұраның
қазынасы. Бірақ екеуіне ортақ бір белгі бар, ол – қазақтың
ақын-жырауларының өлең-жырлары мен билерінің сөздері де,
фольклор дүниесі де ауызша тарап, ауызша өмір сүргендігі.
Сондықтан XV-XІX ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулар поэзи
ясы тілін «қазақтың ауызша әдеби тілі» деп, ал фольклор тілін
«ауыз әдебиеті тілі» деп бөліп атауды орнықтырып келеміз.
Абайға дейінгі қазақтың мәдениет көгінде және бір тіл өмір
сүріп келді. Ол ортаазиялық және Еділ бойы мен Кавказды ме
кендеген бірсыпыра түркі халықтарының да жазба дүниесіне
қызмет етіп келген «түркі» деп аталған дәстүрлі жазба тіл еді.
XVІ ғасырдың соңында жасап өткен, қазақтың тарақ таңбалы
жалайыр руынан шыққан тарихшы ғұламасы Қадырғали
бидің «Жами ат-тауарих» атты шығармасы да осы тілде, яғни
қазақтың ескі жазба әдеби тіл дәстүрінде дүниеге келген. Бұл
дәстүрді XVІ-XVІІІ ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандарының
Ресей әкімшілігімен, Орта Азия хандықтарымен араларын
да болған хат-хабарларда және өзге де жазба қатыныстарда
пайдаланған.
Қазақтың осындай сан ғасырлық тарам-тарамды тіл тари
хында Абайдың орны ерекше, яғни жеке өз алдына сөз етерлік
тақырып екендігі оның осы ұлан-асыр тіл тарихы көшінде
жаңа кезеңді бастауына байланысты. Абай қазақтың байырғы
әдеби тілін ұлттық жазба тілге айналдырып, соның іргетасын
қалады, оның даму бағыттары мен принциптерін ұсынды. Бұл
ретте Абай тілін зерттеу ұлттық әдеби тілдің тарихына барып
ұласады.
Бұл тақырып қазақ ғылымында едәуір зерттеліп келеді.
Абайдың қазақ әдеби тілі тарихындағы орны мен қызметі
М. Әуезов, Қ. Жұбанов, Қ, Жұмалиев, Н. Сауранбаев,
І, Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, А.Ысқақов, Қ. Өмір-
әлиевтердің еңбектерінде жақсы көрсетілді. Сондай-ақ осы
мәселеге біз де арнайы «Абай шығармаларының тілі» атты
монография («Ғылым» баспасы, 1968) ұсындық. Бұл кітапта
Абай тілін көркемдік көрінісі жағынан емес, қазақ әдеби
тілінің жаңа ұлттық жазба тіл кезеңін бастау тұрғысынан және
XІX ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ тілінің статикалық күй-
қалпын көрсететін материал ретінде сөз еттік. Бұл зерттеуіміз-
дің жалғасы ретінде «Абай өлеңдерінің синтаксистік құры-
лысы» атты («Ғылым» баспасы, 1971) екінші монография
мызды да жарияладық. Бұлардан басқа ХV-ХІХ ғасырлардағы
қазақ әдеби тілі тарихына арналған кітабымызда («Ана тілі»
баспасы, 1993) Абайға жеке тарау беріп, кеңінен сөз еттік,
оның ана тіліміздің тарихындағы орны мен еңбегіне, қосқан
зор үлесіне тоқталдық.
Аталған еңбектерімізде қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі-
нің қалыптасуы, оның негізгі арналары, бұл процестегі ескі
түркі жазба дәстүрдің, оның ішінде XІX ғасырдың соңғы
ширегінде қазақ топырағында орын алған «кітаби тіл» дегеннің
рөлі сияқты мәселелерді сөз еттік, сонымен қатар мұнда осы
процестердегі Абайдың ұстаған принциптері мен жөн сілтеген
бағыттары, өлеңдері мен прозасының тілі арқылы тікелей
көрсеткен үлгісі, қысқасы, бүгінгі ұлттық жазба тіліміздің
қалыптасып, әрі қарай даму барысындағы Абайдың қызметі
нақты фактілермен талданды.
Бұл аталған авторлардан басқа да көптеген ғалымдар мен
өзге де зерттеушілер тарапынан қазақ әдеби тілін дамыту-
дағы Абайдың қызметі айтылып, мүмкіндігінше әр тұстан
баяндалғанын көрсетуге болады (М. Мырзахметов құрас-
тырған, 1988 жылы шыққан «Абайтану» атты библиография-
лық көрсеткішті қараңыз, бірақ бір өкініштісі – Абайдың
тілі жайындағы еңбектер мұнда түгел қамтылмапты, мы
салы, жоғарыда аталған, Абайдың тілін жеке монография
түрінде тұңғыш рет сөз еткен біздің екі кітабымыздың екеуі
де көрсетілмеген, сондай-ақ ұлы ақынның тіліне қатысты
жариялаған мақалаларымыз да түгел емес).
Демек, Абай тілін зерттеудің бірінші аспектісі – оның қазақ
әдеби тілінің даму процесіндегі орны мен қызметін көрсету
жақсы қолға алынып, пікірлер тұрақтала түскенін көреміз.
Ұлы ақын поэзиясы тілін танудың екінші қыры – поэтикалық
сөз өрнегі де назардан тыс қалған жоқ, бұл да танымдық және
ғылыми әңгіме арқауына негіз болып келеді. Бұған алдымен
әдебиеттанушылар барды.
Абайдың тіл көркемдігін тұңғыш рет кеңінен және арнайы
монографиялық еңбек жазып зерттеген адам – ірі әдебиеттану-
шы ғалым Қажым Жұмалиев. Ол 1960 жылы жарияланған
«Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясы-
ның тілі» атты кітабында алдымен Абай өлеңдеріндегі өзінің
тура мағынасында қолданылатын сөздерді бөліп қарап, со
дан соң көнерген, жергілікті сөздер (диалекті сөздер), кірме
сөздер («шет сөз»), Абайдың өзі енгізген жаңа сөздер деп
көрсетіп, талдайды. Олардың Абай өлеңдеріндегі қолданылу
себептерін айқындайды, аз-көптігін айтады, бұлардың ауыз
әдебиеті үлгілеріндегі, өзге ақын-жыраулардағы (ғалымның
өз термині бойынша «тарихи әдебиет» өкілдеріндегі), шағатай әдебиетіндегі көрінісін де қамтып, салыстырады. Жұмыстың көлемді бөлігі Абай тіліндегі көріктеу құралдары (Қ. Жұмалиевтің терминімен «поэтик тілдердің негізгі саласы»): эпи тет, теңеу, троптарды (метафора, метонимия, синекдоха, сим вол), фигураларды көрсетіп, талдауға арналған. Зерттеуші бұларды түр-түрге бөліп көрсетеді, тарихи әдебиет пен ауыз әдебиетіндегі көрінісімен салыстырады. Келесі тарауында Абай текстеріндегі ирония, сарказм, гипербола, литоталарды (автор бұл терминдерді осы түрінде қолданған) жоғарғы үлгімен талдайды, олар кездесетін мысалдарды келтіреді, Абайға дейінгі әдебиеттегі түрлерін береді. Қысқасы, бұл моногра фия – Абай тіліндегі көркемдеуіш-бейнелеуіш элементтерді тауып көрсетіп, талдау арқылы оның поэтикалық тілін зертте ген тұңғыш құнды еңбек. Бұл зерттеушінің негізгі мамандығы әдебиеттанушы болғандықтан, әрине, өзі тауып талдаған көріктеу құралдардың тілдік механизмін (сырын, амалын, элементтерін) көрсетпеген. Ол – тіл маманының үлесіне тиетін жүк болғандықтан, монография авторы бұл міндетті мойны на алмаған. Монографияның негізгі бөлігі Абайдың «поэтик тіліне» арналып, қалған бөліктерінде ақынның аудармалары, жалпы тіл туралы Абайдың көзқарасы, қазақ әдебиеті мен әдеби тілінің тарихындағы Абайдың орны деген мәселелерге де тоқталған. Абайдың поэтикалық тілі белгілі әдебиеттанушы Зәки Ахметовтің еңбектерінде талданады. «О языке казахской поэзии»3 деген зерттеуінде автор Абайдың поэтикалық тілін дәстүр мен жаңалық проблемасына жанастыра қарастырады. Ақын тіліндегі табиғат пен адамды суреттейтін эпитеттер мен теңеулердің мейлінше анық, дәл екендігін танытады, ол үшін «Қансонарда», «Жазғытұрым», «Күз» өлеңдерінің көріктеу құралдарын талдайды. Абай тіліндегі поэтикалық образдардың символдық мағыналарын ашады. Абай енгізген жас бұлт, кәрі жартас, тірі сөз, тентек өмір, салқын өмір, қараңғы өмір, өткен күннің улары сияқты фразеологизмдердің аударма 3 Ахметов 3. О языке казахской поэзии. - Алматы, 1970; Өлең сөздің теориясы. - Алматы, 1973.
өлеңдерінде кездесетіндігін айтады, олардың орысша балама
ларын көрсетеді. Ал «Өлең сөздің теориясы» деген кітабының
ІІІ тарауы «Абайдың тіл ұстарту өнегесі» деп аталып, мұнда
автор Абайдың метафорамен келген образдар арқылы нені си
паттайтынын дәлелдейді, ұйқасқа алынған сөздердің поэти-
калық жүгін танытады, өткен шақ көсемше тұлғасымен кел-
ген етістіктерді (шығындап, мығымдап деген сияқты) талдап,
оларды эпитет деп табады. З. Ахметовтің бұл зерттеулерін
Абай поэтикасын әдебиет теориясы тұрғысынан танытатын
құнды еңбектер деп танимыз.
Абайдың поэтикалық тіл өрнегін сөз еткен А. Нұрқатовтың,
М.Базарбаевтың және тағы басқалардың зерттеулерін атау
қажет. Мысалы, М.Базарбаев қазақ поэзиясы тіліндегі дәстүр
мәселесін және дәстүрлі образдарды сөз ету үстінде Абай
шығармаларына да соғады. «Қазақ топырағындағы Абайдың
ұлы жаңашылдық орнын жаңалық пен дәстүрді бір-біріне
қарсы қою арқылы емес, қайта жаңалық сол жақсы дәстүрлер
топырағында туып қалыптасқан деп тану арқылы көрсету ке
рек», – дейді. Бірақ ол жаңалықтардың тілдік сипаты қандай де
генге қатысты талдаулар жасамайды. Бұл да дәлелді: зерттеуші
тіл маманы емес, әдебиеттанушы болғандықтан, «жат есікті
қаққысы келмегені» заңды. Дегенмен бұл ғалым: «Абай дай
ын сөз орайына, бұрыннан белгілі жайтқа телміріп, көп қарай
бермейді»,4 – дей келіп, кейбір сөз-образдарды ақынның қалай
пайдаланғанына сәтті мысалдар келтіреді.
Айқын Нұрқатов Абай шығармаларының дәстүрлік пен
жаңашылдық сипатын сөз ете отырып, кейбір көркемдік-тілдік
фактілерді ұтымды талдайды5. Бұлардан басқа да Абайдың
тілге келгендегі шеберлігі жайында сөз қозғап, пікір айтқан
С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, М. Әлімбаев, Ә.Қоңыратбаев,
Т. Нұртазин және тағы басқа әдебиетшілер мен жазушылар
арнайы мақалаларында немесе әдебиеттің өзге мәселелеріне
арналған еңбектерінің жеке бөлімдерінде ұлы ақынның
көріктеу элементтері мен көркемдеу тәсілдерін пайдалану
сәттерін және осы орайдағы ерекшеліктерін қозғайды.
4 Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы... - Алматы, 1978. - 101-б.
5 Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. - Алматы, 1966
Сондай-ақ Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, І. Ке-
ңесбаев, Қ.Өмірәлиев сияқты тіл мамандары да қазақ көркем
сөзінің көрінеу тұрған ғажап фактілері – Абай тілінің сөз мар
жандарын байқамай тұра алмады. Бұлар Абай өлеңдеріндегі
көріктеу элементтерін нақты көрсетіп, жүйе-жүйеге бөліп
берулерімен қатар, кей тұстарда олардың тілдік механизмін
танытуға да барады. Бірақ бұл ізденістердің қай-қайсысы да
монографиялық қалыпта жүйелі түрде арнайы жүргізілген
көлемді зерттеулер емес.
Дегенмен осы көрсетілген еңбектер мен пікірлердің бар
екендігіне, құнды екендігіне қарамастан, Абайдың поэтикалық
әлемін сөз еткенде тіл маманы ретінде назар аударатын қырлары
әлі де аз емес. Мысалы, әдебиетшілердің жоғарыда аталған
зерттеулерінде ақын тіліндегі эпитеттерді тауып көрсету бар.
Ал осы эпитеттерді ақын ұсынған образдың эстетикалық өрісі
(зонасы) тұрғысынан қарастырсақ, әр образдың өзіне тән
тілдік-мағыналық заңдылығын іздестіру керек болады. Со
нымен қатар осы өрістің тұрақты және контекстік түрлерін
айқындау қажеттігі де туады. Немесе ақын тіліндегі көркемдік
белгілерді жалпы тауып көрсету бар да, ол белгілердің кон
стантты (тұрақты) жиынын таныту тағы бар. Қысқасы,
Абайдың поэтикалық қазынасын көру үшін көз қырын бір
жақтан емес, екі жақтан салу керек, яғни әдебиеттанушымен
қатар тіл маманының көзімен де қарап зерттей түсетін тұстары
баршылық. Бұлайша «екі қарап, бір шоқудың» құндылығы сон
да, көркем шығарманың микродүниесі мен макродүниесі тұтас
алынғанда ғана оның мазмұны (идеясы) мен сол мазмұнның
тілдік көрінісі – поэтикалық әлемі ашылады. Бұл – зерттеу ба
рысында қолданылар ұтымды жолдың бірі болмақ.
Сірә да, лингвистикалық поэтика бойынша зерттеулер тіл
мамандары тарапынан жүргізілетін ізденістер болмаққа керек.
Ал қазақ лингвистері, тегі, идиостиль, идиолект (суреткердің
өзіне тән стилі, қолтаңбасы) деген мәселелерге көп жуы
май келеді. Қазақ тіл білімі бұларды көп уақыт назардан тыс
қалдырып, оны әдебиеттанудың құзырына беріп келе жатқан
сыңайы бар. Әсіресе Абай поэтикасын танытуда біз, қазақ
лингвистері, кешеуілдеп келеміз. Осы «кінәмызды» аздап бол
са да ақтау үшін ұлы ақын тілінің көркемдік кестесіне оралып,
ұсынып отырған бұл еңбегімізде тың талдаулар жасауға, ма
териалды өзгеше топтастырып, оған басқаша қырынан қарап,
мүмкіндігінше өз пікірлерімізді айтуға ұмтылдық. Поэтикалық
тілді зерттеудің өз ішінен туындайтын жеке мәселелері
мен метадологиялық қырлары бар. Біз осылардың ішінде
бұрынғы ізденістерді қайталамадық, жалаң мәліметнамеге
(фактографияға)
бармауға
тырыстық,
сондай-ақ
талдау
фактілерін молырақ қамтуға, оларды жүйелеуге күш салдық.
Абай мұрасымен толық танысқаннан кейін Ахмет Байтұр-
сынов тұңғыш рет «Абай – қазақтың бас ақыны» деп берген
аз сөзді анықтамасына көп мән сыйғызған болса, бұл баға тек
халқының ұлы перзенті Абайдың азаматтық (демократтық,
ағартушылық, гуманистік) портретіне емес, ақындық, сурет-
керлік биігіне де берілгенін аңғарамыз. Ал ұлы ақындықты,
асқан суреткерлікті танытатын басты белгі – тілі, «тіл ұстартып,
өнер шашқаны». Міне, осыған тіл маманы көзімен қарап, әлі
де Абайға арналып алда жазылар көп монографияның бірін
ұсынып отырмыз.
СӨЗ – ӨЛЕҢНІҢ АРҚАУЫ
Әдебиет – тілмен әдебиет.
(Мұхтар Әуезов)
Бұл тараудың атын «Сөз және поэтикалық образ» деп беру
ге де болады. Өлеңді өлең ететін – әйтеуір тіл, әйтеуір сөздер
жиынтығы емес, сол өлеңде белгілі бір уәжді қызмет атқаратын
сөздердің қолданысы.
Көркем шығармада айтылмақ ойдың теңеу, эпитет, мета-
фора, метанимия, әсірелеу, шендестіру, қатарластыру т.б. сияқ-
ты көріктеу құралдары мен амалдары арқылы көрінуі ғылым-
да поэтикалық образ (бейне) деп аталады. Біздің бұл зерт-
теуіміздегі әңгімеміздің дені поэтикалық образ, яғни сөз-образ
жайында болмақ. «Образ» деп қарастыратынымыз – көріктеу
элементі болып келетін жеке сөздер мен сөз тіркестері. Көркем
шығармада сөздің тура мағынасында қолданылуын әдебиет
теориясы автология деп атаса, бейнелі (фигуралды, ауыспалы)
мәнде жұмсалуын металогия деп атайды. Мұнда талдайтында
рымыз негізінен металогияға жатады.
Поэтикалық образ жасауда жазушы мен ақын сөзге иек ар
тады. Тіл – образдың көрінісі болса, образ сол шығарманың
идеялық мазмұнының көрінісі6. Ол сөз белгілі бір экспрессивтік
(әсерлі) бояуы бар сөз болуы да мүмкін, сондай-ақ мағынасында
ешқандай әсерлі реңкі жоқ сөз болуы да мүмкін. Бірақ соңғы
топ образ жасауда стильдік жүк арқалап, өз бойында жасырын
жатқан қосымша мағыналық реңктерін, ғылыми терминмен
айтсақ, семаларын немесе «тақырыптық өріс» дегенді құрап,
образ жасайды. Сөзбен берілетін образ дегеннің өзі екі қырынан
көрінеді: бірі – тақырыптық өріс арқылы туатын идея образы,
екіншісі – сөз-образ. Мысалы, Абайдың «Өкінішті кеп өмір
кеткен өтіп» деп басталатын өлеңі философиялық толғаныс
болғандықтан, мұнда ойшыл (адам), жан (адам), татулық,
жылмаңдық, адамдық, достық, көңілдің кешуі, өкпе сызы,
жүрек жігі, көңіл жүгі, кірлемеген көңіл деген сөздер «рухани
дүние» деген тақырыптық топ болып, «толғанған ақын» деген
образды ұсынып тұр. Немесе Махамбет ақынның көп өлеңдері
6 Тимофеев Л.Н. Проблемы теории литературы. - М., 1955. - С. 79.
қолына қару ұстап, ұрыс майданына шыққан жауынгер обра
зына арналғандықтан, бұларда қару-жарақтың бейнелеуіш ата
улары: балдағы алтын құрыш болат, толғамалы ақ мылтық,
садақ толған сай кез оқ сияқты сөздер мен ұрыс-соғыс іс-
әрекеттеріне қатысты етістіктер «әскери тақырып» өрісін
құрап, күрескердің я болмаса ұрыс-шайқастың образын береді.
Ал жеке сөз-образ дегенге келетін болсақ, бұл да поэтикалық
сөз кестесінің элементі. Мысалы, Дулат (Бабатайұлы) ақын-
ның:
Көргеннің көзі тойғандай,
Топты ортадан ойғандай
Сәулетіңнің сағымы
Бұтағына шынардың
Күнді әкеп іліп қойғандай
Сәндісің, жаным, сәндісің, –
деген шағын өлеңінде бірнеше сөз-образ бар. Айталық, мұнда
шынар – образ. Шынар – ең биік ағаш, сондықтан оның бұта-
ғына ілінген затқа адам қолы жетпейді, сұлу қыз да екінің
бірінің қолы жете бермейтін жан. Демек, шынар – қол жетпейтін
нәрсенің образы. Сол сияқты күн де – сөз-образ: күн – нұр ша
шып, айдай әлемді жарқыратады, сұлулық та күн сияқты нұр
себеді, адам жанын сүйсіндіреді, демек, күн сөзі образ үшін
жұмсалған.
Сөз-образдарды Абайдан келтірсек, тіл құдіретіне тәнті
боламыз. Мысалы, оның жастарға арнап: Сен де бір кірпіш
дүниеге Кетігін тап та бар, қалан – дегенінде кірпіш те, кетік
те, қалану етістігі де – сөз-образдар, өйткені бұл сөздер өз-
дерінің тура мағынасында келмей, белгілі көркемдік жүк
арқалап, образдар галереясын жасап тұр: мұндағы кірпіш – тас
емес, адамның, жас адамның образы, кетік те бұл жерде – үй
қабырғасының немесе тостағанның кетігі емес, қоғам өмірін-
де әр адамның алатын орны, атқаратын пайдалы қызметі деген-
нің образы, қалану етістігі болса, бұл да өзінің номинативтік
мағынасында емес, ауыспалы, астарлы мәнде жұмсалып тұр:
бұл жердегі қалану – адамның қоғамда өз орнын тауып, қызмет
етуі.
Абайдан тағы бір мысал келтірейік. Жол азық – қарапайым
тұрмыстық сөз, ал Абай: «Кеш деп қайтар жол емес, Жол
азығым мол емес» десе, бұл тіркес тұлғалық өзгеріске түспейақ мағына жағынан қосымша жаңа үнге («обертонға») ие бо лып тұр: мұндағы жол дегеннің өзі – метафора, ол – өмір, осы өмірдегі ақынның мақсаты, күресі, жол азық – сол күресте жұмсайтын құралы, демек, соңғы тіркес сөз-образ болып шыққан. Зерттеуші З. Ахметов дұрыс көрсеткендей, Абай өлеңдеріндегі жол, жартас, жүрек, соқпақ сияқты сөздер – метафо раланып жұмсалған сөз-образдар. Бұлар да – өздері жұмсалған контексте қосымша мағынаға ие болған обертондар (музы ка термині болыл саналатын обертон сөзі дауыстың негізгі әуеніне белгілі бір реңк, тембр бояуын үстейтін қосымша тонүн) . Көркем әдебиеттегі, оның ішінде поэзия тіліндегі сөздерді талдағанда, «орфографиялық сөз» нысанаға алынбауы керек, яғни жазылып көрініп (не естіліп) тұрған сөзді зерттеу мақсатын емес, сол сөздің сол қолданыстағы мағыналық ерекшелігін, Б.А. Ларинше айтқанда, «мағыналық обертондарын», яғни жазушының не ақынның осы сөз арқылы қандай идеяны (ойды) айтпақ болғанын және оқырман ол сөздің мағынасын қандай деп қабылдайтынын көрсетуді көздеу керек7. Ал бұл ерекше мағына немесе «мағыналық обертондар» сөздердің бірбірімен арақатысынан, біріне бірінің тигізетін әсерінен пайда болады да, жазушының (ақынның) айтпақ ойының үдесінен шығады. Бұл жерде әнңгіме лексикалық (тура) мағынасында әр алуан экспрессиясы бар бояулы сөздер туралы емес, мағынасы қалыпты, жай (бояусыз) сөздер жайында. Бірақ сөздердің қай-қайсысына да ерекше мағыналық реңк қосып жұмсауға болады немесе сөздің өз бойындағы қосалқы мағыналық реңктерді (сема деп аталатындарды) пайдалануға болады. Тегі, поэзия – сөздің бар қабілетін ашатын, сөз мағынасының небір нәзік қырларын көрсететін майдан. Мысалы, Абай: «Мен қажыған арықпын, Қатын-бала қонағы» дегенде «арыған, жүдеген» мағынасындағы арықпын деген қарапайым сөзді «дүниеден түңілген, күрестен шаршаған, қалған өмірінде өзін тек жай отбасы мүшесі есебінде санаған адам» деген метафоралық образ үшін пайдаланған. Мұнда қонақ сөзінің қосалқы реңкі кәдеге жаратылған, демек, бұл сөз де образ. 7 Ларин Б. А. Эстетика слова и язык писателя. - Л., 1974. - С. 36.
Лексикалық (негізгі, тілдік) мағынасында белгілі бір әсерлі
бояуы жоқ сөздерді метафора-образ етіп жұмсау қазақ поэ-
зиясында бұрыннан жақсы дамыған әдіс болатын. Мысалы,
Кемпірбай Бөгембайұлы (1834-1895): «Ішіне арғын, найман
салдым айғай» дегенінде айғай сөзінің қалыпты лексикалық
мағынасын «уытты өлең сөз» дегенге ауыстырып, метафора
лап, образ жасап тұр. Немесе Жанақ ақын (1770-1856): «Шынар
құлап, түбінде қалды шірік. Өз қолыңнан ұрыға бердің құрық»
дегенінде шынар да, шірік те, ұры да, құрық та сөз – образдар:
шынар – біртұтас қазақ қоғамының образы, шірік – сол еркін
елдің тәуелді, отаршылық күйге түскенінің образы, ұры – отар-
лаушы немесе езуші топ өкілінің образы, құрық – әкімшілік,
билік тәртіптерінің бейнесі.
Демек, бұл образдардың барлығының да жасалуына көрсе-
тілген сөздердің мағыналық кұбылулары себеп болып тұр.
«Сөз құбылуы» терминін біз соңғы жылдарда тіл білімінде өз
алдына жеке шығарылып, айтыла бастаған, орысша «словопре
образование» деген категориялық ұғымның қазақша баламасы
ретінде ұсынып отырмыз. «Сөзжасам» (словообразование),
«сөз өзгерісі» (словоизменение) «сөз кұбылуы» (словопреобра
зование) деген терминдердің алғашқысы – лексикология сала
сына жататын категорияның атауы, екіншісі – грамматиканың
объектісі, үшіншісі – лингвостилистика деп аталатын ғылым
саласының, яғни тілдің колданыстағы көрінісін, көркемдік
қызметін зерттейтін саланың термині. Демек, біздің бұл еңбекте
қарастыратын объектіміз – осы соңғысы. Өйткені поэзия сөз
мағынасының қыр-сырының көрінуіне, мағыналарының жыл
жуына: ауысуына, толығуына, тарылуына жол ашады. Екінші
сөзбен айтсақ, сөздер поэтикалық қызметінде өзінің мүмкін
(потенциалды) және жасырын («ұрын») жатқан мағыналарын
ашады, мағыналық қабаттасуларға жол береді. Сөзді әсіресе
эмоциялық-бағалауыштық қызметте жұмсауға келгенде өлең
тілі – бірден-бір «ұлы жіңгір алаң». Сондықтан Абай өлеңдері
тілінде сөз арқылы поэтикалық образ жасаудың үлгілерін тану
– зерттеуіміздің өзекті тұсының бірі болмақ. Абай сөз арқылы
поэтикалық образдарды қалай берді деген әңгімені қозғаймыз.
Бұл әңгіме әсемдік әлемі туралы болмақ.
ОБРАЗДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ӨРІСІ (ЗОНАСЫ) Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз, Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз. (Абай) Сөз алды-артында (әрине, көбінесе алдында) анықтайтын, айқындайтын сөздермен келіп те, жеке тұрып та образ жасай алады. Мысалы, Абайдың: Мәз болады болысың Арқаға ұлық қаққанға. Шелтірейтіп орысың Шенді шекпен жапқанға де ген өлең жолдарындағы шекпен сөзінің өзі тың образ болып тұр: шекпен жабу – «әкім етіп қою», «ауыл-ел басқарту» деген ауыспалы мәнде келген қолданыс. Осы шекпен («әкімдік») об разын айқындап, оның алдына шенді сөзін келтіргенде, образ одан сайын ажарланып, оқырман сезіміне ерекше әсер беретін тіркеске айналған. Демек, образды айқындап, оны әр қырынан танытар өрісін қеңейтетін көріктеу құралын әдебиеттану ілімінде эпитет деп атайтынын білеміз. Бұл терминді, Ахмет Байтұрсынов көркейту немесе көркейте айқындау деп ата са8, Қажым Жұмалиев халықаралық ортақ термин – эпитетті қолданады9, Зейнолла Қабдолов А. Байтұрсыновтың терминін жөн көреді10 . Эпитет – адамның, заттың, құбылыстың бір белгісін: сы рын, сипатын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай анықтауыш сөзден эпитеттің айырмасы бар. Жай анықтауыш заттың, құбылыстың, адамның өзіне тән қалыпты сынын (белгісін, қасиетін, түрін, түсін т.б.) білдірсе, эпитет өзі атайтын белгіні бейнелеп (образдап) көрсетеді; өйткені бұл белгі сол заттың, адамның, құбылыстың табиғи, қалыпты белгісі емес. Мысалы; Абайдың: «Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі, Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі? Қара қидан орта қап ұрыспай берсе, О да қылған кедейге үлкен сыйы» 8 Байтұрсынов А. Шығармалары. - Алматы, 1989. - 155-б. 9 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960. - 107-111-бб. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. - Алматы, 1960. - 195-б. 10 Қабдолов 3. Әдебиет теориясының негіздері. - Алматы, 1970. - 226-б.
деген шумағында кәрі қой, қара қи, орта қап, үлкен сый де
ген тіркестердің кәрі, қара, орта, үлкен деген анықтауыштары
қойдың, қидың, қаптың, сыйдың қалыпты, өздеріне тән белгі-
лерін атайды, ол белгілерді білдіріп тұрған сөздер өздерінің
тура мағыналарында қолданылған, сондықтан бұлар – эпитет
тер емес, жай анықтауыштар. Ал Абайдың: «Қырмызы қызыл
жібек бозбалалар Оңғақ бұлдай былғайды бір дым тисе»
дегенінде қырмызы мен қызыл жібек деген сөздер бозбаланың
бір қасиетін, белгісін атап тұрса, ол белгі – адамның табиғи
қасиеті емес, сондықтан бұл жердегі қырмызы, қызыл жібек
деген сөздер – ауыспалы мағынада бейнелеп айтылған эпитет
анықтауыштар.
Эпитеттер тұрақты, тұрақсыз немесе тавтологиялық (үйрен-
шікті, көп қайталанатын) және метафоралық, синкреттік деп
бөлінеді. Тілдердің қай-қайсысында да бір нәрсенің (адамның,
заттың, құбылыстың, ұғымның) белгілерін бейнелеп, әсерлі
түрде атайтын әрі сол атаумен үнемі бірге қолданылатын эпи
теттер болады. Олардың көбі өздерінің тура мағынасында
келеді, бірақ анықтап тұрған сөзімен тіркесіп, белгілі бір об
раз үшін жұмсалады. Атап айтқанда, образдың эстетикалық
зонасында оның өзіне тән анықтамасы болады. Бұлар тұрақты,
тавтологиялық эпитеттер болып саналады. Мысалы, Абайдың
аппақ ет, қып-қызыл бет, қызыл жүз, тар төсек, бұраң бел,
қызыл арай дегендері тұрақты эпитеттермен келген тіркестер,
ал тәтті қыз, асау жүрек, ит жүрек, ыстық қайрат, долы
қол сияқты тіркестеріндегі қыздың, жүректің, қайраттың,
қолдың бір белгісін атап тұрған тәтті, асау, ит, долы деген
анықтауыштар өздерінің тура мағыналарында емес, ауыспалы
мәнде келіп, тұрақсыз эпитеттер болып тұр, яғни тәтті болу
барлық қыздың (жалпы адамның) белгісі емес, жүректің асау
болуы, ит болуы да өзіне тән тұрақты белгі емес.
Міне, осы тұрғыдан келгенде, ақынның қай-қайсысы да
эпитетті көркемдік белгілердің константты (тұрақты) жиынын
да, өз қаламынан туған авторлы түрлерін де пайдаланады.
Қазақ поэзиясы қай кезеңде де тұрақты эстетикалық өрісі
бар образдарды пайдалануды көріктеу тәсілдерінің бірі етіп
келген. Және бұл тәсіл – ауыз әдебиеті тілінен келе жатқан
дәстүр. Айталық, батырлар жырларындағы образдардың көбі
қару-жарақ, сауыт-сайман, батырдың өзі, оның аты сияқты
ұғымдармен келеді және олардың атаулары тұрақты эпитеттер
мен тіркесте жұмсалып, образ жасайды. Мысалы, батырдың
портретін берген жыр жолдарынан: «Жауырынына қанды көбе
сыймаған» дегенді оқысақ, мұндағы қанды көбе тіркесі образ
үшін жұмсалып тұр: жай сауыт емес, әрдайым ұрыс майданын
да болатын батыр киетін көбе, сондықтан ол қанды эпитетімен
тіркесіп, батыр портретін бейнелі түрде сипаттап тұр.
Батырлар жырларында да, көркемдік жағынан бұл жанрмен
іліктес XV-XVІІ ғасыр жыраулары тілінде де қару-жарақ, сау
ыт-сайман атаулары мен ер жігіт, ел-жұрт, тұлпар сөздері
көбінесе жалаң қолданылмайды, тұрақты эпитеттермен келеді
және ол эпитеттердің өзі бір сөзден тұратын дара да, көп сөзді
суреттеме түріндегі күрделі де болады. Мысалы, бұлғары
садақ, бұқар жай, көк сүңгі, толғамалы найза, шашақты най
за, алмас қылыш, ауыр қылыш, алтын қалпақ, жез телпек,
ақ сүңгі дегендер жалаң эпитеттермен келсе, алдаспан ауыр
қылыш, толғамалы ақ сүңгі, алтын құндақ ақ берен, бада
на көзді кіреуке, торт қырлаған көк сүңгі, тобылғы торы ат
сегіз құлаш ақ шатыр, алты сан алаш, он екі баулы өзбек, алты
айшылық Еділ, қырық қақпалы Қазан, тоғыз санды торғауыт,
он сандайын оймауыт, алпыс үйлі арғын деген тіркестерде
образдың курсивпен теріліп көрсетілген константты (тұрақты)
белгілері өте күрделі. Бұл суреттемелік әрі образдың әсерлі бо
луын – экспрессиясын күшейтеді, әрі өлең сөздердің өлшем,
ұйқас, ырғақ сияқты қажеттіктерін өтеуге көмектеседі.
Біздің байқауымызша, авторы мәлім, ауызша тараған қазақ
поэзиясы тілінде – ХV-XVІІІ ғасырлардағы ақын-жырауларда
– образға алынатын сөздерді тұрақты эпитеттермен беру көр-
кемдеудің нормаға айналған ең бір ұтымды тәсілі болған. Мы
салы, XV ғасырдың соңы, XVІ ғасырдың алғашқы ширегінде
жасап өткен Доспамбет жырау: «Толғамалы ала балта қолға
алып, Топ бастадым – өкінбен. Тобыршығы биік жай салып,
Дұспан аттым – өкінбен. Ту құйрығы бір тұтам Тұлпар міндім
– өкінбен» десе, бұл жолдардағы балта да, жай да, тұлпар
да – образ үшін алынған сөздер. Олар образ болып жұмсалуы
үшін жай өздері ғана аталмауы керек, образ әсемдік, әсерлілік
үшін ұсынылады, демек, осы әсемдікті, әсерлілікті беретін
анықтамалардың – эпитеттердің қажеттігін поэзия тілі жақсы
сезінген.
Белгілі бір атаулар, мысалы, толғамалы ақ найза, қозы
жауырын қу жебе сияқты қару-жарақ аттары ғана емес, кез
келген образ болып тұрған сөз қазақтың өлең толғауларында
әрдайым дерлік эпитеттермен беріледі. Мысалы, XV ғасыр жы
рауы Қазтуғанда: «Жабағылы жас тайлақ Жардай атан болған
жер. Жатып қалған бір тоқты Жайылып мың қой болған жер»
дегенінде тайлақ та, атан да, тоқты да, қой да туған жерді
– кұтты мекеннің образын беру үшін айтылып тұр, яғни бұл
жерде әңгіме тайлақ пен атан, тоқты мен қой жайында емес,
осылар арқылы суреттелетін «ақ ала ордасы қонған» қайран
жұрты – өзінен қалып бара жатқан отаны – Еділ жұрты жай
ында. Осы бір «қайран жұртының» қасиетін суреттеу үшін жай
тайлақ емес, жабағылы жас тайлақтың, жардай атан болуын,
жай тоқты емес, жатып қалған бір тоқтының мың қой болып
өсіп-өнуіне қолайлы жағдайы бар – суы мол, шүйгіні қалың ме
кен екенін айту үшін қажет болып тұр.
Бұл тәсіл, бір жағынан, қазақ әдеби тілінің фразеологиялық
қазынасын тұрақтандырып, молайтса, екінші жағынан, фразе-
ологиялық модельді қалыптастырды, яғни тұрақты эпитеті бар
тіркестерді жасаудың пәрменді құралына айналдырды.
Міне, көріктеудің осы тәсілін қазақ сөз зергерлері ұрпақтан
ұрпаққа, кезеңнен кезеңге жалғастырып сөз-образдардың
эстетикалық өрісін тұрақтандырып, фразеология қорын біздің
күндерімізге жеткізді. Бірақ бұл қор бүгінде штамп қалпында
түгелдей актив қолданылмайтынын білеміз.
Абай қазақтың бай дәстүрлі (тұрақты) эпитеттерін еркін
пайдаланған және оларды әрдайым дерлік образдық элемент
ретінде жұмсаған. Мысалы, Лермонтовтан аударған бір шумақ
өлеңінде: «Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға, Алла асыраған
бендесі аш бола ма? Ер жеткен соң сыймайсың кең дүниеге,
Тыныштық пен зар боласың баспанаға» дегенінде мұндағы кең жайлау, кең дүние дегендер – тұрақты эпитеттермен кел ген тіркестер, екеуінде де кең деген эпитет – стильдік жүгі бар құралдар: кіп-кішкентай бесік – жас нәресте үшін жайлаудай кеңістік, ал өскен соң, кең жайлаудай бесік түгіл, кең дүниенің өзі тарлық етеді деген идея-образды беруге жұмсалып тұр. Абайдың көркем тілінде бұл сияқты тұрақты эпитеттер қаншама молынан кездессе, өзі келтірген авторлық жаңалары одан кем емес. Соны эпитеттер ұсыну үшін Абай синкреттік амалды кеңінен пайдаланған, яғни семантикалық жағынан бірбірімен үйлеспейтін (тіркеспейтін) сөздерді тіркестіруді жүйеге айналдырған. Мысалы, «Көрмеген көп дүние көл көрінді Кірелмеген көңілдің ашығында» дегенінде кірлемеген эпитеті мағынасы жағынан өзі анықтап тұрған көңіл сөзіне жанаспауға тиіс, өйткені кірлейтін нақты зат (киім, төсек т.б.) болса керек еді, ал көңіл – нақты зат атауы емес, дерексіз (абстракт) ұғым атауы. Бұл жерде кірлемеген деген сөз – метафораланып, әлі жамандық көрмеген, барлығына үмітпен қарайтын адамды бейнелеп атайтын образ. С. Есенин поэзиясындағы метафораларды зерттеуші Н.А. Басилая мұндай метафоралық тіркестерді бинармдар деп атайды11, яғни мағыналық өрісі мен тіркесу қабілеттері әртүрлі сөздердің бірі метафораланып (мағынасы ауысып), екіншісі метафоралап (қасындағы сөздің мағынасын ауыстыртып) тіркесуі бинарм болып шығады. Мысалы, Есенинде кездесетін руки березы, кости березы, мольба берез дегендерде береза сөзі – метафоралайтын сөз, ал оның алдындағы сөздер – мета фораланып тұрғандар. Абайда да үміттің аты, саңырау қайғы деген тіркестер бинармдар: мағынасы жағынан тіркесімдік қабілеті жоқ сөздердің бірі мағынасы ауысып (ат, саңырау), екіншісі – тіркескен сөзінің мағынасын ауыстыртып (үміт, қайғы) тұрған метафоралық қолданыстар. Эпитеттер бір нәрсенің белгісін, қасиетін, сынын айқындайтын болғандықтан, көбінесе екі-үш сөзден кұралған тіркеспен келеді. Масалы, қызыл тіл дегеннің өзі тұрақты эпитетпен: 11 Басилая И.А. Метафора в поэзии С. Есенина // Слово в русской советской поэзии. - М., 1975.
келген тіркес болса, Абай оған толғауы тоқсан деген эпитет
қосып, бұл образдың экспрессиясын одан сайын күшейтеді.
Бізге дейінгі зерттеушілер де атап көрсеткендей, Абай бір
ғана жүрек сөзін әр алуан эпитетпен жұмсайды, олардың ішін-
де жылы жүрек, ет жүрек деген бірен-сараны ғана тұрақты
эпитетпен келгендері болса, қалған 14-15-і – Абайдың өзі
ұсынған эпитеттермен айтылған образдар: сорлы жүрек асау,
жүрек, жалын жүрек, үрпейген жүрек, кірлеген жүрек, ын
талы жүрек, жаралы болған жүрек, асыл жүрек, мұз жүрек,
сұм жүрек, ызалы жүрек. Бұлардың барлығы да – образдар.
Абай жалпы жүрек сөзін 150-ден астам рет жұмсағанда, ол
қолданыстардың дені «адам, адамның ішкі дүниесі, сезімі» де
ген ауыспалы мағынада келген екен.
Жүрек сөзі адамның өзіне тән ынталы, сорлы, жаралы,
ызалы, ауру, асыл, сұм деген сын-сипат атауларымен келгенде,
оның адамға қатысты образды беріп тұрғаны айқындала түседі.
Ал «Үрпейген жүрек басылмай, Талапты көңіл елермес...
Кірлеген жүрек өзі үшін Тұра алмас әсте жуынбай. Жүрегім
менің қырық жамау Қиянатшыл дүниеден» деген өлең
жолдарындағы эпитеттер жүрек сөзімен берілген образдың
экспрессиясын арттырып, қазақ поэзиясында бұрын кездеспе
ген тың поэтикалық дүниелерді береді.
Абайдың мағынасы жағынан бір-бірімен үйлеспейтін сөз-
дерді тіркестіріп, көбінесе авторлық тың эпитеттерді ұсынуын
(жалтаңдаған жас жүрек, мен – сынық жан т.б. сияқты)
Қ. Жұмалиев орыс көркем сөзінің үлгісі, Абайға дейінгі қазақ
поэзиясында кездеспеген тың тәсіл дегенді айтады. Ал мұқият
іздестірсек, бұл – сонау Ахмет Ясауи поэзиясынан келе жатқан,
ертеректегі қазақ өлең-жырларынанда табылатын поэтикалық
көне тәсілдердің бірі екенін байқаймыз. Мысалы, Қожа Ахмет
Ясауи хикметтері тілінде қолданылатын «Дүр-у гәуһар сөзін
аламға сачса... Ешітсә жан құлағы бірлә һәр йар... Күнәһім
дәрдидін дәрмәнда болдум, Бу ит нәфсім білә арманда бол
дум... ишқ, дүкәнін, құрдум..., сондай-ақ шауқ шарабы, көңүл
көзі, жан булбулы, көңүл мүлкі, тариқат базары, хақиқат
дарйиасы, ишқ бағы, татиқатны(ң) бурақы (жүйрігі)» деген
тіркестерінде бірі дерексіз ұғым, бірі деректі зат атауларын білдіретін сөздер болып образ жасап тұрғанын көреміз. Ал қазақ ақын-жыраулары тілінде Абайдағыдай жиі болмағанмен, бұл тәсіл арқылы жасалған тіркестер бар екенін айта аламыз. Мысалы, Кемпірбайдың: «Тәуекел дариясы нан бетім жудым» дегенін, Жанақтың: «Қыр соңыма түсіп ап сұм кедейлік» дегенін оқысақ, мұндағы көрсетілген эпитет тер қалыпты емес, авторлық қолданыстар екенін байқаймыз. Бірақ зерттеуші Қ.Жұмалиев Абайда семантикасы жағынан үйлеспейтін сөздермен келтірген эпитеттердің өте мол екендігін және аударма өлеңдерінде жиі ұшырасатындығын дұрыс көрсеткен12. Абайда жүйеге айналған бұл тәсіл тек аударма емес, төлтума өлеңдерінде де жиі қолданылғандығы көзге түседі. Жоғарыда келтірілген жүрек сөзі ғана емес, кейбір ұғым атау ларын түрлі жақтан сипаттау үшін, ақын олардың эпитеттерін құбылтып отырады. Мысалы, ой сөзі – философ Абайда жиі қолданылатын объект, сондықтан оның тілінде қуатты ой, ескі ой, ылай ой, ұйықтаған ой, ауыр ой деген тың эпитетті тіркестер бар. Сөз сөзі де Абай үшін «салмақты», ауқымды ұғым атауының бірі, осы себептен қайран сөз, басалқа сөз, түгел сөз, жел сөз, жылы сөз, бос сөз сияқты біршама кәнігі эпитетті варианттарымен қатар, ақын іші алтын, сырты күміс сөз, буулы сөз, қуаты күшті нұрлы сөз, жабырқаңқы сөз де ген жаңа қолданыстарды ұсынады. Бұлар семантикалық алшақ ұғымдардың тоғысуынан жасалғандар: жабырқау – адамға тән сипат, әрі кетсе «адам» мәнінде жұмсалатын көңіл сөзімен тіркесуге бейім, ал сөздің жабырқаңқы болуы – образ. Сөз деген сөзге көп ретте Абайда тіл сөзі контекстік синоним болып келеді. Тіл сөзі де тура мағынасымен қатар, «айтылған (не айтылмақ) ой, өлең, сөз» деген ауыспалы мағыналарда да қолданылғандықтан, ақын мұның да эстетикалық өрісін кеңейтеді: бұрынғы ащы тіл, қайран тіл сияқтылардың үстіне мінсіз тіл, шыншыл тіл, буынсыз тіл, толғауы тоқсан қызыл тіл деген жаңа эпитеттермен келген тіркестерді қолданады. 12 Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. ... - Алматы, 1960. - 191192-б.
Абайда жүрек, тіл, сөз дегендерден басқа да көңіл (сынық
көңіл, жанып, сынып, суынып қалған көңіл, жаралы көңіл,
кірлемеген көңіл, қара көңіл, шын көңіл, қайран көңіл, боямасыз
ақ көңіл), өмір (алдамшы өмір, қу өмір, асау өмір, тентек өмір)
сияқты сөздердің де эстетикалық өрісі кеңіген.
Қысқасы, Абай ең алдымен поэтикалық образ жасайтын
тірек сөздерді активтендіреді. Жоғарыда келтірілген жүрек,
сөз, тіл, ой, көңіл, дүние, өмір сияқты сөздер білдіретін ұғым-
дар – адамның ішкі дүниесін, жалпы өмірді толғаған ойшыл
ақынның философиялық объектілері. Ақынның мақсаты – бұл
ұғымдарды тек атап қою емес, оларды сан қырынан суреттеу
болғандықтан, бұл атаулардың эстетикалық өрісі де әрі тың, әрі
кең болып келген.
Әрине, жиі қолданылатын таңдаулы сөздер ғана емес, бірді-
екілі рет кездесетін сөздердің де авторлық (соны) эпитет
пен келуі – Абай тілі үшін таңданарлық құбылыс емес. Тың
эпитеттер ақын-жазушылардың қай-қайсысында да болады,
бірақ оқыс көрінетін әрі синкреттік амалмен (мағынасы жуыс-
пайтын сөздерді тіркестіру тәсілімен) жасалған эпитеттердің
жүйелі түрде көрінуі Абай тілінен басталады. Айталық, ыстық
қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек дегенінде қайрат, ақыл,
жүрек сөздерінің эпитеттері осы ұғымдардың өздеріне тән
қасиет емес, бірақ үш тіркестің үшеуі де – әсерлі, соны ас
социация беретін құрылымдар, «Асау жүрек аяғын шалыс
басқан» деген өлең тармағы – бастан-аяқ синкреттік қолданыс:
жүректің асаулығы да семантикалық үйлесімі жоқ сөздердің
«ынтымақтасуы», аяғын шалыс басқан деген де дәл осындай.
Осы іспеттес: «Күйлі, күйсіз бәйгеге Қажыды көңілім көп ша
уып» деген жолдар да ақынның айтпақ идеясының астармен
(метафорамен) берілгенін көрсетеді. Көңілдің бәйгеге шабуы
– соны образ, ал ол бәйгеге көңілдің кейде күйлі, кейде күйсіз
кезде түсуі де осы образды одан сайын күшейтіп, «әр сөздің
жаңа ұнасымын тапқан».
Тың образды одан сайын еселеп күшейту – Абай қаламына
тән сонылық. Мысалы, «Жапырағы қуарған ескі үмітпен
Киял қып өмір сүріп, бос жүріппін» дегенінде ескі үміт де
ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған деген және бір
эпитетті еселеп келтіріп, образдың экспрессиясын мейлінше
арттырған. Бұл қатарды көбейте беруге болады. Мысалы,
«Қараңғы, саңырау қайғы ойды жеңген – десе, қайғы сөзінің
қараңғы» деген эпитетпен берілуі – тыңнан қабылданатын об
раз, яғни тың ассоциация, ал оған саңырау эпитетін үстегенде,
бұл образдың беретін әсері мүлде күшейіп, бұрынғы қазақ по
эзиясы жұмсамаған жаңа қолданысты көреміз.
Сөйтіп, «өлең деген – әр сөздің ұнасымы», деген тезис
ұсынған Абай сол ұнасымның бірін тұрақты және тұрақсыз,
яғни дәстүрлі және авторлық, немесе контекстік эпитеттерді
қолданудан тапқан.
Абай өлеңнің «іші алтын, сырты күміс» болуын қалағанда,
ол поэзияның терең (көп) мәнді, аз сөзді болуын көздейді,
сондықтан сырттай әсерлі көрінетін қызыл сөздерден аулақ
болу принципін ұстайды. Осы себептен де дәстүрлі эпитеттерге
әрдайым иек арту өзінің айтпақ ойына сай келмей, көп сөзділікке
апаратынын Абай жақсы сезген. Эпитеттердің константты
түрлері ақынның жаңа идеяларына, яғни поэтикалық жаңа об
раздарына, өлеңнің жаңа тақырыбына сай түсе бермейтінін де,
олардың құр жылтырақ артық сөз болып шығатынын да талант
құдіреті жақсы сездіреді, сондықтан Абай соны эпитеттерді
молырақ ұсынады және ол эпитеттердің көркемдігі, әсерлілігі
бұрынғылардан артық болмаса, кем еместігін біле тұрғанмен,
кәнігі түрлеріне құлағы үйренген оқырманға жаңа эпитеттердің
шу дегенде әсерлі болып естілмейтінін де сезеді. Сондықтан
«көкірегі сезімді» оқырманға – «өлеңі бар өнерлі інілеріне»
– өз поэзиясын «әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз, түбі терең
сөз артық, бір байқарсыз», – дейді. Н. В. Гоголь Пушкиннің
өлеңдері туралы: мұнда қызыл сөз жоқ, тұнып тұрған поэзия
бар деген екен, сол сияқты Абайда да әсіре қызыл сөз жоқ, түбі
терең сөз (поэзия) бар екенін көреміз.
Ақын тіліндегі эпитеттерді сөз еткенде әрі теориялық, әрі
Абай тілін нақты талдауға қатысы бар бір мәселеге тоқталуға
тура келеді. Ол – етістік тұлғаларды эпитет деп тануға немесе
танымауға байланысты әңгіме. Ахмет Байтұрсыновтан кейін
әдебиет теориясын кең көлемде сөз еткен ғалым Қ.Жұмалиев эпитет болатындар алдымен сын есім деп алып, содан кейін көсемше мен өткен шақ есімше тұлғалары дейді13. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінде тұрақты эпитеттер жиі кездеседі дей келіп, оған мысалдардың бірі етіп: «Сары өзеннен өткенде, Тас суын дай сарқырап, Тарлан атпен Көбікті, Артынан кетті барқырып» деген жолдарды көрсетеді. Мұндағы барқырып, сарқырап де ген көсемшелерді эпитет деп белгілейді. Әдебиет теориясынан оқулық жазған 3. Қабдолов етістік тұлғаларды эпитет болады деп ашып айтпағанымен, Жұмекен Нәжімеденовтен: «Тентек үн кетіп еді дауылдап бір, Аңқиып әр жерде бір ауыз қапты» деген өлең жолдарын келтіріп, ондағы аңқиып етістігін эпитет деп табады14. Әдебиет теориясымен арнайы шұғылданған З. Ахметов те Абайдың «Болыс болдым, мінекей» өлеңіндегі ұйқасқа шығарылған шыбындап, қырындап, суылдап... деген етістіктерді эпитет деп санайды.15 Етістіктің есімше тұлғасының эпитет болып келуі дау туғызбайды, өйткені есімшелер есім орнына қолданыла береді. Ал көсемше тұлғалар мен ашық райдағы етістіктерді эпитет деп санауға келгенде, пікір таластыруға тура келеді. Эпитет (айқындау) дегенге заттың, кұбылыстың сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз (3. Қабдолов) немесе «адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөз» (Қ. Жұмалиев) жа татын болса», етістік заттың белгісін, сипатын, сапасын емес, қимылын, іс-әрекетін атайды. Демек, жоғарғы анықтамалардың дұрыс берілгеніндей эпитет дегеніміз – заттың бір белгісін, сынын, қасиетін сын есімдердің немесе оның орнына жұмсалған сөздердің бейнелеп сипаттауы екен. Заттың тек белгісі емес, қимылы, іс-әрекеті де бейнелі түрде сипатталуы мүмкін. Мысалы, «Мәз болады болысың Шелтірейтіп орысың Шенді шекпен жапқанға» дегенде шелтірейтіп деген көсемше 13 Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай шығармаларының тілі. - Алматы, 1960. - 194-б. 14 Қабдолов 3. Әдебиет теориясының негіздері. - Алматы, 1970. - 227-б. 15 Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. - Алматы, 1973. - 80-б.
тұлғасы арқылы ақын әрекеттің («шенді шекпен жабу» –
көтермелеудің) орындалу сынын бейнелеп (шелтірейтіп
жабу) көрсетіп тұр. Бірақ бұл – біздіңше, эпитет емес, әсерлі,
бояулы етістіктің стильдік мақсатта қолданылуы болып та
былады. Шелтірейту – өз бойында экспрессиясы бар етістік,
ғылыми терминмен айтсақ, ингеренттік экспрессиялы сөз. Ал
көркем әдебиетте өз мағынасында жағымды не жағымсыз боя
уы жоқ, сезімге тиер әсері жоқ бейтарап мәндегі етістіктердің
не мағынасын ауыстырып, немесе қосымша мағыналық реңк
үстеп қолданылуы жиі кездеседі, бұл контекске қарай ажыра
тылатын (адгеренттік) экспрессия болады. Мысалы, Абайдың:
«Арсыз адам арсаңдап, арсылдайды, Әр жерде-ақ керегеге
танылса да» деген жолдарындағы арсаңдап, арсылдайды де
ген етістіктер метафораланып (мағынасы ауысып), контекстік
экспрессоид дегенге айналып тұр. Осы жерде біз экспрессоид
терминін атауға мәжбүрміз. Мүмкін, оны қазақшалап әсерсөз
(әсерлі сөз) деген атаумен беруге де болар. Экспрессоид –
белгілі бір стильдік мақсатпен қолданылған, оқырманға әсер
ететін, экспрессиялы сөздер немесе тұлғалар, тіркестер. Ах
мет Байтұрсыновтың тілімен айтсақ, «көңіл күйінен шығып,
көңілге күй түсіретін сөздер».
Контексте белгілі бір жүк арқалап, айтылмақ ойға әсерлі
үн үстейтін сөздер тек етістіктерден емес, өзге сөз таптары
нан да, тіпті одағай, шылаулардан да табылады. Мысалы,
Абайдың: «Сорлы Көкбай жылайды, Жылайды да жырлайды»
деген жолдарындағы да шылауының бұл контекстегі қызметі
жай емес: «жылай-жылай отырып жырлайды» деген қосымша
мағыналық реңк беру үшін екі етістіктің арасына келтіріп тұр
(бұл – өте сирек кездесетін қолданыс). Демек, мұнда да деген
шылау белгілі стильдік қызмет атқарып, айтылмақ сөздің әсерін
күшейтетін элемент ретінде келтірілген. Тағы бір мысал. Абай
ақын Татьянаның аузына: «Көрген жерде-ақ мен сені «Осы
екен ғой – сол дедім» деген сөздерді салғанда, яғни осылай деп
Онегинге хат жаздырғанда, осы контекстегі сол деген есімдік
– экспрессоид: «Татьянаның түсіне кіріп, өміріне ортақтасып,
ішіне толғау салған ғашығы» деген күрделі ұғымды бір ғана
сол деген есімдік бойына сыйғызып тұр.
Осы сияқты текст ішінде оқырман сезіміне әсер ететін,
белгілі бір стильдік мақсатпен қолданылған сөздер неме
се сөз тұлғалары болады. Қазақша құбылту деп атап жүрген
троп түрлерінің, яғни эпитет, метафора, метонимия, синекдо
ха, гипербола, литота, перифраз, эвфемизмдердің қай-қайсысы
да экспрессивті (әсерлі) элементтер болып келеді. Бұларды
сол әсерлілігіне қарай экспрессоид деп те атайтындығын
жоғарыда айттық. Қандай тәсілмен жасалса да, экспрессоидтер
көркемдеуіш-бейнелеуіш қызмет атқарады. Ал қазақ көркем
сөзінде экспрессоид болып жұмсалатын етістіктердің мәні өз
алдына зор, айрықша бөліп әңгіме ететін объектілердің бірі деп
санаймыз.
ЕТІСТІК – КӨРІКТЕУ ҚҰРАЛЫ
Есімдер сияқты етістіктер де көркем сөз тілінде, әсіресе
өлең тексінде поэтикалық-стильдік қызмет атқара алады.
Абайда ойдың ұсынылу сипатына қарай етістік тұлғалардың
түрліше болып келуі, әрине, ақын тілінің ерекшелігін та
нытпайды, өйткені бұл тәсілді өзгелер де қолданады, бірақ
Абайдың шеберлігін танытады. Бұл жердегі «шеберлік» деп
отырғанымыз – мазмұн мен түрдің, яғни айтылмақ идея мен
оның тілдегі көрінісінің үйлесімі.
Әдетте өлеңде айтылмақ ой жай баяндау түрінде ұсынылса,
етістіктер көбінесе ашық райдың ауыспалы шақ (кетеді),
өткен шақ (кетті, көрдім деген сияқты) тұлғаларымен
беріледі. Абай «Мен жасымнан көп көрдім» деп басталатын
«Абралыға» деген өлеңінде надан адамның портретін оның
іс-әрекет, қылықтарын баяндау арқылы жасайды, сондықтан
мұндағы етістіктер көрдім, көрмедім, шатылды, білмейді, не
етеді, кетеді тұлғаларында тұр. Сөзге жүйрік болса да, сау
аты жоқ, тіпті мұсылманшылық шарттарын дұрыс білмейтін
«Сары жорға» атанған замандасына арнаған сықақ түріндегі
бұл өлеңінде ақын Абралы замандасының портретін оның іс-
әрекеттерін көрсету арқылы береді. Ол үшін етістіктің қалыпты
тұлғаларын пайдаланады.
Абайдың көп өлеңі констатация түрінде, яғни оқиғаның,
болмыстың, суреттің дәл солай екендігін, бар екендігін баян
дау сипатында берілгендіктен, оларда да етістіктер ашық рай
тұлғасында қолданылған. Мысалы, «Қансонарда бүркітші
шығады аңға» деп басталатын өлеңінде аңшылық суретін
береді және оны жай баяндау стилімен ұсынады, бұл конста
тация шығады, тұра қалады, талас қылады, айқасады деген
сияқты ауыспалы шақ тұлғасында келсе, сипаттау етістіктері
көсемше тұлғаларымен (сымпың қағып, қорқақтап, тісін
қайрап) ұсынылады.
Қысқасы, Абай өлеңдерінде етістіктің шақтық тұлғаларын
қолдануда сол өлең идеясының статика (бір нәрсенің қалыпты
күйі) мен динамика (қозғалыс, қимыл, әрекет) тұрғысынан
берілуіне тікелей қатысты. Мысалы, ақынның «Қақтаған ақ
күмістей» деп басталатын өлеңінде сұлу қыздың портреті ста-
тикалық планда берілген, сондықтан бұл өлеңнің сұлудың
сыртқы портретін беретін бөлігінде етістіктер негізінен
ашық райдағы, көбінесе шақ категориясына бейтарап -ады
қосымшалы тұлғамен келген: «Аласы аз қара көзі нұр жай
найды... Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды... Торғындай
толқын ұрып көз таңдайды»... Өлең екі бөліктен тұрады:
1-бөлігі сұлу қыздың сыртқы түр-түсін суреттейді, 2-бөлігі
кейбір сондай сұлулардың («бұл заманның қыздарының»)
және кейбір жігіттердің жағымсыз мінез-қылықтарын су
реттеуге арналған. Абайдың ақындық құдіреті бұл бөліктің
тақырыптық үні алдыңғыдан мүлде бөлек екендігіне орай
етістік тұлғаларын да өзгеше етіп құрғызады, яғни алдыңғы
бөлікте сыртқы сұлулық суреттелсе, екінші бөлікте ішкі
сұрықсыздық (бұртаңдаған, тыртыңдаған, жыртақтаған,
жыртақтаған қылықты қыз бен жігіт) суреттеледі, мұнда
енді өткен шақ есімше қолданылады. Бірақ мұнда да қылық
бар, қимыл жоқ, қыз бен жігіттің жағымсыз қасиеттері бар,
әрекеттері жоқ, демек, бұл да – статика.
Ал енді сүйіскен қыз бен жігіттің жарық айлы желсіз
аулақта жолығысқан сәті, сырт қарағанда, қалыпты күй (ста
тика) ретінде суреттелуге тиіс болғанымен, осы тақырыпқа
арналған «Желсіз түнде жарық ай» деп басталатын өлеңіндегі
етістіктер -ып жұрнақты көсемшемен берілген. Бұл тұлға,
жоғарыда айттық, динамиканы: тынымсыз қозғалысты, үздіксіз
іс-әрекетті, қарқынды қимылды білдіруге бейім, ал «сөз айта
алмай бөгеліп, жүрегі дүрсіл қағып» кездескен ғашықтардың
ішкі дүниесі алай-түлей, сезімдері бір ысынып, бір суынған
тынымсыз күйде. Міне, осы тынымсыз күйді, «өлең қағып,
бос шошыған» жан қозғалысын беретін етістік -ып жұрнақты
өткен шақ көсемше екендігін сөз құдіретінің теориясын емес,
табиғатын сезген ақын дөп басқан.
Абайдың көп өлеңі толғаныс болғандықтан, ондағы іс-
әрекет, қимыл-харекет жай баяндау үнімен (тонымен) берілген,
яғни етістіктің ашық рай тұлғалары қолданылған. Мыса
лы, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі – ақындық
оқу-білім қажеттігіне көзқарасы туралы толғаныс. Ақын
көңілінің бұл сыры ескермедім, тексермедім, кеш сермедім,
жек көрмедім, дес бермедім, теріс көрмедім сықылды қара
басының іс-әрекеті арқылы беріледі. Бұл өлеңнің стильдік бо
яуына экспрессивті -ып тұлғалы көсемше де, философияға
бейім -мақ жұрнақты тұлға да сай келмес еді.
Етістік тұлғалардың өлеңде айтылған ойдың берілу түріне
қарай икемделуі Абайда жақсы көрінеді. Мысалы, ақынның
философиялық толғауларында етістіктің -мақ жұрнақты
тұлғасы жиі жұмсалған. Қимыл есімінің -мақ жұрнақты
тұлғасы метафизикалық ұғымның көрсеткіші іспетті. Абайдың
«Қартайдық, қайғы ойладық...» деп басталатын екі өлеңі бар
екенін білеміз. Бірі – философиялық толғаныс, ол – «Қартай-
дық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген жолдан басталатын
өлеңі. Мұнда ақын адамзатқа тән жалпы қасиет-қылықтарды
баяндап, «сөзді ұғарлық кісі болса, сонымен мұңдасады». Бұл
өлеңдегі етістіктер бастан-аяқ дерлік -мақ жұрнақты тұлғамен
берілген:
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек...
Талданып отырған тұлға мұнда ұйқас құрайтын элемент те
болып тұр. Демек, бұл етістіктерге біршама ой екпіні түскен
деуге де болады. Ал «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды ар
ман» – мазмұны жағынан алдыңғы өлеңнен мүлде бөлек дүние.
Бұл – философиялық толғаныс емес, замандастарының нақты
әрекет-қылықтарын айтып ренжу, ызалану, түңілу. Ақын бұл
ойын (тақырыбын) бай адам пәлен істеймін деп, жарлы түген
істеймін деп, сол сияқты дос, сұм-сұрқия, орыс (әкімдер), жұрт
(қазақ қауымы) пәлен етемін, түген етемін деп жағымсыз іс-
әрекетке барып жүр дейді. Мұндағы етістіктер тек берем деп,
жек көрем деп, леп берем деп, тексерем деп, серт берем деп
түрінде келген, яғни деп көмекшісі мен ашық рай тұлғалы
етістік болып келеді. Бұлар ұйқасқа шығарылған. Бір қызығы
– едәуір ұзақ бұл өлеңде үш-ақ түрлі ұйқас бар, біріншіден,
басқа алғашқы сегіз шумақ берем деп, көрем деп, өткерем деп
сияқты ұйқастармен келсе, одан кейінгі екі шумақ өз алдына
бөлек-бөлек ұйқаспен берілген, ал соңғы алты жол үні (иде
ясы) жағынан да, ұйқасы жағынан да, етістіктердің тұлғасы
жағынан да өз алдына автономия деуге болады: бұл алты жол
– осы өлеңнің аккорды, ақынның өзі атап көрсеткен жағымсыз
қылықтарға айтқан «нәлеті», сондықтан етістіктер қарғыс
мәнді жаны құрсын, малы құрсын, заңы құрсын, паңы құрсын
деген тұлғада, ал қалғандары сол жанды, малды, заңды, паңды
суреттейтін -ған жұрнақты есімше: ант ішіп, күнде берген
заңы, арын сатып тіленген малы... түрінде ұсынылған.
Абайдың бірқатар өлеңдері сияқты, бұл да тезис (алдыңғы
11 шумақ) және антитезис-қорытынды (соңғы алты жол – бір
шоғыр) болып құрылған үлгі деп табамыз. Осы үлгіде, яғни
өлеңде айтылмақ идеяға қарай етістік тұлғаларын құбылтып
қолдану өзге шығармаларында да кездеседі. Мысалы, «Өлең
– сөздің патшасы...» деп басталатын өлеңінің алғашқы бес
шумағында етістік тұлғалары әрқилы: көбі -ар жұрнақты
есімше (қиыннан қиыстырар ер данасы), бірақ бұл бес
шумақта етістік ұйқас құрамайды, жол ішінде қолданылады.
Бұл бесеуінде ақын өлеңнің статусын анықтайды, яғни өлең
дегеніміз не (өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы... пайғамбар
мен Алла айтқан аят, хадис т. т.), ол қандай болу керек (тілге
жеңіл, жүрекке жылы тиіп, айналасы жұп-жұмыр болып
келуі керек) дегенді айтады. Келесі шумақтар сол өлеңді (по
эзияны) өзіне дейінгі кейбір ақынсымақтар не деп таныды, не
үшін жұмсады, ал поэзияға өзі қалай қарайды, тыңдаушы қалай
қабылдайды деген идеяны (тақырыпты) қозғайды. Демек, бұл
өлең тақырыбы жағынан екі бөліктен тұрады, осыған орай
ақын етістік тұлғаларын топтастырады: 1-бөлікте, жоғарыда
айттық, көбі -ар жұрнақты есімше топталған, ол жалпы конста
тация үшін жұмсалған, 2-бөлікте етістік ашық рай мен шарт
ты райда келеді де, -ып , жұрнақты көсемше тұлғасы олардың
амалын көрсетіп, ұйқасқа шығарылады: тұрсам барлап... өлең
қыпты жоқтан қармап... отырман бос мақалдап... тыңдар едің
бір сөзін мыңға балап...
Өлең 6-шумағынан бастап аяғына дейін -ып жұрнақты
етістік ұйқасымен келген. Мұнда негізгі ойды білдіретін
етістіктер ашық не шартты райларда келгенмен, сол етістік
білдіретін іс-әрекеттің амалын көрсететін көсемше тұлғасы
стильдік қызмет атқарып, ақын мен тыңдаушы портретін беруге
жұмсалған: жаман ақын сөз қадірін жай кетірмейді, топта сар
нап, жұртты шарлап мақтау өлең айтып кетіреді, сөзі түзелген
ақын бос мақалдап, мал үшін зарлап тұрмайды, ал тыңдаушы
болса, ақыл сөзге көбі ынтасыз, күн өткізбек әншейін әңгімені
ғана мыңға балап тыңдайды, өтірік пен өсекті жүндей сабап
терең ой, терең ғылым іздемейді.
Абай өлеңдерінің бірқатары ІІ жаққа – тыңдаушыға, оқыр-
манға қарата айтылған сөздер болып келеді, сондықтан етіс-
тіктің ІІ жақ анайы, сыпайы түрлері жиі қолданылған. Тіпті
бұл тұлғалардың ұйқасқа шығарылған сәттері де аз емес. Мы
салы, «Ғылым таппай мақтанба» деп басталатын өлеңіндегі
етістіктер бұйрық райдың ІІ жағын көрсетеді. Сірә, мұнда
оның қосымшасыз түрі мен (мақтанба, баптанба сияқты)
-ңыз жұрнақты сыпайы түрінің қолданылуында мағыналық
реттеушіліктен гөрі, ұйқас пен өлшем талабына сай келтірушілік
мотиві көзделген сияқты. Айталық, Бес нәрсеге асық бол, Адам
болам десеңіз – деген бір сөйлемде етістіктің біреуі анайы
(бол), біреуі сыпайы (десеңіз) тұлғада тұруы мағына жағынан
үйлеспейді. Бұл тәрізді диссонанс (сәйкессіздік) жалғыз Абай
емес, қазақ поэзиясында, тіпті қара сөзі мен сөйлеу тілінде
де кездесетіндігін айту керек. Грамматикалық тұлғалардың
(категориялардың) нормалану процесінде әлі де аяқталмаған
сәттер бары байқалады.
Адамның мінез-құлқын, жалпы көңіл күйін сөз етуге арна-
ған өлеңдері де шақ категориясына бейтарап -а+ды (-е+ді,
-й+ды) немесе -ар қосымшалы етістіктерді пайдалануға бейім.
Мысалы, Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп бастала
тын өлеңі кейбір замандастарының мінез-құлқын, іс-әрекетін
суреттеуге арналған. Демек, мұндағы етістіктер сол заман
дастарына тән мінез-құлықтарын, олардың әрдайым жасай
тын әрекет-харекеттерін атайды, сол себептен олар «өзін өзі
күндейді, жақынын жалған міндейді, ел тыныш болса, азады,
ерігіп өле жазады»...
«Базарға қарап тұрсам әркім барар» деп басталатын өлеңін-
де ақын өзі «базарға салып» отырған байлығы – өлеңін тың-
даушы, оқушы қауым қалай қабылдауға тиіс екенін сөз етеді.
Мұнда да етістіктер шаққа бейтарап, адамзатқа әрдайым тән
іс-әрекетті білдіретін -ар тұлғалы есімшені таңдайды: «Базарға
қарап тұрсам әркім барар, Іздегені не болса, сол табылар...
Біреу ұқпас бұ сөзді, біреу ұғар... Бағасын пайым қылмай аң-
таң қалар»...
Қысқасы, ақынның айтпақ идеясының үні (тоны) үшін
етістіктер баяндайтын, толғайтын, суреттейтін стильдік жүк
арқалап тұрады. Бір нәрсені жай баяндау (констатация) қажет
болса, көбінесе ашық рай тұлғалары жұмсалады, суреттеу
қажет болса, айталық, біреудің портретін беру немесе көңіл
күйді суреттеу сияқты, көбінесе -ып жұрнақты көсемшені ка
лайды ақын философиялық толғаныстарға барса, -мақ, -ар
тұғалы есімшелерді таңдайды. Абай өлеңдерінің біразында
етістіктер баяндамайды, сипаттайды. Мысалы, «Адамның
кейбір кездері» деп басталатын туындысында «тәңірінің бер
ген өнері көк бұлттан ашылған» кезді жырлайды. Мұндағы
етістіктер негізінен -ар тұлғалы есімше болып келген, «Алла
деген сөз жеңіл» деп басталатын өлеңінде адам баласы Алла
ны ақылмен, жүрекпен біліп, тануын өлең тілімен сипаттай
ды, мұнда етістіктер еш нәрсені баяндамайды, сондықтан бұл
шағын өлеңде етістік тұлғалары мүлде аз, бары – -ар жұрнақты
есімше мен кәмілдікті білдіретін білмейдүр, сезедүр, езедүр
сияқты тұлғалар.
Қыздың сыны, аттың сыны сияқты сыртқы портреттерді
берген өлеңдерінде де етістік тұлғалар кемдеу ұшырасады,
барлығы көбінесе көмекші етістік болып келеді. Мысалы,
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ, Қаз мойынды, қоян жақ,
бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке,
үңірейген болса сағақ» деген төрт жолда бір ғана етістік бар,
ол да қимылды атамайды, сағақтың сипатын (үңірейген болса)
атайды. Әрине, сыртқы портретті берген өлеңдерінде етістік
тұлғалары мүлде кездеспейді деуге болмайды (жалпы етістіксіз
ой айту мүмкін емес қой). Бірақ мұндайда етістіктер портреті
жасалып отырған объектінің тікелей іс-әрекетін білдіруден
гөрі, соның қасиет-қылықтарына қатысты болып келеді. Мы
салы, қыз сынында: «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Ала
сы аз қара көзі нұр жайнайды... Ақша жүз, ал қызыл бет тіл
байлайды»... Бұл үзіктердегі нұр жайнайтын – сұлу қыздың өзі
емес, көзі, тіл байлайтын оның жүзі, беті т.т.
Демек, бұл фактілер ақын тіліндегі етістік тұлғалардың
стильдік-көркемдік қызметі тұрғысынан бейтарап еместігін,
ақынның творчестволық контексін танытатын элементтердің
бірі екенін көреміз. Сол себептен біз Абай поэзиясы тіліндегі
етістіктің мына тұлғаларын арнайы талдауды жөн көрдік: 1. ақынның көсемшенің -ып жұрнақты тұлғасын қолдануы; 2. -мақ жұрнақты етістіктің Абай тілінде жиі кездесуі; 3. -сы жұрнағымен жасалған етістіктердің стильдік қызметі; 4. етістік тұлғаларының ұйқас суретіне қатысуы.
Өткен шақ (-ып/-іп жұрнақты) көсемше тұлғасы. Қазақ
тілінде, әсіресе оның көркем сөзінде бұл тұлғаның қызметі
айрықша. Ол, алдымен, іс-әрекет, қимылдың амалын, сынын,
яғни қалай орындалғанын, орындалатынын жай да, бейнелеп те
береді. Содан соң бұл тұлға қимылдың қарқынын, яғни динами
касын білдіруге бейім. Мысалы, Абай табиғаттың төрт мезгілін
суреттеген төрт өлең жазған... Оның біреуінде қазақтың кең
даласының қар жамылып, тыным тапқан қысқы кезеңін ақ
киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр, мылқау шал кейпінде сурет
теген. Мұнда динамика: қарқын, қимыл, қозғалыс жоқ, статика
(қалыпты күй) бар, сондықтан етістіктер осы қалыпты күйді
баяндайтын ашық райдың өткен шақ тұлғасында берілген:
басқан жері сықырлап келіп қалды... әлек салды... аязбенен
қызарып ажарланды... мазаңды алды...
Күз болса, қазақ аулында бұл кезеңде де динамика аз: жа
стар күлмейді, бала шулап жүгірмейді, ауылда үретін ит те жоқ,
тышқан аулап далаға кеткен, қысқасы, бәрі жабырқаңқы. Де
мек, бұл суретті беретін қимыл-әрекет атаулары етістіктің ауы
спалы шақ деп аталатын тұлғасымен, яғни әрдайым болып жа
татын қалыпты қимыл-әрекетті білдіретін бейтарап тұлғамен
(қаптайды, малма сапсиды, үйін жамайды деген сияқты) және
-ған, -ар жұрнақты есімше тұлғаларымен берілген.
Жазғытұры табиғат пен адамдар өмірінде қозғалыс (ди
намизм) басталады, тірлік жандана бастайды, ақын енді осы
қозғалысты білдіретін етістік тұлғаларын да өзгертеді. Көктем
– жаңарудың басы, табиғат та, адам тіршілігі де жаңаша
түрленуді күтеді, сондықтан мұндағы етістіктердің дені -ар
жұрнақты келер шақ есімшемен берілген: Жазға жақсы киінер
қыз-келіншек... Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек ...Азалы ақ
көрпесін сілкіп тастап, Жер күлімдер өңіне шырай беріп... Ал
кейбір шумақтар қызу қозғалыс, динамиканы суреттейді, ол
үшін ақын -ып тұлғалы көсемшені алады: Қырдағы ел ойдағы
елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып... Ша
руа қуған жастардың мойны босап, Сыбырласып, сырласып,
мауқын басып...
Енді нағыз жаз келді, өмірдің өзі келді, табиғат жанданды:
қазақ аулының тіршілігі де қимыл-қозғалысқа тола бастады.
«Жаздыкүн шілде болғанда» деп басталатын өлеңінде Абай
жазды қысылып шыққан қыстан кейінгі қазақ аулының тыным
сыз тіршілігі, қарқынды қимыл-әрекеті арқылы бейнелейді.
Бұл үшін ақын етістіктерді -ып тұлғалы көсемшемен келтіреді.
Осы өлеңнің суреттеу композициясының өзі қызық: алғашқы
бес тармақ (жол) ұсынылатын суреттің қай кезде болатынын
баяндайды, бұған ақын етістіктердің өткен шақ есімше тұлғасы
қолайлы деп табады, яғни: Жаздыкүні шілде болғанда, Көкорай
шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда Күркіреп жатқан
өзенге, Көшіп ауыл қонғанда болатын жазғы ауылдың көрінісі
әрі қарай өлең соңына дейін -ып жұрнақты көсемшемен
суреттеледі: «Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны
қылтылдап. Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып ыңқылдап»...
Бір ғажабы – Абайдың екі-үш өлеңінде осы тұлға тиянақты
етістік орнында келтірілген, яғни -ып жұрнақты көсемше қарап
отыр, оқып жүр сияқты күрделі етістіктің компоненті немесе
пысықтауышты білдіретін тұрлаусыз мүше (сығалап қарады,
қарқылдап күлді дегендегі сияқты), я болмаса бағыныңқы
сөйлемнің баяндауышы (мен хат жазып, жолдасым кітап оқып
отыр дегендей) ретінде тұруы керек. Бұл сәттердің барлығында
да көсемше ашық райда келетін екінші етістікке «байлаулы»
болады: тиянақты тұлғадағы отыр, жүр, қарады,күлді де
ген сияқты етістіктерсіз -ып жұрнақты көсемше дәрменсіз,
сондықтан оны тиянақсыз тұлға деп атайды.
Ал Абайдың ақындық дарыны тілдің осы заңдылығына «қол
сұқтырады», бірақ ғажабы бұл «тәртіпсіздік» айтылмақ ойды
бұзбайды, тіпті оның бұзылғаны сезілмейді. «Жаз» өлеңінің
кейбір бөліктерін алып оқысаңыз, сурет толық түсінікті болып
шығады. Мысалы, ауыл суретінің түр-түріне қарай бұл өлеңді
шартты түрде бөліктерге бөлсек, 1-бөлік жаздағы жылқы ма
лынан сурет береді:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап.
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап.
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Бөлік осымен аяқталады. Тіл заңы бойынша мұндағы
етістіктердің әрқайсысы тұр, жүр деген сияқты сөйлемді
тиянақтайтын тұлғаларды керек етеді: жоны қылтылдап
тұр, бүйірі шығып ыңқылдап тұр, айнала шауып бұлтылдап
жүр... десе керек еді. Өлеңде бұл көрсетілген сөздер жоқ.
Демек, көсемше тұлғалардың өздері «тиянақты», тұр, жүр
етістіктерінсіз-ақ өздері осы шақ немесе ауыспалы шақ
мағынасын беріп тұр. Келесі бөліктер де осындай:
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап...
Бұл жолдардағы -ып тұлғалы көсемшелер де астына кілем
төсеп отырды, самаурыны бұрқылдап қайнап тұр деген
сияқты тиянақты тұлғалардың келуін қажет етер еді, бірақ
олар жоқ және олардың жоқтығы сезілмейді. Бұл – өлең тілінің
табиғатына тән құбылыс. Атап айтсақ, өлең тексінде эллипсис
(ықшамдау) деп аталатын амал орын алады, ол – әдетте тіл
нормасы бойынша қажет сөздердің түсіріліп айтылуы. Эллип
сис өлең тексіне, мақал-мәтелге және ауызекі сөйлеу тіліне
тән. Өлең тексі мен мақал-мәтелдердегі, афоризмдердегі элли
сис пен диалогтерде кездесетін эллипсистердің айырмасы бар.
Мысалы, асыл тастан, ақыл жастан дегендегі ықшамдауда
табылады, шығады деген сөздер айтылмайды, бірақ тыңдаушы
оларды ойша қабылдайды. Диалогтердегі эллипсистерді кон
текстен шығарып тануға болады. Мысалы: – Қайдан келесің? –
Үйден. Мұнда екінші сөйлемнің келемін деген баяндауышы ал-
дыңғы сөйлемдегі келесің сөзіне қарап ойда тұрады. Бұл мы
салдарда сөйлем мүшелерінің түсірілуі көрініп тұр. Ал Абай
ұсынған жоғарыдағы эллипсистер бұлардан басқаша: Абай
сөйлемнің жеке мүшесін емес, көсемшені тиянақтайтын
етістікті тастап кетеді. Бұл – қазақ поэзиясында тек Абай қол-
данған, өте сирек ұшырасатын тәсіл (Абайдан кейінгілерде кез-
десуі, әрине, олардың Абай үлгісін қабылдап, әрі қарай жал-
ғастырулары болып табылады).
Абай бұл амалды қай тұстарда қолданған десек, біздің
байқауымызша, мынаны айтуға болады. Өткен шақ көсемшенің
стильдік жүк арқалау қабілеті күшті: ол кейде динамизмді
беруге жұмсалса, енді бірде адамның психологиялық күй-
қалпын білдіру үшін алынады. Мысалы, Абайдың «Қызарып,
сұрланып» деп басталатын өлеңі ғашық екі жастың оңаша
кездескен шағындағы «жүректері елжіреп, буындары боса
нып» тұрған күйін суреттеуге арналған. Мұндағы етістіктердің
барлығы да -ып жұрнақты көсемше тұлғасында: әрбір
шумақтағы сөйлемді оқырман өз ішінен болып тұр (тұрады)
деп аяқтайды. Бір-біріне құмар екі асық кездескенде:
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып.
Өзді-өзі керегі [боп тұр]
Екі асық құмарлы
Бір жолдан қайта алмай. Жолықса ол зарлы Сөз жөндеп айта алмай [тұр]. Осылай кете береді. Иықтары тиісіп, көздері төмендеп, үндемей сүйісіп тұрғанмен, екі жастың ішкі дүниесі алай-түлей динамизмге толы, сол халді көрсетуді ақын тек -ып жұрнақты көсемшеге жүктеген. Мұндайда көсемше эллипсистеніп, тиянақты тұлғаның қызметін атқарып тұр. Әрине, өткен шақ көсемшеге ашық райдың қызметін жүктеп, стильдік мақсатта қолданудың реті барлық сәтте келе бермейтінін Абай жақсы сезеді. Дегенмен -ып жұрнақты көсемшенің экспрессивтік қызметі барын жақсы білген Абай оны пысықтауыш немесе күрделі етістіктің алғашқы компоненті, я болмаса бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы сияқты өзінің тілдік табиғи қызметінде келтіріп-ақ экспрессоид ретінде жиі жұмсайды. Бұл амал тек Абайдан басталмайды: қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерінде де, бұрынғы ақын-жырауларында да өткен шақ көсемшенің тыңдаушы мен оқырман сезіміне әсер ететін, айтылған ойға белгілі бір өң беретін стильдік құрал стилема етіп пайдаланғанын көреміз. Стилема – белгілі стильдік жүк артып қолданылған тілдік элементтер: жеке сөздер, фразеологизмдер, грамматикалық тұлғалар16. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршын сұлуға таласқан қалмақтың ханы Қараман Алпамыстың ел шетіне келген хаба рын естігенде: Басына қалқан төңкеріп, Сауытын алды киініп, Саймандарын сайланып, Әбден алды түйініп, Лашын құстай құйылып, Кабағы тастай түйіліп, Жауатұғын бұлттай Келатыр қалмақ құбылып... Жыр тармақтары әрі қарай осылайша кете береді, яғни -ып жұрнақты көсемше тармақ соңында келіп, көбінесе ұйқас 16 Махмудов Х. Х. Некоторые вопросы теоритической стилистики // Филологический сборник. - Вып. ІV. - Алма-Ата, 1965. - С. 288.
құрайды, кейде тіпті ұйқас құрай алмайтын жерде де кездеседі.
Бұл тұста жыршы осал жау емес Қараманның портретін оның
қимыл-әрекетін суреттеу арқылы көрсеткен. Ал бұл портретті
жандандырып, қүшейтіп тұрған – сол қимылдың орындалу
амалын көрсететін сөздер, ол сөздер өткен шақ көсемшемен
берілген.
«Қыз Жібек» жырында Жібек сұлу алдап сұрап алып мініп
кеткен Сандалкөгін қуып бара жатқан Қорен қалмақтың күй-
қалпы:
Жөнеді қалмақ, жөнеді,
Көк қабандай арсылдап.
Тебінгісі тарсылдап,
Кұйысқаны сартылдап.
Қаз мойынды тұлпардың
Аузынан аққан ақ көбік
Омырауда балшылдап,
Қаз мойын қара тұлпарды
Сауырға сипай қамшылап,
Көктен құйған тамшыдай
Борбайынан тамшылап,
Кәпір қалмақ жөнеді,
Каһарланып келеді, –
деп суреттеледі. Міне, мұнда да ашуға мінген, қаһарланған
ханды суреттейтін образдар оның тұлпарын қуып, қалай
жөнегендігін айту арқылы берілсе, бұл қуа аттану – жөнеудің
орындалу амалын көсемше тұлғасы беріп тұр.
Бұл тұлға қалыпты кездегі іс-әрекеттің амалын суреттеу
ден гөрі ашу, ыза, шабыт сияқты психологиялық сәттегі іс-
қимылдың орындалу сипатын, сынын білдіруге бейім екендігі
фактілерден байқалады. Жоғарғы екі мысалдың екеуі де
қалмақтың батыр хандары (жырларда хандардың өздері әрі
билеуші, әрі батыр ғой) намысқа шауып, ашу-ыза кернеген
кездегі қимыл-әрекеттері арқылы суреттеледі. Қобыланды
батыр да «қатынның сөзінен шыға алмадың» деген Қараман
құрдасының сөзі өтіп, қырық күндік кемдігі бар Тайбурылмен
құрдасының қосынын қуып жетпек болып намыспен ызаланып
келе жатқанда:
Астына мінген бурыл ат
Жауатын күндей күркіреп,
Жаңбырдан тері сіркіреп,
Құбылып, ойнап жер басып,
Дөңгеленіп келеді...
Ал батырдың қимылы:
Садақтың бауы сартылдап,
Масатыдай шалбардың
Сала құлаш балағы
Алтынды зермен көмкерген
Жел соққандай жалпылдап,
Белеңнен асты былқылдап,
Тозаңы шықты бұрқылдап...– деп беріледі.
Махамбет Өтемісұлы көкірегі кекке толып «азаматтар-
ерлерді» күреске шақырған «Ереуіл атқа ер салмай» деп баста
латын өлеңін бастан-аяқ (17 жолын) болымсыз түрдегі өткен
шақ көсемшемен (-май жұрнақты) бергенін білеміз, өйткені
ақын бұл жерде ерлерді жеңбей тынбайтын үздіксіз әрекетке
шақырады. Демек, біреуді не бір нәрсені динамизм арқылы
суреттеу қажет болған тұста қазақ поэзиясы үшін етістіктің
өзге тұлғалары емес, өткен шақ көсемше тұлғасы қол екендігі
көрінеді. Оның бір себебі осы тұлғаның іс-әрекет амалын та
ныту қызметінде. Ал портрет қимыл-әрекеттің өзі арқылы
емес, орындалу амалы арқылы беріледі. Іс-әрекеттің амалын
білдіретін сөздерде белгілі бір экспрессивтік бояу болуы керек,
яғни ол сөздер оқырман сезіміне әсер ететін эмоциялы көсемше
тұлғалары болуын қазақ поэтикасы сәтті таңдаған.
Абай бұл амалды да жатсынбайды. Жатсынбау тұрмақ
оның қолданылу сәттерін (ситуациясын) кеңейтеді. Өткен шақ
көсемше адамның психологиялық жай-күйін, дамылсыз ішкі
қозғалысты беру үшін де (жоғарыда талданған «Қызарып,
сұрланып» деп басталатын өлеңді қараңыз), адам портретін
оның тынымсыз қимыл-әрекеті арқылы көрсету үшін де
(«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» немесе «Болыс бол
дым, мінеки», өлеңдерін оқып қараңыз), бұрынғы ескі билер
мен ақындардың бейнесі мен сөзі жаңарған ақынның және
оны тыңдаушының образын таныту үшін де Абай өткен шақ
көсемшені стильдік, құрал-стилема етіп таңдайды.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп басталатын
шығармасында:
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз кәдірін жұртты шарлап...
Әрі қарай тағы үш шумақ ескі би мен бұрынғы ақынның
бейнесін суреттеген, бұлар да ұйқасқа шығарылған -ып
жұрнақты көсемшемен берілген. Одан кейінгі екі шумақ –
сөзі түзелген жаңа ақын бейнесі (Ескі бише отырман бос
мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап), келесі
шумақтар түзелуге шақырғанымен, «ақыл сөзге ынтасыз,
мақтан қуған мал құмар, терең ой, терең ғылым іздемейтін»
замандас тыңдаушыларының бейнесін көрсетуге арналған. Бұл
шумақтардың барлығында да ақын ұсынған бейнелер қимыл-
әрекеттерімен ғана емес, сол қимыл-әрекеттерінің орындалу
амалымен берілген: Абайдың айтпағы – бұрынғы ақынның
көр-жерді өлең қылуы ғана емес, сол өлеңнің не үшін, қалай
айтылатындығы: жұртты шарлап, өлеңмен қайыр тілегендей
болуы, мал үшін тілін безеп, жанын жалдауы, өз елін бай деп
мақтап, Құдай қарғауы. Тыңдаушылар бейнесі де солайша
берілген: олардың тек ақыл сөзге ынтасыздығы емес, неге ын
тасыз екендігін шабандап, табандап, жамандап, қарағайды
талға байлап, алар елдің ебін қамдап, өсек пен өтірікті
жүндей сабап жүргендері арқылы бейнеленеді. Абайдың сөз
кестесіне тән ерекшеліктің бірі – адамның ішкі жан дүниесі
арқылы портретін жасауда -ып жұрнақты көсемшені кеңінен
пайдаланғандығы. «Жайнаған туың жағылмай» деп басталатын
өлеңінде сүйікті інісі Оспанды жоқтай отырып, оның адамдық
келбетін көрсетеді. Бұл туындысы, біріншіден, дыбыстық
гармония: анафора және аллитерация (өлең тармақтарының
ж дыбысынан басталатын сөздермен келуі) арқылы ақынның
өзге өлеңдеріне ұқсамайтындығымен көзге түссе, екіншіден,
16 жолдық тұтас бір өлеңнің бір ғана құрмалас сөйлем болып
құрастырылғандығымен де айрықша дүние болып тұр. Ал
үшінші оқшау белгісі – етістіктердің түгелге жуық өткен шақ
көсемшемен келуі. Бұл жерде Оспанның барлық адамгершілік
ізгі
қасиеттері
төгіліп-шашылмай,
шоғырланып,
бір-ақ
ұсынылған:
Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай.
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жау жүрек жомарт құбылмай,
Жақсы өмірің бұзылмай,
Жас қуатың тозылмай,
Жалын жүрек суынбай,
Жан біткеннен түңілмей,
Жағалай жайлау дәулетің
Жасыл шөбі қурамай,
Жарқырап жатқан өзенің
Жайдақ тартып суалмай,
Жайдары жүзің жабылмай,
Жайдақтап қашып сабылмай,
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!
Абайға дейінгі қазақ поэзиясында баяндауышы өткен шақ
көсемшемен келген бағыныңқы компоненттерді сыйысты
рып, бүкіл өлеңді бір ғана құрмалас сөйлем етіп құрастырған
ақын – Махамбет сияқты (әзірге біздің білетініміз). Ол
«Беркініп садақ асынбай» деп басталатын 12 жолдық өлеңінің
алдыңғы 11 жолында -ып тұлғалы көсемше баяндауышты 10
бағыныңқы сөйлемді беріп, соңғы бір жолды басыңқы сөйлем
етіп құрады (Ерлердің ісі бітер ме?!). Ал эпостық жырлар
да бірнеше жолдың -ып жұрнақты көсемшемен қатар келуі
және бұл тұлғаның стильдік элемент дәрежесіне көтерілуі
кәнігі құбылыс екендігін бізден бұрынғы зерттеушілер де
көрсеткен болатын17. Етістіктің өткен шақ көсемше тұлғасы қазақ поэзиясында белгілі бір поэтикалық міндет өтейтін құрал ретінде қалыптасқанын әдебиеттанушы З. Ахметов өте жақсы көрсеткен18. Қысқасы, Абайдың негізгі тақырыбы – адам. Ақын әр алу ан адам портретін олардың іс-әрекеттерін, қимыл-қылықтарын сипаттау арқылы беруді қол көреді және ол әрекеттер мен қылықтардың өзін атап қана қоймай, олардың орындалу ама лын көрсетуді нысанаға алады. Поэзия болғандықтан, мұндағы ақын мұраты – құр көрсету, құр сипаттау емес, оқырманға әсер ететін белгілі бір ассоциация туғызатындай етіп, яғни түйсігінде әртүрлі әсер беретіндей етіп суреттеу. Ол үшін, әрине, ақын сезімге тиетін әсерлі сөздер мен тұлғаларды таңдайды және бұл сөздерді белгілі ұғымды атайтын етіп қана жұмсамай, оларға мақсатты (стильдік) жүк арқалатады, ғылым тілімен айтсақ, экспрессоидтерді таңдайды, таңдалған экспрессоидтерді стилемаға айналдырады. Етістіктің -мақ жұрнақты тұлғасы да Абай поэзиясы тілінде көбінесе стильдік қызметте жұмсалады, демек, поэтикалық құралдардың біріне айналады. Әдетте -мақ жұрнағы түркі тілдерінің бірқатарында қимыл атауын білдіреді, яғни қазіргі қазақ тіліндегі -у жұрнағымен (бару, келу дегендердегі сияқты) қызметтес. Бұл қызметте -мақ жұрнағы қазақ тілінің өткен кезеңдері үшін де, қазіргі кезеңі үшін де жат емес (мектеп грамматикаларында қимыл атауы -у жұрнағымен беріледі деген қағидаға қарамастан). Қимылдың шаққа, жаққа, райға қатыссыз жалпы атауын (есімін) білдіруде қазіргі қазақ тілінде негізінен -у жұрнағы көрсетілуінің себебі жоқ емес сияқты. Біздің байқауымызша, мұның бір себебі бұл жұрнақтың қызметтесі -мақ-пен келген тұлғада мақсаттық (супиндік) реңктің болуы және үнемі болып жататын қимыл-әрекетті білдіретін, шаққа бейтарап -ады қосымшалы тұлғаның орнына жұмсалуы деп ойлаймыз. Оның үстіне -мақ жұрнақты етістіктің тіркесімдік қабілеті -у жұрнақты тұлғаға 17 Жұбанов Е., Қожанов М. Эпос тіліндегі көсемше // Қазақстан мектебі. - 1982. - №1. 18 Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. - Алматы, 1973. - 48 б.
қарағанда өзгешелеу келетін «қасиеті» де бұл тұлғаны қазіргі нормадан едәуір ығыстырған деп білеміз. Мысалы, баруға болады деудің орнына бармаққа болады, баруым керек деудің орнына бармағым керек деп айту бұл күнде норма емес. Бірақ, әрине, бұл тұлға қолданыстан мүлде шығып қалған жоқ, өйткені мұның -у жұрнағына қарағанда, стильдік жүк арқалау қабілеті күштірек. Осыны Абай жақсы пайдаланған. Абай – ойшыл ақын. Оның суреттеуі, баяндауы қанша бол са, толғануы сонша. Философ абстракт (дерексіз) ұғымдарды сөз етеді. Ал дерексіз ұғымдар жеке түбір сөздер арқылы ғана емес, көбінесе туынды тұлғалар арқылы берілетіндігі мәлім. Абстракт ұғымдар есім сөздерден негізінен -лық жұрнағымен жасалатынын білеміз. Абай мұны да кеңінен іске асырған. Біздің байқауымызша, бұл жұрнақпен Абайдың өлеңдері мен прозасында жүздеген сөз қолданылған19. Олардың ішінде қазақ тілінде бұрыннан бар, адалдық, арамдық, байлық, билік, батырлық, балалық, кәрілік, иттік сияқтылары да, ақынның өзі жасаған суықтық (Лермонтовтан аударған өлеңінде, орысша холод дегеннің баламасы), қоршылық (қорлық дегеннің параллелі), адалшылық (адалдық дегенмен қатар), тоқтаулылық, байлаулылық, қорғалауықтық, табылмақтық, үміт үзбестік т. т. бар. Бұл жұрнақты Абай сөз тіркестеріне жалғап та қолданады, бұл – Абайдан өзгелерде сирек кездесетін құбылыс. Абай шығармаларындағы мал тапшылық, қолы тарлық, әсем салдық, қызба бастық, күлкі тоқтық сияқты туынды күрделі есімдер, біздіңше, Абай қаламынан шыққан (әрине, модель бұрынғы, атаулар жаңа). Бірақ бұл реттегі Абайдың тілге қосқандары мен қолданыстары көркемдік мақсатты көздемейді, яғни -лық жұрнақты абстракт есімдер көріктеуіштік емес, атауыштық қызметте келеді. Ал -мақ жұрнағымен келген сөздерді актив қолдану – Абай тіліндегі ерекшеліктердің бірі. Бұл тұлға өлең тексінде екі-үш түрлі қызметте келеді: бірі таза етістік қызметінде жұмсалуы, мұндайда ол көбінесе ұйқасқа шығарылады. Мы салы, «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп баста 19 Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. - Алматы, 1968. - 231-238-б.
латын философиялық толғау-өлеңінің барлық шумағы -мақ
жұрнақты етістікке ұйқастырылған:
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір Құдайдан басқаның, бәрі өзгермек...
Бұл реттегі жұмсалған -мақ жұрнақты тұлға шаққа бейта
рап, әрдайым болып жататын, қалыпты қимылды білдіретін
қызмет атқарады, яғни жас қартаяды, жоқ туады, туған
өледі деген сияқты ауыспалы шақ деп аталатын тұлғамен
қызметтес.
Философия шындықты баяндайды, ал шындық қалыптағы,
әдеттегі құбылыстардан құралады, демек, өмірде әрдайым бо
лып жататын шындықты сөз ету үшін етістіктің шаққа бейта
рап тұлғасын қолдануды ақын құдіреті жақсы сезген.
Абай және бір өлеңіңде -мақ жұрнақты тұлғаны бастан-аяқ
ұйқасқа алады, ол – «Тоты құс түсті көбелек» деген өлеңі:
Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек...
Осы өлеңнің екінші шумағында -мақ тұлғалы етістік қимыл
есімі мағынасында келеді: Адамзатқа не керек: Сүймек, сез
бек, кейімек. Харекет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап
сөйлемек. Мұндағы етістіктер – сүю, сезу, кею, харекет қылу,
жүгіру, ақылмен ойлап сөйлеу деген қимыл есімдерінің екінші
варианттары. Ал соңғы шумағында -мақ жұрнақты етістік
қайтадан шаққа бейтарап -ады қосымшалы тұлғаның орнына
келген: Әркімді заман сүйремек [сүйрейді], Заманды қай жан
билемек [билейді], Заманға жаман күйлемек [күйлейді], Замана
оны илемек [илейді].
-мақ жұрнақты етістіктерді қалған өлеңдерінің өн бойында
емес, жеке шумақтарында пайдаланған:
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
һәмише өмір өтпек – ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек...
Аударма өлеңінен:
Жұрттың сөзі тағдырға адам көнбек,
Бір антұрған еріксіз мезгіл келмек.
Осы сенің қызығың, қуанышың
Сағымша жоқ боп кетіп түгесілмек...
Бұл шумақтардың барлығында да философиялық ой-тол-
ғамды білдіруде де ақынға қызметтес (синоним) -у және -ады
қосымшалары жалғанған сөзден гөрі -мақ жұрнақты тұлға
қолайлылау, дәлдеу болған болу керек, өйткені алдыңғы екі
тұлғаның екеуі де әдеттегі қимыл-әрекетті білдіруге бейім, ал
-мақ жұрнақты етістік қазақ тілінде жалпы абстракт ұғымды
атауға көше бастаған.
Сөйтіп, талданған екі тұлғаның: -ып жұрнақты көсемше
мен -мақ жұрнақты етістіктің екеуінің де Абай өлеңдеріндегі
қолданысында уәж (мотивировка) бар, олардың бірі (көсемше
тұлғасы) көбінесе экспрессоид болып келеді. Әрине, троп-
тардың (Ахмет Байтұрсыновтың терминімен айтсақ, көріктеу
әдісімен жұмсалған көрнекі тілдің) қай-қайсысы да белгілі
бір өң берілген қолданыстар болады да, олар да экспрессоид
(әсерсөз) қызметін атқарады.
Әсерсөздің қолданысында белгілі себеп, мақсат болады,
сондықтан оларды ғылымда уәжді (мотивированный) элемент
(сөз) деп атайды. Абай қолданысындағы талданып отырған
тұлғалардың уәжділігінің бір белгісі – олардың ұйқас құрауға
қатыстырылуы.
Етістік тұлғаларының ұйқасқа қатысуы. Біз Абай өлең-
дерінің тіліне арнаған монографияларымыздың біреуінде
қазақ поэзиясындағы, оның ішінде Абай өлеңдеріндегі ұйқас
көрінісін өлең тілінің синтаксисіне қатыстыра сөз еткен бола
тынбыз. Бұл еңбектің жарыққа шыққанына ширек ғасырдай
уақыт өтіп, кітаптың сирек бұйымға айналғандығын ескеріп,
оның үстіне таралымы (тиражы) тым аз (3350 дана) басы
лым біреудің қолына тисе де, екінші біреулердің қолына ти
мей қалған болар деп, тіпті әрі-беріден соң аты аса «ғылыми»
бұл кітаппен негізінен мамандар ғана танысқан болар деген
күдікпен біз осында айтқан ойларымыз бен жүргізген тал-
дауларымыздың бірқатарын осы еңбегімізде қалың көпшілікке арнап қайталап беруді жөн көрдік. Мұндағы қайталап ұсынылатын материалдардың осы кітабымыздың тақырыбына үндесетіндігін де ескердік. Аяққы ұйқасқа алынған сөздердің атқаратын рөлін зерттеушілер айрықша атап көрсетеді. Ұйқастың өлең табиғатына сай өзге қызметтерімен қатар (мысалы, ырғақты күшейтетін немесе тармақ жіктерін ажырататын) оның көріктеу-бейнелеу құралы ретінде де мәні бар екендігі, яғни өлеңдегі негізгі айтылмақ ойды білдіруге көмектесетіндігі айтылады. Ұйқастырылатын сөздерге ой екпіні түседі де, оған оқырманның көңілі аударылады20. Демек, ұйқасқа алынатын сөздер кездейсоқ болмайды екен және олар шумақтың немесе өлең бөліктерінің негізгі мағынасын аша түсетін сөздер болуға тиіс екен. Ұйқастың өлең мазмұнына, идеясына, стиліне тікелей қатысты болатындығын біз де баса көрсетеміз. Соған орай ұйқастырылатын сөздердің сипаты (қай сөз табы екендігі) мен тұлғасының қандай екендігінің үлкен мәні бар, оның үстіне ұйқасқа шығарылған сөздердің өлең құрылысына тікелей әсері бар дейміз. Бұл мәселе жеке қаламгер шеберлігін тануға да қатысты, өйткені ұйқас пен өлең гармониясын кез келген ақын барлық өлеңінде принцип етіп ұстана бермейді. Абай да айтпақ ойы үшін «ең салмақты», яғни бейнелі сөзді тармақ соңына шығарып, қалған тармақтарды соған ұйқастырады. Мысалы, ұлы ақын бірқатар өлеңдерінің кейде түгел өн бойында, кейде жеке шумақтарында кейбір замандастарының жағымсыз бейнесін суреттейтінін білеміз (ол жайында басқа тақырыпқа байланысты жоғарыда да айттық). Адам баласының мінез-құлығын жағымсыз жақтан көрсететін сөздердің бір тобы – еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер немесе солардан жасалған туынды тұлғалар. Сондықтан Абай «Қазағым, қалың елім, қайран жұртым» тәрізді өлеңін бастан-аяқ қыртың, бұртың, қиқым, тырқың, жыртың сияқты жағымсыз мәнді сөздердің ұйқасына құрады, «жібі түзу» мәнді сөздер (жұртым, 20 Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. - Алматы, 1970. - 147166-б.
ұртың, мұртың, құлқың, жылқың т. т.) алдыңғы жағымсыз
сөздерге ұйқастырылып алынады, сөйтіп, өлеңнің негізгі иде
ясына – «жақсы мен жаманды айырмаған», «ұстарасыз аузына
мұрты түскен» замандастарының сұрықсыз портретін беруге
ұйқасқа алынған сөздер де қатысып тұр. Өлеңнің өн бойына
созылған моноұйқаста (бір ғана ұйқаста) бейнелеуіш сөздердің
шоғырланып келіп отыруы осы сөздерге оқырман назарын ау
дартады, өйткені бұлар тармақ соңында тұрғандықтан, пауза
жігіне сай келіп, оларға интонациялық екпін түседі.
Зерттеушілер жалпы түркі поэзиясында, оның ішінде қазақ
өлеңінде әр алуан тұлғадағы етістік ұйқастардың жиі қолданыл-
ғанын айтады. Мұның бір себебі қазақ тілінде, өзге де түркі
тілдеріндегідей, баяндауыштың сөйлем соңында келуіне
қатысты сияқты. Өйткені қазақтың 11 буынды қара өлеңінің
алдыңғы екі тармағы көбінесе шағын жеке бір ойды қамтитын
бір-бір сөйлем болып келеді, ол сөйлемдер баяндауышпен
аяқталады: «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын
бір тайлақ бос келеді». Қалған екі тармақ не жайылыңқы жай
сөйлем, не құрмалас сөйлем болып құрылады да, оның да баян
дауышы сөйлем соңында тұрады: «Қарыңдастан айрылған жа
ман екен, Мөлтілдеп екі көзден жас келеді». Бұл жерде ұйқасқа
етістіктердің жалаң өздері емес, олар алдындағы сөздерді
қосаққа алып келіп тұр. Бұл тәсіл жазба поэзиядағы 11 буынды
өлеңдерде де қолданылады. Абайда: «Жасымда ғылым бар деп
ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң
түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім»...
7-8 буынды өлең-жырларда да осындай: «Аспанды бұлт
құрсайды, Күн жауарға ұқсайды. Көлдерде қулар шулайды,
Көкшіліден ол айуан Соққы жегенге ұқсайды»...
Әрине, бұл – ұйқастың барлық өлеңде сақталуға тиісті түрі
емес. Етістікке аяқталмайтын ұйқастар қаншама! Әсіресе жаз
ба поэзия жалаң етістік ұйқастарды аса сәтті шеберлік деп
есептемейді. Бұған Мағжанның:
Талапсыз сорлы «ойлаған»,
Ойға терең «бойлаған».
Есалаң уға «тоймаған»,
Қажып бір ойын «қоймаған».
Есер жүрек «ойнаған».
Өлгенше үміт «жоймаған».
Жындыдай жалғыз «тойлаған».
Жалықтырды «ой» да «ған»...
Құрысын өлеңі
Қой бағам!–
дегені дәлел бола алады. «Өлең ұйқасы» деп ат қойған шағын
мысқылында Мағжандай поэзия ділгірі ойланған ~ бойлаған
~ тойлаған немесе барады ~ қалады ~ талады сияқты
ұйқастармен өлең жазу ақынды мәз етіп танытпайтындығын,
асыл сөз – өлеңді ондай қара дүрсінге салып ақын болғанша
қарап жүріп қой баққан артық дегенді айтады.
Әрине, бұдан ауыз әдебиеті қара дүрсін, жазба поэзия
«жетілген» деген пікір тумасқа керек. Сірә, ақындар өлең
жазғанда (не бұрын ауызша толғағанда) етістіктерді ұйқасқа
шығарайын ба, жоқ па деп ойламайды, бұл талғамды өлеңнің
мазмұны мен ойды ұсыну мәнері шешеді. Мысалы, ашық
райдағы етістік ұйқастар жырларда жиірек ұшырасады.
Бұларда белгілі бір оқиға, іс-қимыл баяндалады, демек, ба
яндау стилі үшін оған ең қолайлы және интонациясы (айтылу
әуені, ырғағы) мен синтаксисі (сөйлемде атқаратын қызметі)
жағынан сай келетін құрылым – етістік баяндауыштың ашық
райда сөйлем соңында тұруы болады. Мысалы, «Қобыланды
батыр» жырында ұрысты немесе Тайбурылдың шабысын,
кейіпкерлердің жүріс-тұрысын баяндаған жерлері ашық
райдағы етістік ұйқастарға құрылған. «Сөзге сынық қылдың»
деп, басын кесіп алмақ болған Қобыландыдан қорқып,
батырдың алдынан шыққан Құртқаның қимыл-әрекетін
баяндаған жер былайша берілген:
Шыдай алмай қыз Құртқа
Және ашты жабықты.
Жабықтан көзін салыпты,
Салса ерді таныпты...
Батырдан Құртқа қорыққан соң
Төмен қарап жер шұқып,
Өксіп жылай қамықты.
Енді Құртқа сасады,
Бетінен қаны қашады,
Оқ етегін басады.
Сасқан емей, немене,
Аш күзендей бүгілді,
Құртқа жаннан түңілді...
Мұнда түгел етістік ұйқастар. Оқиғаның өзі әлдеқайда
экспрессивті болғанмен, баяндау тәсілі өзіне тән морфоло-
гиялық-синтаксистік амалды қалап, етістіктер сөйлем соңында
және ашық райда берілген. Осы жырдың Тайбурылдың шабы
сын суреттеген жерінде де ұйқастар бастан-аяқ ашық райдағы
етістіктер болып келеді, өйткені мұнда да баяндау реңкі бар.
Ал баяндау емес, суреттеу, толғау, нақыл-өсиет айту түрін-
дегі өлеңдерде ұйқасқа көбінесе өзге сөз таптары немесе
етістіктің ашық райдан басқа тұлғалары алынады. Мысалы,
Махамбеттің «Арғымақтан туған қазанат», «Таудан мұнар-
тып ұшқан тарланым» тәрізді Исатайдың портретін бер
ген өлеңдерінде, сондай-ақ өзінің арман-мақсатын толғаған
«Еменнің түбі – сары бал», «Абайламай айрылдым», «Айна
лайын Ақ Жайық» сияқты туындыларында ұйқас құрайтын
сөздер – ашық райдағы етістіктер емес. Біздің байқауымызша,
жалпы Махамбет өлеңдерінде етістіктің ашық райдағы тұлға-
сымен келген ұйқастар көп емес, оған басты себеп ақын
творчествосының тақырыбы мен стилінде. Махамбет – белгілі
бір оқиғаны баяндаушы, жырлаушы емес, сол оқиғаға өзінің
көзқарасы мен қатынасын білдіруші.
Өзге ақын-жыраулардың да әр алуан толғау, өсиет болып
келетін көптеген өлең-жырлары етістік ұйқастарды пайдалана
қалса, ол етістіктер көбінесе ІІ, ІІІ жақ бұйрық рай, өткен шақ
есімшенің жалғаулы, шылаулы және дара түрлері болып келеді
(мысалы, Бұқар жыраудың толғауларын қараңыз).
Сөйтіп, оқиғалы тақырыпты жырлайтын толғау, жыр,
қиссаларға негізінен ашық райдағы етістік ұйқастар тән де
ген қорытынды айтуға болады. Абайда поэмалары мен бірді-
екілі өлеңінде болмаса, қалған өлеңдерінде ашық райдағы
етістік ұйқастар кемде-кем ұшырасады. Бұған негізгі себеп –
ақын поэзиясының тақырыбы мен мазмұны. Абай эпик емес,
оның өлеңдері – негізінен лирикалық шығармалар. Ал лири
када іс-әрекетті баяндау сирек болатыны мәлім. Сондай-ақ
табиғат құбылыстары мен адамдарды (мысалы, сұлу қызды)
немесе жылқыны, я болмаса жүз жылғы өткен ескі киімді сөз
еткен өлеңдерінде суреттеу стилін ұстайды. Бұл циклдердегі
өлеңдердің бірде-біреуінде ашық райдағы етістік ұйқас жоқ,
керісінше, сын есім мен сындық ұғымда қолданылған өткен
шақ есімше жиірек кездеседі. Мысалы, «Аттың сынында»
зат есімдер мен туынды сын есімдер ғана ұйқастырылған.
Жылдың төрт мезгіліне арнаған өлеңдері де сондай. Тек
«Жаздыкүн шілде болғанда» өлеңінде өткен шақ көсемше
мен жатыс септіктегі есімше тұлғалары ұйқасқа алынған. Бұл
өлеңдегі өткен шақ көсемшенің қызметі мен ерекшелігі жай
ында жоғарыда айттық.
Өткен шақ көсемше ұйқастарды қолдану қазақ поэзия тіліне
ертеден тән әрі актив тәсілдердің бірі екендігін де ескерттік.
Абай бұл норманы жақсы танып, ұтымды пайдаланған, соны
мен қатар поэтиканың өзге жақтары сияқты, бұл жағына да өз
қолтаңбасын енгізген.
Сөйтіп, Абай өлеңдерінде етістік ұйқастардың басым
көпшілігі тиянақты баяндауыштар емес, олар не пысықтауыш,
не бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары болып келеді және
көп ретте образ жасауға қатысып, экспрессоидтік қызмет
атқарады. Бұл қызметте әсіреее -ып жұрнақты көсемше көзге
түседі. Ұйқасқа қатыстыруда Абай етістіктің өзге кейбір
тұлғаларын да активтендіреді. Олар да шылауымен тіркесіп
келген шартты рай тұлғасы («Жарқ етпес қара көңілім не
қылса да», «Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да» деп бастала
тын өлеңдері), барыс септіктегі -у жұрнақты етістік тұлғасы
(«Интернатта оқып жүр» деп басталатын өлеңінің екінші бөлігі
білуге, көруге, керуге, сөнуге сияқты ұйқастарға құрылған), ба
рыс, жатыс септіктеріндегі өткен шақ есімше («Қансонарда
бүркітші шығады аңға» өлеңіндегі аңдығанға, із салғанда,
самғағанда деген ұйқастарды қараңыз), -мақ жұрнақты
тұлғалар. Бұл соңғы көрсетілген тұлға да Абайда стильдік
жүкпен жұмсалған.
Ұлы ақын тіліндегі етістік ұйқастарды сөз еткенде, ерекше
атайтын құбылыс – Абайдың бұларды көбінесе моноұйқасқа
пайдалануы, яғни шағын тұтас бір өлеңді немесе ұзақтау өлең-
нің жеке бөліктерін бір ұйқасқа құруы. Бұл амал, бір жағынан,
ақынның сөз тапқыш шеберлігін танытса, екінші жағынан,
берілген образдардың оқырманға әсерін күшейтеді, үшіншіден,
ақын идеясын аша түсуге көмектеседі. Қорыта айтқанда,
ұйқасқа алынған етістік тұлғалары көп сәтте «ойнап тұрады»
жай тұрмайды, сөзден кесте төгіп, қызмет етіп тұрады.
Демек, Абай өлеңдеріндегі ұйқас суретінің де стильдік
мәні айрықша екенін көреміз. Сөздің стильдік жүк арқалауы –
шеберлікті көрсетеді, ал шеберлік – поэтикалық тілді танудың
бірден-бір көзі. Бұл орайдағы Абайдың ұсталығы ең алдымен,
жоғарыда айттық, көптеген өлеңдерінің жалпы бір ұйқасқа
(моноұйқасқа) құрылған тұтастығында. Моноұйқас ақынның
сол өлеңде айтпақ ойларын сомдайтын қызметімен қатар, сол
сомдалған идеяны тіл жағынан біртұтас, бір демдік дүние
етіп білдіруге күш салады. Екіншіден, Абайдың моноұйқасы
әрдайым біркелкі сөз тұлғасымен берілмейтіндіктен, ақын
ұйқастырылатын тұлғалардың әр түрін іздеп табады. Мы
салы, «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» деген өлеңінде
-лық жұрнақты зат есім, -лық жұрнақты сын есім және
-лық қосымшалы етістік (сан құмарлық ~ шошынарлық ~ сөз
шығардық) сияқты үш түрлі сөз табының біркелкі тұлғасын
бір шумаққа топтастырған. Сол сияқты «Қыс» өлеңінде -ды
жұрнақты сын есімді (ақ сақалды), -ды жалғаулы етістікті
(келіп, қалды), -ды деген табыс жалғаулы зат есімді (малды,
шалды) ұйқастыруы ақын шеберлігін танытады. Абай бұл
орайда шылау, одағайларды да «іске қосады». Мысалы, «Ішім
өлген, сыртым сау» деген өлеңінде сыртым сау ~ деймін- ау ~
япырмау деген бірі – есім, екіншісі – шылаулы сөз, үшіншісі
одағай болып келген тұлғаларды ұйқастырады. Әрине, Абай
олардың үш түрлі тұлға екенін біліп, әдейі іздеп келтіріп тұр-
ған жоқ (тіпті Абайдың қазақ морфологиясы, оның сөз тапта-
рын, сөз тұлғаларын ажыратуы жөнінде қазіргі оқулықтар-
дағыдай таным-білімі де болмағанын ескерелік), өлеңде айтпақ
ойы, сөз қиыстырудағы ақындық дарыны осындай моно-
ұйқастарға әкеліп тұр.
Өлеңнің өн бойына жіберілген моноұйқас немесе бір өлең-
нің бірнеше шумағын қамтитын бір ұйқасқа алынған сөздерге
көбінесе стильдік қызмет артқан, яғни олар не ой (тақырып)
тұтастығын қамтамасыз етеді, не ақын идеясын білдіретін
сөздердің эмоциялық-экспрессивтік әсерін күшейтеді. Мы
салы, «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» деген өлеңінде
шартты раймен берілген етістік ұйқастар ғашық жанның қандай
шартпен келсе де, орындалмаған арманын білдіреді және ол
арман бірнеше шартты бағыныңқы сөйлемдер шоғырланып
айтылғанда, тіпті әсерлі шығады. Ақын тапқырлығы да,
шеберлігі де, міне, осындай жерде айқын көрінеді.
Бірқатар өлеңдерінде ұйқасқа алынатын сөздерді сыртқы
тұлғаларымен қатар, ішкі мағынасына, мағыналық реңкіне
қарай таңдау да – Абай қаламының көрінеу тұрған бір ерек-
шелігі. Еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерден жасалған етістіктерді
көсемше тұлғасына қойып, ұйқасқа қатыстыру арқылы
Абай «Болыс болдым, мінекей» деген өлеңінде болыс, ояз,
пысықтардың жағымсыз портретін әсерлі етіп қалай бергенін
жоғарыда (-ып жұрнақты көсемшенің стильдік қызметін
көрсеткен тұста) кеңінен айттық.
Тек бейнелеуіш сөздер емес, семантикасында жағымсыз
реңкі бар өзге сөздер де мәлім. Мысалы, ыржақтау, далақтау,
бос салақтау, бұтып-шату, Құдай ату сияқты сөздер «оңған»
қылықты білдірмейді. Абай «Қыран бүркіт не алмайды, салса
баптап» және «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деп ба
сталатын өлеңдерінде осы сөздерді ұйқасқа алады. Біреуінде
«өзі алмайтын, қыранға алдырмайтын» күйкентайын қияға
қоса жіберіп жүрген, «басқа сая, жанға олжа» дәнеңесі жоқ
замандастарын бейнелесе, екіншісінде «сұм-сұрқия, қу,
білгіш атанбаққа Құдай құмар қылып қойған» ауылдастарын
суреттейді. Екеуінде де ақын образды дәл, әсерлі етіп беруге
ұйқас жасап тұрған сөздерді қатыстырған.
Әрине, тек жағымсыз образдарды жасауда ғана емес, өзге
көп сәттерде Абайдың ұйқасқа алған сөздері мен өлеңнің (не
месе оның жеке бөліктерінің) мазмұны (идеясы) сай түсіп жа
тады. Мысалы, «единица – жақсысы, ерген елі бейне нөл» де
ген идеяны бір өлеңнің өзегі еткен ақын, алдымен, орыстың
осы сөзін (ноль) образ етіп алады да, оған ой екпінін түсіруді
көздейді, сондықтан оны да екі рет тармақ соңына шығарып, 36
жолдық тұтас өлеңнің ұйқасын бастан-аяқ осы сөзге құрады.
Сөйтіп, нөл сөзі ерекше таныла түседі, өлең идеясын таныта
түседі.
Сонымен, ұйқасқа шығарылған сөздердің типтері, грам-
матикалық тұлғалары, ұйқас жасайтын сөздердің мағыналық
реңктері – осылардың баршасы ақынның поэтикалық тіліне
тікелей қатысты болады, яғни оларды поэтикалық құралға
айналатын сәттері бар элементтер деп түйеміз. Мұны біздің
жоғарыдағы талдауларымыз қазақ жазба поэзиясының аса
күрделі үлгісі болып табылатын Абай өлеңдерінің тілі арқылы
әбден дәлелдейді.
«-сы» жұрнақты туынды етістіктердің стильдік қызметі
Менсінбеуші ем наданды,
Ақылсыз деп қор тұтып.
Түзетпек едім заманды,
Өзімді өзім зор тұтып.
Абай
Ақын Абай өз тұсындағы қазақ қауымындағы «сөзуар, біл-
гіш, закөншік, көргіштерді», «қу старшын, аш билерді», «мал
дан басқа мұңы жоқтарды», «тобықты молыққан пысықтарды»
көріп, солардың бойындағы ең жағымсыз қылықтардың бірі
– көлгірсуді, «іші залым, сырты абыздыққа салынуды» сынай
ды. Дәлірек айтсақ, ақын білмесе де, бір нәрсені білгенситін,
«мұрнын қисайта тартып» тұрып әсемситін, «елін мығымдап
ұстай алмаса да», өтірік қайраттысып, қамқорситындарды
«бойы бұлғаң, сөзі жылмаң бола тұрып» бір міні жоқ бенде-
ситіндерді әшкерелеп, түзетпек болады. Бұл қылықтарды
сөзбен танытуда өң дәл және әсерлі тұлға болып табылатындар
-сы жұрнағымен келген етістіктер.
Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде бұл жұрнақ
сөйлеуші өзін біреуге не бір нәрсеге балап, ұқсауға тыры
су, бір нәрсені істеген немесе істемеген болып көлгірсу, бір
нәрсені қомсыну мағыналарын беретін етістіктер жасайды:
білгенсу – білмей тұрса да, өзін білетін адам санау», мүсәпірсу
– бейшаралық жағдайда болмай-ақ өзін мүсәпір көрсету, бала
сыну – біреуді бала деп қомсыну, бала көру.
Егер Абай жаңа сөздер жасады ма деген сұрау қоя қалсақ
бірден-бір көзге түсетін жаңа тұлғалар – осы -сы жұрнағымен
жасалғандарды атар едік. -сы мен -сын жұрнақтары қызметтес
болғанмен, контексте олар бір-бірінен өзгешелеу болып келуі
мүмкін: -сын жұрнағымен келген тұлғада өзін біреуге ба
лап көлгірсу реңкінен гөрі, өзгелерді әлдебіреуге балау, бір
нәрсені қомсыну (баласыну, азсыну, көпсіну) реңкі басымырақ
сияқты. Сондықтан Абай бұрынғы қолданыста бар бәлсіну,
сәнсіну, керексіну деген сөздердің орнына бәлсу, сәнсу, керек
су деген жаңа тұлғаларды ұсынады. Егер керексіну десе, мұнда
«бір нәрсені жай ғана керек ету» мағынасы ғана танылады,
ал: «Ел керексіп, сөзге емексіп, Не болады мақтаның» деген
де Абай елді шын мәнінде керек етуді емес, көлгірсіп, керек
еткен болғансып мақтан қуғанды айтпақ болған. Демек, елді
керексіну деген тіркес еш бояусыз қалыпты мағынаны білдірсе,
ел керексу тіркесі әрі жұрнақ тұлғасының өзгеше келуімен, әрі
контекске қарай экспрессивтік реңк алып, жағымсыз қылықты
білдіруімен алдыңғы тіркестен өзгеше түсіп тұр.
Әрине, Абай осы мағынада -сын жұрнақты вариантты да
еркін жұмсаған. Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп, Әсте жоқ
кеселді істен биттей қорықпақ. -сы (-сын) жұрнақты етістікті
айтпақ ойына сай жандандырғаны соншалық, Абай оны кейбір
сөз тіркестеріне де, бұрын бұл жұрнақпен келмейтін сөздер-
ге де жалғап қолданады. Қалжыңбассып өткізген қайран дәу-
рен, Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық – дегендегі қал-
жыңбассу деген туынды тұлға бұрын қазақ тілінде кемде-кем
қолданылатын болса, Абай оны өлең тіліне оңтайлы енгізген:
бұл жерде «еһе-еһе-ге елірген бозбалалардың» жай қалжың
қуған (қалжыңбастанған) жастар емес, қалжың қуғансып,
қалжың қуудан басқа ісі жоқ, көңілі шат болғансып, өмірін
босқа өткізген жастар екенін танимыз.
Абай өлеңдерінде кездесетін еркесу, серкесу (Еңбегі жоқ
еркесіп, Бір шолақпен серкесіп), қайраттысу (Қайраттысып,
қамқорсып, Сайманымды бүтіндеп), жер тәңірісу (Жер тәңір-
ісіп кермағыз), жарамсақсу, салғыртсу, әсемсу, сәнсу деген
тұлғалар негізінен Абай қаламының туындылары.
Сөзбен образ жасауда сөздің мағынасы мен стильдік боя
уы ғана емес, грамматикалық тұлғасы да, дыбыстық әуені де,
синтаксистік және фразеологиялық мүмкіншіліктері де қыз-
мет етеді екен. Демек, Абай сөз өрнегін тоқуда кейбір грам-
матикалық элементтерді, яғни жұрнақтарды да пайдаланды
дей аламыз. Етістіктің -мақ, сы(н) жұрнақты түрлерін актив
қолданып, тіпті олармен жаңа сөздер жасаған болса, тілге жаңа
сөз қосу мақсатын көздеп емес, өлеңдегі айтпақ идеясының
дәл, әсерлі, өрнекті болып берілуін көздеп пайдаланған, яғни
бұл жерде де поэтикалық тілдің басты шарты – мазмұн мен түр
(идея мен тіл) үйлесімі орын алған. Көрсетілген жұрнақтармен
келген етістіктердің дені Абай өлеңдерінде стильдік мақсатпен
келген поэтикалық образ қорын кұрайды.
СӨЗ ТАҢДАУ Өлең және сөз Өлең деген әр сөздің ұнасымы, Сөз қосарлық орайлы жарасымы. (Абай) Өлең тіліндегі сөздерді грамматикалық категориялар ретінде зат есім, сын есім, етістік деп жіліктеп талдаудың қажеті жоқ. Поэтикалық текстің лексикасын (сөздік қазынасын) зерт теу дегеніміз белгілі бір мағыналық, стильдік жүк арқалаған қолданыстарды әңгімелеу болады. Мұнда алдымен ақынның сөз таңдау шеберлігіне назар аударылады. Сөз таңдаудың өзін екі саладан іздеу керек. Бірі – өлең тексінде кездесетін сөздердің сол өлеңнің мазмұнына, тақырыбына қатысты алынуы, екіншісі – көркемдік, яғни эстетикалық-стильдік мақсатпен белгілі бір сөздерді таңдап жұмсауы. Ақынның қай-қайсысында да жеке өлең тақырыбына қатысты сөздерді қолдану – заңды құбылыс. Бірақ бүкіл шығармашылығынан (творчествосынан) алып қарайтын болсақ, Абайдың ақын ретінде айтпақ негізгі идеясына, ойшыл ретінде толғаған тақырыптарына, жанрлық жаңалықтарына сай бірқатар сөздерді жиі қолданып, актив сөздік қорына айналдырғаны көзге түседі, өзгелерден айрықша тұрғанын таныта ды. Абай – гуманист, ол дүние жүзіндегі ұлы гуманистердің алдыңғы сапында. Гуманизм әділдікті жақтау, адам баласы үшін игі қасиеттерді уағыздау, адамды сыйлап, оған жақсылық тілеу принциптеріне негізделетін болса, Абайдың да жырлағаны алдымен имандылық, адамгершілік қасиеттер бол ды. Сондықтан ол рухани-мәдени дүниеге қатысты дерексіз ұғым атауларын (абстракт сөздерді) өте жиі қолданды. Мыса лы, адамдық сөзін Абай 15 рет жұмсаса, оның бір вариантты адамшылық тұлғасын 17 рет қолданған, демек, «адамгершілік» мағынасындағы сөзді ақын отыздан астам рет келтірген екен. Абайдың ең жиі қолданған сөздерінің бірі – иман, оны ақын өз тіліне 59 рет үйірген. Имандылық – гуманизм шар
ты. Имандылыққа шақыру, оны үгіттеу, оны таныту – гума
нист суреткердің міндеті. Міне, Абай осы үдеден шыққан.
Иман сөзі о баста «ислам дінінің бес парызының бірі»
дегенді білдіргенімен, ал діни терминдік мағынасы, Абайдың
түсіндіруімен айтсақ, «Алла табарака уа тағаланың... бір-
лігіне,
барлығына...
жіберген
жарлығына
мойынсұнып,
иланбақ» болғанымен, бұл сөз қазақтың халық тілінде жалпы
«адамгершілік», «ізгілікке деген сенім» ұғымында жиірек
қолданылған. Абайдың өзі: Ескендір патшаға Аристотель ау
зымен: «Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ,
түпке жетер» дегізгенінде, иман сөзі таза діни нанымды ғана
емес, ар, ұят сияқты адамгершілік қасиетті атап тұр. Бұл сөздер
қазақ поэзиясында бұрын да кездескенімен, дәл Абайдағыдай
бір ақынның өлеңдері де 30-40 реттен орын алмағандығын
білеміз.
Сондай-ақ Абай адам қасиеттерін атайтын жақсылық (33
рет), жаманшылық (18), арсыз (18) сияқты сөздерді өлең
тілінің актив сөздігіне айналдырған. Ақын жақсы-жаман мінез-
қылықтар мен іс-әрекеттерді атайтын сөздерді жиі қолданады.
Абайдың адамнан, әсіресе жастардан күтетіні талап болса,
ақын осы идеясын білдіруде талап сөзін 45 рет қолданған
екен. Ал өз тұсындағы қазақ қоғамы үшін сауаттылыққа,
білім-ғылымға ұмтылуды, өнердің түр-түрін игеруді жырлау –
Абайдың ең негізгі тақырыбы. Бұл – өз халқының сауаттылық
жайын, өнер-білім дәрежесін ойлағанда, Абайдың қабырғасы
қайысқан тұсы.
Жарлы емеспін, зарлымын,
Оны да ойла, толғанып.
Жұртым деуге арлымын,
Өзге жұрттан ұялып, –
деп зарланған, арланған сәттері де осы замани мәселелерге
қатысты. Сондықтан оқу, білім, өнер жайын сөз еткен шығар-
маларында осы категориялардың өзін жиі атайды: оқу (54 рет),
ғылым (111), білім (31), өнер (46) сөздерін актив қолдануы
осыны дәлелдейді. Бұлардың ішінде ғылым сөзінің ең көп
кездесетіндігі өте қызық. Оның сыры мынада: Абай бұл сөзді
әрдайым осы күнгідей «наука» мағынасында жұмсамаған.
Ғылым сөзінің бұл ұғымда келуі Абайда өте сирек. Бұл сөзді
ақын көбіне-көп «білім, оқу, сауаттылық» мағынасында
жұмсаған. Мысалы, атақты «Ғылым таппай мақтанба» деп
басталатын өлеңіндегі ғылым деп тұрғаны – сөздіктерде көр-
сетілгендей, «жаратылыстың, қоғамның, ойлаудың даму
заңдылығын білу жүйесі және жеке білім тараулары» (Абай
тілі сөздігі, 1968, 183-б.) емес, «сауатты болу, білім алу, оқу»
деген жалпы мағынада. Мұны ақынның білім-ғылым деп қос
сөз түрінде де келтіруі оның жалпы «білім» деген ұғымда
жұмсалғанын айқындай түседі.
Қазақ халқы үшін ағартушылық идеясын ұсыну – Ыбырай
Алтынсарин мен Абайдан жүйелі түрде басталса, кейін оны
XX ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып
Дулатовтар жалғастырып әкеткені белгілі. Демек, ағарту-
шылықты уағыздау – Абайдың да басты мұраты. Білім, ғылым,
оқу сөздерінің ақын тіліне ең жиі оралғандығы – тақырып пен
тілдің үндесуі болып табылады. Ал мазмұн мен түрдің сәйкес
келуі – Абайдың сөз таңдауда ұстаған басты принциптерінің
бірі.
Әдетте бұрынғы қазақ өлеңдерінде кездескенімен, жиі кө-
рінбейтін қайғы (66 рет), қулық (32), иттік (7), қорлық (19),
қызық, (72), мақтан (56) сияқты сөздерді Абай таңдап алып, жиі
жұмсағанда, тағы да ақын айтпақ идеясының тілдік көрінісін
танытады. Бұл қатардан қайғы мен қызық сөздерінің жиілігі
көзге түседі. Әр адамның тіршілігінде жиі кездесетін үлкенді-
кішілі уайым-қайғының үстіне, заманын, айналасын ойлаған
күйініш сезімі қосылғанын білсек, «бір қайғыны ойласаң, жүз
қайғыны қозғайды» деп шынын айтқан Абайдың бір басын
да қайғы-қасіреттің аз болмағанын көреміз. Сондықтан оның
тілінде қайғы жеу, қайғы басу сияқты үш-төрт реттен келген
тіркестерден өзге, жеке тұрып қолданылған қайғы тұлғасын
60-тан астам рет кездестіреміз. Бұл – ақынның жан даусын
тілмен, сөзбен, сөздің активтігімен танытуы.
Көп сәтте қайғы сөзіне антоним болып келетін қызық
сөзі де Абай қаламына 72 рет іліккен. Ол да заңды. Қайғы
сияқты қызық та әр адам өмірінде жиі ұшырасады. Қайғыра
білген ақын өмірдің тамашасын, рақатын да сезінген, сезіне
тұрып өлең тілінде қызықтың түсін түстеп, атын атап кеткен:
«Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар»
деп жастық шақтың әдемі кезеңін бір жырласа, құс салып,
ит жүгіртуді «ешкімге зияны жоқ өзім көрген бір қызық ісім
екен сұм жалған-да» деп тамашалайды. Сірә, қызықтай білген
адамға өмірінде қайғыдан қызық көп болмақ. Сондықтан ақын
баланың жақсысын да, тіпті қатын-баласы, досын да, татулықты
да кемді күндегі қызық дәурен деп таниды: «Қызықтан өзге
қалсаң бос, Қатының, балаң, досың бар», – дейді.
Тегінде Абай – уайымшыл емес, өмірді сүйген, тамаша
лай білген, әр нәрсеге үмітпен қарап білген суреткер. Мүмкін,
сондықтан да Абайда жақсы сөзі 130 рет, жаман сөзі 46 рет,
жақсылық сөзі 33, жаманшылық сөзі 18 рет, дос сөзі 60,
достық 28 рет қолданылса, дұшпан 18-ақ рет, өмір 113, өлім
26 рет аузына үйірілген болар. Әрине, бұл – сырттай қарағанда
көзге түсетін сандық өлшем бойынша топшылағанымыз.
Сөз қолданыстың өзге де факторларын есепке алсақ, бұл
тұжырымымыздың жібі бостау көрінер, дегенмен статистика
мәліметінің де (сөз санына қараудың да) маңызы барын ескеру
қажет.
Статистиканың мәліметі Абай кезеңіндегі қазақ әдеби тілі
нормасынан да хабар береді. Мысалы, Абайда әйел сөзі 8 рет,
қатын 41 рет, ұрғашы сөзі 4 рет қолданылған екен. Демек, күні
кешеге дейін Абай заманында әдеби норма ретінде көрінетін
вариант қатын сөзі екен, арабтың әйел сөзі әдеби нормаға енді-
енді ене бастағанға ұқсайды.
Абай – әлеумет, халық, ұлт мүддесін кеңінен сөз еткен ақын.
Оның әлеуметтік тақырыптарға баруы өзіне дейінгі барлық
ақындардан асып түседі. Өз заманын, заманындағы қазақ
қоғамын, сол қоғамдағы саяси-әкімшілік, заң-сот құрылысын,
экономикалық тұрмыс-тіршілігін тарихшыларша баянда
майды, ақын болып суреттейді. Суреттеу арқылы жаманына
күйінеді, жақсысына сүйінеді. Сондықтан ақын заманының
әлеуметтік картинасын беретін, сол кездегі жалпыхалықтық
тілде актив қолданылған сөздер Абай тілінен де кең орын
алған. Олар: болыс, болыстық, шаруа, сайлау, сайлану, шар,
партия («жік», «топ» мағынасында), ұлық, атшабар, бай,
жарлы, жалшы, кедей, жалға жүру, сауда, саудагер, сату,
бақал, бақалшік, кәсіп, ұрлық, қу, қулық т.т. Бұлардың ішінде
«айлакер» мағынасындағы әлеуметтік топ атауы қу сөзі 37 рет,
тағы бір әлеуметтік топ атауы ретінде XІX ғасырда жанданған
тентек сөзі 17 рет, Абай заманында етек алған құбылыс атауы
ұрлық сөзі 18 рет бір ақынның тілінде кездесуі оның тілінің за
ман айнасы болғандығын танытады.
Бұл сөздердің көбі XІX ғасырдың ІІ жартысындағы Абай
дан өзге суреткерлерде де қолданылған заман неологизмдері
(жаңа сөздері). Бұларды Абай тек заман келбетін суреттеу
үшін емес, осы құбылыстарды атай отырып, «түзетпек едім
заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып» деп өзі айтқандай, зама
нын түзету үшін қолданған. Бұл ретте ақын, әсіресе болыс,
атшабар, қу, ұры-қарыларға «қырғидай тиеді», олардың ат
тарын атап қоймайды, портреттерін береді, қылықтарын ше
бер тілмен сынайды, олардан қалың жұртты безіндіреді, за
манын сөйтіп түзетпек болады. Ақынның одан басқа шарасы
жоқ: қаруы – тілі, соны жұмсайды. Осы себептен ақын тілінде
саяси-әлеуметтік, экономикалық салалардың атаулары кеңінен
орын алған, олар тек атауыш қызметін емес, суреттеу қызметін
атқарып, ақынның сөз қолдану шеберлігін де көрсетеді.
Абай тілінің өз заманындағы лексикалық нормадан шыға-
тындығын мынадай фактілер дәлелдейді. Бұл күнде әдеби нор
ма болып саналатын немесе жарыспалы тұлғалардың ішінде
жиірек қолданылатын сөздер Абайда жоқ болып шығады.
Мысалы, қазірде терминдік дәрежеге көтеріліп, активтен
ген адамгершілік сөзі Абайда жоқ, оның орнында адамдық,
адамшылық варианттары қолданылған. Сондай-ақ қазіргі
әдемілік сөзі жоқ, бұл мағынаны Абай әдемішілік деп береді.
Осы қатарға жаманшылық, әурешілік, бұзақышылық сөздерін
жатқызуға болады, яғни Абай тілінде жамандық, әурелік,
әурешілдік, бұзықтық тұлғалары жоқ. Қазіргі қазақ әдеби
тілінде көбінесе стильдік мақсатта жұмсалатын зайып, жұбай
сөздерін Абай қолданбаған, олардың орнына жар (39 рет) және
қатын (бұл мағынада 21 рет) сөздері келеді. Күллі (8), барлық
(13), бүкіл (1), тамам (4) синонимдерінің ішінде ең активі –
барлық сөзі, қазіргі норма бойынша жиі қолданылатын бүкіл
сөзін Абай бір-ақ рет жұмсаған. Синоним болып келетін қыл-
мен ет- деген көмекші етістіктердің алдыңғы варианты жиірек
қолданылған: қыл- 409 рет, ет- 123 рет келеді. Бұл – көмекші
етістіктердің ет- вариантының жандануы біздің заманымыз-
да, 30-жылдардан бермен қарай болғандығын көрсетеді. Қыл-
варианты Абайда да, Абайдың тұстастарында да, тіпті олар
дан бергі Ахмет Байтұрсыновтардың тілінде де ет- тұлғасына
қарағанда әлдеқайда актив қолданылған.
Өте бір қызық факт – «нәрсе» мағынасындағы зат сөзі
Абайда жоқ, бұл тұлға тек «шығу тегі, негізі» мағынасында
келіп төрт рет қана жұмсалған. Бұл ұғымда Абай нәрсе сөзін
133 рет, нәсте сөзін бір рет қолдану арқылы берген. Сондай-
ақ бұл күнде жиі қолданылатын өте деген үстеу Абайда
мүлде жоқ, оның орнында бек (17), аса (1), тым (16) дым
(8) тұлғалары қолданылған. Бұл да бірқатар сөздердің (әйел,
зат, еңбек, өте т.б.) қазақ әдеби тілінде соңғы 50-60 жыл ішін-
де жанданып нормаға айналғанын білдіреді. Әрине, бұл сөздер
қазақ тілінде Абайға дейін де, оның тұсында да қолданыста
болған, бірақ жиі жұмсалатын актив қорға кірмеген.
Сөз статистикасының мәліметіне үңілсек, Абай тіліндегі
кейбір синонимдік қатарлардың мынадай қолданысын көре-
міз: Алла 133, Құдай 160, Тәңірі 43 рет келеді, демек, Абай
да түркінің «өз Құдайы» Тәңірі сөзін ертеден енген парсының
Құдайы мен арабтың Алла-сы «жеңіп кеткен», бұл ұғымның
халық тіліндегі Жаратушы (7), Жасаған (1) варианттары да
көрініс тапқанмен, Алла мен Құдай сөздеріндей актив емес.
Халық кірме сөзі де – Абай заманында енді жандана бас-
таған сөз, оның түркілік (қазақтық) ел (179), жұрт (133) сөз-
дері бұрынғыша Абайда да әлі актив. «Жұмыс» мағынасын
осы сөзден гөрі (жұмыс 18 рет келген) еңбек (87), қызмет
(26) синонимдері жиірек береді. «Еңбек» мағынасын бейнет
сөзімен білдіру күні кешеге дейін орын алып келді, Абай
да да сондай, ол бейнет сөзін «еңбек, жұмыс» ұғымында да
жұмсаған («Абай тілі сөздігінде» кейбір сөздердің түсінігі дәл
және толық емес: осы сөз мұнда «азап, қиыншылық, мехнат»
деп қана түсіндірілген). Мысалы, ақын-әке Әбдірахмандай
ұлын жоқтағанда: «Көзіңді салдың тұрғыға, бейнетін қиын
көрмедің» дегенде, Әбдірахманның қатар-құрбысының оған
тарттыратын азабын, қиыншылығын емес, артатын қызметін,
жұмысын айтып отыр. Әрине, бейнет сөзінің «азап, мехнат»
мағынасы да бар, бұл мағына көбінесе бейнет тарту, бейнет
ке түсу, бейнет шегу сияқты тіркестерде көрінеді.
«Өлең тіліндегі сөз» тақырыбын қозғағанда, келесі назар
аударатын жайт – ақын тіліндегі сирек қолданылатын этно
графизмдер мен бірді-екілі көне сөздер. Бұлардың көркемдік-
бейнелеуіш қызметі жайында өз алдына әңгіме болады. Бұл
жерде айтпағымыз – Абайдың сөздік қазынасында, сөз таң-
дауында кездескен, бұл күнде екінің бірі тап басып мағынасын
тани бермейтін этнографиялық атаулар сияқты пассив қордағы
сөздер.
Абай мағынасына күңгірт сөздерге аса үйір болмаған.
Қазірде көп қолданылмайтын этнографизмдердің тобы жүз
жылғы өткен ескілік киімі туралы жазылған өлеңінде кезде-
седі. Олар: дәндәку («кісенің оқшантаймен қатар тұратын
былғары қалтасы», бұл – «Абай тілі сөздігінің» түсіндірмесі,
190-б.), шидем шекпен («қой жабағысын сыртынан шекпен
мен қаптаған күпі» – сонда, 700-б.), жарғақ шалбар («илен
ген, жүні қырылма жұқа теріден тігілген шалбар»), мықшиған
етік («биік өкшелі, шоқима етік», 449-б.), құрысқақ (тобылғы
тиек), пыстан, («көпшіктің шетіне қағатын қалпақты шеге»,
506-б.). Бұл сөздерді ақын образ үшін емес, өз заманынан көп
бұрын өткен кезеңдегі қазақтардың киіну қалпын оқырман-
ның көз алдына елестету үшін олардың тура өз мағыналарында
жұмсаған. Бұл тұста біз үшін маңызды нәрсе – Абайдың ескі-
лік киімдерінің түрлеріне, олардың атауларына назар аударуы.
Бұл күнде сирек қолданылатын мұндай көне этнографизм-
дердің қатарына көшкен сөздерден Абай тілінде кездесетін-
дері деп ақшомшы («түйеге астық артқан керуен»), жыға
(бас киім), шонтай (қалта), аламандық (жаугершілік), абыз
(Абайдың өз түсіндіруінше, «әуелде шаман дініндегілердің
өз молдасына қоятын аты екен», ал жалпы «ақылгөй, көпті
көрген, көп білетін адам» деген мағынада қолданылады)
сияқты есім сөздер мен алқау («қолдау, жақтау, жарылқау»),
денеу («жеңу»), дүрсу («кісімсу»), еріштіру, кезнесу («ұялу,
қысылу (?)»), қасыну («тиісу») тәрізді етістіктерді көрсетуге
болады. Бұлардың бірқатары образ үшін қолданылған. Мы
салы, жыға сөзі «бағы таю» мағынасындағы бастан жыға
қисаю тіркесінде ғана келтірілген. Өлеңінде қолданылған абыз
сөзі де: сырты абыз бар, желғабыз бар – деген тіркесте келіп,
сыртынан қарағанда ақылман, білгіш көрініп, ішкі дүниесіне
келгенде желқуық, бос кеуде адам деген образды беріп тұр.
Сирек қолданылатын сөздердің тура номинатив мағынасын-
да жұмсалғандары да жоқ емес. Өлең тексі тек қана біртұтас
образдардан тұрмайтыны белгілі, демек, қажет жерінде сөздер
тура мағыналарында жұмсалады. Бұл да суреткер шеберлігінің
бір қыры болып табылады.
Абай тіліндегі, сырт қарағанда сирек, не көне, не жергілікті
сөз болып көрінетін қолданыстардың және бір тобын атауға
болады. Олардың бірлі-жарымы – жасанды неологизмдер
(арызшы, амалшылық, бәлсу т.б.) енді бірқатары – бадалық,
(мақтаныш), бату (өш, қас), қышыну (пәле іздеу), сырдаң
(сырғақ) сияқты сөздер. Бұлар, сірә, тілде бар, бірақ орнын та
уып ілуде бір жұмсалар тұлғалар болу керек.
Абай – көптеген жаңа тақырыптарға барған немесе тақы-
рыпты жаңаша жырлаған ақын. Мысалы, адамның мораль-
дық бет-бейнесін сөз етуде, тіпті оның сыртқы портретін
беруде жоғары материя – философиялық толғаныстарға барған-
да, сондай-ақ табиғатты өлең тілімен суреттегенде, Абай
бұрынғы қазақ поэзиясынан өзге үлгіге көшеді: оның ой-тол-
ғаулары дидактикалық стильден аулақ. Ол ар-ұждан, мораль
жайын өлең тақырыбы етсе, соларға қатысты категориялар
жайында ой толғайды, сондықтан Абайға осы категориялар-
дың түсін түстеп, атын атау қажет болды. Нәтижесінде көпте-
ген абстракт есімдерді термин дәрежесіне көтеріп, қолда-
ныстарын жандандырды. Бірінші топта жоғарыда өзге қыры-
нан әңгіме болған адамдық, адамшылық, ғылым, ой, оқу, өнер
сөздерін көрсетуге болады. Бірқатар абстракт ұғым атауларын
өзі жасады.
Ақын (жазушы) тіліндегі жаңа қолданыстарды тілдік
(лексикалық) және стильдік неологизмдер деп айырып қарау
керек. Лексикалық неологизмдер затты, құбылысты, іс-әре-
кетті атау қажеттігінен туады. Стильдік неологизмдер ондай
қажеттікпен емес, белгілі бір мақсатпен тек сол контексте
ғана қолданылады. Абайдың лексикалық неологизмдері деп
көбінесе қара сөздерінде кездесетін дерексіз ұғым атаула
рын көрсетуге болады. Олар -лық, -лылық, -шылық, -мақ
жұрнақтарымен жасалған тұлғалар: өршілдік, қорғалауықтық,
қызықпақтық, күлкішілдік, тоқтаулылық, байлаулылық, сез
бек, сүймек. Мысалы: Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек,
кейімек... Арымас әдет болды күлкішілдік.
Абайдың қызба бастық, әсем салдық, күлкі тоқтық, зор
болғандық, адам жаулағандық деген сияқты күрделі есімде-
рін де осы қатарға жатқызуға болады. Абай текстеріндегі жаңа
қолданыстарды үлкен бір тобы етістіктер саласында. Ақан
- сы жұрнағымен ондаған жаңа етістіктер жасап қолданады:
қайраттасу, әсемсу, жарамсақсу, ел керексу, жер тәңірісу,
еңбегі жоқ еркесу т. т. Бұлар – Абайдан басқалардың тілінде
жоқ сөздер.
Сірә, көркем шығарма тіліндегі лексикалық неологизмдер-
дің қолданысында да стильдік мақсат көзделуі мүмкін. Демек,
кейде бұл жаңа сөздердің жалпы тілдік немесе жеке авторлық
қолданыстар екенін айыру да қиын. Әдетте лексикалық не
ологизмдер әдеби тілге еніп, жалпыхалықтық нормаға айнал
са, авторлық неологизмдер тек сол контексте ғана орын алып,
көбінесе бірқолданар сөздердің қатарында тұрады.
Абай тіліндегі жоғарыда көрсетілген жаңа туынды тұл-
ғалардың көпшілігі жалпы әдеби тілде қолданылу мүмкінші-
ліктері бар сөздер (ғылымда оларды потенциалды сөздер
дейді) болғанмен, кейін белгілі бір номинативтік мағынада
жалпыхалықтық тіл қорына көшпеді.
Зерттеу желісіне орай қайталап айтатынымыз Абай өлең-
дерінің негізгі тақырыбы – адам, оның психологиялық күйі,
қимыл-харекеті, ішкі, сыртқы портреті екендігі. Бұл тақы-
рыптарды Абай бұрынғы ақын-жырауларша жалпы констата
ция немесе сол адамға қарата айтылған дидактикалық үгіт-ақыл
түрінде қозғамайды, ол адамның сын-сипат, іс-әрекеттерін
нақты суреттейді, әр іс-қимыл, мінез-құлықты жеке-жеке дәл
атау түрінде жырлайды. Сондықтан адамның психологиялық
күйін білдіретін сөздерді өлең тіліне молынан енгізеді. Бұл
– өзіне дейінгі қазақ поэзиясында көзге түспеген құбылыс.
Мысалы, сүйіскен жастардың ішкі көңіл күйлерін суреттеу
үшін суыну, ысыну, бос шошу, жүрегі лүпілдеп, саусағы суыну,
иықтары тиісу, көздері төмендеу сияқты сөздерді өлең тіліне
қосады. Бұлар – нақты сурет беретін сөздер.
Абай поэзиясында жалпы толғаныспен қатар, нақты кар
тинаны берудің де кеңінен орын алуы тағы да оның шы-
ғармашылық ерекшелігі болса, мұның тілдегі көрінісі нақты
қимыл-қозғалысты, іс-әрекетті, сын-сипатты білдіретін сөз-
дерді өлең тіліне еркін енгізуі болып табылады. Мысалы,
«Аттың сыны» деп өзіміз ат қойып жүрген «Шоқпардай кекілі
бар, қамыс құлақ» деп басталатын өлеңіндегі жылқының ке-
кілі мен құлағынан бастап көтендігіне шейін бүкіл сыртқы
түр-тұрпатын атайтын сөздердің шоғырымен келуі осы өлең-
нің мазмұны мен стиліне сай болып тұр. Немесе құс салып,
ит жүгірткен аңшылық туралы «Қансонарда бүркітші шығады
аңға» деп басталатын өлеңіндегі бүркіттің түлкіге түскен
картинасын, құсына мәз болған аңшының «сілке киіп ты-
мақты, насыбайды бір атып» көңілі жайланған пішінін бейне
қылқаламмен салған суреттей көз алдымызға елестетеміз. Де
мек, мұнда да бүркітші, аңшы, қағушы, қыран құс, томаға,
түлкі және аузын ашып қорқақтау, тісін қайрау, қанат, құй-
рық суылдау деген сөздер өздерінің тура номинатив мағы-
насында өлеңге қатыстырылады. Бұрынғы қазақ поэзиясында
мұндай сөздер көбінесе образ үшін алынатын-ды. Мысалы,
Махамбет: «Мен ақ сұңқар құстың сойымын» немесе «то-
мағалы сұңқар мен едім» десе, мұндағы ақ сұңқар, томаға
сөздері сол құсты, оның томағасын суреттеу үшін емес,
кейіпкердің портреті үшін қолданылған.
Бұрынғы қазақ поэзиясы тіліне тұрмыстық сөздер өздері-
нің тура мағынасында келіп, белгілі заттарды атау үшін емес,
образ үшін қолданылатын болса, Абай да бұл тәсілмен қатар,
тұрмыстық қарапайым (экспрессивтік бояуы жоқ) сөздерді өз
мағынасында жұмсау кеңінен орын алады. Мысалы, Бұқар
жырау «Керей, қайда барасың?» деп, бұл руға «сен бұзау
терісі шөншіксің, мен өгіз терісі талыспын» дегенінде ыдыс-
аяқ атаулары болып табылатын талыс, шөншік сөздерін қол-
данғанда, әңгіме осы ыдыстар туралы емес, сол ыдыстарға
теңеп көрсеткен әлді, әлсіз (үлкен, кіші – көп, аз) рулар тура
лы болып тұр: керей, сен бұзау терісінен жасалған кішкентай
шөншік сияқтысың сенімен белдесіп отырған мен – арғын
зормын, өгіз терісінен жасалған талыстаймын деп тұр. Ал
Абай болса, қыстың басындағы қазақ аулының көрінісін бе
руде кедейдің қатыны тоңған иін жылытып, тонын илеп,
бүрсең қағып шекпен тігер дейді, мұнда и де, тон да, шекпен
де өздерінің тура мағынасында келіп тұр, өйткені бұл жердегі
әңгіме – осылардың өздері туралы, дәлірек айтсақ, терінің
иін жібітіп, тонын илеп, одан шекпен тігіп отырған кедей
сорлының үй іші көрінісі. Сол көріністі беру арқылы ақын қазақ
аулының әлеуметтік топтарының өз заманындағы хал-күйін
суреттейді. Мұндай мысалдардың бірнешеуін келтіруге бола
ды. Тұрмыстық сөздердің поэзия тілінде тура мағынасында
жұмсалуы – өлеңнің тақырыбына, сол тақырыпты толғау
мәнеріне, шығарманың жанрлық сипатына тікелей байланысты
екенін Абай шығармашылығы айқын көрсетеді.
Әдетте ақын бір нәрсені баяндамайды, суреттейді дейміз.
«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деп басталатын
өлеңінде Абай қыстың басы, күздің жуан ортасындағы қазақ
аулын суреттейді, ол сурет үшін сол ауылдағы бай мен кедейдің
тұрмыс күйін көз алдымызға елестетеді. Ақын мақсаты – ай
наласы киіз тұтқан бай үйінің жылы екенін, отыны жоқ кедей
үйінде жас баласы мен кемпір-шалы тоңып, «талтайып, отқа
қақтана алмайтынын» баяндау емес, соларды суреттеу арқылы
өзі таныған әлеуметтік теңсіздікті көрсетіп, қазақ халқының
қалың бұқарасының сол кездегі кешіп отырған күй-халіне деген
күйінішін айту, ақын ретінде әлеуметтік үнін білдіру. Бұл үнді
естіртуде енді бұрынғы ақын-жырауларша фактіні констатаци
ялау (барын көрсету) және жалпы насихат-ақыл стилін қолдану
– Абай үшін қол емес, «сөзі түзелген», яғни ақындық идеяны
білдірудің жаңа тәсілін ұсынған Абай сөз қолданыстың жаңа
амалдарына барады: бай мен кедей тұрмысының нақты карти
насын беру арқылы әлеуметтік диссонансты (кереғарлықты)
көрсетеді, ал тұрмыстың нақты суреті «тұрмыстық» сөздерді
өз мағынасында жұмсауды қажет етеді. Міне, сырт қарағанда,
Абай тіліндегі ет (ет әпер деп жалшы баласынын шешесіне
қыңқылдағаны), бұрқылдаған самаурын, салтанатты байлардың
астына төселген кілем, енесіне иірткен шуда жіп, кемік сүйек,
сорпа-су т. т. сөздер әдетте өлеңге қатысуға «правосы жоқ» бо
лып көрінгенмен, Абай қолданысында өз орындарында тұрған
және қажетті дүниелер болып тұр. Сөз таңдаудың бұл ретінде
де Абай біліктілік танытқан.
Ақын «қара дүрсіндеу» тұрмыстық сөздер түгіл, «дөрекі-
леу» ауызекі тіл элементтерін қолдануға барады. Проф. Құдай-
берген Жұбановтың сөзімен айтқанда, «суретті ойдағыдай
күшейтіп жіберетін болса, Абай [сөздің] ондай-мұндай ерсі-
лігіне, әдепке шеттігіне де қарамайды». Сондықтан Абайдай
сөз шеберінің қазақтың поэзия тілін асқақтата, қазақ сөзінің
небір асылын жарқырата ұсынған ақынның тілінен жағымсыз
қимыл атаулары болып келетін тарқылдау, барқылдау, сал
пылдау, бұртаңдау, бүксіту, бықсыту, қоқсыту, былшылдау,
далақтау, жыртақтау, тоңқаңдау, шертию сияқты етістік-
тердің немесе қыртың, тыртың, қиқым сияқты «сұрықсыз»
мағынадағы сөздердің бір өлеңде я болмаса өлеңнің бір бөлі-
гінде шоғырымен қолданылуы былай тұрсын, тіпті әйелге
қарата айтылатын қаншық сөзін де, боқ, көт сөздерін де кез-
дестіреміз.
Сырт қарағанда, мұндай сөздер поэзия тілін «тәтті» етіп
тұрған жоқ сияқты, күлтесі көз тартатын раушан гүлінің
сабағына біткен тікенектерге ұқсайды. Сірә, раушан гүлі жа
рып шығып, құлпыруы үшін табиғат шіркін тікенектерді де
керек етіп жаратқаны сияқты өлең тілі тұтасымен көңіл толты
ру үшін поэзия табиғаты керек жерінде «ащы-тәтті» сөздерді
шебер қолдануға да баратын болар. Құлаққа түрпідей, ауызға
қышқылдай тиетін мұндай «дөрекі» сөздердің Абайдағы
қолданысы стильдік мақсатпен орнымен келгендер (ғылым
тілімен айтқанда, мотиві-уәжі барлар) болып табылады.
Ақын тілінің көркемдік құны сұлу, «тәтті» сөздердің ғана
шоғырымен танылмайды. Ақын тілін сөз еткенде, көркемдік
пен шеберлік қатар әңгіме болмаққа керек.
Ауызекі сөйлеу тілі элементтерінің Абай өлеңдеріндегі
көрінісі жеке сөздердің қатысуымен шектелмейді. Күнделікті
тұрмыстық сөйлеу мәнері Абайдың бір-екі шумақтан тұратын
немесе шағын болып келетін Шәріпке, Көжекбайға, Назарға,
Күлембайға, қара қатынға, Күйісбайға, Дүйсенқұлға арнаған
өлеңдері мен Баймағамбет қатынының атынан шығарылған
өлеңде, «Әйелің – Медет қызы, аты Өрім», «Бөстегім, құтылдың
ба Көтібақтан» деген экспромптарында көрінеді. Бұларда жеке
сөздерінен бастап, айтылмақ ойды білдіру стиліне дейін ауызекі
сөйлеу тілінің табы сезіледі. Мұндағы байға жарып көрмеген
[қатын]... көрінген ит кетеді бір-бір сарып... шіркінде ес бол
майды сезет деген... ала жаздай байың кеп бір жатпайды...
бүйтіп берген балаңды берген Құдай, өзің ал... бір боқты тағы
бас та және сүрін... сияқты сөз орамдары қатар-құрбылар
арасында немесе айналасындағы жағымсыз қылықтарына
ренжіген, оны сынаған адамның аузынан күнделікті сөйлеу
үстінде қолданылатын «дөрекілеу» сөз саптаулар.
Жалпы әдеби тіл әдетінен, одан қалды поэзия тілінен орын
алмауға тиісті мұндай қолданыстар – көрсетілген өлеңдерде дәл
орнымен келген, уәжді элементтер. Бұл да өлеңнің мазмұны мен
түрінің (тілінің) үйлесімінен туған, ақын шығармашылығын
әр қырынан көрсететін құбылыс. Демек, Абай ауызекі сөйлеу
тәжірибесінен әдейі алынған сөз таңдаудың тағы бір үлгісін
көрсеткен.
Ауызекі сөйлеу нормасының қарама-қарсысында кітаби
тілдік сөз ұсыну тұрады. Абай тұсындағы «кітаби тіл» дегеніміз
– жоғарыда айтылған, қазақтың ескі жазба дәстүрінің жалғасы,
ол тіл «шағатай тілі» немесе «түркі» деп аталатын ортаазиялық
ортақ жазба дәстүрдің негізінде қалыптасқан тіл болғандықтан,
мұның қазақ төл әдеби тілінен өзгешеленетін белгілері бол
ды. Ол белгілердің бірі – халық тіліне енбеген, көбінесе діни
мазмұнды немесе абстракт ұғым атауы болып келетін араб
сөздерінің едәуір мол қолданылатындығы болатын. Абай өлең
тіліне, әсіресе прозасының тіліне бұл элементтерді де таңдай
білген. «Шығыс ақындарынша» жазған «Иүзі раушан, көзі
гауһар», «Фзули, Шәмси, Сәйдали», «Әліпдек ай йүзіңе ғибрат
еттім» деп басталатын атақты үш өлеңін былай қойғанда, таза
«қазақы» өлеңдерінде Абай араб және парсы сөздерін белгілі
бір стильдік мақсатпен әдейі таңдап алады. Мысалы: «Мал
мен бақтың кеселі ұя бұзар, Пәруардигәр жаратқан несін жан
қып» деген өлең жолдарында өлшем үшін Құдай, Алла, Тәңірі
деген синонимдердің біреуі де келмей, төрт буынды сирек
сөз пәруардигәр деген парсы тұлғасын қолданылып тұр. Ал:
Біріңді бірің ғиззат, құрмет етіс – деген өлең жолында құрмет
сөзіне мағынасы жуық арабтық тұлға ғиззат (қазақша вариан
ты ізет) сөзін таңдауда қадір-құрмет дегеннің бір варианты
ретінде ғиззат-құрмет деп беру үшін алған.
Сірә, Абай аса көп қажеті жоқ жерде де ара-тұра араб
сөздерін өлең тіліне енгізіп отырған, бұл – заманына берген баз
болу керек, өйткені Абай тұсында қазақ әдеби тіліне жазба си
пат беру үшін кітаби тілдік элементтерді пайдаланып қою шарт
болған. Сондықтан оның «Ғылым таппай мақтанба» деп баста
латын өлеңіндегі: «Жамандық көрсең, нәфрәтлі, Жақсылық
көрсен, ғибратлы» деген жолдарындағы нәфрәтлі, ғибратлы
сөздері, «надандар баһра ала алмас» дегеніндегі баһра сөзі осы
ыңғаймен көрінген.
Ал ақын өлеңдеріндегі ғанибет, махрұм қалу, иждиһат,
михнат, ұддасынан шығу, пір, ғапыл, махаббат, ғадауат
сияқты сөздерді сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің нормасы
деп тану керек. Бұлардың бірқатары қазақыланған тұлғада
халық тілінде кеңінен қолданылатындар; ғанибет, махрұм
қалу, меқнат, мақұлық, үдде (үде), ғапыл т. т. Абай тұсында
мұсылманша, сауатгы адамдармен қатар, намаз оқып, Алла
ны хақ деп таныған қарапайым қазақтар үшін де пір, парыз,
мінәжат, рақым, бақи, фәни, махшар, тағлим сияқты араб,
парсы сөздері жат болмаған. Демек, оларды таңдап алып, өлең
тіліне қатыстыруы заңды.
Абай өлеңдерінің ішінде жанры жағынан аса бір қызық
шығармалары «Жігіт сөзі» мен «Қыз сөзі». Екі өлең де
жастардың бір-біріне жазысқан хаттары деп ұсынылған:
жігіт сәл еркіндеу, қызға сен деп қарата сөйлейді, тілі де ауыл
мырзасының өзімсінген стилін (мәнерін) танытады, ал қыз
болса, тәрбиелі, ибалы, сөзін сіз деп бастайды, бірақ ол да
еркін өскен құрбысына наз арта алатын сауатты қыз («кірсе
ішіңе, оқи бер... мұны оқыса, кім танып» деген сөздеріне назар
аударалық), сондықтан оның хатынан бұрыннан қалыптасқан
сабаз, баж сөздерінің кітаби тұлғаларын (шаһбаз) көреміз.
Абайдың араб сөздері біраз шоғырланған өлеңі – «Алла де
ген сөз жеңіл» деп басталатын төрт шумақтық шағын өлеңі мен
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңі. Алдыңғысында
ақын Алла сөзінен бастап махаббат, тағрип, шүбә, мәужүр,
куаһ, хаус, мүтәкәллимин, мантиқин деген араб сөздерін
таңдап жұмсайды. Соңғы өлеңде мұсылман дініне қатысты
ондаған араб сөзін әдейі келтіреді. Олар: амантү, уәктүбиһи,
һаби, тағриф, әһли китаб, нәфсі, иман, тағат, тахқиқ, тасдиқ,
хақ, руза, намаз, зекет, хаж, ғибадат, хүснизән, пайғамбар,
мү’мин,құран, тә’уилі, нәфа, му’мин, бенде, мүнафиқ, кінә
сияқты кейбірі қазақтың тіліне еніп, сіңіскен (Хақ, бенде, нәпсі,
иман, ораза, намаз, зекет, пайғамбар, құран, кінә), ал кейбіреуі
халық тіліне енбеген, мағынасы қалың жұртшылыққа түсініксіз
сөздер. Бұларды Абайдың қолдануы тағы да стильдік мүддеден
шығып тұр: «Алланың өзі де, сөзі де рас» дегенді тақырып
етіп алған ақын «му`мин болсаң, әуелі иманды біл» деген иде
яны ұсыну үшін, сол иманның негізін мұсылман дінінің «өз
сөзімен» (араб сөздерімен) танытады. Демек, Абайдың бұл
жердегі араб сөздерін таңдауы тақырып пен тіл үйлесімін
көздеуге бағынған.
Міне, ұлы ақынның білдірмек ойы мен таңдаған тақы-
рыптарына сай сөз таңдау принциптері мен амалдары осын
дай. Ал сөз таңдаудың ең зор қажеттігі көркемдік-эстетикалық
мақсатты көздеуге қатысты болады. Әрі қарайғы әңгімеміз
осы орайда болмақшы, яғни «текст түзу» деген категорияны
сөз етіп, бұл реттегі сөз таңдаудың, Абай тіліндегі көрінісін
бермекпіз, сондай-ақ синоним, антоним тәрізді лексикалық
топтарды Абайдың қалай пайдаланғаны, олардың қайсысын
қалайша таңдағаны әңгіме болады, осы тұста тілге үйіреміз.
ТЕКСТ ТҮЗУ
Сөз сөзге жарығын да түсіріп тұрады,
көлеңкесін де түсіріп тұрады.
(Ғабит Мүсірепов)
Текст түзу – қазақ филологиясында бұрын-соңды әңгіме
болмаған тақырып. Ал, шындығында, бұл – көркем шығарма
тілін, автордың поэтикалық тілін талдауда кеңінен сөз болуға
тиіс мәселе. Себебі көркем шығарма, оның ішінде поэзия
дүниесі сөздерден өрілетін болса, яғни сөздерден шығарма
тексі түзілетін болса, сол түзілістің қыр-сырын ашу қажеттігі
туады.
Текст түзу (орыс ғылыми әдебиетінде – текстообразование)
термині жалпы «текстің пайда болуына қатысты айтылмайды,
ол – поэтикалық контекст» деген ұғымға байланысты сөз бо
латын құбылыс. Поэтикалық контекст көркем шығармадағы
сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасқа тусуімен, сондай-
ақ ырғақ пен әуеннің, дыбыстардың бір-бірімен ұйымдасуы
арқылы жасалады.
Текст түзілісінің өзіне тән шарттары болады. Кез келген
көркем шығармада немесе оның кез келген тұсында текст түзіле
бермейді. Қазақ көркем сөзінде текст түзудің айқын көрінісі
Абай өлеңдерінен басталады деуге болады. Текст түзілісінің бір
белгісі – шығарманың бір бөлігінде немесе бір өлеңнің өн бой
ында мағыналары бірін-бірі айқындайтын, модальдық реңктері
біртектес сөздерді шоғырлап беру. Модальдық реңк дегеніміз
сөйлеушінің (жазушының, ақынның) айтылған ойға жағымды,
жағымсыз көзқарасын білдіретін мағыналық реңк, ол реңк
жеке сөздердің өз бойларында (лексикалық мағынасында) да
болады немесе шылау, одағай, көмекші есім, көмекші етістік,
етістіктің рай тұлғалары, сын есімнің шырай тұлғалары, дау
ыс әуені (интонация) сияқты лексика-грамматикалық құралдар
арқылы да беріледі.
Абай өлеңдегі сөздің белгілі бір стильдік (поэтикалық)
мақсатты өтеуі үшін сол текстегі өзге сөздерге «арқа сүйеуі»,
яғни бір-біріне «қызмет көрсетулері» керек екендігін де жақсы
сезеді. Сондықтан көптеген өлеңдеріндегі сөздер қай сөз табы
на жататындығына қарамастан, мағыналық реңктері біртектес
(мысалы, бірыңғай жағымсыз) немесе тақырыптас болып
келеді. Айталық, өз заманындағы қазақ қауымының жағымсыз
мүшелерін – «Құдай атып қойған жұртты» суреттейтін «Бай
лар жүр жиған малын қорғалатып» деген шағын өлеңіндегі
сұм-сұрқия, қу, білгіш деген зат есімдерден бастап, Құдай ату,
сілесі қату, бұғып-шату, есіру, ісіп-кебу, қабару, ит ырылда
ту деген күрделі етістіктер – бәрі де жағымсыз адамдарды,
жағымсыз эмоция тудыратын іс-әрекеттерді атайды. Жағымсыз
реңк бұл сөздердің лексикалық мағынасының өзінде бар, соны
мен қатар мұндағы етістіктердің көбі жағымсыз экспрессияны
күшейте түсетіндер: сұм-сұрқия, қулар жоқтан-барды жай айта
салмайды, бұтып-шатады, құр мақтанбайды, есіреді, жай
шығынды болмайды, шығынға белшесінен батады, қу, білгіш
атанбаққа жай құмар болмайды, оларды Құдай қалжыратып,
құмар қылады. Демек, бұл көрсетілген сөздердің әрқайсысы
экспрессоид болып келсе, олар шағын бір өлеңде шоғырланып,
сол өлеңде айтылмақ ойды әрі әсерлі етіп тұр, әрі өлең тұтас
бір жұмыр текст болып тұр, яғни «текст түзіліп» тұр.
Абайдың өз заманын, замандастырының кейбір топтарын:
болыс пен пысықтарды, кербез, керімдерді, бойы былғаң,
сөзі жылмаңдарды ашық сынауға, ащы тілмен мысқылдап
әшкерелеуге, өз сөзімен айтсақ, «заманын түзетпекке» барған
өлеңдерінде текст түзу – тақырыптас, модальдық реңктес
сөздерді таңдап, бір өлеңде топтап келтіру өте-мөте көзге түседі.
Олардың бейнесін дәл және әсерлі етіп беру үшін оқырман
сезіміне ерекше әсер ететін сөздерді поэтикалық құралға ай
налдырып қана қоймайды, бұл сөздерді бір өлеңге топтасты
рып, бір-біріне әсерін тигіздіріп, олардың экспрессивтік болу
ын қалыңдата түседі.
«Болыс болдым, мінеки» – Абай заманындағы болыс, ша
барман, пысықтардың классикалық портреті. Мұнда осы
әлеуметтік топтың жағымсыз портреті олардың далпылдап,
жалпылдап, барқылдап, тарқылдап, лепілдеп, күпілдеп жүрген
қылықтары мен іс-әрекеттері арқылы көрсетілсе, бұл текстегі
өзге сөздер де модальдық реңкі жағынан осыларға үндес
келеді: мұнда ақын бейтарап мағынадағы беру етістігін емес,
тығындау сөзін таңдайды, бағынышты елін мықтап ұстау,
қатты ұстау деген сөздер ешбір бояусыз қалыпты іс-қимыл
атаулары болар еді, сондықтан бұлардың орнына ақын осы
өлеңнің жағымсыз портретті танытатын жалпы «үніне» сәйкес
мығымдап ұстау сөзін жұмсайды, сондай-ақ мұнда «сияз бар»
десе болыстың жүрегі жай ғана лүпілдемейді, суылдайды. Де
мек, бұлардың бәрі ақын діттеген белгілі бір үнді беретін текст
құрап тұр.
«Өзге жұрттан ұялып, жұртым деуге арлымын» деген
Абай кейбір замандастарын адресін көрсетіп те (Күлембайға,
Көжекбайға, Көкбайға, Әсетке, қара қатынға, қатыны мен
Масақбайға, Дүтбайға т.б. өлеңдерін қараңыз), көрсетпей
де («Мәз болады болысың», «Қажымас дос халықта жоқ»,
«Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да», «Қыран бүркіт не алмай
ды салса баптап», «Бойы былғаң» деп басталатын өлеңдеріне
назар аударыңыз) «улы сия, ащы тілдің» ұшына алады: си
паттайды, сынайды, әжуалайды әзілдейді. Бұл өлеңдердің
көпшілігінде, әрине, олардың жағымсыз қылықтарын сөз етеді.
Ол өлеңдердің текстері де көбінесе біртұтас болып түзіліп
келеді. Мысалы, Дүтбайға арнаған өлеңінде («Жылуы жоқ
бойының» деп басталатын) жылмию, құйтың ету, жылмаң,
пішінді болу, түсінің түксігін тырсиып салу, дөң айналмай
ант ату, ар жағы бүксіп, бықсып жату, сөзі мен өзі бөліну,
жын сықылды бұзылу, тұрлауы жоқ құбылу – осы қылық,
кимылдың бәрі 20 жолдық шағын ғана бір өлеңнің ішіне сый
ып тұр. Бәрі де – бойының жылуы жоқ құр жылмиған адамның
портреті үшін таңдалып алынған текст түзуші образды сөздер.
«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» деген 12 жолдық
шағын өлеңі – нағыз сын, «басқа сая, жанға олжа дәнеңе
жоқ құр далақтап жүрген қайран еліне» айтқан зілді сөзі,
сондықтан сол елінің әрекет-қимылы ыржақтап күлу, күпілдеп
құсын мақтау, бос салақтап күні бойы шабу болса, қияға
самғаған қыранға жіберілген қарғасы қарқылдап, күйкентайы
шықылықтап не өзі алмайды, не қыранға алдырмайды. Ал
легориямен келген бұл өлеңде образдар жағымсыз эмоциялы
сөздердің шоғырлануымен берілген.
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі де – жақсы
менен жаманды айырмаған өз халқына айтылған қатты сын.
Сынаған соң, әрине, жағымсыз жағы сөз болады ғой, сондықтан
«аузымен орақ орған өңкей қыртыңның, бас-басына би болған
өңкей қиқымның» қылықтарын танытатын тыртың, бұртың,
жыртың-жыртың күлу, пыш-пыш деу, бойларындағы тырқы
мен қылпы бір өлеңде айтылып, өңшең жағымсыз эмоция-
лы сөздердің шоғыры осы өлеңнің тексін түзіп, тұтас бір
модальдық өң берген.
Масақбайдың салақ қатынын суреттеу жалпы салақ әйел-
дерді сынауда да кішігірім бір ғана өлеңде келтірілген бықсы-
ту, бүксіту, қоқсыту, бүкшию, сексию, түксию, барқылдап,
тарқылдап, салпылдап тоқтау деген сөздердің бәрі де – се
мантикасында жағымсыз мағына бар етістіктер, өйткені
Абайға бұл жерде «құрбыға қадырсыз» шыдамсыз байы ойбай
салып боқтап, қамшы мен жұдырыққа жүгіретін, «жүзінің нәрі
мен бойының сыны жоқ» қатыны төрінің қоқымын қоқсытып
отыратын жұбайларды сипаттау керек болып тұр. Бұнда да
текст түзіліп, ондағы сөздер бірін-бірі күшейтіп, жағымсыз
отбасының портретін тұтас етіп көрсетеді.
Әрине, текст түзу тек жағымсыз реңкі бар сөздердің бір
өлеңде шоғырлануы арқылы ғана емес, жалпы тақырыптас
сөздердің шоғырлануы арқылы да жүзеге асады. Тақырыптас
сөздер дегеніміз – бір тақырып төңірегіне топталатындар.
Олар әртүрлі сөз таптары және әртүрлі мағынадағы сөздер
болады. Мысалы, «өлең, поэзия» деген тақырып тобын сөз,
мақал, жыр, ақын, тыңдаушы, шешен сияқты есімдер, жазу,
оқу, тыңдау, жаттау, айту, мақалдау, сөйлеу, жырлау тәрізді
етістіктер, көркем, ұқыпты, ұқыпсыз, талапты сияқты сын
есімдер құрай алады.
Тақырыптық топпен текст түзуде сөздің жеке лексикалық
мағынасы ғана емес, контекстік мағынасының да рөлі бола
ды. Жеке алғанда мағынасы жағынан бір тақырыпқа кірмейтін
сөздерді жазушы (ақын) қолданыста (контексте) стильдік коло
рит құрайтын тақырыпқа орайластырып, мағынасын ауысты
рып жіберуі мүмкін. Мысалы, «Бұралып тұрып» деп бастала-
тын өлеңіндегі керім сөзінің қолданысын алайық. Бұл тұлға
(керім~ көрім) жалпы Абай тілінде жағымды мәнде келеді:
«Көбінесе ән басы келеді ащы. Кел, тыңда, деп өзгеге болар
басшы. Керім толғап тауысар қоңыр-күңгір, Со жеріне ойың-
мен араласшы». Керім сөзі – Абай өңірінде де жағымды
мағыналы сөз, ол «әдемі, әсем» дегенді білдірсе керек. «Шүкі-
ман сұлуды алғаш көргенде, Абайдың оны «керім, керім, ай
керім!» дегенінен атын Әйгерім атап кетіпті», – деп жазады
ғой Мұхтар Әуезов. Ал «Бұралып тұрып, Буыны құрып»
өлеңінде, бар болғаны 8 жолдық бір шумақта текстің жалпы
тақырыптық (жағымсыз портрет тақырыбы) және ассоциатив-
тік үніне (беретін әсеріне) сай топтастырылған әсемсу, сәнсу,
білгенсу, бәлсу, буыны құру, мұрнын қисайта тарту, керенау,
кердең сияқты сөздердің қатарына керім сөзін қосып жібереді,
демек, бұл жердегі керім сөзі керенау, кердең дегендердің
контекстік синонимі іспеттес қолданылған.
Тақырып жағынан үндес сөздердің шоғырлануы образдың
семантикалық-стильдік колоритін (бояуын) жасайды (колорит
дегеніміз – тұтас дүние ішінен бөлініп көрінетін ерекшелік
қой). Сөйтіп, тақырыптас сөздер де текст түзеді екен. Айталық,
«Сегізаяқ» – Абайдың ақындық, азаматтық ар-ұжданының
толғанысы, дүниеге, болмысқа деген көзқарасы, демек, бұл –
философиялық толғаныс, сондықтан мұнда негізінен дерексіз
ұғымдар сөз болады. «Сегізаяқта» ең алдымен «толғаныс»,
«поэзия», «сөз» деген ұғымдарды білдіретін қызыл тіл де
геннен бастап, ой, әдет, қайрат, «өлең, толғаныс, пікір»
мағынасындағы сөз, мінез, насихат, өсек, нысап, ұят, дәулет,
нәсіп, еңбек, ар, өтірік, ұрлық, зорлық, тамағы тоқтық,
жұмысы жоқтық, қулық, сұмдық, қорлық, мақсұт, абиыр,
талап, ғылым, дерт, жалғыздық деген 40-қа жуық дерексіз
ұғым атаулары келтірілген. Бұларды бір өлеңде шоғырлап
беру арқылы ақын текст түзіп тұр. Ал бұл жерде текст түзудің
қажеттігі осы өлеңге толғаныс сипатын беруден туып отыр.
Абайдың поэзияның мәні, қызметі туралы жазған өлеңінде
өлең, ертегі, сөз, қызыл тіл, өнер деген зат есімдер «поэзия»
деген тақырыптық топ құраса, жазбау, жазу, сөзді ұғу, құлақ
тосаңсу, айтқанды ұқпау, айта беру, сөз айту, жамандау
сияқты сөздер тобы «жазу, өлең шығару» деген тақырыпты
қамтиды. Көкірегі сезімді, тілі орамды, көзі ашық көңіл, әсіре
қызыл сөз, түбі терең сөз, өлеңі бар өнерлі [інім], есіл өнер
сияқты сын есімдер де алдыңғы екі топпен үндес, бұлар да
«тіл, сөз, поэзия, өнер» деген тақырыпқа қатысты анықтауыш
сөздер. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген бұл
өлеңдегі ақынның айтпақ идеясын – поэзия туралы толғанысын
осы тақырыпқа қатысты сөздердің шоғырланып келуі білдіріп
тұрса, бұл жерде де осы шоғырлану арқылы тұтас текст түзіліп
тұрғанын көреміз. Мұнда сөздердің модальдық реңкіне қарай
топтасуы емес, тақырыптастыққа қарай шоғырлануы орын
алып тұр.
Сірә, текст түзуде грамматикалық тұлғалардың, әсіресе
олардың ұйқасқа қатыстырылғандарының да рөлі болатын
сияқты. Айталық, Абайдың «Сап, сап, көңілім, сап, көңілім»
деген өлеңі бес шоғырдан (тирададан) тұрады. Әр шоғырдың
грамматикалық тұлғалармен келуі әртүрлі: 1-шоғыр сұраулы
сөйлемдерден тұрады:
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім,
Саяламай, сай таппай,
Не күн туды басыңа?
Күні-түні жай таппай?
Сен жайыңа жүргенмен,
Қыз өле ме бай таппай?
Әрі қарайғы шоғырлардың барлығында да сұраулы
сөйлемдер қатысып отырады. Демек, бұл өлеңнің тексін түзуде
грамматикалық құрылыс қатысқан.
Текст түзу – жетілген жазба әдебиеттің қөрінісі. Және ол –
қаламгердің зор талантын талап ететін құбылыс, өйткені текст
түзу үшін сөз топтарын, грамматикалық амалдарды таңдай
білу керек, әр сөздің лексикалық мағынасы мен модальдық
(ассоциативтік) өңін тап баса білу керек.
Әрине, Абай бұл құбылыстың теорясын да, текст түзудің
амалдарын да оқып білген емес, тіпті бұндай поэтикалық
категорияның бар-жоғынан білім жүзінде бейхабар. Бірақ по
эзия бар жерде ақындық интуиция деген кім-кімде де, қай
кезеңде де орын алатыны даусыз. Абайды біз қазақ поэзиясын
жаңа сапаға, классикалық жазба дүние дәрежесіне көтерген
суреткер деген тезис ұсынсақ, бұлайша тануымызға негіз бо
латын – біз талдап отырған құбылыстар. Абай бұл орайда тек
жазба поэзия деңгейіне көтерілгенін ғана танытпайды, сөз да
насы – поэзия данышпаны екенін де көрсетеді.
Көркем әдебиетте, оның ішінде поэзия тілінде сөзді таңдап,
талғап жұмсайтын, дәлірек айтсақ, жұмсататын саланың бірі–
синонимдер қазынасы. Жазушының (ақынның) сөзді сезіне
білуі, оның негізгі мағынасы мен мағыналық реңктерін айы
рып тани білуі, сөздің беретін әсеріне (экспрессиясына) ден
қоюы – қысқасы, суреткерлік-тілдік шеберлігі айқын көрінетін
тұстардың бірі – осында, сондықтан Абай поэзиясы тіліндегі
синонимдердің қолданысын жеке әңгіме етуді жөн көреміз.
СИНОНИМДЕРДІ ТАҢДАУ
Өлеңнің эстетикалық құнын оның көркемдігі көрсетеді. Ал
көркемдік әр алуан амалмен жүзеге асады. Көркемдік, әрине,
тек сыртқы әсемдік емес. Сыртқы әсемдік деп тұрғанымыз –
образды сөздердің: эпитеттер мен метафоралардың, ұтықты
теңеулердің, арнаулы поэтизмдердің қолданылуы. Әрине, өлең
көркемдігі үшін олардың болуы – басты шарт. Сонымен қатар
көркемдік дегеніміз сыртқы (тілдік) көрінісі жоқ сәттерде де
жүзеге асып жатады. Айталық, синонимдерді таңдауда олардың
сол текске алынған қатары пәлендей экспрессивті немесе
көріне поэтизм болмауы да мүмкін, бірақ белгілі бір стильдік
мақсатпен келгенде, синонимдердің дәл сол таңдалған вариан
ты ұтымды болып табылады.
Абай синонимдерді таңдауда нағыз ұтқырлық танытқан.
Тұлғалары бөлек, мағыналары жуық сөздер болып табыла-
тын синонимдер – поэзия тілінің ең бір қажетті құралы.
Синонимдік қатардағы сөздердің біреуін таңдап алу ақын-
ның айтпақ ойын (идеясын) дәл беру, ұсынбақ образды әсерлі
етіп шығару сияқты шарттарды жүзеге асырады. Синонимдер
бір-біріне сайма-сай мағынадағы сөздер емес, әрқайсысында
өзіне тән мағыналық реңкі бар, ұқсас мағыналы сөздер болса,
олардың қолданысы көркем әдебиетте, әсіресе өлең тілінде
ерекше орын алады. Өйткені поэзияда әрбір сөздің мағыналық
та, стильдік те жүгі ауыр келеді. Ғылым тілімен айтсақ, әрбір
ең шағын көркем контекстің экспрессивтік арқауы – сөз болса,
оның экспрессия тудыратын күші семантикасында: мағынасы
мен мағыналық реңктерінде. Демек, мағыналас сөздер өлең
тілінде бір-біріне тең түспейді, әрқайсысының өз қолданылу
орны, контекстік ортасы болуы қажет.
Синонимдерді таңдайтын тұстар әртүрлі: ұйқас жасауда
да ақын синонимдердің көмегіне жүгінеді, бір сөзді шағын
микротексте, яғни бір сөйлемнің ішінде немесе қатар келген
өлең жолдарында қайталамау сияқты қарапайым шеберлік
үшін де синонимдер қатары пайдаланылады (тек өлең емес,
прозада да бір жерде бір сөзді себепсіз қайталау жүрекке жылы,
құлаққа жағымды тимейтіні мәлім).
Бұл айтылған теориялық жайттарды оқып білмесе де,
Абайдың тілдік интуициясы (сезімталдығы) синонимдерді
шебер жұмсауға жол берген. Синонимдердің стильдік, конна-
тативтік, үдетпелік (градациялық) қасиеттері (қызметтері) бар
десек, оларды Абай тілінен көре аламыз. Синонимдер контек
сте мағыналық контраст деп аталатын кереғарлық мән туды-
рып, оның оқырманға тигізетін әсерін – экспрессиясын күшей-
ту арқылы стильдік жүк арқалайды. Мысалы, Абайдың бала
сы Әбдірахманның өлімінде оның жұбайы Мағышқа шығарып
берген жоқтауындағы: «Қызықтың заңғар басынан Қорлыққа
кеттім жығылып. Құдай қосқан қосақтан Жалғанда қалдым
жырылып. Қайғыңда қалдым қамалып, Қызығым кетті сыры
лып» деген тармақтардың үш жерінде синонимдік қатарлардан
сөз таңдайды. Бірінші сөйлемде құлау мен жығылу деген
синонимдердің Абай екіншісін алады. Сырт қарағанда, ақын
тілдің әдеттегі нормасынан ауытқып кеткен сияқты, өйткені
адам биіктен құлар болар, жығылу – көбінесе өзі аяқ басып
тұрған жеріне құлағанда болатын қимыл атауы. Ақын бұл жер
де Мағышқа «заңғар биіктен құладым» дегізсе, ол айтпақ идея
ны бейтарап мәнде хабарлау болар еді, ал қызықтың (бақытты
шақтың) заңғар биігінен жығылдым дегенде әрі мағыналық
контраст пайда болып, бұл сөйлемнің экспрессиясы күшейіп
тұр, әрі биік деп тұрғаны – өз мағынасындағы биіктік емес, ау
ыспалы мәнде келген сөз: бұл биік – Мағыштың Әбдірахман-
дай асылға жар болған бақыты, демек, өзінің өмірі. Мағыштың
қызықтың заңғар басынан жығылғаны – ең бақытты шағынан
айрылғаны. Сол сияқты келесі сөйлемде де Мағыш Құдай
қосқан қосағынан айрылдым демейді, жырылып қалдым дейді,
оның көріп келген қызығы жай өтіп кетпейді, сырылып кетеді.
Бұл жердегі, Абай таңдаған синонимдер – оқырман (тың-
даушы) сезіміне қатты әсер ететін, жоқтау тексіне экспрессив-
тік өң беретін қатарлар. «Қартайдық қайғы ойладық, ұлғайды
арман» деген өлеңінде «теп-тегіс аларман» замандастарын
сынағанда: «Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір, Өз үйінде шер
тиген паңы құрсын» дейді. Мұндағы шертиген деген етістіктің
экспрессиясы өте күшті. 1954 жылғы басылымда бұл сөздің
орнына шіренген деген сөз келген. Сірә, түпнұсқада қайсысы
болғанын айту қиын, дегенмен Абайдың стиліне салғанда,
шертиген синонимі ұтымдырақ: шертию дегеннің өзі де – жа-
ғымсыз бояуы қалың экспрессоид, ол да «маңғаздану» дегенді
білдіреді, ал шертиген адам жай маңғазданбайды, тіпті шама
дан тыс шіренеді, өзін мүлде зор санайды.
Синонимдік қатарлардан экспрессивтік мәні күштілерін
таңдау Абайда жүйелі түрде келеді. «Мәз болады болысың
Арқаға ұлық қаққанға, Шелтірейтіп орысың Шенді шек
пен жапқанға» деген өлең жолдарында «қолпаштау, мәз ету»
мағынасын беретін сөздердің экспрессоид синонимі шелтір-
ейтіп вариантын алады. Бұны таңдау кекесін бояуы қалың
сөз болғандықтан ұтымды, бұл сөз өзі «оңып тұрмаған»
болыстың портретін одан әрі мысқылдап көрсетеді. Оның
үстіне шелтірейтіп тұлғасы келесі жолдағы шенді шекпен де
ген сөздермен аллитерация жасап тұр, сондықтан мәз етіп бір
орысың немесе қолпаштап қойып орысың деп айтудың орнына
шелтірейтіп орысың дегені екі бірдей стильдік жүк арқалап,
өлең үдесінен шығып тұр.
Синонимдерді қолдануда Абай ұстанған және бір тәсіл –
оларды өлеңнің бір жолында қатар келтіріп, градация (сөз
мағынасын бірте-бірте күшейту немесе әлсірету) арқылы оның
экспрессиясын арттыру. Бұл тәсілді ақын жүйелі түрде жиі
пайдаланған. Мысалы, «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп баста
латын өлеңінде: «Өз үйіңде қипаңдап, Кісі үйінде күй таңдап,
Ақылы бар кісіні Айбаттайды, даттайды» дейді. Мұнда «жа
мандау» мағынасындағы екі сөз: біреуі ғайбат – араб сөзі бол
са, екіншісі – халық тіліндегі кәнігі даттау сөзі, екеуі қатар
келіп, осы образды үстемелеп тұр.
«Түзу кел, қисық, қыңыр, қырын келмей» десе, жолда үш
синоним түзу дегеннің антонимі (қарсы мағыналы сөз) болып,
бірін-бірі үстемелеп, айтылмақ идеяны күшейтіп тұр. «Кісі
алдында кірбеңдеп, Шабан, шардақ және шау... Тиянағым,
тұрлауым Енді кімге асылдым... Абайлаңыз, байқаңыз
Елдің жайы солай-ды... Әуелесін, қалқысын, От жалын боп
шалқысын... Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың»... сияқты
өлең жолдарындағы көрсетілген синонимдік қатарлардың
стильдік жүктері де осы мақсатты көздейді.
Мұндай мағыналас қатарлардың жоғарыда келтірілген жеке
лексикалық сыңарларын пайдаланумен қатар, Абай олардың
бірқатарын өзі жасайды немесе сирек сыңарларын іздеп тау
ып алады. Мысалы, «Татулық пен тыныштықты қоңыр көрер,
кем көрер» дегенінде кем көру сөзіне синоним етіп, қоңыр көру
тіркесін жасап алған. Ал: «Бөтен елде бар болса, Ежеттесің,
сыйласың» дегенінде көпшілікке түсінікті сыйлас сөзіне сино
ним етіп сирек қолданылатын ежеттес сөзін таңдайды.
Синонимдік қатарларды өлеңнің бір тармағының бойын
да емес, қатар тармақтарда келтіріп қолдану ақын шеберлігін
қажет етеді. Бұл тәсіл де әрі бір тұлғаны қайталай бермеу
талабын орындаса, әрі өлеңнің сөздігін құбылтып, әсерін
күшейтеді. Мысалы: «Өлмектен басқа дауа жоқ Алланың салған
дертіне. Құтылмас құл жол таппас Иенің салған өртіне» деген
қатар тұрған төрт жолда Алла мен Ие сөздерінен синонимдік
қатар түзіп қолданған. Сол сияқты: «Қорқытпай орнықтыр
Шошынған жүректі» десе де қорқу мен шошу – мағыналық
бояулары ұштасатын сөздер. «Өтірік берген қағаздың Тауып
алып жалғанын» дегендегі өтірік пен жалған да осы топтан
табылады.
Етістіктер – мағына жағынан синонимдер қатарын түзуге
өте бір икемді сөздер. Абай бұл мүмкіндікті де бос жібермейді:
Сөз көбейді, ұлғайды... Тоқтамады, тұрмады Кетті ор
тадан асылым... Осы өлеңде лексикалық синонимдермен
қатар контекстік немесе стильдік синонимдерді пайдалану –
поэтикалық тәсілдердің бірі. Абай тілінде бұл амал да сирек
теу болса да орын алған. Мысалы, «Өтті, өлді, тағдыр жоқ
қайта келмек» деген жолдарда өлді мен өтті сөздерін тек осы
контексте ғана синонимдік қатар деп тануға болады, әйтпесе
өткеннің бәрі – өлгендік емес қой. Сол сияқты «Сайра да зарла,
қызыл тіл, Қара көңілім оянсын» дегеніндегі етістіктер де – екі
түрлі қимыл атаулары болғанымен, бұл контексте мағыналары
жуықтатылған қолданыстар: ақын көңілі зарлау үшін сайрай
ды, сайрау арқылы зарлайды. Бұл етістіктердің арасындағы
қайталанатын да шылауын келтіруі де оларды мағына жағынан
шендестіріп тұр.
Синонимдік қатарлардың біреуін ұйқас үшін таңдау да
жоқ емес. Абай «намаз білмес пақыр» Абыралының портретін
берген өлеңінде: «Қирә, тін оқытып Көріп едім – шатылды»
дейді. Мұндағы шатылды – шатасты сөзінің синонимі, оның
тек шатасу емес, сол шатасудың нәтижесінде ұсталып қалу
(надандығын білдіріп қою) деген де реңкі бар, бірақ бұл жер
де ақын дәл осы синонимді қолданғанда алдыңғы және кейінгі
жолдармен ұйқас құрау талабынан шыққан. «Мен жасымнан
көп көрдім Мұсылманды, кәпірді. Абыралыдай көрмедім На
маз білмес пақырды. Қирә,тін оқытып Көріп едім – шатылды.
Ниет қыла білмейді не қылады нәпілді»...
«Ішім өлген, сыртым сау» деп басталатын өлеңіндегі: «Кісі
алдында кірбеңдеп Шабан, шардақ және шау» деген жолда
рында ұйқасқа алынған шау сөзі де синонимдік қатардан таң-
далған болса, бұл да 28 жолдық бір өлеңнің сау~жау~
япырмау~дау... деп кете беретін біркелкі ұйқасы үшін алынған.
Бірақ бұл тәсіл өзгелерде де, Абайда да аса жиі қолданылмаған,
өйткені күшті ақын әдетте ұйқас іздеп қиналмайды, ал
қатарынан ондаған жолдарды бір ұйқасқа кұру – Абай үшін
қалыпты құбылыс. Бір өлеңге немесе өлеңнің бірнеше
тармағына (жолына) бір ұйқасты алу, яғни моноұйқас – Абайда
өлеңнің тұтастығын сомдайтын тәсіл. Мұндайда Абайдың өлең
ырғағына келгенде мықты ақын екендігі ғана көрінбейді, соны
мен қатар сөз байлығы, сол байлықты айтпақ ойына (өлеңнің
тақырыбы мен мазмұнына) орайластыра жұмсау таланты
ғаламат екені байқалады.
Қазақ өлеңінің ұйқас суреті жағынан да, моноұйқасты
қолдану жағынан да Абай – теңдесі жоқ әрі кейінгілерге жол
салған ақын. Бұл жайында өз алдына жеке айтылды.
Абай синонимдердің мағыналық реңктерін айтпақ ойының
мазмұнына сай қолданады. Мысалы, бағу мен қарау сөздері –
синонимдер. Бірақ алдыңғысы «қарау» мағынасында кез келген
сөзбен тіркеспейді, өйткені бұл етістік деректі (материалдық)
затқа көз тігу деген ұғымды емес, дерексіз (абстракт) нәрсеге
көңіл қою (қарау) деген мағынаны білдіреді. Сондықтан
Абайдың: «Суретін көре алмассың көп бақпасаң» дегенінде көз
салатын, қарайтын нәрсе – құс салудың суреті (абстракт ұғым).
Келесі бір өлеңінде: «Өз хатыма өз көзім Ұялып, қорқып баға
алмас» десе, мұнда да «бағылатын» (қаралатын) – хат жазылған
қағаз емес, оның мазмұны.
Синонимдерді таңдауда олардың мағына жағынан нақты
немесе жалпылық ұғымдарды білдіруін, мағыналық қосымша
реңктерінің стильдік жүк жағынан жоғары (асқақ) не төмен
(пәс) қызметте жұмсалу қабілеттерін, экспрессиясы жағынан
бейтарап немесе әсерлі болып келетіндерін Абай тап басып,
жазбай танып отырған. Мысалы, жоғарыда Абай тұсындағы
қазақ әдеби тілінің нормасы тұрғысынан әңгіме болған әйел,
қатын, ұрғашы, деген сөздерді енді синонимдік қатарлардың
қолданысы жағынан қарастырсақ, қазақ жазба тілінде актив
тене бастаған кірме араб сөзі әйел деген мен байырғы түркілік
ұрғашы синонимін көбінесе «әйелзат, әйел атаулы, әйел жыны
сты» деген мағынада жұмсайды. Мысалы: «Хан қаһар, қара кісі
қастық кылса, Сонда ұрғашы болмай ма арашашы... Ұрғашы
да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған
тиер» деген жолдарда ұрғашы жалпылық ұғымды – «әйел жы
нысты адам, әйелзаты» дегенді білдіреді. Абайда әйел сөзі де
тек қана осы мәнде: «Әйел адам гүлмен тең, дымды сүймек...
Әйел жақсы болмайды көркіменен»... Ал қатын сөзін нақты
біреудің әйелі (қосағы, жұбайы) деген ұғымда да, «әйелзаты»
деген жалпы мәнде де қолданған. Демек, бұл синонимдердің
Абайда жұмсалу орны бар: бірі екіншісін алмастырмайды. Бұл
жерде тек әйел сөзінің бір қолданысы жайында тоқталуға тура
келеді. «Әйелің – Медет қызы, аты – Өрім» деп басталатын за
мандасы Қарынбай деген жігітке сын-ескерту ретінде айтқан
бір ғана шумақ өлеңіндегі әйел сөзі, сірә, түпнұсқада қатын
болуы керек, өйткені, біріншіден, бұл – біреудің әйелі, жұбайы
мағынасында айтылған, ал Абай әйел сөзін тек «әйелзаты, әйел
жынысты» деген ұғымда жұмсаған дедік, «біреудің әйелі»
мағынасында қатын сөзі келуге тиіс. Демек, Медет қызы
Өрім – Қарынбайдың қатыны. Екіншіден, бұл төрт жол 1940
жылы ел аузынан жазылып алынған. Үстіміздегі ғасырдың
20-30-жылдарынан бастап әйел сөзі «біреудің әйелі, жұбайы»
мағынасында да жұмсалып, қатын сөзін әдеби нормадан
ығыстырған. Қатын сөзі тіпті дөрекі сөздер қатарына көшкен,
демек, 1940 жылдары жоғарғы бір шумақ өлеңді ауызша
жеткізуші өз кезеңінің нормасына салып, «Қатының – Медет
қызы, аты – Өрім» деудің орнына «Әйелің...» деп ұсынған бо
лар, сірә, қатының десе, Абай үшін дөрекі деп тапқан болар. Әрине, бұл – біздің логикаға сайған жорамалымыз, мүмкін Абайдың өзі де әйел сөзін «жұбай» мағынасында жұмсай бастаған болуы, бірақ әйтеуір қайткенде де бұл сөздің «жұбай» ұғымында жұмсалуы Абайда жеке дара тұр. Синонимдік қатардағы әйел сөзіне Абай жоғары (асқақ) стильдік өң берген-ау деп те топшылауға болады. Мұны: «Ері ашу айтса, әйелі басу айтып» деген өлең жолына қарап шамалауға болады. Мұндағы айтылмақ ой ері, әйелі деген сөздер нақты бір әйелдің күйеуі немесе нақты бір еркектің қатыны туралы емес, әңгіме өзегі – жалпы ер адам мен оның серігі әйел баласы жайында. Демек, бұл жердегі ер де, әйел де – жоғары стильдік сөздер, олардың «пәс стильдік» вариантта ры – бай мен қатын деген сөздерді дәл осы тармақта қолданса, бұл идеяның жалпылық мәні шықпас еді. Алла, Құдай, Тәңірі, Жаратушы, Жасаған (Жаратқан синонимі Абайда жоқ) сияқты мағыналық реңк айырмашылықтары жоққа тән «таза» синонимдерді де Абай талғап, белгілі бір стильдік мақсатта жұмсайды. Мысалы, қатар келген өлең жол дарында бір сөзді қайталай бермес үшін бір тармақта Құдай, екіншісінде Тәңірі сөзін алады: «О да Құдай пендесі, Түспей кетер деймісің Тәңірінің құрған тезіне». Мұндағы синонимдер жарыспасы тек бір стильдік жүкті емес, екінші мақсатты да көздеп тұр деуге болады: әдетте Тәңірі пендесі дегеннен гөрі Алланың пендесі, Құдай пендесі тіркесі жиірек қолданылады, ал келесі жолдағы Тәңірі синонимі Тәңірінің құрған тезі деген құрылымда аллитерация қажетін өтеп тұр: Құдайдың тезі де геннен гөрі Тәңірінің тезі варианты құлаққа жағымды, айтуға икемді келген. Ал ислам діні сөз болған жерде бұлардың Алла жарыспасы көбірек келеді, әңгіме жалпы «Құдіретті күш, Жара тушы» жайында болса, Құдай варианты «өтімдірек», Қазақтың «өз Құдайы» – Тәңірі сөзі көбінесе Құдай сөзімен алмастыры лады, ол Құдай атсын, Құдайға жазу деген тіркестер тәңірі атсын, Тәңірге жазу түрінде келе береді. Тәңірі синонимінің аллитерация үдесінен шығуы Абайда жиірек: Тәңірі сақтар та бандап тап ұрса да... Мәндес сөздердің біреуін таңдауда жасы рын сөзін алмай, ұрланып деген синонимін дұрыс келтіргенін зерттеуші М. Базарбаев көрсетеді21. 21 Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. - Алматы, 1973. - 99-б.
Абай синонимдік қатарлардың біреуін өз орнында таңдап
жұмсауды аударма өлеңдерінде де көрсеткен. Аударып отырған
өлеңді жай көшірме емес, қазақ тіліндегі теңдесі етіп ұсыну
үшін, яғни төлтума өлең авторының айтпағын дәл және көркем
түрде беру үшін әрбір сөздің бояуын, семантикалық реңктерін,
ғылыми терминмен айтқанда, семаларын, өзге сөздермен
тіркесу қабілеттерін, сезіне білген Абай М.Ю.Лермонтовтың
«пустыня внемлет Богу» деген идеясын «елсіз жер тұрғандай
боп Хаққа мүлгіп» деп аударады. Бұл жерде Абай орысша внем
лет етістігінің кітаби поэтикалық сөз екенін іштей сезініп, оны
тыңдады немесе құлақ салды деп аудармай, бұл сөздердің ор
нына мүлгу сөзін таңдайды, өйткені Хақты, яғни Құдайды жай
тыңдауға, тек құлақ салып қоюға болмайды, оған адам жан-
тәнімен беріліп, бұйрығына мойынсұнып, мүлгіп тыңдау ке
рек. Сондықтан Абай елсіз жер Хаққа мүлгіп тұр дейді.
Сірә, бұл келтірілген мүлгу, бағу сияқты сөздерді тыңдау,
қарау дегендердің поэтикалық синонимдері деп тануға бо
лар. Поэтикалық синонимдер қатарына авторлық, контекстік
қолданыстарды да жатқызуға болатын тәрізді. Бұл ретте
Абай өлеңдерінің тілі көп материал береді. Мысалы, Абы
ралы замандасының барлық мұсылманшылық рәсімі дұрыс
орындалмағандықтан босқа кетеді демейді, желге кетеді
дейді, сұлуды суреттегенде «сөз жетпейді, қызықтырады» де
ген ойды айту үшін ақын тіл байлайды деген синонимді тау
ып қолданады. Абайда таза авторлық, яғни тек өзі қолданған,
өзі жасаған өте әсерлі етістік синонимдер молынан табыла
ды. Оның қулық сауу (алдау), күлкі бағу (құр сайрандау), күлкі
күйлеу (желігу, әуейілену), мақтан күйлеу (мақтан қуу, мақтан
іздеу, «Абай тілі сөздігінде» бір жерде бұл тіркесті «мақтанды
қуу, дәріптеу» деп түсіндірілген, дұрысында, мақтан қуу мен
мақтан күйлеу – синонимдер, алғашқысы бейтарап мәнде,
соңғысы – экспрессиялы образ, яғни поэтикалық қатары).
Күлкі сату – Абайдың өзі жасаған образды тіркес, ол еңбекпен
емес, болмашы әрекетпен көріну дегеннің поэтикалық сыңары.
Бұл етістік «Абай тілі сөздігінде не «күлкі» сөзтізбесінде
(реестрінде), не «сату» реестрінде түсіндірілмеген, ой табу
(іздену), бұл тіркестің түсіндірмесі де сөздікте жоқ, мал салу
(мал жұмсау), мойын түсу (үнжұрғасы түсу), сөз сату (сөзін
бұлдау) сияқты қолданыстар кейде жеке бір етістіктің, кейде
тіркестің образды, яғни поэтикалық синонимдері болып келеді.
Бұл көрсетілгендер – Абай ізденістері, Абайдың авторлық
қолданыстары.
Ал қышыну (пәле іздеу), сарнау (зар айту, зарлау), күлмеңдеу
(ойнақылану),
босаспау
(айрылыспау),
дүрсу
(кісімсу)
сияқты дара етістіктер де, айдыну (жасқану), алқау (қолдау),
азырқану (азсыну) сияқты сирек қолданылатын етістіктер
де синонимдердің поэтикалық қатарын түзейді, бірақ бұлар
Абайдың өзі жасап ұсынғандар емес, тілде бар сөздер болып
келеді.
Сөйтіп, Абай ақын айтпақ идеясын айқын, әсерлі етіп
жеткізу үшін және поэтикалық образды дәл беру үшін сино-
нимдік қатарларды талғап, таңдап өте шебер пайдаланған
дейміз. Синонимдер – өлең тілінің сөз оралымын арттыра
тын құралдар. Поэзия өз ерекшелігіне орай тілдегі өте сирек
қолданылатын сөздер мен кейбір көне тұлғаларды синонимдік
қатарға тарта алады. Сондықтан біз Абай тілінен безу ~ күсу,
бүкіл ~ мұқым, сырлас ~ ежеттес, қадірлеу ~ әз тұту, кем көру
~ қоңыр көру, жолдастық ~ сұхбаттастық, шабан ~ шардақ
~ шау деген мағыналас сөздер қатарын көре аламыз. Мұндағы
екінші қатардағы синонимдер не күсу, мұқым, шардақ сияқты
сирек қолданылатын сөздер, не ежеттес сияқты көне тұлға,
не әз тұту сияқты поэтизмдер, не сұхбаттастық сияқты араб
сөзінің түпнұсқа тілдегі бір мағынасын кәдеге асыру, не қоңыр
көру, шау сияқты экспрессоидтер болып келеді. Сонымен,
Абай поэзия тілінде синонимдерді «ойната», «сөйлете» білудің
ғаламат үлгісін көрсетіп кетті дей аламыз.
Мағыналары қарама-қарсы сөздер – антонимдер деген
дер де – ақын діттеген поэтикалық қызметті атқара алатын
құралдардың бірі. Абай мұны да қалт жібермейді. Ол өмір мен
өлім, жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, білім мен
надандық сияқты кереғар полюстерді көрсету арқылы өмірге
көзқарасын, философиялық ой түйінін білдіреді. Бұндай
қарама-қарсы ұғымдардың тілдегі көрінісі – антонимдер болса,
ақын оларды бір өлеңде немесе өлеңнің бір шумағында, кей
де тіпті бір жолында қатар келтіріп, сол арқылы айтпақ иде
ясына поэтикалық өң береді. Мысалы, «Ішім өлген, сыртым
сау, Көрінгенге деймін-ау. Бүгінгі дос – ертең жау, Мен не
қылдым, япырмау» дегендегі айтпағы – қайшылығы мол өмір,
сол қайшылықты тудыратын құбылыстың бірі – адамдардың
тұрақсыздығы болса, осыны білдіруде іш – сырт, өлген – сау,
бүгінгі – ертең, дос – жау деген төрт жұп антонимді қолданған.
Абайда тілдік антонимдермен қатар, контекстік антонимдер
де жиі кездеседі Мысалы: «Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты
ұғар» дегенінде тасыр мен талапты сөздері – қарсы мәнді
образдар және олар антонимдік сипатқа тек осы контексте ие
болып тұр, әйтпесе тасыр сөзінің лексикалық мағынасы «есер,
алаңғасар, тасырлаған адам» дегендер болса, бұл контексте та
сыр сөзі «еш нәрсеге талпынысы, ынтасы жоқ» деген мағынада
жұмсалып, талапты сөзінің антонимі болып тұр. Сол сияқты:
«Надан жөндіге жөн келмей, Білер қайдағы шәргезді» деген
өлең жолдарындағы шәргез деген сирек қолданылатын сөздің
Абай берген мағынасын оның осы контексте жөнді сөзіне ан
тоним ретінде қолданылуына қарап айтуға болады: бұл жердегі
шәргез – «шәлкес, жөнсіз». Әрине, Абай тілінде антонимдер
сан жағынан синонимдерге қарағанда, әлдеқайда кем, бірақ
олардың белгілі мақсатпен қолданысы жағынан уәжділігі өте
айқын көрінеді.
СӨЗ – СИМВОЛ Лингвистикалық поэтика саласында символ терминіне беріліп жүрген анықтама әртүрлі (бұл сөздің «белгі» деген жалпытілдік мағынасын әңгіме етпейміз). Көркем әдебиеттің, оның ішінде поэзияның тіл кестесін сөз ететін, орыс поэти касына қатысты зерттеулерде «символ» термині суреткердің (ақынның) белгілі бір ұғымды, идеяны заттық образбен (оның атауымен) білдіруін атайды. Демек, поэтикалық образдың заттық белгісі, яғни символ – белгілі бір заттың атауы түрінде білдірілген поэтикалық образ. Символ терминін бұдан өзгеше мағынада ұсынушылық та бар. Мысалы, акад. В.В.Виноградов: символ – поэтикалық тілдің семантикалық единицасы (дүниесі) деп таниды22. «Символ» терминіне мағына жағынан өзгелер қолданатын «стильдік белгілер», «поэтикалық тәсілдер», «әдеби тәсілдер», «стильдік единицалар», «поэтикалық тілдік элементтер», «об раз құрайтын элементтер», «көркемдеу құралдары» деген тер миндер сай келетінін айтады23. Ал қазақ поэзиясының тілін зерттеушілер символ дегенді кеңінен арнайы сөз еткен емес. Тіпті символды перифраз сияқты астарлап, тұспалдап атаумен алмастырушылық та жоқ емес. Мысалы, Қ. Жұмалиев Абайдың қолдан ұшқан ақ сұңқар деп Әбдірахманды бейнелеп атауын символ дейді, ал бұл – кәдімгі перифраз. Әдебиет теориясына арналған еңбектерде символды көркемдік мақсатпен сөз мағынасын құбылтып қолданатын тәсілдердің бір түрі деп есептеп, оған орыс ғылымында берілген анықтама ұсынылады. «Образ тура өз мағынасында емес, бейнелеу мағынасында айтылса, символдық образ неме се символ деп аталады» деп түсіндіріліп, бұған М. Горькийдің дауыл дегені революцияның, дауылпазы – оны басқарушылардың символы деп мысал келтіреді (қазақ әдебиетінен келтірілген мысал жоқ)24. Ал дәл осы мысалды әдебиет тео 22 Виноградов В. В. О поэзии Анны Ахматовой. - Л., 1925. - С. 15. 23 Григорьев В. П. О единицах художественной речи // Поэтика и стилистика русской литературы. - Л., 1971. - С. 386. 24 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1950. - 125-б.
риясын зерттеуші ғалым 3. Қабдолов кейіптеу (жансыз заттар ды жандылардың қасиет, қимыл, әрекетін беріп суреттеу) деп келтіреді25. Символды бұл зерттеуші астарлау деп атап, оған толығырақ анықтама береді: «Құбылтудың бір түрі – астарлау, яки символ, бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тар тымды тұспалмен түсіндіру»26. Зерттеуші қазақ ақындарынан мысалдар келтіреді: «Әбділда Тәжібаевтың бір өлеңінде теңіз – өмірдің символы, Қасым Аманжоловтың бір өлеңінде құз – терең ой үстіндегі ақынның (ойлы адамның) символы», – деп дұрыс көрсеткен. Көркемдеу тәсілінің бірі символ мен әдеби ағым символизмді шатастырмау керек екендігін де жақсы айтқан. Символ жайында сөз еткен әдебиет теоретигі Зәки Ахме тов те: «Символ дегеніміз – балама бейне. Оған негізгі ойды, айтқалы отырған нәрсені, құбылысты сол балама бейне, сурет арқылы тұспалдап көрсету тән», – дейді27. Сөйтіп, символ – идеяның заттық (болмыстық) нышаны, астарлы образы. Қазақ поэзиясы символды ежелден жақсы білген. XV ғасыр жырауы Қазтуған «кір жуып, кіндік кескен туған жер, отан, халқының тұрақты мекені» деген идеяны білдіру үшін Еділ өзенін символ етіп жырлайды: «Қайран менің Еділім, Сен салмадың, мен салдым» десе, мұндағы идея –туған жерді еріксіз тастап кеткен, жырау зарын «Еділді қалдырып кетіп барамын» деген астармен айтып тұр. Туған жердің, ел, отанының символы ретінде Еділ, Жайық деген заттық ны шандарды алу күні кешегі Махамбеттерге дейін келді. Оның: «Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жайықтың бойы көк шалғын, Күзерміз де жайлармыз» деген өлең жол дарында айтпақ идеясы – Еділ мен Жайық өзендерінің бойына ел қондыру, оны жаз жайлап, күз күзеу емес, нақты осы әрекеттер емес, басқа, яғни «туған жерде емін-еркін өмір сүру» идеясы. Олай болса, Еділ мен Жайық – символдар. Мағжан Жұмабаевтың поэзиясында жел – символ, ол бірқатар идеяның 25 Қабдолов 3. Әдебиет теориясының негіздері. -Алматы, 1970. - 234-б. 26 Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. - Алматы, 1973. - 22-б. 27 Сонда, 236-б.
символы: жел – бірде рақат, тыныштықтың (Жұмақтағы жібек
желден, Мәңгі жайнап тұрған гүлден Жаратылған әйел сұлу),
енді бірде жел – тағдырдың адам өмірінің символы. Мысалы,
«Мені де, өлім, әлдиле» деген өлеңінде: жел образы алты рет
қайталанып келіп, адам тағдырының образын тұспалдайды:
«Жел бұйығып, тербелген Әлдекімнің өлгенін, Оны қалай
көмгенін Әңгіме қып күңіренген», «Қара орманның шетінде,
Нағыз желдің өтінде Өскен жалғыз жас қайың...», «Сол жас
қайың құлапты, Жанында жел жылапты...», «Майданда ұлан
қайтыпты, Жел иманын айтыпты...», «Сорлы шөлде өліпті, Жел
құмменен көміпті...», «Қайтыпты қозы көз тиіп, Бетінен кей
де жел сүйіп... Құшыпты да өліпті, Жел толқыннан біліпті...».
Бұл өлеңде символ – тек жел емес, жас қайың, жаңа біткен
балдырған – жас өмірдің символдары, бетпақ шөл – қиын
өмірдің символы.
Мағжан ақынның айтпақ идеясының заттық нышаны
ретінде желдің өте күшті образ болып келген тұстарын біраз
өлеңінен табуға болады.
Кәкімбек Салықовтың жезкиігі – сұлулықтың, сұлулыққа
құштарлықтың символы, Қасым Аманжоловтың Дариғасы –
арманның символы т. т.
Көркемдеу тәсілдерінің ішінде сирек кездесетіні – символ.
Бір ақында көзге түсетін нағыз символдар төрт-бестен аспай
ды десек те болады. Символды Абай көп қолданбаған. Оның
себебін, сірә, поэтикалық шығарманың жанрынан, ақынның
көркемдеу тәсілдеріне деген талғамынан іздеу керек болар.
Символ негізінен лирика тіліне тән. Әсіресе ақынның жан
дүниесін толғаған өлеңдерінде айтпақ идеясын тіке атамай,
бейнелеп, тұспалдап білдіру әсерлі. Дегенмен идеяны сим
волдап (тұспалдап, нышанын ғана білдіріп) беруді лирик
ақындардың барлығы бірдей ең тартымды тәсіл етіп қолдана
бермейді. Оның үстіне оқырманның (тыңдаушының) сим
волды түсінетін дәрежесімен де санасу керек. Ол үшін ақын
қолданатын символдар халық санасында орныққан, көпшілік
оқырманның құлағына қанық образдар болуы керек (мы
салы, қос аққу – сүйіскен жастар, ғашықтар, дала – еркіндік
т. т.), не бұл тәсілге өте сақтықпен сараң түрде бару керек.
Сірә, «тыңдаушымды ұғымсыз қылып Тәңірім берген-ді» деп
таныған Абай білдірмек ойын тұспалдамай-ақ тура айтып
жеткізуді көбірек ойласа керек. Оның үстіне ақын символ
дегенді өзінің ең бір толғантқан идеясын бейнелеп беру үшін
оған материалдық дүниеден (көзге көрінетін, қолға ұсталатын,
құлаққа естілетін дегендей) балама іздейді.
Ал Абайдан символ іздей қалсақ, ең алдымен, жүректі атар
едік. Жүрек – адам организміндегі мүшенің атауы, демек, ол да
– зат. Осы затты ақын адамның ішкі дүниесінің, санасының ру
хани сұранысының символы етіп қолданады, тіпті әрі-беріден
соң жүрек – адамның өзінің символы болып шығады. Мыса
лы, ақын: «Жүрегім, ойбай, соқпа енді, Бола берме тым күлкі»
дегенде де, «Сорлы жүрек мұнша ауыр Неге қатты соқтығар»
дегенде де, «Сенісерге жан таба алмай, Сенделеді ит жүрек»
дегенде де – барлығында да әңгіме организм мүшесі – жүрек
туралы емес, адамның өзі туралы: күлкі болатын – жүрек
емес, адам, сорлы эпитеті адамға ғана тән, сенделетін де –
адам. Абайдың жүректі адамның символына айналдыраты
ны соншалық, тіпті жүрекке берілген қимыл-әрекеттің бәрі –
адамның әрекеті. «Ақыл да, ашу да жоқ күлкі де жоқ, Тулап,
қайнап, бір жүрек қылады әлек» – тулайтын, әлек салатын –
адамның өзі ғой, демек, мұнда да жүрек – адамның символы.
Адамның ішкі дүниесі абстракт нәрсе болса, оның символы
материалдық дүниеден алынып отырғандығын күшейте түсу
үшін Абай жүректі «заттандырып» алады: жүрек киім, төсек
сияқты жамаулы болып та келеді (Жүрегім менің қырық жа
мау қиянатшыл дүниеден), жылқы сияқты асау болып та келеді
(Асау жүрек аяғын шалыс басқан), адамның өзі сияқты асыл
болып та келеді (ақылды, асыл жүрек сөзі майда), сондай-
ақ жылы да, ыстық та, мұз да, сұм да болып келе береді. Бұл
сипаттардағы жүректердің барлығы – адамның, лирикалық
кейіпкердің өзінің символы.
Абай тіл дегенді де ақындықтың, поэзияның символы етіп
көрсеткен деуге болады. Тіл сөзін 80-нен аса рет қолданғанда,
ол қолданыстың көбінде тіл сөзінің адамның ауыз қуысындағы
дәм беретін мүшесінің атауынан басқа және адамдардың бір-
бірімен сөйлесетін қатынас құралы деген ұғымынан басқа,
оны тұспалды мағынада да жұмсайды. Абайдың атақты
«Сегізаяғы» толғауы тоқсан қызыл тілін «үндеуден» баста
лады. Оның «қиуадан шауып, қисынын тауып, тағыны жетіп
қайыратын толғауы тоқсан қызыл тіл» деп отырғаны – поэ-
зия, өлең сөз. Тіпті үңіле қарасақ, ақын өзі «сөйлеймін десең
өзің біл» деп өз талант күшіне, ақындық қуатына айтып тұр.
Әрине, үстірт қарағанда, қиуадан шабатын да, қисынын тауып,
тағыны қайыратын да тілдің (сөздің) өзі сияқты, бірақ сол тіл
қай түрде жұмсалғанда тағыны қайырады: жай сөйлегенде ме,
әлде поэзияға қызмет еткенде ме? Әрине, соңғы жағдайда. Де
мек, ақынның бұл жердегі толғауы тоқсан қызыл тілі – өзінің
ақындық қуаты, өзінің поэзиясы.
Абайдың аударма өлеңдерінде кездесетін желкен (па
рус) сияқты символдары – әрине, өзінікі емес, түпнұсқа өлең
авторінікі, Лермонтовтікі. Бірақ мұндай кірме символдар да
Абайда көп емес.
СӨЗ ҚҰБЫЛТУ
Абай фразеологиясы
Язык неистощим в соединении слов.
(А. С. Пушкин)
Ең алдымен, қалың оқырманға «фразеологизм» деген
«орысшалау» терминді қолданғанымызды білдіріп, оның «бір
мағынаны беретін сөз тіркесі» деген атау екенін ескертеміз. Ал
«фразеология» дегеніміз – біріншіден, «фразеологизмдердің
жиынтығы, әлемі, қазынасы», екіншіден, «фразеологизмдерді
зерттейтін ғылым саласы». «Абай фразеологиясы» дегенге осы
екі ұғымның екеуі де енеді. Біз бұл тарауда Абай қолданған әр
алуан сөз тіркестерінің әлемін көрсетуді де, сол әлемнің түр-
түсін, сыр-сипатын, қызметін зерттеп, талдап танытуды да
көздедік.
Белгілі бір образды беруде фразеологизмдер – поэтикалық
экспрессияның ең бір ұтымды құралы. Жалпы фразеологизм
атаулының табиғатын ашу, оларды өзге бейнелі штамптардан
ажырататын межелерін көрсету, фразеологизмдерді мағына-
лық және құрылымдық белгілеріне қарай бөлшектеп беру
сияқты міндеттер біздің бұл жұмысымызда діттеген нысана-
мыз емес. Дегенмен бұл категорияға қатысты кейбір қалып-
тасып қалған пікір-тұжырымдарға байланысты өз ой-түйінде-
рімізді талдау барысында ұсынып отырғанымызды да ескер-
теміз.
Біз әңгіме ететін фразеологизмдеріміз – суреттеме сөз тір-
кестері, яғни поэтикалық фразеологизмдер. Бұлар әдетте
бір нәрсені: затты, сынды, қимылды, қимылдың амалын жай
атамайды, суреттеп, бейнелеп, астарлап, «мадақтап» не «бала-
ғаттап» атайды, яғни айтушының (жазушының, ақынның)
сол нәрсеге – объектіге «пейілін» – көзқарасын білдіре атай
ды. Демек, поэзия тіліндегі фразеологизмдердің басты белгісі
– олардың образды (бейнелі) болатындығы. Ал бейнеліліктің
«сүйегі» тілдік метафорада жатады. Метафора дегеніміз –
сөздердің мағына ауыстырып жұмсалуы болса, фразеологизм
дер сөз мағынасын құбылтудың бірден-бір көзі болып табыла
ды. Мұны ақын-жазушылар жақсы біледі де, шебер пайдала
нады.
Өлең дегеніміз дыбыс пен сөзден өрілген өрнек, төгілген
кесте болса, бұл кестені салуда фразеологизмдердің орны
айрықша. Фразеологизмдер – сандаған жылдар мен ғасырлар-
дың қазынасы, бұл, бір жағынан, екінші жағынан, ол – жеке
қаламгерлердің табысы, еңбегі, ізденісі. Фразеологиялық
тіркестер – семантикалық шоғырлар, яғни жеке сөз мағына-
ларының бір-бірімен түйісуінен туған жаңа мағыналық
дүниеліктер. Демек, белгілі бір қаламгердің жалпы тілдік
қазынасын және көркемдік байлығын зерттеуде оның фразе
ологиясын тауып тану ерекше орын алады. Сондықтан Абай
тілінің фразеологиясын, оның ішінде образды тіркестерін ар
найы сөз ету – біздің бұл зерттеуіміздің өзекті бөлігі.
Бұл жерде біз образды (бейнелі) фразеологизмдер дегенді
әдейі бөліп атап отырмыз, өйткені суреткер тілінде терминдік
мәндегі тіркестер де, атауыш мәндегі, яғни бір нәрсені жай
атайтын тұрақты тіркестер де кеңінен қолданылады. Егер
фразеологизмдердің бұл топтарын сөз етер болсақ, ол өз алды-
на бөлек талдануы қажет болар еді, бірақ бұл – өлең тілінің өр-
негі жайындағы әңгіме емес, ақынның лексика-фразеология-
лық қазынасы туралы ізденістер болмақ. Сонымен қатар
кейбір мамандар фразеологизмдер класына мақал-мәтелдерді,
нақыл сөздерді, қалыптасқан формулалар мен өзге де штам
птарды жатқызады. Ал бұларды әңгіме арқауы ете қалсақ,
мұны да өз алдына бөлек қарастыру қажет. Бұлардың барлығы
да – бейнелі, астарлы тіркестер болғанымен, табиғаты, яғни
тілдік қызметі мен стильдік жүгі образды фразеологизмдерден
өзгеше дүниелер. Демек, ақын тілінің фразеологизмдер қорын
(қазынасын, құрамын) сөз етудің мақсаты – оларды тек түстеп,
түгендеу ғана емес. Әрине, ол да қажет.
Жеке суреткер тіліндегі образды фразеологизмдердің тип-
терін, олардың көп-аздығын, ескі-жаңаларын түгендеу үстінде
ақынның не жазушының фразеологизмдер саласындағы бай-
ырғы қазынаны қаншалықты игеріп, кәдеге асырғанын, қан-
шалықты жаңаларын ұсынғанын көруге болады. Ал бұлар
шығармашылық контекст немесе авторлық даралық дегенді
танытады, тіпті кеңірек қарасақ, суреткер тіліндегі фразе
ологизмдер әлемі оның поэтикалық тіл арқылы көрінетін
дүниетанымын көрсетеді.
Сонымен қатар фразеологизмдер – экспрессияның таптыр-
мас құралы. Поэзия тілі жұмсаған фразеологизмдердің
қай-қайсысы да образды болып келеді, бірақ олардың өзі
экспрессивтік бояуы жағынан бірі күшті, бірі солғындау де
ген сияқты болып бөлініп тұрады. Ақын қажет жерінде тым
күштілерін іздестіреді, жоқ болса, өзі жасайды. Мысалы,
тілдегі көңілі қалу, көңілі жабырқау дегендер де – фразео
логизмдер, бірақ Абайға бұлардың беретін әсері солғындау
көрінеді, сондықтан көңілге ажым салу деген мүлде тың тіркес
жасайды, мұның экспрессиясы алдыңғы тіркестерге қарағанда,
әлдеқайда күшті. Сол сияқты біреудің еңбегін (күшін, пікірін)
олжалау, пайдалану деген сөздер – информативтік қызметтегі
жай атаулар, ал осылардың орнына ақын адам сауу, адам ау
лау деген фразеологизмдерді қолданса, бұл тіркестер өздерінің
сонылығымен, әсерлілігімен көзге түседі, қөңілге қонады, об
раз болып келеді.
Абай тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуде оларды екі
қырынан қарап талдау қажет. Бірінде, жоғарыда айтқандай,
фразеологиялық тіркестерді жалпы түстеп-түгендеу, мұнда
негізгі назар Абайдың өзі ұсынған авторлық фразеологизм
дерге аударылады, олардың жасалу механизмі сөз болады,
екіншісінде фразеологизмдерді ақынның қалайша жұмсағанын
айқындау, мұнда негізгі назар фразеологизмдердің құрылымы
мен мағынасына енгізілген өзгерістерге аударылады.
Алдымен, Абай тіліндегі образды фразеологизмдерді
түстеп-түгендеуге келсек, оқырман назарын мына жайттарға
аудартар едік.
Тіл-тілдің қай-қайсысында да ғасырлар, жылдар бойы қа-
лыптасқан фразеологиялық қазынасы болады. Олардың ішінде
образды тіркестер көркем әдебиет (поэзия) қажетін өтеуде
халықтың эстетикалық талғамын ақтайтын ең бір күшті тіл-
дік құрал болып келеді. Сондықтан әдеби мектептердің және
әдеби тіл дамуы кезеңдерінің дәстүрлілік, жалғастылық сипа
тын танытуда материалды фразеологизмдер береді.
Абай негіз етіп алған қазақтың ауызша дамыған әдеби тілі,
яғни ақын-жыраулар поэзиясы мен шешендік сөздері образ-
ды фразеологизмдерге өте бай болды. Қазақтың Абайға дейінгі
(және одан кейінгі де) ұлттық ерекше белгілерін іздей қалсақ,
сірә, олардың бірі – өте бейнелі, әсерлі, әуезді тіркестердің
молдығы дер едік.
Суреткер әдеби тілді қолдануда сол тілдің негізінен,
дәстүрінен ешқашан қол үзбейді. Тіпті қазақ әдеби тілінің
жаңа сапалы кезеңін бастаған Абайдың өзі байырғы қазақ
поэзиясының тіл өрнегін жалғастырды, оның дәстүрін сақтады
дей аламыз. Әрине, бұл дәстүрді бұлжытпай, еш нәрсе қоспай,
өзгертпей сақтаған жоқ. Ол – өз алдына әңгіме.
Абай тілі де осы жалғастылықты көрсетеді. Ұлы суреткер
тілінде жүздеген фразеологизм қолданылған болса, оның дені
өзіне дейінгі әдеби тіл қазынасынан алынған. Ал бұлардың
басым көпшілігі жалпытілдік деген топ құрайды. Мысалы,
Абай жұмсаған ащы тіл (ызалы сөз, қатты айтылған кейіс
сөз), қара тер болу (босқа шаршау), мал шашу (малды орын
сыз жұмсау), сүттей ұю (шынымен илану, мейлінше сену),
ант ішу (уәде беру, қарғанып-сілену), ақ ниет (адал ой), ала
қолсыз (әділ, ешкімді бөліп-жармайтын адал) сияқты фразео
логизмдер тек поэзияда емес, жалпыхалықтық тілде кеңінен
қолданылатын элементтер. Әрине, бұлар да – бейнелеп айтатын
сөз тіркестері (олардың бейнелі емес эквиваленттері жақша
ішінде әдейі көрсетілді). Бұлар ауызша сөйлеу тілінде де, өлең
сөз бен шешендік сөздерде де жиі қолданылатын, кейде тіпті
стильдік мақсат көздемей-ақ жұмсала беретін тіркестер.
Біздің ойымызша, Абай тіліндегі ажал жету, азат болу,
арыз айту, басу айту, дау айту, ләззат алу, мазаны алу, ант
ету, ар тұту, шығынға бату, ұмыт болу сияқты тіркестердің
фразеологизмдер ретінде белгілі бір стильдік мақсат көздей
жұмсалуынан гөрі, іс-әрекет, қимыл-қозғалысты жай атау
қызметі басымырақ. Өзге қаламгерлерде де, тіпті ауызекі
сөйлеу тілінде де солай: дау айтты, мазаны алды, шығынға
батты, ойына алмады дегендер олардың дауласты, маза
лады, шығынданды, ойламады деген жеке сөз болып келетін
эквиваленттерімен жарыса қолданыла береді, бұл екі қатардың
екеуі де көбінесе жай атауыштық қызмет атқаратын тәрізді.
Ғылыми таныммен айтсақ, бұлар образды фразеологизмнен
гөрі лексикалық тіркес деп аталатын күрделі сөз категориясы
на жуықтау тұрады. Сондықтан бұл типтегі тіркестерді Абай
тілінің өрнектеуіш құралдары ретінде көрсетудің жөні әрдайым
келе бермейді, дәлірек айтсақ, олардың стильдік қызметі айқын
сезілмейді.
Ал сәлем айту, ақыл айту тәрізді тіркестердің жеке сөз бо
лып келетін қатарлары мүлде жоқ, сәлем беру; ақыл беру сияқты
тіркес түріндегі синонимдері ғана бар, демек, бұл типтес
тіркестердің де тексте бейнелуіш элемент болып келуінен гөрі
жай атауыштық қызметі басым. Дегенмен егер біз әдеттегідей,
яғни «Абай тілі сөздігінде» оларды фразеологизмдер деп
көрсетуіне қарап, бұларды сөз етер болсақ, эстетикалық-
көріктеуіш элементтері талдау орайында емес, ақынның сөздік
қазынасын түгендеу саласында қарастырар едік.
Жылдар, тіпті ғасырлар бойы сұрыпталып, тұрақталған бай
фразеология дүниесін пайдалану – тек Абайдың емес, әрбір
ақын, жырау, жазушының амалы, ісі. Бірақ мұнда да әрбір су-
реткердің немесе әдебиеттің әр жанрының өзіне тән «қол-
таңбасы» байқалып тұрады. Мысалы, ел қорғау, жауға атта
ну, ата жауы қалмақтармен немесе қызылбастармен жер үшін,
мал үшін, қыз үшін қырқысу сияқты мотивтегі әдебиеттің
тұтас бір циклін – «Батырлар жырын» жасаған қазақ тілінде
осы жанрға тән жүздеген фразеологизм қалыптасқан. Айталық,
мұздай темір құрсану («мықты қарулану, сауыт-сайман, қару-
жарақты болу»), туы жығылу («ұрыста жеңілу»), ат сауыры
сын беру («ұрыста немесе шапқыншы шақта көмекке келу, қол
ұшын беру, қарайласу»). Сөздіктерде осылай түсіндірілгенімен,
бұл тіркестің, сірә, «біреудің қасынан кету, арқасын беру»
мағынасында да жұмсалғаны байқалады, мысалы, Жиембет
жырау Есімханға ренжіп айтқан сөзінде: «Қайратым қанша
қайтса да, Мұныңа, ханым, шыдаман! Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін, Ат құйрығын кесермін, Ат сауыры
сын берермін! Алыста дәурен сүрермін!» дейді, мұнда ат сау
ырысын берермін деген сөз жоқ «қол ұшын беру, көмектесу»
деген мағынада емес, «теріс айналып кету, ханның қасынан
кету» деген мәнде екенін кейінгі тұрған «алыста дәурен
сүрермін» деген өлең жолы білдіріп тұр), аламанға жел беру
(«халықты күреске, ұрысқа шақыру»), оза шауып, олжа алу
(«жауға бәрінен бұрын тиіп, бұрын жеңу»), қоңыраулы найза
қолға алу, қоңыр салқын төске алу «қару-жарақтанып жауға
қарсы аттану»), жаннан түңілу («өлімнен қорықпай, ұрысқа
араласу») тәрізді фразеологизмдерді батырлар жырларынан
да, шығармашылығының өзекті тақырыбы – жаугершілік,
ұрыс-соғыс болған ақын-жыраулар тілінен де молынан кездес-
тіреміз. Мысалы, XV-XVІ ғасырлардың жорықшы жыраула
ры Қазтуған, Доспамбеттердің, қазақ елінің сыртқы жаулар
мен шайқасы үзілмеген XVІІІ ғасыр ақындары Ақтамберді,
Жанкісілердің, тіпті XІX ғасырдың алғашқы жартысындағы
отаршылыққа қарсы соғыс-шайқасты басынан кешірген жа
уынгер ақын Махамбеттің өлең-толғауларында қанға қану,
дем тарту («жұмсалу, шауып түсу»: Балдағы алтын құрыш
болат, Ашылып шапсам дем тартар, Сусыным қанға қанар
деп – Қазтуған), қан жосадан ағу («қатты жарақаттану»: Оқ
қылқандай шаншылса, Қан жосадай егілсе – Доспамбет),
атқан оғын оздыру («дұшпанын өлтіру, жеңу»), жағасына қол
тию («жаудың, дұшпанның тиісуі»), ту байлау («жауға шабу,
жорыққа шығу») сияқты ұрыс-соғысқа қатысты айтылатын
фразеологизмдер кездеседі.
Бұлардың ішінде ақын-жыраулардың жыр-толғауларында
ұшырасатын өте әсерлі бейнелі тіркестер де бұрынғы қазақ
поэзиясының маржан моншақтарындай. Мысалы, Шалкиіздің
(XVІ ғ.): тұлпары шарқ ұрып тұру («жаумен шайқасуға, ұрысқа
дайын тұру»: Атайы ердің тұсында Тұлпары тұрар шарқ ұрып),
иесін жаяу салу («батырдың астындағы атының ұрыста оққа
ұшып не найзаға түйреліп, иесінің жаяу қалуы, яғни жеңілуі,
өйткені аты ұшқан адам ұрыс-шайқаста жауынгер емес, жаяу
адам ат үстіндегі қарсыласымен не шайқаса алмайда, не қуа
алмайды, не қаша алмайды»: Жағы түкті жылқы айуан Иесін
қайда жаяу салмаған), Доспамбетте: күн түбіне жорту («алыс
жауға аттану»: Кірмембес ауыр қолға бас болып, Күңіреніп күн
түбіне жортқанмын), жазыда жорту («жорықтарда болу»,
Жиембетте: атқа жайдақ міну («ұрыс даласында жеңіліп,
қашу»: Қалмақтың бөрі ханы келгенде, Соқыр, бурыл байталға
Сонда бір жайдақ мінгенсің) сияқты фразеологизмдер – халық
тілінің алтын қорына енген өте бейнелі құралдар. Бұлардың
бірен-сараны ғана жеке суреткердің туындысы болуы мүмкін.
Жаугершілік тақырыптарға қатысты фразеологизмдердің
небір әсем авторлық үлгілерін (мүмкін, олар жалпыхалықтық
та болар) Махамбет тілінен табамыз. Мысалы, қу толағай ба
стану («жаугершілікте, жорықта басына күн туу»), адырна
сын ала өгіздей мөңірету («қолына қару алу»), көзінен тізіп
жіберу («қамауға алу»), ту түбінен ту алу («ұрыста жеңіске
жету»), шандоздап қарағай шабу («қарулану»), ағыны қатты
Жайықты тіземен бұзып өту («берілмей, қарсылық көрсету»)
сияқты ұрыс-соғысқа, күреске қатысты ондаған өте бейнелі
тіркестер Махамбет қаламынан туған (аузынан шыққан) тәрізді.
Ал қазақ қауымының жер-суын шет жаудан сақтау, ел тұтас-
тығы үшін күрес, отаршылдыққа қарсы күрес сияқты ұрыс-
шайқас әрекеттері басылған, басына тәуелділік қамыты мық-
тап киілген соңғы XІX-XX ғасырлардағы қазақ сөз зергер-
лерінің тілінде енді шығармашылық тақырыбы өзгергендік-
тен, «әскери» фразеологияның қолданысы да азая түсіп, оның
орнына адам, қоғам, табиғат тақырыптарына қатысты бейнелі
тіркестер жиі кездесе бастайды. Мысалы, XVІІІ ғасырдың
соңы, XІX ғасырдың алғашқы жартысында жасап өткен Шал
ақындағы фразеологизмдер біреудің хақын жеу, малын жеу
(«біреудің еңбегін тегін пайдалану»), қосы құлау («өлу» әкесі
Құлеке өлгенде айтқаны), Құдай ату («оңбаған адам болу»:
Байды Құдай атқаны – Дәулетіне мас болар), ұжмақ көру
(«жақсылық көру, паналау»: Қой, сиырын қамасын молда өзі,
Ұжмақ көрер бір жан жоқ бұл кісіден), дулап жүру («дүниенің
қызық-шыжығын бастан өткізіп өмір сүру»), алдынан тарқау
(«біреудің ерлік ісін көру, соған бағыну»: Кешегі дулап өткен
Құлекенің Алдынан орыс, қазақ тарқап еді), Алладан бұйрық
келу («өлу»), бас көтеру («есею») дегендер болып келеді.
Шал ақында тек әкесі Құлеке батырдың өлімін жоқтап айтқан
өлеңінің бір ғана жерінде ту көтеру («майданға шығу, ұрыс
салу»: Бұрынғы батыр қайда ту көтерген) деген жалғыз
әскери тіркес бар. Шал ақын бірнеше өлеңін Құлеке батырға
арнаса да, бұрынғы әскери тақырыпқа жататын образдарға бар
майды, өйткені XІX ғасырдағы қазақ поэзиясының тақырыбы
өзгерген: Шал енді батырлықты, ел қорғауды, жауға аттануды
жырламайды, шаруаны, кедейлікті, кәрілікті, адамгершілікті,
дінді, жақсы-жаман қатынды, жас-кәрі қызды өлең сөзге
қосады. Демек, оның жұмсаған фразеологизмдері де «басқа»
дәуірдің «үніне» қатысты образдар үшін алынған.
Сөйтіп, белгілі бір суреткер тілінде немесе жеке көркем
шығармада қолданылатын фразеологизмдердің мағыналық
топтары сол ақын-жырау жырлаған тақырыптарға қатысты бо
лып келеді деген тұжырым айтуға болады.
Сонымен қатар өмірдің сан алуан жақтарына қатысты
«бейтарап фразеология» деген де болады. Бұл топтағы тіркес-
тер көбінесе адам, табиғат төңірегіндегі әңгімелерде (шығар-
маларда) қолданылады және қай кезеңнің тілінде де, қай
қаламгердің аузында да негізгі тілдік әрі көріктеуіш құрал
ретінде кәдеге асырылып отырады.
Абай өлеңдерінде де, прозасында да жалпыхалықтың
тіл қазынасына жататын бейтарап мәнді тіркестерді еркін
пайдаланған. Мысалы, қас сағыну ~ қас сағынбау тіркесі
«қастық жасау, қастық ойлау» деген мәндегі ежелден бар
көне фразеологизм (өкінішті жайт – бұл тіркес не «Абай тілі
сөздігінде», не «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде», не
он томдық «Түсіндірме сөздікте» тіркелмеген болып шықты).
Бұл фразема «Бәрі де жолдасына қас сағынбайды» деген
мәтелде де сақталған. Мұның жаулық сағыну варианты да
бар. Мысалы, Бұқар Абылай ханға: «Басына мұнша көтерген
Жұртыңа жаулық сағынба» демей ме?
Сол сияқты Абай қолданған із жоғалту, ішіне қонбау,
көзге ұру, көзіне бағу, қырымға қарау, табанынан тозу,
намысқа шабу, тілін безеу, сұқ қадау, шырыш бұзу, шаужай
ынан қағу, мойыны түсу сияқты қимыл-әрекетке қатысты
тұрақты тіркестер – жалпы тілдік қазынаның ертеден келе
жатқан мүлкі. Сондай-ақ, жас өспірім, ақ көңіл, ақ бейіл, өр
көкірек, жау жүрек тәрізді сындық мәнді тіркестерді де Абай жалпыхалықтық тілден алып жұмсаған. Абайда кездесетін атауыш (терминдік мәндегі) фразеологизмдердің бірқатары – өз заманындағы әлеуметтік, саясиэкономикалық қарым-қатынастарға байланысты туған жаңа тіркестер. Мысалы, басына іс түсу («әлеуметтік мәндегі қылмыс таңылу»), орынға сайлану «әкімшілік орынға оты ру, әкім болу»), түсіп қалу («әкімшілік орыннан айрылу»), байға кірісу (ат майын алу, сауын сауу тәрізді экономикалық қатыныстардың жаңа түрлерімен күн көру, бұл тіркес те ешбір сөздікте жоқ), міндетті болу («ұлықтарға қызмет ету»). Бұлардың көбі – Абайдың «Қарасөздерінде» қолданылған атауыштық тіркестер, ал осы тәрізді «замандық» жаңа фразе ологизмдер тек Абай емес, XІX ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ақындарының біразында кездеседі. Мысалы, Біржан сал да: ат мініп, ақша ұстау, Ақан серіде таразыға тартылу, жер аудару, закон сұрау, жалға жүру т.т. Абайдың фразеология саласына сіңірген еңбегі мен жаңалықтары – әрине, бұл көрсетілгендер емес. Бұрынғы зерттеушілер, әсіресе Абайдың поэтикасын талдаған ғалымдар Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Т.Нұртазиндер, сондай-ақ ұлы ақынның қазақ әдеби тілінің даму барысындағы орны мен қызметін азды-көпті әңгімелеген тіл мамандары Абайдың өзі жасаған фразеологизмдерінің көзге түсетіндігін баса айтқан болатын28. Біздің бұл зерттеуде көздегеніміз – Абай қолданған фразеологизмдердің лексика-семантикалық және құрылымдық сипат тамасын беру. Жоғарыда айттық, Абай шығармашылығының негізгі тақырыбы – адам, қоғам, сол қоғамның заманы. Осыған сай ақын поэзиясында жұмсалған образды тіркестердің мағынасы (тақырыбы) жағынан, яғни лексика-семантикалық тұрғыдан адамды сипаттайтын, адамның ішкі жан дүниесін танытатын, адамның іс -әрекет, қимылын суреттейтін, сол қимыл, іс-әрекеттің орындалу амалын бейнелейтін, өмірді, 28 Жұмалиев Қ. Аталған кітап. - 196-197-б. Кенжебаев Б. Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы// Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954. - 97-б. Сауранбаев Н. Аталған мақала. - 183-б.
өлімді, жастықты, кәрілікті астарлап атайтын, табиғат құбы-
лыстарын бейнелейтін фразеологизмдер деп қарастыруға бола
ды. Бұл семантикалық топтардағы фразеологизмдер байырғы
және жаңа болып және бөлінеді.
Адамды, оның қадір-қасиетін, тұр-тұрпатын, ақыл-мінезін
суреттеп, бейнелеп сипаттайтын фразеологизмдердің дені
тілде қалыптасқан, байырғы элементтер: ақ жүрек («адал
ниет»), бұл тіркесті Абай Онегиннің аузына салады, ол
Татьянаға екінші рет «сорлы асық» болып жазған хатында:
«Хұп білемін сізге жақпас Ескі жара білтелеу. Ақ жүрегің енді
ұнатпас – Мезгілі жоқ қай медеу?» дейді. Бұл жердегі Татьяна
Ларинаның ақ жүрегі – оның «жалғансыз сезімі».
Ақ пейіл, ақ көзді, жау жүрек, жел өкпе, жел буаз деген
фразеологизмдерді де, жоғарыда айттық Абай халық тілінен
алып, адамдардың қасиетін, мінезін сипаттауға жұмсаған.
Сұлу қыздың портретін бейнелеп сипаттау үшін ақ тамақ,
қалам қас деген тұрақты тіркестерді қолдануынан да, текті
атаның тұқымын сом алтынның сынығы, деп бейнелеуінен де
байырғы көріктеу құралдарына иек артқаны көрініп тұр. Бірақ
бұл қатардағы образды тіркестер Абайда аса көп емес.
Абай тілінде ең көп кездесетіндер – адамның ішкі жан
дүниесін, көңіл күйін сипаттайтындар мен іс-әрекетін, жүріс-
тұрысын, қимыл-қозғалысын суреттейтіндер. Олар да жалпы-
халықтық және авторлық (абайлық) болып келеді.
Өлең тақырыбына алып отырған кейіпкердің сезімін, көңіл
күйін, жүрек лүпілін, жан сырын бейнелеп беру үшін көз ма-
йын ағызу («зар мұңын айту»), айға талпыну («қолы жетпеске
ұмтылу»), шыр айналу («қайғыдан есеңгіреп қалу»), дүниеге
бой алдыру («өмірдің ырқына көну, қажу»), қап салу («қайыр-
шылық кешу»), ит қылу («қор ету, қорлау») сияқты неше алу
ан әсерлі фразеологизмдердің Абай тіліне еркін оралуы заңды.
Бұл топқа жататын образды тіркестердің бірқатары Абайдың
өзі жасаған соны немесе өзгертіп қолданған байырғылар
болып келеді. Мысалы, адам аулау, адам сауу, көңілге ажым
салмау, аяғы маймақ тарту, күнді айдау сияқты фразеоло
гизмдер өзгелерде жоқ, бірен-сараны кездессе де, дәл Абай
жұмсаған мағынада емес. Бұдарды келесі беттерде Абайдың
фразеология саласындағы жаңалықтары жайында айтылатын
жерде арнайы талдаймыз (сондықтан бұл жерде мағыналары
көрсетілмеді).
Адамның іс-әрекетін, қозғалыс-қимылын суреттеу үшін
Абай фразеологизмдерді таңдағанда, олардың жалпыхалықтық
тілдегі байырғыларының күштілерін алады. Мысалы, «қулық-
пен амалдап бір нәрсенің ебін табу» деген мағынаны беруде
қарағайды талға жалғау деген образ өте әсерлі. Бұл образда
биік қарағай мен бәкене тал шыбықты бір-біріне жалғастыру
мүмкін емес, бұл сияқты қиынның қиынын жүзеге асыру үшін
қулық, амал керек. Халық данасы осы образды қарағайды талға
жалғау деп жасаған болса, Абай оны «Амалдап қарағайды
талға жалғап, Әркім жүр алар жердің ебін қамдап» деп амал
дап компонентін қосып бұдан да әрі әсерлі етіп жұмсаған.
Өмір мен өлім – толғана білген ақынның қай-қайсысының да
соқпай кетпейтін тақырыптары. Ақын өмірді, тірлікті сөз ете-
ді, ал тірлік болған жерде өлім де болады. Суреткер өлімді:
адам баласы өледі немесе пәленше өлді деп жай хабарлау
үшін сөз етпейді (әрине, бұл да орын алады), сонымен қатар
тірліктегі өмірдің мәні, мұндағы сан алуан құбылыстар,
адамның (кейіпкердің) өмірдегі орны жайында өз пайымын
толғау үшін де «өлім» тақырыбын фразеологиялық тіркестің
мағыналық арқауы етеді. Абай бұл орайда ажал жету, дерт
алу, күні біту, көзіне құм құйылу, көрге кіру, көз жұму сияқты
байырғы қазақ көркем тілінде қалыптасқан кәнігі тіркестермен
қатар өзі жасаған ант (антұрған) мезгіл келу (Жұрттың сөзі
тағдырға адам көнбек, Бір антұрған еріксіз мезгіл келмек...
Жұрт айтқан сол ант мезгіл келсең керек), өрт алу (баласы
өлген анаға шығарып берген жоқтауында:. Жеміс ағаш бәйтерек
Балдырғанын өрт алды) сияқты перифраздық тіркестерді бей-
нелеуіш құралға айналдырады (перифраз деп аталатын тір-
кестер жайында өз алдына жеке тақырып етіп талданды).
Ал өлең мазмұны өмір, тіршілікке арналған жерде де ақын
жай бейтарап мәнді жеке не күрделі сөздерді қолданудан
гөрі, олардың образдық қызметіне жиірек жүгінеді, өйткені
Абайдың бізге ұсынып отырғаны – поэзия, ал поэзия бір нәрсе
жайында баяндамайды, сол нәрсені суреттейді. Айталық, ақын:
«Көпжылдар көп күнді айдап келе жатыр. Сипат жоқ, сурет
те жоқ, көзім талған» десе, мұнда «көп жасап келемін» деген
идеяны дәл осы түрде немесе көп жыл өмір сүріп келемін деп
берсе, жай баяндау ғана болар еді, ал көп жылдар күнді ай
дап келе жатыр десе, осы идеяны оқушы (тыңдаушы) сезіміне
әсер ететіндей суреттеп білдіреді. «Адам дүниеге келді, туды»
деген ойды (идеяны) поэзияда дәл осы сөздермен білдіру экс
прессиясы жағынан дүние есігін ашу дегенмен теңесе алмай
ды, сондықтан Абай соңғы тіркесті қалайды.
Болашақ өмір деген тіркес бейтарап атау болса, осы ақын
өлең тілінде келер күн деп білдірген екен, бұл да образды фра
зеологизм болып шыққан. «Біраз өмір сүру» деген ұғымды
өмірдің өрін тауысу, белге шығу, талай жерге келу деп
құбылтып білдіру – сөз жоқ, поэтикалық тіл талабы ақындық
құдіреттің көрінісі: Келдік талай жерге енді, кіруге-ақ қалдық
көрге енді... Өмірдің өрін тауысып, Білімсізбен алысып,
Шықтық міне белге енді.
Міне, бұл көрсетілгендер – Абай қолданған фразеологизм-
дердің лексика-семантикалық (тақырыптық, образдық) негізгі
топтары. Әрине, бірді-екілі бейнелі тіркестер жоғарыда көр-
сетілген тақырыптардан тыс тұруы мүмкін. Мысалы, рухани
күш деген тіркес – жай «бояусыз» атау, ал оны ақын жол азық
деп астарлап атаса, бұл тіркес перифраздық бейнелі фразеоло
гизм болып шығады.
Енді Абайдың өзіне дейінгі әдеби тілде көрінген байырғы
фразеологизмдерді қалайша пайдаланғанын сөз етер болсақ,
мына фактілерге назар аудартуға болады. Абай, сөз жоқ,
қазақтың ғасырлар, жылдар бойы сұрыпталып келген образдар
дүниесін, ол дүниені танытатын тілдік элементтердің, оның
ішінде образды тіркестердің ақын тілі үшін таптырмас құрал
екенін өте жақсы сезген. Сондықтан ол жалпытілдік қоймадан
экспрессиясы күшті не бір фразеологизмдерді таңдап алады.
Мысалы, құлын-тайдай айқасу («жұптарын жазбай бірге жүріп
ойнап-күлу»), қырқын мінсе қыр артылмау («түкке тұрмау,
ұзаққа бармау»), атының жалын құшу («ұрыста, айқаста
көбінесе өзі мерт болып, не аты оққа ұшып, аттан жығылу»
және «жеңілу»), қырық жерге қойма қою («неше түрлі қулық-
сұмдық ойлау») сияқты тіркестер өте бейнелі фразеологизмдер
және оларды Абай өзіне дейінгі әдеби тіл қазынасынан алып
жұмсаған.
Абайда бұлар тәрізді экспрессивтік бояуы қалың фразео-
логизмдердің әрқайсысы бір-бір образ. «Жасымда ғылым бар
деп ескермедім» деп басталатын шағын өлеңінде: «Өзім де
басқа шауып, төске өрледім, Қазақта қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, Түбінде тыныш жүргенді теріс
көрмедім» десе, мұндағы басқа шауып, төске өрлеу тіркесі
«ешкімге есе бермеу» деген ұғымда қолданылып тұр. Бұл жер
де ақын осы ұғымды ешкімге есе бермедім, ешкімді алдыма
салмадым деген сияқты образдылықтан құр алақан емес, бірақ
бояуы солғындау тіркестермен берсе, бар күш-қуатын халқына
қызмет етіп, ақыл беру, жөн сілтеуге жұмсаған еңбегін танып,
құлақ асатындардың жоқтығын көрген адамның образы әсерлі
шықпас еді.
Экспрессиясы күшті өте бейнелі фразеологизмдер қолда-
ныста әрдайым бір ғана мәнде жұмсалмайтынын байқаймыз.
Оған бұлардың көбінің беретін мағыналарын әр талдаушы
әртүрлі етіп көрсететіндігі дәлел. Мысалы, осы басқа шауып,
төске өрлеп деген тіркесті «Абай тілі сөздігін» кұрастырушы-
лар «ешкімге есе бермеу» деп түсіндірсе, «Фразеологиялық
сөздіктің» авторы акад. І. Кеңесбаев «өрлік, астамдық мінезбен
көкірек керу» деп көрсетеді. Сөз жоқ, сырт қарағанда, бұл
фразеологизмнің мысалға алынған контекстегі мағынасына
екі түсіндірме де дұрыс келетін сияқты, бірақ модальдық
реңктеріне келгенде айырма бар: соңғы түсіндірмеде өзін
өзгелерден артық санайтын («көкірек керу») адамды сипат
тайтын жағымсыздық реңк бар. Басқа шауып, төске өрлеу
тіркесінің бұл реңкпен қолданысы «Фразеологиялық сөздікте»
М. Әуезовтен келтірілген мысалға сай келеді: «Бітпеймін деп
басқа шауып, төске өрлеген Матай бауырыңмен бітім таптың
ба, түге?!» Ал Абайдың қолданысында бұл фразеологизмнің
«есе бермеу, алдына жан салмау» ұғымы басым, өйткені бұл
жерде ақын өрлік, асқақтық көрсететін менмен адамды емес,
ақылшы, жөнсілтеуші, жұртын игілікке шақырушы, халыққа
қызмет етуші адам образын ұсынып отыр, яғни жасында
ғылым бар деп ескермеген, сондықтан білім алсын деп балала
рын оқытқан адамның образын берген.
Осы сияқты әртүрлі түсіндірмелерді өзге фразеологизм
дерден де табамыз. Айталық, ала жылан, аш бақа тіркесін
«Абай тілі сөздігін» түзушілер: «Ақын бұл жерде «елді аз
дырушы» деген мағынада қолданып отыр», – деп анықтаса,
«Фразеологиялық сөздікте» «ала көз болып, араздасу» деп
түсіндіріледі. Ал «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» мұны «ел
арасына іріткі, бүлік салушы» деп анықтайды. Бұл түсінік-
темелерде мағыналық айырмашылықтар едәуір: «елді аздыру»
мен «ала көз болып, араздасу» немесе «пәлеқор, пәлеқұмар
болу» – әрқайсысы – бөлек-бөлек ұғымдар. Бұл бейнелі тіркес
Абайдың «Көңіл қайтты достан да, дұшпаннан да» деп бас-
талатын өлеңінде қолданылған. Осы туындысында ақын
замандастарының: түстеп-түгендеп көрсеткен байлардың,
саудагерлердің, естілердің, надандардың, күпілдектердің т.т.
жағымсыз қылықтарымен іс-әрекеттерін көрсетіп, қатты сы
найды, ол үшін образды сөздерді пайдаланады. Айталық,
пайда үшін ғана бүгін жолдас болып жүргеңдер ертең ба
стан жыға қисайғанда («қолдан билік, бастан бақ тайғанда»)
қасыңда тұрмайтынын, мал қызығын біле алмай жүрген бай
лар малын ұрлатып, ізін жоғалтып («ұрланған малын таба
алмай»), ыза болып, ыржиып күле алмай («көңілі жай бола
алмай») жүргенін, руластар (қарындас) бірін-бірі қара жерге
тыға алмай («тас-талқанын шығарып жеңе алмай») жүргенін,
көп күшті бір тентекті жыға алмай («тыя алмай, жөнге сала
алмай») жүргенін, сәлемнің борыш, сөздің қулыққа айналғанын
айтқанда, көрсетілген фразеологизмдердің әрқайсысы өте
әсерлі образ болып тұр, яғни ақынның айтпақ ойын, бермек
портретін дәл көрсетіп тұр.
Фразеологизмдер құрылымы жағынан есім мағыналы, етіс-
тік мағыналы, үстеу мағыналы болып бөлінеді. Қазақ тілінде,
сірә, сан жағынан етістік мәнді фразеологизмдер басым болып
келеді деп ойлаймыз және олардың барлығы дерлік адамның
әрекет-харекеттерін бейнелеп, суреттеп, астарлап атайды.
Абайдың жырлаған ең басты объектісі – адам, оның қоғамдағы
іс-қимылы болғандықтан, ол образ жасауда жалпыхалықтық
тілдегі дәстүрлі фразеологизмдерді кеңінен, еркін, орынды
жұмсаған. Әрине, бұл тәсіл тек Абайдың ерекшелігі емес сөз
зергерлерінің қай-қайсысы да фразеология қазынасына иек
артпай, поэзия дүниесін жасай алмайды. Қазақтың ауызша
дамыған әдеби тілінің ақын-жыраулар мұрасының бұл игілікті
дәстүрі Абайдай шебердің қолына мол байлықты ұсына салған.
Әсіресе қазақ халқының күнкөріс тіршілігінен, айналасын
қоршаған табиғат құбылыстарын танудан алынған образды сөз
өрнегі Абай тіліне еркін оралып отырады.
Құлынтайдай айқасу, дөң айналмау (атты адам ғана дөң ай
налады), арқасы босау (мініс атының арқасы босайды), қырқын
мінсе, қыр артылмау, ат үстінен ұйқы алу, атының басын
бұру, бәйге атындай аңқылдау, малға шылбыр беру, атының
жалын құшу, із жоғалту (малдың ізін таба алмау) деген
тіркестер сан ғасыр көшпелі өмір кешіп, мал шаруашылығымен
айналысып келген қазақ халқының өзіне қажет образдар
ды да көбінесе осы салаға қатыстырып алғанын көрсетеді.
Бұлардан басқа да ақ жем болу, істің ақ пен қарасы, ақыр
заман, Аллаға жазу, Алла оңғару, басын бұлт шалу, ант ату,
арқаға қағу, аруақ аттау, табанынан таусылу, қара тер болу,
ұя бұзу, ісі түсу, іш қайнау сияқты көптеген (жүзден асатын)
фразеологизмдерді де Абай өзі жасаған жоқ, жалпыхалықтық
қордан алды. Бұлардың барлығы да Абайдың сөз кестесінің
бояуын құбылтып, көз бен көңіл тартатындай әсем болып
төгілуіне үлес қосқан бұйымдар. Мысалы, «шаршады» деген
ұғымды осы сөзбен ғана білдірсе, бұл қимыл-әрекетті жай
ғана хабарлау болып шығар еді, ал оның орнына бұл ұғымды
ақын: «Су сарылдап құйылды, кемені ырғап, Отыз құлы та
усылды табанынан...» немесе: «Елің бұзық болған соң, Ояз
жатыр шартылдап, табаныңнан тозасың, Құр жүгіріп, тар
пылдап» деп берсе, көрсетілген екі фразеологизмнің екеуі де
«шаршау» ұғымына экспрессивтік-модальдық реңк үстеп, оны
әлдеқайда әсерлі етіп береді: таң атқанша су төккен құлдар да,
оязға жақсы атты көрінем деп тырысқан болыс та жай шаршап
қоймайды, әбден сілесі құрып шаршайды, титықтап шаршай
ды, екінші мысалда тіпті «босқа сандалып, әуре болып шар
шау» деген реңк те бар. Міне, образды фразеологизмдердің
күші қайда жатыр! Екі-үш сөздің тіркесі арқылы негізгі
ұғыммен қатар бірнеше қосалқы ұғымды пайдалануға болады
екен. Тілдің осы күш-құдіретін сөз зергерлері де, тілді пай
даланушы халық та жақсы білген, өйткені мұндай образды
тіркестер сөйлеу тілінде де кеңінен қолданылады.
Фразеологизмдерді қолдануда тек көріктеу мақсаты ғана
көзделмейді, сонымен қатар әдеби жанрдың стильдік тұ-
тастығын, дәстүр жалғастығын сақтау сияқты суреткерлік
талаптар да тұрады. Мысалы, Абай жоқтау цикліне жата
тын өлеңдерінде халық тіліне, оның жоқтау жанрындағы
шығармаларына тән тұрақты тіркестерді осы стильдің шең-
берінен шықпау мақсатымен жұмсайды: «Қолдан ұшқан ақ
сұңқар Қайтып келіп қонбайды..., Кешегі өткен ер Әбіш... Ар
тына қарай аһ ұрып... Замана неткен тар едің Сол қалқамды
қоймаған... Жиырма жеті жасында Әбдірахман көз жұмды...
Тәуекел қып білдірмей Күтіпті Тәңірі жарлығын... Ажал тура
келген соң Шыдатпайды берікті» деген өлең жолдарындағы
көрсетілген фразеологизмдер – қазақ көркем сөзіндегі жоқтау
циклінің кәнігі элементтері. Бұл циклге тән сөз өрнегі, әсіресе,
Абайдың баласы өлген анаға шығарып берген жоқтауында өте
айқын көрінеді. Мұнда көз жұму, дүниеден өту, жұмаға қарсы
өту, шүкірлік қылу, сабыр ету, қызыл балақ қыранның бала
панын дерт алды, жеміс ағаш бәйтерек балдырғанын өрт
алды. Артына белгі тастамай, Жал-құйрығын келте алды...
деген образдардың барлығы да – «өлу, өлім» ұғымына қатысты
халық тілі қалыптастырған сөз өрнегі. Ақын баласы өлген ана
ны дәстүрлі үлгімен жоқтатады.
Абай тіліндегі фразеологизмдерді түстеп-түгендеуде, жоға-
рыда айттық, басты назар олардың Абай қаламынан туған
жаңаларына аударылмақ. Бұл орайда айтар әңгіме, талданар
материал баршылық.
Жасалатын образдар әдетте фразеологияға иек артатын болса, Абай бұл ретте жаңа тіркестер жасаудың жүйелі жол дарын жүзеге асырған. Жаңа образ жасайтын немесе ақынның айтпақ идеясын күшейтетін тіркестер құрастыру үшін Абай бір сөзді бірнеше фразеологизмнің компоненті етіп пайдала ну тәсілін ұсынды. Бұл – Абайға дейінгі бірде-бір ақын-жырау тілінде ұшыраспаған құбылыс. Мысалы, Абай сату етістігін тіркесжасам құралы етіп алады да, бұрыннан бар сақал [ын] сату, ар-ұятын сату, жақынын сату, арын сату дегендердің үстіне осы модельмен еңбегін сату («еңбегіне сүйену»), жан, сату («жанын пида қылу»), көзін сату («телміру, тілену»), сөз сату («сөзін бұлдау, сөзін бір керегі үшін өткізу»), терін сату («күш-қайратын еңбекке жұмсау»), күлкі сату («алдау, көлгірсу»), қулық сату («қулығын асыру, алдау»), қулығын сату («өтірік тыңдағансу»), қылығын сату («әрекетін жұмсау»), әнін сату («ақындық өнерін бұлдау, оны пайда үшін жұмсау»), жүрегін ұстап сату29 («сыртынан иемдену, басын саудаға салу»), жүзін сату («өтірік жақсы көріну») деген он шақты жаңа тіркес жасайды. Қай халық болса да, тіпті көшпелі тұрмыс-салтын кешкендердің өздері азды-көпті сауда-саттықпен ертеден та ныс болған. Сондықтан сату етістігі тілде өзінің номинатив (тура) мағынасында да, сонымен қатар ауыспалы мағынада да жұмсалған. Сату сөзінің «бұлдау, өткізу» деген қосымша реңкі (семасы) бар, осы сема (мағыналық реңк) бұл сөзді жоғарыда көрсетілген образды тіркестерді, жасауға пайдаланылған. Бұлардың ішінде еңбегін сату, терін сату, жанын сату де ген екі-үшеуі ғана жағымды мәнде келеді де, қалғандарының бәрінде жағымсыздық реңк бары байқалады. Мысалы, сақалын 29 Абай шығармаларының барлық басылымдарында, тіпті текстологиялық жағынан едәуір түзетілді деген 1977 жылғы кітаптың өзінде белгісіз орыс ақынынан аударылған өлеңнің 2-шумағы: «Антұрған ел көзіне тік қараймын. Сонымды сен сөгеді-ау деп ойлаймын. Жүрегімді кескілеп салып жүрген. Арсыздарды досым деп неге аяймын?» – деп жазылып жүрген жолдарда екі елеулі текстологиялық қате бар. Бұл шумақтың орысша түпнұсқасы: «Чтоб я гордо смотрю на презренных людей, Ты за то ли меня упрекаешь? Но те люди торгуют рукой твоей, Твоим сердцем хотят торговать. Ты их знаешь» – деген жолдар. Демек, Абай басылымдарында жүрегімді деп жазылған сөз жүрегіңді болуы керек және салып жүрген емес, сатып жүрген болуы тиіс. Сондықтан біз бұл тіркесті жүрегін сату деп көрсеттік.
сату деген тіркес «жасы үлкендігін көлденең тарту, бұлдау,
жасы үлкендігін, қарттығын пайдалану» сияқты жағымсыз
қылықты атайды. Сату сөзінің халық тілі пайдаланған осы
«қасиетін» Абай жақсы сезген. Ақын жасаған күлкі сату, сөз
сату, қылы-ғын сату, көзін сату, қулық сату, әнін сату, жүзін
сату деген жаңа тіркестерінің барлығында да жағымсыз эмо
ция бар, сондықтан олар бейтарап мәндегі эквиваленттерімен
салыстырғанда әлдеқайда экспрессиялы болып келеді.
Абай жаңа образды тіркестердің құрылымдық элементі етіп
етістіктердің ішінде сату-дан басқа сауу (адам сауу, қулық сауу,
еңбегін сауу), бару (күлкі бағу, ғылым бағу, ел бағу), күйлеу
(көйлеу: күлкі көйлеу, әуейілік күйлеу, мақтан көйлеу), табу
(орын табу, ой табу) деген сөздерді пайдаланған.
Жақша ішінде көрсетілген тіркестер де соны кұрылымдар
және астарлап айтылған образды экспрессоидтер. Бұлардың
оқырман сезіміне қатты әсер ететін экспрессиясы алдыңғы
сату сөзімен келгендер сияқты мағыналары жанаспайтын
сөздердің тіркесуі арқылы пайда болып тұр: әдетте сатыла
тын нақты зат, қолға ұстап, көзбен көретін нәрсе, бұйым, мал
т.б. болуы керек, ал жан, көз, күлкі, қулық, қылық, ән, жүз де
гендер – нақты деректі заттар емес, дерексіз ұғым атаулары.
Сол сияқты сауылатын тек мал болса керек еді, Абай адам
ды, қулықты, еңбекті «сауғызады»; қазақтың далаға жайып,
қорада күтіп бағатыны да мал ғой, ал Абай күлкіні, ғылымды,
елді «бақтырып» қояды, демек, бұлар да Абай жиі қолданған
синкреттік амал, яғни семантикалық мәндері жағынан бір-
бірімен үйлеспейтін сөздерді тіркестіру орын алған.
Абай мұндай жаңа тіркестердің семантикалық ұйытқысы
етіп есім сөздерді де алады. Мысалы, ол мақтан сөзін 50-
ден аса рет қолданған, бұл сөз Абайдан өзгелерде (мысалы,
Шәкерімде) кездесетіндігімен, бұрын-соңды Абайдағыдай сон
ша жиі (актив) қолданылған емес. Бұл қолданыстардың ішінде
мақтанға салыну, мақтан сөйлеу, мақтан іздеу, мақтан қуу,
мақтанға орналастыру, мақтанның құлы сияқты фразеоло
гизмдер де бар және олардың дені – соны тіркестер.
Ғылым сөзі де Абай шығармаларының тақырыбы мен
мазмұнына орай жиі қолданылған сөз, сондықтан бұл сөздің
де айналасына ғылым табу, ғылым оқу, ғылым бағу, ғылым
іздеу деген жаңа тіркестерді тізеді, бұлардың барлығы да «оқу,
білім алу» деген мағынада жұмсалған (ғылым сөзін Абай осы
күнгідей тек «наука» мағынасында ғана қолданбай, жалпы
«оқу, білім» мағынасында жиі пайдаланғаны жоғарыда айтыл
ды).
Көңілге ажым салмау, қайғының иыққа шығуы, өтірікке
тұшыну, көңілге қалың беру, қорлыққа жығылу, ақылға
сәуле қону, айлаға шырақ, жағу сияқты фразеологизмдердің
әрқайсысы бір-бір образ ретінде жаңа болғанымен, олардың
жасалу моделі қазақ көркем сөзінде бұрыннан бар болатын.
Ол модель фразеология теориясында синкреттік амал деп
аталатын жолмен жасалған фразеологизмдерге тән, яғни
синкреттік амал бойынша мағыналары бір-біріне жуыспайтын
сөздер тіркеседі. Мысалы, абстракт есім мен нақты зат немесе
іс-әрекет атауы» тіркескенде, бұл қоспадан мүлде жаңа мағына
шығады және ол мағына экспрессиялы, «отты» болып келеді.
Семантикалық жуысуы жағынан бір-бірінен алшақ сөздерді
шақпақ тас десек, бұл екі тасты бір-біріне соққанда ұшқын пай
да болатыны сияқты екі сөздің «соқтығысуынан» пайда болған
ұшқын экспрессиясы күшті жаңа мағына болып танылады.
Көрсетілген фразеологизмдердің әрқайсысын талдап бай-
қалық: көңіл көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды дегендей, аб
стракт ұғым атауы, ал ажым болса, ол – көзге көрінетін сызық,
демек, көңілге ажым салу деген үш сөздің «соқтығысуынан»
«реніш, өкпе, наз» деген сияқты ұғымның бейнелі атауы пайда
болып тұр. Көңілге қалың беру де осы іспеттес: әдетте қалыңды
айттырылған қызға береді, қалыңмал – нақты зат, көңіл –
дерексіз «зат», екеуінің түйісуінен «біреудің көңілін табу»
дегеннің әдемі, әсерлі атауы келіп шыққан.
Синкреттік амалмен жасалған фразеологизмдердің дені
белгіл-бір стильдік жүгі бар «таңбалы» (маркированный),
«меншікті» (авторлы) дүние болып келеді. Оларды контекстік
фразеологизмдер деуге болады. Жоғарыда айттық, бұл тәсіл
қазақ поэтикасында сараң түрде болса да қолданылып келді.
Мысалы, Шортанбай ақын сөзге қонақ беру, сөзіне қарауыл
қою деген жалпыхалықтық фразеологизмдерді қолданса, Ду
лат ақын: «Мөңіреп жұртқа ой қайтты Бұзауы өлген сиыр
дай» деп ой сияқты абстракт ұғым атауы мен мөңіреу сияқты
нақты қимыл атауын (сиыр ғана мөңірейді) түйістіріп, жаңа
тіркес жасаған. Ақан сері: «Көңілдің заһарына салдық ұя» деп,
Шәңгерей: «Тотықты ақ ниетім нәпсіге еріп» деп мағыналары
жуыспайтын сөздерді бір-біріне ұштастырып, авторлы об
раздар ұсынған. Бірақ аталған сөз зергерлерінің мұндай
қолданыстары мен Абайдың поэтикалық өрнегінің арасында
елеулі айырмашылық бар: синкреттік тәсіл – Абайда жүйеге
айналып, көріктеудің, актив құралдардың бірінен саналады.
Қазіргі қазақ поэзиясы тілінде бұл іспеттес қолданыстар
кәнігі, екінің бірінде ұшырасатын болса, Абайдағы үміттің
аты, күлкінің ерні, көңілдің жайлауы немесе қырық жамау
жүрек, үрпейген жүрек, саңырау қайғы, нұрлы ақыл, өмірдің
тоны, дүниенің есігі, ақылдың көзі сияқты тіркестер, біріншіден,
мағыналары шалғай сөздердің жанасуы болғандықтан, бірден
тың көрініп, көзге түссе, екіншіден, белгілі бір стильдік жүк
көтеріп, экспрессоид болып тұрғандығымен тыңдаушыға
ерекше әсер етеді. Бұлардың сан жағынан едәуір мол кездесуі
Абайдың авторлық даралығын, яғни шығармашылық контексін
көрсететін белгі болып танылады.
Сөйтіп, Абайдың тіл кестесін әсемдеген өрнектердің қалың
тобы образды фразеологизмдер болса, олардың көбі осы
көрсетілгендей перифраздар екенін байқаймыз.
Перифраздар
Перифраз – көріктеу тәсілдерінің бірі. Перифраз деп бір
нәрсені немесе құбылысты, іс-әрекетті олардың бір белгі-
сін, бір қасиетін көрсетіп, суреттеп атауды танимыз. Мы-
салы, адам өмірін ұзақ көш деп атаса, мұнда адам өмірінің
көш сияқты жылжу, ілгері басу, күннен күн, жылдан жыл
өткізу тәрізді белгісін көш сөзімен көрсетіп, суреттеп, өзге
сөздермен атап тұр. Немесе өлді дегенді дәм-тұзы таусыл
ды деп суреттеп білдіретін болсақ, мұнда адам баласының
қоректенудің арқасында өмір сүретіні, сол қорегі (дәм-тұзы)
таусылса, тіршіліктен де айрылатын белгісі аталып, бұл ұғым
суреттеме тәсілмен білдіріліп тұр.
Перифраз құбылысын тануда көзқарастар біркелкі емес.
Біреулер белгілі бір ұғымды әдеттегі (тілдегі, қолданыстағы)
бар атаудан өзгеше сөздермен (не сөзбен) аталғанның бәрін пе
рифраз деп таныса, енді бір зерттеушілер мұнда екінші атаудың
(орысша «вторичная номинация») арнайы жасалу жолы (ама
лы) барын көрсетеді, ол амал бір нәрсені (затты, құбылысты,
іс-әрекетті, абстракт ұғымды), оның бір белгісін көрсетіп, яғни
астарлап айтқанда сол белгіні танытатын сөзді келтіріп сурет
теп атауды жүзеге асырады. Біз де осы еңбекте перифраз деп
соңғы анықтамаға сай келетін атауларды алдық.
Абай тілінде жұмсалған перифраздар сонылығы жағынан
да, саны жағынан да, суреттемелік сипаты жағынан да бұрын-
ғылардан мүлде өзгеше болып келеді. Айталық, Бұқар жырау
өлімді үшкілсіз көйлек кию, әзірейіл келген күн деп периф
раздайды, әлем, дүниені сегіз қиыр шартарап деп бейнелеп
атайды, арам, жалғаншы адамды қызыл көзді пәле деп сурет
теп атайды. Бөгембай батырды қазақтың қамал қорғаны деп
бағалайды. Бар болғаны осы. Перифраздап атайтын тәсіл бар,
бірақ өнімді емес.
Абайға дейінгі қазақ поэзиясында перифраздардың, оның
ішінде авторлық-стильдік түрлерінің көбірек кездесетін жері –
Дулат Бабатайұлының өлеңдері. Ол: тас ағызатын ағын деп
өзінің поэзиясын бейнелеп атайды: «Дулатты Дулат демеңіз,
Тас ағызып ағыны Төре алдында ақпаса... Өз тұсындағы
қазақтың ел билегеңдерін топырыш топас күшіген» деп су
реттеп атайды. Мұнда перифраздық тіркеске негіз болып
тұрған – ел билеушілердің жемқорлық қасиеті, бұл қасиет
күшіген сияқты ұсақ жыртқыш құста бар, сондықтан периф
раз жасайтын белгіге осы қасиет «иесі» – күшіген сөзі алынған.
Заманын толқынды теңіз, сол замандағы қазақ қауымын жел
қайық деп тұспалдап атауы – осылардың барлығы Дулаттың өз
туындылары. Ал ұрыға құрық беру деп ұрлыққа жұмсауды ата
са, Сүлеймен төрені алтынның айшық буы десе, бұлар – халық
тілінде қалыптасқан перифраздар. Бұл қатарға өлең-жырларын
сары алтынның буы, жылғадан сарқырап аққан суат деп су
реттеп атауларын да қосуға болар.
Абайда перифраздардың жалпыхалықтық тілде қалыптас-
қандары да, өзі жасаған авторлық түрлері де бар. Мысалы,
Абайда өмір, тіршілік дегенді сұм жалған, сұм дүние (Бір
қызық ісім екен сұм жалғанда), қайран дәурен (Қалжыңдасып
өткізген қайран дәурен), кемді күн (Бір дәурен кемді күнге
бозбалалық), бұлдыр заман (Қайта айналып, бұрылмас бұлдыр
заман) деп перифраздап, 5-6 түрлі етіп суреттеп атаса, бұларды
ақын өзіне дейінгі әдеби дәстүрден алған. Абай жастарды көк
өрім, жаңа өспірім деп, жас қызды қаламқас деп ауыстырып
атаса, бұлар да бұрынғы қазақ поэзиясына тән перифраздар бо
латын.
Абайдың көркем тіл кестесіндегі көзге түсер ерекшелік-
терінің бірі – контекстік (авторлық) перифраздарды қолдануы,
яғни жаңа перифраздық тіркестер ұсынуы. Олар есім мағына-
лы және етістік мағыналы болып келеді. Есім мағыналылар
әртүрлі абстракт ұғымдарды суреттеп атайды. Мысалы, «сана-
лылық» ұғымын Абай жүректің көзі деп астарлап атай
ды. Мұның перифраз болуына саналылықтың көру, байқау
әрекеттерімен байланысты екендігі, сондықтан ақын сана-
лылықтың осы белгісін көрсету үшін көз сөзін пайдаланады, ал
жүрек дегеніміз адамның өзі, оның ішкі дүниесі ғой.
Сол сияқты надандықты қараңғылық пердесі деуі де осы
жолмен жасалған: надандық бір нәрсені көре алмау, біле ал
мау, оның осы белгісін ақын перде сөзімен білдіріп тұр (перде
өзінің сыртындағыны қалқалап көрсетпейтін зат қой), ал
қараңғылық сөзі – надандық дегеннің контекстік синонимі.
Абай уайымды көңілдің сызығы, жазмышты тағдырдың сызы-
ғы, қайғыны өмірдің шыжығы деп суреттеп атауын біз қазақ
көркем тіліндегі перифраздардың классикалық үлгісі дер едік.
Лермонтов сияқты, Абайдың да ақындық, азаматтық толға-
нысының бір қазығы – адамның жан дүниесі, жан тебіренісі
(сірә, бұл Абайдың Лермонтовқа ерекше бой ұрып, біраз
өлеңдерін аударуына себеп болса керек), сондықтан адамның
ішкі жан дүниесін білдіретін уайым, надандық, саналылық,
сүю, күйіну сияқты сөздерге суреттеме қосалқы атау беруі
айқын сезіледі. Бұл жерде ақынның мақсаты – солар туралы
баяндау емес, сол ұғымдар жайындағы өзінің толғанысын,
ойын, көзқарасын білдіріп, яғни өзінің субъективтік бағасын
беріп суреттеу. Ал ақын сөзі оқырман (тыңдаушы) сезіміне
әсер еткенде ғана көркем сурет болып шығады. Ақын сөзінің
эмоциялы болуына тілдік құралдардың экспрессиялы болуы
шарт. Перифраз сияқты суреттеме номинация (атау), әрине,
экспрессоидтердің қатарынан табылады.
Абайда «екінші атау» («вторичная номинация») – периф-
раздарға ұшырайтындар жоғарыда айтқан адамның ішкі жан
дүниесінен басқа өмірге, өлімге, табиғат құбылыстарына,
поэзияға, тіпті жеке адамдарға қатысты ұғым атаулары болып та
келеді. Бұлар – ақын ұсынған образдардың негізі, тақырыптық
тарамдары.
Әр тақырыпқа қатысты образдарды – перифраздарды жасай
тын тірек сөздер болады. Мысалы, соғыс образына қатысты су
реттеме атауларда дауыл, өрт сөздері, сүю, құмарлану, қайғыру
сезімдерін білдіруде сусын, от, өрт сөздері, батырлықты,
ерлікті білдіруде арыстан, сұңқар, жолбарыс сияқты сөздер
перифраздың тірек сөзі болып келеді: жүрегіне өрт түсу
– сүю, көкірегінде оты бар – саналы, ойлы, от қып өртеу –
күйік тарттыру, отқа түсу – жанын пида қылу, отқа күймеу
– пәледен аман болу, қайғы оты – қасірет-күйік т.т.
Адамның көңіл қүйіне, жан дүниесіне қатысты перифраз-
дардың тірек сөзі ретінде көбінесе көз, тіл, бой, бет, жүрек,
өкпе сияқты дене мүшелерінің атаулары жұмсалады. Ол
ренішті өкпе сызы деп тұспалдап атайды. Мұнда реніштің
өкпелеуден туатын белгісі алынған: «Қылт етпеге көңілдің
кешуі жоқ, Жүрегінде жатады өкпе сызы». Бұл перифраз
да екі компоненттің (құрамды бөлшектің, яғни перифраз
құрап тұрған сөздердің) екеуі де бастапқы номинативтік
мағыналарын ауыстырып жұмсалған метафоралар болып тұр:
өкпе – реніш дегеннің баламасы болса, сыз да суық, жағымсыз
нәрсе болғандықтан, осы мағынаға иек артып, жағымсыз көңіл
күйі – реніш дегенді білдіруге «ат салысып» тұр.
Әдетте көз сөзімен келетін метафоралы тіркестер жалпы-
халықтық тілде де аз кездеспейді. Мысалы, көзінен от шашқан
деген тіркес «өжет, өткір» дегенді астарлап атайды, сол сияқты
жаман көзбен қарау (ұнатпау, жаратпау), көз аларту (өштесу
немесе қорқыту), көз жұму (өлу), көз тою (қанағаттану), көзі
түсу (көру, байқау) т.т. Бұлардың бірқатары перифраз болып
келеді, Абай осындай жалпытілдік қолданыстарға қоса көз
сөзінің қатысуымен ақылдың көзін байлау (еш нәрсені ойлат
пау), ақыл көзбен бағу (саналы оймен бағдарлау), көзге сынық
келу (жағымды көріну), ой көзбен тыңдау (дұрыс түсіну) деген
перифраздарды ұсынады. Ең соңғы перифраз мүлде тың: мұнда
ой(дың) көзі деген тіркес – мағыналары жуыспайтын сөздердің
қабысуы болса, көзбен тыңдау бұдан да өткен мағыналық
«сәйкессіздік»: көзбен көреді, тыңдамайды, тыңдайтын
құлақ болса керек. Ал Абай әрі ойға көз бітіріп, әрі ол көзбен
тыңдатып, еселенген метафора түзіп тұр. Бұл екі метафо
ра тұтасымен бір перифраздық құрылым болып шыққан: ой
көзбен тыңдау – «жақсы әнді санамен ұға білу», яғни ақынның
өз сөзімен айтсақ, өмірдің судай тұнық етіп көрсеткен сәулесін
көре білу, жалпақ тілмен айтсақ, алды ыстық, арты суық, алды
ойын, арты мұң болып шығатын өмірдің ән арқылы берілетін
сырын ұға білу, тыңдаушы ұға білсе, ақын «Жарамды әнді
тыңдасаң, жаның еріп, Жабырқаңқы көңілің көтерілер» деп
түйеді.
Көңіл күйді, адамның ішкі жан дүниесін бейнелеп атауда,
әсіресе етістікті тіркес болып келетін перифраздар көзге түседі.
Бұлардың дені – Абайдың қаламынан туған соны қолданыстар.
Мысалы, талаптың аты арындау (бір нәрсеге қатты талап
тану), үміттің аты елеру (қатты үміттену), көңілдің күні өшу
(үміті үзілу) жүрекке өрт түсу (ғашық болу), шенді шекпен
жабу (қолына билік ұстату), көз майын ағызу (зар-мұңын
айту) т.т. Бұл жерде мына бір жайтты байқаймыз. Біздің тануы-
мызша, бұл тіркестердегі етістіктер алдыңғы метафораланған
перифрастық тіркесті фразеологизмге айналдырушы стимуля
тор (дем беруші) элементтер болып табылады. Ақын алдыңғы есім тіркестерді (үміттің аты, көкірек көзі, шенді шекпен т.б.), айталық, елеру, ашылу, жабу сияқты етістіктермен ғана қолдану үшін жасаған деуге болады. Сондықтан бұл фразеоло гизмдер – авторлық, контекстік дүниелар: бұлардың, құрамын өзгертуге болмайды. Мысалы, көкірек көзі жабылды, шенді шекпен киді, үміттің аты шапты деген тіркестер жасала қалған болса, олардың семантикасы мен стильдік жүгі мүлде басқаша болар еді. Міне, сөз мағыналарын ауыстырып, метафоралап, одан барып номинативтік атауды суреттеме атаумен алмастыру – жалпы көркем сөзге тән құбылыс болса, мұны Абай асқан шеберлікпен жиі қолданған. Абайдың кейбір перифраздары мүлде тың, мағынасы тек қана контекст арқылы ашылатын қолданыстар болып келеді. Мысалы, жас жігіттің сұлу қызға құмартқан кездегі қол жетпес арманын, қиынға түсер әрекетін қарсақ жортпас қара адыр деп мүлде астарлап атайды: «Сап, сап, көңілім, сап көңілім! Сарқа берме санасын... Қарсақ жорт пас қара адыр Қарамай неге шабасың? Сол сияқты ақын өз за манын, өз ортасын соқтықпалы соқпақсыз жер» деп атауы да – классикалық перифраз: «Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!» Абайдың тілінде адамның жан дүниесін жырлауға қатысты көз майын ағызу (зар-мұңын айту: Жылайын, жырлайын, Ағызып көз майын), дүниеге бой алдыру (өмірдің ырқына көну, қажу: Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып аяғын көп шалдырған), көңілдің күні өшу (үміті үзілу), иман жүзін тоздыру (ұялмай өтірік айту) сияқты фразеологизмдердің көбі соны перифраздар болып келеді. Абайда затты не құбылысты перифраз амалымен бейне леуде орыс поэзиясы тілінің ізі де байқалады. Мысалы, өзі жақсы танып оқыған әрі аударған Пушкин, Лермонтовтарда, әсіресе Пушкиннің 1820 жылдарға дейінгі өлеңдерінде пе рифразды қолданыстар жиі кездеседі. XVІІІ ғасырдың соңғы онжылдығы мен XІX ғасырдың алғашқы онжылдығы орыс по эзиясында перифрастық стиль дәуірі деп аталды30. Бірақ 1820 30 Григорьева А. Д. Поэтическая фразеология Пушкина // Поэтическая фразеология Пушкина. - М., 1969. - С. 6.
жылдардан бастап Пушкин Карамзиндер мен Батюшковтар
мектебінен қол үзіп, олардың ең жиі жүгінген көркемдік амалы
– перифраздарды қолдануды біраз тежейді. Ал Лермонтовтың
тілінде перифраздардың әлі де бірсыпыра бар екендігін оның
Абай аударған өлеңдерінен көреміз. Бұл өлеңдерде кездесетін
қараңғы көңіл (Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын), көңілдің
жүгі (Көңілдің жүгін қиял қып, Ызаға тұтқын бойың зең),
улы сусын (Одан гөрі еңбек қыл, Улы сусын төгілсін), жанға
түскен жара, жалтаңдаған жас жүрек, жүйрік уақыт,
үміттің нұры, еркелі қол, асау өмір, тентек өмір, жабырқаңқы
сөз, тәтті үн, нәпсінің сынған қайғысы, асау той, тентек
жиын сияқты тіркестер – сөз жоқ, түпнұсқадағы образдардан
аудармалары. Бұлардың барлығы дерлік орыс тілінің өзінде
перифраз ретінде қолданылған образдар болса, Абай олар
ды қазақ тіліне өте әдемі аударып, перифрастық тіркестердің
қазақша баламасын ұсынады. Әрине, Абай орыстың поэти-
калық тілінің канондық (заңға айналған) сөздігін, орыс
тіліндегі образдар жүйесін теория жүзінде зерттеп таныған
жоқ, бірақ оның ақындық таланты мен қазақтың көркем сөз
мәдениетін жақсы білуі Лермонтовтың көркем қазынасын дәл,
дұрыс аударуға мүмкіндік берген.
Қазақтың көркем сөзінде бұрын-соңды кездеспеген тіркес-
тер бола тұра, Абай өлеңдерінде олардың не образ ретінде, не
көркем элемент ретінде жаттығы сезілмейді. Бұлар қатысқан
өлең текстерінің тігісі жатық болып шыққан, өйткені бұл
іспеттес перифрастық тәсіл, біріншіден, қазақтың көркем сөз
дүниесіне бұрыннан да жат емес, бар амал болса, екіншіден,
бұл амалды Абай толтума поэзиясында да кеңінен қолданып,
жандандырғандықтан, жоғарыда көрсетілген тіркестердің
не шеттігі (өзге тілден калька жолымен жасалғандығы), не
сонылығы көзге ұрмайда. Бұл – Абайдың сөз кестесінің төлтума
(оригинал) және аударма деп бөлінбейтін тұтастығын таныта
ды. Ал бұл тұтастық – ақындық қуаттың, ақындық даралық-
тың бірден-бір белгісі.
Сөйтіп, Абайдық фразеология саласында көзге түсетін
еңбегінің зоры – оның жаңа тіркестер ұсынуы деп білеміз. Бірақ
бұл жаңа дүниелер – жалпы тіл жүйесіне (қазақ тілінің лекси-
ка-фразеологиялық құрылымына) енетін тұрақты тіркестер
емес, авторлық, контекстік қолданыстар. Сондықтан болар, бірқатар зерттеушілер фразеологизмдер және авторлық мета форалар немесе фразеологизмдер және образды тіркестер деп айырып қарастырады31. Жалпытілдік болсын, авторлық болсын фразеологизмдердің дені метафораланған сөз тіркестерінің негізінде туады, яғни сөздердің мағына ауыстыруы арқылы образ жасалса, мағына ауысуы үшін сөздердің бір-бірімен тіркесуі (мағыналарын «соғыстыруы») қажет, сол күнде ғана сөздік негізгі мағынасына қосымша мағына үстеледі де, негізгі мағынасының жүгі не «қисаяды», не «ауып кетеді». Мағыналық жүгі ауған тіркестердің барлығы бірдей жалпыға ортақ көпшілік қолданатын тұрақты тіркеске айнала бермейді, олардың көбі автарлық метафора статусында (дәрежесінде) қалады. Абай тілінде де солай: оның перифраз болып келетін және өзге де өзі жасаған соны тіркестері – авторлық тіл өрнектеріне жатады. Жалпыхалықтық тілдегі бейнелілік пен көркем сөздегі бейнелілік бірдей болмайды: жалпытілдік образдар – ұжымның мүлкі, олар қолданыла-қолданыла келе жалпақ жұрттың меншігіне айналғандар, ал көркем сөздегі образдар – жеке қалам иелерінің табысы, олардың беретін мағынасы контексте айқындалады. Бұның барлығы – лингвистикалық поэтиканың сөз құбылту (орысша словопреобразование) деп аталатын жаңа саласының зерттеу объектісі. Соңғы кездердегі орыс ғылымында бұл сала жайында жиірек айтылып, батыл түрде күн тәртібіне ұсынылып жүр32. Жеке ақынның поэтикалық тілін зерттеуде бұл саланың мағына ауыстыру, мағыналық реңктерді (сема дегендерді) жандандыру, сөздердің тіркесу қабілетін таныту сияқты сәттерін көрсетудің мәні зор, өйткені бұл – сөздің көркем текстегі әрекеті (орысша поведение слова) туралы ізденістің өзегі болмақ. 31 Федоров А. И. Развитие русской фразеологии. - Новосибирск, 1973. 32 Григорьев В. П. О единицах художественной речи // Поэтика и стилистика русской литературы. - Л., 1971. - С. 390.
Фразеологизмдерді өзгертіп қолдану Әдетте фразеологизмдерді қазақ тіл білімінде тұрақты сөз тіркестері, тиянақты тіркестер деп атаушылық жиі кездеседі. Зерттеушілер фразеологизмдерді тануда мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолданылу тұрақтылығы деген белгілерді атайды33. Демек, мағына жағынан да, құрылымы жағынан да тұрақтылық (өзгермейтіндік) фразеологизмдердің негізгі си паты деп танылады. Бұл, сөз жоқ, жалпытілдік қазынадағы фразеологизмдерге келгенде дұрыс өлшемі (критерийі), белгісі болып шығады. Ал фразеологизмдердің қолданыстағы (орысша речевой) белгілеріне келгенде, «тұрақты» деген анықтауыш әрдайым күшін сақтай бермейді. Дәлдеңкіреп айтсақ, тіркестердің тұрақты деп танылатындары – жалпыхалықтық тілде, көпшіліктің тәжірибесінде (сөзінде, аузында) сол қалыптасқан түрінде қолданылатындары. Ал осы қалыпты (жалпытілдік) фразе ологизмдер көркем әдебиетте, әсіресе поэзияда әр алуан мо тивтермен (қажеттіктерден) азды-көпті өзгеріп қолданылуы аз кездеспейді. Бұл өзгеріс құрылымдық жағынан да, мағыналық жағынан да болуы мүмкін. Әрине, бұл өзгерістердің қайткенде де себебі (мотиві) болуға тиіс, әйтпесе ешбір зәруліксіз әр жазушы не ақын өз қалауынша қолданса, ол – норма дан ауытқушылық, тілге деген жауапсыздық болмақ. Фразеологизмдерді өзгерту мотивтері де әрқилы, бірі – стиль қажетінен, фразеологизмге қосымша мағыналық реңк үстеп, оларды ұтымдырақ ұсыну мақсатымен пайда болатын өзгеріс. Мысалы, Абай тілдегі қара қылды қақ жару деген фразеологизмді қара қылды қырыққа бөлу деп трансформа цияласа, соңғы тіркестің семантикалық реңкі алдыңғыдан сәл өзгергені байқалды: қара қылды қақ жару – «ешкімді, еш нәрсені бөліп-жармай тура әділдік таныту» болса, Абайдағы оның өзгерген вариантында әңгіме тек қана «алаламай әділдік айту» емес, істің мән-жайын әбден бажайлап («қырыққа бөліп»), оның әрбір қыр-сырына баға беріп айтылатын әділдік, 33 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы, 1977. - 590-б.
көптің айтқанына қарап емес, өзі танып айтқан ақылды
адамның әрекеті жайында болып тұр: «Ақылды қара қылды
қырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. Таразы да,
қазы да өз бойында, Наданның сүйенгені көп пен дүрмек».
Міне, кәнігі фразеологизмнің өлеңдегі қолданысында пайда
болған бұл жердегі өзгерісі ақынның айтпақ идеясын (ойын)
дәл әрі әсерлі етіп беру үдесінен шыққан.
Образды күштірек, әсерлірек етіп шығару үшін ақын бір
фразеологизмді қатарынан екі рет жұмсайды, бірақ құрылым-
дарын сәл өзгертіп береді. Мысалы, нәзіктік образын айту
үшін Абай: «Тал шыбықтай оралып, Гүл шыбықтай бұралып»
деген өлең жолдарында тал шыбықтай бұралу деген кәнігі
фразеологизмді тал жібектей оралу және гүл шыбықтай
бұралу деп екі вариант етіп келтіреді. Осы арқылы қыз нәзіктігі
күшейтіліп суреттеліп тұр.
Абайда трансформацияланған (өзгертілген) фразеологизм-
дердің көбі ғылым тілінде, контаминация деп аталатын өзге-
рістерге ұшыраған тіркестер болып келеді. Мұнда кәнігі
фразеологизмдердің құрамындағы сөздер алмасып қолданы-
лады. Мысалы, Абайдың өсекке салу деп қолданғаны өсекке
таңу және сөзге қалдыру (салу) дегендердегі сөздерді бір-
бірінен алып, алмастырып контаминациялауы болып шыққан.
Тілге сөз түспеу деген де осындай: ауызға сөз түспеу және
тілге сөз оралмау дегендерден сөз алмастырып жасаған
жаңа құрылым. Бұл қатарға Абай қолданған төмендегі фра-
зеологизмдерді жатқызуға болады: ант шайқау (ант бұзу,
сөзде тұрмау, сөзін шайқау), шырайын жылыту (жүзін жылы
ту, шырайын беру), ардан кету (ардан безу, ұяттан кету), ой
кіру (ақыл кіру, ой ойлау), қайғы жеу (уайым жеу, қайғы шегу)
, қасиетін төгу (арын төгу, қасиетінен айрылу), жатты өз
қылу (жатты жақын ету, жақынын өзі көру), талап салу (та
лап ету, күшін салу), тілге азу (сөзге еру, тілге еру), ықылас
салу (ықылас қою, ден салу), күш айту (күш көрсету, айбын
ды сөз айту), аспанға тырысу (көкке өрлеу, аспанға ұмтылу),
сөзі ұзын (тілі ұзын, сөзі көп, сөзі жаман), ақылға ену (ақылы
кіру, ақылы толған кезге келу, ену), жазды алу (жазды өткізу,
уақытты алу). Бұл тіркестердің жақша ішінде көрсетілгендері
–жалпыхалықтық тілде қолданылатын кәнігі фразеологизм-
дер. Абай олардың сөздерін алмастырып, өзгертіп қолданған.
Егер осы өзгерген фразеологизмдерді жеке-жеке атасақ, олар-
дың дағдылы еместігі бірден байқалады. Ал Абай өлеңдерінің
ішіне келгенде, бірде-бір оқырман Абай мына сөздерді дұрыс
қолданбапты немесе тіркесті бұзып, нормадан ауытқып кетіпті
деп еш ойламайды, өйткені бұлар өлең тілінің бүкіл бітіміне
соншама оралымды етіп келтірілген. Ол оралымдылық әртүрлі
мұқтаждықты өтеуге қызмет етеді. Мысалы, ант бұзуды ан
тын шайқау деп өзгерту ұйқас қажетін өтеп тұр: «Анттасын
алқайды. Сен тентек демеске. Кім антын шайқайды, Амал жоқ
жемеске» деген өлең жолдарында осы фразеологизмнің бұзады
(антын бұзады) деген тұрақты компоненті мүлде келмес еді,
өйткені бұл жолдың ұйқасы алқайды деген тұлғаға сай келуі
керек. Бұл жерде өлең ұйқасы да дәл шыққан, тіркес мағынасы
да бұзылмаған, себебі бұзу мен шайқау сөздерінің негізгі
мағыналары дәл түспегенімен, шайқау сөзіндегі қосымша
семантикалық реңк (шайқау арқылы бұзу, мысалы, жұмыртқа
шайқалса, ол бұзылып, бүлініп, балапан шықпайды немесе
қаймақты шайқаса, ол «бұзылып» қаймақ болудан қалып, май
болып шығады т. т.) бұл екі етістікті дәл осы контексте сино
ним қатарына шығарған.
Қайғы жеу тіркесі – дағдыдағы уайым жеу фразеологизмі-
нің трансформациясы (құбылған түрі). Бұл жердегі өзгерістің
уәжі (мотиві) басқашалау сияқты. Қайғы мен уайым сөздері –
мағыналық жағынан тепе-теңге жуық синонимдер, кейде бұлар
уайым-қайғы деп те қолданыла береді.
Абай кейбір сөздерді мағыналас қатарларының ішінен бөліп
алып, жиірек қолданғанын білеміз. Сондықтан ол көрсетілген
екі синонимнің қайғы деген қатарын уайым дегенге қарағанда
әлдеқайда көп жұмсаған: қайғы сөзі 66 рет келсе, уайым 13 рет
қана ұшырасады, бірақ қайғы жеу мен уайым жеу тіркестерінің
қолданылу жиілігі бір-бірімен қарайлас: екеуі де үш-төрт рет
тен келген. Біздің байқауымызша, ақын бұл екі тіркеске сәл
мағыналық айырмашылық берген сияқты: қайғы жеу дегенде
«алаң болу, қам жеу» деген реңк басымдау да, уайым жеу де
генде нағыз «қайғыру» мағынасы күштірек сезіледі. Мысалы:
«Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің
алдыңда, Оған қайғы жесеңіз» дегенде қайғы жеу тіркесі
«адам болам деп ойласаңыз, қам жесеңіз» дегенді білдіріп
тұрғаны даусыз, ал Әбдірахман науқастанып жатқанда жазған
өлеңінде: «Уайым жеуліміз, «А, Құдай!» деуліміз, Жазылып
келсеңіз» десе, мұндағы уайым жеуліміз «қайғырудамыз, зар
илеудеміз» дегенді білдіреді.
Тілдің адам сезімін жеткізудегі құдіретін, әрбір сөздің сырт
көзге байқалмас мүмкіндігін сезу – тіл сырын түсіне білген
қас шебердің ғана қолынан келетін іс. Бір қарағанда еш ай
ырмасы жоқ, ана вариантын да, мына вариантын да қолдана
беруге болатын сәттерге жақынырақ қарап, назар аударсақ,
Абайдың тілге келгендегі ғажап сезімталдығын көреміз.
Бұл орайда Абайдың әрбір қолданысын: сөзін, сөз тіркесін,
сөйлемін, өлең құрылымын, ұйқасын, ырғағын т.т. жеке-жеке
талдасақ, көп нәрсені көрер едік, поэтикалық тілге қатысты
бірқатар теориялық мәселелерге барар едік. Әрине, бұл –
бірер зерттеудің, бірер зерттеушінің жүгі емес. Және мұндай
талдаулардың қыры да (ғылыми аспектісі) әр алуан болмаққа
керек. Сондықтан ұлы Абай қалдырған тіл жұмсау, тіл өрнегін
салу үлгісін (тәжірибесін) талдап-таныту – әрі қарай жүргізіле
беретін, ғылымның арнайы бір тармағына айналатын жұмыс
деп ойлаймыз. Бұл кітаптағы біздің ізденістеріміз осынау
үлкен шаруаның бір тармағы ғана.
Фразеологизмдердің құрылымдық өзгерістерін зерттеуші-
лер оларды бірнеше топқа бөліп қарастырады. Бұлардың бір
тобы – трансформацияланған тіркестер. Бұған құрамына басқа
сөздер қосылған түрлері жатады. Мысалы, Аллаға (Тәңірге)
жазу деген тіркесті Абай Аллаға неден жаздың деп келтіреді.
Сары алтын фразеологизмі – тұрақты тіркес, мұндағы сары
– «нағыз, қымбат, жоғары пробалы» деген мағыналы сөз. Осы
тіркеске самородный деген орыс сөзін қосып, «шынайы, нағыз
алтын» деген ұғымды одан сайын күшейтіп тұр. Дүниені ай
налу фразеологизмі «көп жерді кезу» деген мағынаны берсе,
оны Абай дүниені үш айналу деп, сөз қосып қолданғанда, бұл
мағынаны одан сайын күшейтіп, «бүкіл жер-көкті шарлау» де
ген мәнде жұмсайды.
Фразеологизм құрамына сөз қосу – жалпы тіл тәжірибесінде
аса өнімді құбылыс емес, өйткені фразеологизмнің өзі – артық
сөзді көтермейтіндей дәрежеде ықшамдалып, «етек-жеңін
жинап алған» құрылым, сондықтан өлең тілі сияқты ерекше
жағдайда болмаса, өзге тұстарда фразеологизм құрамына
қосымша сөз қосу әрекеті бола бермейді. Ал өлең сөзде фра-
зеологизмнің мағынасын не дәлдей, айқындай түсу үшін, не
күшейте түсу үшін, не өлең техникасының қажеттігін өтеу
үшін, қысқасы, осылар сияқты стильдік мақсатпен қосылады.
Айталық, біреудің иығына шапан жабу тіркесі «біреуді сый
лау, қошемет көрсету» дегенді білдіреді, ал Абай осы фразео-
логизмдегі шапан сөзін шекпен деп өзгертіп, осы тіркеске
және шенді сөзін қосқанда, қосылған сөз арқылы шекпеннің
(шапанның) «сый көрсету» деген образын сәл ауыстыра
ды: бұл жердегі жабылатын шекпен – сый, құрметтің симво
лы емес, лауазымның көрсеткіші, мұны оған шенді сөзінің
тіркесуі айқындап тұр, демек, шенді шекпен – орыс әкімшілігі
ұсынатын ұлықтықтың белгісі. Сөйтіп, шапан жабудың шенді
шекпен жабу болып өзгертілуінде ақын айтпақ ойын бейнелеп
дәл беру мақсатын көздеген.
Фразеологизмдер дүниесінде Абайдың қолданған және бір
әдісі – жалпыхалықтық тілдегі тұрақты тіркестердің идеясын
алып, яғни мағынасын қуалап, соның ізімен жаңа тіркес жасау
болды. Мысалы, қазақ тұрмысында, көші-қон кезінде немесе
бір жаққа бару керек болғанда, біреуден уақытша пайдалануға
көлік сұрау актісі болған, ол аттың майы (көліктің майы)
деп аталған. Тіркестің осы идеясын (мағынасын) алып, Абай
көздің майы, сөздің майы деген тіркестер жасаған. Аттың
майы «аттың күші» деген мағынаны білдіретін болса, көздің
майы, сөздің майы деген тіркестерде Абай осы мағынаны пай
даланады: көздің майын ағызу – көздің күші, жасында болса,
сол жасты төгіп «қалқаға сөз айту», ынтықтығын білдіру, ал
сөздің майын аямау дегенде сөздің күшін – әсерін аямай, ба
рын айту деген ұғымды ұсынады. Келесі мысал. Қазақ пысық
адамды еті тірі кісі дейді. Осы мағынаны ұстанып, Абай
көңілі тірі деген тіркес жасайды. Жақын тарту, іш тарту де
ген қалыпты фразеологизмдегі тарту етістігінің мағынасына
иек артып, қайратсыз тарту, ыстық тарту, салбыраңқы тар
ту деген соны тіркестер ұсынады. Пайдасы тию, зияны тию
дегендердің үлгісімен панасы тию деген тіркесті, күшін жал
дау дегеннің моделімен жан жалдау сияқты жаңа тіркестерді
өлең тіліне қосады.
Абай осылайша ұсынған соны тіркестер өздеріне модель
(үлгі) болған варианттарынан экспрессиясы әлдеқайда күшті,
образды дүниелер қатарын құрайды. Бұл фразеологизмдер,
бір жағынан, тың образдар жасап, поэтикалық құралдарға ай
налып жатса, екінші жағынан, қазақ тілінің фразеологиялық
қазынасын толықтырып, байытты деуге болады.
Фразеологизм құрамындағы сөздердің орын алмасты
рып қолданылуын біз олардың құбылуына (трансформацияға
түсуіне) жатқызбас едік. Бұл – өлең шартынан туатын құбылыс,
яғни өлеңнің ырғақ, ұйқас, өлшем сияқты шарттарына қарай,
фразеологизмдердің құрамындағы сөздер орындарын ауысты
рып келе береді. Мысалы, қырқын мінсе, қыр артылмау де
ген фразеологизмді Абай прозасында осы көрсетілген орын
тәртібімен қолданған болса, өлеңінде оны екіге бөліп жібереді:
«Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық, Қыр артылмас болған соң
мінсе қырқын». Екінші мысал: мыс қазандай қайнау (мағынасы
«амалы құрып, күйіп-жану») фразеологизмі де өлеңде: «Үшбу
қиял келсе басқа, Сен жүдер деп мен үшін, Болар еді қайнамасқа
Мыс қазандай сорлы ішім» деген түрде сөздердің орындары
ауысып берілсе, ол да – өлең шартынан туған қолданыс. Бұл
жердегі сөздердің орын ауыстыруы сияқты өзгерісі фразео
логизмге не мағыналық, не стильдік реңк үстеп тұрған жоқ.
Фразеологизм құрамындағы сөздердің араларына бөгде сөздер
салып, бір-бірінен алшақтап орналасуын парцеляция дегенге
жатқызушылық та бар, ал парцеляция – сөйлемнің құрамды
бөлшектерін ажыратып, «отауларын бөлектетіп» жіберу амалы.
Жоғарыда келтірілген мысалдарда сөйлем кұрамын бөлшектеп
көрсетуден гөрі, өлеңін ұйқас, өлшем шарттарына бағындыру
ғана байқалады. Біздіңше, фразеологизмдер контаминация
мен немесе үстеме сөздермен мағыналық реңк алу мақсатын
көздеген сәттерде ғана құрылымдық өзгеріске түседі деп са
наймыз.
Абайдың поэтикалық тіл өрнегінде өзіне дейінгі ақын-
жырауларда кездеспеген және бір жаңалық бар, ол – қазақ
тілінің фразеологиялық қазынасына орыс тілінен тікелей ау
дару арқылы жасалған соны тіркестердің, қосылуы. Бұлар
сан жағынан аса көп емес, бірақ сол аз фактінің өзі бұл
жаңалықтың қазақ поэзиясы тілінде Абайдан басталғанын
көрсетеді. Мысалы, қазақ тілінде мүйіз шығу деген фразеоло
гизм бар. «Фразеологиялық сөздікте» оның мағынасы «қарық
болу, кенелу, дегені орындалу, жетісу (кекесін мағынасында)»
деп көрсетілген де, Абайдан мысал келтірілген. Осы мы
салды алып, бұл тіркестің мағынасын «Абай сөздігі» де:
«жетісу, дегеніне жету» деп түсіндіреді. Ал байыптап қарасақ,
Абай қолданған мүйіз шығу фразеологизмі «күйеуінің көзіне
әйелінің шөп салуы» деген мәнде жұмсалғаны байқалады. Бұл
тіркес ақынның «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген
өлеңінде қолданылған. Оның мағынасын дұрыс аңғару үшін
екі-үш шумақты қатар оқу керек:
Есерлер жас қатынды тұтады екен,
Жас қайғысын білдірмей жұтады екен...
Бай қартайса, малына берер шылбыр,
Мал өмірді жаңғыртпас, Құдай ұрғыр...–
деп жас әйел алған кәрі адамның хал-жайын айтып алып, әрі
қарай:
Қатыным қалай деме, ақсақал бай,
Сонымен дос боп жүрсің, япырым-ай!
Қу қатының майысса, мәз боласың,
Шайтанның шәкіртінің қылығын-ай!–
деп, жас қатынның қулықпен майысып, кәрі шал күйеуін мәз
қылып қоятынын айтады да:
Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең,
Мүйіз шығар қатынның тіліне ерсең, –
деп ескертеді, яғни жас қатынның тіліне (майысып айтқан ал
дауына) көнсең (сенсең), алданғаның – саған мүйіз шыққаны,
яғни көзіңе шөп салынғаны, сондықтан қартаң бай – кәрі күйеу,
сақ бол дейді. Бұл контекстегі мүйіз шығу, аталған сөздіктер
қате көрсеткендей, «дегеніне жету, жетісу» емес, керісінше,
«мазаққа қалу, масқара болу». Бұл мүйіз шығу орыс тіліндегі
наставить рога кому-либо («жұбайының көзіне шөп салу») де
ген фразеологизмнің аудармасы деп тану керек.
Абай өлеңдерінде кездесетін кептерше сүйінісу («ворковать
как голубки»), салқын тарту («постывать»), тактісіне билеу
(«отбивать такт»), бір сағаттан бір сағат («от часу на час») де
ген тіркестер де қазақ тілі үшін жаңа; олар – орыс тілінен каль
калау (сөзбе-сөз аудару) жолымен жасалғандар. Бір ғажабы –
бұлардың бәрі тек аударма үстінде емес (олар да бар), Абайдың
төл өлеңдерінде де қолданылған! Айталық, салқын тарту деген
тіркес Абайда: «Дүниедегі қызықтың бүгін бәрі Саған салқын
тартқандай, сен бір кәрі» деген өлең жолдарында кездессе,
бұл жолдар – Лермонтовтың: «Пускай теперь прекрасный свет
Тебе постыл – ты слеп, ты сед» деген жолдарының аударма
сы. Кептерше сүйінісу (Абай жинақтарының барлық басылым
дарында сүйеніскен деп жазылып жүр, біздіңше, сүйініскен
болуы керек, оны Абай орысша варковать дегеннің аударма
сы етіп алған) деген тіркес те аударма өлеңінде кездеседі, ал
қалғандары (мүйіз шығу, тактісіне билеу, бір сағаттан бір
сағат) – Абайдың төл өлеңдерінде. Бұл – Абайдың орыс тілінің
көркемдік дүниесін творчестволықпен игергендігінің белгісі.
Абайдың поэтикасын кеңінен сөз еткен ғалым 3.Ахме
тов ақынның аударма өлеңдеріндегі жас бұлт, кәрі жартас,
тентек өмір, салқын өмір, қараңғы өмір, өткен күннің улары,
көңілдің ауыр жүгі деген тіркестерді қазақ тіліне кәнігі емес,
жаңа фразалар деп көрсетеді.
Сөйтіп, Абай образды фразеологизмдерді поэтикалық экс-
прессияның құралы ретінде молынан жұмсауды өзінің шебер-
лік тәсілінің біріне айналдырған, ол үшін:
1) байырғы жалпытілдік образды фразеологизмдерді тұл-
ғасын өзгертпей еркін, орынды және молынан пайдаланған
(аузымен орақ ору, малына шылбыр беру, басқа шауып, төске
өрлеу, атының жалын құшу, қарағайды талға жалғау т. т.);
2) кәнігі фразеологизмдердің тұлғалық құрылымын өзгертіп
жұмсаған, мұнда әсіресе контаминация тәсілі мен мағыналық
модельді пайдалану амалын жандандырған (қайғы жеу, тілге
сөз түспеу, қасиетін төгі, өсекке салу, сөздің майы, қайратсыз
тарту, салбыраңқы тарту т.т.);
3) образды жаңа фразеологизмдер жасап, өзінің поэтика-
лық қорын молайтқан, соны тіркестердің денін перифраз деп
аталатын түрлері құрайды, перифраздық тіркестер бір нәрсені
не құбылысты соның бір белгісін не қасиетін көрсетіп, суреттеп
атау болса, бұл тәсілді Абай барынша жандандырып, жүйеге
айналдырған (жүректің толқыны – «сүю», соқтықпалы
соқпақсыз жер – «заманы», көңілдің сызығы – «уайым»,
өмірдің шыжығы – «қайғы, трагедия», ажары қайтты, ажа
ры тозды, өмірдің өрін тауысты, қайратсыз тартты, бұлар
«қартайды» дегеннің перифраздары); 4) жаңа фразеологизмдерді жасауда Абай семантикалық
өрісі әртүрлі сөздерді тіркестіреді. Ол сөздердің біреуі нақты
зат атауы болса, екінші дерексіз есім болып келеді немесе
нақты затқа тән қимыл атауларын дерексіз ұғымдарға жанасты
рады (ұяттың күзетшісі, көңілдің жайлауы, тентек жиын,
саңырау қайғы, жабыр-қаңқы сөз, қулық сауу, иман жүзін
тоздыру, адам сауу, көңілге ажым салу, көңілге қалың беру,
қорлыққа жығылу, ақылға шырақ жағу, көңілдің бәйгеге ша
буы, қайғының иыққа шығуы т. т.);
5) белгілі бір есім сөздерді (жүрек, мақтан сияқты) неме
се етістіктерді (сауу, бағу, табу, күйлеу сияқты) ұйытқы етіп
алып, олардың байырғы фразеологизмдердегі моделін пай
даланып жаңаларын жасайды: мал сауу дегеннің моделімен
адам сауу, қулық сауу, еңбек сауу, мал бағу дегеннің үлгісімен
күлкі бағу, ғылым бағу, ел бағу, өнер табу – ғылым табу, ақыл
табу тәрізді соны фразеологизмдерді ұсынған. Мұндайда
фразеологизм жасап тұрған сөздердің біреуі метафораланған
(мағынасы ауысқан немесе жаңа мағыналық реңк үстеген) бо
лып келеді: асау жүрек, қырық жамау жүрек, үрпейген жүрек
дегендердегі алдыңғы компоненттер өздерінің лексикалық
мағынасынан айрылып қалып тұр;
6) Абай қолданған жаңа фразеологизмдердің шағын тобы
аударма өлеңдерінде орыс тілінен тікелей калька жолымен
жасалғандар болып табылады: күнді уақыт итеру (Күнді
уақыт итеріп, Көк жиектен асырса – Когда садится алый день
За синий край земли), жанының жүгі (Жанының ауыр жүгі
жеңілгендей – С души как бремя скатится); 7) фразеология саласындағы жаңалық, өзгерістердің бәрі
Абайда стильдік мақсатты өтейтін құрал ретінде таныла
ды. «Сөзі түзелген», поэзиясы жаңа сипат алған Абай... сол
«сөзді» әдемілеп көмкеруде жаңа құралдарды іздеп тапқан.
Ол құралдары – соны фразеологизмдері, перифраздары,
байырғы тіркестерді өзгертіп ұсынған варианттары екенін
талдауларымыздың өн бойында көрсеткен фактілер (мысал
дар) дәлелдейді.
СӨЗ ҮНДЕСТІРУ Дыбыстар гармониясы Өлең қай тілде болмасын, ол – дыбыстар гармониясы, ды быс үндестігінің, дыбыс ырғағының көрінісі. Эвфония, яғни дыбыс әуезділігі, үн гармониясы өлең жазудың басты шар ты екенін қазақ әдебиеті теориясын сөз еткен ғалымдар өз зерттеулерінде кеңінен дәлелдеп өтеді34. Ақындық өнер үшін ырғақтың құпия сырын сөз зергерлерінің, оңың ішінде орыс ақындары В. Маяковскийдің, А. Блоктың қалай түсінгенін 3. Қабдолов әдемі баяндайды35. Ырғақ – үндестік тудыратын қуат болса, үндестік дегеніміз өлең жасайтын сөздердің тақта-тақта, бунақ-бунақ, тармақтармақ болып ұйымдасуы. Бұл – бір. Екіншіден, дыбыс гармо ниясы сол сөздерді құрап тұрған дыбыстардың үні, ұқсастығы жағынан топтасуы болып табылады. Өлең сөздің құрылымына жататын бунақ, тармақ, шумақ сияқты категорияларды талдау – өз алдына әңгіме, ол да сайып келгенде ақынның көркемдік кілтін ашады. Абай өлеңдерінің құрылысы, ғылым тілімен айтсақ, архитектоникасы жөнінде 3. Ахметов, 3. Қабдолов сияқты әдебиет теоретиктері кеңінен сөз етіп, талдады. 3. Ахметов қазақ өлеңі құрылысын зерттеген үлкен еңбегінің бір тарауын Абай өлеңдеріне арнаған36. Абай өлеңдерінің құрылымдық жүйесіне, ерекшеліктеріне, жаңалықтарына біз де ақын өлеңдерінің синтаксистік құрылысын талдаған еңбегімізде оқырман назарын аудартқан бола тынбыз37. Ал бұл зерттеудегі әңгімеміздің арқауы өлең үнділігінің екінші қыры – дыбыстар үндесуі, гармониясы болмақ. Атап айтқанда, әдебиет теориясын сөз етушілер (мысалы, 3. Қабдолов) «ажарлау» деп атаған көріктеу амалына (құралына) жататын ассонанс, аллитерация сияқты бірыңғай дауыссыз 34 Қабдолов 3. Әдебиет теориясының негіздері. - Алматы, 1970. - 263-265-б.; Ахметов 3. Қазақ өлеңінің құрылысы. - Алматы, 1964. - 11-б. 35 Қабдолов 3. Көрсетілген кітап. - 263-264-б. 36 Ахметов 3. Казахские стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 304-366. 37 Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. - Алматы, 1970.
немесе дауысты дыбыстардың өлең жолында не жолдарында (микро не макро-тексте) қайталануына, сондай-ақ өлең жолын да түбірлес сөздердің қолданылуына қатысты дыбыстар гармониясын талдаймыз. Абай поэзиясы тіліндегі дыбыс гармониясы туралы тұңғыш рет 1934 жылы сөз еткен ғалымдар Е. Ысмайылов пен 3. Шашкиндер болатын. Олар «Абайдың поэтикасы» атты ортақ мақаласында «Дауыс ырғағы туралы» деген тақырыпша қойып, Абай өлеңдеріндегі аллитерация, эпифораларды көрсетеді 38. Бұл мақалада: Абай «Күз» деген өлеңінде күзгі желді, ызыңды білдіретін сөз дыбыстарын жиі келтіреді, ал «Өзгеге, көңілім, тоярсың» тарығып, қысылып жазылған өлең болғандықтан, мұнда «сарнаған дауысты» н, м, ң дыбыстары көп дейді, «Қыс» өлеңінде ақ, ашық түсті беретін а дыбысы көп дегенді айтады39 Әрине, бұл танымда субъективтік сипат бар екендігіне қарамастан, дыбыстың стильдік қызмет атқаруы және образ жасауға қатысы туралы қазақ филологиясында тұңғыш рет мәселе қойылғанын атаймыз. Сөз жоқ, поэзия тіліндегі дыбы стар үні, гармониясы тек өлең біткенге тән дауыс ырғағының (ритмиканың) ғана белгісі болып қоймайды, оның көркемдікбейнелеуіштік жүкті де арқалайтындығын кез келген ақыннан табуға болады. Ал бұл ретте Абай поэзиясының тіліне үңілудің үлкен мәні де, қажеттігі де бар. Көріктеу құралы ретінде үн гармониясын туғызатын тәсілдердің бірі – аллитерация мен ассонанс. Аллитерация микротексті бірыңғай (бірдей немесе ұқсас) дауыссыз дыбыстары қайталанып келетін сөздермен құру болса, ассонанс бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталап келтіруде қолданылатын тәсіл болып табылады. Бұл – белгілі жайт. Егер ырғақ (ритм) өлеңді жасайтын құрал болса, ассонанс пен аллитерация – өлеңді әшекейлейтін құрал. Бірақ екі топ та – өлең сөздің сазын, әуенін дүниеге келтіретін амалдар. Кездесетін орындарына қарай дыбыстар гармониясын дыбыстардың өлең жолының басында келетін және қатар 38 Ысмайылов Е., Шашкин 3. Абайдың поэтикасы // Әдебиет майданы. - 1934. - № 11-12. - 111-112-б. 39 Сонда. - 112-б.
тұрған сөздердің өн бойында кездесетін біркелкілігі деп бөліп
қарастыруға болады. Өлеңнің, кемінде қатар келген үш-төрт
жолының бір не біркелкі дыбыстан басталуын біз аллите-
рацияға (не ассонансқа) құрылған дыбыстық анафора деп
санағанды жөн көреміз. Ал анафора дегеніміз – қатар түзілген
өлең жолдарының біркелкі басталуы. Өлең жолдары біркелкі
дыбыстардан немесе біркелкі буындардан да басталуы
мүмкін, ол дыбыстық немесе фонетикалық анафора болып
шығады. Анафораның лексикалық деп аталатын түріне өлең
жолдарының бір сөздің қайталап келуінен басталуы аталса,
синтаксистік түрі деп өлең жолдарының ұқсас параллельдік
құрылымдар болып айтылуы аталады. Сондай-ақ анафораның
шумақтық деп аталатын түрі де болады, бұл жағдайда өлеңнің
әр шумағы немесе әр шоғыры бір тармақтың қайталап келуінен
басталады.
Аллитерация мен ассонанс
Қазақ поэзиясы өзінің қай жанрында да, қай дәуірде де
өлең үні гармониясының барлық түрін көріктеудің пәрменді
құралдарының бірі деп қолданып келген. Оның ішінде әуелі
дыбыстық анафораға келсек, бұл құбылысты қазақ ауыз
әдебиеті үлгілерінен де, авторлы әдебиет туындыларынан да
молынан таба аламыз.
Өлеңнің ең кем дегенде үш-төрт жолы қатарынан бір дыбы
стан, дәлірек айтсақ, біркелкі буыннан басталатын сөздермен
келгенде, дыбыстар гармониясы жақсы байқалады. Мұндайда
кейде үн сазын жағымды етіп келтірумен қатар, өзге де стильдік
мақсаттар көзделуі мүмкін. Мысалы, «Қобыланды» жырында
батырдың анасы аттанып бара жатқан баласының амандығын
тілеп, жалбарынған сөздері:
Қамбар, өзің қолдасаң,
Қолдамайтын кім бар-ай!
Қазанға қайдан жол қылдың,
Қараман деген заңғар-ай?
Қала қоймас Бурыл ат
Қатар шапқан жарыстан, –
деп келеді. Мұндағы өлеңнің алты жолының қ деген дауыссыз
дан, дәлірек айтсақ, қам, қол, қа деген буындардан басталып
тұруы осы жолдардың алдындағы:
Көл иесі Қамбар-ай,
Шөл иесі Қамбар-ай!–
деген «ие» аты Қамбар сөзімен үндес етіп тұр. Міне, бұл –
енді белгілі бір негізі, дәлелі бар қолданыс, яғни бұл жердегі
аллитерациялық анафора образ жасау мүддесін көздеген деуге
болады.
Өлең жолдарының біркелкі дыбыстан басталуы XV-
XVІІ ғасыр ақын-жырауларында тіпті жиі кездеседі. Бұларда
өлеңнің қатар келген төрт-бес жолында ассонанс немесе
аллитерацияның қолданылуы – кәнігі амал. Мысалы, XV ғасыр
жырауы Қазтуған өзінің «ақ ала ордасы қонған жұртын»:
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер.
Жарлысы мен байы тек,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған...–
деп жырлайды. Мұнда жырау ж мен б дыбыстарын «ойна
тады». Бұл жерде образ жасайтын стильдік мақсаттан гөрі,
өлеңнің үнділігі, дыбыстық әсері көзделген деуге болады.
Қатарынан төрт-бес жолы аллитерация немесе ассонан
спен келген өлең-толғаулар XV-XVІ ғасырларда жасап өткен
Асанқайғыда да, Доспамбетте де, Шалкиізде де баршылық.
Асанқайғыдан:
Ойыл деген ойыңды,
Орын тапсаң тойынды.
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің...
Елбең-елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген. Екі семсер қолға алып, Ерлер жортып күн көрген Еділ деген қиянға Еңкейіп келдің тар жерге... – деген жолдарды оқысақ, мұнда бабамыз о мен е дауысты ды быстарын ассонанстық анафораға жегіп, жырдың құлаққа жағымды әуенін тапқан. Доспамбет те а, қ, т, ж дыбыстары нан басталған сөздерді қатар тұрған өлең жолдарында келтіріп, қазақ сөздерінің дыбыс үнділігін әдемі берген: Жара бір қатты, жан тәтті, Жара аузына қан қатты. Жарықшылар жоқ па екен, Жармай білте саларға. Жағдайсыз жаман қалып барамын Жанымда бір туғанның жоғынан... Немесе: Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай қондым – өкінбен. Толғамалы ала балта қолға алып, Топ бастадым – өкінбен. Тобыршығы биік жай салып, Дұшпан аттым – өкінбен... Шалкиіздің толғауларынан да үш-төрт жолдың басы қатарынан бірдей дыбыстан басталатын сөздермен келетін тұстарын оңай табуға болады. XV-XVІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тармақ басындағы ассонанс пен аллитерацияға құрылған анафораға кеңірек баруына өлеңнің оқуға емес, тыңдауға арналғандығы да себеп кер болса керек. Бұл – бір жағынан, екіншіден, аталған кезеңде ертедегі түркі поэзиясының жасалу техникасында дыбыс ырғағының көбірек сақталғандығынан болар. Зерттеушілердің айтуларына қарағанда, көне түркі поэзиясындағы өлең құрылысы аллитерацияға иек артқан, ол әрі ұйқас, әрі шумақ құраушы қызмет атқарған40. Бұл жерде әңгіме көне түркі поэзия40 Стеблева И. В. Развитие тюркских поэтичеоких форм в XІ в. - М., 1971. - С. 88.
сындағы (мысалы, Күлтегін ескерткішіндегі немесе Махмұт
Қашғари келтірген өлең жолдарындағы) аллитерация жайын
да, яғни тармақтардың, кейде тіпті тұтас шумақтардың өн бой
ында біркелкі дыбыстардың қайталап отыруы туралы. Мыса
лы, Күлтегінге арналған үлкен жазбадағы:
Қаған ат бунта біз біртіміз
Сіңлім кунчуйуп біртіміз
Өзі йаңулту, қағаны өлті,
Будуны куң кул болты, –
деген жолдарға көңіл аударыңыз (біз бұл шағын тексті қазіргі
оқырманға қолайлырақ болсын деп, латын әріптерімен емес,
осы күнгі графикамызбен бердік). Мұнда қ, б, ө дыбыстарының
кайталап келуі осы микротексті өлең іспеттес үнді құрылымға
айналдырып тұр.
Өлең құрастырудағы көне түркілік басқы ұйқас немесе
тармақ ішіндегі дауыссыздар біркелкілігі (аллитерация)
сияқты амал қазақтың ақын-жыраулар поэзиясында көпке
дейін сақталып келгенін айта аламыз. Сірә, бұл жерде біз
түркі поэзиясының аллитерациялық жүйесі орта ғасырларда
мұсылман мәдениеті күшті әсер етпеген ортада, айталық,
қазақтарда қолданыстан көп ығыспағаны байқалады, яғни араб,
парсы поэзиясының аруз деп аталатын өлең өлшемінің түркі
жазба поэзиясына әсер еткеніндей, қазақтың төл халықтық по
эзиясына ықпалын тигізбегенін зерттеушілер көрсетіп келеді,
оның есесіне түркінің поэтикалық көне тәсілдері ізін суытпай
келгені айтылады.
Аллитерация мен ассонанс сияқты дыбыс үнділігін, әрине,
тек ауыз әдебиеті мен ауызша тараған ақын-жыраулар туын-
дыларының көріктеу тәсілі деуге болмайды. Эвфония қарас-
тыратын дыбыстық қайталаулардың қай-қай түрі де: аллитера
ция, ассонанс, анафора, эпифора, ұйқас, ырғақ көркем сөзде,
әсіресе өлең сөзде белгілі бір әсер туғызатын, яғни эмоциялық
бояу үстейтін стильдік тәсіл болса, оларды қай дәуірдің сөзгері
болса да қолданбай отырмайды.
Қазақ көркем сөзіне дыбыс сазының, үн гармониясының
бірден көзге түсетіні де, ең жиі кездесетіні де, сөз басындағы
дыбыстардың біркелкі болып келетіндері. «Біркелкі» деген
де тек бір дыбыстың қайталануын ғана емес, қатар тұрған сөздердің басында не ішінде үнімен табиғаты жағынан ұқсас дыбыстардың қайталап келуін де түсіну керек. Ол ұқсас ды быстар: т-д, сш- з, б-п, қ-к, ғг, а-ә, ұ-ү, ыі, о-ө сияқтылар. Мысалы, Абайдың Түзу кел, қисық, қыңыр, қырын келмей деген өлең жолында қ-к дыбыстарынан басталатын сөздер шоғырланған. Аллитерация мен ассонанс тәсілі тек өлеңнің музыкалы, үнді болып шығуы үшін ғана емес, белгілі бір стильдік мақсатпен де қолданылады, олар экспрессивтік жүк арқалап тұруы мүмкін. Мысалы, Мұхтар Әуезов сияқты сөз құдіретін көрсете білген шебер жазушы «Қарагөз» трагедиясында Сы рым «Қарагөз ғашықтық дертінен жынданыпты» дегенді естігенде айтқан монологін бергенде, тексті аллитерация мен ассонансқа құрады, оларды кейіпкердің жан дүниесін көрсетуге жұмсайды, Сырымның сүйгенінен айырған күшке деген лағынетін, Қарагөзге деген асқақ сезімін білдіруге пайдала нады: Сырым мен Қарагөздің қосылуына олардың бір рудың жеті атаға жетпейтін Өсер деген бұтағынан туғандығы бөгет болған, екеуі де алты атадан қосылатын Өсерден өрбігендіктен, бір-бірін сүюге де, қосылуға да құқықтары жоқ, шариғат қосса да, ата-баба заңы қоспайды, сондықтан Сырым осы заңға лағынет айтады, оған Өсер деген ата атауы сол заңның өзі болып түрпідей естіледі: Лағынет, лағынет болсын саған, Өсер аулы! Өсер... Өсер... Не есер? Тек зұлымдық өсер нөсер болып сенен. Сор өсер, ар өшер!.. Өскенде тек зар өсер, өсер сенің лағынет табаның астында! Монологтің бұл тұсында Сырым с, з дыбыстарын сөз сайын дерлік келтіріп, іштегі суылдап кернеген ызасын, тістенген кегін үнмен (с, р дыбы старын үздіксіз қайталаумен) білдірсе, осы монологті: Кегім, кегім, Қарагөзім! Аяулы ару ардақтарым! Арнадым саған сол әділ ашу-кегімді!...– деп аяқтайды. Мұнда енді аллитерация мен ассонансты жасайтын дыбыс үндері өзгерген: к-мен кел ген аллитерация Қарагөз деген арнау сөзге екпін түсіру үшін жұмсалған, ал а, ө дыбыстарының сөз бастарында қайталануы өзгеше бір үнді, айталық, махаббатына деген адалдығын, сертін білдіруге «көмектесіп» тұрғанға ұқсайды.
Енді Абай өлеңдерінің үніне оралайық. Абай өлең құры-
лысында эвфонияға, үн гармониясына қатты назар аударған.
Өзі де сөз өнерін жақсы сезген, өлең текстеріне ән шығарған
композитор Абайдың құлақтан кіріп, бойды алатын, жақсы
ән мен тәтті күйге, жалпы үн жарастығына көңіл қойып, мән
бермеуі мүмкін емес. «Көңілім әнді ұғады, жүрегім бойды жы
лытып» деп, әнді, музыканы ерекше атап, оған арнайы өлеңдер
шығаруы да тегін емес.
Ұлы ақынның өлеңді, поэзияны тақырып еткен туынды
ларымен қатар, әнді (қазақтың халықтық тілінде де, тіпті
Абайдың өзі де әнді кейде «өлең» деп атайды), ән салуды сөз
еткен шығармалары бар екенін білеміз. Әнге, яғни сазды өлең-
ге және жалпы поэзияға бір емес, алты туындысын арнағанын
ақын өзі де айтады: «Білімдіден аяман сөздің майын, Алты
өлеңмен білдірдім әннің жайын». Дегенмен өлең тексінсіз ән
айту болмайтындықтан, поэзияны да, сазды өнерді де «өлең»
деп қосып жібергені сияқты, «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»
деп басталатын шығармасын ақын «туғанда дүние есігін аша
тын», яғни «бала туса, шілдехана күзетіп айтылатын», адам
денесі жер қойнына кіргенде дауысталатын жоқтау өлең сияқты
сазды өлең, ән-өлең, ән салу туралы бастап, поэзияға, оның
қоғам өміріндегі орнына, өзіне дейінгі кейбір ақындарға деген
көзқарасымен аяқтайды. Демек, Абай поэзияны да ән сияқты
музыкамен, үн сазымен қабысып шыққан дүние деп біледі.
Ақын танымында ән (музыка) – көңілдің көлеңкесі, ән арқылы
көңіл құсы шартарапқа құйқылжиды, ән ұйықтап жатқан
жүректі тербеп оятады, сондықтан жақсы әнді «ой көзімен»
тыңдау керек. Сол сазды өнер – әнді есті де, есер де етіп та
нытатын немесе «құлақтан кіріп, бойды алатын» әуенімен
қатар, сөзі – поэзия екенін ойшыл Абай жақсы біледі. Құр біліп
қоймайды. Поэзияның әнмен ғана емес, сөзбен айтылғанда, не
оқығанда құлаққа жағымды, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиюін
талап етеді. Ол үшін өлеңнің сөздері бір-бірімен үндесіп,
әуендесіп, «сыңғырлап» тұруы қажет.
Әрине, ондай әуенді әуелі ырғақ, өлшем, ұйқас деген өлең
шарттарының өзі туғызады, бұлар болмаса өлең де шықпаған
болар еді. Сонымен қатар поэзия үнділіктің, саздылықтың,
музыкалылықтың өзге де амалдарын іздейді. Ол амалдардың
бірі, жоғарыда айтылғандай, дыбыс үндесуін көрсететін алли
терация мен ассонанс болса, енді бірі – сөздердің, тұлғалардың
қайталаулары арқылы үндестік туғызатын анафора, эпифора,
параллелизм құбылыстары екендігі мәлім. Бұлардан басқа
ішкі ұйқас дегендер өзге де стильдік қызметтерімен қатар
фоникалық қызметті атқарады, яғни үн жарасымын туғызады.
Осының барлығын ұлы Абай теория жүзінде оқып білмесе де
(ол әдебиет теориясы курсын университетте оқыған жоқ қой),
оның «Құдай берген» ақындық қуаты өлең табиғатын тап ба
сып, дәл сезінуіне мүмкіндік берген. Сондықтан Абайда ал
литерациямен де, ассонанспен де келген өлең жолдарын жиі
кездестіреміз.
Қазақ өлең теориясында дыбыстар үндесуінің бұл түрлерін
көбінесе қатар келген сөздердің басқы дыбыстарының біркелкі
болуынан іздестіреді. Ал шындығында өлеңнің бір жолын
да немесе қатар тұрған жолдарында жұмсалған сөздердің
тек қана басында емес, өн бойында кездесетін дыбыстардың
біркелкілігі де ассонанстық немесе аллитерациялық құбылыс
түзейді. Мысалы, Абайдың: Сұм-сұрқия сұмдықпен еп берем
деп, Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп деген өлең жол
дарында тек с дауыссызымен келген аллитерация емес, ұ, ү,
е дауыстыларымен берілген ассонанс та орын алып тұр. Не
месе: Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың – деген өлең жо
лында күндіз күлкің деген аллитерациямен қатар, бұл тармақ
тұтасымен ұ, ү дауысты дыбыстарымен жасалған ассонансқа
құрылған. Бұл жолдың айтылуы, яғни құлаққа естілетін үні:
күндүз күлкүң бұзұлдұ, түндө ұйқұң болатынын ескерсек,
өлеңнің бұл жолы тұтасымен дауыстылар біркелкілігін сақтап
жасалғанын көреміз.
Сірә, Абай өлеңдерінің құлаққа жағымды болып, «төгіліп»
немесе «сылдырап» тұратын үні осындай дыбыстар гармо
ниясына байланысты екенін екінің бірі теория жүзінде біліп
жатпағанымен, сол өлеңді оқығанда не дауыстап айтқанда,
я болмаса құлақпен естігенде бейне бір музыкалық дүние
тыңдағандай әсер алады.
Абайдың кейбір өлеңдері – тұнып тұрған аллитерация мен
ассонанс. Мысалы, «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» деп
басталатын өлеңінің көп тармақтары аллитерациямен беріл-
ген: той болса, тон киелік, жүр баралық... күлкіні онша күйлеп
шуламалық... салынба қылсаң дағы сан құмарлық... жарлылық,
жалынышты жалтаң көздік... Бұл өлеңде ассонансты жолдар
да бар: үзілмес үмітпенен бос қуардық... әйтеуір ақсақалдар
айтпады деп... уайым – ел қорғаны, есі барлық... еһе-еһеге
елірме, бозбалалар... Бұл келтірілген мысалдардағы аллитера
ция мен ассонанстар үн гармониясы үдесінен шыққан.
Сондай-ақ Абай дыбыс үнділігін образ қажетіне де жа
ратады. Әсіресе мұндайда ақын аллитерацияға құрылған
анафораға жиі жүгінеді. Мысалы:
Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең, алмайды.
Саудыраған жезіне,
Саудырсыз сары қамқаны
Садаға кеткір сұрайды
Самарқанның бөзіне, –
деген өлең тармақтарында олардың бастамасы са-сау-сам де
ген буындардан тұрған сөздермен келуі образ үдесінен шығып
тұр. «Патша Құдай, сыйындым» деп басталатын бұл шағын
өлеңнің идеясы – ақын сөзінің құнын білмейтіндерге сын айту.
Ал ақын сөзі (өлеңі, творчествосы) – ол алтын, жай алтын
емес, таза алтын, мұндағы сары сөзі парсыша «қоспасы жоқ,
таза» деген сөз, демек, қоспасыз таза алтын саналатын өлең
сөздің бұл бағасын одан сайын көтеріп айту үшін енді орыстың
самородный сөзін келтіріп, ақын екі қоянды бір оқпен атып
алып отыр: самородный және сары деген екі шет тілдік сөзді
қатар келтіріп, олардың эпитеттік әсерін күшейтсе, «Құдай
оңдағанда» екеуі де аллитерация жасайтын бір дыбыстан
басталатын сөз болып, өлең жолының үнін ғана келтіріп
тұрған жоқ, сонымен қатар самородный сары алтын болып
бағаланып тұрған поэзияға ой екпінін түсіріп, оған оқырман
назарын аударған. Саудырсыз сары қамқа деген де дәл осы
іспеттес: бұл жердегі сары – қазақтың түсті білдіретін өз сөзі,
саудырсыз (саудырамайтын, яғни үлбіреп тұрған) да қамқа
сияқты матаның жақсы белгісін білдіреді. Мұнда аллитер-
ациялы екі сөз қатар келіп, әрі образды күшейтіп, әрі сөздердің
бір үнділігімен олардың эвфониялық гармониясын келтіріп
тұр.
Абайда аллитерацияға құрылған дыбыстық анафора едәуір
мол қолданылған. Бұған мысал болатын үлгінің бірі – қайтыс
болған сүйікті інісі Оспанды есіне алып жазған 16 жолдық
өлеңі. Бұл – жоқтау өлең емес, портрет өлең, Оспанның
адамгершілік портреті. 16 жол өлең түгелімен ж дыбысынан
басталатын сөздердің жол басында келтірілуімен құрылған:
Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай.
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жау жүрек жомарт кұбылмай,
Жақсы өмірің бұзылмай,
Жас қуатың тозылмай,
Жалын жүрек суынбай,
Жас біткеннен түңілмей,
Жағалай жайлау дәулетің
Жасыл шөбі қуармай,
Жарқырап жатқан өзенің
Жайдақ тартып суалмай,
Жайдары жүзің жабылмай,
Жайдақтап қашып сабылмай.
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!
Бұл шағын өлең – Абай творчествосындағы орны айрықша,
көркемдік құралдары мен грамматикалық құрылымы жағынан
өзге ешкімде, тіпті Абайдың өзінде аналогі жоқ дүние. Оның
жеке-даралығы, ең алдымен, тұтас бір өлеңнің, бастан-аяқ
аллитерациялық анафораға құрылғандығынан көрінер бол
са, екіншіден, ж-мен келетін аллитерациялық кұрылыстың
тармақтардың тек басында емес, өн бойында сақталуынан да
байқалады: жасқанып жауға тығылмай... жау жүрек жо
март құбылмай... жалын жүрек суынбай... жайдары жүзің
– жабылмай... Бұл 16 жолдық өлең бір ғана тирада (шоғыр)
және бір ғана сөйлемнен тұрады. Бұл да осы өлеңнің қайта-
ланбас ерекшелігі, өйткені бұл – синтаксистік сирек құрылым:
13 бағыныңқы, 1 басыңқы компоненті бар бір ғана құрмалас
сөйлем. Өлеңнің осы көркемдік және грамматикалық ерекше-
лігінің екеуі де бір ғана идеяны – Оспанның моральдық
портретін беретін тұтас дүниеге айналдырып тұр. Демек,
стильдік-көркемдеуіш мақсатты көздеуде де Абай сирек
кездесетін шеберлікке барған.
Анафора мен эпифора
Анафораның тек дыбыстық емес, өзге түрлерін де Абай
жақсы қолданған. Олардың бірі – шумақтық анафора бол
са, оны өлеңнің әрбір шумағының немесе шоғыр сияқты
өзге де бөліктерінің басында бір сөздің, кейде бір фраза не
бір сөйлемнің қайталап келуі көрсетеді. Шумақтық анафора
өлеңде айтылмақ идеяны күшейте түседі. Мысалы, «Сап, сап,
көңілім, сап, көңілім» деп басталатын өлеңінде алабұртқан
жастық сезімді ақылға жеңдіріп, тежеңкіреу идеясы айтылған
болса, оны ақын «сап, сап, көңілім, сап, көңілім» дегенді осы
өлеңнің әр бөлігінің басында қайталап келтіру арқылы нығайта
түседі. Екіншіден, анафоралы құрылымы осындағы бес үлкен
шоғырды бір өлең етіп ұйымдастырып тұр.
Тілдік-композициялық келбеті ерекше болып келген бұл
өлеңде оны тұтастық етіп «цементтеуші» және бір амал бар,
ол – өлеңнің сұраулы сөйлемдермен келуі. Ақын сұрау арқылы
сабырлыққа шақырады:
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Саяламай, сай таппай,
Не күн туды басыңа
Күні-түні жай таппай?
Сен жайыңа жүргенмен,
Қыз өле ме бай таппай?
Түн кезгенің мақұл ма,
Жан-жағыңа жалтақтай?
Өлермін деп жүрмісің,
Мұнан басқа жан таппай?
Өлеңнің барлық шоғыры осы іспеттес. Қысқасы, «Жай
жүрсең де қыз қумай, Сені біреу қарғай ма? Қыз іздесең, қалың
бер, Мұным ақыл болмай ма?» деген сияқты сұрауларды «жа
удырып келіп», лирикалық кейіпкер «сап, сап, көңілім, сап,
көңілім!» деп өзіне-өзі ақыл айтады.
Шумақтық анафоралы өлеңнің тағы бірі – «Мен көрдім
ұзын қайың құлағанын» деп басталатын аударма өлеңі. Мұнда
«мен көрдім» деген сөздер әр шумақтың басында келіп, анафо
ра болып тұр.
Грамматикалық анафора біркелкі морфологиялық тұлғалар-
дан немесе синтаксистік құрылымдардан басталатын жолдар
болып келеді. Мысалы:
Барып келсе, Ертістің суын татып,
Беріп келсе, бір арыз бұтып-шатып,
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол...
Абай өлеңдерінің қатар түскен мына тармақтары да
грамматикалық тұлғалары біркелкі параллельден басталады:
Бір-ақ секіріп шығам деп,
Бір-ақ қарғып түсем деп...
Бір сөз үшін жау болып,
Бір күн үшін дос болып...
Күн жауғанда қойныңда,
Күн ашықта мойныңда...
Туғызған ата-ана жоқ,
Туғызарлық бала жоқ...
Бұларда тармақ басындағы сөздер морфологиялық құры-
лымы жағынан біркелкі тұлғалармен келген.
Келесі сәттерде Абай бір сөзді әртүрлі септікте келтіріп,
лексикалық анафора жасайды:
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек...
Әрине, Абайда анафора өлең сайын кездеседі деуге болмай
ды, бірақ барлары сол контекске аса бір әдемі музыкалық үн
береді. Келтірілген анафоралық қолданыстардың барлығы да
өлеңнің тыңдаушы (оқушы) сезіміне әсер ететін эмоциялық
бояуын күшейтеді. Анафоралы өлең жолдары өлең үнінің
әсерлі болуына қызмет етуімен қатар, өлеңді жаттау үшін де
көмектеседі: «сылдырап тұрған келісім», әдемі әуен адам жа
дына өзінен- өзі құйылып, жатталып қалады.
Өлең жолдарының соңында қайталап келетін жеке сөздерді
немесе сөз тіркестерін қолдану эпифора деп аталатын бол
са, ол да поэтикалық көріктеу амалдарының бірі. Бұл да өлең
үндестігін жасайтын тәсіл. Эпифораны да қазақ поэзиясы ауыз
әдебиетінен бастап, ақын-жыраулар үлгілерінде қолданып
келгенін айтуға болады.
Эпифораның ең бір қарапайым түрі – өлең жолдарының
соңғы сөзінің қайталап келуі, бірақ ол ұйқасқа қатыспайды,
ұйқасты оның алдындағы сөздер жасайды. Эпифораға қазақтың
ауыз әдебиеті мен XV-XVІІ ғасырлардағы ақын-жыраулары жиі
барған. Мысалы, Бұқар жыраудың бірнеше толғауы тармақтың
соңы етіп бір сөзді сан рет қайталаумен жасалған. «Айналасын
жер тұтқан» деп басталатын толғауының әрбір екінші жолы
демеңіз деген сөзге аяқталып отырады:
Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңіз...
Әрі қарай бұл 23 жолдық толғаудың тағы 15 жолын демеңіз
сөзі аяқтап тұрады. Ал «Ай не болар күннен соң» деп бастала
тын толғауы соң деген шылауды эпифора етіп алады, «Бірінші
тілек тілеңіз» деген толғауы тілеңіз сөзін тармақ соңына жиі
шығарады. Өзге толғауларынын, бірінде не пайда тіркесі (Көкте
бұлт сөгілсе, көктеп болмас, не пайда? Көкіректен жан шықса,
Қайтып келмес не пайда?..), екіншісінде немене сөзі (Алыстан
қызыл көрінсе, Манат емей, немене? Көтеріліп ұшқан соң,
Қанат емей, немене...), үшіншісінде өлгені сөзі (Асқар таудың
өлгені – Басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың өлгені – Аса
алмай таудан қалғаны...) тармақ соңдарында қайталап келіп,
эпифоралық көрініс береді.
Эпифоралық құрылым – XVІІІ ғасырдағы Бұқарда ғана
емес, одан бұрынғы жырауларда да өнімді тәсіл болғаны
байқалады. Айталық, Қазтуған жырауда (XV ғ.) жұрт, деп сөз-
дерінің өлең жолдарындағы сөйлемді аяқтап тұруын көрсету-
ге болады:
Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас,
Ер қарауыл қарар деп, Алыстан қара шалар деп... Сусыным қанға қанар деп... Жамандар мазақ қылар деп... Асанқайғыда да (XV ғ.) деп, ғарып сөздері, Доспамбетте (XVІ ғ.) өкінбес, күн қайда, өкінбен сөздері өлең жолдарын аяқтауда қайталанып тұрады: Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай қондым – өкінбен... Топ бастадым – өкінбен... Дұспан аттым – өкінбен... Ару сүйдім – өкінбен... Шаһид кештім – өкінбен... Жыраулар мектебін ақындар мектебіне ұластырушы Ма хамбетте де (XІX ғасырдың І жартысы) эпифоралы өлеңдер едәуір. Оларда ер (мінкен ер, неткен ер, өткен ер, жеткен ер), күн сөзі (Мұнар да, мұнар, мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн... шөккен күн... бақыт тайған күн...), күн қайда тіркесі, соң, үшін шылаулары, жоқ, бар сияқты сөздер өлең тармақтарының соңында сан рет қайталап келіп, эпифоралы құрылымдар жасаған. Сірә, эпифора тәсілін қазақтың дидактикалық толғаулар жанрының тілдік-көркемдік құралының бірі деп санауға бола ды. Эпифоралы өлең жолдары үлгі-өсиет айтатын дидактикалық констатация не тұжырым болып табылады да, олар құрылымы жағынан бір тектес сөйлем-параллельдерді құрайды: Құлпырып тұрған бәйшешек Қурай болар солған соң. Хандар киген қамқа тон Шүберек болар тозған соң. Еңсесі биік кең сарай Мортық болар бүлген соң... Міне, бір-бір шындықты баяндау (констатация) үшін осы лайша екі-екі жолдан жұптастырып, әр жұпты соң шылауымен келген сөздермен аяқтап, өзара ұйқастырады. Демек, әр жұп – бір-бір шындықтың баяны. Біркелкі етіп ұсынылған парал лель баяндауларды бір толғауға топтастырудағы тілдік меха низм – соң шылаулы тіркестерді қолдану. Бұл жерде эпифора әрі өлең жасау техникасына қатысып тұр, әрі көріктеу қызметін атқарып, ұйқасты-ырғақты параллельдерді жасап тұр. Әрине, эпифора тек жыраулар мектебіне тән жанрлық-тілдік тәсіл деуге болмайды. Оны ретіне қарай қазақ поэзиясының
қай кезеңі де, қай түрі де (ауызша, жазба дегендей) еркін пай
далана берді. Жазба поэзияда эпифора, сірә, жоғарыдағыдай
жанрлық белгі болудан гөрі, стильдік мақсат көздеп қолда-
нылатын тәрізді. Мысалы, Мағжан Жұмабаев 1911 жылы «Жа
тыр» деген өлеңін жазды. Текст:
Басқа жұрт аспан көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр.
Бірі – ай, бірі – жұлдыз, бірі – күн боп
Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.
Таласып өнер-білім алып жатыр,
Күнбе-күн алға қарай барып жатыр.
От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп,
Тәңірінің рахметіне қанып жатыр.
Ойламай біздің қазақ текке жатыр,
Бір іске жанаса алмай шетте жатыр.
Азырақ көз жүгіртіп, қарап тұрсаң,
Қазағың таң қаларлық кепте жатыр ...–
деп басталады да, әрі қарай қазақтың «жатқан күйін» суреттейді:
Байларың мыңды айдаған шалқып жатыр,
Бар малын болыстыққа сарқып жатыр.
Барымта, ұрыс-керіс, кісі өлтіріс
Ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр...
Дау, жанжал ел арасы толып жатыр,
Дін десе бар тілі де құрып жатыр.
Кешегі шешек жарған қазақ гүлі
Сарғайып, бір су тимей солып жатыр.
Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр,
Күннен-күн артқа қарай кетіп жатыр.
Сезінбей өз өлгенін өзінікін
Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр
(«Айқап». - 1911. - № 2. - 14-15-б.)
Қысқасы, өлеңнің идеясы қазақ халқының қарасы бар, төресі
бар, қараңғысы бар, көзі ашық оқығандары бар іс-әрекетсіз,
қам-харекетсіз тегіс «жатқанын» айту екенін 3-шумақ ашып
көрсетеді. Тоғыз шумақтан тұратын бұл өлеңнің (біз оның алты
шумағын ғана беріп отырмыз) сегіз шумағында жатыр сөзі
көмекші етістік болып келсе, 3-шумақта негізгі етістік болып
жұмсалған:
Ойламай біздің қазақ текке жатыр,
Бір іске жанаса алмай шетте жатыр...
Жазба поэзияда тұтас өлеңнің бұлайша бір сөзді эпифо
ра етіп келтіруі – сирек құбылыс. Дегенмен бірнеше жолды
қамтитын эпифоралы өлең құрылымдары кім-кімнен де табы
лады. Мысалы, Абай бұл тәсілмен «Қартайдық, қайғы ойладық,
ұлғайды арман» деп басталатын өлеңін 2-шумағынан бастап
10-шумағына дейін деп сөзінің қайталап отыруымен жазған:
Бай алады кезінде көп берем деп,
Жетпей тұрған жерінде тек берем деп.
Би мен болыс алады күшін сатып,
Мен қазақтан кегіңді әперем деп...
Әрі қарайғы жеті шумақ осылайша түзілген. Дегенмен Абай
да эпифоралы өлең құрылысы өте аз. Жоғарыда көрсетілгеннен
басқа тағы екі-үш өлеңін атауға болады: «Сұм дүние тонап жа
тыр, ісің бар ма» деген үш шумақ шағын өлеңі бар ма сөзінің
эпифора болып келуімен құрылған. «Туғызған ата-ана жоқ»
деп басталатын өлеңінде жоқ сөзінің тармақ соңында қайталап
келуі арқылы эпифора жасалған, «Келдік талай жерге енді» де
ген өлеңінде енді сөзі эпифоралық қызметте.
Түбірлес сөздер
Өлең тілінің үн сазына қатысы бар тағы бір тілдік көріністі
талдау қажет. Ол жайында қазақ өлең теориясында немесе
лингвостилисти-касында мүлде сөз болған емес. Ол – түбірлес
сөздердің өлеңнің бір жолында келтірілуі. Мысалы, Абайда:
«Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай» деген өлең жолын
да шық- түбірінен өрбіген шыға (ойлау) және шығандау деген
екі сөзді қатар қолданып отыр. «Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа
ерме... Орақ орар, орылар мезгіл жетті» деген жолдарда да есім
мен етістік болып келген түбірлес сөздер қатар келтіріліп тұр.
Өлеңнің тек бір жолында емес, қатар келген жолдарында да
түбірлес сөздер қолданылып, өлең үніне ерекше саз береді.
Мысалы:
Туғызған ата-ана жоқ,
Туғызарлық бала жоқ.
Туысқан-туған құрбылас
Қызығымен және жоқ, –
деген төрт жолдың алғашқы үшеуінде ту етістігінен өрбі-
ген төрт сөз шоғырланып келген.
«Түбірлес» деп танылған сөздер грамматикалық жағынан
даусыз ашық болып та келеді. Мысалы, «Сүйер жансып,
сүйкімді бет берем деп» деген жолдағы сүйер, сүйкімді сөз-
дерінің түбірі – сүй етістігі. Сол сияқты мына өлең жолда-
рындағы көрсетілген сөздердің морфологиялық құрылымы
жағынан түбірлес екендігі даусыз: Қу тілмен қулық сауған заңы
құрсын... Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан... Күз күзеуде
жанжалсыз бола алмай жүр... Шалықтап шалқып шатпай ма?..
Табысына табынып, қалтаң қағып... Қызық келсе, қызықпа,
оңғаққа ерме... Сүйсіне алмадым, сүймедім... Ылайла ылай
оймен тұнығыңды... Бас болмай ма бастауға... Күлдіргіштеу,
күлкішіл, қалжыңға ұста... Шарықтап, шар тараптан көңіл
сорлы...
Дыбыстық құрамы ұқсас сөздердің түбірлестігі тұлғалық
жағынан күмәнді болғанымен, мағыналық жағынан бір-біріне
өте жақын келетіндіктен, бұларды да түбірлес сөздердің
қатарында қарауға болады. Мысалы, қызды айтсам, қызықты
айтсам, қыздырмалап деген жолда үш сөз әуендес: қыз, қызық,
қыздырмалау, бірақ үшеуінің де түбірі қыз деп этимологтер
дәлелдемесе, қарапайым оқырманға солай деп тану қиын, де
генмен соңғы қызық, пен қыздыр деген екі тұлғаның түбірі бір
екендігі айқын. Сол сияқты: «Есер, есірік болмасаң» дегендегі
алғашқы екі сөздің мағына жағынан синонимдер екендігін,
мамандар үшін тіпті олардың түбірлес екендігін дәлелдеу де
қиын болмас. Осы қатарға: «Елең қағып елбірер, Еліртіп көзді
аспанға» деген жолдардағы елең, елбіреу, еліру сөздерінің
түбірлестігі фонетика-морфологиялық тұрғыдан этимология
жасап таппасақ, сырт көзге бірден бұлардың түбірі ел деп айту
қиын. Бірақ бұл жерде ақын түбірлес сөздерді келтіру арқылы
елең қағу тіркесіне елбіреу сөзін жалғастырып, бір жағынан
жаңа тіркес жасап тұрса (бұл – айтпақ ойына қажет сұраныс),
екіншіден, елең қағу әрекетін елбіреудің амалы етіп ұсынып,
соңғы сөздің эмоциялық әсерін күшейтіп тұр. Мағынасы
жағынан бұл сөздермен түбірлес-ау деп табылатын еліру сөзін
өлеңнің қатар тұрған келесі тармағында келтіру – образдың
экспрессиясын, яғни елең қағып, елбіреп барып елірген деген
образдың экспрессиялық бояуын қалыңдата түскен. Демек,
мұндай «фоникалық оркестровка» («өлең үнін үйлестіру») ай
налып келгенде поэтикалық жүк арқалап тұр екен. Абайдың
ақындық құдіреті де осында. Өйткені егер фоникалық орке
стровканы Марина Цветаева сияқты орыс ақыны саналы түрде,
яғни қыр-сырын біліп, әдейі қолданса (тіпті кейбіреулерін
қолдануда қандай образды көздегенін қойын дәптеріне жазған
сәттері де бар екен), мұны ол әдебиет тарихын өте жақсы
білгендіктен, ана тілінің де, шет тілдердің де орта ғасырлардағы
поэзия әлемінің барлық тәртіп-ережелерін оқып білгендіктен
деп табамыз. Ал Абай бұл теорияларды оқыған да емес, ал
дында – өзіне дейінгі қазақ поэзиясында – үлгі-қалып болған
да емес, Абайдың бұл тұстағы шеберлік өрнегі – әсемдік
интуициясының жемісі.
Таза лингвистикалық тұрғыдан талдағанда түбірлес болу-
болмауы күмәнді сөздердің өзін Абай «түбірлес» етіп қояды.
Мысалы, «Ашуың – ашыған у, ойын кермек» дегенінде адам
мінезін білдіретін ашу сөзін етістік ашу («сүттің, сорпаның
ашып кетуі») сөзімен ұштастырады: мінездегі «ашу» да бұ-
зылған, «ашып» кеткен нәрсе деп теңеп тұр. Демек, ақын бұл
жерде сөздің дыбыстық ұқсастығынан мағына жақындығын
жасап паранимикалық аттракция құбылысын дүниеге келтіріп
тұр, бұған ассонанс та көмектескен деуге болады.
Назар аударатын жайттың бірі – Абайда түбірлес тұлғалар-
ды қолдануда тавтологиялық құрылымдардың сирек кездесе-
тіндігі. Мысалы, қазақ ақын-жырауларында кездесетін ой ой
лау, тілек тілеу, ұйқы ұйықтау сияқты тавтологиялар Абайда
кемде-кем.
Әрине, Абай өлеңді қайткенде де түбірлес сөздерді қата-
рынан келтірем деп шығармаған. Ақынға керегі – сөздің
морфологиялық құрылымы емес, үндес, әуендес келетін сөз-
дердің сазы. «Керенау, кердең, бір керім, Жақпайды маған
сол жерің» десе, дыбысталуы жағынан үндес керенау, кердең,
керім сөздерін мағыналары жағынан синонимдес етіп, әдемі
қиюластырған. Немесе: «Саяламай, сай таппай» десе,
сая, мен сай сөздерін морфологиялық құрамы жағынан бір
түбірден өрбіте алмасақ та, желдің өтінен немесе ыстықтың ап
табынан саялайтын жер – сай болатындықтан, бұл сөздерді де
контекстік немесе логикалық түбірлестер деп қарауға бола-
ды. «Сарғайды жүзіміз, сарылды көзіміз» дегендегі көрсе-
тілген сөздердің мағыналарының да логикалық уәжі (моти
вировкасы) оларды семантикалық компоненттер қатарына
шығарады. Бұндай сәттерді ақын «поэтикалық этимологияға»
сүйенген я болмаса дыбыстық ұқсастықты мағыналық жақын-
дыққа ұластырған деп қарау керек. Бұл амалды ғылымда
«паранимикалық аттракция» деп атайды. Абай, сөз жоқ, лин-
гвист ғалым емес, сондықтан ол сөздердің фонетика-морфоло-
гиялық этимологиясын (түп-төркінін) іздемейді, үні ұқсас
сөздерді мағына жағынан жақындастырады. Мысалы, «Ауыр
ойды көтеріп ауырған жан» дегенінде ауыр сын есімі мен
ауыру етістігі – бір түбірден өрбіген мағыналас сөздер емес,
бірақ осы контексте оларды бір-біріне мағына жағынан
жақындастыруға қиюы келіп тұр: ойы ауыр болғандықтан,
адамның жаны ауырады немесе жаны ауырған адамның ойы
ауыр болады деп ұғынамыз. Мұндай мысалдарды Абайдан
едәуір мол келтіруге болады.
Енді бірқатар түбірлестер бір етістіктің екі түрлі морфо-
логиялық тұлғада келген сөздер болып танылады. Мысалы,
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес... Тәңірі сақтар табандап, тап
ұрса да... Сендіре алмай, сене алмай, сенделеді... Сүйсіне ал
мадым, сүймедім, Сүйегім жасып сор қалың. Сүйісіп саған
тимедім, Бола алмадым сенің жарың... Өлейін деп өлмейді
өлерлік жан, Әсте өлмесін білгендей қылық қылған...
Етістік түбірінің әртүрлі тұлғада қатар қолданылуы – қазақ
тілінде ертеден бар амал: айтса айтсын, айтты-айтпады,
айтып-айтпай не керек, айтқаны айтқан т.т. Мұндайда түбір
сөздің мағынасы жалпылық пен (айтса) нақтылықтың (айт
сын) семантикалық оппозициясы арқылы күшейтіледі. Абайда
өлсе (әйтеуір жалпы өлетін болса) мен өлер (нақты табиғат),
өлмес (нақты адамзат) сөздері дәл осындай тұлғалар арқылы
мағыналық-грамматикалық оппозиция жасап барып, өлу деген
етістік түбіріне ой екпінін аударып тұр. Ал көп ретте түбірлес
етістіктердің қатар қолданылуы сол түбір сөз білдіріп тұрған
идеяның мағынасын күшейтетін стильдік қызмет атқарады.
Мысалы: сендіре алмай, сене алмай... сүйсіне алмадым,
сүймедім...
Түбірлес сөздерді қатар келтіру амалы өлеңге ерекше саз
береді, бірақ бұл тәсіл Абайға дейінгі қазақ поэзиясы тілінде
сирек қолданылған. Онда да көбінесе сөз сөйлеу (Сөз сөйлесе
жөн болып, Не десе де жарасар – Асанқайғы), той тойлау
(Торы төбел ат мініп, Той тойлаған өкінбес – Доспамбет), тілек
тілеу (Тілекті бірге тілеген Малымды достан аяман – Шал-
киіз, Бірінші тілек тілеңіз – Бұқар), ұйқы ұйықтау (Қайғысыз
ұйқы ұйықтатқан ханым-ай! – Бұқар) сияқты есім, етістік
болып келетін түбірлестер мен бір сөздің екі тұлғада қалып-
тасуынан пайда болған варианттардың қатар келуі ғана
кездеседі. Мысалы, Қазтуғанда: «Қаһарланып, қарланып, Қай-
ран ер қарт күреңге мінбей ме!» дегенінде арабтың қаһар
деген бір сөзі әрі түпнұсқаша (қаһарланып), әрі «қазақша»
(қарланып) қатар қолданылған. Бір етістіктің екі-үш түрлі
тұлғада келіп қайталаулары да ақын-жыраулар поэзиясынан
көп болмаса да ұшырасып отырады: Айдын шүйсең, тарлап
шүй. Жауға кисең, берен ки (Шалкиіз).
XV-XVІІІ ғасыр ақын-жырауларынан сүзіп алғанда тапқан-
дарымыз жоғарыда талдаған мысалдардан басқа: «Жарық-
шылар жоқ па екен, Жармай білте саларға» (Доспамбет),
«Жебелей жебе жүгірген Ерлердің арғымақтан игі малы болар
ма?» (Шалкиіз) тәрізді тағы екі-үш қана факт болды.
Қазақ поэзиясының Абайдың алдындағы алыптары Ма
хамбет пен Дулаттардың өзінде түбірлес сөздердің қатар қол-
данылуы дәл Абайдағыдай өнімді де әрқилы емес. Махам-
беттегі: «Кермиығым, кербезім, Керіскедей шандозым» деген
жолдардың алғашқы екі сөзі түбірлес, бұлар екеуі қатар келіп,
оларға аллитерация жасайтын керіске сөзі жалғасып, өте әдемі
әуезді үн пайда болып тұр. Махамбет жырларында бұлардан
басқа «көз көрінім жер, күндердің күні болғанда, толықсып
толғау толғамас... Толғамалы ақ мылтық, Толғап ұстар күн
қайда» деген төрт-бес қана жерде түбірлес сөздердің қатар
қолданылуы кездеседі. Бұлардың барлығы да халық тілінде
қалыптасқан, ертеден келе жатқан тұрақты тіркестердің
қолданылуына жатады.
Ал Дулат болса, онда да түбірлес сөздердің типтері – «қон-
ған қоныс (Ақжайлау мен Сандықтас Атамның қонған қоны-
сы), қайнардан суық қайнау... Төрде өңшең отырған Топыраш,
топас, күшіген... Өткелдектен өткенмен... Улы тілмен улату...
Ағылайын ақпадай... Бежін ерді ерлетіп... Ел тілегін тілеген
Ер азбайды батадан» деген сәттер ғана. Бұлардың барлығы
да – халық тіліндегі стереотиптермен келген автоматизм қол-
даныстар.
Ал Абайда түбірлес сөздердің контекстік қолданысы,
біріншіден, өзгеше қалыпта ұсынылған, екіншіден, бұл амал
активтенген, үшіншіден, бұл – Абайдың идиостиліне (өз қа-
ламына, сөз өрнегіне) тән поэтикалық тәсілдің біріне айналған.
Көп ретте тілдік немесе контекстік түбірлес сөздер образ үшін
келтіріліп, стильдік қызмет атқарады.
Түбірлес сөздерді қатар қолдану айтылмақ сөзді (ойды)
әсерлі ететін амалдың бірі – дыбыстық қайталау тәсіліне жа
тады. Мұнда ой екпіні сөздің түбіріне түсетіндіктен, сол сөздің
мағынасымен қатар бейнелейтін образына назар аударылады.
Түбірлес сөздердің қайталануы көбінесе сөз тіркестерінде
және өлең жолдарында қолданылады. Сөйтіп, түбірлес сөз-
дердің қатар қолданылуында бірнеше мақсат көзделеді екен:
бірі – жоғарыда айтқанымыздай, қайталанып тұрған сөз түбі-
рінің мағынасын тани түсуді көздеу. Мысалы, ой ойлау десе,
басқаны емес, ойдың өзіне назар аударылады, екіншіден,
түбірлес сөздер өлең жолдарында қатар келгенде көркемдік-
эстетикалық мүддеден де шығады.
Қорыта айтқанда, өлеңнің фоникалық (үндік, әуендік)
оркестровкасы ондағы сөздердің ырғақтық-мелодикалық жа-
ғынан ұжымдасуы арқылы және дыбыстық құрамы арқылы жа
салады. Бұл орайда дыбыстық қай-талаулардың мәні айрықша
болып келеді. Абай бұл салада да үлкен шеберлік танытып,
үлгі ұсынған.
Ішкі ұйқастар
Бір жағынан, өлеңнің фоникалық (әуендік, музыкалық)
құрылымына өң беретін, екінші жағынан, өлең құрастыруға
(өлең инструментовкасына) қатысы бар ішкі ұйқас дегендер бо
лады. Өлең жолындағы (бас жағындағы) бір (кейде екі) сөз сол
жолдың соңындағы аяққы ұйқаспен үндес келсе, ол ішкі ұйқас
болып танылады. Мысалы, Абайдың: Қансонарда бүркітші
шығады аңға деген өлең жолының басындағы қансонарда сөзі
тармақ соңындағы шығады аңға деген ұйқаспен үндесіп тұр.
Бұл типтегі ішкі ұйқастар Абайда едәуір кездеседі:
Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек...
Жігітті жұрт мақтаған, қыз жақтаған...
Кей құрбы бүгін тату, ертең қату...
Жолың тайғақ, аяғың тартар маймақ ...
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай...
Сөзіңнің басы ыржаң, соңы қылжаң...
Көңілсіз құлақ, ойға олақ...
Мал сұрап біреуді арбап, біреуді алдап...
Алланың өзі де рас, сөзі де рас... т. т.
Бұлардың барлығында да ішкі ұйқастың негізгі жүгі –
сөздердің үн әуенінің ұйқасып келіп, әсер ету, яғни өлең жол-
дарының жалпы эмоциялық үнін (бояуын, тонын) күшейту. Со
нымен қатар ішкі ұйқас жасап тұрған сөздер дауыс ырғағымен
(интонациямен) мағыналық бөліктерді бір-бірінен айырып,
оларға ой екпінін түсіруге көмектеседі:
Қолымды дөп сермесем / өстер ме едім...
Екі елерме / бітімге жөн келер ме...–
дегендерде тік сызық қойылған жерде дауыс кідірісі (пауза)
болады да, ішкі ұйқас жасап тұрған сөздер соңғы ұйқастағы
сөздер арқылы өзіне назар аудартады. Демек, өлеңнің аяққы
ұйқастарымен үндес келетін ішкі ұйқастар екі түрлі жүк
арқалайды: бірі – өлеңнің оқырман (тыңдаушы, айтушы) сезі-
міне жақсы әсер ететін ойнақы үн-әуенін күшейтеді, екіншісі
– тармақ бойындағы сөздердің сол жерде беретін мағынасына
екпін түсіреді: оқу-білімге дер кезінде ұмтылса («қолын дөп
сермесе»), өкініш болар ма еді («өстер ме еді»), бұл жердегі
ақын идеясының бастысы – оқу-білімге қолын мезгілінде созу
(«дөп сермеу»). Екінші мысалда негізгі ой иесі – елерме (адам),
оған назар аудару үшін ақын осы сөзді ішкі ұйқасқа жегіп тұр.
Абай мұндай сәттерде екі қоянды бірден атады: алдымен, өлең
жолдарына дыбыс үнділігін беріп, эмоциялық әсерін күшейтсе,
екіншіден, ондағы айтпақ ойларына назар аудартып, олардың
экспрессиялық бояуын қалыңдатады.
Ішкі ұйқастың екінші түріне – бір тармақ бойындағы
сөздердің өзара ұйқасуы жатады. Мысалы: бейнет көрмей,
дәулет жоқ... Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш... Қолдан
беріп, қор болып, ала алмай жүр... Ішкі ұйқастың бұл түрі де
Абайда аз кездеспейді. Мұнда көбінесе сөйлемнің бірыңғай
мүшелері ұйқасып келеді. Бірыңғай мүшелерді ұйқастыруда
ақын грамматикалық тұлғалардың біркелкілігін де пайдалана
ды. Мысалы: Қажымас, қайта айнымас, қайран тату... Сабыр
сыз, арсыз, еріншек... Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман... Ерте ояндым,
ойландым, жете алмадым... Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор
етті...
Бірыңғай параллель кұрылымдардың (көбінесе фразеоло
гизм болып келетін тіркестердің) ішкі ұйқасқа жұмсалуы кейде
өлең техникасына қатысты болады, яғни сол өлеңді өлшем не
месе ұйқас үдесінен шығару мақсатымен бірыңғай мүшелерді
екіге бөліп жібереді. Мысалы, Қаны қара бір жанмын, жаны
жара – деген өлең жолының әдеттегі (прозадағы) кұрылысы
қаны қара, жаны жара бір жанмын болуы керек, бірақ 11 буын
ды 4 + 3+4 бунақты өлшеммен келген өлең тармағы үшін қаны
қара, жаны жара деген төрт буынды бунақтар 1-және 3-бо
лып орналасуы керек. Өлең құрылымының бұл жүйесі Абай
да едәуір көп кездеседі: Сыртқа пысық келеді, көзге сынық...
Арын сатқан мал үшін антұрғанның Айтқан сөзі құрысын,
шыққан үні... Онда оны алдайды, мұнда мұны... Ездің басы
қаңғырсын, ердің көңлі... Біреу астық алады, біреу маржан...
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың... Бір күн тыртың етеді,
бір күн бұртың... Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ...
Көбінесе ұйқасты параллельдер болып келетін бірыңғай
мүшелерді араларына сөз салып, олардың орналасу тәртібін
бұзған сәттерде, ішкі ұйқастың тек әуендік қызметі көзделмейді,
ең алдымен мұндайда екіге бөлінген бірыңғай мүшелер дауыс
ырғағы жағынан оқшауланып, өздеріне оқырман (тындаушы)
назарын аудартады. Мысалы, қаны қара бір жанмын, жаны
жара дегенде ақынның негізгі айтпағы – әйтеуір «бір жан»
екендігі емес, «қаны қара, жаны жара» екендігі. Мұнда ұйқасқа
алынған жаны жара сөздеріне логикалық екпін түсіп тұр, ал
ол екпінді үндесіп, үйлесіп келетін қаны қара деген парал
лель сыңарының ішкі ұйқас құрап, бір тармақта айтылуы тіпті
күшейте түседі.
Әрине, ұйқасты бірыңғай мүшелер болып келетін парал-
лельдерді қатар келтірген тармақтар да аз емес, олар да ішкі
ұйқас құбылысын көрсетеді. Ішкі ұйқастың бұл аталған екі
түрі Абайда көбінесе оның 11 буынды шумақты өлеңдерінде
жиі кездеседі. Көңілсіз құлақ, ойға олақ деген сияқты бірен-
саран 7-8 буынды өлең жолдарынан да ішкі ұйқасты таба ала
мыз. Көбінесе екі сөзден құралып, параллель фразеологизм
дер қатарын түзейтін бірыңғай мүшелерді 11 буынды өлеңде
екіге бөліп жіберудің алғашқы үлгілерін Жанақ ақыннан
кездестіреміз: Артың ашық болғанмен, алдың тұйық... Бере
ке көктен деген, жылдан жылыс... Күндіз болса түстеніп,
түнде қонақ. Бірақ Жанақта мұндай құрылымды өлең жолдары
көп емес және бұл параллельдер (бірыңғай мүшелер) ұйқасты
емес, сондықтан Абайдағыдай ішкі ұйқас құбылысын таныт
пайды. Бұл ретте Абай – ішкі ұйқастың тілдік жаңа механизмін
тұңғыш ұсынушы, із кесуші пионер ақын.
Ішкі ұйқастың үшінші түріне тармақаралық, яғни қаттаулы
ұйқастар (орысша двойная рифмовка) жатады. Олар қатар кел
ген тармақтарда әрі аяққы ұйқас, әрі тармақ ішіндегі ұйқас бо
лып келеді. Мысалы, Абайда:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба, –
деген жолдардағы қаттаулы ұйқастарды ғылым таппай ~ орын
таппай және мақтанба ~ баптанба деген сөздер жасап тұр.
Ішкі ұйқастың бұл түрі де Абайда аз емес:
Жат айбынар ісі жоқ,
Жау айдынар күші жоқ...
Адам бол – бай тап...
Адам бол – мал тап...
Қызығы кеткен ел бағып,
Қисыны кеткен сөз бағып...
Қаттаулы ұйқастар Абайдың өлшемі, ырғағы, ұйқас суреті
және композициялық құрылымы, қысқасы, архитектоникасы
жағынан қазақ поэзиясында бұрын жоқ жаңа түрде жазылған
өлеңдерінде жиі қолданылған:
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан...
Айтты – көндім,
Алды – бердім...
Үкі тақтық,
Күлкі бақтық
Жоқ немеге сүйініп...
Сырласа алмай,
Сөз аша алмай
Толды қайғы кеудеге...
Ел де жаман,
Ер де жаман –
Аңдығаны өз елі...
Жасы құрбы,
Жаны тұрғы
Дос па деген кісіні...
Бейілі шикі,
Ақылы күйкі
Осы жұрт па тапқаның...
Бұндай құрылым – қаттаулы ұйқастармен келген өлең жол
дары «Сегізаяқта» да бар. Мұндағы ішкі ұйқасқа қатысатын
сөздер дыбыстық жағынан таза ұйқастар емес, морфологиялық
тұлғалары жағынан параллель болып танылады. Мысалы:
«Өткірдің жүзі, Кестенің бізі» дегенде алдыңғы сөздер бір-
біріне дыбысталуы жағынан ұйқаспайды, морфологиялық
суреті, яғни екеуінің де ілік септікте тұруы жағынан үйлес
келеді. Қалғандары да сондай. Бұл өлең – Абайдың компо-
зициялық, синтаксистік және фоникалық тұрғыдан ерекше
құрылған «сегізаяқтарының» біріне жатады. Сегізаяқтың, яғни
сегіз тармақтың алдыңғы алтауы көбінесе өз ішінен екіге жа
рылып, синтаксистік әрі мағыналық параллельдер құрайды.
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп
Шымырлап бойға жайылған, –
деген үш тармақтың алдыңғы екеуі тұлғалануы бірдей
синтаксистік және мағыналық бір параллель болса, төртінші,
бесінші тармақтар да дәл сондай параллельдер:
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып...
Тағыны жетіп қайырған.
Демек, 6 тармақ үш-үштен бөлініп, тағы да параллель
қатарын түзейді. Ал параллельдер грамматикалық-мағыналық
ұқсастықтарды талап ететіні мәлім. Бұл ұқсастықтың бір
түрі – дыбыстық үндестік болғандықтан, олар көбінесе ішкі
ұйқастарды дүниеге келтіреді.
Ішкі ұйқас құбылысына кеңірек қарайтын болсақ, оны
өлеңнің композициялық құрылымымен байланыстыра сөз ету
керек болады. Айталық, «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңін бұл
күнде графика жүзінде (жазуда) жеті тармақты өлең етіп беріп
жүрміз:
Ата-анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш
Гүлденіп ой өлкесі.
Еркелік кетті,
Ер жетті,
Не бітті?
Соңғы үш тармақ «еркелік кетті, [өйткені] ер жетті, [де
генмен] не бітті?» деген ойды білдіретін – үш шағын компо
ненттен құралған бір салалас сөйлем, ол компоненттердің
соңғы сөздері ұйқасып келген, сондықтан да әрқайсысы бір-
бір тармақ болып жазылып жүр. Ал егер оларды бір тармақ
ретінде қабылдасақ, ол күнде кетті, жетті, бітті сөздері
ішкі ұйқастарды құрайтын тұлғалар болып шығады. Алты
шумақтан тұратын бұл өлеңнің өзге шумақтары да дәл осын
дай: ең соңғы үш жолы (тармағы) ішкі ұйқасты құрылымдар:
жасында өтті ~ дәме етті ~ босқа өтті; үміті қайда ~ соны
ойла ~ абайла т. т.
Дәл осындай қалыптағы ішкі ұйқастарды «Тайға міндік»
өлеңінен де табамыз. Сөйтіп, ішкі ұйқастарды Абайдың тек
өлең тармақтарының өн бойынан ғана іздемей, кейбір архи
тектоникасы ерекше өлеңдерінің қатар келген тармақтарынан
да іздесек, ол күнде алдыңғы тармақтардың аяққы ұйқастары
үшінші тармаққа үндескен ішкі ұйқас болып шығады. Әңгіме,
әрине, дәл осылайша танудың қайткенде де керектігінде
емес (мейлі олардың үшеуі де аяққы болып-ақ шықсын,
яғни әрқайсысы бір-бір өлең жолы болып танылсын), гәп
– Абайдың ішкі ұйқас құбылысына мән беріп, оны өлеңнің
жаңа құрылымдарына көшіруінде. Қайғысыз пенде көрдің
бе өміріңде деген бір сөйлем мейлі үш жол болып жазылсын
(қазіргі басылымдарда жазылып жүргендей), мейлі өлеңнің
бір ғана тармағы болып ұсынылсын – бәрібір бұл сөйлем
пенде ~ көрдің бе ~ өміріңде деген үш ұйқасқан сөзбен кел
ген интонациялық бөлікке ажыратылатындықтан, алдыңғы екі
ұйқас бір сөйлем ішіндегі ішкі ұйқастарға айналып тұр.
ҚАРА СӨЗДЕРДІҢ ТІЛІ ҚАЛАЙ ӨРІЛГЕН?
Абайдың осы барлық қара сөз дейтін
мұралары көркем прозаның өзіне
бөлек, бір алуаны болып қалыптанған...
(Мұхтар Әуезов)
Абай прозасының тіл өрнегін әңгімелеуімізге ұлы Мұхтар
Әуезовтің мына сөзі «қамшы болды»: «Абайдың поэзиялық
мұрасына қоса қара сөздері беретін әр заманда бағасы жой
ылмайтын бір үлкен қымбат қазына бар. Ол – Абайдың осы
қара сөзді жазған тілі (айырып көрсеткен – біз Р. С.)» дей
келіп, әрі қарай: «Өлең сөзінде өзінің барлық шеберлігі,
жаңалығы, көркемдік таланты бойынша қазақ тілінің сапа
сын әдебиет тілінің дәрежесіне көтерген ұлы тарихтық еңбегі
қандай болса, қара сөздерінің тілімен де Абай осындай еңбекті
біздің мәдениет тарихымызға мол сіңірді»,41 – деп, алдыңғы
айтқандарының мән-мәнісін ашып береді.
Әр сөзіне мән беріп жазатын Мұхаңның бұл жерде қара
сөздердің өзі демей, «тілі» деуінде, біздің байқауымызша,
айрықша астар бар: мұндағы «тілі» деп отырғанының өзі
көрсеткеннен басқа және бір сыры қазақта әдебиеттің бұрын
жоқ жанрының сөйлеу мәнері (стилі) дегеннің пайда болып,
оны ұлы сөз зергерінің қалай алып кеткенін меңзегенінде
болар дейміз. Абайтанушы ғалым бұл тұста қазақтың ұлттық
әдеби тілінің тағы бір функционалдық стилі пайда болды,
оған Абай қаламының ұшы тиді деп отыр. Демек, Абайдың
прозалық туындыларының өзі де қазақ тілі үшін соны әдебиет
үлгілері болса, оның сөз өрнегі де өз алдына әңгіме етерлік
объект болып шықпақ.
Бұл әңгіме үшін алдымен «қара сөздер» деп өзіміз ат қойып,
айдар тағып алған прозалық шығармалардың өзін жақсылап
танып алсақ. Бұл мұра жайында кеңінен сөз етіп, толық баға
берген адам – Мұхтар Әуезов болатын. Ол «Абай Құнанбай
ұлы» деген монографиялық еңбегінде: «Қара сөздер» көркем
прозаның өзіне бөлек бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар
41 Әуезов М. О. Абай Құнанбаев. - Алматы, 1967. - 213-б.
– сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған
естегі, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы
шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің
түрі», – деп бағалады.
Айтпақ ойын, діттеген мұратын, арман-үмітін, толқытқан
ой-пікірін, айналасына, замандастарына деген көзқарасын –
бәрі-бәрін өлең арқылы-ақ айта алған, ақтара алған Абайдың бір
кезек поэзия әлемінен ауысып, проза дүниесіне көшуінде,
әрине, себептер бар, негіз бар. Қазақтың көз-құлағы көп жат-
тықпаған сөз айтудың бұл түріне көшуінің бір себебін автор-
дың өзі баяндайды. «Қара сөздерінің» бастамасында (1-сөзде)
бұл әрекетін былайша түсіндіреді:
«Ер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық... Ал енді
қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай
өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ... Мал бағу? Жоқ, баға ал
маймын. Балалар өздеріне керегінше өздері табар... Ғылым
бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ.
Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың?..
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да
тыныштық керек... Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын.
Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын
деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын?..
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза
берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім
ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ
десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым...»
Әрине, сырт қарағанда, автордың осы дәлеліне-ақ ден қоюға
болады, ал шын мәнінде, Мұхтар Әуезов дәл танығандай, Абай
өзінің өлең сөздерінің көбі оқушы мен тыңдаушыларына үнемі
түсінікті болмайтындай көреді, мұны ақынның өзі өлеңдерінде
бір емес, бірнеше рет айтады:
Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,
Үзілмес үмітпенен бос қуардық...
Немесе:
Тыңдағыш қанша көп болса,
Сөз ұғарлық кем кісі...
Сондықтан өлеңдерінде айтқан кейбір ойларын қайталап,
қара сөзбен таратады. Өлеңдерінің әңгіме өзегі болған кейбір
ой-толғамдарын, әсіресе адам баласының ұнамды-ұнамсыз
қылықтары туралы білген-түйгенін жаңа үлгіде айтқысы
келеді.
Абай мұрасын сан рет көшіріп, сақтап бізге жеткізген
Мүрсейіт Бікеұлы, Жандыбайұлы, Уақбайұлы т.б. өздерінің
дәптерлеріндегі бұл жазба дүниені «Ибраһим Құнанбай ұғлы-
ның ел мінездерін ақын айтып жазған насихат сөздері» деп
атайды. Ал «ел мінезі» деп отырғандары – «әділет, ақтық, тура-
шылдық, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық, шын-
дықты сүйгіштік және аярлық, бәле құмарлық, мақтаншақтық,
мансапқорлық, өтірік-өсекке құмарлық, еріншектік» сияқты
адам баласының, оның ішінде замандастарының мінез-құлық-
тары мен қадір-қасиеттері. Бұлардың бәрі, сайып келгенде,
ағартушылық, тәрбиелік мақсат көздейтін, адамгершілікке
үгіттейтін әңгімеге апарады.
Абайдың прозалық шығармалары тұңғыш рет ақын мұра-
сының 1933 жылғы басылымында «Ғақлия сөздері» деген
атпен жарық көрді. Бұған дейін бірнеше қолжазба күйінде сақ-
талып келгенін білеміз. Кейінгі басылымдарда бұл туынды-
ларға «Қара сөздер» деген ат қойылғаны және мәлім. Мұхтар
Әуезовтің шамалауынша, бұл шығармалар 1890-1898 жылдар
арасында жазылған.
«Қара сөздерді» көлемі жағынан шағын-шағын 46 бөлек
шығарма құрайды. Олардың жанрлық сипаты да әртүрлі:
көбі публицистикалық туындылар, 46-сөз деп берілгені
білім-таным үлгісіндегі тарихи очерк, 25-сөз Сократ пен
Аристодимнің әңгімесі деп берілген үлгі-өсиет, 5-сөз – мақал-
мәтелдерді талдаған филологиялық этюд, 37-сөз – афоризмдер
жиынтығы, 7-сөз – психологиялық тақырыпты қозғаған этюд
іспетті, 43-сөз – философиялық толғаныс, 38-сөз – дін, мораль
мәселелері жайындағы ой-пікірлері болып келетін ғылыми-
публицистикалық еңбек деп ажыратып жүрміз.
Ұлы ақын қаламынан туған бұл прозалық үлгілер жайында
әр қилы пікірлер болып келді. Кейбір әдебиетшілер мен тіл-
шілердің арасында Абайдың «Қара сөздері» көпшілікке
ұсынылмаған, өзі үшін жазған, сондықтан оның көркемдігіне, тіліне зер салмаған деген сөздер болып келді. Ақын шығармашылығын ғылыми тұрғыдан терең зерттеген М. С. Сильчен ко сияқты ғалым: Абай прозасын жарыққа шығаруға ниеттен беген, «бас-аяғы бүтін шығармалар» етіп жазуды ойламаған, «Қара сөздер» – ақынның қойын дәптері («записные книжки») дегенді айтады. Солай дей тұра бұл зерттеуші оларды өз алды на әдеби құндылығы бар ғылыми-публицистикалық сипаттағы шығармалар деп таниды42. Ал, дұрысында, «Қара сөздер» ең алдымен, «ақын лаборато риясында жатқан шикізаттар» немесе өзі үшін ғана жазылған қойын дәптер емес екендігін дәлелдеуге әбден болады. Оның шикізат-черновик еместігін таза варианты жоқтығы дәлелдейді. «Қара сөздер» – автордың өз қолымен жазылып жеткен авто граф емес, өзгелер көшірген текстер және ол көшірмелер бірбіріне дәл түсетін, өзгеріссіз нұсқалар болып келетіндігін де ескерсек, «Қара сөздерді» автор өзі үшін емес, өзгелер үшін жазғандығы көрінеді. Мұны әрі қарай дәлелдейтін фактілер де бар. Өлеңдері сияқты, ақынның «Қара сөздері» де қолжазба түрінде тарағанын білеміз. «Қалай да соңғы 10-15 жыл ішінде Абай осы сияқты жаңа жанрды туғызып, соған кейде өлеңнен де көп уақыт бөледі. Бұл кездерде Абай сөзін қадірлі көріп, әрбір шыққан жаңа өлеңдеріне ынтық болып отырған ел оқушылары «Қара сөздер» шыға бастағанда, мұны өлеңнен кем көрмейтін болады»43. Абай бұл шығармаларын жай оқып шығу үшін ғана емес, шәкірттерге оқыту үшін де жазған тәрізді. Бұл ретте Уәсиланың естелігі біраз мәлімет береді. «Уәсила Абай қызының есте қалғандарынан» деген қордан үзінді келтіріп көрейік: «Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Әдеттегідей бәріміз орындарымыздан тұрдық. Әкем айна ла қарады да: Отырыңдар! – деді. Біз отырып жайғасқан соң, молдаға қарап: – Балаларға мына бір кітап әкелдім, осыны көшіріп, көбейттіріп, бала басына бірден таратып бер. Бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт!– деді. 42 Сильченко М. С. Творческая биография Абая. - Алма-Ата: Наука, 1957. - С. 266. 43 Әуезов М. Абайдың өмірбаяны //Абай Кұнанбаев. Шығармалары. - Алматы, 1957. - ІІ т. - 56-б.
Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас жағын оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Басқа кітаптарға көп көңіл бөлмейтін болдық. Өйткені бұл жаңа кітаптың тілі ұғымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап бол ды. Кейіннен байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қара сөзбен жазылған кітабы екен. Біздің молдадан бұл кітапты естіген басқа молдалар да келіп, көшіріп алып, өз шәкірттеріне оқытып жүрді»44. Абай «Қара сөздерін» басқалар үшін жазғанын дәлелдейтін келесі бір факт мынадай: «Сөздердің» бірқатары (12, 13, 32, 43-сөздер), әсіресе 38-сөз жалпы көпшіліктен гөрі, оқырмандардың белгілі бір тобына арналған. Мысалы, 12, 13-сөздерін «иман» дегенді қалай ұғыну керек деп, иманды уағыздайтын, бірақ оны теріс ұғатын, теріс ұғындыратын дін қызметкерлеріне немесе жалпы «иманмен ісі бар» адамдарға арнайды. 32-сөзін «білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға» жаза ды. Сірә, бұл жерде бастапқы шағын ғана білім-ғылымды емес, жоғары білім-ғылымды терең меңгерсем дегендерге айтқан насихаты болса керек. 43-сөз деп берілген философиялық этюдті де кез келген оқырман түсіне беретіндей емес. Бұл да қалың жұртшылықтан гөрі, «жибили, кәсіби нәрселердің» сырын білмек болғандарға арналған сияқты. Ал 38-сөзіне келсек, мұнда автор «адам ұғлының мінездері» туралы айта ды, сонымен қатар «хаким атына дұспан», «хүкім шариғатты таза білмейтін ишандармен» айтысады, сондықтан бұл сөздің адресаттарының бірі де солар. Абай 12, 13, 32, 43, 38-сөздерін белгілі бір әлеуметтік топтарға арнап жазған деген пікірімізді олардың тек мазмұны ғана емес, тілі де дәлелдейді. Абай тұсындағы қазақ мәдениетінде «кітаби тіл» деп аталған жазба тіл араб, парсы сөздерін мо лынан пайдалануға бейім тұрды. Абайға келсек, ол өлеңдері мен «Қара сөздерінің» көпшілігінде қазақтың жалпыхалықтық тіліне әбден сіңіп, қалыптасып кеткендері болмаса, өзге кірме сөздерді, дәлірек айтсақ, шеттілдік сөздерді сараң 44 Абай әңгімелері (ел аузынан алынған) // Қазақ ССР Ғылым академиясы Орталық кітапханасының қолжазба қоры. - 1950 ж.
қолданған. Ал жоғарыда аталған шығармаларында ислам діні оқуына, философияға қатысты араб сөздерін жиі қатыстырады, бұларда тіпті арабша тұтас сөз тіркестері мен сөйлемдері де қыстырылған. Қазақ грамматикасына тән емес нормалардың да дені көрсетілген «Сөздердің» үлесіне тиеді. Демек, Абай «Қара сөздерін» «қойын дәптері» ретінде тек өзі үшін жазбай, басқалардың оқуы үшін де жазған екен. Оның өзінде де жалпы оқырман көпшілікпен қатар, олардың белгілі бір тобына арнап жазғандарын да көреміз. Сірә, кейбір зерттеушідердің Абай прозасын өңделмеген жазбалар болу керек деулеріне негіз болған оның стилі (тілі) болу керек. Әрбір өлеңі жұп-жұмыр, «айналасы тегіс келген», қазақтың көркем сөзінің сом алтындай асылы болып танылған Абайдың жаңа дүниесі – қара сөзінің кейбірі сөйлеу тіліне жуық қара дүрсіндеу болып көрінсе, 38-сөз сияқты туынды сы «шағатайшылау», «кітапшалау» болып қабылданған болар. Ал зер сала қарастырсақ, бұл екі сипаттың екеуінің де уәжі (мотиві) бар: сөйлеу тілі стилін автор өзі әдейі таңдаған, бұған «Қара сөздерінің» жазылу себептері мен арнаған адресаттары мәжбүр еткен. Қысқасы, қымбат қазына – Абай «Қара сөздерінің» тек мазмұны ғана емес, тіл өрнегі де қазақтың сөз өнерінде ала тын орны бар елеулі кұбылыс екенін танып, оны осы тұрғыдан зерттеу үшін алдымен бұл туындылардың жанрлық сипатын айқындап алу қажет, өйткені әдебиеттің әр жанрының өзіне тән функционалдық стилі, ол стильдің өзіне хас тілдік белгілері бо латынын білеміз. Абайтанумен айналысқан кейбір зерттеушілердің пікірінше, «Қара сөздердің» көпшілігі сюжетсіз жазылған көркем әңгіме, яғни көркем проза45. Б. Кенжебаев Абайдың прозасын Салтыков-Щедриннің шығармаларына ұқсайды деп табады. Абай «Қара сөздерін» арнайы зерттеген X. Сүйіншәлиев олар ды көркем прозаға жатқызбай, жай прозаға (сірә, жай проза деп ғалым прозаның көркем әдебиеттен басқа түрлерін атаған бо луы керек) жатқызады да, «прозаның шағын алты түріне» топ 45 Кенжебаев Б. Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы // Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954.
тайды. Публицистикалық жанрда деп тапқандары – 1, 2, 3, 14,
24, 26, 29, 33, 41, 42-сөздері және «Біраз сөз қазақтың қайдан
шыққаны туралы» деген шығармасы. Қалғандары прозаның
өсиет ғақлия (поучительные рассуждения) тасдиқ (утвержде
ние), нақыл, тұспал сөз, кеңес, әңгіме (беседа), көркем проза
элементтері бар түрлеріне жатады деп бөледі. Бірақ автор ай
та-айта келе: «Абай прозасында публицистика сарыны басым»,
– деп түйеді46. М. С. Сильченко: «Қара сөздер» көркем прозаға
жата алмайды, өйткені бұл «Сөздердің» әрқайсысында бірнеше
жанрдың элементтері бар», – дей келе, олардың бірқатарын
публицистикалық сипатта, ғылыми проза стилінде жазылған
шығармалар деп табады 2.
Абайтанудағы орны ерекше зерттеуші Мұхтар Әуезов те
Абай прозасының жанрлық сипаты туралы: «Жалпы алғанда,
Абайдың осы «Қара сөз» дейтін мұралары көркем прозаның
өзіне бөлек бір алуаны болып қалыптасады...», – дегенінде,
біріншіден, Абай прозасының көркемдік құндылығын көреді,
екіншіден, таза көркем проза жанрына жата алмайтын «өсиет-
толғауларын» басқа бір жанрда жазғанын атайды. Басқа жанр
дейтініміз – публицистикалық жанры ма, ғылыми-баяндау
жанры ма, немесе тағы басқасы ма – ол Абай прозасының
жанрлық ерекшеліктерін жан-жақты зерттегеннен кейін
тұжырымдалатын жайт екендігі білінеді.
Абай өзінің прозалық мұраларымен, сөз жоқ, қазақ әде-
биетінде бұрын болып көрмеген соны жанрларды бастады.
Ол Ыбырай Алтынсарин новеллаларымен бірдей емес, бірақ
мұнда көркем прозаның элементтері мүлде жоқ деп айтуға
тағы да болмайды. Адамның жақсы-жаман мінез-құлықтары
туралы жазған «Сөздері», Мұхтар Әуезов айтқандай, үлкен бір
көркем повесть не романдағы кейіпкердің толғана сөйлеген
монологі бола алмайды деп кім таласар еді. Монолог –
«Сөздерге» әсіресе «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім
тыңдайды?», «Біреулер Құдайдан бала тілейді, ол баланы не
қылады?», «Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма?» де
ген сияқты сұрақтардан басталатын, күңіреніп отырып қойған
өңкей риторикалық сұраулы сөйлемдерден тұратын «Сөздерін»
46 Сүйіншәлиев X. Абайдың қара сөздері. - Алматы, 1956. - 150-б.
жатқызуға болады. Сократ хакімнің сөзі (27-сөз) мен Ақыл,
Қайрат, Жүрек – үшеуін айтыстырған 17-сөзі – нағыз көркем
проза стилінде жазылған шығармалар.
«Қара сөздердің» көпшілігі қоғамдық-публицистикалық
және ғылыми баяндау стилінде жазылған деген пікірді біз де
қуаттаймыз, оларды көпшілікке арналған публицистикалық
мақалалар, эсселер, очерктер деп тануға болады. Бұлардың
сөз ететін тақырыптары да публицистикалық туындыларға
сыйымды: прозашы Абай 6, 8, 9, 10, 14, 23, 26, 29, 33, 39, 40,
41, 42, 43-сөздерінде «ел мінездерін» сөз етеді, адамгершілік
моральды үгіттейді (14-сөзде), адамды бұзып аздыратын салт
тарды көрсетеді (33-сөзде), елді тағылым-тәрбие түзер еді,
ол жоқ дейді (41-сөзде), еңбексіздікті, жатыпішерлікті сынай-
ды (42-сөзде). Ал публицист Абай 12, 13, 27, 35, 38, 45-сөз-
дерінде дін мен мораль тақырыбын қозғайды. Абай дінге
адамгершілік моральдың, тәрбиенің құралы деп қарайды.
Мұсылманшылықтың өзіндік үгітін айта отырып жеткізбегі –
адамгершілікке шақыратын ақыл сөздер.
Қысқасы, «Қара сөздер» – Абайдың қай тақырыпты қозғаса
да, түгелімен дерлік ағартушылық идеясын ұсынған, мораль
мен тәлім-тәрбие жайындағы ой-толғамдарын баяндайтын
публицистикалық шығармалары. Сонымен қатар бұл туын-
дылар тілі мен стилі жағынан толыққанды шығармалар
екенін баса айтамыз. Олардың көбі – дидактикалық әңгіме,
философиялық толғаныс, психологиялық, филологиялық этюд
болып келетін публицистикалық жанрдағы соны бастама
лар, тарихи очерктердің алғашқы ұлттық тілдегі үлгісі. Ұлы
Абайдың сан қилы еңбегінің бір қыры да – осы жерде.
Енді Абай прозасындағы стильдік белгілер қандай және
оның көркемдік өрнегін көруге бола ма деген сауалдарға жауап
ізделік.
Өлеңдерінің идеясы қалың оқырман мен тыңдаушыларға
жетпей жатыр-ау деп күмәнданған ақын сол ойларын бар
ша жұртқа түсінікті қарапайым тілмен айтып бергісі келген
дедік. Бұл ойларын баяндауда таңдаған мәнері – оқырманы-
мен әңгіме-дүкен құру екенін Мұхтар Әуезов жақсы көрсет-
кен. Бетпе-бет отырып әңгімелесу стилін қалағандықтан,
«Қара сөздердің» тексінде ауызекі сөйлеу нормалары: дау
ыс ырғағына құрылған сөйлем түрлері, тыңдауға жағымды
ұйқасты сөздер мен ырғақты қатарлар көзге түседі. Мысалы,
1-сөзінің өзінде-ақ интонацияға құрылған, яғни ауызша айтып,
құлақпен тыңдауға лайықталған сөз орамдары бар. Жоғарыда
осы шығармадан келтірілген текстегі: Ел бағу? Мал бағу? Ба
лаларды бағу? Ғылым бағу? деген сөздердің сұраулы болып
тұруы морфологиялық тәсілмен емес, яғни сұраулық шылаулар
немесе сұраулық есімдіктерсіз, тек дауыс ырғағымен берілген,
ал қазір біздер олардың сұраулы тіркестер екендігін жазудағы
сұрақ белгісі тұрғанына қарап білеміз.
Мына сияқты микротекстің мазмұнын да интонация таны
тады: «...Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді-
біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық,
өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан
түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Ай, не бол
сын! Бұл жердегі курсивпен теріліп көрсетілген өстіп, жоқ
сөздерінің қыстырма элементтер екендігі және ай, не болсын!»
деген фразаның да сөйлеу үстінде дауыс ырғағымен берілетін
автордың күмәнін, қапалануын танытатын қыстырма екендігі
байқалады. Әрине, бұл күнде текст қағаз бетіне түскенде,
мұндай интонациялық көріністерді өзіміз тыныс белгілерімен
танытуға ұмтылғанымыз аян.
Баяндаудағы модальдық реңктерді, яғни өкінуді, сүйсінуді,
ызалануды т.б. ауызша сөйлеу үстінде дауыс ырғағы жеткі-
зетіндігін Абай жақсы пайдаланған. Модальдықты беруде тек
дауыс ырғағы емес, өзге де тілдік қосымша элементтер қаты-
сатындығын да прозаик Абай дұрыс аңғарған. Мысалы, мына
үзікке назар аударалық: «Біздің қазақтың қосқан аты алдында
келсе, түсірген балуанынн жықса, салған құсы алса, қосқан иті
өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін,
содан артық қуанышы бар ма екен! Ай, жоқ та шығар!»
Мұндағы көрсетілген сөздердің қызметін дауыс ырғағы
білдіріп тұр: әңгімелеуші «білмеймін» дегенге логикалық
екпін (ой екпінін) түсіру үшін оны өзі қатысуға тиіс сөйлемнен
бөліп алып, сөйлемнің басына шығарады (бұл сөйлем: Содан
артық қуанышы бар екенін білмеймін түрінде құрылуға тиіс
қой), ал осы сөйлемнің қалған бөлігін сұраулы құрылым етіп
беруге де интонация қатыстырылып, мұның да модальдық
тоны (үні) өз алдына ұсынылған, яғни сұрау арқылы күмән
келтіріп, сенімсіздік білдіру реңкі ұсынылған, келесі «ай, жоқ
та шығар!» деген үзік сол күмәндылықты күшейткен. Мұнда
да ауызша сөйлеудің «құралы» – дауыс ырғағымен қатар, ай
деген одағай мен шығар деген сұраулық элемент қатысқан. Бұл
жерде күмәндылықтың модальдық реңкін білдіруге алдымен
интонация «іске қосылып» тұрғаны даусыз.
Құрмалас сөйлем бөліктерінің арасындағы жалғаулықтар-
ды түсіріп айту да сөйлеу мәнеріне тән. Қазақ прозасында
жалғаулықтардың қолданылуы, олардың белгілі тәртіппен
нормаға айналуы – кейінгі кезеңдердің жемісі екенін білеміз.
Ауызша сөйлеу тәжірибесінде құрмалас сөйлем компонент-
терінің (жай сөйлем бөліктерінің) аралығына өйткені (үйткені),
себебі, сондықтан, бірақ, алай да, әйтсе де, ал, және сияқты
жалғаулық шылауларды салмай-ақ ойды білдіру дағдысы бар,
мұнда да жалғаулықтың орнына пауза (дауыс кідірісі) тә-
різді интонациялық тәсіл қолданылады. Сонымен қатар жал
пы мұндай сөйлемдердің интонациялық суреті қалыпты
сөйлемдерден ерекшелеу келеді. Мысалы, Абай прозасында
кездесетін: «Бағар едім, [бірақ] қалайша бағудың мәнісін де
білмеймін... Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам
жоқ, [сондықтан] білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді
кімнен сұрарсың... Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қай-
ғыны азайтады, [сондықтан] орынсыз күлкіменен азайтпа,
орынды харекетпенен азайт... Бірақ жас бала қызыл ошақтан
қорқушы еді, [ал] бұлар тозақтан да қорықпайды екен... Сон
да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене [және] ол
қай көп үйреніпті...» деген текст үзіктеріне назар аударсақ, бұл
сөйлемдердегі текше жақшаға алынған жалғаулықтар Абай
тексінде жоқ, бірақ бұл сөйлемдер ол жалғаулықтарды кон
текске қарай қосып айтуға әбден болатындай етіп құрылған.
Бұл үлгілер осы күнде аталған жалғаулықтармен келетін
сөйлемдердің алғашқы, ауызекі сөйлеу нормасына жақындау
келетін құрылымдары деуге болады.
Әрине, Абай бұл жердегі шылауларды әдейі түсіріп,
сөйлем құрылысы қайткенде де ауызша нормамен берілуін
көздеген жоқ: автордың бұл жерде өз ойын ұсынудың жалпы
стилі (мәнері) осы тәртіпке әкеліп тұр, дәлірек айтсақ, жа
зушы оқырманына тыңдаушы ретінде қарап, әңгіме-дүкен
құрудың табиғи тәсілдеріне бой ұрған. Ал табиғи түрде сөйлеу
(әңгімелеу) барысында «үнемдеу» деп аталатын тілдік заң
әрдайым күшінде болады. Сондықтан мүмкін болған жерде
тек жалғаулықтардың түсірілуі емес, сөйлемнің тұрлаулы не
тұрлаусыз мүшелерінің бірқатары жоқ толымсыз сөйлемдер
де жиі орын алады. Абай прозасынан мұны да кездестіреміз:
«Бірлік қандай елде болады – білмейді». Мұнда ең соңғы
сөз «мұны олар білмейді» деген түрде немесе «қайтсе тату
болатынын білмейді» деген сияқты құрылымда келуге тиісті
болса керек еді. Бірақ осылайша үнемделіп, толымсыз сөй-
лем түрінде ықшамдалып келген «білмейді» деген бір сөз-
дің беретін мағынасы алдыңғы сөйлемнен шығып, түсінікті
болып тұр. Бұл жерде интонациямен айрықша бөлініп беріл-
ген жалғыз баяндауыштан тұратын сөйлем (білмейді) стильдік
мақсатты көздеген: осылайша құру арқылы автор жұрттың
қайтсе бірлік, татулық болатынын білмейтіндіктерін баса
көрсетуді көздеген. Бұл сипаттас құрылымдар Абай прозасын-
да едәуір: «Осы елдің қылып жүргені немене? Екі нәрсе». Мұнда
автор «Осы елдің (яғни қоғамдағы кейбір топтардың) әуелі
ұрлық, ұрлықпен мал табу, сонан соң өзгелерді азғырып, жа
ман іске итермелеу сияқты екі жағымсыз әрекеті («екі нәрсе»)
бар екендігіне оқырман назарын аудартып тұр. Алдыңғы мы
салда бастауыш пен тұрлаусыз мүше айтылмай, үнемделген
болса, соңғы мысалда бастауыш айтылмай, есім баяндауыш
қана сақталған.
Келесі фактілерді талдап көрелік. «Тағдырдың жарлығын
білесіздер – өзгерілмейді... Ойлайды жалынтып бердім деп.
Ақымақтығынан ойлайды». Бұларда сөйлемнің қалыпты
тәртібі сақталмаған: ойлайды деген баяндауыш сөйлемнің ба
сында тұр, ал ең соңғы құрылым – бастауыш, толықтауыштары
түсірілген, мағынасы тек контекстен, яғни алдындағы сөй-
лемнен анықталатын құрылым: «Олар ақымақтығынан жалын
тып бердім деп ойлайды» түрінде айтылса, сөйлем қалыпты
нормада келген болар еді. Абайдың бұл жерде айтқысы кел-
гені «жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып малын үлестіріп жүрген» байлардың осы әрекеті қайыр да емес, мырзалық та емес, ақылсыздық, ақымақтық екенін айту, демек, «ақымақтығынан» деген сөйлем мүшесін бөліп алып, жеке айту осыған логикалық ой екпінін түсіру үлесінен шығып тұр. Мұндай құрылымдарды тек ауызша сөйлеу тәртібі емес, жазба дүниеде де орын алатын стильдік норма деп санаймыз. Демек, келтірілген мысалдардың барлығында да әңгіме-дүкен құрып отырған автордың өзінің қай ойына (қай сөзіне) көңіл аудартқысы келген мақсатына сай түскен. Ауызша сөйлеу стиліне сөйлем компоненттерінің немесе мүшелерінің орын ауысып келу тәртіптері де жатады. Мұның өзі, біздің байқауымызша, екі түрлі: бірі – ауызекі сөйлеу үстінде белгілі бір сөзге ой екпінін түсіру мақсатымен сөз тәртібінің ауыстырылуы. Мысалы, мен айттым ғой саған осы ны – десе, «саған осыны» деген тұрлаусыз мүшелердің баян дауыштан соң берілуі тыңдаушыға бір нәрсенің ескертілгенін баса көрсету мақсаты көзделгендіктен. Ал екіншісі – нормаға айналып, жүйелі түрде кездесетін тәртіптер. Бұлардың біріне деп дәнекеріне аяқталған құрылымдар жатады. Өткен ғасырда және осы ғасырдың басында хатқа түскен үлгілерде (текстерде) деп сөзіне аяқталған сөйлемдердің жиі кездесетіндігін біз де, өзгелер де байқап, біраз талдаған бо латынбыз47. Деп дәнекерімен аяқталатын сөйлемдер ауыз әдебиетінің прозалық үлгілерінде де, Ыбырай Алтынса рин әңгімелерінде де, аталған кезеңдердегі қазақ баспасөз тілінде де, Абай прозасында да жүйелі түрде кездеседі. Бұл дәстүрдің де бастау көзі ауызша сөйлеу нормасында жатқаны белгілі. Әдетте деп-ке аяқталатын конструкциялар не төл сөзді сөйлемнен, не құрмалас сөйлемдер болып келеді. Құрмалас сейлемді деп-пен аяқтағанда, яғни бағыныңқы сөйлемді басыңқыдан соң келтіргенде (дұрысы керісінше болу керек қой) басыңқы сөйлемді әуелі айтып алып, оған ой екпінін түсіру мақсаты көзделеді деген және бұл тәсіл құрмалас сөйлемдердің даму барысында орын алған деген пікірлер бар48. Бұл құрылым жөнінде «Абай шығармаларының 47 Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. - Алматы, 1968. - 305-308 бб. 48 Сауранбаев Н. Қазақ тілі білімі проблемалары. - Алматы, 1982. - 307-308-б.
тілі» атты еңбегімізде айтылған ойларымыз бен жасаған тал
дауларымызды бастан-аяқ қайталамай, Абайдың прозадағы
тіл кестесіне, дәлірек айтсақ, ойын қара сөзде көркем тілмен
баяндау мәнеріне қатыстырып сөз айтсақ, мыналарға оқырман
назарын аударамыз.
Төл сөзді конструкцияларды да, құрмалас сөйлемдерді де
Абай кейде деп дәнекеріне аяқтап отырады:
«Сартты көрсе, күлуші еді: ... бұтадан қорыққан, көз
көргенде әке-үке десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-
сұрт» деген осы деп. Орысқа да күлуші еді: ауылды көрсе,
шапқан, жаман сасыр бас орыс деп. Сонда мен ойлаушы едім,
ей, Құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған екен деп...»
Бұлар төл сөзді құрылымдар болса, мына мысалдарда
құрмалас сөйлем компоненттері орын алмастырып тұр: «Көзді,
мұрынды (жаратушы) ауызға жақын жаратыпты, ішіп-жеген
асымыздың тазалығын көріп, исін біліп ішіп-жесін деп...»
Сірә, сөйлемдерді бұлайша құрғанда, Абай, бір жағынан,
өзіне дейін жиі қолданылып келген тәртіптен де шығып кете
алмағанын танытса, екінші жағынан, шығармашылықтың өзі
үшін жаңа түрі – қара сөзбен жазуға барған Абай сөз өнерінің
осы қалыбының дұрыс ұсынылуын да көздеген деп батыл
айтуға болады. Оған дәлел жоғарыдағыдай ауытқушылықтарға
қарағанда, жалпы тіл заңдылығына негізделген дұрыс
құрылымдардың жиірек қолданылғандығы. Мысалы: «Әуелі
бұл ісімді бұл ісімнен асырайын деп... өнер арттырайын деп,
түзден өнер іздемейді. Осындай қастарға өзім өтімді болсын
деп, қызметке, болыстық билікке таластық».
Абай прозасында сөйлемдердің табиғи тәртіппен дұрыс
құрылуы нормаға айналған деп санаймыз. Бұл құбылыс Абай
кезеңіндегі өзге жазба дүниелер тілімен салыстырғанда айқын
сезіледі. Бұл – Абайдың қазақ жазба тілінің прозадағы норма
ларын белгілі бір жүйемен дұрыс қалыптастыруына саналы
түрде қызмет еткенін көрсетеді.
Абайдың прозалық тіліндегі және бір ерекшелікті айтпай
кетуге болмайды, ол – толықтауыш бағыныңқы етіп ұсынылуға
тиісті сөйлемнің баяндауышы ашық райда келіп, мағына
жағынан сабақтас, ал тұлғалануы жағынан салалас сияқты
болып және бағыныңқы компонент басыңқыдан бұрын келіп
құрылған сөйлемдер. Мысалы: «Ақыры ойладым: осы ойыма
келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны
ермек қылайын...»
Бұл сөйлемнің әдеттегі грамматикалық норма бойынша
құрылымы: «Ақыры осы ойыма келген нәрселерді жаза берейін
деп ойладым»... болуы керек. Автор басыңқы компонентті
әуелі айтып алады. Бұл тәртіп мына сөйлемдерде де анық
байқалады: «Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әрқашан
байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады».
Мұның да қалыпты құрылысы: «Әрбір жалқау кісінің қорқақ,
қайратсыз тартатынын һәмма ғаламға белгілі данышпандар
әлдеқашан байқаған»... деген түрде болуға тиісті еді.
«Қара сөздерде» бұл типтес сөйлемдер 5-6 жерде кездеседі.
Абай шығармашылығы мен тіліне көп үңіліп, көптеген
құбылысты жақсы байқап, құнды пікірлер айтып кеткен
үлкен ғалым – Құлмат Өмірәлиев прозаик Абайдың осындай
құрылымды сөйлемдерін шағатай тілінің, яғни орта ғасырлар-
дан келе жатқан түркі жазба дәстүрінің көрінісі деп шамалай-
ды. Бұл дәстүрде екі сөйлемнің аралығына ки, кэ (кім) жал-
ғаулығын келтіріп құрмалас сөйлем жасалатыны мәлім (орыс
тілінде что деген жалғаулықпен жасалатын толықтауыш
бағыныңқы құрмаластар сияқты). Мысалы, Сайфи Сараидың
«Гүлистан» поэмасынан: «Устады дағы билди ким өзиңдән
артуқ турур» деген сөйлемді қазақшаға осы тәртібімен аударсақ:
«Ұстазы да білді: ол өзінен күштірек [екенін]» деген қалыпта
болар еді, ал қазақша табиғи түрде құрылу тәртібі: «Ол өзінен
күштірек екенін ұстазы да білді» болуы керек.
Құрмалас сөйлемнің бұлайша құрылу нормасы қазіргі
түрік, әзірбайжан сияқты әдеби тілдерде сақталғаны мәлім.
Ал о баста парсы тілінен ауысқан бұл синтаксистік амал қазақ
тілінде орын теппеген (біздіңше, тіпті оны енгізу әрекеті де
болмаған тәрізді). Ал Қ. Өмірәлиев Абайдағы: «Соған қарап
ойлайсың: Алла тағаланың сипатында солай болмаққа тиіс...
Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім
үшін, әділет үшін қам жемейді екен» сияқты сөйлемдердің
қос нүкте қойылған жерінде кім дәнекері түсіріліп жасалған
дейді49. Осылай деп тани тұра зерттеуші Абайдың бұл құрылымдарының баяндауыштары белгілі бір сөздер (ойлаймын, болды, білінді) болып келетіндігін көрсетеді, демек, Абайда кез келген сөйлемдер кім жалғаулығын түсіріп құрмаласа ал майды екен. Осыған қарағанда, Қ.Өмірәлиевтің топшылауына үзілді-кесілді қарсылық айтпағанымызбен, біздің ойымыз ша, Абайда кездесетін, жазуда араларына көбінесе қос нүкте қойылған құрмалас сөйлемдердің бұлайша құрылу себебін тағы да ауызша сөйлеудің, ауызша шешендіктің тәртібінен іздеу керек тәрізді, ал бұл нормада негізгі ойды білдіретін компонентті әуелі айтып алу заңды. Мысалы, «Әрнешік білмек керек: Жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ» де генде жазушының көздеген нысанасы – екі түрліден басқа иман жоқтығын айту емес, сол жоқтықты білудің қажеттігін айту. Ой екпіні түсетін сөйлем бөлігін алдымен айтып алу Абай прозасында өзге сәттерде де орын алған. Мысалы: «Әрбір байқаған адам білсе керек күлкі өзі бір мастық екенін». Бұл сөйлемнің дағдылы құрылысы: «Күлкі өзі бір мастық екенін әрбір байқаған адам білсе керек» болуға тиіс. Мүмкін, мұндай сәттердің барлығында бірдей бұл сияқты стильдік мақсат көзделіп те тұрмауы. Жоғарғы сөйлемді ауызекі сөйлеудің «тәртіпсіз» тәртібі деп те тануға болар. Абайдың сөз өрнегін тек әсемдік әлемінен ғана іздемей, табиғи дұрыстық пен нормалылық жағынан да қарастырар болсақ, ұлы суреткердің қазақ әдеби тілін тұтасымен алып нор малауда орасан зор еңбек еткенін айта аламыз. Әрине, қазіргі публицистиканың, әсіресе газет-журналдардағы материалдардың тілі мен Абай «Қара сөздерінің» тілінің арасында айырмашылықтар едәуір: бұл күнде жоғарыда келтірілгендей басыңқы, бағыныңқы компоненттері орын ау ыстырып, «төңкеріліп» жүрген сәттер кемде-кем кездесетін болса, Абайда мұндай ауытқушылықтардың өзге түрлері де орын алған. Әсіресе сөйлем мүшелерінің позициялық құрылымы (орын тәртібі) нормадан ауытқып келетін тұстары жоқ емес. Мысалы, қазіргі қазақ әдеби тілінің нормасы бойын ша анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш сияқты тұрлаусыз 49 Өмірәлиев Қ. Абай қара сөздері синтаксисінің кейбір түрлері жайлы //Қазақстан мектебі. - 1965. - №8.
мүшелер өздері бағынатын сөйлем мүшесінен бұрын орна
ласуы керек болса, Абайда: «Не қылса да, сөзді ұқса болады
оларға... Екі етек жайылып, екі көзің аспанда масқара болып
кеткенің өлгеніңше... Ешбір қазақ көрмедім малды иттікпен
тапса да, адамшылықпен жұмсаған...» деген сөйлемдерді
оқимыз. Мұндағы курсивпен теріліп көрсетілген сөздердің
орындары ауысып тұр. Дегенмен Абайда сөйлем мүшелерінің
орындары
бұлайша
«төңкеріліп»
жүрген
қолданыстар
орындарында дұрыс тұрған түрлерінен әлдеқайда аз. Сірә,
кейбіреулердің Абайдың прозасы қырланбаған, тілі «шикі»,
«қойын дәптерінің материалы» деп тануларына осы іспеттес
фактілер себеп болса керек. Бұл жансақ пікірге негіз болған
фактордың бірі – әр құбылысқа дамудың тарихи принципінен
шығып қарамағандық.
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің әсіресе оның бұрын-
нан үлгісі дамымаған проза жанрлары стилінің нормалары
бірден, бір жылда, бір адамның қаламымен қалыптаспай-
тындығын ескермегендіктен, Абайдың «Қара сөздері» текс-
терінен жоғарыдағыдай «бүгінгі күн талабына» жауап бере
алмайтын «шикі» дүниелер «көрініп қалады». Екіншіден,
Абайдың прозалық туындыларының жалпы стилін ескер-
мегендіктен, мұндағы ауызша сөйлеу тәртіптерін әдеби мұра-
ға жат деп санау-шылықтың орын алғандығы. Біздің ойымыз-
ша, Абайдағы бүгінгі жазба әдеби тіл нормаларына сай
келмейтін ауытқулардың орын алуына екі стихияның (күштің)
түйіскені себеп болған тәрізді: бірі – проза саласында, оның
ішінде қоғамдық публицистика мен ғылыми баяндауда жазба
әдеби нормаларының енді-енді қалыптаса бастауы, екіншісі
– автордың осы туындыларды ұсыну мәнері, оқырмандары-
мен санасу қажеттігі, яғни бетпе-бет отырып, ауызша әңгіме-
дүкен құру тәсілін таңдауы. Әрине, бұл әңгіме-дүкен түгелі-
мен тек қарапайым, көбінесе сауаты жоқ қараңғы тыңдаушы-
ға бағышталмаған, тіпті керісінше, көпшілігі «сөзді ұғарлық
шәкірттерге», олардың ішінде де орысша, мұсылманша са
уаты барларға арнап жазғандары да бар болғандықтан, әр
шығарманың стилінде үлкенді-кішілі өзгешеліктер, ерек-
шеліктер бары даусыз. Міне, «Қара сөздерге» баға берушілердің
кейбірі осыны ескермеген.
Егер бірқатар «Сөздердің» тексінде араб сөздері, кейде
тіпті шет тілдік тұтас блоктар («сөз кесектері»: тіркестер мен
сөйлемдер) қолданылған болса, бұлар автордың олақтығынан
немесе «Қара сөздер» өзі үшін жаза салған қойын дәптерлік
дүние болғандықтан емес, ұлы Абайдың сөз жұмсаудағы
ізденісінің тапқан амалдарының жемісі екенін көреміз.
«Қара сөздерді» жазуда Абай іздене білген, іздене отырып,
мұны құнды дүние ретінде тыңдаушы мен оқырман қауымға
әсерлі, әдемі етіп ұсына да білген. Бұл пікірімізді Абайдың бұл
күнде «Сөз» деп аталып, ал өзі тек нөмірлеп ұсынған (тіпті
дәлірек айтсақ, көшірушілер нөмірлеп реттеген) прозалық
шығармаларының көркемдік сипаты дәлелдейді. Бұлардың
басым көпшілігін ауызша әңгімелесу мәнерінде ұсынған дедік,
бірақ бұл – қара дүрсін тілде баяндау деген сөз емес. Өйткені
қазақ халқының әлеуметтік өмірінде ауызша сөйлеудің мәні зор
болған. Шаршы топ алдына шығатын билер айтысы, ауыл, ел
басылардың, қадірлі үлкендердің ақыл-насихат сөздері, қазаға
көңіл айтып жұбату мен жақсылыққа тілеулестік білдірген
алғыс пен марапат сөздері, бата-тілектер ғана емес, өзара
байсалды әңгіме үстінде де ауыздан шығатын сөзге қазақтар
мейлінше мән берген. Ауызша әңгімеге мұқият қарап, оның
әсерлі, әдемі шығуына күш салған. Міне, сондықтан Абай
оқушы мен тыңдаушы қауымға өзі «ойыма келген нәрселер» деп
жұпыны көрсеткенмен, шын мәнінде бүкіл дүниетанымдық,
философиялық, тәрбиелік мазмұнды ой-толғамдарын, ақыл-
насихатын «заманды түзетпек» пікірлерін қазақ «өнер алды –
қызыл тіл» деп санаған «жалпақ тілмен» «ақ қағазға» төккенде
жұртының ежелден қалыптасқан, әлеуметтік нормаға айналған
дәстүрін ұстайды: ауыздан шыққан сөздің әсем әрі әсерлі болу
ын нысанаға алады.
Әсемдік пен әсерлілік эпитет, метафора т.б. сияқты көріктеу
элементтерінің қатысуымен ғана танылмайды. Бұл жерде по
эзия мен проза текстерінің әрқайсысының өздеріне көбірек
тән болып келетін ерекшеліктері бар екенін естен шығармау
керек. Прозада бірыңғай мүшелерді, бірыңғай бағыныңқы
сөйлемдерді жиірек келтірудің және олардың әрқайсысын
жалғау, шылаулармен жеке-жеке көмкерудің стильдік уәжі
болады. Абай «Қара сөздерінде» осы кұбылыс көзге түседі:
Мысалы: Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек,
құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ,
алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар деген
сөйлемдегі бірыңғай мүшелер тұлғалануы жағынан біртектес
болып келген (барлығы да – -мақ жұрнағымен жасалған
дерексіз есімдер).
Әдетте бірыңғай мүшелердің алғашқылары қосымшасыз
беріледі де, тиісті жалғау ең соңғысына жалғанады, бұл – жал
пы тілдік норма. Ал тексте, әсіресе көркем әдебиет пен көркем
публицистикада белгілі бір стильдік мақсатпен тиісті жалғауды
олардың әрқайсысына жалғап келтіру орын алады. Мыса
лы, Абайдың мына қолданысына назар аударалық: «Анттың,
серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?» Бұл
сөйлемді: «Ант, серт, адалдық, ұят дегендердің бір тоқтаусыз
кеткені ме?» деп те құруға болады, бірақ бұл екі варианттың
стильдік бояуы бірдей емес: бірыңғай мүшелердің әрқайсысын
тиісті тұлғасымен (жалғауымен) келтіргенде, бір-бірінен
жіктері ажыратылып, олардың әрбіреуіне екпін түседі.
Абай прозасында бірыңғай мүшелерді тұлғалануы жағынан
сыйыстыру (алдыңғыларын жалғаусыз беру) кемде-кем ұшы-
расады. Бірыңғай мүшелер әрдайым дерлік жеке-жеке толық
тұлғаланып тұрады, соның есесінен сөйлем ұзындау, шұба-
лаңқылау болып көрінуі де мүмкін, бірақ оқырманға, әсіресе
тыңдаушыға оның беретін әсері күштірек болады. Сөйлемнің
эмоциялық, тіпті экспрессиялық әсерін тану үшін тексті
толығырақ келтірелік: «Адам баласына адам баласының бәрі
дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың,
ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ
жерің – бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің,
махшарда сұралуың – бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына,
пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рақатың – бәрі
бірдей екен...»
Бұл микротексте бірыңғайлық екі-үш еселеніп берілген
деуге болады: ІІ жақтағы тәуелдік жалғаулы мүшелер тобы
өзара бірыңғай болып келсе, сол сөздерге қатысты қайғысы-
на, пәлесіне, жақсылығына деген сөздер бір тұлғада келіп,
өзара бірыңғайласады. Мұнда тіпті бәрі бірдей деген баяндауыштардың үш рет қайталанып келуі енді үш жай сөйлемді өзара бірыңғай етіп шығарады. Бұл – әдейі қолданыс, стильдік мақсаты бар құрылым. Сөйлем қаншама көп сөзді болса да, түсінуге де жеңіл, қабылдауға да әсерлі, өйткені бәрі бірдей деген сөздер әуелі бұл тексті үш бөлікке бөледі, ал әр бөліктегі бірыңғай мүшелерді бөліп-бөліп айту (оқу) керек болғандықтан, яғни олардың әрқайсысының жеке-жеке бірдей тұлғалануы интонациялық «автономияларға» алып келгендіктен, бұлар да ойды ауырлатпайды. Бірыңғай мүшелерді жиі қолдану және оларды жеке-жеке тұлғалау құбылысына стильдік қызметі жағынан «қайталау» («повтор») деп аталатын сөз қолдану амалы жақын келеді. Бір сөзді бір сөйлем ішінде немесе ең келте микротексте қайталап келтірудің эмоциялық әсері жоғары болады. Бір сөздің не тіркестің қайталануы көбінесе бірыңғай мүшелердің не бірыңғай сөйлемдердің құрамында келіп, параллель құрылымдар түзеді. Мысалы: «Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті болса, біреу есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді – бұлар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: Құдай тағаланың Жаратқанынан, бұйрығынша болған ісі деп...» Бұл ұзақтау сөйлемде екі ұдай параллель бар: алғашқысы – біреу және бол са деген сөздердің қайталануымен, кейінгісі – біреудің көңілі және мейілді деген сөздердің қайталанып келуімен жасалған. Бұл іспеттес құрылымдар Абай прозасында едәуір жиі ұшырасады. Қайталанатындар жеке мәнді сөздер де, шыла улар да, модаль сөздер де болып келеді. Мысалы: «Өздерінің ырбаңы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма – сонысы нан дүниеде ешбір қызықты нәрсе бар деп ойламайды... Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін» – әрдайым не түрлі болса да «десін» деп азаптанып жүріп, «демесін»-ді ұмытып кетеді... Соңғы сөйлемде қайталанып тұрған десін сөзі образ болып тұр: десін~демесін деген тұлғалар енді жай көмекші сөздер ғана емес, «десінге салыну, «демесін»-ді ұмыту сияқты адам қылығының атауына айналған. Келтірілген қайталама сөздердің барлығы да эмоция тудыру үшін қолданылған, олар
қатысқан күрделі мүшелер немесе сөйлем компоненттері сара ланып, өздеріне назар аудартады. Қайталау тәсілін стильдік мақсатпен жұмсау тек бірыңғай мүшелер емес, шағын бір тұтас текске (абзацқа, шоғырға) кел генде де қолданылған. Мысалы, Абай бірінші шығармасының өзінде бағу сөзін қайталау элементі етіп алады: «ер орта сы жасқа келіп» қажып, жалыққаннан кейінгі қалған өмірін қайтіп, не қылып өткіземін дегенде айналыса алмайтын әрекет-харекеттерін санамалап атау үшін ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, дін бағу, балаларды бағу деген тіркестер жасай ды. Бұлардағы бағу сөзі – қайталама элемент, оны осы мақсатта жұмсау үшін номинативтік мағынасын ауыстырып, «айналы су» (мал бағу), «басқару» (ел бағу), «шұғылдану» (ғылым бағу, дін бағу), «тәрбиелеу» (балаларды бағу) деген ұғымдарда жұмсайды, сондықтан бұл жерде бағу сөзін тура мағынасында тұрғанда тіркесе алмайтын сөздермен тіркестірген, тіпті мал бағу деген фразаның өзі жалпы тілдік мағынасында емес, әдетте мал бағу «малды күтіп, өсіріп, өндіру» болса, Абай ай тып отырған мал бағу «жалпы шаруашылықпен айналысу». 22-сөз деп аталатын шағын шығармасынан үзіктер келтірсек, мынадай сөйлемдерді оқимыз: «Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым... Байды қадірлейін десең... Мырзаларды қадірлейін десең... Болыс пен биді қадірлейін десең... Мықтыны құрметтейін десең... Есті кісіні тауып құрметтейін десең...» деген сөздерден басталған абзацтар болып құрылған. Мұнда тексті шоғырларға (абзацтарға) бөлу бар, яғни айтылмақ ойды па раллель бөліктерге ажыратып ұсыну тұтас тексті текше-текше етіп реттеп жеңіл қабылдауға мүмкіндік беріп тұр. Жеке сөйлемдер мен абзацтардың бір сөзден немесе біртектес тіркестен (мал бағу, ел бағу, дін бағу сияқты), біркелкі тұлғаланған сөйлемнен не сөйлем компонентінен (байды қадірлейін десек, мырзаларды қадірлейін десек деген сияқты) басталуы сол текстің анафоралық құрылыммен берілуі деуге болады. Ал анафора – көріктеу құралдарының бірі. Қайталаулардың Абай қолданған және бір түрі – текстің өн бойын біркелкі сұраулы сөйлемдермен құру болып келеді.
Мысалы, 40-сөзі: «Зинһар сендерден бір сұрайын деп жүрген
ісім бар» деп басталады да, сол сұрақтары қалай деген сұрау
есімдігімен аяқталатын 18 сөйлем, оның синонимі ретіндегі
несі есімдігімен аяқталатын 6 сөйлем болып ұсынылады:
«Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі
кісісінің жамандықтан аманы жоқ болатұғыны қалай?.. Бәйгеге
ат қоссаң, атыңды тартыспайтұғын ағайын атың келсе, бәйгеге
өкпелейтұғыны қалай? Елді пысық билегені несі? Пысықтың
бәрі кедей келетұғыны несі?» т.т.
Демек, бұл – автор ойының баяндау стилі ерекше болып
шыққан шағын шығарма. Бұл жерде Абай түр іздегіш нағыз
стилист болып танылады: сұраулы сөйлемдерді шоғырлап
беру арқылы осы сұрақтарға жауап болып табылатын өзінің
көзқарасын білдіреді: «Қазақтың өлгенінде жаманы жоқ,
тірісінде жамандалудан аманы жоғына күйінеді, берері жоқ
аларға дайын адамдарды сынайды, елді беделді, соған лайық
адамдар билемей, болыстықты, билікті, ауылнайлықты са
тып алатын, тартып алатын пысықтық көрсеткендер билеп
отырғанын көріп ызаланады» т.т. Ал осындай ой-толғамдарын
стильдік әдемі тәсіл – сұраулы сөйлемдер арқылы танытса,
ол сөйлемдердің реттеулі, әсерлі болып шығуы үшін олардың
сыртқы құрылымын біркелкі етіп береді, яғни бәрі де сұрау
есімдіктеріне аяқталады.
Бұл қатарға өзге де фактілерді қосуға болады: «Енді қарап
тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ,
саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ...»
Бұл жердегі параллельдер морфологиялық тұлғалардың бірдей
(екпеген, шығармаған, жүрмеген, қылмаған және егіні, жемісі,
жері, шеберлігі) болып берілуімен, сондай-ақ жоқ сөзінін
қайталануымен жасалған. Келесі мына мысал да дәл осы тип
тес: «Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке
де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін
күтуге де шыдайды...»
Параллельдердің қай түрі де көріктеу мақсатымен келеді.
Әсіресе өлең тіліндегі параллельдердің эмоциялық әсері
айрықша көрінеді. Абайдың «Сегізаяғының» архитектоника-
лық жаңалығы мен фоникалық әсерлілігінің бір ұшы өлең
тармақтарында параллель құрылымдардың келуінде деп
білеміз: өткірдің жүзі ~ кестенің бізі... қиуадан шауып ~
қисынын тауып... басында ми жоқ ~ өзінде ой жоқ... орынсыз
ыржаң ~ болымсыз қылжаң...
Осы сияқты ұйқасты, ырғақты параллельдер Абайдың
прозасында да орын алады, Абай шығармашылығының нәзік
қырларын жазбай таныған ұлы Әуезов: «Қара сөздердің»
бірқатары, тіпті басым көпшілігі үлкен бір роман, повесть
кейіпкерлерінің монологтері деуге болады», – деген пікір
айтқан-ды. Шынында да солай: көлемі жағынан да (көбі бір-
екі беттік қана), ұсынылу стилі жағынан да, өзімен-өзі немесе
өзгелермен сырласқан тоны (үні) жағынан да көркем шығарма
кейіпкерінің монологіне өте жақын келеді. Ал бұрынғы билер
сөздері, яғни «шешендік сөздер» деп атадан балаға, ұрпақтан
ұрпаққа тарап біздің заманымызға жеткен монолог емей, не
мене! Олар да – ауызша сөйлеу үстінде туған, тыңдаушыларға
арналған үлгілер. Бұлардың сақталу, жеткізілу және кәдеге
асырылу себептерінің бірі тек мазмұны емес, көркемдігі, тілі
екендігі мәлім.
Шешендік сөздер, поэзия сияқты, қазақ қауымының әлеу-
меттік, азаматтық ой-пікірін білдірудегі рухани сұранысын
ғана емес, тіл әлемінен алатын эстетикалық сұранысын да
елеп келді. Сондықтан бұлардағы дәстүрлілік, жалғастылық
күшті болғанын күні бүгінге дейін көріп, сезіп отырмыз.
Абайдың «Қара сөздеріндегі» монологтердің иелері де кей
де қазақтың билерінше ақыл-насихат айтып, дидактик болып
көрінсе, кейде өз заманындағы ағартушы, ойшыл азамат бо
лып сөйлейді, кейде философия, психология, дін, этика, эсте
тика салаларынан хабары мол білімді интеллект иесі болып
толғайды. Сондықтан Абайдың «Қара сөздері» текстерінен
билер сөздеріндегідей ұйқасқа, өлшемге, ырғаққа құрылған
синтаксистік параллельдерді де, образды фразеологизмдерді
де, әсерлі теңеулерді де кездестіре аламыз. Мысалы: «Енді
мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, бо
санбас буын керек екен...» Бұл жерде жүрек, көңіл, буын де
ген бірыңғай мүшелер алдарына бірдей тұлғадағы эпитеттерді
салып, параллельдер түзіп тұр. «Мал көбейсе, сұлуды жайлап,
жүйрікті байлап отырмақ» деген сөйлемде де шешендік белгі
бар. Мұнда көрсетілген сөздер, бір жағынан, образды фра
зеологизмдер болып, екінші жағынан, тұлғалас қатар түзіп,
айтылмақ ойды оқырманға әсерлі етіп жеткізіп тұр. Абай про
засынан осы сияқты қатар келген: өнер қуып, мал тауып...
ішіп ақтап, арамдығын жақтап... адам баласы жылап ту
ады, кейіп өледі... я көзден жас боп ағады, я тілден сөз боп
ағады... орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып... біреуді
жетілтейін, біреуді құтылтайын... жастығы тозбастай,
буыны босамастай көріп жүріп... шайқақтап шалықтанып,
салбырап салғырттанып (бұл жерде Абай аллитерацияны
да «жеккен»),.. жақсы иіске ғашық, жаман иістен қашық
болмақтық... малды не жерден сұрау керек, не аққан терден
сұрау керек... деген образды параллельдерді теріп ала аламыз.
Абайдың прозалық туындыларының тілін көріктеуде жиі
қолданған амалдарының бірі – тұлғалас баяндауыштарды
(әрине, көбінесе етістіктерді) келтіру болып табылады. «Қара
сөздер» тексінде бірыңғай баяндауыштарды сыйыстыру, яғни
алдыңғыларын көмекші етістіксіз беріп немесе -ып жұрнақты
көсемше тұлғасында келтіріп, тиісті жақтық, шақтық,
райлық қосымшаларды ең соңғысына жалғау тәсілі өте си
рек. Сондықтан мұнда: «Әрберден соң, сыртымызға шықты,
жауластық, дауластық, партияластық (бұл сөйлемді: жаула
сып, дауласып, партияластық деп құруға да болар еді)... Кірді,
шықты, ілді, қашты, түбегейлеп оқыған бала да жоқ (кіріп-
шығып, іліп-қашып деп беруге де болар еді)...» деген сияқты
сөз өрімдерін таба аламыз.
Біздің байқауымызша, бірыңғай сөйлем мүшелерінің не
месе компоненттерінің әрқайсысын жеке-жеке тұлғалаудың
эмоциялық әсері қалыптағы нормамен келгендерінен әлде-
қайда күшті болады, өйткені олардың әрқайсысы интонация
жағынан оқшауланып, өздеріне назар аудартады. Шебер сурет
кер осыны жақсы сезген.
Толғаныстарын қара сөзбен білдіруде Абай қолданған
стильдік тәсілдердің ішінде ең бір көзге түсетіні – айтпақ
ойын сұрау арқылы білдіру. Байқасақ, «Қара сөздердің» ба
сым көпшілігі сұраулы сөйлеммен аяқталып отырады. Ал
кейбіреулері тұтасымен дерлік сұраулы сөйлемдерден тұрады.
Оның бір мысалы жоғарыда қайталама әдісті қолдануына
қатыстыра келтірілген 22-сөзі болса, келесі 23-сөз деп атала-
тын туындысының шағын тексі де абзац басындағы сөйлем-
дерден өзгесі түгелімен дерлік сұраулы сөйлемдер етіп ұсы-
нылған. Мұнда «біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш,
бір жұбаныш дегендер бар» деп бастайды да, әрі қарай
«мынадай-мынадайларға адам қуана ма екен» (Жаманмен са
насып жақсы бола ма? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім
дегеннің несі қуаныш? т. т.), «мынадай-мынадайлар жұбаныш
бола ма екен» деп тұнып тұрған сұрақтармен толғанады.
Бұл жердегі сұраулары өзінің келіспейтін пікірлерін айтуға
жұмсалған.
40-сөз деп аталатын шығармасы да бастан-аяқ сұраулы
сөйлемдермен келген сауалдар.
Абай прозасында да, өлеңдеріндегідей жиі болмағанмен,
образды тіркестерді қолданудан бас тартпаған. Мұнда бояма
күлкі, қулық саумақ, адам саумақ, ғылым табу, ғылым бағу,
көңілге қалың беру, ақылдың көзі. жанның жарығы, көрікті
ой, көкірегі байлаулы болу сияқты тың образдар бар. Олардың
бірқатары (қырқын мінсе қыр артылмау, адам сауу, ғылым
табу т.б.) өлеңдерінде де қолданылған, демек, бұлар Абайдың
айтпақ ойына дәл келетін, өзі сүйіп қолданатын тіл кестелері
болып танылады.
Суреткердің тіл өрнегін әңгіме еткенде, талдаудың бір ұшы
әсемдікте, сөз кестесінде жатса, екінші ұшы шығарманың
мазмұны мен тақырыбына тілін сай етіп ұсыну шеберлігінде
жатады. Жоғарыда талданған материалдың бәрі – шығарма
тілінің әсемдігін танытатын, көріктеу элементтерін көрсететін
фактілер. Ал енді шығарманың стильдік астарына қатысты
шеберлікке келсек, Абай қаламына мұны да тели аламыз.
Тегі, Абайдың тілдік интуициясы өте күшті болғаны даусыз
сезіледі. Ол тек қай сөзді қай жерге жұмсауды, қай сөзбен
қайсысын тіркестіруді, сөз мағынасын қай тұста қалайша
құбылтуға болатынын біліп қана қоймаған, сонымен қатар тіл
құдіретін (мүмкіншілігін) бар ішкі жан дүниесімен сезе білген.
Сондықтан мазмұн мен түр сәйкестігі тек жеке сөздерге не
тіркестерге келгенде ғана емес, тұтас шығармаға келгенде де
қажет екенін де жақсы білген. Бұл әсіресе прозалық туындыла
рында айқын көзге түседі.
46 шығарманың басым көпшілігі, жоғарыда айттық, көркем
публицистикалық жанрдың үлгілерін танытады, оны «көркем»
деп отырғанымыз – біраз «Сөздің» роман, повестердің кейіп-
керлерінің монологі іспетте келгендігі. Сондықтан бұлар таза
қазақ әдеби тілінде жазылған, оның жаңа бір саласы – пу
блицистика стилін танытады. Бұларда «кітаби тіл» аталған
ортаазиялық жазба дәстүрдің – шағатай тілінің элементтері
жоқ, керісінше, қазақтың шешен, ойлы, зерделі адамының сөз
саптауына тән белгілер бар (бұл белгілерді жоғарыда жеке-же
ке талдап көрсеттік).
Ал Абайдың екі шығармасы көркем публицистика үлгісінен
өзгерек стильде ұсынылғаны бұлардың тақырыбы мен баяндау
мәнерінен көрінеді. Ол шығармалардың бірі – 38 сөз деп атала
тыны да, екіншісі – «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны тура
лы» деген ең соңғы шығармасы.
Абай мұрасы қолжазба түрінде таралып, сақталған кез
де 38-сөз «Ғақлийат тасдиқат» деген атпен өзге «Сөздерден»
бөлек көшіріліп келген. Мұның бір сыры болу керек. Бұл –
Абай «Қара сөздерінің» ішіндегі көлемі жағынан ең үлкені,
тақырыбы мен адресаттары (оқушылары) жағынан да өзге ту
ындыларынан бөлектеу тұрғаны. Сірә, бұл шығармасын Абай
қазақ балаларының мұсылманша сауатын ашатын орындар
да (молдаларда, мектеп, медреселерде) ислам діні негіздерін
дұрыс түсініп, білулеріне көмектесетін құрал ретінде ұсы-
нғысы келген болар деген ой келеді. Уәсила Абайқызының
жоғарыда келтірген естелігі де, осы шығарманың мазмұны
мен стилі де, бөлек көшірілуі де бізді осындай болжамға
итермелейді. Мұнда автор дін тақырыптарына қатысты өзінің
түсінік-танымдарын және жалпы мораль жайындағы ой-
толғамдарын сөз етеді, иманды уағыздайтын, бірақ оны теріс
түсіндіретін дін адамдарын сынай отырып, хүкім шариғатын
түсіндіреді. Демек, Абайдың бұл шығармасын теологиялық
әдебиеттің қазақ тіліндегі алғашқы үлгілерінің бірі деуге бола
ды. Теология – Құдай туралы ілім болса, бұл ілімді сөз ететін
әдебиет түрлерін белгілі бір дінді ұстаған халықтардың өз ана тілдерінде жасап алу қажеттігі әрдайым сезіліп отырған, өйткені ұстанып отырған діннің канондарын (заң ретінде ұсынылған ереже-қағидаларын) жақсы білген күнде ғана руха ни өмірінің қажеттігін өтейтін құрал етіп пайдалануға болаты ны белгілі. Осы себептен XІX ғасырдың ІІ жартысынан бастап таза қазақ тілінде ислам діні қағидаларын уағыздайтын, ол үшін сол ережелерді азды-көпті түсіндіретін әдебиет үлгілерін жасау әрекеті пайда болды. Бұл қажеттікті өмірдің өзі ұсынды. Ыбырай Алтынсарин 1884 жылы Қазанда шыққан «Шари ‘ат ул-ислам» атты шағын еңбегін жазуда өзі аштырған азаматтық мектептерде міндетті түрде өтілетін дін сабағында оқушыларға (қазақ балаларына) ислам дінінің негізгі заңдарын ана тілдерінде түсіндіру мақсатын көздеген. Ыбырайдың өз сөзімен айтқанда, «кәләм шари’ат һәм үлкен ғылым кітаптар ғараб тілінде жазылулы» болғандықтан, оны көп «қара халық» түсінбейтіндіктен, бірақ «ғарабтан басқа тілмен намаз оқығандардың иман болуы да дұрыс» болғандықтан, «Шари’ат ул-исламды» жазғанын білеміз. Зерттеушілердің талдауына қарағанда, Ыбырай Алтынсарин осы кітапшасы арқылы қазақ тілінде теология саласында жазуға болатындығын танытқан, яғни «Шари ‘ат ул-исламның» арқауы – қазақ тілі, қазақ лекси касы мен грамматикасы екенін көрсетеді50. Ал Абайдың 38-сөзін жазудағы мақсаты мұндай нақты практикалық болу-болмауы жөнінде өз пікірімізді жоғарыда айттық. Дегенмен қайткен күнде де «жүрегінің қуаты – перзенттеріне адам ұғлының мінездері туралы» ойларын жазу ды көздеп, ол әңгіменің негізіне «Алла тағаланы танымақты» алады, өйткені «Алланы танымақтық – дүниені тану, адам өзін тану, адамшылықты жетілдіру, Алланың бір сипаты – ғылым-білімді тану» деп бастаған автор әрі қарай «иманның хақиқатын» сөз етеді, Алла тағаланың сегіз сипатын атайды, ол сипаттарды айырып білу керек дейді, сол сегіз сипаттың екеуі – ғылым мен құдіретті түсіндіреді, оларды кеңінен сөз етеді. Одан әрі қарай ислам дінінің дұрыс түсіндірілуге тиісті 50 Әбілқасымов Б. XІX ғ. ІІ жартысындағы қазақ әдеби тілі. - Алматы, 1982. - 8792-б.
канондарын «бұл заманның молдалары мен ишандары өздері
дұрыс түсінбейтінін, өзгелерге дұрыс түсіндірмейтінін ай
тып, сондықтан олар «хаким атына дұспан» дей келіп, «Құдай
тағаланың ниһаятсыз» (шексіз, өлшеусіз) жолында жүруді өзіне
шарт қылған адамның қандай қылғанда «таза мұсылман, толық
адам» болатынын айтады. Күллі адам баласын қор қылатын
үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі
– еріншектік, үшіншісі – залымдық деп білесің» деп көрсетіп
алып, надандық білім-ғылымның жоқтығынан болатынын,
еріншектіктің дүниедегі күллі өнердің, ал залымдық – адам
баласының дұшпаны екендігін айтады. Осылардың баршасын
айтып-айтып келіп, бұл үлкен әңгімесін – көлемді шығармасын:
«Жә, бұл сөзден не ғибратлендік?!» – деп бітіреді, яғни осында
айтылғандардан не түйесің, менің бұл жазғандарым өзіңе пай
далы (ғибрат алатын, ғибратленетін) ой сала ма? дейді.
«Тыңдаушымды ұқыпсыз қылып Тәңірім берген-ді» деп
шағынған Абайдың «бұл сөзім де ұғусыз қалды ма, ешкімге
пайдасы жоқ, далаға кеткен сөз болды ма» деген күдігі де
жоқ емес. Мұның да, біздіңше, себебі бар. Бұл шығарма енді
«жалпақ жұртқа» – қатардағы қарапайым оқырманға емес,
олардың белгілі бір тобына, яғни мұсылманша оқыған, ис
лам діні негіздерімен таныс, оның қағидаларын білетін, дінге
қатысты араб сөздерін түсінетін, мұсылманша көзі ашық
адамдарға арналған. Сондықтан тілге келгенде аса сезімтал
Абай бұл шығарманың ұсынылу мәнері (стилі) өзгеше болуы
тиіс екенін жақсы аңғарған да өзге «Сөздерінен» бөлекшелеу
етіп жазған. Осы «бөлекшелігім» түсініксіз болып шықты ма
деп қауіптенуі, әрине, заңды еді.
Абайдың теологиялық әдебиет үлгісіне жататын 38-сөзінің
публицистикалық немесе ғылыми очерк стиліндегі өзге
шығармаларынан ерекшеленетін белгілерін көрсетуге бола
ды. Жаңа жанрдың өзіне тән стильдік көрсеткіштері болуға
тиісті екендігі даусыз. Ол көрсеткіштер, негізінен, мыналар
деп табамыз. Алдымен, мұнда теологиялық әдебиеттің араб
ша терминдері мен басқа да сөздері аударылмай келтірілген.
Абай жинағының 1940 жылғы басылымында осы шығармада
кездесетін 179 араб сөзіне түсініктеме берілген болса, 1957
жылғы басылымда олардың саны 187-ге шығыпты.
Кейбіреулерінің қазақша баламасын табуға болатынды-
ғына қарамастан, оларды арабша келтіру стиль талабынан
шығып тұр. Мысалы, кәмәләт дегенді жетілу, толығу деп,
иғтиқат дегенді сену, нану деп, хаят деген терминнің ор
нына тіршілік, өмір деп, ағламланған деудің орнына анық,
белгілі болған деп аудару, сөз жоқ, Абайдай зергердің қолынан
келген болар еді, бірақ оларды сол арабша түрінде алу – дін
сөзін сөйлеудің өзіндік талабы (нормасы) болу керек деген
принциптен шығып тұр деп түйеміз. Бұл шығарманың тексінде
тіпті жеке сөздер ғана емес, арабша тұтас блоктардың: сөз
тіркестерінің, күрделі атаулардың, цитаталардың, кейбір хадис,
аят аттарының қолданылуы да осы принципке бағынған. Мы
салы: «Сіз «әмәнтү биллаһи кәмәһуа би әсмайһи уасифатиһи»
дедіңіз... Пайғамбарымыз Мухаммед Мустафа сАллалаһү
ғалайһи уәсәләм оның тарапынан елші екендігіне иландық...»
Діни әдебиет стилінің екінші бір белгісі – бұл шығармада
автор арагідік ортаазиялық жазба дәстүр – шағатай тілінің
морфологиялық, лексикалық, орфографиялық нормаларын
қолданып қояды. Олар ләкин, уа ләкин, бірлән, қадар, уа, һәм
аның үшін (өйткені дегеннің орнына) деген шылаулар, олу
(болу дегеннің орнына), әзәли (әуелден дегеннің орнына), әдәби
(мәңгі деудің орнына) сияқты тұлғалар, өткен шақ есімшенің
-мыш жұрнақты түрі (жазылмыш, айтылмыштар), ІІІ жақта
етістікке -лар жалғауын қосу (кетселер де керек, алмадылар),
-дүр формантын қолдану (бәлки ғадаләт барша езгуліктің ана
сы дүр), тіпті үшіндән (үшеуінен) сияқты қазақы емес тұлға-
лар мен шәкіртлік, перзентлер, сафлық, ғибратлендік деген
сияқты қосымшалардың қазақ тілінің үндестік заңына бағын-
дырылмай жазылуы – осылардың барлығы «шағатайлық»
элементтер болса, бұлардың 38-сөзде ара-тұра бой көрсетіп
қалуы – тағы да стиль мүддесін көздеуге байланысты. Со
нымен қатар бұл орайда осы стильдің шағатай тілінде едәуір
қалыптасып, қолданылып келгенін Абай көрмей кете алмады.
Алайда проза саласында өзге шығармалардан едәуір оқшау
тұрған бұл туындысының да «төсегі», «сүйегі» – қазақ тілі,
шығарма мазмұнын баяндау қазақтың ұлттық әдеби тілінде
берілгенін баса айту керек. Өзге «Сөздері» сияқты бастан-аяқ
таза қазақ тілінде ұсынбай, ара-тұра түркі жазба дүниесінің
осы жанрдағы тілдік-стильдік дәстүрін сақтауы, яғни «кітаби
тілдік» элементтерді қосып отыруы, әсіресе лексикасында ис
лам дінінің «иесі» – араб тіліне иек артуы – заңды құбылыс деп
қараймыз. Бұл жерде де Абай жазушылық шеберлік көрсеткен.
Егер қазіргі кезде қазақ тілінде теологиялық, діни әдебиет
стилі жасалатын болса (жасалуы керек қой), әрине, дәл Абай
ша болмағанмен, оның кейбір принциптерін ұстануға болар
еді. Мысалы, кейбір діни терминдерді аудармай алу, хадис, аят
тарды әуелі араб тілінде келтіру (одан кейін, әрине, қазақша
аударып түсіндіру), түркі діни әдебиет дәстүрінде қалыптасқан
кейбір формулаларды сақтау сияқты нормалар орын алар ма
еді деп ойлаймыз.
Ең алдымен, Ыбырай мен Абай қазақ тілінде теологиялық
әдебиетті дүниеге келтірудің бастамасын көрсетті, ислам діні
негіздерін, мазмұнын, қағидаларын қазақша айтуға, түсіндіру-
ге әбден болатынын танытты. Міне, 38-сөз деп аталған орны
ерекше шығарманың стильдік, тілдік сыр-сипаты осындай.
Енді Абайдың прозалық шығармаларының ішінде жан
ры жағынан бөлек танылатын екінші туындысы – тарих
тақырыбына жазылған соңғы 46-шығармасы. Ол «Сөз» деп
нөмірлеп көрсетілмей, «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шық-
қаны туралы» деген атпен басылып жүр. Бұл жазба – қазақтың
ұлттық жаңа әдеби тіліндегі тарихи очерктің алғашқы үлгісінің
бірі. Әрине, бұл шығарма – терминологиясы жағынан дәл
қазіргі тарихтық ғылыми еңбектермен бірдей түсе алмайды,
бірақ баяндау стилі жағынан білім-танымдық мақсат көздеп,
көпшілік оқырманға арнай жазылған нағыз очерк. Бұл тексте
тарихи оқиғаларды баяндауда қолданылатын кейбір тілдік-
грамматикалық құралдар орынды келтірілген. Мысалы, баян
дау желісін жалғастыратын сол, ол, бұл сияқты есімдіктер (сол
арабтар... сол он екі кісінің бірі... ол Шағатай нәсілінің үлкен
ханы т.т.) жиі жұмсалады, сондай-ақ өткен тарихты баяндау
болғандықтан, етістіктер негізінен өткен шақ тұлғаларында
келтірілген: есептеп жүріпті, жат көрініпті, айтқан екен...
жүре береді екен... т.т.). Тарихты баяндауда автордың үзілді-
кесілді айтпай, кейде шамамен болжалдап айтатыны да бола
ды, сондықтан осы реңкті білдіретін тұлғаларды да тарихшы
Абай дәл тапқан (тұрған кезі болса керек... хан аталмақ себебі
де сол болса керек... тауларды мекен қылса керек...).
Әр шығарманың тақырыбы мен жанрына қарай сөз сап
тауы (стилі) бір-бірінен өзгеше болып келуге тиісті екендігін
Абай бұл жерде де тап басқан. Сірә, ол Пушкиннің проза тіліне
көзқарасы туралы айтқандарын оқыды ма, жоқ па («У нас
употребляют прозу как стихотворство... для приятного про
явления форм... Проза не может довольствоваться блестящи
ми играми воображения и гармонии... Слово «прозаический»
должно совмещать понятия «спокойный, умный, рассудитель
ный» дегендерін), бірақ ол да, Пушкин сияқты, өлең сөз бен
қара сөздің тілдік-көркемдік тұрғыдан айырмасы болатынын
принцип етіп ұстаған. Әсіресе теологиялық трактаттар мен
тарихи очерк сияқты «метафизикалық» шығармалардың тілін
«өлеңдетпей» (поэтизацияламай), айшықты сөздермен ажар
ламай, әр сөзге нақты мағына беріп, анық, айқын етіп жазуды
Абай да жақсы сезгенін оның біз талдаған соңғы екі шығармасы
дәлел бола алады. Бұл тұста Абайдың тілдің функционалдық
стильдерін, яғни әдебиеттің әрбір жанрына лайық қолданылу
мәнерін аңғарған шеберлігін танимыз.
Шеберлік, көркемдік сияқты, Абайдың тіліндегі кестенің
бізі, өткірдің жүзімен салынған сөз өрнектерінің бір нақышы.
Міне, поэзиясы мен прозасында осындай шеберлік пен
көркемдік көрсеткен ұлы Абайдың поэтикалық сөз кестесі,
толғауы тоқсан қызыл тілінің өрнегі осындай.
АБАЙ ТІЛІНІҢ ТАҒЫЛЫМЫ
Абайдың істеп кеткен қызметі –
әдебиетімізге асыл іргетас.
(Екеу, яғни Ж. Аймауытов пен М. Әуезов)
Абайды қазақ көркем сөзі мен әдеби тілінің жаңа кезеңін
бастаушы, оларды жаңа сапаға көтеруші, сөз өрнегінің соны
үлгілерін ұсынушы деп танығанда, сол жаңалықтардың,
сол үлгі-қалыптардың әрі қарай жалғасуын іздейміз. Егер
жалғаспаса, ол жаңа кезең, жаңа сапа, жаңа өрнек болып санал
май, дүниеге бір-ақ рет келіп, тұйықталып қалған феномендік
құбылыс болып табылар еді.
Абайды ұлы деп танытып отырған белгі – оның поэтика-
лық дәстүрінің, рухани қазынасының, көркем тілінің жал-
ғастық тапқандығынан, өзінен кейінгілерге үлгі-эталон бол-
ғандығынан көрінеді. Бұл жайында жиі айтылып, көп жазы
лып келеді. Дегенмен бұл концепцияны жоғарғы талдаулары
мыз бен түйіндерімізге жанастыра дәлелдей түспекпіз. Осы
мақсатпен ұлы Абайдың ізбасары Шәкәрім Құдайбердіұлы-
ның тіл өрнегіне үңілсек. Шәкәрім – Абайдың азаматтық ар-
ұжданы мен ақындық талантын тамаша танып, өте жоғары
бағалаған, бағалай отырып үлгі тұтқан адам. Ол өлеңдерінде
Абай есімін бір емес, бірнеше рет атайды. «Жастарға» деген
өлеңінде:
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық,
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық!
Білімді сол кісіден үйренелік,
«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік,
«Өмір зая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге» делік, –
деп, Абайды ұстаз тұтуға жастарды шақырады. Ол «мыңмен
жалғыз алысқан», «өзі ермей, ерік бермей қор еткен жұртын»
айтқан, «сөзді ұғарлық бозбаланы көре алмай, үзілмес үміт-
пенен бос қуарған» Абайды да жақсы таниды. Сондықтан:
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.
Тегін білсең, аласың, бос береді,
Тұтасынан ешкім жоқ мұны тапқан, –
деп шындықты айтады. Абайды Шәкәрім барлық тұрғыдан
ұстаз тұтады:
Сөзбен де, өлеңмен де сабақ беріп,
Алсын деп керектісін өзі теріп, –
деп, өзінің алдына ұстазынан өзіне керектіні алу мақсатын
қойғанын білдіреді. Сөз өнеріндегі керегін теріп алады. Алады
да, жаратқандарын ұстазынша халқына ұсынады.
Шәкәрім есімі ақталып, қалдырған мол мұрасын қалың
жұртшылыққа ұсынылғалы 4-5 жылдың жүзі болғанымен,
Шәкәрім шығармаларының тілін сөз етуге алғашқы күндер-
ден бастап кірісе алмағанымыздың дәлелді себебі бар. Ең
алдымен, белгілі бір қаламгердің көркем тілін талдаудың
негізгі мақсаты ондағы көріктеу құралдарын: эпитет, метафо
ра, метанимия т. с. сияқтыларды тауып көрсетіп беру емес,
бұндай жұмыс, біріншіден, ғылыми зерттеу емес, дерекнаме
ғана болар еді, екіншіден, көркем шығарма, әсіресе поэзия
болғандықтан, көріктеу элементтері ақын-жазушының қай-
қайсысынан да молынан табылары даусыз, сондықтан олар
ды тауып тіркеп, не ерекшелік, не жаңалық деп тану әрдайым
ғылыми ізденіс болып шықпайды. Осы себептен суреткердің
тіл көркемдігін көрсетуде оның әсемдік әлемін танытатын
көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдарды пайдалану тәсілдерін,
алдындағы үлгілерін, қайнар көзін, әрі қарай ұласуын танып-
таныту дегендей мәселе қырларын (аспектілерін) нысанаға алу
қажет болмақ.
Ал Шәкәрімнің көркемдік өрнегін, яғни поэтикалық тілін
Абайдың сөз кестесімен ұштастырмай әңгімелеу мүмкін емес,
өйткені Шәкәрім – Абайдың поэтикалық мектебінің өкілі,
жалғастырушысы. Демек, Шәкәрім тілін сөз етпес бұрын
Абайдың тілдік поэтикасын жан-жақты талдап, танып алу қажет
болды. Ұлы ақынның поэтикалық өресін лингвостилистикалық
тұрғыдан жүйелі түрде арнайы зерттеген монографиялық
еңбектер болмай келді. Әрине, Абайдың тілі деген тақырып
мүлде сөз болмады деуге болмайды, бірақ бұл тақырыптағы ізденістер Абайдың қазақ әдеби тілінің даму барысында алған орны, атқарған қызметі, ақын өлеңдеріндегі көріктеу құралдарының көрінісі, бұл орайда оның қосқан жаңалықтары мен өзгерістері деген сияқты мәселелерге арналды. Осы қазына мен жаңалықтардың тілдік негізін (механизмін) танытуды кешеуілдетіп келе жатқан жайымыз болды. Лингвистикалық стилистика (тілдік стилистика, лингвостилистика) дегеніміз әртүрлі эмоционалдық, экспрессивтік қосымша мағыналарды білдірудегі тілдік кұбылыстарды зерттейтін ғылым саласы болса, осы сала бойынша Абай тілі кеңінен әңгіме өзегіне ай налмай келгені мәлім. Көрсетілген талапты көздейтін жұмыс енді жазылып отырғандықтан, белгілі бір шамада Шәкәрім тілін де сөз етуге мүмкіндік алдық. Әрине, бұл ізденістеріміз Шәкәрімдей зор суреткердің тілін тұтастай алып, жан-жақты талдау емес, өйткені әрі ақын, әрі прозаик жазушы, әрі публицист, әрі тарихшы, философ ғалым Шәкәрім мұрасының стильдік-жанрлық өрісінің кең екендігі, оның тілдік-көркемдік тәсілдерді саналы түрде қолданып, өзіндік ізденістерге барғандығы, қаламына тән ерекшеліктердің молдығы мен әр алуандығы – осылардың баршасы бұл тақырыпты өз алдына бөлек арнайы зерттеуді қажет етеді. Біз бұл жерде Абай мен Шәкәрім поэзиясының көркем тіліндегі іліктестіктің бірнеше сәттерін ғана талдамақпыз. Шәкәрім де, ұлы ұстазы сияқты, ең алдымен, қазақтың күшті дамыған байырғы поэтикалық мектебінен, поэтикалық тілінен нәр алған, сол тілдің бай мұрасын: образдар дүниесін, сол об раздарды беретін сөздер мен фразеологизмдерді орынды әрі молынан пайдаланған. Ұстазы Абай: Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Сөздері бары – жамау, көбі – құрау,51 – деп сынаса да, шәкірті Шәкәрім: Сыпыра жырау, Шортанбай, Үмбетай мен Марабай 51 Өлеңнің бұл тармағын кейбір басылымдарда «бәрі – жамау, бәрі – құрау» деп, енді бірқатарында «бірі – жамау, бірі – құрау» болып жазып жүр. Ал 1905 жылғы Мүрсейіт қолжазбасында: «Өлеңі бары – жамау, көбі – құрау» деп жазылған. Біз осы вариантты дұрыс болар дейміз.
Алды-артына қарамай,
Соққанда жырды суылдап,
Жел жетпейтін құландар, –
деп, оларды қазақ поэзиясының ең ірі өкілдері ретінде тани
ды. Бұл жерде шәкірті ұстазымен сыпайы түрде пікір сайы
сына барып тұр-ау дейміз. Абай Бұқар, Дулат, Шортанбайлар
ды сынағанда, сірә, олардың шығармашылығынан біркелкі
тұтастықты, төменнен жоғары көтерілетін жүйелілікті көре
алмай, «сөздері жамау, құрау» десе, шәкірті бұл «кедір-
бұдырдың» сырын өзінше дәлелдейді:
Ескі жырдың ұйқасы
Бірі қысқа, бірі ұзын.
Буындары бұзық деп,
Біз баспаймыз ол ізін.
Неге бұлай айтты деп,
Сынамаймыз негізін.
Ойлай келсең ескі жыр
Салады тұлпар жүрісін,
Міне, байқа мұнысын.
Кейде жорға, кейде жел,
Бұлдыр қағып, асар бел.
Кейде арындап, кейде шап,
Адымын алыс құлашап,
Алады кейде тынысты,
Солғындатып жүрісті,
Осындай жырды ұнаңдар! –
дей келіп, бұрынғы ақын-жыраулардың өлең-жырларына:
Сырына баға берсеңіз,
Таңғаларлық ісі бар,
Көңілді тартар күші бар,
Асықпай тыңдап шыдаңдар, –
дейді. Осы арқылы өзіне дейінгі қазақ поэзиясының көркемдік
әлемін мойындайды. Мойындайды да қабылдайды. Шәкәрім
тіліндегі қасықтай қар, тобықтай тоқ, көз тойып, көңіл
толу, мінсіз бақ, сансыз дәулет, жүзі бар айдай, мінезі май
дай, дариядай мол ақыл, сұр жыландай сусылдау, ноқталы
басқа бір өлім, көз алартып, күресін адырайту сияқты образ
дар мен оларды беріп тұрған сөз кестелері – қазақтың көркем
тіліне бұрыннан кәнігі дүниелер. Бұлар – Шәкәрімнің айтпақ
ойларының, поэтикалық идеясының тірегі, негізі. Мысалы,
ақынның «Өлімнің хақ екенін көрсең де» деп басталатын
шағын өлеңіндегі сөз өрнегі түгелімен бұрыннан қалыптасқан
образдар дүниесімен келген:
Өлімнің хақ екенін көрсең де,
Өлместей омыраулап жатасың.
Дозақтың барын біліп жүрсең де,
Күнәға әлің келсе батасың...
Алланың адал ризығын жесең де,
Арамды әдейі іздеп татасың...
Алланың ақ өлімі келгенде,
Амалсыз қара тастай қатасың...
Сырт қарағанда, өлең тілінде жарқыраған әшекей сөздер
де, көзге ұратын тосын қолданыстар да жоқ, бірақ ақынның
айтпағы – «біле тұрып, күнәға батпа, дұрыс емесін білген соң,
бұрыстыққа барма» деген идеяны оқырманына оның құлағы
қаныққан, тілі жаттыққан сөз бояуларымен әсерлі етіп, әдемі
жеткізген.
Алайда бұдан «Шәкәрім тілінде ешбір жаңалық жоқ, ізденіс
жоқ» деген тұжырым шықпайды. Керісінше, кәнігі фонда
Шәкәрімнің Абайша тапқан соны дүниесі көріне түседі.
Абай тілінің өзіне дейінгі қазақ көркем сөзі поэтикасынан
ерекшеленетін бірнеше тұстары барын айттық. Солардың бірі
– Абайдың өз қолтаңбасының (шығармашылық контексінің)
айқын көрінуі болса, бұл ерекшелікті танытатын белгілердің
бірі – поэзия тілінде соны сөз-образдардың молынан орын
алуы. Соны образдар жасауда Абай жандандырған тәсілдердің
бірі – мағына жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді
тіркестіру екенін көрсеттік, осы амал Шәкәрімде де кеңінен
қолданылған. Мысалы, оның:
Улы жүрек, долы тіл сөйлеп отыр,
Ыза қысып, тісімді байлаулымын, –
деген өлең жолдарындағы улы жүрек, долы тіл, тіс байлау
деген тіркестер мағыналары жуыспайтын сөздерден жасалған:
улы болатын тамақ, ішімдік, дәрі сияқты нақты заттар, ал
жүрек сөзіне тіркескенде, улы компоненті мағынасын ауысты
рып, «әділетсіздік көрген, ызаға толы» деген ұғымға ие болып
тұр, долы тіл де сондай: долы болатын нақты адам болса керек
(долы қатын деген сияқты), ал адамның өзі емес, тілін долы
деп бейнелегенде және тісімді байлаулымын дегенінде тағы
да жанаспайтын сөздердің тіркесуінен жаңа ұшқын – тың экс
прессия пайда болып тұр. Тағы бір өлеңінде Шәкәрім:
Қайсыбірі қайғы айтып,
Үміттің үйін құлатты, –
дейді. Үй – нақты зат атауы, үміт – дерексіз есім. Деректі,
дерексіз есім атаулары тіркеспеуге тиісті, ақын осы «заңсыз
тіркес» арқылы жаңа ассоциация туғызып тұр, оның үстіне
осы үйді құлатып, бұл тың образды одан сайын күшейткен.
Бұрынғы «үміт үзілу» деген образды үміттің үйін құлатты
деп жаңаша ұсынуы – Абай үлгісі.
Еріксіз маған ел жапты Болыстықтың тоқымын –
дегенінде де «өз еркімсіз ел мені болыс етіп қойды» деген
идеяны «ел маған болыстықтың тоқымын еріксіз жапты» деп,
әсерлі, әсем образ жасаған. Тоқым атқа жабылады, адамға жа
былмайды, бұл – бір мағыналық кереғарлық болса, болыстың
тоқымы дегенде тоқым сөзі мағына ауыстырып, «әкімшілік»
деген ұғымдағы метафораға айналып тұр. Бұл мысалдардың
моделі Абайдың күлкінің ерні, үміттің аты, көңілдің жайла
уы, ақылдың көзі немесе үрпейген жүрек, нұрлы ақыл деген
сияқты қолданыстарында жатыр.
Осы қатарда: талапқа ноқта тағу (Талап деген бір жүйрік
тұлпар сынды, Бабын таппай мінгенді қылар жынды. Ын
сап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық – Талапқа алты түрлі
ноқта тақтық), айла жамылу (Ар кетіп, айла жамылдым),
ғылымнан жалаңаш болу (Бұтасыз біткен шоқыдай, Ғылымнан
едім жалаңаш), ноқтасыз ой, бояулы дін (Ноқтасыз оймен
тексердім, Бояулы діннен сескендім), ұяттан жүген ұстау
(Ынсап, рақым, ұяттан жүген ұстап, Өзіміз ең түбінде қайда
бардық), өлеңнің жесір болуы (Жиырма үш жасымда Бұл өлең
жазылған. Басында табылмай Өзіне лайық ән, Мұңлы, күйсіз
жесір боп жатыр еді, Мінеки, ойланып өз әні табылған) сияқты
образдарды көре аламыз.
Абайдың қолтаңбасында кейіптеу амалы көзге түседі.
Әрине, бұл мүлде тың тәсіл емес, дегенмен ол жаңа образдар
жасауда ұлы ақынның шебер қолданған құралдарының бірі.
Мысалы, қысты – ақ сақалды кәрі шал деп, күнді – күйеу, жерді
– қалыңдық деп, адам кейпіне келтіріп бейнелеуінің әсері
Шәкәрімге: Қүн батып жоғалды Нұрыңнан ұялып. Жұлдыз
бен ай қалды Сәулеңнен нәр алып. Жетіқарақшы айналып сені
іздеп жүр. Бәрі де сені ойлап, Мас болып сандалып деп сұлуды
суреттеуіне немесе: «Тойға келген таң желі сыбырласып» де
ген сияқты өлең жолдарында күн, ай, жұлдыз, желдерді адамша
ұялттырып, мас қылдырып, сыбырлатып қоюына жол берген.
Шәкәрімнен, Абай сияқты, образдар дүниесін теңеу, шен-
дестіру арқылы беруде де жасалу моделі бұрынғы болғаны-
мен, күтпеген соны қолданыстарды табамыз. Мысалы,
Шәкәрімде өлең – әскер (Әскерім – өлеңім мен сөздерім), ән –
өлшеуіш, ашу – келіншек, ынсап – кәрі адам, өлең – күміс,
қағазы – жолдасы, қаламы – сырласы, сөз сөйлеу – ер қосу (Ер
қосқанға ұқсайды сөз сөйлемек) тәрізді мысалдар ақынның об
раздар дүниесіне тың үлгілер енгізіп тұр.
Абайдың шығармашылық контексінен орын алған құбы-
лыстың және бірі – мағынасында жағымсыз реңк бар сөздерді,
әсіресе етістіктерді экспрессоид етіп жиі қолдануы көзге түссе,
бұл амалды Шәкәрім де жалғастырады. Мысалы, ұстазы бо
лыс пен пысықтардың, керім-кербездердің, бойы былғаң,
сөзі жылмаңдардың, білімсіз надандардың портретін беру
де далпылдап, жалпылдап, барқылдап, тарқылдап сияқты
сөздерді қолданса, шәкірті де қалжыңшыл, қылжақбастарды
суреттеген өлеңінде ыржақта, жыртақта, бұлтылда, жыл
пылда, арсылда, жырқылда, тырқылда сөздерін бір жерде
шоғырлап келтіріп, олардың жағымсыз экспрессиясынан өткір
образдар жасаған. «Сәнқойлар» деген өлеңінде де аталған
қоғам топтарының шедірейіп, шекиіп, қасын керіп, бұлықсып,
қылықсып деп суреттелуі тегін емес. Мұндағы жағымсыз боя
улы етістіктер қылжақбастар мен сәнқойларды экспрессиялы
сөздермен «сілейтіп салған».
Образдың эстетикалық өрісін кеңейтуде Абай тосын эпи-
теттерді қолдануды жүйелі тәсілге айналдырса, Шәкәрім
мұны да іліп әкетеді. Жоғарыда аталған ноқтасыз ой, боя
улы дін, улы жүрек, долы тіл дегендері сияқты, жүрек, тіл,
көңіл, ой сөздерінің эпитеттерін сан кұбылтып отырады. Мы
салы, толқынды көңіл, өлген көңіл, жаралы жүрек, от жүрек,
аптыққан жүрек, жарық жүрек, таза жүрек, ақ жүрек,
жылы жүрек т. т.
Жоғарыда айттық, Абай шығармашылығының негізгі
объектісі – адам, оның ішкі жан дүниесі. Сондықтан ол жүрек,
көңіл, ой деген сөздерді адамның символы етіп алып, оларға
«жан бітіріп», көп өлеңдерін соларға қарата айтады. Шәкәрімде
де бұл атаулар – автордың жан сарайының көрсеткіштері.
Сондықтан бұлар қаратпа сөз болып келеді. Мысалы: Шошы
ма, ойым, шошыма ... Қажыма, ойым қажыма ... Шарлайсың,
ойым, шарлайсың, Алыстан мені барлайсың... Қой, жүрегім,
қайғырма...
Абайға дейінгі қазақ ақын-жырауларының бөгде тілдік
сөздерді образ үшін жұмсаулары кемде-кем болатын. Ал Абай
перизат, айдаһар, дүлдүл сияқты шығыс сөздерін, единица,
нөл сияқты орыс сөздерін өздерін тура мағынасында емес, ау
ыспалы мағынада алып, образ жасағанын білеміз: перизат –
Татьяна Ларинаны сипаттайтын образ, айдаһар –Кавказдағы
Терек өзені толқынының образы, единица – басшының, нөл –
сол басшының соңынан еріп, айтқанын істейтін қалың көп-
шіліктің, тіпті дәлірек танысақ, бастаушысыз әлеуметтік іс-
әрекеттерге бара алмайтын тобырдың образы.
Абайдың бұл қолтаңбалық ерекшелігіне Шәкәрім мықтап
ден қойған. Шәкәрім тілінде Абайға қарағанда орыс сөздерінің
қолданылуы әлдеқайда молырық орын алған. Олардың
бірқатары өздерінің тура атауыштық мағыналарында жұмсалса,
енді бірсыпырасы образ үшін алынған. Мысалы, пароход, пе
реводчик, аэроплан, телефон, граммафон, радио, электр, маг
нит, хроноскоп, секунд, минут, заседатель, фанатик, психо
лог, конвой, секретарь, повестка, университет, вокзал, апелля
ция, спирт, гипноз, телепат, лунатик сияқты сөздер өздерінің
номинативттік тура мағыналарында жұмсалса, «перевод мал
тасын ездім, банкрот боп күйреді, сен ферзімсің, мен жаяу,
Қайтсем ұтам ойбай-ау. Төрге барсам, мен таяу, Қылмыс па
екен ханды мат» деген өлең жолдарындағы көрсетілген бөгде
сөздер образ жасауға қатысып тұр.
Бұрынғы қазақ өлең-жырларымен салыстырғанда, Шәкәрім
поэзиясында көзге түсетін ең үлкен ерекшелік өлең архитек
тоникасы мен өлеңнің ырғақтық-әуендік бітімінде көрінеді.
Абай мен Шәкәрім поэзиясының арасындағы үлкен іліктестік
те осында, дәлірек айтсақ, өлең құрауда қазақ көркем сөз
тәжірибесінде бұрын-соңды болып көрмеген, Абай ұсынған
жаңа тәсілдерді (тәртіптерді) Шәкәрімнің де саналы, сауатты
түрде қабыл алуында.
Ілгергі тарауларда айтылды, архитектоника дегеніміз –
шығарманың, айталық өлеңнің, композициялық құрылымы,
екінші сөзбен айтсақ, шығарма құрылымының сыртқы пішіні
және оны құрайтын бөліктердің бір-бірімен байланысуы. Абай
қазақ өлеңінің сыртқы құрылымына мүлде тың жаңалықтар
әкелді, бұл ретте қазақ поэзиясын жоғары сатыдағы жаз
ба әдебиет қатарына қосты. Ұлы жаңашылдың бұл еңбегін
үстіміздегі ғасырдың басында Әлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсыновтар тұңғыш рет танып, атаған болатын. Одан
кейін Абайдың ақындық шеберлігін арнайы зерттеген Қажым
Жұмалиев пен қазақ өлеңі құрылысын ғылыми негізде талдаған
Зәки Ахметов Абай өлеңдерінің архитектоникасын кеңінен сөз
етті.
Абай ең алдымен өлеңнің құрылымдық бөліктерінің жаңа
түрлерін енгізді. Әдетте өлеңдер шумақты, шумақсыз және
шоғырлы (тирадалы) болып келеді. Абайға дейінгі қазақтың
шумақты өлеңдері негізінен бір түрде: төрт тармақты ааба
ұйқасты болып келетін 11 буынды, кейде 7-8 буынды туын
дылар болып кездесетін болса, шумақсыз өлеңдерге көбінесе
7-8 буынды жырлар мен кейде 11 буынды өлеңдер жататын.
Зерттеушілер (3.Ахметов) қазақтың эпостық жырларында
шоғырларға бөлінген түрі де бар дегенді айтады (шоғыр немесе
тирада деп өлең-жырдың бір ұйқаспен келген, бір тақырыпты
дәлірек айтсақ, минитақырыпты сөз ететін, төрт-бестен бастап,
одан да көп болып келген тармақтарды атайды).
Абай шумақты өлеңдер мен шоғырлы құрылымдарды
түрлендірді, атап айтқанда, 8 тармақты («Сегізаяқ»), 6
тармақты («Қор болды жаным», «Бай сейілді» т.б.), 7 тармақты
(«Сен мені не етесің», «Ата-анаға көз қуаныш»), 9 тармақты
(«Тайға міндік»), 14 тармақты («Қатыны мен Масақбай»)
шумақтардан тұратын өлең құрылымдарын ұсынды. Бұлардың
ішінде 6 тармақты өлеңдерінің өзі құрылымы, интонациясы,
өлшемі, ұйқасы жағынан бірнеше түрлі болып келеді. Мысалы,
алты тармақты «Қор болды жаным», «Қуаты оттай бұрқырап»
деп басталатын өлеңдері мен «Бай сейілді», «Ем таба алмай»,
«Кешегі Оспан», «Бойы бұлғаң» деп басталатын өлеңдерінің
құрылымдары бірдей емес: «Қор болды жаным» өлеңінің ұйқас
суреті аб аб вв, өлшемі 57 57 66, яғни 1 және 3-тармақтар бес
буынды, 2 және 4-тармақтар жеті буынды, 5–6-тармақтар алты
буынды болып келген, алдыңғы төрт тармақ шалыс ұйқаспен
берілген. «Бай сейілді» өлеңінің ұйқас суреті бұдан өзгеше: аа
б вв б, өлшемі де басқаша: 44 7 44 7. Алтыаяқтардың тағы бірі
– «Қуаты оттай бұрқырап» деп басталатын өлеңі ұйқасы мен
өлшемі жағынан алдыңғы екеуінен де бөлек тұрады: өлшем
жағынан буын сандары: 7777 66, яғни алдыңғы төрт жол жеті
буыннан, соңғы екі жол алты буыннан құралған. Демек, бір
шумақтағы тармақтардың саны алтау болып құрылған өлеңдер
болғанымен, бұлардың әрқайсысын құрылымы жағынан бұрын
қазақ поэзиясынан мүлде орын алмаған жаңа архитектоника
деп тану керек болады.
Сөйтіп, Абай қазақ өлеңінің бұрынғы төрт тармақты
шумақтардан тұратын түрлерінен басқа, тармақ саны жағынан
тағы да бес түрін енгізген екен және олардың өлшемдік,
ырғақтық, әуендік өрнегін құбылтып, әртүрлі етіп ұсынғанын
көреміз. Осы арқылы Абай өлең құрылымын түрлендірудің жо
лын ашты, үлгісін салды. Ұлы жаңашылдың бұл «ұсынысын»
шәкірттерінің ішінде бірден қабылдап, амалды әрі қарай
жалғастырған, жалғастыра отырып, бұл орайда ұстазынан
асып түспегенмен, қалыспаған Шәкәрім болды деп батыл айта
аламыз.
Ең алдымен, Шәкәрім сегізаяқты, яғни сегіз тармақты
(жолды) құрылымды қолданды. Сегізаяқтың Абай келтірген
өлшемін және ұйқас суретін сақтап, Шәкәрім «Жастық тура
лы» және «Кәрілік туралы» деген екі өлеңін жазған. Мысалы,
«Жастық туралы» өлеңінің 1-шумағы мынадай:
Гауһардай көзі
Бұлбұлдай сөзі
Жаннан асқан бір пері.
Жүзі бар айдай,
Мінезі майдай,
Өзгеден артық сол жері.
Дариядай ақыл мол еді,
Жан ғашығым сол еді.
Бұл шумақтың тармақ саны, буын өлшемі, ұйқас суреті
дәл Абайдың «Сегізаяғындағыдай». Көрсетілген екі өлеңінен
басқа тағы бір өлеңін («Шын сырым») Шәкәрім сегіз тармақты
құрылыммен береді, бірақ мұның ұйқас суреті мен өлшем сан
дары (буын сандары) Абай ұсынған сегізаяқтан мүлде басқаша.
Бұл өлеңде сегіз тармақтың барлығы да 6 буынды өлшеммен
келген, ал ұйқасы аб в бг д еб тәртібімен қиыстырылған, яғни
2, 4, 8-тармақтар ғана ұйқасады, ал классикалық (абайлық)
сегізаяқта ұйқас формуласы аа б вв б гг болып келетінін ескер
сек, Шәкәрімнің «Шын сырым» өлеңіндегі сегізаяғы мүлде
жаңа ырғақ, жаңа құрылым екені көрінеді.
Ақынның «Қалжыңшыл қылжақбас» және «Таң журна
лына» деген өлеңдері тармақ саны жағынан «алтыаяқтар»
болғанымен, Абайдың алты тармақты «Буынсыз тілің» деп
басталатын өлеңінен ырғағы, өлшемі, ұйқасы жағынан
мүлде басқаша құрылған: Абайдың алтыаяғы ааб вв б, яғни
сегізаяқтағыдай параллель құрылымды (аа вв) болып келсе,
Шәкәрімнің аталған өлеңінің ұйқас суреті ааа бб в, ал өлшемі
тіпті қызық: алғашқы үш тармақ 8 буынды, келесі екі тармақ
3 буынды, соңғы тармақ 2 буынды «әйда» деген редиф (әрбір
шумақ сайын не тармақ сайын қайталап келетін соңғы бір сөз
немесе сөз тіркесі).
Шәкәрімнің өлең архитектоникасына үңілгенде, бір ескере-
тін нәрсе – оның кейбір өлеңдерінде құрылымдық тәртіптің
қатаң сақталмағандығы, яғни бірқатар шумақтары сегізаяқты
болса, сол өлеңнің келесі шумақтары әртүрлі тармақты бо
лып келеді. Мысалы, мына шумақты ұйқас суретіне қарап 10
тармақты деуге болады:
Сөзі – жан,
Әні – тән
Жарасымды болса,
Тыңдар оны дос.
Жыршылар
Ән салар
Толғанып ойдан
Мұңлы зар
Қозғалар
Байқалып бойдан,
Бұл – «Таң журналына» «Жаңа әнмен байғазы» деген
өлеңінен алынған мысал. Осы өлеңнің келесі мына шумағы
алты тармақты деуге болады:
Жаңа әнім
Байғазым
Құттықтап журнал.
Кәрі жан,
Салып ән
Жыбырлап қозғал.
Шәкәрімде 12 тармақты өлең де бар, ол – «Достыңыз
зор» деп басталатын өлеңі. Шәкәрім Абайда жоқ құрылым –
5 тармақты өлеңдерді де ұсынады. Олар – «Бұл ән бұрынғы
әннен өзгерек» және «Жаралыс басы – қозғалыс» сияқты ту
ындылары.
Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген өлеңін
біз Абайдың «Сегізаяғы» сияқты қазақ өлеңі техникасына
тыңнан қосылған жаңалық дер едік. Оның жаңалығы кейбір
шумақтарының тіпті Абайда жоқ «бесаяқ» болып құрылуында
ғана емес немесе бір тармақтың екі-ақ буынды болып келе-
тіндігінде де емес, ең алдымен, бұл жаңалық өлеңнің бұрын
кездеспеген интонациясында (әуенінде) және Абайдан бұ-
рынғы қазақ өлеңінде қолданылмаған, үлгісін Абай салған
өлең тасымалы дегеннің орын алуында және сөйлем түзілісі-
нің проза синтаксисіне жақын келуінде, сондай-ақ инверсия-
ның (сөздердің орын алмасып жұмсалуының) стильдік мақ-
сатта қолданылуында. Бұл көрсетілген белгілердің барлығы
да күшті жетілген жазба поэзияны сипаттайтын құбылыстар.
Мысалы:
Бұл ән
Бұрынғы әннен өзгерек.
Бұған
Ұйқасты өлең, сөз керек
Өзіне орайлы.
Бұл шумақ тұтасымен тасымалдан тұрады: әрі қара сөзбен
құрылған сөйлемге жақын келеді: Бұл ән бұрынғы әннен
өзгерек, өйткені бұған өзіне орайлы ұйқасты өлең, сөз керек
деген сейлемнің бір тармақта келуге тиісті сөздері тармақтан
тармаққа тасымалданып (көшіріліп) берілген. Әрине, бір
сөйлемнің бірнеше тармаққа бөлініп берілгенінің бәрі та
сымал болмайды. Поэзияда, оның ішінде Абай мен Шәкәрім
өлеңдерінде, бір сөйлемнің екі не одан да көп жолдарға
сыйғызылып берілгені жиі кездеседі. Мұндайда әр тармақтың
синтаксистік-интонациялық дербестігі болады, яғни сөйлемнің
синтаксистік дербес бөліктерінің шекаралары тармақтардың
жігіне сайма-сай келеді, ашып айтсақ, бір тармаққа бір бөлік
орналасады, ол бөліктер: күрделі немесе жайылма мүше,
бірыңғай мүшелер, құрмалас сөйлем компоненттері сияқты
тиянақты бөліктері. Бұлардың тармақтан тармаққа ауысып ор
наласуы – заңды, қалыпты құбылыс.
Ал Шәкәрімнің жоғарыда келтірілген шумағында екі-үш бу
ынды бір ғана сөзден тұратын сөйлем мүшесін жеке бір тармақ
етіп құрастырған немесе өзіне орайлы деген бір анықтауышты
сөйлемнің соңына шығарып, жеке тармақ етіп берген.
Шәкәрім қазақ поэзиясына ырғағы тіпті Абайда кездеспейтін
өлең түрлерін енгізгенін атау керек. Оның 23 жасында жазған,
өзі әнін шығарған, демек, осыған орай ырғағын, жаңа ритми
касын тапқан «Жиырма үш жасымда Бұл өлең жазылған» деп
басталатын туындысы бұл пікірімізді дәлелдейді. Тармақ саны
жағынан бұл өлеңнің құрылымы жаңа емес, ол – алты тармақты
өлең, ал «алтыаяқтарды» Абайдың ұсынғаны мәлім. Шәкәрім
өлеңінің сонылығы ырғағында, атап айтқанда, алғашқы төрт
тармағы алты буынды аб аб ұйқасымен келген де, соңғы екі
тармағының алғашқысы 11 буынды, екіншісі 12 буынды вб
ұйқасымен құрылған:
Бақытсыз жүрегім
Жалындап жанып тұр.
Үмітті тілегім
Орынсыз қалып тұр
Ақыл, қайрат, сабырдың бәрі кетіп,
Адасқан асығын мұңлы әнге салып тұр.
Мұнда жаңа ырғақ жасап тұрған алдыңғы тармақтар емес,
олар Абайдың: «Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы» деп ба
сталатын өлеңімен ырғақтас, ал соңғы екі тармағының бірін 11
буынды, екіншісін 12 буынды етіп ұсыну – мүлде тың құрылым,
оның үстіне бұл жердегі 11 буынды тармақтың бунақтары 4 +
3 + 4, ал келесі тармақтың бунақтары 6+3+3 болып келгенінде.
Бұл екі тармақ өзара ұйқаспайды (бұл ұйқаспаушылық осы
екі тармақтың буын санын әртүрлі етіп ұсынуға мүмкіндік
беріп тұр). Соңғы 6-тармақ 2, 4-тармақтармен ұйқас құрайды,
яғни өлең шумақтарының ұйқас формуласы аб аб вб. Соңғы
екі тармақ көбінесе құрмалас сөйлем болып келіп, прозалық
ырғаққа жуықтайды: «Жетіқарақшы айналып сені іздеп жүр,
бәрі сені ойлап мас болып сандалып...»
Қысқасы, бұл кітапта Шәкәрімнің өлең архитектоникасын
толық талдап шығуды міндетімізге алған жоқпыз, бұл – арнайы
терең зерттеудің объектісі демекпіз. Ал біздің бұл жердегі
көздегеніміз – қазақ өлеңі құрылымына Шәкәрімнің де өзгеріс
енгізгенін көрсету және бұл әрекеттің үлгісін Абайдан алғанын
айту болды.
Бұл үлгі-өнегені тек Шәкәрім емес, Абайдан кейінгі қазақ
поэзиясы жақсы қабылдағанын және құр еліктеу түрінде емес,
Абайша мазмұн мен түрді, яғни поэтикалық идея мен оның
тілдік көрінісін сәйкес келтіру мақсатында қолданғанын бай-
қаймыз. Мысалы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұр-
сынов, Ілияс Жансүгіров сияқты ақындар жан толғанысын
поэзия тілімен айтуға келгенде, сегізаяққа жүгінеді. Абай
«Сегізаяғында» өзінің философиялық, азаматтық, суреткерлік
ой-толғамдарын білдірсе, Ахмет Байтұрсынов та үстіміздегі
ғасырдың басында елдік, ұлттық тәуелсіздігінен айрылып, отар
жұрттық күн кешіп отырған, ғылым-білімнен де құр қалған
халқына:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның
Аш көзіңді оянып.
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың?!–
деп, қазақ қоғамының ұлттық намысын оятпақ болады. Бұл
идея Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл ақындық, ағартушылық
қызметінің лейтмотиві болса, оны білдірудегі ең бір ұтымды
деп тапқаны – осы ойын айтатын өлеңін сегізаяқтың үлгісімен
жазу. Мұнда ақын ұстаз тұтқан Абайдың үлгісімен алғашқы
екі жұпты алты тармақта айтылмақ идеяның тезисін (баян
дауды) береді де, соңғы екі тармақта сол тезистен шығатын
түйінді, яғни антитезисті ұсынады. Түйін-антитезис көбінесе
ақыл сөз, өнеге сөз (сентенция) болып келеді. Абайдың
«Сегізаяғындағы» шумақтардың соңғы 7-8-тармақтары нақыл
сөзге, тіпті мақал-мәтел сөзге айналып кеткенін білеміз. Ал
Шәкәрім өзінің «Сегізаяқтарында» әлеуметтік тақырыпты
емес, жеке адамдық әңгімені: жастық пен кәрілікті сөз етеді.
Бұлар да ақынның жан толқынын сездіретін тақырыптар.
Шәкәрім өлеңдеріндегі түйіндер сентенциядан гөрі, болған
не болатын істің жалпы қорытындысы түрінде келеді, демек,
мұнда да Абай сегізаяғының құрылымы сақталған: әр шумақ
тезис пен қорытындыдан түзілген.
Абай поэзиясы тілінің кейінгі қазақ ақындарына орасан
зор әсер еткенін, Абай тіліндегі осы жұмыста көрсетілген
көріктеудің амал-тәсілдері мен ол ұсынған принцип-бағдар-
лардың бірі болмаса бірін қазақ ақындары ертелі-кеш қабылдап,
әрі қарай жалғастырғанын батыл және молынан көрсете
аламыз. Бұған мысал ретінде екі-үш ақынның поэтикалық
дүниесіне өте шағын экскурс жасалық.
Кезінде Пушкиннің тяжелое умиление деген жаңа тіркесін
оқып, И.С.Тургенев: «осылай айта алу үшін мен әр қолымның
шынашағын кесіп берер ем» деген екен. Абайдың осы үлгілес
ыстық қайрат, нұрлы ақыл, қырық жамау жүректеріне
сүйсінгенін айдай әлемге бұлайша паш етіп, қағаз бетінде ешкім
білдіре алмаса да, мұның әсері мен үлгісі қазақ ақындарына
Тургеневтен кем болған жоқ. Солардың бірі – Сұлтанмахмұт
Торайғыров. Ол да – Абайды, оның ақындығын пір тұтқан жан.
1913 жылы «Айқап» журналында жариялаған «Қазақ тіліндегі
өлең кітаптары жайынан» деген мақаласында сол кезеңде,
үстіміздегі ғасырдың алғашқы 10-15 жылдығына, қазақ тілінде
деп жарық көріп жатқан поэзия дүниесінің алдымен тақырыбы
мен мазмұнын, сонан соң идеясы («рухы») мен түрін («тілін»)
қатты сынап, «марқұм Абай өлеңдері басқаларға қарағанда,
пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай, соқыр кісі сыб
дырынан танырлық аққұла ашық тұрады», – дейді де оның
өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас... са
удырсыз сары қамқа... сөзімде жаз бар шыбынсыз деген
қолданыстарын мысалға келтіреді.
Сұлтанмахмұттың бұл сияқты семантикасы жағынан бір-
біріне жуыспайтын сөздерді Абай үлгісімен қиюластырып
жасаған жаңа образдары тұрмыстың құрығы (Тұрмыстың ұзын
құрығы Бұрды да түсіп мойынды), надандықты тебу (Тебем
деп тірі болсам надандықты, Серт етіп өзіме өзім еткем егес),
надандық теңізі (Надандық теңізі тартылар), шындықтың
ауылы (Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға), үміттің
көгі, тағдырдың тасқыны, тағдырдың кермесі (Тағдырдың
кездестім ғой кермесіне) сияқты соны тіркестерімен келеді.
Перифраздарды Абайдай молынан келтірген ешбір ақын
жоқ, бірақ сөз құдіретін тани білген Сұлтанмахмұт сияқты
тума талант оны да сезіп, аз да болса Абай үлгісімен жаңа
өспірім жас шілік (жас ұрпақ, замана жастары), Шоңның,
Торайғырдың көк жапырақтары (ұрпағы) сияқты тұспалды
фразеологизмдерді (перифраздарды) ұсынады.
Сұлтанмахмұттың ақындық таланты поэзиядағы сөз-
символ дегендерді де тапқызған. Ол жапырақ сөзін жеке адам-
ның символы ретінде келтіреді: балғын жас адам (сірә, қыз)
«бұтақтары салбырап... көз тартарлық балбырап, лебіне де
аз желдің ұялып бұққан қалтырап... тұратын гүлдеген, біткен
жапырақ болса, одан кейінгі жас – жұмақты кіріп көргендей,
сайран етіп жүргендей халге түсіретін жапырақ болып сыбдыр
лайды, сол жастардың (қыздардың) ішінде бақытсыздары бар
екенін «солған, сарғайған, дірілдеп жерге қараған жапыраққа
көзім түсті» деп астарлайды. Қысқасы, «Жапырақтар» деп
өзі атаған бұл өлеңі түгел символмен берілген. Сарыарқаның
жаңбыры дегені де – символ, ол 1917 жылғы патшаны
құлатып, бостандық әкелген Ақпан төңкерісі, бұл символ
ды ақынның өзі-ақ ашып береді: «Бұл мысалдың мәнісін ұға
алсаң сен, Келген заман – бостандық жаңбырмен тең», – дейді.
Біздің байқауымызша, бұл фактілердің барлығы – бір жағынан,
мұсылманша, орысша оқып, көзі ашылған, көп нәрседен, оның
ішінде жалпы поэзия сырынан білген-түйгені бар ізденгіш
суреткердің өз таланты болса, екінші жағынан, Абай өнегесі
деп табамыз.
Абайдың өлең архитектоникасына әкелген жаңалықтары
өзінен кейінгі түсіне білетін, іздене білетін ақындарға орасан
зор әсер етті деп жоғарыда айттық. Сұлтанмахмұт та, Шәкәрім
сияқты, бұрынғы қазақ өлең құрылымында болмаған, Абай
жасаған жаңа өлшемдер мен ырғақтарға, жаңа ұйқас түрлеріне
назар аударады. Өлең түзілісін Шәкәрімдей түрлентпегені-
мен, Абайдың кейбір жаңа «аяқтарын» байқап көреді. Сұл-
танмахмұт шумағы алты тармақтан тұратын «Шәкірт ойы»,
«Күңгірт түспен ойға батып», «Алтыаяқ» деген өлеңдерін
жазған. Бұл өлеңдердің ұйқас суреті аб аб вв болып келеді,
өлшемі 8 буынды:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда кім болам.
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірермін.
Ақынның қалған алтыаяқтары да өлшемі мен ұйқасы
жағынан дәл осындай. Сегізаяқтардың баяндау (тезис) және
түйіннен (антитезис) тұратыны сияқты, Сұлтанмахмұттың
алтыаяқтарының да алдыңғы төрт «аяғы» (тармағы) кон
статация-тезис, соңғы екі «аяғы» салдар-қорытынды болып
ұйымдасқан.
Сұлтанмахмұтта Абайда жоқ «бесаяқпен» жазылған бір
өлеңі бар, ол – «Мейірімсіз ажал» деген туындысы. Мұнда
алдыңғы төрт тармақ осы өлеңнің негізгі тақырыбы – ажалдың
сын-сипатын, «әрекет-қылығын» бейнелейтін жолдар бо
лып келеді де, 5-тармақ «уытың күшті ажал-ай!», «мейірімсіз
шіркін ажал-ай!» сияқты ажалға айтылған «қаратпалар» етіп
ұсынылады, ұйқас суреті аб аб в, бірақ төрт шумақтан тұратын
бұл өлеңнің бесінші тармақтары өзара ұйқаспайды, бұл
тармақтарды бір-біріне жуықтататын – «ажал-ай!» деген ре
диф (қайталап келетін соңғы сөз).
Жоғарыда Абай кейбір кірме сөздерді образ үшін қолдан-
ғанын көрсеттік. Осы амалды аз да болса Сұлтанмахмұт та
қолданады. Мысалы: «Қазақша басшымыз дер шляпалар,
Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар» деген өлең жол
дарында келтірген үш орыс сөзінің үшеуі де образ жасап тұр,
барлығы да – өздерінше елге басшы боларлықтай сезінетін
қазақ оқығандарының образы, бірақ шляпа киіп, очки салып,
портфель ұстағандар – сырттай интеллигент, қара қазақтан осы
түрлерімен ғана ерекшеленетін, ал бірақ сол халқына «істеген
он тиындық еңбегі жоқтар» екенін осы үш бөгде сөздің
образдық қызметі көрсетеді.
Әрине, Абай шығармашылығының, Абай тіл кестесінің
Сұлтанмахмұтқа тигізген әсері, берген үлгісі тиіп-қашты
көрсетілген бұл фактілермен шектелмейді. Бұл айтқандары-
мыз да – тек барлау, дәлірек айтсақ, Абай поэтикасының жал-
ғасуына арналған шолу-экскурс қана. Торайғыров тілі де –
лингвостилистика бойынша арнайы зерттелетін объект. Ол да
қазақ көркем сөзінің тіл өрнегінде із қалдырған, мүмкін тіпті
кейбір соны іздерін салған ақын, жазушы деп танимыз.
СӨЗ СОҢЫ НЕМЕСЕ ТҮЙІН СӨЗ
Өлең – эстетикалық таңбалардың шоғыры. Көркемдік пен
әсерлілік – осы таңбалардың нәрі. Абай поэзиясының тілі
көркемдігі мен әсерлілігі жағынан шырқау биікке – классикалық
жазба поэзияның сөз үлгісіне қалайша, немен көтерілді деген
сауалға жауап іздеген бұл шағын жұмысымызда ұсынған ойла
рымыз бен жасаған талдауларымызды түйіндесек, мыналарды
айтар едік.
Қазақ халқының Абайға дейінгі поэтикалық дүниесі осал
болған жоқ, ол ғасырлар бойы халықтың рухани-эстетикалық
сұранысын өтеп келді. Ол үшін көркем сөздің өзіне хас белгілері
мен заңдылықтары жасалып, орнықты. Абай өзіне дейінгі сан
ғасырлық қазақ поэзиясының жалпы заңдылықтарына мойын
сұнбай кете алмады, өйткені қай ақын болмасын өзіне дейінгі
сөз шеберлеріне сынай қарауы, туындыларын қабылдамауы
мүмкін, бірақ халқының жалпы және поэтикалық нормаларын
аттап кете алмайды. Айталық, Абай қазақ өлеңінің өлшемі
жағынан бұрын болмаған мүлде тың түрлерін жасады, бірақ
бұлар қазақ поэзиясының негізгі силлабикалық (буындық)
заңдылығына бағынды немесе тармақ саны мен ұйқас суретіне
қарай өлеңнің бұрын-соңды болып көрмеген жаңа түрлерін
ұсынды, бірақ бұлардың бәрі де өлеңді аяққы ұйқасқа құру шар
тынан шықты. Абай қазақ құлағы естімеген теңеудің, эпитеттің,
метафораның және тағы басқа да көріктеу құралдарының небір
соны түрлерін дүниеге келтірді, бірақ бұлардың да негізгі жа
салу амалдары бұрыннан бар болатын.
Десек те бұлардың баршасы поэтикалық тілдің жалпы
заңдылықтары, ал олардың сыртында сан алуан жеке тәртіптер,
көркемдік амалдарын құбылтушы нормалар, өзге тілдердің
әсерінен туған жаңалықтар, әр ақынның өзі сүйіп қолданған
және активтендірген тәсілдері – қысқасы, әр поэтикалық
мектеп, әр кезең, әрбір ұлы суреткер енгізетін жаңалықтар
тұратыны аян.
Қазақтың Абайға дейінгі күшті дамып келген поэтикалық
тіл дәстүрінің өзіне тән белгілері болды: ол негізінен ауыз
ша дамыды, ауызша таралды, ауызша сақталды, поэтикалық
мектептердің ауысуы баяу жүрді, дағдылы нормалар ұзақ
сақталды, дәстүр жалғастығы мықты болды. Мұның барлығы,
бір жағынан, поэтикалық тіл нормаларын берік сақтауға
ықпал етсе, екінші жағынан, жаңалыққа көп жібермеді. Бірақ
дамудың аты – даму, оның заңы қазақ өлеңі дүниесінде өзгеріс-
жаңалықтарды туғызбай тұра алмайтын еді. Бұл ұлы тарихи
миссия-міндет Абайдай талант иесінің үлесіне тиді.
Абай қазақтың поэтикалық тілінің бұрынғы дәстүр-
нормаларын жетілдіру, түрлендіру, кеңейту, жүйеге айналдыру
сияқты суреткерлік міндеттерді мойнына артты, сонымен қатар
поэтикалық көріктеудің жаңа амалдары мен соны құралдарын
ұсыну, өлең архитектоникасы (құрылымы) мен фоникасына
(мақамына, үніне) қазақ құлағы естімеген, қазақ аузы айтпаған
мүлде тың жаңалықтар әкелу сияқты іс-харекеттер де Абай
көтерген ауыр да зор жүктердің бірі болды. Сөйтіп, Абай
қазақтың ауызша тараған көркем сөзін ұлттық жазба дүние
дәрежесіне жеткізді, поэти-калық тіліне жаңа сапа енгізді. Бұл
– Абайды жаңашыл әрі классик қаламгер деп танытты.
Өзіне дейінгі де, өзінен кейінгі де сөз зергерлерінен
Абайдың шоқтығы биік тұруының негіз-себептері көп болса,
солардың бірі – Абайдың жеке суреткер қолтаңбасы немесе
шығармашылық контекст дегенді айқын көрсетуі болды, яғни
ол өзінің ақындық қуатын, сөз тану қабілетін, сөз жұмсау та
лантын жаңаша, өзінше көрсетті, өз қолтаңбасын танытты,
мұны таратып айтқанда:
1) Поэтикалық көп (үлкен) ойды – «идеяны» аз сөзбен
берудің үлгісін салды, ол үшін бұрынғы ақын-жыраулар
тіліндегі көп сөзді шаблондардан, қызыл сөзді риторикадан,
дидактикалық параллельдерден бас тартты. Құдайберген
Жұбанов көрсеткендей, халық жырлары мен ақын-жырауларда
елін сағынғандықтың идеясын айту үшін, арғымақтың үйірін,
сұңқардың ұясын, қараша қаздың көлін қайсысы қалай
сағынатынын айтып алып барып, «ниет қылдым еліме» деген
өлең жолын келтіретін тәсілге Абай бармайды, айтпақ ойын
дәл әрі жинақы етіп беру үшін әсерлі, тың сөз-образдарға иек
артады, мұндай образдарды молынан жасайды. Бұл орайда
Гогольдің Пушкин өлеңдері жайында: «Мұнда қызыл сөз жоқ,
поэзия бар» дегенін Абайға да жанастыра айтуға болады. Оны
ақынның өзі де бірде: Сөзімде жаз бар шыбынсыз деп, енді
бірде: Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз деп ескертеді.
2) Мазмұн мен түрдің – поэтикалық идея мен оны
білдіретін тілдік механизмнің сай түсуіне күш салу – Абай
қолтаңбасының көзге түсер белгілерінің бірі. Бұл сәйкестікте
көркем шығарма тілінің «текст түзу» деген шарты Абайда
тұңғыш рет айқын көрінеді. Ақын текст түзу үшін әр алуан
уәжбен сөз таңдайды. Бұл орайда тақырыптас сөздердің, си
нонимдес тұлғалардың, төл сөзбен кірме сөздердің, көне мен
жаңа сөздердің, экспрессивтік бояуы бар сөздер мен бояу
сыз жай сөздердің, терминдік мәні бар сөздер мен қарапайым
тұрмыстық сөздердің, тіпті поэзия тіліне кіретін «хұқы» жоқ
«қарабайыр» немесе «дөрекі» сөздердің ішінен дәл керегін
таңдап алады да, оларға стильдік жүк артады, образ жасауға
жұмсайды, экспрессоидтерге айналдырады.
3) Абай қаламына белгілі бір суретті оқырманның көз ал
дына бадырайтып көрсету тән. Мұны орысшалап айтқанда,
кино өнеріндегі «крупным планом» деп аталатын тәсілмен
салыстыруға болады. Бұл тәсілде кинода айырып көрсетілмек
бір нәрсе (деталь, айталық, адамның бет-жүзі) экранды толық
алып, барынша үлкейтіліп түсіріледі. Бұл амал поэзияда
да орын алады. Орыс поэтикасында мұны тұңғыш енгізген
А.С. Пушкин болса (Онегинге хат жазып отырған Татьянаның
әсемдеп шиырып қойған шашын – локондарын суреттегені –
кейіпкердің жан толқынын танытатын бет әлпетін үлкейтіп,
«бадырайтып» керсеткені), қазақ поэтикалық тілінде де сөз
экранын толық алып жатқан суреттерді тұңғыш рет Абай
ұсынды деуге әбден болады. «Қансонарда бүркітші шығады
аңға» өлеңіндегі бүркіттің аспанға қайқаң етіп ұшып шығуы,
түлкіге түскен суреті, құсына мәз болып, насыбайын атып
тұрған аңшының бейнесі – бәрі де «үлкейтіліп» бүге-шігесімен
көрсетілген. «Ел аулақта жолғасқан» ғашықтардың иықтары
түйісіп тұрғанын, әдепті жас сұлудың өз сезімінен өзі қысылып,
«көздері төмендеп» тұрғанын өлеңнен оқығанда, тағы да
киноның «крупный планын» көргендей боламыз. Шындық
картинаны бұлайша анық етіп, «детальдап» нақ түрінде көзге
елестетіп ұсыну қазақ поэзиясында Абайға дейін бұрын-соңды
болған емес. Ал осындай «үлкейтіп» көрсетілетін суреттер
үшін Абай қазақ өлеңі тіліне нақты зат атауларын, оның ішінде
тіпті тұрмыстық зат аттарын, қарапайым қимыл, іс-әрекет ата
уларын енгізді, қысқасы, поэзия тілін өмірге, адамның өзіне,
оның айналасына жақындатты (әдетте поэзия – түйіскен иық
немесе атқан насыбай сияқты «ұсақ-түйекті» елемеуге тиіс
жоғары материя ғой).
4) Сөз – өлең тілінің арқауы. Поэтикалық өрнек сөзден
өріледі. Абайдың алдындағы Шөже ақын «қызыл тілден өрдім
өрім» деп әдемілеп айтқан-ды. Бұл өрнекті салатын өткірдің
жүзіндей, кестенің бізіндей қызыл тіл болса, оның сол жүзі
мен бізі – сөз, сөз тіркесі, сөздердің бір-бірін сүйеуі, бір-
бірімен «ұжымдасуы», бірін-бірі «итеруі» түрінде көрінеді.
Міне, осы қасиеттерді Абай нағыз зергер ретінде керемет
таныған, таныған соң таңдай білген, таңдаған соң орын-орны
на жұмсай білген. Бұл тұжырымды ғылым тілімен айтсақ, Абай
поэтикалық образ жасауда сөз мағынасын құбылтудың сәтті
үлгілерін ұсынды дейміз, яғни сөздің қосымша мағыналық
реңктерін (коннотативтік қызметін) тап басып немесе сөзге
қосымша реңк-семаларды өзі беріп, айтпақ ойының әсерін
күшейтті, қарапайым сөздердің мағынасын ауыстырып, олар
ды образға айналдырды, синонимдік қатарларды қолданудың
жаңа жолдарын керсетті.
5) Абайдың поэтикалық тілінде көзге түсетін ең үлкен
құбылыстың бірі фразеология саласында болды. Мұнда да Абай
қазақтың көркем тіліне жаңа үлгілер ұсынды. Фразеологизм
дер дегеніміз – тұнып тұрған образ, ал өлең сөз – поэтикалық
образдар әлемі. Сондықтан бұл қазына Абайға дейінгі қазақ
көркем сөзінде де мол болатын. Осы мол дүниені Абай
жатсынған жоқ, бірақ оны түгелімен сол қалпында пайдаланба
ды, оны жоғарыда айттық. Әрине, бұл әрекет әйтеуір байырғы
дүниенің барлығынан қашу керек деген пейілден туған жоқ.
Абай шығармашылығының мазмұнынан, сөз өнерін жаңаша
ұсыну принциптерінен («сөз түзелгендігінен»), «түзелген
сөзді», яғни жаңа поэзияны жаңаша көріктеп беруді көздеуден
туды. Ол үшін Абай қазақ поэтикасында бұрын жалпы ныша
ны болған амалдарды жандандырды. Мысалы, перифраз деп
аталатын тәсілді молынан қолданып, оны жүйеге айналдырды;
мағыналық өрістері бөлек сөздерді тіркестіріп, образ жасаудың
не бір әсерлі, әдемі түрлерін ұсынды; сөздердің эстетикалық зонасын кеңейтті; фразеологизмдердің құрылымын өзгертіп қолданудың да жаңа үлгісін салды: тұрақты сөз тіркестерінің кейбір тәртібін бұзып, оларды «тұрақсыздандырды», ол үшін фразеологизм құрамына қосымша сөздер қосып немесе компоненттерін ауыстырып я болмаса орындарын алмастырып қолданды. Қысқасы, Абай тілдің өте бейнелі, көрікті, бай бөлігі – фразеологизм саласына «төңкеріс» жасағандай болды, бұл төңкерісте өзгерістермен қатар жаңалықтар молынан көрінді. 6) Бұдан да үлкен «төңкерісті» Абай қазақ өлеңінің архи тектоникасында (құрылымында) жасады: мүлде тың өлшемдер мен ырғақтар әкелді, бұрын жоқ шумақ түрлерін ұсынды, шумақ пен шоғырдың құрылымын құбылтты: атақты «Сегізаяқтан» бастап, алты тармақты шумақтан тұратын өлең – «алтыаяқтардың» неше түрін, жеті, тоғыз, он төрт «аяқты» өлең құрылымын дүниеге келтірді. Бұл құрылымдар қазақ өлеңінің синтаксисіне, интонациясына жаңалықтар әкелді: қазақ өлеңі жазба поэзия статусына көтерілді; жазба поэзияға тән «өлең тасымалы», ауызекі сөйлеу интонациясы дегендерді көрсетті. 7) Пушкиннің поэзиясы туралы П.И.Чайковский: «Пушкиннің өлеңдеріне музыка жазып әуреленудің қажеті жоқ, оның өзі музыка», – деген екен, сол сияқты Абай өлеңдері де тұнып тұрған үн гармониясы: ол қазақ өліңінің үнін, дыбыстық әуенін (фоникасын) құбылтып, оның құлаққа жағымды музыкалылығын күшейтті, ол үшін бұрыннан бар ассонанс, ал литерация, анафора, эпифора сияқты дыбыстық үйлесімдермен бірге, түбірлес сөздерді қатар келтіру, ішкі ұйқастарды жиірек қолдану сияқты шеберліктің де үлгісін көрсетті. 8) Қазақ тілінің поэтикасына Абай әкелген жаңалықтар мен ол жасаған өзгерістер жалғасын тапты. Абайдың тіл өрнегі бас-аяғы жоқ тұйықталған, қайталанбас феномендік құбылыс болып қалған жоқ, қазақтың мәдени көгінде тарихи баста ма болып көрініп, әрі қарай ұласқан ұлттық мәнді табыс бо лып шықты. Оны Шәкәрімнен бастап, бүгінгі ең жас қазақ ақынының поэтикалық дүниесі дәлелдейді.
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ
СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ
Жауапты редактор: филология ғылымының докторы,
профессор 3.Ахметов
Бұл кітапта автор қазақ өлеңдерінің, оның ішінде Абай
өлеңдерінің синтаксистік құрылысын олардың ұйқас суре-
тіне, өлшем түрлеріне және композициялық құрамына бай
ланыстыра талдайды. Сол арқылы Абайдың өзіне дейінгі
әдеби дәстүрді қалай пайдаланғанын, поэзия синтаксисіне
енгізген өзгеріс-жаңалықтарын көрсетеді. Абай поэзиясының
синтаксистік құрылысын талдау ақынның оқушы назарын
аудартпақ болған кейбір идеялары мен ойларын, сондай-ақ
суреткерлік қалам тартысын тануға жәрдемдеседі.
АЛҒЫ СӨЗ Өлең синтаксисін өз алдына арнайы сөз ету қажеттігі бар. Әрине, өлеңді сөйлем (өлең тілі) – жалпы тілден тыс, бөлек тұрған дүние емес, өлең де қарым-қатынас құралының бір түрі ретінде келіп, тілдің жалпы зандарына бағынады. Сөйте тұра поэзиялық шығармалардың өзіне тән, яғни өлең құрауға қатысатын өз заңдары және болады52. Бұл заңдар ырғақ, ұйқас, шумақталу, интонациялық-мелодиялық құбылыс тәрізді өлең белгілеріне қарай пайда болады. Қысқасы, өлең тілінің қара сөз (проза) тілінен өзгешеленетін құрылымдық ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер жалғыз синтаксис саласын қамтымайды, «структурные своеобразия стихотворной речи выражаются как в специфических свойствах ее звукового лада, звуковой систе матизации, ее синтаксического строения и членения, так и в отличиях словоупотребления и словесной семантики»53. Осы ерекшеліктердің ішінде біздің қазіргі назар аударып отырғанымыз – өлеңнің, оның ішінде Абай поэзиясының синтаксистік құрылысы. «Өлеңнің синтаксисі» атты тақырып орыс филологиясында едәуір жиі сөз болып келеді. Н.С.Поспеловтің Пушкин өлеңдерінің синтаксистік құрылысын талдаған арна улы еңбегі сияқтыларды былай қойғанда, Б.В.Томашевский, В.М.Жирмунский, Л.И.Тимофеев, В.В.Виноградов, Л.В.Щерба, Г.О.Винокур, Ф.Е.Корш, О.Брик, В.Брюсов, Ю.Тынянов т.б. тәрізді зерттеушілердің жұмыстарында өлең синтаксисіне қатысты жеке талдаулар мен пікірлерді, тұжырымдар мен топшылауларды табамыз. Бұлар көп ретте бізге теориялық және методологиялық жағынан басшы материал болғанын білдіреміз. Қазақ филологиясында күні бүгінге дейін белгілі бір ақын өлеңдерінің немесе жеке поэзиялық шығармалардың синтаксистік құрылысын арнайы зерттеген монографиялық еңбек жоқ. Бірақ жалпы өлең құрылысына немесе өлеңнің жеке белгілеріне арналған жұмыстарда поэзия тілінің синтаксистік 52 Томашевский Б. В. Стилистика и стихосложение. - Л., 1959. - С. 293. 53 Виноградов В. В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. - М., 1963. - С. 67.
құрылысы, әсіресе, оның жеке мәселелері жайында айтылған пікірлер мен талдаулар бар. Бұлардың ішінде, әсіресе, проф. Қ.Жұмалиев қазақ өлеңінің табиғатына жиірек үңіліп, бұл са лада көптеген пікір-тұжырымдар мен талдаулар ұсынғанын атаймыз54. Сондай-ақ І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Ы.Дүйсенбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Мүсірепов, 3.Ахметов, М.Хамраев55 т.б. тәрізді әдебиетші және жазушылар мен Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Х.Махмудов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Ғ.Мұсабаев тәрізді тіл мамандарының әр кезде, үлкенді-кішілі әр алуан жұмыстарында қазақ өлеңінің құрылысы, ондағы жеке сөздер мен тұлғалардың қолданысы, өлеңнің ырғақ, ұйқас, өлшем сияқты шарттары сөз болады. Өлеңнің синтаксистік құрылысын талдауда, ең алдымен, өлеңнің жалпы белгілері мен жеке жайттарын танып білу аса қажет. Сондықтан біздің бұл жұмысымызға жоғарғы аталған зерттеушілер мен мамандардың мақалалары мен еңбектері зор көмегін тигізді. Бұлардың ішінде, әсіресе, қазақ өлеңінің құрылысы мен Абай поэзиясының құрылысын арнайы зерт теген құнды еңбек З.Ахметовтің «Казахское стихосложение» атты кітабы мен мақалаларының біздің бұл талдауларымыз үшін мәні зор болғанын атап өтеміз. Сонымен қатар тілшілер тарапынан өлең синтаксисі тақырыбына тұңғыш қалам тартқан Т.Қордабаевтың «Поэзиялық шығармалардың синтаксистік құрылысы» атты жұмысын да арнайы атаймыз56. Мұнда ав 54 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960; Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. - Алматы, 1960. 55 Жансүгіров І. Абайдың сөз өрнегі // Әдебиет майданы. - 1934. - № 11-12; Ауэзов М. Мысли разных лет. - Алма-Ата, 1959; Мұқанов С. Қазақ өлеңі туралы// Социалистік Қазақстан. - 1935. - №108; Муқанпов С. Жарқын жұлдыздар. - Алматы, 1964; Мұқанов С. Абай – қазақ халқының ұлы кемеңгері //Абай Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. - Алматы, 1945; Кенжебаев Б., Жовтис А. Заметки о ритмике стихов Абая // Вестник АН КазССР. - 1954. - №9; Кенжебаев Б. Қазақ өлеңінің құрылысы туралы. - Алматы, 1955; Нуртазин Т. О творчестве С. Муканова. - Алма-Ата, 1951; Исмаилов Е. Об особенностях поэтики Абая // Известия Каз ФАН СССР. - Серия языка и литературы. - Вып. ІІ. - 1945; Мүсірепов Ғ. Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы Абайдың тарихи орны // Жизнь и творчество Абая. - Алма-Ата, 1954; Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964; Хамраев М. Основы тюркского стихосложения. - Алма-Ата, 1963 т.б. 56 Қордабаев Т. Поэзиялық шығармалардың синтаксистік құрылысы //Тарихи синтаксис мәселелері. - Алматы, 1965 (бұл жұмыстың бас жағындағы едәуір бөлігі Қазақ ССР Ғылым академиясының 1964 жылғы Хабарларында, Қоғамдық ғылымдар сериясының 6-нөмірінде жарияланған).
тор өлең синтаксисінің прозадан ерекше болатындығы туралы
өзіне дейінгі орыс, қазақ филологтарының айтқан пікірлерін
көрсете келіп, шумақ мәселесіне тоқталады және синтаксистік
тұтастық құрайтын компоненттердің бір-бірімен байланысу
жолдарын көрсетеді. Сондай-ақ бұл жұмыста зерттеуші ауыз
әдебиетінің екі үлкен мұрасы – «Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш-
Баян сұлу» шығармаларының синтаксистік құрылысын тал
дайды.
Осылардың барлығы, біріншіден, өлең синтаксисін, оның
ішінде жеке қаламгерлер шығармалары мен жеке нұсқалар
(мысалы, эпостық жырлар) тілінің синтаксистік құрылысын
талдап, солар бойынша қажетті тұжырымдар айтатын кез туға-
нын көрсетсе, екіншіден, осы жұмысқа тікелей кірісуге мүм-
кіндік берді.
Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысын тану арқылы
олардың кейбіреулерінің композициялық-тематикалық құры-
лымын білуге болады. Ал шығарманың тақырыбы мен ком-
позициясын ашу қаламгер стилін тануға барып ұштасады. Бұл
– жеке мәселе. Жалпыға келгенде, бұл талдаулар, біздіңше,
екі түрлі міндетті өтейді, оның біріншісі – қазақ өлеңінің
синтаксистік құрылысының проза синтаксисінен өзгешелігі
қандай; өлеңнің ұйқасы, өлшемі, композициялық құрылысы
және шумаққа бөліну-бөлінбеуі мен синтаксисінің арақатынасы
қандай; өлең құрайтын компоненттердің (шумаққа немесе
тирадаға ұйымдасқан сөйлемдер мен оның бөліктерінің) бір-
бірімен іліктесіп, байланысу амалдары қандай – деген мәсе-
лелердің сырын ашу.
Екіншісі – Абай поэзиясы мен оған дейінгі қазақ поэзиясы-
ның синтаксистік құрылысында қандай өзгешеліктер бар,
яғни Абай поэзиясының бұл салада қосқаны мен жаңартқаны
неде, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің өлең синтаксисі
тарауындағы жақындығы мен алшақтығы неде – деген
сұрақтарға жауап іздеу.
Ол үшін біз ең алдымен өлең тілінің синтаксистік құры-
лысының ерекшеліктерін сөз еттік. Мұнда жалпы отандық
ғылымда, оның ішінде әсіресе орыс филологиясында бірқыдыру
орныққан, танымалды қағидаларды қазақ өлеңі синтаксисіне
жанастырумен бірге, қазақ тілінің құрылымдық өзгешелігі
және қазақ поэзиясының сан ғасырлық дәстүрі нәтижесінде
пайда болған өзіндік белгілері мен факторлардың бар екендігін
көрсетуге талаптандық. Әрі қарай өзіміз белгілеген негізгі
объектілерді жеке-жеке талдадық, атап айтқанда, Абайдың
шумақты, шумақсыз өлеңдерінің синтаксистік құрылысы:
өлең синтаксисіндегі инверсияның, тасымалдың рөлі мен
қызметтері; ұйқасқа қатыстырылған сөздер мен өлең син-
таксисінің арасындағы байланыс; өлеңдегі ықшамдау заңының
синтаксистегі көрінісі деген жайларды сөз еттік.
Өлең синтаксисін талдау үстінде көп сәтте оның компо-
зициялық-тақырыптық құрылысын да қоса талдап отырдық.
Өйткені өлеңнің синтаксисі көбінесе оның тақырыбы мен
идеялық құрылысына тікелей байланысып жатады, сондықтан
оның композициясын дұрыс жіктеу синтаксистік құрылысын
дұрыс талдауға бірден-бір себепкер болады.
Бұл жұмысты «Абай өлеңдерінің композициялық синтак-
систік құрылысы» деп те атауға болар еді. Бірақ негізгі
объектіміз синтаксистік элементтер болғандықтан, кейбір шы-
ғармалардың композициялық құрылысын талдау негізгі тақы-
рыбымызға жәрдемдесетін қосымша тәсіл болғандықтан,
жұмысты «Синтаксистік құрылыс» деп атадық.
ӨЛЕҢНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Өлең тілінің57 синтаксисін сөз ету үшін үлкен екі топ мәселенің бетін ашып алу қажет болады. Бірінші – поэзия тілінің синтаксистік құрылысы дегеннің өзі қандай мәселелерді қамтиды, екінші – өлең синтаксисіне қатысты қандай фактор лар бар. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты: мәселелердің алғашқы тобы келесі топтағылардан шығарылып айқындалады. Поэзия тілінің синтаксисін зерттеу өлең тексін классикалық грамматиканың (оның ең шағын түрі – мектеп грамматикасының) схемасына салып, сондағы категориялардың баржоғын, нормалы-нормасызын түгендеп шығу емес екені айдан анық. Өлеңді сөйлемнің синтаксистік құрылымын сөз еткенде, ең алдымен, оның қара сөздегі (әдеттегі) сөйлем құрылымынан түбірлі айырмасын ескеру қажеттігі туады. Өлеңді сөйлем– ерекше сөйлем. Бірақ оның ерекшелігін прозадағы сөйлем құрылымы түп-тамырымен бұзылып, сөйлем нормасына де формация жасалады деп ұғынуға болмайды. Өлеңдегі син таксис ырғаққа (ритмикаға) байланысты құрылатындығымен ерекшеленеді. «Поэт как бы ставит задачу «оправдать ритм»58. Сонымен қатар өлең сөйлемдері буын, бунақ (өлшем– метри ка) тәртіптеріне қарай қара сөздегіден басқаша құрылады»59. Демек, бұл жерде (өлеңде) кейбір ғалымдар (Б.Эйхенбаум, 57 Орыс филологиясынан стихотворная речь деген терминді жиі кездестіреміз. Орыс тіліндегі ғылыми әдебиетте «язык» пен «речь» сөздерін ажыратып, терминдеу тенденциясы күшті. «Л. Якубинский... определяет речь как явление языка. Если язык есть система знаков, то речь – действие, использование этих знаков... язык есть возможность выражать мысли и чувства, а речь – одна из реализованных форм этой возможности» (Махмудов Х.Х. Некоторые вопросы теоретической стилистики // Филологический сборник. - Вып. ІV. - Алма-Ата, 1965. - С.225). Орысша-қазақша лингвистикалық терминдер сөздігі (Алматы, 1966) бойынша речь қазақша – «сөз, тіл». Сөйтіп, қазақша екі ұғымды да бір ғана «тіл» сөзімен білдіруге мәжбүрміз. Осы жұмыста бірсыпыра терминнің қазақшасын жаңадан жасауға немесе сәл өзгертіп, басқаша атауға тура келді, өйткені өлең тілінің синтаксисі, жалпы өлең құрылысы туралы қазақ тілінде жазылған ғылыми әдебиеттің әлі де тапшылығы бұл саладағы қазақша терминдердің қалыптасып, дағдылы болып кетуіне мүмкіндік бермей келеді. Сондықтан біраз сәттерде біз бірсыпыра терминдердің орысшасын жақша ішіне қоса көрсетіп отырдық. 58 Томашевский Б.В. Стих и язык. - М., 1958. - С. 20. 59 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960. - 154-6.
О.Брик) көрсеткендей, жалаң синтаксис емес, ритмика-син таксис (дәлірек айтсақ, ритмикалы синтаксис) құбылысын зерттеуіміз керек. Бірақ қайткенде де өлең синтаксисі мен жал пы синтаксис екеуі – екі бөлек дүние емес. Өлең тіл нормасы нан шығып кетпейді, соның заңдарына сүйенеді60. Керісінше, проф. Қ.Жұбанов дәл айтқандай, ол әдеби тіл нормасын белгілеуге әсерін тигізеді: «...Художественная литература дей ствительно отличается (особенно когда она стихотворна) от обыденной, т.н. «рассудочной» речи своим синтаксисом, мор фологией и лексикой, но тем не менее подчиняется известному закону, более того, задает тон в установлении грамматических законов языка»61. Қара сөзбен берілген ойымызда сөйлемдер өзара тығыз бай ланысып, күрделі синтаксистік тұтас дүниелер құрайтын болса, өлеңде оның тармақталуына, тармақтардың ұйқасуына, әсіресе, өлеңнің шумақтарға бөлінуіне қарай ондағы сөйлемдердің бір-бірімен топтасуы тіпті күшті болады62: өлеңдегі сөйлемдер өзіне тән әр алуан тәсілдермен берік жымдасып, «цементтеліп» қалады. Демек, өлеңді фразаны, не сөйлемді, немесе сөйлемдер тіркесін талдағанда, оларды қарапайым (қара сөздегі) синтаксис категорияларына қарай бұтарлай салуға болмайтындығы былай тұрсын, өлең синтаксисін өзіне тән тәсілдерді қоса қамтып зерттеуге мәжбүрміз. Қара сөз синтаксисіне қарағанда, өлеңді сөзде сөйлемдердің бір-бірімен байланысу амалдарында синтаксистік қайталаулар, яғни жарыспалы сөйлемдер тобы болуы тәрізді немесе сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібінде инверсия, өлең тасы малы (стиховой перенос) тәрізді өзгешеліктер көзге түседі. Орыс тіліндегі өлең құрылысын зерттеуші Н.С.Поспелов өлең тілінің синтаксисін күрделендіретін алты түрлі фактор ды ескеруді ұсынады. Олар: 1) өлең тармағындағы сөздердің мейлінше тығыз топталатындығы; 2) өлең тармақтарының бірінен екіншісіне көшкенде, синтаксистік байланыстың әлсі60 Тимофеев Л. Слово – образ – слово//Вопросы литературы. - 1962. - №6. - С. 82-84. 61 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы, 1966. - 52-6. 62 Поспелов Н. С. Синтаксический строй стихотворных произведений Пушкина. - М., 1960. - С. 5-6.
рей түсетіндігі және керісінше, вертикаль байланыс дегеннің пайда болатындығы; 3) өлеңдегі сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруда әрқилы тәсілдердің қолданылуы, олардың ішінде шылаулардың байланыстырушылық (присоединительная) рөлі; 4) инверсия мен әртүрлі ұйқастыру тәсілдерінің рөлі; 5) өлең тасымалының синтаксистік қызметі; 6) өлеңнің шумаққа бөліну-бөлінбеуіне қарай тармақтардың өзара бірігу ерекшеліктері63. Орыс өлеңінің синтаксисін зерттеген бұрынды-соңды еңбектердің күллісін пайдалана, ескере келе ұсынылған бұл пікірді кәдемізге жарата отырып, барлығын түп-түгел қазақ өлеңінің синтаксистік құрылымына көшіре салуға болмайтындығын көрсетеміз. Өлең табиғаты прозадан өзгеше келетіндігі барлық тілде де бар факт болғанымен, сөз жоқ, өлең заңдылықтары ұлттық болып табылатындығын айтқан пікірлерді біз де қостаймыз. Бұл тұжырымды Б.В.Томашевский «Стих и язык» деген еңбегінде бірнеше рет қайталап келтіреді. «Ритмизируемый ма териал по природе своей национален», «но в общем случае сти хотворная система основывается на свойствах родного языка». «Как бы ни был специфичен и своеобразен строй стиха, этот строй принадлежит языку и неповторим за пределами нацио нальных форм речи. В этом причина того, что поэзия остается всегда наиболее национальной формой искусства»64. Егер өлең заңдылықтары ұлттық жеке тіл нормаларынан тыс құрылатын болса, олар дүниежүзіндегі тілдердің бәріндегі өлең үшін ортақ болған болар еді. Шындығында, олай емес. Ортақ заңдар да бар, сонымен қатар әр тілдің өзінің құрылымдық белгілеріне және әдеби дәстүріне орай, сол тілдегі өлеңнің ритмикалықсинтаксистік құрылысында өзіне тән (немесе сол семьядағы тілдердің көпшілігіне тән) өз заңдылықтары және болады. Мы салы, орыс зерттеушілері көрсеткен факторлардың бірқатары қазақ өлеңінде не мүлде есепке ілінбейді, не өте әлсіз, неме се оның белгілі бір дәуірдегі сипаты қазіргіден өзгеше болып келеді. Айталық, өлең тасымалы – орыс поэзиясында XІX 63 Поспелов Н. С. Синтаксический строй стихотворных произведений Пушкина. - М., 1960. - С. 9. 64 Томашевский Б.В. Стих и язык. - М., 1958. - С. 21, 23, 62.
ғасырдың өзінде-ақ, мысалы, Абай көп оқыған Пушкинде әлдеқайда кең қолданылған тәсілдің бірі болса, өткендегі қазақ өлеңінде, оның ішінде Абайда, әлдеқайда әлсіз, сирек құбылыс. Бұл – орыс поэзиясындағыдай өлең материалын синтаксистік жағынан ұйымдастыратын негізгі амалдың бірі ретінде көріне алмайды. Сол сияқты орыс өлеңінде тармақтардың жоғарыдан төмен қарай іліктесуі, яғни тармақ басындағы сөздердің тығыз байланысты болып келуі (вертикальная связь строк неме се синтаксическая унизывание по вертикали начальных слов в смежных строках) – өлең синтаксисін талдауда ескерілетін факторлардың бірі. Мысалы, Пушкиннің «Медный всадник» шығармасындағы: Из тьмы лесов, из топи блат Вознесся пышно, горделиво, – дегенінде «Из тьмы... вознесся» ...болып, тармақтар басы на бір-бірін айқындай түсетін баяндауыш пен соған қатысты пысықтауыш орналасқан65. Ал қазақ өлеңі үшін тармақтардың бұл тәрізді жоғарыдан төмен қарай байланысуы тән емес. Сондай-ақ орыс өлеңінің синтаксистік құрылысында бірнеше тармақты бір тұтас единица етіп құрастыруда и, или тәрізді жалғаулық шылаулардын рөлі зор, бұлар мұндайда жалғастырушылық (сочинительный) емес, байланыстырушылық (просоединительный) қызмет атқарады. Ол күрделі синтаксистік тұтастыққа енген сөйлемдердің ең соңғысының алдында тұрып, оны алдыңғы тармақтармен байланыстырады66. Бұл тәсіл Пушкинде өте жиі қолданылғанын Н.С.Поспеловтің арнаулы талдауынан көреміз. Ал қазақ өлеңіне бұл фактор да жанаспайды. Жалғаулық шылаулар қазақ өлеңінде байланыстырушы, топтаушы рөл атқармайды (салаласқан жай сөйлемдер арасында келуі бұл қызметке жатпайды), қазақ өлеңінде осы рөлді өзге грамматикалық элементтер атқарады. Айталық, бірнеше сөйлемді бір тұтастыққа топтауда өткен 65 Поспелов Н. С. Синтаксический строй стихотворных произведений Пушкина. - М., 1960. - С. 12-13. 66 Н.С. Поспеловтың көрсетілген кітаптағы талдауы бойынша (16-6) бұған мынадай мысал келтіруге болады: Сюда по новым им волным Все флаги в гости будут к нам, И запируем на просторе.
шақ көсемше тұлғасының рөлі көзге түседі. Сол сияқты, біз-
діңше, қазақ тілінде (және жалпы түркі тілдерінде) тәуелдік
жалғаулы сөздің синтаксистік тұтас единица жасаудағы қызметі
айрықша танылады. Бұлардан басқа есімдіктер арқылы топта
су да – қазақ өлеңінде, біздің байқауымызша, әлдеқайда ак
тив тәсіл (бұл тәсілдердің әрқайсысы жайында кейін арнайы
тоқталамыз).
Сондай-ақ ортақ белгілер де бар. Қай тілде де өлең син-
таксисі проза синтаксисінен әлдеқайда күрделірек келеді.
Б.В.Томашевскийдің байқауынша: «У Пушкина проза обла
дает значительно более простым синтаксисом, чем стих, об
ладающий гораздо более сложным аппаратом соотношений
и связей»67. Дәлірек айтсақ, қара сөз көтере алмайтын кейбір
конструкцияларды өлең синтаксисі жеп-жеңіл көтеріп түрады.
Ол ауырлықтар, біздіңше, қазақ тілінде ұлан-ұзақ сөйлемдерді
сыйыстыру тәсілін қолданған сәттерде (мысалы, Абайдың
«Жайнаған туың жығылмай» деп басталатын өлеңін алыңыз),
әрқилы параллельдерді молынан келтірген кездерде (мысалы,
«Сегізаяқты» қараңыз), инверсия тәсілін пайдаланған жерлер
де үнемдеу принципін ұстап, сөйлем мүшелерін немесе шы
лауларды түсіріп құрған тұстарда болады. Осындай жерлердің
барлығы прозада болса, сөйлем және сөйлемдер тобы (күрделі
синтаксистік тұтастық) не түсінуге ауыр, не мүлде түсініксіз
болып шығар еді. Абайдың мына бір шумақ өлеңін қара сөзбен
жазып, проза түрінде оқып көрсек: «Көңіл қайтты достан да,
дұшпаннан да, алдамаған кім қалды тірі жанда, алыс-жақын
қазақтың бәрін көрдім, жалғыз-жарым болмаса анда-санда»
деген варианты прозадағы былайша құрылған вариантынан
әлдеқайда күрделі: «Достан да, дұшпаннан да көңіл қайтты,
[өйткені] анда-санда [кездесетін] жалғыз-жарым [ы] болма
са, алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім, [солардың ішінде] тірі
жанда алдамаған кім қалды?» Бұл конструкцияның өлеңді
құрылысында ең алдымен инверсия күшті, ол бір сөйлем ая-
сында да, сөйлемдердің өзара орналасуы саласында да бар,
екіншіден, айтылмақ ой компоненттерін бір-бірімен дәнекер-
лейтін жеке сөздер мен шылаулар түсірілген, үшіншіден, бір
67 Томашевский Б.В. О стихе. - Л., 1929. - С. 315.
жерге едәуір көп сөйлем шоғырланған. Бірақ осының барлығын оңай көтеріп тұруға өлең ырғағы мен өлшемі себепші болып тұр; әрбір тармақтың интонациялық оқшаулығы олардың әрқайсысына жеке-жеке ой екпінін түсіреді; өлеңнің тармаққа бөлінуі арқылы әр тармақ не жеке сөйлем, не күрделі сөйлем мүшесі болып ұйымдасады да, кейін бастарының құрасуына жеңілдеу соғады. Белгілі бір айтылмақ ой тұтастығы, мағынасы бір-біріне қатысты жеке сөйлемдердің қатар айтылуы (сополо жение), субъектінің ортақтығы – осылардың барлығы бұл кон струкцияны дұрыс ұғынылатын өлең шумағына айналдырады. Қай тілдің болмасын өлең табиғатына тән бұл тәрізді белгілер қазақ өлеңінің де синтаксисін талдауда еске алынады. Сөйтіп, өлең тілінің синтаксисін танып-білуде жалпы өлең табиғатына сай барлық тілге ортақ факторлармен қатар, өлеңнің әр тілдегі ұлттық ерекшелігін қоса тауып, талдауға мәжбүрміз. Ортақ белгілердің өзінде әр тілдің структуралық құрылысы мен әдеби дәстүріне байланысты ерекше назар ау даратын сәттері болады. Қазақ өлеңінің, оның ішінде Абай поэзиясының синтаксисін талдағанда, оған тікелей қатысты мынадай факторларға назар аударамыз. Өлең түрінде ұйымдастырылған күрделі синтаксистік тұтастықтың жігін ажыратып талдауда өлеңнің белгілі бір тәртіппен шумаққа бөлінетін-бөлінбейтіндігінің және қандай шумаққа бөлінетіндігінің мәні бар. Айталық, 11 буынды, төрт тармақты шумақта көбінесе алдыңғы екі тармақ жеке-жеке екі сөйлем немесе синтаксистік параллель құрайтын екі сөйлем болады, соңғы екі тармақ бір сөйлем болып келеді және ол көбінесе құрмалас сөйлем болады. Мысалы: 1. Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын, 2. Түбін ойлап, уайым жеп айтқамын. 3. Ақылдылар арланып ұялған соң, 4. Ойланып түзеле ме деп айтқамын (І, 173)68. Ал шумақ емес, тирадаға бөлінетін 7-8 буынды жырда мұндай зандылық жоқ: кейде қысқа жеке жолдың өзі бір сөйлем, кейде 2-3, тіпті 3-4 жол бір-ақ сөйлем болып құрыла береді. 68 Осы жерде жәнеәрі қарай Абайдан келтірілген мысалдарға ақынның 1957 жылы шыққан екі томдық шығармалар жинағының том нөмірі мен беті осылайша көрсетілді.
Мұның өзінде де сөйлемнің немесе сөйлемдер тіркесінің
басталып-аяқталар шегі тирадаға топталған тармақтарға бай
ланысты. Мысалы, Абайдың «Келдік талай жерге енді» деген
7-8 буынды өлеңінде шығарманың өн бойында қайталап оты
ратын ұйқас әрбір жеке ойды (сөйлемді не сөйлемдер тіркесін)
аяқтап отырады, бірақ әрбір аяқталған ойды (высказывание)
құрайтын тармақ саны біркелкі емес, сөйлемнің мағынасына
қарай бірде бес-алтау, бірде төртеу, бірде үшеу болып келеді.
Мысалы:
І ой 1) Келдік талай жерге енді,
2) Кіруге-ақ қалдық көрге енді.
3) Қызыл тілім буынсыз,
4) Сөзімде жаз бар шыбынсыз,
5) Тыңдаушымды ұғымсыз
6) Қылып Тәңірім берген-ді.
ІІ ой: 1) Осы жасқа келгенше,
2) Өршеленіп өлгенше,
3) Таба алмадық еш адам
4) Біздің сөзге ергенді.
ІІІ ой: 1) Өмірдің өрін тауысып,
2) Білімсізбен алысып,
3) Шықтық, міне, белге енді (І, 117).
Шумаққа бөлінетін өлеңдерде симметрия принципі күшті
сақталады. Абайдың 11 буынды, 4 тармақты қара өлеңдерінен
гөрі, өзге өлшемдегі өлеңдерінде қатар тұрған жеке тармақтар
параллель конструкциялар құрайды:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі...
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ...
Көзімнің қарасы,
Көңлімнің санасы...
Әрине, параллелизмдер бір тармақтың ішінде де болады:
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық...
Кей құрбы бүгін тату, ертең бату...
Тіпті проза тіліне де, әсіресе, Абай прозасына, паралле
лизм принципі жат емес. Мысалы, Абайдың «Қара сөздерінде»
кездесетін: Көкіректе сәуле жок, көңілде сенім жоқ (ІІ, 165).
Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл,
босанбас буын керек екен (ІІ, 170) тәрізді құрылымдарда парал
лель элементтер бар. Бірақ өлеңдегідей, оның ішінде Абайдың
жаңа өлшемді өлеңдеріндегідей (мысалы, «Сегіз аяқтағыдай»)
таза параллельдер проза тілінде де, қара өлеңде де система
емес. Демек, өлеңнің шумаққа қалай бөліну түрі оның син-
таксисіне тікелей әсер етеді.
Өлең синтаксисіне қатысты құбылыстың тағы бірі– өлең
өлшемі (метрикасы). Өлең тармағын құрайтын буын санының
аз-көптігіне орай олардың біршама аяқталған ойды берудегі
сыйымдылығы да әрқилы болады. Тармақтың буын саны
неғұрлым аз болса (төрт, бес, алты), ондағы сөйлемдер де
соғұрлым шағын, қарапайым болып келеді69.
Болды да партия
Ел іші жарылды (І, 220), –
деген 6 буынды екі тармақта бар болғаны үш мүшеден (баста
уыш – ел іші, баяндауыш – жарылды, пысықтауыш – партия
болды да) құрылған бір ғана сөйлем берілген, ал:
Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін (І, 173), –
деген екі тармақта қаратпа сөзі де бар, тұрлаусыз мүшелері де
түгел, бірыңғай күрделі мүшелері және бар жайылма сөйлем
берілген.
Мүлде шағын (3, 4 буынды) тармақтардың әрқайсысына
«тайға міндік» сияқты толымсыз сөйлемдер немесе «ата
мыз бар», «молдамыз бар» тәрізді жалаң сөйлемдер болмаса,
толыққанды жайылма сөйлемдердің орналасуы мүмкін емес,
сондықтан бұл сияқты аса шағын жолдар көбінесе параллель
фразалар болып келеді немесе ондай тармақтың 2-3-еуі бір
ғана сөйлемді құрайды. Мысалы:
Тайға міндік,
– 4 Тойға шаптық,
– 4 Жақсы киім киініп. – 7 (І, 129). Қайғысыз пенде
– 5 69 Ахметов 3.Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 21.
Көрдің бе
– 3 Өміріңде?
– 4 (І, 128). Өлең өлшемінің поэзия синтаксисіне ететін әсері жалғыз тармақтың жалпы санына қарай емес, тармақ ішіндегі бунақтарға да байланысты. Әсіресе 11 буынды өлеңнің соңғы бунағы 4 буынды болып келгенде, алдыңғы екеуі – бірі – 3, бірі – 4 буынды бунақтар – бір-бірімен орын алмастырып келе «тіркеседі, яғни қайткенде 3 буындысы әрдайым 1-бунақ, 4 буындысы 2-бунақ болып орналасуы шарт емес, бұл құбылмалылық өлеңді жандандырып, түрлендіріп отырады70. Сондықтан да Абай «базарға /қарап тұрсам/, әркім барар» не месе біреу ұқпас /бұл сөзді/, біреу ұғар» тәрізді тармақтарды құрғанда, сөйлем мүшелерінің әдеттегі орнын бұзып, инверсия жасайды (дұрысы: «қарап тұрсам, базарға әркім барар», «бұл сөзді біреу ұқпас, біреу ұғар» болар еді). Әдеттегі (прозадағы) синтаксистік норманы бұзып, өлең синтаксисін ерекшелендіріп тұратын фактордың бірі – ондағы сөздердің орын ауысқан тәртібі, яғни инверсия. Өлеңді сөздегі инверсияның сипаты мен себебі әрқилы: ұйқасқа бола жа салатын инверсия71, белгілі бір логикалық мақсатпен орны ауыстырылған баяндауышқа байланысты пайда болған инвер сия72, белгілі трафаретпен кеткен дәстүрлі инверсия т.т. бола ды. Мысалы: Қарсылық күнде қылған телі-тентек (І, 33). Мұның әдеттегі тәртібі – «күнде қарсылық қылған телітентек» болса керек еді, бірақ күнде сөзі тармақ басына шыға ал майды: өлең өлшемі бірінші бунақтың не 3 буынды (қарсылық) не 4 буынды (күнде қылған) болуын талап етеді, сондықтан екі жағдайдың екеуінде де өлең өлшемінен туған инверсия пай да болады. Ал «саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық» деген тармақтағы инверсияның (инверсиясыз түрі: «сөзді ұғарлық саналы жан көрмедім») мотиві ұйқасқа байланысты. 70 Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. - 85. 71 Поспелов Н.С. Синтаксический строй стихотворных произведений Пушкина. - М., 1960. - С. 22-6. 72 ІЦерба Л. В. Опыты лингвистического толкования стихотворений // Русская речь. - Ч. І. - 1923. - С. 45.
Өлеңді сөйлемде қара сөзге қарағанда сөз тәртібі әлдеқай-
да еркін. Және бұл еркіндікті өлең табиғаты ауырсынбайды,
яғни өлең ішінде төңкеріліп жүрген конструкциялар норма-
сыздык болып сезілмейді.
Келесі назар аударылатын жай – ықшамдау (үнемдеу) неме
се тығыздалу принципі. Әдетте, көп сөзді өлеңнің өзі үнемдеу
заңын сақтап жасалады. Өлеңде өлшем мен ырғақ талабына
сай кейбір грамматикалық тәсілдерді ықшамдап және тығыз-
дап қолдануға тура келеді. Қазақ өлеңі бұл тұрғыдан алғанда,
кейбір грамматикалық норманың прозадағыдан өзгешелеу бо
лып қалыптасуына мәжбүр етеді. Бұл тек синтаксис саласын
да ғана емес, морфология саласында да бар. Айталық, кейбір
морфологиялық тұлғалар мен шылаулардың ықшам және
толық варианттары бар. Есімшенің осы күнгі проза тіліндегі
нормалы көрсеткіші -тын жұрнағының -тұғын варианты, -дай
жұрнағының -дайын түрі, -ған-нан+соң деген жұрнақты-
шылаулы тіркестің -ғасын түрінде бірігіп, ықшамдалған
түрі, мен, да шылауларының менен, дағы варианттары – поэ-
зия тілінде бұрында, қазір де қатар қолданылатын бір-біріне
«кезекші» элементтер. Қазіргі проза тілінде бұлардың бір
ғана (көбінесе ықшам) варианты норма (немесе актив) болса,
өлең тілінде бұлардың екеуі де – әдеби норма. Өлең өлшеміне,
ұйқасына қарай, буын саны артық болса, ықшамы жетпей жат
са, толығы дегендейін, бірінің орнына екіншісі еркін қолданыла
береді. Ал кейбір ықшамдауларды тек поэзия тілі көтереді.
Мысалы, тура толықтауыш қызметіндегі табыстан өзге септік
жалғаулары мен тәуелдік жалғауын түсіріп қолдану – проза тілі
үшін нормасыздық болар еді, ал өлеңде:
Екеуінің ақ сауыт
Шығыршықтан сөгілді («Қобыланды»), –
тәрізділер көп болмаса да кездеседі. Мұнда «екеуінің ақ са-
уыты» болса керек еді. Сондай-ақ көсемшенің -ып жұрнақты
түрінің тиянақты сөйлем баяндауышы болып келуі тек поэзия
тіліне сыяды, бұл – прозада қазірде мүлде жоқ тәсіл.
Синтаксис саласында поэзия тілі ықшамдаудың едәуір
тәсілдеріне ие. Сөйлемде баяндауыштың түсіріліп айтылуы
– проза тілінде мүлде жоқ құбылыс, ал өлең тармақтары бұл тәсілді едәуір мол пайдалана алады. Мен, сен, біз, сіз, сендер де ген есімдік бастауыштары жасырынған толымсыз сөйлемдерді де өлең синтаксисі әлдеқайда жиі қолданады, егер бұл есімдік бастауыштар сөйлемге қатыстырыла қалса, көбінесе стильдік мәніболады. Ықшамдауға ұқсас құбылыс – сыйыстыру тәсілі де қазақ өлеңінде проза тіліндегіден қолданылу жиілігі жағынан да, амалдары жағынан да молдау, басым түседі. Өткен шақ көсемше тұлғасы арқылы ұқсас сөйлемдерді бір синтаксистік тұтастыққа ұйымдастыру прозада да бар, бірақ поэзияда бұл әрі жиі, әрі көлемді. Бұған классикалық үлгі ретінде зерттеушілер Махамбетгің атақты «Ереуіл атқа ер салмай» деген өлеңі мен Абайдың «Оспанға» деген шығармаларын көрсетеді. Сөйтіп, сыйыстыру тәсілі қазақ өлеңінің синтаксистік құрылысын белгілейтін элементтердің бірі болып табылады. Міне, жалпы қазақ өлеңінің, оның ішінде Абай өлеңінің синтаксистік құрылысын танып-білуде осы аталған жайттарды талдап, сөз етеміз.
ШУМАҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Өлең тармақтарының (жолдарының) бір-бірімен синтаксистік қарым-қатынасқа түсіп, бірігулерін, яғни синтаксистік тұтас бір дүние құрап, топтасуларын сөз еткенде, ең алды мен, өлеңнің шумақтарға бөлінетін-бөлінбейтіндігін есепке алу керек. Өйткені мұның өлең құрап тұрған жолдардың бірбірімен топтасып-ажырасатын межесін айқындауда айрықша мәні бар. Б.В.Томашевский өлең тармақтарының строфикалық (шумақты) және астрофикалық (шумақсыз) екі түрлі жолмен топтасуын сөз етсе73, Н.С.Поспелов субстрофикалық (шумақ элементі бар) құрылымды да қосу керектігін айтады74. Ал шумақ (строфа, строфика) деген не? Өлең құрылымына тән бұл категорияны әрқилы танушылық бар. Қазіргі орыс филологиясында шумақ құрайтын белгілер: ұйқас бірлестігі, тармақтардың белгілі бір тәртіппен орналасуы және шумақтың ритмика-интонациялық оқшаулығы болып табылады75. «Стро фа является одновременно законченным синтаксическим и тематическим целым: она заканчивается точкой и заключает в себе законченную мысль»76. Қазақ поэзиясын зерттеушілер де шумаққа бірдей анықтама берген емес. Проф. Қ.Жұмалиев негізгі белгі ретінде синтаксистік тұтастықты алатын сияқты: «Өлең сөйлемдеріндегі синтаксистік бір ойдың бітуін шумақ деп атайды»77 (Әрине, шумаққа берілген бұл анықтама тым келте, қарапайым). Шумақты жасайтын факторлардың бастысы ұйқас деп танығандықтан, кейбір зерттеушілер бір ұйқаспен қамтылған тармақтардың күллісін бір-ақ шумақ деп табады. Мы салы, Е.Ысмайылов Абайда 32 ұйқасты тармақтан құралған шумақ бар дегенді айтады78. Қазақ поэзиясын, оның ішінде 73 Томашевский Б.В.Строфика Пушкина // Пушкин. Исследования и материалы. - Т. ІІ. - М.-Л., 1958. - С. 51. 74 Поспелов Н.С. Синтаксический строй стихотворных произведений Пушкина. - М., 1960. - С. 38. 75 Томашевский Б.В.Стих и язык. - М., 1959. - С. 219. 76 Жирмунский В.М. Композиция лирических стихотворений // Ополз. - 1921. - С. 13-14. 77 Жұмалиев К Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960. - 159-6. 78 Исмаилов Е. Об особенностях поэтики Абая // Известия Каз ФАН СССР. - Серия языка и литературы. - 1945. - Вып. 2. - С. 37.
арнайы Абай өлеңдерінің де құрылысын зерттеуші проф. Б.Кенжебаев шумақ деп нені танитынын ашып айтпаса да, ұйқас тұтастығын негізгі меже етіп ұстайтындығы байқалады. Мысалы, Абайдын «Қарашада өмір тұр» деген шығармасын сегіз тармақты шумақтардан құралған деп тануына да, «Келдік талай жерге енді» деген өлеңін шумақтауында да ұйқас принципі негізге алынған79. Өлең синтаксисіне әдейі арнаған тарауында Т. Қордабаев та шумақ туралы пікір айтады, бірақ зерттеуші шумақ категориясын абзац немесе тирада категория сымен араластырғаны байқалады. «Шумақтың құрылысы алу ан түрлі: ол екі тармақты (өте аз), үш, төрт тармақты болып та, он, жиырма тармақты болып та келе береді. Кейде, әсіресе жыр толғауларында ешбір шумаққа бөлінбей, аяқталмай, біріне-бірі жалғасып кете беретін шумақсыз, яғни бір-ақ шумақ түрінде (курсив біздікі – Р. С.) келетін өлеңдер де болады»80 дегеніне қарағанда, автор өзіне-өзі қайшы келіп, шумақ деген терминді өз мәнінде қолданбағаны көрінеді. Өйткені бір өлең қалайынша әрі шумақсыз, әрі бір-ақ шумақты бола алады? Өлең не шумақты, не шумақсыз болуы керек қой. Қазақ филологиясында шумақты тануда толығырақ пікір айтқан – проф. З.Ахметов. Ол өлең жолдарының шумаққа бірігуіне негіз болатындар деп ұйқасты, интонацияны және мағыналық тұтастықты – үшеуін қоса атайды. Бір ұйқасқа құрылған тармақтардың тізбегі сол өлеңдегі келесі сондай тізбектерге сәйкес (ұқсас, аналогиялас) болатындығы (әрине, шумағы екіден асқан шығармаларда) белгілі бір заңдылықпен, тәртіппен келеді де, әр шумақты танытады, – дейді. З.Ахметов. Ұйқас шумақты танытатын бірден-бір белгі болмағанмен, оның мәні зор екенін айта келіп, шумақтың белгілі бір аяқталған ойды қамтитын синтаксистік құрылыс болуы шарт екенін көрсетеді. Орыс зерттеушілері (Л.Тимофеев, Б.Томашевский т.б.) назар аударғандай, қазақ өлеңдерінің шумақтарында да ритмиканың (ырғақтың) рөлі күшті екенін және айтады81. 79 Кенжебаев Б. Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы // Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954.- 102-103-б. 80 Қордабаев Т. Поэзиялық шығармалардың синтаксистік құрылысы //Тарихи синтаксис мәселелері. - Алматы, 1965. - 182-6. 81 Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 145-147.
Біз шумақты тануда соңғы зерттеушінің пікірін қуаттай отырып, лингвистикалық тұрғыдан айқындай түскіміз келеді. Ең алдымен, өлеңді шумақтарға бөлінген не бөлінбеген деп тану үшін, ұйқасты ғана негізге алу дұрыс емес. Қазақ өлеңдерінде, оның ішінде жырда, қатарынан келген бірнеше тармақ бір ғана ұйқасқа құрылған болады. Ал жыр – астрофикалық (шумақсыз) өлең түрі, яғни ондағы тармақтар қатаң тәртіппен (төрт-төрттен, алты-алтыдан, сегіз-сегізден т.т.) тізбектелмей, әр жерде әр санды (4-5 тен 20-ға дейін не одан да астам) болып топтасады, бірақ мұндада шумақтағыдай бірдей ұйқас және біршама аяқталған ой тұтастығы болады. Еске ала тын және бір жай – қазақ поэзиясында, әсіресе жыр түрінде көптеген тармақты бір ұйқаспен қамту – дәстүрлі кең тараған құбылыс екенін көптеген зерттеушілер атап өткен болатын82. Демек, шумақты танытатын бірден-бір белгі ұйқас болса, осындай тирадаларды да шумақ деп тануымыз керек болар еді. Абай өлеңдерін шумақтауда екі түрлі ерекше жайға көңіл аударуға тура келеді. Бірі: Абай өлеңдерінің көпшілігі – монорифмалық (жалғыз ұйқасты) шығармалар, олардың өзі екі түрлі. Кейбір шығармалары бастан-аяқ бір-ақ ұйқаспен жазылғанмен, жеке-жеке шумақтарға бөлінеді83. Мысалы, «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ», ішінара «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» (мұнда 1-шумақ бір ұйқаспен, келесі 8 шумақ тағы бір ұйқаспен, қалған 3 шумақ үш түрлі ұйқаспен құрылған), «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» т.б. өлеңдері төрт тармақты шумақтарға бөлінген. Демек, бір ұйқасты бо луына қарамастан, өлең жеке шумақтарға жіктелуі әбден мүмкін екені көрінеді. Бұл – бір. Екіншіден, Абайдың едәуір шығармасы әдеттегі төрт тармақты ааба ұйқасымен бастала ды да, әрі қарай екі тармақтың алғашқысы ұйқассыз қалдыры82 РадловВ. В. Образцы народной литературы..., - СПб., - Т. ІІІ. - С.XXІV. Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. - 1861. - С. 108; Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - 183-б.; Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 272-273. 83 Абай өлеңдерінің бұл ерекшелігін зерттеушілердің көбі (Е.Ысмайылов, С.Мұканов, Б.Кенжебаев, З.Ахметов т.б.) көрсеткен болатын.
лып, соңғысы алдыңғы тармақтардағы а ұйқасына құрылады, сөйтіп, өлеңнің аяғына дейін жалғыз ұйқас сақталады. Мысалы: 1. Қансонарда бүркітші шығады аңға, – а 2. Тастан түлкі табылар аңдығанға. – а 3. Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет, – б 4. Ыңғайлы ықшам кшм аңшы адамға. – а 5. Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, – 6. Сағадан сымпың қағып із шалғанда, – а 7. Бүркітші тау басында, қағушы ойда, – 8. Іздің бетін түзетіп аңдағанда... – а (І,22). Мұны зерттеуші З.Ахметов дәстүрлі он бір буынды ааба ұйқасты әрі қарай жалғастыру деп табады84. Өзге зерттеушілер (М.Хамраев, Рсалиев) ааба ұйқас суретімен басталып, әрі қарай жол аралап а ұйқасы қайталап келіп отыратын өлеңдерді шығыс поэзиясында өте ертеден бар газель өлеңдердің ұйқасы деп қарайды85. Ал газельді көптеген зерттеушілер бір тақырыпты (бір идеяны) ғана жырлайтын (о баста тек сүйген қызына байланысты көңіл күйін білдіретін) шағын өлең түрі деп табады. Газель өлеңдер – түркі халықтарының кейбіреулерінде (ұйғыр, өзбек, әзірбайжан, түрікмен, түрік) ертеден келе жатқан өлең түрі. Бұл жерде біздің мақсатымыз – ааба шумағымен басталып, әрі қарай ва, га, да болып кететін өлеңнің шығу төркіні, себебі емес (оны өлең шарттарын ар найы зерттейтін мамандардың үлесіне бердік), осы типтегі өлеңдердің Абайда бар екендігі және соның синтаксистік жағынан қалай құрастырылатындығы. Мұндай құрылысты өлеңдерге, біздің байқауымызша, ақынның 1957 жылғы толық жинағы бойынша 12 шығармасы жатады. Олардың ішінде 3.Ахметов көрсеткен 11 буындылардан «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» деген өлеңінен басқа, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Базарға қарап тұрсам, әркім барар», «Қыс», «Әуеде бір 84 Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 313. 85 Хамраев М. Основы тюркского стихосложения. - Алма-Ата, 1963. - С. 136-138. Рсалиев К.Қырғыз ырларының түзулушу. - Фрунзе, 1965. - С.164.
суық мұз ақыл зерек»деген туындылары бар86. Көңіл аудара тын жайдың бірі – мұндай құрылысты Абай жалғыз 11 бу ынды өлеңде емес, 7-8 буынды өлеңдерінде де пайдаланған. Бұған «Жақсылық ұзақ тұрмайды»87, «Орынсызды айтпаған» («Әбдірахманға»), «Қуанбаңдар жастыққа», «Ішім, өлген, сыртым сау» дегендер жатады. Бұл типте ұйқастырылған өлеңдердің ішінде екеуі тағы сәл ерекшеленеді. Бірі – «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». Өлең бір ұйқасты, 30 жолды. Бұл өлең ұйқасқа қарай өз ішінен тармақтарының топталуы жағынан төрт бөлікке белінеді: алғашқы 16 жолдың алғашқы төртеуі ааба болып кетеді, келесі топ алты жолды, ол да аабава ұйқасты, ал соңғы 8 жол – төрт-төрт тармақтан тұратын ааба ұйқасты екі бөлік88. «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» 86 Абайдағы өлеңнің бұл ұйқасты түрі туралы айтып келіп, акад. С.Мұқанов: «Абай 1882 жылы 37 жасындағы жазған «Аңшылық» деген («Қансонарда бүркітші шығады аңға») өлеңінен кейін ұйқастырудың бұл түрін доғарған», – дейді («Жарқын жұлдыздар», 336-6.). Біздің байқауымызша, бұл байлам аса дәл емес. «Әуелде бір суық мұз», «Қыс», «Базарға қарап тұрсам, әркім барар» өлеңдерін Абай 1886, 1888, 1889 жылдары жазған. Соған қарағанда, Абай бұл тәсілді ақындық«әлсіздеу» кезінде пайдаланып, буыны қатая келе тастап кетпеген болар. Ұлы ақынның ааба в а га... ұйқасын өзге өлшемде кейінгі жылдары жазылған шығармаларында да қолданғаны бұған тағы бір дәлел болатын тәрізді. 87 Бұл өлең ақын жинақтарының барлығында да 26 жолдық етіп беріліп келеді (1957 жылғы кітаптың 156-бетінде). Біздіңше, бұл жерде екі шығарма қатеден қосылып кеткен. Алғашқы 10 жол – ұйқас пен шумаққа бөлінуі жағынан өз алдына бір шығарма: бұл – бір ұйқасты, сөз етіп отырған ааба болып басталатын әрі қарай бір жолдан соң а ұйқасымен келетін өлең: Жақсылық ұзақ тұрмайды, Жамандық әр кез тозбайды, Үміттің аты елеріп, Қос тізгінді созбайды. Қос тепкіні салсаң да, Уайымнан озбайды. Бір қайғыны ойласаң, Жүз қайғыны қозғайды. Жер қорығыш желгек шал Желіп жүріп боздайды. Ал қалған 16 жол – аб абұйқасты, төрт тармақты 4 шумаққа бөлінетін өз алдына дербес туынды, рас, бұл мазмұны жағынан алғашқы 10 жолға жуықтау келеді: мұнда да «үрпейген жүрек», «қат-қабат кез келген қайғы» туралы философиялық толғау бар. Бірақ бір тақырыпты бірнеше шығармасында қозғау Абайға тән нәрсе екенін және де ақынның бір шығармасында әртүрлі құрылымды араластырмағандығын ескерсек, бұл 26 жолды екі шығарма деп тануымыз керек. 88 Ұйқасқа қарап өлең бөліктерін ажырату принципін графикалық жағынан көрсету (яғни арасын интервалмен басу) тенденциясы Абай кітаптарының қай-қайсысында да
деген шығарманың алғашқы екі бөлігі ааба ұйқасты, төрт тармақты (болып келеді де, қалған 10 тармағы сөз етіп отырған тәртіппен кетеді (жол аралатып а ұйқасына оралып отырады). Абай мұндай құрылысты тек осы 12 өлеңінде емес, ішінара (басқа шығармаларында да қолданады. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңі екі-ақ ұйқасқа құрылған: алғашқы 20 жол жоғарғыша ааба-мен басталып, жол аралаған а ұйқасты – бір топ, соңғы 16 жол – басқа бір ұйқасты, бірақ екі топ: оның 14 жолы тағы да алдыңғы топпен аналогиялас, соңғы 4 жолы ааба ұйқасты. Сөйтіп, ұйқасқан тармақтардың орналасу тәртібіне қарай біз талдап өткен құрылыстағы өлеңдерді қалай шумақтауға болады: ұйқас бір болғандықтан, тұтас өлең бір-ақ шумақ па (ол мүмкін емес екенін бір ұйқасты, бірақ төрт тармақты шумақтарға құралған өлеңдердің барлығы көрсетеді), әлде ааба болып келетін төрт жолы – бір шумақ та, өлеңнің қалған бөлігі – бір шумақ па, жоқ, болмаса, қалған бөлігі екі-екі жолдан бір шумақ болып келе ме? Бұл жерде шумақ құрайтын белгілердің ұйқастан басқаларына – тармақтардың синтаксистік құралымы (оформлениесі) мен интонациялық тұтастығына және тармақтардың белгілі тәртіппен (циклмен) топтасуына – жүгінуге тура келеді. Шумақ ұйқас бірлігімен қатар «синтаксистік және тақырыптық тұтастықты» (В.М.Жирмунский) танытатын бол са және «шумақ болу үшін өлең жолдарының көбі не азы шарт емес»89 болса, әрбір шумақтың соңы синтаксистік құрылыс байқалады. Бірақ әрдайым дұрыс шыға бермеген. Мысалы, 1957 жылғы екі томдықта осы өлең («Қалың елім...») тармақтары дұрыс топтастырылған. Сондай-ақ «Базарға қарап тұрсам, әркім барар» (І, 43) деген өлеңнің алғашқы 4 жолы бөлек шығарылған да, қалғандары тұтас (қатар) басылған. Ал осы типтес өзге шығармалардың графикалық берілуі әрқилы: «Әуелде бір суық мұз акыл зерек» (12 жолды) үш бөлек етіп көрсетіліпті, «Қыс» бастан-аяқ тұтас тіркеліпті. 7-8 буынды үш өлең де терме тәртібімен жазылыпты. Дұрысында, бұлардың барлығында да алғашқы төрт жолды бір бөліп тастап, қалғандарын тұтас беру немесе бәрін де тұтас басу керек еді. Бұл сияқты пәлендей мәні жоқ сияқты түзетулер ұлы ақын мұрасының келесі басылуларында (әсіресе ғылыми, мүмкін тіпті академиялық басылымында) еске алынуы керек қой дейміз, өйткені оның жалпы кітап, баспа мәдениеті үшін ғана емес, өлең структурасын оқушы жұртшылыққа дұрыс таныту – ақын стилін, ерекшелігін көрсете отыру үшін де маңызы бар. 89 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960. - 154-6.
жағынан айтарлықтай тиянақталып тұратын болса90, Абайдың біз талдап отырған өлеңдерінде ұйқасы жағынан ааба суретті бірінші топты бір шумақ етіп бөліп тастауға болатындай көрінеді. Бұлардың 11 буындысында әдетте 1,2-тармақтары па раллель жеке сөйлемдер, ал 3, 4-тармақтары құрмалас немесе жайылма бір жай сөйлем болып келеді. Синтаксистік құрылысы жағынан кейінгі жалғасып кететін тармақтар көбіне екі-екіден топтасады да, екеуі бір ғана сөйлем құрайды: Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, Сағадан сымпың қағып із шалғанда. Бүркітші тау басында, қағушы ойда, Іздің бетін түзетіп аңдағанда (І, 22). Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім? Адамның бір қызығы бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім (І, 25) Қатарынан тұрған мына тармақтарда, мазмұны жағынан да, синтаксистік құрылысы жағынан да екі-екіден ажыратылады: Дем алысы үскірік, аяз бен қар91, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар Беті-қолы домбығып үсік шалды... (І, 74) 90 Томашевский Б.В.Строфика Пушкина. 56-6. 91 Бұл тұстағы мысалдарды өлеңнің 5-жолынан бастап алып отырмыз. Алғашқы төртжолын ааба ұйқасты бір «шумақ» деп бөліп тастадық.
7-8 буынды «Қуанбаңдар жастыққа» деген өлеңде де алғашқы
ааба суретті төрт жолдан кейінгі жолдар екі-екіден жұпталып,
көбінесе бірыңғай (параллель) мазмұнды әрі біркелкі құралған
(баяндауышы ІІ жақтағы бұйрық райлы етістіктен жасалған)
жайылма жай жеке сөйлемдер болып келеді:
Құрбыңның қызық дегенін92
Сөз екен деп аптықпа.
Адалдан тапқан тиынды
Сал да сақта қапшыққа... (І, 240).
Және бұлар ырғағы жағынан да бір-бірінен айқын ажырап
тұрады. Бұлайша ритмикалық бөлек-бөлек топ құрауларына әр
екі тармақтың келесі тармақтармен синтаксистік параллельдер
жасайтындығы бірден-бір рөл атқарады. Мұндағы синтаксистік
бірыңғайлықтың күштілігі сондай, сөйлемнің белгілі бір
мүшесі (көбінесе баяндауышы) бір түрлі тұлғамен беріледі де,
оның өзі монорифма құрайды. Мысалы, «Әбдірахманға» деген
өлеңнің 7-8-жолдарынан бастап:
Өмір бойы талпынып,
Ғылым іздеп, жатпаған.
Түрленіп «төре болдым» деп,
Есерленіп шатпаған.
Жүз мың теңге келсе де,
Махаббатын сатпаған.
Жүйріктікпен шалқымай,
Тура сөзді жақтаған...(І, 185).
Осындай ритмика-синтаксистік оқшаулықтарына қарап,
бұл типтес өлеңдерді 5-6-жолдарынан бастап екі тармақты
шумаққа бөлуге болар ма еді? Біздіңше, болмайды. Ең алдымен,
бұл шығармаларда ритмика-синтаксистік тұтастық әрдайым
тек екі жолды ғана қамтып отырмайтынын байқаймыз. Кейде
(әрине, бұл екі жолдан топтасуға қарағанда әлдеқайда сирек
теу) төрт жол (әңгіме 5-6-жолдардан бастап) синтаксистік бір
тұтастық болып та келеді:
Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.
92 Бұл да сондай.
Көре тұра қалады қашқан түлкі, Құтылмасын білген соң құр қашқанға (І, 22). Барып келсе, Ертістің суын татып, Беріп келсе, бір арыз бұтып-шатып, Елді алып, Еділді алып есіреді, Ісіп-кеуіп қабарып келе жатып (І, 32). Мына тәрізді жолдарда да синтаксистік байланыс әлдеқайда тығыз: Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек (І, 97). Мұнда 3-жолдағы тәуелдік жалғауындағы біреуінің сөзі, 4-жолдағы үшеуінің сөздері алдыңғы жолдардағы бірыңғай мүшелерге қатысты, соларды жинақтайды да, соңғы екі тармақты әрі мазмұны, әрі грамматикалық байланысы жағынан алдыңғылармен топтастырады. Демек, тематикалық әрі синтаксистік тұтастығына қарап, бұндайларды өз алдына шумақ етіп шығаруға бола ма? Біздіңше, бұлардың біршама тиянақталып отыратын екі тармақтысын да, соңғы көрсеткендей, тұтас ойды білдіретін төрт тармақтысын да өз алдына шумақ деп бөлуге болмайды. Шумақтарды біз де, Б.В.Томашевский көрсеткендей, тармақтардың әлдеқайда молдау (үлкендеу) тобы деп білеміз93. Әдетте, жалғыз қазақ өлеңі емес, басқа тілдер поэзиясында да өлең жолдары екіекіден жұптасып келеді, демек, бұл жерде де шумаққа тән цикл тәртібі байқалады, бірақ бұл тәртіп шумақ жасау қажеттігінен тумай, өлең құрау (ұйқастыру) заңына байланысты өзінен-өзі (Б.В.Томашевскийше, автоматически) пайда болатындықтан, мұндай екі тармақ шумақ құрай алмайды. Қазақтың бір ауыз (бір шумақ) қара өлеңдерінде тематика-грамматикалық жағынан соңғы екі тармақ алғашқы екеуінен мүлде алшақ жа тады: тақырып жағынан алдыңғы екеуі айтар ойға көп қатысы жоқ «бірдеңелер» жайында, негізгі поэтикалық ой соңғы 93 Өзге туыстас тілдерде екі тармақтан тұратын шумақтардың бар екендігін білдірген зерттеушілермен (Қ.Рсалиев, М.Хамраев) айтыспаймыз. Біз, қазақ, тіпті дәлірек айтсақ, Абай поэзиясында екі тармақты шумақтың жоқтығын білдіреміз.
екеуінде және ол екеуі көбінесе бір ғана сөйлем болып келетіні мәлім. Бұған қарап бұл төрт тармақ жеке-жеке екі шумаққа бөлінбейді, бір ғана шумақ жасайды. Поэзияның шумаққа бөлінбей, тирадаларға топталатын жыр түрінде де тармақтар ұйқас жағынан да, синтаксистік құралымы жағынан да жұптасып тұрады, бірақ олар да шумақ номенклатурасына кірмейді. Шумақ құрайтын шарттардың бірі – өлең жолдарының топ тасу тәртібінде қатаң сақталатын біркелкілік (цикличность, последовательность в расположении стихов), яғни бір өлең шумақтарға бөлінетін болса, сол өлең бойындағы шумақтардың бәрі тармақ саны жағынан да, ұйқасу суреті жағынан да бірбіріне аналогиялас болуы шарт. Мысалы, Абайдың төрт жолды шумақтарға бөлінетін өлеңдерінің, атақты «Сегіз аяғының», алты тармақты шумақтарға бөліп жазған «Қор болды жаным» сияқты өлеңдерінің әр шумағы өздеріне сай келіп отыра ды: «Сегіз аяқтың» бір шумағы сегіз, екіншісі төрт, үшіншісі алты тармақты емес, бастан-аяқ бәрі де – сегіз тармақты, ара лас буынды, аабввбгг ұйқасты тармақтар. Осы себептен, бір өлеңнің бірінші шумағы төрт тармақтан, келесі шумағы екі не месе 48 тармақтан («Қансонарда» өлеңінде) құралуы мүмкін емес. Интонациялық тұтастығына келсек те, алғашқы төрт жол дауыс ырғағы жағынан бір бөлек болып айтылса да, әрі қарай 48 тармақ өлеңнің 5-жолынан бастап, интонациялық бір период құрап тұрады деу мүмкін емес. Керісінше, бұл 48 тармақтың әрбір жұбынан кейін (5-6; 7-8...) дауыс ырғағы біршама тыныстап отырады, бұған сол екі тармақтағы ойдың синтаксистік жағынан аяқталып отыруы да үлкен себепкер болады. Бірақ интонациялық бұл оқшаулық әрбір екі жолды шумақ етіп бөліп шығара алмайды, өйткені өлең ырғағының әр екі жолдан кейін біршама тыныстауы жалғыз «Қансонарда» типтес шығармаларда емес, төрттармақты, ааба ұйқасты қара өлеңдер де болады94. Сондықтан Абайдың біз талдап өткен бір топ шығармасы тармақтарының топтасуы жағынан ерек ше құрылған өлеңдер болып табылады. Бұларда шумақталу тенденциясы да бар: ааба ұйқасты бірінші төрт тармақ – бір 94 Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 146.
шумақ, кейде алдыңғы 8 жол – екі шумақ, кейде соңғы жолдар – бір шумақ («Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы»-да) тәрізді болып келеді. Сондай-ақ бұларда шумаққа бөлінбеушілік (астрофика) тенденциясы да бар: екі-екіден (кейде төрттен) жұпталатын кейінгі тармақтарды біз өз алдына тұтас бір шумақ деп те немесе екі жолдан (кейде төрт жолдан) құралған бірнеше шумақ деп те таппаймыз. Бұл типтес 12 өлеңді астрофикалық өлеңдердің ерекше түріне жатқызамыз. Мүмкін, тіпті субстрофикалық (шумақ элементі бар) деуге болар ма еді? Әрине, орыс өлең теориясында аталып жүрген субстрофикалық шығарма дегендердің бұдан айырмашылығы бар. Ең алды мен, А.С.Пушкиндегі субстрофикалық деп табылған шығарма – қысқа лирикалық өлеңдер емес, «Полтава» сияқты поэма, онда да астрофикалық ұзақ периодтың өз ішінде строфика элементтері қосылып отырған95. Мысалы, «Медный всадник» С.Б.Рудаковтың талдауы бойынша, 15 периодтан құралса, әр периодтың өз ішінде (басында не аяғында) төрт және екі тармақты строфика элементтері бар көрінеді96. Абайдағы өлең шумақтаудың бұл тәсілін тек өзіне ғана тән, өзі шығарған ерекшелік деуге болмайды. О баста қайдан келсе де (мұны түркі поэзиясына араб-парсы өлеңінің әсерімен келген газельдік ұйқас деп танушылар бар екенін жоғарыда айттық), өлең ұйқастырудың бұл түрі қазақ поэзиясында кең етек жайған, үйреншікті тәсіл болғанын көреміз. Мұндай өлеңдерді XІX ғасырда өмір сүрген Абайға дейінгі, оны мен тұстас ақындардың барлығынан да кездестіреміз. Және мұсылманша хат таныған, яғни шығыс әдебиетінің дәстүрін өз бетімен игере алатын қаламгерлер ғана емес, өлеңді төкпе түрде (импровизациялап) айтқан, кейде мұсылманша сауаты жоқ ақындарда да қолданылғандығын ескерсек, бұл амалдың қазақ өлеңі техникасына әбден сіңген (немесе әуелден өзінде дамыған) кәнігі тәсіл деп тануға тура келеді. Мысалы, Шөже ақында (1808-1895): Дәуеке, осынша не қылды бейлің қашып ? – а Арқада жатыр едім мойным қашық – а 95 Поспелов Н.С. Синтаксический строй стихотворных произведений Пушкина. - М., 1960. - С. 36-38. 96 Сонда. 40-б.
Атағың Алатаудай болғаннан соң, – б Құмар боп келіп едім болып ашық – а Бір тоғыз сіз бен бізге лайық емес, – Құрғақ кетіп қаламын амандасып. – а Арғы атаң қыдыр болған Дулат қожа, – Даңқыңа Дәукем деген келдім тасып. – а Бергенің бір сөзіме татымайды, – Қалды ғой көңіл шіркін жаман жасып97. – а Шернияз Жарылғасұлында (1817-1881) оның Баймағамбет сұлтанға айтқаны дегеннің көп жері осы тәсілмен құрылған. Ақан серіде (1843-1913): Тартылып қай жараға ем болмадық? – а Қалайша патшамызға дем болмадық, – а Орыс, ноғай, сарт-сауан сәудегерге – а Қалайша малмен, жермен тең болмадық? – а Сексен бес жыл болыпты бодандыққа,
– а Қайырсыз патшамызға ел болмадық
– а Құр мен қоян секілді алуға оңай,
– Қай жұртқа аңқаулықпен жем болмадық? – а Өлең жолдарын бұлайша топтастыруды көптеген ақындардан (Базар Өтемісов – 1842-1911; Шәңгерей Бөкеев – 18471921; Алмажан Азаматқызы – XІX ғасырдың І жартысы; Сүйінбай Аронұлы – 1827-1896 т.б.), Біржан мен Сара айтысы нан т.б. көре аламыз. Дегенмен Абай мен бұл аталған ақындардың өлеңді бұлайша құруында айырмашылық бар. Аталған ақындар бұл тәсілді көбінесе тұтас бір шығармаға қолданбайды, өлеңнің бір бөлегін ғана осылайша құрады және онша көп тармақтарды қамтымайды. Ал Абай бұл тәсілді негізінен тұтас бір шығармасына қолданады, бұлайша құрылған тармақ жолдары Абайда 10-12-ден 52-ге дейін барады. Өзге ақындарда бұл тәсіл көбінесе 11 буынды өлеңдерге қолданылған болса, Абай оны 7– 8 буынды өлең түріне де шебер қолданады. 97 Осы жерде және әрі қарай XVІІІ-XІX ғасырларда өмір сүрген қазақ ақындарынан алынған мысалдар «XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ ақындарынын шығармалары» (Алматы, 1962) атты жинақтан келтірілді.
* * *
Сөйтіп, Абай өлендері тармақтарды топтастыру жағынан
екі түрлі болып келеді: шумақтарға бөлінетін немесе шумақты
(строфикалық), шумақтарға бөлінбейтін немесе шумақсыз
(астрофикалық) өлеңдер.
Сонымен, жалпы шумақты тануда бірді-екілі меже аздық
етеді. Белгілі бір тармақтар тобын бір шумақ деп тану үшін
олардағы ұйқастың бірдейлігін негізгі принцип етуге бол
майды. Бұл принцип әрбір шумақ жеке-жеке әр түрлі ұйқасқа
құрылған күнде ғана біршама кәдеге асар еді. Ал қазақ поэзия-
сында, әсіресе Абайда, көптеген өлеңдер тұтасымен неме
се оның үлкен бөліктері монорифмалық (бір ұйқасты) болып
келеді. Және ондай өлеңдер өз ішінен шумақтарға бөлінген
болып та келеді, шумақсыз жыр ағымымен жазылған болып
та келеді, тіпті аралас та (бірінші төрт жолы шумақ тәрізді,
қалғандары шумақсыз «газель өлеңдер») болып келеді. Демек,
бұларда негізгі меже ұйқас бірлігі емес. Бірақ ұйқас бірлігі
деген белгі принципінде дұрыс, яғни шумаққа топталған
тармақтарды белгілі бір ұйқас біріктіреді (мейлі ол ұйқас
келесі тармақтарда қайталансын-қайталанбасын). Бұл ретте,
сөз жоқ, ұйқасты шумақ құрайтын элементтердің бірі деп та
нуымыз қажет.
Екінші меже – тақырыптың ой тұтастығы (бірлігі) болса,
бұл жерде қазақ поэзиясына қатысты ескертулер айтуға тура
келеді. Ең алдымен, тақырыптық-синтаксистік бірлік принципі
қазақ поэзиясындағы күллі шумақ атаулыға түгел жатпайды.
Абайға дейінгі поэзияда – ауыз әдебиеті үлгілерінде де, жеке
ақындар мұрасында да – әсіресе 11 буынды қара өлеңдерде
шумаққа топталған тармақтардың тақырыптық-синтаксистік
тұтастығы әрдайым сақталмайды. Атап айтсақ, кейде бір шумақ
құрап тұрған төрт жолдың алдыңғы екеуі негізгі айтылмақ
поэтикалық ойға тікелей қатысы жоқ тақырыптағы жеке
сөйлемдер болып келетіні мәлім. Демек, мұндай шумақтарға
тақырыптық-синтаксистік тұтастық (бірлік) принципін негізгі
шарттардың бірі етіп қоюға болмайды, олар бұл бірліксіз-ақ
шумақ бола алады.
Құланның жаста көрдім шоқырағын,
Қайыңның жолда көрдім жапырағын.
Сен қалған отыз ұлдан едің Зәуреш,
Бір уыс бұйырмады топырағың, –
(Халық өлеңі)
дегенде, отыз ұлдан қалған Зәурешін атап, оның топырағы
бұйырмағанын айтқан ой мен құлан, қайың туралы айтылған
ойдың арасында ешқандай логикалық бірлік жоқ, яғни
тақырыптық тұтастық жоқ, керісінше, бұл шумақта үш тақырып
бөлек-бөлек танылады, соған қарамастан, бұл – шумақ. Мұны
шумақ етіп тұрған ритмика-интонациялық бірлік пен өлшем
бірдейлігі және ұйқас суреті.
Бұл анықтамадағы шумақты тек ауыз әдебиетінен емес,
тіпті өткендегі ақындардың көпшілігінен табамыз. Әсіресе, ай
тыс жанрында бұл – система. Демек, белгілі бір даму сатысын
да 11 буынды өлең шумағын құру принципінде ырғақ, ұйқас
және өлшем бірдейлігі негізгі белгі болған. Кейінгі дәуірлерде,
тіпті Абайдан көп бұрында бұған ой-мазмұн (тақырып) бірлігі
қосылған. Өйткені ой (мазмұн) тұтастығы жағынан төрт
тармақты түгел қамтитын шумақтар ауыз әдебиеті үлгілерінде
де, Абайдан өзге жеке ақындарда да көп кездеседі. Абайдың
еңбегі – негізгі тақырыпқа жанаспайтын тармақтары жоқ
шумақты өзі шығарғандығында емес (өйткені оны Абай
шығарған жоқ!), бұл сипаттағы шумақты осы категорияға тән
принцип етіп ұсынуында, яғни норма етіп орнықтыруында.
Абай үшін шумақ – ритмика-интонацияның да, ұйқас пен
өлшемнің де және тақырып пен синтаксистік құрылымның да
тұтастығы, бірлігі; егер алдыңғы шарттар болғанмен, логи-
калық ой байланысы, тақырып бірлігі болмаса, ондай тармақ-
тарды Абай шумақ етіп тұтастырмайды, бір тақырып бір
шумақта аяқталып отырады.
Абай өлеңдеріндегі және қазіргі поэзиядағы шумақ катего
риясына қойылатын шартта оның ритмикалық-интонациялық
құрылым жағынан тұйықталған біртұтас дүние болуымен
қатар, синтаксисі және тақырыбы жағынан да тұйықталған,
дербес дүние болуы міндетті саналады. Сонымен қатар өлеңді
шумақтауға осылардың бәрінің үстінен койылатын ең ба
сты шарт – шумақталған тармақтар санының қатаң түрдегі
біркелкілігі; өлең шумақты болып табылуы үшін ондағы
шумақтар ырғағы мен өлшемі жағынан бастан-аяқ бірдей
болуы шарт. Ол бірдейлік болмаса, өлең шумақталған бо
лып есептелінбейді, өйткені ұйқас, өлшем және тақырып пен
синтаксистік құрылыс бірлігі шумаққа ғана емес, тирадаларға
топталған тармақтарда да болады. Соңғылар да көбінесе бір
ұйқасқа құрылады, тармақтардың буын саны біркелкі болады,
бұнда да тармақтар синтаксистік күрделі тұтастыққа бірігіп,
бір тақырыпты қамтиды, бұл жағынан шумақ пен шумақ емес
топ (тирада немесе өлең шоғыры) бір-біріне өте жуық келеді,
айырмашылығы: шумақты өлеңдерде тармақтардың топта
луы бастан-аяқ біркелкі (төрттен, алтыдан, сегізден т.т.) бол
са, шумақсыз өлеңдерде топталған тармақтар санында мұндай
қатаң біркелкілік болмайды. Сондықтан кейбір зерттеушілердің
«шумақ» деген терминмен жалпы тармақтар тобын атау
ын дұрыс деп таппаймыз (терминдерді өз мағынасында, бір
мағынада қолданған абзал ғой).
Демек, Абай шумақтарын тануда негізгі белгі ұйқас емес,
керісінше, Абайда ұйқас тұтастығының рөлі шумақтан гөрі,
тирадалар құрауда күшті сезіледі. Абай шумақтары ритмика-
интонациялық единица болумен қатар, мазмұны біртұтас
синтаксистік те единица болуды негізгі шарт етіп ұстайды.
Сондықтан да Абай қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған
шумақтар түрін жасаған, жаңа түрдегі шумақтарды ұйым-
дастыруда Абай осы принциптерді қатаң ұстаған, яғни бұл
принциптер Абайға буын саны жағынан да, ұйқас суреті
жағынан да алуан түрлі шумақтар жасауға мүмкіндік берген.
Абайда шумақталуға біртабан жақын құрылған өлеңдер
де бар, бірақ көп емес. Мысалы, «Сап, сап, көңілім...» өлеңі
тармақ саны жағынан бірдей шумақтардан құрылған деуге бол
майды, дегенмен ұйқас тұтастығы, грамматикалық және тема
тикалык дербестігі жағынан бұл өлең 5 бөлікке бөлінеді. Тіпті
әрбір бөліктің «Сап, сап, көңілім, сап, көңілім» деген жолдан
басталып анафоралық рөл атқаруы бұл өлеңді шумақтауға
итермелейді. Дегенмен 7 буынды аралатпа ұйқас пен – жыр
ағымымен – жазылған бұл өлең тармақтары бірде азырақ, бірде
көбіректен топтасып, шумақ шарты түгел сақталғандардың
қатарына қосыла алмай тұр. Дәл осындай жайт «Келдік талай
жерге енді» өлеңінің де басында бар. Мұнда бір ұйқас бастан-
аяқ келіп, өлеңді жеке-жеке синтаксистік единицаларға бөледі,
бірақ бұл бөлістегі тармақ саны әрқилы: бірде 2, бірде 3, бірде
4 (көбінесе 4):
1. Келдік талай жерге енді,
Кіруге-ақ қалдық көрге енді. 2. Қызыл тілім буынсыз,
Сөзімде жаз бар шыбынсыз.
Тыңдаушымды ұғымсыз
Қылып Тәңірім берген-ді... (І, 117).
Өлеңнің өн бойына алынған бір ұйқас осылайша 2-3-4 жол
ды қосақтап алып, бір сөйлемге ұйымдастырады, ал тармақ
санының көп-аз болуы айтпақ ойға байланысты. Сондықтан
бұл өлең де строфикалық типке жуық тұрғандардың қатарына
қосылады.
КҮРДЕЛІ СИНТАКСИСТІК ТҰТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ Жоғарыда айттық, шумақты құрайтын шарт – поэтикалық ойдың, интонацияның және синтаксистік құралымның тұтастығы. Ал соңғы тұтастық күрделі синтаксистік едини ца арқылы жүзеге асады. «Күрделі синтаксистік тұтастық»98 дегеннің өзі не? Орыс лингвистикасында көбінесе «слож ное синтаксическое целое» деп аталып жүрген бұл катего рия көптен назар аударып келеді: Әр маман әрқилы, мыса лы, М.В.Ломоносов «период» деп, А.А.Потебня «речь» деп, А.М.Пешковский «сложное целое» деп, В.В.Виноградов «слож ное синтаксическое целое» немесе «высказывание» деп атаған бұл құбылыс, сөз жоқ, тіл табиғатында, оның ішінде поэзия тілінде де орын алады. Бұл жөнінде бұрынды-соңды пікірлерді жинақтап, нақтылы фактілерді талдай отырып, біршама айқын анықтама берген – Н.С.Поспелов. Ол: күрделі синтаксистік тұтастық жеке сөйлемге қарағанда, автордың аяқталған жеке бір ойын білдіретін әлдеқайда үлкендеу синтаксистік ав тономия (дербес единица) болып табылады дейді және ол әрқилы амал-тәсілдермен өзара байланысқан сөйлемдер то бынан тұрады дегенді айтады99. Әдетте, белгілі бір айтылған ой жазушының тұтасқан сөзі (связная речь) екені мәлім. Ал тұтас текстің құрылымын синтаксистік жағынан талдағанда, әрбір жеке сөйлемді алып, соларға қарай талдамай, айтылған ойға (высказываниеге) қарай анализ жасау қажеттігін100 біз де құптаймыз. 98 Бұл категория қазақ тіл білімінде әлі күнге дейін жан-жақты сөз болмай келеді. Оның белгілері, табиғаты тұтастыққа енген компоненттердің бірігу амалдары, ол амалдардың прозадағы түрі мен поэзиядағы түрлерінін айырмашылығы деген тәрізді жайттар зерттелген емес. Жоғарыда көрсетілген, өлең синтаксисін сөз еткен жұмысында Т.Қордабаев бұл категорияны тұңғыш рет атайды, әрине, бұл мақалада да, біздің осы жұмысымызда да бұл категория толық талданды деу мүмкін емес. Сондықтан бұған тіл мамандарының назарын аударамыз. Әзірге біз грамматикалық бұл категориясын қазақша «күрделі синтаксистік тұтастық» деп атадық. Т.Қордабаев «синтаксистік күрделі бірлік» деп атапты. Шынында, бұл өзі синтаксистік тұтас дүние (немесе бірлік), оның үстіне күрделі. 99 Поспелов Н.С. Проблема сложного синтаксического целого в современном русском языке // Ученые записки МГУ. - Вып, 137 (Труды кафедры рус.яз.). - Кн. 2. - М., 1948. - С.41. 100 Поспелов Н. С. Сложное синтаксическое целое и особенности его структуры// Доклады и сообщенная института русского языка. - Вып. 2. - М.-Л., 1948. - С. 62.
Мұндай күрделі синтаксистік тұтастықтар прозада да, по
эзияда да болады. Дегенмен ол өлеңде сөйлемдердің бір-бірі-
мен органикалық түрде әлдеқайда тығыз байланыстығына
орай, поэзия тіліне, оның ішінде әсіресе, строфикалық
өлеңдерге көбірек тән категория болып табылады. Мысалы,
көбінесе әрбір шумақ бір-бір күрделі синтаксистік тұтастықты
қамтиды:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі,
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі (І, 122).
Мұнда поэтикалық ой тұтас, біреу: жазғытұрғы табиғат-
тіршілік сипаты, ал жеке сөйлемдер үшеу, үшеуі бірігіп
синтаксистік күрделі единица құрап тұр.
«Сегіз аяқта» ақын көбінесе үш жеке сөйлемнен топтас-
қан, сегіз тармақтан құралған бір шумақты бір күрделі синтак-
систік единица етіп ұйымдастырады: 1. Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл.
2. Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң
Бола ма дәулет, нәсіп бұл?
3. Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей (І, 89).
Бұл – автордың ұзақ толғану үстіндегі еңбек туралы бірша-
ма тұйықталған ойы. Жеке сөйлемге қарағанда, тіпті құрмалас
жеке бір сөйлемге қарағанда, мұнда ой да әлдеқайда күрделі,
шумақтың синтаксистік құрылымы да әлдеқайда жіктеле
түседі (более расчленимо), сондықтан күрделену сипаты да
өзгешелеу.
Күрделі синтаксистік тұтастық – сөйлемдердің жай ғана
бір шумаққа топтала салу нәтижесі емес. Н.С.Поспеловтің
пікірі бойынша, орыс тілінде синтаксистік тұтастыққа ен
ген сөйлемдердің белгілі бір топтасу тәсілдері бар, олар:
жалғаулық шылаулар арқылы; жалғаулықсыз байланысудың
кейбір тәсілдері арқылы топтасу; бір мүшелі сөйлемдердің
екі мүшелімен тіркесіп келуі (сочетание двучленных и одноч ленных предложений), баяндауыштардың вид, шақ жағынан әртүрлі болып келуі т.т. Қазақ поэзиясында сөйлемдерді күрделі синтаксистік тұтастыққа топтастыратын тәсілдердің бірқатары орыс тіліндегімен сай түссе, бірсыпырасы өзгеше болып келеді. Олардың басты-бастылары, біздіңше, мынадай: 1. Басқа тілдердегідей, біртектес параллель сөйлемдердің қатарласа келуі, В.М.Жирмунскийдің тілімен айтсақ, «салғастырылған сөйлемдер тобы»101 синтаксистік тұтастық құрайды. Мысалы: Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ еткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек (І, 26). Мұнда бірінші тармақтың өзі параллель үш сөйлемнен құрылған, ал шумақтың өзі алты сөйлемнен тұрады, олардың барлығы да мазмұны жағынан да, құралымы жағынан да (баяндауыштарының -мақ жұрнақты етістік тұлғасымен келуі) біртектес, бұларды топтастырып тұрған да – осы біртектестік, параллельдік. Төрт тармақты шумақ бір күрделі синтаксистік тұтастық құрап тұрғанда, ондағы жолдардың бәрі бірдей бір-бір сөйлем болуы – шарт емес, мұнда көбінесе алғашқы екі жол – парал лель екі сөйлем, соңғы екеуі – бір-ақ сөйлем болып келуі де мүмкін: 1. Алашқа іші жау боп, сырты күлмек, 2. Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек, 3. Бір-екі жолы болған кісі көрсе, 4. Құдай сүйіп жаратқан осы демек (І, 27). Мұндай параллель сөйлемдердің бір тұтастыққа топта суы 11 буынды, 4 тармақты өлеңдерде ғана емес, өлшемі мен шумақталуы жағынан әр алуан өлеңдердің қай-қайсысында да бар. Мысалы: 1. Жастықтың оты жалындап, Жас жүректе жанған шақ. 101 Жирмунский В. М. Композиция лирических стихотворений. - С. 20.
2. Талаптың оты арындап,
Әр қиынға салған шақ (І, 133).
Немесе:
1. Тайға міндік, 2. Тойға шаптық,
Жақсы киім киініп. 1. Үкі тақтық, 2. Күлкі бақтық,
Жоқ немеге сүйініп, 1. Күйкентай күтті – 2. Құс етті 3. Не бітті? (І, 129).
Мұндағы параллелизмдердің барлығы да құралымы жағы-
нан келгенде, сөйлемдердің біркелкілігінен пайда болып тұр,
яғни параллелизм сөйлем мүшелерінің саны мен олардың
тұлғаларының бірыңғайлылығынан туып тұр. Бұларда әсіресе
баяндауыштар біркелкі: жантақ шақ– салтаң шақ; күлмек–
өкірмек – осы демек; міндік – шаптық, тақтық ~ бактық;
күтті– құс етті – не бітті т.т. Параллель сөйлемдерді шумақ
аясындағы синтаксистік тұтастыққа ұйымдастыратын басты
элемент – олардың өзара мағыналық жақындығы, яғни ой (объ
ект) ортақтығы. Мысалы:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең (І, 69), –
деген шумақтағы төрт жеке сөйлемді синтаксистік бір тұтас
етіп біріктіріп тұрған– әңгіменің объектісінің, тақырыбының
ортақтығы, ол объект – өлең (бұл ортақтық алдыңғы үш жол
сайын өлең сөзінің біреуінде бастауыш, біреулерінде тұрлаусыз
мүшелер болып қайталап келіп отыруы арқылы қазықтала
түскен).
Параллель сөйлемдерде мағына жақындығы біркелкілікке
байланысты болады, сондықтан олардың сыртқы (грамма-
тикалық) құралымында да параллельдік элементтер болады.
Мысалы, «Жазғытұры қалмайды қыстың сызы» деген өлең-
нің көптеген шумақтарының 1-2-жолдары параллель жеке
сөйлемдерден құрылған:
Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (І, 22), – дегендегі жолдар – әрқайсысының өз бастауыш, баяндауыш тары бөлек жеке сөйлемдер, бұларды параллель етіп тұрған – логикалық ой желісінің жақындығы мен грамматикалық сәйкестігі (грамматическое тождество): екі сөйлемнің екеуінде де баяндауышта шақ категориясына бейтарап, үнемі бо лып түратын іс-әрекетті білдіретін тұлғалармен (-ар, -ады) берілген. Үздіксіз болып жататын іс-әрекетті білдіру функци ясын келер шақ есімшенің -ар жұрнағы мен ауыспалы шақ жа сайтын -ады аффикстері қосындысы қатар атқара береді, бұл функция әсіресе мақал-мәтелдерде өте-мөте айқын сезіледі. Ал Абай тілінде -ар мен -ады қосымшаларының осы қызметі және олардың дублеттілігі туралы кең айтылып, дәлелденген болатын102. Параллельдікті құрайтын амалдар әр алуан. Мысалы, мына жолдардың параллельдігі бірінде баяндауыш тұлғасының бірдейлігі, екіншісінде субъектілердің біркелкісі, үшіншісінде бір сөздің екеуінде де қайталап келуі т.б. арқылы берілген. Жазға жақсы киінер қыз-келіншек, Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек (І, 122). Бұл жолдарды параллель етіп жақындастырып тұрған – әрине, тек қана баяндауыш тұлғасының бірдейлігі емес, мұнда, сөз жоқ, логикалық ой жақындығы бар: екеуінде де жазда болатын көрініс суреттелген, егер 1-сөйлемде жазда сөзі келтірілген болса, екіншісінде гүл-бәйшешектің жер бетіне өң беруі жаз маусымында болатындығы өзінен-өзі түсінікті. Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер, Диханшылар жер жыртып, егін егер,– дегенде субъектілер біртектес: әңгіме белгілі бір кәсіп иелері туралы. Қара тастан басқаның бәрі жадырап, Бір сараңнан басқаның бейлі енер,– дегенде автор басқаның деген сөзді екі сөйлемде де қайталап келтіру арқылы ол сөйлемдерді параллель етіп берген. 102 Сыздықова Р.Абай шығармаларындағы -ар тұлғалы есімшенің қызметі жайында //Труды ИЯЛ АН КазССР. - Т. І. - Алма-Ата, 1959.
Параллелизм жасауда жеке сөйлем мүшелерінің тұлғалық
біркелкілігі ғана емес, тұтас сөйлемнің бірдейлігі де пай
даланылады. Айталық, екеуін де сұраулы сөйлем етіп беру
1, 2-жолдардың параллель конструкция болуына мүмкіндік
береді:
Тұрлаусыздың қолынан не келеді?
Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді? (І, 161).
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? (І, 223).
Қатар келген сөйлемдерді параллель конструкцияға сый-
ғызып, оларды логикалық ой желісі жағынан тығыз жақын-
дастырып тұратын амалдардың біріне сөйлемдердің біреуіндегі
бір сөзді екіншісінде қайталап келтіру жатады. Бұл әдіс,
біздің байқауымызша, қазақ өлеңінің синтаксисінде бұрыннан
қолданылып келген. Мысалы, «Қозы Көрпеш– Баян сұлу» жы
рында:
Қарабай мен Сарыбай бата оқыған,
Бата оқыған жерінде қате оқыған.
Қалтақ балам, жүрмісің кетейін деп,
Кетіп мені сергелдең етейін деп.
Қозы мен Қодар құл жақындайды,
Жақындасып Қодар құл тақымдайды...
Бұл әдісті сирек болса да, Абай да пайдаланған:
Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,
От азайса,әр істің бәрі тайғақ (І, 247).
Сөйтіп, әр алуан амал-тәсілдермен жасалған параллель
құрылыстар өзара топтасып, синтаксистік тұтастық құрайтын
жолдардың бірі болып шығады.
2. Синтаксистік тұтастыққа топтасқан сөйлемдер бір
субъектімен қазықталады. Мысалы:
Кемді күн, қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз (І, 38), –
деген төрт тармақты синтаксистік біртұтас дүние етіп тұрған
– бір жағынан, сөйлемдердің тақырыптық жақындығы (бәрі де
татулық, ынтымақ туралы) болса, екіншіден, субъект біреу, ол
– осы жолдар қаратылып айтылған адам, оның грамматикалық көрінісі сен есімдігі болар еді. Субъект пен грамматикалық бастауыш сай түсе бермеуі де мүмкін, жеке жолдардың формальдық (грамматикалық) бастауышы өзге болғанмен, логикалық қазығы (субъектісі) біреу болып келеді. Мысалы: Кедейдің өзі жүрер малды бағып, Отыруға отын жоқ үзбей жағып. Тоңған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып (І, 72). Мұнда грамматикалық үш бастауыш бар (өзі, отын, қатыны), бірақ логикалық субъект – кедей. Субъектің ортақтығы соңғы сөйлемнің грамматикалық бастауышын тәуелдік тұлғада айтуға (қатыны – кедейдің қатыны) мәжбүр еткен. 3. Синтаксистік тұтас единица құрауда есімдіктер қатысады. Бір шумаққа немесе бір шоғырға (абзацқа) топталған сөйлемдерді олардың біреуінде (кейде бірнешеуінде) келтірілген есімдіктер бір-бірімен тығыз жымдастырады, яғни алдыңғы жолдардағы бір мүшені соңғы жолдардың бірінде есімдік арқылы қайталап береді. Мысалы: Ауру жүрек ақырын соғады жай, Шаршап қалған кеудемде тулай алмай, – деген алғашқы жолдардағы жүрек сөзі соңғы жолдарда: Кейде ыстық қан басып кетеді оны, Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай (І, 227), – болып, есімдік түрінде қайталану арқылы төрт жол синтаксистік тұтас бір дүние болып шыққан. 4. Синтаксистік күрделі тұтастықты жасайтын элементтердің (тәсілдердің) бірі – модальдық реңктің біркелкілігі. Мы салы, Абайдың «Күлембайға» деген өлеңінің алдыңғы бөлігі (10 тармағы) әрі ұйқас бірлігі, әрі субъект бірлігі, әрі модальдық реңк бірлігі арқылы біртұтас синтаксистік единица болып тұр: Уағалайкүмүссәлем, Болыс, мал-жан аман ба? Мынадайға кез болдың Аума-төкпе заманда. Ел билеген адам жоқ Ата менен бабаңда.
Болыстықтан пайда қып, Шығыныңды алсаң, жаман ба? Қалжындаймын әншейін, Оған келе де бермес шамаң да! (І, 75). Мұнда сұраулы сөйлемдер арқылы келекелеу реңкі бар. Модальдық реңк тұтастығын білдіретін амалдар алуан түрлі болып келеді. Мысалы, кейбір шумақтарда немесе абзацтарда ұйқасқа алынған сөздердің семантикалық өңінде белгілі бір бояу біркелкі болуы мүмкін. Мысалы, «Болыс болдым, мінеки» өлеңінің біраз бөлігі дүпілдеп, дікілдеп, күпілдеп тәрізді сөздерді ұйқасқа қатыстыру арқылы жасалған. Бұл сөздер сол бөліктегі сөйлемдерге тұтас модальдық бір өң береді де, синтаксистік бір шоғырға топтастырады. 5. Белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін қайталап беру арқылы да сөйлемдерді синтаксистік тұтас единица етіп құрастыру тәсілі бар. Байлар да мал қызығын біле алмай жүр, Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр, Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып, Ызаменен ыржиып күле алмай жүр (І, 33), – деген шумақты тұтастырған элементтердің бірі – алмай жүр сөзінің қайталап келтірілуі. Бұл тәсілмен бірер шумақ тұтастығын ғана емес, кейде өлең тұтастығын да жасайды. Мысалы, Абай «Көңіл қайтты достан да, дұшпаннан да» деген шығармасының соңғы 8 шумағын алмай жүр сөздерінің қатысуымен жасаған. Дәл осы тәрізді сипат Абайдың «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды ар ман» шығармасында да бар. Мұндада 8 шумақ деп көмекшісі арқылы жасалған. Бұл сөздің әрбір үш тармақта қайталап келіп, ұйқасқа қатынасуы – ең алдымен жеке-жеке шумақ жасауға қажет болған болса, екіншіден, шығарманың едәуір бөлігін негізгі идеяға топтастыру үшін қолданылған. 1. Күрделі синтаксистік тұтастықты құрайтын сыртқы тәсілдердің және біреуі ұйқасты морфологиялық көрсеткіштері бірдей тұлғадағы етістікке құру: Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек өздігінен көпке көнбек (І, 26).
Мұнда ер адам, өнерсіз адам, еріншек адам туралы үш бөлек
ой айтылған, үш дербес сөйлем бар, бірақ бұлар – бір-бірімен
тұтасқан дүние, тұтастырып тұрған, бір жағынан, ой бірлігі
(үш сөйлем де ақынның замандастары – жалпы адам туралы)
болса, екінші жағынан, -мақ тұлғасымен берілген етістіктен
болған ұйқастар.
2. Етістіктен болған мүшенің біркелкі тұлғада берілуі
сөйлемдердің синтаксистік тұтас единица болып топтасуына
қатысады.
Құрбыңның тәуір болсын өз мінезі,
Абыройлы қалжыңмен келсін сөзі.
Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда,
Қатыныңда болмасын оның көзі (І, 40).
Мұндайда синтаксистік біртұтастыққа топтастырылған
сөйлемдердегі етістіктердің шақтық біркелкілігі де рөл
атқарады: қазақ өлеңінде көбінесе біртұтастықтағы (көбіне-көп
бір шумақтағы немесе абзацтағы) етістіктер бір шақта беріледі,
бұл тәртіп көп ретте баяндау стилінде жазылған шығармаларға
тән. Ал суреттеу стилінде құрылған шумақтар мен абзацтарда
синтаксистік бір тұтастыққа ұйымдасқан сөйлемдердің шақтық
көрінісі бірдей болмауы да мүмкін. Мысалы:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар
Көңілінің көзі ашық, сергегі үшін (І, 96).
Бұл шумаққа топтасқан сөйлемдердегі етістіктер үш түрлі
шақта (ауыспалы, өткен және келер шақ) берілген, соған
қарамастан, мағыналық тұтастығы, алдыңғы 4 жолдағы субъ
ект ортақтығы (соған орай етістіктердің жақтық бірдейлігі)
арқылы шумақ синтаксистік тұтастық категориясын құрайды. 3. Қазақ тілінде синтаксистік күрделі тұтастықты жасауда
тәуелдік жалғауының рөлі зор. Сөйлемдегі белгілі бір сөздердің
тәуелдік тұлғада тұруы оны алды-артындағы сөйлемдерде
айтылған оймен іліктестіреді. Мысалы, Абайдың:
Көзінен басқа ойы жоқ
Адамның надан әуресі.
Сонда да көңлі тым-ақ тоқ,
Жайқаң-қайқаң әрнесі (І, 132), –
деген шумағының соңғы екі жолы алдыңғылармен көңлі, әрнесі
деген тәуелдік жалғаулы сөздер арқылы байланысқан, бұл
сөздер алдыңғы тармақтағы надан сөзіне қарасты.
Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тонған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып (І,72), –
деген жолдарды бір шумаққа сыйғызылған синтаксистік
тұтастық етіп тұрған элементтердің бірі – қатыны деген сөздің
тәуелдік тұлғада тұруы. Осы сөз арқылы соңғы екі тармақ
алдыңғы тармақтармен (оның ішінде кедей сөзімен) іліктеседі.
4. Айтылмақ ойдың каркасы (негізгі идеясы) бірінші
тармақта беріліп, келесі тармақтар сол ойға қатысты көбінесе
бірыңғай конструкциялар түрінде келуі арқылы да синтаксистік
тұтастық жасалады. Мысалы, Абайдың:
Қорқытпа мені дауылдан,
Дүрілдеп тұрса тау мен сай.
Шатырлап тұрған жауыннан,
Жарқылдап тұрса түскен жай (ІІ, 96), –
дегенінде ең алдыңғы тармақтағы сөйлем – негізгі ой,
қалғандары – осы сөйлемнің жалғасы.
Өлең жолдарын бір-бірімен байланыстырып, синтаксистік
тұтастық құраушы каркас қызметін жеке сөздер немесе сөз
тіркестері де атқарады. Мысалы, Абай «Қартайдық, қайғы
ойладық, ұлғайды арман» деген өлеңінде бір шумақты дос ала
ды деген сөзден бастайды да, қалған тармақтарды осы фразаны
анықтауға жұмсайды, сөйтіп, дос алады тіркесі магнит сияқты
шумақ жолдарын өзіне тартып тұрады:
Дос алады бермесең, бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп,
Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,
Не қылып оңайлықпен ырық берем деп (І, 28).
Міне, бұлар – өлең жолдарын синтаксистік біртұтас дүние
етіп біріктіретін амал-тәсілдердің басты-бастылары. Бұлардан
басқа да кейбір жеке тәсілдер болуы мүмкін. Мысалы, өлең жолдарын бір-бірімен тығыз байланыстыруда инверсия мен тасымалдың да рөлі болады. Әсіресе, тасымалға ұшыраған тармақтардың бір-біріне тәуелділігі өте күшті сезіледі. Бұл амал-тәсілдер әрдайым жеке-дара қолданылмай, екі-үшеуі қатар қызмет етуі де мүмкін. Мысалы, сөйлемдердегі оймазмұнының тұтастығы кейде субъект бірлігімен қатар келеді. Сондай-ақ тәуелдік жалғаулы сөздер мен есімдіктер арқылы байланысқан тармақтарда да субъект ортақтығы қоса жүреді. Тармақтардың біртұтас синтаксистік дүние болып бірігуі шумақты өлеңдерде де, шумақсыз өлеңдерде де болады. Бірақ көбінесе бір-бір синтаксистік тұтастық болып тұйықталуы шумаққа тәндеу қасиет. Оның үстіне шумақтағы сөйлемдердің синтаксистік құрылымы шумақсыз өлеңдерге қарағанда, әлдеқайда күрделі болады. Астрофикалық өлеңде көбінесе шумақтардағыдай полюстерге тармақталуы (тезис-антитезис) немесе композициялық жіктелуі (констатация және түйін) тәрізді күрделілік болмайды, сондықтан да бұларда мазмұндас сөйлемдердің қатарынан тармақталуы ғана оларды бір жер ге шоғырлап, бір немесе бірнеше синтаксистік автономиялар жасайды. Бір шумақ көбінесе бір ғана синтаксистік тұтастық болса, астрофикалық өлең бөліктері (абзацтары) кейде екі-үш тұтастық болуы мүмкін. Екі шумақтың синтаксистік біртұтас дүние болып құрылуы – Абайға дейінгі қазақ поэзиясында да, Абайдың өзінде де жоқ құбылыс. Дегенмен шумақ пен синтаксистік тұтастық категориясын бір-біріне сайма-сай келетін единицалар деп үзілді-кесілді тұжырымдауға болмай ды. Абзацтарға бөлінбейтін астрофикалық өлеңдердегі тармақтар байланысында, біздіңше, екі түрлі құбылыс байқалады. Мысалы, тармақ саны шағын әрі бір ұйқаспен берілген, бір идеяға бағышталған өлең көбінесе бір күрделі синтаксистік тұтастық болады. Мысалы, Абайдың «Көкбайға» деген 9 жолдық өлеңі – шумақсыз бір ғана бөлік. Мұнда алғашқы екі жол – өлеңнің идеясы, негізгі ой: Сорлы Көкбай жылайды, Жылайды да жырлайды.
Қалған жолдар мағына жағынан осы екі жолға тікелей
байланысты, яғни бұлар осы ойдың (Көкбайдың жылап-
жырлайтынының) себебін білдіретін жеке жай сөйлемдер бо
лып келеді де, барлығы синтаксистік құрылысы жағынан бір-
ақ тұтас дүние болып шығады.
Ал астрофикалық өлендердің ішінде сыртқы белгілер
(ұйқас, модальдық реңк, субъект бірліктері) арқылы абзацтарға
бөлінбейтін, көбінесе бір ұйқасқа құрылған едәуір мол
тармақтан тұратындары бірнеше синтаксистік шоғырға топта
лады. Мысалы, «Ішім өлген, сыртым сау» өлеңі – монорифма
лы, 28 жолдық шығарма. Мұның ааба суретімен басталатын
алғашқы 4 жолы – синтаксистік бір құрылым, бір субъектіге
қазықталған, ол лирикалық герой (ақынның өзі). Мұндағы
грамматикалық категориялар І жақта:
Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін-ау!
Бүгінгі дос – ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?!
Келесі 4 жол да – біздіңше, өз алдына біршама түйық-
талған синтаксистік тұтастық, мұнда «бүгін дос, ертең жау»
болатындардың автор атынан берілген мінездемесі, грамма-
тикалық категориялары ІІІ жақта:
Өз үйінде өзендей
Күркірейді айтса дау.
Кісі алдында кірбеңдеп,
Шабан, шардақ және шау.
Ал қалған жолдар екі-екіден бір сөйлем болып, өзара
мағына жақындығы мен жақ жағынан ортақтық (ІІ жақ)
арқылы бір-бірімен іліктесіп біртұтастық құрайды. Мұндағы
тармақтар саны едәуір, 20 жол. Соңғы 20 жолдың тұтастығы
синтаксистіктен гөрі мағыналық жағынан күшті. Сондықтан
бұл типтес шоғырларды синтаксистік тұтастық демей, синтак-
систік бірлік (единство) деп атауды ұсынамыз. Синтаксистік
бірліктер тұтас өлеңге немесе оның әлдеқайда ірі бөлігіне
топталған мағыналас сөйлемдердің тізбектелуі болып шыға-
ды. Мұндайда екі-үш тармақтан құралған жеке сөйлемдердің
грамматикалық жағынан автономиялығы синтаксистік тұтас-
тыққа енгендерден әлдеқайда күшті болады. ааба суретті
ұйқаспен басталып, әрі қарай екі-екі жолдан жалғасатын
өлеңдерді де біз синтаксистік тұтастық емес, бірлік деп таба
мыз. Мұнда да алғашқы 4 жол синтаксистік тұтастық болып
келгенмен, келесі жолдар екі-екіден (немесе төрт-төрттен)
мұндай конструкциялар құрай алмайды. Келесі жолдар екі-
екіден көбінесе бір сөйлем болады да, ол сөйлемдердің грам
-матикалық дербестігі күшті сезіледі. Бұларды бір-бірімен
және алғашқы төрт жолмен байланыстыратын – тек мағына
жақындығы мен ұйқас бірлігі, демек, бұлар – жеке компо-
ненттердің бірлесуі (тізбектелуі қатар келуі) ғана.
Сөйтіп, өлеңді жасайтын материалдардың бір-бірімен
байланысып, әртүрлі синтаксистік категориялар құрайтын
осы амал-тәсілдерінің енді Абай поэзиясындағы көрінісін
талдайық.
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ СИНТАКСИСІ
Абайдың шумақты өлеңдерінің
синтаксистік құрылысы
Бірқатар зерттеушілер көрсеткендей, Абай поэзиясының
дені – шумақты өлеңдер. Оның үстіне ұлы ақын өлшемі мен
тармақ саны жағынан өзіне дейінгі қазақ поэзиясында жоқ
жаңа шумақтарды туғызған. Соған орай Абай шумақтарының
синтаксистік құрылысын жеке-дара сөз етер жайлар бар.
Ұлы ақынның едәуір шығармасы қазақ поэзиясында кең
тараған 11 буынды, 4 тармақты шумақтармен жазылған.
Көбінесе бұл типтегі халық поэзиясында (қара өлең, қайым
өлең, айтыс т.б.) алғашқы екі тармақ логикалық ой жағынан
соңғы екеуіне жанаспай, оқшау тұратын компонент болып та
келетіндігі белгілі.
Таңбасы жоқ, ені жоқ бурыл тайдың,
Сағасы өткел бермейді терең сайдың.
Құба белге құйқылтып шыға келсем,
Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың,–
деген шумақта поэтикалық ой біреу, бірақ ол ойды білдіруге
барлық тармақ бірдей қатыспайды.
Ал Абайдың 11 буынды, 4 тармақты шумақтарында поэти-
калық ойды білдіруге қатыспайтын «басы артық» тармақтар
жоқ, бұларда поэтикалық ой, интонация және синтаксистік
құрылым тұтастығы түгел.
Әрине, Абайдан өзге немесе Абайға дейінгі 11 буынды, 4
тармақты өлеңдерде әрдайым алғашқы екі тармақ «айдалаға
лағып» жүре бермеген, әсіресе, сюжетті шығармалар мен ел-
әлеумет тақырыбына шығарылғандарында төрт тармақтың
төртеуі де негізгі ойға бағышталған болып келетіндері көп.
Мысалы, әйгілі «Қаратаудың басынан көш келеді-де»:
Мына заман қай заман?
Қысқан заман.
Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман.
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман,–
деген шумақтың алғашқы екі жолы да, келесі екі жолы да –
түгел бір идеяны (поэтикалық ойды) – халық басына түскен
ауыр кезең – «Заман» туралы зарды білдіреді, тіпті, керісінше,
мұнда негізгі логикалық ой алдыңғы екі тармақта тұр да соңғы
екеуінде сол процестің нәтижесі баяндалған; «бастан бақ-
дәулет ұшып» ел жаяу шұбырғанда, ізінен шаң борайтыны
айтылған. Тіпті өлеңнің басындағы алғашқы шумақтың:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,–
деген екі жолы соңғы тармақтардағы:
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді,–
деген негізгі ойға жанаспай, қайдағы бір тайлақ, көш тура
лы тәрізді болып көрінгенімен, бұл жолдардың осы шумақта
айтылмақ мазмұнға іштей қабысып тұрғаны байқалады.
Мұндағы көштің басқа жерде емес, «Қаратаудың басынан»
келе жатқаны осы шығарманың тұтас идеясын танытады, яғни
өлең қазақ халқының жоңғарлардан жеңіліп, ата-баба мекені
Қаратаудан жылыстағанын баяндайтындығын осы бірінші
тармақ ашып береді.
Сюжетті ұзақ шығармаларда да көбінесе төрт тармақ
мазмұны жағынан да, грамматикалық құрылысы жағынан
да біртұтас дүние болып келетіні аз емес. Мысалы, «Қозы
Көрпеш-Баян сұлу» поэмасының қай жырланысында да екі
түрлі шумақты ұшыратамыз. Айталық, Шөже жырланысында:
Жарасқан нар түйеге биік өркеш,
Мен сөйлесем, жұрт тыңдар ертелі-кеш,–
деген алғашқы екі жол, әсіресе біріншісі, автордың айтпақ
негізгі ойына:
Сәтті күні екеуін Құдай қосқан,
Ғашық болды Баян мен Қозы Көрпеш,–
деген тармақтарға жанаспайды. Ал келесі шумақтардың бірін
алсақ, мұнда төрт жолдың төртеуі де бір ойды баяндайды:
Екі бай сәтсіз атқа мінбейді екен,
Жұмыссыз ел аралап жүрмейді екен.
Екеуінің дәулеті мол болған соң,
Бір-бірінің қасына келмейді екен103.
103 Қозы Көрпеш-Баян сұлу. - Алматы, 1959. - 125-б.
Алғашқы шумақта жеке-жеке төрт субъект бар (нар түйенің
өркеші, жұрт, Құдай, Қозы мен Баян), соңғы шумақта бір-ақ
субъект (екі бай). Соңғы шумақты грамматикалық тұтас едини
ца етіп тұрған да осы белгі.
Төрт тармақ түгелімен айтылмақ ойға қатынасып, шу-
мақты синтаксистік тұтас дүние етіп тұрған өлеңдерде ол
тармақтардың ішкі синтаксистік құралымы біркелкі болмай
ды. Халық өлеңдерінде, эпостық жырларда және Абайдан өзге
қаламгерлерде көбінесе алғашқы екі тармақ жеке-жеке шағын
сөйлем болып құрылады. Мысалы:
1) Той қылып екі қатын көп мал сойды. 2) Тойында жұрт жиылып етке тойды. 3) Баба түкті Шашты Әзіз ақтан келіп,
Қозыке мен Баянның атын қойды.
(«Қозы Көрпеш», 128).
Мұнда бірінші, екінші тармақтар – бастауыш, баяндауыш
тары жеке жайылма сөйлемдер.
Сүйінбайдың:
Хан Тезек, орныңнан тұрмаймысың?
Сүйінің келді, мойныңды бұрмаймысың?
Балаңды алса, Құдайдың өзі алды,
Қарсылық Құдайыңа қыламысың? –
деген шумағын алсақ та, автор алғашқы екі жолды екі сөйлем
етіп береді.
11 буынды, 4 тармақты өлеңдердің алғашқы екі жолының
мұндай синтаксистік құрылысы – қазақ поэзиясында едәуір
ұшырасатын кәнігі жолы. Бұл – өлең өлшеміне байланысты
туған құрылым. Буын санының едәуір молдығы әрбір тармақта
онша үлкен болмағанымен, аяқталған шағын бір сөйлемді
немесе жайылма бір фразаны сыйғызуға әбден мүмкіндік
береді. Абай да қазақ поэзиясының бұл амал-дәстүрін еркін
пайдаланған. Оның 11 буынды, 4 тармақты біраз шумақтары
осылайша құрылған, яғни алғашқы екі жолы параллель жеке
сөйлемдер де соңғы екеуі көбінесе күрделі (құрмалас немесе
жайылма) бір сөйлем болып келетін шумақтар:
1) Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық, 2) Үзілмес үмітпенен бос қуардық.
3) Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп
Жүрмесін деп, азғана сөз шығардық (І, 37). 1) Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, 2) Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. 3) Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық –
Кім көңілді көтеріп болады ермек (І, 26).
Бұл – Абайға дейінгі қазақ өлеңінің әбден қалыптасқан, ең
сипатты синтаксистік құрылысы. Осы құрылысты XІX ғасырда
етек алған діни қиссалардың авторлары да пайдаланған. Мы
салы, «Салсал» бастан аяқ дерлік осы құрылыспен жазылған: 1) Екеуі шығып кетті мұндай шетке, 2) Сыйынады бір жасаған Құдіретке. 3) Бір алтынлы сарайға жетіп келіпті,
Биіктігі таласқан асман-көкке. 1) Ағып ятқан төрт жақта бұлағы бар, 2) Сайрап тұрған бұлбұлларның тұрағы бар. 3) Құбыла тарафында ол сарайның
Бау-бақшалы йеміслі шарбағы бар.
Әрі қарай осылайша кете береді. Мұндай біркелкілік, сөз
жоқ, жырдың көркемдік бояуын жарқыратпайды, керісінше,
өлеңнің әр тармағын (алғашқы екеуін) қарапайым, біркелкі
констатацияға айналдырып: 1) Мұндай яхшы шарбақны көрді дейді, 2) Бұрын мұндай көрген йоқ йерні дейді,–
деген сияқты жадау сөйлемдерді ұсынады. Өйткені буын саны
қанша көп болғанмен, 11 буынның шеңберіне сыйғызылған
бір сөйлемге не әсем эпитеттерді, не өзге көркемдеу элемент-
терін пайдалану мүмкіндігі бола бермейді: шарбақ қандай
әсем болса да, «яхшы»-дан өзге эпитетті қабылдай алмай тұр.
Сірә, біздіңше, «Салсал» тәрізді туындылардың көркемдік-
эстетикалық дәрежесінің (идея-мазмұнын былай қойғанда)
төмендігінің біріне бұл да себеп болатын тәрізді. Сондықтан
да қазақтың халық әдебиетінен бастап, жеке қаламгерлер ту
ындыларында бұл синтаксистік құрылыс бастан-аяқ қолда-
нылмағанын көреміз. Мысалы, Шал ақынның:
1) Кәрілік қонақ екен жүр демейтін, Мүшеңді сылап, кеміріп үндемейтін. 2) Бәрінен бұл шіркіннің сараңдығы Тобына қыз-бозбала кір демейтін,– деген шумағында алғашқы екі тармақ – екі бөлек сөйлем емес, мұнда субъект біреу (кәрілік), екінші тармақ – біріншідегі бастауыштың жайылма анықтауышы болып келгендіктен, 11 буынды бір тармаққа «мүшеңді сылайтын, кеміретін, өзі үндемейтін» деген тәрізді образды үш эпитет түгел сыйып тұр. Шернияз Баймағамбет сұлтанға: Білемін, хан Бәйеке, нарлығыңды, Келсе – кең, қайтса – қайтпас тарлығыңды,– дегенінде төрт тармақты шумақтың алғашқы екі жолына жайылма бір-ақ сөйлемді берген, яғни екінші жолда образды анықтауыштары бар толықтауышты (тарлығыңды) ғана келтірген. Өзіне дейінгі поэзия тілі дәстүрінде қолданылған бұл құрылысты да Абай мол пайдаланады. Абайдың төрт тармақты шумағының алғашқы екі тармағы көбінесе бір-бірімен берік ұштастырылған түрде келеді. Тіпті екі тармақ, мазмұны, құралымы жағынан бір-біріне тең түсетін екі синтаксистік па раллель (көбінесе екі сөйлем) болып келгенде де екеуінің бай ланысы әлдеқайда тығыз екені сезіледі. Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша, Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша (І, 38)104. Бұл екі тармақты бір-біріне синтаксистік жағынан тығыз іліктестіріп тұрған – олардың параллельдігі, ал параллелизмді жасап тұрған бұл сөйлемдердің ішкі мазмұн ұқсастығымен қатар, сыртқы құралымы: екеуінде де бастауыш бір сөзден (кейбіреу), баяндауыштары бір тұлғадан (-ар жұрнақты есімше), пысықтауыштары да бірдей тұлғадан жасалғандығы. Алғашқы екі жолды бірыңғай сөйлемдер етіп байланысты руда әрдайым сыртқы тұлғалануы жағынан мұндай тепе-тең етіп құру шарт емес. Абайда көбінесе 1-2-тармақтар мазмұндас бірыңғай сөйлемдер болып келеді: 104 Әңгіме 11 буынды 4 тармақты шумақтың 1, 2-тармақтарының синтаксистік құрылымы туралы болғандықтан, осы жерде және әрі қарай мысалға тек алғашқы екі жолды келтірдік.
Қалмаған Онегиннің ешбір бағы,
Өтіп кеткен жүректің отты шағы (ІІ, 80).
Әрине, алғашқы екі тармақты бұлайша байланыстыру
әрдайым мүмкін де емес, қажет те емес. Абай 1-2-жолдарды
байланыстырғанда, көбінесе өзге тәсілге жүгінеді. Яғни Абай-
дың 1-2-жолы бір ғана сөйлем болып келеді. Мұндайда көбі-
несе бір тармақ түгелімен жайылма бір мүше ретінде құрылады
немесе екі жолдағы айтылған ойдың субъектісі біреу бола
ды. Үшінші түрі – Абай төрт тармақтың алғашқы екі жолын
бағыныңқы-басыңқылы бір құрмалас сөйлем етіп береді
(әдетте бұл – төрт тармақтың соңғы екі жолының құрылысына
тән тәсіл екені мәлім). Осыларды жеке-жеке дәлелдейік.
11 буынды, 4 тармақты шумақтың алғашқы екі тармағының
біреуі Абайда екіншісіндегі сөйлемнің жалғасы (не басы) бо
лып құрылады.
Мысалы:
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып (І, 122), –
дегенінде екінші тармақ бірінші тармақтағы сөйлемнің бірың-
ғай баяндауыштарының жалғасы болып тұр. Абайда бұл тәсіл
едәуір жүйелі түрде мол кездеседі, көбінесе мұндайда екінші
тармақ біріншідегі сөйлемнің бірыңғай мүшесі болып келеді:
Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ
Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ (І, 35).
Олардың жоқ ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ (І, 35).
Керек іс бозбалаға – талаптылық,
Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық (І, 38).
Бірыңғай мүшелер (немесе шағын сөйлемдер) бірінші
жолда да келтіріледі, әдетте мұндайда бір тармақ тұтасымен
бірыңғай бастауыш немесе анықтауыш, пысықтауыш болып
құрылады:
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап –
Бұларды керек қылмас ешкім қалап (І, 67).
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр – қызыққа жұрт ыржаңшыл (І, 69).
Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен-саяқ (І, 107).
Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста,
Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста (І, 175).
Ақылды деп, арлы деп, ақ бейіл деп
Мақтамайды бұл күнде ешкімді көп (І, 197).
Ішкен, жеген, таласқан, ойнап, күлген,
Кезек жоқ, келісім жоқ, сөйлей берген (ІІ, 149).
11 буынды шумақтың алғашқы тармақтарына жүйелі түрде
(система ретінде) бірыңғай мүшелерді ғана орналастыру Абай
поэзиясы синтаксисінің ерекшелігі болып табылады деуге бола
ды. Тек бұл өлшемді шумақтың 1, 2-жолдарында ғана емес, өзге
өлшемді өлеңдерде де және кейінгі тармақтарда да бірыңғай
мүшелерді келтіру – жалпы Абай поэзиясының синтаксисіне
тән нәрсе. Әсіресе, портрет етіп берілген шығармаларда едәуір
тармақтар бірыңғай мүшелерден тұратынын көреміз.
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
Қабырғалы, жотасы болса күшті.
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті (І, 47).
Мұнда тұтас шумақ бірыңғай мүшелерден құралған.
Абайда 11 буынды, 4 тармақты шумақтардың алдыңғы екі
жолы бір сөйлем болып құрастырылғанда, бір жол тұтасымен
бір-ақ күрделі мүше болып келеді:
Аласы аз, қара көзі айнадайын
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын (І, 107),
Еңбек жоқ, харакет жоқ қазақ кедей
Тамақ аңдып қайтеді тентіремей? (І,174).
Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын
Қайдан білсін өмірдің көбін-азын? (І, 218).
Бала мінез ойыншы бұрынғылар
Аңқау екен, мазақтап соны сынар (ІІ, 104).
Бұларда 1-тармақ – түгелімен күрделі бастауыштар. Бұл
тәсіл Абайдан өзге қаламгерлерде де сирек болса да кездеседі,
бірақ мұндайда 1-жол көбінесе күрделі (жайылма) қаратпа бо
лып келеді:
Қолында ханзаданың қасқа қылыш,
Түсесің қаһарлансаң тасқа, қылыш (Шернияз).
Хан Тезек, батыр Тезек, патша Тезек,
Жан бар ма өлмейтұғын темір өзек? (Сүйінбай).
Абайда тұрлаусыз мүшелердің біреуі бір жол болып келетін
сәттері де бар. Мысалы:
Жапырағы қуарған ескі үмітпен
Қиял қып, өмір сүріп, бос жүріппін (І, 239), –
дегенінде 1-тармақ – түгелімен келесі жолдағы сөйлемнің
бір ғана мүшесі. Бұл тәсіл әсіресе аударма шығармаларында
жиірек қолданылған:
Жасырмай жас жүректің жанған жайын
Айтуға тілің мұнша қайдан дайын? (ІІ, 80).
Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше
Суық соғып бүрісер, дәмі енгенше (ІІ, 103).
Кім білер, жабырқаңқы жазған сөзім
Жібермей, көп тоқтатар оның көзін (ІІ, 106).
Асау той, тентек жиын, опыр-топыр
Ішінде түсі суық бір жан отыр (ІІ, 149).
Бұлардың барлығында да екі тармақ – тұтас бір сөйлем
(екеуінің арасына ешбір тыныс белгісі қойылмайды) және
бір тармақ бір ғана жайылма мүше болып келген. 11 буын
ды өлеңдерде өзге қысқарақ буындыларға қарағанда, бұл
тәсіл (бір тармаққа бір ғана сөйлем мүшесін орналастыру)
Абайдың өзінде де аса өнімді емес, бірақ өзге қаламгерлермен
салыстырғанда, Абай бұл ретте оқшау шығады. Әсіресе өзіне
дейінгі 11 буынды қазақ өлеңінің синтаксисінде мұндай кон
струкция (әңгіме алғашқы екі тармақтың құрылысы жайында)
жоққа тән екенін батыл айта аламыз.
Бұдан басқа бір тармақтың бір жайылма мүше немесе парал
лель сөйлем болып келген түрі Абайда да, өзгелерде де бар. Ол
– 2-тармақтың біріншідегі іс-әрекетті жалғастырушы ретінде
келетін сәттері, яғни ол да – бірыңғай мүшелі конструкцияның
бір түрі іспетті. Мысалы, Абайда:
Бар ойы – өлең айтып, ән салалық,
Біреуді қалжың қылып қолға алалық (І, 36), –
дегенінде екінші жол – тұтасымен бір мүше, біріншідегі өлең
айтып, ән салалық деген баяндауышқа бірыңғайлас.
Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ (І, 70).
Бұл тармақтардың синтаксистік құрылымы дәл алдыңғы-
дай. Тегі, бұл жерлерде бірыңғай мүшелер деп тануға болатын
тәрізді. Ал кейбір сәттерде бірыңғай мүшеден гөрі, сөйлемге
жуық келетін құрылымдар болады. Мысалы:
Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе – өкірмек (І, 27).
Немесе:
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме (І, 39), –
дегендерде 2-тармақ – біріншімен бір бастауышқа қазықталған
жеке сөйлем тәрізді, өйткені 2-жолдағы құрылыстың өз ішін-
де баяндауыштары мен тұрлаусыз мүшелері бар, яғни екеуі –
бірыңғай сөйлемдер. Мұндайда екі тармақты бір жерге қазық-
тайтын грамматикалық бастауыш болады:
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма? (І, 223) –
дегенде тағдыр деген бастауыштың ортақтығынан 2-тармақ
біріншінің ажыратылмас жалғасы болып тұр. Абайда бұл кон
струкция өте актив қолданылған. Жалпы, Абайда бір шумақты
грамматикалық бір бастауышпен (сондай-ақ логикалық бір
субъектімен) тұтастыру – ең жиі қолданылған синтаксистік
тәсіл.
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ (І, 223) , –
деген шумақтың төрт жолындағы алты түрлі іс-әрекеттің иесі
біреу – автор, грамматикалық бастауыш та біреу – мен есімдігі,
грамматикалық жағынан бұл шумақты синтаксистік тұтас
единица етіп цементтеп тұрған – бастауыштың ортақ болуы,
баяндауыштардың бір формада жасалуы.
Абайдың едәуір шумақтарының (11 буынды, 4 тармақты)
алғашқы екі жолы бір субъектіге қазықталған болып келеді.
Әрине, мұндайда грамматикалық бастауыштың біреу болуы
шарт емес. Мысалы:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес (1,178), –
дегенде екінші тармақтың субъектісі алдыңғыдағы адам өлмес
деген сөйлеммен бір, бірақ екеуінде субъектінің грамматика-
лық көрінісі екі бөлек (адам және ол). 1-2-жолдары бір субъ-
ектіге (және көбінесе грамматикалық бір бастауышқа) қазық-
талған болып құрылған шумақтар Абайда едәуір. «Ауру
жүрек ақырын соғады жай» өлеңінің 5 шумағы да осылайша
құрылған. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Қар-
тайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлеңдердің де көп
шумақтарының 1-2-жолдары бір субъектімен (бір бастауыш
пен) жымдасқан:
Бай алады, кезінде көп берем деп,
Жетпей тұрған жеріңде тек берем деп (І, 28).
Дос алады, бермесең – бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп (І, 28).
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек (І, 27).
Абайдың 11 буынды шумақты өлеңдерінің 1-2-жолдарының
бір-бірімен тығыз байланысқан тағы бір тәсілі бар. Ол – екі
жолдағы сөйлемдердің бірі – бағыныңқы, екіншісі – басыңқы
болып, екеуі бір құрмалас сөйлем құрап келуі. Әдетте, бұл кон
струкция 3-4-жолдарға тән екені мәлім. 11 буынды шумақтың
1, 2-жолдарының жеке сабақтас құрмалас сөйлем болып келуі
бұрын-соңды қазақ өлеңдерінің синтаксисінде етек алмаған
құрылым болатын (1, 2-тармақтардың салалас құрмалас бо
лып орналасуы – кәнігі тәсіл, бұл Абайда да, оның алды-
артындағы мұралардың қай-қайсысына да тән. Яғни алдыңғы
екі тармақ мағына жағынан бір-біріне байланысты параллель
екі сөйлемнен құралуы – 11 буынды, 4 тармақты қазақ өлеңінің
өнімді құрылымы). Абай, сөйтіп, 1-2-жолдарды сабақтас
құрмалас етіп құрастыруды едәуір жүйелі түрде пайдаланады.
Мұндайда көбінесе 1-жол шартты, қарсылықты, қимыл-сын
бағыныңқылар болып келеді:
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бишарасы (І, 66).
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен сөз қосарлап (І, 66).
Кейде бұл құрылымға өлең ұйқасының да қатысы бар. Мы
салы, көптеген ұйқасы -ып жұрнақты көсемше тұлғасына
құрылған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңде
әр шумақтың 1-2-жолдары көбінесе қимыл-сын бағыныңқылы
сабақтас сөйлем болып келген:
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап (І, 67).
Амалдап қарағайды талға жалғап,
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап (І, 67).
Алғашқы екі жолды сабақтас құрмалас етіп құрастыруда
көбірек кездесетіні – қимыл-сын және шартты бағыныңқылы
түрлері, дегенмен өзге бағыныңқылар да жоқ емес.
11 буынды, 4 тармақты шумақтың 1-2-жолдарының салалас
құрмалас болып құрылуы өзгелерде тәрізді, Абайда да молынан
кездеседі. Мұндайда салаласқа енген компоненттер көбінесе
жалғаулықсыз жасалады. Бұл – өлең синтаксисіне тән қасиеттің
бірі. Мұндай жолдардың арасына сондықтан, өйткені, бірақ,
сонда да тәрізді жалғаулықтар сұранып тұрғандай сезіледі,
яғни екі жолдың біреуінде себеп-салдарлы, қарсылықты т.б.
мағына тұрады. Мысалы:
Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,
Үзілмес үмітпенен бос қуардық (І, 37), –
деген сөйлемдердің біріншісінде себеп, екіншісінде салдар
мәні бар, араларына сондықтан деген шылауды келтіруге бо
лар еді, демек, бұл – себеп-салдар мәнді салалас құрмалас.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап (І, 213), –
деген жолдардың байланысы да өте берік, мұндағы екінші
жолдағы көрінбей тұрған бастауыштың кім екені контекстен
танылады, өйткені 2-сөйлем біріншідегі іс-әрекеттің себебін
білдіріп тұр, демек, себеп-салдарлы салалас құрмалас сөйлем.
Абай өлеңдерінде 1-2-жолдарға орналастырылған салалас
құрмаластардың жалғаулықтар арқылы берілгендері де бар,
бірақ бұлар аса көп емес. Мұндайда автор екі жолдағы екі
жай сөйлемнің араларына сонда да, бірақ, сол себепті тәрізді
жалғаулықтарды пайдаланған:
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы (І, 66).
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес (1,178).
Туысқаның, достарың – бәрі екі үшті,
Сол себепті досыңнан дұшпан күшті (І, 238).
Мұндайда Абай жолдарының едәуірінде қарсы мәнді
сөйлемдер сабақтастырылған:
Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар көкірегі болса көзді (І, 70), –
деген екі сөйлем осындай контрасқа құрылу арқылы өзара өте
жымдасып біріккен.
Сөйтіп, Абайдың 11 буынды шумақты өлеңдерінде 1, 2-жол
дар өзара негізінен екі түрлі байланысып, жымдасып келеді: 1)
екі жол мағынасы бір-біріне жуық параллель жеке екі сөйлем
болып тұрады; 2) екеуі бір сөйлем болып құрылады, мұның өзі:
а) бір жол тұтасымен не бірыңғай мүшелер болады, не жайыл
ма бір ғана мүше болады; ә) сабақтас құрмалас сөйлем болып,
тармақтық біреуіне бағыныңқы, екіншісіне басыңқы сөйлем
орналасады; б) салалас құрмалас сөйлем болып құрылады.
Абайда алдыңғы екі тармақтың бір сөйлем болып келуі сан
жағынан едәуір мол, демек, белгілі бір системаға бет алған.
Алдыңғы екі жолдың грамматикалық та, логика мағыналық
та, ритмика-интонациялық та жақтарынан тығыз жымда
сып құрылуы шумақтың синтаксистік тұтас единица болу
ына бірден-бір себепкер болады. Төрт тармақтың күрделі
синтаксистік тұтастық болып шығуы үшін қалған екі тармақтың
синтаксистік құралымының мәні зор.
Әдетте, 11 буынды шумақты қазақ өлеңінің синтаксисінде
3-4-жолдардың алдыңғы екеуімен салыстырғанда бір-бірімен
әлдеқайда тығыз байланысып, көбіне-көп бір сөйлем бо
лып келетіндігін бұрын-соңды қазақ өлеңінің құрылымын
зерттеушілердің барлығы көрсетеді. Бұған өлеңнің рифмалық
суреті де көмектеседі: 5-жолдың ұйқассыз қалдырылуы
(ааба) ол жолды соңғы жолмен параллель етуден құтқарады,
сондықтан 3-жол көп ретте бағыныңқы сөйлем немесе соңғы
жолдағы сөйлемнің жеке мүшелері тәрізді аяқталмаған тәуелді
дүние болып келеді я болмаса салалас сөйлемнің бір компоненті
болып құрылады.
Абайдың 11 буынды шумақты өлеңдерінің 3-4-жолдарының
бір-бірімен байланысу түрлері әр алуан. Олардың ішінде ең
жиі кездесетіндері – 3-тармақтың бағыныңқы сөйлем болып келетін түрлері мен соңғы тармақтағы сөйлемнің бір бөлігі (мүшелері) болып келетін сәттері. 3-жолдың қимыл-сын, шарт ты, мезгіл бағыныңқы болып жасалуы – Абайдан өзге де қазақ өлеңіне тән ең өнімді конструкция. Әсіресе, баяндауышы -ып /-іп жұрнақты көсемшеден жасалған қимыл-сын бағыныңқыны өзгелер тәрізді Абай да жиі пайдаланған: Терін сатпай, телміріп, көзін сатып,105 Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман (І, 28). Қарсы алдына жымырып келтірем деп, Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ (І, 35). «Күз» өлеңінің үш шумағының, «Қараша, жел тоқсан мен...» өлеңінің бес шумағының 3-тармағы – осы тұлғамен жасалған қимыл-сын бағыныңқылар. Шумақтың 3-жолы бағыныңқының шартты, себеп-салдарлы, қарсылықты түрлері де болып келгені Абайда аз емес. Жалпы өлеңді сөйлемде бағыныңқы мен басыңқының орын тәртібі әдеттегіден ауысып келе беруі – заңды құбылыс. Бұл Абайда да бар. Сонда 3-жол басыңқы, 4-жол бағыныңқы болып та орналасады: Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап (І, 67). Кейде ыстық қан басып кетеді оны, Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай (І, 227). Шумақтың соңғы жолдарының синтаксистік құрылысында олардың сабақтас құрмалас болып байланысуынан, біздің есебіміз бойынша, Абайда сан (жиілігі) жағынан кем түспейтін құрылым – екі жолдың бір жай сөйлем болып келуі. Бұл – Абайда система. Мұндайда 3-жол 4-жолдағы сөйлемнің жай ылма бір-ақ мүшесі болып құрастырылады. Ол мүше бастауыш та болуы мүмкін. Әрине, буын саны едәуір үлкен бір жолға бір ғана бастау ышты орналастыру үшін ол көбінесе эпитет-анықтауыштармен (кейде бірыңғай) беріледі: Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе (І, 38). 105 Осы жерде және әрі қарай мысалға келтірілген жолдар – шумақтың 3-4-тармақтары.
Өзі қысқа, өзі асау тентек өмір
Арттағыға бір белгі қойса нетер? (ІІ, 106).
Немесе:
Біздің доспыз, асықпыз дегеніміз –
Жалғандықтан жасалған көңіл жүгі (І, 56), –
деген сияқты күрделі конструкция да болып келеді.
3-жолы тұтас бір-ақ анықтауыш болып келген шумақтар да
бар. Мұндайда ол анықтауыштар не бірыңғай (бірнешеу) бо
лады немесе есімше тұлғадан жасалған болады, ал есімшелер
сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрса да, етістіктік
кейбір белгілерден айырылмайды, яғни оның алдында
меңгерілген есімдердің (тұрлаусыз мүшелердің) қолданылуы
жолды толтыруға кең мүмкіндік береді. Мысалы:
Жүрегімді кескілеп сатып жүрген
Арсыздарды досым деп неге аяймын? (ІІ, 113), –
дегенде 3-жол – 4-жолдағы арсыздарды деген толықтауыш-
тың күрделі анықтауышы, оның қазық сөзі сатып жүрген
деген есімше тұлғасы өзінің алдына бір толықтауышты
(жүрегімді), бір пысықтауышты (кескілеп) қабылдап, бір
тармақты бір өзі алып тұр. Мұндай конструкцияларды құ-
рауда Абайдың есімше, сын есім тәрізді тұлғаларды жиі
субстантивтендіре беретіндігінің де әсері бар.
Күрделі немесе бірыңғай бастауыш пен анықтауыштардың
бір тармақ құрауы – қазақ поэзиясының синтаксисінде Абайдан
бұрын да, соң да қолданылған тәсіл. Ал Абайда толықтауыш
мүшені бір жолға орналастыру да едәуір жиі қолданылған. Бұл
– Абайға дейінгі 11 буынды өлең синтаксисінде кемде-кем. Ілік
жалғаулы анықтауыш пен меңгерілген толықтауыштар жеке
бір жолға орналасқанда, оның келесі тармақпен синтаксистік
жақындығы тіпті тығыз болады (екі жолдағы бір-біріне
қатысты мүшелерді курсивпен көрсеттік):
Арын сатқан мал үшін антұрғанның
Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні (І, 29).
Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы? (І, 66).
Мұндай жағдайдағы бір жолға берілген тұрлаусыз мүше
келесі жолдағы өзіне қатысты мүшеге жақын тұру тенденция
сын ұстайды, сондықтан тұрлаусыз мүшенің өзі (не негізгі сөзі) мүмкіндігінше тармақтың соңына орналасады да оны меңгеріп тұрған мүше келесі жолдың бас жағында болады: Әншейін күн өткізбек әңгімені106 Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап (І, 67). Қадірін жақсы сөздің білер жанға Таппай айтпа оған да айтар кезді (І, 70). Көздің жасы, жүректің қаныменен Ерітуге болмайды ішкі мұзын (І, 173). Шумақтың 3-4-жолдарын бір жай сөйлем етіп құрастыру Абайдың әсіресе аударма өлеңдерінде молырақ. Мысалы, М.Ю.Лермонтовтан аударған «Альбомға» деген өлеңінің төрт шумағының да 3-4-жолдары бір-бір жай сөйлем болып келген. Соңғы екі жол тұтасып бір ғана жай сөйлем құрағанда, Абайда 1-2-жолдағы сияқты бір тармаққа бірыңғай мүшелерді бірөңкей орналастыратын сәттері де бар. Мысалы: Жасырмай, жастықпенен, нанғыштықпен Айтыпты шыншыл тілің бар іңкәрін (11, 80). Ер-тоқымы, атымен, қаруымен Ер шеркесті әкелген амалым бар (ІІ, 115). Немесе 3-жол санамаланып келген бірыңғай мүшелер бола ды да 4-жолдың басында жалпылауыш сөз тұрады: Құда-тамыр, дос-жарың, қатын-балаң – Олар да бір қалыпты бола алмай жүр (І, 34). Жақынның да, жардың да, асықтың да – Бәрінің де қызығын көріп білсек (ІІ, 112). 11 буынды өлеңнің соңғы жолының синтаксистік тағы бір құрылысы – ол екеуінің салалас құрмалас жасап тұруы. Абай да бұл да өнімді, бірақ оның жалғаулықты түрі жоққа жуық. Көбінесе екі жай сөйлем мағына іліктестігіне қарай ғана сала ласады, сондықтан кейде параллель жеке сөйлемдерден ажы рату да қиынға түседі. Дегенмен өлең табиғатының өзі 3-4-жолдарда параллель жеке сөйлемдерден гөрі, бір-бірімен тығызырақ байланысқан салалас бір сөйлем болуын қалайды. Өйткені әдетте алдыңғы 106 Бұл сөз Абай шығармаларының 1957 жылғы басылғанында әңгімеге түрінде берілген. 1909 жылғы басылуында әңгімені болып жазылған. Дұрысы да солай болу керек, өйткені әңгімені тыңдар едің болуға тиісті.
жолдарда фактіні констатациялау жиірек кездеседі де олар
да параллель сөйлемдердің келуі әлдеқайда заңды болады,
ал соңғы тармақтар айтылмақ ойдың түйіні болады да ол ой
әлдеқайда күрделі тұтас конструкциямен (құрмалас сөйлем
немесе бір жайылма жай сөйлем) білдірілуді талап етеді.
Сондықтан мағыналары іліктесіп жатқан тиянақты екі сөйлем
(екі тармақ) көбінесе салалас құрмалас ретінде танылады. Мы
салы:
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы (І, 72), –
дегенде екі жай сөйлемнің екеуі де – баяндауыштары тиянақты
жеке жай сөйлемдер, бірақ екеуі – параллель емес, бір-біріне
іліктес, салалас құрмалас конструкцияның компоненттері.
Бұларды байланыстырып тұрған және бір белгі – екі сөйлемнің
бастауыштарының ортақтығы (жалшы ұлы).
Дегенмен Абайдың 11 буынды шумақты өлеңдерінде соңғы
тармақтардың жеке-жеке параллель сөйлем болып келетін
сәттері жоқ емес. Бұл – көбінесе тұтас шумаққа жайылатын
тәртіп. Яғни шумақтың төрт жолы мағына жағынан бір-біріне
жақын төрт параллель сөйлем болып келеді:
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма (І, 223).
Мұнда әр тармақ – автономиялық құрылыс. 1-ші және
4-жолдардың өзі – әрқайсысы екі жай сөйлемнен құралған са
лалас құрмаластар. Бұл төрт жолды бір құрмалас деуге болмай
ды, дегенмен төртеуі – бір субъектіге қазықталған, бір идеяны
баяндайтын тұтас дүние.
Сөйтіп, 11 буынды Абай шумақтарының 3-4-жолдары бір-
бірімен негізінен төмендегіше байланысқан болып келеді:
1) екеуі бір құрмалас сөйлем құрайды, оның ішінде көбінесе
сабақтас құрмалас болады, сан жағынан салалас құрмаластар
да едәуір және оның жалғаулықсыз түрлері ғана кездеседі; 2)
екеуі бір жай сөйлем болып келеді, ондайда көбінесе бір жолға
күрделі бір ғана мүше немесе бірыңғай мүшелер орналаса
ды. Абайда бұл – жүйелі түрде актив қолданылған конструк
ция; 3) параллель жеке сөйлемдер болып келеді, бұл сирек
қолданылған және көбінесе тұтас шумақтың конструкциясына
орай құрылған, яғни мұндайда тұтас төрт жолды шумақ төрт
бөлек параллель сөйлем етіп берілген. Бұл үш құрылымның
ішінде Абай өлеңдерінің синтаксисіне тән немесе сонда етек
алғаны – 2-түрі. Өйткені біздің жинаған материалдарымызға
қарағанда, әсіресе меңгерілген бір тұрлаусыз мүшені бір жолға
орналастыру Абайға дейінгі 11 буыңды өлеңдерде (фольклор
мұрасында да, жеке қаламгерлерде де) жоққа жуық. Ал Абайда
бұл сан жағынан едәуір мол, демек, система. Сондай-ақ тұтас
бір шумақты төрт бөлек автономиялы параллель сөйлем етіп
құрастыру да – тек жазба әдебиеттің, әдейі қырнап-өңдеудің
нәтижесі.
* * *
Сонымен, Абайда ең жиі қолданылған 4 тармақты 11 буын
ды шумақты құрап тұрған шарттардың бірі (ұйқас пен инто
нация тұтастығынан басқа) – ол синтаксистік тұтастық, атап
айтқанда жолдардың көбінесе екі-екіден (1-2 және 3-4-ді)
тұтас бір сөйлем болып келуі және мағына жағынан алғашқы
екі жол мен соңғы екі жолдың өзара байланысып келуі. Бұл
байланыс та синтаксистік және логикалық құралымы жағынан
біркелкі емес. Көбінесе мағыналық байланыс байқалады, яғни
шумақтағы ойдың объектісі біреу-ақ болады да шумаққа енген
төрт тармақ синтаксистік тұтас единица болып шығады. Мы
салы:
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек (І, 7).
Мұнда формальдық бастауыш көп, ал логикалық ой – тұтас
өлеңде айтылатын ақыл, қайрат, жүрек туралы, мұны соңғы
тармақтағы үшеуі деген сөз де танытады. Демек, логикалық
ой қазығының біреулігінен шумақтағы жолдар бір-бірімен
«цементтеліп» шыққан. Ой тұтастығы арқылы шумақ жолда
рын синтаксистік бір единица етіп құрастыру Абайдың әсіресе
портрет және суреттеу өлеңдерінде күшті сезіледі. Мысалы:
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен (І, 122), –
деген жолдардың барлығындағы сурет тек көктемге қатысты:
жыл құсы да көктемде келіп, шығар жазға көрік береді,
табиғаттың жаңғыруы (көктем) жастарды құрбысымен жай-
раңдасып күлетін күйге жеткізеді, қазақ даласының қатты
қысында үйде бүрісіп жатып шыққан, әл-қуаты кем кемпір-
шалдың көрден тұрғандай қалқиып үйден шығар кезі де
көктемде. Демек, үш бөлек бастауыш, баяндауыштары бар үш
сөйлемді төрт жолдық бір шумаққа енген синтаксистік тұтастық
етіп тұрған – логикалық ой бірлігі. Бұл сипат «Жазғытұры»
тәрізді өлеңнің әрбір шумағында бар. Барлық шумақта да субъ
ект біреу – «жазғытұрғы уақыт, көктем». Әңгіме саудагердің
жаңа бұлмен ауылға келуі, диханның жер жыртып егін егуі,
малдың төлдеп, біреуінің екеу болуы туралы болып жатса, осы
үш картинаны бір шумақта біріктіріп тұрған – көктем тура
лы идея, яғни үшеуі де тек көктемде болатын іс-әрекеттердің
суреті.
Сұлу қыз, сұлу аттың портретін берген өлеңдерінде сыртқы
құралымы жағынан тіпті кейде әр тармақ бір-бір сөйлем болып
келсе де, олардың бір шумақ құрап, синтаксистік тұтастыққа
бірігуіне себепкер – негізгі ой (тақырып) бірлігі. Мыса
лы, «Білектей арқасында өрген бұрым» деген өлеңнің төрт
шумағының тақырыбы біреу – «сұлу, тәтті қыз».
Әдетте, Абайдың портрет және суреттеме шығармаларында
әр тармақтың грамматикалық жағынан автономиялығы күшті
болып келеді, яғни кейде әр жол жеке-жеке сөйлем болып
құрылады:
Кемпір-шал шуақ іздеп, бала шулар.
Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар (І,123).
Мұнда 5 дербес сөйлем бар, бес бөлек грамматикалық ба
стауыш бар, бірақ шумақтағы тұтастық өте берік. Мұнда
синтаксистік жолмен тұтасудан гөрі, ортақ идея – логикалық
ой арқылы тұтасу басым. Тегі, Абайда түр мен мазмұнның
органикалық тығыз байланыста болуында строфикалық
өлеңдерінің синтаксистік құрылысының рөлі күшті. Шумақ
(осыдан барып тұтас бір өлең) көбінесе бір идеяның, бір
образдың, бір суреттің төңірегінде болады, сондықтан бұл
шумаққа өзге идея, өзге тақырып қыстырылмайды, басы
артық «таңбасы жоқ, ені жоқ бурыл тайлар» мен «сағасы өткел
бермейтін терең сайларға» орын қалмайды. Сондықтан да
ақын бір шумақты бір идеяға, кейде бір субъектіге қазықталған
екі, кейде үш, кейде тіпті жалғыз немесе төрт-бес сөйлемнің
шоғыры етіп береді.
Абай екі-екіден топтасып келген төрт жолды бір синтаксистік
тұтастық етіп жасауда тағы бір тәсілді жиі қолданады: алдыңғы
жолдардағы бір мүшені соңғы екі жолдың бірінде есімдік
арқылы қайталап береді. Мысалы:
Кейде ойлайды жылауға қайғы-зарын,
Тынышсыз күнде ойлаған дерттің бәрін.
Кейде онысын жасырар жұрттан ұрлап,
Кетірер деп мазақтап беттің арын (І, 227).
Бұл шумақтың соңғы екі жолы мағына жағынан алдыңғы
жолдарсыз дербес дүние бола алмайды: онысы деп тұрған-
дардың немене екені алдыңғы жолдарсыз беймағлұм, сон-
дықтан сыртқы құралымы жағынан үш жеке сөйлем болып
келген бұл шумақ біз атаған тәсіл арқылы бір-бірінсіз «күн
көре алмастай» болып жымдасқан. Абайда бұл тәсіл (есімдік
арқылы алдыңғы жолдардағы объектіні қайталау) едәуір мол
пайдаланылған.
Сондай-ақ ұлы ақынның 4 жолдық шумақтарын біртұтас
ететін амалдың тағы біреуі – субъект ортақтығы.
Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек.
Бір-екі жолы болған кісі көрсе,
Құдай сүйіп жаратқан осы демек (І, 27), –
деген төрт жолдың субъектісі біреу-ақ ол – «надан» (мұның өзі
жасырынып тұр, оны алдыңғы шумақтан табамыз – Наданның
сүйенгені көп пен дүрмек).
11 буынды 4 тармақты шумақтағы сөйлемдерді күрделі
синтаксистік тұтастық етіп ұйымдастыруға ақын жоғарыда
көрсетілген амалдардан басқа, сөз немесе сөз тіркесін қайталап
келтіру, морфологиялық тұлғалары бірдей ұйқастарды пайда
лану, бір модальдық реңк арқылы топтастыру тәрізді тәсілд-
ерді де қолданған.
Абайдың 11 буынды, төрт тармақты шумақтарының бір-
тұтас синтаксистік единица болып құрылуына әсіресе оларды
ақынның екі-екі жолдан жымдастырып біріктіруі үлкен рөл
атқарады.
Сөйтіп, Абай 11 буынды, 4 тармақты строфикалық (шу-
мақты) өлең түрін актив қолданған. Бұл топқа ақынның бір
шумақтан тұратындары мен поэмаларын қоса есептегенде, 84
шығармасы жатады. Олардың ішінде төл өлеңдері – 54, төл по
эмасы – 3, аударма өлеңдері – 24, аударма поэмасы – 1. Бұл
топқа алғашқы төрт жолы бір шумақ болып келіп, әрі қарай
екі-екі жолдан ұйқасып кететін өлеңдерін қоспаймыз. Демек,
ақын қазақ поэзиясында өзіне дейін орын тепкен өлең фор
масын мол пайдаланып, оның строфикалық (шумақты) түрін
дамытқан. Аударма шығармаларында 11 буынды өлеңнің
шумақты түрін басым қолданғаны көзге түседі. Тұпнұсқада
өзгеше өлшемде келетін шумақтарды да Абай дәлме-дәл аудар
са да, еркін аударса да, 11 буынды, 4 тармақты шумақтармен
береді. Крылов мысалдарының біразы 11 буынды шумақты
өлеңмен аударылған. Аударма шығармаларының әзірге бізге
мәлімінің жалпы саны 55 болса («Қарға мен түлкі» мысалының
Алтынсарин вариантын қоспағанда), оның тең жартысы (27-
сі) 11 буынды, 4 тармақты шумақтармен жазылған. Соған
қарағанда, Абай шумақты синтаксистік күрделі тұтастық етіп
ұйымдастырып, белгілі бір айтпақ ойды беруде қолайлы 11 бу
ынды 4 жолды өлең түрін қалаған. Және әр шумақты шашып-
бөлмей синтаксистік біртұтас дүние етіп құру принципін берік
ұстаған деп табамыз (әрине, мұны Абай теория жүзінде осы
лайша танып-біліп, әдейі істемегені түсінікті).
* * *
Абайдың шумақты өлеңдерінің тобына біз талдап өткен
кәнігі 11 буынды, 4 тармақтыдан өзге түрлері де жататындығы
аян. Олардың кейбіреулерін Абайдың өзі енгізген. Сондықтан
бұлардың синтаксистік оформлениесінде де Абайдың ал
дында үлгі-схема болған емес, демек, тың. Енді осылардың
синтаксистік құрылысын талдайық.
Ең алдымен, Абайдың 11 буынды, 4 тармақтыдан өзге
строфикалық өлеңдері буын саны жағынан да, тармақ саны
жағынан да бірнеше түрлі болып келеді. Олар – 4, 6, 7, 8, 9
тармақтылар. Біздің байқауымызша, Абайда екі бөліктен
тұратын 14 тармақты шумақтар да бар. Ол – «Сен мені не
етесің?» деп басталатын өлеңі. Мұнда 7-тармақ пен 14-тармақ
ұйқас құрайды. Сонда әрбір 14 жол ұйқас суретіне қарай бір
шумақ болып шығады.
Абай аса көп тармақты өлең түрін жиі қолданбағанмен,
бірнеше рет байқап көрген. Мысалы, «Қатыны мен Масақбай»
(«Сырмақ қып астына») деген өлеңі – 14 тармақтан құралған
екі шумақты шығарма (1957 жылғы басылуында да солай
графикаланған). Мұнда да екі симметриялық бөліктен тұратын
14 жолды бір шумақ етіп тұрған 7-нші және 14-інші жолдардың
өзара ұйқасы (мағыналық, синтаксистік тұтастықты былай
қойғанда): келтірді – өлтірді; боқтады – тоқтады.
Дегенмен Абайдың ең жиі қолданған түрлері – алты тармақ
(алты аяқ) пен сегіз тармақ (сегіз аяқ). 7 және 9 тармақты
өлеңдері де онша көп емес.
Абайдың әр алуан мөлшердегі, әр алуан тармақталған шу-
мақтарының синтаксистік құрылымына олардың сол буын
саны мен тармақ санының тікелей қатысы бар. Осылардың
әрқайсысын жеке-жеке талдалық. Ең алдымен төрт тармақ-
тыларды қарастырайық. Бұлар буын саны жағынан 6, 7, 8 және
7-8 буын аралас болып құрылған.
6 буынды, 4 тармақты шумақтарда ең азы екі тармақ бір
синтаксистік құрылым (мүше немесе сөйлем) болып келеді,
өйткені мұнда буын санының әлдеқайда аздығы жеке бір
тармақты 11 буындыдағыдай дербес синтаксистік единица етіп
құруға келе бермейді. Мысалы:
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқаға сөз дайын (І,137).
Құр айғай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған
Кісіге сән бе екен? (І, 215).
Бұларда шумақ екі сөйлемнен құрылған. Әр сөйлемді
жасауға екі тармақтан қатынасқан. Ал Абай поэзиясында алты
буынды тармақтың бір өзі жеке сөйлем немесе бірыңғай мүше
болып келетін сәттері бар. Сөз жоқ, мұндайда сөйлем мүлде
шағын болады да көбінесе жалаң сөйлем конструкциясы ғана
беріледі:
Қайғың – қыс, жүзің – жаз,
Боламын көрсем мәз,–
дегенде екі жолда тіпті үш сөйлем бар, бірақ оларда анықта-
уыш, толықтауыш сияқты тұрлаусыз мүшелерге орын тимеген,
сөйлемдер жалаң.
6 буынды төрт тармақты шумақтардың көпшілігінде ал-
дыңғы екі жол бірыңғай параллельдер болып келеді:
Сенсің – жан ләззаты,
Сенсің – тән шәрбаты...
Көзімнің қарасы,
Көңлімнің санасы...
Тегі, өлең тармағындағы буын санының аздығы парал-
лельдердің болуына ең қолайлы жағдай болып табылады, ал
параллельдер – өлең динамикасын, ақынның айтпақ ойын
берудегі стилін өзгеше етіп беретін дүниелер. «Көзімнің
қарасы» өлеңінің көп шумақтарының алдыңғы екі жолы – па
раллель конструкциялар, олар не қаратпа, не бастама, не арнау,
не суреттеу сияқты «кіріспе» болып келеді, ақынның негізгі
ойы алдыңғы «кіріспемен» мағына жағынан жымдаса келіп,
соңғы екі тармақта беріледі:
Көзімнің қарасы,
Көңлімнің санасы, –
деген параллель – арнау, ақынның айтпақ ойы – сол «көзінің
қарасы мен көңлінің санасына» арналған «ішінде бітпейтін
ғашықтың жарасы».
6 буынды өлеңдердің синтаксисінде байқалатын және бір
ерекшелік – инверсияның жиірек қолданылуы. Сөйлемді
мейлінше шағын етіп құрастыру үшін оның ішіндегі сөздердің
орнын әлдеқайда еркіндеу ұстау қажеттігі туады. Сондықтан
алты аяқ өлеңдерде:
Мен сәлем жазамын
Қарағым қалқама.
Қайғыңнан азамын,
Барушы айта ма? (І, 216) –
тәрізді инверсиялар еркін қолданылады. Бұларда шумақ жол
дарын бір-бірімен цементтеп тұрған да – осы инверсия. Әрбір
екі жолда – «төңкеріліп» келген бір сөйлем:
Күн бойы күтемін, (басыңқы).
Келер деп хабарың (бағыныңқы).
Мұндай инверсиялар алдыңғы екі жолда да, соңғы екі
жолда да ұшыраса береді. Мысалы, «Мен сәлем жазамын»
деген өлеңнің алдыңғы тармақтары инверсиялы конструк
ция болса, «Көзімнің қарасында» көбінесе соңғы екі тармақ
инверсияланған:
Бітпейді ішімде
Ғашықтың жарасы...
Жөндеп те айтпадым,
Жүрегім лүпілдеп...
Инверсияның ең күшті қолданылған жері – «Болды да пар
тия» деп басталатын шығарма. Мұнда шумақ бастан-аяқ қатаң
түрде екіге бөлінген симметриялық конструкциядан тұрады.
Негізгі ой осы конструкциялардың басында (1-жолында)
берілгендіктен, амалсыздан инверсия жасалған:
Құрбыдай қош тұттым
Жасың мен кәріңді.
Жоқтамай ұмыттым
Ақыл мен нәріңді (І, 220).
Мұнда сөйлемнің негізі (бастауыш, баяндауышы) – екіге
бөлінген шумақтың әр бөлігінің 1-жолында, 2-жолдар сол
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері (жасың мен кәріңді, ақыл мен
нәріңді).
6 буындық төрт жолды бір шумақтың синтаксистік құры-
лысы жағынан тең екі бөлікке бөлініп тұруына ұйқас та себеп
болып тұр. Мұндағы абаб түріндегі шалыс ұйқастың әрбір аб
тармағы көбіне-көп бір синтаксистік единица болып келеді.
Ал ааба суретімен берілген «Көзімнің қарасында», жоғарыда
айттық, алғашқы екі тармақ көбінесе параллельдер де соңғы
екеуі соған іліктескен негізгі ойға арналған.
Сөйтіп, 6 буынды 4 тармақты шумақтың синтаксистік
бірлігі әлдеқайда берік, өйткені мұнда көбінесе буын санының
аздығынан әр екі жол бір единица құруға мәжбүр және олар
екі-екіден тағы жұптасып, шумақ құру қабілетіне ие. Ал шумақ
негізінен бір күрделі синтаксистік тұтастық болып шығады.
Ондағы тармақтарды біріктіретін мағына тұтастығы болады,
яғни алғашқы екі тармақ соңғы екеуінде айтылатын ойға не
бастама (арнау, қаратпа т.т.), не анықтама (мысалы «Көзімнің
қарасында») болып келеді де, төрт жол тұтас дүние болып
шығады. Немесе бір шумақтағы екі сөйлемнің бір-бірімен
мағыналық іліктестігі күшті болады (мысалы, «Мен сәлем
жазамын» өлеңінде). Сондай-ақ төрт жолдың әрбір екеуі
(аб ұйқастысы) параллель конструкция болып, сол арқылы
біртұтас дүние құрайды.
6 буынды 4 жолды шумақтардың біртұтас единица болып
құрылуында ақын инверсия тәсілін де қолданған (мысалы,
«Болды да партия» өлеңінде). Сөйлемдер ықшам; көбінесе
жалаң немесе үш мүшелі ғана жайылма; ішіндегі сөз тәртіптері
қатаң қаратпа, қыстырма тәрізді оқшау элементтер өте сирек,
бірыңғай мүшелер болса, олар да сан жағынан екіден аспайды
және бір ғана тармаққа орналасады:
Өсекке салмаңдар
Ойымды, жарымды (І, 220).
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын (І, 137).
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі (І, 135).
Абайдың төрт тармақты шумақты өлеңдерінің келесі то
бына 7-8 буынды түрі жатады. Бұлардың өзі екі түрлі: көп
шумақтары бірөңкей 7 немесе 8 буынды түрлері мен 7-8 ара
лас буынды түрлері. Соңғы (7-8 аралас) топтағы өлеңдердің
барлығы да абаб суретті шалыс ұйқаспен жазылған. Олардың
синтаксисі де осыған тікелей байланысты құрылған. Әдетте, аб
суретті тармақтар синтаксистік дербес бір құрылым (единица)
болады:
1) Желсіз түнде жарық ай – а
Сәулесі суда дірілдеп, – б 2) Ауылдың жаны – терең сай, – а
Тасыған өзен күрілдеп (І, 77). – б
Мұндайда шумақ екі-екі жолдан өзара өте берік жымдасқан
болады, өйткені екеуі – әрдайым дерлік бір сөйлем, көбінесе
жай сөйлем болып келеді:
1) Қалыңдық құшып, сүюге
Күйеуіне ынтызар. 2) Келісімен тиюге
Дайындалған ойы бар (І, 126),
Бір шумақтағы екі пардың өзара байланысына келсек,
көбінесе мағына мен ұйқас бірлігі ғана байқалады. Мұндағы
мағына бірлігі идея жағынан бір-бірімен ұштасқан екі сөй-
лемнің көбінесе параллель құрауында танылады. Мысалы:
Бала болдың, жас болдың –
Жалғандыққа ермедің.
Төре болдың, бас болдың –
Көкірегіңді кермедің (І, 184), –
деген жолдардағы екі сөйлем (әрі екі жол) – бір-біріне барлық
жағынан параллель түскен конструкциялар, бірақ екеуі бір
субъектіге қазықталған: әңгіме – Әбдірахман туралы.
Әрине, Абайдың 7-8 буынды, 4 тармақты абаб ұйқасты
өлеңдерінің бәрі түгелімен параллель парлардан тұрмайтыны
мәлім.
Параллель құрмайтын шумақтар синтаксистік құрылысы
мен мазмұны жағынан екі түрлі болып келген парлардан
құрылады. Бірақ мұнда да синтаксистік тұтастық белгілі бір
амалдармен жүзеге асып тұрады. Мысалы:
Жиырма жеті жасында.
Әбдірахман көз жұмды.
Сәулең болса басыңда,
Кімді көрдің бұл сынды? (І, 182) –
дегенде соңғы пардың (екі жолдың) алдыңғымен мағыналық
байланысы бұл сынды деген сөздердің қатынасуы арқылы
беріліп тұр.
Абай 7-8 буынды 4 тармақтан құрылған шумақты өлең түрін мол (жиі) пайдаланған. Төл шығармаларында, біздің есебімізше, 19 өлеңі, аудармасында 16 өлеңі осы топқа кіреді. Бір көңіл аударатын нәрсе – ақынның 7-8 буынды шумақтары негізінен дерлік абаб суретті шалыс ұйқаспен берілген. Бұл типтес өлеңдердің тек төртеуі ғана ааба ұйқасымен құрастырылған, ал біреуі («Шегіртке мен құмырсқа») абвб ұйқасымен жазылған107. Сөйтіп, 7-8буынды 4 жолды шумақпен жазылған 40 өлеңнің 35-і шалыс ұйқаспен келуі бұлардың синтаксистік құрылымын белгілеген: аб пары бір единица (көбінесе сөйлем) болып келеді де, ол шумақтың келесі аб па рына не параллель түседі, не екеуі мазмұны іліктес сөйлемдер болып шығады. Бұларда шумақ тұтастығын жасайтындар: 1) төрт жолдың бір субъектіге қазықталуы. Мысалы: Мәз болады болысың Арқаға ұлық қаққанға. Шелтірейтіп орысың Шенді-шекпен жапқанға (І, 84), – дегенде субъект біреу – болыс. 2) Бір пардың (3-4-жолдардың) екінші пармен есімдік не месе басқа сөздер арқылы іліктесуі: Шыны ғашық жар болса, Неге өлдім деп налымас. Онда екеуі кез келсе, Бірін бірі танымас (І,126). Мұндағы екеуі – алдыңғы парда айтылған ғашықтар. 107 Шағын буынды 4 тармақты шумақтардан құрылған өлеңдердің ішінде тағы біреуі абвб ұйқасымен келген, ол да – аударма мысал өлең («Жарлы бай»). Бұл – таза 7 буынды өлең. Сірә, біздіңше, абвб ұйқасы өлең синтаксисін қара сөзбен сөйлеу нормасына жуықтататын тәрізді. Мысалы, Сен мына бір ішінде Ділдасы бар дорбаны ал. Бірін алсаң және бір Ділда дайын, қолың сал (ІІ, 125), – деген жолдар проза тәртібіне жақын құрылған, мұнда қазақ өлеңінде көп кездеспейтін тасымал да бар: Бірін алсаң және бір Ділда дайын, || қолың сал. Ішінде диалогтары бар, өзі күнделікті өмірді суреттейтін мысал өлеңдерді сөйлеу нормасына жуықтатып беруді ақын интуициясы дәл сезгенге ұқсайды.
Қорқытпайды қар мен мұз,
Өзге нәрсе қорқытты.
Ойсыз, доссыз, бақытсыз
Жыбырлақпен өмір өтті (ІІ, 96).
аб ұйқасты 1-пардағы өзге нәрсе деп тұрғаны екінші аб па
рында ашып көрсетілу арқылы бұл екі пар бір шумақ құрып
тұр.
3) Тәуелдік жалғаулы сөздер арқылы шумақ ішіндегі
сөйлемдер синтаксистік тұтастық құрайды.
Бұл тәсіл 7-8 буынды шумақтарда өте актив қолданылған.
Мысалы, Әбдірахманға арналған өлеңінде:
Талаптың мініп тұлпарын
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің,
Әр қиынға сермедің (І, 184), –
деген шумақты тұтас дүние етіп тұрған – екінші компоненттегі
іңкәрің деп тәуелдеулі тұлғада берілген сөз арқылы оның
алдыңғы компонентпен іліктесуі.
Шумақтың синтаксистік тұтастығын құрайтын және бір
тәсіл бар, ол – 1-тармақта айтылған ой қазығына қалған тар-
мақтардың тәуелді (байланысты) етіп берілуі:
Жастықтың оты, қайдасың?
Бұл – бірінші тармақ, негізгі ой. Қалған жолдар:
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай.
Бұлар – жастық отының іс-әрекет амалдарын білдіретін,
синтаксистік құрылымы жағынан бірінші басыңқы сөйлемге
тәуелді бағыныңқы сөйлемдер. Демек, төрт жол – бір-ақ
сөйлем, субъект – біреу (жастықтың оты), грамматикалық
бастауыш та – біреу (сен), ой да – тұтас, біреу. Абайда бұл тәсіл
де едәуір мол қолданылған.
Әрине, Абайдың 7-8 буынды төрт жолды шумақтарының
күллісі жоғарғы көрсетілгендегідей әр алуан тәсілдермен жым-
дасқан біртұтас күрделі синтаксистік единица болып келмейді.
Сыртқы құралымы (ұйқасы, тармақ саны) жағынан бір шумақ
болып тұрғанмен, мағынасы және синтаксисі жағынан екі
бөлек (әрбір аб тармағы) дүние болып келетін өлеңдер де жоқ емес. Мысалы, «Құрсаған бұлт ашылмай»108 өлеңінің 4 шумағы да осындай екі-екі автономиядан тұрады. Бірінші шумақтың алғашқы екі тармағы «құрсаған бұлт пен аспанның жүзі» жайында болса, екінші пары – «үрпейген жүрек пен талапты көңіл» жайында. Шумақ ішіндегі екі парды біріктіріп тұрған еш нәрсе жоқ тәрізді. Не мағыналық тұтастық, не байланы стырушы формальдық элемент жоқ (әрине, мүлде ешқандай байланыс, іліктестік жоқ деуге болмайды, жалпы идеясы, философиялық толғану стилі жағынан тұтастық сипаты байқалады). Бірақ Абайда мұндай өлеңдер кемде-кем. Сірә, Абай шумақ тұтастығын қатаң сақтау принципін ұстаған. Абайдың бірқатар төрт тармақты өлеңдері – бірөңкей 7 не месе бірөңкей 8 буыннан құрылғандар. Бұлар сан жағынан көп емес. Таза 7 буындылардың көпшілігі («Білімдіден шыққан сөз», «Айттым сәлем, қаламқас», «Қиыстырып мақтайсыз», «Сұлу аттың көркі – жал» деген өлеңдер) ааба ұйқасымен жазылған, синтаксистік құрылысы да соған орай абаб ұйқастылардан өзгешелеу болып келеді. Мұнда алғашқы екі тармақ көбінесе параллель конструкциялар болады да соңғы екеуі тұтас бір сөйлем болады. Ал параллельдің өзі жеке сөйдемдер болғанда, 11 буындағыдай емес, көбінесе келте сөйлемдер болып келеді немесе 1-2-жолға бірыңғай сөйлем мүшелері орналасады. Мы салы: Қайғың болар шермен тең,// Қара көңлім жермен тең (І, 105). Өлең жазған тырбанып,// Ән үйренген ырғалып (І, 106). 108 Бұл өлең Абай кітаптарында және Мүрсейіт дәптерінде (1905 жылғыда) «Жақсылық ұзақ тұрмайды» деген өлеңнің жалғасы ретінде берілген (1957 жылғы басылымның 156-бетін қараңыз). Мазмұны жағынан да, өлеңдік құралымы жағынан да, біздіңше, бұлар – екі бөлек дүниелер. Екеуі де 7-8 буынды болғанмен, алғашқысы («Жақсылық ұзақ тұрмайды») – ааба ұйқасымен басталып, әрі қарай – жол аралап а ұйқасымен кететін 10 жолдық өлең. Екіншісі («Құрсаған бұлт ашылмай») – абаб ұйқасты, 4 тармақтан құралған шумақты өлең. Сірә, екеуін қосып жіберуге себепкер болған нәрсе мазмұндарындағы ұқсастық болар: екеуінде де уайым-қайғы сөз болады. Бірақ бір идеяны бірнеше өлеңінде жырлау Абай үшін, жалпы қаламгер үшін – жат нәрсе емес. Сондықтан өлеңдердің құрылысына қарап, екеуін екі өлең деп табамыз.
Көзім жатқа қарамас,//
Жат та маған жарамас (І, 103).
Сонымен қатар аа ұйқасымен келген алғашқы екі тармақтың
параллель емес бір сөйлем болып келу құбылысы 7 буынды
шумақта 11 буындыдан гөрі жиілеу:
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез (І, 86).
Сұлу қыз бен я батыр
Болмаған соң, Тәңір алғыр (І, 86).
Бір-бірімен осылайша не параллель құрап, не бір сөйлем бо
лып, тығыз байланысқан алдыңғы екі тармақ соңғы екеуімен
іліктесіп келіп, синтаксистік біртұтастық құрайды. Ол
іліктестік, өзгелердегі сияқты, тәуелдік жалғаулы сөздер мен
есімдіктер арқылы, ортақ субъект арқылы, ортақ сөздер т.б.
арқылы жүзеге асырылған.
Таза 8 буынды өлеңдер төрт тармақты шумақ құрғанда,
әрдайым дерлік абаб ұйқасымен келгендіктен, синтаксистік
құрылысы осы типтегі 7-8 аралас буынымен бірдей берілген.
Міне, Абайдың төрт тармақты шумақтарының синтаксистік
құрылысы – осындай.
* * *
6 тармақты шумақ мөлшерімен Абай 10 шығармасын
жазған. Оның ішінде біреуі ғана бір шумақтан тұрады, бірақ
ұйқас суретіне қарап 6 тармақты деп есептейміз. Бұл – Абайдың
Лермонтовтан аудармасы («Ғашықтық іздеп тантыма»). Абай
Лермонтовтың «И скучно, и грустно» деген шығармасының
екі шумағын екі түрлі етіп аударып көрген. «Әм жабықтым,
әм жалықтым» деп басталатын шумақ, біздіңше, 8 тармақпен
берілген (кітапта 6 тармақ – ІІ, 71). Суреті – аабвггбв. Ұйқас
суретіне қарап оны біз былайша жазар (графикалар) едік:
Әм жабықтым,
Әм жалықтым.
Сүйеу болар қай жігіт
Көңілден кеткен соң тыным?
Әм сүйіндім,
Әм түңілдім.
Үнемі неткен үміт,
Өткен соң бар жақсы жылым?
Ал осы өлеңнің екінші шумағын Абай 6 тармақпен аударып
көрген, суреті – абабвв:
Ғашықтық іздеп тантыма,
Аз күн әуре, несі іс?
Өзіңнің қара артыңа,
Өткен өмір – бейне түс.
Өлгенше болар бар ма дос? –
Қуаныш, қайғы – бәрі бос.
Соңғы аударманы 6 тармақты шумақ түріне жатқызуға оның
композициясы да дәлел болады: соңғы екі тармақ алдыңғылар-
да айтылған негізгі ойдың қорытындысы ретінде берілген.
Абайдағы 6 тармақты шумақтар тармақ саны жағынан
бірдей болғанмен, синтаксистік құрылысы мен буын саны
жағынан әртүрлі. Олардың ішінде ең көбі – ұйқас суреті аабввб
болып келетіндері.
Бұлардағы буын өлшемі көбінде – 447 447, біреуінде – 557
558, тағы біреуінде – 447 443. Бұл шумақтардағы синтаксистік
құрылым да ұйқас суреті мен буын өлшеміне тікелей қатысты.
Мүмкін, алты шумақты өлеңдердің екеуін («Кешегі Оспан»,
«Бойы бұлғаң») ұйқас суретіне қарап жеті тармақты етіп беруге
де болар ма еді: бұларда соңғы тармақтың бір бөлігі алдыңғы
тармақпен ұйқасып келеді. Сондықтан оны да бір тармақ етіп,
ең соңғы үш буынды сөзді 7-тармақ етіп графикалауға болар
ма еді:
Кешегі Оспан –
Бір бөлек жан,
Үйі – базар, түзі – той.
Ақша, нәрсе
Ала берсе,
Ат та мінсе,
Көнді ғой.
Кітапта: «Ат та мінсе, көнді ғой» (1,151) түрінде бір тармақ
етіп таңбаланған. Мұның да себебі жоқ емес, өйткені көнді ғой
деген тіркес синтаксистік жағынан өз алдына автономия құра
алмайды, ол – алдындағы тармақтардың органикалық бөлігі
(бірақ сөйлемнің жеке бір-екі сөзін бір тармақ етіп шығару –
Абай тәжірибесінде жоқ нәрсе емес, мысалы, «Ем таба алмай»
өлеңін қараңыз). Біз қалай етіп тармақтасақ та (6 немесе 7),
оның синтаксистік құрылысы өзгермейді. Бұл шумақтар екіге
бөлініп тұрады: алдыңғы үш тармақ бір единица (көбінесе бір
сөйлем), соңғы үшеуі – бір сөйлем. Бірінші бөліктің аа ұйқасты
алғашқы екі жолы әрдайым дерлік параллель конструкциялар
болып келеді:
«Ала бер»-ден,
«Келе көр»-ден...
Жауға мылтық,
Досқа ынтық...
Жұрт тынымсыз,
Бәрі ұғымсыз...
Әз тұтуға,
Сыйласуға... т.т.
Осылайша мағына жағынан да, морфологиялық тұлғалануы
жағынан да тепе-тең параллельдер болып келген екі тармақ
сөйлем ретінде аяқталмай, үшінші тармақпен ұласады да
белгілі бір синтаксистік единица (сөйлем) құрайды:
«Ала бер»-ден,
«Келе көр»-ден
Бір күн басын бұрды ма?
Ал қалған үш жол өз ішінен тағы екіге бөлінеді: 4-5-жолдар
мен 6-жолдың төрт буынды бөлігі көбінесе өзара тағы парал
лельдер түзейді:
Сырты абыз бар,
Желқабыз бар,
Алты ауыз бар...
Осы үш параллель үш буынды соңғы сөзбен ұласып,
синтаксистік бір единица түзейді:
Алты ауыз бар – өзге жоқ.
Сонда соңғы бөлік көбінесе бірыңғай мүшелері бар бір
ғана сөйлем болып шығады. Ал шумақ ішіндегі осы екі бөлік
өзара тағы берік жымдасып, біртұтас синтаксистік единица
құрайды. Кейде тіпті алты жол тұтасымен бір сөйлем болып
келеді:
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан (І, 154).
Кейде шумақ екі сөйлем болып келеді де ол сөйлемдер өзара
іліктесіп, тұтас дүние құрайды:
Ақы берген,
Айтса көнген
Тыныштық іздер елде жоқ.
Аққа тартқан,
Жөнге қайтқан
Ақыл айтқан бенде жоқ (І, 155).
Мұнда бір-біріне параллель екі сөйлем әрі мазмұн сәйкестігі
арқылы, әрі құрылыс сәйкестігі арқылы бір-бірімен байланы
сып, бір шумаққа сыйғызған синтаксистік күрделі бір тұтастық
жасап тұр. Сөйтіп, аабввб суретті 6 тармақты шумақтың
синтаксистік құрылымы әуелі екі топқа бөлінеді, оны жүзеге
асыратын – 3-6-жолдардың өзара ұйқасы, онан соң әр бөлік
өз ішінен параллельдер құрайды, оны да жүзеге асыратын
– қатар келген аа, вв ұйқастары, сонан соң екі топ (бөлік)
біртұтас дүние – синтаксистік тұтастық – жасайды. Бұл – қатаң
сақталған тәртіп.
Алты тармақты өлеңдер ішінде жоғарғы екі өлеңге ұйқас
суреті жағынан өте ұқсас бір шығарма – «Ем таба алмай» өлеңі.
Айырмасы – мұнда соңғы тармақ үш буынды (егер «Кешегі
Оспан» дегеннің кітаптағы тәртібімен таңбаласақ; «Ем таба
алмай» 5 тармақпен берілер еді).
Жас теректің
Жапырағы
Жамырайды, соқса жел.
Түсті мойын,
Толды қойын,
Ақты сел (І, 115).
Мұнда да шумақ екіге бөлінеді: алғашқы үш тармақ – бір
сөйлем, соңғы үшеуі – бір сөйлем. Кейде аа және вв ұйқасты
жолдар өзара параллель конструкциялар болып келеді:
Босқа ұялып,
Текке именіп...
Сырласа алмай,
Сөз аша алмай...
Бірақ «Кешегі Оспан» типтес өлеңдегі шумақ пен «Ем таба
алмай»-дағы шумақтың синтаксисіндегі басты айырмашылық:
алдыңғыда ең соңғы сөз – алдыңғы тармақтардағы айтылған
ойдың түйіні, яғни мұнда басыңқылық, дербестік сипаты
күшті:
Ұрла, қарла,
Жұртты шарла,
Ойла, барла – не болар (І,152).
Ал «Ем таба алмай»-дағы соңғы сөзде мұндай сипат жоқ,
ол – алдыңғы тармақтардың жалғасы ғана: бетті бастым, тұра
қаштым жалма-жан; жай жатпағым, тыныш таппағым күш бо
лып т.т. Бұл өлеңде өзгелерге қарағанда инверсия мен тасымал
әлдеқайда жиі кездеседі:
Босқа ұялып,
Текке именіп.
Кімді көрсем, // мен сонан
Бетті бастым
Тұра қаштым
Жалма-жан, –
дегенде тасымал да (3-тармақта), инверсия да (тұра қаштым
жалма-жан) бар. Әсіресе инверсия барлық шумақта қолда-
нылған: шумақ соңына келтірілген соңғы тармақ инверсиялан-
ған сөйлем мүшесі болып келеді.
«Бай сейілді», «Буынсыз тілің» сияқты өлеңдер де ұйқас
суреті жағынан аабввб болып, жоғарғы талдағандармен бірдей
түседі, бірақ олардың синтаксистік құрылысында сәл өзгешелік
бар. Бұлардың шумағы ааб – ввб болып екі тепе-тең бөлікке
бөлінеді, олар өзара көбінесе синтаксистік параллельдер бо
лып келеді: 1) Өзі ұлыққа
Қадір жоққа
Қарамай өз халқына.
2) Сөз қатырмай,
Жөнді айырмай
Жұртқа шабар талпына (І,113).
Сөйтіп, үш тармақтан бір сөйлем құрылып отырады. Әр
бөліктің бір-бірімен байланысы көбінесе мағына жағынан ғана
жүзеге асырылған. Әр бөліктің алдыңғы екі тармағы көбінесе
параллельдер болады:
Буынсыз тілің,
Буулы сөзің...
Елде – сияз,
Ойда – ояз...
Жасы – құрбы,
Жаны – тұрғы...
Алты тармақты өлеңнің тағы бір түрі абабвв суретті жалғыз
шумақтан тұратын аударма өлең («Ғашытық іздеп тантыма»)
екенін жоғарыда талдадық. Бұл да – бір синтаксистік тұтастық:
алғашқы төрт жол – баяндау, соңғы екеуі – соның түйіні:
Ғашықтық іздеп тантыма,
Аз күн әуре, несі іс?
Өзіңнің қара артыңа,
Өткен өмір – бейне түс.
Өлгенше болар бар ма дос?
Қуаныш, қайғы – бәрі бос.
Абайдың алты тармақты өлеңдерінің ішінде буын саны
жағынан алдыңғылардан мүлде бөлек келген дүние – «Мен
жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген 11 буынды өлеңі. Әдетте,
қазақ әдебиетінде, Абайдың өзінде де бұл өлшемді өлең 4
тармақтан шумақталады. 6 тармақпен келген бұл бір өлең
Абайда аабава ұйқасымен берілген. Синтаксистік құрылысы
жағынан 11 буынды ааба суретті өлеңдерімен бірдей. Тек
жалғастырылған 5-6-жолдардың екеуі қосылып, бір сөйлем
құрайды да ол мазмұны жағынан алдыңғы төрт жолда айтылған
ойдың қорытындысы (тұжырымы) болып шығады. Мысалы,
1-шумақтың:
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңлінің көзі ашық, сергегі үшін (І, 96), –
деген соңғы тармақтары алдыңғы төртеуіндегі ақынның өлеңді
не үшін, кім үшін жазатын өз сырын баяндаса, соңғы жолдарда
сол жазылған өлеңді қандай адамның ұғар қабілеті барын түйеді.
Тегі, Абай шығармаларында шумақтың констатация (баяндау)
мен тұжырым болып екіге бөлініп келуі едәуір кездеседі. Және
бұл тәсілді ақын әр алуан тармақты (мысалы, «Сегіз аяқ»), әр
алуан буынды өлеңдерінде қолданады. Мысалы, соңғы жол
дары тұжырым болып келетін 6 тармақты өлеңдердің ішінде
«Мен жазбаймын...» деген шығармасы 11 буынды болса, дәл
осындай сипат аралас буынды болып келетін «Қор болды жа
ным» өлеңінде де бар. Мұнда ұйқас суреті – абабвв:
Сайрай бер, тілім,
Сарғайған соң бұл дерттен.
Бүгілді белім,
Жар тайған соң әр серттен.
Қамырықты көңіл,
Қайтсе болар жеңіл? (І, 99).
Тіпті бұлардағы соңғы тармақтарды тұжырым деген
нен гөрі салдар деуге де болады. Алдыңғы жолдарда се
беп айтылған, соңғы екеуінде осының салдары баяндалады:
көңілдің қамырығуы – дерттен сарғайып, жары сөзден тай
ып, белі бүгілуінен. Мұндай тұжырым-салдармен бітетін
шумақтар үшін қажетті шарт көбінесе соңғы екі жолдың
өзара ұйқасып, өзгелерден оқшау берілуі (біз талдаған аабввб
ұйқасты өлеңдерде бұл жоқ). Әрине, бұл – қатаң шарт емес,
соңғы екі шумағы өзара ұйқасып келген 6 тармақты өлеңдердің
ішінде түгел шумақ бір ғана ой (бір ғана сөйлем) болатын да
кездері бар. Мысалы, «Қуаты оттай бұрқырап» деген өлең
шумағының алдыңғы төрт жолы күрделі, бірыңғай анықтауыш
немесе анықтағыш сөйлемдер болып келеді де соңғы екі жолы
солардың түйіні іспетті негізгі ой болады:
Қуаты оттай бұрқырап,
Уәзінге өлшеп тізілген.
Жаңбырлы жайдай сырқырап,
Көк бұлттан үзілген
Қайран тіл, қайран сөз –
Наданға қадірсіз (І, 221).
Мұнда алдыңғы жолдар – 5-жолдағы тіл дегеннің анық-
тамасы (қандай тіл?), соңғы екі жол «осындай, осындай тілдің
наданға қадірі жоқ» – деген негізгі ойды білдіреді.
14 тармақты «Сен мені не етесің?» өлеңінің синтаксистік
құрылысы айрықша талдауға тұрарлық өте қызық. Жалпы
тармақ саны 14 болғанмен, бұл өз ішінен жеті-жеті тармақтан
екіге бөлінеді. Бұл шығарманың буын саны мен ұйқасу суреті
де өте күрделі: 1. Сен мені не етесің
– а – 6 буын
2. Мені тастап,
– б – 4 буын
3. Өнер бастап
– б – 4 буын
4. Жайыңа
– в – 3 буын
5. Және алдап,
– г – 4 буын
6. Арбап
– г – 2 буын
7. Өз бетіңмен сен кетесің. – а – 7 буын 8. Неге әуре етесің
– а – 6 буын
9. Қосылыспай,
– д – 4 буын
10. Басылыспай,
– д – 4 буын
11. Байыңа
– в – 3 буын
12. Және жаттан
– г – 4 буын
13. Бай тап,
– г – 2 буын
14. Өмір бойы қор өтесің
– а – 7 буын
Осыншама көп тармақ құрай тұра, бұл шумақ небары екі-
ақ сөйлемді қамтиды: әрбір жеті жол – мүшелері инверсия
ланып берілген тұтас бір күрделі сөйлем, қара сөзбен берсек:
«Сен мені не етесің [не етейін деп едің], мені тастап, өнер
бастап және алдап-арбап өз бетіңмен жайыңа кетесің» болып
шығар еді. Келесі бөлігі де – осындай. Бұлардың барлығында
да және қызық нәрсе: ең алғашқы тармақ – айтылмақ ойдың
түйіні, қазығы, ал әрі қарайғы тармақтар – сол ойды айқындай,
дәлелдей түсу:
Кім білер ертеңді? –
Бұл – негізгі ой, идея. Әрі қарай:
Өлім айтпас,
Келсе қайтпас
Кісіге.
Бүгінгі күн.
Бармын.
Жолдас еттің сен бөтенді, –
болып осы идеяны толықтырады.
Абай поэзиясы синтаксисінің қара сөз тіліне жуық кел-
тірілген сәттері де – осындай шумақтарда. Бұл шумақтарда
ақын инверсияны жиі қолданған. Әсіресе, төртінші тармақта
берілген үш буынды сөз көбінесе инверсияға ұшыраған сөйлем
мүшесі болады: өлім айтпас, келсе қайтпас кісіге – мұның
инверсиясыз түрі – өлім [келерін] кісіге айтпас, (ал] келсе
қайтпас. Жеті-жетіден топтасқан 14 жолдың бір шумақ бо
лып бірігуіне себепкер – тек ұйқас суреті емес, сонымен қатар
олардың синтаксистік құрылысы жағынан тұтасқан дүние
екендігі, оларды тұтастырып тұрғандар – мазмұн іліктестігі:
1-шумақта ақынның ғашығына арнаған назы (сен мені тастап,
өз бетіңмен кетесің, неге бұлайша әуре етесің), 2-шумақ та
– өзі туралы, өзінің ет-жүрегі өртенгені, бұл дүниеде барлығы
туралы, 3-шумақ ғашықтық туралы т.т. осындай жеке-жеке
идея-тақырыпшаларға арналған. Екіншіден, күрделі синтак-
систік тұтастық құрып тұрған элемент – барлық тармақтағы
айтылған ойдың бір бастауышқа (субъектіге) қазықталуы.
14 тармақтан құралған строфикалық өлеңдерге «Ата-анаға
көз қуаныш», «Қатыны мен Масақбай» шығармалары да жа
тады. Соңғы өлеңнің алғашқы 4 жолы ұйқас суреті жағынан
абаб болып, 6 буынды «Мен сәлем жазамын» типтес өлеңге
ұқсайды, бірақ синтаксистік құрылысы жағынан 4 тармақты
«ағайындарынан» мүлде бөлекше: егер төрт тармақтылар
көбінесе екі сөйлемнен тұратын болса, мұнда жеті тармақ –
бір-ақ сөйлем:
Сырмақ қып астына
Байының тоқымын,
Отының басына
Төрінің қоқымын
Бүксітіп,
Бықсытып,
Қоқсытып келтірді (І, 207).
Келесі жеті жол да – бір ғана сөйлем:
Осының бәрімен
Көңлінде міні жоқ,
Жүзінің нәрі мен
Бойының сыны жоқ:
Бүкшиіп,
Сексиіп
Түксиіп өлтірді.
Бұл конструкция – Абай шығармаларының ішінде қара сөз
(проза) құрылысына ең жуық келтірілгені:
Отының басына
Төрінің қоқымын
Бүксітіп,
Бықсытып,
Қоңсытып келтірді,–
деген бес тармақты қара сөзбен айтсақ: «Отының басына
төрінің қоқымын бүксітіп, бықсытып, қоқсытып келтірді»
болып, сол күйінде берілер еді. Абайдың бұл конструкция
ны дәл осы өлеңінде таңдауына оның тақырыбы себепші бо
лып тұрған тәрізді. Ошақ басының жай-күйін сөз еткенде, сол
ситуацияға тән «қара дүрсін» сөйлеу тілінің тәртібін қолдану
орайлы. Сірә, қазақ өлеңінің даму тарихында синтаксистік
құрылысы жағынан сөйлеу (қара сөз) нормасына бір табан
жуық келетін тәжірибе тұңғыш рет саналы түрде Абай поэзи
ясында қолданылған. Бұл әсіресе алты және аралас буынды
өлеңдерінде байқалады.
«Ата-анаға көз қуаныш» өлеңі сәл өзгеше: ұйқас суреті
жағынан абабввв (алдыңғы өлеңде: абабввг), буын саны
жағынан: алдыңғы төрт жол 7-8 буынды, қалған үшеуі 5-3-3
буынды. Синтаксисі де өзгеше: мұнда алдыңғы төрт жол –
көбінесе екі сөйлемнен құралған баяндау (констатация), соңғы
үшеуі – бірыңғай конструкциялардан тұратын сол баяндаудың
«тоқ етер» жалғасы, бірақ бұл жалғас тұжырым іспетті кел
те құрылымдармен берілгендіктен, алдыңғы тармақтарда
баяндалған іс-әрекет, оқиғаның динамикалық түрде жетіп
тынған шегі тәрізді:
Оқытарсың молдаға оны,
Үйретерсің әрнені.
Медеу етіп ойы соны,
Жаны тыныштық көрмеді.
Жасында күтті,
Дәме етті.
Босқа өтті (І, 127).
(Тегі, алдыңғы екі жол ІІІ жақпен берілсе, тіпті «сымбатты»
болар еді: оқытты, үйретті, медеу етті, жаны тыныштық
көрмеді, күтті, дәме етті, босқа өтті). Сөз жоқ, мұнда жеті
тармақ – бір ғана синтаксистік құрылым: соңғы үш тармақ –
алдыңғылардың ажыратылмас жалғасы.
Баяндалған іс-әрекет, оқиғаның қорытынды жалғасын
«тоқ етерін» келте конструкциялармен жеке-жеке тармақ етіп
беру Абайдың 9 жолды «Тайға міндік» деген өлеңінде де бар.
Мұндағы шумақтың алғашқы 6 жолы екі-екі сөйлемнен тұрады
да соңғы үшеуі:
Күйкентай күтті,
Құс етті,
Не бітті? –
тәрізді «тақ-тұқ», «тоқ етерлер» болып келеді. Бұлардың бір-
бірімен іліктесуі тұлғалық параллельдік (мазмұнды былай
қойғанда) арқылы жүзеге асырылады.
* * *
8 тармақты шумаққа құрылған өлеңдердің ішінде жеке
синтаксистік талдауды қажет ететін – Абайдың «Сегіз
аяғы», дәлірек айтсақ, «Сегіз аяқтары» (бұл өлшеммен Абай
үш шығарма жазған). «Сегіз аяқта» автордың айтпағының
синтаксистік (дәлірек айтсақ, өлеңдік) жағынан құралымы жай
ында бізден бұрын айқын пікір айтылды109. Соны қайталап, кей
жерін толықтыра еске түсірсек, бұл шығарманың синтаксистік
және композициялық құрылымы мынадай. Өлеңнің әрбір
шумағы тезис пен антитезистен тұрады, яғни алдыңғы алты
тармақ кіріспе тәрізді берілген тезис болып келеді де соңғы екі
тармақ қорытынды ретінде берілген афористік сентенция бола
ды. Сегіз аяқтың 6 тармағы көбінесе өз ішінен екіге жарылып,
синтаксистік әрі мағыналық параллельдер құрайды:
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып
Тағыны жетіп қайырған (І, 88).
Мұнда параллелизм буын мен тармақ саны арқылы да,
ұйқас арқылы да жүзеге асырылған. «Сегіз аяқ» қазақ өлеңінде
параллелизмді қолданудың классикалық үлгісі болып табыла
109 Ахметов 3. Аталған кітап. 338-348-б.
ды. Мұнда алдыңғы 6 тармақтың үш-үштен бөлініп, екі парал
лель түзуімен қатар, сол үш жолдың алғашқы екеуі бір-біріне
және параллель болады. Бұл параллельдер соншама дәл, тепе-
тең. Ол дәлдік морфологиялық тұлғалардың бірдей берілуі
арқылы да жасалған:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі...
Көп айтса, көнді
Жұрт айтса, болды...
Қадірлі басым
Қайратты жасым...
Абай бұл өлеңдегі параллельдерді жасауда тепе-теңдік үшін
сөз құрамының қосымшалары ғана емес, тіпті сөздің өзінің
біркелкі болып келуін көздеген. Мысалы: басы-көзі қан боп де
генде алғашқы сөз қос сөз түрінде берілсе, келесі тармақтың
басқы сөзі де (арқа-басы шаң боп) қос сөз етіп берілген. Не
месе: жаяуы қашты дегенде жаяу сөзі субстантивтенген сын
есім болса, оның параллеліндегі сөз де (аттысы шапты) суб
стантивтенген сын есім болып келген.
Параллельдерді түзуде Абай қарама-қарсылық принципін
де қолданған:
Білгенге маржан,
Білмеске арзан...
Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл...
Ауырмай тәнім,
Ауырды жаным...
Параллель конструкциялар синтаксистік жағынан бір дүние
(көбінесе бірыңғай мүше немесе біркелкі шағын сөйлемдер)
болатыны аян. Бірақ параллель түрінде құрылған осы бір
конструкцияның автономия болу тенденциясы бар, яғни те
зис пен антитезис өлеңді екі единица түрінде келеді. Бірақ
бұл екі единица бір-бірімен өзара іліктесіп, бір синтаксистік
тұтастық құрайды, оған бұлардың мазмұны да, өзге амалдар
да қатысады. Ол амалдардың бастысы – субъект ортақтығы.
Мысалы, бірінші шумақта субъект – қызыл тіл, екіншіде – тіл
мен жақ, үшіншіде – сөз ұқпас надан адам т.т. Бұл жерде екі
единицадағы айтылған ойдың бір субъектіге қазықталуына
олардың екі полюсті (тезис және қорытынды) болып келуі де
себепкер, өйткені қорытынды сол тезистен шығады.
«Сегіз аяқтың» ерекше құрылған өлшемі оның синтаксисіне
тікелей әсер еткен: мұнда 1, 2, 4, 5-тармақтар 5 буыннан тұрады,
3, 6-және 7, 8-тармақтар 7 буынды. 5 буыннан құралған жолдар
көбінесе бірыңғай параллель мүшелер болып келеді де үшінші
жолмен қосылып, сөйлем құрайды:
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын...
Үш жолдың бұлайша бір сөйлем болып құрылуы кейде
өлең тасымалына жол ашады. «Сегіз аяқ» – Абай өлеңдерінің
ішінде тасымал нышаны едәуір сезілетін өлеңі. Мысалы (тасы
мал бар жерді қос сызықпен көрсеттік):
Хош, қорықты елің,
Қорқытқан сенің
Өнерің қайсы, //айтып бер...
Мамықтан төсек,
Тастай боп кесек
Жанбасқа батар, //ұйқы жоқ.
Мұнда тасымалдың арқасында соңғы жолдар синтаксистік
екі бөлікке бөлінген: ...өнерің қайсы, [соны сен] айтып бер.
Сейтіп, алғашқы 6 жол үш-үштен топтасып, екі сөйлем
құрайды, ол сөйлем өзара және параллель түседі, ал соңғы екі
жол көбіне-көп бір-ақ сөйлем болып құрылады:
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз...
Ынсап, ұят, терең ой[ды]
Ойлаған жан жоқ, жауып қой...
Тегі, 7 буындық әр тармақ шағын бір-бір сөйлем құрай ала-
тындығына қарамастан, ақын бір сөйлемді екеуіне орна-
ластырған. Оған 7-8-жолдардың афоризм-тұжырым ретінде
ұсынылғаны себеп болып тұр: екі жол – бір ой, бір мазмұн, бір
өсиет.
Тіпті кейде бұл жолдар:
Қарғағанын жер қылмақ,
Алқағанын зор қылмақ, –
түріндегі параллель конструкциялар болып келсе де, бұлар-
дың өзара жымдасуы өте тығыз (субъект – бір, мазмұны бір-
ыңғай, екеуі бір-ақ тұжырымды білдіреді). Сірә, «Сегіз аяқ-
тың» 7-8-жолдарының параллель болып келуі өте аз, көбінесе
бір-ақ сөйлем, оның өзінде де жай сөйлем болып құрылған,
сондықтан бұларда да тасымал нышаны күшті:
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым,//тап шыным.
Ал егер екі жол құрмалас етіп берілсе, оның бір компоненті
тіпті келте, ықшам келеді:
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл...
Ынсап, ұят, терең ой
Ойлаған жан жоқ, – жауып қой.
Бұл жердегі курсивпен көрсетілген компоненттер – бір
ғана баяндауыш арқылы берілген толымсыз сөйлемдер. Өлең
өлшемі мен ұйқас суреті жағынан да, синтаксистік құралымы
мен композициялық құрылымы жағынан да дәл «Сегіз аяқша»
құрылған өлең – «Көкбайға» («Бұралып тұрып»). Бұл – бір-ақ
шумақтан тұрған строфикалық өлең. Осы екі өлеңнен өзгеше
құрылған және бір «сегіз аяқ» – «Сұрғылт тұман дым бүркіп»
деп басталатын аударма өлең, бұл – әрқайсысы 8 тармақтан
тұратын екі шумақты шығарма. Өлеңнің ұйқас суреті де
(абабввгг), өлшемі де (алғашқы алты жол – 7 буынды, келесі
екеуі – 3 буынды), синтаксистік құрылысы да мүлде өзгеше.
Композициясы – алғашқы төрт тармақ тезис (баяндау), келесі
екі тармақ – тұжырым, соңғы екеуі – кесім, тұжырымның
тұжырымы:
Атаңды анаң азғырып,
Тұрғызбаған бейішке.
Алласы оны жазғырып,
Әкелді бастап кейіске, [өйткені]
Әйелде ешбір опа жоқ,
Бүгін – жалын, ертең – шоқ, (сондықтан]
Белді бу,
Бетті жу (ІІ, 90).
Міне, Абайдың шумақты өлеңдерінің түрлері және ол шу-
мақтардың синтаксистік-композициялық құрылымы – осын
дай.
АБАЙДЫҢ ШУМАҚСЫЗ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ
СИНТАКСИСІ
Абайдың осы күнгі кітаптарында шумақтарға тарамдал
май берілген өлеңдері екі топқа бөлінеді, бірі – таза шумақсыз
(астрофикалық) шығармалар да, екіншісі – шумақ ныша
ны бар өлеңдер. Соңғыларға біз төрт жолы өз алдына жеке
шумақ түзеп, ааба болып басталып, әрі қарай тармақ аралата
а ұйқасымен кететін өлеңдерді жатқыздық. Сондықтан бұл
топтың синтаксисін бөлек сөз етеміз.
Таза астрофикалық өлеңдерге келсек, бұларда екі нәрсе
көзге түседі. Бірі – бұл топтағы өлеңдердің барлығы тек 7-8
буынды жыр ағымымен жазылғандар екендігі, екіншісі –
бұлардың дені төл өлеңдер екендігі, аударма өлеңдерінен тек
екі-ақ шығармасы (онда да Крыловтан аударылған мысалдар)
шумақсыз етіп берілген.
Шумақсыз өлеңдердің синтаксистік құрылысында Абай
өлеңдері үшін ұйқастық рөлі айрықша. Ұйқас суретінің ең кіші
синтаксистік единицаларды (сөйлемдерді) ұйымдастыруда да,
тирада сияқты ең ірі өлеңдік шоғырды құрауда да үлкен мәні
бар. Сондықтан Абайдың шумақсыз өлеңдерін ұйқас суретіне
қарай екі топқа бөлуге болады. Алдыңғы топқа кезекті ұйқас-
пен жазылған, яғни өлеңнің бір (кейде екі) жол тастап ұйқас-
қан түрлері жатады, екіншіге ерікті ұйқаспен жазылғандары
кіреді.
Әдетте, бір жол тастап, екіншісінде ұйқаспен бітіп отыра
тын қос тармақ синтаксисі жағынан біршама аяқталған еди
ница (сөйлем) болатындығы мәлім. Бірақ бұлардың белгілі
бір аяқталған ойды білдірудегі автономиялығы өте әлсіз: екі
(кейде үш) тармақ жеке тұрып күрделі синтаксистік тұтастық
сияқты дербестік жасай алмайды.
Шумақсыз өлеңдерде де синтаксистік тұтастық болады,
бірақ олардың жасалу принципі, сөз жоқ, өзгеше. Егер шу-
мақты өлеңде жолдарды күрделі синтаксистік тұтастық етіп
ұйымдастыруға шумақ шарттары қатысатын болса, мұнда олар
жоқ. Оның есесіне, жоғарыда айтқандай, шумақсыз өлеңдерде
ұйқас суретінің рөлі айрықша көзге түседі.
Сонымен қатар астрофикалық өлеңдерде де тармақтарды
күрделі синтаксистік тұтастыққа ұйымдастыратын нәрселер
– мағыналас сөйлемдердің қатарласа берілуі, идея ортақтығы,
субъект бірлігі сияқты амалдар. Айырмашылық: шумақты
өлеңдерде әрдайым дерлік: синтаксистік тұтастық шегін шумақ
танытады: шумақ аяқталған жерде синтаксистік тұтастық та
аяқталған болады. Ал шумақсыз дүниелерде синтаксистік
тұтастықтың шегін мағына, идея (ой), субъект бірлігімен
қатар, кейде ұйқас суреті белгілейді. Мысалы, «Ғылым тап
пай мақтанба» өлеңінің алғашқы төрт тармағы бір тұтастыққа
топталған:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге (І, 44).
Осы төрт жол – бір синтаксистік тұтастық, бұларды бірік-
тіріп тұрған – мағыналастық, субъект ортақтығы және ұйқас
бірлігі. Келесі 11 жол бір ұйқаста, олар да – синтаксистік бір
тұтас дүние. Бірақ, әрине, ұйқас бірлігі әрдайым синтаксистік
тұтастық құрай бермейді. Абайдың астрофикалық шығар-
маларында ұйқас бірлігі көбінесе композициялық қажеттікті
де өтейді, яғни өлеңді тематикалық-композициялық бөліктерге
бөлетін амал ретінде жұмсалады. Мұндай бөліктерді орыс
филологиясында абзац деп атайды. Біз мұны қазақша шоғыр
деп атасақ дейміз. 7-8 буынмен айтылған эпостық жырлар
мен толғау ретіндегі лирикалық шығармалардағы мағына,
тақырып, интонация және ұйқас бірлігі жағынан топтасқан
тармақтар шоғырын тирада деп те атайды110. Тирада – шумақ
тәрізді, өлеңдік категория, ол – тематикалық-интонациялық
құралымның көрінісі. Абзац та (шоғыр да) өлең құрылымының
элементі, ол – композициялық единица. Бір шоғырдың бір ғана
синтаксистік тұтастық болуы – шарт емес, кейде бір шоғырда
бірнеше синтаксистік тұтастық болуы мүмкін. Мысалы, «Бо
лыс болдым, мінеки» деп басталатын «Күлембайға» деген
өлең 7 шоғырдан тұрады. Әр шоғырдың ұйқасы бөлек, яғни
әр шоғырдағы тармақтар бір ұйқаспен топтастырылған және
110 Ахметов З. Көрсетілген еңбек. 365-б.
әрқайсысы бір тақырыпты білдіреді: бірінші шоғыр (14 жол
дан тұрады, ұйқасы: шығындап – тығындап – мығымдап...)
бар малын шығындап болыс болған Күлембайдың ояз бар десе
жүрегі лүпілдейтін, күштілерге бас изеп, әлсіздің сөзін шала
тыңдайтын жалпы портретін береді; екінші шоғырда (18 жол,
ұйқасы: лепілдеп – дүпілдеп – күпілдеп...) сол болыстың келесі
жолғы болатын съезді естіген кездегі күй-әрекеті; үшіншіде
(28 жол, ұйқасы: елімді – белімді – сенімді...) съезд кезіндегі
іс-әрекеті, төртіншіде (24 жол, ұйқасы: далпылдап – жалпыл
дап...) съезд болар алдындағы өзінің амал-әрекетін башайлап
суреттеу, бесінші шоғырда (20 жол) болыстың өзіне өзі айтқан
сыны (өзіне-өзінің жасаған сипаттамасы), алтыншыда (32 жол)
болыстың өзіне өзі айтқан ақыл-ескертуі, жетінші шоғырда
(12 жол) болыстың өз іс-әрекетінің нәтижесін өзі топшылауы
берілген. Демек, әрқайсысы бір-бірінен айтарлықтай ажыраты
латын жеке-жеке ойды береді. Бір шоғырдағы сөйлемдер бай
ланысы шумақтағыдай емес, біраз өзгеше. Ең алдымен, жеке
сөйлемдерді шоғырға топтастыратын – мағына жақындығы мен
субъект ортақтығы. Шумақтағыдай емес, шоғырда көбінесе
әрбір екі (кейде үш-төрт) тармақ тиянақты бір сөйлем болады
да әрі мазмұны, әрі құрылымы жағынан бір-біріне ұқсас келеді.
Мысалы:
1) Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап. 2) Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап. 3) Сияз бар десе жүрегім
Орнықпайды суылдап. 4) Сыртқыларға сыр бермей,
Құр күлемін жымыңдап... (І, 79).
Мұндайда жеке сөйлемдерден құралған тармақтарды бір-
бірімен тұтастыратын элементтің бірі – ұйқастырылған сөз-
дердің морфологиялық тұлғасы жағынан бірдей болатынды-
ғы. Мысалы, осы өлеңнің 5-бөлігі ашық райдағы етістік
тұлғаларын ұйқастырып жасалған:
Антұрғанмын өзім де,
Бір мінезбен өтпеймін.
Момындық күшті екенін
Көрсем дағы күтпеймін.
Сияздан соң елімді
Қысып алып кетпеймін.
Әуелде к... бос кәпір
Мықтыға неғып беттеймін...
Абай бір шоғыр ішінде берген синтаксистік тұтастықты тек
тұлғалық бірдейлік арқылы ғана емес, мағыналық-экспрессивтік
жағынан біркелкі етіп беру арқылы да жасайды. Мысалы,
болыстың іс-әрекетін суреттейтін абзацтарда көсемшенің -ып
жұрнақты түрімен біркелкі етіп ұйқастырылған етістіктер –
қарапайым емес, жағымсыз мағынадағы бейнелеу мәні бар об
разды сөздер:
Күн батқанша шабамын
Әрлі-берлі далпылдап.
Етек кеткен жайылып,
Ат к... жалпылдап.
Оязға жетсін деген боп,
Боқтап жүрмін барқылдап...
Әрі қарай бұл бөлік аяғына дейін бартылдап, шаңқылдап,
алқылдап, тарқылдап, қарқылдап, сартылдап, аңқылдап, жар-
қылдап, шартылдап, тарпылдап болып ұйқасады.
Әрине, Абай шоғырларының бәрі осылайша тек бірдей тұл-
ғалардың ұйқасуы арқылы жасалмағаны мәлім. Тегі, морфо-
логиялық бірдей тұлғаларды ұйқастыру етістік ұйқасқан
сәттерде жүзеге асады. Және Абай етістіктің әр алуан тұлғасын
алып, әрқайсысын бір суретке (абзацқа) қолдануды да жүзеге
асырған. Мысалы, «Жаз» өлеңінде екі-ақ ұйқас бар: біреуі
– өткен шақ есімшенің жатыс жалғаулы түрі, екіншісі – -ып
жұрнақты көсемше. Алдыңғы ұйқаспен алғашқы бес жол
тұтасқан:
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда...
Бұл тұлғамен ақын тұтас өлеңде айтылмақ іс-әрекет, оқи-
ғаның қайда, қашан болатынын баяндайтын шоғырды берсе,
әрі қарай сол іс-әрекет, оқиғаның қайсысы, қайтіп болаты
нын -ып жұрнақты көсемшелерді ұйқастырып береді. Сөйтіп,
етістіктің -ғанда тұлғасы кіріспе, бастама бөлікті беруге, -ып
тұлғасы оқиғаның өзін баяндауға қолданылады. Тағы бір мы
сал «Интернатта оқып жүр» өлеңі де ұйқас суреті мен компо
зициясы жағынан екі шоғырға бөлінеді, біріншісінде – есім
ұйқас (көбінесе ІІІ жақтағы тәуелдік жалғаулы зат есім), ал
екіншісінде – барыс жалғаулығы -у тұлғалы етістік ұйқас.
Алғашқы шоғыр интернатта оқып жүрген қазақ балаларының
сипаттамасы болса, екіншісі сол балаларға автордың айтар
ақылына арналған. Демек, ұйқас бірлігі шоғырларды құрап тұр
да ол шоғырлар өлеңді композициялық жіктерге бөліп тұр.
Шумақсыз өлеңдерде дәлме-дәл параллелизмдер кемде-кем
болады. Сөйлемдер бірдей тұлғадағы ұйқастармен берілгенмен,
олар шумақты өлеңдердегі «алыстан сермеп, жүректен тер
беп» дегендей тұлғасы дәлме-дәл түсетін параллельдер болып
шықпайды. Шумақсыз өлеңдердегі параллельдерді мағыналық
деп атауға болар еді, өйткені екі-үш жолдан қамтитын әр
сөйлем мағынасы жағынан біркелкі болып келеді:
1) Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге. 2) Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге. 1) Қызмет қылма оязға, 2) Жанбай жатып сөнуге... 1) Үйде отырса салбырап, 2) Түзге шықса албырап... 1) Кісіні көрсе қылжаңдап, 2) Қалжыңшылсып ыржаңдап... 1) Өз үйінде қипаңдап, 2) Кісі үйінде күй таңдап...
Бұлардың барлығының мазмұны біркелкі: ақыл, үгіт. Демек,
бұл сөйлемдер – мағынасы жағынан бір-біріне параллель.
Сондықтан шоғырларға топтастырылған сөйлемдерді син-
таксистік тұтастық дегеннен гөрі, мағыналық тұтастық
деген атау дәлірек болар еді. Дегенмен сөйлемдерді біркелкі
етіп құрастыру, кейде бір сөзді қайталап келтіру, модальдық
реңктің бірлігін сақтау тәрізді амалдар шоғырға топтасқан
сөйлемдер байланысында да болады. Бірақ жеке-жеке
шоғырларға бөлінбей, бір ғана бөліктен тұратын тұтас бір
өлеңді немесе тармақ саны едәуір мол шоғырларды бір ғана
синтаксистік тұтастық деп табу қиын. Тіпті кейде идея,
тақырып біреу болғанмен, бұларда синтаксистік құралымы
жағынан өз ішінен тағы бөлінетін сәттері байқалады. Мысалы,
«Ішім өлген, сыртым сау» өлеңінің ұйқасы да – біреу, негізгі
тақырыбы да – біреу, тіпті модальдық реңкі де бастан-аяқ тұтас.
Бірақ өлең тармағы едәуір мол: 28 жол. Біздіңше, бұл өлең өз
ішінен абзацтарға бөлінбейді, яғни бір-ақ шоғыр, бір-ақ үш
синтаксистік тұтастыққа ажыратылады: біріншісі – алғашқы
4 жол, екіншісі – соңы 4 жолға дейінгі тармақтар, үшіншісі –
аяққы 4 жол.
* * *
Сөйтіп, Абайдың шумақсыз өлеңдерінің көпшілігі компо-
зициялық бірнеше шоғырға бөлінеді. Ол шоғырларды жасауға
қатысатын басты элемент – ұйқас. Абай мұрасын біздің за
манымызда бастырушылар көбінесе бұл белгіні дұрыс та
нып, шоғырларды бір-бірінен айырып көрсеткен. Мысалы,
Әбдірахманның әйелі Мағышқа шығарып берген жоқтау 13
бөлік (шоғыр) етіп, әр бөліктің арасына интервал қойылып
жазылған (1957, 190-193-беттерді қараңыз). Баласы өлген анаға
шығарып берген жоқтау да сондай (195-бет). Ал кейбіреулері
не дұрыс ажыратылмаған, не мүлде ажыратылмаған. «Болыс
болдым, мінеки» деген өлеңдегі кейбір шоғыр аралық ин
тервалдар дұрыс емес және керек жерлерге кейде интервал
берілмеген. Біздің талдауымыз бойынша, бұл өлең 7 шоғырдан
тұрады, І шоғыр кітапта дұрыс ажыратылған (79-бет), ІІ шоғыр
«Қайраттысып, қамқорсып Сайманымды бүтіндеп» (80-бет)
деген жолдан бітеді, ІІІ шоғыр «Қайтсін байғұс демейді, Бір
кептірмей терімді» (80-бет) деген жерден аяқталуға тиіс, ІV
шоғыр кітапта дұрыс бөлінген (81-бет), V шоғыр «Жақсы ақыл
деп құп деймін» деген тармақпен тынуы қажет, VІ мен VІІ
шоғырлардың арасы кітапта дұрыс көрсетілген (82-бет).
Сондай-ақ осы принципті нық ұстасақ, бірқатар шумақсыз өлеңдердің шоғырлануын көрсетіп жазуға болады. Мысалы, «Жылағанды тоқтатып» деп басталатын Мағыштың жоқтауын үшке (І шоғыр «Қайтып келіп қонбайды» деген жерден, ІІ шоғыр «Артыңа қарап аһ ұрдым» деген жерден ажыратылуы керек), «Абыралыға» деген өлеңді де үшке бөліп жазған дұрыс болар еді. Әрине, Абайдың шумақсыз өлеңдерінің күллісі осылайша бөліктерден құрылған болып келмейді. Едәуір өлеңі (буын саны жағынан шағын, қысқалары) бір-ақ шоғырдан тұрады. Көңіл аударатын нәрсе: мұндай өлеңдердің барлығы да – бір ұйқастылар, демек, бұлар жоғарғылардың бір-бір бөлігі тәрізді. Бір бөліктен тұратын шумақсыз өлеңдерінің көпшілігі («Ішім өлген, сыртым сау», «Тұл бойың ұят-ар едің», «Осы қымыз қазаққа» «Сәулең болса кеудеңде» т.б.) кезек ұйқаспен жазылған, оларда көбінесе екі тармақ дербес бір сөйлем бо лып келеді. Тек бір өлеңі («Оспанға») шұбыртпалы ұйқаспен берілгендіктен, 16 жол тұтасымен бір ғана құрмалас сөйлем етіп құрылған. Тегінде, Абай шұбыртпалы ұйқасты актив пайдаланбаған. Сөз жоқ, мұндайда өлеңнің синтаксистік құрылымы ауырлайды, компоненттер арасындағы арасалмақ бұзылады. Бұл – қазақ поэзиясында ертеден келе жатқан, ауыз әдебиетінде едәуір етек алған тәсіл болғанмен, Абайдың оны бір-ақ жерде қолдануына, сірә, оның синтаксистік құрылымы да себепкер болған болу керек. Өйткені Абай өлеңдерінің синтаксисі дәл, ықшам, анық конструкциялармен құрылады, сондықтан ауыз әдебиеті дәстүрімен іліктесіп, ертеден келе жатқан бұл стандарт тәсілді Абай жазба әдебиетке лайық деп таппаса керек111 . 111 Барлығы 10 жолдан тұратын «Балалық өлді, білдің бе?» өлеңінің 7 жолы бір-бірімен ұйқас құрылған, бірақ шұбыртпалы ұйқасқа құрылған «Оспанға»-дан айырмасы бар: мұнда әрбір ұйқасқан жол – жеке сұраулы сөйлем, демек, 7 сөйлем бар, бұлардың тұтасуы – тек мағыналық мотивте. Сірә, бұл өлеңді және осы тәрізді бастан-аяқ барлық жолы ұйқасатын «Тоты құс түсті көбелек» өлеңін шұбыртпалы ұйқастыларға қосуға болмайды. Бұлардағы ұйқастық тұтастығы «кездейсоқ», мұны ақын, тегі, абаб ұйқасына құрған, ал а мен б тармақтарының ұйқасып кетуі -ман жұрнақты етістіктен жасалған тұлғаға байланысты болар.
* * *
Шумақ элементі бар өлең типтері табиғаты жағынан
шумақсыздарға жуықтайды. Өйткені бұлардағы шумақ эле-
менттері көлем жағынан шумақсыз құрылған бөліктен әлде-
қайда кіші болып келеді әрі көбінесе ол «шумақтар» өлеңнің
басында беріледі. Еске сала кетейік, бұл өлең түріне біз ааба
болып басталып, әрі қарай жол аралатып кезекті а ұйқасымен
жазылғандарды жатқыздық. Кейде бұл шумақ элементі өлеңнің
ішінде де кездеседі, кейде тіпті аяғындағы төрт жол шумақ
тәртібімен құрылады. Бұл типте 11 буынды да, 7-8 буынды
да өлеңдер бар. Бұл топтағы Абайдың біраз шығармасы таза
шумақсыз өлеңдері сияқты ұйқас суретіне қарай бірнеше
шоғырға бөлінеді және әр шоғыр белгілі бір мазмұнға (ойға,
идеяға) бағышталады. Шумақсыз өлең бөліктерінен бұлардың
айырмашылығы: кейде әр шоғыр ааба болып шумақ тәртібімен
басталады. Мысалы, «Ал, сенейін, сенейін» өлеңі үш шоғырдан
тұрады, 1-шоғыр – 8 жол, 2-шоғыр – 6 жол, 3-шоғыр – 14 жол.
Мұнда әр шоғыр ааба болып басталады да әрі қарай жол ара
латып а ұйқасымен кетеді. «Қайғы шығар ілімнен» өлеңі 7
шоғырдан тұрады, әр шоғырдың тармақ саны әртүрлі, ең көбі
– 12, азы – 4, әрқайсысы ааба суретті шумақтан басталады. Әр
шоғырдың ұйқасы әр бөлек. Сонда ааба ұйқасымен берілген
шумақ элементі әр бөліктен «серкесі», беташары, «бөркі»
ретінде келеді. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңінің
алғашқы 20 жолын бастап беретін:
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды, –
деген шумақ – сұлу қыздың сыртқы мүсінін, бет-келбетін
суреттейтін шоғырдың беташары, әрі қарайғы 16 жол – осы
портреттің жалғасы. 14 жолдан тұратын келесі шоғыр қыздың
және сол «қыз жақтаған кейбір жігіттердің» моральдық бейнесін
суреттеуге арналған, оның да «бісмілдасы» шумақ суретімен
басталады. Бұл өлең 4 жолдық ааба ұйқасты шумақпен бітеді,
бірақ бұл шумақ та мазмұны жағынан алдыңғы шоғырдың
жалғасы болып табылады.
ааба ұйқасты шумақ элементі Абайға тек әртүрлі ұйқас-
тырылған шоғырларды бастау үшін ғана емес, бір ғана ұйқаспен
берілген өлеңдердің композициялық жігін ажырату үшін де
керек болған. Біздіңше, бұл тәсілдің негізгі миссиясы да – осы.
Мысалы, «Қалың елім, қазағым...» деген өлең бастан-аяқ бір-
ақ ұйқасқа құрылған, синтаксистік-композициялық құрылысы
жағынан 4 шоғырға бөлінеді, алғашқы 12 жол ааба болып ба
сталып, әрі қарай кезекті ұйқаспен, «қазағына, қалың еліне,
қайран жұртына» ақынның берген бағасы болып шығады,
келесі 6 жол – идеясы жағынан 1-шоғырдың жалғасы, бірақ
ааба мен басталған жаңа бөлік, ал соңғы тармақтар – жеке-же
ке екі шумақ.
Абайдың ұйқасы біртұтас 2-3 өлеңінде алғашқы төрт
тармақ – бір шумақ, келесі 4 тармақ – тағы бір шумақ, бірақ
«құйрықты» шумақ болып келеді, яғни келесі бөлік ааба бо
лып басталып, әрі қарай шоғырға айналып кетеді. Олар – «Бай
лар жүр жиған малын қорғалатып» пен «Базарға қарап тұрсам
әркім барар» өлеңдері.
Шумақсыз өлеңдердің біразы – 11 буындылар. Олардың
ааба суретті бөліктерінің синтаксистік құрылымы дәл шумақ-
ты өлеңдердегідей, ал әрі қарай кезекті ұйқаспен берілген
жолдардың синтаксистік құрылымы көбінесе шумақтың
соңғы ба ұйқасымен келген тармақтардікіндей болады, яғни
көбінесе екі жол бірігіп, бір единица (сөйлем) құрайды. Бұған
екі жолдың өзара ұйқаспай келуі көп мүмкіндік береді.
Синтаксистік құрылымы жағынан өзара ұйқаспай келетін
екі жолдың сыйымдылық дәрежесі жоғары, мұнда (әсіресе 11
буындыларда) бірыңғай немесе жайылма мүшелі жай сөй-
лемдерді де, «толыққанды» құрмалас сөйлемдерді де сыйғызу-
ға болады, демек, авторға өз ойын толық, бірден білдіруге
кезекті ұйқас әлдеқайда қолайлы. Әсіресе, ааба түріндегі
бір шумақта берілген ойды (идеяны, мазмұнды) әрі қарай
кеңейтіп, жалғастыру үшін жаңа шумақтан гөрі кезекті
ұйқаспен жеткен тармақтар тобы тиімді:
Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар, – а
Сомалап ақшасына сонан алар. – а
Біреу ұқпас сөзді біреу ұғар, – б
Бағасын пайым қылмай ақтаң қалар. – 1) Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма, – Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар. – а 2) Жазған соң, жерде қалмас тесік моншақ. – Біреуден біреу алып, елге тарар. – а 3) Бір кісі емес, жазғаным жалпақ жұрт қой, – Шамданбай-ақ, шырақтар, ұрсаң жарар. – а 4) «Ит маржанды не қылсын?» деген сөз бар, – Сәулесі бар жігіттер бір ойланар. – а (І, 43). Алдыңғы төрт жолдың әрбір екі тармағы бір-бір құрмалас сөйлем жасап тұр да көрсетілген келесі «қосақтар» беташар «шумақта» бастап берген автор ойын, яғни ақын сөзін біреуі ұғып, біреуі ұқпайтындар туралы ойды кеңейтеді. Бұл тәсіл Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясына да жат бол майтын (осы күнгі поэзиямызда бұл – кемде-кем ұшырасатын тәсіл, қазірде өлең не таза шумақты, не таза шумақсыз болып жазылады). Ал Абай бұл құрылысты, мүмкін, интуитивті түрде (өзіне дейінгі дәстүрдің ықпалымен), мүмкін, кей сәттерде саналы түрде пайдаланған болар. Саналы түрде пайдалану ына бұл құрылыстың синтаксистік түзілісінің ұтымдылығы (сыйымдылығы) себепкер болуы мүмкін. Өйткені Абайдың бір-ақ ұйқаспен берілген біраз өлеңі шумақ тәртібімен баста лып, әрі қарай кезекті ұйқаспен жалғастырылады да бір ғана бөлік болып шығады, демек, бір өлең бір ғана ой, бір ғана идеяға бағышталған бір абзац ретінде беріледі. «Қуанбаңдар жастыққа», «Өзгеге көңілім тоярсың»112, «Қыран бүркіт не ал майды салса баптап», «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды», «Жа сымда ғылым бар деп ескермедім» т.б. өлеңдері осындай. Сөйтіп, бұл типтес өлеңдердің композициялық құрылысында бірден-бір рөл атқаратын фактор – ааба суретті «беташар» жолдар болып шығады. Абайдың едәуір өлеңі бастан-аяқ бір ұйқаспен берілгенде, оларды композициялық бөліктерге ажы112 Бұл өлең 1957 жылғы кітапта 4 тармақтан тұратын шумақты өлең етіп жазылған, бірақ бұл графикалануы – дұрыс емес. Өлең ааба түрінде басталып, аяғына дейін кезекті бір ұйқаспен кетеді. Дәл осындай графикалық бұрыстық 11 буынды «Әуелде бір суық мұз...» деп басталатын өлеңде де бар. Бұл да – кітапта жазылғандағыдай шумақты емес. Ол да – ааба түрінде басталған, әрі қарай кезекті ұйқаспен жалғасатын өлең.
рататын нәрсе – осы «беташарлар», яғни әр бөліктің ааба су-
ретті «шумақ» болып басталуы (шумақсыз өлеңдерінде бұл
қызметті ұйқас атқаратынын көрсеттік). Кейде бұл миссия
ны орындауға ұйқас та қосылуы мүмкін: бірқатар өлеңдердің
композициялық бөліктері әрі шумақ болып басталады, әрі өзге
ұйқаспен құрылады. Бұлардағы әр бөлік кейде шумақтардағыдай
шағын «тап-тұйнақты» синтаксистік тұтастық шеңберінен
асып кетеді. Сондықтан біздің әр шоғырдың немесе жеке
өлеңнің басындағы ааба болып басталатын конструкцияны
шумақ деп атауымыз бірқыдыру шартты болып шығады, яғни
осы шумақтағы ой грамматикалық жағынан аяқталғанымен,
мағыналық жағынан әрі қарай жалғастырылып, шумағымыз
тұтас үлкенірек ойдың бір пұшпағы болып танылады. Мұнда
әрі қарай жалғастырыла берілген тармақтар екі-екіден
грамматикалық единица құрайды: көбінесе екеуі бір сөйлем
(жайылма жай немесе құрмалас) түзейді. Бұл типтегі өлеңдерде
тасымал жоққа тән, сөйлеу тілі элементі де әлсіз, параллелизм
дер де кемде-кем ұшырасады.
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ИНВЕРСИЯ
Өлең құрылысындағы инверсияның рөлі мен қызметі зор
екендігі мәлім. Сөз жоқ, өлеңдегі инверсия жалғыз ғана ырғаққа
байланысты жасалмайды. Өлең жолдарындағы сөздердің (сөй-
лем мүшелерінің) орындарын өзара алмастыру немесе бір
сөйлем болып келетін бірнеше (көбінесе екі-үш) жолдардың
орнын ауыстыру арқылы айтылмақ ойдың белгілі бір бөлігіне
екпін түсіру, сөзді мәнерлеу (выразительность), модальдық
реңк беру т.т. сияқты бірнеше мақсат жүзеге асырылады.
Тегінде, өлең синтаксисінің проза синтаксисінен басты
ерекшелігінің бірі инверсияда жатыр. Сөйлем мүшелерінің
түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне тән классикалық
тәртібі: бастауыштың баяндауыштан бұрын тұруы, тұрлаусыз
мүшелердің өздері қатысты сөздерден (мүшелерден) бұрын
орналасуы, құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы компонентінің
басыңқыдан бұрын келуі – өлең синтаксисінде жиі және оңай
бұзылып, инверсия жасайды. Және бір қызығы мен тәуірі –
бұл «бұзылыс» әдетте өлеңнің бойына біткен табиғи қасиеті-
нің бірі болады да, «құлақ кеспейді». Бірақ бұл: «табиғи
қасиеттің» өлеңнің кез келген сөйлемі мен тармақтарында
сақталып отыруы және шарт емес, өлең синтаксисі «жөні
түзу» тәртіпті де көтереді. Демек, инверсия жасау үшін белгілі
бір мотивтер керек. Оның үстіне инверсияның өзі кездесу
жиілігіне, қолданылған орнына қарай бірдей емес. Біздіңше,
инверсияның бір түрі жалпы ырғаққа, ұйқасқа орай оңай
келтірілетін, сондықтан да жиі ұшырайтын болып келсе, енді
бір түрі белгілі бір мотивті көздеп әдейі қолданылған болады.
Алғашқы түрге, біздіңше, бастауыш пен баяндауыштың
және толықтауыш, пысықтауыш пен соларға қатысты сөздің
(көбінесе баяндауыштың) орындарының ауысып келуі жатады.
Ешбір өзге мақсат көздемей-ақ, өлеңнің ырғағына, ұйқасына
қарай баяндауыш бастауыштан бұрын, яғни жолдың не басын
да, не ортасында келе беруі мүмкін:
Досасықтың болмайды бөтендігі113,
Қосылған босатпайды жүрек жігі (І, 56).
113 Бастауыш курсивпен, баяндауыштың асты сызылып көрсетілді.
Ықтырмамен күзеуде отырар бай (І, 72).
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек (І, 26).
Сарғайды жүзіміз,
Сарылды көзіміз (І,166).
Дегенмен бастауыштың әдеттегі орнынан ауысып, көбінесе
тармақтың ең соңына орналасуында өзге мақсаттар да жоқ
болмайды. Әсіресе, есімдіктен болған бастауышты тармақ
соңына келтіргенде, көбінесе оған екпін түсіріледі:
Сүйер ұлың болса, сен сүй
Сүйінерге жарар ол! (І, 127).
Зарланарсың, ойланарсың,
Не болам деп енді мен (І,128).
Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен (І, 234).
Біреудің кісісі өлсе қаралы – ол (І, 69).
Тегі, бұл тәсіл – қазақ поэзиясының синтаксисіне ежелден
таныс нәрсе. Ауыз әдебиетінде кездесетін:
Туырлығың тілер ол,
Тіліп тоқым қылар ол! –
деген тәрізді сөйлемдерде ой екпіні ол деп көрсетілген адам
да (батырда) болып тұр, туырлықты тілетін, тіліп тоқым
қылатын – өзге емес, сол ғана батыр деген мағынаны берудің
бірден-бір амалы сөз тәртібі арқылы жүзеге асып тұр. Егер «ол
туырлығыңды тілер, ол [туырлығыңды] тіліп тоқым қылар»
деген тәртіппен берілсе, мұнда белгілі бір батырды атап,
сескендіру мәні болмай, жай ғана констатациялау болып шығар
еді. Сол сияқты Абай:
Жыл жиылып, қартайтып қылғаны – бұл (І, 201), –
дегенінде, бұл деген есімдік бастауышты тармақ соңына
келтіріп, алдыңғы жолдарда айтылған – «күн жиылып ай бо
лып, он екі ай жиылып, жыл болып, жылдар жиылып, қартайған
өмір болады» деген пікіріне екпін түсіріп тұр (осылардың
барлығын бұл деген бастауышқа қазықтаған).
Дегенмен сөйлемнің тұрлаулы, басты екі мүшесінің өзара
орын алмасуы тұрлаусыз мүшелердің, оның ішінде пысық-
тауыш пен толықтауыштың, өздері қатысты сөздерімен орын
алмастыруынан жиі кездеспейді. Әсіресе, қимыл-сын, мезгіл
және үстеуден жасалған мекен пысықтауыштар мен жана
ма толықтауыштардың өздері қатысты сөзден соң орнала-
суы жиі қолданылады. Бұған осы мүшелердің әдеттегі орын
дарында тұрғанда да, бірсыдырғы еркіндікке ие екендіктері
де себепкер болса керек. Яғни бұл тұрлаусыз мүшелер өздері
қатысты сөзден едәуір алшақтап, екі араға өзге мүшелерді
қатыстырып қолданыла беретін қасиеті өлеңді сөйлемдерде
бұлардың мүлде «секіріп», «арт жаққа» шығып кетуін едәуір
жеңілдететін тәрізді. Бұл үшін ырғақ пен ұйқас талабы
жеткілікті. Мысалы:
Қаз-тырна қатарласып қайтса бермен (І,71)
егендегі пысықтауыштың қайтса сөзінен соң тұруын ұйқас
талап етіп тұр (бермен – керуен – серуен),
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін (І, 71) –
дегендегі тармақ соңына шығып кеткен толықтауыш та ұйқас
талабын орындап тұр (иін – киім – үйін). Көңіл аударатын жай
– инверсияның бұл түрлерінде орнынан ауысқан мүше көбі-
несе тармақтың ең соңына келтіріледі, бұған, бір жағынан,
осы инверсияның ұйқас талабынан туғандығы себепкер болса,
екінші жағынан, біздіңше, ең соңғы сөзге көп ретте белгілі бір
екпін түсірілетін тәрізді:
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (І, 67), –
дегенде автордың негізгі көңіл аударайын дегені – ескі би, ескі
ақынның тек өздерін атау емес, олардың өлеңге деген қатысын
көрсету, сондықтан ақын пысықтауыштарға екпін түсіру үшін
оларды жол соңына шығарғанға ұқсайды.
Сөйтіп, бір тармақ ішінде бастауыш пен баяндауыштың
және пысықтауыш, толықтауыш пен олар бағынатын мүшенің
әдеттегі орындарын алмастырып келуі – әрі жиі, әрі үйреншікті
тәсіл. Бұл – жалпы қазақ поэзиясы синтаксисіне тән құбылыс.
Бұл инверсияны тудыратын мотивтер көбінесе ырғақ пен ұйқас.
Демек, бұл – жалпы өлең табиғатынан туатын кәнігі инверсия.
Біздіңше, инверсияның екінші түрі бұдан едәуір өзгеше
болып келеді. Оған анықтауыш пен анықталғыш сөздің, кө-
мекші етістікпен келген тіркестер мен тұрақты тіркес компо-
ненттерінің өзара орын алмасып келуі жатады. Түркі тілдерін-
де анықтауыштың орны әлдеқайда тұрақты екендігі аян, кей
де белгілі бір сөздің анықтауыштық қызметі тек қана позиция
арқылы жүзеге асатыны мәлім. Сондықтан әдеттегі (проза-
дағы) нормада анықтауыш тек қана анықтайтын сөзінен бұ-
рын орналасады және екі араға өзі тектес өзге анықтауыштар
болмаса, басқа мүшелерді енгізбейді. Анықтауыштың осы қа-
сиетіне поэзия синтаксисі де қорғана қарайды. Өлеңде анық-
тауыштың инверсиялануы әлдеқайда кем ұшырайды. Деген
мен орын алады. Анықтауышты қалыпты орнынан жылжы
тып инверсиялау арқылы ақын көбінесе оны ритмика жағынан
оқшаулап, екпін түсіретін тәрізді:
Сұр бұлт//түсі суық//қаптайды аспан (І,71), –
дегенде күзгі бұлттың түсі суықтығы баса айтылуы үшін мұны
білдіретін элементтер (түсі суық деген анықтауыш) ритмика
сы жағынан оқшауланып тұр. Ол оқшаулық инверсия арқылы
жүзеге асырылған.
Сіз – қырғауыл жезқанат (І, 104).
Түрлі дауды жүз тарау (І, 78), –
тәрізді жолдарда да инверсияланған анықтауыштар ритмика-
интонация жағынан айқын бөлініп тұр. Анықтауыштардың
ұйқас талабына сай инверсиялануы да, біздіңше, жоқ емес,
бірақ өте сирек және көбінесе қосымшалы сөзден болғандары
тармақ соңына шығарылады:
Тойған есек шөпті оттап маңайдағы,
Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы (ІІ, 127).
Қарасам, қаңғыртар жұрт бұл заманғы (ІІ, 103).
Анықтауыш пен анықталғыш сөздің арасына өзге мүше-
лердің келтірілуі де инверсияға жатады. Абай өлеңдерінде бұл
едәуір жиі ұшырайды:
Жасынан білер ескі шалдың мінін,
Аптық жерін, ақылға кеш енгенін (ІІ, 103).
Бұл жерде ескі деген анықтауыш шал сөзіне қатысты емес
(қазақ тіліне ескі шал деген тіркестің тән еместігін Абай
дай сөз шебері жақсы білсе керек), мін сөзіне қатысты (бұл
– Лермонтовтың «Богаты мы, едва из колыбели, ошибками
отцов и поздним их умом» деген жолдарының аудармасы.
Лермонтов, І, 32). Сондай-ақ:
Сөз ұғарлық кем кісі (І, 132).
Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп (І, 67),
деген жолдарда да анықтауыш пен анықталғыштың арасына
өзге мүшелер келтірілген.
Кейде анықтауыш пен анықталғыш екі тармаққа орналас-
қан болып келеді. Мұндайда да араларына өзге мүшелерді са
лып, инверсия жасау бар:
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (І, 96), –
дегенде «көкірегі сезімді, тілі орамды жастар» тіркесінің ара
сына өзге сөздер түсіп тұр. Кейде еселенген (двойное) инвер
сиялар кездеседі. Мысалы:
Алмасы өкпе болар қол батпаған (І, 24), –
дегенде қол батпаған деген анықтауыш өкпе сөзіне емес,
алмаға қатысты. Ол әрі анықталғыштан кейін орналақан әрі екі
ортаға өкпе болар деген баяндауышты салған.
Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық (І, 37), –
дегенде де еселенген инверсия пайда болып тұр.
Қабыса байланысқан мүшелердің арасына бөгде сөз келті-
ріп инверсиялау, тегінде, ырғақ пен өлшем мүддесінен туады.
Өлең синтаксисі мұндай тәртіпті көтергенімен, кейде сөйлем
мағынасын ауырлатып, ойды түсінуге қиындық келтіреді. Мы
салы:
Орынсыз адамдармен жыртақтаған (І, 24), –
дегенде, орынсыз сөзі адам сөзіне қатысты ма, әлде автор орын
сыз жыртақтау дегенді айтып тұр ма? Сірә, соңғысы болса
керек, демек, мұндағы инверсия ритмика-интонациялық мис
сиясын дұрыс атқарып тұрғанмен, айтылмақ ойдың мағынасын
күңгірттеп тұр.
Маяны самұрық қонды тасқа апарып (І, 279), – дегенде де
инверсия тек ырғақ талабымен орындалған, бірақ сөйлемнің
түсініктілігіне нұқсан келтірілген.
Көмекші етістікпен келген тіркестердің арасына өзге сөз
салып немесе орындарын өзара алмастырып инверсия жасау
тәсілі де сирек болса да ұшырайды:
Кімге достық көп еттім (І, 108).
Болды да сыйлап ас бермек (ІІ, 132).
Адаммен сонан бері болды кекті (ІІ, 118). Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман (І, 28). Қабырғалы, жотасы болса күшті (І, 47). Сағаттың шықылдағы емес ермек (І, 201). Инверсияның бұл түрлерінің барлығы да – ритмика-интонациялық талаптан жасалғандар. Мына мысалда 7 буын ды тармақ екі бунаққа бөлінуге тиіс болса, оның бунақтарын 4+3+4 етіп бөлу үшін тек қана инверсия жәрдемдесіп тұр. Көкірегі /сезімді/ тілі орамды Жаздым үлгі /жастарға/ бермек үшін. Абайда бұл ретте жүйелі түрде келетін инверсияның тағы бір түрі бір тармаққа орналастырылған параллель бірыңғай мүшелердің арасына сөйлемнің өзге мүшелерін келтіру арқылы жасалған: Қаны қара бір жанмын, жаны – жара (І, 223). Онда оны алдайды, мұнда – мұны (І, 161). Ездің басы қаңғырсын, ердің – көңлі (І, 203). Біреу астық алады, біреу – маржан (І, 43). Сыртқа пысық келеді, көзге – сынық (І, 38). Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың (І, 31). Бұлардың барлығында да бірыңғай мүшелер екі сөзден құралған тепе-тең параллель конструкциялар болып келеді де ол екеуіне қатысты мүше көбінесе жалғыз сөзден тұрып, араларына келтіріледі. Бұл инверсияны тудырып тұрған бір қарағанда ырғақ мотиві ғана тәрізді. Ақын бұл жерде үш бунақтан тұратын тармақтың алғашқы екі бунағын 4+3 етіп құруды көздеген сияқты болып көрінеді. Бірақ, біздіңше, бұл – бірден-бір себебі емес. Рас, Абай 11 буынды өлеңдерінде соңғы бунағы төрт буынды болып келгенде, алдыңғы екі бунақтың орындарын алмастырып, өлең ырғағын құбылтып отырған114. Абай өлеңдерінің ырғағын тұңғыш зерттеуші І.Жансүгіров те осыны атап көрсетеді115. Жоғарыда келтірілген мысалдарда тармақтың өлшемі 4+3+4 болып құрылған болса, мына мысал дарда 3+4 + 4 болып келген, ол үшін инверсия жасаған: Сеніскен /досым да жоқ,/ асығым да (І, 56). Қарсылық /күнде қылған/ телі-тентек (І, 33). 114 Ахметов3. Көрсетілген кітап. 90, 294, 312-бб. 115 Жансүгіров І. Абайдың сөз өрнегі// «Әдебиет майданы», 1934. № 11–12.
Базарға /қарап тұрсам/ әркім барар (І, 43).
Ритмика-интонациялық жағынан құбылту қажеттігі бұл
жерде, біздіңше, аздық етеді. Абай, әсіресе, бірыңғай параллель
екі мүшені тармақтың екі шетіне жіберіп, инверсия жасағанда,
айтылмақ ойдың белгілі бір бөлігіне екпін түсіру мақсатын
да көздегенге ұқсайды. Екіге бөлінген бірыңғай екі мүшенің
аралары бір-бірінен сәл болса да қашықтағанда, олардың
ритмикалық әуені оқшауланып, айқындала түсетін тәрізді.
Оның үстіне, 3.Ахметов топшылағандай, мүмкін, бірінші
бунақтағы сөздер әлдеқайда күштірек бөлініп көрінетін бо
лар116. Сондықтан бірыңғай мүшелерді осылайша 1-бунақ етіп
бастап, оған көңіл аударып алып, әрі қарай араларына өзге мүше
қатыстырып, негізгі ой екпінін түсіру мақсаты көзделгенге
ұқсайды. Біздіңше, тіпті соңғы бунақ күшті оқшауланатын тә-
різді, өйткені грамматикалық құрылысы жағынан екі бірың-
ғайға ортақ сөз алдыңғы компонентке қосылады:
Қаны қара бір жанмын...
Онда оны алдайды...
Сыртқа пысық келеді...
Әрі қарай жалғастырылған бірыңғай мүшенің екінші
сыңары интонация жағынан да, грамматикалық орны жағынан
да оқшауланып, өзіне көңіл аударады:
Қаны қара бір жанмын /жаны – жара.
Онда оны алдайды /мұнда – мұны.
Тегі, Абай бір жолда берілген бірыңғай мүшелермен қатар
сөйлемнің соларға қатысты тағы бір мүшесі келген жағдайда
екі бірыңғайды бөліп жіберу тәсілін жүйелі түрде қолданған,
яғни бұл – Абайда система болып келеді. Тіпті, Абай жоғары-
да келтірілгендей, бір пішіндес таза параллель бірыңғай мү-
шелерді ғана (қаны қара – жаны жара; онда оны – мұнда
мұны) емес, күрделі мүшенің өзін (бірақ бірыңғай типтес) екіге
бөліп жіберуден де қашпаған. Мысалы:
Мықшима аяғымда былғары етік (І, 164).
Тон қабаттап кигенім шидем шекпен (І,164).
Үлкен кісе жанымда жез салдырған (І,164).
Бұлардың барлығында да – екіге бөлінген сөздер тобы бір-
ыңғай типтес күрделі мүшелер: аяғымда мықшима былғары
116 Ахметов3. Көрсетілген кітап. 81-б.
етік, жанымда жез салдырған үлкен кісе... т.т. Жалпы, «жүз
жылғы өткен» ескі киімдер туралы жазылған осы өлеңде
инверсия едәуір мол. Мұнда этнографиялық суреттеу үшін
келтірілген бірыңғай немесе күрделі мүше болып тұрған киім,
құрал-сайман атаулары мол, соларды автор өзі сүйген тәсілмен
бір тармақтың екі жағына орналастырып, айтпақ ойының
әсерлі түрде жетуін көздеген тәрізді.
Міне, бұлардың барлығы – бір тармақ ішіндегі инвер
сия түрлері. Инверсияның келесі түріне тармақтар арасын
да жасалатындары жатады Екі, кейде үш тармақта берілген
бір сөйлемнің мүшелері немесе компоненттері (егер сөйлем
құрмалас болса) әдеттегі орындарынан ауыстырылып берілуі
де – жалпы өлең табиғатына тән белгі. Мұны тудыратын мотив-
тердің бірі – ұйқас пен ырғақ болса, екіншісі – автордың белгілі
бір стильдік мақсатты көздеуі болады. Абайда, әсіресе, екінші
мотив айқын сезіледі. Себебі тармақаралық инверсия Абайдың
бірқатар өлеңдерінде бастан-аяқ жүйелі түрде келтірілген.
Мысалы, «Менсінбеуші ем наданды» деген өлеңінің көптеген
шумақтарында бір сөйлем екі жолдан қамтылған да (оған абаб
ұйқасы көмектеседі), ол жолдар өзара инверсияланған: бірінші
жолда сөйлемнің тұрлаулы мүшелерден тұратын негізгі
бөлігі берілген, екінші жолға тұрлаусыз мүшелердің бірі,
көбінесе қимыл-сын пысықтауыш немесе бағыныңқы сөйлем
орналасқан:
Менсінбеуші ем наданды,
Ақылсыз деп қор тұтып.
Түзетпек едім заманды,
Өзімді тым-ақ зор тұтып (І,140).
«Жастықтың оты, қайдасың?», «Жүрегім менің қырық
жамау», «Мәз болады болысың», «Желсіз түнде жарық ай»,
«Есіңде бар ма жас күнің», «Болды да партия», «Антпенен
тарқайды» т.б. 7-8және 6 буынды өлеңдері бастан-аяқ дерлік
тармақ аралық инверсияға құрылған. Бұлардың барлығында
да 1-тармақта негізгі ойдың констатациясы беріледі, яғни
сөйлемнің тұрлаулы мүшелері немесе құрмалас сөйлемнің
басыңқысы алғашқы жолға орналасады:
Антпенен тарқайды,
Жиылса кеңеске.
Ор қазып байқайды
Туа жау емеске (І, І58).
Өлді кейі, кейі жау,
Кімді сүйсе, бұл жүрек (І, 229).
Абай бұл тәсілді жүйелі, өнімді түрде бекер қолданбаған
сияқты. Біздіңше, синтаксистік құрылысы жағынан екі немесе
бірнеше жолдан топталатын шумақта немесе өлең бөлікте-
рінде логикалық ой екпіні алдыңғы тармаққа түсетін тәрізді.
Жоғарғы аталған өлеңдердің барлығында да алдыңғы тар-
мақтар – автордың негізгі айтпақ ойы. Және динамикалық іс-
әрекет емес, статистикалық жай-күй суреттелген өлеңдерде
логикалық екпін бірінші жолға түсіріледі. Мысалы, «Желсіз
түнде жарық ай» өлеңінде табиғат жарық айдың сәулесі суда
дірілдеген тыныш қалпында, адамдар (ғашық жастар) бір-
біріне аулақта жолығысып, «иегі тамаққа кіріп» құшақтасып
тұрған статикалық күйінде суреттеледі.
Соған орай бұл өлеңдегі шумақтардың барлығында да осы
күй-қалыпты білдіретін негізгі ой әр бөліктің (екі жолдың) ба
сында берілген:
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп...
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?...
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі? (І, 77).
Бұл тәсіл әсіресе өз замандастарының портретін жасаған
өлеңдері мен лирикалық геройдың ішкі көңіл-күйін суретте
ген шығармаларында кең қолданылған. Өйткені бұларда ди
намикалы іс-әрекетті суреттеу емес, жай констатация, баяндау
басым, яғни алдыңғы планда іс-әрекеттің орындалуы, қалай
орындалуы емес, сол іс-әрекеттің суреттеп отырған адамға тән
екендігін ғана көрсету бар. Мысалы:
Мәз болады болысың
Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың
Шенді шекпен жапқанға (І, 84), –
деген шумақ егер инверсиясыз былайша берілсе (бұдан ұйқас
та, өлшем де бұзылмас еді):
Арқаға ұлық қаққанға
Мәз болады болысың.
Шенді шекпен жапқанға
Шелтірейтіп орысың.
Бұл құрылыста логикалық ой болыстың өзі емес, қалайша
орындалған іс-әрекетіне түсер еді. Ал автордың көздегені,
негізгі айтпағы – арқаға ұлықтың қағуы туралы емес, сол
ұлық арқасына қағып, болыс қойған адамның өзі туралы,
оның надандығы, ар-ұятын сатып, «бойының қасиетін бекер
төккендігі» туралы.
Бұл өз замандасы – болыстың ішкі портреті болса, лири-
калық геройдың, өзінің ішкі жан дүниесінің портретін бер
ген «Жүрегім менің қырық жамау» деген өлеңі де – осындай:
бірінші тармақтарда ішкі күйдің өзі баяндалады, ал ол күйдің
неден, қайтіп, неге байланысты екені екінші планда, екінші
тармақта:
Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтіп аман қалсын сау
Қайтқаннан соң әрнеден (І, 229).
Бұл жерде де айтылмақ негізгі ой – «қырық жамау жүректің»
өзі туралы, сондықтан ақын, біздіңше, инверсияны әдейі, ар
найы қолданған. Осы типтес өлеңге тағы бір тамаша мысал
бола алатын – «Қор болды жаным». Мұнда алты тармақтың
алғашқы төртеуінде лирикалық геройдың ішкі жан дүниесі
статикалық түрде баяндалған да соңғы екеуінде сол күйден
шығатын қорытынды пікір айтылған. Бұл өлеңнің синтаксистік
құрылысы да осыған орай екіге бөлінеді: алдыңғы төрт жол
абаб ұйқасты екі бөліктен тұрған да әрқайсысы тармақаралық
инверсиямен құрылған:
Қор болды жаным
Сенсіз де менің күнім.
Бек бітті халім
Тағдырдан келген зұлым (І, 99).
Ал соңғы екі жолдың қорытындыда инверсия жоқ:
Тағдыр етсе Алла,
Не көрмейді бәндә.
Өлең бұл тәртіпті бастан-аяқ сақтайды.
Инверсияны өлең мазмұнына қарай пайдалану жағынан
өте бір қызық шығарма – «Ғылым таппай мақтанба». Бұл –
композициялық құрылысы жағынан екіге бөлінеді. Ұйқас та
осы композицияға сәйкес, әр бөлік бір ғана ұйқаспен құрылған.
Алғашқы бөлікте – шарт қойыла айтылған ақыл, соңғыда – жай
ғана шартсыз тілек. Алдыңғы бөлік бастан-аяқ тармақ аралық
инверсиямен берілген:
... Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге...
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз... (І, 44).
Екінші бөлікте инверсия жоқ:
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл...
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма (І, 45, 46).
Айтылмақ негізгі ойды дәл, айқын, екпін түсіре жеткізу
үшін инверсияны пайдалану Абайдың әсіресе шағын буын
ды абаб ұйқасты өлеңдерінде көзге түседі. Мұндайда негізгі
ойды білдіретін сөйлем мүшелері алдымен (алдыңғы тармақта)
келеді де тұрлаусыз мүшелер, әсіресе қимыл-сын пысықтауыш
не бағыныңқы екінші орында айтылады:
Әуремін мен тыя
Дауың мен шарыңды.
Құрбыдай хош тұттым
Жасың мен кәріңді.
Жоқтамай ұмыттым
Ақыл мен нәріңді (І, 220).
Бұл типтес өлеңді инверсиясыз құрса да, өлеңдік белгілері
бұзылмас еді: абаб ұйқасын құраған жолдар баба болып
орналасқан болар еді. Бірақ екеуінің модальдық реңкі екі түрлі
болары даусыз. Бірінші инверсиялы вариантта суреттелмек
ойдың өзі бірінші орында, негізгі көңіл лирикалық геройдың
психологиялық, моральдық күй-қалпын білдіруге арналады,
сондықтан да «әуремін мен тыя», «құрбыдай хош тұттым»,
«ортаға кеп салдым» т.т. конструкциялар бірінші болып айты
лады.
Әрине, Абай тармақ аралық инверсияны тек логикалық
екпінді бірінші орынға қою үшін ғана қолданбаған. Сірә,
біздің байқауымызша, ақын -ып жұрнақты көсемшемен келе-
тін конструкцияны (қимыл-сын пысықтауышты немесе бағы-
ныңқыны) екінші тармаққа орналастыру арқылы тағы да бір
екпін қоюды көздеген. Атап айтқанда, мұндай өлеңдерде -ып
жұрнақты көсемше ұйқас құраушы элемент болып келеді де
өздері белгілі бір модальдық қызмет атқарады: олар (көсемше
ұйқастар) не оқиға, іс-әрекетке динамикалық реңк береді, не
іс-әрекеттің орындалу амалына көңіл аудартады. Мысалы:
«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап», «Байлар жүр жиған
малын қорғалатып» деген өлеңдері бастан-аяқ инверсиямен
құрылған: бұларда әрбір 2-тармақ -ып жұрнақты көсемшеге
аяқталып, тұтас ұйқас түзейді, екеуінде де көсемшелі тармақтар
оқушының назарын өзіне аударатындай экспрессивтік мәнді
болып келеді, тіпті эмоциялық-экспрессивтік реңк көсемше
тұлғасында тұрған етістіктің семантикалық бояуы арқылы да
күшейе түседі: бұл етістіктердің көпшілігі әр алуан кекету,
кеміту, ирониялау т.т. мәнді болып келеді (шықылықтап, бос
салақтап, ыржақтап, бұтып-шатып, Құдай атып т.т.)
Біздің бұл топшылауымызды Абайдың өзге өлеңдері де
дәлелдей түседі. Мысалы, «Болыс болдым, мінекей» деген
шығармасында өткен шақ көсемше тұлғасынан жасалған
қимыл-сын пысықтауыштар немесе бағыныңқының баянда
уыштары тармақ соңында келіп ұйқас құрайды. Осы тәсіл
арқылы ақын осы сөздерге көңіл аудартады және бұлардың
көпшілігі әр алуан экспрессивтік мәні бар образды етістіктер
болып келеді. Бұл өлең, жоғарыда талдадық, бірнеше шоғырдан
тұрады. Солардың ішінде І, ІІ, ІV шоғырлары болыстың
портретіне арналған. Жағымсыз болыстың портретін эмоция
лы түрде жеткізу үшін ақын әрі шыбындап, суылдап, дікілдеп,
лепілдеп, күпілдеп, далпылдап, барқылдап, тарпылдап т.т.
тәрізді образды етістіктерді алса, әрі бұларды тармақ соңына
шығарып, оның үстіне ұйқас жасаушы элемент етіп, оларға
ерекше екпін түсіріп, көңіл аудартады. Бұлардың барлығын
стильдік инверсиялар деуге болады. Стильдік инверсияға тек
көсемше формалы мүшелер ғана емес, өзге де тұлғалардан
жасалған басқа мүшелер де ұшырайды. Мысалы, «Ем таба
алмай» өлеңінде шумақтың ең соңғы тармағы болып тұрған
және ең соңғы сөзі болып тұрған бөлігі көбінесе инверсияланған
тұрлаусыз мүше болып келеді:
Сөз аша алмай
Бендеге...
Тұра қаштым
Жалма-жан... (І, 115).
Инверсияға байланысты көзге түсетін жайт – Абайдың әр
алуан (аралас) буынды өлеңдерінің синтаксистік құрылысы-
ның проза нормасына жуық келетіндігі. Яғни бұлардағы шумақ
етіп ұйымдастырылған сөйлем мүшелерінің орын тәртібінде
инверсия жоққа тән, бұлар ұйқастырылған қара сөз іспетті. Мы
салы, «Бай сейілді» өлеңінің шумақтарын ешбір сөзін орнынан
қозғамай қара сөз етіп жазсақ, сол күйінде дұрыс құрылған
сөйлем болып шығады: «Өзі ұлыққа қадірі жоққа қарамай, өз
халқына сөз қайырмай, жөнді айырмай жұртқа шабар талпы
на»; «Бай сейілді, бір бейілді елде жақсы қалмады; елдегі еркек
босқа селтек қағып, елін қармады». Бұларда инверсия өте аз:
алты жолға берілген сөйлемде бірер жерде ғана инверсия бар:
1-шумақта талпына шабар сөздерінің орны алмасқан, екіншіде
елде сөзі сөйлем басында тұруға керек еді. Ал қалған жерде
сөйлем мүшелері өздерінің әдеттегі орындарында тұр. «Ем таба
алмай» өлеңі де – осындай: тек шумақтың соңғы сөзі (әрі соңғы
тармағы) болып тұрған сөйлем мүшесі ғана инверсияланған,
қалған мүшелері өз орындарында: «Босқа именіп, текке ұялып,
кімді көрсем, мен сонан бетті бастым, тұра қаштым (жалма-
жан)». Әсіресе, «Сен мені не етесің?», «Сырмақ қып астына»,
«Бойы бұлғаң», «Тайға міндік», «Кешегі Оспан» тәрізді ара
лас буынды өлеңдері интонациялық-синтаксистік құрылысы
жағынан қара сөзбен сөйлеу нормасына құрылған, бұларда
тармақаралық инверсия мүлде жоқ, тармақ ішіндегі инверсия
да кемде-кем.
* * *
Сөйтіп, инверсияның ең жиі қолданылған жерлері – баста
уыш пен баяндауыштың орын алмастыруы, анықтауыштан
өзге тұрлаусыз мүшелердің өздеріне қатысты сөзбен орын
алмастырып келуі және көмекші етістікпен келген тіркес
компоненттерінің бір-бірімен орын ауысуы көбінесе ұйқас
пен ырғақ мотивінен туады. Бұл – жалпы қазақ өлеңіне тән
тәсіл. Абай мұны еркін пайдаланған. Ал бірыңғай мүшелердің
арасына өзге сөз қатыстыру немесе анықтауыш пен анық-
талғыштарды бір-бірінен алшақтатып (арасына өзге сөздерді
кіргізіп) жіберу және тармақ аралық инверсия жасау – ырғақ,
ұйқаспен қатар, стильдік мақсатты да көздей орындалады. Ол
мақсат көбінесе белгілі бір мүшеге немесе сөйлем бөлігіне ерек
ше екпін түсіруде, назар аудартуда болады. Белгілі бір система
болып кездесетін кейбір инверсия түрлері – Абайдың әдейі
қолданған, жазба поэзия тіліне енгізген өз ерекшелігі. Ол – екі
бірыңғай мүшені араларына өзге мүше салып, тармақтың екі
басына шығару тәсілі. Мұнда жалғыз ырғақ талабы әлсіз, бұл
жерде ақынның көздегені – стильдік мотив. Өйткені мұндайда
1-бунаққа кейде төрт буынды бөлік орналастырылса, кейде үш
буынды орналастырылады. Және көбінесе ырғақ үшін бәрі бір
тәрізді болады. Мысалы:
Базарға /қарап тұрсам/, әркім барар,
Іздегені /не болса/, сол табылар.
4 3 4
Біреу астық /алады/, біреу – маржан,
3 4 4
Әркімге /бірдей нәрсе/ бермес базар (І, 43), –
дегенде тармақтардың бунақ өлшемі бірде 4 + 3-+4, бірде
3+4+4 болып құбылып отыру үшін инверсия жасалды делік, ал
бунақ өлшемі 4+3+4 болып бірдей келген мына шумақтағы ин
версия ырғақ талабынан туып тұр ма:
4 3 4
Онда оны /алдайды/, мұнда – мұны,
4 3 4
Жанын берсе /табылмас/ сөздің шыны.
4 3 4
Алты жақсы /жүз жылқы/ болған басы,
4 3 4
Бір семіз ат /болады/ оның құны (І,161).
Біздіңше, «Біреу астық алады, біреу – маржан»; «Онда оны
алдайды, мұнда – мұны» типтес конструкцияларда ақын ин
версияны бірыңғай мүшелерге екпін түсіру үшін қолданған:
екіге жарылған бірыңғай мүшелердің соңғы сыңары өз орны
нан айырылып, құлаққа оқшау естіледі де еріксіз өзіне қатысты
өзге сөздерді іздетеді. Абайда бұл тәсіл өте жиі, жүйелі
түрде қолданылған. 2-3 жерде болмаса, қалған жағдайдың
барлығында да бірыңғай мүшелер екіге жарылып берілген.
Сондай-ақ тармақаралық инверсиялардың белгілі бір түрі,
атап айтқанда, сөйлемнің негізгі екпін аударылатын бөлігінің
алғашқы тармаққа орналастырылуы – Абайда тағы да систе
ма. Әрі бұл – ырғақ пен ұйқас талабынан асып, стильдік та
лапты қоса атқарған тәсіл. Әсіресе, аз буынды тармақтарда
ақын инверсия арқылы негізгі айтпақ ойына көңіл аудартуды,
тыңдаушыға эмоциялық-экспрессивтік жағынан әсер етуді
қамтамасыз етеді:
Болды да партия
Ел іші жарылды.
Әуремін мен тыя,
Дауың мен шарыңды (І, 220), –
типтес тармақтарда сыпыра инверсия: бір тармақтың өз бой
ында да (болды да партия, әуремін мен тыя), тармақтар ара
сында да (соңғы тармақтағы толықтауыштарды қараңыз)
пайда болып тұр. Осы арқылы ақын бұл сияқты өлеңдердегі
лирикалық геройдың іс-әрекетіне назар аудартады әрі инвер
сия өлеңге шорт кеспе (резкость) реңк беріп, оның эмоциялық
әсерін күшейтеді. Логикалық екпін түскен сөйлем бөлігін басты
тармақ етіп орналастырғанда, ол кейде әсіресе синтаксистік
тұтастық екіден көп жолдарға орналасқанда, сол тұтастықтың
тірегі, арқауы іспетті рөл атқарады. Мысалы:
Есіңде бар ма жас күнің,
Көкірегің толық, басың бос.
Қайғысыз, ойсыз мас күнің?
Кімді көрсең, бәрі дос (І,228), –
дегенде бірінші тармақ – 4 жолдық тұтас шумақтың, яғни бір
шумақта берілген синтаксистік тұтастықтың каркасы (арқауы):
қалған үш жол – жас күн дегенге қатысты инверсияланған
анықтауыштар немесе анықтауыш сипатындағы құрылымдар.
Мұндай каркастық қызмет атқаратын конструкцияны шумақ
басына шығару Абайда едәуір жүйелі түрде келеді. Мысалы,
жоғарыдағыдай тұтас тармақ болмайтын арқаулар да кезде-
седі, бірақ олар да инверсияланып, негізгі айтылмақ тұтас
ойдың басына орналасып, ұйымдастырушы қызмет атқарады:
Дос алады, бермесең – бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп,
Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,
Не қылып оңайлықпен ырық берем деп (І, 28).
Бұл жердегі синтаксистік тұтастықтың ұйытқысы – «дос
алады» деген конструкция. Қара сөз тәртібінде бұл деп-ке
біткен құрылымдардың бәрі жинақталып, ең соңында берілер
еді. Оның инверсияға ұшырап, шумақ басына шығарылуы –
біріншіден, каркастық қызмет атқарса, екіншіден, негізгі ойға
(достың да алармандардың бірі екендігіне) екпін түсіру, на
зар аудару міндетін атқарады (одан кейін орналасқандар сол
тұжырымның – достың да аларман екендігінің – неліктен,
қайтіп, қашан екендігін ғана баяндайды, ақын үшін негізгі
логикалық ой – бұлар емес, «достың да алатындығы»).
«Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» деп басталатын ау
дарма өлеңінде де анаформа ретіндегі «мен көрдім» шумақ
басындағы топтаушы тірек болып берілген:
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын...
Мен көрдім ойнап жүрген қызыл киік
Кеудесіне мылтықтың оғы тиіп... (ІІ, 114).
Екі тармақта берілген бір сөйлемнің басты бөлігі (тұрлаулы
мүшелері немесе басыңқы сөйлемі) бұрын орналасуы осы
принципке бағындырылған. Және бұл принциптің жүйелі
түрде келуі – қазақ поэзиясы синтаксисінің жаңа сапаға
көшкендігінің белгісі әрі бастамасы. Оның иесі мен бастаушы
сы Абай екендігін көреміз.
Жалпы инверсияны, оның ішінде, бастауыш пен баяндау-
ыштың орын алмасуын сөз еткенде, жол-жолай көңіл аударатын
және бір жайт бар. Ол – етістіктен болған мүшенің (көбінесе
баяндауыштың) жалпы өлеңдегі тұратын орны, тұлғасы және
олардың өлең мазмұнына (идеясына, сипатына) қатысы туралы
мәселе.
Етістіктен болған мүшелер көбінесе баяндауыш болатыны
мәлім, сонымен қатар көсемше тұлғалы етістіктер тұрлаусыз
сөйлем мүшесі (пысықтауыш) болып та қолданылады. Ең ал
дымен, етістік баяндауыштар туралы. Қазақ поэзиясында,
оның ішінде Абайда да тиянақты сөйлемнің етістіктен болған
баяндауыштары екі түрлі тұлғада қолданылады: ашық рай
да және -ып жұрнақты көсемше тұлғасында (ал бағыныңқы
сөйлемнің баяндауышы прозадағыдай көсемше, есімше, шарт
ты рай, тұйық етістік тұлғаларымен келетіндігін ескертуге бо
лады).
Тиянақты сөйлемнің баяндауышы ашық райда қолданыл-
ғанда, біздің байқауымызша, өлеңнің мазмұндық сипатына
қарай орын талғайтын тәрізді. Егер өлеңде оқиға динамикалық
күйде суреттелсе, ашық райдағы баяндауыш негізінен тар-
мақ соңына келтіріліп, ұйқас құрауға қатысады. Мұндай шу-
мақтарда баяндау сипаты (повествовательный характер) басым
болады. Бұл тәсіл әсіресе адамның іс-әрекеті мен оқиға, жорық
т.т. баяндайтын өлеңдері мен поэмаларында қолданылғанын
көреміз. Мысалы, қысты кәрі шал – адам етіп суреттеген
өлеңде («Ақ киімді, денелі, ақ сақалды») ақын іс-әрекетті
динамикалық түрде береді, яғни қыстың суықтығы, бораны,
бұлты т.т. мен қыстыгүнгі мал мен малшылардың хал-жайы
статикалық күйінде емес, қимыл, әрекет арқылы баяндала
ды, сондықтан мұнда келіп қалды, әлек салды, ажарланды, үй
шайқалды, теріс айналды тәрізді ашық райдағы етістік баян
дауыштар тармақ соңына келтірілген. Ал көктемді суреттеген
осы қатардағы екінші өлеңін («Жазғытұры қалмайды қыстың
сызы») ақын басқаша сипатта ұсынған: мұндағы көріністер
динамикалық қозғалыс үстінде емес, статикалық күйінде, яғни
суреттеу арқылы берілген. Ол үшін де автор ашық райдағы
етістік баяндауыштарды алады, бірақ олар орын талғап,
тармақтың ішіне кеткен, демек, ұйқасқа қатыспайды:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі (І,122).
Әрине, ашық райдағы етістік баяндауыштар тармақ соңын-
да – өз орындарында тұрып, ұйқасқа қатынасқан өлеңдердің
барлығы түгелімен тек іс-әрекетті қимыл-қозғалыс үстінде
баяндау болып келмей, ішкі портрет болуы да мүмкін, бірақ
мұнда да сол портрет геройдың қылығы, іс-әрекеті арқылы
беріледі, сондықтан да баяндауыш ұйқастар өлеңге баяндау си
патын береді. Мысалы, «Көңіл қайтты достан да, дұшпаннан
да» өлеңінде байлар, саудагерлер, естілер, ессіздер, телі-
тентектер, құда-тамыр, дос-жарандар т.т. портреттері бір-бір
шумақта беріледі және бұл портреттер солардың іс-әрекеті,
қылығымен суреттеледі, сондықтан да ақын баяндау стилін
қолданып, жүр сөзі рефрен ретінде келген етістік ұйқастарды
алады:
Естілер де ісіне қуанбай жүр,
Ел азды деп надандар мұңаймай жүр.
Ала жылан, аш бақа күпілдектер
Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр (І, 33).
Абайдың көптеген өлеңі – лирикалық геройдың ішкі жан
дүниесін білдіретін суреттеу сипаттағы дүниелер, сондай-ақ
енді бір тобы – жағымды-жағымсыз замандастарының ішкі-
сыртқы портретін беретін өлеңдер, қалған тобы өмір, табиғат,
дін, білім-ғылым, адамзаттың мінез-құлқы туралы толғанған
өлеңдерін қамтиды. Бұлардың барлығында да динамикалық
іс-әрекет жоқ, бұларда белгілі бір құбылыстың, жай-күйдің
қалыпты күйі (статикалық күйі) суреттеледі. Осыған орай
бұларда етістік баяндауыштар тармақ ортасында не басында
келеді. Бұған аталған топтарға жататын кез келген өлеңінен
мысал келтіруге болады. Бір ғана мысал: жастық, жас кездегі
семья, жас жігіттің өз басының қадір-қасиеті туралы жырлаған
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңінде етістік
баяндауыштар (кейбір бұйрық рай мен -ар тұлғасы түрлерінен
басқасы) барлық шумақта тармақ ішіне жіберілген:
Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе, Бір:сөзімен тұрса екен, жанса, күйсе. Қырмызы қызыл жібек бозбалалар Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе... Шу дегенде көрінер сұлу артық, Көбі көпшіл келеді ондай қаншық, Бетім барда бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, кімі тантық... (І, 38, 39). Етістік баяндауыштар инверсияланып келгенде, өлеңге ба яндау сипатынан гөрі, суреттеу мәнін беретіндігін (орыс по эзиясында) Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін талдаған акад. Л.В.Щерба көрсеткен болатын117. Қазақ өлеңінде де тиянақты етістік баяндауыштар өз орындарында тұрмай, инверсияланып келгенде, іс-әрекеттің өзін баяндау емес, сол іс-әрекетті орын даушы затты, құбылысты суреттеу сипатын беретіні байқалады. Сөйтіп, өлеңдегі етістік тұлғалы мүшелердің, оның ішінде баяндауыштың орын талғауы (инверсияға түсу-түспеуі) және оның тұлғасы көп сәттерде өлеңнің мазмұнына, сипатына тікелей қатысты болып келетінін Абай шығармалары айқын танытады. Бұл да – стильдік таңдаудың, әдеби талғамның бір түрі және жетілген жазба әдеби тілдің талабы мен белгісі деп табамыз. 117 Щерба Л. В. Избранные работы по русскому языку. - М., 1957. - С. 43.
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТАСЫМАЛ Өлең тасымалын118 (ғылыми әдебиетте enjemdements деп те беріледі) тануда біз орыс филологиясының анықтамасын ұстандық. Өлең тасымалы өлеңнің тармағы мен оның синтаксистік бөлінісінің шекаралары сайма-сай түспейтін сәттерінде пайда болады, ашып айтсақ, өлеңдегі белгілі бір айтылмақ ой (сөйлем) бір тармақтан асып, келесі тармақтың ортасында аяқталса немесе бір тармақта айтылатын ой (сөйлем) оның алдындағы тармақтың жартысынан басталса, ондай синтаксистік құрылым өлең тасымалы119 болып шығады. Бір сөйлемнің екі тармаққа бөлінгенінің бәрі өлең тасымалына жатпайды. Поэзияда, оның ішінде Абайда, бір сөйлемнің екі, кейде үш жолға сыйғызылып берілгені өте жиі кездеседі, мұндайда әр тармақтың синтаксистік-интонациялық дербестігі болады, де мек, тармақтар мен синтаксистік единицалардың шекаралары сайма-сай түседі: бір тармаққа орналасатын ол единицалар не құрмалас сөйлем компоненттері, не бірыңғай мүшелер, не жай ылма мүше болып келетінін жоғарыда көрсеттік. Сондықтан: Іштегі ескі жалынды Сөндір жаңа қылықпен (І, 249). Немесе: Жанып, сөніп, суынып қалған көңлім Қобалжиды хатыңды көрген сайын (ІІ, 80), – тәрізді тармақтарда тасымал жоқ. Бұларда бір сөйлем екі тармаққа бөлінгенмен, әр тармақ – интонациялық-синтаксистік бір единица. Өлең тасымалының негізгі атқаратын рөлі – тармақтарды синтаксистік жағынан тұтастыру. Тасымалы бар жолдардың бір-бірімен байланысы өте берік болады: бірінсіз екіншісінде дербестік жоқ. Қазақ поэзиясы үшін өлең тасыма лы – жаңа құбылыс: оның бірқатар нышандары, принципі Абай 118 Тасымал деген термин лингвистикада да бар. Фонетика-графикалық категорияны білдіретін бұл терминді поэзия тіліндегі интонациялық-синтаксистік категориядан ажырату үшін көбінесе өлең тасымалы деп атадық. Бізде әңгіме тек соңғы құбылыс туралы болғандықтан, кейде ықшамдап, тасымал деп те атай салдық. 119 Щерба Л.В. Фонетика французского языка. - Л., 1936. - С.169; Поспелов Н.С. Синтаксический строй стихотворных произведений Пушкина. - М., 1960. - С.27-33; Жирмунский В. Композиция лирических стихотворений. - Л., 1925. - С.9; Томашевский В. Русское стихотворение. Метрика// Вопросы поэтики. - Вып. ІІ. - 1923. - С. 78.
дан басталып, совет дәуіріндегі поэзияда ғана дамығандығын көреміз. Қазақ ауыз әдебиеті мен Абайға дейінгі ақындар по эзиясына өлең тасымалы тән емес. Өйткені тасымал В. М. Жирмунскийдің көрсетуі бойынша, по-эзияның музыкадан ажыраған дәуірінде дамитын құбылыс, ол «говорный стих» деп аталатынға тән нәрсе120 «Говорный стихтың» алғашқы тенден циясын біз Абайдан бастап табамыз. Соған орай тасымалдың да алғашқы солғын түрлерін Абай өлеңдерінен іздеуге болады. Солғын дейтін себебіміз Абай поэзиясының өзінде де дәл орыс өлеңдеріндегідей, айталық, Пушкиндегідей тасымал жоққа тән. Мысалы: Евгений за своим добром Не приходил.//Он скоро свету Стал чужд.//Весь день бродил пешком... Немесе: Там ни былинки.//Наводнение Туда, играя, занесло Домишко ветхий.//Над водою Остался он как черный куст, – дегендер тәрізді бір-бірінен бөлек дербес сөйлемдердің тасымалданған түрін Абайдан таба алмаймыз. Абайдағы тасы малдар құрмалас сөйлем аясында кездеседі, яғни салалас не месе сабақтас сөйлем екі тармаққа орналасқанда, тармақтар жігі мен құрмаласқа енген жай сөйлемдер жігі сай келмей, бір компонент екінші тармақтың ортасында аяқталады: Асау жүрек аяғын шалыс басқан Жерін тауып, //артқыға сөз болмай ма (І, 223). Қызметкердің бәрін де өлтірмекші Болыпты, //шөлдегенге шыдай алмай (І, 260). Немесе құрмаласқа енген жай сөйлемдердің екіншісі алдыңғы жолдан басталады: Қыран шықса қияға //жібереді Олар да екі құсын екі жақтап (І, 30). Өз жұрты аз көрініп, //көршілерге Көз алартып қарады оңды-солды (І, 259). Бастапқы үшін бекітпей, //соңғы төртті Қылғанменен татымды бермес жеміс (І, 245). Бұл типтес тасымалдар негізінен 11 буынды өлеңдерінде 120 Жирмунский В. М. Введение в метрику. Теория стиха. - Л., 1925. - С.180.
кездеседі. 7-8 буынды өлеңдерде құрмалас сөйлем компонент-
терінің тасымалданып берілуі мүлде жоқ та емес, бірақ сирек:
Сен ақылмен көңліңді
Тыйып, //жеңдің бойыңды (ІІ, 88).
Өз үйінде өзендей
Күркірейді, //айтса дау.
Ұрлық пен қулыққа
Байлағанда, //кестің бау (І, 78).
Бір жеп алып, //шүкірлік
Қылайын да Аллаға (ІІ, 135).
Келтірілген мысалдардың барлығы да – сабақтас құрма-
ластардың тасымалға ұшырауы. Тасымалдың екінші тобы са
лалас құрмаластарды қамтиды:
Есі шықты, //көрді де
Ұры иттің қылғанын (ІІ, 122).
Есікте шегелеулі құлыбы бар
Бір сандық бар, //барды да соған салды (ІІ, 152).
Бұларда салалас құрмаласқа енген компоненттердің байла
нысы өте тығыз, бірін екіншісінен бөлуге (нүкте қоюға) мүлде
болмайды. Ал осы типтес тасымалданған кейбір сөйлемдер-
дің бір-бірімен байланысы едәуір әлсіз болып келеді де дербес
сөйлемдерге жуықтайды. Мысалы:
Бала мінез ойыншы бұрынғылар
Аңқау екен, //мазақтап соны сынар (ІІ, 104).
Мұны «Бала мінез(ді) ойыншы бұрынғылар аңқау екен»
және «Мазақтап соны сынар» деген екі дербес сөйлем деп
қарауға болар еді. Әрине, бұл жердегі дербестік әлсіздеу,
өйткені екінші сөйлемдегі соны есімдігі алғашқыдағы айтылған
ойға іліктестіріп тұр. Мына мысал да осы іспеттес:
Бұл жерде ешкім сырымды
Білмейді, //айтып не етейін? (ІІ, 76).
Мұнда да «айтып не етейін?» компоненті формальдық
жағынан дербес (баяндауышы тиянақты) болғанмен, мазмұны
жағынан алдыңғыға қазықтаулы: айту деген сабақты етістік
нені деген объектіні керек етеді, ол объект – бірінші компо
нентте айтылған ой (сырымды ешкім білмейтіндігін айтып
не етейін?). Бұл типтес тасымалдар Абайда едәуір, бұлардың
барлығында да екі компонент те грамматикалық жағынан дер
бес, баяндауыштары – ашық райдағы тиянақты сөйлемдер, бірақ
мағыналары жағынан бір-біріне тығыз іліктескен сыңарлар, ол
іліктестік есімдіктердің қатысуымен грамматикалық жағынан
да беркітіле түскен:
Кім алдады, кім тоқпақ
Салды, //соны санайды (І, 237).
Бұл жолдарды:
Кім алдады, кім тоқпақ
Салды. Соны санайды, –
түрінде графикалауға да болар еді, бірақ оған жібермейтін
нәрсе – «соны санайды» компонентінің мағыналық «жетім-
сіздігі», яғни соны деп тұрғанның не екені тек алғашқы ком
понент қатар тұрғанда ғана белгілі болатындығы. Соны
есімдігінің дәнекерлік қызметі – екі компонентті бір-біріне жа
быстыру. Сондықтан да бұл тәрізді конструкциялардың ешбірі
Абай кітаптарында нүкте арқылы ажыратылмаған, барлық
жерде де тек үтір қойылған. Дегенмен аз болса да, Абайда дер
бес сөйлемдер деп тауып, нүкте қоюға да болатын сәттер жоқ
емес. Мысалы:
Сені жақсы көрейін бірге туған
Ағаңдай. Онан басқа жоқ менде сөз (ІІ, 81),
деп жазғанды бұл жердегі тасымал көтере алады.
Орыс поэзиясымен, оның ішінде Пушкинмен, жақсы таныс-
қан Абай, дегенмен тасымал тәсіліне сақтана қараған. Пушкин
де алғашқы кезде (мысалы, «Оңтүстік поэмаларында») тасымал
кемде-кем ұшырасқанымен, «Евгений Онегин» (әсіресе, оның
кейінгі тараулары), «Мыс салт атты» т.б. поэмаларында жүйелі
түрде қолданылған тасымалды, әрине, Абай байқамай қалған
жоқ. Бірақ ғасырлар бойы бұрынды-соңды тасымалды еркін,
норма ретінде пайдаланып көрмеген қазақ поэзиясы үшін оны
тосыннан кенет актив түрде енгізу өлеңді «жұп-жұмыр тегіс
келтірмейтінін» де Абай сезгенге ұқсайды. Сондықтан Абай
тасымалдағы алғашқы адымын құрмалас сөйлемнің аясында
ғана жасайды. Онда да тасымал тек екі тармақты қамтиды.
Абайдың өзінде де, Абайға дейін де, шумақаралық тасымал
мүлде жоқ, яғни бір сөйлемнің аяғы келесі шумаққа еш уақытта
ауыспайды.
Сөйтіп, өлең жолдарын синтаксистік құрылымы жағынан
бір-бірімен цементтей түсетін тасымал амалы Абай поэзия
сында орын алған.
ӨЛЕҢ СИНТАКСИСІНДЕГІ ЫҚШАМДАУ (ҮНЕМДЕУ) ТӘСІЛДЕРІ Өлеңнің синтаксистік құрылымының прозадағыдан айырмашылығының бірі де – ықшамдау (үнемдеу) принципінде. Бұл процесті тудыратын мотивтер де әр алуан, олардың ішіндегі бастысы – белгілі бір айтылмақ ойды (не бөлшегін) өлеңнің белгілі бір бөлігіне (айталық, бір немесе екі тармағына) сыйғызу болады, яғни өлшем талабы, одан кейінгі ұйқас та лабы, бұдан соңғы стильдік талаптар. Ықшамдаудың амал дары және сан алуан. Әдетте қазақ поэзиясында бұрыннан қолданылып келе жатқан ықшамдау тәсілінің бірі – кейбір жалғауларды түсіріп кету болатын. Өлең өлшемі көтермеген сәттерде ілік немесе тәуелдік жалғауын және түсіруге болмай тын ситуациядағы табыс септіктің көрсеткіштерін, сондай-ақ жіктік жалғауларын түсіру – өте ертеден бар амал. Әсіресе изафеттік құрылыстағы (ілік пен тәуелдік жалғаулы сөздердің тіркесіндегі) екінші компоненттің, яғни ІІІ жақтағы тәуелдіктің көрсеткішін түсіру ертеректегі ңұсқалар мен ауыз әдебиетінде едәуір мол қолданылғанын бізден бұрынғы зерттеушілер де атап көрсетеді121. Мысалы, «Қобыланды» жырында: Бұл сөзді айтып Қобыланды Тобылғы меңді торы атпен Дөңгелетіп жөнелді Тоқтардың тіккен ордаға, – дегенін оқимыз. Мұнда соңғы тармақ «Тоқтардың тіккен ор дасына» болса керек еді. Бұл конструкция әсіресе, жалқы есімдермен жиі кездеседі. Мысалы, осы жырдан: Қамыстының қазды көл(і), Қоғалының қулы көл(і), Шегендінің желді көл(і), Қызғыштының қызды көл(і)... Бәрінен өтіп жөнелді (77), – деген құрылымды кездестіреміз. Сол сияқты: Қазанның Қырлы қалаға – немесе «Қыз Жібектегі»: 121 Нұрханов С. Қазақ синтаксисіндегі көне құбылыс // Қазақстан мектебі. - 1968. - №2. - 70-73-б.
Базарбайдың Төлеген,
Ерте туған көбеген,
«Қамбар» жырындағы:
Келмембеттің Алшораз
Құлағын отап құнтитты, –
тәрізді тіркестер – тәуелдік жалғауын түсіріп қолданылған-
дар. Бұл, сірә, о баста тек өлең синтаксисіне ғана байланысты
қалыптасқан конструкция болар деген пікір бар және ол тек
ертедегі қазақ поэзиясында ғана емес, XІ ғасыр ескерткіште-
рінен (М.Қашқари материалдарынан) бастап, қырғыз эпосы
«Манаста» кездесетіндігіне қарағанда, жалпы түркі тілдеріне
тән көне құбылыс екені байқалады122. Абайдың ықшамдауында
дәл осы тип жоқ, оның орнына өзге жалғауларды түсіріп айту
ды Абай да еркін қолданған. Мысалы:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан (І, 71)
дегенде соңғы сөз табыстың ашық түрінде тұруға тиісті. Не
месе:
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың (І, 31).
Бұл екеуі де – ұйқас талабынан туған ықшамдылықтар. Ал:
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып (І, 39),–
деген тармақта жалғаулы сөз тек қана ашық тұлғада тұруға
тиісті екені мәлім. І, ІІ жақтық жіктік жалғауларын түсіріп
айту да қазақ поэзиясында ертеден кездеседі. «Ер Тарғын»
жырындағы:
Мен Қоянақ ұлы Қартқожақ!–
дегенде немесе Махамбет ақынның:
Мен тауда ойнаған қарт марал.
Мен түбін кескен бәйтерек.
Мен қарақұстан туған қалықпан, –
дегендерінде І жақтағы жіктік жалғаулары түсірілген. Мұның
стильмен байланысы да болуы мүмкін. Тегі, бұл мысал-
дардың барлығында айбар көрсету, өктемділік, өзінің күшті,
мықты екенін таныту реңктері бар. Өйткені ақын өзін не
месе лирикалық геройын төмен, әлсіз нәрсеге теңеген
сәттерінен мұндай қысқартуды (жіктікті түсіріп айтуды) көп
кездестірмейміз. Қазақ поэзиясындағы осы тәсілді Абай да
122 Нұрханов С. Көрсетілген мақала. - 73-б.
қолданған, бірақ біздің байқауымызша, Абай ықшамдаудың
бұл түрін тек стильдік реңк үшін емес, жалпы өлшем үшін де,
ұйқас үшін де қолданғанға ұқсайды. Мысалы:
Жарамайды бекер алдау
Теңің емес мен сенің (ІІ, 77).
Мен – сынық жан, жамағанмен
Түзеле алман түрленіп (ІІ, 78), –
дегендерінде ешқандай өктемдік көрсету реңкі жоқ, керісін-
ше, мұндағы теңеулер – төмен нәрселер. Бұл Абайда буын
өлшеміне байланысты қолданылған тәсіл екендігін дәл осы
шығармадағы қатар тұрған өзге тармақтар дәлелдейді. Онегин
осы жерде:
Мен жаралы жолбарыспын (І, 77).
– Мен көмірмін қалған өрттен (І, 78), –
деп те айтады. Сол сияқты Абай қыз бен жігіттің аузына:
Біз – қырғауыл, сіз – тұйғын (І, 106).
Сіз – жалын шоқ, біз – бір май (І,105).
Сіз – қырғауыл жез қанат (І, 104), –
деген сөздерді салғанда, жіктік жалғауларын түсіріп, ықшам-
дап келтіру тек өлең талабынан туған. Сонымен бірге жіктік
жалғаулары түсірілген сәттерде теңеулер баса көрініп, теңес-
тірілген екі нәрсенің қарама-қарсылығы айқындала түсетін
тәрізді. Егер «біз қырғауылмыз, сіз тұйғынсыз» түрінде
берілсе, жай ғана констатация сияқты болар еді, мұндай теңеп
тұрған нәрсеге екпін түспейді. Дегенмен Абайда жіктік жалғау
түсіріліп берілген жағдайдың барлығында бұл стильдік реңкте
бола бермейді. Мысалы:
Шын ғашық мен саған (І, 101), –
сияқты сәттерде буын өлшемінен басқа ешбір стильдік мотив
жоқ.
Өзге нұсқаларда жоққа тән, Абайда едәуір жиі кездесетін
ықшамдаудың және бір түрі – жалғаулықтарды пайдалану
саласында. Әдетте да шылауы қайталанып келгенде, әрбір
бірыңғай мүшемен тұру керек. Абай кейде осы тәртіптегі да
жалғаулығын түсіріп те береді:
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға (І, 163).
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ (І, 223). Мұнда да шылауы септік жалғауларымен берілген бірыңғай мүшелердің әрқайсынан кейін келуге тиісті екеніне қарамастан, ақын ықшамдау заңын қолданған. Бұл типтес мы салдар Абай өлеңдерінде едәуір. Өлеңде жеке сөйлемдер арасындағы жалғаулық шылаулар ды қалдырып ықшамдау – әбден қолайлы тәсіл. Бұл – жалғыз Абайда емес, жалпы қазақ поэзиясының тіліне тән нәрсе. Ал Абай бұл тәсілді де жиі пайдаланған: Махаббат кетті, дос кетті,– Жете алмайсың, тоқтайсың (І, 228), – дегенде екі тармақтың арасына сондықтан шылауы қажет бо лар еді. Ерте ояндым, ойландым, – жете алмадым (І, 223). Бұл жерде бірақ шылауы түсіп қалып тұр. Өлеңді сөйлемдерде салалас құрмаластарды жалғастырушы шылауларды көбінесе түсіріп айту тәсілі Абайдың проза тіліне де тікелей әсер еткені байқалады. Абай «Қара сөздерінде» салаластағы жалғаулық шылауларды жиі түсіреді: Бағар едім,– қалайша бағудың мәнісін де білмеймін (ІІ, 162). Соны үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді,– ондайым жоқ (ІІ, 168). Бұл сөйлемдерде бірақ шылауы түсірілген. Абай прозасында әсіресе сондықтан шылауын өте жиі түсіріп отырған123. Өлең синтаксисі жалғыз шылауларды емес, өзге де элементтерді, тіпті тұрлаулы мүшелерді түсіріп айтуды көтереді. Қазақ тілінде І, ІІ жақтардағы бастауыштың түсіріліп айтылуы – нормалы құбылыс, ал ІІІ жақтағы бастауыштың немесе жал пы баяндауыштың түсірілуін қазақ синтаксисі көтермейтіні мәлім (атаулы сөйлемдер мен «Қой – қозыдан», «асыл – тастан» тәрізді фраза-мақалдарды қоспағанда). Ал өлең синтаксисінде бұл құбылыс кездесуі мүмкін. Мысалы: Қызды ауылға қырындап үйір болса, Көңіліне зор қуаныш, бір бадалық (І, 36), – дегенде екінші тармақта ол деген бастауыш түсірілген (ол – 123 Сыздықова Р. Абайдың прозалық шығармаларындағы күрделі ойдың берілуі // Қазақ тілі тарихы жайында зерттеулер. - Алматы, 1965. - 47-б.
көңіліне зор қуаныш...). Әрине, бұл тәсіл өте сирек, дегенмен
бір-екі көрінісінің өзі бұл амалдың қолданылу потенциясын
танытады.
Ең бір көңіл аударатын нәрсе – баяндауыштың түсірілуі.
Тілдегі ықшамдау (үнемдеу) принципін ең батыл, ең жиі
қолданатын мақал-мәтелдер конструкциясының өзінде баян-
дауыштың түсіріліп қолданылған түрі толық емес. «Қой –
қозыдан», «ақыл – жастан» дегендерде өреді, өседі, шығады
деген тәрізді баяндауыштар айтылмай берілген, бірақ бұлар
өздері көрінбегенмен, сөйлемнің «көріну» компоненттерінің
ішінде (семантикасы мен синтаксисінде) өзінен-өзі «көрініп»
тұрған етістік-баяндауыштар, яғни қой мен қозы айтылып
және қозы сөзі шығыс септікте тұрғаннан кейін-ақ әңгіме «өсу,
өру, өрбу» туралы екені сезіледі, «ақыл жастан, асыл – та
стан» дегенде де тіркескен сөздердің семантикасы мен шығыс
жалғауының қатысуы шығады етістігін іштей еріксіз «айтты
рады». Демек, бұл жерлердегі жасырынып тұрған баяндауыш
тар – сол фразаға (тіркеске, конструкцияға) тән, соларға жа
быса біткен, солардың бойынан өзі табылатын етістіктер. Де
мек, бұл ситуациядағы түсірілген баяндауыштар синтаксистік
тұрғыдағы жасырын мүшелерден гөрі, семантикалық мо
тивтен туған ықшамдық деуге болады. Ал поэзия тілінде
баяндауыштың алды-артындағы конструкцияларға қарай, яғни
синтаксистік құрылысқа байланысты жасырынуы кездеседі.
Бірақ бұл тәсілді Абайға дейінгі қазақ поэзиясының синтаксисі
қолданып көрмеген деп батыл айта аламыз. Мысалы, Абай
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңінде ылғи
«алармандарды» санайды:
Бай алады кезінде көп берем деп...
Би мен болыс алады күшін сатып...
Дос алады бермесең, бұлт берем деп...
Жалаңқая жат мінез жау алады... (І, 28).
Ал кейбір «алармандарды» баяндаған тармақтарда алады
баяндауышы түсіріліп беріледі:
Жарлы алады қызметпен өткерем деп,
Елубасы – шар салып, леп берем деп (І, 28).
Екінші тармақтағы сызықша қойылған жерде алады деген
баяндауыш түсіп қалған. Оны түсіруге мүмкіндік берген жайт
– осы тармақтың алдындағы алады етістігімен келген ұқсас
сөйлемнің болуы. Абай тіпті келесі бір шумақты дәл осылайша
(алады деген баяндауышты түсіріп) бастайды:
Сұм-сұрқия – сұмдықпен еп берем деп,
Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп (І, 28).
Сұм-сұрқия алады... деген сөйлем болуға тиісті екендігі
бұның алдындағы шумақтарда осы баяндауышпен берілген
бірнеше сөйлемнің болғандығынан көрінеді. Абай осы тәсіл-
дің жиі болмаса да қолдану тенденциясын ұсынғандығы
байқалады.
Күн жиылып ай болды, он екі ай – жыл (І, 201), –
дегенінде, он екі ай жиылып, жыл болды деген толық сөй-
лемнің етістік баяндауыштарын түсіріп ықшамдаған. Бұл
да – синтаксистік ситуациядан жасалған ықшамдылық, яғни
жиылып, болды баяндауыштарын түсіруге алдыңғы сөйлем
(күн жиылып, ай болды) мүмкіндік береді. Ықшамдаудың бұл
түрлері – сөз жоқ, жаңа әдеби тілдің табысы, мүмкін, орыс
синтаксисінің әсерінен туған тәсіл болуы. Өйткені баяндауыш
ты түсіріп ықшамдау – орыстың тек өлеңді сөйлемдерінде емес,
проза синтаксисіне де тән, өнімді тәсіл. Ал өлеңді сөйлемдерде,
әсіресе баяндауыш тәрізді «жасырына» алмайтын мүшені жа
сырып ықшамдауды сол өлеңнің тұтастығын ұсынған жазба
әдебиет қана көтере алады. Айталық, алды-артына зер салмай,
«сұм-сұрқия – сұмдықпен еп берем деп» айта салса, еш нәрсе
ұғынып болмас еді. Бұл әсерде осы өлеңді жай, бөліп-бөліп
тыңдау емес, тұтас оқу (немесе тыңдау) ұсынылады.
Синтаксис саласындағы ықшамданудың бір түріне, біздің-
ше, сыйыстыру тәсілі жатады. Ол – өлеңге де, қара сөзге де тән.
Сыйыстыру амалы көсемше тұлғаларын пайдалану арқылы
жүзеге асырылатыны мәлім. Мағыналас бірнеше сөйлемнің
алғашқыларының баяндауышын -ып жұрнақты көсемшемен
беріп, оларды бір құрмалас сөйлем ішіне сыйыстыруды
қазақ синтаксисі жиі қолданады. Абай өлеңдерінде осының
керісінше көрінісі кездеседі, яғни сыйыстыру заңын қолдануға
тиісті жерлерде Абай етістіктерді ашық райда береді де дербес
келте сөйлемдер немесе бірыңғай мүшелер тізбегін жасайды:
Жамандық тұрмас күттіріп,
Ел есітті, қыз білді.
Ақ көйлекті бітіріп,
Кебінім деп киді, өлді (І, 126).
Бұл жерде автордың сыйыстыру тәсілінен (ел есітіп, қыз
білді, кебінім деп киіп өлді деуден) бой тартуы стильдік мо
тивтен туып тұр. Әр компоненттің грамматикалық дербестігі
оларға көңіл аудартып, әрқайсысына логикалық екпін түсіреді,
дәлірек айтсақ, әр процесс өзгеге тіркеспей, жеке танылады.
Бұл тұрғыдан алғанда, Абайдың шығыс әдебиетінен алған төрт
жол нақыл өлеңі әдемі мысал бола алады:
Күшік асырап, ит еттім –
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім, –
Ол мерген болды – мені атты (І, 231).
Бірінші жолдағы екі процесс бір сөйлемге сыйыстырылып,
біріншісі «көмескіленіп» -ып жұрнақты көсемшемен берілген,
бұл жерде автор ой екпінін күшік асырау актісіне түсіруді
шарт деп санамаған, негізгі айтпағы – ол күшіктің ит болып
өсуі, сондықтан ит еттім конструкциясы грамматикалық
құралымы жағынан тиянақты, мазмұны жағынан дербес.
Дұрысында, сөйлемнің мағынасына сайғанда, күшік асырап,
ит етіп едім тұлғасымен берілсе керек еді, өйткені әрі қарай
сол процестің нәтижесі айтылған сөйлем беріледі, бірақ ит
етіп едім конструкциясы грамматикалық жағынан тиянақты
болғанмен, мағынасы жағынан дербестігі әлсіз болып шығады,
яғни әрі қарай «сонан соң не болды?» деген сұраққа жау
ап тіленеді. Ал ит еттім түрі – үзілді-кесілді, айқын дербес
процесс, әрі қарайғы ойдың жалғасы шартты түрде талап
етілмейді. 2, 3, 4-жолдардағы процестердің бәрі де – дербес,
тиянақты тұлғада. Автор оларды да сыйыстырмай, әрқайсысын
атап-атап береді. «Ол мерген болып, мені атты» деп бермейді,
«ол мерген болды» деген тұлғада әдейі құрады.
Бұл тәрізді шағын сөйлемдерді ашық райлы тұлғамен бер
генде, айтылмақ ойға шұғыл, тез орындалған (не орындала
тын) іс-әрекеттерді білдіру реңкі де байқалады. Қайткенде
де стильдік мотив көзделеді. Сыйыстырылатын моменттерді
дербес конструкция етіп беруі жазушылық талғамның, стиль-
дік мақсаттарды өтеу құралдарын іздеудің жемісі болып табы
лады. Бұны да кемелденген жазба әдеби тілдің бір қыры деп
табамыз.
Абай өткен шақ көсемше тұлғасы арқылы сыйыстыру
тәсілін поэзиясында онша көп қолданбағаны байқалады (-ып
тұлғалы көсемше ұйқастармен берілгендердің көпшілігі ба
яндауыш емес, пысықтауыштар). Абайдың бастан-аяқ өткен
шақ көсемше баяндауыш арқылы сыйыстыру тәсілін қолданып
жазған бір-ақ шығармасы бар, ол – «Жайнаған туың жығылмай»
деп басталатын Оспанға арнаған өлеңі. Мұнда 13 жай сөйлем
болымсыз түрдегі өткен шақ көсемше тұлғасы арқылы бір
құрмалас сөйлемге сыйыстырылған. Ал қалған жағдайларда
бұлайша сыйыстырылған конструкциялар өлең ішінде келеді
де ең көбі 5-6 тармақты ғана қамтиды әрі бұл тәсіл тек 7-8 бу
ынды шығармаларда кездеседі және сирек қолданылады. Мы
салы, «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деген өлең ішінде жағымсыз
қылықты замандасын суреттеген жерде:
Үйде отырса салбырап,
Түзге шықса албырап,
Кісіні көрсе қылжаңдап,
Қалжыңшылсып ыржаңдап,
Өз үйінде қипаңдап,
Кісі үйінде күй таңдап,
Ақылы бар кісіні
Айбаттайды, даттайды (І, 59), –
деп, бірнеше жай сөйлемді тиянақсыз тұлғада береді.
Әдетте мұндай сыйыстырулардың ең шағын түрі – екі-үш
тармақты қамтитындары, бұл – Абайда да, өзгелерде де, жалпы
қазақ поэзиясында өте кең қолданылатын тәсіл:
Еңбегі жоқ еркесіп,
Бір шолақпен серкесіп,
Пысық деген ант шықты (І, 59).
ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ОҚШАУ СӨЗДЕР Қазақ тіл білімінде «оқшау сөздер» деген терминмен қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді атап жүрміз. Бұл категория – қай заманда да көркем әдебиет тіліне тән нәрсе. Сондықтан әңгіме етпеуге де болар еді. Бірақ синтаксистік қызметі жағынан сөйлем мүшелерінен оқшауланып шығатын элемент тер поэзия тілі мен көркем проза (тіпті жалпы проза) тілінде бірдей емес, оның үстіне ілгеріректегі қазақ поэзиясының синтаксисінде оқшау сөздердің қатысуы қазіргіден әлдеқайда солғындау болғанын көреміз. Оқшау сөздердің қатысуы, бір жағынан, әдеби үлгінің жанрына да байланысты. Ал Абай өлеңдерінің синтаксистік жағынан күрделеніп келуін124 жеке сөз етуге болады деп ойлаймыз, Өйткені, біріншіден, Абай өлеңдерінің едәуірі лирикалық геройдың атынан беріледі де ол герой өзінің күйініш-сүйінішін, айтпақ ойының кімге арналғанын т.т. оқшау элементтер арқылы білдіріп отырады. Сондықтан Абай өлеңдерінде қаратпа мен қыстырма сөздер сан жағынан едәуір мол екені көзге түседі. Қаратпа сөздер – қазақ поэзиясында бұрыннан да жиі кездесетін категория. Бірақ Абайдан бұрынғы әдебиетте қаратпалардың дені адам, халық болып келетін. Жанды заттардан көбінесе жылқы, бүркіт тәрізділерге ғана қарата айту кездесетін, ал жансыз, әсіресе абстракт ұғымдарға қарата айту қазақтың ауыз әдебиетінде де (поэзияда), Абайға дейінгі көркем әдебиетінде де өте си рек болатын (бұл салада ең жиі ұшырасатыны – қызыл тілге қарата айту екенін көреміз). Абай дәстүрлі қаратпалардан – адамдар, «Құдай», «Тәңір», «халық» («Қазағым, қалың елім, қайран жұртым»), «қызыл тіл» сияқтылардан басқа жүрек, көңіл, қол, тұла бой, сөз тәрізді дерексіз заттарды да пайдала нады. Сірә, абстракт ұғымдарды қаратпа сөз ету – кең жанр лы, алуан тақырыпты күрделі жазба әдебиеттің жемісі. Тіпті Абайда ажал, рахат тәрізді ұғымдарға да қарата айту бар: 124 Орыс тіл білімінде сөйлем құрамына оқшау сөздердің, бірыңғай мүшелердің қатысуын сөйлемнің синтаксистік жағынан күрделенуі (синтаксически осложненные предложения) деп алынып жүр.
Бұрын сені біреуге көп жұмсап ем,
Енді өзіме шақырдым, ажал батыр (ІІ, 98).
Рахат, мені тастап қоймадың тыныш (ІІ, 106).
Көңіл, жүрек, тіл тәрізді кейбір абстракт ұғымдарға қарата
айтуды Абай өте жиі қолданған: біресе ол көңліне тоқтау айта
ды (Сап, сап, көңлім, сап, көңлім), біресе көңлін шарықтауға
шақырады (Сергі, көңлім, сергі енді), біресе көңлімен сырла
сады (Өзгеге, көңлім, тоярсың; не іздейсің, көңлім, не іздейсің)
т.т. Негізгі құралы өлеңі – қызыл тілі болғандықтан, Абай ойын
осы тілге жеке күйінде де (Тілім, саған айтайын), эпитеттер
мен келген күрделі күйінде де (Толғауы тоқсан қызыл тіл)
көбірек қарата айтады. Осының барлығы Абай өлеңдерінде
синтаксистік жағынан күрделенген конструкциялардың едәуір
мол ұшырасуына себепкер болған.
Қыстырма сөздер де бұрынғы қазақ поэзиясында аса ак
тив элементтер болмағанын көреміз. Әсіресе автордың айтпақ
ойына өз басының әр алуан қатысын білдіретін сөздер мен
тіркестер, яғни модальдық реңктің лексика-грамматикалық
элементтермен берілуі де әдеби үлгінің жанрына және әдеби
тіл дәстүріне тікелей байланысты. Абай сөз иесінің (өзінің
немесе Татьяна, Онегин т.б. тәрізді геройларының) өкінішін,
күмәнін, қапалығын білемін, білмеймін, кім біледі, не керек, не
лажы, не шара, әлбетте, қайтейін, қайтесің тәрізді қыстырма
сөздермен білдіреді:
Кім біледі, сен кәпір
Баяндыдан сөндің бе? (І, 176)
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма? (І, 71)
Көнбеді жұрт, не лажы (І,141).
Қыстырма сөздер, әсіресе, Татьянаның хаты сияқты адамның
ішкі сезімін баяндайтын шығармаларында, жалпы аударма
өлеңдерінде жиірек кездесетінін көрсетеміз. «Татьянаның хат
тарынан»:
Амал жоқ, қайттім білдірмей...
Сау болмас ем, әлбетте...
Қожам сенсің, не керек...
Қылды мазақ, не шара...
Құп білемін, сізге жақпас...
Одағайлар да модальдық қызмет атқарып, айтылған ойға
автордың әр алуан қатынасын білдіретіні мәлім. Қазақ өлеңін-
де одағайлардан әсіресе қаратпа реңк беретін әй, ей тәрізді-
лері жиі қолданылып келген болатын. Мысалы, эпостық жыр-
лар мен XV-XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының өлең-
деріндегі:
Ай, Абылай, Абылай...
Уа, сен Қанжығалы Бөгембай...
Ей, айтшы, Алланы айт... (Бұхар жырау).
Әй, қыңыр ер, қыңыр ер (Жиембет жырау).
Ей, Қатағанның хан Тұрсын (Марғасқа).
О, Барақ жас, Барақ жас (Дулат).
О, Кеңесбай мырза, сөз тыңда (Дулат).
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс...
Әй, Махамбет, жолдасым (Махамбет), –
т.б. жолдар қаратпа одағайлармен келген. Бұлардың қаратпа-
лық реңкі қаратпа сөздермен қатар келгенінен де танылады.
Ал қалған одағайлардың өлеңді сөйлемде келуі бұрын кемде-
кем болатын.
Абай бұл салада да оқшау тұрады. Ол әртүрлі көңіл-күйін
білдіретін япырмау, япырмай, хош, ойбай, Құдай-ау тәрізді
одағайларды едәуір жиі қолданған да, керісінше, жоғарғы
көрсетілгендей қаратпа одағайларды сирек пайдаланған.
Абайдың қаратпа сөздері әрдайым дерлік одағайсыз беріледі.
Біздіңше, сірә, әй, ой, ай, ей тәрізді одағайларды қаратпа сөзбен
қатар келтіру – ауызша толғанатын әдебиетке тән тәсіл. Жыр
лаушы тыңдаушының назарын аудару үшін ерекше интонаци
ямен айтылатын одағайларды немесе одағай типтес «бұлғыр,
бұлғыр, бұлғыр тау», «ауан, ауан, ауан су» тәрізді қайталама
тіркестерді сөз басына келтіреді. Уа одағайын қоспай-ақ, «Сен,
қанжығалы Бөгембай» деп бастаса да, буын саны да дұрыс
келер еді, айтылмақ ой да бұзылмас еді. Бірақ ертеден, ауыз
әдебиетінен дәстүрге айналған тәсіл – одағайды тіркеп көңіл ау
дарту тәсілі жеке ақындар тілінен де орын алған. Одағайлардың
кейде буын өлшеміне қатысатын сәттері болады. Мысалы,
«Әй, Махамбет, жолдасым» дегенде, әй одағайы назар аудар
тумен қатар, буын санын жетеуге жеткізу міндетін атқарып
тұр. Жаңа жазба әдеби тілдің үлгілерін ұсынған Абай бұл көне
тәсілді, яғни ауызша айтып, «құлақша» тыңдату тәсілін әдейі
пайдаланбағанға ұқсайды. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де
түзел» деген сөзін ұлы ақын тыңдаушыдан гөрі оқушыға ар
найды. Әй, ай-ларсыз-ақ негізгі айтылмақ ойға оқушы назары
өлең мазмұны арқылы аударылатынына Абай сенген тәрізді.
Бұл да – Абайдың ауыз әдебиеті дәстүрлерінен ілгерілеген,
алшақтаған, жаңа жазба әдеби тіл тәсілдерін іздеген сәттерінің
бірі болса керек.
Оңашаланған айқындауыш мүше формальдық классифика
ция бойынша оқшау сөздерге жатпаса да, біз осы жерде Абай
текстерінде бір-екі жерде кездесетін бұл категорияны талдай
кетелік.
Жалпы оңашаланған айқындауыш – қазақ әдеби тілінде, біз-
дің байқауымызша және кейбір мамандардың топшылаулары
бойынша125, синтаксистік категориялардың ішіндегі кейінгі
кезде ғана өріс алған амалдардың бірі, өйткені қазіргі қазақ
тілінің нормативтік грамматикасын баяндаушылар бұл кате-
горияның қазіргі әдеби тілімізде бар екенін жан-жақты көр-
сеткенмен, оның даму тарихын еш жерде айтпайды, ал берілген
мысалдар үнемі дерлік проза тілінен, оның ішінде де көбінесе
көркем әдебиет емес, өзге стильдерден екені байқалады» Біз
осы категорияны іздеп, Абайға дейінгі қазақ поэзиясын шо
лып өткенімізде, оны таба алмадық. Абайдың өзінде де бұл тек
аударма өлеңдерінде орыс тілі синтаксисінің ізімен берілгені
көрінеді. Лермонтовтан аударылған «Жалау» өлеңінде:
Қарашы ол, бүлік, Құдайдан
Сұрайды дауыл күні-түн (ІІ, 144), –
деген жолдары орысша:
А он, мятежный, просит бури,
Как будто в бурях есть покой (Лермонтов. І, 306), –
деген жолдардан алынған. Мұндағы ол деген есімдіктің бүлік де
125 Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1961. - 128-б.
ген сөз арқылы айқындала түсуі – бұрынғы қазақ синтаксисіне
тән емес, ол он, мятежный деген орысша құрылымның ізімен
беріліп тұр. Сол сияқты «Бородинода»:
Ондағы біздің адамдар
Сендердей емес, балаңдар (ІІ, 70), –
дегенінде балаңдар сөзі – сендер сөзінің оңашаланған ай-
қындауышы. Орысша «вы, нынешнее племя» дегеннің аудар-
масы. Прозамен берсек: ондағы адамдар сендер, балаңдар
емес (немесе сендердей, балаңдардай емес) болар еді.
Оңашауланған айқындауыш категориясын Абай қабылдау
потенциясын батыл түрде көрсеткен дей аламыз. Кейін, соңғы
30-40 жыл ішінде, әсіресе әдебиеттің өзге жанрлары дамыған
кезде және орыс тілінен аударма тәжірибесінің күшейген
тұсында, бұл категорияның тілімізде нормаға айналғанын
айтуға болады.
ҰЙҚАС ЖӘНЕ ӨЛЕҢ СИНТАКСИСІ МЕН СТИЛІ Аяққы ұйқасқа алынған сөздердің атқаратын рөлін зерттеушілер айрықша атап көрсетеді. Ұйқастың өлең табиғатына сай өзге рөлдерімен (мысалы, ырғақты күшейтіп, тармақ жіктерін ажырататын т.б.) қатар, оның көркемдік-бейнелеу құралы ретінде де мәні бар екендігі, яғни өлеңдегі негізгі айтылмақ ойды білдіретін сөздер ұйқастырылатындығы айты лады. Дәлірек айтсақ, ұйқастырылған сөздерге интонациялық екпін түседі де ол сөзге оқушының көңілі аударылады126, сондықтан ақын «эң мықты, салмактуу, уккулуктуу сөздерин рифма системасына қийирып, толук дабыштык үндөштүкта құруға умтулушат»127. Зерттеушілердің барлығы дерлік В.Маяковскийдің ұйқасқа ерекше мән бере жазған: «...Я всегда ставлю самое характерное слово в конец строки и достаю к нему риф му во что бы то ни стало» деген сөздерін цитат етіп келтіреді. Демек, біздің бұдан түйетініміз – ұйқасқа алынатын сөздер кездейсоқ болмайтындығы, олар шумақтың немесе өлең бөліктерінің негізгі мағынасын аша түсетін сөздер болуға тиісті екендігі. Яғни ұйқастың өлең мазмұнына, идеясына, стиліне тікелей қатысты екендігін біз де баса көрсетеміз. Соған орай ұйқастырылатын сөздердің сипаты (қай сөз табы) мен тұлғасының қандай екендігінің үлкен мәні бар және ұйқасқа алынған сөздердің өлең синтаксисіне тікелей әсері бар. Бұл жайт қазақ филологиясында (тіпті өлең құрылысы жайын да жазылған біз танысқан өзге түркі филологиясында) мүлде арнайы сөз болған емес. Егер тиіпқашты сөз болса, ол етістік ұйқастар жайында болып келеді. Біз Абай өлеңдерінің негізінде ұйқастық өлең синтаксисіне және өлең стиліне тікелей қатысын талдамақпыз. Бұл мәселе, бір жағынан қарағанда, жеке қаламгер талғамын тану саласына да жатады, өйткені ұйқас пен өлең мазмұнының гармониясын кез келген ақын кез келген шығармасында принцип етіп ұстана бермейді. 126 Тимофеев Л. Стих и проза. - М., 1938. - С.157; Ахметов 3. Көрсетілген кітап. 111-123-б.; Хамраев М. Основы тюркского стихосложения. - Алма-Ата, 1963. - С.25. 127 Рысалиев К. Қырғыз ырларының түзулушу. - Фрунзе, 1965. - 61-б.
Абай да айтпақ ойы үшін «ең салмақты», яғни образды
сөзді тармақ соңына шығарып, қалған тармақтарды соған ұй-
қастырады. Мысалы, ұлы ақын бірқатар шығармасының кей
де түгел өн бойында, кейде жеке шумақтарында кейбір заман-
дастарының жағымсыз бейнесін суреттеген. Адам баласының
мінез-қылығын жағымсыз жақтан көрсететін сөздердің бір
тобы – еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер немесе солардан
жасалған туынды сөздер. Сондықтан Абай «Қазағым, қалың
елім, қайран жұртым» тәрізді өлеңін бастан-аяқ қыртың,
бұртың, қиқым, тырқың, жыртың сияқты жағымсыз об
разды сөздердің ұйқасына құрады, «жібі түзу» мәнді сөздер
(жұртым, ұртың, мұртың, құлқың, жылқың т.т.) алдыңғы об
разды сөздерге ұйқастырылып алынады, сөйтіп, өлеңнің негізгі
идеясына – «жақсы мен жаманды айырмаған», «ұстарасыз ау
зына мұрты түскен» замандастарының жағымсыз сипатын
көрсетуге ұйқасқа алынған сөздер де қатысып тұр. Өлеңнің өн
бойына созылған моноұйқаста (бірөңкей ұйқаста) бейнелеуші
сөздердің дәйім келіп отыруы осы сөздерге оқушы назарын ау
дартады, өйткені бұлар тармақ соңында тұрғандықтан, пауза
жігіне сай келіп, оларға интонациялық екпін түседі.
Тағы бір мысал келтірейік. Еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерден
жасалған етістіктерді көсемше тұлғасына қойып ұйқасқа
қатыстыру арқылы автор «Болыс болдым, мінекей» өлеңінде
өз тұсындағы болыс, ояз, пысықтардың жағымсыз портретін
әсерлі етіп дәл береді:
Күн батқанша шабамын,
Әрлі-берлі далпылдап.
Етек кеткен жайылып,
Ат к... жалпылдап.
Оязға жетсін деген боп,
Боқтап жүрмін барқылдап.
Кейбіреуге таяғым
Тиіп те кетті бартылдап.
Пысықтың көбі бұғып жүр
Беттесе алмай шаңқылдап...
Елі жөнді болыстар
Мақтанып жүр тарқылдап...
Елің бұзық болған соң,
Ояз жатыр шартылдап.
Табаныңнан тозасың
Құр жүгіріп тарпылдап (І, 80, 81).
Тек бейнелеуіш сөздер емес, семантикасында «жағымсыз»
реңкі бар өзге сөздер де мәлім. Мысалы, ыржақтау, далақтау,
бос салақтау, бұтып-шату, Құдай ату т.б. сөздер «оңған»
қылықты білдірмейді. Абай «Қыран бүркіт не алмайды салса
баптап» және «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деген
өлеңдерінде осы сөздерді ұйқасқа алады. Біреуінде «өзі алмай
тын, қыранға алдырмайтын» күйкентайын қияға қоса жіберіп
жүрген, «басқа сая, жанға олжа» дәнеңесі жоқ замандастарын
бейнелесе, екіншісінде «сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа Құдай
құмар қылып қойған» замандастарын суреттейді. Екеуінде де
ақын образды дәл, әсерлі етіп беруге ұйқасқа алынған сөздерді
қатыстырған.
Әрине, тек жағымсыз образдарды жасауда ғана емес, өзге
көп сәттерде Абайдың ұйқасқа алынған сөздері мен өлең (не
месе оның жеке бөліктерінің) мазмұны (идеясы) сай түсіп жа
тады. Мысалы, «единица – жақсысы, ерген елі – бейне нөл,
единица кеткенде, не болады өңкей нөл?» деген идеяны бір
өлеңнің өзегі еткен Абай, алдымен, орыстың осы сөзін (ноль)
образ-стилема етіп қазақ әдеби тіліне енгізеді, құр енгізіп
қоймайды, оған негізгі ой екпінін түсіруді көздейді, сондықтан
да оны екі рет тармақ соңына шығарып, 36 жолдық тұтас
өлеңнің бастан-аяқ ұйқасын осы сөзге құрады. Сөйтіп, нөл сөзі
ерекше таныла түседі, өлең идеясының өзегін таныта түседі.
Тағы бір мысал. Абай философиялық ұғымдарды сөз ет
кен бірқатар өлеңдерінде -мақ жұрнағымен келген сөздерді
ұйқасқа шығарады, ал -мақ аффиксті тұлға Абай тілінде аб
стракт ұғымдарды жасауға актив қатысады. Демек, -мақ
жұрнақты абстракт есімді ұйқасқа қатыстыру арқылы автор
сол шығарманың философиялық, яғни абстрактық тақырыбын
таныта түседі:
Сағаттың шыңылдағы емес ермек,
Һәмише өмір өтпек – ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұйқас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек (І, 201).
Ал мына шағын өлең – тұтасымен тұрған философия,
ұйқасқа «философиялық» (абстрактық) сөздер шығарылған:
Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек
Көбелек өлмек, сиремек.
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Әркімді заман сүйремек.
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек (І, 243).
Үшінші бір мысал тағы келтірелік. Абайдың «Сұлу аттың
көркі – жал» деген 8 жолдық кішкене өлеңі белгілі. Мұндағы
объект – Көжекбай деген көршісінің Рахымшал деген тентек
баласы. Ақын тыңдаушы (оқушы) назарын осы объектісіне
тікелей аудару үшін ұйқасқа Рақымшал деген сөздің өзін ала
ды да оған жал, мал, бал, бар, ал (алдындағы сөздерімен қоса)
сөздерін ұйқастырады.
Абай поэзиясында етістік ұйқастар негізгі басым топ емес
екені байқалады. Мұнда етістік ұйқастармен қатар, өзге сөз тап
тары, тіпті бұрынғы қазақ поэзиясында көп қолданылмайтын
морфологиялық тұлғалар жиірек кездеседі. Бұның, біздіңше,
бірнеше себептері бар. Әрине, Абай «исі» етістіктен қашқан
жоқ. Жоғарыдағы байқауымызға қарағанда, ұйқасқа қай сөздің
алынуы көп сәтте өлеңнің тақырыбына, объектісіне және
стиліне байланысты болып келеді. Егер өлең тақырыбы әр алуан
ішкі толғаныс болса, ақын оқушы назарын қимыл-қозғалысқа
емес, өзге объектілерге аудартады, сондықтан да Абайдың
лирикалық, философиялық тақырыптағы өлеңдерінде етістік
ұйқастар кемде-кем. Керісінше, белгілі бір оқиға, іс-әрекет ту
ралы жырланса, етістік тармақ соңына шығарылып, ұйқасқа
қатыстырылады.
Жалпы етістік ұйқасқа зерттеушілер назары көбірек ау
дарылып келеді. Орыс филологиясында етістік ұйқас өлеңге
динамикалық, экспрессивтік реңк беретіндігі көрсетіледі.
А.Пушкиннің «Евгений Онегиніндегі» етістік ұйқасты болып
келген кейбір шумақтарын талдай келіп, Н.С.Поспелов: «Оби
лие глагольных рифм в строфе... придает характер яркого и
живого изображения разнообразных действий»,128 – деген пікір
айтады. Бірақ, біздіңше, бұл қорытындыны қазақ өлеңіне тұп-
тура көшіре салуға болмайды. Қазақ (жалпы түркі) тілінің өз
табиғатына, яғни сөйлем мүшелерінің орналасуы мен оның әр
алуан тұлғаларының қызметі орыс тілінен өзгеше екендігіне
байланысты, етістік ұйқастардың күллісі өлеңге динамикалық
реңк бере бермейді.
Қазақ тіліндегі етістік ұйқастарды олардың атқаратын
стильдік қызметіне қарай біз екі топқа бөлер едік. Бірі – ашық
рай тұлғасында қолданылғандар, екіншісі – өткен шақ (-ып
жұрнақты) көсемшенің жіктік жалғаусыз қолданылған түрлері
мен өзге райлардағы етістік тұлғалары.
Сірә, түркі поэзиясында етістік ұйқас басым болып келгені
мәлім, қазақ поэзиясына да аффиксті ұйқастар (оның ішінде,
әрине, ашық райдағы етістіктерінде) ең жиі қолданылған ұйқас
түрлері болып келген129. Біздің байқауымызша, ашық райдағы
етістік ұйқастар эпостық жырларда жиі қолданылады. Бұларда
белгілі бір оқиға, іс-әрекет баяндалады, демек, баяндау стилі
басым болады. Ал баяндау стилі үшін ең қолайлы және инто
нациясы мен синтаксисі жағынан баяндау мәнеріне сай келетін
құрылыс баяндауыштың сөйлем соңында (демек, тармақ
соңында) тұруы болады. Мысалы, «Қобыланды батыр» жы
рында белгілі бір оқиғаны (ұрысты немесе Тайбурылдың ша
бысын, геройлардың жүріс-тұрыс, іс-әрекетін т.т.) баяндаған
жерлері ашық райдағы етістік ұйқастарға құрылған: «Сөзге
сынық қылдың деп» басын кесіп алмақ болған Қобыландыдан
қорқып,
алдынан
шыққан
Құртқаның
қимыл-әрекетін
баяндаған жер былайша берілген:
128 Поспелов Н. С. Көрсетілген кітап, 92-б.
129 Ахметов3. Көрсетілген кітап, 139-б.
Шыдай алмай қыз Құртқа
Және ашты жабықты.
Жабықтан көзін салыпты.
Салса ерді таныпты...
Батырдан Құртқа қорыққан соң,
Төмен қарап жер шұқып,
Өксіп жылап қамықты.
Енді Құртқа сасады,
Бетінен қаны қашады.
Оң етегін басады,
Сасқан емей немене,
Аш күзендей бүгілді,
Құртқа жаннан түңілді...
(«Батырлар жыры», 1963, І том, 49-бет).
Мұнда – түгел етістік ұйқастар. Оқиғаның өзі әлдеқай-
да экспрессивті болғанмен, баяндау тәсілі өзіне тән морфоло-
гиялық-синтаксистік амалды қалап, етістіктер сөйлем соңын-
да және ашық райда берілген. Тіпті атақты Тайбурылдың
шабысын суреттеген жерде де:
Бұған Қобылан қуанып,
«Шырағым, бурыл, шу!» – деді.
Құбылып бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Тау мен тасты өрледі,
Төрт аяқты сермеді,
Құлақтың түбі терледі,
Тер шыққан соң өрледі.
Адырды көзі көрмеді.
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі... (Сонда, 73-бет) –
түрінде бастан-аяқ ашық райдағы етістік ұйқастарға құрылған.
Етістіктердің әрбір тармақ сайын ұйқасып желдірмелетіп келуі
текст мазмұнымен қосылып, динамикалық реңк беріп тұрғаны
да байқалады, бірақ Тайбурылдың шабысын баяндау реңкі ба
сым. Өйткені:
Басынан Қаратаудың көш келеді, Бір тайлақ көшкен сайын бос келеді. Айрылған қарындастан жаман екен, Мөлтілдеп қара көзден жас келеді, – деген тармақтарда да етістік ұйқастар тармақ сайын (төртеудің үшеуінде) берілген, бірақ мұнда динамикалық қозғалыс жоқ, тек ел басына түскен қиыншылық заманды баяндау бар. Де мек, бұдан ашық райдағы етістіктердің қатарынан ұйқас құрауының тек жалаң фактісі динамикалық іс-әрекетті білдіре бермейтіндігін байқаймыз. Тілдің осы заңдылығын ақын-жыраулар, тіпті XІX ғасырдың ІІ жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қиссашылары теория жүзінде білмесе де, интуитивті түрде жақсы аңғарып, батырлар, ғашықтар т.т. туралы жырлаған оқиғалы шығармаларында негізінен ашық райлы етістіктерді алған. Мысалы: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының кез келген нұсқасын алсақ, олардан: Төңіректің төрт бұрышын шалып келдім, Бақа айғырды от жерге салып келдім. Баянжан-ай, аулақта жүр жаталық, Көрпе тігіп, төсегің жайып келдім. Немесе: Жиын қылып Қарабай бие сойған, Бір биенің етіне жұрты тойған. Қарабайдың қатыны қыз тауыпты, Баян сұлу болсын деп атын қойған...– тәрізді жолдарды оқимыз. Біздің есебіміз бойынша, бұл жырдың 1834 жылы жазылып алынған Ғ.Дербісалин нұсқасы 127 шумақтан тұрса130, оның 86 шумағы етістік ұйқаспен жырланған. Демек, жырдың үштен екісі етістік ұйқасқа құрылған. Бұл – шығарманың баяндау стилінде жырланғанын танытатын жайт. Ал баяндау емес, суреттеу, толғау (раз 130 Жырдың бұл нұсқасында 524 жол болғанмен, кейбір тармақтар шумақ құрамына кірмей қалады, яғни екіден бөлек-бөлек тұрған жолдар да, сондай-ақ кейде 5, кейде 3 тармақтан құрылған шумақтар да кездеседі. Сондықтан біз екі жолдық бөліктерді шумақ деп есептемей, қалдырып кетіп, ұйқас суретіне қарай 3 немесе 6 жолдыларды бір шумақ деп есептегенімізде, 127 шумақ болып шықты.
мышления, раздумья), нақыл-өсиет түріндегі шығармаларда
ұйқасқа көбінесе өзге сөз таптары немесе етістіктің ашық
райдан өзге тұлғалары алынған. Мысалы, Махамбеттің
«Арғымақтан туған қазанат», «Таудан мұнартып ұшқан тарла
ным» тәрізді Исатайдың портретін берген өлеңдері, сондай-ақ
өзінің күрескер ретіндегі арман мақсатын толғаған «Еменнің
түбі – сары бал» («Толғау»)» «Абайламай айырылдым», «Ай
налайын Ақ Жайық» т.б. сияқты шығармаларында ұйқас
құрап тұрған сөздер – ашық райдағы етістіктер емес. Біздің
байқауымызша, жалпы Махамбет өлеңдерінде етістіктің ашық
райлы тұлғасынан жасалған ұйқастар көп емес, оған басты
себеп – Махамбет творчествосының тақырыбы мен стилінде.
Ол – белгілі бір оқиғаны жырлаушы емес, сол оқиғаға өзінің
көзқарасы мен қатынасын білдіруші, өзі бастап араласқан та
рихи оқиғаны констатациялап, баяндаушы емес, сол күреске
шақырушы, дем беруші. Сондықтан оған баяндау стилі тән
емес. Сол сияқты өзге ақындардың да әр алуан толғау, өсиет
болып келетін көптеген туындылары етістік ұйқасты пайдала
на қалса да, ол етістіктер көбінесе ІІ, ІІІ жақ бұйрық рай, өткен
шақ есімшенің жалғаулы, шылаулы және дара түрлері болып
келеді. Мысалы, Бұхар жырауда:
Жал құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз.
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз...
Асқар таудың өлгені –
Басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені –
Аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені –
Еңкейіп барып батқаны...
Абай өлеңдеріндегі етістік ұйқастар екі түрлі. Ашық
райдағы етістіктер – бір нәрсені констатациялау, жай баяндау
түрінде айтылған өлеңдерінде. Мысалы, «Жасымда ғылым бар
деп ескермедім» өлеңінде ақын өзінің белгілі бір көңіл күйін
(өкініш-күйінішін) констатациялау стилімен береді, соған
лайық ұйқастар да өткен шақ етістік тұлғасымен келтірілген.
Бұдан кейінгі ашық райлы етістік ұйқастармен жазылған
– Абайдың поэмалары. Абайдың қолтума үш поэмасының
үшеуі де, тіпті аударма «Вадимі» де – оқиғалы шығармалар.
Соған лайық бұлардың барлығы да баяндау стилімен берілген.
Қимыл, іс-әрекет атаулары өзінің қалыпты орнында, тармақ
соңында берілген:
Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,
Жақын жерге жау алып, тұра аттанды.
Көп елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.
(«Ескендір» поэмасы, І, 259).
Сонда шал Әзімге арқан, қанжар берді,
Маяның ішіне еніп, сен жат деді.
Ішін тігіп, мен кетіп, жасырынам,
Тау басында самұрық бізді көрді.
(«Әзім әңгімесі» поэмасы, І, 278).
«Ескендір» поэмасы 42 шумақтан тұрса, оның 22 шумағы
ашық райдағы етістік ұйқаспен берілген (бұған -ып жұрнақты
көсемше ұйқастарды қоспағанда).
Жалпы, оқиғалы тақырыпта жазылған көлемді шығар-
маларға (толғау, поэма, жыр, қисса т.т.) негізінен ашық райдағы
етістік ұйқастар тән болады деген қорытынды айтуға бола
ды. Сөйтіп, Абайда поэмалары мен 1-2 өлеңінде болмаса,
қалған өлеңдерінде ашық райдағы етістік ұйқастар кемде-кем
ұшырасады. Бұған негізгі себеп – ақын творчествосының тема
тикасы. Абай – эпик емес, оның өлеңдері – негізінен лирикалық
шығармалар. Ал лирикада іс-әрекетті баяндау сирек болатыны
мәлім. Сондай-ақ табиғат құбылыстары мен жеке адамдарды
(мысалы, сұлу қызды) немесе жылқыны, я болмаса жүз жылғы
өткен ескі киімдерді т.т. сөз еткен өлеңдерінде суреттеу стилін
пайдаланады, бұл циклдегі өлеңдердің бірде-біреуінде ашық
райдағы етістік ұйқас жоқ, керісінше, сын есім мен сындық
ұғымда қолданылған өткен шақ есімше жиірек кездеседі. Мы
салы, «Аттың сынында» зат есімдер мен -лы жұрнақты туын
ды сын есімдер ғана ұйқастырылған; жылдың төрт мезгіліне
арнаған өлеңдері де – сондай. Тек «Жазда» («Жаздыкүн
шілде болғанда» өлеңінде) өткен шақ көсемше мен жатыс
септіктегі есімше тұлғалары ұйқасқа алынған. Мұнда ақын
жаздың суретін динамика арқылы, яғни жылдың бұл мезгілін
адамдар мен жан-жануарлардың (малдың) іс-әрекеті арқылы
суреттейді. Сондықтан етістіктер ұйқастырылады, бірақ баян
дау тәсіліне тән ашық рай емес, суреттеу тәсіліне лайық өзге
тұлғалар алынған.
Өткен шақ көсемше тұлғасымен берілген ұйқастардың
стильдік қызметі біраз өзгеше екені танылады. Бұл тұлға қазақ
поэзиясында екі түрлі қызметте келеді, бірі – тиянақсыз кон
струкция элементі ретінде, яғни бағыныңқы сөйлемнің баян-
дауышы немесе күрделі пысықтауыштың компоненті қызме-
тінде келсе, екіншісі дербес сөйлемнің тиянақты баяндауы
шы ретінде келеді. Әрине, ертеден ең актив қолданылып келе
жатқан түрі пысықтауыш немесе бағыныңқының тиянақсыз
баяндауышы болып қолданылғаны. Бұл тәсіл әсіресе, жыр ағы-
мымен (7-8 буынды) жазылған шумақсыз шығармаларда жиі
кездеседі. Белгілі бір оқиға, іс-әрекеттің интенсивті түрде
орындалғанын білдіру үшін көбінесе ұйқас -ып (-май) жұр-
нақты көсемшемен беріледі. Мысалы, «Алпамыс» жырында
Байшұбардың шабысы суреттелген жер:
Байшұбардай тұлпардың
Ойынды еті бұлтылдап,
Төрт тұяқтан шыққан от
Шақпақ тастай жылтылдап.
Құлақ салсаң дабысы,
Тау суындай сыңқылдап,
Қолтығынан аққан тер
Тебінгіде сылпылдап,
Шу дегенде шұбар ат
Ұшқан құстан озады, –
(«Алпамыс», 1901)
түрінде берілген. Мұнда Байшұбардың ұшқан құстан озатын
дәрежелі шабысының орындалу амалы көсемше тұлғалы сын-
қимыл бағыныңқылар арқылы көрсетілген. Бұл суреттерде
үстірмелеткен динамика бар. Егер осы тұлғалардың барлығы
ашық райға көшірілсе (бұлтылдайт, жылтылдайт т.т.), жал
пы динамика (қимыл) сақталғанмен, екпіндетушілік реңкі
жоғалар еді де жай баяндау болып шығар еді.
Ұрыс, шабуыл динамикасын беру үшін де эпик ақындар
осы морфологиялық тұлғаны ұйқас үшін шебер пайдаланады.
Мысалы, «Қобыланды» жырында батырдың жаумен айқасып,
қаланы бұзған моментін суреттегенде:
Қазанның Сырлы қаласын
Қайта айналып шабады.
Бетіне қалқан далдалап,
Шәріне шапты алдалап,
Қаланың аузын қандатып,
Көшенің аузын шаңдатып,
Қақпадан атын қарғытып,
Кіндіктен оғын сырғытып,
Туырлығын тоқым қып,
Керегесін отын қып,
Мал шығармай далаға,
Ел шығармай салаға,
Жау бетінде жад қылып,
Жеті кәміл бабаға.
Өтірік емес, жан аға,
Қазанның Сырлы қаласын
Бұзып-жарып Қоблекең
Он екі күн дегенде,
Жалғыз жанды құтқармай,
Айдап шықты далаға («Батырлар жыры», 81-бет), –
деп береді. Мұнда да қатарынан ұйқастырылған көсемше
тұлғалар оқиғаның интенсивті, қарқынды түрде өткенін
көрсете түседі. Қазақ поэтикасының бұл ұтымды тәсілін жеке
қаламгерлер де жиі болмаса да пайдалана білген. Бұл тәсіл тек
оқиғаны суреттеу сәттерінде ғана емес, екпінділік, интенсивтік
реңкі бар өзге де моменттерде қолданыла береді. Мысалы,
Махамбет ақын өзінің атақты «Ереуіл атқа ер салмай» де
ген өлеңінің 17 жолын -ып жұрнақты көсемшенің болымсыз
(-май) түрімен ұйқастырып береді. Мұнда ешбір компромисті
күтіп кідірмейтін, жедел қимылды, дәйім қозғалыста болатын
күрескердің портретін береді. Осы дамылсыз қозғалыс (күрес)
идеясын көсемше тұлғасының ұйқасқа қатысуы арқылы
беруді ақын интуитивті түрде жақсы түсініп, тап басқан.
«Беркініп садақ асынбай» деп басталатын өлеңін біз жоғарғы
шығармасының жалғасы дер едік. Өйткені мұнда да тақырып,
идея, форма дәл алдыңғы өлеңдегідей. Екеуі де «ерлердің ісі
бітер ме» деген тармақпен бітеді, алдыңғы тармақтар – ең
соңғы басыңқы сөйлемге қарасты бағыныңқылар. Бұл әуен
Махамбеттің өзге өлеңдерінде де бар. Үздіксіз әрекет, жеңбей
тынбайтын күрес мотивін ақын әсіресе өзіне берген серт немесе
өзгелерді күреске шақыру тәрізді өлеңдерінде еркін пайдалана
ды. Мысалы, «Қақақулап шақырмай» өлеңі де – күрескердің іс-
әрекетінің бейнесі, мұнда да іс-әрекет, қимыл екпінді, үздіксіз,
сондықтан ақын көсемше ұйқастарды қалайды.
Өткен шақтың көсемше тұлғасын ұйқас объектісі етіп алу
тек стильдік мақсатқа ғана байланысты емес, кей сәттерде
ешбір қарқындылық, екпінділік реңкті көздемей-ақ, бірнеше
тармақ қатарынан көсемше ұйқаспен берілуі мүмкін. Мұндайда
сыйыстыру заңы да қатысады: бірнеше сөйлемді бір күрделі
синтаксистік
тұтастыққа
ұйымдастыруда
қолданылатын
амалдың бірі ең соңғы компоненттен басқа әр компоненттің
баяндауышын көсемше тұлғасына қою екені белгілі. Мысалы,
Дулат ақынның:
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің (Дулат, 99), –
деген жолдарында ешқандай динамикалық тон жоқ, мұнда
біртектес конструкцияларды бір-біріне қосақтап, синтаксистік
бір единица етіп беру мотиві ғана зор (Махамбеттен жоғарыда
келтірілген мысалдарда да сыйыстыру тенденциясы да жоқ
емес).
Демек, қай мотивті қаласа да, көсемше ұйқастарды қолдану
– қазақ поэзия тіліне ертеден тән әрі актив тәсілдердің бірі
екендігі байқалады. Абай бұл норманы жақсы танып, дұрыс
пайдаланған, сонымен қатар поэтиканың өзге жақтары сияқты,
бұл жағына да корректив енгізген.
Ең алдымен, Абайдың көсемше ұйқастары айқын ажыра-
тылған екі түрлі қызметте келеді, бірі – жоғарыдағыдай тия-
нақсыз компонент қызметінде. Бұған Оспанға арналған атақты
өлеңі («Жайнаған туың жығылмай») мысал болады. Мұнда
екпінділік, интенсивтік реңк жоқ, сыйыстыру бар. Оспанның
іс-әрекеті арқылы көрсетілетін портретін біртұтас синтаксистік
конструкция арқылы беру тенденциясы ақынды сыйысты
ру әдісіне итермелеген. Екіншісі – өткен шақтық көсемшені
тиянақты мүше (баяндауыш) ретінде қолдану. Бұл – кез кел
ген текстен табыла бермейтін амал. Бірақ қазақ поэзиясында
бұрыннан да болып келген тәсіл. Абай соны жиі пайдалануы
мен қатар, оған стильдік қызмет артқаны көрінеді.
-ып жұрнақты көсемше тиянақты мүше қызметінде келген
де, өлеңнің бір синтаксистік тұтастыққа енген өзге жолдарын
да тиянақты тұлғадағы етістік болмауы қажет. Көсемшелі кон
струкциялар қанша көп болғанмен, «Оспанға» деген өлеңінің
ең соңғы тармағында өліпсің деген ашық райдағы тиянақты
етістік алдыңғы көсемшелердің барлығын тиянақсыз етіп
тұрады. Махамбеттен келтірілген мысалдар да сондай: бітер
ме деген тиянақты тұлға көсемшелерге «автономия» бермейді.
«Алпамыс» жырынан келтірілген үзікте де озады деген тұлға
алдыңғы көсемшелі конструкцияларды өзіне бағындырады.
Ал мына шумақтарда көсемше тұлғалары – өз алдына дербес,
тиянақты баяндауыштар:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап.
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап.
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап.
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап (І, 49).
Бұл – бір шоғыр (абзац), бір күрделі синтаксистік тұтастық.
Жаздыкүн шілдедегі жылқыға қатысты картина осы жерде
аяқталады. Демек, бұл шоғырда көсемшеден өзге тұлғалы
етістік жоқ. Мұндағы көсемше тұлғалар қызметі мен мағынасы
жағынан ашық райдың -ар немесе -ады қосымшалы түрлері-
мен қызметтес. Өткен шақ көсемшені тиянақты мүше етіп
беру Абайдың едәуір өлеңдерінде кездеседі. Ол өлшемі жаңа
6 буынды өлеңдерінде де, «көне көзді» 11 буындыларында да,
аралас буындыларында да қолданылған. Мысалы, «Қызарып,
сұрланып» өлеңінің барлық шумағы осы тәсілмен берілген:
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып
Өзді-өзі керегі (І, 135).
Бұл – бір шумақ, бір күрделі синтаксистік единица. Мұнда
көсемшеден өзге етістік тұлғасы жоқ. Келесі шумақтар да
осындай:
Екі асық құмарлы
Бір жолдан қайта алмай.
Жолықса ол зарлы
Сөз жөндеп айта алмай.
Аяңдап ақырын
Жүрекпен алысып,
Сыбдырын, тықырын
Көңілмен танысып...
тағысын тағы әрі қарай кете береді.
Абай көсемшені тиянақты қызметте бұлайша әрдайым тұтас
өлеңде емес, көбінесе жеке шумақтарда қолданады. «Жел-
сіз түнде жарық ай» өлеңінің үш шумағының баяндауыштары
өткен шақ көсемшемен берілген де, олар ұйқасқа қатыс-
тырылған. Мұнда да көсемше – әрдайым үздіксіз болып жата
тын қимыл-әрекетті білдіретін -ар немесе -ады тұлғасына ба
рабар.
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны – терең сай
Тасыған өзен күрілдеп (І, 77).
Мұндағы етістіктер шақ категориясына бейтарап. Желсіз
түнде жарық ай сәулесінің суда дірілдеуі, ауылдың жанындағы
терең сайдағы өзеннің күрілдеп жататындығы – әрдайым бо
лып тұратын табиғат құбылысы, сондықтан дірілдер, күрілдер
(дірілдейді, күрілдейді) деп берсе де әбден болар еді.
Бұралып тұрып,
Буыны құрып,
Қисайта тартып мұрнын.
Әсемсіп, сәнсіп,
Білгенсіп, бәлсіп
Әр нәрсенің орнын (І, 76), –
дегенде де – көсемшелер – сөйлемнің тиянақты мүшелері,
мұнда да суреттелген адамға әрдайым тән қимыл-әрекеті
берілген.
Үйде отырса салбырап,
Түзге шықса албырап,
Кісіні көрсе қылжаңдап,
Қалжыңшылсып ыржаңдап,
Өз үйінде қипаңдап,
Кісі үйінде күй таңдап (І, 59).
Бұл да – портрет. Сабырсыз, арсыз, еріншектің портреті.
Етістіктер арқылы оның қимыл-әрекеті емес, қасиеті (дәлірек
айтсақ, «қасиетсіздігі») білдірілген, ол қасиеттері – әрдайым
соның өз бойына тән белгілер.
Абайдың 11 буынды өлеңдерінде де тиянақсыз көсемшені
«тиянақтандыратын» сәттері бар:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын (І, 107).
Аласы аз қара көзі айнадайын
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын (І, 107).
Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,
Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз (І.122).
Бұларда да көсемше тұлғасы үздіксіз болып тұратын іс-
әрекетті білдіріп, -ар, -ады қосымшалы тұлғалардың дублеті
ретінде қолданылған. Белгілі бір затқа немесе құбылысқа
тән, үздіксіз, әрдайым болып жататын қимыл-әрекетті біл-
діруде Абайдың -ар жұрнақты есімше мен ауыспалы шақ (-ады) тұлғасын өте актив қолданғаны мәлім. Әсіресе, Абай өлеңдерінде -ар жұрнақты тұлғаны жиі пайдаланғанын атап көрсеттік131. Көрсетілген қызметті атқаруда осы екі дублет тұлға тұрғанда, Абай үшінші тәсілді (өткен шақ көсемшені) неге қалайды? Абай тұсында және Абайдың өзінде грамматикалық варианттардың болуы – онша құптарлық құбылыс емес. Әдетте тілдің әдеби нормалары әбден қалыптасып болмаған дәуірде варианттылық орын алатыны белгілі. Варианттылықтың екінші мотиві стильге қатысты болатыны және мәлім. Абай -ар мен -ады тұлғаларын қатар тепе-тең дублет еткенде, бір жағынан, бұлардың тілде әлі де екеуі қатар өмір сүріп келе жатқанын танытса, екіншіден, ақын бұл екі тұлғаны өлең өлшемінің қажетін өтейтін дублеттер ретінде пайдала нады132 (буын саны артып кетсе – -ар, жетпей жатса – -ады қосымшасын алады). Ал -ып жұрнақты үшінші дублет қандай жүкті көтеріп тұр? Егер -ар мен -ады тұлғаларының варианттылығы, яғни бір қызметте жұмсалуы – жалпыхалықтық тілге де тән, жалпы норма болса, -ып жұрнақты көсемшенің бұларға қосалқы бо лып қолданылуы жөнінде мұны айта алмаймыз. Бұл – біздіңше, таза стильдік мотивтен туған дублеттілік. Өткен шақ көсемше -ар, -ады тұлғаларымен қызметтес түскен сәттерінің өзінде стильдік қызметті қоса атқарып тұрады. Едәуір зерттеушілер дұрыс танығандай, Абайдың -ып жұрнақты көсемшемен берілген өлеңдерінде (оның ішінде бұл тұлғаның тиянақты мүше болып келген сәттерінде ғана екенін атап көрсету керек) белгілі бір эмоциялық бояу бар екендігі танылады. Мысалы, үздігіп табысқан, жүректері лүпілдеп, көңілдері шарқ ұрған екі ынтық жастың күйін суреттеген өлеңінде Абай баяндауыштар ды тек көсемшемен береді: Қызарып, сұрланып, Лүпілдеп жүрегі. Өзгеден ұрланып, 131 Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі (лексикасы мен грамматикалық ерекшеліктері). - Алматы, 1968. - 258-262-б. 132 Бұл да сонда, 262-б.
Өзді-өзі керегі...
Аяңдап ақырын,
Жүрекпен алысып.
Сыбдырын, тықырын,
Көңілмен танысып.
Демалыс ісініп,
Саусағы суынып.
Белгісіз қысылып,
Пішіні құбылып.
Иығы тиісіп,
Төмендеп көздері.
Үндемей сүйісіп,
Мас болып өздері...
Жүрегі елжіреп,
Буындар босанып.
Рахатпен әлсіреп,
Көзіне жас алып... (І, 135).
Мұндағы лүпілдеу, үздігу мотивін өлең текстімен қатар,
өлшемі де (ең қысқа 6 буын), морфологиялық тұлғасы да қоса
білдіреді.
Өткен шақ көсемшеде «асыға», үстірмелете жетеқабыл
орындалған (немесе орындалатын) іс-әрекет, қимыл-қозғалыс
семантикасы бар. Сондықтан асау Теректің ағысын сурет
тесе де, ала қыстай бұйығып, қыстауда тығылып шыққан
елдің көктемдегі аққан селдей көш-қонын суреттесе де, ақын
көсемше тұлғасын әдейі алады да оған ашық райдың қызметін
артады:
Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып (ІІ, 115).
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып (І, 122).
Демек, қазақ әдеби тіліне ертеден таныс, бірақ таңдап-
талғап сирек қолданылатын бұл тәсілді Абайдай сөз шебері
нақ түсініп, орынды, яғни таза стильдік мақсатта және жиі
пайдаланған.
Сөйтіп, Абай өлеңдерінде етістік ұйқастардың басым көп-
шілігі тиянақты баяндауыштар емес, олар не пысықтауыш,
не бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары болып келеді. Бұ-
лардың ішінде жалпы қазақ поэзиясына бұрыннан тән -ып
жұрнақты көсемше жиі кездеседі. Тегі, әдебиет зерттеушілер
(3.Ахметов т.б.) етістік ұйқасты жыр ағымымен берілген қазақ
поэзиясындағы көне (архаистік) ұйқастардың бірі деп табады.
Оның дұрыстығын біз де мойындаймыз. Бірақ бір ескеретін
нәрсе: бұрынғы етістік ұйқастар негізінен ашық райдың ау
ыспалы шағы (-ады) мен өткен шақ көсемше (-ып) және ке
лер шақ есімше (-ар) тұлғалары болатын. Абай етістіктің өзге
тұлғаларын да активтендіреді. Әсіресе, да шылауымен келген
шартты рай тұлғасы («Жарқ етпес қара көңлім не қылса да»,
«Тұлпардан тұғыр озбас» өлеңдерінде), барыс септіктегі -у
жұрнақты тұйық етістік («Интернатта оқып жүр» т.б.), жатыс,
барыс септіктеріндегі өткен шақ есімше («Қансонарда...» т.б.),
-мақ жұрнақты тұлғалар («Тоты құс түсті көбелек» т.б.) да
ұйқас құрауға жиі қатыстырылған.
Өлең шумақтары мен жеке бөліктерінің бір ұйқасты
(монорифмалық) немесе әртүрлі ұйқасты болып келуінің өлең
композициясы мен синтаксистік құрылысына тікелей қатысы
бар. Әдетте Абай поэзиясында көзге түсетін нәрсе – көптеген
өлеңдерінің немесе кейбіреулерінің ұзақ-ұзақ бөліктерінің
бастан-аяқ бір ұйқасты болып келетіндігі. Монорифманы
Абай әдейі қалайды. Ол – ең алдымен ой, идея тұтастығын
жасауға көмектесетін амал. Мысалы, «Қартайдық, қайғы
ойладық, ұйқы сергек» деген шығармасы бастан-аяқ (12
шумақ) -мақ тұлғалы етістік ұйқасына құрылған, осы арқылы
ақын әуелі әрбір шумақты бір единица етіп тұтастырса, одан
кейін бұл шумақтарды бір өлең етіп және тұтастырады. Сырт
қарағанда, Абайда бастан-аяқ бір ұйқасқа құрылған өлеңдер
ақынның ұйқас табудағы шеберлігін танытатын факті сияқты
болып көрінеді. Ал, шынында, бір ұйқас тәсілін Абай тек
ақындық майталмандықты көрсету үшін емес, шумақ пен өлең
тұтастығын құру үшін қолданған. Монорифма тәсілі Абайдың
тек шумақты өлеңдерінде емес, шумақсыз шығармаларында
да жиі қолданылған. Мысалы, «Байлар жүр жиған малын
қорғалатып» деген өлең тұтасымен -ып тұлғалы көсемше
ұйқасына құрылған. Бұл ретте Абайда және бір көзге түсетін
нәрсе – ақын моноұйқас үшін тек етістік тұлғаларын емес,
өзге тұлғаларды да еркін пайдаланады. Бұл – Абайдың ғана
шеберлігі. Өйткені бір тұлғалы етістік ұйқас – ең оңай тәсіл.
Сондықтан да Абайдан өзге бұрынды-соңды ақын-жыраулардан
бір тұлғалы етістікке құрылған жеке өлеңді немесе оның бөлігін
таба аламыз. Мысалы, Бұхардың «Жаулық жолын сүймеңіз»
деген шағын толғауы ІІ жақтағы етістіктің сыпайы түріне
құрылған. Сондай-ақ Дулаттың «Сөзім бар да көзім жоқ» де
ген өлеңі жатпадым – мақтадым – ақтадым деген өткен шақ,
І жақ етістік тұлғасына құрылған. Моноұйқас тәсілін қазақ
әдебиеті Абайға дейін де еркін және мол қолданған. Бірақ үлкен
бір принципті айырмашылық – Абайдан өзгелерде бір ұйқас
көбінесе 7-8 буынды шумақсыз жыр өлшемінде қолданылған.
Ал Абай, біріншіден, ең алдымен бұл тәсілді 11 буынды төрт
жолды шумақты өлеңдеріне де енгізген. Екіншіден, етістік
ұйқаспен қатар, өзге морфологиялық тәсілдерді пайдала
ну мүмкіндігін көрсеткен. Мысалы, «Бір дәурен кемді күнге
бозбаланың» деген 11 буынды төрт тармақты өлеңінде аб
стракт зат есім, туынды сын есім және І жақ қалау райдағы
етістік тұлғасын жасайтын -лық омоформасын (оможұрнағын)
пайдаланған. Сондай-ақ «Қалың елім, қазағым, қайран
жұртым» деген өлеңінде қыртың, бұртың, қиқым, тырқың,
қылпың, жыртың деген образды еліктеуіштер мен осылармен
ұйқасатын тәуелдік жалғаудың ІІ жағындағы зат есім тұлғасын
(мұртың – ұртың – сыртың) пайдаланып, өлеңді бір ұйқасқа
құрған, сөйтіп, өлең тұтастығын жасаған. Біздің байқауымызша,
Абай өзгелермен салыстырғанда 11 буынды өлеңдерінде бір
ұйқасқа етістік ұйқастардан -мақ тұлғасын («Қартайдық»,
«Адасқанның алды жөн...» т.б.), өткен шақ есімшенің септеулі
тұлғаларын («Қансонарда...»), -ып жұрнақты көсемшені
(«Өлең – сөздің...», «Байлар жүр...») жиірек пайдаланған. -ып
жұрнақты көсемшенің 7-8 буынды жыр түріндегі өлеңдерде
бір ұйқас ретінде қолданылуы қазақтың ауыз әдебиетінде
де, өзге қаламгерлерде де аз кездеспейді. Ол Абайда да
едәуір. Мысалы, 7-8 буынды «Жаздыкүн шілде болғанда»,
«Оспанға» деген өлеңдері бастан-аяқ -ып (-май) тұлғалы
көсемше ұйқасымен жазылған. Ал 11 буынды өлеңді тұтас -ып
көсемшесіне ұйқастыру Абайдан өзгелерде кемде-кем, жоққа
тән.
Сонымен қатар өзге ақындар қолданбаған шартты рай
тұлғасының да шылауымен келген түрін («Жарқ етпес...»,
«Тұлпардан тұғыр озбас...») Абай аз болса да пайдаланған.
Тұтас өлеңді немесе оның қомақты бір бөлігін бір
ұйқасқа топтастыру Абайдың негізінен төл шығармаларында
қолданылған да аудармаларында бұл тәсілді «Жүректе көп
қазына бар, бәрі жақсы» деген Полонскийден аударған бір
өлеңнен басқаларында пайдаланбаған.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Өлең синтаксисінде – әдеттегі (прозадағы) синтаксистен
өзгеше түсетін сәттер болады. Ол өзгешелік өлеңнің ырғақ,
ұйқас, тармақтардың топтасу түрлері тәрізді белгілеріне байла
нысты. Өлеңдегі сөйлемдердің өз іштеріндегі құрылымы және
өзара іліктесу түрлері өлеңнің ұйқас суретіне, композициялық
құрылысына және стильдік мақсаттарға тікелей қатысты бо
лады. Сондықтан белгілі бір ақын поэзиясының синтаксистік
құрылысын талдау оның өзіне дейінгі әдеби дәстүрді қалай
пайдаланғанын,
поэзия
тіліне
(синтаксисіне)
енгізген
корректив-жаңалықтарын, оқушы назарын аудартпақ болған
кейбір идеялары мен ойларын, қысқасы, суреткерлік қалам
тартысын тануға жәрдемдеседі.
2. Абайдың бүкіл творчествосына тән принцип–түр мен
мазмұн гармониясы өлеңдерінің синтаксистік құрылысында да
көзге түседі. Ақын өлеңдерінің синтаксистік-композициялық
құрылымы олардың мазмұнымен, жанрлық сипатымен –
қысқасы, айтпақ идеясымен үндесіп келеді. Абай кейде жеке
ситуацияға (мазмұнға) ырғағы, өлшемі өзіне тән тың өлең
түрін іздеп, ұсынады. Жаңа ырғақ пен өлшем сол өлеңнің
синтаксистік, тіпті морфологиялық тұлға-тәсілдерін басқа
өлеңдердегіден (тіпті өзіне дейінгі қазақ өлеңдеріндегіден)
өзгеше, соны етіп бергізеді. Мысалы, Абайдың аралас, аз буын
ды, әр алуан тармақты «Қатыны мен Масақбай», «Тайға міндік»,
«Кешегі Оспан», «Ем таба алмай», «Сен мені не етесің?» тәрізді
өлеңдерінің, сондай-ақ екі асықтың ең күрделі психологиялық
күйін – «өзгеден ұрланып» ел аулақта жолығысқан, «үндемей
сүйісіп», жүректеріне «жан рахат бір сәуле құйылған» сәтін-
дегі күйін суреттеген «Қызарып, сұрланып» сияқты өлеңінің
синтаксистік құралымы да, тіпті кейбір морфологиялық
тәсілдері де осыны дәлелдейді. Сөзі түзеліп, оқушысын (тың-
даушысын) «сен де түзел» деп шақырған ойшыл, зарлы,
ақылды жаңа лирикалық геройдың өзінің моральдық-этикалық,
азаматтық талап-талғамын, күйініш-мұңын білдіретін «Сегіз
аяқ», «Бай сейілді» тәрізді өлеңдерінің өлшемі мен ырғағының
сонылығына орай олардың синтаксистік құрылысы да жаңа,
өзгеше.
3. Тармақтардың ұйқас фигурасы олардың синтаксистік
құрылымына әсерін тигізеді: аб ұйқасы көбінесе бір сөйлемді
қамтуға бейім, сондықтан қазақ поэзиясына Абай енгізген абаб
шалыс ұйқасы төрт жолға мағыналас екі сөйлемді беру тәртібін
туғызған:
1) Антпенен тарқайды, – а
Жиылса кеңеске. – б 2) Ор қазып байқайды – а
Туа жау емеске. – б
Қатар келген ұйқастар көбінесе параллелизмді жасауға
ыңғайлы тұрады, сондықтан Абайдың аабввб фигуралы шу-
мақтарында аа, вв тармақтары параллель конструкциялар бо
лады:
Ел де жаман,
– а Ер де жаман
– а Аңдығаны – өз елі – б Елде – сияз – в Ойда – ояз – в Оңбай-ақ тұр әр түрі – б 4. Ұйқас суреті мен өлшем варианттары шумақтың композициялық құрылысына әсерін тигізеді. Мысалы, аабввбгг ұйқасымен келген «Сегіз аяқта» алдыңғы алты тармақ өзара б ұйқасымен топтасады да тезис ретінде беріледі, соңғы парал лель ұйқастар мағыналас екі жай сөйлемді немесе бір ғана сөйлемді қамтып, антитезис ретінде құрылады. абабвв фигура лы шумақ та сондай: алдыңғы төрт жолы – тезис, соңғы екеуі – тұжырым. аабввбггг фигуралы шумақтардың ұйқас тәртібі олардың композициялық құрылымын белгілейді: аа, вв парал лельдер құрайды, б – алдыңғы алты жолды өзара топтастыра ды да ол алтауында негізгі ой – тезис орналасады, соңғы үш тармақ және параллельдер арқылы берілген қорытынды болып шығады. 5. Шумақтың өз ішінен композициялық бөлімдерге ажыратылуы оның синтаксистік құрылымын әлдеқайда күрделендіреді. Мұндайда әрі параллель категориялардың, әрі жалаң, келте сөйлемдердің, әрі жайылма немесе құрмалас сөйлемдердің бір шумақта орналасуына мүмкіндік туады.
Бұл – жаңа поэзияның, жазба әдебиеттің белгісі. Мұнда речи
татив жойылады. Абайда композициялық құрылымы күрделі
шумақтармен жазылған өлеңдер белгілі бір жүйеге айналған,
демек, өлең синтаксисінің күрделі түрі де – Абайда система.
6. Өлең өлшемі өлең синтаксисін белгілейді. Абайдың
шағын буынды, симметриялық тәртіпте құрылған өлеңдері
(«Бай сейілді», «Тайға міндік», «Кешегі Оспан» т.б.) бір жолға
жалаң бір сөйлемді орналастыру тәсілін туғызды:
Өлді Оспан,
Кетті шопан...
Қайын бардық,
Қатын алдық.
Өтті өмірім,
Қайтты көңлім.
Кетті бірлік,
Сөнді ерлік.
Бұл – қазақ поэзиясының синтаксисінде Абай ұсынған
мүлде тың тәртіп. Бұл – тармақ сыйымдылығын арттырудың
жаңа амалы.
7. Абай қазақ поэзиясының бұрынғы кәнігі өлшемдерінің
синтаксисіне де бірнеше жаңа амал-тәсілдер енгізіп, оларды
системаға айналдырған. Ұйқас фигурасы ааба болып келетін
11 буынды төрт тармақты шумақтарда бұрын көбінесе алдыңғы
екі жол жеке-жеке мағыналас параллель екі жай сөйлем болып
құрылатын болса, Абай осы тәртіппен қатар, бұл екі тармаққа
бір жай сөйлемді орналастыру тәсілін жүйелі түрде ұсынады.
Мұндайда екі тармақтың біреуі не жайылма бір мүше, не
бірыңғай мүшелер болып келеді. Осы арқылы тармақтардың
синтаксистік біртұтас единицаларға тығыз топтасуын жүзеге
асырады. Бұл тығыздық мағына жағынан да, синтаксистік
құралым жағынан да берік болып шығады. Абай шумақтары
әрдайым дерлік күрделі синтаксистік тұтастық құру принципін
берік ұстайды. 8. Шумаққа немесе тирадаға топтасқан сөйлемдердің
бір-бірімен байланысу амалдарында Абай активтендіріп,
жүйеге айналдырған түрлері бар. Ол – тасымал мен инвер-
сияның кейбір варианттары. Өлең тасымалының қолданылуы
қазақ поэзиясында Абайдан басталады. Сондай-ақ Абай
дан инверсияның тармақ аралық түрінің стильдік мақсатта
жүйелі түрде (бір өлеңде бастан-аяқ) қолданылуын табамыз.
Инверсияның бір жол аясындағы түрінен Абайда, әсіресе,
бірыңғай параллель мүшелерді екіге бөлу (біреу астық ала
ды, біреу – маржан), анықтауыш пен анықталғыш мүшелердің
орнын алмастыру (сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан),
баяндауышқа орын таңдату көзге түседі. Бұлар Абайда таза
стильдік мақсат атқарады. 9. Абай өлеңдерінің синтаксисінде проза синтаксисіне
жақындатылған түрлері бар. Ол өлең өлшемі мен ұйқас ва
риациясын қолдану арқылы жасалған. Мысалы, «Қатыны
мен Масақпай», «Сен мені не етесің?» тәрізді өлеңдер – қара
сөзбен сөйлеу түрінде құрылғандар. Бұларда инверсия жоққа
тән, бір шумақ көбінесе бір немесе өзара тығыз байланысқан
екі сөйлемнен тұрады.
10. Сөйтіп, Абай поэзиясының синтаксисі тақырып, идея,
стильмен үндесіп келеді. Ол үндестікті жүзеге асыруда ақын
ұйқас суреті мен өлшем түрлерін құбылту немесе ескі өлең
түрлерін (мысалы, ааба ұйқасты 11 буынды қара өлеңді)
синтаксистік жағынан өзгеше құру тәрізді тәсілдерді пайдала
нады.
Күрделілігі, сыйымдылығы, көркемдік эффектілігі жағы-
нан Абай өлеңдерінің синтаксисі – жазба поэзияға қойылатын
талаптарға сай түсетін, өзіне дейінгі поэтикалық дәстүрден
жоғары көтерілген, кейінгі қазақ поэзиясына бағыт-үлгі бола
тын дәрежедегі сипатта танылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Ауэзов М. Мысли разных лет. - Алма-Ата, 1959.
Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964.
Виноградов В. В. Силистика. Теория поэтической речи. По
этика. - М., 1963.
Виноградов В. В. Проблема авторства и теория стилей. - М.,
1961.
Григорьев В. П. Словарь языка русской советской поэзии.
Проспект. Образцы словарных статей. - М., 1965.
Жансүгіров І. Абайдың сөз өрнегі // Әдебиет майданы. 1934. - № 11-12.
Жирмунский В.М. Композиция лирических стихотворений.
- Опояз. - 1921.
Жирмунский В.М. Язык и стих. - М.-Л., 1966.
Жирмунский В.М. Ритмико-синтаксический параллелизм
как основа древнетюркского народного эпического стиха // ВЯ.
- 1964. - № 4.
Жирмунский В.М. Введение в метрику. Теория стиха. - Л.,
1925.
Жирмунский В.М. Введение в метрику// Вопросы поэтики.
- Вып. ІV. - 1925.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы, 1966.
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және
Абай поэзиясының тілі. - Алматы, 1960.
Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наре
чия. - Казань, 1861.
Исмаилов Е. Об особенностях поэтики Абая // Известия Каз
ФАН СССР. - Серия языка и лит. - Вып. ІІ. - 1945.
Кеңжебаев Б., Жовтис А. Заметки о ритмике стихов Абая //
Вестник АН КазССР. - 1954. - №9.
Кенжебаев Б. Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы //
Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954.
Кенжебаев Б. Қазақ өлеңінің құрылысы туралы. - Алматы,
1955.
Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1961.
Қордабаев Т. Поэзиялық шығармалардың синтаксистік
құрылысы // Тарихи синтаксис мәселелері. - Алматы, 1964.
Махмудов X. X. О стихотворной речи // Филологический
сборник. - Вып. ІІ. - Алма-Ата, 1964.
Махмудов X.X. Некоторые вопросы теоретической стили
стики // Филологический сборник. - Вып. V. - Алма-Ата, 1965.
Мұқанов С. Абай – қазақ халқының ұлы кемеңгері // Абай
Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. - Алматы, 1945.
Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. - Алматы, 1964.
Мұқанов С. Қазақ өлеңі туралы //Социалистік Қазақстан. -
1935. - №108.
Мүсірепов Ғ. Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы
Абайдың тарихи орны //Жизнь и творчество Абая. - Алма-Ата,
1954.
Нуртазин Т. О творчестве С.Муканова. - Алма-Ата, 1951.
Нұрханов С. Қазақ синтаксисіндегі көне құбылыс //
Қазақстан мектебі. - 1968. - № 2.
Пешковский А. М. Стихи и проза с лингвистической точки
зрения. - Л., 1925.
Поспелов Н.С. Синтаксический строй стихотворных произ
ведений Пушкина. - М., 1960.
Поспелов Н.С. Проблема сложного синтаксического целого
в современном русском языке // Ученые записки МГУ. - Вып.
137. - Кн. 2. - М., 1948.
Поспелов Н.С. Сложное синтаксическое целое и особенно
сти его структуры //Доклады и сообщения Института русского
языка. - Вып. 2. - М.-Л., 1948.
Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских пле
мен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи. Киргиз
ское наречие. - Т. ІІІ. - СПб., 1870.
Рсалиев К. Қырғыз ырларынын түзулушу. - Фрунзе, 1965.
Тимофеев Л. И. Слово – образ – слово // Вопросы литерату
ры. - 1962. - №6.
Тимофеев Л. И. Стих и проза. - М., 1938.
Тимофеев Л. И. Очерки теории и истории русского стиха. -
М., 1958.
Томашевский Б.В. О стихе. - Л., 1929.
Томашевский Б.В. Стилистика и стихосложение. - Л., 1959.
Томашевский Б.В. Стих и язык. - М.-Л., 1959.
Томашевский Б.В. Русское стихосложение. Метрика // Воп-
росы поэтики. - Вып. ІІ. - 1923.
Томашевский Б.В. Строфика Пушкина // А.С.Пушкин Ис
следования и материалы. - Т. ІІ. - М.-Л., 1958.
Тынянов Ю.Н. Проблема стихотворного языка. - Л., 1924.
Xамраев М. Основы тюркского стихосложения. - Алма-Ата,
1963.
Щерба Л.В. Опыты лингвистического толкования ствхот-
ворений // Русская речь. - Ч. І. - 1923.
Щерба Л.В. Фонетика французского языка. - Л., 1936.
Щерба Л.В. Избранные работы по русскому языку. - М.,
1957.
Щербак А.М. Соотношение аллитерации и рифмы в тюрк
ском стихосложении // Народы Азии и Африки. - 1961. - № 2.
АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ
ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
Абай тілінің зерттелуі Абайдың тілі зерттеліп келді дегенге екі түрлі ұғымды сыйғызуға болады: бірі – ұлы қаламгердің тілі туралы жалпы пікір айту, екіншісі – Абай шығармалары тілінің өзін талдаптаныту. Әдетте жеке жазушының (ақынның) тілі жайындағы әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де индивидуалдық ерекшеліктерін талдау болып келеді. Әсіресе поэзия иесінің тілін тану дегенді оның поэтикалық тәсілдерін, ол тәсілдердің тілдегі көрінісін зерттеу деп білу керек. Соны мен қатар Абай сияқты қаламгер тілін структуралық жағынан талдау арқылы қазақ әдеби тілінің белгілі бір кезеңдегі си патын тануға болады, өйткені Абай – дайын тұрған қалыпнормаларды пайдаланған қатардағы жазушылардың бірі емес, сол тілдің даму барысындағы жаңа кезеңін бастаушы, сапалық жаңа түрінің іргетасын қалаушы адам. Қай тұрғыда болса да, Абай тілін әңгіме ету оның творче ствосын талдаумен қатар жүріп келді. Әрине, бір дәрежеде, бірдей қарқында емес. Сөз жоқ, ең алдымен, жазушы творчествосының идеясын, тақырыбын, мазмұнын танып-білу қажет болды. Мазмұнның формасына, яғни қаламгер тіліне үңілу со дан кейін басталады. Абайдың творчествосы туралы пікір айту өткен ғасырдың соңғы жылдары мен үстіміздегі ғасырдың басында басталған болса, тілі жөніндегі тиіпқашты сөзді де осы тұстардан бастап оқимыз. Біздіңше, Абайдың тілі туралы ең тұңғыш айтылған пікір – орыстың көрнекті ғалымы П.М.Мелиоранскийдікі. Ол 1901 жылы айтылған. Акад. Ә.Марғұланның мағлұматы бойынша, князь В.А.Кудашев жинаған Абай өлеңдерінің (Ленинградта, География қоғамының архивінде сақтаулы) қолжазбасын П.М.Мелиоранский редакциялайды. Мұнда Абай өлеңдерінен басқа да үлгілер болады. Қолжазбамен танысқаннан кейін редактор былай деп жазыпты: «Бұл жинақта мазмұны жөнінен, әсіресе мына дүниелер қызықты: «Жыл мезгілдері», «Бүркітші», «Өсекші», «Әйелдің сипаты». Бұл шығармалардың тілі – азды-көпті кітаби»1. 1 Марғұлан Ә. Абайдың Ленинградтағы қолжазбасы // Әдебиет және искусство. - 1957. - № 3. - 87-б.
П.М.Мелиоранский бұл өлеңдердің авторының кім екенін
білмейді (өйткені А.К. деп инициалы ғана қойылған), сондық-
тан олардың циклын көрсетіп атайды. Абайдың мұндағы
өлеңдері осындай тақырыптармен берілген екен. Өткен ғасыр-
да қазақ тілін мұқият зерттеген бұл ғалымның осы бір ауыз
сөзінен екі нәрсені түйеміз. Бірі – ғалымның көзі көп дүниенің
ішінен асыл бұйымды бірден айырып танығаны, екіншісі –
Абай өлеңдерінің тек мазмұны ғана емес, тілі туралы да тұңғыш
пікір айтқаны. Бұл жердегі «азды-көпті кітаби» дегенді екі
түрлі жорамалдауға болады. Мұнда ақын өлеңдері сол кезеңге
тән шағатайша-татарша орфографиямен жазылғанына қарап
«кітаби тілге» жуық деп тануы мүмкін. Бірақ бұл – неғайбіл,
өйткені Кудашев қолжазбасына кірген Абай шығармалары –
жыл мезгілдері туралы өлеңдері, «Қансонарда.,..», «Өлең – сөз-
дің патшасы...», «Қартайдық, қайғы ойладық», «Жігіттер,
ойын арзан...» тәрізді азаматтық тақырыптағы нағыз «қазақы»
туындылары. Бұлар – емле жағынан қанша шағатайшыланған-
мен, тілінің шынайы қазақтығы әудем жерден көрінетін
дүниелер. Ондайды П.М.Мелиоранский сияқты мұқият,
жетік ғалым сезбей, білмей тұрмаса керек. Сондықтан оның
«кітаби» деп отырғаны, біздіңше, басқаға меңзейді: Абай
өлеңдері сол жинаққа енген ауыз әдебиеті нұсқалары мен өзге
ақындар өлендерінен өзінің жазба әдебиетке тән белгілерімен
ерекшеленіп, көзге түскен. Абай өлеңдерінде негізгі поэ-
тикалық идеяны нақ бермейтін «буырыл танлар» мен «терең
сайлардың» жоқтығы, образдардың тыңдығы, өлеңнің рит-
микалық-интонациялық жағынан да бұрынғы дәстүрден
шығып, құбылып келуі – осылардың барлығы сөз қадірін та
нытын ғалымның көзінен таса қалмай, ақын өлеңдерін жазба
әдеби тілде туған деген пікір айтқызған тәрізді. Олай болған
күнде бұл – Абайдың тілі жөнінде тап басып, дұрыс айтылған
тұжырымдардың бастамасы болмақ. Қазақ топырағында
ақынды танып-білу әрекеті үстіміздегі ғасырдың 10-жылда
рынан басталса, тілі жөніндегі ой-пікірлер де осы тұста ай
тыла бастайды. Рас, бұлар әлі тым келте, дәлелі мен дерегі
әлсіз. Бұл кезеңдегі назар аударатын пікір – Сұлтанмахмұт
Торыайғыровтікі. Ол «Айқап» журналының 1913 жылғы төрт
нөмірінде «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» де ген мақала жариялап, онда сол тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн-мәнімен қатар тілін де азын-аулақ сөз етеді: «Нағыз шын айтқан уақытта қазақ тілінде деп бастырып жүрген кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ. Неге десеңіз, тілдері – бытпырақ. Бытпырақ болмағандарының ағыны теріс...»,2 – дейді. Мұнда «бытпырақ», «шата тіл» деп отырғаны – сол кез де қазақ поэзиясының, жалпы қазақ жазба дүниелерінің тіліне шағатайша, татарша элементтердің араласып бара жатқанын айтып, қазақ әдебиетінің қазақтың халықтық өз тілі негізінде дамуына бүйрегі бұрғаны. Жоғарғы сөздерді айтып келіп, мақала авторы: «Жақсы өлеңдер басқаларға қарағанда пайғамбардың жүрегінен құйылған Құрандай, соқыр кісі сыбдырынан танырлық ақ құла ашық тұрады. Марқұм Абай өлеңдері секілді», – деп түйеді. Бұл – жалпы тұжырым болғанмен, Абайдың тілі туралы дұрыс та нып берілген және қазақтың демократтық бағыттағы әдебиеті уәкілінің аузынан шыққан баға. 1922-1923 жылдардағы ақын тіліне қатысты азын-аулақ пікірлерді оның 1922 жылы Ташкентте шыққан өлеңдер жинағының редколлегия атынан берілген ескерту сөзден және «Ақ жол» газетінің 1923 жылғы бірнеше санында басылған та тар ғалымы Абдурахман Сағдидың мақаласынан табамыз. Ұлы ақын шығармаларының 3-басылымы деп ұсынылған 1922 жылғы жинақта (Ташкентте басылған) Абай текстерінде бірсыпыра түсініксіз сөздер бар екендігі, олардың бірқатары ақын туып-өскен өлкеде қолданылғанмен, Түркістан қазақтарына бейтаныстау екендігі, халық тіліне енбеген араб, парсы, орыс сөздері де Абай мұрасын түсініп оқуға сәл кедергі жасауы мүмкін екендігі айтылады да, кітап соңында оларға түсініктер беріледі.3 Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны мен ұстаған бағытбағдары жайында 20-жылдардың ішінде, тіпті 30-жылдардың екінші жартысына дейін баспасөз бетінде болып келген әр сипаттағы диспут-таластар үстінде де ұлы ақынға әділ немесе 2 Торыайғыров Сұлтанмахмұт Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан //Айқап. - 1913. - №22-23. 3 Абай Таңдамалы өлеңдері. - Ташкент, 1922. -3-5; 276-284-б.
бұрыс баға беріп, пікір таластырған адамдар оның тілі туралы да бір-екі ауыз сөзден айтып өткен. Бұлардың ішінде әсіресе, Ыдырыс Мұстамбаевтың батыл және ашық айтқан пікірлері Абай тілі жөніндегі қазіргі көзқарастарымызбен ұштасып жа тыр. Ол Абайдың тілі өте шебер екендігін, «жабайы тілмен отырып орайтын мағынасы тым үлкен, қозғайтын сезімдері аса нәзік болып» келетіндігін айтады да: «Ел мейлі не десе о десін, біз өзіміз тіл жағына келгенде, Абай Пушкиндей демесек те, істеген еңбегінің қадірі одан бір де кем емес деп ойлаймыз», – деп қорытады4. 1930 жылдардың орта шенінен бастап Абайдың тілі жөніндегі пікірлер молырақ және айқынырақ айтыла бастайды. Әсіресе бұған 1934 жылы ақынның қайтыс болғанына 30 жыл толуын атап өту шаралары үлкен себепкер болғанын көреміз. Осы жылы Абай жөнінде баспасөз бетінде жарияланған мақалаеңбектердің көпшілігінде дерлік ақынның тілі туралы пікір айтылып өтеді. Суреткер тіліне арнайы жазылған мақалалар да осы кезден басталады. Мысалы, Құдайберген Жұбанов, Ілияс Жансүгіров және Есмағамбет Ысмайылов пен Зейін Шаш киндер ұлы ақынның тілге деген көзқарасы мен еңбегін, сөз қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді. Мұхтар Әуезов Абайдың ақындығы, оның қазақ әдебиетінде алатын орны мен жаңа дәуір үшін маңызы жөнінде ертерек тен бастап ізденген, ара-тұра айтып келген пікірлерінің үлкен бір түйінін 1934 жылғы «Абай ақындығының айналасы» атты еңбегінде бір тастап өтеді. Сол тұста Абайдың тілі туралы да дәлелді сөз айтады. Мұнда Абайдың «шағатайша» өлеңдерін, олардың тілін өзге мұраларынан бөліп қарайды. Шағатай әдебиеті үлгісіне, соның әсері мен тіліне Абай таза еліктеу нәтижесінде келгенін, ақынның поэзия есігін қағар шақта ізденген, бірақ үйрену орнына еліктеген әрекеті екенін айтады. Бұл үш өлеңде әлі қазақ ақыны Абай жоқ, бұларда «тақырып, тіл, ырғақ, кейде ұйқас және теңеу, салыстыру суреттері (көзі – гәуһар сияқты) – бәрі де өз төркінін кім екенін танытып тұр»5 дейді. 4 Мұстамбаев Ыдырыс Абай // Жаңа әдебиет. - 1928. - № 7. - 37-б. 5 Әуезов М. Абай ақындығының айналасы // Әдебиет майданы. - 1934. - № 11-12. - 12-б.
Бұл пікірді М.Әуезовпен қатар І.Жансүгіров те айтады. «Ер жетпей тұрған кезіндегі» Абайдың шағатай үлгісіне еліктеуінің себебін де ашып кетеді. Құнанбай аулы сияқты мол да, қожалы ауылда өскен, Семейдегі дін мектептерінде оқыған Абайдың кітаби өлеңдер тілінен, шағатай тілінен әсер алуы заңды екенін көрсетеді. Абайдың бұл еліктеу көпірінен тез өткенін, бетін қазақтың халықтық өз тіліне бұрғанын, әрі қарай «қазақтың таза тілін, күшті сөздерін жаңа мазмұндарға қалап, жаңа мәдениетке, жаңа әдебиетке жөн тартқанын» айтады.6 Бұл екі зерттеушінің осы пікірі Абайдың тілі жөнінде кейінгі ой айтушыларға бас ноқта болғанын көреміз. Абайтанушылардың ең мықтысы – М.Әуезов өзінің ұзақ жылдар бойы ұлы ақынның өмір кешкен жолы мен қалдырған мұрасына үңілген ұлан-асыр еңбегінде Абайдың тілі жөнінде де дұрыс әрі түбегейлі програмдық сөздер айтып отырды. Жоғарыда көрсетілген ойын 1951 жылы жазған «Абай мұрасы жайында» деген еңбегінде де, сол тұстарда дайындаған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» деген монографиясында да және бір қайталап анықтай айтады. Сонымен қатар Абайдың таза қазақша тілі жайында М.Әуезов мынадай пікірлер білдіріп, тұжырымдар ұсынады: «Ең алдымен, Абай – көркем әдебиеттің, поэзияның тілі ретінде өз тұсында көріне бастаған кітаби тілді емес, қазақтың халықтық тілін қалайды. «Горькийдің Пуш кин турасында айтқанындай, қазақтың халық тілін, әдебиет тілін қалай жасау керек екендігін, халықтық қорды қалай пайдалану дұрыс болатынын көрсетеді»7. Ол үшін Абай қазақтың халықтық тілін жақсы білген, ескі ақындарын, кемел шешендерін, жорықшыл батырлары жайындағы жырларды танып-біліп өскен». Абайдың қазақ әдеби тілінің даму тарихындағы орны жайындағы М.Әуезовтің бір пікіріне көңіл аудартуға тура келеді. Кейбір лингвист ғалымдардың Абай тілі туралы 50-жылдарда айтқан сөздерінде «қазақтың әдеби тілі Абайдан басталады» деген тұжырым болды. Шындығында, қазақтың 6 Жансүгіров І. Абайдың сөз өрнегі // Әдебиет майданы. - 1934. - № 11-12. - 45-б. 7 Әуезов М. Абай мұрасы жайында //Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. - 1951. - №2 (71). - 128-б.
жалпы әдеби тілі, жазба әдеби тілі, қазіргі әдеби тілі дегендер – барлығы бір категория емес. Егер Абай қазіргі жазба әдеби тіліміздің негізін қалаушы десек, ол түсінік қазақтың жалпы әдеби тілі Абайдан ғана басталады дегенмен барабар ұғым болып шықпайды. Білімдар М.Әуезов бірден осыны қатты аңғартады. Қазақта Абайға дейін де ғасырлар бойы әдеби тілі бар болып келгенін жоққа шығаруға болмайтығын баса айтады. Ол тіл – ауызша шешендік пен ақын-жыраулар туғызған поэзия тілі екенін де зерттеуші ашып айтады. «Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар, Махамбеттерде әдеби тілдің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?»8– дейді. Бұл жерде М.Әуезов Бұхар, Махамбеттерді атау арқылы қыруар өзге ақын-жыраулардың туындылары да әдеби тілді танытатын үлгілер екенін білдіреді. Осы жерде Абайдың өзіне дейінгі немесе өзімен тұстас қазақ ақындарының тілі жөніндегі көзқарасын білдірді деген бір ауыз өлеңі жайындағы талас пікірлерді көрсете кету қажет. Ол – Абайдың: Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау, Өлеңі бірі – жамау, бірі – құрау. Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса, Кемшілігі әр жерде-ақ көрінеу тұр-ау! – деген өлеңі. Бұдан Абайдың Шортанбай, Дулат, Бұхар жырла рын естіп, танып, жаттап, тіпті тамашалап өскенін-сезуге бо лады. Абайдың осы төрт жолы арқылы «Абай мен оған дейінгі және онымен, тұстас қазақ әдебиеті» деген проблеманың шешімін іздеуге тура келеді. Абайды әңгімелеу үшін одан өзге қазақ ақын-жырауына соқпай өту мүмкін емес. Сондықтан да болар, Абайдың творчествосы мен тілі туралы шағын мақаладан бастап, монографияға дейін қалам тартып көрген зерттеушілердің ішінде осы шумақты сөз етпей кеткені кемдекем. Бірақ әркім әртүрлі түсініп, бұл шумақтың мән-мағынасы жөнінде екіұдай пікір болып келгендігі және байқалады. Бірі 8 Әуезов М. Қазақ әдеби тілінің мәселелері // Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабаршысы. - 1951. - № 3 (72). - 97-98 б.; Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы // Абай Құнанбаев. - Алматы, 1967. - 129-130-б.
– Абай осы бір ауыз өлеңінде өзіне дейінгі ақындардың тілін сынап, қазіргіше айтсақ, әдеби үлгіде емес деп таниды де ген болжам, екіншісі – Абай бұл шумағында олардың тілін емес, шығармаларының мазмұнын, тіпті идеологиясын сынап отыр деген тұжырым. М.Әуезов осының екіншісін қолдайды: «Абай әндері бірі – жамау, бірі – құрау» дегенде, олардың өлең ұйқастарын, сөз қиыстырып жүрген ақындығын олқысынып отырған жоқ. Үшеуінің бірдей идеясын, бәріне ортақ ой кедейлігін әшкерелейді»,9 – дейді. Абайдың бұл айтқанын өзге зерттеушілердің бірқатары (М.С.Сильченко, М.Сәрсекеев т.б.) осылайша түсінеді. Біз де бұл жерде «Абайда өзіне дейінгі, өзінен өзге қазақ қаламгерлерінің тілін мансұқ ету пиғылы жоқ, оның сыны поэзияның әлеуметтік миссиясына үлкен міндет арту ниетімен айтылған» деген пікірді қуаттаймыз. Керісінше, бірқатар зерттеушілер Абай бұл өлеңінде Бұхар, Шортанбай, Дулаттардың ақындық өнерін, тілін сына ды дегенді білдіреді. Мүмкін, тіпті Абайдың осы сөзіне арқа сүйеген болу керек, кейбір ғалымдар Бұхар, Дулаттардың тілі әдеби емес дегенге дейін барады, енді біреулері бұлардың тілі мүлде әдеби емес демесе де, Абай мұнда өзіне дейінгілердің поэтикалық ерліктерін сынап отыр деп таниды. Ақын мұрасын жан-жақты ұзақ жылдар зерттеген Сәбит Мұқанов та Абайдың осы шумағын ақындық шеберлік жайындағы сын деп та бады. Абай Шортанбайларды «сөз сатқандығы» үшін емес, өлеңдерінің сыртқы құрылысының «теп-тегіс жұмыр, іші ал тын, сырты күміс» болмағандығы үшін, бұрынғы сарыннан сы тылып шыға алмағандығы үшін мінейді», – деп табады10. Сөйтіп, Абайдың төрт жолдық бір шумағында не айтпақ болғанын түсіну үстінде қазақтың әдеби тілі проблемасына қазіргі зерттеушілердің көзқарасы да айқындалады. Біздіңше, Абай өзі білетін ұлылы-кішілі сандаған ақынжыраулар ішінен Бұхар, Шортанбай, Дулат – үшеуін бөліп атау арқылы оларды екі ғасыр бойындағы қазақ әдебиетінің белгілі бір тобының өкілдері деп танитынын білдіреді. Сол үшеуін атау арқылы осы топтағы ақын-жыраулардың идеялық 9 Аманжолов С. Вопросы диалектологии и исторни казахского языка. - Алма-Ата, 1959. - С.186. 10 Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. - Алматы, 1964. - 279, 286-296-б.
бағыты мен творчестволық мақсатын сынайды. Өзінің осы топтан демократтық-прогрессивтік идеологиясының межесін осы жерде, осы шумақта ажыратып алады, аулын олардан аулақ апарып қондыратынын білдіреді. Бұл үзіктегі «құрау мен жамаулар», «көрінеу тұрған кемшіліктер» – олардың тіліне, поэтикасына берілген баға емес. Бұл жердегі «сөз» деген сөз лингвистикалық категория ұғымында емес (мүмкін, кейбір зерттеушілерді шатастырған бұл шумақтағы «сөз» сөзін тура мағынасында ұғушылық болуы керек). Мұндағы «сөз» – бүкіл творчество, өлең-жыр, айтылған идея мағынасында. Абай «сөз» сөзін 400-ге жуық рет қолданғанда, оны түгел дерлік осы ұғымда жұмсаған. М.Әуезов Абайдың қазақ әдеби тілінің даму жолындағы орнын көрсете келіп, екі ерекшелігін атайды, бірі – «қазақтың халықтық, салттық және өзінен бұрынғы ауыз әдебиетіне көрік берген мол, шебер сөздік қорынан пайдаланып, халықтың әдебиеттік тілін қалай жасаудың жолын көрсетуі», екіншісі – «қазақ қоғамы ортасында Абай заманында кіре бастаған жаргондық сипаттағы кітаби шұбар тілден іргесін ашып алуы, одан бас тартуы»,11 – дейді. Сонымен, М.Әуезов Абайдың тілі туралы барлық айтқан ой-пікірін: «Абай – әдеби тілді бастау шы ғана емес, өзінен бұрынғы әдебиет тілін халықтық әдебиет тілі сапасында өсіре, байыта, сұрыптай түскен классик деп білеміз», – деп түйеді11. Ұлы ақынның тілге көзқарасы, тіл жөніндегі ұстаған бағыты жайында едәуір пікір білдірген адам – Сәбит Мұқанов. «Қазақтың әлеуметтік тұрмысында Абайдың үлкен еңбек сіңірген мәселесінің біреуі – қазақтың әдебиет тілін жасау, қазақ поэзиясын бұрынғысынан да жоғары сатыға көтеру» деп бастап, Абайдың өз тұсындағы «кітаби тіл» дегеннен іргесін аулақ салғанын, өзіне дейінгі қазақ ауыз әдебиеті мен ақындар үлгілерінің тіліне иек артқанын айтады. Жазушығалым С.Мұқанов Абай тілі туралы осы көзқарасын кейінгі жарияланған Абай туралы монографиясында қайталап, толықтыра түседі, реті келген жерде мысалдармен дәлелдейді. 11 Әуезов М. Казақтың әдеби тілі туралы //Әдебиет және искусство. - 1951. - № 4. - 60-61-б. және 62-б.
Абайдың тілі жөнінде елеулі пікір айтқан ғалым – Қажым Жұмалиев. Өзінің мектепке арналған оқулықтарынан ба стап, XVІІІ-XІX ғасырлардағы казақ әдебиеті тарихы туралы жазылған ғылыми еңбектерінде, әдебиет теориясына арналған жұмыстарында Қ.Жұмалиев ақынның творчествосымен қатар, оның тілі жөнінде де сөз қозғамай кете алмады. Ол пікір ай тумен бірге тілдік материалды нақтылы талдайды, көптеген жаңалықтарды ашып береді. Ғалымның Абай тіліне қатысты түйіндері мынадай: 1) Абайға дейін де қазақтың поэтикалық тілі дамып келеді. Ертеден келе жатқан қазақ ауыз әдебиетінің, ХVІІІ-XІX ғ. тари хи әдебиеттің өздеріне тән ерекшелігі және жалпы құрылысы жағынан болсын, тілі жағынан болсын өзінше даралық, байырғылық сипаты болды. Абай осындай әдебиеттің о заман нан қалыптасып қалған поэтикалық тілін жоғары мәдениеттік сатыға көтерді. 2) Абай заманында едәуір етек жайған тілдегі шағатайшылау, татаршылауға қарсы күрес ашты, қазақ тілін аса қадірлеп, таза сақтауға күш салды, оның сөздік қорының бір бұтағы орыс тілі болды. 3) Абай қазақтың мол сөз байлығын қолданумен қатар, көптеген көне сөздерді, жергілікті сөздерді шебер пайдаланып, өзі де жаңа сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын енгізді. 4) Өлең құрылысына қыруар жаңалық қосып, көркемдеу тәсілдерін ұсынған. Жаңа образдар жасаған. Мұнда орыс әдеби тілінің әсері мол болған12. Осы тұжырымдарының барлығын Қ.Жұмалиев нақтылы мысалдармен дәлелдейді. Ұлы ақынның тілі жайында жеке монография арнама са да, Абай тілі туралы пікірді Ғ.Мүсірепов, М.С.Сильченко, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, Т.Нұртазин, Т.Әлімқұлов, X.Сүйіншәлиевтер де айтады. Абайдың тіліндегі, өлең құрылысындағы жаңалықтарды туғызған оның творчествосының мазмұны екендігін танудың Абай тілін түсінуде үлкен мәні бар. Осы пікірді өзінің жинақы 12 Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. - Алматы. 1960. - 144-193-б.
тілі мен Ғ.Мүсрепов бір-ақ түйіп айтады: «Абай түрді түр үшін емес, айтайын деген ойын дәлірек, өтімді де ұтымды етіп айту үшін іздеген... Ол мазмұнға сай түр керектігін терең сезінген»13. Абайдың тілі жайында да әркез пікір білдіріп келген Б.Кенжебаев та ақынның өлең құрылысын да сөз етеді14. Абай поэтикасының ерекшеліктерін арнайы сөз еткен Е.Ысмайылов ақын тіліндегі жаңа, көне сөздерді, кейбір сөздердің тура және ауыспалы мағынада қолданылуын, поэтикалық синтаксис мәселелерін қозғап, бірқатар мысалдар келтіреді15. Абайдың тілі туралы жалпы тұжырымнан гөрі нақтылы талдау айту әрекеті Т.Нұртазиннің мақалаларында көрінеді. Ақынның шеберлігіне арнаған еңбектерінде зерттеуші: әдебиет – көрікті мазмұн, мазмұн болғанмен, оның көркі болмаса, ол шығарма көкейге қонбайды деп бастап, «Абай бұрын қазақ поэзиясының уысына сыйып көрмеген өтірікті жүндей сабау, киер киімін ып-ықшам қылу, иығы тиісу тәрізді жаңа образ дарды, соны сөздерді, тіпті синтаксистік жаңа тәсілдерді (бір сөздің бірыңғаймен келіп қайталануы, жалпылауыш сөз бен біркелкі сөздерді жинақтау) жасады» деген түйіндерін мысал келтіріп дәлелдеуге ұмтылады16. Сөйтіп, әдебиеттанушылар тарапынан Абай тілінің зерттелуі негізінен екі тұрғыда болып келгенін көреміз: бірі және бастысы – Абайдың қазақ әдеби тілі дамуындағы алатын орны мен атқарған қызметі жайында жалпы байлам айту, екіншісі – суреткердің сөзқолданысындағы өз қаламына тән жеке сәттерін көрсету мен өлең құрылысына қатысты кейбір тілдік элементтерді ішінара әңгімелеу. Абай тілі жайында арнайы сөз қозғау – тіл мамандарының міндеті екені аян. Лингвистердің айтары – жалпы тұжырымнан гөрі, нақтылы талдау болмағы және хақ. 13 Мүсірепов Ғ. Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы Абайдың тарихи рөлі // Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954. - 34-35-б. 14 Кенжебаев Б. Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы // Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954. - 94-98-б. 15 Исмаилов Е. Об особенностях поэтики Абая // Известия Каз ФАН СССР. - Серия языка и литературы. - 1945. - Вып. ІІ. 16 Нұртазин Т. Абайдың ақындық шеберлігі туралы // Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954. - 162-172-б.; Абай – көркем сөз шебері // Халық мұғалімі. - 1954. - № 8. - 11-16-б.
Қазақ тілі білімпаздарының ішінде Абайдың тілі жайында бірінші болып терең әрі дәлелді пікір айтып, талдау жасаған – Құдайберген Жұбанов. 1934 жылы жазылған «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген кітабында17 айтылған пікірлер мен талданған материалдар тек Абайдың тілін емес, жал пы әдебиеттегі орнын дұрыс бағалап, тану үшін зор үлес қосқанын, күні бүгінге дейін құнын жоймаған еңбек екенін атап өтуге тиіспіз. Сөйтіп, Абай тілін танып-білу шын мәнінде 30-жылдардың ортасынан – Қ.Жұбановтың зерттеуінен басталады да, 50-жылдардың ішінде бұл мәселеге С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов тәрізді тіл мамандарының қатысуына байланысты едәуір жанданады. С.Аманжолов көпшілікке арнап 1949 жылы жариялаған «Қазақтың әдеби тілі» лекциясынан бастап, 50-жылдар ішінде жарық көрген мақалалары мен «Қазақ тілі тарихы мен диалек тологиясы мәселелері» атты монографиясында Абайдың қазақ әдеби тіліндегі алатын орны мен істеген қызметін кең түрде сөз етеді. Зерттеуші: «Абайдан бұрынғы және тұңғыш баспасөзге дейінгі (1880 жылдарға дейінгі) баспа бетін көрген бұйымдар, олардың ішінде алуан қиссалар да, Шортанбай, Дулат тәрізді ақындардың шығармалары да жалпы әдеби тіліміздің нағыз үлгісі бола алмайды, жазба әдебиетіміз «Ақмола хабары» (1880), «Дала уалаяты» атты (1894) газеттер ден басталады», – деген пікір айтады18. С.Аманжолов Абай тілін сөз еткенде, оны диалектоло гия мәселесімен байланысты қарастырады. Зерттеуші «XІX ғасырдың ІІ жартысында, яғни қазақтың ұлттық тілі қалыптаса бастаған дәуірінде оның тірек (опорный) диалектісі – солтүстік-шығыс облыстардың тілі болды, Абай, Ыбырай шығармалары осы өлкелердің диалектісінде жазылған» дегенді принципті түрде айтады.19 Ғалым бұл пікірін барлық еңбектерінде қайталайды және өзінің ғылыми кредосы етіп ұстайды. Бұл тұжырым айналасында едәуір пікір талқысы болғанын білеміз. Ең алдымен, бұл ойды М.Әуезов қостамайды: «Абайдың сөздігі 17 Жұбанов Қ. Абай – қазақ әдебиетінің классигі // Әдебиет майданы. - 1934. - №11-12. 18 Аманжолов С. Қазақтың әдеби тілі. - Алматы, 1949. - 9-б.
мен әдебиеттік тіл жасаған ізденулерін, табыстыратын табы старын алсақ, ол тек Шығыстық Қазақстан тілімен жазды деу, біздіңше, жеткіліксіз, дәлелсіз. Рас, Абайдың салттағы сөйлеу тілін өзі өмір кешкен казақ өлкесінің сөздік үлгісінен алғаны даусыз... Бірақ Абай сол қормен пайдаланумен қатар бүкіл қазақ халқының арғы-бергі заманда ауызша әдебиет үлгісінде тудырған шығармаларының... қазынасын да біледі. Жазба күйде жетпесе де, ауызша айтылып, жыраққа тарап жатқан шешендік сөздердің, айтыс-тартыстардың және өзінен бұрынғы, өзімен тұстас әлденеше жеке ақындардың да шығармаларын көптен-көп естіп, ұғынып, жадында тұтып, қолданып өсті», – дейді. Абай: «Қазақта Марабайдан артық ақынды мен білген емен», – дегеніне қарағанда, ол Қазақсанның батыс өлкесіне көп тараған жырларды, сол өлкеде сөзі сақталған ақындардың мұраларын да білгендігін, «Қыз Жібек» жырын тыңдай, оқи отырып Сыр мен Арал өлкесінің тіл байлығын және қабылдай алғандығын, Бұхар, Шортанбай, Түбек ақындардың сөздерін біле тұрып, Оңтүстік, Жетісу өлкесінің тіл өнерімен де таныс болғандығын айтып, осының бәрі Абайдың бір ғана өлкенің – Қазақстанның шығыс өлкесінің тілінде («диалектісінде») жазбағанын танытады», – дейді19. М.Әуезовтің мұндағы айтпағы – Абай жасаған кезеңде оған дейінгі қазіқ әдебиетінің (ауыз әдебиетінің де, жеке қаламгерлер творчествосының да) тіл жағынан қазақ даласының барлық өлкесін топтасты рушы рөлінің күшті болғандығы, яғни Абай сол әдеби тілді – «Қазақстанның көп өлкесінің тіл қазынасын» пайдалануы арқылы ұлы Абай болғандығы. М.Әуезовтің осы пікірін І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов т.б. тәрізді тіл мамандары да қостайды. Сөйтіп, қазақ әдеби тілінің даму барысындағы Абайдың орны мен қызметі деген мәселе ұлттық әдеби тіліміздің қай негізде: белгілі бір диалект негізінде немесе жалпыхалықтық тіл негізінде қалыптасқаны туралы проблемамен тығыз ұштасып келгенін көреміз. 1950 жылдарда І.Кеңесбаев арнайы мақала жазып, «Абай – қазақтың жаңа әдеби тілінің негізін қалаушы» деген бай 19 Әуезов М. Қазақ әдеби тілінің мәселелері // Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабаршысы. - 1951. - № 3. - 98-99-б.
лам ұсынды. Мұндағы жаңа деген анықтауышты телу мәнін зерттеуші былайша дәлелдейді: «Абайға дейін де әдеби тіл болды, оның өзі екі түрлі сипатта болды: бірі – Орта Азияның түркі тілдес халықтарына ортақ әдеби тіл, екіншісі – қазақтың ауыз әдебиеті мен жеке қаламгерлерінің (Махамбет, Ыбырай т.б.) тілі болды. Абай ие болған тілдік мұра – қазақтың ауыз әдебиеті мен ауызекі сөйлеу тілі болды. Бірақ Абай шағатаизм, татаризмдерімен шұбарланып келген бұрынғы ортаазиялық әдеби дәстүрді де, көне ауыз әдебиеті тілінің дәстүрін де місе тұтпай, әдеби тілдің жаңа этапын бастады»20. Ғалым бұл пікірін қазақ әдеби тілінің әр кезеңдегі дамуы туралы жазғандарының барлығында бекіте, айқындай түседі. Енді әңгіме тек «қазақтың әдеби тілінің негізі» жайында ғана емес, «жазба әдеби тіл» ту расында қозғалады: «Великая историческая миссия столпов казахской культуры в прошлом – Абая и Ибрая – заключается в том, что они богатое достояние народного разговорного языка и устного творчества довели в значительной степени до уровня письменного литературного языка»21. Ғ.Мұсабаев та дәл осы пікірді қолдайды. 1960 жылдардың аяқ шенінде Абай тілінің сөздігін жасауға басшылық еткен А.Ысқақов та Абай – қазақтың жазба әдеби тілінің іргетасын қалаушы деген қағиданы қостай отырып: «Абай қазақ дала сында осындай әр алуан тілдер, әртүрлі өрнектер мен стиль дер, әрқилы бағыттар мен көзқарастар бір-біріне «қара көрсетісіп», аралас-құралас жарыса, жанаса өмір сүрісіп, ел ішіндегі рухани тұрмыс пен тіршілікке олардың әрқайсысы өзінше әр қадарлы дақ түсіріп жатқан шақта тарих сахнасына шықты да өзінің бағыты да жаңа, мазмұны да жаңа, тілі де жаңа шығармаларын жазды», – деп, Абай тұсындағы қазақ тілінің жай-күйін білдіріп өтеді. Тіл мамандарының әдебиетші ғалымдардан бір айырмашылығы – бұлар тек Абайдың қазақ әдеби тіліне қатысы (орны мен рөлі) туралы жалпы пікір айтып қана қоймайды, сонымен қатар ішінара тілдік материалдарға талдау жасайды. С.Аманжолов Абайдың сөзқолданысындағы кейбір тәсілдерін 20 Кеңесбаев С. Абай – основоположник казахского литературного языка //Советский Казахстан. - 1955. - № 9. - С. 125. 21 Кеңесбаев С. Развитие казахского литературного языка в советское время. - Алма-Ата, 1959. - С. 57.
көрсетеді: талаптың аты, жүрегіңмен тыңдамай, құлағыңмен қармарсың тәрізді жаңа сөз тіркестерін жасағанын, бір сөзге бірнеше эпитет қосақтайтынын, өткен шақ көсемшені көмекші етістіксіз тиянақты тұлға ретінде қолданатынын, жатыс септіктегі есімшелерді баяндауыш қызметінде жұмсайтынын талдап көрсетеді22. І.Кеңесбаев та Абайдың сөз жұмсаудағы жаңа тәсілдерін атайды. Олар: сөздің мағынасын өзгертіп қолдану, соның нәтижесінде, бір жағынан, тентек өмір, көңіл құсы, өмір тоны, өкпе сызы тәрізді жаңа тіркестер жасау, екінші жағынан, желбуаз, қара қылды қырыққа бөлу, терін сату, қулық сауу сияқты тіркестерге стильдік жаңа жүк арту тәсілдері дейді. Сондай-ақ Абайдың архаизмдерді қолдану шеберлігін, сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстыру тәсілін жаңаша пайдаланғанын, аудармадағы шеберлігін сөз етуге болатындығын, бірақ бұған осы мақаласында мүмкіндік болмағандығын айтады. Тілдік материалдардың талдауын Н.Сауранбаевтан да таба мыз. Ол Абайдың стильдік тәсілдерін сөз етеді. Ұлы ақынның кейбір тұлғаларды экспрессивтік мәнде қолданғандығына қыртың, жыртың, бұртың тәрізді еліктеуіш сөздерді мысалға келтіреді. Халық тіліндегі мақал-мәтел, фразаларды Абайдың сұрыптай, кейбіреулерін өзі жасап қолданғанын атай ды, оған мысалдар келтіреді. Зерттеуші Абай текстеріндегі араб, парсы, орыс сөздеріне едәуір талдау жасап, қолданылу себептерін көрсетеді. Абайдың бір алуан неологизмдер жасағанын айтып, оған бұлбұл қағу, көсем жүру, малға бөгу, алар ман болу, төменшіктеу, өршілдену, мақтан сөйлеу, сымпыс сөздері мен фразаларын мысалға келтіреді23. 50-60-жылдардың ішінде өзге тіл мамандары да тілінің кейбір фактілерін – сөзқолданысын, сөздік қазынасын, грамматикалық тұлғаларын талдап өтеді. Шора Сарыбаев совет тұсындағы қазақ лексикасының дамуы жайындағы мақаласында Абай тіліндегі орыс сөздерін әңгіме етеді24. Е.Жан22 Аманжолов С. Вопросы истории и диалектологии казахского языка... - С. 176178. 23 Сауранбаев Н. Т. Роль Абая в развитии казахского литературного языка // Жизнь и творчество Абая. - Алма-Ата, 1954. - С. 178-181. 24 Сарыбаев Ш. Ш. Развитие лексики казахского языка в советскую эпоху // М.О.Ауэзов. Сборник к его 60-летию. - Алма-Ата, 1959. - С. 235.
пейісов Абай мен Мұхтаров тіліндегі ортақ тұлға-тәсілдерді салыстыру үстінде Абай тіліне тән біраз стильдік ерекшеліктерді атап өтеді25. Зерттеуші кейінгі еңбектерінде де жеке сөзінің мағыналық реңктерін Абайдың шебер пайдаланғанына фактілер келтіріп, дәлелді пікірлер айтады26. Осы кезеңдерде Абай шығармаларының лексикалық сипаты на арналған жеке мақалалар да жарық көре бастайды27. Қазақ әдеби тілінің даму тарихына қатты зер салып зерттеген ғалым Қ.Өмірәлиев әр сәт Абай тіліндегі ерекшеліктерді арнайы сөз етіп келді. Ол ерекшеліктің зерттеуші екі топқа бөледі: бірі – шағатай әдеби тіліне тән формалар, екіншісі – қазақтың ауыз әдебиеті сөйлеу тіліне тән тұлғалар. Алғашқыларға -мақ, -мақтық, -дүр жұрнақты сөздерді, соңғыларына -па + с + (айтпасқа), -па + с + тық (ұмытпастық), -ар + лық, -тұғын т.б. жұрнақты тұлғаларды жатқызады28. Қ.Өмірәлиев Абай тілі грамматикасының жеке мәселелерін өзге де еңбектерінде сөз етеді. Т.Қордабаев «XІХ ғ. қазақ жазбалары тілінің синтаксисі» деген еңбегінде сол жазбалардың бірі ретінде Абайдың прозалық шығармаларының да синтаксисін талдайды. Мұнда жай, құрмалас сөйлемдер синтаксисіне қатысты кате гориялар мен шылаулардың қызметі сөз болады. Зерттеуші кейбір грамматикалық категориялардың Абай тіліндегі активпассивтігін көрсетеді29. Абай тілінің грамматикалық ерекшеліктерін танып-білуге 50-жылдардың соңғы кезінен бастап біз де кіріскен болатынбыз. «Абайдың прозалық шығармаларындағы негізгі морфологиялық ерекшеліктер» деген тақырыпқа кандидаттық дис сертация қорғап, грамматикалық жеке тұлғалар мен олардың 25 Жанпейісов Е. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің тіліндегі стилдік кейбір ортақ өрнектер // Вестник АН КазССР. - 1962. - № 11. 26 Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. - Алматы, 1968. - 52-54-б. 27 Балжанов Ш. Абай поэзиясындағы етістіктерді қолданудың стильдік ерекшеліктері //Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабаршысы. - 1962. - № 3. - 74-78б; Нұрпейісов Р. Абай шығармаларының лексикасы туралы // Халық мұғалімі. - 1954. - № 6. - 70-73-б.; Сүлейменова Б. О русских словах в произвединиях Абая //Известия АН КазССР. - Серия общественных наук. 1964. - № 4. - С.57-66. 28 Өмірәлиев Қ. Абай шығармаларындағы кейбір тілдік ерекшеліктер //Ученые записи Гурьевского пединститута. - Серия историко-филологическая. - Вып. ІІ. - Уральск, 1962. - С. 185-205. 29 Қордабаев Т. Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. - Алматы, 1966.
қолданылу реті жайында бірнеше мақала жарияладық30. Бұларда, негізінен, Абай прозасында өнімді қолданылған -мақ, -ар жұрнақты сөздердің беретін мағыналары мен қазіргі нормадан өзгеше келетін ерекшеліктерін көрсетуге және қолданылу себептерін ашуға талпындық. Сондай-ақ кейбір морфологиялық тұлғалардың Абай тілінде екі вариантта – ықшам және толық түрінде – кездесетіндігін танытып, оның да себептерін ашуды көздедік. Материалдың өзі нақтылы талдау негізінде бізден бұрынғы зерттеушілер тарапынан айтылған біраз тұжырымдарға корректив те енгіздік. Мысалы, -мақ, -ар жұрнақты тұлғалар шағатай не татар тілдерінің элементі емес, қазақтың Абайға дейінгі ауызша тарап келген әдеби тіліне тән, тіпті ауы әдебиеті тіліне хас норма екенін дәлелдедік. Сондайақ тын~тұғын (баратын~баратұғын), мен~менен (та мен тас, тау менен тас), да~дағы (барды да – барда дағы) сияқты қатарлардың кездесуі біреуінің норма екіншісінің нормадан тыс болғандығынан емес, өлең шарттарына (өлшем, ырғақ, ұйқасқа) қатысты деп, өзгеше пікір айттық. Біз Абай тілін танып-білудегі ізденістерімізді әрі қарай жалғастырып, арнайы жазылған екі монография жарияладық31. Бұларда енді ұлы қаламгердің мұрасы қазақ әдеби тілі тарихының материалы ретінде зерттедік. Абай тілі – өз тұсындағы қазақ жазба әдеби тілі белгілі бір дәрежеде толығырақ көрсететін сипаттағы дүние. Сондықтан Абайдай сөз иесінің шеберлік лабораториясына үңілмес бұрын, оның сөздік құрамы мен грамматикасын лингвистикалық тұрғыдан тіркеп, жүйелеп талдап шығу қажеттігі тұрды. Бұл талдауларымыздың материалдары мен нәтижелері, бір жағынан, қазір жазба әдеби тіліміздің XІX ғасырдың ІІ жартысындағы – өзінің баста лар тұсындағы – лексика-грамматикалық сипатын танып30 Сыздықова Р. Абайдың прозалық шығармаларындағы морфологиялық тұлғалардың сипаты // Қазақ ССР ҒА Хабаршысы. - 1959. - № 5. - 30-34-б.; Абайдың «Қара сөздеріндегі» -мақ аффиксті тұлға жайында //Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - Филология сериясы. - 1959. - № 1. - 76-84-б.; Абай шығармалары мен XІX ғ. жазу нұсқаларының тілін зерттеудің маңызы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1959. - № 2. - 4855-б.; Абайдың прозалық шығармаларында күрделі ойдың берілуі //Исследования по истории казахского языка. - Алма-Ата, 1965. -С. 42-57 т.б. 31 Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі (монография). - Алматы: Ғылым, 1968; Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы (монография). - Алматы: Ғылым, 1970.
білуге септігін тигізер болса, екінші жағынан, ұлы ақынның
суреткерлік шеберлігі мен өз қаламына тән қолтаңбасын
көрсететін және қазақ көркем сөзі дамуындағы шоқтығы биік
орнын танытуға арналатын әдеби-лингвистикалық (лингвисти-
ликалық) зерттеу жұмысына дайындық болмақшы.
Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысына арналған
екінші монографиямызда қазақ өлеңінің, оның ішінде Абай
туындыларының синтаксистік амал-тәсілдерінің проза снн-
таксисінен өзгешелігі қандай; өлеңнің ұйқас өлшемі, компо-
зициясы және шумаққа бөліну-бөлінбеуі мен оның синтак-
сисінің арасында қандай байланыс бар; өлең құрайтын
компоненттердің бір-бірімен іліктесіп, байланысу амалда
ры нендей деген мәселелердің сырын ашуды көздедік. Соны
мен қатар бұл еңбекте Абай поэзиясы мен оған дейінгі қазақ
поэзиясының синтаксисіндегі айырымдар, ауыз әдебиеті мен
жазба әдебиеттің өлең синтаксисі саласындағы жақындығы
мен алшақтығы деген жайттар тұңғыш рет сөз болды. Әсіресе
баса көңіл аударылған нәрсе – Абайдың өлең архитектоникасы
на, синтаксисіне енгізген жаңалықтары, өзгерістерін нақтылы
талдау арқылы көрсету болды.
Абай шығармалары (прозасының да, поэзиясының да) тілі-
нің лексикасы мен грамматикасын жүйелі түрде, моногра-
фиялық планда арнайы зерттеген еңбектерімізде негізгі
көздеген мақсатымыз оның көркемдік сипатын, шеберлік тәсіл-
дерін, индивидуалдық ерекшеліктерін айқындау болмаған-
мен, сөз жоқ, әр кез бұл мәселеге де соқпай кете алмадық.
Жоғарғы екі арнайы монографиямызда да, әсіресе «XVІІІ-XІX
ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы» (Алматы: Мектеп,
1984) атты кітабымызда Абай поэтикасын едәуір сөз еттік.
«Ғылым» баспасынан 1968 жылы шыққан «Абай тілі сөз-
дігі»32 – ұлы ақын тілін танып-білу саласындағы аса қажетті,
қомақты жұмыстардың бірі. Орыс және өзге де кейбір туысқан
халықтар тәрізді, өзінің классик жазушыларының тілінің
сөздігін жасау ісіне үн қосқан бұл еңбек – бірнеше адамнан
құралған коллективтің едәуір уақыт бойы көп ізденіп істеген
жұмысының нәтижесі. Сөздік – анықтағыш, жөнеуіш құрал,
32 Абай тілі сөздігі. - Алматы: Ғылым, 1968.
сондықтан да оның өзіне тән міндеті мен мазмұны бар. Ең
алдымен, ол Абайдың тілін, әсіресе лексикасын зерттеймін
деушілерге өте қолайлы, реттеулі, түгендеулі материал болып
табылады. Іздеуші бұдан белгілі бір сөздің немесе тіркестің
қай мағынада қанша рет қолданылғанын таба алады. Үңіле
қараған адам бұл кітаптан бір мағынадағы кейбір сөздерді
Абайдың қалайша қатар пайдаланғанын, оның ішінде қайсысын
актив, қайсысын пассив қолданғанын көре алады. Мысалы,
Абайда тіршілік, тірлік, өмір, мағишат деген төрт сөз бір
ұғымды білдіреді. Бұлардың ішінде тіршілік 6 рет, тірлік 11,
өмір 113, мағишат 1 рет қолданылғанын біле аламыз. Ал бірақ
мұның себебін ашып көрсету – бұл сөздіктің міндеті емес, ол
– Абай тілін арнайы зерттеушінің жұмысы болмақ. Мысалы,
ең алдымен, бұл параллельдердің себебін іздеу керек (неге
Абай төртеуін де пайдаланды?). Абай тұсындағы халықтық
тілде болсын, Абайдың өзінде болсын (тіпті қазірде де) осы
ұғымда негізінен екі сөз (тіршілік, өмір) қолданылған, бірақ
оның екіншісі (өмір) семантикалық сыйымдылығы әлдеқайда
күшті, фраза құрастырғыш қабілеті молдау болғандықтан, өте
көп жұмсалады. Ал тіриілік сөзіне дублет болып келген тірлік
тұлғасының қолданылуын өзге себептен іздеу керек. Абай
тұсында және оның өзінде -лық пен -шылық жұрнақтары
едәуір сөздерде қатар жүрген: адамдық – адамшылық, қорлық
– қоршылық т.т. Осы мағынада арабтың мағишат сөзінің бір
рет болса да кездесуінің және өз алдына себебі бар.
Осындай жайттарды сөздік көрсетпегенмен, оларға қажет
материалдарды табуға зор көмегін тигізеді. Бұл сөздікке
қарап отырып, Абайдың көптеген сөзді ауыспалы мағынада
қолданғанын аңғаруға болады. Бұл құралдан жазушы тілінде
кездесетін әр алуан варианттылықтың өзін (материалын) тізіп
алуға болады: қайуан – хайуан, айла – қайла, абиыр – абұйыр,
береке – берекет т.т. Ал бұлардың мағына жағынан сарала
нуын немесе тепе-тең дублеттілігін т.б. жайттарды дәлелдеп
көрсету – жеке зерттеушінің ісі.
Әрине, бұл үлкен, коллективтік жұмыс мінсіз де емес. Ең ал
дымен, кейбір жеке сөздердің анықтамасы дәл шықпағандығы
көрінеді. Мысалы, ақын қолданған бірқатар орыс сөздерінің
(майыр, визит, закон, интернат, кандидат, законшік) Абай
тұсындағы, Абай тіліндегі мағынасы берілмей, осы күнгі жал
пы мағынасы көрсетілген. Сондай-ақ арыз, би, ант, теңдік,
ғылым тәрізді сөздердің Абай текстеріндегі мағынасы дәл
көрсетілмеген. Дарқан (сөздікте берілгендей «жомарт, мыр
за» ұғымында емес, Абайда «ұста» мағынасында), далаң
(сөздікшілер түсіндіргендей, «ашық, бос жер» емес, орыс
ша сень сөзінің аудармасы ретінде Абай келтірген «орын,
жай» ұғымындағы сөз) сөздерінің де анықтамасы оқырманға
дәл мағлұмат бермейді. Абайда ғылыми термин дәрежесіне
көтерілген ақыл, бірлік, мақтан, қызықпақтық сияқты сөз-
дердің лексикалык мәндері ашылмаған. Ақынның орыс тілінен
аударған өлеңдерінде кездесетін кейбір сөздердің де жалпы
номинатив мағынасын бермей, контекстегі, оригиналға сай
келетін семантикасын көрсету керек еді. Мысалы, бастық
сөзін «Сөздік» «басқарушы» деп қана көрсетеді, ал бұл сөз
Абайда «архимандрит» дегеннің баламасы ретінде берілген.
Сол сияқты Абайдағы жалау сөзі «Сөздіктегідей» «тудың бір
түрі» емес, «парус» деген ұғымды беру үшін алынған. Жеке
жазушы тілінің сөздігі болғандықтан, мұндай сөздіктерде сөз-
дің номинатив жалпы мағынасы емес, сол контексте ұсыныл-
ған нақты мағынасын көрсету керек еді. Кейбір сөздердің
түсініктемесінде кеткен сәтсіздіктер тіркес компоненттерін
анықтауда да байқалады. Мысалы, бу алу тіркесі алу сөзіне
қатысты «бусану, жасаңғырау» деп түсіндірілсе, бу сөзіне
келгенде, «булану» ден анықталған, ал бұл тіркестің Абай
да кездесуінің өзі бір-ақ жерде, демек, мысал біреу-ақ, оның
түсіндірмесі де біреу ғана болу керек қой.
Абай тілін танып-зерттеуге тікелей қатысты, маңызы зор
мәселе – текстологиялық ізденістер мен түзетулер жайын
да. Абай шығармаларының текстологиясына үңілу кейінірек
басталды. Дегенмен бұл салада істелген жұмыстар мен
жарияланған материалдар ұлы суреткершілінің әр қырын
дұрыс танып, талдауға көп мүмкіндік береді. Ақын мұрасының
әр кездегі басылымдарында кеткен текстологиялық ағаттық-
тар мерзімді баспасөз беттерінде де, жеке жинақтар мен
кітаптарда да көрсетіліп, оларға түзетулер ұсынылып келе
жатыр. Газет беттерінде жарияланған құнды қыруар мақалаларды былай қойғанда, журнал беттерінде жарық көрген 3.Ах метов пен Ы.Дүйсембаевтың33, Б.Жақыпбаевтың34, А.Сәрсекеевтің35, Қ.Өмірәлиевтің36, М.Бөжеевтің37 мақалалары мен Қ.Мұхаметхановтың38 арнайы жазылған кітабы Абайдың тілін де танып-білуге үлкен септігін тигізетін жұмыстар екені дау сыз. Жеке сөздерді немесе тұлғаларды дұрыс берудің тіл тари хын, оның ішінде ақын-жазушылардың тілін тануда мәні бар. Мысалы, М.Әуезов Абайдың 1922 жылғы Ташкенттегі ба сылымында кеткен текстологиялық ағаттықтарды қынжыла отырып көрсетеді: мұнда редактор өлекшін сөзін ұлы-кіші деп, жалау-ды желкен, қанжар-ды қылжан деп қылжақ жа сайды дейді. Әрине, ұлы-кіші деген мен өлекшін сөздері – бірбірінен мүлде алшақ, ауылы алыс дүниелер, сол сияқты жа лау мен желкеннің қайсысын пайдалану автордың стильдік талғамын танытады. Сондай-ақ Татьяна өзі жөнінде «талап сыз, бақсыз мен сорлы» демесе керек еді (талайсыз деуі ке рек: талай сөзі – бақыт сөзінің түркілік варианты). «Көрмей тұрып құсамын Темір көзді сарайды» емес, күсемін болуы ерек деп Қ.Мұхаметхановтың текстологиялық түзетулер ұсынуы Абай лексикасындағы көне немесе өзге де сипаттағы сөздердің авторлық қолданысын тануға көмектеседі. Басқа да текстологтар көрсеткендей, қазір мен әзір варианттарының, қаңғыр-күңгір мен қоңыр күңгір дегендердің арасында үлкен айырмашылық бар. Абай олардың сол жерде қайсысын қолданды – мұны дұрыс берудің Абай лексикасын, поэтикасын зерттеу үшін көмегі де, мәні де зор. Сондықтан біз Абайдың текстологиясы жайында жазылған, ұсынылған материалдар 33 Ахметов 3., Дюсембаев И. Некоторые вопросы текстологического изучения произведений Абая Кунанбаева // Вестник АН КазССР. - 1953. - №10. 34 Жақыпбаев Б. Абай шығармаларының тексті туралы // Майдан. - 1945. - № 2. 35 Сәрсекеев М. Абай шығармаларының текстологиясы жайында // Әдебиет және искусство. - 1956. - № 10. 36 Өмірәлиев Қ. Абай текстологиясы және оны бірізге келтіру мәселесі // Қазақстан мектебі. - 1962. - №11. 37 Бөжеев М. Абай өлеңдерінің текстологиясы туралы // Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі. - Алматы: Ғылым, 1983. 38 Мұхаметханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында. - Алматы, 1959.
ды жазушының тілі жөніндегі ізденістер мен зерттеулердің бір
бөлігі ретінде танимыз.
Сөйтіп, қазақ филология ғылымының абайтану (абаеведе
ние) деп аталатын саласының бір тармағы ретінде Абайдың
тілін зерттеудің 70-80 жылдық тарихы бар. Бұл мерзімнің
ішінде ұлы қаламгердің тіліне арналған жеке монографиялық
еңбектер де жазылды, көлемді не шағын ғылыми мақалалар
да жарияланды, кандидаттық және докторлық диссертация
лар да қорғалды. Бұл проблеманың зерттеу тарихындағы бір
ерекшелік – әуелі тұжырым айтылып, жеке талдаулардың кейін
басталуы. Мұның, біздіңше, объективті себептері бар. Абайға
келгенде, тіл проблемасы ерекше маңыз алады, бұл – заманы
туғызған жайт, өйткені Абай дәуірі – қазақ қоғамы өмірінде екі
әдеби тілдің (қазақтың жалпыхалықтық тіліне негізделген, ау
ызша дамып келген байырғы әдеби тілі мен ортаазиялық түркі
әдеби тіліне негізделген жазба әдеби тіл – «кітаби тілдің»)
тайталасқа түскен шағы. Осы екеуінің Абайдың қайсысын
таңдауы оның творчествосы мен және ұстаған идеологиялық
бағытымен тығыз байланысты. Сол себептен Абайдың
жазушылық, азаматтық тұлғасын сөз еткен тұста тілі жайын
да да әңгіме қозғалады. Ұлы қаламгердің бүкіл творчество
сы мен идеологиясына үңілген зерттеуші жеке талдауларды
күтпей-ақ тілі жайында жалпы байлам айтуға мәжбүр бола
ды, оны айтуға мүмкіндігі де болады, яғни ақын тілінің негізі
бұрыннан келе жатқан ауызша әдеби тіл, жалпыхалықтық тіл
екендігі, оның үстіне бұрынғы әдеби үлгілерде кездеспеген тың
көркемдеу тәсілдерінің молдығы, көптеген лексика топтары
мен грамматикалық тұлғалардың активтеніп, жаңаша қызмет
атқарып тұрғандығын сезеді. Осының барлығы Абайдың қазақ
әдеби тілінің даму барысындағы істеген қызметі мен атқарған
рөлі жайында жалпы тұжырым-кесімдер айтқызады. Бірақ әрі
қарай бұл қағида-тұжырымдар фактілермен дәлелденбесе,
әрқашанда жалаңаш ой шолымы (умозрительное суждение)
болып қала бермек. Сондықтан әрі қарай Абай тілінің жеке
құбылыстарын танып-білу әрекетінің басталуы тағы да заңды.
Дегенмен бұлайша танудың әлі де кенжелеп келе жатқаны
байқалады. Абайдың тілін тану оның жазушылық творчество
сын зерттеу дәрежесіне әлі де теңдесе алмайды. Әсіресе ұлы сөз зергерінің поэтикасы жүйелі түрде, толық, жан-жақты тал данбай келеді. «Абайды жаңа поэзия үлгісін жасады дейміз. Бірақ осы поэзия тіліндегі үлкен лексикалық байлық, ақылдық тапқырлық, дәлшілдік, суреткерлік... т. с с. көп мәселелер әлі жете анықталған жоқ, толық танылған емес»39. Бұл – сөз жоқ, алдымызда тұрған ізгі міндет. Соңғы 10-15 жылда абайтану саласындағы ғылыми ізденістердің бәсең тартқанын мойындай отырып, әлеуметтік ой-пікіріміздің ғылыми күшіміздің бұл аса маңызды проблемаға жаңа ынта-жігермен, соны тәсілдермен қайта оралып кірісетіндігіне күмәніміз жоқ. Абай тағылымы. Құрастырған – филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Ғабдуллин. - Алматы: Жазушы, 1986. - 324-344-б. 39 Мырзахметов М., Өмірәлиев Қ. Абайды танып біттік пе? // Қазақ әдебиеті. - 1985, 29 март.
Абай шығармалары мен ХІХ ғасырдағы жазу нұсқаларының тілін зерттеудің маңызы Қазіргі әдеби тілдің тарихы дегеніміз – жалпыхалықтық тілдің бар байлығының үздіксіз өңделе, дами түсуінің тари хы. Әдеби тілдің тарихын зерттеу оның сөздік құрамының, фразеологиясының, көркемдеу тәсілдерінің, грамматикалық және стилистикалық нормаларының тарихи дамуына көз салу болып табылады. Әдеби тілдің даму тарихының, яғни белгілі бір халықтың сөйлеу мәдениетінің жетілу, шыңдалу процесін зерттегенде, осы істе үлесі зор ірі қалам қайраткерлерінің рөліне тоқтамай өте алмаймыз. Қазақ әдеби тілінің даму тарихында ұлы ақын-жазушы Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Суреткердің тілі дегенді кең ұғымда түсінеміз. Бұл ретте, алдымен, ақын шығармаларының поэтикалық тілі болатындығын айтуға болады. Абай өлеңдерінің поэтикалық тілі жайында үлкенді-кішілі зерттеулер бар. Ал Абай шығармалары тілінің лексикалық байлығы, ондағы морфологиялық тұлғалардың көрінісі (берілуі), синтаксистік ерекшеліктері дегендер күні бүгінге дейін арнаулы зерттеу объектісі болмай келеді. Жазушы-ақын Абайдың стилистикалық синтаксисі дегеннің өзі – бөлектеп зерттесе, көп мәселелерді қамтитын үлкен тақырып. Абай қара сөздерінің сөйлемдеріндегі сөз тәртібі жай ында тиіпқашты айтылған пікірлер талапқа сай келмейді40. Мұндай құбылысты орыс тілі сияқты структурасы мүлде өзге тілдің әсерінен деп топшылай салудан гөрі, осы мәселеге тікелей қатысты басқа факторларды зерттеп барып, белгілі бір тұжырым жасау әлдеқайда қисынды болмақ. Ұлы ақын әрі прозаик Абайдың қазақ әдеби тілінің жасалуы 40 Абайдың «Қара сөздер» атты мұрасын зерттеуші X.Сүйінішәлиев Абай прозасындағы сөйлем мүшелерінің «дағдылы орнында келмей, орын ауысып келушілігін», сөйлемнің деп етістігіне аяқталып отыратындығын «орыс сөйлемдерінде көп кездесетін өзгешеліктердін әсерінен пайда болған» және «қазақта бұрын қолданылмаған, Абай жаңалығы» деп түсіндіреді (Сүйінішәлиев X. Абайдың қара сөздері. - Алматы, 1956. - 132-133-беттер). Т.Нұртазин Абайдың «бірыңғай мүшелерді жалпылауыш сөзбен түюі ақынның синтаксиске, стилистикаға жетіктігін байқатады», – деп тұжырымдайды (Нұртазин Т. Абай – көркем сөз шебері // Халық мұғалімі. - 1954. - № 8. -11-бет).
мен дамуындағы орны мен рөлі жайында лингвистер тарапы нан айтылған бірсыпыра құнды пікірлерді таба аламыз41. Абайдың қазақ әдеби тіліне қатысы жөніндегі мәселеге лингвистерден басқа зерттеушілер де көңіл аудартып келді.42 Абайдың тілі туралы лингвистердің қаламынан шыққан жұмыстар – жеке монографиялық еңбектер емес, кішігірім мақалалар ғана. Абай шығармаларының лексикасы жайын да айтылған пікірлер бұл мақалаларда аз-кем мысалдармен шектеледі де терең талдау жасалынбайды, ал морфологиялық тұлғалардың сипатталуын сөз ететін болсақ, олардың тек 2-3 қана категориясы әңгімеленеді. Авторлар осы категориялардың ішінде ең алдымен -мақ тұлғалы етістікті Абай тілінің ерекшелігінің бірі деп баса атайды да оның жиі қолданылу себебін стилистикалық талаптан (проф. Сауранбаев) немесе «шағатай тілі» дегеннің (ортаазиялық әдеби түркі тілі) әсерінен іздестіріп, оны Абай тіліндегі шағатаизмнің бірі деп санай ды (проф. Аманжолов, Сауранбаев). Бұл мақалаларда аталған тұлғаның Абай прозасында жиі кездесіп көзге түсетіндігін айтып өту мен оның себебін іздестіруге талпыну ғана бар, ал бұл тұлғаның (-мақ аффиксті сөздің) Абайдың жалпы шығармаларында беретін мағынасы мен атқаратын қызметін жан-жақты сөз ету жоқ. Қалған тұлғалардан -ып/-іп жұрнақты көсемшенің синтаксистік функциясы (яғни оның көмекші етістіксіз жеке тұрып баяндауыш қызметін атқаратындығы) көрсетіледі (проф. Аманжолов). Абайдың әдеби тілге қатысы жайындағы ғылыми әдебиеттерде лингвистер тарапынан бол 41 Кеңесбаев С. Абай – основоположник казахского лнтературного языка // Советскин Казахстан. - 1955. - № 9. Аманжолов С. О диалектной основе современного казахского языка // Известия АН КССР. - 1955. - Вып. 3-4. Сауранбаев Н.Т. Роль Абая в развитии казахского литературного языка // Вестник АН КССР. - 1954. - № 61. 42 Ауэзов М. Жизнь и творчество Абая Кунанбаева // Жизнь и творчество Абая Кунанбаева. - Алма-Ата, 1954. Абай туралы С.Мұқановтың монографиясы // Қазақ ССР Ғылым академиясы кітапханасының колжазба фондысында. Нұртазин Т. Абайдың ақындық шеберлігі туралы // Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954. Кенжебаев Б. Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы (жоғарғы көрсетілген жинақта) және жоғарыда көрсетілген X.Сүйінішәлиевтің, Е.Ысмайыловтың, X.Жұмалиевтің еңбектерін қараңыз.
сын, әдебиетшілер тарапынан болсын, көбірек назар аударған мәселе – ұлы сөз шеберінің бұрын қазақ тілінде болып көрмеген жаңа сөз тіркестерін (тентек өмір, көңіл құсы, талаптың аты, жүрегіңмен тыңдамай, құлағыңмен қармарсың т.т.) жа сап, сөзге ауыспалы мағына бергендігі туралы. Бұдан тысқары, проф. Сауранбаев бөкен желіс, құс тұмсық, қошқар мүйіз, түйе табан тәрізді салыстыру мағынасымен жасалған тіркестерді Абайдың шебер және жиі қолданғанын атап кетеді. Абай тілінің грамматикасы жайында X.Сүйінішәлиев те пікір айтуға талпынған. Бірақ бұл пікірлері ешбір талдау сыз, дәлелсіз, мысалсыз ұсынылған. Автор «Абай сөйлемдері өзінің синтаксистік құрылысы жағынан өз кезіндегі кітапшыл әдебиеттен өзгеше болып келеді»; «Абайдың сөйлемдері жинақты, ұғымға оңай, сөздері жатық келеді»; «Ол қара сөздерін анық, дәл қарапайым сөздермен қысқа, ықшам, нақты ой бергендей, ұғымға да жеңіл түйдектелген түйінді (?!) сөйлеммен жазды»43 деген сияқты жалпы сөздерден әрі аса алмайды. Бұл жерде Абайдың сөйлем құрылысы «кітапшыл әдебиеттегі» сөйлем құрылысынан қалайша өзгешеленеді? «Кітапшыл әдебиеттің» сөйлем құрылысы қандай еді? Абай сөйлемдері қалайша жинақты? Грамматикада «түйдектелген түйінді сөйлем» деген категория бар ма еді, ол қандай ка тегория? деген тәрізді сұрақтар өзінен-өзі туады да, жауап сыз қала береді. Ал автордың осы аталған еңбегіндегі «Абай қара сөздерінде көбірек кездесетін сөйлем – жай сөйлем түрі мен құрмалас сөйлем түрлері (?)»44, «Абайдың кейбір аралас құрмалас сөйлемдері деп етістігімен аяқталып отырады. Бұл да – қазақта бұрын қолданылмаған (?) Абай жаңалығы (!)»45 деген сияқты пікірлері мүлде сын көтермейді.46 Назар сала қарасақ, 43 Сүйінішәлиев X.Ш. Абайдың қара сөздері. - Алматы, 1956. - 131-132беттер. 44 Сонда, 132-б. 45 Сонда, 133-б. 46 Ең алдымен, тіл-тілдегі сөйлем атаулы құрылысы (күрделілігі) жағынан жай және құрмалас болып екі-ақ түрге бөлінетін болса, Абай тілінде көбірек кездесетін сөйлем – жай сөйлем мен құрмалас деу ақылға сыймайтын нәрсе. Екіншіден, Абайда кездесетін деп сөзімен тынатын сөйлем құрылысы – проф. І.Кеңесбаев дұрыс көрсеткендей, қазақтың сөйлеу тіліне тән норма (С.Кенесбав Абай – основоположник казахского литературного языка // Советский Казахстан. - 1955. - №9. - С.128). Осының әсерінен барып бұл тәсіл ауыз әдебиеті нұсқаларында да, прозаны
Абай шығармаларының (тек қара сөздері емес, өлеңдерінің де) грамматикалық құрылысын талдауда көңіл аударып, зерттеу объектісі өтуге болатын мәселелер бірсыпыра. Ең алдымен, Абай шығармаларында, әсіресе прозасында, әдеби тіліміздің қазіргі даму кезеңінде мүлде қолданылмайтын морфологиялық тұлғаларды, грамматикалық тәсілдерді кездестіреміз. Оларға -мыш,-дүр аффикстері, ІІІ жақтағы етістіктің көптік жалғауын қабылдаған түрі (алмадылар, кетелер), бұйрық райдың ІІІ жағында тұрған етістіктің үшін шылауымен тіркесі (тұрсын үшін, болсын үшін) жатады. Бұл тәсілдер мен тұлғалар Абай тіліне қайдан келді, олардың Абайға дейінгі және Абай өмір сүрген дәуірдегі басқа жазу нұсқаларындағы (бұл арада қазақ тіліндегі жазба үлгілер сөз болып отыр) ала тын орны мен одан берменгі тағдыры қандай болды және бұл тұстағы Абай тілінің шағатай тілі дегенге қаншалықты қатысы болды деген мәселелер жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Екінші, Абай тілінде кейбір морфологиялық тұлғалар (аффикстер мен шылаулар) сыртқы формасы жағынан қазіргі түрімен салыстырғанда өзгеше болып келеді. Мысалы, -тұғын(>-тын), -лық(>йық); менен (бірлән)> (мен); дағы (>да); -ған(нан) + соң (>ғансын>ғасын). Мұның мәнісі қалай? Бұл тұлғалардың Абай шығармаларында және сол тұстағы басқа нұсқалардағы көрінісі қандай болды? Бұл тұлғаларды салыстыра зерттесек, әдеби тіліміздегі кейбір сөздердің грамматикалану тәсілінің бірі фонетикалық трансформация процесінің күні кешеге дейін болып келгенін, қазіргі кезде де бар екенін аңғаруға мүмкіндік береді. Осымен қатар Абай прозасында кейбір тұлғалардың жиі қолданылғанына көз жүгіртсек, олардың алуан түрлі мағыналары мен соған орай атқарған қызметтерін көреміз. Осы арқылы енді-енді қалыптаса бастаған проза жанрында (сондай-ақ жалпы әдеби тілде) белгілі бір грамматикалық категорияның әр алуан тұлғамен беріліп, тиянақты бір формаға тұрақтап, бекімеген дәуірін анықтап аламыз. Бұл арада Абай шығармаларының тілінде өте-мөте көзге түсетін -мақ жұрнақты Абайдан біраз бұрын жазған Ыбырай Алтынсарин тілінде де, Абай өмір сүрген дәуірде шығып тұрған «Дала уалаяты газетінің» тілінде де орын алды.
тұлғаның да, басқа формалардында (мысалы, -ар, -у, -са
аффиксті тұлғалардың да) сыры ашылмақ.
Әрине, Абай өмір сүрген дәуір араға ғасырлар емес, онда-
ған жыл салып, кеше ғана өткен, бізге соншалық таяу кезең
болғандықтан, Абай немесе Ыбырай сияқты жазба әдебиет
өкілдері тілінің морфологиясында қазіргі кезбен салыстыр-
ғанда байқалатын ерекшеліктерден гөрі, ұқсастықтар әлде-
қайда көп екені даусыз. Сондықтан әдеби тіліміздің қалып-
тасу тарихын зерттеу ісінде ол ұқсастықтарды атап көрсетіп
жатудан гөрі, ерекшеліктерді зерттеу, сол арқылы грамма-
тикалық (морфологиялық) тұлғалардың даму процесін байқау
бұрынырақ тұрған міндет сияқты.
Абай прозасындағы (ішінара поэзиясындағы) синтаксистік
категориялардың да бірқатарына назар аударуға болады. Бұл
ретте, алдымен, сөйлем конструкциясына тоқталайық. Сөй-
лем мүшелерінің орын алмасуы жалғыз Абай прозасында
емес, ауыз әдебиетіндегі қара сөз бөліктерінде де, Ыбырай
шығармаларында да, алғашқы шыға бастаған баспасөз тілінде
де (мысалы, «Дала уалаяты газетінің» тілінде) ұшырасады.
Бұл құбылысты, кейбір зерттеушілер тұжырымдағанындай,
«Абайдың орыс тілінен алған үлгісі» деп түсіндіруге болмас.
Ол ерекшеліктің негізін, ең алдымен, жалпы сөйлеу тілінің
нормасынан, ауыз әдебиеті дәстүрлерінен және проза норма-
ларының қалыптаса бастаған тарихынан іздестіруіміз жөн
сияқты. Осыдан кейін ғана Абай, Ыбырай сияқты орыс тілінен
әсер ала білген, оның (орыс тілінің) синтаксистік норма-
ларының кейбірін саналы түрде ана тілінде қолдана білетін
адамдардың шығармаларынан өзге тілдік нормаларды іздестіру
орынды болмақ.
Деп-пен тұйықталатын сөйлем құрылысын қазақтың ауыз
әдебиеті мұраларынан (олардың ішіндегі қара сөзбен айтыла
тын үзіктерден) молынан кездестіруге болатындығын былай
қойғанда, бұл конструкцияның жалғыз бертіндегі қазақ тілі
емес, басқа түркі тілдерінде де бар болғандығын әріректен
алынған фактілер көрсете алады.
1914 жылы Карши қаласынан өзбек тілі дамуының ер-
теректегі дәуіріне жататын ескерткіштің бірі – «Тефсир» та
былды. «Тефсирде» Құранның XVІІІ сүресінің аудармасы мен
кейбір сүрелеріне көне өзбек (және тәжік) тілінде жазылған түсіндірулер бар. Бұл «Тефсир» XІІІ ғасырда жазылған болар деп жорамалданып жүр. Тіліне қарағанда, табылған «Тефсир» XІ-XІV ғасырлардың нұсқаларына жататын тәрізді.47 Осы «Тефсирден» мысал келтірейік: «Дакjанус анларні ускунда укіді, аjді:–Сізлар кімка табінурсізлар, каjу дін тутарсізлар,– теб»; «...Қоjчі анлар қа аjді: «Сізлар кімлар сізлар, кайғару барур сізлар», – теб». Бұл сөйлемдер құрылысы жағынан қазақ тілінің деп-ке аяқталатын сөйлемдерінен өзгеше емес, соларға ұқсас. Де мек, бұл конструкция, кейбір зерттеушілер айтқанындай, Абай енгізген жаңалық емес екендігі байқалады. Осы құбылыстың өзі бұл мәселені өте әріден басталатын басқа түркі тілдері та рихына да, қазақтың өзінің ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет нұсқаларына да үңіле отырып зерттеуді қажет етеді. Қазақ әдеби тілінде (прозада) төл сөз категориясының қазіргі дәрежеге жеткенге дейінгі қалыптасу процесін байқауда Абайдың я Ыбырайдың шығармаларының тілін немесе басқа жазба нұсқалардың тілін зерттеудің ерекше мәні бар. Абай шығармасынан төмендегіше құрылған сөйлемдерді кездестіреміз: Қазақ ойлайды: «Бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім, дәулет ортақ болса екен», – дейді (ІІ, 163).48 Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің білсең, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмалатқа жетпейді...», – депті (ІІ, 172). Дәл осы сияқты үлгідегі сөйлемдерді Ы.Алтынсарин әңгімелерінен де таба ала мыз: Әлім айтты: «Шыққан күнмен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен қардан үйрен», – деді (И.Алтынсарин Киргизская хрестоматия. - Оренбург, 1879. - С.31). Төл сөз категориясының құрылысындағы ұқсастықты ауыз әдебиеті шығармаларынан да кездестіреміз: Тарғын айтты: «Нахақтан өз жұртымды жылатуға шариғат қоспады», – деді («Ер Тарғын», 1898).49 Қанай айтты 47 Боровков А.К. Из материалов для истории узбокского языка //Тюркологический сборник. М., 1951. - С.73). 48 Бұл үзінді А.К. Боровков жариялаған текстен алынды (Тюркологический сборник. - Ч.І. - 1951. - С.74-75). 49 Ертеректе шыққан кітаптардан алынған текстердің тыныс белгісін қойған – біз. – Р.С. Бұл жерде және кейінгі орындарда Абайдан келтірілгсен мысалдар Абайдың 1957 жылы шыққан екі томдық шығармалар жинағынан алынды. Біз томы мен бетін ғана көрсетіп отырдық. – Р. С.
Жанайға: «Сен ат»,– деді (Турецкая хрестоматия, состав ленная Березиным. - 1876. - С.19). Осы бірер мысалдардың өзі қазақ прозасындағы төл сөз конструкциясының (дәлірек айтсақ, төл сөзді автор сөзімен дәнекерлеп тұратын элементтің орналасуы, тұлғасы жайының) қалыптасу процесінде бір кезде қазіргі уақыттағыдан біраз өзгеше үлгінің (онша жатық болмаса да) болғандығын аңғартады. Абай прозасындағы құрмалас сөйлемдердің жасалуы де ген тақырып – өз алдына кеңінен талдауды қажет ететін аса бір қызғылықты мәселе. Тіліміздің ауызекі нормасында, сондай-ақ ертегілерде, мақал-мәтелдерде, шешендік сөздерде және халықтың тағы басқа сөйлеу мәдениетінің мұраларында (жазба әдеби тілі қалыптасып өркендей бастағанға дейін) құрмаласудың паратаксис тәсілі (ешбір дәнекер, жалғау, шы лауларсыз құрмаласу) басым болып келген қазақ прозасында құрмалас сөйлем категориясының жасалу жолдарының біртебірте түрлене, күрделене түскен процесін Абайдың, Ыбырайдың т.б. ірі қалам иелерінің шығармаларыныц тілінен бақылаудың қажеттілігі мен маңызын дәлелдеп жату артығырақ сияқты. Абай тілінде синтаксис саласынан тағы бір көңіл аударатын құбылыс – есімдердің арасындағы меңгеру тәсілі. Абай проза сында да, өлеңдерінде де бұл тәсілді жиі пайдаланады: Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс іс есепті болады (ІІ, 192). Үйленуге тоймаған Жасқа жас, ойға кәрі едің (І, 81) Бұл тәсіл әсіресе мақал-мәтелдерге тән тәрізді.50 Біз келтіріп өткен осы бір мысалдардан, екінші жағынан, асқан шебер қалам қайраткері – Абайдың халық тілінде бар тәсілдерді сарқа, кеңінен пайдаланғандығы көрінеді. Осымен қатар Абай шығармаларындағы жеке сөздердің фонетикалық тұлғалануы және орфограммасы (жазылуы) де гендер де тіліміздің тарихын, түрлі мекендерге байланысты ерекшелігін тануда елеулі рөл атқарады. 50 Проф. М.Б.Балақаевтың «Основные типы словосочетаний в казахском языке» (1957 ж.) деген еңбегінін 41-бетін қараңыз.
Қазақтың жазба әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев сияқты жазушының тілін талдағанда, оны Абайға дейінгі, онымен тұстас басқа да жазу нұсқалармен салыстырмай, байланыстырмай дара алып қарауға болмайтындығы түсінікті. Әңгіме бұл арада – қазақтың жалпыхалықтық тіліне ең жуық келетін, яғни қазақ тілінің өзіне тән лексикалық, фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерін сипаттай алатын нұсқалар жайында. Олардың басты-бастылары, біздіңше, мына лар: XІX ғасырдың орта тұсынан бастап орыстың бірсыпыра ғалымдары, ағартушылары, миссионерлері қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармаларының үлгілерін жинап, бастыра бастады. Бұл тұста бірінші кезекте В.В.Радлов жинап бастырған «Халық әдебиеті нұсқаларындағы...51 М.Терентьев құрастырған хрестоматиядағы52, И.Березин құрастырған хрестоматиядағы53, Я.Лютштің «Қырғыз хрестоматиясындағы»54 материалдар ды атауға болады. Бұларда келтірілген текстер, әсіресе қара сөзбен берілгендері, бұрынырақтағы және сол кездегі қазақ тілінің грамматикалық сипатын зерттеуге бағалы нұсқалар болып табылады. Бұл текстердің құндылығының бірі – жи нап бастырушылардың оларға (текстерге) «әдеби» редакция жүргізбей, сол тұстағы көптеген түркі тілдеріне (оның ішінде казақ тіліне де) ортақ деп есептелінген «кітаби тіл» дегеннің нормаларына келтірмей, мүмкіндігінше қазақтың халық тілінің үлгісін бергендігі. Бұл текстердегі сөйлемдер құрылысы жағынан бәлендей жатық болмаса да, морфологиялық тұлғаларының берілуі мен синтаксистік амалдары жағынан таза халық тілінің үлгісінде екендігі байқалды. В.В.Радлов, И.Березин, М.Терентьев, Я.Лютштер қазақ материалдарын жинап бастырушылардын алғашқы тобын құраса, өткен ғасырдың соңғы кезінде хрестоматия құрастырып, қазақ материалдарын жариялаушылардың келесі тобы шықты. Олар А.Е.Алекторов55, А.В.Васильевтер56 болды. А.Е.Алексан51 «Образцы народной литературы тюркскпх племен, живущих в южной Сибирии Джунгарской степи». - СПб., 1870. - Ч. ІІІ. Киргизское наречие. 52 Хрестоматия турецкая персидская, киргизская и узбекская. Составитель М.Терентьев. - СПб., 1876. - Кн. 2. 53 Турецкая хрестоматия», составленная И. Березиным. - Том ІІІ. - Казань, 1876. 54 Лютш Я. Киргизская хрестоматия. -Ташкент, 1883. 55 Алекторов А.Е. Киргизская. хрестоматия. - Часть І. - Оренбург, 1898. 56 Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. - Вып. І. Киргизские сказки. - Оренбург, 1898.
дровтың хрестоматиясындағы материалдар – орыс тіліне ау-
даруға және оқуға арналған қазақша құрастырма текстер.
Ал А.В.Васильевтің материалдары – «Торғай облысы қазақ-
тарынан жазылып алынған» текстер. Бұл екеуінің ұтымды бір
қасиеті – тілдерінің тазалығы (қазақшалығы) және сөйлемдер
құрылысының біршама дұрыс берілуі (мысалы, төмендегі
сөйлемдерге назар аударыңыз: Бұрынғы уақытта бір бай бар
екен, оның тоғыз ұлы болыпты. Бір күндер(і) бай(дың) өзі
өліпті, балалары жетім, қатыны жесір қалыпты (А.В.Ва-
сильев Образцы киргизской народной словесности. - Вып. І.
Киргизские сказки. - Оренбург, 1898).
XІX ғасырдың соңғы ширегінде Қазақстанда патша үкі-
метінің жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары
ретінде газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомостылармен»
қатар қазақ тіліне аударылып, Орынборда «Торғай газеті»,
Омбыда «Дала уалаятының газеті» «Ауыл шаруашылығы-
ның листогы» сияқты газеттер шығып отырды.57
Бұл газеттердің ұстанған бағытын, жүргізген саясатын,
мазмұнын сөз етпей, олардың қазақ әдеби тілінің даму про-
цесіндегі мәні қандай болды деген мәселе тұрғысынан алып
қарағанда, бұлардың тілінен қызғылықты көп материал таба
аламыз. Бұлар, негізінен, аударма органдар болды, яғни га
зет орыс тілінде шығып, оның қазақшаға аударылғаны қабат
беріліп отырды. Аудармамен қатар қазақ авторлары жазған
төл мақалалар да басылды. Газеттің (мысалы, «Дала уалаяты
газетінің») «Анекдот» деген рубрикасында көркем әдебиет
үлгілері (өлең, әңгімелер) жарияланып отырды. Оның үстіне
«Дала уалаяты газетінің» «Әдеби қосымшасы» («Литератур
ное приложение») болды. Мұнда басылған материалдың да
дені төл шығармалар (яғни оригиналы қазақша жазылған) бо
лып келді.
XІX ғасырда баспа бетін көрген қазақша жазу нұсқалары-
ның үшінші тобына қазақтың ертеден келе жатқан ауыз
әдебиетіндегі үлкен-үлкен эпостық шығармалар жатады. «Кис
са Алпамыш», «Қисса Қамбар», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-
Баян сұлу» және басқа жырлардың өткен ғасырда (көбінесе
оның екінші жартысында) басылған варианттарында, негізінен,
57 Қазақ ССР тарихы. - Алматы, 1957. - І том. - 464- 465-беттер.
халық тілінде жырланатын түрлері берілді.58 Бұлардың тілін лексикасы жағынап да, грамматикасы жағынан да шығыс халықтары тілдерінен аударылып, түркі, араб, иран тілдерінің қоспасында жазылған «Сал-сал», «Зарқұм», «Сейітбаттал», «Жұмжұма» сияқты хикая, дастандардың тілін қазақ тілімен қатар қоюға ешбір болмайды. Жалғыз-ақ бұларды ұқсас етіп көрсететін бір нәрсе – олардағы кейбір сөздердің орфографиясы (жазылуы). Сөз басындағы ж әрпінің орнына й әрпін (Он сегізде яшы бар, ялғыз туған басы бар. – «Қисса Қамбар». - Қазан, 1888); сөз ортасындағы с-тың орнына ш әрпін (яшы, яқшы) жазу; түбір мен қосымшаның арасындағы үндестік сияқты қазақ тіліне тән заңдылықты сақтамау (мысалы, Алқисса, күнлерде бір күн Байбөрі малларын аралап жүріп, «менің ұлым болса, осы малның қызығын көрер еді, мына жорғаларны мінер еді» деп... жылап айтқан сөздері («Қисса Алпамыш». - Қазан, 1901), араб, парсы тілдерінен енген сөздерді сол тілдердегі орфограммасына жуықтап жазу тенденциясы (һеш, һәр, һәм, ғақыл, ғарыз, ғайыплау т.б.) XІX ғасырда, тіпті XX ғасырдың басында араб әрпімен шыққан көптеген кітаптың, газеттердің орфографиясына тән, ортақ құбылыс болып келді. Бұл үлгінің өзі бір шығармада бастан-аяқ қатаң сақталып та отырылмады. Тіпті осы тұстағы кейбір кітаптарда орфографияның бұл «заңы» некен-саяқ жерде ғана кездеседі. Жоғарыдағы жазбаларда қазақ сөздерінің бұлайша бұзылып жазылуы сол тұстағы қазақ тілінің фонетика-морфологиялық ерекшелігіне әсте байланысты емес. Мұның негізгі себебі, біздіңше, мынада сияқты: сол тұста қазақ сөздерін белгілі бір дәрежеде бұзып жазудың өзі жазылып отырған материалдардың тілін әдеби түрде, яғни «кітаби тіл» дегенге бір табан жақындата түсетін амалдың бірі болып есептелсе керек. Соның салдарынан Яратқан, бізләрні, сізләрні, яхшы деген сияқты шағатайша-татарша орфография өткен ғасырда араб әрпімен шыққан кітаптарда біршама дағдыға (тәртіпке) айналған тәрізді. Ал орыс әрпімен берілген үлгілерде (Радлов, Терентьев, 58 Бұлардың кейбіреулерінде «кітаби тіл» деп аталатын элементтері мүлде жоқ деп айтуға болмайды. В.В.Радловтың айтуы бойьынша, Ильминский бастырған «.Ер Тарғын» жырында кітаби тілдің ізі байқалады (Р.В.Ра д ло в Образцы народной литературы... - Ч. ІІІ. - СПб., 1870. - С. XX-ХХІ).
Алтынсарин, Алектров, Васильевтердің материалдарында)
бұл тәртіп мүлде жоқ. Бұл үлгілерді кітапқа түсірушілер қазақ
тілінің өзіне тән грамматикалық құбылыстарын мүмкіндігін-
ше бұзбай, халық тіліндегі қалпында беру мақсатын қойған.
Сондықтан олар жоғарыдағы сияқты жазудың кітаби тілдегі
үлгісінен көріне көзге бас тартқан.
Өткен ғасырда қазақ тілінде шыққан жазу нұсқаларының
келесі бір тобын көпшілікке арналып әртүрлі азаматтық тақы-
рыпқа жазылған кішігірім кітапшалар құрайды. Ондай кітап-
шалардың шығуы XІX ғасырдың соңғы он жылы мен XX ға-
сырдың бас кезінде етек алды. Бұлардың бірқатары, мысалы,
жұқпалы аурулар туралы кітапшалар орыс тілінен аударылды.
Алдыңғы аталған нұсқалардай, қазақ тілінде жазылғандықтан,
бұл кітапшалар да қазақ грамматикасының қалыптасу тарихын
зерттеуде құнды материалдар болып табылады. Әрине, бұл
кітапшалардың «қазақшалығы» Алтынсарин новеллаларының
Абай қара сөздерінің қазақшалығымен тең түсе алмайды. Де
генмен ішінде бірен-сарандап басқа түркі тілдері элементтері
бар екендігіне қарамастан, олар – қалың көпшілікке түсінікті
болу мақсаты ескеріліп, сол көпшіліктің өз тілінде (қазақ
тілінде) жазылған (немесе жазуға талпынған) нұсқалар.
Өткен ғасырдағы қазақтың жазу нұсқаларын іздестіргенде,
олардың ішінде, Абай сияқты, Ыбырайдың шығармалары
елеулі орын алып, бір төбе болып тұрады. «Өзінің поэзиялық
және прозалық шығармалары арқылы қазақ әдеби тілінің
негізін салуға үлкен үлес қосқан»59 ЬІбырай Алтынсариннің
прозасы қазақ әдеби тіліндегі грамматикалық тұлғалардың
даму процесін зерттеуде аса құнды материалдар береді.
Сөйтіп, қорыта келгенде, Абай шығармаларының грамма-
тикалық ерекшеліктерін зерттеуде қоса қабат талдап отырылу-
ға тиісті материалдардың басты-бастылары – біздіңше, осы-
лар. Бұларды (ескі жазбаларды) біз өткен ғасырдағы қазақша
жазу нұсқалары ретінде ғана көрсетіп отырмыз. Әрине, олар –
қай жағынан алғанда да, біртектес материалдар емес. Бұлардың
қазақ әдеби тілінің қалыптасып, әрі қарай даму процесінде ала
тын орны мен маңызы да әрқилы.
59 Қазақ ССР тарихы. - Алматы, 1957. - 1- том. - 482-бет.
Абайға дейінгі «таза» (кітаби тілден басқа) қазақ әдеби тілі
ауыз әдебиеті түрінде болды. Ауыз әдебиеті жалпыхалықтық
тілдің барша сөздік байлығын, фонетикалық және грамма-
тикалық нормаларын, көркемдеу тәсілдерін өзіне жинап,
сақтап келді.
Жоғарыда әңгіме етіп өткен, қазақтық ауыз әдебиетіне жата
тын эпостық жырлар, ертегі-аңыздар, мақал-мәтелдер, әртүрлі
тұрмыс-салт жырлары ғасырлар бойы келе жатқан қазақ әдеби
тілінің үлгілері болып табылады.
XІX ғасырда (жалпы Октябрь революциясына дейін)
қазақта екі түрлі жазба әдебиет болғаны мәлім. Демек, екі
түрлі жазба әдеби тіл болды. Оның бірі – діни және басқа
тақырыптарға жазылған көптеген қисса-дастандардың («Сал
сал», «Ғабдулмәлік», «Зарқұм», «Мұңлық-Зарлық» т.т.), ресми-
эпистолярлық доқументтердің (хан-сұлтандардың, билердің
т.т. араларындағы хат-хабарлар) және басқа да азаматтық не
месе діни тақырыпқа жазылған кішігірім кітапшалардың тілі.
Бұлар – негізінен, түркі тілдері мен араб, парсы тілдерінің қос-
пасында жазылған үлгілер. Түркі тілдері дегеннің ішінде сол
шығарма жазылған негізгі тілдерден (айталық, қазақ тілінен)
басқа шағатай (ортаазиялық әдеби түркі тілі), татар тілінің
элементтері болды. Татар тілінің ықпалы әсіресе орфография
да айқын көрінеді. Бұл тіл XІX ғасырдың өзінде-ақ «кітаби тіл»
деген атақ алды.
XІX ғасырдағы жазба әдеби тілдің екінші саласына Абай
мен Ыбырай шығармаларының тілі жатады. Бұлар қазақтың
ауыз әдебиеті тілінің норма-тәсілдерін өз бойына сіңірген жаңа
(«кітаби» тілден өзгеше) жазба әдеби тілдің үлгілерін құрайды.
Біз бұл мақалада Абай шығармаларының тілі мен XІX
ғасырдағы қазақша жазу нұсқалары тілінің грамматикасын тал-
дап, сипаттауды мақсат етпедік. Мақаланың мақсаты – Абай
шығармаларының тілінде грамматика саласынан зерттеу
объектісі ететін мәселелердің басты-бастыларын айқындап
өтуді және осыларға зерттеушілердің назарын аудару, соны
мен қатар Абай тілінің грамматикасын талдағанда тағы қандай
материалдарға тоқталуға тура келер еді деген пікірімізді
білдірдік.
Қазақ тілі мен әдебиеті. -1959. - № 2. - 48-55-б.
Абай тіліндегі оқу-ағартуға қатысты сөздер
(Ұлы ақынның туғанына 120 жыл)
Қазіргі қазақ әдеби тілінің негізін қалаған ұлы жазушының
мұрасын зерттегенде, оның сөз байлығын, яғни сөздік
құрамының қат-қабатын танып білудің қажеттігі зор. Бұл
күнде үйреншікті болып кеткен, жиі қолданылатын көптеген
сөздер бұдан бір ғасыр бұрын тіліміздің қазіргі нормасы енді-
енді қалыптаса бастаған кезде не мүлде жоқ болатын, немесе
басқаша болатын. Оған себеп тек әдеби тілдің алғашқы даму
кезеңі болғандыгы емес, сол кездегі қоғамның әлеуметтік-
рухани өмір сипаты да себепкер еді.
Абай өмір сүріп, жазушылық құрған XІX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ даласында болған әлеуметтік-саяси
өзгерістер мен оқиғалар (Қазақстанның Россияға түгелдей
отар ел ретінде бағынып болуы, дала өміріне капитализм
элементтерінің ене бастауы, қалалар салынып, азын-аулақ
өндірістің пайда болуы, отырықшылық пен егін егу шаруа-
шылығының тұрақтана түсуі, орыс переселенецтерінін мекен-
деуі т.т.) қазақ қоғамы өмірінің мәдени-рухани жағына
өзгеріс енгізбей қоймады. Қазақтың ұлан-байтақ даласына
тіл тарихында маңызды рөл атқарған мәдени факторлар келді.
Солардың бірі – білім тарату ісі болатын. Білімнің өзі екі түрлі:
діни және дүнияуи, яғни азаматтық орысша (светское образо
вание) сипатта болды. Діни білім беретін мектептер мен мед-
реселер болды. Бұларда ислам дінінің негізі оқытылды. Оқу
құралдары ретінде араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған
діни-мистикалық кітаптарды пайдаланды. Жазу арабша болды.
Өткен ғасырдың соңғы ширегінде патша өкіметі Қазақстанда
ислам дінінің таралуын біраз тежеді, соған байланысты діни
оқу орындарының саны едәуір азайып, оның есесіне жаңа
типтегі оқу орындары – бастауыш орыс-қазақ школдары ашы
ла бастады. Бұлар балаларға жалпы (азаматтық) білім негізін
беріп, олардан мұғалімдер мен царизмнің кіші чиновниктерін:
тілмаш, песірлерді (хатшыларды) даярлау мақсатын көздеді.
Бұлардың программасында орыс тілі (оқу, жазу, грамматика),
орыс-қазақ тілі (бір тілден екіншісіне аудару), арифметика, орыс қоғамы тарихы, ән және арнаулы сабақтар болды. Бұлар Ушинский, Паульсонның оқулықтарын, Россия картасын пай даланды. 1870-90 жылдарда бұл школдар мен училищелер үшін арнаулы оқу құралдары жасалды. Олар Ы.Алтынсариннің «Киргизская хрестоматия» және «Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку» деген кітаптары, «Жазуға үйрететін кінеге. Букварь» (1892), «Ақыл беретұғын кінеге» (1891) т.б. Бұлар, сөз жоқ, діни оқу құралдарына қарамақарсы сипатта болды. Бұл школдар мен оның оқу құралдары қазақ тіліне жаңа ұғым атауларының, орыс сөздерінің, оның ішінде оқу-білімге қатысты сөздердің енуіне тікелей әсер етті. Тұңғыш мұндай мектеп Ішкі Ордада (Батыс Қазақстанда) 1841 жылы ашылса, 1861-64 жылдары Троцк, Орал (Теке), Қазалы, Перовск, Торғайда ашылды.60 Орысша уклонмен оқытып, білім беру ісі Қазақстанның солтүстік-батыс өлкесінде тәуірірек жолға қойылды. Бұнда қазақтың тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің рөлі күшті болды. Ал қазақ даласының оңтүстік-шығыс өлкесінде, яғни Абай өскен айналада, жаңа типте білім беретін мектептер мен учи лищелер аса етек алмаса да, мұнда да жаңа өмір лебі болғаны хақ. Оның үстіне Абай сынды демократ-ағартушы ақын оқубілім тақырыбын сөз етпей қалмағаны және акиқат. Сондықтан Абай лексиконында кездесетін оқу-педагогикалық немесе тіпті жалпы білім-ғылым дегенге байланысты көне-жаңа едәуір сөздерді тауып, оларды өз алдына әңгіме етуге болады. Ең алдымен, осы кезеңдегі оқу орнының атауына тоқталалық. Жоғарыда біз әдейі мектеп, школ деп екі терминді атадық. Бұл күндегі әдеби тілімізде алғашқы білім беретін оқу орнының бәрі мектеп деп аталады, ал өткен ғасырда мектеп мұсылманша діни төменгі оқу орнының атауы болған. Оның өзі – кейінгі кезде пайда болған атау. Шығыстағы мұсылман елдерінде алғашқы кезден бастап (X-XІ ғасырлардан) көп уакытқа дейін күллі оқу орны (бастауыш та, жоғарғы да) мед60 Тажибаев Т. Просвещение и школы Казахстана во второй половине XІX в. АлмаАта, 1962. - С. 33.
ресе деп аталған. Мектеп деген атау Орта Азия мен татар халықтарында мүлде соңғы кездерде, балалар едәуір көптеп оқи бастаған кезде пайда болып, онда да бастауыш білім беретін орынды білдірген.61 Мектеп деген сөз әсіресе XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басталар аралығында «жаңа әдіспен» оқытатын (жәдид) бастауыш оқу орындары пай да болған кезде жиі қолданыла бастағанға ұқсайды. Ертерек кездердегі қазақ өмірінде мектеп пен медресе болмағандығына байланысты бұл атаулар да тілімізде қолданылмаған. Ал сөз етіп отырған XІX ғасырдың екінші жартысында мектеп те, медресе де (өздері де, атаулары да) болған. Мысалы, Се мей облысында 1884 жылы 10, 1888 жылы 12, 1895 жылы 17 мектеп пен медресе болыпты. Кейбір облыстарда, әсіресе сол кезде өзбек, татар халықтары тұрған өлкелерде (мысалы, Сыр дария облысында) мектеп пен медресе саны әлдеқайда көп болған. Осыған қарағанда, мектеп деген сөз тілімізде өткен ғасырда қолданылған және ол тек мұсылманша діни оқуға үйрететін бастауыш оқу орнын білдірген. Бірақ күнделікті сөйлеу тілінде, біздің байқауымызша, бұл атаудың өзі жиі қолданылмағанға ұқсайды. Оған себеп – бұл оқу орнының арнаулы тұрақты үйінің болмауы, әрі оқу программасы мен оқушылар контингенті де тұрақты болмағандығы кейде мұндай оқытуды (молданы) жеке байлардың өз үйлерінде ұстағандығы болу керек. Әдетте сол кезде қазақ баланы мектепте оқиды (оқыды) деудің орнына молдаға (немесе молдадан) оқиды де ген тіркесті жиірек қолданған. Ал Ыбырайда мектеп деген сөз мүлде жоқ. Мұсылманша оқытатын (оның өзінде де молдасы «жазу да танымайтын надан») бастауыш орынды бір-ақ жерде медресе деп атапты: Бір күндерде сол елге бір шын молда келіп әлгі бала оқыған медресеге келіпті («Киргизская хрестоматия», Оренбург, 1879, 52-бет). Екінші бір жерде университетті медре се деп түсіндіреді: 1791-інші жылда өзім университет деген үлкен медреседе оқып жүрген жігіт күнімде... (сонда, 34-бет). Осыларға қарағанда, Ыбырай тілінде медресе деген сөз «жал пы оқу орны» дегенді білдірген, ал оқу орнын мектеп, медресе 61 Сабитов Н. Мектебы п медресе у казахов. - Алма-Ата, 1950. - С. 5.
деп ажырату болмаған. Дәл сондай-ақ мектеп деген сөз Абай
тілінде де бір-ақ жерде кездеседі. Онда да қазақ жеріндегі мек
теп туралы емес, Түркиядағы жаңа оқу орындары (мектеп хар
бия, мектеп рүшдия) жайында айтқан тұсында. Ал бастауыш
діни сауат ашуды Абай да молдаға оқу, молдаға беру, сабаққа
беру деп атайды: Оқытарсың молдаға оны (Шығармаларының
толық жинағы. - Алматы, 1957. - І том. - 127-бет); Соңынан
молдаға берген болады (ІІ, 195). Ыбырай сияқты, Абай да жал
пы мұсылманнша оқу орнын (бастауышында) медресе деп
атаған: Бір жасап екі жасап Әзім өсті, Сонан соң медресе
ге барып түсті (І, 271); Үлкенім Қорқытып, жас балаларын
еріксіз қолдарынан алып, медресеге бер (ІІ. 214). Абай тек
мұсылманша оқу орны емес, жалпы оқу орны деген ұғымды
да медресе сөзін қолданған: Баламды медреседе біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім дегенінде медре
се – мұсылман оқу орны емес. Абай балаларын (Әбдрахман,
Мағауия, Гүлбаданды) орыс школдарына беріп оқытқан.
Жоғарыда айтылған, өткен ғасырда қазақ даласында пайда
болған орыс-қазақ мектептері сол кезде школ деп аталған. Сөз
жоқ, бірі ислам дінінің канондарын үйрететін, бірі орыс уклон
ды азаматтық білім беретін екі түрлі оқу орнын өмірде ажы
ратып атау қажеттілігі күшті болған. Сондықтан мұсылманша
діни оқу орнын, тіпті оның жаңа әдіспен (жәдид) оқытып,
азаматтық білім негіздерін қоса үйрететін, кейбіреулерінде
орысша да сауатын аштыртатын жаңа тіпті түрлерін де мектеп
(немесе көбінесе, молдаға оқыту) деп атап, үкімет тарапынан
ашылған жаңа мектептерді (олардың өзінде де мұсылманша
сауат ашу қоса жүргізіліп орысша атауынша школ деп атаған.
Сондықтан да революцияға дейінгі Қазақстандағы оқу-ағарту
мәселесін сөз еткен орыс тіліндегі әдебиетте алғашқысын
мектебы, соңғысын школы деп алып жүр. Ыбырай да жалпы
оқу орны мен мұсылманша мектепті медресе деп атаса, өзі
қызмет еткен жаңа типті орыс-қазақ мектептерін школ деп
атаған («Начальное руководство к обучению киргизов русс-
кому языку» деп қазақшадан орысшаға аударуға ұсынған
текстерін қараңыз). Бұлайша дифференциялап атау қазіргі жа
зушыларымызда да (өткен ғасырдағы оқу орында сөз еткен жерлерінде) кездеседі. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абайдың өмірбаяны» деген еңбегінде былай деп жазады: «Абай екінші баласы Әбдірахманды Семей қаласындағы үйездік школға оқуға береді. Артынан біраз жыл өткен соң, үшінші баласы Мағауияны да, әйел баласы Гүлбаранды да әкеп орыс шко лына береді» (Абай Құнанбаев, ІІ том, 1957, 31-бет). Жалпы школ атауы революцияға дейін тек орыс-казақ мектептері емес, таза орыс мектептерінің де атауы болған. Мысалы, Сәбит Мұқанов Ботакөзді: «орыс школында оқыды», – дейді. Ботакөз оқыған мектеп – таза орыс мектебі. Ал Абай тілінде школ де ген атау жоқ, мұндай жаңа оқу орнын Абай бір-ақ жерде ин тернат деп атайды (үкімет ашқан орыс-қазақ мектептерінің көпшілігінің жанында интернат болған, ал Семей мен Ақмола облыстарындағы мұндай мектептердің барлығы да 1890 жылдарға дейін школа-интернат болып келіп, 1890 жылдар дан бастап төменгі сатыдағы ауылшаруашылық мектептеріне айналдырылған).62 Соған қарағанда, Абай өмір сүрген өлкеде өткен ғасырда бұл оқу орындарының атауы ретінде школ дегеннен гөрі интернат сөзі жиірек қолданылған болу керек. Бастауыштан кейін әрі қарай діни білім беретін оқу орны Орта Азия халықтарында да, Еділ бойы атауларында да және Қазақстанда да медресе деп аталған. Ал Абай медресе деп күллі дәрежелі (бастауыш, орта, жоғары) мұсылманша оқу ордасын атағанын жоғарыда айттық. Біздің байқауымызша, өткен ғасырдың екінші жартысында жалпы оқу орнын, оның ішінде бастауышын да, мектеп дегеннен гөрі медресе деп атау жиірек болғанға ұқсайды. Мысалы, сол тұстағы «Дала уалаяты газетінде» көбінесе медресе дегенді ұшыратамыз: Қазақтар медресені бірте-бірте ашып жатыр 1894, № 33); Бірлі-жарым қазақтар медресе ашайын десе, көңілдегі молла жоқ (1896, № 3) т.б. Келесі бір көңіл аударатын термин – оқытатын адамның атауы. Бұ күнде мектепте оқытатын адамды білдіру үшін 62 Тажибаев Т. Просвещение и школа Казахстан во второй половине XІX в. - АлмаАта, 1962. - С. 35.
мұғалім (жалпы атақ) және оқытушы (жеке пәндердің мама
ны деген нақты атақ) деген екі термин әдеби норма ретінде
қалыптасқаны белгілі. Ал Абай тұсында басқаша болатын.
Ең алдымен, мұсылманша бастауыш оқу ісін жүргізуші адам
қазақтарда молда деп аталды. Мектепте оқу мен молдаға
оқу деген тіркестердің семантикалық жағынан синоним
дес болғаны да осыдан. Абай мен Ыбырайда да бұл типті
оқытушыларды, яғни арабша хат танытатындарды молда деп
атаған; Ыбырайда: Аңқау елге арамза молда тұрып балаларға
сабақ оқытыпты-мыс (52-бет) Абайда: Оқытарсың молдаға»
(І, 127); Жазу жаздық, хат таныдық. Болдық азат молда
дан (І, 129). Абаймен замандас «Дала уалаяты газеті» медресе
(мектеп орнына) сөзі жүрген жердің бәрінде молда (молла)
сөзін қолданған. Ал орыс-қазақ мектептерінің мұғалімдері ол
кезде түрліше аталған: ұстат (ұстаз), учитель, молда, үйре-
туші. Ыбырай «Хрестоматиясында» бұларды қазақша ұстат
деп атаған: Оқыған оқуымыз турасында күнде ұстаттары-
мыз сонша разы... Біз оқып жүрген шағымызда ұстатымыз-
дың қасында бір Полкан деген зор ит бар еді. Қазіргі тілімізде
де жалпы басшылық ететін, тәлім-тәрбие беріп, жол-жоба
көрсетіп отыратын адамды ұстаз деп атаймыз (Абайда ұста-
зым мен татуым сен екеуің болған соң), ауыспалы мағынада
мектеп мұғалімін де ұстаз деуге болады. ЬІбырайдағы ұс-
тат – осы ұстаз сөзінің фонетикалық варианты. Сірә, «бала
тәрбиелеу, оқыту» мағынасында ұстаздық ету, ұстаттық
қылу деген тіркес қолданылғанға ұқсайды. Соңғысы Абай
тілінде де бар. Ұстаттық қылған жалықпас үйретуден бала-
ға (І, 163). Бірақ Абайда мектеп мұғалімі мағынасындағы
ұстат, ұстаз сөздері жоқ. Жалпы Абай тілінде үкімет мек-
тептері мұғалімдерінің атауы жоқ. Бұл мектепті арнайы сөз
етпегеннен кейін оған қатысты көптеген сөздерді қолданбаған.
Ыбырай «Руководствосында» школдардың мұғалімін біре-
се ұстат сөздікте) біресе молда (тексте) деп алыпты. Сірә,
қазақшадан орыстар аударуға беріліп отырған текстің түсінік-
тірек болуын көздегендіктен болу керек. Біз «Начальное
руководствоның» 1879 жылғы баспасын алып отырмыз, со-
ның 2-бетінде ұстат – учитель деп көрсетілген, ал осы сөз
Алтынсарин шығармаларының 1955 жылғы басылуында
ұстаз деп өзгертіліпті, бұл – редактордың текстіні осы күнгі
оқырман қауымға түсініктірек болуын көздегендігінен туған
сәл зәрсіздеу қиянаты.
Орыс-қазақ мектептері оқытушыларының бұл кезде тілде
пайдаланылған тағы бір атауы – учитель: Ушитель келді.
Ушительдің түсіндірген сабақтарын ол тыңдай алмай қалды
(А. Васильев Киргизская хрестоматия. - 1898. - С. 21-22). Учи
тель сөзі (өшетіл, ушитіл т.б.) «Дала уалаяты газетінде» де
жиі ұшырасады. Ал сөйлеу тілінде бұл атау Октябрь рево
люциясына дейін келгенін байкаймыз. Мысалы, С.Көбеев
«Орындалған арманында» автор сөзінде бұларды оқытушы
деп қазіргіше атап отырса да, сол кездегі ауыл адамдарынын
диалогтарында – өшетіл. Спандиярдың өз тілінде учитель деп
береді: Хан да емеспін, болыс та емеспін, учительмін,– дедім
мен (С. Көбеев. Таңд. шығ. - 1900. - 211-бет). «Ботакөздегі»
Асқар да – молда да емес, мұғалім де емес, учитель.
Ауылдағы молда жәдид мектептеріндегі мұғалім (бұлар
кейінгі кезде) және орыс-қазақ немесе таза орыс мектептерін-
дегі учитель – үшеуі үш түрлі ұғым: бір-біріне қызметтері,
оқыту әдістері, оқыту объектілері жағынан қарама-қайшы.
Сондықтан оларды айырып атау қажеттігі күшті болған да
учитель (өшетіл) сөзі XІX ғасырдың екінші жартысы мен XX
ғасырдың басында тілден берік орын алған.
Өткен ғасырда педагогты білдірген тағы бір сөз – үйрету-
ші. Бұл осы күнгі оқытушы сөзінің атасы тәрізді, яғни оқыту-
шы осы үйретушінің үлгісімен жасалған. Үйретуші терминін
алғашқы қолданғандар – орыс ағартушылары А.Е.Алекторов
пен А.Васильевтер. А.Алекторовтың 1898 жылғы «Киргизская
хрестоматия» атты оқу құралында: «Столдары үйретушіге
қарап тұрады, соның үшін скамьядағы отырған балаларға
үйретушіні көріп отыруға болады» деген сияқты сөйлемдерді
оқуға болады. А.Васильевтін 1912 жылы екінші рет басылған
«Букварь для киргиз» атты оқу құралында текст ішінде барлық
жерде мұғалімді үйретуші деп берген. Тіпті бір қызығы:
осы «Букварьда» Ыбырай Алтынсариннің 1879 жылғы «Ру
ководствосында» бар «Школда» деген текст берілген. Осы
текстегі Ыбырайда молда деп берілген сөздің бәрі үйретуші
деп өзгертілген. Соған қарағанда, үкімет мектептері мен
училищелері мұғалімдерін ескіше молда да демей, орысша
лап өшетіл де демей, жалпы атпен – ұстат (ұстаз) та демей,
қазақша жаңа терминмен атау тенденциясы сол өткен ғасырдың
соң кезінде-ақ басталғанын көреміз. Тіпті соңғы оқу құралында
(«Букварьда») бір-ақ жерде оқытушы дегенді де ұшыраттық
(44-бет). Мұнда ч әрпін үйрететін бетте учить, учитель деген
екі орыс сөзін білдіру үшін біріншісін оқытады, екіншісін
оқытушы депті. Бірақ бұл жаңа туынды сөз осы «Букварьдың»
басқа жерінде кездеспейді. Оқытушы сөзінің ол кезде тілде
орын тебе коймағанын көреміз. Сөйтіп, Абай тұсында жаңа
типті орыс-қазақ мектептерінің оқытушыларының атауы
ретінде бір термин қалыптаспаған: молда (сирек), учитель
(өшетіл – жиірек) ұстат (Ыбырайда), үйретуші сөздері
қатар қолданылған. Дегенмен осы тұстың өзінде-ақ бұларды
мұсылман мектептері педагогтарынан да, орысша аталуынан
да ажыратып, қазақша жаңа сөзбен атау бағыты басталған
(ұстат, үйретуші, сирек – оқытушы).
Ал мұғалім деген терминнің тілімізге актив түрде енуі жаңа
әдісті (жәдид) мектептер тұсында, XX ғасырдың бас кезінде
болғанға ұқсайды. Жаңа әдісті мектептер мен медреселердің
оқытушылары Татария мен Орта Азияда муаллим аталған,
бұл сөз қазақ тіліне татар тілі арқылы келсе керек, өйткені
қазақтың жаңа әдіс мектептері алғашқы кезде татар тілінде
жазылған «Мүһаллим әввел» (Алғашқы мұғалім») және
«Мүһаллим сани» (Екінші мұғалім) атты оқулықтарды пайда-
ланған және бұл мектептерді жақтаушылар мен олардың
оқытушыларының көбі Қазан, Орынбор және басқа Волга
бойындағы татар медреселерінде оқыған адамдар болған.63
Сондықтан жаңа әдіспен қоса келген оқыту ісіндегі көптеген
жаңалықтар мен құбылыстардың іс-әрекеттердің нәрселердің
жаңа атаулары, біздіңше, қазақ тіліне татар тілінен еніп,
63 Сабитов Н. Аталған еңбек, 29-бет.
қалыптасқан. Бұл үстіміздегі ғасырдың алғашқы 10-15 жылын
да болды, себебі жаңа әдіспен оқытатын мектеп-медреселердің
Қазақстанда өркендеген шағы 1905-1915 жылдар арасы
болғанын зерттеушілер көрсетеді.64
Келесі сөз оқушы жайында. Бұл күндегі оқушы термині
– жаңа туынды. Өткен ғасырда мектеп пен медреселерде
оқитындар шәкірт деп аталған. Абайда да шәкірт термині
оқушы мағынасында жұмсалған (ІІ, 205) Орта Азияның
басқа халықтарындағыдай медресе оқушысының талиб-ұл-
ілім сияқты атауы қазақтар арасына (сөйлеу тілі мен Абай,
Ыбырай тілдеріне) тарамаған. Ал орыс-қазақ школдарының
оқушыларын дифференциялап бөлекше атамағанға ұқсайды
олар да көбінесе шәкірт деп аталған тәрізді. А.Алекторов,
А.Васильев кітаптарында да – шәкірт. Абайда Интернат
та оқып жүр, Талай қазақ баласы. Жаңа өспірім, көк өрім,
Бейне қолдың саласы дегеннен бөтен бұндай мектеп
оқушылары жайында сөз жоқ, демек, атауы да жоқ. Ал Ыбы
рай «Хрестоматиясында» оларды оқудағы балалар неме
се тіпті балалар деп атады, сірә, Ыбырай мектеп-медресе
оқушыларымен шатастырмас үшін шәкірт деген терминді өз
мектептерінде оқитындарға әдейі қолданбаған сияқты, бірақ
«Руководствосындағы» сөздікте ученик дегеннің баламасын
шәкірт деп көрсеткен.
Оқу-ағарту саласында жиі қолданылатын сөздің бірі сол
процестің атауы – оқу сөзі. Оқы етістігі – байырғы сөз. Одан
жасалған туынды зат есім – оқу сөзінің бұрынғы намаз оқу,
Құран оқу, бітік оқу (соңғысы – хат оқу, кітап оқу – Махмұд
Қашғари) дегендерден басқа «мектепте оқу, білім алу» мағы-
насында жиі қолданыла бастауы әуелі мұсылманша оқудың,
кейін азаматтық білім берудің айтарлықтай жанданған
уақытында болған болу керек. Абайда бұл сөз білім алу мәнінде
жиі қолданылған. Абайда да, Ыбырайда да ол оқу оқып, оқу
оқыту, орыстан оқу сияқты тіркестермен де келеді. Абайда
орыс оқуы, орыс ғылымы деген жаңа тіркестер бар.
Оқу, оқыту ісіне тікелей қатысты ұғымдар – білім мен
64 Сонда, 31-бет және Тәжібаев Т., аталған еңбек, 66-бет.
ғылым. Білім сөзі өткен ғасырда осы күнгідей орысша зна
ние, образование деген ұғымдардың мағынасын білдірген.
Бірақ оның сөздіктің актив қорына айнала бастаған кезі –
өткен ғасырдың соңғы ширегі, атап айтқанда, Абай мен
Ыбырай шығармаларының тілі. Өз творчествосының өзекті
тақырыбының бірі оқу-білім болған Абай білім сөзін өте жиі
қолданған және одан білімді, білімсіз, білімсіздік, білімділік
сияқты туынды сөздер мен ғылым-білім, білім-ғылым (Ыбырай
да: өнер-білім) деген қос сөз тұлғаларын жасаған. Абай бірақ
жерде бұл ұғымды орысша атайды: Халықтың болыстыққа
сайлаймын деген кісісі пәлен қадерлі орысша образование
алған кісі болсын; қызмет құмар қазақ балаларына орысша
образование беруге ол да – пайдалы іс (ІІ, 160). Сірә, бұл жер
де жазушы осы айтпақ пікірі оқушыларына түсініктірек болу
үшін ғана алған болу керек, әйтпесе ол барлық жерде де бұл
ұғымды білім, ғылым-білім, кейде тіпті ғылым деген сөздермен
беріп отырады.
Білім сөзі Ыбырайда да аса жиі пайдаланылған. Деген
мен біз әңгіме етіп отырған дәуірде білім сөзі дәл осы күнгі
мағынасын білдіретін термин ретінде тұрақталып, ажыраты-
лып болмағанға ұқсайды. Өйткені Ыбырай бір жерде осы
мағынаны білген сөзімен (білгеннің пайдасы; осы тіркестің
орысша аудармасын автор польза знания деп береді – «Киргиз
ская хрестоматия» 1879, X бет), бірде ғылым сөзімен береді.
Абайда да ғылым сөзі көп жерде білім-нің баламасы ретінде
(осы күнгідей «наука» мағынасында емес) алынған: Хаттә
қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберіп, жақсы
дін танырлық қылып үйретсе (ІІ, 214) Балаңа орыстың
ғылымын үйрет т.б. Абайда ғылым табу, ғылым оқу, ғылым
іздеу деген тіркестер жиі қолданылған, автор «білім алу» деген
мағынада жұмсаған: «Сол малды сарып қылып ғылым табу ке
рек»; «Ғылым таппай мақтанба» (І, 44) «Ғылым тапқандардың
жолына» (ІІ, 164); «Ғылым оқып, ой таппай» (1/58), «Ғылым
іздеп жатпаған» (І, 185) т.б. Ал қалған жағдайларда ғылым
сөзі Абайда «наука» мәнінде қолданылған: «Химия ғылымын
білуші ем, Үйретер ем» (І, 271); «Ғылым сөзін сөйлесер» (ІІ,
157); Лермонтовтағы Мы иссушили ум наукою бесплодной
деген жолды Пайдасыз ғылымменен ми кептірер (ІІ, 103)
деп аударады. Бір ескертетін жай – білім, ғылым деген екі
сөз Абайдың өлеңдерінде де, прозасында да соншама жиі
қолданылған; бұл – ұлы суреткер шығармаларының тікелей
мазмұнына байланысты ерекшелік. Сөйтіп, білім мен ғылым
сөздерінің терминдік мәнге ие болып, екіге ажырап дифферен
циациялануы соңғы кездердің жемісі дегенмен, оның алғашқы
бағытын сілтеп, тілге актив етіп ендірген – Абай деп батыл
көрсете аламыз.
Оқу-ағарту процесіне қатысты сөздердің бірі – сабақ. Бұл
– көпмағыналы сөз, бір мағынасы – «мектептегі оқыту процесі-
нің атауы»; сабақ сөзінің осы мағынасы өткенде де болған,
Абай да, Ыбырай да сабақ сөзін «оқу, оқыту» мағынасында
жұмсайды: «Баланы сабаққа бергенше молданың ең арза
нын іздеп тауып алып...» (ІІ, 167); Ыбырайда: «Сабаққа көңіл
берсең басыларсың; берген сабақтарын толық үйреніп, білуге
тырыс» (28, 30-беттер). Орыс ағартушылары да урок дегеннің
аудармасын сабақ деп береді.
Оқу құралының атауы – бұл күнде оқулық (бұл – соңғы 10-
15 жылда шыққан жасанды сөз), заттың, жалпы аты – кітап.
Ыбырай жалпы кітапты да, оқу құралын да кітап деп ала
ды да, журнал тәрізді книга-ны кенеге деп атайды: «Жаңа да
ең жақсы оқыған балалардың есебіңе қосып, кенегесіне жа
зып қойды» (28-бет). Ал Абай оқу құралдарын мүлде сөз
етпегендіктен, оның атауы да кездеспейді, ал кітап деген сөзді
осы күндегідей өз мағынасында қолданады. Өткенде оқу ту
ралы мәніндегі атаудың бірі орыс тілінен алынған кінеге сөзі
болғанын жоғарыда көрсетілген кітап аттарынан («Жазуға
үйрететұғын кінеге») көреміз.
Абай тілінде оқу процесіне байланысты құрал-жабдық-
тардың бірқатарының атауы бар. Олар: қалам, сия, қағаз (ақ
қағаз). Қалам ол кезде көбінесе осы күнгі қаламның да (руч
ка), қарындаштың да атауы болса керек, өйткені не Абайда, не
Ыбырайда қарындаш сөзі кездеспейді. Әрине, Абай тұсында
оқу-ағарту ісінің дамуы мен сипатына қарай оқу процесіне
байланысты қазақ тілінде бірсыпыра құрал-жабдық атаула
ры болғаны сөзсіз. Мысалы, мұсылман мектептерінде парта,
тақта, бор, глобус, сызғыш, карта т.б. болмаған, соған орай
бұлардың атаулары да ауылдық мектеп, медреселерде
қолданылмаған. Ал үкімет тарапынан ашылған орыс-қазақ
школдары мен училищелерінде жинамалы тақта мен ала
са стол (көшпелі ауылдық школдарда), шот, оқу кітаптары
мен жабдықтарын салатын киіз қап немесе сандық, глобус,
сия (көбінесе қара сия деп аталған), сия сауыт, карта, класс
тақтасы, тақта, тас тақтай (аспидная доска), сызғыш (ли
нейка), бор, грифель (тас қалам) пайдаланылғаны мәлім.
Осылардың, атаулары тілде болғаны сөзсіз. Бірақ біз бұл
мақалада негізінен Абай тілінде кездесетін оқу-ағартуға
қатысты 5-10 сөзді ғана талдауды мақсат еткендіктен, жал
пы өткен ғасырдағы қазақ лексикасының оқу-педагогикалық
саласын түгел шолып әңгіме етпедік.
«Қазақстан мектебі». - 1965. - №8. -61-67-б.
Абайдың прозалық шығармаларындағы күрделі ойдың берілуі Күрделі ойдың синтаксисте көрінісі (берілуі), бір жағынан, ауызекі тіл мен әдеби тілде бір-бірінен едәуір өзгешеленетін болса, екінші жағынан, әдеби тілдің өзінің әр дәуірінде тағы да түрліше болады. Мұны қазақ тілінің фактілерінен көре аламыз. Ауызекі сөйлеу нормасында, әсіресе әдеби тіліміз қазіргідей қырланып, нормалары орнығып, ауызша тілге әсер ететіндей дәрежеге жетпеген кезіндегі сөйлеу норма сында, күрделі ойды беруде жай сөйлемдерді ешбір лексикаграмматикалық элементтерсіз жапсарластыра айту тәсілі ба сым болып келді65. Мұны «паратаксис» деп жүрміз. Бұл тәсілді прозаның ауыз әдебиетіндегі үлгілерінен, әсіресе ертегілерден көруге болады: Хан Шентай тұрды, жалмауыздың ішін жар ды (В.В.Радлов, Образцы... ІІІ, 267-бет). Ежігелді қашты, ал дынан бір түйелі кісі келе жатыр, келіп амандасты, сөйлесті (Сонда 283-бет). [Махтым] бұл бізге лайық қыз екен деп, Кел мембет деген шабарын шақыртып алды, сен Әзімбайға бар, – дейді, – қасыңа тоғыз қалмақ ерт, дейді («Қамбар», 1957, Алматы, 19-бет). Әрине, паратаксис тәсілі жай сөйлемдердің ешбір заңдылықсыз, дәнекерлеуші элементтерсіз тіркесе салуы емес. Қазақ тіліндегі паратаксис тәсілі – біздің байқауымызша, белгілі бір амалдармен жүзеге асырылған, бұл амалдардың бірі – құрмаласушы жай сөйлемдердің баяндауыштарының шақ жағынан үйлесіп келуі деп ойлаймыз, яғни етістіктеп жасалған баяндауыштардың шақтық тұлғасы біркелкі болады. Бұл елде қалмақтың ханы Махтым деген хан бар екен, «Әзімбайдың Лазым деген сұлу қызы бар» деген Махтым ханның құлағына түскен екен («Қамбар», 1957, 19) [Төлеген]... шатырдың есігіндегі жігіттерге бұлай тұр деп айтады, іргеден Қаршығаны көріп далаға шығады («Қыз Жібек», 1957, 13). Ертеде бір бой болыпты, ұлы да жоқ, қызы да жоқ болып ты (Радлов... ІІІ, 309-бет). 65 Сауранбаев Н.Т. Еще раз о сложном предложении // Известия АН КазССР. - Серия лингвистики. - Вып. V. - 1948. - С. 37.
Сондай-ақ құрмаласып тұрған сөйлемдердің баяндауышта ры бір шақтың әр түрімен беріледі, ондайда, мысалы, бұрынғы өткен шақтың66 әуелі болжалды түрі (-ып тұлғалы), одан кейін -ған тұлғалысы келеді, солардан соң ғана ауыспалы (а + ды) өткен шақ тұлғасы қолданылады: Ертеде бір кемпір мен шал болыпты, олардың баласы жоқ екен. Баяндауыштардың шақтық рангісінің орын алмасып келуі де мүмкін, бірақ қайткен күнде де олар бір шақтық категорияның аясында тұрады. Фольклор тілі дегеніміз – ғасырлар бойы қырлана түскен, ұрпақтан ұрпаққа ауысқан ауызша әдеби тіл болғанмен, ол ауызекі сөйлеу нормаларымен бір табан жапсарлас жатады. Ой қара сөзбен ауызша айтылғанда, ол қанша күрделі болғанмен, оны тыңдаушыға айқын жеткізу мақсаты көзделетіндіктен, оның грамматикалық оформлениесі мүмкіндігінше жай (күрделі емес) болып келеді. Мұнда жай сөйлемдерді құрмаластырушы жалғаулықтар жазба әдебиетпен салыстырғанда мүлде сараң кезігеді. Бірақ бұған қарап, қазақтың қазіргі әдеби тілі қалыптасқанға дейін көсемше, есімше, шартты рай арқылы құрмалас сөйлем жасау тәсілдері жоқ болды деуге мүлде бол майды67. Тіпті бертіндегі (XVІІ-XІX ғ.) қазақ тілі түгіл, V-VІІІ ғасыр көне түркі тілдерінде де күрделі сөйлем көсемше және септіктер демеген қимыл есімдері арқылы жасалғанын білеміз68. Сондықтан Ыбырай мен Абайдың проза үлгілеріне дейінгі ертегілер мен эпостық полотнолардағы қара сөз үздіктерінде жоғарыда айтылған паратаксис тәсілінен басқа баяндауышы есімше, көсемше шартты рай тұлғаларының ешбір шылаусыз жалғаусыз келген сөйлем түрлері де кездеседі. Мысалы: Бір күні [кемпір мен шал] бала іздеп жылап отырса, отқа көмген наны бала болыпты (А.Е.Васильев. Образцы киргизской на родной словесности. - Вып. І. - Оренбург, 1898. - С. 24). Қанай атты: екеуіміз қатынымыз ұл тапса, екеуін дос қылайық 66 Ертегілерде «ерте-ерте, ертеде», «баяғы өткен заманда болған» оқиғаларды баяндайтын болғандықтан, етістіктің өткен шағы жиі пайдаланылатыны белгілі. 67 Сауранбаев Н. Основные средства связи простых предложений // Известия АН КазССР. - 1946. - № 4 (29). 68 Насилов В.М. Язык Орхоно-Енисейских памятников. - М., 1960. - С.. 79.
деді (Турецкая хрестоматия И. Березина. - Т. ІІІ. - С. 19). [Мах
тым] бұл бізге лайық қыз екен деп, Келмембет деген шабарын
шақырып алды («Қамбар», 1957, 19).
Мұның өзінде де құрмалас сөйлем, көбінесе екі-үш жай
сөйлемнен құралған болады да бағыныңқы сөйлемнің осы
күнгі көсемше, есімше, шартты рай тұлғаларының шылау,
жалғаулармен тіркесе келуі сияқты тәсілдерімен жасалатын
күрделі түрлері, яғни бір сөйлемнің ішінде осылар аралас
келетін түрлері, некен-саяқ кездеседі.
Енді осы жайды Абай прозасынан байқайық. Мұнда сөй-
лемдерді шартты рай, көсемше, есімше тұлғалары арқылы
құрмаластыру ауыз әдебиетіне қарағанда, әлдеқайда жиі қол-
данылады.
Етістіктің шартты р а й тұлғасын Абай қазіргі әдеби тіліміз-
дегі сияқты шартты, қарсылықты, мезгіл бағыныңқыларын
жасау үшін пайдаланады: Ерінбей еңбек қылса, түңілмей
іздесе, ретін тауып істесе, кім бай болмайды (170-10)5.
Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды (154-2). Біреу
өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де,
соған көңілі қозғалмастай берік болу керек (173-131). Білімді
білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді
(174-14).
Шартты бағыныңқылы құрмаластарда парсы тілінен енген
егер жалғаулығының қатысуы қазіргі норма бойынша факуль-
тативті. Абайда да осы норма сақталған. Егер жалғаулығы
қатысып та, қатыспай да жасалған шартты сөйлемдерді ұшы-
ратамыз: Ел тыныш болса, оның ұрлығын ешкім сүймес еді
(156-3). Мен егер закон қуаты қолында бар кісі болсам, адам
мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім (213-17).
Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған
құраны сені неге жеткізеді (169-10).
Өткен шақтық есімше тұлғасы Абайда үш түрлі формада:
1) жатыс септігінде тұрып; 2) шығыс септігі мен соң шылауы
тіркесінде келіп; 3) -ша жұрнағымен тұрып құрмалас сөйлем
жасайды.
Мезгіл бағыныңқы жасайтын жатыс септіктегі өткен шақты
көсемше баяндауыш Абайда сиректеу ұшырайды: Орысқа
қарамай тұрғанда, қазақтың өлісінің ақыреттігін, тірісінің
киімін сол жеткізіп тұрды (153-2). Әртүрлі құмар болған
нәрсеге жеткенде яки әне-міне жетер-жетпес болып жүр-
генде, бір түрлі мастық пайда болады екен.
Бұған қарағанда, шығыс септікте тұрып соң шылауымен
тіркескен өткен шақтық есімше құрмалас сөйлем конструк
циясында Абайда жиі қолданылған және аса бір көңіл ау
даратын жай мынадай: -ған тұлғалы шығыс септіктегі
есімшемен соң шылауының тіркесі (болған + нан + соң) бірте-
бірте фонетикалық деформацияға ұшырап, осы күнгі әдеби
тілімізде ға + сын түрінде жиірек қолданылады: болғаннан
соң > болған соң > болғансын > болғасын. Соңғы варианттың
жиі қолданылуы – тіпті соңғы жылдардың жемісі. Әйтпесе ре
волюциядан бұрынғы, әсіресе XІX ғасырда хатқа түскен жазу
нұсқаларында, көбінесе, толық түрі (болғаннан соң), немесе
шығыс септігін түсірген жартылай толық түрі (болған соң)
кездеседі. Мысалы: Кемпір бұ қызды тысқары шығарады,
шығарғаннан соң қыз бұ жарық дүниені көріп онан бойы
балқып есі ауып қалды (Радлов, ІІІ, 64). Манағы қарт ба
зардан қайтып келгеннен соң осы жігіттен аманат қойған
ақшасын сұрады (Лютш Киргизская хрестоматия. - Ташкент, 1883. - С. 31). Бұған барайын десем, қайығым жоқ болғанан
соң, қынымды қайық қылып, пышағымды ескек қылып, аралда
тұрған биеме барсам, құлындап қалыпты (Лютш, 48). Кұс өзі
жарақаттанған соң қызды қоя берді (А.В.Васильев, 5). Арша
баялышты бек сүймепті түсі қара болған соң (Литературное
приложение газеты «Дала уалаяты». - 1889. - №3).
Әрі қарай фонетикалық ықшамдалудың келесі сатысын
байқаймыз: Мені беске келгенін, бізге қойшы есебінде жүр-
ген Савельичке тапсырды (А.С.Пушкиннің «Капитан қызы»
шығармасының 1903 жылғы аудармасынан).
Ал Абай прозасында мұның бір-ақ сатысы – шығыс септігі
түсірілген түрі (ған+соң) қолданылады, не толық, не одан әрі
ықшамдалған түрлері кездеспейді: Орысқа қараған соң да
орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті (158-2).
Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған с о ң, ғылым өзі – бір
тез қартайтатұғын күйік (151-1). Жаманшылыққа бір елігіп
кеткен с о ң, бойын жиып аларлық қайрат қазақта кем бола
ды (175-14). Әуелі пенде болып жаратылған соң дүниеде ешбір
қызық нәрсені көрмей жүре алмайды (177-15).
Өткен шақтық есімшенің -ша жұрнағын жалғап, бағының-
қының баяндауышы жасалуы да Абай прозасынан орын ала
ды: Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді
танитұғын шошқаны баққан жақсы (183-19). Сұрауын та
бамын, қалауын табамын деп жүріп қорлық пенен өмір
өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден
сұрау керек қой (201-29).
-ып жұрнақты көсемше Абай «Қара сөздерінде», көбінесе,
қимыл сын бағыныыңқы сөйлемнің баяндауышын жасауға
жұмсалады: Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарын,
ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін
ашып, ананы-мынаны дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен.
Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан
жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен (177-15).
Бұлар зораймай, ғылым зораймайды (205-32).
-ып жұрнақты көсемше ауыз әдебиеті тілінде сөйлемдерді
сыйыстыру қызметін жиі атқарады, яғни ауыз әдебиетінің қара
сөз бөлігінде мезгілдес істі баяндайтын жай сөйлемдер -ып
жұрнақты кесемше арқылы бір сөйлемге сыйыстырылады: Бір
сарт базарға келіп, көзілдірік сатып аламын деп, бір дүкенге
еніп, қолына көзілдірік алып, көзіне салып, кітапқа қарайды
(Терентьев Хрестоматия турецкая, персидская, киргизская и уз
бекская. - СПБ, 1876. - 2-к.). Қатын өлтіруге қызын қимайды,
бір алтын әбдіреге салып, ішіне азық салып, аузын жауып,
кілтін сыртына байлап, ағып жатқан дарияға салып, қоя
берді (Радлов, ІІІ, 64).
Мұндай сыйыстыру Абайда өте-мөте батыл қолданылған:
Біреу – білсе екен, не көрсем екен деп, соған талпынып,
жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып,
дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-
керней болса, дауысына ұмтылып, одан ержетіңкірегенде
ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да
тұра жүгіріп, ол немене, бұл иемене деп, ол неге үйтеді, бұл
неге бүйтеді деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап,
тыныштық көрмейді (104-7).
Құрмалас сөйлем жасаудың қазіргі кездегі нормаларымен
салыстырғанда, Абай прозасында салалас құрмаластарды
жалғаулықтар арқылы байланыстыру тәсілі сирек қолданған.
Абай прозасында салалас сөйлемдерді байланыстыратын
жалғаулықтардың ішінен да, және жалғаулықтары ғана кез-
деседі. Мысалы: Екі ортада дүниенің рақатының қайда екенін
білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді
ескерусіз босқа жарамсыз қылықпенен, қор етіп өткізеді де,
таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға
таба алмайды (159-1).
Ал қалған жалғаулықтар (бірақ, сондықтан, себебі, ал т.б.)
Абай прозасында қолданылмағанға жуық, бірақ бір ерекшелігі
сол – Абай сөйлемдерді осы жалғаулықтарға әдейі орын тастап
кеткендей етіп құрады. Контекске қарасақ, тиісті жалғаулықтың
орны айқын сезіліп тұрады: Бағар едім, [бірақ] қалайша
бағудың мәнісін де білмеймін (152-1). Жоқ, ғылым бағарға да
ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ, [сондықтан] білгеніңді кімге
үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың (151-1).
Мына төмендегі сөйлемдерде де сондықтан деген жал-
ғаулықтың орны ойсырап тұр: Жоқ, ол да болмайды, оған да
тыныштық керек, не көрген күнінде бір тыныштық жоқ,
[ ] осы елде, осы жерде не қылған софылық (152-1). Әрбір
орынды харакет өзі де уайым қайғыны азайтады, [ ] орын
сыз, күлкіменен азайтпа, орынды харакетпенен азайт (158-
4). Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік, [ ] не түрлі
боларын біліп сұрадың (169-10). Балаларымның өзіне ілгері
өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен көрерлік орын
тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отыр
мын, [ ] не бол деп бағам (152-1).
Мына сөйлемдерде де ал, және деген жалғаулықтардың
орны айқын сезіліп тұр: Бірақ жас бала қызыл ошақтан
қорқушы еді, [ ] бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас
бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, [ ] бұлар неден болса да,
ұялмайды екен (161-5). Сонда өзге қазақ балаларынан артық
үйренгені немене, [ ] қай көп үйреніпті (192-25).
Салаласа құрмаласқан компоненттердің жалғаулықтар ар-
қылы байланысу тәсілі – мүлде соңғы жылдардың жемісі,
әсіресе бұл жалғаулықтардың сараланып, нормалануы күні
бүгінге дейін жүріп жатқан процесс деуге болады. Баяндауы
шы грамматикалық жағынан тиянақты сөйлемдердің құрмала-
суына жалғаулықтарды қатыстыру – орыс тілінің тікелей
әсері, бұл тәсіл әсіресе орыс тілінен саяси-әлеуметтік, педа-
гогикалық және көркем әдебиетті молынан аудару процесінде
туып, белгілі бір жүйеге келді.
Абайдың прозалық тілінің синтаксисіндегі өте-мөте көзге
түсетін нәрсе – өте күрделі конструкциялардың болуы. Бұл
күрделілік бірнеше жолмен жасалған:
1) Бір субъектіге қазықталған іс-әрекетті білдіретін жай
сөйлемдер бір сөйлем ішіне салаласа топтастырылады: Және
һәмманы жаратқан Құдай бар, (ол) ахиретте сұрау алады,
(ол) жамандыққа жазғырады, (ол) жақсылыққа жарылғайды,
(оның) жазғыруы да, жарылғауы да пенде ісіне ұқсамайды,
(оның) бегірек есепсіз қинауы да бар, (оның) бегірек есепсіз
жетістіруі де бар деп бәріне сендік дейді (208-34) деген
сөйлемде соңғы алты компонент бірінші компонентке ондағы
«Құдай» деген субъект арқылы топтастырылып тұр.
Сондай-ақ Енді [біз] ер ортасы жасқа келдік; [біз]
қажыдық, [біз] жалықтық; [біз] қылып жүрген ісіміздің баян
сызын, байлаусызын көрдік, [біз] бәрі қоршылық екенін білдік
(157-1] деген күрделі конструкцияның қазығы – біз деген субъ
ект, мұндағы бес сөйлемнің бесеуі де біз деген грамматикалық
бастауышын жасырып айтылып тұр.
2) Абайда көп бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер жиі
қолданылады. Оның өзі екі түрлі:
а) Әртүрлі бағыныңқылы құрмаласта: (І) Өзің тірі болсаң
да, (2) көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың (162-
б) (1) Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, (2) бір
болымсыз нәрсені берген болып, (3) тамырым, досым десе,
(4) мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, (5) және
жасынан іс істеп үйден шықпағандық қылып, (б) жоқ-барға
тырысып, (7) алдағанды білмей, (8) дереу оның жетпегенін
жеткіземін деп, (9) тіпті жетпесе, (10) өзінен қосып, (ІІ)
қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, (12) күні өтіп, (13) еңбек
қылар уақытынан айрылып, (14) «жоғары шық»-қа қарық бо
лып, (15) тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, (16) енді
олар біреудің малын бұлдап қарызға алады (207-33). Он алты
жай сөйлемнен құралған бұл кұрмаласта он бес бағыныңқы
сөйлемнің екеуі – шартты бағыныңқы да, қалғандары – амал
бағыныңқылар. Дәл осындай сөйлем Абай «Қара сөздерінде
едәуір;
б) Бірыңғай бағыныңқылы құрмаластар: (1) Біздің қазақ-
тың қосқан аты алдында келсе, (2) күреске түсірген балуаны
жықса, (3) салған құсы алса, (4) қосқан иті өзгеден озып барып
ұстаса, есі шығып бір қуанады (193-26) (1). Біреу бай болса,
(2) біреу кедей болса, (3) біреу ауру, біреу сау болса, (4) біреу
есті болса (5) біреу өсер болса... (199-28). Қолымыздағыны
үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ, безеді екен
(161, 5). Біреу өлтіремін ден қорқытса да, мың кісі мың түрлі
іскер естсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу
керек (173-13). Жоғарыдағы баяндауыштары -ып жұрнақты
көсемшемен жасалып, сыйыстырылған сөйлемдер де осыған
мысал бола алады.
Бір қызық жай – Абайдағы бірыңғай бағыныңқы компонент-
тердің өзі кейде өз ішінен күрделеніп, сабақтас, салалас кон
струкцияларды қоса жасалған болып келеді: (1.) Кедей көп
болса, ақысы кем болар еді, малдан айрылғандар көбейсе,
қыстауы босар еді деп, (2) мен ананы кедей болса екен деп,
(3) ол мені кедей болса екен деп, әуелде ішімізбен қас сағындық
(155-3). Мұнда 1-бағыныңкының өзі 4 жай сөйлемнен, оның
өзінде шартты бағыныңқылы екі құрмалас сөйлемнен құралып
тұр.
3) Аралас құрмалас, яғни сабақтаса, салаласа байланысқан
конструкция: Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып
алсын я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де,
ақыры осыған байладым (152-1). Ол болыс болғандар өзі
қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды
қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос бо
лып, жәрдемі тиеді деп [егер] қас болса, бір түрлі өзіме де
залал жасауға қолынан келеді деп (156-3). Бұл жасқа келген
ше, жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай
өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тар-
тыстық – әурешілікті көре-көре келдік (151-1).
Бұл сөйлем аса күрделі екі компонентке бөлінеді: алғашқы
Бұл жасқа келгенше, жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік
пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік деген бөлігінің өзі
– аралас құрмалас, тұтас сөйлемнің екінші сыңары алдыңғы
сыңардың мағынасын айқындай, детальдай түседі, оның өзі
ішінде бірыңғай мүшелері бар, екіншісі біріншісін қоры-
тындылай құрылған салалас құрмалас болып келеді: алыстық,
жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілдікті көре-көре
келдік (151-1).
Абай прозасындағы логикалық ой тәртібі дұрыс сақтала
жасалған бұл күрделі конструкцияларды ауыз әдебиетіндегі
мына сөйлемдермен салыстырсақ, аса зор айырмашылықты
байқаймыз: (1) Күн көретін қорегі күнде қапқанды құрушы
еді, (2) күнде бір суыр алушы еді, (3) соны қорек қылып жату
шы еді (Лютш, 58). Мұндағы құрмаласу тәсілі баяндауыштары
бірдей тұлғада жасалған ыңғайлас жай сөйлемдердің сырттай
тіркесе айтылуы арқылы болып тұр. Немесе: Ертеде бір кемпір
мен шал болыпты. Олардың баласы жоқ екен. Бір күні екеуі
бала іздеп жылап отырса, отқа көмген қаны бала болыпты.
Ол баласының атын Қамбарбай батыр қойыпты (Васильев,
24). Бұл үзіндіде бір-ақ күрделі конструкция бар, ол да – екі
ғана компоненттен құралған ең қарапайым құрмалас сөйлем.
Біздіңше, ауыз әдебиетіндегі күрделі конструкцияларға
тән нәрсе – жеке компоненттердің сөйлем мүшелерімен (тіпті
тұрлаулы мүшелермен де) толық жабдықталмайтындығы. [Ол]
құдықтан шықса, бір қотыр күрең тай қалады. [Ол] қотыр
күрең тайды барып ұстап алады. Тайды ұстаған екен, [ол
тай] құнан болады, [оны] жүгендеген екен, [тай] дөнен бола
ды, [тайды] ерттеп мінген екен, [ол] бесті ат болады (Рад
лов, ІІІ, 267).
«Дала уалаяты газеті» сияқты тұңғыш баспасөздің тілінде
де күрделі сөйлемнін берілуі көбінесе бейберекет, тәртіпсіз
келеді. Мысалы: Бірақ жалғыз жау қашырмайды деген мақал
бар, сол себепті газет шығаратындар әркімге білдіреді, кімде-
кім қазақ халқының үйдегі һәм халық арасындағы мінез рәсім-
лерін біліп түзеуге ойласа, соны баспаханаға білдіріп, болыс-
тық қылуға хатменен жіберіп («Дала уалаяты газеті». - 1889,
7.01. - №1). Бұрынғы заманнан бері қарай Тарбағатай тауы-
ның етегінде көшіп-қонып жүрген қазақтардың қайсысына
мағлұм белгілі емес, айтылмыш таудың бір биік шоқысы ту
расынан айтылатұғын ертегісі тұқым-тұқымдарын қуалай,
біріне-бірі айтып, ауыздарынан тастаспай жан сақтайтын
дұғадай-ақ болып келе жатыр (Сонда, №14). Бұл екі сөйлемді
де Абайдан келтірген құрмаластармен ешбір қатар қоюға
болмайды. Сөйлем компоненттері мен мүшелерінің орын
тәртібінің төңкеріліп жүргенін былай қойғанда, белгілі бір мо
дельмен құрылмағанын көреміз. Мұның өзі сөйлемді түсінуді
қиындатып тұрады. Ал Абайдағы аса күрделі сөйлемдердің
ерекшелігі – олар аса түсінікті болып келеді, бұған себеп
– ең алдымен, Абайдағы күрделі конструкциялардың жеке
компоненттері бірыңғай (не баяндауыштарының тұлғасы
жағынан немесе жеке сөйлемдердің мазмұны жағынан) болып
келуінде.
Абай прозасында күрделі конструкциялардың тағы бір түрі
бар. Мұндайда толықтауыш бағыныңқының орнындағы сөй-
лемнің баяндауышы табыс септігінде тұрмайды немесе жай
сөйлемдер деп дәнекері арқылы байланыспайды, сөйлем
басыңқы мен бағыныңқының орны ауысып келуі арқылы жа
салады. Мысалы: һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқа-
шан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады
(155-3) деген сөйлемнің дағдылы түрі әрбір жалқау кісі қор-
қақ қайратсыз тартатынын... байқаған» болар еді. Сондай-
ақ: Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза
берейін (152-1). Салыстырыңыз: ақыры: осы ойыма келген
нәрселерді қағазға жаза берейін деп ойладым. Әрнешік білмек
керек: жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ
(173-13). Салыстырыңыз: Жоғарғы жазылмыш екі түрліден
басқа иман жоқ екенін әрнешік білмек керек. Енді осылар
дан ойлап білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады
(193-26). Салыстырыңыз: Надан ел қуанбас нәрсеге қуана-
тынын енді осылардан ойлап білсеңіз болады.
Бұл конструкцияны Абайда да кездесетін қарапайым
инверсиямен шатастыруға болмайды. Сөйлем мүшелерінің
жай ғана орындары алмасып келгенде, олар өз тұлғаларын
сақтап тұрады және жай сөйлем құрылысын бұзбайды. Мыса
лы: һәрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі де бір мастық екенін.... (158-4) (салыстырыңыз: күлкі өзі де бір мастық екенін һәрбір байқаған адам білсе керек) һәммаға мәлім: әуелде адам балалары бұл күнгі орындарына екі жақтан толқынып келгендігі (248) (салыстырыңыз: әуелде адам балалары бұл күнгі орындарына екі жақтан толқынып келгендігі һәммаға мәлім). Ал толықтауыш бағыныңқы сөйлемнің басыңқыдан соң орналасуы үшін оның баяндауышы формальдық жағынан тиянақты тұлғада тұруы қажет, һәмма ғаламға белгілі данышпан дар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз т а р т ады. Әдетте мұндай сөйлемдерді сыртқы грамматикалық оформлениесіне қарап салалас құрмалас дей салып жүрміз, ал мағыналық құрылысына сайсақ, бұл – сабақтастардың ерек ше бір түрі болмақ. Сірә, біздің бақылауымызша, бұл кон струкция орыс тілінің әсерінен пайда болған тәрізді: что де ген жалғаулықпен келетін толықтауыш бағыныңқылардың эквиваленті ретіндегі грамматикалық калька болар деген ойға келеміз. Өйткені мұндай сөйлемдер не ауыз әдебиетінде, не Абайдың алды-артындағы өзге нұсқаларда кездеспейді деуге болады.. Абай прозасында белгілі бір нормаға айналған тағы да бір ерекше күрделі конструкция бар. Абай үйірлі толықтауышты сөйлемді екіге бөліп жібереді: сонда табыс септікте тұруға тиісті сөз ашық райға қойылады да алдыңғы компоненттің тиянақты баяндауышы болып шығады. Мысалы: Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді (162-6). «Бірлік қандай елде болатынын, қайтсе тату болатын дарын (жұрт – олар) білмейді» дегенмен салыстырыңыз: Тағдырдың жарлығын білесіздер – өзгерілмейді (184-20). «Тағдырдың жарлығының өзгерілмейтінін білесіздер» деген мен салыстырыңыз. *** Абайдың прозалық мұраларындағы назар аударатын жайдың тағы біреуі – құрмалас сөйлем структурасына есімдіктердің жиі қатыстырылуы.
Қазақ тіл білімінде шартты бағыныңқыларды жасауға
қатысатын сұрау, сілтеу есімдіктерін қатыстық есімдіктері
деп атап жүр. Абайда бұлардың қолданысы екі түрлі: бірі –
құрмаластың екі компонентінде қайталанып келуі (ол – сол,
қандай – сондай, кім – сол, қай – сол т.т.), екіншісі – кейбір
сұрау есімдіктерінің (қашан, қай т.б.) құрмаластың бір-ақ
компонентінде келуі.
Жүйрік атта – кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын
нәрсе, қыран құс та, жүйрік атта – кейде оның қолында, кей
де мұның қолында болатұғын нәрсе (193-26). Кейде ана елден,
кейде мына елден шығады (193-26). Бұл тәсіл әсіресе Абайдың
өлеңдерінде өте жиі қолданылады:
Абұйыр, атақ сол жанда
Кімді көп жұрт мақтаса (І, 145)
Көрмейсің бе, тоқта енді,
Кімге сенсең, сол – шикі (І,147).
Кейде Абайда қатыстық мәнді есімдік бірінші компонент
ке қатыстырылып, екіншісінде түсіріліп айтылады: Кім жет
се [сол] табады, өнерімен жетеді (249). Кім жақсылық, кім
жамандық қылса дағы, [сол] Құдайдан келген жарлықты
қылып жүр екен дейміз бе? (200-28).
Абайдың прозасында қатыстық есімдіктерінің бір сыңарын
түсіріп қолданудан гөрі, екі сыңарын да қатыстырып айту
басымырақ. Ал өлеңдерде түсірілуі (Ішінде кімнің оты
бар, (ол) қар жауса да сөнер ме?) мүлде басқаша мотивте:
буын саны, ұйқас нормасы сияқты факторлар қатыстық есім-
діктерінің жұбын айырып кететіні осы күні де поэзия тілінің
синтаксисінде кеңінен пайдаланылады.
Мына сөйлемдерде қашан есімдігі де сыңарсыз қолданыл-
ған. Әдетте қашан есімдігі мезгіл бағыныңқы сөйлем ішінде
қолданылады және оның қатысуы таза факультативті: Қашан
әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты
өз қылып, үйір боларлық қайрат, жалын сеніп те қалған екен
(166-9).
Сірә, мезгіл бағыныңқының құрамында қашан есімдігінің
қолданылуы орыс тілінің әсері болар ма деп жорамалдаймыз.
Өйткені біздің байқауымызша, бұл қолданыс Абай, Ыбырай
прозаларында, «Дала уалаяты газетінің» тілінде және Алекторов, Лютш, Васильев тәрізді орыс ғалымдары мен ағартушылары құрастырған материалдардың тілінде ғана ұшырасады да фольклорлық шығармаларда да немесе Абай мен Ыбырайдың өлеңдерінде кездеспейді. Мысалдар келтірейік: Қашан жұмыстың қалай істеуін білсең, жылдамырақ һәм артықша қылып істеп бітіресің («Дала уалаяты газеті». - 1894, 20 февраль.- №8). Қашан деңізде жүзген кемеге қарасаңыз әуелі мұның үстіндегі сырғауылдың ең ұшы көрінеді (Сонда, 1895, 2 апрель. - №13). Бұл нұсқаларда жалғыз қашан емес, басқа да есімдік не месе есімдікті тіркестердің орыс тіліндегі модель бойынша пайдаланылған жайларын байқап қаламыз: Келесі бейсембіде үйге қайтып, әке-шешеммен бірге базарға бардым. Кімі мал сатады, кімі киім, кімі шуға, кімі темір нәрселер сатып жа тыр (Ы. Алтынсарин, «Начальное руководство»). Мұндағы кімі есімдігі орысша кто есімдігімен жасалатын сөйлемдердің үлгісімен қолданылып тұр. Әйтпесе қазақ тілінің нормасы бойынша біреуі деген белгісіздік есімдігі айтылар еді. Сондайақ қай уақытта соған жеткенде, аттан түсіп, сол інге кіріп кетеді (Лютш, 39) деген сөйлемдегі қай уақытта тіркесі де орысша когда есімдігінің орнына факультативті түрде қолданылып тұр. Әйтпесе қазақ тілінде құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының түрлі мағыналық сырларын қатыстық есімдіктері емес, есімше, көсемше, шартты рай тұлғалары мен компоненттердің бір-бірімен мағыналық-логикалық қарымқатынасы белгілейді. * * * Verba dіcendі – сөйлеу етістігі «де» арқылы күрделі кон струкция құру тәсілі Абай прозасында жиі пайдаланылған. Әсіресе де-нің өткен шақтық көсемше тұлғасы (деп) мен есімше тұлғасы (деген) жиі қолданылған. Де дәнекерлігімен келген конструкциялардың өзі екі түрлі: бірі және жиі түрі – төл сөзді құрылымдағысы,69 екіншісі қарапайым құрмалас сөйлем құрылысындағысы. 69 Жазба әдеби тіл тарихымызда деп тұлғасының төл сөзді дәнекерлеуші ретінде қолданылуы және оның орналасу тәртібі жайын бұл мақалада сөз етпейміз. Ол өз алдына бөлек талданады.
Сонда мен ойлаушы едім: «Әй, Құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған екен, ең тәуір халық біз екенбіз» деп (153). Көзді, мұрынды [Құдай тағала) ауызға жақын жара тыпты, ішіп-жеген асымыздың тазалығын көріп, исін біліп, ішіп-жесіп деп (196-27). Абай прозасындағы деп-пен жасалған құрмаластардың бір ерекшелігі – дәнекерші элементтің өз орнында (дәнекерленуші екі компоненттің орталығында емес) тұрмай, сөйлемнің ең соңында тұратындығы, яғни басыңқы мен бағыныңқының орын алмасып келуі70: ...Бұлар неліктен? – десе біреу, сіздер айтасыздар: «Құдай тағаланың жаратқанынан, бұйрығынша болған ісі» – деп (199-228). Бағана айттық қой, жан қуаты басында кішкене болады, ескермесе жоғалып та кетеді, ескер се, күтіп айналдырса, зораяды деп (242-43). Деп дәнекерлігімен жасалған бағыныңқының сөйлем соңында келуі, яғни сөйлемнің деп-ке аяқталатын конструкциясы жалғыз Абай прозасына емес, Ы.Алтынсарин прозасына да тән: Мұны көріп Асан жылай бастады, енді қайсысына түсеміз деп («Киргизская хрестоматия», І бөлім, 21-бет). (Адам) барып патшаға арыз етті, не гүнам бар, жерім біреу алғандай деп (Сонда, 44-бет). Келесі күн көп кісі жиылды қазының төресін естеміз деп (Сонда, 61-бет). Деп дәнекерінің сөйлем соңында келтіру тәсілі Абай мен Ыбырайдың прозаларында ғана емес, сол тұстағы бүкіл қазақ прозасында қолданылғанын тіл фактілері дәлелдейді. Ең алды мен, өткен ғасырдағы проза жанрының үлгісі «Дала уалаяты газетінде» деп-ке біткен сөйлемдерді жиі ұшыратамыз: Торғай облысының газеті айтады 1896 жылдың аяғында Бестөбе бо лысында сол елдің болысы Ысмайыл Досұғлы бір школ ашты деп (Дала уалаяты газеті. 30/ІІІ.1897. - №14). «Біздің қазақ халқы ойлайды бір үлкен кереметлі нәрсе бар ғой... дүниенің өзін билеп тұратұғын деп (Сонда, 27/1. 1894. - №47). Алғаш орын алған ұшынды азырақ кептіріңкірейді ашуы қайтсын деп (Сонда, 26/V.1889. - № 21). 70 Деп арқылы құрмаласқан компоненттердің бағыныңқысы бұрын, басыңқысы соңынан келетін дұрыс конструкциясы Абайда мүлде кездеспейді деуге болмайды. Өте сирек болса да ұшырата аламыз: «Ұялмас бетке талмас жақ береді» деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі дағы (202-30).
Көркем прозадан тұңғыш аударылғандардың бірі – Пушкиннің «Капитан қызы» болды. Онда да сөз етіп отырған тәсілден құр алақан емес: Мен өзім бегіректе қуандым. Петербурға барып, босаңдықта қызық көремін деп («Капитан қызы», 1903). Деп дәнекерінің сөйлем соңында тұру амалының төркінін іздесек, беріректегі ізін ауыз әдебиеті нұсқаларынан табамыз (әрине, әңгіме қара сөзбен берілетін жерлері жайында): Сонда Айман ойлайды енді мен батырдың атын қолыма түсіріп алайын деп («Айман-Шолпан»). Жібекжан, шырағым, ояумысың, міне, бір жақсы кісі қасыңа келіп тұр сөйлесемін деп («Қыз Жібек»). Сарыбай ойлады: менің күйеуім жалғыз бол ды, мұның көзі олай-бұлай болып кетсе, қызым Ұлтанға қор болады екен деп («Қисса Алпамыш», 1901). Қазақтың бай ауыз әдебиетін өткен ғасырда жинап бастырған орыс ғалымдары Радлов, Лютш, Васильев және басқалары жариялаған материалдардан да деп-ке аяқталған сөйлемдерді жиі ұшыратамыз71: Баласы он жасқа келгенде, шешесінен сұрайды: «Әкем қайда?» – деп (В.В.Радлов, Образцы... - Т. ІІІ. - С.253). Сонан соң ханға хабар берді: Солай, Тарғын батыр жоқ деп (Сонда, 123-бет). Хан тұрып, сұрайды: әрқайсыңның не өнерлерің бар, айтыңыздар деп (Васильев, 1-бет). Деп дәнекерінің сөйлем соңында келуі – о баста ауызекі сөйлеу тілінің нормасы72. Және бұл тек қазақ тілінің ғана емес, көптеген түркі тілдері, оның ішінде көне өзбек тіліне де тән болғанын байқаймыз73. Сөйлемнің деп-ке аяқталу тәсілі қазақ жазба әдеби тілінде 71 Қараңыз: Досқараев Ж., Сарыбаев Ш. Октябрь революциясынан бұрын басылып шыққан кейбір нұсқалардың тілі жайында //Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері. - 3-шығуы. - Алматы, 1960. - 247-бет. 72 Кеңесбаев С.К. Абай – основоположник казахского литературного языка // Советский Казахстан. - 1955. - №9. - С. 128. 73 Дархан «Іабраил кэліп атті іа Муса асаині дарйаға ургіл дәп...» тотчас же явился Джабраил и сказал: «О Муса брось свой посох в реку...» – Сол бойда Жәбрейіл келіп айтты: «Я Муса, асанды дарияға лақтыр», – деп. Мысал А.М.Щербактан алынды (Грамматика староузбекского языка. - М.-Л., 1962. - С.220). Коімі аніарқа аіді: сізлар кімлёр сізлар, қайғару барур сізлар теб. (Бұл мысал 1914 жылы Карши қаласынан табылған «Тефсирдің» (XІІІ ғ.) А.К.Боровков келтірген тексінен алынды (Боровков А.К. Из материалов по истории узбекского языка // Тюркологический сборник. - Ч. І. - М., 1951. - С. 74, 75).
көпке дейін орын алып келді. XX ғасырдың басындағы газетжурналдарда да, жеке жазушылардың шығармаларында да деп пен тұйықталған конструкцияларды жиірек кездестіреміз. Төл сөзді сөйлем мен соған ұқсас деп-пен жасалатын сөйлемдердің осы күнгі әдеби тіліміздегі нормасы (яғни деп дәнекерінің дәнекерленуші компоненттердің ортасында орна ласу тәртібі) үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарынан бастала ды74. Қазіргі көркем әдебиетімізде де деп-пен тіркескен басыңқы мен бағыныңқы өз орындарында тұруы әбден нормаға айнал ды. Ірі-ірі жазушылардан бір-бір мысал келтірейік: Балаңды суық өсірдің деп, биыл жазда Ұлжанға да кінә таққан (М.Әуезов). Алтайды, шыныңды айтпадың деп, сілесін қатыра ұрды (С.Мұқанов). Ілесе кетем бе деп, үртіс жүріп кеттім (Ғ.Мұстафин). Таныс біреу кездесер ме екен деп, Жабай жер үйлерді аралап кетті (Ғ.Мүсірепов). Ал қоғамдық саяси және публицистикалық, педагогикалық жанрдың қауырт қалыптасып кеңінен дамуына байланысты, деп-пен жалғасқан екі компонентті құрылыстардың белгілі бір нормаға түсу процесі тезірек өтті. Қазір бұл конструкцияның әдеби нормасы әбден қалыптасты деуге болады: басты-ба сты жанрдың барлығында да дәнекер деп екі компоненттің аралығында келеді. Сөйтіп, жоғарыдағы талдаулардан Абай прозасындағы құрмалас сөйлемдердің берілуі жайында мынадай қысқаша қорытынды жасауға болады. Абай прозасында ауыз әдебиетіне қарағанда, сөйлемдерді шартты рай, көсемше, есімше арқылы құрмаластыру әлдеқайда жиі қолданылған. Бұл тұлғалардың шылау, жалғаулармен қолданылуы да Абайда белгілі бір жүйеге келген, яғни қарсылықты бағыныңқы жасауда шартты райға да шылауы тіркесе айтылады, -ған жұрнақты есімше жатыс септігінде, шығыс септігімен соң шылауы тіркесіп және -ша жұрнағымен тұрып күрделі сөйлем компонентінің баяндауы шын жасайды. -ып /-іп жұрнақты көсемшені Абай мезгілдес істі баяндайтын жай сөйлемдерді бір күрделі конструкцияға 74 Бұл пікірімізді нақтылы фактілермен дәлелдеп талдауға осы мақалада мүмкіндік болмады. Ол жайында жазба әдеби тіліміздің совет тұсында даму тарихына арналған зерттеуімізде толық айтамыз.
сыйыстыру үшін батыл пайдаланады, бұл тәсіл қазақтың ауыз
әдебиеті мен сөйлеу нормасына тән көне амалдардың бірі бола
ды. Абай «Қара сөздерінде» салаласа құрмаласқан сөйлемдерді
байланыстыратын жалғаулықтардан да, және жалғаулықтары
ғана қолданылған, қалғандары (бірақ, сондықтан, себебі, ал
т.б.) көп қолданылмаған, бірақ сөйлем конструкциясы осы
лар қатысып тұрғандай модельде құрылған, сондықтан Абай
күрделі конструкциялардың бұл түрін жасауда ауыз әдебиеті
мен ауызекі нормадан әлдеқайда алыстап, қазіргі нормамыздың
ізін қалаған дей аламыз.
Абайдың прозалық тілінің синтаксисіндегі ерекше көзге
түсетіні құбылыс – ондағы аса күрделі конструкциялардың
болуы, яғни бір субъектіге қазықтаған іс-әрекетті білдіретін
жай сөйлемдерді бір сөйлемге сыйыстыру да, көп бағының-
қылы құрмаластарды, аралас құрмаластарды Абайдың жиі, әрі
дұрыс қолдануы да ауыз әдебиеті мен өз тұсындағы қазақша
басқа жазу нұсқаларынан әлдеқайда асып түседі. Абай проза
сында 10-16 жай сөйлемнен құралған күрделі сөйлемдер едәуір
ұшырасады және олар қаншама шұбалыңқы ұзақ болғанымен,
түсінікті болып келеді. Өйткені Абай күрделі сөйлемдерді
бірыңғай компоненттерге құрады, мұның өзі білдірейін деп
тұрған ойды бірнеше тең бөліктерге бөліп, ара-арасына пау
за жасауға, сөйтіп, айтылған (немесе оқылған) бөлікті ойша
қорытуға (қабылдауға) мүмкіндік береді.
Абай прозасында күрделі сөйлем құрудың әдеби нормаға
әбден сыйымды тағы бір тәсілі бар: ол үйірлі толықтауыш бо
латын компонентті ашық райға қойып басыңқының соңына
жіберетіндігі (ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді
қағазға жаза берейін). Бұл тәсіл – бір жағынан, әдеби нормаға
әбден сыйымды, екіншіден, Абайдың өзіне тән стильдік
ерекшелігі, үшіншіден, Абайға тигізген орыс тілі синтаксисінің
әсері емес пе екен деп жорамалдаймыз (бұл соңғы пікіріміз әлі
де іздестіре, зерттей түсуді керек етеді).
Абай прозасындағы кұрмалас сөйлем структурасына
қатыстық есімдіктері (ол – сол, қандай – сондай, кім – сол, қай
– сол т.б.) жиі қатыстырылған, бұл да – тұңғыш әдеби нор-
малардың бірі, өйткені фольклорда болсын, басқа жазу нұс-
қаларында болсын (әсіресе «Дала уалаятында») бұл тәсіл әлі
белгілі бір жүйеге келмеген (бір сыңары айтылса, екіншісі жоқ
т.т.) бейберекет күйде.
Абай құрмалас сөйлемдердің жеке компоненттерін деп,
деген дәнекерші элементтерімен байланыстыру тәсілін жиі
қолданады, оның өзінде деп дәнекері көбінесе сөйлемнің
соңында тұрады, яғни басыңқы мен бағыныңқының орындары
алмасып келеді. Бұл тәсіл жалғыз Абайда емес, Ыбырай про
засында да, сол тұстағы басқа нұсқаларға да тән. Сөйлемнің
деп-ке аяқталуының бергі төркіні – халық ауыз әдебиеті, арғы
төркіні көне түркі жазу нұсқалары, ал ең түпкі төркіні – ауызекі
сөйлеу тілі. Деп элементімен байланысқан компоненттердің
өз орындарын табу, яғни бағыныңқының бұрын (деп-ті өз ішіне
алып), басыңқының кейін келу нормасы (яғни деп-тің сөйлем
ортасында қолданылуы) қазақ әдеби тілінде соңғы 20-30
жылдың ішінде қалыптасқанын айта аламыз.
Исследования по истории казахского языка.
Отдельный оттиск. - Алма-Ата: Наука, 1965. - С.42-57
Абай шығармаларындағы кейбір шылаулардың қызметтері Үшін (оның үшін) шылауы Абай «Қара сөздерінің» тексінен үшін шылауының оның үшін түріндегі тіркесінің қазіргіге қарағанда, өзгеше қызметте келетінін кездестіреміз. Осы күнгі әдеби тілімізде үшін шылауы «істің мақсатын, бір заттың кімге, неге арналғандығын білдіреді»75. Бұл шылаудың ол деген есімдікпен тіркесі (ол үшін < оның үшін) қазірде мақсаттық, салдарлық мағына береді (орысша «для этого» дегенмен әуендес келеді) және көбінесе ол есімдігі атау тұлғада жұмсалады: ол үшін. Ал Абай прозасында оның үшін болып келген конструкция бұл айтылған мағынада емес, «оның себебі» деген тіркестің мағынасында жұмсалады, яғни «Қазіргі қазақ тілі» курсының терминімен айтсақ, білдіретін мағыналық қатынастарына қарай салдарлық емес, себептік шылау қызметін атқарады. Осы күнгі өйткені деген жалғаулықтың дубликаты ретінде жұмсалады (орысша «потому что» дегенге сай келеді): «[Адам баласы] тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңіл аз ба, көп пе жалығады. Оның үшін ( ~ оның себебі) бәрінің айыбын көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суи бастайды» (ІІ, 175)76. «Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, ол майдандағы кісіменен сырлас болады. Оның үшін ( ~ оның себебі) өзге жолдағылардан «бәрекелді»- ні оңды күтпейді» (ІІ, 218). «Мұнысы қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарайды дағы, «мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» деп қазақтың бетінен оқып, ізденген талап емес. Оның үиіін (~ оның себебі) кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді» (ІІ, 219). 75 Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 352-353-беттер. 76 Мысалдар Абай шығармаларының 1957 жылы шыққан екі томы бойынша алынды. Осы жерде және әрі қарай жақша ішіне томы мен беті ғана көрсетіліп отырылады.
Үшін шылауының ол есімдігімен тіркесінің бұл сияқты
қазақ тіліне тән емес қызметі Абай шығармаларын бастырып
шығарушыларды бірнеше жерде оның үшін дегенді «оның
себебі» деп алмастыруға әкеп соқтырған. Әсіресе Абай «Қара
сөздерінің» тұңғыш жариялануында (1933 жылы) оның үшін
дегеннің көпшілігі оның себебі деп өзгертіліп берілді. Кейінгі
басылуларында бұл сияқты редакциялар біраз тежеліп, нұсқаға
(яғни Абай мұрасының бірнеше көшірмесін қалдырған
Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбаларына) сәйкестендіріп беру
бағыты ұсталған. Әйтсе де осы әрекеттің қалдығы ең соңғы ба
сылуларына дейін созылып келе жатқанын текстологиялық са
лыстырулар көрсетіп отыр. Мысалы, Абайдың орыс тілі, орыс
мәдениеті туралы жазған атақты сөйлеміндегі (25-сөзінде)
қолжазба бойынша оның үшін болып келетін тіркес кітапта
оның себебі деп өзгертіліп беріліп жүр: «Орысша оқу керек,
хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста зор. За
лалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын
ғылымын білмек керек. Оның себебі (қолжазбада – оның үшін)
олар дүниенің тілін білді, мұндай болды» (ІІ, 179). Бұл ауыс-
тырулар Абай шығармаларын қалың оқушы жұртшылыққа
түсінікті, жатық түрде ұсынудан туған талапқа байланысты
болу керек.
Оның үшін конструкциясының қазіргі қазақ тіліне тән
емес мағынада жұмсалуын жалғыз Абай прозасының тілінен
емес, Ыбырай тілінен (Абайға қарағанда сиректеу), В.Радлов,
Лютштер бастырған материалдардан да (олардың қара
сөзбен берілгендерінде), «Дала уалаяты газетінің» тілінен де
кездестіреміз: «Үсен енді білді жақын жерде көл бар екенін,
оның үшін (~ оның себебі) қаз сусыз жерді мекен етпейді»
(Ы.Алтынсарин Киргизская хрестоматия. - 1879. - С. 25. Бай
мен жарлы баласы). «Сол берген денелерді тиісті орнына
жұмсамасақ, Құдай бұйрығына қарсылық болса керек, оның
үшін (~ оның себебі ~ өйткені) жүрмей, тұрмай, отырмай,
көрмей, есітпей, Құдайға құлшылық етіп те болмайды» (Сон
да, «Лұқпан әкім»).
«Лұқпан әкім» деген әңгіме «Дала уалаяты газетінің»
1889 жылғы 5 әдеби қосымшасында басылған. Тегі, ол
Ы.Алтынсариннің «Киргизская хрестоматиясынан» алынған
болу керек, өйткені текстерін мұқият салыстырып өткеніміз-
де, орфограммасы жағынан болмаса, басқа ешбір айырма-
шылық жоқ болды. Жоғарғы сөйлемді осы қосымшаның
орысша аудармасынан былайша окимыз: «Неупотребление
этих чувств членов по принадлежности является нарушением
воли творца: так как не видя, не слыша, и не ходя, невозмож-
но молиться Богу».
«...Егерде қуып жетіп өлтірсе, құны жоқ болсын, тек Тар-
ғыннан айырыңыз да, өзіңіз алыңыз, – деді, – оның үшін (~ оның
себебі) бек көңілім қалып өкпеледім» (В.В.Радлов, Образцы... -
Т. ІІІ. - С. 124. Ер Тарғын). «Барлық ақшамды бір байғұс шалға
бердім, оның үшін ( ~ өйткені) ол маған насихат айтты» (Лютш
Киргизская хрестоматия. - С. 33). Мұнда ақша беру әрекеті на
сихат айтудан кейін істелген, яғни шал әуелі насихатын айтқан,
содан соң ғана жігіт оған ақшасын берген.
«Қазақ халқының тұрулары мен жайын анықтап байқама-
ған уақытта жоғарғы айтқандары адамды ойландыратын,
оның үшін (~ оның себебі) халық жылдан жылға өсе береді,
жер бір қалыптан аумайды» («Дала уалаяты газеті». - 1889, 22
декабрь. - №51). «Өзінің иесі өлген мезгілде күншығыс жағын-
дағы әдеттердің рәсімінше атын иесімен бірге көмген екен,
соның үшін (~ өйткені) айтады: ат тапқан мезгілде адам сүйе-
гін бірге тапқан» (Сонда, 1891, 17 май. - №19). Осы сөйлемнің
сол нөмірдегі орысшасы мынадай: «Лошадь эта когда-то зары
та по смерти своего хозяина и вместе с ним по обычаю Восто
ка, потому что в этой же руине найдены человеческие кости»
(Н.Жетпісбаев дегеннің Шығыс Қазақстан территориясынан
табылған археологиялық нәрселер туралы мақаласынан).
Сөйтіп, Абай тіліндегі оның үшін конструкциясының
мағынасынан байқалатын ерекшелік жалғыз Абай прозасы
на ғана емес, өткен ғасырдың соң тұсындағы қазақша жазу
нұсқалары тіліне де бірқыдыру тән болған деген тұжырымды
айта аламыз.
Абай прозасында үшін шылауының орнына себепті деген
шылауды пайдаланған бірді-екілі сөйлемді ұшыратамыз. Өзбек
(және көне өзбек) тіліне тән себепті шылауы Абайда үшін
шылауымен синонимдес жұмсалады: «Гомерге бәйітшіліктігі
себепті (~ бәйітшіліктігі үшін), Софоклге трагедиясы себепті
(~ трагедиясы үшін), яғни біреудің сипатына түспестік, Зевк
сиске суретшілігі себепті (~ суретшілігі үшін) таңырқаймын»
(ІІ, 181). «Ай, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше,
қылған өнерлері себепті (~ өнерлері үшін) адам таңырқауға
лайықты» (ІІ, 181).
«Үшін» мағынасындағы себепті сөзін қолдану өзге түркі
тілдерінің Абайға тигізген әсерінен болуы керек. Бұл шылау-
дың бір-ақ 27-сөзде (Сократ хакимнің сөзінде) кездесетіндігі
осы пікірімізді қуаттай түседі. Қазақ тіліне тән емес бол
сын үшін, жауып тұрсын үшін деген өзге түркі тілдік конс-
трукциялардың да осы «Сөзде» орын алғандығына на
зар аударсақ, жалпы «Сократ хаким сөзінде» басқа бір түркі
тілінің тікелей әсері (ізі) бар екендігін аңғарамыз. Тегі, автор
бұл әңгімені әдеби түркі тілдерінің басқа біреуінен оқып, сол
бойынша жазған болуы керек.
Ал «өйткені, оның себебі» деген мағынада оның үшін тірке-
сін пайдаланудың тамыры, бір жағынан, өзге түркі тілдеріне
тіреліп жатса, екінші жағынан, қазақтың жалпыхалықтық
тілінің нормасына да ұштаспай ма екен деген жорамал туғы-
зады. Әйтпесе кітаби тіл элементтерінен көрінер көзге ірге-
лерін аулақ салған Радлов, Лютш, Алтынсарин сияқты адам
дар бұл тәсілді өз қолдары тиген материалдардың тіліне жуық-
татпаған болар еді. Оның үстіне өзге түркі тілдік тәсілдер-
ді стилистік мақсатпен 27, 38-інші тәрізді белгілі бір «Сөз-
дерінде» ғана пайдаланған Абай өзінің прозалық шығарма-
ларының ұзын-ырғасы бойына бұл амалды түгел қолданбаған
да болар еді.
Оның үшін тіркесінен өзге тіркестерде келген үшін шы-
лауы, әрине, Абайда да, XІX ғасырдан басқа жазуларда да
қазіргідей мақсаттық мағынада жұмсалады.
Абай шығармаларындағы ыңғайластық
жалғаулықтардың көрінісі
Абай тілінде ыңғайластық жалғаулық ретінде менен (> мен),
дағы (> да), және (~ жана), һәм (> әм), уа тұлғаларын кездес-
тіреміз. Бұлардың ішіндегі соңғы екеуі, негізінен, «Қара
сөздер» текстерінде ұшырайды.
Менен (> мен) форманты Абай шығармаларында, қазіргі-
дей, екі түрлі қызмет атқарады: бірінде ол құралдық (инстру-
менталдық – қаламмен жаздым) және бірлестік (комутативтік
– баласымен келеді) мағынада, екіншісінде бірыңғай мүшелер
мен құрмаласқа енген жай сөйлемдерді байланыстырушы
жалғаулық шылау қызметінде жұмсалады. Бұл форманттың
Абай шығармаларындағы қызметі қазіргі нормамен дәл
түсетіндіктен, оны талдап жатпайық.
Дағы (> да) форманты да Абайда екі түрлі қызмет атқарады;
ең әуелі, ол сөйлемнің белгілі бір мүшесінің мағынасын
күшейтіп, оған баса көңіл аударту үшін жұмсалады: «Өтірік
көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап
қойылған» (ІІ, 160). «... Ызалы күлкі өзі де – қайғы» (ІІ, 162).
«...Еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» (ІІ, 162).
Бір көңіл аударатын нәрсе – осы қызметте дағы формантының
ықшамдалған варианты көбірек кездеседі.
Дағы тұлғасының екінші қызметі – бірыңғай мүшелер
мен бірыңғай сөйлемдерді байланыстыру болады. Қазіргіге
қарағанда, Абайда жиірек ұшырасатын дағы варианты осы
қызметте көбірек кездеседі: «Сонда есті адам орынды іске
қызығып, құмарланып іздейді екен дағы күнінде айт
са құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен» (ІІ,
1). «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап
татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы, сон
дайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» (ІІ,
175).
Қызметі жағынан дағы (> да) форманты да Абай тілінде
қазіргі қолданысымен бірдей түсетіндіктен, мұны да талдамай
мыз.
Қазіргі өнімді жалғаулықтардың бірі – және77 Абай тілінде, негізінен, екі түрлі қызметте келеді. Абайда және сөзі көбінесе ыңғайластық жалғаулық ретінде емес, «тағы, тағы да» деген үстеу мағынасында жұмсалады: «Ол қыстауынан айрылған және (– тағы) біреуге тиіспек» (ІІ, 159). «Жастықта бұл қызықтан соң және (– тағы) бір қызық тауып алатын кісімсіп...» (ІІ,171). «Олай болғанда және ( – тағы) не ойлайсың» (ІІ, 182). Абай және сөзін үстеу мағынасында әсіресе өлеңдерінде жиі пайдаланады: Туысқан, туған, құрбылас Қызығымең және жоқ (І,198). Осыларды бұзатын және үш іс бар (І, 244). Шырағым, мастықпенен қылыппын деп, Әуелгі сөзден танып және алдайды (І, 277)’ Жеті күн жынды болар суын ішкен Жеті күн өткеннен соң және оңалар (І, 268). Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай, Және айта бер дейді жұрт тыным бермей (І, 96). Және сөзінің «тағы, қайтадан» деген үстеу мағынасында қолданылуы қазіргімен салыстырғанда Абай заманында өнімдірек болғанын айтамыз. Өйткені Ы.Алтынсарин прозасынан да «тағы» мағынасындағы және сөзін табамыз: «Күндерде бір күн Сәтемір ойлап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп бара ды да, орта шеніне барғанда құлап түседі, тұра салып тағы да өрмелейді, үшінші рет өрмекші жаңа (~ қайтадан) тырмысады» (Киргизская хрестоматия. - Ч. 1. - 1879. - С.2). «Бітегенеден соң 77 Бұл жалғаулыктың және түріндегі орфограммасы – соңғы кездің жемісі. Тіпті қазірге дейін, 20-30-жылдарда бұл сөз жуан дауыстылармен тұлғаланушы еді (жана) жалпыхалықтық ауызекі тілде де бұл сөздің жуан вариантының қолданылуы басым болуы керек. Абай да мұны жуан түрінде пайдаланғанын өлеңнің ұйқасына қарап дәлелдеуге болады: Бала туса, күзетер шылдахана. Олар да өлең айтар шулап жана. Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара (І,69). Халық әдебиетіндегі мына ұйқасқа да көніл аударыңыз: Е, Құдайым бала берсін, Мал мен басты жана берсін (В.В.Радлов, Образцы.. - Т. ІІІ).
және ( ~ тағы) бір шие, онан біраз өткен соң және (~ тағы) бір
шие, соның мен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені
он шақты рет иіліп жерден алып жеді» (Сонда, 4-бет). «Үсен
түсініңкіреп, бойы мұздап, қолына манағы қармақтың таяғын
қысыңқырап ұстап, және ( ~ қайтадан) отыра берді» (Сонда,
25-бет).
Және (~ жана) сөзінің екі бірыңғай мүшені немесе сөйлемді
байланыстырмай, «тағы, тағы да, қайтадан» деген мағынада
қолданылуы қазақтың ауыз әдеби тіліне де жат болмағанға
ұқсайды:
Біреу және келеді,
Қасын қағып ыржиып
Езуін тартып күледі («Алпамыс», 1957, 48-бет).
Қалы кілем, қара нар
Тай тұяқ жамбы жана бар («Қамбар», 1957, 22-бет).
Және келе жатсам, бір ақ сұңқар қуды алып жатыр екен
(«Қамбар», 1957, 32-бет).
Және сөзі Абаймен тұстас жазу нұсқаларында да, халық
әдебиеті тілінде де күшейткіш да (< дағы) шылауы қызметінде
де жұмсалады: «Бұрынғы заманда бір Қанай деген бай бар
екен. Өзінің ұлы жоқ екен. Қызы және жоқ екен» (И.Березин
«Турецкая хрестоматия», т. ІІІ, 19-бет).
Мұнда соңғы сөйлем «Қызы да жоқ екен» конструкциямен
синонимдес.
Және сөзін (кейде және де тіркесін) күшейткіш элемент
ретінде пайдалану қазіргі әдеби тілімізде де жоқ емес. Бірақ
бұл амал белгілі бір жеке жазушының тіліне тән болып келіп,
оның индивидуалдық ерекшелігін құрайды. Мысалы, бұл тәсіл
жазушы М. Әуезовтың тілінде айтарлықтай сезіледі: «Әбіш
бұл әңгімені және де ұзаққа созған жоқ ( ~ Әбіш бұл әңгімені
де ұзаққа созған жоқ). («Абай жолы», І, 311-бет). «Үй ішінде
және де жөнді от жоқ» ( ~ үй ішінде де жөнді от жоқ) (Сонда,
104-бет). «Қуып айдап салу және жол емес» ( ~ қуып айдап
салу да жол емес) (Сонда, 25-бет).
Абай тілінде және сөзі қазіргідей екі бірыңғай мүшені не
месе құрмаласқа енген жай сөйлемдерді байланыстырушы
ыңғайлас жалғаулық қызметінде де жұмсалады: «Сонда Ари
стодим тахқик ойлап тексергенде, адамды Жаратушы артық
хикмет иесі екендігіне және махаббатымен жаратқандығына
шүбәсі қалмады» (ІІ, 182). «Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жаюға күшім жетімді болсын деп қызметке, болыстық, билікке таластық» (ІІ, 159). «Көшеде шу лап және жылаған көп» (І, 268). Сөйтіп, бұл талдаулардан XІX ғасырдың екінші жарты сында қазақ тілі грамматикасын зерттеушілердің қазақ тілінде бірыңғай мүшелерді немесе сөйлемдерді байланыстырушы жалғаулық шылау (орысша и союзының орнына жүретін) жоқ деген пікірлерінің78 шындыққа жатпайтындығын байқаймыз. Сірә, бұл зерттеушілер сын есімнен болған екі бірыңғай мүшенің арасындағы жалғаулық жайында айтқылары келген болар. Шынында да, қазақ грамматикасы нормасында сын есімнен болған бірыңғай мүшелердің арасында мен (<менен) жалғаулығы қолданылмайды, ал оларды және жалғаулығы арқылы байланыстыру қазірдің өзінде сирек кездеседі де жа санды, кітаби сипатты болады79. Және сөзінің жалғастырушылық қызметі Абай тұсында бірыңғай мүшелерден гөрі, сөйлемдердің арасында айқын сезіледі. Ауызекі тіл мен ауыз әдебиеті тілінің құрмалас сөйлем жасаудағы негізгі амалының бірі – паратаксис болса, және сөзі екі сөйлемнің жігін айырып тұратын белгі ретінде келеді. Революцияға дейін араб әрпімен шыққан кітаптардағы ешбір тыныс белгісі қойылмаған жазуларды басқа транскрипцияға көшіріп, сөйлем жіктерін айырған кезде, айыру белгісі ретіндегі және сөзі кейде бір құрмалас сөйлемнің ортасында қалып, кейде жеке сөйлемнің қасына шығып кеткені байқалады. Әрине, «айыру белгісі қызметінде тұрған және сөзінің орны қайткенде де тұрақты болуы керек» деп түсінуге болмайды, дегенмен оның жаңа сөйлемнің басында келіп қалатын фактісінің өзі және сөзінің сөйлем жіктерін айырып тұратын си 78 Терентьев М. Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская. - Книга І. - СПб., 1875. - С.133-134; Старчевский А.Спутник русского человека в Средней Азии. - СПб., 1878. - С. 31; Грамматика киргизского языка. - СПб., 1898. - С. 119. 79 Бір ескерте кететін жай – әдеби тілімізде соңғы 10-15 жылдың ішінде сын есім, үстеу, есімшелерден болған екі бірыңғай мүшені қайталамайтын да жалғаулығымен байланыстыру тәсілі етек алып кетті. Бұл тәсіл қызметтес жалғаулықтардың синонимдік қатарын түзеп, оларды шебер кезектестіріп отыруға мүмкіндік береді: «Ал бойына біткенін алсаң, сол Мыңжасар осы жүрген көп қазағыннан әрі ақылды, әрі намыскер және қайсар да өжет» («Абай жолы», І, 188-бет). «Абай түрді түр үшін емес, айтайын деген ойын дәлірек, өтімді де ұтымды етіп айту үшін іздеген, жасаған да тапқан» (Ғ.Мүсірепов). «Төргі бөлме кең, таза да жарық еді» (3. Қабдолов).
патын танытады. Сондықтан осы қызметтегі және сөзін
прозаның тұңғыш үлгілерінен жиірек көреміз. Мысалдар
келтірейік: «Ондай үлкенді (алтынның үлкен кесегін – Р. С.)
бұл уақытқа шейін естіген емес дейді || және сол алтын тура
сында алтын іздеушілердің араларында да көп сөз болыпты»
(«Дала уалаяты газеті». - 1889, 7 январь. - №1). «Бірақ (~ тек
қана) ұрылар фонарсыз, шамсыз жүреді || және тәуір құрметті
адамдар бала-шағасының қасына баруды жаһад қылады» (Сон
да, 26 июль, №29). «Керегесінің айналасы ілген семіз қой,
жылқы еттеріменен толған екен || және үйдің шаңырағына
сықай ілінген семіз қазы, қарта бар екен» (Сонда, 1889, 24 фев
раль. - №8). «Жеті жасқа келгенде, қанның ақылындай ақылы
болды || және сол елде бір қан бар еді» (Березин Турецкая хре
стоматия. - Т. ІІІ).
Абай прозасында да және сөзі кездесетін жерінің көп-
шілігінде осы соңғы, айыру қызметін атқарады: «Шығар есігін
таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп қалып, қамалып
қалмақ – ол өзі де бір антұрғандық || және әрбір жаман кісінің
қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан
күл» (ІІ, 162). «Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылымды
не қылсын. || Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ»
(ІІ, 166).
Сөйтіп, және сөзінің қолданылуына байланысты Абай
тілінің ерекшелігі, біріншіден, қазіргімен салыстырғанда, он-
дағы және сөзінің шылаулық қызметте емес, үстеулік мағынада
әлдеқайда жиі қолданылғандығында. Екіншіден, және сөзі
жалғаулық ретінде келгеннің өзінде екі бірыңғай мүшеден
гөрі, сөйлем жіктерін ажыратып көрсететін белгі ретінде актив
жұмсалғандығында.
Абай ыңғайластық жалғаулық қызметінде да (< дағы), мен
(< ме-нен) және (~ жана) формант-сөздерімен қатар, араб-иран
тілдерінен ауысқан һәм, уа сөздерін де жұмсаған.
Иран тілдерінен алынған һәм шылауы Абайда ыңғайлас
жалғаулық мағынасында қолданылып, айыру белгісінің рөлін
атқаратын және сөзіне синоним болып келеді: «Бұлар болмаса,
тән жанға қонақ үй бола алмайды || һәм өзі өспейді, қуат тап
пайды» (ІІ, 164). «Адам екі аяғына басып, тік өсіп, дүниені тегіс
көрмекке, тегіс тексермекке лайықты || һәм өзге қайуандарды
қолданарлық пайдасын көрерлік лайығы бар» (ІІ, 183).
Кейде һәм шылауы бірыңғай екі мүшені жалғастырушы
болып та қолданылады. Мұндайда ол дара түрінде де, қай-
талап та келе береді: «...Сол уайым-қайғысыздықтан құты-
ларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек» (ІІ,
102). «һәм ақыл, һәм кайрат – екі мықты қуат қосылып
тоқтатады» (ІІ, 218). «...Бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады
бойыма дейді» (ІІ, 219).
Ирандық һәм шылауы күні кешеге дейін, тіпті осы ғасырдың
30-жылдарына дейін, қазақтың жазба тілінде кеңінен орын
алып келді. Әсіресе өткен ғасырдағы баспасөз тілі уа, және
шылауларымен қатар һәм шылауын да жиі пайдаланды: «Жи
ренше шешен һәм Алдаркөсе» («Дала уалаяты газеті». 1889, 3
февраль. - №5). «Егер қайнатқан һәм тураған ұшынды тауықтың
тамағына қосып берсе, жұмыртқаны көп салады» (Сонда, 1889,
26 май. - №21).
Көркем әдебиеттің тұңғыш үлгілері де бұл шылаудан бас
тартпады. А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» атты шығармасы-
ның ең алғашқы, 1903 жылғы, аудармасынан да шеттілдік
һәм элементін көреміз: «Француз учителі білікті адам болып
шықпады һәм қиянаты болды».
Бір ескертетін жай – һәм сөзі қазақ текстінде қолданылған-
да, негізінен сөйлемдердің жігін ажырату мен бірыңғай мүше-
лерді өзара байланыстыру қызметін атқарады да күшейткіш
элемент ретінде тіпті сирек қолданылады.
Қазіргі әдеби тілімізден һәм шылауы ығыстырылып, орны
на және, мен, да шылаулары жұмсалатын болды.
Абай «Қара сөздерінің» тексінде араб тілінен ауысқан уа
шылауы да бар. Ол жеке қолданылғанда және, һәм шылау
ларымен синонимдес, яғни ол да сөйлемдердің ара-жігін ай
ыру белгісі ретінде келеді, бірыңғай мүшелер мен бірыңғай
сөйлемдерді байланыстырушы ретінде де жұмсалады: «Егер
жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уа әрнешік
бойларынан адам жақсы көрерлік, көңіл тиянақ қыларлық
бір нәрсе тапсам керек еді» (ІІ, 166). «Олай болғанда және не
ойлайсың, һәмма мақұлықтарды жас балаларына елжіретіп,
үйірілітіп тұруын көргенде уа һәмма мақұлықтардың өлімін
жек көріп...» (ІІ, 182).
Уа шылауы көбінесе және, һәм, лакин деген шылаулар
мен тіркесте келіп, және де, бірақ та дегендердің синонимдік
қатарын түзейді, айырмасы – уа сөзі тіркескен шылауынан
бұрын келеді: уа һәм, уа ләкин. Мұндайда ол, де шылауы
сияқты, күшейткіш қызмет атқарады: «Уа және назначение
қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса, өтірік арыз
берушілер азаяр еді...». «Уа және...» (ІІ, 161). «Уа ләкин кімде
кім иманның неше нәрсе бірлән кәмалат табатұғынын білмей,
қанша жерден бұзылатұғынын білмей...» (ІІ, 169). «Уа ләкин
адам баласы талапты я талапсыз болсын, әйтеуір бәрекелдіні
керек қылмайтұғыны болмайды» (ІІ, 218).
Ішінде шет тілдік һәм, уа шылаулары бар, жоғарыда кел-
тірілген сөйлемдерге назар аударсақ, олардың басым көпшілігі
мазмұны жағынан «иман, Құдай табарака» сияқты дінге немесе
философияға қатысты болып келетінін көреміз. Демек, кейбір
шет тілдік морфологиялық тұлғалар сияқты, бұл сөздерді
де Абай белгілі бір стилистикалық мақсат көздеп әдейі қол-
данған дей аламыз. Өйткені бұлар Абайдың барлық сөзінде
бірдей актив қолданылмайды, өлеңдерінде тіпті сирек кез-
деседі. Абай өлеңдерінде бірнеше жерден ғана әм (< һәм) шы
лауын көре аламыз:
Әм жабықтым, әм жалықтым
Сүйеу болар қай жігіт,
Көңілден кеткен соң тыным?
Әм сүйіндім, әм түңілдім
Үнемі неткен үміт
Өткен соң бар жақсы жылым? (ІІ, 71).
Өткен күнге өкінбек
Әм үміт жоқ алдымда (ІІ, 99).
Тығылмай әм сүрінбей жүрдек көсем (І, 48).
Қорламаймын һәм, балам, зорламаймын (І, 271).
Қазақтың өз тіліне тән шылаулармен қатарластыра шет
тілдік уа, һәм, ләкин деген шылауларды да пайдалану өткен
ғасырдағы кітаби тіліне тән болды. Абай тілінен кітаби тілдік
элементтерді іздестіре қалсақ, солардың бірі деп осы уа, һәм,
лакин шылауларын атаған болар едік. Бірақ жазушы, басқа да
шеттілдік тұлға-тәсілдер сияқты, бұл шылауларды да көбінесе
стилистикалық мақсатпен қолданған.
Қазақ және ұйғыр тіл білімінің мәселелері.
- Алматы, 1963. - 3-том. - 114-121-б.
Абай шығармаларында -ар/-ер жұрнақты тұлғаның қолданылуы Әдеби тілдің дамуына үлес қосқан ірі-ірі ақын, жазушылардың қай-қайсысы да жалпыхалықтық тілде жазды, бірақ олар халықтың сөйлеу тілінің лексикалық және грамматикалық элементтерін өңдей, қырнай пайдаланды да, жетілдіре түсті. Қазақ әдеби тілінің қалыптасып, әрі қарай даму процесінде ақын, әрі жазушы – Абай Құнанбаевтың орны айрықша екені мәлім. Қазақ әдеби тілінің негізін қалаған ұлы ақын Абай халық тілінің бар мүмкіншілігін сарқа пайдалана отырып, оны шыңдай түсті. Грамматика тұрғысынан алғанда, халық тілінде қолданылатын бірқатар тұлғалардың қызмет шеңберін кеңейтіп, шебер пайдаланды. Солардың бірі – -ар /-ер аффиксімен жасалған есімше тұлғасы. -ар жұрнағы арқылы жасалған есімше келер шақтың мағынасымен қатар, белгілі бір шаққа қатысы жоқ, әрдайым, үздіксіз болып тұратын іс-әрекеттің, яғни «бастауыштың тұрақты, өзіне тән, әрқашан өзімен ғана өтіп жататын қимылдың»80 мағынасын да береді. -ар аффиксті тұлғаның бұл қызметте қолданылуы ауыз әдебиеті шығармаларында жиі кездеседі. Әсіресе қазіргі кезде болып жатқан іс-әрекет емес, дағдылы түрде әрдайым болатын (қазіргі кезде де, болашақта да, өткенде де) жалпы ісәрекетті әңгіме ететін мақалдарда, нақыл, өсиет сөздерде етістіктер -ар жұрнақты тұлға арқылы беріледі: «Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар»; «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас»; «Қолы қимылдағанның аузы қимылдар»; «Есік алдында төбең болса, ерттеп қойған аттай болыр (-ар), Аулыңда қартың болса, жазып қонған хат тай болыр (-ар)» (Алтынсарин Киргизская хрестоматия. - Ч. І. - С.107); «Алыс пенен жуықты жүрген білер, Ащы менен тұщыны татқан білер» (Лютш Киргизская хрестоматия. - 1883); «Ат аяғын тай басар». Халықтың ауыз әдебиеті қазынасындағы өсиет толғаулардағы және шешендік сөздердегі етістіктер де көбінесе -ар 80 Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого литературного языка. - Л., 1956. - С. 220.
жұрнақты тұлға болып келеді. Бұларда да іс-әрекет барлық кез де де орындалу мүмкіндігі бар, потенциалды қимыл болады: Қошқар болар тоқтының маңдай жері дөң болар, Адам болар жігіттің айтқан сөзі жөн болар. Би болатын жігіттің төбеде болар жұмысы, Мерген болар жігіттің жебеде болар жұмысы. Қаса нардың белгісі – шашасын сазға малдырмас, Қас жүйріктің белгісі – құйрығынан алдырмас Қас шешеннің белгісі – топтан торай шалдырмас81. Таудан аққан тас бұлақ, Тасыса құяр теңізге (Радлов В.В. Образцы народной литера туры тюрских племен... - Ч.. ІІІ. - Спб., 1870). Қара суға қан құйсаң, ағар, кетер, Жат кісіге қыз берсең, алар, кетер (Сонда). Мақалдарда, өсиет-толғауларда -ар жұрнағы арқылы жасалған есімше тұлғасы мен -а жұрнақты көсемшенің жіктелген тұлғасы (а+ды) «шақтан тыс» райды, яғни жаратылыста белгілі бір затқа тән дағдылы түрде болып тұратын іс-әрекет, қимыл-құбылысты білдіруде бірінің орнына бірі жүре береді. Тіпті кейде бір мақалдың өзі біресе -ар жұрнақты тұлғамен, біресе а+ды жұрнақты тұлғамен айтыла береді: Қоянды қамыс өлтіреді (~ өлтірер), Ерді намыс өлтіреді (~ өлтірер). Әдеби тіліміздің қазіргі даму сатысында дағдылы іс семан тикасын -ар жұрнақты есімшеден гөрі -а жұрнақты көсемшенің жіктелген түрімен беру (а + ды) тенденциясы басым. Қазіргі нормативтік грамматикаларымыз жаратылысында үзілмей, әрдайым, дағдылы түрде болып тұратын істі, құбылысты білдіретін тәсіл деп соңғы тұлғаны көрсетеді: құс ұшады, от жанады, жел соғады, сиыр мөңірейді, қой маңырайды82 т.б. Үздіксіз болып тұратын, болуға мүмкіндігі бар, потенциалдық қимылды а + ды арқылы беруге бейімділік соңғы кез 81 Шешендік сөздер. Қазақ ССР Ғылым академиясы кітапханасының қолжазба фондысынан алынды. 82 Мектеп грамматикаларын және «Қазіргі қазақ тілі» (Алматы, 1954, 312–313-бет) курсын қараңыз.
де жасалған немесе соңғы кезде басқа тілдерден аударылған мақал-өсиеттерде тіпті айқын сезіліп тұрады. Мысалы, 1957 жылы шыққан «Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» де ген кітапта араб, ауған тілдерінен кейінгі кезде аударылған мақалдар мен осы күнгі ақын Қайып Айнабеков шығарған мақалдар берілген. Бұлардың барлығында да етістік -а жұрнақты көсемшенің жіктелген түрімен (а + ды) жасалған: «Ақылды ісіне сенеді, ақымақ түсіне сенеді»; «Кеменің әуеніне қарай жел еспейді» (араб мақалдары, аталған кітаптың 224беті); «Тауық шақырғанға таң атпайды»; «Қылыш тәнді жа ралайды, есек жанды жаралайды» (ауған мақалдары, 225бет); «Істің жүйесін танымаған түйіннің шиесін танымайды»; «Ерінбегеннің еңбегі жанады, іркілмегеннің ерлігі артады» (Қ.Айнабековтың мақалдары, 226, 229-беттер). Дағдылы іс сементикасын білдірудегі мұндай параллелизм ауыз әдебиеті тілінде ғана емес, XІX ғасырдағы қазақтың жаз ба әдеби тілінде де басым болып келгенін кереміз. -ар және а + ды жұрнақты тұлғаларды Абайдың пайдалануы өте қызғылықты. Ақын өлеңдерінде үздіксіз болып тұратын, дағдылы істі білдіруде -ар жұрнақты есімшені жиі қолданған. Ойшыл ақынның философиялық толғаулар болып келетін көптеген өлеңдерінде іс-әрекет үздіксіз қайталап тұратын, табиғатында сол нәрсеге тән, әрдайым болып жататын, яғни белгілі бір уақытпен шектелмейтін қимыл-құбылыс ретінде сөз болады. Ақын осындай философиялық шумақтарын -ар жұрнақты етістікпен құрады: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес (Абай Құнанбаев, Шығармаларының толық жинағы, 1957, І-том, 178-бет)83 . Күңгірт көңлім сырласар. Сұрғылт тартқан бейуаққа. Төмен қарап мұңдасар. Ой жіберіп әр жаққа (І,237). Құлақтан кіріп бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй 83 Абайдан келтірілген мысалдар ақынның 1957 жылы шыққан екі томдық шығармалар жинағынан алынды, әрі қарай томы мен беті ғана көрсетіліп отырылады.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй (І, 219).
Кісіде бар болса талап,
Отырмас ол бойын балап,
Жүрер, әрқайдан ізденер,
Алар өз сүйгенін қалап (І, 83).
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап (ІІ, 93).
Абай өлеңдерінде а+ды жұрнақты тұлғадан гөрі сонымен
мағыналас -ар жұрнақты тұлғаны көбірек қолданған. «Ой»
(ІІ, 103), «Базарға қарап тұрсам, әркім барар» (І, 43), «Айттым
сәлем, қаламқас» (І, 103), «Кейде есер көңіл құрғырың» (І, 121)
және басқаларын қараңыз.
Ал прозалық шығармаларында, керісінше, сөз етіп отырған
семантиканы -а жұрнақты көсемшенің жіктелген түріне (а +
ды) жүктейді. Абайдың «Қара сөздерінде» -ар жұрнақты тұлға
келуге мүмкін жердің бәрінде а+ ды аффикстерімен жасалған
етістікті көреміз: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл,
ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» (ІІ, 174); «Көкірек
толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырла
тып, буынды құртып, я көзден жас боп ағады, я тілден сөз
боп ағады» (ІІ, 162); «Адам баласы жылап туады, кейін өледі»
(ІІ, 162); «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туа
ды» (ІІ, 164).
Абай тіпті кейін мақалға айналып кеткен насихат сөздерін
де а+ды түлғалы етістікпен құрайды: «Адамның адамшылығы
істі бастағандығынан білінеді» (ІІ, 193); «Көңілдегі көрікті ой
ауыздан шыққанда, өңі қашады» (ІІ, 193); «Биік мансап – биік
жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып
қыран да шығады» (ІІ, 193).
Сөйтіп, Абай потенциалдық дағдылы іс-әрекетті білдіруде
мағыналас -ар және а+ды аффиксті тұлғаларды бірдей
пайдаланған. Өлеңнің буын санын қатаң сақтаған ақын ретіне
қарай екі тұлғаның екеуін де кезек қолданады. Буын артық
болып бара жатса, -ар-мен жасалған тұлғаны, жетпей жатса,
«кезекші» а + ды-мен жасалған тұлғаны қолданып, екеуін
толық синоним етіп шығарады. Абайдың бір өлеңінің өзінде
мағынасы жағынан біртектес синтаксистік қатарлардың біреу-
інде -ар, екіншісінде а+ды тұлғасының тұруы жиі ұшырасады:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі (І, 122).
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға (І, 22)
Қайғы шығар ілімнен,
Ыза шығар білімнен,
Қайғы мен ыза қысқан соң,
Зар шығады тілімнен (І, 148).
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Бас аурып, іш жанар (І, 205).
Абай шығармаларының тілінде -ар жұрнақты тұлға жоға-
рыда айтылған қызметтен басқа, болжалды келер шақтық
мағынада да қолданылады:
Ағын жесең, ақылың жаннан асар
Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар.
Егер де қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар (І, 265).
Жігітке үш алма ұсынған шал ол алмаларды ала қалған
күнде болатын (демек, болашақ) сиқырлы әрекеттерін осылай
болжайды.
Ленскийдің сөзіндегі етістіктер де болуға ықтимал ертеңгі
күннің ісін білдіреді:
Табытқа салып алып әлде мені
Апарар сырын білмес бір далаңға (ІІ, 87).
Бұл текстегі әлде деген сөздің өзі іс-әрекеттің болжалды-
лық мәнін көрсете түседі.
Келесі жолдардағы етістіктер де осы сыпаттас болжалды ке
лер шақ қызметінде жұмсалған:
Ер жеткен соң сыймайсың кең дүниеге
Тыныштық пен зар боларсың баспанаға (ІІ, 69).
Өзгеге ешбір дүниеден
Еркімен тимес бұл жүрек (ІІ, 75).
Жаралы көңіл жазылар,
Дүниеде рахат бар шығар.
Жақсы адам деген құр сөз
Емес шығар, табылар (ІІ, 91).
-ар жұрнақты тұлға Абай прозасында шақтан тыс мағынада
кемде-кем қолданылса, болжалды келер шақ мағынасында жиі
пайдаланылған: «Махшарға барғанда, Құдай тағала қажы, мол
да, сопы, жомарт, шейіт – соларды қатар қойып сұрар дейді» (ІІ,
191); «Дүние үшін барғандарға айтар дейді» (ІІ, 191); «Өзіңнен
қалған дүние иесіз қалар дейсің бе?» (ІІ, 167); «Оның мәнісі –
ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалығынан
жетерсің деген сөз» (ІІ, 160).
Абайда, әдеттегідей, -ар жұрнақты есімше еді көмекші
етістігімен тіркесіп, шартты мағынада қолданылады: «Осы
күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай
сол аталарымыздың екі ғана мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел
қатарына кірер едік» (ІІ, 211); «Осы бір ұры, бұзақы жоғалса,
жұртқа ай да түсер еді» (ІІ, 169).
Абай тілінде екінші бір көзге түсетін жай -ар жұрнақты
тұлғаның заттың қасиетін білдіріп, анықтауыш қызметінде
өте жиі қолданылғандығы: «...Қалған аз ғана өмірімді
қор қылар жайым жоқ» (ІІ, 157). «...Ғылым сөзін сөйлесер
адам жоқ» (ІІ, І57). «...Мына мен айтқан жол мал аяр жол
емес» (ІІ, 180). «Және ұялмас нәрседен ұялады» (ІІ, 181).
Қазіргі әдеби тілімізде бұл тұлғаның атрибуттық қызмет
атқаруы көбінесе тұрақты тіркестерде (жатар орын, барар
жер, басар тау) кездесетіндігі «Қазіргі қазақ тілі» курсын
да баса айтылған. Ал Абай тілінде -ар жұрнақты есімшенің
атрибуттық қызметте жұмсалуы актив тәсілдердің бірі болған.
Анықтауыш болып келген -ар жұрнақты тұлға осы
қызметтегі -тұғын> -тын тұлғасымен синонимдес, айырма
сы – алғашқы тұлғада келер шақтық реңк (оттенок) басым
да соңғыда осы шақтық реңк басым. Мына сөйлемдерге на
зар аударыңыз: «Өзгеге қимайтұғын (~ қимас) не қылған
артықша орның бар еді?» (ІІ, 167); «Осы, адам баласының
жалықпайтұғын (~жалықпас) нәрсесі бар ма екен?» (ІІ, 175);
«Әке балаға қимайтұғын (~қимас) малыңды кірелеп сол айдап
кетіп тұрды ғой» (ІІ, 158).
-тұғын (>-тын) жұрнағымен жасалған есімшенің мағынасы
сөйлем ішінде (синтаксистік жолмен) -ар жұрнақты есімшеге
ауыса алатындығы жалғыз анықтауыш қызметінде ғана емес,
баяндауыш қызметінде де байқалады: еді (екен) көмекші
етістігімен тіркескен а+тын немесе а+ды тұлғаларының орны
на сөйлемде -ар тұлғасы келе береді. Бұл әсіресе фольклорлық
шығармалардың тіліне тән: «Кіші ұғлын сұрасаң, Алшы
ораз мырза дер еді» (~ дейтұғын еді, ~ деуші еді) («Қисса
Қамбар». - Қазан, 1888); «Әлқисса, хан Келмембетті жаушы
етіп жібергенде, түлкі боп келдің бе яки бөрі болып келдің бе
дер екен (~ дейді екен), олжалы болса; түлкі болдым, олжасыз
болса, бөрі болдым дер екен» (~ дейді екен) (Сонда); «Көңлі
мұңлы қайғылы, Көкірегі шерлі екен. Бір перзенттің жоғынан
Дәйім қайғы жер екен (~ жейді екен), Көзім ашық дүниеден
Өткені ме дер екен» (~ дейді екен) («Қисса Алпамыш», 1901);
«Сол уақытта қыздың жез қоңыраулы серкесі бар еді. Оны
Кейқуат деген бір тазша бағар еді (~ бағатын еді)» (Сонда);
«Базарбайдың байлығын ешкім есеп етіп болмас екен» (~ бол
майды екен) («Қыз Жібек». - 1957. - 7-бет); «Бұрынғы заманда
бір байдың баласы бар еді. Өзі қаршыға салар еді» (~ салатын
еді) (Березин И. Турецкая хрестоматия. - Т. ІІІ. - Казань, 1876.
- С.17).
Бұл тәсілді оқта-текте қазіргі жазушыларымыз да пай
даланып қояды. Келер шақтық есімше тұлғасын өткен
шақтық мағынада қолданғанда, суреттеп отырған уақиғаның
әлдеқашан, ертеректе болып өткенін хабарлау мақсаты
көзделеді: «Олардың кейбіріне еріп бозбалалар да келетін еді.
Жел өкпелеу кейбір бозбалалар сиырларды да сырнайлатып
қарсы алар еді» (С.Мұқанов, Өмір мектебі, 304-бет).
Абай өз өлеңдерінде анықтауыш қызметінде жұмсау үшін
семантикалас -тұғын жұрнақты тұлға мен -ар жұрнақты
тұлғаның соңғысын қалайды:
Ішіп-жеу арасында сөйлер сөз көп (І, 274).
Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің (І, 144).
Бір кісі мыңға,
Жөн кісі сұмға
Әлі жетер заман жоқ (І, 91).
Анықтауыш қызметінде -тұғын жұрнақты тұлға орнына -ар
жұрнақты тұлғаны жиі қолдану жалғыз Абай тіліне емес, ауыз
әдебиеті мұраларының тіліне де тән:
Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер,
Өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дер (Мақал).
Жал құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз,
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас,
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас (В.В.Радлов, Образцы... -Т. ІІІ).
Өткен кездегі ақындар (мысалы, Махамбет) тілінде
анықтауыш қызметіндегі -ар тұлғасы тілеу, қалау ниетімен
айтылған болашақ іс-әрекетті білдіреді:
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік ақ орда
Еңкеймей кірер күн қайда?(Махамбет Өлеңдері. - Алматы,
1952).
Желп-желп еткен ала ту
Жиырып алар күн қайда?!
Орама мылтық тарс ұрып,
Жауға аттанар күн қайда?! (Сонда).
Қазіргі қазақ тілінің нормативтік грамматикасы -ар жұрна-
ғымен жасалған есімше анықтауыш болудан гөрі, көбінесе ба
яндауыш болады деп көрсетеді84.
Сөйтіп, жоғарыдағы талдауларымыз Абайдың өзінің де,
тұстастарының да, ауыз әдебиеті мұраларының да тілдерінде
-ар жұрнақты тұлғаның қазіргі кезбен салыстырғанда, анық-
тауыш қызметінде де, баяндауыш қызметінде де әр алуан
мағынада әлдеқайда жиі қолданылғанын көрсетеді.
Абай шығармаларының тілінде келесі бір көзге түсетін мор-
фологиялық тұлға -ар жұрнақты есімшенің барыс септіктегі
түрі (ар + ға).
84 Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 327-бет
Қазіргі қазақ тілінің нормативтік грамматикаларының бірде-біреуі осы күнде -ар жұрнағымен жасалған есімшенің ба рыс септігінде келіп, қимыл есімі мағынасында қолданылатын түрін атамайды. Шынында да, қазіргі әдеби тілімізде, әсіресе, ғылыми-публистикалық сөйлемдерде бұл тұлғаның қолданылуы жоққа тән. Осы күнде есімшенің ар-ға біткен түрінің субстантивтенуі басқа түрлеріне (-ған, -а + тын жұрнақты) қарағанда тіпті сирек кездеседі85. Өткен ғасырдағы қазақ тілі грамматикасын зерттеушілер -ар+ға аффиксті тұлғаны белгілі бір грамматикалық категорияның (айталық, инфинитивтің) көрсеткіші деп норма етіп ұсынбағанмен, бұл тұлғаның қазақ тілінде қолданылатындығын атап кетеді86. Көрнекті алтаист Г.Н.Рамстедт «көптеген тілдерде (бұл жерде әңгіме түркі тілдері жайында – Р. С.) барыс септігі (-ар тұлғасына жалғанған – Р.С.) «инфинитивке айналды, мысалы: tuturga, tutárga «чтобы держать»87 деп түйеді. -ар+ға аффиксті тұлға – башқұрт, татар тілдерінде қызметімен мағынасы жағынан үндіеуропа тілдеріндегі ин финитив категориясына жақын келетін өнімді норма. Башқұрт грамматиктері ал + ырға типіндегі сөзде етістік қасиеті басым да, алыу типтес сөзде есім қасиеті басым деп табады88. 85 Ал мына мысалдарға назар аударсақ, фольклорлық шығармаларда, Абай, Махамбет тілдерінде сөз етіп отырған есімше түрінің субстантивтенуі әлдеқайда жиі ұшырасатынын байқаймыз: Қаны бұзық өзі ойлар, Қу менен сұм боларды (Абай Құнанбаев Толық жинақ. - Алматы, 1957. - І-том. - 51-бет). Қайдан ғана біледі ауыр менен жеңілдің Арасымен өтерді (Сонда, І том, 62-бет). Бала сүйер жар сүйерден Түк неме жоқ, тұр денем (Сонда, ІІ том, 78-бет). Қанды көбе киініп, Ұрандап жауға тигенде, Кім жеңері талай-ды (Махамбет Өлеңдері. - Алматы, 1951. - 57-бет). Пышағыңды қайрап жүр, не кесерің білерсің (Мақал). 86 Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. - Казань, 1861. - С.33. 87 Рамстедт Г.И. Введение в алтайское языкознание. Морфология. - М.. 1957. - С.85. 88 Н.К.Дмитриевтің «Грамматика башкирского языка» деген кітабының (1948 ж.) 170-176-беттерін қараңыз.
Қазақ тіліне келетін болсақ, сөз етіп отырған тұлғамызды, ең алдымен, Абай шығармаларының тілінен көптеп таба ала мыз: «Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ» (Абай Құнанбаев Толық жинақ. - Алматы, 1957. - ІІ том. - 157бет); «Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қаларға болар89 ма екен деп күні өтеді» (ІІ, 160); «... Оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді» (ІІ, 161); «...Ақылы дәлел – ис пат қыларға жараса, мұны якини иман десек керек» (ІІ, 170); «Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың» (ІІ, 188); «Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің» (ІІ, 192); «Жан қуаты деген90 қуат – тек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сыйғызбайды» (ІІ, 216). Бұл сөйлемдерде -ар+ға аффиксімен жасалған тұлғаларды қазіргі нормаға салсақ, -у + ға аффиксті тұлғамен алмастыруға болар еді: ғылым бағуға, болыс болып қалуға, төлеу салуға, бәрін мұнда жазуға, испат қылуға т.б. -ар/-ға тұлғасының -у + ға тұлғасымен мағыналас және қызметтес түсетіндігі әсіресе алдыңғы тұлғаның керек сөзімен тіркесіп келген жерлерінде айқын көрінеді. Абайда бұл тіркес – көп кездеспесе де бар конструкция: «Екінші – ол адам есепсіз бай боларға керек» (ІІ, 211). Қазіргі норма: бай болуы керек түрін талап еткен болар еді. Қазіргі қазақ әдеби тіліне тән емес болып көрінетін тұлғаның (ар + ға) және тіркестің (ар+ға керек) Абай прозасында орын алуы XІX ғасырдағы қазақтың жазба әдеби тіліне татар тілінің тигізген әсеріне байланысты болуы да мүмкін. Бірақ Абай бұл тұлғаны жат деп таппаса керек, өйткені өлеңін «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» етіп, «білімсіз бейшара ақындарша бөтен сөзбен былғамай» жазған ұлы ақын қазақ тіліне жат тұлғаны өлеңдерінің тіліне енгізбеген болар еді. Ақын ар+ға тұлғасын өлеңдерінде де молынан пайдаланған. 89 Абай шығармаларын көшіріп жазған Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбасының 1905 жылғысында бұл тұлға қалуға болып, 1910 жылғысында қаларға болып жазылған. Абай қара сөздерінің ең соңғы (1957) басылуына шейін қаларга түрінде беріліп келді. 1954 жылы қалуға болып өзгертілген. 90 Мүрсейіт қолжазбасының екі жылғысында да (1905, 1910) бұл сөз дейтұғын деп жазылған. Абай шығармаларын бастырушылардың бұл сөзді не себептен өзгерткені белгісіз.
Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық (І, 26).
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.
Қай қызығы татиды қу өмірдің
Татуды араз, жақынды жат қыларға (І, 222).
Тілдесерге еш адам жолықпады (І, 28).
Өз үйіңнен тоярға қолың қысқа (І, 174).
Сенісерге жан таба алмай,
Сенделеді ит жүрек (І, 147).
Қулықты көргіш,
Сұмдықты білгіш
Табылар кісі жөндерге (І, 90).
Көрді де мұны бір қарға
Желікті бір іс бастарға (ІІ, 128).
Анттасып алқайды,
Сен тентек демеске,
Кім антын шайқайды,
Амал жоқ жемеске.
Аз адам шаршайды,
Ебіне көнбеске...
Жұрт тағы мал-жайды
Ой қылар бермеске (І, 158).
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
Алдарында шара жоқ алдамасқа (І,197),
Дүние даяр етерге
Ажал даяр жетерге (І, 20).
Мінезің, түсің жақсы надан дерге (І, 271).
Қақпаны саған ашар [ға] рұқсат жоқ (І, 267).
Абай өлеңдеріндегі -ар + ға аффиксті тұлғаның мұндай
өнімділігін өлеңнің буын соңына қойылатын талаппен
байланыстыруға болмайды: -ар +ға дегеннің орнына -у+ға
аффикстерін алуға әбден болады, өйткені екеуіндегі буын
соңы бірдей. Сондай-ақ бұл тәсілді ұйқас мәселесімен де
ұштастыруға болмайды. Өлеңге жүйрік аса дарынды ақын
ұйқас іздеп қиналып, қазақ тіліне жат тұлғаны енгізбесе керек.
-ар + ға тұлғасын жалғыз Абай тілінен емес, қазақтың XІX
ғасырдағы басқа да жазба нұсқаларынан таба аламыз.
Ең алдымен, бұл тұлғаны ауыз әдебиеті мұраларынан
кездестіруге болады: «Күресерге дәрмен жоқ, іш қазандай
қайнайды» (Мақал); «Кәрі қыз бала тапса, қоярға жер таппай
ды»; «Киерге киім, ішерге ас» (фразеологиялық тіркес); «Қожақ
мұны ойлап, атарға қимады» (Радлов В.В. Образцы народной
литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири
и Джунгарской степи. - Часть ІІ. Киргизское наречие. - Спб.,
1870. «Ер Тарғын», 128-бет); «Сол Ақжүністі қуарға шыққан
кісілердің ішінде 65-ке келген бір қарт кісі бар еді, бір-ақ сол
қайтпай қалды (Сонда, 124-бет).
Асыл туған Ақжүніс,
Көкті бұлт қоршайды.
Күнді байқап қарасам,
Күн жауарға ұқсайды.
Айды байқап қарасам,
Айды бұлт қоршайды,
Түн жауарға ұқсайды (Сонда, 140-бет).
Сонан соң бір күндерде Ұзынсары алып жамағаттарын
жиып алып, оқ атарға серуенге шықты (Сонда, «Еркем Айдар»
ертегісі, 277-бет). Бұрынғы заманда бір қарт бар еді. Ол қарт
бір күні базарға шығарға ойланды (Я.Лютш Киргизская хре
стоматия. - Ташкент, 1883. - С.31); «Бұлар киерге киім, ішерге
ас таппай, екеуі екі байға малайлыққа жүріп кетті» (Сонда,
57-бет); «Қанның ақшаларын қазынасынан бір ұры ұрлапты.
Соның үшін екі кісіні жіберді уәли іздерге» (Сонда, 40-бет).
Келер шақтық есімшенің барыс жалғауда келіп, -у жұрнақты
қимыл есімі тұлғасымен синонимдес түсетін орындарын XІX
ғасырдық алғашқы жартысында жасаған ақын Махамбет
Өтемісұлының өлеңдерінен де табамыз:
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші.
Қыранға тұғыр қыларға,
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтық кегін қусайшы,
Артымыздан біздердің,
Ақырып теңдік сұрарға (Махамбет Өлеңдері. - Алматы, 1951. -112-113-беттер).
Өлең айтып толғадым, Көкірегімді басарға. Қарағай отын жармадым, Тас қазанды асарға. Махамбеттей мұқдыға Енді келер күн қайда, Ханға құрған шатырды Сүңгіменен түртіп ашарға (Сонда, 5-бет). Жау бір ерттей қайнайды, Қайнағанмен қоймайды. Мылтығын қардай боратып, Жетіп келді қамалға, Қамалды бұзып аларға (Сонда, 28-бет). Қаумалаған қарындас Қазақта бар да, мен де жоқ Арызымды айтарға (Сонда, 76-бет). - у + ға деген тұлғанық орнына - ар + ға тұлғасын Ы.Алтынсарин де прозасында (көркем әңгімелерінде) жиі қолданған: «Өрмекші маса-шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң өзіне азық етерге» («Киргизская хрестоматия». - Книга первая. - Оренбург, 1879. - С. 1); «Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны берерге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп мәлім болды»91 (Сонда, 10-бет); «Соныңмен ішерге-жеуге, киюге де кемтар соғып, бір қалада жүрген уақытта...» (Сонда, 37-бет) Сөйтіп, Абай шығармаларының тілінде жиі қолданылатын -ар + ға аффиксті тұлға халықтың ауыз әдебиеті нұсқаларының тілінде де, Махамбет, Ыбырай Алтынсарин тілдерінде де болған. 91 Қазақ тілінің қазіргі нормаларының тұрғысынан алып қарағанда, өткен ғасырда шыққан жазу нұсқаларындағы біраз «жат» болып көрінетін кейбір грамматикалық (морфологиялық та, синтаксистік те) тұлға-тәсілдерді осы мұраларды соңғы кезде бастырып, шығарушылар ешбір дәлелсіз редакциялағандары байқалады. Соның бірі – Ы.Алтынсарин новеллаларының тілі. Жазушының 1955 жылы шыққан таңдамалы шығармалар жинағында жоғарыда «Киргизская хрестоматиядан» келтірілген екі мысалдың екеуі де -у+ға тұлғасымен алмастырылған (73 және 81-беттерді қараңыз). Бұлардан басқа да бірнеше «түзетулерді» табуға болады. Тіпті Алтынсариннің сөйлем құрылысындағы сөз тәртібі де өзгертіліп, «өңделген» жерлері бар.
Абайдың өзі я болмаса оған дейінгі кейінгі қазақша жазу нұсқалары -ар+ға тұлғасымен мағыналас -у + ға тұлғасын қолданбады деуге тіпті де болмайды. Сөз жоқ, соңғы тұлға алдыңғымен салыстырғанда әлдеқайда жиірек пайдаланылды: Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта Ерінбей оқып көруге. Военный қызмет іздеме Оқалы киім киюге. Бос мақтанға салынып, Бекер көкірек керуге. Қызмет қылма оязға Жанбай жатып сөнуге (І, 52). Нұрын сырын көруге Көкірегінде болсын көз (І, 86). Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ (І, 70). (Осыны «мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық» (І, 26) дегенмен салыстырыңыз). Растың бір аты – Хақ, Хақтың бір аты – Алла, бұған қарсы қаруласқанша, мұны ұғып ғадаләтпен тәптештеуге92 керек (ІІ, 206)... Құмарпаздыққа салып жіберетұғын нәрседен бойды ерте тиып алуға керек (ІІ, 218). Сені де Құдай тағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға, әдеттенуге керек (Ы.Алтынсарин. Киргизская хрестоматия, 1879, 2-бет). Саған әуелі қасқырды соғып алуға керек еді (И.Алтынсарин Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку // Таңдамалы шығармалары. - Алма ты, 1955. - 183-бет). Молда Ысмайылға айтты: саған ұят емес пе осындай аурулы ептесіңе тиюге (Сонда, 181-бет). Сыртынан үй даяр, бірақ ішінде әлі де жұмысы көп: үйдің астына-үстіне 92 Қимыл есімі қай жұрнақпен жасалса да, керек сөзімен тіркескенде, барыс септігінде тұрып меңгерілуге тиіс. Бірақ бұл норма Абай тілінде болсын, онымен тұстас басқа жазу нұсқаларында болсын, әрдайым берік сақталып отырылмайды. Әсіресе Абай -мек жұрнағымен де, -у жұрнағымен де жасалған сөзді керек сөзімен тіркестіргенде көбінесе атау тұлғада қалдырады: «әрнешік білмек керек» (ІІ, 170); «Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек» (ІІ, 188); «Екінші, сол нәрсені естігенде я көргенде, ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек» (ІІ, 186-187). Бұлардың қазіргі нормасында керек сөзі мен -у жұрнақты тұйық етістік көбінесе атау тұлғада тұрып тіркеседі: білу керек, бару керек.
тақтай төсеу керек, пеш салуға керек, мойын шығаруға керек,
есік орнатуға керек (А.Е.Алекторов Киргизская хрестоматия. -
Часть І. - Оренбург, 1898. - С. 61). Темір қаламды қалам сапқа
орнатуға керек (сонда, 24-бет). Тазша бала жауап береді: өнер
үйренуге барамын деп (А.В.Васильев. Образцы киргизской на
родной словесности. - Вып. І. - Оренбург, 1898. - С. 8).
Сөйтіп, келер шақ есімшенің барыс жалғаулы түрінің Абай
шығармаларының тілінде де, XІX ғасырдың соңғы ширегіндегі
басқа жазу нұсқаларының тілінде де (орыс ғалымдары мен
ағартушылары жинап бастырған материалдарда, қазақ әдеби
тілінің негізін салушылардың бірі – Ы.Алтынсарин шығарма-
ларында), XІX ғасырдың алғашқы жартысында жасаған, поэ-
зиясы арқылы «ауыз әдебиетін жазба әдебиетпен жақындас-
тыра түскен»93 Махамбет сияқты ақынның тілінде де және
нағыз халық тілінің нормалары мен байлығын қамтыған ма
териалдар ауыз әдебиеті үлгілерінің тілінде де қазіргімен
салыстырғанда әлдеқайда жиі қолданылғанын көреміз. Бұларда
-ар жұрнақты есімше барыс жалғауымен келгенде, негізінен,
-у (немесе -мақ) жұрнақты қимыл есімінің барыс септіктегі
тұлғасының дубликаты ретінде жұмсалған. Абай тілінің
қайнар көзі – халықтың сөйлеу тілі мен ғасырлар бойы келе
жатқан ауыз әдебиеті тілі болды. Әдеби тілдің негізін қалаған
ұлы суреткер Абай халық тілінің бар мүмкіндігін түгел пай
даланып, грамматикалық тәсілдерді шебер қолданған. Белгілі
бір грамматикалық тұлғаның ауыз әдебиеті тіліне тән мағы-
насы мен қызметін мүлт еткізбей сезіп қалған жазушы оны
өз тілінде мол пайдаланғанын -ар жұрнақты есімшенің
қолданылуынан көреміз.
Қазақ тіл білімі мәселелері.
- Алматы, 1959. - 1-том. -111-121-б.
93 Қазақ ССР тарихы. - І-том. - Алматы, 1957. - 394-бет.
Абайдың қара сөздеріндегі -мақ аффиксті
тұлға жайында
Ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абай Құнанбаевтың әдеби
мұрасының бір саласы оның «Қара сөздері» екені мәлім.
Абайдың қара сөздерінің тақырыбы мен мазмұн тереңдігі
жағынан қаншалықты құнды екенін сөз етпегеннің өзінде,
оның қазақ тілінде жазылған прозалық шығармалардың
тұңғыштарының бірі екендігін ескерсек, соған орай тіліне
(лексикасына, грамматикалық құрылымына) назар аударудың
маңызы зор.
Абайдың «Қара сөздерінің» тілінде пайдаланылған морфо-
логиялық тұлғаларды зерттеп талдағанда, оларды үш топқа
бөліп қарауға болады. Ең алдымен, Абай жиі қолданған
тұлғалардың ішінде қазіргі әдеби тілімізде нормативтік бо
лып саналатындардан сыртқы формасы жағынан өзгеше бо
лып келетіндері көзге түседі. Бұларға -тұғын (>тын), -лық
(~-йық) аффикстері, бірлән – менен (>мен), дағы (>да), ған
(нан) соң >ғансын >ғасын) форманттары жатаы. Екінші топқа
қазіргі әдеби тілімізде мүлде қолданылмайтын элементтер
кіреді. Олар: -мыш (айтылмыш), -қу (жаратқушы), дүр
(адамдық дүр, сипаттары дүр) тұлғалары, бұйрық райдың
ІІІ жағындағы етістіктің үшін шылауымен келген тіркесі
(тұрсын үшін, қаға берсін болсын үшін, жарамасын үшін)
және ІІІ жақтағы етістіктің көптік жалғауын тіркеген түрі (ал
мадылар, кетселер де керек) кіреді. Бұлар – әрине, Абай тіліне
тән, Абай тілінің грамматикалық ерекшеліктерін сипаттай-
тын тұлғалар емес. Біріншіден, Абай жазуында бұл тұлғалар
өте сирек қолданылған, екіншіден, олар бір мақсат, себептер-
мен (мысалы, белгілі адресаты бар «Сөздерінде» сол адре-
саттың «тіліне» ұқсатуға (38-сөз) немесе Абай көп оқыған
басқа түркі тілдерінің әсеріне т.б.) байланысты қолданылған
элементтер.
Абай тіліндегі зерттеу объектісі болатын грамматикалық
тұлғалардың үшінші әрі мол тобын құрайтын мәселе –
қазақтың жалпыхалықтық тілінде бұрыннан бар, қазіргі әдеби
тілімізде де қолданылатын кейбір аффикстердің Абай тіліндегі атқаратын қызметі мен алатын мағынасы жайында, яғни ол тұлғаларды қазіргі кезбен салыстырғанда Абайдың бірсыпыра өзгеше қызметте, өзгеше мағынада қолданатындығы туралы жайлар. Үшінші топтағы объектілер, негізінен, етістік сала сына қатысты. Бұлардың ішінде -мақ, -ар, -ар + лық, -ар + ға тұлғалы етістіктерді, шартты райдағы етістіктің керек сөзімен (болса керек) тіркесін, ортақ етіс тұлғалы етістіктің мағыналары мен қызметтерін сөз етуге болады. Біз осы мәселелердің біреуіне ғана – -мақ жұрнақты тұлғаға талдау жасамақпыз. Абай мұрасын зерттеуші филолог-лингвистердің барлығы да Абай тілінің грамматикасын (дәлірек айтсақ, Абай прозасының грамматикалық ерекшеліктерін) талдауға әрекет жа саса, ең алдымен, Абайдың -мақ тұлғалы етістікті жиі қолданғанын атайды да94, оның себебін шағатай тілінің (ортаазиялық әдеби түркі тілінің) әсерінен деп табады немесе стилистикаға байланыстырып дәлелдейді. Шынында, Абайдың «Сөздерінің» қай-қайсысынан да әр алуан қызметте жұмсалған -мақ жұрнақты тұлғаны молынан кездестіреміз. Қазіргі қазақ әдеби тілінде -мақ арқылы жасалған тұлға, негізінен, жіктік жалғауларын тікелей қабылдап, мақсатты ке лер шақты білдіреді95. Осы күнде -мақ жұрнағы қазақ әдеби тілінде қазіргі әзірбайжан, түрікмен, өзбек, әдеби қарақалпақ және түрік тілдеріндегідей тұйық етістік тұлғасын жасамайды. Абайдың прозалық шығармаларында -мақ жұрнақты тұлғаның бірден көзге түсетін бір себебі – оның шақты, райды, жақты, жекеше-көпшелікті көрсетпей, іс-әрекеттің жалпы ұғымын беретін қимыл атауы мағынасында қолданылғандығында. Қимыл атауы ретінде Абай текстілерінде бұл 94 Кенесбаев С. Абай основоположник казахского литературного языка // Советский Казахстан. 1955. - №9. - С.130; Сауранбаев Н.Т. Роль Абая в развитии казахского литературного языка // Жизнь н творчество Абая. - Алма-Ата, 1954. - С. 184-185; Аманжолов С.А. О диалектной основе современного казахского языка // Известия АН КазССР. - 1955. - Вып. 3-4. - С. 33. 95 Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 315-бет; ҚордабаевТ.Р. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің шақ категориясы. - Алматы, 1953. - 77, 111-беттер.
тұлға септік, тәуелдік жалғауларын қабылдаған күйінде де, атау күйінде де молынан кездеседі: Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар (Абай Құнанбаев Шығармаларының толық жинағы. - Алматы, 1957. - ІІ том. - 218-бет)96. Ойын-күлкімен, ішпек-жемек, ұйықтамақпен, мақтанмен әуре бол да ішіндегі қазынаңды жоғалтып алып, хайуан бол деген жоқ (ІІ, 216). Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын», Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек (ІІ, 161). Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады (ІІ, 162). О да қырғыздың нәсілі болмағы таң емес (ІІ, 221). Бұл мысалдарда -мақ жұрнақты тұлға арқылы іс-әрекет се мантикасы білінгенмен, мақсатты келер шақтағыдай «болашақ іс болжал, мақсат түрінде»97 айтылмайды. Бірсыпыра басқа да қыпшақ тобындағы түркі тілдеріндегідей, қазақтың қазіргі әдеби тілінде қимыл есімі қызметінде -у жұрнақты тұлғаның қолданылуы басым болып кетті. Бұл тұлғаның есімдік мағынасын күшейте түсу үшін бұған -шы+лық аффикстері тіркеледі. Абайдың -мақ жұрнақты тұлғалары қазіргі -у жұрнағы арқылы жасалған сөздерге сай келеді: «Әуелден өзін-өзі би леп, азаттықпен жүрген халық біржола біреуге бағынбақты (~ бағынуды) ауыр көріпті» (ІІ, 221); «Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен (ен) мал іздемек (~ іздеу) – ол арлы адамның ісі» (ІІ, 185); «Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кірім алып, қамалып қалмақ (~ қалу, қалушылық) – ол өзі де бір антұрғандық...» (ІІ, 162); «Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің (~ деушіліктің) бәрі де – ақымақшылық» (ІІ, 174); «Әрбір мақлұққа Құдай тағала бір қалыпта тұрмақты (~ тұрушылықты) берген жоқ» (ІІ, 175). 96 Мысалдар Абай шығармаларының 1957 жылы шыққан екі томы бойынша алынды. Әрі қарай жақша ішіне томы мен беті ғана көрсетіліп отырылады. 97 Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 315-бет.
Абай -мақ жұрнақты тұлғамен салыстырғанда сиректеу
болса да, қимыл есімін жасауда -у жұрнағын да пайдаланған.
Фактілерге қарағанда, автор нақты әрекетті білдіретін
етістіктен қимыл есімін жасағанда -у жұрнағын, ал дерексіз
қимыл есімі үшін -мақ жұрнағын қолданғанға ұқсайды. Мы
салдар келтірейік: «...Тобына бармай, не қылды, не болды
демей, жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың орта
сынан көшіп кету керек еді»(ІІ, 166); «...Таусылған күнде
бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды»
(ІІ, 162); «Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер
қыла алмайсың» (ІІ, 164). Жату, көшіп кету, сатып алу, мал
табу сияқты нақтылы, күнделікті іс-әрекет атауларын кәме-
ләт таппақ, ғибрат алмақ тәрізді абстракт ұғымдарды біл-
діретін сөздермен салыстырыңыз. Әрине, автор -мақ пен -у
жұрнақты тұлғалардың бірін қалдырмай осылайша дифферен
циациялап отырды деп үзілді-кесілді айтуға болмайды.
-мақ жұрнақты тұлға Абай прозасының бірнеше жерінде
субстантивтендіруші -лық аффиксін тіркеген күйінде келеді.
Мұндайда -лық аффиксі ұғымның дерексіздігін ұстап тұрады.
-мақ аффиксінің өзі дерексіз қимылдың атауын білдіреді,
оның үстіне -лық аффиксі тіркелгенде, сөздің есімдік сипаты
айқындала түседі: «Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы
иіске ғашық болмақ [-тық], жаман иістен қашық болмақтық
қолымыздан келмес еді» (ІІ, 182); «Біреуі – білсем екен
демеклік» (ІІ, 164); «Үшінші – әрбір нәрсеге қызықпақтық»
(ІІ, 172); «Біздің қазақтың маңғұлдан шықпақтығы бізге
ұят емес, бірақ біздің білімсіз, ғылымсыз қалмақтығымыз
ұят» (ІІ,220). Сөздің заттық семантикасын айқындай түсу
үшін төмендегі мысалдарда да -лық жұрнағының кажеттігі
байқалады: «Мұның бәрі: –... биттей нәрсені бір үлкен іс қылған
кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен
демек [тік]» (ІІ, 180); «Кербездің екі түрлі қылығы болады:
бірі – бет пішінін, сақал-мұртын... түзетіп, шынтағын көтеріп,
қолын тарақтап әуре болмақ [тық]» (ІІ, 174).
-мақ+тық жұрнақтары арқылы жасалған тұлға мағынасы
мен синтаксистік қызметі жағынан -у+шы+лық аффикстерін
жалғаған тұлғаға жақын келеді. Бұл жерде -мақ+тық жұрнақтары арқылы жасалған сөздің заттану дәрежесін синоним дес -у+шы+лық жұрнақтар тізбегі арқылы жсалған сөзбен салыстыра отырып байқауға болады. -у аффиксі қимыл атауын (болу, деу, қызығу, қалу) жасалғанмен, ол әлі сол сөздегі процестік (қимылдық мағынаны жойып жібере алмайды. Мұнан кейін жалғанған -шы аффиксі сөзді сол қимыл иесінің атауына (затқа) айналдырады (болушы,деуші, қызығушы, қалушы). Осылардың үстіне келіп -лық аффиксі жалғанғанда, сөз абстракт ұғымның атауы на айналады, яғни етістіктен жасалған зат есім пайда болады (болушылық, деушілік, қызығушылық, қалушылық). Жоғарыда келтірілген мысалдарда -мақ аффиксті тұлға – есімге бір табан жақындай түскен масдар (қимыл атауы) ғана, ол – әлі зат есім емес. Ол -лық жұрнағын жалғағанда ғана етістіктен жасалған нағыз зат есімге айналады: қызықпақ – лю боваться, қызықпақтық – любование. Абай прозасында -мақ+тық аффикстеріне синонимдес -у+шы+лық аффикстер шоғыры кездеспейді. -мақ жұрнағы арқылы инфинитив жасалатын оғұз тілдерінде бұл тұлға тәуелдік, көптік және ілік септік жалғауларын қабылдамайды98. Ал Абай тілінде бұл тұлга морфологиялық белгілері жағынан да қазақ тіліне тән -у жұрнақты тұлғаға сино нимдес болып келетіндіктен, ол септік, тәуелдік жалғауларын түгел жалғай береді: Ләкин өз дәулетінен артық киінбегі, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі (ІІ, 174). Қайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тегіс тексермекке тіпті жоқ (ІІ, 183). Әншейін біреуді ыза қылмақтық, несін дәулет біліп, қуанады екен (ІІ, 180). Әуелден өзін өзі билеп, азаттықпен жүрген халық біржолата біреуге бағынбақты ауыр көріпті (ІІ, 221). Ойын-күлкімен, ішпек-жемек, ұйықтамақпен, мақтанмен әуре бол да... (ІІ, 216). Абай прозасында -мақ жұрнағының мақсатты келер шақ 98 А.Н.Кононовтың «Грамматика современного турецкого литературного языка» (1956) деген кітабының 62-бетін қараңыз.
қызметінде қолданылуын аса сирек кездестіреміз (біз 3-4 жер
де ғана барын таптық): Қалған дүниенің қамын сен жемек пе
едің (ІІ, 167). Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз (ІІ, 207).
Мал мен ғылым кәсіп қылмақпын (ІІ, 207). Сол махаббатпен
[ен] ғаделетке қарай тартпақпыз (ІІ, 219).
Тегі, Абай прозасында -мақ жұрнақты тұлғаның қимыл
есімі ретінде жиі қолданылуы оның осы шақтың бір түрін
білдіретін тұлға ретінде жұмсалуын көлеңкелеп кеткен
тәрізді. Оның үстіне Абай «Сөздерінің» мазмұнының өзі
мақсатты келер шақтағы етістікті онша көп қажет ете қой-
мағанға ұқсайды.
Абай шығармаларында -мақ жұрнақты тұлғаның керек,
тиіс деген сөздермен келген тіркесі көңіл аударады. Аталған
тұлғаның қазіргі -у жұрнағы арқылы жасалатын етістік
түріне мағынасы мен қызметі тұрғысынан синонимдес болып
келетіндігі осы тіркесте айқын сезіледі -мақ немесе -у арқы-
лы жасалған тұлғалардың керек, тиіс сөздерімен тіркесі қи-
мылдың мақсатын білдіріп, орыс тіліндегі етістіктің инфини
тив формасына жақындайды: Әрнешік білмек керек, жоғарғы
екі түрліден басқа иман жоқ (ІІ, 370). Екінші: ғылымды
үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек ке
рек (ІІ, 187). Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек
(ІІ, 188). Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе?
(ІІ, 192). Кімде-кім ахиретте де, дүниеде де қор болмаймын
десе, білмек керек... (ІІ, 190).
-мақ жұрнақты тұлға мен -у жұрнақты тұлғаның керек
сөзімен тіркескенде бірдей мағынаны беретіндігі автордың
өзін екі тұлғаны да бір сөйлемнің ішінде жарыстыра қолдану-
ға итермелеген: Әуелі – иманның ихтихатын махкамлемек
керек, екінші – үйреніп жеткенше осы да болады ғой деп
тоқтамай, үйрене беру керек (ІІ, 169).
Бір көңіл аударатын жай – Абайда керек сөзімен тіркескен
етістік, негізінен, атау тұлғада (барыс септікте емес) тұрады.
Абай прозасында керек сөзінің барыс септігіндігі сөзбсн
тіркескені өте сирек ұшырасады: Әуел – білім-ғылым та
былса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір
қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек (ІІ, 187). Растың бір аты – Хақ, Хақтың бір аты – Алла, бұған қарсы қаруласқанша, мұны ұғып, ғаделетпен тәптештеуге керек (ІІ, 206). Керек деген сөз табиғатында барыс септіктегі қимыл атауын меңгеруге тиіс. Башқұрт тіліндегі -ырға (-ерге, -орға, -өрге) жұрнақты түрінде қалыптасқан инфинитив І деген тұлғаға көңіл аударыңыз. Инфинитивтің бұл түрінің қолданылуы керек сөзіне тәуелді.99 Бір қызық факт – қазақ тілі грамматикасы жайында өткен ғасырда шыққан материалдарда және кейбір сөздіктерде қазақ тіліндегі тұйық етістік барыс септігі тұлғасында берілген. Мысалы, Ы.Алтынсарин «Начальное руководство к обу чению киргизов русскому языку» деген кітабының (1879) «Глагол» атты VІІ тарауында орыс тіліндегі иифинитивті у + ға тұлғасымен аударып көрсеткен: оқуға – читать, жазуға – писать жаттауға – твердить жүруге – ходить тұруға – стоять100, Бұдан да қызығырағы – Алтынсарин орыс етістіктерін аударған кезде орыс тіліндегі етістіктің инфинитив формасы үшін -у жұрнақты тұлғаның барыс септіктегі түрін алады да етістіктен жасалған есім үшін -у жұрнақты сөзді атау күйінде қалдырады: Абайлап, ойланып қарасаңыз, осы глаголдардың қайсысы существительноеға, қайсысы прилагательноеға ұқсас. Ондай сөздердің асыл түбі бір екені рас; қай тілде де болса, сөзден сөз шығады, қарасаңыз: ақсауға – хромать, ақсақ – хромой, тігуге – шить, тігу – шитье, жығылуға – па дать, жығылу – падение, ішуге – пить, ішу – питье101. Барыс септігінің «инфинитив дүниесіне» бұлайша «килігіп, кіріп» кетуі, сірә, -мақ жұрнақты (осыдан барып -у жұрнақты) тұлғаның супиндік (қимылдың мақсаты) мағынасымен байла 99 Дмитриев Н. К. Грамматика башкирского языка. - М., 1948. - С.172. 100 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1955. - 174-бет. 101 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1955. - 174-бет.
нысты болу керек. -мақ жұрнақты тұлғаның супиндік (мақсаттық) мәні қазақ тілінде ерекше айқын көрінеді: -мақ аффиксі келер шақтың басқа түркі тілдерінде жоқ бір түрі – мақсатты келер шақ дегенді жасайды. Проф. А. Н. Кононов -мақ аффиксіне этимологиялық тал дау жасап, оны екі элементтен құралған болар деп топшылай ды: -ма – етістіктен есім жасайтын аффикс + <қа//ға – барыс септігінің аффиксі, бұл соңғы аффикс етістіктен жасалған есімге супин (мақсат) мағынасын берген болар дейді102. Супин мағынасын берудегі барыс септігінің қызметі революцияға дейін шыққан қазақ тілі грамматикалары мен сөздіктерінің авторларын -мақ (кейде -у) жұрнақты тұлғаның барыс жалғауы тіркелген түрін инфинитив деп тануға итермелегені байқалады. О баста -мақ (немесе -у) аффиксті сөздің керек сөзімен тіркесі алдыңғы тұлғаның барыс септігінде тұруын талап еткен (бармаққа керек ~ баруға керек), бірақ келе-келе бұл қасиетін жоғалтып, бірінші сөз нуль керсеткішімен (жалғаусыз) қалған (бармақ керек ~ бару керек). Біздіңше, бұған екі нәрсе себеп болған сияқты: біріншіден, -мақ жұрнақты тұлғаның жалғыз Абай тілінде емес, жалпы XІX ғасырдың ІІ жартысындағы қазақтың жазба тілінде қимыл атауы (масдар) ретінде молынан қолданылуы оны оғұз тілдеріндегі (түрік, әзірбайжан, түрікмен) -мақ аффиксті тұлғаға жақындастырып жіберген, ал бұл тұлғаның оғұз тілдерінде супин мағынасы жоғалып кеткен. Екіншіден, шылаулармен, модаль сөздермен тіркескенде, сөздің септік, тәуелдік жалғаулары түсіріліп айтылуға, яғни ықшамдала беруіне бет бұрған жалпы тен денция да әсер еткен болар. Мысалы: менің үшін > мен үшін, барғаннан соң > барған соң>барғасын, оның туралы>ол тура лы дегендермен салыстырыңыз. Абайдың «Қара сөздерінің» тілінде -мақ аффиксті тұлғаның орын алғандығы былай тұрсын, оның тіпті жиі қолданылғандығын ақынның прозалық тіліне шағатай әдебиетінің 102 Кононов А. Н. Тюркские этимологии // Ученые записки ЛГУ. - 1954. - Вып. 4. - Серия востоковедческих наук. - С. 276.
тигізген әсерінен ғана деп дәлелдеуге және бұл тек Абайдың «Қара сөздерінің» ғана ерекшелігі деп қарауға болмайды. -мақ-пен жасалған тұлға Абайдың өлеңдерінде «Қара сөздеріндегіден» кем ұшырамайды. Абай кейде тұтас өлеңі бастан-аяқ -мақ, -бақ, -дақ, -пақ және -мек, -бек, -пек ұйқастарына құрады: Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайтып келмек, Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір Құдайдан басқанын бәрі өзгермек. Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек Өнерсіздің қылығы өле көрмек.. . (1,26) Прозасындағы сияқты, өлеңдерінде де Абай -мақ-пен жасалған тұлғаны қимыл атауы қызметінде жұмсайды, бұл тұлға қажетіне қарай септік, тәуелдік жалғауларымен түрленіп отырады: Күншіліксіз тату бол шын көңілден, Қиянатшыл болмақты естен кеткіз (І, 38). Не қылса да надандар алмақты ойлар (І, 266). Еңбексіз мал дәметпек – қайыршылық (І, 266). Ең болмаса білмеді сый бермекті (І, 262). Жай жатпағым Тыныш таппағым Күш болып (І, 115). Ағайынға іс түспек – Ол бір үлкен қарғыс қой (ІІ, 123). Мал жияды мақтанын білдірмекке, Көзге шұқып, малменен күйдірмекке (І, 197). Өткен ғасырдың соңғы ширегінде қазақ тілі грамматика сы жайында шыққан материалдарда, екі тілдік сөздіктерде олардың авторлары мен құрастырушылары қазақ тіліндегі тұйық етістіктің көрсеткіші -мақ жұрнағы деп есептеді, ал -у жұрнағын көбінесе етістіктен есім жасайтын аффикске жатқызды103. Революцияға дейінгі авторлардың қазақ тіліндегі 103 Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. - Казань, 1861. - С. 19-32; Терентьев М. Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская. - Кн. І. - СПб, 1875. - С. 138; Грамматика киргизского языка. Фонетика, Этимология и синтаксис. - Оренбург, 1898. - С.17-18, 67.
тұйық етістіктің көрсеткішін -у жұрнағы емес, -мақ жұрнағы деп табуға бейімдеу болғандарының себебі – ең алдымен, сол кезде қазақ тілінің сыры әбден сараланып зерттеліп болмағандығында. Соның салдарынан қазақ грамматикасының көптеген категориялары басқа түркі тілдерінің фактілерімен араласып, шатастырылып берілгені де болды. Мы салы, бұл авторларда ІІІ жақтағы етістікке -лар жалғауы жалғанады (жазадылар, отырлар) деп көрсеткен немесе қазақ тіліне тән норманың бірі шартты өткен шақтың «жазсадым, жазсадың, жазсады» болып жіктелген түрі104 деп жазғандарын да кездестіреміз. Дегенмен өткен ғасырдағы қазақ тілін зерттеушілердің -мақ аффиксін актив тұлға деп тануы себепсіз де емес. Халықтың ауыз әдебиетінің, өткен ғасырдың ІІ жартысында қазақ тілінде шыққан газеттер мен басқа да материалдардың, Абай шығармаларының, ішінара Ыбырай шығармаларының тілдерін алып қарасақ, сөз етіп отырған тұлғаның қызметі мен семантикасы жағынан әр алуан құбылып келіп, өте жиі қолданылғанын көреміз. -мақ жұрнақты тұлғаны супиндік мағынада эпостық жыр лардан таба аламыз: Назымды малсыз алмаққа Шалдар да жаман желіккен («Қамбар батыр», 1957, 39-бет). Ал Тайшыққа жүрмекке Алпамыс қыран ойлады («Қисса Алпамыш», 1901). Ойланды елге бармаққа, Елінен хабар алмаққа («Алпамыс», 1957, 15-бет). Кейқуат бір диірмен тасты ап келіп Алпамысты өлтірмекке төбесіне тастап жіберді («Қисса Алпамыш», 1901). Эпостардың тілінде -мақ жұрнақты тұлғаны супин мағынасынсыз да кездестіреміз: Қаршығадан өзгеге Жібектен жауап алмағы Қиын-қыстау іс еді («Қыз Жібек», 1957, 31-бет). 104 Терентьев М. Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская. - Кн. І. - СПб, 1875.
Сізді көрсетпекке дүниенің малын алмаспын (Сонда, 23бет). Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда? Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда? Азар жақсы болса да қайын атамыз, Айналайын әкемдей болмақ қайда? (В.В.Радлов Образцы... - Жар-жар. - С.7). Көптеген мақал-мәтелдерде -мақ жұрнақты тұлға қимыл есімі мағыасында келеді: Бірге тумақ бар, бірге жүрмек жоқ. Қашпақ, қумақ ерге сын, Көшпек, қонбақ жерге сын. Бас болмақ оңай, бастамақ қиын. Баланың тентек болмағы үйінен, Жігіттің тентек болмағы биінен. Алыспақ бар, атыспақ жоқ. -мақ жұрнақты тұлғаны ертегілерде кездесстін «алыспақ керек пе, жұлыспақ керек пе?» деген сияқты қалыптасқан тіркестерден де табуға болады. «Дала уалаяты газеті»105 -мақ аффиксті тұлғаны қимыл есімі ретінде де, тіпті етістікпен семантикалас зат есім ретінде де өте жиі қолданған. «Охота в Туркестанском крае» деген мақаланың аты «Аң ауламақ Түркстан уалаятында» деп аударылған106 (15/ ІІІ.1891. №15). Осы мақаланың ішіндегі «охота, охотиться» деген сөздердің бәрі ауламақ болып берілген: «Және нағыз аң ауламақты Орта Азиядағы мұсылмандар машық қылмайды». «Аңшылар өзге шаруадан босаған уақыттарында көп аң ауламаққа келеді Сырдарияның жағасына» (Сонда). Әрине, газет өз тәжірибесінде -мақ-қа біткен тұлғаны бұлжытпай қолданып отырмайды, оның орнына кейде -мақ + тық, кейде -у аффикстерін пайдаланып кетеді: «Сол айтыл мыш жобалар төменде мағлұм етіладүр әуелі қасқырды қырып жоғалтмақлық турасынан, екінші болыснай мехкемесін салу турасынан, үшіншісі қазақ халқының қисаптарына тері илейтін зауод ашмақлыққа, сол зауодта жас қазақ балалары тері илеуін үйренмеклікке» (№15, 9/ІУ.1893). Салыстыру үшін текстің орыс тіліндегі оригиналын келтірейік: «Вопросы эти следующие: 1) об уничтожении вол 105 1888-1902 жылдарда Омбы қаласында шығып тұрған жергілікті әкімшілік органы. 106 Бұл газет орыс тілінде шығып, қазақша аудармасы қатар беріліп отырған.
ков, 2) об устройстве зданий для помещений волостных прав лений и 3) об устройстве на общественный счет образцовых кожевенных заводов, на которых подрастающее поколение киргиз изучало бы кожевенное производство» (Сонда). Сөйтіп, -мақ-қа біткен тұлға қызметі жағынан айқын диф ференциациясы болмаса да, сөз етіп отырған дәуіріміздегі казақтың жазба әдеби тілінде жиі қолданылып келген. -мақ жұрнақты тұлға мен -у жұрнақты тұлғаны қолдануда Алтын-сарин шығармалары біраз оқшау тұрады. Алтынсариннің әңгімелері көркем новеллалар болып келетіні мәлім. Олардың барлығының да арқауы – азаматтық (діни емес) тақырыптар. Тек «Лұқпан хакім» деген бір әңгімесінде автор шығармасының кейіпкері Лұқпанға адам баласының «құдай тағаланың бұйрығына» сай келетін қылықтары мен істері жай ында сөйлетеді. -мақ-қа біткен тұлғаны Алтынсариннің осы әңгімесінен кездестіреміз: «Құдай тағала адамға әртүрлі дене берді. Қол берді жұмыс қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін, құлақ берді есітуге, ақыл берді ойла нып, жақсы-жаманды аңғаруға (Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. - Алматы, 1955. - 98-бет). Қалған әңгімелерінің бәрінде Алтынсарин -у жұрнақты тұлғаны қолданады. Бұл арқылы қимылдың супиндік (мақсаттық) мәнін де білдіреді, ол үшін -у жұрнақты тұлғаны барыс септігіне қояды немесе үшін шылауымен тіркестіреді: Англия жұртында Броун деген білімді ұста судың үстіне бір қолайлы көпір салуға жүріп...» (Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. - Алматы, 1955. - 98-бет); «Мінеки, достым Мұратбай, мен екінші класқа шығып, енді бір екі жұмадан соң елге де қайтуға тұрмын» (96-бет); «Бір үлкен мейрам алдында әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді» (78-6.). Алтынсарин қимыл есімін де -у жұрнағы арқылы жасайды: «Соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс» (74-бет); «Бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін» (75-бет); «Бір еңкеюдің орнына он еңкейдің» (75-бет). Алтынсариннің -мақ жұрнақты тұлғадан бұлайша бас тар туында себептер бар сияқты. Ағартушы-педагог Алтынсарин
өзінің хрестоматиясын жазған кезде оны тек мектепте оқыту мақсатын көздеп қоймай, «Қырғыз хрестоматиясының» қалың көпшіліктің оқу кітабы болуын көздеген107. Осыған орай ав тор өз шығармаларының «кәдімгі қазақ тілінде»108 жазылуын, яғни қазақ тілінің лексика жағынан да, грамматикасы жағынан да арабизм, фарсизм, арабизмдерден шұбарланбауын мақсат еткен. Сондықтан ол өз тұсында кітаби тілде109 қолданылып жүрген қазақ тіліне жат жеке сөздерді ғана емес, грамматикалық тұлғаларды да байқамай отыра алмады. Соңғылардың қатарына Алтынсарин -мақ аффиксті тұлғаны жатқызғанға ұқсайды. Сондықтан қимыл атауын да, супинді де, тіпті етістіктен туған есімді де білдіру үшін Алтынсариннің халық тіліне әлдеқайда тән -у аффиксін таңдағаны көрінеді. Сөйтіп, әр алуан қызметте жиі қолданылған -мақ жұрнақты тұлғаны Абайдың тек прозасының тіліне тән ерекшелік деп есептеуге болмайды. Қазақтың өте ерте замандардан келе жатқан фольклорлық мұраларынан және Абаймен тұстас басқа да жазу үлгілерінен алынған материалдарға қарап, бұл тұлға қазақтың жалпыхалықтық тіліне жат болмағандығын дәлелдейміз. -мақ жұрнақты тұлға Абай шығармаларында қандай мағынада, қай қызметте кездессе, жоғарғы нұсқаларда да сол мағынада, сол қызметте ұшырасады: ең алдымен, ол қимыл атауын білдіреді, супиндік, шақтық мәнге де ие болады, етістіктен жасалған есім де болып келеді. Бұл тұлға қазақтың қазіргі тіліне де жат емес, бірақ оның атқаратын қызметі едәуір тарылған: ол қазір көбінесе мақсатты келер шақ формасын жа сайды. Сөз шебері Абай -мақ аффиксті тұлғаның мағынасының кең диапазонын сезіп, оны жалғыз прозасында емес, өлеңдерінде де молынан пайдаланған. Егер Абай тану саласындағы зерттеушілердің кейбіреулері оның «Қара сөздерінде»-мақ107 Бейсембиев К. Из истории общественной мысли Казахстана ІІ половины XІX в. - Алматы, 1957. - С. 150. 108 Ы.Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге 1876 жылы жазған хатынан. 109 Бұл жерде біз «кітаби тіл» деп ішінде араб, парсы тілдері мен басқа түркі тілдерінің сөздері молынан енгізілген, өзге тілдік грамматикалық та элементтері бар, орфограммасы қазақ тілі нормасына бағындырылмаған, көбінесе діни тақырыпта жазылған шығармалардың тілін айтып отырмыз.
пен жасалған тұлғаның көзге түсетінін ептеп болса да айтып,
бұны кітаби тілдің элементіне (демек, халық тілінен біршама
алшақтанатын элементке) жатқызса, осы тұлғаның Абайдың
өлеңдерінде де аса жиі қолданылатындығы туралы әлі ешкім
ешбір пікір айтқан емес. Айта қалған күнде де ешбір зерттеуші
Абайдың -мақ аффиксті сөзі бар өлеңдерін кітаби тілде жа
зылды демеген (әрі дей алмаған) болар еді. Халық тілінде бар,
бірақ синонимдес басқа тұлғамен (-у аффиксі) жарысып отыра
тын -мақ жұрнағын Абай актив қорлардың біріне айналдырған.
Тегі, Абай тілінің морфологиялық ерекшеліктері жөнінде сөз
еткенде, Абай халық тілінен өзге тілде, «Абай тілінде», жаз
ды деп ешкім де айта алмайды. Оның ерекшелігі – халық
тіліндегі кейбір грамматикалық тұлғаларды әр алуан қызметте
құбылтып, мағыналық сферасын кеңейтіп қолдануында. Мұнда
жалғыз -мақ жұрнақты тұлға емес, -ар, -ар + ға, -ар + лық, -са
жұрнақтарымен жасалған сөздерді де атауға болады.
Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - Филология және
искусствотану сериясы. -1959. - 1-шығ. - 76-84-б.
Абайдың прозалық шығармаларындағы кейбір морфологиялық тұлғалардың сипаты Қазақтың жазба әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» деп аталатын прозалық мұрасы, негізінен, тіліміздегі публицистикалық, ғылыми баяндау және көркем проза стильдерінің тұңғыш үлгісіне жатады. Сондықтан әдеби тіліміздің іргетасы қаланып, әрі қарай қалыптаса түсу процесінің тарихын зерттеуде Абай шығармаларының тілін әр алуан тұрғыдан талдаудың мәні өте зор. Бұл мақаламызда Абайдың «Қара сөздерінің» текстері бойынша оның тіліне морфологиялық сипаттама беруді көздедік. Мұның өзінде морфологияға қарасты барлық тұлғаларды түгел алмай, аздыкөпті дәрежеде «ерекшелік»110 деп атауға болатындарын ғана талдамақпыз. Ерекшелікке жатқызған элементтеріміздің сырсипаты тағы да біркелкі емес. Олардың бірқатары қазақ тіліне мүлде тән емес, шеттілдік элементтер екендігімен ерекшелен се, енді біреулері әдеби тіліміздің қазіргі даму дәрежесімен салыстырғандағы айырмашылығымен ерекшеленеді. Бұл айырмашылық сыртқы тұлға жағынан да, сөздің семантикасы мен қызметі жағынан да болуы мүмкін. Сондықтан біз Абай прозасындағы морфологиялық ерекшеліктерді үш үлкен топқа бөліп алып талдадық. Алғашқы топқа қазіргі әдеби тіліміздегі қалыптасқан нормалармен салыстырғанда сыртқы тұлғалануы жағынан өзгешелеу болып келетін элементтер жатады. Қазірде есімшенің бір түрін жасайтын -тын/-тін жұрнағы Абай прозасының тілінде түгелімен -тұғын түрінде келеді111: «Жұрттың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір 110 Жеке жазушының тілі мәселесіне келгенде, «ерекшелік» деген терминнің шартты екендігін, басқа зерттеушілер сияқты біз де мойындаймыз. 111 Абай шығармаларының кітап болып басылуларында текстология жағынан, әсіресе грамматикалық тұлға-тәсілдерді дұрыс беру жөнінен, әлі де ағаттықтар жоқ емес. Абай шығармаларының 1954 және 1957 жылдарда шыққан кітаптары мен Абай мұраларын жазып қалдырған Мүрсейіттің 1905, 1910 жылдардағы көшірме қолжазбаларын мұқият салыстырып өткенімізде, соңғыларда есімше жұрнағының ықшамдалған тың түрінің мүлде кездеспейтінін байқадық. Ал кітап болып ең соңғы басылуының (1957) өзінде оның бірнеше бетінен -тұғын-ның орнына -тын жұрнағымен берілген есімшені оқимыз.
алғанды қайта жібермейтұғынын» (Абай Құнанбаев Шығар-
маларының толық жинағы. - Алматы, 1957. - ІІ том. - 173-
бет)112. «Ұрыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы бұзақының
тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды?» (ІІ, 169).
Сондай-ақ қазірде жалғаулық шылау мен көмектес септік
көрсеткіші деп аталып жүрген -мен форманты Абай проза
сында көбінесе менен түрінде келеді: «Ол болыс болғандар
өзі қулық арамдықпенен болыстыққа жеткен соң момынды
қадірлемейді»(ІІ, 160). Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол
демеймін (ІІ, 162).
Қазіргі әдеби тілімізде да (~ де, та, те) варианттарында ак
тив қолданылатын энклитика Абай «Қара сөздерінің» текстінде
дағы түрінде де кездеседі: «Адам ата-анадан туғанда есті бол
майды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-
жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған
адам білімді болады» (ІІ, 175).
Осы күнгі прозамызда, әсіресе қоғамдық-саяси, ғылыми-
публицистикалық стильдерімізде -йық вариантында қалып-
тасқан І жақтық бұйрық райдың көпше түрінің аффиксі Абай
да дәйім -лық қалпында қолданылады. Бұл оның жалғыз про
засына ғана емес, өлеңдерінің тіліне де тән (Абайдың кейбір
өлеңдері тұтасымен -лық ұйқасына құрылған: «Бір дәурен
кемді күнге бозбалалық» т.б. өлеңдерін қараңыз).
Абай тіліндегі морфологиялық тұлғалардың мұндай «ерек-
шеліктерінің» себебі неде? Абай қазақтың жазба әдеби тілінің
іргетасын қалағанда, оның арқауы етіп халықтың ауызекі
сөйлеу тілі мен ғасырлар бойы шыңдалып келе жатқан асыл
мұра –– ауыз әдебиеті тілін алды. Сондықтан Абай тіліндегі
бірсыпыра грамматикалық тұлға-тәсілдер сөйлеу тілі мен ауыз
әдебиеті тілінің нормаларымен ұштасып жатты да сыртқы
тұлғалық көріністері жағынан да одан ұзап кетпеді. Жоғарыда
келтірілген тұлғалардың бәрін де ауыз әдебиеті нұсқаларының
тілінен кездестіре аламыз. Әсіресе ірілі-ұсақты фольклорлық
шығармалардың ертеректе басылған варианттарында -тұғын,
-менен, дағы, -лық тұлғалары жиірек ұшырасады: «Шеше,
ат мінгестіретұғын емес, үйіңе баста, – деді («Қисса Алпа
112 Әрі қарай томның нөмірі мен беті ғана көрсетіліп отырылды.
мыш», 1901); «Сол Тарғын тіліне нанатұғын бір кісі тауып бер
(В.В.Радлов Образцы народной литературы тюркских племен,
живуших в Южной Сибири и Джунгарской степи. - СПб, 1870.
- Ч. ІІІ. Киргизское наречие); «Егерім ақылдың бәрі сақалда
болатұғын болса, менің патсам мені қойып, ешкіні жіберер
еді депті (Хрестоматия турецкая персидская, киргизская и уз
бекская. Составил М.Терентьев. - Книга вторая. - САб, 1876.
- С. 66); «Олай болса, екеуміз де атпалық», – деді (Туреская
хрестоматия, составленная И.Березиным. - Т. ІІІ. - 1876. - С.
10); «Көрдің бе, кедей Қамбар менен Назымның сөйлесіп
тұрғанын?» («Қамбар батыр»).
Сөз етіп отырған тұлғалардың сөйлеу тілі мен ауыз әдебиеті
тілінің нормасына жататын -тұғын, -менен, дағы, -лық вари
анттары жалғыз Абай прозасына ғана емес, сондай-ақ ішінара
Ыбырай Алтынсарин новеллаларының тіліне де, қазақтың
тұңғыш баспасөзінің бірі «Дала уалаяты газетінің» тіліне де,
XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде әртүрлі
азаматтық тақырыптарға қазақша жазылып шыға бастаған ұсақ
кітапшалардың тіліне де тән болғанын байқаймыз. Осы жерде
біз қазақша проза үлгілерінің тілін ғана сөз етіп отырмыз. Ал
өлеңмен берілген шығармалардың тіліне келетін болсақ, әңгіме
біраз басқаша сипат алады. Өлеңнің буын саны, ұйқасы сияқты
заңдылықтарына қарай онда біз талдап отырған тұлғалардың
толық түрлері де, ықшам түрлері де (-тын, -мен, да) келе
береді. Абайдың өзі өлеңдерінде бұлардың екі вариантын да
бірдей пайдаланып, оларды бір-біріне «кезекші» элемент етіп
қойған: буын саны асып жатса, -тын, -мен, да түрлері, жет
пей жатса, -тұғын, -менен, дағы түрлері тіпті бір шумақтың
ішінде де кездесе береді (бұл амал – фольклор тіліне де, қазіргі
ақындарымызға да жат емес):
Сонда сенің отыңды басатұғын,
Осы өлең оқитұғын дұғам менің (ІІ, ІІІ).
Жалын мен оттай жаралған
Сөзді ұғатын қайсың бар?
Ақыл менен білімнен
Әбден үміт үзіппін (І, 250)
Абайдың «Қара сөздерінде» пайданылған бірқатар тұлғалар
қазіргі кездегі нормамен салыстырғанда, өзінің қызметі жағы-
нан өзгешелеу болып келіп, морфологиялық «ерекшеліктер-
дің» екінші тобын құрайды. Оларға -мақ жұрнағы арқылы
жасалған тұлғаның, -ар жұрнағы арқылы жасалған есімшенің,
шартты рай тұлғасының керек сөзімен тіркесінің қызметтері
жатады. Бұл тұста біз мынадай екі мәселені байқаймыз:
бірінші – қазақ әдеби тілінің қалыптаса бастаған алғашқы
дәуірінде, оның ішінде Абай тілінде морфологиялық бір тұлға
бірнеше қызмет атқарған. Оған -мақ, -ар жұрнақты етістіктер
мысал бола алады. -мақ жұрнақты тұлға Абайда өте жиі
қолданылады, ол, ең алдымен, шақты, райды, жақты, жекеше-
көпшелікті көрсетпей, іс-әрекеттің жалпы ұғымын білдіретін
қимыл атауы ретінде жұмсалады, яғни осы күнгі -у жұрнақты
тұйық етістікпен қызметтес келеді: «Ішпек, жемек, кимек,
күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, ман
сап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің
бәрінің де өлшеуі бар (ІІ, 218).
Екіншіден, Абайда бұл тұлға қазіргідей етістіктің шақтық
қатынасын білдіреді, яғни мақсатты келер шақ категориясын
жасайды. Үшіншіден, ол Абайдың әсіресе өлеңдерінде әрдай-
ым бола беретін, бір нәрсеге тән, тұрақты, үздіксіз іс-әрекетті
білдіріп, ар немесе осы күнгі -а + ды аффиксті тұлғалармен
қызметтес түседі:
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек ( = бөлер = бөледі).
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек (= берер = береді) (І, 27).
Күшті жықпақ ( = жығар, = жығады), бай жеңбек ( =
жеңер = жеңеді) әуел бастан (І, 32).
-мақ-пен жасалған тұлға Абайда барыс септігінде келіп,
қимылдың мақсатын білдіреді, яғни супиндік мәнге ие болады
(бұл да өлеңдерінде жиі ұшырасады):
Мал жияды мақтанын білдірмекке
Көзге шұқып, малменен күйдірмекке (І, 197).
-ар жұрнағымен жасалған есімше тұлғасы да Абай тілінде
бірнеше қызмет атқарады: ол көбінесе белгілі бір шаққа қатысы
жоқ, әрдайым, үздіксіз болып тұратын іс-әрекеттің мағынасын
береді. Бұл әсіресе өлеңдерінде өте жиі ұшырайды:
Өлсе – өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес (І, 178).
Екіншіден, -ар жұрнағы болжалды келер шақ формасын жа
сайды: «Оның мәнісі – ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің
амалшы, айлалығынан жетерсің деген сөз» (ІІ, 160).
Үшіншіден, анықтауыш позициясында келіп, осы қызмет-
тегі -тұғын (>тын) жұрнақты тұлғамен әуендес болады:
«Ғылым сөзін сөйлесер (~сөйлесетін) адам жоқ (ІІ, 157); «Мына
мен айтқан жол мал аяр (~аяйтын) жол емес» (ІІ, 180).
Сондай-ақ Абай шығармадарының тілінде бір грамматика-
лық категория бірнеше тұлғамен беріледі. Мысалы, осы күнгі
-у жұрнақты қимыл есімінің қызметін төрт түрлі тұлға қатар
атқарады: бірі және ең жиі қолданылатыны –-мақ жұрнақты
тұлға, одан кейін Абай қимыл есімі қызметінде осы күнгідей -у
жұрнағын да жұмсаған (әсіресе нақтылы қимыл атауларын -у
арқылы бергені байқалады), үшіншісі – -ар жұрнақты есімшенің
барыс септіктегі тұлғасын Абай -у жұрнақты тұлғаның дубли
каты ретінде пайдаланады: «Жоқ, ғылым бағарға да ғылым
сөзін сөйлесер адам жоқ» (ІІ, 160); «Жан қуаты деген қуат бек
көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сыйғызбайды» (ІІ, 216).
Төртіншісі – шартты рай тұлғасының керек сөзімен келген
тіркесін де Абай осы тіркестегі -у жұрнақты қимыл есімінің
орнына жиі жұмсайды: «Әрбір байқаған адам білсе керек ( =
жалпы білуі керек)» (ІІ, 161); «Тәнді жанға бас ұрғызса керек
еді ( = ұрғызу керек еді), жоқ, біз олай қылмадық» (ІІ, 165).
Сондай-ақ Абай бір қызметте -а + тын және -ар + лық
аффиксті тұлғаларды жарыстыра жұмсайды: «Солардан
сақтарлық ( = сақтайтын) кісі таппақ» (ІІ, 166); «Баланың
мал табарлық болары ( = табатын болуы), мал шашарлық бо
лары ( = шашатын болуы) – ол да екіталай» (ІІ, 167).
Қысқасы, Абай жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен ауыз әде-
биеті тілінде қолданылатын кейбір морфологиялық тұлғалар-
дың қызмет өрісін кеңейтіп активтендірген. Олардың бірқа-
тарын (мысалы, -мақ, -ар, -ар + лық жұрнақты тұлғаларды)
өзінің шеберлік талғамына қарай ұнатып жұмсағанға ұқсайды
(яғни бұл мәселе Абайдың грамматикалық тұлға-тәсілдерді
таңдаудағы индивидуалдық шеберлік ерекшелігіне де барып
тіреледі).
Абайдың прозалық шығармаларындағы морфологиялық
ерекшеліктерді құрайтын үшінші топ – ондағы өзге тілдік
тұлға-тәсілдер. Бұларға -мыш, -дүр форманттары, ІІІ жақтағы
етістікке -лар көптік аффиксінің жалғануы (бардылар) және
бұйрық райдың ІІІ жақтағы тұлғасының үшін шылауымен
тіркесі (болсын үшін) жатады. Әрине, қолданылу жиілігі
жағынан бұлар қазақ тілі элементтерімен мүлде теңесе ал
майды, яғнн бұлардың қай-қайсысы да аса сирек ұшырасады.
Қазақтың өткендегі де, сол тұстағы да халықтық тіліне мүлде
тән емес, өзге түркі тілдік бұл тұлға-тәсілдерді Абай «Қара
сөздерінің» өн бойында қолданбай, белгілі бір «Сөздерінде»
ғана пайдаланады: «Жоғарыда жазылмыш сипаттар бірлән
тағрифлап танымаққа керек» (ІІ, 38-сөз, 197); «Бұл айтылмыш
үш хисләттің иелерінің алды – пайғамбарлар» (ІІ, 38-сөз, 202);
«Ғылым – Алланың бір сипаты, ол – хақиқат, оған ғашықтық
өзі де хақлық һәм адамдық дүр» (ІІ, 38-сөз, 216); «[Әулиелер]
бәлки хисапқа алмадылар» (ІІ, 38-сөз, 202); «Бұл жолдағылар...
сабырменен бір қарар тұрамын дегені болып кетселер де ке
рек» (ІІ, 38-сөз, 224); «...Ол көз нәзіктігінен керегіне қарай
ашып, жауып тұрсын үшін қабақ беріпті. Желден, ұшқыннан
қаға берсін болсын үшін кірпік беріпті» (ІІ, 27-сөз, 182).
Біздің анықтауымызша, Абайдың «Сөздері» тематикасы,
баяндау стилі және тілдік элементтерді қолдануы жағынан
айқын екі топқа бөлініп тұрады. «Сөздердің» басым көпшілігі
қалың оқушы жұртшылыққа арналады. Олардың тілі қазақтың
жалпыхалықтық тілін негіз еткен жазба әдеби тілдің үлгісін
көрсетеді. Ал «Сөздердің» шағын бір тобы (12, 13, 32, 43, әсі-
ресе38-сөздер) – белгілі бір адресаттарды көздеп, басқалары-
нан бір қыдыру ерекшеленен тұратып шығармалар. Бұлар
көбінесе діни оқуға қатысы бар, сол тұстағы түркі халық-
тарының бірқатарына ортақ әдеби тіл – кітаби тіл дегенмен
таныс адамдарға арналады, немесе кейбірі (43-сөз) «жибли,
кәсіби нәрселердің» сырын білмек болғандарға, яғни фило
софия саласынан хабар барларға бағышталады. Автор бұл
«Сөздерінде» шеттілдік элементтерді лексика саласынан да
(араб-парсы сөздері, сөйлемдері), грамматика саласынан да
(-дүр, -мыш форманттары) пайдаланады. Қысқасы, Абай
ишан-молдалармен айтысқан бұл шығармаларын олардың
«өз» тілдері – кітаби тілге бір табан жуықтатып жазғаны
байқалады. Демек, оның белгілі бір сөздерінде ғана кездесетін
өзге түркі тілдік морфологиялық элементтер стилистік мақсат
көздеп, әдейі қолданылған тәсілдер болып табылады. Бұлар
«Қара сөздердің» қалған көпшілігі сияқты, өлеңдерінің тілінде
де ұшыраспайды.
Талдауымыздың нәтижесінде мынадай пікірге келеміз:
жазба әдебиеттегі қазақ прозасы тілінің енді-енді қалыптаса
бастаған кезеңінде кейбір сөздердің фонетикалық трансфор-
мация жолымен грамматикалану процесінің (тұрған>тұғын>
тын ~ тін; менен>мен; дағын>дағы>да; ған-ған + соң>ған+
соң>>ғасын т.т.) әлі аяқталып болмағандығын байқалады.
Қазірдің өзінде әдеби тілімізде ықшам формаларды (мен, да,
-тын, -ғасын т.б.) қол көру тенденциясы басым болғанмен,
бұлардың фонетикалық ықшамдалу процесі әбден аяқталды
деп есептеуге болмайды: -менен, дағы, -тұғын форманттары-
ның осы күнгі ақындарымыздың өлеңдерінде кездесетіндігіне
назар аударыңыз). Бұл – бір. Екіншіден, бұл кезеңде граммати-
каның белгілі бір категорияларына арнаулы тұлғалар бекітіліп,
нормаға түсу процесінің де қызу жүріп жатқаны сезіледі.
Мұнда қазіргі кезбен салыстырғанда кейбір категориялар-
дың морфологиялық көрсеткіштері әлі тұрақталып бітпеген
жайды аңғарамыз. (Мысалы, тұйық етістік қызметінің 3-4
тұлғаға ауысуына көңіл бөліңіз). Осыған орай, бірқатар етістік
тұлғалары көп қызметті болып келетінін көреміз (-ар жұрнақ-
ты есімшені қараңыз).
Сөйтіп, Абайдың прозалық шығармалары жалпыхалықтық
сөйлеу тілі мен ауыз әдебиеті тілі нормаларының негізінде
жазылғандықтан және біздің дәуірімізбен екі араға ғасырлар
емес, ондаған жылдар салып өткен күні кешегі мұраға жата-
тындықтан, әдеби тіліміздің қазіргі даму сатысымен салыс-
тырғанда ондағы «ерекшеліктерден гөрі ұқсастықтардың
әлдеқайда көп екені даусыз. Біз бұл мақалада ұқсастықтарды
сөз етпей, әртүрлі дәрежеде, әр алуан планда алынған
«ерекшеліктердің» басты-бастыларын көрсетіп айту арқылы
жазба әдеби тіліміздің қалыптаса бастаған дәуіріндегі кейбір
жайлардан (морфология саласынан) мәлімет беруді көздедік.
Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабаршысы. - 1959. -
№5. - 30-34-б.
Абай тілінің көркемдігі
Соңғы бір-екі жылдың барысында Абай мұрасын танып-білу,
әрі қарай талдап-зерттеу әрекеттері жандана бастады. Мұның
бір себебі – ұлы ойшыл суреткердің алдымызда келе жатқан
150 жылдық мүшелтойына дайындыққа қатысты болса, екінші
себебі – біздіңше, мынада сияқты. Бұл күндерде қоғамымыздың
тіршілік-тынысы
душар
болып
отырған
таршылықтың
(дефициттің) зоры – адамгершілік, ізгілік қасиеттердің, ұлттық
этикалық мәдениеттің құлдырап түсіп бара жатқандығы.
Бұларды көтеру үшін осы жолдағы барлық құралды, барша
мүмкіндікті іздеуіміз қажет болып отыр. Мұндай құралдың бірі
– ұлы гуманистердің, демократ-ағартушылардың еңбектері,
пікірлері, жеке бастарының үлгілері болмақ. Сондықтан Абай-
дай алыпты қазақ жұртшылығының, әсіресе бүгінгі жаста-
рының, оқушыларының әрі қарай жақсы тани түсулері қажет-
ақ. Абайдың ақындық, жазушылық мұрасының мән-мазмұнын
ғана біліп қоймай, оның әдеби тіліміздің тарихи көшінде
алған орнын да біле түссек, қазақ тілінің көркемдік дүниесіне
сіңірген еңбегі мен қосқан үлесіне де үңіліп, бағалап отыру –
қажетіміз бен парызымыздай. Осы мақсатты көздеп ұлы сурет
кер тілінің көркемдігіне қатысты шағын талдау ұсынып отыр
мыз.
Көркем шығарманың әр жанрының өзіне тән стильдік
белгілері, соған орай тілдік-көркемдік ерекшеліктері болады.
Қазақ поэзиясының тілі көркем проза, публицистика, ғылы-
ми шығармалар тілімен салыстырғанда, сөзқолданысы, грам-
матикалық тұлға-тәсілдерді көркемдеуіш құралға айналды
руы, яғни поэтикасы жағынан едәуір өзгеше болып келеді.
Ең алдымен, қазақ поэзиясы тілінің көпғасырлық дәстүрі
бар, нормалары біршама қалыптасқан құбылыс екенін айту
керек. Сонымен қатар әр кезеңде ірі-ірі ақындардың қаламы
арқылы өлең сөз тіліне жетілу, түрлену тұрғысынан өзгеріс,
жаңалықтар қосылып отырады. Абай өзіне дейінгі және
өзімен тұстас қазақтың өлең сөзіне қатаң талап қойып, кей
сәттерін сынай отырып, қазақ поэтикасының жасалу және
даму заңдылықтары мен шарттарына мойынсұнбай кетпеді,
өйткені, бұл – көркем сөз дамуының объективті заңдарының
бірі. Абай буын саны жағынан өлеңнің өзіне дейін болмаған
жаңа түрін жасағанымен, олардың барлығы да силлабикалық
құрылыс заңдылығына бағынады, өйткені қазақ өлеңінің жа
салу табиғаты силлабикалық буын өлшеміне құрылған. Абай
өлеңнің тармақ саны мен ұйқасуына қарай небір алуан жаңа
түрлерін ұсынғанымен, сайып келгенде, олар өлеңді ұйқасқа
құру шартына бағынады, өйткені соңғы дәуірлердегі қазақ
өлеңінің негізгі белгісі – аллитерация емес, ұйқас. Абай қазақ
өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің, метафораның жаңа
түрлерін ұсынды, ал олардың қолданылу принциптері мен
жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ өлеңіне де тән бола
тын. Бұл шарттан да Абайдың аттап өтуі мүмкін емес. Бірақ
осылардың барлығын жетілдіру, түрлендіру, жаңа сапалық
белгілер қосу тұрғысынан поэзия тілін дамытуда Абайдың
еңбегі орасан зор болды.
Абай Пушкин сияқты, өлеңнің іші поэтикалық ойға толы
болуына күш салады. Ойға құрылған өлең сол ойды дәл, әсерлі
етіп беретін амал-тәсілдерді іздеттіреді. Сондықтан да Абай
да өлеңнің мазмұнын, ақынның айтпақ идеясын білдіретін
элементтердің айқындала түсуі басым.
Ең алдымен, Абай қазақ поэзиясы тілінің сөздік құрамына
өзгеріс енгізді. Өзіне дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қол-
данылмайтын тұрмыс-салттық лексиканы, қарапайым сөз-
дерді, терминдік мәнге ие болған ескі, жаңа атауларды өлең
тіліне қосып, оларды поэтиканың құралына айналдырды. Абай
шығармашылығы тақырыбының бірі және бастысы – адам,
оның моральдық бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі,
іс-әрекеті және бұл тақырыптарды Абай бұрынғыдай жал
пы түрде, өсиет-ақыл айту түрінде емес, нақтылы түрде, әр
қимыл-әрекетті, әр мінез-құлықты дәл көрсету түрінде жыр
лайды. Сондықтан адамның белгілі бір сәттегі психологиялық
күй-қалпын дәл беру үшін бұрыннан тілде қолданылатын
жүрегі лүпілдеу, буыны босау, сағыну, ләззат алу тәрізді
дағдылы сөздермен қатар, қазақ өлең-жырлары тілінде көп
кездеспейтін суыну, ысыну, елең қағу, бос шошу, қызару,
сұрлану деген сияқты жай-күй атауларын пайдаланды. Абай
да жалпы адамды әр алуан жақтан бейнелейтін етістіктердің
көптігін және олардың образ жасауға қатысатынын айту ке
рек. Сырт қарағанда, «поэтикалық паспорты» жоқ бұртақтау,
тыртыңдау, арсаңдау, босқа талтаңдау, ит көрген ешкі
көздену, тізесін созғылау деген сияқты сөздердің өзіне стильдік
жүк артып, поэтикалық құралға айналдырған.
Абай поэтикасына көзге елестетіліп берілетін образдар тән.
Мысалы, аңға салған құс пен одан қашқан түлкінің суретін көзге
елестетіп беру үшін ақын қайқаң қағу, салаң ету, аузын ашып
қоқақтау, қанат-құйрық суылдау сияқты сөздерді таңдайды
немесе наданның намаз оқыған кездегі суретін елестету үшін
құржаң-құржаң ету, тоңқаңдау деген тіпті тұрпайы сөздерді
алады және бұл сөздер образ жасауға қатысады.
Мағына ауыстыру, теңеу сияқты поэтикалық құрал ретінде
«прозалық» сөздерді пайдалануды Абай жүйеге айналдырған.
Мысалы, бақсының моласындай жалғыз қалу, безгек ауру
сықылды жүдететін ғашықтық, піскен алма секілді тәтті
қыз, өмір жолы – иген жақ т.б. Лексикалық топтардың ішінде
жалғыз тек күнделікті тұрмысқа қатысты немесе поэтикалық
сөз болу қасиеті (мағынасы мен бояуында) бейтарап сөздерді
ғана емес, қоғамның саяси-экономикалық құрылысына, оқу-
білімге, философия мен дінге қатысты сөздердің поэзия тіліне
молынан қатыстырылуы және көбінің образ жасауға қатысып,
көркемдік құралына айналуы – Абай өлеңдері тілінің бір
ерекшелігі.
Абай поэтикасында көзге түсетін тағы бір құбылыс –
образдардың ауызша әдеби тілдегідей, көбінесе қазақ халқы-
ның санғасырлық күнкөріс тіршілігінің негізі малға немесе өз
кезіндегі қазақ тіршілігіне таныс құбылыстарға байланысты
болып келетіндігінде ғана емес, сол образдардың тыңдығында,
бұрын айтылмаған теңеу, бейнелеулерде. Мысалы, мұнда
күлкіні мәліш саудаға, алыс-берісті асық ұтысқа, бозбаланы
оңғақ бұлға теңеу немесе ұрлық пенен қулыққа байлағанда
кестің бау деуі осыны көрсетеді. Абай талаптың аты,
талаптың тұлпары, асау жүрек, жүйрік уақыт, үміттің
аты, қу тілмен қулық сауу деген соны фразеологизмдерді жа
сауда да малға қатысты образдарды алады.
Абай негізін қалап, әрі қарай жүйеге айналдырған поэти-
калық тәсілдің бірі текст түзу саласына қатысты. Текст түзу
дегеніміз – шығарманың бір бөлігінде немесе шағын бір
өлеңнің өн бойында мағыналары бірін-бірі айқындайтын,
модальдық реңктері біртектес сөздерді шоғырлап беру болса,
Абай сөздің белгілі бір поэтикалық мақсатты өтеуі сол текстегі
өзге сөздерге де иек артатынын, яғни сөздердің бір-біріне
«қызмет көрсетулері» керек екенін жақсы сезеді. Мысалы,
«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деген шағын өлеңінде
ақын өз заманындағы қоғамның аса жағымсыз мүшелерін
суреттейді. Сондықтан мұнда сұм-сұрқия, қу, білгіш деген зат
есімдерден бастап, Құдай ату, бұтып-шату, есіру, ісіп-кебу (ау
ыспалы мағынада), қабару (бұл да), ит ырылдату, сілесі қату,
Құдай қалжыратып құмар қылу деген етістіктерді қолданады.
Бұлардың әрқайсысы – экспрессоид, яғни әрқайсысында
жағымсыз қылық, іс-әрекетті білдіретін мағынамен қатар, сол
мағынаны әсерлі етіп көрсететін бояу бар: жоқтан барды жай
айту емес, бұтып-шату; құр мақтану емес, есіру; жай шығынды
болу емес, шығынға белшесінен бату; жай құмар емес, Құдай
қалжыратып құмар қылу т.б. Бұл сөздердің әрбіреуі осындай
экспрессияға ие болса, олар бір жерге, бір өлеңге шоғырланып
берілгенде, әсері мен бояуы одан сайын күшейіп, өлеңді
«жұмыр, тұтас» дүниеге айналдырады.
Текст түзудің тағы бір жақсы үлгісіне «Сегіз аяқ» өлеңін
келтіруге болады. Бұл өлең – Абайдың ақындық, азаматтық ар-
ұжданының толғанысы, дүниеге, болмысқа деген көзқарасы,
философиясы, сондықтан ақын мұнда абстракт ұғымдарды сөз
етеді, ол үшін сол ұғымдардың атауын таңдайды. Бұл өлеңде
қызыл тіл (бұл атау «толғаныс, философия, поэзия, сөз» деген
ұғымдарды білдіреді), ой, әдет, қайрат, сөз («толғаныс, өлең,
пікір»), мінез, насихат, өсек, нысап, ұят, дәулет, нәсіп, еңбек,
ар, өтірік, ұрлық, зорлық, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,
қулық, сұмдық, қорлық, мақсұт, абұйыр, талап, ғылым, дерт,
жалғыздық деген сияқты 40-қа жуық абстракт ұғым атаула
рын қолданады. Бұлардың шоғырланып келуінде стильдік мән
бар: осы сөздерді талғап, тандап келтірудің арқасында өлеңге
философиялық сипат беріліп тұр.
Сол сияқты өз замандастары – болыс пен пысықтардың,
«әсемсіп, сәнсіген кербез, керімдерді», «бойы бұлғаң, сөзі
жылмаңдарды» – осылардың баршасының образын дәл, әсерлі
етіп беретін эмоциялық әсері күшті поэтикалық құралдарды
іздеп, ол үшін экспрессивтік бояуы қалың, яғни семантикасын
да жағымсыз реңкі бар етістік сөздерді шоғырымен келтіреді.
Бір ғана «Болыс болдым, мінекей» деген өлеңінде болыс, ша
барман, пысықтардың портретін жасауда ақын далпылдап,
жалпылдап, барқылдап, бартылдап, тарқылдап, қарқылдап,
шартылдап, лепілдеп, күпілдеп деген сияқты образды сөздерді
топтап келтіреді. Бұл өлеңнің тексін құрайтын өзге сөздер де
модальдық реңкі жағынан осылармен «үндес» келеді: мұнда
бейтарап мағыналы беру етістігі емес, тығындау сөзі бейнелі
немесе мықтап ұстау, қатты ұстау деген сөздер әлдеқайда
әлсіз, бояусыз, бейтарап іс-әрекет атаулары болар еді, сондықтан
бұлардың орнына мығымдап ұстау сөзі қатысқан, «сияз бар»
десе, болыстың жүрегі жай лүпілдемейді, суылдайды т.т. Об
раз жасауға қатысқан бұл етістіктердің баршасы өткен шақ
көсемше тұлғасында (барқылдап, қарқылдап...) қолданылған.
Тегі, бұл тұлғаны белгілі бір стильдік жүкті көтеретін құрал
есебінде жұмсау қазақ поэзиясында, оның ішінде Абайда
әбден қалыптасқан амал деп санау керек. Абай өлеңнің «іші –
алтын, сырты – күміс» болуын қалағанда, құлаққа әсерлі боп
естілетін әсіреқызыл сөздерден аулақ болу принципін ұстайды.
Сондықтан ол дәстүрлі эпитеттерді қолданудан гөрі соныла
рын іздейді. Мысалы, Абайда бұрынғы әдеби мұраларда жиі
қолданылған ару («сұлу» және «таза, пәк» мағынасындағы),
берен («берік»), байтақ («хандық», «ел, жұрт»), ауыр («көп,
күшті») сияқты эпитеттерді мүлде қолданбаған. Қанша әдемі
болса да, дағдылы образдар (ару қыз, берен қылыш, ауыр қол,
ауыр жұрт, байтақ-жұрт т.б.) кез келген идеяға сай келе
бермей, құр әсем жылтырақ фраза болып шығуы мүмкін.
Мұны Абайдың өзі де бірнеше рет ескертіп өтеді: бірде
«сөзімнен әсіреқызыл емес деп жиренбеңіз» десе, енді бірде
«өлең деген – әр сөздің орайлы жарасымы» дейді. Қысқасы,
өз өлеңі тілінің бұрынғыдан өзгеше, жаңа екенін ескертеді.
Ол жаңалық – поэтикалық элементтердің кәнігі түрлерін
қолдана бермейтіндігі. Сол сияқты халықтық символдар
ды немесе байырғы қазақ поэзиясы тіліндегі дәстүрлі сөз-
образдарды да Абай кемде-кем алады. Мысалы, еркіндіктің об
разы – тарлан, тарпаң сөздері Абайда жоқ, ал алғырлықтың
дәстүрлі символы – қыран құс, бүркіт, биіктіктің символы –
бәйтерек, тойымсыздықтың, қаскөйліктің образы – аш бөрі,
ержүректіліктің символы – арыстан сөздерін Абай сөз-образ
етіп емес, өздерінің тура номинативтік мағынасында жұмсаған,
ал бұлан, бөкен сияқты сөз-образдар Абайда тек мақал-мәтел,
фраза құрамында келген. Дәстүрлі символдардан Абайда
кездесетіні қызыл гүл – жастықты, сұлулықты, жолбарыс –
қайраттылықты білдіретін образдар ғана. Поэтикалық трафа
реттерден қашуы – көне мұрадан мүлде бас тартуы емес не
месе қайткенде де жаңалыққа құмарлығы да емес, поэзияның
жаңа талабын орындау мақсаты.
Абай, әрине, қазақ поэзиясы тілінің бұрынғы амал-тәсіл-
дерінің бәрінен мүлде бас тартқан жоқ. Ауыз әдебиетіндегі
қатуланды, қаттанды... буырқанды, бұрсанды... ерлер жан
нан түңілді, аш күзендей бүгілді... қылаң етіп, қылт етіп...
деген сияқты штамптарды олардың «жамандығынан» емес,
шығармашылығының жанрлық сипатына сай келмегендіктен
қолданбаған, өйткені бұлар – батырлық жырларға тән, өзге
орында, әсіресе, лирикаға мүлде жанаспайтын образдар. Ал
реті келген жерде, мысалы, жоқтау цикліндегі өлеңдерінде
бұрынғы ауызша әдеби тілден келе жатқан образдарды –
тұрақты тіркестерді таба аламыз: Қолдан ұшқан ақ сұңқар
қайтып келіп қонбайды. Кешегі өткен ер Әбіш. Артына қарап
аһ ұрып. Тіпті өзге өлеңдерінде де Абай иіні келсе, бұрынғы сте
ротип образдардан қашпайды. Мысалы, Көріп алсаң көріктіні,
Таңдап алсаң тектіні. Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды.
Бірақ бұлар сан жағынан көп емес.
Абай өзіне дейінгі ауызша әдеби тілдің поэтизмдерінің
көбін орынды пайдаланады. Мысалы, оның тіліндегі алаш
(қауым), айдыну (жасқану), азырқану (қомсыну, азсыну), ағын
(екпін, қарқын), арай (қызыл арай – таң), арзу (тілек, арман),
әз (құрметті), дидар (жүз), алқау (қолдау) сияқты сөздер – се
мантикасында көтеріңкі реңк бар дәстүрлі поэтизмдер. Жал
пы, поэтикалық образдар жасауда бұрынғы дәстүрдің кейбір
модельдерін пайдалана отырып, ол образдардың беретін әсерін
күшейте түсті.
Абай поэтикалық экспрессияның құралы ретінде фразео-
логизмдерді, оның ішінде өз қаламынан туған жаңаларын
жұмсауды күшейтті. Ақын жас адамның (Әбдірахманның)
өнер-білімге ұмтылғанын құр талаптанды, ұмтылды деп
білдірсе, бұл сөздердің поэтикалық бояуы талаптың мініп
тұлпарын дегенмен мүлде шендесе алмас еді. Алғашқы ва
риантта тек баяндау бар, образ жоқ, екіншіде поэтикалық об
раз бар. Сол сияқты қуатты, қажырлы, күшті деген сөздер
мен қуаты оттай бұрқырау деген фразаның экспрессивтік
колориті (күші, бояуы) бірдей емес.
Поэтикалық жүк арқалауда кез келген тіркес образ жасау
міндетін көтере бермейді. Мысалы, өмір сүру, өмір кешу де
гендер де – қалыпты тіркестер, бірақ осылар Абайдың өмір
тонын кию, өмірдің өріне шығу деген тіркестерінің эмоциялық
әсеріне, образдылығына теңесе алмайды. Сондықтан Абай
фразеологизмдердің образдылығын дамытқанда, бұрынғы
дайындарын өлең тіліне енгізе салу емес, жаңаларын жасау,
бұрынғыларының мағынасын құбылту сияқты қызмет істеді.
Қазақ әдеби тілі образды фразеологияға бұрыннан да өте
бай болатын. Ғасырлар бойы белгілі бір образды ұғымда
қалыптасып, поэтизмге айналған тұрақты тіркестер қазақ
ақын-жырауларының бірден-бір мықты құралы болып келеді.
Мұны Абай да берік ұстайды. Аузымен орақ ору, құлын-
тайдай айқасу, алты бақан ала ауыз болу, малына шылбыр
беру, басқа шауып, төске өрлеу, қарағайды талға жалғау, су
төккісіз жорға тәрізді өте образды фразеологизмдерді Абай
да еркін пайдаланады. Мұндай дағдылы тіркестерді өзге
сөздермен және қосақтап, олардың экспрессивтік бояуын тіпті
қалыңдатып жібереді. Мысалы, іспен емес, құрғақ сөзбен
көрінетін мылжың, берекесіздің образын беруде аузымен орақ
орған деген фразаның өзі өте әсерлі, күшті, осыны Абай ау
зымен орақ орған өңкей қыртың деп үстемелеп экспрессивтік
өңін одан әрі аша түседі. Әрине, Абай мұндай күллі фраза
ны өзгертіп, сөз қосып, сөз алып күшейте бермейді, басым
көпшілігін өзгертпей, өз мағынасында қолданады.
Жаңа перифрастық тіркестер жасап, оларды тың образдарға
пайдалануды Абай жүйеге айналдырды. Тың образды тір-
кестер ұсыну – Абай поэтикасының аса көрнекті, ерекше
тұсы. Әсіресе, семантикасы жағынан бір-бірімен жанаспайтын
сөздерді тіркестіріп, оларды поэтизмге айналдыруда Абай қазақ
көркем тіліне үлкен жол ашты. Мысалы, Күйлі, күйсіз бәйгеге
Қажыды көңілім көп шауып деген жолдарда көңілдің бәйгеге
шабуы дегеннің өзі – мүлде тың образ, оны тың етіп тұрған –
көңіл деген дерексіз ұғымның бәйгеге шабу деген нақты қимыл
атауымен тіркесуі, ал сол көңілдің бәйгеге бірде күйлі, бірде
күйсіз түсуі – тағы да образды метафора.
Жаңа образ жасайтын немесе айтпақ идеяны күшейтетін
тіркестер құрастыру үшін бір сөзді қазық етіп алу тәсілін Абай
ұсынды. Бұл – Абайға дейінгі бірде-бір ақын-жырау тілінде
ұшыраспаған құбылыс. Мысалы, Абай сату етістігін қазық
етіп, бұрыннан бар сақалын сату, арын сату дегендердің үстіне
қулық сату, еңбек сату, күлкі сату, құлағын сату, жүзін сату,
өз басын сату, жүрегін ұстап сату, сөз сату деген жаңаларын
қосады. Бұлардың көпшілігі – әсерлі, әсіресе, жағымсыз образ
жасайтын тіркестер.
Сол сияқты күйлеу (мақтан күйлеу, әуейілік күйлеу, күлкі
күйлеу, ойнас күйлеу) сауу (қулық сауу, адам сауу, еңбек сауу),
бағу (күлкі бағу, ғылым бағу, ел бағу), табу (ақыл табу – «ақылды
болу» деген, жаңа мағынада, өнер табу, ғылым табу) сөздерін
қазық етіп жасаған жаңа фразеологизмдер тек сонылығымен
ғана емес, тың образдылығымен құнды. Абай мұндай жаңа
тіркестердің семантикалық ұйытқысы етіп есім сөздерді де
алады. Мысалы, жеке алғанда сирек кездесетін мақтан сөзін
56 рет қолданып мақтанға салыну, мақтанға орналастыру,
мақтан күйлеу, мақтан іздеу, мақтан қуу сияқты тіркестердің
мағыналық тірегі етіп алады.
Абай поэтикасында елеулі орын алатын құбылыстың бірі –
динамизм көрінісі, яғни белгілі бір стильдік мақсатпен образды
етістіктерді жеке де, шоғырлап та жиі қолдану. Бұл динамизм
көбінесе көсемшенің -ып жұрнақты түрімен және етістіктің
-мақ жұрнақты тұлғасымен беріледі. Оның үстіне бір өлеңнің
тұтас бойына немесе оның үлкен бір бөлігінде етістік сөздер
ұйқас құрап, шоғырымен қатысады. Мысалы, «Қартайдық,
қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп басталатын өлеңінің 12
шумағының 10-ы -мақ/-мек жұрнақты етістік ұйқастармен
берілген. Көптеген өлеңдерінде -ып жұрнақты көсемше
тұлғасы тұтас ұйқас құрап, бірде қимылдың сынын, бірде іс-
әрекеттің өзін білдіріп, өлеңдерді нағыз «қимылға» толтырған.
Айталық, «Жаздыгүн шілде болғанда» деген өлеңінде жаз
картинасын осы кезеңдегі табиғаттың жан-жануарлардың,
адамдардың іс-әрекеттерін, қимыл-қозғалыстарын бейнелеу
арқылы береді.
Абай поэтикалық құрал ретінде кейбір морфологиялық
тұлғаларды да қолдануға жол ашқан. Бұған жағымсыз об
раз жасауда -сы жұрнағымен келген сөздерді (жер тәңірісу,
қалжыңбассу) қолдануы, -мақ жұрнақты етістіктерді өлең
тіліне актив қатыстыруы дәлел бола алады. Алдыңғы тұлға
көбінесе көлгірсу реңкі бар модальдық құрал ретінде жұмсалса,
соңғы -мақ жұрнақты сөздер өлеңге динамикалық сипат
беру мақсатымен немесе дерексіз ұғым атауларын молы
нан сөз ететін өлеңдерінің философиялық мазмұнын таны
ту мақсатымен жұмсалған. Сұраулық шылауымен келген
сөйлемдерді қолдану да Абайда жай сұрай салу мақсатында
емес, белгілі бір стильдік мақсатта поэтикалық жүк арқалай
қолданылған. Мысалы, Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар
ма? Баяғы күш, баяғы түсің бар ма? Алды – үміт, арты –
өкініш, алдамшы өмір Желігін жерге тықпас кісің бар ма?
Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті,
көрдің бе?... сияқты жолдардағы сұраулық шылауымен келген
сөздер алдыңғы айтылған идеяны (сұм дүние тонап жатыр...
балалық өлді) күшейте түсіп, өзіне назар аудартады, яғни
бұлар – құр шындықтың констатациясы (баяндалуы) емес, сол
шындық арқылы «өмірі баянсыз, мақсатсыз, күйбеңмен өткен
адамбысың әлде керісінше ме?» деген идеяны білдіреді.
Абай поэзиясында кейбір нақтылы ұғым атауларын поэ-
тизмге айналдыру көзге түседі. Мысалы, ақын өлеңдерінде
бейтарап мағыналы жүрек, сөз деген сөздер әрі өте жиі
қолданылып (жүрек – 156 рет, сөз – 376 рет), әрі өздерінің
тура мағынасынан гөрі ауыспалы мағынада келген: жүрек –
«адамның өзі, ішкі дүниесі, қасиеті», сөз – «поэзия, ой-пікір».
Суреттеліп отырған заттың, адамның, құбылыстың белгілі
бір сипатын көрсететін бейнелі сөз эпитет болатын болса,
эпитетсіз көркем әдебиет, әсіресе, поэзия болмайды.
Абайда объектіні әр тұрғыдан сипаттау басым, сондықтан
ол эпитеттің дәстүрлісін де (ақ торғындай мойын, алпыс екі
айлалы түлкі, ала жылан, аш бақа күпілдектер, қарсақ жорт
пас қара адыр т.б.), өзі қолданған жаңаларын да пайдаланды.
Мысалы, ет жүрек, жау жүрек, ит жүрек, ыстық жүрек
дегендерде кәнігі эпитеттерді қолданса, асау жүрек, асыл
жүрек, мұз жүрек, жылы жүрек, ыстық жүрек, үрпейген
жүрек, қырық жамау жүрек дегендерде жаңа белгілерді, тың
эпитеттерді келтіреді. Абай тіліндегі жаңа эпитеттер ауыспа
лы мағынада келтірілген образды сөздер болып танылады:
үрпейген жүрек, кірленбеген көңіл, нұрлы ақыл дегендегі эпи
теттер – өздері сипаттап тұрған нәрсенің бойына тән табиғи
қасиеттері емес, бұлар – ауыспалы мағынада жұмсалған
анықтамалар. Абай тіліндегі бірқатар эпитеттер күрделі,
яғни сөз тіркесінен жасалғандар болып келеді: сүтпен енген
надандық, іші – алтын, сырты – күміс сөз, толғауы тоқсан
қызыл тіл, ку тілден қулық сауған қыртың (адам). Поэзия та
лабын өтеп тұрған өте бейнелі бұл эпитеттердің экспрессивтік
бояуы жеке сөздермен келгендерден де қалыңырақ, олар –
нағыз метафораланған тіркестер.
Тың эпитеттерді молынан қолдану алдымен қазақ тілінің
поэтикалық құралдары қазынасын байытты, сөздердің мета-
форалық мағынасын кеңітіп, бір-бірімен тіркесу мүмкін-
дігін ұлғайтты.
Теңеу – көркем шығарманың, әсіресе, поэзия тілінің ерте
ден қалыптасқан күшті құралдарының бірі. Абай поэзиясы
теңеулердің молдығымен ғана әсерлі емес, соны түрлерімен
де құнды. Өмір жолын тар соқпаққа, қартаң тартқан кезді
сұрғылт тартқан бейуаққа, пысықтарды күшік итке (үруге бар,
қабуға жоқ «қайраткерлер»), тыңдаушысы мен оқушысына
сөзін ұқтыра алмаған ақынның күйін жалғыз тұрған бақсының
моласына, әнді шартарапқа құйқылжыған көңіл құсына,
ақын ой-толғауын ұлып жұртқа қайтқан адасқан күшікке
теңеуі – баршасы ақынның дүниетанымының, философиялық
тұжырымдарының айнасы, сол айнаны тіл құралымен көрсетуде
теңеулерді пайдаланған және бұл қолданыстың бір ерекшелігі
– теңеудің әдеттегі тілдік амалы -дай жұрнақты тұлғаны не
месе секілді (сияқты, тәрізді) сөздерін көп қолданбауы, ол
теңеуді көбінесе тұжырым, констатация арқылы беретіндігі.
Мысалы: төңкеріліп құбылған жұрт – бір сағым, жүрек –
теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас, өткір тіл – бір ұялшақ қыз
болмай ма? т.б.
Сөйтіп, Абай өзіне дейінгі сан ғасыр «эстетикалық таңба-
лардың» шоғырын жинап келген қазақ поэзиясы мектебінің
барша
көркемдеуіш-бейнелеуіш
құрал-тәсілдерін
дұрыс
танып, жақсы қабылдап қана қоймай, оның көп тетігін
қайта бұрап, көп кетігін жаңадан қалады, яғни поэтикалық
құралдарды
пайдалану
принциптеріне,
әдіс-тәсілдеріне
өзгерістер енгізді, кейбіреулерін жүйеге айналдырды, жаңа-
ларын қосты, барларының аясын кеңейтті. Абай поэтикасы
– қазақ өлеңінің бұрынғы көркемдік дүниесінің синтезі ғана
емес, жаңа кезеңінің, классикалық жазба түрінің бастамасы,
кейінгіге жол салған үлгісі болды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті». - 1993.- №5.- 3-8-б.
Абай және қазақ ұлтының әдеби тілі
Қазақ халқының рухани және мәдени өмірінің тарихын
да ерекше орын алған, биыл, 1995 жылы туғанына 150 жыл
болғанын бүкіл әлем айрықша атап жатқан ұлы Абайдың есімі
және бір тұста зор ілтипатпен аталуға тиісті. Ол – қазақтың
ұлттық жазба әдеби тілінің даму барысындағы Абайдың орны,
істеген кызметі мен атқарған рөлі.
Белгілі бір халықтың ұлттық қазынасының бірі – әдеби
тілі болса, оның тағдыры мен табысы жазушы, ақын атанған
алыптардың адымына тікелей ұштасып жататындығы ай
тылып келеді. Халықтың әдеби тілін бір адам, жеке адам бір
мезгілде, бір сәтте жасамайды. Бірақ осы әдеби тілдің әр алу
ан кезеңдерін, сан салалы тармақтарын (стильдерін) бастауда,
оның даму барысында жаңаша бағыт сілтеп, жаңа идеялар
ұсынуда жеке қаламгерлердің қызметі, орны, үлесі зор болуы
әбден мүмкін. Абайдың есімін қазақ әдеби тіліне жанастыра
сөз еткенде, осы тұрғыдан келу қажет.
Алдымен, бір мәселенің бетін ашып алуға тура келеді. Ол
– «Абай – қазақ әдеби тілінің негізін салушы» деген тұжы-
рымның мән-мәнісі. Бұл фразаның 1950 жылдарда едәуір
орнығып, тіпті кейбір мақалалар мен тақырыптардың атына
айналғаны мәлім. Осы түйінді екіұдай ұғушылық болды. Бірі
– дәл, тура мағынасында, яғни қазақтың әдеби тілі тұп-тура
Абайдан басталады деген түсінік, екіншісі – Абай бұрыннан
бар қазақ әдеби тілінің бір кезеңнің – жаңа кезеңінің бастамасы
деген мәнде танушылық. Абайдың қазақ әдеби тіліне қатысы
жайында пікір сайыстырушылардың бірқатары, оның ішінде
біз де осы соңғы көрсетілген мәнде ұғынуды қостаймыз, яғни
Абайға дейін де қазақ халқының әдеби тілі болып келгенін ай
тамыз.
Абайдың тек жазушылық, суреткерлік мұрасы емес, бүкіл
ой-арманын, бағыт-бағдарын, тұтас жазушылық, азаматтық,
ағартушылық қызметін өте жақсы таныған да танытқан Мұхтар
Әуезов бұл пікірді ашып айтады: «Абайдың алдындағы қазақ
халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостардағы, ұзынды-
қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы шебер, көркем өлең
үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар, Махамбеттер
де әдеби тілдің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?» (М.Әуезов
Қазақ әдеби тілінің мәселелері //Қазақ ССР ҒА Хабаршысы.
- 1951. - №3 (72). - 97-98-беттер). Бұл жерде Мұхтар Әуезов
Бұхар, Махамбеттерді атау арқылы қазақтың Абайға дейін
өткен және онымен тұстас қыруар ақын-жырауларының өлең-
жырлары да әдеби тілді танытатын үлгілер екенін білдіреді.
«Абайға дейінгі қазақ әдебиеті дегенде нені танимыз? Оның
сыр-сипаты, үлгілері қандай?» деген екінші мәселе және ту
ады. Бұған жауап беру үшін «әдеби тіл» деген категорияның
өзін айқындап алмақ қажет. Әдеби тіл – өңделген, екшелген
нормалары бар, олары біршама тұрақталған және көптеген
үлгілерге ортақ тіл. Ол ауызекі сөйлеу тілі мен сол тілдің
ірі-ірі территориялық диалектерінің (егер бар болса) қарама-
қарсысында тұруы шарт. Бұл – жалпыхалықтық сөйлеу тіліне
негізделген ұлттық әдеби тілдің белгісі.
Әрине, норма дегеннің өзі әдеби тілдің даму барысының
барлық дәуірінде бірдей болмайды және сол нормалар тілдің
барлық қаттауында (фонетика, лексика, грамматика) бір ша
мада теп-тегіс орнықпайды. Әдеби тілді қалыптастыруда әде-
биеттің әртүрлі жанрлары қатысады. Бұл жанрлардың өзара
арасалмағы, яғни қайсысының басты, доминанттық рөл атқаруы
барлық дәуірде және бір қалыпта болмайтындығы – шындық.
Дегенмен ұлттық әдеби тілдің алғашқы қалыптасуында көр-
кем әдебиеттің рөлі мен орны айрықша болып келгендігін
көптеген мамандар айтып өткен болатын. Әр ұлттың даму
тарихының өз ерекшеліктеріне орай, тілінің, сол тілдің әдеби
немесе ресми түрінің сипаты да, барысы да өзге халықтардан
өзгеше түсуі тағы сөзсіз.
Әдеби тіл дамуындағы тарихи процестердің күрделі
болатындығы, тілдің әдебилігін танытатын белгілердің мол, әр
алуан болып келетіндігі, сол әдеби тілді қоғам қажетінің қай
түріне қалайша жаратуға орай стильдік қырларының пайда
болып тарамдалуы – осылардың баршасы әдеби тіл дегеннің
әлі де аса қиын, ашылмаған сырлары көп категория екенін
танытады. Қала берді, әдеби тілдің жазу-сызу тәжірибесінде
байланыс дегеннің өзі – талас мәселе. Бұл қағида «жазу жоқ
жерде әдеби тіл жоқ» дегенді үзілді-кесілді білдірсе, екіншісі
«қоғам тарихындағы әртүрлі факторларға байланысты жа
зу-сызу тәжірибесі әлсіз халықтарда да әдеби тіл өмір сүрді»
дегенді қуаттайды. Әрине, әдеби тілде пайда болған үлгілердің
ауызша және жазбаша қолданысының өз ерекшеліктері бола
ды. Ол ерекшеліктер әдеби нормалардың тұрақтала түсуі, та
ралуы дамуы сияқты сәттерінде өз іздерін қалдырып отырады.
Дегенмен әдеби тіл екі жағдайда да ғасырлар бойы қызмет етіп
дамуы мүмкін.
Біз «Абайға дейінгі қазақ әдеби тілінің көрсетілген әр түрі
де болды» деген пікірдеміз. Қазақ халқында белгілі бір әдеби
дәстүрге байланысты поэзия жанрының өте ерте замандар
дан айрықша етек жайып, дамығандығын білеміз. Халықтың
тәуелсіздік үшін жер-суын қорғап, сыртқы жаулармен күресіп
келгенін танытатын үлкен-үлкен эпикалық жырлардан бастап,
жеке ақын-жыраулар шығармашылығында көрінген қазақ
поэзиясы ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа өткен сайын
күрделене, көркемделе, тұрақтала түсті. Көпшілігіне ортақ өлең
жолдары, ғажап тіркестер болды. Күнделікті ауызекі сөйлеу
тәжірибесінен ерекшеленетін тұрақты, әлдеқайда «әдеби»,
яғни көркем поэзия талабын өтейтін тілдік-эстетикалық
құралдары болды. Қазақ поэзиясы негізінен ауызша сақталды,
ауызша таралды.
Ауызша тіл үлгілерінің ауызша фиксациясының (сақта-
луының) өз тәртіптері, өз шарттары, тіпті өз мектебі болды.
Бұлар тілдің әдеби түрінің үзілмей дамуына көмектесті.
Қазақ қоғамында әдеби тілдің екінші жазба түрі қолданы-
лып келді. Бұл түрі ортаазиялық түркі халықтарының бірсы-
пырасына ортақ болған жазу дәстүріне ұштасып жатты. ХV-
ХҮІ ғасырлардан келе одан ортаазиялық жазба әдеби тілдің
(Еуропа ғалымдарының атауы бойынша, шағатай тілінің)
кейбір қалыптасқан лексика-грамматикалық және орфогра-
фиялық нормаларының басым көпшілігі қазақ жазбасына да
ортақ болды. Сондықтан ол белгілердің дені қазақ халқының
күнделікті сөйлесу тілінен, соған негізделе дамып отырған по
эзия тілінен өзгеше түсіп тұрды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы
на дейінгі қазақтың жазба әдеби тілі, әсіресе, көркем әдебиет
саласына тұтас жайыла алмады. Жазба дәстүр негізінен ресми
құжаттар мен эпистолярлық стильді, ішінара білім-ғылымға
қатысты ол әдебиетті, діни мазмұндағы кейбір үлгілерлі
қамтыды.
Абай тұсына келгенде, қазақ әдеби тілінің түрлері, даму си
паты, қызмет ету аясы әлдеқайда күрделене түскен болатын.
Абай заманы – қазақ халкының әлеуметтік, саяси-экономикалық
және мәдени өмірінде болған тарихи актілердің, өзгерістердің,
жаңалықтардың, шиеленісе түскен тартыстардың заманы.
Өткен ғасырдын ІІ жартысы – қазақ тілінің күй-қалпы (стати
касы) мен дамуына (динамикасына) қоғам тіршілігінің қатты
әсер еткен дәуірі. Бұл кезеңде Қазақстанда кітап бастырудың
етек ала бастауы әдеби тілдің жазба түрін жандандырды. Осы
тұста діни және азаматтық оқу-білім көздерінің ашыла ба
стауы, мерзімді баспасөздің, көпшілікке арналған ағартушы-
танымдық әдебиеттің пайда болуы қазақтың жазба тілінің
функционалдық стильдерге тарамдалу процесін туғызды.
Мұсылманша діни оқудың да осы кезеңде қазақ қауымында
едәуір жандануы араб-парсы тілдері мен шағатай тілінің таныс
бола түсуіне, бұлардың қазақ тіліне әсер етіп, ауыс-түйіс бола
бастауына себепкер болды. Осы жайттардың күллісі әдеби
тілдің әлеуметтік қызметін көтерді. Сондықтан тіл саясатын
жақсы танып, оның арта түскен қызметін дұрыс түсінген қалам
қайраткерлерінің ісі мен рөлі күшейді. Қазақ халқының руха
ни дүниесіндегі Абайдың және бір қырын сөз ете қалсақ, осы
орайда әңгімелеу қажет болады.
Абай да – заманының перзенті. Абайдың азаматтық, жазу-
шылық бет-бейнесін жасаған – өз тұсындағы қазақ қоғамының
мүддесі мен талабы.
Тіл қозғалысындағы Абайдың орны мен қызметін белгіле-
ген де – сол тілдің өзіне дейінгі бары мен барысы. Абайдың
тұсында және сәл алдында қазақ халқының мәдени-рухани
дүниесінде ауызша да, жазбаша да тараған әр алуан әдебиет
саласы барлық жағынан екі топқа бөлінді. Тақырып жағынан
азаматтық және діни әдебиет; жанр жағынан: көркем әдебиет,
көне өзге жанрларға жататын әдебиет; тегі жағынан төл және ау
дарма әдебиет, тілдік негізі жағынан: қазақтың халықтық сөйлеу
тіліне сүйенген және ортаазиялық түркіге иек артқан әдебиет
түрлері. Осы шартты түрдегі екіұдайылық әрдайым бірін-
бірі жоқка шығара бермесе де, тіл саясатының күн тәртібіне
қойылуына себепкер болды. Абайдың тілге қатысты талабы
мен талғамы осындай фонда белгіленді. Аталған жағдаятты
(ситуацияны) жақсы аңғарған Абайға енді өз шығармашылығы
үшін де, жалпы әрі қарайғы қоғам мүддесі үшін де екіұдай-
ылықтың кейбір сәттерінің бір жағын қолдау қажет болды:
ұлттық жазба әдеби тілдің негізі етіп бір ғана түрін қостап,
соны дамыту қажет болды; дүниетанымы мен суреткерлік
бағдарында демократтық-прогресшіл идеологияны ұстанды;
поэзиясы мен прозасына азаматтық тақырыпты қалады. Бұлар
тілге келгенде де Абайды демократтық платформаға алып келді:
ол қазақтың ұлттық жазба әдебиет тілі үшін жалпыхалықтық
сөйлеу тіліне негізделген қолтума әдеби тілді, яғни қазақтың
санғасырлық поэзиясының тілін таңдады.
Бұл таңдаудың себептері де осал емес. Абай өзіне дейінгі
және өзімен тұстас өмір сүрген түркі жазу дәстүрін («кітаби
тілді») акындық дүниесінің есігін қағар шақта, таңдаудан гөрі
тамашалауы басым кезде, 5-19 жастарында байқап көрді. Ол
лабораториядан бізге үш өлеңі келіп жеткені мәлім. Кейін са
налы, мақсатты зор шығармашылықка бет алғанда, шағатай
тілінен, шағатай әдебиетінің дәстүрінен бас тартты. Бірақ Абай
көптеген түркі халықтарының мұқтажын өтеп келген тұрақты
дәстүрі бар шағатай тілін қаламағанда, оның себебі – бұл тілдің
«жамандығынан» емес, өзге жайттардан. Ең алдымен, бұл жер
де тілдегі демократия бағыты, яғни, жазба әдеби тілдің негізі
сол халықтың өз тіліне бет бұру бағыты басты фактор болды.
Қоғамның өсіп келе жатқан рухани-эстетикалық мұқтажын
өтеуде сол қауымның қалың Бұхарасына ортақ түсінікті сөйлеу
тілін таңдау қажеттігін Абай жақсы түсінді.
Халықтың ұлт ретінде әбден қалыптасуына ұйытқы бола
тын құралдың бірі – жазба тіл болуға тиіс. Абай қазақ халқы
үшін мұндай ұйытқы қасиетті шағатай тілінен алмады. Ол
белгілі қазақ поэзиясына сан ғасыр қызмет етіп келе жатқан, ау
ызша дамыған байырғы қазақ әдеби тілі мен халықтың сөйлеу
тілінен көріп тапты. Бірақ Абай үшін шағатай тілі немесе оның
қазақ топырағындағы локальды түрі – «кітаби тіл» жазба тіл
ретінде әрі қарай қызмет ете алмағанымен, құбыжық емес,
қосалқы құрал болды. Прозалық стилъдердің шағатай тілінде
ертеден қалыптасып дамуы XІX ғасырда пайда бола бастаған
қазақ статикасы мен тарихи-ғылыми әдебиетіне тікелей әсер
етіп, таңбасын басып отырғанын жоққа шығаруға болмайды.
Әсіресе, Абай шағатай жазу дәстүрінің кейбір элементтерін
стильдік құрал ретінде пайдалануды көреді. Оның бүкіл про
засы емес, «38-сөз» деген шығармасында шағатайшыланған
тұстар кездеседі, «Алла» тақырыбын сөз еткен өлеңдеріне ақын
шағатай тілінің бірқатар лексика-гармматикалық белгілерін
қолданады. Демек, Абай шағатай тілінен жалпы безуді емес,
оны белгілі бір стильдік мақсатта пайдалануды ұсынады.
Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақтың байырғы
ауызша әдеби тілі жаңа кезеңге көтерілді. Тіл өз дәуірінде жаңа
сатыға көшкенде, оның алдыңғы кезеңдерден ерекшеленетін
белгілері болуға тиіс. Ол белгілердің пайда болуына Абайдың
қосқан үлесі қандай деген жауап іздеуге тура келеді.
Біріншіден, жазба тілдің қызмет ететін аумағы кеңейеді.
Бұрын қазақ әдеби тілінің қолданылу аясы шағын болатын.
Ол негізінен көркем әдебиет (оның поэзия) жанрын қамтитын.
Абай енді бұл тілді қазақ қоғамдық өмірінің өзге салаларына да
қызмет етуін ұсынады. Бұған ол өзінің «Қара сөздер» деп ата
латын шығармаларын жазу арқылы қатысты. «Қара сөздердің»
дені қазақтың халықтық тілінің негізінде, жазба әдеби тіл
үлгісінде жазылған. Абайдың туындыларының тілі публици
стика мен ғылыми стильдерге және көркем шығарма үлгісіне
жатады. Осы жерде қазақ әдеби тілінің жалпыхалықтық
негізге түсуімен бірге, оның ұлттық сипат алғанын атауға бо
лады. Белгілі бір әдеби тілдің ұлттық тіл болып қалыптасуы
бірер қайраткердің қызметімен жүзеге аспайтыны мәлім.
Тілдің ұлттық түрі сол халықтың ұлт болып топтасуы (кон
солидациясы) деген социологиялық мәселемен тығыз бай
ланысты. Солай бола тұрса да, тілдің ұлттық сипат алуы ұлт
болып қалыптасуымен тепе-тең, бір мезгілде дүниеге келетін
құбылыс емес екенін есте мықты тұту қажет. Осы тұрғыдан
алғанда, қазақ әдеби тілінің белгілері халқымыздың ұлт болып
әбден қалыптасқаннан едәуір бұрын басталғанын айту керек. Сондықтан Абай тұсында қазақ қоғамының объективтік даму заңдылықтарына орай қазақ әдеби тілінің ұлтық белгілері одан сайын айқындалып, беки түскен дейміз. Әдеби тілдің ұлттық түрге ие болу белгісінің бірі – жалпыхалықтық сипаты болса, XІX ғасырдың екінші жартысында-ақ қазақ тілінің диалектілік бөліністерсіз ортақ, біртұтас нормалары бар тіл екенін, әрине, бұл – өте қарапайым, жалпы тұжырымды дәлелдеу үшін жалпыхалықтық қолданыс тапқан нормалардың көрінісін тек көркем әдебиеттен (поэзия дан) емес, сол тұстағы өзге әдебиет түрлерінен талдау қажет. Дегенмен сөз етіп отырған кезеңде қазақ әдеби тілінің до минант (басым) жанры көркем әдебиет (оның ішінде поэзия) болғандығын ескерсек және Абай, Ыбырай тәрізді орны ерек ше қалам қайраткерлерінің тіліне үңілсек, олардан жоғарыда айтылған барлық өңірге ортақтық түсініктілік, нормалылық сипатты табамыз. Әдеби тіл ұлттық статусқа ие болу үшін оның топтастырушылық рөлі күшті болуға тиіс, бұл жағынан Абай заманындағы қазақ әдеби тілінің ұлттық сипаты едәуір болғанын байқаймыз. Сөйтіп, тілдің қызметі кеңеюі оны әрі жаңа сатыға көтерді, әрі жалпыхалықтық ұлттық сипа тын күшейте түсті. Бұл процесте Абайдың рөлі, біріншіден, әдеби тілдің әлеуметтік қызметін қоғамның заманына сай та лабына ұштастыра, сәйкестендіре дұрыс тани білуінде бол са, екіншіден, әдебиеттің өзге жанрларын қалыптастыруға атсалысқан нақтылы қызметінде болды. Жаңа әдеби тіл өзінің лексика-фразеология саласындағы көркемдеу тәсілдерінде сапалық өзгерістерге ие болады. Олардың басты-бастылары, біздіңше, мыналар: қазақ лексикасының кірме сөздермен толысу бағыты берік орын тепті. Бұл принципті Абай әрі қарай дамытты. Кірме сөздерді бұрынғыдай ауызекі сөйлеу тілі арқылы емес, шағатай, орыс жазба әдебиеттерінен тікелей алу амалы да іске қосылды. Кірме элементтерді қазақ тілінде жоқ тың ұғымдарды білдіру үшін ғана емес, стильдік мақсаттарды өтеу үшін де пайдалан ды.
Қазақ әдеби тілінің жаңа кезеңінде жаңа сөздер бұрынғы
кезеңдерге қарағанда әлдеқайда молынан ене бастады, бұған
Абай, Ыбырай тәрізді жеке қалам иелері де, баспасөз де
қатысты. Абайдағы жаңа сөздердің көпшілігі – абстракт ұғым
атаулары болса, ол – жазушының философия, этика, мораль,
теология тақырыптарын прозамен сөз етуінің жемісі деп таба
мыз. Жаңа атаулар жасауда Абайда бірінші орында төл сөздерге
жұрнақ жалғау тәсілі тұрады, содан соң мағына жаңғырту мен
сөз тіркестіру амалдарын пайдаланады.
Қазақтың жаңа кезеңдегі жазба тілінде көптеген сөздердің
мағыналары айқындалып, тұрақтанады, сөз мағынасының та
рылу не кеңею процесі активтенеді. Мұнда Абайдың қызметі
айрықша. Әсіресе, Абайда белгілі бір ұғымды өзге ұғымдармен
шатастырмай, дәл атау принципі күшті сезіледі. Соның
нәтижесінде бір-біріне тең түсетін құбылыс атаулары бөлек-
бөлек беріледі. Мысалы, Абай қазақтың әдет-ғұрып заңына
байланысты жерде би сөзін, орыс империясының заң-сотына
қатысты әңгіме болған жерде судья сөзін, шариғатқа байла
нысты әңгімеде қазы сөзін қолдануды қол көреді. Сол сияқты
мұсылманша оқуды әңгімелесе түркі тану дегенді, жалпы
азаматтық білім алуды сөз ете қалса, оқу-білім, ғылым-білім,
ғылым оқу, ғылым табу деген сөздерді жиірек пайдаланады, ал
орысша ағарту ісін айта қалса, орыстың ғылымын кейде тіпті
образование деп те жібереді. Сөйтіп, қазақ әдеби тілінің Абай
негізін қалаған жаңа кезеңіндегі сөздік құрамының бұрынғы
кезеңдермен салыстырғанда, сапалық ерекшеліктері болды.
Жаңа сатының үшінші үлкен өзгешелігі – поэзия тілінің
тың белгілерге, соны сипатқа ие болуында еңбек те, абырой да
тек қана Абайдікі. Қазақ поэзиясы тілін жаңа кезеңге көтеруге
Абайдай қызмет еткен өзге есімді атай алмаймыз. Өзіне дейінгі
санғасырлық дәстүрі бар қазақ поэзиясының тілі – Абайдың
зор мектебі. Оның арқасүйер тірегі де, «сөзін түзетіп», «өзін
қинаған» осалы да – осы тіл.
«Қазақ поэзиясының тілі қалайша қырналды, қалайша бары
кәдеге асып, жоғы толтырылды?» деген жәйттерге келгенде,
мыналарды айтуға болады. Өлең тілінің ертеден қалыптасқан
жалпы заңдылықтарын сақтай отырып, Абай қазақ поэзия
сына көптеген жаңалық әкеліп, өзгерістер енгізді. Олардың
бірқатары Абайға дейінгі қазақ өлеңі тілінде мүлде жоқ құбылыс
болса, барларын ақын белгілі бір жүйеге айналдырып, норма
етіп ұсынды. Поэзия тіліне Абай енгізген өзгеріс-жаңалықтар
суреткерлердің өз қолтаңбасын көрсету, өлеңдегі сөзқолданыс,
өлеңді айқын, ықшам және әуезді етіп ұсыну сияқты салалар
ды қамтиды. Бұлардың әрқайсысын шағын мақалада тарамдап
көрсету мүмкіндігіміз болмағандықтан, білгісі келгендерді
біздің Абай тіліне арналған еңбектерімізге сілтейміз.
Абай қазақ өлеңі сөздік құрамының түрін өзгертті: бұрын
өлең тілінде көп қолданылмайтын сөздер тобын енгізді, по
эзия сөздігі оның тақырыбы мен стиліне сәйкестендірілді.
Осы арқылы өлең тіліне қатысқан сөздердің бір-біріне «иек ар
туы», стильдік жүк арқалауы, экспрессоидке айналуы күшейді.
Абай ақын, дәл, жинақы (аз сөзді) болу принципін ұсынды. Ол
үшін қазақ қауымына бейтаныс, айналадағы шындыққа жа
наспайтын образдар тәсілін ұстайды. Айтпақ идеясын басы
артық қосар образдарсыз жеткізу өлең тілінің аз сөзді болуы
на жәрлемдеседі. Поэзия тілін жинақы етіп беруде Абай өлең
шығару (жасау) техникасын да пайдаланды, өлеңнің жеке
тармақтары мен шумақтарының, сыйымдылығын арттырады.
Ең үлкен өзгеріс-жаңалықты Абай қазақ поэзиясы тілінің
фразеология (бейнелі тіркестер) саласына енгізді. Атап
айтқанда, қаламгер қазақ көркем сөзіне сандаған жаңа фра
зеологизм (тіркестер) ұсынды, ол үшін ойдың мөңіреуі,
жапырақтың жамырауы, қайғының заңғар басынан жығылу,
кермек ой, асау той сияқты мағыналары жуыспайтын сөздерді
тіркестерді, белгілі бір заттың, құбылыстың өзін атамай,
оны өзге образбен беру тәсілін, яғни перифрастиканы мол
қолданды. Сөйтіп, Абайға дейінгі қазақ әдеби тілі мен Абай
поэзиясы тілінің ерекшелігін сол поэзияның тақырыбы мен
жанрына қарай және бұрынғы дәстүрді жалғастыру дәрежесі
мен жаңа дәстүрді енгізу сипатына байланыстыра іздеу ке
рек. Абай поэзиясының тақырыбы мен түрлерінің кеңеюі
жаңа образдарды талап етті. Ал тың образдар өлең тіліне жаңа
тіркестер әкелді, жеке сөздердің стильдік жүгін арттырды,
олардың эмоциялық-экспрессивтік бояуы кәдеге асырылды,
кейбір сөздер өлеңде өзгеше, үстеме мағынаға ие болып, енді
біреулері мағыналары сараланып, әр алуан поэтикалық қызмет
атқаруға көшті. Өлеңнің идеялық-көркемдік сырын ашуға
грамматикалық тұлға-тәсілдер де қатыстырылды. Осылардың
баршасы – Абайдың поэзия тіліне әкелген жаңалығы, қосқан
үлесі, өзгерісі болды.
Реформа іспеттес өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілдің син
таксис саласында жасады. Бұл тұжырымды поэзиясына да, про
засына да қатысты айтуға болады. Прозасының синтаксисінде
құрмалас сөйлемдерді, төл сөзді конструкцияны құрауда және
мүшелері мен сөйлем компоненттерін орналастыруда Абай
осы күнгі қолданысымызға көптеген норма ұсынды. Ал өлең
синтаксисінде Абай төңкеріс жасады деуге болады. Ол жеке
ситуацияға (мазмұнға) ырғағы, өлшемі тән өлеңнің соны
түрлерін іздеп, табады. Демек, жаңа ырғақ, жаңа өлшемдер
енгізеді. Ал бұлар өлеңнің синтаксистік құрылысының өзгеше
болып келуін талап етеді. Мысалы, Абайдың аралас буынды,
әрқилы тармақты «Қатыны мен Масақбай», «Тайға міндік»,
«Кешегі Оспан», «Ем таба алмай», «Сен мені не етесің?»,
«Қызарып, сұрланып» тәрізді өлеңдерінің синтаксистік түзілісі
– қазақ поэзиясында бұрын болмаған, мүлде тың құбылыс. «Сөзі
түзеліп», оқырманын «сен де түзел» деп шақырған ақын ойшыл
лирикалық жаңа кейіпкердің, яғни өзінің моральдық-этикалық
азаматтық талап-талғамын, күйініш-мұңын білдіретін «Сегіз
аяқ», «Бай сейілді» сияқты өлеңдерінің өлшемі мен ырғағының
сонылығына орай олардың синтаксистік құрылымы да жаңа,
өзгеше болып ұсынылған.
Абай өлеңді композициялық бөліктерге ажыратуды енгізді,
өлең құрылысына инверсия (сөздердің орын алмастырып
қолданылуы) мен оның жаңа түрлерін кіргізді. Қысқасы, Абай
өлең синтаксисін оның тақырыбы, идеясы және стилімен
үндестірді, сондықтан бұрын болмаған тың құрылымдарды
ұсынды. Бұлар да қазіргі қазақ поэзиясына келіп жалғасты.
Қазақтың ұлттық әдеби тілінің жаңа кезеңін бастауда Абай
жалғыз болған жоқ: бұл істе Қазақстанның екінші қиырында
мәдени-рухани дүниенің екінші саласы – оқу-ағартуда Ыбырай
Алтынсарин қызмет етіп, тілге келгенде Абаймен үндес бол
ды, қазақтың тұңғыш баспасөзі де тіл жөнінде демократиялық
бағыт ұстады, жас қазақ интеллигенциясы да жазба әдеби
тілдің жалпыхалықтық сөйлеу тәжірибесіне негізделуін
қостады. Бірақ Абай заманында қазақ тілі тағдырына әлеу-
меттік күштердің саналы түрде араласуы болған жоқ, яғни
әдеби нормаларын көрсетіп, оны тұрақтандыруға күш салған
белгілі бір оқу орындары мен ғылыми орындар болмады,
тілдің дұрыс қолданысын тәртіптеп отыратын грамматикалық
құралдар мен нормативтік сөздіктер және болған жоқ. Әдеби
үлгілердегі сөздердің дұрыс-бұрыс қолданысы мен байлығына
назар аударып, пікірлерін әлеумет сарапына салып отыратын
қайраткерлер бұл кезде болмады. Бұл жағдаяттар, сөз жоқ,
жаңа кезеңдегі қазақ тілінің даму процесін, оған қатысушы
Абай, Ыбырай тәрізді қалам қайраткерлерінің қызметін ауыр
латпаса, жеңілдетпеді.
Өзінен кейінгі буынның өкілі – баласы Әбдірахманды «жаңа
жылдың басшысы ол» деп, өзін «мен ескінің арты едім» деген
Абай жаңа жылдың – жаңа кезеңнің, әсіресе қазақ әдеби тілінің
жаңа дәуірінің басшысы өзге емес, өзі болғанын аңғармай да
қалған болар. Оны кейінгі ұрпақ жақсы аңғарып, баға берсек,
ол – тек шындықты тану, ғылымның дұрыс сөзін айту ғана емес,
Абайдай алыпқа деген алғысымыз да болмақ, өйткені Абай
бағытын нұсқап, нормасын ұсынған қазақтың жазба әдеби тілі
әрі қарай ұласып, біздің дәуірімізде жақсы дамыған, сан сала
лы ұлттық мемлекеттік жазба әдеби тілге айналып отыр.
«Егемен Қазақстан». - 1995, 19 мамыр
Абайдың тіл тағылымы
Абайды қазақ көркем сөзі мен әдеби тілінің жаңа кезеңін
бастаушы, оларды жаңа сапаға көтеруші деп танығанда, сол
жаңалықтардың әрі қарай жалғасуын іздейміз. Егер жал-
ғаспаса, ол жаңа кезең, жаңа сапа болып саналмай, дүниеге
бір-ақ рет келіп, тұйықталып қалған феномендік құбылыс бо
лып табылар еді. Абайды ұлы деп танытып отырған белгі оның
суреткерлік өнері – өлеңінің, рухани діні мен көркем тілінің
жалғастық тапқандығынан, өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге
болғандығынан көрінеді. Бұл жайында жиі айтылып, көп жа
зылып келеді. Дегенмен бұл концепцияны әлі де нақты тал
даулар арқылы дәлелдей түссек, артық болмас дейміз. Осы
мақсатпен ұлы Абайдың ізбасары – Шәкәрім қажы Құдайберді
ұлының тіліне үңіліп едік. Ақын мұрасын өзгелер атауға бата
алмай, бара алмай жүрген шақта орыс тілінде – сол кездегі
барша Одақ қауымына беделді тілде – жария еткен ойлы,
білімді ғалым Мұхтар Мағауиннің сипаттамасымен айтсақ,
«Абайдың өлең өрнегін ұстанған, Абайдың тіл мәдениетін үлгі
тұтқан» Шәкәрім тілінің поэтикалық кестесінен бір үзік сыр
шертпекпіз.
Шәкәрім есімі ақталып, қалдырған мол мұрасы қалың
жұртшылыққа ұсынылғалы 4-5 жылдың жүзі болғанмен, бұл
тақырыпқа қазір оралып отырғанымыздың дәлелді уәжі бар.
Ең алдымен, белгілі бір қаламгердің көркем тілін талдаудың
негізгі мақсаты ондағы көріктеу құралдарын эпитет, теңеу,
метафора т.б. тауып көрсетіп беру емес, бұндай жұмыс, бір-
іншіден, зерттеу болмай, дерекнаме (фактография) ғана болар
еді, екіншіден, көркем шығарма, әсіресе поэзия болғандықтан
көріктеу құралдары ақын-жазушының қай-қайсысынан да мо
лынан табылады, сондықтан оларды не ерекшелік, не жаңалық
деп тану әрдайым ғылыми ізденіс болып шықпайды. Осы се
бептен де суреткердің тіл көркемдігін көрсетуде оның әсемдік
әлемін танытатын көркем-бейнелеуіш құралдарды пайдала
ну амалдарын, алдындағы үлгісін, о бастағы қайнар көзін,
әрі қарай ұласуын танып-таныту дегендей мәселе қырларын
(аспектілерін) нысанаға алу керек.
Ал Шәкәрімнің көркемдік өрнегін, яғни поэтикалық тілін Абайдың сөз кестесімен ұштастырмай әңгімелеу мүмкін емес, өйткені Шәкәрім – Абайдың поэтикалық мектебінің өкілі, жалғастырушысы, кеңейтушісі. Демек, Шәкәрім тілін сөз етпес бұрын Абайдың тілдік поэтикасын танып-білу керектігін сеземіз. Ұлы ақынның поэтикалық өресін жүйелі түрде, лингвостилистикалық тұрғыда арнайы зерттеген монографиялық еңбектер әлі жоқ. Сол себептен соңғы жылдары Абайдың тілдік-көркемдік әлемін танудағы ізденістеріміз (баспаға дайындап жатқан зерттеу жұмысымыз) белгілі бір ша мада Шәкәрім тілін де сөз етуге мүмкіндік берді. Әрине, бұл шағын мақалада Шәкәрімдей зор суреткердің тілін тұтастай алып, жан-жақты талдауға бару мүмкін емес. Бұл қиындық тіпті мақала көлеміне де қатысты болмас. Әрі ақын, әрі про заик жазушы, әрі публицист, әрі ғалым – Шәкәрім мұрасының стильдік-жанрлық сипатының кеңдігінде, тілдік-көркемдік ізденістерінің саналы түрде жүргізілгендігінде, қаламына тән ерекшеліктердің молдығы мен әр алуандығында. Осылардың барлығын игеріп, мол материал жинаудың өзіне уақыт та ке рек, көп іздену де қажет (ол – біз болмасақ, өзгелердің алдында тұрған болашақтағы игі істердің бірі болмақ). Біз бұл мақалада Абай мен Шәкәрім поэзиясының көркем тіліндегі іліктестіктің бірнеше сәтін талдамақпыз. Шәкәрім де, ұлы ұстазы сияқты, ең алдымен қазақтың күшті дамыған байырғы поэтикалық мектебінен, поэтикалық тілінен нәр алған, сол тілдің бай мұрасын: образдар дүниесін, образдарды беретін сөздер мен фразеологизмдерді орынды әрі молынан пайдаланған. Ұстазы Абай: Шортанбай, Бұхар менен Дулат жырау, Сөздері бары – жамау, көбі – құрау,113 – деп сынаса, шәкірті – Шәкәрім: Сыпыра жырау, Шортанбай, Үмбетей мен Марабай Алды-артына қарамай, 113 Өлеңнің бұл тармағы кейбір басылымдарда «бәрі – жамау, бәрі – құрау» болып, енді бірқатарында «бірі – жамау, бірі – құрау» деп жазылып жүр. Ал 1905 жылғы қозжазбада: «Өлеңі бары – жамау, көбі – құрау» деп жазылған. Біз осы варианты дұрыс болар дейміз.
Соққанда жырды суылдап –
Жел жетпейтін құландар, –
деп, оларды қазақ поэзиясының ең ірі өкілдері ретінде тани
ды. Бұл жерде шәкірті ұстазымен сыпайы түрде пікір сайы
сына барып тұр-ау дейміз. Абай Бұхар, Дулат, Шортанбайлар
ды сынағанда, сірә, олардың шығармашылығынан біркелкі
тұтастықты, төменнен жоғары көтерілетін жүйелілікті көре
алмай, «сөздері жамау, құрау» десе, шәкірті бұл «кедір-
бұдырдың» сырын өзінше дәлелдейді:
Ескі жырдың ұйқасы
Бірі – қысқа, бірі – ұзын.
Буындары бұзық деп,
Біз баспаймыз ол ізін.
Неге бұлай айтты деп,
Сынамаймыз негізін.
Ойлай келсең, ескі жыр
Салады тұлпар жүрісін,
Міне, байқа мұнысын.
Кейде жорға, кейде жел,
Бұлдыр қағып асар бел,
Кейде арындап, кейде шап.
Адымын алыс құлаштап,
Алады кейде тынысты,
Солғындатып жүрісті,
Осындай жырды ұнаңдар! –
дей келіп, бұрынғы ақын-жыраулардың өлен-жырларына:
Сырына баға берсеңіз,
Таңғаларлық ісі бар,
Көңілді тартар күші бар,
Асықпай тыңдап шыдаңдар, –
дейді. Осы арқылы өзіне дейінгі қазақ поэзиясының көркемдік
әлемін мойындайды. Мойындайды да қабылдайды. Шәкәрім
тіліндегі: қасықтай қар, тобықтай тоң, көз тойып, көңіл
толу, мінсіз, бақ, сансыз дәулет, жүзі бар айдай, мінезі май
дай, дариядай мол ақыл, сұр жыландай сусылдау, ноқталы
басқа – бір өлім, көз алартып, күресін адырайту сияқты об
раздар мен оларды беріп тұрған сөз кестелері қазақтың көркем
тіліне бұрыннан тән кәнігі дүниелер. Бұлар Шәкәрімнің айтпақ
ойларының – поэтикалық идеясының тірегі, негізі. Мыса
лы, ақынның «Өлімнің хақ екенін көрсең де» деп басталатын
шағын өлеңіндегі сөз өрнегі түгелімен бұрыннан қалыптасқан
образдар дүниесімен келген:
Өлімнің хақ екенін көрсең де,
Өлместей омыраулап шатасың.
Дозақтың барын біліп жүрсең де,
Күнәға әлің келсе, батасың...
Алланың адал ризығын жесең де,
Арамды әдейі іздеп татасың...
Алланың ақ өлімі келгенде,
Амалсыз қара тастай қатасың...
Сырт қарағанда, өлең тілінде жарқыраған әшекей сөздер
де, көзге ұратын тосын қолданыстар да жок, бірақ ақынның
айтпағы – «біле тұрып күнәға батпа, дұрыс емесін білген соң
бұрыстыққа барма» деген идеяны оқырманына оның құлағы
қаныққан, тілі жатыққан сөз бояуларымен әсерлі етіп, әдемі
жеткізген.
Алайда бұдан Шәкәрім тілінде ешбір жаңалық жоқ, ізденіс
жоқ деген тұжырым шықпайды. Керісінше, кәнігі фонда
Шәкәрімнің Абайша тапқан соны дүниесі көріне түседі.
Абай тілінің өзіне дейінгі қазақ көркем сөзінің поэтика
сынан ерекшеленетін бірнеше тұстары бар. Солардың бірі
– Абайдың өзіне тән қолтаңбасының айқын көрінуі болса,
бұл ерекшелікті танытатын белгілер де аз емес. Суреткердің
өзіндік қолтаңбасын ғылымда «шығармашылық контекст»
деп те атайды. Шығармашылық (творчестволық) контекст
дегеніміз – жазушының (ақынның) көркемдік тұр-тұрпатын
көрсететін тілдік фактілердің жүйесі, яғни шығармада ұсы-
нылған идеяның көркем сөзбен берілудегі тілдік механизмі,
сол механизмнің жазушының өз қаламына тән көріністері.
Бұл тұрғыдан алғанда, Абайда өзіндік қолтаңба айқынырақ
білінеді. Әрине, Абайға дейінгі не Абайдан өзге ақын-жыраулар
шығармашылығында творчестволық контекст байқалмайды
деген тұжырым тумайды. Қазақ өлең теориясын арнайы зерт
теген ғалым 3.Ахметов қазақтың өткен ғасырлардағы авторлы
әдебиет иелерінің ішінде Махамбет ақынның өзіндік даралығы
жақсы көрінетіндігін атайды (3.Ахметов Казахское стихосло
жение. - Алма-Ата, 1964. - С.189). Бірақ ақындық даралықтың
тілдегі сипатын көрсететін белгілер жүйелі түрде ашық айқын
көрінуі жағынан келгенде, Абай өзгелерден айрықша тұрады.
Бұл белгілердің бірі – поэзия тілінде соны сөз образдардың
молынан орын алуы. Бұл жердегі образ деп отырғанымызды
«кейіпкер образы» дегенмен шатастырмау керек. Көркем
шығармада айтылмақ ойдың теңеу, эпитет, метафора, метони
мия, әсірелеу, шендестіру, ұластыру (градация), қатарластыру
(параллелизм) т.б. сияқты көріктеу құралдары арқылы көрінуі,
көмкерілуі «поэтикалық образ» (бейне) деп аталады. Осы
образдардың жасалу жағынан да, беретін мағынасы мен
оқырман түйсігінде тудыратын ассоциациясы жағынан да,
сезімге тиетін эмоциялық әсері жағынан да мүлде тың, қазақ
құлағы бұрын көп естімеген түрлерін Абай еркін және мо
лынан ұсынды. Мысалы, Абай: Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден дегенінде «әділетсіздікті көп көрген» де
ген образды (идеяны) қырық жамау жүрек деп білдірсе неме
се «арылмас үлкен уайым-қайғы» деген идеяны саңырау қайғы
деп бейнелесе, бұлар – тың образдар. Бұл сияқты авторлық об
раздарды жасауда ақын сөз мағынасын ауыстыру, яғни мета
форалау, жеке сөздерді экспрессоидке айналдыру (экспрессо
ид – белгілі бір әсер туғызатын стильдік жүгі бар сөз), сөздің
эстетикалық өрісін кеңейту сияқты амалдарды қолданады.
Міне, осы амал-тәсілдердің жалғасын Шәкәрім творчес-
твосынан табамыз. Айталық, соны образдар жасауда Абай
жандандырған тәсілдің бірі – мағынасы жағынан бір-біріне
жанаспайтын сөздерді тіркестіру болса, осы амал Шәкәрімде
молынан жұмсалған. Мысалы, оның «Улы жүрек, долы тіл
сөйлеп отыр, Ыза қысып, тісімді байлаулымын» дегенінде улы
жүрек, долы тіл, тіс байлау деген тіркестер мағыналары жуыс-
пайтын сөздерден жасалған: улы болатын дәрі, ішімдік сияқты
нақты заттар, ал жүрек сөзіне тіркескенде, улы компоненті
мағынасын ауыстырып, «әділетсіздік көрген, ызаға толған
(көңіл, адам)» деген ұғымға ие болып тұр, долы тіл де – сон
дай: долы болатын нақты адам болса керек (долы қатын деген
сияқты), ал адамның өзі емес, тілін долы деп бейнелегенде,
тағы да жанаспайтын сөздердің түйісуінен жаңа ұшқын – тың
экспрессия пайда болып тұр.
Тағы бір өлеңінде Шәкәрім: «Қайсыбірі қайғы айтып,
Үміттің үйін құлатты» дейді. Үй – нақты зат атауы, үміт –
дерексіз есім. Деректі, дерексіз есім атаулары тіркеспеуге
тиісті, ақын осы «заңсыз тіркес» арқылы жаңа ассоциация
туғызып тұр, оның үстіне осы «үйді» құлатып, бұл тың об
разды одан сайын күшейткен. Бұрынғы «үмітімді үзді» деген
образды үміттің үйін құлатты деп жаңаша ұсынуы – Абай
үлгісі.
«Еріксіз маған ел жапты Болыстықтың тоқымын»
дегенінде де «өз ықтиярымсыз ел мені болыс етіп сайлады»
деген идеяны ел маған болыстықтың тоқымын еріксіз жап
ты деп, әсерлі, әсем образ ұсынған. Тоқым атқа жабылады,
адамға жабылмайды, бұл – бір мағыналық кереғарлық болса,
болыстықтың тоқымы дегенде, тоқым сөзі мағына ауысты
рып, «әкімшілік» деген ұғымдағы метафораға айналып тұр. Бұл
мысалдардың моделі – үлгісі Абайдың күлкінің ерні, үміттің
аты, көңілдің жайлауы, ақылдың көзі немесе үрпейген жүрек,
нұрлы ақыл деген сияқты қолданыстарында жатыр.
Осы қатарда: талапқа ноқта тағу («Талап деген бір
жүйрік тұлпар сынды, Бабын таппай мінгенді қылар жынды.
Ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық – Талапқа алты түрлі
ноқта тақтық»), айла жамылу («Ар кетіп, айла жамылдым»),
ғылымнан жалаңаш болу («Бұтасыз біткен шоқыдай Ғылымнан
едім жалаңаш»), ноқтасыз ой, бояулы дін («Ноқтасыз оймен
тексердім, Бояулы діннен сескендім»), ұяттан жүген ұстау
сияқты образдарды көре аламыз.
Абайдың қолтаңбасында кейіптеу көзге түседі. Әрине,
бұл – мүлде тың тәсіл емес, дегенмен ол жаңа образдар жа
сауда ұлы ақынның жиірек иек артқан амалы. Мысалы, оның
қысты кәрі шал, күнді күйеу, жерді қалыңдық деп, адам кейпіне
келтіріп бейнелеуінің әсері Шәкәрімге: «Күн батып жоғалды
Нұрыңнан ұялып. Жұлдыз бен ай қалды Сәулеңнен нәр алып.
Жетіқарақшы айналып Сені іздеп жүр. Бәрі де сені ойлап, Мас
болып сандалып» деп сұлу қызды суреттеуіне немесе: «Тойға
келген таң желі сыбырласып» деген сияқты өлең жолдарында
күн, ай, жұлдыз, желдерді адамша ұялттырып, мас қылдырып,
сыбырлатып қоюына жол берген.
Шәкәрімнен, Абай сияқты, образдар дүниесін теңеу,
шендестіру арқылы беруде де жасалу моделі бұрынғы
болғанымен, күтпеген соны қолданыстарды табамыз. Мысалы,
ІІІәкәрімде өлең – әскер («Әскерім – өлеңім мен сөздерім»),
ән – өлшеуіш (таразы), өлең – күміс (ол күміске мыс қосып,
оны артық алу не кем салу жарамайды), қағазым – жолда
сым, қаламым – сырласым, сөз сөйлеу – ер қосу («Ер қосқанға
ұқсайды сөз сөйлемек») тәрізді мысалдар ақынның образдар
дүниесіне тың үлгілер енгізіп тұр.
Абайдың шығармашылық контексінен орын алған құбы-
лыстың және бірі – мағынасында жағымсыз реңк бар сөздерді,
әсіресе етістіктерді эксперссоид етіп жиі қолдануы көзге түссе,
бұл амалы Шәкәрім де жалғастырады. Мысалы, ұстазы бо
лыс пен пысықтардың, керім-кербездердің, бойы былғаң, сөзі
жылмаңдардың, білімсіз надандардың портретін беруде дал
пылдап, жалпылдап, барқылдап, тарқылдап сияқты сөздерді
қолданса, шәкірті де қалжыңшыл, қылжақбастарға арнаған
өлеңінде ыржақта, жыртақта, бұлтылда, жылпылда, ар
сылда, жырқылда, тырқылда сөздерін бір өлеңде шоғырлап
келтіріп, олардың жағымсыз экспрессиясынан образ жасаған.
«Сәнқойлар» деген өлеңінде де олардың шедірейіп, шекиіп,
қасын керіп кекиіп... жүрсе, тұрса бұлықсып мұнысы тапқан
қылықсып суреттелуі тегін емес. Мұндағы жағымсыз бояу
лы етістіктер қылжақбастар мен сәнқойларды сөзбен Абайша
«сілейтіп салған».
Образдың эстетикалық өрісін кеңейтуге келгенде, Абай
тосын эпитеттерді колдануды жүйелі тәсілге айналдырса,
Шәкәрім мұны да іліп әкетеді. Жоғарыда аталған ноқтасыз ой,
бояулы дін, улы жүрек, долы тіл дегендері сияқты, жүрек, тіл,
көңіл, ой сөздерінің эпитеттерін сан құбылтып отырады. Мы
салы, толқынды көңіл, өлген көңіл, жаралы жүрек, от жүрек,
аптыққан жүрек (басылса), жарық жүрек, таза жүрек, ақ
жүрек, жылы жүрек т.т.
Абай шығармашылығының негізгі объектісі – адам, оңың
ішкі жан дүниесі. Сондықтан ол жүрек, көңіл, ой деген
сөздерді адамның символы етіп алып, оларға «жан бітіріп»,
көп өлеңдерін соларға қарата айтады, Шәкәрімде де бұл атау-
лар – автордың жан сарайы. Сондықтан бұлар қаратпа сөз бо
лып келеді: «Шошыма, ойым, шошыма...», «Қажыма, ойым,
қажыма...», «Шарлайсың, ойым шарлайсың, алыстан мені
барлайсың...», Қой, жүрегім, қайғырма...».
Бұрынғы қазақ өлең-жырларымен салыстырғанда, Шәкәрім
поэзиясында көзге түсетін ең үлкен ерекшелік өлең архитек
тоникасы мен ырғақтық-әуендік бітімінде көрінеді. Абай мен
Шәкәрім поэзиясының арасындағы үлкен іліктестік те – осын
да, дәлірек айтсақ, өлең құрауда қазақ көркем сөз тәжірибесінде
бұрын-сонды болып көрмеген Абай ұсынған жаңа тәсілдерді
(тәртіптерді), Шәкәрімнің де саналы, сауатты түрде қабыл алу
ында.
Архитектоника дегеніміз – шығарманың, айталық, өлеңнің
композициялық құрылымы, екінші сөзбен айтсақ, шығарма
құрылымының сыртқы пішіні және оны құрайтын бөліктердің
бір-бірімен байланысуы. Абай қазақ өлеңінің сыртқы құры-
лымына мүлде тың жаңалықтар әкелді, бұл ретте қазақ по
эзиясын жоғары сатыдағы жазба әдебиет қатарына қосты.
Ұлы жаңашылдың бұл еңбегін үстіміздегі ғасырдың басында
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар тұңғыш рет танып,
атаған болатын. Одан кейін Абайдың ақындық шеберлігін ар
найы зерттеген Қажым Жұмалиев пен қазақ өлеңі құрылысын
ғылыми негізде талдаған Зәки Ахметов Абай поэзиясының ар
хитектоникасын кеңінен сөз етті.
Абай ең алдымен өлеңнің құрылымдық бөліктерінің жаңа
түрлерін енгізді. Әдетте өлеңдер шумақты, шумақсыз және
шоғырлы (тирадалы) болып келеді. Абайға дейінгі қазақтың
шумақты өлеңдері негізінен бір ғана түрде: төрт тармақты
(жолды), а а б а ұйқасты болып келетін 11 буынды, кейде
7-8 буынды туындылар болып кездесетін болса, шумақсыз
өлеңдерге көбінесе 7-8 буынды жырлар мен кейде 11 буынды
өлеңдер жататын. Зерттеушілер (3.Ахметов) қазақтың эпостық
жырларында шоғырларға бөлінген түрі де бар дегенді айтады
(шоғыр немесе тирада деп өлең-жырдың бір ұйқаспен келген
бір тақырыпты сөз ететін, төрт-бестен бастап, одан да көп
тармақтарын атайды).
Ал Абай шумақты өлеңдері мен шоғырлы құрылымдарды
түрлендірді, атап айтқанда, 8 тармақты («Сегізаяқ»), 6 тармақты
(«Қор болды жаным», «Бай сейілді» т.б.), 7 тармақта («Сен
мені не етесің?», «Ата-анаға көз қуаныш»), 9 тармақты («Тайға
міндік»), 14 тармақты («Қатыны мен Масақбай») шумақтардан
тұратын өлең құрылымдарын ұсынды.
Бұлардың ішінде 6 тармақты өлеңдердің өзі құрылымы,
интонациясы, өлшемі, ұйқасы жағынан бірнеше түрлі болып
келеді. Мысалы, алты тармақты «Қор болды жаным», «Қуаты
оттай бұрқырап» деп басталатын өлеңдері мен «Бай сейілді»,
«Ем таба алмай», «Кешегі Оспан», «Бойы бұлғаң» деп баста
латын өлеңдерінің құрылымдары бірдей емес. Демек, Абай
қазақ өлеңінің бұрынғы төрт тармақты шумақтардан тұратын
түрлерінен басқа, тармақ саны жағынан тағы да бес түрін
енгізген екен және олардың өлшемдік, ырғақтық, әуендік
өрнегін құбылтып, әртүрлі етіп ұсынғанын көреміз. Осы арқылы
Абай өлең құрылымын түрлендірудің жолын ашты, үлгісін сал
ды. Ұлы жаңашылдың бұл «ұсынысын» шәкірттерінің ішінде
бірден қабылдап, амалды әрі қарай жалғастырған, жалғастыра
отырып, бұл орайда ұстазынан асып түспегенмен, қалыспаған
Шәкәрім болды деп батыл айтамыз.
Ең алдымен, Шәкәрім «сегізаяқты», яғни сегіз тармақты
құрылымды қолданды. Сегізаяқтың Абай келтірген өлшемін
және ұйқас суретін сақтап Шәкәрім «Жастық туралы», және
«Кәрілік туралы» деген екі өлеңін жазған. Мысалы, «Жастық
туралы» өлеңінің 1-шумағы мынадай:
Гауһардай көзі,
Бұлбұлдай сөзі
Жаннан асқан бір пері.
Жүзі бар айдай,
Мінезі майдай,
Өзгеден артық сол жері.
Дариядай ақыл мол еді,
Жан ғашығым сол еді.
Бұлардан басқа тағы бір өлеңін («Шын сырым») 8 тармақты
құрылыммен береді, бірақ мұның ұйқас суреті мен өлшем
сандары Абай ұсынған сегізаяқтан мүлде бөлек. Бұл өлеңде
сегіз тармақтың барлығы да 6 буынды өлшеммен келген, ал ұйқасы абвбгдеб тәртібімен қиыстырылған, яғни мұнда 2, 4, 8-тармақтар ғана ұйқасады, ал классикалық (абайлық) сегізаяқта ұйқас суреті аабввбгг болып келетінін ескерсек, Шәкәрімнің «Шын сырым» өлеңіндегі сегізаяғы мүлде жаңа ырғақ, жаңа құрылым екені көрінеді. Шәкәрімнің «Қалжыңшыл қылжақбас», «Таң» журналына» деген өлендері тармақ саны жағынан «алтыаяқтар» болғанмен, Абайдың алты тармақты «Буынсыз тілін» деп басталатын өлеңінен ырғағы, өлшемі, ұйқасы жағынан мүлде басқаша құрылған: Абайдың алтыаяғы ааб вв б, яғни сегізаяқтағыдай параллель құрылымды (аа вв) болып келсе, Шәкәрімнің аталған өлеңінің ұйқас суреті ааа бб в, ал өлшемі тіпті қызық: алғашқы үш тармақ 8 буынды, келесі екі тармақ 3 буынды, соңғы тармақ 2 буынды «әйда» деген редиф (әрбір шумақ сай ын қайталап келетін бір сөз). «Таң» журналына жаңа әнмен байғазы» деген өлеңінің кейбір шумақтары да – сегіз тармақты құрылым, мұның ұйқасы суреті кәдімгі сегізаяқтағыдай, бірақ өлшемі басқаша. Абайдың «Сегізаяғының» өлшеміне келсек, параллельдер болып келетін 1, 2 және 4, 5-тармақтар 5 буынды, 3, 6, 7, 8-тармақтар 8 буынды, ал Шәкәрімде бұлар тіпті келте: 1, 2, 4, 5-тармақтар 3 буынды, 3,5-тармақтар 5 буынды, соңғы екі тармақ 7, 8 буынды (ақын шығармаларының 1988 жылғы басылымында «Жазушы» баспасы) бұл өлең тексі шумақтарға дұрыс ажыратылмаған: Толға, шырқа байқап, жас жүрек, Әншілерден сол тілек, – деген екі жол бес жол етіп жазылған. Ал жалпы Шәкәрімнің кейбір өлеңдерінде құрылымдық тәртіп қатаң сақталмайды, яғни бірқатар шумақтары сегіз аяқты (тармақты) болса, сол өлеңнің келесі шумақтары әртүрлі тармақты болып келеді. Мысалы, мына шумақты ұйқас суретіне қарап 10 тармақты де уге болады: Әні – тән – а Сөзі – жан – а Жарасымды болса – б Тыңдар оны дос – в
Жыршылар – г Ән салар – г Толғанып ойдан – д Мұңлы зар – е Қозғалар – е Байқалып бойдан – д Бұл – «Таң» журналына жаңа әнмен байғазы» деген өлеңінен алынған мысал. Осы өлеңнің келесі мына шумағы алты тармақты деуге болады: Жаңа әнім – а Байғазым – а Құттықтап журнал – б Кәрі жан – в Салып ән – в Жыбырлап козғал – б Шәкәрімде 12 тармақты өлең де бар, ол – «Достыңыз зор» деп басталатын өлеңі. Шәкәрім Абайда жоқ құрылым – 5 тармақты өлеңдерді де ұсынады. Олар «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жаралыс басы – қозғалыс» сияқты туындылары. Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген өлеңін біз Абайдың «Сегізаяғы» сияқты қазақ өлеңі техникасына тыңнан қосылған жаңалық дер едік. Оның жаңалығы – кейбір шумақтарының тіпті Абайда жоқ «бесаяқ» (бес тармақты) болып құрылуында ғана емес, ең алдымен, өлеңнің жаңа интонациясында және Абайдан бұрынғы қазақ өлеңінде кездеспейтін, Абай үлгісін салған тасымал (өлең тасымалы) дегеннің орын алуында, сөйлем түзілісінің проза синтаксисіне жақын келуінде, сондай-ақ стильдік мақсатта инверсияның (сөздерді орнын алмастырып жұмсаудың) қолданылуында. Бұл көрсетілген белгілердің барлығы да – күшті жетілген жазба по эзияны сипаттайтын құбылыстар. Мысалы: Бұл ән Бұрынғы әннен өзгерек. Бұған Ұйқасты өлең, сөз керек Өзіне орайлы Бұл шумақ тұтасымен тасымалмен келген: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек, өйткені бұған өзіне орайлы ұйқасты өлең сөз
керек деген сөйлемнің бір тармақта келуге тиісті сөздері
тармақтан тармаққа тасымалданып (көшіріліп) берілген.
Әрине, бір сөйлемнің бірнеше тармаққа бөлініп берілгенінің
бәрі тасымал болмайды. Поэзияда, оның ішінде Абай мен
Шәкәрімдерде бір сөйлемнің екі не одан да көп жолға
сыйғызылып берілгені жиі кездеседі. Мұндайда әр тармақтың
синтаксистік-интонациялық дербестігі болады, яғни сөйлемнің
синтаксистік дербес бөліктерінің (единицаларының) шека
ралары тармақтардың жігіне сайма-сай келеді, ашып айтсақ,
бір тармаққа бір единица орналасады, ол единицалар –
күрделі немесе жайылма мүше, бірыңғай мүшелер, құрмалас
сөйлем компоненттері сияқты сөйлемнің тиянақты бөліктері.
Бұлардың тармақтан тармаққа ауысып орналасуы – заңды,
қалыпты құбылыс.
Ал Шәкәрім жоғарыда келтірген шумағында 2-3 буын
ды бір ғана сөзден тұратын сөйлем мүшесін жеке бір тармақ
етіп құрастырған немесе өзіне орайлы деген бір анықтауышты
сөйлемнің соңына шығарып жеке тармақ етіп берген.
Қысқасы, бұл шағын мақалада Шәкәрімнің өлең архитек
тоникасын толық талдап сипаттау мүмкін емес екенін ескер
те отырып, оны арнайы зерттеудің объектісі демекпіз. Ал
біздің бұл жердегі көздегеніміз – қазақ өлеңі құрылымына
Шәкәрімнің де өзгеріс енгізгенін көрсету және бұл әрекеттің
үлгісін Абайдан алғанын айту болды.
Бұл үлгі-өнегені Абайдан кейінгі қазақ поэзиясы жақсы
қабылдағанын және кұр еліктеу түрінде емес, Абайша мазмұн
мен түрді, яғни поэтикалық идея мен оның тілдік көрінісін
сәйкес келтіру мақсатында қолданғанын байқаймыз. Мыса
лы, Шәкәрімнен бастап, Сұлтанмахмұт Торыайғыров, Ах
мет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров т.б. жан толғанысын
поэзия тілімен айтуға келгенде, сегізаяққа жүгінеді. Абай
«Сегізаяғында» өзінің философиялық, азаматтық, суреткерлік
ой-толғамын білдірсе, Ахмет Байтұрсынов та үстіміздегі
ғасырдың басында елдік, ұлттық тәуелсіздігінен айырылып,
отаршылдық күн кешіп отырған, ғылым-білімнен де құр қалған
халқына:
Казағым, елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзінді оянып.
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқын, –
деп қазақ қоғамының ұлттық намысын оятады, оятпақ бо
лады. Бұл идея Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл ақындық,
ағартушылық қызметінің лейтмотиві болса, оны білдірудегі
ең бір ұғымды шыққаны – сегізаяқпен жазған өлеңі, өйткені
мұнда ақын ұстаз тұтқан Абайдың үлгісімен алғашқы екі
жұпты алты жолда айтылмақ идеяның тезисін (баяндауды)
береді де соңғы екі жолда сол тезистен шығатын түйінді, яғни
антитезисті ұсынады. Түйін-антитезис көбінесе ақыл сөз, өнеге
сөз (сентенция) болып келеді. Абайдың «Сегізаяғындағы»
шумақтардың соңғы 7-8 тармақтары нақыл сөзге, тіпті мақал,
мәтел сөзге айналып кеткенін білеміз. Ал Шәкәрім өзінің
«Сегізаяқтарында» әлеуметтік тақырыпты емес, жеке адамдық
әңгімені – жастық пен кәрілікті сөз етеді. Бұлар да – ақынның
жан толқынын сездіретін тақырыптар. Шәкәрім өлеңдеріндегі
түйіндер сентенциядан (ақыл сөзден) гөрі, болған не болатын
істің жалпы қорытындысы түрінде келеді, демек, мұнда да
Абай сегізаяғының құрылымы сақталған әр шумақ тезис пен
антитезистен тұрғызылған.
Сөйтіп, Абай тағылымын, яғни шығармашылықтың ішкі
өнегесі мен сыртқы үлгісін Шәкәрімнен іздейтін болсақ, оны
барлық тұсынан табамыз. Сол тұстардың бірі – поэтикалық
тіл кестесі мен жаңашылдығы. Оны арнайы кеңінен талдап
зерттеу – алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі, өйткені
осындай зерттеулер арқылы теңдесі жоқ феномендік құбылыс
– қазақ поэзиясының Абай бастаған тарихи кезеңіндегі күй-
қалпын білетін боламыз. Атап айтқанда, қазақ сөз өнерінің та
рихына бойлаймыз. Сол тарихты жасаушылардың бірі, бірегейі
Шәкәрімді тағы бір қырынан танитын боламыз. Ал Шәкәрім
кажыны, Шәкәрім философты, Шәкәрім ғалымды, Шәкәрім
ақынды тереңірек тану өте қажет. Өйткені ол – дүниеге бір
келіп, қонып кеткен қонақ емес.
Мен бір қонақ кеттім ғой бірде қонып,
Қайтатұғын қалыпты мезгіл толып.
Осы қонақ қалай деп сынға алмаңыз,
Тәуір деп-ақ айта сал оймен жорып.
Ақын өзі осылай десе де, бұл айтылғанның бәрін керісінше
қабылдау керек: Шәкәрім шығармашылығын оймен жорып
тәуір деп айта салу емес, оны барлық қырынан (аспектіден) тал
дап, қазақ мәдениетіндегі өте жоғары орнын көрсете түсуіміз
тағы қажет. Ол орынға Шәкәрім мұрасының тек мазмұны
кең арналылығы жағынан емес, соны білдірген тілі жағынан
да ие болатындығын жалпы сөзден гөрі нақты талдаулармен
дәлелдеудің де қажеттігін сеземіз. Бұл мақаламызды осындай
жүктің алғашқы бағдарлама іспеттес бір үзігі ретінде ұсынып
отырмыз.
Абай және қазіргі заман. - Алматы: Ғылым, 1994. - 137-148-б.
Абай және поэзия тілі Қазақ халқының рухани және мәдени өмірінің тарихында ерекше орын алған Абайдың есімі және бір тұста айрықша аталуға тиісті. Ол – қазақ халқының ұлттық жазба әдеби тілінің даму барысындағы істеген қызметі мен атқарған рөлі. Әдеби тілдің әр алуан кезеңдерін, сан салалы тармақтарын (стильдерін) бастауда, оның даму барысында жаңаша бағыт сілтеп, жаңа тенденциялар ұсынуда жеке қаламгерлердің қызметі, орны, үлесі болуы әбден заңды. Абайдың есімін қазақ әдеби тіліне жанастыра сөз еткенде, осы тұрғыдан келу қажет. Сонымен қатар Абай – поэзия атты ерекше өнердің шебері. Сондықтан ұлы ақынның поэтика дүниесін талдап-тану – өз алдына бір проблема. Мұнда да Абай – тек «өз қаламын» көрсетіп қоюшы емес, қазақ поэзиясы тіліне сапалық өзгерістер жасаушы, жаңа принцип-бағыттар сілтеуші, барды синтездеп, жоқтарды енгізуші. Осы қырынан келгенде, әңгімені, біздіңше, мынадай мәселелерге топтап қарастыруға болады: 1) поэзия тілінде «творчестволық контекст» дегеннің айқын көрінуі; 2) өлең тілінің сөздік қазынасының өзгеруі; 3) фразеология саласындағы, образдар дүниесіндегі өзгерістер мен сонылықтар (революция деуге болады); 4) жеке сөздерді таңдап қолданудағы жаңа принциптер, оларды поэтизмге айналдыру тәсілдері; 5) өлең архитектоникасы және өлең құрылысы мен тілдік амалдардың қарым-қатысы; б) поэзия тіліндегі акцент құбылысын (дыбыстық гар монияны) жасауға тілдік элементтерді жаңаша пайдалану принциптері; 7) өлең синтаксисіндегі түбірлі өзгерістер; 8) өлең құрылысындағы (шумақ, тармақ, өлшем, ұйқас) ре форма, жаңалықтар. Абай қазақ поэзиясында «творчестволық контекст» (суреткердің өзіндік қолтаңбасы) дегеннің айқын көріну дәстүрін бастады. Творчестволық контекст дегеніміз – жазушының көркемдік-бейнелеуіш тұлғасын тікелей көрсететін тілдік факті-
лер жүйесі болса,114 бұл аспектіден келгенде, Абай тілі өзіне дейінгі, өзімен тұстас қазақ көркем сөзі тілінен ерекшеленіп тұрады. Абайда ақындық индивидуалдықты көрсететін белгілер аз емес. Мысалы, заттың немесе құбылыстың сырсипатын әр жақтан айқындай түсетін жаңа эпитеттерді мо лынан енгізу (айталық, асау жүрек, мұз жүрек, үрпейген жүрек, қырық жамау жүрек дегендердегі эпитеттерді не месе сүтпен енген надандық, нұрлы сөз, нұрлы ақыл сияқты образдарды қараңыз), стильдік мотив пен экспрессиялық бо яуы қалың сөздерді шоғырлап келтіру, кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдерге образдық жүк арту, бұрын қазақ поэзиясы қолданбаған фразеологизмдердің жаңа типтерін енгізу т.т. туындының Абай қаламынан шыққандығын танытады. Абай қазақ өлеңінің сөздік құрамының түрін өзгертті, бұрын поэзияда көп қолданылмайтын сөздер тобын енгізді, поэтикалық лексиканы жеке өлеңнің жанры мен стиліне сәйкестендірді. Осы арқылы өлең тіліне қатысқан сөздердің бір-біріне «иек артуы», стильдік жүк арқалауы, экспрессоид ке айналуы күшейді. Абай өлең тілінің айқын, дәл, жинақы (аз сөзді) болу принципін енгізді. Ол үшін қазақ қауымына бейтаныс, айналадағы шындыққа жанаспайтын образдардан сақ болу тәсілін берік ұстады. Поэзия тілін жинақы етіп беру де ақын өлең жасау техникасын да пайдаланды, өлеңнің жеке тармақтары мен шумақтарының сыйымдылығын арттырды. Ең үлкен өзгеріс-жаңалықты Абай қазақ поэзиясы тілінің фразеология саласына енгізді. Атап айтқанда, сандаған жаңа фразалар ұсынды, образды тіркес жасаудың жаңа жолдарын көрсетті, бұл орайда перифрастиканы системаға айналдырды. Реформа іспеттес өзгеріс-сонылықтарды Абай тілдің син таксис саласында жасады. Бұл тұжырымды оның поэзиясы на да, прозасына да қатысты айтуға болады. Абай ұсынған синтаксистік амалдар осы күнгі нормалардың негізі болып танылады. Ақын айтпақ идеясына ырғағы мен өлшемі сай түсетін өлеңнің соны түрлерін іздеп табады, ұсынады. Ал бұлар өлеңнің синтаксистік құрылымының өзгеше болып келуін та 114 Махмутов X.X. Некоторые вопросы теоретической стилистики // Филологический сборник. - Алма-Ата, 1965. - Вып. 4. - С. 226.
лап етеді. Мысалы, Абайдың аралас буынды, әртүрлі тармақты
«Қатыны мен Масақбай», «Тайға міндік», «Кешегі Оспан»,
«Ем таба алмай», «Қызарып, сұрланып» тәрізді өлеңдерінің
синтаксистік түзілісі – қазақ поэзиясында бұрын болмаған,
мүлде тың құбылыс. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел»
деп жаңашылдыққа шақырған ойшыл, ақылды лирикалық
геройдың өзінің моральдық-этикалық, азаматтық талап-
талғамын, күйініш-мұңын білдіретін «Сегіз аяқ», «Бай сейілді»
сияқты өлеңдерінің өлшемі мен ырғағының сонылығына орай,
олардың синтаксистік құрылымы да жаңа, өзгеше. Абай өлеңді
композициялық бөліктерге ажыратуды жүйелі түрде енгізді,
өлең түзілісіне инверсияның жаңа түрлері мен тасымал амал
дарын кіргізді, өлең сөзде проза синтаксисіне жуық келетін
конструкцияларды қосты. Қысқасы, Абай өлең синтаксисін
оның тақырыбы, идеясы және стилімен үндестірді.
Міне, схема түрінде ғана баяндалған бұл проблемалардың
әрқайсысы – бір-бір монографиялық тақырып. Мақалада
осылардың біреуінің бір ғана қырына назар аудартпақпыз. Ол
– ұлы ақынның жеке сөздерді өлеңнің мазмұнына (идеясы мен
тақырыбына), шарттарына (ұйқасына, өлшеміне, композиция
сына) орай қолдана білу принциптері мен шеберлігі жайлы.
Өлең тіліне пайдаланылған сөздер, ең алдымен, образды
дәл беретін және оқырман сезіміне әсер ететін болуы керек.
Бұл – аян нәрсе. Бірақ сол әсерлілік, образдылық үшін де жеке
сөздердің өз бойындағы мағынасы, экспрессивтік бояуымен
қатар, олардан тыс өзге шарттар да қажет.
Сөйлеу тәжірибесінде, әсіресе көркем әдебиетте сөздер тек
бір нәрсені (затты, сынды, қимылды) атап қана қою қызметін
атқармайды, айналасындағы басқа сөздерге де қызмет етеді.
Демек, сөздің белгілі бір мақсатты өтеуі үшін контексте
оның өзге сөздерге де иек артуы, яғни бір-бірлеріне «қызмет
көрсетулері» керек екенін Абай өте жақсы сезінген. Сондықтан
да бір өлеңнің ішіне семантикалық бояулары жағынан үндес,
бірін-бірі айқындап, толықтыра түсетін сөздерді шоғырлап
келтіреді. Мысалы, «Байлар жүр жиған малын қорғалатып»
деген шағын өлеңінде ақын өз заманындағы қоғамның аса
жағымсыз типтерін суреттейді. Сондықтан мұнда сұм-сұрқия,
қу, білгіш деген зат есімдерден бастап, қорғалату, Құдай ату,
бұтып-шату, есіру, ісіп-кебу (ауыспалы мағынада), қабару (бұл
да), ит ырылдату, белшесінен шығынға бату, әбден сілесі қату,
Құдай қалжыратып құмар қылу деген етістіктерді қолданады.
Бұлардың әрқайсысы экспрессоид – әрқайсысында жағымсыз
қылық, іс-әрекетті білдіретін мағынамен қатар, сол мағынаны
әсерлі етіп көрсететін бояу бар жоқтан барды жай айту емес,
бұтып-шату, құр мақтану емес, өсіру, жай шығынды болу
емес, шығынға белшесінен бату, жай құмар қылу емес, Құдай
қалжыратып құмар қылу т.т. Бұлардың әрбіреуі осындай
экспрессияға ие болса, олар бір жерге шоғырланып берілгенде,
әсері одан әрі күшейіп өлеңді «жұмыр», тұтас дүниеге айнал
дырады.
Абайдың «Сегіз аяғы» – оның ақындық, азаматтық ар-
ұжданының толғанысы, дүниеге, болмысқа деген көзқарасы,
биік материя туралы философиясы. Сондықтан ақын мұнда
абстракт ұғымдарды талғайды, оларды білдіретін сөздерді
таңдайды. Бұл өлеңде қызыл тіл («толғану» «философия» →
«сөз» → «өлең»), ой, әдет, қайрат, сөз («толғау» → «фило
софия»), мінез, насихат, салт, өсек, нысап, ұят, дәулет, несіп,
еңбек, ар, өтірік, ұрлық, зорлық, тамағы тоқтық, жұмысы
жоқтық, қулық, сұмдық, күлкі, мақсұт, амал, қорлық,
абұйыр, талап, ғылым, дерт, қулық, алдау, жалғыздық де
ген 40-қа жуық абстракт ұғым атауын қолданады. Бұлардың
шоғырланып келуінде стильдік мән бар: осы сөздерді таңдап,
талғап келтірудің арқасында өлеңге «философиялық» си
пат беріліп тұр. Әрине, поэзияға қатыстырылатын сөздердің
өлеңнің мазмұнына тақырып жағынан үйлес келуі – өз-өзінен
заңды талап, бірақ әңгіме оларды қалайша беруде. Оларды
Абайша бір жерге шоғырлап келтіргенде, сол өлеңнің мазмұн
жағынан тұтастығы жасалумен қатар, олардың әрқайсысының
семантикалық мәні әсерлене түседі: бір-біріне иек арта
ды, бірін-бірі сүйемелдейді. Мұндай сөздер бір тақырыптас
болғанмен, әртүрлі мағыналы, тіпті әрқилы сөз табынан бо
лып келуі де мүмкін, сонымен қатар бір ұғым төңірегінде топ
талатын тақырыптас (соотносительные) элементтер болуы да
мүмкін. Соңғы құбылыс аса үлкен сөз тапқырлығын, сино
нимика байлығын сұрыптай білуді қажет етеді. Бұл тұрғыдан
алғанда, қазақ поэзиясының тілі Абай қаламы арқылы тағы бір
көрнекі белгіге ие болды. Тегі, ақынның тапқырлығы да, образға
шеберлігі де сөз тандауда көрінеді. Мысалы, таңдап алынған
тақырыптас сөздер тек бір ұғым төңірегіне қазықтаулы болып
қана қоймай, автордың айтпақ идеясына дөп келетін, оқырман
сезіміне әсер ететін, көбінесе поэтизм болуға «дәмелі» эле
менттер болулары керек.
Өлеңге қатыстырылатын жеке сөздерді таңдауда, біздіңше,
Абай ұсынған және бір амал – сөздік тобы мен шығарма стилінің
сәйкестендірілуі. Егер өлең суреттеу стилінде ұсынылса, оған
таңдалынатын сөздік көбінесе көзге көрінетін картинаны
береді. Мысалы, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі су
реттеме мәнеріндегі тұңғыш тамаша үлгі болып табылады. Құс
салудың нақтылы суретін беру үшін ақын қыранның аспанға
қайқаң қағып шыққанын, түлкінің аузын ашып қоқақтап
тұрғанын, қанат-құйрықтың төмен қарай құйылғанда, су
ылдап ысқырғанын көрсетеді. Бұл өлеңді оқып отырғанда,
тіпті көзге елестейтін картина ғана емес, құлаққа естілетіні
де бар сияқты. Мұндай картиналарды беруде ақын іс-әрекет
пен жанды-жансыз заттардың атауларын тура мағынасында
да жұмсайды. Бұл да – бұрынғы қазақ поэзиясының тілі
үшін мүлде тың болмаса да, кәнігі құбылыс емес-ті. Мыса
лы, «Қатыны мен Масақбай» деп аталып жүрген өлең стилі
жағынан өзгелерінен («Сегіз аяқ», «Қартайдық»-тардан) тіпті
басқаша екені мәлім. Бұл – «от басы, ошақ бұтына» арналған
«күнделікті тұрмыстық» өлең. Соған орай мұнда тұрмыс-салт
лексикасы молынан келтіріледі және қарапайым тұрмыстық
сөздердің барлығы да тура өз мағынасында жұмсалады.
Сондай-ақ «Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан», «Қараша,
желтоқсан мен сол бір-екі ай», «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды»
шығармаларында ақын айтпақ ойын белгілі бір картинаны
суреттеу арқылы береді. Сондықтан бұларда жыртық киім,
шуда жіп, үй жамау, кемік сүйек, сорпа-су, ыс, отын, қи, үйген
жүк, шидем тон т.б. осылар сияқты сөздер номинативтік тура
мағыналарында жұмсалған әрі шоғырланып берілген. Ирония,
сарказм мәнерінде жазылған өлеңдерінде мысқылдау, шаншу,
келекелеу бояуы күшті етістіктердің шоғырланып келтірілуі,
ол үшін кейде тіпті құржаң-құржаң ету, тоңқаңдау сияқты
сөздерден де қашпауы тағы да Абайдың стиль мен тілдің
үйлесімін сақтағанын танытады. Өлең тілі үшін сөз таңдауда
аса үлкен әңгіме ақынның синонимдер мен антонимдерді
пайдалануы жайында болмаққа керек. Синонимика – поэ-
зия тілінің ең бір қажетті құралы. Суреткер оларды дұрыс
қолдана білу арқылы идеясын дәл беру, образдарды әсерлі етіп
шығару сияқты шарттарды жүзеге асырады. Ұйқас жасауда
да ақын синонимдерді «көмекке шақырады». Бір сөзді тармақ
тіпті кейде бір шумақ ішінде қайталамау сияқты қарапайым
эстетикалық талапты өткеру үшін де синонимдердің бірден-
бір құрал болып табылатындығы аян. Синонимдердің бұл
«қадір-қасиетін», табиғатын, қызметін қазақ поэзиясы тілі
қашанда жақсы біліп, жақсы пайдаланып келген болатын.
Әсіресе синонимдердің өзге сөздермен тіркесу қабілетін
қазақ ақын-жыраулары өте дәл, шебер пайдаланған. Мысалы,
Бұхар жырау байды құрсағы құшақ десе, биені құрсағы жуан
дейді. Оның «Уақытымыз жеткен соң, Мезгіліміз өткен соң»
деп, уақыт пен мезгіл синонимдерін кезектестіруі; Дулаттың:
«Қыс болса тапшы қызылдан, Жаз болса шола жұтымнан» деп
тапшы, шола сөздерін орынды келтіруі үлкен поэзияның
қажетін өтеп тұр. Мағыналас сөздерді қатар келтіру арқылы
айтпақ ойды әсерлеуді қазақ ақындары жақсы білген.
Дулат: «Талайын алдың тартқандай Кем мен кетік, кенденің»
дегенінде үш синонимнің басын бір «қазанға сыйғызады».
Абай қазақ поэзиясы тілінің осы тәсіліне иек арта отырып,
бұл орайдағы шеберлікті одан әрі көтерді. Ең алдымен, Абай
синонимдердің мағыналық реңктерін айтпақ идеясына сай
пайдалануды көздейді. Мысалы, бағу сөзі кей реттерде қарау
етістігінің синонимі болып түсетіндігі белгілі. Бағу сөзінде
нақтылы затқа қарау емес, абстракт нәрсеге қарау мағынасы
бар. Сондықтан да ақын: (құс салудың) «суретін көре алмассың
көп бақпасаң» немесе: «Өз хатыма өз көзім ұялып қорқып
баға алмас» деп келтірсе, бұл жерлерде «бағылатындар» – аб
стракт нәрселер (аңшылықтың суреті, хаттың мазмұны). Бағу
сөзінің семантикалық осы нюансын пайдаланып, Абай оны:
«Көкке бақтық Алла деп, Тамаша етіп құдіретін» деген жол
дарында келтіреді. Бұл – Лермонтовтың И я гляжу на небеса.
С покорною душой деген тармақтарының аудармасы. Бұл
жердегі көктің өзі – аспан емес, Құдай ғой, оны Алла деп Абай
өзі анықтап тұр, ал Алламыз – нақтылы зат емес, сондықтан
көкке қарадым деп шын ақын айта алмас еді.
Абайдай ұста әйел, қатын, ұрғашы синонимдерінің де
мағыналық бояуларын орынды пайдаланады: әйел мен ұрғашы
сөздерін көбінесе жалпы әйелзат туралы әңгіме болған сәттерде
келтірсе, қатын сөзін нақтылы біреудің әйелі туралы айтылған
орайда жұмсайды: «Әйел жақсы болмайды көркіменен...»,
«Әйел адам гүлмен тең» деген жолдарда жалпы әйелзат сөз
боп тұр. Ал: «Түңлікбайдың қатыны, атың Шәріп» десе,
нақты кісі Түңлікбайдың жұбайын ауызға алып отыр. Тегі, бұл
синонимдік қатардың ішіндегі әйел сөзінің әдеби норма бо
лып қалыптасуы кейінірек болғанда, оған бұл сөздің «жоғары
стильде», яғни сыпайылық, жалпылық мағынада дифферен
циациялануы себеп болғаны байқалады. Абайда да қатын
сөзі 40-тан астам рет кездессе, әйел сөзі одан әлдеқайда кем
(7-8 рет) ұшырасады, соған қарамастан бұл – синонимдік қатар
түзуге, оның ішінде семантикалық реңкі айқындалып, стильдік
жүк арқалауға жетіп тұрған элемент. Мұндай сәл реңктері бар
синонимдерді ажыратып кәдеге асыруға Абай бейім тұрады.
Тіпті Алла, Құдай сияқты семантикалық үстеме реңксіз «таза»
синонимдердің өзін ретіне қарай жұмсауға (таңдауға) барады:
ислам діні сөз болған жерде Құдай мен Тәңірі сөздерінен гөрі
қаламына Алла сөзі тезірек оралады, ал әңгіме жалпы Құдіретті
күш, Жаратушы жайында болса, Құдай «өтімді» (сондықтан
да болар, Абай бұл сөзді 160 рет қолданған), ал түркі
халықтарының «өз Құдайы» – Тәңір кезекші синоним ретінде
әлдеқайда кемдеу (40 шақты рет) ұшырасады. Бұл әсіресе
Тәңір тобы, Тәңірінің құрған тезі, Тәңірі – қазы, тас – таразы
сияқты аллитерациялы тіркестер жасау үшін таңдалынады.
Абай да, өзгелер сияқты, синонимдерді қатарынан қолданып,
айтпақ ойының экспрессиясын күшейтеді: «Түзу кел, қисық,
қыңыр, қырын келмей», «Есер, есірік болмасаң, тіршіліктен
пайда жоқ», «Тыным, тыныштық көрмеген», «Абайлаңыз,
байқаңыз, Елдің жайы солай-ды» т.т. Синонимдерді қатар
келтіру үшін үлкен шеберлік керек, өйткені синонимдердің
барлығы бірдей бір сызықта тұра алмайтыны мәлім. Бір
қатарда тұратып синонимдер көбінесе түбірлес элементтер бо
луы мүмкін (тыным ~ тыныштық; есер ~ есірік; шалықтап
~ шалқып) немесе плеоназмдар болуы мүмкін (әуелесін ~
қалқысын: әуелеудің түбірі – әуе – «аспан», ал қалқысын
дегеннің түбірі – қалық, көне түркі тілінде бұл да – «аспан»)
я болмаса морфологиялық құрылымы бірдей сөздер болуы
мүмкін (тиянақсыз ~ байлаусыз; жас өспірім ~ көк өрім). Осы
заңдылықты ұлы зергер жақсы сезінген.
Қатар түзей қолданылған мәндес сөздер әртүрлі тұлғада
келіп, бірін бірі толықтыра, айқындай түседі. Мысалы,
«Жақындай бер жуықтап» дегенде, біреуі – көсемше, екіншісі
– тиянақты тұлғада келтірілген синонимдер, олар өзара бір-
біріне өте жақын, бірін бірі күшейтіп тұр. «Өтірік берген
қағаздың Тауып алып жалғанын» дегенінде де сондай: өзі
өтірік қағаздың жалғанын тағы ескертеді.
Сын есім, үстеу синонимдерді де қатар қолдану айтылмақ
ойды мүлде әсерлі етіп жібереді: «Мұқым қазақ баласы Тегіс
ақыл сұрапты», «Босқа ұялып, текке именіп», «Сорлы жүрек
мұнша ауыр Неге қатты соқтығар?» т.б. Абай әсіресе бір сөзді
қайталай бермес үшін синонимдерді кең пайдаланады: «Рас
сөздің кім білер қасиетін, Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сен
бек», «Әркімде бар туысқан... Жақсыға біткен ағайын». Сол
сияқты бәле ~ кесапат, алаш ~ жұрт ~ ел, қулық ~ алдау т.т.
тәрізді синонимдік тізбектер бір-біріне кезекші болып түсіп,
өлең тілін құбылтып отырады.
Синонимдерді белгілі бір жазушы тіліне байланыстырып
қарастырғанда, оларды екі тұрғыдан алып талдау қажет: бірі
– олардың сол контекстегі мән-мағынасын ашу, екіншісі –
автордың бір ұғымдас сөздердің өзгесін емес, дәл сол берілгенін
неліктен таңдағандығын, арқалап тұрған жүгін көрсету.
Біздің жоғарыда сөз еткендеріміз – алғашқы аспектіден қарап
талданғаңдар. Екінші тұрғыдан да материалды молынан тауып,
ұзақ сөз етуге болады. Өйткені тіл қадірін жақсы білген, «өлең
деген – әр сөздің ұнасымы» деп өткен Абайдай ақынның сөздің
анасын емес, мынасын таңдауының кез келгенін дәлелдеуге
болады. Абайдың ақындық құдіреттілігі де, поэзия тілін
ұстартудағы үлкен еңбегі де, кейінгіге қалдырған үлгі-өнегесі
де осы жерде: сөзді таңдап талғап қолданысында. Мысалы,
Әбдірахманның әйелі Мағышқа шығарып берген жоқтауы
– метафоралы образдарға толы шығарма. Осы толғаудың
бір жерінде: «Қызықтың заңғар басынан Қорлыққа кеттім
жығылып», «Құдай қосқан қосақтан Жалғанда қалдым жары
лып. Қайғыңда қалдым қамалып, Қызығым кетті сырылып», –
дейді.
Мұнда ақын құлау сөзін емес, оның синонимі – жығылуды
таңдайды. Әдетте заңғар биіктен бір нәрсе құлар болар, жығылу
– өзі аяқ басып тұрған жеріне құлағанда немесе әрі кеткенде
аттан не түйеден құлағанда болатын қимыл. Ал егер Абай «бір
нәрсенің биік басынан құладым» десе, ол – қалыпты, дұрыс
құрылған, бірақ экспрессиясы жоқ нейтрал сөйлем болар еді.
Сірә, тілдегі кейбір норманы әдейі бұзып, әдеттегі қалпынан
өзгертіп қолдану қашан да белгілі бір стильдік мақсат көздейтіні
белгілі: ал биіктен құладым демей, жығылдым дегендегі
мағыналық диссонанс осы қолданыстан тосын мән іздеттіреді,
өзіне көңіл аудартады. Оның үстіне қызықтың заңғар басы,
қорлыққа жығылу деген тіркестердің ішінде таңдалған сино
ним өзінің стильдік жүгін одан әрі айқындап, жоғары көтеріп
тұр. Сол сияқты Мағыш: «Құдай қосқан қосағымнан айрыл
дым» демейді, жырылып қалдым дейді, оның көріп келген
қызығы жай етіп кетпейді, сырылып кетеді. Демек, құлау ~
жығылу, айырылу ~ жарылып қалу, өтіп кету ~ сырылып кету
деген қатарлардың екінші сыңарларын Абай әдейі қалайды,
таңдап алады.
Тағы бір-екі иллюстрация алалық: «Өлең жиған тырбанып,
Ән үйренген ырғалып, Сорлы Көкбай қор болды-ау, Осынша
дан құр қалып!» дегенде, өлең шығарған немесе жазған емес,
жиған деген сөзді автор әдейі алғанға ұқсайды. Өлең жию,
әрине, шығару, жазу синонимдерімен тепе-тең емес, бірақ
дәл осы контексте бұлардың орынды эквиваленті болып тұр.
Өйткені өлең үлкен юмормен жазылған, сондықтан мұнда
тырбанып, ырғалып сөздері де әдейі орын алған. Сол себептен
«сорлы Көкбай» өлеңді не шығармайды, не жазбайды, жоқтан-
бардан «жияды». Мұнда өлең жазған тырбанып десе, нағыз
сынау, кемсіту реңкі болар еді. Өлеңді тырбанып жазғаннан
гөрі тырысып жию (құрастыру) әлдеқайда зілсіз, әзіл-оспақ
түрінде айтылған сөз боп шығады.
Абайдың сөз таңдап, тап басуын әсіресе аударма өлеңдері-
нің тілінен жаксы көруге болады. Аударып отырған шығар-
маның идеясын дәл беруде сөз таңдаудың мәні орасан зор. Ау
дарма көшірме болмай, екінші тілдегі поэзия болуы керек, ол
үшін әрбір сөздің бояуы, көзге ілінер-ілінбес семантикалық
реңктері, өзге сөздермен тіркесу қабілеті – баршасы іске
қосылуы қажет. Сондықтан Абай әсіресе аударма өлеңдерінің
тіліне қыруар еңбек сіңіргені байқалады. Ол Пушкин, Лермон
тов шығармаларының мазмұнын қазақшалап, идеясын беріп
қоймайды, осы екі суреткердің өз қолтаңбаларын, өз «иістерін»
сақтауға күш салады. Ол үшін жеке сөздерді таңдайды,
синонимдерді сұрыптайды. Мысалы, Лермонтовтың «Пусты
ня внемлет Богу» дегенін «Елсіз жер тұрғандай боп Хаққа
мүлгіп» деп аударады. Мұнда внимать етістігінің кітаби көне
поэтикалық элемент екенін Абай іштей сезінеді, сондықтан
тыңдап, құлақ салып сөздерін емес, мүлгу сөзін алады. Хақты
(Құдайды) жай тыңдауға, оған жай құлақ салуға болмайды,
жан-тәнімен беріліп, не бұйырса да мойын сұнып, мүлгіп
тыңдау керек, осы себептен Лермонтов та внемлет Богу деп
тегін алып отырған жоқ. Абай осыны сезінген.
Міне, бұл талдаулардың барлығы мынадай тұжырымға
әкеледі. Тілдегі бай синонимдік қатарларды өз орындарында
қолдана білу бірнеше қажеттікті өтейді. Бірі – жазушының
(бұл жерде Абайдың) образды дәл беру, айтпақ идеясын айқын,
әсерлі етіп жеткізу шеберлігін көрсетеді, екінші – жалпы
әдеби, оның ішінде поэзия тіліндегі сөз айналымын күш-
ейтеді, сөздік қазынасын арттырады. Соңғы мақсат үшін
пайдаланылған амалдардың бірі – тілдегі бар синонимдерді
өлең тіліне тарту болса, екіншісі – кейбір сирек кездесетіндерін
де активтендіру (мысалы, Абайда безу сөзінің күсу синонимі
еркін жұмсалған), үшіншісі – бірқатар көне сөздерді айналымға
түсіру (мысалы, Абай ежеттес, әз тұту, даттау сөздерін синонимдік қатар ретінде қолданады), төртінші – жаңаларын жасау (мысалы, Абай кем көру тіркесінің синонимі ретінде қоңыр көру фразасын қосады), бесінші – өзге тілдердегі мағыналас сөздерді синоним етіп жандандыру (мысалы, жолдастық ~ сұхбаттастық; соңғы сөз көп орайда әдеттегі «әңгімелесу, сырласу» мағынасында емес, араб тіліндегі екінші мағынасында («общение, дружба») келеді: «Арзан, жалған күлмейтін шын күлерлік, Ер табылса жарайды қылса сұхбат...», «Жолдастық, сұхбаттастық бір үлкен іс» т.б.), айбаттайды ~ даттайды қатары да – осындай. Жалпы лексикалық элементтерді, оның ішінде синонимдерді сұрыптап, таңдап, тауып, поэзия тіліне, жалпы әдеби тілге қатыстыруда, оларға әдейі стильдік жүк артуда Абай көзге түсерлік еңбек сіңірді. Бұл – талабы мен таңдауы зор әдеби тілдің белгісі. Қазақ тілі, оның көркем әдебиеті мен ауызша шешендік үлгілері бұрыннан да синонимикаға бай болатын. Оны кезінде ғалымдар жақсы байқап атаған болатын. Монғол, алтай тілдерін зерттеуші, фин тіл маманы Г.И.Рамстедтің: «Нужно лишь обратиться, например, к казахским текстам в труде Радлова, чтобы найти... как монгольский, так и тюрк ский фольклор обладает, – там, где он наиболее развит, – бо гатым набором синонимов, парных слов и рифмующихся слов»,115 – дегеніне қарағанда, тіпті қазақтың ауыз әдебиеті тілінде синонимиканың бай сала екенін көреміз. Ал халық ауыз әдебиеті тілі мен ірі жазба әдебиет уәкілі – Абайдың қолданысын салыстырсақ, бұл лексикалық топтың поэтикалық құралға айналуы сандық та, сапалық та өзгеріске ұшырады деп аламыз. Поэзия тіліне сөз таңдауда көркемдеуіш элементтердің бірі ретінде антонимдерді пайдалануды да Абай қостап, әрі қарай жетілдіреді. Ұлы ақын айтпақ ойларын ізгілік пен жамандық, өмір мен өлім, қас пен дос, білім мен надандық сияқты кереғар полюстерді сөз ету арқылы білдірсе, оның 115 Рамстедт Г. И. Введение в алтайское языкознание. Морфология. - М., 1957. - С.17.
тілдегі көрінісі – антонимдері жиі пайдаланады. Абай тіліндегі антонимдердің барлығы дерлік образды күшейту үшін қолданылған. Ішім өлген, сыртым сау, Бүгінгі дос – ертең жау деген екі жолдың өзінде барлық ұғым қарама-қарсы полюстерді білдіреді: іш//сырт, өлген//сау, бүгін//ертең; дос//жау. Кейбір сөздердің контекстегі мағынасын антонимдік сыңарына қарай тануға болады. Мысалы, «Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар» деген жолда тасыр сөзі мағына жағынан талапты сөзінің қарсысына қойылған. «Надан жөндіге жөн келмей, Білер қайдағы шәргезді» деген жолдардағы сирек қолданылатын шәргез сөзінің мағынасы жөнді-ге қарама-қарсы екенін тануға болады. Қысқасы, Абай поэзиясы тіліндегі синонимдер мен анто нимдерге жасалған өте шағын талдау арқылы ақынның жеке сөздерді поэтизмге айналдыру тәсілдері мен принциптерін көрсеттік. Сірә, өлең тексінің барша сөзі поэтизм болмайты ны аян. «Лексикалық поэтизм дегеніміз – белгілі бір кезеңдегі поэзия тілінде пайда болған немесе іріктеліп шыққан сөздер мен оралымдар»116, яғни өлеңнің көркемдік мүддесін өтеу үшін қалыптасқан элементтер болса, Абай тілінің лексикалық по этикасын арнайы зерттеу қажеттігі даусыз. Сөйтіп, Абай поэзиясы тілінің ерекшелігін сол поэзияның тақырыбы мен жанрына қарай және ақынның бұрынғы тілдіккөркемдік дәстүрді жалғастыру сипаты мен жаңалықтар енгізу дәрежесіне қарай талдап, тану қажет. Бұл – бір. Екіншіден, ұлы сөз зергерінің индивидуалдық шеберлігін, творчестволық контексін зерттеп білу қажет. Бұл орайда көптеген ізденістер мен табыстар бар екенін айтамыз. Абайдың ақындық, жазушылық творчествосымен қатар, оның тіліне де, қазақ әдеби тілін дамытудағы орны мен қызметіне де зор көңіл бөлген әдебиеттанушылардан ұлы Мұхтар Әуезовтің, Қажым Жұмалиевтің, Зәки Ахметовтің ғылыми еңбектерін, тіл маман дарынан – Құдайберген Жұбановтан бастап, Ісмет Кеңесбаев, Нығмет Сауранбаев, Ахмеди Ысқақов, Ербол Жанпейісов, 116 Виноградов В. В. Поэтика н ее отношенне к лингвистике и теории литературы // Вопросы языкознания. -1962. - № 5. - С. 5.
Құлмат Өмірәлиев және осы мақала авторының мақалалары
мен монографияларын атауға болады. Абайдың тіліне арналған
зерттеулердің қай-қайсысында да әзірге ұлы ағартушы-демо-
крат ақынның қазақтың жазба әдеби тілінің даму барысындағы
орны, атқарған қызметі, қосқан жаңалықтары сөз болып келеді
де оның тілдік шеберлік лабораториясы жан-жақты терең
зерттелмей жатыр, яғни қолымызда Абай творчествосына
қатысты лингвостилистикалық монографиялар әлі жоқ. Абай
дай алыптың әдеби мұрасы мен оның тілі – бес-он адамның
бес-он жылда тындырып тастайтын зерттеу объектісі емес. Бір
жарым ғасырлық тарихы бар пушкинтану қандай күрделі, әлі
аяқталмаған ғылым саласы болса, күні кеше басталған абайта
ну да – көп күшті, көп білімді, көп ізденуді қажет ететін, ұзақ
жылдық еңбекті тілейтін филологиялық ғылым тармағы.
Туғанына 140 жыл толуын атап отырған ұлы жазушының
тілін әрі қарай барлық қырынан зерттей түсу қазақ лингвис-
терінің де алдағы ізгі істерінің бірі болмақ.
Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - Тіл, әдебиет сериясы.
- 1985. - №4. - 17-25-б.
Абай – ұлттық болмысымыздың тіні
Ұлы Абайдың тұтас шығармашылық келбеті, қалдырған
мұрасының бүгінгі қазақ қоғамының қажет етіп отырған
қазынасы, оның эстетикалық, философиялық, тәрбиелік, жал
пы мәдени-танымдық мәні (рөлі) хақында едәуір зерттеліп,
білім-түсініктер, түйін-тұжырымдар қалыптасып қалғанын ба
тыл айта аламыз. Көркем сөз иесін тану екі тарамда жүретінін
де жақсы білеміз. Яғни абайтанудың алдыңғы айтылған қыр-
ларымен қатар, тілін, идиостиль деп аталатын көркемдік си
патын, яғни суреткерлік мәнерін зерделеу жапсарласа жүре-
тін қарекет екендігін бүгінгі зерделі халайық жақсы аңғара-
тынын да айтамыз.
Абай мұрасының тілі мен көркемді кестесі жалпы тұр-
ғыда, кәнігі тәсіл өлшемдермен біршама танылып-таныты
лып қалғаны да белгілі. Абай тілін сөз етуде біздің 30-35
жыл бойы жариялап келе жатқан монографиямыз бен 30-
дан астам мақаламызда ұлы суреткердің қазақ әдеби тілін
даму барысындағы орны, қызметі, өлеңдері мен прозасының
лексика-грамматикалық сипаты және көркемдік өрнегі талда
на баяндалған болатын. Бірақ бұнымен «Абай тілі» атты та
ным саласы аяқталмайды әрі қарай бұл таным тармағының
да өрісі кеңдік пен тереңдік параметрлерімен ұлғая беру
ге тиіс. Мұны тіл мамандары жақсы біледі. Бұл саладағы
ғылыми ізденістердің едәуір қиындығы мен жауапкершілігі
ме әлде дұрыс ұйымдастыра алмай келеміз бе – абайтанудың
лингвистикалық қырларына көптеп бара алмай жатырмыз.
Әрине, көркем әдебиет үлгілерінің, оның ішінде орны мен
суреткерлік келбеті ерекше тұрған ұлы Абай поэзиясы мен
«Қара сөздерінің» тілдік-көркемдік сипатын әр қырынан та
ныту үшін сол қырлардың өзін, олардың ескі-жаңа түрлерін
біліп алуымыз керек. Бұрыннан қалыптасқан зерттеу жолдары
(аспектілер) мен теориялық негіз-бағыттарын қайталап, тек
мысалдармен көбейтіп, әркім өз тілімен жаза беру абайтану-
дағы лингвистикалық ізденістердің кеңеюі, түрленуі, жаңа та
быстары болып саналмайтындығын да баса айтамыз.
Ғылымның барлық салаларындағыдай, оның «тілтаным»
атты тармағында да әр кезеңде жаңа бағыттар, жаңа жүйелер
болып жатады. Солардың бірі – XX ғасырдың орта тұсында
сұлбасы көрініп, соңғы ширегінде едәуір айқындалып келген
соңғы бағыт – мәтін лингвистикасы немесе мәтін теориясы
болатын.
Бұл жаңалықтың аталуы бірнеше түрлі ғылыми әдебиетте
жоғарғы екеуінен басқа мәтін құрылымы, мәтін граммати
касы, мәтін стилистикасы, мәтін герменевтикасы (көне
мәтіндерді түсіндіріп талдау) деген атауларды да кездестіреміз.
Бірақ, сайып келгенде, мәтін лингвистикасы (тілтанымы)
деген жалпы атауы жиірек ауызға түседі (қаламға ілінеді).
Бағыттың негізгі зерттеу нысаны – мәтін (текст). Мәтін де
ген терминнің жалпы мағынасы түсінікті: мәтін – шығарманың
хатқа түскен немесе ауызша айтылған нұсқасы. Ол шығарма,
әрине, тек көркем әдебиет үлгісі болуы шарт емес, кез келген
үлгі: ғылыми еңбектер, публицистикалық шығармалар, газет-
журнал беттеріндегі жазбалар, ресми құжаттар т.т. – барлығы
да хатқа түсіп немесе ауызша айтылып, оқырмандар мен
тыңдаушыларға ұсынылады. Көркем әдебиет үлгілерін талдап,
зерттеуде әдебиеттанушылар мен тілтанушылардың қолға ала
тын нысандары мен көздейтін мақсаттары екі бөлек болады.
Әдебиетшілер көркем шығарманың өзін, яғни мазмұнын, иде
ясын, жанрлық ерекшеліктерін, авторлығын, заманын, әдеби
ағыстарға қатысын т.т. осы сияқты қырларын зерттейді. Ал
тіл маманы сол шығарманың мәтінімен жұмыс істейді. Ашып
айтсақ, шығарманың мәтін арқылы қолданысқа түскен сырын,
яғни оқырманға қалайша жеткенін немесе жеткізу көзделгенін
зерделейді. Ежелгі философия дүниесінен келе жатқан «автор
(жазушы) – мәтін – оқырман» деген үшемдік таным немесе
дискурс – тіл мамандарының «еншісі». Міне, осы жерде линг
вистика әлемінде жаңа ізденістер, жаңа объектілер дүниеге
келеді. Бұл орайда мәтінді (яғни шығарманы) оқырманның қа-
былдауы, бұған қажет «аялық білім» (шығармада айтылғанды
біліп-тануға қажет қоры, біліп-тануға келгендегі шама-шарқы)
деген категорияны сөз етуге тура келеді. Жалпақ тілмен
айтқанда, жазушының (ақынның) шығармасын (не оның жеке
бір бөліктерін) оқырман түсінуі (қабылдауы) үшін сонда сөз
болатын шындықты, яғни әлеуметтік, рухани, мәдени дүниені
біршама жақсы білуі керек. Сол сияқты белгілі бір сөздер адам баласы тіршілігінің белгілі бір саласының «мәдени коды» бо лып келеді, яғни сол саладағы таным мен тәжірибенің белгісі (көбі ұлттық белгісі) болады. Демек, белгілі бір дәуірдегі жазушының (ақынның) шығармасын, айтпақ идеясын оқырмандары түгел немесе саралай түсіне ала ма, түсіне алды ма – осыны зерделеу де мәтін лингвистикасының шаруасы. Осы тұрғыдан келгенде, Абай мұрасын мәтін теориясы мен зерттеу, таныту – алдағы ізденіс бағытымыз болмаққа керек. Әрине, мәтін теориясы тек дискурс мәселелерімен шектелмейді. Мұның ішінде мәтіннің өзінің белгілерін айқындап алу, мәтіннің ұлттық және жеке авторлық сипатын дұрыс тану, мәтіннің тұтастық, жұмырлық белгісін түзетін тілдік бірліктерді айқындау, автордың модальдық (көзқарастық) реңктері, «автор бейнесі», канондық мәтін, яғни мәтін тексто логиясы сияқты толып жатқан жеке тақырыптар туындайды. Бұл айтқандарымызды бір-екі мысалмен түсіндіріп көрелік. Алдымен, дискурс, яғни автор (Абай) – мәтін (өлеңдері) – оқырман (өз тұсындағы және қазіргі) дегенге назар аударсақ, Абайдың көп өлеңдерін өз тұсындағы оқырмантыңдармандардың қабылдау-түсіну қабілеттері, яғни «аялық білімдері» қандай болды? Мысалы, «Қансонарда» деп баста латын өлеңін алайық, мұндағы тұрмыс-салттық реалийлер Абай кезеңінде ауыл адамдарына жақсы таныс еді, әрине, бұл өлең мәтіні тек тақырыбының таныстығымен ғана құнды емес, көркемдігімен, мәтіндегі суреттің жұмырлығымен, осы жұмырлықты, айтпақ идея тұтастығын көрсетіп тұрған тілдік құралдармен құнды. Мәтіннің семантикалық немесе тақырыптық өрісіндегі сөздер топтасқан: бүркітші, аңшы, қағушы, тастан табылатын түлкі, бүркіт, жақсы ат, тату жолдас. Бұлардың бәр-бәрін мүмкін қазіргі қалалық жастар көз алдына келтіре алмас, ал ақынның осы өлеңді ұсынған кездегі оқырмандарының (тыңдармандарының, жаттаушыларының) білетіндері («аялық білімдері») тамаша болған. Бұл жерде мәтіннің көркемдігі, тұтастығы – өз алдына әңгіме: біршама үлкендеу өлең мәтіні бастан-аяқ бір ұйқаспен: барыс жалғаулы сөздермен шегенделген (аңдығанға – адамға, аспанға – қашқанға...).
Ал Абайдың «Сегіз аяғын» өз замандастарының бәрі түгел түсініп, қабылдап оқыды (тыңдады) деу – қиындау. Қазақ поэзиясының қазақ құлағы үйренген өлеңдік құрылымының мүлде бұрынғыдан басқаша екендігін, өлең тармақтарының өлшемі мен ырғағы және ұйқасуы жағынан ерекше түзілуін, интонациялық бітімі мен синтаксистік құрылым тәртібі де соны болғанын есептемегенде, ақынның айтпақ идеясы, мақсаты қандай дегенді бірден аңғару да қарапайым (көбі тіпті сауатсыз болғаны – өз алдына) тыңдарманға, оқырманға оңай еместігін түсіну қиын емес. Бұл өлең – сырт қарағанда, бірде ақынның «толғауы тоқсан қызыл тіл», яғни өлең, поэзия туралы, енді бір қарағанда, санасыз, ойсыз, жа рымес айналасындағылардың жағымсыз портретін беретін сияқты көрінеді, ал, түптеп келгенде, менің танымымша, «Сегіз аяқ» – суреткер тұлғасының трагедиясы, атап айтқанда, қоршаған қауымның «баяғы жартас – бір жартас болып, қаңқ еткенімен түкті байқамайтындығын», яғни поэзиясымен, ақылымен, білімімен заманынан, замандастарынан түсіністік көре алмаған ақын жанының бақсының моласындай жалғыз екенін білдірген имандай сыры. Ақын поэзиясының осындай үнін дәл таныған Шәкәрім: Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан, Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан, – деп бір түйіп алып, әрі қарай бұл танымын дәлдеп тарқатады емес пе: Кім жалғыз бұл жалғанда есті жалғыз, Мұңдасар болмаған соң бір сыңары. Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па, Қазақтан табылды ма соның пары?! Өлеңімен жұбатты өзін өзі, Еңбегі – еш, іші – беріш, жүзі – сары, Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң, Патша қойса, не кетер қазақ шары? Демек, кейбір өлеңдерінің мәтінін ұғуға айналасының ба сым тобының әлі аялық білімдері (білім-таным қоры) жоқ екенін Шәкәрім ғалым, Шәкәрім философ жақсы айтқан. Мұны Абайдың өзі де жақсы білген:
Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,
Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ, –
деп күңіренсе де, айтпақ сөзін айта берді (өлеңін жаза берді).
Шәкәрімше түйсек:
Не қылса да шыдады, білдірмеді,
Сол десеңші сабырлы қазақ нары!
Жоғарыда аталған тақырыптардың тағы біреуін мысалдар-
мен көрсетелік. Айталық, мәтін түзімі, оның тұтастық,
жұмырлық белгісі дегенге көңіл аударсақ. «Әуелде бір суық
мұз – ақыл зерек» деп басталатын шағын өлеңі – «жұп-жұмыр»,
«тұтас ой шоғыры». Бұл шоғырлықты (мәтін тұтастығын) екі
тұстан іздеуге болады. Әуелі семантикалық тұтастық, яғни
өлеңде ұсынылған идеяның тұтастығын, жалғастылығын
әр шумақта, тіпті өлеңнің әр жолында айтылған тақырыбы,
мазмұны: ақыл, жүрек, қайратты бірдей ұстау идеясы
тұтастырып тұр:
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,
Бұл – қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл – білім-білік (интеллекті), жүрек – жүрек қалауы
(эмоция), қайрат – осы екеуін жөнін біліп үйлестіріп отыратын
ынта, күш-жігер.
Келесі жолдарда осы идеяны, яғни «ақыл, қайрат, жүректі
бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деп және
«біреуінің күні жоқ біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін
білмек» деп әрі қарай ұластырады. Ой (идея, тақырып)
желісі ұласу арқылы өлең тұтастығы жасалады. Бұл – вер
бальды емес (тіл сөз арқылы емес), ой желісі арқылы пайда
болған семантикалық тұтастық. Мәтін теориясында мәтіннің
тіл бірліктері: сөз, сөз тіркестері, сөйлем құрылымы арқылы
жасалатын вербальды тұтастық деген де бар. Бұл орайда да
Абай шеберлігі мәтін тұтастығын қолмен қойғандай айқын
көрсетеді. Дәлдеп айтсақ, бұл шағын өлеңдегі есім сөздердің
барлығы дерлік дерексіз (абстракт) ұғым беретіндер: ақыл,
тоқтаулық, шыдамдылық, қайрат, ашу, күлкі, әлек, ғылым.
Тіпті жүрек деген нақты зат атауының өзі абстрактіленіп,
дерексіз атау ретінде келіп тұр. Өлеңді бастан-аяқ , біртұтас
дүние етіп, «цементтеп» тұрған – ұйқас, бұл 12 жолдық өлең
бір ғана ұйқаспен жасалған (зерек – жүрек – керек – бөлек –
демек – әлек – білмек). Бұл да – вербальдық (тілдік) тұтастық.
Бұл өлеңді біз оның төрт-төрт жолдан тұратын үш шумақ етіп
жазылғанына қарамастан, 12 жолдық (тармақтық) шумақсыз
өлең деп танимыз, өйткені алғашқы шумақтың ұйқас суреті
ааба болса, келесі 4 жолдықтар вага етіп ұсынылған. Демек,
бұл шағын өлең – бір шалыс ұйқаспен құрылған, бір демде
оқылатын (айтылатын, естілетін) жұмыр дүние. Өлең мәтінінің
бір-бірімен іліктескен, бірін бірі әрі қарай семантикалық
(мазмұны) жағынан да, ұйқас, ырғақ сияқты өлең шарттары
жағынан да біртұтас, жұмыр болып келуі керектігін «мәтін
теориясы» туралы лекция тыңдап, ғылыми зерттеулерді оқып-
білмей-ақ ұлы ақын өзі талап еткен ғой: өлеңге «тілге жеңіл,
жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы» деп та
лап қойғанын қайтерсіз!
Мәтін тұтастығын білдіретін, яғни мәтінді тілдік элемент
тер арқылы түзетін вербальдық құралдар – әрине, тек ұйқас
пен тақырыптас сөздер шоғыры ғана емес, олар сан алуан.
Бұларды талдап-таныту тіл мамандарының міндеті болса,
бұндай таным Абай өлеңдерін, жалпы мұрасын дұрыс және
толық түсінуге, жақсы игеруге көмектеседі. Ал ұлы ақын
мұрасын, әсіресе прозалық дүниесін бүгінгі барша оқырман
түгел, толық түсініп, түйсініп оқиды деп айта алмаймыз.
Әрі-беріден соң «Абай неге Мағышқа Абдрахманнан айыры
лып қалғанда, «қызықтың заңғар биігінен құладым демейді,
жығылдым» дегізеді?»; «Неліктен Абай -су, -сыну жұрнағымен
жасалған етістіктерді (адамсу, қалжыңбассу, еркесу, серкесу,
қайраттысу, жер тәңірісу сияқты) еркін және жиі қолданған?»
деген сияқты сауалдарға кез келген оқырман бірден жауап бере
ала ма? Қазақ поэзиясында тұңғыш рет Абай өлеңдерінде мо
лынан пайда болып, жиі кездесетін бұл қолданыстың себебін
ақынның:
Менсінбеуші ем наданды
Ақылсыз деп қор тұтып.
Түзетпек едім заманды,
Өзімді өзім зор тұтып, –
деп өзі айтып бергенін көреміз.
Көркем сөзді мәтін теориясы бойынша зерделеудің және
бір қиын да қажет тұсы – мұндағы ізденістер тек ғылымның
филология, лингвистика салаларымен шектеліп қоймай, пси
хология, логика, әлеуметтік тарих, этнография салаларының
да таным-қағидаларына иек артып отырудың қажеттігі, яғни
зерттеу шеңберінің кеңеюі. Демек, мәтін теориясы бойынша
ғылыми жұмыс істейтіндерге қойылатын талап арта түспек.
Әрине, бұл жаңа бағыттар мен соны талаптар көктен
түскен жоқ. Ғылымда жаңа бағыттар мен олардың теориялық
негіздері ескінің құндағында, яғни болып келген және болып
келе жатқан теориятанымдық негізде туып, өсіп жетіледі.
Сондықтан қазақ тіл білімінде жоғарыда аталған зерттеу
бағыттарының, тақырыптарының мүлде көрінбей келуі мүмкін
емес. Абай тілін зерттеуге келгенде де солай. Мәтін стилисти
касы, мәтін грамматикасы бойынша функционалдық талдау
және прагматикалық талдау дегендер болса, олар да біршама
жүргізіліп келді. Мысалы, біз мәтін мазмұнын, яғни ақын
өлеңдерінің мәтін түзімінде көрінген (қолданылған) тілдік
бірліктерді: сөздер мен кейбір грамматикалық амалдарды нақты
мысалдарымен талдап, зерделеген болатынбыз (Абайдың сөз
өрнегі. - Алматы: Санат, 1995; - Алматы: Арыс, 2004); Абай
өлеңдерінің синтаксистік құрылысы (-Алматы: Ғылым, 1970).
Дәл қазіргі терминдермен аталмаса да, «автор бейнесі» деген
категория әсіресе авторлық модальдықтың (яғни өлеңінде
айтқандарына өзінің көзқарасының) көрінісі аталған еңбектер
мен Абай тіліне арналған 30-дан астам ғылыми мақала мен Абай
энциклопедиясында орын алған 10-нан астам мақаламызда
біршама сөз болғанын қазіргі оқырман қауымға, оның ішінде
Абай мұрасының зерттелуіне зер салатындарға ескертіп ай
тып қоюымыз оғаш болмас, өйткені, жасырмалық, тіл біліміне
қатысты кітаптар мен ғылыми мақалаларды бұл күнде екінің
бірі, тіпті әдебиеттанушылардың өзі оқи бермейді.
Ал қазірдің өзінде біз осы мақаланың аты етіп ұсынып
отырған тақырыптарға назар аударыла бастағанын да баса
айтамыз. Осы жылдың мамыр айының соңында Қ.Жұбанов
атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде Абайдың 160
жылдығына арналған «Абай әлемі: рухани мұра мәселелері және
қазіргі кезең» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бұл – жоғары оқу орындарында Абайдың 160 жылдығын атауға
арналған ең алғашқы конференция болды және ең бір көңіл
аудартқаны – Абай тілін зерттеуге қатысты Абай шығармалары
тілін «тілдік тұлға» тұрғысынан зерттеу (Ж.Манкеева),
«Абайдың сөз қолданысына нейролингвистикалық бағдар-
ламалар тұрғысынан талдау жасаудың алғашқы тәжірибелері
(Н.Құрманова), «Мәтінді түсіну (интерпретациялау) негіздері
туралы» (К.Садирова), «Абай поэзиясы тілінің гендерлік сипа
ты» (Г.Шоқым), «Абай өлеңдеріндегі ұлттық дүниетанымның
полярлық көріністерін анықтаушы әлеуметтік факторлар ту
ралы» (Б.Құрманова), «Абай шығармаларындағы «шындық,
өтірік» тұжырымдарының көрінісі» (З.Молдабаева) сияқты
баяндамалар белгілі бір шамада мәтін тілтанымы теориясы
негіздеріне сүйеніп жазылған. Және бір қуантарлығы – ба
яндамалар ғылыми талдаулары мен тұжырымдары жағынан
өте сауатты ізденістер болды және оларда жаңа бағыттарды
игеру ынталары көрініп тұрды. Тағы бір жақсы жағы автор
лар – жас ғалымдар конференцияда тіл біліміне, Абай тіліне,
«Абай жолы» эпопеясының тіліне арналған өзге де мақалалар
авторларының тың ізденістерімен көңіл аудартады. Жалпы,
осы конференцияның алдымен дер кезінде (алғашқы болып)
өткені және ұйымдастыру, конференция мақсатын дұрыс қою,
ондағы ұсынылған баяндамалардың әдебиеттану, тілтану, пе
дагогика, психология, философия тараулары бойынша жақсы
таңдалып ұсынылуы жағынан өте сәтті, жақсы ғылыми жиын
болғанын да баса айтқым келеді.
Қысқасы, Абай мұрасының тілін, тіл көркемдігін та
нып-танытуда зерттеудің бұрыннан келе жатқан кәнігі әдіс-
амалдарымен қатар, тіл білімінің жаңа бағыттарына, жаңа
теорияларына бет бұрып, зерттеу қырларын (аспектілерін,
тақырыптарын) түрлендіре түсу – бүгінгі тіл мамандарының,
әсіресе жас буынның үлесі, міндеті дейміз.
Абай – ұлттық болмысымыздың ұлы тіні: ұлттық мәде-
ниетіміздің арқауы, ұлттық тіліміздің қазығы, бүгінгідей
ұлттық рухымызды көтеру жолындағы күресіміздің айна
сы. Сондықтан ғылым дүниесінде абайтану тек пәлен жылғы
мерейкүндерінде ғана жүргізілетін науқандық қарекет болма
уы керек. Абайдың рухани, мәдени адами алыптың баға жет
пес мұрасын сан қырынан зерттеу, тану, таныту, насихаттау
жұмыстары әрдайым, үздіксіз жүріп жататын процесс болмаққа
керек. Осындай танып-танытудың бір түрі – оқу орында
рында: мектептердің жоғарғы кластарында, гуманитарлық
колледждерде, университеттердің филология, журналисти
ка, философия, педагогика, тарих факультеттерінде (әзірше
қазақ бөлімдерінде) «Абайтану», «Абайдың тілі», «Абайдың
философиялық, педагогикалық көзқарастары» деген сияқты
әрқайсысы 15-20 сағаттық арнаулы курстар жүргізілсе. Олардың
бағдарламасы жасалса. Біз осындай ұсынысымызды Ақтөбе
университетінде өткен конференцияда айтып, «Абай тілі» атты
курстың 10 лекциядан тұратын 20 сағаттық бағдарламасын
көрсетіп едік, бұл пікіріміз қабыл алынып, конференция
нәтижелері мен ұсыныстарында көрсетілді. Осындай ұсыныс-
әрекеттер тек айтылып, қағаз жүзінде қалдырмағанымызды
Абайдың аруағы да қолдар еді. Көп сөзден нақты бірер іске
кірісетін кезіміз келгенін байқасақ демекпін.
«Әдебиет айдыны». - 2005, 2 қыркүйек
Абай және қазақ әдеби тілі
Қазақ халқының соңғы бір ғасырдан астамғы уақыт бойын-
дағы
әлеуметтік-қоғамдық
тұрмысының,
мәдени-рухани
өмірінің төрінен орын алатын дана атамыз – Абайдың есімі
ұмытылмақшы емес, әрқашан есімізде ұсталмақшы. Туғанына
125 жыл толуымен байланысты өткізіліп отырған салтанатты
жиындарда ол кісінің атын, қалдырған мұрасын зор құрмет-
пен, ерекше ілтипатпен арнай-арнай атамақшымыз.
Қоғамдық ғылымдардың өзге саласының мамандары
сияқты, тіл мамандары – біздер де осы мереке үстінде Абай-
дың есімін атап, оның қазақ әдеби тілінің дамуына сіңірген
еңбегін, қосқан үлесін баян етуді өзімізге борыш санаймыз.
Әр халықтың қоғамдық тұрмысы мен рухани өмірінің
ұзақ тарихы бойында оның әрі негізгі құралы әрі сол ұзақ
тарихының айғағы да, айнасы да, шежіресі де болып қызмет
атқарып, керегін бойына жинап отыратын ең қымбат қазынасы
– тілі болса, сол тілдің өсу, даму жолы ең алдымен халықтың
тарихымен байланысты болатыны аян. Сонымен қатар әр елде
тілдің тарихына да, табысына да әр кезде еселі үлес қосып оты
ратын ірі жазушылары, ақындары, шешендері, көсемдері де
болатыны мәлім және олардың сыбаға-есесі сөз сөресіне қарай
бағдарланып та, бағаланып та отыратыны белгілі. Ұлы ақын,
кемеңгер ойшыл Абай – осындай ірі қайраткерлердің, кесек
тұлғалардың бірі.
Абайдың есімін қазақ әдеби тілінің даму тарихына жана
стыра отырғанымызда, әрине, «дәл осы салаға нақтылы ол кісі
не қосты, одан қандай сыбағасы бар?» деген сұраулар еріксіз
туады.
Ел-елдің тарихында жеке-дара болып, озық иә үздік шық-
қан ақындар, жазушылар көп болған. Бірақ солардың бірде-
біреуі әдеби тілді жалғыз өзі жасамаған және жасай алмақшы
да емес. Өйткені әдеби тіл бір иә бірнеше жылда пайда бола
қалмайды, бірте-бірте құралып, ғасырлар бойы қалыптасады,
бірте-бірте жетіледі. Солай болса, қазақ әдеби тілі де дәл
Абай кезінде ғана иә Абайдың есімімен ғана байланысты
тумаған. Оның көсілген ұзақ-сонар тарихы бар. Ал Абайдың
сол тарихтың төрінен алатын орны өте үлкен. Абайдың қазақ
әдеби тілінің дамуына қосқан үлесін дұрыс айқындап, оны
дұрыс бағалау үшін Абайдан бұрынғы замандардағы және
Абай тұсындағы әдеби тілдің тарихы мен тағдыры жайында
қысқаша ғана дәйектеме айтқан жөн сияқты. Өйткені оларды
бағдарлап алмайынша, Абайдың қазақ әдеби тілін дамытудағы
рөлі мен орнын да, қосқан үлесі мен есесін де толық аңғару
мүмкін емес.
Тіл халықтың өзімен қоса жасасып, бірге дамитыны белгілі.
Онан қала берді, тіл тек күнделікті қарым-қатынас жасайтын
коммуникативтік қызметтің аясында ғана қалып қоймайды,
белгілі құбылысты иә ойды ажарлап, көріктендіріп, бейне
леп, суреттеп, оған әлденеше қилы бояу жанап, рең беріп ба
яндайтын да құрал. Сондай-ақ тіл қуаныш, күйініш, реніш,
сүйеніш, қобалжу, толқу, қайғы, қасірет, мұң, наз сияқты сан
алуан ішкі құбылыстарды білдіретін эмоциялық-экспрессивтік
құрал есебінде де қызмет етеді. Біз қазақ тілінің баяғы за
мандардан бері осы екі міндетті де жүзеге асырып, әрі негізгі
қарым-қатынас құрал, әрі әдеби тіл ретінде қызмет атқарып
келгенін байқаймыз. Әрине, халық тілінің әдеби нұсқасының
(формасының) да өзінше тарихы, оның дамуында мүдірген иә
шалқыған кездері мен кезеңдері болғаны күмәнсіз.
Қазақ әдеби тілінің дамуын сөз еткенде, оның ең әуелі
елеулі екі үлкен тарихи дәуірі болғанын мойындау қажет:
алғашқысы – қазақтың өз алдына халық болып құрылғаннан
ұлт болып құрала бастағанына дейінгі дәуір (донациональный
период), кейінгісі – ұлт болып құралу, қалыптасу дәуірі (наци
ональный период).
Біріншіден, қазақ тілінің өзіне лайықты жалпыхалықтық
сипаты ерте қалыптасқан. Оның ерте қалыптасуына халықтың
қонысы,
шаруашылығы,
әлеуметтік,
қоғамдық
қарым-
қатынастарының бірыңғай болуымен қатар, ежелден келе
жатқан бай ауыз әдебиеті де төтенше ықпал жасап, қазақ
тілінің бірыңғай дыбыстық, лексикалық, фразеологиялық,
грамматикалық сипаттарының орнығуына себепші болады.
Ал сол бай ауыз әдебиетінің қай нұсқасы болса да, сөз білетін,
оны қадірлейтін, қастерлейтін, әдеби үлгілерді тарататын,
уағыздайтын сөз шеберлерінің електерінен өтіп, екшеліп,
өзінше ауызша редакцияланып отырған. Ендеше, қазақтың аса
бай ауыз әдебиетінің тілі өз замандарындағы әдеби тілге көз
иә қойма ғана емес, сол әдеби тілдің өзі де, өзегі де, өрнегі де
болып үзбей қызмет еткен. Осы бай ауыз әдебиетінің тілі, оның
ең таңдаулы, ең көп тараған жақсы үлгілері XІX ғасырдың ор
тасына дейінгі, яғни қазақтың ұлт болып құралуына дейінгі
халықтық дәуіріндегі әдеби тілі болып келді.
Бұл әдеби тілге, әрине, замандар бойы әр кезде өзінше
жаңалықтар да, бұрынғыдан гөрі жетік, жақсы үлгілер де,
үлестер де үнемі қосылып отырған. Оларды қосқандар,
әлбетте, ақындар, шешендер, жыраулар, жыршылар сияқты сөз
шеберлері болғандығы шәксіз.
Бұлармен қатар замандар бойы халық арасынан әр кез
де, аз да болса, өлеңін, тақпағын, жырын, шежіресі сияқты
өз туындыларын жазып та шығаратын зиялылар, демек, жаз
ба әдебиеттің өкілдері де шығып отырған. Олар, әрине, өз
шығармаларын (туындыларын) ежелден келе жатқан, бірақ
әр кезде азды-көпті өзгеріске де ұшырай отырған түрік тілі иә
«түркі» («шағатай») деп аталатын барлық түрік жұрттарына
ортақ әдеби тілдің өрнегімен тізген, соның дәстүрін, стилін,
нормасын сақтап жазған. Бірақ ондай қалам иелерінің әуелде
жазылып шығарылған туындыларының тағдыры екі түрлі
күйге ұшырайтын болған: біреулерінің туындылары жазған
қалпында сақталып, белгілі себептермен барлық түрік
жұрттарына ортақ жазба ескерткіштер қорына қосылып, әр
жердегі қоймаларға түскен. Мұндайлар, әрине, қазақтардан
ғана емес, татарлардан да, өзбектерден де, ұйғырлардан да,
түрікмендерден де және өзге түрік жұрттарынан да шыққан.
Бұлардың бәрінің шығармалары жазба әдеби тілдің өз
тұстарындағы иә ертедегі өрнектерінің стилі, үлгілері бойынша
жазылғандықтан, жалпы түрік ескерткіштерінің қорына енген.
Олар татар қолына түссе – татаршыланып, түрікмен қолына
түссе – түрікменшіленіп, қазақ қолында – қазақшаланып
оқылатын да, айтылатын да болған. Шынында, олардың тілі
(«жазба тілі») нақтылы иә белгілі бір жұрттың (халықтың)
тілінде емес, көп жұртқа ортақ жазба әдебиеті, нұсқасы бойын
ша тізілген болатын-ды.
Ал екінші біреуі (бұлар көпшілігі) әуелгі қолжазбалары то
зып, өшіп, жыртылып бітіп, бірен-сарандаған көшірмелері де
сол күйге ұшырап, тек жатталып қана ауыздан ауызға тарап,
ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріліп отырған да ауызша сақталған
және халықтың күнделікті сөйлеу тілінің нормасына түсіп, ау
ызша редакцияланып, байырғы ауыз әдебиетінің қорына көшіп,
замана ағымына кешіп, «фольклорланып» отырған.
Сонымен, XІX ғасырдың ортасына дейін қазақ даласында
әдеби тілдің екі өрнегі жарыса өмір сүріп келді. Бірі – қазақтың
алысы мен жақынына да, үлкені мен кішісіне де – бәріне де
бірдей кедергісіз қалың көпшілік түсінетін өзінің байырғы төл
әдеби тілі; екіншісі – «мұсылманша» сауаты бар, ат төбесіндей
ғана азшылық түсінетін «кітаби» тіл.
Осы екі әдеби тіл де, онан да гөрі дұрысырақ айтқанда,
бір тілдің екі түрлі стильдік өрнегі де өзінше нормаланған,
өзінше бірыңғай қалыптасқан дәстүрі, жүйесі бар үлгілер еді.
«Кітаби тіл» үлгісі иә қазақтың, татардың, өзбектің, ұйғырдың,
түрікменнің және басқа күрттің бірде-біреуінің нақтылы тіліне
сүйенбей, басында бір жазылып қалған нұсқаларды ғана тая
ныш етіп, тек сол жазуша нормаға ғана сүйенген тіл иә стиль
болатын-ды. Ал қазақтың байырғы төл әдеби тілінің өрнегі
баспахана, қағаз, сауаттылық тағы сол сияқты жағдайлар
болмағандықтан, тек қана ауызша нормаға сүйенген де, халық
тілін таяныш еткен әдеби тіл иә стиль болатын.
XІX ғасырдың ортасында Россиядағы түрік халықтары,
соның бірі – қазақ халқы саяси, экономикалық және басқа
жағдайларға байланысты, демек, тарихи себептің нәтижесінде
өмір талабына, қоғам мүддесіне қарай өз ана тілінде балаларын
оқытқысы келгені, ана тілінде кітап шығарғысы келгені, газет,
журнал оқығысы келгені мәлім. Бұл мәселелер әдеби тілдің
әлеуметтік базасын өзгертіп жіберді де өзге түрік жұрттардағы
сияқты, қазақ әдеби тілін халыққа жақындатуды талап етті.
Ал Исмаил Гаспринский сияқты жазушылар қаншалықты
жетілдіруге тырысса да, «кітаби» тіл әр халық мүддесін өтей
алмайтын болды, әр халық, сондай-ақ қазақ елі әдеби тілінің
болашақ тағдырын ойлады. Осы кезде қазақ даласында күллі
түрік жұрттарына ортақ «түрки» деп аталатын «кітаби» тілді
қолдаушылар да және халықтың өзінің байырғы әдеби тілін жақтаушылар да шықты. «Кітаби» дәстүрді қуаттап, өлеңдерін сол үлгі бойынша жазған қазақ ақындары да болды; сол «кітаби» үлгі бойынша кітаптар да басылып шықты. Қазақ әдеби тілін халықтың байырғы төл тілі негізінде да мытуды, оны демократияландыруды бастаушы да, оған үлгі көрсетуші де – Ы.Алтынсарин болғаны аян. Алтынсарин, ешбір іркілместен-ақ, әдеби тілді «түрки» үлгісі бойынша емес, таза байырғы қазақ тілі негізінде дамытуға жол салды, Оған оның 1879 жылы басылып шыққан әйгілі хрестоматиясы («Макту баты») куә. Бұл кітаптың тарихи маңызы аса зор болды: қазақ тілінде кітап шығаруға, бала оқытуға, білім алуға болатынына жұрттың көзін жеткізіп, қазақ тілінің мерейін көтерді; кейін ана тілінде оқулық жасауға, ұлттық мектебін дамытуға, қазақ әдебиетінің қилы жанрларын жасауға, кітап шығаруға даңғыл жол ашты. «Біздің халқымыз өз ана тілінде жазылған жетекші құралға аса мұқтаж. Отанымызға, әліміз келгенше, пайда келтіру – біздің әрқайсымыздың борышымыз», – деп жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етті. Алтынсарнн қазақтың байырғы төл әдеби тілін ұлттық әдеби тіл дәрежесіне көтеруге жаршы ғана емес, оның бастаушысы, оған бағыт беруші болды. Алтынсариннің өз шығармалары қазақ әдебиеті тарихы үшін қандай құнды болса, қазақтың ұлттық әдеби тілінің тарихы үшін де сондай қымбат. Өйткені қазақтың әдеби тілі жөніндегі прогресшіл бағыт Алтынсарин бастаған, салған жолмен дамы ды. Дәл осы шақта қазақ даласында байырғы әдеби тіл мен «кітаби тілден» басқа, мемлекеттің ресми құралы – орыс тілі, орыс пен қазақ арасындағы тілмаш – татар тілі, ескі мектептің, медресенің, діннің тілі – араб тілі, көне шығыс мәдениетінің жаршысы – парсы тілі де қатар көрсетілетін. Абай осын дай әр алуан тілдер әртүрлі аяда, әртүрлі шеңберде жарыса қолданылып, әрқайсысы өзінше халық тіліне дақ түсіріп жатқан шақта өлеңдерін жазды. Осындай жағдайда ешқандай тұйыққа тірелместен, Абай да әдеби тілді демократиялық бағытпен дамытуға тікелей кірісіп кетті. Шығармаларына байырғы әдеби тілді төсек ете отырып, оның кәдесіне асарлықтай, қажетіне
жарарлықтай бөлеп, өзіне таныс аталмыш тілдердің бәрінен де
сұрыптап сөз алып, оларды іркілмей қолданып отырды. Әрине,
ол сөздер ақынның мазмұны жаңа, пікірі соны шығармаларын
әрі мәнді, әрі көрікті етіп құлпыртуға дәнекер болды.
Әрине, сөздер, біріншіден, өздіктерінен құрала салмайтыны,
екіншіден, тілдің заңына орай тізіле салған жай тіркестерден
көркемдік туа бермейтіні мәлім. Олай болса, Абай, ең алды
мен, сөзді құрағанда айтпақшы ойын, көкейіндегі образын дәл
берерліктей орам, оған әрі нәрлі, әрі көрікті сөздерді ескерді.
«Сөз арасы бөтен сөзбен былғанбауын», орынсыз «басы артық
сөз болмауын» төтенше қадағалады. Бұған, әрине, Абайдың
бойына біткен ерекше дарыны, «талғаулы талғамы», зор
қабілеті негіз болса, оған алдына қойған биік мұраты, ой айтуға
деген саналы көзқарасы әрі жетекші, әрі төреші болды.
Абай «сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» дегенде,
әлбетте, сөздің парасатты ойды әрі тыңғылықты, түсінікті
етерліктей, әрі тыңдаушыны еріксіз танырқатарлықтай, оны
ойландырарлықтай, оның көкейіне қонарлықтай қисынды,
жатық, көрікті болып құралуын үнемі қадағалап қана қоймай,
тек сол принципті бірден-бір ғана нысана тұтқанын аңғартса
керек. «Тіл ұстартуды, үлгі шашуды» мақсат тұтқан Абай
осы жолда көп ойланып, көп толғанғанға ұқсайды да оның
көп оқып, көп ізденгені байқалады. Оның ізін, ізін ғана емес,
нақтылы нәтижесін, айғағын Абайдың өлеңдерінен көреміз.
Абай қазақ тілін мейлінше жақсы білген. Бірақ, біле тұра,
оның сөзінің, амал-тәсілінің бәрін орынсыз, ретсіз, жүйесіз
босқа тықпаштай бермеген. Сөзді іріктесе де, оны ойланып
құраса да, – соның бәрін айтпақшы ойын, пікірін мазмұнды
етіп, көкейге қонарлықтай тізуге баспалдақ қана, дәнекер
ретінде ғана пайдаланған. Біздің Академия 1968 жылы «Абай
тілі сөздігі» деген кітап шығарды. Сол кітапқа қарап Абайдың
лұғатын бағдарласақ, оның шығармаларында небәрі алты
мыңдай ғана жеке-дара сөз қолданылған екен. Бұл сөздік, әрине,
Абай заманында қазақ халқы қолданған сөзден әлдеқайда,
тіпті, он есе кем. Өйткені Абай сөздігінен сол кездегі күнделікті
қолданылатын «көген, бұршақ (ілмек), желі, сірге...» сияқты
мыңдаған сөзді таба алмайсыздар. Бұдан, әрине, Абай сол
сөздерді білмеді екен деген қорытынды да, Абайдың тілі кедей
екен деген пікір де тумаса керек. Әңгіме сөздің санында емес,
сапасында болса керек.
Абай – орыс тілін де, араб тілін де, парсы тілін де үйренген,
көне түрік әдебиеті нұсқаларын да оқыған ақын. Сондықтан
шығармасының тақырыбына, оның мазмұнын ашуға қажеті
болса, Абай осы тілдерден қымсынбай да, тартынбай да керекті
сөздерді саналы түрде алып отырған. Бірақ Абайдың негізгі
таянышы, берік тірегі – қазақтың байырғы тілі, оның төл
сөздігі болған. Дегенмен ол сөздерді де парықсыз қолданбаған,
таңдап, талғап, талдап жұмсаған, тіпті, қажет болса, өз тұсынан
да жақсы сөз, жаңа форма тудырып отырған, өйткені олар Абай
жасаған жаңа образдарға дәнекер болған.
Абай тілінің мәдениеті мен өрнегін, көріктілігі мен
көркемдігін, жатықтығы мен жетіктігін алсақ, революцияға
дейінгі, кейбір жағынан тіпті революциядан кейінгі ақындар
мен жазушылардың ішінен оған теңдес, онымен парапар
түсетін сөз шеберін таба алмаймыз.
Тентек өмір, ылай ой, тәтті қыз; көңілдің жайлауы,
талаптың аты, өмір тоны; еңбек сауу, қызықты ұрлау, та
лап қайнау; салқын өмір, саңырау қайғы, асау той; терең
ойдың телміріп соңына еру, қылықтың қылшығын тану...
сияқты әрі соны, әрі мағыналы, әрі әсерлі, әрі көркем тіркестер
Абайдан бұрынғы ақындарда, некен-саяқтап қана болмаса,
ұшыраспайтын. Ал бұрын бір-бірімен, отасып көрмеген мұндай
сөздердің осылайша тіркесіп, жаңа үлгі жасауы Абайдың
сөзқолданысында қалыпты жүйеге айналған. Айта кетейік,
Абай қосқан осындай жаңалықты кейінгі Сұлтанмахмұт
Торыайғыровтан да, Ілияс Жансүгіровтен де, Қасым Аманжо
ловтан да, Мұхтар Әуезовтен де және басқалардан кездестіре
беретін болдық.
Абайдың озық ойы, үздік пікірі оның шығармаларына терең
нәр берсе, сол мазмұнға қазақ тілі жайлы төсеніш, жарасымды
жамылыш (форма) бола кетеді. Осындай асқан дарындылық
төтенше шеберлігінің арқасында, Абай «қазақтың қара шолақ
тілімен» (Жансүгіров сөзі) қандайлықты терең ойды болсын,
қандайлықты нәзік сезімді болсын айтуға, айтып бере беру
ге болатынын мойындатты. Осы арқылы Абай тіл ұстарту
мақсатын да, үлгі шашу ниетін де іс жүзінде ақтап шыққан
тәрізді. Оған Абайдың өлеңдері, олардың өрнектері куә.
Абай тілінің жаңалығы, оның қазақ әдеби тіліне қосқан
соны үлесі, бізше, сөзінің санында емес, ана тілінің бойындағы
мүмкіншілік мол екенін, оның амал-тәсілдерін орнымен пай
далана білсе, «өткірдің жүзі, кестенің бізі сала алмайтын
өрнекті» салып бере алатынына жұрттың көзін жеткізгендігінде
болуға тиіс; ол тілді жетілдіре беруге болатынына елді
мойындатқанында болуға тиіс.
Абай өлеңіне өзге тілдерден енген элементтер жігі білінбей,
оның табиғи бөлшегіне айналып кетеді. Абай байырғы төл
сөздерді де ретіне қарай, өзгертіп те, өзгешелендіріп те
жұмсайды. Бірақ олар да қонымсыз сияқтанып оқшырайып
тұрмайды, тілдің байырғы элементтерімен үйлесіп, үндесіп
кетеді. Осы себептен Абайдың тілі де, сөзі де әрі соншалықты
байырғы, үйреншікті әрі соншалықты соны, жаңа болып
көрінеді. Осы себептен де болу керек Абайдың өлеңін оқыған
сайын, оның ойын топшылаған сайын үнемі бір жаңалық
шығады да отырады. Осы себептен де Абай тілі өзінен бұрынғы
өлеңдердің тілдерінен үздік шығып, шоқтығы тым биік болып
көрінеді де стилі әрі жатық, әрі айқын, сонымен қатар мазмұны
әрі соны, әрі терең болып көрінеді де отырады. Абай тілінің
бұл ерекшелігін біз Абайдың өзіне ғана тән өзгешелігі, өзіндік
стилі және шеберлігінің сипаты деп қараймыз. Абайдың сөзінің
де, ойының да екшеліп, шыңдалып, орайласып келетіні сонша,
оның сөзік ойынан ойын сөзінен ажырату мүмкін емес.
Абай халық тілін негізге ала отырып, ана тілінің сөз қолдану,
сөз түзу өрнектерін бұзбай, сақтай отырып, оны жетілдіре
түсуге ынталанса да, «кітаби» тілдің жүгінен бірден арыла ал
май, өлеңінде: білмейдүр, жүрек сезедүр сияқты, қара сөзінде:
махаббат бірлән тәрізді, сөздігінде: дада – дағуа, әділет –
ғадалат, адал – халал, тура – тұғра, осы – үшбу секілді жа
рыспа сөздерді де қолданған. Бірақ Абайға бұлар да жарасып
тұрады. Өйткені «соқтықпалы, соқпақсыз жерде» өскен «етек
бастыны көп көрген» Абайға ондайлар кешірерлік нәрселер
екеніне дау болмасқа тиіс.
Абай – «бүтіндей алғанда», сөзді қиыннан қиыстырып,
халық тілін болашақ ұлттық әдеби тілдің деңгейіне көтеріп,
үлкен бір асқар белге шығарған, сол жол-жонға көп жәһәт
қойған, көп еңбек сіңірген, кейінгі сөз шеберлеріне өрнек
көрсеткен, үлгі берген зор адам.
Қазақтың ұлттық әдеби тілі совет үкіметі тұсында ғана
кемеліне келіп, шалқып өсті. Абайдың сөзі совет тұсында ғана
қазақ халқының нағыз рухани, мәдени игілігіне айналды, өзі
қазіргі қазақ мәдениетінің нағыз төрінен ақсақалдық орын
алды. Абай тілі бұдан былай да ұлттың әдеби тіліміздің дамуы
на ықпал ететіні, жақсы үлгі болатыны шәксіз.
(А. Ысқақовпен бірге)
Қазақ ССР Ғылым Академиясының Хабарлары.
- Қоғамдық ғылымдар сериясы. - 1971. - №5. - 38-44-б.
Абайдың «Қара сөздері» – қымбат қазына
Ұлы Абайды «ұлы» деп тек оның поэзиясы – өлеңдері ғана
емес, «Қара сөздер» атты прозалық шығармалары да танытады.
«Қара сөздер» – Абайдың шығармашылық дүниесіндегі орны
ерекше қазына. Бұл мұра жайында кеңінен сөз етіп, толық баға
берген адам – Мұхтар Әуезов болатын. Ол «Абай Құнанбай
ұлы» деген монографиялық еңбегінде: «Қара сөздер» көркем
прозаның өзіне бөлек, Абайдың өзі тапқан бір алуаны болып
қалыптанады. Бұлар – сыншылдық, ойшылдық және көбіне
адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет толғау
тәрізді», – деп жазды.
Айтпақ ойын, діттеген мұратын, арман-үмітін, толқытқан
ой-пікірін, айналасына, замандастарына деген көзқарасын
– бәрі-бәрін өлең арқылы-ақ айта алған, ақтара алған ақын
Абай бір кезек поэзия әлемінен ауысып, проза дүниесіне
көшуінде, әрине, себептер бар, негіз бар. Қазақтың көз-құлағы
көп жаттықпаған сөз айтудың бұл түріне көшуінің бір себебін
автордың өзі баяндайды. «Қара сөздерінің» бастамасында
(1-сөзде) бұл әрекетін былайша түсіндіреді:
«Ер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық... Ал енді
қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай
өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын
деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар
бағамын демесе, бізді Құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше
өздері табар... Ғылым бағу? Жоқ ғылым бағарға да ғылым сөзін
сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді
кімнен сұрарсың?.. Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да
болмайды, оған да тыныштық керек... Балаларды бағу? Жоқ,
баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де
білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харе
кетке қосайын?..
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза
берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім
ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ
десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым...».
Әрине, сырт қарағанда, автордың осы дәлеліне-ақ ден қоюға
болады, ал шын мәнінде, Мұхтар Әуезов дәл танығандай, Абай
өзінің өлең сөздерінің көбі оқушы мен тыңдаушыларына үнемі
түсінікті болмайтындай көреді, мұны ақынның өзі өлеңдерінде
бір емес, бірнеше рет айтады:
Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,
Үзілмес үмітпенен бос қуардық...
Немесе:
Тыңдағыш қанша көп болса,
Сөз ұғарлық кем кісі...
Сондықтан өлеңдерінде айтқан кейбір ойларын қайталап,
қара сөзбен таратады. Өлеңдерінің әңгіме өзегі болған кейбір
ой-толғамдарын, әсіресе адам баласының ұнамды-ұнамсыз
қылықтары туралы білген-түйгенін жаңа үлгіде айтқысы
келеді.
Абай мұрасын сан рет көшіріп, сақтап бізге жеткізген
Мүрсейіт Бікеұлы, Жандыбайұлы өздерінің дәптерлеріндегі
жазба дүниені «Ибраһим Құнанбай ұғлының ел мінездерін
ақыл айтып жазған насихат сөздері» деп атайды. Ал «ел мінезі»
деп отырғандары – «әділет, ақтық, турашылдық, ғылымға
құмарлық, еңбекті бағалағыштық, шындықты сүйгіштік және
аярлық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өтірік-
өсекке құмарлық, еріншектік» сияқты адам баласының, оның
ішінде замандастарының мінез-құлықтары мен қадір-қасиет-
тері. Бұлардың бәрі, сайып келгенде, ағартушылық, тәрбиелік
мақсат көздейтін, адамгершілікке үгіттейтін әңгімеге апарады.
Қысқасы, Құдай тағаланың адам баласына бір-ақ рет беретін
«өмір» атты ұлы сыйын бағалап, дұрыс «жұмсауға» шақырады:
«Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада дүниенің
рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне бірі
мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа жарамсыз қылықпен
қор етіп өткізеді де таусылған күнде бір күндік өмірді бар
малына сатып алуға таба алмайды», – дейді (4-сөзінен). Ал
«дүниенің рақаты» – ақылды, арлы, мінезді, білімді болу деп
есептейді: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым,
ар мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оз
дым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық» (18-сөзінен).
«Қара сөздерді» көлемі жағынан шағын-шағын 46 бөлек
шығарма құрайды. Олардың жанрлық сипаты да әртүрлі:
көбі – публицистикалық туындылар, 46-сөз деп берілгені –
білім-таным үлгісіндегі тарихи очерк, 25-сөз – Сократ пен
Аристотелнің әңгімесі деп берілген мысал, өсиет. 5-сөз –
мақал-мәтелдерді талдаған филологиялық этюд. 37-сөз – афо
ризмдер жиынтығы, 7-сөз психиологиялық тақырыпта қозғаған
этюд. 43-сөз – философиялық толғаныс, 38-сөздің мораль
мәселелері жайындағы ой-пікірлері болып келетін ғылыми-
публицистикалық еңбек деп ажыратуға болады.
Абайдың прозалық шығармалары тұңғыш рет ақын мұра-
сының 1933 жылғы басылымында «Ғақлия сөздері» деген
атпен жарық көрді. Бұған дейін бірнеше қолжазба күйінде
сақталып келді. Кейінгі басылымдарда бұл туындыларға «Қара
сөздер» деген ат қойылды. Мұхтар Әуезовтің топшылауынша
бұл шығармалар 1890-1898 жылдар арасында жазылған.
Прозашы Абай 6, 8, 9, 10, 14, 23, 26, 29, 33, 39, 40, 41, 42,
43-сөздерінде «ел мінездерін» көптен-көп сөз етеді, ащы мыс-
қылмен айтады, адамдықты үгіттейді (14-сөзде), адамды бұ-
зып, аздыратын салттарды көрсетеді (33-сөзде), елді тағылым-
тәрбие түзер еді, ол жоқ дейді (41-сөзде), еңбексіздікті,
жатыпішерлікті сынайды (42-сөзде). Ал 12, 13, 27, 35, 38,
45-сөздерінде дін мен мораль тақырыбын қозғайды. Абай
дінге адамгершілік моральдың, тәрбиенің құралы деп қарайды.
Мұсылманшылықтың өзіндік үгітін айта отырып жеткізбегі –
адамгершілікке шақыратын өсиеттер.
38-сөз – «Қара сөздердің» ішіндегі ең көлемдісі. Әрі
стилі мен тілі жағынан да өзгелерінен оқшауланып тұратын
шығармасы. Ол тіпті қолжазба түрінде «Ғақлиат» деген атпен
өзге сөздерден бөлек көшіріліп келген. Автор мұнда моральдық,
философиялық, педагогикалық мұраттардың негізін мұсылман
діні негіздерімен қабыстырмақ болады. Абай дінді, иманды
әділеттілікке, адамгершілікке парапар деп түсінеді. Абайдың
діні – адамгершіліктің діні. Сондықтан ол бұл шығармасында
аят-хадистерден («Құран» тарауларынан) сілтемелер келтіріп
сөйлейді. Алланың көп сипаттарын баяндап береді. Сондықтан
жолындағы жандарды) (аһли тариқат) әңгімелейді. Адамды қор
қылатын үш нәрсе: надандық, еріншектік, залымдық, – дейді.
Қысқасы, «Қара сөздер» – Абайдың қай тақырыпты қозғаса да, түгелімен дерлік ағартушылық идеясын ұсынған, мораль мен тәлім-тәрбие жайындағы ой-толғамдарын баяндайтын шығармалары. Ұлы ақын қаламынан туған бұл прозалық үлгілер жай ында әрқилы пкірлер болып келді. Кейбір әдебиетшілер мен тілшілердің арасында Абайдың «Қара сөздері» көпшілікке ұсынылмаған, өзі үшін жазған, сондықтан оның көркемдігіне, тіліне зер салмаған деген сөздер болып келді. Ақын шығармашылығын ғылыми тұрғыдан терең зерттеген М.С.Сильченко сияқты ғалым: Абай прозасын жарыққа шығаруға ниеттенбе ген, «бас-аяғы бүтін етіп жазуды» ойламаған, «Қара сөздер» – ақынның қойын дәптері («Записные книжки») дегенді айтады. Солай дей тұра, бұл зерттеуші оларды өз алдына әдеби құндылығы бар ғылыми публицистикалық сипаттағы шығармалар деп таниды117. Ал дұрыс танығанда, ең алдымен, «Қара сөздер» – «ақын лабораториясында жатқан шикізаттар, өзі үшін жазылған қойын дәптер бұйымы емес екендігін дәлелдеуге әбден бо лады. Оның «черновик» еместігін таза варианты жоқтығы дәлелдейді. «Қара сөздер» автордың өз қолымен жазылған автограф емес, өзгелер көшірген текстер және ол көшірмелер бір-біріне дәл түсетін өзгеріссіз нұсқалар болып келетіндігін де ескерсек, «Қара сөздерді» автор өзі үшін жазған емес, өзгелер үшін жазғандығы көрінеді. Мұны да дәлелдейтін фактілер бар. Өлеңдері сияқты ақынның «Қара сөздері» де қолжазба күйінде тарағанын білеміз. «Қалайда соңғы 10-15 жыл ішінде Абай осы сияқты жаңа жанрды туғызып, соған кейде өлеңнен де көп уақыт бөледі. Бұл кездерде Абай сөзін қадірлі көріп, әрбір шыққан жаңа өлеңдеріне ынтық болып отырған ел оқушылары «Қара сөздер» шыға бастағанда, мұны өлеңнен кем көрмейтін болады» (М.Әуезов). Абай бұл шығармаларын жай оқып шығу үшін ғана емес, шәкірттерге оқыту үшін де жазған тәрізді. Бұл ретте Абайдың қызы Уәсиланың естелігі біраз мәлімет береді. «Уәсила Абайқызының есте қалғандарынан» үзінді келтіріп көрейік: 117 Сильченко М.С. Творческая биография Абая. - Алма-Ата: Наука, 1957.
«Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Әдеттегідей бәріміз орындарымыздан тұрдық. Әкем айна ла қарады да: Отырыңдар! – деді. Біз отырып жайғасқан соң, молдаға қарап: – Балаларға мына бір кітап әкелдім, осыны көшіріп, көбейттіріп, бала басына бірден таратып бер. Бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт, – деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да бас жағын оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Басқа кітаптарға көп көңіл бөлмейтін болдық. Өйткені бұл жаңа кітаптың тілі ұғымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап бол ды. Кейіннен байқасам, сол кітап – әкемнің «Ғақлия» атты қара сөзбен жазылған кітабы екен. Біздің молдадан бұл кітапты естіген басқа молдалар да келіп, көшіріп алып, өз шәкірттеріне оқытып жүрді»118. Абай «Қара сөздерін» басқалар үшін жазғанын дәлелдейтін келесі бір факт мынадай: «Сөздердің» бірқатары (12, 13, 32, 43-сөздер), әсіресе 38-сөз жалпы көпшіліктен гөрі, белгілі бір оқырмандар тобына арналған. Мысалы, 12, 13-сөздерін «иман» дегенді қалай ұғыну керек деп, иманды уағыздайтын, бірақ оны теріс ұғатын әрі теріс ұғындыратын дін қызметкерлеріне немесе жалпы «имаммен ісі бар» адамдарға арнайды. 32-сөзін «білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға» арнайды. Сірә, бұл жерде бастапқы шағын ғана білім-ғылымды емес, жоғары, терең білім-ғылымды меңгерсем дегендерге айтқан насихаты болса керек. 43-сөз деп берілген философиялық этюдті де кез келген оқып түсіне беретіндей емес. Бұл да қалың оқушыдан гөрі, «жибили, кәсіби нәрселердің» сырын білмек болғандарға арналған сияқты. Ал 38-сөзіне келсек, мұнда автор «адам ұғлының мінездері» туралы айтады, сонымен қатар «хаким атына дұспан», «хүкім шариғатты таза білмейтін ишандармен» айтысады, сондықтан бұл сөздің негізгі адресаттары да – со лар. Абай 12, 13, 32, 43, 38-сөздерін белгілі бір әлеуметтік топтарға арнап жазған деген пікірімізді олардың тек мазмұ118 Абай әңгімелері (ел аузынан алынған). ҚР Ұлттык Ғылым академиясы Орталық кітапханасынын қолжазба фондысы. - 1950.
ны ғана емес, тілі де дәлелдейді. Абай тұсындағы қазақ
мәдениетінде «кітаби тіл» деп аталған жазба тіл араб, парсы
сөздерін молынан пайдалануға бейім тұрды. Абайға келсек,
ол өлеңдері мен «Қара сөздерінің» көпшілігінде қазақтың
жалпыхалықтық тіліне әбден сіңіп, қалыптасып кеткендері
болмаса, өзге кірме сөздерді сараң қолданған. Ал жоғарыда
аталған «Сөздерінде» ислам діні оқуына, философияға қатысты
араб сөздерін жиі қатыстырған, бұларда тіпті арабша тұтас сөз
тіркестері мен сөйлемдері де қыстырылған. Қазақ грамматика
сына тән емес нормалардың да дені көрсетілген «Сөздердің»
үлесіне тиеді. Ләкин, уа ләкин, бірлән, һәм дегем шылаулар да
осы шығармаларында жиі қолданылған, дүр (сифаттары дүр),
-мыш (айтылмыш) тұлғалары да негізінен, 38-сөзден табыла
ды, ІІІ жақтағы етістіктің -лар көптік жалғауын қабылдаған
түрін де (алмадылар) соңғы «Сөзден» оқимыз.
Демек, Абай «Қара сөздерін» «қойын дәптері» ретінде тек
өзі үшін жазбай, басқалардың оқуы үшін де жазған екен. Оның
өзінде де жалпы оқырман көпшілікпен қатар, олардың белгілі
бір тобына арнап жазғандарын да көреміз.
Сірә, кейбір зерттеушілердің Абай прозасын өңделмеген
жазбалар болу керек деулеріне негіз болған оның стилі (тілі)
болу керек. Әрбір өлеңі жұп-жұмыр, айналасы тегіс келген,
қазақтың көркем сөзінің сом алтындай асылы болып танылған
Абайдың жаңа дүниесі – қара сөзінің кейбірі сөйлеу тіліне
жуық қара дүрсіндеу болып көрінсе, 38-сөз сияқты туынды
сы «шағатайшалау», «кітапшалау» болып қабылданған болар.
Ал зер сала қарастырсақ, бұл екі сипаттың екеуінің де уәжі
(мотиві) бар: сөйлеу тілі стилін автор әдейі таңдаған, бұған қара
сөздерінің жазылу себептері мен арнаған адресаттары мәжбүр
еткен. Өлеңдерінің идеясы қалың оқырман мен тыңдарманға
жетпей жатыр-ау деп ақын сол ойларын барлығына түсінікті,
қарапайым сөйлеу тілімен айтып бергісі келген. Таңдаған мәнері
– оқырманмен әңгіме дүкен құрысу. Сондықтан мұнда ауызекі
сөйлеу нормалары: интонацияға құрылған конструкциялар,
тыңдауға жағымды ұйқасты сөздер мен ырғақты қатарлар көзге
түседі. Мысалы, 1-сөзінің өзінде-ақ интонацияға құрылған,
яғни ауызша айтып, құлақпен тыңдауға лайықталған сөз орам
дары бар: Ел бағу? Мал бағу? Ғылым бағу? деген сөздердің сұраулы тұруы морфологиялық тәсілмен емес (сұраулық шы лау немесе сұраулық есімдіктерсіз), тек дауыс ырғағымен берілген, ал қазір біздер бұлардың сұраулы тіркестер екенін жазудағы сұрақ белгісі тұрғанына білеміз. Құрмалас сөйлем бөліктерінің арасындағы жалғаулықтарды түсіріп айту да сөйлеу мәнеріне тән. Тексте мұндай құрылымдар да аз емес. Бір сөзбен келетін «толымсыз сөйлем» деп аталатындар да – көбінесе ауызекі сөйлеудің нормасы. Мысалы: «Бірлік елде бо лады, қайтсе тату болады? – Білмейді. Тағдырдың жарлығын білесіздер – өзгерілмейді» деген сөйлемдердегі соңғы сөздер (білмейді, өзгерілмейді) толымсыз сөйлемдер болып тұр, олардың толымды түрлері: қандай елде болатынын білмейді... тағдырдың жарлығы өзгерілмейді деп келулері керек. Деп де ген көсемшеге аяқталатын сөйлемдер де о баста ауызекі сөйлеу дәстүріне тән. Бұлар да «Қара сөздер» тексінде баршылық. Оқырманымен (тыңдаушысымен) әңгімелесіп отырған ав тор кейде ауызша төгілтіп, шешендерше тақпақтап кетеді: ашу лансам – ызалана алмаймын, күлсем – қуана алмаймын... Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босан бас буын керек... Ол мал көбейсе, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ... Ал 38-сөзінде және де басқа сөздерінің әр тұсында прозаик Абай түркі тілдерінің байырғы жазба дәстүріне бағып, ара-тұра шағатайшылап жібереді: мұнда сол кездегі (қазіргі де) калың оқырманға бейтаныс араб, ішінара парсы сөздерін, шағатай тілінің лексикалық және морфологиялық элементтерін келтіреді. Осылардың барлығы «Қара сөздердің тұтас тілі туралы сенімсіздік тудыруы мүмкім. Тек тілі емес, жалпы жанрлық сипаты жағынан да «Қара сөздерге» енген шығармалар біртекті емес. Олардың әдебиеттің қай жанрына жататындығы жөнінде пікірлер әрқилы болып келді. Абайтанумен айналысқан кейбір зерттеушілердің пікірінше, «Қара сөздердің» көпшілігі – сюжетсіз жазылған көркем әңгіме, яғни көркем проза119. Б.Кенжебаев Абайдың прозасы Салтыков-Шедриннің шығармаларына ұқсайды деп табады. 119 Кенжебаев Б. Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы // Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954.
Абай «Қара сөздерін» арнайы зерттеген Сүйінішәлиев оларды көркем прозаға жатқызбай, жай прозаға (сірә, жай проза деп ғалым прозаның көркем әдебиеттен басқа түрлерін атап болуы керек) жатқызады да «прозаның шағын алты түріне» топтай ды. Публицистикалық жанрда деп тапқандары – 1, 2, 3, 14, 24, 26, 29, 33, 41, 42-сөздері және «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген мақаласы. Қалғандары прозаның өсиет нақлия (поучительные рассуждения), тасдиқ (утвержде ние), нақыл, тұспал сөз, кеңес, әңгіме (беседа), көркем проза элементтері бар түрлеріне жатады деп бөледі. Бірақ автор ай та-айта келе: «Абай прозасына публицистика сарыны басым», – деп түйеді120. М.С.Сильченко «Қара сөздер» көркем прозаға жата алмайды, өйткені бұл «Сөздердің» әрқайсысында бірнеше жанрлық элементтері бар», – дей келе, олардың бірқатарын публицистикалық сипатта, ғылыми проза стилінде жазылған шығармалар деп табады121. Абайтанудағы орны ерекше зерттеуші М.Әуезов те Абай прозасының жанрлық ерекшелігі туралы: «Жалпы алғанда, Абайдың осы «Қара сөз» дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар – сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі ме муар да емес...» дегенінде, ең алдымен, Абай прозасының көркемдік құндылығын көреді, екіншіден, таза көркем проза жанрына жата алмайтын «өсиет-толғауларын» басқа бір жанр да жазғанын атайды. Басқа жанр дейтініміз – публицистикалық жанр ма, ғылыми-баяндау жанры ма немесе тағы басқасы ма – ол Абай прозасының жанрлық ерекшеліктерін жан-жақты зерт тегеннен кейін тұжырымдалатын жай екендігі білінеді. Абай өзінің прозалық мұраларымен, сөз жоқ, қазақ әдебиетінде бұрын болып көрмеген соны жанрларды баста ды. Ол Алтынсарин новеллаларымен бірдей емес, бірақ мұнда көркем прозаның элементтері мүлде жоқ деп айтуға тағы да болмайды. Адамның жақсы-жаман мінез-құлықтары туралы жазған «Сөздері», Мұхтар Әуезов айтқандай, үлкен бір көркем повесть не романдағы кейіпкердің толғана сөйлеген монологі 120 Сүйінішәлиев X. Абайдың қара сөздері. - Алматы, 1956. - 150-бет. 121 Сильченко М.С. Творческая биография Абая. - Алма-Ата, 1957. - С. 273.
бола алмайды деп кім таласар еді? Монолог-«Сөздерге» әсіресе «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?», «Біреулер Құдайдан бала тілейді, ол баланы не қылады?», «Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма?» деген сияқты сұрақтардан басталатын, күңірене қойған өңкей риторикалық сұраулы сөйлемдерден тұрған «Сөздерін» жатқызуға болады. «Сократ хакимнің сөзі» (27-сөз) мен Ақыл, Қайрат, Жүрек – үшеуін айтыстырған 17-сөзі – нағыз көркем проза стилінде жазылған шығармалар. «Қара сөздердің» көпшілігі қоғамдықпублицистикалық және ғылыми баяндау стилінде жазылған де ген пікірді біз де қуаттаймыз. Абай прозасы тілі мен стилі жағынан толыққанды шығармалар екенін баса айтамыз. Бұл туындылардың басымы – дидактикалық әңгіме, философиялық толғаныс, психологиялық, филологиялық этюдтер, тарихи очерктердің алғашқы үлгілері, қазақ жазба дүниесіндегі таза ұлттық тілдегі соны бастамалар деп танимыз. Ұлы Абайдың сан қилы еңбегінің бір қыры да – осы жерде. Мұны Абай шығармашылығын деп қоя зерттеп дұрыс таныған жазушылар мен ғалымдар кезінде жақсы көрсетіп өтті. Ілияс Жансүгіров: «Абайдың қара сөздерін әлеумет пікірінің ортаға түсетін қара сөзінің де (публицистикасының) алғашқысы деп ұғынуымыз керек»,122 –деп жазса, Мұхтар Әуезов: «Абайдың қара сөздері оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына деймін», – дей келе: «... Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қара сөздері беретін әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазына бар. Ол – Абайдың осы қара сөзді жазған тілі»,123 –деп түйеді, яғни Абай прозасының тек мазмұны емес, оның тілінің де қазақ сөз өнерінде алатын орны бар, елеулі құбылыс екенін айтады. Біз де осы пікірді тіл маманы ретінде қажет болған жағдайда (шағын мақалада емес, кең көлемді еңбекте) толық дәлелдеп, әбден қостауға бармыз. ҚР ҰҒА Хабарлары. - Тіл-әдебиет сериясы. - 1994. - № 2. - 31-37-б. 122 Жансүгіров І. Абайдың сөз өрнегі // Әдебиет майданы, 1934, № 11–12. 49-6. 123 Мұхтар Әуезов. Шығармалар. 12-том, 1969. 455-6.
Абай тілін танудың жаңа қырлары немесе
мәтін теориясы бойынша зерттеулер
Ұлы Абайдың тұтас шығармашылық келбеті, қалдырған
мұрасының бүгінгі қазақ қоғамының қажет етіп отырған
қырлары, оның эстетикалық, философиялық, тәрбиелік, жал
пы, меденитанымдық мәні (рөлі) халқына едәуір зерттеліп,
білім-түсініктер, түйін-тұжырымдар қалыпасып қалғанын ба
тыл айта аламыз. Көркем сөз иесін тану екі тарамда жүретінін
де жақсы білеміз. Яғни абайтанудың алдыңғы айтылған
қырларымен қатар, тілін, идиостилін зерделеу жапсарла
са жүретін қарекет екендігін бүгінгі зерделі халайық жақсы
аңғаратынын да айтамыз.
Абай мұрасының тілі мен көркемдік кестесі жалпы
тұрғыда, кәнігі тәсіл-өлшемдермен біршама танылып-таны
тылып қалғаны да белгілі. Абай тілін сөз етуде біздің 30-35
жыл бойы жариялап келе жатқан үш монографиямыз бен 30-
дан астам мақаламызда ұлы суреткердің қазақ әдеби тілінің
даму барысындағы орны, қызметі, өлеңдері мен прозасының
лексика-грамматикалық сипаты және көркемдік өрнегі талда
нып баяндалған болатын. Бірақ бұнымен «Абай тілі» атты та
ным саласы аяқталмайды, әрі қарай бұл таным тармағының да
өрісі кеңдік пен тереңдік параметрлерімен ұлғая беруге тиіс.
Мұны абайтанушы тіл мамандары үздіксіз айтып келеміз.
Бұл саладағы ғылыми ізденістердің едәуір қиындығы мен
жауапкершілігі ме, әлде дұрыс ұйымдастыра алмай келеміз бе
– абайтанудың лингвистикалық қырларына көптеп бара алмай
жатырмыз.
Әрине, көркем әдебиет үлгілерінің, оның ішінде орны мен
суреткерлік келбеті ерекше тұрған ұлы Абай поэзиясы мен
«Қара сөздерінің» тілдік-көркемдік сипатын әр қырынан та
ныту үшін, сол қырлардың өзін, олардың ескі-жаңа түрлерін
біліп алуымыз керек. Бұрыннан қалыптасқан зерттеу жолдары
(аспектілері) мен теориялық негіз-бағыттарын қайталап, тек
мысалдармен көбейтіп, әркім өз тілімен жаза беру абайтанудағы
лингвистикалық ізденістердің кеңеюі, түрленуі, жаңа табыста
ры болып саналмайтындығын да баса айтамыз.
Ғылымның барлық салаларындағыдай, оның «тілтаным»
атты тармағында да әр кезеңде жаңа бағыттар, жаңа жүйелер
пайда болып жатады. Солардың бірі – XX ғасырдың орта
тұсында сұлбасы көрініп, соңғы ширегінде едәуір айқындалып
келген соны бағыт – мәтін лингвистикасы немесе мәтін тео
риясы.
Бұл жаңалықтың аталуы бірнеше түрлі: ғылыми әдебиетте
жоғарғы екеуінен басқа мәтін құрылымы, мәтін граммати
касы, мәтін стилистикасы, мәтін герменевтикасы (көне
мәтіндерді түсіндіріп талдау) деген атауларды да кездестіреміз.
Бірақ, сайып келгенде, мәтін лингвистикасы деген жалпы ата
уы жиірек ауызға түседі (қаламға ілінеді).
Бұл бағыттың негізгі зерттеу нысаны – мәтін (текст).
Мәтін деген терминнің жалпы мағынасы түсінікті: мәтін
– шығарманың хатқа түскен түрі. Ол шығарма – әрине, тек
көркем әдебиет үлгісі болуы шарт емес, кез келген үлгі:
ғылыми еңбектер, публицистикалық шығармалар, газет-жур
нал беттеріндегі жазбалар, ресми құжаттар т.т. – барлығы да
хатқа түсіп, оқырмандарға ұсынылады. Бұл – мәтін. Ал көркем
әдебиет үлгілерін сөз еткен кезде мәтін деген сөз ғылыми
терминдік дефинициясы (анықтамасы) бар нысан (объект) бо
лып саналады.
Көркем әдебиет үлгілерін талдан, зерттеуде әдебиет-
танушылар мен тілтанушылардың қолға алатын нысандары
мен көздейтін мақсаттары екі бөлек болады. Әдебиетшілер
көркем шығарманың өзін, яғни мазмұнын, идеясын, жанрлық
ерекшеліктерін, авторлығын, заманын, әдеби ағыстарға
қатысын т.т. осы сияқты қырларын зерттейді, ал тіл мама
ны сол шығарманың мәтінімен жұмыс істейді. Ашып айтсақ,
шығарманың мәтін арқылы қолданысқа түскен сырын, яғни
оқырманға қалайша жеткенін немесе жеткізу көзделгенін
зерделейді. Ежелгі философия дүниесінен келе жатқан «автор
(жазушы) ↔мәтін ↔ оқырман» деген үшемдік таным немесе
дискурс – тіл мамандарының «еншісі». Міне, осы жерде линг
вистика әлемінде жаңа ізденістер, жаңа объектілер дүииеге
келеді. Бұл орайда мәтінді (яғни шығарманы) оқырманның
қабылдауы, бұған қажет білім (біліп-тану қоры – негізі, ша
масы) деген категорияны сөз етуге тура келеді. Жалпақ тілмен айтқанда, жазушының (ақынның) шығармасын (не оның жеке бір бөліктерін) оқырман түсінуі (қабылдауы) үшін сонда сөз болған шындықты (реалийлерді), мәдени дүниені жақсы білуі керек. Сол сияқты белгілі бір сөздер адам баласы тіршілігінің белгілі бір саласының «мәдени коды» болып келеді, яғни сол саладағы таным мен тәжірибенің белгісі (көбі ұлттык белгісі) болады. Демек, белгілі бір дәуірдегі жазушының (ақынның) шығармасын, айтпақ идеясын оқырмандары түгел немесе сара лай түсіне ала ма, түсіне алды ма – осыны зерделеу де – мәтін лингвистиксының шаруасы. Сөйтіп, дискурс дегеннің мәні зор екен. Осы тұрғыдан келгенде, Абай мұрасын мәтін теориясы мен зерттеу, таныту – алдағы ізденіс бағытымыз болуы керек. Әрине, мәтін теориясы тек дискурс мәселелерімен шектелмейді. Мұның ішінде мәтіннің өзінің белгілерін айқындап алу, мәтіннің ұлттық және жеке авторлық сипатын дұрыс тану, мәтіннің тұтастық, жанрлық белгісін түзетін тілдік бірліктерді айқындау сияқты толып жатқан жеке тақырыптар туындайды. Бұл айтқандарымызды бір-екі мысалмен түсіндіріп көрелік. Алдымен, дискурс, яғни автор (Абай) – мәтін (өлеңдері) – оқырман (өз тұсындағы және қазіргі) дегенге назар аударсақ, Абайдың көп өлеңдерін өз тұсындағы оқырмантыңдармандардың қабылдау-түсіну қабілеттері, яғни «аялық біліктері» қандай болды? Мысалы, «Қансонарда» деп баста латын өлеңін алайық, мұндағы тұрмыс-салттық реалийлер Абай кезеңінде ауыл адамдарына жақсы таныс еді, әрине, бұл өлең мәтіні тек тақырыбының таныстығымен ғана құнды емес, көркемдігімен, мәтіндегі суреттің жұмырлығымен, осы жұмырлықты, айтпақ идея тұтастығын көрсетіп тұрған тілдік құралдармен құнды. Мәтіннің семантикалық немесе тақырыптық өрісіндегі сөздер топтасқан: бүркітші, аңшы, қағушы, тастан табылатын түлкі, бүркіт, жақсы ат, тату жолдас. Бұлардың бәр-бәрін мүмкін қазіргі қалалық жастар көз алдына келтіре алмас, ал ақынның осы өленді ұсынған кездегі оқырмандарының (таңдармандарының, жаттаушыларының) білетіндері («аялық білімдері») тамаша болатын.
Бұл жерде мәтіннің көркемдігі, тұтастығы – өз алдына
әңгіме: біршама үлкендеу өлең мәтіні бастан-аяқ бір ұйқаспен:
барыс жалғаулы сөздермен шегенделген (аңдығанға – адамға,
аспанға – қашқанға...).
Ал Абайдың «Сегіз аяғын» өз замандастарының бәрі
түгел түсініп, қабылдап оқыды (тыңдады) деу қиындау. Қазақ
поэзиясының қазақ құлағы үйренген өлеңдік құрылымының
мүлде бұрынғыдан басқаша екендігін, өлең тармақтарының
өлшемі мен ырғағы және ұйқасуы жағынан ерекше түзілуін,
интонациялық бітімі мен синтаксистік құрылым тәртібі де соны
болғанын есептемегенде, ақынның айтпақ идеясы, мақсаты
қандай дегенді бірден аңғару да қарапайым (көбі тіпті сауатсыз
болғаны – өз алдына) тыңдарманға, оқырманға оңай еместігін
түсіну қиын емес. Бұл өлең – сырт қарағанда, бірде ақынның
«толғауы тоқсан қызыл тіл», яғни өлең, поэзия туралы, енді бір
қарағанда, санасыз, ойсыз, жарымес айналасындағылардың
жағымсыз портретін беретін сияқты көрінеді, ал, түптеп кел
генде, менің танымымша, «Сегіз аяқ» – суреткер тұлғасының
традегиясы атап айтқанда, қоршаған қауымның «баяғы жартас
– бір жартас болып, қанқ еткенімен түкті байқамайтындығы»,
яғни поэзиясымен, ақылымен, білімімен заманынан, заманда
старынан түсіністік көре ақын жанының бақсының моласындай
жалғыз екенін білдірген – имандай сыры. Ақын поэзиясының
осындай үнін дәл таныған Шәкәрім:
Ақын поэзиясының осындай үнін дәл таныған Шәкәрім:
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан, –
деп бір түйіп алып, әрі қарай бұл танымын дәлдеп тарқатады
емес пе:
Кім жалғыз бұл жалғанда есті жалғыз,
Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.
Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па,
Қазақтан табылды ма соның пары?!
Өлеңімен жұбатты өзін өзі,
Еңбегі – еш, іші – беріш, жүзі – сары,
Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң,
Патша қойса, не кетер қазақ шары?
Демек, кейбір өлеңдерінің мәтінін ұғуға айналасының ба
сым тобының әлі аялық білімдері (білім-таным қоры) жоқ
екенін Шәкәрім ғалым, Шәкәрім философ жақсы айтқан.
Мұны Абайдың өзі де жақсы білген:
Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,
Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ, –
деп күңіренсе де, айтпақ сөзін айта берді (өлеңін жаза берді).
Шәкәрімше түйсек:
Не қылса да шыдады, білдірмеді,
Сол десеңші сабырлы қазақ нары!
Бұл талдаған мысалдарымыз бен түйіндеріміз – бірден
көзге түскен фактілер ғана. Десек те Абай шығармалары
мәтін теориясы қырынан мүлде сөз болған жоқ деп айтуға
және болмайды. Мәтін грамматикасына қатысты қазіргі
терминдерді жиі қолданбасақ та, әңгіменің мазмұны, өзегі
мәтін, оны түзу, мәтін түзетін элементтер мен тәсілдер сияқты
тақырыптарға біз «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы»
(1970) және «Абайдың сөз өрнегі» (1995) атты монографияла
рымызда біраз барған болатынбыз. Дегенмен енді жеке курс
ретінде Абай мұрасын, оның ішінде тек поэзиясын ғана емес,
прозалық шығармаларын да мәтін стиликасы тұрғысынан,
мәтін прагматикасы деген салалар бойынша зерттеуге кірісу
– кезектегі ғылыми жұмыстарымыз деп санаймыз. Ол үшін,
сөз жоқ, дүниежүзілік тілтанымның жаңалықтарымен, бұлар
жөнінде жарияланған ғылыми әдебиетпен жақсы танысып,
жаңа бағыттардың теориялық негіздерін әбден игеріп алу
қажеттілігі де даусыз. Бұл қызғылықты да қажет ізденістерге
университеттердің қазақ филологиясы кафедралары, әсіресе
жас мамандар кіріссе – құба-құп болар еді. Және мұндай зерт
теулер жеке адамдардың ғана тандауымен жүргізілуден гөрі,
белгілі бір бағдарламамен кафедра мүшелері немесе Тіл білімі
институты сияқты ғылыми орталықтарда ұжымдық зерттеу
түрінде жүргізілсе әлдеқайда нәтижелі болары даусыз.
Абайдың туғанына 160 жыл толуын атап Ақтөбе универ-
ситетінің ғылыми-практикалық конференция өткізіп жатқанына
мейлінше риза көңілімізді білдіреміз. Әрине, абайтану сияқты
ғылым саласында істелетін жұмыстар науқандық қана сипат
алмай, үздіксіз жүріп жатса, жалғаса берсе деген үміт пен талап
ты да қоса айтамыз. Өйткені Абай – ұлттық болмысымыздың
ұлы тіні, ұлттық мәдениетіміздің арқауы, ұлттық тіліміздің
қазығы. Бүгінгідей ұлттық рухымызды көтеру жолындағы
күресіміздің айнасы ғой!
Сөз соңында ұлы Абай арқылы ана тіліміздің мәртебесін
көтеруге, оның байлығы мен әсемдігін таныта түсуге септігін
тигізеді деп есептейтін бір практикалық іс-қарекетті іске
асыруды ұсынғым келеді. Ол – республикамыздың барлық
университеттері мен педагогикалық оқу орындарындағы фи
лология, мүмкін, тіпті журналистика факультеттерінде «Абай
тілі» атты арнайы курс енгізу керектігі. Курс шамамен 18-20
сағаттық болса, жұмасына 2 сағаттан екі рет өткізілсе, бас аяғы
1-1,5 айдың ішінде студент жастарға біраз мағлұмат берілер
еді. Бұл курстың бағдарламасын шамамен былайша түзуге бо
лады:
1-2-лекция. Абай тілінің негізі. XV-ХVІІІ ғасырлардағы
ақын-жыраулардың, Бұхар жыраудың, Махамбеттің, Дулаттың
қазақ әдеби тілінің даму барысындағы орындары мен
кызметтері, шығармаларының тілдік-көркемдік сипаты.
1-4-лекция. XІX ғасырдың ІІ жартысындағы қазақтың жаз
ба дүниесі, оның тілі. Ыбырай Алтынсариннің тілдегі қызметі.
Алғашқы қазақ баспасөзі, оның тілі.
5-6-лекция. Қазақ әдеби тілінің жаңа кезеңі – ұлттық жазба
әдеби тілінің дүниеге келуі. Жаңа кезеңнің сапалық белгілері.
Жаңа кезеңді бастаудағы Абайдың қызметі, Абай тілінің лекси
касы, грамматикалық, көркемдік сипаты.
7-8-лекция. Абай поэзиясының тілі. Көріктеуіш-бейнелеуіш
амалдары мен құралдары. Сөз қолдану, сөз таңдау шеберлігі.
Абай тіліндегі поэтикалық фразеология әлемі. Абай жаңа-
лықтары.
9-10-лекция. Абай өлеңдерінің құрылысы, өлшемі, ырғағы,
ұйқасы. Мұндағы Абай жаңалықтары. Абай өлеңдері тілдік
үрдісінің кейінгі қазақ поэзиясына өткен әсері, үлгісі, әрі қарай
дамуы.
Әр лекция шамамен 2 сағаттық болса, көрсетілген 10 лек
цияны 20 сағатта өткізуге болады. Дәріс жүргізуші мен оны
тыңдайтын студенттердің қызығу, түсіну дәрежесіне қарай
факультатив түрде (міндетті емес) үй тапсырмасы немесе
үйірме сағаты түрінде жалғастыруға болады. Бұл курстың
мақсаты – Абайдай поэзия алыбының жеке суреткерлігін та
нытып қана қою емес, осы дәрістер арқылы жастарды ана
тілінің көркемдігі мен байлығына, әсемдік әлеміне баули түсу,
нәтижесінде болашақ педагог, жазушы, ақын, журналист, ба
спагер сияқты жас өркеннің қазақ тілінің өрісін кеңейтуге
табиғи заңдылықтарын сақтауға, мәдениетін көтеруге арнала
тын алдағы жұмыстарына көмегін тигізеді деп үміттенеміз.
Абай-160. «Абай әлемі: рухани мұра мәселелері
және қазіргі кезең» атты республикалық
ғылыми-практикалық конференция материалдары
(26-27 мамыр, 2005). - Ақтөбе, 2005. - 3-6-б.
МАЗМҰНЫ АБАЙДЫҢ СӨЗ ӨРНЕГІ ..........................................................3 Сөз басы ….............................................................................4 Абай тілін танудың қырлары ............................................8 Сөз – өлеңнің арқауы .......................................................21 Образдың эстетикалық өрісі (зонасы) ............................25 Етістік – көріктеу құралы ....................................................37 «-сы» жұрнақты туынды етістіктердің стильдік қызметі...64 Сөз таңдау ...........................................................................66 Өлең және сөз .......................................................................66 Текст түзу ..............................................................................81 Синонимдерді таңдау ........................................................88 Сөз-символ ............................................................................98 Сөз құбылту ......................................................................103 Абай фразеологиясы .........................................................103 Перифраздар .......................................................................123 Фразеологизмдерді өзгертіп қолдану ...........................130 Сөз үндестіру ....................................................................140 Дыбыстар гармониясы ......................................................140 Аллитерация мен ассонанс ............................................142 Анафора мен эпифора .....................................................151 Түбірлес сөздер ..................................................................156 Ішкі ұйқастар .....................................................................162 «Қара сөздердің тілі қалай өрілген ............................168 Абай тілінің тағылымы ...................................................198 Сөз соңы немесе түйін сөз ..............................................216 АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ ....221 Алғы сөз ..............................................................................223 Өлеңнің синтаксистік құрылысының ерекшеліктері ...227 Шумақ туралы түсінік .......................................................238 Күрделі синтаксистік тұтастық туралы ұғым .............254 Абай өлеңдерінің синтаксисі ....................................267 Абайдың шумақты өлеңдерінің синтаксистік құрылысы ...........................................................................267
Абайдың шумақсыз өлеңдерінің синтаксисі .................309 Абай өлеңдеріндегі инверсия ..........................................320 Абай өлеңдеріндегі тасымал ................................................339 Өлең синтаксисіндегі ықшамдау (үнемдеу) тәсілдері .....343 Өлең жолдарындағы оқшау сөздер ...................................351 Ұйқас және өлең синтаксисі мен стилі .............................356 Қорытынды ..........................................................................376 Әдебиеттер тізімі ................................................................380 АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ ТІЛІ ...........383 Абай тілінің зерттелуі .......................................................384 Абай шығармалары мен ХІХ ғасырдағы жазу нұсқаларының тілін зерттеудің маңызы ......................406 Абай тіліндегі оқу-ағартуға қатысты сөздер ...........418 Абайдың прозалық шығармаларындағы күрделі ойдың берілуі .................................................................................430 Абай шығармаларындағы кейбір шылаулардың қызметтері ..........................................................................448 Абай шығармаларындағы ыңғайластық жалғаулықтардың көрінісі ................................................................................452 Абай шығармаларында -ар/-ер жұрнақты тұлғаның қолданылуы .......................................................................459 Абайдың қара сөздеріндегі -мақ аффиксті тұлға жайында .............................................................................474 Абайдың прозалық шығармаларындағы кейбір морфологиялық тұлғалардың сипаты ............................488 Абай тілінің көркемдігі ....................................................495 Абай және қазақ ұлтының әдеби тілі ......................506 Абайдың тіл тағылымы ...................................................517 Абай және поэзия тілі .....................................................531 Абай – ұлттық болмысымыздың тіні ..............................544 Абай және қазақ әдеби тілі ............................................553 Абайдың «Қара сөздері» – қымбат қазына .................562 Абай тілін танудың жаңа қырлары немесе мәтін теориясы бойынша зерттеулер .......................................571
Рәбиға
СЫЗДЫҚОВА
Көптомдық шығармалар жинағы
Екінші том
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ
АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
Редакторы: Әділ Әбсаттар
Техникалық редакторы: Ниязбай Оразымбет
Корректоры: Ермұхамет Маралбек
Компьютерде беттеген: Жәмила Айдос
ИБ № 163
Теруге 22.10.2014 ж. берілді. Басуға 11.11.2014 ж. қол қойылды.
Пішімі 84х1081/32. Қаріп түрі «Tіmes New Roman».
Басылымы офсеттік. Шартты баспа табағы 30,4.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
«Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры. 050009. Алматы қаласы.
Абай даңғ. 143, 413 бөлме
«Полиграфкомбинат» ЖШС
Алматы қ., Мақатаев көшесі, 41
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру