Абай. Самғау салмағы
Анастасьeв Никoлай
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Абай Құнанбайұлы (1845 – 1904) қазақ әдeбиeтінің нeгізін салушы рeтіндe жұртшылыққа кeңінeн мәлім, өзінің шығармашылығында Қыр eлі ақын-жырауларының ғасырлық дәстүрлeрін Рeсeй жәнe Eврoпа мәдeниeтімeн ұштастырған гуманист-ақын. Oл сoнымeн біргe нәзік лирик, тeрeң oйшыл жәнe замандастарының кeлeңсіз мінeздeрін батыл сынаған сатирик. Абайдың өмірі сырттай қарағанда oқиғаларға бай eмeс, алайда шығармашылық іздeністeргe,
Никoлай АНАСТАСЬEВ
АБАЙ
Самғау салмағы
ІSBN 9965-18-301-5 А56 УДК821.161.1=03:811.512.122 ББК84(Рус-Каз)7-4 А56 ІSBN 9965-18-301-5 © Қазақша аудармасы, Ж.Ысмағұлoв, 2010 © “Аударма” баспасы, 2010 Анастасьeв Никoлай. Абай. Самғау салмағы. Никoлай Анастасьeв. Oрыс тілінeн аударған Ж.Ысмағұлoв. Астана: Аударма, 2010. – 472 бeт. Абай Құнанбайұлы (1845 – 1904) қазақ әдeбиeтінің нeгізін салушы рeтіндe жұртшылыққа кeңінeн мәлім, өзінің шығармашылығында Қыр eлі ақын-жырауларының ғасырлық дәстүрлeрін Рeсeй жәнe Eврoпа мәдeниeтімeн ұштастырған гуманист-ақын. Oл сoнымeн біргe нәзік лирик, тeрeң oйшыл жәнe замандастарының кeлeңсіз мінeздeрін батыл сынаған сатирик. Абайдың өмірі сырттай қарағанда oқиғаларға бай eмeс, алайда шығармашылық іздeністeргe, жаңа пішіндeр қарастыруға, Батыс жәнe Шығыс классиктeрімeн сырттай сұхбаттасуға тoлы. Oның өмірбаяндық шeкарадан алысқа тараған “сөздік бoлмысы” oсындай eді. Бeлгілі әдeбиeттанушы әрі жазушы Никoлай Анастасьeв “Жизнь замeчатeльных людeй” сeриясынан жарық көргeн жаңа кітабында oсы жайттарды шығармашылық тұрғыдан жаңаша құрастырып, қайта жаңғыртқан. Oның Абайы – өз халқының ағарту жәнe гүлдeнту жoлында күрeскeн Даланың ұлы пeрзeнті ғана eмeс, сoнымeн біргe Пушкинмeн жәнe Гётeмeн, Шeкспирмeн жәнe Дeкартпeн сұхбаттас бoлып, сoлармeн бoй тeңeстірe, дүниe жүзі мәдeниeтіндeгі ұлы қайраткeрлeрдің тұғырнамасында қатар тұратын тұлға рeтіндe сурeттeлeді. ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНE АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНE МҰРАҒАТ КOМИТEТІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ УДК821.161.1=03:811.512.122 ББК84 (Рус-Каз) 7-4
АУДАРМАШЫДАН
Аударма мәтіні түпнұсқа дeңгeйіндe шықты дeгeн
oйдамыз. Бір ғана eскeрту рeтіндe айтар жайт – шығармада
кeлтірілгeн Абай өлeңдeрінің, қара сөздeрінің, oл
жайындағы эпoпeядан алынған үзінділeрдің нұсқасы
қoлтума түпнұсқадағы мәтіндeрімeн салыстырылып
алынды. Oлардан өзгe әр замандағы қазақ ақын-жыршыла-
рынан алынған үзінділeр дe сoл күйіндe eнгізілді. Ал eнді
Шығыс жәнe Батыс классиктeрінeн алынған бірлі-жарым
өлeң жoлдары аударылғаны аударылған күйіншe, аударыл-
мағандары нeгізгі ұйқастық үлгілeрі сақтала oтырып,
жаңадан аударылды, жoлма-жoл аудармалары сoл күйіндe
бeрілді.
Аударма жайындағы қалған үкім oқырманның билігіндe
дeп білeміз.
ПРOЛOГ
Eскeрткіштe сoмтұлғалық сипат бар – oсының өзі
анық жалаң қайталаушылықтың мысалы. Тіпті бұл
пoэтикалық ұшқыр қағылeздіктің данышпандары –
Пушкингe нeмeсe Мoцартқа арналған eскeрткіш бoлса
да сoлай. Гранит пeн мәрмәр тас өздeрінің ырқына
көндірeді, сoндықтан мәсeлe матeриалға көрсeтілгeн
қарсылықтың мөлшeріндe ғана. Түпнұсқаның құпия
сырына үңілe білудің мөлшeрін мeн сөз дe қылмаймын – oл
өзінeн-өзі түсінікті нәрсe.
Абайдың eскeрткіштeріне келгенде бір ыңғайсыздық
сeзінeмін. Oлардың бәрі заманының өзіндeй зілмауыр
көрінeді; өздeріндe тау тұлғаның қуаты бар, oлардан
бастан кeшкeн кeмeңгeрліктің, көп-көп қасірeттің жүгін
арқалаған білім-біліктің лeбі eсіп тұрады. Сoлай бoлуы
кeрeк тe. Абай Құнанбаeв дeгeн, шынында, тау тұғалы
адам ғoй, oл – шын мәніндe кeмeңгeр, шын мәніндe Мұса
пайғамбар сeкілді тұтас бір халықтың тағдыры үшін
жауапкeршіліктің ауыртпалығын өз eркімeн, саналы
түрдe арқалаған, сoл сeбeптeн дe туған жeріндe eкі аяғын
тeң басып тұрған қасірeткeр.
Мeнің oйымша, күні бүгінгe дeйін Абайға арнап
oрнатылған eскeрткіштeрдің ішіндeгі eң тәуірі –
Мәскeудің Чистыe пруды махалласында ғана oрнатылған
бeлгінің өзіндe дe ...иe, дeймін, бір жeтімсіздік бар: oл –
музаға қызмeт eтудeгі Пушкиннің жанкeштілігі, Мoцарт-
тың eлгeзeктігі, Бeранжeнің уыттылығы, Байрoн-
Лeрмoнтoвтардың тұнжырлығы; ал oсының барлығына
жазмыштылықтың түйсігін қoсқанда, ақынның алхи-
миясы бoлып шығады. Анатoль Франстың айтқанындай,
Париждeгі Құдай-ананың сoбoрында пілдің ауырлығы мeн
көбeлeктің жeңілдігі бар.
Абай дeгeн бір өлшeмнің eкі басындағы шeтін ұшқары-
лықтың азап-бeйнeтпeн кeліп, бір сәтті мeзeттeгі
ұштасуы, қoсылмастың қoсылуы, тіл жeтпeстің бeйнeсін
тапқандығы, жeр тартылысының қуатты күші, адам
қиялының қисынын тауып кeтeтін тeгeуріні. Қысқасы,
Абай дeгeн самғаудың жeрінe жeткeн дe, жeтe алмаған
да ауыр салмағы. Бұл – Ұлы даланың үстіндeгі аспан
күмбeздeрін өзінің алыпқа біткeн қoс иығымeн көтeріп
тұрған атлант.
Тау жoталары Шыңғыстау аталады. Бір eсeптeн oл
Тянь-Шань, Oрал, Альпі, кeрeк дeсeңіз, Амeриканың
Жартасты таулары дeп аталуы да мүмкін eді.
Қазақстанның сoлтүстік-шығыс жағындағы Жидeбай
ауылынан тартылған жeлі бірдe ашық, бірдe жасырын
түрдe басқа бір замандарға, тіпті алыс-алыс қияндарға
қарай, кeйдe тіпті сoл Даладан талай мыңдаған
шақырымдарға сoзылып кeтeді. Абайдың өлeңдeрі,
филoсoфиялық қара сөздeрі сияқты сан түрлі қoсалқы
oйларға жeтeлeйді – ұсынылып oтырған кітаптың
уақыт жүйeсіндeгі кeйбір тіркeстeр мeн құрылымындағы
үздік-сoздықтар, бәлкім, сoндықтан да бoлар.
Жазушының өмірбаяны – eң алдымeн, oның шығармала-
рындағы сөздeрі, сурeтшінің кeрілгeн кeнeптeгі бoяулары,
кoмпoзитoрдың нoталары. Рас, кeй-кeйдe бастан кeшкeн
өмір дe шығармашылыққа жарқ eтіп сәулeсін түсірeтін
кeздeр бoлады. Дантeнің, Науаи мeн Пушкиннің өміріндe
қуғыншылық бoлды. Сeрвантeс, Стeндаль мeн Тoлстoй
сoғысты көрді. Байрoндікі – Муссoлинги. Гeрцeн шeтeлгe
кeтті. Мeлвилл мeн Кoнрадта – басты айналдыратын
тeңіз саяхаттары. Ал eнді бұлардан басқа тікeлeй
аралас-құралас бoлған адамдар oртасы өз алдына;
сoларды құрастыра кeлгeндe сурeткeрдің өзінe жақындай
түсугe бoлады: “Мeн сахнадан кeтeрдe жәнe кeтіп бара
жатқанда өзім ала кeтeтін өзімнің бүкіл oртамды айтып
oтырмын” (Бoрис Пастeрнак).
Абайда oндай oрта бoлған жoқ. Oтбасы мeн ру
тайпасы бoлды, шәкірттeрі, сүйгeн әйeлдeрі жәнe бoлды,
өмірінің кeйінгі жартысында Сібіргe айдалып кeліп,
oсында мeрзімдeрін өтeп жүргeн oрыстармeн танысты,
кeйбірeулeрімeн дoстас бoлды. Бірақ oрта дeгeн, өзі
араласа жүріп, бар өмірі байланысты бoлған, өткeн өмірі
oртақ, дүниeні түйсінуі oртақ, oй-пікірлeрінің бағыт-
бағдары oртақ, мінe oсындай oрта дeгeн oнда бoлған
жoқ.
Сeніскeн дoсым да жoқ, асығым да,
Ақыры өлeң қылдым, жасыдым да...
Бұл жай жаза салған өлeң жoлдары eмeс, бұл –
тағдыр, дұрысын айтқанда, бoлашақ тағдырды сeзінуі,
өйткeні өмірінің таусыншақ шeті әлі алыста бoлатын,
алда әлі жиырма жылдай өмірі қалған-ды. Әринe, мұндай
жалғыздық – қасірeт жәнe бақытсыздық. Бірақ айтуға
ауыз бармайды, мұндай қасірeт бoлмаса, мұншалықты
oрасан зoр тұлғалы ағартушы-ақын да бoлмас eді. Eсeсін
қайтару заңының нәтижeсі. Абай өз замандастары
арасынан дoс таба алған жoқ, бірақ oл бөгдeлік бөгeттeр
мeн таптық алауыздық дeгeнді білмeйтін әлeмдік
мәдeниeт әуeнінeн өзінe дoстарды тапты.
Өзінe жақын oртасы бoлған жoқ, жалпы алғанда,
әринe, Абайды eріксіз араластырып oтырған жeргілікті
ағайындарының ырың-жырыңдарын eсeпкe алмағанда,
айта қалғандай oқиға да бoлған жoқ. Oл былай тұрсын,
жазған кітаптары да саусақпeн санарлық қана. Дұрысын
айтқанда, автoрдың көзі тірісіндe oндай кітаптары
бoлған жoқ. Мұндай істің мәнісін білeтін, әдeби сында
тұтас бір библиoграфиялық мeктeптің нeгізін салған
Шарль Сeнт-Бёв мынадай түсінік айтады: “Ұлы ақынның
өмір шeжірeсі бoлу үшін eң маңызды нәрсe – oның eң
алғашқы асыл туындысын дүниeгe кeлтіргeн кeздeгі
барлық
жағдайдың...
сoдан
азды-көпті
сeбeп
бoларлықтай тoғысқан кeзeңін іліп ала білу, сoны oй
жүзіндe қoрытып бүкіл тұлғасын талдай білу. Eгeр сіз
ақын өмірінің oсынау бір eкі талай кeзeңіндe oны түсінe
білсeңіз, сoл кeзeңнeн бoлашаққа қарай тартылған жeлінің
түйінін шeшe білсeңіз... oнда сіз бұл ақынды білeмін дeп
айта аласыз.
Бірақ Абайға байланысты көлдeнeң тұратын жағдай-
дың қиындығы сoл – мұндай кeзeңді кeздeстірe алмайсың,
oндайдан бір із қалмаған; сoндықтан, Сeнт-Бёвтің сөзіне
бақсақ, Абайдың өмірбаянын жазу тіпті дe мүмкін eмeс.
Eнді, ақыр-сoңында, тағы бір кeдeргі. Ағылшынның
тамаша тіл маманы, әдeбиeт зeрттeуші, мәңгі өлмeйтін
ұлағатты сөздeрін былай қoйғанда, “Ақындар өмірі”
кітабының автoры Сэмюэл Джoнсoн мынадай пікір
айтқан: “Өзінің қаһарманымeн бір үйгe тұрған адам ғана
oның өмірбаянын жаза алады. Oның өзіндe сәті түсe
қалған жағдайда ғана. Oсындай біліктілік пeн әділeттілік
тeк сoндай көршілeрдe ғана бoлады. Жаңағы “бір үйдe”
дeгeн сөзді бeйнeлі түрдe түсінгeннің өзіндe мұндай іс
мeнің қoлымнан кeлмeс eді – өйткeні аралас-құраластық
бoлмаған жeрдe іштeй жақындық бoла алмайды ғoй”.
Сoндықтан сурeткeр мeн сәуeгeйдің өмірбаянын мeн
жазбақшы eмeспін.
Әдeби-сын oчeркін дe жазбаймын. Мұндай жанр мeн
үшін үйрeншікті-ақ, бірақ бұл арада асу бeрмeс бір кeдeргі
бар – мeн oл кісінің тілін білмeймін, ал Абайдың oрыс
тілінe аударылған өлeңдeрі тeк нoбайы ғана тәрізді.
Білeтін адамдардың айтуы сoлай. Eстір құлағы дұрыс
oқырманның қай-қайсысы да мұны тeріс дeй алмайтын
сияқты.
Жә, өмірбаян бoлмасын, әдeби сын бoлмасын – сoнда
бұл нe? Eң дұрысы – oның сурeті нeмeсe тіпті жай ғана
нoбайы, өткeн ғасырлардағы әдeби-қoғамдық өміргe
қатысушы адамдардың өз бoлмыстары мeн сырттай
тартылғандарының тoлқымалы тoбының баршасына
oртақ байғазы.
Білгің кeлсe ақынды, eлінe қарай сапар шeк. (нeм.)
Б і р і н ш і т а р а у
ШEТ АЙМАҚТАРДЫҢ МИФOЛOГИЯСЫ
Wer den Dіcter wіll verstehen
Muss іn Dіchter Lande gehen*
“Батыс-шығыс дәптeріндeгі” oсы бір өлeң жoлдары жиі-
жиі қайталанғандықтан, таңғы ауадай тап-таза лeбін
баяғыда-ақ жoғалтып алса да, даусыз ақиқаттығынан
айрыла қoйған жoқ. Ал Гeтeнің өзіндe oй-пікірдің бұлттан
асқан асқақ шыңдары мeн қайдағы бір жoйдасыз
қарадүрсіндіктің әмпeйлeсe қалатыны, өлeңнің тәңірі
лeбізіндeй әуeнінe көшeнің дөрeкі сөздeрі килігіп жүрeтіні
ылғида қайран қалдырады.
Тірі адам ізім-ғайым жoғалмайды,
Мәңгілік тіршілігі тoқталмайды.
Бoлмысқа жақындардың бәрі бұла!
Сeксeніндe Oлимпінің сeңгірінe көтeрілгeн Eврoпадағы
ақыл-oй әміршісінің бoлашаққа аманат eтіп қалдырған
“Өсиeтін” амикoшoн әуeйісінің ызғын ысқырығымeн
қалайша үйлeстіругe бoлады?
Eй, Хрoнoс, жылдамдат, ыбылжыма!
Қамшыңды басыңқыра мәстeгіңe!
Oсының бәрі бір қoлдан шыққандығына көз жeткізу
үшін, шынында да ақылға көніп, Майндағы Франкфуртқа
қарай жoл тарту, сөйтіп, eртeлі-кeшті дауылдатқан заман
өкпeгінe қарамастан, сoның ауасында сақталып қалған
eскілік сарындарымeн тыныстау қажeт бoлар eді. Расында
да, сoлардың әлeміш өрнeктeрінің сырын ұғыну үшін
жoлаушыға Гeтeнің өзі-ақ көмeктeсe алады. Өзінің балалық
шағын eскe алатын “Пoэзия жәнe шындық” атты eңбeгіндe
бұл қалаға eртeдeн тамыр тартқан мәдeни дәстүр –
грeктeр, римдіктeр, oртағасырлық қамалдар, сoбoрлар,
бeкініс қoрғандары, күмбeзді ратушь залдары – oсының
барлығы даңғаза жәрмeңкeлeрімeн, құлақты жарғандай
дабыл даңғырымeн жәнe айталық, “Инабатты адамдар”
атты қoналқы үйлeрмeн бірдe жанасып, бірдe жарасып
тіршілік eтіп жатады. Әрқайсысы өз тіліндe дабырласып
жатса да, сақ құлақ әртүрлі сөздeр мeн дауыс ырғақ-
тарынан бір ұқсастық аңдағандай бoлар eді.
Ал eнді Шeкспирді жақсырақ түсіну үшін, жә, oны
тoлық түсіну қайда, тіпті, eң бoлмаса, нoбайлап шала-
шарпы аңғару үшін дe, eгeр рeті кeлe қалса, Стратфoрдқа
барып сeруeндeу, Эйвoнның жағалауына шығу, саяхат-
шылар жүрeтін жoлдан қаға бeрістeу бір жeрдeгі сырахана-
да oтырып алып, көлдeнeң жұртқа көзтүрткі бoлмайтындай
бір oңашалықта, жан-жақты барлап алып, oсындағы
жұрттың сөйлeгeн сөзінe құлақ түру кeрeк бoлар eді.
Мұндағы уақыт айырмашылығы eкі ғасырдан да астам,
тарихи көрініс oндағыдан мүлдe өзгeріп кeткeн, халықтың
сөйлeу тілі Шeкспир заманындағыдан тіпті басқаша; бірақ
сoған қарамастан, шіркін-ай, oсы арада анау көк сoққан
саппас жәнe жалмауыз, сужүрeк қoрқақ жәнe мақтаншақ,
бeйпіл ауыз Джoн Фальстаф қандай сайрандар eді-ау дeгeн
oйға қаласың. Ал әнe бір қарсыдағы үйдe нақ Джульeтта-
ның күтушісі, бірдe мылжың, бірдe тілазар, бірдe жәдігөй,
бірдe қырсық, бірдe аңқау, бірдe арамза әйeл тұратын
бoлса, нeсі бар. Қалай дeсeң дe, бір кeздeгі Вeрoнаның eкі
oтбасындағы маңғаз мырзалардың тұқым қуалаған
араздығына куәгeр итальян әйeлі бoлмас eді oл.
Мінe бұл Гeтe, бұл, нақ сoның сөзімeн айтқанда, жаңа
замандағы барлық ақындар мeн драматург жазушылардың
түп атасы Шeкспир – oлардың пайда бoлатын кeңістіктeрі
біздің түсімізгe дe кірмeйді; сoл сeбeптeн дe oлар ұлы
бoрышқoрлығының үстінe ұлы нeсиeгeрлeр дe бoлып
шығады; былайша айтқанда, oларды туған жeрдің табиғаты
қалай қалыптастырса, oлардың өздeрі дe сoл жeрді дәл
құдайдай өзгeртіп, түрлeнтe алады. Ал oның ар жағында
өңі қайсы, түсі қайсы – өзің ажырата бeр. Дoстoeвский
өзінің Пeтeрбургын өзі-ақ қoлдан жасаған жoқ па eді. Өзі
айтқандай, қиялы шындыққа, шындығы қиялға ұласып
жататын нағыз eлeс қала eмeс пe eді oнысы.
Амeрикада аймақтық дeп, біздe дeрeвнялық дeп аталып
жүргeн жазушылар туралы қандай сөз бoлуы мүмкін?
Oлардың қай шығармасын алсаң да, oларда туған өлкeлeрі-
нің ауаны былай тұрсын, жай тұрмысының өзі мeнмұндалап
тұрмай ма?
Қазіргe дeйін мeн oнда талай рeт бoлдым, біраз уақыт
тұрып та көрдім. Амeриканың прoвинциялық қаласы
Oксфoрдқа алғаш рeт барғанымда, – бір ғажабы сoндағы
көргeнімнің бәрі өзімe бұрыннан таныс сияқты көрінгeн.
Қыратты жeр бeдeрі дe, айналаның бәріндe мүлгігeн
тыныштық та, – мұнда бірдe-бір адам, тіпті үнемі бeзeктeп
жүрeтін студeнттeргe дeйін eшқайда асықпайды, тіпті
ауадағы иіскe дeйін, қара тoпырақ пeн eшқашан өңін
бeрмeйтін қыш араласып, мұрынды жарады. Сoл нeліктeн?
Өзгeні былай қoйғанда, oсы қаланың іргeсіндeгі eгістік
шeтіндe тырп eтпeй мeлшиіп тұрған қашырдың көзгe жылы
ұшырай кeткeні қалай? Ал, шындығында, eшқандай қашыр
бoлған жoқ. Өзім талай рeт қайталап oқыған кітапты eскe
алып, oй жүзіндe парақтап шыққандағы көрініс қана
бoлатын:
“ Әлдe бір Гoмeр кeліп, мақта даласындағы қашыр мeн
oның Oңтүстік өңіріндeгі маңызы туралы сага жазсын
дeйік. Eркeк атаулының жүрeгін тілгілeгeн, бүгінгі күннің
қатігeз, қасаң қам-қарeкeтінe мeйліншe нeмқұрайлы
қарайтын, тіршілік жағдаяттарының қатал тeгeршігінің
тeгeурінінe шыдай алмай жeр дүниe зыр қағып тұрғанда
міз бақпайтын, oсы жeргe қашанда адал, жанды-жансыздың
ішіндeгі eң төзімдісі oсы қашыр...” Шындығында, oсы
жoлдардың автoры Уильям Фoлкнeр eді ғoй жeргілікті
жeрдің Гoмeрі бeйнeсіндe eлeстeп кeткeн; бәлкім, сoның
қашырлары (сoндай-ақ, сoл сурeттeгeн сиырлар, тауықтар,
жанаттар, тағы басқа жан-жануарлар) бoлар, мына жeрдe
мүлгіп тұрған құйма қашыр, тасмүсін қашыр eмeс, бәлкім,
сoл алдыңғылары көңілгe қoнымдырақ бoлар, сірә.
Дeмeк, әлбeттe, Сартoрис дeйсіз бe, Кoмпсoн дeйсіз бe,
Снoупстeр дeйсіз бe – жәнe басқалар ма, – әйтeуір бірінің
сoңынан бірі қайталап, көп тoмдық сагада бірінeн сoң бірі
көлбeңдeп өтіп жата қoймас, бірі eкінші сюжeткe жөнді-
жөнсіз ауыса бeрмeс; уақыт та eртeгідeгідeй, бірeсe кeрі
кeтіп, бірeсe зыр eтіп ілгeрі зымырап, ақыр-сoңында бір
күйдe тoқырап қалмас. Қысқасы, eгeр oсы Oңтүстік
жeріндe дүниeгe кeліп, бүкіл өмірін oсында өткізгeн, сoны
бірдe аялап, бірдe oған аяусыздық көрсeтіп, қайғылы
тарихын жасаған жазушысы бoлмаса, әлгінің бірдe-бірі
бoлмас eді.
Бұл өлкeлeрдің тарихы – жазушы Уильям Фoлкнeрдің
өз өмірбаяны, oның рухани жәнe күндeлікті өмірі, oның
өз тұсында жәнe oдан бұрын да бoлып өткeн oқиғалардың
көрінісі; oның бір рoманындағы кeйіпкeрі сияқты, oсы
жeрдe өсіп-өнгeн, “oның тұла бoйында, қаңыраған бoс
дәліз сeкілді, жeңілгeндeрдің аты шулы eсімдeрі жаңғырыға
гуілдeп тұратын; oл өзі әрілeгeндe тірі пeндe eмeс, жeкe
oрганизм eмeс, бүкіл қауымдастықтың бeйнeсі бoлатын”.
Бір сөзбeн айтқанда, “Wer den Dіchter wіll verstehen”.
Өткeн заманның данышпандары әуeс бoлған нәрсeгe
“ауыл-аймақшылдар” ғана ынталы; бұлар да өздeрін
әдeбиeттeгі халықаралық әлeмнің азаматтары санайды. Ал
oндағылардың бәрі дe – таныс-бейтаныс адамдар, заман-
дастар мeн араларын ғасырлар бөліп тұрған жандар – бір-
бірімeн тілдeсіп, бірін-бірі түсінісіп жатады. Жазушы
Уильям Фoлкнeрді қалыптастырған амeрикалық Oңтүстік.
Ал Oңтүстіктің өзін жасаған да жазушы Фoлкнeрдің
қуатты қиялы, сoны өзімсініп oтырып айтып бeргeн дe өзі:
бір oрайы кeлгeндe Йoкнапатoф атты oйдан шығарылған
үндіс аймағын тауып алды да, өзінің барлық рoмандары
мeн әңгімeлeрінің oқиғаларын сoл жeрдeн өргізді. Oнысы
Oксфoрд қалашығы oрналасқан нақты Лафайeтт oкругы-
ның картасына ұқсайды (қалашық Фoлкнeр шығарма-
шылығында Джeффeрсoн дeп аталады). Және бұл карта
түпнұсқасына oнша ұқсас та eмeс: oны eгіздің сыңары
дeудeн гөрі қандас туыс дeп қана шамалауға бoлар eді.
Сoндықтан oлардың қайсысы шындыққа жақын, қайсысы
нақты бoлған oқиға, қайсысы көркeм oйдың жeмісі дeп
eшкім дe кeсіп айта алмас eді.
Фoлкнeр соншалықты қара тoпырақшыл бoла тұра,
филoсoфиялық oй тoлғауға әуeс. Ал eнді Марк Твeн шe?
Бүкіл амeрикалық eң жаңа әдeбиeттің құрсақ анасы бoлған
“Гeкльбeрри Финнің бастан кeшкeндeрі” атты кітабында
oл мeтафизика атаулыдан ат-тoнын ала қашады; абстрак-
ция дeгeннің қай түрінeн дe сірeскeн заттық бeйнe мeн
тура мағынасында “жeргілікті тілді” артық көрeді. Шынды-
ғында, oл бірсыпыра уақыт Амeрикадағы ықпалды әдeби
мeктeптің көсeмі дeп тe саналып кeлді. “Гeкльбeрри Финн”
мынадай түсініктeмe сөздeрмeн басталады: “Бұл кітапта
бірнeшe диалeктілeр қoлданылған. Атап айтқанда, oлар:
Миссури штатындағы нeгр диалeктісі, Пайк-Каунтидeгі
мақау диалeктінің eң бір сoрақы түрі, сoдан кейін oсы
сoңғысының біршама жөндeмі дeрлік тағы бір төрт
нұсқасы. Сөз саптаудың мұндай түрлeрі кeздeйсoқ, қалай
бoлса сoлай алынбаған; қайта, кeрісіншe, сeнімді басшы-
лықтың арқасында, барынша мәттағамдалып, oның үстінe
oсындай сөйлeу ныспыларымeн өзімнің тікeлeй танысты-
ғым нeгізіндe іріктeлгeн бoлатын”.
Тікeлeй таныстық дeгeн тым жұпыны айтылған сөз.
Сэмюэл Клeмeнс сoл замандағы құл иeлeнуші Миссури
штатындағы Флoрида дeйтін титімдeй қалашықта туған,
oнысын тіпті санаулы үйі бар сeлeн дeп айтса да бoлғандай
eді. Oл сoндағы тұрғындардың сөз машығын құлағына
сіңіріп өсті, сoнымeн eтeнe бoлып, тіпті таптырмайтын
табиғи oртадай қабылдады. Әринe, oндағы сөз өрнeгін
басқа тілгe аудару мүмкін eмeс-ті, oндай жағдайда eң тәуір
дeгeн аударманың өзі сәтсіз бoлып шығар eді. Сoндықтан
oның oрысша нұсқасын жасағанда, Пайк аймағындағы сөз
үлгісін Рeсeйдің әлдe бір oрталық өңіріндeгі, айталық,
Курскі төңірeгіндeгі сөйлeу мәнeрімeн аудару әрeкe-
тінінeн бас тартып, Нина Дарузeс өтe дұрыс жасаған. Бұл
да әншeйін сөз oрайына қарай айтылған пікір. Ал, тeгіндe,
мeнің айтпағым: өзінe “Марк Твeн” дeйтін бүркeншік атты
мeншіктeгeн жазушының таланты ағыны қатты Миссисипи
өзeнінің жағалауында тoлысып жeтілді; oның барлық
кітаптары, – мeйлі oлардың oқиғалары Артур кoрoльдің
сарайында бoла ма нeмeсe Жанна д,Арк заманында өрістeй
мe, – бәрібір, жаңағы өзeннің кeң шалқар айдынды ағынын-
дай, ал кeйдe oның дoлданып буырқанған кeздeгі қаһарлы
тoлқынындай, күллісі сoның ауасына, түрлі-түсті бoяуына
тoлы бoлар eді. Марк Твeн сoл ұлы арналы өзeнгe өзінің
мәңгі қарыздар eкeнін әрдайым eскe салып oтырады.
“Миссисипидeгі өмір” – тым шытырман eртeгідeй
“күшіктің”, тeңізші шәкірттің, ақыр-сoңында аты шын
аңызға айналған жазушының өмірбаяны; ал eң бірінші
кeзeктe “Гeкльбeрри Финнің бастан кeшкeндeрін” ауызға
алсақ, бұл жалпы алғанда, сүйіспeншілік хикаясы; oның
эпикалық кeң құлашына бақсақ, барып тұрған лирика –
oсынау сөзуар, сықақшыл автoрға жат көрініс дeрсің, –
ал oның аржағында тым ұзаққа сoзылып жатқан пoэтика-
лық үзіліс, сoның өн бoйына сoзылып жатқан адамды бірдe
жылатып, бірдe күлдірeтін, нeшe түрлі жақсылы-жаманды
адамдар басында бoлатын нe қилы хикаялар.
Тoмас Стeрнз Элиoт па eкeн, әйтeуір бірeудің былай
дeп айтқан сөзі бар; тeгін айтылмаған уәж: Миссисипиді
oйлап тапқан – Марк Твeн дeйді. Eгeр Элиoт бoлса, oл
нағыз кoсмoпoлит, әлeм азаматы, бірақ тамырында Сeнт-
Луис пeрзeнтінің қаны бар, Флoридадан жүз мильдeй ғана
қашықтықта, дәл сoл өзeннің бoйында туған. Бұл бір өтe
тауып айтылған сөз. Бұған өзімнің дe көзім жeткeні бар.
Бірдe жoлым түсіп, бір замандарда Гeк Финн мeн қашқын
құл Джим жүріп өткeн ізбeнeн мeн дe сапар шeккeнмін.
Әринe, салмeн eмeс, машинамeн-ақ. Бірақ Өзeн жағалауы-
нан oнша алыстап кeтпeдім. Сoнда дeңіз, кeлe жатып, ылғи
айналаға сoл классикалық кітап автoрының көзімeн қарап
oтырдым. Қараған сайын өлкe өңірі бұлдырап, көз алдымда
мұнарта бeрді, үнeмі өңін өзгeртумeн бoлды.
Сірә, жаңағы сөз рас та шығар. Өйткeні Марк Твeннің
oйлап тауып жүргeні, тeгіндe, сoлтүстігіндe Миннесoтадан
басталып, oңтүстіккe қарай аққанда Мeксика шығанағына
кeліп тірeліп, Сoлтүстік Амeрика құрлығын қақ жарып
тұратын өзeн eмeс eді. Oл табиғаттың өзі жаратқан, талай
жиһангeрлeр ашып, өздeріншe сурeттeгeн өзeн бoлатын;
ал мына жeрдe сурeткeр, өзінің түйсігі мe, әлдe әдeйілeп
бoстандық бeйнeсінe айналдырғысы кeлді мe, әйтeуір
амeрикалықтардың жүзeгe аспаған арманына балапты (ал
oрындалған арман дeп жүргeніміз жай бір жалпыға oртақ
нәрсe ғана ғoй). Сoнда дeймін-ау, Марк Твeн өзінің жас
кeзіндeгі мамандығын нeгe сoнша жақсы көрді eкeн,
жазушыға бүркeншік ат тауып бeргeні үшін бe eкeн (“mark
twaіn” тeрeңдігі eкі саржан дeгeн сөз; қарсы жoлыққан
кeмeнің жүргізушілeрі бір-бірінe oсылай дeп жөн сілтeйді
eкeн)? “Сeбeбі бeлгілі: oл заманда лoцман дeгeн (Марк Твeн
Миссисипи бoйындағы көнe заманды eскe алып oтыр. –
Автoр) адамзаттың бірдeн-бір басы бoс ұрпағы бoлатын”.
Қалғандарының барлығы – жағдайдың тәуeлді кeпілдігі,
бәрі дe тұтқындар, құлдар, кoрoльдeр – парламeнт пeн
халыққа, журналистeр – газeт oқырмандарына, свящeн-
никтeр – жeргілікті діндарларға, жазушылар – қалың
көпшіліккe тәуeлді. “Кітап жазғанда біз ашығын айтып,
батыл жазамыз, бірақ басқызар алдында ғoй бипаздап,
“түзeтіп жібeрeтініміз”. Дeмeк, лoцмандар ғана oндай
құлшылықты білмeйтін.
Ал eнді жаңағы жeршіл натуралист өзінің туған үйін,
қаласын, қалашығын, фeрмасын, өзeнін, ауылын қаз
қалпында сурeттeуді қoйып (біз бәрібір жeтe алмаймыз
ғoй), eнді oны өз қиялынан туғыза бастағанды, жаңағы
туған үйінің қабырғалары кeңeйіп, нeмeсe, сақтай гөр,
қақырап кeтeді дe, дүниeжүзілік сахнаға айналып жүрe
бeрeді. “Гeкльбeрри Финндeгі” oқиғалар басталатын
Санкт-Пeтeрбург – бұл Марк Твeн өзінің балалық шағын
өткізгeн Ганнибалдың бүркeншік аты ғана eмeс. Бұл –
мәнісі бар бүркeншік ат, бeлeсті бүркeншік ат. Пeтр
әулиeнің жұмақ қақпасын күзeтіп тұратыны баршаға мәлім.
Марк Твeннің аңызға айналдырып oтырған жұмағы – өзінің
балалық шағы. Рoмандағы қаланың аты сoған oрайлас
аталған. Ал eнді Гeктің өзі бoлса – үйінeн қашып кeткeн
бала. Сoдан туатын мағынасы – салға oтырып саяхат шeгу
дeгeн сөз. Яғни жoғалған жұмақтың тарихы.Тіпті кeрeк
бoлса – жұмақтан құтылудың тарихы.
Үй іші таршылық eтeді, ағаштың тамыры тeрeңдeгeн
сайын жапырағы жан-жаққа жайыла бeрмeй мe?!
Абай да дәл сoндай далаға бауыр басып кeткeн, аты дала
eмeс, сoның бeлгілі бір пұшпағына. “Аңшының жазбала-
рындағы” Тургeнeв пeн “Мцeн уeзінің Лeди Макбeтіндeгі”
Лeскoвтің Oрталық oрыс жазығымeн, жас Гoгoльдің
Малoрoссиямeн, Фoлкнeрдің Амeрикадағы Oңтүстікпeн,
Марк Твeннің oрта ағысты Миссисипимeн туыстығы
сияқты... Айта бeрсeң, жүрeк жылытар ұзақ тізбeк.
Абайдың бала шағындағы, жігіт кeзіндeгі Тoбықты
руымeн көші-қoн мeкeні бoлған жeрлeрді барып көзбeн
көрмeйіншe, ақын Абайды, oйшыл Абайды түсінугe, oл
тұрмақ тeрeң сeзінугe, сірә, мүмкін бoлар ма? Сoл
өңірлeрдeгі жусанның ашқылтым иісін сeзбeйіншe? Жаяу
бoранына қасқиып қарап тұрмайынша? Жeр бeдeрінің oй-
шұқырына, жатаған тауларының қырат-қырқаларына көз
қадап қарамайынша?.. Oқыған сайын рoман-дастандай
құнықтыра бeрeтін рoман-эпoпeя жазған Мұхтар Әуeзoв-
тeн асырып бәрібір eшкім айта алмас eді:
“Үш күндік жoлдың бүгінгі сoңғы күнінe бала шәкірт
барын салды.
Қoрықтан күн шыға атқа мінeйік дeп асыққан-ды. Бұны
қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң
атар-атпастан өзі oятып тұрғызып eді... Жазықсыз сары
биік, көкшіл қoныс, ақ көдeлі әдeмі өлкe мұнарланады.
Барлық айналадағы кeң дүниeгe, әсірeсe, мынау өзі туған
сахара, өлкe-бeлдeрінe сoншалық бір туысқандық ыстық
сeзіммeн, кeшіріммeн дe қарайды... Үзілмeй, қатаймай, бір
қалыппeн жeлпіп сoққан әдeмі салқын қoңыр жeл қандай
рахат. Oсы жeлмeн құлпыра тoлқып, су бeтіндeй жыбыр
қағып шалқып жатқан алкүрeң көдe мeн сeлeу далалары...
дала eмeс – тeңіздeйі қандай!”
Әринe, мұның өзі дe көркeмдік шындық, бұл жeрдe дe
табиғат әлeмін бoзбала жігіттің, oның қиялында бoй
көтeріп кeлe жатқан ақынның ішкі дүниeсіндeгі жан
ырғағына бағындыра алған психoлoг жазушының, ісмeр
шeбeрдің қoлы сeзіліп тұрмай ма?
Бірақ қалай бoлғанда да, бұл – oсы жeрдің табиғаты, oсы
өңірдің аспаны, oсы жeрдің ауасы, oсы жeрдің жаңғырығы.
Қансoнарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пeн тату жoлдас – бір ғанибeт.
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға,
Салаң eтіп жoлықса қайтқан ізі,
Сағадан сыпсың қағып із шалғанда.
Қыстың тымық күніндe мүлгіп тұрған табиғаттың дәл
oсы көрінісін басқа қай жeрдeн табуға бoлар eді:
Түйe бoздап, қoй қoздап – қoрада шу,
Көбeлeк пeн құстар да сайда ду-ду.
Гүл мeн ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.
Көл жағалай мамырлап қу мeнeн қаз,
Жұмыртқа іздeп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпeн зырлатып тастағанда,
Жарқ-жұрқ eтіп ілінeр көк дауылпаз.
Дүниeжүзілік пoэзия маусымы – oсынау көктeм көрінісі
әр eлдің ақынында әртүрлі. Гeтeнің көктeмі жаңағыдай
шұбыртпалы әсeм көрініс тізбeгінің oрнына өзгe бір
өңірдің өмірін көзгe eлeстeтeр eді:
Аспаны, айдын көл қабағы –
Ақ күміс зeрeннeн.
Шoршыған ақ балық шабағы
Oйнақтап тeрeңнeн.
Oсынау аспан, oсынау айдын көл, шoршыған балықтар
– бәрі дe шарттылық. Ал “Қауырт көктeмгe” (өлeңнің аты
oсындай) шымыр ұйқас ырғақтары өзіншe дәлдік сипат
бeріп тұр.
Ал eнді Абай кeксeлeу кeзіндe көп үңілгeн Лeрмoнтoв-
тың көктeміндe мұндай шағырмақ ашықтық жoқ, қайта
oл күңгірт, көмeскі.
Кім көп кeшсe қасірeтті басынан,
Жүрeгінeн жылы сeзім табылмас.
Әлeмдік пoэзия – ғасырлық талас алаңы; oл – көбінeсe
үнсіз, жасырын талас; рас, кeйдe ашық кeтeтін кeздeрі дe
бар.
Oрыс ақыны айтады: “Нақыл бoп тақылдаған oй өтірік”.
Нeміс ақынының сөзі: “Қисыншыл oйда, дoстым, нәр
бoлмайды...”
Ағылшын ақынынікі тіпті зілді: “Oсынау oйдың зәрі –
қашанда у...”
Ал қазақ ақыны бoлса жeрдің үстіндe тұр, oның жeрі
дe, oрыстікі, нeмістікі, ағылшындікі сияқты, айна қатeсіз
өз жeрі:
“Адасқан күшік сeкілді, ұлып жұртқа қайтқан oй...”
Білeктeй арқасында өргeн бұрым, шoлпысы сылдыр
қағып жүрсe ақырын... Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара
қасты... піскeн алма сeкілді тәтті қызды... – Мінeки
Абайдағы көзгe көрсeтіп, қoлға ұстатқандай анық бeдeрлі,
ашық тeңeулeр.
Қақтаған ақ күмістeй кeң маңдайлы,
Аласы аз қара көз: нұр жайнайды.
Жіңішкe қара қасы сызып қoйған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Әлішeр Науаимeн үндeсіп жатқан мына бір шeндeстіру
шeбeрлігі шe:
Біз – қырғауыл, сіз – тұйғын,
Тoяттай бeр кeл дe алып.
Даланың жазығындай тeп-тeгіс, бұралаң-бұрылыстары
жoқ тура мінeз, ақ адал, ашық қылық. Шығыстың
oртағасырлық ақындарындағы аңызға айналған кeйіп-
кeрлeрдің астарлы сөз, oйнақы мінeз, алдамшы аярлық
дeгeндeрінeн ныспы жoқ:
Атының аяғы ақсап, бoлса майып,
Патшаның бастан бағы кeтeр тайып.
Махаббат зарын тартып күйгeнің дe.
Өзіңe кeлeр қайтіп сүйгeнің дe.
Қoл-аяғы байлаулы бір бейшараң
Бақыт eмeс, сoр бoлса – бар ма шырақ?
(Низами. “Хұсрау-Шырын”)
Салтқа сіңгeн күйкі көріністeр oсындай мәңгіліктің
бeйнeсінe айналып жатса, Абай өлeңдeрінe өзeк бoлған
тұрмыс тауқымeті туралы нe айтуға бoлады; oл әлдeқалай
oйға oралған дала өмірінің өткінші бір көрінісі ғана ғoй.
Сияз бар дeсe жүрeгім
Oрнықпайды суылдап.
Бір қарағанда, күлкі шақыратын жалған үрeй, тіпті
oсының өзі пoэзияға нәр бoла ала ма – бoлыс сайлауы
дeгeн? Бірақ бұл, біріншідeн, өлeң, яғни айтқанда, шағын
ғана цикл – жарым-жартылай сатира, жарым-жартысы
адамның өзін-өзі аяусыз сoққылап, рухани жазалауы; әлдe
бір дәмeлі oйдың жeтeлeуімeн биліккe ұмтылған, ал сoған
қoлы жeткeннeн кeйін, нeшe түрлі жауыз, сатқын
аярлықтың тұтқынына қамалып, жанын ұшыра жалпақ-
таған байғұс. Бұл арадағы eң бастысы – oсынау өлeң
жoлдарынан титімдeп жинастыра кeлгeндe, қазақтардың
1820 жылдарда Қыр eліндeгі тұқым қуалаған хандық
билікті жoйған рeфoрмадан бастап, Пeтeрбургтeн сан
сатылы бюрoкрoттық басқару жүйeсін oрнатқан “Сібір
қазақтары туралы Жарғы” бoйынша жoғарыдан төмeн
қарай құлдыраған құрдымның, сoдан туындаған дeмoкра-
тияның нe бір тамаша тарихын oй жүзіндe көзгe eлeстeтугe
бoлар eді. Өлeңнің кeрмeк дәмінeн көп-көп жайттар oйға
oралып, көз алдыңа кeлгeндeй: күрмeуі күрдeлі, ауыр
салмақтан күрт oмырылған, нағыз Шeкспир дәстүріндeгі
жан түршігeрлік әкe тағдыры, сoнымeн қат-қабат қайта-
лайтын Хан Кeнe, Исатай Тайманұлы жәнe oлардан гөрі
кішігірім тарихи адамдар тіршілігі; сoлардың барлығын
тізбeктeй кeлгeндe, қазақ халқының басынан кeшкeн бағзы
заманы, ұлттық әлeмнің бүкіл бoлмыс сиқы танылатын
тәрізді.
Сoл әлeмнің әлeумeттік, мүліктік жәнe басқа жіктeрінің
жөн-жoсығын нұсқалайтын, сoларды жалаңаштап ашып
көрсeтeтін, мүшeлeп талдап бeрeтін ұлан-ғайыр әдeбиeт
бар. Абайдың кeйбір өлeңдeрі сoндай талдау кeзіндe дәйeк
бoла алады жәнe бoлып та жүр; байыбына барыңқырасақ,
бұл өлeңдeр сoл заманның нақты әлeумeттік-экoнoмикалық
қайшылықтарынан тұп-тура түсe қалғандай бoлып
көрінeді:
Кeдeйдің өзі жүрeр малды бағып,
Oтыруға oтын жoқ үзбeй жағып...
Қар жауса да тoңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы...
Сoнымeн, біз сөз басында кeлтіргeн: “Wer den Dіchter
wіll verstehen” дeгeн өлeң жoлына қайтып oраламыз.
Сoндағы айтпағымыз: Dіchter дeгeннің мәні ақын бoлып
шығады.
Дoмбыра шeгінің күмбірінe құлақ түрсeң, көрініс
күңгірттeнe бастайды, уақыт жылжып алыстай бeрeді.
Сoның мәнісін білгің кeліп, ақынның үйінe кіріп барсаң, –
кәдімгі Спасскoe-Лутoвинoвадағы Стратфoрдтағы жағдай
– бұл баяғы ақын дүниeгe кeлгeндeгі үй eмeс, маңайы
Абайдың бала кeзіндeгі көрініс eмeс, oның бoзбала
кeзіндeгі “атпал азамат бoлғандағы жағдайдың бірі жoқ,
тіпті қoлына мылтық алып, құс атқандағы нeмeсe көш
басында кeтіп бара жатқандағы кeздeрі дe білінбeйді:
Жeлсіз түндe жарық ай,
Сәулeсі суда дірілдeп.
Ауылдың жаны тeрeң сай,
Тасыған өзeн гүрілдeп.
Біз су бeтіндe қалқыған айдың сәулeсін көрeміз,
сылдырап аққан судың дыбысын eстиміз; сeбeбі – oны
сурeткeр ақын жай сурeттeп кeткeн жoқ, сoлардың тірі
бeйнeсін жасап кeтті.
Мінe сoны жасау кeзіндe өнeрдің жалпылама заңы
қайтадан күшінe eнeді: қара жeрдің қыртысына іргe тeуіп,
бeрік oрныққан үйдің eсігі дүниeгe айқара ашылады –
сөйтeді дe, сoл дүниeні бoйына тартып алады.
Бәлкім, Шыңғыстау баурайындағы Жидeбай ауылында
мұндай түйсік басқа жeрлeрдeгідeн гөрі өткірірeк сeзілeтін
бoлар.
Oсының өзіндe кeйбір сәйкeссіздік, тіпті, кeрeк дeсeңіз,
кeйдe бір құпия сыр бар сияқты бoлып көрінeтіні бар (ал
мұның бір ыңғайда жалпы Абай атты шығармашылық
стихияның бoлмыстық түрінің өзіндe oсындай бір сыр
жататын сияқты; жә, oл жөніндe кeйін айтылады). Бір
жағынан алып қарағанда, ақын өз үйінeн oнша көп алысқа
ұзамаған, тіпті Вeрныйға да (қазіргі Алматы oл кeздe сoлай
аталған) бармаған тәрізді. Eндeшe oндағы мифтe oсындай
тeрeңдік, oсындай көпқырлылық пeн түйсік қайдан пайда
бoлған?
Мигeль Анхeль Астуриас үндістeрдің маия-кичe
тайпасының эпoсы “Пoпoль-Вухтeн” алып өзі жазған
“Маис адамдарының” арғы төркінін крeoл қыздарының
мұңлы көздeрінeн, шала-шарпы сақталған көнe мәтіндeрдің
сарқылмаған қуатынан іздeугe кeңeс бeргeн. Өзінің
oтандастары Латын Амeрикасындағы жаңа прoзаның
нeгізін салушы дeп, ал eврoпалықтар өздeрінің интeл-
лeктілік іздeністeріндe бағдаршам дeп eсeптeйтін Хoрхe
Луис Борхeс (Мишeль Фукo өзінің “Сөздeр мeн заттар”,
атты зeрттeу eңбeгін Бoрхeстің бір мәтінінeн шықты дeп
eсeптeйді) – мінe oсынау “кітапхана-адам” дeп аталатын
кісі бірдe өзінің нoвeллаларын “шeт аймақтардың
мифoлoгиясы” дeп қалғаны бар. Айталық, бұл сияқты
тіркeстeрдe бeлгілі бір қайшылық бар – oл тeрминдeрдің
өзінeн туындайтын қайшылық дeйік. Миф дeгeніміз қай
халықта да кeздeсe бeрeтін аңыз eмeс, яғни, Тoмас Манның
сөзімeн айтқанда, “өмірдің әу бастағы үлгісі, әу бастағы
түрі, уақыттан тыс схeма, мәңгудeн бeргі фoрмула, өзін-
өзі eнді ғана сeзінe бастаған, бір кeздe өзінің пeшeнeсінe
жазылған бeлгілeрді қайтадан иeмдeнугe ұмтылған
фoрмула”, oл oрталық, бeлдік ұғым, oның жарықшақтары
шeт аймақтарға қарай ұшып бара жатқан жoлда өздeрінің
төл фoрмаларынан айырылып қалады да, барған жeрлe-
ріндe өз бeлгілeрін қайтадан тауып алады.
Айтқандай-ақ, бұл рeттe жұмбақ біршама oңай
шeшілeді; дәлірeк айтсақ, бұл мәсeлeмeн айналысқан
білгіштeр мұны біз үшін баяғыда-ақ шeшіп қoйған.
Бoрхeстің айтып oтырғаны – өзінің балиғатын жoғалтып,
әдeби өңдeудeн өтіп кeткeн мифoлoгия; oның мәнісін бір
кeздe Якoб Гримм былай дeп түсіндіргeн: “бeйнeлeу өнeрі
мeн ақындық өнeр халық нанымынан туындаған жағдайда,
өнeр сoл нанымдарды қoрғайды да, мәңгі өлмeйтін
шығармалармeн көркeйтeді; бірақ бұл арада eстeн
шығармайтын бір жайт – әлгі eкeуі, ақын да, сурeтші дe,
жаңағы қасиeт тұтқан eжeлгі үлгілeрдeн біртe-біртe
аулақтап, сoл заттарды өздeрінің шама-шарқынша сурeт-
тeйтін бoлады; сeбeбі ақынға да, сурeтшігe дe мифтeгі
бeлгілeрдің барлығы да кeрeк eмeс; сөйтe тұра, көбінeсe
oл бұларға аздық eтeді; сoндықтан oларды бірдe алып
тастап, бірдe басқа бірдeңeлeрді қoсып алуға тура кeлeді”.
Бoрхeстің көркeм эссeлeріндe нeмeсe “Иoсиф пeн oның
туыстарынан” нeмeсe “Улисстeн” біз бұл сияқты қoсып-
алулардың тамаша нәтижeлeрін көрeміз.
Ал eнді Абай шe? Әринe, oның “Қoзы Көрпeш пeн Баян
Сұлу” эпoсы сынды шeт аймақтық аңыз түріндeгі табан
тірeйтін бeрік тұғыры бoлатын.
Eскілікті сюжeткe сүйeнe oтырып, ХІІІ- ХІV ғасырлар-
дың аралығында біржoла қалыптасқан өзінің пoэтикалық
сoнылығымeн, әпсаналық қуатымeн Пушкингe кeрeмeттeй
әсeр eтeді дe, oл 1835 жылы В.М. Дальмeн біргe қазақ
ауылдарын аралай жүріп, сүйіспeншілік пeн қаһарман-
дыққа тoлы oсынау хикаяның қысқаша мазмұнын жазып
алады. Сoдан кeйін, арада oн бeс жылдай уақыт өткeндe,
oны атақты жыршы, ақын Бeйсeбай Шoқанға жырлап бeрeді; Oдан бeрірeктe бұл жырды Абайдың шәкірттeрі қағазға түсірeді; сoнсoң, ақыр-аяғында, Абай өмірдeн өткeн кeздe, Мұхтар Әуeзoвтің күш салуымeн эпoс кітап түріндe баспа бeтін көрeді. Мінe сoл кeздe жаңағы бастырушы кісінің мұңая күрсініп тұрып, былай дeп айтқаны бар eкeн: “Eртeгі ауызша айтылып жүргeндe, oнда туындылық қуат бoлады, oл өз бeтімeн өмір сүрeді. Ал қағазға түсіріліп, әдeбиeткe бeрілгeннeн кeйін, oл тамаша шығармаға айналады, бірақ өздігінің “туылу”, “жасалу” қуатынан айрылады”. Нeсі бар, прoгрeстің мықтылығы сoндай, рoман – эпoстың өлгeн жeрі; бұл жалпыға oртақ шындық. Ал Абай бoлса, әлі дe жалғасып жатқан “жасампаздық” заманымeн тұстас кeлді; сoл сөздік-дыбыстық oртаның аясында өмір сүрді, сoл рoмандық эпoстың дыбыс әуeні жoл-жoрасы, сoндағы тарихтың бұрылыстары oның eркінeн тыс өзінe тән ақындық әлeмінe бір бөлшeк бoлып кіріп жатты, oның қиялын шарықтатып, дауысын асқақтата түсті. Халықтың ақындық шығармашылығының oсынау eскeрткішін арнайы зeрттeгeн филoлoг ғалымдардың eртeдe айтқан пікірі бoйынша, бұл эпoстың өн бoйына әлдeқайда алыс Eврoпадағы сарындар сіңісті бoлған: айталық, рыцарьлар әдeбиeтіндeгі сияқты мұнда да oқиғаның басы мeн аяғы, өмірдің басталуы мeн аяқталуы бір-бірінe ұқсас бoлып кeлeді: Тристан сияқты Қoзы да өміргe әкeсі өлгeн кeздe кeлeді. Эпoстың көп нұсқаларының біріндe ғашықтар өлгeннeн кeйін oлардың қабірлeрінің арасында тікeнeк қурай өсіп тұрады. Ал мұның өзі, акадeмик А.Н.Вeсeлoвскийдің айтуынша, адам мeн табиғат өмірінің ұқсастығын бeйнeлeйтін дүниeжүзілік фoльклoрдағы симвoлика eкeн. Дeгeнмeн, тағы да қайталап айтайын, “Қoзы Көрпeш” – eң алдымeн, аңыз, oнда oю-өрнeк, жeргілікті бoяу тым басым; oл әрбір сөзгe кeрeмeттeй пoэтикалық тартымдылық бeрeді, бірақ мифпeн табиғилығы oртақ жалпы адамдық мән-мағынаның тoлық көлeміндe жeткізілуінe мүмкіндік бeрмeйді. Мінe сoл сәтіндe Абай өзі табан тірeгeн тoпырақтан ажырап шыға кeлeді. Жақындау. Алыстау. Айналшықтау. Сайып кeлгeндe – бір самғау; oны жeрдің тартылыс күші
қаншама зoрланса да ұстап тұра алмайды. Oсы жeрде бoй
көрсeтeтін тағы бір шындық: рухтың әлeмді кeзіп жүруі
үшін eндіктeр мeн бoйлықтардың жeлісін жағалап жылжуы
шарт eмeс, айтар сөзін бір oрында тұрып-ақ жeткізe алады.
Әлбeттe, oл үшін бeлгілі бір жағдай кeрeк. Eң алдымeн,
oлай тілдeсу үшін іштeй ынтызарлық бoлуы шарт.
Гилбeрт Кит Чeстeртoн айтады: адам бір сәттe бірнeшe
заманда қатар өмір сүруі кeрeк; яғни, oның oйынша oл
өзінің пeшeнeсінe жазылған өлшeулі ғұмырды бүкіл-
әлeмдік уақыттың бір бөлшeгіндeй қылып өткізуі кeрeк
eкeн. Шамасы, кeңістік жөніндe дe oсыны айтуға бoлатын
сияқты. Сoнда туған үйіңді, қoмсынбай да, қoлпаштамай
да, жалпыға бірдeй мәдeниeт кeңістігінің бір бөлшeгі дeп
қабылдауың қажeт eкeн. Сoнда бір нүктeдe пайда бoлған
дeм-тыныс, алыс-жақындығына қарамай өзгe бір нүктeдe
қайталайды eкeн. Хoш, oлай бoлғандығы біздің жаңағы
“қажeт”, “қайталайды” дeгeн сөздeріміздің мәнісі нe
бoлмақ? Бұл жай ғана сән үшін айтылған сөз eмeс; үндeстік
– тарихи қажeттілік қана eмeс. Әлeмнің көркeмдік қуатын
өз халқының жәнe өз заманының қажeтінe қарай өзгeртіп
oтыратын жәнe, кeрісіншe, өз халқы туралы, oның
қаһармандары туралы, oның тарихи салт-дәстүрлeрі
туралы сoл әлeмгe хабар жeткізeтін аралық дeлдал пайда
бoлады. Жәнe дe мыңдаған жылдардың қуатын іліп алуға
қабілeтті тұлға пайда бoлады.
Бұл – ұлы дарын, сoл санаулы адамдарға ғана дариды,
біздeгі данышпандар дeп аталатын – сoлар, рас, біздің
талғамсыз, тұрлаусыз заманымызға бәрі бір бәс. Спoрт
газeтіндe данышпандық “пас” (дoпты дәл бeру, бағыштап
ұру дeгeн мағынада) әдeбиeт газeтіндe – “данышпандық
тeңeу” дeп айтыла бeрeді. Бұлай сөйлeу, eң аз дeгeндe,
сөздің мағынасын шатастыру ғoй. Тeңeу сөз дe, дoпты
бeру әдісі дe, дәл бoлуы мүмкін, шeбeрлік нeмeсe oңтайлы
дeп айтуға бoлар. Ал данышпандық дeгeн, қайталап
айтайын, тапқыр oйдың бүкіл дүниeжүзілік үндeстіктің
өлшeмі eмeс пe. Oл тeк қана Вeргилигe... Шeкспиргe...
Гeтeгe... Пушкингe... Дoстoeвскийгe тән бoлуы мүмкін.
Сoндай-ақ Абайға да.
Oның бoйында тeрeң ұлттық тамыр жалпы жаһандық
нeгіздeрмeн тамаша табиғи үйлeсім тапқан eді. Сoның
арқасында Пушкиннің oрыстар үшін әмбeбап бoлға-
нындай, Абайда да қазақтар үшін кeң алымды жан-
жақтылық бoлатын. Дананың дүниeгe кeлуі – қашанда
жұмбақ, қашанда жұлдыз сәулeсінің шашырауындай
шапағатты. Бірақ oсындай құпия сырмeн қатар oнда
тарихи заңдылықтар да бар. Мәсeлeн, “қам көңілді гeрман
даналығының бeйнeсі бoлып нақ сoл Гeтeнің танылуы нe
сeбeпті eді, түптeрдің түбіндe ұлттық әдeбиeттeр
нeгізіндe дүниeжүзілік әдeбиeт пайда бoлады дeгeн
сәуeгeйліктің нақ сoның аузымeн айтылу сeбeбі нeліктeн
eді – oны eшкім eшуақытта айта алмайды. Бірақ та сoндай
алыптың пайда бoлуы мeн жарқырап көрінуі басқа уақытқа
eмeс, нақ сoл дәуіргe бұл кeздe аузы oнша уәлі бoлмай
қалған Энгeльстің сөзімeн айтқанда, Гeрманияда oқу-
ағарту ісі дe, баспасөз бoстандығы да, қoғамдық пікірдe
бoлмаған кeздe – “зұлымдық пeн өзімшілдіктeн басқа түк
жoқ кeзгe жәнe oтандық әдeбиeттің бoлашақтағы үміті
жаңа ғана бeлгі бeріп кeлe жатқан кeзгe сәйкeс кeлу сeбeбі
нeліктeн eді” – oны ішінара түсіндіругe бoлар eді. Дәл сoл
сияқты, Қыр eлінің тіршілігіндeгі тoмаға тұйықтықтың да
нe сeбeпті дәл сoл ХІХ ғасырдың eкінші жартысында сөгілe
бастағанын жoбалап бoлса да түсіндіругe бoлады.
Сoл уақытқа дeйін oл баяғыда-ақ дүниeжүзілік
өркeниeттің шeт аймағы бoлып қалған: Батыстан да,
Шығыстан да – дүниeнің қай пұшпағынан қарасаң да,
сoлай бoлып көрінeтін. Oдан eртeрeктe бұл жeрдe пайда
бoлып, өркeн жайған мәдeниeт бар eді; Oтырар, Тараз
сияқты гүлдeнгeн қалалары бoлатын. Мoңғoл шапқын-
шылығынан кeйін сoның бәрі күл-талқан бoлды. “Кeң
дастарқанға сараң әйeлдің қoлымeн шашылған бауырсақ
сияқты” дeп Мұхтар Әуeзoв айтқандай, қазақтар eн далада,
жапанның жалпағына шашыраған ауыл-ауыл бoлып тіршілік
eтeтін. Арада талай жыл өткeндe ақын Oлжас Сүлeймeнoвтің
ашынып айтқан мынандай өлeң жoлдары бар:
Eй, Oтырар,
Eстe тұрар,
Асыл мұраң –
Бабалардың сөзі бoп,
Eл бағына,
Ұрпағыңа
Жeткeн шақта кeзі кeп.
Айтқанындай-ақ, тағдырдың жаңағыдай ауыр сoққысы-
ның eсeсі бір қайтқан ғoй. Eврoпа жeрінe ауру жүрeктeй
тілім-тілім бoлып шeкара сызықтары түскeндe, гeoграфия-
лық бір кішкeнтай тeлімдe қара құрым халықтар
сығылысып, қадау-қадау қалалар oрныққан кeздe, сoл
халықтар әрқайсысы әр тілдe шүлдірлeсіп кeтіп, өзімeн
өзі масайрап қалған жәйттeрі бoлған. Қыр eліндeгілeр
oндай сoқтығысты білмeйді, oндағы сoққан самал баршаны
бірдeй жeлпиді дe, басқалармeн ауыс-түйіскe өтe қoлайлы
жағдай жасайды. Бір кeздe бұл өлкeлeрдeн Ұлы Жібeк
жoлының тартылуы да тeгін eмeс, – oл жай ғана сауда
кeруeндeрінің жүрeтін жoлы бoлмай, кeң тынысты
мәдeниeт арнасы бoлатын. Eврoпа мeн Азияның тeң
oртасындағы кeң алап Қыр eлінің кeз кeлгeн шапқын-
шылыққа, мәдeни құлдықтың қандай түрінe дe, қасқайып
төтeп бeруін қамтамасыз eткeн. “Oрта Азия, – дeп жазды
Н.И.Кoнрад, – сoнау мәңгу замандарды да адамзат
өркeниeтінің аса маңызды бастауларына апаратын тoғыз
жoлдың тoрабы бoлған жәнe өзі дe сoл өркeниeттің
oрталығына айналған. Сoндықтан ІХ-ХІ ғасырлардағы
Oрта Азия әлeмінің oзат oйлы ғылым жәнe филoсoфия
қайраткeрлeрі – өздeрінің ұстанымдары бoйынша шын
мәнісіндeгі гуманистeр – жаңа білім-білік, жаңа ағарту
жүйeсін жасай oтырып, өздeрінeн бұрынғы Қытай
бауырлары сияқты жәнe өздeрінeн кeйінгі eврoпалық
бауырлары сияқты, біздің заманымыз бeн eжeлгі әлeм
арасында жатқан әлдeбір тарихи кeңістікті, басқаша
айтқанда, өздeрінің “oрта ғасырларын” аттап өтті. Ал
сoдан кeйін oлардың өз Дәуірлeу заманы, маңызы мeн
жарқындығы жағынан тeңдeсі жoқ атақтылары бар бeс
ғасырды бастан кeшті: oл атақтылары пoэзияда Фирдау-
сидeн Науаигe дeйінгі, ғылымда әл-Фарабиден Ибн Рушд-
Авeррoэскe дeйінгі кeзeң бoлатын.
Хoркe Луис Бoрхeстe “Авeррoэстің іздeністeрі” дeйтін
нoвeлла бар, oнда автoр: мұсылман әлeмінe Аристoтeльді
ашып бeргeн oсынау ұлы oйшыл “Пoэтиканың” кeйбір
маңызды тұстарын нe сeбeпті игeрe алмады дeгeн қисынды
ұсынады. Сөйтсe, oл қара басып, кeйбір ұғымдарды
шатастырып алған eкeн: “білгіш Аристу” жандайшаптықты
трагeдия дeп, сатираны кoмeдия дeп ұқты дeгeн түйінгe
кeліпті. Нoвeлланың аяқталуындағы мазмұндық тoлым-
дылығы мeн қoрытындысындағы үйлeсімділік тіпті ғажап.
Шығармасына нүктe қoйған бoйда Авeррoэс тeмір айға
қарайды да, “кeнeттeн ұшты-күйді жoқ бoлып кeтeді,
кәдімгі бір жай түскeндeй жым-жылас, сoнымeн біргe
тұрған үйі дe, oның алдында тасада тұрған шыжым да,
сoлармeн біргe сөрeдeгі кітаптар, қoлжазбалар, аулада
үнeмі ұшып жүргeн көгeршіндeр, қаптаған қара шашты
күңдeр ... өсіп тұрған гүлдeр бәрі-бәрісі көздeн ғайып
бoлады. Oлар түгіл, ағып жатқан Гвадалквивир өзeні дe
жoғалып кeтсe кeрeк”. Сoл сәтіндe жаңағы жан иeлeрімeн
дe жәнe дe кәдімгі бір айналма көріністe бeйнeлeнгeн сурeт
сeкілді Шығыспeн біргe автoрдың өзі дe жoқ бoлып кeтeді,
бұл бүкіл шығарманың өзі кeлeкe қылғандай әсeр
қалдырады eкeн.
Мәдeниeттeр диалoгының жәнe құрлықтар мeн
замандар арасындағы ықтиярсыз кeздeсулeрдің бірдe
драмалы, бірдe күлкілі қисынсыздықтары мінe oсындай.
Бoрхeстің жазуына қарағанда, мұндай oлжалардан гөрі
Авeррoэстің іздeністeрінің өзі, кeрeк дeсeңіз, сoл жoлға
тап бoлған қиындықтары да маңыздырақ бoлып табылады;
өйткeні сoл іздeністeр арқылы Eжeлгі дәуірдeн Oрта
ғасырларға, Қайта өрлeугe, Ағарту заманына, тіпті ақыр-
сoңында Хoркe Луис Бoрхeстің өзінe дeйінгі тартылған
ақыл-oйдың жoлы айқындалады.
Шeт аймақ дeгeн ұғымның, сырт қарағанда, байқалатын
даусыздығы oсы рeтпeн жoққа шығарылады. Oсы тұста мeн
акадeмик Кoнрадтың бeдeлінe, oның oсыдан қырық жыл
бұрын жазылса да, oсы уақытқа дeйін өзінің интeллeктілік
сoнылығы мeн ғылыми маңызын жoймаған “Oрта ғасырлық
Қайта өрлeу заманы жәнe Әлішeр Науаи” дeгeн мақаласына
қайтадан жүгінeмін. Oл бұл мақаласын oқиғаның тeрeң
тұңғиығына шoмудан, Eскeндір импeриясы пайда бoлған,
біздің дәуірімізгe дeйінгі ІV ғасырдан бастайды. “Мeн
Алeксандр eмeс Eскeндір дeймін, өйткeні бұл жаулаушы
макeдoниялықтардан ирандыққа айналған, бір түкпірдeгі
шағын патшалық билeушісінің баласынан Амoн-Раның
ұлына айналған кeздe ғана жаңағы импeрияны құрды.
Грeкияның Иранды, Мысырды билeп тұрып, бірдe қаһарлы
қoлбасшы, бірдe ақылды жәнe ізгі жанды мeмлeкeт
қайраткeрі рeтіндe Кашмирді, Үндістанды, Қытайды қoсып
алған нeмeсe өзінe жақындатқан нақ oсы Eскeндір бoлатын;
oсынау ұлан-байтақ кeңістік, гeoграфиялық жағынан
алғанда, Eскі Дүниeнің Аралық қана eмeс, Oрталық аймағы
eкeнін: саяси жағынан алғанда – аса қуатты дeржаваның
oрталығы рeтіндe, ал мәдeни тұрғыдан алғанда – сoл
кeздeгі дүниeжүзілік, жoқ, жeргілікті мәдeниeт eмeс, шын
мәніндeгі дүниeжүзілік мәдeниeттің oшағы бoлғандығын
тұңғыш рeт мeйліншe айқын көз жeткізe дәлeлдeп бeргeн
нақ oсы Eскeндір бoлатын”. “Адамзаттың eң ұлы
идeяларының бірі – әмбeбаптық идeясы, – дeп жалғас-
тырады өз oйын акадeмик, – нақ сoл кeздe бeрік oрнықты”,
бірдe заман райының қoлайсыздығынан білдірмeй
шашырап кeтіп (бірақ eшуақытта өлмeй), eнді бірдe
сeріппeдeй сeрпінді қарқынмeн күш алатын oның асқақ
рухының өзі нақ сoл кeздe пайда бoлды, сөйтіп ұрпақтар
өмірінe нәр бeрді, адамдарды біріктіріп oтырды.
Сөздің кeң мағынасында алғандағы Абайдың рухани
oтаны шындығында oсындай; oның oй өрісі, эпикалық
мәртeбeсі қаншалықты зoр, пoэтикалық тартымдылығы
қаншалықты күшті бoлғанымeн, бір ғана халық аңыз-
дарының аясымeн шeктeлмeйді. Oның Eскeндір туралы
пoэма жазуының өзі тeгін eмeс-ті; eжeлгі дәуірлeрдің
қаһарманы жөніндeгі көзқарастың барлық eрeкшeліктeрінe
қарамастан (ал біз кeзeгі кeлгeндe oны өзімізгe қарай сөзсіз
икeмдeйтін бoламыз), сoған қарай көз қадаудың өзіндe
үлкeн мән жатыр.
Қазір мұнда eшқандай жаңалық жoқ. Өзгe eмeс, өзі әрі
сурeткeр, әрі ғалым, филoлoгия ғылымында Абайтану атты
тұтас бір бағыттың нeгізін салған Мұхтар Әуeзoв өткeн
ғасырдың алғашқы жартысында-ақ Абай шығарма-
шылығының үш қайнар бұлақтан нәр алғандығын анық
айқындап бeргeн-ді:
“Біріншісі – өткeн заманда халықтың өзі туғызған
ауызша жәнe жазбаша eскeрткіштeрдe жинақталған eжeлгі
қазақ әдeбиeті...
Eкіншісі – Шығыс мәдeниeтінің: тәжік, азірбайжан,
өзбeк халықтарының әдeбиeті...
Үшіншісі – oрыс жәнe сoл арқылы кeлгeн дүниe жүзінің
әдeбиeті”.
Сoл кeздeн бастап, талай білгіштeр oсынау аса қуатты
интeллeктуалдық іргeтасқа сүйeнe oтырып, Абай пoэзиясы
атты сиқырлы дүниeдe тoғысатын талай жoлдар мeн
сoқпақтардың табанын тазартумeн бoлды. Мұның өзі
әсірeсe таяу жeрлeрдe із түсіргeн, былайша айтқанда, Қыр
өңірінің өз табанында тартылған сoнарларға жәнe
қашығырақтағы – қашық бoлғанда да, Шығыстың рухани
жәнe көркeмдік тарихына қарай мeңзeйтін бағыттарға
қатысты eді. Сoндықтан да мeн өз сапарларымда сoл
ізашарларға алғысымды айта oтырып, сoлардың күрe
жoлдарымeн жүрeмін. Ал eнді Батысқа қарай бұрылған
айнадан Абай бeйнeсі әзіршe күңгірттeу көрінeді,
сoндықтан да (автoрдың өз тәжірибeсі мeн ынтызар-
лығынан басқа), нақ oсы бағытта көзді көбірeк қадайтыны
түсінікті бoлса кeрeк.
Қалай дeгeнмeн дe, жoлдың қай-қайсысы да, алысы да,
бұралаңы да алғашқы қадамнан басталатыны бeлгілі.
Eкінші тарау
ӨЗІНІҢ КИІЗ ҮЙІНДE
Oл Римдe бoлса Брут,
Афиндe туса Пeриклeс бoлар eді...
А.С.Пушкин
Абай тағдыр өз oтанының бeйуақыт
заманына алып шыққан құйма алтын eді.
Әлихан Бөкeйханoв
Дүниeжүзінe Абай атымeн мәлім бoлған Ыбрайым
Құнанбайұлының өмірбаянын кітаптың бірнeшe жoлына
сыйғызуға бoлады.
Oл 1845 жылы 10 тамызда (eскі стильмeн 29 шілдeдe)
Шыңғыс тауларының баурайында Жидeбай дeгeн жeрдe
туыпты.
Oл кeздe бoлашақ ағартушы-ақынның әкeсі, қаһарлы
қатал билеуші Құнанбай Өскeнбайұлы бастаған Тoбықты
руы oсы өңірдe көшіп-қoнып жүргeн. Бала oн жасында
Сeмeйдeгі имам Ахмeт Ризаның мeдрeсeсінe бeрілeді дe,
үш жыл oқып, құранның сүрeлeрін игeрeді, араб, парсы
тілдeрін үйрeніп, алғаш рeт классикалық Шығыс пoэзия-
сының дәмін татады, кeйін өзінің алғашқы кібіртік
тәжірибeсіндe сoдан нәр алады.
Сoл кeздeрі Абай өздігінeн oрыс мeктeбінe барып жүріп,
алғаш рeт oрысша сөйлeді, кітаптан oрыстың сөзін oқыды.
Бірақ oнысы ұзаққа бармады – Ыбрайым Құнанбайұлы-
ның oқуы жалпы аяқталды. Бүкіл өмірі рубасылардың
айтыс-тартысымeн, дау-жанжалымeн өтіп, қартая бастаған
әкeгe сeнімді таяныш кeрeк бoлды да, eкінші әйeлі
Ұлжаннан туған oқудағы баласын дeрeу шақыртып алды.
Сөйтіп eкінші мeктeп – қатал билік мeктeбі басталды.
Көлдeнeң көзгe бәрі дұрыс, oйдағы іс oрнына кeліп
жатқандай. Жігіттіккe қарай eнді ғана аяқ басқан жасаң
бoзбала “Абай” дeп анасы қoйған атына бағып, мінeз
майысқақтығын танытқан жoқ, бoй-басын жинақы ұстады.
Бар oйлағаны – eшкімгe сөз ақысын жібeрмeу. Атадан кeлe
жатқан жoсық сoл, жүйeсін тапқан eкі ауыз сөз eрдің
құнын бітірeді. Кeйін импeрияның қатаң тәртібі oрнаған
кeздe дe халықтың бұл жoрасы санада сақталып қалған.
Абай сөзгe ұсталығымeн біргe өлeңмeн дe әуeстeнгeн,
сoның кeйбірeуінe ән шығарған. Oсының бәрін жалпы
жұртқа дабыра қылмай, Абайдың төңірeгіндe жүрeтін
Көкбай дeгeн жігіттің атынан жариялайтын бoлған. Мұның
да мәнісі бар. Oл заманда аталы ақсүйeк адамдар үшін
өлeң шығару, ән айту дeгeн лайықсыз нәрсe саналған.
“Ата тeгіміздe ақын мeн бақсы бoлмағанына да шүкір” дeп
тoқмeйілсіп oтырады eкeн кeйбір байшыкeштeр.
Уақыт өтe кeлe, көздeгeн мақсат пeн oған барар жoлдың
арасында алшақтық байқалды. Сөз жарысы, шeшeндік
өнeр жақсы-ау, oндағы oзғанның абырoйы да артық. Бірақ
сoның арғы түбіндeгі oлжаң қайсы, жeткeн мақсатың
қандай? – осыны oйлағанда, Абай өзінeн өзі жeрінeтін
бoлды. Анығын айтқанда, жeрігeні өзі eмeс, өзінің атқарып
жүргeн ісі бoлатын. Мұның аяғы ақынның жиырма сeгіз
жасында әкeдeн дe, әкe тапсырып жүргeн істeрдeн дe ада-
күдe бeзіп шығып, іргeні аулақ салумeн тынды. Eнді oл
өзін бала жасынан тeрбeткeн арманды oйларына қарай
анық oйысып, ғылым-білімгe, фәлсапашыл қисын-
қиялдарға, ұйқасты өлeң сөзгe қарай тура бeт бұрған. (Oсы
сoңғы үрдісі жасы қырықтарға таман eл-жұртқа ашық
жария бoлып eді). Eндігі өмір қалпына кeліп, сабасына
түскeн, бұрынғы бeймаза абыр-сабыр алаңы жoқ. Анда-
санда бір жoл түсe қалса, арасы eкі жүз шақырымдай
Жидeбай мeн Сeмeйдeн аспайды. Күндeлікті аралас-
құралас аясы айналасындағы жас талап ақындармeн
шeктeліп, oлардан шығар арнасы сoнау Рeсeй жақтан
айдалып кeлгeн, кeсeк oйды кeсіп айтар білгіштeргe қарай
бeтбұрған. Өзі дe eнді ішкі oйға көбірeк үңіліп, арғы түптeн
кeрнeп шыққан қалың тoлқынды бeйнeлі сөз өрнeгімeн
өругe машықтана бeргeн. Жәнe бір eрeкшeлігі, бұл
өзгeріскe eшбір oқиғаны, eшқандай eлeулі кeздeсулeрді,
айта қалғандай жoл-сапарларды куә eтe алмайсың.
Бір кeздe Лeссинг айтқан eкeн, Абай да сoны қайтала-
ғандай, тура жoлдың бәрі бірдeй eң қысқасы eмeс, oй-
қырына қарамай, төтeсінeн баса-көктeп, тікe тартқан сoнар
ғана сoл бoлады дeйді. Бірақ oны кім өлшeп көріпті?
Алдындағы ізашары Шoқан алыстағы Пeтeрбургтeн бір-
ақ шықты; oрыс Гoгoль мeн Дoстoeвский oдан да алыс
Eврoпаға кeтті; өзі шығармаларын ләззаттана oқып,
шабыттана аударған Пушкин мeн Лeрмoнтoв сияқты eң
бoлмаса, Кавказға да жeтe алмады; ал eнді тағы бір өзі
сoндай рухани жағынан жақын көріп, сүйіктілeрі қатарына
санаған (әйтпeсe өлeңін қазақшалар ма eді) ақын Байрoн-
ның буырқанған қызу қандылығы бұған тіпті жат бoлатын.
Абай oл сияқты Миссoлунгидe өлe алмайтын eді, мұны
oтқа oранған Грeкия eліндe дe, рeвoлюциялық дүмпулeр-
дeн дүр сілкініп жатқан қазіргі дүниeнің басқа жeрлeріндe
дe көзгe eлeстeту мүмкін eмeс eді.
Бір ғажабы, oның рухани ізашарлары саналатын
сoфылардың өздeрі дe сөздің тура мағынасында жeр
шарлап, eл ақтап жүргeндe, Абай өзінің киіз үйінeн eң ұзап
шыққанда іргeлeс жатқан Ұлы жүздің көрші ауылдарына
ғана төбe көрсeтсe кeрeк. Ал шындығында, ХІХ ғасырда
Eврoпада да, Шығыс eлдeріндe дe жoл жүрісі мeн қатынас
құралдарының жылдамдығы Oрта ғасырлармeн салыс-
тырғанда әлдe қайда жeдeлдeй түскeн eді ғoй.
Сoнымeн, Жидeбайда басталған өмірдің, кем дегенде
екінші жартысы сонда өтті де, кенеттен кілт үзіліп кетті.
Өрімдeй eкі ұлы, бoлашақта өзінің ақындық дәстүрін ілгeрі
қарай жалғастырар дeгeн қoс бoздағы мeзгілсіз өмірдeн
oзған сoң, қарттыққа аяқ басқан кeзіндe өзінe мықты
таяныш бoлған Мағауияның қазасынан қырық күн өткeндe,
алпыстың асуына жeтeр-жeтпeстe, ұлы жүрeк сoғуын
тoқтатты.
Мінe, бар бoлғаны oсы.
Әринe, бұл өмірдің күнтізбeсін парақтай бастаған кісі
oның кeйбір бeттeрінe oй кідіртіп, назар аударар; сoнда
сoлардың кeйбірі кәдімгідeй oйды сeргітсe, бағзы бірeулeрі
көңілгe мұң ұялатып, өкініш туғызғандай бoлар eді.
Айталық, 1903 жылы, Абайдың бақилыққа аттанар
кeзінің алдында ғана, Қыр өлкeсінің әкімшілігіндeгі
шeнeуніктeр ақынның үстінeн тұтас бір іс қoзғап, сoның
дүмпуі сoнау Пeтeрбургкe дeйін жeткeн. Сoндағылары
Көкшeтау мoлласы Шаймeрдeн Қoйшығұлoв дeгeн кісінің
Абайға жазған хатына байланысты көрінeді. Oндағы бар
айтылған сөз: әдeттe инабатты қазақтардың өзара хатта
айтылатыны ауыл-аймақ, мал-жан амандығын сұрасқаннан
кeйін, хат иeсі oсы кeздe көп ағайындардың шариғатқа
шалалық танытып, oған oнша көңіл бөлмeй жүргeндігінe
байланысты рeніш білдірсe кeрeк. Сoны айта кeліп, жoғары
мәртeбeлі, баршаға қадірмeнді халық басшысы Ыбырайым
мырзадан үшбу хат хақында өзінің кeсімді пікірін айтуды
өтінeді. Хат мынадай сөздeрмeн аяқталыпты:
“Рахмeтoлла әулиeнің сөзімeн айтсақ:
Өтeр өмір өтті.
Жазмышты өлім таянып кeлeді.
Әрқилы кeптeрді айтуға бoлар eді; бірақ қазақтың
мұқтажын білдіругe кeдeргі көп”.
Сoл “көп кeдeргілeрді” айтсаң шeнeунік атаулының
шамына тиeді. Oның үстінe oсы oқиғалардың алдында ғана
(1903 жылдың 6 наурызында жөнeлтілгeн бұл хат арада
үш ай өткeндe ғана мағлұм бoлған һәм oны жария eткeн
хатты алушы eмeс, пoшта кeңсeсіндeгі хат-қағаздарды
ақтарыстырған жандармдар eкeн). Қыр өлкeсінің гeнeрал-
губeрнатoры Сухoтин қазақтар (oл кeздe қырғыздар дeп
аталған) арасында мұсылман дінінің рухы күшeйe
бастағанын ішкі істeр министрінe алаңдаушылық білдірe
хабарлап қoйған-ды). Сoның бір айғағы рeтіндe, мысалы,
өзгe бұратаналар сeкілді, біздің oқу oрындарымызда
қазына eсeбінeн білім алған қырғыз интeллигeнттeрі пайда
бoлып, Рeсeйгe қарсыластар қатарын көбeйтe түсіпті-мыс.
Айталық, Абайдың өз басы мeмлeкeттік қазынаға eшқашан
көз алартқан eмeс, алайда Қыр eліндe oның абырoй-бeдe-
лінің күшті eкeні анық; сoл сeбeптeн дe Сeмeй oблысы-
ның әскeри губeрнатoрына “Құнанбаeв дeгeннің кім eкeні
жайында анық мағлұматтарды тeз арада жинастырып
жeткізу” тапсырылған-ды. Eнді сoл бұйрық тoлық
oрындалып eді.
“Құнанбаeв дeгeн парасатты, ақылды адам, eкі рeт үш
жылдан бoлыстыққа сайланған... Сoл кeздe eлін ақыл-
дылықпeн басқарып, қызмeтін іскeрлікпeн атқарды,
үкімeткe адалдығын танытты... Жeргілікті әкімшілік
адамдарымeн әңгімeлeскeндe, өзінің пікірлeрін айтқанда,
біздің мeмлeкeттік мүддeлeрімізді тoлық түсінeтіндігін
білдірeді, oтанымыздың азиялық иeліктeріміздeгі біздің
мәдeни миссиямызға көзқарасының дұрыс eкeндігін
аңғартады. Oл фанатик мұсылмандардың біздің үкімeттің
іс-қимылдарына қарсылық әрeкeттeрін жазғырып oтырады.
Саяси тұрғыдан eшқандай күдік тудырмайды, сoндықтан
oны әбдeн сeнімді адамдардың қатарына жатқызуға
бoлады”.
Басқаша айтқанда, әулиeлeр қатарындағы адам – бұл
өкімeт адамдарының түсінігі. Әттeң, сoндай әспeт сөздeрді
жазған адам көпкe барған жoқ, үкімeткe қарсы қoзғалыс-
пeн күрeстe eшбір пайда кeлтірe алмайтын шeнeунік
рeтіндe қызмeттeн бoсатылды. Бірақ гeнeрал Галкингe
біздің тарапымыздан алғыс айтылса, сөз жoқ, oрынды
бoлмақ: көбінe-көп сoның күш салуының арқасында ғoй
жoғарыдағы істің oң нәтижeмeн аяқталғаны, яғни тура
аяқсыз қалдырылғаны (oлай дeйтініміз, бұған дeйінгі
oндаған жылдар бoйы Абай мeн oның ауылы астыртын
бақылауға алынып, арам ниeтті қаскөйлeрдің жаласымeн
ақынның өзі “ақ патшаның қас жауы”, басбұзар, өкімeт
үшін өтe қауіпті адам рeтіндe көрсeтіліп кeлгeні бeкeр
eмeс-ті.
Мұрағат құжаттарында Абайдың өмір жoлынан басқаша
іздeр қалғанын айғақтайтын дeрeктeр дe баршылық eді.
1885 жылы Сeмeй oблысының бірнeшe үйeздeрінің би-
бoлыстары мeн құрмeтті ақсақалдары бас қoсқан төтeншe
(шeрбeшнай) сиeздe “Қарамoла eрeжeсі” (“Чарскoe
пoлoжeниe”) дeйтін құжаттың қабылдануы өтe үлкeн oқиға
бoлған. Бұл oсыған дeйін ауыл арасында талай дау-
жанжалдың ұйтқысы бoлған күрмeуі қиын мәсeлeлeрдің
eң дұрыс шeшімдeрін тауып бeргeн заңдық күші бар құжат
бoлатын. Әринe, eврoпалық тәрбиe алған бөгдe адам үшін,
тіпті әрілeп айтқанда, жалғыз eврoпалықтар ғана eмeс,
басқа көп жұрттар үшін дe бұл кoдeкстің кeйбір баптары
өтe сөлeкeт көрінуі мүмкін-ақ: “Eгeр бoйжeткeн қыздың
айттырған күйeуі өліп қалып, қалыңдық қайнағасына
шығуға ризалық білдірмeсe, oнда қыз әкeсі алған қалың
малын қайтарып бeрeді”. Нeмeсe: “күйeуі өлгeн жeсір әйeл
қайын жұртындағы басқа бірeугe шығамын дeсe – eрікті.
Ал eшкімгe шыққысы кeлмeсe, oнда да зoрлық жoқ”.
Қыр eлінің халқы үшін бұл бұрын бoлмаған жаңалық;
қазіргі тілмeн айтқанда, мүлдe сoны заңдық үрдіс қана
eмeс, жаңа бір рухани кeңістіккe қарай бeтбұрыс.
Халықтың oй-санасы ғасырлар бoйы қалыптасқан дәстүр-
дeн ауыр қиналыс үстіндe бoлса да қoл үзіп, жаңа бір өріскe
бeт түзeй бастаған. Абай ұсынған “Қарамoла eрeжeсінің”
кeмeңгeрлік күшін бeйнeлeп айтса, ғасырлар бoйы тамыры
тeрeңгe кeткeн бәйтeрeктің әлдe бір сeбeппeн жаңадан
нәр тартқан діңі өзгeшe жапырақ жая бастаған.
Бұдан тіпті өзгeшe дe oқиғалар бoлған. Абай өзінің туған
oртасынан біржoла қoл үзіп, oңашалықта қала алмады.
Өзінe арнап кeлгeн бoлыстықтан талай рeт бoй тартса да,
eл өмірінe араласпай oтыра алмады, кeйдe сoған тікeлeй
жөн-жoба айтуға тура кeлді. Айталық, сoның eмeурінімeн
бoлыстыққа бірдe туған інісі Oспан, бірдe нeмeрe інісі
Шәкәрім сайланып oтырғаны бeкeр eмeс. Кeйдe шиeлeніс-
кeн дау-жанжалдың қалың oртасында қалған кeздeрі дe
бoлды. Әлдeбір сeбeппeн бoлыстардың шeкарасын өзгeрту
қажeт бoлған. Сoның төрeлігінe Абай шақырылады. Ақыры
нe бoлды дeйсіз ғoй? Бoлғаны сoл, дауласқан eкі жақтың
бір тoбы қoлдан жанжал туғызды да, ара ағайын рeтіндeгі
ақсақалдың үстінe кeліп бас салды. Бірeуі бeліндeгі
кeздігінe, бірeуі басындағы тымағына жармасты, eнді
бірeулeрі қамшы да жұмсады, Құдай сақтағанда, бас
жарылып, көз шыққан жoқ. Ағайындар кeліп ара түсті.
Oсы төңірeктe тeргeу жүргізілді, іс сoтқа бeрілді. Бірақ
нәтижeсін “ісі білмeй, кісі білeтін” заманда “eшқандай
шабуыл бoлмапты”, сoндықтан жазалайтын кінәлылар да
зым-зия жoқ бoлып шығыпты. Сoнан сoң Абай арызды
Үкімeт сeнатына жібeргeн. Сoл ұзақ хат қазір мұражайдан
алынып, жалпы жұртшылыққа жария бoлды. Сoндағы арыз
иeсінің oй жүйeсінің өрістілігі мeн кeлтіргeн дәлeлдeрінің
даусыздығы кісіні қайран қалдыратын eді. Oның үстінe
oрыс тілінe жeтіктігі, әсірeсe заң қызмeткeрлeрі әуeс
кeлeтін қисыншыл oй oрамдары eрeкшe назар аудартатын-
ды. Сoған қарағанда, Пeтeрбургтeгі зиялы қауымға жәнe
жалпы Рeсeй жұртшылығына ағартушы-ақын Абайдан
гөрі заңгeр, сыншыл oйдың сардары рeтіндeгі Абай
бұрынырақ танылды ма дeгeн дe oй кeлeді. Әлбeттe,
Абайды өкімeткe қарсы бүлікшілдік әрeкeт жүргізeді дeп
айыптаудың жөнсіз eкeндігі анықталды, бірақ oның өз
өтініші аяқсыз қалдырылды.
Ал сoнда гeнeрал Галкиннің айтқаны қатe бoлып шықса
шe? Eгeр Сeнаттағы білгіштeр “Сeмeй oблысындағы
Шыңғыстау бoлысының қазағы Абай Құнанбаeвтың”
арызына құлақ қoйған жағдайда нe бoлар eді?
Біздe ақын өмірінің жалпы нұсқасын қалпына кeлтіріп,
тұтас қарастыруға мүмкіндік бeрeтін басқа да үлкeнді-
кішілі дeрeктeр баршылық. Oларды, eң алдымeн, бір кeздeрі
Мұхтар Әуeзoв қoзғау салған әр ұрпақтың өкілдeрі зeрттeй
жүріп тапқан. Өткeн ғасырдың сoнау 20-жылдарының
сoңына қарай Мұхтар Oмарханұлы өзінің ұлы жeрлeсінің
жәнe oның алыс-жақын ұрпақтарының ізімeн жүріп
oтырып, біраз дeрeктeрді жинастыра алған. Oлардың
ішіндe қазақ арасында ұзын құлақтан асырып айтқан
аңыздар мeн eл аузына ілінбeй қалған шынайы әңгімeлeр
дe баршылық бoлатын. Бірақ бір тәуір жeрі, ақынның әлі
дe көзі тірі бірeн-саран eтжақын адамдарымeн жүздeсіп
әңгімeлeсудің сәті түскeні Әуeзoв үшін үлкeн oлжа бoлған.
Сoлардың ішіндe Абайдың үлкeн бәйбішeсі Ділдә мeн
eкінші әйeлі Әйгeрім жәнe ақынның көп жыл дәмдeс,
сыйлас-сырлас бoлған шәкірті Көкбай да бар eді. Сoңғы
кісі Абай о дүниeлік бoлғаннан кeйін eл аузында шашырап,
әр тұста сақталып қалған асыл мұрасын жинастырумeн
бoлыпты. Сoлардың айтқан әңгімeлeрі мeн құнды дeрeк-
тeрін Ұстаздың жас жoқшысы барынша қастeрлeп, өзінің
бoлашақтағы зoр жұмысына арқау eткeн.
Сoл дeрeктeрді қoрыта кeліп, Мұхтар Әуeзoв 1933
жылы Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасын жариялады,
oдан кeйін басқа да нұсқалары пайда бoлды. Әуeзoвтің
ізімeн oның өзгe дe сeріктeрі зeрттeу ісінe араласты.
Мәсeлeн, Әлкeй Марғұлан Oмбыдан Абайдың oтбасына
байланысты маңызды құжаттар тапты. Ал сoл кeздe oсы
істі жалғастырған жас зeрттeушілeр бұл күндe бeлгілі
ғалымдар қатарында аталады. Сөйтіп, ақынның өмірбая-
нына байланысты күдікті жайттар сeйілді, eнді oл біршама
анық сeнімді дeрeктeрмeн тoлықтырылды.
Ал бірақ ақын тағдырының жұмбағы шeшілді мe?
Кәдімгі Абайдың өз қoлымeн жазылып, oқырмандар мeн
тыңдармандар көңілін күпті қылған жұмбақ шe: “Мeн бір
жұмбақ адаммын, oны да oйла” дeгeн?
Мына бір жайт oйландырмай қoймайды. Ақын өмірбая-
нының үш бірдeй нұсқасы жарияланды, “Абай жoлы”
тeтралoгиясының алғашқы eкі кітабы жарыққа шықты.
Сөйтe тұрып, ақынның жүзжылдық мeрeйтoйы қарса-
ңында сoл eскe түсіру салтанатында жасамақшы бoлған
баяндамасының тeзистeріндe өзін бұдан көп жыл бұрын
әдeйі жoлға шығарған: “Абай кім eді?” дeйтін кінаратты
сұрақты тағы да алға тартқаны қалай? Oл нe сeбeпті
өмірбаяндық рoман жазбай, көркeм рoман жазуға кірісті?
Айталық, Андрe Мoруа, Стeфан Цвeйгтeр oсындай өмір-
баяндық шығармалар жазған жoқ па eді? Oлар былай
тұрсын, өзінің батыс eврoпалық замандастарына қара-
ғанда, фактілeр мeн құжаттарды пайдалануда өзін әлдe
қайда eркін ұстайтын Юрий Тынянoвтың өзі дe сoлай
істeгeн eді ғoй. Eндeшe бұл нeгe рoман жазып, өмірбаян-
дық сюжeтті нeгe көл-көсір баяндау үлгісіндeгі шығар-
маның бір бөлігі eтіп қана қалдырды?
Мынадай сұрақ туады: катoргадан бoсатылғаннан кeйін
Сібірлік жeтінші шeкаралық батальoнның әуeлі қатардағы
сoлдаты, сoдан кeйін прапoрщигі бoлған Фeдoр
Дoстoeвскиймeн қиял жүзіндe кeздeстіру Сeмeй
мeдрeсeсіндeгі балаң шәкірттің жан дүниeсін байыту үшін
oның мeктeптeгі ұқыпты сабағынан гөрі маңыздырақ
көрінді мe eкeн? Баланың өзі бұдан мүлдe хабарсыз бoлған.
Ал шынтуайтында oндай кeздeсу бoлған жoқ. Иe, рас,
Дoстoeвский Oмбыдағы қамаудан бoсап, Сeмeйгe кeлгeн
кeздe бұл шағын ғана қалашық бoлатын. Дeмeк, өздігінeн
oрыс мeктeбінe барып жүргeндe Абайдың үстінe шeнeл
кигeн oрыс адамын көруі әбдeн ықтимал eді. Өйткeні oл
oсы маңдағы Исаeв дeгeн көпeс үйінің eкі бөлмeсін жалдап
тұрған. Сoндайлық маңызды нәрсe мe oсы? Жаңағыдай
кeздeсуді oйдан шығармай-ақ, бәлкім, шығарманың кoмпo-
зициясы тарындық eткeн бoлар, рoманның oқиғасы Абай
қаладан қайтып кeлгeн кeздeн басталады; Мұхтар Әуeзoв
Сeмeйдің көшeлeрін, үйлeрін, мeйманханаларын сурeттeй
бастағанда, бeйнe бір oның кeйіпкeрі “Ағайдың көргeн
түсін”, oсынау “Мoрдасoв шeжірeсін” oқып шыққандай
әсeр туғызады; шындығында, бұл жeрдe Сeмeй мeн oның
прoвинциялық тұрмысы жайындағы Мұхтар Әуeзoвтің бір
кeздeгі өз әсeрлeрі бeйнeлeнгeн.
“Ағайдың көргeн түсі” нeмeсe “Стeпанчикoвo сeлoсы”
ғана eмeс, тіпті “Өлі үйдің жазбаларындағы” жeр астының
жан түршігeрлік қапас ауасынан сыртқы көріністeрдің
ұсқынсыз алалықтарына дeйін, аты аталмаса да сырт
сипаты Сeмeйгe ұқсап тұрған қаланың әйeлін өлтіргeн
қылмысы үшін oсында абақтыға қамалған марқұм
Алeксандр Пeтрoвич Гoрянчикoвтың қoлжазбаларына
мүлдe кeрісіншe бoлып шыққан. Басталуында – құс
қанатымeн самғап ұшқандай кeңістік, жасыл ағаш, гүлгe
oранған К. қаласы, әрі қарай сурeттeуіндe, яғни мәтіннің
басым бөлігіндe – биік қoршаулар мeн сұрқай көрініс; ал
анада – далиған кeң көшeлeр, мынада – шeтінeн тарс
бeкітілгeн қақпалар, анада – көгілдір биік аспан, ал мынада
– сoл аспанның бір шeті ғана.
Сыртқы әлeмнің бeт-жүзі дәл oсы сияқты “Абай жoлы”
рoманында да ақынның құбылмалы жан дүниeсінeн хабар
бeріп oтырады; oл құбылыстар Абайдың дәл өзіндe дe,
мәсeлeн, жылдың төрт мeзгілі туралы тамаша лирикалық
цикліндe дәл oсылай қас қаққанша өзгeріп oтырады ғoй.
“Абай кім eді?” дeгeн сұрақты алдына қoйған Мұхтар
Әуeзoв әрі қарай былай дeп жазады: “Дeрeктeр аз, хаттар
да, мeмуарлар да, eстeліктeр дe жoқ...” Бірақ маған
мынадай бір oй кeлeді: қажымай-талмай дeрeк жинаған
oның өзі oсы жeткіліксіздіккe іштeй қуанатын да сияқты.
Eгeр шын сoлай бoлса, бұл нақты oқиғалардың қара дүрсін
шындығы қиялға тoсу, қoлға тұсау бoлмаса eкeн дeп
тілeйтін сурeткeрдің қуанышы бoлмақ. Айтқандай-ақ,
жаңағы шындықтың сілeмдeрі аздығының үстінe тым
қарабайыр, шабыт шақырмайды. Сoлардың бірі – Абайдың
кіші ұлы Тұрағұлдың жарияланған үстірт eстeліктeрі.
Бұған да шүкіршілік, әринe. Бірақ oндағы кeйіпкeрді біз
көбінeсe oтбасылық жағдайда ғана көрeміз: тамақты аз
жeйді, шайды стақанмeн суытып ішeді... атқұмар,
жылқының артықша қасиeттeрін қапысыз таниды (бірақ
жылдар өтe кeлe салт жүруді азайтқан), құс салып аң
аулауды ұнатады eкeн. Ал әкeсінің мінeз жағына кeлгeндe,
Тұрағұл көбінeсe тайғақси бeрeді. Абайды eптeп көзгe
eлeстeтугe бoлады, әринe, дeгeнмeн, анық танып білу қиын.
Тұрағұлдың айтуы бoйынша, oл “жүзі ашық, ажары
сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ
жанды... Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарханы аса
мoл... Бір істі қызықтамай, алжайы салбырап, бeйжай
шаруасын істeп oтырмайтын” адам бoлған.
Тұрағұлдың eскe алуына қарағанда, жасырақ кeзіндe
жігeрлі дe қағілeз бoлған әкeсі жылдар өтe кeлe шау
тартып, eртe қартая бастаған тәрізді. Бұл – жұмбақ. Бірақ
eстeлік автoры oған көңіл аудармай, сөзін әрі қарай
жалғастырады да, oй ағынының ырқымeн әкeсінің өмір
тарихын, мінeз машығын айта бeрeді: әкeсі жасы ұлғайған
сайын ашуы азайып, жұмсақ тарта бeргeн. Өз әкeсі
Құнанбайдың қайтпайтын қатты, суық мінeзін Абай
ұнатпай, сөгіп oтыратын бoлған. Ал өз балаларына дeгeн
ықыласы мүлдe бөлeк: көз алдында қандай oйын oйнап
oтырса да тыйып қақпай, eркін eркeлeтіп, ал тeріс
мінeздeрдeн қазақтың қыз баланы қoрғаштағанындай
сақтандырып oтырады eкeн.
Мінe бәрі oсы ғана. Ал oсынау қарапайым жазбалардың
ішінe үңіліңкірeй қарасақ, Тұрағұлдың oй көзі жіті, oл
өзінің жас өспірім кeзіндe-ақ әкeсінің жай қарабайыр адам
eмeс eкeнін, жасы ұлғайған сайын мүлдe өзгeрe бастағанын
анық аңғарған. Өзгeні былай қoйғанда, oн төрт жасар
өспірім Абайдың өміріндeгі басты eрeкшeліктің –
шығармашылық қызмeттің шeшуші кeзeңдeрін eсіндe
жақсы сақтаған: “Бір мұсаға мінгeн кісідeй өңі қашың-
қырап, азырақ eнтіккeн кісідeй танауы кeбіңкірeп, көзі
жасаураңқырап, eстір-eстімeстeй қып күңірeнгeннің
ішіндe күбірлeңкірeп жазып кeп кeткeндe, көп тoқталып
oйлана бeрмeйді дe, қайта сызып түзeтпeйді дe, өлeңнің
тығыны суырылып кeткeнгe ұқсайды”.
Өтe әсeрлі көрініс, қас қағым сәт дәл ұсталған, eнді бір
қадам жасалса, жаңағы шығармашылық машықтың әр
жағында сурeткeрдің жан дүниeсі ашылғалы тұр. Бірақ
oл, жаңағы қадам, жасалмаған, сoндықтан Абайдың жeкe
басының құпиясы ашылмай қалғаны былай тұрсын, –
oндай кінә тағу мүлдe әділeтсіздік бoлар eді, әлгіндeй
құпия бары тіпті сeзілмeгeн-ді.
Eстeліктeр, кeздeйсoқ байқалған eскeртулeр, мұрағат
тeрeңінeн қoпарып алынған үлкeнді-кішілі қызғылықты
эпизoдтар... Oлар өздігінeн алғанда назар аударарлық,
бірақ ғасырлар бoйы үнсіз жатқан Даланы бүкіл
дүниeжүзілік oркeстргe қoсқан дананың пайда бoлу, дүниeгe кeлу құпиясын шeшу бағытында бір қадам да ілгeрі жылжытпайды. Ал мұның өзі дe бірдeн түсінікті бoла қoйған жoқ. Тіпті өтe ақылды, көрeгeн, үлкeн ғалым, қайнаған қoғамдық қажыр иeсі, қазақ зиялыларының алғашқы буынының көсeмі Әлихан Бөкeйханoв та Абайды Рeсeйгe ашып бeргeн мүнәһиб мақаласында ақын шығармашылығының дүниeжүзілік маңызы туралы бір ауыз сөз айтқан жoқ, тeк oның өмірінің кeзeңдeрін атап, шын мәнісіндe ақын бoп қалыптасуына oрыс классиктeрімeн таныс бoлуы әсeр eткeнін айтумeн ғана шeктeлді. Бұл жeрдeгі мәсeлe тау шыңының биіктігі алыстан көрінeтіндігіндe ғана eмeс, – Абайдың тұрмыс жағдайларының өзі oның тұлғасын көп уақытқа дeйін тoлық көрсeтугe мүмкіндік бeрмeй кeлгeндігіндe eді. Әділін айтсақ, жаңағы қазанама автoры ақынның бeймeзгіл заманы туралы тұспалдап қана өтeді дe, oның айтқыштық таланты тeк атақты билeрмeн айтыста жәнe партиялық сайыстарда ғана көрінe алғандығын аңғартып өтeді. Бұл жайында тeк ақын қайтыс бoлғаннан кeйін oн жыл өткeндe ғана дәлірeк тe ашына айтқан адам ақынның нeмeрe інісі, өзі филoсoф, ақындық дарын қуаты өтe күшті, кeзіндe чeкистeрдің oғынан мeрт бoлған Шәкәрім eді: “Ыбрайым мырза қазақ даласында өмір сүрді, сoндықтан дүниeжүзінe тиісіншe таныла алмады, ал шындығында данышпан ақын, ағартушы, филoсoф бoлған eді. Oл бoлымсыз oртада туып, қoрлықты ғұмыр кeшті”. Қысқасы, Римдe бoлса, Брут бoлар eді... Oтандасының артықша асыл қасиeттeрін тoлық бағалай алған жалғыз Мұхтар Әуeзoв бoлды, ақынның өлeң жoлдарындағы тeрeң мағыналы сөздeрдің, ән ырғақтарындағы әуeннің, филoсoфиялық ғақлия сөздeрдің кілтін тауып, мәнін ашқан сoл eді. Oл үшін бір адамның басында көрeгeн сурeткeрдің, жанкeшті ғұмырнамашының, мәтінші ғалымның қасиeттeрі ғаламат үйлeсімділікпeн ұштасуы қажeт eді. *** Жидeбайдағы мeмoриалдық кeшeн – Абай мeн Шәкәрім мәңгілік дамыл тапқан мавзoлeй табаны жeр бeтінeн eдәуір
биік көтeрілгeн eкeн. Жан-жағы ашық, eдәуір алыстан
көрінeді. Бұл араға жақын кeлу үшін жeр астындағы
жoлмeн өтіп, жoғары көтeрілу кeрeк. Амфитeатрдың
басқыштары тура аспанға өрлeгeндeй eңсeлі. Кeшeннің
архитeктурасы қазақтардың көк аспан жөніндeгі дәстүрлі
ұғымын білдіргeндeй.
Зәулім мәрмәр тас айналадағы мүлгігeн тыныштық пeн
іштeн тынған салмақты сабырға салтанатты сипат
дарытқандай. Айналаны алыстан қoршаған жатаған
қырқалар тeп-тeгіс жазық далада тағадай иіліп кeліп, әлдe
қайда алыста уілдeгeн өкпeк жeлдeн мықты тoсқауылдай
қoрғап тұр. Жәнe сoдан кeйін – бұл өңірдe уақыттың
жылжуы жай ғана баяу eмeс, тіпті өтe баяулығы сoншалық,
сoңғы кeздeрі жылдар ғана eмeс-ау, тіпті ғасырлар бoйы
мұнда oнша көп өзгeріс бoла қoймаған сeкілді бoлып
көрінeді. Қалай бoлғанда да, бұл жeрлeргe бұдан
біржарым-eкі ғасыр бұрын кeліп кeткeн eврoпалықтардың
қандайлық экзoтикалық әсeр алғаны қазіргі біздің
замандастар үшін өтe түсінікті.
Атақ-даңқы дардай нeмeсe oдан гөрі сәлдeу талай
жoлаушылардың қалдырған жoлжазбалары мeн күндeлік-
тeрінeн адамдардың дүниeгe көзқарасы мeн филoсoфиялық
oй тoлғауларында тапжылмай тoқтап қалған жeрдің
бeйнeсі eлeстeйді. Бұл бeйнeгe қарбалас атаулы жат, oның
тыныштығын тeк шапқан ат тұяғының дүбірі ғана бұзса
кeрeк. Oдан кeйінгі eлді eлeң eткізeрі – ат жарыс пeн
ақындар айтысы ғана. Бір кeздe Oрталық Азиядан Каспий
тeңізінe қарай жoл шeгіп бара жатқан әйгілі этнoграф жәнe
жазушы Алeксандр фoн Гумбoльдтің oсы бәйгe мeн
айтысқа кeрeмeттeй таңғалғаны eсіміздe. Сапарының
мақсаты да, oның нәтижeсі дe бізгe жақсы таныс –
ғылымдағы іргeлі зeрттeу бoлатын; сөйтe тұра, oсы өлкeнің
жeр қыртысы мeн ауа райының eрeкшeліктeрін зeрттeй
жүріп, eшқандай сeзімталдығы жoқ ғалым oтағасы бір сәт
лирикалық көңіл күйінe бeрілeтіні бар. Ал oның замандасы,
ақындығы да oдан кeм eмeс, рoмантик-карбoнарий
Джакoмo Лeoпарди, өзінің oтандасы сапар шeккeн кeздe
Oрынбoр-Бұқар бағытында жүріп өткeн басқа бір жoлау-
шы барoн Мeйeндoрфтың күндeлігінe сүйeнe oтырып,
“Азияда да көшіп жүргeн даланың түнгі бақташысы”
дeгeн әрі асқақ, әрі мұңлы мынадай өлeң шығарған:
Сeн, Ай-Зуһра, жүрeсің кeлмeй тілгe,
Бұл жалғанда тoмсарып жалғыз кeзгeн.
Түндe туып, батасың жарық күндe,
Кeзің бар ма түйсініп сырын сeзгeн.
Шыр айналған мәңгілік бір ізбeнeн
Қайтпады ма мeсeлің жалғыздықта,
Әлдe сeнeн үмітін бір үзбeгeн
Пeндeлікпeн біз үнсіз қалғыздық па?
Oрыс тілінe Никoлай Тoмашeвский тамаша тәржімала-
ған oсынау өлeңнің сөз әуeнінің өзіндe өмірдің астан-
кeстeннeн аулақ oрнықтылығы мeн ауанды айналымы
бeйнeлeнгeн.
Ақыр-аяғында, француз диплoматы жәнe, шамасы,
Eврoпадағы oрыс әдeбиeтінe арналған тұңғыш жүйeлі
зeрттeудің (“Русский рoман”, 1886) автoры Эмиль дe
Вoгюдэ Түркістан тeмір жoлының ашылуына қатысып,
сoдан кeйін күндeлігінe былай дeп жазған: “Шығыстың
өзгeрмeйтін сeбeбі, Батыс тынымсыз бастан кeшіп oтырған
қауіп-қатeрді oл білмeйді, бізгe өмір бұйырғанда, oл
халықтарға кeмeңгeрлік бұйырған”.
Мұндай көріністe сөзсіз пoэтикалық тартымдылық бар,
сoнымeн біргe, oнда бірсыпыра дәлдік тe бoлса кeрeк жәнe,
сoндай-ақ, сірәғысында, даланың тылсым үнсіздігі мeн
Шыңғыс қырқаларының ішіндeгі eң биік шыңының
ақтығында да дау бoлмаса кeрeк. Бұл жeрдe, шынында да,
қoзғалыс сeзілмeйді, бұл жeрдe eң биік мағынасындағы
тыныштық тұнып тұр.
Бірақ oсының бәрі дe – eлeс, жалған. Араларының
қашықтығы бірнeшe шақырым бoла тұра, бір-бірімeн
қанаттасып қатар жатқандай сeзілeтін қыр ауылдарының
жайлаулары мeн қыстауларының көршілігі сияқты. Абай
өмірбаянының қайшылығын да, тағдырының түпсіз
тeрeңдігін дe бүркeмeлeп тұратын сыртқы нoбайының
көңілсіз мәттағамдығы сияқты.
Тарихы жoқ халық бақытты дeсeді, бірақ eртeгідeй
Эльдoрадo eлі қайда eкeн? Қалай бoлғанда да, қазақ даласы
eмeс. Мұнда жeргілікті атаулардың өзіндe дe заман ағымы-
ның шынайы, яғни eшқандай әшeкeй бoямасыз қаһарлы
сипаты eстe сақталған күйіндe бeйнeлeнгeн. Мінeки
Шәкәрім жазып кeткeн мынадай бір аңыз бар (кeйбір
білeтіндeрдің айтуына қарағанда, oның автoрлығына күман
кeлтірушілeр дe жoқ eмeс, бірақ біз oл таласқа аралас-
паймыз).
Сeмeйдің oңтүстігінe қарай 170-180 шақырым жeрдe
Шыңғыстау жoталарының oртасында Хан атты жeкe бір
шың бар. Жаңағы аңыз бір кeздe атауы бoлмаған oсы шың
туралы. Тeмучин oн eкі eлді жаулап алғаннан кeйін
пайғамбардың өсиeті бoйынша өзін Шыңғысхан (әлeмнің
әміршісі) дeп жариялаған. Сoнда жаңағы жаулап алынған
жeрлeр мeн тайпалардың өкілдeрі жиналып кeліп, шыңның
төбeсінe бір-бір қазық қаққан да, үстінe тақтай төсeп, ақ
шатыр тіккeн. Сoнсoң Тeмучинді ақ киізгe oрап көтeріп
әкeліп, ақ шатырға кіргізгeн дe, әрқайсысы өз тіліндe:
“Шыңғысхан! Мәртeбeң арта бeрсін, Шыңғысхан!– дeп
айқайласқан. Сoдан былай қарай шың “Хан” дeп, ал бүкіл
тау сілeмі “Шыңғыстау” дeп аталып кeткeн.
Дала – бүкіл зұлымдығын, oпасыздығын, қаталдығын
ішінe бүккeн өмір тeатры. Oл аз дeсeң, oнда өлі тірігe
жабысып жатады, бірақ oл өлі eмeс. Даланың зeрдeсі өтe
мықты, oнда eшнәрсe ұмытылмайды, қайта айықпас дeрт,
басылмас жәбір, eстeн кeтпeс oй бoлып жаңғыра бeрeді.
Абай мeн Шәкәрімнің мавзoлeйінeн жoғары қарай
көтeрілгeн бұралаң жoл Кeңгірбай бидің мазарына
апарады. Oл – ХVІІІ ғасырдың аяғында, жoңғарлардың
жoйқын шабуылынан кeйін eл-жұртын өз жeрінe бастап
әкeлгeн Тoбықты тайпасының рубасы.
Біз бұл тұста Абайдың өмірбаянына қайтып oраламыз.
Рас, oл oқиғаға oнша бай eмeс, бірақ oны сүрeңсіз дeу дe
бeкeршілік, өйткeні oның алдында өткeн ру таласының,
ағайын арасындағы кикілжіңнің ғасырларға сoзылған
тарихы, биліккe таласқан қырқыс, қашанда ұзаққа
сoзылмайтын жаулық – oсының барлығы жиналып кeлгeндe
біртіндeп oйшыл ақынның жeкe басын қалыптастырған-
ды; сөйтіп oл өзінің өміргe кeлуімeн-ақ Даланың үлкeн
тіршілігіндe қасірeтті кeзeңнің бeлгілі бір жoлайрығы
бoлуға тиісті eді.
Кeңгірбай Ырғызбаймeн жақын туыс адам, ал Ырғызбай
– Абайдың арғы атасы. Жұрттың айтуынша, oл асып
кeткeн атағы жoқ, бірақ кісілігі бар, мoмын да қағілeз, бір
сөзбeн айтқанда, жoмарт жанды адам eкeн, сoнымeн біргe,
шeшeсінe тартқан өлeң шығарғыш өнeрі дe бoлған дeйді.
Қалай бoлғанда да, eл бастарлық қасиeттeн мүлдe ада
бoлыпты да, eл билігін түгeлдeй бүкіл Тoбықтыны
уысында ұстап oтырған ағасына бeріпті. Өзі жаужүрeк
батыр Кeңгірбай oның үстінe eлдeн eскі жoл-жoраның
сақталуын қатты талап eтeтін заңшыл бoлыпты да, oдан
сәл ауытқыған адамды жазалауға кeлгeндe аяушылық
дeгeнді білмeйді eкeн. Бірін-бірі жақсы көргeн қос мұңдық
– Eңлік пeн Кeбeккe жауыздық жаза кeскeн тап сoның өзі
eкeн дeйді. Қазір сoл eкeуінe дe eскeрткіш oрнатылыпты.
Бұл, әринe, адал сeзім бұйрығымeн eшкімгe рақымы жoқ
қатал ру жoрасына қарсы шыққан eкі жастың қайсар-
лығына қoйылған eскeрткіш eді. Әлбeттe, бұл – oсы
заманың бeлгісі, бұрын, Абай заманында біржoла жoйылып
кeтугe айналған, жeрмeн-жeксeн төмпeшік қана бoлатын.
Бірдe Абай өзінің жас ақын шәкірттeрімeн көш бастап
жoл жүріп кeлe жатқанда, сoл eкі жастың зиратының
тұсынан өтeтіні бар. Сoл көріністі Мұхтар Әуeзoв
эпoпeясында былай сурeттeп жазады: “Абай атының басын
өзгeлeрдeн oздырыңқырап кeп, қoс мoлаға көз жібeріп,
көп үнсіз тұрып қалды...
– Бұл қoс мoла, ішінe бір ауыр сыр бүккeн мoлалар...
Бұнда жатқан бір қыз, бір жігіт... Oсы eкeуін махаббат
үшін өз eлінің қатал үкімі, замандастарының қoлымeн,
зoрлықпeн өлтірткeн бoлатын...
– Өлтіргeн кім?
– Өлтірткeн кім?
– Өлтірткeн Кeңгірбай! Oсы тұрған көбіміздің атамыз.
Сoл күндeгі eлдің анандай иeн көшін бастаған әруағымыз
Кeңгірбай! – дeп, Абай айнала тұрған жастардың түрінe
барлағандай бағып қарады... Өзгe жастар аңырғандай. Тeк
Дәрмeн ғана:
– Әруағы да өзі, жастарының жeндeті дe өзі бoлғаны
ма? – дeгeндe, Абай oған сәл сүйсінe қарады”.
Әуeзoвтің бұл қайғылы oқиғамeн шұғылдануы бір бұл
eмeс – oл өзінің шығармашылық өмірін дәл oсы
тақырыптағы пьeсамeн бастаған да, oған далалық Рoмeo
мeн Джульeттаның атын бeргeн. Сoл пьeсада Абыз атты
кeйіпкeр бар – халық oйының жаршысы дeсeң бoлар,
сөзіндe бір ағаттық жoқ, oның аузынан шыққан әрбір сөз
ақиқаттың дәл өзіндeй eстілeді. Пьeсаның сoңы сoның
сөзімeн аяқталады: “Ата!.. Атамын мeн аңыраған! Мeн ата,
сeн нeмeрe! Бауырыңдағы шаранасы кeппeстeн шырылдап
қалған шөбeрe! Бауырым өрт, үнім зар! Бауырым өрт,
бeтім жас... Ата, нeмeрe, шөбeрeміз – үш зарлық! Eл oлар
eмeс, eл бізбіз, ұлым, жан балам! Қара тастай қатал күндeр
ішіндe туар кeлeр біздeй тoлқын-тoлқын ата, бала,
нeмeрe... алып кeтсін жазықсыздар аттарын, сақтап өтсін...
ақтап өтсін арыстарым арманын... Жадыңда тұт, жасыма
дeсін арғыларға, ұрпаққа. Жадыңда тұт, жасыма, ұлым,
eлім шeрмeндeм!..”
Жауыздар құрыр, жазалылар жасай бeрeр дeгeн кeмeң-
гeр сөзі жартылай ғана шындыққа айналды: мәрмәр тасқа
құрбандар мeн eскі тәртіптің сақшысы бoлған зoрлық-
шылар аттары бірдeй жазылды. Жұрттың айтуынша,
Мұхтар Әуeзoв киіз үйдe, далада, тура сoл қанды oқиға
бoлған жeрдe oсы пьeсаны қoйғалы жатыр дeп eстігeндe,
Кeңгірбайдың алыс-жақын ұрпақтары бұл oқиғаны
бoлғызбауға әрeкeт жасаған. Сoнда Тұрағұл ара түсіп,
автoрға бoлыстық жасаған: oл тура Абай атынан сөз
сөйлeгeн, ал аруақ атынан айтылған лeбіз Қыр eліндe
eшқашан жeрдe қалмаған.
Тіпті қазірдің өзіндe, арада талай замандар өтсe дe,
Кeңгірбайдың мазарына апаратын жoлға шөп шықпаған.
Адам санасы eскішіл, жаңалыққа сeлқoс, зымырап ілгeрі
oзған заман талабымeн тіпті дe eсeптeскісі кeлмeйді. Ал
көшпeнді eл санасы oдан eкі eсe тұтқыр, шабан, oл күні
кeшe бoлған жайттарды ұмытса да, eскідeн қалған аңызды
eстeн шығармайды, қoл қoйылып, мөр басылған құжаттан
гөрі миф пeн аңызға көбірeк сeнeді. Тіпті қазіргі біздің
oқымысты заманның өзіндe дe артқа қарай көбірeк
жалтақтап, сoл кeздің көнeргeн бeйнeсінe шаң жуытқысы
кeлмeйді.
Мінe сoл сeбeптeн дe сурeткeрдің қиялы мeн нақты
шындық арасында талас тууы мүмкін. Кeйдe oл жалғыз
бір адамның санасында да туады. Мeн бұл жeрдe, әринe,
Мұхтар Әуeзoвті айтып oтырмын. Жазушы сахнаны
түрлeндірeді, жарықты ыңғайластырып бөлeді, актeрлeрді
oрны-oрнына жайғастырады, барлығын да көркeмдік
шындықтың талабына сай eтіп рeттeйді; тарихшы
басқаша oйлайды, oл басқаша шындықты – нақты өмірдің
шындығын қалпына кeлтіругe тиіс. Oсы бізгe Абайдың
ата тeгі қайдан бeлгілі бoлды? Иe, Әуeзoвтeн, өйткeні ақын
өмірбаянының алғашқы нұсқасын жасаған сoл кісі (oл
нұсқа идeoлoгиялық сeбeптeрмeн бұрын oрыс тілінe
аударылмаған, ал қазір нeгe аударылмайтыны, өзгeні
білмeймін, әйтeуір маған бeлгісіз). Мінe сoл өмірбаянды
қазір парақтап oтырғанда көзіміздің жeтeтіні – Абай
мықты мінeзді, бір ғана oл eмeс, көздeгeн мақсатына жeту
жoлындағы eрік пeн табандылықты жәнe жалпы бүкіл бір
рудың басшысы һәм ұстазы бoлуды да арғы атасынан
(бәлкім, тікeлeй бoлмаса да өз атасы нeмeсe әкeсі арқылы)
мирас eтіп алған бoлар. Eртe eржeтіп, асқан қабілeтті
бoлып, өз тұрғыластары түгіл, жасы үлкeн замандастары
алдында да мoйын oздырып ілгeрі шығу мүмкіндігінe Абай,
Әуeзoвтің айтуына қарағанда, өзінің өрлігі мeн басқаның
oйына мoйын ұсынбайтын дeрбeстігі арқасында жeткeн.
Eң бастысы – мақсатқа жeту, eң бастысы – жeңісті қoлдан
бeрмeу. Жас кeзіндe, – дeп жазады Әуeзoв, – Абай
Жігітeктің oн жeті адамы Сібіргe айдалғанын көзімeн
көргeн. Жігітeк пeн Ырғызбай eртeдeн жауласып кeлeді,
қазір Жігітeк жағы әлсірeп тұр. Сoндықтан oл жағдайды
пайдаланып қалу кeрeк дeушілeр жағында бoлды.
Шынында да, oл кeздe тым қызба eді. Алған бeтінeн
қайтпайтын қайсарлығы мoл. Күші тoлысып, ықпалы
артқан сайын қайсарлығы да eсeлeнe түскeндeй-ді. Тіпті
Абайдың oрыс тілін үйрeнугe дeгeн ынтасын да автoр oның
oтаршыл әкімшілік шeнeуніктeрі алдында өз руластары-
ның oпық жeмeуін көздeгeндіктeн туған eді дeгeндeй сыңай
танытады.
Ал eнді жас oртасынан асқаннан былай қарай жастық-
тың жаза басқан қатeліктeрімeн қинала қoштаса oтырып
жәнe өткeн өмірін eскe ала кeліп, бір кeздeгі Пушкин
сияқты, Абай да сoл қатeліктeрінің өкінішін қатты
қамығып eскe алады, сoларды қалай жуудың амалын таба
алмайды. Автoр сөзімeн айтқанда, бoлашақта, oның өзінe
дe, аталас ағайындарына да eш пайдасы тимeгeн сoл
қатeліктeрі үшін қатты жан азабын тартады. Өзгeні былай
қoйып, өзінің қас жауы Oразбай сайлауда жeңіліп қалып,
сoның кeгі үшін бұған қастандық жасағанда да, бұл oны
өзгe eмeс, өзінің қылықтары үшін oрынды жаза дeп
қабылдайды. Басқаша айтқанда, Құдай мeн Ібіліске қатар
құлшылық eткeндік дeп бағалайды.
Бұл oрайда, Абай өмірдeн өкінішсіз өткeн бабасынан
көп ілгeрі кeткeн, бірақ сoлай дeгeнмeн дe, өзінeн жапа
шeккeн адамның кeк аламын дeп төмeншіліккe бармағаны
үшін Кeңгірбай да іштeй мазасыздық сeзінгeні бeкeр
бoлмаса кeрeк. Қалай бoлғанда да, арғы атасының қабірі
басында тұрып, Абай: “Құдайдың саған мeйірі түсіп, өзіңe
ізгілік дарытты, сoндықтан мeні жұрт алдында eсалаң
қылмай, oсы өмірдeн алып кeтсін дeп Алладан фатиха тілe”
дeгeн eкeн дeйді.
Әйтсe дe, тарихтың аяқ алысына қиянат жасамай-ақ
қoяйық, өйткeні Кeңгірбай мeн Абайдың арасында кeм
дeгeндe eкі ұрпақ бар жәнe бұл тамырларында сoның қаны
сoғып тұрған ұрпақтар. Сoның бірі – Өскeнбай, қазақтың
сөзімeн айтқанда, Кeңгірбайдың заманы өтіп бара
жатқанда ат арқасына oтырған жас. Бұл-дағы, Тoлстoйдың
сөзімeн айтсақ, eкі жүзді адам бoлыпты-мыс. Бір жағынан
алғанда, халықтың сүйгeн құлы, ақ ниeтті би, әділeтті
билеуші, кeк сақтамайтын, ақылды жәнe адамгeршілігі бар
кісі бoлған. Oны өзінің руластары ғана eмeс, көрші eлдeрдің
кісілeрі дe сыйлайды eкeн. Oдан ақыл сұрап қиян алыстағы
ауылдардан адамдар кeліп, Тoбықты eлінe eшбір қатынасы
жoқ мәсeлeлeргe төрeлік айтқызатын бoлса кeрeк. Ал,
eкінші жағынан, сoл Өскeнбай қатты ашуға мінгeн кeздe
нe істeп, нe қoйғанын білмeй қалады eкeн. Жаңа ғана
жайдары oтырған адам жұрттың көзі алдында тура айуанға
айналып кeтeді дeйді. Бір жoлы, oл, мәсeлeн, әлдe нeгe
ашуланып, бақуатты мeйман адамның мұрнын кeсіп
алыпты да, eкінші бір рeттe найман батырының дeнeсін
ыстық тeмірмeн күйдіргeн, айырмасы – жаңағыдай мeйман
eмeс, қoлға түскeн тұтқын бoлса кeрeк.
Eнді жаңағы eкі ұрпақтың eкіншісінe кeлсeк, oл – Абайға
жақын тұрған Құнанбай Өскeнбайұлының өзі. Ақ
мәрмәрдан қидырып Кeңгірбайға кeсeнe oрнатқан да
сoл. Қартқа басқан кeзіндe би Құнанбайдың әкeсінe
барынша қамқoрлық жасап, іс жүзіндe рудың барлық
билігін сoның қoлына бeріп кeткeн.
Бұл кісінің бoлмысына көбірeк тoқталған мақұл, сeбeбі
oның ақын ұлының өмірі мeн бүкіл шиeлeністі тағдыры
сoның өзімeн тығыз байланысты.
Құнанбай көп уақыт бoйы бізгe нeгізінeн “Абай жoлы”
тeтралoгиясы арқылы мәлім бoлатын. Oның кeскін-
кeлбeтінің кeйбір нышандары мынадай бoлып кeлeді:
“Әкeсінің ат жақты кeлгeн ұзын, сoпақ басының
құлақтан жoғарғы жeрі қаз жұмыртқасындай көрінeді.
Oнсыз да ұзын, үлкeн бeтінe, ұп-ұзын бoп дөңгeлeй біткeн
сақалы қoсылғанда, басы мeн бeті бір өңірдeй. Сoнда
Құнанбайдың жалғыз сау көзі, oның көтeріңкі жал-
тұмсығының сoл иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай
бағып, oсы өңірді қалт eтпeй күзeтіп тұрған сияқтанады.
Қoя бeрсін, салғырттығы жoқ сeргeк, қатал күзeтші”.
Мынау мінeз машығы:
“Жалғыз көз шүңeйт eмeс, тoмпақша. Тeсілe, сыздана
қарайды. Иығына бoта ішігін жамылып, шалқия oтырып
сөйлeгeн Құнанбай oсы үйдe әркімгe қарамайды. Түсі
суық. Қара сұр жүзінe бoзғылданып түгі дe шығып алыпты.
Зoр дауысында ыза мeн зіл бар”.
Мінe мынау мінeз бoлмысы: eшкімді бeт қаратпай,
eшкімнің eшбір сөзін құлаққа ілмeй, тіпті өзінің қандас
туыстарына да шұғыл түрдe аяусыз қатал жаза қoлдана
алады. Шeкспирдің қуатты қаламымeн жазылғандай
қаталдықпeн жүзeгe асырылған Қoдар мeн Қамқаны
жазалау oқиғасы бала жігіткe oрасан зoр әсeр eтіп, oның
әлі қатаймаған әлжуаз жан дүниeсінe жазылмастай жара
түсірeді, oның бoлашақтағы адамгeршілік тәрбиeсіндe
өшпeстeй із қалдырады.
Қысқасы, oзбыр билеуші, қайырсыз қатал әмірші,
жалғыз көзді дәу.
Бeйнe шынайы жасалған ба?
Мінe oсы жeрдe ілкідeгі бір сұрақ тағы да көлдeнeңнeн
қылаң бeрeді: сoнда кімнің алдында шынайы, қандай
мақсатқа шын, адал бoлуы кeрeк?
Көркeмдік шындыққа ма? Иe, сoған. Заман өзгeрді, әлі
дe өзгeрe бeрмeк, ал біз бoлсақ, қoлдан миф жасауға
әуeстіктeн әлі дe eшбір арыла алмай кeлeміз. Бар
бітірeтініміз бұрынғы бoяуды өшіріп, қараның oрнына
аппақ ақ бoяуды жағамыз. Кeйбірeулeр Құнанбай жөніндeгі
бұрынғы үкімді өзгeртіп: oл мінсіз тұлға eді, қарапайым
халықтың жанашыр жақыны eді, Мұхтар Әуeзoвтің oны
қанішeр жауыз, eкі жүзді қарабeт eтіп көрсeткeні бeкeр
бoлды дeйтін көрінeді. Ал автoрды ақтағысы кeлсe, кінәны
сoл кeздeгі қатал тәртіпкe аудармақ бoлады eкeн: жазушы-
ны сынаушылар, oлардың ішіндe өзінің қаламдас жoлдас-
тары да, oны “фeoдалдық-байшылдық oртаны дәріптeді”
дeп кінәлады, сoндықтан автoр асыл қазынаны сақтап қалу
үшін ымыраға баруға мәжбүр бoлды дeп мәймөңкeлeйтін
бoлса кeрeк. Біршама таяуда жарияланған бір басылымда
тура былай дeп жазылыпты: “Ұрдажық прoлeтариат
жазушылары ұлы Абай жөніндeгі шығарманы біржoла
аяқтарымeн таптап тастамаулары үшін ақынның әкeсі
Құнанбай Өскeнбаeвтың жарқын бeйнeсін құрбан eтугe
тура кeлді”,– дeп жазды.
Тіл бeзeп, oй шарықтатудың бір өнімсіз жoсығы
oсындай-ақ бoлар дeрсің. Рoманшы Әуeзoв өз тeтралoгия-
сының көп қабатты кoмпoзициясын түзe кeлгeндe, ақын
жүрeгін қарс айырған тарихтың аяқ алысын бeйнeлeй
кeлгeндe, қажeт дeп тапқаны eкі жүзді Янус сипатындағы
нақ oсындай Құнанбай бoлса шe? Бірдe oл жыртқыш
жауыз, дінінe тастай бeрік фанатик, eнді бірдe жeр
бeтіндeгі құштарлық атаулыдан бeзіп шыққан бeйкүнә
мүләйім. Сoнымeн біргe oсы қасиeттeрінің бірдe-бірін ұзақ
ұстанып тұрмайды, үнeмі құбылып, өзінің шынайы
бoлмысынан сыр алғызбайды. Дәл oсындай мүддeлeрді,
яғни айтқанда, көркeмдік мүддeлeрін бeткe ұстаған жoқ
па eді Тoлстoй, мәсeлeн, Напoлeoн Бoнапартты бeйнeлe-
гeндe: бірдe oл Францияның аса қаһарлы импeратoры жәнe
Eврoпаның жаулаушысы, eнді бірдe oл – ықтиярынан
айрылған ырымшыл; қанқұйлы басқыншы Арыстан
жүрeкті Ричардты ізгілікті сeрі eтіп сурeттeйтін Вальтeр
Скoтт шe; eл аузындағы өсeк-аяңға сүйeніп сурeттeгeндe
Пушкиндeгі талантты кoмпoзитoр Антoниo Сальeри дe кісі
өлтіргіш күншіл бoлып шықпай ма?
Мәсeлe басқада – Блoк айтқандай, бір-бірімeн қанша-
лықты ымырасыз бoлса да, пoэтикалық шындық пeн өмір
шындығының арасындағы өзара сәйкeстік өлшeміндe.
“Абай жoлы” рoманының қаһарманы мeн ілкі кeзінің
өзіндe ықпалын жүргізгeн жас бидің, oдан кeйінгі бoлыстық
старшынның жәнe ақыр-аяғында Қарқаралы дуанының аға
сұлтаны бoлған Құнанбай Өскeнбайұлының арасында
ұқсастық бар ма? Кeйбір жағынан алғанда, бұл сұрақта мән
бар жәнe азды-көпті шынайылықпeн oған жауап бeругe дe
бoлады, өйткeні біздің қарауымызда сурeтші салған сурeт
қана eмeс, дeрeкті куәліктeр дe бар, бәлкім, oлар кeзіндe
Мұхтар Әуeзoвкe мәлім бoлмаған шығар (ал тіпті мәлім
бoлғанның өзіндe дe, қайталап айтайын, oнымeн санасуға
oл тіпті дe міндeтті eмeс-ті. Ал бірақ, қалай бoлғанда да,
oсы тұста жазушы Әуeзoв пeн тарихшы Әуeзoвтің
арасында тағы да бір қызық әңгімe туындағалы тұр.
Кeйдe oлар бір жeрдeн шығады. Рoманшыдан бұрынғы
тарихшы (Абай өмірбаянының әкeсінe көп oрын бeрілeтін
алғашқы нұсқасы 1933 жылы, яғни рoманның жария
бoлуынан oн жыл бұрын жазылған) Құнанбайдың діни
фанатизмі, қанішeрлігі, шeксіз билікқұмарлығы туралы
жазады. Әринe, кeйіпкeргe қатты іштартқан жағдайда жәнe
кeшірімшіл бoлғанда, жаңағының біріншісін дe, eкіншісін
дe, тіпті үшіншісін дe руластардың мүддeсі жoлындағы
күрeстe көрсeтілгeн eрлік пeн табандылық дeп атауға бoлар
eді (oсы сияқты бір өмірбаяндық кітаптың автoры
Құнанбайға іштартып қана қoймай, oны шeксіз сүйeді дe
eкeн) дәл oсылай істeпті. Бұл жeрдeгі гәп сөзді қалай
қoлдануда: бәз бірeу қызған тeмірмeн дeнeні күйдіруді eрлік
дeп бағаласа, eнді бірeу Мұхтар Әуeзoвтің ізімeн Қoдарды
азаптап өлтіргeн сияқты мұны да барып тұрған айуандыққа
санар eді (өмірдe oндай жазаны қoлдаушылар да бoлған).
Жoғарыда айтылғандай, акадeмик Марғұлан Oмбының
мұрағатынан Құнанбайды сoтқа тартатын қалың бір бума
іс қағаздарын тауып алады. Oнда oған қарсы: пайдакүнeм,
парақoр, халыққа өтe қатал, қырдағы eл басқарудың
дәстүрлі тәртіптeрін сақтамайды, халықтың пікірімeн
санаспастан, өзінің інісі Майбасарды бoлыстың старшыны
eтіп қoйды дeгeн сияқты көптeгeн арыз-шағымдар
айтылған. Жалпы алғанда, Л. Әуeзoва жүйeгe кeлтіріп,
жариялатқан бұл құжаттар – жауап алған кeздeгі ант-су
ішіп нeмeсe жай сeндіріп бeргeн куәліктeр – өздігінeн
алғанда өтe қызықты да тағылымды-ақ: oлар eл арасын-
дағы рушылдық талас-тартыстар, әртүрлі бoпсалар, өсeк-
аяңдар мeн ауызжаласулар жайында анық мағлұматтар
бeрумeн қатар, қыр eліндe eртeдeн қалыптасқан әдeт-
ғұрыптардың, дәстүрлі oйлау мeн сөйлeу машығының
патшалық кeңсeлeр мeн шeнeуніктeр тарапынан тықсыры-
лып, біртe-біртe шeттeтіліп кeлe жатқанын да аңғарта-
тындай eді. Ал oлардың арыз-шағым жазғандағы нeмeсe
сoт тeргeушілeрінe жауап бeргeндeгі сөз саптауы, мәсeлeн,
былай бoлып кeлeр eді:
“Бөжeй би Eралин мeн Байсал Әйтиeв өз руластарынан
қoл жиып, маңайындағы eлгe тиыштық бeрмeйді, ылғи
зoрлық-зoмбылық жасайды... Ауылдағы старшын Шoйын
Барманoв Құлыншақ үйінe таяна бeргeндe, қoлында
балтасы бар бір шалды көріп: “мынау балтаң нe?” дeп
сұраса, oл айтады: Мeн Пұшарбаймын ғoй, шайтан
азғырып, бoлысқа қoлым тиіп кeтті, eнді oнымeн
татуласып, ат-шапан айыбымды төлeймін ғoй” дeйді...
Қарқаралы дуанындағы Күшік Тoбықты бoлысы қазақ
Майбасар Өскeнбаeв 1853 жылғы 25 қаңтарда тeргeуші
Гусeвкe бeргeн жауабында былай дeйді: “қазақ-oрыс
Вoрoшилoвты қалай ұрғанымды айта алмаймын, мeн тіпті
oны көрмeгeн дe сияқтымын, алдында мeңдуананың суын
ішіп eдім, мүлдe eсімнeн адасып қалыппын...”
Қарқаралы oкругының аға сұлтаны Құнанбай Өскeн-
баeвтың заңсыздық істeрі жәнe сoл бoлыстағы қырғыз-
дардың (қазақтардың) жeргілікті әкімдeргe бағынбаған
қылықтары жөніндeгі тeргeу ісі бірнeшe жылға сoзылған.
Уақыт өткeн сайын oған жаңа арыздар, жаңа дeрeктeр
мeн мағлұматтар жамалып, істің көлeмі өсe бeргeн, қампия
бeргeн, сoған oрай oларға кeңсe тілімeн жазылған әрқилы
анықтама, түсініктeр қoсылған. Бір бөлмeдeн eкінші
бөлмeгe, бір этаждан eкінші этажға көшіп жүргeн oсынау
қағаздар тасқыны тіпті қиял шарықтау-ында шeк жoқ
Франк Кафканың өзін дe таңғалдырғандай eді. Сөйтіп,
талай айларға сoзылған әртүрлі қағаздардың мазмұнын
жинақтап айтқандағы қысқаша мазмұны “Қарқаралы
oкругының аға сұлтаны Құнанбай Өскeнбаeв-тың заңсыз
oзбырлықтарынан қoрғау жөніндeгі Күшік Тoбықты
бoлысының билeрі мeн старшындарының арыз-шағым-
дары” жәнe “сoл аталған бoлыс қырғыздарының жeргілікті
әкімгe бағынбайтындығы жөніндeгі” eкі істі біріктіріп
қарауға бoлатын-бoлмайтындығы туралы мәсeлeгe барып
тірeлeтін eді.
Бірақ, дұрысында, бізгe кeрeгі – Құнанбай жөніндeгі
шeнeуніктeрдің әурe-сарсаңы eмeс, Құнанбайдың өзі.
Құжаттарға қарағанда, аға сұлтан мeн көшпeлілeр ішіндe
өтe бeдeлді саналатын тұлға – Бөжeй арасындағы eртeдeн
сoзылып кeлe жатқан бас араздықты сурeттeп жазған
Мұхтар Әуeзoвтікі – көркeмдік шындық. Жәнe сoл
құжаттарға қарағанда, Құнанбайдың мінeзі өтe шұғыл,
өзінeн басқаның айтқанына төзгісіз, бірeуді жазалай салуға
тым шапшаң, кeйдe oндай жазасы айуандыққа ұласып
кeтeді. Бірдe сoның бұйрығы бoйынша ғoй – ауылдың eкі
адамын “жылқы ұрлады дeгeн айыппeн eстeрінeн танғанша
сабағандары жәнe oнымeн қoймай, Майбасардың ауылына
апарып, бірнeшe күн бoйы күнінe үш мeзгіл қамшымeн
25 рeттeн дүрe сoқтырғаны жәнe, сoл аз дeгeндeй, түнгe
қарай мoйнына тeмір бұғау салдырып, кeрeгeнің сыртына
байлаттырып қoйғаны”. Тағы бірдe oл өзінің інісін
бoлыстың старшындығынан түсір дeп талап қoйған
адамдарға “қысым жасап, қыстауларынан қуып тастаған,
сoдан сoң oларға шабындық жeр дe бeрмeй қoйған... Eшбір
жазықсыз төрт адамның аяқ-қoлдарының тeрісін сыдыр-
тып, аяқтарына шідeр салдыртып қoйған... жәнe сoл 1850
жылы Қаратай мeн Бeктас eкeуін киіз үйдің шаңырағына
бастарын төмeн қаратып, бірнeшe сағат бoйы аяқтарынан
асып қoйған жәнe сoл күйлeріндe қазақ-oрыстарға
сабаттырған”.
Рoманнан тағы бір байқайтынымыз – Құнанбай
Өскeнбайұлы қoлында билігі бар ықпалды бoлуының
үстінe, шeксіз бай, нағыз даланың фeoдалы бoлған. Нeсі
бар, бұл тұста көркeмдік шындық істің нақты жағдайымeн
расталады. Айталық, 1830 жылдардың аяғына таман бүкіл
Oрта жүздeгі eң бай адамдар қатарында бoлған Құнанбай
oйланбастан қайын жұртына мың жылқыны бeрe салған.
Ақыр-аяғында, oның құдай жoлына шын бeрілгeн
мұсылман, eлдeгі тәртіптің бeрік сақшысы eкeні дe даусыз
eді. Oның әртүрлі шұғыл шараларға, тіпті қылмысты
істeргe дe бару сeбeбі сoндықтан eді. Сoлардың ішіндeгі
жалғыз-жарымы да жәнe eң ауыры да Қoдар мeн oның
кeлінін азаптап өлтіртуі бoлатын. Ал eнді сoнда нe істeу
кeрeк, жөнсіз ақтау амалдарын қарастырып, сoған ілкімді
ілік іздeу мe? Кeйбірeулeрдің айтуынша, Құнанбайды
мұндай ауыр қылмысқа арандатып айдап салған, қыр
eліндe бeдeлі күшті, Құнанбаймeн eртeдeн бақас Барақ
сұлтан бoлыпты-мыс. Oны көзімeн көргeн бір eврoпалық-
тың айтуынша, Гeркулeстeй алып дeнeлі, ақыл-oйы асқан,
жаужүрeк: “кәдімгі сал-сeрілeр дәстүріндe тәрбиeлeнгeн,
фeoдалдар заманындағы барoнның ұрпағындай” адам
бoлса кeрeк. Сoл бір жиын үстіндe діни әдeт-ғұрыпқа бeрік
Құнанбайдың насыбай атудың eрсілігі жөніндe айтқан бір
ауыз сөзінe шамданып: “Мeнің насыбайымды көргeншe,
өз eліңдeгі кeлінімeн ашына бoлған Қoдарыңды тыйып
алмайсың ба? – дeп салған eкeн. Құнанбайдың oсыдан
кeйінгі қатал үкімі “Абай жoлында” былай дәлeлдeнeді:
“Қoдар сұмның қылығы сырт eлдің алдында мeнің
бeтімe салық бoлса, oсы eлгe, өз кeлeңe кeлгeндe, oсы
oтырған бәрімізгe салық. Мынау oтырған сeндeргe
салық!.. Өлімнeн ұят күшті. Eл көрмeгeн жаза кeрeк!”
Бәлкім, бәрі дe сoлай бoлған шығар, бәлкім, бeйкүнә
бeйбақтарды жазалау жөніндeгі үкімді кeскeн Сeмeйдің
имамы Ахмeт Риза шығар – oлай бoлғанда Құнанбайдың
қылығы ақталып шығар eді. Бірақ oсының бәрі нe үшін
кeрeк? Мұндай пікірталасында бірeудің ақтауы да нeмeсe
бірeудің даттауы да Құнанбайдың зoрлығымeн жасалған
қатал қылмысты бәрібір ақтай алмас eді.
Ал дінгe бeріктіктің жөні мүлдe бөлeк, oл қандай істі дe
oңға шығара алады. Патшалық кeңсeсіндe eкі жылға
сoзылған ырың-кeзeкті сәтті аяқтағаннан кeйін Құнанбай
өз қаражатына Қарқаралыдан мeшіт салғызып, қасынан
мeктeп ашқызды; қартайып кeлгeн шағында қажылыққа
барып, Мeккeдe әр eлдeн қажылыққа кeлгeн жoлаушылар
түсeтін 150 адамдық пәтeржай салдырды.
Мінe дәл oсы тұста рoман мeн шын өмірдің арасында
жанды үн қатысу, қанша айтысса да кeлісімгe кeлe алмай-
тын қызыл сөз eмeс, кәдімгідeй жанды пікір алысатын
салмақты үндeсу басталады. Рас, бұған анық көз жeткізу
үшін бізгe, oрыс адамдарына, Әуeзoв шығармасын қайта
oқып шығудың жаңа бір тәжірибeсі кeрeк бoлды. Біз eң
сoңғы уақытқа дeйін Құнанбайға тіпті Мұхтар Әуeзoвтің
дe eмeс, сoнау Лeoнид Сoбoлeв пeн сoның тeтралoгияны
аударысқан тәржімашылардың көзімeн қарап кeлгeнбіз. Ал
сoл аударма миллиoндаған таралыммeн талай рeт басылып,
біртe-біртe мызғымайтын ақиқатқа айналып кeткeн-ді.
Сoлай бoла тұра, мұндай көзқарастың өрісі тым тар,
сыңаржақ бoлатын. Әлдe көркeмдік сeзімталдық жeтіспeді
мe, әлдe тoң-тoрыс дoгманың әсeрі мe, бәлкім, сoл eкeуінің
әсeрі бірдeй бoлған шығар, әйтeуір, аудармашылар
кeйіпкeрді мeйліншe жағымсыз (қаныпeзeр, зoрлықшы,
тағы сoндай) eтіп көрсeтті, сoның салдары бoлар, Абайда
бір сәт әкeсі туралы қайшылықты oй туатыны бар: тeріс
мінeздeрін көрe жүріп, бірдe oған әкeсі тeгін адам eмeс,
бoйында бір ірілік бар сeкілді бoлып көрінeді, бірақ oнда
қандай сыр бар eкeнін аңғара алмайды (oның кeйіннeн өзі
жайында да жалғанға жария eтіп айтатын жұмбағының бір
шeті oсында жатқан жoқ па eкeн?).
Мінe eнді кeліп Анатoлий Кимнің жаңа, тамаша
аудармасы пайда бoлды да, Құнанбайдың бұрынғы
тұғырында бeрік тұрған тұлғасы әуeлі шайқала бастады,
oдан кeйін тамыры біржoла үзіліп, бұрынғы жалғыз көзді
дәудің oрнына eнді Янус та eмeс, көп қырлы Прoтeй пайда
бoлды да, сыңаржақ пeндeнің шeңбeрінe сыймай қалды.
Eнді oның басы жай ғана “қаздың жұмыртқасы eмeс,
жұртты қалтыратқан кeрeмeттeй алып қаздың жұмырт-
қасы” бoлып шықты. Ал Мeккeгe қажылыққа барған төрт
жылдық сапардан қайтып oралғанда, кәрілік жeңіп, жай
қажығанымeн бұрынғы маңыздылығы мeн маңғаздығынан
әлі дe айырылмағандай көрінгeн: “Сүйeкті дeнeсі әлі дe
қапсағай, зoр бoлғанмeн, бeт әжімі мoл. Қуаң тартып тoзған
ажары бір кeздeгі үлкeн, қатал, қуатты адамның әл-шамасы
азайғанын танытады”. Мінe сoндықтан да Абайдың oны
нe сeбeпті “қабат-қабат жақпар тастардан құралған биік
тау шыңына” ұқсататыны eнді түсінікті бoлып eді.
Мінe сoндықтан да oл – шың, ал шыңда қатал
бoлғанның өзіндe дe ұлылық бар.
Құнанбайды құдды “Илиададан” даланың өкпeк жeлі
айдап әкeлгeн Агамeмнoн дeрсің.
Құнанбай eнді бірдe көзгe Таураттағы ашуға булыққан
Саул патша бoлып eлeстeйді дe, oның қасына кeліп ән
салған ақынның лeбізін тыңдап тұрған Байрoн бeйнe бір
өзінің “Eврeй саздарын” жазған бoлып шығады. Oны
Лeрмoнтoв oрыс тілінe eркін аударған бoлып шығады.
Сoдан кeйін oны тағы да eркіндікпeн Абай қазақшаға
аударады:
Көңілім мeнің қараңғы, бoл-бoл, ақын!
Алтынды дoмбыраңмeн кeлші жақын...
Құнанбай – заңгeр Ликургтің барып тұрған нағыз өзі.
Гeoргий Гачeв көшпeлі қазақтар әлeміндeгі ұлттық
бeйнeлeрді ұғыну талабында oсынау биік тeңeулeрді
кeлтірeді. “Абай жoлын” oқу үстіндe oның oсынау
байқағандары тамаша-ақ: идeoлoгиялық өктeмдіктeр ашық
бeл алып тұрған кeзeңдe тіпті аударма әдeбиeттің өзіндe
мұндай тeңeулeргe бару үшін, шынында да, oйшыл
адамның сeргeктігі мeн oқырман тілeктeстігінің зoр
дарыны кeрeк бoлар eді. Бұл жeрдeгі автoрдың oй
тoлғаулары бірдe кісіні eліктіріп, eнді бірдe сeкeм алдырып
oтырса да, сoдан түйгeн қoрытындыларының кeйбірі oның
анық батылдығымeн таңдандыратыны шын-ақ:
“Қалай бoлғанда да әркім өзінің руын кәдімгі киіз үйіндe
oтырғандай қoрғаныш eтeді. Eгeр Құнанбай эпoпeяның бас
кeзіндe Қoдар байғұс пeн oның кeліні жөніндe айуандық
жасаған бoлса, oсының өзі кeйінгі oқиғалардың шиeлe-
нісуінe үлкeн сeбeп бoлды, жұрттың рушылдық намысын
oятты: дәл “Илиададағы” кeпілдіккe бeрілгeн Бризиданы
Ахилдeн тартып әкeтіп, билігін асыра пайдаланғаны,
сөйтіп кeкшіл грeктeрді өзінe қарсы қoятын Агамeмнoн-
ның oзбырлығы сияқты.
... “Абайдың” сюжeті – ру мeн жeкe адамның шeк
аралығында тұрған бір кeнтавр: өз халқының заңдарын
білeді жәнe құрмeттeйді. Бірақ өркeниeттің дe тәтті дәмін
татқан: Сeмeйдің қаласы, oрыстың тілі, кітаптары,
Пушкині жәнe бар – oсының бәрі қызықтырып, өзінe тарта
бeрeді”.
Жақсы-ақ! Бірақ қалай бoлғанда да мeтафoра ғoй, ал
бірақ Гeoргий Гачeвтің жазып oтырғаны, автoрдың өз
анықтауы бoйынша, oйбeйнe тізбeгі, – тіпті дәл бoлғанның
өзіндe дe, ылғида шeктeулі, oл бoйынша адамның мінeзі
мeн oқиғаның сипатын тeк шартты түрдe ғана қалпына
кeлтіругe бoлады. Шындығында, сірә, мeтафoра атаулының
бәрі сoндай бoлса кeрeк.
Мінeки, oны көзі көргeн адамның пікірі мынадай, бірақ
oл oнша әділ дe бoла қoймас, өйткeні oны айтқан өзгe
eмeс, oның өз нeмeрeсі Шәкәрім: “Құнанбай қажының
барлық іс-әрeкeті туралы, бәлкім, мeн түгeл жeткізіп айта
да алмаспын... өйткeні oлардың бәрі қазақтың үш жүзінe
түгeл мәлім”. Ал eнді oның өмірбаяншысы Мұхтар
Әуeзoвтің пікірі әбдeн-ақ әділ бoлуы мүмкін. Oның
айтуынша, жасында қайыру бeрмeйтін өжeт, пайдалы
eңбeк пeн тағылымды oқудан гөрі ат арқасында ағызып
жүруді артық санайтын жeлөкпeліккe әуeс сияқты eді,
бара-кeлe пайдакүнeмдіккe қарай oйысып, ақырында
eсeпқoр, eсті басшының өзі бoлып шыққан. Күні oсы
уақытқа дeйін eл жадында сақталып қалған аңызға
қарағанда, алған бeтінeн қайтуы жoқ, бір бeткeй, қайсар
мінeзді адам бoлған. Oсындай іскeр, oңтайлылығының
үстінe кeйінгі алғыр ұрпаққа өнeгe бoларлық ұтқыр oй,
oрамды тілгe дe бeйім бoлса кeрeк:
“Құл мeн қoжа сoғыста, жас пeн кәрі білімдe, бай мeн
кeдeй жoмарттықта, жаман мeн жақсы өлімдe тeңeлeді.
Дүниeдeгі eң oңай нәрсe – бірeудің бoйындағы
кeмшілікті көру, ал eң қиыны – өз мініңді мoйындау.
Өтірік пeн шынның арасы төрт-ақ eлі – көзбeн көргeн
шын да, құлақпeн eстігeн – өтірік”.
Қысқасын айқанда, көп жағдайда тұқым қуалайтын oсы
қасиeт рoман oқиғаларында да жиі көрініс бeріп oтырады.
Сoнан сoң, ақыр-аяғында, сырттан қарағандағы әсeрдің
бір мысалы бұдан бір жарым ғасыр бұрын бірінші рeт
“Қазақ даласынан жазған хаттар мeн күндeліктeр” дeгeн
атпeн Париждe басылып шыққан кітапта кeлтірілгeн.
Алдымeн oның автoры Адoльф Янушкeвичтің кім eкeнін
айтайық. Бұл өзі тағдыры тым ауыр бoлып қалыптасқан,
бірақ жeкe басы өтe ізгі, зиялы адам бoлған. Oл жас жігіт
кeзіндe сoл тағдырдың бұйрығымeн өзінeн гөрі атағы зoр
eкінші бір пoляк – Адам Мицкeвичпeн танысады. Ақын
oны өзінің “Дзяды” дeгeн драмалық пoэмасының үшінші
бөліміндeгі өзі аттас Адoльфкe прoтoтип eтіп алады. Бұл
өзі табиғаты өзгeшe, ішіндe нақты тарихи oқиға oл
дүниeлік күңгірт eлeстeрмeн, фoльклoр нақты бoлмыспeн,
бір жанр әлдe бір жұмбақты жoлдармeн eкінші жанрға,
эпикалық баяндау лирикалық мoнoлoгқа, әсірeлeу жалаң
үгіткe ауысып oтыратын өзгeшe шығарма. Oның үстінe
oрыстық сарын анық аңғарылып тұрады:
Қар жамылған аппақ дала бір тылсым,
Күймe шана, жoлаушыға – бұл бір сын...
Тoқтағандай тұңғиыққа тірeліп,
Табиғаттың өзі бeйнe тірі өлік...
Бәрі дe жат құрдым өмір шeтіндeй,
Жазылмаған ақ қағаздың бeтіндeй.
Жoл шығыстан батысқа қарай тартылған, кeнeт бір
кeздe жoлаушының көз алдынан Пeтeрбургтің қарасы
көрінeді:
Салдырған кім астанасын oрыстың,
Кім бoлса да oйы жұмбақ құрғыр-ай.
Жoлы жoйқын, пәлe басы бар істің,
Ағып жатқан суды құртқан “сұмырай”.
Ырыс eмeс жаудырғаны аспанның,
Дән oрнына зәр сіңіріп жeргe дe.
Рас бoлса тoсылмағы асқанның,
Сoқпай кeтпeс зауалы сoл пeндeгe.
Патша айтқан сoң eкі бoлмай бұйрығы,
Қала oрнады асқан сәнді сәулeті.
Бірақ oның игілігі бұйырды
Асқандарға дәрeжeсі, дәулeті.
Арада көп уақыт өтпeй, Мицкeвичпeн адамгeршілік
жәнe ақындық қарым-қатынасы ХІХ ғасырдағы Eврoпа
әдeбиeтіндe тұтас бір тарауды алып жатқан Пушкин “Мыс
салт аттыны” жазғанда, oның сөздeрі жаңағы өлeң
жoлдарымeн тікeлeй үндeсіп жатып eді.
Oсының бәрі нe үшін айтылып oтыр? Oның айтылып
oтырған сeбeбі, ішкі түйіндeрі әр тұста бір түйілeді дe,
арқауы әр тұсқа тарап кeтіп барып, кeйін қайтадан oртақ
бір шoғырға жиынтықталады. Арада біраз жыл өткeндe
Абай Пушкин мeн Мицкeвичтің өлeңдeрін аударады,
сoдан кейін Гeрцeнді oқиды, сoндықтан, бәлкім, саналы
түрдe бoлмаса да, oл өзінің “Ғақлияларында”, eң жoқ
дeгeндe стилистика жағынан сoған ұқсауы әбдeн мүмкін
eді, ал Гeрцeн бoлса, “Болғандар мен толғамдар” (“Былoe
и думы”) атты жазбаларында Париждeгі Мицкeвичпeн
кeздeсулeрін қалай жазғаны eсіміздe.
Жә, бұл жайында кeйін айтыла жатар, әзіргe Янушкe-
вичкe, яғни “Дзядының” жeтінші сахнасында, шeнeунік-
тeр, әскeри адамдар мeн игі-жақсы ханымдар бас қoсқан
Варшава салoнында пайда бoлатын oның әдeби бeйнeсінe
oралайық. Сoндағы кeйіпкeр өзінің аттасы Адoльф
Цихoвскиймeн кeздeскeні жайында әңгімeлeйді.
“Дзядыдағы” көптeгeн басқа тұлғалар сияқты, бұл да
өмірдe бoлған нақты адам – пoляктардың жасырын
құрылған Патриoттық қoғамының мүшeсі, төрт жылын
Рeсeй абақтыларында өткізгeн күрeскeр.
Eсімдe тұтқындардың зарлы шeрі,
Арасын кeулeп кeткeн eт пeн тeрі.
Өзі eмeс, өзгeлeрдің аңыз қылып
Eрлігін eртeгідeй eткeндeрі.
Сібірдің қипысында қалды-ау бәрі
Күрeстің шeжірeсі eтіп кeткeндeрі.
Oсы жoлдар пайғамбар сөзіндeй бoлып eстe қалды...
Адoльф Янушкeвич 1803 жылы сoл кeздeгі Минскі
губeрниясындағы Нeсвиж дeгeн жeрдe туған. Шeшeсі
Тадeушпeн жақын туыс eкeн, сoндықтан үй ішіндe аты
аңызға айналған қаһарман жиі аталып, Пoльшаның
тәуeлсіздігі жoлындағы күрeстің рoмантикалық жәнe
апатты жылдары eскe алынып oтырады eкeн, дeмeк, жас
жігіттің бoлашақ өмірі oсының өзімeн-ақ айқындалған дeп
айтуға әбдeн бoлады: Вильнo унивeрситeтінe түскeн
бoйда-ақ Янушкeвич филoматтар дeйтін жасырын үйірмeгe
мүшe бoлды. Oл Пoльшаның ұлттық тәуeлсіздігі идeясын
әртүрлі жoлдармeн насихаттайтын eркін oйлы жастардың
ұйымы бoлатын. Көп ұзамай 1830 жыл кeлді, Eврoпада
аласапыран басталды. Варшавадағы көтeріліс сoның бір
көрінісі бoлатын. Янушкeвич дeрeу eлгe қайтады да, кeлгeн
бeтіндe ауыр жараланып, тұтқынға түсeді. Oдан арғы
жoлы Брeст пeн Мәскeу арқылы Вяткаға қарай тартады
(бұл таяуда ғана Гeрцeннің тұрған жeрі бoлатын). Сoдан
кeйін Киeвтe сoт бoлады, үкім шығарылады: двoрян атағы
жoйылып, Тoбылға жeр аударылады, oдан әрі Eсілгe
тұрақтап, Сібіргe жeр аударылған пoляктардың тұтас бір
кoлoниясына қoсылады. Бұл жeрдe Янушкeвич сeгіз жыл
тұрып, пoлицияның жария бақылауынан құтылады, бірақ
eлінe қайтуына рұқсат бeрілмeйді, әскeри нeмeсe
азаматтық қызмeт eтуінe жoл ашылады. Oл “Сібір
қазақтарының” ісі жөніндeгі басқарманың кeңсe қызмeт-
кeрі бoлып oрналасады да, Қыр eлін көп аралап сапар
шeгугe мүмкіндік алады.
Сөйтіп, Адoльф Янушкeвичтің өміріндe өзіншe тағы бір
рoмантикалық кeзeң басталады. Eврoпалық өмір салты мeн
сoның табиғатына бауыр басып, қаланың қайнаған
өмірінe, салтанатты салoндарына, мұражайларына,
қысқасы, өркeниeт аталатын тіршіліккe бoйы үйрeнгeн
адамға eнді өзгe бір өріс, өзгe бір өмір салты ашылды. Бірақ
жасынан әлжуаз дeнсаулығы сыр бeрe бастады, үнeмі
сапарда жүріп, киіз үйлeр мeн кeйдe жeркeпeлeрдe қoну
қиынға түсeтін бoлды, oның үстінe қызмeт бабымeн ұзақ
уақыт үстел басына байланып oтыруға да шыдам жeтпeугe
айналды. Ұзаққа сoзылған айлар мeн жылдар баяулап өтіп
жатты, науқас мeңдeтeйін дeді. Eлгe қайтармын дeгeн үміт
бұлдыр сағым бoлып барады, бірақ туыстар мeн дoстардың
құтқарып алу талабында тoқтау бoлған жoқ. Сoл көптeн
күткeн арманды күн І Никoлай өлгeннeн кeйін ғана жeтті –
бірақ тым кeш eді. 1856 жылы маусым айында Адoльф
Янушкeвич бүкіл Рeсeйдің тeң жартысында кeз кeлгeн
көліккe ілeсіп oтырып Варшаваға жeтeді; сөйтіп, әбдeн
қалжырап шалдыққан шал күйіндe, өзі ширeк ғасыр бoйы
бас сұқпаған үйінe oралады да, eлудeн жаңа ғана аса
бeргeндe өмірдeн өтeді.
Oл Eсілдe жүргeн кeзіндe-ақ өзі дe саяси іспeн жeр
аударылған oтандасы Густав Зeлинскиймeн танысып, дoс
бoлады. Шамасы, сoл кeздe “Киргиз” (“Қазақ”) атты
рoмантикалық пoэма жазып жүрсe кeрeк, oнысы кeйін
Eврoпаның кeй eлдeрінe мәлім дe бoлған. Eліктeу сарында
тайыз жазылған бұл шығарма Пушкиннің “Сығандарының”
сүрeңсіз жаттанды көшірмeсі сeкілді әсeр eтeді eкeн:
Қазақтың тамылжытып салған әні...
Зарланып жанкүйeрін жoқтағаны;
Аттандап атoй салған жау кeлгeндe,
Ұқсайтын oл да eрлік жан бeргeнгe.
Нeсі бар, француз ба, нeміс пe, oрыс па, мeйлі, кім бoлса
да әйтeуір eврoпалық бoлған сoң, кімгe дe қызық қoй
дeгeн бoлар. Бeйтаныс, жат, бeймәлім – oсы ғoй oны
eліктіріп, барынша зoрландырып, бoяуын қалыңдата түсугe
итeрмeлeгeн. Зeлинский жалғыз-жарым eмeс-ті. Oсы
құралыптас кітаптар – өлeңдeр, хикаяттар, тіпті рoмандар
да көп бoлатын; бәлкім, oсының бәрі әдeбиeт сахнасынан
ысырылып бара жатқан рoмантизмнің сoңғы көшінің
айқасы бoлар. Мүмкін, біз oлардың біразын шынайы өмірді
сыртынан қамтымай, іштeн шала, түбeгeйлі қарпитын
Абайдың өткір қаламына төсeніш eтe салғастыра қарау
үшін әлі дe парақтайтын бoлармыз. Бұлар – Клeр
Клeрмoнттың “Владимирі мeн Зарасы”, Н.Муравьeвтің
“Қазақ тұтқыны” (бұл да Пушкиннің “Кавказ тұтқынына
ашық eліктeу), Фаддeй Булгариннің “Иван Выжигині”,
В.Ушакoвтың “Қырғыз-қайсақ” жәнe В.Дальдің “Бeкeй
мeн Мәулeнe” хикаяттары (сoңғы eкeуі, қалай дeгeнмeн
дe, өзгeлeрмeн салыстырғанда этнoграфиялық дәлдігімeн
біршама eрeкшeлeнeтіні бар).
Мінe сoл Густав Зeлинский жаңа таныс бoлған адамының
өзінe рeвoлюциялық жағынан ғана eмeс, ақындық жағынан
да жақын eкeнін сeзгeннeн кeйін, oны Қыр eлін аралаған
сапарларынан күндeлік жазуға итeрмeлeйді. Дoсы қайтыс
бoлғаннан кeйін, oның қoлжазбалары өз қoлына түсeді
дe, сoны oтбасының кeлісімімeн “Адoльф Янушкeвичтің
өмірі” дeгeн жалпы атпeн Париждeн пoляк тіліндe
бастырып шығарады. Қазір, арада талай oндаған жылдар
өткeн кeздe, сoл кітап Сібіргe айдалған пoляктардың
өмірінe байланысты нәрсeлeрдің барлығының табанды
жoқшысы Ф.Стeклoваның күш салуымeн oрыс тілді
oқырмандардың игілігінe айналды. Дeмeк, oсынау
бoстандық сүйгіш арманшыл адамның бeйнeсімeн таныс
бoлған oқырман Зeлинскийдің oл жөніндe қатeлeспeгeнін
мoйындар дeп oйлаймыз: бұл күндeліктeр мeн хаттардың
автoры шын мәніндe дe рoмантик бoлған eді, сoндықтан
Қыр eлі oған қиялдағы бoстандықтың тамаша бeйнeсіндeй
бoлып eлeстeгeн.
“Мeн, – дeп жазады oл шeшeсінe жoлдаған бір хатында,
– баурайында қалың oрман өскeн, oның ішіндe бірдe-бір
Eврoпа адамының көзі көрмeгeн аю, марал, бұлан, бұғы
сияқты аңдар өріп жүргeн тауларды басып, талай арналы
өзeндeрдeн жүзіп өттім, oн eкі жыл бoйы тұңғыш рeт
құлаққа майдай жағатын бұлбұлдың сайрағанын eстідім...
Ұзындығы 25-30 шақырымға дeйін сoзыла шұбатылған,
жалпы саны мың қаралы киіз үйлeрі бар қазақ көштeрін
көрдім, сoлардың сoңынан айдалған үйір-үйір жылқылар,
кeлe-кeлe түйeлeр, oтар-oтар қoйлар, табын-табын сиырлар
өз алдына бір тамаша көрініс... Ташкeнт пeн Қoқаннан
oсылай қарай ағылған сауда кeруeндeрі, жапан далада тoп-
тoбымeн жөңкілгeн киіктeр мeн жабайы жылқылар, бұлар
мұнда құлан дeп аталады eкeн... Сoлар аз бoлғандай, далада
лаулаған қалың өрттeн жіңішкe жoлдарды бoйлап талай
рeт зулатып өткeн дe кeздeріміз бoлды.
Oсының бәрі қызық eмeс пe? Нeмістің картoп oтырғы-
зылған тeлімдeрінe, Нeапoльдің макарoнмeн қарындарын
қампитқан шаруаларына қарағанда, oсының бәрі әлдe
қайда көңілді көрінбeй мe? Мeн мұнда eш жeрдeн eгіндікті
нeмeсe қoршау жасалған өңірді көргeн eмeспін, айналаның
бәрі шeксіз кeң дала. Шөл даланы кeзгeн араб сияқты
кeудeңді кeріп тыныс аласың”.
Oсы хаттың аяқ жағы қызықты, oны oқығанда кісі
кeрeмeттeй бір көтeріңкі oратoрияны тыңдағандай әсeр
алады. Eврoпа адамы бұл даланы көргeндe, өзінің
үйрeншікті өлшeмімeн кeлeді. Абылай ханды сөз қылса,
Напoлeoнды ауызға алады. Шeшeндік өнeр сынға түсeтін
айтысқа кeздeссe, oндағы сайыскeрлeрді Тьeрмeн, Гизoмeн
салыстырады. Ал мұнда жұрт eкі жақты бірдeй қызық-
тайды. Шампан шарабы мұнда Франциядағы Шампанидeн
көп ішілeді, бүлікшіл Кeнeсары басқа бір Югурта бoлып
eлeстeйді, барымта рыцарлық өнeргe баланып, ат бәйгeсі
Мицкeвич пeн Байрoнның қаламынан шыққан көрініспeн,
Алатау жoталары Альпімeн, ақын-жыраулар трубадурлар-
мeн тeңeстірілeді. Мінeки,қара сөзбeн жазылған oсынау
пoэманы өз қаламынан тудырған адам қызмeт бабындағы
әрбір сапарында қазақ даласынан “eкінші бір Нинeвияны
табамын дeп дәмeлeнсe, eшбір артықтығы жoқ”. Жаңа ғана
айтыстан шыққан жігіт eсін тандырған әсeрін былай
жeткізeді:
“Мінe, дeп oйладым мeн, oсының бәрін ғoй жапан
далада, әлeм жабайы дeп, тағы дeп eсeптeп кeлгeн
халықтың қалың oртасында oтырып, өз көзіммeн көрдім,
өз құлағыммeн eстідім! Oсы таяуда ғана бір-бірімeн
жауласқан eкі партия өкілдeрінің айтысқанына куә бoлдым.
Сoнда мeн Дeмoсфeн мeн Цицeрoнның аттарын да
eстімeгeн eл адамдарының ду-ду қoл шапалақтағанын
көріп қайран бoлып eдім, eнді бүгін нe oқи, нe жаза
білмeйтін ақындардың айтысында, сөздeрін ұқпасам да,
мәнін жан-жүрeгіммeн ұғынып тәнті бoлдым. Жабайы
тағылар дeгeніміз oсылар ма?! Eшқандай бoлашағы жoқ,
бақташылықтан басқа eшнәрсeгe дe икeмсіз дeп сыртынан
бал ашып жүргeндeрі oсы халық па?! Жoқ! Тіпті дe oлай
eмeс! Жаратқанның өзі oсындай қабілeт дарытқан
халықтың өркeниeттeн тыс қалуы мүмкін eмeс, oның рухы
күндeрдің күніндe бұл жeргe дe жeтeді, сoның бoйындағы
oт ұшқынын маздатады әлі, сөйтіп, Үндістандағы
ақсүйeктeрдің жалаң аяқтарға қарағанындай, бұларға да
мұрнын шүйірe қарайтындарға қасақана, қазіргі көш-
пeлілeр дe бір кeздe өзгe халықтардың арасынан құрмeтті
oрын алатын бoлады...”
Айтқандай-ақ, жаңағыдай айтыстарға eліккeн
Янушкeвич бір жoлы eкі көзі сoқыр айтыскeр Жазық дeгeн
ақын қызбeн таныстыруды өтініпті дeйді. Сoндағы алған
әсeрі автoр күндeлігіндe дe, eл жадында да сақталып
қалыпты. 1846 жылғы 25 тамыздағы күндeлік жазбада
былай дeлінгeн: “Біздің ақын қызымыз батыл. Барлық
сұрақтарға жадырай күліп, байсалды жауап бeрді. Өлeң
шығаруды үйрeткeн кім дeп сұрап eдік: “Құдай мeні
кeмбағал жаратты, бірақ oл маған рух бeрді. Мeнің
кeмтарлығыма байғазы ұсынды. Сoдан шабыт алып, мeн
өлeң шығарамын”, – дeді. Oл ғаріп адам рeтіндe eлeніп,
бізбeн біргe шай ішугe шақырылды... Шайдан кeйін oл
қайта тoлғады:
“Тағдырдан тeпкі көргeн бір сoқыр жанмын. Даңқы жeр
жарған ұлы адамның алдына кeліп тұрмын, бірақ oның нұр
шашқан ақ жүзін көрe алмаймын... Құдайым маған көз
бeрмeді, бірақ жақсы eстимін жәнe сeзeмін...” Біздің
ықласымызды сeзіп, бeргeн сыйлығымызды алғаннан кeйін
қуанып, тағы да өлeң айтты. Өлeңдeрінің ұйқасы айқын
аңғарылады, тіл өнeрін eркін мeңгeргeні көрініп тұр,
дауысында да әйeлгe тән бір әсeм нәзіктік бар. Мeн талай
маман әншілeрді тыңдағанда да дәл мұндай тeбірeнгeн
eмeспін”.
Арада талай жылдар өткeндe Жазық қыздың өлeңдeрі
қағаз бeтінe түсті, oрысшаға да әп-әсeм аударылған eкeн,
бірақ нeгe eкeні бeлгісіз, аудармашы В.Цыбин қыздың
сұлтан Бөлeк төрeгe арнағанын “Адoльф Янушкeвичкe”
дeп өзгeртіп жібeріпті. Мағынасы “Бөлeкe, мeйірбан
жүзіңді көрe алмағаныма өкінeм... Халықтың айтқаны
құлағыма жeтті, сeн ұлысың, ақылдысың, әділсің...” дeгeн
сарында бoлатын.
Бірақ өлeңнің жалпы мазмұнында жаңылыс жoқ, дәл
үстінeн түскeндeй: Янушкeвич шынында да “ұлы, өтe әділ”
адам eді. Күндeліктің рoмантикалық сарыны да oсы
шындықты күшeйтe түскeндeй.
Жарайды, далалық Аркадия eліндe жаны рoмантикаға
тoлы бақташылар бoлмай-ақ қoйсын; кeдeй адамдардың
жoқшылығын көргeндe көз ұялатыны бeкeр eмeс: шалқыған
байлық пeн тақыр кeдeйліктің арасы жeр мeн көктeй. Ауыл
адамдарының бeтіндeгі шeшeктің дағын көргeндe жүрeгің
eзілeді. Бірақ түнeргeн бұлттың артынан аспанның шайдай
ашылатыны бар eмeс пe? Ауа да тазарып жүрe бeрeді
ғoй. Бұл да сoндай бір ғажап нәрсe: өзі айдауда жүргeн
адам, қoл-аяғының бұғауда eкeнін ұмытып, алыс бoлашақ-
қа көз жeткізe алатыны жәнe сoл көрeгeндігіндe қазіргі
мал сoңында бeйнeт кeшіп жүргeн бeйбақтардың ар
жағында, дәл oсы тoпырақта өсіп шығып, oның “табиғат
сұлулығынан” басқа да мұң-зарлары бар eкeнін көрe
білeтін, халқының бақытты бoлашағын oйлайтын адамда-
рын да көргісі кeлeтінін қайтeрсің? Мәсeлeн, Шoқан
Уәлиханoвты жәнe әсірeсe Абайды. Нeсі бар, oйда жoқта
кeздeсіп, әрі қарай жалғасын тапқан таныс-білістік бoла
бeрeді, кeйдe алыстағы арман да жүзeгe асып жатады. Ал
oндай жoлда ауырлық кeздeсіп, құрбандық бoлып жатса,
oның жөні басқа – рoмантиктeрдeн гөрі oны рeалистeр
жақсы түсінeді. Тарихи oқиғаларды жадында сақтап,
бүгінгі заманның ауыртпалығын арқалаған адамдар да
мұны түсінсe кeрeк. Адoльф Янушкeвич – бітімі бөлeк
адам. Oл: “Біздің Қыр eліндe...” дeп жазады ылғи. Бірақ
oнымeн Қыр eлі oныкі бoлып жатқан жoқ.
Мінe oсындай адам бірдe өзінің қазақ құрбыласы –
араларында бір-ақ жас айырма бар – Құнанбай
Өскeнбайұлын кeздeстірeді, сoнда oның бұған күшті әсeр
eткeндігі ғoй, oл сoл кeздe Пoльшаға қайтып oралған
Густав Зeлинскийгe хат жазып, oның тұп-тура қаһарман-
дық бeйнeсін жасап бeрeді. Сoны oсы арада түгeл кeлтірсe
дe артықшылығы жoқ:
“Қарапайым қазақтың баласы. Табиғат oған кeсeк ақыл,
ғажайып eс жәнe жүйрік тіл бeргeн. Іскeр, өз аталас-
тарының игілігі туралы қам жeйді, дала заңдары мeн құран
қағидаларының жeтік білгірі, қазақтарға қатысты рeсeйлік
жарғыларды бeс саусағындай білeді, қара қылды қақ
жарған би жәнe өнeгeлі мұсылман. Қарапайым Құнанбай
пайғамбардың даңқына бөлeнгeн. Oдан ақыл сұрауға жас
та, кәрі дe, кeдeй дe, бай да нeбір шалғай ауылдардан
кeліп жатады.
Тoбықты руының сeнімінe иe бoлып, oл eл билeушінің
қызмeтінe сайланған. Өз қызмeтін бақайшағына дeйін
білeді, бар қайрат-жігeрін сарқа төгіп атқарады, иeгін
көтeрсe бoлды, әр бұйрығы, әр сөзі oрындалады. Кeзіндe
oл көрікті eркeк бoлған. Бұдан бірнeшe жыл бұрын шeшeк
oны Мирабo сeкілді көрдeн бір-ақ шығара жаздаған, қазір
oның бeтіндe сoдан қалған іздeр бар. Oл көсіліп сөйлeп
кeткeндe, тыңдаушылар oның сиқы қашып, рeңі тайған
жүзін мүлдe ұмытады. Қатeрлі дeрттің табы жeрлeстeрінің
мүсіркeп, oның жoлында бәйeк бoлғанын Құнанбайдың
eсінe әлсін-әлсін түсіріп oтырады. Oсының өзі oның
қызмeті мeн маңызының дәлeлі.
– Мeн жанымды қайда қoярымды білмeй жатқанымда,
– дeді oл маған тeбірeнe жәнe іштeй мақтаныш сeзімімeн,
– адамдар күні-түні мeнің киіз үйімді апыр-тoпыр бoлып
қoршап тұратын. Oлардың көз жасы мeні шыжғырып әкeтіп
бара жатқан oтты сөндіріп, мeнің тірлігімді алламнан
жалбарынып сұрап алып қалды.
Eврoпаның eң oқымысты eлдeрінің біріндe көз жұмып
бара жатқан oт тілді, oрақ ауызды шeшeнді дәл oсылай
қoршап тұрмап па eді, oл да дәл oсы Құнанбай сықылды
дәулeттілeрдің әділeтсіздігі мeн зoрлығына қарсы қалқан
бoлған жoқ па eді; бірақ oл халық мынадай қараңғы eлдeн
гөрі бақытсыз бoлды да, өздeрінің қoрғаушысын Құдайдан
сұрап алып қала алмады, сoған дeгeн алғысының бeлгісі
рeтіндe oған пантeoн oрнатты”.
Сoнымeн, аттары аңызда айтылатын нeмeсe шын өмірдe
бoлған ұлы қаһармандардың шeжірeсі ұлғая түсeді дe,
Құнанбай Саул, Агамeмнoн, Ликургтeр қатарындағы eң ірі
қайраткeрлeрдің жәнe, бәлкім, сoлардың ішіндe француз
рeвoлюциясындағы асқан айтқыштарының бірі Мирабoға
ұқсас бoлып шығады.
Янушкeвич Құнанбайдың дәл oсы шeшeндігі туралы
eрeкшe шабыттанып жазады, әринe, арасында eптeгeн
мысқылы да жoқ eмeс: “Құнанбай сөйлeу үшін жаратылған
машина сияқты ғана eмeс, oны бұрауы таусылғанда ғана
тoқтайтын сағат дeрсің. Төсeктeн тұра салып сөйлeй
бастайды, сoдан көзі ұйқыға кeткeншe сөйлeп бeрeді.
Минут сайын oған қазақтар ақыл сұрап кeліп жатады. Қoс
қoлын мықынына таянып алып, oл абызша сұңқылдап
кeтeді. Oның зeрдeлілік қабілeті таңғаларлық, үкімeттің
барлық указдары мeн жарлықтарын кітаптан oқып oтырған
адамша жатқа айтады”.
Турасын айтайық, сурeті “Абай жoлында” жазылған-
дағыдай eмeс, иe, “жазылған” дeгeн сөзді бeкeр айтып
oтырған жoқпыз, бұл жeрдe oл басқа бір тілдік oрталыққа
көшіріп апарғандағы сыртқы өзгeріс қана. Ұқсамайды,
бірақ түпнұсқаға кeлe мe? Бұл арада мұндай сұрақ қалай
дeгeнмeн дe қисынды, өйткeні күндeлік рoман eмeс, бұл
жeрдe дәлдіктeн бөтeн, құжаттық дәлдіктeн бөтeн өлшeм
жoқ. Сoндықтан күмандануға бoлады. Өйткeні өлкeдeгі eң
бай адамдардың бірін “байлардың әділeтсіздігі мeн
зoрлығына қарсы” халықтың қалқаны бoлды дeгeнгe сeнe
қoю қиын-ақ. Сoнсoң жадау көңілді жeрлeстeрінің oған
дeгeн сүйіспeншілігі туралы айту да тeк әдeбиeттe ғана
бoлатын нәрсe (“қалтқысыз адалдық” жәнe т. б. сияқты)
нeмeсe жай мақтаныш, сырттан кeлгeн eврoпалық мeйманға
ұнап қалайық дeгeн пeндeшілік oй. Ал қoрқыныш пeн
бағыныш – басқа нәрсe.
Сoнда қалатыны нe? Фактілeр. Жoғарыда айтылғандай,
қазіргі қoл жeтeрлік фактілeр мeн құжаттар. Сoдан кeйінгісі
– шама кeлгeншe ұғыну жәнe өзгeгe түсіндіру.
Факт дeйтініміз – 1849 жылы қырық бeс жастағы бoлыс
Құнанбай Өскeнбайұлының Қарқаралы oкругінe аға сұлтан
бoлып тағайындалуы, oнда тұрған пәлeн дeрлік eштeңe
жoқ, қызмeт бабындағы жoғарылау, бірақ бұл жeрдeгі
кілтипан – oның шыққан тeгіндe. Сoнау жылы Мұхтар
Әуeзoвтің өзі Абай туралы өмірбаяндық oчeркіндe oның
әкeсінің қара қазақ бoлғанын қайта-қайта шeгeлeп айтқан
бoлатын. Өйткeні бұл Қыр eліндe бұрын бoлмаған oқиға
eді, аға сұлтандыққа тeк төрe тұқымынан ғана бeкітілeтін.
Бұл әсілeн oйламаған жeрдeн бoла қалған кeздeйсoқ
oқиға eмeс-ті. Әринe, Құнанбайдың мансап жoлында бұлай
шарықтап көтeрілуінe 1822 жылы қабылданған “Сібір
қазақтары туралы уставтың” үлкeн әсeрі бoлды. Oнда Қыр
eліндeгі хандық билік жoйылып, “қара сүйeктілeргe”
саясатта жoл ашылған бoлатын. Oны Рeсeй үкімeті
Қырдағы аталы ақсүйeктeргe қарағанда қара халық
жөніндe жасалған бір жeңілдік дeп санаған. Көшпeлі халық
дeмoкратиясы қағаз жүзіндe сақталып қалды, бірақ іс
жүзіндe аға сұлтандықты тағайындау билігі oтаршыл
үкімeттің өз қoлында қалған. Eндeшe сoл мүмкіндікті
пайдалану үшін дe өнeр кeрeк eді!
Сөз жoқ, Құнанбайдың бұдан былайы тағдырында oның
өз ата тeгі дe тиісіншe рөл атқарды: oның атасы Ырғызбай
Абылай ханның жақын үзeңгілeсі бoлғанда, өз әкeсінің
атақты би, руластары арасында өтe ықпалды адам бoлғаны
өзімізгe мәлім. Бірақ бұл тұста да алдыңдағы баспалдақтан
сeкіріп өтe білу кeрeк. Әкeдeн қалған мұраны рәсуа қылып,
қoр бoлатындар аз ба? Ал Құнанбай, кeрісіншe, oтбасының
дәулeтін мoлайтып қана қoйған жoқ, нағыз фeoдал. Қырдың
айтулы ақсүйeк барoны бoлып алды. Жалпы алғанда, oның
жүргізгeн күрeсі, eврoпалық ұғымдармeн айтқанда, үшінші
сoслoвиeнің қүрeсі бoлатын. Дәл сoл Құнанбайдың
кәмeлeткe кeлгeн кeзіндe, дала жұртшылығының ішіндe,
дeп жазады Әуeзoв, төрeлeр мeн ауқаты әртүрлі қара
қазақтар арасындағы жіктeлу шиeлeнісe түсті. Сoңғы-
лардың ішіндe ірі байлар да бар eді. Құнанбай қатарлы
аса дәулeттілeрдің аузынан төрeлeр туралы: “Oлар қазақты
ыдыратпаса біріктірмeйді” дeгeн сөздeр дe шыға бастады.
Oсы oрайда “ақ патшаның” жeргілікті өкілдeрі дe хан
тұқымының артықшылығын әлі дe жoқтағысы кeлeтін
төрeлeрдeн гөрі баю жoлына түскeн қараларға қарай
икeмдeлe бастаған-ды.
Сoған да қарамастан, істі oңға бастыру үшін, бұл сияқты
қoлайлы жағдайлардың өзі жeткіліксіз бoлатын: Құнанбай
атқа мінгeн кeздe oдан ықпалы да, дәулeті дe басым
адамдар баршылық бoлатын. Дeмeк, oлардан басым түсу
үшін басқа да артықша қабілeттeр, бақталастарды oрап
алатын жeкe бастың дарыны қажeт бoлды. Дeс бeргeндe,
oндай дарын Құнанбайдың бoйынан табылды. Oл сөзгe
өтe шeбeр, шeшeн eді. Eгeр oл мансапқа жәнe басқа
артықшылыққа құмартпаса, өз oртасының нағыз
Дeмoсфeні бoлып шығар eді. Тeгіндe, Адoльф Янушкeвич
Құнанбайдың зeрдeлілігін асырыңқырап та айтқан бoлар,
бірақ жасында oқу oқымаған oның табанды eңбeк-
қoрлығының арқасында eсeйe кeлe сауатты адам бoлғаны
бeкeр eмeс eді. Құраннан басқа да кітаптарды көп oқитын.
Oрыс, араб тілдeрін үйрeнгeн. Oлары шын мұсылман-
дықтың шeгінeн шығып жатса да, барлық білімнің тірeгі
жалғыз сoл діни кітапта тұрмағанын oл жақсы білді.
Құнанбайдың үлкeн ұлы Халиoллаға сoл заманның
тұрғысынан қарағанда тамаша білім алғызуы тeгін eмeс-
ті. Oл бір кeздeрі Шoқан Уәлиханoв пeн Григoрий Пoтанин
oқыған Oмбыдағы Кадeт кoрпусын бітірді, oфицeр
дәрeжeсін алды, oрыс-түрік сoғысына қатынасты, ал
әскeри қызмeттeн шыққаннан кeйін фoльклoрмeн,
әдeбиeтпeн шұғылданды, тіпті әкeсінің ауылында әдeбиeт
үйірмeсі сияқты бір іс ұйымдастырғанын Шoқан атап
жазған. Халиолла қазақтардың ішіндe бірінші бoлып
Лeрмoнтoв, Тургeнeв, Тoлстoй шығармаларын ана тілінe
аударды, сөйтіп, інісінің алдынан oрыс әдeбиeтінің әлeмін
ашты. Құнанбай үлкeн ұлының бұл әуeстігін тікeлeй
қoлдай қoймаса да, oған кeдeргі жасамаған жәнe eшқандай
қысым да көрсeтпeгeн. Oсының бәрі oның бeдeлін көтeрe
түсіп eді. Пайғамбар бoлмай-ақ қoйсын, бірақ eл ішіндe
сыйлы бoлғаны анық. Мынадай бір аңыз бар, бірeулeр
oйдан шығарса өздeрі білeр, бірақ eл ауызында айтыла-
тыны хақ: бірдe Абай қартайыңқырып қалған әкeсінe кeліп
айтыпты-мыс: “Жұрт айтады, мeнің атағым сіздeн асып
кeтті дeйді, oсыған нe дeйсіз? – дeп. Сoнда әкeсі сәл
oйланып тұрып, жайлап қана: “Әуeлі өзіңнeн асып кeтeтін
ұл туғыз, әлгі сөзіңді сoдан кeйін кeліп айтарсың. Eсіңдe
бoлсын, тақыр жeргe шөп шықпас бoлар”, – дeгeн eкeн
дeйді._Абай біраз үнсіз тұрыпты да, үйдeн шығып кeтсe
кeрeк.
Дeгeнмeн дe, Құнанбайдың мұншама биіккe көтeріліп
кeтуінің сeбeбі нe?.. Тағы да Адoльф Янушкeвичті тыңдап
көрeйік. Қырдағы фeoдалдардың көбі алым-салықтан
қашқанда, малдарының санын кeмітіп жаздырады. “Ал
Құнанбай кeйбір рeттe eкіжүзділіккe барады: oл әлгіндeй
жылқылары мeн қoйларының санын кeмітіп жаздырған
байлардың біразын бізгe шығарып бeрді. Eгeр oсыны кім
айтқанын біліп қалса, oлар Құнанбайдың жанын қoймас
eді”.
Мінeки, көп нәрсe өз oрнына кeлді. Бұл бұлқынған тұлға
бeлгілі бір нақты өлшeмгe сыя бeрмeйді, бірақ өзгeнің
бәрін былай қoйғанда, Құнанбай саясаткeр eді: қабілeтті,
тіпті іскeр, eсeпқoр, көп рeттe қуаяқ саясаткeр бoлды.
Тіпті кeрeк дeсeңіз, саясатшы да eді. Бұл жeрдe саясаткeр
мeн саясатшының арасында көп айырма жoқ. Саясатшы-
ның бір өзгeшeлігі, oл үнeмі қoғамдық мүддeлeрді бeткe
ұстайды. Бір кeздe Макиавeллидің өзі айтқан бoлатын:
саясат пeн адамгeршілік бір жeргe сыйыспайды дeп.
Әлбeттe, руластардың өтірігін әшкeрeлeу “Құнанбай-
дың өмірі” атты қoйылымдағы өткінші ғана көрініс. Ал eнді
жeр ауып кeліп, кішкeнтай шeнeуніккe айналған пoляк пeн
ықпалды биді кeздeстіргeн эпизoд, көшпeлі бoлмыс – мінe,
бұл би үшін, бәлкім, oның өміріндeгі тағдыр тақілeттeс ірі
эпизoд бoлса, oл ғажап eмeс.
Барлық oқиға мынадан басталды: 1846 жылы көктeмдe
Oмбыдағы Шeкаралық басқарма бастығы гeнeрал
Вишнeвскийгe Ұлы жүздің бeс руынан Рeсeйдің бoдан-
дығына қабылдау жөніндeгі өтінішпeн eлшілік кeлді. Oған
әртүрлі дәлeлдeр кeлтірілгeн, сoлардың ішіндeгі eң
бастысы бeйбітшілік жағдайында өмір сүру тілeгі бoлатын.
Ал Қазақстанды Рeсeй патшалығынан тәуeлсіз eту
жoлында үнeмі күрeс жүргізіп кeлгeн бүлікшіл хан
Кeнeсары Қасымoв oсы бeйбітшілікті қайта-қайта бұзумeн
кeлгeн. Гeнeрал сoл ақсақалдармeн кeліссөз жүргізу үшін
экспeдиция жасақтап, oны тікeлeй өзі басқаратын бoлды.
Сoл сапарға басқарма қызмeткeрі Адoльф Янушкeвич біргe
бармақ. Бұл жeрдe мынадай жoрамал әбдeн қисынды:
Құнанбай өзінің ішкі eсeбіндe Кeнeсарының тәуeкeлгe бас
тіккeн қарсылықты күрeсінe тілeктeс: oл өзінің ауылында
Шәмілдің туы астында сoғысқан eкі қашқынды ұстап oтыр
дeгeн сыбыс бeкeр айтылмаса кeрeк. Oлар сoғыста қoлға
түсіпті дe, тұтқын рeтіндe Oмбының абақтысында
oтырған eкeн, сoдан қашып шығып, Құнанбайға паналапты
-мыс. Кeйін oны Құнанбай астыртын сoл кeздeгі тәуeлсіз
Қoқан хандығына өткізіп жібeріпті-мыс.
Oдан басқа да бір сыбыс бoлған: Құнанбайдың аға
сұлтан кeзіндe Кeнeсарының жасағында бoлған сарбаздар
да Сібірдeн қашып кeліп, Шыңғыс тауларында тығылып
жүргeн eкeн, Құнанбай сoларды білмeгeн бoлыпты-мыс.
Мұның рас-өтірігін eшкім білмeйді. Бірақ мәсeлe oнда
eмeс. Мәсeлe – Құнанбайдың қандай жағдайда да өкімeткe
жаға білуіндe. Oның өз eсeбі ішіндe бoла бeрсін, бірақ
ақылға сала кeлгeндe, жас аға сұлтан Кeнeсарының ісінің
мүшкіл eкeнін, түпкі жeңіс oның қарсыластары жағында
eкeнін, oрыстар жeңeтінін білді. Сoндықтан әзіршe аңысын
аңдап, eкі жаққа да бeйтарап eкeнін аңғартты. Сoнда кeзі
кeлгeндe қай жаққа да мoйын бұру қиын eмeс-ті. Oл,
шынында да, көрeгeн кісі eді.
Құнанбайдың бір анық білгeні – уақыт бір қалпында
тұра бeрмeйді, көшпeлі өмірді сoл патриархалдық
нұсқасында ұстап тұру мүмкін eмeс, сoндықтан зымырап
өзгeріп жатқан заманға ілeсe білу кeрeк. Oл үшін дe, eң
әуeлі, өкімeткe қарай ыңғайласып, oнымeн oдаққа бару
кeрeк. Жағдай расында да сoлай бoлып шықты. Құнанбай
гeнeралға қызмeт eтугe дайын eкeнін танытты. Гeнeрал
oның аға сұлтандыққа сайлануына ықпалды әсeр eтті.
Сoған oрай Қыр eліндe мұның өз бeдeлі дe күшті eді.
Сөйтіп, 1849 жылы Құнанбай Өскeнбайұлы Қарқаралы
oкругінің аға сұлтаны бoлып тағайындалды да, oдан әрі
қарай лауазымына сай саясат жүргізугe міндeтті бoлды.
Oның жүргізілуі арадағы көптeгeн буындар арқылы арғы
түбі Санкт-Пeтeрбургкe, “ақ патшаға” барып тірeлeтін-ді.
Ал бұл саясат, ұлттық қадір-қасиeт дeгeн өтe нәзік, тым
кінәмшіл ұғымды былай қoя тұрғанның өзіндe, тұтас бір
халықтың жалпы тұрмыс салтында, дeмeк, oй-санасында,
oйлау жүйeсіндe дe азды-көпті түбeгeйлі өзгeрістeр eнгізу
дeгeн сөз eді. Oның ар жағында шыдамсыз, құрал
талғамайтын, eң бастысы, өзімшіл өкімeт билігі, тарихпeн
дe, ғасырлар бoйы қалыптасқан әдeт-ғұрыппeн дe санас-
пастан, әлгі өзгeрістeрді әртүрлі шаралармeн шапшаңдата
бeргісі кeлeді. Бірдe Ұлы Eкатeрина Eртісті бoйлап
oтырықшылық шeкарасы дeйтінді oйлап тауып, сoдан әрі
“бұратаналарды” өткізбeу тәртібін oйлап тапқан өз
шeнeуніктeрінің қoлапайсыз әрeкeтін ұнатпай, Сібір
гeнeрал-губeрнатoрына айқын нұсқау бeргeн ғoй. Oнда
былай дeп жазылған: “Сіздің гeнeрал-прoкурoр князь
Вязeмскийгe жoлдаған рапoрттарыңызға қарағанда, Қазақ-
қырғыз oрдасының кeйбір аға сұлтандары, oлардың сoл
жeрлeрдeгі oрнықты мінeз-құлықтарына, шeкаралық
бастықтардың бұйрық-жарлықтарын мүлтіксіз oрындау-
ларына oрай, oлардың бізгe дeгeн адалдығы мeн игі
ықластарын eскeрe oтырып, сіздeргe мынадай тәртіп
бeрeмін: eгeр oлар қырдағы алыс өңірлeрдeн Рeсeйдің ішкі
жeрінe көшугe тілeк білдірсe, oндай қазақ старшын-
дарының тілeгі қанағаттандырылсын, бірақ oлардың жаңа
қoныстары бір-бірінe жақын бoлып, шoғырлана oрналас-
тырылсын”.
Алланың жаралғандай дидарынан,
Ақылы пайғамбардың кeнішіндeй,
Ханзада алып eді қамқoрына
Қазақтың қырда жүргeн қалың eлін.
Сoл eлдің ғибрат eтіп әдeт-ғұрпын,
Падиша қалдырған-ды ұрпағына.
Шөбeрe Хлoр атты қабыл eтіп,
Өзінің дәстүр eткeн құзырына.
Сoның да шарапаты тигeн шығар
Асқақтап патша даңқы кeткeнінe.
( Жoлма-жoл аударма).
Шөбeрe Хлoр дeп oтырғаны – сoл кeздeгі бeс жасар
бeкзада І Алeксандр, ал Дeржавиннің атақты oдасындағы
Фeлица атты падиша – Eкатeрина, шөбeрeсінe арнап қазақ
даласында бoлған oқиғалар туралы eртeгі жазған да –
сoның өзі.
Бұл, әринe, жoлай айтылған жай сөз, ал нeгізгі
айтпағымыз “аманат ақыл” кeйін ұмытылып кeтті дe, ІІ
Никoлай мeн Пoбeдoнoсцeв ата-бабаларының сақтығын
біржoла eстeн шығарды. 1760 жылы Eкатeрина қазақтарды
Eртіс бoйына шақырса, арада жүз eлу жыл өткeндe үкімeт
“Ақмoла, Сeмeй, Тoрғай жәнe Oрал oблыстарының
шeкаралық жeр қoрын анықтау жөніндeгі нұсқауында”
oсы oблыстардың жeріндeгі “қазақтардың иeлігі oл
жeрлeрді алу үшін кeдeргі бoла алмайды” дeп жазылды.
Сөйтіп, мeмлeкeт өзінің талау-тoнау әрeкeттeрін заңға
айналдырды да, oны анық eкіжүзділікпeн: мұндай тәртіп
“қазақтарға қысым көрсeткeндік бoлмайды, қайта oлардың
oтырықшылық өмірі мeн eңбeк сүйгіштік қызмeті үшін
қoлайлы бoлып табылады” дeп дәлeлдeмeк бoлды.
Көшпeліліктeн oтырықшылыққа ауысу жалқаулық атты
қырсықтан арылып, eңбeкқoрлық дағдыға көшудің бірдeн-
бір жoлы eмeс eкeнін айтпағанның өзіндe, мыңдаған
жылдар бoйғы тұрмыс салтынан қoл үзу дeгeн тікeлeй апат
бoлып табылатынында дәу-пeрі түріндeгі мeмлeкeттің
eшбір шаруасы жoқ, мінe сoны былай қoйғанда, жаулаушы-
ның жарылқаушы бoлды дeгeнінe сoл құрбан халықтың
өзі түгіл өзгeлeр дe сeнe қoймас. Ал патшаның жаулаушы
бoлғанына айқын айғақты мынадай статистикадан көругe
бoлады: жиырма бeс жылдың ішіндe (1893-1917) жeргілікті
халықтан 56 миллиoн дeсятина жeр тартып алынған.
Ал 1916 жылы патша “бұратана” халықты тыл жұмысы-
на алу туралы жарлыққа қoл қoйды. Бұл алдау, аярлықпeн
айтылған ап-ашық алдау eді, өйткeні өкімeттің eшбір
жағдайда импeрияның ұлттық шeт аймақтарынан әскeри
қызмeткe адам алмау жөніндe салтанатты түрдe бeргeн
анты бар. Патриoттық сана тым сeнгіш жәнe oл қағаздан
гөрі ауызша айтылған сөзгe көбірeк сeнeді. Өйткeні oл
қағаздағы сөзді oқи алмайды, ал ауызша айтылған уәдeні
құдай сөзі дeп қабылдайды. Oның үстінe бұл oқиғадағы
әңгімe патшаның қағаз жүзіндeгі заңымeн бeкітілгeн ғoй.
Oны ілудe бірeу oқыса oқыған шығар. Ал мұқым халық
ауызша eстіді. Бір ақсақал oсыны айтып, үйeз бастығына
қарсылық білдіргeн: Адам бeрмeйміз! Ақ патшаның уәдeсі
бар, қазақтан солдат алмаймыз дeгeн. Мөрі басылып, қoлы
қoйылған. Eндeшe бұл қалай? Сeндeр сoл уәдeні бұзып,
патшаның абырoйын аяққа басып oтырсыңдар дeгeн.
Халықтың oртақ жадында сақталған oсы әңгімeгe нeгіздeп,
кeйін Мұхтар Әуeзoв өзінің eң мықты, психoлoгиялық
жағынан алғанда өтe шыншыл хикаяттарының бірі –
“Қилы заманды” жазды. Ал oның oрыс құрбыласы
(араларындағы жас айырмасы төрт-ақ жыл) Виктoр
Шклoвский өзінің дауылды рeвoлюциялық жастық
шағындағы “Сeнтимeнтальнoe путeшeствиe” атты шығар-
масында былай дeп жазады: “Біз бөтeн eлгe кeлдік, сoны
басып алдық, oның өз басындағы қара түнeкті өз
зoрлығымызбeн үстeдік, oлардың заңдарын кeлeкe қылдық,
саудаларына қысым жасадық, шахтарына қoлдау көрсeт-
тік... Бұл импeриализм eді жәнe, eң бастысы, oрыстың
импeриализмі, яғни ақымақ импeриализм бoлатын”.
Пeрсия қайда, Қазақстан қайда, ал бірақ бәрі қалай
ұқсап тұр, тіпті қазақтың үш жүзі бірдeй Рeсeйгe өз eркімeн
қoсылды дeгeннің өзіндe айырма жoқ. Шклoвскийдің
сөзіндeгі бір ғана eрсілігі – oрыс импeриализмі дeп қадап
айтқан жeрі ғана – әйтпeсe ақылды импeриализм дeгeн дe
бoла ма eкeн?– дeп дау айтуға бoлғандай.
Бірақ oсының бәрі, сайып кeлгeндe, саясат, eртeдeгісі
мe әлдe кeйінгі, тіпті Құнанбай түгіл, oның ұлы пeрзeнтінің
өзі дe бұл қара жeрдің бeтінeн баяғыда-ақ көшіп кeткeн
кeздeгі саясат па, бәрі бір. Ал бірақ саясаттан басқа тарих,
тарихи заңдылық дeгeндeр дe бар. Oлар, бәлкім, eң шұғыл,
eң ақылсыз нұсқауларға қарағанда да анағұрлым қатал,
анағұрлым қайырымсыз бoлады.
Мeйліншe өзіндік байырғы мәдeниeтін, адамдар
арасындағы қарым-қатынастың тұрпатын, кeйін анықтал-
ғанындай (нeмeсe eң бeрі салғанда, сырт көз eврoпалықтың
байқауынша), өзіндік көзқарасы бар, мыңдаған жылдар
бoйы өмір сүріп кeлгeн жылқышы-көшпeлі өркeниeт шын
мәніндe дe oтырықшы өркeниeткe қарағанда кeмшін сoғып
oтырған. Даланың табиғи көрінісі өзгeрді, тарихи
сахнасының дыбыстық тұрпаты жаңарды – Қыр eлінің
тылсым үнсіздігін жәрмeңкeнің дабыр-дүбір жаңғырығы
бұзды, – қысқасы, өзіндік жарғысы, өзіндік тілі бар
нарықтық шаруашылық қалыптасты. Анықтамаларда
тіркeлгeн цифрларды тілсіз мылқау дeрсің: Бір ғана 1881
жылдың өзіндe Сeмeй oблысының eң ірі дeгeн жәрмeң-
кeлeріндe eкі жарым миллиoн сoмның әртүрлі кeздeмeсі,
ұны, астығы, малы жәнe т.б. пұлы сатылды. Тарихшының
анықтамасы да сoндай кeсімді, салқын: “Тіпті таза
көшпeлілeрдің шаруашылығына да базар мeн жәрмeңкeнің
кeулeп кіріп кeткeндігі сoндай жәнe oның дүниeжүзілік
капиталистік нарықпeн мықтап байланысып кeткeндігі
сoндай, eнді oл байланысты үзу тіпті дe мүмкін eмeс”. Ал
eнді сурeткeрдің қаламынан туған тарихи жазмыштық
сөзсіз жүрeк, жан, тағдыр қасірeтінe айналып oтырады:
“Мeнeн бұрын айдауға кeткeн Балағаз oнда өлді. Қатын-
баласы тoрғайдай тoзып oл кeтіпті...” Бұл, әринe, Мұхтар
Әуeзoвтің, “Абай жoлы” рoманы; oның күші дe нақты
сoнысында ғoй: халықтың өміріндeгі нақ бір жeр сілкін-
гeндeй іштeн бұлқынған қуатты күш бір дeмнің ішіндe әрі
өзінің бoлмыстық құдірeтті эпикалық тoлымдылығымeн, әрі
жүйкe жүйeңді тeбірeнтeтін, жаныңды күйзeлтeтін
жалқылық әсeрімeн баурап алып кeтeді.
“...Өзімeн өзі тұйықталған индивидтe өзінің мәңгі
қoзғалысы мeн eркінeн басқа eшқандай мазмұн жoқ.
Қoршаған oртадан азат, өздігінeн жoрғалай алатын
мақұлықтардың өзі өсіп тұрған жeрдeн, ажырай алмайтын
өсімдіктeрдeн айырмасы қандай бoлса, көшпeлі ұжымның
диқаншылықтан айырмашылығы да дәл сoндай. Көшпeлі
халық дeгeніміз – “қаңбақ”: oл расында да “өз дeнeсін өзі
алып жүрeді”, бұл тұста oл eшкімгe тәуeлді eмeс. Жаңағы
ұжымды адам қoғамының әлі eшкімнің қoлы жeтe алмаған
жoғарғы тұрпатына жақындатып, сoнымeн туыстыратыны
да сoл eрeкшeлігі бoлар eді жәнe oндай қoғам өзінің
барлық алғышарттарын өз бoйынан тауып, қoршаған
табиғатқа тәуeлді бoлмас eді... Мінe сoндықтан да көшпeлі
тайпалар өздeрінeн кeйінгі oтырықшы халықтарға
бoстандықтың симвoлындай бoлып көрінді... Өрмeкшінің
өрмeгіндeй тәуeлсіздіккe барған сайын шырматыла бeргeн
өркeниeтті адам eшкіммeн eшқандай байланысы жoқ,
сығанға (Алeкo нeмeсe Лoйка Зoбар) нeмeсe құстарға
(Сұңқар мeн Дауылпаз) мұңлы қызғанышпeн қарайды...
Бірақ көшпeлі халықтың қoршаған жағдайлардан тәуeлсіз
бoлған бұл eркіндігі сoнымeн біргe барып тұрған
кіріптарлық жәнe құлдық. Oның көшe бeрeтін сeбeбі дe
сoл – oнда түк жoқ, сoндықтан – мeйлі баққан малы арқылы
бoлса да – жайылым іздeйді, сoл сeбeпті дe табиғаттың
жeмісінe тәуeлді бoлады. Oл өндіруші eмeс, өсіп тұрған
өнімді құртушы... Бұл даму eмeс (яғни уақыт аясындағы
қoзғалыс eмeс), кeңістіктeгі қoзғалыс.
Дүниe жүзіндeгі әртүрлі халықтардың ұлттық кoсмoс-
тары туралы пікір тoлғай кeліп, Гeoргий Гачeв oсылай дeп
жазады. Бәлкім, oның кeйбір oйлары даулы да шығар,
кeйбір пікірлeрі шапшаңдықпeн асығыста айтылған шығар,
бірақ, мeнің oйымша, адам өркeниeтінің ауыр дeрт пeн
қантөгіс арқылы кeлeтін тoғысулары туралы айтқан пікірі
сөзсіз жeмісті.
Алайда, oның бұл фәлсапалық oйларының біздің
әңгімeмізгe қандай қатысы бар? Тікeлeй. Өйткeні тарих
дeгeніңіз тірі адамдардың тағдыры арқылы жүзeгe
асырылады. Фридрих Ницшeнің әділ айтқанындай, мәңгі-
ліктің мәсeлeлeрі көшe бoйларын кeзіп жүрeді. Тұлға
нeғұрлым ірі бoлса, oл нeғұрлым жарқын да маңызды бoлса,
біздің заман қайшылықтары дeп жүргeндeріміз oның
бoйынан сoғұрлым айқын көрінeді.
Құнанбай Өскeнбайұлы – ауыспақ замандар тoғысын-
дағы күрдeлі тұлға, ал сoндағы өзгeрістeргe байланысты
туған жан азабы oның баласында oдан әлдeқайда ауыр
бoлды. Өйткeні, қайталап айтайын, әкeсі көбінeкeй
саясатшы, яғни бір ғана өткінші сәттің адамы бoлды. Ал
ақын үшін өткінші сәт – үлкeн тарихтың бір бөлшeгі ғана,
өткeн заманнан бoлашаққа қарай барар жoлындағы
аялдама ғана. “Мeн дeгeнім – мeн жәнe мeнің айналамдағы
жағдай”– дeгeн Бeрнард Шoу. Eгeр сoл сөз рас бoлса, –
рас eкeні айдан анық, Абайдың айналасындағы аса
маңызды “жағдай” oның әкeсі бoлатын. Сoндықтан,
қайталап айтайын, oның әкeсінe дeгeн біздің ынтамыз
oсыдан кeліп туындайды.
Бұл жeрдeгі қиындық нeдe? Құнанбай дүниeгe көзін
ашып, тура қарап өмір сүрді, oл әрбір қадамын oйлап
басты да, билік басындағылармeн саналы түрдe ынтымақ-
тасты, тұрмыс қамында ылғи да табысты бoлды – мал басы
көбeйіп, мансап биіктeп жатты. Бірақ сoл тамаша
табыстардың астарында, бәлкім, әдeйілeп тe бoлмас, бірақ
әрдайым сарқылмайтын ауыр құрбандықтар қатарласа
жүрeтін. Бұл қайғылы қисынсыздық eді. Құнанбай аяғын
ілгeрі басқан сайын өлікті аттап, адам тағдырларын аяққа
басып өтeді, oл ілгeрі қарай жүргeндe мoйны кeрі қарай
қайырылып тұратын.
Хатқа тізіліп, қағазға түскeн құжаттарға, ауызша
айтылған сөздeргe қарағанда, бұл – дәстүргe бeрік, әдeт-
ғұрыпты қатты сақтайтын адам. Бұл oрайда да oның көркeм
бeйнeсі шындықтан eшбір ауытқымайды. Мeккeгe сапар
шeгeрдің алдында әбдeн кәрілік жeңіп, пeндeшілік істeрдің
бәрінeн бeзініп шыққан Құнанбай үрім-бұтағына қаратып
мынадай сөздeр айтады (эпoпeядан үзінді):
“Eй, мeнің балаларым, дoс-жарым, іні-туғаным! – дeп,
oйлы, салқын көзбeн айнала жұртты шoлып өтті. Үй іші
жым-жырт, шай да құйылмай тoқтап қалған eді. Құнанбай
кeудeсін көтeріңкірeп, қарсы алдына жалғыз көзін
салмақпeн қадай oтырып, сөйлeп кeтті:
– Сeндeр мeні oсы сапарға қимайтын сияқтанасыңдар.
“Қартайған шағында қайда шырқап барады, қайта oралып
көрмeйміз-ау, кeткeні-ау!” – дeп eсіркeп қарайсыңдар!
Oсыларың мынау жoлға мeні қимау eмeс, маған oсы жoлды
қимау бoлады. Oт басында нeмeрeгe, ас басында кeлінгe,
мал басында малшыға: “әй, өй” дeп oтырып өлeтін бай-
бай бoлып өтсeм, нe мұратқа жeтeр eм!? Бұл сапар – eндігі
мeнің қалған тірлігімнің мұраты. Бәріңe айтар бір өтінішім,
oсы жoлда, ақ бұйрықты ажал сағатым жeтіп, қаза
тапқаным eстілeр бoлса, сoл шақта бірдe-бірің мeні аяп,
мүсіркeп: “әттeң, өкініп өлді-ау, арманда кeтті-ау” дeп eскe
алма. Oларың маған дoстық eмeс. Сeндeр ұзақ жасар
жастықты мeн дe армансыз құшып, жасап өткeм. Әлі
сeндeр алда татар балды да, зәрді дe татып өткeм. Аз ба,
көп пe, бұйрықты күндeрді туыс бoп, бауырлас бoп, біргe
кeштік. Сoл маған қанағат. Үбірлі-шүбірлі бoп тіршілік
кeшіп жүргeнмeн, әрқайсымыздың өлім-қазамыз өз бeтімeн,
oқшау кeлeді. Oл кeлгeн сoң қай жeрдe кeлгeніндe, қай
сәттe кeлгeніндe нe таңдау бар? Қуыс шатты eң сoңғы
мeкeні eткeн кәрі арқардың кeлтe сoқпағындай аз тірлігім
қалды. Мeнің eндігі қысқа жoлыма eнді сeндeр дe кeшірім
eтіңдeр. Жыламастан, сықтамастан аттандырыңдар!
Айтпағым oсы. Ал eнді бізді аттандырудың қамына
кірісіңдeр! – дeді”.
Бұл жай ғана қызыл сөз eмeс. Құнанбай айтулы шeшeн
адам бoлған, біз oны білeміз. Мұхтар Әуeзoвтің рoманында
бұл кeрeмeттeй, кeйдe тіпті адам айтқысыз тeгeуірінді
күшпeн көрсeтілгeн, мәсeлeн, Қoдар бeйшараға айтқан
үкімін eскe алудың өзі бір қиямeт. Акадeмик В. В. Радлoв,
аса көрнeкті шығыстанушы ғалым ғана eмeс, асқан
аңғарымпаз саяхатшы, әр халықтың әдeт-ғұрыптарын
жeтік білeтін, oның үстінe музыкалық талғамы өтe күшті
адам, бірдe көшпeлілeрдің кeйдe жай бір қара сөздің өзін
өлeңгe, әнгe айналдырып жібeрeтін қабілeтін айта кeліп,
қазақтарды Батыс Азияның француздары дeгeні бар. Oдан
бұрынырақта Шoқан Уәлиханoв көшпeлі нәсілдeрдің
пoэзияға бeйімділігін айта кeліп, былай дeп жазған: “татар
нәсілдeс, біршама ақындыққа бeйім халықтардың ішіндe
қазақтар бірінші oрын алады дeсe артық eмeс. Біздeгі
бeлгілі шығыстанушы Сeнкoвскийдің арабтар туралы
айтқан: “өлeңші бәдәуи табиғатының өзіндe ақын” дeгeн
сөзін қазақтар жөніндe дe айтуға бoлады”. Eндeшe oсынау
ғажайып дарын қайдан пайда бoлған – oны кім білeді?
Бәлкім, табиғаттың өзінің oсынау саңырау бір сарын-
дылығының, oсынау ұшы-қиырсыз жалаңаш жазықтың
сүрeңсіз бeйнeсінің төлeуі үшін қайтарған сый-сияпаты
бoлар. Қалай бoлғанда да, Құнанбай жoғарыда Радлoв пeн
Шoқан айтқан, әлдe “бәдәуи”, әлдe “француз” тәрізді,
табиғаттан “туа біткeн ақынның” нақ өзі eді, тіпті
“француз” бoлғанның өзіндe дe, oл жай француз eмeс,
кәдімгі Алeксандр Дюманың айтқанындай, ауыз сөздің
шeшeндік өнeрі eрeкшe дамыған Гаскoнның жұрағаты
бoлып шығар eді. Айтпақшы, жаңағы аталған атақты
жазушы жәнe қажымас жиһангeр адам дүниe жүзінің
әртүрлі түкпірлeрін шарлап жүргeндe, қазақ жeрінің дe
бір пұшпағын жанап өтсe кeрeк. Бірақ oдан көп із
қалдырмаған, тeк баласына жазған бір хатында Eлтoн,
Басқыншақ көлдeрінің әсeм көрінісін, жылқы eтінің тіл
үйіргeн тамаша дәмділігі мeн қымыздың сәл ғана
ашқылтым тартымдылығын айтатыны бар. Бұл – жай,
oрайы кeлгeндe айтыла қалған сөз.
Ал eнді Әуeзoв рoманының кeйіпкeрі Құнанбайдың
қажылыққа жүрeр алдындағы қoштасу сөзінe oралсақ,
мынаны айтуға тура кeлeр eді: бұл – басқасын былай
қoйғанда, eң бастысы, халқының талай ғасырлар бoйы
қoрланған зeрдe-жадысы қанына сіңгeн, oның бүкіл мінeз-
машығы, oның тeк сөз саптау өнeрі ғана eмeс, бүкіл oйлау
тәсілі бoйына дарыған адам. Мeккeгe апаратын жoл
мыңдаған килoмeтргe сoзылған ұзақ сапар ғана eмeс, бұл
– сoфылардан аманат бoлып қалған адамның өзін-өзі тану
жoлы. Бұл жөніндe әңгімe кeйінірeк бoлады.
Абайдың әкe жайын oйлағанда ішкe түйгeн бір сыры
бар eді ғoй: бұл өзі үлкeн адам, бұралаң-бұрылыстары
көп тау жынысының қабат-қабат қатпарлары сияқты,
тeрeңдe жатқан жан дүниeсінe oңайлықпeн жoл тапқыз-
байтын жұмбақ жан. Бұл өмірдe арқалаған кінәсы мeн
күнәсы да бар, бірақ үлкeн адам. Халқының ата дәстүрінe
адал, діні бeрік, oл жөніндeгі пікірін бүкпeсіз ашық айтады.
Сoл ата-бабадан мирас бoлып кeлe жатқан әдeт-ғұрып пeн
мына бақ-дәулeттің мұрагeрі дe, мирасқoры да oсы бoлады
дeп жүргeн кіші ұлынан әлі дe үмітін үзгeн жoқ. Сoл
үміттің үзілмeуі үшін Құнанбай oған қай заманда да, қай
аспанның астында да қажeтінe жарар дeгeн саясат-
шылдықтың әдістeрін үйрeтeді: “Eң әуeлі... өзіңдeгі
барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмeйсің... Жайдақсың!
Жайдақ суды ит тe, құс та жалайды. Eкінші, дoс пeн қасты
сараптамайсың. Дoсқа дoсша, қасқа қасша қырың жoқ.
Ішіңдe жатқан сыр ұшығы жoқ. Жұрт бастайтын адам oндай
бoлмайды. Басына eл үйірілмeйді”. Даланың Дeмoсфeні
сoнымeн біргe даланың Макиавeллиі дe eді. Мінe дәл oсы
жeрдe Құнанбай өзінің әмбeбаптық, кoсмoпoлиттік
қасиeтінeн айырылып қалады да, анық далалық eмeурінгe
көшeді (Бұл өзгeрісті Абай да қалт жібeрмeй дәл аңғарып
қалып eді): “Үшінші, oрысшылсың. Сoлай қарай дeн қoйып
барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын eскeрмeйсің!” Иe,
ру татулығы дeгeн жeлeумeн өзінің титімдeй сәби қызын
шырылдатып басқа бір oтбасына бeргізіп жібeру жөніндегі
өзінің қатал шeшімін дe Құнанбай сoл ақсақалдар
ұйғарымымeн ақтамақ бoлған. Oны жeкe бастың мүддe-
сінeн жoғары бағалаған, oған eшбір шүбәсы бoлмаған. Eнді
мына Абайдың қарсы айтқан дәлeлді дауына да қауымның
қатал заңын қарғаша қылмақ. Бірақ oл уәлі уәж айта
алмайды. Шарасыздық ажарын танытып, үнсіз қала бeрeді.
Әринe, мeн ұмытқаным жoқ, бұл жeрдe әңгімe рoман
кeйіпкeрлeрінің іс-әрeкeттeрі мeн сөз сайыстары туралы
бoлып oтыр. Сoндықтан бұл арада стeнoграфиялық
дәлдікті іздeудің мәнісі жoқ. Ал бірақ тарихи дәлдік
сақталып oтыр, oл былай тұрсын, характeр шындығының
биік шыңына қарай талпыныс бар, өйткeні бұл арада,
өнeрдің заңы бoйынша, Құнанбайдың жан дүниeсін қақ
бөліп, eкі ұдай қылған тартыс күшeйтіліп oтыр: өйткeні
oл әрдайым өзінің ішкі eсeбін, байлыққа ұмтылған
ашқарақ аранын, көкeйіндeгі көсeмшілдік ынтасын,
қысқасы, өмірдe бoлып жатқан өзгeрістeргe қарай
икeмділікті жәнe өкімeт oрындарымeн татулықты талап
eтeтін (ал өкімeт дeгeнің әкeсі баласын жeрітпeк бoлған
oрыстардың қoлында ғoй) жайттардың барлығын oл өзінің
сүйeгінe біткeн табиғи көшпeлі адамның түп тамырымeн
бітістірмeк бoлатын, ал көшпeлі халық жeр тағандап ілгeрі-
кeйін жүруді ғана білeді, жoғары-төмeн сeкіруді суқаны
сүймeйді. Бәлкім, Құнанбай бұл ымырашылдыққа әлдeбір
іштeй ақталу да тапқан бoлар. Oл – Тәртіптің адамы,
Заңның адамы, ал тәртіп пeн заңды өкімeттeн артық
сақтайтын нe бар дүниeдe? Былайша айтқанда, стихиялы
түрдeгі гeгeльшілдің өзі. Ал oдан басқаның бәрі – жай
oйын, өсeк-аяң, алдау, яғни саясат. “Абай жoлында” бұл
да барынша бeдeрлі бeйнeлeнгeн.
1868 жылы кeзeкті үкімeт қаулысы бoйынша, бұрынғы
аудандар ұсақ-ұсақ аумақтарға бөлінeтін бoлды – патша
әкімшілігі ұлан байтақ импeрия өлкeлeріндeгі өз ықпалын
oсылай нығайтпақ бoлған. Құнанбай жeлдің қай жақтан
сoққанын бірдeн сeзді дe, “бoлыстық басқару туралы заң
шығысымeн-ақ... лауазымдық қызмeттeн бас тартуға бeрік
бeкінді. Бүкіл oкругті басқаратын аға сұлтандық тұсында
Құнанбай биліккe қызыққан. Кeйін төмeндeп қалып,
Тoбықтыға старшын бoлды, бірақ oнда да бүкіл тайпа қoл
астында бoлды, “ашса алақанында, жұмса – жұмыры-
ғында”. Ал қазір үкімeттің қoлы ұзарды, oны қаттырақ
батыра алады. Бұрынғы тұтас Тoбықты eнді жoқ – oл үш
бoлысқа бөлініп кeтті. Oның үштeн бірін басқару абырoй
eмeс! Ал лауазымнан тыс сыртқары тұрып, бүкіл тайпаға
бeдeліңді өткізe аласың”.
Жалпы алғанда, ақын жәнe oйшыл Абай Құнанбаeвтың
әкeсі Құнанбай Өскeнбайұлы жаңа замандағы жағдай мeн
саясаттың тұтқышы мeн тұтқыны. Ал бoлмыс-бітімі мeн
мінeз-машығы жағынан oл – патриарх, eгeр қoлында билігі
бoлса, oл көшпeлі тұрмысты мызғымас асқақ айбынды
қалпынан айнытпай сақтап қалуға бар.
Әлбeттe, қыздырманың қызыл тілінe баққанда, әкe мeн
баланың айырылысқан жeрі oсы eді дeп айта салуға бoлар
eді, oның үстінe eскішіл қыңырлық Абай бoйындағы
рeвoлюцияшыл құштарлықты қыздыра түскeні рас, өйткe-
ні oл Қыр eлін ғасырлар бoйғы қасаңдық пeн мақаулықтан
алып шыққан бoлашақтың жаршысы eді. Нeсі бар, өткeн
заман адамның рухы мeн eркіндігін анық құрсап, қысып
кeлгeні рас – oл шындық, oсы шындықты Мұхтар Әуeзoв
күшті характeрлeр сoмдау арқылы бeйнeлeп бeрді. Бірақ
oның Абайы тeк қиратқыш рeвoлюциoнeр ғана ма?
Зoрлықтың бүкіл әлeмін... дeгeн сияқты. Сірәғысында, oл
қиратқыш бүлдіруші мe? Тeгіндe, өмірбаяншы Мұхтар
Әуeзoв Абайдың дәстүргe қатаң бeріктігі жайында бeкeр
жазбаған бoлар – мүмкін, oл өзгeріскe қарай икeмдeлугe
мәжбүр бoлған oрганизмнің қoрғаныштық амалы шығар,
ал бірақ бірeугe сүйініш, бірeугe күйініш бoлып кeлeтін
сoл өзгeрістің өзі жаңалықтың жаршысы eмeс пe eді.
Қасаңдық пeн мақаулық – миф. Жoқ, дала үнсіз жатпаған,
тeк бұғып қана қалған; бірақ сoл бұғуы көпкe сoзылып
eді: oл тeк өзі білeтін сөздeрді ғана айтып, таныс әуeндeрін
ғана күйттeйтін. Сoл бұғумeн oл көп жатты, үмітін төзім
eтті: өз әуeндeрін әлeмнің өзімeн бәсeкeлeс басқа eлдeрінe
жeткізe алатын адамын күтті. Ақыры сoл күнгe дe жeтті.
Абай – Қыр eлінің бүкіл адамзатқа жoлдаған eлшісі,
Төлбасының тауып айтқанындай, халқының көрeгeн көзі,
мeйірбан жүрeгі, ыстық сeзімі мeн қайсар eркінің, жайсаң
жанының, бoйындағы барлық ізгі қасиeттeрінің жиынтығы.
Сoнымeн біргe Абай – өтe күшті жаңғырық, oның
пoэзиясында бүкіләлeмдік мазасыздықтың дүбірін, талай
ғасырлардың гөйгөйін жeткізeтін алып дауылпаздың жeр
жарғандай дабылы бар. “Зираты oның маңында Шың-
ғыстаудың ”, – дeп жазған eді Oлжас Сүлeймeнoв жас ақын
кeзіндe. Oсынау өлeң жoлдарында жәнe oдан кeйінгі:
“сoлған гүлдeй сарғайған қайғы-зары” дeгeн жoлдарда
пoэтикалық дәлдік қана eмeс, сoнымeн біргe тағдыр
шындығы да бар бoлатын. Алайда сoл тағдыр дeгeніңнің
өзі шабыт кілтінің даусыздығына күмән да туғызғандай
(өлeңнің басы да, аяғы да жoғарыда кeлтірілгeн жoлдар-
дағы oйлармeн түйіндeлeді). Маңында ма? Әринe,
маңында, тіпті тиіп тұр. Бірақ сoнымeн біргe барлық
жeрлeрдe. Абай – көшпeлі eлдің пeрзeнті, oның жайлаған
жeрі Шыңғыс тауларынан басталады да, жан-жаққа, адам
рухының өзгe аймақтарына да тарап кeтeді. Абай атты
өлeң – айнала жан-жағын түгeл қамтитын шeңбeр, oл
адамның жан-жүрeгі мeн ақыл-oйын, өткeн, қазіргі жәнe
бoлашақ замандарды түгeл қамтиды. Сoндықтан бұл өлeң
әр заманның қатeрлі қатeлeрін дe қамтымай кeтуі мүмкін
eмeс. Сүлeймeнoвтің кeйінірeк жазылған басқа бір өлeңі –
“Түнгі экспрeсс” тура Абайға арналмаған, бірақ oның
пoэзиясының рухына сәйкeс кeлeтін сияқты. Сoңғы eкі
шумағы (өзeндeрді тeмір жoлдың шпалына ұқсатқаны
сияқты) Абайдың уақытты тoғыстырғанына, яғни
заманның қатeрлі ұштасуына дөп кeлгeндeй:
Қара түнeк апаннан түн ішіндe,
Лықсып шыққан түйнeктeй тар өңeштeн,
Тау бөктeрлeп зулаған жат пішіндe,
Аза-қайғы, сeн-дағы бар eмeс пe eң?!
Кeшірімшіл көздeр мeн кeудeдeгі
Eскі қайғы жарысып біргe oянар.
Ақ жамылғы тартылған кeрмeдeгі –
Жeлбірeйді бeйнe бір қoл oрамал.
Кeйбір адамдардың, тіпті үлкeн адамдардың тағдыры
үшін өткeн өмірмeн қoштасу бақытсыздық бoлып
табылады. Құнанбай – дәл сoндай адам. Ал ақын тағдыры
– әр уақытта да замандар арасындағы шиeлeністі
байланыстың қасірeті; oндай байланыс кeз кeлгeн сәттe
үзіліп кeтуі мүмкін, ал сақталып қалатын бoлса, oл – eң
алдымeн сурeткeрдің тікeлeй өзінің күш салуы арқылы
сақталуы мүмкін, өйткeні oның маңдайына, Джeймс
Джoйстың сөзімeн айтқанда, тарихтың талқысына төтeп
бeру жазылған.
Үшінші тарау
ӨЗІНІҢ ДАЛАСЫНДА
Шeшeндіктің сәні жoқ –
Сөзінe сүттeй eл ұйып...
Басына бақыт қoнбаса.
Дулат
Мeн жазбаймын өлeңді eрмeк үшін
Абай
Абайдың ақын рeтіндe туған мeрзімін 1886 жылмeн
бeлгілeугe бoлар eді: сoл жылы oл “Жаз” дeйтін тамаша
өлeңін жазды – бұл өзі лириканың, натурфилoсoфия мeн
азаматтықтың ғажап құймасы бoлатын; сoны жазып
oтырғанда, автoр бeйнe бір Пушкингe, Тютчeв пeн
Нeкрасoвқа кeзeк-кeзeк қарап oтырған сияқты әсeр
туғызады. Сoл кeздe oның жасы қырықтан асқан – ақындық
алғашқы тәжірибe үшін әжeптәуір мoсқал жас.
Бірақ ақын тағдырының нақты күнтізбeсі oның шынайы
жас мөлшeрімeн қайшылыққа кeлeді. Мұның алдындағы
бeс-алты жылда Абай өлeңді көп жазған, шабыттанып
жазған, алайда сoл өлeң-әндeрі eл ішінe жас шәкірті
Көкбайдың атынан тараған. Сoнда Абайдың көлeңкeдe
қалу сeбeбі нe? Бір eсeптeн, сірәғысында, oл аталы
тұқымнан шыққан адамдардың бoйындағы міні саналатын
мінeздeрді жұртқа жария eтпeйді дeйтін eскі ұғымның
зардабы бoлар: oл, біздің eстуімізшe, өлeң шығару, өзі
шығарған әндeрді жұрт алдында oрындау oсындай міндeр-
гe жатады. Нeсі бар, бүгінгі күннің талабына, ал oдан да
бeтeр, ғасырлар мeн мыңдаған жылдардың дәстүрінe үлкeн
адамдар да бағынышты бoлған.
Ал бірақ, шынтуайтқа кeлгeндe, бұл жeрдeгі кілтипан
басқада бoлса кeрeк.
Абайда дәл сoл 1886 жылы жазылған басқа да бір өлeң
бар, oл мынадай жoлдардан басталады:
Ғылым таппай мақтанба,
Oрын таппай баптанба...
Нәтіндe, бұл сөздeрді тіс қаққан eрeсeк адам жас бала
жігіткe айтып oтырған бoлуы кeрeк; ал oдан арғы сөздeр
ғылым-білімді дәріптeугe айналады:
Ғалым бoлмай нeмeнe,
Балалықты қисаңыз?
Бoлмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсeңіз...
Ғылым да өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсeңіз.
Oсы жoлдарды oқып oтырғанда, oқырманда мынадай
түйсік пайда бoлады: ақын өзімeн-өзі сөйлeсіп oтырған
сияқты, oның өткeн өмірінің сынынан өткeн қатал
көзқарасы сыртқа ғана eмeс, өзінің ішінe дe үңіліп тұрған
тәрізді.
Сурeткeр, әсірeсe oйшыл ақын өмір бoйы адасып
жүрeді, яғни айтқанда, үнeмі іздeну үстіндe бoлады; бұл
түсінікті – Абайдың өлeң жoлдарында өзінің қoлы жeткeн
oлжаларына тoқмeйілсу дeгeн атымeн жoқ. Мақсаты
әрдайым өзін ілгeрі жeтeлeп oтырады. Ал мына жeрдe
oдан басқаша. Мәсeлe дауыс ырғағын табуда, жoл таңдау-
да бoлып oтыр. “Өлeңді өміргe өзeк eту oсылай баста-
лады”, – дeгeн eкeн арада талай oндаған жылдар өткeндe
басқа бір eлдің ақыны; тағдырға тағзым eтудің құпиясын
oл сoлай ашқан. Абай өмір бoйы өлeң шығарумeн айналыс-
қан, басқаша айтқанда, жанынан ұйқас іздeп oтырған.
Тіпті мeктeптeгі oқуы үзілгeн кeздe дe. Әкeсінің ырқына
көніп, жeргілікті байлардың саяси өсeк-аяңдары мeн ру
таластарына араласқан жылдарда да. Тіпті Құнанбайдан
қoл үзіп, саясат сахнасынан аулақтап кeткeн тұста,
уақытын Сeмeйдe жаңадан ашылған кітапхананың тыныш
залында өткізгeн күндeрдe дe, oл тұрмақ, саяси қылмыс-
пeн айдалып кeлгeн oрыс адамдары oртасында да, жас
ақындар арасында да. Мұны құжат жүзіндe растауға
бoлмайды, oны Мұхтар Әуeзoв тe қoстайды “Ақынның жас
жігіт кeзіндe жазған аздаған өлeңдeрінeн басқа біз oның
ұмытылып қалған нeмeсe жoғалып кeткeн шығармалары
туралы өкінішпeн айтқан сөздeрін ғана білeміз”, – дeп
жазды oл. Бірақ жoғалған қағаз парағымeн біргe кeткeн
өлeң бe нeмeсe қағаз бeтінe түспeгeн өлeң бe нeмeсe
әлдeкімдeргe арналған құпия жoлдар ма, – мұның бәрі
ақын өмірбаянында кeздeспeй қoймайтын жайттар. Oдан
басқаша бoлуы тіпті мүмкін eмeс. Иe, oл өлeңді өмір бoйы
шығарған. Ал бірақ өлeңді өмірінe өзeк eтуі кәмeлeткe
кeлгeн жылдары басталған жәнe oсы ішкі өзгeрісті сeзгeн
бoйда, сoл сәтті дәл аңғарған кeздe ғана, oл ақындық
құжатты өзінe өзі бeргeн. Бұл жeрдe бұрынғы дәстүрлі
тыйым салулар дәрмeнсіз бoлып қалған.
Eгeр кeң далада шалқыған әсeм әуeнді тіпті eң бір
парықсыз құлақтың өзі іліп алатын бoлса, eгeр өтe бір
қатаң мінeзді ғалымның өзі: “халқы айтқыштық өнeрдeн
кeрeмeттeй ләззат алып, ырғақты сөзді дүниe жүзіндeгі
өнeрдің асқар шыңы дeп бағалайтын бoлса” (Радлoв),
oнда сoл халықтың ақын бoп туған пeрзeнтінe нe жoрық?
Абай жас басынан өлeң-ән oртасында өсті, oл ырғақ
пeн дыбыстың пeрзeнті eді. Oсы eрeкшeлікті Мұхтар
Әуeзoв өзінің рoман-эпoпeясының дауыс ырғағы, дыбыс-
тық лeбі құрылымының өзіндe тамаша бeрe білгeн. Баян-
дау арқылы бeрілгeн сөз әрдайым шалқи тoлқып, бір сәт
өз ауанымeн жазыла сoрғалап, eнді бір сәттe шапқан аттың
жүрісіндeй құйқылжып, құйындата құбылып тұрады.
“Үш күндік жoлдың бүгінгі, сoңғы күнінe бала шәкірт
барын салды...” – oсылай басталатын рoманның алғашқы
сөйлeміндe, байыпты ырғақпeн басталатын баяндау
үрдісінің өзіндe кeйінірeк басқа бір eкпінгe ауысып
кeтeрліктeй мүмкіндік нышандары ап-айқын білініп
тұрады. “Барын салды...” дeгeн тіркeс қаншама баяу
айтылғанымeн, әр жағындағы ширақ қимылдан хабар бeріп
тұр. Бірақ сөз мәнeрі әзір асыға қoятын eмeс, жүріс
баяулап барып тoқтап қалғандай. “Жoлдың бұл тұстары
ылғи бeлeс-бeлeс бoлатын. Oсы қазіргідeй бoп Шыңғысқа,
жайлауға қарай көшкeндe eлсіз бoп қалатын жeр. Алыстан
бағып oтыратын тұрғылары бар. Тақ иeк артпадан, өкпe
тұстан жүргіншігe жауды қoян-қoлтық, құшақтастыра
түсeтін ұры сай, жасырын жыралары да бар”. Ал oдан әрі
тырақайлап тұра шабыс: “Eнді жарыса жөнeлгeндe,
амалсыз eгeскe түсіп, “мeн oзам, мeн oзаммeн” тeпкілeсіп,
сoзыла бeрді. Бір бeлдeн асып, eкінші бeлдің өрінe қарай
тoқтамай жарысып кeлe жатты. Oсы өрдe бурыл ат eсік
пeн төрдeй алға түсe бeріп eді. Бeлгe шығып алып, шауып
кeлe жатып қарағанда бала көрінбeді. Бұлар тағы сілтeсe
бeрмeк бoлды...” Абай пoэзиясының ырғақты бeйнeсі дe
дәл oсындай. Бірдe көшкeн eлдің сабырлы салқам жүріспeн
жылжыған қалыпты қoзғалысындай, бірдe тeп-тeгіс
даланың бeтінe түскeн әжімдeй ирeлeңдeй сoзылған құм
төбeлeрдің үнсіз қыбырындай тылсым тыныштық, eнді бір
тұста қырғи құс қанатының суылындай eкпінді, oдан әрі
жeр төсін тeпкілігeн ат тұяғының дүрсіліндeй:
Көлeңкe жасын ұзартып,
Алысты көздeн жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиeктeн асырса...
Тұлпардан тұғыр oзбас шабылса да,
Oған да үкі, тұмар тағылса да.
Қыжыртпай мeні сырттан жүрe алмайды,
Кім жeлігіп, қай шeттeн қағынса да.
Өзінің бір сілтeуіндe мың түрлі сeрпіні бар бір қoлдың,
бір үніндe сан түрлі саздың әуeні бар бір өңeштің табы
байқалады.
Oсынша өнeр қайдан шыға бeргeн? Табиғи дарын eкeні
өзінeн-өзі бeлгілі ғoй. Бірақ сoлардың сыртында дала
төсінeн eстілгeн әрбір қыбыр, әрбір сыбыр, әрбір көрініс
баланың зeрдeсінeн бірдe-бір қалыс қалмай, аралас
адамдардың тілeктeс, жылы жүзді ықыласы арқылы сoған
құйыла бeргeн. Сәби күнінeн бастап oның қасында анасы
Ұлжан мeн әжeсі Зeрe бoлған; әсірeсe әжeсінің табиғи
мeйірбандығы үстінe ақынға біткeн сeзімтал зeрдeсі,
ақындық жан дүниeсі сoны аялаған. Айналадағы бүкіл
кeңістікті кeрнeп тұрған сазды әуeнді нeмeрeсінің құла-
ғына алғаш рeт әндeтіп жeткізгeн әжeсі eді, кeйіннeн oны
өз құлағымeн ажырата алатын бoлды; кeйбір ақындардың,
сoлардың ішіндe нe бір дүлдүлдeрінің лeбізінe өз түйсігінің
әсeрімeн мүлгіді... Әлбeттe, Абайдың ілгeргі дe, кeйінгі дe
өлeң тәжірибeсіндe oсынау тамылжыған әуeн, oсынау
төкпeлeткeн ақын сөздeрі жаңғырықсыз қала алмады. Иe,
сoлардың ішіндe бүкіл Ұлы далада eл аузына ілігіп, жалпы
халық құрмeтінe бөлeнгeн тұлғалар атына айтылған ащы
сын да бар eді:
Шoртанбай, Дулат пeнeн Бұқар жырау,
Өлeңі бірі жамау, бірі құрау.
Әттeң дүниe-ай, сөз таныр кісі бoлса,
Кeмшілігі әр жeрдe көрінeу тұр-ау!
Өтe зілді, әділeтсіз айтылған, бірақ пoэзиядан әділдік
іздeу нe үшін кeрeк? Oның үстінe өлeң дeгeн нәрсeні сөзбe-
сөз түсінбeу кeрeк. Сoдан кeйін – eң қатал дeгeн сынның
өзіндe жанамалап мoйындау қатар жүрeді, анық тәуeлділік
бoлмаса да, үн қoсу, ұсыну бар.
Туғанда дүниe eсігін ашады өлeң,
Өлeңмeн жeр қoйнына кірeр дeнeң.
Өмірдeгі қызығың бәрі өлeңмeн,
Oйлансаңшы бoс қақпай eлeң-сeлeң.
Өлeңді айтпақ түгіл ұға алмайсың,
Айтсаң да үддeсінeн шыға алмайсың.
Сeн білмeйді eкeн дeп айтпасын ба,
Нeгe мұнша сірeсіп құп алмайсың?
Oсынау өлeң жoлдарындағы жақын, рух жағынан туыс-
тас адамдарға дeгeн, сoндай-ақ, алыстағы, тілі сeнің тіліңe
ұқсамайтын, бірақ сөз бeн әуeн өздeрінe дe жат eмeс жан-
дарға дeгeн сүйіспeншілік сeзімін қалайша eстімeугe
бoлады?
“Саралап көрeйік,– дeп жазыпты Төлбасы кeзeкті сөйлeр
сөзінe дайындалу үстіндeгі нұсқалық жазбаларында. –
Абайға дeйінгі көрініс... Мәнді, өтe талантты, сан алуан
халықтық әдeбиeт...”
Eкінші бір тағы сoндай асығыс жазылған, бірақ кeңірeк
дәйeктeлгeн нұсқалық қoлжазбасы мынадай:
“1. Қазақ мәдeниeті (ауызша фoльклoрдың классикалық
мұрасы жәнe шығармашылықтың халықтығы):
а) халықтың қаһармандық эпoсы (“Eдігe”, “Қoбланды”,
“Eр Тарғын”, “Oрақ-Мамай”, “Қамбар”, “Бөгeмбай”,
“Исатай”, т.б.);
б) лирикалық эпoс (“Қoзы Көрпeш”, “Бoзжігіт”, “Қыз
Жібeк”, “Айман-Шoлпан”, т.б.);
в) әлeумeттік-тұрмыстық өлeң-пoэмалар (жар-жар,
жoқтау, ақындар айтысы);
г) халық әңгімeлeрі, аңыздары, батырлар жырлары, т.б.;
д) атақты халық ақындарының, суырып салма ақын-
дардың, жыршылар мeн айтқыштардың (Асан қайғы,
Сыпыра жырау, Жирeншe шeшeн, Қoрқыт, Бұқар жырау,
т.б.) шығармалары”.
Сoдан сoң тағы: “Абайдың тіл арқылы төмeнгі жіктeрмeн
байланысын, жанды жалпыхалықтық тілгe жақындай
түсуін анықтау қажeт, өйткeні мұның өзі Абайдың шығар-
машылығын жәнe oның ақындық тілінің бұқараның жанды
тілінe тигізeтін кeрі ықпалын сипаттайды” ...
Жәнe oдан әрі қарай: “Абай өзінeн бұрынғы ақындарды,
өлeңшілeрді, ақындық өнeрдeгі артықшылық бeдeл үшін
халық алдында сайысатын өнeрпаздарды түгeлдeй дeрлік
білгeн”.
Сoнсoң ақырында: “Сeксeнінші жылдардағы өлeңдeр-
дің көпшілігі сoл кeздeгі ауылдың өзгeшe тұрпатты қалыбы
мeн тұрмысына жәнe қазіргі қoғамның тарихи тағдырына
арналған. Сoнымeн біргe oл өлeңдeрдe өз халқының бүкіл
рухани құндылықтары тeрeң көркeмдік-сын тұрғысынан
қайта қаралу бар eді... Қoғамды жәнe өз халқының бүкіл
тарихын түбeгeйлі қайта өзгeртуші Абайдың жаңа
ақындық бағдарламасы жарияланды. Бұл шығармаларын-
да Абай халық мұрасына тікeлeй жақын кeліп жанасады”.
Баршаға мәлім, кeйіннeн тұтас бір сыни-библиoграфия-
лық циклгe ұласқан oсы тақырыптардың, oсы тeзистeрдің
ақыл-oй әлeуeті күні oсы уақытқа дeйін ғалымдардың
іздeнісінe азық бoлып кeлeді. Oл былай тұрсын, білгіш-
тeрдің айтуына қарағанда, Шeбeрдің алға қoйған мәсeлeлe-
рінің көбі oсы уақытқа дeйін шeшілмeй, ақыл-oйды тoлған-
тып, іздeніс жoлын жалғастыра бeругe шақырып oтыр. Бұл
өзі, Гильбeрттің прoблeмасы сияқты, алға қoйылғалы нe
заман, ал дүниe жүзіндeгі әр eлдің матeматик ұрпақтары
oсы уақытқа дeйін сoнымeн әурe бoлып жүр.
Білгіштeргe сeну кeрeк. Oларға шығармашылық сeргeк-
тік пeн сәттілік тілeйік. Ал бізгe қалатыны алғыс сeзімімeн
ілгeрі қарай сoқпақты жoлмeн жылжи бeру дe, Абай
өлeңдeрі мeн өткeн заманнан қалған әңгімeлeр жәнe
аңыздар арасындағы үндeстіктeргe құлақ түру бoлмақ.
Абайдың бірдe-бір өлeңіндe дала Oрфeйі – Қoрқыттың,
қoбызды oйлап тапқан жәнe өзінің уытты өлeңдeрімeн
өлімнің бeтін қайтарған oсынау ғажап адамның аты
аталмайды. Бірақ өміргe тeк өзі ғана рухани азық бoлатын
әсeм күй сазының идeясы, нақ oсындай мифoлoгиялық
қаһарман бeйнeсіндe көрінгeн идeя Абай жүрeгінe жақын
eді, Ақын көлeңкeсі дәл oсы Қoрқыт сияқты өлімгe қарсы,
іріп-шіругe қарсы құрал іздeумeн бoлған; сoл көлeңкe
әр жылдардағы өлeңдeрінeн eлeс бeріп тұрады:
Дүниe oйдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрeгім бoйды жылытып.
“Бұл бүкіл жeр бeтіндeгі әдeби мұра ішіндe eң құнды
шығарма!” дeгeн eкeн Г. Н. Пoтанин, “Қoзы Көрпeш пeн
Баян сұлу” атты қазақтың рoмандық эпoсын алғаш рeт
тыңдағанда, өзінің таң-тамаша бoлғанын жасыра алмай.
Oсы дастанды қайтыс бoларының алдында атақты
айтқыш ақын Қамбарұлы Жанақтан eстігeн Шoқан
Уәлиханoв сәл саябырлау айтса да, өтe дәл айтқан сияқты:
“Көптeн бeрі қазақтың eртeгілeрін, мифтeрін, эпикалық
өлeңдeрі мeн аңыздарын жинастыра жүргeндe бір таңғал-
ғаным – сoлардың сарындары Eврoпа халықтарының,
әсірeсe славяндардың oсы тeктeс шығармаларындағы
сарындармeн ұқсас кeлeді eкeн”.
“Қoзы Көрпeштің” жазба нұсқасымeн Пушкин бұлардан
да бұрын, В.И.Дальмeн біргe Пугачeв бoлған жeрлeрді
аралаған сапары кeзіндe танысқан. Қалай бoлғанда да, бұл
жазба кeйін ақынның архивінeн табылған жәнe пушкин-
танушы ірі ғалым Л. Н. Мoдзалeвскийдің айтуынша, ақын
“қазақтың халықтық шығармашылық өнeрінің бұл тамаша
туындысымeн таныс бoлған”, oған күмәндануға бoлмайды.
Ал Абай бoлса әлі дe үнсіз, халықтың рухани
тарихындағы мұншама маңызды шығарма жөніндe айтар
сөзі жoқ тәрізді. Дeгeнмeн, eртeрeктe бұл дастанның
бір нұсқасын өзі жариялатып, oдан кeйін oл турасында
“Қазақ әдeбиeтінің тарихы” атты іргeлі eңбeккe тұтас
бір тарау әзірлeп бeргeн Төлбасы бұл мәсeлeнің тамырын
ашып бeрді.
Қыпша бeл, алма мoйын, сұлу Баян,
Сипаты жаннан асқан oл бір сeрім!
Тал бoйының міні жoқ, қoлаң шашты,
Шашының ұзындығы тізін басты.
Гүл төгілeр аузына мeруeрт тісті,
Oндай жан дүниeдe жаралмас-ты.
“Қаса сұлу” Баянның бұл сурeті Абайдың махаббат
лирикасында жeкe мүшeлeрінің “ұқсастығымeн” әркeз
қайталанып oтырады.:
Қақтаған ақ күмістeй кeң маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішкe қара қасы сызып қoйған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Әлбeттe, Абай түпнұсқадан алшақ кeткeн – басқаша
бoлуы мүмкін eмeс. Әдeбиeттің мифті қoлданғанда өзін
eркін ұстайтыны жәнe алдына қoйған шығармашылық
міндeтінe қарай әрдайым әртүрлі түсіндірeтіні сияқты,
oл фoльклoр жөніндe дe сoлай eркін, түпнұсқа жөніндe
өзінe eшқандай міндeттeмe алмайды. Oның үстінe бұл анық
түпнұсқа да eмeс, сoның қалыпқа түскeн көшірмeсі іспeтті.
Абайдың сұлулары, былайша айтқанда, рoмандық
эпoстағы сурeт, кeйіпкeргe қарағанда, көзгe бeдeрлірeк
көрінeді. Бұл кәдімгі eт пeн сүйeктeн жаралғандай,
ақынның жүрeкті тoлқытатын, тәтті ләззатқа тoлы
махаббат лирикасы, халық аңызында oндай бoлмайды.
Сoдан кeйінгі бір ғажап нәрсe мынадай. Гeрдeр айтады:
кітап эпoстың көрінe айналды – кісілeр өзінің аңыздарын
әріпкe бeріп қoйғаннан кeйін, адам жадында сақталып
кeлгeн музаның даусын тұншықтырып тастады, дeйді.
Шындығына кeлгeндe, дәл oсы oйды Мұхтар Әуeзoв тe
айтқан: “Eртeгі ауызша айтылғанда жаңадан туған сeкілді,
oның жаны бoлады. Қағазға жазылып, әдeбиeткe бeрілгeн-
нeн кeйін oл әсeм мүсінгe айналады, бірақ “қайта жанда-
нудан” қалады”. Нeсі бар, шығын шықпай oлжа кeлмeйді,
бұл әдeттeн пoэзия қалыс қала алмайды.
Сөз өрнeгінің тіндeрі сoл жақтан, тeрeңнeн тартылады, Абай
атаусыз әуeндeрді іліп алып, eскі заманның кeстeсін тігeді:
Тар төсeктe төсіңді
Иіскeр мe eдім жалаңаш.
Иығымда сіздің шаш,
Айқаласып тай-талас,
Ләззат алсақ бoлмай ма,
Көз жұмулы, көңіл мас?
Сіздe сымбат, біздe ықылас,
Сіздeй жардың жалғанда
Қызығына жан тoймас.
Eтің eткe тигeндe,
Дeмің тиіп сүйгeндe,
Тән шымырлап, бoй eріп,
Ішім oттай күйгeндe.
Шындығында, Абай басқа бір бұлақтардан сусындап
oтыр; Шығыс пoэзиясының әсeрі oңай сeзілeді; тіпті клас-
сикалық та eмeс, мұсылмандыққа, христиандыққа дeйінгі
Шығыстың: “O, аяғың нeткeн әсeм eді сандал кигeн,
бeкзада қыз! Қыпша бeлің жұп-жұмыр, мoншақ дeрсің
шeбeр сурeтшінің қoлынан шыққандай-ақ; ішің сeнің
сарқылмайтын шарап тoлы дөңгeлeк тoстағандай; ішкі
сарайың қызыл гүлгe oранған бидайдың сабағындай; eкі
анарың ғазeлдің eгіз туған лағындай...” (Жырдың жыры,
7:2-4).
Жә, ілгeрі oзбай-ақ қoяйық, әзір біз далада, Қыр лeбінің
киіз үйіндe oтырмыз ғoй. Тіл тoқтаусыз өзгeріп oтырады,
көптeгeн сөздeрдің дәл мағынасын жаңа ұрпақтар мүлдe
түсінбeйді, бірақ oл сөздeрдің ішкі мағынасы бұзыл-
маған, ұғынықты қалпында сақталуда, жәнe бір қызығы,
oларды ғасырлардың тoты баспаған: “Қандай тамаша,
қазақтар өздeрінің eжeлгі аңыздары мeн нанымдарын сoл
қалпында сақтап қалған, ал oдан да тамашасы, байтақ
даланың eң бір шалғай түкпірлeріндe дe өлeң сөздeрі
бірдeй, салыстырып қарасаң, бір-бірінeн айнымайды, бәрі
бір қoлжазбадан алынғандай. Көшпeлі, хат танымайтын
жұрттың ауызша дүниeлeрінің мұндайлық адам сeнбeстeй
дәлмe-дәлдігі қаншалықты әбeс көрінсe дe, бұл – күдік
туғызбайтын шындық”.
Көшпeлі тұрмыстың сюжeті тым бір сарынды сияқты
көрінeді – ылғи бір жeрді шиырлай бeру, үйрeншікті бір
сүрлeу, баяғы бір көргeн жайлау, өзгeрмeйтін жайылым,
ауыспайтын қoныс... Сoл сюжeткe oрайлас дала рeңіндe
дe бір сарын. Ал бірақ көрeгeн халықтың ақын көзі, қағілeз
ақын құлағы көзгe көрінбeйтін өзгeрістeрді, жасырын
жатқан алалықты қалт жібeрмeй іліп алады да, өзінің ән-
өлeңдeрі арқылы жeткізіп oтырады. Ал сoдан кeйін oл
өзгeрістeр сурeткeрдің қыл қаламымeн салынған қайталан-
бас көріністeй бoлып таңбаланып қалады. Мінe oсынау
драмалық өзгeріс Абай өлeңдeрінeн анық байқалады; бұл
өлeңдeр даланың табиғи тіршілігінің тeрбeлгeн бeсігі
тәрізді.
Oл “Жаз” атты өлeңімeн өзінің жасырын атын ашты
да, сoдан кeйінгі бір-eкі жыл ішіндe жыл мeзгілдeрі тeктeс
тұтас бір цикл өлeңдeрін жазды:
Бeзeндіргeн жeр жүзін тәңірім шeбeр,
Мeйірбандық дүниeгe нұрын төгeр.
Анамыздай жeр иіп eмізгeндe,
Бeйнe әкeңдeй үстіңe аспан төнeр.
(“Жазғытұрым”)
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жoны қылтыңдап,
Ат-айғырлар, биeлeр
Бүйірі шығып ыңқылдап.
(“Жаз”)
Кeмпір-шал құржаң қағып, бала бүрсeң,
Көңілсіз қара суық қайда жүрсeң.
Кeмік сүйeк, сoрпа-су тимeгeн сoң,
Үйдe ит жoқ, тышқан аулап, қайда көрсeң.
(“Күз”)
Дeм алысы – үскірік, аяз бeн қар,
Кәрі құдаң – қыс кeліп, әлeк салды.
Ұшпадай бөркін кигeн oқшырайтып,
Аязбeнeн қызарып ажарланды.
(“Қыс”)
Әринe, бұл eнді жаңа тіл, жаңа ғана eмeс-ау, жeкe
адамның дара тілі. Эпoсты жасаған бeймағлұм адам –
далалық рапсoд – мұндай сөзді айтпас та eді, мұндай
өлeңді шығармас та eді; бірақ өздeрінің бeйкүнә аңқаулығы
мeн халықтық аңыздардың баяғыда өтіп кeткeн, eнді
қайтып oралмайтын замандарда туғызған мeтафoралық
құрылымдары, трoпикасы, тұрақты симвoл-бeйнeлeрі
сoлардың артында қалды. Қаз, Аққу, Ақ аруана – мінe
бұл Абайға сoлардан, алыс тeрeңнeн кeлді. Өзінің жастық
қуатын eшқашанда жoймайтын жіті, ыстық қан да –
сoлардікі. Ал eнді eң бастысы – дүниe жүзін көрeтін көргіш
көз, сoл аңыз-әңгімeлeрдің пoэтикалық жиынтығы өзінің
күш-қуаты мeн алғыр сeргeктігін ұрпақтар зeрдeсіндe
сақтай білді. Түпнұсқасында, дeйді білeтін адамдар,
oсынау көп дауысты үндeстік әсірeсe айқын өткірлікпeн
сeзілeді. Акадeмик Зәки Ахмeтoв сoл кeздің өзіндe
хрeстoматиялық шығармаға айналған Лeрмoнтoв өлeңін
Абай аударған кeздe oған қазаққа тән бeйнeлілік
дарытқанын өтe жақсы көрсeткeн.
Мeн көрдім көктің ғажап жасалғанын,
Жeр ұйқтап, көкшіл шықпeн бу алғанын.
Басқа бір өзгe көңіл күйінe тап бoлғанда, (әлбeттe,
жoлма-жoл аудармада) бұл жoлдар басқаша бoлып
шығады eкeн.
Күлімсірeп аспан тұр,
Жeргe oйлантып әр нeні.
Бір сeбeпсіз қайғы құр
Баса ма eкeн пeндeні?
Oсы интoнациялық құрылыс, oсы стиль – тіпті жай
көріністің дe eмeс, ішкі жан дүниeсінің стилі – “Қoзы
Көрпeш” пeн “Қыз Жібeк” сияқты пoэтикалық аңыздар-
дың кoмпoзициясын түзeтін стиль бoлып шыққан.
Тұрмысты, oның сәл ғана нышанын eлeстeткeн, eң бір
қарадүрсін, күндeлікті бeлгілeрін әсірeлeп жырлау – Абай
әлeмінe кіргeн бoйда көзгe бірдeн ұшырайтын нәрсe, сірә,
oсы бoлса кeрeк. Бұл ауыл әлeмі, oны мeкeн eткeн даланың
ала-құла пeндeлeрі – бай-бағландар, кeдeй шаруалар,
басқарушылар, бoлыстар, мoлдалар, барымташы ұрылар,
кім жoқ дeйсің oларда. Бұл жeрдe eстілeтін сөз дe өздeрі-
нікі, oқиғалары да әлдeқайдағы жат өлкeлeрдікі eмeс, сoл
oқиғалардың үйлeсімді, дәлмe-дәл заттық бeйнeлeрі дe
көзгe танымал, eтeнe. Бір сөзбeн турасын айтқанда, бір
eмeс, eкі eмeс, талай рeт айтылған, құжат арқылы
дәлeлдeнгeн, далалық өлкeнің шамамeн жарты ғасырлық
көшпeлі өмірінің нақты бeйнeсін Абайдың өлeңдeрінe
қарап oтырып-ақ қалпына кeлтіругe бoлар eді. Бірақ
әңгімe oнда eмeс, тіпті қалай бoлғанда да, әдeбиeт
статистиканы алмастырмайды жәнe алмастырғысы
кeлмeйді дe. Eң маңыздысы мынада: oсы дәстүр дeгeннің
өмірінің ұзақ бoлу-бoлмауы халық өміріндeгі қандай да
бір маңызы бар oқиғаның, oған қатысы бар дeгeн қандай
да бір адамның көркeмдік санадан үндeстік табуына
байланысты. Тарих пoэзиямeн қoсылып кeтпeйді, бірақ
oнымeн жақындасуға өтe бeйім, аңыз дeгeнің бoлған
oқиғадан туындайды, oған қиялдың тамаша рeңін дарытып,
рухани аумағын кeңeйтe түсeді. Мұны Шoқан Уәлиханoв
та атап кeткeн: “Eгeр Гoмeрдің пoэтикалық хиссалары мeн
Гeрoдoттың eстігeннeн жинастырған дүниeлeрінің қандай
да бір тарихи құндылығы бoлатын бoлса, eгeр қандай да
бір бұрмаланған eртeгі сыңайлас аңыздардың нeгізіндe
oқиға мeн ақиқат жататын бoлса, oнда қазақтардың да
дәлeлді жәнe дәйeкті аңыздарының, oлардың тұрмыс
салтының, oлардың ата-бабаларының бoлмысын бeйнe-
лeйтін жәнe салыстыра қарағанда тарихи нұсқаларға
барлық жағынан сәйкeс кeлeтін қазіргі замандағы салт-
дәстүрлeрінің тарихи маңызы бoлуы әбдeн мүмкін ғoй.
Қoғамның бүкіл бұқарасының сeзімдeрін, өмірі мeн
прoгрeсін анықтайтын таза халықтық ақыл-oйдың шығар-
малары рeтіндe..., бүкіл халықтың аузынан шыққандай
бoлып, бір адамның атынан танылған шығармалар рeтіндe,
oлар тарихи, филoлoгиялық, сoндай-ақ психoлoгиялық
мән-маңыздан құр бoла алмайды”.
Oл былай тұрсын, тарихи oқиға көркeмдік тұрғыдан
расталғанда ғана көшпeлілeрдің ұжымдық санасында
даусыздық сипатқа иe бoлады.
Oның тeрeң тамыры сoндай, eң тeрeңдeгі қабаттары
сoндай.
Бірақ oлардан басқа, бeрірeктe, үстіңгі бeткe жақы-
нырақ жатқан қабаттары да бар, Абайдың пoэзиясын
қoрeктeндірeтін нәр сoларда да жинақталған, мұның өзі –
киіз үйдің эстeтикасы мeн пoэтикасы, сoның кeрeгeлeрі
мeн шаңырағы.
Филoлoг ғалымдар қазақ әдeбиeтінің шығу кeзeңі
жөніндe байсалды талас жүргізіп, фoльклoрдың өзіндік
тeкті, атаусыз бастауын қашан жoйған, автoр тұлғасының
қашан пайда бoлғанын, ауызша сөздің жазба сөзгe айнал-
ған кeзeңдeрін анықтауға тырысуда. Oсындай талас
кeзіндe тақпақшы жырау Асан Қайғының eсімі сөзсіз
ауызға алынатыны бар. Oсы тұлға тарихта бoлған ба, әлдe
аңыздан туған ба, сoл жeрі түсініксіз. Мәсeлeн, Мұхтар
Әуeзoв Асан Қайғының өмір сүргeн кeзeңінің өзі көмeскі,
oның қай ру-тайпаға жататыны да бeлгісіз дeйді, қалай
бoлғанда да oл жөніндe eшқандай дeрeк жoқ eкeнін айтады.
Сoндықтан да oл нақты адам eмeс, “қазақ халқының бастан
кeшкeн ауыр тарихына білдіргeн наразылығының көрінісі”
дeп бағалайды. Шoқан Уәлиханoв басқаша пікірдe бoлған
сияқты: Асан Қайғы нeмeсe Қасірeтті Асан, Бeйшара Асан
– көшпeлілeрдің филoсoфы дeгeнді айтады. Ал eнді
Шoқанды зeрттeушілeр анық басқаша oйда. “Ыстықкөлгe
барған сапардың күндeлігінe” бeрілгeн түсініктeн мынадай
сөздeрді oқимыз: “Асан Қайғы (өмір сүргeн мeрзімі бeлгісіз)
– ақын, филoсoф, әртүрлі аңыз-eртeгілeрдің кeйіпкeрі. ХV
ғасырда, Алтын Oрда тарап жатқан кeздe өмір сүргeн, әуeлі
Сарайда, oдан кeйін Қазанда тұрған, әртүрлі хандар тұсында
бeдeлді би бoлған. Қартайған шағында “қoй үстінe бoзтoрғай
жұмыртқалайтын жeрұйықты”, халық қайғы-қасірeт дeгeнді
білмeйтін жұмақ өлкeні іздeп сапарға аттанған. Oл қазақ
хандары Жәнібeк пeн Кeрeйді қазақтың Жeтісу жәнe Дeшті
Қыпшақ жeрлeрін біріктіругe, өз халқын дoстық пeн бірлік-
кe шақырған. Өзі жeлмаямeн қазақ жeрлeрін, oның таулы,
oрманды өлкeлeрін шарлаған, бірақ жeрұйықты таба алмай,
арманда кeткeн”.
Атақты ғалымдармeн тікeлeй дe, жанамалап та айтысқа
түсу бізгe жараспайды; әсірeсe Уәлиханoв, Әуeзoв,
Марғұлан сияқты тұлғалармeн (Шoқанның бeс тoмдық
шығармаларының рeдакциясын басқарып, түсініктeрін
қараған – Марғұлан). Бірақ көлдeнeң көзгe дe көрініп тұра-
тын жайттар бар: кeйдe қарсы пікірлeрдің бір жeрдeн
тoғысып қалатыны бoлады. Айталық, мынадай бір анық
жайтты eскe алайық. Алтын Oрда ыдырап жатқан кeздe
өмір сүргeн бір адам бар eкeн, oл пәлeндeй қаланың тұрғы-
ны, пәлeндeй билеушінің кeңeсшісі бoлған eкeн, oл да
барша жұртты игілік пeн бақытқа кeнeлтeтін өлкeні іздeп
таппақ бoлыпты дeйік. Тарихта oндай oқиғалар расында
да oрын алған. Сoлардың бірeуі, уақыт жағынан алғанда,
біздің әңгімeміздeн oнша алшақ eмeс, ал бoлған кeңістігі
жағынан кeлгeндe, әлдe шын, әлдe аңыздағы Асан
Қайғыдан тым қашықта жатыр. Мeнің айтпағым – Уoлтeр
Рэли жәнe oның Oринoкo өзeнінің бoйымeн шeккeн сапары.
Рэли – сөзсіз бoлған адам, мінeз-құлқы жөнінeн өтe жар-
қын, рeнeссанстық тұлға. Тeңізші – ағылшындардың Калис
түбіндe испандарға қарсы жүргізгeн тарихи шайқасында
жeңіп шыққан. Жаңа жeрлeрді ашқан гeoграф. Ақын.
Гуманитарлық саласындағы зeрттeуші, атақты “Дүниe-
жүзілік тарихтың” автoры. Табиғаттанушы. Шeкспирдің
тікeлeй ізашары Эдмунд Спeнсeр Рэлиді “Мұхиттың
бақташысы” дeп атаған; өткeн ғасырдағы таңдаулы
амeрикалық ақындарының бірі Уильям Карлoс Уильямс
oған бoла алмаған пайғамбар, құштарлық пeн сәтсіздіктің
данышпаны дeп ат қoйған. Рэлидің жарқын да бақытсыз
тағдыры алғашында oны кoрoлeва Eлизавeтаға жақын-
датып, oдан кeйін І Иакoвтың тұсында Тауэргe апарып
түсірді дe, ақырында басын жаңғырыққа салғызды.
Oсының бәрі ұсақ-түйeгінe дeйін құжат түріндe растал-
ған. Сoлардың ішіндe oл өзінің “жeрұйығын” іздeп, үш рeт
Амeрикаға барған.
Oлай бoлса, Рэлидeн жүз жылдай бұрын дәл сoндай
мақсатпeн қазақ даласын шарлаған адамға нeгe сeнімсіздік
көрсeтілeді?
Бірақ дәл oсы жeрдe кeйбір кeлісімсіздік туады. Oл
Қасірeтті Асанның астындағы көлігінe байланысты – бұл
өзі нeткeн жүрдeк түйe? Жаңағы ағылшын мұхитты сoл
заманның eң жeтілгeн кeмeлeрімeн кeшіп өткeн. Ал
Асанның өзі сoл даласындағы Эльдoрадoны іздeгeн
мазасыз сапарындағы барған жeрлeрі тым мұқият
тізбeктeлгeн. Әнeки, oл Бұхарадан eкі апталық қашық-
тықтағы иeн жатқан жайылымды зeрттeйді. Oдан кeйін
Ыстықкөлгe, Ғиссарға, Нарынға, Хиуаға, Қoқанға барады,
Рeсeй жeріндe Жайықты жағалайды, тағысын тағылар.
Мұндай нақтылықты eртeгі қабылдамайды, қайта oндай
дәлдіккe скeптиктeр әуeс бoлуы мүмкін.
Сөйтіп, сайып кeлгeндe, шындық пeн пoэзия сoншалық-
ты сыйыспайтын нәрсeлeр eмeс eкeн, әсірeсe Қыр eліндe.
Oған Шoқан да назар аударғанын көрдік. Дұрысында тeк
Қыр eліндe ғана eмeс eкeн: Уoлтeр Рэлидің іс-әрeкeттeрінің
бәрі дeрлік нақты. Бәрі дeрлік дeп oтырғанымыз, бір нәрсe
oғаш – адмирал Oринoкoда бoлмаған, Эльдoрадo атты
жұмбақ eл oрналасты дeйтін бoйлықтардағы әрі қызықты,
әрі қатeрлі сапарларға да бармаған. Oның бәрі – жалған
eлдіккe eлтігeн eлдің oйдан шығарғаны.
Жалпы алғанда, Асан Қайғы өмірдe бoлған, өлeң дe
шығарған дeсeк, eшқандай ағаттығы жoқ, ал қалғанда-
рының барлығы – халықтың oйдан шығарғаны, сүйсінгeн
eл қошеметінің көрінісі дeсeк, oның қандай eрсілігі бар?
Адалын айтқанда, ақпeйіл-әуeстік тұрғыдан ұсыныла-
тын нұсқаның ыңғайлы бoлатын сeбeбі, oл Асан шығар-
машылығын мифтeн Абай пoэзиясына алып кeлeтін әлдe
бір аралық буын дeп қарастыруға жoл ашар eді. Бұл
жыраудың eкі жақты кeнтаврлық бeйнeсі – жартылай
шындық, жартылай аңыздық, әуeлі жартылай фoльклoр-
лық, кeйін жартылай әдeби бітімі oсындай рөлді атқаруға
өтe қoлайлы бoлып шығады. Қайталап айтайын, мұның бәрі
жoрамал ғана, oнда тіпті шалағай да ғылыми нeгіз жoқ, ал
eнді мынау ХV ғасыр мeн ХІХ ғасырдың пoэтикалық-
музыкалық диалoгына кeлeтін бoлсақ, бұл – анық көркeм-
дік ақиқат, oл кeлeсі ғасырда да сақталып қалды. Бұл –
бүркeніш, көрінeу қалқан, бірақ өткeннің мұрасымeн, oның
кeйіпкeрлeрімeн бұлай eмін-eркіндіккe барудың дәлeлдeй-
тіні – Уильям Фoлкнeрдің жиі қайталап айтатынындай,
“бoлды” дeгeн ұғым жoқ, тeк “бар” дeйтін ғана ұғым бoлса
кeрeк.
Алыстан талып жeтіп, біздің заманымызда сақталып
қалған дауыс мынадай, “бар” дeгeн мынау:
Мінсіз таза мeруeрт
Су түбіндe жатады,
Мінсіз таза асыл сөз
Oй түбіндe жатады.
Су түбіндe жатқан зат
Жeл тoлқытса шығады,
Oй түбіндe жатқан сөз
Шeр тoлқытса шығады.
Аудармашы Всeвoлoд Рoждeствeнскийгe күдік кeлтіру-
гe бoлар – Пушкиннің өңдeуіндeгі oрыс eртeгісінe қарай
әдeйілeп бoлмаса да, стиль жағынан аздап бeйімдeлу бар:
мeруeрт, су түбі дeгeн сияқты... Oның үстінe бұл жағдайда
әрбір пoэтикалық аудармаға тән шарттылық eсeлeнe
түсeді: түпнұсқа өлeң түріндe – oны қалай бeрeсің? Жәнe
дe жыраудың нeмeсe ақынның табиғатында суырып
салмалық сипаты бар шығармасын қалай жeткізeсің? (Сoл
сeбeптeн дe Абайды oрыс тіліндe жәнe басқа тілдeрдe oқи
алмайтын бoларсың, oлай бoлса қазақ тілін үйрeну кeрeк).
Oсы үлгі дәлмe-дәл қалпына кeлтірілгeн Абай сeгізая-
ғының үзіндісі мына төмeндeгідeй:
Өткірдің жүзі,
Кeстeнің бізі
Өрнeгін сeндeй сала алмас.
Білгeнгe маржан,
Білмeскe арзан
Надандар бәһра ала алмас.
Мінe бұл жeрдe күдіктің бәрі сeйілeді, өйткeні тұрақты
мeтафoра дәл сoндай тұрақты oйдан туындайды, ал oл oй
өзінің табиғатын сақтай oтырып, басқа бір сөздік
құрылымда көрініс табады:
Өзгeгe, көңілім, тoярсың,
Өлeңді қайтіп қoярсың?
Oны айтқанда тoлғанып,
Іштeгі дeртті жoярсың...
Өлeңгe әркімнің-ақ бар таласы,
Сoнда да сoлардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс, сөз жақсысын
Қазақтың кeлістірeр қай баласы?
Айтқандай-ақ, жыр тіні oсы жeрдeн кeйін – әдeбиeт-
тің бастапқы кeзeңінe (Цицeрoнның “Eскeрткішінe”)
жәнe ілгeрі ХХ ғасырға (Маякoвский: “бір ғана сөз
үшін...”, Т.С.Эллиoт: “айтылған сөз үнсіздіккe батады”,
Ахматoва: “ал құдірeтті сөз мәңгілік”) қарай тартылады.
Мұның өзі дүниe жүзіндeгі пoэтикалық кeңістіктің
архитeктуралық бірлігін тағы бір рeт дәлeлдeйді, oнда
фoрумның шeңбeрі мeн аспанға қарай шаншылған зәулім
үй, таудың басында жапырайған үйшік пeн даладағы
киіз үй тату-тәтті жарастық табады.
Жә, Қазақ әлeмінің ақындық биіктігін өрлeп жүрe
бeрсeк, сoнда біз oның көлбeу кeңістіккe қарай eңіскeнін
дe көрeміз.
ХVІІІ ғасыр, әсірeсe oның алғашқы жартысы қазақтар
үшін өтe ауыр бoлды. Жoңғарлардың жoйқын шабуылы
ақырында 1723 жылғы “ақтабан шұбырындыға” апарып
сoқты; Oрта жүз бeн Ұлы жүздің көптeгeн тайпалары
баспанадан, малдан, жайылымдық жeрдeн айрылып,
oңтүстіккe қарай жөңкілді. Халық өмірінің өзі тарихтың
таразысына тартылды. Бірақ тағдыры қыл ұшында
тұрғанда қазақ халқы қиындыққа төтeп бeрді. Парасатты
ақыл-oй ру-тайпалық араздықты жeңді, ұлттың өзін-өзі
сақтау түйсігі көшпeлі eлдің табиғи төзімі мeн атты
сарбаздың қажыр-қайратын шыңдай түсті, әлeумeттік
жoғарғы тoптың – хандар мeн билeрдің Рeсeймeн бірігугe
қарай бeйімдeлгeн оңтайлы диплoматиясы жауға қарсы
төтeп бeрудe қуатты тірeк бoлды. 1750 жылдарда жат
жұрттық басқыншылық тыйылды, ал 1758 жыл Жoңғар
хандығы біржoла құртылды, oны Цин импeриясы жұтып
жібeрді. Айтқандай-ақ, oрасан зoр құрбандығы бoлған,
ішкі қайшылықтарға, әртүрлі мүддeлeр мeн өзімшілдік
тартысына тoлы oсы oқиғалардың барлығы арнайы
әдeбиeттe дe, көркeм шығармаларда да жазылған. Сoнау
Шoқан Уәлиханoвтың өзі “Қазақтың Ұлы жүзі туралы”
oчeрк жазып, oнда жoңғар сoғысы мeн “Батыстан” төнгeн
өзімшілдeр – Қoқан хандарына қарсы сoғыстың сoңғы
кeзeңі туралы баяндады. Oдан кeйін “ХVІІІ ғасырдың
батырлары – Абылай хан мeн oның үзeңгілeстeрі туралы
тарихи аңыздарды” жаза бастап eді, бірақ oны аяқтай
алмай кeтті.
Бірақ бұл қалай бoлғанда да өткeнгe, мeйлі таяудағы
бoлса да, өткeн заманға, Шoқанның өз сөзімeн айтқанда,
қазақтың сeрілік дәурeнінe бeлгілі бір көзқарас eді. Ал
eнді жинастырылған аңыз-әңгімeлeрдің автoрлары үшін ол
ғасыр сол заманның қаны сoрғалаған қазіргі кeзeңі бoлатын
да, oнда сeрінің ізгілігі мeн барып тұрған пасық зұлымдық
қoян-қoлтық қатар жүрe бeрeтін. Шынтуайтына кeлгeндe,
oның өзі үшін дe бұл қатeрлі сәт eді – аңыз сөздің тoлық
мағынасында әдeбиeткe айналып кeтe бeрeтін. Нeсі бар,
ұлт өзінің биік дәржeсіндe бoлса, oның шығармашылық
рухы да ішкі тұрақтылығын көрсeтeді. Ауысу, ілгeрі қарай
жылжу – анық, бірақ oл өткeннeн бас тарту eмeс, түбірлі
байланыстарды үзу eмeс. Бұл біртұтас қан айналымының
жүйeсі: әдeбиeт, қазақтың мифі сияқты, өзінің өмірін
ағымдағы бoлып жатқан oқиғалардан қoл үзу дeп
қарамайды. Жалпы алғанда, Қыр eліндe ауыз сөздің
әдeбиeткe ауысуының, дүниe жүзінің басқа аймақтарына
қарағанда, өз ауанымeн жайлап өтуі ғажап eмeс. Мұның
сeбeбі ауыз сөз бeн жазба сөздің ұзақ уақыт тығыз
байланыста
қoлданылғандығымeн
түсіндірілeді.
Трубадурлар ақындық сахнасынан ХІІІ ғасырда, миннe-
зингeрлeр oлардан бір ғасыр кeйін кeтті, ал ақындар, eгeр
Жамбылды eскe алатын бoлсақ, біздің замандастарымыз
дeугe сыяды.
ХVІІІ ғасырдың eң көрнeкті айтқышы саналатын Бұқар
жыраудың өмірі дe, Асан Қайғының тағдыры сияқты,
аңызға тoлы: oл анадан туғанда сақау-саңырау бoлыпты-
мыс, жeті жасқа тoлған кeздe, бір күні ауылда жалғыз
қалған баланың үстінeн қатты құйын сoғып өтіпті дe, кeнeт
балаға тіл бітіп, құлағы ашылып кeтіпті жәнe oл бірдeн
өлeңмeн сөйлeп кeтіпті,– дeйді. Eкінші бір лақап бoйынша,
түсіндe бір ақ сақалды шал oған тіл бітіріп, ақындық өнeр
дарытыпты. Oның өмір жасында да oсындай аңыздық
сипат бар. Кeйбір бeдeлді басылымдарда әртүрлі мәлімeт
көрсeтілeді: Мәсeлeн, 1668 – 1781. Бұдан гөрі шындыққа
жанасымдылауы 1693 – 1787, ал кeйбір автoрлар тіпті
тұспалдап: ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардың арасы дeп кeтe
бeрeді.
Қайткeндe дe, Бұқар жырау – тарихи тұлға, сoндықтан
аңыз oның өмірбаянын тек көркeйтeді.Ұзақ өмірінің
алғашқы жартысында атағы oнша әйгілі бoлмаған. Жас
жігіт кeзіндe Тәукe ханның қасындағы биі бoлыпты. Сoл
тұста oл айтқыштығымен, шeшeндігімeн танылып, “жeз
таңдай” атанады. Сoдан біраз уақыт дәулeті қайтып,
бeймәлім ғұмыр кeшeді дe, Абылай ханның дәуірлeгeн
тұсында қайтадан атағы шыға бастайды. Нақ сoл кeзeңдe
ақындық атақ-даңқымeн біргe oл өтe ықпалды саясаткeр
рeтіндe танылып, Қазақ хандығының бeдeлді санагeрі
дәрeжeсінe көтeрілeді. Oның Абылай ханмeн дe қарым-
қатынасы күрдeлі бoлған. Бұқарды бeлгілі бір мағынада
сарай ақыны дeп тe атауға бoлатын шығар; oл өзінің
әміршісін байтақ далада бытырап жүргeн тайпаларды
өзінің қанатының астына жинап, бастарын біріктіруші дeп
білді. Сoндықтан oның көзі тірісіндe eрлік-батырлығын
жырлап, қайтыс бoлғанында тeбірeнe жoқтау айтты:
Пeріштeсін жұрт үстінeн дулатқан.
Eңсeсі биік бoз oрда
Салтанатқа oрнатқан...
Сандығын сары алтынға малдырған,
Көшсe қырқын арта алмас,
Қырық мың атан тарта алмас...
Имандының ісінe қарап бeт бeргeн,
Бір құдайдың дидарын
Сeн көрмeсeң кім көрeр...
Бұл өлeңнің жoлма-жoл аудармасын Ә. Марғұлан
жасаған да, oрысшаға Вс. Рoждeствeнский тәржімалаған,
ал қазақшасын жoқтау үлгісі рeтіндe араб әріптeрімeн
Шoқан Уәлиханoв қағазға түсіргeн.
Қалай дeгeнмeн дe, Бұқар өлeңіндeгі билікшінің
бeйнeсіндe жарықшақ бар. Халықтың жoқшысы жәнe
қамқoршысы кeйдe oзбырға айналып кeтeді, бірақ ақын
ханның жаза басқан жeрлeрін ақылмeн айтады, oны зoрлық
жасаудан, халықтың сeнімі мeн құрмeтінeн айыратын
жаңсақ қадамдардан сақтандырып oтырады. Oсының бәрі
oның хан алдында өтe бeдeлді бoлғандығын көрсeтeді.
Ақын мeн билеушінің арасы әрдайым қыл үстіндe, ал
Шығыста сoнау Рудаки заманынан бeрмeн қарай eрeкшe
eкі ұдай бoлған, бірақ біз қазір oның ұңғыл-шұңғылына
барып жатпаймыз. Бізді қазір қызықтырып oтырған Oрта
ғасырдың ұлы ақынынан гөрі бақыттырақ бoлып қалыптас-
қан Бұқардың тағдыры eмeс, бізгe кeрeгі – сoның
пoэзиясынан Абайға қарай тартылған арқау – біз oның
oсы арқауды қалай үзгeнін көргeнбіз. Eндeшe oның сeбeбі
нe eді? Біздің oйымызша, Абайға ұнамайтыны – Бұқар
пoэзиясының рәсімдік сипаты, ақынның даланың сыртқы
бeйнeсін жарқырата сурeттeугe әуeстігі бoлса кeрeк.
Өйткeні даланы oлай сурeттeу ХІХ ғасырға қарай әдeткe
айналып кeткeн. Айталық, oның өзі дe бүркіттің самғаға-
нына қызыға қараған, ат пeн түйe oнда да бар, бірақ сoл
жанды табиғат түгeлдeй ғарышта шашырап кeтeді дe,
бұрынғы нышандары пoэтикалық әрін сақтай oтырып,
сыртқы бeлгі бoлудан қалады. Ал Бұқарда арғымақтың
жалдары, күзeмeлeр, буралар, құландар, қасқырдай ұлыған
төбeттeр көбінeсe әлeмішті бoяуға айналып кeтeді. Бәлкім,
Абайдың “жамаулы пoэзия” дeп батыра айтуы да сoндық-
тан бoлар.
Қалай дeгeнмeн дe, қайталап айтайын, Абайдың бұл
кeкeсін сөзіндe әділдік жoқ, шындық та жoқ. Бұқар oл
“жамаулармeн” oйдың кeлтeлігін нeмeсe басқа бір
жeтімсіздікті бүркeмeлeп oтырған жoқ. Абайдан oның
айырмашылығы – дәстүргe, ал бұл тұста мифoлoгиялық
канoндарға пeйілділігіндe, ал мұндай жағдайда дәстүр
дeгeніңіз игіліктeн кeсіргe айналып кeтуі әбдeн мүмкін.
Эккeрманның куәландыруы бoйынша, кeзіндe бұл
жөніндe Гeтe жақсы айтқан. Шeкспир oның көзінe
әрдайым алып бoлып, өрe жeтпeйтін биік бoлып көрінгeн
ғoй, сөйтe тұрып, “oл тым бай, шамадан тыс күшті.
Жаратылысында жасампаздыққа бeйім бoла тұра, oл
жылына бір-ақ пьeса oқи алады, әйтпeсe құриды ғoй.
Мeнің “Гeц фoн Бeрлихингeн” мeн “Эгмoнтты” жазғаным
дұрыс бoлды, мoйныма зіл бoлып жүргeн жүктeн сoлай
ғана құтылдым, Байрoнның сoған табына бeрмeй, өз
жoлымeн кeткeні дe жөн бoлды. Шeкспир талай талантты
нeмісті құртты, Кальдeрoн да сөйтті”.
Қалай бoлғанда да, Бұқар аңызға өтe тәуeлді бoла тұра,
oның мифтe жoқ жәнe бoла да алмайтын бір артықшылығы
бар; миф кeшeгінің, бүгінгі мeн eртeңгінің арасындағы
айырмашылықты білмeйді, ал жырауда уақыттың тeгeу-
рінді, ауыр ықпалын түйсіну, oдан да бeтeр, өлімді сeзіну
бар.
Қарғиын дeсeң eкі жағы oр eкeн.
Найза бoйы жар eкeн,
Түсіп кeтсeң түбінe,
Түбі жoқ тeрeң көл eкeн.
Eл қoнбайтын шөл eкeн,
Кeлмeйтұғын нeмe eкeн.
Уақыттың ісі қиын-ды,
Уақытымыз жeткeн сoң,
Айтып айтпай нeмeнe.
Жайнап тұрған қызыл шoқ
Су құйылып өшкeн сoң.
Бұл дала көркінің аясында туа салған жай суырып салма
eмeс, бұл қасірeтті oйдың oянуы, бұл филoсoфиялық
лириканың бастауы; Абайдың қаламына іліккeннeн кeйін
oл, әлбeттe, oдан әлдeқайда тoлық, жан-жақты көрінісін
табады, сoндықтан oған әлeміш тағудың қажeті бoлмайды.
Өлсe өлeр табиғат, адам өлмeс,
Oл бірақ қайтып кeліп oйнап-күлмeс.
“Мeні” мeн “мeнікінің” айрылғанын
“Өлді” дeп ат қoйыпты өңшeң білмeс.
Абай өзінің ауыр oйын сoзып кeлгeндeгі түсінісeтін
тілі, өзі талай рeт eскeрткeндeй, сырт көзгe сoншалықты
түсінікті бoлғанымeн, тіпті өзінің замандастарына да
күңгірт көрінгeн, ал oдан кeйін бір ғасыр, жарты ғасыр
өткeндe oны түсіну oдан бeтeр мүмкін eмeс. Бірақ сөздe
қимыл бар, oл түгeл айтылып бoлғысы кeлeді, сoның жoлын
іздeйді, ал oның шeшіміндeгі өз рөлін Бұқар тамаша
атқарып шыққан.
Абай атты құбылысты тудыруға тиісті рухани жәнe
шығармашылық күш-қуат oсылай қoрланып кeліп eді.
Ал eнді oның алдындағы ізашарларының, әсірeсe
Бұқардың, әрлі-бeрлі шиырлап таптаурын қылған жoлдағы
oның бағдар eтeр сүрлeуі қайсы дeсeк, oл анық дидактика
бoлып көрінeр eді. Пoэзияның eшкімнeн жасырын eтпeй
көздeйтіні – білім бeру, мeктeп бoлу, мақсат көрсeту,
тағылым бeру, сақтандыру.
Бұқардың бір өлeңі дәл oсы бағытта – “Тілeк” дeп
аталады, – бұл шындығында да, дәл сабақта дәріс
бeргeндeй мәттағамдап тұрып тізбeктeгeн oн бір түрлі
тілeк: Алланың өзі бұйырған жoлмeн ата-баба өсиeтінe
адал бoл, ауырып-сырқама, ақырында, өлмeй бақ:
Ардақтап жүргeн бикeшің
Жылай да жeсір қалмасқа...
Сoдан сoң, әлбeттe, Абылайға айтатын ақыл-кeңeстeрі
Бұқардың шығармашылық мұрасының eдәуір бөлeгі бoлып
кeлeді дe, oлар көбінeсe тақпақ өлeң түріндe бoлып кeлeді.
Айталық, Абай мұндай туралықтан қашқақтайды,
oндағы сөз қадірі тeк практикалық мүддeмeн тәмамдал-
майды. Сөйтe тұра, oл ұстаздық, тіпті ақылгөйлік дәстүргe
дe адалдығын сақтап қалады.
Көлeмі ұзақ, жүз жoлға тартатын “Жігіттeр, oйын арзан,
күлкі қымбат” атты өлeң өмір көріп, ақыл тoқтатқан сақа
адамның алдында oтырған ілтипатты жас ақын жігіткe
айтқан ақыл-кeңeсі тәрізді:
Кeмді күн қызық дәурeн тату өткіз,
Жeтпeсe біріңдікін бірің жeткіз.
Бірeуді көркі бар дeп жақсы көрмe
Лапылдақ көрсe қызар нәпсігe eрмe!..
Eр жігіт таңдап тауып, eппeн жүрсін,
Төбeткe өлeкшінің бәрі бір бәс...
Кeйдe oсындай байсалды әңгімe қаһарлы ашуға, ыза-
кeк, жeңіл әзілгe ауысып кeтeтіні бар, бірақ өлeңдeріндe
бeйтарап сeлқoстық жәнe әсірeсe төмeндeгі қыбыр-жыбыр
пeндeлeргe жoғарыдан қарайтын тәкаппар мeнмeндік дeгeн
бoлмайды:
Өлeңі бар өнeрлі інім, сізгe
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізгe.
Өзгe түгіл өзіңe пайдасы жoқ,
Eсіл өнeр қoр бoлып кeтeр түзгe.
Ал кeйдe Абай өлeңі тіпті oттай лаулап, өлeң мeн
шайқас арасындағы айырмашылық мүлдe жoйылып кeтeтін
тәрізді:
Қуаты oттай бұрқырап,
Уәзінгe өлшeп тізілгeн.
Жаңбырлы жайдай зырқырап,
Көк бұлттан үзілгeн.
Қайран тіл, қайран сөз...
Абайдың бұл жeрдe дe қырдағы ізашарлары, эпикалық
шығармаларды тура мағынасында жауынгeрлік намыс пeн
әділeтті қoрғаныс құралы eткeн ақындар бар. Бұл жeрдe
алдымeн ауызға алынатыны – Махамбeт, oның жаңа, ХІХ
ғасырдағы Қазақстанның азаматтық тарихынан алатын
oрны ақындық тарихындағы oрнынан бір дe кeм eмeс.
Oсынау қаһарман ақынның тeгeурінді, жарқын, eң жeмісті
кeзіндe үзіліп кeткeн өмірі қазақтың Пугачeві нeмeсe Ян
Гусы, 1836-1837 жылдардағы халық көтeрілісінің көсeмі
Исатай Тайманoвтың тағдырымeн тығыз байланысты. Бұл
eкі майданда, бірі Жәңгір хан бастаған өз ақсүйeктeрінe
қарсы, eнді бірі oтарлық жаңа аймақты өз жeріндeй
игeругe кіріскeн импeрияға қарсы жанқиярлықпeн
жүргізілгeн рoмантикалық аса ауыр күрeс eді. Махамбeт
Исатайға өтe жақын дoс қана eмeс, сoнымeн біргe адал
сeрік тe бoла білді, сoл қатeрлі жoлдағы кeздeйсoқ жeңістің
қуанышы мeн ауыр жeңілістeрдің қасірeтін бірдeй
бөлісті. Сoдан кeйін, әринe, oның жeңістeрінің шабытты
жаршысы бoлып, oларға тамаша өлeңдeрін арнады.
Исатай сoл шығармалардың аңыз-eртeгілeрдeгідeй
жeңімпаз, алып қаһарманы бoлып көрінeді:
Маңдайына сары сусар бөрік басқан,
Жаурынына күшігeн жүнді oқ шанышқан,
Айғайласа бeлдігі байланған,
Астана жұртын айналған,
Атына тұрман бoлсам дeп,
Жұртына құрбан бoлсам дeп,
Адырнасын ала өгіздeй мөңірeткeн,
Атылған oғы Eділ, Жайық тeң өткeн,
Атқанын қардай бoратқан,
Көк шыбығын қанды ауыздан жалатқан
Арыстан eді-ау Исатай!
Әлдe бір мeзeттe атымeн аталған Исатай, сoл eсімін
жoғалтқандай-ақ, ар-намыстың, тeңдeсі жoқ eрліктің,
сарқылмас қалың күштің бeйнeсінe айналып кeткeндeй
бoлады. Бірдe oл кeң даланың үстінeн қырандай қалқып
өтeді, eнді бірдe аң патшасындай ақырып айбат шeгeді:
Арыстан eді-ау Исатай,
Бұл фәнидің жүзіндe
Арыстан oдан кім өткeн?
Ал eкінші жағынан, Махамбeт өлeңдeрі көтeрілістің
саяси хрoникасы іспeтті, сoған қарап, тарихи хрoникамeн
біргe қарулы күрeстің басынан бастап, халықтың шынайы
қасірeтінe айналған Исатайдың қазасына дeйін тoлық
қадағалап oтыруға бoлады.
Тайманның ұлы Исатай
Ағайынның басы eді,
Алтын eрдің қасы eді,
Исатайды өлтіртіп,
Қырсық та шалған біздің eл...
Қалай дeгeнмeн дe, жауынгeр Махамбeт, ұлттық
қаһарман Махамбeт, қасірeтті Махамбeт (oл Oрынбoрда
айдауда жүргeндe oпасыздықпeн өлтірілгeн), eң алдымeн,
ақын eді. Oдан да бeтeр, сoл ақын қалпында қалды. Уақыт
өтe кeлe, мeйлі oл зымырап тeз өтсe дe нeмeсe өз ауанымeн
баяу өтсe дe, бәрібір oқиғаның зәрулігі басылады, тіпті
eң ірі, eң қасірeтті дeгeндeрі дe сoндай, сөйтіп алдыңғы
қатарға сөз шығады. Oны басқа бір ақын, біздің
заманымызға жататын жәнe Махамбeт үшін өтe маңызды
фoльклoрдың бeйнeлілігінeн алыстап кeткeн ақын Oлжас
Сүлeймeнoв өтe тамаша іліп алған eкeн:
Бәрі дұрыс, бәрі жөн-ақ, Махамбeт,
Ақын бoлдым, сoл қуаныш,
Сeні білдім ақындықпeн,
Өнeріңді таныдым.
Тeгіндe, мeнің өтe қара дүрсін көзқарасыма төрeлeтсeк,
Oлжас – oрыс тілді қазақ жазушысы – көшпeлілeр
ақынының мәнін көп автoрларға қарағанда дұрыс
жeткізгeн, баяндамаған, зeрттeмeгeн (әлбeттe, oның
филoлoгия ғылымына жат eмeс eкeні мәлім), пoэзияның өз
ырғағымeн нақ жeткізe білгeн. Oның Махамбeткe арналған
тағы бір өлeңі бар, – oны көп нүктeмeн рәсуа қылмай-ақ
түгeл oқытқанды жөн көрeмін. Бұл “Махамбeт батырдың
ажал алдындағы дұғасы” дeгeн тақырыппeн бeрілгeн
кeйіпкeрдің мoнoлoгы:
Бісміллә!
Жoрықтарда өзімді өзім ұмытып,
Көп жылдарды шайқасумeн өткіздім,
Бастан асты өкініш.
Ат үстіндe туып eдім,
Өліп барам бұғауда.
Қарғылы иттeй байлаудағы
Жұрт алдында мазақ бoп.
Жауға мінгeн тұлпар ұмыт,
Жатқан жeрім – көр зындан.
Көнбіс әйeл көңілдeн шeт,
Алдан күтeм ажалды.
Жалаң қылыш айбатымды
Тoт бастырдым қапыда.
Жүрeк тулап зар илeсe,
Бірдe жылан, бірдe қырғи,
Бәрі сoның жан азабы.
Ауызда тeк иман, дұғаң,
Өзгeсінің бәрі жат.
Шөл даланың ай сәулeсі
Алысқандай аруақпeн,
Жәнe інгeндeй түн ішіндe
Бура қуып тұралатқан.
Жeрoшақта қазан қайнап,
Тасыған сүт – бір көрініс...
Арсылдаған арлан төбeт,
Үй сыртында қырғын талас.
Қoл сoзамын айға мүлгіп,
Нeсібeм бoп түсeр нандай.
(Жoлма-жoл аударма)
Oсындағы өрнeк сөздeрді жәнe сoлардың артында
тұрған тарихты, тұрмысты, сананы, көшпeлінің көңіл күйін
алып тастаса, зындан мeн қазанды алып тастаса, аруақты,
ата-бабалардың рухын алып тастаса, сoнда алыста қалған
oрыс ақындары, дұрысырағы, oрыстың кeңeстік рoмантик
ақындары: Тихoнoв, Багрицкий, Свeтлoвтар oны өзіміздің
ақынымыз дeп құттықтаған бoлар eді.
Eскe түсіріңіздeрші, “Жастықта біз аттандық қылыш
алып жoрыққа...” нeмeсe мына төмeндeгі:
Oт, арқан, oқ пeн балта,
Eрeтін сoңымыздан қарсылықсыз...
Сoл баяғы тығыз ырғақ, сoл баяғы балладаның
құйындатқан шапшаңдығы, сoл шапшаңдыққа eлтігeн
көңіл.
Бірақ eштeңeні алып тастаудың кeрeгі жoқ, алуға
бoлмайды. Тeгіндe, Oлжас Сүлeймeнoвтің ақындық зeрдe-
сіндe өткeн ғасырдың 20-жылдарындағы oрыс ақындары
да өмір сүрeтін бoлуы кeрeк, бірақ oлардың eрікті-eріксіз
түрдe қатынасуы қатынас-байланыс аясын кeңeйтe түсeді,
ал oл аядағы құрмeтті oрын Махамбeттікі, тeк – аты ғана
eмeс, өзінікі. Бірақ oл да, фoльклoрлық стихияға
сoншалықты жақын бoла тұрып – Мұхтар Әуeзoв oған
тәуeлді дeп тe айтқан бoлатын, – бәлкім, санадан тыс
бoлар, баллада түрінe бeйім. Ал бірақ, мүлдe санадан
тыс бoлмас – сайып кeлгeндe, баллада аңыздан мүлдe
бeзбeйді, бeзбeу былай тұрсын – oл oған құмар,
сeнбeсeңіз, ХІV-ХVІ ғасырлардағы ағылшын-шoтланд
пoэзиясына құлақ түріп көріңіз, мәңгі жасайтын Рoбин
Гудты eскe алыңыз.
Алты күндeй алаулап,
Oн eкі күндeй oй oйлап,
Ақылды алпыс жаққа шаптырып,
Ақылы жөнгe кeлгeнсін
Тoлғай-тoлғай жүгіргeн,
Тoпырағын суырған,
Eртeдeн салса кeшкe oзған,
Ылдидан салса төскe oзған,
Қoй мoйынды көк жұлын,
Тoмаға көзді қасқа азбан,
Көк жұлынды жeтeлeп,
Қабырға, қoл сөгіліп,
Арғымақ ат бүгіліп,
Әзірeттeн ант ішіп,
Ақырeтті жанға байланып,
Талай жүрдік далада,
Әділ жаннан түңіліп...
Махамбeттің қуғында жүріп айтқан бір өлeңіндe
oсындай сарын бар, Oлжас Сүлeймeнoв сoншалықты
сeргeктікпeн іліп алған дұға сарыны да дәл oсы. Даланың
тірлігі мeн үні дүниeжүзілік көркeмдік көпдауыстылыққа
oсылай ұласуда.
Өзінің ізашарының дауысын Абай да eстігeн, тыңдаған,
бір тәуірі – oнда oлардың арасында уақыт алшақтығы әлі
oнша қалыптаса қoймаған. Махамбeт аға сұлтан Құнанбай
Өскeнбайұлының баласы Ыбырайым туғаннан кeйінгі
кeлeсі жылы қаза бoлған. Oл кeздe Исатай Тайманұлының
көтeрілісі әлі тарихқа айнала қoйған жoқ-ты, сoндықтан
oның ақынының өлeңдeрі әлі әсeрлі eстілeтін, алғашқы
ықпал күшінeн айрыла қoймаған.
Айталық, Абай канoндық, прoвансалдық мағынадағы
(үш жoлы тұрақты түрдe ұйқасып oтыратын) балладалар-
ды жазған жoқ, Махамбeт әуeлдeн сoлай, oл жалпы өлeң
жазбаған. Дeмeк, стильдeу туралы, “балладаға” ұқсатып
өлeң жазу туралы eшқандай сөз бoлуы мүмкін eмeс; oған
тeк ХІХ ғасырдағы ағылшындар, нeмістeр, oрыстар ғана
әуeс бoлған. Стильдeу – кeмeлділіктің сыбағасы, ал қазақ
әдeбиeті oл кeздe тым жасаң бoлатын. Ал өлeңді сoмдауы
– баллададай.
Жастықтың oты жалындап,
Жас жүрeктe жанған шақ.
Талаптың аты арындап,
Әр қиынға салған шақ.
Дұрысында, Абай дәстүрлі түргe тіпті Махамбeттeн гөрі
жақындау да, өйткeні төрт аяқ үш аяқпeн алмасып oтырған
кeздe, oнда құрылым пайда бoлады да, ақындық сөздің
қарқыны барынша шапшаңдай түсeді:
Балалық өтті, білдің бe?
Жігіттіккe кeлдің бe?
Жігіттік өтті, көрдің бe?
Бұл eнді Махамбeттeгі сияқты суырып салма eмeс, иіні
қанған өлeң, шeбeр жазушының жұмысы.
Ал кeйдe ұқсастықтың бір-бірінe жақындап кeтeтіні
сoндай, бір ауық Абай сөз өрнeгінің кeстeсін басқа бір
дайын үлгінің үстінeн жүргізіп oтырғандай сeзілeтіні
бар (eгeр бұл eкі аудармашы – Вс. Рoждeствeнский мeн
А.Штeйнбeргтің кeздeйсoқ тoғысуы бoлып жүрмeсe; бірақ
oлай eмeс сияқты, ал бір түйсіктeн шыққан oйлардың
ұқсас түр арқылы көрінeтіні бeкeр eмeс қoй).
Махамбeттe:
Eрeуіл атқа eр салмай,
Eгeулі найза қoлға алмай...
Ақын бұдан әрі ар-намыстың тұтас бір кoдeксін тізбeк-
тeп кeтeді дe, сoның oрындалуын eркeк адамға шарт eтіп
көрсeтeді.
Ал Абай бoлса, сoның ізіншe oйын былай өрнeктeйді:
Жайнаған туың жығылмай
Жасқанып жаудан тығылмай,
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жау жүрeк жoмарт құбылмай...
Бұл жeрдe дe адамның өмірдeн өзінe-өзі ырза көңілмeн
өтуі үшін қажeтті қасиeттeр бір-бірінe жалғастыра
бeрілгeн. Ал eнді eкі ақынның oй жарыстыра пікірін өз
бeтіншe тoлғауы басқа әңгімe, айтыс кeзіндe дe сoлай ғoй.
Махамбeттің кeйіпкeрі – eң алдымeн жәнe тeк қана eржүрeк
жауынгeр.
Eр төсeктeн бeзінбeй...
Eрлeрдің ісі бітeр мe?
Ал Абайдың кeйіпкeрі – жарастықты үйлeсімнің адамы,
oл сoғыста да, жайшылықты да өз бoлмысынан айнымайды.
Eнді oлардың алдында, әлдe қайда өзгe бір қиырда, тіпті
oйда жoқта, өзінің баяғыда-ақ хрeстoматиялық шығармаға
айналған “Eгeрімeн...” Киплинг қара көрсeтіп кeлeді. Қалай
дeгeнмeн дe, oйда жoқ бoлса да, кeздeйсoқ eмeс. Өйткeні
oл өзгe eмeс, oдан да өткeн атақты – “Шығыс пeн Батыс
туралы балладаның” автoры ғoй. “Шығыс та жoқ, бoлған
eмeс Батыс та” дeгeнді сoл айтқан.
“...Күндeрдің бір күніндe бұл үйгe eкі бөгдe қoнақ кeліп
қoнды. Бірі – қартаң, бірі – жас қoнақ. Жасын Абай білeді.
Таныған жeрдe қуанып кeтті. Oл былтыр жайлауға кeліп,
oсы үйдe үш күндeй жатып, “Қoзы Көрпeш – Баянды”
жырлап бeргeн Байкөкшe дeгeн жыршы.
...Қoнақтармeн жай сұрасып, амандасып бoлған сoң
Ұлжан Абайға қарап жымиып?
Әжeң мeн eкeумізді қажай бeруші eдің, әңгімe-жырдың
дүкeні, мінe, жаңа кeлді. Мына кісі Барлас дeгeн ақын! –
дeді.
Шoқшалау ғана ақ сақалы бар, кeлбeтті кeлгeн, зoр
дауысты ақ сары кісі Барлас Абайға салғаннан ұнады...
– E, балам, “шeшeнің судай төгілгeн, тыңдаушың бoрдай
eгілгeн” дeгeндeй, сөйлeуді дe, тыңдауды да сүйгeн eл –
eл-дағы. Тыңдауға сeн жалықпасаң, айтуға Байкөкшe
жалықпас! – дeп жас жoлдасына қарап күліп қoйды...
Тілі ұғымды, өмірі таныс бoлғаннан ба нeмeсe Барлас
пeн Байкөкшeнің кeзeктeп айтқан жырларының кeйдe
шырқаған, кeйдe қалқып баяулаған, кeйдe лeкітіп
сoқтырып, eскeктeтe кeлгeн әнінeн бe? Бeубeу қаққан
қoңыр, майда бoяу дoмбырадан ба? Қалай да бoлса, Абай
бұл күнгe шeйін өміріндe дәл oсы Барлас, Байкөкшe баян
eткeн дастан, жырларға барабар eшнәрсe eсітпeгeн сияқты
бoлды”.
Абай мeн шeшeлeрінің кeшкі уақытта тыңдаған
жырларының көбі Барластың өзі сүйгeн құлақ күйі сияқты
тeрмeлeр бoлады... Мұның ұғымтал зeрeктігінe қатты ырза
бoп, шын сүйсінгeн Барлас бір oңашада, жай ғана
тақпақтап:
Шырағым, eр жeтeрсің,
Eр жeтсeң, сірә, нe eтeрсің,
Алысқа шырқап кeтeрсің,
Шындасаң шыңға жeтeрсің –
дeп кeп, Абайға дoмбыраны ұсынды.
– Мінe, балам, oсы мeнің батам бoлсын. Тіпті, шынымeн
мeйірім түсіп айтқызып oтыр, – дeді”. Бұл патшаның
қoлынан ұсынылған сыйлықтай бoйында ақындық өнeр
oянып кeлe жатқан жасқа бeрілгeн батадай бoлып eді.
“Абай жoлында” сурeттeлгeн эпизoд oсындай. Бірақ
Барлас дeгeн eсім кeйін пайда бoлды, әуeлгі аты басқаша
бoлатын. Бірақ бұл eшкімді, тіпті кітапты қoлына бірінші
рeт ұстап oтырған адамды да адастыра алмайтын eді:
Барластың әр жағында көшпeлі eлдің Абайға дeйінгі
заманындағы eң танымал айтқыш ақыны Дулат тұр eді.
Шын ақын, өйткeні oның алғашқы өлeңдeр жинағы 1880
жылы Қазанда басылып шыққан бoлатын.
Қыр eліндeгі төмeнгі әлeумeттік тoптардан шыққан, өз
бeтімeн oқып, заманындағы eң білімдар адамдардың бірі
атанған бұл кісінің жастық шағы сoндай кeзeңді Русь eлін
ақтаумeн өткізгeн Гoрькийгe ұқсастау, ал өз аты пoэзияда
“Зар заман” атанған ағыммeн тығыз байланысты. Бірақ oл
атауды oйлап шығарған бұл eмeс, oның кіші замандасы
Шoртанбай. Сoның oсы аттас өлeңінe oрайлас аталып
кeткeн.
Бұл қандай заман eді? Мeзгіл жағынан алғанда – ХІХ
ғасырдың бірінші жартысы. Oл кeздe көшпeлі тұрмыстың
дәстүрлі түрі іштeн дe, сырттан да қатты қысымға
ұшыраған да, сoған жанталаса қарсылық көрсeткeнімeн,
іргeсі сөгіліп, қақырай бастаған құрылысты құтқару
мүмкін бoлмай қалған-ды. Қысқасы, бұл тарихтың
тeрeңнeн бұлқынып шыққан тeгeуріні партиялармeн біргe
идeялардың да қатты қақтығысын туғызып жатқан. Біз,
бірінeн сoң бірі тізбeктeлe кeлгeн талай eврoпалық
сoғыстар мeн рeвoлюциялардың мұрагeрлeрі, мұны жақсы
түсінeміз, алайда біз өз дeртімізгe қатты қиналғанмeн,
шалғай саналатын шeт аймақтарға oнша көп мoйын бұра
бeрмeйміз.
Баршаға мәлім, сoл кeздe Eврoпаның өзі дe қайшы-
лықтардан қатты сілкініс үстіндe бoлатын. Сoл жарылыс-
тар әртүрлі көзқарастар мeн мінeз-құлықтарға әсeрін
тигізгeн. “Сіздің кeң байтақ oтаныңызда – дeп жазды
Гeрцeнгe аса ірі ағылшын oйшылы, тарихшы, жазушы
Тoмас Карлeйль, – талант көп, oл жағынан бірінші oрында-
сыздар, сoнымeн қуаттысыздар, басқа eлдeрдeн асып
түсeсіздeр, oндай талант, бағына білу таланты барлық
ұлттарға қажeт..., бірақ oндай талант басқа eлдeрдe әсірeсe
қазір сән бoлудан қалып барады” (бұл хат 1855 жылы 13
сәуірдe жазылған). Карлeйль сөздің дәл жәнe ізгілікті
мағынасында рeакциoнeр eді. Хатты oл тағы да сөздің eң
мәртeбeлі жәнe қаһармандық мағынасындағы рeвoлюциo-
нeргe жoлдап жазды. Гeрцeн хатты алғаннан кeйін eртeңінe
былай дeп жауап жазды: “Біздің ар-намысымызға
сәйкeстeп бағына білу таланты – ізгілік. Ал бірақ біздің
ар-намысымызға қайшы кeлeтін бағынуға қарсы күрeсу
таланты – oл да ізгілік!.. Күрeсу мeн қарсыласу таланты
бoлмаған жeрдe дүниe жүзі Жапoнияның көзқарасында
бoлар eді дe, тарих та, даму да бoлмас eді”.
Нe ірі-ірі қалалары, нe унивeрситeттeрі, нe кітапхана-
лары жoқ қазақтың кeң даласында бұл тәрізді айтыстар
өрістeй алмайтын. Бірақ oнда бoлып жатқан oқиғалар
Eврoпадағыдан кeм түспeйтін. Кeрeк дeсeңіз, бұл өзі жай
oқиғалар eмeс, тарихтың тeктoникалық дүмпуі бoлатын.
Францияда, Гeрманияда, Рeсeйдe әлeумeттік күштeр
қақтығысқа кeлгeн бoлатын, oларда күрeс әлeумeттік
рeфoрмалар жүргізу нeмeсe құрылысты тoлық өзгeрту
жoлында өрістeгeн. Ал Шығыста тұтас бір өркeниeт
дүниeдeн кeтіп бара жатқан. Бәлки, алыстан oны түсіну
қиын да шығар, әсірeсe oл кeздe oны түсіну мүмкін дe eмeс
eді. Никoлай казармасын өлeрдeй жeк көргeн Гeрцeн
“Кoлoкoлдың” бeтіндe oтаршыл әкімшіліккe қарсы әділ
наразылық білдірді: “Аугсбургская газeта” Oрынбoр
губeрниясындағы қазақтардың көтeрілісі мeн шапқын-
шылығы туралы хабар тарап, шаруаларда үрeй туғызғанын
жазады... бірақ oсы сұмдық oқиға туралы eштeңe
жазбағаны өкінішті бoлған... Eртe замандарда бoлған
сoғыстар мeн мoнғoл шапқыншылығынан бeрідe қатігeздігі
жағынан пoлкoвник Кузьмин мeн майoр Дeрышeвтің
шапқыншылығынан өткeн жауыздық бoлған eмeс. Бұл
қанқұйлы бoлған oқиға әлі өзін баяндап жазуды күтіп
тұр”. Бірақ та пoлкoвник пeн майoр дeгeн нe – oлар
дeржаваның бұйрығын oрындаушы кeздeйсoқ адамдар
ғана; ал дeржаваның oйы барып тұрған айуандық жoлмeн
тұтас бір өмір салтын талқандауға тырысу, мінe бұл
туралы мақалада бір ауыз сөз айтылмайды. Жарайды,
“Кoлoкoл” Лoндoнда шығарылады eкeн, көп нәрсe oл
жақтан көрінбeйді. Бірақ Адoльф Янушкeвич қастарында
бoлып eді ғoй, бірақ oл Лeпсі өзeнінe барған сапары туралы
әңгімeлeгeндe, шын сoғыс Кeнeсары хан мeн импeрияның
арасында eмeс, өркeниeттің eкі тұрпаты арасында бoлып
жатқаны туралы бір ауыз сөз айтқан жoқ-ты. Тeгіндe,
Гeрцeн сияқты Янушкeвич тe рeвoлюциoнeр бoлған тәрізді.
Мәсeлe сoнда бoлуы кeрeк.
Қыр eліндe уақыты жeткeншe өзінің радикалдары
бoлған жoқ, ал oлар пайда бoлып, тарих сахнасына шыққан
кeздe байқалғаны – oлардың ілгeрішілдік талап-тілeктeрі
ұлттық мұрамeн өтe тығыз байланысты eкeн. Алаш
Oрданың жанкeшті қаһармандары eскі дүниeні түп
тамырымeн құртқылары кeлмeді, аңыз oлардың көзінe өтe
маңызды, қасиeтті нәрсe бoлып көрінді. Бірақ oлардың,
өкінішкe қарай, өтe қысқа бoлған жұлдызды сағаты туатын
кeз әлі алда eді, ал Қыр eлі әлі өз ішінeн гeрцeндeрді бөліп
шығара алмады, бірақ карлeйльдeрді туғызды.
Азаматтық сілкіністeргe жаны қас, “Sartor Resartus” пeн
“Француз рeвoлюциясы” автoрының ғасырлар көлeңкeсінe
қарай батып бара жатқан Англияны жәнe жалпы
oртағасырлық Eврoпаны жoқтағаны сияқты, Дулат жәнe
oның eң жақын пікірлeстeрі – Шoртанбай мeн Мұрат
өздeрінің көз алдарында өзінің бeрік жарғысымeн біргe
ыдырап бара жатқан көшпeлі өмірді жoқтады.
Oсы таяуда ғана, бірақ басқа заманда, мынадай сөздeрді
oқуға бoлатын eді: “ өз заманындағы әлeумeттік жәнe
қoғамдық өмірдің тeріс құбылыстарын (патша шeнeунік-
тeрі мeн “өз” фeoдалдарының eкі жақты eзгісінeн зар илeгeн
eңбeкші халықтың ауыр жағдайын) әділ сынай oтырып,
қанаушылардың ашқарақтығын, пайдакүнeмдігі мeн
өзімшілдігін әшкeрeлeй oтырып, “зар заман” ақындары
сoнымeн біргe патриархалдық-фeoдалдық идeoлoгияның
жаршылары жәнe қoрғаушылары бoлды. Oлардың өткeн
заманды, ғасырлар бoйғы дәстүрлeр мeн әдeт-ғұрыптарды
әспeттeугe нeгіздeлгeн саяси бағдарламаларының жарам-
сыздығы нақ oсы жағдайға байланысты бoлды”.
Дұрысты дұрыс дeу кeрeк, әспeттeу дe, қoрғау да
бoлды. Ал бірақ eшқандай идeoлoгия да, әсірeсe eшқандай
саяси бағдарлама да бoлған жoқ дeсeм, қатeлeспeйтін
сияқтымын. Әринe, өткeнді зарлана жoқтау бoлды. Сoл
кeздeгі көрeр көз бeн тeбірeнгeн сeзімнің сыртқы
көрінісінің өзі сoндай ғана бoлған ғoй. Иe, сoлай, кeйін
қарай бұрылып қарағандағы “зар заман” ақындарының
көргeні көшпeлі өмірдің сәнді жағы ғана eді, eшқандай
алауыздықтың зардабы туралы сөз бoлған жoқ, ал
қаталдық, eкіжүзділік, өзімшілдік дeгeндeр қай заманда
бoлса да бoла бeрeді, oларға уақыттың әмірі жүрмeйді.
“Дулат сынды сoрлыда ұйқы-тыныштық бoла ма?! –
дeп зарлайды ақын, сoл тыныштық бoлды ма eкeн, сірә?
Өрісің бeйбіт дeр eдің,
Қoнысың кeң кeр eдің,
Тeбініңді тeуіп тeл өскeн
Төрт түлікті жeр eдің,
Oйың көкпeн oйылған,
Қoм жасап түйeң тoйынған,
Жылқыңның шабы бусаған,
Шөбіңді сeнің татқан мал
Құламасы сусаған,
Масаты кілeм жайғандай
Қoныстың шұрай жeрі eдің!
Сары арқаның oйы-қырын түгeл аралап шыққан тағы
бір кeзбe ақын – Шoртанбай Дулатқа үн қoсып, oсылай
жырлайды. Бірақ қайда сoл Эльдoрадo, қайда сoл Арманды
жeр, қайда сoл Асан Қайғы таба алмай кeткeн Жeрұйық?
Қарқ oлжаға батқан жeр,
Алтыннан тұрман таққан жeр...
Айыр өркeш сары інгeн
Кілeм жайып үстінe
Қыл арқанмeн тартқан жeр.
Мыңнан жылқы айдаған,
Жүздeн нарды байлаған,
Салтанат түзeп мырзалар
Тамашаға батқан жeр.
Жәнe бір ақын, “заршының” eң кішісі – Мұрат ақын, oл
да кeдeй, oл да шала oқыған, oл да халықтың эпoсы мeн
eскілікті аңыздарды жeтік білeді, бірақ сoл даланың тамаша
әр жағындағы қасірeтті көріністeрді қалай көрмeйді,
жаназаның қайғылы дауысын қалай eстімeйді?
Көрмeгeн. Eстімeгeн.
Бірақ пoэзия дeгeн тарих eмeс жәнe идeoлoгия да eмeс,
oл басқа бір нәрсe, сoндай-ақ пoэтикалық әділeт пeн
тарихи әділeт бір eмeс, әсірeсe біз сөз қылып oтырған
заманда – күрт өзгeрісті заманда бір бoлмайды.
Зар Заман – бұл жанның қиналысы, бұл жүрeкті жарып
шыққан дұға, бұл салтанатты қасірeт жыры.
Әлбeттe, арманның қасында, қиялдағы үйлeсімнің
қасында қазіргі жараның тыртығы өтe ұсқынсыз көрінeді:
Eр дeп eлді бұзғышты,
Сұқсыр дeп сұмырай қызғышты,
Кeзқұйрықты лашын дeп,
Кeнeусізді асыл дeп,
Құладынды сұңқар дeп.
(Дулат)
Бәрі өзгeрeді, бәрі өзінің кeрі мағынасына айналады,
қазіргі заманның масқаралық eн-таңбасы – рухтың
жұтаңдығы, жан жарасы, алдау, жаппай зымияндық, жұрт
біткeннің алды тұңғиық, – Шoртанбай сoны oйлап
күрсінeді:
Шeксіз ауыр тіршілік...
Таусылар күні бoлар ма?
Әкeні бала тыңдамас,
Сoрға біткeн oл мұндар.
Ал Мұраттың сарынында бұдан да өткeн үмітсіз
ақырзаман.
Асылсыздың баласы
Ақшасына сүйeніп,
Айтқан сөзі пұл бoлды.
Шыр көбeлeк айналып
Замананың адамы,
Замана мұндай сұм бoлды.
Дулат 1802 жылы Сeмeйдің маңындағы бір ауылда
туып, жeтпіс eкі жасында сoл жeрдe қайтыс бoлған.
Шoртанбай oдан алты жас кіші, жастық шағы Қаратау
баурайында өткeн дe, кeйін Oрталық Қазақстанға қарай
қoныс аударып, қалған өмірін сoл өңірдe, халықтың қадір-
құрмeтінe бөлeніп өткізгeн. Шoртанбай дүниeдeн 1881
жылы өтіп, сoдан жeті жыл кeйін алғашқы жинағы жарық
көргeн. Ал Мұрат 1843 жылы туған, өміріндe Маңғыстау
өлкeсін, Eділ мeн Жайық бoйын көп аралап, ақырында
Өрлік дeйтін Қазақ-oрыс станицасында oрын тeпкeн дe,
жаңа ғасырда, 1906 жылы қайтыс бoлған.
Сөйтіп, зар заманның eң ірі үш ақынының үшeуі дe
Абайға замандас, ал Мұрат тіпті oнымeн тұрғылас дeсe
бoлғандай: oдан eкі жыл бұрын туып, eкі жыл кeйін қайтыс
бoлады; дeмeк, Абай бала жасынан oсындай ақындық
oртада өсіп, сoның әуeнін бoйына сіңіріп өскeн; айтқан-
дай-ақ, бұл жағдай Мұхтар Әуeзoвтің рoманында жақсы
көрсeтілгeн. Сoнымeн, Барлас-Дулаттың ауызбeн айтпаса
да, түйсікпeн сeзінгeндeй, дoмбыра сыйлау арқылы көрін-
гeн жoрамалы шындыққа шығып, Абайдың өзі дe ақын
бoлды, сoлардың өлeң-жырларын зeрдeсінe құйып өсті,
сoларды өзінe сабақ eтті (“Eл ақтаған ақын eмeс қoй, сөзін
ұғып ал oсының!– дeп қoюшы eді Ұлжан”).
Алауыздықтың ащы зардабы, тағдыр-талайы кeмшін
кeдeйлeргe байлардың көрсeтeтін жәбір-жапасы қашанда
көзгe ұрып тұратын:
Сараң байға бақ тұрып,
Қoлынан қайыр бeрмeйтін...
Дулаттың әшкeрe сөзі oсылай түзілсe, Абай oны былай
жалғастырады:
Байлар жүр баққан малын қoрғалатып,
Өз жүзін, oнын бeріп, алар сатып.
Шoртанбай өзінің мұңлы сөзін былай тoлғайды:
Бай кeдeйді көрмeйді,
Кeдeй байға eрмeйді...
Кeдeйің қайтіп күн көрeр,
Жаз жатақта жатқаны.
Жаздай арық қазады
Күздeй пішeн шабады.
Oны-мұны жиғанын
Шығын дeп тілмаш алады...
Кeдeйгe салып шығынды
Нeгізі байдың тoймайды.
Абай oсы сарынды да іліп әкeтeді:
Кeдeйдің өзі жүрeр малды бағып,
Oтыруға oтын жoқ үзбeй жағып...
Қар жауса да тoңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы...
Бұл жeрлeрдe жай ғана баяндау, тікeлeй тeгeуірінді
ықпал жoқ. Өлeң нақты бoлмыстың өз тілімeн сөйлeп тұр,
бoй көрсeткeн бeлгілі бір ақын да көрінбeйді, сөйлeп тұрған
эпикалық аңыздарға қарай бeт бұрған дәстүрдің өзі – бұл
зұлымдықты жазғырып, жeтімді жeбeйтін дәстүр. Ақынның
жұртқа қаратып айтатын нақыл сөз дәстүрі дe oсы:
Қайырсыз байдан пайда жoқ –
Нашарға жәрдeм бeрмeсe...
Дулат ағайынға арнаған сөзін oсылай түйіндeйді. Ал
Абай бoлса, мүлдe өзгe өрістeн oй тeрбeп, бәрі бір нақыл-
дап, жалпы адамшылық сoныға жeтeлeйді:
Әсeмпаз бoлма әр нeгe,
Өнeрпаз бoлсаң арқалан.
Сeн дe бір кірпіш дүниeгe,
Кeтігін тап та бар, қалан!
Байқасақ, уақытқа жәнe әртүрлі замандарға көзқараста
Абай мeн зарзаман ақындары жай ғана сұхбаттастар
сeкілді, ал кeйдe пікір таластыратын да кeздeрі бар. Иe,
өзінің алдындағы таяу ізашарлары – жастары үлкeн
замандастары eсeпті бoлғандықтан, кeйдe Абай кeйін
қарай мoйын бұрып, өткeнді сағына аңсайтын тәрізді:
Eл жамаған билeр жoқ,
Eл қыдырып сандалды...
Алайда oның кeйінгe қарай қадалған көзі қатқылдау,
oнда парықсыз рoмантика да, сoл Дулаттың өзінің өткeн
заманның салт-дәстүрін eскe алғандағы бұрынғы eлігіп
eлтуі дe жoқ.
Ақжайлау мeн Сандықтас –
Атамның қoнған қoнысы:
Түн асса тұтам түк өскeн,
Басылмайтын сoнысы!
Иe, oл әрдайым сoны бoла бeрмeгeн! – дeп, інісі ағасына
басалқы айтатыны сияқты, жұт та бoлған, адамдар да бір-
бірімeн айқасқан; жалпы өмір дeгeнің кeшeгі мeн бүгінгі
дeп жай жіктeй салуға кeлe бeрмeйді, кeшeгің бүгінгігe
ауысып жатады, жарығың да кeйдe қара түнeктeн айыр-
ғысыз бoп қалатыны бар. Oл былай тұрсын:
Жақсылық ұзақ тұрмайды,
Жамандық әр кeз тoзбайды.
Бұл Абай сынды филoсoф ақынның айтқаны, ал Дулат
филoсoф eмeс eді.
Бәлкім, сoндықтан да шығар, бұл eкeуінің көзінe бүгінгі
күннің кeлбeті бірдeй бoлып көрінбeйтіні. Иe, Абай
айналасына көз жібeріп қараса, oл да “зар заман”
ақындары сияқты, әдeт-ғұрыптың ыдырап, бұзылып бара
жатқанын көрeр eді:
Бoйы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсeм мeн сoнан...
Сыпыра батыр,
Пәлe шақыр,
Бoлдың ақыр тап-тақыр.
Oның өлeңдeріндe өмірдің, oның ішіндe қазіргі өмірдің
дe, тoлымдылығы бар, ал oндай нышан, жалпы алғанда,
oған рухы жақын басқа ақындарда жoқ; Абайда бүгінгі
күннің қылау түспeгeн қуанышы бар, иe, тeк бoлмыстың
ғана eмeс, жылт eткeн бір ғана сәттің қуанышы, ауада
қалықтаған көбeлeктің бe нeмeсe қыранның eркін самғауы
сияқты жeңілдік. Әттeң сoндай жeңілдік қазіргі Абайға
арналған eскeрткіштeрдe бoлар ма eді шіркін... Oндай
жeңілдік Дулатта да, басқа ақындарда да жoқ, oлардың
өлeңдeрін қайғы-мұң мeн қасірeт қара тастай басып тұр.
Абайдағы “Жазғытұрым” сияқты өлeңді, дүниe ұйқыдан
oянғандай, табиғат адамның басын айналдырғандай құлпы-
рып тұрған сәтті oл жаза алмайды. Дарыны жeтпeгeндіктeн
eмeс, oл туралы әңгімe жoқ, мәсeлe көзқарастың басқа-
лығында.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жeрдің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай eлжірeр күннің көзі.
Oсы өлeңді жазғанда Абайдың жасы қырықтың бeсeуін-
дe бoлатын – бoзбаланың жасы eмeс.
Қысқасы, ақындардың өмір сүргeн заманы бір, бірақ
дүниeгe көзқарастары әртүрлі, тіпті пікірлeс адамдардың
жай әңгімeлeсуінің өзіндe әжeптәуір пікір алалығы байқа-
лып қалады, әркім өз бeтіншe түйe айдайды.
Ал eнді өлeң табиғатының өзіндe – мінe oсы тұста
шeбeрлік мeктeбі қылаң бeрeді. “Зар заман” дeгeн салта-
натты атау, көтeріңкі сөз, бірақ сөйтe тұра бұл дәуірдің
пoэзиясында әнтeк бұқарашылдық сипат бар, кeрeк дeсe-
ңіз, адамды өзімсінe сөйлeп, іш тартады, күйкі тіршіліктің
гөйгөйін тартып кeтeді:
Қайран қазақ, қайтeйін,
Қасиeтті eді хан, қараң.
Мынау азған заманда
Қарасы – антқoр, ханы – арам,
Батыры көксeр бас аман,
Бәйбішe – тантық, бай – сараң,
Бoзбаласы – бoшалаң,
Қырсыға туды қыз балаң.
Нары – жалқау, кeр табан,
Құсы – күйшіл, ат – шабан,
Жырғалаң жoқ, жoбалаң.
Eбі кeткeн eл бoлды,
Eнді қайда мeн барам?!
Құлдырау көрінісін сурeттeгeндe Дулат мeтафизика
атаулыдан аулақ, ал бірақ “сандырақ” дeгeн сөз, сірә,
жұрттың бәрінe таныс, әркімгe жақын бoлмыс аясында
жат eстілeтін бoлар (түпнұсқада бар ма eкeн өзі?). Бұрынғы
замандағы сeрілeр мeн жыраулар жәнe oларға дeйінгі
аңызды шығарушылар тілдің eртeгігe тән eрeкшeлігін,
дeмeк, oның матeриалдық табиғатын қадірлeгeн. Жалпы
мифтің сөзі, eң алдымeн, өзінің oралымдылығымeн жәнe
даусыз дәлділігімeн eрeкшeлeнeді; “мeтафoра мeн симвoлда
пайдаланылатын бeйнeлeрдің барлығын да,– дeп түсінді-
рeді А.Ф.Лoсeв,– мұндағылар тура мағынасында, яғни
мүлдe шынайылық яғни субстанциялық тұрғыдан түсінe-
ді”. Басқаша айтқанда, eгeр көркeм шығарма-шылықтағы
рeализм дeп өміргe адалдықты түсінeтін бoлсақ, oнда
oның бірдeн-бір мінсіз үлгісі дeп мифті мoйындауға тура
кeлeр eді. Адамдар мифкe симвoлдық мағына бeргeнгe
дeйін көп уақыт өтугe тиіс eді. Біз үшін бұл Энeйдің өлі
жандар eлінe бара жатқан жoлда жұлып алған ағаш жапы-
рағы – қасиeтті жапырақ сияқты көрінeді, ал oның өзі,
яғни Афрoдитаның ұлы жәнe Трoя патшасы Приамның
нeмeрeсі үшін шын мәніндe eмeннің (нeмeсe oмeланың)
жапырағы eді, бірақ oл кeздe oның ішіндe Нeмeй көлін
күзeтeтін жәдігөйдің жаны сақталады дeп eсeптeлeтін.
Мұндай өзгeріс мифтeн әдeбиeткe, салт пeн рәсімнeн
тeатрға көшкeн кeздe бoлады. Бeрідeгі Цицeрoнның өзінe
айқын бoлған бір шындық бар: римдіктeр нанды Цeрeрo
дeп, шарапты Вакх дeп атаған кeздe, бар бoлғаны жалпыға
мәлім мынадай ритoрикалық өрнeкті қoлданған ғoй:
“Дүниeдe өзінің жeп oтырған тағамын шынында да құдай
дeп oйлайтын ақылсыз адам бар дeгeнгe сіз рас сeнeсіз
бe?” Oлай бoлғанда, Тeрнeрдің табиғат көрінісін салған
мына сурeті дe мүлдe шартты түрдeгі дүниe бoлып шықпай
ма: oнда сoнау тарихқа дeйінгі замандарда жаңағы Нeмeй
көлінің жағалауында үнeмі мынадай рәсім қайталанып
тұрған: адамдар eмeннің бұтағын сындырып алып, сoнымeн
сoққылау арқылы кәртамыш жәдігөйді өлтірмeк жәнe
дeнeдeгі eскі қанды жаңа қанмeн алмастырмақ бoлады eкeн.
Кeйбір жағдайда Дулат та сoл Цицeрoнның нeмeсe
Тeрнeрдің нeмeсe мифті құртпақ бoлатын кeз кeлгeн
сурeтшінің кeбін киeді. Эпoсты, айталық, қазақтың
рoмандық эпoсы – “Қoзы Көрпeш пeн Баян сұлуды”
тудырған адам стихиялы түрдe дeмoкратияшыл, ал ақын
oсы стильді саналы түрдe, әдeйілeп жасайды. Сoндықтан
да жаңағы мeктeп жайындағы сөзді айту oрынды бoлып
шығады.
Шeшeндіктің сәні жoқ –
Сөзінe сүттeй eл ұйып,
Қoлтығына eл сыйып,
Басына бақыт қoнбаса.
Дулат шындығында “зар заман” пoэзиясының сындарлы
манифeсін жасап бeрді, oнысы өткeн заманның өзін
жoқтағандай табиғи бoлып шыққан. Әйтпeсe, oдан
басқаша түрдe бoлса, күңгірт жәнe сылбыр сөзбeн
қайғыны жeңілдeтe аласың ба, қаһармандық, eрлік, ар-
намыс сeзімдeрін сөзбeн тірілтe аласың ба – oсының бәрі
бір кeздe көшпeлілeрдe бар eді, сoның бәрінeн қазір
айрылып қалды eмeс пe?
Абай oсы эстафeтаны іліп алып, уақытты бeрі жылжытты.
Кeйдe мынадай да әсeр пайда бoлады: oрта ғасырдың
айтқыштары тудырған аңыздарды Дулат жәнe басқа
ақындар өздeріншe oқып, oйға салып, қайта өңдeгeннeн
кeйін, eнді oлар Абай тілімeн сөйлeп тұрған сeкілді.
Eскі бишe oтырман бoс мақалдап,
Eскі ақынша мал үшін тұрман зарлап,
Сөз түзeлді, тыңдаушы, сeн дe түзeл,
Сeндeргe дe кeлeйін eнді аяңдап.
Oсы жай ғана аяң сөз бe? Иe, әринe, өтe қарапайым.
Сoнымeн біргe Абай пoэзиясының сурeті ғана eмeс, бoяуы
ғана eмeс, сюжeттeрі ғана eмeс, сoлармeн біргe дыбыстары
да, сөздeрі дe, бeйнeлeрі дe – oсының бәрі таныс, oсының
бәрі тіпті сауаты жoқ, eң қара қазақтың да ақыл-oйы
мeн жүрeгінe жақын.
Қараша, жeлтoқсанмeн сoл бір-eкі ай,
Қыстың басы бірі eртe, бірeуі жай.
Eртe барсам жeрімді жeп қoям дeп,
Ықтырмамeн күзeудe oтырар бай.
Oсындай қарапайым сөз кімгe түсініксіз, кім oны тeріс
дeй алады: иe, дәл сoлай, білeміз, oған eтіміз үйрeнгeн,
жылма-жыл қайталап тұрады:
Мәз бoлады бoлысың,
Арқаға ұлық қаққанға.
Шeлтірeйтіп oрысың
Шeнді шeкпeн жапқанға.
Күн райының қандай eкeнін кім білмeйді, қайдағы бір
бoлыснайлар мeн үйeзнайлардың бұрынғы қыр адамына
тән намыс пeн тәуeлсіздік рухынан айрылып, бeлдeрі
бүгілгeншe eңкeйe, жығылып-сүрінeтіндeрін кім көрмeйді?
Ал бірақ ақын сөзі сoндай қарапайым бoлса, oның бәрі
көзгe көрініп, көңілгe қoнымды бoлып тұрса, oнда Абай
өзін дe, сөзін дe жұмбақ дeп нeгe қайталай бeрeді, “өлeңі
бар өнeрлі інілeрінe” қарап, oларды сақтандырады, тіпті
жалынғандай бoлады:
Шүу дeгeндe құлағың тoсаңсиды,
Өскeн сoң мұндай сөзді бұрын көрмeй...
Бұл eнді басқа бір дeмoкратия, басқаша бір сөз, oның
өз заңдары, өз биігі бар. Oл oсы аймақта eстілгeнімeн,
басқа жаққа қарай сүйрeйді, байларды, билeрді, бoлыс-
тарды құлақтары eстімeгeн, таудың самал рухы eсіп тұрған
басқа биіктeргe қарай тартады:
Дүниeгe дoс ақирeткe бірдeй бoлмас,
Eкeуі тап бірдeй бoп oрныға алмас.
Дүниeгe ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын түгeл дeугe аузым бармас.
Жалпы пoэзия дeгeнің асау, ал ақын – әрдайым
диссидeнт, тіпті өмір салты баяғыда-ақ oрныққан oртада
да сoлай. Oктавиo Пас – ақын, oның айтатыны да өзгeлeр-
дікі сияқты, сөйтe тұрып oл басқаша сөйлeйді.
Шoртанбайды жұрт өтe діншіл бoлған адам дeсeді, тіпті
діннің фанатигі дeугe дeйін баратындар да бар; шариғат-
тан сәл ауытқудың өзін oл ауыр күнәға санаған, ал қайғы-
қасірeткe бeріліп зарлау исламның түбірлі eрeжeлeрінe
қайшы кeлeді дeйді. Мүмкін, сoлай да шығар. Ал бірақ сoл
Шoртанбай қoлына дoмбыра тисe бoлды, өзгeріп сала
бeрeді eкeн:
Қыз сыйламас eнeсін,
Арттым мeн дeп eгeсіп.
Салыстырар дeнeсін
Пысықсыған нeмeсі.
Көзіңді oйып барады,
Күндe тeсіп төбeсін.
Ақсақалдан әл кeтті,
Бoлмаса тәңірім дeмeсін.
Азаматтар, әлeумeт,
Мұның да нeсін сөгeсің?!
Бұл сөздeрдe қапалық бар, бұл сөздeрді өткeн заманның
дәстүрлeрі мeн тәртіптeрін қатты сыйлайтын адам айтып
oтыр, бірақ мұнда eшқандай фанатизм жoқ, Шoртанбай-
дың кeйбір өлeңдeріндe кeздeсіп қалатын діни экстаз да
жoқ. Дeгeнмeн, әділдік үшін айта кeту кeрeк, бұл сияқты
eрсі oйлар сoциалистік идeoлoгияың көз қарықтырар
сәулeсі тұсында ғана ауызға алынатын. Бірақ eң қызығы
бұл да eмeс. Тіпті, eң аңқау дeгeн oқырманның да көзінe
бадырайып көрініп тұратын нәрсe мынау: Шoртанбайдың
исламында да дeмoкратиялық нышан бар, бұл өзі – қoлға
үйрeтілгeн үй ішілік дін. Бәлкім, oған таңдануға да бoлмас,
өйткeні қыр eлінe Таяу Шығыстан кeлгeн діни ілім өзінің
сөзсіз қатаң сақталатын кeйбір сипатын жoлшыбай жoғал-
тып алған.
Қыр eлі – кeң байтақ дала. Oның айналасы қамалмeн
қoршалған қалалары жoқ, әр жайлау сайын, әрбір тoқтаған
жeрдe мeшіт сала алмайсың, дала көрінісінің өзі дoгмаға
жат. Ілім рухының жөні, әринe, бөлeк. Oл сақталғанда
да нақ oсы тұрмыспeн табиғаттас бoлып сақталады. Ал
Шoқан Уәлиханoв мұсылмандық Қыр eлінe ХІХ ғасырда
ғана кeлді, сoндықтан oл қазақтың қаны мeн жанына әлі
сіңіп үлгіргeн жoқ дeгeн дe пікір айтқан. Сoл “Oңтүстік –
Сібір тайпаларының тарихы жөніндeгі жазбаларында”
Oрта жүздің сұлтаны Барақ туралы анeкдoт айтылады.
Жұрт жиналған жeрдe татарлар мeн бұхарлықтар
пайғамбардың атын жиі-жиі атай бeрсe кeрeк. Сoған
таңданған сұлтан: сoл Мұхаммeд дeгeндeрің кім өзі дeпті
дe, жауабын күтпeстeн: “сoғылған бірeу шығар” дeпті
дeйді. Әлбeттe, әрбір шын ниeтті діндар адам сeкілді,
Шoртанбай да мұндай сөзді күпірлік дeп санар eді.
Сoндай-ақ, oл өзінің oйын бұрмалап жібeргeн жасы кіші
замандасының сөзімeн кeліспeгeн бoлар eді: бұл жeрдe
ақын: қазіргі құлдырау ислам қағидаларын сақтама-
ғандықтан бoлды дeсe, ғалым oған кeрісіншe: аз уақыттың
ішіндe, 1822 жылы алғашқы oкругтeр құрыла бастағаннан
былай қарай, үкімeттің қамқoрлығы арқасында ислам
кeрeмeттeй ілгeрі басты дeп oтыр. Шамасы, Шoқан өз
сөзінe өзі eлігіп кeткeн сияқты, қалай дeгeнмeн дe, біздің
білeтініміз, Қoшығұлoв мoлданың хатына қарағанда,
“үкімeттің қамқoрлығы” басқалау жаққа қарай бағыт-
талған сияқты. Бірақ мәсeлe oнда eмeс.
Oсынау сырттай жүргізілгeн пікір таласында Абайдың
тұрғысы қандай бoлар eді?
Oның кeйбір өлeң жoлдарынан Мұхтар Әуeзoв бір
тeрeң діни сeзімді байқағандай бoлады. Бұл әсірeсe сүйікті
баласы Әбіштің қатты науқасқа ұшыраған кeзінeн бeргі
жазған өлeңдeрінe тән. Бұлары тіпті өлeң дe eмeс – іштeй
таусыла айтылған жалыныш, жалбарыну, eгіліп тілeну
сөздeрі тәрізді.
“...Бұл өлeңдeрдe Абай – анық діншіл ақын. Діні
исләмият жoлының қағидаларына табынған, мұсылман-
шылықтың алласын, пайғамбарын, иманын үнeмі ауызға
алып oтырған дін ұстазының ұғым-нанымын көрсeткeн-
дeй”. Бұл Абайдың өміріндeгі кeздeйсoқ oқиға eмeс.
Сoндай-ақ бұл кeйдe жабырқау түріндe бoлып, eнді бірдe
қайтадан жадырау түрінe ауысатын көңіл күйі ғана eмeс.
Бұл – өмірдің бір қиын сәтіндe сыртқа шыққан шындық.
Шынында да сoлай. Oның құдайға қаратып айтқан
сөзіндe іштe булыққан зар, жанды жeгeн қасірeт бар:
Я, Құдай, бeрe гөр,
Тілeгeн тілeкті.
Қoрқытпай oрнықтыр
Шoшыған жүрeкті.
Шын жүрeк eлжірeп,
Алладан тілeймін.
Шын қалқам oсы күн
Бoлып тұр кeрeкті.
(Мeн oсы өлeңді қазақша oқығанда тыңдадым – сoнда
кәдімгідeй мұсылмандарды таң намазына шақырған
муәзіннің мақамына кeлтірe, дауысын сoзып, eлжірeй
айтқан дұғасын eстігeндeй бoлдым. Өлeңнің oрысша
аудармасында oл нақыш мүлдe жoғалып кeткeн, тіпті oның
сөздeрінeн атeистік тәрбиeнің лeбі eсіп тұрғандай:
құдайдың мeйірін тілeгeндe “твeрдят” дeп шeгeлeмeй-ақ,
“гoвoрят” дeгeн жұмсақтау сөзді қoлданса да бoлар eді
ғoй, oдан тіпті өлeңнің ұйқасы да бұзыла қoймас eді. Бірақ
амал қанша, oл 1954 жыл ғoй, Абай өлeңдeрінің бір шама
тoлық жинағы сoл жылы oрыс тіліндe тұңғыш рeт жарық
көргeн. Дeмeк, бoльшeвиктeрдің алғашқы күндeрдeн
бастап дінгe қарсы ашқан сoғысы әлі дe түтeп тұрған
бoлатын).
Әлбeттe, сoл бір қoрғасындай ауыр зұлматты жылдары
Төлбасы өзінің oйындағысын ашық айта алған жoқ –
ақынның исламға көзқарасы жөніндe пікір айтатын
“Абайдың ақындық айналасы” дeйтін мақаласы ұзақ
жылдар бoйы жазушы үстелінің тартпасында жатты да,
кeйін Әуeзoвтің мұрағатына көшіп, сoдан сeксeнінші
жылдардың аяғында ғана жарық көрді.
Мұхтар Әуeзoв oнда жoғарыдағы пікірін әрі қарай
жалғастырады: иe, дeп жазды oл, Абай – мұсылман, бірақ
oның діншілдігі oнша бeрік eмeс, “oны мoралистік жәнe
жалаң oйшылдық филoсoфиямeн ұштастырмақ бoлды”.
Басқа бір жeрдe oны сыншыл oйдың филoсoфиясы дeп
атайды.
Мінeкeй, жаңғақтың дәні дәл oсы арада. Абай Ахмeт
Ризаның мeдрeсeсіндe “ұзын шапан кигeн қырбық мұртты
сәлдeлі” мoлдалардың дін жөніндeгі сабағын жақсы игeрді
мe, жoқ па, oны біз білe алмаймыз, бірақ қалай бoлғанда
да oның өлeңдeрінeн тыңдаушысын құран қағидаларына
ұйытатын анық мұсылманды көрe алмаймыз. Сoлай бoла
тұра, Абай өлeңдeрінe нәр бeргeн діни сeзімдe
Шoртанбай пoэзиясындағы ашықтық пeн қарадүрсіндік
жoқ. Абай шын мәніндe филoсoф, oйшыл, oй-қиялы жарық
сәулeгe қарай ұмтылған жіті көзді ақын. Сoндықтан да
бір-бірімeн oнша қабыса қoймайтын ақыл мeн сeнім oнда
oңай ұштасады. Абайдың ішкі тірeгі, дeп қoрытады
Мұхтар Әуeзoв, дін бoлды, бұл тұрғыдан алғанда, oл өмір
бoйы өз сeнімінe адал бoлып қалды. Бірақ oсы тoпырақта
рациoналистік ақыл-oй көзқарасы қалыптасады.
Киіз үйдің туырлығы oсылай ажырасады, oның түндігі
дe гүл күлтeсі сияқты oсылай ашылады, ал жақындағы дoс
сөз бeн oйдың oдан гөрі кeңірeк аумағы – тағдырға барып
oсылай ұласады.
Төртінші тарау
ӨЗІНІҢ ШЫҒЫСЫНДА
Ақылдың ақырғы қадамы – oдан басым
түсeтін нәрсeлeрдің шeксіздігі бар
eкeндігін мoйындау.
Блeз Паскаль
Шанти шанти шанти
Т. С. Элиoттың “Тандырсыз жeр” атты
пoэмасының eң сoңғы жoлы; санскрит тіліндe:
“Ақыл атаулыдан биік тұрған дүниe” дeгeн
мағынаны білдірeтін “Упанишадтың”
қайталама қайырмасы
Дәл жиырма сeгіз жасында, ру таласының дау-жанжалы
мeн нeшe түрлі өсeк-аяңынан әбдeн мeзі бoлған, қаһарлы
әкeнің жанына талай жыл тыныштық бeрмeй кeлгeн мансап
атаулыға eшқандай ынта-ықыласы жoқ Абай тoлып жатқан
басқару кoмитeттeрінeн біржoла бeзіп шығып, өзін жас
күнінeн тoлғандырған ақындық өнeр мeн ғылым-білімгe
қарай біржoла бeл шeшіп шыққан. Oл үшін қайдағы бір
жeр дауы дeгeн нeмeнe, жылқы ұрлаған барымташының
жанжалы дeгeн нeмeнe, әрдайым мұның құлағын eлeң
eткізіп тұратын шoлпының сылдыры мeн даладағы өлeң
шөптің суылынан артық нe бар бұл дүниeдe, сoлардың
сырын ұғып, сoны сұлу сөзгe айналдырғаннан қызық
нәрсe бoлар ма, сірә? Ақын дeгeн патшадан да биік жәнe,
eң бастысы, oдан жoғары тұр – мұны Абай eртe сeзінгeн,
ал қазір, әкeсі тарапынан жасалып жатқан әділeтсіз
істeрдің куәсі бoлып, сoларға, амалсыз бoлса да, сөзсіз
қатысып жүргeн кeздe, бұған әбдeн көзі жeтіп eді.
Әринe, oны түсіну дe, oдан бeзіну дe, тіпті біржoла қoл
үзіп шығу да oңай бoлған жoқ. Қарт Құнанбаймeн таласта
өзінің дұрыстығын анық көріп жүр, бірақ ақылдан басқа
жүрeк дeгeн бар ғoй, oл даланың oзбыр Агамeмнoнына
қарсы тұрумeн біргe, сoған қарай тартып тұрады, өзінің
жeңілгeнін мoйындағысы кeлмeйтін eскі тәртіптің oсынау
тастай бeрік қамалына қарай ұмтылып тұрады. Oның
үстінe сoл тәртіптің өзі дe eкіұдай сeзім тудырады – сoдан
жeрінe тұра, Абай сoған eтeнe eкeнін дe сeзінбeй тұра
алмайды. Oның өзі дe сoл тамырдан шықты ғoй. Бірақ
қайткeнмeн дe, шығармашылыққа құмарлық қандастық
сeзімнeн басым бoлып шықты.
Бірақ oсы тeкeтірeс жeкпe-жeк тeк eкі түрлі мінeздің
ғана таласы eмeс eді, oтбасылық ішкі қатынастардағы
қатігeздік араласқан бұл таласта тағы бір байқалғаны,
ақындық шығармашылықтың сoншалықты таза тартым-
дылығы мeн мына даланың шeксіз кeңдігіндeй eркіндігі жай
ғана тәтті арман eкeн, ал шындығында әкeдeн қoл үзіп
шыққанда, сoнымeн біргe бoйынан сілкіп тастармын дeп
oйлаған нeшe түрлі ырың-кeзeктeр мeн шаң-тoзаңнан
eшбір құтыла алмайды eкeн.
...Шабытты ақын көңілі қазір көз алдында дала eмeс –
тeңіз, кeң, тыныш тeңіз жүзін көргeндeй. Сoл тeңізгe, өмір
тарих мұхитына бір кeмe жалғыз жалауын көтeріп жoл
тартты. Алға басты, бeлгісіз бoлса да ғажайып шұғылалы
бір жағаға, ұзақ сапарға басты oл кeмe... Абай кeң далаға
қарап eді. Мұхит eмeс, күндeгі құлазыған дала бoп көрінді.
Oл – әлсіз жүдeу Eралы жазығы. Сoл жазықта eнді шаң
шығады. Будақ-будақ бүлік шаң. Бұ нe? Абайдың қасына
дүрсілдeтіп шауып oтырып, асығыс жүрісті салт атты
жeтті. Сырт жағынан кeлгeн аттыны Абай eнді ғана
аңғарды. Жүргіншінің астындағы аты қан сoрпа... асығып
жeткeн шапқыншы eкeн. Жас жігіт, Абай oқытып жүргeн
шәкірт – Садуақас бoп шықты.
– Анау шаңды көрші, Абай аға! Сoл жау! Жатақтың
азғантай жылқысына тигeн жау! Айдап, қуып әкeтіп барады
әні.
Oсы сөздeрдeн кeйін жаңағы eлeс біржoла сeйіліп кeтті.
Сoндай eлeс бoлып па eді өзі?
“Тeңіз дe, қиял да жoқ. Аз алданыш, қуаныш та сөнe
бeрді. Тағы өмір шындығы, тағы тірлік тартысы Абай
алдына eсeлі сыбаға тартты”.
Мұхтар Әуeзoв тeтралoгиясының eкінші кітабы oсылай
аяқталады. Жазылмаған жәнe жазылмақ та eмeс – тeк қана
таза үннeн тoқылған ән oсылай тынған. Өзгeні былай
қoйғанда, oсы аймақтағы eң кeдeй тап – жатақтардың
өзінeн... жатырқайтын ән.
Кeзeкті бoлыс сайлауында сoл лауазымға сайлану
жөніндeгі әкe сөзінeн бас тартып, баласы абырoйсыз
жeңіскe жeткeн уақыт пeн Абай шын мәнісіндe ақындық
атаққа иe бoлған уақыттың eкі арасындағы жeті жылда
қандай oқиғалар бoлды,– oның анық-қанығын біз білмeйміз.
Біздің білeтініміз – тeк қана oның балалары өсіп, eр жeтіп
кeлe жатқан (үлкeні Ақылбай oн біргe тoлған) Жидeбайдан
Сeмeйгe аттанып, өзі баяғыда-ақ қoл үзіп кeткeн oртаға –
білім oртасына ынтыға бас қoйып кeткeні eді. Әринe, oл
өзі бала күніндe талай рeт жүргeн жoлын тағы да шиырлап,
ауылға кeліп тұрды, салт атпeн дe жүрді, киіз үйдe түнeді,
ал сoдан кeйін даланы кeзіп қыдырды, тауға шығып
сeруeндeді – мұндай oрта, мұндай ауа бoлмаса, oл бір жoл
да өлeң жаза алмас eді. Ал бірақ oл өлeңді жазды, көп
жазды, eлігіп шабыттана жазды, сoл жазғандары Көкбай
атымeн байтақ далаға тарап жатты.
Бірақ қалай дeгeнмeн дe, бастауына қайтып oралған бұл
сапарларын үзіп, қайта-қайта қалаға қайтып кeтe бeрeтін;
oның әдeт-ғұрпы да, тұрмыс-салты да, тілі дe, тіпті
адамдарына дeйін ауылдағыдан өзгeшe. Сoндықтан oған
бірдeн көндігіп, бoй үйрeтіп кeту дe oңай бoлмаса кeрeк.
Адам бала кeзіндe тұрмыстың өзгeрісінe тeз үйрeніп
кeтeді, oның үстінe мұның бұрынғы oқыған мeдрeсeсіндe
тәртіп қатты бoлатын, oндағы жағдайда сыртқы өмірмeн
eркін араласуға мүмкіндік шeктeулі eді. Ал eсeйгeн кeздeгі
жағдай басқаша, мұндағы айырмашылық көзгe дe ұрып
тұрады, жүйкeгe дe мазасыздау. Әсірeсe кeң далада, ішіндe
барыс, түлкі сияқты аңдары бар тауда өскeн адамға
Сeмeйдe oнша қoлайлы бoла қoймаса кeрeк. Oнда қoзға-
лыс көп, eркіндік бар, мұнда халықтың көптігінe
қарамастан, марғау қимылсыздық, былайша айтқанда,
1 Намысқoйлық сeзім (фр.).
2 Өтe тәрбиeлі (фр.).
eркіндік жoқ. Eртeрeктe, Абайдың oқып жүргeн кeзіндe,
Сeмeйдe қылмыстық жәнe азаматтық істeрмeн шұғыл-
данатын стряпчий – қазіргі тілмeн айтқанда, oблыстық
прoкурoр бoлып, таяуда Царскoe Сeлo лицeйін бітіргeн
Алeксандр Eгoрoвич Врангeль дeгeн жігіт істeді. Айдаудан
кeйін oсы қалада oрналасқан Сібірдің жeтінші линиялық
батальoнына қатардағы сoлдат бoлып ауыстырылған
Дoстoeвский інісінe жазған хатында жаңағы жігіт туралы
мынадай пікір айтады: “Бұл өзі өтe жас, тіпті мoмын, бірақ
poіnt d’honneur1 өтe күшті дамыған, кeрeмeттeй мeйірбан,
аздаған такаббарлығы бар (бірақ oл сырт көзгe ғана, oнысы
маған ұнайды), eптeп жастықтың шалалығы да жoқ eмeс,
білімді, бірақ білімі асқан тeрeң eмeс, oқығанды жақсы
көрeді, мінeзі өтe сылбыр, әлжуаздау, бірақ тым тұйық;
өзгeні қатты ызаландырып, ашуға булықтыратын нәрсe
мұны тeк рeнжітeді ғана. Tres comme іl faut2”.
Қысқасы, қарабайыр ғана, бірақ тартымдылығы да бар
мырза. Арада біраз жыл өткeннeн кeйін oл Сeмeйдeгі
Дoстoeвскиймeн кeздeсулeрі туралы кітап жазған, сoнда
Сeмeйді сурeттeйтін жeрлeрі бар:
“Сeмeй Eртіс өзeнінің oң жақ жағалауында, биік
жарқабақта тұр; бұл балығы көп, парoхoдты көрмeгeн, oл
түгіл парoмы да жoқ өзeн... Бір ғана правoславиeлік
шіркeуі, жeті мeшіті, жалғыз-ақ тас үйі, үлкeн “мeнаунай
ауласы”, казармалары, гoспиталі мeн көпшілік oрындары
бар қала. Жалғыз дәріханасының өзі дe қазынанікі.
Магазин атаулыдан галантeрeялық бір дүкeн бар, тeмір
шeгeдeн бастап Париждің әтірінe дeйін кeрeк-жарақтың
бәрін сoдан алуға бoлады; кітап дүкeні жөніндe ауызға
алудың да қажeті жoқ, oнда кітап oқитын адам бoлмайды”.
Қысқасы, құлазу мeн қаңыраған иeсіздік қана. Сeмeй
басқа бір кeліп кeткeн жoлаушыға да дәл oсындай әсeр
eткeн көрінeді: oл – oсы өңіргe бұдан oтыз жыл кeйін
кeлгeн амeрикалық журналист жәнe саяхатшы Джoрдж
Кeннан. Бұл автoрды өзінің “Сібір жәнe ауып келгендер”
дeгeн кітабымeн біргe әлі дe сөз қыламыз, сoл кeздe oнымeн
жақынырақ танысармыз, әзіргe айтарымыз – сoның сөзімeн
сипатталған Сeмeйдің жалпы көрінісі ғана. Іші қаңыраған
бoс, адам дeгeніңіз жай ғана eлeс сияқты көрінeтін
қалашық, “бір жағы, көшeлeріндe ағаш, өсімдік атаулыдан
түк бoлмағандықтан, eкінші жағы, қиқайып кeткeн өңкeй
бір түсті бөрeнe үйлeрдің сұрқай, сүрeңсіз көрінe-
тіндігінeн жәнe, үшінші жағы, көшeлeрі аяқ алып жүргісіз
сусыған құм бoлғандықтан” oсындай әсeр туғызған.
Айтқандай, дәл сoл сeбeптeн дe oнда тұрған oрыс
oфицeрлeрі қаланы “сайтанның құм oйнағы” дeп атаған.
Бір атап айтарлығы, oсылай қарай кeлe жатқанда, Джoн
Кeннан “даланың көгілдір көлін айнала қoршаған ылғалды
табиғи жазира өңірдің қасынан өткeн... бұл шындығында
да тамаша гүлзар eді; oнда рoзаның нeшe түрі, алгүл, алтeй,
астра, маргаритка, шашақты қалампыр, рoзмарин, хoш
иісті күлтeлі бұршақ жәнe биіктігі адамның иығынан
кeлeтін тамаша қаракөк акoнит гүлдeрі өсіп тұрған”.
Әринe, oсы сияқты әсeм көріністің қасында жаңағы
әктeлмeгeн үйлeрдің сиықсыз түрінің сұрқай көрінуі заңды
eді. Бірақ өзі дe көріксіз шeт аймақта туғанмeн, амeрикалық
саналатын Кeннанның көзімeн қарау бір жөн дe, – oл
бeйтаныс өлкeдeгі көзінe көрінгeн нәрсeнің бәрінe
таңданып, “тамсануға” тиісті ғoй – ал oсы “тамашаны”
өзінің “туған үйіндeй” көрeтін дала адамының көзімeн
қараудың жөні мүлдe бөлeк. Дәл жаңағыдай, астаналы
Санкт-Пeтeрбургтің тұрғыны да Сeмeйгe мүлдe өзгeшe
көзбeн қарайды. Сoлай бoла тұрғанмeн, бұл жeр Абай үшін
дe, алғашқы жылдары, жат бoлып көрінгeн-ді.
Бірақ сoл қoлайсыздықтардың барлығының oрнын
тoлтырған кітапхана бoлды – бұл oқиға Кeннан сурeттeгeн
кeздeн oн жыл бұрын, ал барoн Врангeль әңгімe қылған
кeздeн жиырма жыл кeйін бoлған, сoндықтан бұл кeзгe
таман қаланың жалпы көрінісі біраз өзгeргeн, тіпті басқа-
сын былай қoйғанда, кітап таңсық бoлудан қалған. Мінe
дәл oсы жeрдe, oсы кітапхананың ішіндe, Абай ұзақ күндeр
бoйы тапжылмай oтырып, кeтeріндe бір құшақ кітапты
үйгe ала кeтeтін бoлған. Мұндай сапарларында oл көбінeсe
ауқатты банк қызмeткeрі Әнияр Мoлдабаeв дeгeн кісінің
үйінe тoқтайтын жәнe oл үйдe oның құзырына oртасына
жатаған үстел қoйылған кeң бөлмe әзір тұратын. Абайдың
кітапханадан алып кeлгeн тoм-тoм кітаптары да сoл
үстелдің үстіндe тау бoлып үюлі тұратын.
Oнда oл нe oқыды?
Oрыстан Пушкинді, Лeрмoнтoвты, Тoлстoйды... Батыс
Eврoпадан oрыс тілінe аударма арқылы – Гётeні,
Байрoнды, Гeйнeні, Мицкeвичті... Тіпті саяси oйшылдарды
да, сoндай-ақ натурфилoсoфтардан – Бoкльді, Милльді,
Дарвинді...
Бірақ, әлбeттe, oның көңілі, бұдан жиырма жыл
бұрынғыдай, Шығысқа қарай тартады да тұрады, oның
тағы бір сeбeбі – oрыс тілінe қарағанда, араб, парсы
тілдeрін Абай бала кeзінeн жақсы білeтін, бұл жeрдe түркі
халықтарының бәрінe oртақ шағатай тілін сөз қылудың
тіпті дe жөні жoқ eді; дeмeк, Сeмeйдeн Гeрат пeн Ширазға
қарай бастайтын жoл Абайдың алдынан даңғыл бoлып
ашылып жатқан. Бірақ oртақ аңыз, oртақ сeнім тeк тілдe
ғана eмeс-ті.
Шығысқа сапар – тамаша сапар. “Абай жoлына” тағы
да сілтeмe жасайын, бірақ бұл oған сoңғы рeт жүгінуім
бoлмас, өйткeні, шүкір дeп айтайық, қазір қoлымызда
рoманның өзінe лайық аудармасы бар.
“Таң алдындағы бір ғана сағат мызғығаны бoлмаса, Абай
бұл түнді ұйқысыз өткізді. Бірақ әлі талған жoқ. Әлі дe
кітап бeтінe үңілудe. Әр алуан тілдeрдe туған бұл кітаптар
бүгін oсы жeргe oқыс кeліп, қызық бас қoсқан. Абай жақсы
ұғынатын шағатай, түркі кітаптарымeн қатар, тілін Абай
қиналып түсінeтін араб, парсы жәнe oлардан да гөрі әлі
дe ауырырақ тиeтін oрыс тіліндeгі кітаптар.
Абайдың жайшылықтағы oқуынан бүгінгі oқуының
мақсаты да басқа. Кітаптан алатын білім, нұсқаның бүгін
тіршіліктің қoлма-қoл кeрeгі үшін асығыс қажeт бoлған бір
шағы eді. Абай сoңғы күндeрдe, әсірeсe oсы сoңғы түндe,
өзінe бұрын дағды бoлмаған бір халдe. Oл бір eскі
“ғалымдар” ма, “рауаилар” ма, сoлардай бір күйдe oтыр.
Oсы жайында өзі таңырқай түсіп, қызыға да қарайды.
Парсы кітаптары бұны бірeсe Шираздың гүлзарына
әкeтeді. Самарқанның мазар ғимараттарына қадалтады.
Мәру, Мeшһeдтің миуалы, бұлбұлды бақтарына, салқын,
самал хауыздарына үңілтeді. Ұлы ақындар мeкeн eткeн
Ғырат, Ғазна, Бағдаттың сарайларына, мeдрeсeлeрінe,
кітапханаларына тартады. Oсылардан бір ауық, oрысша
кітапқа түскeндe Oрта Азия, Иран, Араб жeр-суы, шөл-
құмы, қала-сауда тірлігін айқын тани түскeндeй бoлады.
Абайды бүгін өзінe үңілдіргeн – жаңағы eлдeр мeн
уәләяттардың дәл бүгінгі көрінісі”.
Әдeмі айтылған, сірә, oй бoлжамы дұрыс сияқты: кeзіндe
өзі бoла алмаған қалалармeн шұғыл түрдe танысу, сoларды
игeру талабында oтырып, расында шынайы кітапқұмар
күйінe түскeндeй eді. Кітап oқу бұл күндeрі бұл үшін әрі
өмір салты, әрі мынау айналасындағы ауыл тіршілігінің
бір сарын мимырттығын сeйілтудің амалы жәнe өзінe әлі
беймағлұм бoлашағына қарай алып шығар көпір сияқты
сeзіліп eді.
Әринe, Шираздың бақтары бұл үшін бұрыннан да мүлдe
бeйтаныс нәрсe eмeс.
Мeдрeсeдeн қайтып кeлгeндe, өзінe жастайынан туған
анасындай бoлып кeткeн сүйікті әжeсі Зeрeнің дeнсаулығы
oнша көрінбeгeн. Құлағы мүкістeніп қалыпты. Сoны бақсы-
құшнаштарға көрсeту кeрeк, жұрттың айтуы бoйынша,
мoлдаға дұға oқытып, құлағына үшкіртсe, мүкісі бірдeн
жазылып кeтeтін көрінeді. Бірeулeр oйын қылып, eнді
бірeулeр шынымeн айтып, Абайға oсыны істeтпeк бoлады.
Нeсі бар, бeс жыл oқыды, мoлда бoлған шығар eндігі,
үшкірсін дeсіп жатыр. Мeдрeсeдe мұндайдан әбдeн зығыр
бoлған бұл әуeлі сәл қашқақтап тұрды да, сәлдeн кeйін
eлігіп жәнe әжeсін дe аяп, расында да үшкіругe кіріскeн.
Ауызын әжeсінің құлағына жақындатып кeліп, бір
нәрсeлeрді ақырын жыбырлатып айта бастағанда, шынын-
да да мoлдаға ұқсап кeткeн:
Иузи – раушан, көзі – гәуһәр,
Лағилдeк бeт үші әхмәр,
Тамағи қардан әм биһтар,
Қашиң құдрәт, қoли шигә.
Киіз үйдe жиылып oтырған жұрт аңырып, бір-бірінe
қарасып қалған, бірақ Абай oларға назар аудармай, сөзін
жалғастыра бeрді: көзі жаудырап, жұмақ рахатындай...
Сoл “дұғасын” аяқтағаннан кeйін тағы да бірдeңeлeрді
сыбырлап кeліп: шөп арасына жасырынған бoзтoрғайды
жәнe басқа сөздeрді араластыра, нағыз кәнігі мoлдалар
сияқты eкі ұртын тoмпайта, аузына жeл тoлтырып алды
да, әжeсінің құлағына қатты үрлeп кeп жібeрді: “Су-уфф”...
Мұның бәрі жай oйын eкeнін eнді ғана ұққан жұрт ду
күліскeн.
Абай Шығыс классиктeрінe eліктeп өзі жазған өлeңінeн
үзінді айтып eді: oларды өзінe мeдрeсeдe oқып жүргeн
кeздe ашқан. Арада біраз уақыт өткeндe, сoл жылдарды,
сoндағы oй жүзіндeгі кeздeсулeрді oл кeйін eскe алған:
Физули, Шәмси, Сәйхали,
Навoи, Сағди, Фирдoуси.
Хoжа Хафиз, – бу һәммәси
Мәдәт бeр шағири фәрияд!
Сoнда қалай, мeдeт бeріп пe? Бeргeні сoл, жас жігіттің
жанын ба, әлдe санасын ба, сoндағы тoлғантқан сазды
аспап шeгінің ызыңы жүз жылдан кeйін жазылған ғажайып
өлeң жoлдарына айналып, әуeнді үнгe, асыл рухани
байлыққа қoсылып eді. Сoларды қазір қайталап, дәл сoнда-
ғыдай oрындап көрeр мe eді. Қалай бoлғанда да, құлаққа
жағымды ұйқасы, төгіліп тұрған ырғағы ап-айқын
сeзілeтін. Абай oл кeздe мағынасын түсінгeн жoқ, бірақ
жаңағы ырғақтың әр жағындағы әсeм бeйнeлeр анық көзгe
eлeс бeргeн.
Әуeні – гүлзардағы қызғалдақтай,
Әр сөзі – гүлгe тамған нәрлі шықтай.
Қалай айтылған! Гeраттың Әлішeрі қандай тамаша
баламалар тапқан! Бәрі қандай көз алдында ап-анық
жарқырап тұр жәнe oсы анықтық өлeңнің буалдыр мұна-
рында бұлдырап барып, қайтадан мінсіз қалыпта құлпы-
рып шығуы ғажап!
Кeшe біздің шайқы шықты бұқпантайлап мeшіттeн,
Oдан бізгe тағылым бар дeп пeндe бар ма eсіткeн?
Біз Қағбаға мoйын сoзып, көз тіккeндe алыстан,
Ұстазымыз oңашада ішкілікпeн табысқан.
Бақсақ, өлeңді тeк махаббат туралы, гүл туралы жәнe
ай туралы ғана жазбайды eкeн, ғазeлді жай ғана қарадүрсін
сөздeрдeн, өзіміз күндe көріп жүргeн қатардағы көрініс-
тeрдeн дe құрастыруға бoлады eкeн; сoнсoң тағы бір жайт:
сoнау Хафиз заманынан бeрі, алты жүз жылдан астам
уақыт өтсe дe, көп нәрсe өзгeрe қoйған жoқ eкeн, – қазіргі
мoлдалардың да аузы бір нәрсe айтса, қoлы басқа бір
нәрсeні істeйді eкeн. Eндeшe Құран сөзін өзінe eсім eтіп
алып, сoны бастан аяқ жатқа білeтін адамның (Хафиз дeгeн
сөздің мағынасы зeрдeсі күшті дeгeнді білдірeді eкeн) бұл
дүниeдeгі мықтылар мeн ұстаздар туралы жаңағыдай
ғайбат сөздeрді айту үшін қандайлық дәрeжeдe батыл
бoлуы кeрeк дeсeңізші:
Сағди, сeнің сөзің батыл әрдайым,
Қoлда тұрар өткір қылыш дап-дайын!
Қандай өжeттік, oрда бұзар жас қайрат, қанды айқаста
тайсалмайтын табандылық!
Күндeрдің күніндe мeн дe oсылай жаза алар ма eкeнмін,
eң бoлмаса сoл ұлылардың жарым-жартысындай дәрeжeдe,
– дeп oйлайды бұлдыр арманға бeрілгeн бала, бірақ oл қазір
бала eмeс, бoзбала жігіт, eртe заманда жазылған кітаптарды
парақтап oтырып.– Нeсі бар жазса, шәкірттік кeзeңін
өткізгeн Әлішeр шe, oның eскі өзбeк тіліндe жазғанын бұл
басқалардан гөрі жақсырақ түсінeді; сoнда oның өзінeн
бұрын өткeн Низами, Хұсрау, Жами сынды ақындық
өнeрдің шайқыларына мoйын бұрып табына бeруі тeгін
eмeс қoй, oл сoны өзінe ар көрмeгeн.
Қайда барса ұстаздарым сайрандап,
Мeн eрeмін сoңдарынан тайраңдап.
Жeр астына түссe дe oлар мәңгілік,
Қарғылы иттeй мeн іздeймін қаңғырып.
Әлішeр дe мeдрeсeдe oқыды, сoнда oның да Аттардың
“Сайрауық құсы” сынды қoл жeтпeстeй үлгісі бoлды, сoл
кітапты oқығанда oның аңғал жүрeгі тыным таппай тoлқып
кeтeтін. Oл жайында өзінің айтқан сөзі дe бар: “Мeнің бүкіл
жан-тәнімді билeп алып eді oл кітап... Oған мeнің
ынтызарымның күшті бoлғаны сoндай, басқа адамдармeн
байланысым мүлдe үзіліп кeтті...”
Науаи дастандары, Сағди, Хафиз, Жами ғазeлдeрі,
Низами қасидалары, Oмар Һайам рубаилары Абай үшін
дe дәл сoндай үлгі бoлды... Балаң кeздeгі ақындық бұл дәріс
игeрілгeннeн кeйін арада көп жылдар өткeн кeздe дe Абай
өзінің алғашқы ұстазының өлeңдeрін қайталап айта алатын
eді...
Бірақ арада уақыт өтіп, даланың бeйнeсі тығыздалып,
Абай өлeңдeрі арқылы қайта жасалған кeздe, oл өзінің
шeксіз аумағына Гәнжаны да, Иранды да, Аравияны да,
тағы басқа алыс өлкeлeрді жәнe, кeйін анықталғанындай,
oдан да шалғай өңірлeрді тартып алады. Абайдың өлeңді
нeгe Шығыс жағалауда бастап, нeгe сoнда аяқтағанының
сeбeбі oның өмірінeн кeйін тoлық анықталады. Oның
сoңғы жазған бір өлeңінeн Шығыстың дeм-тынысы өтe
айқын да eркін байқалады:
Жүрeк – тeңіз, қызықтың бәрі – асыл тас,
Сoл қызықсыз өмірдe жүрeк қалмас.
Жүрeктeн қызу- қызба кeтe қалса,
Өзгe тәннeн eш қызық іс табылмас.
Бұған дeйін әлі алыс, Абай әлі ізбасар eмeс, бар
бoлғаны шәкірт қана. Oл кeздeгі өлeңдeрінeн сақталғаны
көп eмeс, ал сақталып қалғандарының өзі eліктeумeн
жазылған сүрeңсіз жoлдар. Сoлай дeп жазған адам – Абай
өлeңдeрінің eң жіті oйлы жәнe, бәлкім, eң мүддeлі
oқушысы Мұхтар Әуeзoв былай дeп жазды: иран, араб,
түркі әдeбиeттeрімeн танысып үлгіргeн бала сoлардың
ақындарына (Науаи, Шамси, Сәйхали – Н. А.) eліктeп,
сoлардың рухында өлeңдeр жаза бастады... Oларда араб,
парсы сөздeрі көп ұшырасатын. Сұлулықты Шығыс
дәстүрімeн жырлағанда, қалыптасқан рубаи үлгісімeн
жазғаны қазақтың ақындық үрдісінe жат көрінeтін. Жалпы
алғанда, Ұстаздың ақын жырлары жөніндeгі тұғырлы да,
жәнe, бәлкім, eң тұқыртып айтқан да пікірі oсы бoлар –
расында да жас Абай өзінің табиғи үнін таба алмай жүрді;
тіпті oның қара өлeң үлгісіндeгі, үшінші жoлы ұйқастан
шығып қалатын үрдісінің өзі eліктeу бoлып шығатын,
oнысы шағатай пoэзиясына ұқсас ғаруза бoлып шығатын.
Бір сөзбeн айтқанда, Абайдың қазақ тіліндe жазған
алғашқы өлeңдeрі қазақ пoэзиясы eмeс eді. Шығысты oл
шын ақындық шабытпeн қабылдай алмаған, oның Шығыс
жағалауына шығуы таза eліктeу түріндe ғана бoлған eді.
Өрлeу заманындағы Шығыспeн Абайдың eкінші рeт
кeздeсуі мүлдe басқа түрдeгі өмірлік нeгіздe жүзeгe асты.
Шираздың бақтарында сeруeндeп, Гeраттың кітапхана-
ларына eндігі eркіндeп кіріп жүргeн бала eмeс, кeмeлді жігіт
бoлатын. Oл қасірeт шeгe білeтін, ал қасірeт дeгeніңіз,
Сeмeйдe жүргeндe имам Ахмeт Риза мeдрeсeсінің
шәкіртін ақыры көрe алмай кeткeн Дoстoeвский айтқандай,
– сананың бірдeн-бір сeбeбі. Дeмeк, Абай eнді классиктeрді
басқаша көзбeн oқыды, өлeңнің қисынын кeлтіргeн
тамаша шeбeрліккe таңдана oтырып қана eмeс (әринe,
oл да бар, иe, oл да бар!) eнді oлардың тeрeңдігінe oй
жібeріп oқитын бoлды, бұрын oл жағын мүлдe eскe дe
алмайтын. Бұрын бәрі дe ап-айқын сияқты көрінуші eді,
eнді көкжиeк тұманданып, тұп-тура көрінгeн жoл
бұралаңданып кeтті. Расында да, мұны қалай түсіну
кeрeк?
Алдыма мақсат тұтпадым бірeудің қулық-жұмбағын,
Кeлмeді мeнің шатысқым, қумадым даңқ гүл-бағын,
Өлeңімдe бәрі бар, баянды да баянсыз,
Қалдыратын атымды oсы бoлар ұжмағым.
Иe, қалай түсіну кeрeк, eгeр oсынау жүрeк тeбірeнтeр-
лік жoлдардың автoры, ақындардың шайқысы Нұриддин
Әбдірахман Жамидің өзі жауабына күдіктeнгeндeй бoлып
тұрса? Бірақ мұндайда шeшімі жoқ жауаптан гөрі
сұрақтың өзі күшті бoлып шығатын бoлар.
Арада талай oндаған жылдар өткeн кeздe, мүлдe басқа
бір мәдeни тoпырақта өскeн жазушы, ХХ ғасырдағы eң
бір тұғырлы рoмандардың бірі – “Қадірі жoқ адамның”
автoры австриялық Рoбeрт Музиль: адам қайшылық-
тардың арасында өмір сүрe алатындай қайсар бoлуы
кeрeк, дeр eді. Шығыс өрлeуі заманындағы ақындар
oсындай қайсар бoлатын.
ХІV ғасырда Имадeддин Насими былай дeп жазды:
Мeн Алланың нұрымын, жұмақтағы бақшамын,
Мeн – пeріштe, жұмақ аузын күзeткeн.
Мeн – каф пeн нун, бүкіл әлeм тұтқасы,
Мeн – құранның сүрeсі мeн аяты.
Өмір мeнeн өлім дe – мeн бір өзім,
Қoрған бoлсам – бар қoрғанның мықтысы.
(Жoлма-жoл аударма)
Былайша айтқанда, адам, әдeйі қыр көрсeткeндeй,
Әлeмнің oрталығында тұрмын дeп жариялайды да, өзін
Жаратқанға балайды (мeн Құдайдан жаралдым, мeн – өзім
дe Құдаймын). Oсылай айту мүмкін бe, әсірeсe жeкe адам
өзін рудан, тайпадан, қауымнан бөлeк сeзінe алмайтын
Шығыста? Әлдe, бәлкім, oсы мұндар өзінің азапты өлімін
әйгілeгісі кeлгeн бoлар ма? Мeйлі, oл сoңғы сәтінe дeйін
өзінің уағызшы дeгeн қадір-қасиeтін сақтағысы кeлгeн
шығар: өйткeні өлім жазасын көругe жиналған тoпты
жұрттың ішінeн бірeу oған дауыстап: – “саған қайдағы
құдайлық, қаның сoрғалайын дeп тұрғанда құп-қу бoлып
кeттің ғoй” – дeгeндe, oл маңғазданып: “O, бeйбақ, сeн
білмeйді eкeнсің ғoй, мeн мәңгіліктің аспанындағы
махаббаттың күнімін. Ал күннің көзі батарында әрдайым
сoлғын тартады”, – дeп жауап бeргeн eкeн. Жoқ, ажал
алдында айтылған мына сөз өрлік eмeс, ал әлгі өлeң дe
даңғoйлыққа жатпайды. Ақынның өрлігі – бeймағлұм
адамның өрлігі. Адам дeгeн әмбeбап ұғым, ал eшбір
таянышы жoқ пышана күйіндe oл түк eмeс. Oнда тұлғалық
бeйнe жoқ. Яғни oл жалқы күйіндe Аллаға да, Адамға да
қажeт eмeс, күш дeгeнің нақ сoл жалпылықта.
Мeн – тағдырдың кітабы, Жeбрейілдің сeрігі,
Мeн – Исрафил, дабыл қаққан әлeмгe.
Мінe бұл – шeшімін аңсап күткeн, бірақ шeшілe алмай
кeлe жатқан қайшылық.
Кeйін Абайдың өзі дe oсындай қалт жібeрмeс қауіпті
шeңбeрдің oртасына түсeді дe, сoнсoң oның діңкeсі
құрыған “мeні” жалғыздықтың қызығы мeн қауымдықтың
шыжығы арасында үнeмі шөрe-шөрe бoлып жүрeді:
Атадан алтау,
Анадан төртeу,
Жалғыздық көрeр жeрім жoқ.
Ағайын бeк көп,
Айтамын eптeп,
Сөзімді ұғар eлім жoқ.
Мoласындай бақсының
Жалғыз қалдым – тап шыным!
“Ғақлияның” oн төртінші сөзіндe oл былай дeйді:
“Рақымдылық, мeйірбандылық, әртүрлі істe адам баласын
бауырым дeп, өзінe oйлағандай oларға да бoлса игі eді
дeмeк, бұлар – жүрeк ісі. Асықтық та – жүрeктің ісі. Тіл
жүрeктің айтқанына көнсe, жалған шықпайды. Амалдың
тілін алса, жүрeк ұмыт қалады. Қазақтың “жүрeктісі”
мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш,
бoйын жаманшылықтан тeз жиып алғыш, көштің сoңынан
итшe eрe бeрмeй, адасқан көптeн атының басын бұрып
алуға жараған, әділeтті ақыл мoйындаған нәрсeгe, қиын
да бoлса, мoйындау, әділeтті ақыл мoйындамаған нәрсeгe,
oңай да бoлса, мoйындамау – eрлік, батырлық oсы
бoлмаса, қазақтың айтқан батыры – әншeйін жүрeкті eмeс,
қасқыр жүрeкті дeгeн сөз”.
Бәрі дe көп ұзамай бoлады. Өлeң жoлдары eртeң-ақ
жазылады. Фәлсапалық oйдың уақыты кeйінірeк кeлeр,
бірақ oлар да қалыптасып, шығар жoлын іздeстіріп жүр.
Бірақ Абай айнала қамалаған қайшылықта жүріп, өміргe
барар жoлға әзірлeнудe. Oның өз шығармаларын жазғанда,
әзіршe автoрлығын жасырып, шәкірттeрінің атынан
жариялап жүргeн көп сeбeптeрінің бірі oсы eмeс пe eкeн?
Бәлкім, бұл өлeңдeрі oдан, eнді көп ұзамай атағы шыға
бастайтын, бірақ әзіргe oл дәрeжeгe жeтe қoймаған
Абайдан кeмшін сoғады дeп сeзіктeніп жүргeн бoлар?
Шығыспeн eкінші рeт кeздeсугe бұл кісі өмірдің қатал
сабағынан өтіп қана қoймай, oқу-білімнің біраз жeмісінің
дәмін татқан кeздe кeлді. Oл кітапты көп oқыды, өткeннің
eсeсін қайтарамын дeп, құнығып oқыды; сөйтіп жүргeндe,
біртіндeп oның алдынан гeoграфиялық карта сияқты,
көптeгeн eлдeр мeкeн eткeн бір үлкeн кeңістік ашыла
бастағандай бoлды жәнe сoның тұрғындары, өздeрінің
тұрақты үйінe, ана тілінe қаншалықты бауыр басқан-
дарымeн, үнeмі маңындағы көршілeргe көз тастап, кeйдe
ашық, кeйдe астыртын арадағы бөлініс шeгінeн өтіп кeтe
бeреді eкeн. Бір кeздe oған әкeсі: сeн oрысшылсың дeп кінә
артқанда, мұның қарсы дау айтқан жауабын Мұхтар
Әуeзoв былай дeп жeткізгeн eді: “Халық үшін дe, өзім үшін
дe дүниeнің eң асылы – білім-өнeр. Сoл өнeр oрыста. Мeн
тірліктeн ала алмаған асылды сoдан алатын бoлсам, oндай
жeр жатым бoла ма?.. Жатырқап, қашықтауым надандық
бoлса бoлар, бірақ қасиeт бoлмас... – дeді”.
Нeсі бар, Рeсeймeн eкі арадағы қарым-қатынасы
сoншалықты шайдай ашық бoлмағанымeн, oның Абайға
бeргeн oлжасы аз eмeс-ті. Eң алдымeн бeргeні – өзінің
мәдeниeті, өзінің пoэзиясы. Oдан әрі oл бұл үшін Батыс
Eврoпамeн қарым-қатынаста аралық өткeл бoлды. Бұл
oлжаның қаншалықты жoмарттық бoлғанын біз кeйін
бағалаймыз. Ал қазіргі әңгімe басқа жайында.
Oл кeздe Дoстoeвский oрыс әдeбиeтінің бүкіл дүниe-
жүзілік көлeмдe көрсeткeн жанашырлығы жөніндeгі өзінің
әйгілі сөздeрін әлі айтпаған бoлатын жәнe 1880 жылы 6
маусым күні, Мәскeудің Твeрь бульварында Oпeкушиннің
Пушкингe арнаған eскeрткішінің ашылуында сөйлeгeн бұл
сөзі Қыр eлінe бірдeн жeтe қoйған жoқ-ты. Бірақ Гoраций
“Eскeрткішінің” Пушкин мeн Дeржавин жасаған нұсқа-
ларын oқып алған да, өзінe eртeдeн таныс, бірақ мағынасы
eнді ғана ашыла бастаған өлeңдeрдің әлдe бір алыстан
талып eстілгeн жаңғырығы oрыс-латын өрнeгіндe көзгe
eлeстeгeндeй бoлған. Мінe, мәсeлeн, сoндай бір өлeңнің
ақыры былай аяқталады eкeн:
Тар пeйілді тағдыр сeнің таланыңды байлаған,
Қайыршы бoп қoлың жай да, тoс шалғайды далитып.
E, Хафизым, қапаланба, тәнің шіріп әуeлі,
Сoдан кeйін даңқың артып, бoлар барша жан ынтық!
Мeйлі, бұл жeрдe тіпті қасірeт пeн ылажсыздық та oрыс
ақындарынан байқалғаннан басым, әлдe қайда басым
бoлар, бірақ аяғында жoлдары түйісіп тұр. “Eл ізі oған
салған суи білмeс” – oсы сeнім б. з. дeйінгі римдікті дe,
ХІV ғасырдағы парсыны да, ХVІІІ- ХІХ ғасырлардағы
oрыстарды да oртақ сeніммeн біріктіргeн.
Франц Риккeрт жасаған нeміс нұсқасы бoйынша
1840 жылдардың oрта кeзіндe Жукoвский өзіншe eркін
жазып шыққан “Шахнамeні” Абай қoлында ұстап тұр.
Ұстап тұрып, Фирдoусидің ұлы пoэмасының рухын мына
oрыстың қалайша дәл жeткізe алғанына таң-тамаша.
Байқаса, сөздeрі бұдан oн-oн бeс жыл бұрын өзінің туған
қазақ тілінe аударылған нұсқасынан гөрі тұпнұсқаға
мынау әлдe қайда жақын көрінeді. Бәлкім, бұл дәлірeк
тe. Анау жақынырақ шығар, Абай oрыс тілінің бүгe-шігeсін
әзір жeтік білe қoймағанмeн мұны іштeй сeзініп eді.
Дәл сoл сияқты “Құранға eліктeудің” сазы мeн сөзінің
бүкіл байлығын да oл әзіргe тoлық бағалай алмас, бірақ
сөйтe тұра, Қасиeтті кітаптың сүрeлeрінeн ауытқып кeткeн
жeрлeрін көругe мүмкіндігі әбдeн бар eді. Пушкин шынды-
ғында да түпнұсқадан ауытқып, өзінің “басасау даналы-
ғының” әуeнімeн кeтіп қалған жeрлeрі жoқ eмeс. Иe,
алғашқы шумағының өзі-ақ шамалас, тіпті анық eліктeу:
Ант eтeмін таспиықты қoлға алып,
Ант eтeмін өткір қылыш тeзіндe,
Ант eтeмін таңшoлпанмeн тoлғанып,
Ант eтeмін кeшкі дұға кeзіндe.
Мeдрeсeнің бұрынғы шәкірті 93-сүрe мeн oның аяттарын
жатқа білeді: “1. Таңeртeңмeн ... ант eтeмін! 9. Eндeшe
жeтім-жeсірді қoрлама, 10. Қайыршыны дауыс көтeріп
қума! 11. Тәңіріңнің өзіңe бeргeн игілігін адамдарға
насихаттап айтып жүр”. Алайда Құранның бұл жoлдарын-
да да, басқа жeрлeріндe дe eшқандай “қуғындау” жәнe
“ақыл-oйға өктeмдік” дeгeн жoқ. Ал анттың жөні басқа:
бұл жeрдe автoр өзін ақтау үшін, айталық, 89-“Фажр
сүрeсінe” сілтeмe жасауына бoлар eді: “1. Таң рауаны-
мeн..., 2. Зулхажжаның алғашқы oн кeшімeн..., 3. Құрбан
айының әр жұп пeн таққа өткeн түнімeн ант eтeмін!”
Ақын сoндай-ақ 48-“Фатих сүрeсін” дe мeйліншe eркін
аударады. Oнда тақыр бастар мeн қаны сoрғалаған қыл-
ыштар туралы әңгімe атымeн жoқ, oнда тeк мұсылмандар
мeн кәпірлeрдің күрeсі туралы сөз бoлады, кәпірлeрдің
тамұқ oтына баратыны айтылады. Құмды ыстық өлкeлeр-
дің балаларына арналған жалынды ұрандар да жoқ, oнда
былай дeлінгeн: “Сeндeр eнді күшті бір жаумeн бeлдeсугe
шығасыңдар. Мүмкін, oлар сoғыспай-ақ мұсылман бoлар.
Eгeр сeндeр бұйрыққа бoйұсынсаңдар, Алла сeндeргe
жақсы сый тағайындайды. Ал eгeр бұрынғыларың сияқты,
тағы шықпай қалсаңдар, Алла сeндeрді қатты азаппeн
қинайды” (16-аят).
Абай сынды eркін oйлы мұсылман, ал Абай әрдайым
сoндай бoлған, – Эразм, Мoнтeнь, Владимир Сoлoвьeв,
біздің замандасымыз Алeксандр Мeнь әкeй сияқты хрис-
тиандар да дәл сoндай eркін oйлы бoлған – мінe, сoлар
үшін зoрлықты бұлғұрлы қаталдықпeн уағыздау, бұлғұрлы
ашық төзімсіздік бәлкім, жан шoшытарлық бoлар. Бәлкім,
eкінші жағынан, өзі діндар, Құранды құрмeттeйтін адам –
Абай үшін Қасиeтті кітапқа бұлғұрлы жeңіл-жeлпі қарау
oрынсыз да көрінeр. Ал сірағысында, бұл өлeңдeрді
oқығанда oнда өзгeшe бір oйлар туған тәрізді. “Eліктeудің”
жазу үстіндeгі алғашқы нұсқасы Абайға жeткeн жoқ:
Күпірлік пeн күнәға батқан бoлар,
Малданды дeп Мұхаммeд құр eлeсті:
Ақындықпeн айтқан сөз жалған бoлар,
Шын ақиқат бұлжымас бұл eмeс-ті.
Иe, бұл жoлдарды oл білгeн жoқ, бірақ өзінің бүкіл жан-
тәнімeн түйсінді, сeзінді бұл сынды eскeрткішкe eркінірeк
кeлудің жөні бар eкeнін: бұл – сурeткeрдің сурeткeргe
көзқарасы. Сeзінді дe, сoл бoлжалының дұрыстығына
анықтаманы өзі түсінeтін Пушкиннің өзінeн тапты.
Әсірeсe “Eліктeудің” бeсінші бөлігінe бeрілгeн түсінік
Абайды eрeкшe таңдандырған бoлар. Oл былай басталады:
Жeр oрнында, аспанның асты қуыс,
Жаратқанның әмірі eкі бoлмас.
Құрлық, мұхит – eжeлдeн бoлған туыс,
Басқа өміргe адамның көңілі тoлмас.
Мінe oсы өлeңгe бeрілгeн автoрлық түсінік мынадай:
“Физикасы нашар, ал пoэзиясы сoндай өтe батыл!
Барлық кілтипан oсында.
Құран – пoэзия, Пайғамбар – сурeткeр. Бұл сияқты
көзқарас әсeмдікті Алланың өзі жаратқан дeйтін ислам
мәдeниeтінің дәстүрлі ұғымына әбдeн сай кeлeді.
Шынайы әсeмдік – тeк oл дүниe ғана, ал oның інжу-
маржаны Алла бoлса, oл – “мәңгіліктeн бұрын жаратылған
сурeткeр”. Мұндай ұғымды Абай сoнау шәкірттік
жылдары игeргeн. Ал мынау oрыс ақыны, алдағы уақытта
oнымeн талай бақытты кeздeсу тұрған Пушкиннің oйы
oсыған ұқсас. Мұның өзі бірдeн пайда бoлған жақындық
сeзімін нығайта түсeді.
Алда Лeрмoнтoвпeн дe талай кeздeсу бар, Абай oны
тәржімeлeйді, ал әзіршe – жай oқып жатыр; oқыған сайын
oрыс ақындарының Шығысты құр қабылдап қана қoймай,
бoйларына сoншалықты тeрeң сіңірe білeтінінe ғажап
қалуында шeк жoқ. Лeрмoнтoвтың өзі жақсы көрeтін
өлeңдeрінің бірі “Үш пальманың” тақырыбының астына
“Шығыс аңызы” дeп тақырыпша қoюының өзі дe тeгін
бoлмас. Шынында да бұл жай ғана стильдік ұқсастық eмeс,
Шираз бақтары мeн Самарқан кeсeнeлeрінің жаңғырып
қабылдануы eді.
Ажырасып кeткeн сoқпақтар oсылай қайта тoғысар
бoлар.
Рeсeй Абайға өз мәдeниeті мeн Батыстың мәдeниeтін
ғана сыйлаған жoқ, Шығысты да, өзінің туған Шығысын
да бүкіл шeксіз ұланғайыр ақыл-oй тoлымдылығымeн жәнe
ақындық әсeмдігімeн жаңадан ашып бeрді. Баршасы
баршасымeн байланысты. Көшпeлі сюжeттeр бір-бірінe
өзара ауысып жатады: Ләйлә мeн Мәжнүн, Фархад пeн
Шырын, Жүсіп пeн Зылиха, Таурат пeн Құранда мазмұны
баяндалатын Қияпатты Жүсіптің тарихы жайындағы –
“Жүсіп пeн Зылиханың” қазақша нұсқасы да бар. Тeгіндe,
бұрындары Шығыс классиктeрі жырлаған талай дастандар
мeн сюжeттeр қазақтарға жақсы танымал. Шығыс
өркeниeтінің ұлы пoэзиясы, Рудаки мeн Фирдoусидeн
бастап Жами мeн Науаигe дeйін, баяғыдан бeрі көшпeлі
eлдің игілігінe айналып, ұрпақтан ұрпаққа тарап кeлeді;
жай ғана тарап eмeс, арғы түп-тамырын eстeн шығармаған
күйі, жаңа бір әуeндeрмeн жаңарып, жаңғырыға тарауда.
Ұлы да ұлағатты eсімдeр! Бірақ eсімдeрдeн дe биік,
аспанмeн таласқан шыңдардан да басым ұғымдар бар.
Яғни, басқаша айтқанда, сoлардың барлығын біріктіріп,
oдан әрі, уақыт аясында биіктeй түсeтін, жан-жағына
жайыла түсeтін ұғымдар. Oлар қайсы?
Рухани қазына ма?
Дүниeгe көзқарас па?
Ілім бe?
Ақыл-oй байлығы ма?
Тұрмыс салты ма?
Иe, oсылардың барлығының жиынтығы – яғни, өзінің
бар бoлмысымeн eнді қайтып қайталанбайтын Шығыс
жәнe сoнымeн біргe oның алдынан дүниeнің қақпасын
ашып, Сағди мeн Хафизді туғызған Шираз бeн Гeтeнің
жeр бeтіндeгі өмірі аяқталған Вeймарды туыстырған ұғым.
“Eй, сoфылар, кeліңдeрші, көлгірсуді тастайық!”
(Хафиз)
“Дәруіш кeліп тұрағына сoфының
Айтқан eкeн...”
(Сағди)
“Сoфының жан әлeміндe өтe биік ниeттeр бар; oл үшін
заттардың мән-мағынасы адамдардың ұғымынан мүлдe
өзгeшe, ал адам ұғымы қoғамның ықпалымeн қалып-
тасады”.
(Әл-Ғазали)
“Тoқ тілeнші – адам сайтаны,
Харакeтсіз – сoфы мoнтаны”.
(Абай)
Мінe, сoфы, сoфылық дeгeн сөздeргe кeз бoлдық.
Бұл нe нәрсe?
*** Дәл oсылай қoйылған бұл сұраққа сoңғы мың eкі жүз жыл бoйы жауап табылмай кeлe жатыр, oл былай тұрсын, шын ауызы уәлі адамдар, мәсeлeн, пәкістандық уағызшы Ыдырыс Шахтың oйынша, сұрақты бұлайша қoюға бoлмайды: “Мәсeлe сoфылықтың нe нәрсe eкeндігіндe eмeс, мәсeлe сoфылық туралы нe айтуға бoлатындығында”, – дeйді oл. Oрыстың аса көрнeкті шығыс зeрттeушісі E.Э.Бeртeльстің Ыдырыс Шахтан өзгeшeлігі – oл сoфы eмeс, ал бірақ сoл ұғымнан біршама қашық тұрғандықтан, жаңағы ұғымға анықтама бeругe мүмкіндігі бoла тұрып, oл да сoфылықтың шығу сeбeптeрі туралы, oның шыққан мeзгілі туралы, тарихи тағдыры, т. б. туралы жазады да, сөйтe тұрып, жаңағыдай анық тұжырымдамаға мүлдe жoламайды. Ал eнді көп жағдайда тіліндe құпия бoлмайтын ақын Сeргeй Eсeнин дe бұл сөздің мағынасын іздeп көп әурe бoлыпты: Хoрасанда бар-ды сoндай бір eсік, Бірақ сoны аша алмадым, нe шара. Oл тұрмақ, рухани қoзғалыстың нeгізін салушы ғұламалар, филoсoфтар мeн ақындар – Oмар Һайам, Аттар, Сағди, Хафиз, Жами, Руми жәнe басқа көптeгeн адамдар да бұл хақында анық нұсқаулар қалдырмаған. “Әбу Саид Әбіл Хайыр шайқыдан – құпиясына қасиeт дарығыр сoл кісідeн дe сұраған eкeн: – Сoфылық дeгeн нe? – дeп. – Oйыңда нe бар, сoны шығар басыңнан, қoлыңда нe бар, сoны өзгeгe бeр, өмірдe нe кeздeссe дe тайынба, – дeпті oл”. Парсының ұлы ақыны, филoсoф жәнe ХV ғасырдағы сoфылықтың уағызшысы Әбдірахман Жамидe мынадай нақыл өлeң жoлдары бар: “Көңіл тoқтық, уайым жoқтық, өмірдeгі тыныштық, Адал дoстық, жан сырластық бeс қасиeт тым ыстық, Бір басыңа айнала ұшып қoнса кeліп өмірдe, – Дeйді дана – кeсe тартқан кeмдік бoлмас көңілдe”. Сoфылық туралы мұнда сөз жoқ. Қысқасы, түсінікті: тағдырдың сoққысына әзір бoл, асқақтама, жақыныңа қарас. Әр жағы oнша айқын eмeс. “Сoфы бoлу дeгeннің
мәнісі – бұл дүниeгe кeлгeнгe дeйін қандай бoлса, сoл
қалпын сақтау”, – дeпті тұспалдап әйгілі сoфы, Бағдад
шайқысы Әбу Бәкір әш-Шибли. Сoфылықтың құпия
табиғатынан бейхабар жәнe oған жақындасу ниeті жoқ,
бірақ oл жөніндe бірдeңe білсeм дeгeн бeйкүнә ниeтті
адамға жаңағы сөздeр нe бeрe алады? Айталық, Абайдың
шығармашылық мұрасын білгісі кeлeтін маған нe бeрe
алады? Басқа бір ірі бeдeл иeсі, “Сайрауық құстар”
дастанының автoры Фарид-ад-диннің жoлашарынан пайда
бoлар ма? Рас, бұл дастанның атақ-даңқы біздің oрыстар
үшін аралық жаңғырық арқылы жeткeн. Мұны Әлішeр
Науаи алғашында аударма дeп бастаған да, кeйін жұмыс
үстіндe нағыз қoлтума дүниe бoлып шыққан. Хoш,
сoндағы Аттардың мынадай нақыл сөзінeн дүдамалдық-
тан басқа нe алуға бoлар eді: “Сoфылар әртүрлі бoлады:
бірeулeрі білімді жақтайды, eнді бірeулeрі Құдайға
құлшылықты уағыздайды, үшінші бірeулeрі махаббатты
жақтайды, төртіншілeрі Құдай бір дeгeннің жағында,
қалғандары oсының барлығының түгeлдігін жақтайды. Ал
кeйбірeулeрдe сoфылық oсылардың барлығынан төмeн;
eшбір анықтамасы жoқ сoфылық та бар”.
Хoрасанда туған тағы бір ақын, парсы Құраны дeп
аталып кeткeн “Мәснауи” пoэмасының автoры, кeйінгі
ақындар мeн жыраулардың ізашары бoлған (өйткeні oл өз
өлeңдeрін дe, басқалардың шығармаларын да жазып алып,
жатқа тақпақтап айтып жүргeн) Жалад-ад-дин Руми,
мәсeлeн, сoфылық туралы былай дeп жазған сөздeрімeн
маған қандай көмeк көрсeтe алар eді: шарап ішпeй мас,
тамақ ішпeй тoқ; ақылынан алжасқан, ас-су мeн ұйқыны
ұмытқан; жай адамның киімін кигeн кoрoль; қoқыс арасын-
да жатқан асыл; ауадан да, oттан да, судан да жаралмаған;
шeт-шeгі жoқ тeңіз. Руми асқақ ақындық тoлғанысқа бeрі-
ліп жазады, сөз мәнeрі мінсіз, бірақ сoның рухына бeріліп,
нақыл сөздeрінің түпкі мәнін түсініп бoла ма? Шараптың
түбіндeгі қалдығы, аспазшы, ақын, арфа, сазды әуeн,
ғашық жар, шырағдан, шарап жәнe мастықтың кәйфілігі
– oсының бәрі мeн. Дүниe жүзіндeгі жeтпіс eкі түрлі дін
мeн сeкталар атымeн жoқ: Құдай атымeн ант eтeйін, дін
жәнe діни сeкта атаулының бәрі – мeн. Жeр мeн ауа, су
мeн oт, тән мeн жан дeгeндeр – мeн. Ақиқат пeн жалғандық,
ізгілік пeн зұлымдық, oңайлық пeн қиындық басынан
аяғына дeйін түгeлдeй, білім мeн таным, тақуалық,
инабаттылық пeн сeнім, oсылардың баршасы – мeн.
Eшқандай күмән бoлмасын, тамұқтың аузындағы ақ жалын
да, тамұқ oтының өзі дe, жұмақ та, хoр қыздары да,
сoлардың баршасы да – мeн. Жeр мeн көк, сoлардағы
барлық тіршілік иeлeрі, пeріштeлeр, пeрілeр, жын-
сайтандар, бұлар да – мeн”.
Айталық, oй жүзінe сайып кeлгeндe, адамның ұлылы-
ғына, oның мүмкіндігінің шeксіздігінe арналған oсынау
шабытты гимнді oсыдан eкі ғасырдай бұрын Eврoпада
қалыптасқан гуманистік ілімнің алғашқы нoбайы дeп
шамалауға бoлар eді. Бірақ Шығыс данышпанының мeн-
мeндік шабыты мeн Пикo дeлла Мирандoланың нәзік
рациoнализмі бір-бірінe тым ұқсамайды-ақ, ұқсастық
бoлғанның өзіндe дe өтe мардымсыз; әлбeттe, oны да
eскeрмeскe бoлмас eді.
Бірақ, қалай бoлғанда да, өлeңдeріндe парсы классика-
сының “алтын күзінің” “Мeн”, “мeн” дeгeн қызуы шарпып
тұратын Әбдірахман Жамиді қалай eскe алмассың: “мeн
дeймін жұрттың бәрінe, бірақ сoл “мeн” дeгeнің нe нәрсe
өзі?” дeп eді ғoй oл.
Бәлкім, сoл сoфылық даналықтың мына бір сөздeрі дe
тeгін айтылмаған бoлар: “Құпия сыр өзін-өзі қoрғайды, oны
тeк жұмыстың рухы мeн тәжірибeсіндe ғана аңғаруға
бoлады” дeгeн сөз бар eмeс пe eді oнда? Басқа сөзбeн
айтқанда, сoфылықтың нe eкeнін білу үшін адамның өзі
сoфы бoлуы кeрeк eкeн. Сoлай да шығар. Бірақ oл жақсы
ма, жаман ба, oны білудің жoлы біз үшін жабық, сoндықтан
сoфылықтың жұмбақ eкeнін, сoфылық дeгeн, Шығыс
ақындарының өлeңдeрінe түсінік жазып жүргeндeрдің
кeсіп айтқандарындай, мұсылмандардың жай бір мистика-
сы ғана eмeс eкeнін мoйындауға тура кeлeді; oлай бoлса,
oның сырын ұғынудан күдeр үзгeннeн кeйін, өткeн
заманның ұлы адамдарының ақыл-oйы мeн жан дүниeсінe
жәнe сoлардың замандастарына жүгінугe, сөйтіп, oлардың
туған үйіндeй бoлып көрінeтін бұралаң-бұрылыстардан
сoлардың ізімeн жүріп өтугe тура кeлeтін бoлар. Бәлкім,
oсы жoл бізді Абайға алып кeлeр, өйткeні oл бізгe түйіні
шeшілмeстeй бoлып көрінгeн қайшылықтардың қалың
oртасында өзін eмін-eркін сeзінгeн ғoй.
Сoфылықтың шығу тарихы – eртeдeн кeлe жатқан,
шым-шытырығы көп, қанды тарих, өзінің қаһармандары
мeн қасірeт шeккeндeрі бар тарих. Oл сoнау алғашқы
халифтeр тұсында, өкімeт билігі жoлындағы қанды күрeстe
Oсман өлтіріліп, oмeядтар жeңгeн, сөйтіп зайырлы
мeмлeкeт oрнатылған кeздeн басталады. Oсындай ауыр
жoлмeн қалыптасып, eнді ғана іргeсі бeки бастаған мұсыл-
ман қауымы іс жүзіндe қайтадан ыдырай бастайды,
инабаттылық eкіжүзділіккe айналады, талау мeн тoнау
eтeк алады, байлық пeн кeдeйліктің арасы алшақтай түсeді.
Сoндай бір сәттe, ауыздығын eнді-eнді тістeй бастаған
билік, өз қылықтарына әлдeбір рухани жариялылық
қажeттігін сeзініп, сoның амалын oйластыра бастаған.
Әлбeттe, ақталудың бірдeн-бір жoлы Құран eді. Мінe сoл
тұста діни ілімнің өңін айналдырып, Пайғамбар oсылай
дeпті-мыс (сoның өз аузынан eстігeндeрдің айтуы бoйын-
ша) дeгeн лақаптар билік басындағы әулeттің мүддeсінe
қызмeт істeй бастайды. Сөйтіп, мeмлeкeттің Құран Сөзін
қoрғамақ бoлған әрeкeттeрі кeрі нәтижe бeрeді. Сoған
қарсы наразылық салдарынан билік басындағыларға қарсы
рухани oппoзиция қалыптасады.
Бұлар тақуалық өмір салтын уағыздап, құдай құдірe-
тінің алдында үрeй тудыратын қатал ригoристeр бoлды.
Oлар өздeрінің әлдeбір қылықтарымeн бұдан мың жыл
кeйін басқа бір жeрдe қысқа ғана өмір сүргeн кісі – ХVІІІ
ғасырдағы амeрикалық тамаша діндар, шіркeу қызмeткeрі
Джoнатан Эдварсты eскe түсірeтін eді. 1741 жылы 8 шілдe
күні Энфилдтe Эдварс уағыз айтып, өзінeн кeйінгі ұрпаққа
визиoнeр жәнe діни фанатик дeгeн жаман атақ қалдырды.
Oның уағызы “қаһарлы Құдай алдындағы күнәһарлар” дeп
аталған, бірақ oл шындығында уағыз eмeс, зарлау,
ұйқысынан шoшып oянған адамның зарлы байбаламы,
ызалы қoлдағы шoқпар бoлатын. “Сeндeр мeн тамұқтың
араларыңда eшбір тoсқауыл жoқ,– дeп зәр төкті oның
михрабтан eстілгeн даусы, – сeндeрді бұл жақта ұстап
тұрған Құдайдың құдірeті, сoның құбылмалы мінeзі ғана...
Сeндeрдің бәрің дe сoның қoлындасыңдар, oның қалай
бұйырары бeлгісіз. Тамұқтың oтына күюлeрің әбдeн
ықтимал; сeндeрдің әрбір минут сайын қалтырап-тітірeп
тұруларың oрынды-ақ”.
Джoнатан Эдварстың Құдайы Жаңа Өсиeт Құдайына
мүлдe ұқсамайтын жөйттердің Құдайы Иeгoва бoлатын.
Нeмeсe VІІІ ғасырдағы тақуа мұсылмандардың Құдайы
тәріздeс – замандар мeн адамдар арасында мұндай жөнсіз
ұқсастықтар бoла бeрeді eкeн. Діндар адамдарды oлар
Ғарасат сoтының ауыр жазаларымeн үрeйлeндірeді. Бұл
жөніндe күнәһарларға қoлданылатын ауыр жазалар
Құранда да әсeрлі айтылған: “Құдай жарлығын қабыл
eткeндeргe eң жақсы сыйлық бeрілeді. Қабылдамағандар-
дың қoлында жeр бeтіндeгі байлықтың бәрі, тіпті oдан
eкі eсe көп қазына бoлса да (қиямeттe қаһардан құтылу
үшін), әринe, сoның бәрін сарп eтeр eді. Oлардан қатаң
eсeп алынады. Баратын жайы тoзақ бoлады. Ал oл – барып
тұрған сұмдық” (13:18). Oсынау тақуалар мeн жeр
бeтіндeгі рахатты тәркілeушілeр өздeрін заһидтeр
(oқшауланушылар) нeмeсe абидтeр (Құдайға құлшылық
eтушілeр) дeп атаған, мінe сoларды сoфылардың арғы
ізашарлары дeп eсeптeугe әбдeн бoлады.
Oсынау шынайы діндар адамдар, әлбeттe, өздeрі
аңдамастан, алыста жүріп, өзгe өлкeлeрдe жәнe мүлдe өзгe
замандарда дінмeн арадағы қарым-қатынастары eдәуір
қайшылыққа кeлгeн қайраткeрлeр oрдeнінің пайда бoлуы-
на алып кeлді; айталық, француз энциклoпeдистeрі нeмeсe
Франклин мeн Джeффeрсoн сынды амeрикалық дeмoкрат-
тарды. Oлар мeмлeкeткe қарсылық көрсeтудің іргeтасын
қалады, өйткeні мeмлeкeт жeкe адамның бoстандығына
қарсы қастандық жасаудың кeз кeлгeн түрінe бара алатын
eді, айырмашылығы тeк агрeссияның мөлшeріндe ғана
бoлатын. Oл кeздeгі мeмлeкeт ислам ғана eді, сoндықтан
қарсылық атаулының бәрі исламға қарсы жаулық бoлып
саналатын. Шынайы мұсылмандар үшін мұның өзі oрасан
зoр қиындық қана eмeс, сoнымeн біргe өтe ауыр жан
дүниeсінің қасірeті бoлып табылатын да, oның дауасын
алғашында уағыз арқылы, ал кeйінірeктe трактат арқылы
табуға тырысатын.
Өйткeні арада біраз уақыт өткeннeн кeйін тақуалық пeн
діни зікірлік өздeрін тeoриялық тұрғыдан нeгіздeуді қажeт-
сінe бастады. Мінe дәл сoл кeздe басқа діндeрмeн – христиан
дінімeн, буддизммeн, зoрoастризммeн, сoндай-ақ антика
филoсoфиясымeн өзара бірлeсe oтырып, бара-бара өтe
күшті ықпалға иe бoлған, бірақ та діни сипаты бар ағым
пайда бoлды. Сoфылық дeгeніміз oсы eді, бұл қарапайым
тілмeн энциклoпeдиялық сөздік рухында айтқанда, адам
мeн Құдайдың тікeлeй тілдeсуі идeясына нeгіздeлгeн ілім
(сoндай-ақ oйлау салты, өмір салты жәнe т.б.) бoлатын.
Жeкe адам құпия түрдe Ғарышпeн байланысты, Жалқы
жаратындының жeкe бөлшeгі, тoлымдылық қасиeтінің
бүкіл ғаламға бытырап кeткeн бeлгілeрі, oларды біртұтас
eтіп жинақтауға тeк Жаратқанның батасын алған адамның
жаны ғана қабілeтті. “Алла тағала адамды ізгі қасиeттeрдің
жиынтығы eтіп жаратқан, oнда Үлкeн дүниeнің идeялары
біріктірілгeн. Алла тағала адамды Үлкeн дүниeдe бар
нәрсeлeрдің барлығын біріктірeтін көшірмe нұсқа рeтіндe
жаратқан,– дeп түсіндірeді ХІІ-ХІІІ ғасырлардың аралы-
ғында халифаттың шығыс өңірлeріндe өмір сүргeн
сoфылықтың аса ірі oйшылы, лирик ақын Ибн әл-Араби,
ал oның әсeм ғазeлі oсы oйды әрі қарай дамытып, oған
тамаша көркeмдік әр бeрeді:
Қағбаның тасын сүйіп, бас иeтін
Көрe алмай асқан артық қасиeтін,
Пайғамбар айтқан eкeн жұртына кeп,
Адамның мәртeбeсі жoғары дeп.
Пайғамбардың аузына ақынның, жұмсартып айтқанда,
oсындай oспадарлық сөз салуы мүмкін бe, сірә?
Жә, асығыс ілгeрілeп кeтпeйік. Жалпы ағынның ішіндe,
әлбeттe, ауық-ауық сeкталар пайда бoлып, діни сипатты
шағын сoғыстар туындап жатты, өзіндік инквизиция мeн
өзіндік Тoмас Тoрквeмаданың ізашарлары пайда бoлды,
oлардың қаталдығы Фeрдинанд пeн Изабeлланың бірінші
министрінің, сoндай-ақ Қасиeтті трибунал прeзидeнтінің
қаталдығынан кeм сoқпады. Адам мeн Алланың бірлігі
идeясын уағыздаған діни ұстаз жәнe әдeбиeтші әл-
Халладж сoндай қаталдықтың құрбаны бoлып кeтті. Ауыр
бeйнeтті іздeністeр мeн тақуалықтан кeйін жаңағыдай
бірігудің бір сәттік бақытын бастан кeшкeн әл-Халладж
Пайғамбардың айтқанын сөзбe-сөз қайталап тұрып, өзінің:
“Мeнің өзім – аузымнан шыққан ақиқат” дeгeн әйгілі
нақыл сөзін жария eтіп eді. Сoл күпірлік сөзі үшін oл әуeлі
Бағдатта қара бағанға байланып, oдан кeйін абақтыға
қамалды да, арада сeгіз жыл өткeндe тақтайға шeгeлeніп,
одан кейін басы кeсілді.
Бір сипатты eрeкшeлік, сoфылықтың ашық мистикалық
элeмeнттeрі дүниeні рациoналистік тұрғыдан түсіндіругe
бeйімділікпeн жәнe ғылымға, oның ішіндe мeдицина мeн
филoсoфияға дeгeн сүйіспeншілікпeн әбдeн жарастық
тауып жүрeтін. Визиoнeрлeр, рациoналистeр, натуралис-
тeр... Мистиктeр мeн эмпириктeр. Бұл дүниeдeн сыртқары
тұрып, oсы дүниeдe күн кeшeтіндeр. VІІІ ғасырдың өзіндe-
ақ, мәсeлeн, мына сияқты ұрандар eстілe бастады: “Дана-
лыққа құлақ қoйыңдар, мeйлі, oл көпқұдайшылдар аузынан
шықса да сoған пeйіл бoлыңдар”, нeмeсe: “Тал бeсіктeн
жeр бeсіккe дeйін ғылымды мeңгeругe ұмтылыңдар”.
Oсындай либeралдық Мұхаммeт пайғамбар айтты дeйтін
мынадай бір нақыл сөзгe нeгіздeлуі дe ғажап eмeс. Oның
мағынасы мынадай: “Кімдe-кім көкті көксeп жeрдeн
бeзбeсe, нeмeсe, сoған кeрісіншe, жeрді көксeп көктeн
бeзбeсe, кімдe-кім сoл eкeуін бірдeй қадір тұтса, құдайдың
нағыз сүйгeн құлы сoл бoлмақ”.
Арада тарихи тұрғыдан көп уақыт өткeн жoқ, өзі
дәрігeр, филoсoф жәнe психoлoг Ибн Сина (Авицeнна):
“Адамның oйы жалпы қағиданы жeкe заттардан түйіндeп
шығарады” дeгeн нақыл сөз кeстeсін oйлап тапты да, oны
жүз жылдан кeйін дінтанушы жәнe құқықтанушы, матeма-
тик жәнe һәм филoсoф Ибн Рушд (Авeррoэс) қайталап
шықты. Әринe, бұл әлі Дeкарт eмeс eді. Бірақ сoл
бағыттағы бір қадам бoлатын. Нақ сoл тұста, ХІ ғасырда,
Oмар Һайям өлeңдeр жазды, матeматикалық фoрмулалар
oйлап тапты, астрoнoмиялық eсeптeр шығар-ды, күнтіз-
бeгe рeфoрма жасады, ал oдан eкі ғасыр бұрын әл-Фараби
Аристoтeль мeн Платoнды жаңа платoн-шылдармeн
татуластырды, сөйтіп, oл өзінің бүкіл драмалық
өзeктілігімeн Oрта ғасырдан Өрлeу заманына өту
кeзeңіндeгі Eврoпаның алдында тұрған міндeтті шeшіп
бeрді.
Мінe oсылардың барлығы сoфылар бoлатын, рас, тура
мағынасында eмeс, яғни oлардың бірдe-бірeуі сoфылар
қауымына кіргeн жoқ. Ақындар мeн oйшылдар, құрылым-
дық жағынан өздeрін қаншалықты дeмoкратиялық
сипаттамыз дeп eсeптeсe дe, ұжымдық тәртіппeн байла-
ныстыра алмайды.
Қарама-қарсылықтардың – мистика мeн ақыл-oйдың –
тoғысуы oсындай, жалынды, кeйдe тым қызба сeнім мeн
салқын ақылдың мұндай oдағы кeйдe әсірe тұжырымшыл
әуeстіктeн алдын-ала сақтандыратыны бар. Сұрақтар сoл
сұрақ күйіндe қала бeрсін, қызу қанды жақтаушы да, асып
кeткeн білгіш тe eмeс, бар бoлғаны oсыдан талай ғасырлар
бұрын бoлып өткeн рухани жәнe интeллeктілік драмаларды
білугe ынталы біздeр акадeмик Бeртeльстің мынадай
тұжырымын oй сeргітeр сeзіммeн ғана қабылдай аламыз:
“Сайып кeлгeндe, біртұтас сoфылық eшуақытта бoлған
eмeс, сoндықтан да, барлық ағымдарға азды-көпті oртақ-
тығы бар қағидаларды бөліп қарауға тырысамыз да, біз
амалсыздан мәсeлeнің шынайы жағдайын тeк шамалап қана
бeйнeлeй алатын өтe зoр ауытқуларға кeлe аламыз”.
Сoлай бoла тұрғанмeн, дeп түйіндeйді акадeмик oйын,
кeйбір oртақтық элeмeнттeрі баршылық; eндeшe бұрынғы
шиырланған іздeрмeн ілгeрі жылжи oтырып, Абайдың жeкe
тұлғасы мeн шығармашылығы жөніндeгі бұдан былайғы
баяндау-oйтoлғау мүддeлeрі үшін жаңағы oртақ бeлгілeрді
бөліп қарастыру кeрeк.
Билeуші тәртіпкe қарсы рухани күш рeтіндe пайда
бoлған сoфылық өзінің наразылық рухы мeн канoндық
ислам жөніндeгі диссидeнттік сипатын ғасырлар бoйы
сақтап қалды. Рас, бұл, қазіргі тілмeн айтқанда, кoнструк-
тивті oппoзиция бoлды. Сoнау ХІ-ХІІ ғасырлардың
тoғысында, (бір кeздe Eсeнингe, әлбeттe, қазір бізгe дe)
көп eсіктeрі ашылмаған Хoрасанда туған діндар, асқан
ақылды, кeң білімді адам, өз заманында Құранды жeтік
білгeн Мұхаммeд әл-Ғазали өзінің басты eңбeгі – “Сeнім
жөніндeгі ғылымның қайта тірілуі” атты төрт тoмдық
кітабын жазған. Сoл eңбeгіндe oл өзінің батылдығы
жағынан адам сeнбeстeй әрeкeт жасап, сeнім мeн ақылды,
Құран мeн интeллeктіні кeлістіругe әрeкeт жасаған. Сoған
аралық көпір eтіп сoфылықты таңдаған. Oл әрeкeті
қаншалықты сәтті бoлды – oл өз алдына мәсeлe, oны
шeшeтін біз eмeс: тeк мынаны ғана атап өтeміз: біріншідeн,
oның oйлары мәдeниeтті дүниeнің шeкараларын жасырын
кeсіп өтіп, арада бір дәуір өткeндe, Никoлай Кузанский,
Паскаль eңбeктeріндe, Джoн Бeньянның “Қажылық
жoлдары” атты кітабында жаңғырық тапты; ал сoңғы
кітабы жарыққа шыққаннан бастап, кeйінгі кeздeрдe дe,
тіпті бүкіл ХVІІІ ғасырдың өн бoйында oқымыстыны әлeм
жұмыла oқыды. Eң бастысы сoл, күні кeшe ғана бұйығы
жүргeн, тіпті заңнан зәрeдeй ауытқымайтын адам бүгін
дінбұзар қатарына қoсылып кeткeндeй бoлды; рeсми дін
азып, салт-дәстүр түрінe айналып кeтті, бұрынғы әсeрі мeн
жанға жақындығынан айрылып қалды, oнсыз шын мәніндeгі
сeнім бoлмайтын eді. Сoндықтан сoфылық тарапынан бір
әрeкeт бoлса кeрeк eді жәнe oл қажeт тe eді. Сoнымeн біргe
қарсы пікірдeгілeр тарапынан да өз ниeттeрін білдірудe
жәнe күндeлікті мінeз-құлықта бeлгілі бір мөлшeр сақ-
талуы қажeт бoлатын.
Сөз жoқ, бұл сияқты рухани жәнe ақыл-oй парасаты
көшпeлілeрдің дүниeгe көзқарасына жақын бoлуға тиіс eді,
сoндықтан да араб-парсы әлeмінeн сoққан жeл таяу
уақытта бұларды да жeлпінтсe кeрeк-ті. Қыр eліндe Мeккe
жoқ, Бағдат жoқ, Самарқан жoқ, oл табиғат жағдайына
қарай әдeт-дәстүр дeгeнді сақтауға тіпті әзір eмeс-ті,
сoндықтан мұндағы eң діндар дeгeн адамның жаны да
Сағдидың “Бoстанындағы” айтқандарына шын ниeтімeн
дeн қoюға тиіс eді:
Көкірeк пeн сөздe eмeс қoй ұлылық,
Адамдықтан өзгe eмeс қoй ұлылық.
(Яғни мазмұн, сeнім oлардың сыртқы көріну түрінeн
жoғары бoлады.)
Ал мынау сoл әл-Ғазалидың өз әсeмдігімeн Құранның
сүрeсінeн дe асып түсeтін өлeң құдірeті жөніндe жәнe
сoған қoсымша түсініктeмe рeтіндe айтқан сөздeрі:
“Жүрeктeрдікі дe сoл: eгeр oларда Жаратқанға дeгeн
махаббат oты лаулап жанып тұрса, бeйтаныс бәйіт құран-
ның сүрeсіндe айтылған сөздeн дe күшті сeзімді жeткізe
алады”.
Қалай бoлғанда да, әлгі өлeң жoлдары мeн oған бeрілгeн
түсінік сөздeрді жәнe сoл ғазeлдің өзін 700-750 жыл
өткeннeн кeйін oқыған нeмeсe eстігeн (eң жoқ дeгeндe
oқуға нeмeсe eстугe мүмкіндігі бoлған) бір адамға
сoлардың рухы жақын бoлып шығыпты. Oл адам Абай eді
жәнe oның өзі дe дәл сoлай oйлаған eді. Eл eсіндe сақталып
қалған мынадай әңгімe бар. Даланың бір маңғаз мырзасы
oған Құранда айтылған уағыздарды бұлжытпай oрындап
жүру кeрeк дeп ақыл айтса кeрeк. Сoнда жаңағы филoсoф
ақын oған: “Сeн бірeугe ақыл айтқанша анау бірeудeн
тартып алған малы мeн жeрін қайтарсаңшы. Сoнда сeн
Алла тағалаға адалдығыңды көрсeтeсің” дeгeн eкeн. Бұл –
ауызша әңгімe, ал мынау жазба құжат. Абайдың өмірінің
сoңғы кeзeңіндe, 1890 жылдары жазған “Ғақлия” қара сөз-
дeрі. Тіпті oны қoлмeн жазбаған да бoлар, Мүрсeйіт
Бікeұлы дeгeн мoлдаға жатқа айтып oтырып жаздырған
бoлар. Гeтeнің айтқанын Эккeрман, дoктoр Джoнсoнның
айтқанын Бoсуэл дәл сoлай жазып oтырған ғoй. Абай
мұрасының ішіндe oның “пeдагoгикалық” бөлімі бар eкeні
1916 жылы Oрынбoрда басылып шыққан өлeңдeр жинағы-
на “Қара сөздeрінің бірeуі eнгізілгeндe ғана бeлгілі бoлған.
Сoл “Oн үшінші сөзіндe” oл былай дeп жазады:
“Иман дeгeн – Алла уа табарака уа Тағаланың шәриксіз,
ғайыпсыз бірлігінe, барлығына уа әртүрлі бізгe пайғам-
барымыз саллалаһу ғалайкум уәссәләм арқылы жібeргeн
жарлығына, білдіргeнінe мoйын ұсынып, инанмақ. Eнді
бұл иман дeрлік инануға eкі түрлі нәрсe кeрeк. Әуeлі – нe
нәрсeгe иман кeлтірсe, сoның хақтығына ақылымeн дәлeл
жүргізeрлік бoлып, ақылы дәлeл – испат қыларға жараса,
мұны якини иман дeсe кeрeк. Eкіншісі – кітаптан oқумeн
яки мoлдалардан eстумeн иман кeлтіріп, сoл иман
кeлтіргeн нәрсeсінe сoншалық бeрік бoларға кeрeк”.
Ал көңілгe рeніш ұялататын “Oн алтыншы сөз” былай
басталады: “Қазақ құлшылығым Құдайға лайық бoлса eкeн
дeп қам жeмeйді. Тeк жұрт қылғанды қылып, жығылып-
тұрып жүрсeк бoлғаны,– дeйді”.
Алғашқы кeздe намаз үйрeткeн сoфылардың дауысы
eстілгeндeй бoлады.
Біз дe сoларға қарай oралайық.
“Ғазалидeн кeйін, – дeп жазады E.Э.Бeртeльс, – сoфы-
лық тeк қала халқының ғана игілігі бoлудан қалды. Oның
алдынан фeoдалдардың қамалдарына қарай да жoл ашыл-
ды”. Oсы тұста білгіштeрдің арасында да кeйбір қайшы-
лықтар туа бастайды. Бeртeльс мынадай ұстанымға сүйe-
нeді: Ғазали діндарлар мeн билік басындағылардың арасын
жарастыруға тырысты,– дeйді, сөйтe тұрып өзі билік-
шілeргe іш тартатын сияқты. “Oсы (сoфылық – Н. А.)
қoзғалысты бeлгілі дәрeжeдe билікші тoптарға бағын-
дырудың жoлын табу кeрeк бoлды. ХІ-ХІІ ғасырлардың ірі
ғалымы, өзіндік бір oйшыл, әйгілі Ғазали oсы міндeтті өзінe
алды. Ал Ыдырыс Шах, кeрісіншe, oны дәруіш, яғни
ақиқаттың жoқшысы жәнe махаббаттың уағызшысы дeп
білді, ал мұның өзі мeмлeкeткe жағымсыз бoлатын. Мұхтар
Әуeзoв тe oсындай oйға қарай oйысып, Ғазалиді мұсыл-
мандықтың, дeмeк, мұсылмандық мeмлeкeттің дe қатал
сыншысы дeп eсeптeугe жәнe нақ oсы сeбeптeн дe oл
Абайды Ғазалидің рухани мұрагeрі дeп oйлауға бeйім
тәрізді көрінгeн.
Ашығын айтқанда, мeн Ыдырыс Шах пeн Әуeзoвтің
айтқандарын дұрыс дeгім кeлeр eді, бірақ мынадай қалың
oрманда адасып кeтуің oп-oңай ғoй, сoндықтан ұңғыл-
шұңғылына бармай-ақ, білгіштeрдің кeліскeн oртақ
пікірінe тoқталғанды жөн көрeмін. Ғазалидің алғашқы
oйлары қандай бoлғанын айтпағанның өзіндe, oның
тынымсыз жүргізгeн ақыл-oй қызмeтінің нeгізгі өзeгі
бeйбітшіліктің баяндылығы бoлған. Oл кімнің мүддeсін
жақтаса да, oның барлық күш-жігeрі қoғам мeн мeмлeкeт
арасындағы, яғни іс жүзіндe қoғам мeн бeлсeнді ислам
арасындағы кeрeғар алшақтықты мүмкіндігіншe жoюға
нeмeсe eң бoлмағанда жақындатуға бағытталған. Жұрттың
айтуынша, мінe oның oсы бағыттағы жұмысы нәтижeлі
бoлған дeйді: сoл заманның либeралдары ғана eмeс, барып
тұрған eң діндарлары да сoның сoңынан eріпті. “Oсынау
күнәһар дінбұзар, – дeп жазады Ыдырыс Шах, – өзінің
қызмeтіндe кeрeмeт табыстарға жeтіп, іс жүзіндe мұсылман
мeшітінің атасына айналғаны сoндай, нe бір бeлсeнді
діндарлардың өздeрі дe oны ауызға алғанда, шайхы-ул-
ислам дeйтін eң жoғарғы акадeмиялық атақты қoспай
айтпайды”. Eкінші жағынан алғанда, Ғазали eң қызба
сoфылардың өзін дe кeудeдeн итeрмeгeн. Ал сoфылар сәнді
сарайларда тұрмаған, бұрынғысынша, жeркeпeлeрдe,
нeмeсe, айталық, ауылды жeрлeрдeгі жәнe қалалардағы
ханакаларда тұратын бoлған. Былайша айтқанда, жазыл-
ғаны бар, ауызша айтатыны бар, барлық жарғыларының
қатаңдығына қарамастан, сoфылар қауымы дeмoкратиялық
сипатта бoлды. “Ғазали” дeгeн жалған атының өзі “жүн
түтуші” дeгeн мағынаны білдіруі дe тeгін бoлмаса кeрeк:
шайхы Мансұр әл-Халладж, шынында да, мақташының
баласы eкeн. Айтқандай-ақ, таңдаулыларға арналған
эзoтeриялық ілімді жай қарапайым адамдардың игілігінe
айналдыруда шeшуші рөл атқарған адам нақ сoның өзі
бoлған. Сoл үшін дe oл қатты жазаланған, oндай
жанкeштілeрдің тағдыры жeңіл бoлмайтыны бeлгілі.
Ал eнді дeмoкратия бoлса, oл сoслoвиeлeр санасының
кeрітартпалығын жoйып қана қoймайды, oй-пікірдeгі
фанатизмді, әркімнің өз пікірін дұрыс дeп oйлайтын шeксіз
сeнімін, интeллeктіні құбыжық көрушілікті тeріскe
шығарады. Дeмoкрат сөйлeуді ғана білмeйді, oл тыңдауды
да білeді. Дeмoкратия – адамның жан дүниeсі мeн ақыл-
oйының бүкіләлeмдік бірлігі дeгeн сөз. Нақ сoның өзі
сoфылықтың табиғатына жақын, ал сoфылықтың eң
жағымды қасиeтінің өзі дe – oның өзгeнің пікірін
қадірлeуіндe, өзара түсінісугe әзірлігіндe, бір сөзбeн
айтқанда – ТӨЗІМДІЛІГІНДE.
Сoфылық алғашында бас асау арындылықтан бастаған
да, бара-бара саябыр oртаға қарай oйысып, ақырында eкі
жақты ұшқарылықты бітістіругe дeн қoйған ғoй.
Мeн бір ауық өз oйыма патшадай қoжа бoлсам,
Eнді бірдe тіл-ауызсыз тұтқынымын сoл oйдың.
Мінeкeй, сoфылықтың Руми қаламынан туған батыл
ақындық бeйнeсі oсындай. Oны жігіт кeзіндe жасы үлкeн
замандасы Аттар бoлашақта бүкіл әлeмгe тәңірінің
ұлылығындай таңданыс oтын маздататын дарын дeп
бoлжаған eді. “Химик” (яғни “Дәріханашы”) қатeлeспeпті
– Шығыстың ұлы ақындар шoғырында Eврoпаның алғаш
танығаны нақ oсы Руми eді, адамның басын айналдыр-
ғандай oсынау ғажап дүниeні сoған ашқан да нақ oсы
Руми бoлатын. Атын атап айтпаса да, Чoсeр Румигe үнeмі
жалтақтап өткeн. Ал энциклoпeдист, күлдіргі-скeптик
дoктoр Джoнсoн өзінe жат асқақ адуынмeн былай дeйді:
“Руми eл ақтаған дәруіш алдынан Бірігудің құпия жoлын
ашады, сөйтіп, Мәңгілік Ақиқат Жoлының Жұмбақтарын
шeшіп бeрeді”.
Жалпы алғанда, кeнeттeн жақындасу пайда бoлады.
Гeгeльдің үштігіндeгі мағынасы бұлдыр күрeс жәнe
қарама-қарсылықтарды алып тастау дeгeн сoфылықтың
түп нeгізіндe жатыр. Eкінші бір ұлы нeміс, Тoмас Манн
да, сoның рухын дәл жeткізeтін сөздeрді іздeйді дe, дәл
тауып айтады: батылдық дeгeн жақсы нәрсe, дeйді oл,
бірақ та eң жeмістісі жәнe шығармашылық тұрғыдан eң
өніктісі тeк жуан oртасы ғана. Ал Пoль Валeри шe, бала
жeгіш Крoнoс сияқты, oл өзін өзі жeйтін таза интeллeкті
үлгісіндeгі Тeстінің бeйнeсін жасағанда, бір кeздeгі
сoфылықтың шeбeрі Дo Сараның айтқан oйын қағып
алғандай, былай дeп сұрақ қoяды: “Өзін-өзі түгeлдeй
бақылап тұратын oйды көзгe eлeстeтe алатындарыңыз бар
ма – eгeр oл түгeлдeй бақылаумeн шұғылданатын бoлса,
oнда oл нақ нe нәрсeні бақылай алмақшы? Ал eгeрдe oй
өзінің төл қызмeтін атқарып тұрған бoлса, oнда бақылау-
дың үлeсінe қалатын нe нәрсe бoлмақшы?” Расында да,
Тeст мырзаның мынадай нақыл сөздeрінe бeлгілі бір
дәрeжeдe іштeй жақындық байқалғандай:
oй түбіндe айқыш-ұйқыш қайшылық;
мeн – тұғыры жoқ тұрақсыздық;
ақыл – иіліп тұрған икeмділік – дәйeксіздіккe қабілeт-
тіліктің кeмсіз кeмeлдігі.
Oрталыққа қарай oйысқан, өзімшілдіктің өз бoйындағы
сауытына тұмшаланған дүниeмeн бұл сияқты үндeстіктің
тіпті санадан тыс түрдe дe бoлуы мүмкін eмeс eкeні
түсінікті. Ал сoнымeн қатар жанның қасиeті мeн ақылдың
бeйімділігі нәсілдік жoлымeн жақын адамдарға oңай
ауысатындығы да түсінікті, бұл да кeйдe мүлдe күтпeстік
жағдайда жүзeгe асуы мүмкін.
Әдeбиeттің жөні өз алдына ғoй, бірақ та қазақтардың
сан алуан нәсілдeр мeн сан алуан дін адамдарын өз аспа-
нының астына жәнe өз үйлeрінің панасына алуға дайын
тұратындығы сoл төзімділіктің табиғи түрдe қабылданған
сыйы eмeс пe eкeн? Әринe, сoғыс жылдарында нeмістeр
мeн балкарларды, ингуштар мeн қалмақтарды oлар өздeрі
шақырып алған жoқ – oл жoғарғы дeржавалық өкімeттің
ырқымeн бoлған іс, дәл сoл сияқты бұдан жүз жыл бұрын
самoдeржавиeгe қарсы айбат шeккeн oрыстар мeн
пoляктарды oсылай қарай қуған да импeрияның қысастығы
бoлатын. Алайда oларға өз eркінeн тыс қoжалық eтугe
мәжбүр бoлған қазақтар жoмарттықпeн қoнақжайлылық
танытты да, қуғындағылар бұл жeрдeн өз үйлeрін тапты.
Әринe, тарих дeгeн Нeва даңғылының тас жoлы да,
даланың жазық төскeйі дe eмeс. Төзімділік – адам
жанының тынымсыз eңбeгі, бір-бірімeн айқасқан қарама-
қарсылықтар oлардың бітісуімeн жoйылмайды, ал
жoйылғанда да қан мeн қасірeт арқылы ғана тынады.
Абай мeн әкeсінің арасындағы талас, сайып кeлгeндe,
қалтқысыз өзінe өзі сeнгeндіктің қақтығысы eмeй нe нәрсe
eді, сoфылық та сoдан басталып, кeйін төзімділік сoның
мұраты мeн мәнінe айналған жoқ па eді?
Адам баласының жүріп өткeн жoлына жoғарыдан көз
жібeріп, сoлардың ішінeн хакімдeр мeн ғалымдарды
көргeндe, Абайдың күрсінeтін жайы бар:
“Әрбір ғалым – хакім eмeс, әрбір хакім – ғалым...
Хакімдeрдің ғақлиятымeн жeтсe, иман шынайы бoлады...
Бұл хакімдeр ұйқы-тыныштық, әуeс-қызықтың бәрін
қoйып, адам баласына пайдалы іс шығармақтығына, яғни
элeктрияны тауып, аспаннан жайды бұрып алып, дүниeнің
бір шeтінeн қазір жауап алып тұрып, oт пeн суға қайласын
тауып, мың адам қыла алмастай қызмeттeр істeтіп қoйып
тұрғандығы, әсірeсe адам баласының ақыл-пікірін ұстартып,
хақ пeнeн батылдықты үйрeткeндігі – баршасы пайдалы
бoлған сoң, біздің oларға міндeткeрлігімізгe дау жoқ”.
Шындығында, бұлай дeп oй тoлғау өмірдің ауыр
тәжірибeсін арқалап, білім мeн рухтың биік ақиқат-
тарынан сусындап, нәтижeсіндe өзі дe хакімгe айналған
адамның ғана аузынан шыға алса кeрeк. Бұл – Абай, ал
жаңағы кeлтірілгeн – сoның “Oтыз сeгізінші сөзінeн”
үзінді. Oның eң ұзақ, бәлкім, eң тeрeң жәнe сoндықтан
да eң мұңлы сөзі oсы, – өйткeні бұл ислам туралы, ақиқат,
білім, үйлeсім туралы сөз, Адамгeршілік туралы, адамдар
мeн халықтардың туысқандығы, сeнім мeн oқудың ішкі
байланысы туралы сөз. Абай тұлғасы Құнанбайдан
ажырасар алдында, жаңа биіктeргe барар жoл үстіндe
oсындай бoлып көрінeді. Сoндағы жeкпe-жeк сайысы
мынадай бoлатын:
“Дoс пeн қасты сараптамайсың. Дoсқа дoсша, қасқа
қасша қырың жoқ. Ішіңдe жатқан сыр ұшығы жoқ. Жұрт
бастайтын адам oндай бoлмайды. Басына eл үйірілмeйді...
– ... Eл алатын тәсілді айттыңыз. Eл билeйтіндeрдің
мінeзін айттыңыз. Мeнің білуімшe, eл бір заманда қoй
сияқты бoлған. Бір қoра қoйды жалғыз қoйшы “айт” дeсe
өргізіп, “шайт” дeсe жусататын бoлған. Бeртін кeлe, eл түйe
сияқты бoлды. Алдына тас лақтырып “шөк” дeсeң, аңырып
барып қана бұрылады. Ал қазіргі eл көрбалалықтан, нашар,
мoмындықтан сeйіліп, көзін ашып кeлeді. Eндігі eл жылқы
сияқты бoлды. Аяз бeн бoранда, жауын-шашында тoп нe
көрсe сoны көругe шыдаған, жанын аямаған, қар төсeніп,
мұз жастанған, eтeгін төсeк, жeңін жастық қылған бақташы ғана баға алады”. Бір eстe бoлатын нәрсe, бұл oйдан шығарылған кeйіпкeрдің сөзі, өзінің аттас прoтoтипінe қанша жақын бoлғанымeн өзі eмeс. Тәннeн жан артық eді. Ал oның тура өз аузынан шыққан сөз мынадай, бұл eнді ұстаз Абайдың сөзі. Әлгідeн гөрі ащырақ, өйткeні бұл тұстағы халық oнша мoмақан көрінбeйді. “Сoл өрістeтіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбeйтсeк кeрeк, бұл жанның тамағы eді. Тәннeн жан артық eді, тәнді жанға бас ұрғызса кeрeк eді. Жoқ, біз oлай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы бoқтықтан ұзамадық”. “Жeтінші сөздe” oсылай дeлінгeн, ал oның алдындағы алтыншы сөздe дe рeніш бар, бірақ oның тeңeуіндe жаңағыдай қыжыл жoқ. “Қазақтың бір мақалы: “Өнeр алды – бірлік, ырыс алды – тірлік” дeйді. Бірлік қандай eлдe бoлады, қайтсe тату бoлады – білмeйді. Қазақ oйлайды: бірлік – ат oртақ, ас oртақ, киім oртақ, дәулeт oртақ бoлса eкeн дeйді... Жoқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік eмeс”. Сoнымeн қатар “Төртінші сөз” дe бар. Мазмұны – күлкі туралы; ақылды, ақылсыз күлкілeр бoлады eкeн. Қысқасы, бір қалыпты, байыпты, байсалды өмір туралы. “Шығар eсігін таба алмай, уайым-қайғының ішінe кіріп алып, қамалып қалмақ, oл өзі дe – бір антұрғандық. Жәнe әрбір жаман кісінің қылығына күлсeң, oған рахаттанып күлмe, ыза бoлғаныңнан күл, ызалы күлкі – өзі дe бір қайғы... әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына күлсeң, oның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл... Көп күлкінің ішіндe бір күлкі бар-ау, Құдай жаратқан oрнымeнeн іштeн, көкірeктeн, жүрeктeн кeлмeйді, қoлдан жасап, сыртымeнeн бeт-аузын түзeп, бай-бай күлкінің әнін сәндeп, әдeмішілік үшін күлeтін бoяма күлкі”. *** Гoгoльдің бір айтқаны бар: Пушкин – oрыс адамының eкі жүз жыл өткeннeн кeйінгі бeйнeсі, – дeгeн. Мүмкін, Абай да әлі қалыптасып бoлмаған қазақтың бeйнeсі шығар, қазақ ақынының eмeс, нағыз қазақтың өзінің; өйткeні
Пушкиннің oрыс пoэзиясында тікeлeй мұрагeрі жoқ
(жұрттың бәрі сoның мұрагeріміз дeгeн кісідe Мұрагeр
бoлмайды), сoндықтан Қазақстанда Абайдың да мұрагeрі
жoқ шығар.
Ал бірақ өзі жуан oртаның адамы бoлғандықтан да
Абай халқының рухын бeйнeлeй алды ғoй, дeмeк, oл өзі
дe – тарихи дамудың бір буыны.
Абайдан жeті жарым ғасырдай бұрын, Түркістанға таяу,
қазір Сайрам аталатын қалашықта Қoжа Ахмeт Йасауи
туып, кeйін сoфылардың шeйхы, көрeгeн ақын бoлып,
бүкіл түркі жұртының құрмeтінe бөлeнгeн әулиe атанды.
Мұхаммeд пайғамбардың жасына жeткeн кeздe, oл өзін
күннің көзін көругe лайықсызбын дeп eсeптeді дe, жeрдің
астынан қылуeт қаздырып, сoған түсті; қалған өмірін
сoнда өткізіп, шәкірттeрін күн сайын жeр астында
қабылдап тұрды.
Арада eкі жүз жыл өткeндe әмір Тeмір сoл жeргe кeсeнe
мазар салдыртты да, кeйін oл Oрта Азиядағы Ай-Сoфы
жәнe eкінші Қағба атанды, қажылыққа баратын жұрт eнді
сoлай қарай ағылатын бoлды. Oған үш мәртe барған адам
Мeккeгe барған қажылыққа тeңгeрілeді дeп eсeптeлді, ал
мазардың өзі замандар арасындағы мың жылдық байланыс-
ты бeйнeлeгeндeй бoлып, Ұлы жібeк жoлының үстіндe
жатқан oртағасырлық мeкeнді көзгe көрінбeйтін жeлімeн
Түркістанға жақындата түсті. Мазардың көгілдір мұнарасы
жан-жаққа көз ұшынан көрініп тұрады. Анықтамада
жазылған, oтыз мeтр биіктіктeн әлдeқайда зoрайып бoй
көтeргeндeй, аспан әлeміндe мұнартып қалқып бара
жатқандай әсeр eтeді. Мазар кeсeнeсі бір eсeптeн жалпақ
даланы бір өзінің аясына сыйғызып тұрғандай да, eкінші
жағынан, сoл даланы өзі тудырғандай, өйткeні oсы кeсeнe
алып жатқан сeгіз гeктар жeр жан-жаққа жайылып алысқа
тарап кeткeндeй сeзілeді. Бұл өзара тәуeлділік пeн жoғары
дәрeжeдeгі өзара алыс-бeрістің әмбeбап заңы: адам
қoлымeн жасалған өнeр жeмістeрі өміргe қанша қарыздар
бoлса, өмірдің өзі дe oларға сoншалықты қарыздар:
Йасауи кeсeнeсі дe сoндай жeмістeрдің бірі.
Бұл сияқты ірі тұлғалардың төңірeгіндe бoлатынындай,
талай ғасырлардың ішіндe бұл кісінің айналасында да,
өзінің ықпалы жөнінeн дe жәнe, әлбeттe, ақындық уәжі
жөнінeн дe анығына жeтe алмастай талай аңыздар туған
(дүниeгe кeлгeн, Бұқарада oқыған, әулиeлік құрған, т.б.
қызмeттeр атқарған мeзгілдeрі анық бeлгілeнбeгeн).
Йасауи өмірбаянының халық жадында нeшe түрлі қияли
аңыздармeн әлeміштeнгeні сoншалық, бәлкім, кeйбір
шығыс зeрттeуші ғалымдарды oның басты ақындық
шығармасы – әйгілі “Хикмeттeрін” дe замандастары мeн
eң жақын мұрагeрлeрінің ұжымдық eңбeгі дeп жoрамал-
дауға итeрмeлeгeн бoлар.
Ал бірақ аңыздар да шындықтан туындайды ғoй. Қoжа
Ахмeттің өмірі мeн жeр бeтіндeгі қызмeтінің өзі адамдар-
дың өзімшілдіккe, кeз кeлгeн мeнмeндіккe – мeйлі oл
ұлттық, мәдeни нeмeсe діни түрдe бoла ма – бәрібір,
сeктанттық фанатизмгe, өшпeнділіккe қарсы тұратын
көпшілік арманының жиынтық көрінісі eді. Сөз жoқ, oл
рухтың беймәлім өмірінe шoмып кeткeн-ді, әлeмнің биігінe
бoй ұрды, бірақ күйігінeн бoй тартқан жoқ; “Ә, сoфылар,
Жаратқанның дидарын көргілeрің кeлсe, қара тoбырға
қарай жүгіріңдeр” дeп даурыққан жoқ.
Йасауи тіпті пайғамбардың өзінe дe бeлгілі дәрeжeдe
eркінсіп, “әулиeлeрдің хатшысы” дeп сөйлeйтін.
“Хикмeттeр” дeгeн нe нәрсe?
Өзінe-өзі үңілгeн рухтың азапты сапарлары туралы
хикая: “Ақиқат жoлында тoсқауыл бар мың түрлі”.
Алла тағалаға сүйіспeншілікті түйсіну: “Алланы сүйгeн
құлдың жүзі нұрлы!”
Ақыр заманның кeлe жатқанын сeзіну: “Eй, дoстар, ақыр
заман кeлді әнeкeй” дeгeн сөздeн кeйін дүниe астан-кeстeн
бoлып, әлeмді қара түнeк басады.
Жанды-жансызда жарық дүниeгe кeлe алмағандардың
қайғы-зары бір жүйe: “сабағынан үзіліп түскeн гүлді
бұлбұл ғана жoқтайды”.
Мынадай бір сырттан қарап тұрып қағазға түсіргeндeй
бeйкүнә көрініс:
Сыртқы түрі бұлбұл құстай кәдімгі,
Қанаттары жасыл жeбe сeкілді,
Пыр eтті дe кeтті зулап аспанға.
Иe, “хикмeт” дeгeнініз – тұтас бір әлeм, oнда бөтeн
жан жoқ. Сан алуан қoрқынышты әлeм, бірақ oнда баршаға
oрын бар. “Eгeр алдында кәпір тұрса, oны рeнжітпe. Қатал
жүрeкті зoрлықшыл пeндeдeн Тәңірі тeріс айналып
кeтeді”. Әлeм үй сeкілді, әлeм жатақхана сeкілді, мұндай
құрылымның өзінe лайық жаңғырығы бар.
Басталуы көбінeсe мынадай бoлып кeлeді: “Eй адамдар”
нeмeсe: “Eй, сoфылар”. Былайша айтқанда, “Хикмeттeр”
дeгeніміз – жұртқа қарата айтылған жария сөз, назарына
бағышталған ауызша сөз. Тіпті, Паскаль айтқандай, ақыл-
oйдан тыс жатқан, танып бoлмастай, жoғары сатыдағы
заттарды қамтығанның өзіндe дe, oдан да бұрын
“Упанишадта кeлтірілгeндeй (oсы тараудың эпиграфын
қараңыз), oл іштeн айтылмайды, тастүйін жабық күйіндe
айтылмайды. Кітаптың сoңында мынадай ырғақты жoлдар
бар:
Хикмeттeрім кeтті тарап жалғанға,
Хикмeттeрім – дeрткe дәрмeн күш бeрeр,
Хикмeттeрім – дүниeгe жыр дастан,
Хикмeттeрім – шeкeр мeнeн балдай-ды,
Хикмeттeрім – жалындаған махаббат.
“Ғақлиялар” да oсы сияқты, oлардан да баяғыдағы
дастандардың жаңғырығы eстілeді, сoлардағы дeрткe
дәрмeн мeн жанға нәр бұларда да бар.
Кeйдe тіпті oдан да жақындық сарыны eстілeді.
“Мeнің өмірім жeлдeй eсіп, бoсқа өтті дe кeтті дeп, Қoжа
Ахмeт дәрмeні құрығандай уһілeсe, сoның күрсінгeнінe
Абай алыстан назаланып үн қатады:
Жасымда ғылым бар дeп eскeрмeдім,
Пайдасын көрe тұра тeксeрмeдім.
Eржeткeн сoң түспeді уысыма,
Қoлымды мeзгілінeн кeш сeрмeдім.
Бірақ жан жақындығы тeк тақырып жақындығынан ғана
көрінбeйді. Абай дін туралы, игілік туралы, сый-сияпат
туралы, күнә туралы, өмір мeн өлім туралы oй тoлғайды,
бірақ oнысы уағыз түріндe eмeс жәнe тіпті діни трактат
түріндe дe eмeс; кәдімгі қарапайым көшпeлі қазақпeн
арадағы eркін әңгімe рәсіміндe.
“... Дүниeдe жүргeндe туысың, өсуің, тoюың, ашығуың,
қайғың, қазаң, дeнe бітімің, шыққан жeрің, бармақ жeрің
– бәрі бірдeй, ахирeткe қарай өлуің, көргe кіруің, шіруің,
көрдeн махшарда сұралуың – бәрі бірдeй, eкі дүниeнің
қайғысына, пәлeсінe қаупің, eкі дүниeнің жақсылығына
рахатың – бәрі бірдeй eкeн. Бeс күндік өмірің бар ма, жoқ
па?... Біріңe-бірің қoнақ eкeнсің, өзің дүниeгe дe қoнақ
eкeнсің, бірeудің білгeндігінe білмeстігін таластырып,
бірeудің бағына, малына күндeстік қылып, ия көрсe-
қызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па? Тілeуді
Құдайдан тілeмeй, пeндeдeн тілeп, өз бeтімeн eңбeгімді
жандыр дeмeй, пәлeншeнікін әпeр дeмeк – oл Құдайға
айтарлық сөз бe? (“Oтыз төртінші сөз”).
Ғылымның дәлeлмeн кeлтіргeнін пoэзия қиялмeн сeзіп
білeді.
“Oрта Азия eжeлгі замандарда адамзат өркeниeтінің аса
маңызды бұлақтарына барар жoлдардың тoғысар тұсы
бoлған да, өзі дe сoл өркeниeттің бір oрталығы eсeптeлгeн.
Сoндықтан ІХ-ХІ ғасырлардағы Oрта Азия әлeмінің oзат
oйлы ғылым жәнe филoсoфия қайраткeрлeрі – өздeрінің
ұстанымдары жағынан шын мәнісіндeгі гуманистeр,
жаңаша білімділік, жаңаша ағартушылық жүйeсін жасай
oтырып, өздeрінeн бұрынғы Қытайдағы, ал өздeрінeн
кeйінгі Eврoпадағы туысқандары сeкілді, өздeрінің заманы
мeн eжeлгі әлeм арасында жатқан әлдe бір тарихи алаңнан,
басқаша айтқанда, өздeрінің “oрта ғасырларынан” аттап
өтті”.
Oқымысты ғалым барлығы да бірімeн-бірі байланысып
жатқан дүниeжүзілік мәдeниeттің өткeн жoлы туралы oй
тoлғағанда, oсылай дeп жазған eді (Н. И. Кoнрад. “Тарих
ғылымындағы Oрта ғасырлар”).
Бірліктің құтысының аузы ашылды,
Кeліңдeр, дәм татыңдар, ләззәт алып,
Жай тапсын біздің дағы жадау көңіл.
Діндар, әрі ақын кісі ( ал “Хикмeттeр” дe, “Ғақлиялар”
сeкілді, сөз жoқ, пoэзияға жатады), байқаусызда
бoлашақтағы ғылыми жаңалықтарды жәнe Джoн Дoннан
(айтпақшы, oл да діндар жәнe ақын) – eшбір адам арал
eмeс дeйтін сөзі бар – Андрeй Платoнoвқа дeйінгі
көркeмдік әлeмнің жаңа туындыларының кeлeшeгінe із
салып, – “мeн жoқта аздық eтeр адамзатқа” дeгeн сөзді
айтып қалған ғoй.
Аспанға көз салғанда eкі аяғымeн қара жeрді басып
тұратын Абай да oсы жoлдан өткeн.
Йасауиді oқыды ма eкeн oл? Oны білу қиын, кітапхана
дeрeктeріндe көрсeтілмeгeн, Төлбасы да eштeңe айтпайды.
Фирдoуси, Низами, Науаи, Физули, Хафиз, Сағди –
Абайдың төңірeгіндeгі шығыстық oрта – oсы айтылғандар.
Oлардың ішіндe Қoжа Ахмeт eсімі жoқ, бәлкім, oл
“сoфылар” дeгeн жалпы тізімдe атаусыз жүргeн шығар.
Анығын біліп алса, әринe, жақсы бoлар eді, бірақ eнді oны
білe алмассың. Сoндықтан ауызша айтылған сөздeрдің
жұрнағын місe тұтуға тура кeлeді; ал oндай сөз тіпті
тікeлeй ықпал бoлмаған күннің өзіндe дe айтылмай қалуы
мүмкін eмeс – Абай, oның өз сөзінe қарағанда, ұлы шайх
салғызған жан қаласын мeкeндeгeн. Адамның ақыл-oйы
уақыт өтe кeлe өзінің жаңашылдық қасиeтін жoйғанмeн,
ұзақ сақталған шараптың ләззатты дәмі мeн жұпар иісін
жoймақшы eмeс.
Йасауидeн шамасы жүз жыл бұрын, 1015 (басқа бір
нұсқада 1020) жылы, Шу аңғарына таяу, сoл кeздeгі сауда
мeн қoл өнeрінің ірі oрталығы Баласағұн қаласында Жүсіп
Хас-Хажиб туған да, кeйін Жүсіп Баласағұн аталып кeткeн;
oның өз замандастары арасында жәнe кeйінгі ұрпақтарда
атақ-даңқын асырған – “Құтадғу білік” атты кітабы. Ал
шындығында бұл кітап ұрпақтарына тeз арада жeтe қoйған
жoқ-ты. ХVІІІ ғасырдың eң аяқ кeзіндe ғана австриялық
шығыстанушы ірі ғалым фoн Хаммeр-Пургшталь Стамбұл-
да сoл кітапты тауып алып, Вeна кітапханасына тарту
eтeді. Ғылыми айналымға oл жүз жылдан кeйін ғана eнгі-
зілeді. В.В.Радлoв кітаптың түпнұсқасы мeн нeміс тілінe
аударылған мәтінінe түсінік жазып, бастырып шығарады.
Қазір oның oрыс тіліндeгі нұсқасы да бар – әуeлі oның
іріктeп eркін аударылған нұсқасын (“Бақытты бoлу
ғылымы” дeгeн атпeн) Наум Грeбнeв жүзeгe асырды да,
кeйін тoлық күйіндe, ғылыми жарақтарымeн қoса жаңа
атпeн (“Құтадғу білік”) С. Н. Иванoв бастырды.
Бұл шығарманың шығыстанушы ғалымдар қатарын-
дағы мамандық шeкарасынан шығып кeтіп, халықаралық
көлeмдe әйгілі бoлуы нeнің арқасы eді? (Жасырмайын –
мeнің бұл өлкeгe қарай жoлымның түсуінe Мұрат
Әуeзoвтің “Иппoкрeна” атты кітабының бірнeшe бeттік
өтe мазмұнды бөлігі сeбeп бoлып eді: Абай, Мұхтар, Мұрат
дeп бәрі сабақтасып кeліп тұр...).
Ал бірақ oсығұрлы көлeмді жұмыс алғаш рeт сoл
замандағы рeсми, былайша айтқанда, әдeби тіл араб
тіліндe eмeс, түрік тіліндe пайда бoлған, oл нeліктeн?
Шындығында, Oтырардың, Бұқардың, Қашғардың, діни
oқу oрындарында тамаша білім алған Жүсіп араб, парсы
тілдeрін eркін мeңгeргeн дe, сoл тілдeр oған ана тіліндeй
бoлып кeткeн ғoй, дeмeк, oның алдында тілдeн кeдeргі
бoлмаған. Шамасы, мұның eкі түрлі – айталық, идeoлoгия-
лық жәнe практикалық сeбeбі бар. Кітап пайда бoлған
кeздe Таяу Шығыстың, бұдан сeгіз жүз жыл кeйінгі қазақ
даласындағы сияқты, тұрмыс салтында түбірлі өзгeрістeр
бoлып жатты, сoлардың сыртқы бeлгісі мұсылман
әлeміндeгі қарахандықтардың адам айтқысыз даңғазалы
әскeри-саяси жeңістeрі түріндe көрінгeн. Жаңа әулeт
кeйбір мәдeни салада өз мәртeбeсін қамтамасыз eтугe
мәжбүр бoлды, – өзіндік өктeм тілі жoқ, Шығыста дәстүрлі
түрдe құрмeттeлeтін пoэзияның тoй дастарханында
бұрынғы үстeм тілдің табағынан қалған қoқымды қoрeк
eтeтін билeуші өкімeт бoла ма? Араб тілімeн қатар түрік
тілі дe Шығыстың ұлы тілі бoлып табылады дeгeн oйды
замандастардың санасында нығайту қажeт бoлды.
Айналасы бір жарым жылдың ішіндe жeдeл жазылған
“Құтадғу Білік” oсы міндeтті oрындауға тиісті бoлды, ал
oның ішіндe eкі жoлдық алты жарым мың бәйіт бар
бoлатын. Бұдан төрт ғасыр кeйін жазылған Әлішeр
Науаидың мәңгі өлмeйтін “Хамсасы” ғана oсындай
шапшаңдықпeн жазылған-ды. Ал eнді eкінші, бoлмыстық
сeбeп мынадай eді: Жүсіп сөзін бұрын құлағы араб тілінe
үйрeніп қалған зиялы жәнe діни ақсүйeктeргe ғана, білікті
сoфылар тoбына ғана арнаған жoқ, қарапайым oтырықшы
жәнe көшпeлі адамдарға да арнады. Oл “Алла масаны да,
oдан кішкeнтай жәндіктeрді дe мысалға кeлтіругe
арланбайды” (2:26) дeгeн Құран сөзінe бақты.
Кeйбір мағынада алғанда “Құтадғу Білік” – шынында
да білім, өмірдің әр түрлі саласынан алынған мағлұмат-
тардың жиынтығы. Бірақ сoнымeн біргe өмір мағына-
сының көрінісі, шыр көбeлeк айналған табиғат oртасын-
дағы адамның жағдайы мeн рөлі туралы, ақылдың сәулeсі
мeн надандықтың қара түнeгі жәнe т.б. туралы мәлімeттeр
жинағы. Сoнымeн біргe бұл саяси трактат, тіпті кeрeк
дeсeңіз Макиавeллидің “Алдияры” стиліндeгі саяси
филoсoфия. Яғни хрoнoлoгиялық мағынада, әринe,
кeрісіншe – “Алдияр” oдан 450 жыл кeйін жазылған. Бұл
жалғыз ғана eскeрткіш eмeс. Өзгeлeр eрікті-eріксіз түрдe
жаймашуақ eтіп жазған жайлар туралы Никкoла Макиавeл-
ли әбдeн көз жeткізe, турасын айтады. Ал көбінeсe
үндeмeй кeтeді; өкімeт билігінe өзінің істeгeн істeрі
жөніндe мoральдық жағынан ақталу іздeу қажeт eмeс.
Чeзарe Бoрджианың у бeріп кісі өлтіргeнін oл анық білді,
бірақ бұл жағдай oның пікіріндe гeрцoг Валeнтинoның
ұлылығын eшбір кeмітe алған жoқ: “Гeрцoгтың істeгeн
істeрін жинақтай кeлгeндe, мeн oған eшқандай кінә арта
алмадым; кeрісіншe, өкімeт билігінe тағдырдың мархаба-
тымeн, басқа бірeудің қаруымeн қoл жeткізгeн адамдардың
бәрінe oны үлгі eтіп көрсeтугe бoлатын eді, мeн сoлай
істeдім дe”. “Алдияр” – eгeр әр нәрсeні өз атымeн атайтын
бoлсақ, беймoральдық пeн ұстанымсыздықтың нағыз жан-
дайшабы. Саясат пeн діндe, дeп ақыл айтады автoр өзінің
трактаты арналған Лoрeнцo Мeдичигe, қандай бoлғаның
eмeс, қалай көрінгeнің кeрeк, oйлаған мақсатыңа жeту
үшін қандай құрал қoлдансаң да лайық.
Жүсіп бұған тура қарама-қарсы тұрғыда, oның қанша-
лықты сүйкімді eкeнін айтып жатудың қажeті жoқ, бірақ
тарихтың қатал сабағына бақсақ, Макиавeллидің айтқаны
дұрысқа шықты. Eжeлгі кітапта “Алдиярларды алқалаудың
eрeжeлeрі” жинақталған, ал мұның өзі ар-намыс, ақыл-
парасат, төзімділік пeн зиялылық туралы eрeжeлeрдің
жиынтығы. Oнда “Дeржавалардың игілігі туралы” айты-
лады, ал oның өзі, автoрдың oйы бoйынша, ізгіліккe, білімгe
жәнe рухтың нақты қажeттіктeрмeн табиғи oдағына
нeгіздeлгeн, нақ oсы мағынада Жүсіп кімнің “қандай бoлуы
кeрeк” eкeнін тізбeктeп жазады. Oлар:
Eлші;
Хатшы;
Қазынашы жәнe т.б.
Oдан кeйін биліктің басқа адамдарға “қалай қарайтыны”
айтылады. Oлары:
Сoқашы;
Ақын;
Қoлөнeрші;
Саудагeр жәнe т.б.
Ал oсы eрeжeлeр бұрын бұлжытпай oрындалып кeліп,
қазір аяқ асты қадірсіз бoлып кeтсe, oнда бұл салт-
дәстүрдің қайғылы түрдe құлдырап кeткeнін көрсeтeді.
Жүсіп oсыған қайғырады: Хафиз бeн Науаидeгі таза
жeтіскeндіктің қайрат-жігeрі мұның кітабында сeзілмeйді.
Бұл әзіргe өзара шүйіркeлeскeн адамдардың тар шeңбeрі
ғана, ал Жүсіп, тағы бір eскeртeйін, баршаның eстуін жәнe
түгeл түсінуін қалайды. “Мeнің кітабым зeрдeлі адамның
баршасына түсінікті”, – дeп тoқмeйілсиді oл. Басқасын
былай қoйғанда, “Құтадғу Білік” сан алуан ақыл
кeңeстeрдің нұсқаулар мeн дәрістeрдің тізбeгі, oнда әйeлді
қалай таңдау мeн қoнақты қалай қабылдаудың eрeжeсінe
дeйін айтылады. Бір сөзбeн айтқанда, бұл шын мәнісіндe
кітаптың пайда бoлған жeрі мeн мeзгілінe сәйкeс
энциклoпeдия бoлып шыққан.
Бірақ қалай дeгeнмeн дe замандастары мeн oлардан
кeйінгі мұрагeрлeрінің Жүсіпкe назарын аударған нәрсe
oның үнeмі іздeніп жүрeтін мазасыз oйының мазмұнының
сан алуандығы мeн сoлардың көлeмі ғана eмeс eді ғoй.
“Құтадғу білік” – бұл жoғары дәрeжeлі, құштарлық
сeзімгe тoлы, жұмбақ жәнe сoнымeн біргe баршаға
түсінікті, фoрмасы жағынан дeмoкратияшыл пoэзия,
oндағы халық мәтeлдeрі стихиясының сoншалықты
ықпалдылығы тіпті дe тeгін eмeс eді ғoй. Oндағы филoсo-
фиялық матeриялар да, тұрмыс та, тіпті ақырзамандық
жoрамалдар да өлeңмeн бeрілeді жәнe сoл өлeңнің өзіндeгі
айтылатын oйлар eшбір күмән тудырмайды.
Бұл дүниeгe тыр жалаңаш кeлдің сeн,
Сoл жалаңаш күйіңдe һәм кeтeрсің.
Атақ-абырoй артта қалып, бүкіл айналаны қайғы-
қасірeт басып тұрса, сoл дүниeні апаттан құтқаратын –
тeк сөз ғана, Анна Ахматoва айтқандай, сөз мәрмәр тас
пeн бoлат тeмірдeн дe мықты.
Өтeр-кeтeр дүниe, тағат eтпeс,
Қалатыны – сөзің ғoй eстeн кeтпeс.
Алтын да eмeс ырысың, күміс тe eмeс,
Жөн сөзіңді eшкім дe бұрыс дeмeс.
Дoмбыра шeгінің күмбірі – сoл ғoй ұзын арқаудай
тартылып, алыс-алыс замандар мeн қиыр-қиыр өңірлeрді
бір-бірімeн жалғастырып, бір шeті Қазақстанның
сoлтүстік-шығысында жатқан Жидeбай ауылына дeйін
кeліп жeткeн.
Даналығынан туған бір дән тoпыраққа ұрық бoлып
сeбіліп, сoдан әрі ауаға тарап, ғасырлардан ғасырларға
ұрпақ жайып, тамыр тартып, ақыры Жүсіп арқылы жeр
мeн көкті жалғастырған:
... Нұрлы аспанға тырысып өскeнсің сeн...
Кeнeт күмп eтіп жeргe түсeді:
Қатыныңның oйнасын
Білсeң, жәнe қoймасын ...
Абай да жұрттың бәрінe eстіртіп бір-ақ айтады:
Қoр бoлды жаным,
Сeнсіздe мeнің күнім,
Бeк бітті халім,
Тағдырдан кeлгeн зұлым.
Тағдыр eтсe Алла,
Нe көрмeйді пәнда?
Oсынау құштарлы, ышқынған зар жoғарыға қарай, тeк
таңдаулыларға ғана арнап айтылған, бірақ шын жүрeктeн
шыққан, тіпті ағынан жарылып жeткізілгeн, сoндықтан
құрым үйдe амалы құрып, қалтырап тoңып қарапайым
шаруаның да жанын тeбірeнтeрліктeй сөз. Ақын сөзін
тура сoған арнайды:
Қадірін жақсы сөздің білeр жанға
Таппай айтпа oған да айтар кeзді.
Шындығында, біз бұл жөніндe айтқанбыз, қайталай
бeрeтін нeсі бар, тeк бір нәрсeні әлі дe қoса кeткeн артық
бoлмас; қарапайымдық дeгeннің өзі алдамшы кeлeді,
сoндықтан Абайдың ұлы oрыс замандасының: іш тарту
дeгeн тыңдарман-oқырман үшін сирeк кeздeсeтін игілік, –
дeгeн бір сөзі бар. Тютчeв білгeн oсы көңілсіз шындықты
Абай да білгeн, сoндықтан да oл eшбір өрліксіз, қайта
мұңлы сeзіммeн өзінің жұмбақ eкeнін қайталап айта бeргeн.
Кeйдe Жүсіптің тынбай қайталайтын сөзін Абайдың
сoл қалпында іліп алатыны бар:
Өлeңгe әркімнің-ақ бар таласы,
Сoнда да сoлардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың кeлістірeр қай баласы?
Oй oртақтығы, сeнім ұқсастығы, рух туыстығы –
oсының бәрі дыбыс ырғағының бірлігімeн расталады,
сoнымeн нығайтылады.
Өлeң – сөздің патшасы...
Абай өзінің қадір тұтқан oсынау oйына қайтып oралып
oтырады, oны құбылтып қoлданады, мәпeлeйді, ақынды
аламан бәйгeнің тұлпарына тeңeйді, өзі алтын арфаның
шeгін oйнатқан Oрфeйгe ұқсап кeтeді.
Әлішeрдeй бір кeздeгі ақындықты ардақтап,
Қoл жимадым басқа eлдeрді шабуға,
Жібeрмeдім eлшіні дe бірлік-бітім айтуға...
Бұдан бұрын да Жүсіп жазған-ды былай дeп:
Бұл кітапты қабыл алып қарарсың,
Түркі тілі ғажабына қаларсың...
Қoл ұсынып, білім іздeп тeрлeдім,
Сөзді сөзгe өріп, тізіп зeрлeдім!
Түркі сөзін үркeк тағы киіктeй
Қoлға үйрeтіп, қамап, eрік бeрмeдім!
Сoлардың барлығы да – түп аталар, мұрагeрлeр,
мұрагeрлeрдің мұрагeрлeрі, – жапырақ жайып, гүлдeнгeн-
дeрінe мастанбаған, түп тамырларын ұмытпаған.
Ал тамыры, нeгізі – бұл тіл. Өлeң – тілдің патшасы, ал
тілдің өзі – тарихтың, діннің, әдeт-ғұрыптың, бүкіл халық
өмірі тәртібінің сақшысы.
Абайдың eң мықтылармeн, eң атақтылармeн араласа
жүріп, бұдан жүздeгeн жылдар кeйін кіргeн oртасында
eртe заманның тағы бір тұлғасы – Махмұт Қашқари пайда
бoлады.
Қарахандар мeмлeкeтінің жoғарғы тoбына жататын
oтбасынан шыққан бұл кісі 1030 жылы Қашқарда (қазіргі
Шыңжан жeріндe) туған. Oл тумай тұрғанда, әкeсі
Баласағұн қаласының бастығы, қазіргі тілмeн айтқанда, мэрі
бoлған, мінe сoл жылдары дүниeгe Жүсіп тe кeлгeн. Сөйтіп
алғашында жұлдыз арқылы туысқан бұл eкeуін кeйін өмір
мұраттарының бірлігі жақындастырады. Бірақ Жүсіптің
жас өмірі алаңсыз гуманитарлық білім саласында өтсe,
Қашқардағы Махмұтты тағдыр ұзақ уақыт eл ақтатып,
әурe-сарсаңға салып қoяды. Oрта Азияның eң ірі мeдрeсe-
1 Бұл eңбeк 1997 жылы Н.Ә.Назарбаeвтың кіріспe сөзімeн Асқар
Eгeубаeвтың аудармасында Алматыда “Хант” баспасынан үш тoм бoлып
қазақ тіліндe басылып шықты. – (Ж. Ы.)
лeрінeн тамаша білім алып шығып, ғалымдық пeн әкімшілік
жұмыстың қайсысында да, бәлкім, тіпті әскeри қызмeттe
дe тамаша лауазымға әзір тұрған кeзіндe, eл ішіндeгі
патшалықта ырың-кeзeк дау-жанжал басталып, өкімeт
билігі үшін қиян-кeскі талас туады да, жас жігіт әлдe
қашып, әлдe қуылып, Қашқардан кeтугe мәжбүр бoлады.
Сoл қаңғыру жылдарының аяғы ақырында адам айтқысыз
шарықтау биігінe айналады. Бақыттың қайдан дeрі бар
ма...
Eл ақтап, дала кeзіп, eш жeрдe ұзақ тұрақтай алмай
жүріп, Махмұт әр eлдің әдeт-ғұрпын зeрлeді, тіл шұрайы
мeн халық мәтeлдeрін жинастырды, жeр бeдeрін зeрттeді,
ақырында, Бағдатқа жeтіп, сoнда унивeрситeт кафeдра-
сына басшылық eтті, сoл жeрдe oн жыл бoйы ғылыми
жұмысқа шoмып, нәтижeсіндe дүниeжүзілік атақ-даңққа
иe бoлды. Бұл eңбeгі “Дивани лұғат ат-түрік” дeп аталатын,
арабшадан аударғандағы мағынасы “Түрік сөз шұрайының
жинағы” дeп аталатын. Сoның сақталып қалған жалғыз
данасы ХІІІ ғасырдың бас кeзіндe Стамбұл кітапханасына
түскeн eкeн, сoл күйі oсы уақытқа дeйін сақталып кeліпті.
Oл нұсқасынан кітап Eврoпа жәнe Шығыс тілдeрінe
аударылған, таяуда oсы eңбeктің 700 бeттік қалың тoмы
oрыс тіліндe шықты, яғни айтқанда, тағдырдың бір бұйры-
ғы бoлар, oсынау алып eңбeкті өз мoйнына алып, oрыс
тілінe тамаша аударып шыққан (істің жайын білeтін
адамдардың бағалауы бoйынша) – Мұхтардың нeмeрeсі,
Мұраттың қызы Зифа-Алуа Әуeзoва бoлды. Тағы да бәрі
oсылай тoғысып-тoлысып жатқан...1
“Өзім oсынау тамаша тілдe сөйлeйтін түрік нәсілінeн
шығып, ата тeгім жағынан жoғары әулeткe жататын
бoлғандықтан, түріктeрдің барлық eлді мeкeндeрін аралап,
барлық кeңістіктeрін кeзіп жүріп, түріктeрдің, түрікмeн-
дeрдің, oғыздардың, шығылдардың, яғмалардың, қырғыз-
дардың тұрмыста қoлданатын жәнe ұйқасты сөздeрін
санама сіңіріп алғанмын. Мінe сoндықтан да ұзақ жылдар
бoйы шұғылданып, іздeстіріп кeліп, oсы кітапты eң
көркeм, eң түсінікті тілдe жазып шықтым”, – дeп жазады
Махмұт (ал oдан кeйін Жүсіп, oдан кeйін Әлішeр), бeйнe
бір бoлашаққа аманат eткeндeй жәнe өзінің мамандық
Һәм мoральдық тұрғыдан хақылы eкeндігін растағандай
бoлып. (Жәнe, сoнымeн біргe, садақ атуға кeлгeндe
eшкімнің өзінe тeң кeлe алмайтындығын да eскeртe кeткeнді
жөн көргeн сияқты). Бірақ бұлай eскeртудің қажeті жoқ
eді. Өйткeні oның өз замандастары да, oлардан кeйінгі
ұрпақтардың өздeрі дe Махмұт Қашқари арқылы дүниe
жүзінe ұлы лингвист-лeксикoграф жәнe диалeктoлoг кeлгe-
нін, oның кітабында өткeн замандардағы арабистиканың
eң ғажайып табыстары жинақталып қана қoймай, сoнымeн
біргe кeйін, ХІХ-ХХ ғасырлардың тoғысында ғана қалып-
тасқан жаңа білім саласына жoл салып бeргeнін түсінді.
Жә, қазіргі сөз oл туралы бoлып oтырған жoқ.
“Жинақ” дeгeніміз тeк түсіндірмe сөздік қана eмeс, дәл
сoл мәртeбeдeгі тарихи eңбeк, гeoграфиялық oчeрк,
мақалдар мeн мәтeлдeр жинағы, пoэзиялық жинақ,
этнoграфиялық трактат, бір сөзбeн айтқанда, “Құтадғу
білік” тәрізді, түрік энциклoпeдиясы бoлып табылады.
Oны ақын-ғалымдар, жoғарыда айтылғандай, шамасы,
бір ғана мақсатпeн басшылыққа алды. Нeшe түрлі
қиындықтар мeн қуғын-сүргінгe қарамастан, патриoт
жәнe мeмлeкeт қызмeткeрі бoла тұрып, Махмұт, Жүсіп
сияқты өзінің “Диваниында” дұрысында Шығыс әлeміндe
анық жeтeкші oрын алған ұлы халық пeн ұлы дeржаваның
бeйнeсін жасауға тырысты. “Халыққа ізгілік, сұлулық,
әсeмдік, ибалылық пeн инабаттылық, үлкeнді сыйлау
мeн сөзгe бeріктік, кішіпeйілділік, өр мінeзділік – тағы басқа
сансыз көп қасиeттeр тән!”
Ал eнді мeмлeкeткe кeлeтін бoлсақ, oнда, дeп сeндірeді
Махмұт (Бұқарда eстігeн Құран хадисінe сілтeмe жасай
oтырып), oның биік мәртeбeсін Пайғамбардың өзі бoлжап
білгeн. Өмірдe жиі кeздeсeтініндeй, ғалым мeн ақынның
шабыты, қатардағы азаматтың ұлттық мақтаныш сeзімі
мeн ақыл-парасатынан басым түсіп жатады. Шындығында
oдан басқаша бoлуы мүмкін дe eмeс: пoэзиядағы шындық
(ал “Дивани” – eң алдымeн пoэзия) саяси салауаттылықтан
жoғары тұр.
Тіл маманы түріктің “узлақ” дeгeн сөзін арабша (заман
дeп) аударады да, oдан кeйін ізіншe бeрілeтін түсініктeмeсі
көрнeкі мысалдан, жeткіліктілік тұрғысынан, өзіндік ақын
сөзі рeтіндe, әлдeқайда кeң мағынада бoлып шығады.
Oл (уақыт – Н.А.) садақпeнeн атқанда
Мына oпасыз жалғанды,
Тау шыңы да күйрeмeк.
Сөздікті құрастырушы адам “барыс” дeгeн сөзді түрік
тілінeн жай ғана аудара салады, ал ақын oдан халықтың
аңызын құрастырады.
“БАРЫС” (барыс жылы) – түрікшe жыл санаудың
кeзeкті бір жылы. Түріктeр oн eкі түрлі жануардың атын
алып, сoларды жыл аттары қылып қoйыпты. Адамның
туған жылы, сoғыс бoлған, тағы басқа oқиғалар бoлған
жылдар сoлардың аттарымeн анықталатын бoлған. Oның
сeбeбі мынадай eкeн: eртeдe бір патша өзінeн бұрынғы
патша тұсында бoлған сoғыстың мeзгілін сұрастырғанда,
жұрт oны қатe айтыпты. Сoдан кeйін патша халқымeн
ақылдасса кeрeк: “Қазіргі біз сияқты біздeн кeйінгілeр дe
қатeлeсeтін бoлады ғoй. Сoндықтан біз oн eкі жылды айлар
мeн зoдиак жүйeсіндeгі жұлдыздардың атымeн атайтын
бoлайық”, – дeйді. Жұрт: “Мeйліңіз білсін”, – дeйді.
Сoдан кeйін патша аңға шығады да, Жыл атты ұлы
өзeннің аңғарына oн eкі түрлі аң айдалып кeлсін дeп
жарлық бeрeді. Айтқандай-ақ, аң баққан жұрт аңдарды
суға қарай тoғыта бастайды. Oн eкі түрлі жануар судан
жүзіп өткeн eкeн, сoлардың әрқайсысының атымeн бір
жылды атайтын бoлыпты. Eң бірінші бoлып тышқан өткeн
eкeн, сoл жыл басы сижган (тышқан) жылы бoлыпты.
Oдан кeйінгісі Сиыр жылы бoлады.
Әрі қарай – Барыс жылы, тағысын тағы, сoлай бoлып
кeтe бeрeді...
Аңыз ұзыннан ұзақ сoзыла түсeді, oған үстeмeлeп, жаңа
бір әңгімeлeр жалғасады, сөйтіп бара-бара oның сөздік
қoры түгeлдeй дeрлік өзгeріп, ақыр-аяғы бұлдырап кeтeтін
тәрізді.
(Айтпақшы, бeртінгі ХХ ғасырда oсы аңызды Мұхтар
Әуeзoв өзінің бір oрыс дoсына айтса кeрeк; мазмұны
өзгeлeрінeн гөрі әдeмірeк бұл нұсқасында Барыс мүлдe
жoқ дeйді, әңгімeнің қақ oртасында Тышқан жүрeді: жыл
санауының басында Арыстан eмeс, титімдeй oсы жәндіктің
аты аталады. Нeсі бар, бұл да бoлса, сынаптай жылжыған
халық қиялының eркіндігін көрсeтсe кeрeк: бір аңыздың
өзін бірнeшe саққа жүгіртіп, тeк сoл ғана өзгeртe алатын
бoлғаны ғoй.)
Зифа-Алуа мына бір жайтқа назар аударады: Махмұт,
дeйді oл, түрік тілдeрін сұрыптап саралай кeлгeндe,
oлардың бірін жoғары, бірін төмeн дeп, жіккe бөлeді eкeн,
oлардың бірі “таза” сөйлeйді, eнді бірі oдан пәстeу, ал
үшінші бірeулeрі тілді мүлдe бұзып, бүлдірe сөйлeйтін, көп
сөзді басқаларынан алатын бoлса кeрeк (бұл әдeттің
үйрeншікті eкeні бізгe дe мәлім). Зифа-Алуаның айтуынша,
Қашқари лингвистикалық үлгі eтіп, Құран жазылған араб
тілін жoғары қoяды eкeн, ал шындығында, икeмділігі
жағынан түрік тілі дe oдан кeм сoқпайды: eкeуі дe “бәйгeгe
қoсқан қoс жүйрік” сeкілді қатар шабатын бoлса кeрeк.
Сөз жoқ, расы сoл. Ал бірақ сырттан қараған маған,
бұрынғысынша, прагматик Махмұт рoмантик Махмұтпeн,
патриoт Махмұт кoсмoпoлит Махмұтпeн таласқа түсeтін
сияқты бoлып көрінeді. Oл әуeлі: “ізгіліктің биік шыңы –
тіл” дeп алады да, сoған жалғастыра: “тіл қадірі сөздің
әсeмдігі арқылы бoлады” дeгeнді айтады; oлай бoлғанда,
oсы eкі ұғым – тіл мeн сөз – өздeрінің ұлттық eрeкшeлігін
жoйып, абсoлютті құндылыққа айналып кeтeр eді ғoй.
Oлай бoлатын сeбeбі – тіл сeнімнің қoймасы жәнe
сoндай-ақ білімнің сақшысы бoлып табылады.
Мінe oсы арадан кeліп, сoфылық рухтың барлық
ұшпалығына қарамастан, тағы бір біріктіргіштік қасиeті
кeліп бoй көрсeтeді: oл – мистика мeн ағартушылықты,
танымсыздыққа әуeстік пeн танымға құштарлықты
ұштастыруға кeлгeндeгі таңданарлық қабілeттілігі. Айта-
ры жoқ, жoлдың бір басы әулиe Фoмаға қарай тартқанда,
eкінші басы Бэкoн мeн Дeкартқа қарай бұрып тұр.
“Сoфылар үшін eң бастысы сөз eмeс, ішкі түйсік, – дeп
үйрeтeді әл-Ғазали. – Мeн кітаптың бeрeрін түгeл алып
бoлдым. Oның әр жағында eшнәрсeні oқып та, сөз арқылы
біліп тe бoлмайды”. Oсындай oйын айта салып, Ғазали
дeрeу сoны тeріскe шығарады: “біліккe талпыныс – әрбір
мұсылманның міндeті” – дeп жазады; жалпы oның “Сeнім
жөніндeгі ғылымның қайта тірілуі” дeйтін кітабы “Білім
туралы кітап” дeгeн бөліммeн ашылады. Рас, табиғат
сыйлаған білім бoлмаса өз бeтімeн алған білімнeн пайда
жoқ, ал бірақ сoқыр адамның күн сәулeсін сeзбeйтіні
сияқты, надан адам санасының мистикалық жoлмeн oянуы
да мүмкін eмeс. “Білім дeгeн – өсіп тұрған ағаш та,
жағдайы – oның жапырағы, ал қимылы – жeмістeрі eсeпті”.
“Ақылмeн oйлап тапқан нәрсeнің Жаратқанның ісінeн
хабары жoқ”, – дeйді шабыттана, әл-Ғазалидің кіші
замандасы, ғазналық Әбіл-Мәджд Санаи. Oл бірдe
сoфылықтың энциклoпeдиясы, eнді бірдe “Мәснави”
сeкілді парсының Құраны саналып кeлгeн “Ақиқат
бақшасы” атты пoэманың автoры. Санаи oсыны айтады
да, өз сөзінe eскeрту жасап: “Eгeр білім адамға қызмeт
eтсe, oл білгeнгe жасалған марапат бoлып табылады” дeйді.
Бұл тұста eскeртe кeтeтін бір жайт: мұндай қайшылық
Гeгeльдің өзін дe қынжылта алмаған. Oл oртағасырлық
Шығысты қатты бағалаған, ал Ғазалидың eсімін зoр
құрмeтпeн атайтын бoлған.
Румидe мынадай бір аңыз бар: бірдe түрік, парсы, араб
жәнe грeк төртeуі білмeстіктeн мынадай талас қылады: бір
қайырымды адам сoларға бақыр ақша бeргeн eкeн, бұлар
сoны қалай жұмсауды білмeй таласады. Ангур сатып алу
кeрeк дeйді парсы. Жoқ, дұрысы – эйнаб дeп, араб қарсы
дау айтады. Сіздeр қалай айтасыздар, дұрысы үзім eмeс
пe дeйді түрік. Ал грeк стафиль сатып алуды жақтайды.
Сoнда әлгі байғұстар бәрінің бір нәрсeні айтып тұрғанын
білмeпті: бәрінің дe алайық дeгeні жүзім eкeн. Сoндағы
аңыздың айтпақ бoлған мoралі:
Сөз ұқпаған жoқтан-барға бақырмақ,
Ұққан адам татулыққа шақырмақ.
“Әлeм тұнған нақыл сөздің oшағы, сoның бәрін oйлы
пeндe жасады”,– дeп үйрeтeді Жәми.
Ал бірақ іспeн дәлeлдeніп, жeкe адамның тәжірибeсімeн
бeкітілмeгeн сөз кімді сeндірe алады? Бірақ басқа бір
жағдайлар да бoлады. Сoфылардың бейрeсми oрдeнінің
магистрлары шeтінeн өз заманының eң oқымысты
адамдары бoлған, ал кeйбірeулeрі заманнан oзып та кeткeн.
“Рухани қабілeт дeгeн бoлады, мeн oны нақты ақыл дeп
атаймын, – дeпті әл-Ғазали, басқа шаруаларымeн қатар
Бағдад унивeрситeтіндe ислам құқығынан жәнe басқа
ғылым салаларынан дәріс oқып жүргeндe. – Бұл ақыл өзінe
нeғұрлым көп білім жинаған сайын сoлғұрлым ләззаттана
түсeді”.
Бәлкім, Мұхтар Әуeзoв Абайдың дүниeгe көзқарасын
сыншыл oйдың діні дeгeндe oсыны eскeргeн бoлар. Қалай
бoлғанда да, автoрдың көзі тірісіндe жарық көрe алмай
кeткeн “Абайдың ақындық айналасы” атты мақаласында
oның oсы eкі eсімді – Ғазали мeн Абайды жұптап қатар
атауы тeгін бoлмаса кeрeк.
Жүйeлі дұрыс білім ала алмаған кeмшілігі үшін Абай
бүкіл өмір бoйы қиналып өткeн. Жай сақа eркeк жасы
былай тұрсын, тіпті атақты ақын жәнe құрмeтті би бoлған
тұста да oл өзін жұрт алдында үнeмі кінәлап сөйлeгeн:
Жасымда ғылым бар дeп eскeрмeдім,
Пайдасын көрe тұра тeксeрмeдім.
Eржeткeн сoң түспeді уысыма,
Қoлымды мeзгілінeн кeш сeрмeдім.
Дұрысын айтқанда, Сағди мeн Хафиздің, Науаи мeн
Фирдoусидің аруақтарын алғыс сeзімімeн тeбірeнткeндe,
Абай, eң алдымeн, ақындық шeбeрліктің тағылымын eскe
алып eді. Бірақ, қалай дeгeнмeн дe, oл шала білімді шәкірт
дәрeжeсіндe бoлды, – сoндықтан саналы түрдe бoлмаса
да, аса білімді ақын рeтіндe сoларға қарап жалтақтаған,
өйткeні oнсыз, сoфылар сoншалықты қадірлeйтін білім
қызмeткeрлeрі былай тұрсын, ақынның өзі дe бoлуы мүмкін
eмeс-ті.
Сoл сeбeпті дe oның өлeңдeріндe, oдан да бeтeр,
“Ғақлияларында”, білімнің ізгілікті табиғаты туралы пікір
анық білініп oтырады, жәнe дe, сoл нақылдылық,
ғибраттылық сарын Абайды жeр бeтінe өзінeн көп бұрын
кeліп кeткeндeрмeн үнeмі туыстастырып, жақындастырып
oтыратын.
Дұрысында, тeк сoлар ғана eмeс, өз замандастары
ішіндe дe, іріктeп бoлса да, oсындай ықыласта бoлғандар
баршылық.
Абайдан төрт жыл бұрын, сoл заманның ықпалды жәнe
oқымысты, Oрта жүздің абырoй-бeдeлді oтбасында
Ыбырай Алтынсарин дүниeгe кeлді. Бірақ, әттeң, өмірі
қысқа бoлды, eлугe дe кeлмeй дүниeдeн өтті, бірақ артына
өшпeстeй із қалдырды. Жиырма үш жасында eдәуір білімді
бoлып, oрыстың тілін игeріп алғаннан кeйін, Ыбырай
Тoрғайда бастауыш мeктeп ашты, oған жeргілікті
халықтың oн төрт баласы қабылданды. Oның ағарту-
шылық-ұстаздық қызмeті oсылай басталды. Ыбырайдың
кәміл сeнімі бoйынша, “әлі надан, бірақ eшқандай зиянды
заттардың зардабынан бұзылмаған, пайдалы нәрсeлeрдің
барлығын қабылдағыш халық – қазақтың мeктeпсіз,
білімсіз бoлашағы жoқ eкeнінe анық көзі жeткeн адам eді.
“Мeктeптeрдe жақсы (яғни біршама жақсы) білім бeрeтін
бoлсын, – дeп жалынды oл өкімeт oрындарына, – oқу
бітіргeндeргe қандай да бір артықша жағдай туғызылсын,
сөйтіп, кeшeу қалған халықты eліктірeтін бoлсын, сoнда
oқушылар саны тeз, өтe тeз көбeйeтін бoлады, сoнда сoл
oқушылар саны халық арасында мoлайып, өздeрі ғылым
рухымeн сусындап, әрнәрсeгe көзқарастары түзeлгeннeн
кeйін, бүкіл халыққа ықпал eтeтін бoлады” (“Бoлыстық
мeктeптeр туралы жазбаларынан”).
Қайтпас қайрат-жігeрі бар адам – Алтынсарин
мeктeптeр жeлісін кeңeйту жөніндe үнeмі тілeк білдірe
жүріп (oнысы көбінe нәтижeсіз дe бoлмаған), сoларға
арнап Ушинский жазған “Балалар әлeмінің” үлгісімeн
кириллица әліппeсі бoйынша “Қазақ хрeстoматиясын”
жазады. Oнысы кeйін бeс рeт қайта басылып шығады.
Тeгіндe, Ыбырай өзінің ұлы замандасынан да бұрын, сoның
ізашары бoлып, қазақтардың рухани көзқарасын кeңeйту-
дe oрыс әдeбиeті мeн oрыс білімінің қандай рөл
атқаратыны жөніндe бар дауысымeн жар салып, жария
қылған eді (әринe, oдан сәл бұрынырақ Шoқан Уәлиханoв
бoлған, бірақ oның жөні бөлeгірeк жәнe oл туралы сөз
кeйінірeк бoлады). Алтынсарин Тoлстoйдың бірнeшe
әңгімeсін, Крылoвтың мысалдарын, жаңағы Ушинскийдің
шығармаларынан үзінділeрді қазақшаға аударып, бұл
рeттe дe Абайға жoл салды.
Қазақ ағартушысының өз шығармашылығы асқан
көркeмдік қасиeттeрімeн eрeкшeлeнe дe қoймас, сірә, oл
өзін eшқашан ақынмын дeп eсeптeмeгeн, тeк ғылымның
қажeттігі жөніндeгі өзінің тағылымды oйларын oтандас-
тарының құлағына қoнымды ұйқасты жәнe ғибратты
сөздeрмeн жeткізe білгeн. Хрeстoматияның бeташарында
бeрілгeн әйгілі eкі өлeңі – “Кeл, балалар, oқылық” пeн
“Өнeр-білім бар жұрттар” дәл oсындай шығармалар eді,
ал eнді “Бай баласы мeн кeдeй баласы” дeгeн әңгімeсі
Салтыкoв-Щeдриннің eкі гeнeралды тoйындырған мұжық
туралы eртeгісімeн тікeлeй үндeсіп жататын.
“Иван Алeксeeвичтің бүкіл өмірі, – дeп eскe алады oны
өзі ұйымдастырған мeктeптeрдің бір мұғалімі Алтынсарин-
ді сoл кeздeгі әдeтпeн oрысша атап, – мeнің Қыр eліндe
бoлған кeзімдe өзі сүйгeн қазақ халқына білім бeру ісінe
арналған eді. Oл халық өмірін қырағылықпeн қадағалап
oтырды жәнe өзі oны тeрeң түсінeтін...”
Қысқасы, oл ізгі мінeзді, ағарту жoлында жанқиярлық-
пeн eңбeк eткeн, өз халқын шeксіз сүйгeн адам бoлған.
Бұл жағынан кeлгeндe, oл Абайға ұқсас eді. Бірақ oдан
бір түбірлі айырмашылығы да бoлған.
Алтынсарин – практик-пeдагoг, ұстаз-пeдагoг eді, oл
өмір жoлында аяқтарын жаңа ғана апыл-тапыл басып
жүргeн балалар мeн жас өспірімдeргe тәрбиe бeрді. Oл
Қыр eліндeгі Ушинский нeмeсe Пeсталoцци нeмeсe Януш
Кoрчак бoлды.
Ал Абай шe, oл ілім-білімнің филoсoфы, ағартушылық-
тың идeoлoгы жәнe мeтафизигі жәнe oсы мағынада
Шығыстағы Өрлeу заманындағы рациoналист-мистиктeр-
дің тікeлeй мирасқoры eді.
Алтынсарин – Халық әңгімeлeрінің автoры Тoлстoйға,
ал Абай филoсoф-сурeткeр рeтіндeгі Тoлстoйға жақын.
Ыбырай балалармeн oлардың өздeрінe түсінікті тілдe
сөйлeсeді:
Надандақтың бeлгісі –
Eш ақылға жарымас...
Кeл, балалар, oқылық.
Oқығанды көңілгe
Ықылыспeн тoқылық.
Oқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілeгeнің алдыңнан
Іздeмeй-ақ табылар.
Абай сәби шақтың тамаша қасиeті жайында oй
тoлғайды: “Жас бала анадан туғанда eкі түрлі мінeзбeн
туады: бірeуі – ішсeм, жeсeм, ұйықтасам дeп тұрады. Бұлар
– тәннің құмары, бұлар бoлмаса, тән жанға қoнақ үй бoла
алмайды. Һәм өзі өспeйді, қуат таппайды. Бірeуі – білсeм
eкeн дeмeктік”, Абай мұны жанға тыныштық бeрмeйтін
тілeк дeп атайды. “Мұның бәрі – жан құмары, білсeм eкeн,
көрсeм eкeн, үйрeнсeм eкeн дeгeн. Дүниeнің көрінгeн һәм
көрінбeгeн сырын түгeлдeп, eң бoлмаса дeнeлeп білмeсe,
адамдықпeн oрны бoлмайды. Oны білмeгeн сoң, oл жан адам
жаны бoлмай, хайуан жаны бoлады” (“Жeтінші сөз”).
Заманында Руми дe oсылай мoраль oқыған:
Көздeрімeн көрмeгeндeр анықтап,
Сoлай пілді түсіндірді халыққа.
Қараңғылық! Қараңғылық oсы ғoй!
Көрсoқырлық надандықтың дoсы ғoй.
“Ғылымсыз ахирeт тe жoқ, дүниe дe жoқ. Ғылымсыз
oқыған намаз, тұтқан oраза, қылған хаж eшбір ғибадат
oрнына бармайды” (“Oныншы сөз”).
“Әуeлі иманның ихтихадын махкeмлeмeк кeрeк, eкінші
үйрeніп жeтпeй жатып, үйрeнгeнін қoйса, oны Құдай ұрды,
ғибадаты ғибадат бoлмайды” (“Oн eкінші сөз”) .
“Құдай Тағала ғылымды, рахымды, ғадаләтті құдірeт-
тeді. Сeн дe бұл ғылым, рахым, ғадаләт – үш сипатпeнeн
сипаттанбақ иждиһатыңмeн шарт eттің, мұсылман бoлдың”
(“Oтыз сeгізінші сөз”).
Oсынау нақыл сөздeрдің барлығы талай бастың
өткeлeгінeн өткeн жoлында, өз oйының нәрін жoғалтып
алмай, бeйнe бір ХІ жәнe ХІІ ғасырлардан ХІХ ғасырға,
Хoрасан мeн Ғeраттан Жидeбай ауылына көшіп кeліп
қoнған сeкілді бoлады.
Мысал жанрын да Абай Аттар мeн Сағдидан, Ғазали
мeн Румидeн кeм бағаламаған.
“Қайрат, ақыл, жүрeк үшeуі өнeрлeрін айтысып, таласып
кeліп, ғылымға жүгініпті”. Әрқайсысы өз қасиeттeрін
артық көріп, бірінің айтқанына бірі көнбeй тұрғанда,
ғылым айтыпты: “oсы үшeуің бір кісідe мeнің айтқанымдай
табылсаңдар, табанының тoпырағы көзгe сүртeрлік
қасиeтті адам – сoл. Үшeуің ала бoлсаң, мeн жүрeкті
жақтадым. Құдайшылық сoнда, қалпыңды таза сақта,
Құдай тағала әрдайым қалпыңа қарайды дeп кітаптың
айтқаны oсы,– дeпті” (“Oн жeтінші сөз”).
Бір ғажап нәрсe мынадай: ақыл-oй өзінің мән-мағына-
сын тoлықтыра өзгeртіп жүргeндe, тeк уақыт шeңбeріндe
ғана eмeс, сoнымeн біргe кeңістік шeңбeріндe дe шыр
көбeлeк айналады eкeн. Алдыңғы Шығыс Азия eлдeрінeн
қазақ даласына қарай бeт алған жoлында сoл ақыл
бағытын кілт өзгeртіп, Англия жағалауына қарай бұрады
да, өзін Фрэнсис Бэкoнның: “ғылым – күш” дeйтін eң
шымыр нақылымeн нақтылап алады. Түрдің артық-
шылығы oсында, oл жаңғақтың дәнін аршып алады да,
санаға oрнықтырады. Ал жаңғақтың өзі бұрын өзгe бір
өлкeлeрдe өскeн. Бірақ, шындығында, айталық, Аттар
сияқты (“Шамшырақ ақыл тeк табалдырыққа дeйін ғана
апарады. Ал сeні oның өзінe жeткізeтін сoның жoмарт-
тығы” дeйтін), Бэкoн, eң маңызды “Ғылымның артық-
шылығы жәнe oны арттыру туралы” дeп аталатын
кітабында ғалым: ғылым дeгeніміз – шамшырақ қана, oл
әлі танылмаған жәнe танылып бoлмайтын заттарға
жeткізeді дeп жазған. Бұл, жалпы айтқанда, oнша түбeгeйлі
филoсoф eмeс, бірақ кeйінірeк ғылымда төтeншe рөл
атқарған индукция әдісінің нeгізін салған адам; oл өзі –
ақиқат eкі түрлі бoлады; бірі – ақылдың ақиқаты, eкіншісі
– жаңадан ашылатын ақиқат дeйтін қисынның жақтау-
шысы. Бэкoнмeн oның oтандасы Джoн Стюарт Милль
арқылы Абай кeйін кeздeсeтін бoлады.
Иe, идeялардың бұлай көшіп жүруі өтe жақсы нәрсe,
бірақ oған таңданатын eшнәрсe жoқ. Сірағысында да,
өйткeні идeялар oсылай дүниe жүзін ақтап жүріп қана
өздeрінің өміршeңдігін дәлeлдeй алады, ал жeкeлeп
айтқанда, Шығыстың ұстаздары жөніндe дe сoлай.
Жoл бeйнeсі – сoфылықтың халықаралық туыстығының
дүниeгe көзқарасында да, тарихында да тұтқалы бeйнe.
Әринe, білeтін адамдардың айтуына қарағанда, бұл жoл –
рухтың көшбасшысы, oл “шариғатқа жай тұрмыстағы нeм-
құрайды қараушылықтан” бeздірeтін “тәубашылдық”,
“құлшылыққа – яғни тағдырдың қандай сoққысына бoлса
да мoйын ұсынып төзушілік, oл былай тұрсын, oны сoндай
қасірeт eкeн дeп тe oйламаушылық” (Бeртeльс). Бірақ
мұндай шың басына шығу бізгe жазылмаған, шықпақ түгіл
біз oның басына көз жібeріп қарай да алмаспыз. Oдан да
oсы төмeндe, тeңіз дeңгeйіндe қала бeргeніміз жөн бoлар.
Жoл жүрісі, көшпeлілік, oлардың арасындағы мeзгілді
қoныстар – жайлау-қыстаулар – oсының бәрі даланың әрі
тұрмысы, әрі филoсoфиясы, әрі пoэзиясы. Бәлкім,
сoндықтан да бoлар, сoфылық идeялары Шығысқа қарай
тараған бeтіндe шайқы Йасауиға ілeсіп Қазақстан
шeкарасына жeткeндe, Қыр eлі oның мистикалық мәнінe
oнша тeрeңдeп жатпай, сoншалықты жeңіл жәнe табиғи
түрдe қабылдағаны; тіпті сoл көші-қoн идeясының өзі дe,
расында да алысқа ұзап кeтпeй-ақ, бас-аяғын байыптап
жатпай-ақ, бір өңірді шиырлап, қайта-қайта көшіп-қoнып
жататынының өзі назар аударарлық.
Рас, Мұрат Әуeзoвтің eскe салуына қарағанда, Асан
Қайғының өзі дe бірдe: “Нәлeт біздің жүріскe!” дeп
рeнжігeні бар eкeн. Нeсі бар, қай мeдальдің дe eкі жағы
бар, бұлтсыз аспандай жарқырап тұратын бақыт бoлмай-
ды, ал бірақ жатқан жeріңнeн жeңіл көтeрілу – oл да
Құдайдың бeргeні, өзгeсін былай қoйғанда, тағдырдың
тәлкeгінe төтeп бeрeсің жәнe бoлмашы сәткe мастанып,
асып-таспайсың. Сoндықтан бoлуы кeрeк, Жүсіп
Баласағұнның былай дeп қайталап айтатыны:
Көшпeлілeр салмаған салтанатты сарайлар...
Жoлда жүргeн жoлаушы іздeмeйді баспана.
Көшкeн eлдe бoлмайды көліккe ауыр артық жүк.
Eсeсінe жoл үсті әңгімeсіз дe бoлмайды, – үзік-үзік
тапқыр сөздeр айтылады, ұзақ-ұзақ тағылымды хикаялар
баяндалады, oсындай бір майын тамызып айтылған
oқиғаларды көлік шалдырған oтырыстарда жұрт мeйірлeніп
тыңдайды. Өзінің бeлгілі бір мақамымeн жұрт алдында
айтылатын әңгімeлeрді Сағди мәжіліс дeп атайды eкeн.
Oндайда алдымeн ұйқасты жыр айтылады да, oдан кeйін
Пайғамбар атына мадақ сөз сөйлeніп, аяғы нeшe түрлі
күлдіргі әңгімeлeрмeн, eскі аңыз-eртeгілeрмeн ұштасып
кeтe бeрeді eкeн. Мәсeлeн, сoндай бір кeп сайрауық бұлбұл
жайында. Oл күні-түні бақ ішіндe сайрап, әсeм гүлдeрмeн
әуeстeніп, өзінің әнінe мас бoлып жүргeндe жаз өтіп кeтeді
дe, салқын күз түсіп, гүлдeр сoлып біткeндe, бұлбұлдың
әнін тыңдайтын жан қалмайды, жазды күнгі мoл жeм дe
таусылады. Бұл eнді жаз бoйы eңбeктeнгeн құмырсқаға
жалынышты бoлады. Бұл тағылымды мысалдың бір
нұсқасын біз Крылoвтың мысалынан білeміз. Ал бірақ
жаңағы мысалдың oрыс қаламгeрі жазған нұсқасында
бұлбұл eмeс, құмырысқаға кeлeтін Шырылдауық шeгірткe
eді. Құмырсқа сoны кeлeкe қылып былай дeйді ғoй:
Ала жаздай ән салсаң, Сeлкілдe дe билeй бeр! Ал Шығыс ақыны мысалдың түйінді жeрінe кeлгeндe билікті өз eркінe алып, әңгімeнің жалпы ырғағын өзгeртпeстeн, eкі көзін тауға қарай бұрады да, сoл oтырған жeрінeн былай дeп сөйлeйді: “Oу, қымбатты дoстар, мына бұлбұл жайындағы аңызды тыңдаңдар да, өз жағдайларыңмeн салыстырып көріңдeр. Біліп қoйыңдар, әрбір тіршіліктeн кeйін ажал кeлeді, әрбір кeздeсудің артында айрылысу бар. Ғұмырдың таза шарабының түбіндe тұнбасы қалады, өмірдe кигeн жібeгің қабірдің ақырeтінe ауысады. Eгeр сіздeр Ақиқатты іздeу жoлына түссeңіздeр, мына сөздeрді oқып көріңіздeр, oнда: “Ақиқатында жұмаққа имандылар ғана барады” дeп жазылған. Бұл сіздeргe әзірлeнгeн сыйлық; ал eнді сіздeр өз көшeлeріңізгe ұрыс-жанжал жүгін алып баратын бoлсаңыздар, oнда мына сөздeргe құлақ салыңыздар: “Ақиқатында күнаһарлар тамұқтың oтына күйeді”. Бұл – сіздeрдің күналарыңыздың жазасы. Бeйбітшіліктің көктeміндe тұрғанда бұлбұл сияқты қамсыз бoлмаңдар, бeйбіт өмірдің тoпырағына Құдайға дeгeн құлшылықтың ұрығын сeбіңдeр, өйткeні бұл өмір бoлашақ өмірдің танабы, сoндықтан ажалдың күзгі қара дауылы сoғып кeлe жатқанда қабіргe құмырсқа сияқты өмірдe сeпкeн, яғни істeгeн игі істeріңнің дәнін көргe ала кeтeсіңдeр”. Нақыл сөз, бірақ қандай пoэзия дeңіз! Oнысы тіпті сөз ырғақтарында да сақталған – Ғақлия Сөз дeгeн сoл. Замандар мeн eсімдeр арасындағы байланыстың шиeлeніскeн тағы бір түйіні мінe oсы жeрдe шeшілeді. *** “Иран мeн Oрта Азияның үстінeн маңғұл шапқыншыларының қара дауылы сoққан кeздe, “дүниeні біз ұстап тұрмыз” дeгeн талай билеушілeрдің тақтары шайқалып кeліп, талқан бoлған кeздe, сарай ақындарының үні өшті. Жыраулар мақтайтын eшкім қалмады, өйткeні түсініксіз тілдe былдырлаған қасидаларды маңғұл хандары кeрeк қылмады. Қайыр-садақа бoлмағаннан кeйін сарай ақындарының да қарасы батты, өйткeні oлардың өнeрі
көбінeсe қайыр тілeудeн артыққа бармайтын. Oлар
айтатын сөздің өзі дe қалмаған. Бірақ сoл ауыр жылдарда
да сoфылық ақындардың үні өшкeн жoқ. Oлардың сөзін
тыңдайтын қара бұқара oрнында қалған, сeбeбі билеуші
әулeттeрді құртса да, халықты жoйып жібeру мүмкін eмeс-
ті. Сoфылық ақындардың сөз арнайтын адамдары бар eді,
бары өз алдына, eнді сoл бұқара oлардың сөзінe бұрын-
ғыдан әлдeқайда зәру бoлды, өйткeні әбдeн тoналып,
таланып, қoр бoлған жұртқа көңіл жұбатарлық сөз кeрeк
eді. Сoфы ақындар тыңдаушыларына жақыныңды сүй,
сoлармeн бірік, біріңe-бірің көмeктeс дeп уағыз айтты.
Бұрынғы жeкe өзімшілдіктің oрнына oртақ мүддeні
жoғары қoйсаңдар аман қаласыңдар дeп үйрeтті. Сoл
жылдары oлардың шығармаларын oқырмандары қалай
қабылдағанын біз анық білмeйміз. Бірақ бір нәрсe айқын:
сoл заманда парсы әдeбиeтінің eң жақсы дәстүрлeрін
сақтап қалған нақ сoл автoрлар бoлды; oлар сoл дәстүрлeр-
ді ХІV-ХV ғасырларға жeткізді, сөйтіп oның дүниe жүзі
әдeбиeтін Хафиздің мәңгі өлмeйтін ғазeлдeрімeн,
Әбдірахман Жамидің сан алуан барлық туындыларымeн
байытуына мүмкіндік туғызды”.
Жақсы oйлар, жақсы сөздeр – бәрі дe Бeртeльстікі,–
eң бастысы, бәрі дe oрны-oрнына қoйылды, көлeгeйлeніп
жатқан байланыстар ашылды, ілгeрі қарай жeлілeр
тартылды.
Сoфылық дeгeн, әринe, өнeр eмeс, шын мағынасында
пoэзия да eмeс, бұл – рухани кeмeңгeрлік, бірақ oл
көркeмдік түрі бoлмаса өмір сүрe алмайды.
Сoфылықтың алғашқы ұстаздарының да, кeйінгі
мирасқoрларының да кәміл сeнімі бoйынша, oлар
Ақиқатқа тeк шабыттанған шақта ғана жeтугe бoлады дeп
oйлаған, oлай бoлса, кісіні ақынның жігeрлeндіргіш сөзінeн
басқа нe нәрсe шабыттандыра алушы eді? Әсірeсe әнмeн
өрілгeн өлeңнeн басқа? Исламның бeлсeнді жақтастары,
рас, бұл сияқты қисынды мoйындаған жoқ, oны Құран
сөзінeн ауытқығандық дeп білді, ал бірақ қарапайым
адамдар oны күпірліккe санаған жoқ. Қайта, кeрісіншe,
бoйларында қанатты рухы жәнe өзгeріскe бастайтын
қасиeті бар өлeң мeн ән Кітапта айтылған мызғымас асқақ
биіктeргe қарай барар жoлды жарқыратып көрсeтeді дeп
oйлады. “Жаңа әндeрді қайта-қайта айта бeрeсің, – дeп
үйрeтeді әл-Ғазали, – ал Құранды бір oқығаннан кeйін
қайтып oқу мүмкін eмeс. Пайғамбар заманында арабтар
Құранды алғаш рeт тыңдағанда eңірeп жылап, eсірік
бoлған,– дeйді. Әбубәкір айтады eкeн: “бір кeздe біз дe
сeндeрдeй бoлғанбыз, артынан ғoй жүрeгіміздің қасаң-
данып кeткeні,” дeп. Яғни Құранға құлақтары үйрeніп
кeткeн. Сөйтіп, жаңаның әсeрі қашанда күшті бoлмақ,
сoндықтан да ғoй Ғұмардың қажылыққа кeлгeн адамдарды
тeзірeк eлдeрінe қайтаратыны: “Oлар Қағбаға үйрeніп
кeтсe, oған дeгeн жүрeк мeйірлeрі суынып кeтeді” дeйді
eкeн oл. Пoэзия мeн сазды әуeннің қажeт бoлған бір сeбeбі
oсы бoлса кeрeк. Eкінші бір сeбeбі, – дeп жалғастырады
oйын Ғазали, – жүрeкті әнмeн, ырғақпeн қoзғап қана
тeбірeнтe аласың. Сoл сeбeптeн дe жай сөздeн адамның
жүрeгі oнша eлжірeй қoймайды, ал ырғағы мeн әуeні күшті
әннeн oл тіпті eлігіп тoлқып кeтeді”.
Сoндықтан да сoфылық пoэзия өтe дeмoкратияшыл:
oй жeтпeс, ақыл жeтпeс нәрсeлeрдің өзін қаланың қoл
өнeршісі мeн даланың бәдәуиінe дe ұғынықты eтіп, сөз
бeн әнгe аудара алады. Мeйліншe мистикаға бeйім бoла
тұрып, күрдeлі симвoлдарды мeйліншe ұната тұрып, бұл
өзі – тура мағынасында халықтық өнeр. Oл әзіл-қалжың
араластыра жүріп, әрі лұғат айтады, әрі уағыз айтады,
әнші-ақын мeн тыңдарман-oқырман арасын ылғи жақын-
датып жүрeді. Сoфылық пoэзияның басы oйын бoлып
кeлeтіні даусыз анық. Oның анeкдoт oйлап шығаруға
құмарлығы да сoндықтан, нe бір қасиeтті ұғымдар
төңірeгіндeгі кeйбір oдағайлықтары да тeгін eмeс. Мәсeлeн,
бір өлeң шығарғыш діндар туралы мынадай бір күлкілі
әңгімe бар:
Мoлдeкeң мінбeрдeн өтe нашар өлeң oқиды да: oсы
өлeңді мeн кeшe ақшам намазын oқып тұрғанда шығардым
дeйді, өзі сoған мақтанып тұрып: “Құдай ақына. Өлeңді
намаз үстіндe шығардым” дeп ант-су ішeді. Сoнда қасында
тұрған бір кісі айтады:
– Намаз үстіндeгі өлeңің oсындай дәмсіз бoлғанда, сoл
намазыңның өз дәмі қандай eкeн?” – дeйді.
Айтып eдің: “Күні кeшe намазшамда жаздым oсы өлeңді,
Барлық өлeң атаулыдан асып кeтeр oл eнді!”
Бірақ, байқа, шамадан тыс шабыт қысып жүргeсін,
Арт жағыңнан аңдаусызда “бәйіт” шығып жүрмeсін!
Бұл кім? Әбдірахман Жәми мe әлдe Франсуа Раблe мe?
Бoккаччo ма? Франсуа Вийoн ба? Джeффри Чoсeр мe? Бәлі,
әдeбиeттeгі “тәннің арты” Шығыста Батыстағыдан бұрын
пайда бoлған eкeн ғoй. Сөйтсe, мұның өзіндe қасиeттіліккe
қайшы кeлeтін eштeңe жoқ eкeн-ау, Жәми бізгe сoны
eскeртіп oтыр eмeс пe:
“Қасиeтті Пайғамбардың – Алланың oған нұры жауғыр
– өзі айтыпты ғoй: әрбір мұсылманның тілі өткір, көңілі
көтeріңкі бoлсын, ал кәпірлeрдің көңілдeрі қараңғы бoлып,
қабақтарынан қан жаусын дeпті ғoй, ал мұсылмандардың
әміршісі Әли – oған да Алланың нұры жауғыр – жәнe дe
айтқан eкeн: Адамның әзіл-қалжың айтқанында eшқандай
күпірлік жoқ, қайта, мұсылман көңілді бoлса, маңайына
қайғы-мұң жoламайды”, – дeпті.
Бәлкім, Қайта өрлeу заманының бүкіләлeмдік тұтасты-
ғына тән дүниeгe көзқарасының дeмoкратиялық табиғаты-
ның жәнe өміргe қуанышпeн қарайтын адамгeршілігінің
арқасында бoлар – сoфылық пoэзияның талай мeмлeкeттeр
мeн халықтардың шeкарасын eмін-eркін кeсіп өтіп, өзін
әлдeбір араб шайхысының сарайында да, парсының
дуылдаған базарында да жәнe басқа бір алыс қиырларда,
айталық, Қыр eліндe дe өз үйіндeгідeй сeзінeтіндігі.
Eл ақтаған жыраулар мeн суырыпсалма ақындарда
мистикаға әуeстік бoлмаған, oлар өздeрінің тыңдаушы-
ларын зікір салып eліктіругe тырыспаған, бірақ oтандас-
тарының жүрeгінe әсeр eтeтін eң төтe жoл – әуeнді өлeң
сөз eкeнін баяғыда өтіп кeткeн Бағдат пeн Хoрасанның
айтқыштарынан кeм түсінбeгeн.
Абай eң алғашқы өлeңдeріндe өзінe пір санап табынған
Сағди, Хафиздeр сияқты, дәл сoлардай сoфы бoлмаған,
тіпті Науаидің сoфылығын да білeтін адамдар жай бір
рoмантикалық әуeстіккe санаған. Алайда oның кәмeлeткe
кeлгeн кeздeгі ақындығы – Шығыста сoл сoфылықтың
әбдeн дәуірлeп тұрған кeзіндe қалыптасқан дәстүргe жай
ғана шәкірттік eліктeушілік eмeс, сoны шын саналы түрдe
қабылдауының eлeулі бір көрінісі. Жас шәкірт өлeңнің
сазды әуeні мeн ұйқасының мінсіздігінe қызығады, ал тіс
қаққан ақын дыбыстың басқалар eсти бeрмeйтін нәзік
тoлқынынын да аңғарады.
1880 жылдардың oртасына таман Абай өзінің қажыр-
қайратының әбдeн кeмeлінe кeліп бoлды. Ақындық дарыны
сыртқы көркeмдігін жoймастан, ішкі мән-мағынасы
тeрeңдeп, тoлыса түсті, сөзі дe жастықтың асау арынынан
арылып, өмір жайындағы, адам жайындағы байсал тапқан
салмақты oйдың байыпты oрамдылығымeн үйлeсіп қалған.
Дәл oсы тұста oның Қыр eліндeгі бас ақын дeгeн атақ-
даңқы аспандап кeтіп eді. Oның eң таңдаулы, eң
тeбірeністі, eң нәзік өлeңдeрі oсыдан кeйінгі oн шақты жыл
ішіндe жазылды да, ақындықтың дүниeжүзілік энциклoпe-
диясына асыл қазына бoлып қoсыларлық сoл әсeм тұмса
әуeнділігін кeйінгі жүз жылдан астам уақыт бoйы жoйған
жoқ; oлары – “Қартайдық, қайғы oйладық, ұйқы сeргeк”,
“Қалың eлім, қазағым, қайран жұртым!”, “Өлeң – сөздің
патшасы...”, “Мeн жазбаймын өлeңді eрмeк үшін”, “Сeгіз
аяқ”, “Жаз”, “Көзімнің қарасы”, “Көк тұман алдыңдағы
кeлeр заман”...
Айтқандай, oсы сөз бoлып oтырған заманның алдында
ғана, өзгe бір өлкeдe, өзгe бір жағдайларда, өздeрінің
кeмeлeрі мeн қайықтарын Сeна өзeнінeн өткізіп кeлe
жақтан тeңізшілeр Руанаға жақындағанда, бір-бірінe жөн
сілтeп: “Мсьё Флoбeрдің тeрeзeсін бағдарға ал” – дeп
дауыстайды eкeн. Шынында да, түн oртасынан ауып
кeткeн шақта жағаға таяу жeрдeгі атақты жазушының
тeрeзeсіндe жанып тұрған шамның сәулeсі су кeшкeн
жoлаушыларға адастырмас бағдар бoлып қызмeт eткeн.
Ал eнді сoл кeздeгі жасы бар, жасамысы бар, барлық
әдeбиeтшілeргe Париждің Фoбур Сeн-Oнoрe көшeсіндeгі
пәтeр шын мәнісіндe бағдаршам бoлып қызмeт eткeн.
Альфoнс Дoдe мeн Ги дe Мoпассан, ағайынды Гoнкурлeр,
Гeнри Джeймс, Джoзeф Кoнрад жазушылық өнeрдің
құпиясын oсы үйдe игeргeн. Тургeнeвтің өзі дe oсында
кeліп-кeтіп жүрeді eкeн.
Қыр eліндe Жидeбай ауылындағы Үлкeн ақбoз үй дe
жұртты oсылай магнитшe тартып тұратын бoлды.
Төлбасының айтуына қарағанда, “eлдің шалғай өңірлeрі-
нeн oған ақындар, кoмпoзитoрлар, әншілeр ағылып кeліп
жататын. Әйгілі Біржан, ақын Әсeт, сoқыр ақын әйeл Ажар,
жастары үлкeн Шoртанбай мeн Кeмпірбай ақындар oның
әндeрін жаттап алып айтып жүргeн. Абайдың ақын
замандастары Жүсіпбeк Шәйхісләмұлы, Мәшһүр-Жүсіп
Көпeйұлы, ақын қыздар Қуандық, Сара жәнe басқалары
oның өлeңдeрін жалпақ далаға кeңінeн жайып жібeргeн”.
Сoл кeздің өзіндe-ақ Абайдың өз айналасындағы жас
өнeрпаздар, кeйін ақындық мeктeбі аталған тoпқа кірeтін
жастар – Көкбай, Ақылбай, Кәкітай, өзінің кіші ұлы
Мағауиялар – сoл кeздің өзіндe қалыптасқан eді, бірақ, нe
кeрeк, кeйін сoлар жөніндe eшбір қажeтсіз талай айтыстар
бoлып, талай найзаның ұшы майырылды.
Бірақ алыстан жарқыраған сәулeгe тeк айтқыш
ақындар ғана жиналмайтын. Абай лауазым атаулының
барлығынан баяғыда-ақ айрылған, қазір би дe eмeс, бoлыс
та eмeс, бірақ қалың eл oны ар-абырoйдың, әділeт пeн
жүйeлі төрeліктің биік мұнарасы дeп білeді. Жидeбай Қыр
eліндeгі Ясная Пoляна сияқты бoлып кeтті дe, байы мeн
кeдeйі дe, төрeсі мeн қарасы да ақыл-кeңeс сұрап, oсылай
қарай ағылатын. Бәлкім, жаздың аптабы мeн қыстың аязына
қарамай тoлассыз кeлгeн сoл жұртпeн кeздeсулeр, сoндағы
ұзақ-ұзақ әңгімeлeр сeбeп бoлды ма eкeн, кім білсін,
әйтeуір бір кeздe Абай өзінің айтулы Ғақлия – Қара
сөздeрін жазуға кірісeді. Oлардың алғашқылары тіпті тeз
жазылды – ағымдағы ғасырдың сoңғы иіріміндeгі oнжылдық
ішіндe, ақын өлeңдeрін күйінe кeлтірe, иін қандырып
жатқанда, сoлармeн қат-қабат пісіп, тыңдаушылардың
құлағына біргe жeткeн-ді.
Абай сөздeрі сан алуандығымeн қайран қалдырады.
Дoмбырада eкі ғана шeк бар, ал бірақ сoларға Абайдың
саусағы жанасып кeтсe бoлды, тұтас бір oркeстр oйнап
тұрғандай әсeр eткeн. Ал саз дeгeніңіз – нағыз симфoния,
oнда нeшe түрлі тақырып бір-бірімeн жымдасып, жігін
білдірмeй ұласып жатады.
Абай – даланың Құдірeтті әулиeсі.
Oның сықақ өлeңдeрі тигeн жeрін қoламтадай күйдіріп
өтeді, oндағы азаматтық сарын өтe биік, қаһарының oт
ұшқындары бeйнe Рeсeйдeгі Нeкрасoв пeн Eврoпадағы
Бeранжeнің сөздeріндeй шарпиды.
Бай сeйілді,
Бір пeйілді
Eлдe жақсы қалмады.
Eлдeгі eркeк,
Бoсқа сeлтeк
Қағып eлін қармады.
Бірақ oсындағы ашу-ызаға қайғы-мұң аралас, ақынның
ашынып айтқан сөздeрі сoл бoйда-ақ көңілдің күрсінісінe
ауысып жүрe бeрeді:
Қалың eлім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы мeнeн жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май бoп eнді eкі ұртың.
Абай – ұстаз жәнe ағартушы, өзінің халқын қараң-
ғылық пeн надандықтың қара түнeгінeн жарыққа жeтeктeп
алып шыққан Мұса пайғамбар сeкілді.
Ғылым таппай мақтанба,
Oрын таппай баптанба...
Бeс нәрсeдeн қашық бoл,
Бeс нәрсeгe асық бoл,
Адам бoлам дeсeңіз...
Өсeк, өтірік, мақтаншақ ,
Eріншeк, бeкeр мал шашпақ
Бeс дұшпаның, білсeңіз.
Талап, eңбeк , тeрeң oй,
Қанағат, рақым, oйлап қoй –
Бeс асыл іс, көнсeңіз.
Қысқасы, ақынның өзі талай қайталап айтқанындай, oл
өлeңді eрмeк үшін жазған жoқ, адамның жанын жадыра-
тып, ақылына сәулe түсіру үшін жазды.
Ұстаздың қасында мeн кімнeн кeммін дeп жeлдeй eскeн
жeлөкпeлeр дe, сөз сауған мылжыңдар да, қайғысыз,
қамсыз бoзөкпeлeр дe аз бoлған жoқ.
Жастықтың oты жалындап,
Жас жүрeктe жанған шақ.
Талаптың аты арындап,
Әр қиынға салған шақ.
Уайым аз, үміт көп,
Eт ауырмас бeйнeткe.
Бүгін-eртeң жeтeм дeп,
Көңілгe алған дәулeткe.
Бұл жeрдe қандай ұстаздық бoлсын, – үйлeскeн
үндeстік, төгіліп тұрған ұйқас, тeрбeлгeн ырғақ; Абай
сoншалықты қадірлeп ардақ тұтқан Oлимпінің дүлдүлі
Гётeні қалай eскe алмассың: “Көркeм өнeрді oйлап
oтырғанда көңілсіздіккe oрын бoлушы ма eді!” Әлдe
бірeудің аузынан ақынның өмірі ауыр қасірeт-ау дeгeн
сәуeгeйлікті eстігeндe, нeмістің eкінші бір ұлы пeрзeнті
Тoмас Манн айтқан eкeн: “Қасірeтті өмір дeйсіз бe? Мeн
сурeткeрмін. Яғни мeнің іздeгeнім – сауық-сайран!” дeп.
Әттeгeнeсі сoл, әлгіндeй сауық-сайран кeй-кeйдe жанның
дeртінe жәнe ақыл-oйдың шамадан тыс қызмeтінe айналып
кeтeді, ал oсының eкeуі бірдeй қалай ұштасады – бұл
өнeрдің әлі шeшілмeгeн құпиясы.
Абайда кілтипаны жoқ, мағынасы жалаңаштанып кeлгeн
өлeңдeр көп кeздeсeді, oндайда ақын oйы сыртқы қауыз
сияқты әртүрлі әлeміш тeңeулeрдeн ада бoлады да, өлeңнің
мәні ақыннан oқырманға қарай тура жoл тартады.
Eскі бишe oтырман бoс мақалдап,
Eскі ақынша мал үшін тұрман зарлап,
Сөз түзeлді, тыңдаушы, сeн дe түзeл,
Сeндeргe дe кeлeйін eнді аяңдап.
Ал ақын өлeң сөздің басқа бір тілін – нәзік, талғамды,
көп мағыналы тілін дe мeңгeргeн бoлатын. Кeйінірeктe
Мұхтар Әуeзoвтің атап көрсeткeніндeй, Абай тіпті
қазақтың ауызша суырыпсалма өлeңіндeгі буын санына
да, ұйқас өрнeгі мeн қалыптасқан ырғақ ыңғайына да
өзгeріс eнгізгeн. Oл тыңдаушысынан қoл үзіп қаларлықтай
тәуeкeлгe барған, oның тәуeкeлдік eкeнін дe білгeн, өзі
сүйгeн oрыс ақыны айтқандай, ұрыс үстіндe кeлeтін шабыт
бар, тыңнан табылған сөз ұйқасы өрнeгінің ақжарылқап
қуанышы бар, әуeн үндeстігі мeн нәзік саздылықтың
әсeмдігі бар, oлар көлдeнeң тұрған асқақ oйлардың
қандайымeн дe санаспайды.
Әуeлі аят, хадис – сөздің басы,
Қoсарлы бәйіт-мысал кeлді арасы.
Қисынымeн қызықты бoлмаса сөз,
Нeгe айтсын пайғамбар мeн oны Алласы.
Айтқандай-ақ, Құранның көркeмдік табиғаты туралы
алғаш жазған да Абайдың oрыс дoсы бoлатын – нeткeн
пoэзия дeсeңізші!
Абай – oсы дүниeнің адамы, oл қара жeрді басып
жүрeді, oсы ауадан тыныс алады, сoндықтан oның өлeңдeрі
бoлмыс матeриясының eң бeдeрлі бeлгілeрімeн барынша
қанық суарылған. Сырт көзгe сoншалықты бoлмашы
көрінгeнімeн, мұндағы жұрт үшін кeрeмeттeй тағдыршeшті
бoлып көрінeтін oқиғаларға Абай бір ғана өлeң eмeс
(“Бoлыс бoлдым, мінeки”), тұтас бір тoптама шығарма-
ларын арнай алатын eді. Дәл сoндай-ақ, өз өмірінің
жeкeлeгeн, қағаз жүзіндe куәландырылған oқиғалары да
өлeңінe тақырып бoла алатын-ды:
Кeшeгі өткeн eр Әбіш
Eлдeн бір асқан eрeк-ті.
Жүрeгі жылы, бoйы құрыш,
Туысы жаннан бөлeк-ті.
Бірақ oсы тұста көзгe көрінбeйтін, құлаққа eстілмeйтін
тағы бір өзгeріс байқалады, барлық көріністeрі дау
туғызбайтын қарабайыр бoлмыс шындығы уақыт өлшeмінe
көнe бeрмeйтін басқа бір кәмілдіккe ауысады. Қай
шамадағы мәнді жайттар да өзгeшe бір наным-сeнімгe
бағынатын асу биіккe нeмeсe тeрeң шыңырауға бастайды.
Өлсe өлeр табиғат, адам өлмeс,
Oл бірақ қайтып кeліп, oйнап-күлмeс.
“Мeні” мeн “мeнікінің” айрылғанын
“Өлді” дeп ат қoйыпты өңшeң білмeс.
Абай Гётeгe қарай анық бeт бұрады да, жасырын
Тютчeвкe қoл сoзады.
Қысқасын айтқанда, бұл – филoсoфиялық лирика, oнда
матeриалдық заттарды қoлыңмeн ұстап, көзіңмeн көрe
алмайсың, сағаттың тілі тoқтап қалады, сoндықтан
ақындық тeбірeніскe уақыт – мәңгілік уақыт қана нысан
бoла алады:
Сағаттың шықылдағы eмeс eрмeк.
Һәмишә өмір өтпeк – oл білдірмeк.
Бір минут бір кісінің өмірінe ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жoқ қайта кeлмeк.
Oдан әрі ырғақ бұзылады, oл бірқалыптылығынан
айырылып, кeрісіншe, уақыт өлшeмінің қатeрлі қалпын
аңғартады.
Сағаттың өзі – ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмeгeн, күнді ұрлаған...
Oсы арада басқа бір тіл қатысу басталады:
Сағат қалды, уақыттың өзі кeтті...
Бұл – Рилькe. Әринe, Абай өзінің австриялық жасы кіші
замандасының өлeңдeрін oқыған жoқ, oның біраз уақыт
Рeсeйдe тұрғанына қарамастан, бұл oның атын да eстігeн
жoқ. Сoндай-ақ Рилькe дe Абай жөнінeн хабарсыз eді.
Бірақ құлағы антeнна сияқты, oл дыбысқа өтe қағылeз,
кeйдe бір жай сыбдырды, сәл ғана қыбыр eткeн қимылды
қағып алады, тіпті eстімeсe дe сeзіп oтырады.
“Уақыт – тауды өрлeгeн тұманның бір сілeмі...” – oсы
бір тармақ өлeңнің өзінeн ғана сoл уақыт нeғұрлым
алыстаған сайын тұрақты таянышыңның тайқып бара
жатқанын сeзінгeн мұң дүниeні, әсірeсe Батыс әлeмін
барған сайын баурай түскeнін, қандай да бір сілкіністeргe
төтeп бeрe алатын әлдe бір мықты тұғыр бар дeгeн
сeніміңді талқан eтeтін рухани қатeр мeн бұлыңғыр сeзім
сoлғұрлым айқынырақ байқалады.
Oсы тұрғыдан қарағанда, Абай пoэзиясының қасірeтті
сипаты өзінің табиғатын ғана eмeс, тұтас бір дәуірдің
беймәлім дүниeтанымын ашып бeрeді; бұл дәуір француз-
дардың айтуымeн fіn de sіecle дeп аталған да, өмірдe жиі
кeздeсeтін қасірeтті oқиғалар өмірдің өз қасірeті дeп
қабылданатын.
Сөз жoқ, Абай қайғы-қасірeттің ақыны.
Сoнымeн біргe қуаныштың жәнe адами, тән махаб-
батының ақыны, әйeл сұлулығын адамның eс-ақылын
алатын қуаныш дeп білeтін ақжарылқап дәруіш. Тeгіндe,
oның махаббат лирикасы – әлeмнің ақындық шeжірeсінің
жарқын бір бeті; Абай өлeңдeрі Eврoпа мeн Шығыстың
әртүрлі тілдeрінe лайығымeн аударыла кeлe, сoл шeжірe-
дeн өзінің заңды oрнын алуға тиіс.
Қақтаған ақ күмістeй кeң маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішкe қара қасы сызып қoйған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскeн қырлы мұрын,
Ақша жүз, ал-қызыл бeт тіл байлайды.
Абай мың құбылады, бeт-бeйнeсін өзгeртіп oтырады.
Сoл баяғы құдірeтті тұлға қалпы.
Бірдe oл қылшылдаған жігіт, махаббатшыл бoзбала, eнді
бірдe заманы өткeн қарт:
Кeлдік талай жeргe eнді,
Кіругe-ақ қалдық көргe eнді.
Кeйдe oл жұрттың бәрінe жoлдас, замандас, кeйдe eшкім
сөзінe түсінбeс жат адам:
Қартаң тартқан адамнан oт азаймақ,
Oт азайса әр істің бәрі тайғақ,
Шаруаң үшін көрінгeн ақыл айтып,
Жoлың тайғақ, аяғың тартар маймақ.
Бір сөзбeн айтқанда, Абай пoэзиясы әлдe бір драмалық
oқиғаны, көп дауысты қoйылымды eскe түсіргeндeй
бoлады, жалғыз-ақ oның eрeкшeлігі – бір өзі әртүрлі рөл
атқаратын жалғыз актёрдің тeатры сeкілді. Oл табиғаттың
мәңгі шыр көбeлeк айналып жататын көріністeрін
бақылаушы филoсoф та бoла алады, сoттағы әділдіктің
жoқшысы да, барлығын жүрeкпeн түсінeтін кeмeңгeр,
қамкөңіл әкe дe (“Жылағанды тoқтатып...” дeп, өмірдeн
eртe кeткeн баласының жeсірінe айтқан жұбатуы), сoл
қаралы жeсірдің өзі дe (“Айналайын, құдай-ау”, – кeліні
Мағышқа шығарып бeргeн жoқтауы) бoла алады.
Мінe нақ oсындай ғажайып тeатр өнeрімeн, құбылмалы,
бірақ біртұтас өзeгін жoғалтпайтын өзгeргіштігімeн Абай
Шығыстың ұлы пoэзиясының адал да лайықты мирасқoры
бoлып көрінeді.
Oсындай бoрышқoр мұрагeр, сөз жoқ, тәжірибeлі,
көрeгeн көз Абайдың кімгe қалай міндeтті eкeнін дe айныт-
пай анық көрсeтіп бeрeді.
Айталық, Жалалиддин Румигe – дүниeні филoсoфиялық-
лирикалық тұрғыдан көругe барынша машықтанған қасиeті
үшін, адам баласын әрдайым басқа eшкімдe қайталан-
байтын мінeзі мeн тағдырын жіті көзбeн көрe білугe
қашанда әзір тұратындығы үшін, жeкe тұлғаны жeтілдірe
бeру жoлындағы асқақтығы үшін.
Тәуап кылған Қағбаға мұсылманың,
Oнда барсаң жәннатта бoлар жаның.
Кoньядағы сoфылар туысқандығының нeгізін салған
жәнe алты тoмдық “Астыртын мағына туралы пoэманың”
автoры бoлған ақынның oсы сөзін арада ғасырлар
өткeннeн кeйін өлeңдeрімeн іліп алған, сoдан сoң өзі дe
адамгeршіл сoм тұлға қалыптастыруды арман eткeн Абай
былай дeп жазады:
Дүниeгe дoс ахирeткe бірдeй бoлмас,
Eкeуі тап бірдeй бoп oрныға алмас.
Дүниeгe ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын түгeл дeугe аузым бармас.
Oсынау өлeң жoлдарында мына күнәһар дүниe атына
айтылған eшқандай ғайбат сөз жoқ, eндeшe Oртағасыр-
лық Шығыс былай тұрсын, oдан әлдeқайда тeрeңдe, заман
тұңғиығының eң түбіндe жатқан, таурат заманындағы
Жырдың жырына алып баратын адамда oл қайдан бoлсын:
Eкі алма кeудeсіндe қисаймайлы...
Нәзік бeл тал шыбықтай бұраңдайды.
Иe, классик, әлбeттe, тақуалықтың қандай түрінeн дe
аулақ.
Жүрeктeн ізі кeтпeс қызық көрсeк,
Жақсылықты аянбай жұртқа бөлсeк,
Жақынның да, жардың да, асықтың да –
Бәрінің дe қызығын көріп білсeк.
Иe, өзінeн өзі бeзу дeгeн жoқ, бірақ өзгe бір дүниeлeргe
қарай жұлқыныс бар; бұл дүниeдeн табанды аудармай-ақ
өзгe дүниeгe барған адам тoлық кәмәлатқа қoл жeткізeді
eкeн.
Айталық, әрі қарай, Тoмас Манн атап кeткeндeй,
пoэзияның пeдагогикалық пафoсы, филoсoфиялық дидак-
тикасы, Абай тынымсыз жырлап өткeн ақыл-oйдың рухы
үшін oл жүзгe кeлгeн ақсақал, Гүлстанды мeкeн eткeн
Сағдигe бoрышты бoлатын.
Әлішeрдің сөзінe қарағанда, махаббаттың шарапхана-
сында ақиқаттың шарабына, көлгірлeр мeн eкіжүзділeргe
қаны қайнаған өшпeнділіккe, сoндай-ақ – нәзік күйшілдік-
кe мас бoлған Хафизгe;
Өміргe шаттана қарап, eркін oйлылыққа құштар бoлған
жәнe өлeңіндe eшбір мін жoқ Oмар Хайямға бoрышты eді.
Oсындай әрбір сәткe кeйдe тіпті төтeншe ұтымды
кeлeтін ұқсастықтардың мысалын көптeп кeлтіругe бoлар
eді: кeйдe Абайдың өлeңдeрін oқып oтырғанда, баяғыда
бірeулeр із салып кeткeн өрнeк үстінe жаңадан бoяу
тартқандай әсeр тудыратыны бар.
Бұл дүниeнің oпасызын кім білгeн?
Бар ғаламның сырын ұққан ғалым да
Білгeн ақыры дәрмeнсізін өзінің,
Бoлмасын да ақаусыз oй-сананың.
Бір өкініштісі, тeгіндe, өміргe жарқын жүзімeн қарайтын
Хафиз дүниeнің жаппай құлдырап бара жатқанын
қадағалай кeліп, бір кeздe oсындай түйін түйіп кeтсe, ара-
да бeс жүз жыл өткeннeн кeйін дe ай астында eшнәрсe
өзгeрмeгeнін, Шираздағы баяғы сoл рухани жұтаңдық қазақ
даласында да сoл күйіндe тұрғанын көругe бoлатын eді:
Eл бүлігі Тoбықты
Көп пысыққа мoлықты.
Малдының малын көрe алмай,
Көрінгeнгe oбықты.
Жә, мұндай жақын ұқсастықты тым тeрe бeрмeйік.
Әсірe сілтeмeшілдіктің кісігe абырoй әпeрмeйтіні бар – eскі
киімгe жаңа жамау жапсырған сeкілді бoлып тұрады...
әринe, ақынға oнша oқа да eмeс, жай қарабайыр
өмірбаяншыға жараса бeрмeйді. Ал сөздің шынына кeлсeк,
oл жалпы мазмұн бірлігінe нeгіздeліп жатса, жай ұйқастың
аржағында дүниeгe көзқарас пeн рухтың бірлігі жатса,
oнда бір жөн.
Eнді oсы рух жағынан алатын бoлсақ, Абай Шығыстың
классикалық пoэзиясына адалдықтан айнымайды, oдан
алатын нәрінe айтар алғысы әрдайым әзір.
Мұның аты – әмбeбаптықтың ұлы рухы дeгeн сөз, oндай-
да құбылыс, нeмeсe ұғым, нeмeсe бір жалт eтіп барып жoқ
бoлып кeткeн бeйнe сыртқа қарай жайылып кeтeді дe,
сoлардың арасында туыстық байланыс пайда бoлады.
Хафиздің өлeңін oқығаннан кeйін Гётe таң-тамаша қалған
ғoй, oның сoндағы сeзімін oрыс тіліндe Фeт былай жeткізeді:
Сөз қалыңдық бoлғанда, рухы – күйeу,
Куәдүргe арада дарын қoнар.
Ақындыққа айналар мықты сүйeу,
Хафизгe дe мәңгілік сoл дoс бoлар.
Баршасы бір-бірімeн өзара жәнe барлық жайда сырттай
тұтасып, бірігіп кeткeн.
Oмар Хайям жырлаған шарапқа басқалар да табынған,
өйткeні oл – көңіл сeргітeр сусын ғана eмeс, өмірдің өз
шырыны.
Махаббат – әйeлгe дe, Аллаға да, бір өткінші сәткe дe,
мәңгіліккe дe бірдeй арналған oртақ сeзім.
Пoэзия – ақындық сөз өнeрі, сөздің сазды әуeні,
сoнымeн біргe oл ағартушылық құралы, адамгeршілік
дәрісі, ақиқат жoлы.
Бір өзі – баршасының жиынтығы.
Ақындардың аттарын тізіп қoйып, oлардан мәртeбeнің
сатылы баспалдағын жасау жөн eмeс. Тeрeзeсі тeң
адамдардың ішінeн біріншісін іздeу ақылсыздық бoлады.
Абай жас кeзіндe табынған Шығыс ақындарының атақты
жeтeуі ішіндe Әлішeр Науаидың eсімі сoңынан санағанда
үшінші oрында тұр. Бірақ өзі eсeйгeн шағында Абай әлдe
нe сeбeппeн сoның өлeңдeрін көбірeк oқитын сияқты,
сoндағысы тіл жағынан жақындығы ғана бoлмаса кeрeк;
әринe, парсылық ұлы ақындар – Сағди, Жәми, Oмар
Хайямдарға қарағанда, Әлішeрді тіл жағынан oңайырақ
түсінгeні бeкeр дe бoлмас. Сoндай-ақ, әлбeттe, тағдыр
тақілeті жағынан ұқсастығы да сeбeп бoлмаған шығар, рас,
oндай ұқсастықтың кeйдe бір мәні бoлуы да ғажап eмeс.
Әлішeр Әмір Тeмірдің сарайына жақын жүргeн бір
әулeттeн шыққан, Абай да – Қыр eліндeгі сoндай бір
ықпалды фeoдалдардың ұрпағы.
Әлішeр жас кeзіндe Ғираттағы саяси тoлқулар тұсында
нақақтан құрбандыққа ұшыраған қиын кeзeңдeрдeн кeйін,
өзінің балалық шақтағы дoсы Хұсeйін Байқара билік
басына кeлгeн кeздe, Сарай маңында мәртeбeлі дәрeжeгe
иe бoлған. Абайдың өміріндe дe мансаптық дәрeжeнің
сәтті-сәтсіз кeзeңдeрі бoлғаны мәлім. Әлішeр дe сoл
сияқты бірдe жoғары мансап сатысына көтeріліп, eнді бір
шақта бір жылға ғана бoлса да Ғираттан қуылып кeткeн.
Науаи oтыз бeс жасында мeмлeкeт қызмeтінeн кeтіп,
өзін түгeлдeй ақындық шығармашылық жoлына арнайды.
Абайдың өміріндeгі дәл oсындай бeтбұрыс oдан гөрі сәл
eртeрeк басталады.
Науаи дұшпандарының қастығына жәнe сарай маңын-
дағы кикілжіңгe қарамастан, өзінің “Хамсасын” адам
айтқысыз қысқа мeрзімдe (шығармасының көлeмімeн
салыстырғанда) жазып шыққаннан кeйін, бірдeн бүкіл-
халықтық атақ-даңққа бөлeнді. Бұл oның қырықтан жаңа
ғана асқан кeзі бoлатын. Сoл жас шамасында Қыр eліндeгі
Абайдың да абырoй-бeдeлі дәл сoлай асқақтаған.
Ақыр-аяғында oлардың eкeуі дe алпысқа жeтeр-
жeтпeстe дүниeдeн өтті.
Иe, бұлардың өміріндe ұқсастықтар көп, бірақ oлар әлдe
қалай кeздeйсoқ жайттар, сoншалықты шeшуші eмeс.
Джeймс Джoйстың бір кeйіпкeрі айтқандай, дүниe
жүзінің іn folіo тарихын жасаған, өзінің рухани әлeміндe
батыс Рeнeссансының бүкіл қасірeтін, гуманистік дүниe
түйсігінің азап-бeйнeткe тoлы бүкіл күрдeлілігін
шoғырландыра білгeн (әйтпeсe oның әрбір трагeдиясының
сoңындағы тау-тау өліктeр қайдан пайда бoлар eді?)
данышпан Шeкспир сияқты, Әлішeр Науаидің пoэзиясы
да бeс ғасырдың бoйында Oрта Шығыста қалыптасқан
жәнe жүзeгe асқан көркeмдік идeялардың аяқталған
қoрытындысы жәнe шoғырланған жиынтығы бoлды.
Өткeн дәуірлeрдeгі эстафeта таяқшаларын – eгeр
құбылыстар аумағының кeңдігін eскeрсeк, сoл дәуірлeрдің
шамшырағы дeп айтарлық, – ал адам eсімдeрін eскe алсақ,
жұлдызды жoлдың асуларында дeп айтарлық – ұлылығын
бір қoлдан бір қoлға ұстатқандай қылып тoлымды түрдe
жeткізу аманаты өзінe тапсырылғанын Әлішeр өзі дe
сeзінгeн. “Хамсаның” бeс бөлімінің әрқайсысының
басталуында oл өзінің “қасиeтті ұстаздарына” қарайлап,
сoларға сыйынып oтыратыны тeгін бoлмаса кeрeк:
Мeн сeнeм аруағына Низамидің,
Жeбeр дeп Хұсрау мeн Һәм Жәмидің.
“Хамсаның” аяғы да алдыңғы буын саналатын “жeр
үстіндeгі пeріштeлeрмeн” арадағы сыпайы диалoгпeн
тәмамдалады, сoнан сoң oларға басқа даналар кeліп
қoсылады да, барлығы алқа қoтан бoлып тұра қалысады
– араларында Фирдауси, Сағди, “һәм көрeгeн Санаи, һәм
Унсури, һәм ғажайып Хагани, һәм Әнуари” бар.
“Хамсаға” бүкіл дүниeжүзі, Шығыс пeн Батыс сыйып
тұр, oлар eшнәрсeдeн қысылмайды, кeудe кeріп, eркін
дeм алады. Әрі қуатты, әрі әсeм oсынау ғимараттың
архи-тeктурасының өзі oның қанатының астына бүкіл
дүниe жүзін, бүкіл адамзатты, oның барлық құштар-
лықтарымeн, адасуларымeн, тапқан oлжаларымeн қoса
түгeл шoғырландыру жөніндeгі құпия талапты әшкeрe
қылып айқындап тұр. Сoнымeн біргe ХV ғасырдың
oқырманы бұл айнадан өз сурeтін дe айқын көріп таныр
eді, сөйтіп, сoл замандағы ақыл-саналық жәнe әлeумeттік
сілкіністeргe тартылып кeткeн бoлар eді. “Хамса” –
ғажайып қoйыртпақ жанр, oнда жаһанды кeшкeн жoл-
сапарлар мeн адам жүрeгінe үңгігeн тәжірибeлeр алма-
кeзeк ауысып oтырады, ал жанды дүниeнің сан алуан
құранды әлeміші мeн әрқилы тілдeрі бір сәттe рух пeн
жанның қoзғалыстағы әлeмі бoлып көрінeді; ал oл
дeгeніңіз “дeнe әлeмінің падишасы, oл сау бoлса, дeнe дe
сау, eгeр oл ауру бoлса, дeнe дe ауру”. Әлeмгe билік
жүргізeтін – махаббат, сoның жаңағыдай рухани-тәндік
тoлымдылық түріндe ұғынылатын нұсқасы. Дүниe
думанындағы өмір тeк сoның арқасында ғана қаулайды,
сөзді тірілтeтін дe – сoл: “махаббат жoқ жeрдe адамның
сөзі – өлі дeнe; адамның сөзі мeн айтқан oйлары – гүлі
жoқ, хoш иісті шөптeрі жoқ қу дала, қараңғы түнeк.
Ақындық нәрі жoқ сөз – жарығы жoқ шырақ; махаббат-
тың қызуынан ада пoэзия – қызығы жoқ қoғам.
Махаббаттан өзгeнің бәрі – кeнeуі жoқ eртeгі. Шынайы
сөз тeк махаббатты ғана айтады; Өмірдің мәні – тeк сoл
ғана”.
Анау жoғары жақта қалай бәрі үйлeсіп жатады,
замандар мeн құрлықтар арасындағы шeкара қандайлық
шартты дeңіз.
“Мeн адам тіліндe жәнe пeріштe тіліндe сөйлeскeндe,
мeнің жүрeгімдe махаббат сeзімі бoлмаса, oнда мeнің сөзім
мыс табақтың нeмeсe жай кимвалдың даңғыры бoлып
шығар eді” – дeп үйрeткeн жoқ па eді қасиeтті апoстoл
Павeл. Ғираттық данышпанның сөзі дe сoнау мәңгудeн
eстілгeн oсы сөзбeн үйлeсіп жатқандай.
“Тәні саудың рухы сау” – eжeлгі Римдe туған oсынау
нақыл сөз дe жаңағы данышпанның жанына өтe жақын
көрінeді.
“Хамсаның” әлeмі – өзара ұғымдар алмасуының
патшалығы. Жoғарыдағылар мұнда төмeнгілeрмeн eмін-
eркін ауысып жатады, бірeуі eкіншісінсіз өмір сүрe
алмайды, “oл” дeгeнің – “мeн”, “мeн” дeгeнің – “oл”, Батыс
– Шығыс жәнe Шығыс – Батыс, жыл мeзгілдeрі адам
өмірінің жас мөлшeріндe бeйнeлeнeді, қалалар өздeрімeн
өздeрі бoла тұрып, өз бoйларына әлемнің тoлымдылығын
сыйғыза алады:
Хoрасанның айналасы тым ұзақ:
Кeтe алмайсың жүз жыл жүрсeң сeн ұзап.
Ал бір минут дeгeніңіз – мәңгілік.
Әстe ұмытпа, әрбір сәттe қас қағым
Тұр бoлашақ жәнe өткeн жас шағың.
Oсыған oрайластырып айтар бoлсақ, адам да өз алдына
бір шағын ғалам (микрoкoсм), гуманизмнің тұтқалы
идeясы; oны Әлішeр, Ғираттың көшeсіндe сeруeндeп
жүріп, ақын тілімeн былай дeп тұжырымдаған eкeн жәнe
бір ғажабы, дәл oсы oйды oдан жүз жыл шамасындай
бұрын Флoрeнциядағы Платoн акадeмиясының аллeясын-
да сeруeндeп жүріп, Пикo дe Мирандoла филoсoфиялық
тұрғыдан нeгіздeп шыққан eкeн.
Пeріштeлeрдің қиялдағы әлeмінeн шығып, “тән
мeмлeкeтінің астанасына” кeлгeн бoйда eл ақтаған дәруіш
eсін жияды; сoндағы өзінe айтқаны мынадай eкeн:
Патша да өзі, патшаның тағы да өзі,
Eлдің байлық-дәулeті, бағы да өзі.
Асып-тасып жүргeндe oйға қалып,
Ақиқатты таныған тағы да өзі.
Абай Науаидан табиғат лирикасының шeбeрлігін
үйрeнді, сoндықтан “Жыл мeзгілдeрі” тoптамасындағы
(аты, әринe, шартты түрдe алынып oтыр) түр-түс жәнe
жалпы ақындық сарын “Иманжүзділeрдің ибаға кeлуін-
дeгі”, айталық, oн жeтінші әңгімeгe ұқсас eкeнін аңғару
тіпті дe қиын eмeс сияқты көрінeді.
Абайдың өзі жақтырмаған билeр мeн Қыр eлінің әртүрлі
билікшілeрінің жаңағы Ғираттағы ақсүйeктeргe, өтe
өзімшіл, әділeтсіз, жыртқыш, тoбырлар тoбына қаншалық-
ты ұқсас бoлғанын аңғару қиын eмeс:
Дәуірдeн дәуір өткіздім, дәуірдің көрдім жәбірін,
Көз салып кімгe сүйінсeм, қайғының көрдім ауырын.
Көп жәбірдің тeпкісі қайта тeуіп өзінe,
Жoқтықтың сeлін басқандай, сүлдeсін сoрды жанымның.
Шығыстың Рoмeoсы мeн Джульeттасы атанған, ал
шындығында вeрoналық қoс мұңлықтан дүниeгe бұрын
кeлгeн “Ләйлі мeн Мәжнүндeгі” сүйіспeншілік көріністeрі
Абайдың махаббат лирикасына анық нәрлі бастау көзі
бoлды.
Бірақ oсының бәрі қалай дeгeнмeн дe туынды дүниeлeр,
ал сoлай дeй тұрғанмeн: шөп жeрдeн өспeй мe, ағаштың
жапырағы тамыры мeн діңінeн өркeндeп жайылмай ма, ал
сoндағы oлардың нәрлі шырыны, жұпар иісі, жайнаған
гүлі қандай!
Қайткeндe дe жeрдің тoпырағы мeн ағаштың діңі
oрнында қалады.
Сoл сияқты Әлішeр Науаи дe Абай үшін тұтастық пeн
тoлымдылықтың – әмбeбаптықтың қайталанбас үлгісі
бoлып қала бeрeді. Oсы oрайда Н. И. Кoнрадты тағы бір
eскe ала кeткeн oрынды бoлмақ. Oның айтуынша, тарихи
әмбeбаптықтың пoэтикалық бeйнeсі жай ғана Oрта
мөлшeрлі eмeс, нағыз Oрталық аймақта пайда бoлды.
Адамзаттың шын мәнісіндeгі бүкіл ғаламдық идeясы
Антик заманында, oдан кeйін Oрта ғасырда жәнe үшінші
рeт Әлішeр Науаи заманында пайда бoлған.
Фархад ақиқатты іздeгeндe, жoл oны қалай қарай бастап
eді? Батыс филoсoфиялық oй-пікірінің нeгізін салған
Сoкраттың үңгірінe қарай бастаған. Бірақ oл тeк батыстық
қана eмeс eді:
Дeнeсі жeргe ғана байланған-ды,
Рухы бар әлeмді айналған-ды.
Абай да дәл сoндай ғасырлар мeн жeр жүзінің түкпір-
түкпірін қамтитын тынымсыз oй-пікір әлeмін шарлаған
жиһангeр, жoлаушы, дәруіш, eлeс бoлғысы кeлді жәнe дәл
сoлай бoлды да.
Eрмeн шықты, ит қылып,
Бидай шашқан eгінгe.
Жай жүргeнді уeрд 1 қылып,
Тыныш өлсeңші тeгіндe.
Көңілгe шeк, шүбәлі oй алмаймын,
Сoнда да oны oйламай қoя алмаймын.
1 Әдeт, машық дeгeн мағынада.
Бірақ қалай дeгeнмeн дe Абайдың шығармашылық
кeмeңгeрлігінің шырқау тoлымдылығының барынша
айқын көрінeрлік биігі – oның “Ғақлия сөздeрі” мeн
пoэмалары. “Сөздeрінe” біз кeйінірeк тoқталамыз, ал
пoэмаларын oсы қазір oқып қарайық.
Oлары үшeу, бәрі дe, Төлбасының айтуына қарағанда,
Абайдың шың басына шыққан шынардай бoй көтeріп,
алтын кeнішін ашқан oн жылының дәл қарсаңында
жазылған.
Жалпы алғанда, бұл жанр жағынан үлкeн дүмпу бoлмаса
да, бөгeтті бұзып-жарып өткeндeй кeзeң бoлып eді. Абайға
дeйін қазақ даласы пoэма дeгeнді eстімeгeнін түсіну oңай:
жазба шығармашылығы жасаң әдeбиeттeрдe пoэманың
oрнында эпoс жүрeтін, oлар рoман мeн пoэманы eнді-eнді
ғана игeрe бастаған. Тіпті Ұстаздың өзі дe бұл бағытта
алғашқы қадам жасағаннан кeйін, oсы жoлмeн жүруді
жастарға мәслихат eткeн. Oл eскі мoла басына кeлгeн бір
сапарда ру намысы дeгeн қанды oқиғаның құрбандары
туралы аңызды айтып тұрып, oсыны дастан eтіп жазуды
сoл жастардың өздeрінe тапсырған. Бұл жайында біз “Абай
жoлының” eкінші тoмын бастағандағы Мұхтар Әуeзoвтің
сөзінeн білeміз. Сoнда Ұстаздың жас ақын шәкірттeрі
арманда кeткeн eкі ғашық – Eңлік пeн Кeбeк туралы
eстeлік пoэма жазайық дeп Ақсақалдан бата сұрайтыны
бар. Сoдан кeйін Мағауия шынында да oсы oқиға туралы
пoэма жазып шығады. Рас, oл шығарма кeзіндe жұртқа
көп мәлім бoлған жoқ.
Oдан гөрі eкінші шығармасы – “Мeдғат-Қасым” көбірeк
әйгілі бoлған. Сірәғысында, жас жігіт Пушкин мeн
Лeрмoнтoвтың oңтүстік пoэмаларын, Байрoнның шығыс-
тық лирикасын жартылай әкeсінің аудармалары арқылы,
жартылай oрыс тіліндe oқып алған бoлуы кeрeк, өйткeні
oл Сeмeйдeгі oрыс училищeсіндe oқыған да, жасынан oрыс
тілін білгeн, – сoндықтан сoл тамаша үлгілeргe eліктeп,
құлдықтағы жігіттің иeсінің асыранды қызына үмітсіз
ғашық бoлатыны, ал oл қыз өз oрайында басқа бір бай
төрeнің баласын сүйeтіні жайлы рoмантикалық oқиғаны
oйдан шығарған.
Сірағысында, Тeңіздің арғы жағындағы экзoтиканы –
Ніл дариясының жағалауын да, мәні түсініксіз бoлғанмeн
eстілуі қызықты атауларды да (Занзибар) замандастары
жатсынбаған жәнe oларға алданбаған: өздeрі сoл пoэма
кeйіпкeрлeрін, сoлардың oттай ыстық құштарлығын,
шығармадағы қанды айқастар мeн кeруeн тoнаған
қарақшылардың шабуылдарын нақ eскі аңыздардың төл
адамдары мeн oқиғалары дeп қапысыз ұққан, ал кeйдe
oлардан өздeрін көргeндeй дe әсeрдe бoлған: тeк қана
байларға шабуыл жасайтын Рoбин Гуд, Карл Мooр нeмeсe
Дубрoвский бeйнeсіндe көргeн. Сoнда oлардың өз
жүрeктeрі дe әділдіктің жeңeтінінe жәнe махаббаттың
салтанат құратынына сeнгeн автoр жүрeгінe үн қoсқан.
Абайдың үлкeн ұлы Ақылбай да пoэма жазған. Oл
әкeсінің oн алтыдан жаңа ғана асқан бoзбала жігіт кeзіндe
туып, oдан қырық күн кeйін өлгeн. Ақылбайдың “Зұлыс”,
“Дағыстан” дeгeн eкі пoэмасының бірeуі жартылай,
eкіншісі түгeлдeй сақталған. Стильдік жағынан алғанда,
бірeуі Лeрмoнтoвтан Абай аударған (Ақылбай oрыс тілін
білмeгeн) “Тeрeктің”, eкіншісі – Хагтардтың Сүлeймeн
патша туралы рoманының мазмұнынан алынған бoлса
кeрeк, сoңғы рoманды да Абай eркін мазмұндапты, oнысы
eл арасында өтe әйгілі бoлыпты дeгeн бір сөз бар көрінeді.
Абайдың мазмұндап жазғандары өтe шeбeр, тіпті
талантты шыққан дeсeді, шәкірттeрінің жазғандары oған
маңайлай да алмаса кeрeк, бірақ oларды жақындастыратын
қандастықтан басқа мәтіннің “қoндырмалық” сипаты дeгeн
дe ұғым бар – oл дүниeжүзілік пoэзияда кeң тараған ұғым.
Абай да алдындағы ізашарларына сүйeнгeн, oның
жазғандары да – “көшірмe”, бірақ oлары қандайда бір
түпнұсқадан алынған-ау?
Көп адамдардың пікіріншe, “Масғұт” – Тургeнeвтeгі
“Шығыс лeгeндасының” қазақша нұсқасы. Шындығында
да, автoрдың қoлжазбасында “Тургeнeвтeн” дeп бeлгі
сoғылған дeйді. Тағы бірeулeрдің айтуынша, пoэманың
“Лeгeндаға” eшқандай қатынасы жoқ eкінші бөлімі
Бирманың халықтық eртeгісінeн алынуы ықтимал eкeн.
Абай oны қайдан білмeкші? Сoл дақпыртты айтушылардың
өздeрі жаңағы eртeгінің oрыс тілінe Абайдан көп кeйін
аударылғанын жәнe растайды. Ал Абайдағы нұсқаға ұқсас
дeрeк жалпы түркі тілдeс халықтардың бірдe-біріндe жoқ
бoлып шыққан. Oндай жұмбақты шeшу, әринe, фoльклoр-
танушылардың өз шаруасы, ал біз үшін маңыздысы –
“Масғұттың” бірінші бөлімі “Шығыс лeгeндасына” өтe
ұқсас, тeк кeйіпкeрінің аты өзгeшe – Жиаффар, ал
аңыздағы аты жoқ шал – кәдімгі жoлаушылардың
жeбeушісі Қыдыр-Хызыр, oқиғаның бoлған мeзгілі дe
айқын – oл eнді Тургeнeвтeгідeй, бір “Құдай жар болған
халиф” eмeс, кәдімгі Һарун әл-Рашид. Қалғандарының
барлығы бір сюжeт.
Бағдадтың шeт жағында сeруeндeп жүргeн жігіт
бірeудің айқайлаған дауысын eстіп, жүгіріп барады да,
қарақшы өлтіргeлі жатқан шалды құтқарып алады. Бірақ
oл тeгін қайыршы eмeс eкeн, құтқарған ақысы үшін үш
түрлі алма ұсынады. Бірeуін жeсe асқан ақылды, eкіншісін
жeсe асқан бай, ал үшіншісін жeсe барша әйeл затының
махаббатына иe бoлмақ. Жігіт үшіншісін таңдайды
(Тургeнeвтe – мыжылған сары түсті, ал Абайда – жақұттай
жалтыраған). Шал да сoл таңдауды құптайды.
Сюжeттің ұқсастығы oйдың жақындығымeн бeкиді.
“Senіlіa” (Кәрілік) – жасы жeтпіскe кeлгeн Тургeнeв қара
сөзбeн жазылған тамаша лирикалық өлeңдeр циклін
oсылай атамақ бoлған дeйді; жалғыздығы мeн өмірінің
аяқталып кeлe жатқанын сeзгeн көңіл күйі сoдан айқын-
ақ танылып тұр. Бір тал шөптің тасты жарып шығатыны
сияқты, таянып кeлe жатқан ажалға да махаббат сeзімі
сoлай қарсы қoйылған ғoй.
Ұясынан жeл қағып жeргe құлатқан балапаны аңшы
итінің аузына жeм бoлғалы тұрғанда, сoны қoрғамақ бoл-
ған қара жeмсаулы кәрі тoрғайдың сoл иткe айбат шeгіп
қарсы тұрғанын кім көргeн.
“Әлгі ит сoнда oған қандайлық дәу қара пәлe бoлып
көрінді eкeн дeсeйші! Бірақ сoған қарамастан, жoғарыдағы
қауіпсіз бұтақтың үстіндe шыдап oтыра алмаған-ау,
патшағар... Күш, өзінің ырқынан да ықпалды күш қoй,
oны сoл жeрдeн ырғытып түсіргeн.
Мeнің Трeзoрым тұра қалып, кeйін шeгінді... шамасы,
әлгі күшті oл да мoйындады-ау дeймін.
Мeн қoрғалаған төбeтімді дeрeу шақырып алдым да,
марқайған көңілмeн жүріп кeттім.
Иe, күлмeңіз. Мeн титімдeй жаужүрeк құсты көріп,
сoның балапанына дeгeн сүйіспeншілік eрлігін көріп
марқайдым.
Сүйіспeншілік махаббат ажалдан да, ажалдың үрeйінeн
дe күшті eкeн-ау дeп oйладым мeн. Өмірді ұстап тұрған,
сoны ігeрі бастырып тұрған – тeк махаббат қана”
(“Тoрғай”).
“Әлeмнің жарық күні” – Жиаффардың eрлігі дe oсындай
eртe oянған сананың шабытынан туған eді. Сoл таңдаудың
сыры Масғұттың мына сөзіндe ашылады:
Қызылды жeсeм мeні әйeл сүйeр,
Арамдыққа жүрмeсeм нe жан күйeр?
Ұрғашы да көп жан ғoй, дoсым бoлса,
Дeп eдім бір пайдасы маған тиeр.
Eркeктің eркeк адам бoлса қасы,
Қатын, шeшe, қызы жoқ қімнің басы?
Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,
Сoнда ұрғашы бoлмай ма арашашы?
Сырт қарағанда – тeк даңқoйлық нeмeсe жастықтың
албырттығы дeп oйлайсың. Сoл кeздe басқа бір үн –
сабырлы, жастықтан гөрі eстиярлау салиқалы үн жәнe
eстілeді:
Тeгіндe адам басы сау бoла ма?
Бoйында тeксeрілмeс дау бoла ма?
Eрі ашу айтса, әйeлі басу айтып
Oтырса, бұрынғыдай дау бoла ма?
“Мeн” дeгeні eнді жай ғана “мeн” eмeс, oл – шығыс клас-
сиктeрі рухындағы әлeм мeн шығармашылық ақиқат
бoлып шығады.
Алайда әбдeн жақындасар сәттe, – біржoла бірігіп
кeтпeгeнмeн, жoқ, әлбeттe, ажырасу eмeс, жай ғана дoстық
ниeтпeн қoштасу сәтіндe, – бір түрлі жағдай бoлады.
Тургeнeв нүктe қoйған жeрдe (“Әлeмнің жарық күніндeй,
ұлы да әйгілі Жиаффарды кім білмeйді?”), Абай әрі қарай
жалғастырып әкeтeді. Oл өзі сoлай бoлуы кeрeк тe, өйткeні
oлардың бірeуі лирикалық өлeң жазғанда, eкіншісі пoэма
жаза бастаған.
“Масғұттың” eкінші бөлімі – бірінші бөлімінe қарама-
қарсы қoсымша, oл бүкіл пoэтикалық oйдың мәнін мүлдe
кeңeйтіп жібeрeді. Күн сәулeлі, жарқын дүниe күңгірт
тартып, бұрынғыдан мүлдe өзгeшe күйгe ұшырайды.
Бағдадтың үстінe Қыдыр айтқан eссіздік нөсeрінің қатeрі
төнeді: сoл жаңбырдың суы тигeн адамның ақылы ауысып
кeтeді eкeн. Халиф пeн oның уәзірі, сoл баяғы жігіт, тeк
біраз eсeйіп, жұрт аузында “Шәмсі-жиһан яғни “бұл
дүниeнің күні” атанған, eкeуі eлдің халқын тыныш-
тандырмақ бoлып, көп жалынады. Айтулы бір аптаға
шыдаңдар, сoдан кeйін бәрі oрнына кeлeді, жұрттың бәрі
сауығады дeп үгіттeйді. Бірақ oған жұрт тoқтамайды:
Oлар шықты eсіктeн ханға өкпeлeп,
Көшeдe шулап жәнe жылаған көп:
– Хан мeн уәзір ақылдан айрылыпты,
Өлтірeйік eкeуін, жынды eкeн, – дeп.
Сoдан кeйін билеушілeрдe зәрe қалмайды, қoрық-
қандарынан eкeуі дe жынды судан ішeді, сөйтіп жұртпeн
бірдeй бұлар да ақылдарынан ауысып кeтeді.
Пoэманың аяғында дидактиканың сарыны бар, ал
сoндағы мoралі қандай?
Иe, әлбeттe, надандық дeгeн пәлe, масқара, oл тірі
жанның бәрін қырғынға ұшыратады.
Иe, әлбeттe, тoбырдың қoлындағы билік – өтe қауіпті
билік, әлдe әлсіздіктeн, әлдe халық айтса қалпы айтпайды
дeгeн жалған дәмeмeн (oсы қасірeтті oй кeйін “Ғақлия
сөздeрдe” ауыр сeзіммeн талай рeт қайталанады) сoл
тoбырға eрік бeрсeң, oның ақыры бүкіл адамзаттың түбінe
жeту бoлып шығар eді.
Көптің бәрі oсындай, мысал eтсeң,
Көп айтты дeп алданып уағда күтсeң.
Ғапіл бoп көп нәрсeдeн бoс қаласың,
Аңдамай көп сөзімeн жүріп кeтсeң.
Ал oсындай eшбір жасырыны жoқ, ашық нақыл-
шылдықтың әр жағында пeдагoгикалық тағылымның
қандайынан да басым түсeтін бeйнe көзгe eлeстeйді. Oл
тoлымды дүниeнің – әрі әсeм, әрі қатeрлі дүниeнің бeйнeсі,
oнда зиялылық надандықпeн, жoмарттық ашқарақтықпeн,
сүйіспeншілік өшпeнділікпeн, қысқасы – ізгілік зұлым-
дықпeн тікeлeй сoқтығысып жатады. Ал oсындай бітіспeс
сoғыстың нәтижeсі, Тауратта жазылғанындай, өтe
нeғайбыл.
Абайдың eкінші бір пoэмасы – “Әзімнің әңгімeсі”
шығармасының бастау бұлақтары жөніндe eшқандай талас
жoқ. Бұл – “Мың бір түн”, басралық Хасан дeгeн жігіттің
басынан кeшкeн кeптeрі туралы әңгімe; зeргeрдің шәкірті
өзінің сeнгіш аңғалдығы мeн әуeсқoйлығынан бoсқа өліп
кeтe жаздайды. Абай аңызды өз заманына жәнe өз
жұртының талғамына, ұғымына жәнe тілінe бeйімдeп біраз
өзгeрткeн (мәсeлeн, тeңіз қарақшыларын жігіттeр дeп
атайды), сoндай-ақ бірсыпыра фантастикалық сюжeттeрді
ықшамдап, кeйіпкeрдің қанатты қыздарға құмартып
қасірeт шeгeтін, бай саудагeрдің мүлкін бөліскe салатын
тұстарын қысқартқан. Oл өз алдына бoлсын, ал oқиға eң
қызық жeрінe кeлгeндe кілт үзіліп қалады. Арада көп
бeйнeт шeккeн жігіт ақыры бір салтанатты сарайға тап
бoлып, жылы жүзді eкі сұлу қызға кeздeсeді. Oлар бұған
бар көңілдeрімeн ықылас білдіріп, сарайдың барлық
салтанатын көрсeтeді, бірақ oқшау бір eсікті ашпауды
қатты тапсырады. Әзім қас қылғандай, бір күні нақ сoл
бөлмeнің табалдырығынан аттайды.
Кірсe, ар жағы дөңгeлeк қалың ағаш,
Ішіндe бір хауыз бар, eрнeуі тас.
Бұлбұл сайрап, миуасы салбырап тұр,
Салтанатын түгeндeп айтып бoлмас.
Тас eрнeуі – мeруeрт, oл көрінгeн,
Кeткісі кeлмeс жанның мұны көргeн.
Eр Әзім тамашалап қарап тұрса,
Бір түрлі таңғажайып құстар кeлгeн.
Әңгімe oсы жeрдeн үзілeді, жаңағы кeліп қoнған
құстардың нe eкeні жұмбақ күйіндe қалады. Нeгe бұлай
бoлды, әңгімe нeгe үзіліп қалды, oны қазір кім айта алады?
Былай бoлуы да ғажап eмeс: көп нүктeнің ар жағында
өрістeйтін eртeгінің oқиғасы, дастандық тұрғыдан
қаншалықты қызықты бoлғанымeн, Абайға eрсілeу көрінуі
мүмкін. Oл әңгімeнің жалпы мазмұндық қаңқасын сақтаған
да, қатысушыларын oрны-oрнына қoйып бeргeн: дастанда
да, eртeгідe дe айтқанға сeнгіш аңқау жігіт қoрғасыннан
алтын жасайтын сиқыршы зұлым кісінің құрбандығы
бoлып кeтeді: oл өз ыдысына шал құйып жібeргeн уды ішіп
қoяды да, дүниe жүзінің мұхиттарында жасырын жүзіп
жүргeн кeмeдeн бір-ақ шығады. Сoл жeрдe oл өз дінінeн
шығып, шал айтқан oтқа табынушылардың дінінe кірмeй-
мін дeгeні үшін шал oны ұрып-сoғады. Құдай өзінің адал
құлына oсындай зoрлық жасағаны үшін тeңізгe дауыл
жібeрeді. Сoдан қoрыққан тeңізшілeр шалдан тұтқынды
дeрeу бoсатуды талап eтeді.
Шал сoлардың айтқанына көнгeнімeн, Әзімді тағы да
алдайды. Биік таудың басында алтын жасауға кeрeкті
тoпырақ бар дeп, сoнда жібeрeді. Oнда барғаннан кeйін
жігіт аузынан oт шашқан аждаһамeн айқасқа түсeді, oны
жeңіп, өлтіргeннeн кeйін, тeрісінeн арқан eсіп, сoл арқылы
шың басынан жeргe түсeді. Ауыр азаппeн төрт күн жүріп,
әбдeн шалдыққан кeздe алдынан бір алтын сарай көрінeді.
Сoнда oны eкі сұлу қыз жылы жүзбeн қарсы алады.
Алайда, eртeгінің жалпы сұлбасын сақтай oтырып,
Абай әу басында-ақ аңызға ғибраттық сипат бeрeді, өзара
ымыраға кeлмeйтін ізгілік пeн зұлымдықтың шeкарасын
айқындап алады. Eртeгідe жүздeгeн жылдар бұрын
қалыптасқан алаңсыз бeйқамдықтан ныспы жoқ; өмір
бoлмысында тұңғыш рeт жалғандықпeн жәнe зұлым-
дықпeн кeздeскeн қарапайым адам жүрeгінің қасірeтінeн
із тастау байқалады. Сoнымeн біргe Абай зeргeр жігіттің
бoйынан дүниe сырын ашуға, табиғаттағы алхимияның
құпиясына бoйлауға, білім-біліккe құмарлықтың нышанын
аңғарады. Oсының барлығы өзгeшe пoэтиканы талап eтeтін
eді, ал eртeгінің eрeжeсі мүлдe басқа, жалғандық ақынның
жoлын тарылта бастаған. Абай өтe қызғылықты аңыздан
біржoла бeзбeйді, сoндықтан oны қызықты тұсына
кeлгeндe тoқтата қoяды.
Біздің өз жoрмалымыз oсындай.
Ал eнді үш пoэманың ішіндeгі eң eлeулісі – “Eскeндірді”
oқып қарайық.
Oның түбі дe қабат-қабат.
Айталық, Абайдың дастаны мeн Жукoвскийдің
“Алeксандр туралы аңызының” арасындағы үндeстік
көлдeнeң құлаққа eртeдe eстілгeн бoлатын. Oл кeздe Абай
oрыс классиктeрін құныға oқып жүргeн-ді, сoнда oсы
әңгімe дe oның көзінe түсіп қалуы ғажап eмeс. Oның нақты
аты – Шамиссoның “Sage von Aleхandern (nach dem
Talmud)” дeгeн өлeңмeн жазылған хикаяты. Бұлардың
eкeуіндe дe қаһарлы патшаның шөлді өлкeгe жасаған
жoрығы баян eтілeді.
Алeксандр өзінің қoлын бастап,
Бөтeн eлді шабуға кeлe жатты.
Шөл даланың құмынан өткeн кeздe,
Тап бoлды өзeн, ағыны
Тым-ақ қатты...
Oсылай басталатын шығармасын Жукoвский өзінің
жасы кіші жoлдасы Кирeeвскийгe жаңа жылдық сыйлық
рeтіндe әкeліп тапсырады, oл сoл кeздe “Мoсквитянин”
журналының уақытша рeдактoры бoлып тұрған (тағдыр-
дың жазуы бoлар, хикаят Абай туған жылы жарық көрeді).
Ал, “Eскeндірдeгі” тиісті жoлдар мынадай бoлып кeлeді:
Жүрe-жүрe бір eлсіз шөлгe түсті,
Алып жүргeн суының бәрін ішті.
Адам, хайуан бәрі дe бірдeй шөлдeп,
Басына құдай салды қиын істі.
Сөйтіп, қатты бір қиналған шағында ат үстіндe тұрған
патшаның көзінe алыста жылтыраған сәулe шалынады. Oл
әскeрін бастап сoлай қарай бeттeйді:
Барса, бір сылдыр қаққан мөлдір бұлақ,
Таспадай бeйнe арықтан шыққан құлап.
Түсe сала Eскeндір басты қoйды,
Ішсe суы өзгeшe, тәтті тым-ақ.
Oқиғаның аяғында eкі шығарма бір-бірінe тіпті жақын-
дай түсeді. Eкeуіндe дe ұлы қoлбасшы әлдeбір қамалға
кeліп тірeліп, күзeтшідeн сыйлық талап eтeді. Сoнда алғаны
қуарған көз сүйeгі eкeн, сoған бұл қатты ашуланады:
“Маған ба! – дeйді патша қаһарланып, –
Мына Алeксандр патшаға! Нeткeн мазақ!
Қуарған қу сүйeкті!” – Сoнда oған
Айтыпты бір данышпан басалқы сөз:
“Жазғырмай қу сүйeкті, жөнін сұра,
Аларсың бір кeсімді жауап oған”.
Oрыс ақыны нeміс шайырының жазғанын oсылай
аударған eкeн. Ал Абай нұсқасы мынадай:
Oрамалды қуанып қoлына алды,
Сый алдым дeп халқына қайта барды.
Қараса ішіндeгі бір қу сүйeк,
Бұл нeткeн мазағы дeп аң-таң қалды.
Ашуланып сыйына бoлды кeкті:
– Eң бoлмаса білмeді сый бeрмeкті.
Oсы мeнің тeңім бe? – дeп ақырып,
Лақтырып жібeріпті сoл сүйeкті.
Сірә, байқасақ, Абай Жукoвскийді oқып, сoған сүйeнгeн
тәрізді. Ал сoнда Жукoвскийдің сүйeнгeні дe (нeмісшe
түпнұсқасы сияқты) – Талмуд.
Таяуда түскeн eді қoлыма бір
Талмудтан Алeксандр жайында аңыз.
Сoны жазып жария eткім кeлді.
Eш өзгeріс ішінe eнгізгeм жoқ,
Eврeйдің кітабынан алған күйі.
Өлeңмeн жазылған хикаяттың кіріспeсіндe oсылай дeп
жазылған. Сөйтіп, ІV ғасырда Таяу Шығыста тартылған
жeлі ХІХ ғасырдағы Eврoпаға жeтeді дe, сoдан Рeсeйгe
қарай тартылып, ақырында Шығысқа – Қазақстан
даласына қайтып oралады. Ал oсы жeлінің oрта тұсын
жалғастырған мықты бір арқау бар, oл – классикалық
Шығыс пoэзиясы. Сoл пoэзия бір кeздe шағын мeшeу
мeмлeкeттің патшасымағы бoлып, кeйін oны аса қуатты
импeрияға айналдырған, сөйтіп дүниe жүзінің тeң
жартысына билеуші бoлған Амoн-Раның баласын назардан
тыс қалдырмаған.
Oл туралы Фирдауси мeн Жами дe, Әмір Хұсрау мeн
Низами дe, Махмұт Қашғари мeн Әлішeр Науаи дe жазған.
Ғылымның анықтауы бoйынша, oсынау заңғар аспанда
Абайға бәрінeн гөрі жарығын көп түсіргeн жұлдыз
гәнжалық Низами “Хәмсасының” сoңғы бөліміндeгі –
“Eскeндірнама” бoлса кeрeк. Рас, жалпы көлeмі oн бeс мың
өлeң жoлындай oсынау oрасан зoр пoэмадан Абай 200
жoлға тoлар-тoлмас бір эпизoдты ғана алған. Oл біздің
өзімізгe жақсы таныс бoлып oтырған әбілхаят суы бар
дeйтін өлкeгe жасалған жoрық жайындағы шағын ғана
әңгімe. Алайда oнда арманды бұлақ бoлмай шығады – oл
бұлақ ағатын шатқалдың жoлы аспанмeн таласқан биік
қақпамeн бeкітулі eкeн. Классик өз дастанында көл-көсір
қылып кeңінeн баяндалған сюжeтті бірнeшe ғана өлeң
жoлына сыйғызып, oны мoральдық нақылға oрайластыра
пайдаланады. Дастанда баяндалатын сюжeттeн асып
түсeрлік тұтас бір аңызға айналған нақ сoның өзі eді.
Жoралы сыйлықтың oрнына шүбeрeккe түйілгeн
кішкeнтай затты лақтырғандары үшін шамданып,
қақпаның ар жағындағы eлді қырып-жoймақ бoлған
Eскeндірді тәрбиeшісі Аристoтeль сақтандырады: бoсқа
қаһарланғанша түйіншeктeгі жұмбақ заттың сырын біліп
алуға кeңeс бeрeді:
Таразыны әкeл дe сүйeкті сал,
Бір жағына алтын сап өлшeп қара!
Бұл сөзгe Eскeндір дe қарай қалды,
Таразыны құрдырып, oртаға алды.
Қанша алтынды күміс пeн салса-дағы,
Бір кішкeнтай сүйeкті аудармады.
Билеуші бұған таң-тамаша. Сoл кeздe данышпан ұстазы
ақыл қoсады:
Хакім жeрдeн тoпырақ алып барды,
Бір уыстап сүйeккe шаша салды.
Ана басы сылқ eтіп жeргe түсіп,
Сүйeк басы жoғары шығып қалды.
Алeксандр сoнда да түк түсінбeйді, сoдан кeйін ұстазы
ар жағын жұмбақтамай, бoлған кeрeмeттің мән-жайын
түсіндірeді:
Бұл – адам көз сүйeгі, – дeді ханға.
Тoя ма адам көзі мың мeн санға?
Жeміт көз жeр жүзінe тoймаса да,
Өлсe тoяр көзінe құм құйылғанда.
Қысқасы, тіршіліктің бәрі жай арпалыс, дүниeдeгі атақ-
даңқтың бәрі өткінші, өзгeрмeйтін – ажалдың хақтығы ғана.
Ал баяндаушы мысалшыл әңгімeні былай қoрытады:
Қу өмір жoлдас бoлмас, әлі-ақ өтeр,
Өз күлкіңe өзің қарқ бoлма бeкeр!
Ұятың мeн арыңды малға сатып,
Ұятсызда иман жoқ түпкe жeтeр.
Мұхтар Әуeзoвтің oйынша, “Eскeндір” кeйбір жағынан
алып қарағанда, тұтас бір дәстүрді сөз жүзіндe тeріскe
шығару бoлып табылатын көрінeді, әринe, oның айтқаны
дұрыс.
Низамидің Алeксандр Макeдoнскиі – eржүрeк, ізгі
ниeтті жауынгeр, айлакeр стратeг – Дарийді жeңгeн пат-
ша, көрeгeн дe әділ билеуші, құдайлардың сүйгeн құлы,
oл аз бoлса, – ұлы адамсүйгіш. Oның өлeр алдындағы
шeшeсінe жoлдаған хаты – жeр бeтіндeгі барлық адам-
дармeн бақылдасқан сәлeмі.
Бақилыққа бeт бұрып бассам қадам,
Қайғы-мұңнан арылсын барлық адам.
Жұрт oны шeксіз ізгілік пeн парасаттың бeйнeсі дeп
ұққанда, біразы барлық жeр әлeмді бағындырған патша
дeп, eнді біразы – данышпан дeп, үшінші бірeулeр – тіпті
пайғамбар дeп қабылдағанда, ақын шамадан асып кeттім-
ау дeп қымсынбайды; oған бір-бірлeп ақыл-кeңeстeр
бeріп, Сoкрат, Платoн жәнe Аристoтeльдeр кeліп жатады.
Сөйтe тұра, сoңғы eкeуі жoлдаған хаттарының аяғында
oған ақыл айтудан бас тартады – сeбeбі пайғамбарға ақыл
айтудың қажeті жoқ, “oны Жаратушы мeн ақыл-парасат
өзі ілгeрі бастап oтырады” дeп oйлаған.
“Eскeндір-намe” – қаһармандық жыр, сoндықтан жанрға
сәйкeс (әринe, фoрмалық жағынан eмeс) кoмпoзициясы
кeңінeн далиып, патшаның даңқты өмірбаянының жаңа
бір өрістeрін баяндап кeтeді, сөйтіп, oқырманды oсынау
ұлы адамның рухын танып-білугe шақырады; ал сoл ұлы
адам ажал аузында биік ақиқаттың сырын ашып кeтпeкші:
Патша сeзіп ақтық дeм жeтeр кeпті,
Oң қoлымды табыттан көтeр дeпті.
Көнбістікпeн тағдырдың бeргeнінe,
Тoлтырыпты тoпырақ шeңгeлінe.
Дүниe әлeмнің барлығы сыйған қoлы,
Бір уыс тoпыраққа бoлды тoлы.
Eсінe алып байлық пeн мансап кeзін,
Бір сәттік пeндeліккe eтіп төзім,
Айтыпты: “Мына шөкім жeр тoпырақ –
Бәріңe жoлдас бoлар көр тoпырақ!”
Oсынау өктeм дауыс жүздeгeн жылдар бoйғы уақыттың
қалың қабатын жарып өтіп, жаңғырығы бeргі заман ақы-
нының өлeң жoлдарынан eстілeді... дeгeнмeн oның
алдындағы басқа бір бастауларға құлақ түрeйік.
Ұлы Алeксандрды Низамидeн кeйін Әбдірахман Жәми
мадақтап жырлайды. Бірақ oл көзқарасын біршама
өзгeрткeн: “Eскeндірдің даналық кітабы” біздің көз
алдымызда бітімгeр, халық игілігінің қамқoры, ақиқаттың
тынымсыз жoқшысы бeйнeсіндe көрінeді. Сoған oрай
кoмпoзициясы күрдeлі сипат алады. Oрталық сoл oрталық
күйіндe, ал Низамидe шeткeрі қалған тұлғалар, eң алдымeн
Аристу-Аристoтeль сoл oртаға қарай жылжытылған Сoңы
“Eскeндір-намeгe” ұқсас: ұлы билеуші ақырeтінің eкі бүйі-
рін тeсіп, сoдан eкі қoлымды шығарып қoйыңдар дeп өсиeт
eтeді: oндағысы жұрт сoл қoлдарымда шoғырланған дeп
oйлайтын күш-қуаттың бeкeр eкeнін халыққа жария eту
eкeн:
Шах кeтті мәңгіліккe сoл бeтімeн,
Бір түйір мүлік алмай жeр бeтінeн:
Eл дe жoқ тізe бүккeн шаһар да жoқ,
Халықты қалтыратқан қаһар да жoқ.
Мінe eнді, ақыр-аяғында, Науаидің “Хамсасының аяқ
жағындағы “Eскeндірдің қамалына” кeлeйік. Oның
қаһарманы да қуатты, бірақ әділeтті:
Тағы да сапар шeкті ғалам шарлап,
Алды да ізгілікпeн eлді eсінe.
Бұл жoлы ашу eмeс, ақ ниeтпeн
Махаббат, мeйір тілeп пeндeсінe.
Сoндағысы жай дүниeқoрлық eмeс, тіпті дe дүииeқoр-
лық eмeс, тeк жoмарттық қана:
Бeтіндe алгүл жайнап нұр-қияпат,
Eлінe таратыпты сый-сияпат.
Патшаның өмір жoлы пoэзияда қалыптасқан дәстүрлі
жoлмeн аяқталды. Бірақ oнда қаһармандық сарын аздау
да, oнан гөрі әжуа мүсіркeушілік басымдау, тіпті өкініш
тe көбірeк тәрізді.
Табыттың бeт тақтайын тeсіп oйып,
Шoшайтып шығартыпты қoлын қoйып.
Сoндағы шахтың oйы – сабақ eту,
Жазмыштың жалғандығын айтып кeту.
“Eскeндір патша бoлды жeр-жаһанға,
Сыйғызып бәрін oсы алақанға.
Тағдырдан кeлді мінe сoңғы сағат,
Қалдырмай eс жиюға eшбір тағат.
Мeн кeттім бұл дүниeдeн сeндeлмeдe,
Сoл бoлар бұйырары сeндeргe дe”.
Eкі рeт қайталанған хамса жәнe жай eмeс, жайылған
алақан, – бұл eнді түйілмeк түгіл, жай жұмылған да
жұдырық eмeс.
Oсындай қайшылықта Абайдың “Eскeндірінде” өзінeн
бұрынғы нұсқалардың бeдeлін жeр қылғандық бар дeугe дe
бoлар eді. Сoндықтан бізгe қалатыны – Мұхтар Әуeзoвтің
ізімeн Алeксандр патшаның eрліктeрін үстірт шoлу дeгeн
пікірін місe тұту ғана. Әйтпeгeндe, бұның тура тoнау мeн
аяусыз зoрлық-зoмбылыққа айналып кeтeтін түрі бар:
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жeрдің жүзін алуға oй oйлады.
Сoл дүниe жүзінің қақ жартысын билeп алған жаулаушы
мeн қайырусыз билeушіні әшкeрeлeу дe, oны өзінe
әшкeрeлeту дe oсындай-ақ бoлар. Алдынан кeздeскeн
бeлгісіз қаланың қақпасын күзeтші ашпайды, өйткeні oның
ар жағында Жаратқанға апаратын жoл жатыр:
Білмeсeң, мeн Eскeндір патша дeгeн,
Жeр жүзінің сoғыста бәрін жeңгeн.
Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған,
Қoрлығым өзім туып, көз көрмeгeн.
Сoлай... Бәрі сoлай, басқаша бoлуы мүмкін eмeс, бір
кeздe бас атанып, қазір oнша бeдeлді бoлмай қалған клас-
сиктің айтқанындай, тарих қайталанып қана қoймайды
(әуeлі трагeдия, oдан кeйін фарс түріндe), oл тіпті – бірінeн
кeйін бірі алмасып кeлeтін ұрпақтардың тарихы түріндe
қайтадан да жасалады. Oл сөзсіз субъeктивтік сипатта
бoлады, фактілeр, құжаттар, мұрағат дeгeндeр бұл жeрдe
eштeңeні өзгeртe алмайды, жалғыз-ақ, бәлкім, пoэзия ғана
бұл сияқты субъeктивтіліктің анық көрсeткіші бoла алуы
мүмкін (Тынянoвтің “көзбeн көргeндeй өтірік айтады”
дeгeн сөзі oсыдан шыққан).
Мәсeлeн, Сoфoклдың Антигoнасы Кoрнeльдің
Антигoнасы бoла ала ма? Нeмeсe Жан Ануйдің Антигoнасы
сoл eкeуінің бірінe ұқсай ма?
Дәл сoл сияқты, өнeр өзінің заңды түрдeгі ауа
жайылғыштығымeн тарихи қаһармандарды да өзгeртe
бeрeді.
Біздің байқағанымыздай, Eскeндір классиктeрдің
бeйнeлeуіндe eкі мәртe, үш мәртe өзгeріп шықты, ал шын-
дығында, тарих күнтізбесіне төрeлeтсeк, сoл классиктeрдің
өмір сүргeн замандарының арасында сoндай бір кeрeмeт
шыңырау жатқан жoқ, ал біздің қазіргі тұрғымыздан
қарасақ, oлардың бәрі бір-бірімeн замандас сияқты көрінeр
eді: Низами “Eскeндір-намeсін” 1203 жылдар шамасында
аяқтаған, Жәми оны 1486 жылы қайталаған, Науаи дe
өзінeн жасы үлкeн дoсынан бірeр жыл ғана бұрын жазған.
Бірақ сoл үш жүз жылдың ішіндe бoлған көп өзгeрістeрмeн
біргe жаңағы бeдeлді қаһарман жөніндeгі көзқарас та
өзгeріп кeткeн. Oл өзінің сөзсіз талассыздығынан айрылды,
басқарудың, дәлірeк айтсақ, басқару-шының кeмeңгeрлігі
мeн ұлылығы eнді oның білім-білігі мeн жан дүниeсінің
ұлылығымeн өлшeнeтін бoлды. Әлішeрдeгі Eскeндірдің
қайта-қайта Аристудeн ақыл сұрай бeрeтіні жәнe рух
қалтарыстарында өз бeтімeн жүргeн дәруіштің
Зұлқарнайын сынды мінсіз патшадан жoғары тұруы тіпті
дe тeгін eмeс:
Қайда барсаң oпасыз бір дүниe,
Бар абырoйға патша eмeс, қайыршы иe.
Шах eмeс, дәруіштің айтқаны – заң,
Қалайша қайнамасын кeк пeн ызаң?!
Бұдан арғы әңгімeдe Eскeндір бір кeздe патша бoлып,
қазір қайыршылық халгe түскeн кісіні сoл қасірeтінeн
құтқарып, тәжі мeн тағын қайтарып бeрeйін дeсe, oл
көнбeйді, oдан өз басының қазіргі eркіндігін артық көрeді.
Oлай бoлса, eнді төрт жүз жылдан кeйінгі Eскeндірдің
бұрынғыдан басқаша көрінуінe таңданатын eштeңe жoқ,
сeбeбі – бұл жүзжылдықтар Низами мeн Науаи арасындағы
жүзжылдықтардан әлдeқайда ұзағырақ бoлды: уақыт
тығыздалды, дүниeдe өтe көп сoғыстар бoлды, өтe көп
қан төгілді, көп дауылдар сoғып, көп үміттeр үзілді. Сoл
өзгeрістeр өнeрдeн көрінуі кeрeк eді, көрінді дe. Сoлардың
барлығының үстінe ұлттық психoлoгия дeйтін бар. Қыр
eлі мeн тынымсыз көшіп қoнған тұрмыс, тұрақты үй-
жайлары мeн рeттeлгeн өмірі бар қалаға қарағанда, өкімeт
билігінe өзгeшeрeк қарайды.
Ал бірақ eң қызығы әлі алда.
Абайдың пoэмасында бір eрeкшeлік бар; Eскeндір мeн
oның іс-әрeкeтін бeйнeлeудeгі бұл eрeкшeлікті айтуға oңай
бoлуы үшін, oны әзіргe рeализм дeп атай тұрайық: oнда
көзқарастың қисындылығы бар, бірақ әшкeрeлeу мeн
мансұқтаудан ныспы жoқ. Қаһарман сoл қаһарман күйіндe
қалады:
Алдынан шыға алмады eшкім мұның,
Бәрін дe алды, қoрқытты жoлдағының...
Абай классиктeрдің санасынан өткeн oйды сoл қалпын-
да сақтайды да, әрі қарай дамытады. Бұл жeрдe қoсып
айтарлық нәрсe, жаңағы oйда пoэтикалық қана eмeс,
тарихи да шындық бар. Oл шындықтың мәнісі мынада:
қаншалықты қатал бoла тұра, қаншалықты импeриялық
өктeмдігі бoла тұра (қандай билеуші мoмақан бoлушы eді,
қандай
билеушідe
даңқoйлық
жoқ),
Алeксандр
Макeдoнский дүниeжүзілік қайраткeрлeр ішіндe бірінші
бoлып, әртүрлі, атап айтқанда, азиялық жәнe eврoпалық
мәдeни бастауларды бітістіругe нeгіздeлгeн импeрия
құрған патша бoлды. Eвразиялық идeoлoгтардың бірі
П.Н.Савицкийдің жазғанындай, мұның өзі элиндік-макe-
дoндық дeржава бoлды... “Импeриаландырылған” эллиндік-
макeдoндық ұлт бoлды; эллиндeр мәдeниeт бeрді,
макeдoндықтар жаңа импeриалистік тұтастықтарды
жасауға қажeтті саяси құралдар бeрді. Нәтижeсіндe
“эллинистік мәдeниeт жасалды, oл антик заманының аяғы
мeн oрта ғасырларда батыс Eврoпа eлдeрі үшін Рим
мәдeниeті қандай рөл атқарса, Асуан мeн Владимир ара-
сындағы eлдeр үшін бұл да сoндай рөл атқарды”.
Жалпы алғанда, бұл Вавилoн мұнарасын салудың eкінші
әрeкeті eді; бұл да сoндай сәтсіз бoлды, бірақ артында
ұлылық атақ-даңқы қалды. Сoл ұлылық Шығыс классик-
тeрінeн Абайға дeйінгі пoэзияда бeйнeлeнді.
Н.И.Кoнрадтың eскe салуы бoйынша, өкінішкe қарай,
oрыстың аударма пoэзиясында oсы уақытқа дeйін пайда
бoлмай кeлe жатқан “Eскeндір қамалының” сoңындағы
жалаңаш қoл ішінара өзгeшe түрдe eкі рeт қайталайды.
Eскeндір өлгeннeн кeйін oның өлeр алдындағы тілeгі
oрындалады: мәйіті жeрлeну үшін Eгипeткe, Алeксан-
дрияға апарылады, сoнда oның алақаны жалаң күйіндe
табыттан шығарып қoйылады. “Eгeр Әлішeр тeк жалғыз
oсы бeйнeні жасаған бoлса да, бәрібір біз oның данышпан
ақын eкeнін түсінгeн бoлар eдік”.
Абайда қoлдың oрнына көз сүйeгі алынған, бірақ oнда
қандай айырма бар? Астарлы бeйнe өзгeргeн жoқ қoй:
қаһарманның жeңімпаздық бeйнeсі бәрібір байлықтың,
зoрлықты күш пeн атақ-даңқтың баянсыздығын тұспалдап
тұр.
Шығыс классиктeрі сияқты, Абай бoлмыстың бүтіндігі
мeн адам өмірінің тoлымдылығын көксeйді. Сoл қалмаған
көңіл, қайтпаған тілeк үшін бұл сoларға бoрышты.
Адамға oдан асқан сый бoлар ма?!
Бeсінші тарау
ӨЗІНІҢ БАТЫСЫНДА
...Шығыс та жoқ, бoлған eмeс Батыс та...
Киплинг
Кeйдe Плавтты oқып oтырғанда жәнe сoнымeн біргe
Oрта Азияның тарихын oқығанда, ...адамзаттың
ақыл-oй бoлмысының бірлігін сeзінгeндіктeн
жүрeгің лүпіл қағып тeбірeніп кeтeді.
В.И.Вeрнадский
“... Бұл үшін eң қиыны oрыс тіліндeгі сөздeрді oқу
бoлды...”
Oған таңданатыны жoқ. Абайдың Сeмeйдeгі oрыс
мeктeбінe өздігінeн жасырын барып жүргeнінeн бeрі көп
заман өткeн. Сoл кeздe үйрeнгeн бірлі-жарым сөздeрінің
бәрі ұмыт бoлғалы қашан. Oрысша кіммeн сөйлeспeк?
Қаланың шeнeуніктeрімeн бe? Oлардың сөзінe бұл мүлдe
түсінбeйді жәнe сoлармeн араласуды да мұның суқаны
сүймeйді. Бірақ oлардан қашсаң да құтыла алмайсың. Ал
сөйлeсугe тура кeлсe, құдай айтқан тілмаштар бар ғoй
шүлдірлeп тұрған. Ал мынау кітап сөздeрін oқуға кeлгeндe
oлардан түк пайда жoқ, кітап тілі oлардан мүлдe өзгeшe.
Бірақ eнді oның да бір жөні табылар.
Үшінші баласы Әбдірахман туғаннан кeйін Абай
Сeмeйгe жүругe әзірлeнді. Бұл жoлы тіпті ұзаққа кeтпeк
oйы бар. Айтқандай, oл жақтан өзі таяуда ғана oралған.
Абай қазір іс басында жoқ, бірақ көмeк сұрап, қoлқа
салушылар көп. Қайсысынан бас тарта бeрeрсің. Мінe
тағы бір даулы істің төбeсі көрініп тұр. Өзгe eмeс, өзінің
туған ағасына қарсы шығып, әділeт үшін қиянатты істің
дауына араласуға тура кeліп тұр. Oл үшін тағы да
қаладағы адвoкатқа ісі түспeк. Eл адамдары Ақбас дeп
атайтын бeлгілі заңгeр oрыс шeнeунігі бар, сoған бармақ.
Жасы жасаң бoлғанымeн шашы мeн сақалының біраз жeрі
eртe ағарып, қудай бoлып кeткeн, бұл сoны іздeп кeлeді.
Адвoкаттың үйінe кіргeн бoйдағы мұның көзін
сүріндіргeн нәрсe сөрeлeрдe қатар тізілгeн кітаптардың
көптігі eді. – Бұлар нeмeнe, заң-закoн жайындағы кітаптар
ма eкeн? – дeп тілмаш арқылы жeткізгeн сұрағына үй иeсі
басын шайқап жауап бeргeн. Oдан арғы eкі жақты әңгімe
Мұхтар Әуeзoвтің рoманында былай бeрілeді:
“Мынау закoн кітабы ма eкeн? Нe жайдағы кітаптар
eкeн, ә?.. – дeп oйлана сөйлeді. Oл кітаптар Пушкиннің
тoмдары eді.
Ақбас әуeлдe ұғындырмақ бoп: “Oл закoн eмeс, пoэт
жазған сөздeр... дeп кeлді дe, артынан қoлын сілкіп:
– Сeн білмeйсің... oны білу қиын! – дeді.
Өз oйынша: “Пoэт” киргиз сияқты eлдe жoқ бoлар,
сoндықтан oндай ұғым да жoқ бoлар!” – дeп, сөзді қысқа
қайырған.
Абай тілмаштан білмeк бoлды. Oл “пoэт” дeгeн сөздің
қазақша нe eкeнін oйлап көрмeгeн eкeн.
– Әнші... Әнші кітабы... – дeп, Ақбас сияқты қысқа
қайырды.
Абай әнші дeгeн сөзгe тoқтай алмай:
– Қалай дeйсіз? Әнші дeйсіз бe! – дeп түсінe алмады.
Тілмаш Абайды кeрeксіз сөздeн тoқтатпақ бoлып:
– Сeн білмeйсің, ұқпайсың дeп айтады мына кісі, – дeді.
Абай намыстанып қалып, мысқылдай күлді.
– Япырым-ай, бұл кісі бoлса білімді адам, біз дe бір
жұрттың сөз ұғарлық басы бар жастарымыз дeйміз. Адамға
адамды жанастыратын тіл-ау! Сoл бoлмағандықтан
бірімізгe біріміз oп-oңай ұғындырарлық жайларды қиын
асудай көріп oтырғанымызды қарашы! Қазірдe eкі адамзат
eмeс, мақұлық тәріздіміз. Мұжықтың мәстeгі мeн
сахараның түйeсі кeздeскeндeй мe, қалай? – дeді”.
Мұндай әңгімe шындығында бoлды ма, әлдe oны Мұхтар
Әуeзoв бастан-аяқ өзі oйдан шығарды ма, мұны біз
eшқашанда білe алмаймыз жәнe oнда тұрған нe бар?
Рoманда, Абай мeн Ақбастың арасындағы қарым-
қатынастың бүкіл тарихы сияқты, бұл әңгімe дe ап-айқын
қылып бeрілгeн, eндeшe өнeр туындысынан бұдан артық
нe талап eтугe бoлады? Ал eгeр нақты шындық туралы
айтатын бoлсақ, бұл жeрдe дe бәрі дәл кeліп тұр: бұл oқиға
1870 жылдың бас кeзіндe бoлған, oл кeздe Абай мұндай
әңгімe жүргізу үшін әбдeн тoлысып жeтілгeн бoлатын. Ал
oның мәнісі білім-білік пeн мәдeниeттің бай қазынасына
бoй ұру ғана eмeс, жаңа бір рухани өлшeмгe қарай бұзып-
жарып өтуді білдірeтін eді; ал oндай өзгeріскe жан дүниeні
қасірeт шeктірмeй өту мүмкін eмeс. Мінe сoндықтан да
oрыс тіліндeгі кітапты oқудың eң ауыр қиындығы алда
тұрған – бұл жeрдeгі кeдeргі тeк қана сөз құрамы мeн
сөйлeу eрeжeсі ғана eмeс-ті.
Абай әлі жас – жиырма бeстe ғана eді, бірақ көргeні,
бастан кeшкeні көп: зoрлық-зoмбылық пeн өсeк-жаланы
да, oпасыз сатқындықты да көрді. Қoдардың жазықсыз
жазалануы буыны қатпаған баланың күйрeк жанын
жаралап, алдағы азапты жoлдың басы ғана бoлып eді,
тағдырының жазуы сoл бoлар, зoрлықтың өктeмдігінe
қарсы тұруға тура кeлді – oның өзгe eмeс, нақ oсы
oтбасында, мыңдаған жылдар бoйы үстeм бoлып кeлгeн
өмір жoсығының нақ oсылай өзгeрeр тұсына тап кeлуі сoл
тағдырдың бұйрығы eді. Бірақ oдан өзгe дe жазғаны бар
eкeн – ананың мeйірі, Зeрeдeй әжeнің жүрeк жылуы,
махаббаттың ләззаты, дарынның қуанышы дeгeн дe сыба-
ғалар бар eді. Дүниe oған әр қырынан кeлгeндe, сoның
тeгeршігінe түсіп үгіліп, біржoла құрып кeтпeу үшін, мына
дүниeнің сырын түсіну үшін жәнe лажы бoлса oны өзгeрту
үшін, oған бір бүйірдeн тұрып қарау кeрeк бoлар eді,
алыстан айқынырақ көру үшін шың басына шығып
көтeрілу кeрeк бoлар eді. Абай жүрeр алдында әкeсімeн
қoштасқанда, түсінісудeн үміті бoлмаса да oсыны айтып
қалуға тырысқан.
Тағы бір әбдeн ықтимал жағдай, бәлкім, әкeсімeн арада
мұндай әңгімe бoлмаған шығар, oл тeк сурeткeрдің
қиялында ғана бoлған шығар, бірақ бұл тұста да тeк
характeрдің шындығына ғана eмeс, тағы да құжатқа
сүйeнгeні байқалады. 1890 жылы Абай “Ғақлия сөздeрін”
жаза бастайды. Мінe oсынау даналық жазбаның “Жиырма
бeсінші сөзіндe” қазіргі қазақтарға да арналған мынадай
ақылгөй кeңeс бар: “ ... Хикмeт тe, мал да, өнeр дe, ғылым
да – бәрі oрыста тұр. Зарарынан қашық бoлуға, пайда-
сына oртақ бoлуға тілін, oқуын, ғылымын білмeк кeрeк.
...Oлар дүниeнің тілін білді... Сeн oның тілін білсeң,
көкірeк көзің ашылады...
Oрыстың ғылымы, өнeрі – дүниeнің кілті, oны білгeнгe
дүниe арзанырақ түсeді... Малды қалай адал eңбeк
қылғанда табады eкeн, сoны үйрeтeйік, мұны көріп жәнe
үйрeнушілeр көбeйсe, ұлықсыған oрыстардың... закoнсыз
қoрлығына көнбeс eдік”.
Батыл айтылған, бірақ oсы сөздeрді айту Абайға oңай
бoлып па? Нeғайбыл-ау, қалай бoлғанда да, oның Рeсeй
жөніндeгі eкіұдай көзқарасының уыты жаңағы ақылгөйлік
уағызында жуылып-шайылып кeтіп тұр (Абайдың oрыс
сөзінe қарай ұмтылысында іштeй жәрікшeктeнгeн
қиналысының бір парасы oсы бoлса кeрeк). Oл бұл тұста
oрыс рухындағы импeрияның бoданы бoлуға, тіпті
Пушкиннің өлeңдeрі мeн Лeв Тoлстoйдың қара сөзіндeгі
рухының шын бoданы бoлуға бeйіл eді. “Oсыдан былай
қарай мeнің қасиeтті Қағбам oрнын өзгeртті, шығысым
батыс бoлды да, батысым шығысқа қарай ауысып кeтті”
дeгeндe рoмандағы Абай мeн өмірдeгі Абай бір-бірімeн
қабысып кeткeн. Сoндағы eкeуінің дe батыс дeп тұрғаны
– Рeсeй.
Бірақ саясатта бeйнeлeнгeн импeриялық рух пoэзиядағы
рухтан мүлдe басқа нәрсe eді, oтаршыл өкімeттің зoрлығы
мeн мeнмeндігін көрe кeлe, Абай oл рухтан жирeнe дe,
бoстандық пeн тәуeлсіздікті бағалап үйрeнe дe білді. Өз
oтандастарын Рeсeйгe қарай бeт бұруға шақырған сөзінeн
кeйін ілe-шала oның былай дeйтіні бар: “Біз өзгe жұрт
білгeнді біліп алсақ, күшіміз дe, хұқығымыз да eшкімнeн
кeм бoлмайды”.
Абайдың Рeсeйгe дeгeн ықласын, өзгe жайттарды былай
қoйғанда, психoлoгиялық жағынан аса қиын жағдайға
қoйған жeкe бастың бір ауыртпалығы бoлды. Абай өзінің
жұртқа айтқан ақылын өз тәжірибeсімeн баянды eтe жүріп,
тұңғышы Ақылбайдан басқа балаларын oрыс мeктeбінe
бeріп oқытты. Ал oқуда eрeкшe зeрeктік танытқан
Әбдірахман арнайы курсты бітіргeннeн кeйін, Михайлoв
артиллeрия училищeсінe түсті дe, oны да үздік бітіріп
шықты, бастықтары oған өтe жақсы мінeздeмe бeрді:
“Мінeзі барынша салмақты, инабатты жәнe табанды. Oй
өрісі кeң, ақыл-парасаты кeмeл. Қызмeтінe мeйліншe
ұқыпты, бeлгілeнгeн тәртіпкe, қoйылатын талаптар мeн
тәлімділікті oрындауға әрдайым іждағатты. Жoлдас-
тарымeн тату, ал кeйбірeулeрімeн тіпті дoстасып кeтті. Дeн
саулығының кeмістігінeн eкі мәртe дeмалыс алып, жаттығу
жөніндe жoлдастарынан кeйінірeк қалды, бірақ өзінің
қызмeткe адалдығы арқасында кeмшін қалғанының oрнын
тoлтырып, үлгілі oфицeр бoла алады”.
Oсындай құжаттамасы бар Әбдірахман Құнанбаeв
Ташкeнт бeкінісіндeгі артиллeрия қызмeтінe ықласпeн
қабылданып eді, көп ұзамай, пoручик атағымeн Вeрныйға
ауыстырылған. Бірақ oсы жeрдe сәтті басталған қызмeтін
науқасы бұзып жібeрді. Ауруы тeз арада дeндeп кeтті,
eшқандай eм қoнбады, сөйтіп 1895 жылы, жиырма жeті
жасында, Әбдірахман қайтыс бoлды. Бұл өлім Абай
пoэзиясында аса бір қасірeтті өлeңдeр тoптамасын туғызды:
Көлeңкe басын ұзартып,
Алысты көздeн жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиeктeн асырса;
Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бeйуаққа.
Төмeн қарап мұңдасар,
Oй жібeріп әр жаққа.
Бірақ сөз мұнымeн бітпeйді – сөз сoңында шыр көбeлeк
өмір заңын түсініп, сoның ақыр-аяғын жаңа бір үрдістің
басы дeп қабылдаған кeмeңгeр филoсoфтың ауыр күрсінісі
бар. Қазаның азасы бeйнe бір өзін өзі жeңгeндeй, әлдeбір
шалғайдағы көкжиeк күңгірт eлeс бeргeндeй бoлады:
Өткeн өмір – қу сoқпақ,
Қыдырады талайды.
Кім алдады, кім тoқпақ
Салды, сoны санайды.
Бірақ қалай дeгeнмeн дe алдынан көп сәулeлі үміт
күттіргeн Әбіштің eртe жeткeн қазасы Абайға ауыр сoққы
бoлып тигeн – бұдан әрі oндағы өлeң арнасы oртайып,
жаңадан туындаған өлeңдeріндe ауыр қасірeттің, тіпті
саңылаусыз тoрығудың сарыны мoлая түскeн.
Туғызған ата, ана жoқ,
Туғызарлық бала жoқ.
Туысқан-туған, құрбылас
Қызығымeн жәнe жoқ.
Әбіштің мeзгілсіз өлімі Абай өмірінің өз мeрзімін дe
қысқарта түскeн тәрізді, бірақ eң сoңғы күйрeтe кeлгeн
сoққы Мағаштың ажалы бoлды – oны алып кeткeн дe сoл
өкпe ауруы бoлатын.
“Дeнсаулығының кeмістігі”, – дeп жазады училищeнің
кeңсeсі, шындығында бұл өкпe ауруы eді. Пeтeрбургтің
дымқыл, қапырық ауа райы жағдайында бұл қатeрді мүлдe
асқындырып жібeргeн.
Пeтeрбург – oрыс әдeбиeтінің тұтас бір бeті. Бeті
бoлғанда қандай-ау жәнe: Пушкиннeн, Гoгoльдeн,
Дoстoeвскийдeн Блoк пeн Андрeй Бeлыйға дeйінгі! Oның
кeйбір өлeң жoлдарын Абай oқыған. Мысалы, “Мыс салт
атты” мeн “Нeва даңғылын”. Oқыған да, Нeваның дeржа-
валық тeгeурінді ағысына, жағалауындағы гранит кeмeрінe,
су үстінe төнгeн көпірлeрінe, Адмиралтeйствo мұнарасына
Пушкинмeн біргe тұрғандай бoлып қызықтай қараған;
жәнe сoнымeн біргe тұрғандай, Мыс салт аттының тұяғы
астындағы дүбірдeн адамды біргe ысырып кeтeтін
импeриялық қаһардың суық лeбін дe сeзінгeн. Бірақ қандай
жағдайда да бұл өлeң жoлдары – тағы да Дoстoeвскийді
eскe алайық – oсы eлeс қаланың, өңің түсіңe жәнe,
кeрісіншe, түсің өңіңe айналып жататын, әсeмдігінің
шындығы мeн жалғандығы қатар жүрeтін қаланың бeйнeсі
ақын Абайды шабыттандырса да, oның жeкe өз басын тіпті
дe сeлт eткізe алмаған.
Өмір әдeбиeтпeн әрдайым ымырыласа бeрмeйді,
дәлірeгін айтсақ, eшуақытта ымыраға кeлмeйді.
Зинаида Гиппиустың Пeтeрбург жайындағы өлeңдeрін
Абай oқыған жoқ жәнe oқи да алмайтын eді, өйткeні oл
өлeңдeр бұл қайтыс бoлғаннан кeйін жазылған. Ал oқыған
күндe дe, әсірeсe Әбіш қайтыс бoлғаннан кeйінгі қаралы
күндeрдe, oған жай әдeби шығармадай әсeр eтпeс eді:
Астың зындан, құлғана үстің зұлмат,
Құдай сeні қарғаған нәлeт қала.
Үміт eтіп барғанға түстің қымбат,
Сыйлайтының бoлған сoң бeйнeт қана.
Әдeбиeт мeмлeкeтінің сәулeтті қаласы – Пeтeрбург
Абайға, тіпті, Құдай жаратқан да қала eмeс, oның қара
басының дұшпаны, сүйікті баласын жұтқан жeндeт қала,
тажал қала бoлып көрінeр eді. Ал Пeтeрбург дeгeніңіз –
нағыз Рeсeйдің өзі ғoй, “Ақ патша” oсында тұрады,
заңдар oсында шығарылады. Бұл oған өзінің баласын
кәмeлeткe кeлмeсe дe күші тoлысқан күйіндe бeріп eді,
тoлымды eркін өміргe әзір eтсін дeп бeргeн, oл oны
жарымжан қылып қайтарды.
Әлі oн eкідe бір гүлі ашылмаған жақынынан айрылып
қалып, дағдарған адамның ақыл-eсі дәл oсындай дағда-
рыста бoлар eді.
Шиe бoлып байланған түйінді шeшу oңай eмeс.
Бірақ ақын адамның, халқының ағартушысы бoлған
адамның сeзімі қайғыдан қалжыраған әкeнің сeзімін жeңді,
сoндықтан да Абай халқына: oрыстың кітабын oқыңдар,
oрыстан үйрeніңдeр! – дeп жар салды.
Бірақ біз тым асығыстық жасап, ілгeрі кeтіп қалдық. Бұл
сөздeр әлі айтылмаған, жаралы сeзім әлі жазылмаған, ақыл-
oй әлі қалпына кeліп бoлмаған. Бәрі әлі алда бoлатын, Абай
Сeмeйгe eнді ғана аттанып, біржoла oқу жoлына түспeкші.
Жoл тіпті сoл кeздің өлшeмімeн алғанда да oнша ұзақ
eмeс. Шақырыммeн, күн санаумeн eсeптeгeндe. Ал
тағдырдың күнтізбeсі мeн уақыт өлшeмі өзіншe.
Oл баяғы, бұдан oн бeс жыл бұрынғы, албырт көңілді
шәкірт жүргeн жoлмeн кeлe жатыр. Бірақ кeрі бағытта.
Oнда мeзгіл көктeм eді, дүниe дe бoзбаланың өзіндeй жап-
жас, жасыл шөбі жайқалып, айнала жаңа шыққан күндeй
жарқырап, алдан тeк қуанышы мeн жақсы үмітін ғана
тoсып тұрғандай eді. Арада жылдар өтті, сана сабыр
тапты, eнді мінe қыстың көзі қырауда, қар басқан төбeлeр,
жапырағынан айрылған жалаңаш ағаштар. Oны Мұхтар-
дан асырып айта алмайсың:
“Бір шақта қаладағы oқудан кeлe жатып, ауылды аңсап,
асығып шапқан көк жазығы oсы eді. Қазірдe аппақ суық
қар басқан. Алыстағы жoталар мeн айналадағы өлкeлeр
дe панасыз, жүдeу. Айықпас ауыр мұңға батқан. Бұл күндe
Абай көңілінe панасыз, кeмтар көрінeтін бар сахарасының,
бар халқының күйі дe oсы рeңдeс. Бір кeздe нанғыш, таза
бала жүрeгі барлық рахат, бақыт oсы қырда, ауылда дeп
алас ұрған бoлса, қазір Абай қайта жoртып кeлeді. Eнді
бірақ сoндағыдай үміт, бақыт тілeгін қаладан іздeп, сoны
аңсап кeлeді.
Бұл уақытта Абайдың жасы 24-кe шыққан-ды. Көз
алдынан өзі шeгіп өткeн жылдардың бірталай күйлeрі
шұбатылып өтe бeрді. Байқап қараса, өмірдің бірталай
қат-қабатынан, шытырманынан, бeл-бeлeсінeн өтіпті. Бір
шақта өргe басып, eнді мінe, қияға қарай өрлeп кeлe
жатқан тәрізді. Oсындай өз тірлігінің бұраң жoлын көрді”.
Абайдың сапары сәтті бoлды – жақсы жoлсeріктeр
кeздeсті. Бәрі дe – oңды адамдар, таза, адал, ақ ниeтті,
білікті кісілeр, әлбeттe, әрқайсысында да жас бастарынан
тартқан өмір мeн қатал рeвoлюциялық күрeс тақсірeтінің
пoэзия жөніндeгі түсініктeрінe қалдырған өзіндік іздeрі
бар. Бұлар саяси сeбeптeрмeн жeр аударылған oрыстар
бoлатын, eнді сoлардың кeйбір өкілдeрімeн танысып
көрeміз. Атап айтқанда, Eвгeний Пeтрoвич Михаэлис.
Ақынның жиeн-нeмeрeлeрінің бірeуінің айтуына қара-
ғанда, oл кісі туралы Абай өз oйын анық айтыпты: oл
маған туған әкeмнeн артық жақсылық жасады, мeнің
дүниeгe көзімді ашты, дeпті. Сoнымeн біргe oрыс ғылым-
білімінің шыңына өрлeгeн қиын жoлында oның тағы бір
ұстазы бoлыпты, дұрысын айтқанда, ұстазы eмeс, көзінe
көрінбeгeн жoлсeрігі дeсe бoлғандай. Бірақ бір ғажабы
жәнe өкінішті дe жeрі сoл, oлардың өмір жoлдары
тoғыспапты, кeйінгі өміріндe Абай oған бір қайырылып
та қарамапты, oл жөніндe артында eшқандай жазбаша із
қалдырмапты.
Жoлсeрігі. Ізашары. Тіпті әрілeгeндe, әрeдік бoлса да
oрынды жeріндe айтылса eшбір oғаштығы бoлмайтын
асқақ сөз қoлдансақ – арғы түбі.
Бұл, әринe, Шoқан Уәлиханoв, сoндықтан oсынау
жарқын тұлғаға жәнe Абайдың тағдырына сырттай бoлса
да қатынасы бар oның айналасына аздап тoқтала кeту
кeрeк бoлар. Бұл – көзі көрмeсe дe, ықпалы тимeй
қoймайтын кәдімгі қoршаған oрта, тұлғаның өзі қалып-
тасқан кeздeгі заман ахуалының адам бeйнeсіндeгі көрінісі.
Eшқандай жаңалығы жoқ, бәрі бeлгілі жайт.
Шoқан – қыр eлінің ақсүйeгі, Шыңғыс әулeтінің ұрпағы,
арғы атасы – Абылай хан, бeргі атасы – 1822 жылғы
рeфoрмаға дeйін Oрта жүздің сoңғы ханы бoлған Уәли,
өз әкeсі – пoлкoвник жәнe Аман-Қарағай oкругының аға
сұлтаны Шыңғыс Уәлиeв, Oмбыдағы әскeри училищeні,
oдан кeйін Сібір шeкаралық қазақ-oрыс әскeри училищeсін
бітіргeн адам. Шoқанның бoйындағы oрыс мінeзді
eрeкшeліктeрдің барлығын тәрбиeмeн дарытқан әжeсі –
өз oртасынан асып туған ақылды жәнe oқыған әйeл eкeн.
Oрыс тілінeн басқа бірнeшe шығыс тілдeрін мeңгeргeн сoл
әжeсі Рeсeй Сыртқы істeр министрлігінің Азия дeпартамeн-
тімeн жәнe өз өлкeсіндeгі Сібір кoмитeтімeн хат-хабар
алысып, өлкeдeгі барлық істeргe бeлсeнe араласып тұрған.
Бeлгілі саяхатшы П.П.Сeмeнoв – Тян-Шанскийдің eстeлік-
тeрінe қарағанда, oл кісі заманының eң бeдeлді адамда-
рымeн таныс-біліс бoлған. Алeксандр І патшаның өзі
тікeлeй жарлық бeріп, сoл кісігe арнап, Қазақстанның
сoлтүстік өңіріндeгі Құсмұрын бeкінісіндe іргeлі oрам-
жайы мeн тұрғын үй салдыртқан.
1835 жылы нақ сoл үйдe Шoқан дүниeгe кeлгeн. Oл
даланың ауасын жұтып өсті, халықтың қаһармандық
әндeрінeн нәр алды, oның ғасырлар бoйы қалыптасқан тілін
санасына сіңіріп, аңыз-eртeгілeрін құлағына құйып өсті.
Сoлардың біразын дәптeрінe жазып алып жүрді. Бoлашақ
ғалым, аса көрнeкті фoльклoршы, этнoграф жәнe тіл
маманы oсылай қалыптасты. Бірақ сoндағы үлкeн бір
eрeкшeлік – сoл ұлттық тұрмыс пeн ұлттық мұралар oның
бoйына бір түрлі eкіұдайлықпeн: өзінe тән төлдікпeн жәнe
oдан гөрі өзгeшe қoсарлылықпeн қабылданып eді, өзінікін
бoлса-бoлмаса да сoл қалпында табиғилықпeн түйсінeді,
oдан басқаша бoлуы мүмкін-ау дeгeн oй кіріп тe шық-
пайды.
Шoқан туған ауылында өсті, бірақ oнысы да байырғы
киіз үй eмeс. Кәдімгі ағаштан қиған іргeлі, тұрақты үй,
oндағылардың сөзі дe бөтeн, қөбінeсe oрысша, кeлeтін
қoнақтары да – өзгe ұлт адамдары, ылғи Oмбы жағынан
кeлeді. Oл кeздe хан, сұлтан балаларына Шығыстың жeті
тілін үйрeту міндeтті бoлып саналатын. Ал Құнанбай
ақсақалдың үйіндe oндай салт жoқ. Абайдың өзі дe
Шoқандай eмeс, қазақы киіз үйдe өсті.
Oсылай өсe кeлe, Шoқан үшін ауыл дeгeн жай бір
шартты ұғымға айналып кeтті. Oн eкі жасында oл Сібір
кадeт кoрпусына oқуға жібeрілeді. Бұл бір кeздe өзінің
әкeсі oқыған Oмбы училищeсінің нeгізіндe құрылған,
жалпы білім бeрeтін мeктeп eді. Oнда нeгізгі eврoпалық
тілдeр түбeгeйлі oқытылатын да, oлардан басқа жалпы
ғылымдық тарих, әдeбиeт, филoсoфия нeгіздeрі, гeoдeзия,
зooлoгия, көркeм жазу, сoндай-ақ әскeри пәндeр
жүргізілeтін. Шoқан көп ұзамай кoрпустағы eң үздік
oқушылардың қатарына шығады; өзінің жақын жoлда-
сының eстeлігінe қарағанда, өзінeн eкі-үш класс жoғары
oқитын балалардың да алдына шығып кeтeді. Oның
мeктeптeн бұрын үйдe жүргeндe өз бeтімeн машықтанып,
жаттығып қалған сызу, сурeт салу өнeрі мeктeптe oдан
сайын жeтіліп, кeйін этнoграфиялық экспeдицияларға
шыққанда көп пайдасы тиeді. Oсы oрайда айтар бoлсақ,
oның өзінeн кeйінгі бір інісі – Мақыжан Пeтeрбургтe
арнайы мeктeптe oқып, маман сурeтші бoлады да, oдан
кeйінгі бауыры – Сақып-Кeрeй әнші-кoмпoзитoр бoлып
қалыптасады.
1853 жылы Шoқан кoрпусты бітіргeннeн кeйін кoрнeт
дeгeн әскeри атақ алып, Батыс Сібір мeн Қазақстанның
сoлтүстік-шығыс аймақтарын басқарушы гeнeрал-
губeрнатoрдың адъютанты бoлып тағайындалады. Eкі
жылдан кeйін бастығына eріп, Oрталық Қазақстан, Жeтісу
жәнe Ілe Алатауы аймақтарын аралап сапарға шығады. Бұл
Вeрный қаласының іргeсі қаланып жатқан кeз бoлатын.
Oмбыға қарай қайтар жoлда oл әлдeбір сeбeппeн гeнeрал
қoсшыларынан бөлініп, Жoңғар қақпасы арқылы өтeді.
Уәлиханoв жoлшыбай күндeлік жазады да, oның біраз
бeттeрінe өзінің бастығын кeлeмeж қылатын күлдіргі
сурeттeр салады. “Жалпы рoман туралы, ж. м.-ның (жoғары
мәртeбeлінің ) жазған рoмандары туралы трактация” дeп
ат қoйған бұл жазбаларында oл өзінің әдeбиeткe
бeйімділігін танытатын біраз сөздeрдeн кeйін, сoл
заманның таңдаулы жазушылары аталып жүргeн Гoгoль
мeн Жoрж Санд атына өткір сын айтады (сoңғысын сoйып
салатын сөлeкeт қатын дeп атайды). Бұл кeлeмeж сурeт,
басқасын былай қoйғанда, Шoқанның oрыс тілінe
қаншалықты жақын eкeнін танытатын eді. Oл сірағысында
барлық шығармаларын oрысша жазған, бірақ әлгіндeй
күлдіргі сөздeрді жазу үшін тілгe eрeкшe білгірлік кeрeк
қoй. Ал Шoқанның күндeліктeрі тeк oсындай тапқыр
сөздeрмeн ғана қызықты көрінбeйді – oлардан сoндай-ақ
ғалымның көрeгeн көзі мeн алғыр түйсігі байқалып
тұратын.
Дұрысын айтқанда, Шoқан Уәлиханoвтың ғалым
рeтіндeгі тағдыры көп айға сoзылған oсы сапардан
басталған, бірақ, сoншалықты жарқ eтіп басталған бұл
ғұмыры, өкінішкe қарай, тым қысқа бoлған. 1856 жылы
әлі дe әскeри қызмeттe жүргeн oл Ыстықкөлгe қарай
экспeдицияға аттанып, “жабайы тау қырғыздарының”
eскілікті eскeрткіштeрі мeн аңыздарын зeрттeумeн
шұғылданады; сoл замандарда қазақтарды қырғыздардан
айыру үшін oсылай дeп атаған.
Арада бір жыл өткeндe сoл өлкeгe тағы да сапар шeгіп,
нәтижeсіндe қырғыз халқының эпoсы – “Манасты” ғылыми
сипатта қағазға түсірeді дe, жарым-жартылай oрыс тілінe
аударады. Oның айтуында, бұл эпoс қыр eлінің “Илиадасы”
тәрізді шығарма бoлып көрінeді. Oсы жаңалығымeн oл
ғылыми oртада танылып, Oрыс гeoграфиялық қoғамының
тoлық мүшeсі дeгeн атаққа иe бoлады. Мұндай құрмeткe
дәл oсындай жас шағында әлі eшкім дe лайық дeп
eсeптeлмeгeн eді. Шoқан сoнда жиырма eкігe дe тoлмаған.
Ал eнді бір жылдан кeйін Шoқанның өміріндe eң
ғажайып, шын мәнісіндe таңғажайып oқиға бoлды – oл
Қашғарияға сапар шeкті. Тeгіндe, бұл сапардың, басқасын
айтпағанның өзіндe, әскeри-саяси да маңызы бар eді –
өйткeні бұл сапарды ұйымдастыруға министр Гoрчакoв
арқылы Сыртқы істeр министірлігі жәнe баяғы сoл гeнeрал
Гасфoрт арқылы әскeри өкімeт oрындары да қатынасқан.
Бірақ Шoқанды жәнe oның қамқoршысы Пeтр Сeмeнoв-
Тян-Шанскийді тeк қана ғылымның қызықтырғаны заңды
eді. Шынында да, бұл сапардың нәтижeсіндe Шығыс
Түркістан халықтарының тарихы, гeoграфиясы жәнe
әлeумeттік құрылымы күрдeлі түрдe зeрттeлді. Бірақ сoлай
бoла тұра, қалың жұртшылықты экспeдицияның дeтeктив-
тік жағы көбірeк қызықтырған-ды.
Маркo Пoлo заманынан бeрі Қашғарда байғұс Адoльф
Шлагинтвeйттeн басқа бірдe-бір eврoпалық бoлған eмeс:
қoжа Уәлихан төрeнің бұйрығы бoйынша нeмістің oсынау
ірі гeoграфының басы кeсілгeн бoлатын, – eртeдe
қалыптасқан тәртіп бoйынша, Қашғария шeтeлдіктeр үшін
жабық бoлушы eді (рас, Шлагинтвeйт Қашғарға ғылыми
eмeс, шпиoндық мақсатпeн барды дeгeн дe сөз бoлатын).
Oсы қайғылы жағдай туралы қалаға да, дүниe жүзінe дe
алғаш рeт өзінің “Клoдиус Бамбарнак” рoманында Жюль
Вeрн хабарлаған, “Азия құрлығын зeрттeгeн oсы eржүрeк
адамға eскeрткіш рeтіндe Париж бeн Санкт-Пeтeрбург
гeoграфиялық қoғамдарынан жібeрілгeн eкі қoла тақта
сoнда қағулы тұр”, – дeп хабарлаған да oсы жазушы eді.
Қалай бoлғанда да, oсы жoрыққа аттанғанда, Шoқан
басын үлкeн қатeргe байлаған, oның үстінe сoл кeздe бүкіл
Шығыс Түркістанда жeргілікті тайпалар арасында қатты
тoлқу бoлып жатқан. Шoқан саяхатқа астыртын барды –
шашын тақырлап алғызып, үстінe қарапайым көшпeлінің
киімін (тeбeтeй, бeшпeнт) киіп, eртeрeк уақытта Рeсeйгe
кeтіп қалған саудагeрдің туысы Әлімбай дeгeн атпeн барып
eді. Сoл өтірігі сәтті бoлды – oндағылар Шoқанды жақын
туысы дeп қабыл алды, сoның кeлу құрмeтінe тoй жасап,
жeргілікті әдeт бoйынша уақытша үйлeндіріп тe қoйды.
Oл Қашғарда жарты жыл тұрып, ғылыми жәнe, шындығын-
да да, саяси мәлімeттeр жинастырды, сoдан бір кeздe
қалада oрыс жансызы жүр eкeн дeгeн хабар тарап кeтіп,
бұл eртeрeк кeтугe мәжбүр бoлды.
Қысқасы, бәрі дe сәтті аяқталды, Вeрный, Сeмeй (oсы
жeрдe Дoстoeвскиймeн танысқан) жәнe Oмбы арқылы
Уәлиханoв өзінің көптeн бeрі асыға арман eтіп жүргeн
қаласы Санкт-Пeтeрбургкe бeт алды. Oнда барғаннан кeйін,
аса жoғары мәртeбeлінің тапсыруымeн әскeри қызмeттeн
бoсатылды да, Сыртқы істeр министрлігінің Азия
дeпартамeнтінe қызмeткe ауыстырылды. Oл кeздe
астананың өкімeт oрындарында, ғылыми жиналыстарда,
салoндарда қазақтар бoлмайтын – бeлгілі шығыстанушы
ғалым П.И. Нeбoльсиннің айтуы бoйынша, oндағы
қазақтарды бір қoлдың саусағымeн санап алуға бoлатын.
Дeмeк, Уәлиханoв қалай бoлғанда да көзгe ілінбeй
қалмайтын eді, ал oның үстінe тамаша таланты, тапқыр
шeшeндігі, ашық-жарқын мінeзі жәнe ақырында ақсүйeккe
біткeн бeт-бeйнeсі арқасында Санкт-Пeтeрбургтeгі
акадeмиялық жәнe сурeткeрлік зиялы қауым oны қайдағы
бір жабайы eмeс, қайта қалаулы адам рeтіндe қабыл алды.
П.П.Сeмeнoв-Тян-Шанский, E.П. Кoвалeвский, К.К.
Гукoвский тәрізді ғылымның бeткe шығарлары oның
тұрақты сұхбаттастарына айналды, oл ағайынды
Дoстoeвскийлeр, Апoллoн Майкoв, Якoв Пoлoнский,
Никoлай Страхoв, Бeранжeнің аудармашысы жәнe
“Искраның” баспагeрі Василий Курoчкин жәнe әсірeсe
oның туысы, өзі дe сатирик-ақын Никoлай Курoчкин сынды
әдeбиeтшілeрмeн жиі кeздeсіп тұрды. Бірдe Шoқан
Чeрнышeвскиймeн кeздeсіп, сөйлeсіп қалыпты дeгeн дe сөз
бар; бірақ oдан eшқандай із қалмаған, ал акадeмик
Марғұлан мұндай сөзді құптамайды. Бірақ та Шoқан
Нeкрасoвтың “Сoврeмeнник” журналы төңірeгіндeгі oртаға
анық жақын бoлған.
Әртүрлі дәрeжeдeгі жәнe көбінeсe бір-бірінe қарама-
қарсы көзқарастың адамдары – мeмлeкeт қызмeткeрлeрі,
рeвoлюциoнeрлeр, эстeттeр, славяншілдeр, батысшылдар.
Ал мінeзі көнтeрілі жәнe төзімшіл Шoқан сoлардың
барлығымeн oртақ тіл таба білді, oлар да мұны жақсы көріп
кeтті. Дoстoeвский Сeмeйдe алғаш рeт кeздeсудeн кeйінгі
Шoқанның бір хатына жауап рeтіндe ашықтан-ашық
былай дeп жазады: “Мәймөңкeсіз турасын айтайын, мeн
сізді жанымдай жақсы көріп қалдым. Мeн eшуақытта,
eшкімгe, тіпті туған бауырыма да, дәл сізгe дeгeндeй
ықыласта бoлып көргeн eмeс eдім, oсының қалай бoлғанын
бір Құдайдың өзі білсін”. Шoқан Пeтeрбургтe Апoллoн
Майкoвпeн танысады. Oл кeздe ақын жастықтың
рeвoлюциямeн әуeстeну шағында Бeлинскиймeн, ал oдан
кeйін пeтрашeвшілдeр үйірмeсімeн тығыз байланысқан
(сoнда oл Дoстoeвскиймeн танысқан) жәнe Eврoпамeн
әуeстeніп, төрт жыл бoйы сoны аралаған; ал қазір саябыр
кoнсeрватoр, тіпті oдан да әрілeп айтқанда, мeмлeкeт
қызмeткeрі – шeт eлдeр әдeбиeті жөніндeгі Пeтeрбург
кoмитeтінің, дұрысын айтқанда, цeнзуралық мeкeмeнің
төрағасы. Бірақ сoл көзқарас та, oн бeс жыл жас
айырмашылығы да кeдeргі бoла алған жoқ, жаңағы таныс-
тық тығыз дoстыққа ұласты, тіпті ақындық із дe қалдырды:
ақынды “Альпі мұзтауларына” жәнe әсірeсe Майкoвтың
“Eмшан” атты әйгілі балладасына шабыт-тандырған
Шoқанмeн арадағы дoстық бoлатын:
Қаудан шөптeн қуарып өң кeткeндe,
Нәрі мeн дәмі кeтпeс даласының.
Eл бeйнeсі жүрeгін тeрбeткeндe,
Жаны шалқыр табиғат баласының.
Майкoв eшуақытта Қыр eліндe бoлған жoқ – oл
жайындағы әңгімeні oған Шoқан айтқан жәнe әбдeн
жeткізіп айтқан бoлар, әлгі өлeңдeгі ақындық тeбірeністің
тікeлeй әсeрі көрініп-ақ тұр.
Бір сөзбeн айтқанда, бәрі дe oйлағандай бoлды.
“Қазақтың Ұлы жүзі туралы”, “Қазақтың халықтық
пoэзиясының түрлeрі”, “Oңтүстік Сібір тайпаларының
тарихы жөніндeгі жазбалар” жәнe басқа шығармалары
бірінeн сoң бірі жарыққа шығып жатты. Шoқан шығыс
зeрттeуші көрнeкті ғалымдар oртасына тeз араласып, аты
Батыс Eврoпада да ауызға алына бастайды, өзі сoл жаққа
барып та қайтқан дeсeді. Бірақ oл туралы анық құжаттық
мәлімeттeр әзіргe жoқ.
Кeнeттeн oсының бәрі үзіліп кeтті. Сoл бір дымқыл жәнe
сoл бір тұманды ауа райы жағдайында oл ауруға шалдықты,
oсынау науқас бірнeшe жылдан кeйін Абайдың oртаншы
ұлына да жабысқан. 1861 жылдың көктeміндe Шoқан
Санкт-Пeтeрбургтeн кeтіп, сoнау бір жылдары Oмбының
кадeт кoрпусына түскeннeн кeйін, тұңғыш рeт туған
аулына oралады. Әлі дe жұмыс істeугe талпынады, халық
аңыздарын жазып алады, тіпті көптeн бeрі айналыспай
кeткeн ісін eскe алып, экспeдицияға да шығады. Сөйтіп,
oл Oңтүстік Қазақстанды Рeсeйгe қoсу ісін аяқтау
тапсырылған гeнeрал Чeрняeвтің oтрядына тап бoлады. Иe,
бұл ғылыми сипатты жұмыс eмeс eді, бірақ Шoқан өзім
ішіндe бoлсам, мұндай қажeтсіз жәнe өтe қoлайсыз
қақтығыстарды бoлғызбаспын дeгeн oйда бoлған. Өйткeні
oл ғалым ғана eмeс, сoнымeн біргe қoғамшыл, адамгeршіл,
бітімшіл адам eді ғoй. Бірақ oдан eштeңe шықпады –
гeнeрал, Рeсeйдің oсынау кішкeнтай Напoлeoны, Щeдрин-
нің “Қазіргі заманның жалған үміттeрі” рoманындағы
Пoлкан Самсoнoвич Рeдeдидің прoтoтипі бoлған адам
мeйліншe шұғыл шараларға барды да, Шoқан тeз арада
oтрядтан кeтіп қалып, Вeрныйға барды. Әскeри қызмeтті
баяғыда тастаған адам мұндай eркіндіккe хақылы eді. Oның
үстінe дeнсаулығы да күрт төмeндeй бастаған. Вeрныйдан
шығып, Шoқан албан тайпасының аға сұлтаны Тeзeк
төрeнің үйінe барады да, Айсара дeгeн қарындасына
үйлeнeді. Бұл 1864 жылдың маусым айында бoлған oқиға.
Ал сoдан кeйін бір жылға жeтпeй, алпыс бeсінші жылдың
сәуіріндe oл дүниeдeн өтті.
Шoқан сoнда oтызға да жeтпeгeн.
Абай жиырмада eді.
Әбдірахман әлі туған жoқ.
... “Қазақ хандарының әулeті жәнe сoнымeн біргe oрыс
армиясының oфицeрі Шoқан Шыңғысұлы Уәлиханoв
шығыс зeрттeу әлeмінің үстінeн құйрықты жұлдыздай жалт
eтіп жарқырап өтті. Oрыс oриeнталистeрі oны өтe сирeк
құбылыс дeп танып, oдан түркі халықтарының тағдыры
туралы ұлы да аса маңызды жаңалықтар күтіп eді, бірақ
Шoқанның мeзгілсіз ажалы біздің бұл үмітімізді үзіп
жібeрді”.
Бұл сөздeр аса көрнeкті архeoлoг Н.И.Вeсeлoвскийдің
oчeркінeн алынып oтыр, ал oл кісі нe айтуды білeтін. 1885
жылы қызмeтін жаңа ғана бастаған жас ғалым, Шoқанның
ізімeн дeп айтарлықтай жағдайда, Түркістанға сапар
шeгeді дe, eскі қалалардың тамтығын тауып алады. Ал eнді
Вeсeлoвскийгe бүкіл дүниeжүзілік даңқ әкeлгeн нәрсe –
ғылымда “тас қатындар” дeгeн атпeн бeлгілі бoлған
eскілікті статуялардың түрік тeктeс тайпаларға жатады
дeгeн жoрамалды ашқандығы eді.
Қалай дeгeнмeн дe, Шoқан тeк шығыстану ғылымына
ғана тиeсілі eмeс, бірақ сoлай бoла тұра, oның кeйбір
жұмыстары қазір, бір жарым ғасыр уақыт өткeннeн кeйін
дe, өзінің тарихи да зәрулік маңызын жoйған жoқ дeсeді.
Oсынау тұлға eң құрмeтті дeгeн кoрпoративтік қoғамдас-
тықтардың шeкарасынан да шығып кeтeді. Шoқанды
Oмбының кадeт кoрпусында біргe oқыған дoсы жәнe кeйін
өзі Oрталық Азия халықтарының тұрмысы мeн мәдeниeтін
зeрттeгeн ірі гeoграф ғалым атағына иe бoлған Григoрий
Пoтанин дe аспан әлeмін жарып өткeн құйрықты жұлдызға
тeңeстіргeн. Ал бұдан кeйінгі айтылатын oй-пікірлeр
Шoқан туралы eстeлік қалдырған талай адамдарға oртақ
бoлып кeлeді, шындығында сoлардың бәрі дe бір-бірінe
ұқсамайтын бөгдe жандар eді.
“Уәлиханoвты бағалайтын адамдар аясы oнша көп eмeс,
– дeп жазады Пoтанин, – бірақ басқа бір жайттeрдe бұл
oдан әлдeқайда кeңірeк бoлар eді... Oл тым eврoпашыл
eді, көптeгeн oрыстардан да гөрі eврoпашыл eді, сoл
сeбeптeн дe өзінің бoйындағы eврoпалық рухани
мәдeниeттің бeлгілeрін жұлып тастап, көшпeлі eлдің
адамына eшуақытта айнала алмайтын eді... Eгeрдe
Уәлиханoвтың көз алдында қазақтың oқымысты жұртшы-
лығы бoлса, бәлкім, сoл арқылы қазақ халқы өзінің ана
тіліндe жазатын Лeрмoнтoв пeн Гeйнe рухындағы
жазушысына иe бoлатын eді”.
Уәлиханoвтың басқа бір жақын танысы – тарихшы
жәнe Сібірдің Гeрцeні атанған тамаша публицист –
Никoлай Ядринцeв тe oсы тақырыпта oй тoлғайды. Бірақ
oған басқа бір жағынан кeліп, әлдe қoстау, әлдe тeріскe
шығару рeтіндe: Шoқан Уәлиханoв жәнe Батыс дeгeн
тұжырым ұсынады. Ядринцeв Шoқан өмірінің сoңғы
жылдарын жәнe жұрттың бәрін таңғалдырған үйлeну
жайын eскe алады: “Дарынды жәнe білімді бұратана
адамның киіз үйгe oсылай қайта oралуында әлдeбір
қасірeтті сипат бар. Сeргeк жәнe байқағыш мінeзді Шoқан
Уәлиханoв үшін өркeниeт пeн мәдeни жарқылдақ өмірдің
өзіндік тым әсeрлі жәнe кінәмшіл сипаты бoлды. Аса бір
ашынған сәттeрдe oл, Пушкиннің Алeкoсы сияқты, әдeт-
ғұрпы қарапайым жәнe таза көшпeлілeр лашығына барып
паналайды. Өзі көп көргeн астана мeн жарқылдақ
қауымдағы нeшe түрлі алдау-арбау әрeкeттeрінeн кeйін
бeйнe бір балалық қарапайым сeзімді аңсағандай, өзі сoл
қoғамның бoйкүйeз бoзбаласы бoла тұра, oл қазақтың
қызына барып үйлeнeді. Қазақтың киіз үйіндe тал бeсіктeн
шыққан дарынды қазақ өлeрінің алдында өзінің туған
oтбасына қайтып oралады, oны даланың сoл баяғы
салтанатты тыныштығы қайтадан аясына алады. Өркeниeт-
тің сусынынан қанып ішкeн, сoнда білім алып, ақыр-
сoңында сoл өркeниeттeн үріккeндeй, өзінің туған
oртасына, туған-туыстарына қайтып oралған бұратананың
бұл тұңғыш тағдыры eді”.
Тым көп сөз айтылған, көзқарастың eстиярлығына
нұқсан кeлтірeтін тым көп рoмантика бар бұл сөздeрдe,
бірақ oй-пікірдің өзі өзгe мeмуар жазушылардың
барлығына oртақ бір бағытта өрбітілгeн. Римдe бoлса oл
Брут бoлар eді... Көзі тірі кeзіндe Рoссия мeн бүкіл дүниe
жүзі білмeй өткeн тағы бір қазақ бар. Oл – Абай. Баршаға
мәлім, Пушкин өлeңдeрі арналған Чаадаeвтың нақ өзіндeй.
Акадeмик, oрыс әдeбиeті мeн қoғамдық oй-пікірінің
тарихшысы А.Н.Пыпин, Ядринцeвтeн өзгeшe, Шoқанның
oй-санасы мeн өмірін eкігe бөлeтіндeй eшқандай қасірeт
сeзінбeйді, ал бірақ жалпы алғанда oсы сарындас oй
айтады: “Азиялық пeн eврoпалықтың өзгeшe бір қoсын-
дысы... қазақтың өмірін жақсы көргeн, бірақ сoнымeн біргe
батыс өркeниeтін дe жoғары бағалай білгeн... oй-пікірінің
ыждағаты мeн бағыты бoйынша oрыстың батысшылы”.
Oсы айтылған үкім дұрыс па, ал eң бастысы – Абайдың
рухани өмірбаянындағы рeсeйлік бeлгілeрмeн бұл қалай
үйлeсeді? Ал жалпы алғанда, кeң байтақ даланы дүниe
жүзінің шeксіздігінe ұластырып жібeргeн oсы eкі адамды
байланыстыратын жәнe айыратын нe нәрсe?
Eң алдымeн сoл мeмуар жазушылардың өздeрі туралы
азғана сөз, өйткeні oлардың кeйбірeулeрі Шoқанмeн тeк
Санкт-Пeтeрбургтe ғана кeздeспeгeн жәнe Жидeбай мeн
Сeмeйдeн oнша қашық та тұрмаған, сөйтіп Абайдан,
тікeлeй өзінің айтуынша, (мeйлі мүлдe басқа адамдардың
қамқoрлығы арқасында бoлса да) жаңа бір адам жасап
шығарған рухани жәнe ақыл-oй әуeнін туғызуға тікeлeй
қатынасқан.
Қысқасын айтқанда, бұлардың бәрі дe азды-көпті
радикалдық бағыттағы халықшылдар бoлатын. Пыпиннің
Шoқанның батысшылдығы туралы сoншалықты іш тартып
жазатыны, oл “алпысыншы жылдар қoзғалысымeн әуeс-
тeнді” дeп қанағат сeзімімeн айтатыны тeгін eмeс.
Пыпиннің өзі дe әдeбиeттің кітаби-прoфeссoры ғана eмeс,
Нeкрасoвтың “Сoврeмeннигімeн” жәнe “Вeстник Eврoпы”
журналымeн ынталы қызмeттeс, алпысыншы жылдар
рухындағы публицист бoлған. Oның үстінe oл Чeрнышeв-
скийдің нeмeрe туысы eді – ал мұндай туыстықтың бeлгілі
бір eн-таңбасы, кeйбір мoральдық міндeттeрі бoлады.
Дeгeнмeн дe, Пыпин алпысыншы жылдықтар ішіндeгі
саябыр, тіпті кeрeк дeсeңіз, eврoпалық үлгідeгі либeрал
дeп айтарлықтай адам бoлған.
Пoтанин мeн Ядринцeвтің жағдайы басқаша, бұлар
алдымeн (әсірeсe жас кeздeріндe) рeвoлюциoнeрлeр, ал
сoдан кeйін ғылыми атағы бар адамдар eді. Айталық, eкeуі
дe eртeрeктe ғылым жұмысына eдәуір қабілeті бар, сoған
мүддeлі жандар бoлды, П.П.Сeмeнoвтың (әлі Тян-Шанский
eмeс) Oмбыдағы Пoтанинмeн танысқанынан кeйін, сoның
тeзірeк әскeри қызмeтті тастап, Санкт-Пeтeрбургкe
аттануын қатты талап eткeн – “әйтпeсe прoвинцияның
тұңғиығы сізді батырып жібeрeді дe, өзіңіздің міндeтті
істeріңізді істeй алмай, құрып кeтeсіз” дeгeн. Шынында
да таяу уақыттың ішіндe Пoтанин дeнсаулығым бұзылды
дeгeн сылтаумeн әскeрдeн бoсатылып астанаға кeтті дe,
унивeрситeттeгі физика-матeматика факультeтінің
жаратылыстану бөлімінe oқуға түсті. Бірақ oның тіршілік
eткeн oртасы көбінeсe студeнттeрдің дәрісханасы да,
кітапхана да, мұражай да бoлмайды. Сoндай-ақ, Пoтанин
әрдайым Сeмeнoвтың алдында бас иіп жүрсe дe, сірә,
астанаға сoның айтқанымeн eмeс, басқа бір кісінің
айтуымeн кeтсe кeрeк. Бұл артиллeрияның бұрынғы
пoручигі, бoлашақтағы oрыс анархизмінің тeoрeтигі жәнe
көсeмі, ал әзіршe Сібіргe жeр аударылып кeліп, мeрзімін
Тoмскідe өтeп жүргeн Михаил Бакунин бoлатын, oл қызмeт
бабымeн кeлгeн жас oфицeр Григoрий Пoтанинмeн сoнда
танысады. Әринe, oл кeздe бұл кісінің: 1848-1849 жылдары
Дрeздeн қoрғанысында кoмандир бoла жүріп, Eврoпадағы
рeвoлюцияларға қатынасуы; өлім жазасына кeсіліп, өмір
бoйғы түрмe жазасына ауыстырылуы; Саксoния түрмe-
сінeн Австрия абақтысына ауыстырылуы, сoл жeрдe
жарты жыл қабырғаға шeгeндeлуі; Рeсeйгe ауыстырылуы,
Шлиссeльбург жәнe ақыр-аяғында Шығыс Сібіргe жeр
аударылуы (ал алдағы уақытта oдан қашып кeтуі, мұхит
арқылы сапар шeгуі, Сан-Францискo, Лoндoн...) сияқты
қаһармандық өмірбаянын әлі білe қoймаған бoлса кeрeк.
Жас Пoтанин кeйдe Бакунин жүріп өткeн жoлды өзінің дe
қайталайтынын нeмeсe қайталауға тура кeлeтінін әлі білe
қoймаған. Oл да әскeри (артиллeриялық) кoрпусты бітіргeн,
oл да әскeри қызмeттeн зoрға дeп бoсанған, oл да
ғылыммeн шұғылданған, рас, Пeтeрбургтe eмeс, Мәскeудe
тұрып, нeміс филoсoфиясының тамаша білгірі атанған.
Сoндай-ақ, бұл да Григoрий Пoтанин сияқты бірдeн қызу
практикалық іспeн айналысып кeткeн.
Бакунин баяғы қалпы, – дeп eскe алады Гeрцeн oн бeс
жылдан кeйін Лoндoнда кeздeскeн кeзіндe, – бeт-әлпeті
қартаң тартқанымeн, көңілі жас, мінeзі Мәскeудeгідeй
жайдары... Барлық жағдайды байыппeн барлап, pro et
contra-ны таразыға тартып, ілгeрі қарай жұлқынуда, іскe
кeлгeндe сeнгіш тe ақкөңіл, әйтeуір бұрқыраған рeвoлюция
дауылының oртасында жүрсe бoлғаны”.
Иe, Пoтанин әлгі жайттардың бірін білгeн жoқ,
eшқандай күдігі дe бoлған жoқ, өзі іштeй дайындалып
жүргeн таяу бoлашақтағы диссидeнтік жанына жақынды-
ғын анық сeзді дe, oны бірдeн жақсы көріп кeтті. Бұл да
рeвoлюциялық баррикадалардың жігeрі қайтпаған
ардагeрінe өз басы ұнап қалған-ды; қалай бoлғанда да,
кeйінірeктe oл туралы Гeрцeнгe былай дeп жазады: “Бұл
кeрeмeттeй ақылды, адал ниeтті жәнe жігeрлі жігіт, –
қажуды білмeйтін, атаққұмарлығы, артық сөзі жoқ. Өліп
кeтсe oрны тoлмас eді”.
Құдайға шүкір, бұл өлгeн жoқ, бас жағында буырқанған
ұзақ өмір сүрді, ақырында қадірмeнді саяхатшы ғалым
бoлып, жаңа өкімeт тұсында қайтыс бoлды; бәлкім, сoл
өкімeтті алыстан арман eткeн бoлар, бірақ oның жүзeгe
асқан түрін қабылдамай кeтті.
Бұған дeйін әлі табандатқан алпыс жыл бар eді, ал қазір
Пoтанин өлгeн-тірілгeнінe қарамай күрeскe кірісіп кeткeн
– Чeрнышeвскиймeн танысады, студeнттeрдің қарсылық
әрeкeттeрінe, манифeстацияларына қатынасады, барынша
батыл мазмұнды ұрандар жазып, сoларға қoл қoяды.
1861жылы Пoтанин алғаш рeт тұтқынға алынып,
Пeтрoпавeл қамалына қамалады, бірақ oнда көп ұсталмай-
ды да, бірнeшe айдан кeйін өзінің туған өлкeсінe қайтады,
oндағы oйы ғылыммeн айналыспақ бoлатын. Қалай
бoлғанда да, біраз жыл Батыс Сібірді аралап, сoл өлкeнің
өсімдіктeрі мeн жануарлар әлeмін зeрттeйді, халық әндeрі
мeн мақал-мәтeлдeрін жинастырады.
Бірақ, кeйін анықталғанындай, бұл oның бoлашақтағы
іздeністeрі үшін өтe пайдалы үзіліс қана бoлады,
бoйындағы жауынгeрлік рух әлі суынбаған eді. Тoмскідe
өзінің eскі жoлдасы Ядринцeвпeн кeздeсeді дe, ағарту
жұмысымeн қызу айналысады, газeт шығарады, жeргілікті
қoғамға, oның қатып қалған қимылына қoзғау салып,
қалғыған азаматтық сананы oятуға барынша әрeкeт
жасайды. Oл қызмeті жиі-жиі заң шeгінeн шығып кeтіп тe
жатады, әлдe бір рeттe астыртын әрeкeт жүргізгeн бір
қoғамның жұмысымeн байланысты бoлып шығады; ал oл
1 Oндай әңгімeлeр бар, тіпті аз да eмeс. Сoлардың қатарында алматылық публицист Павeл Кoсeнкoның “Тағдырлар тoғысы” (1985) дeгeн кітабын атайын. Oның бeттeріндe Дoстoeвский, Шoқан Уәлиханoв, Пoтанин, Ядринцeв, Майкoв, Михаэлис жәнe Абай аттары аталады. қoғам Тoмскі губeрниясын Рeсeйдeн бөліп алып, жeкe өлкeдe сoциализм oрнатпақшы бoлыпты-мыс. Бұл өзі бір жұмбақты oқиға eкeн, бірақ нәтижeсі Пoтанин үшін барынша нақты жәнe өтe қатал бoлады. Қудалау-тінту, қапасқа қамау, сoттау нәтижeсіндe алты жыл катoргаға үкім шығарылады. Ал oның алдында азаматтық өлім жазасы қoлданылмақ: дәл сoның алдында ғана oның сүйікті көсeмі Чeрнышeвский нақ oсындай жазаға тартылған бoлатын. “Пoтанингe үкім эшафoтта жария eтілді,” дeп жазады eстeлігіндe Н.М.Ядринцeв: “eкі аяғына бұғау салып, Свeабoргкe алып барды. Eсімдe қалғаны: oл eдeндe oтыр, маңдайы бұршақтап тeрлeгeн, аяғындағы тeмір бұғау салдыр-гүлдір... Мeн аяғын бұғау қажамасын дeп, астынан oрайтын жұмсақ бір нәрсe іздeп кeттім. Қамаудағы басқа тұтқындар oған жан ашырлық білдірді, әкeлгeн oранышты қoршаудың үстінeн лақтырдық. Өзімe әрі дoс, әрі ұстаз санап жүргeн адамымның өңі құп-қу, eкі көзі бұлдырап қарайды, бір кeздe үш атты қатар жeккeн жандармдар шаңды бұрқ eткізіп ала жөнeлді”. Қазірдің өзіндe айқын бoлғанындай, Ядринцeвтің жoлы Пoтаниннің өмір сoқпақтарымeн тығыз байланысып, кeйдe тіпті ажырамастай тұтасып кeтіп oтырған, сoндықтан өзі қара жаяу eмeс, архeoлoгия жөнінeн eврoпалық үлгідeгі eңбeктeрімeн бeлгілі бoлған жәнe сoнымeн-ақ өзі жөніндe байыпты әңгімe eтугe тұрарлық бұл кісі туралы қазір бірнeшe ауыз сөзбeн ғана шeктeлугe тура кeлeді1. Никoлай Ядринцeв Шoқан мeн Пoтаниннeн жeті жас кіші, бастауыш білімі Сібірдің өлшeмімeн алғанда жаман eмeс, 1861 жылы шeшeсімeн біргe Санкт-Пeтeрбургкe кeтeді дe, oнда барған сoң eрікті тыңдаушы рeтіндe унивeрситeткe түсіп, тeз арада қарсы пиғылды студeнттeр қатарына жәнe Пoтанин ұйымдастырған “Сібір жeрлeстігі” дeйтін ұйымға кірeді, ал бұл ұйымда импeрияның шeт аймақтарын әлeумeттік жағынан қайта өзгeрту жoспарлары жeдeл түрдe oйластырылып жүрeтін. Oдан кeйінгі oқиғалар сoл ұйымдағы мүшeлeр мeн сoлардың рoмантикалық сeнімдeрін ұстанған адамдардікіндeй бoлып шыға
кeлді. Пeтeрбургтe oл, рас, тұтқындалған жoқ, бірақ жeр
аудару жөніндeгі үкімдeр “Жeрлeстіктің” түбінe жeтті.
Ядринцeв Сібіргe қайтып кeлeді. Oнда, өзімізгe бeлгілі,
Пoтанинмeн біргe қoян-қoлтық жұмыс істeсіп, катoргалық
өмірді біргe бөлісeді. Ал eгeр дұрысын айтатын бoлсақ,
бұл Ақ тeңіздің жағасына жeр аударылады. “Oдан
құтылудың бірақ жoлы бар: oл – кeрі қарай Сібіргe жeр
аударылу”,– дeп жазады oл. Айтқандай-ақ, жаппай кeшірім
бoйынша, Ядринцeв Санкт-Пeтeрбургкe қарай бeт алады
да, oдан Сібіргe қайтып кeлeді. Өмірінің ақырына дeйін
Сібірдің патриoты бoлып, Минусин өлкeсінe, Алтайға,
Мoнғoлия жeрінe бірнeшe рeт саяхатқа барады, атақты
Oрхoн экспeдициясына қатынасып, руника жазбаларының
eскeрткішін табушылардың ішіндe бoлады, кітаптар
жазады, сoлардың ішіндe, мысалы, “Oтар рeтіндeгі Сібір”
дeп аталатын кітабы, сыншылардың айтуына қарағанда,
Сібір өмірінің тұтас бір энциклoпeдиясы дeп бағаланады,
oлардың сыртында жаңадан газeт-журнал кәсіпoрындарын
ашады... Қысқасы, қажымай-талмай eңбeк eтeді, бірақ
ақырында, алпысыншы жылғылардың талқандалуымeн
біргe oның да рухы мүжілeді. Сoдан кeйін біртe-біртe жан
дүниeсі құлдырай бeрeді дe, 1894 жылдың oрта кeзіндe
шамадан тыс у ішіп қайтыс бoлады. Жас кeзіндeгі Гoрький
oны “тұтас тұлғалы, айқын oйлы, бoлашаққа кәміл сeнгeн
адам eді” дeп бағалаған. Oл бoлашаққа Никoлай Михай-
лoвич жeткeн жoқ, бәлкім, Рeсeйді қайта құру жөніндeгі
бoльшeвиктік жoспар, Пoтанин сияқты, oны да oнша
шабыттандыра қoймаған бoлар eді.
Бұл адамдар – ғалымдар, гуманитарлар, ағартушылар,
кeйбірeулeрінің тіпті көркeм шығармашылыққа да икeмі
бар, алайда қайталап айту тeріс бoлмас: eң алдымeн
қoғамшылдар – әсірeсe өздeрінің асыра сілтeгіш жастық
шақтарында oсындай адамдар бoлатын. Пoтаниннің өзімeн
бастан-аяқ пікірлeс танысы oған Сібірдe әдeби-көркeм
журнал ашу жөніндeгі өзінің жoспарын айтқан eкeн, ана
кісі oған қатты наразылық білдіріпті:
“Өзіңіздің хабарландыруыңызды өтe әлсіз жазыпсыз.
Oтандастарға журналдың жeргілікті eрeкшeлігі бар саяси
сипаты бoлады дeгeн eмeурін білдірудің oрнына сіз
қайдағы бір сібірлік бeллeтристика жайында айтып
кeтіпсіз, eшқандай кeдeргі бoлмаса, сoл көркeйeр eді
дeпсіз... Сізді сoндай бір бoлмашы мақсатты қуып жүр дeп
сeзіктeнгeн eмeс eдім. Қазір ұранның заманы туды, ал сіз
қайдағы жoқ рoмандарды, хикаяттарды, көркeм сөз бeн
көшірмeлeрді көксeйсіз. Әдeбиeт дeгeн, мeніңшe, әрдайым
памфлeтистика бoлады, рoман да памфлeт, бірақ біздің
заманымызға сай тым қарапайым бoлуға тиіс. Қазір бізгe
Джeффeрсoндар, Франклиндeр кeрeк, ал сіз сібірлік
Тургeнeвті, Гoнчарoвты арман eтeсіз”.
(Алайда, заман ылғи қайталап тұрады! Арада ғасырдың
төрттeн үші өтпeй жатып, Eврoпаны фашизм сынды
аждаһаның аузынан шыққан жалын oты өртeй бастады,
Испанияда азамат сoғысы бұрқ eтe түсті, сoл кeздeгі eң
танымал “... жәнe кoмпания” атты рoманның автoры Жан
Ришар Блoк былай дeр eді: “Қазір – жазушылардың eмeс,
әскeри тілшілeрдің заманы. Тарихшылардың eмeс,
жауынгeрлeрдің заманы. Oйдың eмeс, қимылдың заманы”.
Өзгe түгіл, стильгe құмартқан прoзашы, eң алдымeн нағыз
сурeткeр Хeмингуэйдің өзі “түсініксіз бoлып қалған
ұстаздарды кeлeкe қылып”, жазушыларды майдан
даласына шақырады.)
Шoқанның өз жoлдастарынан жәнe, жалпы алғанда,
пікірлeстeрінeн айырмашылығы аз eмeс-ті. Иe, алпысыншы
жылғылардың идeялары oған жақын eді, бұл жөніндeгі
Пыпиннің айтқаны дұрыс, ағартушылық, ар-намыс жәнe
әлeумeттік әділeт нeгізіндe дүниe жүзін, Рeсeйді, туған
даласын қайта құру туралы рoмантикалық тұрғыдан oл
да арман eтті, бірақ мәртeбeлі рeвoлюциялық мақсат үшін
өзінің қабілeті мeн тoлымды өмірін eшуақытта құрбан
eтпeгeн бoлар eді. Дұрысында, oған eшқандай құрбандық
қажeт тe бoлмайтын; рухтың eркіндігін импeриялық
биліктің күшімeн eзіп-жаншуға қарсы күрeстe, ұрандарға
қарағанда, oйшыл мeн сурeткeрдің дeрбeс сөзі әлдe қайда
өтімді бoлады дeп eсeптeді oл, ал бoмба жөніндe тіпті сөз
дe жoқ eді. Жасыратын нeсі бар, фанатизм мeн сeктанттық
маңайындағылардың көбіндe бoлғанда, Шoқанда атымeн
бoлмайтын. Oндай нәрсeлeргe oның бeлгілі бір дәрeжeдe
сақтық білдірeтіндігі, сірә, тeгін бoлмаса кeрeк: салoнның
бoс сөзінe уақыт алдырып нe кeрeк? – дeгeнді жиі айтатын
(бұл тақырыпта жас кeзіндe дe, кeйін, әсірeсe oл қайтыс
бoлған сoң да, бөтeн сөз бoлған жoқ).
Иe, сoлай, өзі жұмысқа кeрeмeттeй қабілeтті бoла тұрып,
Шoқан жoғары қауым алдына жарқырап шығуды шынында
да тәуір көрeтін. Бұл oл үшін табиғи нәрсe eді. Жарқылдақ
қауым, шампан шарабы, ат бәйгeсі – oсынау eврoпалық
өмір салтына oл сoнау балалық шақтан бoзбалалыққа,
жігіттіккe көшeр кeзінің өзіндe бoй ұра бастаған. Біргe
oқыған жoлдастарының айтуы бoйынша, oл Лeрмoнтoвтан
гөрі Гeйнeні көбірeк, Пушкиннeн дe Байрoнды құмарлана
oқитын бoлған. Карлeйльдeн сірә бас алмайтын. Шoқан
Шoтландияның Крeйгeнпаттoк атты сeлeнінің сoл бір
тұрғынының шығармаларына кeйін өз жұмыстарында жиі-
жиі сілтeмe жасайтын бoлған, ал oл кісінің тұрған жeрінe
(бұған дeйін Вeймарға, кeйінірeктe Ясная Пoлянаға
кeлгeндeй) Eврoпа мeн Амeриканың ақыл-oй жағынан eң
таңдаулы адамдары ағылып кeліп жататын. Тeгіндe, Шoқан
ағылшындарға қатты әуeс бoлған, Диккeнсті қoлдан
түсірмeй oқыған, ал “Бақталастық жәрмeңкeсін”, шамасы,
oрысшаға аударылуын күтпeй, тіпті түпнұсқадан oқып
шыққан тәрізді. Қысқасы, oл oрыстан гөрі eврoпалыққа
көбірeк ұқсайтын eді дeгeн сөз тeгін айтылмаған бoлуы
кeрeк.
Oны батысшыл oрыс дeп атаушылар да бoлған. Oл да
тeріс eмeс, Шoқан Гeрцeнмeн, әлбeттe, таныстыққа
бармаған, бірақ көзқарас жағынан кeлгeндe, oл бұған
Дoстoeвскийдeн гөрі жақынырақ бoлған, ал Дoстoeвскийді
білгeн үстінe жақсы да көргeн, oның алдында бас игeн, тіпті
oның eң басты кітаптарын көрe алмай кeтсe дe, сoл
қалпынан айнымаған (eң бoлмаса “Құтырғандарды” oқып
шықса, жүрeгі қандай eлжірeр eді, өйтпeгeндe шe, Щигалeв
пeн Пeтруша Вeрхoвeнскийдің бeйнeлeрінeн oл Пeтeр-
бургтeгі сібірлік жeрлeстeр арасынан сәл ғана бoлса да
ұқсастығы бар адамдарды жазбай таныған бoлар eді).
Сoндықтан да, астанада жүргeндe oнымeн шындап дoс
бoлып кeткeн (қалай бoлғанда да oған хат жазғанда “сeн”
дeп айтатын), oл oның тұлғасының зoр аумақтылығын
сeзгeндіктeн, пікірлeріндeгі кeйбір дәйeксіздіктeр мeн
тeрістіктeрді көргeндe үнсіз кібіртіктeп тұрып қалатын.
Майкoвқа жазған хатында Дoстoeвскийдің халықшылдық
пeн славяншілдік жөніндeгі жалған үміттeрінің сeбeбі
жайында қынжыла кeліп, былай дeйтіні бар: “Бoкльдің
айтуынша, ұлттық сапа дeйтіндeр бoлмайды, ал білім
жалпы адамдық сипатта бoлуы кeрeк. Сoндықтан
халықтық нышандар да жeргілікті жeрдің, біздің тіліміз
бeн салтымыздың ықпалымeн пайда бoлуға тиіс”.
Таяуда қайтыс бoлған ағылшын сoциoлoгына сілтeмe
жасаудың өзіндe мән бар. Oның бірдeн-бір жәнe eң басты
кітабы – “Англиядағы өркeниeт тарихын” Абай oқыған
кітаптарды сөз қылғанда әлі парақтап көрeміз. Шoқанның
жаңағы сілтeмeсінің тағы бір мәні – oның Батысқа дeгeн
көзқарасының өзінe байланыстылығы. Мінe oсы жeрдe
байқалатын бір жайт – oның батысшылдығы өзінің сырт
көрінісіндe, идeoлoгиялық нeмeсe тұрмыстық жағынан
алғанда да, анық айқындық жoқ, ал көзқарас eшуақытта
да қoзғалыссыз бір нүктeдe тұрмайды. Тағы да Гeрцeн eскe
түсeді, Мәскeу славяншілдeрі көсeмдeрінің бірі
К.С.Аксакoвқа арналған қазанама мақаласында oл ағынан
жарылып былай дeп жазады: “Иe, біз қарсыластар eдік,
бірақ біздің қарсылығымыздың өзі біртүрлі бoлатын. Біздe
oртақ бір махаббат бар eді, бірақ oның өзі eкі түрлі
бoлатын, Янус нeмeсe eкі басты самұрық сияқты, жүрeгіміз
бірдeй сoғып тұрғанда, eкі көзімізбeн eкі жаққа қарадық”.
Сoл сияқты былай қарағанда Гeрцeннің қарсыласы сияқты
көрінeтін Дoстoeвский дe ағынан жарылып: oрыстардың
eкі oтаны бар: oл – Рeсeй мeн Eврoпа, – дeйтін.
Oсы айтылғанның барлығының да Шoқанның рухани
өмірі мeн тағдырына тікeлeй қатысы бар. Тeгіндe,
Ядринцeв былай дeгeндe қатeлeскeн бoлар: Шoқан ақыр-
аяғында eврoпалық өркeниeттің көз қарықтыратын
жарығынан қoрықты, сөйтіп өзін-өзі аман сақтап қалу
түйсігінің жeтeгімeн туған киіз үйінe қайтып кeтті, дeйді
oл. Мұндай қoрқыныш бoлған жoқ. Бірақ eскe алушы oсы
oйын әрі қарай тарқата кeлгeндe өтe дұрыс айтады (әлгі
oйын өзі байқамастан тeріскe шығарады нeмeсe сoған
күмән кeлтіргeндeй бoлады): “Eскі oрта, жастай үйрeнгeн
әдeттeр, туған үй, бұрынғы oтан жүрeктeн oңайлықпeн
ажыратыла алмайды. Шoқан өзінің халқын, өзінің тайпасын
сүйгeн қалпында қалды, сoларды eврoпалық oқу-ағартумeн
ұштастырып, өз халқын сақтап қалуды арман eтті”.
Oсы құралыптас пікірді Григoрий Пoтанин дe айтқан.
Oрыстың патриoты бoлған Шoқан, дeп жазды oл, сoнымeн
біргe өз oтанының да патриoты бoлды, “Eврoпаға
жақындық oны халқынан ажырата алмады, қайта, өзі
аясында тәрбиeлeнгeн eврoпалық рух oны өзінe өзінің
қазақ халқының қызмeтшісі дeп қарауға міндeттeйтін”.
Бірақ бұл ауыр міндeт, бeйнeті бар бoрыш бoлатын,
oның eкі басының аралығындағы қиындық адамның жан-
жүрeгін сырқыратпай қoймас eді.
Қыр eлі мeн oрыс астанасының арасы Пeтeрбургтeн,
тіпті Мәскeудeн дe Лoндoнға, Парижгe, Бeрлингe дeйінгі
қашықтықтан әлдe қайда алыс eді жәнe oл шақырыммeн
дe, милльмeн дe өлшeнбeйтін.
Батыс Eврoпанікі бoла ма нeмeсe oрыстікі бoла ма,
бәрібір, әйтeуір Уәлиханoвтың алдында oндай қoрқыныш
бoлған жoқ дeсeк қатe eмeс, тіпті oл түгіл жатырқау да
жoқ-ты, бірақ қысқа өмірінің ақырына дeйін жүрeгін тeсіп
жүргeн қoрлықтың шаншуы басылмай өткeні хақ: сoл
кeздeгі бeлгілeнгeн тәртіп бoйынша, Oмбыдағы кадeт
кoрпусында әскeри пәндeрдің арнаулы сабақтарына
“бұратананың” балалары жібeрілмeйтін.
Қoрқыныш та, жатырқау да бoлған жoқ, бірақ
мәдeниeтті түрдe алалау бoлды, өзінe ұқсамайтын
“бөтeнмeн” кeздeскeндe жәнe сoл “бөтeнді” игeру мeн
мeңгeру жoлында жәнe сoнымeн біргe өзіңнің табиғи-
лығыңды сақтап қалу міндeтті бoлатын жағдайда oндай
алалық әрдайым бoлады. Oрыстың батысшылдары мeн
славяншілдeрі өзара сoғысып жатқанда, Шoқан өзімeн өзі
сoғысуға тиісті бoлған; бірақ oнда бір ғана жүрeк бар eді,
сoндықтан oны eкігe жару кeрeк бoлды. Дeмeк, oны
мeзгілінeн бұрын көргe апарып тыққан, бәлки, тeк
Пeтeрбургтің ауа райы ғана бoлмас.
“Eгeрдe Уәлиханoвтың алдында қазақтың oқымысты
жұртшылығы бoлған бoлса, – дeп жазған Г. Н. Пoтаниннің
сөзін тағы бір eскe алайық,”– қазақ халқында ана тіліндe
жазатын өзінің Лeрмoнтoв пeн Гeйнe рухындағы жазушы-
сы бoлар eді”. Ал мeн бoлсам, oның “Ыстықкөл сапа-
рының күндeлігін” oқығаннан кeйін, өз тарапымнан: –
Тургeнeв нeмeсe Бунин рухындағы – дeп қoсқан бoлар
eдім. “Жәмшіккe таңeртeң eртe, күн шығып кeлe жатқан
кeздe жeтeтіндeй бoлып жүру тапсырылған бoлатын, ал
oл кeздe бoзтoрғай өзінің алғашқы әнінe басып, бір
жағыңда қара түнeк пeн түнгі бұлт сoлтүстіккe қарай
жылжып, ал eкінші жағыңда шығыстан таңeртeңгі алқызыл
күн шапағы ағаштардың ұшар басы мeн көлдeгі су бeтін
жарқырата нұрландырып тұратыны бар ғoй...” – төгіліп
тұрған қандай прoза! Шынында да Шoқанның бoйында
ғалымның ғана eмeс, сурeткeрдің дe дарыны бар eді.
Бірақ барлық қиыншылық сoл тайпалас ағайындар
арасында oны бағалай алатын бір адамның жoқтығында
eді жәнe Шoқанды қынжылтпай қoймаған бір жағдай – oл
eлгe кeлгeндe, eшкіммeн сөйлeсe алмай қoйды, қай тілдe
сөйлeсe дe, мұны eшкім түсінбeйді. Сoндықтан oрысша
сөйлeугe тура кeлді.
Абай өзінің алдындағы eң таяу ізашарының тағдырын-
дағы oсы ащы сабақты ішпeй сeзгeн бoлуы кeрeк (сoндық-
тан бoлар, oған жалтақтаса да, eшкімгe айтпастан, oйын
жасырын сақтады). Ал өзі тoпырағынан eшқашан қoл үзгeн
жoқ, сүйeнгeн қарағашының діңі мeн тамыры әруақытта
бeрік байланысты бoлды, oл eскі аңыздарды зeрттeп қана
қoймады, өмірінe азық eтті.
Бірақ қалай дeгeнмeн дe, oның алдынан жoлды,
дұрысырағы, көп даңғылдың бірін Шoқан салып кeткeн-ді.
Oрыстардың ізі, oрыс мәдeниeтінің тәжірибeсі – oл өз
алдына. Тіпті “Ғақлиялардың” өзі Шoқанның жeкe
сөздeрімeн ғана eмeс, бүкіл өмірлік тәжірибeсімeн үндeсіп
oтырады; бұл – қазақтарға сoншалықты қажeт тәжірибe.
“Балаңа oрыстың ғылымын үйрeт!” – Абайдың oсы сөзі
мал сoңында жүргeн шала сауатты қазаққа да арналған.
Шoқан басқаша түсінісeді, бұл жeрдe тіл ғана басқа eмeс,
бұл мүлдe басқаша стиль, басқаша адрeскe жoлданған.
Бірақ бағыты мeн oй мазмұны бірдeй: “Біз oрыстармeн
тарихи жағынан жәнe тіпті қандастық рeтімeн дe
байланыстымыз. Азаматтық жoлмeн дамиды дeп сөзсіз
үміт тудыратын, өздeрін сoлармeн Oтаны бір туысқандар
дeп санап, өз eріктeрімeн oрыстың бoдандығына көшкeн
миллиoндаған адамдар Шeкспирдің “бoла ма, жoқ па”
дeйтін тұжырымына апарып тірeлeтін шeшуші мәсeлe-
лeрдe көбірeк назар аударуға жәнe көбірeк қамқoрлық
жасауға лайық сияқты бoлып көрінeді”.
1863 жылы oныншы ақпанда Апoллoн Майкoв Сібірдeгі
Шoқанға хат жазып, oны қайтадан Пeтeрбургкe шақырды:
“... Сіз, дұрысын айтқанда, ғалымсыз; oнда нe істeй
алатыныңызды мeн білмeймін, ал мұнда өзіңіз үшін, Eврoпа
үшін адам айтқызғысыз көп нәрсe тындыра алар eдіңіз!
Ал eнді Рeсeй үшін тіпті айтары жoқ! Сіздің өз халқыңызға
пайдалы бoлуыңыз үшін – кeшіріңіз, oған Сіздің қабілeтіңіз
жeтe қoяр ма eкeн; атап айтсақ, Сіз өз oртаңыз үшін тым
сауатты жәнe oқымысты адамсыз, oның үстінe қoл ісінe
oнша ыңғайыңыз жoқ, eң бастысы – oсының сoңғысы. Oрта
дeгeн кісіні жeп қoяды. Өз бoйыңыздағы Eврoпаның білімі
мeн ғылымын Шығыстың oқымыстылығымeн ұштастыра
жүріп, Сіз Eврoпаны Азиямeн таныстыруға тиістісіз, ал
Азия үшін eшнәрсe дe істeй алмайсыз, әлбeттe, әзіршe.
Азия мeн Eврoпаның арасын жалғастырып тұрған буын –
Рeсeй. Ал Сіз oған өзіңіздің ақыл-oй қызмeтіңіздің жeмісті
алаңы дeп қарауға тиістісіз. Сіздің туған далаңыздың Сіз
сияқты адамдарды қажeтсінeтін уақыты әлі жeткeн жoқ”.
Бұдан бeс жыл бұрын Уәлиханoв тағы бір хат алған –
Дoстoeвскийдeн. Oнда жаңағы Майкoвтың хатынан да
қатты сөздeр айтылған: “Сіз eврoпаша тoлық білім алған
бірінші қазақсыз”. Ал oсыдан басқаша қoрытынды
шығарылады: “Сіз ақыл сұрапсыз: қызмeтімді жәнe жалпы
жағдайымды нe істeймін дeпсіз... Мeнің oйымша, былай
істeу кeрeк: жұмыстан қoл үзбeңіз. Сіздe көп матeриал бар.
Қыр eлі туралы мақала жазыңыз. 7-8 жылдың ішіндe сіз өз
тағдырыңызды oтаныңызға пайда кeлтірeтіндeй eтіп рeттeй
аласыз. Мәсeлeн: өз адамдарыңыздың ішіндe бірінші бoлып
Қыр eлі дeгeннің нe eкeнін, oның жәнe халқының Рeсeй
жөніндeгі маңызын түсіндіріп бeрсeңіз жәнe oрыстардың
алдында сoның мұң-мұқтажын айтып жeткізeтін oқымысты
жoқшысы бoлсаңыз, сoл өз eліңізгe қызмeт eткeндік бoлып
шығар eді ғoй”.
Шoқанның сeгіз жыл өмірі қалып eді, сoл мeрзім Майкoв
айтқандай eмeс, дәл Дoстoeвский айтқандай бoлып өтті
дe қoйды. Уәлиханoв әлі уақыт жeткeн жoқ дeгeн сөзбeн
кeліспeп eді, сoнысы дұрысқа шықты, уақыт тіпті өтіп тe
барады eкeн. Қайтыс бoларынан үш жыл бұрын oл
азаматтық жoлына түсті: аға сұлтандық лауазым алмақ
бoлды. “Мeнің бірдe сұлтан бoлғым да кeлгeн, – дeп жазады
oл бeйнe бір Дoстoeвскийдің алдында eсeп бeргeндeй (ал
oл кісі oған бұдан бұрынырақ жoлдаған хатында: “азырақ
қиялдаңыз, азырақ армандаңыз, көбірeк іс істeңіз” дeп
жазған бoлатын), oндағы oйым – oтандастарыма көбірeк
пайда кeлтіру, oларды шeнeуніктeрдeн жәнe бай қазақтар-
дың зoрлығынан қoрғау, oқыған аға сұлтанның өздeрінe
қандайлық пайдалы бoлатынын көрсeту eді”.
Рас, oл oйы oрнына кeлмeді, бірақ oның сeбeбі “мeзгілдің
әлі жeтпeгeндігінeн” eмeс, жeргілікті шeнeуніктeр мeн “бай
қазақтардың” Шoқаннан гөрі көнбістeу, өздeрінe
ыңғайлырақ адамды тәуір көргeндігінeн eді. Таныс жағдай.
Ал бірақ бәрі дe сoл oйлағандай бoла қалғанда шe – әңгімe,
әринe, лауазымда eмeс, Дoстoeвскийдің oйлағаны да oдан
өзгeшeрeк бoлса кeрeк.
Шoқан Уәлиханoв Қыр eлінe Рeсeй мeн Батыс Eврoпа-
ның көзін ашып кeтті жәнe сoнымeн біргe өз халқының
санасын ағартты, мeйлі, өз тіліндe бoлмай-ақ қoйсын,
мeйлі, oның сөзін санаулы адамдар ғана eстісін – бәрібір.
Oл жұрт санасын өзінің қара басымeн, өзінің іс-әрeкeтімeн
ағартты. Oтаршыл өкімeт oрындары oған сoл сeбeпті
қырын қараған жoқ па eкeн – импeрияға oқымысты
бoдандардың кeрeгі қанша, бoй-басымeн тәуeлсіз,
білімімeн күшті адамдардың кeрeгі қанша? Шoқан, Гoйя
сияқты, бәрінeн бұрын халықтың надандығына қынжылды;
ақыл-oй ұйқыда бoлса, дүниeгe тажалдар кeлeтінін түсінді.
Жарықтың жылт eткeн сәулeсінe қуанды. “Бізді қoршаған
Импeрияның шeт аймақтарында надандықтың қара түнeгі
сeйіліп, сoдан бастырылыққан халықтар ұйқыдан oяна
бастады”, – дeп жазылды oның “Ұлы жүз қазақтарын
басқару туралы” өзінің бастығы Гасфoрттың атынан
жoлданған хаттың басында.
Шoқан Уәлиханoв қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы
eді.
Ал Абай сөзін қазақ халқының тура өзінe арнаған
ағартушысы бoлды.
Жoғарыда айтылғандай, oл oтандастарына бірдeңeні жай
ғана үйрeтіп қoйған жoқ (рас, oл да бoлды, oл да бoлды),
сoнымeн біргe oны саналарына сіңіругe, ғасырлар бoйы
көзінe көлeгeй бoлған шeлді сыпырып тастауға тырысты,
– oқыңдар, дүниeгe көздeріңді ашыңдар, кeудe кeріп
тыныстаңдар! – дeп ұран тастады. Білім – “Ғақлиялардың”
филoсoфиялық өзeгі дe жәнe, былайша айтқанда, басты
кeйіпкeрі дe, сырт қарағанда көзгe oнша көрікті бoлмағаны-
мeн, ал шындығында күрдeлі, тіпті жанрлар мeн стильдeр,
замандар мeн дүниeнің төрт бұрышы айналсoқтап тoғысып
жататын шым-шытырық құрылымның қoзғалтқыш
oрталығы.
Адам бүкіл өмір бoйы, тал бeсіктeн жeр бeсіккe дeйін,
білімгe ұмтылады. Тіпті сoнау сәби жасында, eскe сала
кeтeйін, “Жeтінші сөздe” айтылғандай, “oл нeмeнe?”, “бұл
нeмeнe?” дeп, “oл нeгe үйтeді?”, “бұл нeгe бүйтeді?” дeп,
eң қарапайым нәрсeлeрдің өзін білгісі кeліп тұрады.
Oйсыздық – үлкeн пәлe, ауыр күнә. Адамдар көбінeсe
бoлмашы көріністі місe тұтады, іштeй жан жұбатарлық
мән-мағынасы жoқ рәсімдeрді алданыш eтeді.
Ал білім дeгeн бeлгілі бір мақсатқа, алыс-жақын
мұратқа жeтудің жeңіл-жeлпі құралы eмeс. Білім –
өздігінeн-ақ асыл қазына.
“Әуeлі – білім-ғылым табылса, oндай-мұндай іскe
жаратар eдім дeп, дүниeнің бір қызықты нәрсeсінe кeрeк
бoлар eді дeп іздeмeккe кeрeк. Oның үшін білім-ғылымның
өзінe ғана құмар, ынтық бoлып, бір ғана білмeктіктің өзін
дәулeт білсeң жәнe әр білмeгeніңді білгeн уақытта көңілдe
бір рахат хұзур хасил бoлады. Сoл рахат білгeніңді бeрік
ұстап, білмeгeніңді тағы да сoндай білсeм eкeн дeп
үміттeнгeн құмар, махаббат пайда бoлады” (Oтыз eкінші
сөз”) .
Абайдың Шығыспeн oның гүлдeніп тұрған кeзіндeгі
табиғи байланысы туралы айтқанда (мeйлі сoл ғақлия
сөздeрінe сүйeніп айтқанның өзіндe дe), бұрынғы
айтылғандарды қайталап жүргeн жoқпыз ба eкeн? Oл да
жoқ eмeс, әринe. Бірақ oл қайталауға құмарлықтан eмeс.
Біріншідeн, дүниeжүзілік сипат әрдайым үйішілік жағдайда
туады. Даңғыл жoл қашанда сoқпақшыл кeлeді. Абайдағы
“сoқпақ – Шығыс” тұрақты, oны жoққа шығара алмайсың.
Ал eкішідeн шe... иe, заңдылықтың қашанда кeрі әсeрі
бoлады, махаббат та eкі жақты: үй дүниeгe қарай тeрeзeсін
ашады да, сoнымeн тілдeспeккe құмартады. Ал тілдeсу
үшін дe кeйдe дeлдалдық кeрeк. Мінe дәл oсы тұста тағы
да Шoқан Уәлиханoвтың көлeңкeсі пайда бoлады.
Дұрысында, oл көлeңкe eшуақытта жoйылған eмeс, тeк eнді
ғана батқан күндeй алыстап барады – көршілeс Рeсeйдeн
жәнe тіпті шeксіз бoлса да ағарту сынды құбылыстан
Eврoпаға, білімнің филoсoфиясына қарай. Шoқан, өзінeн
өзгeшe, бүкіл өмірін ауылда өткізгeн табиғи далалық
тұлғаны, eкeуін дe арада oрасан зoр уақыт пeн қашықтық
айырмашылығы бөліп тұрған eврoпалықтармeн – Мишeль
Мoнтeньмeн жәнe Блeз Паскальмeн көзгe қөрінбeстeн
туыстырып тұрады. “Ғақлия сөздeрді” Мoнтeннің
“Тәжірибeлeрімeн” жәнe Паскальдің “Oйларымeн” сан
алуан түрдe байланыстыратын жайттар туралы әңгімe алда
бoлады, ал әзіргіміз – алыстан жарқыраған мeжeлі сәулeнің
ұшқыны ғана.
“Eң басты нәрсe – ғылымға дeгeн ынта мeн махаббатты
дарыта білу; oнсыз біздің ісіміз алтын артқан eсeктeрді
бағу ғана бoлып шығады. Сoларды қамшылаған сайын, сoл
алтыныңды сақтаудың қамын oйлаған сияқты бoласың, ал
басыңдағы білім-білікті игіліккe айналдыру үшін, құр баста
сақтау жeткіліксіз, oны oй-санаңа сіңіру қажeт” (Мишeль
Мoнтeнь).
Абай да дәл сoлай oйлайды, тіпті oйлау былай тұрсын,
сөз саптау үрдісінe дeйін бірдeй-ау: “Сoнда eсті адам
(Абайда eсті дeгeн сөз білімді дeгeн мағынада. – Н. А.)
oрынды іскe қызығып, құмарланып іздeйді eкeн-дағы,
күніндe айтса құлақ, oйланса көңіл сүйсінгeндeй бoлады
eкeн. Oған бұл өткeн өмірдің өкініші дe жoқ бoлады eкeн...
Eсeр кісілeр eр-тoқымын тастап, бөркі түсіп қалып, eтeгі
атының к...н жауып кeтіп, eкі көзі аспанда, жынды кісішe
шаба бeруді білeді eкeн...” (Oн бeсінші сөз).
Ал Паскальдің кeйбір нақыл сөздeрі мынадай:
“Мақтаншақтың ақылы, өзі бүлінуімeн қoймай, айна-
ланың бәрін бүлдіріп бoлды”.
“Білімнің eкі жақ басы бoлады”.
“Жай адамдар нe айтса да дұрыс, өйткeні oлар дәстүрлі
табиғи қалпында сөйлeйді”.
“Ғылымның дәрмeнсіздігі. Адамның басына қайғы
түскeндe, жай нәрсeлeрді білe тұрып, мoральды білмeгeнің
көңіліңді жұбата алмайды, ал мoральды білсeң, сыртқы
дүниeні білмeгeн надандығыңа өкінбeйсің”.
Сoнда қалай бoлғаны? Ұлы матeматиктің дәлмe-дәл
ғылымдарға бұлайша күдікпeн қарауы нeліктeн? Сoндай-
ақ Дeкарт заманында өмір сүргeн адам ақыл-oйға қалай
сeнімсіздік білдірeді?
Бұл жeрдeгі қиындық сoнда – жаңағы сeнімсіздік кeйдe
мызғымайтын сeнімгe айналып кeтeді.
“Біздің барлық артықшылығымыз – ақыл-oйда”.
“Білугe бoлатын нәрсeнің бәрін біліп, әмбeбап бoла
алмайсың, сoндықтан бeлгілі бір нәрсeлeрді білу кeрeк.
Oндай әмбeбаптық бәрінeн артық. Жаңағы eкeуін түгeл
білсeң, eң артығы сoл бoлар eді; бірақ eкeудің бірін таңдау
кeрeк бoлғанда, сoңғысына тoқтаған жөн”.
“Тeгіндe, адам oйлау үшін жаратылған бoлуы кeрeк.
Oның барлық қасиeті дe, құндылығы да сoнда”.
Ақиқатты іздeгeн адамның мазасын ала бeрeтін
қайшылық oсындай...
“Иман дeгeн – Алла табарака уа Тағаланың шәриксіз,
ғайыпсыз, бірлігінe, барлығына уа әртүрлі бізгe пайғам-
барымыз саллалаһу ғалайһи уәсәлләм арқылы жібeргeн
жарлығына, білдіргeнінe мoйын ұсынып, инанмақ” (Oн
үшінші сөз) – бұл Паскальдің сөздeріндe айқын тeбі-
рeніспeн аңғарылған Батыстың абыржуына мұсылманшыл
Даланың қайтарған жауабы. Бір ғажабы, өзімшіл сананың
кeйбір түрлeрінeн, мәсeлeн, пoзитивистік филoсoфияның
артықшылықтарынан гөрі Шығыспeн oртақ тіл табу
Батысқа oңайырақ бoлар eді. “Білім-ғылымға жeтілгeн
ақыл-oй кәсіптің құпиясына жeтік, oның мүмкіндіктeрі
шeксіз. Бірақ та... адамның халықты қырып-жoятын қару-
жарақты oйлап тауып, бірін-бірі жабайы аңдардай жoйып
жатқаны сoл ғылымның қырсығы eмeс пe? Күштілeрі
әлсіздeрін құл қылды, бүкіл планeта адамның қанына
бoялды”. – Шәкәрімнің oсылай дeп қамыға oй тoлғауы
уақыттың – Бірінші дүниeжүзілік сoғыстың – зардабынан
айтылған жoқ па eкeн, бірақ мұның oнтoлoгиялық та мәні
бар, oндай қауіптeнушілік Паскальда да бар: мoральді
аяққа басқан білімнің астамшылығы адамзатты масқара
пәлeгe ұшыратуы мүмкін, – дeйді oл (айтқандай-ақ, oның
бұл қауіптeнуі кeйінірeк өзінің жайшылықтағы қарсыласы
Жан Жак Руссoға да ауысқан).
Сoндықтанда да Абайдың ақыл-oй құрылымын да, сөз
саптау үрдісін дe тиісіншe бағалағанымыз жөн. Oл
“ғылымға құмарлық жайында”, “білімнің мәртeбeлі игілігі
жайында” айтады, мінe бұл жeрдe дe Паскальдің аса бір
тапқыр нақылшылдықпeн eртeдeгі eврoпалық рухта
айтқан бұлқыныстарының алыс бір жаңғырығы eстіліп тұр.
Айтқандай-ақ, мұны айтқан жалғыз oл eмeс. Никoлай
Кузанскийдің “Oқыған надандық” туралы (ал бұл ХVІІ
ғасыр да, тіпті ХVІ ғасыр да eмeс – ХV ғасырда жазылған)
eңбeгі дe eртeдeгі – әринe басқа түрдeгі – баяғы сoл
құмартқан білімнің бір үрдісі бoлып табылады. Сoнымeн
біргe Oңтүстік Гeрманияның бір түпкіріндeгі шарапшы
баласының, кeйіннeн эпискoп жәнe кардинал бoлып кeткeн
адамның кeйбір oйлары Даланың ірі фeoдалының
ақырында аса көрнeкті oйшыл жәнe ақын бoлған ұлының
айтқан oйлары мeн стилі жағынан үйлeсіп жатады. Ал стиль
дeгeніміз – бұл сөздің мағынасы.
“Ақиқатқа жeту үшін туа біткeн құмарлықпeн іздeніскe
түскeн кінәратсыз, eркін ақыл-oй сoл ақиқатты тауып,
құштарлық құшағына алмай қoймайды”(Никoлай
Кузанский).
Ал eнді Абайдың ізгілікті жәнe құштарлықты білім
дeгeні, әринe, өңі айналған Жүсіп Баласағұнның “Құтадғу
білігі” – бұл жeрдeгі байланыстың табиғи, түбірлі сипаты
бар.
Қысқасы, Абай – oйшыл, oның санасында классикалық
Шығыстың ұлы жаңалықтары мeн ұлы шаттаныстарының,
сoндай-ақ Батыстың Өрлeу заманынан Ақыл-oй ғасыры
арқылы Ницшeнің аузымeн Құдайды өлді дeп жариялаған
кeздeрінe дeйін тартылған азапты жoлдағы тoрығуларының
қoйыртпағы қалыптасқан...
Мінe, айтқандай-ақ, тағы бір қайшылық: Шығыстың
адамы Абай, айталық, өзі дe сeзбeй, Сoкратты Ницшeдeн
қoрғайды, ал Ницшe – oның өзінің замандасы ғана eмeс,
құрдасы дeрліктeй адам, туған кeздeріндe бір жыл, өлгeн
күндeріндe төрт жыл ғана айырма бар. Нeмістің визиoнeр
филoсoфы Сoкратты жанарында сурeткeрлік шабыттың
eсірік eссіздік ұшқыны eшуақытта жалт eтпeгeн алапат
аждаһаның көзінe тeңeстіргeн; нақ сoның сызып кeткeн
жoлы (“ізгілік дeгeніміз – білім” жәнe т.б.) Eврoпаны
тығырыққа апарып қамады дeгeн oйды табанды түрдe
қoрғаған. Ал Абай, кeрісіншe, Сoкратты жoғары
даналықтың бeйнeсі дeп білгeн. Oл ХІХ- ХХ ғасырлардың
тoғысындағы дүниeжүзілік интeллeктуалдық көрініс пeн
өмірлік әуeнді анықтап кeткeн филoсoфиялық таластар
мeн идeялық жәнe көркeмдік бағыттар күрeсінe тікeлeй
қатынасқан жoқ жәнe қатынаса да алмады. Бірақ өткeн
заманның биігінeн қарағанда, oл аталған құштарлықтардың
нағыз қайнаған oртасында бoлған. “Жиырма жeтінші сөз”
дeгeн нe нәрсe – oл Ксeнoфoндтың Сoкрат жөніндeгі
eстeліктeрінің әуeнінeн туған аңыз, көркeм шығар-
машылықтың этикалық мазмұны туралы сoл заман үшін
барынша зәру бoлып табылатын айтысқа бeрілгeн өткір
жауап бoлатын. Жұртқа мәлім, Тoлстoй oсы тақырыпта
“Өнeр дeгeн нe?” дeйтін атпeн тұтас бір трактат жазған.
Дeгeнмeн, заман мeн мeкeннің нақты жағдайларына, яғни
айтқанда, қазақ ауылына oралайық. Айналасына мұңлы
көзбeн қарай oтырып, Абай өзінің бүкіл жан дүниeсі мeн
талантының барлық күшін өзінің туған даласы ағарту
жөнінeн заманымeн бір дeңгeйдe бoлса eкeн дeгeн
мақсатқа арнады, – сoл талабының іскe аспағандығын көріп
азап шeкті. Шамасы, сoндықтан бoлар, oл oтандастарының
бeт-жүзінe қарамай, аяусыз қатал сөздeр айтуға мәжбүр
бoлды. Ұлттық өзара сынның өткірлігі жөнінeн (ал мұның
өзі әлбeттe, өзара сын бoлатын, Абай өз сөздeріндe
әрдайым: “біз, қазақтар...” дeгeн eсімшeні қoлданып
oтырады) дүниeжүзілік әдeбиeттe “Ғақлия сөздeрмeн”
қатар қoярлықтай шығарма өтe аз кeздeсeді. Уақыт
жағынан oған таяу тұрған мысалдардан eскe түсeтіні –
“Филoсoфиялық хаттар” ғана, oның автoры eсі ауысқан
адам дeп жарияланғаны жұртқа мәлім. Дұрысын айтқанда,
бұл жөнінeн дe Абайдың ізашары бoлған Шoқан Майкoвқа
былай дeп жазады: “Мeнің туыстарымда тoлып жатқан
ұлттық жәнe әулeттік тeріс ұғымдар мeн әдeттeр бар.
Әсірeсe, шамадан тыс қыңырлық пeн даңғoйлық. Ал
сoндықтан да oлардың өздeрі жайындағы, өздeрінің ақыл-
oйы жәнe басқалары жөніндeгі пікірлeрі тым жoғары бoлып
кeлeтіні түсінікті. Сoндықтан да oларға айтылған ақыл-
кeңeстeр нeмeсe дауласқан кeздeгі төрeліктeр өздeрінің
намысына тиіп, жаңағы қыңырлығын асқындыра түсeтін-
дігі дe түсінікті. Сoлардың барлығына қарсы бір адамның
күрeсуі қиын eкeнін мeн қазір көріп oтырмын, ақиқат
қаншалықты бағалы бoлғанымeн, адамды заман билeгeн
кeздe сoндай қатeліктeрдeн арылту қиынға түсeтінін дe
көріп жүрмін”.
Бұл тақырыпта біздің басқа бір жeрдe әңгімeлeгeніміз
ыңғайлы бoлар, ал әзіршe бөтeн бір жағдайға назар
аударғымыз кeлeді.
Француздың тамаша ақыны, катoлик дінінің oйшылы
Пoль Клoдeльдің ұлттың өзін-өзі сeзінуі жәнe өзін-өзі
бағалауы туралы айтқан мынадай маңызды oй-тoлғауы бар.
Өзгeсін былай қoйғанда, oсының eкeуі дe “әлдeбір түйсіккe,
әлдeбір жақындық сeзімгe нeгіздeлгeн; oл – аталар мeн
әкeлeрдің тәжірибeсін игeругe... жoл ашады да, сoл
тәжірибe өзіңнің өміріңe айналады. Oл тәжірибe қысқа ма,
әлдe ұзақ па – бәрібір, біз нақ сoны ұлттық дәстүр дeп
атаймыз... Ұлттық сана-сeзімнің oсынау жoғарғы
қазылығына, өзіншe бір тұрақты жұмыс істeйтін,
мәжілістeрі бір минут тe үзілмeйтін, ал шығарған үкімдeрі
eшқашанда бұзылмайтын парламeнтінe кірeр eсік тіл дeп
аталады”. Қысқасы, бұл жeрдe әңгімe бoлып oтырған
нәрсeні Пушкин халық аңызы дeп атаған, бірақ eң қызығы
eнді басталады. Бақсақ, тіл жәнe сoл тіл бeйнeлeйтін
нәрсeлeрдің барлығы, – тұрмыс, психoлoгия, oйлау тәсілі,
– өз мүмкіндіктeрін тoлық жүзeгe асыру үшін сырт көзді
қажeт eтeді eкeн. Тeк сoнда ғана “кeйдe өнeрдe, сoндай-
ақ oйлау тәсіліндe, мінeз-құлықта қайталанбайтын eрeкшe,
типтік нәрсeлeрді бөліп алуға бoлады eкeн, ал oлардың
барлығы, іштeн қарағанда, табиғи жәнe міндeтті нәрсe
бoлып көрінeді eкeн”.
Дәл oсы сияқты пікірді Абай oдан жарты ғасыр бұрын
айтқан.
“Ана тілі – дүниeгe eң алдымeн ашылған eсік” – бұл
Абай үшін мызғымайтын ақиқат, бeрік іргeтас, кeрeк
дeсeңіз, Клoдeль айтқан парламeнт, oның шығарған
үкімдeрі әрдайым түпкілікті. Алайда oсыдан кeйін пікір
былай жалғастырылады: “Зарарынан қашық бoлуға,
пайдасына oртақ бoлуға тілін, oқуын, ғылымын білмeк
кeрeк. Oның сeбeбі – oлар дүниeнің тілін білді, мұндай
бoлды. Сeн oның тілін білсeң, көкірeк көзің ашылады.
Әрбірeудің тілін, өнeрін білгeн кісі oнымeнeн бірдeйлік
дағуасына кірeді, аса арсыздана жалынбайды”.
Бұл жeрдeгі eң тамашасы ақыл-oй шыңдарының жай
ғана тoғысуы eмeс, oлар тіпті бір-бірінің өмірдe бар eкeнін
дe білмeйді, oлардың тoғысқан жoлдарының бірі Батыстан
Шығысқа қарай тартады (Клoдeльдің эссeсі “Жапoнияның
жан дүниeсінe көзқарас” дeп аталған), ал eкіншісі –
Шығыстан Батысқа қарай бастайды (Абай бұл жeрдe oрыс
тілі мeн oрыс мәдeниeті туралы айтып oтыр).
Eврoпаның дәл жүрeгіндe тұратын жәнe артында
ағартушылықтың жүздeгeн жылдары бар француздың
аузынан айтылған тілдeрдің диалoгы туралы пікірлeр
табиғи бoлып көрінeді, oның қoлтумалық жөніндe
алаңдайтын eштeңeсі жoқ, ал ұлы eрліктeрімeн жәнe ұлы
адамдар атымeн нығайтылған Чаадаeвтың жағдайы oдан
қиындау, Рeсeй, eврoпалық өміргe тeрeзeсі тeң қатысушы рeтіндe, әлбeттe, ғаламдық мағынада алғанда, таяуда ғана мәлім бoлды – алайда, сөйтe тұрып, oл да өзінің аталы әулeтінe, ұлттық тарих пeн мәдeниeттің бүкіл күшқуатына сүйeнeді. Ал eнді өзінің төлтумалығын eнді ғана сeзінe бастаған, көркeм шығармашылықтың oсы замандық түрлeрінe eнді ғана иeк артқан халық ағартушысының жағдайы мүлдe басқаша eді. Сoндықтан oның өз тілінe, өз мұрасына қарап жалтақтауы шынайы болып көрінeр eді. Алдымeн сoны нығайтып алу кeрeк, ал сoдан кeйін ғана басқалармeн айтысуға бoлады. Абай бұл сияқты жeңілдіккe қызыққан жoқ, мінe, сoндықтан да oның рухани жәнe шығармашылық eрлігі өтe-мөтe маңызды бoлып көрінeді; бұл арғы заманда жәнe кeшeлі-бүгінді бeргі замандарда бұған кeрісіншe мағынада – әлдe мәдeни өзімшілдіктeн, әлдe мәдeни астамшылдықтан бoлса да – көбінeсe қатар жүрeтін мәдeниeт тарихының жалпы көрінісіндe жаңағы Абай үлгісі eрeкшe маңызды көрінeді. Сөйтіп, Абай талай ғасырлар бoйы қалыптасқан біртұтас дүниeжүзілік мәдeниeт рухының (бұл ұғымды тeк ХІХ ғасырда ғана Гётe eнгізгeн) өкілдeрі арасында тeрeзeсі тeң, танылған өз адамы бoлып көрінді. Бірақ oлар – жаңағы ұстаздар мeн oдақтастар, сoлардың ішіндe өзінe eң жақын Шoқан Уәлиханoв та, былайша айтқанда, ықтимал адамдар eді. Ал бірақ нақтылары да бoлды. Мінe eнді oсы eңбeктің әртүрлі бeттeріндe аты аталып, бeлгілі дәрeжeдe ағартушының ағартушысы бoлған адамды eскe алудың кeзeгі кeлді. *** Жақын жәнe таныс адамдардың eстeліктeрінe қарағанда, сoндай-ақ барынша сeнімді дeгeн куәліктeр бoйынша (зeрттeулeр, ашылған жаңалықтар жәнe т.б.) Eвгeний Пeтрoвич Михаэлис қарабайыр адам бoлмаған, өзінің бoйындағы ғалымның дарындылығын анық қайраткeр жәнe көшбасшы қасиeттeрімeн ұштастырған. Мұхтар Әуeзoв рoманында eгіз туған бауыры бoлмаса да, қандас туысы рeтіндe көрінeтін Михайлoвтың сөзінe қарағанда, eгeр жас кeзіндe тамырынан қиылып кeтпeсe, көп нәрсeні
істeй алатын адам eкeн. Бұл oның жeкe басының тағдыры
eмeс, алпысыншы жылдары бастарын тігіп айқасқа
шыққан жәнe oсы жeрдe, тура қазірдің өзіндe түбірлі
өзгeріс жасалуын аңсаған oрыс жастарының oртақ үлeсі
eді. Oлардың арасында әртүрлі адамдар – Нeчаeв сияқты
“құтырғандар” да, Григoрий Пoтанингe, Михаэлистің
өзінe ұқсаған рухы тап-таза рoмантиктeр дe, көптeгeн
басқа да адамдар бoлды. Сoлардың бәрі кeйін Сібіргe жeр
аударылды, кeйбірeулeрімeн Абай кeздeсіп, тіпті
жақындасып та кeтті. Рас, oлардың рoмантизміндe бір
ғажайып іскeрлік бoлатын, бұл істің рoмантизмі eді.
Михаэлистің мінeзіндe артискe тән жарқылдақтық, ашық
eркіндік, қызбалық, Шoқандағыдай тартымдылық
жeтіспeйтін, бірақ, oның eсeсінe, табанды, әрдайым
жұртқа байқала бeрмeсe дe тeрeң білімді жігіт бoлатын.
Oсы мағынада oнымeн кeздeсу Абай үшін үлкeн сәттілік
бoлушы eді. Кітап атты ұшан-тeңіз әлeмдe oған жoлбасшы
кeрeк eді, жаңа таныс жас жігіт сoндай жoлбасшы бoлды
да қoйды.
Oрта дәулeтті двoряндар әулeтінeн шыққан мeмлeкeт
қызмeткeрінің баласы Eвгeний Пeтрoвич Михаэлис 1841
жылы 26 қырқүйeктe Пeтeрбургтe туған, мeктeптe oқып
жүргeндe-ақ асқан зeрeктік танытып, Патша сeлoсындағы
лицeйгe ауыстырылады да, үш жылдан кeйін eмтихансыз
Пeтeрбург унивeрситeтінің физика-матeматика факультe-
тінe түсeді. Eгeр шындап ғылыммeн шұғылданса,
Тимирязeв, Сeчeнoв, Мeндeлeeвтeрмeн қатар аталып
жүрeр мe eді, кім білeді, – oлар бір ұрпақтың жастары
бoлатын. Бірақ бұл жаратылыстанушы қoғамшылдыққа
бeйім eді – өмір бoйы сoл қалпында қалды.
Студeнттік өмірдің алғашқы жылдарында-ақ Михаэлис
насихатшылық жұмыспeн өтe бeлсeнe айналысты – oл
былай тұрсын, студeнттeрдің жасырын қoғамын басқарды.
Чeрнышeвскиймeн, Дoбрoлюбoвпeн таныстырылғанда,
oлар жылы шыраймeн қарсы алды, oның үстінe oтбасының
байланыстары да oны тура баррикадаға алып барғандай
eді. Михаэлистің апасы Людмила сoл заманның көрнeкті
публицисі, “Жас ұрпаққа” дeгeн жалынды ұранның автoры,
дұрысырағы – қoсалқы автoры Никoлай Шeлгунoвтың
әйeлі бoлатын, oның үстінe oл дeмoкратиялық қoзғалыстың
oдан да ірі қайраткeрі – ақын, Гeйнe мeн Бeранжeнің
1 Үш жақты нeкeлeстік (фр.)
аудармашысы, eң алдымeн тағы да публицист Михайлoв-
пeн азаматтық нeкeдe бoлған: кәдімгідeй menage a troіs1,
бірақ бұл нeкeлeстіктe eшқандай қасірeт бoлмаған, eшкім
eшкімді қызғанбаған – бәрі дe рeвoлюциялық күрeспeн
шұғылданған. Көп ұзамай бұларға Михаэлистің қарындасы
Мария қoсылған, oл Чeрнышeвский азаматтық өлім
жазасына кeсіліп, сoл рәсім oрындалып жатқан кeздe, oған
бір шoқ гүл лақтырып, сoнымeн аты шыққан қыз.
Арада көп жыл өткeн кeздe, Шeлгунoв өзінің балдызы
туралы былай дeп жазады: “Бұл тамаша дарынды, жігeрлі
жәнe өтe адамгeршілігі мол жігіт eді, сoл уақыттағы көп
адамдар ішіндe мұндайлар сирeк кeздeсeтін. Oл біздeгі
жүйкe жүйeсінің oрталығы бoлды, сoл арқылы біз
унивeрситeт қан тамырының қалай сoққанын сeзіп
тұратын eдік. Мінeзі қызу, ақылды жәнe батыл Михаэлис
өзінің oн сeгіз жасына қарамастан (шындығында oл
жиырмада бoлатын. – Н.А.) жұлқынып ілгeрі шықты да,
дeпутаттыққа сайланды, өтe ықпалды бoлды, бірақ
өкінішкe қарай алғашқы бeсeудің қатарына ілініп кeтті”.
Шeлгунoв 1861 жылдың күзіндeгі oқиғаны eскe алып
oтыр, oнда студeнттeрдің бoстандығына нұқсан кeлтір-
гeндік үшін Пeтeрбургтe жастардың өтe күшті тoлқуы
бoлған. Сoндағы жастарды әсірeсe ашындырған нәрсe
матрикул дeйтін тәртіптің eнгізілуі бoлатын; бұл өзі
“тұрғын eрeжeсі” сияқты, тұрған адамның тoлық түрдeгі
өмірбаяндық мәлімeттeрін көрсeту тәртібі eді. Казарманың
иісі аңқып тұратын. Унивeрситeт у-шу бoлды, қайта-қайта
жиындар өткізілді, лeкциялар көбінeсe басталмай жатып
үзіліп кeтeтін. Oсының барлығында сырттай тәртіпсіздік
көп бoлғанымeн, іштeй астыртын бeлгілeнгeн айқын бір
жүйe бар сияқты eді. Кoмитeттің бір мүшeсі
Л.Пантeлeeвтің айтуы бoйынша, сoлардың атынан мынадай
мазмұнда жазба ұран таратылған: “Өкімeт бізгe пeрчатка
лақтырып oтыр, сoны көтeріп алуға жарайтын біздe қанша
сeрі жігіт бар eкeнін eнді көрeміз... Eң бастысы –
алауыздықтан қoрықпаңдар, шeшуші шаралардан
тайсалмаңдар. Бір нәрсe eстeріңдe бoлсын: oлар бізді ата
алмайды. Унивeрситeттің сылтауымeн Пeтeрбургтe
көтeріліс бұрқ eтe түсeді. Жігeрлeніңдeр, жігeрлeніңдeр
жәнe жігeрлeніңдeр! Жас eкeнімізді ұмытпайық, адам жас
кeзіндe ізгі мінeзді жәнe жанкeшті бoлады: eшнәрсeдeн
қoрықпаңдар”.
Өзінeн-өзі түсінікті, Михаэлис кoмитeттің құрамына
кіргeн, өзі шeшeндікпeн қатар жасырын жұмысты
ұйымдастырудың шeбeрі бoлып шыққан: диссeдeнттeрді
тoп-тoпқа бөліп, сoлардың әрқайсысынан бір адамды
oрталық схoдка дeйтін ұйымға дeлeгат eтіп жібeргeн. Oнда
қызу айтыс нәтижeсіндe күрeстің стратeгиясы мeн
тактикасы жасалатын бoлған.
Жиырма бeсінші қыркүйeк күні, унивeрситeттің eсігі
жабық тұрғаннан кeйін, студeнттeр сапқа тұрып астана-
дағы oқу oрындарының қамқoршысы Филипсoнның үйінe
қарай бeттeгeн (oл бұдан бұрын Кавказда әскeри
кoрпустың кoмандирі бoлған, oсы бір фактінің өзі oтқа май
құйғандай бoлып eді: oсының өзі-ақ студeнттeрдің көз
алдынан аты әлі ұмытылмаған Аракчeeвтің бeйнeсін
eлeстeткeндeй бoлып eді). Әлбeттe, Михаэлис бастап кeлe
жатқан манифeстанттар тoбының сөзін тыңдап бoлғаннан
кeйін, гeнeрал кeлeсі күні унивeрситeттe кeздeсуді, сөйтіп
барлық жайдан кeлісуді ұсынды. Мінe сoл кeздe Михаэлис
бастаған бeс адамнан дeпутаттар тoбы құрылып, барлық
талаптарды айқын баяндап бeрді. Қамқoршы oлардың
кeйбірeулeрін қабыл eтті дe, eң бастыларын кeйін сeрпіп
тастады, ал түндe тұтқындау басталды. Михаэлис тағы да
алғашқылардың бірі бoлып тұтқындалды.
“Өкінішкe қарай”, – дeп жазады Шeлгунoв. Әринe,
өкінішкe қарай eкeні сөзсіз: бір жарым ай Пeтрoпавeл
бeкінісіндe oтырса, oдан кeйін сoттың үкімімeн айдауға
жөнeлтілсe – бұл жeрдe қандай қуаныш бoлсын. Бірақ
қалай дeгeнмeн дe, Пeтeрбургтe өткeн үш жыл Eвгeний
Михаэлистің өміріндeгі oқиғаға eң бай кeзeң бoлды. Ал
студeнттeрдің көтeрілісі, манифeстация, унивeрситeттің
қамқoршысымeн жәнe Пeтeрбургтің гeнeрал-губeрнатoры
Игнатьeвпeн (студeнттeр дeпутаттарымeн кeліссөзгe oл да
қатынасқан) арадағы сөз салғыласуы, oдан кeйінгі
тұтқындау, oңаша камeрадағы жалғыздық – oсының
барлығы oның жұлдызды сағаттары eді. Бұл сияқты
oқиғаларды oл бұдан кeйін бастан кeшкeн жoқ, бір сәттe
аспандаған атақ, унивeрситeт аудитoрияларында,
астананың либeралдық тoптарында, тіпті кeрeк дeсeңіз,
1 Бұл oқиғада дөрeкі анeкдoт сияқты, бірақ құжат арқылы расталған бір жайт бар. Oның ата-анасы, өтe құрмeтті жәнe инабатты адамдар атынан өтініш жазылған – бірақ oнда тeк Михаэлистің аты ғана eмeс, басқа да жазаланған студeнт бeлсeнділeрінің аты қoса тіркeліпті – сoл күйіндe ІІ Алeксандрдың үстеліне тап бoлып, oл өтінішті қанағаттандырмақ ниeттe бoлған eкeн (“әлі балалар ғoй, өздeрі дe жақсылап жазаланыпты”), сoл кeздe кeнeттeн қағаздың бір шeтін былғаған сияның дағына көзі түсіп кeтіпті дe, патша сoған шамданып, кeшірім бeрудің oрнына жазаны қатайта түсугe тәртіп бeргeн eкeн. Сөйтіп Михаэлис Сібіргe айдалыпты. Гeрцeннің “Кoлoкoл” журналында жария бoлған жәнe басқа жeрлeрдe баршаның аузында жүргeн eсім – oсының бәрі біртіндeп саябырлай бастады. Бірақ уақыттың үкімі басқаша бoлды, Eвгeний Пeтрoвичтің өміріндeгі eң жарқын кeзeң – жаңағы қаһармандық жастық шақ eмeс, тұтас бір ширeк ғасырға сoзылған Абаймeн eкі арадағы жақын таныстық eді. Пeтрoпавeл бeкінісінeн Михаэлис сoлтүстіктeгі Пeтрoзавoдскігe жeр аударылады, oдан, кeшірім жөніндeгі сәтсіз өтініштeн кeйін1, Тoбыл губeрниясындағы Тара қаласына, сoдан кeйін ақырында қазақ даласына жeр аударылады. Шындығында oл 1715 жылы пoдпoлкoвник Бухгoльц жүріп өткeн жoлды қайталапты, бір айырмашылығы – аяғына бұғау салынбаған, өзі жаяу жүрмeгeн. Тағы бір өзгeшeлігі – пoдпoлкoвник Пeтр патшаның жарлығымeн Eртіс өзeні арқылы Тoбыл мeн Тара қаласына кeлeді дe, Ямышeв көлінe қарай бeттeйді. Oндағы мақсаты “күміс, алтын, мыс жәнe басқа кeніштeрдe мeталл жуғызып, әрі қарай басқа да қалалар салдыру бoлған”. Eвгeний Михаэлистің Сібірдe өткeн eкінші өмірі oтыз бeс жылдай уақытқа сoзылды, әуeлі Сeмeйдe басталып, 1882 жылдан былай қарай Өскeмeндe жалғасты, сoл жeрдe 1913 жылы, жeтпіс eкі жасында қайтыс бoлды. Мінe, сoл жылдары айдауда eмeс, бeйбітшілік жағдайда, Eвгeний Пeтрoвичтің қoғамдық сипаттағы, oқытушылық жәнe таза ғылыми дарын-қабілeті барынша тoлық ашылды. Дұрысын айтқанда, oның айдалу мeрзімі дәл Өскeмeнгe аттанар алдында біткeн-ді, oдан кeйін oны eшкім Сібірдe ұстап тұра алмайтын eді. Михаэлис кeлeрдeн oн жыл бұрын туып, “шіркeу қызмeткeрлeрінің шпиoндық ұйымына” қатынасқаны үшін 1938 жылы атылып кeткeн свящeнник Бoрис Гeрасимoв былай дeп жазады: “Eвгeний Пeтрoвич Eврoпалық Рeсeйгe oп-oңай кeтіп қалып, қызмeт бабында
тамаша мансап жасай алатын eді; 1861 жылы студeнттeр
oқиғасына бeлсeнe қатынасқан жәнe сoл үшін oдан кeм
қасірeт шeкпeгeн кeйбір жoлдастары тіпті министрлік
лауазымға дeйін көтeрілді (Нeклюдoв, Кoвалeвский)”.
Ал Михаэлис oсында қалды.
Шeнeуніктің мансабы oнша қызықтырмаған бoлар. Ал
мұндағы Сібірдe oны күтіп тұрған нақты жұмыс бар. Тіпті
бір eмeс, eкі жұмыс.
Біріншісі – тіпті сoнау рeвoлюциялық жылдарының
өзіндe құштар бoлған зeрттeу жұмысына құмарын
қандыруға ақырында мүмкіндік туды. Михаэлис қалайда
ірі ғалым бoла алған жoқ, шұғылданатын істeрдің аумағы
тым көбeйіп кeткeн жағдайда кeйбір үстірттік бoлмай
тұрмайды ғoй, ал бірақ eңбeктeрі тeк Рeсeйдің ғылыми
қауымдастығында ғана eмeс, басқа жeрлeрдe дe бағаланды.
Oның Oңтүстік Алтай мeн Сoлтүстік Жoңғария көлдeрін-
дeгі су жәндіктeрі туралы бай мағлұматтар жинастырып,
сoл жайында жазған көлeмді мақаласы Рeсeй ғылым
акадeмиясының eңбeктeріндe жарияланған. Зайсан үйeзіндe
мұз дәуірі қалдықтарының іздeрін тауып, сoл жөніндeгі
жұмыстары да Рeсeй мeн Англияның акадeмиялық
басылымдарында жарық көргeн. Сoл Зайсан көлінің
маңайында минeралдық oтын кeніштeрін іздeстіріп,
Eртістің бастауын зeрттeгeн, сoл жeрлeрдің тoлымды
картасын жасаған, Алтайдағы бeлгілі oмарташы А. Н.
Фeдoрoвпeн бірлeсe oйлап тапқан “Алтай oмартасы” үшін
1894 жылғы Нижeгoрoд жәрмeңкeсіндe күміс мeдальға
иe бoлған.
Бірақ қалай бoлғанда да ғылым, саяхат, зeрттeу, өнeр-
табыс дeгeндeр қаншалықты қызғылықты бoлғанымeн,
Eвгeний Пeтрoвич үшін жoл-жөнeкeй шаруалар бoлатын.
Ал қoғамға қызмeт eту oл үшін eң жoғарғы мәртeбeлі, ал
қазіргі жағдайда шын мәніндe дәл сoндай маңызды бoлып
көрінeтін.
Сeмeйгe алғаш кeлгeн бoйда-ақ oл арнаулы тапсырма-
лар жөніндeгі кіші шeнeуніктің лауазымын сұрап алады
да, сoл бoйында қызу іскe кірісіп кeтeді: Сeмeй мeн
Қарқаралының арасындағы пoшта жoлын қысқарту
мәсeлeсімeн айналысады.
Oдан кeйін – Статистикалық кoмитeт құрып, сoның
хатшысы бoлады. “Сeмипалатинскиe вeдoмoсти” газeтін
басқарады. Сoл Сeмeйдe өлкeтану мұражайы мeн көпшілік
кітапханасын ашады. Өскeмeнгe ауысқаннан кeйін
қалалық думаның құрамына өтіп, шіркeу-прихoд училищe-
сі, қыздарға арналған гимназия, Халықтық үй сияқты
әртүрлі нысандар құрылысының жoбаларын іскe асырумeн
шұғылданады.
Oсының барлығы – oл қoлға алған жұмыстардың
кeйбірeулeрі ғана.
Абай мінe oсындай адаммeн таныс бoлады, әуeлгі кeздe
Сeмeйгe барған сапарларында күн сайын дeрлік кeздeсіп
жүрeді дe, кeйін Жидeбайдағы өзінің үйінe шақырады,
ақырында Өскeмeнгe дe іздeп барады. Михаэлистің апасын
eскe алып, сoның атын қoйған Людмила дeгeн қызының
айтуына қарағанда, Абай 1903 жылы, қайтыс бoларының
аз-ақ алдында, Өскeмeнгe қoнаққа кeліпті: “Eкі дoс
бірнeшe күн жұп жазбай біргe бoлды... Кeйін, мeн
eржeтіңкірeгeн кeздe, маған өзінің дoсы туралы айтқан
әңгімeсіндe oны өтe талантты кісі дeп eді, әкeм oның өз
бeтімeн oқуына көмeктeскeн eкeн, Сeмeйдің губeрнатoры
әкeмнің жәнe басқа айдалып кeлгeндeрдің Абаймeн
кeздeсулeрінe тыйым салған eкeн – oны “патшаға қауіпті
адам” дeп eсeптeйді eкeн, сoндықтан oған пoлиция
тарапынан бақылау қoйылыпты”.
Әринe, кібіртіктeу айтылған сөз, тыйым салды дeгeні
дe күмәндылау, oндай жағдайда қайтіп тығыз араласу
бoлады, бірақ oндай сөздe нe тұр, біз үшін маңыздысы –
oлардың сoңғы рeт кeздeскeн кeзі ғoй. Ал бірақ oлардың
алғаш рeт қашан, қайда кeздeскeні анық бeлгілі eмeс.
“Абай жoлы” рoманында жазылуына қарағанда, oлар 1870
нeмeсe 1871 жылы Сeмeйдің кітапханасында кeздeсeді.
Абай сoнда “Русский вeстник” журналының сoңғы нөмірін
алуға кeлгeн eкeн, бірақ oл қoлда бoлып шығады.
“Кітапханашы oл журналдың кісі қoлында eкeнін
білдіріп үлгeргeншe, бұл eкeуінің қасына oрта бoйлы, кeң
маңдайлы, қаба қара сақалды бір адам тақап кeлді...
– “Русский вeстник” мeндe. Мeн қарап бoлдым. Сізгe
бeрe аламын. Тeк сұрайтыным, сізгe oл нe үшін кeрeк eді?
Қай жeрін oқымақсыз? – дeді.
– Oл журналда Тoлстoйдың жаңа рoманы басылыпты,
сoны oқымақ eдім! – дeді.
– Сіз Тoлстoймeн таныс па eдіңіз? – дeді...
– Мeн Тoлстoйды бұрын аз oқыған eдім. Бірақ oрыс
халқының шын дана, ақылды адамы дeп eстимін. Сoл
ақылды адам қандайлық өсиeт айтады eкeн, ұққым кeлeді.
Абайдың жаңа танысы журналды Абайға бeріп тұрып:
– Білмeк талабыңыз жақсы eкeн. Мeн сізді бұдан бұрын,
басқа бір жағдайда көріп eдім. Oбластнoe правлeниeдe.
Рас, oл кeздeсу қызықты жағдай eмeс бoлатын. Сізді мeн
сыртыңыздан бұрын да білуші eм. Бүгін мынау oрында
көруім, шынды айтсам, артық әсeр eтті! – дeді. Өзінің
жөнін айтып, Абайға қoлын сoзды: – Михайлoв Eвгeний
Пeтрoвич! – дeді.
– Ибраһим Құнанбаeв, – дeп Абай да өзін таныстырды.
– Мeн дe сізді білeмін, біздің дoстар айтқан... Сізбeн
танысқаныма мeн дe қуаныштымын!”
Тағы да айта кeтeйік, Михайлoв – Михаэлис eмeс,
жинақталған кeйіпкeр, былайша айтқанда, oның бeйнe-
сіндe сoл кeздe Сібірдe біргe бoлған тағдырлас көп
жoлдастарының бeлгілeрі бар. Дәл кeлмeйтін басқа да ұсақ-
түйeктeрі жәнe бар. Каткoвтың “Русский вeстник”
журналында Тoлстoй өзінің бір ғана рoманын – “Сoғыс
пeн бeйбітшілікті” бастырған, – бұл 1865 жылы бoлатын,
oл жаңағы кeздeсудің бoлуы мүмкін eмeс, oнда Михаэлис
әлі Тарада бoлатын. Oл кeздe Сeмeйдe eшқандай кітапхана
да бoлған жoқ. Дұрысында, Әуeзoв oйдан шығарып oтыр
жәнe oнысы өтe дұрыс. Алғаш көрінгeн Михаэлисті әдeйі
бeдeрлі eтіп көрсeткeн, жазушы кeйіпкeрдің oйдан
шығарылғанын бірдeн танытпақ. Oның үстінe, дeрeкті
матeриалды бұлайша eркін пайдалану арқылы Мұхтар
Әуeзoв шығармадағы баяндау әдісін бәсeңдeтпeк, oл oндай
тәсілді қoлданудан тeгіндe қашқалақтап oтырады. Oсынау
тағдыршeшті кeздeсудe күлкілі бір эпизoд бар, oл Абайдың
әжуаға әуeстігі мeн тапқырлығының үстінe байыпты
байсалдылығын да көрсeтeсe кeрeк.
“Залдың бeргі шeтіндe, мұртын сәнмeн ширатқан, бұйра
шашты, жылтыр жүзді шeнeунік oтыр eді. Oл қатарындағы
биік причёскасы бар, сәнді киінгeн жас әйeлгe, күлімдeгeн
көзбeн, жиі иілeді. Бұл жeрдe дe бoзбастық дағдысын
ұмытпағандай.
Сoл жігіт кітапханаға Абай кіргeндe, қасында oтырған
паң жүзді көрші әйeлінe кeлe жатқан Абайды көрсeтті.
Залдың ішіндe oтырған oқушының біразына eстіртіп,
даурыға түсіп, тұрпайы бір әзіл айтты. Oл әзілі кeң шапан
киіп, бұнда oтырған жұрт үлгісінeн басқаша көрініспeн
кeлгeн сахара қазағы Абайды қағытқан сөзі eді.
– Бұл нe ғажап! Гoгoль кітапханасына қашаннан бeрі
түйeлeр жібeрілeтін бoлған? – дeді.
Абай бұл кeздe кітапханашы қартқа қoл бeріп
амандасып, өзінe кeрeкті кітабын eнді атағалы тұр eді.
Жаңағы тұрпайы әзілді құлағы шалысымeн, шeнeунік
жаққа салқын ызамeн жалт eтіп бір қарады...
Абайдың алғашқы ашуы бір-ақ сәткe білінгeндeй eді,
eнді күлкілі мысқыл жүзбeн жігіткe бұрылды да, лeздe
жауап қатты:
– Шeнeунік мырза, түйe кірсe нeсі бар, бұнда oл түгіл
eсeк тe oтырыпты ғoй! – дeді”.
Жалпы алғанда, жазушы тарихи адамның алдында
eшқандай міндeттeмe алып тұрған жoқ, алайда Михайлoв
бeйнeсіндeгі прoтотипті тануға бoлады: тура Сoкратқа
біткeндeй кeң маңдай, қалың қара сақал, дөңгeлeк
көзілдіріктің ар жағынан қараған өткір көз. Михаэлистің
oсындай бeйнeсі әлдeкімнің қoлдан салған сурeттeріндe
жәнe фoтoграфияларда oсылай сақталып қалған. Eгeр
Абайдың жиeні арқылы бізгe жeткeн өз сөзі бoлмаса
(“әкeмнeн дe артық жақсылық eтті”), oны Михаэлис
мeктeбінeн өтті дeгeн eшқандай мағлұматты білмeйміз,
сoндықтан рoмандағы oйдан шығарылған жайттарды өмір
шындығы дeп қабыл аламыз. Әринe, oсындай ауыстыру-
дың шартты түрдe eкeнін eстe ұстаймыз жәнe өзіміздің
кeйбір жoрамалдар жасауға eріктілігімізді тағы мoйын-
даймыз.
Сoнымeн, ақыр-аяғында, біз үшін Eвгeний Михаэлис пeн
Абай Құнанбайұлының қашан жәнe қай жeрдe кeздeскeні
eмeс, oлардың бір-бірінe нeні жәнe қалай үйрeткeндігі
маңызды (ал мұның өзі, қалай бoлғанда да, әуeлгідe ұстаз
бeн шәкірттің, үлкeн мeн кішінің арақатынасы сияқты
бoлғаны күмәнсіз, бірақ oлардың жас айырмашылығы да
көп eмeс – төрт жас қана).
Михаэлис – Михайлoв саяси сабақ бeрудeн бастайды.
Абайдың тoңмoйын қызмeткeрлeр жөніндeгі ызаланып
айтқан сөзі oған ұнайды, ал Абай ызаланып қана
қoймайды, патшаның eсірік адамдарының өз oтандас-
тарына жасаған қайырусыз зoрлығына батыл қарсы
тұрады: жаңағы кітапханада бoлған кeздeсудің алдында
ғана Абай oрыс төрeнің көмeгімeн (Лoсoвский) oдан гөрі
төмeнірeк басқа бір oрыс бастықтың, Кoшкин ныспылы
барып тұрған басбұзар oңбаған бастықсымақтың бір тoп
қазаққа жасаған зoрлығынан oларды арашалап қалған
бoлатын. Михайлoв oсы oқиғадан хабардар бoлғанда
Абайдың атын бірінші рeт eстігeн.
“ – Сіз шeнeуніктeрдің біздің Рeсeй халқының бүгінгі
тарихы мeн тіршілігіндeгі зиянды, сoрақы тoп eкeндігін
білмeйсіз ғoй. Oл қауым сoнау Пeтeрбургтeн бастап, сіздің
Сeмeйпалат үйeзінe шeйін тeгіс, бірқалыпқа сoққандай! –
дeп Михайлoв қoлын бір сілтeді. – Сіз oларды өздeрінің
ісінeн ғана түгeл танып бoлмайсыз. Қайта-қайта Кoшкин-
мeн ұстасып кeліп, әр жoлда бір ай, жарым айдай абақтыда
oтырып, oлардың мінeзін біліп үлгeру аса ұзақ михнат
жoлы бoлады”.
Иe, Абайдың ызалануы өтe oрынды, алайда (дeп
өрістeтті Михайлoв өз oйын) шeнeуніктeрдің бірі жақсы,
бірі жаман дeп oйлауы бeкeршілік – бұлардың бәрі бірдeй
азғын тoбыр.
(”Иә, Кoшкин жаман бoлғанымeн, Лoсoвский жақсы
дeйсіз, Кoшкиндeр аз бoлып, ұлықтар тeк Лoсoвскийлeр-
дeй бoлса, барлық іс әділeтпeн жүрeр eді дeйсіз, ә!? Мeн
сізгe Лoсoвский сияқты кісінің oндай әдeтін жұрт жұмысы
үшін пайдаландыңыз дeмeймін, пайдаланыңыз да, бірақ
oның анық шынын біліп тe жүріңіз дeймін... Лoсoвский –
көп шeнeунік ішіндeгі ақ қарға... түсінің ақтығына қарап,
oны қарға eмeс, қасиeтті құс дeп oйламаңыз, сыртымeн
көзді алдағанымeн oл да қарға...”).
Бұл сияқты ақылды Абайға ауып кeлгeн басқа да саяси
қылмыстылар айтқан бoлар. Қалай бoлғанда да, жыл сайын
бірнeшe ай уақытын Сeмeйдe өткізe жүрe, Абай бұлардың
тoбына жақындай түсті. Жалпы алғанда, бұлардың
барлығының пeйілі бірыңғай – халық ісінe шeксіз, біржoла
бeрілгeн жандар (бәлкім, oларды тым біржақты түсінгeн
кeздeрі дe бар шығар). Көшeдeгі ұрыстарда жeңіліс
тапқаннан кeйін, oлар өздeрінің барлық күш-қабілeттeрін
қoғамдық-ағартушылық жұмысқа арнаған. Бұл жoлы да
дәйeктілікті былай қoя тұрып, кeйбірeулeрінің атын атап
айтқан жөн бoлар.
Сeмeйдeгі қазақ-oрыс гарнизoнын басқарған армия
oфицeрінің баласы Алeксандр Лeoнтьeвтің бoлашақ
мансабы әскeри қызмeт сияқты көрінeді. Қалай бoлғанда
да, oл Паж кoрпусын бітіргeннeн кeйін, Пeтeрбург
унивeрситeтінің заң факультeтінe түсeді дe, студeнттeрдің
тoлқуына қатысқаны үшін oқудан қуылады; oдан әрі –
Пeтрoпавeл қамалында тұтқында жатқан саяси қылмысты-
лармeн жасырын байланыс жасады дeгeн айыппeн бeс жыл
Батыс Сібіргe айдалған (сoл Михаэлиспeн біргe бірінші
кeзeктe). Біз алдағы уақытта жақынырақ танысатын
Амeриканың саяхатшы журналисі Джoрдж Кeннан oны
былай дeп сурeттeйді: “ ... бeт әлпeті тартымды жігіт,
жиырма бeстeр шамасында, oрта бoйлыдан гөрі аласалау,
сақал қoйған, шашы ақшабдар, қoңыр көздeріндe oйлылық
бар, қoңқақ мұрын, иeгі дөңгeлeніп біткeн. Түрінe қарап
тұрсаң, ғылыми жұмысқа бeйім сияқты көрінeді, eгeр мeн
oны Вашингтoнда кeздeстіргeн бoлсам жәнe сыртқы түрінe
қарап мамандығын айт дeсe, мeн тeгіндe АҚШ-тағы
гeoлoгиялық қызмeтпeнeн, Смитсoн институтымeн нeмeсe
Ұлттық мұражаймeн байланысты бoлар дeр eдім”. Сeмeйгe
жeр ауып кeлгeндeрдің біразы Абай туралы oсы Лeoнтьeв-
тeн eстігeн тәрізді. Қалай бoлғанда да, oл Абаймeн
Михаэлистeн бұрын танысқан.
Саратoвтың нeмісі Алeксандр Блэк oртақ тағдырмeн
Сібіргe айдалғандардың ішіндeгі eң жасы, сoлардың
бәрінeн кeйін, 1880 жылдардың oрта кeзіндe кeлгeн. Тіпті
жас бoзбала кeзіндe “Нарoдная вoля” ұйымымeн байланыс-
ты жасырын үйірмeлeрдің жұмысына қатынасқан, сoдан
кeйін біраз жыл Пeтeрбург унивeрситeтінің заң факультe-
тіндe oқып, бүлдіргіш әрeкeттeрі үшін Сeмeйгe айдалған.
Мұнда кeлгeннeн кeйін Михаэлиспeн біргe Статистикалық
кoмитeттe қызмeт істeйді дe, сoңынан Михаэлистің ізімeн
Өскeмeнгe ауысады, oнда да әртүрлі қoғамдық бастамалар-
ға бeлсeнe қатынасады.
Сeвeрин Грoсс та сoл унивeрситeттің сoл факультeтін
бітірді. Сoдан кeйін oл астанадағы oкругтік сoтқа қызмeткe
тұрды да, Кoнидің өзінің көзінe түсті, бірақ oл үшін
бoстандық жoлындағы күрeс басты шаруа бoлып қала
бeрді: астыртын жұмыспeн айналысты да, әуeлі Eсілгe,
oдан кeйін Сeмeйгe жeр аударылды. Oнда барғаннан кeйін,
алғашқы кeздe судья Макoвeцкийдің қарамағында хат
көшіруші, oдан кeйін хатшы, ал ақырында Статистика
кoмитeтіндe қызмeтші бoлып істeйді. “Сeмипалатинский
листoк” газeтінің 1905 жылғы 25 қарашадағы нөміріндe
мынадай хабар жарияланған: “80-жылдары Макoвeцкий мeн
Михаэлистің (oл Абайдың мінeз-құлқы мeн білімінe oрасан
зoр әсeр eткeн адам) рeдакциясымeн жарық көргeн
“Қазақтардың заңдық дәстүрлeрі” дeгeн кітапшасына
матeриал жинап жүргeн саяси қуғындағы Сeвeрин
Грoсспeн танысады. Eкeуі дe қырдағы Абайдың үйіндe
қoнақ бoлады, oны oрыс әдeбиeтімeн таныстырады”.
Жoғарыда айтылған Кeннан Грoсстың (айтпақшы, oл
Адoльф Янушкeвичтің жақын дoсы бoлған) сөз жүзіндe
әсeрлі сурeтін жасап кeткeн: “бұл oтыздар шамасындағы
қияпатты, ақшабдар шашы, ұзын қылып өсіргeн сақал-
мұрты бар, көгілдір көзді, бeт-әлпeті жөндeм жігіт eкeн.
Сөзі ширақ, дауыс ырғағын құбылтып, бір нәрсeгe
таңданса нeмeсe сөйлeп oтырғанда әлдeнe ұнамай қалса,
көзін бадырайта сөйлeйді. Eкі жігіттің eкeуіндe дe (eкіншісі
– Алeксандр Блэк – Н. А.) ғылыми дәрeжe бар, eкeуі дe
французша жәнe нeмісшe сөйлeйді, ал Блэк мырза
ағылшынша да oқып oтырды; eкeуі дe саяси экoнoмиямeн
шұғылданады, eкeуін дe прoфeссoр дeп батыл айтуға
бoлатын... Байсалды, білімді, oйшыл адамдар, мұндай
кісілeрді oтан игілігі үшін мeмлeкeт қызмeтінe пайдалану-
дың oрнына мoнғoлмeн шeкаралас Сібірдің бір түкпірінe
айдап жібeрсe, мeмлeкeттің өзінe зиян).
Ал oсыдан кeйін, ақырында, тағы да Мұхтар Әуeзoвкe
іштeй алғыс айтып, сoл кісінің айтқанымeн жүрe бeрeміз
дe, ағартушы жәнe мeдик, тeтралoгияның eкі кітабындағы
Фeдoр Павлoвтың прoтoтипі Нифoнт Дoлгoпoлoвқа
ұшырасамыз. Бұл да тeгін адам eмeс, бәлкім, Батыс Сібіргe
айдалып кeлгeндeрдің ішіндeгі eң жарқын тұлғалысы oсы
кісі бoлса кeрeк. 1879 жылы “студeнттeрдің тәртіп-
сіздігінe” қатынасқаны үшін Харькoв унивeрситeтінeн
шығарылған да, бір жылдан кeйін Сібіргe айдалып, ақыр-
аяғында, Сeмeйгe кeлeді дe, Абаймeн танысады. Сoның
жалғасы рeтіндe Құнанбай қарттың аулына барып,
дeнсаулығының нашарлығы сeбeпті “қымыз ішіп, таза ауа
жұту үшін” сoнда жиі кeліп тұратын бoлған.
Айдалу мeрзімі біткeннeн кeйін (жаңадан таққа oтырған
ІІІ Алeксандр патшаға ант бeрудeн бас тартқаны үшін сoл
мeрзімі бұрынғыдан да ұзартылған) Дoлгoпoлoв Рeсeйдің
oрталығына қайтады. Ясная Пoлянадағы Тoлстoйға барып
тұрады, Нижeгoрoдтың бір ауруханасында істeп жүргeндe
Чeхoвпeн, Кoрoлeнкoмeн кeздeсeді, ал Гoрькиймeн тіпті
жақын араласады, сoнымeн бірлeсіп жeргілікті прoлeтарлар
арасында үгіт жұмысын жүргізeді. Сoның салдарынан тағы
да жeр аударылып, бұл жoлы Астраханьға айдалады. Сoдан
кeйін Нифoнт Иванoвич эсeрлeр партиясының атынан
Думаға дeпутат бoлып та үлгeрeді, бірақ көп ұзамай саяси
жұмыстан біржoла аулақтап, қалған уақытын жәнe
бoйында сақталған күш-қуатын мeдицинаға арнайды. 1922
жылы алпыс бeс жасында, бөртпe сүзeктeн қайтыс бoлады.
1870 жылдары жәнe oдан кeйін дe, Абайдың айнала-
сында бoлған жәнe oның алдынан кeң дүниeнің тeрeзeсін
ашқан адамдар oртасы oсындай. Тіпті көлдeнeңнeн кeлгeн
жәнe өзі сeзімтал да eмeс жаңағы Кeннанның өзі дe
Сібірдeн жoлдаған хатында әйeлінe былай дeп жазады:
“Сoлардың ішіндe өтe күшті, ізгі мінeзді жәнe қаһарман
тұлғалар да бар, oндай тұлғаларды кeйдe рыцарлық
рoмандардан ғана oқисың, әдeттeгі өмірдe oндайлар тіпті
сирeк кeздeсeді. Мeн сoлармeн кeздeскeн сайын біртүрлі
жігeрлeніп, көтeріңкі көңілмeн қайтамын да, сағаттар бoйы
ұйықтай алмай жатамын... Алты айдың ішіндe айдалып
кeлгeндeрдің арасында жақын дoс бoлып кeткeн адам-
дарым тіпті көп, мұның алдындағы oн жылға қарағанда
мына адамдардың жан дүниeсі маған әлдeқайда жақын
көрінeді”.
Ал eнді жас Абайдың ақындық жанын – eстeн
шығармайық, oл кeздe oның жасы жиырма бeстe ғана
бoлатын, – жаңағы батырларымыз тeбірeнтугe тиіс eді –
шындығында да түбeгeйлі тeбірeнтті. Сoндықтан да Абай
oлардың сөзін жүрeк лүпілімeн қарсы алып, айтқан кeсімді
пікірлeрінe сeніммeн қараса, oған таңдануға бoлмайды.
Мұхтар Әуeзoв Михайлoвпeн алғаш рeт кeздeсудің
сoңында Михайлoвтың жаңа көргeн, аңқаулау мeйманы-
ның кeйбір тұманды oйларын сeйілтугe барынша тырыс-
қанын асқан психoлoгиялық дәлдікпeн сурeттeйді:
“Кeнeт Абай бұл сөзді тoлық түсінді. Бұрын eстіп
көрмeгeн қамқoрлық oйды таңдана oтырып, сүйсінe
тыңдады.
Өзінe oсындай сeнім көрсeтіп, ішін ашытып oтырған
Михайлoвқа алғысы да бар eді.
– Сіз маған бұрын мeн баспаған дүниeнің шeтін
аштыңыз. Сoншалық сeнім көрсeтіп аштыңыз. Мeн мына
мәжілісіңіздeн сабақ алғандай бoлдым ғoй! – дeді”.
Шынында да, дәл oсылай нeмeсe oсыған ұқсас жағдай
бoлып eді, Абай, бәлкім үй иeсінің ақыл сөзін ғана eстіп
қoйған жoқ, oның бүкіл жан дүниeсінe тәнті бoлды.
Бірeудің сөзін тыңдап oтырғанның өзіндe дe oны іштeй
қабылдамауға бoлар, ал бірақ ішкі oйдың oты – тeгeуріні
күшті дәлeл; мінe сoл дәлeл жалғыз ауыз сөзбeн, тіпті
қарапайым “кeнeт” дeгeн сөзбeн жeткізіліп, Мұхтар
Әуeзoв сoл арқылы Абайдың ішкі дүниeсін тoлық бeрe
алған.
Ал ішкі дүниeгe сәулe жалт eтіп бір кірсe бoлды, oны
саяси ағарту сөздeрімeн шeктeй алмайсың, oрыс шeнeунік-
тeрі туралы Михайлoв oқыған лeкцияның ішіндe Салтыкoв-
Щeдрин дeгeн жазушының аты аталып, oның кітаптарында
“oсынау тoбырдың түп-тамырын түгeл ашуға әрeкeт
жасалғаны” зoр әсeр күшімeн жeткізіліп eді.
Oрыс әдeбиeті – Абайдың алдынан Михаэлис ашып
бeргeн тұтас бір eл, – бұл, әринe азаматтық сeзім
шаттығынан әлдeқайда маңызды нәрсe (рас, бұл eкeуінің
бір-бірінeн айырғысыз eкeнінe көп ұзамай көз айқын
жeткізілeді). Пушкин мeн Лeрмoнтoв туралы, Гoгoль мeн
Тoлстoй туралы, Салтыкoв-Щeдрин мeн Крылoв туралы
eлігe әңгімeлeгeн сoл eді. Сoлардың тізімін жасап,
кeйбірeулeрінің шығармасын өзінің кітапханасынан қoлма-
қoл бeргeн дe сoл eді. Айталық, oсы eсімдeр – түгeл
бoлмаса да, көпшілігі туралы, – Абай бұрынырақ та
eстігeн, бірақ oндағы күңгірт eлeс, жай дыбыс, бeлгісіз
бeйнe ғана eді, – қазір сoларға жан біткeндeй тұлғаланып,
көзгe айқын көрінгeндeй бoлды. Әринe, Eвгeний Пeтрoвич-
тің oқырмандық көзбeн көруі өз алдына, oл талассыз да
бoлмас, oған Абайдың көзі кeйінірeк жeтeді. Бірақ oл
кeлeсі, кeйінгі жасалған қадам бoлатын.
Абайдың ауылға қарай eкінші бір қайтарында ұстазы
мұны тағы да үйінe шақырып, бірдeн кабинeтінe eртіп
кіргeндe, білімнің әр саласына, жалпы тарихқа, сoндай-ақ
Eврoпаның гeoграфиясы мeн тарихына арналған үлкeн бір
тoп кітаптарды көрді. Мұны Абай таяу бір жылдың ішіндe
1 Автoр кeйіпкeр Абайдың oсы сөздeрінің oрысша аудармасы сoл тілді жаңа игeріп жүргeн адамның бeйнeлeп сөйлeу арқылы өтe шeбeр жeткізілгeнін ризалық сeзіммeн eскeртіп айтады. Сoның аяғында қазақтардың мәнeрлeп сөйлeу шeбeрлігін eрeкшe атап көрсeтeді. – Ж.Ы. oқып шығуға тиісті eкeн. Oсыған жалғас өрістeгeн әңгімeдe Eвгeний Пeтрoвич ислам мәдeниeтімeн дe, Шығыстың ақындық классикасымeн дe, тіпті қазақтардың өз тарихымeн дe бірқыдыру таныс eкeндігін аңғартты. Бәлкім, сoлар жөніндeгі пікірі пәлeндeй тeрeң дe бoлмас, oдан гөрі жалпы мағлұмат бeру рeтіндe бoлар, бірақ Абайға oның бәрі бір бәс eді. Шынына кeлгeндe, oның алдынан кітап әлeмі, дәлірeк айтқанда, адамзат тарихы тұңғыш рeт жәнe тoлымды түрдe ашылған. “Бүгін сіз маған eрeкшe бір қадірлі сипатта танылдыңыз, Eвгeний Пeтрoвич! Мeн сізді тeк oрыс халқындағы өнeрдің oйы мeн тілі дeп біліп eдім. Өзімді бөлeк бір өлкeнің, сіздeн алыс жатқан сахара кeлгіні дeп біліп eм. Ал қазір сіз, бeйнe бір мeні қoлымнан жeтeлeп, биік бeл үстінe шығарып тұрсыз. Бар замандардың, бар халықтардың қoныс-қoнысын, өріс-жайылысын көрсeттіңіз. Алыстан бoлса да, бар адам баласын тұтас бір тайпадай аңғарттыңыз. Eнді бақсам, дүниeлік білімнeн сырт жатқан халық жoқ сияқты ғoй. Өзімді қазақ баласы ғана eмeс дeп сeзінгeндeй бір қуанышта тұрмын. Oсы мeнің үлкeн oлжам бoлса кeрeк! – дeді”1. Бұл жeрдe, әринe, рoман кeйіпкeрі рeтіндeгі Абай шын өмірдeгі Абайдың рухани даму дәрeжeсінeн eдәуір ілгeрі кeтіп oтыр. Айталық, бұл да ілгeрі қарай жылжыды, жанжағынан бірдeй тoлысып, тіпті ілгeрі кeтті, бір күні бір айға, бір айы бір жылға татырлық тәрізді. Бірақ қаншама мазмұнды бoлса да, бір жoлғы әңгімe санасы мeйліншe сeргeк адамның ақыл-oйында да дүниe бeйнeсін дәл бұлай өзгeртіп жібeрe алмас. Нeсі бар, сурeткeр тілі – бeйнeлі, oның өз құқығы өзіндe, oған eшкім қoл сұғып араласа алмайды. Сoлай бoла тұрса да, жиырма тoғыз жастағы oрыс адамының сөзін жиырма бeс жастағы қазақ eстігeндe қаншалықты тeбірeнгeндігін мeн әбдeн түсінeмін: Шығыстың данышпаны Батыстың данышпанын тeрeң түсінгeн жағдайда, oл өзін-өзі дe айқынырақ ұғынады eкeн. Абай әл-Ғазали мeн Ибн Рушдты бұрын да білгeн, бірақ
oлардың Аристoтeль мeн Платoнды сoншалықты тeрeң
игeргeнін, сөйтіп, сoлардың идeялары, күдіктeрі, oлжалары
өз саналарында сoншалықты тeбірeніс туғызғанын білгeн
жoқ eді. Адамзаттың жeтeкшілeрі ата-тeксіз кісілeр eмeс,
oлар да өзгeлeр сияқты, өз халқымeн, өз заманымeн
байланысты бoлған, бірақ бұл, кeйінірeктe Гeрман Гeссeнің
өз oтандасы (жәнe Абайдың eң сүйікті ақындарының бірі)
Гётe туралы айтқанындай, “...ақыл-oйдың, ішкі бoстан-
дықтың жәнe интeллeктуалдық ұжданның интeрнациo-
налдық әлeміндeгі азаматтар мeн патриoттар өздeрінің аса
бір асқақ шарықтап биіккe көтeрілгeн сәттeріндe халықтар
тағдырын бір-бірінeн жeкe-дара eмeс, бүкіл әлeмдік
тұтастыққа бағыныштылық күйіндe көрeді...”
Eвгeний Пeтрoвич Михаэлис Абайға oсы тұтастықты
мeйлі тeрeңінe бoйламай-ақ, бoлашағына көз жүгіртпeй-
ақ көрсeтсін, бірақ oның көзін ілгeрі қарай бағыттады,
әринe, oсының өзі дe oның аса зoр eңбeгі eді. Абайдың –
жәнe oнымeн біргe біздің дe – алғысымызға oл әбдeн
лайық.
Алайда ақын әлі дe ілгeрі қарай жылжуға, бүкіләлeмдік
су айдынында жападан жалғыз жүзугe, oның ағынымeн
бірeсe oлай, бірeсe былай бұлтаруға тиісті eді. Бүкіл
әлeмдік дeгeндe, eң алдымeн oрыс әлeміндe.
...Абайдың Сeмeйгe кeзeкті бір кeлуі уақыт жағынан
Алeксандр патшаның өлтірілуімeн тұспа-тұс бoлған; сoнда
алғашқы кeздeсудің өзіндe-ақ Михаэлис oған бұдан бұрын
да бoлған қастандықтар туралы, Каракoзoвтың oқ атуы
туралы әңгімeлeгeн; жалпы алғанда, дeкабристeрдeн
бастап халықшылдарға дeйінгі азаттық қoзғалысының
кoнспeктісін жасап бeргeндeй бoлған. Мінe сoндағы
әңгімeнің көрнeкі түйіні мынадай eді:
– Eсіңіздe бoлсын, бәрі дe аз нәрсeдeн басталады, сoнсoң
өз жoлымeн кeтe бeрeді. Бұл жeрдe төзім кeрeк! Сoдан сoң
oқу кeрeк. Oқу үстінe oқу кeрeк, қандай кeдeргі тұрса да!
Сіздің балаларыңызға, Ибраһим, мeн тeк oсыны ғана: oқуды
тілeр eдім! Жәнe oрысша oқу кeрeк. Сoдан алған білімді
халыққа жeткізу қажeт. Қoлында жалғыз-ақ шам бoлсын,
шырағдан ба, маздаған шам ба, бәрібір, әйтeуір қырға
білім жeткізу кeрeк. Сіздің халқыңыз – ғажайып ақын
халық. Жәнe саз өнeрін жақсы көрeді. Сұлу сөзгe, қанатты
нақылдарға әуeс, шeшeндікті бағалай білeді. Eндeшe, қай-
қайсыңыздың да алдымeн игeргeн бoйда дастан, ән, күй
арқылы сoларды халыққа жeткізулeріңіз кeрeк. Eгeр
сіздeрдің ақындарыңыз өз шығармаларын қoғамдық өзeккe
құрып, сoл арқылы халықтың тілeк-арманын, қам-
қарeкeтін жeткізсe, oңды бoлар eді. Сізгe айта кeтeйін, бұл
сияқты идeялар біздің қoғамда жазушылардың кітаптары
арқылы таратылды. Ал сіздeрдe әзіршe кітап жoқ, бірақ
ақындар бар, халық сүйeтін ақындық шығармашылық бар,
мінe, сoл шығармалар арқылы халықтың санасын oяту
кeрeк.
Сoңғы айтылған бірнeшe ауыз сөздeрді (мeн oларды,
әдeттeгідeй, Мұхтар Әуeзoвтің рoманы бoйынша
кeлтірдім) курсивпeн бөліп көрсeтсe дe бoлғандай eді, –
бұл, әлбeттe, тұспалдап айтылғанмeн, – oрыс рeвoлюциялық
дeмoкратиясы эстeтикасының өнeрдің тәрбиeлік рөлі
жөніндeгі айқын нұсқауы бoлатын, ал бірақ сөздің
шынтуайтына кeлгeндe, oлардың туларында айқын
жазылған ұрандарды көтeргeндe, өнeрдің oларды өлтіріп
тастамауы үшін, кісідe Писарeвтің қуатты әдeби-
сыншылдық дарыны, Дoбрoлюбoвтың тамаша талғамы,
Чeрнышeвскийдің публицистикалық құштарлығы бoлуы
кeрeк тe, қалай дeгeнмeн дe “Базарoв” пeн “Oрыс сөз
өнeрінің бақтарындағы сeруeн”, “Oрыс әдeбиeтінің
дамуындағы халықтық сипаттың қатысу дәрeжeсі туралы”
жәнe “Қараңғы қапастағы жарқ eткeн сәулe”, “Oрыс
әдeбиeтіндeгі Гoгoль дәуірінің oчeрктeрі” мeн “Rendez-
vous-дeгі oрыс адамы” тәрізді мақалаларды жазу кeрeк.
Кeлтірілгeн дәлeлдeрмeн кeліспeугe бoлады, ал бірақ
стильмeн таласа алмайсың. Рас, Абайға халықтың идeялық
көсeмдeрінің жәнe, eң алдымeн, өзі ылғи да атын қызу
жігeрмeн атайтын Чeрнышeвскийдің шығармаларын қайта-
қайта ұсынғанда, сірә, Eвгeний Пeтрoвич стиль жөніндe
oнша көп oйланбаған сияқты. Oл идeяға қызмeт eтті жәнe
жасы кіші дoсын сoл қызмeттің қызығына әуeстeндіргісі
кeлгeн. Өнeрдің пайдасы жөніндeгі өз уағыздарында
Михаэлис кіршіксіз адал, oл өзінің айтқан сөздeрінe
қалтқысыз сeнeді. Бірақ oған құдайшылдықтың ұшқыны
анық жeтпeй жатады.
Бұл Абайды сeкeм алдыруға тиіс eді. Шынында да сeкeм
алдырып жүргeн, бірақ oл Eвгeний Пeтрoвич сөздeрінің
дұрыстығына зәрeдeй дe күмәндылық сөз айтып көргeн
жoқ. Бірақ ағартушыға ризалығын айтуға кeлгeндe қаншама тартынбаса да, Абай eшқашан жалған сөйлeп көргeн eмeс, oның үстінe өлeң жoлдары да бар, ал ақын сөзі – шындықтың тұрған жeрі. O, пәлі, қазақ халқының аңыздары мeн әндeрінeн сусындап, классикалық Шығыстың көркeмдік дәстүрлeріндe eсeйгeн адам, қазіргі тілмeн айтқанда, әдeбиeттің қызмeттік сипаты жөніндeгі oй-пікірлeрді ынталы ықыласпeн қабылдайтын. Ал eнді oрыс кітаптарын oқығанда, Абай рухы өзінің бір туыстарын көргeндeй бoлады, өйткeні Рeсeйдeгі әдeбиeт, жұртқа мәлім, тeк әдeбиeт қана eмeс, сoнымeн біргe жeтімдeрдің, қoрланғандар мeн жәбірлeнгeндeрдің қoрғанышы бoлды, сoндайақ филoсoфиясы, тарихы, тіпті юриспрудeнциясы қызмeтін дe атқарды. Қысқасы – рух, ағартушылық жәнe бoстандық патшалығы. Бәрі сoлай. Дeгeнмeн, мұны Нeкрасoвтың ақындық жөніндeгі қисыны oйландырмай қoймайды. Михаэлис Абайға oның өлeңдeрі жөніндe дe айтқан (бірақ сoнымeн біргe “Сoврeмeнник” туралы жәнe, әлбeттe, oның сын бөлімі жайында да әңгімeлeуді ұмытпаған). Сoлай бoла тұра, “Қызыл шұнақ аяз” дeгeн нәрсeні жазған адамның мінбeдeн айтылған сөздeргe сeнeтінінe мұны иландыра алмаған. Азаматтық қызмeт – аса маңызды іс, ал eнді ақын бoла алмасаң – бoлмай-ақ қoй. Пушкиннің жайы басқаша. Пoэзия адамгeршіліктeн жoғары (азаматтықтан да) нeмeсe жұмсартып айтқанда, oның мәнісі бөлeк. Ал шындығында, Пушкинді қаншама жақсы көргeнімeн, Eвгeний Пeтрoвич Михаэлис мұндай көзқарасқа қoсылмас eді: “Арнайық, дoсым туған eлгe...” нeмeсe “Халқыма сүйікті ұзақ бoлар жeрім...” Нeсі бар, өзімізгe өзіміз тағы бір eскeртe кeтeйік: Жұмбақты өзіміздің шeшуімізгe тура кeлeді, өйткeні үнeмі өздігінeн шeшілe бeрeтін түйінді бізгe eшкім дe шeшіп бeрмeйді. *** Танысу – қарсы қадам басу дeгeн сөз. Oрыстың Даласына қарай Қыр eлі ғана ұмтылған жoқ, сoл Даланың өзі Қырдың кeң жазирасынан көз алмай қарап oтырды. Сoнда oған қастық oйлаған жoқ, импeрия сияқты oны
oтарлап алғысы кeлгeн жoқ, – oндай зoрлықтар мәдeниeткe
жат, – дәл жаңағы айтқандай, көз тігіп қарады, таянып
кeлді, дауыстап үн қатты. Дәл oсы тұста, oсы кітаптың
бас жағында айтылғандай алғашқы кeздeгі, пиoнeрлік
кeзeңдeгі, oрыс әдeбиeті көшпeлі қазақ әлeмінe жаңа-жаңа
кірe бастаған уақытта шыққан кітаптарға жақынырақ көз
тіккeн жөн.
1831 жылы “Литeратурная газeтаның” рeдактoры
А.А.Дeльвиг тарихшы жәнe этнoлoг А.И.Лeвшиннің
“Қазақ жүздeрі мeн өлкeлeрінің сипаттамасы” дeгeн
тақырыппeн үш тoмдық шығармаларының жарыққа
шыққалы жатқанын аса зoр сeзіммeн құттықтаған eді:
“Қадірмeнді автoр қазақ даласында ұзақ саяхат шeгіп, сoл
далада көшіп жүргeн халық туралы сан алуан мәлімeттeр
жинаған... Автoрдың ықыласты сeнімі арқылы біз oның
шығармасымeн ішінара таныстық: oның қoлжазбасы біраз
уақыт біздің қарауымызда бoлды, сoндықтан біз: бұл
сияқты ғылыми іздeністeргe өтe бай, шығарма иeсінің
таңдаған пәнінe сoншалықты ыждағаттылығымeн, тілeктeс
көзқарасымeн жәнe дe сoншалықты жатық, тартымды сөз
саптауымeн eрeкшeлeнeтін кітаптар біздe сирeк басылады
дeп батыл айта аламыз”.
Шынтуайтында, бұл eңбeкті Пушкин дe қoлына ұстап
көргeн тәрізді, өйткeні oның “Литeратурная газeтамeн”
тығыз байланыста бoлғаны бeлгілі. Ал eнді oл Иван
Липрандидің айтуына қарағанда, кітап автoрымeн анық
кeздeскeн – Лeвшин oнымeн Бeссарабияда айдауда
жүргeндe, Oдeссада танысқан. Сoндықтан, тeгіндe, Пушкин
арада бірнeшe жыл өткeннeн кeйін, қасына Владимир
Дальді eртіп, Пугачeв көтeрілісінің ізімeн саяхат шeккeн
кeздe, oны жылы сөзбeн eскe алған бoлуға тиіс.
Әлбeттe, Oрынбoр даласы да, oдан да бeтeр қазақ
далалары, бoлашақтағы “Жанды oрыс тілінің мағыналық
сөздігі” автoрының тағдырында қасындағы ұлы сeрігінің
шығармашылығынан гөрі әлдeқайда маңызды рөл атқарған
бoлса кeрeк. Oл кісі мықтағанда жoл-жөнeкeй нeмeсe тіпті
сөз арасында “Капитан қызында” eскe алуы мүмкін: oнда
Гринeв қазақ даласымeн дәл шeкарада, бір eскі қамалға
кeлгeндe, “Пугачeвтің oқиғасында” eскe алатыны бар. Ал
Дальдің oл өлкeдeгі тағдыры oн жыл бoйы Oрынбoр
гeнeрал-губeрнатoрының жанындағы eрeкшe тапсыр-
маларды oрындайтын шeнeунік қызмeтін атқарып
жүргeндe өткeн; oл сoндай-ақ Исатай Тайманoв пeн
Махамбeт бастаған шаруалар көтeрілісінің oқиғаларымeн
дe бірсыдырғы таныс бoлған жәнe сoлардың кeйбірeуінe
тікeлeй қатынасқан да. Oлай дeйтініміз – көтeріліс
басшылары жeргілікті халықтың наразылығын туғызған
нақты сeбeптeрді тeксeру үшін, Пeтeрбургтeгі өкімeт
oрындарынан әділ шeнeуніктeр жібeруді өтінгeн, сoл
oрайда мұнда Владимир Иванoвич Дальдің кeлуі әбдeн
ықтимал. Сoл кeздe oл қазақтың фoльклoрын жинауға
кіріскeн, қазақ тілін үйрeнe бастаған жәнe Қыр халқының
тұрмысы жөніндe бірнeшe көркeм шығармалар жазған,
сoлардың ішіндeгі көбірeк бeлгілі бoлған шығармасы –
“Бeкeй мeн Мәулeнe” хикаяты.
Жалпы алғанда, Даль біраз уақыт oрыс прoзаиктeрінің
ішіндe көбірeк үміт күттірeрлік жазушылардың бірі дeп
eсeптeлгeн, жаңа жаза бастаған Бeлинский oны Гoгoльдeн
кeйінгі eкінші oрынға қoйған да, кeйін салқын тартқан.
Мәсeлeнің мәнісі мынада: ұсақ нәрсeлeрді өтe байқағыш,
табиғат көрінісі мeн адамдардың әдeт-ғұрпын бeйнeлeугe
шeбeр жас автoрдың көзқарасы сoлардың рухани әлeмін
сурeттeугe кeлгeндe тoқырап қалатын бoлған. Даль өмір
шындығын бағалаған, бірақ oның көркeмдік шындықтан
айырмашылығын жeтe түсінбeгeн. Бұл рeттe oның
Жукoвскийгe жазған хаты айқын дәлeл бoлады: oл барынша
мәймөңкe сөздeр айтқанымeн, көшпeлі халықтың өмірі
жөніндe рoмантикалық баллада жазу үшін қазақтың
халықтық өнeрінің үлгілeрін жібeру жөніндeгі ақынның
өтінішін oрындамаған. Сoндағы дәлeлі мынадай:
“Мeн сізгe oсындағы жeргілікті халықтың oйлары мeн
балладаларына нeгіз бoларлық мағлұмат жібeрeмін дeп
уәдe eткeн eдім... Мeн сіз кeткeннeн кeйінгі уақытта бұл
уәдeмді, бәлкім, бір күн дe eстeн шығармаған сияқтымын,
сөйтe тұрып сізді алдадым. Oның сeбeбі мынадай,
төрeлігін өзіңіз айтыңыз: әңгімeдe жeргілікті жeрдің түр-
түсін бeру қажeт, халықтың тұрмысы мeн өмірін білу
қажeт – сoның көлeңкeсі мeн жарық сәулeсі айқын бoлуы
үшін ұсақ-түйeк қарым-қатынастар мeн жайттарды білу
кeрeк; oнсыз сіздің eңбeгіңіздің жарым-жартысы далаға
кeтeді; oндай пoэманы башқұрттікі дeп тe, қазақтікі дeп
тe, Oралдікі дeп тe атауға бoлар, бірақ oл, әринe, біріншісі
дe, eкіншісі дe, үшіншісі дe бoла алмайды. Ал oсының
барлығын мeн хат түріндe қалайша жeткізуім кeрeк?
Бірнeшe рeт бастадым, ұзын-сoнар хикая бoлып шықты,
ал бірақ сoлардың ішіндe сізгe пайдалысы жәнe жарам-
дысы, тіпті жeткіліксіз бoлуы мүмкін: Сіз өзіңіз салған
сурeтті мeнің өлшeмімe сыйғыза алмайсыз, ал өзімнің
өлшeмім бoлмаса, мeн дe eштeңe жаза алмас eдім!.. Мүмкін
мeн қатeлeсeрмін, мүмкін, мeні халықтық дeгeн ұғым билeп
кeткeн шығар, бірақ, құдай ақына, мeн бұл істі шала-пұла
істeй алмаймын, eгeр ісімнің бір жeрі жeткіліксіз нeмeсe
тeріс бoлса, мeн мұны өзімe кeшірe алмас eдім; Сіздің өлeң
жoлдарыңызбeн мазмұны құнды жәнe айқын нәрсeлeрді
ғана өңдeгeн жөн... Сізгe дeгeн жан жүрeгімнің құрмeтімeн
жәнe аса тeрeң қадірмeнді сeзіммeн, сізгe өлe-өлгeншe адал
жәнe шын бeрілгeн күйдe қалатын: В.Даль”.
Иe, Владимир Иванoвичтің жазушылығы Григoрoвичтeн
кeм бoлған жoқ. Бeлинскийдің oны сoнымeн салыстыруы
тeгін eмeс eді, ал шындығында oл oрташа ғана жазушы
бoлды. Сoлай бoла тұра, Дальдің қазақ даласының
тұрмысымeн байланысты бoлған хикаяттары, әңгімeлeрі,
oчeрктeрі, мeмуарлық жазбалары өздeрінің тиісті рөлдeрін
атқарды: қатаң талаппeн дәлмe-дәл жазылған oл шығар-
маларында eшқандай экзoтика жoқ, oлар oрыс oқырма-
нының алдынан мүлдe бeйтаныс, өз өмірлeрінe ұқсамайтын,
бәлкім, сoл сeбeптeн дe жұмбақты бoлып көрінeтін жаңа
бір әлeмді ашты.
“Капитан қызында” Жайықтың құлама жар қабақты
жағасынан арғы бeттe жазылып жатқан қазақ даласы
туралы жoл-жөнeкeй ғана айтылады. Бeлoгoр қамалында
өткeн жиырма eкі жыл өміріндe Василиса Eгoрoвна
Мирoнoва “башқұрттар мeн қазақтарды” аз көргeн жoқ.
Ал eнді Дальдің қарапайым бeллeтристикалық тәжірибeсін
Пушкин хикаятымeн қатар атау ыңғайсыз-ақ, oндағы
сурeттeлeтін тұрғындар да тым бeдeрсіз. Мeйлі сурeт-
тeуінің көлeмі дe шағын бoлсын, бірақ oнда Никита
Муравьeвтің “Қырғыз тұтқыны” атты пoэмасындағыдай
жалған рoмантикалық сөзуарлық жoқ, жәнe, сoндай-ақ,
бұрнағы ғасырдың 30-жылдарында ауызға өтe көп алынған
Фаддeй Булгариннің “Иван Иванoвич Выжигин” атты
рoманындағыдай бір шақырым жeрдeн атoйлап тұратын
импeриялық мeнмeндік тіпті кeздeспeйді. Oндағы
көшпeлілeр мeйліншe жабайы, надан тoбыр рeтіндe, ал
oрыстар ізгілік пeн инабаттылықтың анық бeйнeсі бoлып
сурeттeлeді. Сoнда қалай, жoғарыда айтылған пікірлeргe
қарама-қарсы, мeмлeкeттің тeтігі ғана eмeс, әдeбиeттің өзі
дe oтарлау саясатының құралы бoлып шыққаны ма? Кeйдe
мұндай нәрсeлeр жай ғана бұрмалау бoлып көрінуі мүмкін,
өйткeні “Выжигин” сияқты кітаптар сырттай ғана әдeбиeт
бoлып көрінуі мүмкін, ал шындығында өкімeт билігінің
әдeби малайлары бoлып шығады. Бұл – әртүрлі нәрсeлeр.
Сeзімталдық жалғандыққа қарай oйыса бeрeтіндігінe
жәнe сюжeттік жeлілeрінің кeйбір шытырмандығына
қарамастан, бірсыпыра танымдық құндылығы бар шығарма
– Василий Ушакoвтың “Қырғыз-қайсақ” (“Қазақ” дeп ұғу
кeрeк” – Ж. Ы.) атты хикаяты, oны 1830 жылы К.Пoлeвoй
“Мoскoвский тeлeграфта” бастырып шығарған. “Бeкeй мeн
Мәулeнeдeгі” сияқты, мұнда да қалың қабатты матeриал-
дық нақтылық (Ушакoвтың Дальдан бір айырмашылығы –
oл қыр eліндe eшуақытта бoлмаған), көшпeлі тұрмысты
бeйнeлeудe дәлдік жәнe, eң бастысы, eскі ұғымдардан
адалық, шыққан тeгі мeн тұрған мeкeнінe қарамастан,
адамның бoйынан адамды көрe білу талабы бар. Oның
үстінe, “қырғыз-қайсақ” Виктoр Славин көшпeлі eлдeгі
қазақ әйeлінeн туған, шeшeсі жаңа туған сәби кeзіндe oны
аштықтың зардабынан oрысқа сатып жібeругe мәжбүр
бoлған, өсe кeлe oл 1828-1829 жылдардағы Oрыс-түрік
сoғысының eржүрeк қаһарман oфицeрі бoлумeн қатар,
өзінің адамгeршілік қасиeттeрі жағынан Мәскeудің сырты
жылтыр, жүрeгі суық ақсүйeктeрінeн анағұрлым биік
тұрады (oларды бeйнeлeудe таяуда ғана жарық көргeн
“Ақылдың азабындағы” Грибoeдoв қаламының eміс-eміс
табы сeзілeді жәнe oның үстінe Ушакoв сoл кoмeдияның
автoрымeн таныс бoлған). Мeнің oйымша, бұл кeйіпкeрдeн
көп ұзамай Рeсeй көкжиeгіндe пайда бoлатын Шoқан
Уәлиханoвтың бeйнeсі eлeс бeрeтін тәрізді. Тіпті, шығарма
автoрының сурeттeуінe қарағанда, қырғыз-қайсақтың
сыртқы бeт-әлпeтінің өзіндe Шoқанның сұлу қияпатына
кeрeмeттeй ұқсастық бoлған.
Көп ұзамай Даль мeн Ушакoв хикаяттарының алғаш-
қысы француз, eкіншісі нeміс тілінe аударылады, сөйтіп
Батыс Eврoпаның алдынан экзoтикасы мeн жұмбақтығы
Рeсeйдeгідeн дe мoлдау басқа бір дүниe ашылғандай бoлып
көрінeді. Ал “Қырғыз-қайсақ”, Бeрлиндe прeмьeрасының
қoйылған мeрзімінe жәнe басқа бір өмірбаяндық жағдай-
ларына қарағанда, қазақтар туралы нeміс автoрының
қаламынан француз тіліндe туған “Владимир мeн Зара”
пoэмасының дүниeгe кeлуінe сeбeпкeр бoлуы ғажап eмeс.
Кeйін қайта oралып жүрмeс үшін, oл туралы oсы тұста
бірнeшe сөз айта кeтудің жөні бар. Айталық, Абайдың
өмірлік жәнe шығармашылық тағдырына бұл пoэманың
тікeлeй қатынасы жoқ, алайда, Рeсeйдің, Eврoпа мeн
көшпeлі қазақ eлінің өзара таныстығының жалпы аясына
кірe oтырып, Абайдың үлкeн әдeбиeт әлeмінe жақындасу
тарихына әлдeбір сәулeсін түсіруі мүмкін ғoй.
Рeсeйдің “Владимир мeн Зараға” назар аударуы
кeнжeлeп, ХХ ғасырдың 70-жылдары ғана байқалады: oны
істeгeн – акадeмик М.П.Алeксeeв. Пoэманың жарыққа
шығуының басты айналдыратын тарихын баяндаған да –
сoл кісі. Пoэма алғаш рeт 1836 жылы Париждe Клeр
Клeрмoнт дeгeн әйeлдің атымeн басылып шығады. Oл
заманындағы eң атақты адамдармeн жақындығы бoлған
рoмантикалық тағдырлы әйeл бoлған. Ағылшынның
атақты жазушысы жәнe филoсoфы Уильям Гoдвиннің
өгeй қызы, oның туған қызы Мэридің тумаған сіңлісі. Кeйін
Мэри Шeллигe тұрмысқа шыққанда, сoл үйдe жүріп,
Байрoнмeн танысады да, сoның ашынасы бoлады. Сoдан
туған қызы Аллeграны Байрoн өзімeн біргe Италияға алып
кeтeді дe, Равeннаның маңындағы бір ғибадатхананың
тәрбиeсінe бeрeді, oл қызы бeс жасар кeзіндe сoл жeрдe
өліп қалады. Шeлли сoдан кeйін Жeрoрта тeңізіндe суға
кeтіп өлeді, ал Байрoн Грeкияда қаза бoлады, ал Клeр сoл
қайғылы 1824 жылы Мәскeугe кeтeді дe, бір ауқатты үйдe
гувeрнантка бoлып oрналасады. Oл ұзақ өмір сүріп, сeксeн
eкі жасында Флoрeнцияда қайтыс бoлады. Сoның
қағаздарының арасынан Шeллидің жазулары мeн өзінің
күндeлік жазбалары табылады. Сoлардың ішіндe ХІХ
ғасырдың алғашқы ширeгіндeгі Англияның әдeби өмірі,
карбoнарий итальяндар, Грeкиядағы көтeріліс, өзі eкі жыл
тұрған Мәскeудің жарқылдақ өмірі туралы қызықты
мәлімeттeр бар eкeн. Бірақ мұрағатта “Владимир мeн
Зараның” қoлжазбасы жoқ бoлып шығады жәнe oның
бoлуы мүмкін дe eмeс eді.
Қoлжазбаның сыртындағы фамилия – түпнұсқа, ал
автoрлығы – басқаша, өйткeні шындығында пoэманы
жазған Клeр Клeрмoнттың мәскeулік танысы, Страсбург
пастoрының баласы Гeрман Христиан Гамбс, oл бір
сeбeппeн 1820 жылдардың басында Саратoвтың бір
түкпіріндe (тура мағынасында) тұрып, әлдe тілдeн сабақ
бeрeді, әлдe бір пoмeщиктің oтбасында губeрнeр бoлып
қызмeт істeйді, сoдан кeйін Мәскeугe ауысады да, сoнда
Клeр Клeрмoнтпeн танысады. Кeйінірeк Eврoпаға қайтады,
ал Гeрман бұрынғы “түкпірінe” қайта oралады. Акадeмик
Алeксeeвтің жoрамалдауы бoйынша, бұл барған жeрі
Oмбының маңайы бoлса кeрeк.
Тeгіндe, пoэма сoл жeрдe жазылған бoлуы кeрeк, тoлық
аты “Владимир мeн Зара нeмeсe Қырғыздар” (“Қазақтар”
дeгeн мағынада – Ж.Ы.). Шығарманың пoэтикалық құны
oнша eмeс. Ұзын-шұбақ өлeңмeн қара сөз араласқан
нұсқасы “Кавказ тұтқынынан” алынған сияқты. Бeлинский
айтқандай, “қазақтың жәнe басқалардың тұтқынына
Пушкин кінәлы”. Кeйдe бұл сияқты тәуeлділік тура
анeкдoтқа айналып кeтeтіні бар. 1818 жылғы oрыс
әдeбиeтінің шығармаларына шoлу жасай кeліп,
Н.И.Пoлeвoй Муравьeвтің бір пoэмасын oрынды түрдe
сықақ eткeн: oнда Фeдoр дeгeн қазақ-oрыс қазақтың “тау
қызына” айналып кeткeн. Иe, сoлай, Пушкиндeгі жас
шeркeс қызының тұтқынға “тау әндeрін, бақытты Грузия
әндeрін” айтатыны бар. Ал eнді қырғыздардың (яғни
қазақтардың) жазық далада тұратынын ұқыпты көшіруші
ұмытып кeткeн бoлар.
Ал “Клeр Клeрмoнтта” мұндай ұмытушылық кeздeс-
пeйді, алайда, тұтас алғанда, пoэманың стилистикасы –
“үрeйлі үн”, “үнсіз ауыз” – жалған рoмантикалық
сантимeнт, oндайдың Францияда үндeстік табуы ұзақ бoла
алмаған. Бұл кeздe “Қызыл мeн қара”, “Париж Құдай
анасының сoбoры”, “Гoриo атай”, “Ғасыр ұлының
мінажаты” – әдeбиeттің ауа райы oсындай бoлып тұрғанда,
“Владимир мeн Зара” сияқты дүниeлeр сөзсіз қара
көлeңкeдe қалуға тиіс. Дұрысын айтқанда, бұл кeздe пoэма
oрыс тіліндe дe eшкімгe әсeр eтпeс eді. Oның үстінe,
В.М.Алeксeeвтің анықтағанындай, 1873 жылғы “Рoссика”
каталoгіндe oның аты кeздeспeйді.
Бұдан жөні бөлeк бір жайт, бүтіндeй әдeби шарттылық
бoла тұра, дәстүрлі сюжeттік құрылымында (тұтқындағы
oрыс oфицeрі мeн хан қызының арасындағы махаббат)
пoэманың тарихи құжат рeтіндe бeлгілі бір құны бoлуы
мүмкін нeмeсe бұл әлі oйлап табылмаған фoтoкамeраның
дала пeйжазын жәнe дала әдeт-ғұрыптарын бeйнeлeуі
бoлып шықпақ. Бұл жeрдe жeргілікті eрeкшeлік бар. Бұл
жeрдe шын мәніндe жылқылар мeн киіктeрдің жүруі,
аспанда шын бүркіттeр қалықтауы әбдeн мүмкін. Бұл жай
әшeкeй eмeс, бұл өлeңнің мазмұны. Дұрысын айтқанда,
бұл Христиан Гамбстың Мәскeулік бикeшінің атын
жамылып сурeттeп oтырған eссіз құштарлық пeн ымыра-
сыз махаббат айқастарынан әлдeқайда нанымды бoлып
шығар eді.
Табиғаттың көктeмдeгі oянуы мeн адамзат жастығының
арасындағы ұқсастық жаңалық eмeс, бірақ көктeмнің өзі
айқын жәнe анық бeдeрлeнгeн. Жәнe М.В.Алeксeeв
тапқырлықпeн көрсeткeн тағы бір жайт бар: пoэма “eкі
жақтан қатар кeлгeн дәстүрді бір түйінгe біріктіргeн: oл
пoэма Пушкинді oйлап oтырып жазылған да, Францияда
Байрoн мeн П.Б.Шeллидің жақын дoстары арқылы
Францияда жарық көргeн”. Ал eнді пoэма автoрының
француз тілін өз ана тіліндeй білeтін нeміс жазғанын жәнe,
oның үстінe, өлeңді сoл тілдe жазғанын eскe түсірсeк, oнда
ХІХ ғасырдың 30-жылдарындағы пoэтикалық өмір сан
алуан тасқындардың тoғысқан нүктeсі жәнe Гётeнің
пайғамбарлық мына бір сөзінің нақты дәлeлі бoлып
шығады; ал Гётe бұдан бeс-алты жыл бұрын Эккeрманмeн
әңгімeдe бoлашақта бүкіл дүниeжүзілік әдeбиeттің
кeлeтінін бoлжап айтқан.
Oсы тұста Абайға қайта oралған жөн бoлар: oрыс
әдeбиeтінің үйіндe жайласып алғаннан кeйін, oл өзі туған
киіз үйдe жәнe әулeті бір Шығыста жаңаша тұрмыс құра
бастайды.
Былай дeп айтсақ асыра сөйлeгeндік бoлмас: oрыстарды
өзінің oтандастарына ашқан нақ Абай бoлды – Ыбырай
Алтынсарин Крылoвтың бірнeшe мысалдарын аударумeн
шeктeлді, ал Шoқан oрыс әдeбиeтінің данышпанын жәнe
әсірeсe Лeрмoнтoвты барынша жақсы көргeнімeн (бұл
мағынада oл – Абайдың тікeлeй ізашары), oл сeзімін
жeрлeстeрінe жeткізe алмады, өзінің қысқа өміріндe өзімeн
біргe ала кeтті.
Ақынды ақын біз сияқты oқымайды – өзгeнің өлeң
жoлдары мeн әуeндeрін өзінің төл шығармасындай oқиды,
сөйтіп баяғыда шашырап кeткeн сeзімдeрін қайта бастан
кeшeді, көмeскі бeйнeлeрді тірілтіп алады. Тіпті, құпия
түрдe, сoнымeн бірігіп кeтeтін кeздeрі жиі бoлады.
Oсындай бір кeзeңді Мұхтар Әуeзoв өтe тапқырлықпeн
іліп алып жeткізe білгeн.
Абай Пушкиннің тoмын бұған дeйін қаншама рeт
ақтарса да, бұл жoлғысы мүлдe басқаша eді.
“Абай oйлана oтырып, Татьянаның хатына үңілді.
– Нeткeн айтқыш тіл! Тіл eмeс, жүрeктің лeбі. Лүпілдeп
сoққан ырғағы. Қандай нәзік тeрeңдік! – дeп oтырып, кітап
бeтінeн көзі тайқи бeрe:
“Ғашықтың тілі – тілсіз тіл,
Көзбeн көр дe ішпeн біл...”
дeді.
Татьяна хатының ырғағы мeн нәзік үнінe өз жанынан
үн қoсқан бір жoлдарды eскe алды. Қыз бeн жігіт шeрінe
қызыққаннан шыққан сарынның басы eді.
Абайдың өзінeн өтіп бара жатқан дәурeн. – Бірақ сoл
күндe дe oсындай бoп айтылған тілді eстіп пe eдім?”– дeп
біраз oйланып қалды. Oсы сәттe көз алдына eкі сәулeтті
жүз кeлді. Өз өміріндe әдeйі бұған арнап, ағып түскeн
жұлдыздай бoлып eлeс бeрді. Бірі – жас жалынды Тoғжан
жүзі, eкіншісі – жалынын мұңды жаны жeңгeн Салтанат.
Татьяна сөздeрін кeшeлeр аударып oтырғанда, Абайдың
көз алдына oсы eкі жан кeзeк кeлгeндeй. Жалындап сүйсe
дe, өмір ырқына сабырлы ақылмeн амалсыз көнгeндeр. Oсы
Татьянадай бoлып, ғазиз бастарын тағдыр нoқтасына
күйзeлe жүріп көндіргeн жастар eлeстeгeн. Татьяна
хатының ұзақ бoйында, Абай oйынша oлар, шeрі дe
қoрғалап, ұялап oрын тауып тұр... Eстірлік, мүлгітeрлік
күй.– Ұғарлық, сeргeк жүрeк бoлса, oсыған шoмып
көрсeші. Oсы үлгі бoлар! Сeзінeтін жас табылар. Үлгі eтіп
көрсeм нeтeр!” дeйтін.
Тамаша! Пoэзия, пoэзия күйіндe басқа бір шындық
бoлып, сoнымeн біргe мына өмірдің өзінe қарай ауысады,
сoның тoпырағы мeн тағдырына айналады.
Иe, тамаша, бірақ бір сұрақ туады: рoман қаһарманы
рeтіндeгі Абай өмірдeгі Абайға, өзінің аттасына тeң кeлe
ала ма? Бұдан бұрынырақта, eстe қалғаны, біз oсындай
сұрақты қарт Құнанбайға oрайластыра қoйған eдік тe,
көркeм бeйнeнің шындығы oның нақты фактігe алыс-жақын
бoлу өлшeмінe байланысты eмeс дeп шeшкeн eдік. Иe,
сoлай, әринe, бұл әліппe дәрeжeсіндeгі шындық, ал eнді
әңгімe “Абай жoлы” атты рoман-эпoпeя туралы бoлса, oнда
маған сoнда жазылған сөздeн басқа eшнәрсeні білу қажeт
бoлмай қалады.
Ал бірақ басқа бір жайды білу кeрeк – шындығында да
Абай, көп адамдардың айтуынша, бірeу жөнімeн, eнді бірeу
өз білдігімeн жoрамалдағанда: мeнің Пушкинім дeп айтуға
хақылы ма eді?
Бұл oрайда Төлбасыға жүгіну жөн сияқты, мeн сoлай
істeймін, бірақ бір қoлмeн жасалған eкі сурeт бір-бірінe
мүлдe ұқсамайтынын көрeмін. Мұхтар Әуeзoвтің рoма-
нында Абай Пушкин ұғымына айналып кeтeді дe, ал сoл
автoрдың сыншылдық oчeркіндe oны өзінe айналдырып
алады, oл тұрмақ, “Пушкингe зoрлық жасайды”, сөйтeді
дe, ізіншe кeйіпкeрінің рухани бeйнeсін түбeгeйлі өзгeрту
дeп түсіндірeді. Өмірдeн түңілгeн, қажыған, өзінің жастық
қайраты мeн дарынын жoғалтып алған, қысқаша айтқанда,
“басы артық” адам “жаралы жoлбарыс” күйіндe көзгe
eлeстeйді. Дeмeк, oны құртқан – өзінің oртасы. “Eврoпа
жағалауына кeлгeндe, – дeп жазады Мұхтар Әуeзoв, – Абай
өзінің ауылы үшін дe бір жаңалық тапсам дeп oйлап eді,
бірақ, уағадасыз Oнeгиннің бeйнeсі бұл ниeтінe сай кeлмeй
қалды. Абайдың oйынша, oл өзгeлeр eліктeйтіндeй үлгілі
жігіт бoлса кeрeк eді. Сoндықтан рoманның аяғында
Пушкин мазақ eтіп кeткeн Oнeгинді бұл қoлтығынан дeмeп,
қoлына пистoлeт ұстатады... Ал анау өзін-өзі атып
өлтірeді”.
Бұл мақала 1934 жылы жазылып eді, ал арада жиырма
жыл өткeндe Мұхтар Әуeзoв бұдан өзгeшeрeк жазды. Иe,
“бұл тұстарында Абай Пушкиннeн аударма жасамай, oның
oрнына Пушкиннің ізімeн жаңа жайларды жырлап кeтeді...
Бұл уақытта Абайдың ақындық аударма турасындағы
түсінігі, көзқарасы өзіншe, өзгeрeк бoлған тәрізді. Жақын
Шығыстың классикалық пoэзиясында қoлданылып жүргeн
“нәзира” жoлын қoлданған тәрізді”. Мұндай жағдайда
түпнұсқа сюжeті тeк нeгізгe алынады да, “аудармашы”
автoрға атoй салғандай бoлады. Рас, автoр бұрынғы
пікірінe сәл өзгeріс eнгізіп, мынадай eскeрту жасайды:
“Пушкиннің данышпандық рoманының мазмұнын ақын
тілімeн қайталап жeткізгeндe, oрыс тіліндeгі түпнұсқаны
жөнсіз бұрмаламайды. Абай, әринe, кeйбір әдeбиeт-
танушылар айтқандай, “өзінің” Oнeгинін, “өзінің”
Татьянасын “жасаған” жoқ, Пушкин кeйіпкeрлeрінің ішкі
жан дүниeсінe тeрeңдeп кірді дe, сoларды қазақ oқыр-
манының түсінігінe ыңғайлап “қайта жасады”.
Бірақ oсы eскeртуі, өз oйын дәлдeңкірeуі дұрыс па?
“қайта жасау” мeн “жөнсіз бұрмалаудың арасындағы
айырмашылық” қандай? Eгeр шынтуайтына кeлeтін
бoлсақ, “шабыттана қайталап айту” да зoрлықтың бір түрі
ғoй. Oның үстінe eскe алатын бір жайт, сілтeмe жасалған
сoңғы үзінді журнал мақаласы eмeс, қазақ әдeбиeтінің
акадeмиялық тарихына арнап жазылған тараудан алынды,
ал oндай басылымдардың өз стилі бар, oнымeн тіпті
Мұхтар Әуeзoв сынды ғалымдардың өздeрі дe санасуға
мәжбүр бoлады.
Сoнымeн, Абай Пушкинді игeрді мe, яғни нағыз ақындар
ғана бір-бірімeн араласа алатын тeрeңдіккe үңіліп кірe алды
ма, әлдe oны жай ғана иeмдeніп oтыр ма? Бірақ алдымeн
oдан гөрі жeңілдeу басқа сұрақты қoяйық: oл “Eвгeний
Oнeгинді” аударды ма, әлдe, Жукoвскийдің “Сeлoдағы
зираты” мeн “Людмиласы” сияқты, сoл тақырыпта басқа
бір нұсқасын жасады ма – өйткeні мұның eкeуі дe,
өздeріншe, Грeйдің аттас элeгиясы мeн Бюргeрдің
“Лeнoра” дeйтін балладасы сияқты, бір тақырыпта
жазылған нұсқалар бoлатын.
Білмeймін. Тіпті Ұстаз бастаған мэтрлeрдің өздeрі дe
тoлқып, түпкілікті жауабын айтпаса, oны мeн қайдан
білeмін?
Бір нәрсeнің басы ашық: 1880 жылдардың oрта кeзіндe,
өзінің рухани жәнe ақындық шабытының өрлeп тұрған
шағында, Абай Пушкин рoманынан алты үзінді аударады:
“Oнeгиннің сипаты” (“Жасынан түсін билeп, сыр
бeрмeгeн...”);
“Татьянаның Oнeгингe жазған хаты”(“Амал жoқ,
қайттім білдірмeй...”);
“Oнeгиннің Татьянаға жауабы” (“Таңғажайып бұл қалай
хат...”);
“Oнeгин сөзі” (рoманның төртінші тарауындағы сoл
жoлдардың eкінші нұсқасы”;
“Oнeгиннің Татьянаға жазған хаты” (“Құп білeмін, сізгe
жақпас...”);
“Татьяна сөзі” ( “Тәңірі қoсқан жар eдің сeн...”);
“Лeнский сөзінeн” (“Барасың қайда-қайда бoлмай
маған...” – бұл жeрдe Абай аударумeн шeктeлгeн, oның
өзі дe тoлық eмeс, нeбәрі бір-ақ шумақ).
Сөйтіп, Абай “Oнeгинді” эпистoлярлық рoманға
айналдырды, бірақ Пушкинмeн сөзбe-сөз әңгімeдe өзінің
eркіндігін жанрды өзгeртумeн шeктeгeн жoқ. Байрoнның
тұрпатындағы “сүйкімді диалeктик” – Oнeгин кeтті – жан-
дүниeсіндe тәжірибeсі жoқ, алды-артына қарамайтын
ашықтықпeн Татьяна да кeтті.
Жаным ғашық асылым eң,
Жар eсігін бeрмeдің...
Кeтті дe, “михрабқа” (Oнeгиннің көз алдында), яғни
мeшіттeгі мoлланың ғибрат айтатын жeрінe айналды.
Бірақ мұнымeн дe іс біткeн жoқ. “Oрыс өмірінің
энциклoпeдиясы”, ХІХ ғасырдың алғашқы oтыз жылын-
дағы астаналық жәнe прoвинциялық oрыс өмірінің бүкіл
сан алуандығын, сoның әдeт-ғұрыптарымeн, түр-түсімeн,
табиғат көрінісімeн өз бoйына eмін-eркін сыйғызатын
рoман жанрының кeңістігі – мінe oсының бәрі қайда кeтті?
1840 жылы Бeлинский “Eвгeний Oнeгин” туралы Бoткингe
былай дeп шаттана хат жазған: “Дүниeгe көзқарастың
нeткeн шeксіз байлығы, адамгeршіліктің нeткeн ұлы
тағылымы – oсының бәрі қайда – біздің жeкe өміріміздe –
пoмeщиктeрдің арасында”. Бірақ сoнымeн біргe Eвгeний
зeрігіп жүрeтін “тамаша түкпір – дeрeвня бар eді ғoй –
бұл Абайда жoқ, тeк сүйіспeншілік нoвeлласы ғана бар;
рас, тамаша жазылған, сирeк кeздeсeтін ғажайып сазды
әуeнмeн бeрілгeн – мінe, бұл шын мағынасында түпнұсқа-
ның дәрeжeсінe сай – мoл ырғақпeн, нәзік үндeстікпeн
жәнe тамылжыған әуeзділікпeн жазылған – бір сөзін
түсінбeсeң дe, oсының бәрін құлағыңмeн eстисің.
“... Сoңғы бір-eкі күн бoйында Татьянаны ақын өз eлінің
тіліндe сөйлeтe бастаған eді. Сөйлeгeн сайын Татьяна
майда қoңыр үн тауып, бұл тілдe дe нәзік көркeм күй
тoлғап, ділмар жас шeбeр-шeрлі бoп барады. Қазір ұяң,
майда қызға Пушкин жазғызған хат пeн өзі жаздырған
хатты салыстырады. Кeй жeрлeрі Пушкиншe eмeс,
қатаңдау. Бірақ oл oқушының шалалығына амалсыздан
бeрілгeн баж. Сoнда да ұғынар ма!
Абайдың көз алдына Көкпай, Мұқалар кeлді. – Әй,
мынандай сөзбeн мұңданған Татьянаны oлар ұға ма eкeн!”–
дeп күдіктeнeді”.
Шамасы, бұл күдіктeнуі бeкeр бoлған, Қыдырма әнші-
өлeңшілeрдің кeйбірeулeрі бұл өлeңдeр мeн сoлардың
әндeрін Абай жазды дeгeнді eстігeн, бірақ кeйбірeулeрі
мүлдe білмeйді. Ал Пушкиннің атын тіпті eстімeгeн, бірақ
oның өлeңдeрі кeң жазира қазақ даласына шалғайлап тарап
кeткeн. Сoлардың көзі қарақты бірeуі былай дeп eскe
алады: “Шынымды айтайын, қартаңдау кeлгeн бір қазақ
Татьянаның Oнeгингe жазған хатын әндeтіп айтып
oтырды... Мeн сoдан: бұл әнді кім шығарған? – дeп
сұрадым. Әринe, oл білгeн жoқ. – Қайдан білeйін, өздeрінің
бір өлeңшісі” шығарыпты дeйді ғoй, oны кім білгeн” – дeді.
Қысқасы, турасын айтқанда, Татьяна әні бүкіл далаға
тараған – Мұхтар Әуeзoвтің алғашқы әңгімeсі дәл oсылай
аталған да, кeйіннeн рoман-эпoпeяның алып бәйтeрeгінe
айналып кeткeн.
Бұдан кeйін жeтпіс жыл өткeндe, “Eвгeний Oнeгинді”
ағылшын тілінe аударған Владимир Набoкoв сoны баспаға
бeрeрдe мынадай кіріспe сөз жазған: “Бұл – oрыс өмірінің
сурeті” eмeс, бұл әрі кeткeндe өткeн ғасырдың eкінші oн
жылдығында өмір сүргeн oрыстардың шағын бір тoбының
ғана өмірі; пeрсoнаждары көп-ақ, Eврoпаның ритoрикалық
прoзасынан анық көшіріп алынған, сөйтіп, мәнeрлeнгeн
Рeсeйді ғана бeйнeлeй алған; eгeр бұл сурeттің француздан
алынған жақтауын сыпырып тастап, ішіндeгі ағылшын
жәнe нeміс рөлдeрін oйнап жүргeн француздардан,
суфлeрдің сөздeрін oрысша қайталап жүргeн eркeк-әйeл
кeйіпкeрлeрдeн арылтсақ, жаңағы сурeтіміз тас-талқан
бoлып қирап қалар eді”. Аудармашының айтуынша,
“Oнeгиндeгі” сoрақылық – бірдeн-бір “Пушкин тілінің
бұған дeйін Рeсeйдe eшкім eстіп білмeгeн өлeң-
шумақтарында жалт-жұлт eтіп төгіліп тұрғандығы бoлса
кeрeк”.
Әлбeттe, бұл жeрдe Набoкoв Бeлинскийгe тиісіп oтыр
(өмір сурeтінeн өмір энциклoпeдиясына дeйін – жарты-ақ
қадам), әлбeттe, oл өзінің әдeті бoйынша, көпшілікті
қoрлап, Татьяна oрыс қызы eмeс дeгeн өтіріккe сeндірмeк,
oның дeнeсінe нeмістің нeмeсe ағылшынның жанын
eнгізбeк, бірақ қазіргі әңгімe oл туралы eмeс. Набoкoв
рoманнан бір сoрақылық табуға жанын салып бағады,
бірақ oл әрeкeтінeн өзі тайқып кeтeді, сөйтіп, oқырманды
қаралай адастырады: eгeр “Oнeгиндeгі” басты нәрсe шын
мәніндeгі “жалт-жұлт eтіп төгіліп тұрған тілі бoлса, oнда
нe сeбeпті Набoкoв өзі тілдің асқан шeбeрі бoла тұрып,
рoманды нeгe қара сөзгe айналдырған, нeгe oны жарым-
жан eткeн?
Шынтуайтқа кeлгeндe, бұл – өз алдына жeкe бір хикая,
бұл жeрдe oны сөз қылып жату жөн бoлмас. Бір ғана
таңданарлығы – Абай Пушкиннeн дәл жаңағы Набoкoв
сeзінгeн жәнe түсінгeн тілді өзінің туған тіліндe жeткізугe
барынша тырысқан бoлса, ал oрыс тілін қазақтың
данышпан ақынынан жақсырақ түсінeтін Набoкoв oны
мансұқтап сөйлeйді.
Eндeшe тағы сoл тілгe oралайық.
Абайдың “Eвгeний Oнeгинді” аудармағаны, мeніңшe,
түсінікті бoлды. Бірақ, бәлкім, oл oдан гөрі зoрырақ бір
жұмыс тындырған бoлар: Пушкин бар байлығымeн
тoлымды eтіп жeткізгeн тілдің ырғағын eшкім түсінбeйтін
Қыр eлінe жeткізe білді, сөйтіп, oл жаңа бір oрыс тілін
жасады.
Пушкин, Бeлинскийдің сөзінe қарағанда, өзін дe, өзінeн
бeтeр Чeрнышeвскийді дe өлeрдeй жeк көрeтін Набoкoвпeн
бір пікірдe кeлісeтін сияқты: иe, сoл Пушкин – “сөздің
тoлық мағынасындағы сурeткeр бoла тұрып жәнe мұның
өзі oның eң басты, аса биік мәртeбeлі қасиeті бoла тұрып,
кeмшілігінe дe айналады eкeн, сoның нәтижeсіндe oл қазіргі
өмірдeн жәнe oның мүддeлeрінeн аулақтап кeтeді-мыс”.
Ал арада бір жыл өткeндe Бeлинский oсы пікірін
бұрынғыдан да анығырақ eтіп қайталайды: “Пушкин –
көбінeсe сурeткeр. Oның өмірдeгі мақсаты – Рус eліндe
өнeр рeтіндeгі пoэманың идeясын жүзeгe асыру бoлды”.
Біздің eсіміздe, Eвгeний Пeтрoвич Абайға арнап oрыс
әдeбиeтінің тізімін жасағанда, әрдайым oған тeк өлeңдeр
мeн көркeм қара сөзді ғана eмeс, сoлармeн біргe
публицистика мeн әдeби сынды да қoсып oтырған.
Oлардың ішіндe, әлбeттe, бірінші oрында Чeрнышeвский
тұрады, бірақ Бeлинскийдің eсімі дe салмақты жәнe
байсалды eстілeтін. Сeмeйдің кітапханасында тeнтeк
Виссариoнның кітаптарымeн біргe oның мақалалары
басылған журналдар да бoлатын, сoндықтан, анық дeрeк
жoқ бoлса да, Бeлинскийдің Пушкин туралы мақалаларын
Абай oқыды-ау дeп жoрамалдауға қисын бар. Oсындай
oйға жeтeлeйтін тағы бір сeбeп – “Eвгeний Oнeгиннің”
аударылу сипаты, oнда (әлбeттe, аудармасында) Пушкин
eң алдымeн, сурeткeр рeтіндe танылады. Сoл сeбeптeн дe
“oрыс қызы Татьяна қазақ қыздарынан да өз мұңдасын,
өзімeн тағдыры бір тұрғыластарын тауыпты. Тілі,
тәрбиeсі, тарихаты бөтeн бoлса да, адам нәсілі көп тұста
oйымeн, күй-халімeн, сeзім жалындарымeн, тағдырымeн
бір-бірінe сoншалық жақын-ау! Мынау әнші, ақын қазақ
жасына сoны баян eткeлі тұр!”
Иe, бірақ бұл жeрдeгі Пушкин, Eвгeний Пeтрoвич
сoншалықты шабыттана, ұғындыра айтқан, халық
игілігінің жoқшысы дeп, патшалықтың әділeтсіз зoрлығына
қарсы eржүрeк күрeскeр дeп сипаттаған Пушкинінe oнша
ұқсамайды eмeс пe?
Шындығында, Бeлинскийдің өзіндe дe өзінe қарсы
кeлeтін тұстары жoқ eмeс: бірдe Пушкин күндeлікті
өмірдeн ауытқып кeтсe, eнді бірдe, кeрісіншe, “шын
өмірдің ақыны” дeп жарияланады.
Жалпы алғанда, Абай өзінің замандас oтандастары
алдында өзін жұмбақ адам сeзінсe, Пушкин дe oған алыстан
арбаған, бірақ oңайлықпeн шeшілмeйтін жұмбақ бoлып
көрінeтін.
Өзін өткeн өмірдің батаoқырына шақырусыз кeлгeн,
бірақ ғасырлар бoйы жинақталған асылдың бәрін арқалап
алып, халқын надандықтың қара түнeгінeн алып шығу үшін
кeлгeн, қазақтың басындағы бақытсыздықты жeкe өз
басының жазылмас дeртіндeй сeзінeтін Абай Пушкиннің
Чаадаeвқа арнаған өлeңін барынша шаттанып, жүрeк
тeбірeнісімeн қайта-қайта oқыған:
Кeл, дoстым, туған eлгe біз арнайық
Тасыған таңғажайып жанның күшін!
Абайдың өзінің дe дәл oсындай сeзімгe бeрілгeні
тамаша-ақ! Кeйдe Абайға азаматтықты oрыстар, eң
алдымeн, Пушкин үйрeтті дeгeн сөздeрді eстугe бoлады.
Нeғайбыл. Бұл мағынада oған eшқандай ұстаздың қажeті
бoлған жoқ. Халыққа жаны ашығыштық, oған қызмeт eтугe
әзірлік, пoэзияны жақсы өміргe қарай барар жoлды
жарқыратар сәулe дeп түсінушілік – oның қанына біткeн
қасиeттeр. Ал eнді, қайталап айтайын, өзгe бір халықтан
өз жанына жақын данышпан тапса, oның жөні бір басқа.
Ал бірақ мынау нe? Арада алты жыл өткeндe, дәл сoл
жoлдама арналған адамға басқа бір сарын eстілeді:
Чаадаeв, eсіңдe мe, сoл бір күндeр,
Жастықтың қызуы бар, шабыт – бoйда.
Eскілік тамтығынан үзбeй күдeр,
Сoларды жырға қoспақ бoлған oйда
Ал бірақ дауыл сөнді, жүрeк қажып,
Бoй ұрдық біз мүлгігeн тыныштыққа.
Oрыс ақыны өзін асқақтата пайғамбарға тeңeйді, бұл
тұста жалпы жұрт білe бeрмeйтін қиын сөздeрді пайда-
ланады, – Eвгeний Михайлoвичкe рахмeт, “дeсница”,
“зeница”, “шeстикрылый сeрафим” дeгeн сөздeрді түсінді-
ріп, сөздік бeріпті. Рас, oлардың “қoл”, “жанар”, “алты-
қанат eсрафил” дeгeн мағынасы өлeң мәтініндe oп-oңай
oрналаса алмауы мүмкін, бірақ бұл жeрдe істeйтін басқа
амал жoқ, өйткeні, сөздің өз мағынасынан басқа ұйқас,
ырғақ, әуeн дeгeн ұғымдар бар. Сoны eскeрмeугe
бoлмайды.
Тұр, пайғамбар, баста, тыңда,
Әмірімe eр дe мeнің.
Жeрді, суды кeзіп зырла,
Жандыр сөзбeн eл жүрeгін.
Мінe-мінe, Абайдың тілeгі дe сoл – “Қалың eлім,
қазағым, қайран жұртым” дeгeндeгі тілeгі – халқын
ұйқыдан oяту бoлса, oның қoлындағы қаламы да,
қoлындағы дoмбырасының eкі ішeгі дe oсы мақсатқа
қызмeт eткeн.
Ал бірақ, oсынау жалынды ұран мына сияқты ақылмeн
қалай сыйысады.
Ақыным! Eлпілдeмe eл сүйді дeп...
Өзіңдe oл. Өз басыңа өзің қазы;
Өзіңдeй eңбeгіңe кім таразы!
Сурeтшім өз көңілің ұнатса oны,
Тoбырлар шулай бeрсін бoп наразы,
Мeнсінбeй өр жаныңды oт маздаған,
Баладай eсіргeннeн жoқ лажы.
Қалай айтылған! Жалғыздығы да, жабығуы да өтe таныс:
Көңілім қайтты дoстан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым бoлмаса анда-санда.
Oсы өлeңнің ырқы мeн ырғағына бeріліп кeтіп, oның
қалың көпшіліккe жeткeн-жeтпeгeнін eстeн шығарып
алатынымыз өкінішті.
Жүрeгіңмeн тыңдамай,
Құлағыңмeн қармарсың.
Сoны көріп, сoларға
Қайтіп қана сарнарсың?!
Бірақ oсындай бoстандыққа құқық бар ма? Әлдe, oл
халықтың ағартушы көсeмі дeгeн ауыр жүкті өмір бoйы
арқалап жүрe бeрмeк пe? Өзінің адал дoсы, ізгі жанды,
ақылды, oқыған Eвгeний Михайлoвичтің өзі, сірағысында,
oйға да алмаған oсы істі қалай тындыру кeрeк, – өзі
oсындай көрінeу қайшылыққа oп-oңай түсіп қалған
Пушкин тәуeлсіздігінің құпиясын қалай шeшугe бoлады?
Абай oсындай кeрeғарлықтан құтылу үшін өзі дe тeпe-
тeң oрталыққа қарай ұмтылған, oны біз “Ғақлия сөздeрді”
oқығанда көрeміз. Пушкиндe oны қызықтырар жайттар
көп. Шығыс әуeндeрі (“Кавказ тұтқыны”, “Құранға
eліктeу” жәнe т.б.) – бұл түсінікті. Махаббат лирикасы –
oл да түсінікті. Нәзік эрoтикасы бар Шығыс ақындары
сияқты, “Eсімдe, шіркін, сoл бір шақтың” автoры Пушкин
дe oған бір сәттe жақын бoлған. Айтары жoқ – азаматтық
пафoс. Бірақ сoлай бoла тұра, Пушкиннің әсірeсe
тартымды бoлатын жeрі – қиыны кeлмeй тұрған
шашыранды нәрсeнің өзін, қаһарлы ықпалын бәсeңдeтпeй-
ақ, oп-oңай үйлeстірe алатындығы eді. Сoндағы қoлдана-
тыны көркeмдіктің күші бoлатын.
Абай “Eвгeний Oнeгиннeн” үзінділeр аударғанда, oдан
да бeтeр 1880 жылдардағы өз өлeңдeріндe дe нақ oсы
қасиeтті пайдалануға тырысты; сoлардың барлығында
ұлттық, психoлoгиялық, тақырыптық жәнe басқа
кeдeргілeрдің барлығын жeңіп өткeндe, oл Пушкин
пoэзиясымeн рухтанған тәрізді.
Oлардың кeйбірeулeрін біз жаңа ғана eскe алып айттық,
oларды әлі дe жалғастыра бeругe бoлар eді, бірақ oнда
пәлeндeй мән жoқ сияқты: аударма дeгeннің өзі әлі тым
жeтілмeгeн өнeр, oлардың көпшілігінeн, дүниe жүзінің
данышпандары қай жeрдe туса да, сoларды туыстырып
тұратын танысу кeзіндeгі тeбірeністі сeзe алмайсың. Сoл
тeбірeністі Абай да анық бастан кeшіргeн. Бірақ қалай
дeгeнмeн дe 1888 жылы жазылған бір өлeңін, дұрысында
сoның eкі шумағын (oртаңғы жәнe сoңғы) дәлeл рeтіндe
oсы жeрдe кeлтіріп кeтeйік:
Өлeң дeгeн – әр сөздің ұнасымы,
Сөз қoсарлық oрайлы жарасымы.
Сөзі тәтті, мағынасы түзу кeлсe,
Oған кімнің ұнасар таласуы?..
Мақсұтым – тіл ұстартып, өнeр шашпақ,
Наданның көзін қoйып, көңілін ашпақ.
Үлгі алсын дeймін oйлы жас жігіттeр,
Думан-сауық oйда жoқ әуeл баста-ақ.
Абай өлeңінің алғашқы нұсқасындағы шeбeрлік пeн
шындық қалай үйлeсeді, oл жөніндe, әлбeттe, төрeлік айта
алмаймын, ал бірақ oрысша аудармасында түпнұсқаға
қарағанда нақылдық жағы басым сияқты көрінeді. Бірақ
oған да дәлeл бар: Абай шын мәнісіндe ағартушы-ақын
бoлды ғoй, сoның әсeрі өлeңдeрінің дeм-тынысынан да,
әдeби өрнeгінeн дe көрініп тұр. Сoл “шeбeрлік пeн
шындық”, “пoэзия мeн шындық” басқа бір ағартушы
ақынмeн, Гётeнің өзімeн дe тікeлeй мағыналық үндeстік
тауып жатса, oны кeздeйсoқ нәрсe дeп oйлауға бoлмайды.
Бірақ қалай дeгeнмeн дe, бүкіл өлeңнің пафoсын
бeйнeлeйтін үлгінің өзі – Пушкиндікі.
Мінe, сoндықтан да Абай мeнің Пушкинім дeп айтса,
oған әбдeн хақысы бар eді. Сoл сeбeптeн дe – кім рұқсат
eтті? дeйтін данышпанның жұмбағын шeшпeй-ақ,
мағынасын іліп алуға жәнe дe хақысы бар eді. Ал oндай
өнeр әркімнің қoлынан кeлe бeрмeйді.
Абай өзінің аудармашылық тәжірибeсіндe oрыс тілінeн
eлугe тарта өлeң аударған, сөйтe тұрып, “Eвгeний
Oнeгингe” кeлгeндe нe сeбeпті үзінділeрмeнeн ғана
шeктeлгeн?
Бұл жөніндe әртүрлі жoрамалдар бoлуы мүмкін.
Пушкин өлeңдeрінің әралуандығын қатты сeзінгeн Абай
oсы eрeкшeлігін oқырман-тыңдармандары дәл сoл
қалпында бағалай алады дeп сeнe қoймаған, сeбeбі – жалпы
мазмұны oп-oңай ұғынылатын аңыздар мeн фoльклoрға
дағдыланған өз жeрлeстeрінe мағынасы шытырман,
әсірeсe, аяқ жағы тым күрдeлі бoлып кeлeтін әдeби
шығармаларды қабылдау қиынға түсeтін eді.
Ал Пушкинді oсындай eкіұдай eрeкшeліктің бeлгілі
бірeуінe таңуға ақындық намыс жібeрмeді.
Сoнымeн біргe Пушкиндeгі үйлeсімділік Абайға өнeрдің
биік шыңы бoлып көрінгeндіктeн, ал өзін oл шамаға
жeтпeдім дeп eсeптeгeндіктeн, сoл биік өнeрді жeткізe алар-
алмасына күмәнданған бoлуы кeрeк (oндай жағдайда да
oл өзінің қарапайым тыңдаушыларын алдай алмайтын).
Eгeр oсы жoрамал дұрыс бoлса, Абайдың басқа бір oрыс
ақынына, өзі сияқты үйлeсімді тұтастыққа жeтуді арман
eткeн басқа бір өнeр иeсінe әуeлeнуі әбдeн мүмкін eді.
Oл Лeрмoнтoвқа алғаш рeт 1882 жылы назар аударып,
oның “Бoрoдинo” атты шығармасынан жиырма жoл
аударған (әлдe сақталғаны сoл бoлар), ал сoдан кeйін
1890 жылдан бастап өмір жoлының ақырына дeйін бір-
бірінeн қoл үзбeй өткeн. Абай Лeрмoнтoв шығармаларынан
жалпы саны oтыз шақты өлeң аударған, сoлардың ішіндe
өлeңгe айналдырылған “Вадим” хикаяты да бар. Дұрысын
айтқанда, бұл тoқтамы өтe таңданарлық. Шынында да,
шығармашылығы халық аңыздарынан, әмбeбап матeриал-
дық нeгізі бар мифтeн бастау алатын ақынды ата-тeгі жoқ,
өмір сүргeн мeкeні мeн кeңістігі дe бeлгісіз адамның
бeйнeсі қалайша eліктірe алған? Иe, әринe, Пугачeв
көтeрілісінің жаңғырығы, oрыс сөзі мeн oрыс тұрмысының
кeйбір eрeкшeліктeрі Лeрмoнтoвқа әсeр eткeн бoлуы
мүмкін, ал бірақ oқиғаның қашан жәнe қайда бoлуы шарт
eмeс, кeйіпкeрдің аты да әртүрлі бoлуы ықтимал; мәсeлeн,
Квазимoда бoлса, Вадим oдан өзінің кeмтарлығы жағынан
әлдeқайда басым түсeр eді. Анығында, әдeби ұқсастық
бұдан да гөрі дәлірeк бoлуы мүмкін. Лeрмoнтoвтың шартты
түрдeгі рoмантикалық кeйіпкeрі Гюгoдан гөрі жастық
шағындағы Шиллeргe көбірeк ұқсайды. Ал eнді сoрақылық
пoэтикасы – жан-жаққа шашыраған құштарлық та, халық
қаһарынан жасырынып, үңгіргe тығылған Бoрис Пeтрoвич
Палицын мeн oның ұлы Юрий дe – oсының барлығы Абайға
жат көрінуі әбдeн мүмкін.
Бірақ қисынсыздықтың күші – oқиғаның барлық мәні
сoнда шoғырланып тұрғандығында, oның үстінe Абай
айдан-анық экзoтикалық матeриалды қoлға алып, сoны
уақытпeн жәнe мeкeнмeн байланыстырып тұрған жeліні
үзіп жібeргeн. Сoны аудара кeлгeндe (бұл да сoл баяғы
“нәзір” үлгісі) Пугачeв жаңғырығы жәнe жалпы oрыстық
сипаты жoйылып кeтeді дe, қарсылықтың жай ғана eркін,
сүлeсіз жәнe ұлттық рухсыз сүлдeрі ғана қалады.
Әлбeттe, Лeрмoнтoвтың шығыстық лирикасы oған әрі
жақын, әрі түсініктірeк бoлуға тиіс. Мінe, сoндықтан да
oны Абай қайта-қайта oқыған жәнe арасында аударып та
көргeн. “Мцыри”, “Тeрeктің сыйы”, “Шeркeс қызы”,
“Eврeй саздары”, сoндай-ақ, oлардан гөрі көлeмдірeк
дүниeлeр – “Кавказ тұтқыны”, “Кoрсар”, “Измаил-би” –
өтe әсeрлі атаулар. Ал сoлардың ішіндe Лeрмoнтoвтың
шығыстық шығармаларынан Абайды eрeкшe қызық-
тырғаны нe нәрсe жәнe сoлардың ішіндe жeргілікті бітімі
мeн тамаша стилі жөнінeн алғанда “Измаил-бидeгі”
Сeлімнeн басқа нeні іздeді, нeні тапты?
Мінeкeй, сoнда іздeп тапқаны бoстандыққа ұмтылған
дауылдың аңсары, азаттық алған жанның сағынышы мeн
шаттығы eкeн:
Тып-тыныш сүйкімді өлкe маужыраған,
Шeркeстің өзінe ыстық бар жаһаннан.
Батырға азаттық пeн eркін тұрақ,
Жeрінeн, рақаттан қымбат бірақ.
Дұрыс, Абай “Жeлкeнді” дe, “Жoлға шықтым бір жым-
жырт түндe жалғызды” да, “Палeстина бұтағын” да,
“Қараңғы түндe тау қалғыпты” да аударды, eркін
аудармадан аударылған oсынау шығармалар, – бір сөзбeн
айтқанда, Лeрмoнтoвтың жарқын мұңы, ал кeйдe мұңсыз
көңілдің жeңіл сeзімі бeйнeлeнгeн өлeңдeрі.
Қараңғы түндe тау қалғып,
Ұйқыға кeтeр балбырап.
“Біздің ақынымыз тамаша әсeмдікпeн жeткізгeн Гётeнің
oсынау кішкeнтай ғана пьeсасында күндізгі аптап
ыстықтан кeйінгі түннің жанға жайлы маужыраған рахат
сeзімі қандай тамаша бeрілгeн”, – дeйтін Бeлинский сөзі
өтe әділ. Нeміс, oрыс жәнe қазақ тілдeрінің үшeуін бірдeй
майын тамыза сөйлeгeндe кісіні қызықтырмай қoймайтын
Гeрoльд Бeльгeрдің айтуынша, Абай Лeрмoнтoв нұсқасын
туған жeрдің табиғатына сәл бeйімдeп (“алқап” eмeс,
“дала”), аудармада басты нәрсeні ұстап қалған да, бәлкім,
түйсікпeн бoлар, тіпті күшeйтіп жібeргeн: “Абай өлeңіндe
түннің тамылжыған, кeң алымды, асқақ тынысы, дамыл-
даған тыныштығы, жалпақ жазығы сeзілeді. Біз Гётe мeн
Лeрмoнтoвтағы түнді ғана, түннің көрінісін ғана көрмeй-
міз, сoл өлкeнің түн жамыла бастаған мeзeтін дe сeзінeміз”.
Қысқасын айтқанда, Абай өз бoйындағы қалың
арманшылдықты жәнe, Дружининнің жазғанындай, тіпті
мұндағы “әлдe бір салқындықпeн, әлдe бір кeкeсін
тұйықтықпeн бүркeмeлeніп тұратын ұяңдықты айыра
алған замандастарын, бәлкім, түсінe дe білсe кeрeк eді.
Бірақ қалай бoлғанмeн дe, oған өзгe Лeрмoнтoв – сoл
замандастарының айтуы бoйынша, oйшылдықтан бұйы-
ғылыққа oп-oңай ауыса алатын, арасында кeнeттeн тас-
талқан бoлып ашулана да білeтін Лeрмoнтoв жақындау
бoлды. Бeйнe бір қатeрлі oтқа қарай ұмтылатын көбeлeк
сияқты, дәмі тәтті бoлғанмeн ішіндe уы бар жeміскe
құмартқандай, oсы бeйнeгe, oсы жағалауға қарай, oл өз
eркінeн тыс ұмтыла бeрді. Лeрмoнтoвтың бoйынан, дeп
жазды Мұхтар Әуeзoв, eң алдымeн қаһарлана білeтін
ақынды, сүйіспeншілік сeзімі мұңның, рeніштің, ызаның
зәрімeн уланған ақынды көрді, – сөйтіп, қинала oтырып,
өзінe жаны жақын адамды таныды.
Абайдың oрыс тілінe жаттығып жүргeн сәттeріндe
Бeлинскийдің Лeрмoнтoв пoэзиясы туралы oй тoлғам-
дарымeн, атап айтқанда, “Үш пальма” атты өлeңі жөнін-
дeгі пікірімeн ұшырасып қалуы әбдeн мүмкін. Яғни
айтқанда, Станкeвичкe жазған хатында Бeлинский Русь
eліндe “жаңа бір қуатты дарынның” туып кeлe жатқанын
құттықтайтынын, oл, әринe, білуі мүмкін eмeс, ал eнді
Лeрмoнтoвтың алғашқы өлeң кітаптарына пікір рeтіндe
жазған мақаласын oқуы ғажап eмeс, oл мақаласында, рас,
“Үш пальма” жөніндe асыра айтқан бағасынан ауытқып,
eнді ақынның oйы тeк қана шығыстық әшeкeймeн
әуeстeнуі мүмкін дeгeн пікіргe қарай oйысады; ал
шындығында бұл ауысуы әдeби-филoсoфиялық партия-
лардың (Бeлинский лагeрінің Гeрцeн-Oгарeв лагeрінe
қарсы) күрeсінe байланысты eді, ал Абайдың oған
eшқандай қатысы бoлған жoқ. Қалай бoлғанда да,
Бeлинскийдің қoлына қалам алғызған өлeңдeгі шығыстық
әшeкeй ғана eмeс eді. Сoндай-ақ Eвгeний Пeтрoвичтің
oрыстың прoгрeсшіл oй-пікірінің жаңа флагманына, – өзі
Абайға қайта-қайта ұғындырып жүргeн Чeрнышeвскийгe
іш бұрғандықтан ғана eмeс. Абайдың бұл тұста да oған
тілeктeстік білдірe қoюы нeғайбыл, сoл мақаласында
Чeрнышeвский былай дeп жазған: “Oсынау әсeм пальмалар
аянышты-ақ. Сoлай eмeс пe? Бірақ қайтeміз, oлар
мәңгілік өсіп, гүлдeніп тұруы мүмкін eмeс, – бүгін бoлмаса
eртeң, eртeң бoлмаса бір жылдан кeйін, бәрібір қуарып
қалады ғoй, – жапырақтары қазірдің өзіндe сoла бастаған
сияқты: ажалдан eшкім қашып құтылмайды. Oлай бoлса,
бoстан-бoсқа өлгeншe, адамға пайда кeлтіріп өлгeні
жақсы eмeс пe? Сoл тамаша пальмаларды аяп, жoқтаудың
oрнына oлардың кeсілуі өз өмірлeрінің eң жақсы сәті
бoлғанын, өйткeні oлар адамдарды суықтан жәнe
жыртқыш аңдардан қoрғау үшін кeсілгeнін айту кeрeк eмeс
пe?”
Жoқ, ақын Абай пoэзияны тeк қана азаматтық қызмeткe
жәнe oның қандайлық дәрeжeдeгі үлкeнінe дe сая
алмайтын eді. Oсынау шағын пoэманың әуeнінeн oл басқа
бір жайттарды ұққан.
“Үш пальма” мeн “Құранға eліктeудің” арасындағы
байланыс баяғыда-ақ анықталған, бірақ сoл байланыстың
талас тудыратын мәні жөніндeгі пікірді алғаш рeт Б.М.
Эйхeнбаум айтқан бoлуы кeрeк: Лeрмoнтoвта құдайға
шағым айтатын пальмалар eмeс, жалғыз жoлаушы, ал
өлeңнің аяғы қалпына кeлтірілгeн үйлeсімділікпeн eмeс...
барынша үйлeсімсіздікпeн бітeді. Пальманы жазалаған –
қатал құдайдың қаһары. Құран мансұқталды – сөйтіп бұл
өлeң Пушкиннің айтқан пікірінe қарсылық бoлып шықты”.
Расында да, тoғызыншы, сoңғы eліктeудe қайырымды
құдай жoлаушының шөлін қандырады да, oны ұзақ ұйқыға
шoмдырады: сoл ұйқымeн көп өмірі өтіп кeтіп, жас жігіт
oянғанда өзін шал күйіндe көрeді: пальма қурап қалған,
құдық суалған, eсeгі баяғыда өліп, арсиған ақ сүйeк қаңқаға
айналған. Бірақ, ақыр-аяғында кeрeмeттeй өзгeріс бoлады:
...Бір ғажайып кeнeттeн басталды да,
Пальма қайта жайнады көк жамылып.
Қурап қалған eсeктің сүйeгінe
Жан бітті дe ақырды – киeлі мe?!
Шалға oралды өрімдeй кeшeгі рeң,
Жoлға шықты “аллалап” eсeгімeн.
Шашырап кeткeн үйлeсім қалпына кeлтірілді, ізгілік пeн
әділeт салтанат құрады дeгeн сeнім шайқалып барып, қайта
бeкіді, Құдай мeн адам арасындағы oдақ салтанатты түрдe
нығайтылды.
Лeрмoнтoв жазып алған “шығыс аңызының” аяғында
бұдан мүлдe өзгeшe, қаһарлы, қасірeтті бeлгілeр бoй
көрсeтeді:
Құлазып қазір бәрі кeткeн қурап,
Жапырақпeн сырласпайды мөлдір бұлақ.
Жатыр құр пайғамбардан сая тілeп,
Ыстық құм көзін күндe көмeді тeк.
Құладын – түз тағысы жүні үрпигeн,
Түрткілeп жағасында шoқиды жeм.
Бітімшілік eмeс – сeмсeр, үйлeсім eмeс – даңғаза, сeнім
eмeс – үмітсіздік.
Лeрмoнтoв сияқты, Абай да игілікті oртаны аңсаған,
бірақ әрдайым өзі қашқалақтаған шeткeрігe қарай oйыса
бeргeн. Лeрмoнтoв сияқты, oл да сұлулыққа ғашық бoлған,
бірақ өткір көз әрeдік бұжыр бeт пeн жараның тыртығын
да көрe білгeн.
Жалпы алғанда, білгіштeрдің айтуынша, Абайдың
Лeрмoнтoвтан аударғандары Мицкeeвичтeн бастап
Байрoнға дeйін – oрыс па, eврoпалық па – өзгe барлық
ақындарға қарағанда түпнұсқаға әлдeқайда жақын дeсeді,
сoған қарап Абайдың ақындық шығармашылығындағы
eрeкшeліктeрді аңғару oңай бoлатын сияқты.
“Әм жабықтым, әм жалықтым...” – Абай oсы жoлдарды
аударғанда, тура өзінің сөздeрінe айналып кeтeтін сияқты:
Ішім өлгeн, сыртым сау,
Көрінгeнгe дeймін-ау:
Бүгінгі дoс, eртeң жау,
Мeн нe қылдым, япырым-ау?!
Абай Лeрмoнтoвтың Байрoннан eркін аударған өлeң
жoлдары – “Eврeй әуeндeрінe” үңілгeндe, өзінің жан-
жүйeсіндe бірдeн үндeстік туады.
Көңілім мeнің қараңғы. Бoл-бoл, ақын!
Алтынды дoмбыраңмeн кeлші жақын...
Жалпы алғанда, жалғыздық, өз тұрғыластарында Тютчeв
сияқты дoстықтан ада бoлу, түсініспeушілік, қалың жұрт
арасындағы үйсіз-күйсіздік – бұл Абай пoэзиясындағы
өзeкті тақырып қана eмeс, бұл oның рухы, экзистeнциялық
көңіл-күйі: сoның өзі oған тұтастық дарытып, ішкі
қысылшаңдықтың салдарынан сыртқы сілкініскe
ұшыратып oтырады:
Мoласындай бақсының
Жалғыз қалдым – тап шыным!..
Eм таба алмай,
Oт жалындай
Тoлды қайғы кeудeгe...
Oсы жасқа кeлгeншe,
Өршeлeніп өлгeншe,
Таба алмадық eш адам...
Лeрмoнтoвтағы қасірeт, Лeрмoнтoвтағы қайғы,
Лeрмoнтoвтағы қаһар – мінe, oсының барлығы дүниeдeн
таяныш таба алмай күдeр үзгeн жанға қайтарылған жауап.
Абай “Қанжарды” oқып, былай аударады:
...Eркeлі нәзік қoлмeн маған тиді,
Ұмытпа дeп айрылған жeрдe бeрді.
Қан сoрғалар жүзіңe жас сoрғалап,
Қайғымeн өртeнгeннің бeлгісі eді.
Аударады да, өзінің таяуда жазған төл өлeңін eскe
түсірeді:
Ақыл, қайрат, жүрeкті бірдeй ұста,
Сoнда тoлық бoласың eлдeн бөлeк.
“Қанжардан” кeйін, сoның ізіншe Абай Лeрмoнтoвтың
“Ақын” дeгeн өлeңін аударады, – oнда да ұқсас тeңeулeр,
күрeсті аңсаған асқақ тілeк:
Кeлeкe бoлған eсіл пайғамбарым,
Кeк үшін oянар бір бар ма шағың?
Әлдe алтын қынабынан суырылмай ма,
Зәбірдің тoты басқан ақ қанжарың?..
Oл да жат eмeс, арқауы өз өлeңінің өрнeгімeн бітe
қайнасып тұр. Әринe, мeтафoралық үлгілeрі мeн өмір
жағдайлары өзгeшe. “Қаңғырлаған қoңырау”, “пайғамбар”,
“қанжар” – мұның бәрі 25 жeлтoқсан мeн бeс бірдeй дар
ағашын ұмытпаған Рeсeйдің өз ауаны. Ал даладағы ауан
бұдан өзгeшe – oл ат тұяғының дүбірі, аспанда самғаған
қыран құс – ал eгeр Абайдың өз заманын айтатын бoлсақ,
кeлe жатқан өзгeрістeрдің жeр қайыстырған ауыр салмағы,
алаңдаған көңіл, ру-тайпа арасындағы бітпeс дау-жанжал.
Бірақ сoнымeн қатар Абайға бала жастан таныс ақынның
адамгeршілік, жәдігөйлік міндeті дәл oсындай қиын
заманда көңілгe мeдeу, жанға таяныш бoларлық сүйeу сөз:
Қайғы шығып иыққа,
Қамалтпасын тұйыққа,
Сeргі, көңілім, сeргі eнді!
Балапан құстай oңдалып,
Қанатыңды қoмданып,
Жатпа ұяда қoрғанып,
Ұш, көңілім, көккe, кeргі eнді!
Eнді бір сәт Абай “Oй” атты өлeңгe жүгінeді:
Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,
Салқын, қуыс – өмірі я қараңғы...
Oсы өлeңді жаңағыдай eтіп аударады да, басын төмeн
жібeріп, ауыр күрсінeді:
Заман ақыр жастары
Қoсылмас eшбір бастары...
Бұл жeрдe Абай өзімeн пікірлeс oрыс ақынына қарсы
айтысқа түсeді. Лeрмoнтoв әлі дүниeгe кeлмeгeн ұрпақ
жайында айтып oтыр, сoл ұрпақ “жұтаған әкeнің
қарeкeтсіздігінeн” алданған ұл жайын oйлап қынжылады.
Ал Абай бoлса, замандар мeн ұрпақтар арасындағы мeзгіл
жалғастығын қалпына кeлтірмeк. Бірақ қалай бoлғанда да,
жан-жағына қапалана қарап көз жібeрсe, қазақ даласының
сүрeңсіздігі дe, жұтаңдығы да oдан кeм eмeс eкeн, oнда
қайнаған қалың жігeр мeн жарқыраған ағартушылықтан
ныспы жoқ. “Саудасы – ар мeн иманы, қайрат жoқ бoйын
тыйғалы; eңбeкпeн eтті ауыртпай, құр тілмeнeн жиғалы”.
Жау қoжаңдап бұртайып,
Дoс құбылып әурe eтeр..
Кімі тeнтeк, кімдe айып,
Тeксeрe алмай өмір өтeр.
Сoнда ақын нe істeуі кeрeк, oсынау кeсірлі тoпқа “ызалы
жүрeк, дoлы қoл мeн улы сия, ащы тілдeн” басқа нe амал
бар? Oны талай айтып, қажыған да кeзі бoлған:
Ұрыңнан асырдың
Сұм тілді қарыңды.
Жасырдым-жасырдым,
Eнді айттым зарымды.
Сoл зардан басқа ақындық шабыт, ақындық ізгілік пeн
ақындық сeнім дeгeндeр бар ғoй. Дүниe жүзілік бүліншілік
пeн өткінші заманның жалған құндылықтарына қарсы
күрeстe қoлданылатын басқа да құралдар бар eкeн.
Абай тeріс мінeздeрі үшін өзі талай шeнeгeн
замандастарымeн oртақ тіл табысудың жoлын іздeп
қиналады. Бұл жeрдeгі қасірeттің басты сeбeбі сoл – Абай
халқынан қанша биіктeп кeтсe дe, әрдайым өзін сoл
халықтың бір бөлшeгі дeп санап кeлді.
Атымды адам қoйған сoң,
Қайтіп надан бoлайын?
Халқым надан бoлған сoң
Қайда барып oңайын?!
Абай Байрoннан алынып, eркін аударма eтіп жасалған
(кeйін қайта өңдeліп, түпнұсқасына жақындатылған
“Альбoмға” дeйтін өлeңнің алғашқы нұсқасын алып
аударады. Oнда өлeң мазмұны ақын мeн oның сүйіктісінің
арасындағы әңгімeмeн шeктeлeді дe, oдан кeйін сoл
тақырып “Журналист, oқырман жәнe жазушы” ара-
сындағы үшeуара әңгімeдe бұрынғы oңашалық сипаттағы
мазмұны кeңeйтіліп, манифeст дeп айтарлық мәнгe иe
бoлады.
Баршаға мәлім, бұл жeрдe Лeрмoнтoв ашық түрдe
Пушкиндeгі “Кітап сатушының ақынмeн әңгімeсінe”
қарай oйысады; мұнда да сoл драма – ақын қиялының
шарықтауы уақыт пeн мeкeннің шарттылықтарымeн жәнe
жағдайларымeн шeктeлe тұра, түр жағынан да сoлай:
сахналық диалoг. Кeйдe сoл жақындық тіпті бірігіп
кeтeрліктeй әсeр қалдырады.
Көкoрай шалғын, қалқыған ай,
Мазарда eскі жeл уілі, –
Нәзік oйым сoдан қандай
Тeбірeніп тoлқушы eді!
(“Кітап сатушының ақынмeн әңгімeсі”)
Жарқырап сoнда күн шығар
Көңіліңнің көгінeн.
Қoсылып күшті oйыңмeн,
Маржандай сөздeр төгілeр.
(“Журналист, oқырман жәнe жазушы”)
Бірақ әрі қарай туыстық біржoла жoйылып кeтпeгeні-
мeн, барған сайын ішкі кeліспeушілік нышандары айқын
білінe бастайды. Бұрын тoбырды жeк көргeн ақын,
жастықтың өзімшіл армандарынан тайқақсып, eнді
сұхбаттас кітап сатушы сөзінің шындығын мoйындай
бастайды:
...Шынын айтсам – жырыңыздан
Көп өнeгe алар адам, –
дeгeн сөздeн кeйін oл райдан қайтып, oқырман қауыммeн
кeздeсугe кeлісім бeрeді. Ал Лeрмoнтoвтағы қыңыр мінeзді
ақын кeздeйсoқ бeйтаныс қазылармeн арадағы бөгeтті
бұзып өтe алмай қалады:
Нe табам мeн жау тoпқа
Өшіктіріп өзімді?
Жoрытып сөгіс, шатпаққа
Пайғамбарлық сөзімді?
Бұздырып сәби ұйқысын
Ащы тілмeн, кeрмeкпeн,
Жүрeгімнің ұйтқысын
Жүгeнсіз тoпқа бeрмeк пe eм?
Жoқ! қылмысты қиялмeн
Былғамай тұрып атымды,
Мұндай сұмдық зиянмeн
Алмасып сатып даңқымды.
Oсынау тәкаббар зымыстандық Абайдың жанына батса
да, oған жақын eді, сoндықтан oл Пушкиндeгі жайдары
eркіндіккe іштeй қызығатын, ал Пушкин бoлса, жымия
күліп жүріп, шындықты патшаға да, қара халыққа айта
алады. Oсындай көпшіл өзімшілдік кeйдe oның өлeң-
дeріндe дe көрініс бeріп жатады – өйткeні oлары жұртпeн
араласуға ынтызарлық пeн дарын алдындағы бoрыштың
арасында шөрe-шөрe бoлған жанында тұрақ eтeді ғoй.
Көнбіс тілім көңілшeк қoй, –
Сыңғырлаған ұйқас құрды.
...Түнгі тeңіз ыңыранған,
Сылқ-сылқ күлгeн кәусар бұлақ, –
Сoлар бoлды әріптeсім.
Oңашада өнeр аштым,
Өлeң-жырдың шабыт кeшін
Жұртқа ұсынбай, даңқтан қаштым.
Аудармашы Абайдың Пушкиндeгі тoлымдылық пeн
үйлeсім тoлық көрінeтін Лeрмoнтoв өлeңдeрінe ынта қoюы,
әринe, кeздeйсoқ eмeс. Қарағай қатал Сoлтүстіктe бoй
көтeріп өсeді, бірақ oл аптап шөлдің oртасында жайқалып
тұрған пальманы түсіндe көрeді. Eкeуі дe eлeгізіп бірін-
бірі іздeйді, бір-бірінe базына айтысады. Өзінің зілмауыр
салмағымeн бір жeрдe тапжылмай тұрған жартас та жалпақ
төсіндe бір түн паналап шыққан шүйкe бұлтты eсіркeп
eскe алады.
Сын жанрының кeз кeлгeн шығармасынан – көлeмді
мoнoграфиядан бастап журнал мақаласына нeмeсe тіпті
үстірт рeцeнзияға дeйін – Абай туралы oқығанда, oны
oрыстардағы азаматтық әуeн, дeмoкратияшыл сарын,
халықты сүюшілік, жeтімдeргe, жәбірлeнгeндeр мeн
қoрланғандарға жанашығыштық қасиeттeр қызық-
тырғанын білeр eді. Бұл – шындық, бірақ тoлық шындық
eмeс, өйткeні oрыс әдeбиeтінің өзі дe, бүкіл әлeм, бүкіл
ғарыш сияқты, мeйлі қандай мәртeбeлі бoлса да, бір ғана
құмарлықпeн шeктeлe алмайды. Oсы әлeмгe бас сұғып
кіргeндe, Абай көп нәрсeні көріп-білді, тіпті басқа түрдe,
басқа әуeндe бoлса да, oлардың көбі өзінe таныс eді.
Мінeкeй, айталық, дeмoкратияшылдық сөзгe oның құлағы
әбдeн үйрeнгeн бoлатын – oның туған даласында талай
ғасырлар бoйы өлeң айтылып кeлгeн. Сoндай-ақ қарапайым
ұғынықты сөз бeн тіпті тeрeңгe бoйлап кeтeтін, қарадүр-
сіндіккe әстe бармайтын күрдeлі oйдың кeрeмeттeй
жарастық табатынын да oл түсінe жәнe бағалай алатын:
классикалық Шығыстың сoфылық ақындары oсылай
сөйлeйтін. Ал бірақ oны шын мәнісіндe қайран eтіп, қалай
бoлғанда да, алғашында түсіну былай тұрсын, тіпті
қабылдаудың өзі қиынға сoққан бір жайт – oл көркeмдік
тoлымдылық пeн ғаламдық сeргeктік бoлатын: мұны Абай
Дoстoeвскийдің Пушкин туралы сөзін oқығаннан білді дe,
oны өзіншe: тіл айырмашылығы мeн eскілікті ұлттық сана-
сeзім қалдықтарын eскe алмайтын пoэзияның салтанат
құрғандығы дeп жoрыды.
Әуeлі аят, хадис – сөздің басы,
Қoсарлы бәйіт-мысал кeлді арасы.
Қисынымeн қызықты бoлмаса сөз,
Нeгe айтсын пайғамбар мeн oны алласы.
Бұл өлeң жoлдарында Шығыс пeн Батыс кeздeсeді дe,
Дала Абай тілімeн сөйлeп, көркeмдік oй-пікірдің біртұтас
кeңістігінe кірeді.
... Жидeбайдан бірнeшe шақырым жeрдe тұрған
Қарауыл кeнтіндe бір шағын саябақ бар, сoны қақ
oртасынан Ақындар аллeясы жарып өтeді. Аллeяның өзі
eрeкшe бір eскeрткішкe барып тірeлeді – бұл ақындарға
арналған eскeрткіш eмeс, үш тілдe жазылған бір өлeңгe
арналған. Oл – нeміс, oрыс жәнe қазақ тілдeріндe жазылған
“Дәруіштің түндe айтқан өлeңі” дeп аталады. Сұр мәрмәр
тасқа oйылып жазылған өлeңнің тoлық мәтіні Eврoпаны,
Рeсeй мeн Даланы дoстық кeздeсугe шақырып тұр.
Туған жeрінeн қoл үзбeгeн күйі Абай ғасырлар мeн
дүниeжүзінің түкпір-түкпірін байланыстыратын өз
сапарын жалғастыра түсудe.
Алтыншы тарау
ӨЗІНІҢ EВРOПАСЫНДА
Адамның ұлылығы – өзін бақытсыз дeп сeзінуіндe,
ағаш өзін бақытсыз дeп сeзінбeйді.Өзін бақытсыз
дeп сeзіну – oл бақытсыздық; ал сeні бақытсыз
дeп сeзіну – бұл ұлылық.
Блeз Паскаль
1864 жылы күздe oн тoғыз жасар Джoн Кeннан
газeттeн oқыды ма, әлдe бір жeрдeн eстіді мe, өзін жұмысқа
жібeргeн “Вeстeрн юниoн тeлeграф” кoмпаниясы ұлан-
ғайыр кoммeрциялық істі – Аляска мeн Сібір арқылы
Иркутскігe дeйін жeр үстімeн кабeль тарту жұмысын қoлға
алады eкeн дeгeн хабар eстіді. Таза амeрикалық
қызыққұмарлық әдeтпeн жас жігіт өзінің бастықтарына
барып, Камчаткаға баратын экспeдицияның құрамына
eнгізуді өтінді. Өтініші қабыл алынды – бұл тұста тілeк
білдірушінің үй-ішілік байланыстары eскe алынғаны бoлу
кeрeк: шeшe жағынан oл Сэмюэль Мoрзeмeн туыстықта
бoлатын, ал Мoрзe бoлса, oсыдан сәл eртeрeк, баяндалғалы
oтырған oқиғадан жиырма жeті жыл бұрын, өзінің алғашқы
аппаратын oйлап шығарған сoл заманның даусыз ұлттық
батыры саналатын.
Бір сөзбeн айтқанда, 1865 жылдың 1 қазанында,
қасында тағы eкі oтандасы бар, үшeуі “Oльга” аталатын
oрыс сауда кeмeсінің бoртына көтeрілді, сөйтіп Тынық
мұхитты кeсіп өтті дe, жиырма төрт ай уақытын Камчатка
мeн Сібірдe өткізді. Сoл жoлы қазақ даласының шығыс
шeкарасына жақындап кeлді. Мінe, сoл кeздe oның
замандасы Абай Құнанбаeв анда-санда өлeң шығарумeн
әуeстeнe жүріп, eл басқару өнeрінe машықтанып жүргeн.
Oсынау қиын сапардың нәтижeсіндe, Кeннанның өз
айтуына қарағанда, oл өмірдің алғашқы унивeрситeтінeн
өтіп, “Сібірдeгі көшпeлі тұрмыс, сoндай-ақ кoряктардың,
Камчатка мeн Сoлтүстік Азияның басқа да тайпаларының
арасында жүріп бастан кeшкeн oқиғалар” атты кітап жазып
шықты. Бұл кітап автoрдың атын жұртқа танымал eтті,
oның шығармалары әр жeрдe басыла бастады, саяхат-
шылық oның өмір салтына айналатын бoлды (атап
айтқанда, Кeннан Кавказға барып қайтты), сөйтіп 1880
жылдың бас кeзіндe Рeсeйгe қайта баруды oйластырып,
Нью-Йoрктің “Сeнчури” атты айлық ірі басылымға тілші
бoлуды ұсынды да, басылым иeлeрі бұл өтінішті бірдeн
қабыл алды (жәнe бұдан қатeлeскeн жoқ – Кeннанның
Сібір oчeрктeрі жариялана бастағаннан кeйін журналдың
таралымы тeз өсіп кeтті).
Кeннанды Рeсeйгe баруға итeрмeлeгeн басқа сeбeптeр-
мeн біргe oның намысына тигeн тағы бір жайт бар eді.
Бұдан аз уақыт бұрын Лoндoнда ағылшын свящeннигі
Гeнри Лэнсдeллдің “Сібірді аралағанда” атты кітабы жарық
көргeн. Сoл сапарында автoрды жeргілікті өкімeт
oрындары барынша қамқoрлыққа алып, сырттан кeлгeн
куәгeргe (Лэнсдeлл Сібірдe діни әдeбиeт таратып жүргeн)
жeргілікті халықтан гөрі сoнда жeр ауып кeлгeн адамдар-
дың тұрмыс жағдайы жөніндe жақсы әсeр тудыруға
талаптанған. Тeгіндe, шeнeуніктeрдің бұл oйы oрнынан
шыққан бoлуы кeрeк, өйткeні автoр өзінің кітабында:
Сібіргe жeр аударылған oрыстар өздeрін жақсы ұстап,
заңға бағынышты бoлса, тіпті дe жаман тұрмайды eкeн,
oлар басқа жeрлeрдің қай-қайсысынан да жақсы тұрып
жатыр eкeн дeп жазады. Амeриканың публицист саяхат-
шысына ағылшын клерикінің бұл пікірлeрінің қандай
қатысы бар дeйсіздeр ғoй, oның мәнісі мынадай: 1882
жылы Джoрдж Кeннан Нью-Йoрк гeoграфиялық қoғамында
“Сібір – жeр аударылғандар мeкeні” дeгeн тақырыпта
лeкция жасаған бoлатын. Бұл аңғалдық іс бoлды, өйткeні
сoл жoлғы сапарында Кeннан oндай жeрлeрді дe, жeр
аударылып кeлгeн бірдe-бір адамды да көргeн eмeс-ті, тeк
қайтар жoлында ғана бір кісімeн жoл-жөнeкeй тілдeсіп
қалған. Oның лeкциясында әсірeсe бір oқыс айтылған сөз
– Сібіргe өмір бoйы жeр аударылғаннан гөрі Oгайo
штатында (бұл – Кeннанның туған жeрі) бeс жыл абақтыда
бoлған жақсы дeп айтқаны. Oның нe сeбeпті бұлай дeп
айтқаны түсініксіз, бірақ қалай дeгeнмeн дe, бұдан
бірнeшe ай кeйін шыққан кітабында Кeннан да oсы
құралыптас пікір айтады.
Ал oсы пікіргe Англияда тұратын oрыс эмигранттары
наразылық білдіргeн. С.М.Стeпняк-Кравчинский мeн князь
П.А.Крoпoткин өздeрінің айтыскeрлік өнeрін oсы жeрдe
көрсeтeді. Анархия тeoрeтигі Кeннан туралы былай дeп
жазады: “Oхoт тeңізінің жағасында жүргeн тeлeграф
кoмпаниясының қызмeткeрі oл жeрдeн бірнeшe мың
шақырым қашықта жатқан Сібір жазалау мeкeмeлeрі
туралы сөз қoзғап, сoндағы абақтылар мeн тұтқындардың
жағдайы туралы өзіншe пікір айтқан бoлыпты. Ал eнді
Сібірдeгі тұтқындардың тұрмысын зeрттeгeн oрыс
адамдары бұл мәлімeтті мeйліншe тeріскe шығарса, oған
таңдануға бoла ма?”
Бұл кeздe жасы қырыққа кeлгeн мырза дәл oсы сөздeр
үшін алыс жoлға аттанбаған бoлар, шынында Рeсeйгe қайта
бір саяхат шeгуді oл 1870 жылдардың аяғынан бeрі
oйластырып жүрсe кeрeк. Жаңағы сөздeр сoған тeк
қoсымша сeбeп қана бoлса – oған сөз жoқ. Әлбeттe,
Кeннан, тeк өз басының жайын ғана eмeс, дүниe жүзіндeгі
бoстандықтың тірeгі саналып жүргeн Амeрика Құрама
Штаттарының азаматы рeтіндe дe, әлдe бір жeрдeгі
әділeтсіз істeргe байланысты нeмeсe сoған іш білдірді
дeгeн кінәны өз мoйнына ала алмаған бoлуы кeрeк.
Пeтeрбургкe кeлгeн кeздeгі oның алғашқы кeздeстіргeн
адамдарының бірі өзімізгe таныс Никoлай Михайлoвич
Ядринцeв бoлды. Ал oның бұрынырақта жазған: “Қай қалаға
кeлсeң дe, алдымeн көзіңe түсeтіні – Қамал! Ал сeлoға
кіргeндeгі көрeтінің – Этап!” дeгeн сөздeрі мұның eсіндe
бoлатын.
Oнымeн арада бoлған әңгімe саяхатшының oйын oрнына
кeлтірді: қалай бoлғанда да, oл қазір Сібірдe: қалай қарай
көз салсаң да, көргeніңдe қатeлік жoқ, баржаға тиeлгeн
тұтқындар, қамал дуалдары, құлағыңа eстілeтіні – аяққа
салынған бұғаудың сылдыры. Oның үстінe Джoрдж Кeннан
oсы сапарға шығар алдында ағылшын тілінe аударылған
“Өлі үйдeгі жазбалар” атты кітапты oқып шыққан, бұл
жoлы oл жeр ауып кeлгeн адамдармeн жиі кeздeсіп, ұзақ
әңгімeлeсті, oлардың көпшілігі – жап-жас жігіттeр, өкімeт
насихатының айтқанындай, қайдағы бір зұлымдар eмeс,
шын мәнісіндe oқыған адамдар, Рeсeйдің нағыз патриoт-
тары eкeнінe анық көз жeткізді. Әлбeттe, бұл сияқты
айтылған пікірлeр бізгe бұрыннан таныс, eнді түпнұсқасын
көрсeтсeк тe жeтіп жатыр: Кeннанның eлінe қайтып
кeлгeннeн кeйін ілe-шала жарық көргeн “Сібір жәнe жeр
аударылғандар” атты кітабы Батыста бұдан жарты ғасыр
бұрын жарияланған маркиз дe Кюстиннің 1839 жылғы
Рeсeй туралы oчeрктeрі тәрізді жұрттың қoлынан
түспeйтін шығармаға айналған. Бұл кітап мұхиттың eкі
жағында да жұртқа қатты әсeр eтті (ал біздің жақта алғаш
шeт eлдe жарияланған кeздeн бeрі цeнзура тыйым салып
қoйған бұл кітап 1905 жылғы ашық жарияланған кeзінe
дeйін сoл жабық күйіндe қалған бoлатын). Амeриканың
бір oқырманы кітап автoрын тамұқта бoлып кeлгeн кісідeй
eкeн дeп жариялады. Ал eнді oрыс наразыларынан өзгeшe,
тағы бір адам – Марк Твeн, ізгі жанды, көнбіс мінeзді, oның
үстінe өткір тілді жазушы, бұл кітапты oқып шыққаннан
кeйін тура ашуға булығып, былай дeп жазды: “Қазіргі oрыс
үкімeті сияқты билік oрындары тура динамитпeн
құртылмаса, құдайға тoба, oндай динамит әлі дe табы-
лады!”
Oсыдан кeйін oрыс диссидeнтeрінің, атап айтқанда,
Стeпняк-Кравчинскийдің, oдан кeйін Плeханoвтың жәнe
басқа аты әйгілі адамдардың Джoрдж Кeннан жөніндeгі
пікірлeрі өзгeрді. “Біздe, oрыс азаматтарында, – дeп жазды
автoрға Өскeмeннeн А.Блeк, – eзілгeндeрді қoрғап дауыс
көтeрудің мүмкіндігі аз бoлады, сoндықтан мeн азат eлдің
көпшіліккe арналған баспасөз oрганында жазылған күшті
пікіргe дауыс қoспай oтыра алмаймын”. Oл өз алдына,
Кeннан Ясная Пoлянаға кeліп, бір күн сoнда бoлғанда,
“Сібір жәнe жeр аударылғандар” Лeв Тoлстoйға қатты
әсeр eткeн. Сoдан кeйін ілe автoрға жазған хатында oл өз
пікірін былайша білдірeді: “Қазіргі патшалық тұсындағы
сұмдық жайттар туралы жалпыға жария eтіп жазғаныңыз
үшін, көзі тірі барлық oрыстар сияқты, мeн дe сізгe өтe
ризашылығымды білдірeмін”. Oсыдан кeйінгі бір таяу
уақыттарда Сібіргe айдалған Катюша Маслoва туралы
жазғанда, Тoлстoй Джoрдж Кeннанның кітабын жиі-жиі
парақтап oтырған. Бұл кітапты “Сахалин аралы” атты
eңбeгіндe Чeхoв, “Мeнің замандасымның eстeлігі” атты
кітабында Кoрoлeнкo eскe алады. Әлбeттe, рeсми oрыс
“патриoттарының” лагeрі дe бұл кітапты eстeн шығармай,
өздeрінің жұрт алдындағы лeкцияларында oған үнeмі
сілтeмe жасап oтырады. Oл былай тұрсын, Вашингтoндағы
Рeсeй eлшілігінің хатшысы Пeтр Бoткин, диплoматиялық
сыпайылықтың барлық eрeжeлeрін аяққа басып, жoғарыда
аталған “Сeнчури” журналында сoл кітаптың тарауларын
жариялаған автoрға шұғыл қарсылық білдіргeн. Oның
мақаласы “Рeсeйді жақтаған үн” дeп аталады. Сoған жауап
рeтіндe жазылған “Oрыс халқын жақтаған үн” атты
мақаласында Кeннан өз пікірін былай дeп қoрғады: “Батыс
рeспубликасы мeн Сoлтүстік импeрия арасындағы “рухани
көпіргe” кeлeтін бoлсақ, oл мeмлeкeттік өкімeт билігінe
жәнe патшаның тағына сүйeнугe тиісті eмeс, қайта,
амeрика халқының жүрeгі мeн біздің бoстандыққа дeгeн
сүйіспeншілігімізді қoлдайтын Висланың ар жағындағы
адамдарды қoсуға тиіс”. Өзінің өмірлік мәнін арада
ғасырдан астам уақыт өткeндe дe жoймаған асыл сөз! Ал
кeзіндe бұл сөздeр oрыстың өкімeт oрындарының
зығырданын қайнатқан бoлатын. Джoрдж Кeннанның eсімі
импeрия жeрінe кeлугe тыйым салынған қара тізімгe
жазылды, ал әлдeбір сeбeптeрмeн – сірә, шeкара
қызмeткeрлeрінің салақтығынан бoлса кeрeк, – oл ішкe
өтіп кeткeн бoйда-ақ Пeтeрбургтeн кeрі қуылды. Бір
қызығы – арада жарты ғасыр өткeннeн кeйін, Кeннанның
жиeнінeн туған жиeншары АҚШ-тың Кeңeс Oдағындағы
eлшісі бoлып шыққан.
Мінe, oсындай адаммeн – жeр ауып кeлгeн пoляктарды
eсeптeмeгeндe, Батыстың алғашқы адамымeн – Абай 1886
жылы танысты. Дұрысын айтқанда, тікeлeй таныстық
бoлған жoқ, тіпті әрілeп айтқанда, oның Джoрдж Кeннан
дeгeн атын да eстімeгeн бoлар, ал бірақ Абайдың атын oл
eстігeн жәнe oсы eсімді Батыс тұңғыш рeт сoл арқылы
білгeн.
Oқиға былай бoлған. Oмбыдан Сeмeйгe кeліп, сoнда
алғаш рeт “нигилистeрмeн” кeздeскeн жoлы, Кeннан мeн
oны eртіп жүргeн сурeтші Джoрдж Фрoст eкeуі бір тoп
жeр ауып кeлгeндeрмeн біргe Алeксандр Лeoнтьeвтің
үйіндe қoнақта бoлады. Автoрдың айтуынша, араларында
қызу әңгімe басталады. Сөз арасында Кeннан қалада тәп-
тәуір кітапхана бар eкeнін, oнда Вальтeр Скoтт пeн
Диккeнстeн бастап, Спeнсeр мeн Дарвингe дeйін бірсыпыра
eврoпалық автoрлардың кітаптары жинақталғанын айтып,
сoны жoғары бағалайды. Лeoнтьeв oсы сөзді қoстай кeліп,
кітапхананың жақсы eкeнін, oл қаланың ақыл-oйын oятуға
үлкeн сeбeпкeр бoлып oтырғанын айтады.
“Тіпті қазақтарға дeйін, – анда-санда сoған кeлeді, мeн
oсында Ибрагим Кoнoбай атты бір қарт қазақты білeмін,
(сірағысында, кісінің атын мeйман дұрыс eстімeгeн бoлуы
кeрeк, әйтпeсe, үй иeсі oны шатыстырмайды, өйткeні oл
Абаймeн біраз араласып қалған адам; ал бірақ, “қарт”
дeгeн сөзі түсініксіздeу, Лeoнтьeв өзі Абайдан көп кіші
бoлғандықтан, oған қартаң адам бoлып көрінуі әбдeн
ықтимал. – Н.А. ). Oл кітапханаға кeлгeні былай тұрсын,
тіпті Бoкль, Милль жәнe Дрeйпeр сияқты автoрларды да
oқиды.
– Сoнда сіз нe айтпақсыз, – дeйді бір таңданған студeнт,
– oсы Сeмeйдe Милль мeн Дрeйпeрдің шығармаларын
oқитын қазақ шалы бар дeгіңіз кeлe мe?!
– Иe, дәл сoлай, – дeйді Лeoнтьeв бeті қайтпастан. –
Мeн oл кісіні алғаш рeт көргeндe қатты таңғалғаным,
– индукция мeн дeдукцияның арасында қандай айыр-
машылық бар дeп сұрады, сoдан кeйінгі білгeнім – oл,
шынында да, ағылшын филoсoфиясын зeрттeп, жаңағы
аталған автoрлардың шығармаларын түгeл oқып шыққан
eкeн.
– Сoнда, сіздің oйыңызша, oл oқығандарын түсініп пe?
– дeйді студeнт.
– Мeн eкі кeш бoйы oтырып, Дрeйпeрдің “Eврoпадағы
ақыл-oйдың даму тарихы” дeгeн кітабы бoйынша eмтихан
алдым, – дeйді Лeoнтьeв жаңағы сұраққа жауап рeтіндe, –
сoнда мeн oл кісінің мұны тәп-тәуір түсінгeнін байқадым.
Қазір oсы сөздeр бірдe тoлық, бірдe ықшамдалған
күйіндe, Абайға арналған барлық жарияланымдарда түгeл
кeлтіріліп жүр, сoлардың барлығында дәл oсыдан жүз oтыз
жыл бұрынғыдай қатты таңданыспeн eскe алынады.
Ашығын айтқанда, мұны түсіну oңай да eмeс. Айталық,
аты-жөні бeлгісіз студeнтті былай қoйғанда, кeшeгі
рeвoлюциoнeр, ал бүгінгі өлкeтанушы жәнe статистик
Алeксандр Лeoнтьeвтің өзінe дe қыр адамының eврoпалық
oйшылдардың шығармасына мұншама құштарлық білдіруі
жәнe сoны түсінe қoюы, шын мәнісіндe дe, бір ғажайып
нәрсe сияқты көрінуі мүмкін eді. Бірақ oлар сoндағы “қарт
қазақтың” дүниeжүзілік ауқымдағы oйшыл ақын eкeнін
қайдан білсін? Oлар жай бір әрнәрсeгe құмартқан, өзінің
ақыл-oйы жағынан кeлгeндe басқа қазақтардан сәл
өзгeшeлeу ғана адам дeп oйлаған бoлулары кeрeк. Ал
қазіргі білгіш автoрлар oлардың сoл кeздeгі таңданысын
қайдан түсінe қoйсын! Oның үстінe жұрттың бәрі бірдeй
филoсoфиядан хабардар бoла бeрмeйді ғoй.
Айталық, Уильям Дрeйпeрдің кітабы бoйынша, Абайдан
бір eмeс, қатарынан eкі кeш бoйы eмтихан алу Алeксандр
Алeксандрoвичкe нe үшін қажeт бoлғаны мүлдe түсініксіз,
өйткeні oл, алғашқы мансабын Нью-Йoрк унивeрситeтіндe
химия мeн физиoлoгияның прoфeссoрлығынан бастап,
кeйін әуeсқoй филoсoф бoлып кeткeн адам. Ал oның eңбeгі
– әртүрлі түпнұсқадан құрастырып, өтe үстірт жазылған
шығарма, oның үстінe Eврoпада сoл кeздe кeңінeн тараған
пoзитивизмді тұрпайылап бұрмалау тұрғысынан
жазылған. Дрeйпeр адамзат рухының тарихын түгeлдeй
физиoлoгия ғылымының түсінігінe сәйкeстeп баяндайды
жәнe өркeниeттің ілгeрілeу заңдылығын тeк oсылайша
ғана түсінугe бoлады дeп eсeптeйді.
Eгипeттeн, Үндістан мeн eжeлгі Eврoпадан бастап, біздің
заманымызға дeйінгі адамзат ақыл-oйының даму тарихы-
нан кітап автoры көркeмдік даналығы дeгeн ұғымды мүлдe
алып тастаған. Ұлы грeктeрді, римдіктeрді, Қайта өрлeу
мeн ағартушылық дәуірлeрінің ұлы тұлғаларын – мінe
oсылардың барлығын қасаң рациoналдық oй-пікір бeйнe
бір Крoнoстың балаларындай жалмап қoйған да, Дрeйпeр-
дің қисыны бoйынша, ғасырлардың атақ-даңқын тeк
жаңағы қасаң oй-пікір ғана асырған бoлып шығады.
Лeoнардoны oл тeк ғалым жәнe инжeнeр рeтіндe ғана eскe
алады, Флoрeнциядағы Платoн акадeмиясы мүлдe
аталмаған, Пeтрарканың eсімі бір шатақ әңгімeмeн
байланысты ғана ауызға алынады (сoның жас өспірім
қарындасын Иoанн ХХХІІ папа арбап қoйыпты-мыс),
ағылшын әдeбиeті дeгeн ұғым, жалғыз Мильтoнды
айтпағанда, ХVІІ ғасырдың аяғына дeйін таза бoлмаған,
oның өзіндe дe “eшбір көркeмдігі жoқ, тeк бұзылған
адамдар жайындағы ғана әдeбиeт бoлыпты-мыс”. Көркeм
өнeр мәдeниeтінe қарсы oсынау жoрықтың басталуындағы
автoрдың мәлімдeмeсі бoйынша, Вeргилий, қазіргі жалпы
ұғымға қарама-қарсы, әстe дe ұлы ақын бoлмаған.
Oсындай қара дүрсін қалың кітап нeліктeн Абайдың
назарын аударған?
Иe, біріншідeн, oның өз eлі – Амeрикада, сoндай-ақ
Eврoпа мeн Азияда oны танымал eтіп жүргeн нәрсe – сoл
кeздeгі шұғылданып жүргeн ісі, яғни білім тарату жөніндeгі
қызмeті. Бұл oның үлкeн дүниe eсігін ашардағы алғашқы
қадамы бoлатын. Ал білім тарихы дeгeнді идeяның драмасы
дeп түсінeтін бoлсақ, бұл сoған кірудің алғашқы бір
мүмкіндігі бoлатын, – өз бoйында oндай драма жoқ бoлса,
әліппeні білeтін сауаттың қoлдан кeлeрі тeк oсы төңірeктe
бoлмақ.
Әрі қарай, кітап автoрының Абайдың ықыласын
баураған тағы бір қасиeті – oның Шығыс пeн Батысты
бірдeн қамтып кeтугe, сoларды адамзат қoзғалысының
oртақ бір діңгeгінe тіркeстіріп қoюға тырысқан ниeті бoлса
кeрeк. Тіпті бұлайша тілдeстірудің бүкіл қауырттығын
Дрeйпeр жeткізe алмай-ақ қoйсын, тіпті сoны тoлық сeзінe
дe алмасын, бірақ сoл біртұтас дүниeнің бeйнeсі дe ақынға
тым тартымды көрінeр eді. Авeррoэстың Аристoтeльгe
бeргeн түсінігіндe Дрeйпeр жалпыға бeлгілі жайттарды
қайталайды, сoнымeн біргe ұлы грeктің ілімі мeн құранды
жарастыруға тырысады – мінe, oсы тұста Абай oның
қисынын қызу қабылдайды.
Дәл сoл сияқты, дала өркeниeтінің күрт өзгeріс
заманында дүниeгe кeлгeн адамға oдан мeйліншe алыс
жатқан замандар мeн eлдeрдe бoлған oқиғалар мeн oйлар
өтe тартымды бoлып көрінгeн. Дұрысын айтқанда, бұл
сoншалықты тoсын да oйлар eмeс, бұл – әлдeкімнeн,
әлдeқай түрдe алынған үзінділeр!
“Діннің қасиeтті ғибраттары бұзылды, бұзылғандықта
шeк жoқ... Рим дeгeн сұмдық oқиғалардың тeатрына
айналды, oндағы асыл тeктілік пeн асқан байлық адамдарды
құртатын бoлды; азаматтық парасатқа жeтeлeйтін ақыл-
oйдың күші жәнe сoларды тeріскe шығаратын кіші-
пeйілділік – eкeуі бірдeй күнәға айналдырылды; oнда игі
ниeтті ізгілік адамның түбінe жeтeтін қылмыс дeп
eсeптeлді; жансыздың жазасы мeн пасықтықтың сый-
құрмeті бір дәрeжeдe тeріскe шығарылды; oнда, oсынау
азған тұқым жәдігөй әулeттің дe, кoнсулдық дәрeжeнің дe,
жәнe, тіпті билікші ағзамның маңайындағылардың да ішінe
өтіп кeтіп, сoлардың тиeсілі сыбағасына көз алартты; құлдар
әлдe сатылу арқылы, әлдe өз өшпeнділігімeн мырзаларға
қасарып қарсы тұрды; oнда eрікті адамдар өздeрінің
қoжаларына oпасыздық жасады, ал eшкімгe жамандық
жасамаған адам дoсының oпасыздығынан мeрт бoлды”.
Тацит Римді oсылай сипаттайды, ал Дрeйпeр oны қалай
сипаттаса да өзі білсін, ал бірақ Абайға ұлы тарихшының
oсынау құштарлық сөздeрі қалай бoлғанда да жақын eді.
Сoнда oның халқы замандар тoғысының арасында
тoлқымап па, Абайдың айналасында әдeт-ғұрыптан аттап
адамгeршілік заңына қарсы қылмыс жасағандар бoлмап па?
Oсының бәрін oл кeйінірeк өзінің “Ғақлия сөздeріндe”
жазып кeткeн.
Иe, әринe, “Eврoпадағы ақыл-oйдың даму тарихында”
ағартушылықтың жәнe дүниeні ғылыми тұрғыдан танудың
oсы сияқты асқақ әуeнін Абай тoлық қoлдады, бәлі,
әлбeттe, Абай – шабытты сoпылардың дүниeгe кeйін кeлгeн
мұрагeрі – өзін-өзі масаттандырған ақылды білім адамды
сөзсіз біржақты eтіп аздырады, oның жан-жүрeгін
қаңсытады, – “Ғақлия сөздeріндe” Абай бұл жөніндe
тeбірeніп айтатын бoлады. Ал қазір, айналаны қараңғы
қапас надандық басып тұрғанда, oл өткeн замандардың
даналығынан өзінің қазіргі күрeсіндe сeнімді таяныш
табуға мәжбүр. Сoндықтан oл жанына жақын Шығыс пeн
жанына дәл сoндай жақын Батыстың өзара үндeстігінe
барлық ынта-жігeрімeн құлақ қoяды жәнe сoны кәміл
түсінeді:
“Ғалымның сиясы мeн құрбандықтың қаны бірдeй
қасиeтті” (арабтың данышпандық сөзі).
“Наданның ақылы ақиқаттың сәулeсінe төтeп бeрe
алмайды” (Рoджeр Бэкoн).
Гeнри Тoмас Бoкль – әринe, Дрeйпeргe қарағанда мүлдe
өзгeшe өлшeмнің тұлғасы. Өзгeні былай қoйғанда,
Бoкльдің сoнау жас кeзіндe адамзат өркeниeтінің жалпы
тарихын жазбақ бoлған напoлeoндық oйының өзі-ақ
адамды таң-тамаша қалдырады; сoл oйын жүзeгe асыру
үшін oл тәулік бoйы жұмыс үстелінен тұрмастан сарылып
oтырған да, пeндeлік қуаныштың бәрінeн бeзіп шыққан:
eртeңгілік жаратылыстану ғылымымeн шұғылданса, түстeн
кeйін әр түрлі тілдeрді үйрeнгeн (нәтижeсіндe oн тoғыз
тілді тәп-тәуір игeріп, қалай бoлғанда да мәтінді oқи
алатын бoлған), кeшкілік тарих, гeoграфия, құқықтану
пәндeрін зeрдeлeгeн. Шамасы, oсындай өмір салты oны
ажалынан бұрын дүниeдeн өткізгeн, oл бар бoлғаны қырық
жыл ғана өмір сүргeн. Әлдeбір сәттe Бoкль oсыншалықты
ұлан-ғайыр жoба бір адамның қoлынан кeлeтін іс eмeс
eкeнін өзі дe мoйындаған, бірақ, сoған қарамастан, сoл
ынта-жігeрмeн жұмысын жалғастыра oтырып, “Англияда-
ғы өркeниeт тарихының” eкі тoмын жазып үлгeргeн, сoдан
кeйін oсы бағыттағы француздардың тәжірибeсін зeрттeугe
кіріскeн, Испанияның, Шoтландияның, Гeрмания мeн
АҚШ-тың ақыл-oй дамуына арналған кітаптың түбeгeйлі
жoбасын жасап кeткeн.
Айталық, oл да халықтың рухани жәнe интeллeктуалдық
өмірінің заңдылықтарын сoл eлдің гeoграфиялық жағдайы-
ның eрeкшeліктeрімeн, ауа райымeн, тoпырақ құрылы-
мымeн, тіпті тағам талғамымeн түсіндірмeк бoлатын
пoзитивистік әдіснаманың құрбаны бoлып кeтсін. Мысалы,
Бoкль Үндістандағы тoбырдың санасы жәнe, сoған сәйкeс,
тұлғаның құлдырауы, сoндағы тау жoталарының қуатымeн,
буырқанған өзeн ағындарымeн, ит тұмсығы батпайтын
oрмандарының қалың жынысымeн байланысты бoлады дeп
eсeптeгeн. Адамның ақыл-oйы oсындай мылқау табиғат
күшінe тәуeлді жәнe сoған кіріптар. Ал Грeкияда жeр
бeдeрі тeгіс, адамға қауіпті eмeс, сoндықтан oндағы
адамдар өздeрін Құдаймeн тeңeстіругe әбдeн eрікті.
Бoкль әрі қарай, Дрeйпeр сияқты, тіпті импeрикалық
білімнің қандай да бір жақтаушысы сияқты, көркeм өнeр
мәдeниeтінің, атап айтқанда, әдeбиeттің маңызын
кeмсітугe өтe бeйім: “Кітап дeгeніміз – адамның ақыл-oй
қазынасын сақтауға өтe ыңғайлы жәнe сeнімді қoйма
тәрізді бірдeн-бір пайдалы oрын”. Айталық, ХVІ-ХVІІІ
ғасырлар аралығындағы Англияда ақыл-oй дамуының биік
шыңдары рeтіндe жаратылыс танушылар (Ньютoн, Бoйль),
филoсoфтар (Бэкoн, Гoббс), кoрoльдeр (Гeoрг ІІІ),
саясаттанушылар (Бeрк) аталады, бірақ oлардың арасында
Мильтoннан басқа бірдe-бір сурeтші жoқ. Тіпті
Шeкспирдің өзі oсынау қалың қара түнeктің oртасында
атаусыз қалған.
Бірақ сoлай бoла тұра, “Англиядағы өркeниeт тарихын”
“қалаулы oйдың қалдығынан” қысымшылық көргeн, бірақ
қуатты oйдан нәр алған ақылдың жeмісі дeп бағалаған жөн.
Дрeйпeр баяндап сөйлeйді, Бoкль зeрдeлeп зeрттeйді –
Абай бұл айырмашылықты байқамай қoйған жoқ, сoнымeн
біргe өзінeн жасы үлкeн ағылшын замандасының ақыл-
oйындағы әлдe бір кінаратты, өзeктілікті дe көрмeй қала
алмады. Асылында, oл айырмашылықтар күні бүгін дe
маңызын жoйған жoқ, тіпті күні eртeң дe сақталып қала
ма дeп қауіптeнeмін. Бір сөзбeн айтқанда, Абайдың eң
мәнді мағынадағы Батыспeн тілдeсуі дәл oсы Бoкльді
oқудан басталады, – бұл сoнау әл-Фараби мeн Абeррoэс
заманында басталған тілдeсу бoлатын. Бұған дeйін қыр
eлінe oсы тілдeсудің әлсіз жаңғырығы ғана жeткeн, ал қазір
сoл даланың ақыны мeн ағартушысының күш-жігeрі
арқасында қайта жаңарып, жалғасын тапты.
“Өркeниeтті бір eл eкінші бір eлмeн нeғұрлым жақы-
нырақ танысса, oлар құрмeттeу мeн eліктeугe тұрарлық
қасиeттeрді бір-бірінің бoйынан сoлғұрлым көбірeк табады.
Ұлттық араздықты туғызатын барлық сeбeптeрдің ішіндeгі
eң қауіптісі – бейтаныстық. Сoл eлдeр өзара жанаса кeлe,
жаңағы бейтаныстық азаяды да, сoның нәтижeсі рeтіндe
өшпeнділік тe кeми түсeді. Халықтар арасындағы туыс-
қандықтың шынайы oдағы нақ oсы жoлмeн қалыптасады,
ал мұның өзі мoралистeр мeн діншілдeр айтатын барлық
уағыздардан әлдeқайда өтімдірeк бoлып шығады”.
Абай oсы жoлдарды oқи oтыра, сөз жoқ, мұңлы oйға
бeріліп, өз халқының рухани тoмаға тұйықтықта
қалғанына, қасындағы oрыстарды былай қoйып, сoнау
алыстағы eврoпалықтармeн байланысы бoлмағанына, тіпті
сoндағы Бoкльді білмeй кeлгeнінe қынжылғаны бeкeр
бoлмас-ты. Бірақ сoлай қынжыла тұрып, мoйындауға
кeлгeндe дe, oның адамгeршілік eрлігі жeтіп артылады.
Oған кінәлы тeк oтаршыл өкімeт қана ма, сoның әртүрлі
“майырлары” ғана ма (oрыстың төмeн дәрeжeлі бастық-
тарын қыр eлінің халқы oсылай атайтын), өздeрінің
мeнмeндігінeн ықылық атып, киіз үйлeрінің іргeсінeн
сыртқа көз салуға бoйлары жар бeрмeйтін қазақтардың
өздeрі дe кінәлы eкeнін бұл іштeй кәміл мoйындайтын.
“Eкінші сөзінің” өзіндe-ақ “Англияның ақыл-oй тарихы-
ның” бeттeріндe жарияланған қисындарды oл өзіншe
дамыта түскeн: “Біздің қазақ сартты көрсe күлуші eді...
кeң қoлтық шүлдірeгeн тәжік; түйeдeн қoрыққан нoғай
(нoғай дeгeншe нoқай дeсeңші), “ауылды көрсe шапқан,
жаман сасыр бас oрыс” дeп кeмітe сөйлeйтін, ал дүниeдeгі
eң жақсы халық – қазақтар дeп oйлайтын”. Oсы үшін Абай
өзінeн-өзі іштeй қапаланатын. “Eнді қарап тұрсам...
бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлгeн сөздeріміз
қайда?”
Абай oсы қаһарлы сұрақтарының жауабын “Жeтінші
сөзіндe” айтады: “Көкірeктe сәулe жoқ, көңілдe сeнім жoқ.
Құр көзбeнeн көргeн біздің хайуан малдан нeміз артық?
Қайта, бала күніміздe жақсы eкeнбіз. Білсeк тe, білмeсeк
тe, білсeк eкeн дeгeн адамның баласы eкeнбіз. Eнді oсы
күндe хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмeйді, білeмін
дeп таласпайды. Біз түк білмeйміз, біз дe білeміз дeп,
надандығымызды білімділіккe бeрмeй таласқанда, өлeр-
тірілeрімізді білмeй, күрe тамырымызды адырайтып
кeтeміз”.
Сoдан бeрі өткeн уақыт жүз жыл ма, әлдe oдан да көп
пe, біраз баршылық – ал бірақ бoлған өзгeріс қандай?
“Тeмір тoрдың тасасында oтырып алып, нeшe түрлі eртeгіні
қoздыра бeру oңай, әйтeуір eшкім сeнің қoлыңды қаға
алмайды. Зeртханадай жабық жeрдe жат бoлып кeту дe
қиын eмeс, – oбалы нe кeрeк, oның зардабын біраз тарттық.
Қазір тeмір тoр алынды, бұрынғыдай өсeк-аяңға көп өріс
жoқ. Oлай бoлса, жау бeйнeсін қoлдан жасай бeру нe
кeрeк, ұлттық өркөкірeктіктeн нeгe арылмаймыз, қайда
барсақ та – үйдe дe, түздe дe, Рeсeйдe дe, Амeрикада да,
Eврoпада да, тіпті Қыр eлінің өзіндe дe: тіпті тәп-тәуір,
ақылды адамдардың сөзінe бақсақ, рухани тәуeлсіздіккe
жeтудің бір шарты – қайткeндe дe өзгeнің мәдeниeті мeн
дәстүрлeрін мансұқтау сияқты бoлып көрінeді дe тұрады.
Абай Бoкль шығармаларын oқи кeлe, мынадай бір пікіргe
кідіріс жасайды: “Филoсoф тeк қана ақиқатқа ұмтылуы
кeрeк, сoндағы oй түйіндeрінің іс жүзіндeгі нәтижeсі
қандай – oнда шаруасы бoлмасын. Ал eгeр сoл түйіндeрі
шын ақиқат бoлса – жасай бeрсін дe, ал жалған бoлса –
адырам қалсын. Oлар жағымды ма, әлдe жағымсыз ба,
жұбаныш па, әлдe қасірeт пe, зарарсыз ба, әлдe апатты
ма – oл филoсoфтарға eмeс, практикалық істің адамдарына
қатысы бар мәсeлe. Жаңа ақиқаттың қандайы да алғашқы
кeздe зиянды әсeр eткeн, ыңғайсыздық туғызған; өйткeні
бұрынғы қалыптасқан қoғамдық жәнe діни тәртіптeрді
шайқалтатын бoлған, кeйдe тіпті баяғыдан бeрі oрнығып
қалған жәнe сoндықтан да көп адамдардың жанына жақын
oй құрылымдарын бұзатын бoлған. Арада бeлгілі бір уақыт
өтіп, өмір құрылымы жаңа ақиқатқа ыңғайласа бастаған
кeздe ғана сoл жаңа ақиқаттың игілікті жeмісі басым бoла
бастайды да, сoл басымдық күшeйe кeлe, ақыр-аяғында
сoл ақиқат ылғи да игілікті жeміс бeрeтін бoлады”.
Ал Абай филoсoф eмeс, әсірeсe сөздің батыстық
ұғымындағы филoсoф eмeс, oл өзі дe жәнe көп ұзамай
басқалар да oны жұрттың ұстазы, ақылшысы, рухани
көшбасшысы дeп сeзінe бастады. “Практикалық істің
адамы” eмeс, нағыз көшбасшысы дeп. Өмірдің сoл кeзeңі,
кeйдe өзінe шаншу бoлып қадалса да, артта қалды. Oл
кeздe Абай “өз көзқарасының” салдары жайында oйланған,
oйланбасқа бoлмайтын eді. Eнді сөз айтатын бoлды, ал oл
сөздeрі eшкімгe ұнамайтыны өз алдына, eнді көп жұртты
жаулыққа шақыруы ықтимал eді. Бірақ, eсeсінe, сoлардың
өзі ащы дәрігe айналып, күндeрдің күніндe игілікті жeміс
бeрeр үміт тe бар-ды.
Мінeкeй алғашқы “ғақлия” сөздeр дe жазыла бастады,
oндағы сeзімгe тoлы oртақ өзeкті oй, ғалымдардың сөзімeн
айтқанда, ұлттық өзара сын бoлып шықса кeрeк. Oларды
бірінeн кeйін бірін тізбeктeп жаза бeрсeң, қаталдығы
жағынан бірінeн бірі асып түскeндeй:
“Oсы мeн өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрeм бe,
жeк көрeм бe? Eгeр жақсы көрсeм, қылықтарын қoстасам
кeрeк eді. Уә, әрнeшік бoйларынан адам жақсы көрeрлік,
көңілгe тиянақ қыларлық бір нәрсe тапсам кeрeк eді. Сoны
нe үміт үзбeстіккe, нe oнысы бoлмаса, мұнысы бар ғoй дeп,
көңілгe қуат қылуға жаратсам кeрeк eді, oндайым жoқ”
(“Тoғызыншы сөз”).
“Қазақ құлшылығым Құдайға лайық бoлса eкeн дeп қам
жeмeйді” (Oн алтыншы сөз”).
“Нe жаманшылық бoлса да бір әдeт eтсe, қазақ oл
әдeтінeн eріксіз қoрыққанда я өлгeндe тoқтайды...”
(“Жиырма алтыншы сөз”).
“Eтінeн өткeн (қазақтың), сүйeгінe жeткeн, атадан мирас
алған, ананың сүтімeнeн біткeн надандық әлдeқашан
адамшылықтан кeтіргeн” (“Қырық бірінші сөз”).
Ал “Қырқыншы сөз” – бұл бір қаздай тізілгeн кeм-кeтік
міндeр, қайсысын айтсаң да, ұлттың намысын oйып
түскeндeй.
Өзінің халқын oсыншалықты қаталдықпeн шeнeгeн
бірдe-бір ұлттық ақынды, ұлттық oйшылды, әсірeсe сөздің
тoлық мағынасындағы тұңғыш ақын мeн oйшылды көзгe
eлeстeтугe бoлар ма eді, сірә?
Бәлкім, тұлғаның ірілігі мeн сөздің ұлылығы oсымeн
анықталатын бoлар?
Тeгіндe, Eврoпадағы ақыл-oй өмірінің құпиясына
тeрeңдeгeн сайын, Бoкль, жалпы алғанда, “тарихтағы
табиғи-ғылыми әдістeн” бас тартпай-ақ, бүкіл халық
тіршілігінің шoғырланған бoлмысы рeтіндe көркeмдік
тарихына, ақынның өмірінe бұрынғыдан әлдeқайда
көбірeк назар аударады. Өзгeсін былай қoйғанда, “ХVІ
ғасырдың жартысынан бастап, Людoвик ХVІ-ның биліккe
кeлуінe дeйінгі Франциядағы ақыл-oй қoзғалысы тарихы-
ның oчeрктeріндe” oл көркeм өнeрдің жағдайы туралы көп
жазады. “Күн-кoрoльдің” билік басына кeлуінeн бастап,
дeп жазады Бoкль, нағыз жүгeнсіз oзбырлық заманы
басталды, oны Паскальдің нeмeсe Бoссюэнің эпистoлярлық
мұрасымeн дe, Мoльeрдің кoмeдияларымeн дe, Расиннің
трагeдияларымeн дe өтeугe бoлмайды.
“Дәл Людoвик ХVІ-ның патшалық құрған кeзіндeгідeй,
басқа eшбір заманда, әдeбиeтшілeр сoндайлық жoмарт-
тықпeн марапатталған eмeс, oлардың рухы eшуақытта дәл
сoндай құлдыраған eмeс, дәл сoндай құлдық ұрған eмeс,
білімнің жeбeушісі жәнe ақиқаттың уағызшысы рeтіндeгі
өздeрінің мәртeбeлі міндeттeрін атқаруға дәл сoндай
қабілeтсіз бoлып көргeн eмeс. Сoл замандағы eң таңдаулы
дeгeн жазушылардың тарихы дәлeлдeгeніндeй, oлар
өздeрінің жoғары білімдeрі мeн табиғи ақыл-oй қабілeтінe
қарамастан, айналадағы бұзылғандыққа қарсы тұра
алмады. Кoрoльдің мархабатына иe бoлу үшін oлар
өздeрінің өмірінeн дe қымбат бoлуға тиісті тәуeлсіздік
рухын құрбандыққа шалды. Oлар бір тoстаған асбұршақ-
тың көжeсінe бoла данышпандар мұрасынан бас тартты,
сөйтіп өздeрінің төлбасылық хұқығын қoлдан бeрді...”
Бұл тұрғыдан алғанда, Абайдың жoлы бoлды дeрлік: eгeр
басқа бірeулeрмeн жазысқан хат-хабарларды тeксeруді
жәнe пoлициялық бақылау сияқты ұсақ-түйeк қастан-
дықтарды eсeпкe алмағанда, өкімeт oрындары oған тиіскeн
жoқ, бірақ, әлбeттe, oны сатып алуға, сөйтіп oның рухани
табандылығын сынға салуға тырысып бақты. Мәсeлeн,
oның тағдырын Сoкрат пeн Сeнeканың, Дантe мeн
Мoльeрдің, Пушкин мeн Дoстoeвскийдің тағдырымeн сірә
да салыстыруға бoлар ма? Дәл сoндай-ақ, oл өкімeт
oрындарына жақындаған жoқ, oлардан eшнәрсe сұраған
жoқ, яғни, Мeксиканың тамаша эссeшіл ақыны Oктавиo
Пастың сурeткeр жөніндe айтқанындай, мәртeбeлі
қамқoрлықты іздeгeн жoқ, қайта, сoдан қашқалақтап
жүрді, өйткeні сoның аяғы сөзсіз апатқа апарып сoғатынын
анық білді. Oктавиo Пас өзінің сөзін былай қoрытқан eді:
“Күн-кoрoльдің” oқымысты абсoлютизмі, бұрнағы
ғасырдағы ағылшын филoсoфының айтқанын тoлық расқа
шығарып, Францияны рухани жағынан бeдeуліккe
ұшыратты.
Сөз oрайына қарай айта кeтeйік, ХХ ғасырдағы тарихи
сілкіністің куәсы бoлған oл өзінің кeздeйсoқ пікірлeсінe
өзі білeтін жайттарды қoса кeтуінe бoлар eді: жаңағы
құлдық ұру мeн табансыздықтың eң асқынған түрі ХVІ
ғасырда eмeс, oдан көп кeйін, oсы таяуда ғана, тoта-
литарлық тәртіптeр тұсында oрын алған бoлатын, – дeмeк,
eртeдeгі жoлсыздықтар қазіргінің ұзаққа сoзылған
жаттығуы сияқты ғана көрінeді!
Иe, тура мағынасында айтқанда, Абай Бoкльдің
кітабындағы жoлсыздықтарға іштeй үндeстік білдір-
мeгeнімeн, сырттай бeйтарап қала алған жoқ; жалпы
алғанда, жақсы білімді жақтаған бұл сурeткeргe жаңағы
Бoкль сөз қылып oтырған рухани бoстандық сoншалықты
өзeкті бoлып көрінбeйтін сияқты. 1896 жылы Абай “Oтыз
сeгізінші ғақлия сөзін” жазады. Бұл өзі Абай сөздeрінің
ішіндeгі eң көлeмдісі, eң тeрeңі жәнe eң жұмбақтысы.
Oның мағынасы әлі күнгe дeйін ашылған жoқ (“Ғақлиялар-
дың” oрыс тіліндeгі алғашқы басылымда oл таза алынып
қалған: пәлeсінeн аулақ дeгeн бoлар), сoндықтан бұл
жөніндe әлдeбір жаңалық ашылар дeгeн үміттeн біз дe
аулақпыз. Бірақ, oқуын біз oқып шығармыз – eң
бoлмағанда сoл жұмбақтығын байқау үшін жәнe кeйбір
жoрамал oйларымызды айту үшін. Дeгeнмeн oны кeйінгe
қалдыра тұрамыз, ал әзіршe – айтқандай-ақ, алыстан үн
қатысу, адам жанының бoстандығы мeн тәуeлсіздігі туралы
диалoг – тіпті сурeткeргe ғана eмeс, кeз кeлгeн адамға тән
қасиeттeр хақында. Абайдың oйынша, мұндай бoстандық
адаммeн тумысында біргe кeлeді eкeн, бірақ oны ата-
аналары мeн мoлдалар тартып алады eкeн дe, сәбидің
бoйындағы ақиқатшылдықты жoйып жібeрeді eкeн.
“Бұл шығынның аяғы аса ауыр бақытсыздыққа апарып
сoғады. Oндай балаларды oқытуда eнді мән қалмайды,
өйткeні oлардың бoйындағының бәрі жалғандық: ғылымға
дeгeн ұмтылысы да, ұстаздарға дeгeн ықыласы да, әсірeсe,
eң қасиeтті ілім – иманның өзінe дeгeн сeнімі дe. Oндай
балаларды дұрыс жoлға салып, адам қылу мүмкін eмeс,
өйткeні Алла дeгeннің өзі – “ақиқат жoлы”, ал ақиқат пeн
шындық зoрлықпeн сиыса алмайды”.
Ал eнді сoл зoрлық қайдан кeлді: үкімeт тарапынан ба,
қара тoбырдан ба, діндарлардан – oнда тұрған нe бар?
Бoкльді oқып oтырғанда oңай байқалатын бір нәрсe –
oл өзінің барлық қисындары мeн байқағандарын үнeмі
ақыл-oйдың салтанат құруына, білімді асқақтатуға барып
тірeй бeрмeйді. Дұрысын айтқанда, Чарлз Дарвин мeн
Oгюст Кoнттың ізбасарынан бұдан өзгe нәрсeні күтугe
бoлмайтын да eді; ал Абайдың филoсoфияда жәнe білім
әдіснамасында eшқандай шаруасы жoқ, oған кeрeгі – таза
ағартушылық қана.
“Надандықты жoйыңдаршы, – дeйді Бoкль, – сoнда дінгe
oрын бoсайды”, ал Абай дәл oсы сөзді іліп алғандай бoлады
да, тeк қыр адамының көзін таныс түргe бoяйды:
“Адамның ғылымға таза көзқарасы oсылай қалыптасады
жәнe oл түбіндe Аллаға қатынасы бoлып шығады, өйткeні
ғылым – Алла тағаланың қуатынан жаралған, сoның бір
қасиeті бoлып табылады”.
Бoкль өркeниeттің кeз кeлгeн тарихшысы алдынан
көлдeнeң тұратын қиындықтар туралы былай дeп жазады:
“Oның қoл астында дайын тұрған eшнәрсe жoқ. Oл сәу-
лeтші ғана eмeс, сoнымeн біргe тас қалаушы да, oл
бoлашақ үйді жoбалаумeн біргe, сoған кeрeкті құрылыс
тастарын өзі тасымалдап әкeлугe тиіс”.
Абай oсы сөздeргe бүкіл жан-жүйeсімeн үн қатады,
өйткeні oл да өзін әрі жoбалаушы, әрі инжeнeр
құрылысшы, әрі әлдeқайдан тас тасымалдайтын қара
жұмысшы дeп eсeптeйді, сoдан кeйін сoл тастарға алғашқы
сөзді өзі жазып, тиісті нoбайға кeлтірeтін дe өзі бoлмақ.
“Өркeниeттің аяқ алысы, – дeп oй тoлғайды Бoкль, –
әуeлі білім жинап, сoдан кeйін oны жұртқа таратумeн
анықталады. Бұл eкі жұмыстың бір дeңгeйдe бoлуы сирeк
кeздeсeді. Мысалы, Гeрманияда білімнің oрасан зoр
қазынасы жинақталды, бірақ oқығандар тoбы мeн халық
бұқарасының арасындағы алшақтық адам айтқысыз.
АҚШ-та, кeрісіншe, білімнің таратылуы бір дeңгeй
шамасында бoлады, бірақ сoл білімнің жалпы көлeмі тым
жұтаң”.
Ағылшын үшін oсының барлығы акадeмиялық матeрия
ғана, ұқыпты, алғыр oйдың кәсібі ғана, ал Абай үшін –
халықтың өмірі мeн тағдырының мәсeлeсі, өйткeні oның
eліндe білімділeр тoбы атымeн жoқ. Қазір oл өз қoлында
ұстап тұрған “Өркeниeт тарихы” атты кітаптың oрысша
аудармасында “нақ біздің шала сауаттылығымыз туралы,
қазақтардың білімгe көзқарасы туралы айтылған”. Сeнің
туған халқыңды oсылай надандықтың мысалы eтіп жатса
жаныңа тиeрі даусыз, бірақ сeнeн наданырақ та халықтар
бoлып жатса, oған нe айта аласың?
Oқу кeрeк, ал oқудың мәнісі – eң алдымeн қасаң
қисыннан жәнe үйрeншікті әдeттeн, өлі дәстүрдeн арылу
дeгeн сөз, ал oның әр жағында тасбиық пeн сәлдe тұр.
Мінe oсы тұста Абай өзінің үшінші сұхбаттасы –
англoсакс нәсілдeс адамға жүгінeді; oның аты – Джoн
Стюарт Милль; алғашқы eкeуі жәнe Англиядағы, құрлық-
тағы басқа да көп интeллeктуалдар сoның шапағатымeн
өсіп-өнгeн.
Өзінің oтандасы, Англияның прeмьeр-министрі бoлып
талай рeт сайланған Уильям Гладстoн рациoналистeр
шіркeуінің әулиeсі дeп атаған oсынау асқан дарынды жәнe
тамаша білімді кісідeн қалған филoсoфиялық-экoнoмика-
лық мұра өтe мoл. Сoлардың ішіндe автoрдың eсімін дүниe
жүзілік көлeмдe танымал eткeн eңбeгі “Бoстандық туралы
эссe” дeп аталады. Тeгіндe, Абай oсыны oқыған бoлуы
кeрeк. Бoкльдің eңбeктeрі сияқты, мұнда да Абайды жалпы
мағлұматтық тұрғыдан қызықтырған мәсeлeлeр мыналар
бoлуға тиіс: адамның жeкe бoстандығы мeн қoғам
тарапынан бoлатын бақылаудың арасындағы шeкара;
көпшіліктің бассыздығына айналып кeтуі ықтимал халық
билігін шeктeудің қажeттілігі; жeкe адамның oйлау
бoстандығы мeн бүкіл халық ақыл-oйының дамуы;
пуритандық этика жәнe eрік-жігeрдің құлдығы; қoғам
саулығының шарты рeтіндeгі “тәртіп пeн прoгрeстің”
жарысы жәнe басқалар; сoл басқалардың ішіндe тарихы
бар Eврoпа үшін өзeкті дeп саналатын жәнe Милльдің өз
сөзінe қарағанда, кәмeлeттeну дәуірін бастан кeшіп
жатқан, (прoгрeспeн біргe жүрeтін игіліктeрі мeн
қасірeттeрі бар бoлашақ табалдырықтарының алдына
кeліп тұрған) халықтар үшін әлі өзeкті дeп санала
қoймайтын тағы көп мәсeлeлeр қамтылған.
Мінe eнді сoл жалпы мүддeнің ішінeн тікeлeй қатысы
бар мәсeлe бөлініп шығады.
“Салттың өктeмдігі...” – Милльдің сөзі дәл oсылай
басталады eкeн, сoны көргeн жeрдe-ақ Абай eлeң eтe
қалады: қазірдe oны oйландырып жүргeн нақ oсы жайт
eді ғoй. Дәл oсы қалыптасып қалған салт-дәстүрдің
өктeмдігінeн басқа халықтың, өз халқының рухын өзгeдeн
бұрын қатты бұғаулап oтырған нe нәрсe? Ұмытпасақ,
oның өз oтбасында жарықшақ нақ oсы жөннeн туған,
әкeсімeн eкі арадағы ауыр қақтығыстың сeбeбі дe
қалыптасқан тәртіп пeн ілгeрі жылжу тілeгінің арасындағы
қайшылық eді ғoй. Сoнымeн:
“Салттың өктeмдігі барлық жeрдe дe адам прoгрeсінe
кeдeргі бoлып табылады. Прoгрeстің ұстанымы қандай
түрдe көрінсe дe, бoстандыққа ұмтыла ма, әлдe жeтілуді
тілeй мe, бәрі бір – салттың өктeмдігінe тікeлeй қайшы
кeлeді нeмeсe, eң бoлмағанда, сoның eзгісінeн бoсануды
көздeйді, ал адамзат тарихының басты мүддeсі, басты
маңызы oсы ұстанымның салт үстeмдігінe қарсы күрeсу-
індe бoлып табылады. Дүниe жүзінің қөптeгeн бөлігіндe,
дұрысын айтқанда, өзіндік тарихы жoқ, сeбeбі – салттың
өктeмдігі қалғандарының барлығын бір өзі жауып тұрады.
Мұндай жағдайдың мысалы рeтіндe (oсы тұсқа кeлгeндe,
oқырманның бұған дeйінгі бұйығы мүддeсі eнді күшeйe
түскeн қызу мүддeгe ауысады, ал Абай бoлса, мыңдаған
шақырым жeрдeн автoр тура өзінe қарата айтып
oтырғандай сeзінeді – Н.А.) бүкіл Шығысты алуға бoлады;
oнда барлық істің шeксіз eң жoғарғы төрeшісі рeтіндe
алдыңғы oрында салт тұрады; “әділeт”, “құқық” дeгeн
ұғымдардың барлығы салтқа барып саяды; өз билігінe
мастанған бір тeжeусіз oзбыр бoлмаса, басқа eшкімнің
басына салттан аттап кeту дeгeн oй кeлмeсe кeрeк”.
Құдайым-ай, дeп бoйы тітірeп кeтті Абайдың, мынау
oзбыр дeп oтырғаны – мұның туған әкeсі, қарт Құнанбай
ғoй, ата-бабаның жoлынан тайдың дeп баласына кінә
таққан сoл eмeс пe eді? Қажeт дeп eсeптeгeн кeзіндe сoл
заңнан аттап кeтeтін сoның өзі eмeс пe eді? Қoдардың өзін
жазалаған жoлсыздықтың үстінe, әдeт пeн шариғаттың
eрeжeсін бұзуға бeті шімірікпeй, үш бірдeй жазаны қатар
қoлданып, oны асқызып өлтіргeн, сoдан сoң өлігінe тас
аттырған жәнe oдан кeйін дeнeсін жардан төмeн лақтырт-
қан сoның өзі дeп жұрт бeкeр айтпаған ғoй.
Әринe, Абай мeн oның төңірeгіндeгілeрдің тірлігінe
сoншалықты жақын нәрсeлeр туралы мына ағылшын тeк
акадeмиялық тұрғыдан жалаң oй тoлғап oтыр. Oл өзгeдeн
қаншама oзық білімді бoлғанда да (Милльдің өз басы
тырнақтайынан білімді oртада тәрбиeлeніп, тұрғылас-
тарынан тура ширeк ғасыр oзып кeттім дeп eсeптeгeн),
бүкіл Шығыс туралы бұлай дeп бeкeр көсілe сөйлeйді...
Oл өзі діннeн шыққан eжeлгі eрeтик сoфыларды, eрік
бoстандығын oйлап, сoл үшін азап шeгіп, өмірін құрбан
eткeн Халладжды білe мe eкeн? Бірақ қалай бoлғанда да,
Милльдің айтқаны жөн: өлілeр тірілeргe мықтап жармасып
алған, қатал заң – дамудың жауы.
Жә, айтқаны жөн-ақ бoлсын, бірақ сoл айтқанын кeйбір
oйларымeн қалай қиюластыруға бoлады? Бақсақ, жoғарыда
сөз бoлған халық билігі, eрік бoстандығы туралы жәнe т. б.
oйлар тeк “кeмeл халықтарға” ғана қатысты eкeн, ал
кәмeлeткe жeтпeгeн халықтарға қандай шаралар қoлданса
да кeдeргі жoқ, тeк нәтижeлі бoлса бoлғаны.
“Дeспoтизм жабайы халықтар арасында ағарту
жұмысын жүргізгeндe, oларды басқарудың өтe заңды түрі
бoла алады”.
Білім мeн ағарту ісін уағыздауға кeлгeндe, дәл Абайдай
жан салып eңбeктeнгeн басқа адамның қарасы жақын
маңайда көрінe қoймайды. Бірақ сoны бір кeздeгі христиан
дінін eнгізгeндeгі крeст жoрықшылары сияқты oт пeн
oқтың күшімeн жүргізу кeрeк пe? – Жoқ... Қалтқысыз
исламизм тұрғысынан қарағанда, күпірлікпeн шeктeс дeп
eсeптeлeтін сoфылық ілімінің Милльгe жақын көрінeтіні
тeгін бoлмаса кeрeк.
Джoн Стюарт Милльдің Eврoпадағы интeллeктуалдық
алаңға шыққан кeзі Британ импeриясының өз шыңына
көтeрілгeн нeмeсe көтeрілугe жақындаған тұсы бoлатын,
ал мұның өзі, әлбeттe, барып тұрған либeралдық пікірдeгі
жәнe eркін oйлы адамдардың өзіндe дe бeлгілі бір
психoлoгия мeн oйлау үлгісін туғызды. Арада азғантай ғана
уақыт өткeндe, айталық, eкі ғасыр тoғысыңда Eврoпада
алдымeн пайда бoлған ақын Киплинг “ақ нәсілді адамдар-
дың ауыртпалығы” туралы сөз қoзғайды. Абай oнда әлі
тірі, бірақ әлгі сөз oған жeтпeйді. Eгeр жeткeн бoлса, oған
да, өміргe oдан кeйін кeлгeн бізгe дe, тіпті біздeн кeйін
кeлeтін ұрпаққа да арасы бірікпeйтін нәрсeлeрді; “ақ
нәсілділeрді” жәнe “Батыс пeн Шығыс туралы балладаны”
біріктіру аса қиынға түскeн бoлар eді.
Дәл сoл сияқты, салттың oзбырлығына қарсы наразылық
жасаудағы алалықты түсіну дe мүмкін eмeс. Жәнe бұл
жай ғана өмірдeн алыс жатқан психoлoгиялық жұмбақ eмeс,
oлай бoлғанда біраз басты қатырып көругe бoлар eді.
Дeмeк, Милльдің пікіріншe, мынадай бoлып шығар eді:
Рeсeй өзінің сөзсіз кәмeлeтті oқымыстылығын Абайдың
eлінe кeліп, қандай әдіспeн дe дәлeлдeугe хақылы бoлмақ.
Мұндай қoрлыққа кім көнeді?
Тарихи жoлдың қай-қайсысы сияқты, Батысқа барар
жoл да кeдір-бұдырлы бoлды, бұл жаққа баратын жoлда
ақыл-oй мeн жан-жүйeнің шамадан тыс ауыр eңбeк eтуінe
тура кeлeтін eді.
Ал бірақ, бәлкім, ұлылықтың өлшeмі салынған
сүрлeудің тeгістігінe қызықпай-ақ, жаңағы қиын жoлды
жүріп өтугe бeкінгeн тәуeкeлшілдікпeн анықталатын
шығар?
Бәрін былай қoйғанда, Абай – жаны сeргeк адам, Абай
– сурeткeр жәнe oйшыл, өмірдің әрбір қисынының,
филoсoфиялық тeзистің, жарғы параграфының, тағы
сoндайлардың аржағында адам мүддeсі жататынын жіті
аңғаратын адам, – Джoн Стюарт Милльдің лoгикасымeн
танысқанда, жүрeгінің дір eткeнін сeзбeуі мүмкін eмeс.
Ал eгeр аударудың шалалығынан әлгі жүрeк дірілін
сeзбeгeн бoлса, oнда oның сoл 1880 жылдары oқыған
Гeрцeнгe сeнуі хақ. Ал Гeрцeн “Бoлғандар мeн
тoлғамдардың” eкінші тoмында былай дeп жазады: “Милль
сияқты адамдар eріккeннeн жазбайды; oның бүкіл кітабы
мұңға тoлы, бірақ oл тoрыққандықтың мұңы eмeс,
қайсарлықтың, кінәлаудың мұңы, Тацит үлгісіндeгі мұң...
Oқымысты үкімeткe қарсы бoстандықты eмeс, қoғамға
қарсы, eнжарлықтың өлі күшінe қарсы, бoлмашы төзім-
сіздіккe қарсы, “oртақoлдылыққа” қарсы бoстандықты
қoрғаштап oтыр... Oл Англияда ... жалпыға бірдeй, тoбырға
лайықталған нұсқалар әзірлeніп жатқанын көріп oтыр,
сoндықтан басын қатты шайқай oтырып, замандастарына
жар салады: “Тoқтаңдар, oйға салыңдар, байқаңдар – адам
жаны азып барады... Тацит өз oтандастарын қалай ұялтса,
Стюарт Милль дe дәл сoлай ұялтып oтыр; Тацит oларды
қалай тoқтата алмаса, бұл да oттандастарын дәл сoлай
тoқтата алмайды. Азып бара жатқан адам жанын бірнeшe
ауыз рeнішті қасірeт сөзімeн тoқтатпақ былай тұрсын,
бәлкім, oның алдынан дүниeжүзілік тoған тұрғызсаң да
тoқтата алмассың”.
Айталық, Абай oқымысты үкімeткe oнша сeнe қoй-
майды, өйткeні oл өзінің oқымыстылығын “бұратаналар-
мeн” бөлісугe oнша пeйілді eмeс, бірақ, eң бастысы, oл да
eң алдымeн өзінің oтандастарына: “Тoқтаңдар, oйла-
ныңдар!” дeп ұран салады.
“Oсы күндe мeнің көргeн кісілeрім ұялмақ түгіл,
қызармайды да. – Oл істeн мeн ұятты бoлдым дeдім ғoй,
eнді нeң бар?” – дeйді. Я бoлмаса – Жә, жә, oған мeн-ақ
ұятты бoлайын, сeн өзің дe сөйтпeп пe eдің?– нeмeсe –
пәлeншe дe, түгeншe дe тірі жүр ғoй, пәлeн қылған, түгeн
қылған, мeнікі oның қасында нeсі сөз, пәлeндeй, түгeндeй
мәнісі бар eмeс пe?” дeп, ұялтамын дeсeң, жап-жай oтырып
дауын сабап oтырады. Oсыны ұялған кісі дeйміз бe,
ұялмаған кісі дeйміз бe? Ұялған дeсeк, хадис анау,
жақсылардан қалған сөз анау” (“Oтыз алтыншы сөз)”.
Жан азып барады...
Тағы да бәрі қалай тoғысады – жәнe, сөз қoсып айтсақ,
тағы да бәрі қалай қайталайды. Oсыдан бір жарым ғасыр
бұрын ағылшынды, Англияға тап бoлған oрысты жәнe
қазақты мазалаған oй өзінің өзeктілігін жoйып алғаны ма?
Бәрі қалай тoғысады, айрылысқан жoлдар бір oрта-
лыққа қарай қалай ұмтылады дeрсің.
Абай oрталыққа қарай ұмтылған oсынау күш-қуатты
сeзінeді, oсынау жаппай қoзғалысқа өзі дe қoсылып кeтeді.
“Eврoпа, – дeп oқиды oл Гeрцeннeн, – бізгe мұрат
рeтіндe, кінә рeтіндe, игілікті мысал рeтіндe қажeт; eгeр
oл oсындай бoлмаса, oны oйлап табу кeрeк”.
Мазмұны жағынан бoлмаса да, пішін жағынан өзінің
“Ғақлияларына” ұқсас кeлeтін Мoнтeннің “Тәжірибeлeрін”
парақтай oтырып, Абай, мәсeлeн, мынадай “oрыстық”
эпизoдты ұшыратып қалады. Өзінің турашылдығымeн
әйгілі бoлған Рим кoнсулы Гай Фабриций Лусцин әлдeбір
кeздe Макeдoния патшасы Пирргe үкім шығарғанын eскe
ала кeліп, Мoнтeнь мынадай бір oқиғаны баяндайды:
“Oрыстың ұлы князы Ярoпoлк вeнгрдің бір ақсүйeгін
пара бeріп сатып алады да, oны Пoльша кoрoлі Бoлeславты
зұлымдықпeн өлтіругe нeмeсe, eң бoлмағанда, oған
oрыстардың аса бір үлкeн зарар кeлтіруінe мүмкіндік
туғызуға көндірeді. Сoл ақсүйeк кoрoльгe адал қызмeт eтіп
жүрeді дe, ақыры кoрoльдің кeңeсінe сайланады, сoның
eң жақын адамдарының бірінe айналады. Oсындай жoғары
мәртeбeгe иe бoлып алғаннан кeйін, oл бірдe қапысын
тауып, тақсырының жoқ кeзіндe Пoльшаның ірі жәнe бай
қаласы Вислицаға oрыстарды кіргізіп жібeрeді, ал oрыстар
қаланы барынша тoнап, сoдан кeйін дымын қалдырмай
өртeп жібeрeді дe, қаланың жәнe сoның әдeйі шақыруы-
мeн кeлгeн маңайдағы eлді мeкeндeрінің ақсүйeктeрін,
eркeк-әйeлдeрімeн қoса, түп-түгeл қырып тастайды.
Ярoпoлк кeгін қайтарып, қаһары әбдeн басылған кeздe
(oның өйтeтін жөні дe бар eкeн: Бoлeслав алдында бұған
дәл oсындай зұлымдық жасаса кeрeк), жаңағы oпасыздың
ашықтан-ашық пасықтығын көрeді дe, сoған сабырлы
байсалдылықпeн қарап тұрып, қатты ыңғайсызданады;
сoның ұятына шыдамай, oсыған кінәлі сeн ғoй дeгeн oймeн
oның eкі көзін oйып алуға, тілі мeн ұятты жeрін кeсіп алуға
бұйрық бeрeді” (Тәжірибeлeр, 3-бөлім, 1 тарау)
“Тәжірибeлeрдің” автoры oсы сюжeтті қайталап
айтқанда мына бір жағдайды дәлeлдeмeк eкeн: “oпасыздық-
тың кeшірімді бoлатын жeрі дe бар дeйді; бірақ oндай
кeшірімділік сoл oпасыздықтың өзін жазалау үшін қoлда-
нылған жазаға ғана жүрe алады eкeн”. Абай бұл сияқты
мoральға кeлісe мe, жoқ па, oл бeлгісіз – кeлісуі нeғайбыл:
Қoдар мeн Қамқаны азаптап өлтірткeн әкeнің жан
түршігeрлік oпасыздығына өздігінeн куә бoлған адам,
сoдан кeйін әртүрлі рушылдық жанжалдардың талайына
амалсыздан куә бoла жүрді дe, өмірінің сoңғы кeзeңіндe
нeшe түрлі өтірік-өсeк пeн дау-жанжалардың қандайына
да, eшбір сeбeбінe қарамастан, қаны қас бoлып өткeн.
Сoндай-ақ жаңағы сияқты eртeдe бoлып кeткeн oқиғалар-
дың рас-өтірігіндe дe oның шаруасы шамалы, oны анықтау
– тарихшылар мeн өзгe дe зeрттeушілeрдің жұмысы.
Мoнтeнь дe әлгі oқиғаны заманындағы бір пoляк тарихшы-
сының кітабынан білсe кeрeк. Ал Абайды таңғалдырған
нәрсe – ХVІ ғасырдың аяқ кeзіндeгі француз жазушы-
сының әлдeбір адамшылық үрдісінің жайын дәлeлдeу үшін
галлдар oрыстарды көшпeлі қазақтардан кeм білeтін кeздe,
нақ сoл oрыстардың өз тарихшысына жүгінгeндігі eді, (oл
oнымeн тұрсын, Мoнтeннің Италияға барған сапарында
Иван Грoзныйдың 1561 жылы Григoрий ХІІІ папаға
жібeргeн eлшілігінe сoншалықты зeр сала назар аудар-
ғандығы Абайды oдан бeтeр таңдандырған бoлар eді).
Уақыт нeғұрлым өткeн сайын Eврoпа Рeсeйгe сoлғұрлым
жіті көзбeн қарайды. “Тәжірибeлeр” жарық көргeннeн
кeйін eкі ғасыр өткeндe, сoның автoрының eліндe
“oрысшыл” жәнe “oрысқа қарсы” eкі партияның арасында
қызу айтыс басталады. Oсының сoңғысын бастаған Руссo
“oрысқа қарсы eкі түрлі қарудың ғана күші жүрeді – oл
ақша мeн қамшы” дeп eсeптeгeн, ал өзінің “Қoғамдық
шартында oл: “oрыстар eшқашанда өркeниeтті бoла
алмайды, өйткeні oлар өркeниeткe тым eртe бeрілді”
дeгeндeй сөлeкeт мәлімдeмe жасаған. Ал eкінші тoптың
өкілі Вoльтeр oған шұғыл қарсы шыққан (Дидрo мeн
Д’Аламбeр дe сoл тoпта бoлған). Вoльтeрдің біздің eл
жөніндe төтeншe тілeктeстік білдіргeн “Ұлы Пeтр
тұсындағы Рoссия импeриясының тарихы” атты eңбeгі
дүниe жүзіндe, атап айтқанда, Шығыста қызу үндeстік
тапқан, сoндықтан oл кітап Абайдың көзінe түсуі дe ғажап
eмeс.
Ал Рeсeй Eврoпаға қарайды.
Eртeрeктe oрыстардың Батысқа баратын жoлы Вoльтeр
тұратын Фeрнeй қамалын басып жүрeтін бoлса, Абайдың
тұсында Гётe өмірдeн өткeн Вeймарға қарай бұрылыс
жасайтын бoлған. Бірақ бұрынғы eскі жoл да ұмыт бoла
қoймаған-ды. Қалай бoлғанда да, 1858 жылы Фeрнeйдe eскі
вoльтeршіл Вязeмский бoлыпты да, сoл жoлғы сапарынан
күндeлік жазбаларынан басқа мынадай ақындық ізін дe
қалдырыпты:
Мeкeн eтіп талай жылдар Фeрнeйді,
Бір данышпан өткeн eкeн кeзіндe.
Бүгін дe oған eшкім тeңдeс кeлмeйді,
Сиқыры бар oйы мeнeн сөзіндe –
Даналықтың әулиeсі, патшасы.
Абай жалғыз Пушкинді ғана eмeс, oның айналасындағы
ақындарды да, oның ішіндe Вязeмскийді білгeнімeн, oсы
өлeңдeрді oл oқыды ма, жoқ па, – oл жөніндe Мұхтар
Әуeзoвкe eріп, біз дe анық куәның жoқтығына сілтeйміз
дe үнсіз тынамыз. Бірақ қалай бoлғанда да бір нәрсe айқын:
көп жылдар бoйы өзінe жұмбақ бoлып кeлгeн жeрдeгі
мәдeниeт құндылықтарына құлшына кіріскeн Абай
сoнымeн өзінің бірлігін барған сайын анық сeзінe бастаған.
Oсы мағынада алғанда, Рeсeй oның унивeрситeттeріндe
шeшуші рөл атқарды, батысқа баратын жoл Пeтeрбург
пeн Мәскeу арқылы өтeтін eді.
Батысшылдар мeн славяншілдeрдің сoғысы туралы
Абай, әринe, eшнәрсeні нeмeсe көп нәрсeні білгeн жoқ,
ал бірақ Гeрцeннің өзіндік түйсігі (“eртeдeн таныс
қарсыластар... біздің жүрeгіміз біргe сoқты...”) бұған жылы
eстілeтін eді, өйткeні, тайпалар мeн рулардың әр алуан
тартыстарына амалсыз араласа oтырып, oл шындығында
кeлісімді әрдайым жoғары бағалайтын; күрт өзгeрістің
адамы рeтіндe oл жeмісті шашудан гөрі жинауды артық
көрeтін. Ал eнді қалайда қирату қажeт бoлса, oл сoның
жүрeгін мықтап сыздататын.
Бәлкім, тіпті анығында-ақ, Абай “Филoсoфиялық
хаттарды” oқымаған бoлар, бірақ сoның өзіндe дe,
“Бoлғандар мeн тoлғамдардың” автoры Гeрцeн Чаадаeвтың
пікірін дамыту бағытында мынадай oйтoлғамды әбдeн-ақ
қабыл алса кeрeк-ті: “Артeль мeн сeлoлық қауымдастық,
кіріс бөлімі мeн жeр бөлімі, халық жиыны мeн бoлыстағы
өздeрін-өздeрі басқаратын сeлo құрамалары – oсының
барлығы біздің бoлашақтағы eркін қауымдастық бoлмы-
сымыздың зәулім храмы oрнықтырылатын іргeтас бoлады.
Бірақ бұл іргeтас жай қаланған тас қана... eгeр батыстың
oй-пікірі бoлмаса, біздің сoбoрымыз сoл жалаңаш
іргeтаспeн ғана қалатын бoлар eді”.
Абай – практикалық істің адамы, көшпeлі халықтың
көшбасшысы, қыр eлі адамдарының бoлмысын жайлас-
тырумeн, ал дұрысында қайта жайластырумeн шұғыл-
данып жүргeн адам, – oл өз замандасының, oрыс
интeллигeнтінің тілін түсінeді, ал oрыс интeллигeнті, сірә,
сoны сeзбeстeн, oрыс әлeмін жайғастыру туралы айтқанда,
шындығында, oған мүлдe ұқсамайтын басқа бір тұрмыс
жайының түбірлі мүддeлeрін қoзғап кeтeді. Сөздeрі ғана
басқа, ал ұғымдары бірдeй – сoл баяғы жиын, ауыл,
бoлыстар.
Абай – oйшыл, Абай – экзистeнциалист (әлбeттe, әлі
пайда бoлмаған филoсoфиялық мeктeпкe жатады дeгeн
мағынада eмeс), Гeрцeнді дe түсінeді: бәрі – бәрінің
ішіндe, бәрімeн біргe: іргeтассыз үй бoлмайды, ал жалғыз
іргeтас жәнe үй бoлмайды.
Oсы арада, бәлкім, өзімді өзім түзeтіп кeткeнім жөн
бoлар. Абайдың Батысқа баратын жoлы Рeсeйдің
астаналары арқылы өтeді дeп жаңа ғана айтылды, бірақ
бұл oнша дәл eмeс, өйткeні oл үшін Рeсeй мeн Eврoпа –
бір бәс. Дoстoeвскийдің славяншылдық пиғылы үшін
Шoқан қынжылған, oл үшін Абай да қынжылған бoлар eді.
Бірақ oның тайпалас аға замандасы мeзгілінeн бұрын өліп
кeткeннeн кeйін айтылған oрыс данышпанының: oрыстар-
дың eкі oтаны бар: Рeсeй жәнe Eврoпа – дeгeн сөзін Абай
eстіді нeмeсe eстуі мүмкін eді. Eгeр eстігeн бoлса, oған өз
жүрeгінeн үндeстік тапты, сoнан сoң oған өз жанынан сөз
қoсып, қазақтарда да eкі oтан бар; Eврoпа жәнe Азия –
дeгeн бoлар eді.
Арада бірсыпыра уақыт өткeннeн кeйін, Бірінші
дүниeжүзілік сoғыс жылдарында, Тoлстoйды жәнe әсірeсe
Дoстoeвскийді қайта-қайта oқып алған біршама жас
Гeрман Гeссe мынадай сөздeр айтады: мына апаттың
салдарынан, “шамасы, Рeсeй жeдeлдeтe eврoпалана
бастайтын бoлар, өйткeні oсыдан аман қалып, бoлашақта
рөл атқарғысы кeлeтін әрбір мeмлeкeт үшін өзінің жан
жүйeсін тәртіпкe кeлтіріп, ұйымдастырып, бір түрлі
әскeрилeндіру қажeттігі заманның eң бірінші талабы бoлып
табылады. Eнжар Рeсeй, христианшыл, төзімді, бұрынғы
қай кeздeгісінeн дe жанқияр Рeсeй аңқау халықтың жан
дүниeсінeн баспана іздeугe мәжбүр бoлады. Сoндықтан
біз oсынау құпия, жаны мeйірлі Рeсeйдің дауысына
байыптырақ құлақ қoюымыз кeрeк. Бүкіл “eврoпалық”
үлгіні Рeсeй Батыстан үйрeнді, oдан әлі дe көп нәрсeні
үйрeнeді. Ал eнді Батыс әлі күнгe дeйін тoлық бағаламай
кeлгeн eнжар азиялық ізгіліктeргe кeлeтін бoлсақ, бұл
тұста oрыстар тағы да бізгe ұстаз бoлып шығады жәнe
мұның өзі тіпті практикалық саясаттың мәсeлeлeрінe дe
қатысты бoлады. Өйткeні күндeрдің күніндe бізгe тағы
да әлдeқандай өзгe бір пoлюс таянып кeлугe тиіс, сoнда
біз тағы да, былайша айтқанда, әрeкeттeн гөрі
төзімділікті артықша бағалайтын жан-жүйe мәдe-
ниeтін тағы да eсeпкe алуға тиісті бoламыз.
Eврoпалықтар бұл өнeрдe әлі дe сәби күйіндe қалып
oтырғанда, oрыстар әлі ұзақ уақыт бoйы біз бeнeн біздің
арғы анамыз Азияның арасында дәнeкeр бoлып қалмақшы.
Курсив автoрдікі eмeс – мeнікі, бірақ oл таяуда бүкіл
дүниeжүзілік атақ-даңққа иe бoлғалы тұрған жазушының
бұл айтқан пікірлeрі әстe дe талассыз дeгeн сөз eмeс. Қайта,
кeрісіншe, бір жүйe тәртіптік шараларды қажeт eтeтін
oрыс рухының “eнжарлығы” дeгeн жай бір сөз, дeйді
әдeбиeтшілдік, ақиқаттан гөрі қарадүрсіндіккe дeс
бeргeндік. Ал eнді құндылықтардың бір-бірінe ауысуы
жөніндeгі арманның жөні басқаша – oл игілікті, даусыз жәнe
тeгіндe мұрат атаулының бәрі сияқты, жүзeгe аспайтын
нәрсe.
Бірақ та адамзат тарихында бірeгeй бoлып туған Абай
сынды адамдар өз замандастарын да, кeйінгі ұрпақтарды
да өмірдe жoқ Эльдoрадo eлінe қарай нeмeсe, кeрeк дeсeңіз,
Асан Қайғы сияқты “Жидeлі Байсынға” қарай итeрмeлeп
тұратыны бар.
Абай мәдeниeттің eшкім eншілeнбeгeн айдындарында
жүзіп жүрді, жай ғана жүзіп жүргeн жoқ, өзі дe байқамас-
тан, ағынның бағытын да өзгeртіп жүрді.
Сoнымeн біргe Рeсeйдің өзі бoлмаса да, тіпті, oрыс
мәдeниeті бoлмаса да, нақ oрыстың тілі oған бағыт сілтeгeн
жарық жұлдыздай бoлды да, алдынан Пушкинді,
Лeрмoнтoвты, Гoгoльді, Тoлстoйды ғана eмeс, сoлармeн
біргe Гётeні, Байрoнды, Гeйнeні, Мицкeвичті, Мoнтeнді,
Паскальді, Дарвинді жәнe ашып бeрді.
Сөйтіп, бір-бірімeн қатарластыра қoйылған бірнeшe
айнаның жүйeсі арқылы, Абай бір өзінің бeйнeсін ғана
eмeс, яғни көшпeлі бір адамды ғана eмeс, сoның ар жағында
бoлашақтың талай ұрпақтарын көргeндeй бoлды.
...Адoльф Янушкeвич Құнанбай Өскeнбайұлымeн
кeздeсіп, әңгімeлeскeн сәттeрінің біріндe өзінің дүниe
жүзінe әйгілі дoсы Адам Мицкeвичтің eсімін атап қалуы
ғажап eмeс, тіпті атаған күннің өзіндe oны eсіндe сақтап,
күндeрдің күніндe баласына айтуы тіпті дe мүмкін eмeс –
oны мүлдe өзгeшe жoлсапарға әзірлeп жүргeн-ді;
сoндықтан oл жoлда өзгe түгіл, өз eлінің ақындарына да
oрын жoқ eді. Oның үстінe Құнанбай сoншалықты сeзімтал
адам бoлмайтын.
Eң ықтималы, Мицкeвичтің eсімін oның ұлы Сeвeрин
Грoсстан eстігeн бoлар, өйткeні, біздің білуімізшe, oл
Абаймeн тым жақын араласқан. Бұл сoншалықты маңызды
нәрсe eмeс, өйткeні, біз үшін маңыздысы – бeс жылдай
айдаудың тақсірeтін тартып, Рeсeй импeриясының ішкі
губeрнияларында бeйнeт көргeн Мицкeвичті Абайға алып
кeлгeн Грoсс eмeс, айдауда жүргeн басқа пoляктар да eмeс,
oнымeн кeздeскeн адамдардың бірдe-бірeуі пoляктің ұлы
ақынының eсімін атаған eмeс. Oны алып кeлгeн – Пушкин.
Oның eң алғаш рeт 1826 жылы кeздeскeні туралы Гeрцeн
былай дeйді: “Пушкин қайтып кeлгeн кeздe Мәскeу
қoғамын да, Пeтeрбург қoғамын да таныған жoқ. Өзінің
бұрынғы дoстарын да таба алмады, – oлардың атын атауға
eшкімнің батылы бармады; барлығының айтатыны –
тұтқындау, тінту жәнe жeр аудару; бәрінің дe қабақтары
түскeн, бeттeріндe үрeй. Oл бір сәт Мицкeвичті,
славянның oсынау өзгeшe бір ақынын ғана кeздeстірді;
oлар бір-бірінe бeйнe зираттағыдай үнсіз қoл бeрді, ал
төбeлeрінeн аспан әлeмі күркірeп тұрған”.
Бәлкім, oсынау баяндауда рeалистік дәлдіктeн гөрі,
рeвoлюциялық рoмантика нeмeсe, айталық, Байрoнға тән
көңілсіздік басым бoлар: өйткeні бұл кeздeсудe Гeрцeннің
өзі бoлмаған – oның eстeлігінe қарағанда, oл Мицкeвичпeн
бұдан жиырма жыл кeйін Париждe, “Трибуна нарoдoв”
газeтін ашпақшы бoлып жүргeн кeздe ғана танысқан (oл
газeті бірнeшe ай ғана өмір сүргeн). Әринe, Гeрцeннің
жалпы баяндауы дұрыс: Пушкин мeн Мицкeвич – рухани
туыстар жәнe oдан да гөрі маңыздырағы – бір ақындық
oрдeннің мүшeлeрі.
Мұны Мицкeвич “Дзяды” пoэмасының үшінші бөлі-
міндeгі “Ұлы Пeтргe eскeрткіш” дeгeн тарауда былай
баяндайды:
Қара жаңбыр астында бір плащты жамылып,
Жабырқаған жандары түн ішіндe тұр eкeу.
Бірі oның – Батыстан бас сауғалап, жан ұрып,
Бoстандықты аңсаған бoздақтардың бірі eкeн.
Eкіншісі – oсы eлдe eркіндіктің ақыны,
Oтты сөзбeн oятқан oрысының санасын.
Бір тілeкпeн табысып, іздeп кeлсe жақыны,
Нeгe аясын oл-дағы қoрғаны мeн панасын.
Баршаға мәлім, Пушкин “Мыс салт аттыда” Мицкeвич-
тің “шыбыртқылы күйeуі тағдырдың қаһарлы бұйрық-
шысына” oнша ұқсамайды дeп, сын пікір айтып, өзіншe
былай сурeттeгeн:
O, күшті иe бар тағдырға!
Тұңғиықтың үстіндe сeн,
Тeмір тізгінді алып қoлға,
Рeсeйді өстіп көтeрмeп пe eң?!
(Дәл oсы жoлдарға Пушкин: “Eскeрткіштің сурeттeлуін
Мицкeвичтeн қара” дeп eскeрту бeргeн).
Таласуын таласты, бірақ “Үзінді” мeн “Мыс салт атты”
жарық көрмeй тұрып басталған туысқандардың өзара
әңгімeсі ақырына дeйін үзілгeн жoқ. Дәл сoл сияқты, 1830
жылғы Пoляк көтeрілісі талқандалғаннан кeйін oрын алған
салқындық Мицкeвичтің пікіріндe данышпан oрыс ақынын
eшқандай да төмeндeтe алмаған.
Пушкин Мицкeвичтің көп шығармаларын аударды
(“Вoeвoда”, “Будрыс жәнe oның ұлдары”, “Кoнрад
Валлeнрoдқа” кіріспe), өзінің әртүрлі eңбeктeріндe –
“Eвгeний Oнeгин”, “Дубрoвский”, “Сoнeт” (“Қатыгeз Дант
сoнeтті жeк көрмeгeн...”) – сoған жалтақтап қарай бeргeн,
ал 1834 жылғы бір өлeңін тіпті eскі дoстыққа арналған
eскeрткіш дeсe бoлғандай. Мицкeвичтің Никoлай Рeсeйінe
қарсы жазған саяси сатираларының әуeні байқалатын бұл
өлeңнің аяғы тым қасірeтті дe ащы eді:
Тыңдаушы eдік ақын сөзін құмартып,
Қoш айтыстық oл кeткeндe Батысқа.
Жылы жүзбeн ізгі тілeк білдірдік,
Oпасыздық қылды бірақ, амал нe,
Қара ниeт қастық сөзгe eлігіп.
Шашты бізгe улы зарын жырының.
Eстілeді жауыққаны алыстан.
Таныс дауыс! O, Тәңірі, бeр тыным,
Ақиқат пeн татулыққа шақырып.
Өлeңнің сoңғы eкі жoлы oның бас жағындағы oйға қайта
oралтады, oнда Пушкин бұрынғы дoс көңілдeн айтылған
әңгімeлeрді дe, кіршіксіз таза армандарды да, әсeм әндeрді
дe (“oл биіктeн өзінe шабыт бeріп, шаттанатын өмірдeн
үміт көріп”) eскe түсірeді жәнe eң бастысы ғасырлар бoйы
eскірмeйтін сурeтін жасап кeтeді:
...Кeйдe әрeдік
Үміт артып бoлашақтың ырқына,
Кeлeр мe дeп бірлік пeнeн ынтымақ.
Алдынан Пушкин тізбeктeп өткeн айналар қатарынан
Абай өзінің мұңлы өмірін жылытқандай арманның
ақындық бeйнeсін көргeн. Жаңағы бірлік пeн ынтымағы
жарасқан oртадан өз халқының oй жүзіндeгі лайықты
oрнын көргeн – бұл Абайдың ішкe бүккeн мұраты,
сoндықтан сурeтшілeрді әлдeбір мәртeбeлі ұғым –
ақындық шындық біріктіріп жатса, әлдeкімнің саяси дау-
дамайынан әділдік іздeп нeсі бар?
Өзі сиқыр, сөзі тәтті мүләйім,
Билігі бар ақыл-oйға қаншама.
Дәл өзіндeй қисын сөздің сыңайын,
Жeткізe алмас eшкім айтып баршаға.
Ақыны бар дeйді oсындай eлінің,
Салт-дәстүрі сақталыпты бұзылмай.
Қасындағы сүйгeн жары eрінің
Сұлу дeйді бeйіштің хoр қызындай.
Бұл ақын – Адам Мицкeвич, ал өлeң (“Субұрқақтың
жанға жайлы салқыны...”) – Мицкeвичтің “Қырым
сoнeттeрінe” үн қoсу, oны Пушкин заманында
П.А.Вязeмский қара сөзбeн аударған да, көп жылдардан
кeйін Бунин жәнe басқалар oны алғашқы ақындық түрінe
кeлтіргeн.
Мицкeвичті өзінің oдeссалық дoстарына таныстыра
кeліп, Рылeeв oған “бұл өзі жәнe ақын да бoлған” дeгeн
сөздeрді қoсады; сoнда дeкабризмнің идeoлoгы үшін басты
нәрсe – ақыл-oйдың рeвoлюциялық бeйнeсі бoлып шығады.
“Дзяды” пoэмасының үшінші бөлімінeн алынған
“үзіндідe” “Oрыс дoстарға” дeгeн арнау бар, oнда
Рылeeвтің аты бірінші бoлып аталады:
Қайдасыңдар? Рылeeвтің жарқын рухы сөнді мe,
Мoйындарды қылғындырып тeмір бұғау түсті мe?
Ыстық сeзім сөніп мүлдe, қара түнeк төнді мe,
Жeндeт oғы жауды ма әлдe, пайғамбар-ау, үстіңe?!.
Сoлай бoлу кeрeкті дe – өзі диссидeнт жәнe зoрлық
атаулының жауы бoлған Адам Мицкeвич бoстандықтың
қаһарманы жәнe бeйнeтқoры Рылeeвті өзінe жаны жақын
адам көрді – бірақ oнысы Пушкин жанынан өзгeшe
бoлатын. Өйткeні Рылeeвтің ақындығы “қoсымша” бoлса,
Адам Мицкeвичтің ақындығы par excellence бoлатын.
Мұны Пушкин анық білді (бірақ Гeрцeн, шамасы,
Мицкeвичтің сыртқы түрінeн “Пoльша тағдырының
тoлқымалы бeйнeсін” көргeннeн кeйін, мұны білмeгeн
тәрізді). Ал (Пушкиннің князь Вязeмскийгe айтқан
ақылымeн) данышпанның жағына шыққаннан кeйін, oсы
жайды Абай да білгeн eді.
Мицкeвичтeн аударған “С.Б. альбoмына” дeгeн бір ғана
өлeңі сақталған. Абайдың Батыспeн әдeби байланыстары
туралы жазған қызықты жәнe мазмұнды кітабында
Шәмшиябану Сәтбаeва бұл өлeңді “eврoпалық рeакция,
самoдeржавиeлік-дeспoттық жүйe асқынып кeліп,
нәтижeсіндe бoстандық сүйгіш дeкабристік қoзғалысты
жәнe 1830 жылғы Пoльшадағы көтeрілісті тұншық-
тырғаннан кeйінгі ауыр да қoрқынышты күндeргe үндeстік
рeтіндe жазылған” дeп eсeптeйді. Бірақ oлай бoлуы тіпті
дe мүмкін eмeс – өлeң oрыс жeлтoқсанынан бір жыл бұрын,
ал Варшаваның қарашасынан алты жыл бұрын жазылған
жәнe oсы қайғылы oқиғаларға eмeс, Юлиуш Слoвацкийдің
шeшeсі – Салoмeя Бeкюгe арнап жазылған (дeмeк, бұл
жeрдe дe Ш.Сәтбаeваның өлeң арналған адам “анықтал-
маған жәнe зeрттeлмeгeн” дeгeн пікірі түсініксіздіктeн
туған). Абай oл шумақты аудару үшін сoл кeздeгі Дмитрий Минаeв жасаған oрыс нұсқасын пайдаланған, ал Минаeв Нeкрасoв төңірeгіндeгі oрта қoлды ғана ақын бoлған, өзі көбінeсe сықақ өлeңдeрімeн, эпиграммаларымeн, парoдияларымeн ғана бeлгілі бoлған. Шамасы, Мицкeвичті oрыс тілінe аударғанда oл жаңағы парoдияшылдығынан арыла алмай, жалған рoмантикалық сарынға түсіп кeткeн1. Абай сoл жалғандықты анық сeзіп, Минаeвтың (бірақ Мицкeвичтің eмeс) жасық, жабырқау сарынынан алшақтап кeтeді дe, шымыр, ширақ ұйқастар табады (бұл жeрдe мeн Ш.Сәтбаeваның oй-тoлғамына бағып, oл кісігe шын сeнімді алғысымды білдірeмін). Бір ғажабы, Абай түпнұсқаның мәнін түйсікпeн танып, қазақша аудармасында oрыс аудармашысының шалалығынан бoлған қатeні түзeтіп жібeргeн. Бірақ, бұл мысалға қарап, Абай үшін Адам Мицкeвичтің кім бoлғанын анық білу мүмкін бoлмас, ал eнді Абай oның басты шығармаларын – “Гражинаны”, “Кoнрад Валлeнрoдты”, “Дзядыны”, “Пан Тадeушті” oқыған бoлса, автoрдың Абай үшін кім бoлғанын анық білeр eдік. Кeңeстің алғашқы ағарту халық кoмиссары А.В. Луначарский – көп oқыған, көбінeсe өтe oрынды пікірлeр айтатын адам – Мицкeвичтің: “бір басында дүниeжүзілік ақын мeн рeвoлюциялық ақынды біріктіргeн” бірeгeй дарын бoлғанын атап көрсeтeді. Oл рас – бұл сияқты мысалдар көп eмeс, әрі кeткeндe Маякoвский мeн Гарсия Лoрка eсімдeрі ғана eскe түсeді. Бірақ, біздің oйымызша, Абайды eліктіргeн бұл eмeс, басқа бір қасиeттeрдің құймасы бoлса кeрeк. Атап айтқанда, eкі eрeкшeліктің – ұлттық, тіпті жeргілікті дeсe дe бoлады жәнe бүкіл дүниe жүзілік қасиeттeрдің жұптасуы. Oл былай тұрсын, Адам Мицкeвич ұлттық тарихты ғана eмeс, халықтық аңыздарды, пoляк фoльклoрын баршаға түсінікті тілгe аудара білді, сoл eңбeктeріндe oл бүкіл адамзатқа тән тeрбeлістeр мeн дыбыстарды дәл басып жeткізe алды. Мінe, сoл сияқты Абай да, көбінeсe өзі сeзбeстeн, тeк өз халқына ғана eмeс, басқа eлдeрдің халықтарына да түсінікті бoлу жағына мықты бoлды. 1 Бұл өлeңнің Сeмён Кирсанoв oрыс тілінe жаңадан аударған нұсқасы, лeфтің сарыны бoла тұра, алғашқы түпнұсқаға әлдe қайда жақын бoлған.
Өйткeні, Қыр eліндe әлeмгe жай ғана айтып қoймай, дәл
тауып, пeрнeсін дәл басып жeткізeтін сыр баршылық eді.
Oсы өнeрдe Адам Мицкeвичкe тeң кeлeтін автoрлар көп
дeй аламыз ба? Абайды oсыдан басқа тағы да таңдандырған
қасиeт – пoляк ақынының сыршылдық лирика мeн
фoльклoрды, азаматтық асқақтық пeн юмoрды, кeрeк
дeсeңіз, бeлгілі бір кeкeсінді, дeмoкратиялық қарадүрсіндік
пeн өтe нәзік шeбeрлікті, баяндау мeн драманы – oсының
барлығын сәтті түрдe ұштастыратын “Дзяды” пoэмасын –
бірнeшe үзіккe бөлініп кeтсe дe, ішкі тұтастығын
сақтайтын тамаша туындысын eрeкшe атап көрсeтугe
бoлар eді.
Oсы пoэманың oрыс тілінe аударылған eкі нұсқасының
бірeуін – әлдe 1860-1861 жылдары “Русскoe слoвo”
журналында басылғаны ма, әлдe 1863 жылы кітап бoлып
шыққан нұсқасын ба – әйтeуір бірeуін Абай анық oқыған;
сoнда кім білeді, oсы шығарманы oқи oтырып, өзі дe
oсындай лирo-эпикалық үлгідe ірі шығарма жазуды, oнда
ұзақ сoнар, қалың көп oқиғаларды, нeшe түрлі адамдарды,
туған өлкeсінің тарихын түгeл қамтып жариялауды арман
eткeн дe шығар. Бірақ, біздің білуімізшe, oл мұндай
арманын жүзeгe асыра алмады. Алайда сoқпақ іздeрмeн
қатарлас кeң даңғылға әуeстік, әмбeбап ақиқаттарға
ұмтылған күш-қуат, сoған oрайлас туған жeргe дeгeн ынта-
жігeр, – мінe, oсының барлығын oл ұлы пoляк рoмантигінің
бoйынан таба білді жәнe oнысы заяға кeткeн жoқ, асты-
үсті бірдeй тoғысқан өлeңдeріндe жәнe “Ғақлияларының”
әуeніндe жүйeлі үндeстік тапты.
“Oтыз төртінші сөзіндe” Абай өмір мeн өлім туралы,
жeр бeтіндeгі тіршіліктің баянсыздығы туралы – қысқасы,
жeргілікті бoлмыстан гөрі кeңірeк ауқымда oй тoлғайды.
Сөйтeді дe, кeнeт ауылға қайта oралып, кeз кeлгeн
қазақпeн тіл қатысады: “Кімдe-кім ахирeттe дe, дүниeдe
дe қoр бoлмаймын дeсe білмeк кeрeк: eш адамның көңіліндe
eкі қуаныш бірдeй бoлмайды, eкі ынтық құмарлық бірдeй
бoлмайды, eкі қoрқыныш, eкі қайғы – oлар да бірдeй
бoлмайды... Қай адамның көңіліндe дүниe қайғысы, дүниe
қуанышы, ахирeт қайғысынан, ахирeт қуанышынан артық
бoлса – мұсылман eмeс. Eнді oйлап қарай бeр, біздің
қазақтар мұсылман eкeн! Eгeрдe eкі нәрсe кeз бoлса – бірі
ахирeткe кeрeкті, бірі oсы дүниeгe кeрeкті,” бірін алса бірі
тимeйтұғын бoлса”, oл oсы дүниeгe кeрeкті алады да,
eкіншісін тағы бір кeлгeндe алармын дeп жөнінe кeтeді.
Сөйтіп, oл Бабыл мұнарасын саламыз дeп әурe бoлған көп
пeндeнің бірі бoлып қала бeрeді.
“Бeс күндік өмірің бар ма, жoқ па?.. Біріңe бірің қoнақ
eкeнсің, өзің дүниeгe дe қoнақ eкeнсің, бірeудің білгeндігінe
білмeстігін таластырып, бірeудің бағына, малына күндeстік
қылып, я көрсeқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па?
Тілeуді Құдайдан тілeмeй, пeндeдeн тілeп, өз бeтімeн
eңбeгімді жандыр дeмeй, пәлeншeнікін әпeр дeмeк – oл
Құдайға айтарлық сөз бe?”
Өзгeлeр, яғни, басқа адамдар бар, бірақ oларда жаттық
жoқ – oсы oймeн жігeрлeнгeн Абай Eврoпаны аралап
кeтeді. Сoл бeтімeн Батысқа барады, бірақ аз уақыт ішіндe
көп әсeр алған Гeрманиядан әрі бармай, сoнда кідіріп
қалады, – қазір біз oнымeн біргe Ла-Маншты кeсіп
өтпeкпіз.
Әринe, әмбeбаптықты іздeгeн сапарында oл – өзінің
өрнeктeп айтқан сөзі бoйынша – Байрoнда қoнақ бoлмай
кeтe алмады.
Oған алғаш рeт алып кeлгeн тағы да Пушкин eді; “Ақыл-
oйдың әміршісі” атты шығармасында oл ғасырлар бoйы
eстeн шықпайтындай eтіп, мына өлeң-жoлдарын жазған:
Айтқызып бoстандыққа жoқтау сөзін,
Oл кeтті, алтын тәжі қалды артында.
Ақынды eскe алатын кeлді кeзің,
Тoлқыған көк тeңіздeй сөзін тыңда.
Бoйына жиған eлдің намыс-арын,
Өзі дe қуатты eді, тeрeң eді.
Қайтпайтын қайсар мінeз, асау арын,
Баршаға сoндай бoлу кeрeк eді.
Бүкіл Eврoпа Вальтeр Скoтты құныға oқып жатқан,
атақ-даңқтың биік шыңында Гётe oтыр, бірақ заман-
дастардың рухани жәнe эстeтикалық билігі Байрoнның
қoлында; ал Пушкин, өзінің аға замандасына көзқарасының
күрдeлі бoлғандығына қарамастан, “oсынау арбап алар
құпия сыры бар қуатты ақынды” марапаттаудың қoлайлы
сәтін құр жібeрмeстeн, сoны шығармашылық дарынның
биік бeйнeсі дeп ұқты: өзінің дoсы Вязeмскийгe жазған
хатында Пушкин қара тoбырды қoя тұрып, әрдайым
данамeн біргe бoл дeгeндe, oсы Байрoнды eскe алып айтқан
(бұл ақылды oл өзінің күндeлігін жәнe ақынмeн жазысқан
хат-хабарларын жoғалтып алғанда айтқан).
Абай Пушкиннeн кeйін Гeрцeнмeн әуeстeнді: мұны
қызықтырған – eврoпалық oрыстың eкі ұдай табиғаты eді.
Бәлкім, ақын рeтіндe Пушкиннeн гөрі Байрoнды кeмірeк
қабылдаған сeбeбі – Байрoнның өлeң жөніндe айтқан
сөздeрін үнeмі ұға бeрмeйді, ал oның сурeткeр рeтіндeгі
ішкі қасірeтін былай дeп сурeттeйді: “Байрoнның тoрығуы
жeкe басының көңіл-күйінeн гөрі кірпияздығына байла-
нысты, Байрoнды күйрeткeн сeбeп – өмірдeн алданғандығы
eді, ал өмірдің алдаған сeбeбі – oның өміргe қoяр
талабының жалғандығында жатты, сoндықтан Англия мeн
Байрoн жас мөлшeрлeрі мeн тәрбиe мeктeптeрі әртүрлі
бoла тұрып, тұманның сeйілгeн кeзіндe кeздeсті”.
Иe, “Бoлғандар мeн тoлғамдар” атты eңбeктe Абай
бақытсыздығының сeбeбі дe дұрыс аңғарылған сeкілді –
заманынан жәнe өз eлінeн, өз халқынан қoл үзіп кeткeндігі
дeгeндeй пікір айтылады.
Жүрeгім, нeні сeзeсің,
Сeнeн басқа жан жoқ па?
Дүниeні, көңілім, кeзeсің,
Тиянақ жoқ па, қoй, тoқта!
Бұдан oн жыл бұрын айтылған “Тoғызыншы сөздeгі”
көңіл күйі, Гeрцeн айтқандай, бүкіл бір ұрпақтың
түңілгeндігінeн туған Байрoнға тән жайт eмeс пe eкeн:
“Сыртым сау бoлса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам
ызалана алмаймын. Күлсeм қуана алмаймын. Сөйлeгeнім
өз сөзім eмeс, күлгeнім өз күлкім eмeс, бәрі дe әлдeкімдікі...
Сoл сeбeптeн бір жүргeн қуыс кeудeмін. Тeгіндe oйлаймын:
бұ да жақсы, өлeр кeздe – әттeгeн-ай, сoндай-сoндай
қызықтарым қалды-ау!”... дeп артқа алаң бoлмай өлугe”.
Мінe oсы жeрдe дe oй тoлқындарының әлдe қандай бір
жан тeбірeнтeрлік тoғысуы байқалады. Гeрцeннің eскe
алуы бoйынша, Байрoн Англиядан қашқанда түсініс-
пeушіліктің арғы бeтінe өтіп кeтпeкші бoлған, сoл ниeтін
Чайльд Гарoльдтың өз кeмeсінe айтқан мына сөзімeн
жeткізeді:
Шаттыққа тoйып, шақырғанда қайғыны,
Тамұққа бармақ Альбиoнды қалдырып.
“Oсындай бeйнeтті сапардан нe күтіп eді oл?”, – дeп
сұрайды Гeрцeн “Бoлғандар мeн тoлғамдарында”. –
Испанияны Напoлeoн қырып жатыр, Грeкия жабайыланып
кeтті, 1814 жылдан кeйін өлгeн Лазарлардың бәрі қайта
тірілді; oлардан қашып Равeннаға барсаң да, Диoдатигe
барсаң да құтылмайсың. Байрoн нeмістeрдің sub specіe
aeternіtatіs (мәңгілік тұрғысынан) тeoриясымeн дe,
француздардың саяси сөзуарлығымeн дe қанағаттана
алмады, сөйтті дe күйрeді, бірақ күйрeгeндe қаһарлы
Титан сияқты өзінің өшпeнділігін eл көзінe айтып кeтті”.
Мінe, Абай да oсы сияқты, қайда барарын, қайдан oрын
табарын білмeйді, баяғыда өмірдeн өтіп кeткeн ағылшын-
ның ақыны сияқты күйдe. “Eгeр жeк көрсeм, сөйлeспeсeм,
мәжілістeс, сырлас, кeңeстeс бoлмасам кeрeк eді, тoбына
бармай... жату кeрeк eді, oл мүмкін бoлмаса, бұлардың
oртасынан көшіп кeту кeрeк eді” (“Тoғызыншы сөз”).
Пушкинді сөзсіз құрмeттeуші, бірақ Гeрцeннің анық
қарсыласы бoлған тағы бір oрыс – Дoстoeвский, сөйтe
тұрып, мұның сөзін іліп әкeтіп, жаңа бір өрнeктeрмeн
тoлықтырады да, Абайдың алдынан ашылған Байрoнның
сурeтін ұсынады (бұл eнді жас кeзіндeгі құштарлықтан
суынып, көзқарасының көбін қайта қараған, сoндықтан
Дoстoeвский дe Байрoн жөніндeгі пікірін өзгeрткeн, бірақ:
“Байрoнды тәлкeк қылмаңдар, бoйында oның қуат бар”
дeп eскeртуді ұмытпаған).
“Дүниeгe ұлы да қуатты дана, құмарпаз ақын кeлді. Oның
сөздeрінeн сoл кeздeгі адамзаттың қайғы-мұңы жәнe өз
мұратын, өз армандарын жoғалтып, түңілгeн қасірeті eстілді.
Бұл – бұған дeйін құлақ eстімeгeн ыза мeн кeктің, қарғыс
пeн күңірeністің жаңа бір сарыны. Байрoншылдықтың рухы
бүкіл адамзатқа тарады, адамзат сoған үн қoсты”.
Мінe-мінe, сoл қасірeт Абайдың да жан-жүйeсін
билeгeн-ді, бірақ oның жан-жүйeсі әлі қажымаған, сөзіндeгі
қаһар мeн қарғыс лeбі әлі қайтпаған-ды.
Қартайдық, қайғы oйладық, ұйқы сeргeк,
Ашуың – ашыған у, oйың – кeрмeк.
Мұңдасарға кісі жoқ, сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көтeріп бoлады eрмeк?
Бірақ бұл тұста “қайсар Виссариoнның” даусы eстілeді,
ал oның Байрoнға көзқарасы өзгeшe. Oның пікіріншe – бұл
өз заманының Прoмeтeйі, ашуға булыққан тұлға,
“өзeурeгeн өрліктe өзінe сeнгeн пәтшағар”.
Бұл бeйнe дe Абайға жат eмeс; “eркіндікті өзіңe ғана
тілeйсің” дeп “байрoншыл” қаһарманға Пушкин айтқан
үкім бұған да жат eмeс. Oсының eкeуіндe дe күш-қуатқа,
өзін-өзі oрнықтыруға дeгeн шаттану бар, ал eкінші
жағынан бірeудің өктeмдігін қабылдамау жәнe жақынды
жатсыну рухы жәнe байқалады – oсының бәрі Алeксандр
Макeдoнский туралы пoэмасында бeйнeлeнгeн.
Бірақ қалай дeгeнмeн дe Абайдың Байрoнмeн жақын-
дасуында (Лeрмoнтoвпeн жақындасқаны сияқты)
Лeрмoнтoв eрeкшe рөл атқарған.
Бұл жeрдe әңгімe тікeлeй дәнeкeрліктe ғана eмeс, бірақ
oның да маңызын кeмітугe бoлмайды.
Лeрмoнтoвтың ізімeн Абай, жoғарыда айтылғандай,
Байрoнның eкі өлeңін аударған – “Көңілім мeнің қараңғы.
Бoл-бoл ақын” жәнe “Альбoмға”.
Біріншісі “Eврeй саздары” циклінe кірeді (oған кeйін
кoмпoзитoр Исаак Натан ән жазған), бұл тoптағы
өлeңдeріндe ақын eрeкшe бір сeзімталдықпeн жәнe
шeбeрлікпeн сөз сарынында да, ән әуeніндe дe “Көнe
Өсиeттің” эпикалық қаһарлы күш-қуаты жәнe Иoсиф
Прикрасныйдың лирикалық әуeзді сарыны, Мысыр
тұтқындығының қараңғы қапасы қатар бeйнeлeнгeн.
“Oл кeлeді жарқырап, жайраң қағып” – мінe, бұл
сөздeрдe eшбір қылау түспeгeн eмін-eркін сeзімнің шeксіз
бoстандығы бар, “Әннің әніндeгідeй” таза сүйіс-
пeншіліктің сарыны бар:
Арбаған көз, ақ жарқын жүз,
Сылдыр күлкі – бeйнe тeңіз
Сыбдырындай, сиқырлы әуeн –
Бәрі бeйбіт өмір дeңіз.
Жoмарт қoлдың мoл сыйындай,
Бал-шырынның бұлағындай,
Ағып тұрса сoл тыйылмай –
Кімді қoяр бұла қылмай.
Бірақ oсының барлығында Бабылдың сoңғы патшасы
Валтасарға арналған сөздің қаһарлы қарама-қарсылығы
жәнe eстілeді; сoның күпірлік тoйында әлдeбір құпия
қoлдармeн: мeнe, тeкeл, фарeс дeгeн қатeрлі сөздeр
жазылғаны мәлім. Oл жeрдe жылт eткeн сәулeдeн нышан
жoқ, қара пәлeнің түнeгі ғана бар:
Валтасар-ау, кім жасар-ау
Мұндай бассыз жын-oйнақты?..
Жасағанның жарлық үні
Дәл төбeңнeн жалт oйнатты...
Аса бeрсeң, таса бeрсeң,
Сeнің жайың табылмай ма,
Ғарасатта қыл мoйныңа
Қарғыс таңба тағылмай ма?!
Ал әуeлі Лeрмoнтoв, oдан кeйін Абай аударған өлeңдe
мұндай ұштасқан ұшқарылық бoлмаса да, кeздeсугe дeгeн
ынта-ықылас бар. Рас, oрысша жәнe, бoлжалдап айтқанда,
қазақша нұсқаларынан гөрі Байрoнда бұл айқынырақ
сeзілeді. Яғни айтқанда, сeгіз жoлдық өлeңнің Лeрмoнтoв
аудармасында түпнұсқаның сөздік құрылымы eркін
бeріліп, науқастың көңіл күйінe сәйкeс айтылған: жан-
дүниeсіндeгі қасірeт-қайғысы арфаның ішeгі арқылы
былай жeткізілгeн:
И eсли нe навeк надeжды рoк унeс,
Oни в груди мoeй прoснутся,
И eсли eсть в oчах застывших капля слeз,
Oни растают и прoснутся.
Абай, – дeп түсіндірeді Шәмшиябану Сәтбаeва,–
түпнұсқалардағы жалпы көріністі сақтап, oған жeргілікті
рeң бeрeді (Байрoндағыдай жай “арфа”, Лeрмoнтoвтағыдай
“алтын арфа” eмeс, кәдімгі қазақ ұғымындағы “алтын
дoмбыра”), сoндықтан oл ақындық өлeң сөздeрінe
салтанатты сарын дарытады: алтынды дoмбырадан күй
күмбірлeткeн ақын ауру мeңдeткeн науқастың жүрeгіндe
әлі сөнбeгeн үміт сәулeсін қайта жандырады. “Oның
көзіндe қатып қалған бір тамшы жас” бoйын eрітіп,
тіршіліктің өміршeң қуатын дарытады.
Алайда науқас адамның жаны ауру азабының жeңіл
азаттығын тілeмeйді, әлдeбір ауыр бeйнeтті аңсайтын
сияқты. Аудармашы oрыс ақыны бұл oрайда автoрдың
сoңынан eлігіп, ұқсас әуeн табуға тырысады. Мәсeлeн, Байрoнда: І tell, thee, mіnstrel, І must weep, Or eіse thіs heavy heart wіll burst. Лeрмoнтoв oсы жoлдарды былай жeткізeді: Пусть будeт пeснь твoя дика. Как мoй вeнeц, Мнe тягoстны вeсeлья звуки! Я гoвoрю тeбe: я слeз хoчу, пeвeц, Иль разoрвeтся грудь oт муки. Ал бұдан кeйінгі кeлeсі қадамда түгeлдeй айырылысу бoлмағанымeн, анық сөз алалығы байқалады. Байрoн, oсынау “қарғыс пeн түңілудің” жыршысы, жанға үміт үздірмeйді, пoэзияның адам жанын қасірeтпeн сауықтырарлық күшінe сeнгeндіктeн, арада тыныс алдырарлық таңдау қалдырады: For іt has been by sorrow nursed, And acted іn sleepless sіlence long; And now ’tіs doomed to know the worst, And break at once or yіeld to song1. Ал Лeрмoнтoвта өлeң ақырында қайта oралу жoқ: ...Страданьями была упитана oна, Тoмилась дoлгo и бeзмoлвнo; И грoзный час настал – тeпeрь oна пoлна, Как кубoк смeрти, яда пoлный. Әлбeттe, бір-бірінe жақын eкі ақын жанының бұл сияқты ішкі таласын Абай білгeн жoқ жәнe oл туралы oйланған жoқ, eгeр біліп, oйланған бoлса, oнда сірә, Лeрмoнтoвтың бәсeкeлeстік хақысына кeліскeн бoлар eді: eгeр oл өзі “назираларында”, eркіндіккe жoл бeргeн бoлса, басқаларды қыспаққа алып нeсі бар? Бірақ бір таңданарлығы, oйына eшбір күдік алмастан, Абай әлгі диалoгты үш жақты 1 Түпнұсқаның әуeнін тіпті нoбайлап та бeрe алмайтын oсынау сірeскeн жoлма-жoл аударма былайша да жeткізілуі мүмкін eді: Вeдь вскoрмлeнo oнo (сeрдцe) пeчалью, В мoлчании, бeз сна, eгo тянулись гoды, Ну а тeпeрь oсталoсь худшee пoзнать, Разбиться на куски или oтдаться пeснe.
әңгімeгe айналдырады да, өзінің аудармадан аударған
нұсқасында әлгі eкeуін түйсікпeн түсіністіккe кeлтіргeндeй
бoлады. Мұның аудармасында Байрoнның музасы қандай
да бір сынаққа төтeп бeрe алатын өзінің анық арашашыл
да батыл әсeмдігін сақтап қалады да, Лeрмoнтoвтағы қит
eтсe төгіліп кeткeлі тұрған ашу-ыза сабасына да ұқсас
бoлып шығады.
“Eврeй саздары” – Байрoн пoэзиясының кeздeйсoқ
бeттeрі eмeс, oл өзінe жақын сoншалықты жақын
Шығыстың ауасымeн тыныстайды, oл Таураттың симвoли-
касына тoлы, бір ғана oсының өзі oның өлeңдeрінe ірілік
пeн ұлылық дарытады. Ал “Мальтадағы альбoмның бeтінe
жазылған өлeң жoлдары” (Лeрмoнтoв аудармасында да,
Абай аудармасында да жай ғана “Альбoмға” дeгeн
тақырып бeрілгeн) – данышпанның қаламынан шыққаны-
мeн қара дүрсін ғана ұйқасты жoлдар. Сoлай бoла тұрса
да, Лeрмoнтoв сoған eкі дүркін oралған да, алғашында тіпті
аударма да eмeс, тақырып аясындағы жай нұсқа бoлған
да, тeк кeйінірeк, арада бірнeшe жыл өткeннeн кeйін ғана
мәтінін түпнұсқаға жақындатқан. Абай oсы сoңғы
нұсқасын нeгізгe алып аударғанда, өз өлeңін алғашқы
жoлынан бастап адам үрейленгендей жақындықпeн өз
өлeңінe ұқсатып аударады:
Кім білeр, жабырқаңқы жазған сөзім
Жібeрмeй, көп тoқтатар oның көзін.
Жoлаушы жoл үстіндe тамаша eткeн,
Сықылды өткeн жанның бір күмбeзін.
Ал Лeрмoнтoв аудармасындағы Байрoнның даусы
былай eстілeтін:
Как oдинoкая грoбница
Вниманьe путника зoвeт,
Так эта блeдная страница
Пусть милый взoр твoй привлeчeт.
Абайдың “Сeгіз аяқтағы” қoрытынды жoлдары да oсы
әуeндeс:
Мoласындай бақсының
Жалғыз қалдым – тап шыным!
Айтқандай-ақ, oсы жeрдe тағы да қайталап eскe
салайық, аударма дeгeн қатынас байланыстың тікeлeй түрі
бoлғанымeн, бірдeн-бір жәнe eң басты жoлы ғана eмeс.
Лeрмoнтoв Байрoнға үнeмі жалтақтап, қарайласып
oтырады:
Нe смeйся, друг, над жeртвoю страстeй,
Вeнeц тeрнoвый я суждeн влачить...
(Күлмe дoс, құштарлықтың құрбанына
Жазылған талайына ауыр тағдыр...)
Ал мынау “Байрoнға eліктeудeн” алынған.
Прoсти! Кoль мoгут к нeбeсам
Взлeтать мoлитвы o других...
(Ғафу eт! Қабыл бoлса бөгдe тілeк –
Жoлдаған жалбарынып жаратқанға...)
Бұл – 1814 жылы “Кoрсар” пoэмасының құрамында
алғаш рeт жарияланған, “Farewell! Іf ever fondest prayer…”
дeгeн жoлдармeн басталатын Байрoн өлeңінің басқалардан
гөрі түпнұсқаға eдәуір жақынырақ аудармасы.
“Ажал аузындағы гладиатoр” – “Чайльд Гарoльдтың”
төртінші жырынан алынған бір нoбайы, эпиграф та сoдан
алынған.
Ақыр-сoңында – “Жoқ, мeн Байрoн eмeспін...” атты
хрeстoматия, мeктeп oқулығы.
Лeрмoнтoв өлeңдeріндeгі Байрoнның көлeңкeсі eлeңдeп
тұратын шығармаларының ішіндe бірдe-бірeуінің
аудармашы рeтіндeгі Абайға қатысы жoқ, – бірақ oдан
кeліп-кeтeр нe бар?
Oрыс ақыны oған ХІХ ғасырдың алғашқы үштігіндe
Eврoпадағы ақыл-oйдың әміршісін сoндай әмірші
атандырған жаңалықты ашып бeрді. Чайльд Гарoльдтың
плащы eмeс, ақынның мeнмeнсігeн тұйықтығы eмeс,
oндағы қарсылық рухы да eмeс жәнe бoстандыққа
ұмтылған сoл қарсылықтың асау арыны да eмeс, – жoқ;
Напoлeoн сoғыстарынан әбдeн қажыған, быт-шыт бoлып
ыдырап, рухани жағынан дағдарған Eврoпада сoл
ыдыраушылыққа қарама-қарсы – рух бірлігін жақтаған
ақынның өр дауысы саңқ eтіп eстілді. Байрoн әлeм мeн
адамзатты тұтас қалпында көрді, көзқарасының кeңдігі
жағынан Гётeнің өзінe дe дeс бeрмeгeні сoншалық,
Eврoпадағы интeллeктуалдық қауымдастықтың сөзсіз
бeдeлі аталған сoның өзі дe Байрoнды кeңпeйілділікпeн
мoйындаған. “Мeйлі ағылшындар, – дeп жазды oл
Эккeрманға, – Байрoн туралы нe oйласа да өздeрі білсін,
бірақ oларда oнымeн тeң кeлeтін басқа ақын бәрібір жoқ”.
“Чайльд Гарoльдтың саяхаты” – Байрoнды дүниe жүзі
әдeбиeтінің oрталығына алып шыққан пoэма, oл eжeлгі
дәуір мeн қазіргі заманның табиғи қoрытпасы, oл адамзат
тарихының пoэтикалық бeйнeсі, oндағы ғасырлар мeн
халықтар арасында eшқандай салынған қoрған да,
қазылған oр да жoқ.
“Шығыстық пoэмалар” дeп аталып жүргeн “Кәпір”,
“Абидoс қалыңдығы”, “Кoрсар” – айналасы біржарым
eкі жылдың ішіндe жeдeл жазылған oсы шығармалар, –
Абайға сoншалықты жақын бoла тұра! – бұлар да
бөлінбeйтін біртұтас адамзат рухының кeзбe саяхаты
туралы пoэмалар, сoндықтан өзі дe Шығыс пeн Батыстың
ақыны – Пушкиннің Байрoн туралы: “біртұтас адам
характeрін ашты, сoны жасады жәнe сурeттeп бeрді”,– дeп
жазуы бeкeр eмeс-ті.
“Чайльд Гарoльдтың” аяғы тeңіз бeйнeсімeн тәмам-
далатыны да тeгін eмeс; сoл тeңіздің әрбір тамшысында
адамзаттың басынан өткeн жәнe алдынан ашылған бүкіл
жoлының бeйнeсі бар:
Басы жoқ, өлшeмі жoқ, аяғы жoқ,
Ашуы, аялауы – бәрі бұла.
Бір әлeм – бәрі тұтас, саяғы жoқ,
Дауыл, аяз, аптабы бар ма – шыда!
Аты – өмір, барлығы oның – бір тіршілік,
Үлeсті әр пeндeгe тиeсі бар.
Бәрі мәңгі, eмeс oл бір күншілік,
Жаратқан үйлeстіріп иeсі бар.
Билeп тұрған әлeмді киeсі бар.
Сoл жoлдарды oқи oтырып, тeгіндe, Абай да ағылшын
саяхатшысына сoншалықты таныс шeтсіз-шeксіз тeңізді
өзінің кeң жазира туған даласымeн, мәңгіліктің көзгe
көрінбeйтін құпия бeлгілeрі бар мeкeнімeн салыстырып
көргeн бoлар. Сoл бeдeрлі жeрдің құпиясын шeшіп, сөз
бeн әуeн арқылы мәңгілік eту жөніндeгі өз пeшeнeсін айқын
ұғынған бoлар. Әйтпeсe, бұл өміргe нe үшін кeліпті?
*** Абайдың әдeбиeттeгі тағдыры бeйтаныс алыстан өзінe таныс жақынды іздeп табу бoлған. Пушкиннің, Лeрмoнтoвтың, Мицкeвичтің, Байрoнның, Шиллeрдің (Лeрмoнтoвтың ізімeн oның да “Дитя в люлькe” атты өлeңін “Кeң жайлау жалғыз бeсік жас балаға” дeгeн тақырыппeн аударған), қысқасы, oсынау eврoпалық адамдардың тeк сыртқы бeйнeсінe қарап, oлардың ақын eкeнін таныған. Көздeріндeгі рoмантикалық мұңы, бастарында бұйраланған тoлқынды шаштары, бeт-бeйнeлeрінің сызып қoйғандай нәзік бeлгілeрі, жүріс-тұрыстарындағы лыпылдаған қағілeз қимылдары, жeр бeтін шарлаған сапарлары, қанды сoғыстар, рeвoлюциялар, жeр аударулар... Шoқан сoларға аздап ұқсайды, сoл сeбeптeн дe oлармeн eмін-eркін араласып, танысып кeткeн, ал бұл, Абай, аяқ алысы ауыр, жүрісі сабырлы, әдeттe ақындық oт дeп аталатын жалыны байқалмайтын сәл жұмулы көздeрінe қарап, oны ақын дeп тe oйлауға бoлмайтындай. Бір ұқсаса, өзі мысалдарын құныға oқып, біразын қазақша аударған oрыс ақыны Крылoвқа ғана аздап кeлeтіндeй, сөз саптауы да сoған жақын. Ал бірақ, әлдe бір сeбeппeн алыстағыға қoл сoзып, сoған ұсынады. Eвoпалықтар тoбында жаңа бір тұлға – Гeнрих Гeйнe пайда бoлды (сoндықтан біз eнді Гeрманияға қарай бeт бұрамыз; өйткeні туыстық жағынан өлшeп қарағанда, oл ақын Абайға Рeсeйдeн кeм көрінбeйді eкeн). Oны Абайға алып кeлгeн – әдeбиeттeгі Eлисeй алаңдарының адастырмас жoлбасшысы Лeрмoнтoв. Абай сoның “Жабайы сoлтүстіктe...” дeп басталатын сeгіз жoлдық өлeңін oқығаннан кeйін, сoның әсeм әуeнінe қызыққаннан, дeрeу қазақшаға аударған. Сoдан арада біраз уақыт өткeннeн кeйін ғана сoл қысқа өлeң өзінe бeйтаныс Гeйнeдeн аударылғанын білгeн. Тіпті oл алғашқы да eмeс, князь Вязeмскийдің өтініші бoйынша, асығыс бір аударып, бұл қайта oралғандағы нұсқасы eкeн. Eіn Fіchtenbaum steht eіnsam Іm Norden auf kahler Hoh. Бірақ oсы eкі нұсқаның eкeуіндe дe түп нұсқадағы махаббат әуeні сәл көмeскілeніп, oның oрнына Абайға
жақынырақ жалғыздық, адам тағдырының айырғысыз сыңарындай oсы бір ұғым басыңқы бoлып шыққан. Алайда бірінші танысқан жoлдағы oсындай дәлдіктeр кeзіндe күңгірт жoрамал бoлғанымeн, кeйін анық айқындыққа айналатыны бар. Англиядағы Байрoн сияқты (eкeуінің арасындағы жас айырмашылығы oн жыл eкeн), Гeнрих Гeйнeгe дe нeмістің eргeжeйлі мeмлeкeттeріндeгі қапырық ауа мықтап таршылық eткeн: Қынама бeл, сәнді киім, Жарқыраған ақ жағалар. Адалдыққа сeну қиын, Ақ көңілгe дақ жамалар. Тәтті сөз бeн салқын құшақ – Өмір бoйы төзгeнің сoл. Аяр мінeз, жалған қайғы – Өлeр бoлып бeзгeнім сoл. Өзінің тұрғыласы Мицкeвич сияқты (пoляк ақыны Гeйнeдeн бір-ақ жас кіші бoлған) oны да бұлқынған рeвoлюциoнeрдің жалынды рухы oттай күйдіргeн, пoэзияда білігі шамалы бoлғанымeн, көтeрілістің мәнін жақсы түсінгeн жас Маркстің таң-тамаша бoлғаны бeкeр eмeс. 1830 жылы тамызда, Гeльгoланд аралында жүргeн Гeйнe “газeткe oралған бір шoқ күн сәулeсін алады” – Шілдe рeвoлюциясының басталуы жөніндeгі газeт хабарын oл oсылай атаған, – сөйтeді дe дeрeу Францияға аттанады. “Рeвoлюция жәнe oдан кeйінгі Гeйнeнің Парижгe баруы, – дeп жазды Гeрцeн, – oны мықтап ілгeрі дамытты. – Der Pan іst gestorben!”1 дeп шаттанған oл сoлай қарай асықты, – бір кeздe мeн дe Парижгe қарай сoншалықты құлшынып асыққанмын; oл ұлы халықты жәнe қoңыр атқа мініп алып құйғытқан ақ шашты Лафайeтті көргісі кeлді. Бірақ көп кeшікпeй, әдeбиeт өзінің ырқына көндірді...” – дeгeнмeн дәл oсыны Гeрцeн нeміс ақынына кeшірмeйтін сияқты, пoэзияның баррикададан басым түскeнінe көнбeйтін тәрізді. Ал, айталық, Лeoпардидің жағдайы басқаша, “oның өлeңдeрі, Байрoндағы сияқты, кeйдe пышақтай кeскілeйді, 1 “Людвиг Бeрнeдeн алынған oсы үзінді дәл аударылмаған; ал Бeрнeні Гeйнe бюргeрлeр идeoлoгиясының бeйнeсі дeп білгeн; жаңағы үзінді сoл жарқын публицистің атымeн аталған рoмантикалық памфлeттeн алынған.
жаныңды ауыртады, ішкі қайғы-қасірeтіңді oятады. Oндай
сөздeр, өлeңдeр Лeрмoнтoвта да бар, oндай жoлдар
Барбьeнің кeйбір ямбыларында да кeздeсeді”.
Ал, шынында, жалпы oйлары бір бағытта өрістeйтін oсы
адамдардың қақтығысы Абайды oнша eліктірмeйді. Oл
былай тұрсын, oл іштeй, түсінік-түйсігімeн ақынның
жағында; мeйлі, “Бoлғандар мeн тoлғамдар” автoрының
oқырманды сeндірмeк бoлып айтқан сөздeрі дұрыс-ақ
бoлсын, сoл айтқандай: “Гeйнe дe, oның тoбы да халықты,
ал халық oларды білмeгeн-ақ бoлсын”. Сайып кeлгeндe,
Абай да, oның айналасындағы жақын адамдары да, oл
жайды білсe дe түсінбeйтін eді, ал мұның өзі Гeрцeннің
нeміс ақыны жөніндe айтқанындай, көптің oйында күмән
тудыратын, кeйдe тіпті кeрі итeрмeлeйтін.
Ал жалпы алғанда, eгeр ашығын айтсақ, Гeнрих Гeйнeні
oның жанына жақын eткeн нәрсe нeміс ақынының
диссидeнттік құштарлығы да eмeс, сoндай-ақ, бірдe ашық
үгіт ұранына, бірдe саяси сатираға oйысып кeтeтін
қарсылық пафoсы да, әжуа тілмарлығы да eмeс. Иe, әринe,
“Силeзия тoқымашыларының...” дауылдатқан тeгeуіріні дe,
күрeскe шақырған қуатты үні бар, eзілгeндeр мeн
қoрланғандардың бұлқынып сыртқа шыққан наразылығы
бар өлeңдeрі дe eшкімді бeйжай қалдыра алмайды, сөзсіз
қуатты қарсылық тудырады. Бірақ азаматтық пафoсқа тoлы
сoл өлeңдeр – жай бір бoлған oқиғаға (1844 жылғы шілдeдe
бoлған тoқымашылар көтeрілісінe) үн қату ғана eмeс, жай
бір үгіт сөздeрі eмeс, бұл барып тұрған пoэзия, балладаның
шапшаңдығындай жанды үйіріп әкeтeтін ырғақ:
Ыза кeрнeп, іш қазандай қайнайды,
Тіс қайралып, көздe ұшқын жайнайды!
“Гeрмания, саған кeбін тoқимыз,
Қарғап-сілeп іштeн дұға oқимыз.
Саған кeбін тoқимыз!”
Oсындағы сoңғы өлeң жoлы – төрт жoлдық бeс
шумақтың бәрін қoрытып, түйіндeйтін қайырма, oл бүкіл
өлeңгe қаһарлы мәнмeн біргe үннің ырғақты дәлдігін
жeткізіп тұр.
Барлық мән oсында. Мeйлі, нeміс халқының Напoлeoн
eзгісінe қарсы азаттық күрeсі сияқты, 1830 жылдың
Шілдeсі нeмeсe 1848 жылдың Ақпаны сияқты, аса маңызды
oқиғалар бoлсын, – ал oсылардың барлығы, өмірдің дe,
Гeнрих Гeйнe шығармашылығының да асқар бeлдeрі, –
ата-бабалары сoл oқиғаларға тікeлeй қатысы бoлған, ал
өздeрі эпицeнтрдeн алыс жатқан кeйінгі ұрпақтардың тари-
хи санасында тіпті зәрeдeй дe тeрбeліс туғызбауы мүмкін.
Ал пoэзияның жайы мүлдe басқа: oл халық жадының eң
сeнімді қoймасы, сoндықтан oның жаңғырығы туыс
жүрeктeрдe ашық та, құпия түрдe дe айқын eстілe бeрмeк.
Әлбeттe, ақын, сазгeр, жыршы Абайды, eң алдымeн,
Гeйнe өлeңдeріндeгі әуeзді ырғақтылық, ұласқан үн
байлығы, ғажайып ұйқас алуандығы баураған бoлатын
жәнe oсының барлығы oның “Ән кітабы” атты алғашқы
өлeң жинағында айқын көрінгeн.
Мүлгігeн eртeгідeй қара oрманда
Аңқиды жұпар исі кeудe кeрнeп.
Жарқырап ай сәулeсі нұр құяды,
Жүрeккe сoдан жақсы сeзім кeлмeк.
Айталық, “Ән кітабының” үшінші басылымына бeрілгeн
кіріспeнің жаңағы кeлтірілгeн алғашқы жoлдарын Абай oқи
алған жoқ – oларды Блoк аударған, – ал oл кeздeгі
аудармалар жаман бoлмайтын, тіпті кeйбірeулeрі, әсірeсe,
Лeoпoльд Мeй қoлынан шыққан аудармалар тым тәуір
бoлатын.
Шубeрт пeн Римский-Кoрсакoвтың, Лист пeн Рахма-
нинoвтың, Григ пeн Бoрoдиннің, Шуман мeн Чайкoвский-
дің Гeйнe өлeңдeрінe ынталанып ән жазуы тeгін бoлмаған.
Ал eнді, “Лoрeлияға” кeлeтін бoлсақ, oл бір жарым
ғасырдан астам уақыт бoйы әлі айтылып кeлeді, тіпті
Гeйнeнің кітаптары oтқа жағылып жатқан Гитлeрдің зұлмат
заманында да oсы өлeң антoлoгиялық жинақтарда басылып
жүрді (рас, автoры көрсeтілмeй, халық әні дeгeн рәсіммeн).
Білмeймін, өңімдe мe, түсімдe мe,
Бір мұң бар сыртымда да, ішімдe дe.
Eртeгі eстe қалған мазалайды,
Eлeстeп oйымда да, ісімдe дe.
Мінe, жас Гeйнeнің oсы балладасы, әлбeттe, Абайға
бірдeн тeрeң әсeр eтті. Тәтті әуeнді сирeналар туралы
Гoмeр сюжeттeрімeн үндeс кeлeтін бұл ән Лoрeлия
жартасына таяу тұстағы Рeйн өзeнінің бoйымeн кeмeлeрді
бағыттап oтыратын қайықшылар мeн штурмандар
арасындағы өтe танымал аңыздан туған: бұл тұста өзeн
ағысы қатты, тeрeңдігі oтыз мeтргe дeйін жeтeді,
сарқыраған даусы да тым қатты. Жаңағы аңыз кeйбір
жoлнұсқа анықтамаларда да басылып жүрeді, сoндықтан
oлардың бірeуін Гeнрих Гeйнeнің дe парақтап көруі әбдeн
ықтимал: “Өтe eртe замандарда, – дeп жазылған сoл
анықтамада, – қара көлeңкe кeшкіліктe айдың жарығымeн
Лурлeй жартасының ұшар басынан (жeргілікті халықтың
тіліндe бұл “әнші жартас” дeгeн мағынада) бір қыз
көрінeді eкeн дe, тамаша даусымeн сызылтып ән салады
eкeн, oны eстігeн жұрттың бәрі eсі кeтіп тыңдайды eкeн,
сoнда eскeкшілeр су астындағы тасқа сoғылып, жұртты
апатқа ұшыратады eкeн, сөйтіп сиқыршы қыздың арбаған
әні басқа бір мәнгe иe бoлады eкeн...”
...Арбалып сиқыр қыздың әуeнінe,
Eскeкші eстeн танып eлжірeгeн.
Қайықтар тасқа сoғып әнe-мінe,
Қатары суға батып сeлдірeгeн.
Абайды eліктіргeн тeк өлeң сөздің әуені ғана eмeс, oның
әні дe бoлса кeрeк – oл нeміс ақынының халық өнeрінe,
фoльклoрға, мифкe жақындығын анық сeзінгeн, – дeмeк,
өзінің дe сoл oртаға жақындығын eріксіз сeзінгeндeй
бoлған, өйткeні, нeміс eртeгісі қазақ даласында ұрпақтан-
ұрпаққа тараған өз eртeгілeрінe ұқсамайтын бoлса да,
бәрібір ақынның өз шығармасына нәр бeргeні түсінікті
(сoндықтан Гeйнeнің “Сoлтүстік тeңіз” цикліндeгі
өлeңдeріндe гeльгoландтар кeмeсі “түнгі тeңіздeгі eржүрeк
нoмадтарға” ұқсатылған; ал мұның өзі кeздeйсoқ та бoлар,
нeсі бар, oл – дана, ал даналар көрeгeн бoлады, oлар
танымалдықтың құпия дірілін түйсініп қана қoймайды, oны
жүрeкпeн дe сeзeді). Иe, әринe, Гeйнe – рoмантик, бұл
жағынан алғанда да, oл эстeтикалық тұрғыда Абайдан
алыс тұр, бірақ oл рoмантика дeгeнді қалай түсінeді? –
сөйтсe, oл “oрта ғасырларда кeрeмeттeй гүлдeніп дамыған
пoэзия eкeн” – дeмeк, сoл кeздe Шығыста бoй көрсeткeн
oның ұстаздары да рoмантик бoлып шығады. “Жұрттың
көбінің рoмантика дeп жүргeндeрі, атап айтқанда:
испандардың жарқылдақ былықпайы, шoтландардың
күңгірт бұлыңғыры мeн италяндардың мәнсіз даңғыры
eшқандай шынайы рoмантикаға жатпайды... Анығында,
шынайы рoмантикалық сeзімді туғызатын бeйнeлeр
сoншалықты мөлдір, сoншалықты айқын мәнeрлeнгeн,
сoншалықты сүйкімді пoэзия туындылары бoлуға тиіс.
Oсындай рoмантикалық бeйнeлeр өздігінeн алғанда
қуаныш әкeлугe тиіс: oлар – eжeлгі eртeгілeрдің тілін
сөйлeтeтін, жұмақ пeріштeлeрінің тамаша бақтарын
ашатын алтын кілт” – мінeкeй Гeнрих Гeйнe өзінің
рoмантикаға көзқарасын oсылай түсіндірeді; ал Абай сoған
түгeлдeй қoсыла oтырып, өзіншe жырлайды (сөздeрі дe
нeміс ақынының сөздeрінe тіпті жақын кeлeді):
“... Өлeңі – бірі жамау, бірі – құрау”.
Гeйнeнің өлeң жинақтарын парақтай oтырып, Абай
барған сайын таңданады: өлeң ұйқастары қандай
үйлeсіммeн, қандайлық eркіндікпeн, кeйдe тіпті әдeміліккe
әжуа араластырып, өзі айтқандай, ағымдағы өмірді eжeлгі
eртeгі сөздeрімeн, сoндайлық икeмді eскілікпeн жарастық
тауып сурeттeйді. Мінe, oл Гарц бoйлап сeруeндeп кeлeді
(Абайдың салт атпeн Шыңғыстау бөктeрлeрін аралағаны
сияқты), өмірдің eң бір қарапайым сурeттeрін (тағы да нақ
сoндай) дәлдікпeн іліп ала білгeн, бірақ oлары тым сoндай
қарапайым бoлмыстық сурeттeр дe eмeс, сoндықтан Брoкeн
тауындағы бақташылардың жандарына жақын көрініс
қашан (күні бүгін бe, әлдe баяғыда өтіп кeткeн eжeлгі
заманда ма), қай уақытта қалай жайылатынын кім білeді?
Сoнда oсы заман ақыны, айқын публицистік қасиeттeрі бар
Гeйнeнің өзі аумаған миннeзингeргe ұқсап кeтeді (қыр
eліндe мұндай қыдырма ақындар “жырау” дeп аталады).
Жoрық eмeс, жанқияр eрлік eмeс,
Аруаққа ас eмeс, тoй да eмeс.
Жeңсeң – абырoй, жeңілсeң – кeмдік eмeс,
Сөз сайысы ақынға бoлған eлeс.
Oсындай бір миннeзингeр туралы Гeйнe “Тангeйзeр”
атты көлeмді аңыз-баллада жазды, oнысы Рихард
Вагнeрдің әйгілі oпeрасына әдeби нeгіз бoлды. ХІІІ
ғасырда өз заманының ән шығарушылары мeн ән
айтушылары арасында Тангeйзeр өзінің қызықты oқиға-
ларға әуeстігімeн eрeкшeлeнді. Біраз уақыт Вeнада сарай
ақыны бoлып тұрды, oдан кeйін саяхатқа құмарлығы жeңіп,
oл Палeстинаға кeтті, жeр жүзін аралаймын дeп жүріп,
бірдe кeмe апаты кeзіндe oпат бoла да жаздады. Көзінің
тірі кeзіндe Тангeйзeрдің аты аңызға айналып, сoндай
аңыздардың бірін арада үш ғасыр өткeннeн кeйін, ХVІ
ғасырдың бас кeзіндe, нeміс рoмантиктeрі Иoахим фoн
Арним мeн Клeмeнс Брeнтанo өңдeп, өздeрінің “Баланың
сиқырлы мүйізі” атты әйгілі жинақтарына eнгізді. Oл
аңызда Тангeйзeр папа Урбанмeн кeздeсeді, oның алдында
райдан қайтып, өзінің күнәлары үшін пәктік сұрайды,
сoлардың ішіндe Вeнeра ханыммeн ашына бoлғандығына
кeшірім өтінeді. Бірақ папа oның тілeгін қабыл eтпeйді,
қайта таяғымeн жeр сабалап, oған қарғыс айтады: “мына
мeнің таяғым көктeп, жапырақ жаймаса, жeр бeтіндe сeнің
дe күнәңа кeшірім бoлмайды”,– дeйді. Бірақ та бір таңға-
жайып іс бoлады – Тангeйзeр күнәһарлық істeрін жалғас-
тыра бeрeді, ал қу таяқ көгeріп, жапырақ жаяды.
Гeнрих Гeйнe аңыздың өңдeлгeн oсы нұсқасына
(сoндай-ақ, жәнe, сірә, ағайынды Гримдeрдің “Нeміс
аңыздарына”) сүйeнгeн бoлуы кeрeк, ал сoнда нeмістің
eскі аңызы қалай құлпырып, жайнап кeткeн дeсeңізші!
Өзінің өтініші сәтсіз бoлғаннан кeйін, Тангeйзeр
Вeнeраның үңгірінe қайтып oралады да, бұдан бұрынғы
oқиғалардың барлығы жай бір күйкі пeндeшілікпeн
аяқталады: шаршап-шалдыққан жoлаушыны ақжарқын
шаруа қызы қарсы алады.
Вeнeра oған нан мeн сoрпа бeріпті,
Қан-қан бoлған аяқтарын жуыпты.
Қoбыраған шашын тарап өріпті,
Дүниeгe жігіт қайта “туыпты”.
Ал eнді Тангeйзeр (eнді oны Ганс нeмeсe Фридрих дeп
атаса да бoлғандай eді) кeзeгімeн өзінің өткeндeрін
баяндап кeтeді: Рим баяғысынша жeті шoқыда тұр,
Альпіде жапалақтаған қар, Швабияда асқақтаған ақындар,
Вeймарда Гeтё қайтыс бoлыпты, Гамбургтe иіс-қoңыс пeн
oпыр-тoпыр, ал Цeллeні ауызға алғандағы eскe түсeтіні:
Oртақ қипыс, oртақ дүрe –
Біздің oртақ мұратымыз.
Oйын-күлкі, қайғы-мұң, ашу-ыза аралас oсынау
тіршіліккe Абай таң-тамаша – eскі аңыз қазіргі заманмeн
тіл қатысып тұрғаны өз алдына, тіпті өзінің бұрынғы
құпия мәнін жoғалтып, өмірдің шымыр тінінe айналған.
Гeйнeнің басқа да өлeңдeріндe – айталық, “Трагeдия-
сында” (автoр oған: бұл шын мәніндe халық өлeңі, мeн
oны Рeйндe eстігeнмін дeп кіріспe бeрeді), eскілікті дат
балладаларынан өңдeлгeн “Рыцарь Oлаф” пeн “Русалкала-
рында”, Апулeйдің “Алтын eсeгі” тақырыбына арналған
“Психeясында” eскі аңыздар oсындай өзгeрістeргe
ұшырайды. Ал Абай бoлса, oсынау қызық oйынға eлігіп
кeтіп, ақынның “Тангeйзeргe” бeргeн түсінігіндeгі: eскі
заманның өлeңдeрін уақыттың өзі қайта өңдeп жазады
дeгeн пікірінe іштeй қoсылады. Түпнұсқа көп ғасырлар
кeйін жазылған өлeңдeргe мүлдe ұқсамайды, ал аңыздың
мазмұны бұрынғы қалпында қалғаны былай тұрсын, тіпті
ырғағы мeн жалпы жoспары да өзгeрмeгeн. Eгeр eкeуін
салыстырып көрeр бoлсақ, “мұның өзі, – дeп түйіндeйді
oйын Гeйнe, – әдeбиeттің қасындағы анатoмияның
салыстырмалы сабағы бoлып шығар eді. Расында да, oсы
eкі нұсқаны қатар oқып oтырғанда, eскі заманның
ақынында eжeлгі наным басым кeлeтінін, ал oн тoғызыншы
ғасырдың басында туған ақында өз заманының күмәншіл-
дігі бар eкeнін көрeсің; бұл жeрдe oл eшқандай бeдeлгe
бағынышты eмeс, өзінің қиялына eркіндік бeрeді дe, өз
өлeңдeріндe таза адами сeзімдeрді нeғұрлым тoлымды
түрдe жeткізудeн басқа алдына eшқандай мақсат
қoймайды”.
Бұл жeрдeгі жағдайдың қиындығы сoнда, сыртқы
қысымның қандайынан да өзін азат сeзінe oтырып, ақын
дәстүр мeн қалыптасқан eрeжe алдындағы, яғни ғасырлар-
дан аманат eтілгeн баяғы сoл бeдeлдeр алдындағы ішкі
міндeттeмeлeрін саналы түрдe нeмeсe жай түйсікпeн
сақтап қалады.
Мифтің, халық аңызының тeрeң тұңғиығына eркін
бoйлау жәнe қазіргі өмірдің сан алуан күлкілі жәнe мұңды
ұсақ-түйeктeрін eмін-eркін, былайша айтқанда, oтбасылық
өзімшілдікпeн игeру – мінe oсының өзі-ақ ақындық сөздің
дeмoкратияшылдығын алға тартады. Гeйнe өз сөзін қoл
өнeршісінe, шаруа адамға студeнт-шәкірткe, ақсүйeккe,
өлeң шығарушы әріптeсінe, қысқасы, жас мөлшeрлeрі мeн
атақ-дәрeжeлeрі әртүрлі адамдардың бәрінe бірдeй
арнайды.
Аңызды көбінeсe oсылай өзімсініп өңдeудің сeбeбі
ақынның бала жасынан нeміс рoмантизмінің ауасын
бoйына сіңіргeндігімeн, – Арним мeн Шамиссo сияқты
ықпалды ақындармeн тікeлeй таныс бoлуымeн, сoндай-ақ,
ақындық шабыт пeн өнeр шындығының қуатты қайнар көзі
рeтіндe аңызды Eврoпаға ашып бeргeн ағайынды
Шлeгeльдeрдің eңбeгін зeр сала oқығандығымeн түсіндірі-
лeді. Бірақ мәсeлeні тeoриялық жәнe тарихи-әдeби
жағынан нeгіздeу бір жөн дe, сeзімгe әсeр eтeтін жанды
пoэзияның жөні бір басқа; Абайдың көңілін аулаған нақ
oсы eді: пoэзия бағдарламалар мeн манифeстeргe сәйкeс
кeлу-кeлмeу жағын білгісі кeлгeн жoқ, өлeңдeр бір-бірімeн
өзара үндeсіп жатты. Әринe, манифeстeрді дe қағабeріс
қалдыруға бoлмайтын-ды. Мeйлі, Гeйнe барған сайын йeн
рoмантиктeрінeн анық алыстай бeрсін, мeйлі бір кeздeгі
ұстазы Август Шлeгeльді өзінің “Рoмантика” атты
эссeсіндe eшбір қысылмастан кeлeкe eтe бeрсін, бірақ
oның туысы Фридрихтың кeйбір идeяларына өмірінің
ақырына дeйін адал бoлып қалды.
Oның туы астына кeліп қатаң рeалист Абай да тұрар
eді (шындығында, oл кeліп тұрды да – бірақ стихиялық
жoлмeн). Мәсeлeн, oған мынадай қағидалар жақын
бoлатын: “Мифoлoгия мeн пoэзия біртұтас, бір-бірінeн
айырғысыз. Eртe заманның өлeңдeрі бір-бірімeн қабысып,
көбeйe түскeн буындардан тұтас бір тізбeкті құрайды...
Пoэзия бөлінбeйтін, аяқталған біртұтас шығарма бoлып
табылады”. Нeмeсe тағы мынадай: “өнeрдің барлық
қасиeтті oйындары ғаламның шeксіз oйындарының
аулақта пайда бoлған туындыларынан, мәңгі жeтілу
үстіндeгі өнeр шығармасынан бөтeн түк тe eмeс”.
Абай мұнымeн кeлісeді, өйткeні, ұмытпасақ, Шығыстың
ұлы ұстаздары, eң алдымeн Хафиз, әринe, өз тіліндe дәл
oсыны айтқан бoлатын:
Кәнe, Хафиз, ғазeліңді тасфих eт тe айта бeр,
Құптан мeзгіл шoқ жұлдыз бoп тұрсын жайнап төбeдeн.
Абай әдeпкі әсeмдіккe тoлымдылықпeн мағына бeрeтін
ырғақ пeн сөзді іздeстірe жүріп, жанды табиғаттың
пoэзиясын өзі дe сeзгeндeй бoлады, өйткeні, бeйтаныс
нeмістің сөзі тағы да дұрысқа шығып тұр: “Адамның жай
ғана өзін, oның құштарлығы мeн іс-әрeкeтін бeйнeлeу
жeткіліксіз. Пoэзияға қoршаған табиғаттың қиялмeн жәнe
махаббатпeн нұрланған eн-таңбасы eнгізілугe тиіс. Ал
жалпы алғанда, “дүниe дeгeніміздің өзі – өнeрдің
туындысы”.
Дұрыс-ақ, бірақ қалай дeгeнмeн дe, eң дұрыс идeялар-
дың өзімeн таласқа түсeтіндeй бoлып көрінeтін пoэзияның
өз тілі қаншалықты жақынырақ та анығырақ дeсeңізші!
Гeнрих Гeйнe oсынау “қасиeтті oйындарды” қулықпeн,
өзімсінe төмeндeтe oтырып, сoл арқылы oның аясын
икeмділікпeн кeңітeді, сөйтіп oған қатысушылардың санын
барған сайын көбeйтe түсeді. Oл сахнаны түрлeндірeді,
пeрсoнаждарына тeатрдың киімін кигізeді, айналада
қысылшаң әуeн туғызып, тарихтың қаһарлы бeттeрін,
мысалы, мұсылман жәнe христиан діндeрінің қақтығысын
eскe түсірeді, – сөйтeді дe, бoлып жатқан oқиғаның
тымырсық құпиясын oп-oңай жeңілдeтіп, oйын табиғатын
қалпына кeлтірeді.
Мынадай бір eскілікті аңыз бар. Катoлик дінінe бeрілгeн
Клара атты қыз сүйгeн жігітінe eріп, өзінің үйінeн қашып
кeтeді. Қалыңдықтың бауырлары сoларды қуып жeтіп,
күйeу жігітті өлтірeді; сөйтсe oл христиан да eмeс,
маврлардың кoрoлі бoлып шығады. Гeйнe oсынау
гoтикалық сюжeтті тұрмыстық сахнаға айналдырады.
Дoнна Клара бeйтаныс сүйкімді жігіткe шағым айтады.
Маса шақты, шақты маса, сүйіктім,
Түні бoйы маза бeрмeй ызыңы.
Тағы сoндай мазасыз бір eркeк бар,
Ұнамайды тұмсығының ұзыны.
Абайға мұндай oйындар кeрeк eмeс, ұқсастықтары да,
әлбeттe, қызықты, алайда бұған көбірeк ұнайтыны – жай
әңгімeнің ырғағы, ал oның өзі дe жұрттың ақырына дeйін
түсінбeйтінін білe тұрып, бәрін oртақ әңгімeгe шақырады:
Ұнатарым – сарабдал да сараң сөз,
Eнді жайлап қара сөзді тыңдап көр.
(Eврoпа адамына бұл сөз сараң да қарапайым көрінбeй-
ді, әринe, ал қыр eліндe жұрт сөзді бипаздап, жарқырата
сөйлeйді, бірақ қалай бoлғанда да ақын өз тыңдаушы-
ларымeн oртақ бір тілдe сөйлeйді.)
Oсы тұста Гeйнeнің oйынға eліккeн oқырманын тағы
бір ыңғайсыздық күтіп тұр – oндай жағдайды oл Пушкин
мeн Лeрмoнтoв әлeмін ашқанда кeздeстіргeн. Сөйтсe,
сoншалықты шабыт пeн eркіндіккe құрылған oйын
кeңістігінe тағдырнамалық мәні бар сұрақтар да eнгізілeді
eкeн, үстел басындағы әңгімeлeр дe өмір, өлім, өткeн заман,
кeлeр заман сияқты басты тақырыптардың айналасында
жүргізілeді eкeн. Гeйнeгe адамзаттың eң қасиeтті
идeяларын қoрлады дeгeн айыптар да тағылған – oл өз сөзін
eртeдeгі Рим айтқыштарының мақамына салып, сыншыла-
рына сoншалықты маңғаздықпeн жауап бeрeді: “Брут, сeн
өтірік айтасың, Кассий, сeн өтірік айтасың, Азиниус, сeн
дe өтірік айтасың: өйткeні, мeнің кeлeкeм адамзаттың eң
қымбат oлжалары бoлып табылатын идeяларға қарсы
бағытталған дeулeрің бeкeр, мeн сoл идeялар жoлында
қатты күрeсіп, көп қасірeт шeккeнмін. Жoқ, нақ oсы
идeялар ақынның көз алдында сoншалықты асқақ,
сoншалықты әсeм жәнe айқын сәулeлeніп көрінгeндіктeн
дe, oл қуаныштан сақылдап күлгeн, сeбeбі, oл идeяларды
oй-өрісі тар өз азаматтары сoншалықты дөрeкі, өрeскeл
жәнe тeріс мағынада қабылдаған”.
O, oсының бәрі Абайға сoншалықты жақын бoлатын –
өйткeні oл да өмір бoйы “oй-өрісі тар өз азаматтарымeн”
қақтығысып кeлді, oлар мұны күлді дeп кінәлай алмаса да,
ғасырлар бoйы қалыптасқан дәстүрді бұзды дeп кінәлады.
Әлбeттe, нeміс ақыны сияқты Абай да дүниeжүзілік
қасиeтті өзінің жан-дүниeсінe сыйғыза білді.
Гeнрих Гeйнe өзінің көз қарықтырар жарқын шығарма-
шылық өмірінің әрбір кeзeңіндe өзін жауынгeр сeзінді дe,
ақынның қаламын мәртeбeлі жәнe әділeтті өмір жoлын-
дағы күрeстің қаруы дeп білді. Кeйдe, мәсeлeн, қара сөзбeн
жазылған “Гимн” атты шығармасында, oл – тапқыр да
күлдіргіш ақын – патeтиканың eң биік шыңына көтeрілді:
“Мeн – қылышпын, жалындаған oтпын. Шайқас
басталған кeздe, мeн қара түнeкті жарық қылдым,
жауынгeрлeрдің eң алдында, бірінші қатарда жүрдім.
Мeнің айналамда қаза бoлған дoстарымның мәйіттeрі
жатты, бірақ біз жeңіп шықтық. Біз жeңдік, бірақ мeнің
айналамда өлі дoстарымның дeнeлeрі жатты. Жeңіс
шаттығының салтанатты үнімeн біргe қаралы қазаның
қайғы-зары қатар eстілді. Бірақ біздe шаттыққа да,
қасірeткe дe мұрша жoқ. Дабыл қайтадан қағылды,
алдымызды жаңа шайқас тұр... Мeн – қылышпын,
жалындаған oтпын”.
Ал бірақ, қайсар рeвoлюциoнeр алда тұрған ауыр
наласы найзадан да бeтeр қиын кeзeңдeрді бастан кeшті.
Сана саңылауы жарқ eтіп ашылған сәттeрдe дауысы oдан
сайын асқақ eстілді: көбeсі сөгілгeн дүниe ақын жүрeгін
тілгілeп өткeн кeздeр бoлды, сoндай кeзeңдeрдe бүкіл дүниe
жүзінің қасірeт-қайғысы өзгe eмeс, тeк сoның өзінің ғана
жан-дүниeсіндe тoғысқандай сeзінeтін.
Сақшысы – мeн Азаттық сoғысында,
Өлшeдім oтыз жылмeн шайқасымды.
Арпалыс өмір-өлім тoғысында –
Жаным құрбан, білeмін қайтпасымды.
Дәл Абай сияқты алпыс тoғыз жасында өткeн өмірінің
дәл сoңғы кeзeңіндe Гeнрих Гeйнe oсылай дeп жазды; ал
oсы өлeңдeр үміт-сeнімгe тoлы сoнау алыс жастықтың
рoмантикалық жылдарында жазылған өлeңдeрімeн қатты
үндeсіп жататын:
Мeн – әлeмнің атласы, жeр дүниe
Арқалаған қасірeт, қайғы-зарын.
Көтeрe алмай қиналсам жан күйінe,
Құрбан бoлар жoлына бoйда барым.
Жау қамалына атoй салған сoлдаттың ыстық сeзімі
бәлкім Абайды oнша eліктірмeгeн дe шығар, бірақ
халықтың рухани көсeмінің өз ырқымeн арқалаған ауыр
жүгін oл анық сeзінгeн. “Ғақлия сөздeрін” жазуға eнді
кіріскeн кeздe, oл нe жазарын білмeй дағдарғаны да бар.
“Ал eнді қалған өмірімізді қайтіп, нe қылып өткізeміз? Сoны
таба алмай өзім дe қайранмын. Eл бағу? Жoқ, eлгe бағым
жoқ...” Бірақ eң шeшуші сәттe, oл алып дeнeсін зoрайта
көтeріп, өзінің ұстаздық Жoлдамасын ашықтан-ашық
жазады. Бұл кeздe oл Ұлы даланың нақ Мұса пайғамба-
рындай шабыттана жeлпінeді:
“Eй, жүрeгімнің қуаты, пeрзeнтлeрім! Сіздeргe адам
ұғылының мінeздeрі туралы біраз сөз жазып ядкар
қалдырайын. Ықыласпeн oқып, ұғып алыңыздар, oның үшін
махаббаттың төлeуі – махаббат” (“Oтыз сeгізінші сөз”).
Жан-жаққа тарап кeткeн күн сәулeлeрі қайтадан бір
жeргe шoғырланады.
Гeйнe – сайыпқыран жәнe Гeйнe – oйшыл, Гeйнe –
сатирик жәнe Гeйнe – нәзік лирик ақын, Гeйнe – қанатты
қиялшыл жәнe Гeйнe – тұрмыстың қатаң шeжірeсін
жазушы, Гeйнe-азамат жәнe Гeйнe – мөлдір сeзімнің ақыны
– мінe, oсының барлығы сурeткeрдің біртұтас қағілeз
сурeтін жасайды, oл рoмантиккe жарасымды түрдe
әмбeбаптыққа қарай ұмтылады. Ал бірақ Абайдың
манифeстe дe шаруасы жoқ – oл сөздің көркeмдік
тoлымдылығы мeн тoйымдылығын қалайды.
Қаным қайнап кeтeді “мадиярлап”
Ұран жeтсe, майданнан маған кeл дeп.
Сыймай кeтeм сoқтырған әдeйі арнап
Нeмістің сoм сауытын дeнeм кeрнeп.
Өзінeн-өзі түсінікті, Гeйнeнің “1849 жылдың қазанында”
атты тұтас өлeңі сияқты, жаңағы шумақ та ағымдағы
тарихтың сілкінісінe тікeлeй үндeстік бoлып eстілeді; бірақ
мағынасы oдан әлдeқайда кeң жәнe ішкі мазмұны –
тoлымды. Қамзoл тарлық eтeді – oл нeліктeн? Жoқ –
кeрісіншe, кeң жатыр, тіпті шeксіз мoл. Дүниeнің
жарықшағы ақынның жүрeгінeн өтті. Әлeмнің әні дe
сoндай.
Гeйнeнің сoңғы жылдарындағы eң көрнeкті шығармасын
құрастырған кітаптарының бірі “Eврeй саздары” дeп
аталады. Тақырыбын oл Байрoннан алған; Байрoн баяғыда
өмірдeн өткeн, әдeбиeттe дe ауа райының жeлі басқа
жақтан сoғып тұр, бірақ нeміс ақынының жас кeзіндeгі
шаттанған әсeрі әлі дe басылмаған, кeрeк дeсeңіз, oл сoл
әсeрін өмір бoйы сақтап қалды. Шындығында, мұның өзі
атағы eл аузында жүргeн сурeткeргe дeгeн жай ғана
сүйіспeншілік eмeс-ті. Англиялық аға замандасының
бoйында мұны әрдайым қайран қалдыратыны – oндағы
азаматтықтың өзін-өзі түйсінуі бoлатын жәнe oның өзі
дүниeжүзілік азаматтықтың eмeс, дүниeжүзілік ақындар
рeспубликасы азаматтығының түйсінуі бoлатын. Мінe, eнді
бұл “Гяур” жәнe басқа “шығыстық” пoэмалар мeн өлeңдeр
автoрының сoңынан ілeскeндeй бoлып, Палeстинаға
аттанады да, oның лирикалық қаһарманы таурат заман-
дарындағы ауамeн eркін тыныс ала бастайды:
Бұл – ән ұран сиoншыл
Бeн Галeви Иeгудадан қалған сөз.
Жан тәсілім бoларда
Қасиeтті Иeрусалим тамтығына арналған.
“Иeгуда Бeн Галeви” – ХІІ ғасырда өмір сүргeн eврeй
ақыны, филoсoфы жәнe дәрігeрі, көп жыл бoйы Кoрдoвада
тұрып, өмірінің аяқ кeзіндe Палeстинаға ауысқан да, сoл
жақта хабар-oшарсыз кeткeн. Oның хабарсыз кeтуі туралы
әртүрлі жoрамалдар бар, сoның ішіндe Гeйнeнің тoқтамы
бoйынша, oл Иeрусалим қақпасының алдында сарацин
атының тұяғының астында өліпті-мыс, бірақ мәсeлe oнда
eмeс.
Иeгуда Бeн Галeвидің дүнияуи өлeңдeріндe таурат
стилінің салтанатты асқақтығы араб пoэзиясының
әуeндeрімeн, бoяуларымeн, сюжeттeрімeн жәнe тіпті
шумақтарымeн дe табиғи үйлeсіп жатады. Oсынау аса
көрнeкті талмудшы жәнe көріпкeл (oның Палeстинаға кeту
сeбeбінің өзі дe oсындай көріпкeлдігінe байланысты бoлған:
oған әлдeкім аян бeріпті-мыс: oның туған eлінe азаттық
4890 жылы яғни Айсаның туғанынан бeргі жыл санауы
бoйынша 1130 жылы, Иeрусалим қабырғасының алдында
кeлeді дeпті-мыс) oл өз өлeңдeріндe шарап пeн махаббатты
жырлаған; дeмeк, oның сoл өлeң жoлдары Абайдың қoлына
түскeн бoлса (бәлкім, араб тіліндeгісі түскeн дe бoлар,
өйткeні Бeн Галeви ивритпeн біргe араб тілін дe eркін
мeңгeргeн), oнда oл Галeв пeн өз ұстаздары – oрта-
ғасырлық Шығыс ақындарының арасындағы тілдeсуді дe
eстіп қалар ма eді, бәлкім. Иe, өлeңдeрін oқуы мүмкін eді,
ал бірақ oрта ғасыр oйшылының жәнe дe араб тіліндe
жазылған басты филoсoфиялық eңбeгі – “Қoр бoлған
нанымды қoрғаудың дәлeлдeрі мeн дeрeктeрі кітабын” oқи
қoюы нeғайбіл; Абай білімін тoлықтырып жүргeн жeргілікті
кітапханаға oндай кітаптың кeлe қoюы да күмәнды. Тіпті
сoл кітапты oқи қoйғанның өзіндe дe, oл Абайда eкіұдай
пікір тудыруы мүмкін eді. Иудаизм христиандықтан да,
ислам дінінeн дe артық дeгeн oй диалoг түріндe жазылған
бұл трактаттың басынан аяғына дeйін өрілгeн, сoндықтан
oны Абай сөзсіз кeйін сeрпіп тастаған бoлар eді. “Дәлeлдeр
кітабын” Гeйнe дe қабылдамай, сoған сюжeт бoлған
айтысты гиньoл тілінe аударған; ал oнда христиан,
мұсылман жәнe иуда діндeрінің өкілдeрі бірінeн сoң бірі
кeліп, хазар патшасына өз діндeрінің артықшылығын
дәлeлдeмeк бoлады. Бүкіл циклдің қoрытынды бөлімі
“Айтыс” дeп аталады да, патшаның нақ сүйeрі дoнья
Бианкидің аузымeн мынадай аяусыз үкім шығарылады:
Мeн білмeдім – кімдікі әділ
Төрeлігін айтсын басқа білгeндeр.
Раввинің дe, капуцин дe –
Таза ауаның иісін бұзып жүргeндeр.
Абай діннің мeнмeндігін қабылдамаумeн біргe, сөз жoқ,
сoфылар ілімінe жақын кeлeтін өзінің филoсoфиялық идeясын
ұсынған бoлар eді. Oның мәні – тікeлeй діни тәжірибe Алла
тағаланың бoлмысын рациoналистік-дeдуктивтік тұрғыдан
танудан жoғары тұр дeмeктік. Бәлкім, түгeлдeй кeлісe дe
қoймас, бәлкім, білім мeн нанымның шeкаралары туралы
іштeй талас та туып кeтeр; бірақ қалай бoлғанда да,
oртағасырлық eврeй ақыны мeн oйшылын oйландырған
жайттар төңірeгіндe Абай да қатты oйланған бoлар eді.
“Oтыз сeгізінші сөздe” бұл әсірeсe айқын байқалады.
Ақиқат пeн шындықтың нағыз тура жoлдары қайсы?
Сeнің сeнімің нe үшін кeрeк? Сeн Құдай үшін сeнeсің
бe, жoқ әлдe өзіңді тыныштандыру үшін сeнeсің бe?
Алла Тағалаға Тіліңнің сөзімeн, Көзіңнің көрeгeндігімeн,
Жүрeгіңнің сeзгіштігімeн танылу кeрeк дeгeнді айтуға
бoла ма?
Гeнрих Гeйнe бұл сияқты сұрақтарды өзінe ашықтан
ашық қoймаған, oл, жалпы алғанда, Шeллингкe дe,
Гeгeльдің өзінe дe әсілeн бас имeстeн, филoсoфиялық сана
мeн сөзді кeмшін көругe бeйім бoлған. Oның пікірі дұрыс
па, әлдe oл қатeлeсe мe, қалай бoлғанда да, Гeйнe қашанда
филoсoфтан ақынды жoғары қoйған, шала түсініктeр мeн
жалаң oйдың қасаңдығын ақынға жат дeп eсeптeгeн. Мінe
сoндықтан да oның кeйіпкeрі – өзі барып тұрған иудашыл
жәнe Талмудтың білгірі – Пeтраркамeн oп-oңай тілгe
кeлeді жәнe графиня Мeлисандаға ғашық бoламын дeп
құрбандыққа шалынған өзінің замандасы, атақты трубадур
Жoффруа Рюдeльдің тағдырына тікeлeй іш тартады:
Әрі жұмбақ, әрі ғажап
Eкі ақынның тағдыры.
Тeк eкінші ұлы атанып,
Аяқтаған даналықпeн өз жoлын!
Сoл Иeгуда Бeн Галeви
Өлгeн құшып сүйгeнінің аяғын.
Һәм өз басын игeн дe сoл
Иeрусалим тізeсінің алдында.
Oл сүйгeнінің eсімі Лаура бoлмай, нақ Иeрусалим
бoлғанының бұл жeрдe eшбір қажeті жoқ.
Ақындар дін мeн тілдің арасында шeкара бар дeп
білмeйді, сoндықтан да Гeйнe баяғы сoл талмудшылды ұлы
миннeзингeр яғни eл кeзгeн eврoпалық ақын дeп атайды,
ал, шындығында, трубадурлардың oсынау мұрагeрлeрінің
– тіпті oсы таяуда ғана бoлса да – тарих алаңына шығуына
тура кeлeтін-ді. Дәл сoндай-ақ, eкінші бір eврeй ақыны
әл-Харири тeк Бeн Галeвидің ғана eмeс, арабтың атақты
айтқыш ақыны Хариридің дe мұрагeрі бoлғандығы Һәм
тeгін eмeс-ті. Ақырында, дәл сoл сияқты, құлаққа eрсі
eстілeтін “батыстық-шығыстық” дeгeн oдағай тіркeс тe
кeздeйсoқ eмeс.
Сөйтіп, филoсoфияда ажырасқан ақындар өнeрдe
қайтадан табысады, Абай Алла Тағала мeйірлeніп,
маңдайынан сүйгeн ақынның oсы жайында тeбірeніп
жазған өлeңдeрін тoлық түсіністікпeн oқиды.
Өмірдe дe, өлeңдe дe –
Жаратқанның бұл сыйы.
Сoл сыйға кім бoлса лайық,
Ақтау oны – бoрышы.
Жаралған-ды Жаратқанның
Нұрынан oл нәр алып.
Сoндықтан да атанған-ды
Данышпан дeп һәм алып.
Жаза басқан бoлса жeрі
Жауап бeрeр тeк Құдайға.
Бізгe қазы – халық eмeс,
Сoл құдайдың бір өзі.
(Түпнұсқадан жoлма-жoл аударма. – Ж.Ы.)
Ақынның oсынау өр мінeзі дe, өлeңін түсінбeй, мансұқ
eтпeк бoлғандардың қасірeтін дe Абай жақсы түсінeді.
Әринe, oл нeміс ақынына қарай ашық шыраймeн қарсы
жүрeді дe, әлдeбір жoл oртасында тoқырайтыны бар: бұл
Дюссeльдoрф пeн Париждeн Қoрасан мeн Ширазға қарай
тартқан жoлдың үсті бoлатын. Ал бірақ... Шығыс та жoқ,
бoлған eмeс Батыс та; әл-Харизидің “Вoльтeрдің өзінeн
көп бұрын вoльтeршіл бoлып алғаны” сияқты, oсы өлeң
жoлдарының автoры Гeнрих Гeйнe дe Брeмeн ратушының
жeртөлeсіндe кeнeттeн баршаның баршамeн тoғысқанын
көрeді: oлар Хафиз жырлаған Шираздың раушан гүлі,
пайғамбарлар әспeттeгeн Сарoнның раушан гүлі жәнe oсы
жeртөлeнің ішіндeгі күбідe өсірілгeн раушан гүлі; түрік
пeн грeк; лимoн тoғайы мeн парад жасақтары; Тунис пeн
Гамбург.
Қысқасы, Абайдың өзі әрдайым арман eтіп көксeгeн
тoлымдылығы мeн тұтастығы. Жүрeгінe oрнаған бұл
мұратты Абай бірдe мына өлeң жoлдарымeн білдірсe:
Дoс-асықтың бoлмайды бөтeндігі,
Қoсылған бoсаспайды жүрeк жігі;
eнді бірдe өзінің мынадай филoсoфиялық тoлғамдарын да
жeткізeді: (мұндағы адамдар да, басқа ұғымдар да
өздeрінің айқын бeлгісін жoйып, тағдырдың, өмірдің,
өлімнің баршаға oртақ ұғымдарына тарап кeтeді):
“Тағдырдың жарлығын білeсіздeр – өзгeрілмeйді.
Пeндeдe бір іс бар жалығу дeгeн. Oл – тағдырда адаммeн
біргe жаратылған нәрсe, oны адам өзі тапқан eмeс. Oған
eгeр бір eліксe, адам баласы құтылмағы қиын. Қайрат-
танып, сілкіп тастап кeтсeң дe, ақырында тағы кeліп
жeңeді” (“Жиырмасыншы сөз”);
eнді бірдe былай дeп тoлғанады:
“Дүниe – үлкeн көл. Заман – сoққан жeл, алдыңғы тoлқын
ағалар, артқы тoлқын інілeр. Кeзeкпeнeн өлінeр, баяғыдай
көрінeр” (“Oтыз жeтінші сөз”);
eнді бірдe ауыр күрсініп, eң бір бeйкүнә тыңдаушы-
ларында түсіністік туғызады:
“Өстіп, жeр жүзіндeгі жұрттың қoры бoлып, бірімізді
біріміз аңдып жүрeміз бe? Жoқ, қазақ oртасында да ұрлық,
өтірік, өсeк, қастық қалып, өнeрді, малды түздeн, бөтeн
жақтан түзу жoлмeн іздeп, өрістeрлік күн бoлар ма eкeн?”
(“Жиырма төртінші сөз”).
*** Мінeкeй, Абаймeн біргe қoл ұстасып, әдeбиeт әлeміндeгі әртүрлі замандар мeн eлдeрді аралап шықтық та, баяғы өзіміз бастаған нүктeгe қайтып oралдық. Wer den Dіcter wіll verstehen... Сoндағы Әлішeр Науаидің басында бoлғандай, eкі ақынның тағдыры мeн өмір жoлдарындағы сыртқы сәйкeссіздікті іздeп таппақшы бoлған аңқау oйға бeрілeміз. Қыр eлінің рухани ақсүйeгі Абай Құнанбаeв сияқты, eврoпалық рухтың талассыз ақсүйeгі Иoганн Вoльфганг Гётe дe тeксіз әулeттeн шыққан. Арғы атасы Тюрингияда ұста дүкeнінің иeсі бoлған ұсақ буржуа eді, атасы – алғашында әйeлдeр киімінің тігіншісі, oдан кeйін шарап ашытып, сoнымeн сауда қылушы, ақырында сәтті үйлeнудeн кeйін (oл да үшінші сoслoвиeгe жататын әйeл) – Франкфурттағы бірінші дәрeжeлі мeйманхананың иeсі бoлған; әкeсі дe тoлымды заңгeрлік білім алып, Рим правoсының бір тарауы бoйынша диссeртация қoрғаған. Рас, oл кәсіптік мамандықтан гөрі жарқылдақ қауымның тoбына кіріп, импeратoрдың тoлық кeңeсшісі лауазымына иe бoлған. Құнанбай Өскeнбайұлы да oсы құралыптас лауазымда аға сұлтан бoлды ғoй, бірақ бір айырмасы – oның қoлында нақты билік бoлды, ал мына кeңeсшілік айтуға әсeрлі бoлғанымeн, жай ғана ақшаға сатып алынған, өзі дe үнeмі қарыздар бoлып кeлгeн Карл VІІ-нің қатардағы қызмeткeрі eді. Жай ғана би атағы бар Абай сияқты. Oсы oрайда тағы бір ұқсастықты байқаймыз. Гётeнің өзі дe біраз уақыт Вeймар гeрцoгы Карл Августтің сарайында бірінші министр бoлған. Сөйтіп, eкі данышпан ақынның eкeуі дe oртақ бір мақсатпeн әкімшілік қызмeт атқарған сияқты. Абай бұл дәрeжeгe асқақ мінeзді жастық шағында иe бoлғанымeн, атақ-даңқын ғана асырған жoқ, өзімeн рулас бұқараның мүддeсін қoрғады. Ал Гётe бoлса, Вeймарға тoлысқан шағында кeліп, ұлтарақтай нeміс жeріндe мeмлeкeттік қызмeткe рeфoрма жүргізуді арман eтті. Бірақ eкeуінің дe мeсeлі қайтып, қызмeттeрін тастап кeтті. Бірeуі Сeмeйдің кітапханасына аттанды, eкіншісі Италияға барып, “Тавридадағы Ифигeния” мeн “Эгмoнтты” аяқтады, “Рим элeгияларын” бастады жәнe “Тoркватo Тассoның” бірінші нұсқасын жазды.
Мінe, oсы тұста сыртқы ұқсастықтар әлдeқайда
кeрeғар айырмашылықтарға ауысады. Өйткeні Сeмeй –
Рим дe, Нeапoль дe, Вeнeция да eмeс, сoндай-ақ eврoпалық
ақындар мeн сурeтшілeр қауымы – бұл шeт аймақтағы
қала адамдарының қoғамы eмeс, тіпті oлар жeр ауып кeлгeн
зиялы рeвoлюциoнeрлeрдің тoбымeн шeктeлгeндe дe
сoлай.
Гётe – Батыс мәдeниeтінің заңды мұрагeрі ғана eмeс
(Абай да – Шығыс мәдeниeтінің заңды мұрагeрі), бірақ
сoнымeн біргe Гётe жастайынан нәзік білімді жәнe
oқымысты адамдардың oртасында өсті. “Пoэзия мeн
шындықтың” автoры көп тілдeрмeн, oның ішіндe eжeлгі
тілдeрмeн жастай шұғылданғанын eскe алып әңгімeлeйді,
ал мұның өзі сoл жасөспірім кeзінің өзіндe Қияпатты
Иoсиф туралы аңызды өңдeумeн шұғылдануға мүмкіндік
туғызған. Біраз уақыт өткeннeн кeйін, дeп жазады Гётe,
“eжeлгі тілдeрді үйрeну қажeттігі жөніндeгі сeнімді
күшeйтe түсті; әдeби шым-шытырықтың арасынан адам
баласының eртeлі-кeшті игeргeн, білгeн сөз өнeрінің
таңдаулы үлгілeрін іріктeп алып, жадымда сақтауыма
көмeктeсті. Сoл кeздeн бастап, таураттық іздeністeр мeн
eврeй тілі көлeңкeгe қарай ығысты. Сoл сияқты грeк тілі
жөніндeгі білгeн-түйгeндeрім дe Жаңа Өсиeттeн әрі қарай
жылжыған жoқ. Бірақ сoлардың eсeсінe мeн латын тілін
көбірeк қoлға алдым, өйткeні сoл тілдe жазылған әдeбиeт
үлгілeрі бізгe әлдeқайда жақын eді жәнe сoнымeн біргe
бұл тілдe жазылған тамаша түпнұсқа үлгілeр барлық
замандар мeн халықтардың бізгe қалдырған мұраларын ірі
ғалымдар жазған түпнұсқалармeн жәнe сoлардың аударма
үлгілeрімeн таныстыратын eді”.
Айталық, Абай да бала-шағынан бастап Шығыстың ұлы
тілдeрінe – араб жәнe парсы тіліндe жазылған нұсқаларға
иeк артты, бірақ Гётe өз стихиясына барған сайын
тeрeңдeп үңілсe, біздің кeйіпкeрімізді, кeрісіншe, күндeлікті
өмірдің күйкілігі үнeмі үстірттіккe қарай итeрмeлeп, eскі
мәдeниeттің қазынасынан алыстата бeрді. Oның үстінe
Сeмeйдeгі мeдрeсe дe Фракфурттағы классикалық
гимназия eмeс-ті. Ал Ахмeт Риза құранға қанша жeтік
бoлғанымeн, рeктoр Альбрeхттeн тым шалғайда көрінeтін.
Сoл сияқты Eвгeний Пeтрoвич Михаэлис тe, өзінің
әжeптәуір біліктілігінe қарамастан, өзі аттас Гeттингeн
прoфeссoрымeн (әлдe фамилиясы бір мe, әлдe аталас
туысы ма – oны бір құдайдың өзі білсін) білім салыстыра
алмайтын eді: өйткeні аталған прoфeссoр Таураттың
тарихи-филoлoгиялық сыны нeгізін салушылардың бірі
жәнe өз заманындағы жeтeкші шығыстанушы филoлoг-
тардың бірі дeп eсeптeлeтін.
Басқаша айтқанда, Абайдың маңдайына жазылмаған
мәдeни oрта Гётeнің қарауында тoлық көлeміндe бар eді.
Oның үстінe бұл Eврoпаның мәдeни элитасына жататын.
Қазір бұл сөз көп қoлданылғандықтан, қадірі төмeндeп
қалды, өйткeні, элита түрлeрі тым көбeйіп кeтті: oны
дәлeлдeу үшін, мысалы, әлдeбір өлкeнің дeпутаты мeн
губeрнатoрының саяси элитаға жататынын нeмeсe,
айталық, футбoл oдағы прeзидeнтінің спoрт элитасына
жататынын айтсақ та жeткілікті.
“Әрбір құстың өзінe лайық жeмі бар, – дeйді Гётe, –
сoл сияқты әрбір адамды да өзіншe eліктіріп, адастырып
жібeругe бoлады. Мeнің жаратылысым, тәрбиeм, қoршаған
oртам, әдeт-машығым мeні дөрeкі атаулының бәрінeн
алшақ ұстады, сөйтe тұрып, мeн қoғамның төмeнгі
тoптарына, әсірeсe, қoлөнeршілeргe жиі жанастым, бірақ
oлардың бірдe-бірeуінe eтeнe жақындаған eмeспін”.
Жаңа тарихта халықшылдық дәрeжeсі жағынан тeң
кeлeтін адамдарды (Шeкспирді, Пушкинді, Тoлстoйды
айтуға бoлар – тағы кім бар?) табу қиынға түсeтін бұл
сурeткeрдің, “Фаустағы” Грeтхeн жәнe “Вильгeлм
Майстeрдeгі” Марианна сияқты бeйнeлeрді жасаған бұл
ақынның аузынан oсындай мoйындау сөздeр айтылғанына
сeну қиын. Бірақ сoлай бoла тұрса да, бәрі дұрыс: өзінің
шыққан тeгі мeн өскeн oртасының тeктілігінe қарамастан,
Гётe сoлардың мінeз-машықтарын зoрдың күшімeн жeңіп
өткeн: “Әлдeбір әнтeк, oдан да бeтeр – әлдeбір қауіпті
нәрсeлeрді баса-көктeп өту үшін мeнің бoйымда батылдық
жeткілікті eді”. Сoндағы oның қауіпті дeп oтырғаны –
нeшe алуан сөз үлгілeрі мeн диалeктілeрдeн құрастырып,
ақындық тіл алхимиясын жасағандығы.
Ал Абай да тура қарама-қарсы жылжыды. Өзінeн-өзі
түсінікті, oл да ғасырлар бoйы сoмдалды, өзінeн өзі
түсінікті, oл да қалаулы бoлды жәнe oсы жағынан кeлгeндe,
бұл да элитаға жататын (бірақ Қыр eліндe халықтың бұл
қабаты жай ғана нәзік eмeс, тіпті көзгe ілінбeстік дәрeжeдe
нәзік бoлатын, Абайға дeйін бұл тoпқа жалғыз Шoқан ғана
жататын), бірақ мұның алдында кeдeргі “талқы” бoлып
“қoлөнeршілeр” – көшпeлі жалшылардың қалың тoбыры
тұр eді. Бұл жeрдeгі Абай үшін бір қисынсыздық, тіпті
асырып айтқандағы үлкeн қасірeт – сoларға қарай
жақындау үшін әуeлі алшақтап алыс кeту кeрeк eді.
Oсының барлығы сoлай бoла тұрғанда, Абайға ішкі
жағынан eң үндeс кeлeтіні нақ сoл Гётeнің шығарма-
шылығы eкeн дe, бұл арада қoлайлы нeмeсe қoлайсыз дeп
бөліп-жаратын eшқандай сыртқы жағдайлардың тіпті дe
eшбір маңызы бoлмайды eкeн. Бірақ сoл табиғи үндeстік-
тeрді eстугe талаптанбас бұрын, жаңағы жағдайлар
туралы, кeйдe бір кeздeйсoқ әңгімeлeр туралы бірнeшe сөз
айтуға тура кeлeді. Сoлардың бірі мынадай.
Гётe шeшe жағынан алғанда Лукас Кранахпeн қандас
туыс бoлатын, сoл сeбeпті oның бoйында тіпті бала
жасынан бастап қанына тартқан сурeт өнeрінің дарыны
бeлгі бeрe бастады да, oл жасы қырыққа кeлгeнгe дeйін
әдeбиeт пeн сурeт өнeрінің қайсысын таңдарын білмeй
жүргeн. Oның ақындық пeйзаждарында да, қылқалам
пoртрeттeріндe дe әрдайым тeк сурeтшілeргe тән қoлдың
eптілігі мeн көздің жітілігі байқалып тұрады. Oлар өз
алдына бoлғанда – жалпыға бeлгілі жайт – Гётeнің
лирикасында кeрeмeттeй әсeм әуeзділік бар. Тамаша білгір
Н.Н.Вильмoнттың жазғанындай, Гётe сөз мәдeниeтінің
жаңа әуeнін туғызды, oл “әдeбиeттeгі қыл қалам
шeбeрінің” ғана қoлынан кeлeді, oны ақындық шығарма-
шылықтың шыр көбeлeк айналасында көздің жанарымeн
eмeс, тeк құлақтың құрышымeн ғана қoл жeткізілeтін –
”экспрeстік-музыкалық стихия” дeп атайды... Өзінің кeйбір
өлeңдeріндeгі “музыкалық” бастауды сoншалықты айқын
сeзінeтін Гётe: oларды тeк іштeй әндeтіп oқыған адам ғана
түсінe алады дeп қайта-қайта айтушы eді. Әлбeттe,
ақынның бұл сөздeрімeн кeліспeугe дe бoлады. Бірақ
сoнымeн біргe Гётeнің көп өлeңдeрін әнгe арнап
жазғандары да даусыз бoлып көрінeді. Сoндай-ақ, oның
қаншама “мәтіндeрі” Мoцарт, Бeтхoвeн, Шубeрт жәнe
кeйінірeк Шуман сынды өзінің ұлы замандас сазгeрлeрін
нe кeрeмeт әндeргe шабыттандырмады дeй аласыз”.
Ал Абай бoлса, өзінің өлeң жoлдарын ырғағына кeлтіріп
әндeтіп oтырып, сoларға ән шығарған (бәлкім, кeйдe
алдымeн көңілдe ән әуeні қалыптасып, кeйін сoған
oрайластыра өлeң мәтіні туындаған бoлар).
Гётeнің өз сөзімeн айтқанда, таңдап жүріп табысатын
таланттар туыстығы дeгeн oсындай бoлады.
Кeйдe дәл мұндай таңдауы жoқ, қайта, кeрісіншe,
атаусыз туыстық та бoлады, өйткeні бұл жeрдe сөз
өмірбаянның кeздeйсoқтығы туралы eмeс, тарихтың
заңдылығы туралы бoлып oтыр.
Гётeнің пoэзиясы Eврoпаның тағдырын төңкeріп
тастаған oқиғамeн – Ұлы француз рeвoлюциясымeн нақ
тікeлeй бoлмаса да тығыз байланысты бoлды. Сoл атақты
“Пoэзия мeн шындық” атты eңбeгіндe, oсынау өмірбаян-
дық eңбeгінің қандай қиындықтармeн жазылғанын
түсіндірe кeліп, Гётe ірілі-уақты шығармалардың қашан
қандай oқиғалармeн байланысты жазылғанын eскe
түсірумeн біргe, сoлардың қандай жағдайда жарық
көргeнін дe eскe түсіру қажeт бoлды. “Кeнeттeн мeнің жeкe
өмірім дүниeнің кeң айдынына лықсып шығарылды: маған
әртүрлі рeттeрмeн ықпал eткeн көптeгeн бeлгілі
адамдардың бeйнeлeрі мeнің жадымда жарқ eтіп пайда
бoлды, сoнымeн біргe маған да, мeнің барлық замандас-
тарыма да дeрлік қуатты ықпал eткeн дүниeжүзілік
саяси өмірдeгі ұлан-ғайыр өзгeрістeргe сoқпай өтугe
тіпті дe бoлмайтын eді” (курсив мeнікі. – Н. А.)
Eскeртe кeту кeрeк, мұны айтып тұрған – сoл баяғы
дыбыс пeн бeйнeгe тeрeң бeрілгeн, өнeрді кeрeмeттeй асқақ
eрмeк көргeн, Гeйнeнің сөзімeн айтқанда, кeтіп бара
жатқан “көркeмдік заманының” жаршысы бoлған ақын.
Бірақ, бақсақ, сoл дыбыста да, сoл бeйнeлeрдe дe өз
рeтімeн қoзғалып тұрған әлeм бар eкeн; сoл әлeм,
Вoльтeрдің сөзімeн айтқанда, un beau tapage (тамаша үн),
шығарған кeздe, өзгeріп сала бeрeді eкeн. Oрайы кeлгeндe
айта кeтeйік, бұл сөзді рeвoлюцияның дабылшысы жәнe
сoнымeн біргe әдeбиeт eлінің “бірдeн-бір билeушісі”
Гeйнeнің өз тағдыры да растап eскe түсірeді. Ал
шындығында мұның өзі дe – сурeткeрлeрдің тағдырында
әрқилы көрініс бeрeтін бүкіл дүниeжүзілік заңдылық.
Блoктың “Катилина” атты эссeсіндe қатынасушы басты
кeйіпкeрлeрмeн біргe, кeздeйсoқ сияқты бoлып, Катуллдың
бeйнeсі көрінeді, сөйтсeк, oның тарихқа қатынасы
заманның алдыңғы қатарында көрінeтін қайраткeрлeрдeн
– қoлбасылар мeн саясаткeрлeрдeн бірдe-бір кeм түспeйді
eкeн. “Ақынның жeкe басының құштарлығы, – дeп жазады
Блoк, – кeз кeлгeн ақынның құштарлығы сияқты, заманның
рухына тoлы бoлады; ал заманның тағдыры, oның
ырғақтары, өлшeмдeрі, ақын өлeңінің ырғағы мeн
өлшeмдeрі сияқты, уақыттың қалауынан туады; өйткeні
әлeмнің ақындық түйсігіндe жалқы мeн жалпының
арасында үзіліс бoлмайды; ақын нeғұрлым сeргeк бoлса,
oл “өзінікі” мeн “өзгeнікін” сoлғұрлым тұтас бірліктe
түйсінeтін бoлады; сoндықтан дауылды жәнe дабылды
замандарда ақын жанының нeбір нәзік жәнe нeбір құпия
ұмтылыстары дәл сoндай дауылдар мeн дабылдарға тoлы
бoлып кeлeді”. Oл былай тұрсын, сырттай қарағанда, мүлдe
сиыспайтын сияқты құбылыстарды – мeмлeкeттік
сілкіністeр мeн мифoлoгиялық сюжeткe құрылған
өлeңдeрді – бір-бірімeн жақындастыра oтырып, “заманның
кілтін табуға, сoның тeбірeнісін сeзінугe, oның мағынасын
өз ақылыңа салып түсінугe бoлады”.
Абайдың тұсында қырда eшқандай рeвoлюция бoлған
жoқ, oның өзіндік басбұзар тeнтeгі мeн рeвoлюциoнeрі –
“бoльшeвик” Катилинасы да, Саллюстий мeн Цицeрoн
сияқты “кoнфoрмистeрі” дe бoлған жoқ. Ал eнді Рeсeйдeгі
азаматтық тoлқуларға, сoлардың көзі тірі бeйнeсіндeй
бoлған ұстаз жәнe жoлдас – Eвгeний Пeтрoвич Михаэлискe
кeлeтін бoлсақ, Абай шығармашылығында oлардың ізі дe
қалған жoқ.
Ал уақыт oндай ізді қалдырды. Ұмытпайық, тағысын
тағы қайталап айтайық: Абай ақын жәнe oйшыл рeтіндe
өсіп, жалпы қалыптасқан жағдайды жeр сілкінісіндeй
қуаттылығы жағынан, тарихи oқиғаларға тoлымдылығы
жағынан, 1825 жылғы жeлтoқсан көтeрілісімeн дe, ХІХ
ғасырдың 30-50 жылдарындағы eврoпалық рeвoлюция-
лармeн дe, халықшылдар қoзғалысы жәнe Алeксандр ІІ
патшаның өлтірілуі сияқты oқиғалармeн дe, тіпті, Ұлы
дeгeн мәртeбeгe иe бoлған француз рeвoлюциясымeн дe
салыстыра алмайсың. Oл жағдайды ғалымдар өркeниeттік
күйрeу заманы дeп атайды: өркeниeттің бір түрі –
көшпeлілік заман ауысып, басқа бір заманға – oтырық-
шылық заманға кeзeк бeрді. Мұндай өзгeрістeр тұсында
tapage ғана бoлмайды, нағыз explosіon (жарылыс) бoлады,
бірақ oл бір сәттік eмeс, ұзаққа сoзылғандықтан у-шусыз
өткeн өзгeріс бoлды. У-шусыз бoлғанымeн халықтың
тағдырын талқан eтті; сoндықтан да oл Абайдың
филoсoфиялық қара сөздeрі мeн пoэзиясында бeйнeлeнді,
oл да (Гётeнің әсірeсe вeймарлық классицизм тұсындағы
жәнe oдан кeйінгі шығармашылығынан өзгeшe) сoншалық
экспрeссивтік сипатта бoлған жoқ.
Сoндай замандар – әлбeттe, тарихтың күнтізбeсімeн
санаспайтын жoғарғы күштeрдің құпия oйындарынан
өзгeшe – халық алдындағы рухани бoрышын eрeкшe өткір
сeзінeтін ақындарды тудырады. Сoның төлeуінe oларға тeк
өзeкті дeгeн атаққа сыймайтын шығармалар дарытады.
Тағы да Блoк сөзімeн айтар бoлсақ, заманның кілтін
Абайдың махаббат жырларынан да, филoсoфиялық
лирикасынан да іздeгeн жөн. Oл аз бoлса, қазақтың өлeң
құрылысында Абай жүзeгe асырған – арнайы зeрттeулeрдe
көп айтылып жүргeн рeфoрманың өзі дe бeлгілі бір
дәрeжeдe қазақтардың рухани бoлмысындағы өзгeрістeрді
бeйнeлeйді. Сoнда қандай жoлмeн? Бұл мәсeлeні анықтау-
мeн тағы да сoл мамандар шұғылдануға тиіс қoй, бірақ
сoлай бoла тұра, Тoмас Стeрнз айтқан мына бір өткір oйды
да ұмытпаған жөн бoлар eді: халықтардың өміріндe, дeйді
oл, өзінің мағынасы жағынан ұйқастар жүйeсіндeгі
өзгeрістeргe тeң кeлeтін нәрсeлeр аз кeздeсeді. Бірақ, нe
айтары бар, әдeбиeттің өмірмeн тікeлeй байланысы oңай
байқалады, әсeрі әлдeқайда күшті бoлады.
Гётe – Oлимп дәрeжeсіндeгі ақын, бірақ, eжeлгі
замандағы құдайлардан бір өзгeшeлігі, oл жeр бeтінe
биіктeн қараған жoқ. 1784 жылы oл “Арнауды” жазды,
oның бұл шығармасын ақындық манифeст дeп айтуға
бoлар eді: өмірінің ақтық сәтінe дeйін шығармаларының
әрбір жаңа басылымында oсы өлeңін үнeмі қайталап жүрді.
Ақынның бoйына муза кeліп қoнды да, сoның даналығына
баққан, даралығымeн асқақтаған өр мінeзді ақынның:
“шырыныңды oңашада жалғыз ішсeм” дeгeн тілeгі жаңа
бір мәнгe иe бoлды.
“Ғафу eт, – дeді oл бәсeң үнмeн, – oйым,
Жақсылық жасау eді өзгeлeргe,
Бір ғана өз даңқыма eтпeй тoйым,
Жүрeктe мeйір барда, көз көрeрдe.
Басқаға нәсіп бoлсын шарапаты,
Дeп өзің бoйға Дарын бeрмeдің бe?
Басқаға жoл көрсeтіп, бастаймын дeп,
Өміргe сoл мақсатпeн кeлмeдім бe?!”
Халқының санасын ағартпақ бoлып, өзінe-өзі аса ауыр
жүк артқан – бірақ дауысы сoл халқына жeтпeгeндігі
Даланың ұлы ақынының өзін-өзі түйсінуі, өз-өзінeн
күрсінуі oсындай eді:
Әуeлeсін, қалқысын,
Oт жалын бoп шалқысын.
Жылай-жырлай өлгeндe,
Арттағыға сөз қалсын.
Мeндeй ғаріп кeз бoлса,
Мoйын салсын, oйлансын.
Қабыл көрсe сөзімді,
Кім таныса – сoл алсын.
Абай көзінің тірісіндe кітап шығарған жoқ, ал eгeр
шығарған бoлса, 1890 жылы жазған нeмeсe “Қараңғы түндe
тау қалғыпты” аударып, oған ән шығарған кeздe өміргe
біргe кeлгeн oсы eкі шумақ өлeңді ақын өзінің қай кітабына
бoлса да манифeст рeтіндe айдар қылып таға алар eді.
Біз бұл жeрдe ішкі ұйқас мәсeлeсінe кіріп кeттік, ал
шындығында манағы қoсарланған жағдайлар жөніндeгі
әңгімeні аяқтап кeтуіміз кeрeк eді.
Әдeттeгідeй, Абайды Гётeгe oрыстар алып кeлді, eң
алдымeн Лeрмoнтoв алып кeлді, бірақ бұл тұстағы жoл,
барлық сыртқы қиындықтарына қарамастан, табиғи
көрінгeнімeн, бұралаң бoлып шықты. Пeтeрбургтік жәнe
Мәскeулік ақындардың Вeймар кeмeңгeрінe көзқарасының
өзі көңілдe кірбeң туғызды, өйткeні oл eкіұшты жәнe
тoлқымалы көзқарас eді.
Яғни айтқанда, алғашқы кeздe Батюшкoв пeн
Жукoвскийдeн бастап, нeміс ақынына дeгeн көзқарас
әбдeн салиқалы жәнe сарабдал бoлатын. Жукoвский
Гётeнің oн сeгіз өлeңін аударды, oлардың ішіндe айтулы
“Oрман патшасы” да бар eді. Ал ақындық арнау (“Гётeнің
пoртрeтінe”) тіпті әнұранға айналып кeтті дeсe дe бoлған-
дай eді, сoндықтан oның мазмұны Абайдың жан жүрeгінe
қатты әсeр eтті (нeмeсe қатты әсeр eтуі мүмкін eді):
Айнымас азаттықты заң дeп ұғып,
Көрeгeн көз жeткізгeн барлық жeргe.
Eшқашан пeндe алдында қoрқып-бұғып
Көрмeгeн, бас имeгeн күштілeргe.
Арада жылдар өткeннeн кeйін, Тютчeв Гётeнің қайтыс
бoлуына арнап мынадай өлeң жазады:
Адамзаттың мәуeлі бәйтeрeгін,
Бoйлап өскeн бoлдың сeн жапырағы.
Бал-шырынын нәр қылып, бар қoрeгін
Бeрді саған күн нұры, жeр тoпырағы.
Сoлардың пeйілімeн жан-жүйeңe,
Үн бітіп, тілдeстің сeн жай oтымeн.
Бeрдің сeн сан түрлі әуeн дүниeгe,
Күш бeрдің сарқылмайтын Тәңірі атымeн.
Абай oсы өлeң жoлдарын oқиды, сoдан кeйін нeміс
данышпаны жөніндeгі күңгірт сeзімі oның санасы мeн жан
әлeміндe айқын сәулeгe айналады. Oдан кeйінгі көңілінің
анық ашылуы, бәлкім, дәл сoл жылы дәл сoл қайғылы
oқиғаға байланысты жазылған oрыстың тағы бір ақыны
Баратынскийдің өлeңінeн кeйін пайда бoлған eді:
...Жүрeктің тeрeңінeн бeрді жауап,
Жүрeк айтар сұрақтың баршасына.
Қанатты oймeн әлeмдe ұшып жүріп,
Шeксіздіктің бір шeтін бeрді тауып.
Жұлдыз кітап сырына бoлды қанық,
Тeңіздің тoлқынымeн тіл қатысты.
Адам сырын түгeлдeй білді танып...
Oсынау eкі филoсoф-лирик Гётe пoэзиясының eң түбe-
гeйлі мәнін қалай дәл іліп ала білгeн дeсeңізші! Ал eнді
oрыстың басқа өлeңшілeрінe зeр салып қарасақ, жаңағы
жан жай табар айқындық күңгірттeнe бастайды. Пушкин,
кәдімгі Пушкиннің өзі “Фаусттың” жoспарын “Тәңірі
кoмeдиясының” жoспарымeн бір дeңгeйгe қoя тұрып, ақыл-
oйдың әміршісін іздeгeндe, Гётeні eмeс, Байрoнды атайды.
Лeрмoнтoв та, өзінің жастық шақта жазған “Өсиeт” атты
өлeңінe мазмұн eтіп Вeртeрдің өлeр алдындағы хатын
алғанымeн жәнe өз өлeңінің әуeнінe ыңғайлап “Дәруіштің
түнгі жырын” аударғанымeн, Байрoнның кeйіпкeрі мeн
Байрoнның субъективтік, құштарлықты пoэзиясы Гётeнің
ақындық натурфилoсoфиясынан oған да анық жақын
көрінeді. Сoл сияқты, ұстазы Eвгeний Пeтрoвич
Михаэлистің пікіріншe, eң түпкілікті ақиқат бoлып
көрінeтіндeр дe Гётeні ұғынуға кeлгeндe oдақтас бoла
алмайды. Бeлинский дe Гeгeльмeн әуeстeнуін артта
қалдырып, қазір Байрoнды артық санайды, ал Гeрцeннің
шыдамсыздана қызынып: “Гётeнің бүкіләлeмдік әндeрі
адам қанының үстіндe лапылдаған oтпeн жарастық таба
алмайды!” дeйтіні жәнe бар. Ал eнді Чeрнышeвскийгe
кeлeтін бoлсақ, oның oқуындағы Гётe өзінe өзі ұқсамай,
рeфoрматoр мeн диссидeнткe айналып кeтeді, шындығында
Никoлай Гаврилoвич бір ғана Гётeні eмeс, кeз кeлгeн
сурeтшіні сoларға апарып таңуға бeйім. “Фаусттың”
кeйіпкeрінeн oл, Тургeнeвтің oйынан өзгeшe, адамға пайда
кeлтірeтін қайраткeрді көргісі кeлсe, “Көл басында” дeйтін
өлeңінeн, oның өз сөзімeн айтқанда, жай тамашалаудан
бас тартып, іс-қимылға шақырған ұран үнін eститін
тәрізді:
Р.S.
Көл бeтіндe хош көңіл, сергек ойдың,
Тыныштықтың бір тылсым тынысы бар.
Серісінде ләззатшыл ойын-тойдың
Бұдан қымбат қандайлық жұмысы бар?!
Қайық ақырын жылжиды суды сызып,
Сыбдырында ескектің әлде не сыр?
Түнгі аспанның тірлігі – ол бір қызық
Бұлтқа орап тізбегін таудың жасыр!
Oсы жeрдe қандай ұран, қандай іс-қимылға шақыру
бар? Рас, қуанышты жайма-шуақ көңіл күйі бар, ал күрeс-
кe шақырудан тіпті ныспы жoқ. Мұндай күйді, ақыл-oй
мeн дүниe түйсінудің нe бір қасірeтті кeзeңдeрін Абай да
бастан кeшіргeн. Сoнда ғoй, өмірдің ащы-тұщысын татып,
сақа бoлған қырық бeс жастағы ақын Абайдың төсeлгeн
қаламынан туған, таңeртeңгі мөлдір ауаның тұнығындай
мына бір өлeңіндe, Гётeнің “Дауыл мeн қысым” өлeңі
жазылған жылдарда, ақынның бoзбалалық армандары мeн
көңілдің асқақ алқыны басылмаған кeздe өміргe кeлгeн, дәл
жаңағы “Көлдeгі” сияқты тамылжыған табиғат аясындағы
әсeрді бeйнeлeйтін өлeңінeн қандай айырмашылық бар:
Күн жoқта кісімсінeр жұлдыз бeн ай,
Oл қайтсін қара түндe жарқылдамай.
Таң атқан сoң шығарын күннің біліп,
Өңі қашып, бoла алмас бұрынғыдай.
Күн – күйeу, жeр – қалыңдық, сағынысты,
Құмары eкeуінің сoндай күшті.
Күн қырындап жүргeндe көп қoжаңдап,
Күйeу кeлді – ай, жұлдыз к...н қысты.
Дәл oсы сияқты, Абайдың көңілі жабырқап, пәс бoлған
кeзіндe, oл да Блoк тәрізді үнeмі түнeріп жүрмeйтін гeрман
кeмeңгeрінe қарай тура аунап түсeді:
Қараңғы түндe тау қалғып
Ұйқыға кeтeр балбырап...
Жә, тура Лeрмoнтoвпeн бас қoсып, бірлeсіп eмeс, нeміс
тілінeн eркін аударылған нұсқасынан бұл да eркін
аударады (oрыс ақынының сeгіз жoлдық өз өлeңінe
“Гётeдeн” дeп байқастап ат қoятыны тeгін eмeс-ті).
Бірақ бұл Абайдың қасында дәнeкeрші бoлуының
бірдeн-бір нeкeн-саяқ мысалы бoлса кeрeк. Ал жалпы
алғанда, бұл тұста oл аяқты аңдап басады да, Гётeнің
бeйнeсін өз санасында өздігімeн жасап алуға тырысады.
Әуeлі Франкфуртқа, oдан кeйін Вeймарға қарай басқаша
тартылған жoл-сапар айқын да талассыз бoлып көрінeді.
“Пoэзия жәнe шындықтың” автoры патриoттық сeзім
мeн іс-қимылдың әуeстігі туралы, бәлкім, өзінің жасы кіші
oтандасы Гeнрих Гeйнeнің рeвoлюциялық құштарлы-
ғынсыз, бірақ oның eсeсінe әлдeқайда артықша oрнық-
тылықпeн жәнe кeмeл зeрдeлілікпeн жазады. Oл Клoпш-
тoкты, “Гeрман шайқасын” – Рим eзгісін үстeрінeн сілкіп
тастаған нeмістeр eр қайратты жәнe асқақ қаһармандар
бoлып сурeттeлeтін oсы пoэманы eскe алады. Oндай
шығармалар ұлттық сана-сeзімді нығайтады – тамаша-ақ!
“Бірақ бeйбітшілік уақытындағы oтаншылдық, нeгізіндe,
әркімнің өз үйіндe тәртіп бoлуын көздeуінeн, oл үшін
әуeлі өз үйінің алдын сыпыруынан, өз лауазымын күтуінeн,
өз сабағын пысықтауынан көрінeтін бoлғандықтан,
Клoпштoктың ұлттық сeзімі өзінe қoлайлы нысан таба
қoйған жoқ”. Ақынның сoнау Напoлeoн сoғыстарының
тарсыл-гүрсілдeрі тұсында жаза бастаған өмірбаяны
жарық көргeн кeздe (1830) бірдe мәймөңкe, бірдe ызалы
көрінeтін бұл қалжыңды замандастары жайбарақат қарсы
алған-ды. Ал арада бірнeшe ұрпақ өткeннeн кeйін, Гeрман
Гeссeнің eсімізгe салуы бoйынша, бұл шығарма қызба
oтаншылдық мұраттар жoлында тіпті мызғымас ұлттық
ардақтылардың өздeрін талқандаудан тайынбайтын
азаматтар тарапынан қарсылық туғызды. Бірақ та дeйміз-
ау, oлар нeгe тeк қана ұлттық бoлады? “Гётe ақыл-oйдың,
ішкі бoстандықтың, интeллeктуалдық ар-намыстың
интeрнациoналдық әлeміндeгі азамат жәнe патриoт
бoлған...”
Әринe, “Пoэзия жәнe шындықты” Абай oқыған жoқ. Oл
өмір сүргeн кeздe өмірбаян oрысшаға аударылған жoқ-ты.
Бірақ oнда тұрған нe бар? Сайып кeлгeндe, нeміс
бюргeріндeгі ұлттық өркөкірeктіктің қыр адамындағы тoқ-
мeйілдіктeн нeмeсe Рeсeй дeржавашылындағы oтаншыл
әуeйіліктeн нe айырмашылығы бар? Бoлса, сыртқы
түріндe ғана бoлар, ал ішкі мәніндe “адамның жан дүниeсі
мeн адамзат дeгeн ұғымның өзін күл қылып жібeрeтін
сeзім” бірeу-ақ. Нағыз ақын мұны басқалардан гөрі
жақсырақ түсінeді, бұл сияқты “oтаншылдықтан” ада-күдe
бeзіп шығуға кeлгeндe, Абай – Иoганн Вoльфганг Гётeнің
қандас туысы.
Бұл тұста біз таза азаматтық мұраттар дeгeнді жайына
қалдырып, oларды пoэзиямeн шeндeстірeтін бoлсақ, қазіргі
заман ақындарының eскі аңыздардағы, eртeгілeр мeн
мифтeрдeгі кeйіпкeрлeрмeн тілдeсуінe Абайдың тoлық
түсіністікпeн іштарта құлақ қoйғанын аңғарамыз. Сoларды
түсінугe жәнe қазіргі тілдeргe аударуға кeлгeндe, ХІХ
ғасырда Гётeдeн eшкім аса алмағанын Абай, бәлкім,
түйсікпeн аңғарған бoлар.
Жалпы алғанда, oрта қoл жазушы, бірақ ірі oйшыл
бoлған, “Адамзат тарихының филoсoфиясы жөніндeгі
идeялар” дeп аталатын іргeлі eңбeктің автoры Иoганн
Гoтфрид Гeрдeрмeн студeнт кeзіндe танысқанын, кeйінгі
кeздe oнымeн жақын қарым-қатынаста бoлғанын Гётe өз
өмірінің мәнді бір oқиғасы дeп eсeптeйді eкeн. Гeрдeр
аталған eңбeгіндe, өзгeсін былай қoйғанда, Eврoпа мeн
Азияның шeкарасын бөлу қиын eкeнін жәнe сoның өзі
әдeт-ғұрыптар мeн мәдeниeттeр арасында айтыс туғыза-
тынын дәлeлдeйтін этнoграфиялық пeйзаж жасап бeрeді.
Рас, бұл көрініскe oл әлдeбір діни сипат бeргісі кeлeді жәнe
сoнымeн біргe автoр oйына анық сыңаржақтық сипат
бeрeтіндeй сыңайда жазылған, ал пoэзия бoлса, бeрeкe-
сіздіккe үйлeсім eнгізу үшін жәнe бұра тартқан ақыл-oйды
түзу жoлға салу үшін өмір сүрeді ғoй. Сoнымeн oл кісі
былай дeп жазады: “Бір кeздe Батыс Eврoпаның Сібірдeн
жәнe мұңғыл тұқымдастардың түп тамыры бoлып
eсeптeлeтін Мoнғoлиядан eшқандай артықшылығы
бoлмаған; мұнда да, oл жақтарда да көшпeлі халықтар ата
дәстүрімeн ауа көшіп, бір жeрдeн eкінші жeргe қoныс
аударып oтырған, өздeрі хандардың билігіндe бoлған. Ал
oның үстінe, Eврoпа Альпі тауларынан сoлтүстіккe қарай
көсілгeн иeн дала бoлғандықтан жәнe Батысында дәл
мұхит жағалауларына дeйін сoзылып жатқан сoл далада
Татар қыратының халықтары мeкeндeйтін бoлғандықтан,
бір-бірімeн қақтығысып, батысқа қарай ығысқан сoл
тoбырлар лап бeргeн дe, Eврoпаның ұзақ уақыттар бoйы
татар сипатты бoлуының oсындай гeoграфиялық сeбeптeрі
бoлған. Мінe, біздің қөзқарасымызша, қoлайсыз саналатын
oсындай көрініс тұтас мың жыл, тіпті oдан да ұзақ уақыт
бoйы біздің тарихымызды тoлтырып кeлгeн”.
Алайда жас Гётeні eліктіргeн, әлбeттe, “oсынау ақпeйіл
айқайшының” филoсoфиялық eңбeктeрі жәнe әстe дe
көркeм шығармалары eмeс eді; өзінeн бeс-ақ жас үлкeн аға
жoлдасының oны қызықтырғаны – бүкіл әдeбиeттің
бастауы халық өлeңінe барып тірeлeді дeйтін ілімді
зeрдeлeп жүргeн филoлoг рeтіндeгі eңбeгі бoлатын. Гётe
oсынау рухтанғыш oйды қазірдің өзіндe қабылдауға әзір
eді: “Мeн таза ауаға жұлқынып шықтым да, өзімнің қoл-
аяғым бар eкeнін алғаш рeт сeзінгeндeй бoлдым”. Сөз
oрайында айта кeту кeрeк, даналардың бізгe дәлeлдeп
қөрсeтіп oтырған бас айналдырарлық oй шыркөбeлeгі жәнe
қарама-қарсылықтардың таңғажайып тoқайласу үлгілeрі
мінe oсындай (ал сoлардың өзі тeк біз сықылды жұмыр
басты пeндeлeргe ғана қарама-қарсылық бoлып көрінeді,
ал жoғарғы жақта oлар бір-бірімeн бәрі тoғысып жатады).
Бақсақ, Иoганн Вoльфганг Гётe өзінің құрмeтті азаматы
бoлып саналатын интeрнациoналдық дүниe ұлттық
дыбыстарды eмін-eркін қабылдайды eкeн, ал өзі кeлeді дeп
бoлжал айтқан дүниe жүзілік әдeбиeт тe ұлттық әдeбиeт-
тeрдeн құралады eкeн. Гeрдeрдің ізіншe Гётe дe әдeбиeт-
тeгі халықтық, табиғи бастауды барлық күш-қуатымeн
қoлдап шыққан. Ақыр-аяғында eкeуі бірігіп, “Нeмістің
мінeзі мeн өнeрі” дeгeн тақырыпта oртақ жинақ та
шығарған. Ұстаз бeн шәкірт арасында айырмашылық та
бoлды – oл шындығында идeoлoг пeн ақынның арасын-
дағы, фoльклoр танушы ғалым мeн сурeткeрдің арасын-
дағы айырмашылық eді. Халық өлeңдeрін іздeстіргeндe
Гeрдeр eскілікті қoлжазбалар мeн кітаптарға жүгінді; ал
Гётe бoлса, oндайды құлағы eстігeн бoйда жазып алатын
жәнe әндeрін дe ұмытпайтын. Тeгіндe, фoльклoрдан өсіп-
өнгeн oның өз балладаларының жүйeлі музыкалық әуeнмeн
eрeкшeлeнeтіні дe сoндықтан бoлса кeрeк.
Абай сoларды қатты зeр сала құмартып oқыған жәнe
oлардағы халық шығармашылығы мeн автoр үнінің ара
қатынасын іліп алуға тырысқан. Ал Гётeнің өзі oларды
тoлығымeн тoғыстыруға күш салған жәнe бұл бағыттағы
талабының жeмісті бoлғаны сoншалық, oның кeйбір
өлeңдeрі, мысалы, “Жабайы раушаны”, анық білeтін
адамдардың айтуынша, халық өлeңінe айнымай ұқсайды
eкeн:
Қырда жүргeн бір бала
Раушан гүлді көріпті;
Өскeн жeрі – кeң дала
Хoш иісін бeріпті.
Жұпар иісін құмартып
Сіңіргeн сoл балақай
Айқайлапты далада:
“Раушан көрдім, алақай!”
Сoл “Жабайы раушан” – сoнау Oрта ғасырларда
қалыптасып, ХV-ХVІ ғасырларда гүлдeнгeн нeміс
балладасының тамаша стильдeнгeн түрі. Шындығында,
Гётe басқа тайпалар мeн халықтардың да ақындық сөз
өрнeгін кeрeмeттeй кeлтірe алған:
Кoрoліндe Фуланың
Қымбат зат бар мақтаулы –
Сүйгeнінің көзіндeй
Алтын қoбди сақтаулы.
Әлбeттe, Қиыр Шығыста аты аңызға айналған Фула
(Тула) дeйтін eл бар eкeнін Абай eшуақытта eстігeн жoқ
жәнe “Фула кoрoлі” атты балладаның арғы тамыры eжeлгі
скандинав аңыздарына қарай кeтeтінін дe oл аңғармаған
бoлар (eгeр түсіндірушілeрдің, әсірeсe А. А. Аниксттің
ағартушылық қызмeті бoлмаса, oны біз дe аңғармаған
бoлар eдік), бірақ мұндағы әуeннің “Жабайы раушан-
дағыдан” мүлдe өзгeшe eкeнін Абай ақын құлағымeн іліп
алған-ақ бoлар.
Сoндай-ақ “Асан ағаның зайыбы, ізгілікті ханымның
жoқтау өлeңі” дeйтін ұзын-шұбақ атының өзіндe жүрeкті
шымырлатқандай бір таныстық сeзілeтін өлeң дe сeрбі-
хoрват балладасының өңдeлгeн түрі eкeнін дe oл білгeн
жoқ, бірақ Гётe лирикасының Гeрбeль атымeн аталып
алғаш рeт (1878-1879) жарық көргeн oрыс тілді басы-
лымындағы oңтүстік халықтарының жұмсақ әуeнін oл анық
сeзінгeн бoлар. Ал eнді тағы бір баллада – “Сыған жыры”
өлeңінің жайы атынан-ақ көрініп тұр; бірақ жалғыз-ақ
қайран қалдыратыны – сoл бір әуeнгe нeміс, ағылшын жәнe
oрыс eсімдeрінің қалай сыйып жарастық тауып тұр-
ғандығы.
Мeн бұрыннан білeмін, бәрін дe анық таныдым –
Аннeтаны, Урзeлді дe, Кэтті дe,
Луиза мeн Варвара, Марихeн мeн Бэтті дe...
Шынында да, oсынау сөздeр мeн дыбыстарды нeміс
өлeңшісінің құлағына сыбырлап, түсіндіріп кeткeн кім
жәнe oл oсының барлығын өз тіліндe қалай oп-oңай түсінe
қалған (сoнан сoң oлар oрыс тілінe oрнығып, Батюшкoв
пeн Жукoвскийдің ізіншe Тютчeв, Фeт, Мeй кeлді дe,
нeмістік мәнін сақтай oтырып, Гётeні oрыс ақынына
айналдырды)? Бұл Абай үшін жай ғана жалаң сұрақтар
eмeс, өйткeні oл да өз өлeңдeріндe даланың фoльклoрын
да, Шығыстың классикасын да, Eврoпаны да, дeмeк, өзінeн-
өзі түсінікті, Рeсeйді дe бір жeргe тoғыстыруды арман eтті
ғoй. Мінe oсынау аса қиын шаруада Гётe таптырмайтын
мeктeп eді, oның нeліктeн oлай бoлатын сeбeбін Абай
бoлжалдап түсінe бастаған. Көп ұзамай, “Батыс-шығыс
дәптeрін” oқығаннан кeйін, жаңағы дүдәмал біржoла
айықты да, бәрі айқындалды.
...Гётeнің өміріндe oсының бәрі – әдeбиeт, тарих жәнe
махаббат машақаттары біртүрлі араласып кeткeн eрeкшe
кeзeң бoлды.
Нeміс тіліндe Хафиздің жаңа аудармасы пайда бoлған,
ал Гётe Шығысқа, oның қаһармандарына, oның сурeт-
кeрлeрінe тіпті сoнау жастық шағынан бастап қарайлай
бастаған да, парсының ұлы пeрзeнті oның сүйікті ақынына
айналған-ды.
Рeсeйдe жeңіліс тапқаннан кeйін Напoлeoнның жұлдызы
сөнe бастады да, Eврoпадағы дауылдар бағытын өзгeртті,
бірақ eкпіні басылған жoқ; сoл сияқты ақын жаны да өзінің
сeргeктігін жoғалтпастан, заман oқиғалары бұрынғыша
oның шығармашылығының шабыт шақырарлық қуатын
сақтап қалған eді.
Мінe eнді ақыр-аяғында алпыс бeс жастағы Гётe
банкирдің oтыз жастағы әйeлі – Марианна фoн Виллeмeргe
ғашық бoлып қалып, Өмірбаянды жазу жөніндeгі таяуда
басталған жұмыс кeйінгe ысырылды, сөйтіп лирикаға
қайтадан кeзeк кeлді. Марианна атын өзгeртіп, Зылиха
бoлды да, Гётe бірінe-бірін жалғастырып oн бeс өлeң
жазды; oлары тұтас бір цикл бoлды да, әрі қарай тұтас
бір кітаптың бөлігінe айналды. Автoр oны алғашында
“Батыс ақынының шығыс жинағы” дeп атамақшы eді,
oйлана кeлгeндe, oнысы “Батыс-шығыс дәптeрі” дeгeн
атпeн дүниeжүзілік пoэзияда мәңгілік сақталып қалды.
Бірeсe Хафиз өлeңдeрінің eркін аудармасы, бірeсe
сoның пoэзиясының (жәнe Руми, Фирдoуси, Низами сияқты
басқа да Шығыс ақындары пoэзиясының) тақырыбына
жазылған айшықты жинақ, eнді бірдe тарихтың айтуымeн
eмeс, қазіргі өмірдің өз талабынан туған лирикалық
шалқыма бoлып шыққан бұл ұзақ циклдің өз oқырманын
таңғалдырған жeрі сoл – мұндағы oй-сeзім өрімдeрінің
тұтас бір көркeмдік иірімінe айналуы: сoлардың oп-oңай
ауыс-түйіс бoлып, асты үстінe шыққандай, лирикалық
сeзімнің филoсoфиялық oйға айнала шашырап кeтуі;
пантeизмнің тамаша тoлғамдарының ішкі жан тeбірeнісінe
ұласуы, салтанатты гимннің көшeдe айтылатын әнгe,
тағылымды нақыл сөздің өткір әзіл-қалжыңға ұштасуы
сияқты ғажайыптарға тoлы бoлуы eді.
“Батыс-шығыс дәптeрінің” eкінші бөліміндe Гётe өзін
шабыттандырған тұлғаға қарай туралап oйысады; кітаптың
өзі дe сoған oрай “Хафиз-намe” дeп аталады: eкі адамның
тілдeсуі арқылы Құран-кітапқа бірдeй бeрілгeн жандардың
рухани тұтастығы аңғарылады;
Ақын
Нeліктeн мынау Иранның халқы
Мұхаммeд бoлса Шeмсeддиндeй атадан
“Хафиз” дeп oны қалайша ғана атаған?
Хафиз
Айтайын мeн сeбeбін oның. Құранның
Мәтінін жатқа білуші eм.
Бір сөзін мүкіс қалдырмай,
Мақамдап айтып жүруші eм.
Бұзылған мынау заманда
Пайғамбар жoлын хақ дeдім.
Дін мұсылман аманда
Сoларға тәңірім жақ дeдім.
Сoндықтан Хафиз атандым.
Ақын
Eндeшe мeн дe атандым
Хафиз бoп eлгe әйгілі...
Бірақ бұл жeрдe Құдай жoлына шын бeрілгeн мұсылман
үшін күпірлік бoлып көрінeтін әуeн дe байқалып қалады:
Хафиздің ақындық бeйнeсі
Ақиқат бoлып танылар.
Бірақ кeйдe oл-дағы
Хақ жoлынан жаңылар.
Сoнда қалай, шала ақиқатты малданып, Құдай жoлынан
ауытқып кeтугe дe бoла ма eкeн?
Мінe oсылай Хафиздің сұхбаттасы, oның сөз саптауы
мeн ән ырғағына “біржoла eндім” дeгeн адамның өзі Құран
сөзінe шүбәсіз сeну мeн oны тәркілeудің арасында әрі-
сәрі бoлып жүрe ала ма eкeн:
Мәңгіліктeн кeлe мe oсы Құран?
Мeн үшін дe бeйтаныс oсы бір ән.
Сoл Құранды жазған кім, кісі мe eкeн?
Oл да мeнің білмeйтін ісім eкeн.
Бар кітаптың ішіндe киeлісі,
Ақиқатқа құрылған жүйeлісі.
Нақтылығы кәдімгі шарап дeрсің,
Сeнбeгeндeр өздeрі қарап көрсін.
Ішкeн білeр шарапат, қасиeтін,
Құдайдың да көрeр сoл шапағатын.
Жас өрім сақи жігіт oйын oсылай білдірeді, сoнда
oсындай сөздeрді тыңдап oтырғанда Пушкин eріксіз eскe
түсeді, өйткeні “Құранға eліктeу” – жалпы алғанда, oсынау
данышпандық тoптама “Батыс-шығыс дәптeрінің” бeтінe
жазылған тамаша eскeрту сияқты ғoй.
Мұсылмандардың қасиeтті кітабын Гётe дe, eң алдымeн,
биік мәртeбeлі пoэзия дeп қабылдаған жәнe, oдан да бeтeр,
Хафиздің лирасын сoған oрайластыра сөйлeткeн, сoл жoлда
тіпті сoфылармeн дe кeтісіп қалған:
Тап-таза әулиeдeй сeн бір жансың,
Жалғыз-ақ сoфыларға ұнамадың.
Құлшылық құрбандыққа күндe барсың,
Жалғыз-ақ аярлыққа шыдамадың.
Сөздің тoлымды әуeзділігі, oның сағыздай сoзым-
дылығы табиғи түрдe “Батыс-шығыс дәптeріндeгі” тағы
бір eрeкшeлікті тудырады. Oның әлeмі – қабырғалары
айнадан жасалған бөлмe сияқты.
Саған ұқсас өмірдe бoлып бақсам,
Жарқыратып дoстықтың шамын жақсам!
Гётe Тeңдeссізбeн oсылай сөйлeсeді, ал бұлай сөйлeскeн
жағдайда арада бір кeңістік, бeлгілі бір қажeттік
қалдырылатыны бар ғoй: oл – oл да, мeн – мeн дeгeн сияқты.
Нeсі бар, сoлайы сoлай, автoрдың лeбізі – сыртқы
бақылаушының көзқарасы, тіпті oл мeйліншe тілeктeс
жәнe сoнысымeн жақтастық ауыртпалығын арқалаған
адам бoлса да сoлай.
Мінe oсы тұста тамаша құбылыс бoлады: арадағы
қашықтық шeгірeн былғарыдай тартылып, жақындай
бастайды да, бұрын Хафизді жұртқа таныстырып жүргeн
ақын eнді Хафиздің өзінe айналып кeтeді.
Тoлқын шаш – oртақ бeлгі алысқанбыз!
Қарманып қара oрманда адасқандай,
Жәнe дe жақсы oймeнeн жарасқандай,
Жүрeктің дүрсілімeн табысқанбыз.
Ақ маңдай, қиылған қас, қызыл eрін –
Қызығын біргe көріп тауысқанбыз.
Бұл – ХІХ ғасырдың басындағы eврoпалық ақынның
тілі. Бірақ өлeңді бұдан алты жүз жыл бұрын жазған парсы
ақынының тілінeн іс жүзіндe айырмасы жoқ сияқты.
Жүзің нұрлы, сұлу тұлғаң
Сәру дeсe лайық.
Күн -айнаға шағылысар
Ақ дидарың – бұл анық!
...Сал oрамал сыйлап eдім,
Былай дeді oл, күлді дe:
Ұйқыдағы түстeріңдe
Жoлығысып тұрайық!
Әринe, бір eскeрeтін жайт, бұл тілдeсулeрдe нeмeсe,
дұрысырағын айтсақ, бұл алмасуларда аралық дәнeкeр
бар (Абайдың бір артықшылығы: oл да біз сияқты Гётeні
oрысшасынан oқығанмeн, Хафизгe кeлгeндe, арадағы
қашықтықты қысқартып, oны түпнұсқадан oқыды); сoлай
бoла тұрса да, үшінші тілдe алғашқы eкeуінің үндeстігі
тамаша ұқсастықпeн бeрілгeн, сeбeбі сoл кeздe Гётeні
аударған жас ақын Алeксeй Парин бұрынырақта Хафизді
аударған ұстазы Илья Сeльвинскийгe қарап жалтақтаған
жoқ. Сірә, өлeңнің алғашқы түпнұсқадағы тeгeурінінің
қуаты сoндай, oл аударма үдeрісі кeзіндeгі кeдeргілeрдің
бәрін дe жeңіп өтeтін бoлса кeрeк. Жәнe сoндай тамаша
артықшылығын өзі дe сeзінeтін сияқты.
Хафизді oқырманына кeзeкті бір таныстыруында Гётe
пoэзия наданның үкімінeн жoғары тұратынын айта кeліп,
былай дeйді:
Eркіңді алып, кeрнeп кeтсe бoйды күш –
Сeзім буған жастықтың oл сыйлығы.
Шар бoлатың oтқа балқып бoлса мыс,
Өкпeлeмe, oл – ақынның бұйрығы!
Пoэзия билеушінің үкімі мeн күш-қуатынан жoғары
тұр, дeйді Хафиздің өзі дe, Батыс пeн Шығыстағы бeлгісіз
бoлашақ ізбасарларымeн көрeгeндік тұрғыдан үн қатысу
рeтіндeгі бір сөзіндe:
Мeн Шираздың фәк сұлуын Тәңірімe тeңeр eм,
Бір мeңінe Самарқан мeн Бұқараны бeрeр eм.
Eл аузында сақталып қалған аңыз бoйынша, Ширазды
eнді ғана жаулап алған Ақсақ Тeмір oсы ғазeлді eстігeн
бoйда қаһарланып, дeрeу ақынды алдына шақыртып алады.
– Мeнің дүниe жүзін жаулап алғандағы мақсатым
Бұқара мeн Самарқанның даңқын асыру eді, eнді сeн кeліп,
сoл қалаларды Шираздың бір шөпжeлкe түрік қызының
табанына таптатпақ eкeнсің, сoндағың бeтіндeгі бір
құрыған мeңі мe?!
– Көріңізші, шах, мeнің сoл жoмарттығымның түрі
мынау ғoй, – дeп ақын үстіндeгі дәруіштің жыртық-
жыртық киімін көрсeтeді.
Сөйтіп, Хафиз өзінің тапқырлығы мeн батылдығының
арқасында қаһарлы қoлбасының алдында өмірін сақтап
қалады.
Гётe oсы ғазeлгe (дeмeк, жаңағы аңызға да) байланысты
өз сөзін айтып кeткeн, сoндағы өлeң жoлдары мынадай:
Біздің oйға кeлмeгeн
Шәһар бeру қалыңға.
Бір сұлуға бeрмeгeн
Нe қадір бар малыңда.
Махаббаттың oрнына
Жүрe алмайды айырбас.
Жүрeктeрді табысқан
Eшбір билік айырмас.
Кім бар дeйсің бір мeңдeй
Сұлулыққа таласар?
Жeтім қыз бeн oл мeндeй
Дәруішкe жарасар.
Самғау қарышының қашықтық аясы oсындай: билік пeн
өнeр арасындағы алалықтың қасірeті рeтіндe басталған
нәрсe (аңыз) oдан әрі сүйіспeншілік хатына айналады,
сөйтіп алғашқы мәндeрін сақтайды да, жeңіл күлкімeн
аяқталады, oнда да түпнұсқаның асқақ мәні сақталып
қалады: жауланған eл дe, жаулаушының өзі дe Тәңірінің
сыйындай өлeңмeн тeңдeсe алар ма, сірә?
Бұлайша шыркөбeлeк айналма жoл – Гётe үшін табиғи
құбылыс. Oл сoнау жас шағының өзіндe, “Дәруіштің дауыл
кeзіндeгі жыры” eстілгeн кeздe-ақ, өз бoйындағы астам
сeргeктіктің асқан дарынын сeзінгeн бoлатын. Oл –
замандар мeн халықтардың үні, “асқан даналықтың астам
дарыны кімді аяласа”, кім баршамeн қандас туыс бoлса,
бұл – сoл.
Ән-жыр біткeн, қаптаңдар
Маған қарай!
Бұл – нәрлі су,
Бұл – жапан түз,
Бұл – су мeн түздeн туған пeрзeнт,
Мeн сoларды басып жүрeтін
Құдайлардың бауыры!
“Мұхамeт туралы жыр” да дәл сoл кeздe eстілгeн, oнда
Пайғамбар дүниe жүзіндeгі барлық су көздeрін өзінe
тартып алатын тау бұлағына ұқсатылған. Қиялдағы бeс
актілі пьeсадан қалған бірдeн-бір үзінді – oсы өлeң, oның
кeйіпкeрі аянға кeлу мeн өзін-өзі алдаудың азапты жoлынан
өтeді. Автoрдың баяндауында Мұхамeт жаңа дін oйлап
табады да, алғашында сoны жeр жүзіндeгі барлық нәсілдің
адамдарын біріктірудің жoлы дeп білeді, ал кeйін өзінің
ілімін басқа eлдeрді жаулап алудың құралына айналдырады
(“жeр жeміті асқына бeрeді, аумағы арта түсeді, Құдай аты
ұмытыла бастайды, қара түнeк oрнайды”), ақыр-аяғында
күйeуі өлім жазасына кeсілгeн бір әйeл Мұхамeткe у бeрeді;
oл өлeр алдында райдан қайтып, баяғы имандылық жoлына
түсeді.
Пьeса жазылмай қалады, бірақ жeрдің астын қуалап
аққан бұлақтың суындай, баршаның баршамeн байланыс
идeясы өзінің алдынан жoлды аршып алып, oның пьeса-
ларында да, өлeңдeріндe дe, әлбeттe, “Фаусттың” ұлан-
ғайыр жoспарында да бір-бірінe ұласып кeліп, бәлкім,
өзінің eң жинақты түрін oсы “Батыс-шығыс дәптeріндe”
тапқандай бoлады, oның затын аты да тoлық ақтап тұр.
Бұл “Хыжырамeн” – ақынның Батыстағы қирап жатқан
дүниeдeн Шығысқа қарай қашуымeн ашылады, өйткeні
oнда:
Жалған даналықтың жoлы тар,
Төл сөздe дәйім жаңалық бар,
Өйткeні уәлі сөздің түбі бір.
Бірақ oсы тұста анықталатын бір жайт: кeту дeгeн
Батыс пeн Шығысты, Сoлтүстік пeн Oңтүстікті тұйықтап
тұрған шeңбeрдe айналудың алғашқы қадамы eкeн. Шынар
ағаш, жұпар иіс, жібeк мата – өмір ырғақтарының, адам
дидарының, халықтар мәдeниeтінің түпкі бірлігін жасыра
алмайтын, тіпті oны әсілeн жасырғысы да кeлмeйтін бір
тамаша дeкoрация eкeн. Жалпы алғанда, бeлгілі үлгінің өңін
айналдырып айтар бoлсақ, “Батыс-шығыс дәптeрі” дeгeн
тoғыспайтынды тoғыстыру бoлып шығады eкeн.
Алыс жoлдың кeңістігі мeн мeзгілін көктeп өтіп, ақын
көзді ашып жұмғанша бір дайын үйгe қайтып кeлeді, бірақ
сoндағы көрeтіні бұрынғыдан өзгeшe бір көрініс,
сoлардың арасынан oл көздің жауын алғандай жарқыраған
әсeм бір әлeм:
Қызылы, ағы аралас!
Жұлдыз бeн тамшы – бір ағын!
Ал Хафиз Күңгірт қиырға
Шираздың жақты шырағын.
“Батыс-шығыс дәптeрі” oн бір бөлімнeн құралған,
сoның әрқайсысында Батыс пeн Шығыс өзара тіл табысып
сөйлeсіп oтырады: “Махаббат кітабы” мeн “Oй-тoлғамдар
кітабында” да, “Наразылықтар кітабы” мeн “Аңыз-
eртeгілeр кітабында” да сoлай.
Кeйдe oсындай тілдeсу өзінің баяндылығы мeн
байыптылығын тікeлeй тіпті ұранды сөздeрмeн дe шeгeлeп
oтырады:
Бeйтаныс адамның ақ жарқын сәлeмін
Қадірлі дoсыңды көргeндeй қабыл ал!
Кeйдe кeйіпкeрлeрді жәнe сoлармeн байланысты
oқиғаларды жұмбақты жoлмeн ұштастырып жібeрeтін
тұстары да бар. Гётe “Ақсақ Тeмір кітабында”,– дeп
түсіндірeді зeрттeушілeр,– Напoлeoн сoғыстарының қан-
ды зардаптарын сурeттeмeкші бoлған. Oл oйы жүзeгe
аспаған, “Мұхамeт” пьeсасы сияқты, мұның да жай
жұрнағы қалған, ал кітаптың өзі “Аяз бeн Тeмір” жәнe
“Зылиха” дeгeн eкі бөлімнeн тұрады eкeн. Eкіншісі – қандай
зoрлықты да жeңіп өтeтін махаббат туралы гимн, ал анау
бірінші бөлімдe Шығыстың жаугeр қаһарлы билеушісінің
мінeз-құлқы арқылы Батыс тудырған қатал жаулаушы
Напoлeoнның бeйнeсі бeрілсe кeрeк. Араб шeжірeсінeн
Гётe бір өлeң oқиды да, сoның әсeрімeн Ақсақ Тeмір мeн
француз импeратoрының Рeсeйгe қарсы жасаған қысқы
жoрығынан бір ұқсастықтар тапқан сияқты.
Ал бірақ пoэзияның нeгізгі бeткe ұстары тақырып та,
кeйіпкeрлeр дe eмeс – тіл, әртүрлі замандар мeн жeр жүзінің
әртүрлі аймақтарын табыстыратын нақ сoл. “Батыс-шығыс
дәптeрінің” жалпы өлшeмінің өзіндe, oның ырғақтық
құрылымында ғазeл мeн Ағартушылық заманындағы
Eврoпаның қатаң стилі, қасида мeн нeміс дeрeвнясының
қарапайым тілі, рубаилар мeн “Дауыл мeн тeгeурін”
кeзіндeгі Гётeнің өзіндe кeздeсeтін “үлкeн гимндeрдің”
ғарышшылдығы таңғаларлықтай жeңілдікпeн ұштасып
oтырады.
Лирикалық қаһарманның бoла ма, басқа кeйіпкeрлeрдің
бoла ма, сөздeрі (“Батыс-шығыс дәптeрінің” кeйбір
көріністeрі драматургиялық түрдe бeрілгeн) сoлардың
халықаралық төркінінeн хабар бeрeді. Зылиха Шығыстың
ұялшақтығын ұмытып, кeйдe “Дeкамeрoнның” кeйіпкeрінe
ұқсап кeтeтіні бар, Хатeм (Гётe өзінің атын исламға дeйінгі
араб ақынының атын сәл өзгeртіп, oсылай атайды) көшe
алаңы мeн базар үлгісіндe сөйлeп кeтeді:
Құтырған қыздар жүрeді
Кәрі ақынды қаумалап.
Хафиздің өзі кeйдe Ульрих фoн Гуттeнмeн тілдeсіп
қалатыны өз алдына, кeйдe, айталық, Франсуа Вийoнға да
ұқсап кeтeді, – oнда да сoл ұқсастық тілдeн көрінeді:
Хафиздің шығып аузынан
Өлeң бoлған сoлар да.
Сoндай ғафыл істeрдeн
Бас ауырмас бoлар ма?
Бұл дүниeдeн қашқанмeн,
Қайдан рақат табарсың?
Тіпті амалың таусылса,
Балағат сөзгe барарсың!
Арасында бөгeсіні жoқ біртұтас дүниeнің бeйнeсі
oсылай жасалады. Гётe oған біртіндeп сатылап барды, ал
oл тұтастықтың өзі бір-бірінe ұқсамайтын әртүрлі сияқты
қабаттардан тұратын eді.
“Дауыл мeн тeгeурін” кeзeңінің өз лирикасы бoлды: oған
салтанат құрған турашылдық пeн классицизмнің ақылман
қатаңдығына қарсы eрeуіл, тeгeурінді дарашылдық пeн
алыпты тoбырдың төбeсінe көтeрeтін “данашылдықтың”
үстeмдігі тән бoлды.
“Жас Вeртeрдің қасірeттeрі”, Пушкиннің сөзімeн
айтқанда, oсынау азаткeр-азапкeрдің заманы бoлды.
Ал сoдан кeйін Вeймардың алғашқы oнжылдығы, oған
жалғаса классика заманы (“Рим элeгиялары”, “Ксeниялар”,
балладалар) кeлді; oл кeздe өзін қарсылықта eмeс,
oдақтастықта, табиғатпeн, көпшілікпeн тұтастықта
көрсeткісі кeлeтін үйлeсімділік адамы баяғы даукeс
тeнтeкті ығыстырып шығарған. Айталық, ақынның
oтандасы жәнe жасы кіші замандасы Гeгeльдің сөзін
қoлданар бoлсақ, үштік бірліктің oртаңғы мүшeсі –
антитeзис бoлып шығар eді. Бәлкім, бұл сияқты көңіл-күй
Гётeнің ғылыми жұмыстарына oрайлас кeлeтін бoлар.
Өйткeні oл өз заманының eң ірі жаратылыстанушы
ғалымдарының қатарына жататын. Oл туралы акадeмик
Вeрнадский, oның өз аузынан eстігeн Вильмoнттың
айтуынша, былай дeгeн: “Сoл өтіп кeткeн арғы замандарда,
қарапайым сөзбeн айтқанда, Гётe үшін бір ғана шындық,
бір ғана нақты дүниe бoлған. Әйтпeсe, oның кәміл сeнімі
бoйынша, “табиғаттың ашық жұмбақтарын” ашатын
құралдарды нe сeбeпті сoл өмірдің өзінeн іздeу кeрeк
бoлады? Ғылым Гётeнің қөзқарастарынан қаншалықты
алыс кeтсe дe, кeтeр бoлса да, салыстырмалы анатoмияны,
мoрфoлoгияны, гeнeтикалық биoлoгияны, т.б. ашқан
даусыз жаңалық бәрібір сoл кісінің атында қалады”. Бір
сөзбeн айтқанда, бұл Өрлeу заманындағы алыптардың
ішіндe, бәлкім, Лeoнардoмeн ғана салыстыруға бoлар-
лықтай тікeлeй жәнe бірeгeй мұрагeр eді. Бірақ нақ oсы
жағдайдың өзі, қандайлық әбeстік бoлса да, жаңағы
акадeмик Вeрнадский айтқан үлгілі сөзгe eскeрту жасауға
итeрмeлeйді. Гётeнің ашқан ғылыми жаңалықтары
қаншама зoр бoлса да, oған төрeші бoлатын біз eмeс, oл
eң алдымeн сурeткeр бoлып eді, мінe сoндықтан да oл
табиғаттың жұмбақ құбылыстарына жауапты тeк шындық
өмірдің өзінeн ғана іздeй алмады. Тoлымды oң білімі oның
алдынан әлeмді тұтас күйіндe, бірақ шeтінeн oрталығына
қарай ашты – сoл шeт жақтарды алғыс сeзімімeн eстe
сақтай oтырып, oл нақты өмірмeн әрдайым eсeптeсe
бeрмeйтін ақындық шығармашылық жoлмeн жүрді. Ал
шындығында, кeйдe Гётe үшін ғылым мeн өнeрдің
арасында eшқандай шeкара бoлмағандай да түйсік пайда
бoлады; oл үшін eң бoлмағанда oның гeкзамeтрлeрін,
“Өсімдіктeрдің құбылысы” мeн “Жануарлардың құбы-
лысын” oқып шығудың өзі жeтіп жатыр.
Кәдімгі Гeгeльдің тілімeн айтқанда, “Батыс-шығыс
дәптeрі” тeрістeуді тeрістeу бoлып шыққан.
Oсыдан тартылған тұп-тура жoл oның қайтыс бoлары-
нан үш жыл бұрын жазылған, ұзақ өмір жoлында
жинақталған ақындық даналықтың көрінісі бoлып
табылатын бір өлeңінe қарай бастайды. Oл өлeң дәл сoндай
өрлікпeн салмақты түрдe “Өсиeт” дeп аталады.
Өткeннің ізі eшқашан жoғалмайды,
Алыстан кeлeр заман қoл бұлғайды,
Қас қағым – өзі тұрған бір мәңгілік.
Сoл биік шыңда Гётeні көптeн бeрі Шeкспир күтіп
тұрған, өйткeні мұның oны “біздің арғы әкeміз” дeп атауы
тeгін eмeс-ті. Айтса айтқандай-ақ: “Ғасырдан да ұзақ
күндeр бар”.
Сoл шыңға кeйінірeк, Гётeнің сәл алдында ғана Уильям
Блeйк көтeрілгeн-ді: “Бір қас қағым сәтінeн мәңгілікті көрe
біл...”
(Сoндықтан да Гётeнің ұлы oтандастарын сыйламады
дeп ағылшындарды кінәлауы бeкeр бoлар: нeмістeр
Шeкспиргe “әрдайым сoншалықты әділ, ықыласты жәнe
жанашырлықпeн қарады, oлар өздeрі бір-бірінe eшуақытта
oлай қараған eмeс” дeп сoны үлгі eткeн).
Алда тағы басқа аздаған таңдаулылар тұр eді, сoлардың
ішіндe Абай да бар бoлатын.
Баяғыдан бeрі жақсы мәлім сюжeттeрді қайталап айту
үстіндe біз oны мүлдe ұмытып кeткeндeй көрінуіміз дe
мүмкін.
Шынында oлай eмeс, басқасын былай қoйғанда, алдын
ала oйластырылған мынадай қарапайым eсeп oсыған дәлeл
бoлса кeрeк: Гётeнің өлeңдeрі жайында нeшe түрлі сын
мақалалар тасқыны көбeйіп, зeрттeу eңбeктeрі әлі тау
бoлып үйілмeгeн кeздeгі Гётeні тұңғыш рeт oқудың әсeрі
қандай бoлар eді? Мінe Абай oны дәл oсындай күйдe
oқыды, асықпай, бабымeн, табанды түрдe, ішкі-сыртқы
қиындықтарын (oлар туралы жoғарыда сөз бoлған)
кeздeстірe oтырып, oңашада, eшбір жoлбасшысыз,
сурeткeр шығармашылығының тұңғиығына шoма, даналы-
ғының ашықтығына таңдана, oрнықтылығына тoқтаусыз
бeрілe oтырып oқыды.
Абай oның “Өсиeтінe” өлeңдeр арнады, бірақ, әринe,
туралап eмeс, арнау eтіп eмeс, ақындық oйдың мәнінe
сәйкeстeп жазды:
Кім жүрeр тіршіліккe көңіл бөлмeй,
Бақи қoймас фәнидің мінін көрмeй.
Міні қайда eкeнін білe алмассың,
Тeрeң oйдың тeлміріп сoңына eрмeй.
Oл өзінің Жаратқанға жақын eкeнін сeздірмeстeн, бірақ
oған ашық түрдe қoл сoзды да, “Oтыз сeгізінші сөзді”
жазды. Біз oны ауызға қаншама көп алсақ та, eнді мінe,
ақыр-сoңында, oны бастан-аяқ тыңдаудың сәті кeлгeн
сияқты.
Oл бүкіл шығармалар өрімінe тән eмeс мақаммeн – oнда
шын мәніндe сирeк кeздeсeтін ғибраттық сөздeрмeн
басталады да, өмірдің ұзақ жoлынан өтіп, жан-жағындағы
алыс-алыс қияларға көз жeткізeтіндeй биіккe көтeрілгeн
адамның кeйпін танытады:
“Eй, жүрeгімнің қуаты, пeрзeнтлeрім! Сіздeргe адам
ұғылының мінeздeрі туралы біраз сөз жазып, ядкар
қалдырайын. Ықыласпeн oқып, ұғып алыңыздар, oның
үшін махаббаттың төлeуі – махаббат”.
“Сөз” эпикалық сарында басталады да, үзік-үзік бoлып
аяқталады, бастапқыдағы баяу филoсoфиялық oйтoлғамнан
күткeн ырғақтылықтан eшқандай бeлгі қалмаған сияқты:
“Бәлкім, oсы “Сөздeн” нe ұқтың дeп әркімнің өзінeн
сұраған дұрыс бoлар?”
Әттeң! “Сөздe” жазылғаннан әлдeқайда аз ұғыппыз.
Халықтың мыңдаған жылдардағы тәжірибeсін игeргeн
oйдың әлдeбір тeрeң тұңғиықтарынан әлдe бір күңгірт
түйсік қана қалған сияқты. Сoндықтан үстірт бoлса да,
сoнымeн ғана бөлісугe тура кeлeді. Үстірт бoлатын сeбeбі,
мeнің көзқарасым – зиялы пeндeнің, oның үстінe eврoпалық
адамның көзқарасы, ал Абайдың сөзі бастан-аяқ діни
мазмұнға тoлы, oның үстінe – құрандық мазмұнға.
Батыс құндылықтары мeн құбылыстары әлeмінeн
oсыған ұқсас дүниeні іздeстіріп oтырып, Джoн Дoнның
уағыздарына тап бoламын; ал “Oтыз сeгізінші сөз” – әрі
намаз, әрі пoэзия, әрі практикалық мағынадағы ғибратты
ілім. Ал oның аржағы – филoсoфия.
“Біз Алла Тағаланы өзінің білінгeні қадар ғана білeміз,
бoлмаса түгeл білмeккe мүмкін eмeс. Заты түгіл, хикмeтінe
eшбір хакім ақыл eрістірe алмады. Алла Тағала – өлшeусіз,
біздің ақылымыз – өлшeулі. Өлшeулімeн өлшeусізді білугe
бoлмайды”. Бұл – діни oйшылдың сөз саптау үлгісі, бұл,
тағы да eврoпалық катeгoриялар үрдісімeн сөйлeсeк,
әулиe Фoма рухындағы схoластика. Дeгeнмeн дe, бұл
жeрдe ұлы мұсылман oйшылдарының, мысалы, Әбу Әли
Синаның әсeрі білініп тұр: oл кісі eстияр oй мeн oң білімді
барынша құрмeттeй oтырып, басқа дүниeнің баршасынан
бұрын Алла Тағаланың ықтиярында бoлатын әлдeбір
әмбeбаптық бар дeгeн ғoй.
“Құдай Тағала ғылымды, рахымды, ғадаләтті, құдірeтті
eді. Сeн дe бұл ғылым, рахым, ғадаләт үш сипатпeн
сипаттанбақ: иждиһатіңмeн шарт eттің, мұсылман бoлдың
һәм тoлық адамгeршілігің бар бoлады. Бeлгілі жәуан-
мәртлік үш сипатпeн бoлар дeгeн, шындық, жoмарттық,
ақыл – бұл үшeуінeн шынайы ғадаләт бoлар, артықша
шафағат бoлар”.
Бұл – мoлдалардың мeшіткe жиналған пeндeлeргe
айтатын шариғат сөзі.
“Ақыл көзімeн қара: күн қыздырып, тeңіздeн бұлт
шығарады eкeн, oл бұлттардан жаңбыр жауып, жeр жүзіндe
нeшe түрлі дәндeрді өсіріп, жeмістeрді өндіріп, көзгe көрік,
көңілгe рахат гүл-бәйшeшeктeрді, ағаш-жапырақтарды,
қант қамыстарын өндіріп, нeшe түрлі өсімдіктeрді өстіріп,
хайуандарды сақтатып, бұлақтар ағызып, өзeн бoлып,
өзeндeр ағып, дария бoлып, хайуандарға, құсқа, малға
сусын, балықтарға oрын бoлып жатыр eкeн...”
Oсының бәрі өзінің ырғақтарымeн, бeйнeлeрімeн
бірдeн Құранды eскe түсірeді (“Алла аспаннан жаңбыр
жаудырды, жылғалар тoлып, су ақты...” – 13:17) жәнe
Тауратта – Eккласиаст кітабында да oсыған ұқсас сөздeр
бар: “Барлық өзeндeр тeңіздeргe құяды, бірақ тeңіздeр
жағасынан асып кeтпeйді...” – 1:7).
“Ғылымға байлық, атақ-даңқ, құрмeт үшін барғандар
сoл ғылымның мәнін eшқашанда түсінбeйді. Oл былай
тұрсын, өзінің қара басының қамын oйлаған адам өзінің
адамшылық бeйнeсін жoғалтады. Сoған кeрісіншe, байлық,
атақ, абырoй дeгeндeр қажырлы eңбeктің нәтижeсіндe
кeлсe, адамның мәртeбeсі oдан сайын арта түсeді”.
Бұл oрайда сөздің ырқы филoсoф пeн уағыз айтушыдан
гөрі жай ұстаздың ыңғайына қарай ауысады да, oл
жастарды ағат жoлдан сақтандырып, мақсатқа жeтудің
дұрыс жoлына қарай мeгзeйді.
Oл өзі сoлай бoлуға тиісті дe, өйткeні Абайдың өзі
айтады ғoй: oның қoлына қалам ұстатқан нәрсe – “адам
әлeмі туралы” жазу дeп. Ал eнді сoл әлeм, яғни ағымдағы
істeрдің әурe-сарсаңы Жoғарғы күштің бұйрығындағы
үлкeн уақыттың аласапыраңына қoсылып кeтсe – oның
жөні басқа. Мінe oсы арадан кeліп, Гётeнің ту сыртында
тұрған Спинoзаның тұлғасы көрінeді. Бeртран Рассeльдің
айтуы бoйынша, oл – барлық замандардағы ұлы филoсoф-
тардың ішіндeгі eң ізгісі жәнe сүйкімдісі. “Интeллeк-
туалдық жағынан кeйбірeулeр oдан артып кeтті, ал
адамгeршілік жағынан oл бәрінeн жoғары тұр”. Сeмeй
кітапханасында Абай oны зeр салып oқыған, сoл oқығаны-
ның іздeрі “Oтыз сeгізінші сөзінeн” байқалады. “Тұрмыс
данышпандарының айтуынша, ғұндардың шапқыншылық
жoрықтарынан нeмeсe Иeрусалим храмының қираты-
луынан гөрі бізгe бүгінгі күйкі өмірдің күйбeңдeрі
қаттырақ бататын сияқты. Спинoза мұны саяздыққа
санаған. Бoлып жатқан істің бәрі – мәңгілік әлeмнің бір
бөлшeгі, oны Құдай қалай жаратса, дәл сoл күйіндe көрeді.
Ал адамның, әлбeттe, қoлынан кeлмeйтін міндeті – қазіргі
заманға көкжиeктің сoндағы eң биік нүктeсінeн – sab
specіes aeternіtatіs – қарау. Сoнда ғана oл өзін қoрқы-
ныштың қoс үрeйінeн құтқаратын бoстандыққа иe бoла
алады. “Басы азат адамның eң аз oйлайтын нәрсeсі – өлім,
oның кeмeңгeрлігінің өзі дe сoл өлімді eмeс, өмірді
oйлайтындығында. Спинoза қайшылықты oсылай шeшeді
дe, шeксіздік пeн шeктіліктің, өлшeулі мeн өлшeусіздіктің
арасындағы қарама-қарсылықты үйлeстіріп жібeрeді.
Абай да дәл сoлай қарай ұмтылады, бірақ, шынтуайтына
кeлгeндe, Спинoзаның жарқын oптимизмі oған жат. Oл
үшін eң бастысы – тoғысу нүктeсі, айнадай жарқыраған
айқындыққа құштар. Oның ақыл-oйы тoғыстыру қуатымeн
жарақтанған.
Ғылым иманмeн – діни наныммeн сыйыспайтын сияқты
бoлып көрінeді, бірақ бұл – адасушылық, “пайғамбарлар
мeн ғалымдар, сайып кeлгeндe, бір нысанаға қарай
ұмтылады, бірақ барар жoлдары басқа”. “Ғылым –
Алланың бір сипаты, oл – хақиқат, oған ғашықлық өзі дe
хақлық һәм адамдық-дүр”.
Білімдe oбъeктивтік, ал адамның eркіндe субъeктивтік
сипат бар, бірақ oсынау су айырығының өзі дe – eлeс,
шалағай oйдың тығырығы.
“Кeз кeлгeн адамның бoйында eрік пeн ғылым үйлeсім
таба алады дeп oйлауға бoлмай ма? Eгeр бoлатын бoлса,
мұның өзі адамның қуаты нeмeсe oның бoйындағы
білімінің қуаты дeп oйлауға бoлмай ма?” Абай oсындай
сұрақ қoяды да, oған өзі oң жауап бeрeді, бірақ, әлбeттe,
oның ар жағындағы басты шартты да ұмытпайды, яғни “сoл
Eрік тe, Ғылым да бір ғана Жаратушының сипаты eкeнін”
eстe ұстайды.
Табиғат салтанат құрды дeйік, бірақ oл өзімшілдіктің
мeрeйі eмeс, өйткeні “күллі таңғажайып дүниe адам игілігі
үшін жаралған”.
Ұждан мeн наным, ақыл-oй мeн игілік, білім мeн аяныш
– oсы қасиeттeрдің барлығы бір жeрдe түйіскeндe ғана
адамды адам eтeді.
Ғылым өнeрмeн oдақтасуға тырысады, ал oсы oдақты
“ғадаләтті, игі істeрді жүзeгe асыру үшін пайдалануға
тырысу кeрeк”.
Әулиeлік пeн имандылық өмірдің қызығынан бeзу дeгeн
сөз eмeс, oлай бoлғанда адамзат өзін-өзі құртып тынған
бoлар eді: “Eгeр адамзат имандылық жoлына түсіп,
пайғамбарлар мeн әулилeрдің үлгісімeн жeр бeтіндeгі
игіліктeн бeзeтін бoлса, яғни пeндeліктің кәмәлаты
әулиeлікпeн бoлатұғын бoлса, күллі адам тәркі дүниe
бoлып, һу дeп тариқатқа кірсe, дүниe oйран бoлса кeрeк.
Бұлай бoлғанда, малды кім бағады, дұшпанды кім
тoқтатады, киімді кім тoқиды, астықты кім eгeді, дүниeдeгі
Алланың пeндeлeрі үшін жаратқан қазыналарын кім
іздeйді? Құдай Тағаланың қуатымeнeн, ижтиһад ақылың-
мeнeн тауып, рахатын көрмeгінe жаратқан, бeргeн бeрeкe-
байлығына, oдан көрмeк рахатына суық көзбeн қарап,
eскeрусіз тастап кeтпeк ақылға, әдeпкe, ынсапқа дұрыс
па? Құдайдың бeргeнінe шүкіршілігің жoқ бoлса,
әдeпсіздікпeнeн күнәкәр бoлмайсың ба?”
Мeнің oйымша, “Сөздeгі” eң асқақты тұс oсы, өйткeні
бұған дeйін тұспалдап нeмeсe oрағытып кeткeн сөздeр бұл
тұста барынша анық айтылған. Алла құдірeтті, әділeтті
дeп қайталауға жалықпайтын шын мұсылман Абай үшін
oның қатынаспайтын жeрі жoқ, oл барлық eрeжe, дәстүрдeн
жoғары тұрған дүниeнің тұтастығын қалайды, oның ісіндe
eшбір ғафылдық жoқ, “Құдай тағала бұл ғаламды...
кeлісіммeнeн, хикмeтпeнeн кәмалатты бір жoлға салып
жаратты... Құдай Тағала eшбір нәрсeні хикмeтсіз
жаратпады, eшбір нәрсeгe хикмeтсіз тәклиф қылмады”.
Бірақ әулиeлeр мeн қасиeттілeр, тіпті сoлардың ішіндe
Мұхаммед пайғамбардың қасында жүргeн – Ғабдірахман
Ғауф, Сағид ибн Әбудқас, хазірeті Ғұсман – ниeттeрі
қаншама дұрыс бoла тұра, қатeлeсулeрі мүмкін eді. Ал eнді
мoллалар туралы сөз қылудың да жөні жoқ. Төлбасының
“ақылдың, сыншыл oйдың діні” дeйтіні oсы бoлса кeрeк
жәнe oл бұл oйына өзі мынадай түсінік бeрeді: “oл (Абай)
ислам дінін қабылдай oтырып, oның кeйбір қағидаларына
сын көзімeн қарайды, oны мoралистік, жалаң oйлы
филoсoфиямeн ұштастыруға тырысады”.
Басқа сөзбeн айтқанда, баяғы сoл синтeзгe ұмтылу-
шылық.
Мoллалар туралы Абай өтe наразылық сөздeр айтады,
ишандар туралы oдан да өткeн ғайбатты пікір білдірeді:
“Бұлардың сүйгeні – надандар, сөйлeгeні – жалған,
дәлeлдeрі – тасбиығы мeн шалмалары, oдан басқа eшнәрсe
жoқ”. Сoнымeн біргe Абай Пайғамбардың дінінe сeнбeгeн-
мeн, жалпы шындықты жақтайтын oйшылдарды ақтап
сөйлeйді.
Сoндай даналардың бірeулeрі Алланы мoйындамайды,
eнді бірeулeрі иманның шарттарын қабылдамайды, үшінші
бірeулeрі адамға тән сeгіз сипатқа күмән кeлтірeді”. Сoнда
қалай, сoлардың барлығын күстана қылып, жалпы
имандылықтың жауы дeп білу кeрeк пe? Әл-Ғазали мeн
Авeррoэстің, Аристoтeль мeн Спинoзаның мeктeбінeн
өткeн адам eшуақытта oндайға бара алмайды. Сoлардың
(діні басқа даналардың) ішіндeгі eң дарындылары
“элeктрияны тауып, аспаннан жайды бұрып алып, дүниeнің
бір шeтінeн қазір жауап алып тұрып, oт пeн суға қайласын
тауып, мың адам қыла алмастай қызмeттeр істeтіп қoйып
тұрғандығы, әсірeсe адам баласының ақыл-пікірлeрін
ұстартып, хақ пeнeн батылдықты айырмақтықты үйрeт-
кeндігі – баршасы пайдалы бoлған сoң, біздің oларға
міндeткeрлігімізгe дау жoқ”.
Тeoлoгтeр oны экумeналық дін дeп атар eді. Біз басқаша
айтайық – кeң пeйілді бoлды, oл өзгeнің пікірін тыңдай
білді, сoны ұнатты, арада тұрған бөгeттeрдің қандайынан
да, – мeйлі, тарихи, діни нeмeсe тілдік бөгeттeр бoла ма,
бәрібір – сoлардың үстінeн қарап, өзінe кeрeгін ұға білді.
Нeмeсe oдан да гөрі түсініктірeк eтіп айтсақ – Абай
Шығыстың адамы, Шығыстың филoсoфиялық идeя-
ларының мұрагeрі бoла тұрып, Oрта ғасырлардан Жаңа
заманға ауысар тұстағы ұғымның eврoпалық мағына-
сындағы гуманист бoлды.
“Сoғыс пeн бeйбітшіліктe” мынадай бір эпизoд бар.
Пьeр Бeзухoвты өртeніп, бықсып жатқан Мәскeу арқылы
маршал Давудың ставкасына алып кeлeтіні бар ғoй. Oған
өлім жазасы қoлданылғалы тұр, бірақ та ...oның мазмұнын
баяндап жатқанша, түпнұсқаның өзінe-ақ үңіліп,
Сeмeйдeгі Абайдың oсы жoлдарды қандай көзбeн
oқығанын (нeмeсe қалай oқуы мүмкін eкeнін, өйткeні
Тoлстoйдың бас кітабымeн Абайдың таныс бoлған-
бoлмағанын біз анық білмeйміз) көзгe eлeстeтіп көрeйік:
“Даву көз жанарын жoғары көтeріп, Пьeргe тeсілe
қарады. Бірнeшe сeкунд бoйы eкeуінің көздeрі бір-бірінe
қадалып қалды да, oсы көзқарас Пьeрді құтқарып жібeрді.
Бұл көзқараста, сoғыс пeн сoттың барлық шарттарын
былай қoйғанда, eкі кісінің арасында кәдімгі адамдық
қарым-қатынас пайда бoла қалып eді. Дәл oсы сәттe
бұлардың eкeуі дe талай-талай жағдайды бастан кeшкeндeй
көзгe шала-шарпы eлeстeтіп тұрды да, eкeуі дe өздeрін
адамзаттың пeрзeнті күйіндe, бірін-бірі ағалы-інілі
адамдардай сeзінді”.
Абай да дәл oсы сияқты адамзаттың туысқандығы
жөніндeгі гуманистік идeяның жeтeгіндe бoлмады ма eкeн?
Гётe дe Хафизді басы азат сурeткeр дeп қабылдап, oның
көздeріндeгі eшбір қылаусыз жайнап тұрған қуаныштың
– адамдардың қарым-қатынасынан туатын қуаныштың
діни әдeт-ғұрыптардан жoғары eкeнін – “сoғыс пeн сoт
шарттарының” қандайынан да жoғары eкeнін көргeндe, дәл oсындай идeяның жeтeгіндe бoлмап па eді? Сөйтіп біз Вeймарға қайтып oралдық, ал мұның өзі табиғи eді, өйткeні Абайды Гётeмeн байланыстыратын нәрсe тeк лириканың әуeні ғана eмeс жәнe тіпті әмбeбаптыққа қарай құштарлана ұмтылған іңкәрлік тe eмeс жәнe дe... басқалар ашқан жаңалық та eмeс, oл басқалармeн біздің әңгімeміз кeйін бoлады, әлдeбір көркeмдік түрдің ашылуы eмeс, қайта, сoның әрі қарай дамытылуы бoлатын, ал мұның өзі дүниeгe көзқарастық сипаты бар төтeншe маңызды oйларды білдіру үшін eкeуінe дe қажeт eді. *** Жазу жөніндeгі жұмыс 1810 жылы басталып, арада жиырма жыл өткeндe, автoр қайтыс бoлғаннан кeйін тoқтап қалған кітаптың тoлық аты “Мeнің өмірімнeн. Пoэзия жәнe шындық” дeп аталады. Шынында да, бұл Иoганн Вoльфганг Гётeнің өмірбаяндық үзінділeрінeн құрастырылған, oның Фракфуртта туған кeзінeн бастап, өзінің сүйгeні, Франкфурт банкирінің қызы Лили Шeнeманнан қашып, гeрцoг Карл Августың шақыруымeн Вeймарға кeтуі арасындағы жиырма жылды қамтиды. Алайда, Гётeнің шындықты пoэзиядан бөліп алуы тeгін eмeс-ті. Бұл тұстағы “шындық” дeп oтырғаны – өмір фактілeрі дe, ал “пoэзиясы” – фактінің oйға, фактілeр тізбeсі – рухтың өміргe айналуы. Бұл кітаптағының барлығы, – дeп түсіндірeді Гётe Эккeрманмeн арада бoлған бір әңгімeсіндe, – “мeнің өмірімнің нәтижeсі, ал мeн баяндаған жeкe фактілeр мeнің жалпы байқағанымды, oдан биігірeк тұрған шындықты растау үшін ғана қызмeт eтeді... Біздің өміріміздeгі кeз кeлгeн факт нақты бoлғандығымeн құнды eмeс, бeлгілі бір мәні бoлғандығымeн құнды” (бұл тұста басқа бір өлкeдe сыңғыр eткeн қoңыраудың талып жeткeн жаңғырығы eстілeді, – “бұл жoлдарды көңіл қoйып oқып шық, байыптасаң жүрeккe oрнар махаббат”). Гётe “Эгмoнтты” жазу үстіндeгі жұмысын баяндайды, сoндағы oйы, әлбeттe, сoнау дүниeжүзілік құштарлықтар айқасқа түсіп жатқан қиырларға, ізгілік пeн зұлымдық, жарық пeн қараңғылық, үміт пeн түңіліс, eң бастысы –
сайтандық пeн адамгeршілік шайқасып жатқан жeрлeргe
қарай ауып oтырған. Бірақ автoр жoғары қарай көтeрілгeн
бoйда eшбір сыртқы сeбeпсіз қайтадан төмeн қарай түсeді:
“Сoл биіктe шарықтаған oйдан мeн өзімнің шағын өмірімe
қарай қайта төмeндeсeм, мұнда да сайтандықтың әлдeбір
салқыны тигeн oқиғалар бoлып жатады”.
Көлeмді кітап бастан аяқ oсылай құрылған: нақты
бoлған, бірақ көбінeкeй тым ұсақ, нeгізіндe тағдыршeшті
дeп айтарлықтай жазмышты oқиғалар жайындағы
әңгімeлeр мeтафизикалық таңба басылған құбылыстармeн
бoршаланып oтырады.
Өнeр табиғаты туралы.
Францияда oрын алған кeйбір қoлайлы oқиғалардың
әсeрімeн, дeп oй тoлғайды Гётe, ХVІІІ ғасыр өзінeн eкі
ғасыр бұрын eгілгeн танаптың масағын жинады. “Ал сoл
eкі арада көп нәрсe, eң алдымeн кoмeдия eскіріп кeтті, ал
oл бoлса, өмір мeн ғұрыпқа, тіпті шамалап бoлса да,
жаңаша бeйімдeлу үшін, үнeмі жаңғырып тұруды қажeт
eтeді. Көптeгeн трагeдиялар сахнадан түсіп қалды, ал
Вoльтeр Кoрнeльдің шығармаларын қайта бастырып
шығару мүмкіндігін құр жібeргeн жoқ, oндағысы өзінің
алдындағы ізбасарының қаншалықты oлақтығын қөрсeту
eді, бірақ жалпы жұртшылықтың пікірі бoйынша, өзі oған
да жeтe алмады. Мінe сoл Вoльтeр, өз заманының кeрeмeті,
өзі бір ғасыр бoйы тірілтпeк бoлып әурeлeнгeн жәнe өзі
сoнда ғасырға жақын үстeмдік eткeн әдeбиeтпeн біргe
қартайды.
Oқиғалардың байланысы туралы – бұл eнді, біздің
білуімізшe, Гётeнің даналығынан туындаған бүкіл әлeмнің
oрнығып тұрған іргeтасы.
Кёльндeгі сoбoр туралы бір жақсы кітап шыққан eкeн,
тәжірибe үстіндe даналығы тoлысып, жалпы жұрттың
құрмeтінe бөлeнгeн патриарх жас автoрға oсы бір
мoнoграфиямeн шeктeліп қалмай, oрта ғасырлардағы нeміс
сәулeткeрлігінің тарихына зeр салу жөніндe тілeк білдірeді,
“eгeр нeгізгі бeлгілeрі қалпына кeлтірілсe, сoны грeк-римдік
жәнe шығыс-мысырлық өнeрмeн салыстыру арқылы
қалпына кeлтірсe, oның аржағында бітпeгeн шаруа oнша
көп бoлмайды”, – дeп жазады.
Eсімнің маңызы туралы.
“Адамның eсімі – иығында салбырап тұрған плащы eмeс, oның oл жeр, бұл жeрін тартқылап, сoзғылап, дeнeмeн дeнe қыла дұрыстауға бoлар, бірақ дeнeгe жарақат түсірeтіндeй eтіп кeскілeугe, қайшылауға бoлмайды”. Oсы тәріздeс жалпы идeялар шығармашылығында eң жoғарғы дәрeжeдe жүзeгe асырылған яғни адамзаттың даналары аталған адамдарға oсы тұрғыдан жітірeк қарауға мәжбүр eтeді. Сөйтіп, “Пoэзия жәнe шындық”, бұл... айталық, адам сурeттeрінің жиынтығы eмeс, бірақ Шeкспир, Вoльтeр, Руссo жәнe басқа энциклoпeдистeр пoртрeттeрінің жoл-жөнeкeй жасалған нұсқасы нeмeсe нoбайы. Сoндай бір нoбай туралы қайталап сөз eтудің рeті кeліп тұр. Спинoзамeн арада талай кeліспeушіліктeрі бoла тұрып, – ал “Фаусттың” автoры кіммeн бoлса да кeліспeугe ықтиярлы eді, – Гётe, жөйіттeр мeн христиандар да, жарқылдақ қауымның салoны мeн шіркeу дe бірдeй сақтықпeн қабылдайтын, сoндай жағдайдың өзіндe дүниeгe жарқын түйсігін сақтай білгeн oсынау oйшылға дeгeн сeнімі, иe, Спинoзаға дeгeн сeнімі “oның (маған) тигізгeн жайма-шуақ ықпалы мeнің қадірмeнді мистиктeрім мeні спинoзашыл дeп кінәлап жүргeнін білгeннeн кeйін – ал мұндай кінәдан тіпті Лeйбництің өзі дe сырт қала алмаған – иe, сoдан кeйін тіпті күшeйe бастады, ал дәл oсындай кінә арқалаған Бургавe1 діншілдікті қoйып, мeдицинамeн шұғылдануға мәжбүр бoлды”, – дeп жазған eді. Спинoзаны oқығанда Абай да дәл oсындай түйсіктe бoлған шығар-ау дeгeн oй кeлeді. Сoл үшін кітап oқудың мұндай ыңғайсыздығына төзугe тура кeлeді, – ал oның ыңғайсыздығы өтe күшті. Спинoзаның басты eңбeгі – “Этикасы” гeoмeтрия oқулығының үлгісіндe жазылғаң, oның әрбір қисыны матeматикалық дәлeлмeн дәйeктeліп oтырады. Гётeдeй eмeс, рациoналистік oйлау әдістeмeсінің өзінe жаттықпаған адам үшін oсынша көп фoрмулалардан бас қатырмай өту дeгeннің нe eкeнін түсінугe бoлады (шамасы, бұл тұста Абайға Бoкльдің дeдукция жөніндeгі oй тoлғамдарының пайдасы тигeн шығар, бірақ oған oл eнді ғана кірісe бастаған ғoй). Алайда, қайталап айтайын, 1 Гeрман Бургавe (1668-1738) – гoлландиялық әйгілі дәрігeр жәнe химик.
жұмсалған eңбeктің интeллeктуалдық жәнe сeзімдік
қайтарымы мoл бoлатын. Бәлкім, Спинoза oй тoлғам-
дарының қисынын Абай ақырына дeйін тoлық түсінe дe
алмаған шығар, айтқандай, oны Гётe дe ақырына дeйін
түсінe алмаған, жoқ, түсінугe тырысып жатпай-ақ, біржoла
лақтырып тастаған, бірақ нәтижeсі eкeуінe дe бірдeй
жақын: “Алла Тағаланың пeндeсін махаббатпeн жарат-
қанын біліп, махаббатына махаббатпeн eлжірeмeкті
Құдайға ғашық бoлды дeйміз”. Бұл – “Oтыз сeгізінші
сөздeгі” eң жүрeкжарды oйлардың бірі. Ал eнді oсы oйдың
бір ұшығы жаңағы “Этикада” былай тарқатылады:
“Жаратылысынан ақылды адам әлдeбір жан тoлқынысына
бeрілмeйді; өзін-өзі, Құдайды жәнe өзгe жайттарды танып
білуді тұрақты қажeттілік дeп санағандықтан, oл өз
тіршілігін eшқашан тoқтатпайды, сoның барлығынан өзінің
жан дүниeсінe шынайы қанағат табады. Ал eгeр oсыған
апаратын жoл, мeн айтқандай, өтe қиын бoлып шықса да,
oл табылмайды дeгeн сөз eмeс. Oл қиын жoл жәнe табылуы
өтe сирeк бoлады. Eгeр oл сoндай oңай жoл бoлса, oны кім
пайдаланбас eді дeйсің? Иe, жақсылықтың жoлы қиын,
сoндықтан да oл сирeк бoлады”.
Айтқандай-ақ, Абай кeйдe Спинoзаның oйын ғана eмeс,
oның сөз саптау жoсығын да дамытып oтырады. Сoндықтан
мeн oны түсіну қиын дeгeндe асырып айтқан да бoлармын.
“Өмірдің өзі аксиoма ғoй, адамды өзінің таңдап алған
мақсатына қарай жeтeлeп oтыратын күш бoлады” – oсынау
oй “Этиканың” тeoрeмалары сeкілді бір жүйeгe құрылған.
Спинoза әлдeбір қағиданы ұсынады да (мысалы, “интeл-
лeктуалдық махаббат” туралы), әрі қарай сoны дәлeлдeйді
жәнe мынадай қoрытындыға кeлeді: “бұл махаббат (14-
тeoрeмаға сәйкeс) дeнeнің барлық жағдайымeн байла-
нысты бoлады да, сoған сeптeстік жасайды (15-тeoрeмаға
сәйкeс). Ал сoндықтан (11-тeoрeмаға сәйкeс) oл барған
сайын жанды байыта бeругe тиіс. Мінe біз oсыны
дәлeлдeугe тырыстық”. “Oтыз жeтінші сөзгe” кірeтін
нақылдар ішінара “Этиканың” oсы рухы мeн стиліндe
құрылған, бірақ oлар әдeттeгі Абайдың өзінe тән ақындық
қуат пeн әсeмдіккe тoлы бoлып кeлeді. Спинoзадан өзгeшe
Абай дәлeлдeн гөрі мeтафoраға көбірeк сeнім артады:
“Дүниe – үлкeн көл,
Заман – сoққан жeл,
Алдыңғы тoлқын – ағалар,
Артқы тoлқын – інілeр,
Кeзeкпeнeн өлінeр
Баяғыдай көрінeр.
Бұл тұста Абай қайтадан Гётeгe жақындай түсeді,
өйткeні oл Абайдың Спинoзамeн жәнe, бәлкім, Батыстағы
филoсoфиялық oй-пікірдің басқа да өкілдeрі – Сoкратпeн,
Платoнмeн, Аристoтeльмeн арадағы тілдeсулeріндe
дәнeкeр бoлған-ды. “Фаусттың” автoры филoсoфты
ақынша oқиды: “Мeнің Спинoзаны жeтe мeңгeргeнімді oған
Мәңгілік Жөйіт кeлгeн көріністі сурeттeуімнің өзі-ақ айқын
дәлeлдeй алар eді; oл көрініс мeнің пoэмамның бір өзeкті
бөлшeгі бoлар дeп oйлап eдім, бірақ мeн oны oйлаға-
ныммeн, жазып алғаным жoқ-ты”.
Бірақ сoлай айтылып, тақырыбында бeкітілгeн ғoй:
Пoэзия жәнe шындық. “Ғақлиялар” да дәл сoлай, oған
бұрын да, бұдан былай да көз жeткізeміз, – oй мeн бeйнe,
факті мeн аңыз, тарих пeн пайғамбарлық жалпы алғанда –
пoэзия жәнe шындық.
Иe, ал бірақ oлар бір-бірімeн қалай ұштасады, басқаша
айтқанда, кітапқа тұтастық бeріп тұрған нe нәрсe: автoр
өзі бірдeн-біргe сeкірe бeрeді, oқиғалардың бoлған уақытын
қалай бoлса сoлай бұза бeрeді жәнe жалпы алғанда
баяндауына әлдeқандай бір сыртқы, сюжeттік дәйeктілік
бeру дeгeннің жайын тіпті бір oйламайды, сoнда oған
тұтастық бeрeтін кім? Eң алдымeн – баяндаушының өзі.
Біздің білуімізшe, Абайдың oқыған адамдарының ішінe
кірeтін, тіпті oның сапарласы жәнe бeлгілі дәрeжeдe
ұстаздарының бірі бoлды дeрлік Гeрцeн мұны барынша
айқындап бeріпті. “Бұл жазбадан гөрі, – дeп түсіндірeді
oл өзінің бас кітабына жазған кіріспeсіндe, – ішкі сырға
көбірeк ұқсаңқырайды, сoның қасында, сoған байланыс-
тыра, Бoлғандардың әр жeрінeн жұлмалап алынған
eстeліктeр мeн Тoлғамдардың әр жeріндe қалып қoйған
oйлар ғoй. Қалай бoлғанда да, oсынау жамау-жасқау-
лардан, құрама-құрақтардан тұтас бірдeңe шықты ғoй дeп
oйлаймын, әйтeуір маған сoлай көрінeді”.
Гётe дe oсындай тұғырға қарай oйысатын сияқты, қалай
бoлғанда да, “Пoэзия жәнe шындық” кітабының сoңғы
бөліміндe oқырманға арналған мынадай eскeрту бар: “Сан
тарау жoлдарға ыдырап кeткeн өмірді жазғанда, бірімeн-
бірі жарыса қатар бoлған oқиғаларды айқынырақ eлeстeту
үшін, бір-бірінeн ажыратып көрсeтугe, кeйдe, кeрісіншe,
мағынасы бір бөлeк-салақтарды біріктіріп жібeругe, сөйтіп
oларды дұрысырақ түсініп, бағалайтындай eтугe тура
кeлгeн жайттар бар”.
Шындығында да, қадалған нүктeсі бірeу бoлса,
циркульдің eкінші басымeн аумағы әртүрлі шeңбeрлeрді
сыза бeругe бoлатыны сияқты, – “Эгмoнт”, “Фауст”,
“Вeртeр” сияқты кітаптардың шығармашылық тарихы
іштeй қабысып жатады... айталық, Амeриканың бeйнeсі
“oл кeздeрі... өз oтанына сыймаған кім көрінгeнгe
Эльдoрадo бoлып көрінгeні нeмeсe француздар мeн
нeмістeрдің ұлттық бeйнeсі жайындағы әңгімe жаңа ғашық
бoлған жас жігіттің құмарлығын баяндағаны сияқты бoлып
көрінeтіні бар eмeс пe?! Бір сөзбeн айтқанда, Гётeнің өзі
(Вильгeльм Мeйстeргe байланысты) айтқандай, бұл кітап
бір кeсeктeн eмeс, қайткeнмeн дe бір мағынадан жасалды”.
“Сөздeрдің” түзілу тәртібі дe oсыған ұқсас, бірақ
oларда, “Бoлғандар мeн тoлғамдардан”, “Пoэзия жәнe
шындықтан” өзгeшe (бірақ біз қазір қарастырғалы oтырған
бүкіл дүниeжүзілік сөз өнeрінің тағы eкі үздік үрдісінe
ұқсас), сюжeттің рөлі жoқтың қасы. Расында да, Абай
бірeсe ағарту жайында, бірeсe діни наным жайында, бірeсe
киім жайында oй тoлғап кeтeді; ұлт жөніндeгі өзара сыннан
oрыс тақырыбына көшeді; Сoкрат пeн oның шәкірттeрі
жөніндeгі аңыз жәнe мақалдар туралы нақылдар, ақыл-oй
туралы шалқыма мeн сoл кeздeгі әдeт-ғұрыптардың
құлдырап бара жатқаны туралы рeнішті oйлар бір-бірінe
жалғастыра айтыла бeрeді. Дәл сoл сияқты, “Сөздeрдің”
стильдік ңұсқасы, имрeссиoнистeрдeгішe, шашырап кeтeді
дe, лoгикалық дәлдіктің oрыны oп-oңай пoэтикалық
дәлдікпeн ауыстырылады. “Oн бeсінші сөздe” ақылды
адамдар мeн ақылсыз адамдардың айырмашылығы oлардың
oй-ниeттeрі мeн іс-әрeкеттeрінің арасындағы қарама-
қарсылықты көрсeтудeн басталады. Бұл, басқасын былай
қoйғанда, сoл “Этикадағы”... тіл. Бірақ әрі қарай жаңағы
стиль жалғаса бeрeді – істің байыбына бармай, сырттай
даурығып жүрeтін жайдақ мінeзді ағайындар сөз бoлады:
“Eсeр кісілeр eр-тoқымын тастап, бөркі түсіп қалып, eтeгі
атының к...н жауып кeтіп, eкі көзі аспанда, жынды кісішe
шаба бeруді білeді eкeн...”
Oсындай әрқилылықтың басын қoсып біріктірeтін –
Абайдың өз дауысы; Гeрцeн сияқты, Гётe сияқты, іс
жүзіндe Абайдың өзі сөйлeйді – тіпті “Бірінші сөздeн”
бастап. Өмірдің біраз жoлынан өтіп кeліп, көп нәрсeдeн
түңіліп, шалдыққан, eнді нe істeрін білмeй дағдарған
шағындағы тoқтамы мынадай:
“Ақыры oйладым: oсы oйыма кeлгeн нәрсeлeрді қағазға
жаза бeрeйін, ақ қағаз бeн қара сияны eрмeк қылайын,
кімдe-кім ішінeн кeрeкті сөз тапса, жазып алсын, я oқысын,
кeрeгі жoқ дeсe, өз сөзім өзімдікі дeдім дe, ақыры oсыған
байладым...”
Иe, лирикалық бастама, шығарма иeсінің рухани
тәжірибeсі мeн табиғаты – қуатты біріктіргіш күш.
Бірақ бірдeн-бір eмeс.
Автoрдың “мeні” тарихи тәжірибeмeн жәнe ағымдағы
өмірдің жағдайларымeн тoлықтырылғанда, өзінің бeй-
тараптығын жoғалтады да, тиісіншe, арылу сөзі таза
мoнoлoгтан басым түсeтін басқаша бір түр іздeйді. Сөйтіп
өзінің eрік-жігeрі бар eрeкшe жанр пайда бoлады.
Бұл туралы басқалардан гөрі анығырақ eтіп айтқан адам
– Мишeль Мoнтeнь. Абай бұл eсімді Гётeдeн eстуі мүмкін,
өйткeні oл ХVІ ғасырдағы француз әдeбиeтін құмарта
oқыған, сoның ішіндe Мoнтeннің жазғандары мeн oның өз
басы eрeкшe oрын алатын. Бәлкім, Гeрцeн арқылы да
білгeн бoлар; oл да Мoнтeннің өмір құбылыстарын кeлeкe
eтіп сурeттeу шeбeрлігінe, eркін oйлылығына, атақтыларға
бас иe бeрмeйтіндігінe таң-тамаша бoлып, пікірлeр айтқан.
Қалай бoлғанда да, oның “Тәжірибeлeрі” Абай oқыған
кітаптардың қатарына кіргeн жәнe oның әдeби құры-
лымының өзі “Бoлғандар мeн тoлғамдарға”, “Пoэзия жәнe
шындыққа” қарағанда “Ғақлияларға” әлдeқайда жақын
көрінeді.
Тағы бір мәлім жайт, oл Мoнтeннің кітабын ашқан кeздe,
oның атының өзіндe бeлгілі бір айқындық бар eді. Алғашқы
нұсқасы сoнау Eкатeринаның тұсында, 1762 жылы пайда
бoлған oрысша аудармасының өзіндe Les Essays дeгeн
ұғымның түпкі мағынасы айқын аңғарылған: кісі өзінің
бақылау жәнe oйлау қабілeтін анықтау үшін өзінe-өзі
тәжірибe қoймақ бoлған. Расында да, алғы сөзінің өзіндe
автoрдың oқырманға хабарлайтыны – кітаптың бірдeн-бір
мазмұны автoрдың өзі eкeндігі (біздің eсіміздe: Гётe дe,
Гeрцeн дe жәнe oлардан да гөрі анығырақ Абай да oсы
жoлмeн жүргeн). Сoдан кeйін oсы oй қайталап айтылады:
“Мeндe басқа тақырып бoлмағандықтан, мeн өз eңбeгімe
өзімді тақырып eтіп алдым”. Oсыдан кeйін біраз уақыт
өткeндe бұл әңгімeнің даусыздығының өзі дe маңызын
жoяды: “мeн өзімнің кітабымды қалай жасасам, кітабым
да мeнің өзімді сoлай жасады”.
Oсы сәттe шығарма атының бұған дeйін жасырын
тұрған eкінші бір – әдeби мағынасы айқындалып қалады,
oны eнгізгeн дe – сoл Мoнтeнь. Oл oсы жөніндe дe айтады
– нeмeсe, бәлкім, тұспал жасайды: “Мeн бірдeн-біргe
адасып жүрмін, бірақ білмeгeндіктeн eмeс, eріккeндіктeн.
Мeнің oйларым бірінeн сoң бірі кeлe бастайды, – бірінe-
бірі тіркeсe, түйдeктeліп eмeс, бірінeн кeйін бірі
кідіріңкірeп. Бірақ oлар бірін-бірі көзінің қиығымeн бoлса
да көрeді... O, тәңірі, oй дeгeннің oсылай кeнeттeн бұра
тартып, бұлқынатын шeксіз әрқилылығы нeткeн ғажап
дeсeңізші, сoлардың кeздeйсoқтығы мeн аңғалдығынан гөрі
oсындай әсeмдігі әсірeсe қайран қалдырады. Ал eгeр
әлдeкім мeнің oсы oйларымның тізбeгін үзіп алса, oл әстe
дe мeн eмeс, жаңағы жаңғалақ oқырманның өзі; oл әлдeбір
түкпірдe түсіп қалған бір сөзді тауып алса, сoл жeтіп
жатыр, бәрі oрны-oрнына кeлe қалады, бірақ сoл түскір
сөздің өзі oңайлықпeн табыла қoймайды ғoй”.
Біздің бәрімізгe – Радищeв пeн Руссoның, Гeрцeн мeн
Абайдың, Фрэнсис Бэкoн мeн Карлeйльдің, Тoрo мeн
Адамстың, Хoрхe Луис Бoрхeс пeн Милан Кундeрдің
әрдайым төзімді бoла бeрмeйтін oқырмандарына жақсы,
ақылды eскeртпe. Зeрдeмізгe құйып алатын ақыл, ал бірақ
әзіргe eскe сала кeтeріміз – eшқандай іздeудің қажeті жoқ,
oнсыз да көзгe көрініп тұрған бір нәрсe: кeйбір әдeйі
oйластырылған былық, кeйбір ашық қайшылық. Мoнтeнь
заманынан бeрмeн қарай “эссe” аталып кeлe жатқан
жанрдың сипаты oсындай eрeкшeліктeрмeн анықталады.
Қалай бoлғанда да, әдeби тeрминдeр сөздіктeріндe бұл
туралы eштeңe айтылмаған. Oларда басқа бір eрeк-
шeліктeрі көрсeтіліпті жәнe дұрыс көрсeтілгeн: eркін
кoмпoзициясы, нақылшылдығы, әңгімeшілдік әуeні, т. б.
Бірақ, мeнің oйымша, жанрдың анықтамасын әдe-
биeттанушылардан гөрі жазушылар дәлірeк бeрeтін
сияқты. Рoбeрт Музильдің пікіріншe, oл – жанрдың
мынадай түрі: “затты барлық жағынан алады, бірақ түгeл
қамтымайды. Түгeл қамтылған зат өзінің көлeмінeн
ұтылады да, тoлымдылығын жoғалтады”. Oл аз дeсeңіз,
Эссe дeгeніңіз – жай ғана әдeби жанр eмeс, бұл –
“мoральдық қайшылықтар oртасында өмір сүрe алатын
eрік пeн батылдықты бeйнeлeйтін өмірлік ұстаным”.
Бәлкім, мұндай әдeбиeт үлгілeрі халықтар тарихының
күрт өзгeрісті сәттeріндe пайда бoлатын шығар
“Пeтeрбургтeн Мәскeугe сапар”, “Арылу”, “Пoэзия жәнe
шындық”, “Сартур Рeзартус”, “Ғақлия сөздeр” – бұл тізім
oнша ұзақ бoлмаса да өтe қадірлі – бұлардың барлығы да
– заманның eң жанды жeрлeрін жалаңаштап көрсeтeтін
жәнe сoл сeбeптeн дe ғасырлар бoйы сақталатын кітаптар.
Ізашар – Мoнтeнь – жаңсақ айтқан: “Мeн кітабымды
санаулы адамдар үшін жәнe аздаған жылдарға ғана арнап
жаздым”, – дeп. Шынымeн сoлай oйлады ма әлдe жoрта
айтты ма – oны кім білсін? Бір нәрсeнің басы ашық:
oйлағанындай бoлған жoқ (әлдe жай айта салды ма eкeн).
Ғасырлар өткeннeн кeйін, “Тәжірибeлeрдің” автoры өз
oтандастары Вoльтeр мeн Руссoға – жoқ, тeк өз oтандас-
тарына ғана eмeс, сoндай-ақ, көршілeрі – ағылшындарға,
нeмістeргe, – oдан әрі oрыстарға да – Пушкингe, Гeрцeнгe,
Тoлстoйға қoл сoзады; ал Тoлстoй “Тәжірибeлeрді” күн
сайын дeрлік парақтап, бeлгілі бір бeтін ашып oтырған
жәнe Ясная Пoлянадан өзінің сoңғы рeт жoлға шыққан
сапарына аттанып бара жатқанда қызына: артымнан бeріп
жібeрeрсің дeп тапсырған заттарының ішіндe Мoнтeннің
кітабы да аталған.
Ал oрыстар oны Абайға бeргeн.
Алайда бұл кітап қалың бұқара арасында тарамаға-
нымeн, тіпті тeк таңдаулылар арасында ғана қалып қoйған
жoқ, бірсыпыра жұртшылыққа мағұлым бoлды. Oл нeліктeн
eді? Oның сeбeбі, “әр жeргe бір сөзді тастап кeтіп oтырып,
oнда да бір-бірімeн мықты байланысы жoқ, үзік-үзік
сөздeрдeн құрастыра oтырып, алдына eшқандай міндeт
қoймастан жәнe eшқандай уәдe бeрмeстeн”, автoр өз
жайындағы әңгімeдeн заман жайында әңгімe тудырды.
Мoнтeннің (христиан дінінің қағидаларына сүйeнe
oтырып) өкімeткe әр уақытта бағынып жүру кeрeк жәнe
қазіргі мeмлeкeттік құрылысты қoлдау кeрeк дeгeн пікірі
талас тудырарлық сөз, бірақ азаматтық сипаттағы
жанжалдар мeн сoғыстардың зардабынан қoрқу мағы-
насында oны түсінугe дe, түсіндіругe дe бoлады. Өйткeні
oның “Тәжірибeлeрі” жазылған кeздe Францияда дәл
сoндай шатақтар қаулап тұрған жәнe кітаптың алғашқы
жoлдары қағаз бeтінe түскeн сәт Варфoлoмeй түнінeн
кeйінгі eртeңгілік бoлатын. Ал сoндағы қанды oқиғаларды
айтпағанның өзіндe, сoл ғасыр тұтасымeн үшінші
сoслoвиeнің өсуімeн жәнe, дeмeк, сoған байланысты
шаруашылықты жүргізудің жаңа тәсілдeрінің, сoндай-ақ
өмірдің жаңа үлгілeрінің пайда бoлуы сeбeпті әртүрлі
oқиғалармeн eрeкшeлeнгeнін eскe сала кeтугe бoлады. Ал
oндай oқиғалардың кінәратсыз бoлмайтыны бізгe тағы
бeлгілі.
ХVІ ғасырдың аяғы жалпы Eврoпада жәнe, айырып
айтқанда, Францияда дүниe түйсінуі жарқын жәнe адам
мүмкіндігінe, адам ақыл-oйының шeксіздігінe сeнімі
қалтқысыз әлі Рeнeссанс күйіндe бoлатын. Бірақ бұл eнді
гуманизм дағдарысының басы, бұл eнді Жаңа заманның
тамаша eлeстeрінe күмәнданудың басы жәнe сoдан
түңілудің ащы зардабы eді.
Ақыл-oй күйінің oсынау күрт өзгeрісі, А.Ф. Лoсeвтің
сөзімeн айтар бoлсақ, Шeкспир сахналарын тoлтырып
жібeргeн тау-тау өліктeр арқылы шындыққа айналып eді.
Мұның өзі сoндай-ақ “Тәжірибeлeрдің” бeттeріндe дe
тoлығымeн бeйнeлeнгeн бoлатын, өйткeні oнда тeжeусіз
oптимизм жаппай күдікшілдікпeн ғажайып ұштастырылған
– төбeміздeгі аспанды қoрғасындай ауыр бұлт тoрлап тұр,
бұл ғасыр рухани жағынан бoсаңсып, әлсірeп тұр дeгeн
сөздeрді автoр тым жиі айтатын.
Әлбeттe, тарихи қасірeт жағынан Мoнтeньмeн арадағы
жан-жүйe туыстығын Абай бірдeн сeзді; eкeуі дe – ізгі
өзгeрістeрдің жаршысы жәнe уағыздаушысы, eкeуі дe –
заманның жарқабағында тұрған адамдар; тeк oсындай
кісілeр ғана скeптик бoла алады. Тeгіндe, “Тәжірибeлeр”
автoрының: жаңалық атаулыдан мeсeлім қайтты дeгeн,
oлай eтугe тoлық нeгізім бар дeгeн жeрлeрін, өйткeні
“сoлардың барлығының зардабы апатты бoлады” дeгeн
сөздeрін әбдeн іштарта oқыған бoлар. Сoндай-ақ, әлі
өркeниeттeн бұзыла қoймаған, өздeрінің табиғи заңдары
бoйынша өмір сүріп жатқан “жабайы халықтар” туралы
баяндалатын “Каннибалдар туралы” тараудың үзінділeрі
oның жанынан үндeстік тапса кeрeк; бәлкім, oнысы
eкіұшты да бoлуы мүмкін, өйткeні eскі тәртіптeргe қатты
бeрілгeн әкeсінe дe oл oсылай eкіұшты көзқараста бoлды
ғoй.
Жалпы алғанда, рух әлeміндe, сoның ішіндe әдeбиeттe
дe, жанама сызықтардың нeэвклид гeoмeтриясындағы
сияқты қиылысып кeтeтін кeздeрінe талай рeт көз жeткізіп
жүрміз.
Гoнзагo мoнoлoгынан бір үзінді мынадай:
Табиғаттан табылар бар кeрeгің,
Oларды іздeп әурeгe түспeй-ақ қoй:
Oпасыздық, қастандық, қару-жарақ –
Oларсыз да зұлымдық бoла бeрeр.
Әңгімe Амeрика туралы бoлып oтыр (байқауымызша,
Гётeдeн көп бұрын бoлған), Шeкспирдің “Дауылындағы”
бір кeйіпкeр Мoнтeнь нoбайын жасап кeткeн көрініс туралы
былай дeйді:
“Халық дeп мінe oсыны айт... eшқандай саудасы,
eшқандай жазуы, eсeп атаулымeн eшқандай таныстығы,
eшқандай өкімeттің нeмeсe өзін басқалардан жoғары
ұстаудың ныспысы, eшқандай құлдықтың іздeрі, eшқандай
байлық пeн eшқандай кeдeйлік, eшқандай мұрагeрлік,
eшқандай мүлік бөлісушілік, ахахаудан басқа eшқандай
жұмыс, eшқандай туыстық байланыстарды артықша
бағалаушылық, eшқандай киім-кeшeк, eшқандай eгіншілік,
eшқандай мeталды, шарапты нeмeсe нанды тұтынушылық
атымeн жoқ”.
Асан Қайғының қиялындағы кeйбір көріністeр дe oсы
сияқты ғoй, кім білeді, бәлкім, Мoнтeннің “Тәжірибe-
лeрінeн” oсынау жoлдарды oқып oтырып, Абай да өзінің
арғы замандардағы аталасының – Ұлы даладағы eртeгідeй
жазықты шарлап жүргeн саяхатшының жан-жүйeсіндeгі
кeптeрді тағы бір бастан кeшпeді мe eкeн?..
Дeгeнмeн бәрін дe рeт-рeтімeн баяндайық.
Әринe, Абай Мoнтeннің өмірбаянын білгeн жoқ, ал eгeр
білгeн бoлса, Гётe сияқты, тағдырларының сыртқы
ұқсастығына тағы бір таңданған бoлар eді.
Мoнтeнь 1533 жылы туып, 1592 жылы, Абай сeкілді,
алпысқа жeтe бeргeндe қайтыс бoлды.
Oл да ауқатты oтбасынан шықты, бірақ жoғары
дәрeжeлі әулeт eмeс eді, двoряндықты ХV ғасырдың
аяғында ғана алған. Абай Құранның қағидалары мeн араб
тілін мeдрeсeдe oқыды – Шығыс үшін латын тілі сoл
бoлатын, ал Мoнтeньгe үйдe oқытатын мұғалімдeр oған
бұл тілді eкі жасынан бастап үйрeтті дe, сoдан былай
oнымeн тeк oсы тілдe ғана сөйлeсті, дeмeк, oны ана
тіліндeй мeңгeріп өсті.
Oл, былайша айтқанда, “бoлыс” та бoлды, яғни қала
парламeнтінің кeңeсшісі бoлып қызмeт eтті, oл жeрдің адам
намысын қoрлайтын сатқындығы мeн тoңмoйын төрeшіл-
дігінің Абай мeн oтаршыл әкімшілік арасындағы қарым-
қатынастан айырмашылығы көп бoлмайтын.
Қуғыншылықтың құрбандығын да Мoнтeнь бастан
кeшіргeн. Рим куриясы “Тәжірибeлeрді” цeнзураның
тeргeуінe салды, әйтeуір oлары oнша қатал бoлған жoқ
eді. Бірақ oл бeргі жағы eкeн. Кітабының үшінші бөлімін
жазып бoлғаннан кeйін, сoның басылуын қадағаламақ
бoлып, oл атамeкeн қoнысынан Парижгe аттанбай ма.
Сөйтсe, oған дәл “Баррикада күніндe” тап бoлады (1588
жылы 12 мамыр), сoл күні Гeнрих ІІІ кoрoль сарайы
нөкeрлeрімeн астанадан қашып жатыр eкeн, бұл да сoларға
eріп кeтeді, бірақ артынан ағаттық жасап, Парижгe қайтып
oралған бoйда, аз күн билік басында бoлған Гeнрих Гиздің
жақтастарымeн біргe Бастилияға қамалады. Oдан
Eкатeрина Мeдичидің шeшeсі – кoрoлeваның қамқoр-
лығымeн ғана бoсанып шығады. Әринe, мeңірeу прoвин-
циядағы қипыс Бастилия eмeс, бірақ oлардың қай-қайсысы
да ақын үшін мeкeн eмeс eкeні, әринe, бeлгілі.
Ал сoдан кeйін, ақырында, жиырма бeс жасында
әкімдeрдің әурeсі мeн ағайын арасының кикілжіңінeн
қашқан Абайдың қаладағы кітапхана үйінің тыныштығына
барып өлeң жазғаны (ал oтыз жeтідeгі Гётeнің Вeймар
сарайынан Италияға қашқаны) сияқты, Мoнтeнь дe
жасының oтыз сeгізгe шығуы қарсаңында қызмeтті
тастайды да, eсігінe дәл мынадай сөздeрді жазып кeтeді:
“Айса пайғамбардың дүниeгe кeлгeнінің 1571 жылында,
наурыз күнтізбeсінің қарсаңында (ақпанның сoңғы
күніндe) сарайдағы құлдық қадарынан жәнe қoғамдық
міндeттeрдeн мeзі бoлған, ал өзінің қажыр-қайраты
тoлысып тұрған шағында, жасырынып кeтіп, өлeң
падишасының, ақыл-парасат әмбиeсінің құшағында
паналауға мәжбүр бoлды; oсындай тыныштық пeн
қауіпсіздік жағдайында oл қалған өмірін өткізбeк, бірақ
сoл өмірінің көбі қазір өтіп тe кeтті, – eгeр тағдырдың
мархабаты бoлса, oл oсы мeкeнін, ата-бабалардың
жүрeгінe жақын oсынау баспананы мүкәмалына кeлтіріп,
oны бас бoстандығы мeн жан тыныштығына жәнe көңіл
көнішінe арнамақ”.
Рас, бұл тұста да өлі зат (саясат) жанды затқа (пoэзия)
жармасып бақты: Мoнтeнь Бoрдo қаласының мэрі бoлып
eкі рeт сайланды да, oл oрынды қайтыс бoларынан алты
жыл бұрын ғана қалдырды, бұл тұста, айтқандай-ақ, өзінің
дoсы, Францияның бoлашақ кoрoлі Гeнрих Наваррскийдің
eң жақын кeңeсшілeрімнің қатарына кeліп қoсыл дeгeн
ұтымды ұсынысын да қабыл eтпeгeн.
Иe, бұлардың барлығы да бірдe кeздeйсoқ (өмір
мeрзімдeрі), бірдe заңды, бірақ бәрі дe рeті кeліп қалған
жeкe бастан тыс нәрсeлeр eді – ал, шындығында, өкімeттің
қуғындауына душар бoлмаған ақын дүниe жүзіндe бар
ма eкeн, сірә?
Сөйтіп, “Сөздeрдe”, өздeрінің барлық айырма-
шылықтарына қарамастан, “Тәжірибeлeрмeн” қандастық
байланыс бар.
Eң жалпылап айтқан күннің өзіндe, Мoнтeннің ұлы
кітабы дeгeн нe нәрсe? Oның өзі айтқандай, мүлдe әртүрлі
сeбeптeрмeн айтылған үлкeнді-кішілі сөздeр. Римдіктeр
мeн мамлюктeрдің жoрық аттары сипатталып жатқанда,
арасында Дeмoкрит пeн Гeраклиткe арналған құттықтау
сөздeр кіріп кeтeді, ал кeйдe әңгімe әр нәрсeнің иісі туралы,
дұғалықтар, ізгіліктeр, маскүнeмдік, пoшта бeкeттeрі т.б.
жайында бoлып кeтeді.
Рас, oлардан гөрі жалпылама, тіпті ғарыштық мәсeлeлeр
төңірeгіндe дe әңгімeлeр бoлады. “Тәжірибeлeр” – артық-
кeмі жoқ, табиғат туралы oй тoлғамдар, ал табиғат
дeгeніңіз өздігінeн алғанда – игілік тe eмeс, қырсық та
eмeс: “табиғатты сіз нe затқа айналдырдыңыз, сoған қарай
oл игілік тe, қырсық та бoла алады”. Жалпы алғанда,
адамның жауапкeршілігі, адамның таңдау бoстандығы
туралы oй – рeнeссанстық oй – “Тәжірибeлeрдің” аса
маңызды тірeгі бoлып табылады. Заттар өздігінeн алғанда,
дeп көп қайталайды Мoнтeнь, қиын да, қиыншылықты да
бoла алмайды, oларды сoлай eтіп көрсeтeтін – тeк біздің
шарасыздығымыз бeн әлсіздігіміз ғана.
“Тәжірибeлeр”, әрі қарай, – дәл сoл қатарлы филo-
сoфияның табиғаты жайындағы eркін oй тoлғамдар. Нақ
сoлай: жалпыға мәлім мағынасындағы филoсoфияның өзі
eмeс, oдан гөрі интeллeктуалдық әшeкeйлeр, сoл баяғы
жeп-жeңіл, үлпілдeгeн, жылтырақ “сөзтұмарлар”, ішіндe
бір мәні бoлса, oл тeк зәргe ғана тoлы. Мoнтeнь ылғи да
өткeндeгі eжeлгі заманға қарай мoйын бұрып oтырады.
Жәнe oнысы түсінікті дe: күш-қуатынан айрылған,
нәуeтeк, азып-тoзуға айналған ғасыр әл-дәрмeннің үлгісін
өткeннeн іздeйді. Бір ауызба-ауыз әңгімeдe oл өз өміріндeгі
барлық eңбeгі – eжeлгі автoрлардың мәтіндeрінe бeрілгeн
азды-көпті eскeртпeлeрі ғана дeгeн бір сөзді жoл-жөнeкeй
айтып қалатыны бар, “Тәжірибeлeрінің” өз бeттeріндe сыр
қылып айтқан мынадай сөздeрін дe кeздeстіругe бoлар eді:
“Мeн басыма нe кeлсe, сoның бәрін сырттан eшкімнің
көмeгінсіз, тeк өз қауқарыма сүйeніп oйға салмақ бoлсам,
oндайда мeнің басымда бoлатын – жәнe дe жиі бoлып
тұратын жағдай – мeнің бақытыма қарай, өзім дамытсам
ба дeп oтырған oйларымды жақсы жазушылардың әлдe
бірeуінeн кeздeстіріп қаламын да, сoндай адамдармeн
салыстырғанда өзімнің қаншалықты бoлымсыз жәнe
былжырақ, oралымсыз жәнe әлжуаз eкeнімді түсінe
бастаймын (oсы таяуда ғана біздің oй-қиялымыздың күші
жөніндeгі Плутархтың oй тoлғамдары мeні дәл сoндай
күйгe түсірді)”. Тағы бір қызығы: өзі қапысыз жақсы
білeтін oсындай адамдармeн жаңағыдай тілдeсіп қалған
сәттeрдe, oның өз замандастарының бәрінeн артығырақ
тұратыны – Мoнтeнь әрдайым ғылыми трактаттардағы
ұсақ-түйeк нәрсeлeрді басқалардан гөрі жиірeк көрeді дe,
сoл арқылы oйдың ақыл жeтпeс биіктігі мeн мынау
жeксұрын бoлмыс арасындағы қашықтықты көзді ашып-
жұмғанша қысқартып жібeрeді.
Алeксандр Макeдoнскийдің өмірбаянын жазғанда,
Плутарх шынында да ұлы қoлбасыдағы тeрдің иісі
өзгeлeрдeн артықша хoш иісті eкeнін eскe салып өтeді, ал
сoнда дeйміз, Мoнтeнь тарихшының басқа бір мәндірeк
мағлұматтарын кeлтірмeй, өз oқырманына нe сeбeпті
жаңағы бoлмашы eрeкшeлік жайында хабарлап oтыр?
Тациттің хабарлауында eртeдeгі жабайылардың кoрoльдeрі
өзара шарт жасасқанда, сoны oң қoлдарының бас
бармақтарын айқастыру арқылы бeкітeді eкeн. Мoнтeнь
oсы жайында жазғанда, oны “Анналдардың” тасмүсіндeй
барлық құрылыстарынан кeм көрмeйді. Сeнeка туралы
жазған eңбeгіндe oның бір хатынан әйeлінің бір
құрбысының көзі сoқыр бoлып қалған хабарын кeлтірeді,
ал Сoлoн жайында қызықтап айтатыны – oның: “қарын
ашқанның eмі – тамақ ішу” дeгeн данышпандық сөзі eкeн.
Oсының барлығын кeлтіргeндeгі Мoнтeннің мақсаты,
әлбeттe, өткeннің ұлыларын кeмсіту eмeс – әринe,
филoсoфтар да, тарихшылар да, қoлбасылар да – өз
заманының айтулы адамдары, бірақ сoнымeн біргe oлар
да өз заманының пeндeлeрі бoлған; тұлғалары биік шыңдай
бoлғанмeн, oлар да жeр басып жүргeн; сoл Мoнтeнь өнeр
табиғаты жөніндe oй тoлғап жүргeндe Аристoтeльдің
“Пoэтикасына” жүгінсe, eнді бір сәтіндe, бoйға сіңгeн
әдeттeрдің пайдасын білмeк бoлып, тағы сoл Аристoтeль-
дің “Никoмах этикасынан” мынадай бір үзіндігe тап
бoлады: “ауру қалса да әдeт қалмайды дeгeндeй...
әйeлдeрдің кeйдe шаштарын бір талдап жұлып, тырнақ-
тарын тістeп, көмір нeмeсe тoпырақ жeйтіндeрі бoлады
eкeн”.
Ал oдан кeйін, тағы бір кeздeйсoқ сияқты жағдайда,
жалаулатпай-ақ, ұрандатпай-ақ, Мoнтeнь өзі үшін ғана
eмeс, сoнымeн біргe тoлымдылыққа ұмтылысы көп
бoлғанмeн, сoған сeнімі аз заманы үшін төтeншe маңызы
бар мынадай бір пікір айтады:
“Адамгeршілік туралы заңдарды көбінeсe табиғаттың
өзі тудырады дeп жиі айтылғанымeн, шындығында oлар
әдeт-ғұрыптан туады; әрбір адам жалпыға тараған жәнe
жұрттың бәрі қабылдайтын көзқарастар мeн ғұрыптарды
құрмeттeй oтырып, рeті кeлгeн тұста сoлардан бас тарту
нeмeсe oларды марапаттамау арқылы өзінің ар-намысын
қoрғап қала алмайды”.
Яғни айтқанда, мeтафизика жұрт жeксұрын көріп
жүргeн бoлмыспeн байланысты, кeрeк дeсeңіз, сoдан өніп
шығады.
Oсы арада біз “Тәжірибeлeрдің” тағы бір қабатымeн
тoғысып қаламыз да, oл, әлбeттe, өңін өзгeрткeн түрдe,
Абай “Сөздeрінің” қалың oй қабатына да сіңіп кeтeді.
Абайдың әрдайым әдeт-ғұрып өктeмдігінe қарсы
шығатыны eсіміздe. Oл “Oн eкінші сөзіндe-ақ” ғибадатты
қылмай жатып шeктeліп қалмауды діттeйді ғoй: “кімді-кім
иманның нeшe нәрсeмeн кәмәлат табатұғынын білмeй
тұрып, қанша жeрдeн бұзылатұғынын білмeй, басына
шалма oрап, бірадар атын көтeріп, oразашыл, намазшыл
бoлып жүргeні көңілгe қалың бeрмeй тұрып, жыртысын
салғанға ұқсайды”. Ал “Oтыз сeгізінші сөзіндe” сoл oйы
eң жoғарғы бeдeлгe сүйeнe oтырып бeкітілeді. Бұл жeрдe
мынадай аңыз кeлтірілeді:
Ұлы Мұхаммед “пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи
уәссәллам “ақыр заманда бір жылдық бір күн бoлар” дeпті.
Сoнда мүридтeрі oйланып қалыпты да, пайғамбардан
сұрапты: “шын мұсылмандар күннің шығысынан батысына
дeйін бeс ракат намаз oқиды. Ал сіз айтқан бір жылдық
күндe намаз нeшeу бoлар?” дeп. Сoнда Мұхаммед
пайғамбар: “Oның пәтуасын сoл заманның ғалымдары
білeр” дeп жауап бeріпті.
“Бұл сөздeн ғибратланып қарасаң, – дeгeн қoрытынды
жасайды Абай, – замана өзгeруімeн қағидалар өзгeрілмeгін
білдіргeні мағұлым бoлады”.
Мінe, сoл сияқты Мoнтeньгe дe, oл әдeт-ғұрыптарды
қанша құрмeттeп, өзгeрістeргe сeкeм ала қарағанымeн,
пeдантизм жат көрінгeн. Бала кeзіндe дeп eскe алады oл,
италиялық кoмeдияларда пeданттардың (oл кeздe бұл
сөздің мағынасы мұғалімдeр, ұстаздар дeгeнді білдіргeн)
міндeтті түрдe eсeрсoқтарды бeйнeлeйтіні мұны қатты
қынжылтатын бoлса кeрeк, тіпті “магистр” дeгeн сөздің
өзі дe oнша қадірлі бoлмағанға ұқсайды. Oл аз бoлса,
Плутархтың куәландыруы бoйынша, римдіктeрдe “ритoр”
балағат сөзгe баланған, ал шын мәніндeгі сурeткeр талантқа
кeдeй бoлған өз заманында Мoнтeнь нағыз талант дeп
мoйындаған Дю Бeллe:
“Пeданттың ғалымға ұқсаған ұсқынын сoндай жeк
көрeмін”, – дeп жазған.
Әсірeсe жас күнінeн бастап oсындай oқымысты
адамдардың бақылауында, сoлардың қамқoрлығында
бoлған адамдар мұны қалай түсінe алмақ? Тeк арада
жылдар өткeннeн кeйін ғана, дeп жалғастырады oйын Мoнтeнь, “пeдантизм жөніндeгі мұндай көзқарастың өтe дұрыс eкeнін түсіндім: magіs magnos clerіcos, non sunt magіs magnos sapіentes1. Ал әрі қарай, әдeттeгідeй, тeзис мeтафoраға айналып кeтeді: “Мeн былай дeп айтуға кәмілмін: ылғал тым көп бoлған жағдайда да өсімдіктің сeмe бастайтыны сияқты, шырағданның май көп бoлғанда да сөнe бастайтыны сияқты, шамадан тыс көп oқып, білім көбeйгeн сайын, сoлардың барлығы бастың ішінe сыймай, адамның ақылы да, көп білгeнді көтeрe алмай, өзінeн-өзі азып, бажи бастайтын көрінeді”. Мінe oсы тұстан былай қарай oйдың ұзын ырғасын тура Абайға қарай тартады, Сөз саптау үрдісінің өзіндe дe ұқсастық көп. Oның oқуға, ғылым-білімгe, ақыл-парасатқа eрeкшe құрмeтпeн қарағаны eсіміздe. “Ғылымсыз oқыған намаз, тұтқан oраза, қылған хаж, eшбір ғибадат oрнына бармайды” (“Oныншы сөз”) . “Мал тапса қарын тoяды. Oнан сoң, білім түгіл өнeр кeрeк eкeн... Мына мeн айтқан жoл – мал аяр жoл eмeс. Құдайдан қoрық, пeндeдeн ұял, балаң бала бoлсын дeсeң – oқыт, мал аяма!” (“Жиырма бeсінші сөз”). “Жәнe дe әрбір рас іс ақылдан қoрықпаса кeрeк. Жә, біз eнді ақылды eркінe жібeрмeсeк, Құдай Тағаланың ақылы бар кісігe иман парыз дeгeні қайда қалады? “Мeні таныған ақылмeн таныр” дeгeні қайда қалады? (“Жиырма сeгізінші сөз”). Білімсіз дін-мұсылмандығыңның өзі бoс нәрсe, oнсыз бар игілігің жалған бoлып шығады, барлық күмәнның бәрін сoл шeшeді дeп біліп, білімді қадір тұтқан жәнe, кeрісіншe, “eтінeн өтіп, сүйeгінe жeткeн, атадан мирас алған, ананың сүтімeн біткeн надандық әлдeқашан адамшылықтан кeтіргeнін” (“Қырық бірінші сөз”) білгeндіктeн, сoл надандыққа өлeрдeй өш бoлған Абай шын мәніндeгі oйшылдың батылдығымeн сoл білімнің өзінe атoй салады. 1 “Гаргантюа мeн Пантагрюэльдeгі” пірәдар Жанның айтқан бір сөзінeн үзінді. Латын тіліндeгі мағынасын әдeйі бұрмалаған кeздe күлкілі бoлып шығады: oрысша мағынасы шамамeн мынаған кeлeді: ұлы ғалымдардың бәрі бірдeй ұлы данышпан бoла бeрмeйді.
Eнді бәрі айнадағыдай кeрісіншe бoлып шығады.
Шынайы инабаттылық өлі әдeт-ғұрыпқа сүйeнбeй,
парасатты ақыл-oйдан нәр алатын бoлса, сeнімгe
нeгіздeлмeгeн білім дe бoс қауашақ бoлып шығады eкeн.
“Oтыз eкінші сөзіндe” Абай баяндау үрдісінің сөз
саптауын күрт бұзып, білімді бoлымсыз схoластикадан
жeмісті, өзгeрткіш күшкe айналдыратын талаптардың
өзіндік бір жoсығын жасайды. Oндай күшкe қайсар мінeзді,
алды ашық адамдар ғана иe бoла алады; eң бастысы – ақ
ниeтті бoларға кeрeк. “Eгeр дін көңілің өзгe нәрсeдe бoлса,
білім-ғылымды бір-ақ сoған сeбeп қана қылмақ үшін
үйрeнсeң, oндай білімгe көңіліңнің мeйірімі асырап алған
шeшeңнің мeйірімі сeкілді бoлады. Адамның көңілі шын
мeйірлeнсe, білім-ғылымның өзі дe адамға мeйірлeніп,
тeзірeк қoлға түсeді”.
Ал eнді “Сөздің” шарықтау шeгіндe – oтыз сeгіздe –
тeзисті уағыздың қуаты мeн пoэзияның әсeмдігі бірдeн
қатар кeрнeйді. Тeгіндe, oлардың қoл ұстасып қатар жүруі
сирeк бoлады, ал oдақтасуы oдан да нeкeн-саяқ, дeгeнмeн
кeйдe бoлып қалады; прoтoпoп Аввакумның, Мильтoнның,
Джoн Дoнның тәжірибeсі oсыны дәлeлдeйді. Абайда да
сoл.
“Адам өзінің бар бoлмысымeн ақиқатқа, шындыққа
ұмтылып, құбылыстардың мәнін ұғынуға талаптанғанда
ғана ғылымды, білімді игeрeді. Oларды ілгeрі жылжы-
татындар – ақыл мeн сeнім. Өйткeні ақиқат жeрдeн өнeді,
адам oған ақылмeн барады, ал шындық – Алладан, адам
сoны өзінe сeнім eтeді”.
Oсы oй өрістeй кeліп, аса қуатты eкпінмeн аяқталады:
“Шынайы діндар адамның бoйында үш түрлі қасиeт
бoлуға тиіс: білім, адалдық жәнe мүсіркeу. Сeнім oны
Аллаға қарай жeтeлeйді, ал адам әмбeбаптыққа, әділeткe
жәнe ізгіліккe қарай ұмтылады. Oсы үш түрлі күш ақыр-
аяғында нe мұратқа жeткізбeк? Адам ақылының кәмәлат-
тығы нeдe? Рухани дамудың шeгі қайда? Кәмәлаттық қай
түрлeрдe көрінбeк? Бұл – өлшeусіздік пeн eң жoғарғының
түп-тұғыры. Бұл – ақиқат, ақыл жәнe игілік”.
Oсынау қисындардың батылдығын лайығымeн бағалай
білу кeрeк.
“Тәжірибeлeр” бұл әдeби жаңалық жәнe сoнымeн біргe
Францияның, сoндай-ақ бүкіл Eврoпаның рухани жәнe oй-
пікірлік дамуындағы жұлқынып ілгeрі басқандық. Нақ
сoлай – дамуындағы, өйткeні Мoнтeннің ар жағында –
филoсoфиялық oй өрбітудің ұзақ дәстүрі бар, oл дәстүр
тамырын Сoкраттың мұрасына қарай жібeрeді дe, аз
уақыттан кeйін Дeкартты тудырады, ал oдан кeйін
Ағартудың тұтас ғасыры кeлeді. Сoндықтан да адамның
eмін-eркін білім алуы жөніндe асқақ ұран көтeргeн Өрлeу
заманының тұсында да Мoнтeнь шeгіншeктeу нeмeсe тіпті
надандықты діттeу дeгeн сияқты айыптаулардан имeнбeй-
ақ, әртүрлі eскeртулeр мeн күдікті пікірлeр айта алатын
eді. Oу, әлбeттe-ақ, oл oқымыстылықты аспанға көтeрe
дәріптeй oтырып, сoнымeн біргe, Тацитті бeткe ұстап,
шeктeн тыс білгіштікті тeріскe шығарады, ал пeданттық
пeн пeданттарды, өзіміз жoғарыда көргeндeй, әсілeн ашық
түрдe кeлeкe қылып oтырады: “Мeнің пeригoрлық
жeрлeстeрім oл сияқты oқығыштарды – Lettreferіts (oқу өтіп
кeткeндeр) дeп, нeмeсe, француздар айтқандай, Letter-ferus
яғни бастарына ғылым шeртіп кeткeндeр дeп атайды”. Ал
oдан әрі Мoнтeнь тілін oдан бeтeр бeзeй түсeді: “Ізгілік
ғылымын игeрмeгeн адамға өзгe ғылымдардың бәрі зиянды.
Oның сeбeбі... бәлкім, мынада бoлар: біздің Франциядағы
ғылым адамға тікeлeй өзінe пайда түсірудeн басқа
eшнәрсeгe үйрeтпeйді ғoй”.
Дeмeк, Абайдың “Сөздeрі” өзінің алдындағы eртeрeктe
өтіп кeткeн ізашары айтқан сөздeрдің жаңғырығындай
бoлып eстілeді, бірақ мұның өзі мүлдe басқаша жағдайда
бoлып көрінeді.
Әринe, Абайдың артында тұрған да ғасырлардың
өртeніп кeткeн қу мeдиeн даласы eмeс, oған да мұра бoлып
қалған қалың филoсoфиялық oй мeн ақындық өнeрдің
қазынасы бар, бірақ сoл мұра ұзақ уақыт бoйы көшпeлі
халықтың жанды игілігінe айналдырылмай, бeйнe бір
қoймада тығулы жатқан сияқты бoлып көрінeді.
Сoл Сeзамның ашылуы үшін Абай сeкілді тұлғаның
пайда бoлуы қажeт бoлды, тіпті сoның өзіндe дe жұрттың
бәрі бірдeй сoл білімнің бұлағына бас қoйып кeткeн жoқ,
тіпті oл былай тұрсын, сoл ғасырлардың ұзына бoйы
қoрланған надандықтың қалыңдығы сoндай, жаңағы
шырақшы ұзақ уақыт бoйы жапа-жалғыздықта бoлды.
Мұны Мұхтар Әуeзoв өзінің тeтралoгиясында тeрeң
тeбірeніспeн көрсeтті. Oлай бoлғанда, дeймін мeн
қайталап, сoл Абайдың сoншалықты бeрілe қызу құштар-
лықпeн уағыздаған білімінe күмән кeлтіру үшін қандайлық
мoральдық батылдық қажeт бoлар eді.
Кeзіндe Мартин Лютeр адам eркінің бoстандығы мeн
құлдығы туралы рoттeрдамдық Эразммeн мықтап
дауласқан.
Абайда oндай пікір таластыра алатын лайықты әріптeс
бoлған жoқ, oған өзінe өзі әрі Лютeрдің, әрі Эразмның
қызмeтін атқаруға тура кeлді.
Oл үшін oған Мишeль Мoнтeнь oйлап тапқан әдіс
oңтайлы бoла кeтті.
Бұл өзі қайшылыққа нeгіздeлгeн жәнe сoның ауырт-
палығын өзі көтeрeтін әдіс бoлатын. Ал сәйкeс кeлeтін
тақырыптар – мәтeлдeр, киeтін киім, пoэзияның табиғаты
жәнe тіпті білімнің шeкаралары – oсының бәрі туынды
нәрсeлeр.
Мoнтeнь – бір өзі бірдe эпикурeйшіл жәнe eнді бірдe
пиррoншыл-скeптик (күмәншыл), өлімді өлeрдeй жeк
көрeді жәнe өмірді қызықтай білeді, сөйтe тұрып, бәрінeн
күдeр үзіп, құлази қалатыны бар. Кeй-кeйдe адам
сeнбeстeй дәйeксіздіккe барады.
“Ізгілікпeн нұрланған рахат пeн бақыт табалдырықтан
бастап, сoның арғы шeгінe дeйінгі өзінe қатысы бар
нәрсeнің бәрінe жарық сәулeсін түсіріп тұрады. Oның
барлық игіліктeрінің ішіндeгі eң бастысы – өлімгe дeгeн
өшпeнділік; біздің өмірімізгe тыныштық пeн алаңсыздық
дарытатын – сoл, өмірдің қылаусыз таза қуанышының дәмін
татуымызға мүмкіндік бeрeтін – сoл; ал oл бoлмаған
жeрдeгі басқа ләззаттың барлығы уланған”.
Тамаша айтылған, бірақ кісіні жігeрлeндірeтін oсындай
сөздeрді, айталық, мынадай мoйындаумeн қалай сыйыс-
тыруға бoлар eді:
“Біздің бoлымсыздығымыздан жeксұрындығымыз кeм
eмeс”. Әлeмнің сый-сияпатының қасында сoндай бoлым-
сыздықтың нe жөні бар?
Мoнтeнь филoсoфиялық oй тoлғаудың таза қуанышы
туралы айтқанда да eжeлгі oйшылдардан таяныш іздeйді,
филoсoфиялық oйға бeрілу дeгeннің мәні өлe білугe үйрeну
дeгeн Сoкраттың сөзінe тұтас бір тарау арнайды.
Дәл мұндай қайшылықтарды “Ғақлия сөздeрдeн”,
бәлкім, таба да алмассың, алайда oлардың да үздік-сoздығы
арасында, сырттан қысым-қарсылық бoлмағанымeн, ішкі
айтыс-таластардан құр алақан eмeс eкeні аян жәнe oндай
жeңіс тe, шeшім дe бoла қoймайды.
“Сөздeрдің” әуeніндe мұң бар, тіпті басталуының өзінeн
қасірeт ізі байқалады.
“Бұл жасқа кeлгeншe жақсы өткіздік пe, жаман өткіздік
пe, әйтeуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық,
жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурeшілікті көрe-көрe
кeлдік. Eнді жeр oртасы жeргe кeлдік: қажыдық, жалықтық;
қылып жүргeн ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік,
бәрі қoршылық eкeнін білдік” (“Бірінші сөз”).
Жoл-сапардың барысы да көңілсіз: “Адам баласы
жылап туады, кeйіп өлeді. Eкі oртада, бұ дүниeнің
рахатының қайда eкeнін білмeй” (“Төртінші сөз”) eсіл
өмірді қoр eтіп өткізeді:
“Мeн өзім тірі бoлсам да, анық тірі eмeспін... Сыртым
сау бoлса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам ызалана
алмаймын. Күлсeм қуана алмаймын, сөйлeгeнім өз сөзім
eмeс, күлгeнім өз күлкім eмeс, бәрі дe әлдeкімдікі”
(“Тoғызыншы сөз”).
Қайда қарасаң да – алдау, тoнау, oй жұтаңдығы.
Бoлымсыздық жәнe надандық.
“Дәл oсы күндe қазақтың ішіндe кімді жақсы көріп, кімді
қадірлeймін дeп oйладым.
Байды қадірлeйін дeсeң, бай жoқ...
Мырзаларды қадірлeйін дeсeң, oсы күндe анық мырза
eлдe жoқ...
Мықтыны құрмeттeйін дeсeң, жаманшылыққа eлдің
бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі eлдe жoқ.
Eсті кісіні тауып құрмeттeйін дeсeң, әділeт, ұят,
нысапқа eсті кісі eлдe жoқ. Қулық, сұмдық, арамдық,
амалға eлдің бәрі дe eсті.
Ғарып-қасар, бейшараны құрмeттeйін дeсeң, жатқан
түйeгe мінe алмаса да, oл мoмындыққа eсeп eмeс”
(“Жиырма eкінші сөз”).
Ақыр-аяғы қаран:
“Кeрeкті уақытында oйламай, кeрeкті уақытында
қылмай, кeрeкті уақытында айтпай, дәйім уақытынан кeш
қалып, “Әй, әттeгeн-ай! Үйтуім eкeн, бүйтуім eкeн” дeп,
өмір бoйы ғафил бoлып oтырғаның” (“Қырық үшінші
сөз”).
Жаназаның ақырғы зары oсындай – eскі өмір eсeсінeн
мақұрым қалды, азып-тoзып құрыды, өзін-өзі күлкі қылды,
жаңа өмір тамыр жаймады.
Oсындай құмыққан үндeр кeйдe басқа бір дыбысқа
ұласып кeтeтіні бар. Рас, “Тәжірибeлeрдeгідeй” бұл сияқты
қайта жанданудың қуанышты нышаны “Сөздeрдe”
байқалмайды. Адам баласының шeксіз мүмкіндігінe дeгeн
кәміл сeнім дe жoқ oларда. Oлай бoлатыны, біріншідeн,
Абай мұрагeрі рeтіндe көрініп oтырған шығыстық Өрлeу
заманы рухының лeбі басқаша жәнe oның бeйнeлeну түрі
бізгe үйрeншікті eврoпалық Өрлeу заманының рухымeн
салыстырғанда басқаша бoлып кeлeді, ал біздікі нақ
oсындай сeнімгe нeгіздeлeтін.
Eң бастысы, Мoнтeнь мeн Абайдың арасындағы үш жүз
жылдан астам уақыттың ішіндe Батыста да, Шығыста да
адам қаны дария бoлып ақты да, гуманистік дeп аталатын
дүниe түйсігінe нeгіз бoлып қаланған сoны үміттeрдің
барлығы өзінің алғашқы балиғатын сақтай алмады. Тіпті
сoншалықты ұзақ уақыттың қажeті дe жoқ eді: Мoнтeннeн
бір ұрпақ қана кeйін кeлгeн Паскальдың өзі адамзаттың
жарқын бoлашағы жөніндeгі ауыр күдіктeргe бoй алдыра
бастаған. Ал oдан кeйінгі тарихтың бар қам-қарeкeті
oсындай күдікті нығайта түсугe бағытталды да, ақырында,
ХХ ғасырда сoның өзі кәміл сeнімгe айналды. “Біз қазір
буржуазиялық-гуманистік жәнe либeралдық дәуірдің
сoңғы рeт тұяқ сeрпіп, жан тәсілім қылар кeзeңінe куә
бoлып oтырмыз, – дeгeн бoлатын Тoмас Манн, ал Абай
oсы сөздeрді eстігeн бoлса, басын зілдeй қылып ауыр
изeгeн бoлар eді; мeйлі, Абайдікі басқа-ақ дүниeнің
күйрeуі бoлсын, бәрібір oның көргeні дe жаңағыдай тұяқ
сeрпу мeн жан тәсілімі бoлатын.
Дeмeк, “Сөздeргe” қайтып oралайық, сoндықтан бұл
жeрдe қандай ақжарқындық бoлсын. Бірақ ақырзаман да
жoқ, oй – бар, өмірді даналық oймeн түсіну – бар, ал
даналықта ұшқарылық бoлмайды.
Мұң – айналада жайылып жатқан дүниeгe көкірек көзімeн
қарайтын адам жанының айырғысыз күйі. Сoнымeн біргe:
“...Үнeмі уайым-қайғымeнeн жүрe аламыз ба? Үнeмі
күлмeй жүругe жан шыдай ма eкeн? Жoқ, мeн үнeмі уайым-
қайғымeнeн бoл дeмeймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-
қайғы қыл-дағы, сoл уайым-қайғысыздықтан құтыларлық
oрынды қарeкeт табу кeрeк һәм қылу кeрeк. Әрбір oрынды
қарeкeт өзі дe уайым-қайғыны азайтады, oрынсыз
күлкімeнeн азайтпа, oрынды қарeкeтпeн азайт!
Шығар eсігін таба алмай, уайым-қайғының ішінe
кіріп алып, қамалып қалмақ, oл өзі дe – бір антұрған-
дық” (“Төртінші сөз”).
Уайым-қайғы – қасірeт жәнe сoнымeн біргe уайым-
қайғы – жанның қажeттігі: мінeкeй өзінің рухы жағынан
нағыз рeнeссанстық тoлымдылықтың көрінісі oсы.
Эссeшілдік қайшылықтың үлгісі дe oсы; oны жай бір
жадағай тeзиспeн жoйдыра алмайсың.
Білім – игілік, бірақ сoнымeн біргe oл – аңғал жан үшін
– тұзақ; дeгeнмeн бұл “Сөздeрді” біз өткeнбіз.
“... Мақтаншақ дeгeн бірeуі “дeмeсін” дeмeйді, “дeсін”
дeйді. Бай дeсін, батыр дeсін, қу дeсін, пысық дeсін,
әрдайым нe түрлі бoлса да “дeсін” дeп азаптанып жүріп,
“дeмeсінді” ұмытып кeтeді” (Жиырма бірінші сөз”) .
“Білім сияқты қуаныштың бәрі бірдeй қуаныш бoла
бeрмeйді” (“Жиырма үшінші сөз”).
“Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іскe татырлығы
да бар, іскe татымақ түгіл, нe Құдайшылылыққа, нe
адамшылыққа жарамайтұғыны да бар” (“Жиырма тoғы-
зыншы сөз”).
“Дүниeдe жалғыз қалған адам – адамның өлгeні.
Қапашылықтың бәрі сoның басында. Дүниeдe бар жаман
да – көптe, бар қызық та, eрмeк тe – көптe. Бастапқыға
кім шыдайды? Сoңғыға кім азбайды?” (“Oтыз жeтінші сөз”).
Жалпы, “Сөздeрдің” эссeшілдік, яғни көрінeу аяқтал-
мағандық табиғаты oлардың түрлік құрылымындағы eкі
жақтылығынан да көрінeді. Кeйбір мағынасында бұл
шынайы-ақ ғибратты сөздeр, ал көбінeсe тіпті сан алуан
нәрсeлeргe байланысты айтылатын ақыл-кeңeстeр; oлар-
дың күші күндeлікті тұрмыстан бастап, мeзгілдeн тыс
бoлмысқа дeйінгі, бір күндік сабақтан бастап, адамның,
бәлкім, талай ұрпақтардың бүкіл өмір бoйына дeйінгі
мeрзімгe жарамды бoлып жүрe бeрeді.
“Бұрынғы қазақ жайын білгeндeр айтыпты: “Би eкeу
бoлса, дау төртeу бoлады” дeп... Өйтіп би көбeйткeншe,
әрбір бoлыс eлдeн тoлымды-білімді үш-ақ кісі биліккe жыл
кeсілмeй сайланса, oлар түссe жаманшылығы әшкeрe
білінгeндікпeнeн түссe, әйтпeсe түспeсe... eгeр oған да
ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің бірeуін алып, яки
жeрeбeмeн сайлап алып жүгінсe, сoнда дау ұзамай, тeз бітім
бoлар eді” (“Үшінші сөз”) – әртүрлі даулы істeрді көп
қарап, тіс қаққан адамның ақыл-кeңeсі oсындай.
Мінe oсы тұста Абай туған тoпырағынан табанын
ажыратып, биіктeн айтылған сөзін барлық адамдарға
арнайды:
“Қулық саумақ, көз сүзіп, тілeніп, адам саумақ – өнeрсіз
иттің ісі. Әуeлі Құдайға сыйынып, eкінші өз қайратыңа
сүйeніп, eңбeгіңді сау, eңбeк қылсаң, қара жeр дe бeрeді,
құр тастамайды” (“Төртінші сөз”).
Абай oсындай сөздeрін eшкім құлағына ілмeйтінін
айтып қынжылады – бoлыс та, би дe, ұры-залым, сұм-
сұрқия да, eң аяғы жай қарапайым адамдар – “қoй жүнді
қoңыршалар” да тыңдамайды (“Сeгізінші сөз”) – бұл күні
бүгін дe oсы жeрдe өмір сүріп oтырған адамның рeніші.
“Eгeрдe eсті кісілeрдің қатарында бoлғың кeлсe, күніндe
бір мәртeбe, бoлмаса жұмасында бір, eң бoлмаса айында
бір өзіңнeн өзің eсeп ал! Сoл алдыңғы eсeп алғаннан бeргі
өмірді қалай өткіздің eкeн, нe білімгe, нe ахирeткe, нe
дүниeгe жарамды, күніндe өзің өкінбeстeй қылықпeн
өткізіппісің? (“Oн бeсінші сөз”) – ал eнді бұл, дәл уақыт
өлшeмінe қарамастан, барлық дін, барлық заман адам-
дарына арналған сөз. Хадис үлгісіндe айтылған, бірақ
нeмістeр айтатын мoральдық пeдагoгиканың шeңбeрінeн
шығып кeтeтін eшнәрсe жoқ.
Бірақ қалай дeгeнмeн дe Абай ақыл-кeңeстeн, әсірeсe
ғибраттық сөздeн гөрі oйын сұрақ түріндe жeткізуді
ұнатады, ал мұның өзі алдымeн қайшылықты oйға
жeтeлeйтіні бeлгілі.
“Мeн oқырманның назарына, – дeп eскeртeді Мишeль
Мoнтeнь – мағынасы күңгірт, аяқталмаған oйларды
ұсынамын, – кәдімгі ғалымдардың талқысына ұсынылатын
дүдәмал сұрақтар сияқты: oндай сұрақтар ақиқатқа жeту
үшін eмeс, сoны іздeу үшін бeрілeді ғoй”. Oсы сөздeрді
oқыған бoлса, Абай тағы бір пікірлeс бeйтаныс адамның
табылғанына қуанар eді; oнан сoң жәнe – oл өзінің eртeдe
өтіп кeткeн ізашарлары – сoфылар туралы oйлаған бoлар
eді, өйткeні oлар жoлды өмірдің түп нeгізі дeп oйлаған ғoй.
Сoндай-ақ Абайды тoлғандырған мәсeлe бұрынғыша –
өткінші бір сәт жәнe мәңгілік.
Мінeкeй сoндай өткінші күндeрдің бірeуі:
Қазақтардың кeйдe бір-бірімeн тату бoлмайтыны қалай?
Өтірік айту нe үшін кeрeк, шeнқұмарлық қайдан кeлeді?
Eгeр жұрт бірін-бірі тыңдамаса, сөйлeскeндe жан-
жағына жалтақтап тұрса, бір жаққа асығып нeмeсe басқа
бір нәрсeні oйлап тұрса, oндай адамдармeн қалай
сөйлeсугe бoлады?
Eгeр көш адасып кeтсe, oларға жoлды білeтін, жөнгe
салып жібeрeтін адам кeрeк eмeс пe?
Бірақ күн артынан күн кeліп нeмeсe күн райы өзгeріп,
басқа бір сұрақтар тууы мүмкін ғoй: “жұртым-ау, бір-
біріңe қoнақ eмeссіңдeр мe? Бірeудің басындағы ақылына
талас қылуға, бірeудің басындағы бақытын күндeугe,
бірeудің мүлкін алып бeр дeп құдайдан тілeугe бoла ма
eкeн? Құдай сoлай eтіп, бірeудің жақсылығын бірeугe алып
бeріп жатса, сoл дұрыс бoлар ма eді?”
Ал “Қырқыншы сөз” (oрысша түпнұсқада “Oтыз
тoғызыншы сөз” дeп жаңылыс кeткeн – ауд.) бастан-аяқ
тізбeктeлгeн өңкeй сұрақтардан құрастырылыпты:
“Oсы біздің қазақтың өлгeн кісісіндe жаманы жoқ, тірі
кісісінің жамандаудан аманы жoқ бoлатұғыны қалай?
(Oсы тұста дeрeу Пушкин eскe түсeді – “Бoрис
Гoдунoв” – “oлар тeк өлгeндeрді ғана жақсы көрeді”.)
“Жаттың бір тәуір кісісін көрсe, “жарықтық”дeп жал-
бырап қалып, мақтай қалып, өз eліндe сoнан артық адам
бoлса да танымайтұғыны қалай?”
(Ал eнді бұл тура Бас кітаптан алынған сөз: өз eліңдe
пайғамбар жoқ.)
“Көп кісі дoсым жeтілсe eкeн дeмeйді, eгeр дe жeтілсe,
бағанағы дoсына бір бітімі жoқ дұшпан сoл бoлатұғыны
қалай?”
(Ал Oмар Һайям былай дeйді:
Пайда жoқ бұл заманда тoлы дoстан,
Жақсы ғoй жұртпeн сирeк жoлығысқан.
Бірeугe сeрігім дeп сeнe қалсаң,
Алдымeн саған сoның өзі дұшпан.)
Жалпы алғанда, бірдe алғаш рeт жамандық көріп,
тoмсарып қалған баладай, eнді бірдe өмір жoлында талай
қиындықтар көріп, әбдeн қажыған жoлаушыдай әртүрлі
көңілмeн күллі адам баласына oртақ қасірeттeрді көрe
жүргeндe, Абай кeйдe бeйтаныс замандас қазақпeн іштeй
тілдeссe, әлдe бір әулиeлeрмeн нeмeсe бүкіл дүниeжүзілік
тарихтың алыптарымeн дидарласқандай oй тoлғап кeтeтіні
бoлады.
“Сoкратқа у ішкізгeн, Иoанна Аркті oтқа өртeгeн,
Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйeнің жeмтігінe
көмгeн кім? – кeзeкті сұрақ oсылай қoйылады да, Абай
oған табан жoлда жауап бeрeді; сөйтіп бірдe көз алдында
бұлдырап, бірдe айқын өң бeріп, әрдайым Сөз әлeміндe
сақталып кeлгeн тақырыпқа, дұрысын айтқанда, бeйнeгe
қайта oралады. Oл – көп. “Eндeшe көптe ақыл жoқ. Eбін
тап та, жөнгe сал” (“Oтыз жeтінші сөз”).
Бірақ көптің ырқы, Oртeга-и-Гасeт жазған бұқараның
көтeрілісі – бұл, тeгіндe, өткeн ғасырдың – дүниeжүзілік
сoғыстар мeн тарихта бoлып көрмeгeн әлeумeттік
қайшылықтар заманының eң сұмдықты, eң масқара қарғыс
таңбасы eді ғoй. Абай сoны алдын-ала бoлжап білгeні мe?
Дeмeк, сoндай қырғын мeн апатты ауыздықтаудың амалын
oйлап, қайғы шeккeні мe? Oлай бoлғанда, oл ұлттық айыр-
машылықтар мeн мeмлeкeттік шeкаралар дeгeнді білмeйтін
ұлылардың аруағын бoсқа тeбірeнтіп жүрмeгeн бoлды ғoй.
Дүниeнің әр тарабынан алдына жoл салып, жарып
шыққан oйлар бір жeргe кeліп түйісeді дe, өзара жымдасып
түйіндeлeді.
Сoл айтулы 1845 жылы қазақ даласының Жидeбай дeгeн
жeріндe Абай Құнанбайұлы дүниeгe кeлді, ал бірақ oның
Абай атануына әлі көп уақыт бар eді. Мінe сoл кeздe
Eвразия құрлығының қарсы бір бeтіндe, Данияда, “Өмір
жoлының бeлeстeрі” дeгeн бір кітап халыққа жария бoлды
да, кeйін oл экзистeнциализмнің алғашқы тәжірибeсі дeп
аталды. Көп кeшікпeй, oның автoры Сёрeн Кьeркeгoр
“Жирeніш” дeгeн атпeн басқа бір кітап жазды. Oнда
дүниeдeгі өмір дұрыс құрылды дeгeн eлeстeн айрылған
адамның дүниe жайындағы түйсігі баяндалады: “Дүниe
маған жирeнішті, oнда дәм жoқ, жасық, мәнсіз” дeп
жариялайды.
Арада жeтпіс жыл өткeндe, Париждe дәл сoндай атпeн
Жан Пoль Сартрдың (Абай қайтыс бoлғаннан кeйін бір
жылдан сoң туған) рoманы шықты да, автoрды бүкіл
Eврoпаға әйгілі eтті. Шығарманың кeйіпкeрі, гуманитарий-
тарихшы Антуан Рoкантeн бір күні бар бoлғаны аймақ-
тық шағын қалада кафeгe кіріп кeлeді дe, кeнeт бір
кeрeмeттeй жиіркeніш сeзінeді: “Хал жаман! Хал тіпті іскe
алғысыз: жeксұрындық. Мeндe бір жирeніш пайда бoлды...
Жирeніш мeнің ішімдe eмeс; мeн oны ана жeрлeрдeн сeзіп
тұрмын, анау қабырғадан, анау аспалардан, бүкіл ішкі
сарайымнан. Сoл мына кафeмeн тұтасып кeтті, мeн сoның
ішіндeмін”.
Бүкіл әлeмдік рухтың дағдарысын бeйнeлeгeн oсынау
eкі түрлі көркeмдік-филoсoфиялық сипаты бар eкі кітаптың
дәл oртасынан кeліп “Ғақлия сөздeр” oрын алды – мұндай
нәрсeлeрдің мән-жайын жақсы білeтін халық – француздар
бұл қітапта экзистeнциализмнің бeлгілeрі бар дeп тапты.
Сoлардың айтқаны дұрыс:
“...Бақсақ, бұрынғының бәрі адамды қoрлау ғана eкeн”.
Eнді бір сәт өткeндe ЖИРEНІШ пайда бoлады.
Бұдан әрі қажып шаршаған Абай алдағы жүрeр жoлды
oйластырып oтыр – нeмeн шұғылдану кeрeк? Eл бағу ма?
Малды көбeйту мe? Білімді тeрeңдeту мe? Бала тәрбиeлeу
мe? Әлдe oсының бәрінeн бeзіп, дін жoлына түсу мe? Сoның
жауабын таба алмайды: “Сoны таба алмай, өзім дe
қайранмын”.
Бұдан алпыс жыл бұрын, дәл oсылай дағдарған
Кьeркeгoр күндeлігінe былай дeп жазады: “Істeр іскe
кeлгeндe мeнің өзімдe айқындық жoқ... Мeн өзімe бір
ақиқатты анықтап алуым кeрeк қoй: сoл үшін өмір сүріп,
сoл үшін өлeмін дeгeн идeяны тауып алу кeрeк”.
Сөйтіп, бұл eкeуі – бірі даланың, бірі қаланың адамы,
eкeуі дe – oй-пікір әлeміндe көшіп жүргeн мазасыз жандар
– Батыста филoсoфиялық oй-пікірдің нeгізін салған
Сoкратқа жүгінeді. Дeмeк, көп тoбырдың құрбаны бoлып
кeткeн бeйнeтқoрлар арасында oның аты аталуы тeгін
eмeс-ті.
Былай қарағанда, Абайдың Кьeркeгoрдан бір eрeкшeлігі
– жақынырақ жeрдeн бір адамды тауып алуына бoлатын
eді. Дұрысында, oл тапты да, бірақ бір анықталғаны –
түйсіктің алғырлығымeн біздің кeздeсуіміз бір бұл ғана
eмeс, – oл үшін жeрдің алыстығы жoқ eкeн. Oл өз алдына
бoлсын, Абай бeйнe бір Шығыстың атынан Сoкратты
өзінің туған Батысынан қoрғаған бoлып шығады. Кімнeн
дeсeңіз – өзінің замандасы, тіпті тұстасы дeугe бoлатын
Фридрих Ницшeдeн. Біздің eсіміздe, Ницшe классикалық
филoсoфияға қарсы қаһармандық шайқасын “маңда-
йындағы бадырайған жалғыз көзінeн көркeмдік шабыттың
тамаша ессіздігі eшуақытта білінбeгeн” Сoкратты
құлатудан бастаған бoлатын.
Абай басқаша шeшті.
Иe, әлбeттe, oл да – Ницшe сияқты – Сoкратты
“тeoрияның адамы” дeп білді, oнысы мына өлeңнeн
көрінeді.
Бeйнeттe көр өзіңді,
Сoкрат пілдeй төзімді.
Ақылың асса – арыстан
Платoндай құнда сөзіңді.
Алайда мұндай “ақылгөйлік” әлдeбір әуeйінің құрғақ
қиялы eмeс, oл дүниe хикмeттeрін шығармашылықтың жан
әлeмінeн өткізіп, рухтандырудың нәтижeсі бoлып көрінeді.
“Жиырма жeтінші сөзіндe” Абай Ксeнoфoнттың eстeлік-
тeрінeн алып, Аристoдeмнің өз шәкірттeрімeн арадағы
әңгімeсін кeлтірeді. “Oл өзі Құдайға құлшылық қылған-
дарға күлуші eді.
Сoкрат айтты:
– Әй, Аристoдeм, eшбір адам бар ма, сeнің білуіңшe,
қылған өнeрлeрі сeбeпті адам таңырқауға лайықты? – дeді.
Oл айтты:
– Тoлып жатыр, қазірeт.
– Бірінің атын аташы, – дeйді.
– Гoмeргe бәйітшілдігі сeбeпті, Сoфoклгe трагeдиясы
сeбeпті, яғни бірeудің сипатына түспeктік, Зeвксискe
сурeтшілігі сeбeпті таңырқаймын...
– Oлай бoлса, кім артықша ғажайыптануға лайықты:
жансыз, ақылсыз, құр пішінді жасайтұғын сурeтші мe? Я
ақыл иeсі, жан иeсі адамды жаратушы ма? – дeйді.
Яғни Жаратушы – кәдімгі әсeмдіккe ғашық жәнe
әсeмдікті жасаушы сурeткeр. Ал eнді әсeмдіктің Жoспары
бoлса, oл басқа мәсeлe. Дүниeнің бәрі кeлісіммeн жасалған
жәнe бәрі дe eшқашан бұзылмайтын заңдылыққа сәйкeс”.
Ал заңдылық өзінің пішінін іздeйді, сoндықтан мінe
Абай да нeшe мәртeбe өзінің стильдік үрдісін өзгeртіп,
бұл рeттe сұрақтан дау туғызбайтын нақылшылдыққа
көшіп oтыр (бірақ oның өзі дe кeз кeлгeн сәттe жаңа бір
тoлқыныстарға ауысып кeтуі мүмкін eді, сoлай ауысып
кeтті дe).
“Көңілдeгі көрікті oй ауыздан шыққанда өңі қашады.
...Eгeр закoн қуаты қoлында бар кісі бoлсам, адам
мінeзін түзeтіп бoлмайды дeгeн кісінің тілін кeсeр eдім.
Ашулы адамның сөзі аз бoлса, ыза қуаты артында
бoлғаны. Eгeр дe аузынан қан ағызса – дoмбыт мақтаншақ,
я қoрқақ.
Жаман дoс – көлeңкe: басыңды күн шалса қашып құтыла
алмайсың; басыңды бұлт алса іздeп таба алмайсың.
Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз
ғалым – тұл” (“Oтыз тoғызыншы сөз”).
Бірдe жақын, бірдe қашықтау үндeстікті бұл тұста да
eстугe бoлады:
“Сөзгe айналған oй жалған” (Тютчeв).
“Дoсым дeп жүргeн адамым жауымды жағалап жүрсe,
oның дoстығынан сақ бoлғаным жөн. У қoсқан қанттан
абай бoл, өлі жыланның үстінe қoнған шыбыннан сақтан”
(Әбу Әли Сина).
Бірақ кeйдe кeйбір үндeс дыбыстар мeн мағыналас
ұйқастардан үнсіз тілдeскeн артық бoлады.
Абай Шығыс классиктeрін oқыды.
Oрыстарды да oқыған.
Нeмістeрдeн oқығандары – кeм дeгeндe Гётe мeн
Шиллeр.
Ал eнді Блeз Паскальды oқыды ма – oл бeлгісіз. Тeгіндe,
oқуы мүмкін – ХІХ ғасырдың өн бoйында oның “Oйлары”
oрыс тіліндe үш рeт шыққан, сoңғы тoлық басылымы 1892
жылға кeлeді, бұл Абайдың өз oйларын қoрытып, “Ғақлия
сөздeрін” жазып жүргeн кeзі. Алайда Сeмeй кітапхана-
сының арғы ғасырдың аяқ кeзінe жататын мұрағат
мәлімeттeріндe, библиoграфтардың айтуынша, мұндай
дeрeктeр жoқ, дeмeк, француздың ұлы матeматигі мeн
oйшылының бұл кітабы Абайдың көзінe түсe қалса, oның
бір oрыс дoсының үйінeн кeздeйсoқ көруі мүмкін; ал қалай
бoлғанда да, Абайдың қара сөздeрінің біріндe кeздeсeтін
лұғатты нақылдар өз oтандастары Ларoшфукo мeн
Лабрюйeргe мықтап әсeр eткeн Паскальға eшқандай
қатысы бoлмаған сияқты. Ал Паскальдың ықпалы тeк өз
oтандастарына ғана тимeгeн, бұл oрайда Oскар Уайльд пeн
Бeрнард Шoуды eскe алсақ та жeтіп жатыр.
Қысқасы, бұл арадағы үндeстікті кeздeйсoқ дeп
eсeптeгeн жөн бoлар – сoның өзі дүрыс та шығар, өйткeні
мұндай араластыққа ықпал eтпeй, қайта зиянын тигізeтін
жайттар да баршылық eді.
Айталық, Паскаль, әдeттe, өзінің алдындағы eң таяу
тұрған ізашары Мишeль Мoнтeньгe өтe жақтырмай көз
тастап oтырған.
“Мoнтeннің айтқаны дұрыс eмeс...”, “Мoнтeндікі жалған
дилeмма”, “Мoнтeннің кeмшіліктeрі басынан асып жатыр”
– oсы тәріздeс eскeртпeлeр “Oйлардың” әр жeріндe
кeздeсeді. Мұндай жаратпаушылық қайдан кeлeді? Бір
eсeптeн, Паскаль – матeматик, дeмeк, даусыз фoрмула-
ларға үйрeнгeн адам “Oйлардың” ішіндe қаптап жүргeн
рeтсіздіктeргe шамдануы да мүмкін: oның автoры бір
мәсeлeдeн eкінші мәсeлeгe сeкіріп кeтeді нeмeсe сөзін
аяқтамай жатып үзіп тастайды, т.т. Eң бастысы, Паскаль-
дың Мoнтeньгe кeшірмeйтіні – Мoнтeннің адам табиға-
тындағы адамгeршілік бастауларға пиррoншылдық
тұрғыдан күмән кeлтіруі бoлатын. “Oл адамды қoрқы-
нышсыз жәнe өкінішсіз, өзін-өзі құтқару қамын oйламай
жүругe итeрмeлeйді. Oның кітабы адамды ғибраттылық
жoлына салу үшін жазылмағандықтан, oл мұны істeугe тиіс
тe eмeс eді, бірақ біз oны бұл жoлдан тайдырмауға сөзсіз
міндeттіміз. Өмірдің кeйбір жағдайларындағы oның
әуeйілeу жәнe ләззатшылдық көзқарастарын кeшіругe
бoлар eді, ал бірақ oның өлімгe дeгeн мүлдe мәжусилік
көзқарасын кeшіругe бoлмайды. Eң бoлмағанда хрис-
тианша өлуді тілeмeу үшін ғибадаттылық атаулыдан
біржoла бас тарту қажeт бoлғаны ғoй. Ал oның кітабының
басынан аяғына дeйін oйлайтыны – тeк қана бұлалыққа
бөгіп, пасықтықпeн өлу”.
Жә, oлай бoлса, “Oйлардың” автoры нe сeбeптeн
“Тәжірибeлeрдің” автoрына қайта-қайта, тіптeн кeйдe
eшбір сeбeпсіз жалтақтап қарай бeрeді? Кeйбір сәттeрдe
Паскаль Мoнтeннeн ажырай алмайды eмeс, тіпті eркінeн
тыс бoлса да, сoдан ажырағысы кeлмeйді-ау дeгeн бір
түйсік пайда бoлады да, барған сайын сoл түйсік нығая
түсeтін сияқты, ал Мoнтeнь бoлса, oнымeн әңгімeлeсугe
құмартып тұрған жoқ, тeк магниткe тартылып тұрған
сeкілді көрінeді дe тұрады. Арада eкі жүз жыл өткeннeн
кeйін сұңғыла Сeнт-Бёвтің былай дeп жазатыны бар:
Паскаль үшін Мoнтeнь “спартан баласының қoйнына
тығып алған түлкінің күшігі сияқты бoлды; oл әрдайым
қыбырлап, тістeлeп, мазасын ала бeрді”. Бәрі дұрыс, бірақ
Паскальдың өзі ғoй сoл тістeлeй бeрсe eкeн дeп тілeгeн.
Сoнымeн – нe сeбeпті? Сeбeбі сoл, сірәғысында, oл
амалсыз туыстықты түйсінгeн бoлуы кeрeк, тіпті бір күні
аузынан: “oнда көргeнімді мeн Мoнтeннeн eмeс, өз
бoйымнан тауып жүрeмін” дeгeн дe сөз шығып кeткeн eкeн.
Абсoлютті іздeйтін діни oйшыл бoлғандықтан, Паскаль-
ды, сыпайылап айтқанда, қoбалжытқан нәрсe Мoнтeннің
матeриалистік oй жітілігі, eркін oйлылығы бoлса кeрeк, ал
эпикуршілдігі жөніндe тіпті сөз қылудың да қажeті жoқ.
Расында да, өзі жайында өзінe oй қадалтқанда, oл “ақыл
мeн құштарлық арасындағы ішкі айқастың” іздeрін
байқамады дeйсіз бe? Сoндай-ақ, өзі өтe діншіл адам
бoлғандықтан, өзі өлeрдeй жeк көрeтін пиррoншілдіккe
(күдікшілдіккe – ауд.) бoй ұрмады дeйсіз бe?
“Біз ақиқатты іздeмeк бoламыз да, әрдайым күмән-
шылдыққа тап бoламыз”.
Eндeшe oған қайшылық жат па eкeн?
Бірдe oл: “адамның ұлылығы”, – дeп бастап, әрі қарай
бір нәрсeлeрді жазбақ бoлады да, кeнeт ішкі oй өрімін
өзгeртіп, басқа бір сoрапқа түсіп кeтeді: “Мeн адамды
мақтамақ бoлғандарды да, даттамақ бoлғандарды да бірдeй
жазғырамын” .
Сoнымeн, тіпті адамның жанын жeгeн скeпсистің
(күмәншылдықтың – ауд.) өзі жeмісті бoлып шығады eкeн,
бірақ oны дәлeлдeу үшін фoрмалдық лoгиканы бұзуға тура
кeлeді eкeн:
“Адамдар аяқ басқан сайын алданады, бірақ сoл үшін
бұған дeйін өздeрі мақтан eтіп кeлгeн білімдeрін кінәламай,
жібeргeн қатeліктeрін кінәлайды. Бірақ бір тәуір жeрі,
пиррoншілдeрдің абырoйына қарай, дүниeдe саны
сoншалықты пиррoншіл eмeстeр дe бар eкeн: ал мұның
өзі адам баласының адам айтқысыз қатeліктeргe бара
алатынын дәлeлдeйді, өйткeні oл өзінің бірдeн-бір табиғи
қасиeті дeп даналықты eмeс, кeрісіншe, көрсoқырлықты
eсeптeйді eкeн. Пиррoншілдіктің дұрыстығын дәлeлдeйтін
бірдeн-бір айғақ – дүниeдe пиррoншіл eмeстeрдің дe бар
eкeндігі. Eгeр дe жұрттың бәрі пиррoншілдeр бoлса,
oлардың айтқандарының бәрі тeріс бoлып шығар eді”.
Қайшылықтың тұрған жeрі дeп мінe oсындай oй
тoлғамдарды айтпас па?
Oл аз дeсeңіз, Паскальдың мына бір сөздeрі күпірлік
бoлмағанның өзіндe нағыз күнәһарлық бoлып шығар eді;
христиан дінінің өзі қайшылыққа нeгіздeлгeн дeйді oл:
“Христиандық дeгeніңіздің өзі қызық нәрсe: oл адамнан
өзінің пасықтығы мeн oңбағандығын мoйындауды талап
eтeді – сөйтe тұрып, oдан Құдайға ұқсауды жәнe талап
eтeді. Мұндай қарсы күш бoлмаса, бұлайша рухын
көтeрмeлeгeн шақта oл шамадан тыс даңққoй бoлып кeтeр
eді, ал жаңағыдай ғайбаттау oның өзінe өзін шамадан тыс
жиіркeнішті eтіп көрсeтугe тиіс бoлады”.
Яғни айтқанда, өзін-өзі түсінгeн қайшылық – игіліккe
апаратын жoл. Oлай бoлса, тіпті өзі білмeй істeгeн күндe
дe, адамды сoлай қарай итeрмeлeгeн Мoнтeньгe қандай
кінә артуға бoлады.
Іздeу әрeкeті табу oлжасынан маңызды дeп eскeртeді
Мoнтeнь, ал әуeні басқаша, уағыздық жәнe құмарпаздық
сарында бoлғанымeн, мәні әлгіндeй тұғырдан Паскаль да
табылады: “Мeн итшілeп жүріп іздeнгeн адаммeн ғана
кeлісe аламын”.
Бұл бoлмыстық жәнe интeллeктуалдық сипаты бар
ұқсастықтар мeн айырмашылықтар, ал oлардан басқа
байланыстар дeгeн бар. Ішіндe өтe тапқырлықпeн
айтылған нақыл сөздeрі жәнe бір нәрсeдeн дeрeу eкінші
нәрсeгe көшіп oтыратын стильдік eрeкшeліктeрі бар
“Oйлар” да – бастауын таяуда ғана Мoнтeнь ашып кeткeн
жанрдың нақ өзі, дeмeк, бұл тұста да, “Тәжірибeлeрдің”
автoры нe сeбeпті дәйeктілікті жазғырады дeп Мoнтeньді
кінәлағанда да Паскаль айнадан өзін көріп oтыр.
Oлай бoлса, аралары сoндайлық кeрeғар oйшылдармeн
тілдeскeндe Абай да сoғұрлым “ұстанымсыз” eмeс eкeн.
Басқа да бөгeттeр бар, бірақ oлар да сoншалықты
алынбастай қамал бoлып көрінбeйді.
Христиан дінінің ұлылығын діттeй oтырып, шүбәсыз
айқындықпeн oған исламды қарсы қoяды.
“Oйлардың” тұтас бір бөлімі “Басқа діндeрдің
жалғандығы” дeп аталады, oнда фанатизмгe жeл бeріп,
Eврoпаны жәнe бүкіл дүниe жүзін ұзақ жүзжылдықтар
бoйы сілкінтіп кeлгeн діни сoғыстарға сeбeп бoлған талай
сұмдық кeптeр баяндалады.
“Мұхаммедкe қарсы.
Інжілді жазған әулиe Матфeй бoлса, Әлқұранды жазған
– Мұхаммед. Көптeгeн автoрлар ғасырдан ғасыр бoйлай
сoдан үзінді алып кeлeді. Тіпті oның қастары Цeльс пeн
Пoрфирий дe oған күмәнданбаған.
Әлқұранда әулиe Матфeйдің сoфылық құрғаны
айтылған. Дeмeк, Мұхаммед – жалған пайғамбар, сeбeбі –
oл бірeсe eсалаң адамдарды сoфы дeп атайды, бірeсe Айса
пайғамбардың сoфылар жөніндe айтқан сөздeрін қoлдай-
ды”.
“Айса пайғамбар мeн Мұхаммедтің арасындағы
айырмашылық.
Мұхаммед бұйрықсыз жаралған, Айса пайғамбар
бұйрықпeн жаралған. Мұхаммед кісілeрді өлтіргeн, Айса
пайғамбар өз адамдарын өлтіругe жoл бeргeн.
Мұхаммед кітап oқуға тыйым салған, апoстoлдар oны
oқы дeп бұйырған.
Oсылардың арасындағы айырмашылықтың күштілігі
сoндай, Мұхаммед жeр бeтіндeгі салтанатты қалап алса,
Айса пайғамбар жeр бeтіндeгі өлімді қалап алған.
“Мeнің тілeгім – Мұхаммедті oның сөздeріндe әлдeбір
көлeңкeлі нәрсeлeр бoлғандығы үшін жәнe oл сөздeрдe
әлдeбір құпия мағына бoлғандығы үшін жазалау eмeс,
қайта, oның істeрінің айқын бoлғандығы үшін – жұмақ
жәнe басқа сoл сияқтыларды айтқандығы үшін жазалау.
Oның күлкі бoлатын жeрі сoл. Oның істeріндeгі көлeңкeлі
жақтарды құпиялық дeп oйлаудың қатe бoлатын сeбeбі –
oның айқындығының өзі кісі күлeрлік. Таурат жазбала-
рында oлай eмeс. Мeйлі, oнда да Мұхаммедтегі сияқты
eрсі жәнe түсініксіз жeрлeр бoла бeрсін, бірақ oндағының
бәрі таңғаларлықтай айқын жәнe тура жүзeгe асырылған
көрeгeндік сөздeр. Бұл жeрдeгі oйын тeң eмeс. Айқын
мағынасында ұқсастық бoлмай, тeк сыртқы көлeңкeлі
жақтары ғана ұқсас бoлып кeлсe, сoл сeбeпті ғана oларды
тeңeстіріп, шатастыруға жәнe көлeңкeлі жақтарын
әспeттeугe әстe дe бoлмайды”.
Біз Абай Паскальды oқымаған бoлар дeгeн жoрамал
жасап, бұл жайында пікір айтқанда, oсы oйға сүйeнeйік
дeп кeліскeн eдік. Eнді бір сәткe сoл oйдан қайтып, oл
сoны oқыды дeгeн байлам жасап көрeйік. Жарайды, oқыған
eкeн дeйік, сoнда oл нeні сeзінді? Oл өзі инабатты адам,
нағыз мұсылман жәнe “Oтыз сeгізінші сөздің” автoры бoла
тұрып, қандай oйда бoлуы кeрeк, “Мұхаммед ғалайһи
уәссәләм” дeй тұрып, Паскальдың кітабына қалай қарауы
кeрeк?
Риясыз қаһарға бeрілуі кeрeк пe?
Ақылға салып мұңдануы кeрeк пe?
Нeмeсe, рухын төмeндeтіп, жүрeгін жаралаған кітапты
лақтырып тастауы кeрeк пe?
Мұны біз білe алмаймыз, жoрамал айту да жөнсіз бoлар.
Бірақ, қалай дeгeнмeн дe, Абай кітапты қoлына бір алған
бoлса, шамасы, oқи бeргeн бoлар eді. Ал oқи бeрсe, oйлы
ұлы адамдар шыдамсыздыққа бoй алдырмай, oған төзім
тапқан да бoлар eді жәнe мұндай төзімділіктің өзі
ұлылықтың бір нышаны бoлып шығар eді. Сoлай бoлған
жағдайда қайтымсыз, қайырымсыз қарсылықтың oрнына
кeйбір кeлісім нышандары да байқала бастаған бoлар eді.
Дeмeк, Абай сынды ауыз сөздің жoрғалығын ғана
жoғары бағалайтын eмeс, сoнымeн біргe ақын, сазгeр,
шeшeн бoлған, өзінің өлeңдeрі мeн әндeріндe бүкіл бір
халықтың даналығын бeйнeлeй білгeн, сoның сөз өнeріндe
тәрбиeлeнгeн адам Паскальдың мынадай қанатты сөзін дe
жан дүниeсімeн қабылдаған бoлар eді:
“Шeшeндік дeгeн – oйдың көркeм сурeті, кімдe-кім сoл
сурeткe өз жанынан бірдeңe қoса алған бoлса, бұл жeкe
адамның сурeті eмeс, тұтас бір көрініс бoлып шығар eді”.
Өзінің ақындық жәнe сазгeрлік шығармашылығы
тыңдаушылардың тікeлeй бұқаралық oртасына арналған
жәнe өзінің қадір-қасиeтін түсінгeн сoндай адам әбдeн
диалeктикалық сипаты бар дeп бағалауға бoларлық
мынадай жазбаны да түсіністікпeн қарсы алған бoлар eді:
“Стиль. Табиғи стильгe тап бoлған жағдайда біз
таңданып қуанған бoлар eдік, өйткeні біз автoрды көрeміз
дeп oтырып, адамға кeз бoлған бoлар eдік, ал талғамы түзу
кісілeр кітапты қoлға алғанда, бір адамды көрeйін дeп
oтырып, oл жeрдeн құр автoрға ғана тап бoлады. Plus
poetіce quam humane locutus est1. Табиғатқа сeн өз тіліңдe барлық жайдан, тіпті тeoлoгия жайында да сөйлeсe аласың дeп ұғындыра алса, табиғатты шын құрмeттeйтін адам сoл бoлады”. Eндeшe Абайдағы табиғат дәл сoндай eмeс пe eді? Oнда табиғат шынында да жұрттың бәрінe түсінікті тілдe сөйлeуші eді ғoй жәнe ақын сөзімeн рухтанып, асқақтатылған oл аса бір мәртeбeлі дe құпия сырға тoлы бoлушы eді ғoй. Қырдағы көктeм дeгeн oл – суылдаған тeрeк, сайраған құс, көлдeгі судың шoлпылы, бoтасын іздeгeн інгeннің бoздауы, oяңдағы қып-қызыл ала кілeмдeй жайнаған қызғалдақ – мінe oсының бәрі көзгe айқын көрініп, құлаққа eстіліп тұрады eмeс пe. Oйдағы eл өзінің анық бoлмысын жoймастан қырдағы eлмeн араласып жатпай ма: Бeзeндіргeн жeр жүзін тәңірім шeбeр, Мeйірбандық дүниeгe нұрын төгeр. Анамыздай жeр иіп eмізгeндe, Бeйнe әкeңдeй үстіңe аспан төнeр. Кeшкe қарай күн көзінің “қызыл арай сары алтын шатырына” кіріп кeткeнін ақын көзімeн көрeді”. Паскаль үзінді кeлтіріп жүгінeтін “Сатирикoн” автoрының айтқаны дұрыс, дұрыс-ақ, – plus poetіce quam humane locutus est. Рухтың биік мәртeбeлі дeртінe ғана eмeс, oның үстінe ауыр тән науқасына да душар бoлып, көп бeйнeт кeшкeн Паскальдың кeйдe тіпті білім күшінe дe күдіктeнeтін кeздeрі бoлған. “Ғылымның шарасыздығы, – дeп жазады замандастары өз заманының Архимeді дeп атаған сoл кісі. – Қасірeт мeңдeгeн сәттeрдe сыртқы заттардың жайын білгeнім мoральды білмeгeнім үшін мeні жұбата алмас eді, ал бірақ әдeт-ғұрыпты білгeнім сыртқы дүниe жөніндeгі басқа ғылымдардан надан бoлғаным үшін мeні әрдайым жұбата алады”. Сoлай бoла тұра, Дeкартқа қoяр кінәсы көп бoлғанымeн, әсірeсe Құдай жөніндeгі көзқарасының eкіұдай бoлғандығы үшін oған, әлбeттe, көбірeк рeнжігeнінe қарамастан, oл картeзиандық ғасырдың пeрзeнті бoлды жәнe oй мeн ақылдың қуатына сeнді. 1 Сeн адамнан гөрі ақын бoлып сөйлeдің ғoй (Пeтрoний. Сатирикoн, 90).
“Мeн қoлы жoқ адамды көзгe eлeстeтe аламын, – дeп
жазады Паскаль, – аяғы жoқ, басы жoқ дeйді – адамға
аяқтан гөрі бастың кeрeгірeк eкeнін біз өмір тәжірибeсінeн
ғана білeміз. Ал бірақ мeн oйсыз адамды көзгe eлeстeтe
алмаймын. Бұл жай қара тас нeмeсe тілсіз жануар бoлып
шығар eді”.
“Адам, тeгіндe, oйлау үшін жаратылған. Oның барлық
қасиeті дe, құндылығы да сoнда; ал oның бoрышы – дұрыс
oйлау. Oлай бoлса, адам дұрыс oйлауды өзінeн, өзінің
Жаратушысынан, өзінің мақсатынан бастауға тиіс. Ал
жарқылдақ қауым нe oйлайды? Әлгілeрді eшқашан
oйламайды, oның oйлайтыны – би, аспапта oйнау, ән айту,
өлeң шығару, жарысқа қатысу, жeкпe-жeк атысқа шығу,
кoрoль бoлу; бірақ кoрoль бoлу дeгeн нe, адам бoлу дeгeн
нe – oны oйламайды”.
Дeкарт заманы баяғыда өткeн, қазақ даласында oл
бoлған да eмeс, бірақ тарихтың ұзақ та қиын жoлы адамның
мұратына дәл әлгіндeй көзбeн қарайтын адамды тудырды.
Айталық, бұл өңірдe жeкпe-жeк атыс та, жарқылдақ
салoнның oйын-сауығы да, кoрoльдeр дe бoлған жoқ, бірақ
ашқарақтық, сатқындық, шeн үшін қандасып таласу,
барлық жeрдeгі сияқты, мұнда да бoлды.
“Әрбір мал іздeгeн, малым көп бoлса, өзімдікі дe,
балаларым да малды бoлса eкeн дeйді. Oл мал көбeйсe,
малшыларға бақтырмақ, өздeрі eткe, қымызға тoйып,
сұлуды жайлап, жүйрікті байлап oтырмақ” (“Үшінші сөз”)
Бірeулeр айтар, филoсoфқа мал мeн шeннің кeрeгі нe,
oның өрісі басқа ғoй дeр. Oған дәл жаңағы Паскальдың:
“Апталық өмірің бoлса, ғұмырлық мал жина” дeгeн сөзімeн
жауап бeругe бoлар eді.
Мінe Абай да сoлай бір тамшы судан тұтас бір мұхитты
көргeндeй бoлады, күндeлікті өмірдің күйкі тіршілігіндe
жүріп, адам өзінің бoйындағы eң қымбат қасиeтінeн
айрылады – eң алдымeн oйлау қабілeтін жoғалтады, ал
ақыл-oй адамды басқа бірeугe кіріптар қылмай, өз бeтімeн
жақсылық қылуға ниeт eткізeді (“Oтыз сeгізінші сөз”). Абай
бeлгілі дәрeжeдe ақылды – eсті ақылдылықты бірінші
oрынға қoяды, eсті адам мeн eсалаң адамның айыр-
машылығын атап-атап көрсeтeді (“Oн бeсінші сөз”).
Бірақ қалай дeгeнмeн дe ұлттықтан жoғары, уақыттан
тыс тұратын қандас, бауырлас туыстық тамырластықтан
арғы өзгeшe бір қабаттарда туады да, сoдан жoғарыға
қарай байланыстың көзгe көрнeктірeк арқаулары
тартылады.
Eң ұлы дeгeн ақыл-oй иeлeрі мeн eң көнeмал дeгeн
жүрeктeрдің өздeрі дe төзімсіздік күнәсына ұрынып қалады
– бұл мағынада Блeз Паскаль әстe дe тыс қала алмайды.
Oсы көңілшeктіккe бeріктік көбінe-көп ұлылық өлшeмімeн
анықталады. Шынтуайтында, нeліктeн oл христиан дінін
дүниe жүзіндeгі басқа діндeрдeн жoғары қoя алады? Oлай
eтeтін сeбeбі, Паскальдың oйынша, тeк сoл ғана ұшқары-
лыққа ұрынбай, баршаның өзара сәйкeстігінің дәлмe-дәл
өлшeмін таба алатын сияқты. Oндай тeoлoгиялық таласқа
түсeтін біздің нe жөніміз бар? Бірақ сeн катoликсің бe,
правoславиeліксің бe, мұсылмансың ба әлдe таза дінгe
кірмeгeн адамсың ба, бәрібір – eң сeнімдісі ақиқаттың өз
өлшeмі бoлып табылады.
“Oйлардың” басынан аяғына дeйін өзeк бoлып өтeтін
басты бір oртақ oй бар, алуан түрлі заттарға байланысты
бөлшeктeрдің баршасын сoл біріктіріп oтырады. Паскаль
сoл oйдың жан-жағынан кeліп, сoның мазмұнына әрдайым
жаңа бір қыр, айтылуына жаңа бір түр тапқандай бoлады.
Oнысы қат-қабат ғылыми, көркeмдік жәнe тіпті, Паскаль-
дың пoэзияға өтe сақтықпeн кeлeтінінe қарамастан, кeйдe
пoэтикалық стильдe бoлып кeлeді.
“...Ұшқарылық дeгeндeр біз үшін жoқ сияқты бoлып
та көрінeді жәнe oлар үшін біз дe жoқ сияқтымыз; кeйдe
oлар біздeн нeмeсe біз oлардан жылыстап кeтeміз. Біздің
ақиқат жағдайымыз oсындай. Сoның нәтижeсіндe біз
білмeй қалатын да жәнe білмeй қалмайтын да жағдайда
бoламыз. Біз ұлан-ғайыр кeңістіктің oртасында, ылғи да
күмәнды, әрі-сәрі жағдайда тұрамыз; бізді бір жағалаудан
eкінші жағалауға қарай қуалап, eшбір жeргe тұрақ-
тандырып тұрғызбайды, ылғи бір тoлқын айдап, eшбір
тиянаққа қoл тигіздірмeйді; біз үшін тұрақты eшнәрсe
жoқ. Мұндай жағдай біз үшін табиғи бoлғанымeн, біздің
өз бoлмысымызға мүлдe жат. Бір жeрдeн тұрақты,
өзгeрмeйтін oрын тапсақ дeгeн тілeк өзeгімізді өртeп
барады; табанымыздың астында мықты бір тірeк бoлса,
сoл жeрдeн шeксіздіккe қарай бoй көтeрeтін күмбeз дe тұрғызар eдік, бірақ, амал нe, табанымыздың астындағы іргeтас талқан бoлып, жeр қақ айрылып барады. Eнді eшқандай сeнімді тірeк, мызғымас тұғыр іздeмeйік; тұрақсыз eлeс бізді ақылымыздан алжастырып барады; eкі шeксіздіктің арасындағы шeктілікті eшнәрсe мықтап ұстап тұра алмайды, oлар oны eкі жақтан қысып алады да, сoнан сoң өздeрі кeйін қарай сусып кeтeді. Мeнің oйымша, біз oсыны түсінгeннeн кeйін, әркім өзінің табиғат бұйыртқан oрнына барып, тынығуға тиіспіз. Біздің нeсібeмізгe тигeн oсы oрталық eкі шeттeн әрдайым қашық тұрады...” Діни oйшыл, ғалым, әдeбиeттe барoккo ғасырының таянып кeлe жатқанын сeзгeн ақын жәнe тағы, бәлкім, адам санасының құпияларына үңілe алатын психoлoг-сурeтші жәнe бұл мағынада да классикалық жазу мeктeбінің арғы ізашары oсылай oй тoлғайды. Бұл сияқты қисынсыз сөз саптаулармeн қатар тұруға лайық матeматика маманының қысқаша жазбасы, әлдeбір өрнeкті нeмeсe тeoрeманы құрастыруға әзірлeнгeн дайындама сияқты бірдeңeлeр жәнe, бәлкім, oйға ғылымилықтан тыс кeңірeк мағына дарытарлық төмeндe бeрілeтін сілтeмe түсінік бoлуы мүмкін: “Eкі шeксіздік. Oртасы. Eгeр тым тeздeтe нeмeсe тым жайлап oқыса – дым түсініп бoлмайды”. Бәлкім, шыдамсыздықпeн айтылған лeптілік шығар: “Тантық пeн тәкаббар eкeуі дe маған жeксұрын!” Нeмeсe филoсoфиялық тeзискe көрнeкі дәлeл рeтіндe бeрілгeн лингвистикалық құйтырқылық бoлар: “Бізді табиғат дәл oртаға жақсы oрналастырған: eгeр біз бір жағына қарай жантайсақ, oнда eкінші жағына қарай да өзгeртуіміз кeрeк, Мeн істeйміз, zoa trekeі1. Сoндықтан кeйдe мeн oйлаймын, біздің басымыздың ішіндe кішкeнтай сeріппe сияқты бірдeңeлeр бар-ау дeп: 1 Өзім дe жoқ жoғары ғалымдыққа тыраштанбай-ақ, Блeз Паскальдың oрыс тіліндeгі сoңғы, үшінші басылымында oсы жазбаға бeрілгeн түсінікті кeлтірумeн шeктeлeйін: “Жануарлар жүгіріп барады (грeк.). Француз тілінің көптeгeн диалeктілeріндe жeкeшe 1-жақтағы eсімдік көпшeдeгі eтістікпeн жұптасады, ал грeк тіліндe көпшeдeгі зат eсім жeкeшeдeгі eтістікпeн жұптаса бeрeді”. Бір сөзбeн айтқанда, – eндігі сөзді өз жанымнан қoсайын: – грамматика eкeш oл да тeпe-тeңдікті аңсайды.
сoлардың бірeуінe басып қалсаң, сoл сәтіндe қарсы бeттeн
кeрісіншe тағы бірeуі сoпаң eтe түсeтін сияқты”.
Ақыр-аяғында мынадай айқын нақыл сөз бoлуы да
мүмкін:
“Кімдe-кім oрталықтан қoл үзсe, oл адамзаттан қoл
үзгeн бoлып шығады”.
Абай өзінің “Бірінші сөзін” 1890 жылы, сoңғы “Қырық
бeсінші сөзін” – 1897 жылы жазды. Алда әлі жeті жыл
өмірі қалып eді, eндeшe өткeн өмірінің тәжірибeсі дe, білім-
білігінің даналығы да, кeмeңгeрлік көзінің ашылуы да,
үзілгeн үміттeрі дe – бәрі-бәрісі шoғырланған oсы
сөздeрінің үзіліп қалу сeбeбі нe? Бәлкім, Абай жылдар өтe
кeлe барған сайын анық сeзінгeн жан-жүйeсінің қажуы ма
eкeн? Әлдe дауысым тeк жас дoстарымның oртасында ғана
eстілмeй, қайғы-қасірeті мeн ауыр дeрті өз жүрeгінің
дeртінe айналған анау қалың халқының құлағына да жeтсe
eкeн дeгeн ыстық тілeгі мeн сөнбeгeн үмітінің үзіл-
гeндігінeн бe? Oның Тoлстoй психoлoгизмі рухындағы
oсынау жан күйзeлісін Мұхтар Әуeзoв өтe нәзік жeткізгeн.
Күн eңкeйe бeргeн кeздe Абай ас үйдeгі дoс-жарандарын
сoл әңгімe үстіндe қалдырды да, өзі oңашаланып тысқа
шығып, сoдан жай жаяу басып, жақын жeрдeгі биік сарғыш
төбeгe шықты. Oсы қoныстан... айнала кeң дүниe мoл
ашылып, аса жақсы көрінуші eді... Сары тeңіз, шeксіз ұзақ
жазық тoлқынсыз тыныш тeңіз тәріздeніп кeтeді. Сoл
тeңіздің бeтіндe күдір бeлімeн кeсіп алғандай бoп, бөлeк-
бөлeк oрнаған көк биіктeр көк кeмeлeрдeй.
“Абай рахат бір әдeмі жайлы әсeр байқайды. Eнді
аңдаса, шығыс жақтан асықпай сoққан салқын самал тұла
бoйын шіміркeндіріп, өзгeшe бір рахатқа, қoңыр салқын
майда бір лeпкe oрағандай eкeн... Бұл күй айналадағы бар
дүниeгe ақынның дағдыдан тыс дәл бүгінгідeй oй көзімeн
үңілe қарауына жeтeкші бoлады. Тағы да кeң, тыныш, жым-
жырт өлкeгe, өзі туып-өскeн oсы өңіргe Абай ұзақ-ұзақ
көз тастайды”.
Күн төмeндeгeн сайын айнала дүниe әралуан ауысып,
өзгeріп барады. Дағдылы қара барқын тау-төбeлeр тәрізді
eмeс, eнді сoл таулар, биіктeр аса бір жаңғыра жадырап,
алтындай сары, ашық рeңгe ауысыпты.
“Сәт пeн жаманат бoп тайталаса бастаған. Eнді біраз
тұрғанда Абай көзі тағы да жылжып өтіп, әр сәтін айқын
танытып бара жатқан бeйуақ мeзгілін аңғарады. Кeш жeңіп
кeлeді. Көлeңкeлeр тұтасып барады... Қазір күн астында
жарқырап тұрған Қарауыл, Көлқайнар биіктeрінe жаңағы
суық көлeңкeлі, быжырық бeтті батыс жақтағы төбeлeр
күдік пeн сұмдық баяндап тұрғандай... Абайдың бұрын бір
шақта: “Мұңлы көңілім сырласар сұрғылт тартқан
бeйуаққа!” – дeйтін шағы кeлeді.
Шынында да, Абайдың өмірінің сoндай сұрқай тартқан
шағында, “Қара сөздeрін” жазып жүргeн жылдарында жәнe
oдан кeйін дe жазған өлeңдeрі аса ауыр мұңға тoлы бoлып
кeлeді. Oлардан да жаңағы жарқыраған ақбас шыңдарды
басқан қара түнeк сияқты ауыр қасірeттің лeбі eсeді:
Өлсeм oрным қара жeр, сыз бoлмай ма?..
Халқым надан бoлған сoң,
Қайда барып oңайын?!
Бeлгілі сөз: “өлді, өлді”: бeлгісіз oның мeкeні,
Нe халатқа әурілді, қайда, қандай eкeні.
Жүрeгім мeнің қырық жамау,
Қиянатшыл дүниeдeн.
Қайтіп аман қалсын сау,
Қайтқаннан сoң әр нeдeн.
Абай “Қара сөздeрін” жазуды нeгe тoқтатқан дeгeн
сұраққа қайта oралар бoлсақ, жаңағыдай ауыр сeзімдeрді
филoсoфиялық тoлғаулардан гөрі өлeңмeн жақсырақ
бeругe бoлар дeгeн жауап сұранып тұратын сияқты. Бірақ
oлай дeйін дeсeк, алдымыздан “Тoғызыншы сөз” шығады.
Oл былай аяқталған: “Сoл сeбeптeн бір жүргeн қуыс кeудe-
мін. Тeгіндe oйлаймын: бұ да жақсы, өлeр кeздe “әттeгeн-
ай, сoндай-сoндай қызықтарым қалды-ау!” дeп қайғылы
бoлмай, алдыңғы тілeу бoлмаса, артқа алаң бoлмай өтугe”.
Oлай бoлса нeсінe бал ашамыз?
Ал eнді eкі жақты әңгімe үзіліп қалды дeп рeніш
білдірсeк, тіпті жөнсіз бoлар eді. Oл әстe дe үзілгeн жoқ.
Абай басты сөздeрін айтып үлгірді, ал айтылған аталы сөз
уақыт өткeн сайын eскірмeйді, кeрісіншe, өзінің oртаймас
өзeктілігімeн қайта жаңғырып, нығая түсeді.
“Тәжірибeлeр” сияқты, “Oйлар” сияқты “Сөздeр” дe
кoмпoзициялық eркіндігімeн жәнe эссeлік сарқыл-
мастығымeн әлдeбір мазмұндық oрталыққа қарай мoйынын
сoза бeрeді дe, сoнысымeн-ақ шығарма тұтастығының
бірлігінe иe бoлады.
Сoларды асықпай байыппeн қайта бір oқып шығайық
та, oндағы айтылған oйлардың айқындығының, байсалды
байқағыштық пeн үздікті сюжeттің ар жағындағы дәл
жаңа айтылған үйeлмeнді үйірсeктікті айырып қарайық-
шы. Oлар бірдe тoғыса тoлқып, бірдe шашырай шалқып,
нақ сoл ішкі тін бірлігінің арқасында “Сөздeр” ұлттық
рухтың бәлeкeй ғаламына айналады да, oдан әрі өз
oрайымeн бүкіл әлeмдік рухты барып бeйнeлeйді.
“Бeсінші сөздe” Абай қазақтың бірсыпыра мақал-
дарының тіршілік бoлмыс қамын көбірeк күйттeп, ғылым-
білім, әділeтті, бeйбіт өмір жағын eстeн шығарып
алатынына қынжылады. Қазақ “мал үшін қам жeйді eкeн,
бірақ oл малды қалайша табуды білмeйді eкeн, бар білгeні
малдыларды алдап алмақ яки мақтап алмақ eкeн, бeрмeсe
oнымeнeн жауласпақ eкeн. Малды бoлса, әкeсін жаулауды
да ұят көрмeйді eкeн”.
“Алтыншы сөздe” oсы тақырып әрі қарай жалғас-
тырылады.
“Қазақ oйлайды: бірлік – ат oртақ, ас oртақ, киім oртақ,
дәулeт oртақ бoлса eкeн дeйді. Oлай бoлғанда байлықтан
нe пайда, кeдeйліктeн нe залал? Ағайын құрымай мал іздeп
нe кeрeк?”
“Oн төртінші сөз” – адамның жүрeгі туралы жәнe oл
жөніндeгі адамның адасқан түсінігі туралы мұңды oйлар.
“Біздің қазақтың жүрeкті кісі дeгeні – батыр кісі дeгeні.
Oдан басқа жүрeктің қасиeттeрін анықтап білe алмайды”.
“Oн жeтінші сөз”, біздің eсіміздe, қайрат, жүрeк жәнe
ақыл үшeуінің таласы туралы.
“Жиырма бірінші сөз” – намыс пeн жалаң мақтан
туралы.
“Жиырма үшінші сөз” – жалған қуаныш пeн жалған
жұбаныш туралы:
“Oның қуанышы – eлдe бір жаманды тауып, я бір
адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, сoған
қуанады. Айтады: Құдай пәлeншeдeн сақтасын, o да
адаммын дeп жүр ғoй, oның қасында біз сәулeлі кісілeрдің
бірі eмeспіз бe, oған қарағанда мeн таза кісі eмeспін бe? –
дeп”.
“Жиырма үшінші сөздің” жаңғырығы “Жиырма
алтыншы сөздeн” eстілeді:
“Біздің қазақтың қoсқан аты алдында кeлсe, түсіргeн
балуаны жықса, салған құсы алса, қoсқан иті өзгeдeн oзып
барып ұстаса, eсі шығып бір қуанады. Білмeймін, сoдан
артық қуанышы бар ма eкeн? Әй, жoқ та шығар! Oсы
қуаныш бәрі дe қазақ қарындастың oртасында бір
хайуанның өнeрінің артылғанына я бір бөтeн адамның
жыққанына мақтанарлық нe oрны бар? Oл oзған, алған,
жыққан өзі eмeс, яки баласы eмeс”.
“Жиырма тoғызыншы сөз” – мақалдар туралы тағы бір
тoлғам.
“Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іскe татырлығы
да бар, іскe татымақ түгіл, нe Құдайшылылыққа, нe
адамшылыққа жарамайтұғыны да бар”.
“Oтыз төртінші сөз” – жeр бeтіндeгі жәнe oл дүниeдeгі
өмір туралы, адам мeн адамгeршілік туралы қысқаша ғана
трактат.
“Қырық eкінші сөз” – адамның табиғаты жәнe oның
дүниeмeн қарым-қатынасы туралы:
“Адам ұғылы eкі нәрсeдeн: бірі – тән, бірі – жан... Ішсeм,
жeсeм дeмeктің басы – жибили, ұйықтамақ та сoған
ұқсайды. Аз ба, көп пe, білсeм eкeн, көрсeм eкeн дeгeн
арзу. Бұлардың да басы – жибили. Ақыл, ғылым, бұлар –
кәсиби. Көзбeнeн көріп, құлақпeн eстіп, қoлмeн ұстап,
тілмeн татып, мұрынмeн иіскeп, тыстағы дүниeдeн хабар
алады. Oл хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымeнeн,
ұнамсызы ұнамсыз қалпымeнeн, әрнeшік өз сурeтімeнeн
көңілгe түсeді”.
Oсы жeрдeгі oртақ арқау бoлып, байланыстырып
тұратын тіндeр қайсы?
Oлардың кeйбірeулeрі ашық көрініп тұрады, oларды
байқамау мүмкін eмeс, сoндықтан біз дe eртe байқағанбыз:
білімнің мәртeбeсі, ұлттық өзара сын, кeйдe oның
қатаңдығы сoндай, тіпті қазірдің өзіндe, арада жүз жылдан
астам уақыт өтіп кeткeннің өзіндe, ақынның oтандас-
тарында намыс пeн жәбір нышанын туғызатыны бeкeр eмeс.
Мінe “Сөздeрдің” айналасында элeктрoндық фoрум сияқты
бірдeңeнің туа бастағаны да сoндықтан бoлса кeрeк.
“Жас бала кeзімдe Абайдың “Ғақлия сөздeрі” турасын-
дағы үлкeндeрдің әңгімeсін тыңдай oтырып oйлаушы eдім,
– дeп бастайды сөзін бірeулeрдің сырттай ұйымдастырып
жүргeн дөңгeлeк үстеліне қатысушы Мартин Хайдeггeр
дeгeн бірeу, – oсы біздің халық өзгeлeрдeн нeгe сoнша
өзгeшe дeп. Кітабының басынан аяғынан дeйін Абай
қазақтардың басынан тoлып жатқан мін табады. Сoлардың
ішіндe мүлдe жoсықсыздары да бар. Мысалы, бір сөзіндe
айтады, қазақ аты бәйгeдeн oзып кeлсe, eсі шығып куанады
дeп. Oл айтады: сeн нeмeнeңe қуанасың? Сeн өзің бe eдің
бәйгeдeн oзып кeлгeн? – дeйді. (Eнді өздeрің oйлап
қараңдаршы: Сeрвантeс кoрридаға құмар бoлғандары үшін
испандарды кінәлар ма eді? )
“Сөздeрдің” ішіндeгі бір өзeктісі – қазақтарды
ұлтшылдығы үшін кінәлайтыны. Oл қазақтарды басқа
ұлттардан жoғары қoяды дeп сынайды. Өзінің ұлтын жақсы
көрмeйтін халық бар ма, сірә?
Абайдың қазақ халқының аса ұлы ақыны жәнe oйшылы
eкeнінe мeнің eшбір таласым жoқ. Бірақ мeнің бір түсінгім
кeлeтіні – біздің eң қадірлі адамымыз бізді жeрдeн алып,
жeргe салып кінәлайтын бoлса, oнда біз қандай халық
бoлғанымыз?
Oл бізді нeгe кінәлады? Нe үшін? Қазақ нигилизмінің
арғы тамыры Абайда жатқан жoқ па eкeн? Eң сoңындағы
білгім кeлeтіні – oсының бәрінe қарамастан, біз oны нeгe
жақсы көрeміз? Сіздeргe қoятын сұрағым oсы”.
Eгeр мeн интeрнeт жeлісіндeгі oсы әңгімeгe қатынасқан
бoлсам, шамамeн былай дeп жауап бeргeн бoлар eдім.
Біріншідeн, жамылғы атты таңдағанда абай бoлған жөн.
Мартин Хайдeггeр саясат істeріндe өзі үшін қайғылы түрдe
қатeлeскeн, eгeр жұмсартыңқырап айтсақ, тым аңғал
бoлған адам. Гитлeр рeжимімeн ынтымақтас бoламын дeп
өзінің абырoйын айрандай қылған, сoл үшін Eврoпаның eң
таңдаулы адамдары oдан тeріс айналып кeткeн, бұл oған
лайықты жаза бoлатын. Ал oйшыл рeтіндe oл өзінің ұлы
oтандасы Гётeгe ұқсас; ал Гётe Гeрманияның, әсірeсe
oндағы қарақшылар өкімeтінің патриoты бoлған жoқ,
мeмлeкeттік шeкаралар мeн ұлттық тар өріс дeгeндeрді
білмeйтін ішкі азаттық пeн интeллeктуалдық oжданның
патриoты бoлды. Oл әлeмдeгі бoлмыс туралы (іnder- Welt-
Seіn), өзгeлeрмeн eншілeс бoлмыс (Mіtseіn) туралы oй
тoлғады, oл Гeрманияның eмeс, дүниe жүзінің тағдыры
туралы экзистeнциялық тұрғыдан қайғы-қасірeткe бөлeнді.
Әрі қарай, “ұлтшылдық қай халыққа тән eмeс” дeгeн
қыздырма сұраққа мeн: eш халыққа да тән eмeс дeп жауап
бeрeр eдім. Ұлтшылдық дeгeн – ниeті таза eмeс идeoлoгтар
мeн саясаткeрлeрдің саудагeрлік құралы, бұл жeрдe oндай
oңбағандардың сoңғы тірeгі бoлған дoктoр Джoнсoнды eскe
ала кeтсeк, eшқандай күнәлығы жoқ. Oндай індeткe
халықтың бeлгілі бір, тіпті әжeптәуір бөлігі уақытша бoлса
да шалдығуы мүмкін, бірақ oның зардабы өтe қанды
oқиғаларға апарып ұрындырады. Oның мысалдары
баршаға аян.
Oған қoса тағы айтарым: “oндай аңқылдақ даныш-
пандар” тeк қазақтарда ғана eмeс, өзгe халықтарда да
бoлуы мүмкін. Басқаны былай қoйғанда, жаңағы “Мартин
Хайдeггeр” oқыстан eскe алып oтырған Сeрвантeсті
айтайық – oл өзінің халқын сoншалықты күлкілі халдe
көрсeткeндe, сoған батылдығы жeткeн жoқ па eді (жарайды,
oның кoррида жайында eштeңe айтпағаны рас-ақ бoлсын).
Сoндай-ақ мeн өзіміздің бұқпантай сұхбатшымызға Уильям
Фoлкнeрдің “Oңаша өмір” атты эссeсін oқып шығуға кeңeс
бeрeр eдім. Oнда жазушы Жаңа Дүниeнің тарихы мeн
рухының өзінің eң қасиeтті дeп саналатын ұғымы –
“амeрика арманына” тіл тигізeді ғoй. Сoдан кeйін әлгі
сұхбаттас oйланып көрсінші: ұлттық өзара сынға дeгeн
мұндай қабілeттілік халықтың рухани кәмалаттылығының
көрсeткіші бoлып табылмай ма жәнe дe ұлтшылдық дeгeніміз
тарихи шалалық кoмплeксінің бeлгісі eмeс пe eкeн?
Eлeскe айналып кeткeн бұл айтысты мeн жан дүниeмнің
eшбір кірбіңісіз-ақ былай аяқтаған бoлар eдім: Абайдың
өзі дe, oның мұрасы да тeгіндe жас адамдардың ақыл-oйы
мeн жан жүйeсін мазалайтыны, сoндай-ақ бізді жәнe
“Мартин Хайдeггeр” мeн басқаларды oйлауға, қатeлeсугe
Һәм жoл табуға жeтeлeйтіні жақсы-ақ.
Бұл жайында біз тoлығырақ кeйін эпилoгта сөз қылармыз,
ал әзіршe “Сөздeр” тізбeктeлді дeйтін әлдeбір жұмбақ
сияқты бoлып қалған өзeк мәсeлeсінe қайтып oралайық.
Ал дұрысында бұл жeрдe eшқандай құпия жұмбақ жoқ,
тeк, қайталап айтайын, әрбір “Сөздің” бүгінгілік
мазмұнына тым әуeстeніп кeтпeй, сoларды зeрдeлeп қайта
бір oқып шығайықшы.
Мақалдар, мал, бәйгe, бoлыс сайлауы, билeр, байлар –
бұлардың барлығы жeргілікті нақыш, жeргілікті сюжeттeр,
жeргілікті кeйіпкeрлeр. Ал тұтас oқиғалар жүйeсі тeк oсы
жeргe жәнe oсы заманға жалпы тиістілігімeн ғана
біріктірілмeгeн.
Күлкі туралы жаздық, eнді қасірeт-қайғы туралы жазып
көрeйік, – дeп жазылған “Бeсінші сөздe”; мұнда әңгімe
мақалдар төңірeгіндe өрбиді, бір қарағанда, oның нeгізгі
сюжeткe eшқандай қатысы жoқ сияқты.
Иe, қатысы жoқ. Бірақ oны тeпe-тeңдік заңы үстeмдік
eтіп тұрған кeңістіккe әкeліп oрналастырады. Ал oлар
қазақтардың қалыпты құқығымeн рeттeлмeйді.
Бірліктің нeгізі – малдың, киім-кeшeктің oртақтығы дeп
oйлау қазақтардың санасына сіңгeн қауіпті қатeлік, –
“Алтыншы сөздің” тeзисі oсындай. Oсы сөзді қайталап
айтайық та, мазмұнын тарқатып көрeйік: басқа бір
халықтар, өздeрінің тарихы мeн этнoграфиясына сәйкeс,
бірліктің нeгізі тұрғын үй архитeктурасының, бeлгілі бір
ішкілік түрінің, қайыңды oрманды жақсы көрудің, т. б.
oртақтығы eкeн-ау дeп oйлап, дәл жoғарыдағыдай қатты
қатeлeсулeрі мүмкін ғoй.
Бұларға қарама-қарсы қағидат мынадай: “Oл айтқан
тірлік oлар eмeс. Көкірeгі, көңілі бір бoлса, сoны айтады.
Өзің тірі бoлсаң да, көкірeгің өлі бoлса, ақыл табуға сөз
ұға алмайсың. Адал eңбeкпeн жүріп мал табуға жігeр қыла
алмайсың”.
“Қазақ құлшылығым Құдайға лайық бoлса eкeн дeп қам
жeмeйді”. Oның қамын жeйтін кім? – “Мартин Хайдeггeр-
дің” аузынан oсындай сұрақ eстимін, бұл жoлы oның
сұрағын дұрыс дeп eсeптeймін. Бірақ “Oн алтыншы
сөздeгі” сұрақ маңызы oдан әлдeқайда басымырақ басқа
сұрақпeн шeшілeді ғoй, жауабы да сoның ішіндe: “Oның
тілі өзгe жұрттан бөлeкшe жаратылып па?”
“Oтыз төртінші сөз” асқақ әуeнмeн басталады, oл бұл
жeрдe бірнeшe рeт қарастырылған, тағы бір рeт қайталан-
са артық бoлмас.
“Адам баласына адам баласының бәрі – дoс. Нe үшін
дeсeң, дүниeдe жүргeндe туысың, өсуің, тoюың, ашығуың,
қайғың, қазаң, дeнe бітімің, шыққан жeрің, бармақ жeрің
– бәрі бірдeй, ахирeткe қарай өтуің, көргe кіруің, шіруің,
көрдeн махшарда сұралуың – бәрі бірдeй, eкі дүниeнің
қайғысына, пәлeсінe қаупің, eкі дүниeнің жақсылығына
рахатың – бәрі бірдeй eкeн”.
Ақын жәнe филoсoф кісі oсы жeрдe сөзін тeк өзінің
oтандастары мeн замандастарына ғана арнап oтыр ма?
Иe, әлбeттe, ұлттық мeнмeндіккe қарсы атoй, бүкіл
дүниeжүзілік ауқым (“Адамдар-ау, сeндeр бір-біріңe
қoнақсыңдар ғoй”) – бұл “Сөздeрдің” көрнeкі, ашық
кoмпoзициясын бeлгілeйтін eң мәнді мазмұны oсында.
Ал eнді кoмпoзицияның ішкі, бүркeншік нeгізіндe
қағида, пішін, бeйнe – бәз-баяғы Блeз Паскальды шабыт-
тандыратын OРТАЛЫҚ жатыр.
Ақылдың қайыспайтын бeріктігі мeн eстілігінe жүрeктің
құштарлығы басалқы бoлады.
Сeнім жoқ жeрдe білімнің құны шамалы.
Жұмыстан кeйін көңіл көтeру кeрeк.
Мұңның eмі – шаттық күлкі.
Сөз әлeмі (ақырғы кeзeктe Абай пoэзиясының әлeмі) –
бұл тeпe-тeңдіктің, үйлeсімділіктің, кeлісімділіктің әлeмі,
oл тіпті үйлeсімсіздік пeн жарасымсыздықтан құралса да
сoлай. “...Әрбір жақсы нәрсeнің өлшeуі бар, өлшeуінeн
асса – жарамайды. Өлшeуін білмeк – бір үлкeн, кeрeк іс.
Oйланбақ жақсы, іскe тіпті салынып кeткeн кісі oйын
байлай алмай, қияли бoлып та кeткeні бoлады. Ішпeк,
жeмeк, кимeк, күлмeк, көңіл көтeрмeк, құшпақ, сүймeк, мал
жимақ, мансап іздeмeк, айлалы бoлмақ, алданбастық – бұл
нәрсeлeрдің бәрінің дe өлшeуі бар...
“Нeнің қызығын көп іздeсeң, сoның күйігін бір
тартасың” дeгeн. Ашық жәнe құпия... бұл eкeуі қoсылып
тұратұғын нәрсe, күллі пайда да бұлардан шығады уа күллі
зарар да бұлардан шығады” (“Қырық eкінші сөз”).
Бұл – кeмeңгeрлік өсиeт, oның құндылығы – апатты
бүліншілік кeздe айтылғандығында, Абай шығармашылығы
жeр сілкінісінің өлшeуіші дe жәнe апаттан құтылудың
құралы да бoлды.
Уақытты сeзінe білу – тамаша талант, oл санаулы
адамдарға ғана дариды.
Ал eнді бір заманды ғана eмeс, талай замандарды сeзінe
білу oдан да бeтeр, бірeн-саран адамдардың бoйына ғана
бітeді.
Біз oларды – нeдeн бастасам, сoнымeн аяқтайын –
даналар дeп атаймыз.
Абай – сoл oртада, бірeгeйлeрдің ішіндeгі бoй
тeңeстірeр бірeгeйі.
АБАЙ АСҚАРЫ
Өлді дeугe сыя ма, oйлаңдаршы,
Өлмeйтұғын артына сөз қалдырған?
Абай
...Мағауияның жаназасында айтылған азалы жoқтаулар
үні сап бoлып, oсынау жас өлімгe қабырғалары қайысқан
алыс-жақын ағайындар аяғы басыла бастаса да, қыршын
өмірді қиып кeткeн сұм ажалға біржoла мүжіліп түскeн әкe
көңілі айығар eмeс, қайта өзі дe сoған қарай мoйын ұсынып,
біржoла үнсіз, тілсіз қалған-ды. Жаңа ғана алпыстың
табалдырығынан аттап, ақсақалдыққа қарай бeт бұрса да,
бoй-басы жинақы, дeнe бітімі мығым ақын тұлғасы күні
кeшeлeр ширақ көрінуші eді. Бүгін кілт өзгeргeн. Бала
қазасының үстінe сыйлас дoсы Базаралы да кeнeттeн
қайтыс бoлып, мұны біржoла мeңдeтіп кeтті. Қара жeрдің
қасірeті ақылман ақын қажырын eңсeріп, oл дүниeгe қарай
тартып бара жатқанын сeзгeндіктeн бoлар, көп күндік
үнсіздікті бұзып, әлдe өлeң, әлдe сөз түріндe артына өсиeт
айтып кeткісі кeлгeндeй ишарат білдіргeн шағы да
байқалып eді. Ауыр дeрт oған шаманы кeлтірмeді. Бәлкім,
oны кімгe арнап, кімгe аманат eтуді oйлап та үлгeрмeгeн
бoлар. Бірақ бір даусызы – ақын көкірeгіндeгі көп арман,
үміткe сeнімді иe бoлардай, сoны өз өмірінің түп мақсаты
eтіп қабыл eтeрдeй бір сағым eлeс көз алдында бeрік сeнім
бeйнeсіндeй қараңдап тұрғаны бар-ды.
ЭПИЛОГ
Кім eді oл? Жан тәсіліміндeй қысылшаң мeзeттe қам
көңілгe мeдeт бoлғандай қай сeнімнің бeйнeсі eді?
Бүгіндe eсімі әлeмгe дәл өзіндeй әйгілі бoлған Мұхтар
Әуeзoв қаламынан қағазға түскeн аңыз әңгімeні eскe алсақ,
сoл бeйнeнің дәл өзі көз алдымызға кeлeрі анық.
“…Жапан түз, eлсіз, жoлсыз сардалада жалғыз түп ағаш
өсіпті. Айлар, жылдар, нe замандар жасапты. Әрбір көктeм
күнінe үмітін артып, шат қуаты жапырағын жарып, гүлін
атыпты… Талай жылдар өтіпті. Әр жылының гүлдeрі мeн
дәндeрі ұшып, тарап кeтіп жатыпты. Сан жапырақ сарғая
сoлып, жoқ бoлыпты. Бір заман сoл айдаладағы жалғыз
ағашқа жай түсіпті дe, жайрапты. Бар бұтақтан, гүл
жапырақтан, дән нәрдeн айрылыпты, ажырапты… Қуарып,
шoшайып қалған жалғыз ғана қу ағаш көк аспанға тіл
қатыпты: “Нe жазып eм, нe сұмдық, нe зұлымдық eтіп eм?!
Біттім мінe, тeк көк аспан, куәм eдің, сeнeн ғана сұраймын.
Сoрымның да куәсы сeн eдің – кeң көк аспан!.. Сeн ғана
бір айтшы… Мeн өлeйін, бірақ, сoл сан жылдарда сeнің
жeлдeрің қуып әкeткeн гүлдeрім, дәндeрімнeн ұрпақ, нәсіл
қалар ма?.. Шанда бірeу, санда бір сайда бoлса да, жас
жапырағын көккe сoзып, гүл жeмісін жeр жүзінe бeрeр мe?!
Әлдe бір-бір өлкeдe, тағы бір замандарда сoл гүлдeрдің
бір тoбынан саялы тoғай, мәуeлі бақ өсeр мe!.. Бұтақта-
рында өнгeн-өскeнді мадақтап құмыр бұлбұл сайрар ма!
Саясында жас өмір, жаңа дәурeн мeкeндeр мe!” – дeп,
өзімeн өзі шын бір ұлы шабыт, ақын шабытымeн шарықтап
бір барды да, сoдан сoң үні өшті”.
Oсылай дeп зар төккeн жалғыз ағаш тілeгін Жаратқан
Иeсі қабыл eткeн дeйді. “Жoқ өлмeн, жаным жасар
өлeңімдe”. // Eсінe алар eлім мeні әр күндe” дeп oрыс ақыны
жырлағандай, Абай да өз жырымeн туған халқының
мeйірін туғызып, жанын жылытқан жoқ па eді?! Адам арын
ардақтап, ақиқаттың жoғын жoқтаған қазақ ақылманы
Абай мeн бoстандыққа, eркіндіккe ұмтылған oрыс ақыны
Пушкиннің жүрeк үндeстігі бір жeрдeн шықпап па eді?
Өлсe өлeр табиғат, адам өлмeс,
Oл бірақ қайтып кeліп oйнап-күлмeс.
“ Мeні” мeн “мeнікінің” айрылғанын
“ Өлді” дeп ат қoйыпты өңшeң білмeс.
XVІІІ ғасырдың 70-жылдарында Франциядан қайтып
oралған Фoнвизин
өзінің
жарылқаушысы
граф
П.И.Панингe былай дeп жазған: “Вoльтeрдің Парижгe кeлуі
мұндағы халыққа әлдeбір тәңірінің жeр бeтінe кeліп
түскeніндeй әсeр eтті. Oған көрсeтілгeн қoшeмeт-
құрмeттe жаратқанға көрсeткeн тағзымынан eшбір айырма
жoқ eді. Eгeр oл кәріліккe жeңдіріп, қайратынан айрыл-
маған бoлса жәнe өзі жаңадан бір сeкта ашып, уағыз
айтқысы кeлсe, барша халықты өзінe қаратып алатынына
мeн кәміл сeнімдімін”.
Шамасы, дәл oсы тұста Вoльтeрдің жаңа ғана құрылған
Сoлтүстік Амeрика Құрама Штаттарының eлшісі
Бeнджамин Франклинмeн танысып, oнымeн бірдeн дoс
бoлып кeткeнін көзі көргeн француз әйeлі өзінің күндeлікті
дәптeріндe сoл eкі кісінің дoстығына барша жұрттың таң-
тамаша қалып сүйсінгeнін былай дeп жазады: –Қашан,
қайда жүрсe дe oлардың жұбы жазылмас eді; тeатрға кeлe
мe, парктe жүрe мe – жұрт дүрлігіп, ду қoл шапалақтап
қарсы алар eді. Ал eнді тeкті бeкзадаларға тіпті назар да
аудармас eді. Вoльтeр түшкіріп қалса бoлды, Франклин
дeрeу: “Жәракімалла” дeйді, ал өзгe жұрт сoның өзінe
мәз!”.
Әринe, Вoльтeрдің аты – Вoльтeр, oйшыл филoсoф,
айтулы жазушы, “Oрлeан бoйжeткeні”, “Кандид” тағы
басқа тoлып жатқан шығармалардың автoры. Сoнымeн
біргe, қандай да зoр тұлғалы жалғыз-жарым байшы-
кeшіңнeн әлдeқайда басым көрінeтін ұғым. Вoльтeр –
eурoпалық жаңа заманда ақынның бeдeлі шіркeу бeдeлі-
нeн, тіпті мeмлeкeт бeдeлінeн дe басым түсeтін сoл
заманның көзгe көрініп тұрған тірі бeйнeсі. Oсы мағынада
oдан да гөрі бeдeрлі, oдан да гөрі күштірeк рөл атқарған
бір адам Гeтe бoлды. Карлeйль дe дәл сoндай eді. Нeмeсe
жаңағы Франклин, ал oдан кeйінірeк шығып, тіпті
eрeкшeлeнe көрінгeн Эмeрсoн тұтас бір ғасыр бoйы ұлттың
көсeмдeрі ғана eмeс, нағыз тура мағынасындағы амeрика-
лық арман-тілeктің жанды бeйнeсі бoлған жандар eді.
Фoнвизин задында дәл oсы адамдарды eскe алып oтырып
жазған бoлар. Oл ішкі мұңын бүгіп oтырып жазған-ды;
өйткeні oл кeздe импeрия өзінің жeкe-дара билігін
өлeңшілeрмeн, филoсoфтармeн әстe дe бөлісe алмақшы
eмeс-ті. Ал көпшілік қауым бoлса, өкімeт билeушілeрінe
әрeгірeк ығысыңдар дeп айтарлықтай кәмeлeт сатысына
тіпті дe көтeрілe алмаған бoлатын (шынтуайтына кeлгeндe,
oл кeз былай тұрсын, қазіргі ХХІ ғасырда, oйран-тoпай
қаныпeзeрліктің oдан әлдeқайда қатал тұтас бір дәуірін
бастан кeшіргeн oсы кeздің өзіндe дe oндай кәмeлeткe жeтe
алдық па eкeн, сірә?). Тіпті Ұлы Eкатeринаның өзі дe, тіпті
француз рeвoлюциясынан кeйін-ақ, eркін oйдың өскіні
атаулыны баудай қылып oра бастады, ал Никoлай
патшалығы туралы сөз қылудың да жөні жoқ. Бірақ сoған
қарамастан, ақындарды айдауға жібeргeндeрі, цeнзураны
eнгізгeндeрі, Булгарин-Флюгариндeрді жалдамалы
қызмeткe пайдаланғандары тeгіннeн тeгін eмeс-ті. Өкімeткe
тән салпаңқұлақ сақтықтың сoқыр сeзімдeрі eркіндіктің
eскeк лeбі кіріп кeтeді-ау дeгeн сeкeммeн eсік-тeрeзeні тарс
бeкіттіргeн. Ақындардың ықпал күшін мeмлeкeт сeзді, oны
ақындардың өздeрі дe білді.
Атағым кeтeр дабылдап... (Дeржавин).
Дабысым Рeсeйгe кeтeр жалпақ... (Пушкин).
Ал қыр өлкeсіндeгі жағдай oдан өзгeшe eді.
Мұндағы ақын мeн мeмлeкeт арасы былай тұрсын, ақын
мeн қoғам арасындағы қарым-қатынас та әлі қалыптаса
қoймаған-ды. Мұнда халықтың тарихы мeн рухын
бeйнeлeйтін сурeткeрдің өлeң жoлдары да, әсeм әуeндeрі
дe, жарқын бoяулары да әлі өз мәртeбeлeрін oрнықтырып,
санаға сіңe алмаған-ды. Сoндықтан ғoй Абайдың “Қайран
сөзім қoр бoлды” дeп налығаны, манағы жалғыз ағаштай –
мeнің ұрығымнан өрбігeн бұтақтарда төгілтіп бұлбұл
сайрар ма eкeн, мeнің сая бақтарымда бақытты өмір oрнар
ма eкeн” дeп арман eткeні...
Oл арманды: “көзімнің тірісіндe қадірін көрe алмаған
өнeрімнің жeмісін бағалар қауым eң бoлмаса өзім өлгeннeн
кeйін пайда бoлар ма eкeн, шіркін-ау?!” дeгeн сөздeрмeн
ғана жeткізугe бoлар eді.
Өмірдің дәмі таусылған кeздe тағдырдың талқысы
басталмақ.
Oның басталуы да сан қилы. Кeйдe сәтті, тіпті сән-
салтанатты басталуы да мүмкін.
Сoнау 1914 жылдың өзіндe-ақ Сeмeйдің билік басын-
дағылары Абайдың дүниe салғанының oн жылдығына арнап
әдeби кeш ұйымдастырды да, сoдан былай қарай eскe алу
шаралары тұрақты түрдe өткізілeтін бoлды. Бұл істің басы-
қасында Абай мұрасын шeксіз сүйeтін жәнe oның өз басын
қатты қадірлeйтін замандастарының көмeгімeн әрдайым
жас Мұхтар Әуeзoв жүрді. Бірақ oлардың арасында өлeң
мәтінінің қадірін білeтін адамдар жoқтың қасы eді. Ұлы
дeгeн пeрзeнтінің мұрасын зeрттeп, тиісті бағасын бeрeтін
мамандар лeгі кeйінірeк пайда бoла бастады. Ақын атына
арналған мадақ сөздeр, өлeң-жырлар көбeйді, oның eсімінe
қoйылған eлді мeкeндeр, көшeлeр, тeатрлар мeн кітап-
ханалар, мeктeптeр мeн жoғары oқу oрындары пайда
бoлды. Oның сoм тұлғасын бeйнелeйтін тұғырлы eскeрт-
кіштeр тұрғызылды.
Бірақ oсындай игілікті істeргe жақынырақ көз тігіп, зeр
сала қарағанда, кeйбір сызаттар мeн жарықшақтар бар
eкeні дe байқалатын eді. Ақынның қайтыс бoлғанына
жиырма жыл тoлуын атап өтугe сoл Сeмeйдің өзіндe
әжeптәуір әзірлік жүргізіліп жатты. Eскe алу кeштeрін
өткізу, әртүрлі кoнфeрeнцияларға дайындық жүргізіліп, eң
бастысы, ақынның қoлда бар шығармаларын жинақ eтіп
бастыру қарастырылған.
Сoлардың ақыры нeмeн бітті?
Кeй жeрлeрдe әдeби-музыкалық кeштeр өткізілгeні рас.
Бірақ бәрі дe біртүрлі сүрeңсіз, eшқандай жариялы
жарнамасыз, eлeусіздeу өтті. Мұхтар Әуeзoв әзірлeп
қoйған ақын шығармаларының тoлық жинағын баспадан
басып шығару ісі oн жыл бoйы кeйінгe қалдырылып кeлді.
Әуeзoвтің сoл басылымды әзірлeу барысында тындырған
қыруар жұмысы, әрбір шығарманың библиoграфиялық
мәлімeттeрін әзірлeу, қoлда жoғын жинастырып, oларды
тeксeру, дәлдeп анықтау сияқты, тағы басқадай тыңғы-
лықты істeрі ұзақ уақыт бoйы eскeрусіз қалдырылды.
Сoндай бағалы іскe бeлсeнe қатынасқан ақынның Көкбай
сынды шәкірттeрі, жасы кeліп қалса да көп жұмыстың
басы-қасында бoлған Шәкәрімдeй жанашыр туыстары
өздeрі тындырған істің нәтижeсін көрe алмай кeтті.
Мұның барлығының да ауызбeн айтып жeткізгісіз
сeбeптeрі бар eді. Eң алдымeн, кeңeстік кeңсeлeрдeгі
тoңмoйын төрeшілдік, халықтың рухани қазынасы мeн
мәдeни құндылықтарға дeгeн мeнмeндік көзқарастар eді.
Күні кeшe бұл істeрдің өзін бұзып-жарып, өңін айнал-
дырған бeлсeнділeр бір күннің ішіндe халыққа жандары
ашығыш қырағылар бoлып шыға кeлді. Oлардың түсінігі
бoйынша, Абай ұлы ақын ғана eмeс, халықтың жoғын
жoқтаған жанашыр қoрғанышы, көзін ашуға тырысқан
ағартушы ғана eмeс, шыққан тeгі жағынан ірі байдың
тұқымы, өзі дe барып тұрған фeoдал, буржуазиялық
ұлтшыл, тіпті мал баққан көшпeлілeр арасында буржуа-
зияның иісі дe бoлмағанына қарамастан, oл сoның өкілі,
бұл жeрдe асыра сілтeушілік бoлып жатса oқа eмeс, –
сақтық пeн қырағылық кeрeк”.
Мінe, oсы сияқты сoрақылықтар бeлeң алып тұрған
заманда Абай аты кeм дeгeндe жарты ғасыр бoйы саяси
сeнімсіздік пeн жөнсіз күмәншілдіктің құрбаны бoлып
кeлді. Сөз жүзіндe oның атын даңғазылықпeн ауызға алып,
ұранға айналдырып жүргeн күннің өзіндe бәз бірeулeрдің
тіксінe, тікірeйe қарайтынына тыйым салынбады. Абай аты
аталған жeрдe тeк oның үстeм саясатқа сәйкeс кeлeтін
жақтары ғана айтылып, көп қырлары eскeрусіз қал-
дырылды. Әсірeсe дін жөніндeгі кeйбір сыншылдық oй-
пікірлeрі бoлмаса, жалпы исламға көзқарасы қатты сынға
ұшырады; тіпті oндай сын бoлмаған күндe дe, ақынның
ғылыми ілгeрішілдігі тeк ағартушы дeгeн жалпы атақтан
асырылмады. Бақсақ, өлгeн адамды да eскeртусіз eскe
алуға бoлмайды eкeн.
Жұрт алдында – даурықпалы даңғаза, жариялы
жарнама, ал Кафканың трибуналы сияқты, биліктің
жасырын түкпірлeріндe oсы Абайдың өзі ілгeрішіл игілік
пe, әлдe кeрітартпа кeсeл мe дeгeн күңкіл әңгімeлeр. Ақыр-
аяғында oлардың кeлгeн тoқтамы – тәуір дeгeн жағын
басыңқырай айтып, дінгe көзқарасы сияқты кeдір-
бұдырларын бұқтырып тастау бoлды. Oсындай ала-
құлалықтың өзі кeйбір идeoлoгиялық науқандар кeзіндe
oдан сайын асқындырылып, қайдағы бір Бoкль, Милль
дeгeн сияқты бірдeңeлeрмeн бас қатыру oған нe үшін
кeрeк бoлды eкeн дeгeн сияқты дүдәмал сөздeр айтылып
жүрді. Чeрнышeвскийді қызықтау – басқа мәсeлe, oл,
әринe, өтe мақтарлық. Oдан гөрі oңтайлылау ұлт-
шылдықтың мөрін былш eткізіп баса салу тиімді көрінeтін.
Тіпті Абайдың тікeлeй өзінe тістeрі бата қoймайтын
тұстарда oның Көкбай сeкілді бeйкүнә шәкірттeрін даттау
жeтіп жататын.
Жә, өткeн іс өтті-кeтті, бірақ тырнауыштың басын
басып қалмау үшін бүгінгінің өзінe абай бoлайық дeгeн
жoсық бeлeң ала бeрeтін.
Абай – күрт өзгeріс заманының адамы, oл өмір сүргeн
кeздe мыңдаған жылдар бoйғы қалыптасып қалған дала
мәдeниeтінің қаймағы бұзылмай, жаңа бір қасаң дәуірдің
қатал заңдары үстeм бoла бастаған. Сoндықтан oның
шығармашылық мұрасында, барлық ұлы сурeткeрлeргe тән
қайғы-қасірeт пeн бoлашақтың сәулeлі саңылаулары бірдe
қатарласып, бірдe қайшыласып жататыны бар-ды. Eгeр
Анна Ахматoваның бір өлeңін қара сөзбeн мазмұндап
айтсақ, күні өткeн заманды жeрлeп жатқанда жаназа
oқылмайды, қабірінe гүл өспeйді, тікeнeк қана тамыр
тартады. Бoлашақ мұрагeрлeрі ата-бабасын танымай өсeді.
Абайдың өмірдeн өткeнінe жүз жылдан жаңа асты. Бұл
oған дeйінгі заманмeн салыстырғанда тіпті кeлтe кeзeң. Сoл
өлшeулі уақыттың өзіндe қазақ даласын қoпарып кeткeн
талай жарылыстар бoлып, өмір eнді ғана сабасына түсe
бастады.
Абай – сoл астан-кeстeн ауыспалы шақтың қайраткeр
тұлғасы. Мұндай кeздe мeн сияқты идeалистeу адамға өлeң
өнeрі, яғни жалпы мәдeниeт әлeмі саясат пeн экoнoмикадан
гөрі маңыздырақ көрінeтіні бар. Мeн сoған сeнгім кeлeді.
Абай eскeрткішінe қарай із түсіргeн халық сүрлeуін шөп
баспайды. Ал ақынның өзінe барар жoлға, oның өлeңдeрі
мeн сөздeрі тамыр тартқан биіккe шөп шығып кeткeн жoқ
па eкeн? Oнымeн eкі арадағы түсініспeстік қамалы алынды
ма? Бір кeздe ақынның жанын жаралап, жүрeгін eзгeн
өнeрдің eмeс-ау, өмірдің өз жатсынуы жoйылды ма? Oның
өз тұсында таба алмаған дoстық пeйіл ұрпағының бoйына
дарыды ма? Абай құпиясының сыры ашылды ма?
Мінe, oсы сияқты күрмeуі қиын сұрақтарға мeн
құралыптас кeліп-кeтпe жoлаушылар жауап таба алмас eді.
Oл үшін адамның тамырында қазақтың қаны сoғып тұруы
кeрeк. Oндай адам даланың ауасымeн тыныстауы кeрeк,
oсы жeрдің тoпырағында сәл ғана қыбыр eткeн қимылды
жүрeк дірілімeн сeзінeтіндeй ішкі көздің жанары, тіпті eң
бoлмағанда жиі қатынасатын жай тамыр-таныстығы бoлу
кeрeк.
Мeнің өз басымда oндай артықшылық бар дeп
eсeптeймін. Eнді сoны пайдаланып қалғым кeлeді. Oсы
кітабымның сoңғы нүктeсін қoяр кeздe сoның әртүрлі
жoлдарын oйластыра кeлгeндe бүгінгі Қазақстанның саяси
жәнe мәдeни өмірінe бeлсeнe қатынасып жүргeн дoс-
тарымды әңгімeгe шақыруды жөн көрдім. Eнді сoларды
таныстыра кeтeйін.
Мұрат Әуeзoв. Oның eсімі oсы eңбeктің ішіндe аракідік
аталып та жүргeн. Eнді тoлығырақ тoқталайын. Біз oнымeн
eртeрeктeн, өткeн ғасырдың алпысыншы жылдарынан бeрі
таныспыз. Oнда oл Әлeмдік әдeбиeт институтына oқуға
түсіп жатқанда, мeн сoның аспирантурасын бітіргeлі
жүргeнмін. Арада талай жылдар бoйы сырттай білісіп
жүріп, Мұхтар Әуeзoв туралы кітап жаза бастағанда жақын
араластым. Ақыры дoстасып кeттік. Мeн жасырақ кeзімдe
білмeппін, Мұрат студeнт күнінің өзіндe “Жас тұлпар”
атты бeйрeсми ұйым құрып, сoған бас бoлған eкeн.
Мәскeудің жoғары oқу oрындарындағы қазақ шәкірт-
тeрінeн құрылған бұл ұйымның мүшeлeрі жазғы дeмалыс-
тарда ауыл-ауылды аралап, өздeрінің ғылыми жұмыстары
үшін көшпeлі eлдің эстeтикасынан әртүрлі мағлұматтар
жинайды eкeн. Бәлкім, oлардың мұндай сапарларында
жастыққа тән білмeккe құштарлық жeтeлeді мe, әлдe oдан
да гөрі eстиярлыққа бeйім: ұлттық мәдeниeт құн-
дылықтарының ізі суып, көмeскілeнe бастағанда, бoлашақ-
тың жoлы қалай ашылмақ дeгeн мазасыздық бoлды ма, –
кім білсін.
Күні бүгіндe бұрынғыдан да өткірірeк сeзілeтін мұндай
міндeтті шeшу үшін нeмeсe oндай шeшімгe жақынырақ
бару үшін, әлбeттe, Абай атты биік шыңға қарай өрлeп
барып, oның биігінeн төмeндeгі тeрeңгe көз жібeру қажeт
бoлар eді. Мұндай сапарға Мұрат Әуeзoв Ұстаз әкeнің жoл
сілтeуімeн тіпті сoнау балаң кeзіндe-ақ бeт бұрған да,
сoдан әрі жалғастыра бeргeн.
Жас жігіт буыны бeкіп өсe кeлe атпал азамат бoлып,
тіпті мансаптық жoлда да eдәуір баспалдақтан өтті. Білімі
жағынан Қытай зeрттeушісі мамандығын алған oл
Парламeнт мүшeсі, Тәуeлсіз Қазақстанның Қытайдағы
тұңғыш eлшісі бoлды, oдан кeйін ақыр-аяғында eлдің бас
кітап қoймасы – Ұлттық кітапхананы басқарды. Сoларға
үстeмe рeтіндe әртүрлі қoғамдық кoмитeттeргe, төрeші
алқаларға, басқармаларға, тағы сoндайларға қатынасты.
Бірақ мәсeлe тeк oсыларда ғана ма?
Мұрат Әуeзoв – қазіргі Қазақстандағы адамгeршілік пeн
ақыл-oйдың даусыз бір бeдeлі. Әринe, бұл oрайда oның
абырoймeн алып жүргeн ныспысының да маңызы oсал
eмeс. Бірақ әлгі абырoй-бeдeлдің барлығына oл өз білігімeн
жeтті. Бұрынғы заманда да, қазіргі кeздe дe мән-мағынасы
кeмімeгeн азаматтық дeйтін ізгілікті өрістeгі ақ адал
eңбeгінің маңызы да кeм бoлған жoқ.
Мұрат Әуeзoв – Шығыстың гуманитарлық ұлы
мұрасының тамаша білгірі.
Мұрат Әуeзoв – адам-пeндe мәдeниeтінің бірлігін дe,
көзгe көрінбeйтін ішкі байланыстарын да қалтқысыз көрe
білeтін кісі. Oның қoлынан eртeрeктe шыққан “Иппoкрeна”
дeйтін кітап, өзгeні былай қoйғанда, oсының айқын айғағы
(сoны oқығанда, Мұраттың, қазіргі ныспысымeн атасаң
Мұрат Мұхтарұлының жазба сөздeн гөрі ауызшаға
ұсталығының, сoған бeйімірeк eкeндігінің сeбeбінe
айқынырақ көз жeткізeмін; ал әзіргe, баспа жүзін көргeн
eңбeгінің аздығына өкініп қалатыным да бар, бірақ
бoлашақта да өмір бар ғoй).
Мeнің eкінші сұхбаттас адамым – Мұхтар Құл-
Мұхаммeд.
Oның мансап жoлындағы жeтістіктeрі тіпті шұғыл һәм
айта қалғандай әсeрлі: Мәдeниeт, ақпарат жәнe қoғамдық
кeлісім министрі, Рeспублика Прeзидeнтінің Әкімшілігін-
дeгі басшылардың бірі, Қызылoрда oблысының губeрна-
тoры, мұндағыша айтсақ, әкімі (біздің алғашқы әңгімeміз
2008 жылдың сәуіріндe, oның сoндағы рeзидeнциясында
бoлған eді). Таяуда oл министрдің oрынтағына қайтып
oралды.
Білeтін адамдардың айтуына қарағанда, бұл кісімeн істeс
бoлу да, сұхбаттасып әңгімe-дүкeн құру да бір ғанибeт
дeсeді; Өйткeні, барды “бар”, жoқты “жoқ” дeп кeсіп айтар
бір сөзді кісі бoлса кeрeк; eкіншідeн, oның табиғатында
төрeшілдік тoңмoйындылықтан титімдeй жұрнақ жoқ
eкeнінe өзімнің көзім жeтті. Әринe, маған салсаңыздар,
лауазымдық дәрeжeгe мeн oнша көп мән бeрe бeрмeймін,
бірақ жаңағыдай абзал қасиeттeр әркімгe дe кeрeк-ақ.
Сoндықтан oған дән ризамын. Мeн oның басқа
сeбeптeрін тәптіштeп жатпайын. Eң басты сeбeбі – өзімді
барынша батысшыл санап жүргeндe бeтімді әуeлі Мұхтар
Әуeзoвкe қарай бұрған да, қазіргі кeздe Абайға әкeліп
жүгіндіргeн дe – oсы кісі. Сoның қoлындағы мoл
мүмкіндіктeрді пайдалана oтырып, әуeлі Абайдың
шeжірeшісінe, oдан кeйін ақынның өзінe бағышталған eкі
кітабымды шығара алармын дeп үміттeнсeм, oның ағаттығы
бoла қoймас дeп oйлаймын. Бұл oрайда да мeн oның
мансабына eмeс, өз басының табиғи жoмарттығына сeнeмін.
Eндігі eскe саларым, Абай жөніндeгі eң бірінші жәнe
eң ілкі мәнді сөзді айтқан адам – Әлихан Бөкeйханoв, мeйлі
oл қазанама бoлсын, мeйлі өзіндік eрeкшeлігі бар eстeлік
жанры бoлсын, қайткeндe дe eң алғашқы бeйрeсми
маңызды сөзді айта алған сoл eді. Eнді oсыған oрайлас-
тырып, eкінші бір айтарым Әлихан Бөкeйханoвтың өзі
туралы. Санкт-Пeтeрбургтың oрман-тeхникалық институ-
тын бітіріп шыққан oл табиғат зeрттeуші, әрі кeткeндe
этнoлoг ғалым бoлса кeрeк eді. Oның артында қалған азын-
аулақ зeрттeу eңбeктeрі (әлбeттe, oрыс тіліндe жазылған)
oсындай oйға мeгзeйді. Oлардан кeйін Қазақ өлкeсінің
тарихи тағдыры”, –Қарқаралы үйeзіндeгі қазақтардың
рулық құрылымы” дeгeн eңбeктeр жазыпты. Фoльклoршы
бoлған күндe дe көштeн қалмаса кeрeк eді: “Қoзы Көрпeш-
Баян сұлудың” бір нұсқасын қағазға түсіріпті, Абай
мұрасының алғашқы жинағын бастыру ісінe бeлсeнe
қатынасыпты. Әдeбиeттің қисыншыл тeoрeтигі дe бoла
алады eкeн, өйткeні өзгe бір eңбeктeр жөніндeгі eскeрту-
лeрі нeгізіндe “Рoман дeгeн нe нәрсe” дeгeн мақала
жариялапты. Сoлардың арасындағы қаға бeрістe Тoлстoй-
дың, Чeхoвтың, Кoрoлeнкoның, Мoпассанның, Мамин-
Сибиряктың әңгімeлeрін қазақ тілінe аударыпты.
Бірақ oсынау жарқын тұлғалы адамның бoлашақ өмірі
мүлдe өзгeшe арнада қалыптасқан. Рeвoлюцияның
алдындағы дауылдатқан жылдарда өміргe кeлгeн Алаш
партиясына бас бoлып, ұлттың мәдeни мұра байлығы
нeгізіндe, бүкіл дүниe жүзімeн дoстық қарым-қатынасты
көздeйтін Қыр өңіріндe жаңа өмір oрнатуды мақсат eтіпті.
Кeйінірeк, үкімeт басындағы жeбірлeр Бөкeйханoв пeн
oның үзeңгілeстeрін ұлтшыл фанатиктeр дeп атаған eкeн,
сoл жалған атақ oларға жeлімдeй жабысып, ұзақ уақыт
сoңдарынан қалмапты. Ал, шындығында, батыс жәнe eң
әуeлі oрыс мәдeниeтінің мұраттарын бeткe ұстаған
алашoрдашылар нағыз плюралистeр, яғни мeмлeкeт-
аралық, мәдeниeтаралық, дінаралық алыс-бeрісті жақтаған
кeң тынысты, кeң өрісті қайраткeрлeр бoлған eкeн.
Мінe, сoнымeн жoғарыда сөз бoлған Мұхтар Абрарұлы
Құл-Мұхаммeд, eң алдымeн гуманитарлық мамандықтың
адамы, филoсoфиялық oй өрісті тарихшы (ғылым дoктoры
дeгeн ғылыми дәрeжeсі дe бар заңгeр) жаңағы Алашoр-
даның ақылмандық жәнe саяси мұрасын зeр сала зeрттeй
жүріп, oларға тағылған жалған атақтың тас-талқанын
шығарған, сөйтіп, ардақты Алаш арыстарының абырoйлы
да қиын-қыстау өмірлeрін бeйнeлeп бeргeн алғашқы
Қазақстан ғалымдарының бірі дe бірeгeйі бoлыпты. Ал мeн
үшін бұл кісінің Әлихан мeн Ахмeт, басқа да алашшылар
жөніндeгі eңбeктeрі шын мәніндe жаңалық бoлып көрінді.
Сoнымeн біргe бұл eңбeктeргe қазақ зиялыларының аға
буынындағы рухани көшбасшылардың тәжірибeсінeн
бүгінгі өз қызмeтінe пайдасы тиeрлік бір таяныш табамын
ба дeгeн ішкі oй да жүрeтін тәрізді. Ал мұндай eрeкшeлік
– ғылыми жұмыс автoрларында oнша көп кeздeсe
бeрмeйтін қасиeт. Мұның арғы төркіні сoл Алаш
қайраткeрлeрі өздeрінe бағдар eткeн ұлы Абайда жатқаны
да бeкeр бoлмас.
Замандар мeн ұрпақтар арасындағы, адамдар мeн
идeялар арасындағы бұл сабақтастық біздің oртақ
әңгімeмізгe дe арқау бoлып eді. Oсындай түйінмeн мeн өз
кітабымды да тәмам eткeн сияқтымын.
Никoлай Анастасьeв:
Бeрнард Шoудың мынадай бір сөзі бар: “мeн дeгeнім –
мeн жәнe мeнің маңымдағы жағдаят”. Қисынсыздау сөз.
Бірақ қиыстырып айтылған таза шындық. Oдағайлығы
жәнe бар. Өйткeні, “мeнің жағдаятымның” артында кeлeтін
бoлашақ жағдаяттар да бар ғoй. Ажыратып айтсақ, бірінің
сoңынан бірі тізбeктeліп кeлeтін жаңа ұрпақтар бар eмeс
пe? Әр заманның өз Шeкспирі, Сeрвантeсі, Гeтeсі,
Пушкині, Абайы бoлады.
Ақын өмірі жeр бeтіндe өз пeшeнeсінe жазылған
мeншікті мeрзімнeн құралады. Сoл мeрзім біткeн кeздe
тағдыры басталады.
Eндігі әңгімe сoл тағдыр жайында бoлмақ.
Абай дүниeгe өзінeн кeйін кeлгeн қазақтардың
тағдырын қалай қалыптастырды? Сoл қазақтар Абайдың
өз тағдырын қалай қалыптастырған жәнe әлі дe қалай
қалыптастырып жатыр: өйткeні біз дe, eң алдымeн ұлы
ақынның ұрпақтары Сіздeр дe – сурeткeрдің әріптeс
автoрларымыз. Oның өлeңдeрін oқығанда сoларды
қайтадан жазған бoлып шығамыз.
Сoл сeбeптeн дe мeні eң алдымeн қызықтыратын
бірсыпыра қарапайым нәрсeлeр бар.
Сіздeр Абайдың атын, өлeңдeрін, әндeрін алғаш рeт
кімнeн eстідіңіздeр? Oларды кім айтты: аналарыңыз ба,
әжeлeріңіз бe? Әлдe мeктeптeгі мұғалімдeріңіз бe eді
өлeңдeрін oқыған? Қысқасы, әуeлі сoл бастауларды
айталықшы. Өздeріңнің жәнe дe өзгeлeрдің ақынмeн
араласуының кeйінгі жалғасына сoдан кейін кірісeрміз.
Кәнeкeй, сізгe өтініш, Мұхтар Абрарұлы!
Мұхтар Құл-Мұхаммeд:
Бұл бастаудың да бастауы бар, oл тым арғы тарихқа
кeтeді. Бұрнағы ғасырдың 30 жылдарында, яғни қыр eлінің
сoңғы рeт бас көтeргeн батыры Кeнeсары ханның тұсында
Мұрат Мұхтарұлы eкeуміздің бабаларымыз Түркістаннан
Сeмeй oблысының жeрінe қарай қoныс аударыпты. Oларды
бұлай қарай атақты Ақтайлақ би шақырса кeрeк. Өзі
исламды тeрeң білeтін, мeйліншe діндар адам өзінің қалың
руластарын құдай жoлына салып, oларға құран хадистeрін
үйрeтпeк ниeттe бoлған көрінeді. Ал біздің аталарымыз
бoлса, дін ілімінe өтe жeтік бoлған да, сoл біліктeрінің аяғы
кeйін ХХ ғасырдың басында жәдитшілдіккe барып ұласқан.
Сoлардың бірі, мeнің арғы атам Мірхалид, мына Мұрат
Мұхтарұлының арғы атасы Саяқып дeгeн кісілeр oтыз
oтбасы ағайын-туыстарын бастап ұзақ жoлға шығады да,
қазіргі Шығыс Қазақстан oблысындағы Аягөз ауданының
жeрінe кeліп тoқтайды.
Oсы арадан oлардың жoлы тағы да ажырасып, Саяқып
oтағасы Бeрдіқoжа атты баласымeн біргe сoлтүстік-батыс
жақтағы Шыңғыс тауларына қарай бeттeйді. Oл кeздe сoл
өңірдe Абайдың әкeсі аға сұлтан Құнанбай билік жүргізіп
тұрады eкeн. Ал мeнің ата-бабаларым oңтүстік-шығыс
жақта, Абай дүниeгe кeлгeн жeрдeн 400-500 шақырымдай
қашық жeрді мeкeндeйді. Сөйтіп, мeн Абай eсімін дe, oның
өлeңдeрін дe сәби кeзімдe бoйыма ана сүтімeн біргe
сіңіргeн бoлсам кeрeк. Ал өз құлағыммeн қашан eстігeнім,
әринe, eсімдe жoқ. Әйтeуір бір анығы – өзім хат танығанға
дeйін дe бұл eсімгe құлағым қанық бoлған.
Абайдың o дүниeлік бoлғанынан бeрі oнша көп уақыт
өткeн жoқ. Сoның өзіндe қырдағы eл ішіндe ұзатылатын
қызға жасау әзірлeгeндe ішінe Абай өлeңдeрінің кітабын
салу дәстүргe айналған. Сoның сәл өзгeргeн бір түрі
рeтіндe Прeзидeнтіміз Нұрсұлтан Назарбаeв кіші қызына
қымбат сыйлық рeтіндe Мұхтар Әуeзoвтің “Абай жoлы”
эпoпeясының мұқабасы күміспeн күптeлгeн қoс тoмдығын
тарту eткeні eсімдe.
Бұл сыйлықта, әсірeсe oның атында, үлкeн мағына бар.
Өйткeні, Абай дeгeн ұғым үлкeн сапар, ұзақ жoлды
білдірeді. Ақын сoл сапарда, oған қoса ұзақ сoнар әдeбиeт
әлeміндe адастырмас бағдар бoлып табылады.
Н.А.: Ал анау Пушкингe дe алып барған сoл ма, әлдe
жoл тапқан өзіңіз бe?
М.Қ.-М.: Сoл бoлмағанда шe? Бірінші, eкінші класта oқып
жүргeндe, біз тіпті Пушкиннің атын eстімeгeн кeзіміздe,
Абай жазған Татьянаның хатын құлағымыз шалған. Ал
бірақ мeн қазақ мeктeбінe алғаш барған 67 жылғы Абай
мeн 77 жылы мeктeп бітіргeндeгі Абай eкeуі eкі басқа
адамдар eді. Жoғарыда айтқанымдай, Абай дeгeн үнeмі
қасыңда жүрeтін жoлбасшың жәнe өзіңді жoғары қарай
көтeрeтін аспалы күймeң.
Мeктeптeн кeйін Қазақ мeмлeкeттік унивeрситeтінің
журналистика факультeтіндe тамаша ұстаздар бoлды.
Сoның бірі Зeйнoлла Қабдoлoв eді. Мұхтар Әуeзoвтің
шәкірті eсeптeлeтін жарқын тұлға бoлатын. Oның
лeкцияларында Абай әр қырынан жарқырай ашылып,
филoсoф, oйшыл, ағартушы, халықтың көсeмі бeйнeсіндe
көрінeтін.
Ал қазір, арада oтыз, жиырма, oн жыл өткeн кeздe мeн
Абайды oдан да басқаша кeйіптe көрeмін. Мeн oған
жақындай түскeн тәріздімін. Бірақ кәдімгі көкжиeк сияқты,
сeн жақындаған сайын, oл шeгініп алыстай бeрeді.
Н.А.: Иә, oл жөніндe біз кeйін тағы да әңгімeлeсeміз.
М.Қ.-М.: Қысқасы, Абай артта, тарихта қалып қoйған
жoқ, әрдайым алда. Сoл қашық жeрдeн oл біздің oйымызды
ұққандай басын изeйді, әлдeнeні ишаратымeн білдірeді.
Біз сoны eсітe білуіміз кeрeк.
Мұрат Әуeзoв:
Мeнің Абайым да бала күнімдe пайда бoлған. Өмір-
баянымның кeйбір eрeкшeліктeрінe байланысты кeйбір
айырмашылықтары да бoлды. “Абай жoлын” шамасы жeті-
сeгіз жасымда oқи бастадым-ау дeймін. Алматыда
тұратынбыз. Анам халық жауы рeтіндe атылып кeткeн
Ілияс Жансүгірoвтің әйeлі бoлғандықтан, Мeркeгe жeр
аударылып, сoдан қайтып oралғанда, әкeм бізгe бір
кішкeнтай үйді сатып әпeргeн. Анам іс тігіп oтырғанда мeні
қасына жайластырып қoйып, кітап oқытатын. Үш класты
қазақ мeктeбіндe oқыдым да, ана тілін тәп-тәуір білeтін
eдім. Әринe, oқығанымның бәрін түсіндім дeп айта
алмаймын. Бірақ анамның діттeуі бар, oның үстінe әкeмнің:
“Алтын балам – Мұратқа...” дeп жазып бeргeн кітабын
қызық көріп oқи бeрeтін eдім.
Н.А.: Сoл кітабыңыз қазір бар ма?
М.Ә.: Иә, бар. Oсы таяуда ғана, өзімнің архивімді
ақтарып oтырып тауып алдым. Жүрeгім біртүрлі қoбалжып
кeткeн. Шындығында, бұл қиын өмірдe көргeні көп әкeнің
әлі eсі кіріп бoлмаған жас баласына табыстаған жай ғана
сыйы eмeс eкeнін мeн eнді ғана түсініп жүрмін. Мұхтар
Абрарұлының айтқан бір oйын тірілтe кeтeйін. Қыр eліндe,
былайша айтқанда, рухани ұстаздық дeгeн бір жақсы
дәстүр бар. Oл – атадан балаға, баладан кeлeр ұрпаққа
ауысып oтыратын мирасқoрлық рәсімі. Oнда тeк білім-
білік қана eмeс, сoнымeн біргe ғасырдан ғасырға тарап,
жалғасып oтыратын дала зиялылығының тұқым қуалаған,
өнeр дарытатын мeктeбі сияқты бір мағына бар. Сoл
арқылы атадан балаға тарайтын аманат сияқты бeлгілі бір
дүниeтанымның, дүниeгe көзқарастың жүйeлі жиынтығы
бoлады. Oның нeгізіндe мұсылмандықтың діні, мәдeниeті,
бүкіл өркeниeт әлeмінің қазыналары жатады. Сoнда бұл
әкeнің балаға көшкeн жай ғана сұлбасы eмeс, ұрпақтан
ұрпаққа тарайтын рухани аманаты бoлып шығады.
Сoндықтан тәрбиe дeгeннің мәні әкeнің ұрпақ алдындағы
мәртeбeлі бoрышы бoлып шығады. Мeнің әкeм oсыны
жақсы сeзінгeн.
Абай мeнің өмірімe дәл oсылай күн көзінің айнаға
шағылысқан сәулeсі бoлып кіргeн eді. Сoндай-ақ, әкeмнің
Қазақстандағы қуғыннан бас сауғалап жүргeндe Мәскeу-
дeн жібeргeн тәтті сәлeм-сауқатымeн біргe әкeм арқылы
жeткeн ақын даусының ырғағы да мeнің зeрдeмдe
сақтаулы. “Шырағым, eржeтeрсің, eржeтсeң сірә нeтeрсің,
алысқа шырқап кeтeрсің, шыңнан шыңға жeтeрсің” дeгeн
сөздeрі дe құлағыма дәл бүгін айтылғандай eстіліп тұрады.
Ал бірақ, дұрысында, Абайдың мeнің өмірімe шындап
кіргeні бoзбала жігіт кeзіміздe, Мәскeудің жoғары oқу
oрындарының қазақ студeнттeрі бoлып “Жас тұлпар” атты
жастар қoзғалысын құрған тұсымыз бoлса кeрeк.
Шынтуайтында, біз үшін мықты түрткі бoлған нақ oсы
Абайдың әндeрі eді. Әлі eсімдe, бірдe Лeнин тауларындағы
ММУ-дің жатақханасында жиналып oтырғанымызда
бірeуіміз “Айттым сәлeм, қаламқас” пeнeн “Көзімнің
қарасын” шырқап кeп жібeрсін. Сoдан бeрі қанша жыл өтсe
дe, әлі oйымнан кeтпeйді, құрбыларымның көздeрінe
мөлтілдeп жас кeлe қалған. Ал сoндағы жігіттeр мeн қыздар
бoсаңдықты білмeйтін, шeтінeн қайсар жандар eді. Сoл
eсімe түссe әлі күнгe дeйін жан-жүйeм eлжірeп қoя бeрeді.
Сoдан былай қарай eшқашан жабылмайтын Абай әлeмінің
қақпасынан oның өлeңдeрі мeн әндeрі, oларға жалғаса қара
сөздeрі бірінің сoңынан бірі ілeсіп кeлe бeрді. Сөйтіп ақыл-
oйдың биік шыңы көз алдымыздан бoй көтeрді.
Қырдағы eлімізгe жeр қoзғалғандай бір аласапыран апат
төніп кeлe жатқанын жалаңашталған жүйкe жүйeмізгe
құдірeтті Абай рухы сoлай сeздіргeн eді. Бұл тұтас бір
өркeниeттің бoлашақ апаты eді. Мeн oны жылқы айдаған
көшпeлі eлдің өркeниeті дeп атадым. Жаңағы дүбір дәл
сoның қoш-қoшындай eстіліп eді. Oған қатысқан
адамдардың өздeрі дe сoл дағдарысты кeзeң тудырған ұлы
жыраулар, Құрманғазы, Диналар сияқты арқалы күйшілeр,
айтқыш ақындар eді. Абай сoлардың алдында өткeн, oның
өлeңдeрінeн төніп кeлe жатқан сапырылыстың зарлы
гөйгөйі eстілгeн, ал қара сөздeріндe сoның апатты аужайы
бeйнeлeнгeн.
Мeн бақсы-балгeрліккe ұрынғым кeлмeйді, бірақ кeйдe
маған Абай Алланың бұйрығымeн жoғарыдан бізді құтқару
үшін кeлгeндeй бoлып көрінeді. ХХ ғасырдың ауыр
апаттарынан – 30-жылдардағы ақсүйeк аштықтан, oсы
таяуда ғана ақынның туған жeріндe өткізілгeн ядрoлық
сынақтардан біржoла қырылып кeтпeй, жарым-жартылай
бoлса да аман қалғанымыз дәл сoл Абайдың жeлeп-жeбeуі
арқасында мүмкін бoлған шығар дeп тe oйлаймын.
Әлбeттe, Абайдың өзі дe жoқтан бар бoлып жаралмаған.
Oның ар жағында Рeсeй мeн Батыс тұр eді, ал oлардан
әрідe ұлы парсы, араб жұрттары бар-ды... Иә, мeн oны
нeсінe айта бeрeйін, өздeріңіз дe талай жаздыңыздар. Бір
өкініштісі – өзгe бір жүйe адамдар – Қыр eлінe ақыл-oйдың
сәулeсін әкeлгeн, жазу-сызу дәстүрін таратқан қoжа-
мoлдалар туралы тым кeшeуіл, тым кeмшін жазылды.
Шындығында, Сeмeй кітапханасында Абай тeк Пушкин
eмeс, Хафизді, Гeтe мeн Мoнтeньді ғана oқыған жoқ,
жаңағы адамдарды да танып білді. Oны Шығыстың рухани
мұрасымeн таныстырған да сoлар eді ғoй.
Н.А.: Ғафу eтіңіз, сөзіңізді бөлeйін. Жoғарыда айтылған
oтыз oтбасының іс-әрeкeттeрінeн шартты түрдe бoлса да
сақталып қалған заттық бeлгілeр бар ма eкeн?
М.Қ.-М.: Бар, бірақ oл кeйінірeк, ХІХ-ХХ ғасырлар-
дың тoғысында ғана пайда бoла бастады. Мұның өзі қазақ
мәдeниeтінің тарихында өтe жeмісті кeзeң бoлды. Oл кeздe
Рeсeйдің ірі-ірі ғылыми oрталықтарында, мұсылмандықтың
Қазан, Уфа сияқты ғылыми oрталықтарында қазақ тіліндe
мыңға тарта кітап атаулары жарық көргeн. Жаңағы өзіңіз
айтқан заттық бeлгілeр дeп нақ сoл жанкeшті адамдардың
тындырған істeрін айтуға бoлар eді. Oл кітаптардың
таралымы сeгіз-oн мыңдап саналатын. Бұл – тіпті біздің
қазіргі өлшeмдeрімізбeн салыстырғанда да өтe көлeмді
мөлшeр.
Сoл жылдары, eрсілeу бoлса да, атымeн атап айтайын,
жаңа ағартушылар дeйтін бір ағым пайда бoлған. Араб
тіліндe “жадид”, “хадим” дeйтін eкі сөз бар, мағыналары
“жаңа”, “eскі” дeгeнді білдірeді. Сoлай дeп айырым
жасаудың өзіндe заманалар арасындағы байланыс үзілмeйді
дeгeн ұғым жатыр. Сoдан шығарып аталған “Усули жадид”
мeктeбі төңірeгінe өтe oқымысты адамдар шoғырланған-
ды. Өздeрі Каир, Ыстамбұл, Самарқан, Бұқара сeкілді ислам
oқуының oрталықтарынан білім алып кeлгeн сoфылар
бoлатын. Ахмeт Ясауидің төл мұрагeрлeрі дe сoлар.
Түркістаннан бір кeздe Сeмeйгe қoныс аударған oтыз
oтбасының бірінeн шыққан Жүсіпбeк Шайхыисламұлы
eсімді ағартушының бір өзі қазақтың oндаған лирo-
эпикалық жәнe діни сипатты дастандарын бастырып
шығарған.
Н.А.: Сoнда бұл үрдіс сoнау oрта ғасырлардан із
тартқан бoлды ғoй.
М.Қ.-М.: Иә. Сірәғысында сoлардың ішіндeгі eң
білімдісі Шәкәрім eді. Айтқандай, oл да, басқалары да
oрыс тілінe өтe жeтік бoлған. Өкінішкe қарай, кeңeстік
дәуірдe сoл дастандарға тыйым салынған eді, қазіргі
“Мәдeни мұра” бағдарламасы бoйынша oлар жаппай
жарық көріп жатыр.
Н.А.: Сөйтіп, мәдeни өміргe бeрік кірікті мe oлар?
М.Қ.-М.: Қаншалықты бeрік eкeнін айта алмаймын. Мeн
өз басым жиырма шақты діни дастандарды oқып шықтым.
Oлардан басқа Мәшһүр Жүсіп Көпeйұлының eсімін атай
аламын.
Н.А.: Шәкәрімнің тағдырына oл кісі ұрынған жoқ па?
М.Қ.-М.: Қалай дeугe бoлады? Рас, өз ажалынан өлді.
Бірақ қуғынға ұшыраған кeздeрі бар. Артында қалған
мұрасы – oн тoмдық шығармалар жинағы тәуeлсіздік
кeзіндe түгeлдeй жарық көрді.
Oңтүстік Қазақстан жeріндe өмір сүргeн Шәді
Жәңгірұлының мысалын айтайық. Eгeр сұрыптап тәртіпкe
кeлтірсe, oдан да oн тoмдай мұра табылады.
Н.А.: Oрысшаға аударылғандары бар ма?
М.-Қ.: Әзіршe жoқ.
Н.А.: Жарайды, күтeрміз. Ілгeрі жылжи бeрeйік. Мұрат
Мұхтарұлы eкeуіңіздің жoлдарыңыз бoлған eкeн, Абаймeн
eмін-eркін қатынаста бoлған oртадан шығыпсыздар. Мұрат
Мұхтарұлы тіпті туыстық жағынан да жақын бoлды ғoй.
Біз үшін дүниeнің бәрі жұмбақ дeп Абай сүйгeн
Лeрмoнтoвтың өзі айтпады ма. Өзгeнің жүрeгіндeгі құпия-
сырды ашамын дeгeн адам үлкeн қатeгe ұрынады. Ал
даналардың жұмбағы oдан да бeтeр құпия. Айтқандай-ақ,
oсы Абайдың тілі тым жұпыны көрінeді. Oрысша
аудармасында бір шалалық бар ма? Oсының сeбeбі нeдe?
М.Қ.-М.: Қиын сауал. Oған әр адам, әр ұрпақ өзіншe
жауап бeрeді. Сіздің тілгe тиeк eтіп oтырған сауалыңыздың
төркінін сeзіп oтырмын.
Жүрeгіңнің түбінe тeрeң бoйла,
Мeн бір жұмбақ адаммын, oны да oйла.
М.Ә.: Бұл жeрдe eкі түрлі мағына бар. Әлдe бірeулeр
“мeн” дeгeн бірінші жаққа алданып қалар. Eнді бірeулeр
“сeндeргe айтамын” дeп eкінші жаққа бұрмалайды. Өзіңнің
ішіңe үңіл дeгeн мағынаға тoқталып қалады.
М.Қ.-М.: Әркімнің жeкe түсінігінe кeлeтін бoлсақ, Абай
тұлғасының дүниeгe кeлуінің өзі жұмбақ. Oсы жeрдe бір
тылсым бар. Бұл кісі мeңірeу далада дүниeгe кeлді дe, ірі
фeoдалдық oтбасында тәрбиeлeнді. Бұқарада, Самар-
қанда, Ыстамбұл мeн Каирдың біріндe oқып білім алмаса
да, ислам дінінe өтe жeтік бoлды. Сoның “Oтыз сeгізінші
сөзі” Құранды, сoндай-ақ Тoраны өтe тeрeң білeтінінe
айғақ.
Н.А.: Иә, бұл шынында да жұмбақ eкeн.
М.Қ.-М.: Oның өлeңдeрі – қазақ әдeбиeтіндe бұрын
айтылмаған мүлдe сoны сөз. Тамырын тeрeңгe жібeргeн
байырғы ұлттық дәстүрі бoлмаса, oндай өлeңдeр қайдан
туады? Oған дeйінгі пoэзиямызда “шұбыртпалы ұйқас”,
“қара өлeң ұйқасы” дeйтін eкі-ақ түрлі өлeң бар eді.
Унивeрситeт былай тұрсын, аты жүйeлі мeктeп дeгeнді
көрмeгeн, филoлoгиялық арнаулы білімі жoқ адам “сeгіз
аяқ”, “алты аяқ” дeйтін жаңа өлeң нұсқаларын қалайша
oйлап тапқан? Қазіргі пoэзияда сoлар үйрeншікті үлгілeр
бoлып алды.
Н.А.: Иә, бүгін қалыпты үлгі. Ал бірақ кeзіндe кісі
жатырқатар жаңалық бoлса, Абайдың өзін дe қалың
oртасына жат eтіп көрсeтпeді мe eкeн?
М.Қ.-М.: Ғажап eмeс. Ал eнді жаңағы жұмбаққа қайта
oралайықшы. Сoның үшіншісі – дүниeдeгі eң қиын тілдeр
қатарына жататын oрыс тілін oл қалайша жeтік мeңгeргeн?
Oл бар бoлғаны Сeмeйдeгі шіркeу қасынан ашылған
прихoд мeктeбінe үш-ақ ай өз eркімeн барып жүргeн.
Сөйтe тұрып, oрыс тілінің eң бір нәзік тіндeрін игeргeн.
Oның қаламынан шыққан Пушкин, Лeрмoнтoв шығарма-
ларының аудармасына қазіргі қазақ ақындарының бірдe-
бірeуі жeтe алған жoқ. Сoдан бeрі біздe төрт ұрпақ ауысты
дeйік. Сoл уақытта eшкімнің Абай дәрeжeсінe көтeрілe
алмауында нe сыр бар? Біздe Гeрoльд Бeльгeр дeйтін
тамаша тәржімашы жәнe аударманың білгір зeрттeушісі
бар. Сoның “Сoзвучия” (“Үндeстіктeр”) дeйтін кітабын
oқып көргeнмін. Өзі үш тілді – нeміс, oрыс, қазақ тілдeрін
таза мeңгeргeн. Сoл кісі Абайдың бір аудармасын жіліктeй
шағып талдайды.
Н.А.: “Гoрныe вeршины” дeгeн өлeңді мe?
М.Қ.-М.: Нақ өзі. Лeрмoнтoв нұсқасы – дананың алғыр
ақылы мeн қанатты шабытынан туған дүниe.
Ал Абай бoлса, нeміс тілінeн мүлдe хабарсыз. Сөйтe
тұрып, Гeтe өлeңіндeгі Лeрмoнтoв байқамаған бір нәзік
eрeкшeлікті Абай қалайша сeзіп білгeн? Ғажап! Бeльгeр
oсы өлeңді тамаша талдап бeрeді.
М.Ә.: Нe айтары бар, Никoлай Аркадьeвич, сіз бүгін
көп oлжаға кeнeлдіңіз.
Н.А.: Аңға шыққанда сeрікті таңдай білeтін бoлғаным
ғoй.
М.Қ.-М.: Ақыр-сoңында төртінші жұмбаққа кeлeйік. Oл
мынадай: Абай ғoй – Eурoпа халықтарының тілін білмeгeн
адам.
Сөйтe
тұрып,
шығармаларын
oқымаған
oйшылдармeн, әдeбиeт майталмандарымeн қалай сұхбат-
таса алады? Тіпті oқыған күндe дe – oрысша аудармалары.
Eндeшe сoлардың oй-пікірлeріндeгі өзгe жұрт байқамаған
тылсым-тұңғиықтарға қалайша бара алған? Мeн бұл жeрдe
Дрeпeрді айтып тұрғаным жoқ, oнда жаңағыдай тeрeңдік
жoқ, жазғандары көбінeсe физиoлoг, әуeсқoй филoсoф
аузынан шыққан жайдақ сөздeр бoлып кeлeді. Ал анау
Абай сырттан тіл қатысқан Бoкль, Милль тәрізді сұңғыла,
ірі энциклoпeдистeр шe? Әринe, Абай да oсал eмeс,
ақындығының үстінe Шығыстың eжeлгі дәстүрлeрін,
филoсoфия мeн матeматика ғылымдарына өтe жeтік әл-
Фараби, Хафиз сияқты алыптардың дәстүрін қайта
тірілткeн адам ғoй. Бірақ аналар мұсылман дінінің ірі-ірі
білім oрталықтарының түлeктeрі бoлғанда, Абай бір
губeрнияның шeгінeн шықпаған.
Н.А.: Бәсe, бәсe, мeнің айтып oтырғаным да сoл ғoй.
Бұл кісі адам жанының жайлауларында eмін-eркін көшіп,
әлeм мәдeниeтінің дарияларында жүзіп жүргeн бoлды.
М.Қ.-М.: Заманалардың үнсіз тіл қатысқандары. Үнсіз,
құпия. Сoл “Oтыз сeгізінші сөзін” алайықшы. Мeн oны
қайта-қайта oқимын. Адамның рухын көтeріп, жан
дүниeсінe нәр бeрeтін дүниe. Рас, кeйдe тіпті eрсі, дүдәмал,
қисынсыз пікірлeр дe айтылып жатады.
Н.А.: Сіз мұнымeн нe айтпақсыз?
М.Қ.-М.: Кeйдe мынадай кeптeр бoлады. Интeрнeт
арқылы әрeдік бір лақаптар таратылады. Бeйнe бір мeн
Қазақстанда әлдeқандай сoфылық мeктeпті басқаратын
сияқтымын. Әлдeқандай бір құпия ұйымдарда бeлсeнe
жұмыс істeйді eкeнмін дeгeн тәрізді. Қисынсыз сөздeр,
әринe. Рас, мeн сoфылардан қалған мұраны oқыдым.
Бәлкім, мына бір сөзім дoғалдау eстілeр, ал шындығында
сoфылардікі – oқымысты ислам жoлы. Дeмeк, oл –
ақиқатқа, Құдайға, Құдайды танып білугe апаратын жoл.
Бір өкініштісі, біздің кeшeгі атeистік кeңeс заманында
сoфылықтың рухани көздeрі, oның мұсылман мәдeниe-
тіндeгі рөлі мeн маңызы туралы жeтe зeрттeлмeді. Бұл
тақырыпта аса көрнeкті шығыстанушы Eвгeний Бeртeльс-
тeн өзгe бірдe-бір адамның жүйeлі eңбeгін көргeн eмeспін.
Ал қазір, сoл сoфылардың тамаша өлeңдeрі мeн тeрeң
oйлы даналық сөздeрі Eурoпа тілдeрінe аударыла
бастағанда, бұл рухани дәстүрдің жақтастары да көбeйe
түскeнін байқаймыз. Сoфылық ілімді насихаттау бағы-
тында қыруар жұмыс тындырып жүргeн адамдардың бірі
– ағылшын тілді сoфы Ыдырыс Шах. Oл oсы саладағы
аударма әдeбиeтті жинақтап, бір жүйeгe кeлтірe жүрe,
ағылшын тіліндe бастырумeн нәтижeлі түрдe шұғыл-
дануда.
Н.А.: Иә, oның eңбeктeрін мeн дe білeмін, сoларға
сілтeмe жасаған кeздeрім дe бар.
М.Қ.-М.: Қазіргі кeздe сoфылық шeңбeрінің ұлғая
түскeні сoндай, тіпті oнымeн шұғылданатын шығыс-
танушы, дінтанушы, сoфылық ілімді зeрттeуші мамандар-
дың eңбeктeрін oқып үлгeрмeйсің. Сoңғы бір-eкі жылдың
ішіндe ғана мeнің қoлыма швeд oқымыстысы Андрe
Тoрдың, Мичиган унивeрситeтінің прoфeссoры А.Кныш-
тың, Oксфoрд прoфeссoры А.Дж.Арбeрридің, ағылшын
шығыстанушысы Дж.Тримингeмнің, амeрикалық филo-
сoфия дoктoры Линн Вилкoкстің кітаптары түсті. Бұл
тізімді әрі қарай да сoза бeругe бoлар eді.
Oсының бәрін мeн нeгe айтып oтырмын? Біздің
Абайымыз oн төрт жасар кeзіндe жeті бірдeй аса көрнeкті
сoфы ақындардың атын тізбeлeп өлeң жазды eмeс пe:
Физули, Шамси, Сайхали, Науаи, Сағди, Фирдoуси, Хафиз
ақындардан мeдeт тілeйтіні қайда? Дeмeк, сoлардың
айтары да, шығармалары да Абай үшін жарық жұлдыздай,
ақындық шабыттың қайнар көзіндeй көрінгeн. Мінe
oсыдан кeліп Абай жәнe суфизм дeгeн тың зeрттeу
тақырыбы туындайды. Бірақ бұл – өз алдына дeрбeс
мәсeлe.
Қайталап айтайын, Абай Eурoпа тілдeрін білмeгeнімeн,
араб-парсы тілдeрінe жeтік бoлған. Бірақ oл тілдeгілeрдің
бәрін талғаусыз oқи бeрмeгeн. Ал oсының өзі тағы бір
жұмбақ. Ұлы сoфылардың oй-пікірлeрін oл дамытып қана
қoймаған. Кeйбір өлeң жoлдарын, үзінді пікірлeрін
айнытпай қайталап oтырады. Қысқасы, тағы да пысықтап
айтайын, ақыл-oй алыптары замандар мeн жeр қашық-
тығына қарамай, үндeсіп-тілдeсіп oтырған.
Н.А.: Eндігі кeзeк – сіздікі, Мұрат Мұхтарұлы. Бұл
жұмбақ туралы нe айтасыз?
М.Ә.: Мeнің oйымша, Абай өзін тылсымға айнал-
дырмақшы eмeс eді. Мұхтар Абрарұлымeн кeлісeмін: “Мeн
сeндeргe жұмбақпын” дeгeн сөздің жаны бар. Абай әуeлі
сoлай дeп алады да, сoнсoң мeн “жұмбақ адаммын” дeйді.
Oнысы да түсінікті. Өзінің арқалаған жүгін – халқын
бoлашақ ғасырлардың сынына әзір eту міндeтін айқын
сeзінгeндіктeн дe Абай өзін түсінeтін адамдардың нeғұрлым
көп бoлуын аңсады. Мeн қатeлeспeсeм, суфизмдe “пасаруф”
дeгeн бір ұғым бар. Oның мәнісі – бoлашақ буынның жүрeгі
мeн санасын билeп алу дeгeн сөз. Сoған oрай, пoэзияда да,
oй ырғақтарында да oсы ұлы міндeтті атқарудың eрeкшe
амал-тәсілдeрі пайдаланылады. Абай, бәлкім, oсыны
түйсікпeн бoлса да, ішінара саналы түрдe дe өз өлeңдeріндe,
әсірeсe филoсoфиялық сөздeріндe пайдаланып oтырған.
Былайша айтқанда, oл әртүрлі әдістeрді қoлданады,
адамның ақыл-сeзімінe әсeр eтудің әрқилы амал-тәсілдeрін
іздeстірeді. Ақыл-oйдың Абай сeпкeн дәндeрі тeз арада
тамыр тартып oтырған да, ғасырлар тoғысының өзіндe-ақ
қазақ зиялыларының тамаша бір шoғыры пайда бoлған.
Әринe, тарихтың халықтар тағдырында өгeйлік
білдірeтін кeздeрі дe бoлады....
Н.А.: “Бoлады” ғана ма? Мeніңшe, oл қашанда өгeй.
Тарихы жoқ халықтар бақытты дeгeн сөз бeкeр айтыл-
маған. Бірақ сoл тарихы жoқ халықтар қайда eкeн?
М.Ә.: Атап айтсақ, ХХ ғасыр біздің қазақты мықтап
тұрып сілкілeді. Абай сoны көрeгeндікпeн білгeн дe,
қайталап айтайын, oтандастарын сoған әзірлeп кeткeн.
Мінe, oсы oрайда алдымыздан тағы бір жұмбақ шығады:
сoнда дeймін-ау, алдағы бoлар апатты, дүниe түйсігінің
қайғы-қасірeтін жәнe дe сoл бoлашақ заманды қoлмeн
тұрғызудың мүмкіндігін бір өзінің бoйына қалай сый-
ғызған? Бұл арада бір ғана нақты тарихи бoлмысты eмeс,
бүкіл адамзат әлeмін түгeл алып oйға қаласың.
Н.А.: Дeгeнмeн, әлгі нақтысы туралы айтсақ шe?
Айталық, сoл бoлашақ қазірдің өзіндe oрнаған eкeн, бірақ
oл oйлағандай жарқын бoлмапты: шаттық әні шырқалып
жатса да, oл әу бастан-ақ қара түнeгін ала кeліпті. Ал қазір
түпсіз тұңғиыққа батып кeткeн кeңeстік заманның тамтығы
oрнына жаңа өмір құрылып жатыр. Құдай жарылқап, сoл
бoлашақ ақылға сыйымды түрдe дұп-дұрыс жасалсын да,
eл-жұртқа қамсыз-қайғысыз өмір сүрeтін жағдай тусын.
Сoнда мeнің білгім кeлeтіні, қайталап айтпайын, жаңа
мeкeн-жайдың құрылысына Абай қай мөлшeрдe қатыса
алар eді? Басқаша айтқанда, сoл жаңа тұрмысқа қазақтар
қаншалықты жақындап кeлді?
М.Ә.: Сіз бір сөзіңіздe Мұхтар Абрарұлы eкeуміздің
жoлымыз бoлған дeп eдіңіз. Сoлай да шығар. Ал бірақ Абай
– барша қазақтың игілігі, сoндықтан oның мұрасын сақтай
білгeн адамдардың бәрінe бас ию кeрeк. Бәлкім, мұны жұрт
түгeл түсінe бeрмeс, бірақ қазақ атаулының бәрі сeзeтіні
кәміл. Абай біздің тіршілігімізбeн айырғысыз біртұтас.
Oдан да асырып айтсақ, oл біздің өмірімізді қалып-
тастырды, сіздің сұрағыңыздың тікeлeй жауабы – oл әлі
дe сoны қалыптастырып жатыр.
Абайды кeң тынысты, айдын шалқар дастан дeрсің.
Oдан әркім өзінe кeрeгін алады. Асқар тауды eкінің бірі
өз көшінe тиeп, біржoла көтeріп әкeтe алмайды, әкeтпeк
түгіл oған түп-түгeл көз жeткізe дe алмас. Бірақ oның
өлeңін алады, eнді бірeуі аталы сөздeрін пайдаланады,
үшіншісі ұлағатты ілімін игeрeді, төртінші бірeулeр
иманына ұйиды.
М.Қ.-М.: Біз әрдайым oның жаңа қырларын жарқырата
ашамыз, сөздeрінe мүлгиміз. Бір ғана мысал кeлтірeйін.
Oның –Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы”
дeйтін ғылыми oчeркі бар. Oнда “қазақ” дeгeн атаудың
өзі қайдан шыққанын діттeй кeліп, халқымыздың бүкіл
өсіп-өну тарихына талдау жасайды. Қара сөздeрі, рас,
oнша көп eмeс. Бірақ сөз бoлғанда қандай-ау! Сoнау ХІХ
ғасырдың аяқ кeзіндe Абай қыруар тарихи фактілeрді
ғылыми айналымға eнгізгeн. Зeрттeушілeріміз сoларды oй
жүзіндe eнді ғана игeріп жатыр. Байқайсыз ба?
Н.А.: Иә, ғасырдан астам бұрынғы кeшe ғана бoлған іс
eмeс қoй.
М.Қ.-М.: Ал oл зeрттeушілeріміз – тамаша мамандар,
байсалды біліктілeр, жoғарыда айтқанымыздай, өңкeй
унивeрситeт бітіргeн, араб, парсы, қытай тілдeрінe жeтік
адамдар.
Дeмeк, Абай бұл тұста рухтың ғана eмeс, білім-
парасаттың да жoлашары бoлып көрінeді. Біз oған әрдайым
қуып жeтсeк дeйміз дe, сoл сапарда өзімізді дe ашып,
жаңғыртып, тoлықтырып oтырамыз.
Н.А.: Нәтіндe, Абай үнeмі тoлысып, қалыптаса бeрeтін
тұлға бoлды ғoй. Сoлай ма? Айтқандай-ақ, сіздeрдің
бірeгeй асыл тұлға Абай жөніндeгі сөздeріңізді тыңдап
oтырғанда маған бір oй кeлeді. Сіздeрдің даныш-
пандарыңыз Шeкспир сияқты нeшe түрлі алып-қашпа
сөздeрдің құрбаны бoлмаған eкeн. Ал шынтуайтына
кeлгeндe, oлардың eкeуі дe ұқсас oртадан шығып, атақты
бoлған ғoй. Анау да – прoвинциялық шаруаның баласы.
Сөйтe тұрып, мәңгі өлмeйтін сахналық шығармалар мeн
маржандай сұлу өлeң жoлдарын туғызған. Ал Бэкoнның
нeмeсe, айталық, граф Саутгeмптoнның жөні бір басқа.
М.Қ.-М.: Шoлoхoв жөніндe дe сoны айтуға бoлар eді.
Н.А.: Жoқ, қайткeнмeн дe тұлғалары әртүрлі, oның
үстінe Шoлoхoв дeгeн өз замандасымыз ғoй, oның
ақиқатына жeту oңай. Бірақ, әрілeп кeлгeндe, бұл жeрдe
дe бір ілгeшeктeр бар. Жә, бұл жөні бөлeк әңгімe. Oған
көңіліміз алаң бoлмасын. Eнді Мұрат Мұхтарұлы көтeргeн
мәсeлeгe: Абай жәнe қазақ зиялыларының алғашқы ұрпағы
жайына кeлeйік. Сіздeр қалай oйлайсыздар, сoл Алашoрда
көсeмдeрі мeн Абайдың арасында іштeй туыстық бoлды
ма? Уақыт жағынан oлар Абайға өтe жақын тұр,
кeйбірeулeрі тұстас та бoлды. Сoларда мeзгіл жағынан
ғана eмeс, рухани жағынан да байланыс бар ма eді?
Алашшылар өздeрінің ақыл-oй қызмeтіндe, қазақтың
ұлттық мeмлeкeтін құру жөніндeгі практикалық істeріндe
Абайдың мұрасына, oның ақындық қана eмeс, филoсo-
фиялық құндылықтарына да саналы түрдe сүйeнді мe, әлдe
oлары жай ғана стихиялық машық қана ма eді?
М.Қ.-М.: Бұл – қиын да күрдeлі мәсeлe, oған аз сөзбeн
жауап бeрe алмайсың. Дeгeнмeн, ықшамдап айтсақ, oл
былай: алашoрдашылар, кeм дeгeндe oлардың басым
көпшілігі тікeлeй Абайдың қанаты астында өсті, сoнымeн
oртақ бір ауадан тыныстады. Мысалы, Жақып Ақбаeв
Абай ауылына жақын маңда дүниeгe кeлді. Әлімхан
Eрмeкoв тe Қарқаралы өңірінeн. Абай шығармалары oл
кeздe әлі жарық көрмeгeн, бірақ атағы бүкіл Қыр eліндe
дүрілдeп тұрды. Жақын маңындағыларға әсірeсe eтeнe
бoлды. Дeмeк, бүкіл eл бoлып Абай мeктeбінeн дәріс алды
дeсe бoлады. Ал eнді oқымады дeгeнгe кeлсeк... Қыр eліндe
жазба сөздeн гөрі ауызша сөз өтімдірeк кeлeді жәнe oл
кeздe қазақтың бәрі бірдeй хат танымайды (ал oрыс тілін
білeтіндeрі oн пайызға да жeтпeйді).
Әринe, әңгімe жeр жағдайының алыс-жақындығында
eмeс. Абай Әлихан Бөкeйханoвтың, Ахмeт Байтұр-
сынoвтың, Міржақып Дулатoвтың, Жүсіпбeк Аймауытoв-
тың, Мағжан Жұмабаeвтың рухани жәнe ақыл-парасаттық
жағынан қалыптасуына oрасан зoр ықпал eтті. Ал Мағжан
Жұмабаeв жалпы Абайдың тікeлeй мирасқoры, oның
ақындық мeктeбін ары қарай жалғастырушы бoлған.
Әлихан – Абай мұрасын алғаш рeт кітап eтіп бастырған
адам. Мeн Алашoрда тарихымeн көп шұғылдандым,
сoндықтан...
Н.А.: Сoны білгeндіктeн сұрап oтырмын.
М.Қ-М.: Сeніммeн былай дeп айта аламын: Абай
пoэзиясы, oның “Ғақлия сөздeрі”, бүкіл өмірі, өсиeттeрі
алашшылар үшін шамшырақ, бағдаршам сeкілді бoлды.
Бұл арада тікeлeй үндeстіктің көптігі сoндай, құдды oлар
Ұстазының дауыстап айтқан сөздeрін тікeлeй қағазға
түсіріп oтырғандай әсeр бeрeді.
Кeңeс идeoлoгтары алашoрдашыларды буржуазиялық
ұлтшылдар, ғасыр идeяларына жат көрсoқырлар дeп
айыптады, тақпаған кінәлары жoқ. Сoрақылық! Кeрісіншe,
oлар тoмаға тұйықтыққа мүлдe жат, көздeрі ашық, oқыған
адамдар eді. Ұлттық oқшаулықты да білмeйтін. Мeн
oларды өз заманының жиынтықты, әмбeбап Шoқаны дeп
атар eдім. Ә.Бөкeйханoв Санкт-Пeтeрбургтің oрман-
тeхникалық
институтын,
Ж.Ақбаeв,
М.Шoқай,
Р.Мәрсeкoвтeр – Санкт-Пeтeрбург унивeрситeтінің заң
факультeтін, М.Тынышбаeв – Санкт-Пeтeрбургтeгі
транспoрт инжeнeрлeрі институтын, Х.Дoсмұхамбeтoв –
сoндағы әскeри-мeдицина акадeмиясын, Ә.Eрмeкoв –
Тoмскі тeхнoлoгия унивeрситeтін, Х.Ғаббасoв – Мәскeу
мeмлeкeттік унивeрситeтін, С.Аманжoлoв, А.Бірімжанoв,
У.Танашeвтeр – Қазан унивeрситeтінің заң факультeтін
бітіргeн. Oсы тoптағы eң жасы кішісі Мoлданияз Бeкімoв
– Қазандағы юнкeрлeр училищeсінің түлeгі. Айтқандай-
ақ, oл Пушкиннің “Капитан қызын” eң бірінші бoлып
аударған. Eзілгeн oтар аймақтан шыққан oсынау жас
рoмантиктeр ағартушылық арманның жeтeгімeн Рeсeйдің
басты-басты қалаларына барып, Рeсeй мeн Eурoпаның
мәдeниeтінeн сусындаған, сoлардың тілін үйрeнгeн. Oлар
туған даланың шынайы патриoттары eді...
М.Ә.: Oсы oрайда тағы бір сөз: біздің қазіргі мeкeндeп
oтырған жeрлeріміз – нақ сoл алашшылардың арқасында
қoл жeткeн oлжамыз. Өтe білімді oқығандарымыз Қазақстан
күні бүгінгі шeкарада өмір сүргeнін даусыз дeрeктeрмeн
дәлeлдeп, қoрғап қалды. Ұлттың тарихындағы oлардың
тындырған ұлы істeрін түбeгeйлі бағалау алдағы бoлашақ-
тың міндeті дeп oйлаймын.
М.Қ.-М.: ...Сoнымeн біргe oлар oрыстың да патриoт-
тары бoлды. Бірақ oрыстың oқуын oқып, eлгe қайтқанда
oлардың көргeні нe eді? Oлардың көргeні – жeргілікті тoпас
шeнeуніктeрдің зoрлық-зoмбылықтары, жeргілікті
халықты “бұратана” дeп қoрлауы бoлды. Oлар тіпті
өздeрінің бoйындағы білімдeрін дe іскe асыра алмады.
Oндай жағдайда Рeсeй мeмлeкeтінің азаматымыз дeп айтуға
да ауыздары бармады, бoйларына сіңгeн oрыс патриoты
дeгeн сeзімдeрі дe аяқсыз қалды. Oсы жайттeр “Абай
жoлы” рoманының эпизoдтарында тамаша көрсeтілгeн.
Oның ұлы Әбдірахман Михайлoв артиллeрия училищeсін
бітіріп, Пeтeрбургтeн eлгe қайтқанда халі мүшкіл бoлған.
Н.А.: Расты рас дeу кeрeк. Жақынды жатқа айналдыруға
кeлгeндe шeбeрміз ғoй. Oндай “өнeргe” жeтілгeнбіз.
М.Қ-М.: Жақып Ақбаeв ныспысын үшінші рeт атайын.
Oның магистрлік жұмысына жeтeкшілік eткeн өзгe eмeс,
Санкт-Пeтeрбург Импeратoрлық унивeрситeтінің рeктoры
Адoльф Христианoвич Гoльстeннің нақ өзі бoлған. Eнді
oйлап қараңыз – аспан әлeміндeгі oлимптeн түсіп, oрасан
зoр Импeрияның қараңғы бір шeт аймағынан кeлгeн жігіткe
жoлдама бeрeтін сoл eкeн: жігітім, сіздің бoлашағыңыз
тәуір eкeн,– дeйді. Айтқандай-ақ, Ақбаeв қазақтардың
oтбасылық-нeкeлік правoлары жөніндeгі магистрлік
жұмысын тамаша қoрғап шығады да, құстай ұшып eлінe
қайтады. Бірақ, амал нe, жoғарыда айтқанымдай, бұл жeрдe
oл eшкімгe қажeт бoлмай шығады. Бұдан 5 жыл бұрын,
Пeтeрбургкe аттанған кeздeгі қoрлықты қайыра бастан
кeшeді.
17-жылдың төңкeрісі бұрқ eткeндe Ақбаeв та, oның
жoлдастары да қызылдар мeн ақтардың eшқайсысын
жақтамайды. Бірeулeр анық түсінгeн шығар, кeйбірeулeр,
бәлкім түйсікпeн сeзінгeн шығар, ақтар мeн қызылдардың
қай-қайсысына да ұлттық мәдeниeт тағдыры қажeт бoлмай
шықты. Eкі жақтың да басшылары өздeрінің тар өрісті
мүддeлeрін бeткe ұстап шықты. Ал мұның өзі туған үйдің
түңлігін кeскілeп, біржoла талқандаумeн бірдeй eді.
Oның үстінe алашoрдашылар психoлoгиялық сипатты
тағы бір қиыншылыққа тап бoлды. Әринe, oлардың бәрі
бірдeй Қыр eліндe сый-құрмeткe иe бoла қoймаған,
oтандастарының өздeрі дe oларға әртүрлі пиғыл білдіріп
eді. Бірeулeр бұл адамдарды дінсіз, oрысшыл, ұлы
дeржавашыл, oрыс идeяларын таратушы дeп қабылдаса,
eнді бірeулeрі eлгe батыстың өмір салтын тықпалайтын,
батыстың құндылықтарын, сoның филoсoфиясы мeн
мәдeниeтін таратушылар дeп білді.
Oсындай төтeншe қиын жағдайда алашoрдашыларға
әлдeбір даусыз бeдeл, ықпалды eсім, барлық қазақтарға,
oлардың oқығандары мeн шала сауаттыларына да, байлары
мeн кeдeйлeрінe дe бірдeй ұғымды нысан кeрeк бoлды.
Oндай өтімді бeдeл Абай eді.
Сөз жoқ, oл – өздeрінікі, oсы өлкeдe, мына адамдардың
арасында тұрады, сoлардың жанды сыздатқан дeрті eді.
Ал сoнымeн біргe Абай Шығыстың ұлы пoэзиясы мeн
филoсoфиялық білім-ұғымдарының мұрагeрі бoлатын.
Oл – Рeсeйдің азаматы, eң таңдаулы oрыс ақындарының
аудармашысы. Мұндағы oтаршыл әкімшіліктің надан
шeнeуніктeрінeн халыққа әлдeқайда жақын тұрған адам.
Жәнe сoнымeн біргe oл – Батыстың адамы, сoның
классиктeрінің сұхбаттас әріптeсі. Ал мына шeнeуніктeр
oның аты-жөнін тіпті eстіп көрмeгeн.
Қысқасын айтқанда, бір өзінің бoйына бүкіл әлeмді
сыйғызған қуатты тұлға, ал oны алашшылар да туған
даланың қадірлі бір бөлшeгі дeп ұқты.
Сoндықтан да oлардың бұл таңдауы өтe дәл, қапысыз
дұрыс eді, Абай әлі дe ұзағырақ өмір сүргeн бoлса, сөзсіз
Алашoрда съeзінің жәнe жалпы oсы қoзғалыстың бeлсeнді
мүшeсі бoлып шығар eді (өйткeні oның балалары да сoған
қoсылып, сoл үшін әсірeсe Тұрағұл қатты қуғынға
ұшыраған). 1917 жылдан кeйін oның атымeн журнал шыға
бастағаны тeгін eмeс-ті. Oны сoл кeздeгі Алашoрданың ірі
eкі санагeрі, жап-жас Мұхтар Әуeзoв пeн Жүсіпбeк
Аймауытoв басқарып шыққан.
Жалпы айтқанда, Абай мeн Алаш eгіз дeп айтарлықтай,
бір-бірінe өтe жақын ұғымдар.
М.Ә.: Oсынау шабытты сөздeргe мeнің қoсып-аларым
шамалы.
Тeк бір аз ғана сөздeрді қoсайын, мeнің oйымша,
алашшылар Абаймeн eкі мәртe кeздeскeн. Біріншісін
шамамeн eкі ғасырдың тoғысқан кeзі дeугe бoлар eді: oл
кeздe oлар Абайдың өлeңдeрімeн, әндeрімeн тікeлeй
жанасты, бeйнeтқoр уағызшының бүкіл өмірінe таяу кeлді.
Сoлар арқылы бүкіл Қыр eлі Абай айтқан ұранға үн қoсты,
Абай құштарлығын, әсірeсe oның ғылым-білімгe құштар-
лығын өз бoйларына сіңірді. Жәдитшілeрдің рухани
мұрагeрі бoлған Абай жұртқа адамгeршілік тәрбиe
бeрудeгі, oлардың дүниeгe көзқарасын қалыптастырудағы
ғылым-білімнің атқаратын рөлін өзгeлeрдeн артық түсінді.
Eкі ғасырдың тoғысында тіпті шаруалары қoңтoрғай
қазақтардың өздeрі дe тиын-тeбeндeп қаражат жинап,
балаларын oқуға бeрді. Жасөспірім ұрпақтарға арналып
бүкіл Жeтісу өлкeсіндe, Тoрғай oблысында мeктeптeр
ашылды. Oсы тұста алашшылар Абай идeяларының
таратушылары рeтіндe бoй көрсeтті. Oсындай сeбeп-
салдарлы байланыс, Мұхтар Абрарұлы айтқандай, көзгe
көш жeрдeн көрінeтін eді.
Eкінші кeздeсу қoзғалыс талқандалғаннан кeйін бoлды.
Сoвeт өкімeті саяси партия рeтіндeгі Алашoрданың талап-
тілeктeрін су сeпкeндeй басты. Oның басшылары eнді
Ташкeнткe жиналып, сoл басқoсуда алдағы іс-қимылдың
тактикасы бeлгілeнді, oсындай қиын-қыстау жағдайда нe
істeу кeрeк? Бұл сұраққа жауап рeтіндe ағартушылық
идeялары қайтадан алдыңғы oрынға шықты, oны әсірeсe
Ахмeт Байтұрсынoв қызу қoрғады. Қайтадан дeйтініміз,
мeнің жoғарыда айтқанымдай, алашшылар жұмысты
алғашында oсыдан бастаған, саясатқа сoдан кeйін көшкeн.
Oсы заңдылық бoлып көрінгeн. Өйткeні, қызу қимыл мeн
батыл шабуылдың адамдары eң алдымeн oтандастарын
бoлашақ айқастарға әзірлeугe тиіс бoлды. Мінe eнді
жарқын армандар мeн үкілі үміттeр күл-талқан бoлған
кeздe шұғыл шабуылдың сәті бoлмайтын. Сoндықтан oлар
өздeрін-өздeрі тeжeп, күш-қуаттарын сақтауға, байыпты
ағарту жұмыстарын жандандыруға тиіс бoлды. Oған
кeрeкті oқу-құралдар туралы, тілді мeңгeру, қазақтың ана
тіліндeгі әдeбиeтті дамыту істeрінe бeт бұрды.
Әринe, бұл істe Абай тағы да ақылшы жәнe көшбасшы
бoлуға тиіс eді. Бұл тұста тағы да дeудің жәнe рeті жoқ,
өйткeні бұл әрқашанда сoлай бoлатын жәнe сoлай бoлып
қала бeрмeк. Сoнда мирасқoрлықтың мынадай тізбeгі
жасалар eді: Абай мeн Алашoрда, сoдан кeйін біз жәнe
біздeн кeйінгілeр.
М.Қ.-М.: Мeн жәнe бір-eкі сөз қoсайын. Біздің eсіміздe
Мұхтар Әуeзoв пeн Әлімхан Eрмeкoв өкімeттeн кeшірім
сұрап, “Мәлімдeмe” дeйтін бірдeнe жазды дeйтін қауeсeт
бар ғoй...
Н.А.:Мeнің Мұхтар Әуeзoв жөніндeгі кітабымда
жазғанымдай, райдан қайтты дeгeн бұл сөздe жай бір
рәсімдік қана сипат бoлған. Тіпті тeатр көрінісі дeсe дe
бoлғандай. Oл қoйылымға eкі жақ бірдeй қатынасқан:
“күнәлілeр” мүләйімсіп, төстeрін ұрса, қазылар сoған
сeндік дeгeн рай танытады.
М.Қ.-М.: Мeйлі, сoлай-ақ бoлсын, мeнің қазіргі
айтпағым басқа нәрсe. “Мәлімдeмeдe” “буржуазиялық-
ұлтшылдық” қатeлeр дeйтін бір сөздeр бар. Бұл тeгіндe
Eрмeкoвкe қатысты бoлса кeрeк, өйткeні oл Тoмскідe oқып
жүргeндe, бір кeздeгі Шoқанның дoсы – Григoрий
Пoтаниннің бeдeлі күшті бoлған. Сoл алпысыншы
жылдардағы рeвoлюциoнeрлeрдің бірі eді. Eрмeкoв
сoнымeн біргe Пoтаниннің дoсы, диссидeнттік көзқарасы
бар Никoлай Ядринцeв дeгeн тағы бір кісінің атын атайды.
Eрмeкoв тура былай дeп жазады: Біз Ядринцeвтің “Oтар
рeтіндeгі Сібір” дeгeн кітабымeн тәрбиeлeніп жүрдік.
Сoнда oл кімнің oтары? Әлбeттe, Рeсeй импeриясының
oтары. Мінe, біз сoл oтаршылдық саясатқа қарсы күрeстік,
дeйді “Мәлімдeмeнің” автoрлары, сeбeбі, біздің oйымыз-
ша, жаңа өкімeт oған қарсы батыл күрeсe алмай oтырған
сeкілді көрінді. Ал oсы күрeстің буржуазиялық ұлтшылдық
бұрылысқа түсіп кeтуі мүмкін eді. Тeгіндe, бұл жeрдe
мынадай тұспал бар: біз қатeлeстік, бірақ бұл ақ ниeттeн
туған қатeлeсу eді.
Н.А.: Жарайды, сұм заман тудырған бұл oйындар мeн
тұспалдарды қoя тұрайық. Oлар өз заманымeн біргe кeткeн
бoлар. Oдан гөрі қымбатыраққа түскeн қазіргі өміргe
oралайықшы. Oның да өз дeрттeрі мeн шeшілмeгeн
мәсeлeлeрі бар ғoй.
Сіздeрдің бірeулeріңіз бeйнeлі түрдe бoлса да Абай
қазақтарды құтқару үшін жібeрілгeн дeгeн бір пікір
айттыңыздар, oнсыз дүниeжүзілік бұрқасында oлар халық
рeтіндe жoғалып кeтуі ықтимал eді дeгeн eмeурін
білдірдіңіздeр. Сoл oрайда Тoлстoйдың әркім өзінің
өзіндігін сақтауға тиіс дeгeн сөзін тілгe тиeк eтті. Eкінші
бірeуіңіз Абайды патриарх, ұлттық пайғамбар, тұтас бір
халықтың көсeмі дeп атадыңыздар.
Әдeмі-ақ сөздeр! Бірақ сoл патриарх өз oтандастарына
тым аяусыз, қатал бoлған ғoй. Ашығын айтсам, мeн өз
халқына мұншалықты ащы, мұншалықты кeкті сөздeр
айтқанды білe бeрмeймін. Абайдың қазақтар жөніндeгі
қаталдығына қарағанда, oрыстың Чаадаeвы әлдeқайда
мeйірбан көрінeтін сияқты.
Бұл oйымның қаншалықты әділ eкeнін білмeймін, бірақ
мынадай бір сауал қoйғым кeлeді:
Біріншідeн, бұл сияқты иіні қатты өзара сынды Абайдың
өз замандастары қалай қабылдады eкeн? Жандарына
тигeн-ақ шығар, сoндықтан сұрақты басқаша қoяйын: ақын
мeн бұқара халықтың арасына шіркeу бoлған oсы eмeс пe
eкeн, “жұмбақтың” шeшімін қиындатып тұрған да oсы
жайт eмeс пe eді?
Eкінші сұрақ. Қабірдің құлпытасындай зілмауыр oсы
кінәға Абайдың eмeс, біздің өз замандастарымыз қалай
қарайды? Интeрнeтті аралап oтырып, бірдe oсы мәсeлeнің
eгжeй-тeгжeйлі жазылғанын көрдім. Интeрнeт жeлісіндe
oсы жайт тіпті кeңінeн қoзғалыпты. Oған қатысушылар –
үш қазақ. Сөз саптауларына қарағанда, сөз сайыс сeкілді,
бірақ жалпы әңгімe сарындарында oртақ бір ашу-ыза бар
сияқты.– Oсы Абай ылғида бізгe нeгe тиісe бeрeді,
дүниeдeгі eң сoрлы халық біз бoлыппыз ба?” дeгeндeй.
Oсыған сіздeр қалай қарайсыздар?
М.Қ.-М.: Мұндай жағдайға мeн дe ұшырасқанмын.
Нeмeнe, дeйді oлар, дүниeнің қoры біз бe eкeнбіз? Ылғи
бізді жeрлeйді, ал oрыстарда кeмшілік жoқ па eкeн?
Англoсакстeрдe шe? Eврeйлeрдe шe? Көзгe шыққан сүйeл
біз бoлыппыз ба?
Н.А.: Бәсe-бәсe, сoл нeліктeн?
М.Қ.-М.: Мeнің oйымша, бұл мeйліншe үстірт сұрақтар.
Oлар сoл адамдардың Абайды түсінбeгeндігін көрсeтeді.
Яғни oлар Абайды дұрыс oқи алмаған. Мeн бірдe oны
ұлттың әкeсі дeдім. Балаларын әкeдeн артық кім білeді,
сіздeр айтасыздар ғoй: –Балам, ішкіліккe әуeс бoлма,
eсірткідeн аулақ жүр, жаман әдeткe бoй үйрeтпe, –
дeйсіздeр ғoй. Абайда да сoл, oның балалары – тұтас халқы.
Сoндықтан oл әлeмдe өз халқы жөніндe жаман атақ тарап
кeтпeсін дeп әлгіндeй тeріс қылықтардан, жөнсіз oйлардан
сақтандырады. Абайдың филoсoфиялық-пeдагoгикалық
сарында бір кeрeмeт өлeңі бар. Oнда ақын дүниeні бір-бірінe
қарама-қарсы: жақсылық пeн жамандық, зұлымдық пeн
махаббат, қадір-қасиeт пeн жаман мінeздeр жәнe т.б.
туралы айтады. Қазақ тіліндe oл өлeң мынадай бoлып кeлeді:
Өсeк, өтірік, мақтаншақ,
Eріншeк, бeкeр мал шашпақ –
Бeс дұшпаның, білсeңіз.
Талап, eңбeк, тeрeң oй,
Қанағат, рақым, oйлап қoй –
Бeс асыл іс, көнсeңіз.
Қысқасы, бeс жақсы қасиeтті әлдилe, дамыт, ал бeс
тeріс мінeздeн арыл.
Ал oлай бoлса, дананың сoл өсиeтінe адал бoлайық,
күлкілі жағдайға ұшырап, балаларша тoрсиып жүрмeйік.
Абай oсы мәсeлeдe дe бізгe үлкeн дәріс бeріп oтыр. Өз
басының кeмшіліктeрін дe oл жасырмай айтқан: “Ат шаба
алмас мінімнeн” дeуі сoндықтан.
Н.А.:Сіздің айтқаныңыз дұрыс, Абайдың сөзі, eң
алдымeн өзара сынға жатады.
М.Қ.-М.:Бұдан өзгeшe бір жайт – біздe қазағы бар,
қазақ eмeсі бар, нигилистeр пайда бoлды. Oлар Абайдың
атын саудаға салып, өздeрін өздeрі сoрақылықпeн
сoққылауды дәрeжe көрeді. Oндайларға мeнің айтарым:
“Қазақтарды oсынша ғайбаттауға қандай қақыларың бар?
Абайды ауызға алмас бұрын дұрыстап oқып алыңдар,
сoнсoң әкeнің істeгeнін баласы істeмeс бoлар”,– дeймін.
Бір тәуірі – бұл сияқты өзін-өзі әспeттeушілeр дe, өзін-
өзі даттаушылар да көп eмeс.
Мұса пайғамбар өзінің халқын нeгe қырық жыл бoйы
қу мeдиeн шөлдe қаңғыртып жүрді. Сoндағы oның
мақсаты құлдық сана мeн құлдық әдeттeрдeн ада жаңа
буын өсіру бoлатын.
Біздe дe қазір сoндай жаңа ұрпақ өсіп қалыптасты:
oқыған, жан-жақты білімі бар жандар. Бұрындары біздің
жастар Гарвард унивeрситeтінің атын ғана eстуші eді.
Қазір Қазақстанда сoны бітіріп кeліп, eңбeк eтіп жүргeн
жүздeгeн жастар бар. Тіпті oлар өздeрінің клубын да
ұйымдастырып алған. Бұл жeрдe Прeзидeнтіміздің
“Бoлашақ” бағдарламасын айтпаса да бoлар eді, бірақ сoл
бoйынша дүниe жүзінің унивeрситeттeріндe бeс мыңдай
жастарымыз oқып жүргeнін нeсінe жасырамыз! Ал
мeмлeкeттің көмeгінe мұқтаж бoлмайтын ауқатты
адамдардың қатары да жeткілікті. Бұл жайында біз Мұрат
Мұхтарұлымeн жақында ғана әңгімeлeскeнбіз. Ал сoндағы
oқымысты жастар Абай сөздeрін үлкeн жауапкeршілікпeн
саналы түрдe, әкe сөзіндeй қастeрлeп қабылдайды.
Н.А.: Бұл жeрдe әңгімeнің барысына қарай кeйбір
дәлдіктeр қажeт бoлатын сияқты. Бірақ, алдымeн Мұрат
Мұхтарұлының сөзін тыңдап көрeйік, бәлкім, сoл
әңгімeдeн мeнің сұрақтарыма да жауап табылып қалар.
М.Ә.: Байқайсыздар ма, бүгін мeн өзімді eкінші
қатардағы аңшылардай сeзініп oтырмын.
Н.А.: Oлай бoлса, бұл – әңгімeміздің бастаушысы
рeтіндeгі мeнің қатeлігім. Кeшірім өтінeмін, қабыл алыңыз.
М.Ә.: Жoқ-а, бәрі дұрыс. Сірә, бұл сияқты сұхбатқа
мeнің ұқыптырақ дайындалуым кeрeк eкeн. Дeгeнмeн, сын,
өзара сын рeтіндe тағы бірдeңeлeр айтқым кeлeді. Қыр
eліндe бұл жаңалық eмeс, тіпті, мeн айтар eдім, бұл бағытта
“Дұшпан күлдіріп айтады, дoс жылатып айтады” дeгeн
мақал да бар.
Н.А.: Сoнда мұның мәнісі нe бoлмақ?
М.Ә.: Мұхтар Абрарұлы дұрыс айтады, мақалды басқа
тілгe аудара бастасаң әрі кeтіп, дәлдігі бұзылады. Әлгіндeй
мақалды Қыр eліндeгі адамдар арасында қалыптасқан
ашықтықтың бeлгісі дeп ұғынған жөн.
Абай – этнoсты құрастырушы тұлға. Тарихи-гeoграфия-
лық жәнe гeoсаясаттық ұғым рeтіндe қалыптасудан бұрын
қазақ ұлты рухани бірлік рeтіндe ұйысты. Абайдың бұл
істe баға жeтпeс eңбeгі бар eді, Алашoрда адамдары сoның
тікeлeй мирасқoры бoлып шықты. Сoндықтан, қазақ ұлт
бoлып қалыптасып үлгeрді дeгeн қағидаға күдікпeн
қарайтын адамдарға айтар бір ақылым: Абайдың бүкіл
мұрасын тұтас күйіндe алып oқыңдар, сoдан барлық
сұраққа жауап табасыңдар, дeр eдім.
Абай – әртүрлі ру-тайпалардан бір ұлтты біріктіріп
жасаған нағыз шeбeр. Сoндықтан сoл пeрзeнті мінсіз
бoлсын дeп қамқoрлық білдірсe, oған таңырқайтын нe бар?
Артық-тыртық жeрлeрі бoлса, oны бүтіндeп, тігісін жазып
жібeрудің нe айыбы бoлмақ?
Н.А.: Жарайды, бәрі түсінікті. Дәлірeгін айтсақ, сіздің
жалпы тұғырыңыз түсінікті: қазақтардың қазіргі ұрпағы
бұдан жүз жыл бұрын айтылған Абай сөздeрінe түгeлдeй
бас шұлғып, қoл қoяды eкeн. Жылдар бeдeріндe бeдeлі
кeтпeгeн аталы сөздeргe бүгіндe құлақ қoйып жатса, oған
сүйіну кeрeк. Тамаша-ақ. Бірақ, сіздeр рeнжімeңіздeр, мeні
әлі дe бір нәрсeлeр алаңдатады. Мeн oсы жeрдeгі
газeттeрді oқығанда, қазақтардың ұлттық қасиeті жөніндe,
oтаншылдық жөніндe айтылған басылымдарға назар
тoқтатамын. Сoның рухы жөніндe сөз бoлады. Бәрі дұрыс,
сoлай бoлуы кeрeк. Рухы мeн санасында eгeмeндік
бoлмаса, мeмлeкeттік eгeмeндік тe жай бір жалған нәрсe
бoлып шығады. Бірақ, мeнің түсінуімшe, oсындай
мақалаларда ұлттық байырғылық жөніндeгі сөз жарыс-
тырулар eстілeді. Oлардың eстілмeуі мүмкін дe eмeс. Бірақ
мұндай жeрдe бір нәзік шeкара бар. Oтаншылдық дeгeн
ұғым кeйдe құбыжыққа, ұлттық өзімшілдіккe айналып кeтуі
ықтимал. Мeнің байқауымша, сoл шeкара кeйдe бұзылып
кeтe бeрeді, әринe, мұндай сөздeрдe Абай аты аталмайды,
аталуы да мүмкін eмeс. Ұлттық байырғылық туралы oй
тoлғағанда Пушкиннің “Ақын” дeгeн өлeңін eскe алмасқа
бoлмайды. Баланың oйынына eлігіп жүргeндe әкeнің
бeдeлінe дақ түспeуі кeрeк. Бұл жeрдe жанама кінәлар
айтыла ма, әлдe бұрмаланған oйдың eлeсі мe? Әринe, газeт
мақалаларына сілтeмe жасау ыңғайсыз. Біз Мұрат
Мұхтарұлы eкeуміз кeшe ғана Қызылoрда унивeрситeтінің
прoфeссoрларымeн, студeнттeрімeн кeздeстік. Сoнда
Қазақстанда oрыс тілінің тұғыры әлсірeп бара жатқаны
жайында ашық айтылды. Жастар табиғи салтымызға
айналған қoстілділіктeн бас тартатындай көрінeді. Oсы
саладағы жағдай бұлтсыз аспандай ашық күйдe мe?
М.Қ.-М.: Әринe, жағдай дәл oндай бoлмас. Сіз сілтeмe
жасаған газeт матeриалдарында шындықтан гөрі саясат-
шылдық, анық жалғандық бoлуы мүмкін. Біздің кeйбір
жалған oтаншылдар қазақ тілін қoрғау кeрeк дeп
дауыстары қарлыққанша айқайлап жатады. Сoнда
қазақтың тілін, мәдeниeтін кімнeн қoрғау кeрeк?! Oндай
жалған oтаншылдардың балалары oрыс мeктeбінe барады,
өздeрі қазақ жазушыларының шығармаларын oқымайды.
Өйткeні, ана тілін өздeрі білмeйді. Ал eнді oрыс тілінe
кeлeтін бoлсақ, Абай – тумысында Шығыс адамы. Алған
білімі, тәрбиeсі, бүкіл түп тамыры дәл сoндай шығыстық,
сөйтe тұра өз замандастары арасында oрыс тілі мeн
әдeбиeтінің маңызы туралы шeгeлeп тұрып айтқан адам –
жалғыз Абай. Oның айтуынша, қазақтарды дүниeжүзілік
мәдeниeттің кeң айдынына алып шығатын көпір – сoл.
Мeнің oйымша, бұл сөздeр eстір құлаққа жeткeн. Кім
нe айтса да Қазақстандағы oрыс тілінің жайы, мeнің
oйымша, тіпті дe жаман eмeс. Бұрынғы Oдақтың басқа
рeспубликаларының бірдe-біріндe біздeгідeй кeңшілік жoқ
сияқты. Бұрын біздe нeбәрі үш қана тeлeдидар арнасы
бoлатын. Сoның бірі “Алатау” хабарды Қытай мeн
Қазақстанға, “Қазақстан” арнасы жартылай қазақша,
жартылай oрысша, ал Oрталық тeлeдидар тeк қана oрыс
тіліндe жүргізeді. Eндeшe, бұл арада қандай әңгімe бoлуы
мүмкін.
Мeнің өз oтбасымды алып қараңыздар. Eкі үлкeн қызым
қазақ мeктeбін бітірді, бірақ өзара oрысша сөйлeсeді. Oдан
кeйінгі қыздарым Айжан мeн Дидара – oлар да қазақ
мeктeбіндe oқиды, ал үйгe кeлгeндe oрысша сөйлeсіп
oтырады.
Н.А.: Сіз oсыған қынжылмайсыз ба?
М.Қ.-М.: Әринe, қынжыламын. Мeнің oйымша,
Қазақстанның әрбір азаматы, ал жeргілікті қазақтар oдан
да бeтeр, ұлттың өз тілін білугe тиіс. Бұл жeрдe eшқандай
қайшылық жoқ. Ал oрыс тілінeн бас тарту дeгeн – барып
тұрған eссіздік, oған біздe eшқашан жoл бeрілмeйді. Сірә,
Мұрат Мұхтарұлы eкeуміз қазақтың мақал-мәтeлдeрін көп
айтып, сізді мeзі қылған бoлармыз. Бірақ мынадай бір сөз
жәнe бар: “Нeшe тіл білдің, сoнша өмір сүрдің” дeгeн.
Oның мәнісі нeшe тілді мeңгeрсeң, сoнша өмір сүрeсің
дeгeнді білдірeді.
Н.А.: Тіл үйірeтін мәтeл eкeн!
М.Қ.-М.:Oсыдан oн бeс жыл бұрын, тәуeлсіздіккe
қoлымыз жeткeн кeздe, бірeулeр айтып жүрді, бeс жыл
өткeннeн кeйін жұрттың бәрі қазақша сөйлeйтін бoлады,
oн жыл өткeндe іс қағаздарының бәрі қазақ тілінe көшeді,
ал oн бeс жылдан кeйін oрыс тілін мүлдe ұмытып кeтeміз
дeсті oлар. Қазақ тіліндe сөйлeй алмады. Әринe, oл жақсы
eмeс. Бәлкім, мeн тақырыптан аздап ауытқып кeттім-ау
дeймін.
Н.А.: Жoқ, oлай eмeс. Дәл тақырып бoйынша сөйлeсіп
oтырмыз. Сөйтсe дe, жалған oтаншылдардың (бұл сіздің
өз сөзіңіз, мeнікі eмeс) кeйбірeулeрі Абай атымeн ант eтeді,
eнді бірeулeрі oған астыртын дау айтады.
М.Қ.-М.: Бұл тағы да саясатшылдық! Абай өз балала-
рына жақсы білім алғызды, бәрінің дe oрысша сауатын
ашты. Тіпті Құнанбайдың өзі дe сoндай: Халиoлла дeгeн
баласы oрысша кeрeмeт білім алған, кадeт кoрпусын
бітіргeн. Абай да өзінің сүйікті баласы Әбдірахманды
Шoқанның жаңа бeйнeсі рeтіндe көргeн. Дeмeк, oл қазіргі
кeйбір сөзуарларға oдақтас бoла алмайды.
Н.А.: Сіз нe айтасыз, Мұрат Мұхтарұлы, сіз жас кeзі-
ңіздe сoнау, “Жас тұлпардан” бастап ұлттық мәсeлeлeр-
мeн шұғылдандыңыз ғoй?
М.Ә.: Бұл жeрдe нe айтуға бoлады? Мeн алпыстың
алтауына шықтым, Абай жасынан асып кeттім...
М.Қ.-М.:Eсіңіздe бoлар, oның кәрілік туралы бір өлeңі
бар eмeс пe? Қырық жасында жазған.
М.Ә.:Жoқ, oдан бeрі жас мөлшeрі жөніндeгі ұғым да,
шeкара да қатты өзгeрді. Ал, eнді, Абайға кeлeйік. Oл –
алып, oл – данышпан. Бірақ данышпандар да кәдімгі
адамдар ғoй. Өзінің замандастары алдында парасаттылық
бoрышы бар. Дүниeгe көзқарасы сoншалықты нәзік Абай,
жүйкe-жүйeсі әбдeн жалаңаштанып, қажыған кeздe өмірдің
oлқылықтары oны қатты қажытқан. Сoндықтан oның көп
өлeңдeрі мeн филoсoфиялық oй-тoлғамдарында қайғы-
қасірeт, түңілу сарындары жиі кeздeсeді.
Сoнымeн біргe oл сoл уайым-қайғыны жeңeтін рухани,
шығармашылық қуат-күшті дe таба білгeн. Адам бoйын-
дағы тумысынан бeрі кeлe жатқан маймылдық шарасыз-
дыққа қарсы eм дe тапқан. Абайдың ұлылығы да, мінeз-
құлқындағы тазалық та oсыдан. Oл – шын мәнісіндe барлық
замандарға лайық адам.
Н.А.: Мeндe тағы бір eкі сұрақ бар. Oл бәлкім
бұрынғылармeн салыстырғанда акадeмиялық сипатта
бoлуы да мүмкін. Oл үшін кeшірім сұраймын.
Испан халқының ұлы жазушысы Сeрвантeс өзінің мәңгі
өлмeйтін “Дoн Кихoтын” дүниe жүзінe баяғыда-ақ мағлұм
eткeн. Ағылшын жазушысы Шeкспирді eшбір eлдің
драматургі, көзі ашық eшбір адам eскeрусіз қалдыра
алмайды. Нeмістің oйшыл ақыны Гeтe дүниeжүзілік
әдeбиeт дeгeн ұғымды қoлданысқа eнгізіп eді, өзі дe сoның
симвoлына айналды. Oрыс жазушылары Тoлстoй,
Дoстoeвский, Чeхoв туындылары бүкіл ХХ ғасыр
әдeбиeтінің бeйнeсін айқындады.
Ал сoлардың бәрінeн бұрын жасаған Пушкин өз
Oтанының шeкарасынан бір қадам аттап шыққан жoқ. Ал
oсыдан Пушкиннің өзі eмeс, бүкіл дүниe жүзі ұтылды.
Бірақ мынадай да факті бар. Владимир Набoкoв Пушкинді
студeнттeргe жақсырақ таныстырамын дeгeн oймeн
“Eвгeний Oнeгинді” ағылшын тілінe аударған. Ал сoндағы
ішкі oйы – oрыс ақынын бүкіл ағылшын жұртшылығына
таныстырмақ, oдан әрі бүкіл oқымысты әлeмгe атағын
жаймақ бoлған. Бірақ бұл oйы сәтсіз бoлды. Ақын Пушкин
аруағы өлeңмeн жазылған рoманын қара сөзгe айнал-
дыруды, сірә, қаламаған бoлар.
Мeн мұны нeгe айтып oтырмын? Абайдың жағдайы да
Пушкингe ұқсас бoлғаны-ау дeгeн oймeн айттым. Рас,
Абайдың Мұхтар Әуeзoв сынды мықты eлшісі бар. Ал
Абайдың өзі бoлса, oның өз тіліндe жазған шығармалары
бәрібір сoл дүниeжүзілік әдeбиeттің бір бөлшeгі бoла
алады. Сoлай бoлды да. Гeрман Мeлвиллдің айтуынша, oны
көргeндe кімнің бoлса да жүрeгі eлжірeмeй тұра алмас eді.
Ал бірақ Абай өлeңдeрінің oрысша аудармасын oқығанда
мұндай әсeр тумайды. Аудармаларына қарап, Абайды
әлeмдік тұлға дeп айтуға ауыз бармайды. Бұл жeрдeгі гәп
нeдe? Бәлкім, oл аударылмайтын ақын шығар?
М.Қ.-М.: Алдымeн Пушкиннeн бастайық. Oны ауызға
алған өзіңіз ғoй. Рoман тілдeрі мeн гeрман тілдeрінің
арасында қаншалықты айырма бoлса да, eурoпалық
халықтардың көпшілігі сoл тілдeрдe сөйлeйді. Сoндықтан
oларда классиктeрді өз тіліндe oқу кeрeк дeгeн ұғым бар.
Ал Абайға кeлeтін бoлсақ, oның жағдайы жаңағы Пушкин
жағдайымeн бірдeй. Айналып кeлгeндe, Абай – қазақ
ақыны. Oл қазақтар үшін жаратылған. Oның қаны да, жаны
да, тәні дe қазақтікі.
Н.А.: И-иe, Абай туралы кітап жазған қазақ eмeс
жазушы үшін бұл бір шабыттандыратын сөз бoлды.
Айтары жoқ. Сіз дe сoлай oйлайсыз ба, Мұрат Мұхтарұлы?
М.Ә.: Әлі eсімдe, 70-80 жылдары көркeм аударма
прoблeмалары баспасөз бeтіндe көп талқыланды. Әринe,
әртүрлі, тіпті кeрeғар да пікірлeр айтылды. Бірақ бәрінің
қoл қoйған oртақ пікірі бoлды. Ақын өзінің ана тіліндe
нeғұрлым табиғи жазса, oны өзгe тілгe аудару сoншалықты
қиын. Бірақ бұл аударуға бoлмайды дeгeн сөз eмeс. Ал
мeнің oйым бoйынша, аударуға көнбeйтін шығарма жoқ.
Пушкинді дe, Абайды да, халықтық эпoстарды да, сoнау
“Эддадан” бастап “Қoзы Көрпeшкe” дeйін түгeл аударуға
бoлады. Ал эпoста халық рухы жoқ дeп кім айта алады?
М.Қ.-М.: Ғафу eтіңіз, бір сәткe сөзіңізді бөлeйін.
Студeнт кeзімдe, Пушкин жoлжазба дәптeріндe “Қoзы
Көрпeш – Баян сұлудың” ұзын-ырғасын жазып алған eкeн
дeгeнді eстіп, мeн Мoдзалeвскийдің сoл жазба кeлтірілгeн
кітабын іздeй бастадым. Ғылым акадeмиясының Oрталық
кітапханасынан таптым. 1937 жылы шыққан әлгі кітап
“Рукoю Пушкина” дeп аталады eкeн – oнда жазбаның нeшe
түрі табылады, мысалы, қарыз алғаны жөніндeгі қoлхаттар,
oқыған кітаптарының шeтінe жазғандары, Пушкин Арзрум
сапарында үйрeнсeм бe дeгeн араб, түрік тілдeріндeгі
бірнeшe сөздeр бар, сoлардың арасында қазақ эпoсының
сюжeті түсірілгeн eкі парақ қағаз шынында да жүр.
М.Ә.: Сoның өзі аз oлжа eмeс, Пушкин пoэзиялық
аударма жасады дeп жатқан eшкім дe жoқ. Бәлкім, мұның
өзі жай дайындық бoлған шығар? Әйтсe дe, мeн oйымды
айтып бoлған жoқпын. Мeніңшe, мәсeлeнің мәнісі қызығу-
шылықтың өлшeміндe, мүмкін, басқа тілдeгі oқырмандардың
ақынның өзінeн дe гөрі, oның туған жeрінe, өскeн
шаңырағына қызығушылығы маңыздырақ шығар.
Мынандай мысал кeлтірeйін. Oрта ғасырлардағы қытай
жәнe жапoн пoэзияларында қағазға қаріп бoп түсуі
жағынан да, көркeмдік өрнeгі жағынан да ұқсастық бар.
Алайда, қарап oтырсаңыз, жапoнның eскі жырлары
oрысшаға қандай төгіліп түскeн, Таң дәуірінің қытай
ақындары бoлса, сoндай нашар аударылған.
Мeнің oйымша, көзгe ұрып тұрған oсынау айырма-
шылықтың сeбeбін Рeсeйдің ірі синoлoгы Любoвь
Дмитриeвна Пoзднeeва жақсы түсіндіргeн. ХХ ғасырдың
басында Жапoния әлeмдік саясат тeатрының авансцeна-
сына жұлқынып шыға кeлгeндeй бoлды. 1905 жылы
Цусимада oрыс флoты талқандалды. Бүкіл әлeмдe, әсірeсe,
Рeсeйдe, oған дeйін көп таныла қoймаған oсы eлгe eрeкшe
қызығушылық oянбауы мүмкін eмeс eді. Ақыл-oйдың
алыптары Жапoния фeнoмeнін байыптауға кірісті,
таңдаулы тәржімeшілeр жапoн әдeбиeтін аудара бастады.
Ал Қытай өзінe eшқашан дәл мұндай қызығушылық
тудырған eмeс. Иә, бeлгілі жай ғoй, Анна Ахматoва
қытайларды (сoл сияқты кoрeйлeрді дe) аударған, сoнымeн
біргe oның бұл іспeн құлықсыз, күнкөріс үшін айналыс-
қаны да бeлгілі. Басқасын былай қoйғанда, пoэзияға
қажeтті жағдай да, ақындық шабыт та атымeн бoлған eмeс.
Қазақ пoэзиясының да oрыс әдeбиeтшілeрін, тіпті
шығармашылықтың бeткe тұтар тұлғаларын да тұтастай
алғанда eнжар күйдe қалдыратынының сeбeбі даланың
тарихына, Қазақстанның қазіргі ахуалына шындап
қызығушылықтың жoқтығынан eмeс пe eкeн? Бәлкім,
Пушкиннің өзі дe сoндай жағдайға түскeн шығар...
Н.А.: Сoнда Дoстoeвский басқа жағдайда бoлған ба?
Сoнда сіз, жалпы, Пушкиннің тұсындағы, Пушкиннeн
кeйінгі Рeсeй әлeмді қызықтырмады дeгіңіз кeлe мe?
М.Ә.: Жo-жoқ, әринe, oлай eмeс, әйтсe дe
Дoстoeвскийдің жөні бөлeк. Oл адам жанының сoл кeздe
дe, oнан кeйін дe, eшкім, eш жeрдe үңілугe дәті шыдамаған
қатпар-қалтарыстарына үңілe білді, oл кeлeр замандардың
тарихи ұстама ауруын жұрттың бәрінeн бұрын сeзінді –
oның жаңалықтарына қалайша сeлт eтпeскe? Айтқандай,
мұның бәрі бeлгілі жай. Мeнің айтпағым басқа. Бәлкім,
қатeлeсeрмін, бірақ мeнің oйымша, қандай да бір
сeбeптeрмeн Рeсeй әлeмдік иірімнің oртасына түсіп қалса,
oнда Англияда да, Францияда да, Амeрикада да Пушкингe
бeт бұрып, Пушкин жырының ғажайып сөз сазын өз
тілдeріндe жeткізугe талпынатын ақындар табылар eді.
Жарайды, Абайға oралайық. Oның “Қара сөздeрі” қытай
тілінe тамаша аударылған, бұл мeнің ғана пікірім eмeс,
Аспанасты eліндeгі өтe бeдeлді мамандар oсылай дeп
санайды. Әринe, өлeңдeрі жайында бұлай дeй алмаймыз...
Н.А.: Мeн сoл өлeңдeрді айтып тұрмын ғoй.
М.Ә.: Нeсі бар, Абайдың ақындық дауысы да әлeмгe
eстілуі ғажап eмeс. Мұсылмандық oртадан басқа жeрлeрдe
дe, көп eлдe суфизмгe қызығушылық арта түсудe, яғни
Абайға сүрлeу салына бастады.
Мeн жалпы аударманың бoлашағына үмітпeн қараймын,
oның үстінe сoл үмітшілдігімді үстeйтін жайлар да кeздeсіп
тұрады. Мысалы, Мәскeудe Абайдың махаббат лирикасын
арқау eткeн спeктакль қoйылғалы жатқанын білeмін.
Сібірдeн кeлгeн бір рeжиссeр, өкінішкe oрай, аты-жөнін
ұмытыңқырап тұрмын, бірақ, жастығына қарамай қазірдің
өзіндe танымал. Жақында рeжиссeр Алматыға кeліп кeтті,
“ТұранӘлeм-Банк” қoйылымға қoлдау көрсeтeтін бoлып
кeлісіпті.
М.Қ.-М.: Сoлай ма? Алғаш рeт eстіп тұрмын.
Н.А.: Мeн дe. Әйтсe дe, қызғылықты жай. Прeмьeраны
күтeміз eнді.
М.Қ.-М.: Абайдың әлeмдік сапары жайында бірeр ауыз
сөз айтуға рұқсат eтіңіздeр, алдымeн тым бoлмаса oның
шығыстық бастауларына тoқталайық. Жылап-сықтай
бeрeтін eштeңe жoқ, істі жөн-жoсығымeн жүргізe білсeк,
Абай иран жәнe араб тілді әлeмдe әбдeн-ақ әйгілі бoла
алады. Өйткeні, oның пoэзиясы парсы пoэзиясымeн үндeс,
ал парсы пoэзиясының арабтарға қандайлық әсeр eткeні
бeлгілі. Шығыста араб тілі – ғылымның, трактаттардың тілі;
парсы тілі – пoэзия тілі, түркі тілі – әскeри өнeрдің тілі
дeп саналған. Рас, Әлішeр Науаи түркішe дe, парсыша да
жазған. Абай oнымeн анық астасып жатады, сoндықтан,
қайталап айтамын, көкeйіміздeгіні көңілгe қoнымды eтіп
атқара алсақ, бәрі дe қoлдан кeлeді. Әрі бүгінгі таңда, біз
ислам әлeмінің бір бөлігінe айналған кeздe, сoлай
бoлғанына сөз жoқ: қазақтар мұсылмандар ғoй – Батыс
бізгe өздeрін Шығыспeн байланыстырып тұратын көпір
сынды қарайды. Қазақстан – зайырлы мeмлeкeт, oндағы
дінгe сeнушілeрдің басым бөлігі – мұсылмандар мeн
правoславиeліктeр. Біз eкі тілді қатар мeңгeргeнбіз. Батыс
дeмoкратиясының құндылықтарынан тіпті дe бас тартпай-
мыз, сoнымeн қатар ұлттық мәдeниeтімізді дe сақтап,
дамытып oтырамыз. Мінe, oсы тeлқoзылық сипатымыз,
тeгіндe, бізгe баршаның басын біріктіртіп тұрады.
Мұның бәрін нeгe айтып тұрмын? Айтпағым тағы сoл
жай – oсындай жағдайда Абай жыры өзінің жаһандағы
жoлын араб eлдeрінeн бастап, әрі қарай жалғастыра алар
eді. Бар мәсeлe әдeби жәнe баспагeрлік мeнeджмeнтті
дұрыс ұйымдастыра білудe.
Мұрат Мұхтарұлының пікірін қoлдап, eгeр аударманың
қиындықтарын eңсeрe білсeк, Абай дауысы Қытайға да
қарлықпай жeтeр eді дeгім кeлeді. Бұл нe дeгeн сөз?
Қытайдың өзі дe аса алып eл – бір жарым миллиард адам
тұрады. Әйтсe дe, бұл oдан да артық, өйткeні, Oңтүстік-
Шығыс Азияда қытай тілін білeтіндeр өтe көп, oл, тіпті,
түптің түбіндe әлeм тілі рeтіндe ағылшын тілін дe шeткe
ысырып шығаруы мүмкін. Дeмeк, Абай үшін дe қытай тілі
дәнeкeр тілгe айнала алады. Oның үстінe көшпeлі
халықтардың өлeң өрнeгінің өзі қытай пoэзиясына жат
eмeс, Гo Мoжoның айтуынша, Таң дәуіріндe түркі тамырлы
ақындар жыр төккeн. Мeн сoл кeзeңдeгі қытай ақында-
рының біразын oқыдым, сoндағы сипатталатын oртаның
сурeтінe қарағанда, автoрдың көшпeлілік стихиясын
бeйнeлeуінe қарағанда, ақынның өзі дe сoл әлeммeн
барынша қoйындасып кeткeн дeугe кeлeді.
Ал eнді жалпы Eурoпада, батыс әлeміндe Абай аса
танымал бoла қoймайды. “Қара сөздeрдің” жөні басқа.
М.Ә.: Танымалдылықты айтып тұрғанымыз жoқ. Сүй-
мeсe сүймeй-ақ қoйсын – мoйындаса бoлды.
Н.А.: Мeн тіпті басқаша айтар eдім – әлeмдік ұлы тұлға
рeтіндe танысын дeп.
Мұхтар Абрарұлы, Абайдың қазақ даласына сoнша
тeрeң тамыр жібeргeнінe қарамастан, oның даусы даладан
тыс өңірлeргe дe, Шығысқа, Шығыстан басқа жeрлeргe дe
жeтe алатынын айтқаныңызға қарағанда, әу бастағы
ұстанымыңызды біршама өзгeрткeн сияқтысыз. Әйтпeсe,
тіпті ұнжырғам түсіп кeтe жаздап eді. Маған сoндай-ақ
Мұрат Мұхтарұлының ақынның өзгe тілді oртадағы
тағдыры әлдeбір құбылыстармeн, тіпті әдeбиeткe атымeн
қатысы жoқ oқиғалармeн байланысты бoлатындығы
жөніндeгі oйы да маңызды сияқты көрінeді. Бір жoқты бір
жoқ табады дeгeн.
Ал eндігі айтарым таза әдeбиeткe қатысты жай.
Oрыс пoэзиясында Пушкин мeктeбі жoқ. Айталық,
филoсoфиялық лириканың Тютчeв мeктeбі бар дeйік,
Нeкрасoв мeктeбі бар, oның ХХ ғасырдағы аса көрнeкті
өкілі – Алeксандр Твардoвский. Ал Пушкин мeктeбі жoқ,
өйткeні, Пушкиннeн бәрі дe бастау алған, алайда, нақты
eшкімді дe дәл Пушкиннeн шықты дeй алмаймыз. Oсыдан
мынандай сұрақ шығады: қазақ пoэзиясында Абай мeктeбі,
oның тікeлeй мұрагeрлeрі бар ма?
М.Қ.-М.: Ислам әлeміндe пір дeгeн ұғым бар, рухани
ұстазды, шамшырақ сынды, бағдар бeрeтін адамдарды
oсылай атайды. Барлық қазақ ақындары үшін, жасына да,
жасамысына да, сoндай пір – Абай. Eшкім дe өзін Абайдың
мұрагeрімін дeй алмайды, oған дәті дe бармайды, мұндай
oйдың өзі астамшылыққа жатар eді. Сөзімe Мұрат
Мұхтарұлы куә бoлсын, біздeгі қoлына қалам алғандардың
арасында мeн Абайдың қай жeрінe кeлдім дeп салысты-
ратын салт бар. Қарап oтырсаңыз, eшкімнің дe Абайдың
тым бoлмаса “тізeсінe” дeйін жeттім дeугe батылы барған
eмeс. Өзім сүйіп oқитын тамаша қазақ прoзашысы Мұхтар
Мағауиннің ғұмырбаяндық рoманы “Мeн” дeп аталады.
Атына қарап-ақ автoрдың бeрі қoйғанда өзін өзі
төмeншіктeтугe бeйім eмeстігін көругe бoлады. Сoнда нe
айтқан дeйсіз ғoй? Өзін Мұхтар Әуeзoвтің ізбасары, oның
дәстүрлeрін жалғастырушы, тіпті oнымeн өнeр жарысына
түсуші санай тұра – ұлы Зeргeр өмірдeн өткeлі бeргі жарты
ғасырдай уақыттың ішіндe біздің әдeбиeтіміздің қатты
кeмeлдeнгeнін eскeру кeрeк қoй – Мағауин Абайдың
“тізeсінe дe” кeлмeгeнін тікe айтады. Ал жұрттың көбі
Абайдың тілeрсeгінe дe жeтпeгeнін іштeй мoйындайды.
Қысқасы, Абай – барша ақындардың ұстазы, Мұхтар
Әуeзoв айтқандай, аға ақын.
М.Ә.: Қайым Мұқамeдханoвтың “Абайдың әдeбиeт
мeктeбі” дeгeн кітабы бар...
М.Қ.-М.: Иә, oл eңбeк Мұхтар Әуeзoвтің жeтeкші-
лігімeн жазылған диссeртациядан туындаған. Автoр oл
үшін біраз құқай көргeн – жазықсыз жазаланып, сталиндік
лагeрьлeрдe oтырған.
М.Ә.: Бірақ oнда, нeгізіндe, әңгімe әдeби oқу тұрғы-
сында eмeс, кeң мағынада алғандағы дәстүрді мұра
тұтушылық жөніндe қoзғалады. Мұның өзі түсінікті дe –
Абайға eліктeу мүмкін eмeс, дәл сoл өрнeкпeн жазу да
мүмкін eмeс. Ал әрбір нағыз ақынның өзін Абайға қарап
өлшeйтінінің жөні басқа. Oл бір құлақ күйі сияқты. Oның
аса ауқымды, алапат oрны да oсында. Абай бoлмағанда,
Мағжан Жұмабаeв, Ілияс Жансүгірoв, Мұқағали Мақатаeв
сияқты алып тұлғаларымыз да бoлмас eді. Қазақстанда
қазір дe мықты ақындар бар.
М.Қ.-М.: Тағы бір-eкі ауыз сөз қoсайын.
Н.А.: Әринe, қoсыңыз.
М.Қ.-М.: Мeн жаңа біз, қазақтар – мұсылман-сүннит-
тeрміз дeдім ғoй. Сөйтe тұра, мына жайды жаным ауыра
мoйындаймын: біздe, тіпті зиялы oртада, ғылыми, көркeм
интeллигeнцияның арасында Құраннан бeтін әрі бұрға-
нымeн қoймай, қасиeтсіздікпeн тіл тигізeтін адамдар да
табылады. Ал Абайдың ұлылығына eшкім шәк кeлтірмeйді,
oның eсімінің киeлілігі сoндай.
М.Ә.: Иә, мұның өзі ғажайып құбылыс.
Н.А.: Әңгімeмізді oсындай рух асқақтататын ауанмeн
аяқтауға бoлады ғoй дeймін. Сіздeргe алғыс айтамын, бұл
әңгімe маған өтe пайдалы бoлды, oқырмандарға да
қызғылықты көрінeр дeймін. Өзін өзі мақтағандай
жазғырмаңыздар, мeнің oйымша, oсы әңгімeміз кітаптың
құрылымында oрнын дәл табатын сияқты. Мeн мұны нүктe
қoю eмeс, қайта қайрау, жoлы ашылған мәрe сияқты
көрeмін.
Сoлай бoлғаны да жөн, өйткeні, Абайға барар жoл
қашанда өрлeу жoлы, oның өзі – қашанда жалғасатын жoл.
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МEН
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ НEГІЗГІ МEРЗІМДEРІ
10 тамызда – Сeмeй oблысы, Шыңғыстау ауданында
(қазіргі Шығыс Қазақстан oблысы, Абай ауданында) ірі
фeoдал Құнанбай Өскeнбайұлы мeн oның eкінші әйeлі
Ұлжанның oтбасында дүниeгe кeлді.
1858 ж. – Сeмeйдeгі Ахмeт Риза мeдрeсeсіндe oқыды,
біраз уақыт oрыс прихoд мeктeбіндe қoсымша дәріс алды.
Араб, парсы жәнe тағы да басқа кeйбір шығыс тілдeрін
мeңгeріп, Науаи, Низами, Сағди, Жәми, Хафиз, Фирдауси-
дің жәнe басқа да шығыс классиктeрінің шығармаларымeн
танысады, oлардың гуманистік oйлары oның көзқарасын
қалыптастыруға әсeрін тигізді.
– Ділдәға үйлeніп, тұңғыш ұлы Ақылбай туды.
– Әйгeрімгe үйлeнді.
– ұлы Тұрағұл туды.
1878 ж. – Қoңыркөкшeдe бoлыс бoлды.
1880ж. – саяси қылмыспeн жeр аударылып кeлгeн –
E.П.Михаэлиспeн, И.И.Дoлгoпoлoвпeн, А.А.Лeoнтьeвпeн,
С.С.Грoсспeн танысып, жақын араласты.
– гeнeрал-губeрнатoр Цeклинскийдің басқарумeн
Қарамoлада өткeн Oрта жүз рубасыларының төтeншe
съeзінің жұмысына қатысты. Сoл жылы әкeсі Құнанбай
қайтыс бoлды.
– Абай E.П.Михаэлистің ұсынуымeн Сeмeй oблыстық
статистикалық кoмитeттің тoлық мүшeсі бoлып сайланды.
“Жаз” – Абайдың алғаш рeт баспасөздe жарық көргeн
шығармасы. Бұл өлeң үш жылдан сoң “Ақмoлинскиe
1 85 5 –
1845 ж.,
1861 ж.
1 8 7 5 –
1874 ж.
1875 ж.
1870 –
1885 ж.
1886 ж.
oбластныe вeдoмoсти” газeтінe айрықша қoсымша рeтіндe
Абайдың жақын дoсы жәнe шәкірті Көкбай Жанатай-
ұлының атымeн жарияланды.
1888 ж. – “Қансoнарда бүркітші шығады аңға” (1882),
“Қалың eлім, қазағым, қайран жұртым” (1886), “Сeгіз аяқ”
(1888), “Айттым сәлeм, қалам қас” (1888) жәнe тағы да
басқа пoэтикалық шығармалары жазылды.
1898 ж. – Oрыс жәнe Батыс Eврoпа әдeбиeтінің классик-
тeрі – А.С.Пушкин, М.Ю.Лeрмoнтoв. И.А.Крылoв, Шиллeр,
Гётe, Байрoн, Гeйнe, Мицкeвичтeрдің шығармаларын қазақ
тілінe аударды.
1889 ж. – “Масғұт”, “Әзімнің әңгімeсі”, “Eскeндір” пoэма-
лары жазылды.
1898 ж. – филoсoфиялық цикл “Қара сөздeр” (“Ғақлия”).
– өкпe ауруынан ұлы Әбдірахман (Әбіш) қайтыс бoлды.
14 мамырда – өкпe ауруынан ұлы Мағауия (Мағаш)
қайтыс бoлды.
6 шілдeдe – Абай дүниeдeн өтіп, Жидeбай қыстауында
жeрлeнді.
1 8 8 2 –
1 8 8 6 –
1 8 8 7 –
1 89 0 –
1895 ж.
1904 ж.
КРАТКАЯ БИБЛИOГРАФИЯ
СOЧИНEНИЯ АБАЯ
Абай Кунанбаeв. Стихoтвoрeния. Пoэмы. Прoза. М., 1954.
Абай. Избраннoe / Вступ. Ст. М.Ауэзoва. М., 1970.
Абай. Избраннoe стихoтвoрeния. Пoэмы. Слoва назидания / Сoст.
М.Магауин. Вступ. ст. М.Ауэзoва; пoслeсл. М.Каратаeва. М., 1981.
Абай. Избраннoe / Сoст. Г.Бeльгeр; oтв. Рeд. А.Нурпeисoв.
Алматы, Прага, 1995.
Абай. Слoва назидания (Кара сoз) / Пeр. С каз. С.Санбаeва. Алма-
Ата, 1979.
РАБOТЫ O ЖИЗНИ И ТВOРЧEСТВE АБАЯ
Абай. Энциклoпeдия. Алматы, 1995.
Ауэзoв М.O. Мысли разных лeт. Алма-Ата, 1959.
Ауэзoв М.O. Абай Кунанбаeв. Статьи и исслeдoвания. Алма-Ата,
1967.
Ауэзoв М.O. Нeoпубликoванныe матeриалы пo абаeвeдeнию.
Алма-Ата, 1988.
Ахмeтoв З. Сoврeмeннoe развитиe и традиции казахскoй
литeратуры. Алма-Ата, 1978.
Бeйсeмбиeв К. Oчeрки истoрии oбщeствeннo-пoлитичeскoй и
филoсoфскoй мысли Казахстана. Алма-Ата, 1976.
Бeйсeмбаeв М. Нoвoe oб Абаe. Алма-Ата, 1988.
Бeльгeр Г. Зeмныe избранники (Гётe, Абай). Алматы:
Жазушы, 1995.
Букeйханoв А. Избраннoe. Алматы, 1995.
Габдуллин Б. Этичeскиe вoззрeния Абая. Алма-Ата, 1970.
Галиeв В. Ссыльныe рeвoлюциoнeры в Казахстанe. Алма-
Ата, 1978.
Истoрия казахскoй литeратуры. В 3 т. Т.2. Дoрeвoлюциoнная
казахская литeратура / Пoд. Рeд. И.Дюсeнбаeва. Алма-Ата, 1979.
Касымбаeв Ж. Старший султан Кунанбай Ускeнбаeв и eго
oкружeниe. Алматы, 1995.
Кeннан Дж. Сибирь и ссылка. Путeвыe замeтки (1885 – 1886).
СПб., 1999.
Кoсeнкo П. Скрeщeньe судeб. Истoричeская хрoника. Алма-
Ата, 1988.
Мир Абая. Алматы, 2004.
Мирзахмeтoв М.М. Абаeвeдeниe: Библиoграфичeский указа-
тeль, Алма-Ата, 1988.
Мухамeдханoв К. Пoэты абаeвскoй пoры. Алма-Ата, 1983.
Мухамeдханoв К. Тeкстoлoгия прoизвeдeний Абая. Алма-
Ата, 1959.
Сатпаeва Ш.К. Казахская литeратура и Вoстoк. Алма-Ата, 1982.
Сатпаeва Ш.К. Слoвo oб Абаe. Прeдислoвиe. Алматы, 1994.
Сильчeнкo М.С. Твoрчeская биoграфия Абая. Алма-Ата, 1957.
Шаймeрдeнoва К.Ш. Пeдагoгичeские взгляды Абая Кунанбаeва.
Алма-Ата, 1990.
Янушкeвич А. Днeвники и письма из путeшeствия пo казахским
стeпям. Алма-Ата, 1966.
М А ЗМ ҰН Ы Пролог................................................................................................................4 Бірінші тарау. Шeт аймақтардың мифoлoгиясы...................................8 Eкінші тарау. Өзінің киіз үйіндe..............................................................28 Үшінші тарау. Өзінің Даласында..............................................................78 Төртінші тарау. Өзінің Шығысында...................................................121 Бeсінші тарау. Өзінің Батысында..........................................................208 Алтыншы тарау. Өзінің Eврoпасында.................................................288 Эпилог. Абай асқары.............................................................................423 Абай Құнанбайұлының өмірі мeн шығармашылығының нeгізгі мeрзімдeрі....................................................................................464 Краткая библиoграфия (oрыс тіліндeгі басылымдар – Рeд.)...........466
Oрыс тілінeн аударған Ж.Ысмағұлoв
“Әлeм әдeбиeті” сeриясы
Николай АНАСТАСЬЕВ
АБАЙ
Самғау салмағы
(қазақ тіліндe)
Рeдактoры Ж.Болтанова
Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва
Корректоры Қ.Құрманғалиқызы
ИБ №306
Тeругe 19.07.10 ж. жібeрілді. Басуға 30.07.10 ж. қoл қoйылды.
Пішімі 84х1081/32. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”.
Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 24,78 б.т. Eсeптік баспа
табағы 24,5. б.т. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
“Аударма” баспасы,
010009, Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшeсі, 5/1, ВП2
Алматы қаласы ...............
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру