Мысал өлеңдер және айтыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мәшһүр Жүсіп Көпеев ел тарихын көп білетін шежіреші ретінде танымал. Шығармаларында әлеуметтік, адамгершілік мәселесін ашып көрсеткен. Адам бойындағы теріс қылықтарды сынаған, адамның мінез-құлқындағы жақсылық пен жамандықты салыстыра бейнелеген. Достық, ақыл-ой, ақыл туралы жазған ғибратты сөзде...
СӘЙГЕЛДІ, СОНА, БӨГЕЛЕК
Сәйгелді, сона менен бөгелекті,
Үшеуі халфе сайлап көбелекті.
Мекен-жай, қоныс қарап тұрақ үшін
Кезіпті дамыл көрмей[1] төңіректі!
Жолдас боп бірі-бірін қимас болды,
Дәнеме ғұмырында жимас болды.
Ұшып-құс, жүгіріп аң бола алмады,
Ешкімге керексіз боп, сыймас болды.
Дүние кезді әркімнен сұрап қоныс,
Желге ұшырып өмірін босқа жүріс[2].
Ешбір мақұлық маңына жолатпады,
Көрмеді төртеуін де бір жан дұрыс.
Жауабы сұрағанға беретұғын,
Соңынан жүгіргеннің еретұғын.
Сәйгелді айтты: - Қонамын жеген жерге,
Инем бар деп[3], - етіңе кіргізетұғын!
Сона айтты:
- Жер бар ма, - деп, - мен баратын?
Сөзімді бар ма , - деп, - жан аңғаратын?
Дәрігермін жергілікті хатымгерде,
Банкам бар - даяр бойда қан алатын[4].
Бөгелек ойламайды мен қалам деп
Жеңілмін, титтей желмен қозғалам,-деп.
Жыршымын неше түрлі күй білетін,
Сембестен(Тынбастан)[5] талмай жағым ән салам!-л»'|||
Көбелек мақтанады:
- Шұбармын! - деп,
Қайда мисыз, ойсызға қонармын! - деп.
Ұйқы мен мас қылатын қонғанымды,
Жазылған жергілікте тұмармын! - деп[6].
Көтерді сиыр мұрнын мақтанумен,
Ісі болмай ойланып, сақтанумен:
Сәйгелді, инең болса, маған келші,
Мүйізім бар шыңдалған[7] қақталумен.
Үмітім бар тиер деп маған пайдаң,
Жұртсың ғой толып жатқан әр түрлі айлаң.
Қона бер мүйізіме түк етпейсің,
Инең түгіл қырық жерден болса найзаң!
Түйе тұрып мақтанды:
- Құлақ салың!
Мен емес шыдамы жоқ күйкі малың.
Ничего, банкаң маған түк қылмайды,
Икемге көнбейтұғын терім қалың.
Тоса берді, мақтанып жылқы жа жон:
Менде бар, - деп, - боранда тоңдырмас тон.
Айғайға дәуірлейтін жыным бар-ды,
Жыршы болсаң, бөгелек, кел, маған қон!
Орын алған ақылының көзінде орыны,
Ісі жоқ төрт аяқты хайуан құрлы.
Шұп-шұбар боп тұрған соң құмар болып,
Шақырды көбелекті қазақ сорлы.
Сәйгелді қонды сиыр сауырына,
От тисе байқатпайды бауырына.
Шыбын-шіркей боп жонға шығып кетті,
Келуге қолы тимей ауылына.
Түйенің қанын келіп сона сорды,
Қайнатты қалай қылып қалың сорды?!
Шарасынан шығумен екі көзі
Қарсы алдында тұрса да, көрмей орды.
Жылқының жыршы үйелер ауызына,
Ем тапшы енді мұның жауырына!
Бөгелек қонар жерін өзі біліп,
Шап етті шап пен қолтық, бауырына.
Әніне бөгелектің мас боп қалды,
Көкіректе-дерт[8], көзінде жас боп қалды.
Ызылдап бір бөгелек жетіп келсе,
Бір мың жылқы иіріліп, тас боп қалды.
Асындай атасының даяр тамақ,
Тамақсыз ашылмайды бір күн қабақ.
"Оқымай молда болған тақсыр-ай!"-деп,
Қазакең [9] көбелектен алды сабақ.
Мәз болып көркейткенге ат пен тонын,
Тосырайтып ту биедей сыртқы жонын.
"Жетілдік, жетістік!"-деп, мәз боп қалды,
Көбелек қанатына сүйкеп қолын.
Қазақтың молдасы бар көбелектей,
Жүреді қайда от болса, төңіректей.
Дайын жоқ, тұрақ та жоқ, ойсыз, мисыз,
Ұшады, тек жел болса, ебелектей.
Қазақтың, Хаққа мағлұм, білімі азы,
Арсалаң, әр қоянды қуған тазы.
Сәйгелді қуған сиыр сықылданып,
Жүреді шапқыласып қысы-жазы.
Болады: киім киіп, белін буған,
Өнерден қазақ қолды ерте жуған.
Далаға, қалаға да шапқылайды,
Түйедей тайраңдасып сона қуған.
Көз салып қарамайды төңірекке,
Талап қып ұмтылмайды не керекке[10]!
Шұлғып, қалғып қалады басын изеп,
Тас болған жылқыдай боп бөгелекке,
Сен түспейтін(түсінбейтін) парсы мен араб тіл[і] ме
Ерегіссең, ерегіс, білме-білме!
Көбелектен жоқ титтей бөтендігі
Халық қатары жаралған қазақ тіл[і] ме?!
МӘШҺҮР-ЖҮСІПТІҢ ТЫРНАМЕН АЙТЫСҚАНЫ
Сөзіме сүйінер дос, күйінер дұшпан,
Шулаған дауыс шықты күншығыстан.
Тағы да құрбыларым қылды тілек,
Бір кеңес естіртейін тырна құстан.
Аяғы арғымақтың болар шалыс,
Қыс басы-тыңдасаңыз, болар қауыс.
Мен үйде әңгіме ғып отыр едім,
Шулаған күншығыстан шықты дауыс.
Қараша, қыстың басы, қауыс екен ,
Ырыс-жұғыс, сол ақыл ауыс екен.
Қиқулап күншығыстан шыққан дауыс
Шулаған тырна құстың дауысы екен.
Ақырап қазан болғанда, бір ай күз бар
Құс жолы кек жүзінде салған із бар.
Айтайын бұрынғының нақыл сөзін,
Сүлеймен пайғамбардан қалған сез бар[1].
Қағазға жазған Жүсіп қалам тартты,
Қайғысы ғашықлықтың жанға батты.
Жаз өтіп, күздің айы мизам болып,
Ең алды жыл құсының тырна қайтты.
Қиқулап салды хабар тамам құсқа,
Кітапта құстың тілі болған нұсқа.
Дауысы құлағыма естілген соң,
Кидім де кебісімді, шықтым тысқа.
Қайтуға бетін түзеп салды ғой жол,
Тырна екен жүз елудей бір ауыл қол.
Жұртқа айтып жүрген сөзі мынау болды:
"Біз қайттық, көріскенше, хош-аман қол!"
Ауылдан айналады ұзай алмай,
Жаныңды адам алмас, Құдай алмай!
Айналып жүргендігін көргеннен соң,
Бір кеңес қыла салдық шыдай алмай.
Мәшһүр-Жүсіп.
- Жаз келіп, күз болған соң, қайттың, тырна,
Амандық ел мен жұртқа айттың, тырна!
Келуіңнен қайтуың оңай болды,
Кәнеки, не бітіріп, қайттың, тырна?
Тырна.
- Құс едім ұзын мойын тырна-деген,
- Барамын енді қайтып Сырға! - деген.
- Алладан тағдыр жетіп, дем таусылып,
Тұра алмай мен барамын қырға!- деген[2].
Мәшһүр-Жүсіп.
Сөз басы-Құдай сөзі, тырна құсым,
Мінеки, қонақ болсаң, даяр, қосым.
Тіліңді жау шапқандай қиқулайсың,
Жаныңа неден мұнша келді қысым?!
Тырна.
Қосыңнан дауысымды естіп, шықтың көре,
Сіздерді жолаушы деп сәлем бере.
"Мойыны ұзын, анадайдан көреді",-деп,
Сайлаған құс біткенге бізді төре.
Біздерден естір болсаң, мінеки, кеп,
Түнде -ұйқы, күндіз күлкі көрмедім көп.
Төре боп құс бастаған шағымызда,
Бермедім көпке дамыл: "Болшы, бол!"-деп.
Көп құстың: "Жүрші, жүр!"-деп, тынышын алдым.
Көрінсе, қайда қара, қиқу салдым.
Мақал бар: "Беймазаның түбі-наза",
Көпке жақпай, қаңғырып босқа қалдым.
Тамам құс бізді шетке байлап кетті,
Жамандап бәрі бізді сайрап кетті.
Патшаға самұрықтай арыз беріп,
Бізді тастап, аққуды сайлап кетті.
Сонда мен қапаланып, болдым наза,
Қылғам жоқ ұрлық, өтірік, бұл не жаза?!
Айырылып төреліктен қалғаныма,
Қырық күндей жылап Хаққа, тұттым аза!
Жөнелген тамам құсты аққу бастап,
Кетіпті керек қылмай, бізді тастап.
"Сендерменен бас қосып жүрмейін!"-деп,
Серт қылдым, ант-амандай[3] мен де қастап.
Тор тауы- Мұса көрген Хақтың нұрын,
Пейіштен иманды құл алар орын.
"Сертіме сонда қылған жетейін!?- деп,
Ұшамын өзге құстан қырық күн бұрын.
Өз ойым-өзгеге теріс, өзіме оң,
Көрмеймін, қайда барсам, мұз бенен тоң.
Ұшсам да қырық күн бұрын, айналыс көп,
Жетуім қалай барсам, тап қырық күн соң.
Мәшһүр-Жүсіп.
Қиқулап, елеңдетіп, көңілім бөлдің,
Тұсыма Құдай айдап душар келдің.
Басыңнан ондай күндер кешкен болса,
Не көрдің, бұ жалғанда, нені білдің?!
Тырна.
Біз келдік: "Шөбі тәтті жерлер бар!"-деп,
Жұртқа айттық: "Қыс келеді, күзем ал!"-деп
Үстінен әр ауылдың бір айналып,
"Қазағым, жаман болма, жақсы бол!"-деп.
Мәшһүр-Жүсіп.
Жыланды үзіп жейсің, екі бүктеп,
Айтасың қиыстырып сөзіңді ептеп.
Қаңғырып неге келдің сонша жерден,
Тағы да қайттың, айтшы, нені жүктеп?!
Тырна.
Ауырттық ұшып-қонып алақанды,
Өткіздік зауза, шілде, сары атанды.
Ыстықта тау саялап, су жағалап,
Өстіріп алып қайттық балапанды.
Мөшһүр-Жүсіп.
Деген сөз естілмейді: "Тырна шешен".
Өзің де адал болмайсың жылан жесең.
"Жер ойылар,- деуші едің-басқаныма",
Қайттың ба, жер ойылмай, аман-есен?
Тырна.
Біз неге есен болмаймыз ел аманда?
Әркім аман тұрмақшы оң заманда.
Келген дәулет емес пе, кеткен- бейнет,
Өзің де айт: Халайық тыныш, жұрт аман 6
Мәшһүр-Жүсіп.
Халайық: аманы бар, жаманы бар,
Көп малдың жүйрігі бар, шабаны бар.
Біреу жылап, біреулер күлген заман,
Жан бола ма таймайтын табаны бар?!
Тырна.
Табанды, тұрақтаулы жалғыз Құдай,
Бұ дүние бір күн олай, бір күн былай.
Бізде де алдырған бар, шалдырған бар,
Мақұлықпыз біз де өзіндей болған солай.
Мәшһүр-Жүсіп.
Сендер-құс аспандағы ұшып жүрген,
Жерлерге көңілің сүйген түсіп жүрген.
Қанат жоқ ұшып кетер біз болмасақ,
Сендерге не пәле бар ұшып жүрген?!
Тырна.
Болды ғой: "Дей бергіштік"- мына сезің,
Алжитұғын қартайған емес кезің.
"Зажада ел қағата уғмей лапсара"-
Қаза келсе,-деген бар- көрмес көзің!"
Мәшһүр-Жүсіп.
Рас, біз көре алмаймыз, келсе қаза,
Шымылдық - кезімізге күнә, жаза.
Күнәсіз сендер неге көре алмайсың?
Кәнеки, жауап берші бұған таза!
Тырна.
Әдетпен бұл ауылды бір айналдым,
Сөзіңді естіп қимай, шыр айналдым!
Қонайын десең маңыңа (маңайың) тіпті ыңғайлы,
Қылма айып, тұрмады деп, жүре айналдым.
Мәшһүр-Жүсіп.
Құс болған сенен мықты сол бүркіт пе?
Қиқулап, надан тырна, елді үркітпе!
Ұшсаң да қанша айналып қанатың бар,
Сұраған сөзіме тіл бермей кетпе!
Тырна.
Рас, біз оқымаған ами надан,
Шүкір, ғапіл емеспіз бір Алладан!
Ұстадың не сөзімнен, айтшы, жігіт?
Болады надан деген қай түрлі адам?
Мәшһүр-Жүсіп.
Надан сол: жақсы пейіл, ісін(есін) жойса,
Ішіп-жеп, құр мәз болса, қарыны тойса.
"Алда ғой пәле дәлел батыл"- деген
Сөзінің басын айтып, артын қойса.
Тырна.
Қыркүйек-қыстың басы, үш ай күз бар,
Құс жолы-көк жүзінде- салған із бар.
Ал енді дәлел десең, мен айтайын,
Сүлеймен пайғамбардан қалған соз бар.
Сүлеймен патша бір күн сейіл құрды,
Жабайы ұшып жүрген тоты көрді.
Көп бала қыл мен жіптен тұзақ байлап,
Тотыны түсірмекке жайған торды.
Тоты құс көреді екен: ұжмақ, тамұқ,
Не барын жер мен көкте,- бәрін анық.
Нақылға езі дана, шешен екен,
Балалар шыдатпапты тынышын алып.
Сүлеймен тұра қалды жылдам өтпей: -
Ай, тотым, қалай жүрсің қашып кетпей?
Ішінде балалардың жүргенің бе,
Жерлерге адам бармас ұшып жетпей?!
- Балалар қиналады тартып азап,
Тақсыр-ау, қаш демеңіз мені қажап.
Top түгіл, оқ атса да, ұстатам ба,
Бұларды қылып жүрмін ойын, мазақ.
Сүлеймен естіп мұны кете берді,
Тотыны ақылсыз деп өте берді.
Арада бірнеше күн өткізбей-ақ,
Тотыны ұстап біреу алып келді:
-Ай, тақсыр, ұстап келдім бір тоты құс,
Торғайдан түсуі оңай бір добал құс.
Жеп еті жоқ, тұрымтай, қырғи емес,
Керексіз жасайды екен Құдай да бос!
-Бұл өзі -Үндістанның құсы- деген, -
Кісіні көргенім жоқ мұны жеген.
Сатпа, сойма, қапасқа сал да байла,
Бұған керек сыбаға-осы!-деген.
Тоты айтты:
-Өлсем не етті сізді көрмей?!
Төреңді қисайттың ғой түзу бермей!
Тақ астында қоймада көп алтын бар,
Алдырыңыз, кетерсіз бәрін білмей.
-Рас, тоты, білемін ақылды істің
Анау күн сен тіл алмай, ерегістің.
Ғайыпты болжайтұғын дана екенсің,
Бадырайып жатқан торға неге түстің?
-Мен торға түспейін деп, аспанға ұштым,
Сізбен емес, баламен ерегістім.
Жер жүзін өрт алыпты, тегіс күйіп,
Көздей жер сау көрінді, келіп түстім.
Көрінген өрт боп маған сор екен сол,
Бір тосу Хақтан даяр тур екен сол!
Сау жер болып көрінген титтей ара,
Балалар құрып қойған тор екен сол!
Ілініп қыл мен жіпке қалды аяғым,
Ұмыт боп, ойдан шығып сол баяғым.
Далақтап ұшып жүрген бір уыс жүн,
Сендей- жүзік, Мұсадай-жоқ таяғым.
Өлтірсең де қалайын шығарып үн,
Бар ма ойында жүзіктен айырылған күн.
Шикі сүт емгендігің шықты есіңнен,
Әйтпесе мен не десем, дер едің жөн.
-Міне, алтын уыс-уыс құны,-дейді, -
- Тұрмайды түкке ет пенен жүні,- дейді.
-"Тоты айтыпты!"- деген соз хат боп қалсын,
Босатып, қоя берші мұны!-дейді.
Міне, осындай соз қалған тоты құстан,
Біз бен сен сөйлескелі Хақтың қосқан.
Ал, енді риза бол, насихат сол,
Бәріміз тоңбайық,- деп,- қашып қыстан.
Мәз болып құр атаққа Мәшһүр-Жүсіп,
Қаңбақтай домаланған желмен ұшып.
Тотыдай торға түскен біз қаламыз,
Бармақтың көлеміндей жерге түсіп!
Солай деп өте шыққан тамам тырна:
"Қазағым, жақсы бол! -деп,- жаман болма!
Көңітсең сен пейілді, дәулет артар!
Арылсаң, салар Құдай қиын жолға!"
Мен-дағы:
- Хош-аман бол, тырна !-дедім,
- Біз ұтылдық, сен ұттың, тұрма!-дедім.
Сәлем айт, әулиеге, барша аруаққа!
Барсаңдар, есен-аман Сырға!-дедім.
Өткіздік осыменен биыл күзді[4],
Тырнадан бір насихат ұқтым сөзді.
Иманды, бұл жалғаннан абыройлы
Өткіз, сен Патша құдай баршамызды.
1878ж.
МӘШҺҮР-ЖҮСІПТІҢ ҚАРҒАМЕН АЙТЫСЫ
Түн ұзап, күн қысқарып, болды қазан,
Бес намаз, жанның піpі[l] иман, азан.
Арбаға ала қарға қонып алып,
Қарқылдап ертең ерте, кетті мазам.
Мәшһүр-Жүсіп.
Тұғырың, қарға, сенің тартқан арба,
Қақсайсың ертеменен жының бар ма?
Немене айтып тұрған былшыл сөзің,
Айт маған анық қылып, ала қарға?!
Қарға.
Келмейді тілім сақау, айтар[2] сөзге,
Фарағат, рақат жазған жоқ-ты бізге.
Қысылып бір жанымнан қақсап тұрмын,
Килігіп қалғандықтан, суық күзге[3].
Мәшһүр-Жүсіп.
Кім тігер сен тоңды деп ақ шатырды,
Болса да көңіл қорқақ, қол[4] батыр-ды.
Осынша жұрттың тынышын кетіресің,
"Арқаға кел!"-деп, еені кім шақырды?
Қарға.
Құс едім жүнім ала, атым-қарға,
Көрінер алтын тақтай (тақ тәрізді дегені-Г.Ж ) арба.
Қаңғырып бейнетпенен кешкен күнім,
Қорлыққа жазса Құдай, шарам бар ма[5]?!
Мәшһүр-Жүсіп.
Ей, қарға, ойын сөзге болма наза,
Қарқылдап ертеңменен алдың маза.
Жалғанда тыныштық саған бермегендей,
Құдайға қылып едің қандай жаза?
Қарға.
Көп құстың мен жаралдым бірі болып,
Қыдырдым бұ дүниені сері болып.
Ұшырып Нух пайғамбар қарғысына,
Өкіндім жүргеніме тірі болып.
Мәшһүр-Жүсіп.
"Қарқылдақ, қара мойын қарға"- атандың,
Таңертең қақсаған боп мазамды алдың.
Бұлайша қарғысына душар болып,
Айт маған: не себептен бүйтіп қалдың?
Қарға.
Айтайын, естір болсаң, енді сырды,
Топан боп жан-жануар бәрін қырды.
Арасы жер мен көктің сумен толып,
Алты ай, алты күндей толқып тұрды.
Кемесін Нұх пайғамбар тышқан тесті,
"Кім табар сол тесікті?"- деп кеңесті.
Тесікті жылан тауып кіріп алып,
Ауызына сол тесіктің бүке түсті.
Тесіктен су жібермей жатып алды,
Халайық кеме ішінде аман қалды.
"Берсін,-деп,- қалағаным, уәде бар"
- Деп, жылан еңбек сұрап, қолқа салды.
Бұл хабар жетіп қалды пайғамбарға,
Олардың сөздерінде жалған бар ма?
- Не тілесе, тілегін алсын!-дейді,
- Көңілінде қалағаны мал ма, жан ба?
Мұны естіп жыланға кірді хайла:
- Жалғанда ішпек, жемек жанға пайда.
Тәтті етті мақұлықтан қорек берсін,
Кәнеки, еті тәтті мақұлық қайда?
- Жарайды, бұйырайын, алсын!-дейді,
- Іздеуге оны біреу барсын!-дейді.
- Қиямет қайымғаша қорек болып,
Жыланға еті тәтті қалсын!-дейді.
Дүниеде жерік асым - жемтік, тамақ,
Алдымнан бәрі даяр табақ-табақ.
Тауықты кепіл қойып сенімдікке,
Кәнеки, кеттім ұшып далақ-далақ.
Қыдырсам, тартылған соң топан суы,
Қырылған мақұлықтың жасы, қуы.
Жарлығы пайғамбардың шықты есімнен,
Жемтіктің мастандырды мені буы.
Ойыма түссін қайдан маған қайту,
Есімнен шықты қайтып хабар айту.
Жемтікке қызыққаннан алысқа ұзап,
Күдірден асып кеттік арту-арту.
Тауыққа сонда мені:
- Шақыр!- депті,
- Қанат қағып сол келе жатыр,- депті.
- Ұша алмас осылайша бұл,-деп айтқыш,
- Қиямет қайымғаша ақыр!-депті.
"Шақыр" десе, қиқулап айғай салғап
Естісін кеткен қарға оны қайдан?
Тамам құсқа бір тауық кепіл болып,
Кепілінен жазылмай кентте қалған.
Қарғаның қайтатұғын мезгілі асты,
Қайдан қайтсын сол тастап жерік асты ?
- Сен тауып, сол қарғаны алып кел,- деп,
Жіберген:
- Ұшқыр!-ғой деп, қарлығашты.
Қарлығаш жетіп сонда маған келді,
Бірге еріп оқпақ, сона,-тамам келді.
- Тәтті екен ненің еті бұл жалғанда,
Білдің бе татып бәрін, қарғам?-дейді.
Жоқ қылған патша Құдай құстың сүтін,
Болады иманды құл тілге шетін.
Қарлығаш, қанша жанның таттым етін,
Тәтті екен,- деп мақтадым,-адам етін!
- Япырм-ау, тәтті ме екен адам?-дейді.
Жыланға болғаны матағам?!-дейді.
Білейін мен иісінен, қалай екен?
Иіскетші, ауызыңды аш та, маған!-дейді.
Сонда мен ауызымды ашып, тұрдым қарап,
Тілімді жұлып алды, ақты қанап.
Тілім жоқ енді сөйлер, сақау болдым,
Қарадым сасқанымнан алақ-алақ.
Оқпақ сонда:
- Айтамыз мұны!-дейді,
Тілінің түсер саған құны!-дейді.
Оқпақтың тілін жұлып, "ох!" дегізіп,
Сонаны ызылдатып қоя берді.
Таласа қарлығашпен мен де салдым,
Алдына Нух пайғамбар жетіп бардым.
Не ғып мұнша кешіктің?-деген шақта:
Қарқ-қарқ!-деп сөйлей алмай, сөйтіп қалдым.
Пайғамбар қарлығаштан сұрап қанған:
Сөйлемес қарға тіпті, ұялғаннан!
Жолда келе жатқанда маған айтты,
Шөлбақа тәтті екен,-деп,- барша жаннан".
Адамға қарлығаштың іші бұрды,
Жыланға шөлбақаны жем бұйырды.
Атар таң, шығар күн жоқ мен сорлыға,
Қайнатты сөйтіп маған қалың сорды.
-Ей, қарға, бейнетпенен күнің кешсін[6]
Тіліңді мұнан жаман тәңірі кессін!
Қиямет қайымғаша қарқылдап өт,
Әрқашан көкейіңді жемтік тессін!
- Қарлығаш мені шетке байлағаны,
Қатты екен пайғамбардың қарғағаны.
Ғұмырымда мирас қалды тұқымыма,
Қалың сор сонда мені айдағаны!
Мәшһүр-Жүсіп.
Бозбала, ғибрат алшы, мына сөзден,
Жастықта дүниені қой, иман ізден!
Қарғаша Құдайыңнан қалма ұялып,
Дүние-жемтік: жол табар мұнан безген.
Артыңда қалдырасың жиғанынды,
Құдай сүйер дүниені қиғаныңды.
Қарғаның тілін жұлған қарлығашша,
Ғазазіл ап кетпесін иманыңды!
Құдай-ау,әзәзілден бізді сақта,
Алдырма сол дұшпанға өлер шақта.
Мен емес, тілінді алған-өз сазайың,
Ступай, пошел, қарға, басқа жаққа!
Ты что, занимался ғапіл пенде,
Не принять ни как нельзя мінез сенде!
Кедейлерге кежегең кейін тартып,
Бай жұмсаса, жүгіру- сен де, мен де!
ІV АҢЫЗ ХИКАЯТТАР
АДАМ АТА МЕН ШАЙТАН
Жаралған ең әуелі Адам ата,
Жайылған жанның бәрі- соған бота.
Хауа ана шайтан малғұн тілін алып,
Жұмақтан шықпады ма біржолата?!
Шын әмір келгенде жалғыз Хақтан,
Адам мен Хауа шықты ол жұмақтан.
Тағы да шайтан келді өш алмақ боп,
Жарандар, мықты болсаң, сонан сақтан!
Шайтанның баласы бар, аты- Ханнас,
Дұшпанға сенген адам қашан да оңбас!
Хауаға шайтан айтты:
-Тұра — тұрсын,
Аз ғана серік болып саған жолдас.
"Тұра тұрсын!"- деуменен торын жайған,
Көп бөгелмей сонан соң кеткен арман.
Бір жақтан Адам ата келе қалса,
Шайтанның баласы жүр болып хайуан.
-Бұл кім-деп- жаныңдағы?- сұрақ берді,
Мұның малғұн екенін көзі көрді.
- Хайуан- деп,- мойын бұрған бұл араға
- Адамға Хауа ана жауап берді.
Ханнасқа Адам ата қаһарланды:
- Бұл малғұн кімге жолдас болған мәңгі?!
Қасына жетіп барып қылышпенен
Қылады пәре-пәре ол шайтанды.
Бір жаққа кетісіменен пенде адам,
Жылт етіп келе қалды тағы шайтан.
Келген соң, баласы жоқ, көзі көрді,
Демеңдер: қауіп қайдан, пәле қайдан?!
- Балам жоқ қасыңдағы, көзім көрді,
- Ол қайда?- деп сұрап, көңіл бөлді.
Хауа айтты:
- Адам ата қаһарланып,
Қылышпен шапқаннан соң, содан өлді.
- Ханнас!-деп, сонда шайтан дыбыс қылды,
-Ләбек!-деп, өлген бала қайта тұрды.
- Хайуан! - деп, тағы мұнда қоймақ болды,
Тағы да ол малғұнды Құдай ұрды.
Хауа ана:
- Қалдырма!- деп , зарлық етті,
Тыңдамай зытып алып малғұн кетті.
Дағдарып осылайша тұрғанында,
Бір жақтан Адам ата келіп жетті.
Тағы да ол малғұнды көзі көрді,
Қылышын қолына алып, тағы төнді.
Малғұнның тірілуін қауіп етіп,
Төрт жаққа, өлтірді де, етін бөлді.
Шайтан кеп:
- Менің балам қайда? !-деді,
Хауа оған:
- Істің артын ойла!-деді.
- Қылышпен Адам ата бөлшектеді,
Сендерден бізге болмас пайда!- деді.
- Ханнас!- деп, шайтан қайта дыбыс берді,
Иа, ата, ләбек!- деп, малғұн тұрып келді.
Тағы да:
- Бала қалсын келгенімше,
- Деді де, шайтан малғұн сырғып берді.
Хауа айтты:
-Тілегің бір тынсын!-дейді,
- Бұл кәпір бала болмай құрысын!- дейді.
- Сен шықсаң, мен де кеткем ол жұмақтан,-
Деп шайтан малғұндықпен іркілмейді.
Жетіп кеп Адам ата қатуланды,
Хауаға қаһарланып қамшы салды.
Білсеңіз, ашуланып қатын ұрмақ
Мирас боп кейінгіге сонан қалды.
Тағыда қылышпенен қатты ұрады,
Қайнатып, қазанға сап, ас қылады.
Хайуанды енді қайта тұрғызбасқа,
Екеулеп оның етін жеп тынады.
Тағы да Адам жоқта шайтан келді,
- Қайда ол қасыңдағы балам?!- деді.
Хауа айтты:
- Енді қайта тұрмауы үшін,
Еті оның асқазанға барған!-деді.
Тағдырдан ешкім қашып құтыла алмас,
- Ханнас!-деп, шайтан тағы болды қалмас!
Хауаның қарынынан шығып дауыс:
- Әй, ата, мен мұндамын!- деді Ханнас.
Шайтан сонда:
- Жайғастың, балам!- дейді,
- Сен іштен, мен тыстан шалам!- дейді.
Адамды жан-жағынан біз азғырсақ,
Жанбай ма жаһаннамда олар?!- дейді.
- Байқатпай дүние кеңін - тарлығын да,
Қайткенде қамту үшін барлығын да,
Сонан бері шайтандар жайлап алған
Қан секілді адамның тамырында.
Мен айтсам, көзім жеткен шынды айтам,
Қан болып тамырыңда жүр-ау шайтан!
Тартарсың қияметте сен жазаны,
Малғұнның денедегі тілім алсаң!
Демеңдер: "Мәшһүр мінді таба берер!"
Алғандар шайтан тілін аза берер!
Алдымен арақ ішіп бұзылғанға,
Құдайым айрықша жаза берер!
Және айтқан біздер үшін пайғамбарым:
- Ауырса, арақ ішіп, сұрама халін!
Тәубе қылмай, дүниеден өтер болса,
Оқымаңдар жаназа намаздарын!
Кімде-кім: "Бұл арақты - десе-халал!"
Тап сол жан діннен шыққан кәпір болар!
"Төрт кітаптың төртеуіне аян!"- дейді,
Алғиза, билләһи, иа Зүлжалал!
ПАЙҒАМБАРДЫҢ НҰРЫ
Ғаламнан он сегіз мың әуел бұрын,
Жаратты пайғамбардың асыл нұрын.
"Әуелі мақұлық атта нұрым!"- деген,
Хақында дәлел болды хадис мұның.
Аспан, жер, ғаршы, күрсі, лауһи, калам,
Сыдыра мен жаннат, тозақ,- бәрі тамам.
Сол нұрдың тәпсілінен пайда болды-
Жаралған он сегіз мың күллі ғалам.
Адамды топырақтан қылды және (жана),
"Кіргіл!"-деп, пәрмен етті жанға Құда(Құдай).
-Қараңғы, қорқынышты жай екен!-деп,
Жан қорқып, кірмей тұрды қарап мұңа (бұған).
Расулдің нұр шарпын келді алып,
Адамның маңдайына қойды апарып.
Сонан (анден) соң хазірет Адам ағзаларын
Жан көрді бір мәртебе назар салып.
Тұрады расул нұры жауһар беріп,
Хош ұрды (жушы ұрды) махаббаты оны көріп.
Ағзаға бармақлыққа ғашығы кетіп,
Аузынан рухы, шарпы кірді келіп.
Адамға расул нұры харар алды,
Көпкеше көкірегінде тұрып қалды.
Алланың әуелдегі тағдырымен
Шиш нәби пайғамбарға ол нұр барды.
Сонан һәм перзентіне нақыл етіп,
Мұнан һәм жеті атаға келді өтіп.
Мұхаммед-Мұстафаның нұр шарпы
Ыдырыстың кемеріне тұрды жетіп.
Ыдырыстан мұжыр болып туды бала,
Расулдің нұр шарпы келді аңа (оған).
Ілгергі айтылғандай, үш атамен
Нух нәби пайғамбарға келді және (жана).
Сам атлы Нух нәбиден туды ұғлы (ұлы),
Орнына ол Мухаммед оны (аны) қылды.
Самнан соң расул нуры уш атамен
һут нәби кемеріне келіп тұрды.
һуттың перзентіне болды дахыл,
Сақтар-ды ыхтиятпен болмай ғапіл.
"Расулдің нур шарпы жеті атамен Келді,- деп,
Ибраһимге, қылды нақыл."
Ибраһим- Мұхаммедке ұлы баба,
Aт қосқан: "Хал пілім"-деп Алла аңа (оған).
Ұлық ағзам мәртебесін несіп етіп,
Фазылымен сахаба һәм берді және.
Бибі һажар, бибі Сара қатыны ерді,
Сарадан хазірет Ысқақ дүниеге келді.
Смағұл бибі һажардан дүниеге келіп,
Халелден расул нұры оған келді.
Ысқақтан көп пайғамбар туып өтті,
Қауымына баршасы һәм жол көрсетті.
Уақытына әр [не] түрлі жұмыс қылып,
Бәрі һәм бұл дүниеден өтіп кетті.
Жалғыз-ақ Смағұлдан расул келді,
Мүбарак бір аттары (атлары) Ахмет еді.
Екі мың және алпыс жыл екі арасы
Ортада жиырма бес ата өтті де енді.
Айтпаққа мүмкін емес мен аттарын,
Білдірсем, ұзақ болып кетер бәрін.
Смағұл перзентінің әулетінен
Бірінің Ғабділманап қойды атын.
Манаптан екі бала туды бірден,
Жабысып арқалары еді ілінген.
Ажырамай бірігіп тұрар еді,
Тұрсын ғып, таңданады мұны көрген.
Ажырасып кете алмады, өз[і] бөлініп,
Ойланды халықтың бәрі қанша көріп.
Басқамен ажыратпаққа шара болмай,
Ажыратты қылыш бірлан жүдә келіп.
Сол уақтың ақылы артық даналары,
Ойланып, парасатпен айтты бәрі:
-Бұлардың қылыш түсті арасына,
Жай жүрмес, жақын болып, балалары!
Таласып хүкіметке дұшпан болар,
Уақытында неше түрлі істер болар.
Сап түзеп, бір-бірімен ұрыс қылып,
Хисапсыз екі жақтан адам өлер (олар).
Шын болып даналардың бұл айтқаны,
Дұшпандық, әулетінің, қылды бәрі.
Таласып патшалыққа көп ұрысты,
Уақытында Мағауия, хазірет Ғалы.
Хасенді Жазит қамап Кербалада,
Шаһитлік дәрежесін жеткізді аңа.
Имамның һаураждан тәнін жоқтап,
Қаншама Әбумүсілім қырды және.
Бір кітап бұл сөзінің әрбірлері,
Жазғанмен бір нұсқаға, сыймас бәрі.
Әуелгі пайғамбардың уақиғасын,
Айтайын баян қылып, құйып, әні (әне)!
- Манаптан екі ұғлы-дедім-туды,
Олардың Уми, һәшім атын қойды.
һәшімнің кемерінен Қадір құда Тудырды
Ғабділмүталлап атлы ұлды.
Ғарап атлы ұл туды Үмиядан,
Білсеңіз, оның ұғлы- Әбусапиан.
Әбусапианнан- Мағауия, онан- Жазит,
Ахуалын Мүталлаптың айтайын мен.
Мүталлап- парасатты, болды дана,
Тапсырды Байтолланың кілтін аңа.
Алланың беруімен Мүталлаптан
Он ұғлы пайда болып, туды бала.
Синарда баршасының аттары бар:
Зағыфар, Хахіл, Нарсы, Мақым, Зарар.
һәм және Әбутәліп, Әбулаһап,
Хамза, Ғаббас, Ғабдолла- деп айтады-лар.
Ғабдолла сұлу еді, артық түрі,
Бар еді мандайында расул нұры.
"Ақырғы пайғамбардың атасы"-деп,
Жаһитлар атар еді, танып мұны.
Ғабдолла Әмина атты қатын алды,
Ибраһим мәтиімен некеленді (некахланды).
Әуелгі жолыққанда, Ғабдолладан
Расулдің Әминаға нұры барды.
Алты айда Ғабдоллаға ажал жетті,
Пайғамбар тумай тұрып өтіп кетті.
Бір Құдай Мұхаммедтей сүйер досын
Қарнында анасының жетім етті.
Тоғыз ай, он күн және болды тамам,
Тумаққа уақыты жетті, қайырланам.
Төредей еш мехнат шекпеген соң,
Білмеді хабарланып ешбір адам.
Сол уақта пайда болды көп ғаламат,
Шарда бәрін бірдей айтады жат.
Екінші ракінсінің әуеліне
Қарасын білер уәлилер- адамзат.
ӨЛЕҢМЕН БЕРІЛГЕН АЯТ
Жер де, көк те сенсің, Қадір,
Әр мүжүдке өзің әзір.
Пенделерге өзің нәзір
Сұбхан Алла — сенен медет!
Су, топырақтан бейне (пенде) қылған,
Барша Мәлік сәжде қылған.
Басын (бәсін) малғұн Ғұд қылған
- Адам, Хауа, сенен медет!
Адам, Хауа қажет еткен,
Шешесін де бейне еткен.
Пайғамбарға сәруар еткен,
Шиш нәби, сенен медет!
Ажал жетпей, жанын берген,
Пәрмен болмай, езі өлген.
Жұмақ ішіне тірі кірген,
Хазірет Ыдырыс, сенен медет!
Бір дарақтан кеме қылған,
Түпіліден топан қылған,
Мұрдарларны һалак қылған,
Нух пайғамбар, сенен медет!
Дария ішінде балық жұтқан,
Қарын ішін(де) отан қылған.
Қырық күннен соң қайта шыққан,
Иүніс нәби, сенен медет!
Ғаділдерді һалак еткен, Ио...кірмеген,
Сыртсыр білан һалак қылған, һуд пайғамбар, сенен медет!
Намұрд кәпір[ді] отқа атқан,
Мынжық илан дарға тұтқан,
От ішінде бостан болған,
Халилла, сенен медет!
Қадамжайы шат болған,
Ол һыжыраға маһи болған.
Шыбын жанын құрбан қылған,
Иа, Смағұл, сенен медет!
Жүз отызда бейне (біна) болған,
Ол Сараға дәрмен болған,
Рум-раһбар болған
Хазірет Ысқақ, сенен медет!
Ибраһимге жігер болған,
Быдғыдке һади болған,
Жер астына бір һәм болған,
Лұт пайғамбар, сенен медет!
Күндіз-түнде зар еңіреген,
Жылай-жылай көзі қарған,
Нүсіп ұғлын құрбан қылған,
Хазірет Жақып, сенен медет!
Он ағасы дұшпан болған,
Өтірік илан ғауға қылған,
Мысыр ішінде патша болған,
Нүсіп нәби, сенен медет!
Шам сахарада мехнат көрген, ;
Әр мехнатқа разы болған,
Атшыларға сабыр қылған,
Хазірет Жүніс (Иүніс), сенен медет!
Мұса кәйім қойын күткен,
Әуел ақыр әмірін тұтқан
Кәпірлерді һалак еткен,
Иа, Шұғайып, сенен медет!
Неше түрлі зарлық көрген,
Ферғауынды һалақ еткен.
Шам сахарада Торға шыққан,
Хазірет Мұса, сенен медет!
Темірланы муми еткен, .... хайла еткен,
Сүлейменге әмір еткен,
Хазірет Дәуіт, сенен медет!
Неше ханға патша болған,
Таһыт бірлан аспанға ұшқан,
Былқыс деген хорды құшқан,
Шаһи Сүлеймен, сенен медет!
Кәпір дінін батыл қылған,
Тас ішінде мекен қылған,
Асхап каһын, сенен медет!
Дарыхты ишра зәкір қылған,
Патшаларына ада (ара) қойған,
Хақ жолына жанын берген,
Иа, Зікірия, сенен медет!
Кеш те күндіз еш тынбаған,
Үмбет үшін көзі кіриан,
Жылай-жылай еш тынбаған,
Иа, Мұстафа, сенен медет!
Дін исламға бұрын кірген,
Мұхаммедке жүріп ерген,
Хабиб Хаққа қызын берген,
Әбубәкір, сенен медет!
һәмма пұтны сындырған,
Кәпірлерге қылыш ұрған,
Дін жолына махкам ашқан,
Хазірет Ғұмар, сенен медет!
Мұхаммедке қызмет еткен,
Ғалымларды бінла (бейне) қылған.
Хан Манын құрбан еткен,
Хазірет Ғұшман, сенен медет!
Құлларына қылыш алған,
Кәпірлерге қырғын салған,
Жердің жүзін,- бәрін алған,
Шері-Құда, сенен медет!
Фатимаға қанат болған,
Муминларға медет болған,
Кербалада шаһит болған, Хасен,
Хұсайын, сенен медет!
Дін жолын ол түзеткен,
Хақ зікірін берік тұтқан,
Халайыққа жол көрсеткен,
Ғұшаллағзам, сенен медет!
Хақ дүр оның жолдары,
Муминлардың раһбары,
Хақ Мұхаммед үмбеті, Имам Ағзам, сенен медет!
Кәміл дүр сенің пірлерің,
Барша білер (білүр) сырларын,
Түркістан-дүр жерлерің,
Хазірет Сұлтан, сенен медет!
ХОР ҚЫЗДАРЫНЫҢ ХИКАЯСЫ
Пейіште тобы (тоуба) ағашы, жапырағы [иапырағы]
зор,
Жарығы (иарығы) күннен раушан, баршасы- нұр!
Болғанда түбі аспанда, басы-төмен,
Иіліп жерге қарай салбырап тұр.
Мысалы күн секілді көрінісі,
Саны жоқ, балдан тәтті (тәтлі), көп жемісі.
Салбырап аспан көктен мәуеленіп,
Сонымен сегіз пейіш толған іші.
Үн тартар шулап ағаш түрлі күйін,
Сипатын тамамдауға жетпес зейін.
Түрлі дәм жемісінде бар-ды ләззат,
Пейіштің тамамлаған түгел[ 1 ] үйін.
Торғыннан атлас пенен бар-ды төсек,
Оларды мумин құлға[2] қойған төсеп.
Зейнетлі түрлі гауһар алтын тахыт,-
Олардың көптігіне жетпейді есеп.
Хор қызы сол уақытта[3] ғанбар шашы,
Иілген жаңа туған айдай қасы.
Шеберлеп саф алтыннан ұста соққан,
Түймедей домаланған [4] гауһар басы.
Көзінің қаралығы қарақаттай,
Сөзі бар ақ қағазға[5] жазған хаттай.
Көзіндей құралайдың ойнақтатып,
Арман не соны құшқан адамзатта-ай?!
Болғанда тілі інжу, төсі-маржан,
Еті аппақ қара жерге жауған қардан.
Ғұнша ерін, сұлу иек, пісте мұрын[6],
Қалмайды жүзін көрген пендеде арман!
Жарқ етіп шыққан күндей қабақтары,
Мақтадай аялаған тамақтары.
Алмадай екі беті үзіліп тұр,
Үзілген қызыл гүлдей сағақтары.
Гүл жүзді (жүзлі), шырын сөзді, бал сілекей,
Аяғын келер басып некей-некей.
Алмадай беттерінен сүйгеніңде,
Суырылар тілмен қабат сол көмекей!
Сипаты тура әліфтей, талдай бойлы,
Мінезі бекмүләйім гүзалхойлы.
Сүттен-ақ, судан таза, таһаратты,
Сөйлесе, бал тамады, ақыл ойлы.
Ерітер тәттілігі балдай ерні,
Балқытар басқанымен қара жерді.
Наз қылып еркеленіп түрлі жайда,
Құбылар [7] бір сағатта жетпіс түрлі.
Бильярд шашбауына таққан теңге,
Түк болмас қас пен кірпік шаштан өзге.
Сағымдай көтеріліп, сәулеленіп,
Кіреді бір сағатта әр түрлі өңге.
Хор қызын құшқан адам кенелгендей,
Әркім-ақ іздеп соны жөнелгендей.
Келбетін көрген шақта қызыққаннан,
Бір қасық сумен жұтып жібергендей!
Аспайды ай сәулесі қабағынан,
Қызыл гүл ұялады сағағынан.
Ішкені алқымынан[8] белгілі боп,
Көрінер жұтқан[9] асы тамағынан.
Кигені жетпіс қабат холла болар,
Қыз қалпы айнымастан[10] күнде болар.
Болмаса Хақ жаратқан хор қызында,
Бұл сипат онан басқа[11] кімде болар?!
Не кемдік бар болған соң ұжмақта жай,
Жаратқан осылайша Жаббар Құдай.
Холладан жетпіс қабат білінеді,
Жыландай ширатылып жіліктен май.
Мәжіліс көңілді ашар гүлстандай,
Болғанда өзі мұндай, жүріс қандай?!
Сол салып алақанға жүрсең-дағы,
Білінбес ауырлығы бір мысқалдай[12].
Салайық сөйлеп-сөйлеп сөзді шынға,
Қой-дағы өтірікті, ұмтыл шынға!
Бір жерге сөз аяғын әкеп қойған,
Айтайын әңгіме сөз, сізлер тыңда[13]!
Бір емес, екеу емес, көп айтыпты,
Әңгіме еститұғын көп айтыпты,
"Ләззаттың жалғандағы тұрған жері
Нәрседе үш-ақ түрлі!"- деп айтыпты[14|.
Әуелі жақсы болсын жатар орын,
Түзеп бақ үй-жайыңды күні бұрын!
Хош һауа, жақсы тұрар ләззатлы үй,
Адамның арттырады ақыл-нұрын.
Екінші жақсы болсын ішер асың,
Ұмтылып шауып тұрсын ықыласың.
Бір жанды күтпегенде не қыласың,
Бар ма еді өз жаныңа сол өз қасың?!
Естумен қанып мейірің, тойдың-дағы,
Бастадың, неге қайта қойдың-дағы?!
Ләззаттың жалғандағы тұрған жері-
Қатының жақсы болсын қойнындағы.
Жай десең, сегіз ұжмақ бар-ды пейіш,
Тәтлі десең, онда бар түрлі жеміс.
Сұлу десең, хор қызы және даяр,
Табылар тамам ләззат бір жерден-үш.
Қара көз ақ жүзіне жарасқаны,
Бірінен керек қылмас ол басқаны.
Бір кісінің басына жүз хор қызы,
Бірінен соң бірінің таласқаны.
Ерінбейсің, жалығып шаршамайсың,
Бір қалыпта тұрасың, болмай кәрі.
Болады сонда жасың отыз үште,
Өзіңмен қатын құрдас-қыз он бесте.
Тәрік қып бұ дүниені кетер едің,
Уа, дариға, соның бірі кірсе түске!
Өлең бар, күй тартатын домбыра жоқ,
Басында әр қыздардың алтыннан шоқ.
Қор қызы екеу-екеу әнге салып,
Сайрайды сандуғаш пен бұлбұлдай боп.
Сады әр түрлі әнге қылып сауық,
Осымен жұбансын деп ол бір ауық.
Күй тартып тоқсан екі түрлендіріп,
Қаларсың елтіп сонда естен ауып.
Тартылар тағам болып, даяр пісіп,
Алдыңа даяр келер құстар ұшып.
Оқиды хор хызлары әңгіме қып,
Көрдіңіз Мэриям ана, сүре Жүсіп.
Болады күнде жас қыз кәрі қатын,
Пейіш",- деп сонан қойған оның атын.
Ғайша анам пайғамбардан сұрайды екен:
"Онда да бола ма,-деп,-ауыратын?"
Есітіп Ғайша анамыз күлімдейді,
Айтуға пайғамбарым ерінбейді.
Күнде қыз болғанымен, мұндағыдай,
Ауырып еш нәрсесі білінбейді.
Ғайша анам пайғамбарға наз етіпті,
Бұл сөзді құлағымен есітіпті.
Жас жасап, ғұмыр сүріп бұл дүниеден,
Іспенен, естуменен бұл кетіпті.
Мен өзім өлең іздеп, жүдеп аздым,
Өлең түбін шеше алмай күнде қаздым.
Ойланып өз бетіммен жазғаным жоқ,
Кітаптан: "Мұхаммедия" — көріп жаздым.
Кеңесі жазушының осылайша,
Жігіттер, бұлқынып өт асау тайша!
Жігітлер, бұ дүниеден желіп өткіл,
Жүрмегіл әр уақытта тіпті жайша!
[Сара]ңның сараңы барып тұрған,
Бола ма онан жаман [Құдай] ұрған?! "
[Адамның] жомартлығы- осы депті:
-[Өлі]ге құран оқып дұға қылған!"
Ораза туралы
Әуелі Адам пайғамбарды Хақ жаратты,
Бір осы топырақтан тән жаратты.
Жан беріп, иман мірөз етті,
Біздерге руза тұтпақ сонан қапты.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Нұх пайғамбар құмына дұға қылған,
Ерінің жүз баршасы суға толған.
Сол суда көп кәпірлер һүник болған.
Пайғамбар өз құмына кеме қылған,
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Мұса ерді де ісі илан болған,
Со қырғында Тәңірге ғарыз қылған.
Махшар күні дидарын ғата қылған,
Бұ сөзден жақсы адам ғибрат алған.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Жақып нәби ахзан (хазан) үтір шала болған,
Жетпіс ел парыз анттан жұда болған.
Жүсіпті ағалары құл деп сатқан,
Он екі жыл зынданда сабыр қылған.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Ол Салых пайғамбар дұға қылған,
Қарa тастан боталы түйе туған.
Әуелі дүние деген пірлер һалақ қылған.
Ботасы боздай-боздай тасқа кірген.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Ол Мұса пайғамбар жиһан кезген,
Дұғасы Хақ қасында қабыл болған.
Дұға бірлан өлікке жан берілген,
Төртінші қат аспанда мекен тұтқан.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Дәуіт ер-ді тамырды мүмдәк қылған,
Дюб ер-ді өр ішінде сабыр қылған.
Ар жағы (иағы), бұ жағынан сан нұр қонған,
Сонда да намазды еш қоймаған.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Ол Ыдырыс пайғамбар көкке шыққан,
Аспанда ғазірейіл жанын алған.
Жаны оның тәніне дыха кірген,
Осы күнде жұмақтан орын алған.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Сүлеймен тахты бірлан көкке ұшқан,
Ибраһим қонақ табылса, қарсы алған.
Смағүл хақ жолында құрбан болған,
Біздерге құрбан шалмақ сонан қалған.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Кәпірлер Зікірияға арт (арс) тартқан,
Жүністі су ішінде балық жұтқан.
Хызыр Ілияс бұ дүниеде тыр жортқан,
Кәріп-кәсерге қайыр, жәрдем қылған.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
һуд қу Мекаил менен һалақ қылған,
Лұт құмын таспенен һынық қылған.
Әулие қайсысы, пайғамбар дүр,
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан
Ухи да нәбиолла Ыехақ пенен,
Хикаядан кедейлік мұрат қалған.
Жержісін нәби жеті өліп, алты тірілген,
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Бір қомды дінге үндеген Шимғұн деген,
Кәпірлер Шимғұнға иланбаған (инанбаған).
Жебірейіл Аихансалла һалак қылған,
Тозағың кәпірлерге орын болған.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Ол расул кәпірлерге ғазат қылған,
Бұ жаһан әмірін тұтқан қапыз болған.
Бұ пікір пайғамбарға тымра болған,
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Мұхаммед үмбетлері ердің рағы,
Хасен, Хусайын уғлының рағы.
Ғалы атты Алланың арыстаны
Күркіресе, иар өлер, ер-ді ,кәпір заһары,
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Күндерден күн жақсы, ғад күні,
Түгел [жазыл]ған төртінші қыдыр түні.
Үнлерде не үн шығар - құран үні,
Жақсылар, құлақ салып, тыңда мұны!
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Алланың арысланы Ғалы заһары
Күркіресе, бар лур ердің пірі.
Үмбетлерім тұту ғалым фахыры
Білетін тұтса керек үмбетлері!
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Мұхаммед-Мұстафаның дүр данасы,
Бибі Фатима - пайғамбардың қыз баласы.
Емсен бірлан Хұсайын ұғланлары
Шаһид болған Кербалада екі лансы.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Пайғамбар Мединеде жатып тұрар,
Қолына гауһар шарап алып тұрар.
"Үмбетлерім келе ме?!"- деп, бағып тұрар,
Таңда шапақты ұтып тұрар!
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Сабыры тамам бір ұжмақ, екі орын бар,
Жақсы адамлар ұжмақ тұрып, сабыр [қылар].
Жамандар жаһаннамнан орын табар,
Кәпірлер- тамұқта мәңгі қалар.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Аспанда әр бұлбұл өз көгін жүзер,
Жердегі әр шөплер ернін безер.
Ораза тұтпағаннан Тәңірім безер,
- Хабби үшін ұжмақтан орын түзер.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Бір орынның сауабы көкте болар,
Пітір берсең, сауабы һәм артылар!
Қайыры жоқ сараңдар сауаптан - қүр қалар
Інжілдер ұжмаққа кірмей мақрум қалар,
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Әуел хабарың сұрар: - Өлдің бе?-деп,
- Менің мол екенімді білдің бе?!-деп,
Өлместей боп жүруші ең, көрдің бе ? !-деп.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан І
- Менің атым сұрасаң, ғазап!-дейді,
- Бейшара адам, келдің бе жазып?-дейді..
- Жауабыңды берейін, жалғыз- дейді,
- Қоржыныңда қанша бар азық?!- дейді.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Ораза тұтпағаны - құлға айналар,
Тамұғының ортасына баптанғандар,
Түрлі-түрлі ғазап қинағанлар,
Әр жерінде илан хиан жаппағанлар,
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Тұтқан соң оразаны пітір бергіл,
Берейін жалған етпей, тұғыры жүргіл.
Бұрынғы кінәлардан тәубе қылғыл,
Жамағат, құлақ салып мұны білгіл!
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Інжілдің оразамен саудасы жоқ,
Пітірсіз оразаның пайдасы жоқ.
[Зекет] бер, бермесеңіз, бір нық мим жоқ,
Ораза муминларының көңіліне тоқ.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Меккеде беруі бар мың дәреже,
Құлдары ішіндегі әрбір қожа.
Дәулетіңіз ридасы ертелі-кеш құлақ салып,
Тыңлай гөр-ай байыбын!
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
ҒАЛЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ
Азырақ мен сөйлейін Ғалы ерден,
Бата алған пайғамбардан-абзал шерден
Бір күні серуенге шығып жүріп,
Сайран ғып дүниенің көбін көрген.
Сол беттен тағы жүрді күнбатысқа,
Кетіпті Мединеден тіпті алысқа.
Бір жалғыз ақсақалға кез келіпті,
Тырмысқан қолы жетпей бір талысқа.
Бұйдадан бір өгізді жетелеген,
"Босанса, өгіз қашып кетед!"- деген.
Айдаса, өгіз жүрмес талыс жаққа,
Дүлділмен Ғалы келді секектеген.
Сәлем берді ер Ғалы келіп қалып,
Жалт қарады ақсақал сәлем алып.
- Өгізді ұр!- деп, ақсақал сұраған соң,
Жіберді шаһимардан салып-салып.
Ұрғаны білінбеді титтей шағып,
Елемей өгіз тұрды, құлақ қағып.
- Япырмай, не еткен нашар бала едің?!-
Ақсақал сөз айтады оған налып.
-Мінейін өгізіме өзім барып,
Жіберші ол талысты маған алып!
Арыстан:
- Жарайды!-деп, мына сөзге,
Көтермек ат үстінен іліп алып.
Мынау іс болды ғажап арыстанға,
Ала алмай сол арада қалды таңға!
Жаһанда қамал бұзып жүрсе-дағы,
Қалды ғой алақандай талыстан да.
Еш пенде жыға алмаған арыстанды,
Ғалы ер мынау іске намыстанды.
Бар күшімен аямай тартқанында,
Дүлділі жерге кіріп жатып алды.
Ақсақал өгізіне мініп келді, Жіберді:
-Былай тұр!-деп, Ғалы ерді.
Найзамен іліп алып, олталысты,
Күнбатысқа бетімен жүріп берді.
Ғалының бұл жұмыстан беті қайтты,
Құдайға сасқанынан, нәзір айтты.
Айтуға бабасына бастан-аяқ,
Сол жерде Мединеге түзу қайтты.
Мынау іс Ғалы ерге жаман батты,
Айтуға бабасына келе жатты.
Аш-арық ақсақалға душар болып,
Тоқтатып дүлділінің басын тартты.
Бейнеттің неше түрлі дәмі батқан,
- Сусын!- деп, зарланумен келе жатқан.
Қараса, оң жағында бір шар аяқ тұр,
Су-тұзды тағам бар толып жатқан.
Аш-арық келе жатыр қадам басып,
Бұралып, өле жаздап, қаны қашып.
Кез келіп өлексеге құрттап кеткен,
Құмартып жей бастады асып-сасып.
Тамақты неше жақсы жемей барып,
Асайды өлексені боқтан сасық.
Мұны да бабасына айтайын деп,
Жөнелді Ғалы арыстан қапаланып.
Артқыға осылайша сез болыпты,
Қаншық ит көп ұзатпай кез болыпты.
Күшігі ішіндегі тумай үрген,
Шабаңыз, міне, осындай іс керіпті.
Тағы да мынау істен пікір алып,
Айтпаққа бабасына тура барып.
Жол үстінен бір жылан көрді-дағы,
Тоқтады, қамшыменен тартып қалып.
Жылан сонда қамшыға ілігеді,
Ер Ғалы түсірем деп сілкіледі.
Сілкісе де, соқса да, өрлей берді,
Ақырында келіп қапты бүлдіргені.
Жыланды қамшыменен лақтырады,
Бойлары тітіркеніп сап тұрады.
Жаһанда сансыз қамал бұзса-дағы,
Жүрегі осы сапар абдырады.
Көреді мұнан кейін қара бура,
Бастырмай арыстанды-ай тұпа-тура.
Тағат қып, заһарына шыдай алмай,
Қашады дүлдүл атын ұра-ұра!
Састырды осылайша Ғалы ерді,
Құтылып, Мединеге келіп кірді.
Сол бетте бабасына келді-дағы,
Көргенін бастан-аяқ сөйлей берді.
Пайғамбар мұны естіп, жайланған соң,
Жиналған кеп халықтар таң қалған соң.
Шешуін Ғалы ерге былай деді:
- Шырағым, астамшылық ойлағансың!
Ойласаң, менменшілік-Тәңірім қасы:
"Кез келсе маған,- дедің - жер тұтқасы,
Төңкеріп дүниені жіберер ем,
Қаңбақтай болар маған бар нұсқасы!"
Тосқызған мұндай іспен Хақ тағалам,
Ақсақал-көк өгізді Хызыр бабаң!
Ол талыс - дүниенің төрттен бірі,
Жетпеді көтеруге сенің шамаң!
Екінші-ол қайыршы-ақсақал шал,
Қолында қанша халал болады мал.
Ішіп-жемей, өзінен қызғаныш қып,
Ұрлыққа қиянат пен ұста болар.
Үмбетім сондай болар - ақыр заман,
Шошқадай боқ асайды, ол жеп харам.
Солардың қайғысынан ұйқым келмес,
Иллаһи, ғасылыңа ал, Хақ тағалам!
Үшінші- ол көрінген бала болар,
Замана жыл-жыл сайын сұм боп солар.
Ақырғы үмбетімнің балалары,
Ананың құрсағынан туа шулар!
Төртінші - заман ақыр қатындары,
Болмайды беттерінде титтей ары.
Жыландай тиген сайын, қарсы өрлеп,
Түнерген бұлтты түндей ашулары.
Бесінші - үйде жатып, ой ойладың,
Ісіне ғазірейілдің таңырқадың!
Күші асып ала ма екен, иа, рұқсатпен,
Дүниеден тегіс жойған барша жанның?!
Күштесе, күші менен асар ма еді,
Тең келсем, ғазірейіл де сасар ма еді?!
Күнәһлы жалғыз Алла қылмас болса,
Соғыссам, батыр-екең қашар ма еді?!
Заһарын бура қылып, жіберген Хақ,
Қандайын ғазірейілдің көрмедің нақ!
Ғибрат үшін Алланың көрсеткені-
Құдай-бір, Құран-шын, пайғамбар-ақ.
Бұл сапар-көп сапардан қайырлы жол,
Ақылды, ойлағанға ғибраты мол.
Адамның баласына үлгі үшін,
Алланың саған-дағы көрсеткені- ол!
Дінді тап, білімді тап, дүниені-тап,
Білгенін айтып жатыр тіл менен жақ!
Бір қалмай, артымызда, бара жатыр,
Болдық қой жайылатын хайуандай-ақ!
Пайғамбардың ақтық үні
Азырақ икрам алып, көзі ілінді,
Аһылбайт баршасы һәм жай отырды.
Сол уақытта Қадір құда құдіретімен
Ғазірейіл періштеге әмір қылды:
-Достыма сәлемімді айтқыл барып,
Кіргейсің хұжырасына рұқсат алып.
Құп алса рух шарпын хафіз айла,
Болмаса дегеніме, келгіл қайтып!
Ғазірейіл пәрменменен көктен енді,
Мың мәлік зейнетленген қасына ерді.
Бір кәріп суретінде есікке кеп:
- Кірмекке бола ма?!- деп әуез берді.
Ғайша айтты:
- Жауап бер!- деп, Фатимаға,
Фатима іште тұрып, айтты аңа (оған):
- Азырақ тыста тұрып, сабыр етіңіз,
Бұл уақта пайғамбарда жоқ тұр шама!
Және айтты ызғар етіп:
- Кіремін!- деп,
Ілгергі сөзін айтты Фатима кеп.
Үшінші қатты әуезбен айтқанында,
Баршасы аһыл баптың тітіреді көп
Оянды ұйқысынан расул-құда,
- Қалай-деп сауал етті,- себеп мұнда?!
Фатима расулге айтты:
-Араб келіп, Есіктен: "Кіремін!"-деп, қылар нада!
Оларға жауап беріп, айтты расул: -
Сіз көрген араб емес, біліңіз бұл!
Пенденің ағзасынан жанды алатын,
Ғазірейіл Мәлік- ашмут періште ол!
Фатима пайғамбардан мұны естіп,
Қайғырды қапалығы хадден өтіп.
- Мәдине харап болдың,- деп айтса дүр,
Басына қолын қойып әуез етіп.
Пайғамбар Фатиманың қолын алды,
Өзінің көкірегіне әкеп салды.
Онан соң несібесінен нышан болмай,
Көпке шабыс һош болып талып қалды.
Коңіліне тұрғанлардың қиял жетті:
"Дүниеден,- деп ойлады,- мағар өтті!"
Расулдің құлағына аузын [қойып]:
Фатима: "Жан ата!"-деп, әуез етті.
Бермеді расул құда жауап әр кез, Және де:
-Атбыта!-деп, жығылды тез.
- Жолыңа жаным құрбан, кезіңді ашып,
Бір мәрте бата зар сал!- деп, айтылар сөз.
Пайғамбар бұл сөзді айтты көзін ашып:
- Ей, перзент, кеп жылама, жасың шағып.
Баршыдағы періштенің баршасы һәм
Сөзіңе тағат қылмай, тұр жыласып.
Насихат:
- Жылама!-деп, айтылар кеп!
Көз жасын сүртер еді қолымен кеп.
- Артымнан, мен келген соң, айтқыл!-деді,
- Анарше уайыниа алтиер ражию!-деп.
Онан соң расул көзін жұмды және,
Жығылды аһыл байтының бәрі һама.
- Фарбата.һ кәріп болған, жан атам!-деп,
Фатима хадаен артық қылды нала.
Пайғамбар Фатимаға:
- Мұны - деді,
- Атаңның пақыр ғұмыры дүниеде еді.
Бұл дүние бес бақыстан өткеннен соң,
Мехнаттан халас етер аңса мені!
Өсиет, талап қылып Ғайша келді,
Ілгергі айтқанындай жауап берді:
-Пайғамбар азубының бәріне һәм,
Ғайшаға есиетіндей айтар еді.
Пайғамбар бұл сөзді айтты Фатимаға:
Ұлымды:Хасен, Хұсайын келтір маңа[маған
Жүзіне Хасен жүзін қойып тұрып,
Хұсайынды көкірегіне басты және.
Қолымен екеуінің сүртіп көзін,
Қаншама мейірбанлық айтты сөзін.
Ғалыны онан кейін алдына алып,
Иығына тік отырды сүйеп өзін.
Деп айтты:
-Ай, Ғалы, сен бол хабардар,
Мойнымда пәлен жаһут хақысы бар!
Әскерге жаратпаққа алып едім,
Бергейсің ада қылып оны занһар.
Хауыз кәусар кенеріне барғанда мен,
Жолығатын үмбетімнің әуелі - сен.
Өзіңе неше түрлі қайғы салар
Дұшпан боп көп мұсылман кейін!-деген.
Әр түрлі жәбір көрсең, сабыр айла,
Тағат қыл, ақыреттің қамын ойла!
Дүниенің хакімлік пен шатлығынан
Пендеге бір зәредей болмас пайда!
Өзінің құлдары мен шораларын,
Тапсырды Мартазаға оның (аның) бәрін:
- Тамақтан жә киімнен кем болмасын,
Ескеріп, тұрғыл-деді-көріп халін!
Көп еді пайғамбарда шора мен құл,
Ғазадан келген еді асылгері бұл.
Өзінің кесел болған уақытында
Қырық құлын азат қылды Хақ расул.
Онан соң пайғамбардың келмей халі,
Кеңінен өзгеріліп кетті бәрі.
Қайтадан өзінің мүбәрәк төсегіне
Жатқызды Ғаббас пенен хазірет Ғалы.
Расулдің өлімі
Ғазірейіл сәлем берді ішке кіріп,
Пайғамбар ғалік алды оны (аны) көріп.
Деп айтты:
- Иа, Мұхаммед, рұқсат берсең,
Рухыңды хапіз (хасіз) етпекке тұрмын келіп.
Хал тілмен Расул айтты:
-Жә, ғазірейіл,
Рухымды алмақлықтан сен сабыр қыл!
Жебірейіл қарыстасым (періштесі) қайда кетті,
Қасыма неге келмес уақытында бұл?!
Ғазірейіл әуез қылып айтты және:
- Мәліктің есебіндегі бәрі һама (нама).
Жебірейіл ортасында мәтім тұтып,
Жыласып (жығласып) аза (ғаза)қылып тұрғыл саңа
(саған)!
Жебірейіл сол мезгілде көктен еніп,
Алдында әзір (хазір) болды, сәлем беріп.
Пайғамбар Жебірейілден сауал қылды:
- Әкелдің не хош хабар Хақтан келіп?
Жебірейіл Расулға айтты:
- Қайырланам (хайырланам):
- Әкелдім мархабатлық сізге сәлем!
Жаннатты еіздің үшін даярлады,
Бекітті жаһаннамның бәрін тамам.
Зор (қор) ғылыман есебіндегі періштенің,
Бір Құдай санастырып қойды бәрін:
- Расулдің рухшарпы (шарсы) келеді!-деді,
Жолыңнан тізер дүр баршасы оның.
Деп айтты Расул:
- Құдая, Жебірейіл,
Хош болмас менің көңілім мұныңмен, біл!
Бұл күнде ғаміл көңілім харсант болып,
Артықша сүйінгендей, бір хабар қыл!
Жебірейіл пайғамбарға айтты мұны:
- Әуелі сіз тұрасыз махшар күні.
Үмбетін шапағат қып алмақлықты,
Бір Құдай сізге берді әуелгіні.
Пайғамбар Жебірейілге айтты және (жап.)
Мұнан һәм артық етіп іс (біті) қыл маңа
Жебірейіл Расулге айтты: - Жасару бар,
Харсантлық бір хош хабар айтты саңа (саған),
Кіресіз жаннат ішіне әуелі сіз,
Нәбилер сізден бұрын кірмес әр кез.
Ілгергі үмбетлердің баршасынан
Жаннатқа үмбетлерің кіреді тез.
Пайғамбар айтты Жебірейілге:
- Ай, Бірадар,
Мекені жақсы құлдың жаннат тұрар.
Күнәкар ғасы жайы үмбетімнің
Ахуалы нешікболар асла (істе) аз һәр?!
Жебірейіл мекеніне қайтты, жатып,
Алланың дәргаһына айтты барып:
Достыңа сәлеміңді айтып едім,
Қайталанбас көңілі әр кез харсантланып.
Күнәсын тілеу еді үмбетінің,
Жауабын қайтарайын, не деп мұның?!
Алла айтты:
- Ғасыр үмбет тәубе қылса,
Ілгергі өлмегінен бір жыл бұрын.
Ілгергі күнәсының бәрін кешіп,
Жаннатты қыла дүрмін оған несіп.
Махшарда пайғамбардың өзі бірлан,
Сираттан өтсе керек бірге ілесіп.
Жебірейіл пайғамбарға келді-лер баз,
Білдірді Хақтың әмірін қылып ағаз:
Бір жылдан ілгергіні ғафу етті,
Алланың дәргаһынан болса паруаз.
Бұл сөзді Жебірейілге айтты Расул:
Бір жылда қанша күнә болар хасыл?!
Күнәсын әуел ақыр бағышласын,
Айтыңыз дәргаһына арызымды (ғарызымды) бұл!
Аллаға бұл сәлемін айтты және,
Құдіретімен әлһам етті уахи дана:
- Өлімнен бір ай бұрын тәубе қылса,
Кешейін күнәсының бәрін һама!
Жебірейіл пайғамбарға қайтып келіп:
Білдірді Хақтың әмірін хабар беріп.
Бір айда қанша күнә болар?!-деді,
Айтты һәм Расул құда ауыр көріп.
Жебірейіл бір Алланың дәргаһына
Арыз етті (айтты):
- Риза емес достың мұңа! –
Аптада тәубе қылса, кеше дүрмін!-
Құдіретімен әлһам етті қадір Алла.
Расулге қайтып келіп бек сәлемін,
Пәрменді мағлұм етті бір Алланың:
Аптада қанша күнә, хасыл болар!
Шатланбас мұның бірлан көңілім менің!
Білдірді бек сәлемін қылып ағиан,
Алла айтты құдіретімен қалып пәрмен:
- Өлімнен бір күн бұрын тәубе қылса,
Базыларыммен бар күнәсын кеше дүр-мін
Жебірейіл хабар берді пайғамбарға:
- Өлер күні тәубе қылса, кешкей Алла!
Бұл және көп болады - деп,
Расул айтты-
Бір күнде ғасы үмбет қыла[р] әр не?!
Жебірейіл бұл сөзді һәм айлады жат,
Алла айтты:
- Тәубе қылса өлер сағат,
Күнәсын әуел-ақыр бәрін кештім,
Отынан жаһаннамның қылып азат.
Пайғамбар сағатты һәм ауыр көрді,
Жебірейіл дәргаһына хабар берді.
Алла айтты:
- Мұның бәрін ауыр көрсе,
Фазылымен ызғар (аз һар) етіп, айтты енді:
- Ғұмырында күнә қылып пенде жүрсе,
Өлерде жан бұғазына келіп тұрса.
Аузымен айтпақлыққа халі келмей,
Көздерін пұшайманмен нәлі қылса.
Кешемін күнәсының бәрін һама,
Анадан туған сипат болғай және (жана).
Жігер де тәубе қылмай өтіп кетсе,
Шапағат қыла дүрмін Расулды аңа (оған)!
Жебірейіл бір Алладан мұны естіп,
Білдірді Хақтың әмірін аз һар етіп.
- Үмбеттен енді көңілім тынды,- дейді,
Расулдің көңіліне шатлық жетіп.
Және айтты Жебірейілге:
- Ай, Бірадар,
Айтайын көңілімде үш арыз бар!
Әуелі үмбетімнің күнәкарын (күнаһарын),
Жаннатқа шапағатпен кіргізсін-лар!
Екінші, қанша күнә қылса пенде,
Дүниеде көрсетпесін азап (ғазап) аңа (оған).
Үшінші, үмбетімнің күнәларын
Бейсенбі һәм дүйсенбі ( дүйсембі) күні маңа (маған)
Көрсетсін өз алдыма алып келіп,
Қараймын ағмалының бәрін көріп.
Дұға қып, жақсы болса, шатланармын,
Күнәсын, жаман болса, һәм тілетіп.
Жебірейіл бір Аллаға қылды ағлам:
- Бердім,- деп, жарылқады баршасын һәм.
Онан (анден) соң пайғамбарға нада қылып,
Құдіретімен бұл сөзді айтты уахи акрам:
- Үмбеттің осыншама жедің қамын,
Кім салды өз көңіліңе мұның бәрін?!
Арыз (ғарыз) етіп Расул құда Аллаға айтты:
-Көңіліме мұны салған фазылың сенің (сәнің)!
Алла айтты: - Салған болсам қиялды бұл,
Боласыз не себептен мұнша мәуіл?!
Баршасын рахматыммен жарылқармын,
Үмбетке сенен мейірім (меһірім) жүз есе қып
Пайғамбар:
- Тынды,- дейді,- көңілім менің!
Тапсырдым үмбетімнің саған бәрін!
Аздырмай, тура жолмен, өзің сақта!
Мен сені халифасы қылдым оның!
Әлқисса, болғаннан (болғанден) соң бұл сол
Уахидан парығы болды, қайырланам
Жебірейіл бек аламин сонан (анден) кейін,
Қоштасып (хошласып) пайғамбармен айтты
Ахамада ғүмалла хош қал етті,
Бұл күні ажырамақтың уақыты келді.
- Әр (һәр) заман бұл дүниеге келмегіме
Мәдиғам һәм мақсатым ( мақсұддым) бір сіз ерді
Дүниеге келмегеймін енді мен тез,
Алладан уахи әлһам болмағай кез.
"Алудағы, әліфтегі жә, Мұхаммед!"-деп,
Қайғырып мекеніне қайтты-лар тез.
Расул һәм қош айтты болып мәуіл,
Деп айтты сонан (анден) кейін:
- Жә, ғазірейіл,
Күнәкар үмбетімнен көңілім тынды,
Кел енді, бір Алланың бұйрығын қыл!
Ғазірейіл сонан кейін даярланып,
Тәртіплер (тартылар) рух шәрібіне шипа салып.
Жанына бір кесемен суды қойып,
Көк пісте, сүртер еді, қолымен алып.
Терледі қиналғаннан маңдайлары,
Реңі (реңкі) өзгеріліп кетті бәрі.
Мүбарак пайғамбардың жүздері һәм
Тағы қызыл болар еді, тағы сары.
Пайғамбар сауал етті ғазірейілден:
- Қиналдым жан бергенде осынша мен!
Осы түрлі қиындықпен аласың ба,
Кейінгі үмбетімнің жанларын сен?!
Ғазірейіл жауап беріп, айты-лар сөз:
- Ешкімге рахмат етпедім сіздей әр кез!
Аспан, жер, тау мен тастар (ташлар) тағат қылмас,
Қаһарыммен алғаныма болғандар кез.
Пайғамбар ғазірейілге айтты және;
- Қуатсыз үмбетімнің бәрі һама (хама).
Бұл күні әр (һар) не болса, мен көрейін,
Үмбетімнің жан ашығын салғыл маңа (маған)!
Онан соң Расул құда қиналды көп,
Сол уақытта қолына алып бір мисуак шөп:
- Ағызына әр мезгілде салар ер-ді,
Жә, Алла, есендікті нәпіс қыл!-деп.
Расулден өзге сөздің бәрі қалып,
Үмбетін айтар еді ағызына алып.
Мүбарак рухы, шарпы париаз (парпаз) етіп,
Жаннаттың бостанына қонды барып.
Пайғамбар сапар етті дүйсенбі күн,
Әне (ана), Алла, уана Алла, һәм ражим бұл.
Аһыл (ағыл) бәйіт азу ажының баршасы
һәм, Расулдің өлгендігін біле білер, біл!
Жылады баршасы һәм париат етіп,
Бағзысы талып қалды есі кетіп.
Фатима нала қылып жығылар (жылар) еді,
Артықша қапалығы хадден Өтіп.
Дер еді:
- Ай, Абата, ата-жаным!
Сүйенішім, һәм жаным едің менің (маным).
Жебірейіл көк жүзінен нәзіл болып,
Хақ[тың] әмірін енді кімге қылар мағлұм?!
Жә, Алла, хафиз айлағыл жанымды сен,
Достыңа жылдам барып ұшырайын мен!
Раһбарым, пайғамбарым, сардарым!- деп,
Жылады (жығылады) аһыл (ахыл) байтлар бірлан.
Есітіп сахабалардың бәрі һама,
Сәждеде жылар (жығылар) еді, қылып нала.
Піриат қып бастарына қолын қойып,
Дер еді: "Уа, Халиолла ғамада!"
Осындай бірнеше жүз ауызына (ағызына) алды
Бағзысы бихош (биһош) болып талып қалды.
Артықша өзгелерден хазірет Ғұшман
Жыларға халі келмей, жатып қалды.
Ортада хазірет Ғұмар тіке тұрып,
Айтады қылышына қолын ұрып:
- Бір кісі Мұхаммедті өлді!-десе,
Бөлемін екі хысса оны (оны) қылып.
Бұл уақта Расул құда жатыр талып,
Түзелер аз уақытта саламатланып.
Бұл сөзден тұрғанларға шүбә (шүбһа) жетіп,
Жыламай қарап тұрды тілін алып.
Ол күні аспандағы күн тұтылып,
Болмады бірін-бірі ешкім біліп.
Дүниені зұлмат тұтып турар еді,
Расулдің өлгеніне аза қылып.
Ол уақта Әбубәкір үйінде еді,
Ғайшаның хұжырасына кіріп келді.
Үстіне жауып қойған пердені алып,
Мүбарак пайғамбардың жүзін көрді.
Айтады жүзін өбіп:
- Уаһи (уахи)асқан!
Дер еді қолын өбіп: "Уаһи аспан!
Жолыңа ата-бабам болсын пида,
Раһбарым (рахбарым) ғамымдауа халиоллан!"
Егер де мәні (манығы) болса жыламақтан,
Ғұмырымның барлығынша жылар ем мен (ман)!
Өзіңнен рұқсат (ұлықсат) болса, бұл жанымды
Жолыңа берер едім, қылып құрбан!
Бұл түрлі көп сөз айтып, жылады зар,
Деп айтты:
- Ай, құдая, Хақ Берубар, һәм досың,
һәм Расулің-хабибіңе
Бұл менің сәлемімді айла азһар (азхар)!
Құжырадан Әбубәкір шықты қайтып,
Мешітке барып кірді қаба тартып.
Расулдің мінберіне хұтпа оқыды,
Әуелі бір Алланың хамитын айтып.
Деп айтты:
- Ай, халайық, есітіңіз!
Нанбаған Мұхаммедке болсаңыз сіз,
Пайғамбар ажал жетіп, опат болды,
Дүниеге енді айналып келмес әр кез!
Алланы, нанбасаңыз, Құдай біліп,
Өлмейді ақырғаша бақи тұрып.
Сабыр етіп қазасына тұрыңызлар,
Айтамын баршаңызға мен білдіріп.
Ғымыранның сүресінен оқып аят,
Ажалдың бір хақлығын істеді (аслайы) жат.
Хамат Мүстафаның нағытын оқып,
Рухына һәм жіберді көп салауат!
Өлгенін пайғамбардың барша білді,
Қайғырып, аза (ғаза) тұтып, көп аһ ұрды.
"Иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражиғун"-ден
Жүзіне қолын сүртіп, дұға қылды.
Әшкере Аһылбайт һәм жылады баз,
Ғайыптан естілді бір қош әуез:
- Алла ла әм ғабыл күме- пайғамбардың,
Аһыл байт аз уәж!-деп, қылды ағаз (уағаз).
Сізлердің үшбу көрген мұспибатың,
Сауаптан жеткізеді Алла хақын!
Артықша зор парығы етпеңіздер,
Ойлатып бір Алланың инабатын!
Имансыз бұл дүниеден өтсе адам,
Лайық дүр ол пендеге кафыт ұғам.
Ғиззаты пайғамбардың артық болар,
Дүниеде тірі болыи жүргеннен һәм!
Осындай бірнеше сөзден хабар берді,
Білсеңіз, бұл сөзді айтқан Хызыр еді.
Онан (анден) соң жыламақтан ауызын тыйып,
Қазаға риза (ырза) болып отырды енді.
Ғайыптан естіледі және бір сөз,
Білдіріп Аһылбайтке айтты бір сөз: -
Мұхаммед Алла досы (досты), таза жүрер,
Жумаңыз пайғамбарды апла (асла) әр (һәр) кез!
[А]ртынан әуез қылды біреу және (жана):
-Нансаңыз: "Жума!"- деген шайтан ана.
[М]енХызыр, пайғамбарды ғұсылетіңіз,
Айтқалы бұл хабарды келдім саңа (саған)!
Аһылбайт хасин айтты мұны біліп,
Аллаға шүкір қылып, таспих етіп.
Дослары анден кейін даярланды,
Жұмаққа пайғамбарды ішке кіріп.
Ғұсыл еткен адамдардың есімдері (есімлары),
Әуелі - хазірет Ғаббас, екінші-Ғалы.
Үшінші-Әшім (һәшім), төртінші- Қасым, Фазыл,
"Ғаббастың перзенттері"- деп айтады.
Асамайын зайт - бесіншісі,
Алтыншысы - Сақыран атлы жігіт ер-ді.
"Кейінгі бұлайтылған екеуі һәм,
Расулдің- деп-айтады-азатлысы"
Есікке аңсарының бәрі келіп,
Бұл сөзді айтар еді әуез беріп:
- Ілгеріде жақсы-жаман осылар болса,
Баршасын жүрер едік бірдей көріп.
Ажырадық тысқары істе бүгін қалып,
Расулге ғұсыл етесіз сіздер барып.
Серік қып бұл қызметке тұрсаңыздар,
Бізден һәм ішіңізге адам алып.
Осы еді Залла атлы бір аңсары,
Кіргізіп әшкереге алды, әні!
Расулді қандай қылып жуамыз?-деп,
Біле алмай, қайран болып тұрды бәрі.
Бағзысы:
- Көйлегімен жусақ!-деді,
Бағзысы жалаңашын қабыл көрді.
Осындай қайран болып тұрғанында,
Бір Құдай баршасына ұйқы берді.
Азырақ ұйықтап кетті көзі ілініп,
Ғайыптан хабар берді аз һар етіп:
- Ғұсыл етіп пайғамбарды жуыңызлар,
Көйлегін ағзасынан алмай тұрып.
Оянды ұйқысынан бәрі һама,
Жатқызды пайғамбарды бір тақтаға.
Расулдің күншығысқа басын қойды,
Аяғын күнбатысқа қойды және (жана).
Мүбарак киімінің бәрін алды,
Жалғыз-ақ ағзасында көйлек қалды.
Қолына хазірет Ғалы қалта киіп,
Жумаққа пайғамбарды даярланды.
Көйлегін көтереді Фазыл барып,
Астынан Ғалы жуды қолын салып.
Асама, Шақыран мен- бұл екеуі
Үстіне құяр еді суды апарып.
Хазірет Ғаббас пенен және Қасым,
Тұраp еді пайғамбарды аударып һәм.
Пайғамбар есендікпен (асанлықпен) қозғалар-ды,
Бұларға періштелер болып жәрдем.
Әуелі пайғамбарды сумен жуды,
Екінші шадшы (падсы) суын құйып тұрды.
Үшінші қабір (кәбұр) суымен ғұсыл етіп,
Онан (анден) соң бұл қызметін тамам қылды.
Ол судың кіндігіне тұрып қалғанын,
Хош тұтып хазірет Ғалы ішті бәрін.
Сол үшін әрбір түрлі қиын істе
Өзгеден артық болды Ғалы мианың.
Мөшік атлы маңласына даруа сорны,
Үш қабат ақпен бәден кебін қылды.
Ілгергі айтылғандай, өсиетімен
Расулді жалғыз қойып шығып [тұрды].
Сабыр етті тыс қарсыда қарап тұрып,
Мәліктер қайтар еді намаз қылып.
Періште намаз оқып болғаннан соң,
Әуелі намаз оқыды Ғаббас [келіп] кіріп.
Онан соң намаз оқыды хазірет Ғалы,
Кезекпен Әшімнің келді бәрі.
Асхапқа Әшімнен соң, кезек жетіп,
Нәубетпен оқыр еді баршалары.
...ға Асхаптан соң кезек жетті,
Анден соң балалар һәм келіп етті.
Ол күні ешбір адам имам болмай,
Намазын баршасы һәм жалғыз етті.
Кітапта нақыл қылып айтар мұны,
Опаты дүйсенбінің әмід күні.
Бұйрықты манзылына дайын еткен,
Сәрсенбі кешкісінің еді түні.
Әлқисса намазларын тамам етті,
Анден соң дайын етпекке талап етті.
Жиылды:
- Қайсы жерге қоямыз? !-деп,
Асхаптың баршасы һәм кеңес етті.
Мешітті бағзылары көрді қабыл, Бағзысы:
- Болсын – деді - бақ Бағыста бұл!
Асхаптың бағзылары бұл сөзді айтты:
- Үйінде болмақ керек те, сірә сол!
Ортадан Әбубәкір айтты тұрып:
- Расулден мен естідім бұрын сұрап.
Қай жерде пайғамбардың жаны шықса,
Сол жерге қойылады дайын қылып.
Және де хабар беріп айтты Ғалы:
- Қай жерде пайғамбардың шықса жаны,
Бір Құдай қүдіретімен дәргаһында
Көреді өзге жерден артық, әні (әне)!
Мұһа, Жыран сарилар мұны естіп,
Бұл сөзге ырзаланды қабыл етіп.
Ғайшаның хұжырасына қоймақ болды,
Көңілінен баршасының шүбә (шүбһа) кеп
Бағзылары көр қазбаққа - ақ талап көп, Бағзысы айтты:
-Лахат қылып қоялық!-деп.
Бағзысы:
Бұл қызмет несіп болып Талха жетті,
Хұжырадан лақат қазып даяр етті.
Балы, Ғаббас, Фазыл, Құмша,
Қаран, Жама, Алдас көтеріп лақатта елітті.
Бар еді пайғамбардың бір тондары,
Үстіне перде қылып жапты, әні (әне)!
Лақаттың есігіне ғам хашталардан
Әкеліп бекітпекке тидірді, әні!
Ақыры бір кірпіштік орын қалды,
Шығарып енді кейін - тонды алды.
Расулден бір ишараат сөз білініп,
Тесіктен қауым барып құлақ салды.
Мүбарак еріндерін қимылдатып:
-Үмбетім, үмбетім!- деп, жатыр айтып.
Дайын етіп пайғамбарды болғаннан соң,
Құжырадан баршасы һәм шықты қайтып.
Фатима құжырасында жатыр еді,
Асхаптың баршасы һәм мұнда келді.
Мұхаммед- Мұстафаның мәдхонларын
Білдіріп Фатимаға хабар берді.
Фатима піриат қылып, қылды нала,
Жылады асхаплардың бәрі һама.
Расулдің әуелгі өткен күндерінде
Артық сабыр мусипат болды және.
Фатима айтар еді қылып зары:
-Атамның, баршаңыз, һәм асхаплары,
Көз қиып, көңіліңіз және барып,
Көмдіңіз жер астына нешік, әні [әне]!
Сахабалар мұны естіп, болып кіриан, Деп еді:
- Не қыламыз, болса пәрмен?!
[...]зда Хақтың әмірі болмағанда,
Бір қылын қоймас едік топырақ бірлан.
Асхаптың қайғы-ғамы хадаен өтті,
Бағзысы Мединеден шығып кетті.
Дидарын пайғамбардың көрмеген соң,
Бағзысы: "Көзімді ал!"-деп, тілек етті.
Бағзылары өлген соң іздеп келді,
Калима тұт[ып], таухидты айтып, дінге кірді.
Бағзысы ғаспанаға ғашық болып,
Расулдің қабірін құшып, жанын берді.
Расул[дің], бұл айтқаның, әрбір ісі,
Айта алмас ада қылып ешбір кісі.
[Әр] жерде білдірмекке лазым болды,
Шам, Шамарында бір жаһұттың қылған ісі.
Бақ құсы
"Құдайға құлмын!"- дейсің, құлшылық жоқ,
Уайымың: "Болса екен,- деп,- қарыным тоқ!"
Ойлаған ақыреттен бір ісің жоқ,
Мақсатың - көздер толы дүние боқ.
Көп адам ішіп-жейтін тамақ үшін,
Салып жүр бұ дүниеге барлық күшін.
Аузыңнан ішсең, артыңнан қалар түсіп,
Керек қып [1], әуре болдың оның несін?!
Өз нәпсің бойыңдағы - жанның жауы,
Жалғанда екеуінің бітпес дауы.
Нәпсіңнің айдауына ере берсең[2],
Білінбес өз басыңның ауру-сауы.
Нәпсіден құтылуға не хайла бар?!
Құтылсаң, бір басыңа көп пайда бар!
Өз нәпсің бойындағы жау шыққан соң,
Жаныңа енді жақын дос қайда бар?!
Жүрмейді ыңғайыңа қатын-бала,
Деп айтқан: "Дұшпаның-деп,-өзі және,
"Иннама ауылдың ем азуа жүңме
Фетнасауе!"- демеді ме Хақ тағала?!
Мал-басқа, қына қызыл тасқа бітер,
Жаманға қасақана қасқа бітер.
Жалғанда жаныңменен жиған мүлкің,
Айырылып өлген күні басқа[ға] кетер.
Жұрт көмді жаназалап сені көрге,
Барарсың ақыр бір күн қара жерге [3].
Жолдас тап есің барда, күшің барда,
Өзіңмен кіретұғын көрге бірге.
Мал қалар дәнемемен болмай ісі,
Не қылсын, кім бар болса, сол иесі.
Үй қалар ішіндегі мүлкіменен,
Деп айтпас: "Бізді, қайда, жиған кісі?!"
Аһ ұрып, жылаған боп, қатын қалар,
Жоқ екен көрге бірге еріп барар.
"Болар — деп- тиген байым әлде қандай?"-
Жас болса, қатын соны ойына алар.
Көзінен саулаған боп ағар жасы,
Өзінің ойлағаны - қара басы.
Жылына не жетеді, не жетпейді,
Таласар қайнысы мен қайнағасы.
Ағайын жиылар мал сойғанына,
Етін жеп, сорпасына тойғанына.
Биопа, сұм дүниемен алдандырып,
Тәубең не (төбеңнен) ұрып Құдай қойғанына V!
Ұшы жоқ, таусылмайды, терең ойлар,
Дария емес суы терең кісі бойлар.
Батырып су түбіне жіберетін –
Адамның алдындағы жылқы-қойлар.
Опасыз, шіркін дүние, болдың мұнша,
Қызықты, қадірлі боп өзің сонша!
Көрінер жұрт көзіне әлдеқандай,
Біраз күн бір пендеде дәулет тұрса!
Шарықтап сөйткенменен кетпес асып,
Сынаптай, бір орында тұрмас, қашып.
Басыңнан бақыт құсы ұшқан күнде
Қалады керексіз боп боқтан сасық.
Бірі-тірі, бірі-өлі: "Ал" мен "Бердің",
Мал қашты уысынан һамматлы ердің.
"Шық бермес, Шығайбайға"- тұрақтады,
О-дағы біліп алды берген жердің.
Бақ деген бұрын бір құс болушы еді[4],
Қиядан-қияға ұшып[5] қонушы еді.
Азыл зат, текті жерді таңдап қонып,
Жарасып тұғырында тұрушы еді.
Бақ құсы осы күнде шыбын болды,
Қайда сасық, іріңді тауып [6] қонды.
Таздың басы, пұшықтың мұрнын тауып,
Бүгінде ақсақ-соқыр- бәрі де оңды.
Шыбынға бәрі бірдей қант пенен боқ,
Жамандық кеп боп кетті, жақсылық жоқ.
Жабы озып арғымақтан, аттан-есек,
Бәрі оқыды: болғаннан соң қарыны тоқ.
Біздерге әр түрлі өнер Тәңірім берді [7],
Қыдырдық денсаулықпен талай жерді.
Астында жаппа күрке көшер шілік,
Ақсақал Жапке бірлан Ғайса келді.
Көре алмай, сағынғаннан көптен бері,
Жақсы екен аз өмірде болған тірі.
Бас қосып қадірлескен жақсылармен
Тарқады біраз құмар, көңіл кірі.
Ежелден көшпелі еді мінез біздің,
Жақсысын көріп едік бұл үш жүздің.
Алмаңыз көңіліңізге, ай, ағалар,
Бабыңыз болмай кетті екі сегіздің.
ӨЛІМ АЛДЫНДАҒЫ ХАЛ
Қаламды, жазайын деп, алдым қолға,
Қатесі болса сөздің, Құдайым оңда!
Азырақ адам халін мен сөйлейін,
Жамағат, шала тыңдап, ғапіл қалма!'
Адамнан жан шыққан соң кетеді хал,
Білмейтін наданларың тыңдамаңдар!
Адам халін бір азырақ мен сөйлейін,
Жамағат, шуылдамай, құлағың сал!
Кітапқа жақсы болсаң, сіздер жуық,
Мұқтасар, мұжмұмақпар кітап сыйғызып.
Анадан тудық-тағы, болдық адам.
Әуелде біздер едік пәрмені су[ық].
Тоғыз айда анадан бала туған,
Жақсы болса [жалал бала] атаның жолын қуған
Анадан туғаннан соң болдық адам,
Қан ішінде ұйысқан шырын судан.
Білмейді кәміл адам ерте-кешін,
Жақсылар жамандардың қамын жесін!
Дүниеге болып адам туғаннан соң,
Көреді азды-көпті несібесін.
Біреу бай болады, біреу жарлы,
Біреу жарлы болады, біреу басқа зарлы.
[Қанша] жарлы, міскін, жынды болса-дағы,
Құдайдан өлшеп берген несіп бар-ды!
Өзі қақса, Құдайым, тіпті кемімес,
Неше түрлі буманың бірін шешпес!
Залал келтірсе, Құданың бұйрығына,
Сондай бұзылған жанның тілегін бермес!
Жігітлер, мына сөзге құлағың сал,
Қалады арттарыңда жинаған мал!
Сөйлейін білгенімше әрбір кепті,
Сөзінің болса, сөзімді есітіп қал!
Кей адам бай болса да, бейнет көрер,
Кей адам жарлы болып, рақат көрер.
Кей адам үндемейді топ ішінде,
Сөз[і] пұлсыз болса да, сөйлеп жүрер.
Біреу өтер дүние малын айдай алмай,
Біреу өтер тәтті тағам шайнай алмай!
Біреу жүр уағдасынан мықтап ұстап,
Біреу жүр ешбір сөзін байлай алмай!
Бұл сөзден пайда болмас кей наданға,
Айтсам, сөзім қор болар кей жаманға!
Тірілікте ақыретті ұқпай тұрып,
Байлық, жарлық білінбес еш адамға!
[Кей адам] дүниені қуып жүрер,
Кей адам жамандыққа жуық жүрер.
[Кей адам], дүниені тастай беріп,
Тағат пен ғибадатқа жуық жүрер.
[Дін жол]ын қайтер еді қойса қумай,
Не керек Мұхаммедтің жолын қумай?!
[Кей] адам дүниеге көңіл беріп,
Ac ішер беті-қолын сумен жумай!
Сонда да құдіретсіз жұрттан аспас,
Айтса да, шариғатқа, әр кез баспас!
Кей адам ақыретке көңіл беріп,
Таһаратсыз жерлерді титтей баспас!
Нанбайды кей надандар көзі көрмей,
Малынан қайыр менен зекет бермей!
Дүниені мехнатланып жиса-дағы,
Артынан, өлсе қалар, біреу ермей!
Қумастық дүниені қуып кетер:
"Жұрт алдына шығам!"- деп, үміт етер.
Жүргенде әуреленіп дүниемен,
Бір күні ажал шіркін қуып жетер!
Ажал жетсе бір күнде, қалай болар,
Сөйлейін бір азырақ сонан хабар.
Жараңдар, тіршілікте ғибадат қыл,
Өлгенде пендесіне қысастар бар!
Ажал келсе, пенделер, бір күнде өлер,
Алланың тағдырына пенде көнер!
Ажал - уақыт пендеге таянғанда,
Сол жанға ғазірейіл жетіп келер.
[Ажал] келіп, пендеге қонар дейді,
Қызыл жүзлі жүздері солар дейді.
Алладан ажал - тағдыр жетіп келсе,
Қасыңда үш періште тұрар дейді.
Бірі кепіл дем алыс, аманына,
Бірі кепіл ырзық пенен тамағына.
Және тағы біреуі кепіл дейді
Дүниеде жақсы - жаман амалына.
Дем алыс бір күн бітіп қалар дейді,
Бір періште жауап сенен алар дейді.
- Бұ пенденің бітті,- деп- дем алысы,
Ғазірейілге баян ғып барар - дейді.
ЬІрзығы таусылады сол мезгілде,
Оған тағам болмайды тамам елде.
Бұл пенденің бітті,- деп,-ырзығы!
О-дағы жауап берер ғазірейілге.
Тағы да таусылады ғамалдары,
Аз ғана ойнап-күлген замандары.
- Ғамалы бұ пенденің таусылды!- деп,
Барады ғазірейілге хабарлары.
Ғамалы ізгі болса, қызық болар,
Бұ дүниеде көңілі озық болар.
Ол адамның есімінің айналасы
Ақ нұрдан жазылған сызық болар.
Жамандық болса, қосы бұзық болар,
Тозақтың отларына шыжық болар!
Ол адамның есімінің айналасы,
Қарадан жазылған сызық болар!
Ей, жігіттер, бұл сөзге құлағың сал,
Үгіт айтқан сөздерден ғибрат ал!
Кітаптың айтуынша, ай, жараңдар,
Ғарыштың тап астында бір ағаш бар!
Ағаштың жапырағы толып жатқан,
Аллаға баршалары таспих айтқан.
Әр жапырақта пенденің аты бар-ды,
Ажал жетсе, жапырағы түсіп қалған!
(Аяғы жоқ)
ДҮНИЕГЕ ЖАРАСАДЫ КҮН МЕНЕН АЙ
Дүниеге жарасады күн менен ай,
Бұл заман да тұра бермес бұрынғыдай.
Мысалы бұл дүниені мен айтайын,
Теңелер бір заманда кедей мен бай.
Өзгеріп одан кейін заман болар,
Жолына шариғаттың күмән болар.
Қызығы: кәрі-жастан ұят кетіп,
Тәртіпсіз, ар жойылып тамам болар.
Үлгісіз ата менен ана болар,
Еркекті әйел билеп дана болар.
Бір асып, бірде тасып көкігендер,
Таусылып құлазыған дала болар.
Күншілдер көрінгенге қуғын салып,
Ақыры күнәсізге жала салар.
Үлгілі-өнегелі салты құрып,
Қаптаған айналасы қала болар.
Сарыарқа сары жайлау жер тарылып,
Өрісі жоқ, жырық-жырық дала болар.
Сары қымыз сапырулы қолдан кетіп,
Сарғайтып ішетұғын шайы болар.
Ұлы — арсыз, қызы ұятсыз болып өсіп,
Бала емес, пәле баққан жайы болар.
Келер заман адамы көп білем деп,
Надандығы соңғыға мәлім болар.
Шариғат пен хадистен жұмысы жоқ,
Құранды қате оқып күнә болар.
Оқыған ғұламалар таусылған соң,
Ақыры ұры-қарысын молда қылар.
Өзіңнен туған бел балаң,
Саудагердей сарт болар.
Бірге туған жақының
Алыстан бетер жат болар.
Сыйынған пірің молда-саудагер
Бір Құдайға шет болар!
Таудың түгі кетіп, тасы қалар,
Ағайынның жақсысы кетіп,
өңшең жау, қасы қалар.
Құранда минал жәннәт әннас қалар,
Бұл күнде - иа апо әннәс қалар!
Мың ғалымнан ғайн, мим-ләм артық,
Оқиды атақ үшін наһу мантық.
Айырылып қой - қозыдан қалай тұр[сын],
Халыққа шариғат жолын түзу айтып?!
Ендігі молда мақсаты мал таппақ,
Құдайдың мүлкіне, ұжмақтың кілтіне ие болмақ.
"Құдайы садақа беріңдер!"- деп,
Аңқау елді алдап, ақымақ қылмақ.
Сиқырын он қашырға шайтан артқан,
Мұның бәрін қожа - молда сатып алған.
Кедейді қанап, аңқауды алдап,
Шайтанның сиқырымен пайда тапқан.
Бағызы - бағызы шариғат бар,
Шатақ үшін таралған.
Алуан-алуан молда бар,
Тек алу үшін жаралған.
Сұрауменен сұрамшақ күн көреді,
Ұрлықпенен сұғанақ күн көреді.
Құран сөзін сатып молдалар күн көрмесе,
Бұл пақырларың аштан өледі!
Осылай жүріп жатыр дін сарсаңда,
Көбейіп қожа-молда бұл қарсаңда.
Жалғанда кісі ақысынан құтылмайсың,
Қажыға жылап жаяу жүз барсаң да!
Шариғат, кітап сөзі қалды тозып,
Беласты шылғи өтірік шыннан (асып)озып
Дүние үшін молдалардың пейілі азып,
Бұлар жүр быт-шыт қылып дінді бұзып.
Дін қайда, осы күнде білім қайда?!
Тұрған жоқ анық көңіл бір құдайда!
"Лақ, тоқты аламын!"- деп жүрген жаннан,
Ойлайсың тиеді деп кімге пайда?!
Айналайын, шариғат,
Атың бар да, затың жоқ.
Айтушы бір өзгертіп,
Жазушы екі өзгертіп,
Өртеп жіберер кітабың көп.
"Жаназа оқыдым!"- деп, бір алып,
"Құран шықтым!"- деп, екі алып,
"Қамыр садақасы"- деп, үш алып,
Кәріпке деген садақаны және алып,
- Суық қолды сұм алаяқ,
Асып өлтіретін молда көп!
Қожа-молда дегенде, қожа - молда,
Оқитын құран сөзі күнде молда.
Көріп отырып құран сөзін ақша қылған,
Түбінде сол тамұқтың шырылдар жан өзің, молда.
Дүние үшін оқу оқып болған молда,
Болғанда баста сәлде, кітап қолда,
Білгені өз басына пайда етпесе,
Масқара ел алдында болар сонда.
Бұлар сол оқу оқып, ұқпай қалған,
Шын емес, айтқан сөзі болып жалған.
Жұртқа айтып, шариғатты өзі тұтпай,
Қазақтың қой мен тайын алдап алған.
Тамұқтың түбі терең неткен деймін,
Бір тас түсіп ішіне кеткен деймін.
Түбінің тереңдігін сонан байқа -
Екі жүз елу жылда жеткен деймін!
Ішінде сол тамұқтың құдығы бар,
Көп адамда саларлық былығы бар.
Күнінде қияметтің зар жылайтын,
Онда қылған арамзаның қылығы бар.
Ішінде сол құдықтың сандығы бар,
Имандыға айтылған таңдығы бар.
"Иманды адам тозаққа жанбас!"- деген-
Алланың айтып кеткен жарлығы бар.
Ішінде сол сандықтың жыланы бар,
Имансызға айтылған ұраны бар.
Алдымен сол тозаққа молда күйер,
Қанайтын кедейлерді, пиғылы тар.
Халыққа шариғатты дұрыс айтпай,
Қолында кәлима алла құраны бар.
Іздесең сауап молдалар,
Құран оқы молаға.
Қасына түне демейді,
Келіңдер қайтып қонаға.
Өлім барды шашады,
Жоқтың артын ашады.
Қосылып сендер тонама!
Жылап сықтап жатқанда,
Олжадан ойың барларың
Қараң өшсін, жолама!
Құран оқып күңіреніп,
Сары уайымға саласың,
Берсе қағып аласың.
Тәңір алдына барғанда,
Соларың дұрыс бола ма?!
Молдалар өзгелерді кәпір дейді,
Көбі надан, наныңыз, түк білмейді.
Өзімшілдік көкейін тескен сорлы,
Аузына келгенін айтып, жанын жейді.
Сұрқия сопы молда алма тілін,
Беті тұнық, асты ылай, ол бір-жылым.
Өнерсің, өнеге алсаң, үлгілі елден,
Адамшылық өнер мен берер білім!
Осы күнгі адамдардың бірталайы,
Ұры, қары, қу-сұмның жан жолдасы.
Қазағым қайтып ел болад, қарағым-ау,
Ойлағаны басшының - өз құлқыны?!
Бұл өтірік соз емес, шын расы,
Кәсіпсіз ұрлық қылған кәрі-жасы.
Кедейліктің иесі осы елде,
Оңдырар ма сәулесіз өңкей масы?!
Мәшһүрді бар екен деп есіне алсын,
Аяғын аңдамаған қия салсын!
Жасымда қожа кесіп сүндеттеген,
Қалғанын, жақтырмаса кесіп алсын!
ҒИБРАТ ӨЛЕҢ
Бірінші сөз
Дүние малын тамам ғып,
Қарын көзі тойған жоқ-ты,
"Сонда пенде- ойлады (айлады) Мұса,
- Құлағына алған жоқ-ты!"
Адамзаттың бәрін алып,
Қара жер қойынға салып,
Ағуз миуқаш дұға(дыһа) болып,
Сұм қара жер тойған жоқ-ты!
Алла иадын айғанлар,
Ханқат мешіт салғанлар,
Құран кітап оқығанлар,
Олар (алар) мұнда қалған жоқ-ты.
Ғанибет дүр білсең бұ дәм,
Ажал келсе, қоймас бір дем.
Парасат тілеп Бибі Мариям
Ғазірейілден қалған жоқ-ты!
Күнәкарым болмай осы,
Пәле жоқ-ты (иоқты) сақтаса (сақласа),
Құда Балық ішінде хазірет Иүніс,
Қараңғылық көрген жоқ-ты!
Барша кісі бұл жаһаннан (жаһандан)
Құтылмақ жоқ (иоқ) Ғазірейілден!
Сират атлығы мінізілгеннен,
Отыма (оғта) мұнша күлмек жоқ-ты!
Жалғыз қылың ұзақ жол-а (иола),
Баға алмассың сахи ұсыла,
Неше ел жылап айтсаң нала,
Зарың қабыл болған жоқ-ты!
Үстіме пәрмен қылды Жалил,
Сахи саламат Хақты Халил,
Құрбандық қылғанда Исмағұл (Исмаил),
Пышақ бұғаз шалған жоқ-ты!
Дүние дүрі өтер әрдем,
Көшсе керуен қонар бір д[ем],
Жер қойнына басып қадам,
Барған қайтып келген жоқ-ты!
Хуажа сид мүрит пірден,
Барған қайтып келмес көрден!
Аңсары сол пайғамбардан
Төрт пайғамбар өлген жоқ-ты!
Келсе бір күн Хақтан пәрмен,
Жоқ дүр құтылмағыңа дәрмен.
Мың жасаған хакім Лұқман
Өлімге хайла қылған жоқ-ты!
Екінші сөз
Әуел бастан туғызған Адам,
Тумай адам, өліп болмас!
Құдай бермеген дәулетті
Қайратпенен (Ғайрат билан) алып болмас!
Сырыңды айтпа Нәмірідке,
Ішің толар қайғы-дертке!
Өзі болмаған жігітке
Кісі жақсы (ихшы) қылып болмас!
Қарамаң[дар] Нәмірд жүзіне,
Хақарт (қаһар) тисін өзіне,
Бір шұғыл пасық сөзіңе –
Көрмейінше, нанып болмас!
Әркім сүйер қара көзді,
Кім сүймейді ару жүзді.
Өзін білмес далба (дилбе) қызды
Малын беріп алып болмас!
Ай-дайын көңілің толмаса,
Астыңа төсек салмаса,
Ғиррат әкрам қылмаса,
Оны алмақ еп (айып) болмас!
Егер көңіліңе жетпесе (итмесе),
Келгенде атың, тұтпаса,
Келген мейманды (михманды) күтпесе,
Шорыдан өткеріп болмас!
Жақсы болса, адам дейді,
Жаман болса, хайуан дейді.
Тіл алмаса, қабан дейді-
Базарға айдатып болмас!
Ғазиз жаным болса тәнде,
Бес уақыт намаз айласа күнде.
Неше құп алса пенде,
Ажал жетпей, өліп болмас!
Піріміз дүр шат мірден,
Дін жолында берді-лер жан,
Қышқырылса Хамит азан,
Естігендер қалып болмас!
Хош жігіттен дәулет қашса,
Қор боларсың ғақылың шақса,
Бір мумин басқа іс түссе,
Өзін білген күліп болмас!
Бір хош жігіт атсыз болса,
Ұрыста жарақсыз (иарақсыз) болса,
Өзі және үриятсыз (піриатсыз) болса,
Онан (анден) артық ғазап болмас!
Бір хош жігіт өлсе,
Оның малы талан болса,
Құдайдан үмітің болса,
Бір пұлын алып болмас!
Әр пенде жығылар Құдаға,
Құдайдан жаным садаға!
Шақыр маған мығыркаға
Кід Құдалар барып болмас!
Мағрип-дер- бұ не істе,
Аспаннан төрт кітап түсті.
Құдайдың құдіреті күшті,
Ғапіл адам біліп болмас!
Үшінші сөз
Адам ұғлы, бес ісіңді,
Бір жайт білгіл.
Ақыреттің жолы жақсы дүр,
Ақыретін ғақыл адам һәм етер.
Ақымаққа дүние малы жақсы дүр,
Хош жігітті жай тисе (өтсе) өзінен,
Шауаш күні шаншар мірді көзінен!
Әркім табылмаса айтқан сөзінен
Тоғыз ойнас тұтқан қатын жақсы дүр!
Досын дұшпан біліп,
Сырын көзлеген.
Қайыр сыйын тәрк етіп
Бір сөз сөйлеген (сөзлеген),
Құдайды ұмытып, жалған сөзлеген,
Діні мүңкір келген ізет жақсы дүр!
Сөз мағынасы шығар бір жақсы жайдан,
Бейхабарлар айырыла түсер Құдайдан.
Қайырсыз, зекетсіз, ғұшыршыз байдан
Елсіз, пұлсыз жүрген кедей жақсы дүр!
Ақымақтан хабар ал, ғақыл - айтқаннан,
Сені қоймай шығар, үрлер отыннан .
"Тірік мен!"- деп, күн шыққанша жатқаннан,
Иман билан жатқан өлік (өлүк) жақсы дүр!
Хош жігіт үйінен мейман (мыһман) өткермес,
Әр үш (ұрым) күні басыңа (басшыға) қиқу еткермес.
Бір нәміртке барсаң, ісің біткермес!
Қолын беріп шыққан азат жақсы дүр!
Жоқтан бізді, жесімімізді бар еткен,-
Ғақылсыздар Хақтың ісін ғар еткен,
Би ғамал салынған бұзық күпіріктен,
Жаһаннам үстінде сират жақсы дүр!
Жол білмесең, жол сұрағыл білгеннен.
Көңіл үзбе бір сөзінде тұрғаннан!
Иман бірле қырық жыл дәурен сүргеннен,
Жақсы бірлан бір дем сұхбат жақсы дүр!
Көрдім дүниеде жақсы иманы,
Жалғаншыда(ны) болмас ант аманы.
Бір - ақ үйге барсаң, алмас мейманы,
- Бір шөлде салынған күмбез жақсы дүр!
Төртінші сөз
Қырғыз келіп, елің "көш-көш!"- болса,
Түйең басын ете-ете кетерсің!
Ажал келіп, бір күн саған түс болса,
Ақырет қамын ете-ете кетерсің!
Хош жігітні[ң] жақсы болса перзенті,
Мейман атын тұтып, етер қызметті.
Өлгенше басында болса дәулеті,
Дариядайын аға-аға кетерсің!
Нақ сұм айтұр: -
Дүние-малын ал!-дейді,
- Әр жайыңды талаппенен сал!- дейді.
- Қайыр қылма, тастан қатты бол!- дейді,
Мумин көңілін жыға-жыға кетерсің!
Не жананлар өтті эр заман билан,
Хақ бұйрығын тұтты нұр иман билан,
Кімра пенде : "Дүние!"- десіп, жан билан,
Та[п] өлгенше жыға-жыға кетерсің!
Ер жігіттің абыройы кетер аш болса,
Егіні де, тоны жоқ, жалаңаш (иалаңғаш) болса,
Жаман қатын жақсы ерге туыс болса,
Бығырың отқа жаға-жаға (иаға) кетерсің!
Тілің қысқа болар, малың болмаса,
Абыройың ашылар, туың болмаса,
Дастарқанда берер наның болмаса,
Мейман келсе, бұға-бұға кетерсің!
Әркімді үйінде жалы болса да,
Мейман алмас - аш, наны болса да,
Харондай хисапсыз малы болса да,
Лағынет айтып, сөге-сөге кетерсің!
Дүниеде мың танап бағың болса да,
Aт, жарақ, аспап жайың болса да,
Парша-парша қызыл зәрің болса да,
Қолың жуып, шыға-шыға кетерсің!
Қадір мәулан баз нәмірдке мал берер,
Дүниені[ң] мехнатын басқа салар (салұр),
Артында перзенті рақатын көрер (көрүр),
Сен ғазабын шеге-шеге кетерсің!
Ел-ел сайын қарайды адамны[ң] көңілі,
Нәпсі мықтым оңар қалмады пиғылы,
Лағынет шайтанды итмұрыз инжірі,
Кір дініңе таға-таға кетерсің!
Адамзат жаман-ды: нәпсі үшін жортар,
Қиямет күн әркім жазасын тартар!
Хирайшы кем болып, шұғыллық артар,
Жыландайын шаға-шаға кетерсің!
Тән-саулық, бірінші дүр, қадірін білмессің,
Кәрілік (қарилық)- бір хастелік: шүкірін қылмассың,
Жігітлік кібніх бір (кебінім) дүр, ада болмассың,
Қолың кибниққа соға-соға кетерсің!
Он бесте көз гудей хасен раушаның,
һай, һай, жігітлігім қызыл кашним,
һай,һай,менің жиырма бесім, отызым,
Жолбарыстай соға-соға кетерсің!
Қырық жаста кет хызалыққа тұтылар атып,
Елу (елік) жаста бұрынғыдай болмас қайратың
Алпыс жаста белден кетер қуатың
Көзде[н] жасың төге-төге кетерсің!
Мағрұф егер өлер жетпісте, білің,
Денеден түсіп, көзден кетер раушаның!
Сексенде не тірігің, не өлігің
Түйедейін шөге-шөге кетерсің!
МҰСЫЛМАННЫҢ СИПАТЫ
Өтінейін, достарым,
Хош тыңдаңыз - бисмилла!
Мұсылман кім, кәпір кім,
Айырушы(айрғұшы)- бисмилла!
Бұ дүниені жаратқан,
Мағрып, Мышрық түзеткен.
Қатре судан нақыш еткен
Саных, сынхи- бисмилла!
Әуел Адам атамыз
Киді халғыт тәжіні.
Құдайым қойды жұмаққа,
Айта кірді: -Бисмилла!
Нұх нәби құмыны
Ғарық айлады су билан.
Кеме ішіне (ішре) кірерде, Айта кірді:
-Бисмилла!
Сүлейменге мысынхыр
Сені үшін, құрт-құстар,
Бұлттарды қуады,
Жүріткіші- Бисмилла!
Дария ішінде (ішре) ол балығы
Жұтты Жүніс нәбиді (нәбині),
Қырық күн тасбих ішінде
Халас қылған-Бисмилла!
Жүсіп сыдық құл болды,
Көңілі қайғыға толды.
Көзде жас көл болды,
Мілкіт берген-Бисмилла!
Екі жаһан мүлігі,
Ол - Мұхаммед мұстафа,
Нұх әл- мыхут ғылымында
Бітіклік дүр- бисмилла!
Жұмақ ішінде төрт арық,
Онан (анден) ішің хош,
Парығы ол әріптер басында
Бітіклікте- Бисмилла!
Жеті тамұқ бағланғай, сегіз жұмақ,
Түбі - ағаш, берігі де жазылмыш дүр- бисмилла.
Құл Сүлеймен болсаң сен, мүминларды
Сүйсең сен, жұмақ ішіне кірсең сен,
Шапағатшы- Бисмилла!
ТҮСІНІКТЕР
"Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз"
Бұл шығарма ақынның осы аталыммен 1907 жылғы Қазан қаласында басылған кітап бойынша әзірленді. Осы орайда кітаптан түсіп қалған жеке әріптер болса, оны квадрат жақша Ішінде беретін бұрынғы томдардағы дәстүрді сақтағанымызды іске саламыз. Сонымен қатар біздің қазіргі емле сөздігі т.с.с. тәртібі бойынша емес, сол кездегі айтылу, жазылу үрдісіне сай и өзгешеліктер орын алғанда да, бастапқы томдардағы дәстүрді жалғастырып, алдымен қазіргі жазылу қалпын, ізінше жай жақша ішінде сол кездегі өзгешелікті қоса беруді жүзеге асырып отырдық. Осы орайда сол жылы Қазан қаласында ақынның екінші бір туындысы "Хал-ахуал"- деген атпен жарық көргенін ескерген жөн. Бір көңіл бөлерлігі: "Хал-ахуал" кітабымның 14- бетіндегі "Ғибратнама" бөліміне дейін басылған материалдарды ақынның тап осы "Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз" кітабындағы туындылардың екінші нұсқасы деп санаған жөн. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған "XX ғасырдағы қазақ әдебиеті" хрестоматиясында (Мектеп, 1983) құрастырушы Т.Әбдірахмановтың: "Өйткені екінші кітап бірінші кітаптың қайтадан басылымға ұсынылған түріне ұқсайды, екеуінің мазмұны бірдей, тек екіншісінде өлең шумақтарының ұйқас, ырғағы сақталына отырып, тыңнан жолдар қосылған, бірінші кітапта айтылған пікірлер мұнда әрі тереңдей, әрі ажарлана түскен", - деген пікіріне қосыла отырып, "бірінші, екінші" — деп, кесіп айтпай, қатар жарияланған екі нұсқа ретінде қарастыруды жөн деп таптық. Осы орайда екі кітаптың бар материалы бірдей еместігін, екі кітапта да бірінде бар, екінші сыңарында жоқ тың туынды, бөлек сөздер, сөз орамдары баршылық екенін ескертеміз. Мәселен, "Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз" кітабында: арнайы тақырыппен бөлектенбеген: "Жалғанда бір жар жалғыз жүрдім"- деп басталатын 61 шумақ тұратын мәтін, ақын шығармаларының 2-томында (І І.и» ЭКО, 2003, 12-19 б.): "Соқыр, саңырау және жалаңаш аталыммен жарияланған жеке бір туынды бар да, "Хал-ахуал" бұл кітапта мүлде ұшыраспайтын "Ғибратнама"бөлігі кірген. Мәтіннің бұған дейін Мәшһүр-Жүсіп таңдамалысының бірінші томында (Алматы, Ғылым, 1990 ж., 28-54 б.) жарияланғаны белгілі. Кітаптың тәуелсіздік жоқ кезде (1986-1989ж) баспаға әзірленіп, 1990 жылы шыққанын ескерсек, кезінде әміршілдік жүйе қыспағынан сескеніп, кірмей қалған тұстары да орын алған еді. Бұл жолы бәрі қамтылды. Атап айтқанда: "Мархабат, патшамыздан кеңдік болды-ау деп басталатын 16- шумақ, "Бір пәле - қорыққандық бола ма?! — деп"- деп басталатын 34-шумақтың үшінші жолынан бастап, "Артық қып таксиядан доход алып"- дегенді маңдайына еткен 35- шумақтың бастапқы екі жолы, яғни айналасы – 4 тармақ; сонымен бірге: "Учаске войсковой- деген шығын" дегенді алға ұстаған 37-шумақ, сонда айналасы 12 тармақ енбей қалған. Сонымен қатар: "Орысты біздің қазақ күндемейді" деп басталатын 51- шумақ; сондай-ақ: "Түзетер бүгінгіні тура шықты "- дегенді маңдай өткен 6 тармақтың соңғы екі жолы сол кездегі саясатқа сай келмегендіктен, қысқарту құрбаны болған"Үмбеті пайғамбардың- дейміз соны, //Кімде-кім діп >м . >і піди қалыс болсын!" Мұндай қысқарту: "Жазықсыз қалашмИ|| мұжық атып" — дегенді алға тартқан 135-шумақтыд .ІЛІ екі жолын, сонымен іргелесе: "Хұзыры султан Шаһым 'К'ЦСМР месе" — дегенді мандайша еткен 6 жолдық 136-шумақ гі.ің ОШ тапқы екі жолын да қамтыған. Неғұрлым ұзақ қысқар і v Н| заман сауыт қалған қалам, сия"- деп басталатын 150-шумяцИ ілескен 6 шумақтың, яғни 24 жолдың жоқ болуына ;нч лм»и Сонда заман қысымымен Мәшһүр-Жүсіп таңдамалі.п бірінші томына (Алматы, Ғылым, 1990) айналасы 46 тармам,^ гізілмегені анықталып отыр. 1990 жылы шыққан ақып малысының бірінші томындағы бұл қысқартуларды уақы і щ шелігі, заман қысымы әсері деп түсіндірсек, онда қате о.н мМ
416
І Һін біраз сөздер ори и аду и па <ІJ ».іг» . ірміім,.мі| > і •, и шн Ітоселмегендік, жекелеген ұйымдастыру селкеуліктгрі, ,и ып.і І Кгық т.с.с. себептері эсер еткен деп санаймыз. Осы орайда І ft раб әрпінен бүгінгіге аударғанда, әріп саны аз болтандықтан Іда, арабтың бір таңбасына қазақтың көп әрпі иек артуы І мүмкіндігін, бір сөздің өзінің түрліше оқылу ықтималдылығын І вскермесе болмайды. Мәселен: "Поселке крестьян салып жа- І тыр, //Үлгілі озен жердің жалмасынан"- деген елең жолдарын- І д.иъі (42 б.) "үлгілі" созін-"өлкелі" — депте оқуға болады. Біз І Пүл жолы ондай жағдайда алдымен неғұрлым дұрыс дегенді І (ілып, ықтимал басқа нұсқасын, ізінше жақша ішінде қоса І корсетіп отырдық. Қазір бұрынғы араб әрпінен қазіргіге І кошіріп, кітап дайындап жатқан басқа әріптестеріміз де І күмәндыжағдайдаосы әдістіалға үстағаны жөн дегіміз келеді. І (!ондай-ақ осы шығарма соңындағы: "Ұлы аруақ орынын құр І тастамас, //Үміттіміз, болса да жасың кіші"- жолдарындағы І "үлы" сөзі орнына "Үлі" сөзін де қолдануға болады деп санай- І мыз. Біздіңше, "ұлы" сөзінен горі Мәшһүр-Жүсіп атамыздың І сөз қолдану стиліне "елі" сэзі неғұрлым жақын. Сонда "ұлы І .іруақ" дегеннен де "олі аруақ" тіркесі үтымдылығы байқала- І ды. Біз бірден мұның анасы қате, мынауы теріс дегеннен горі І плдымен неғұрлым "дұрыс" дегенімізді келтіре отырып, І түйткілімізді де жасырмай, ізіншесоңынанжақшаішінде беріп І отыру дұрыс деп таптық. Біздіңше, араб әрпінен қазіргіге аіуда- ру, әсіресе ескі араб әрпі үлгісінен кошіру аса білгірлік, ұқып- І тылықты қажет етеді. Сондықтан алғашқы аударушының қате- І лесу мүмкіндігі коп те, кейінгінің сол ағаттықты түзетуі оңай- І лау. Араб әрпінен аударудың қиындықтарын соз ету, кеткен ■ ағаттықтарды қайта түзеуге асықпауға немесе бүркемелеуте І де әкелмеуте тиіс. Ендеше асығыстықтан, жете зер салмаудан І туған ағаттықтар анықталып, оны нақты корсету жүзеге асса, І оған шамдану орынсыз болар деп ойлаймыз. Белгілі бір мәтінді І аудару кезінде туған қателердің баршылық екенін керсету үшін І ғана емес, жалпы араб әрпіндегі кітап мәтіндерін қазіргіге ауда- І ра бастаған әріптестерімізге ой тастау үшін де, кеткен кемшіл-
417
іктерді атап көрсетуді жөн көрдік. Сонымен 1980 ЖІ.ІЛЩ М.Ж.Көпеевтаңдамалысының біріншітомын оған негіз 0<>лі'*М 1907 жылғы кітаппен салыстырғанда, көзге айқын корІиМ тұрған мынадай қателерді тауып, түзету жұмысын жүзеге .н ы|И дық: 1."Болмаса бір Құдайдан үміт-қуат" (30 б.) -тармағындағы "үміт" сөзі орнына 1907 жылғы кітапта "медет" сөзі тұрғанын ескерген жөн. (М.Ж.Көпейұлы. Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз. // Қазан, 1907, 3-бет. Әрі қарай 1990 жылғы кітаптың бетін жай жақша ішіне, ал 1907 жылғыны квадрат жақшаға алып беріп отырамыз- Г.Ж.). 2."Дәнекертамағына түспей қалса, //Әдейі қиыстырар құрған тезін (30 б.). Мұндағы "қиыстырар" сөзі 1907 жылғыда мүлде жоқ, оның орнына "қисайтады" сөзі тұр [4 б.]. Оның үстіне "қиыстырар" сөзі бұл араға еш келмейді, әңгіме таразыны бұрмалау, қисайту, яғни параға сатылу жөнінде болып тұр. 3. "Неке, талақ қамшыға қолында боп" (30 б.) тармағындағы "қамшыға" сөзі орнында 1907 - жылғыда "қамшысы" берілген [4 б.]. Дәйектесек, "Қолында не бар?" —сауалын қойсақ, барыс септігіндегі "қамшыға" емес, неке, талақтың қамшыға тіркесі ғана өзінен кейінгі сөзге орайласа алады. 4. "Білімді білімсізден сасып жатыр" (31б.).Ал, 1907-жылғыда: "Білімді, білімсіз де сасып жатыр" [4 б.] Алғашқы нұсқасы (1907 ж.) сүйенсек, "білімді білімсізден" сасатын жағдай қайта екі жағы да сасулы екені анық. 5."Көпзаман газеттерде жазылып жүр"(31 б.). Ал, 1907 жжылғы кітапта "заман" емес, "арман" [4 б.] сөзі орын алған, 6. "Хайлакер стражник бейшараны" (32 б.). 1907 жылғыда "Хайлакер" сөзі орнына "желкелер" сөзі тұрғанын [5 б.] ескерсек, "хайлакер" сөзінің орынсыз кимелегені ашылады. 7. "Ширекке төрттің бірі болдық деңіз" (33 б.). Ал, 1907 жылғыда "деңіз" сөзі орнына "ділгір" сөзі [6 б.] ап-анық жазылған. 8. "Қалмады - ау өле-өлгенше есімізден" (33 б.). Міне, осындағы "есімізден" сөзі орнына 1907-жылғыда "ізімізден" айқын жазылуы өз алдына, ол өзінен бір жол бұрын тармақ соңына орналасқан: "кезімізден" және бір тармақ ауысқаннан кейінгі - "бөзімізден", тағы бір жол тастаудан кейінгі - "көзімізден"- сөздерімен дыбысталу жағынан үйлесіп, яғни бастапқы буынның "с" емес, "з" дыбысымен ғана бірыңғай ұйқасқа қызмет етуін қамтамасыз еткен. Бұл ғана емес. Сөз мағынасын діттесек те, сол тармақ алдында: "Қойнында өлген сарттың наны бар деп"- жолы ірге тепкенін дәйектесек те, естен қалмаудан гөрі ізден қалмаудың ақын айтпағына дөп келетінін байымдау қиын емес. 9. "Ойлайды бізді алам деп бармағына"(33 б.). Ал, 1907- жылғы кітапта "алам" емес, "ілем" сөзі [6 б.] берілген. Біз, әрине, 1907 жылғыға ғана сүйенуіміз керек. "Тықылдап жұмысы жоқ шаруамен"(35 б.) жолы 1907- дегіде мүлде басқаша өрілген: "Титықтап жұмысы жоқ шаршауменен". Оның үстіне кейінгі 5 мысал әулеттік мұрағаттағы: Мәшһүр-Жүсіп, 2-папка (192-196 б.) мәтінінде де, яғни Мәшһүр-Жүсіптің өз қолымен жазылған жазбада да тап осылай келуі де біз алған үлгіні растай түсетінін де ескертеміз. 11."Жиылса, сәлемдеспей, қырын қарап, // Ac ішпей сарылумен атша жарап" (36 б.)-дегендегі соңғы жол 1907-дегіде тағы да басқаша алынған: "Ac ішпес сарпалтаңмен атша жарап" [8 6.]. 12. "Қызады базарлары күз болғанша, //Әркімнің талас шерті сөз болғанша" (36 6.).-дегендегі соңғы жол 1907- дегіде: "Әркімнің талас жері сөз болғанша" [9 б.]- деп келтірілген. Сонда "шерті" сөзінің сырттан жапсырылған жамау екені айқындалады. 13. Тек бір жол емес, іргелес екі тармақты қате келтіру де орын алған: "Дұрыс айтып бітіп қалған сөз табылмас, // Жазғы болған науқанда күз табылмас" (37 б.). Енді 1907- дегі жылғыға үңілейік: "Тырс етіп бітіп қалған сөз табылмас, // Жазғы болған уағда күз табылмас" [9 6.]. 14. "Таласып күзек, құдық, шабындыға, //Болуы тағы екі ұдай тыймақ оңай" (37 6.). 1907-дегіге үңілсек , екінші жолдағы мағынасы ұғымсыз "тыймақ" емес, "тым-ақ" сөзі "мен қайталап" тұр. 15."Мойнына жіңішкенің әбден мініп, // Секірген шайтанымен көңілі тынып" (38 б.). Осы сөздерден бірдеңе ұғып көріңіз, ал 1907- жылғы кітап мәтіні қандай анық та бедерлі "Мойнына жеңгенінің әбден мініп, //Семірген шайтанның көңілі тынып". [10 6.]. 16. Осы жолдардан кейін ізінше орналасқан екі тармақты қоса келтірейік: "Бозарған сұр жыландай іші зарлы, //Сүзектен тұрған жандай өңі сынып" (38 б.). Осындағы жыланның іші "зарлы" болуы тым түсініксіз, сол "зарлы" сөзінің жіңішке нұсқасын "зәрлі" деп алсақ, жыланның "зарлы" болмайтыны, "зәрлі" екені көзге ұрады. [10 6.]. Осы орайда 1914 жылғы А Байтұрсынов енгізген тәртіпке дейін, әсіресе қолжазбаларда жіңішкелік белгісі қойылмай келгенін ескерген жөн. 17. "Сапырылып ертеңді-кеш Жүр кете алмай" 38 (б)» дегендегі: "жүр кете алмай" емес, 1907- дегі: "жүрген талмай |10б.] болуы да бастапқы мәтін мен кейінгі кітап арасыпдағы сәйкессіздік көрінісі. 18. Енді тұтас бір шумақты келтірейік: "Осылай арамтамақ жеген бәрі, //Сақтанбас обал ғой деп жеткен әні. // Жалықпай айта берсем толып жатыр //Былайша заманада жұрттың шалы" (38 б.). Біздің назар аударғымыз келгені осы бір шумақтың өзінде оғаш 2 қате орын алғаны. Атап айтқанда, екінші тармақ аяғындағы "әні" сөзі орнына "әлі"- дегенді алсақ, төртінші соңындағы "шалы" сөзін аластап, "халі"- деп ауыстырсақ қана 1907 жылғы кітапқа да, Мәшһүр —Жүсіп қолжазбасына да қайтып ораламыз. 19. "Қылмаса бұған қайрат депутаттар, // Айтқаным құр далаға желсіз болды" (44 б.). Ал, 1907 жылғы кітапта: "Айтқаным құр далаға жел сөз болды" [15 6.]- деп берілген. 20."Аяқты қыбырлатса, тиын сұрап, //Шығып тұр ол зәбір осындайдан" (44 6.). 1907 жылғы кітапта "зәбір" емес, "жыбыр" сөзі берілген. Арабшадан көшіріп, мәтін әзірлеудің оңай еместігін дәлелдеу үшін осы келтірілген мысалдар жеткілікті деп санаймыз. Бұл нені көрсетеді? Бұл 1990жылы әзірленген бір еңбекте ғана емес, одан бұрын және кейін жарияланған кітаптар мәтінінде до осы іспеттес қателер орын алуы мүмкіндігін, демек әдеби мұраны жариялауда асығыстық, бейғамдық, кейде тіпті білімсіздік орын алуы мүмкіндігін аңғартады.
Осы кітаптағы жеке сөздерге байланысты түсініктер 1. Ұлпат - араб сөзі: бұл арада татулық, ынтымақшылдық, пікірлестік мағынасында жұмсалған деп санаймыз. 2. Низам- араб сөзі: "тәртіп, заң, жүйе" — деген мағынада қолданылып тұр. 3. Бұл кітаптағы және 1907 жылы Қазанда басылған "Хал - ахуал" кітабындағы "жасарсайшы" орнына әулеттік мұрағатта сақталған Мәшһүр-Жүсіп жазбасы, 2-папка, (192-206 б.), 192-бетінде "көгерсейші" боп жазылған. (Ескерту: Бұдан әрі біз оны "түпнұсқа"- деп келтіріп отырамыз- Г.Ж.). 4. Түпнұсқада: "Бес түгіл алтымен жұрт араласты", "Хал - ахуал" кітабында: "Бес түгіл сол алтыға жақындасты"- деп берілген. 5. 1907 жылғы кітапта "мәнге" боп қате басылған сөзді түпнұсқа бойынша "маңына" деп қалпына келтірдік. Сөз мағынасы, тіркесу тәртібі де осы түзетуге сай келеді. 6. Кітапта "айырылып қап" тіркесіндегі соңғы "п" әрпі түсіп қалғандықтан, түпнұсқаға сүйеніп түзедік. 7. Мұндағы "не бар" тіркесі түпнұсқада "наны бар" деп жазылған. 8. Бұл шумақтағы екінші жол ақын қолжазбасында және "Хал-ахуал" кітабында төртінші боп тұрғанын, ал мұндағы төртінші онда екінші тармақ боп келетінін ескертеміз. Біз түпнұсқа бойынша келтірдік. 9. Мәшһүр-Жүсіп қолжазбасында және "Хал-ахуал" тармақ: "Әр түрлі тамашаны көріп едің",- деп берілген. 10.1907 жылғы кітапта "дін-мұсылман" боп басылса, 1906 жылғы Мәшһүр-Жүсіп таңдамалысын әзірлеушілер түпнұсқа бойынша "бауырларым" сезін енгізген екен. Ал, "Хал – ахуал бұл сөз "жақсыларым" деп берілген. Біз бұл жолы 1907 жылғы кітаптағы қалыпты сақтағанды жөн көрдік. 11.Кітапта "жатар" срөзі "батар" деп қате басылған. Мұны Мәшһүр-Жүсіп қолжазбасында және "Хал-ахуал" кітабында "жатар" берілуі дәлелдейді. Оның үстіне сөздердің байланысу тәртібіне сүйенсек, "пайданың ортасында" тіркесіндегі соңғы сөздің жатыс септігінде келуі өзінен кейін "батар" емес, "жатар" сөзі тұруын керек етеді. "Батар" сөзі болса, онда бастапқы сөз "ортасында" емес, "ортасына" болар еді. 12. Бұл кітапта: "Мейлің қазақ, маған бол, мейлің татар делінсе, түпнұсқада бұл тармақ "Мейлің қазақ, мейлің сарт пен татар", "Хал-ахуалда": "Яки қазақ, яки бол өзбек, татар" — деп келеді. Дұрысы - түпнұсқадағы нұсқасы. 13. Түпнұсқада және "Хал-ахуалда" бұл жол: "Шаһардың алып-сатқан саудасы бар"- деп берілген. 14. Мұнда, "Хал-ахуалда" Мәшһүр-Жүсіптің бізге жеткен қолжазбасында да "ұрғашы" деп беріліп, сөйлем ұғынықты дау болып тұр. Ал, Мәшһүр-Жүсіп баласы Мұзаммед бір көшірмесінде бұл "ұрғашыдай" деп берілген. Сөз мағынасы Фазыл нұсқасының неғұрлым дұрыс екенін, ал бастапқыда бір әріп қойылмай , қате кетуі мүмкіндігін танытады ғой деп ойлаймыз. 15. Түпнұсқада бұл тармақ: "Айғырша тыша берген көбейтіп"- түрінде келген. 16. Жақша ішіне алынған "р","н" әріптері, бұл кітапта жөн түпнұсқа бойынша қойылды. 17. Мұндағы "атаның" сөзі орнында түпнұсқада және "Хал ахуалда" "әкенің" сөзі тұр. 18. Мұнда "гуілдесе" сөзі соңындағы "р" әрпі түсіп қалумен бірге "байлауы" орнына "байлады" — делініп қате басылған. Бұл жолы да түпнұсқаға сүйендік. 19. Мұнда және "Хал-ахуалда" "біткен" сөзі берілсе, Түпнұсқада "піскен" алынған. 20. Бұл шумақтағы екінші жол түпнұсқада және "Хал-ахуалда" төртінші, ал мұндағы төртінші түпнұсқада екінші боп келеді. "Хал-ахуалда" екінші тармақ: "Қуарып көк жапырақ боз болғанша"- деп алынған. Біз түпнұсқа бойынша енгізу тиімді деп таптық. 21. Кітапта бұл тармақ екі рет қайталанып басылған да, оның есесіне екінші жолы: "Бұл өзіне пайдалы сөздерді ұғар" мүлде түсіп қалған. Біз қолжазбаға сүйеніп, қалпына келтірдік. І "Хал-ахуалда" екінші тармақ: "Екі жақ болған елдің сөзін ұғар"- деп берілген. 22. Мүбәрәк - араб сөзі: "бақытты, сәтті, құтты, жарылқанмын"- деген мағынаны білдіреді, Мәшһүр - Жүсіп жазбасында "мүбәрәк" сөзі жоқ, оның орнына "мінері" сөзі берілген. 23. "Күпілдеп" орнына түпнұсқада және "Хал-ахуалда" "Елді алып" тіркесі жазылған. 24. Мұндағы "жұбайына" /жобайына/ орнында түпнұсқада және "Хал-ахуалда" "жобасына" сөзі берілген. Ұйқасу тәртібі де түпнұсқа ұтымдылығын дәлелдеп тұрғандықтан, біз соны келтірдік. 25. Мұнда: "Көрсетіп көбі азына қуат-күшін"- делінсе, түпнұсқада: "Көрсетіп азына көп қуат үшін"- түрінде келген. Біз түпнұсқадағыны тиімдірек деп санадық. 26. Түпнұсқада және "Хал-ахуалда" "Ақшадан, майын, сұрап, ат пен тайдың" ,- боп келеді. 27. Түпнұсқада: "Пенденің пейілі" орнына "халықтың пирылы"-делінген. 28. Кітапта "бұл" сөзі орнына "ол" сөзі қате басылған. Мәшһүр-Жүсіп жазбасында "бұл"-деп жазылуы да, сөз мағынасы да осыны дәлелдейді. "Хал-ахуалда" бұл жол: "Айтқанын жақсылардың кім ұғады?!"- деп берілген. 29. Үммәт-үмбет- араб сөзі: "қауым" деген мағынаны білдіреді. 30. Мүшәуәрә - араб сөзі: "кеңес, мәслихат" деген мағынасында қолданылады. 31. Пәст - парсы сөзі: тура мағынасында: "төмен", мағынасында: "нашар, жексұрын, жаман ниетті" ұғымын білдіреді. 32. Фәрман-парман, пәрмен- парсы сөзі: "бұл әмір.жарлық" деген мағынаны білдіреді. 33. Фида-пида- араб сөзі: "құрбан болу, жанын қию" деген мағынаны білдіреді. 34. Түпнұсқада "бұ жұртқа" орнына "халыққа"- деп берілген. 35. "Қорыққанға" сөзі түпнұсқада "қорыққанына", Хал - ахуалда" "қорыққанын" - деп жазылған. 36. Бұл жолдағы "қол" сөзі кітапта "ол" деп қате басылған. Тағы да әрі сөз мағынасына қарап, әрі түпнұсқа мен "Хал - ахуал." кітабы бойынша түзету енгіздік. 37. Мұнда да "буазы" сөзі "муазы" боп қате басылғандықтан, түпнұсқаға және "Хал-ахуалға" (203 б.) сүйендік. 38. Жақша ішіне алынған "ны", "т" әріптері кітапта түсіп қалғандықтан, түпнұсқа және "Хал-ахуал" бойынша қалпына келтірілді. "Хал-ахуалда" "жүр" сөзі орнына "бол" басылған. 39. Түпнұсқада "тоқ болған соң" орнына "тойған соң" деп жазылған. 40. Бұл тармақ түпнұсқада: "Жылт етіп, жетіп елге, қайтып", "Хал-ахуалда" "Бес күнде елге қайтып жетіп кел деп берілген. 41. Бұл тармақтағы "қыбырлатса" сөзі орнында түп түгел де және "Хал-ахуалда" "бір аттаса" тіркесі жазылған. 42. Мұнда "Пайда жоқ өтіріктен жалған-дағы"-орын алған түпнұсқада: "Пайда жоқ өтірік пен жалған-дағы"- делінген. 43. Мұндағы: "Айтуға бар, көруге" орнына түпнұсқа және "Хал-ахуалда" "ойлауы әр адамның" деп берілген. 44. Түпнұсқадағы "пәруана" сөзі мұнда және "Хал-ахуал да"- "пәрдана" - боп қате басылған. Пәруәнә-пәруана сөзі: "көбелек, түн көбелегі" - деген мағынаны білдіреді, 45. Түпнұсқада "жұрт" сөзі орнына "ел" сөзі келтірілген 46. Мұндағы "жақсыларды" орнына түпнұсқада "Хал-ахуалда" "жақсы болса" тіркесі тұр. 47. Бұл жолдағы: "Бұлақ деп"- тіркесі ақын қолжазбасында (205 б.): "Бұлақ ойып" — деп берілген. 48. Мұнда және түпнұсқада осы қалыпта болса, "Хал-ахуалда": "Дария боп, өз екпіні, тасынбаса",- деп келтірілген. 49. Мәшһүр-Жүсіптің "Ахтам хазірет һәм Ғалы батыр"- дастанында түнде қазылып, беті бүркелген орға түсіп қалған, қаралы батыр қиналуы, назалануы, Аллаға жалбарынуы берілген (Мәшһүр-Жүсіп, Шығармалары, 3- том, Павлодар, ЭКО, 2003 ж.,/10-218 б.). 50. "Рәушән, зия" -араб сөздері. Рәушән - "нұрлы", зия - "жарық, сәуле, шұғыла" деген мағынада қолданылады. 51. Милләт- араб сөзі: "ұлт, халық" деген ұғымды білдіреді. 52. Бұл тармақтағы "шафиғ"- араб сөзі: "қорғаушы, қолдаушы" деген мағынада қолданылады. 53. Әлиф, ләм, хи, нун-араб алфавиті әріптері. 54. Кәф- араб алфавитіндегі жиырма екінші әріптің аты. 55. Сәкін-араб алфавитіндегі дауыссыз әріп. 56. Осы тармақтан кейінгі 61 шумақ, яғни 244 жол бұдан бұрын Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының 2-томына (12-18 б.) тақырыбы, жанрлық сипатына орай "Соқыр, саңырау және жалаңаш"- деп аталып жеке берілгенін ескеріп, бұ жолы оны кіргізбедік.-Г.Ж. 57. Он "бес"- елу жас дегені. "Біреу-ақ кем" — сонда бұл шығармасын 49 жасында, яғни 1907 жылға қарай жазғанын айтқаны.
" Хал-ахуал"
Мәшһүр-Жүсіптің Қазан қаласында жарық көрген екінші бір шығармасы: "Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз"- кітабындағы мәтінмен бұл кітаптағы көп шумақтардың бірдей келетіні ескеріліп, 1990 жылы басылған ақын таңдамалысының бірінші томында (Алматы, Ғылым, 1990, 24-27 б.) оның бәрі кірмей, тек осы кітапта ғана орын алған: "Япырм-ай, кессем бе екен мен тілімді?! "- деп басталатын 33 шумақтан тұратын "Ғибратнама" (1907 жылғыда 15-17 б.) бөлімі ғана ұсынылған болатын. Бұл жолы "бірдей делінген" шумақтарда аз-кем өзгешеліктер бары ескеріліп, 1907 жылы шыққан және бояуын, заман реңін сақтау үшін, сол жарияланған қалпын толық енгізуді жөн көрдік. Осы орайда бұл "Ғибратнама бөлімінің 1990 жылғы Таңдамалыға дейін де жарияланғанын еске салғымыз келеді. Ең алғаш орта мектептің 9 к арналған "Қазақ әдебиеті" оқулық хрестоматиясында (Қазақ мемлекет баспасы, Алматы, 1940, 74-77 б. Құрастырған Ысмайылов) латын әрпімен жарық көрді. Одан кейін "XX ғасырдағы қазақ әдебиеті (жоғары оқу орны студенттеріне арналған) хрестоматияға туынды мазмұны мен идеясына арналған "Бұлбұлмен қаршыға" — деген аталыммен (1983ж.) (Құрастырушылар: Қ.Жармағамбетов, Т.Әбдірахманов) енгізілді. Екі кітапты көлем жағынан салыстырсақ, "Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз" кітабындағы бір шумақтардың "Хал-ахуалда" жоқ екенін ескерген жөн кейінгі түсініктер ішінде арнайы көрсетіп отырамыз. Сонымен бірге ішінара тақырып, бөлімдерге бөлінген шумақтарының орналасу тәртібінде де өзгерістер бар. Мәселен, Пайданың ортасында өзі жатыр"- тармағын маңдайша еткен шумақтан кейін алғашқы аталған кітапта "Қазақтың қалай жүрген жұмысы"- деген тақырып беріліп, одан кейінгі "Жүзіне ақ қағаздың тартып қалам"- деп басталып, бұл шоғыр 38 шумақты қамтыса, "Хал-ахуалда" бұл 38 шумақ кейін ысырылып оның орнына "Баяннама" деген тақырып қойылып, бастапқы кітапта содан кейін орналасқан: "Бұл сөзім алты алашқа таныс болсын"- жолын маңдайша еткен шумақпен басталып соңына тіркелген 56 шумақтан кейін барып, әуелгідегі: "Жүзіндегі ақ қағаздың тартып қалам"- жолын ту еткен шоғырға қайта оралтады.
Осы кітаптағы жеке сөз, не сөз оралымы
өзгешеліктеріне байланысты берілген
түсініктер
1. Мұның алдындағы: "Тірлікте көп жасағандықтан, көрген біp тамашамыз" кітабында [Ескерту: бұдан әрі осы кітап аталымын келтірмей-ақ, "алдыңғы" ."бастапқы", "бұрынғы"-деген тәрізді сөздерді келтірумен шектелеміз - Г.Ж.] бұлтармақ: "Өзі боп өз үйінде (ойында) жұрттан асқан" (3 б.).- деп келтіріл- гон. 2. Алдыңғыда бұл жолдар: "Кісі жоқ, қой дейтұғын, жұртты басқан //Пәленше солай дейді, мен қайтем?!" — деп, // Жылқыша изеп басын ақылдасқан. // Біреудің адасуын біреу қоттап (құттап)",- (3 б.) қалпында отау тіккен. 3. Мұнда осы жолдар 2-бөлім басталымы ретінде берілсе, бастапқыда кітаптың ең басы, 1 - бөлім басталымы, күйінде орын тепкен. Сонымен қатар алғашқы екі жолдың өзінде біраз өзгерістер орын алған: "Қыран құс - көңіл ашар - жүйрік тазы,/ / [ Жігітті мұңайтады малдың азы" (26.). 4. Мұндағы екінші тармақ бұрынғыда: "Жараспас бір - біріне айтқан назы" (2-жол) және: "Жем болып қарға - ұзаққа қоңыр қазы - (4- жол)- деп өрілген. 5. Алдыңғыда: "Білгіштер мұндайлыққа емес разы" — делінген. 6. Бастапқыда бұл жолдар: "Ғақылсыз, аңқылдама құлап І жарға, // Көбі әркімнің аузында, өзінде - азы" — түрінде шаңырақ көтерген. 7. Бұрынғыда осы тармақтар: "Әлі жүр біздің қазақ қоршылықта, // Қор болып, өрге баспай өнерпазы" (2 б.)- деп алынған. 8. "Әр істі ойлау керек әуел бастан"- деп басталатын тармақ мұнда үшінші бөлім басталымы ретінде сап түзесе, бастапқыда бұл шоғыр жеке одағайланбай, бірінші бөлім жалғасы ретінде орналасқан. Сонымен бірге осы шумақтың үшінші, төртінші жолдарында өзгеріс баршылық: "Мәз болма мұңданып көрінгенге // Кісі жер жемісі жоқ тау мен тастан" 9. Бұл шумақтың бірінші жолынан басқасы алдында өзінше өрістеген: "Опық жеп жүрген жан көп аңдаймын. Бір өрттен қалмайтұғын қалың қаудай, // Баянсыз бақ деген болма мастан" (2 б.). 10. Бұрынғыда: "Жау қайда - жар астында"- деген сөз //Аяқты, баспа қадам, байқамастан"-өрнегі орын алған. 11. Алғашқыдағы қолданыс: "Біреуге селбесейін деп саң" (3 б.). 12. Бастапқыда сәл өзгеше: "Соқтығып өз пайдасын алмастан" (3 б.). 13. Бұрынғы өрнегі: "Болмаса бір Құдайдан медет, қуат." 14. Алғашқыдағының бірінші және төртінші тармақ айырма бар: "Сөйлесе, жұрт пайдасын, білген ерлер" (бірінші және: "Мүшелер терімізді малша сойып?!" (төртінші жол) 15. Бұл шумақтың бірінші, үшінші жолында өзгешелік орын алған: "Мархабат, патшамыздан, кеңдік болды-ау" (бірінші және: "Еркіндік, кеңшіліктің хабарларын" (үшінші тармақ) (.4 б ) 16. Ұлпат- араб сөзі: "Татулық, ынтымақшылдық" мағынасында қолданылып тұрғанын бұдан бұрынғыда көрсетті ары қарай бастапқымен түсінік қайталануы тумас үшін, келтірілген түсінікке қайта оралмауды жөн көрдік — Г.Ж. 17. Бастапқыда: "мизамға" сөзі орнына "низамға" сөзі берілген. 18. Бұрынғының алғашқы жолында: "тыңдамайды" орнында "тексермейді" қолданылса, үшінші тармақ тұтасымен өзгермейді "Сөтке, жұма, ай, жылда бір жауап жоқ" (4 б.). 19. Мұндағы: "қайтып келсе"- орнына алғашқыда: "кел» қайта"- делінген (4 б.). 20.Осындағы "қаншасы" орнында әуелгіде "қамшысы" сай тұрса, келесі төртінші тармақ мүлде басқаша: "Жоқ қалды шариғаттың соқпақ ізін". 21. Екінші тармақтағы: "қояр" орнына "қойып" келуімен бірге үшінші жол: "Шариғат бұлайша емес!- десе молда"- түрінде отау тіккен. 22. Осындағы "залымия" - орнына алғашқыда: "залымдық қан"- қоныс еткен (4 б.). 23. Бұл жолдағы: "шыбын жаны" орнына алғашқыда: "әбден жаны" келтірілген. 24. Осы тұста жеке тармақ қана емес, тұтас бір шумақтың басқаша алынуын көреміз: "Сөз сөйлеп тарқатайық ішкі шерді, Көңілден кетіруге әрбір кірді. // Мың сегіз, кеше, алпыс тоғыздан соң, //Халайық, көрмеп пе едің неше түрді?!" (4-5 б.). Сонымен бірге мұнда "алпыс тоғыздан" орнына "жетпіс тоғыздан" — деп қате басу орын алған екен. Біз тарихи дерекке сүйеніп, алдыңғы кітаптағыны дұрыс деп санап, "жетпіс"- ті "алпыс" сөзімен ауыстырдық. 25. Бұрынғыда:"Нақақтан құсаменен қан жұтқызып"- түрінде ірге тепкен. 26. Алғашқыда бұл: "Қапасқа салып қояр кемеңгерді"- түрінде шаңырақ көтерген. 27. Бастапқыда және әулеттік мұрағатта сақталған ақынның төл жазбасында (Мәшһүр-Жүсіп, 2-папка, 192 6): "Болыс, би былш еткізіп басар мөрді"- қалпында ірге тепкен. 28. Бұрынғыда: "Әкімдерім" орнына "Әкімдер де" орын алумен қатар соңғы жолдағы "жыландай" орнына "аждаһа" сөзі енгізілген. 29. Осы шумақтың бірінші жолындағы: "Әлі жетсе, бейшараны"- орнын: "Мұңды-зарлы, кем-кетікті" иеленумен бірге соңғы төртіншідегі: "сол құйрығын" орнын "құйрықтарын" сөзінен басқанын еске саламыз. 30. Бұл жолдағы: "бір өзін" орнына: "өз бойын", "қылаңдатқан" орнына "сылаңдатқан" сөзі кіргізілуі де екі нұсқа да түрлішелігін дәлелдей түседі. 31. Мұндағы бірінші жолдан басқалары өзгеше келуімен ерекшеленеді: "Қасынан өткен жанды табандатқан //"Бір пәле, қорыққандықтан, бола ма?!"- деп,//Арзанға асығумен атын сатқан". 32. Тармақ соңындағы: "толып жатқан" орнын болды да: "жанға батқан"- меншіктенген. 33. Алғашқыда екінші тармақ соңы: "алтымен жұрт арпалысты "- деп тамамдалса, үшіншісінің аяғы: "ұлықтардан" сөз тірелген. 34. Бастапқыда осы тармақ: "Табылмай айтуға өзімізден" түрінде берілген. 35. Біріншіден, "Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқының тармағы бұдан бұрын келтірілген кітапта "Қара өлең"- деген тақырыптан кейін бөлім, шоғыр басы ретінде берілсе, мұнда "Бір мың тоғыз жүз жылдан бес жыл асты"- деп басталатын 5 бөлімнің алғашқы 8- жолынан кейінгі 9- тармақ ретінде тіркей салған. Екіншіден, мұнда, "Хал-ахуалда" "тәтті" сөзі орнына "қаты" сөзі тұр.біз оны "қатты" сөзі болар деп шамаладық. Қайсысы шығарма рухына неғұрлым жақын десек, бұған да және кейінгі мәтіндер мен Мәшһүр - Жүсіп жазбасын салыстырсақ та, бұл кітаптан гөрі алдыңғының түпнұсқамен көбісі орайлас екендігіне көз жеткіземіз. Мұңың бәрі "Хал-ахуал" ертерек әзірленіп, "Тірлікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз" - кейінірек жетілдірілген нұсқа болар ма деген ой жетелейді. Сонымен бірге "Хал-ахуалдағы" айырмашылығы Мәшһүр - Жүсіп жазбасы өзгешелігі емес, цензураға, сүзгіге көбірек ұшырау нәтижесі болуы мүмкін екендігін де есте ұстаған жөн. 36. Алғашқыда бұл жол: "Айырылмай жақсы менен жаман парқы"- күйінде өрнектелген. 37. Мұндағы: "әркім-ақ" орнында бұрынғыда "әркімнің" сөзі табан тіреген. 38. Тармақ аяқталымындағы -"ойламастан" орынын "ойланыңыздар" сөзі иеленген. 39. Бұл шумақтың біріншісінен басқасы бастапқыда мүлде өзгеше келуімен көзге түседі: "Берілер ақыр бір күн басына ерік, // Көп жұртты көз жасыңа қылсаң куә, //Табылар мұңды зарды саған серік". 40. Бастапқыда: "Айтқаның үйде отырып жел болады" – деп басталатын шумақ мұнда жоқ болумен қатар, соған ілескен осы Шумақтың да үшінші жолынан басқасы мүлде басқаша Өндірілген: "Оңдырмас мына қойшы бізді бағып, // Сіңбей тұр піскен тамақ бойға жағып" (1-2 тармақтар) және: "Жер-суды асып кетті ғой қазық қағып!" (4- тармақ) (7 б.). 41. Жол аяғындағы: "дегендейін орнына" бұрынғыда: "өмір бойы" келтірілген. 42. Тармақ соңындағы: "біздің халық" орнына әуелдегі жүрген халық" алынған. 43. Мұндағы екінші мен төртіншінің тұрған орны ақын жазбасымен үйлес келгендіктен, әрі сөз мағынасы, орналасу тәртібі соған сай келгендіктен, бұдан бұрынғы кітаптағы ауысқан қалыпқа өзгеріс енгізгенімізді ескерткенбіз. 44. Мұндағы екінші тармақ басылымындағы: "ерісіз" орнына алғашқыда: "қай түрлі" сөзі келсе, төртінші басында: әр түрлі тамашаны" орнына "қысымдық талай жөннен"-енгізілген. 45. Бұл шумақтың бірінші және төртінші тармағында орын алған айырмашылықтар туралы осының алдындағы кітапқа берілген түсінікте (11-12- ескертпе) сөз еттік: Сонымен бірге екінші, үшінші жол айырмашылығы да елеулі: "Залалға мейлінше арзан бізді сатар // Ынтымақ қылыңыздар бас қосумен". 46. Бұл шумақтың үшінші жолының өзгешелігі бар: "Бір Құдай болысқанға дұшпан оңай". 47. Бастапқыда бұл алты тармақты шумақтың соңғы жолдары біраз өзгеше күйде берілген: "Үмбеті пайғамбардың!"- дейміз соны, //Кімде - кім дін жолында халыс (қалыс) болсын!"
Сарыарқаның кімдікі екендігі Бұл кітаптың 1907 жылы Қазан қаласында басылғаны оның қара сөзбен жазылған көп бөлігінде қазақ тарихы қарастырылғаны белгілі. 1990 жылғы Мәшһүр-Жүсіп таңдамалысының бірінші томында (Көпеев М.Ж. Таңд., 1-том, //Алматы, Ғылым, 1990, 55-71 б.) сол кітаптағы ақын өлеңдері ғана беріліп, ал, қара сөздері енбей қалған болатын. Біз бұл жолы да қара сөзбен жазылғанды ақынның тарихқа қатысты еңбектері қарастырылмақ алдағы томдар еншісіне қалдыруды жөн көрдік. Осы орайда Мәшһүр-Жүсіптің 1907 жылғы кітаптарынан қуғын көргенін еске салғымыз келеді. Кезінде Ресей қорында сақталған мұрағат мәтіндеріне негізделіп жазылған "Қыспақ көрген кітаптар" мақаласында Жұмағыз Шалғымбаева мына бір деректерді орынды келтірген: "Ал, "Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз" туралы Катанов былай деп түсініктеме жазды: "Мен аударған 3-7, 14-17 беттердің мазмұнына қарасақ, автор 1905 жылғы манифесті езілген халықтардың көз жасын құрғатқан пайдалы іс еді деп дәріптейтіндігі. Ал, ел билеуші болыс, билер халықты өздерінің құлқындарын толтыратын байлық көзі деп санайды. Сондай-ақ ол жер аударылған (келімсектер) шаруалар да қазақ халқына ол пайдалы емес деп есептейді". Катановтың осы аударма арқылы берілген түсініктемесінен кейін Баспасөз туралы уақытша комитет "Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыздың" авторын қылмысты істер ережесінің 129-статьясының 6-тармағы бойынша жауапқа тарту туралы қаулы қабылдады. "Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамызды" 1913 жылғы қарашада Қазан сот палатасы бекітті. Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақ қоғамындағы саяси-экономикалық шиеленістің себептерін шыншылдықпен көрсете білді. Ол бәріне кінәлі кеңес өкіметінің жаулап алушылық, тонаушылық саясаты, халық аяусыз езіп - қанауы деп пайымдады. Дегенмен, автор қанша шындықты айтса да, оның 1907-1912 жылы алғашында Қазан университеті баспаханасында, кейін Б.Л. Домбровскидің жеке меншік баспаханасында 3000 дана болып басылған "Хал - ахуал" атты өлеңдер кітабы да 1913 жылы 16 қаңтарда тұтқындалды. Көпеевтің кітаптарын тұтқындау Қазан полицмейстері арқылы іске асырылды." ("Мәдениет" газеті, №13, 1-15 шілде, К93 ж., 15-бет).
Енді осы кітаптағы жеке сөздерге байланысты түсініктерге орын береміз: 1. Осы жолдағы "қорасынан" сөзі 1907 жылы басылған Кітапта "нұрасынан" деп қате басылған. Біз Жолмұрат, Фазыл көшірмелеріне және сөз мағынасына сүйеніп түзеттік. 2. Мәрхәмәт — Мархабат — араб сөзі: жақсылық ету, қайырымдылық мағынасын береді. 3. Фәрман — пәрмен — парсы сөзі: бұйрық, әмір мағынасында қолданылып тұр. 4. Ингам — араб сөзі: наград, сыйлық, жақсылық мағыналарын береді. 5. Милләт — араб сөзі: ұлт, халық мағынасында қолданылып тұр. 6. Муафиқ — араб сөзі: үйлесімді, сайма-сай, сәйкес мағынасында берілген. 7. Публик боп — орыс тіліндегі "публиковать" сөзін пайдаланып, жариялау мағынасын беруге қолданған. 8. Шығыс елдеріне кең тараған "Жүсіп-Зылиқа" қиссасындағы Жүсіптің нақақ зынданда жатуы, ақыры шығуы туралы айтып отыр. 9. Тоғыз "бес" дегені — тоғыз жерде бес — қырық бес дегені. Демек одан үш жыл асқаны — қырық сегізде, 1906 жылы жазғанын айтқаны.
Мәшһүр - Жүсіп өлеңдеріне түсініктер
Жарты нан.
Жалпы көлемі 36 шумақтан, яғни 144 тармақтан тұратын бұл туынды ҚР ҒА Орталық Ғылыми кітапханасы қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіп қолжазбалары жинақталған 1171 папка ішіндегі "белгісіз бірінші адам" көшірмесі және әулеттік мұрағатта сақталған ақынның кенже баласы Мұхаммедфазыл (1890-1969), жиені Жолмұрат (1894-1977) сонымен бірнеше уақыт ақын атқосшысы болып, оның біраз еңбектерін жеткізген Иманғали Маненов (1903-1993) көшірмелерін салыстыру барысында әзірленді. Өлеңнің қашан жазылғаны туралы деп Жолмұрат көшірмесі басында орын алған: "Мәшһүр-Жүсіп сөзі: өз аузынан айтқанына 1880-жылдар болған". Өлең тұңғыш рет республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінде 23.11.19 жарияланды. (№47, 5 б. Әзірлеп ұсынған - Қ. Мәшһүр-Жүсіп Одан кейін ақын таңдамалысына енді (М.Ж. Көпеев. Таңд. 1 том //Алматы, Ғылым, 1990,164-168 б.). Осы орайда кезінде нұсқалары толық жиналмағандықтан және көне араб әрпінің бүгінгіге аударудағы тәжірибе кемдігінен, сонымен бірі әміршілдік жүйе қыспағына бейімделу әсерімен не қысқару, не өзгерту т.с.с. болғанын ескере отырып, бұ жолы түпнұсқаны неғұрлым дәл және толық беруге ұмтылдық. "Неғұрлым толық" дегенде, басқа да кейбір туындылар тәрізді бұл туралы Мәшһүр-Жүсіптің өз қолымен жазған нұсқасы әзірше тең болуын басшылыққа алып отырмыз. Демек алда ел арасында немесе басқа қалалардағы (оның ішіне шет ел қалалары да болуы мүмкін) түрлі мұрағат қорларында сақталған мұралар ішінің ақынның тікелей өз жазбасы табылып жатса, не көшіру деп, неше түрлі саясаттан т.с.с. туған жекелеген ауытқуларды түзету дағы уақытта да орын алуы мүмкін екендігін ескертеміз. 1. 1990 жылғыда 1-тармақ: "Айтатын дәлел сөзді адам қайда?" –деп алынса, енді 1171 папка бойынша "Айтатын Құрам сөзін молда қайда?" - деп түзетілді. 2. Таңдамалыда: "Бір адам жолаушы боп келе жатып" - делінсе, тағы да 1171 папка бойынша "адам" сөзі "жаяу" деп алмастырылды. 3. 1990 жылғыда 15-тармақ: "Көп олжа болды ғой — деп маған!" - деп заманға қарай икемделген түрде берілсе, енді 1171 бойынша: "Жоқ жерден берді ғой - деп — Құдай маған!"- деп өзгертілді. 4. Бұрынғы (1990 жылғы) "Өз-өзінен" сөзі тағы да 1171-ге сүйеніп "қуанғаннан" - деп алынды. 5. Тағы да бастапқыдай себеппен "келмес" - "жетпес" - болып берілді. 6. Бұл тұста да сол ыңғаймен: "Коп тұра алмай" - орнын "аяңдасып" иеленді. 7. Тағы да сол себеппен жол басындағы: "Ұшқыны түтін болып" - орнына "Түтіннен ұшқын болып" - орнады. 8. Таңдамалыдағы: "Шығарсаң ауызыңнан жаман сөзді" - деген 114-тармақ сол негіз бойынша: "Аузыңнан бір жаман сөз шығып кетсе" - деп өзгертілді. 9. 132-жол басы бұрынғыда: "Тар жол" түрінде болса, енді 1171 бойынша "Тар жер" - деп алмастырылды.
Аңқау адам туралы Өлеңнің қай жылы жазылғаны туралы нақты дерегіміз жоқ. Тек Мәшһүр - Жүсіптің өз қолымен бір дәптерінде төрт өлеңнің қандай ретпен жазылғанына назар аударғымыз келеді. Онда алдымен "Аңқау адам туралы", екінші "Мәшһүр - Жүсіптің тырнамен айтысы", үшінші "Мәшһүр - Жүсіптің ала қарғамен айтысы", төртінші "Дүниеге көңілі қалғандықтан сөйлеген сөз" өлеңі берілген. Осы дәптерде ақын екінші туындысын, тырнамен айтысын, дәл жиырмада (яғни 1878 жылы) жазғанын ескертеді. Осыны басшылыққа алсақ, шығармаларды жазылу ретіне қарап, бұл туындылардың бәрі 1878-1880 жылдарда жазылды деп шамалауға болатын тәрізді. Сонымен қатар аңқау сарт туралы өлеңді Мәшһүр - Жүсіптің Түркістан, Ташкент жаққа барған сапарынан кейін (бірінші сапары 1887 жыл) жазды деп келте түюге болатын сияқты. Әзірше біз бұл туындыларды Мәшһүр - Жүсіп жазған ретпен беруді жөн көрдік. "Ұқпасқа, айтқан сөзім, кетер ағып" - деген тармағы боп саналатын кейінгі бөлімі Мәшһүр - Жүсіптің өз қолымен жолдаған нұсқасынан алынды. Оған дейінгі бөлегі бізге жетпеді» Фазыл және Жолмұрат көшірмелері бойынша берілді. Бұл материалдардан басқа "Біреуден біреу алып қалып" деп басталатын 26 жолдық тағы бір бет көшірме, қосымша мәтін сақталған. Біз оның бастапқы 18 жолын енгіздік« соңғы 8 жолын кіргізбедік. Қосымша материал Mәшһүр - Жүсіптің кейін редакциялап қосқаны тәрізді. Себебі ұры өзі мас болып тигесін, қарғыс алғаны қысқаша баяндалады да (ол жолдық), екіншісінде"арақашықтығы оның орнына ұрының анасын сыйламауы, кейінгі азырақ беріледі. Салыстыру үшін бастапқы нұсқасын қолға береміз:
- Мен сенің есегіңмін еріп жүрген,
Екенім менің есек әркім көрген.
Бұрынғы иеленген мені біреу,
Сатумен құнымды алып саған берген.
Мен бұрын есек емес, едім адам,
Mac болып арақ іштім, өзім надан.
Анама мастықпенен тілім тиді,
Сол жерде: "Есек бол!" - деп, қарғады анам.
Анамның қарғысымен есек болдым,
Қаңғырып қолдан қолға жүре бердім.
Мені аяп анам байғұс дуа қылды,
Мінеки, қазірінде адам болдым.
Қосымша материалдағы соңғы 8 жолды келтірмеуімде өлеңде екі варианттылық болуынан. Қосымша материалды сарт ұрыдан кешірім сұрап, ұры өз серігіне қосылады. Бұдан негізгі нұсқада алданушы ұрыны үйге ертіп барады, одан өткен аңқау боп шығып, қой сойып, құрмалдық бер деп .Біз аңқау бейнесі неғұрлым кең ашылған осы негізгіні алдым. Салыстыру үшін қосымшадағы соңғы 8 жолды қоса келтірдім.
Бұл сөзге байғұс аңқау сарт нанады.
Ұрыны аяп іші танданады.
- Көрсеттім саған азап талай-талай,
- Бейшара, кеш күнәмді — деп, жалынады.
- Күнәңді кештім, - депті сонда ұры.
Мәлім ғой бір өзіне ішкі сыры.
Есек алған жолдасына қосылады.
Тұр екен бір тасада даяр бірі.
Енді 1990 жылғы Таңдамалыдағы нұсқа мен біздің осы жолы ұсынып отырғанның айырмашылықтарын келтірейік: 1. Таңдамалыда баспа қызметкері, редактор қателігінен тап осы жол мүлде түсіп қалған. 2. Бұрынғыда: "Әйтеуір бұ да білген б...ы жейді" - делінсе, бұл жолы Жолмұрат бойынша өзгертілді: "Қатын да өз білгенін берді дейді." 3. 1990 жылғыда тағы да редактор байқамауынан: "Тастамай нашағасын қолына алды" -жолындағы "нашағасын" орнына мағына жағы мүлде жұғыспайтын "нағашысы" сөзі қате еніп Кеткен екен, ол түзетілді. 4. Түрлі себеппен Таңдамалыда тұтас түсіп қалған осы жол енді кірді. 5. 1990 жылғыда 237-жолдың бастапқы сөзі: "Сабырлап" Солса, бұ жолы Мәшһүр - Жүсіп жазбасы бойынша өзгертілді.
Кедейліктің арқаны Жалпы көлемі — 34 шумақ, яғни 136 тармақтан тұратын бұл өлең ақын таңдамалысында екі өлең болып, алғашқысы: Жалқаулар туралы айтқаны", кейінгісі: "Кедей болар кері кеткен, ұйқысы мол" - деп басылған екен. Біз бұл жолы әулеттік мұрағаттағы: Жолмұрат, Фазыл көшірмелеріне сүйене отырып, бір туынды ретінде ұсынып отырмыз. Біраз ретте Фазыл мен Жолмұрат көшірмелерінде түрлішелік болған жағдайда біз сөз берілген. Бұрынғыда: "Маңына жақын барма араласып" – қалпында бой түзесе, енді "араласып" орнына Жолмұратқа иек арту нәтижесінде "қадам басып" табан тіреді.
Жаздың сөзі Бұл туынды жақында ғана (27 сәуір 2004 жылы) қолымызға Тиген Мәшһүр - Жүсіптің ертеректе жазған өз жазбасы бойынша әзірленді. Ертеректе дейтініміз: ақынның бастапқыда 1879- 1880 ж. жазғандары мен 1928-1931 ж. қағазға түсіргені арасында әріп таңбалау, сөйлем аяғын белгілеу т.с.с. мәселелерінде көп айырмашылық байқалады. Соңғы жазбаларында әр тармақ іші көлденеңдеп, келте қойылған екі сызықша арқылы белгіленсе және ортақ түркі тілінен гөрі, тікелей қазақшасы алынса (мәселен, мұнда "көк жүзінде" болса, кейін "көк жүзінде" түрінде келуі т.с.с.), бастапқыда оның бәрі жоқ. Бұл Мәшһүр - Жүсіптің жыл өткен сайын әріп пайдалану, тыныс белгілерін қою дәстүрін де жетілдіріп отырғанын көрсетеді. Осы орайда бұдан былай - әулеттік мұрағат: Мәшһүр -Жүсіп, 11-папкадан дегеннің бәрі сол 27 сәуір 2004 жылы Павлодар облысы Баян 1 селосының тұрғыны Садықұлы Кенжебектен алынған мәтіндердің бір папкаға, яғни 11-папкаға салынғанын танытатынын ескертеміз. (Тап осы өлең 11-папка, 12-13 — бетінен алынды). Ал, Кенжебек Садықұлына бұл мәтіндер қалай жеткен десек, ол әкесі Садық Сапабекұлынан қалғанын мәлімдеді. Сол қалашық тұрғыны Төлепберген Алдабергенов деген ақсақал бұл мәтіннің иесі бұрын Мәшһүр - Жүсіп атқосшысы болған Иманғали Маненов еді, Садық сол Иманғалиден алып еді дегенді айтады. (Төлепберген, Иманғали туралы мәліметтер 1-3 том түсініктерінде берілген.)
Иса Шорманұлы Жалпы көлемі 54 шумақ, яғни 216 тармақтан тұратын бұл өлең әулеттік мұрағатта сақталған: Жолмұрат, Фазыл және Мәдіұлы Сұлтанмахмұт көшірмелерін салыстыра отырып әзірленді. Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесі (1-папка, 377-380 б.) соңында: "Тамам жазылды, көрінгеннен қалғаны жоқ" - деп ескертілсе, шығарма маңдайшасында: "Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлының 1902 — Иса Шорманұлының қажыға барған сапарын өлеңмен сөйлегені" - делінген. Соңғыға ұқсас түсініктеме Фазыл көшірмесі маңдайшасына да орын тепкен: "Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлының 1902 жылы Иса Шорманұлына шығарғаны". Әулеттік мұрағаттағы Жолмұраттың енді бір көшірмесі (1 - папка, 341 бет): "Мәшһүр -Жүсіптің Мұхаммеджан атынан сөйлегені" - деп берілген екен. Анықтай келгенде, оның "Иса Шорманұлы" өлеңінің соңғы 5 шумағы екені анықталды. Осы орайда шығарманың ең соңғы шумағы басқа көшірмелерде орын алмағандықтан, тек осы үзік көшірме бойынша қосылғанын ескертеміз. Көлем жағынан әрі ең толығы, әрі ең деңгейлісі Жолмұрат пен Фазыл көшірмесі көбінесе бірдей болып келсе де, ара-тұра сәйкессіздіктер де кездеседі. 1. Фазылда 11-тармақ: "Туған жанның бәрінің бір өлмегі бар" - делінсе, Жолмұратта сәл өзгеше: "Туған жанның бәріне бір өлмек бар". Осы орайда біз бунақ, буын біркелкілігі тұрғысынан Жолмұратты таңдадық. 2. Фазылда 11-шумақтың бастапқы жолы: "Бұл дүние бәрімізден өтер дейді" - бет ортасына көлденеңдеп жазылып, одан әрі екінші, үшіншісі тіркеліп, қалыпты орында тек төртіншісі тұрса, Жолмұраттағы дұрыс қалыпқа сүйену нәтижесінде барып, Фазыл атамыздағы біраз рет бұзылуын анықтауға мүмкіндік туды. 3. Жолмұратта да, Фазылда да: "Бас қосып жүрдік коп боп: жақсы-жаман" - деген 46-тармақ жазылмай қалса, оны Мәдіұлы Сұлтанмахмұт (14-бет) көшірмесі бойынша енгіздік. 4. "Бесігін Фатиманың және салып" - деген Фазылдың тармақтағы "және" сөзін Жолмұраттағы "бірге" сөзімен қарастыруды жөн көрдік. 5. "Шаһарға түйе боздап келеді екен" - деген 63-тармағында Фазылдағы "келеді" - сөзі орнына Жолмұраттағы "сөзін енгізуді таңдадық.
Нәпсіңді жатқа мінгізбе Жалпы көлемі 56 шумақ, яғни 424 тармақтан тұратын бұл шығарма әулеттік мұрағатта сақталған ақынның өз қолжазбасынан (3-папка, 12-17 б.) көшірілді де, сол қордағы Жолмұрат (1-папка, 385-388 б.) және Фазыл (2-папка, 16-19 б.) көшірмелерімен салыстыру жүргізілді. Кезінде өлеңнің бастапқы мағынасы: "Қалмады ойлай ойлай басымда ми" -шығарма тақырыбы ретінде алынып, ақын таңдамалысына (М.Ж. Көпеев., 1-том //Алматы, Ғылым, 1990, 88-95 б.) енгені белгілі. Сол көп жоғарыда айтылғандай, тәжірибе кемдігі, кезең саясаты қабылдау салдарынан ол кезде кеткен бірен-саран селкеуліктерді, кейін басқа біреуге жүк болмас үшін, қазір аша кету керек деп таптық: 1. 1990 жылғыда 18-тармақ: "Босқа ысырап жібермеген кезді" - деп берілсе, бұ жолы ақын жазбасына сүйеніп:"ысырап" - сөзі орнына: "сірә (сыра)" сөзі кіргізілді. 2. Таңдамалыда 54-жол: "Жарлыға мал — бұл, ғылым болар көрік" - деген түрде бірге теуіп, "болар" сөзі біртүрлі ұғынықсыздыққа ұрындырса, енді Мәшһүр – Жүсіпке иек артып, оны "байға" сөзімен алмастырғанда, түсініксіздік жоғалды. 3. Бұрынғы (1990 ж.) кітапта 60-тармақ: "Ұнамды ағайын болсын ісің" - күйінде шаңырақ көтерсе, бұ жолы Мәшһүр Жүсіп жазбасына сүйеніп (Жолмұрат, Фазылға да қарап), "ағайынға" сөзі "охотникке" дегенмен ауыстырылды. Ақынмен араб, парсы өрнектері тәрізді орыс сөздерін тек бұл емес, Одан басқа да шығармаларында үнемі кіргізіп отырғаны мәлім. 4. Таңдамалыда 96-тармақ: "Тұрғайсың сынайын деп әбден біліп" - қалпында орналасса, енді ақын жазбасы бойынша "сынайын" сөзі орнына "мұнафиқ" енгізілді. 5. 1990 жылғы 98-жол: "Біліп қыл, іс қылсаң, теріс пе, оң ба?" - деп алынса, бұ жолы "іс" сөзі алдына кезінде түсіп қалған "бір" сөзі қалпына келтірілді. 6. Таңдамалыда: "Ғылым, білім іздесең, болдың дана" - деген 150-тармақтан кейін 153 -болып тұруға тиіс: "Шайтанның шамаң келсе сындыр белін" - жолы орналасып, өлең ұйқасына, мағынасына кедергі тудырса, енді өз орнына ығыстырылды. 7. Бұрынғыда (1990 ж.) 203-жол: "Сүйкімді бүкіл жұртқа болам десең" - делінсе, бұ жолы "бүкіл" сөзі орнын "біткен" иеленді.
Шежіре өлең Бұл өлеңнің толық нұсқасы әлі табылған жоқ. Біз бұ жолы әулеттік мұрағатта сақталған: Жолмұрат, 2-папка, 248 б.; 3-папка, 137 б.; 1-папка, 173 б.; және Досмағамбет, 410-412 б. мәтіндерін құрастырып бердік. Досмағамбет нұсқасындағы: "Жылым — қой, тоғыз "беске" келіп жасым" дегеніне қарап, өлеңнің 45 жасында, яғни 1903 жылы жазылғанын анықтадық.
Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлегені Бұл өлеңнің жалпы көлемі — 103 шумақ, яғни 412 жол болса, ақын таңдамалысына (Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Таңд., 1-том //Алматы, Ғылым, 1990,72-82 б.) соның 89 шумағы, яғни 356 тармағы кірген де, 14 шумағы: 14, 30-31, 33-34, 36-37, 42, 72, 89-90, 95-96-97 шумақтары, яғни 56 жолы енбеген. Қысқару себебін ол кітаптың бұрынғы әміршілдік жүйе кезінде әзірленіп, дінге, саясатқа тиімсіз саналған жолдарды әдейі алып тастау орын алуымен түсіндіреміз. Ол кезде әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы (1-папка, 3-11 беттері) және оның баласы Мұхаммедфазыл мен жиені Жолмұрат көшірмелерін салыстыру негізінде әзірленсе, бұл жолы әулеттік мұрағаттағы үлгіні ҚР 6. 6-беттің он, бүйіріндегі ескерту: "Кешегі біздің қырық алты жасымызда қожа-молдалар — біреу өлді деп естісе, жемтікке үймелеген қарғадай жиыла қалушы еді." 7.7-беттің сол қапталындағы түсініктеме: "Тауықтың қоразы айғайлайды. Қазақ ит ноғай молдаларының былшылдағанын ұғып алып: "Періштенің дауысын есітеді, сол себепті айғайлады!" - деседі. Тұра сала ат тезегін аударып төңкереді. Қожа, молда, ишан, хазіреттер де: "Пайғамбар сөй депті, пайғамбар бұй депті" - деп, жұртқа маза бермейді. Дүниеге құл[қыны] құрығандығын көрсең, түзге [отырған] кісіні аңдитұғын қарғалар, иттер де айдалада қалады." 8. Мұндағы: "іше алмас" 1170 бойынша берілсе, әулеттік мұрағаттағы бастапқы нұсқада оның орнында "су ішпейді" тұрғанын (Таңдамалыға әулеттегінікі енген — 78 б.) ескертеміз. 9. Осы жол әулеттік мұрағаттағы да (1-папка, 7-бет): "Мен ішсем, көл таусылып қалады — деп" - күйінде беріліп, ол Таңдамалыға да (78-бет) тап солай енсе, бұ жолы ұғымды нақтылай түскен кейінгі 1170-тегіні кіргіздік. 10. Әулеттік мұрағаттан алынған Таңдамалыдағы (79 бет) соңғы сөздер: "көздің жасы" -түрінде орын алса, бұ жолы ұғымды неғұрлым нақтылай түсіп, дәл берген 1170-тегі: "көзде жасы" - енгізілді. 11. 8-беттің оң қапталындағы ескертпе: "Басында дағарадай сәлдесі бар бір қожа: "Қарны ашқан қаралы үйге қарай жүгіреді" - дегендей, байы өлген бір қатын байын жоқтап, дауыс қылып [жылап] отырса, кіріп келіп, Құран оқып отырып, төр алдында тұрған балтасын ұрлап, қойнына тығып, жымқырып отырған сықылды. Қатынның көзі шалып қалған, [есік]тен былайша дауыс қылады дейді:
Екі көзім ба[лтамда].
Балтам жатыр қалтаңда.
Балтамды алған қожаның
Мойнына мінген шайтан да —ay! — депті.
Сол қатын айтқандай, Николай заманындағы: ояз, милициялардың екі көзі, есіл-дерті қалтада болды. Оны елік болыс, би, қожа, молда, ишандар да сондай!" 12. 9-беттің сол қапталындағы түсіндірме: "Ішкен тамақтың малайы есепті болды. Бір тойған тамаққа сатылды-мыс. 13. Мұндағы тармақ соңындағы: "айыға алмай" өрбімей 1170-те "есімді алып" - орын тепкен. 14. "Қырық алты жасында сөйлеген: "Енді төрт жыл" -"Елу жаста боламыз!" - дегені. 15. "Дәулет құсы" - бұрынғы з[ама]нда қанат-күйіп түгел тұрғанда, әркімнің басына көлеңке салушы еді. Жаман қанат-құйрықтан айырылып, дуа жоқ, құр кет болып қалған. Кет болды, кетет де болды. Жат та болса, арт сүртуге ж.ірі» май қалған ескі шүберек болғаны." 16.10- беттің оң жақ шекесіне қоныс тепкен ескерттім Сейфілмәлік" хикая[сында] бір дию адамзат қызын он үш тұтқын қылған. Сонда басына бір тақтай қойып кетсе, қысылып ұйықтап жата береді екен."
Мәшһүрдің сөзді киіндіріп, жұрт көзіне түсіргені Өлеңнің жалпы көлемі — 18 шумақ, яғни 72 тармақ болса, ақын таңдамалысында (М.Ж. Көпеев. Таңд., 1-том // Алматы, Ғылым, 1990, 147-149 6.) оның "Жалғанда біреу — үлкен, кіші" - деп басталатын бесінші шумағы мен оған ілескен алтыншы, жетінші шумақтары енбей қалған. Бұл жолы әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр — 1-папка, 11-13 б. жазбасымен жоғарыда аталған қолжазба қорындағы 1170 папкадағы (N7 149 б.) ақынның екінші жазбасын салыстыру арқылы әзірлемеді. Енді Таңдамалы мен біз ұсынып отырған соңғы нұсқасы аз-кем айырмашылықтарға көңіл бөлеміз: 1. Таңдамалыда 38-тармақ: "Жасарып жапырақтары сүмбіл шаштай" - деген қалыпта өрілсе, бұ жолы Мәшһүр - Жүсіптің екі жазбасында бірдей ондағы "жасарып" орнына "жарасып" тұрғандығы ескерілді. 2. Әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр - Жүсіп жазбасында біз ұсынып отырған қалыппен берілсе, жоғарыда аталған Алматыдағы қолжазба қорындағы 1170 папкада (932-бет) сақталған ақынның екінші бір өз жазбасында мүлде басқаша келтірілген: "Кісінің пұлдап сатар жоқтығынан." 3. "Ғелаз шәдад" - сөздері туралы әулеттік мұрағаттағы мәтіннің (Мәшһүр - Жүсіп, 1-папка) 13-бетінің сол қапталының орта тұсына ақынның өз қолымен көлденеңдеп, қиғаштап жазылған мына ескерту орын алған: "Ғелаз шәдад" - араб тілі: аямайтұғын қаһарлы дұшпанның қолында тұтқындықта қалғанын айтқаны. Ол дұшпан — жаман қатын. Қатының жаман болса, арманың кетер, балаң жаман болса, дәрменің кетер. Қайғы — қасіретпенен заманың өтер, бағызың отқа жаға-жаға кетерсің! Өмір осыменен өткен!" Өлеңнің қашан жазылғаны туралы әзір дерегіміз жоқ. Тек Мәшһүр - Жүсіптің өз қолымен "Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлеген сөзі" өлеңінен соң ізінше жазылғанына қарап, бұл да 1905-1908 жылдар аралығында жазылған болар деп шамалаймыз. Жалпы, әулеттік мұрағатта сақталған 1-папкада Мәшһүр - Жүсіптің бір топ өлеңдері ақынның өз қолымен мына ретпен жазылған: 1. Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлегені (1-11 беттер). 2. Мәшһүрдің сөзді киіндіріп, жұрт көзіне түсіргені (11-13 беттер). 3. Бұл бір түрлі сөйлегені (13-15 беттер). 4. Дойбының ойыны (15-20 беттер). 5. Күндіз бен түннің айырмасы (20-22 беттер). 6. Мәшһүрдің ақындығымен қоштасқаны (22-25 беттер). 7. Мәшһүрдің алпыс сегіз жасында сөйлегені (26-32 беттер). Әрине, бұған қарап Мәшһүр - Жүсіп жиырма екі жыл бойы қырық алты жасы мен алпыс сегіз арасында/ тек осы жеті 1170-тегіні квадрат жақша ішінде беріп отырдық. Ескерту: Бұ жолы да, бұған дейін және кейін де жай жақша ішіндегісі бір сөздің сол кездегі әріппен жазылу қалпын жеткізу үшін қолданылады. Сонымен бірге әулеттік мұрағатта Жолмұраттың 2 көшірмесі (1-папка, 126-129 б. және 3-папка 189-6. және 294-295 б.) сақталған. Осы өлеңнің маңдайшасында (ол Жолмұрат көшірмелерінде де қайталанады) ақынның мынадай бір ескертуі бар: "Мына бір сұрлау жалғанның ісі ойынның ұтысы сықылды. Біреу ұтылып құр алақан қалып жатыр. Біреу есебін тауып, ұтып алып жатыр." Осы орайда бұл өлеңнің алғашқы нұсқасы ақын тандамалысында (М.Ж. Көпеев. Танд., 1-том //Алматы, Ғылым, 1990 ж., 150-153 б.) едәуір қысқарып жарияланғанын, жалпы көлемі 36 шумақ, яғни 144 тармақтық шығарманың 14 шумағы, яғни 56 жолы енбей қалғанын ескерткіміз келеді. Атап айтқанда: "Қапы қалма, бұл сөзді жалған тұтып" -дегенді бетке ұстаған 12- шумақ, сонымен бірге: "Кең жалғанның жүзінде закот қалған" -жолын маңдайша еткен 16-шумақ пен оған ілескен 17-26-шумақтар және: "Адам болсаң, адамдық ісін ойла" - тармағын алға тартқан 34-шумақ, оған ерген 35-шумақ кірмеген. Бұрын да ескерткеніміздей, алғашқы кітап кешегі басқаға отар болған заманда әзірленгендіктен де, бір ұлтқа, совет ұлтына, яғни орысқа айналуға басты бөгет жасайтын дінді, яғни исламды уағыздауға ашық та, жабық та қатаң тыйым, шектеу қойылғанын ескерсек, кітап әзірлеушілердің біле тұра бұл қысқартуға неге барғанын аңғару қиын емес. Демек Алла, сол арқылы ислам неғұрлым ашық дәріптегендіктен де, бұл жолдар пышақпен қию құрбаны болғаны анық. Енді не тәжірибе кемдігінен, не баспа қызметкерлері байқамауынан кеткен азын-аулақ ағаттықтарды да аттап өтпей, алға тартамыз: 1. 1990 жылғыда 22-тармақ: "Ойнай мұны білмеген асы болды" - күйінде келсе, бұ жолы "асы" сөзі 1170 папка мәтіні бойынша "ғасыр" - деп өзгертілді. 2. Таңдамалыда келесі 23-тармақ: "Жыл да екі болғанда, ай да он екі" - делінсе, енді "жыл да" сөзі мен "екі" арасында түсіп сүйенгендіктен, яғни 7-папка мәтіні ол кезде қолға түспегендіктен де, елеулі қиындықтар орын алғанын ескерткен жөн. Атап айтқанда, 3-папка мәтіні үлкен 4 параққа жазылып, кезінде ол үлгіні бүктеп сақтау орын алуы және ұзақ уақыт өтуі салдарынан бет ортасының бүктелген тұстары желініп, оған қоса соңғы парақтың төменгі жартысы жыртылып түсіп, бізге жетпеуі нәтижесінде шығарманың өшкен, үзіліп түскен тұстарын Жолмұрат көшірмесі бойынша қалпына келтіру жүзеге асқан еді. Осы орайда Жолмұрат атамыз да тек 3-папкадағыдан көшірген болар деп санауға негіз толық. Себебі кейін оның бәрін 7-папка мәтінімен салыстырғанда, әсіресе үзілген тұстарды көшіруі кезінде біраз ауытқулар орын алғаны анықталды. Оны төмендегі түсініктерде нақты көрсетеміз. 3-папкадағы өлең маңдайшасындағы түсінік шығарманың қандай жағдайда, қашан жазылғанын анықтауға мүмкіндік береді: "1908 жылында 4-авгус-те Мәшһүр - Жүсіптің Түркістан, Ташкент шаһарларын арзу қылып шыққанда, қасындағы жолдастарынан сөйлеген [хик]аяты һәм жолдағы елдерден қозғаған хикаяты. Жазылды шаhap Ташкентте, 17 сентябрь медреседе". Енді 1990 жылғы ақын таңдамалысында орын алған жекелеген ауытқуларды 7-папка мәтіні бойынша қалай түзеткенімізді көрсетеміз: 1. Бұрын таңдамалыдағы 10-жол: "Қонысынан күйген жардың кесіп өтіп" - деп берілсе (103-бет), мұнда 7-папка мәтініне сүйеніп: "Қонысынан" сөзі "тұсынан" -деп өзгертілді. 2. Таңдамалыда 21-тармақ: "Бейшара өңшең ... жолдасымыз", - күйінде орын алса, бұ жолы көп нүкте орнына "сүлтік" сөзі қойылды. 3. 1990 жылғыда 26-жол: "Түп-түгел мәңгі біткен біздің қаста" - күйінде алынып, ондағы "мәңгі" сөзі ұғынықсыз болса, бұ жолы ол "малы" сөзімен ауыстырылып, бастапқы мағына қалпына келтірілді. 4. Бастапқыда (1990 ж.) 27-тармақ: "Ғазап үйім деуіме лайықты" - түрінде келіп, әрі ұғынықсыздық, әрі бунақ ішіндегіге алдырса, бұл ретте "үйде" сөзінен кейін "түзде" сөзі келтіріліп, түсініксіздік ысырылды.
Хамза өліміне Бұл туынды бұрын еш жерге ұсынылмаған да, жарияланбаған. Тұңғыш рет беріліп отыр. Көлемі — 61,5 шумақ, яғни 246 тармақ болатын бұл өлең әулеттік мұрағаттағы Фазыл (1-папка, 27-31 беттер) көшірмесі бойынша әзірленіп, бастапқы 7-ақ шумағы сақталған Жолмұрат (1-папка, 96-97 б. және 372 б.) көшірмелерімен де салыстыру жүргізілді. Мәселен, Фазылда 7-тармақ: "Өрт түсіп өзегіме салды пәре [пара]" - түрінде келсе, Жолмұратта "пәре" орнына "жара" сөзі тұр екен. Біз Жолмұрат нұсқасын алдық та, Фазылдікін ("пәре" (пара) жақша ішінде беруді жөн көрдік. Сондай-ақ Фазылда 12-тармақ: "Құлақ естіп, көз көрмес жерге жырақ" - деп беріліп, тап сол қалыптағысы Жолмұраттың екі көшірмесінің екіншісінде (1- папка, 372-бет) де қайталануына қарамастан, шумақтың алғашқы бунағы үш буынды болып келген ырғақ заңын басшылыққа алып, Жолмұраттың біріншісі көшірмесі (1-папка, 96 бет) бойынша оны: "Көз көріп, құлақ естімес жерге жырақ" - түрінде ұсынғанды жөн көрдік. Осы орайда бұл өлеңнің қандай жағдайда жазылғанын ескерткен Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы сақталған екен. Енді соны келтірейік: "... жауһарымда бір қаяу болып ж ... төртеу болды, түгелдеу болды. "Құдай бергеннің ұғлы төрт болар — деген осы ғой!" - деп тұрғанда, ең кенжесі: Хамза ат[ы] қойылған бір бала екі жас жарымда өліп қалып, көңілге ақау түсіп тұрған кез еді. Ысқаяқ, шарық қатынның ескірген күні еді. Бу мен түтін, қайғы-қасірет жалғанның жәбір-жығасы көңілдегі ескі ғашық мығшоқ болысқан сүйгеніңді ала алмай жүргенін айтқан. Бұрынғы кәрі қатынмен жүргенін: "Желқом салып, жауыр атқа мінгендей болдым" -дегені. Жылқы болса, күнде бір ат мінбей ме? Көңіл шаттығынан иненің жасуындай дәнеме жоқ, - сөйлегендігін айтқаны. Кейінгі (киөнгі) жақта маған - дағы бір дәурен тиіп еді. Айырылып қап ағыздым көз жасымды" - сүйкімді, қылықты балл»дан айрылғанын айтқаны. Үшеуі нәресте: Мұхаммедсадық — тіліме, Хамза және үшеуі нарсиде мыштыры әм Кәуім ақырет болған. Мұхаммедшарафи, Мұхаммедәмен, Мұхаммед Фатима, Әмина — бұл бесеуіне ата болып ... бұған Мәшһүр ысырылып болмаққа әлден-ақ жанған да жоқ-ты. Опа... бас адам болған соң, әріп ғ... алты екіге бөлінсе болар.
Шайтанның саудасы Бұл өлеңнің жиналу тарихы туралы белгілі жазушы З.Ақышев құнды дерек қалдырды: "Ол кезде мен Семей пединститутының студенті едім. 1937 жылдың жазында елге келгем Баянауыл ауданының "Қызыл қоғам" колхозынан "Жаңа жолына" қарай келе жатқамыз ... Бір шақырымдай жерде жалғыз қараша үй тұр." Әрі қарай автор Мәшһүр - Жүсіптің қарындасы Мәдинадан туған жиені Қасенғалиден осы өлеңді тыңдап. соны жазып алу үшін бөгелгенін жазады да, кейін оны Алматыдағы Диқан Әбілевке жібергенін, одан мектеп оқулығын құрастырушылар Қ. Бекхожин мен Е.Смайылов қолына түсіп, ақыры 1940-1946 аралығында 3-4 басылым көргенін жазады. (Ақышев 3. Деректер // "Қазақстан мұғалімі" газеті. №38, 16 сентябрь, 1983 ж., 4-бет). Бұдан кейін елуінші жылдардағы ақын-жазушыларды қайта қаралау науқаны басталып, ақын шығармаларының мектеп оқулығынан шығып қалғаны мәлім. 1956 жылдан бастап Кеңес үкіметінің бұрынғы басшысы И.В. Сталин қателігі т.с.с. сөз бола бастап, 1938 жылдары атылған: С.Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров т.с.с. ақталуының әсерінен де ақын шығармашылығы толық ақтала қоймаса да, жекелеген әдебиет зерттеуші мамандарының күш салуымен 1959 жылы жоғары оқу орны хрестоматиясына ақынның 1907 жылғы кітаптарынан үзінділер және "Шайтанның саудасы" енді (XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. (Құрастырушылар: Т.Әбдірахманов, Қ. Жармағамбетов) //Алматы, Қаз.мем. оқу-педагог. баспасы, 1959, 281-290 беттер). Сол 1956 жылдардан бастап баспасөз бетінде: Д. Әбілев, М. Қаратаев, Ә. Қоңыратбаев, М. Бөжеев, С. Дәуітов т.с.с. мақалалары жариялануы ақын шығармаларын шығаруды жақын-дата түскен игі істер екенін атап өте отырып, солардың ішінде ең көзге түскені белгілі жазушы М.Мағауин құрастыруымен Ленинградта орыс тілінде 1978 ж. "Поэты Казахстана" - деген атпен шығып, бүкіл Кеңес Одағына таралған коп тиражды антология ішіне осы өлеңнің орысша нұсқасы енуі дер едік. 1990 жылы шыққан ақын таңдамалысының бірінші томына да бұл туынды енді (187-194 б.). Әйтсе де бұл туындының ең толық, ең дұрыс нұсқасы тек осы жолы ұсынылып отыр. Себебі бұдан бұрын ақынның осы өлеңі түрлі көшірмелер арқылы (1937ж. 3. Ақышев жазбасы, одан кейін Фазыл, Жолмұрат көшірмелері т.с.с.) беріліп келсе, бұ жолы ақынның өз жазбасы ел арасында, Баянауыл ауданы тұрғындары: Иманғали Маненов, одан кейін Садық Сапабекұлы мұрағатында сақталып, тек 2004 жылдың 27 сәуірінде Садықұлы Кенжебектің айтқаны.
Мәшһүр атты қалай алғандығы Туындының жалпы көлемі — 116-шумақ, яғни 464 тармақ болса, оның 1-100 шумағы, демек 100 шумақ, яғни 400 тармағы әулеттік мұрағаттағы: Жолмұрат, Фазыл көшірмелері бойынша берілді. Ал, "Наданнан бойыңды алыс қылып сақтан" - деген жолды маңдайша еткен 101-шумақ пен 107-шумақ аралығы әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр - Жүсіптің өзінің бірінші жазбасы үзігі (7-папка, 179-180 беттер) және сол шумақты (107-ні) маңдайша етіп, соңғы 108-116-шумақтарды қамтыған басқа бір түсті қағаздағы екінші жазбасы үзігі (181-182 б.) бойынша әзірленді. Сонда бізге жеткен ақын жазбасы көлемі — 101-116- шумақ аралығы 16 шумақтан, яғни 64 жолдан тұрады. Бұл өлең 1990 жылғы ақын таңдамалысының бірінші томында жарияланған (114-127 б.). Таңдамалыда түрлі себептермен: "Алды-артымда серік жоқ, жалғыз өстім" - деп басталатын 27-шумақ және: "Деп ойлап: "Алданбайын болмашыға" - жолын алға ұстаған 98- шумақ пен оған ілескен 99, 100-шумақтар, айналасы 4 шумақ, яғни 16 тармақ енбегенін еске саламыз. Сөз жоқ, "Мәшһүр - Жүсіп шығармаларын шығара аламыз ба, жоқ па?" - деп, біресе Қазақстан ком.партиясы Орталық Комитетіне арыз жазып, енді бірде жинақ құрастырушылардың бірінің әзірлегенін, екіншісі алға апарып жүргенде, бұдан бұрын ескертіп келген. 2. Бұрынғыда (1990 ж.) 97-жол: "Келіспес, біле тұрып арам десек" — деген қалыпта ірге тепсе, қажет ұғымға сай келмейтін соңғы "десек" сөзі тағы да ақын жазбасы бойынша "жесек" - деп алмастырылды. 3. Бастапқыда (1990 ж.) 106-тармақ: "Құмалақпен тамырын тапса айтады" - деп отау тіксе, ондағы "тамырын" сөзі "тамырмен" - деп өзгертілді. 4. 1990 жылғыда 112-тармақ: "Барады быт-шыт болып жұртты бұзып" - түрінде шаңырақ көтерсе, енді "болып" сөзі "қылып" - дегенмен ауыстырылды. 5. Таңдамалыдағы 115-жол: "Құрметлеп қожа-молда ап кеткен соң" - деп жайғасса, ондағы соңғы "ап кеткен соң" сөздері "ап келген соң" - деп түзетілді. 6. Алдыңғыда (1990 ж.) 117-тармақ: "Бай тоқтатып" - деп басталса, енді "бой тоқтатып" -деп түзетілді. 7. Бұрынғыда 161-жол: "Шұқанақ жинағаныңмен" - деп басталса, енді екінші сөз "жиғаныңмен" - деп өзгертілді. 8. Бастапқыда 168-тармақ: "Қазақтың" сөзімен басталса, енді осы сөздің соңындағы "ң" әрпінің артықтығы анықталды. 9. 1990 жылғыдағы 172-жол: "Ата жұртын аралап, зәрені алып" - деп сап түзесе, енді "зәрені" орнына "нәзірін" - сөзі қойылды. 10. Таңдамалыда 275-тармақ "шығармайды" сөзімен аяқталса, бұ жолы ол "шығармайтын" - деп алынды. 11. Бұрынғыдағы (1990 ж.) 291-жол ортасында: "жаяу-жалпы" сөздері тұрса, бұ жолы ол "жаяу-жалға" - деп түзетілді.
Төрт асыл, бес береке Бұл туындының әулеттік мұрағаттағы 3 нұсқасы бар. Оның біріншісі ақынның өз жазбасы (2-папка, 239 және 241-242 б.) болса, екіншісі Фазыл (2-папка, 15-16 б.) мен Жолмұрат көшірмесі (басы, 1-папка, 370-бетте де, соңы, яғни жұмбақ шешуі 2-папка, 137-бетте). Сонымен бірге жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіп шығармалары топтастырылған. Алдағы уақытта ел арасынан Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы табыла қойса, тағы да өзгеріс енуі мүмкін екенін де есте ұстаған жөн.
Ұқыпты әйел Әулеттік мұрағатта сақталған Фазыл (2-папка, 11-12 б.) көшірмесі бойынша әзірленді.
Салақтық — дерт Әулеттік мұрағатта сақталған Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы (11-папка, 328-329 б.) бойынша әзірленді. Ұзақ уақыт өткендіктен және бізге жеткенше дұрыс сақталмағандықтан, іріп, өшіп, түсіп қалған шеткі әріптер орнына лайық деп тапқандарымызды квадрат жақша ішіне алып қосып отырдық.
Жақып сұлтанға Бұрын еш жерде жарияланбаған бұл туынды әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы (4-папка, 188-195 6.) бойынша тұңғыш ұсынылып отыр. Өлең қазақ хан-сұлтандарына қатысты тарихи деректердің мол қамтылуымен ерекшелінеді.
Надан би Туынды әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр - Жүсіптің ортаншы ұлы Әмен мен кіші ұлы Фазыл көшірмелерін салыстыру барысында тұңғыш рет ұсынылып отыр. Жалпы көлемі — 14 шумақтан, яғни 56 тармақтан тұратын бұл өлеңнің 10-шумағы және Иманжүсіп, т.е.с. атынан өлең жазғанын, демек Әменді алға ұстап шығарма жазуы мүмкіндігін де ескерген жөн. Бұл туынды авторы Мұхаммедәмен емес, Мәшһүр - Жүсіп екендігін ақынның Мәдина деген қарындасынан туған жиені Жолмұрат Жүсіпұлының өз қолымен жазып қалдырған мына ескертуі арқылы анықтадық: "Мәшһүр - Жүсіптің 1916 жылғы июнь жарлығымен Мұхаммедәмен деген баласы призывқа алынып бара жатқанда: "Әменнің жазып кеткені" - деп, жазған өлеңі." (ҚР ҒА Орталық Ғылыми кітапханасы, қолжазба қоры, 1173 папка, 9-топтама, 3-бет). Міне келтірілген осы мәтіннен кейін оны ұсынушы Жолмұрат Жүсіпұлы екені арнайы көрсетіліп, шығарма көлемі 100-жол екені де дұрыс ескертілген.
Момынның әйеліне шығарғаны Бұл өлең әулеттік мұрағатта сақталған Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы (1-папка, 89-92 б.) бойынша әзірленді де, сол қордағы: Фазыл (2-папка, 151-154 б.) және Жолмұрат (1-папка, 90¬95 б.) көшірмелерімен салыстыру жүргізілді. Осы орайда Фазыл мен Жолмұрат көшірмелерінде: "Жанға қимас жан еді, ажал алды" - деген тармақты маңдайша еткен 44-шумақ жоқ екенін ескертеміз. Осы туындының ақын таңдамалысында жарияланғанын (М.Ж. Көпеев. Таңд., 1-том //Алматы, Ғылым, 1990, 127-133 б.) еске сала отырып, ескі қолжазба оқу тәжірибесі кемдігінен еніп кеткен аздаған ақауларға назар аудартуымыз тағы да бұрынғы еңбектен әйтеуір мін іздеу емес, көне жазбадан бүгінге көшіру кезінде де алда да қате кету мүмкіндігінен өзімізді де, өзгені де сақтандырып отыру ниетінен деп түсінген жөн. 1. Таңдамалыда 60-тармақ: "Сіздей аза, ер ескеріп келгеніне" - деп беріліп, "аза" сөзі біртүрлі ұғынықсыздық тудырып тұрса, бұ жол түпнұсқаға жіті үңілгенде, "аза" сөзі орнына "әз" сөзі тұрғанын анықтап, белгілі бір ұғымды нақты, дәл беруге ұмтылдық. 2. Таңдамалыда 97-98 — жолдар: "Мыж-мыж боп аз ғана өмір кетті барды, // Келмейді, қанша айтқанмен қайғы зары" - түрінде берілсе, бұ жолы ең соңғы "зары" сөзі "зарды" Соң өзгертіліп, әрі ұйқас үндестігі бұзылмауына, әрі ұғым нақты қолдануына қол жеткізілді. 3. Таңдамалыда: "Жұбатсайшы, молдеке, ем-дау айтып" делінген 152-жолдағы "ем-дау" сөзі тағы да түсініксіздеу болып, бұ жолы түпнұсқаға ежіктеп үңіліп, оны "ем-дем" сөзімен алмастырдық. 4. Таңдамалыдағы 154-тармақ: "Кеудеңізде тұрғандай бәрі сайрап" - делінсе, бұ жолы "сайрап" орнына түпнұсқа бойынша "сарлап" (саралап) сөзі енгізілді. 5. Таңдамалыдағы 176-жол: "Тана, моншақ саудырып типке қалды" — деп берілсе, бұ жолы баспахана қатесі түзетіліп, "саудырып" емес, "саудырап" делінді. 6. Таңдамалыда 182-тармақ: "Құдай қосқан шын еді батты" - деп енгізіліп, "шын еді" сөздері әулеттік мұрағат Фазыл көшірмесі бойынша берілсе, бұ жолы ақынның өз жазбасы бойынша оның орнына: "Кид Құдай" алынып, Фазыл нұсқасы жақша ішінде қоса кірді. 7. Таңдамалыда: "Даяр ғой ат-арбаңыз із бұрумен" - дөп берілсе, біз бұ жолы мұқият екшеп, "із бұрумен" емес, "сборныймен" - деген орыс сөзі енгізілгенін анықтадық. Демек жалпы ат-арба емес, "сборный" ат-арба, яғни бар бөлшегі жиналып бекітілген, әбден даяр болған ат-арба дегенде, сол ұғымның нақтылана түсуіне жол ашылды. 8. Таңдамалыда 211-тармақ: "Білгенге — жыр, қор бір дер білмегенге" - делініп түсініксіздікке ұрындырса, бұ жолы "Білгенге — жыр, құр бір дыр — білмегенге" - деп, ұғымды бұлдырлықтан тазарттық.
Жеке сөзге түсінік: 1. Һүмайун — парсы сөзі: 1. Патшалық, күштілік, қуаттылық — мағыналарын береді. Өлеңнің жазылу мерзіміне келсек, 23-тармақтағы Момынның: "Алпыстан асқаныңда болшы жорға" дегеніне қарап, 1911) 1920 жылдар деп белгіледік. Себебі 1921 жылы ақынның ортаншы ұлы Мұхаммедәменнің қастық құрбаны болғанын ескерсек, бұл мезгілсіз өлімге арналған өлеңде сол іспеттес қайғыға еш сілтеме болмауы да оның 1921 жылға дейін, яғни 1919-1920 жылдардың бірінде жазылғанын дәлелдей алады.
Әмен қазасына Бұрын еш жерде жарық көрмеген бұл шығарма тұңғыш рет жоғарыда аталған қолжазба қорындағы 1176 папка ішіндегі ақынның тел жазбасы (271 (365)-272(366) және 156(158)-162 беттер) бойынша ұсынылып отыр. Сонымен бірге әулеттік мұрағатта: Фазыл мен Жұқаш Кәрібайұлы көшірмелері сақталған.
Әменді жоқтау Бұл туынды да бұрын еш жерде жарияланбаған және сол 1176 папка, 174(180)-175(181)-беттері бойынша әзірленді. Әулеттік мұрағатта: Фазыл, Жолмұрат көшірмелері сақталған.
Күліктің атқамінерлеріне Бұл туынды жоғарыда аталған қолжазба қорындағы 1176 папка, 176(182)-177(183) — беттеріндегі ақынның өз жазбасы бойынша әзірленді. Өлең маңдайшасында былай деп жазылған: "Мәшһүр - Жүсіптің Күліктің осы күнгі атқамінерлерінің барлығын жақтырмай, ойламай жаза салған бір сөзі." Ал, өлең соңында оның жазылу мерзімі дәл көрсетілген: "1922- 1 февраль".
Бұхара сапары Бұл туынды жоғарыда аталған қолжазба қорындағы 1176 папкадағы (314 (408)-317(411) — беттер) Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы бойынша әзірленді. Сонымен бірге әулеттік мұрағатта осы өлеңнің Жолмұрат көшірмесі (3-папка, 302-304- беттер және 1-папка, 99-бет) сақталған. Ақын жазбасындағы 316(410)- беттің оң қапталында көлденеңдеп жазылған ескерту орын алған: "Әуел Тауратта айтқанмен, жырхиз Забурде айтқанмен, Қынығ, шыбығ Інжілде айтқанмен, Ғытзыл ислам Фирқанда айтылады.
"Мәшһүрдің өзін-өзі ертегі қылып сөйлегені Бұл өлең Мәшһүр - Жүсіп таңдамалысында (М.Ж. Көпеев. Танд., 1-том //Алматы, Ғылым, 1990, 154-156 б.) жарияланған. 1990 жылғы кітапта әулеттік мұрағаттағы: Мәшһүр — 7-папка, 64-68 беттер бойынша әзірленсе, бұ жолы Мәшһүр - Жүсіптің Мәдина деген қарындасынан туған Қасенғали Жүсіповтың сақтауы бойынша жеткен, ақынның өз қолымен жазылған екінші нұсқамен (Мәшһүр — 7-папка, 107-108 б.) салыстыру жүргізілді. Әулеттік мұрағатта сонымен бірге Қасенғали інісі Жолмұрат және Фазыл көшірмелері де бар екенін ескерген жөн. Осы орайда әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр-Жүсіптің екі жазбасында да: 7-папка, 64-68 және 107-108 беттегі мәтіндер аралығында еш айырма, өзгеріс жоғын еске саламыз. Сонымен бірге әулеттік мұрағатта шет-шеті жырымдалып түсіп қалып, үзік күйінде жеткен ақынның бір жазбасы (Мәшһүр-Жүсіп, 4-папка, 123-бет) сақталған:
Қонған соң хан қолынан қашып жарға,
Обал жоқ бір күн қоймай ...
Сазасы хан қолынан қашқындықтың
Шықылықтап ортаға алды ... [қарға].
Айдаумен ықтиярсыз тамақ, жұтқын,
Қолына дұшпанының қалма [тұтқын]!
Өтетін өңменіңнен қадалғанда,
Тілі ащы болып келмек, көзі...
Ауырлап, Құдай ісін, көрме қиын,
Күтіп ал ықыласыңмен берген [сыйын].
Түсіріп жұрт алдына өнер берді,
Шыққан жоқ сенен шығын [ешбір тиын]!
"Қызыл тіл - өнер алды" - алдың оны,
"Бекер — деп білген қазақ айтпас [соны].
Жұрт құнсыз көрсе, көрсін, өкпелеме,
Бар шығар боларлық жер қадір — [құны].
Қанағат қылу керек бергеніне,
Соңынан шұбап жұрттың [ергеніне],
Ел итінің құйрығы қайқылықтан,
Тарылма шулап иттің [үргеніне]!
Қараңды алыстағы жұрт көреді,
Қақ түбіңде (тобында) тұрғанды [кім көреді] ?!
Ат үстінде әрқашан жолаушыға
Жерде тұрып бет...
Бүл өлең жолдары біз ұсынып отырған мәтін жалғасы жоқ, өз алдына бір туынды ма, оны ақын шығармалары неғұрлым толық жиналғанда ғана анықтай аламыз. Өлеңнің қашан жазылғаны хақында ақын бір жазбасының соңында ескертілді. "Алпыс сегізде жазғаны" (7-папка, 68-бет). Соған қарап өлең 1926 жылы дүниеге келген деп есептеп отырмыз.
Мәшһүрдің ақындығымен қоштасқаны Бұл өлең ақын таңдамалысында жарық көрген (М.Ж.Көпеев. Таңд., 1-том //Алматы, Ғылым, 1990, 159-161 б.). Тап осы туынды 1990 жылы да, қазір де әулеттік мұрағаттағы: Мәшһүр Жүсіп, 1-папка, 22-25 б. бойынша әзірленді. Әулеттік мұрағатта сонымен бірге: Жолмұрат, Фазыл көшірмелері бар еккертуді еске саламыз. Өлеңнің қандай жағдайда жазылғаны туралы өлең маңдайшасында ақынның өз ескертпесі орын алған: "Тобықты — Құнанбай, Қыпшақ — Ыбырай, Мұса, Секербай маңындағы жақсылар [ға] Мәшһүр сөйлеген. Оның сөзін домбыра алып, өлең айтқандар сөйлеген жерде көзінен жасы ағып, ... өзіне-өзі ие бола алмай жылап отырушы еді. Содан жандардың- бәрі кетіп қалған соң, Мәшһүр[дің] ақындығымен қоштасқаны." Шығарма қолжазбасы неғұрлым жақсы сақталғандық болды да, 1990 жылғы мен қазіргіде айырма, өзгеріс жоқ дерлік. Tап бір сол тұста сөз ауысуы орын алған екен: "Қараңғы айсыз болдым түндей." (52-тармақ). Бұ жол ақын жазбасы бойынша "болып" сөзі "бұлт" -деп, алмастырылды 25-беттің сол жақ бүйірінде: "Қалақ оқ - ажал оғы" деген ескертпе орын алған. Бұл осы бетте орналасқан: "Құтылмаймыз тура атқан қалақ оқтан" (74-тармақ) — дегендегі оққа байланысты айтылған.
Ағайын Кезінде, 1923 ж. Мәшһүр-Жүсіпті өз әкесі Әбдіразақпен бірге Павлодардағы Багаев фотоханасында суретке түсуге мұрындық болған Алдажар Әбдіразақұлынан жазып алған Сәрсенбі Дәуітов бұл туындыны ақын таңдамалысына енгізді (М.Ж. Көпеев. Таңд, 1-том //Алматы, Ғылым, 1990, 146 б.) Қазір біздің қолымызда Мәшһүр - Жүсіптің жерлесі, шәкірті Омар Иманбаевтың 2 көшірмесі сақталған (Омар — 1- папка, 141 және 149-бет), оған қоса 1979 ж. 29 майда Баянауыл ақсақалдарынан естіп қағазға түсірген, кешегі 1941-1949 ж. Ұлы Отан соғысының ардагері Нағи Ахметов жазбасы бар. Міне, бұ жолы осы төрт көшірмені салыстырып, баспаға әзірлеу жүзеге асырылды. 1990 жылғы таңдамалымен салыстырып, аздаған ауытқуларды түзегенімізді ескерткенді жөн көрдік. 1. 1990 жылғыдағы : "ашыққанда" сөзін әулеттік мұрағатқа кейін 21.08.2004 ж. қосылған ақын немересі Төлеубай Шарафиұлы (1917-1997) көшірмесінің үш нұсқасына сүйеніп, "тарыққанда" - деп өзгерттік. 2. Таңдамалыда 19-20 — тармақтар: "Кем-кетікті бүтіндей жүретін де ағайын, // Адасқанда аттарын беретін де ағайын." - деп берілген екен. Біз алдымен ағайынның жақсы ісін алға тартқан ақын стилін, машығын сақтап, кейінгіні алға шығарумен бірге, әрі ұйқас тәртібін, әрі сөз мағынасын сақтау үшін, әулеттік мұрағаттағы Омар Иманбаев жазбасына т.с.с. сүйеніп, екінші жолды: "Кем-кетікті көл қылып теретін де ағайын" - деп өзгерттік. 3. 1990 жылғыда 21-жол: "Туысқансып түрлі істі көретін де ағайын" - түрінде алынса, біз тағы да әрі Омар жазбасына, әрі сол жазбаға ұқсайды.
Түн қараңғы Бұл өлең жоғарыда аталған қолжазба қорындағы 1176 папка ішіндегі ақынның біршама жақсы сақталған өз жазбасы бойынша әзірленді (1176 папка, 288(382) — бет).
Мысал өлең және айтыстары
Сәйгелді, сона, бөгелек туралы
Әулеттік мұрағатта көлемі - 23 шумақ, яғни 92 тармақтық бұл туындының үш нұсқасы бар. Бірі — ақынның өз қолымен жазғаны (Мәшһүр — 7-папка, 150-156 беттер), екіншісі Жолмұрат (1-папка, 247-249 б.), үшіншісі Фазыл (2-папка, 156-157 б.) көшірмелері. Сонымен қатар жоғарыда аталған қолжазба қорында Мәшһүр - Жүсіп шығармалары жинақталған 1171 папка ішінде белгісіз біреу (сол папкада көп ұшырасқандықтан да, ақын шәкірттерінің бірі болар деп шамалаймыз) жазбасын (344(426)-346(428) — беттер) осы мәтіннің төртінші нұсқасы деп санаймыз. Сөз жоқ, жазба ескіруі, ақын жазбасының да түрліше болуы, яғни бір жазылғанға қайта оралып, жетілдіруі мүмкіндігін есептеп, екі мәтін арасында айырмашылық болған жағдайда ара-тұра көшірмеге де иек артып отырдық. Оны төмендегі текстологиялық жұмыстардан көруге болады. Өлеңнің қашан жазылғаны 1171-папка мәтіні соңында анық ескертілген: "1912-жылда, 10 февральда жазылды." Осы орай мәтін соңынан: "Ыбырай Құнанбаев айтқан." деп жазылып, Абайдың мына бір өлеңі келтірілуі әрі Мәшһүр - Жүсіптің Абайды жақсы білетінін, әрі жоғарыдағы өлеңімен мына Абай сөзі арасында үндестік бар деп санағандық байқала ма дейміз:
Адам бір - боқ көтерген боқтың қабы,
Өлсе сасық болады боқтан тағы.
"Сенен мен кем бе?" - деп, таласады,
Білімсіздік белгісі — дәл баяғы.
Осы орайда ақын таңдамалысында бұл туындының басылғанын (М.Ж. Көпеев. Танд., 1-том //Алматы, Ғылым, 1990, 185¬187 б.), оған тек әулеттік мұрағат мәтіні негіз болғанын, ал оны 1171 папка мәтінімен салыстыру осы жолы ғана жүзеге асып отырғанын ескерткіміз келеді.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру