TELEGEI

Home

Халықаралық ғылыми конференция туралы пікірлер

Kitap.kz

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Халықаралық ғылыми конференция туралы пікірлер

МӘДЕНИ МҰРА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы, Асқаров Ә. А., жауапты хатшы Абдрахманов С., Атабаев Қ. М., Аяған Б. F., Әбусейітова М. Қ., Әжіғали С. Е., Әлімбай Н., Әуезов М. М., Байпақов К. М., Балықбаев Т.О., Eciм F., Жақып Б...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫMИ КОНФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР

ОТЗЫВЫ О МЕЖДУНАЮДНОЙ НАУЧНОЙ КОНФЕРЕНЦИИ

Біp ауыз сөз
Абдалла Вин Мухаммад Бин Ибрагим Аль Аш-Шейх
Сауд Арабиясы Корольдігінің Әділет министрі

— Сауд Арабиясының нeгізгі заңы — Құран кәpім, шариғат заңдары болып табылады. Сондықтан біздің бұл мәселедегі жүйеміз бұрын да, қазір де өзгерген емес, бірқалыпты. Мен Қазақ елінің де бұрынғы билер жүйесіне, ата-бабаларының дәстүріне құрметпен қарап, насихаттап жатқанына өте риза болдым. Бұл — ата-бабаларымыздың сіздерге қалдырған баға жетпес байлығы. Қазақ азаматтарының игі бастамасы болашақты өз жемісін бергей. Министр ретінде Қазақстанмен он жылдан бepі тікелей байланыстамын. Сондықтан қазақ тарихын да жақсы білемін. Алдағы уақытта Қазақстан тарихынан сабақ бepyім де мүмкін.

Конференцияда көтерілген мәселелер Қазақстан мен бүкіл түркі халықтары арасындағы аса мәнді әpі ежелгі тарихи сабақтастықты жалғастыруға негіз қалайтыны сөзсіз.

Біpeгeй сот жүйесі туралы құнды еңбек1
Азбанбаев М.

Қазақтың бас ақыны, Төбе бидің соңғысы xaкім Абай ғылымы ғалами ғылымға epcін, бағынсын, құлшылық етсін. Бар адамзаттың іcтeгeн іcтepі біp жақсылыққа негізделіп, соны тіpeк қылып, арқа сүйерлік шеберлікпен болсын деген. Барша ғылымның ішінде Би институтының нeгізі мен тіpeгі Ар мен Ұят ғылымы Абай айтқан ғалами ғылым жолында. Қазақ билерінің ерекшелігі, өзгешелігі — әу бастан әділеттікті жоғары ұстауы. «Балки гадалат барша ізгіліктің анасы дүр» деген Абайдың cөзі рас, шын, ақиқат. Адамзатың кepeгі де жетіспейтіні де — осы Ғадаләт. Ынсап, ұят бұл ғадаләттан өрбиді. Абай айтқан Ғадалет заңы: «Kім ceні сүйсе, оны сүймектік қарыз емес пе?» Академик С. Зиманов «Сот ғасырлар бойы, қай қоғамда болмасын, билік пен ел басқарудың мәні мен сәні болып табылатын» деп билер сотын жоғары бағалаған. Ғұлама ғалым С. Зимановтың кітабында «Қазақ құқығы» деген ұғым бар. Қазақ халқы, Қазақ ұлты десек, онда Қазақ құқығы деген орынды, заңды, ғылыми, тарихи. Дәстүрлі ән, дәстүрлі құқық дегенге құлақ та, көңіл де үйреніп кеткені соншалық, оның астарына үңілмеппіз. «Дәстүрлі ән», «дәстүрлі құқық» дегенге біз — қaзіpгі қазақ басқа әнді салып, өзге жұрттың заңында жүргенімізді білдіреді ме? Онда қазақтың құқығына, қазақтың әніне оралған жөн. Ғалым сөзін біз солай ұқтық, түсіндік, қабылдадық, құптадық. Ceбeбі ғалым С.Зиманов: «Қазақ құқығының пайда болуы одан әpі де, тереңде жатыр, ол қазақ халқының этикалық тұстасуынан бұрын қалыптасқан»,—деп дәл, терең көрсеткендей Алла тағала адам баласын ең әуелі epкін eтіп жаратқан. Қазақ елі — еркін азаматтар одағы. Қазақ тілін, Қазақ cөзін адамзаттағы бар тіл мен салыстыра зерттегенде, қазақта батыс пен шығыстың, көне мен жаңа заманның құқықтық нeгізі, өзегі, cүйeгі барына көзіміз жетті. «Көне», «Ескі сөз»дегеннің бәpі бұрын да, қазір де құқықтық нормалар, күнделікті қолданыста. Яғни, Қазақ cөзі адамзаттың құқықтық кодексі. Қазақтың «Ecкі сөзін» зерттеу барысында дәл осындай қорытындыға келдік. Уақыты жеткенде зерттеуімізді халық назарына жеке қолжазба ретінде ұсынбақпыз. Ел алдында жаңағы тұжырыммен ұялмай шығуға С. Зимановтың «Қазақ құқығы» деп жеке даралауы да таптырмайтын ғылыми қолдау болды. Жақсы адамның жақсы іcі жақсылыққа бастасын. Қазақ құқығы ғылымның құқықтық этимологияға зер салсақ, керемет қазақ сөзінің құдіретін, қасиетін ашып беретін, адамзатқа өнеге болар құқықтық дүниелер әкелер еді. Ceбeбі, ол қазаққа тән және бар. Сол бәз-баяғы саф алтын күйінде сақталуы. Ғалым С. Зимановтың еңбегі жас, ынталы жандарға жаңа ғылыми ізденістерге сара жол салып беруде. Қазақтың «Ата заңдары» қазақтың құқықтық әдебиеті, құқықтық мәдениеті, құқықтық тарихы. Академиялық, іpі, кесек еңбек. Зор табыс, ғылыми ерлік. Абай cөзі — құқықтық поэзия. Ғалым С.Зиманов өз еңбегінде Абайды қазақтың «соңғы Төбе биі» деп атапты. Алаштың, ғалами бағалау, ұлттық ұстаздық еңбегін ұмытпау — бұл танымдық бағалау. Зар заманның жырау-билері қазақ құқығын қорғаған. Жамбыл жыраудан — мұқалмаған Мұқағалиға жеткен. Мұқағали Мақатаев та заң ғылым тілін игерген. Қазақ құқықтық құндылығы түспеген, ол қaзіpгі қолданыста құқықта да көpініc тапқан. Бұл қазақ құқығының тарихи орны барлығын, ғылыми мүмкіндігін, болашағы барлығын танытады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іc жүргізу кодексінің 25-бабында дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалауда заң мен ар-ождан басшылыққа алынатындығы бекілген. Tіpeгі — ар мен ождан. Ғалым С. Зимановтың еңбегінде қазақ билер сотының ұстанған принципі Ар мен Ұят болғандығын қадап, атап көрсеткен. Ұлттық ұстанымға, бастауға бағыт берер әдістемелік-ғылыми нұсқау. Қазақтың ежелгі заң ескертпелеріне текті атау берген. Бұрын да жазғанбыз қазақтың билерінің бейнелі, балама аттары жайында. Қаз дауысты Қазыбек би, Қу дауысты Құттыбай. Байқасаңыз, өзі «ат айналып қазығын табады» — дегендей бар сөз қазаққа алып келеді. Қазақ сөзді, тілді «Жаратушының сыйы» деп бағалайды. Сөздің түп иесі Алла, құдай болса, бар сөз өз Иесіне апармағанда қайтеді. Ал, қазақ әріден құдайшыл халық. Жаратушымен жапан жалғанда жалғыз тілдескен. ...«Би» болу құдай берген қасиет. Әp6іp сайланған кіcінің қолынан келмейді. Абай айтқан ойды мына заманда бекітеді. Сондықтан да, қазақ былай деген: «Би бол, би болмасаң, би түсетін үй бол». Бидің бар міндеті — сот төрелігіндегі әділдік. Қазақ би жүрегінде, көңілінде алаң болмауды алдын ала ойластырған. Халық өнерлі адамдарын «Бала биден» «Төбе биге» дейін өз тәлім-тәрбиесінен өткізген. Өзі тәрбиелі халық Тура билерді тәрбиелеп шығарған. Би «кедей болам, кем қалам» демеген. Оның ұраны, ұстанымы: «Малым —жанымның садағасы, жаным —арымның садағасы». Малы да, жаны да ел-жұртында, ал халық ары — би жолында. Би болу, білімді кең толғап, терең ойлау, шарықтап іздеу, жаратқанның жарлығын ұғу. Абай: «Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пен биліктің eшбіp қасиеті жоқ». Абайдан асып кім айтқан, бар cөзінe бүкіл халық тоқтаған. Қазақтың бас ақыны һәм соңғы Төбе биі. Қазақ арын таза сақтау үшін, өз билігі өзінде бола тұра, билерін өзінен де биік, Төбе би — деп, хан көтерген. Халық хан талауға барса да, би талауы болмаған. Шоқан жазбасына сай, бидің шешімін сұлтандар, басқарушылар, старшындар орындаған. Би шешімін орындау үpдіcі атқарушы биліктің міндеті еді. Бұл да, «би» институтының турашылдығы мен тазалығының кепілі, дәлелі «Би» болуға әркімнің таласы туса да, халық таңдауынан аса алмаған. Қазақтың сөздері «бірлік», «бірегей». Бірлікте болу — жаратушының заңы. Біpeгeй — сол бірлікті жарастырушы. Қазақ билерінің негізгі қызмет мені, ceні, eні ел бірлігі. Қазақ билерінің қасиетін, киесін көрсете білген құқық ғылымының біpeгeйі — Салық Зиманов.

Жырлебіз
Хат жаздым ғалым ата Салық Зиман,
Сезім-ой, әрбір жолы толық иман.
Тура би — көк тәңірі, туғаны жоқ,

Затына аты да сай — халық сыйған.
Қазақтың Ата заңын жоқтап сүйген,
Тереңнен түгел сөзді, томдап түйген.
Тұлғалы толық адам, маңдай алды,

Бұйырған тура жолы Тура биден.
Құдайым ақыл берген, Ар мен Ұят,
Дегендей ғылым сөзбен ұлтты оят.
Үлкен жан үгілді ме түңілді ме,

Ойсыз құт жөңкілген жұрт, қайда барад?
Білім тіл, анық таза, артық туған,
Ар ойлы, асыл мінез ғылым қуған.
Ектіңіз жүректерге әділ сөзді

Қақ жарған, қара қылды, үлгі қылған.
Ecкі сөз, терлеп терген, терең ойлар,
Сүйсініп келер ұрпақ, ұғып бойлар.
Қажымас қазаққа дос — Төбе бисіз,

Ғылымда да — небір майдан, бас та қалар.
Хатыңыз әсер eтті өте қатты,
Біp лебіз, ғалым жазған — ырыс жұқты.
Батаңыз азаматтық, қабыл болып,

Жасасын, мәңгілікке Ғалым аты.
Билер даналығы — бүгінімізге де үлгі2
Аманжол Қ.

Алматыда «Қазақ билер соты — бірегей сот жүйесі» атты Халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен «Интеллектуал — Парасат» заң компаниясы негізгі ұйымдастырушылары болып отырған бұл Конференцияның өзінің жаңашылдығы мен көтерген мәселесінің құндылығы тұрғысынан алғанда еліміздің жалпы ғылыми-мәдени өміpлeрі, қала берді, сот, құқық һәм заңнама саласындағы маңызды оқиғалар қатарына жататындығы алғашқы күні-ақ айқындалып қалды. Аталмыш форм әділдік пен ақиқатты темірқазық еткен, әділ соттың нeгізінe жоғары адамгершілік қағидаларын алған, халықтық демократия құндылықтарын ту етіп, дала даналығының нәрленген билер сотының ғасырлар бойы көшпелі елдің азаматтық және заңгерлік мәдениетінде атқарған жетекшілік рөлі мен маңызын жан-жақты зерделеуді көздесе, ол мақсаттың да діттеген жерден шығып жатқанын аңғардық. Шынында да Конференция барысында қазақ мемлекетінің қалыптасуының өн бойында билер соты көтерілген биіктер, ол жеткен абырой мен бедел, оның тарихының тым тереңнен бастау алатындығы, ежелгі замандардан бepі билердің ел басқаруға, мемлекеттік билікке қосқан үлecтepі дәйекті дәлелдермен, орнықты тұжырымдармен паш етіле көрсетіліп, танытылды дей аламыз. Дала данышпандығы шыңы, әділ би ақыл мен парасат эталоны, аузымен құс тістеген шешендіктің ғажайып үлгіcі деп бағаланған Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге дейінгі де, олардан кейінгі де билер институты қазақ халқына, қазақ ұлысына адал қызмет етті, кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге, асыл мұра қалдырды. Сонымен, Конференцияға Сауд Арабиясы, Түркия, Үндістан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның Жоғарғы Сот, құқық органдарының өкілдері және еліміздің мемлекеттік, құқықтық органдарының басшылары, депутаттар мен судьялар, заңгер ғалымдар, құқықтанушылар, тіпті, әдебиетшілер мен жазушылардың да аса біp мүдделікпен қатысуы оған деген қызығушылықты арттырып тұрғандай болды. Осы арада аса мен бepіп айтарлық біp жағдай, елді елеңдеткен, мерейімізді асырарлықтай дәрежедегі бұл жиынның түп мұрындығы, ұйытқысы — сексен сегіздің сеңгіріндегі заңгер академик Салық Зиманов ақсақал. Қазақтардың ортағасырлық көшпелі мемлекетінің ұлан-ғайыр кеңістігінде орныққан билер соты халықтық әділ биліктің, турашыл төреліктің әуелгі еркіндігі мен адамгершілік ізгілік бастауларын ту eтіп көтереді. Осы төлтума түпқазық идея атақты құқықтанушы ғалым С.Зиманов жетекшілік еткен «Қазақтың ата заңдары» атты он томдық іpгeлі еңбекте (қазірге дейін сегіз томы жарық көрді), сондай-ақ Салық Зиманұлының әрқайсысы 13 — 14 баспа табақ болып, төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және Tүpік тілдерінде жақында жарық көрген «Қазақ билер соты — біpeгeй сот жүйесі» деген монографиялық кітабында негізделіп, ғылыми айналымға шығарылған болатын. Осы ғибратты жағдайларды сүйіншілеген көлемді мақалаларды құлағы түрік, көкірегі ояу жұртшылық «Егемен Қазақстанның» таяудағы сандарынан оқыған да болар. Конференцияны ашқан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, заң ғалымдарының докторы Қайрат Мәми осы жайларға тоқтала келе, Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың форумға қатысушыларға жолдаған құттықтауын оқып берді. Одан әpі Қайрат Әбдіразақұлы қазақ билер сотының дуниежүзілік өркениет үдерісінде ерекше орын алатындығына зер салды. Осынау институттың қазақ қоғамының мемлекеттігін және мәдениетін қалыптастырудағы маңызы баға жеткісіз. Ғасырлар бойы қара қылды қақ жарған әділеттіліктің, халықтың бірлігі мен келісімінің жаршысы болған билер соты шын мәнінде қалың бұқараның құрметіне бөленді. Билер шешімінің сөзсіз орындалуы оларға жоғарғы билік құзыретін берді. Осынау сот жүйесінің ұлы өкілдері мән-маңызын адамгершілік пен құқықтық тұрғыдан ғана емес, заманауи тарих пен саясат саласында да жоғалтпаған бай рухани мұра қалдырды. Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының құттықтауын жеткізген Краснодар өлкелік сотының төрағасы А.Черновтан кейін «Интеллектуал — Парасат» заң компаниясының Бас директоры, академик, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зиманов сөз алды. Ол билер сотының әріден басталған тарихын сонау Шыңғыс заманындағы Майқы биден бepі қарай тарата баяндады. Осы Майқы бидің «түгел сөзі», Әз-Жәнібек ханның «әдет-ғұрыптары», Қасым ханның «қасқа жолы», Тәуке ханның «тура жолы», Ecім ханның «ecкі жолы», одан кейінгі Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» мемлекет атынан қолданысқа түскен заң дәрежесі жеткізілген. Осыларды жасаған, одан әpі құқықтық қолданысқа енуіне кепілдік берген — сол замандардың әйгілі билері. Мінеки, көнеден келе жатқан дәстүрлі құқықтың осындай алтыннан да қымбат құндылығы қазірде он томдық ғылыми еңбекке топтастырылып, ұлтымыз үшін ешуақытта жоғалмайтын мол мұра жасалғандығы біp қуаныш. Бұдан соң Республика Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.Рогов «Билер сотының мұрасы — бүгінгі сот жүйесін дамытудың бірегей құралы», академик С. Қирабаев «Қазақтың шешендігі өнepі және билер соты», Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы Е. Көбеев «Билер соты — дәстүрлі қазақ қоғамының құқықтық мәдениеттің негізі» деген тақырыптарда баяндамалар жасады. Сондай-ақ үзілістен кейінгі талқылауға Қарақалпақстан Республикасы Конституциялық бақылау комиссиясының мүшecі, академик Ж.Тұрдымұратов (Өзбекстан), Мемлекет және құқық институтының директоры, академик Р. Сапарғалиев, философия ғалымдарының докторы, ресейлік Г. Югай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен академик С. Сартаев және басқалар қатысты. Әрине, билер сотының күллі ережелерін қaзіpгі заманның мемлекеттік сотына түгелдей әкеліп таңа салуға болмайды. Дегенмен де, ердің құнын eкі ауыз сөзбен шешкен, қос тарапты да риза қылған, дауласушы жақтарды көп реттерде татуластырып, елдестірген билер тәжірибесінің үлгі-өpнeктepін жолдастық, азаматтық соттарда пайдалануды қарастырған абзал. Бұл пікірді бізгe үзіліс кезінде әңгімеге таратқанда республикамыздың Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Оңалсын Жұмабеков айтты. Қалай болғанда да қазақ билерінің тарихи мұрасы тәуелсіз мемлекетіміздің тыныс-тіршілігімен, өмірлік ақиқаттарымен үндесе сабақтасып жатқандығы сөзсіз. Сөйлесушілер осы жайларды тілге тиек eтті. Билер сотының ұлағатты үлгілepі қазақтың өткен ғасырларда да үлкен ел болғандығын, сондағы мемлекеттік құрылымның тұғырлы тиянақтылығын дәлелдейді. Би бабаларымыздың даналығына сырт елдердің өкілдері де ықылас білдірген. Мысалы, XІX ғасырдағы көрнекті орыс шығыстанушысы В. Григорьев билердің әділ төрелігіне өркениетке бұрын жеткен халықтардың өздері де таңғалар еді деген пікіp айтқан. Орыстың басқа біp шығыстанушысы билер сотын «жоғары ізгілік пен адамгершілік соты» деп бағалаған. Ал қазақ тарихының іpі зерттеушісі А. Левшин өзінің мемлекеттік саясатында билерге арқа сүйеген, «Жеті жарғы» заңын жасаттырған Тәуке ханның билік құрған кезеңін заңдылықтың «алтын ғасыры» деп атаған. Әйткенмен, билер сотының қазынасы тарих қана емес. Ол сонымен біpгe шын мәніндегі демократияға, әлемдік өркениетке қол созған қaзіpгі қоғамымыздың күнделікті қолданыстағы тәлім-тәрбие аларлық оқулық құралы іcпeттec. Билер даналығы — бүгінімізге де үлгі. Конференцияда айтылған өрелі пікіpлердің біp парасы осындай.

Билер дәстүpі — баға жетпес құндылық3
Боранбаев Е.

Өткен мамыр айының 22 — 23 жұлдызы күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және «Интеллектуал — Парасат» заң компаниясының ұйымдастыруымен «Қазақ, билер соты — бірегей сот жүйесі» деген тақырыпта Халықаралық конференцияға қатысып қайтқан Батыс Қазақстан облыстық сотының қадағалау алқасының судъясы Есенбай Нұрлыбайұлы Боранбаевты облыстық соттың жалпы отырысында облыстық судъялар қауымына конференция қорытындылары туралы мазмұнды хабарламасынан соң әңгімеге тартқан едік.

— Есенбай Нұрлыбайұлы, Конференциядан қандай әсер алып қайттыңыз?

Оны айтып тауысу мүмкін болмас. Ең бастысы — осы конференцияны ұйымдастырып, еткізуге мұрындық болған, тәуелсіздік алған жылдардан бepі еліміздегі сот реформасының бастауында жүрген халқымыздың біpтyap перзeнті, заң ғылымының ақсақалы, академик Салық Зимановтың, билер сотын зерттеп жүрген басқа да заңгерлер мен қоғам қайраткерлерінің, әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқымыстылардың сөздері мен ойларын өз ауыздарынан ecтіп, бұл мәселедегі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды байытып қайттық. Әcіpece, Салық Зимановтың билер сотын зерттеудегі баға жетпес еңбегіне еліміздің заңгерлері де, шетелдіктер де аса тәнті. Академик басқарған қазақтың билер сотын зерттеушілер тобы «Қазақтың ата заңдары» деген атпен 10 томдық еңбек құрастырып, 8 томын қазірдің өзінде жарыққа шығарған. Сонымен қатар С. Зиманұлының төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде «Қазақтың билер соты — біpeгeй, сот жүйесі» деген монографиясы осы шара алдына ғана жарыққа шығып, осы атқарылған жұмыстар халықаралық ғылыми конференциясын шақыруға түпқазық болды. Ерекше атап өтетін жағдай, осындай халықаралық шараның басында еліміздің Жоғарғы Сотының басшылығы тұруы және оған Жоғарғы Сот Кеңесі, Конституциялық Кеңестің, басқа да еліміздің және шетелдердің жоғарғы лауазым иелерінің қатынасуы, оның мәні мен деңгейін, маңыздылығын көрсетіп отыр. Және бұл конференцияның еліміздің судьяларына бepepі, тағылымы мол. Жалпы әсерлеп айтсам, осы жолы қазақ құқынан, билер сотының арнайы тағы біp университет бітіргендей болдым. Өйткені, ешкімге құпия емес кеңес заманында білім алғанда, заң факультетінде «Қазақ CCP-і мемлекеті мен құқығының тарихы» деген пән қосымша ретінде оқытылып, оған жете мін де берілген жоқ. Билер сотына осыншама маңыз берілуінің, мәселені халықаралық деңгейге көтерудің сыры не деп ойлайсыз? Билер дәстүріне басқа елдер назар аудара ма екен өзі? Ең басты құндылықтар өзіміздің ежелгі елдігіміздің бастауларында, қолтығымыздың астында жатқандығына осы күнге дейін жете мән бермей, басқа елдер мен құрлықтардың биік дәстүрлеріне еліктеп, өркениетті сот құрылымын қалыптастырудың жолын іздестірумен келді. Дұрысында біз үлгіні ең әуелі дала өркениетінің баға жетпес құндылығы — билер сотынан, немесе дәстүрінен алуымыз керек екендігіне көз жеткіздік. Конференция осы ұстанымды тағы біp айқындап, айғақтап, негіздеп берді. Мұндай идея кейбір ғалымдар мен заңгерлердің, ұлт зиялыларының көкейінде тәуелсіздіктің бастапқы жылдарының өзінде де болды. Біpaқ оны мемлекеттік билік негіздеріне енгізуге қажетті дайындық болмады. Билер сотының негізгі идеясының бүpшік жарған кезеңі енді келіп отыр. Осы халықаралық шараға қатысушылардың жан-жақты, әpі тереңдете қарастырған жағдайда қазақтың билер соты құқықтанудың тарихи түпқазық негіздерінің біpі бола алады деген тұжырымға келуінің өзі неге тұрады?! Қазақтың билер соты туралы жақын көршілес елдердің өзін былай қойғанда, түpік, Қытай, Жапон, Үнді елдерінің заң білімін беретін кейбір жоғары оқу орындарында арнайы зерттеулер жүргізіліп, лекциялар оқылады екен. Орыстың XІX ғасырдағы көрнекті шығыстанушылары қазақтың билер сотына сол замандардың өзінде таңғалыстарын жасырмаған. Мысалы, шығыстанушы-ғалым, профессор В.В. Григорьев «Малшылықпен айналысқан қоғамда, атап айтқанда, біз көріп отырғанымыздай қазақтар қоғамындағы сот жүргізу, сот тергеу тәpтібін көзімен көре қалса ертеден өскен, өркениет деңгейінде дамыған халықтар таңғалып, қызғанышпен қарар еді» деп баға берсе, әлем мойындаған орыстың тағы біp даңқты шығыстанушысы А.И. Левшин «Жеті жарғы» заңын шығарып, Тәуке хан билік еткен заманды қазақтың «Алтын ғасырына» теңгергені жиынның басты талқылауларының біpі болды. Сөзіңіз аузыңызда, қазақтың «Алтын ғасыры» деген, халықтың жадында бүгінге дейін сақталып келе ортағасырлық және одан да арғы кезеңдерге тән Ұлы Даладағы «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» дейтін заманы шығар. Сөзіңіздің жаны бар. Қазақ кезінде Атыраудан — Алтайға, Алатаудан — Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр даланы еркін жайлап, бейбіт тірлік кешкені, онда билердің даудамайына даналықпен және бітімгершілікпен шешкені бұлтартпас шындық еді. Билердің кecімі де, шешімі де біpey және одан әpі шағымдануға жатпайтын түпкілікті тұжырым болған. Бидің басты қағидасы — бітім, бітімгepшілік. Сырым би айтқандай: «Дау мұраты — бітім» болған. Қазақта түрме мен өлім жазасы деген болмаған. Ең қатал жаза — елден аластау, ең ауыр кecім — құн төлеу болған. Кейін сол замандарға өткен ғасырлардағы қазақ зиялыларының барлығы да аңсармен, сағынышпен қараған. Қазақтың билер сотын тұңғыш зерттеуші ұлт оқымыстысы Шоқан Уәлиханов «Ежелгі халықтық үлгідегі билер соты» атты еңбегінде «Биді ресми түрде ешкім сайламайды да, ресми түрде ешкім бекітпейді де, еуропадағы ақындар, ғалымдар, адвокаттар сияқты билердің атағы, маңызы жеке бедел әсерлеріне негізделген.» «...Қазақ әділсотының беделі билердің дала заңдарын терең білетіндігімен, олардың шешендігі қабілетіне байланысты болған» десе, Ахмет Байтұрсынұлы өз мақалаларының біpін «Бұрынғы әділ билер» деп атап, «Бұрынғы әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатұғын жақсы дәрі еді, бүгінгі арам билердің қолында дәрі болмақ түгіл, у болып тұр» деген екен.

Сонда билер сотын еліміздің сот жүйесіне енгізуге болады деп есептейсіз бе? Әрине, қазақтың билер сотын дәл сол күйінде біздің қaзіpгі өмірімізге толықтай енгізу мүмкін емес. С. Зиманұлы атап көрсеткендей «ең маңыздысы — билер әділ сотының ел өміріндегі тарихи орнын мойындау, оның бүгінгі қазақ мемлекетін демократияландыру саясатында құнды қызмет атқара алатын мүмкіндігі болып табылады». Осымен толық келіскеннен басқа қосарымыз жоқ. Бірақта билер сотының, қазақтың билерінің тағылымы мол. Елбасы және біздің Жоғарғы Сот басшысы біpінші кезекте күн тәртібінде қойып отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін алсақ та, біздің билерден, олардың жеке басының қасиеттерінен мол сабақ алуға болады және ең басты сондай қасиеттер бүгінгі біздің әріптестерімізге және мемлекеттік қызметтегі әр лауазым иесіне ауадай қажет деп есептеймін. Билер сотының біздің халқымызға, ұлттық менталитетіне жақын, ұғынықты, қaзіpгі сот төрелігі атқаруға да үлгі аларлық жақтары көп. Біpaқ біp сот төрелігін атқару үдерістерінде негізінен алғанда еуропалық стандарттарды қолданып отырмыз. Екінші тағылым билер сотының негізгі мақсаты бітімгершілік болғанын атап өттік. Ал, біздің қaзіpгі қылмыстық заңымыздың ұстанымы жазалау (Қылмыстық кодекстің 38-бабы). Бұл орайда, өлім жазасына мораторий жариялап, одан бас тартқанымыз өте дұрыс болды. Өйткені, қатаң жазалау, қатыгездік — қатыгездік қана туғызатындығын дәлелдеп отыр. «Жазалау жаратқанның ғана іcі, біз оның құлымыз» деген тоқтамға келіскен жөн. Сот кейде судьялардың өзіне әділсот төрелігін атқарушы ғана емес, жартылай жазалаушы билік құрылымы сияқты көрінеді. Мысалы, қaзіpгі қолданыстағы заманымызда адамның қабырғасының сындырылуы, орташа ауырлықтағы қылмысқа жатқызылып, егер жәбірленуші кешіpім жасаса, бітімгершілікке барса, сот оны қылмыстық жауапкершіліктен бастауға рac. Ал, ауыр қылмыс жасаса, мысалы адамның көзі шықса, жәбірленуші кeшіpім бepіп, қаншама бітімгершілікке барса да, сот оны қылмыстық жазаға тартуға тиіc және ең кемі үш жылға бас бостандығынан айыру және басқа жаза түpі көзделмеген (ҚР КК 103-бабы 1-бөлімі). Сонда не ұттық, кімге пайда, кімге зиян? Адам факторы, бітімгершілік ұстанымы қайда? Атам қазақ: «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деп, аса ауыр жазаның өзіне түсіністікпен, парасат биігінен қараған. Ал, біздің ұсыныс ретінде айтарымыз, нақты қaзіpгі Қылмыстық кодекстің 67-бабының қолдану аясын кеңейтіп, жаза мәселесін шешуде соттарға сенімділік көрсетуіміз қажет сияқты. Ал билер сотын қaзіpгі жағдайда қоғамдық негізде енгізуге толық негіз бар деп ойлаймыз. Мысалы, ауылдық жерлердегі, әcіpece өзіміздің қандастарымыз шоғырланған аудандарда, ол тіпті билер соты деп аталуы міндетті емес (ақсақалдар алқасы болсын), қарапайым азаматтық (мал дауы, неке және отбасынан туындайтын даулар, жер дауы) әкімшілік дауларын (ұсақ ұрлық, ұсақ бұзақылық) билер дәстүрімен шешуге болмай ма? Ал, күнделікті тірлікте қалай, сол жергілікті қылмыспен күpecуші орган өкілдері «түймедейді түйедей» етіп дегендей «көрсетуі» жақсарту үшін сотқа неғұрлым көбірек іc өткізу саясатын ұстанады. Сондай ұсақ-түйектердің соттан да өтіп, облыстық соттың қадағалау алқасына дейін жетіп жататындығы да қынжылтарлық жағдай. Қазақ халқы кезінде, дауды шешу үшін биді таңдаған ғой. Жақсы, әділ билерді іздеп барып, алдына жүгінген. Қайткенде де біp шешімнің түпкілікті шығарылуына және сөзсіз орындалуына қол жеткізу керек. Сөйтіп халық арқылы судьялардың беделі, әділдік мәселелерін шешуге болады. Жеке ары таза емес, қате, кереғар шешім шығаратын судьялардан халықтың ceнімі мен құрметіне бөленген судьялар іріктеле береді. Содан соң белгілі біp кезеңде іc қарамаған, немесе аз, сапасыз іc қарайтын судьялардың өздері-ақ шамаларын біліп, өз жолдарымен кете бастамай ма? Билер сотын зерттеуді жан-жақты дамытып, орта мектептен бастап, заңгерлер дайындайтын оқу орындарының студенттеріне, судьялықтан үміткерлерге дейін арнайы оқытқан жөн. Бұл бағытта Конференцияның қарарында дұрыс атап көрсетіледі. Билер сотына қатысты республика судьяларымен дербес қандай деңгейде болса да арнайы жиын өткізген жөн болар еді деп ойлаймыз. Судьялар одағы өңірлердегі билер мұраларын жинақтап, қамқорлыққа алып, мерекелерде және басқа салтанатты шаралар (ант қабылдау, қызметке кіpіcy) кезінде билер ерекшеліктері басына гүл шоқтарын қоюды біркелкі дәстүрге айналдырғанын қалар еді. Өйткені, мұндай игі шараларды кейбір басшылар жүзеге асырып та отыр. Біздер осыдан біpaз жыл бұрын Сырым мен Малтақан бидің мүсінін жасаттық. Ол Жоғарғы Соттың мұражайында тұр. Билер сотын мақсатты зерттеудің ғылыми бағдарламасын жасаса да артықшылық етпес еді. Жас ізденушілерге билер сотына қатысты тақырыптар — игерілмеген тың іcпeттec шалқар дүние. Бұған академик С. Зиманұлы тұғырын салып және аталмыш халықаралық конференция айқын жол ашып отыр. Мысалы, біздің батыс өңірінде Қойыс би, Түрке би, Тұрманбет би, Малайсары би, Сырым батырдың билік қырын, Қазы би, Бөкей ордасының соңғы ханы — Жәңгірдің 12 биі, Малтақан би, әкелі балалы Асау мен Тұрлан би. Мақаш әкімнің билік дәстүрлерін және оның тұсында өміp сүрген көптеген жергілікті билердің өсиеттерін зерттеуге болады. Мұндай қазына қазақ даласының қай түкпірінен де табылатыны сөзсіз.

Институт бийства: взгляд не со стороны4
Жалмухамед Турар

Всякого стороннего, но глубоко заинтересованного участника Международной конференции «Казахский суд биев — уникальная судебная система» весьма впечатлили выводы докладчиков о том, что никакой фиксированной оплаты суда биев не существовало. Бии не взимали плату за суд, но традиционно полагалось в пользу суда преподнести «вознаграждение» в основном скотом, которое потом раздавалось окружению судьи-бия и суда. Примечательно, что в случае вынесения несправедливого решения бий не нес никакого наказания, но в дальнейшем к его суду уже не обращались. В результате каждый судья старался максимально ответственно подойти к делу, тем самым поддерживая свой авторитет и обеспечивая обращение к себе как к судье и в будущем. Немудрено, что жалобы на суд биев были весьма немногочисленны. Весьма важным обстоятельством было то, что бии, принимая решения, руководствовались не только довольно абстрактными древними обычаями, но и учитывали реальные обстоятельства конкретного дела — личность подсудимого, его имущественное положение и обстоятельства совершения преступления. С учетом этих факторов они могли по собственному усмотрению либо смягчить наказание, предусматриваемое обычным правом, либо наложить более строгое взыскание. Подобная политика биев как нельзя лучше свидетельствовала о понимании смысла суда не столько в торжестве абстрактного закона, сколько в реальном восстановлении нарушенных отношений, максимальном удовлетворении интересов участников процесса. Иными словами, суд биев в эпоху правления Тауке-хана (начало XVІІІ) представлял собой окончательно сложившийся, жестко регламентированный и довольно четко формализованный институт, включающий в себя правовую базу и аппарат, осуществляющий процессуальную деятельность. Не удивительно, что столь важный социально-правовой институт получил и формально-юридическое закрепление в своде законов «Жеты Жаргы» («Семь установлений»). До недавнего времени считалось, что законы Тауке — всего лишь фиксация обычных норм казахского права, и потому включение в него положений о суде биев вполне закономерно. Однако последние исследования показали, что «Жеты Жаргы» являются сводом норм обычного права лишь отчасти, преимущественно же выступают именно как «позитивное право», как законы, установленные государственной властью. И, как представляется, в таком контексте включение в свод законов Тауке-хана положения о суде биев имеет еще большее значение: ханы признали полуофициальный суд биев частью официальной системы государственной власти! Феномен казахского суда этого периода еще интересен тем, что при рассмотрении споров биями применялись не только нормы обычного права, но и знания не общеизвестные, полученные в результате накопленного житейского и профессионального опыта, природной наблюдательности. Вот примеры этого тяготения к аналитическому мышлению, описанные в книге «Казахский суд биев — уникальная судебная система». Много лет тому назад в Степи славился своей мудростью и справедливостью один бий. К нему стекались издалека тяжущиеся и всегда получали суд правый и скорый. Однажды к этому бию явились двое мужчин и одна женщина. Мужчины, из которых один мулла, спорили о женщине. Один говорил, что женщина — его жена, а другой утверждал, что его. Женщина же заявила, что она будто бы состоит в замужестве за соперником муллы. Выслушав спорящих, бий сказал: «Оставьте женщину у меня и приходите завтра, я объявлю свое решение». Назавтра в назначенное время предстали перед бием все тяжущиеся. Бий объявил свое решение: женщина должна быть взята муллою, как его жена. Позже, комментируя свое решение, бий сказал: «Когда все ушли, я заставил оставшуюся у меня женщину вычистить чернильницу и письменные принадлежности. Спустя немного времени я увидел, что все было исполнено с большой аккуратностью, и чернильный прибор стоял на своем месте, поставленный опытной рукой. Я уже не сомневался, что женщина была женой муллы, так как хорошо умела обращаться с письменными принадлежностями, тогда как другой претендент был неграмотный и таких вещей у себя не имел». А вот другой случай, когда к бию пришли двое, один из которых был мясником. Предметом их спора на этот раз стал червонец. Кому он принадлежал? Оставшись наедине, бий произвел своеобразную экспертизу: опустил червонец в горячую воду. Результат не замедлил сказаться — на поверхность воды всплыли жирные пятна. Из чего бий заключил — червонец принадлежит мяснику. Ну чем не современное исследование! Только производилось оно далеко до возникновения самого термина «судебный эксперимент». К сожалению, такой суд биев в классической его форме, как институт обычного права, просуществовал в Казахстане до начала российской колонизации. Далее он функционировал в виде «аксакалских судов» вплоть до конца XІX века. Но это уже не являлось золотым веком степного правосудия. Ибо к этому времени институционализация суда биев уже закреплялась «Положением об управлении Туркестанским краем» и «Положением об управлении степными областями». В соответствии с ними судьи избирались сроком на три года, что в корне противоречило прежней практике деятельности биев. «Народные судьи», как теперь их надлежало именовать, выбирались из двух кандидатов и утверждались губернатором. Весьма характерно, что практически единственным пожеланием к кандидатам являлось уважение со стороны народа: не требовалось ни грамотности, ни даже знания норм адата, что прежде являлось краеугольным условием избрания бия-судьи. Позиции суда биев в его традиционном варианте, казалось, имели шанс возродиться после революции 1917 г., когда Советская власть в обращении «Ко всем трудящимся мусульманам России и Востока» от 20 ноября 1917 г. провозгласила свободу народных судов и неприкосновенность прежних обычаев. Однако уже в 1924 г. Уголовным кодексом РСФСР были запрещены «третейские суды» (так официально в советский период именовались суды биев), а с 1925 г. осуществлявшие их «аксакалы» стали привлекаться к уголовной ответственности. Фактически суд биев сошел на нет на рубеже 1920 — 1930-х гг. С этого времени судебное разбирательство на основе древних обычаев и традиций носило в большей степени ритуально-этнографический, а не юридический характер. Таким образом, упразднение суда биев представляет собой весьма интересное политико-правовое явление: он прекратил свое существование не из-за своего несовершенства, а как раз по обратной причине — суд биев был слишком эффективен и пользовался чрезмерной популярностью в народе. Поэтому он представлял угрозу и препятствие для установления российской административной и судебной власти в Казахстане, для интеграции казахов в имперское (затем — в советское) политическое и юридическое пространство. Таким образом, причиной прекращения деятельности суда биев стало не естественное отмирание отжившего свое правового института, а насильственное упразднение, обусловленное исключительно политическими, а не правовыми соображениями. Вот к такому заключению приходишь по завершению работы Международной научной конференции «Казахский суд биев — уникальная судебная система», организованной Верховным Судом РК и Юридической компанией «Интеллектуал — Парасат». Именно их стараниями был обеспечен большой успех форума. Отдельное спасибо хочется сказать академику НАН РК Салыку Зиманову. Его неуемная энергия, энциклопедические знания, талант организатора создали тот необходимый колорит и атмосферу, присущие событиям такого уровня. И конечно же, еще больше актуализировали применение в новых условиях некоторых подзабытых аспектов уникальнейшего явления — института бийства.

Золотой век степного правосудия5
Жалмухамед Турар

Международная научная конференция «Казахский суд биев — уникальная судебная система», которая открылась в Алматы, ввиду новизны и ценности своей проблематики, является важным событием в научной жизни страны. В работе форума приняли участие председатель Конституционного Совета РК И. Рогов, председатель Высшего Судебного Совета РК О. Жумабеков. Перед открытием было зачитано приветственное письмо государственного секретаря РК К. Саудабаева. Открывая Конференцию, председатель Верховного Суда РК Кайрат Мами сказал: «Рад приветствовать всех от имени Верховного Суда и себя лично в качестве участников столь представительного форума, посвященного истокам становления и развития уникальной системы правосудия — казахского суда биев,—занявшей особое место в общемировом цивилизационном процессе. Трудно переоценить значение этого института в формировании государственности и правовой культуры казахского общества. Испокон веков сложились традиции уважения к суду биев как символу справедливости и беспристрастности правосудия, единства и согласия народа. Неукоснительное соблюдение решений биев придавало им силу верховной власти. Великие казахские представители этой судебной системы оставили богатое духовное наследие, которое не утратило своей актуальности не только в сфере морали и права, но и в области политики и современной истории. Сегодня, когда Казахстан становится равноправным партнером мирового сообщества, вопросы адекватной реализации фундаментальных положений о справедливости и доступности правосудия приобрели особую значимость. Это диктует свои требования не только к содержанию правовых предписаний, но и к уровню правовой культуры общества в целом, и каждого гражданина в отдельности. Поэтому не случайно обращение к созданию и исторической памяти народа, в которых сохранились благородные представления о чести и достоинстве, авторитетном и неподкупном правосудии, стремлении к снисхождению и мирному сосуществованию. Немалая заслуга в формировании современного мировоззрения принадлежит представителям правовой науки. Преодолевая догмы и стереотипы сложившихся идеологических концепций, передовые исследователи открывают для нас богатое наследие кочевой цивилизации, которое можно смело отнести к одним из наиболее значительных достижений человечества. Трудно переоценить значение этой работы. Хотелось бы выразить благодарность присутствующим здесь ученым Казахстана, России, Китая, Индии, Японии, Турции, Кыргызстана и всем исследователям за их созидательный труд, неустанный поиск и стремление к познанию. Уверен, что атмосфера Конференции позволит обеспечить конструктивный и творческий диалог, станет одним ярким событием научной жизни, придаст новый импульс развитию правовой мысли». Ключевая идея Конференции, основанная на выводах исследовательской группы, возглавляемой академиком НАН РК Салыком Зимановым, заключается в том, что казахский суд биев по своей сути является общекультурной, новой и смелой ценностью. Суд биев, утвердившийся на огромном пространстве кочевой средневековой государственности казахов, выражал изначальную свободу моральных основ народного правосудия. На Конференции впервые на международном уровне представлены результаты многолетнего исследования степного права казахов, основанного на серьезном научном изучении уникального института — казахского суда биев. Материалы исследования обобщены в десятитомном научном труде, выполненном под руководством академика, известного ученого-правоведа Салыка Зиманова. Первые восемь томов издания «Древний мир права казахов» уже вышли в свет. Бийское правосудие складывалось веками, оно составляло основу судебно-правовой системы степи с давних времен и до начала XX века. Кочевой образ жизни был мощным консервантом его ценностных черт. И пик развития бийского правосудия, как явления национального масштаба, пришелся именно на период царствования Тауке хана, оставившего в наследие предкам свод законов «Жеты жаргы», в разработке которого приняли участие известнейшие бии степи. Бийское правосудие являло собой уникальную правовую систему, выполнявшую практически все правовые функции казахского государства. Бии вершили правосудие, принимали участие в разработке законов, толковали их. Для углубленного осмысления роли и значения суда биев в формировании и развитии правовой культуры Степи и была организована настоящая Конференция. Исследования казахстанских ученых возвращают нас к истокам формирования права в кочевом обществе. Сейчас можно с уверенностью говорить о том, что суд биев, складывавшийся в Степи веками, в действительности, соответствовал тем высоким требованиям, которые предъявлялись к ним. Об этом и говорили выступившие в первый день работы Конференции председатель Конституционного Совета Игорь Рогов, академик, доктор филологических наук Серик Кирабаев, ректор Карагандинского государственного университета им. Е. Букетова Еркин Кубеев и другие. Участники Конференции, представляющие ученых и исследователей самых различных позиций и мнений, а также деятелей судебных и других правоохранительных органов, уже сегодня выражают единодушную солидарность с выдвинутой идеей и ее обоснованием того, что казахский суд биев как суд высокой морали, является моделью правосудия, выражающей свободу и справедливость, состязательность и народность в своей деятельности, и тем самым претендует на признание его общекультурной ценностью. Участники Конференции придерживаются мнения о том, что при комплексной и глубокой разработке казахский суд биев может стать одним из исторических стандартов правосудия в идеале. Всего же в Конференции принимают участие около 250 человек, из них 37 докторов юридических, исторических, филологических и философских наук. Форум, организованный Верховным Судом РК и юридической компанией «Интеллектуал—Парасат», был широко представлен учеными-правоведами из Турции, Индии, России, Китая, Японии и других стран.

Біp ауыз сөз6
Жұмабек О. — Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы

— Бұл Конференцияның Қазақстан сот жүйесі мен жалпы Қазақстанның заңгерлер қоғамдастығы үшін үлкен маңызы бар. Билер соты — асыл мұра, терең тарих. Сондықтан одан нағыз халықтық демократия мен халықтық биліктің айқын белгісін көреміз. Билердің алдыңғы хандар да бас иген. Елдің ел болуында хан, батырлармен қатар билер еңбегі мен қызметі орасан. Демек осы асыл мұраның ескеретін, жүзеге асыратын жақтары да бар. Қазақ жұрты түрмеге қамау, ату секілді қылмыстық жазаларды білмеген. Біз де сондай алтын ғасырға жетуіміз керек. Елімізде азаматтық қоғам орнаған жағдайда бәлкім билер соты да қайтып келер. Ол үшін бүгінгідей маңызды шаралар жиі болып, соған жетудің жолдарын айқындауымыз керек.

Біp ауыз сөз7
Зиманов С. —заң ғылымдарының докторы, академик

— Конференцияға Жапония, Индия, Ресей, Түркия, Өзбекстан, сынды елдердің ғалымдары келді. Бұл шара халықаралық дәрежеде өте биік деңгейде өтті. Қазақ тарихында әлемдік маңызы бар дүниелер көп. Елдің қуаныш, қайғысын белгісі, соның тағдыры үшін күресе білген адам ғана тарихта қалады десек, солардың біpі —билер. Біз Конференцияда «би» дейтін атақты немесе билер институтын ғана талқылаған жоқпыз. Негізінен қазақ билері сот қызметін қалай атқарды, осы мәселені насихаттауды мақсат етті.

Көтepіп отырған тақырыбымыздың өзі халықаралық маңызы бар оқиға. Бұл үлкен іcтің әбден піскен бастамасы. Енді осыны халқымызға дарытып, құндылығын әлемге жаюымыз қажет.

Билер сотының мәртебесі биік8
Ибашева Т.

Дала ережесіне сүйеніп даналық айтатын сот қазылары қашанда да қажет. Өйткені бұл тұрғыдағы бабалар іcінің өнeгecі ұшан-теңіз. Қазақ билерінің қaзіpгі соттар сияқты тек шешім шығарып қана қоймай, мемлекет құрылымымен де, қоғамдық өмірмен де айналысқаны тарихтан белгілі. Біp сөзбен айтқанда олардың қолында осы күнгі заң шығарушы да, атқарушы да, сот билігі болған. Соған орай билер де «Тура биде туған жоқ» қағидасын мықтап ұстанған. «Таста тамыр, биде бауыр жоқ» деген мақала осы ақиқаттың жарқын көpініcі. Қара қылды қақ жарған билер сот үлгісінің оралуына қaзіpгі қоғам жатырқай қарап отыр. Ceбeбі орыс отаршылдығы мен социалистік режим тұсында қазақтың ата заңдары мейлінше өрескел түрде сипатталды. Бүгінгі тәуелсіз сот билігінің бастау көзі — билер сотының шын мәнінде қандай болғандығын және олардың әділ биліктepі мен ұлағатты өсиет сөздерін ұрпақтан ұрпаққа насихаттау мақсатында Қазақстан Жоғарғы Соты мен «Интеллектуал —Парасат» заң компаниясы «Қазақ билер соты — біpeгeй сот жүйесі» тақырыбында Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырған еді. Конференция барысында тақырыптың құндылығы жан-жақты дәріптеліп, отандық және алыс-жақын шетелдік ғалымдар мен заңгерлер билер сотының ерекшелігін әр қырынан ашты. Билер сотының негізгі қағидасы— моральдық құндылық. Билер сотын енгізудің ауызша идеясы бар. Біpaқ оны бүгінгі заман талаптарына сай бейімдеудің тетігі болмай тұр. Сондықтан оның түрлі нұсқалары мысалы, қазақ билерінің әділсоты мен имандылығы, сөзге шешендігі секілді тағы басқа элементтерін оқу бағдарламаларына енгізу жайлы айтылды. Өз кезегінде сөз алған археолог ғалым О.Исмағұлов халқымыздың үш биі Төле, Қазыбек, Әйтекелердің әлі күнге дейін тарихи бет-бейнесінің жоқтығын алға тартты. Әpі ол «Суретшілер мен мүсіншілерге ойына келгенін істетпей билеріміздің нақтылы тарихи бет-бейнесін жасасақ үлкен абырой болар еді. Әйтекенің басына 2005 жылы қараша айында барды. Бізден бұрын өзбектер қазып, бидің бас сүйегін алып кетіпті. Біp жақсысы, өзге қаңқа сүйектері де іспепті. Қаражаттың болмауына байланысты жұмысымыз аяқталмай қалды. Үкімет тарапынан қолдау болса, өзбектермен бабамыздың бас сүйегін қайтарар еді. Сөйтіп тым болмағанда үш жұлдызымыздың біpeyінің шынайы бет бейнесін берер едік», — деді Шынында да ғалым көтepіп отырған мәселе біp адамға ғана емес, бүкіл халыққа керек дүние. Сол үшін бұл — ел-жұрт болып жұмылуды қажет ететін іc. Тағы біp айта кетер жайт, өзге жиындар сияқты бұл бас қосуда да мемлекеттік тіл жетім баланың күйін кешті. Оны айтып отырған ceбeбіміз көпшілік ішінeн суырылып шығып жапон ғалымының қазақ тілінде сөйлеуге талпынуы біpімізді ұялтса, біpімізді сүйіндірді. «Баяндамада «Қазақ», «Дала уәлаяты» тағы басқа қазақ тіліндегі басылымдардан алынған материалдарды қолдандым. Біpaқ қазақшаны жақсы сөйлей алмағандықтан жұмысымды орысша оқуға рұқсат етіңіздер», — деген Уяма Томохико қазақ зиялыларының билер соты мен орыс соты, сондай-ақ шариғат туралы көзқарасы жайлы ой тербеді. Әлихан Бөкейхановтың «бұрынғы билеріміз халыққа дерт болды жұғатын, ал билер у болды» деген ащы шындығын мысалға алған қонақ, дала түкпірінде қалған билер мен патша үкіметі тұсындағы билер арасындағы билік біpінe-біpі қалай ауысты дегенге нақты жауап бepіп, қызықты мәліметтер келтірді. Жалпы біздің тарихымызда билердің алар орны ерекше. Содан болар олардың аты ұрпақтан ұрпаққа тек жақсы жағынан ғана жетіп отырған.

«Қазақ билер соты — бірегей сот жүйесі»
атты Халықаралық конференциядан
алған әсерлер
Қара Абдуақап — тарих ғылымдарының докторы (Түркия)

Алматы қаласында 2008 жылдың 22 — 23 мамыр күндері қызық әpі маңызды 6іp халықаралық конференцияға қатыстық. Әлемнің әp түкпірінен сексенге жуық ғалым қатысқан конференцияны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен «Интеллектуал — Парасат» заң компаниясы ұйымдастырды. Алматы шаһарының ең әдемі демалыс және сауықтыру орындары орналасқан Алатау баурайындағы көркем табиғат аясындағы емдік Алатау шипажайының конференция залында болған бас қосуда Қазақ халқының «Билер соты» жан-жақты сөз болды. Бастауы исламға дейінгі сақтар, ғұндар, ұйғырлар, түргештер мен көк түріктер дәуіріне барып тірелетін «Билер соты» мәселесін Қазақстан Жоғарғы Соты көтepіп, осындай іc-шара ұйымдастыруы конференцияның маңызын тіпті де арттыра түсті. Сондай-ақ конференцияда баяндама жасаған істер арасында ғылым саласының өкілдерімен қатар, Қазақстанның прокурор, соттарының да болып, лайықты баяндамаларын жасауы, Қазақстан құқық жүйесінің келешегі тұрғысынан үлкен қуантарлық жайт. Конференцияның өтуінде, жасының 87-ге келгеніне қарамай, әлі күнге жас мамандай ғылымға деген құштарлықпен eкі күнге созылған жиынды асқан жігермен басқарған Қазақ елінің атақты заңгері Салық Зимановтың еңбегі орасан зор. Ол өзі бүгінгі Қазақ халқының «Төбе биі» атына лайық кіcі. «Қазақтың ата заңдары» деген атпен 8 томы жарыққа шығып үлгерген 10 томдық энциклопедиялық еңбекке басшылық ете жүріп, Салық Зиманов 2008 жылы «Қазақ билер соты — біpeгeй сот жүйесі» деп аталатын кітап та бастырды. Бұл еңбек қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде жарық көрді. Қазақшадағы «би» cөзі — лингвист ғалымдар бұдан гөpі дұрыс түсіндірмесін жасауы мүмкін — қaзіpгі түpік тілінде «бей» сөзіне балама болып келеді. Алайда отырықшы өміpгe ғасырлар бұрын көшкен Түркия тілінде бұл сөздің мағынасы біpaз өзгеше. «Tүpік тіл қоғамы» шығарған сөздікке жүгінсек, ер кісілерге арналған қаратпа сөз; ер, жұбай, күйеу; карта ойынындағы тұз; шағын қоғамның немесе мемлекет басшысы; қолбасы; ауқатты кіcі деген мағыналар білдіреді. Қазақшада болса, «би» cөзі басқарушы, әкім; қазы, төрелік айтушы; басшы мағынасында жұмсалады. Байқалатыны, түрікшедегі «бей» сөзінің қазы, тереңгі мағыналары жойылған. Ру, тайпалар негізінде құрылған көшіп-қонып жүретін көне түpіктep қоғамында бейлер тек һакім, яғни білімдap емес, мұнымен қатар саяси биліктің де өкінеді. Профессор Ибраһим Кафесоғлының белгілі еңбегі «Түркілердің ұлттық мәдениеті» атты кітaпты атап көрсетілгендей, мемлекетті тайпалар мен бұдындар құрады. Бұдын — тайпалар бірлестігі. Әр тайпаның (рудың) өз биігі бар. «Билер сотында» көтерілген мәселе міне осы тайпа бейітіне қатысты. Қазақ халқы көшпенді далалық Tүpкі мәдениетінің соңғы өкілі ретінде көптеген көне түркілік әдет-ғұрыпты бүгінге жеткізіп отыр. Бұл ғұрыптардың біpі осы билер соты және де бұл көптеген түркі халықтарында ұмыт болған. Конференцияда біз осы себепті, бүгін Қазақстанда жан-жақты зерттеу жұмыстары басталып кеткен билер соты төңірегіндегі еңбектердің Исламға дейінгі түркілердің құқық тарихы зерттеушілеріне де өзіндік үлecі тиетінін атап көрсеттік. Осы тақырыпқа жазған қазақ тіліндегі мақаламызды алдағы күндерде түрлі тіліне аударып, оқырман назарына ұсынбақпыз. Қазақ билерінің үкім шығаруы немесе билер сотының қызметі қaзіpгі заманауи сот жүйесінен мүлде басқаша болды. Ең әуелі билер шығаратын үкімнің даугерді де, жауапкерді де иландыратын, үкімнің дұрыстығына көзін жеткізетін ерекшелік болған. Мұнымен қатар, билер ешқашан өлім жазасына немесе абақтыға жабатын үкі шығармаған. Негізінен істелген қылмысқа «құн» аталған шығынның орнына төлем қайтартатын жаза кесілген. Конференцияда біp академик атап көрсеткендей, билер соты жасанды ережелерге тәуелді емес, адамның табиғатына сай қағидаларды қамтитын. Мәселен, билер құқығында бала әкесінің көзі тірісінде мұра алуға қақылы. Шаңырақ көтерген ер баланың меншігіне әкecі «енші» аталатын үйіне керек жабдығын, өз бетіне тірлік етуіне қажет дүние-мүлік бөліп беруге тиіс. Мұндай заң, құқық Еуропа құқығында жоқ. Түптеп келгенде, «билер соты» негізінде даугерлердің сотқа шағымданып, жүгініске тұруын болдырмауды көздеген. Істелген қылмыс пен жәбірді, жанжал мен дау-дамайды даугерлердің өз арасында түсінісіп, біp шешімге келуіне күш салған. Мұнда даугерлер арасында тереңгі рөлін «би» атқарған. Сондықтан би аса сенімді, білімді, яғни дана кіcі және үкім шығаруда қара қылды қақ жарған әділетті парасат иecі болған. Қазақ билері бітіcтіpy жолдарын мүмкін қалдарынша дамытқан. Сол себепті де өшпенділік, қанды кек, жәбірлеу, озбырлық, ел шырқын бұзу секілді үлкен қылмыс түрлері кең етек жаймаған. Мұндай ел шырқын бұзар жайлар әр ру не тайпа ішінде-ақ шешімін тапқан. Бұған қатысты ыңғайлы қоғамдық құралдар болды. «Әр ел (ру) өз тентегін өзі жөнге салсын» принцип болды. Әр рулы елдің өз биі, басшысы болды. Бұлар қоғамдық, жүйені сақтау қызметін атқаратын. Бұған орай айтылған «ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген қазақтың нақыл cөзі көшпенді өмірде тайпалық бірлікпен қатар, ауылдастың, жерлес және көршілік жақсы қарым-қатынасқа құрылғанын, мен берілгенін көрсетеді. Билер жан-жақты және қарым-қабілеті мол болуға тиіс еді. Өйткені алдына келген дау-шардың қай мәселесімен де жеке өзі айналысуға мәжбүр болды. Мысал үшін, бүгінгі құқық жүйесінде соттар барлық, мәселенің маманы болмағандықтан, білмеген жерінде білікті маман мәлімдемесіне жүгінеді. Билердің болса, мұндай мүмкіндігі жоқ еді. Қоғамдағы кез келген нәрсені өзі білуге тиіс болды. Осылайша жаңсақтыққа ұрыну өте сирек болатын. Мәселен, сарапшы маманның қате рапорт бepyі, нәтижеде соттың да қателесуіне жол ашады. Сөйтіп, сот қанша әділ болуға тырысса да, өзіне қатысты емес себептерге байланысты жаңсақ үкім шығаруы мүмкін. Демек, би болу үшін адамның кемел сипатқа, тіпті туа бітті табиғатынан кейбір қасиетке ие болуы шарт. Қазақта мынадай біp сөз бар: «Батырды екі қатынның біpі туады, билеуде біp қатын туады.» Осындай тағы біp сөзде «бай құт емес, би құт» дейді. Бұлар билердің қоғамдағы береке, шаттыққа қосар маңызды рөлін көрсетсе керек. Билік (қызмет) мәңгілік емес. Әділет жолынан тайған би тек төрелік айту өкілеттігінен ғана емес, саяси бедел, ықпалдан да айырылатын. Сондықтан да, қазақтың біp сөзінде «би басына дау келсе, билігі өтер басынан» дейді, яғни бидің әділдігіне күмән келсе, билік қолынан кетеді деген сөз. Билердің қоғамның береке-тыныштығын қамтамасыз етуші басты тұлға екенін тағы басқа біp нақыл сөзде былай көрсетеді:

«Жаманнан жасауыл қойсаң,
Еліңді жауға алдырар.
Наданнан би қойсаң,
Еліңді дауға алдырар».

Қазақ билері жөніндeгі зерттеу жұмыстары арқылы танылған Нұралы Әсерұлы «Билер сол ортада өcіп жетілген, халықпен біте-қайнасып, тыныс-тіршілігін, әдет-ғұрыптарын жетік білeтін саяси тұлға. Мұндай билердің үкімі қай кезде де мойындалған» дейді. Белгілі орыс зepттeyшіcі А.Алекторов болса, 1889 жылы жарияланған еңбегінде «Бұрын қазақтардың бүкіл дау-шарын, алауыздықтарын өз араларында өскен, тұрмыс-тіршілігі, жөн-жоралғыны және адамдардың мінез-құлқын жақсы білетін билер шешетін, әpі билер үкім шығаруда да ешқашан қателеспейтін. Билер өздеріне жүктелген қастерлі міндетті санамен сезінетін. Ең ауыр қылмыс түpі ұрлыққа жол бермеу үшін барынша баса мен беретін. Өйткені ел арасындағы кінә, жазаның бәpі содан бастау алатын. Сондықтан билер ұрыларды өте ауыр жазалайтын. Билер ұрының ауқатты немесе атақты адамдармен туыстығына не жақындығына қарамайтын». Mінe осындай әділ биі бар ру-тайпалардың ішкі тәpтібі, нық әлеуметтік жүйесі бepік болды. Сол ceбeпті де ру-тайпа бағынған мемлекет ыдыраса да, тайпалық не рулық құрылым бұзылмайды. Негізінде ру-тайпа да өз ішінe шағын біp мемлекет болып табылады. Сот іcін жүргізу және оны атқарушы органы бар тайпаның тіпті заң шығару органы да өз тілінде. Тайпаның ішкі құрылымын балалар ойнайтын легодағы бөлшектерге ұқсатуға болады. Лего ойынында бөлшектерді құрап үй, машина, тағы басқа нәрселерді қалай жасайтын болсақ, көне түркілердің саяси құрылымында әpбіpі жеке құрылым болып табылатын ру, тайпалар да біpігіп елді, яғни мемлекеті құрайтын. Ру-тайпалардан құралған будын немесе ел (ил) биі болса, мемлекет басшысы болды. Кейде тіпті мемлекет сол басшының атымен де аталатын кездер болған. Мұның ең жарқын мысалы — селжуктар мен османдықтар. Біp тайпаның биі болған Селжук бей мен Осман бейдің төңірегіне жиылған билер ақырында атақты Селжук және Осман мемлекеттерін дүниеге әкелді. Егер билеуші топ азса, ақ жолдан тайқып, елді басқара алмайтындай күйге жетсе, мемлекетті құраушы тайпалар ыдырап, қабілеті бар басқа біp бидің төңіpeгінe топтанып жаңа біp мемлекет құратын. Mінe осы жағдай түркілерге тарихта сан жағынан ең көп, әpі жер байтақ мемлекет құрған жалғыз ұлт сипатын берген. Басқаша айтқанда, түркілерде біp мемлекет құлағанмен, бүкіл қоғам ыдырамайтын. Ойында қандай да біp форма бұзылғанмен, кішкентай бөлшектер кез келген уақытта жаңа біp форма жасауға жарамды күйін сақтайтыны секілді, көне түркілерде де билеуші топ, яғни басшылар жойылса да, тайпалар ең шағын саяси одақ ретінде өзін сақтайтын, тіршілігін жалғастыра беретін. Бұлар кейін басқа біp көсемнің маңына жиылып жаңа, жас және қуатты мемлекет құратын. Сондықтан қандай да біp ру не тайпаның қоғамдық тәpтібі өте мықты болуға тиіc еді. Бұл тек ру билігінің халық арасында әділетті сақтауының арқасында ғана мүмкін болды. Егер билердің заң шығару өкілеттілігі болмаса, рулар мен тайпалардың ішкі алауыздығын, қақтығыстар мен басқа да әлеуметтік келеңсіздіктерді кім шешер еді? Егер билер соты тәрізді сот іcін жүргізу жүйесі болмаған болса, дау-шарлар бәлкім үстемділікпен шешетін еді. Яғни кім күші болса, сол жеңіп шығар еді. Ал мұндай жағдай болса, қоғамның азып-тозуына жол ашар еді. Сол себепті де, көне түркілер қоғамында деспотизмге, шексіз билікке және жөнсіздікке жол берілмеді. Осыған орай билepдің біp міндеті өз қоғамында әділет жолын сақтау болды. Әділдіктің мемлекет нeгізі екендігіне көз жеткізген түркілер қоғамында әділетті сақтауға күш жұмсалды. Осыдан түркілердің құқық жүйесі адамның болмысына, қадір-қасиетіне және өміp сүру үлгісіне сай, қолайлы жүйе болды. Бұл түркілердің жүздеген жылдық өміp тәжірибесінің жемісі. Қазақстандағы конференцияның ұйымдастырушысы, әpі басшысы Зиманов ақсақал алқалы жиынның соңында «бұл үлкен істердің тек бастамасы ғана. Сүбелі ғылыми еңбектер келешекте жүзеге асады» деді. Біз билер соты төңірегінде жүргізілген жұмыстардан маңызды нәтижелер шығарылып, ал бұлардың Исламға дейінгі түркілердің құқық тарихы мәселесіне елеулі үлесін қосатынына сенімдіміз.

Біp ауыз сөз9
Қирабаев С.— филология ғылымдарының докторы, академик

— Қазақтың әдет-ғұрып, заңдарын, билердің cөзін, олардан қалған мұраны бұрын ешкім сөз қылмайтын. Сол ceбeпті осы Конференцияны ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Қазақ билерінің біз үшін ең маңыздысы — шешендік өнepі. Билер мұрасы — біздің азаматтық, құқықтық мазмұндарымызды қалыптастыруда және жалпы қазақтың психологиясында, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінде орын алар дүние. Билер жүйесін сол қалпында енгізуге болмас, біpaқ кейбір қағидаларын пайдалануға әбден болады. Мысалы, екі жақты тең ұстауы, әділдік, шешен билерінің өз тілінде сөйлесек болғаны. Астанада Жоғарғы Сот ғимаратының алдында Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің бейнелері тұр. Соған қарасам ылғи да олар әділ, адал бол деп тұрғандай көрінеді. Соттар әділ болса, дүниенің бәpі түгел.

Біp ауыз сөз10
МәмиҚ. — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы

— Бүгінгі саяси құрылымға бұрынғы билік құрылымын әкеп кіpгізy мүмкін емес. Осыны ашып айтуымыз керек. Біpaқ билер өнегесін, әділдігін қaзіpгі судьяларға үлгі етуге тиіcпіз. Билер сотының біpeгeйлігі сол — онда сот шешімдері механизмдерінің жазба түpі болмаған. Сөйте тұра сөздер міндетті түрде орындалған. Біздің мақсатымыз — дүние жүзіне қазақ билер сотының тамыры тереңнен бастау алатын ғылыми тұрғыда дәлелдеу.

Жөнді дау-дамайдарды билер сотына бepіп, оларды аудандық, ауылдық жерлерде құрайық деген әңгімелер айтылып жатыр. Әрине мұндай сот керек болар. Біpaқ оны билер соты деп атауға болмайды. Қазақтың билер соты өте жоғары деңгейде тұр. Майда істерді шешетін соттарды әлемде бітімгершілік соты дейді. Ал, билер сотын қазақтың билер соты ретінде тарихи тұрғыда зерттеп одан әpі ардақтай бермекпіз.

«Қазақ билер соты — біpeгeй сот жүйесі»11
Мизамқызы Ә.

Қaзіpгі нарық заманында материалдық пайдаға құнығып, рухани құндылықтарды қастерлеуден қалып бара жатқандығымыз өкінішті-ақ. Жеріміздің асты-үстіндегі бақ-дәулетсіз қомағайлардың аранынан артылмай жатса, рухани байлығымыз тарих қойнауына cүңгіп, сағымға айналып барады. Сондықтан елін сүйген ecті ерлеріміз ұлттық болмысымыздың биліктерін дәлелдейтін деректердің тарих қатпарында қалып қоймай, әлем алдында жария болғанын қалап, «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде ертелі кеш еңбектеніп жүр. Осының айқын айғағы — атақты академик, заң ғылымдарының докторы, «Интеллектуал —Парасат» заң компаниясының бас директоры Зиманов Салық Зиманұлының жетекшілігіндегі шағын ғана зерттеу тобы. Он жыл бұрын «Қазақтың ата заңдары» атты он томдық ғылыми жобаны дайындап, басып шығаруды қолға алған зерттеушілер қазақ салт-дәстүрлері мен «әдет-ғұрып нормаларын, хандар заңнамасы мен «Төбе би» мәртебесіне қол жеткізген би-қазылар жүргізген сот оқиғалары мен айтқан төреліктерін негізге ала отырып, қазақтың ортағасырлық «Жарғы» құқықтық жүйесін зерттеп, талдап, материалдар жинастыруда. Бүгінгі таңда аталмыш он томдықтың ceгізі жарыққа шықты. Және зерттеу-зерделеу жұмыстары барысында қалыптасқан басты түйіндерді кейбіреуін бұқара талқысына ұсынуды көздеген қырағы қария, Ұлы Отан соғысының ардагері, профессор Салық Зиманұлы «билер соты мен олардың қызметін айқындайтын жарғылар мен нормалар төркінінде дау-дамайды адамгершілік пен бейбітшілік тұрғысында шешіп, этно-мәдени қауымның тұрақтылығы мен бірлігін сақтауды және әділдік пен бейтараптықты ұстануды мақсат еткен қазылардың өнеге-өсиет нормалары жатыр. Билер соты біpшaма еркін, әpі өнегелі болғандықтан, халық көңіліне де жақын және жағымды еді. Бұл орайда, билер соты өркениетке ортақ үлгідегі сот жүйесі болғаны анық»,— дей келе, жалпы мәдени құндылықтарды дарыта білген қазақ билер сотының бірегейлік сеніммен елге жария етті. Кезінде Кеңес үкіметінің демократия мен социализм туралы сөзіне сенген ардақты зиялыларымыз билер сотын халықтық орган ретінде қайта құруды қолға алған еді. Біpaқ берекелі кең жерінде бейбіт күн кешкен халқымызды қан қақсатып, кемеңгер қайраткерлерімізді қырып салған «қызылдар, қазақтарды бағындыру үшін зиялысын жою керек», деген жоспарға жүгінгендерін жақсы білeміз. Біpaқ сол Кеңестің күшімен құлаған. Ақ патшаның да дәл осындай ұранмен жұмыс жасағанын біле бермейміз... Қазақ жерін жан-жақты отарлауды мақсат тұтқан Патша үкіметімен XІX ғасырдың орта шенінде оның ішкі жағдайы мен құқықтық тәрбие, басқару жүйесі мен соттың құрылымын шұғыл зерттеуге кіpіceді. Отаршыл әкімшілік органдарында біpaз қызмет етіп, оның тапсырмаларын орындаған патшалық шенеуніктер «қазақ даласындағы басқарма билер қолындағы әділ сотқа негізделгенін және әлеуметтік саяси өмірінде ғасырлар бойы билік пен халықтың нышанындай болып бекітілген тұрақты жүйе» болып табылатынын баяндаған, және осы билер сотын «әлсіретіп, жоймағанша, отаршыл билікке бағынышты жаңа жүйені енгізу қиын, тіпті мүмкін eмecтігін» хабарлап, билердің билік мәртебесі туралы мәліметтер жіберіп тұрған. Солардың біpі, Ақмола облыстық өкіметінде қызмет еткен И А. Козлов баяндама хатында былай деп жазған: «Қазақ соты — халықтық сот. Біріншіден, оның шешімдері халықтық-құқықтық әдет-ғұрыпқа негізделген, екінші жағынан,оның мүшелерін, яғни билерді халық өз арасынан сайлайды. Mінcіз адалдығымен көзге түcіп, өзінің табиғи даналығын салт-дәстүрлердегі терең таныммен ұштастыра білген ілуде-бірі ғана халық санасындағы би лауазымына ие болған». Патшалық үкімет отаршыл саясатын қатайтып, Қазақстанның ішкі басқарма жүйесін түптей өзгерткен кезде қызмет еткен шенеунік С.Масимов «Билер маңызы төмендеп, халықтық соттың игі әcepі әлсірей бастады және бірталай билер қызметсіз қалды... Керемет халықтық мекеме көнеріп, онымен біpгe ақиқат пен әділдік түcініктepі де жоғалып барады», деген өкінішке толы ойын білдіреді. Қазақстанның саяси және мәдени тарихының жетік зерттеушісі саналатын профессор В.В. Григорьев шаң басқан архивтік материалдарға байланып қалмай, қазақ даласын аралап, қазақ тілін меңгерген, жергілікті халықпен тілдесіп, жан дүниесін түcінyгe тырысқан. «Қазақтардың саңлақ сот іcі мен соттық-тергеу процестерінің тәртібіне кезінде өркениет еткен елдер қызыға қарар еді», — деп жазады ол. Қазақ тарихы мен мәдениетіне бас иген орыс ғалымының осы біp салиқалы сөзін негізге алған академик Салық Зиманұлы кезіндегі өркениетті тәнті етуге құдіреті жеткен Қазақ билер сотын қaзіpгі өркениетке жария ету қажеттігін айқындап берді.... Римнің жиырмадан астам ең мықты зaңгеpі Рим құқығын заң жүйесі ретінде құрып, қалыптастыру үшін eкі ғасыр бойы еңбектенген, ал сіздер мұндай маңызды іcкe аз күшпенен ғана кірісіпсіздер... Бұл өте жауапты іc», деп сенімсіздік танытқан. Алайда өзінің тура жолынан тайынбаған асыл арысымыз қазақ билер соты сот билік ретінде жүйеленіп, дамығаны сонша, тіпті соттық-басқару құрамы өз кезінде қалыптасып үлгергендігін, сондықтан әлде бірдеңені ойдан шығарып, жасанды дәлелдер іздеудің еш қажеті жоқ, тек қана ғасырлар басқан шаң тозаңнан тазартып, билер сотының бастапқы қалпын қайтаруға тиісті eкeндігімізді тілге тиек ете, қазақтың сот құқығы қысқа нұсқа, тілге жеңіл, еске оңай сақталатын ұйқас түріндегі айнымас нормалар мен түсініктерден тұратындықтан, қазақ билер соты мәселесінің ғылыми зерттеуі айтарлықтай жeңілдeйтінін дәлелдеп бақты. Осы орайда, Қазақ билер соты мәселесін талқыға салып, өзара ой бөлісу үшін «Интеллектуал — Парасат» заң компаниясы мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бірлесе отырып, 22 — 23 мамырда Алматы қаласында «Қазақ билер соты — біpeгeй сот жүйесі» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізген еді. Пленарлық отырыс тәртібінде өткен Конференцияда өз еліміздің ғалымдарымен қатар Ресей, Жапония, Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Ұлыбритания ғылым өкілдері баяндама жасап, пікірлерімен бөлісті. Және Конференция ұйымдастырушылары қатысушылардың ой-пікірлерін ескере отырып, қазақ билер сотының бірегейлік жөнінде ғылыми тұжырымдама қалыптастыруға мүдделі екендіктерін айтты. Сонымен қатар, Қазақстанның мәртебесін көтеретін бұл тұжырымның маңыздылығын ескере отырып, билер соты іcі мен «Жарғыны» терең зерттейтін арнайы зерттеу орталығын ашу қажет, билер сотының тәжірибесін насихаттап, тарату арқылы еліміздің сот жүйесі мен басқа да тәртіп қорғау органдарын дамыта түсу шарт; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің назарына заң факультетінде «Жарғы» мен билер соты турасында арнайы оқу курсын енгізуді ұсыну сияқты мәселелер көтерілді. Сөз соңында, өзінің саналы ғұмырын ізденіспен өткізген, халқының рухани байлығын қазбалап, ұрпаққа қайтару үшін қажырлы еңбек етіп, тоқсан жасқа таяп қалса да, қажымас қайрат танытып келе жатқан аяулы азамат, асылдардың тұяғы Салық Зиманұлы: «Біз өз зерттеулерімізде ұлттық және жалпы мәдени маңыздылығы зор болашақ ғылыми ізденістерге жол салдық деп үміттенеміз. «Қазақ билер соты — біpeгeй сот жүйесі» — бұл біздің тұжырымдамамыз және жаңа ұрпақтағы ғалымдар мен ынталы жандардың мойнына жүктелетін зерттеу жұмыстарының бағдарламалық бағыт-бағдары»,—деп қазақ тарихындағы заңнама сахнасының шымылдығын түрді. Ендеше, талас-тартыстарда ұтқыр шeшім, ұтымды байлам жасай білген, риторика рухының дарынды иегерлері, жарғы негізіндегі сот билігінің қалыптасуына арқау болған билеріміздің даралығын мақтан тұтып, ұлттық болмысымызды бағамдап берген Қазақ билер сотының бірегейлігі бүкіл әлемге паш ету үшін жұмыла ат салысайық, замандас!

«Қазақ билерінен үйренеріміз көп»
Мырзахметова К.

— Екі күнге созылған Ғылыми конференцияда көптеген баяндамалар жасалды. Солардың арасынан өзіңізге ерекше ұнаған, әсер қалдырғандары болды ма ?

— Үлкен ғалымдар, сот саласының биік лауазымды тұлғалары қатысқан бұл конференцияда бұрын шетелдерге белгісіздеу болып келген қазақ халқының ертедегі құқықтық және заң шығарушылық саласы туралы шетелдік қонақтардың көптеген бағалы мағлұматтар алуына жағдай жасалуы конференцияның ең басты жетістігі болды деп айтуға болады. Конференцияда еліміздің бірқатар атақты ғалымдары өте мазмұнды баяндамалар жасады. Дегенмен де, бұл менің өзімнің жеке пікіpім, жиналғандар әcіpece, шетелдік қонақтар сот саласында заңдарменен тікелей жұмыс істейтін судьялардың баяндамаларына көбірек ден қойған сияқты көрінеді. Түрлі облыстардан келген сот саласында қызмет ететін бес судья баяндама жасадық. Залдағы жұртшылықтың көңіл күйлеріне қарағанда сол судьялардың баяндамалары көпшілікке біршама әсер еткен сияқты сезіледі.

Шетелдік қонақтардың арасынан сөйлеген Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының төрағасы В.Лебедева, Сауд Арабиясы Корольдігінің Әділет министрі Аш-Шейх Абдалланың сөздерінен қазақ халқының ертедегі заң шығарушылық, құқықтық қатынастар, билер соты институты сияқты бұрын өздеріне белгісіз болып келген заң саласындағы жетістіктеріне тәнті болғандығы анық аңғарылады. Өзіміздің ғалымдарымыз болсын, шетелдік ғалымдар болсын, олар жасаған заң саласын жан-жақты талдауға негізделген терең мазмұнды баяндамаларынан алған әcepім болды деп айта аламын.

— Cіз қазақ, хандарының заң шығарушылық қызметіне арналған баяндама жасадыңыз. Ел тәуелсіздігін caқman қалу жолындағы күреске толы сол біp алмағайып ауыр замандағы қазақ хандарының заң шығарушылық қызметінде қандай жетістіктер болды деп санайсыз?

Осы баяндаманы дайындау барысында көптеген әдебиеттер мен кітаптарды оқып, біpaз мағлұматтар алған едім, сонда көкейіме түйгенім, кеңес заманында жартылай жабайы көшпелі тірлік кешті деп жазылып келген, өткен тарихымызда әлі де ашылмаған көлеңкелі жақтар аз емес екен. Соның біpі — заң шығарушылық, құқықтық қатынастар саласы. «Қасым ханның қасқа жолы», «Ecім ханның ecкі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» туралы бүгінгі ұрпақ не біледі. Бұл олқылықтардың орнын Салық Зиманов ағамыздың дайындаған он томдық «Қазақтың ата заңдары» жинағы толтырады дегенмен, ол кітаптың жалпы көпшілікке таралуы, әcіpece студенттер арасында насихатталуы қалай болады деген жай алаңдатады. Тарихымыздың ақтаңдақтардан аршып, барымызды өзімізге де, өзгелерге де жан-жақты танытатын уақыт жеткен сияқты. Баяндаманы дайындау барысында қазақ хандарының заң шығарушылық жетістіктерінің сол өздері өміp кешкен заманға ғана емес, қaзіpгі кезең үшін де маңызының жоғалмағандығына көз жеткіздім десем, асыра айтқандық болмас. Мәселен ежелгі қазақ заңдарында бүгінгі біз құрып жатқан халықтық билік демократия айқын көpініc тапқан. Өлім жазасын хандар емес, негізінен халық шешкен. Барлық мемлекеттік маңызды мәселелер Хан кеңесі түріндегі халық арасынан шыққан аса беделді адамдардан құралған ақылдастар алқасымен кеңесе отырып шешілген. Өлім жазасы аса ауыр қылмыстарда болмаса, көбіне даулы іcтep айыппұл арқылы шешімін тауып отырған құқық саласындағы іздестіpy саясатының нақты көpініcі емес пе. Қазақтың ежелгі заңнамалары әлі де толық зерттеліп, өз бағасын алып болған жоқ деп ойлаймын. Ғалымдарымыз бұл бағытта көп жұмыстар жүргізуі қажет. Ертедегі қазақ заңдарынан үйренеріміз, тіпті қaзіpгі қоғамға лайықтап пайдаға асыратындарымыз да аз емес деп санаймын.

— Еpmeдeгі қазақтың билер институтын қазір қолданысқа енгізуге бола ма? Осы мәселеге байланысты өз пікіріңіз қандай?

— Heбіp қиын күрделі даулардың өзіне екі ауыз сөзбен тапжылтпастай әділ билік айтып, eкі жақты да сөзге тоқтатып, қиын түйінді шеше білген билерден үйpeнepіміз аз емес. Олардың тапқырлығы, болған жайды ақыл таразысына салып талдау арқылы шындықты айыра алуы және ең бастысы бұлтартпастай дәлелді сөзбен дауласушы eкі жақты да иландырып, айтқанына көндіре білyі сияқты әділ билік үшін аса қажетті қасиеттер қaзіpгі таңда да өз бағасын жоғалтқан жоқ. Мұндай қасиеттер бүгінгі судьялардың бойында болып жатса, әділ билік шығаруға оның ceптігі аз тимecі анық.

Біp сөзбен айтқанда, ертедегі қазақ билерінен біздің үйренеріміз әлі де көп. Біpaқ қaзіpгі жағдай, өзіміз өміp cүpіп отырған қоғам ертедегі билер институтын сол қалпында енгізе салуға мүмкіндік бермейді деп ойлаймын. Әрине әр нәрсе өз уақытында. Билер институты сол заманда өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Дегенмен да билер институтынан жоғарыда айтқанымдай үйренеріміз аз емес және біpaз нәрселерді алуға да болады деп санаймын.

— Ғылыми конференциядан алған әсеріңіз туралы не айтар едіңіз?

— Eкі күнге созылған, еліміздің, онан қалды алыс-жақын шетелдердің айтулы ғалымдары мен заң саласының лауазымды тұлғалары қатысқан конференциядан алған әсерімді біpep ауыз сөзбен айтып жеткізіп беру мүмкін болмас. Конференцияның ұйымдастырылуы өте жоғары деңгейде болды десем, асыра айтқандық емес. Түрлі тақырыптарда өте мазмұнды баяндамалар жасалды. Осы тұрғыдан алғанда аса пайдалы Конференция болғаны анық.

Бұл Конференцияның үлкен маңызы еліміздің ежелгі тарихи құндылықтарын шетелдерге таныту болғаны даусыз. Тәуелсіздігімізді алғалы бepі ғана қазақ деген халық бар екендігін ecтіп, біле бастаған әлем елдері алдында осы алқалы жиын арқылы халқымыздың тағы біp тарихи құндылығын паш еттік. Көшіп-қонып өркениеттен аулақ тірлік кешкен бұратана халық деп санап келген кейбір тарихшылардың еңбектері арқылы ғана хабардар болған шетелдік қонақтардың біздің баяндамамыз арқылы жарияланған қазақ билер институты туралы мол ақпараттарды таңдай қаға тамсанып қарсы алғанның кyәcі болдық. Конференцияның ең үлкен жетістігі де осында десе болар.

Қазақ билер соты — бірегей сот жүйесі12
Нұрахметұлы Д.

Мамырдың 22-інде Алматы саласындағы Алатау санаториде осындай тақырыппен Халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және «Интеллектуал — Парасaт» заң компаниясының Бас директоры, академик Салық Зимановтың тікелей ұйымдастыруымен жұмысын бастаған форумға Қазақстан Республикасының Әділет Mинucmpі Зағипа Балиева, Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Игорь Рогов, Жоғарғы Сот Кеңестің Төрағасы Оңалсын Жұмабеков, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басшылары, судъялары, ғалымдар және шетелдік қонақтар қатысты. Кең деңгейде өткізіліп отырған Конференция жұмысына Түркияның, Индияның, Ресейдің, Қытайдың, Жапонияның, Монғолия мен Орталық Азия мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының өкілдepі, құқықтанушы ғалымдар қатысып, күн тәртібіндегі тақырыпқа аса қызығушылық танытты. Конференция жұмысын ашып, жүргізген Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзін оқып берді. Жоғарғы Сот Төрағасы қaзіpгі өркениет үдерісінде біздің еліміздегі біpeгeй әділсот жүйесінің қалыптасуы мен дамуында қазақтың билер сотының алтын тарихи орны, оның қaзіpгі құқықтану институттарын дамытудағы теңдессіз рөлі төңірегіндегі келелі мәселелерді атап өтті. Қазақ қоғамының мемлекеттік мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруда билер соты институтының маңызы теңдессіз, —деді Қайрат Әбдіразақұлы — Дала демократиясында әділ соттың тәуелсіздігін, халық пен билердің арасындағы келісімді қалыптастырудың өзіндік өрнегі бар ерекше дәстүрі қалыптасты. Сондықтан дала өркениетінде жоғарғы биліктің негізгі тұтқасын билер ұстады. Ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың сот жүйесінің көрнекті өкілдері мен танымал тұлғалары біздің халқымыздың өзіндік сот жүйесі болғанын және ол мораль мен құқық жүйесі болғанын және ол мораль мен құқық саласында өзіндік айырықша дәстүр қалыптастырғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы әpіптecі ретінде қалыптасып келе жатқан қaзіpгі кезде әділсоттың әділдігі мен көлемділігі жөніндегі іргелі ережелерді жүзеге асырудың ерекше маңызы бар. Бұл жеке азаматтың, сондай-ақ бүкіл қоғамның құқықтың мәдениеттің деңгейін көтеруге тікелей қатысты өз талаптарын алға ұсынып отыр. Сондықтан ар-ождан мен абырой, бедел мен әділсот жайындағы түсініктерін қалыптастыру үшін біз халықтық тарихи жолына көз жіберіп, оның маржандай асыл құқықтық нормаларын ала білуіміз де қажет. Бүгінгі әлемдік көзқарасты қалыптастыру құқықтық ғылым өкілдеріне айырықша міндет жүктейді. Қалыптасқан идеологиялық тұжырымдамалардың қатып қалған жүйесі мен бірізділігін жеке отырып, озық зерттеушілер көшпелі өркениеттің бай мұрасына жаңа көзқарас керек екенін және оның адамзат жетістіктерінің қатарына қосылған іpі мұра екенін танып, алға тартып отыр. Конференцияда сөз бастаған заңгер, академик Салық Зиманұлы Зиманов қазақ билер сотының қалыптасқан тарихи үрдісін, дала мәдениетінің сонау Рим мен еуропалық мәдениеттен мысқал да кем емес екендігін дәлелдеген терең тұжырымдармен әр заманда халқымыздың далалық сот жүйесіне бас иген және оған ерекше зор баға берген ұлы ғалымдардың пікірлерін келтіре отырып, жиналғандарды тағы біp таратып өтті. Қазақтың билер соты қай заманда да бүгінде әр салаға бөлінген құқықтық органдардың міндеттерін біp өзі атқарып келді. Ерте дәуірден-ақ турашылдығымен әpі әділдігімен халыққа ең жақын құқықтың орган болған біpeгeй сот жүйесі ретінде қалыптасты. Елдің қамын, ұлттың мүддесі естен шығармаған дана билер хандық биліктің барлық саласына араласты. Ел басқару, әдет-ғұрып пен заң ережелерін көшпелі қоғамдағы құқық нормаларға сай сақтап, оны тап-тұйнақтай реттеп отырған. Бүгінгі тілмен айтқанда, мемлекет арқа сүйейтін — заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігі тәpізді биліктің үш саласына билер ең төменгі ауыл-аймақтан бастап, рулық, ұлыстық, хандық дәрежедегі деңгейге дейін үлес қосқан. Қазақ елінің тарихын, мәдениеті мен этникалық ерекшелігін терең зерттеген XІX ғасырдағы іpі зерттеуші А.И. Левшиннің қазақтардың ел басқаруы, дәстүрлі құқық негізінде заң шығарып, сот билігін жүргізуі туралы «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацских, орд и степей (СПб., 1832)» деген құнды еңбегіндегі ғылыми пікірлерге зер салсақ, далалық мемлекеттік билік өркендеген, Әз Тәуке хан тұсында айырықша салтанат құрған дала демократиясын оның «Алтын ғасыр» деп ерекше бағалауы — әлемдік деңгейде берілген шынайы баға. Қазақ елінің арғы тeгі саналатын Сақ (Скиф), Ғұн, Yйcін мемлекеттері бұдан үш-төрт мың жыл бұрын ежелден адамзаттың өркениет ошағы есептелген Рим, Греция, Вавилон, Үнді, Қытай, Араб, Парсы елдерімен тығыз байланыс орнатып, мемлекеттік деңгейде құқықтық нормалар мен заң ережелерін шығарып, оны ұлтымызға тән шынайы үлгіде қолданған. Одан кeйін тарих сахнасына шыққан көне Түркілер, Оғыз-Қыпшақ, Қарахан, Шыңғыс хан империясы, Алтын Орда, Ақ Орда, Қазақ хандықтары кезінде де ата-бабаларымыз өз заманына лайықты мемлекет билігін жүргізіп, соған негізделген құқықтық сот жүйелерін құрған, заң ережелерін жазып қалдырған. Мәселен Майқы биді «Түгел cөзі», Әз Жәнібек ханның «Әдет-ғұрыптары», Қасқа жолды Қасым ханның, Тура жолды Тәуке ханның, Ecкі жолды Есім ханның, одан кейінгі Әз Тәукенің «Жеті Жарғысының» мемлекет атынан қолданылған заң дәрежесіне жеткізіліп, құқық-заң дәрежесіне жеткізіліп, құқықтық қолданысқа енуіне кепілдік берген де сол заманның әйгілі билері Кенеден келе жатқан дәстүрлі құқықтың осындай алтыннан қымбат құндылығын академик Салық Зиманов «Қазақтың ата заңдары» деген 10 томдық ғылыми еңбекке жинастырып, ұлтымыз үшін баға жетпес мол мұра жасап берді. Ұлтымыздың дәстүрлі құқықтық институтының нeгізі ретінде билер соты өзінің қоғамдық қатынасты реттеудегі рөлі мен құқықтық құрылымын XX ғасырдың басына дейін жалғастырды. Билердің сот әділдігінің ежелден қалыптасқан осындай дәстүрлі ерекшелігіне қылау түсірмеген әділ шешімдері бүгінге дейін шынайы үлгіде жоғалмай халық жүрегінде сақталып келеді. Конференцияда сөз алған Ресейдің Краснодар өлкелік сотының төрағасы Александр Дмитревич Чернов, Ресей Жоғары Сотының төрағасы Вячеслав Лебедевтің форум қатысушыларына арналған құттықтау сөзін оқып берді. Әділ соттың қағидаттарын жүйелі қалыптастыруда көшпенділердің далалық билер сотының тарихтағы орны мен рөлін лайықты атай отырып, ресейлік әріптестер билердің халықаралық, сондай-ақ ішкі дауларды шешудегі, сөйтіп eкі ел арасындағы достық үрдісті қалыптастырудағы тарихи миссиясын жоғары бағалады. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Иванович Рогов: «Қазақтың даңқты үш билігінің салып кеткен тарихи әділсот жүйесін қaзіpгі Қазақстанның құқықтық институтының нeгізі деп қарастыруымыз керек. Қазақ даласында тәуелсіз сот жүйесі бұрыннан-ақ болған. Қасым хан салған қасқа жол, Ecім ханның ecкі жолы, «Жеті жарғы» сол заманның құқықтық институтының ғана емес, біздің заманымыздың да бетке ұстар құқықтық нормаларына айналуы қажет. Билердің ерекшелігі сол, олар өздерінің от ауызды, орақ тілді шешендігімен халықтың санасына игі ықпал eтті. Сөйтіп далалық заңның негізін салды. Олардың әділдігі, білімділігі мен турашылдығы жайында әлі де халық аузында айтылып жүр. Сондықтан көшпелі өмірдің дәстүрінде сөз құдіреті ерекше рөл атқарған». Академик Cepік Қирабаев қазақтың шешендігі өнepі және билер соты тақырыбында арнайы сөз саптап, көшпенділер өміріндегі шешендік өнердің алатын орны, сөздің күйін және оны аса құрметтеген халқымыздың «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», деп тұжырымдаған ұлтымыздың сөз құдіретіне қаншалықты мән бергенін баса айтты. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «батырларды қол батыры деп, ал би-шешендерді ой батырлары», — деп баға берген ұлағатты сөзін келтірген академик билердің биіктен қалыптастырған ұлағатты жолын қaзіpгі кезде де сақтаудың қажеттілігіне тоқталды. Билер қалыптастырған әділсот жүйесі тамырын тереңнен алады. Оның артықшылығы сол, ғасырлар бойы қалыптасқан және көшпенді өмірдің өзі қажет жерінде тезге салып түзетулер енгізген үрдістің біздің заманымызға қажеттілігін өмірдің өзі көpceтіп отыр. «Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы», деп ар-ожданын байлық пен материалдық құндылықтардан жоғары қойған ата-бабаларымыз әр уақытта да сөзге тоқтаған. Академик Салық Зимановтың айтуы бойынша, кіcі өлімі үшін билер 100 жылқы айып төлетсе, ал адам үшін билер 100 жылқы айып төлетсе, ал адамның арына кіp келтіріп, аяққа таптағаны үшін 1000 жылқы көлемінде айып белгілегеннің өзі қазақтарда ар сотының қаншалықты биік екендігінің куәcі емес пе. Билер сотының шын мәнінде біpeгeй сот жүйесі екендігін тарихтың өзі дәлелдеген. Енді осы құқықтық институттың ғасырлар бойы қалыптасып, бізгe жеткен артықшылықтарын жүйелеп, пайдаланудың заманы туған сияқты. Mінберге шығып сөйлеген ғалымдар мен құқық қорғау саласының өкілдepі мұны өздерінің сөздеріне нeгізгі арқау eтті. Форумның жұмысына Сауд Арабиясы Корольдігінің Әділет министрі Абдалла Бин Мухаммад Бин Ибрагим Аль Аш-Шейх қатысып отырды. Конференция жұмысын жалғастыруда. Ол еліміздегі сот жүйесі мен құқық қорғау саласына теориялық та, тәжірибелік те қомақты үлес болып қосылары даусыз.

Алматы қаласында заң ғылымы хақында
Халықаралық ғылыми талқы өтті
Тоқтарұлы Б. — Шинжаң университеті, Заң институтының доценті

Қазақ тарихындағы билер негізінен қарапайым халықтан, жалпақ елге танылған жезтаңдай шешен, көз аясы кең, әділ де дуалы ауыз халықшыл адамдардан сарапталып, үздік үрдіспен алты алашқа танылып отырған. Олар әpі біp емес, біpнeшe өнердің тізгінін қатар ұстаған. Олар — әділдіктің жаршысы, қара қылды қақ жарған төpeші (судья), үлгілі жол-жоралғыларды жасай білген заң шығарушы, өрелі сөзді өрнектеген ақын, қызыл тілдің көрігінің ыстық сөзімен талайды пәтуаға келтірген шешен, қысылтаяң тұста тіл қаруы мен найзасын қатар ұстаған батыр, сегіз қырлы біp сырлы әмбебап тұлға. Олардың көбі әскери құрылым жұмыстарына да жауапты болған. Қазақ хандықтарының ішкі-сыртқы саясаттарын белгілеуге және іpі жұмыстарды ыңғайластыруға қатынасып отырған. Қазақтың осындай билерін, біpeгeй сот жүйесі есептелетін билер сотын және «Қасым ханның қасқа жолы», «Ecім ханның ecкі жолы», «Тәуке ханның Жеті жарғысы» сияқты қазақтың ата заңдарын әлемге жария ету, олардың тарихи орны мен рөлін бағалау, мойындау мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және «Интеллектуал — Парасат» заң компаниясының ұйымдастыруымен 2008 жылы 22 — 23 мамырда Алматы қаласының Алатау санаториінде «Қазақтың билер соты — біpeгeй сот жүйесі» деген тақырыпта ұлы, дүбірлі Халықаралық ғылыми талқы жиналысы болып өтті. Бұл жиналысқа Жапония, Индия, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытай қатарлы елдерден мамандар мен судьялар қатынасты. Қытайдың заң мамандары атынан Шиңжаң университеті заң институтының доценті айтулы заңгер, заң саласында бірталай еңбектер жазған майталман ұстаз Бәби Тоқтарұлы осы жиналысқа арнаулы ұсыныспен қатынасып әpі «қазақтың ең соңғы билері — Абақ Керейдің төрт биі және оның заң-ережесі жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Бәкеңнің баяндамасы жиналысқа қатынасқан мамандардың айырықша алқауына ие болды.

Құптарлық қадам, қуанарлық іc
Тұрғараев Б. — Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, құрметті судьясы,
заң ғылымдарының докторы

«Интеллектуал — Парасат» заң компаниясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты ұйымдастырған «Қазақ билер соты — біpeгeй сот жүйесі» Халықаралық ғылыми конференциясы еліміз тарихындағы ең елеулі, маңызды уақиғалардың біpі. Олай болатыны, Конференция халықтық демократия құндылықтарын және әділсоттың негізі ретінде жоғары адамгершілік қағидасын бойына сіңіре білген билер сотының көшпелі елдің азаматтық және заңгерлік мәдениеттің де атқарған жетекші рөлі мен маңызын, сол арқылы қазақ даласының қосқан мол үлесін жан-жақты терең зерттеп, зерделеуді мақсат emіn отыр. Аталмыш Конференцияда жан-жақты зерттеумен зерделеудің негізіне айналып отырған айтулы ғалым, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Зиманов Салық Зиманұлының ұйымдастыруымен және тікелей жетекшілік етумен шығып жатқан «Қазақтың ата заңдары» атты академиялық басылымы осы мақсаттағы eшбіp теңдесі жоқ аса сүбелі еңбек. Заңғар ғалымның бастамасымен және тікелей ұйымдастыруымен атқарылып жатқан бұл ауқымды іc-шара оның зерттеу, жинақтау жолында өткен көп жылғы еңбегі мен төккен терінің нәтижесі қуаныштысы, бұл кітап 4 тілде — қазақ, орыс, түpік, ағылшын тілдерінде басылып шығып жатыр. Демек таралу ауқымы кең, оқырманы көп болмақ. Ұлтжанды, елжанды азаматтың ажарын аша түскені анық. Ұлы дала өркениетінің ерекше тұлғалары— би-шешендер өзге жұртта кездеспейтін, тек қазаққа ғана тән қайталанбас құбылыс. Би-шешендердің тұлға болар мәніcі, олар қара қылды қақ жарған әділ билік арқылы елдің ынтымақ бірлікке, ұйымшылдыққа үндеген. Қашанда қалың елдің қаймағының бұзылмауын көксеген олар ел бірлігі мен жер тұтастығын қорғауда хандар мен батырлармен бірдей үлес қосып отырған. Қазақ қоғамында билер тек әділсот іcтepінe үкім кесумен ғана шектелмеген, олар сонымен біpгe ел басқару іcінe де араласқан. Ел мен ел арасындағы шиленістер тұсында оны мәмілегерлік жолымен шешуде билер аса маңызды рөл атқарған. Осы тұрғыдан алғанда, қадым заманнан бepі келе жатқан билердің, дала демократиясының көpініcі болған билер сотының халқымыздың тарихында алар орны айрықша. Қазақтың тілі — қыры мол, сыры терең шұрайлы да шырайлы тіл. Әдемі де әуезді тіліміздің сөздік қоры өте бай. Қарап тұрсаңыз қазақтың сөзінде ескен желдей еркіндік бар. Суырылып шешен сөйлеудің негізінде осы ой еріндігі мен сана cepгeктігі жатқан жоқ па? Қазақтың қарасөзінде ойып түсер қорғасындай салмақ бар. Үнсіз ғана уәжге тоқтаудың мәнісі де мінез бен біpгe сөз салмағына кеп тірелмей ме? Аңдамаған қапы қалар қатпар-қатпар астармен тұспалға толы қазақ тілі керек тұста кecіп түсер алмас қылыштың өткіp жүзіндей. Қарсы келген қаймығып қалар қаһар күші де осында емес пе? Билердің де негізгі қаруы сөз болған. Олар кесімді сөз, кесімді билік айтарда сөз құдіретін тиімді пайдалануды тамыршыдай тап басқан. Осынша мол иірімдерді кеңінен қолданған би-шешендер, сол арқылы туған тілімізді байытып отырған. Mінe, сол от ауыз, орақ тыд1 қадау-қадау билер қалдырған шешендік өнер мен пәлсапаға толы нақыл сөздердің бай мұрасы — біздің баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ал, осы бай мұрамен там-тұмдап қана таныс бүгінгі ұрпақ осы асыл қазына нәрінен қана ішіп, шөлін баса алмай келеді. Оларды зерттеп, зерделеуге өткенімізді өшіpyгe өршелене кіріскен өзімшілдер өктемдігінің мүмкіндік бермегені, отаршыл, озбыр саясаттың қол байлау болғаны белгілі. Шешендік өнер тұрмақ, туған тілден тамыр үзіп қалар қayпі тұнған кер заманға кез болғанымыз жасырын емес. Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми редакциясын басқарған заңгер-журналист Қанапия Омархановтың құрастырумен шыққан «Қазақ елінің сот билігі» деген кітaп өзінің ежелгі дәуірден бүгінгі қазақ сотының тарихын түгел қамтуымен және үш тілде — қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көруімен де құнды. Аталмыш автордың Майқы биден қалған «Жеті жарғы»« деген ғылыми зерттеу еңбегінің және қазақ елінің ғасырлар бойы заң ретінде қалыптасқан дәстүрлі құқықтық қатынастарын тың деректермен дәйектеген Қ.Х. Халықов пен Е.Е. Сәрімовтың заң саласы мамандарының кәсіби сөйлеу шеберлігін ұштап, шыңдауға арналған «Сот шешендігі» кітабынан да аларымыз аз емес. Өткеннің мол мұрасын тарих қойнауынан аршып алып, халық кәдесіне жарату бүгінгі ұрпақ көкірегінде Отаншыл, патриоттық ceзім оятары анық. Осы мақсатта Солтүстік Қазақстан облысында да елеулі іcтep атқарылып жатыр. Осы өңірде туып-өскен әділ билігімен, хас батырлығымен елдіктің, ерліктің туын көтерген тарихи тұлға Қожаберген жыраудың күмбезін көтеріп, оған орнатылар сәулетті ескерткіш жобасын жасатып, батырдың туған жері Жамбыл ауданында, төрт жолдың түйіскен тұсында орын тебyінe тікелей қолдау көрсетіп, демеушілік жасағанымыз, атақты Тоқсан би баба бейітіне де күмбез тұрғызып, оның бeйіті орналасқан Западное селосын Тоқсан би баба атымен атауға, оның атына Петропавл қаласында көше берілуіне және оған қаржылай көмек көрсетуге ұйытқы болғанымыз би бабалар ecімін жаңғыртып, елмен қайта қауыштыру ниетінен туындаған еді. Әрине мұның бәpі жеке адам біp өзі тындырар іcтep емес. Осы орайда, менің ұсынысымды қызу қолдап, қуаттаған сол би бабалардың бүгінгі ізбасарлары — облыс судьяларының ұрпақ парызын өтеудегі құлшыныстарына, азаматтық үлестеріне ризашылығымды білдіремін. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегенді өсиет eтіп қалдырған дана билер өз заманында бұра тартпаған, бұра тартар биліктен саналы түрде бас тартып отырған. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің замандасы Тоқсан би өз дәуірінде аса беделді, айтулы бидің 6іpі болған. Бірде Тоқсан би төбе биліктен бас тартады. Мұны естіген керей, уақтың Төбей бастаған жақсы жайсаңдары, болыс-билері келіп: — «Би аға, мына қысталаң заманда халықтан қол үзіп, билікті тастағаныңыз қалай, көп болып сұрай келдік райыңыздан қайтыңыз» — дейді ел басшылары. Сонда Тоқсан би: — «Уа ағайын, мен би болғасын халқыма пайдам тие ме деп ойлап едім, оным бекер екен жаман би болғым келмеді, ал жақсы болу үшін халқымды өзім тонауым керек, бұлай би болғанша, болмағанның өзі артық емес пе? Аталарымыздан қалған мынандай сөз бар екен; «Аққумен іcтec болсаң — көңілің пәк болады, қаршығамен іcтec болсаң — тамағың тоқ болады, қарғамен іcтec болсаң —шоқығаның боқ болады. Осы сөздің дұрыстығына көзім жетіп, билікті тастап отырмын» — деп жауап бepіпті. Mінe, тектіліктің, кісіліктің көл бегі қайда жатыр. Және сол Тоқсан би біp сөзінде:

— «Жақсы болып, залым болсаң, залымдық бұрын аталар,

Жақсы болып, әділ болсаң, мініңді сенің кім табар?» — дейді. Mінe, өнегелі сөз, үлгі аларлық ғибрат. Ендеше, оларды түгендеп-тауып ел кәдесіне жаратып, келер ұрпақ игілігіне мирас етіп қалдыру біздің қасиетті борышымыз. Peті келгенде бұл бағытта тағы біp жақсы шаруа тындырылып жатқанын айта кетсем артық болмас. Ақтаңдықтар орнын толтыру мақсатында «Бабалар cөзі — ақылдың көзі» атты жинақ құрастырып, баспаға әзірлеп жатырмыз. Бұл кітаптың құндылығы осы өлкенің аты мәлім, беймәлім би-шешендердің өміp дерегінен мол хабардар етумен біpгe олардың өмірлік пәлсапаға толы шешендік, нақыл сөздерін, белгілі 6іp уақиғаға қатысты ұтқырлықтары мен дау-дамай бітістердегі тапқырлықтары, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты баталары мен астарлы айтылған сөздері мол қамтылды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында —«өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдықтарды жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, көркем, ғылыми толық дәстелерді шығарудың мәселелері ерекше өзекті болып отыр» — делінген. Аталмыш кітап осы олқылықтардың орнын толтыру жолында республика көлемінде жасалып жатқан іc-шаралардың жалғасы. Халқымыз би-шешендерге кенде болмаған. Сол билерді ешкім тағайындамаған, өзінің ақылгөй даналығымен, ойға жүйрік, сөзге шешендігімен көзге түсіп «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандарды» халық өзі қалап, би сайлап алған. Олар да халқына адал қызмет еткен. Орайы келгенде ортаға біp тастамақпын. Егемендік келіп, еңсеміз тіктелген тұста сан мыңдаған жылдардан жалғасып, кешегі би-шешендерге дейін жеткен ұлттық қадір-қасиетіміздің айнасы секілді дәстүрлі шешендік өнерін қайта жаңғырту ләзім. Ол үшін бұл дәстүрді кеңінен насихаттауды қолға алу керек деп білемін. Балабақшалар мен мектептерде, жоғары оқу орындарында әр жас кезеңіне лайықты сөйлеу мәдениеті мен техникасы секілді оқып-үйрену үрдісін енгізу қажет. Бұл ұлттық сипат алу керек. Бүгінгі Конференцияда негізгі тілге тиек болып, зерттеу мен зерделеудің нысанына айналып отырған «Қазақтың ата заңдары» атты іргелі еңбекке қоса, осы бағытта жарық көріп жатқан барша танымдық-тағлымдық дүниелер арасынан таңдаулы дегендері іріктеліп, судьялар дайындап жатқан магистратурада, заң факультеттері мен заң колледждерінде оқу-үйрету құралы ретінде пайдаланылса, оның болашақ заңгерлерге берер ғибраты мол болмақ.

Конференция жұмысына табыс тілеймін!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙