Мазмұнға өту
Home

Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы 29 том

Мейрамбай Қибасов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы 29 том

Авторы: Мейрамбай Қибасов

Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы

МЕЙРАМБАЙ ҚИБАСОВ

БІРҒАЛИ БАЙЕКЕЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Айдарбаев Алик Серікұлы – алқа төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі. Әріп Ғалым Бисембіұлы – алқа төрағасының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы Маңғыстау облыстық филиалының директоры

АЛҚА МҮШЕЛЕРІ:

Тұрғараев Бекет Тұрғараұлы– облыс әкімінің кеңесшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор. Өтегенов Айтуар Оспанұлыақын, (кітапты құрастырушы, жауапты шығарушы-редактор), Қосбармақ Рахат Құсайынұлыақын, (жауапты редактор), Мыңжас Темір Мыңжасұлыақын Өлке қаламгерлерінің шығармаларынан мағұлымат беретін «Маңғыстау ақынжазушыларының кітапханасы» сериясының 50 томдығы Маңғыстау облысының құрылғанына - 40, Ақтау қаласына 50 жыл толуына арналып шығарылып отыр. Бұл томға ақын, белгілі журналист Мейрамбай Қибасовтың, ақын, суретші, сазғер Бірғали Байекеевтің таңдамалы шығармалары енгізілді. Мейрамбай ҚИБАСОВ ӨМІР ӨРНЕКТЕРІ өлеңдер

1946 жылдың 1 мамырында туған. Кәсіпқой журналист. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі. «Аман бол, атажұртым», «Өмір өрнектері», «Ар-екі, ұят-үш әріп», «Маңғыстау, сенің жеріңде», «Өнегелі ұл-қыздары өлкемнің» атты кітаптардың авторы. Ақкетік қаласының160 жылдығына орай өткізілген ақындар мүшәйрасында 2-ші орын алған «Абыз қала» атты тарихи-лирикалық толғауы «Ақкетігім-арқауы әнжырымның» /2-ші кітап/ жинағына енген.

Маңғыстау облыстық «Маңғыстау», Жаңаөзен қалалық «Жаңаөзен» газеттерінің бұрынғы бас редакторы. Политехникалық институттың мұнай факультетінде оқыған. ӘлФараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

ӨЛЕҢ БОЛҒАН ӨМІРДІҢ ӨРНЕКТЕРІ

АНАМА ХАТ Жаз тектес дидарыңда ақ таң күліп, Жамандық атаулыдан сақтандырып, Ан-а-у кезде, анашым, салған едің, Өмірдің сапарына аттандырып. Сөйтіп, мен, қасыңда көп бола алмадым, Шақырып шалғай шепке бал арманым. «Келмеді,-деп ,-ұлымнан хабар неге, Толтырған да шығарсың жанарға мұң. Қол созып жүрсің-ау сол көктеміңе..., /Ойланып отырғам жоқ текке, міне./ Толассыз ағып өткен тарпаң жылдар, Әжімдеп ақ жүзіңді кеткені ме. Жан ұлың, айналайын асыл анам, Енуге құшағыңа асық әмән. Мен енді саған қарай сағынышпен, Өлеңнің өзені боп тасып ағам.

АРМАН ЖОЛДАР Жазылған жоқ өмірдің дастаны әлі, Арман-жолдар алысқа баста қані. Тұлпардай от тұяқты көсілейін, Самал боп сары белден есілейін. Көрінейін сонау бір шың басынан, Жасыл орман жанымнан тыңдасын ән. Арман ауылы жайлаған бағытты алып, Сөнсем егер сөнейін, жанып барып... Жазылған жоқ өмірдің дастаны әлі, Жолдар, жолдар! Қанеки, баста мені. ЖҮРІП КЕЛЕМ... Күн көзінен өңіме нұр сіңдіріп, Өмір, өмір, сен маған тұрсың күліп. Бал шарабын бақыттың жұтсам кейде, Кей сәттері қоясың күрсіндіріп. Сонда қалай? Қиынға көнейін бе, Жанбай жатып шынымен сөнейін бе? «Жоқ» деген сөз жетелеп сонда мені, «Жоқ» деген сөз жатады көмейімде.

Сөйтем-дағы теңіздей тасынамын, Тасынамын, ертеңге асығамын. Жүгім ауыр болса да, жолым алыс, Тұрады ылғи өзің боп ғашық әнім. Бағыттан тайдыра алмас күдік деген, Қашанда жаным егіз үмітпенен. Өзің аттас бұралаң жолда үнемі, Жүріп келем, әйтеуір, жүріп келем. ЕСЕП БЕР Бағыштап сөздің ауырын, Бораса саған өсектер, Қаймықпай сонда, бауырым, Адалдығыңмен есеп бер. Іс түсіп басқа тұрса егер, Төзімді әсте тауыспа, Ол ертең саған нұр себер, Адалдығың болып қорғаның, Әлемге барша дауыста!

СЫР Қамын ойлап тек қана қара бастың, Жүрмін бе екем? Ол маған жарамас тым. Жақсылық жайлауының гүлін жиып, Ей адамдар, ортаңа араластым. Араластым жазира жүрегіммен, Арайлы таң танытып гүл өңімнен. Мұратқа да қол созсам күткен алдан, Өздеріңнен тәлім ап жүремін мен. Жаз тектес жанарымнан шуақ тамып, Кіршіксіз көңілімнен күй ақты анық. Шулы екен орталарың, думан екен, Толқыдым мен көл беті сияқтанып. Бойымнан мөлдір сезім айықпаған, Жанмын ғой өмірді мен жай ұқпаған. Қамыққан сәттерімде, ей адамдар, Тұрсаң болды құшақты жайып маған!

ДАРА ШЫҢ /Абай Құнанбаевқа/ Шабыттың шалқар, мекені болған дана ойдың, От ескен жыры ғашығы болған талайдың, Есімін Абай ғасырлар арғы жағынан, Лапылдап тұрған жанартауға мен балаймын. Қараңғы қазақ табанда талай тапталған, Мұң буып жанын, көз жасын тыймай ақтарған. Жарыққа бастар жаңа бір жырлар туындап, Кеудесін ақын тасытып алға ақты арман. Санаға сан ой, бойына асау кек түнеп, Ел үшін қам жеп, қайғысы оның кетті үдеп. Алысып мыңмен, жауына көзін алартқан, Алмастай жырын оқ етіп тынбай төкті кеп.

Өтсе де мезгіл алыстап әсте ара шын, Өлмейтін сөздер қатады бүгін жаңаша үн. Дарынмен асқан астасқан өршіл тұлғасы, Ұлылығын қазақ пәш етер мәңгі дара шың.

ТУҒАН ЖЕР ./Қошобаға барғанда/ Сағыныш жайлы жүрек нелер ән сап, Туған жер, дидарыңды келем аңсап. Кетеді-ау осындайда көңіл шіркін, Өрекпіп, бір тасыңды көре қалса-ақ. Беу далам!Жатырмысың көсіліп кең, Бұлағыңдай мөлдір қып өсіріп те ең. Қанеки, алайыншы айнытпай-ақ, Көркіңді көкірегіме көшіріп мен. Жатқан анау жолменен қырға асылып, Кетуге тұлпар-көңіл тұр ма асығып. Аунайын көк беліңде көкке қарап, Қалсыншы мауқым менің бір басылып. Қадірін туған жердің жаңаша ұғып, Бара ма асау жүрек аласұрып Шығып ап өзім туған Майтөбеге, Шырқасам ба алысқа ән асырып. Сәл нәрсеге өкпелеп, асыға ойлап, Кездер қайда жүретін асық ойнап. Сағыныппын...үнімде діріл бар ғой, Сеземісің сен оны асыл аймақ. Ағат болар япыр-ау босағаным, Аттап тұрып төріне Босағаның. Сәлем саған, мекенім,қасиетті, Сәлем саған,таулары ҚОШОБАНЫҢ!

Тұрмын тағы , Қошобам, төсіңде кең, Еркін жұтып ауасын, көсіл денем. Қайда жүрсем көңілде туған жерім, Қалған емес жырақта осы үн менен. Алғаш осы жазира даламда кең, Көз тігіп көкжиекке алаңдап ем. Көкейімде бір тілек тұрды сонда, Шырағың боп алаулап жанам деген. Бойымда шешек атып жарқын қылық, Осы жерде қияға талпынды үміт. Өскенмін қызық қуып, жүрмесем де, Өмірдің алға тосар шартын біліп. Көп теріп қырларыңда көктем гүлін, Есімде есерлікпен өткен күнім. Анамдай мейіріміңді аямай-ақ, Алтын күн аспанымнан төккен нұрын. Келдім, міне, оралып далам асыл, Баяғыша қойныңда салам асыр. Менің саған айтарым сағынышым, Қане, қандай болады балаңа сыр?

*** Балауса едім деміңнен нәр ап көктеген, Туған жер, сенен кетпеспін, сірә, шетке мен. Қалдырған сенде балалық балғын шақты аңсап, Болды ма кезім сағыныш күйін шертпеген. Күс табан жортып іздерім қалған сары алап, Отырмын үнсіз өзіңді оймен аралап. Бетке ұстап сені сыңсыған құстар тізбегі, Шалқыған көлдей сағынышымды барады ап. Сәулесін жиып бойыма сансыз шырақтың, Далаңдай дархан болуды бастан ұнаттым. Мекендеп мынау кеудемді мәңгі қалған ба, Жайраңдап аққан мінезі мөлдір бұлақтың. Тамызда сарша аспаның тамшы татырмай қалса да, саған мен бе екем қарар жатырқай. Арманның алғаш үрлеген отын, тұрағым, Ыстық ең неткен алғашқы махаббатымдай.

ТІЛЕК Жүрген жолды тұр ғой , сірә, өлшеп күн, Арқаладым жастайымнан жақсы үміт. Жарқын оймен болашаққа жол шектім, Серік болып сезімдері жақсылық. Тілейтінім-бөлмесінен әр үйдің, Жатса екен бір күміс күлкі естіліп. Тілейтінім-бүгінгі жас сәбидің, Пәк болуы кеткен кезде ес біліп. Тілейтінім-арайлап таң атары, Сан арманның жібек жібін жалғаған. Тілейтінім-оңды болып сапары, Жүре бергей тоқтап қалмай жолда адам. Тілейтінім-шықпасын тұншығып үн, Қуаныштан көздерде жас тұнып қал! Тілейтінім-бұл дүние тіршілігін, Аяласын тек қана жақсылықтар!

ТҮЛЕГЕН ТҮБЕК. Өгейлік көріп, өзегің талған тірліктен, Замандар өтті төсіңде тұлпар дүрліккен. Ал бүгін саған тігеді әлем жанарын, Аймалап барлық нұр біткен. Десеңші қандай мазасыз мына шақтарың, Думанмен қарсы ап күніңнің әрбір ақ таңын, Ғасырлар күйін шертеді мұнаралар мен Зауыттар, комбинаттарың.

Ерліктер қанша жасалып сәтте қас-қағым, Жасампаз қолмен жазылып жатыр дастаның. Ертеңің үшін қияға талмай жүр самғап, Жарқын жүз замандастарым. Тылсыммен терең тілдесіп жүрген-күреп кен, Тұлғаңа мынау ынтызар, ыстық жүрекпен, Солар ғой шөлге қалалар көркем орнатып, Денеңді тұтас гүл еткен. Есімің, өлкем, жүректе небір жатталған, Өзің деп қана айтады әсем бақтар да ән. Көнермес сенің көркіңді жүрмін армандап, Көрсем деп болашақтардан! Маңғыстау Талай ғасыр мылқау жатып, ат тұяғы таптаған, Кең даланы жаңғыртуды еншісіне апты адам. Мұң қарыған жүректерін өксіп өтті-ау бабалар, Қиял етіп, жақсы күнді көңілінде жаттаған. Шулы теңіз толқынындай тулап бойда жаңа арман, Көз тігемін құмарлықпен бұл өңірге жаңарған.

Көкте жүзген ақша бұлтты сырлас қылып мұнара, Арман болып шақырады алау оттар тап алдан. Табиғатқа ерік беріп мұнда қашан тоқтады ән?, Саған деген махаббатсыз менде бір таң атпаған. Сенің жыршы құсың болып жер жәннәті, Маңғыстау, Анау нұрлы аспаныңа ұшуға мен шақ қалам. ТҮНГІ ДАЛА Сап тынып күні бойғы аймақ әні, Әппақ түн баурап алды айналаны. Дір еткізіп шөп басын сәуле сүйген, Жібек самал қыр төсін аймалады. Жарқын түнім, құмарлық сәттерімен, Күлкі таптым, қойныңды ақтарып ем. Мол шырақтар көктегі жатқандай ма, Тіл табысып мұнара оттарымен.

Маңғаз тауды ай төнген желкесінен, Сүйкеп өтті көшпе бұлт өркешімен. Жан сезімін тербеген әнші торғай, Арайлы ақ түнімнің еркесі ме ең. Бір қиял тартады алға асықтырып, Көңілдің дариясын тасыттырып. Жат қылған жабырқауды қайран өмір, Мені өзіңе қойдың –ау ғашық қылып. Ауыл кеші Көк айдын көлбей жүзген жырақ қалып, Алып күн ұясына құлапты анық. Табиғат сыйын алып, сән түзеді, Тұлғасын кешкі нұрға қырат малып. Жетуге мекеніне бола ма асық, Алысқа ақша бұлттар барады асып. Сал жігіт-самал да жүр бойжеткеннің, Қолынан орамалын ала қашып.

ЖАҢА ЖЫЛМЕН СЫРЛАСУ 1. Сәлем жарқын жаңа жыл! Ақ сезімдерге толы арманым ба едің аңсаған, Артарым көп-ау осындай сәтте дәл саған. Шұғылалы күннің шуақтары тиіп еншіме,

Қызықтап сені, тамсанам. Көтеріліп көңіл, ән салам. Шабытым шалқып, өт болып жанып, өзіңмен, Жұптасып жатыр бар санам. Дуылдап жатыр барша маң. Жайлы өмірімді жаңғырта келген Жаңа жыл, Қуана сені қарсы алам. 2. Қалайша ғана таспайын?! Арайын төгіп алаулап тұрған ақ таңда, Әуезді әуен бойымды тербеп жатқанда. Табиғат сыры ашылып, Маңғыстауымда Қара дариялар аққанда. Дүбірлі мына дәуірдің ертеңіменен тілдесіп, Қиялым қанат қақты алға. Қапас заманда күн кешкен бағзы бабалар, Тамшыдай бақыт тапқан ба?! Айнала-жерге сән қосып, жанарыңа сәуле жинаған, Өзіңдей қызу шақ бар ма! 3. Қол созып алдан болашақ, Асығыс келем, аялдау деген жоқ мүлдем. Заңғар ойларым тұңғиық ашып, көк тілген. Алып корабльдермен алқызыл жалау көтеріп, Айға да самғап кеттім мен. Шырақтар жағып, даланы меңіреу түлеттім, Дауылдай асау екпінмен. Дүниедегі түнекті серпіп, тілгілер, Жарқылдап жүрер отпын мен. Айналдым сенен, Жаңа жыл, аңқылдап ашқан кеудеме, Ақ қанат арман боп кірген.

СЕНСІЗ ЖЕРДЕ... Менің кеудем сен үшін тұрақ дәйім, Сенсіз жерде сөнген бір шырақтаймын. Сенсіз жерде жүректі мұң тілгілеп, Сенсіз жерде арнасыз бұлақтаймын. Сенсіз жерде сан түрлі сезімдемін, Сенсіз жерде шат болар кезім де кем. Сенсіз жерде сансыз ой қыспаққа алып, Менен мүлдем қашады төзім деген. Сенсіз жерде мәнсіз-ау ақ таң-дағы, Қолын бұлғап қаланың жатқан бағы. Сенсіз жерде күңгірт боп арайлы шақ, Жайлы әуендер жадымда жатталмады. Мен де өзіңдей өмірдің бүршігімін, Нұрландырып жанымды жүрші, гүлім. Қимасымдай көрінген жан сәулешім, Тек сенде ғой жайдары тіршілігім.

АҚЖАРМА АҚЫН /Т. Айбергеновке/ Жырыңнан көрдім бейнеңді, Көргем жоқ, бірақ, бетпе-бет. Білемін, шат қып кеудемді, Бір нөсер құйып өткен ед... Тасқындап бойда өр екпін, Қиянға құлаш сілтедің. Жалыныменен жүректің, Төгілді-ау сел боп жыр тегін. Серік боп әр кез от арман, Сырластың келешектермен. Мезгілсіз шығып қатардан, Қалайша өмір шектелген?

ӨМІР Өмір ме? О бастан ғашығым, Сүйемін сол үшін, достарым. Ол маған естілер асыл үн, Ол десе қуандым, тасыдым. Оны мен сүюден бастадым, Ол менің қашанда жақсы әнім, Көмейде әйтылып бітпеген. Сеніңдер, о менің достарым, Шапақты шырайлар күт менен. Тыныштық жат болған жас жаным, Дауылды кезеңге асық тым. Аяулы армандар-асқарым, Өмірге осылай, достарым, Ерекше сезіммен ғашықпын. АҚТАУ /Төлегенше/ Қол созып күнге пердесін көктің бүркеніп,

Биіктен шырқау теңізге қала тұр төніп. Кеткен бе дерсің шырақтар көзін ашқанда, Көкірегін оның нұр көміп. Дүбір қып маңды атса егер таң күліп, Сұлулығын әсте шағалалар жүрер ән қылып. Қала ішін сонда думанға орап жатады, Толассыз мұнда жаңғырық. Толқынның демі жанарында тұнса жас талдың, Тіршілік сазы кернеген төсін аспанның. Бұл аймақ сыры жетер-ау келер аймаққа, Парақтары болып дастанның. Қайғысын тосқан қасірет кезең алыс қап, Қойнынан бүгін бақыттың шалқып әні ұшпақ... Жасампаз қалам пәш етіп өзін барады, Нұрлы ертеңдерге қарыштап.

АҚ ЖАҢБЫР Дүние түгел тұр тынып, Айтар ма сірә басқа «әнді» Аспанның төсі жыртылып, Ақ жаңбыр, міне, басталды. Жағасын бұлттың сілкілеп, Найзағай еркін салды ойнақ. Ақыннан өзге жыр тілеп, Өң түзеп, шіркін, қалды аймақ. Далаға жинал, ал, тұрың, Жоғалды аптап, отты ызғар. Жалатып нұрға балтырын, Барады күліп көп қыздар. Жайнауы үшін қырым гүл, Керек-ақ екен нұрың бір. ...Ыс шалған көңілдерді де, Табиғат-ием жуындыр.

КҮЙШІ Бар екен өн бойында дарындылық, /Қалмақ емес ол қазір барын бүгіп/ Күйші отыр қаумалаған дүйім жұртты, Құдыретті күй сазына бағындырып. Соған елтіп айнала тынып қалған, Сезімдер шайқалғандай тұнып тұрған. Мына күйде зар заман елесі бар, «Алқа көл, сұламадан» сыр ұқтырған. «Сары жайлау» самалы да ғашық қылған,

«Көбік шашқан» күйімен тасып тұр маң. Енді бірде мергеннен бас сауғалап, Барады «Ақсақ құлан» асып қырдан. Домбыраға ерекше дүбір енді, Дала да, тау да, өзен де күңіренді. Атойлатқан «Адайлар екен ғой бұл, Жау шошыған ақиық түрінен кіл. Серпілтіп сансыз ойдан бір топ елді, Күй тізгінін біртіндеп ірке берді. ...Көздегі тамшыларын ақ әжелер, Жаулығының ұшымен сүрте берді.

БАЛА ШАҚ Қаламын кейде тым үнсіз, Көрген бе ойлар тоқталып. Кетті ғой күндер тынымсыз, Балалық балғын шақты алып. Еншім боп дала көлбеген, Есімде...талай қырды астым. Кеудемді тосып желге мен, Самалмен жазғы сырластым. Сездірген кезде күз демін, Ызғарға сол бір төзе алмай, Шулаған құстар тізбегін, Шығарып салдым көз алмай. Жағасын жай қып ақ бұлақ, Санаушы ем көктің жұлдызын. Сағымды қуған шапқылап, Жатырған шығар құмда ізім. Шақырса алға болашақ, Арманым шығар ол менің. Әйтсе де балғын бала шақ, Өзіңді аңсап, шөлдедім.

МАМЫР АЙЫ Көгілдір белден көрінген сәтте ақ таңым, Сандуғаш құстар сайратып кетті бақта әнін. Мейіріммен өпкен, шапағын төккен ару Май, Армысың, арман шақтарым. Көгілдір әлем. Төңірек тегіс көкпеңбек, Жас қалам менің жайраңдап жатыр көктем кеп. Жондардың құба гүлдерін еске түсірер, Көшеде қыздар неткен көп! Жер үстін шалқар қуаныш жайлап кеткен бе ей, Шаттықтың үні барады заңғар көкке өрлей. Жасарып мәңгі жайнасын жалпақ ғалам бұл, Бақытты күні шектелмей.

ҚҰРБЫМА Бойыңды баурап сан арман, Күткендей алдан шабыт күн, Жас тамып мөлдір жанардан, Құрбым-ау неге жабықтың? Жалт етіп жаңа өтті не, Қарайсың неге әйнектен? Ой тастап әлде кетті ме, Екі жас анау әндеткен. Есіңе , мүмкін, оралған, Серттескен сол бір жаға ма? Көбікке әппақ оранған, Ақ қанат әлде шағала. Тыңдап ап жүрек дүрсілін, Куә боп қалды-ау сонда ақ түн. Жарды ғой талдар бүршігін, Күтіп ал жанын солдаттың.

СОЛДАТ СӘЛЕМІ /»Анаға сәлем» әнінің әуенімен/ Мойнымда борышым, Жүрмін ғой шалғайда, Көп ойлап ол үшін, Анашым, сарғайма. Өтер күн ағылып, Сәулеңді құшармын, Ашылар сағынып, Мейірбан құшағың. Бойыма тараған, Ақталар ақ сүтің. Қадірлі жан анам, Күте бер жақсы күн. *** Мен-комсомол. Бойымда тасқын екпін, Жүріп өткен жолдарым айқын маған. Мен дауылдан жаралған тас түлекпін,

Мен сұлу ән әлі де айтылмаған. Табындырған хас жауын, түнек тілген, Мен айбынды Корчагин семсерімін. Жапан түзге жайқалтып гүл ектім мен, Ауыр жылдар ақтадым ел сенімін. Талай сында тұлғамды шынықтырып, От кештім де, жалынмен тыныстадым. Берген маған заманды шын ұқтырып, Ол-партия, ол менің туысқаным. Мен асаумын қызуы басылмаған, Мен-косманавт, қонағы көк төрінің. Мен алыппын ажалға бас ұрмаған. Мен жазылмақ тарих беттерімін. Мен қайратпын күшіммен тасты үгіткен, Аспандағы ақша бұлт жасынымын. Мен келемін алаулап жақсы үмітпен, Ей болашақ! Қабылда ғасыр ұлын!

СОЛДАТТАР Даламды жайлап тосын мұң, Түскенде белге салмақтар, Қасқайып қару асындың, Қаһарлы жүзбен, солдаттар. Күркіреп ол кез тұрды аспан, Өмірге ажал жолдап дәл. Әрқайсың болып бір дастан, От кештің сонда, солдаттар. Жүзіңде кектің оты ойнап, Жаныңды жайлап ардақты ар, Атылдың алға атойлап, Отаның үшін солдаттар. ...Арманға арман ұласып, Бақытты әуен тынбасын. Сезімдер балғын гүл ашып, Жүректер мәңгі жырласын. *** Түспесін қайтып сол дақтар, Ұмытпа мұны, солдаттар. ГЕОЛОГ ...Шақырып тағы шартарап, Төскейден соққан самалға тосып кеудеңді, Аяңдай басып барасың арман-жүгіңді арқалап,

Ұсынар нені белгісіз алғы күндерің, Әйтеуір сенде ағысы қатты бар талап. О геолог бауырым, Шатқалдан сонау салмай ән, Құмарың қалай тарқамақ? Жүресің солай тынбастан, Көсіліп жатқан құла түз саған мекен боп, Тамшысын қимай сазарған сәтте нұрлы аспан, Бұталар сансыз жаныңа сая бола алмай, Аптапты күнде табаның ыстық құм басқан. Сахара кезіп тілдескен қара таспен де, Өмірің сенің-тың дастан. Үйіңнен ара алшақтап, Кеткен бір күнде далаға біткен төзіммен, Көрмедің, сірә, қиындықтардан жан сақтап, Мерейің сонда күштерден дүлей үстем боп, Күлесің ылғи таңша әппақ.

МЕЗГІЛГЕ НАЗ Жылдам ең ағын судай жылдар неткен, Екпініңде ерекше үн бар ма өктем. Ес кіріп жетегіңе ергеннен-ақ, Өн бойымнан сынақ пен сындар да өткен. Әкетіп шалғай шепке балғын күнді, Желімденіп желкеме бар мұң мінді. Дегеніне көндіріп, ерікті алып, Шалмады екен жалғанда шалғың кімді. Уақыт! Неге өзгерттің жас күнімді, /Адам үшін ол нағыз басты ұғым-ды/ Сен тастаған беттегі бедерлерге, Досыммен қатар әні қас та үңілді. Тарту еттің ақыры қарттығыңды, «Кешірмеспін» ешқашан тап мұныңды Қатулы қабақпен сен қаққанда есік, Көтеріңкі көңілім шарт бүлінді. Бұ немене? Сенен сонша кеткен тыным, Бәрінен нысанаға жеткен бұрын? Күз айналып, жаз жетіп, солып қалды, Кешегі көкорайда еккен гүлім. Қайран қызық күндерім сағымданды, /Менде де саған ұқсас арын бар-ды/ Өмірбаян өрілген дәуренімде, Куә боп барлық жәйға жадым қалды. Мезгіл-ай, өз ырқыңа бағындырдың, Көз жазып көктеміммен санымды ұрдым.

Жабырқайды екенсің жастық атты, Маңдайыңнан тайғанда бағың бір күн. Ойларым ойқастайды басымда мың, Жанарымда жарқыл жоқ. Жасырмадым. Көлденең көк аттыдай желе жортқан, Мен биыл Мұхаммедтің жасындамын. Темірхандай мен-дағы аз көрмедім, Даң-дамаза, қиқулы сазға ергемін... Ғафу сынды «еңбекпен күнде ағарып», Қоғамыма үлесті аз бермедім. Алпыс үш жыл. Өткені-ау соншама жаз, Бала емессің болатын баршаға мәз. Тегі қатты тентегім, сөге көрме, Айтты деп бағыныштың қаншама наз. Жер бетінен естілмес дауысың мәңгі, Ағып-ағып бұлақ та таусылған-ды. Солай, солай. Бұлыңғыр алдымызда, Беймілім, енді қанша маусым қалды....

ШАМШЫРАҚТЫ ШАҺАР. /Ақкетік қаласының 160 жылдығына арналған тарихилирикалық толғау/ «И тени мертвых городов, Уныло бродят по равнине/. М. Волошин.

Маңғыстау жеткен жер-ді бабалардан, /Мен сендей Жерұйықты таба да алман/ Археология ғылымы айтатындай, Болыпты ерте кезде қала бар маң. Тау мен тасың, қазына-сандық бәрі, Ашып қал да сырын ұқ, аңдып қані. Шер тарқатар зерттесең Шерқалалар, Солардың сарқыншағы, қалдықтары. Өткізген талай сынды бір басынан, Көрінген...сонадайдан...қыр басынан, Қарт түбегім, іздеймін кескініңді, Тереңдерден –тарих тұнбасынан. Қалғансың тым әріде таңбаланып, /Барлығын бағамдау да арман анық/ Көрмеге, көп алдына тартқым келер, Жер бетінен тек сені таңдап алып. Білемін ақ таңыңда арай барын, Тәнті боп соған үзбей қарайладым. «Ару ең ұйқыдағы, ояндың да,

Бақытқа кенелгендей бар аймағың. Соның бірі байырғы Кетік қала, Сырына жас, кәрі мен жетік бала. 160 жыл толатын саған арнап, Өлең түздім өзгеден етіп дара. Тұла бой тұңғышысың түбегімнің, Жүз өзгеріп ныспың да, жүдедің мың. Туған жерін сағынып әкем айтқан, Қалып қойды мәңгілік жүрегімде үн. *** Теңізге ең биіктен қараған тік Жарқабақ-атаныпты Қараған түп. Құбылаң Қызылөзен, Сәубет сәнді, Саурада бар қадеге жараған күп. Қарағантүп немесе Түпқараған, Жарқабақ тұр Хазарға тік қараған. Тап астында ескінің ескерткіші, Форт-Шевченко-әуелден құт дарыған. О кездері...кетіпті өтіп істер, Өзекті көп өртеген өкініштер. Қазақты отарлауға сахарадан, Салынған сансыз белгі-бекіністер. Түздікті бағындыру амалдары, Жасалып жатты ілкі қадамдары. Пайда болған осылай Адайжұртта, Қызылтас пен Қорғантас қамалдары. Мың сегіз жүз отыз төрт жылы ма екен?.. Үстірттің үстіндегі жылы мекен, «Жаңа Александр» атанып шыға келді, Патшаның Жарлығымен сыры бөтен. Адам санап кім сенің сөзіңді ұқты, Ел болғанмен еңселі, төзім мықты. ...Қиялы қия шалған әскерилер, Осы тұстан Хиуаға көзін тікті. Жүргенде дендей еніп, сүзіп қырды, Емешегін ертеңге үзіп тұрды. Кесіп-пішкен кеңінен келешегін, Оларды Түпқараған қызықтырды. Осылай ұйғарылса амал не енді, /Адамдардан артында қалар белгі/ Орынбор әкімінің әмірімен, Дүниеге тағы да бір қамал келді. Жергілікті халыққа бәрі анық –ты, Оқыс хабар Ордаға таралыпты. Мың сегіз жүз қырық алтыда-біткен жылы,

Жаңа Петр атауын ол алыпты. Адай, түркмен қыжылын жасқап әрі, Коменданттың Петербор асқан әні. Жағалаудан жай тапқан көне шаһар, Тарихы сол кезден басталады. Жаңалық қамалдарға ере келген, /Қазекең барлығына көне берген/ Төсінде бой көтерген нысандарға, Есімін ақ ағзамның бере берген. Қарсы тұрмас Жарлыққа батылың да, Егеулі найза қолда-батырың да. Он үш жыл өтісімен Петр –қала, Атанды Форт-Александр ақырында. Билік оны ұстаған абақты қып, Барған сайын маңызын баратты ұғып. Жазалап ап айдаған солай қарай, Кім көрсетсе тентектік, ағат қылық. ...Арманы емес адам аласа тым, Ниеті ізгілікпен жарасатын, Он тоғызыншы ғасырдың ортасында, Табылды өлкемізден Тарс ақын. Дәуірінің ұлы еді ол ақ маңдайлы, Өзі аңсаған өмірді таппай мәңгі, Кирилл-Мефодий ұйымына мүше болып, Өпірім өкіметке жақпай қалды. Өлеңімен өрт ескен сия алмады Өз жеріне. Отбасын қия алмады... Тағдырынан таяқ жеп, жер ауған-ды, Тас қамалға-түбекке қияндағы. Ойы оның кім-кімнен де ілгері еді, Сондықтан шетке итерді іргелі елі. Ызаға булыққаннан айтты ма екен, Маңғыстауды «құлыпсыз түрме» деді. Сыйлаған айбары асқан ақындықты, Өжеттік пен өткірлік, батылдықтыҚазақтарым қонақты жатырқамай, Мұңлық жан деп жанына жақын тұтты. Өйткені, ол кісінің нарқы нән-ді, Өлмейтін өлеңімен –арты мәңгі. Түбекті «құдайына қарғатқанда», Запыран-зар жүрегін шарпыған-ды. *** «Отырықшы қашаннан ел едіңдер, Балық үшін шет жұртқа жөнеліңдер. деді патша.-Теңізге иек артып,

Барыңды сап, байлыққа кенеліңдер. Қақалмайсың. Қарпып қал ырыстан дәл, Жабайы, жапан түзден ығыспаңдар» Сол-ақ екен, сірескен сең қозғалып, Бірін-бірі қолдады ұғысқандар. Тастай салып туған жер, қоныс, бәрін... Қарашы, қанша тағдыр тоғысқанын! Ішкі Ресей-Орынбор, Астраханнан, Бері қарай ағылды орыстарың. Жақсы болды үкімет үн қатқаны, Игеруге тың жерді ым қаққаны. Сөйтіп, шапшаң салынды станица, Николаевск-жағада, құмдақтағы. Орындалып ілезде жат арманы, Кезенді кедейге бай қаһарлары. «Арпа ішінде бір бидай» жүретіндей, Есте көпес Дубский Захарлары. Ізгі жанның іш-сыртын кім ұқпайды, Ондайға көңілін ешкім суытпайды. Қазаққа кәсіп және нәсіп берген, Зекеңді де ұрпақтар ұмытпайды. Жақсылығы ел жадында сақталыпты, Танытқан талайларға мәрт қалыпты, Аташта-Қандықыстау іргесінде, Ескерткішке Захар боп бақ қалыпты. *** Ей, халқым, барыңды сен абайлағын, Жоғалтпай ер мінезін, талайғы арын, Үстемдіктің бұғауын үзбек үшін, Екі рет көтерілді адайларым. Содан бері қаншама су ақпады, Сарқылмай, таусылмай-ақ қуат, нәрі, Қамалға басып кірген, естілгендей, Сарбаз мінген тұлпарлар тұяқтары. Болмаған боздақтардың бос арманы, Бір сабақпен байланған қос арманы, Көз алдыңа әкелер, қол бастаған, Халықтың Иса және Досандары. Емес ерлер желөкпе сезімге ерген, Қаймықпауын-темірдей төзім дер ме ең. Ақкетігім, басыңда бағың бар-ау, Арыстан жал арыстар көзін көрген. Іңкәр сезім жүректе тасып-толған, /Әттең, әттең, өкініш тосыпты алдан/ Түрмеде кешірімсіз үкім шықты,

Қайыпқа, Ақбөбекке ғашық болған. *** Жылдар жылжып, болыпты астан-кестен, Әр оқиға дүмпуін бастан кешкен Қала ғой бұл. Қадірі асқандықтан, Өмірін тұрғындар тың дастан дескен. Ғажап-ты жаңа дәуір таңы атқаны, Өзіне өзге үмітпен қаратқаны, Ұмытылмас ештеңе, сарғайғанмен, Тарих кітабының парақтары. Он жетінші жыл. Төңкеріс. Елең-алаң. Келмеске кете барды «көне» заман. Көп ұзамай Кетікке атау болды, Есімі Урицкий деген адам. Сан тартысты саяси майдандарда, Сағың сынбай, батпадың қайраңдарға. Орталық мәртебесін иемдендің, Адай уезі ауданға айналғанда. Әуестеніп көр-жөрге, қайдағыға, Қалам тартпан. Торғай жаққа Бара жатып, Жанкелдин із тастаған Жасағымен. Жолынан таймады да... Дейтін кез: уақыттың өліарасы, Абыр-сабыр...толқулы ел арасы. Өткізді тарихи өз съезін, Әлниязов-ревком төрағасы. Амал іздеп ақыры сақтар басты, Паналап тасалакр мен жақпар тасты, Осы арамен басы ауған жаққа қарай, Толстовтық бандылар-ақтар қашты. Қолына Алаш туын ұстап еппен, /Бастаған ұлы ісіне ұста неткен!/, Шетелге кеткенінде Форт үстімен, Түркістаннан Шоқайұлы Мұстафа өткен. Рас, Кобзарь-ақынның нарқы нән-ді, Өлмейтін өлеңімен арты мәңгі. ...Мың тоғыз жүз отыз тоғыз жыл ішінде, Атауды большевиктен «тартып» алды. Құйындатып тып-тыныш жатқан қырды, Соғыс желі Германия жақтан тұрды. Жылап-сықтап Маңғыстау, амал қані, Боздақтарын майданға аттандырды. Төрт жыл өтті. Талып күткен Жеңіс келді, Күлкіге орап ой мен сай, еңістерді. Қан қақсаған халықтың өңі кіріп,

Жиырылған қабақтар тегістелді. Алды, сөйтіп, тереңнен дала демін, Жайлады жарқын ойлар сана көгін. Ғасыр жарым жақсыны, жаманды да, Басыңнан кешкен қайран қалам едің. Қалам едің ауасы жанға дауа, Қасыңда қасиетті Қаңғабаба. Өткенің мен өзгеше бүгініңе, Қараймыз қызыға да таңдана да. Еске алсақ елеуліні-ол айып па, Бар жәйға барынша әділ болайық та. Кезінде төр ұсынды Форт-Шевченко, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа. Ауатынын қайтерсің аңсарының, Адамдардың, суына Тамшалының. Құмарлығың басылмас иіскесең де, Жағадағы құлпырған қанша гүлін. Аталатын жағдай-ды ардақталып, Маңызы мен мәні де салмақты анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев, Көрген-ді көркем жерді арнап барып. Бай мекен ақиқатқа, аңызға да, Тәрізді шежіре-шал, нағыз дана. Ұлағатты ұлдарға ұя болған, Атыңнан айналайын абыз қала! *** Толғасам адамдардан сыр байыпты, Жанымызды жалқын нұр мың байытты. Мақтан қылып сөйлейміз қайраткердіКазЦИК-тің төрағасы Мыңбаевты. Құнттамай жалқы тірлік-қара басты, Талай түлек талантын қалада аштыФорт дей-тұғын. Ағайынды Оңғалбаев, Жұбаевтар билікке араласты. Жұрт біледі офицер Көбеевті, Еңбегін «қайдан, кімсің» демей ұқты. Саңлақ сапы Қилыбаев, Баймұрзаев, Қызылбаев, Әлиевпен көбейіпті. Айтсайшы жақсы ісінің жарасқанын, Жаңғырып, ғасырдан да әрі асқанын. «Кім?»,- дерсіз ол.-Кәдімгі бағбан адам, Тәжиев-күтімге алған Тарас бағын. «Қырымның қырық батыры» дастанын да, Жатқа айтып, ғұмыры өтті қас –қағымда. Ұлы жырау Сеңгірбеков мұра-дауысы,

Қалықтаған қара шаңырақ аспанында. Замандастар жер бетін бір басыпты, Келісті келешекке бірге асықты. Қадірлейтін халқы бар Ыбыраев пен Тұманбаев, Қомытов, Құрмашевты. Нешебір азаматтар аты шықты, Өнегелі, өрелі-заты мықты. Ел есінде сақтайды Өмірбаев, Оразбаев, Нұрлаев, Сәтімовты. Шаруадан қолы қалт етіп босады ма, Сөйлесе шешен сөзін тосады да... Ат үстінде ертеден келе жатыр, Өжет қызы өлкемнің Досанова. *** Мезгіл озды. Тәуелсіз заман келді, Дербестендік. Ол бізге жаман ба енді? Шетелдік инвесторлар көмегімен, Жайнай түсті жан-жағың, Бәрі өзгерді. Кешегі мен қазіргі ара қашық, Атың озып, алысқа бара ма озып... Қанат жайған құрылыс қарқынымен, Секілденер кеткендей дала қашып. Өркен жайып істерің неше керім, Бар бағытта еңбекті еселедің. Әр үйдің төбесінен нұр шашырап, Бақ көмкеріп, көркейді көшелерің. Жөн шығар өз өңірін түлеткені, Жаңғыртып, жасыл желек гүл еккені. Жылнамасын жырменен жазып жатыр, Жаңа аудан-Түпқараған түлектері.

*** Айтқандаймын өлеңмен жанап бәрін, /Жар болғай баршамызға Жаратқаным/ Жұрт үшін, өзім үшін қандай жақсы, Адымдап болашаққа баратқаның. Жақсы сәтті әрдайым жан аңсаған, Ауғандай-ақ болады санаң соған. Мерейтойың күндері мерейленіп, Құтты болсын жолдаймын, қалам саған! Ұсыныс бұл ақының айта келді, Риза қып жайлаған байтақ елді, Шевченконы ресми шешімменен, Ақкетік деп атасақ қайтеді енді? Есесі бізде ешкімнің кеткен емес, Ескі атаулар...ол да бір өткен елес. Ұдайы ұлықталған ұлы ақынды, Украйн қазаққа еш өкпелемес. ОТПАН ТАУҒА ОДА. /Отпан таудың биігі-ай, Ақ көйлектің қиығы-ай»/ /Халық өлеңінен/

Жайғанда арай таңдар ақ қанатын, Басыңа қонған құс та бақ табатын. Ғасыр ұзап, өткенмен қанша мезгіл, Келеді көнермей сол Отпан атың. Арқау боп ақиқатқа, аңызға да, Айтыласың. Әріден бар із ғана. Кенеттен кереметтей тіл бітсе егер, Шертер ме ең шежіреңді абыздана. Отпаным, өзгелерден тым биігім, Бөгеген тентек желдің құм-құйынын. Пана боп төл жұртыңа қыс-қырауда, Жасырдың ба солардан күн күйігін. Отпаным, омырауың гүл...жарасымды-ай, Сәт сайын сәнденіп-ақ барасың ба ей? Қаратау-қарт жоталар болғанда, сен, Оңаша отау тіккен баласындай. Отпаным, жан-жағыңды жағалар мың.., Өзіңдей келбеттіні таба алар кім. Таңбалар жоныңдағы сүрлеуі ме, Көміліп қалған бағзы бабалардың. Қасиеттім, солардың көзін көрдің, Төтеп берген дүлейге төзімді едің. Тетистей алып мұхит суы шайды, Сонда да ерімедің, езілмедің. Өткеннің рухы жүр айналаңда, Батыста да, шығыста...қайда барма. Болмаса түсің де ерек, пішім бөлек, Өзіңнен ақын жандар айнала ма? Көсіліп мынау, міне, Тұран жатқан, Көктемде құла түзді раң жапқан. Маңғыстау-кеңістіктің кең бөлшегі, Жау тигенде Отпаннан ұрандатқан. Ұрандатып, алқызыл алау жаққан, Келер деп күш-көмектер ан-ау жақтан. Ордама ойран салмақ оңбағанға, Сарбаздарым жүрегін алаулатқан.

Осылай қыр мен қырат, біріккенде ой, Жасқанып жат жұрттықтар үріккен ғой. Әулие-әмбиелер, тірілерден, Сескеніп, тізгіндерін іріккен ғой. Жандырып Атакүлдік талай бағын, Атойлатқан арқырап адайларым. Ерлікке елін сөйтіп сүйреген жер, Отпанның түсінбессің қалай мәнін. Көрсетіп жатқанда ол асқан қылық, Тұрады екен алыста аспан күліп. Әттең, шіркін, жетпейді-ау сөздік қорым, Әйтпесе, жазар едім дастан қылып. ...Тәуелсіздік дейтұғын кезең келді, /Құтылып құрсаулардан безем бе енді/ Қалың елім, қазағым, тоқсан бірден, Дегдуге шықты-дағы , тез өңденді. Жалғыз ұғым, кіл жақсыны жиып бердің, Шалқыды шаттық жайлап сүйікті елім. Кеңестіктер амалсыз аласартқан, Сен жеттің де, Отпандай биіктедім. Кеткен-ді еркіндікте есем менің, Сен келмесең өркендеп өсер ме едім. Көркейтіп көш-көлігін бастады алға, Нұрсұлтандар, көреген көсемдерім. Мәңгілік баурап бізді тұрар демің, Енді қайтып бүк түсіп, сынар ма елім. Адайымды әспеттеп, сен болмасаң, Шырайланып шыңыңа шығар ма едім? Үстіңнен талай қалқып қыран ұшқан, Халқыңнан оқтын-оқтын жыр-ән ұшқан. Жаңғыртып атауыңды жаңартуға, Бүгінде ұлдарың жүр құрақ ұшқан. Еңбегін де, елдігін еселеді, /Аңғармаппыз, япыр-ау, кеше нені/ Ұлтының ұлылығын ұғындырар, Орнатып жатыр олар кесенені. Сезімім үдемелеп бара ма артып, /Сондықтан бал шараптан алам артық/ Тарихи-мәдени кешен болып, Жатырсың, айналайын, бағаң артып. Жол салды жоғарыға, жарып қырды, Түніңді, ей Отпаным, жарық қылды. Көлеңке түскен болса көрікті іске, Оны ілезде адамдық Ар ықтырды. Төңірекке әппақ нұр тұнған-ды анық,

Қай халқың да сен жайлы сырдан қанық. Ой түзейміз және де бой түзейміз, Көріп тұрып түрленген тұлғаңды алып. Қатпарыңа үңіліп, көп бойладым, Ептеп барып етекке ат байладым. Татулық пен достыққа шақырғандай, Желбірейді көгіңде көк байрағым. Алауыздық ,алалық айтпаң дауын, Асқар белді аралап қайтқан, қауым. Ұлттар үшін ұйысар ұйық болсын, Маңғазым-Маңғыстауым, Отпан тауым! Күнде той, қызық-думан...осы айналам, /Кейде бір қуаныштан босайды адам/ Өрендерін өлкемнің Бекет пенен Демегей күш-рухы Қосай бабам. Сүймесең Отпаныңды жаза мықты, Алыстасаң көңілің аза қыпты. ...Үйренейі Отпаннан оғыландар, Мәрттікті, тұтастықты, тазалықты. Той иесі бүгінде төр басы-біз, Ақ ниетпен алаңды , кел, басыңыз. Мереке құтты болар, неге десең, Құптаған-ды о баста Елбасымыз. Азатпын. Жасқанамын енді кімнен, Күлкі естілер бойлық пен ендігімнен. ТӨбесінен Отпанның айқай салам: «Айыра көрме, Алла ,елдігімнен!»

Бірғали БАЙЕКЕЕВ

МӘЙЕК ТАҢДАМАЛЫ

ӨМІРБАЯН БЕТТЕРІ Бірғали Байекеев – журналист, суретші, ақын, сазгер, КСРО, Қазақстан Журналистер және Суретшілер Одағының мүшесі, Қаз ҰУ-дің журналистика факультетін, Бүкілодақтық өнер университетінің қондырғылары кескіндеме және графика бөлімін үздік бітірген. Тырнақалды суреттері «Балдырған» журналы (1965) мен «Қазақстан пионері» газетінде (1967) жарияланған. Бірғали 1972-1983 жылдары Маңғыстау, Бейнеу аудандық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары болып қызмет жасады. Қазір облыстық газеттің меншікті тілшісі. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалі бар. Қазақстан мұнайының 100 жылдығы, Махамбеттің 200 жылдығы, Бекбаулы атаның 250 жылдығына арналған облыстық мүшәйраларда, облыс әкімінің қаламгерлер бәйгесінде бас жүлделер иеленген.

Бүкілодақтық бейнелеу өнері конкурсында (1982,1983) үздік суреттері мен гравюралары үшін жүлдегер атанып, «Правда» газетінің екінші, үшінші дәрежелі дипломдарын алған. Сатиралық «Ара-Шмель» журналының лауреаты (1984) атанған. Республикалық «Парасат» журналының өнертанушыларға арналған талғам жарысында I орынға ие болған. Көркем және саяси тақырыпта салған суреттері Мәскудегі «Ресей» концерт залында, «Комсомольская правда» газетінің көгілдір залында (1982), Атырау (1988), Ақтау (2001) қалаларында көрмеге қойылған. Алматыдағы Қазақстан Суретшілер Одағының көрме залында Б.Байекеевтің шығармашылығына байланысты (2012) көрме өтті. Маңғыстаудан тұңғыш рет Орталық басылымдарға салған суреттерін жариялатқан Бірғали Байекеев облыстан тұңғыш рет Мәскеуге барған «Кең жайлау» мәдениет – үгіт бригадасының (1978) құрамында өнер көрсеткен. Қарақалпақстанның «Достық үні» газетінің қазақ тіліндегі алғашқы нөмерін шығаруға қатысып, қолдау жасаған. Бірнеше әні мен ән мәтіндері жергілікті, республикалық сахналарда орындалып жүр. Б.Байекеев «Өскен орда» кітабының (2003) авторы, редакторы, безендірушісі. Оның «Қиянат құрбаны» әңгімелер жинағы (1996) қуғын-сүргін құрбандарына арналған. «Кісілік кілті» кітабы (2003) негізінен нақылдар, ой-толғамдар, афоризмдерден тұрады. «Өнермен өрілеген өмір» сұхбаткітабында (2008) ол бір адамның өмірімен шектелмейді, күй аңыздары, оны насихаттаушылар туралы жайттарды қамтиды. Бірғалидің өлең-жырлары мен очерктері «Қызғыш құс» (2003), «Өлкенің өнер күмбезі» (2003), «Ақкетігім-арқауы ән-жырымның» (2006) «Теңіз бен түзді тоғыстырған теміржол» (2006) ұжымдық жинақтарында жарияланған. Салған суреттері мен графикалық туындылары «Мың бояулы Маңғыстау» көркем альбомына (2001) енгізілген. Ол «Маңғыстау» энциклопедиясы (2009) авторларының бірі. Б.Байекеев «Қарашаңырақ», «Айназаров», «Жетіген», «Маңғыстау ғашықтары», «Қасіретті көш» және басқа кітаптарды безендірген.

Бірінші бөлім ОҢАШАДА ТУҒАН ОЙЛАР (қанатты сөздер, нақылдар, ойтолғамдар) *** Қимыл керек Жақсын мейлі жақпасын Тірлік етер Бір кәсіпті тапқасын Ұғымсыздық Шығармайды ұшпаққа Құдайым тек Қамсыздықтан сақтасын. *** Болса-дағы бір кісідей ұғымым, Болмаса да бөтен-бөгде қылығым, Топастардың тәтті асы бұйырмай, Жалап жүрмін қаспағы мен жұғынын.

*** Жүрсең де ақиқаттын жүрегі боп, Түсінер басшылардың біреуі жоқ. Кейбірі әділдікті таптап отыр, Топастар топ басында тірегі көп. *** Мықтыны жаратпайды мадақ қылсам Үлгісін жақсылардың сабақ қылсам. Індеті іштарлықтың жатар үдеп, Қолдаушым жалғыз Құдай, қарап тұрсам. *** Қоғамым күрт өзгеріп, құбылғасын, Шындыққа тұзақ құрып тұру басым. Кей әкім төңірегін жарылқауда Жиып ап жұрағатын, руласын. *** Ұғынғаныжел айдаған ұшқан бұлт, Жаратыпты мін айтуға құштар ғып. Көре алмайды қас шебердің өнерін, Жақсы пікір айтқызбайды іштарлық. *** Болмаса да өн бойында ардан түк, Көрсетеді ұдайы өзін тарлан қып,

Әкімдердің жандарынан қалмайды, Тұла бойы тұнып тұрған жалғандық. *** Көргенде тиынтебен бас алмаған, (қиянат қиналмастан жасар надан). Кей әкім қолдан қойған қуыршақ қой, Жан нұрын жарқыратып шаша алмаған. *** Ел алдында құр көлгірсіп ту керер, Әкімдер бар ақ сұраса су берер. Бірақ тағы білдіртпейді былығын, Тауық алған түлкідейін қу келер. Қоғам озып, өзгерсе де замана, Жойылмай тұр дәл осындай сүлделер. *** Күні түссе күледі ағаң болып Күнгейіне жаныңның таман қонып. Алдарқатып қағады жауырыннан, Байқамасаң енеді саған желік. *** Бере алмайды ештене саған бөліп, Оза шапсаң жатады аран болып, Жікшілдіктің өлмейтін жегі құрты Жүр өзінше керемет адам болып. *** Жүретін діндарларға қаны қайнап, «Ар - ұжданым – партия, жаным-айлап» Дінсіздер қолын жайып күрсінеді Өткен шағын ұмытып « А, Құдайлап». *** Шешенде өзі, биде өзі көкірегі Әркімге білгішсініп өкіреді. Бетіне мінін айтсаң бадырайтып, Астына от қойғандай секіреді. *** Кісілік танытады түріменен, Еліттіріп өзгелерді үніменен. Өткізіп айтқандарын айламенен. Арбап жүр әкімді де тіліменен. *** Жақсының түсінігі терең келер (Ызадан көмейіңе өлең келер). Шындықтың шамшырағын жаққанменен Жойылмай келе жатыр көлеңкелер. ***

Тура сөйлеп масайрай тұрдым күліп, Құлақтарға ізгілік ілдім біліп. Мұны естіген ұялас ұятсыздар, Жатты сол сәт шындықты қылғындырып. *** Жөні жоқ жетіп тұрып сұрағанның, Жымқыру – еншісі ғой ұры адамның. Дағдарып қалғаныңда демеген – дос, Бәрі бос жайшылықта бұл адамның. *** Шабан жүрер бабын тауып делбесе, Бал татиды бір жұтым су шөлдесе, Иығыңа нардың жүгін көтерме Күш-қайратың, дәт-дәрменің келмесе, Киелі өнер отауына аттама, Құдай талант, мол қабілет бермесе. *** Өрт шалса су ішінде жалбыз жанар, Жөн сөзді түсінбейтін бар қызбалар. Барыңды ағайынмен бөлісіп іш, Қимаған ақыр түбі жалғыз қалар. *** Қарама сен тұрмысыңа күйіңе, Кісі келсе құшағынды аш иіле. Су берсенде ашық болсын қабағың, Қонақпенен құт кіреді үйіне. *** Тарықпа, қонаққа бер бар асыңды, Білдіртпе жағымсыз көзқарасыңды, Қылығын дөрекілеу кешіре сал, Кеткенше күліп жүрген жарасымды. *** Жеткізбейді еш мұратқа құр арман, Нағыз адам өз сөзіне тұра алған. Ең тәттісі маңдай термен табылған, Ас болмайды арамдықтан құралған.

*** Бәрі қызық осынау тірлігіңде, Құдай қосқан ұнатып бірді бірге. Тек қуаныш жатсыншы жолдарыңда, Бір де үзік болмасын бірлігіңде. *** Болмаса да әр адамда ақындық, Қабақтарда орнамасын қатулық,

Ой мен қырды жалғастырып жатырған, Темір жолдай үзілмесін татулық. *** Өзім айтам өз тірлігім жайында, Үйір емен жеңіл менен дайынға. О, Жасаған, берегеніне ырзамын, Осынымнан өлеөлгенше айырма! *** Түлкіше жымиып тұрады, Сәлемін сызылтып береді, Айла-амал мінезде тұрағы, Өсек сөз, күншілдіккерегі. *** Өзінше көзі ашық білікті, Моральға (кіршіксіз) бас иед. Қарасаң, әрекет, қылығы Аумаған анайы қасиет. *** Төбемізде жарқырасын алтын Күн, Демегейсін ешқашанда «сарқылдым», Барлық қазақ бауырындай сүйетін, Сүйікті ұлы бола білші халқынның. *** Перзенттерің - егемен ел ертеңі, Болсын ойлы, қатарының көркемі. Гүл жайнатсын туып өскен өлкені, Өсе бесін өнеге мен өркені. *** Ақ жүрегім әр бір күні жыр күткен, Тек жақсылық жамырасын тірліктен. Татулыққа жетпейді ғой ештеңе, Бір Құдайым айырмасын бірліктен. *** Шырайыға бәйек боп шырылдайтын, Өлтірседе өнсізге бұрылмайтын, Қайран менің қайдасын жиырма бесім, Шақтан өтіп барамын қырындайтын. *** Дегенге шөп те өлең, шөңге де өлең, Ден қойып бұрындары сенбеген ем. Кәзірде екі адамның бірі ақын, Көрем де, өрікпімей жөнге келем. Не керек татымайтын кермек өлең, Жаныңды жадыратып, емдемеген! ***

Әлі тапшы, қарап тұрсам, дарыным Әлі қысқа қадамым мен қарымым. Деп көрмедім уызына жарыдым, Ізденумен жүріп келем әлі күн. *** Іңгәлайсың, жетілесің, жетесің, Балалықтан жастық шаққа өтесің, Есейесің, егдересің, қартайып, Бұл жалғаннан тыр жалаңаш кетесің. *** Басқан ізің ластанып жатпаса, Өң бойыңа ешкім кінә тақпаса, Ұрпақтарың өз жолымен аттаса, Қарсы сөйлеп тура өзіңе шаппаса, Айтқаныңды жұрттың бәрі жақтаса, Мақсатыңда ешкім беттен қақпаса, Көршілерін жата қалып мақтасаІздеме сен одан асқан бақты аса! *** Қиып түсер кезең емес, Дәрменсізсің сырқатқа, Өсиет сөз өзіңе емес, Өзіңнен өнген ұрпаққа. *** Уақыт шіркін бір орнында тұрмайды, Құздан ұшқан қыран құстай зырлайды. Тірлік жолы тегіс емес тақтайдай, Өмір деген – бір қуаныш, бір қайғы. *** Тағдырға қай пендеңде бағынады, Жастығын ауық-ауық сағынады, Адамға ғұмыр қымбат бір берілген, Сондықтан өткіз оны мағыналы. *** Күн өткізген кекшіл болар өштікпен, Уақыт зая мағынасыз бос күткен. Біле білсең өлшенеді өмірің Еңбекпенен, Бақытпенен, Достықпенен. *** Туған жер, Тарихың мол дерегің көп, Қалайын Кең төсіңде желегің боп,

Таусылмас Дастаның мен өлеңің боп, Жарайын Қартайғанша бір кәдеңе, Әлі де Бергенімнен берерім көп. *** Бір аң бар басы алтын киік деген, Қуғанға жеткізбеген, иікпеген, Ұқтырған жүйріктіктің шын бағасын, Көргеннің мәртебесі биіктеген. *** Жадырар көңілің үшін жылап жатыр, Жаз болар тұрса дағы қылаулатып, Жаныңның әлеміне бұлт түсірме, Шын досың сүйер сені құлап жатып. *** Білім деген – жарқыраған АйКүнің, Білімдіге бақ дарытар жай күнің, Білім дегеншірімейтін дүниең, Білім дегентаусылмайтын байлығың. *** Неге керек мін іздемек, сынамақ, Көзін тікпек ту сыртынан тұра қап, Ақылды адам әсте бұлай етпейді, Өн бойынан іздемейді кінәрат. *** Нағыз достың орны бөлек, ерекше, Дауылдарда пана болар жел өпсе, Қимас досың әлде қалай қиналса, Барынды бер қажетсініп керексе. *** Өкінішті уақыт өмірінді ұрлайды, Көз ілеспес шапшандықпен зырлайды, Жақсылардың аты қалар жадыңда, Жамандардың аты есте тұрмайды.

*** Пайдаға жүгіреді жел өкпелер, Еріншекке еңбексіз не деп берер? Жалқаулар жан қинамас білігі жоқ Майсыз жілік сияқты көдек келер. *** Жүретін жамандықты қабылдамай, От шашып жанарында, жанында арай,

Жақсы адам өзгелерді тыңдай білер, Сөз сөйлер жұрт тындағанда дабырламай. *** Қор болмайды Құдайына сиынған, Кереметті іздеме сен қиырдан, Тірлігіңе риза бол шақтаулы, Тағдырың мен бақытыңа бұйырған. *** Еңбегінді арнамасан елге сен, Тапқаныңнан жоқ жітікке бермесең, Жиған байлық неге керек тірлікте Қызық кешіп мол қайырын көрмесең. *** Қызықпенен күндегі өмір білінбейді, Көз алдап төңірегің күлімдейді, Қамсыз, мұңсыз, қаперсіз қартайғанда, Тұла бойың қалтырап дірілдейді. *** Бар қасиет байланғандай кіндікте, Құпиясы жаубы жоқ кіл нүкте, Қазақ болып жарытпаймыз ешқашан, Жарамсақтық жоғалмаса тірлікте. *** Топастың неге керек жас болғаны, Досыңның жаудан жаман қас болғаны, Жігіттің жолы қысқа даңдайсыған, Байсынып дәулетіне мас болғаны. *** Құдай берер жоқ - жітікті қолдаса, Аласталар мұңның бұлты торласа, Байлық, дәулет неге керек адамға, Ізгі ниет тілектістік болмаса. *** Шын өнерпаз сауық құрар тойсыз да, Қасқыр табар жол азығын қойсызда, Қорған қылма қоян жүрек қорқақты, Жау шапса да қару берме ойсызға. *** Біреулер адамды алалайды, Жарлыны жан басына санмайды, Ал ажал, Жаратқаннан бұйрық келсе, Пендені бай, жары деп қарамайды. *** Өсерсің сәби болып туғанменен Ақ бетін қайта кірлер жуғанменен,

Жастықтың қадірін біл дер шағында, Жігіттік қайта оралмас қуғанменен. *** Күдікшілге көршісі жау көрінер, Пәтуалы жөн сөзі дау көрінер, Суыққол сұғанаққа ұрыл - кәсіп, Еріншекке төбе де тау көрінер. *** Ұмытпа Адам деген ұлы есімді, Тазартып уақыт жиған күресінді, Сайлап ал өз орныңды бұл өмірден, Алып қал өткен күннен үлесінді. *** Қорлық кешер тірі жанның қамсызы, Қолға түсер жауынгердің аңсызы, Тойынғанда туысын да танымас, Ол – адамның ең бейшара әлсізі. *** Жігіт болсаң, көкіректе сыр сақта, Ашық ауыз алжасады мұрсатта, Сүтпен біткен сүртілмейді санадан, Мінез-құлық қалыптасар құрсақта. Қояр тірлік иығыңа жүк артып, Тұрар жолың шыққанынша мұнартып, Жақсы ас үшін жалпақшешей болғаннан, Арды сақтап аштан өлген мың артық. *** Түсірмесе бесті асауды құрыққа, Бас имесе әдеп пенен ғұрыпқа, Жарымаса жақсы мінез - әбестік, Келсе – дағы қылшылдаған қырыққа. *** Жігітсу мін болмасын арыңызға Сеніңіз барыңыз бен жарыңызға, Сұлуға сұқтанбаңыз егдерген соң, Алыстан көз тігіңіз кәрі қызға.

*** Қарап тұрсаң, жаңа да ескіреді, Өмір мәнін бұл пенде кеш біледі, Жылжыған әрбір жылдың өзі – мектеп, Болса да қанша ақымақ тес кіреді. *** Біліп айтса бәзбіреу үндемегін Озып жатса көршіңді күндемегін,

Жуас деп жолдасыңды жүндемегін, Бойынан кінә тауып, күндемегін. *** Сұрайды күйің жайлы, қалтаң жайлы, Байсынып базарларда мал таңдайды, Саудагер ішкенге мәз жегенге тоқ? Түйдей қоң жинаған талтаңдайды. *** Сезімтал, сергек адам семіз болмас, Түйе туып ботасы егіз болмас, Қотыр ат көші-қонда көлік болмас, Қорада қамақ бұзау өгіз болмас. *** Қатқыл сөз ағайынға ауыр болар, Естігенге тәтті сөз тәуір болар, Сәйгүліктін қолыңда бағасын біл, Баптамасаң, болдырып, жауыр болар. *** Жол сорабын аңшының аты білер, Ел жадында жақсының хаты жүрер, Әл кеткен соң әрекет неге керек, Қартайған ит үйшікке жатып үрер. *** Қас топас үйренбейді «біл» дегенмен, Қағылар сыбаға мен жүлделерден, Қас жаман тез қартаяр күтінбеген, Мезгілсіз солып тынар «гүлдегенмен». *** Тірлікте басы ашық жайт сақтандырар, Жақсы ақын атанып жүр жаттандылар, Өнерде өлермендер алға шықты, Дәп шықты дарындыға қақпан құрар. *** Жасқа жөнсіз көсемсу жетілгенше, Қартқа ұят жас жігіт секілденсе, Бастан ойла байыпты, парасатты, Кейіннен қателесіп өкінгенше. *** Жақсымен жақсы арманға бірге бойла, Теңіңмен тіршілікте күлде ойна, Абай бол айтқан сөзге, айналайын, Демеймін «көрінгенмен тілмен ойна».

*** Қонады құс атаулы құрықпенен,

Досыңды риза қыл сыйлықпенен, Ретсіз қыз қырқынға қырындама, Жұбайлар қосылады бұйрықпенен. *** Ілтипат тас жүректі жандыра алар, Көңілдің шөлдегенің қандыра алар, Өмірің қас қаққанша өте шығар, Асыл сөз, мақал-мәтел мәңгі қалар. *** Түк бітірмес құр босқа тақылдаған, Жәркөйсіп шекпендіге жақындаған, Үндемей іс тындырар, үлгі тастап, Кейінгі ұрпақтарға ақылды адам. *** Мал жоқтығы білімдіге батпайды, Білімді адам байлыққа көз сатпайды, Даналардың жазғандарын жаттайды, Әділдікпен адалдықты жақтайды. *** Кісілік – барға тойып ісінбеген, Қабағын болмашыға түсірмеген, Тірі адам – үлгіліні ұғып алған, Өлі адам – жөнді сөзге түсінбеген. *** Мәнді өмір өн бойына шабыт берер, Жүректің шамшырағын жағып берер, Ана алдында парызын ұмытпаған, Арқалап Меккеге де барып келер. *** Шын жаман асыл болмас мадақпенен, Ауырар жолдас болған салақпенен, Өмірдің шеруінде азап шегер, Дос болған жас кезінен арақпенен. *** Ақыл – серік, түсіп қалсаң қыспаққа, Құпия сыр жату керек іш жақта, Адамзаттың бар байлығы – еңбекте, Білім ғана шығарады ұшпаққа. *** Бұл өмірде болмаса егер сенерін, Биліктегі мал мен ақша берерін, Қиындықтан құтқарады талантың, Екі жақтап алып шығар өнерің. *** Арғымақ аламанда алдырмайды,

Жонына бір қамшы да салдырмайды, Ақылды айтысса да аңдап сөйлеп, Көңілін еш адамның қалдырмайды. *** Ілтипатты арылмас ізетті ойдан, Қатесін бойындағы түзеп қойған, Орынсыз сөйлегеннің оқасы көп, Ең абзалы ауызға күзет қойған. *** Болған да шалда – билік, ерде – білік, Тұрғайда адам біткен демде күліп, Ел үшін еңбек етіп ержетпесең, Кеткенің жақсы емес пе жерге кіріп. *** Қыран құс жемтігіне шүйіледі, Қыз бала қызыл – жасыл киінеді, Шын сүйген туған жерге тағзым жасап, Маңдайы тигенінше иіледі. *** Сыр берер қиындыққа сыналмаған, Сертке осал уәдеде тұра алмаған. Жігерсіз жалыны жоқ жігіт емес, Жасында сауық – сайран құра алмаған. *** Арақтың мастығынан Ақшаның мастығы жаман, Арақ масы тез сауығады, Ақша масы маңайымен жауығады. *** Кілауыз жан кінәсізді қарғайды, Уайымшыл құтты күні зарлайды, Күншіл адам жақсыға көз салмайды, Жақсы кісі жаман іске бармайды. *** Күдікті адам көрінеді көзінен, Білікті адам білінеді сөзінен, Ойлы адам жалғыздықты сүйеді, Оңашада сырласады өзімен. *** Өле қалсаң,түк емессің, бекерсің, Кебінменен ақиретке жетерсің, Жұмақта жоқ, тозақта жоқ ол жақта, Топыраққа араласып кетерсің. *** Бергенмен уәдеден таймасына,

Салады амалы мен айласына, Саудагер сыпайылық сақтап тұрып, Шығады тек өзінің пайдасына. Шүкір ынсап - қанағаттын қазығы, Тәулігіне бір үзім наназығы, Аз жегеннің ауруы да аз болар, Ашқарақтың астан болар жазымы. *** Баққаның шаруада түлік болар, Үй сәні асыл жиһаз, мүлік болар, Жан – жүйең кісіліктен адал болса, Байлығын ойран – ботқа, бүлік болар. *** Кей кезде қара болар ақ дегенің, Жоғалар ізім – қайым тап дегенің, Қарап тұрсаң, өткінші көрген түстей, Көктемгі бұлт сияқты бақ дегенің. *** Тірлікте төс қағасын, ұрандайсың, Ән – күйсіз сауық – сайран құра алмайсын, Жисаң да дүниені тең-тең қылып, Байлықты байлап ұстап тұра алмайсын. *** Бағбанды бауда көресің, Батырды жауда көресің, Дәукесті дауда көресің, Арқарды тауда көресің. *** Жамағат жақсы адамды бас қылады, Үміт қып үлкен міндет тапсырады, Аңдыған абайсызда қас қылады, Ауру да түнге қарай асқынады. *** Жетпесе де дегбірсіздің шыдамы, Еске тұтсын мынаны, Асығыстық арандатып тынады, Қапылған іс қате болып шығады.

*** Тіке айтудың түкке де жоқ керегі, Аңқау адам не айтсада сенеді, Қасқыр менен қасқыр болған қауіпті, Айлаң жетсе арыстанда көнеді. *** Мадақ болар үлкеннен де жастан да,

Төбең жетер тәтті сөзден аспанға, Халқын қолдап шың басына жетсен де, Құрметті көтере алмай мастанба. *** Көкке апарар армандарды аңсаған, Көк келтірер шуақ пенен таң сәнін, Болмашыға қалғып кетпе тойынып, Сабырлы бол өскен сайын мансабың. *** Өлсең-дағы ар-намысты саттыртпа, Ішің берме дүшпан менен жат жұртқа, Сырт адамның пиғылына түсінбей, Дандайсыма атақ пенен дақпыртқа. *** Неге керек құр жағыну, асатпақ, Бағы тайса арт жағынан тас атпақ, Қартайған соң қабілеттен қайран жоқ, Жасарыңды жас кезінде жасап бақ. *** Әдепті жан үлкенге басын иер, Еңбекқор жан табысты тасып үйер, Құр ақылды естіге айта берме, Көп қайнаған қазанның асты күйер. *** Шыдамды от жандырар шоқты үрлеген, Тау бұзар жігер-күшін өткірлеген, Ағайын жаттан жаман жырақтағы, Үйіне бір-бірінің көп кірмеген. *** Жарқырау Айға жарасады, Жомарттық байға жарасады, Саналы сөзбен санасады, Пейілді жоққа қарасады. *** Мойыма мойыны жуан жасқағанға, Мәз болма молдан үлес тастағанға, Жұмыста жалтақтамай өзіңе сен, Бәрі қиын жұмысты бастағанда. *** Жарымайсың бөліп берген жартыдан, Құлан көнбес бұғалыққа тарпыған, Халал малдың азық болар барлығы, Арам малдың азап келер артынан. *** Жалқау іске ерінер,

Билік қолға тисе де, Сұлу сұлу көрінер, Көне киім кисе де. *** Батыр қол бастайды, Ұстаз жол бастайды, Ақын жар бастайды, Наурыз жыл бастайды. *** Ақын щындық өмірдегі мазасыз: Соғыс біткен жай өтпейді қазасыз, Жақсылықтар жарылқайды адамды, Құр кетпейді жамандықтар жазасыз. *** Барлық бәле басқа келген арақтан, Тәуелді етіп тек өзіне қаратқан, Харам астың қатері көп артында, Халал асты бұйрық қылған Жаратқан. *** Сақ сындырмас өмірдегі сынаққа, Жұмыс жаса жаныңменен ұнатта, Тірлік мәнітастай қатты тәуекел, Қызық қуып, бет алдына лақпа! *** Үлгі көрген үлкенге бас көрсетер, Сотқар бала ойнаса, тас көрсетер, Қартаймаудың себебі – екі-ақ нәрсе: Жақсы мінез, жақсы сөз жас көрсетер. *** Кек тұтпадым дұшпанымның айтқаның, Шын кешірдім алдағаның, сатқаның, Барымменен татулыққа тырыстым, Бірақ... бірақ достық пейіл таппадым. *** Жеңілмейсіңм жедел істе табылсаң, Сарғайасың ұзақ уақыт сағынсаң, Еске ұстағыш қабілетің жоғалар, Тәуекелде тауың қайтып, жаңылсаң. *** Шын ғашықтар бірін-бірі қимайды, Айырылса да ынтығуын тыймайды, Қайда жүрсін бірін-бірі қадірлеп, өле - өлгенше жақсы көріп сыйлайды. *** Қонақ келсе, қабақ шытпа тарылып,

Ашу келсе бұрқырама жарылып, Шаман келсе, қайырым ет әлсізге, Жомарт жанға жоламайды кәрілік. *** Барар тауын тұрса дағы мұнартып, Сапарға шық бел майысар жүк артып, Қалтырайтын жаман тайлақ болғаннан, Қайыспайтың жампоз болған мың артық. *** Кей әкім көзі түспей күпінеді, Бүлініп, ыдырайды бүтін елі, Халқының игілігін талауға сап, Байлығын бөрідей жеп, бітіреді. *** Көңілдерге алтын шуақ төккізіп, Маңайыңа тек жақсылық жеткізіп, Жұбыңменен бақытты бол мәңгілік, Әр күніңді шаттықпенен өткізіп. *** Мінездіні Құдайым да қолдайды, Тағдырына тек жақсылық жолдайды, Ұғыспаған, шығыспаған оңбайды, Кесір қылық, қатыгездік – зор қайғы, Тіршілікте түсіністік орнаса, Бұл жалғанда жаман адам болмайды. *** Көздерінен ұшқын – от атып тұрар, Дүниенің ажары – бақыттылар, Жақсылықтың таңдары ата берсе, Зұлымдықтың қарасы батып тынар. *** Өсек сөзге ұлағым кереңірек, Ойлы сөзді тыңдаймын тереңірек, Адамның әңгімесіз күні қараң, Бәрінен тұғынысу керекірек. *** Жақсылар жылпостарға алданып жүр, Жылпостар жақсы атақты малданып жүр, Бассыздар бастықтарға жалғанып жүр, Алғырлар ай далада мал бағып жүр. *** Іңгәләйсің, жетілесің, жетесің, Балалықтан жастық шаққа өтесің, Есейесің,Егдересің,Қартайып, Бұл жалғаннан тыр жалаңаш кетесің.

*** Жалтақтап өскен ботамын., Жегенім тікен, от әнім, Мінезім дауыл теңізбін, Шайырым – шағын Отаным. *** Тарықпа қонаққа бер бар асыңды, Білдіртпе жағымсыз көз қарасыңды, Қылығын дөрекілеу кешіре сал, Кеткенше күліп жүрген жарасымды. *** Сақтадым дәстүр-ырымды, Бабадан жеткен бұрынғы, Арнадым саған туған жер, Іштегі жұмбақ сынымды. *** Өсіп шықса өнегелі өз қаның, Бағың асып, бұл жалғанда озғаның, Жалғасыңнан көре алмасаң жақсылық, Жасың жетпей күні бұрын тозғаның. *** Адам емес адамды алалаған, Сөз ішінде өсек пен жала жаман. *** Махаббатта мәңгілік бар, сенім бар, Шын сүйгенге көне-тұғын жөнің бар. *** Жүрейік жарқыратып нұр шындықты, Кісілік қазығымыз тұрсын мықты, Жалғанда жарастықты жарық етіп, Тастайық қараңғыға күншілдікті. *** Көңілдер қашқан құстай бөлінбесін, Қысастық арамыздан көрінбесін, Жікшілдік жігіттіктің жұлын құрты, Жұрт болып жарытпаймыз жерінгесін. *** Өзектес бақай сұмдық, есеппенен Өрісті кеңітпейді өсек деген. Хас тұлпар аламанда дара келер Жұптаспай митыңдаған есекпенен. *** Өнер деген-тұтынатын байлығың, Өнер барда жеңіледі қайғы мұң. Қиындықтар болса болсын, алайда

Басымыздан кетпесін тек жайлы күн. *** Адам деген өмірде пелде-пелде, Кемшіліктен құр емес ешбір пенде, Кісілікке татиды үлгі ұстартып, Бір пайдасын тигізген қалың елге. *** Жолығыссаң, көмек жаса бір кемге, Теріс қарап көзді жұмып, бұркенбе, Мүскін жанды мүсіркемеу жалғанда, Жараспайды есі бүтін үлкенге. *** Ей, ағайын, ел тағдырын, заманды ұқ, Алдыменен асқақтасын адамдық, Жақсылықтың жиі көтер жалауын, Өйтпесеңіз дендей берер жамандық. *** Біреу жалалы Біреу жаралы Тимесе залалы, Батып қатты сөз айтпа, Болсаң егер саналы. *** Ұрыс болса, жеңіс әкеп сапардан, Батыр жігіт келер алғы қатардан. Алтын жанды арғымаққа мінсе де, Қалтырауық бола алмайды қаһарман. *** Аштықтың бізге мәлім талайы, Кейбірінң нұрға толы маңайы, Кейбірінің ашықтығы жасанды, Жан әлемі тым дөрекі, жабайы. Болса ақылды ашықтығың-шырайлы, Болса ойсыз ашықтығың-анайы. *** Айып емес болса айтушы батымсыз, Сырын ұққын таяу барып жақын сіз, Ең жаманы-ауыздығы сөз бермей, Шатты-бұтты әңгіме айтқан татымсыз. *** Құс секілді кеудеге кеп қонған ән, Күйге бөлер бұрын-сонды болмаған, Шабыт деген жиі келе бермейді, Ұзақ күтсең қалдырады олжадан. ***

Неге адамдар бірін-бірі алдайды, Сан құбылтып жеткізеді мән жайды, Өсек деген нағыз қырсық өлмейтің, Қайда барсаң, қыр соңыңнын қалмайды. *** Асықтырып жетелейді алғы күн, Аңсау керек, аңсау керек барлығын, Ізгілік пен бақыт болсың мұратың, Кісілік пен тура тартсың даңғылың. *** Қызымет ет мойныңы жүк артып, Талпынып өс талапты іске құмартып. Тегін жемге тоқ сұқылтай болғаннан, Талмас қанат сұңқар болған мың артық. *** Бірден-бірге жалғасып кеткен ұзын, Жалған сөздер-жан соры-жеткен ызың. Күнәһарлық жасасаң, көлгірсіме, Өтірікпен өшпейді өткен ізің. *** Жігердің жүзі айтады, Жігітті жиі қайрама. Аталар өткен айтады: Әмбебап болма айлаға. *** Қиыңға сал ұлыңды, Бойына қаны тарасын. Қаталдық пен аямай Өсірер қыран баласың. *** Ширақ адам ашық келеді, Пайда жолын ашып береді, Жалқау адам жасық келеді, Қиындықтан қашып келеді. *** Босағаны арамдықпен аттама, Бейкүнәні балағаттап, даттама, Бейтанысқа барында айтып, сырласпа, Басбұзарды жұбауратып мақтама. *** Әділер күштіміз деп талтаңдайды, Гөйлердің өзің жайлы қалтаң жайлы, Алайда әлділерден күштісі жоқ, Адалдықты ұстанған жан таңдайды.

*** Пікірді туғызады көзқарасың, Ал пікір туғызады ойталасын. Ойталас қайшылыққа апарады, Шындықтың қылғындырып бір парасын. *** Басымыздан өтіп жатыр көп қызық, Мақтанамыз кейде соған ет қызып, Байқау қиын бойындағы мініңді, Басқа біреу айтып берер жеткізіп. *** Ешкімге де ұтыс келмес ұрыстан, Ең дұрысы-татулыққа тырысқан, Ұрысқанның бірі-ақымақ асылы, Екіншісі-ар ұяттан шығысқан. *** Бесік баққан тербетеді, Есік қаққан төрге өтеді, Ешкі баққан терлетеді, Өсек баққан кері кетеді. *** Саналы жан сәуле құяр сәуеге, Қолын созбас, көзін жұмып әуеге, Жақсы адам жеміс ағаш секілді, Өз ғұмырын толтыратын мәуеге. *** Әп дегеннен құлай кетпе үніне, Ғашық болма жылтыраған түріне. Кісілігін алдыменен есепке ал, Жіті қара жүрегіне үңіле. *** Өкпелетпе өнерге әуес кісіні, Мейлі бөтен, бет пейнесі, пішіні, Дүниеде әсемдік көп алайда, Ең сұлу-әйелдің тоқ мүсіні. *** Біреу көктер біреудің тілегімен, Рең тартар жақсының реңінен, Шаңырақта шуақты шырақ маздар Шын тілекті қонақтың жүрегінен. *** Боламын маңайыма ұдайы алаң Болмаппын бұған дейін бұлай алаң, Кілті не кісіліктің? Айтайын ба: Аумаған ақиқаттан-шынайы адам.

*** Жүрме арқанды күнге қарай қаратып, Қадамыңды шабандарға санатып, Алдыменен алтын шуақ сүймесең. Көлеңкелі қап қойасын күйде сен. *** Деді де: «Пышақ – қолда, несіп-алда», Қасапшы қимылдады есі малда. Сол сәтте қой аяды союшыны, «жарқыным, саусағынды кесіп алма!» *** Құштарларға елеулі мін кешікпек, Білім қусаң сен ашатын есік көп, Алайда оның кілті жалғыз ашатын, Тауып аш та, қиындықты кешіп кет. *** Өлең жазып ақынмын деп қоқиды, «Шабыттының» ошағына от үйді, Теңге төлеп тұңғыш жинақ шығарған, Туындысын өзі ғана оқиды. *** Шаршасада тым миын, Қиянатқа шын күйін, Әділ сөзден айныма, Тіл сүрінсе тым қиын. *** Бар тәуірге асықпа, Бақыт бірден болмайды, Байлық, дәулет тасытқан, Бақ та бірден қонбайды. *** Кейде суып, кейде оттай жанамын, Кейде шабан, кейде жүйрік қаламым, Тірлік деген тасып, қайтып тұратын, Толқын ұрған теңізбе деп қаламын. *** Қап қойсаң озған топтан тым жасыма, Құлазып, шағым айтпа мұңдасына Барады биіктерге санулылар, Көп барса сыймас еді шың басына. *** Еңбек пен әр адамға бақ келеді, Бақ келеді, абырой ап келеді, Тірлікте көп ұйықтама қимылдап қал. Оңсыз да мәңгі ұйықтайтын шақ келеді.

*** Туғызуға көшкінді, Титімдей тас жетімді, Жан сезімі адамның, Сол биік тас секілді. *** Жігерсіз адам бор кемік, Жан қинауға жаралмас, Тырысқанмен «желденіп», Талапсыз таққа бара алмас. *** Біреу сыртыңнан жасырып мақтайды, Біреу көзіңше асырып мақтайды, Алғашқысы сатпайды, Кейінгісі жақпайды. *** Еленер елге жақса ердің ісі, Сыйланбас төресіңген шенді кісі, Күңшілдің көкірегінен қара түнек, Тас жапқан жарықырақ көрдің іші. *** Түрі қара болғанмен Сыйлы інімнің іші аппақ, Түсі қара болғанмен, Сиырымның сүті аппақ. *** Ауқаттандың, «өсті» деді ел сені, Дандайсыдың жұтпайтыңдай жер сені Өзін кеттін, байлық қалды артында Бола алмады бар бақыттың өлшемі. *** Түк таланты болмаған Қауһарсыз, кәрі шалмен тең, Қашықты болжап, шолмаған, Қорада тұрған малмен тең. *** Жастық қиял бұлқынады, тасады, Ғарыш көкке кең құшағын ашады, Арман деген аспанда емес ағайын, Жер бетінде тек жүзеге асады. *** Әркімдер сыр сездірер сөз берген соң, Құмартар әсемдіке көз көрген соң, Сұлулық таңда тұнған шық сияқты, Кетеді ғайып болып егдерген соң.

*** Сұрапыл күш – сұлулық, Сүйсіндірсе сапасы, Құр сұлулық ақылсыз Қалыңырақ қапасы. *** Өмір дегеналқап емес гүл өскен, Өмір сұлу еңбекпенен, күреспен. *** Қабілетің – асыраушының тіренер, Үйренсең де аздық етпес мың өнер. Сен өзіңді тым қажетсіз сезінсең, Өміріңнің тоқтағаны, біле бер. *** Жазу, жазу.... Жалығуды білмедім, Әрбір күні хабар іздеп жүргенім... Уақыт деген – алтыннан да қадірлі Ең қымбатты капиталым бұл менің. *** Талай өттім қиындықтың тезінен, Қалай екен?! Әлі соған кезігем. Саусақтарым қаламынан кешіксе, Өз-өзімді қылмыстыдай сезінем. *** Әйеліңнің төсі қайқы, Ерні сүйірлеу болмасын, Тым ләззатты нәрсеге Тым үйірлеу болмасын. *** БАҚЫТ дегенөте шығар түс дейді, БАҚЫТ деген-келіп қонар құс дейді. Бізше, БАҚЫТ –Жаратқанның сыйлығы, Ал Жаратқан өз дегенін істейді. *** Жастайыңнан үйір болсаң керіске , Әрекетің шықса теріске. Қандасыңа жібімесе жүрегің, Шыға алмайсың адамшылық өріске. *** Заманым тұр күнде қырық құбылып, Біле алмадым әлі сырын ұғынып. Арманым жоқ жазарымды тауысып, Жұмыс үсті кетсе көзім жұмылып. *** «А»- Адамның

«Н»- Нағыз «А»-Асылы. Өтті дейді біреулер Еркектердің ғасыры, Жаңа дәуір әйелге Жатыр дейді бас ұрып. Айтпайықшы асығып, Айтпайықшы ашынып. Әйелдерсіз күллі әлем қалар еді шашылып. *** Елу деген-кәріліктің жастығы, Қайта-қайта еске түсер жас күнің, Тоқсан деген-терең апан тас түбі, Жүзді берме, болмаса егер қастығың. *** Асыра-асыра ас жесең, Артынан жер өзіңді, Жар еместі жас десең, Тыңдамас ешкім сөзіңді. *** Ана тілі сүт татиды, Мейірленіп тоясың. Оны қалай қоясың, Кейбіреулер «Ошақ пенен отбасының тілі» дейді тұқыртып, (Ойламайды күпірлік), Мінберлерде өзге тілмен Сөз сөйлейді құтыртып. *** Ал мен үшін отбасы-Отан, Тоқетері пікірдің: Ана тілін арсынатын Арсыздарға түкірдім! *** Тұрпайы адам қара күшке сүйенер, Жиркенішті, олқы ортаға жиі енер. Зорлық пенен қорлық оның серігі, Тауқыметті туғызуға пионер. *** Кінәмшілдің ісі ұдайы жасырын, Ізі бұлдыр, сөзі көлгір, қасы түн. Шынайының айтқан сөзі жария, Жүзі ашық, жарқыраған басы Күн.

*** Шекара өтті дегенше, Елге жетті десейші, Теңіз кепті дегенше, Селге кетті десейші. *** Азапты бейнет кешкендер Ұтылып жатыр, жеңіліп Шенеунік болып өскендер, Қырттар жүр оңай семіріп. *** Біліміне лайықты, сай талап, Қайраттылар күшін сында байқамақ Талантсыздар тура тартып жол салмас, Жүрер ілбіп, тек біреуді қайталап. *** Жұмыстың керегі жоқ әл бермеген, Жастық шақ көп нәрсеге мән бермеген, Көз сатып шал болғанда сый дәметпе, Атақтың бәрі бекер ел бермеген. *** Асса – дағы өзгелерден, Тасса-дағы дуылдаған базарың, Тойса-дағы дүниеге назарың, Көп болса да кейінгіге жазарсың, Хабар салмай, көңіліңе қарамай, Тұтқиылдан келіп жетер ажалың. *** Тұрса-дағы үлкен – кіші мадақтап, Жүрсең-дағы мақтанғанға далақтап, Қадамыңды сақтықпенен санап бақ, Жан-жағыңа жітілікпен қарап бақ, Астамсысаң, абыройды жұтатып, Ажал кетер бәрін түгел адақтап. *** Нағыз достың орны бөлек, ерекше, Дауылдарда пана болар жел өспе, Қимас досың әлдеқалай қиналса, Барыңды бер қажетсініп, керексе. *** Түсірмесе бесті асауды құрыққа, Бас имесе әдеп пенен ғұрыпқа, Жарымаса жақсы мінез-құлыққа, Ол адамнан иман күту –әбестік, Келсе-дағы қамал бұзар қырыққа.

*** Мал жоқтығы білімдіге батпайды, Білімді адам байлыққа көз сатпайды, Даналардың жазғандарын жаттайды, Әділдік пен адалдықты жақтайды. *** Текті қуғанның туысы көп болмайды, Кекті қуғанның арты жоқ болмайды. *** Таза жеміске құрт үйір келеді, Таза адамға жұрт үйір келеді. *** Жоғыңды елден сұрағанша жерден сұра. *** Жоғалмайды жанашыры бар өнер, Жоғалады көкжиегі тар өнер. *** Уды көрер араның да балынан Арам ниет адамдардан жалығам. *** Ащы сөз бен ашудың тек туысы – Ашынғанға тек туысыАшынғанға үндемеген дұрысы. *** Кәрілік –киімге тиген шаң емес қағып тастайтын, Өсек-отынға қойған тал емес, жағып тастайтын. *** Дос пейілі құшақпен өлшенеді, Дұшпан пиғылы пышақпен өлшенеді. *** Жастық шақ –наркескеннің жүзі секілді, Кәрілік-наурыздың мұзы секілді. *** Сынға жанаспайтын сын – түтілмеген жүн. *** Есті әйелдің алдында еркектің ерсі мінезі жоғалады. *** Білте күнге айналар жана берсе, Байлық бітіп, таусылар ала берсе. *** Шайыңды ішіп отыр, Сыртыңнан тон пішіп отыр. *** Тіміскілеген тоқ жүреді, Кісілігін жеп жүреді.

*** Өніксіз сөз жазылған қағаз-өлі қағаз. *** Тәйтікті ажар құртады, Теңгені базар құртады. *** Орның олқы көрінер отбасынсыз, Қолың олқы көрінер топ басынсыз. *** Тамшы да өткір ақ тасты тесіп кетер, Қамшы да өткір осып кетер. *** Алдыменен ойлап ал бала қамын, Бозторғай да баулиды балапанын. *** Нарық нар етіп шығарады, Жоқты бар етіп шығарады. *** Шыдатпайтын махаббатқа обалым, Сүйгенімсіз тұл қалғандай боламын. Ұлттың жылағаны-атақоныстан ауғаны, Бұлттың жылағаныағыл –тегіл жауғаны. *** Қарумен атқан оқ бір атылады да, кетеді, Қаламмен атқан оқ ақыр түбіңе жетеді. *** Дәулет біткен жігітке тоба болған жарасар, Елін сатқан жігітке мола жарасар. *** Жұп болғанға не жетсін сыңар болмай, Қыз өспейді қызылға құмар болмай. *** Айтар менің қауіпімСынбасын мінез сауытың. *** Жадау інгенді қайту қиын, Қас жалқауды байыту қиын. *** Ең мұңсыз адам – еңбектен абырой алған адам, Ең құнсыз адам – жұмысынан айырылып қалған адам.

Афоризмдер Биліктің бәрі шың емес, Үйіктің бәрі құм емес, Қауыздың бәрі гүл емес, Аңыздың бәрі шын емес. Суықтың бәрі күз емес, Дымқылдың бәрі сыз емес, Қатқанның бәрі мұз емес, Ащының бәрі тұз емес, Көптің бәрі біз емес, Біз болам десең тізе қос, Бірліктің парқын сөз еттім, Мұнымды ешкім түземес. *** Қозғалыс қой сергітері мидың да, Құлдилаумен қанат ширар тұйғын да, Қимыл деген күш береді адамға, Тірлігіңде тыным таппай қимылда. *** Қырға шықсаң, күй таңдама, Қоналқаға үй таңдама, Дала сырын ал ұғынып, Қиындыққа қиқаңдама.

*** Інілер бар ардақтап «ағалаған», Еңбегіңді ескеріп, бағалаған, Ездері де жоқ емес, тұлпар мінбей, Жылқы орнына есекті тағалаған. *** Қанағатқа таусылмайтын тұр мерей, Ынсапсыздық иті іште үрлемей, Деп жүрсің-ау, айналайын, ағайын, Барға тойған аштан қалып жүрмегей. *** Тұрмыс түзе бәзбіреуге бас ұрмай, Көбеңсісең, байлық көбейт тасынбай. Бағытыңа болса сенім-керемет, Шүбәлансаң, шындығыңды айт жасырмай. *** Жақсы әзілден қалар дімкәс сауығып, Ал жаманын алмас тіпті жан ұғып. Тәтті әзілден дос болмайды дұшпаның, Қатты әзілден кетер досың жауығып.

*** Дүниеге шектен шығып құнықпа, Пәле қума «сылтау іздеп сыныққа». Өзімшіл жан өзін ғана біледі, Соқа басы отырғандай құдықта. *** Мал бақ десе, қарадайын қорқасың, Тамақ десе, ең алдымен жортасың. Теңізге шық, бар жұмыстан жерінсең, Қайық мініп, балықтың іш сорпасын. *** Жақсы жаманды жармастырмайды, Әйел адам малдас құрмайды, От қасында жанбас тұрмайды, Ақылды білім алмастырмайды. *** Сылбырлық-қарынның тоқтығы, Тоя ішу-ақылдың жоқтығы. Семірді, денесін май басты, Ал қазір дәрісіз жоқ күні. *** Арғымақ мінген жаяуды білмейді, Ашынған адам аяуды білмейді, Асыққан жолаушы баяуды білмейді.

*** Жұбын таппау-өмірдегі ол қайғы, Бас қосқанды құдайым да қолдайды. Дара жүру Жаратқанға жарасқан, Жалғыз адам әсте бүтін болмайды. *** Өзің ұғын, зияның ба, пайдаң ба, Кірсең егер еңбек деген майданға, Барыңды сал, аялдама, аянба, Бітіріп алып жұмысыңды сайранда. *** Жүрме бекер айғайлатып, ұран сап, Тірлігіңде төзім күшін тұр аңсап, Маңдай термен тапқаныңды місе тұт, Ешқашанда байымайды сұрамсақ. *** Ащы сумен араз болсаң жарадың. Көңілің көктем, жадырайды қабағың, Ішімдікті ілкі бастан тұтынба, Ақ сайтан ғой тұнып тұрған арағың.

*** Мейлі сырт кет, туған жерді тұғыр ет, Өскен жұртың-орны бөлек құдірет. Ең төтесі туған үйге барар жол, Болсын мейлі бұралаңы мың рет. *** Жанар керек әсемдікті ұғуға, Көз тойдырып, құмарынан шығуға, Сұлулыққа сұқтанады бар адам, Соқыр ғана сүйсінбейді сұлуға. *** Оған бәрібір су жаңа ма, көне ме, Қызметі өнбейді ме, өне ме, Жаңалыққа құлағын да түрмейді, «Быт-быт» етіп, аумай қалған бөдене. *** Аңғармайсың асыл жатсын іргеңде, Күлесің көп бәзбіреулер күлгенге, Шын жақсыны ажырату қиын-ақ, Адам тану-асқақ ғылым білгенге. *** Жалқау жасиды, Желкесін қасиды, Пысық ширайды, Жігерін жинайды.

*** Байлар балақты, Жаулар жарақты, Нарықта есің жи, Аластат арақты. *** Адамшылық алға бастар қайда да, Үйірсектік көптен бөлер айлаға. Құм мен тас та бір кәдеге асады, Адамсың ғой, жарап отыр пайдаға. *** Сағынғанмен қайратың мол кезіңді, Жеңіл ойға жетектетпе сезімді, Егдерген соң еріншектік ендетер, Қимылдауға зорлап көндір өзіңді. *** Жүрек-ащы, болсаң егер жазалы, Ащы жауап терең сырды қазады, Ащы біткен зиян бола бермейді, Ащы дәрі дертті емдеп жазады. *** Болған соң адам, алдымен түзе сәуеңді, Аузынан шыққан аталар сөзі әуелгі, Тұлғаңа қарап кеудеңді керме құр бекер, Түсіне білсең, тән деген жанға тәуелді.

*** Жан-жағың жанжал, от шашып жатыр бұрқылдап, Қайраулы қанжар, көрінер жүзі қылтылдап, Әлсізді әлді табанға салып жаншуда, Қырқысу бітпей дүние қалай құлпырмақ. *** Кінәсізді бекер даттап, тілдейміз, Момын жанды жуас көріп жүндейміз, Қулығы асқан пысықайды дәріптеп, Айыбымыз-ақылдыны білмейміз. *** Қарғайды биік-биік дегенмен, Мықтылығы артық емес еменнен, Қызметте сапа болсын десеңіз, Бар жұмысты бастау керек төменнен. *** Жол жеңілі жемісті емес, сенсеңіз, Ақыл-тоқтам ойлатпайды он сегіз, Сана толып, дана болып шығасыз, Бейнет пенен қиындыққа көнсеңіз.

*** Өмір кейде қайнап жатқан қан базар, Алғандайсың көңілге нұр, жанға нәр, Бұл өмірде кейде жүйрік тосылып, Шабандаған атаққұмар алға озар. *** Дейді маған: «Ел аузында жүр атың», Атақ емес-өмірдегі мұратымҮш төрт ауыз сөз қалдыру артымда, Тоқсан жылдық тәрбиеге тұратын. *** Іс қыла алмас әйел заты еркектердің орнына, Ал еркектер әйелдердің үйлеспейді орнына, Жүргендер бар екі арасын ажыратпай, елемей, Бұлар өңшең арланбайтын, ұялмайтын сорлы да. *** Жібітпес таңдай, шырыны кетсе құрғақ бал, Болмаса бабы жарамас жолға мінгі аттар, Өмірдің мәні-өзіңді өрге тартуда, Өскен соң талпын, емессің сәби құндақтар.

*** Бір әйелді күйеуіне ақша ғана байлаған, Ақша көрсе, екі көзі ұшқын атып жайнаған. Бір әйелдің тыным таппай күнде соры қайнаған, Еркегі үйде жұмыс болмай тілін тістеп, шайнаған. Кейбір әйел «кісілік» деп көп ішінде сайраған, Қулық сауып, ақша тауып, ауызданған айладан, Енді бірі отбасында туындатып байбалам, Жоқ нәрседен сылтау іздеп керісуден таймаған... Шындық осы қоғамдағы көрінгендей айнадан, Өзгеруде адам құлқы, өзгеруде айналаң, Ең бақытты болар еді ар-намысты қайраған, Туса ғана әйелдердің тілегіне сай заман.

*** Ғаламда мынау ғажайып сұлу қымбат бар, Тылсымы терең жұмбақ бар іші мың қатпар, Болған соң қымбат бір күндік сәуле тірлікте, Деген ғой шалдар: «Жасыңда ойнап бұлғап қал!» *** Жігіт едім ұялшақ, қызыл құлақ, Құлағымнан кетпейді ызың бірақ, Іштен тынып, үндемей жүрсем-дағы, «Достарымның» тілдері ұзынырақ. *** Сыр алдыртқан талай дұшпан, жауызға Мұң кешіп жүр тығылғандай қауызға, Есепсіз сөз өкіндіріп тынады, Әбден керек бекем болмақ ауызға.

*** Топасқа көп ақылдың жоқ керегі, Дәлелдеп, жөн айтқанды жек көреді. Жақсы әдет сәуеліге жетіп жатыр, Жанына таусылмайтай от береді. Әуелден жат тоймақ, толмақ, тасынбақ, Кез-келгенге бола босқа шашылмақ, Жүрегімнің алтын құлпы тек қана Ақниетті достарыма ашылмақ. *** Өссе мерей тоқмейілісіп, мастанба, Жалғыз ұшқан биіктемес аспанда, Ойың кемел, қанша дана болсаң да, Көппен кеңес келелі істі бастарда. *** Ұстамсыздар көп кешеді қорлықты, Көтермейді үстемдік пен зорлықты, Жөн-жосығын ажыратып, байыппен Ие болса ашуына сол мықты. *** Әкімсіз ел құлазиды, Ақынсыз сөз құлазиды, Дақылсыз жер құлазиды, Аққусыз көл құлазиды.

*** Адам жаны сүттей аппақ көгершін, Жасымайды жолықса да нелер сын, Қарап тұрсақ, кемшіліксіз пенде жоқ, Күнде күнә жасайтынға не дерсің?! *** Сыртымнан тонын пішіп, қарататын, Біреулер бар өсек сөз тарататын. Ит секілді келемін ренжімей, Жалап жазар тілімен жарақатын. *** Арайына аппақ болған таң ,\ғашық, Жас перзентім талпынады алға асық, Үміт, сенім алдамасын, құлыным, Жатқан саған тамырымнан жалғасып. *** Біреулер бар орынсыз даттап жүрер, Енді бірі көзіңше мақтап жүрер, Маған аян олардың пиғылдары, Деген бар ғой: «Мал жайын баққан білер». *** Күншіл өлер күйіктен, Көріне алмас биіктен, Жүрмес арсыз қысылып, Кеми берер кісілік.

*** Болмайды артық бір Құдайым бергеннен, Үлгі шығар үлгіліге ергеннен, Астамшылық-жанның соры арылмас, Көкірегің қарыстай-ақ кергенмен. *** Өз-өзіңді қор тұтып, аласарма, Жақын бол татулық пен жарасарға, Орынсыз ренжітпе қандасыңды, Өмірге дақ, көңілге жара салма. *** Қаракетсіз бола алмайды халқың бай, Өмір сүру мүмкін емес алқынбай, Сондықтан да құстай ұшқан уақыттың Қадірлейік әрбір сәтін алтындай. *** Жерге қонар қыран да, Қанша ұшқанмен аспанда, Төмендесең жыланба, Биіктесең мастанба. *** Ақылды бала ата-ананың, Айтқанын дұрыс көреді, Ақылсыз бала ата-ананың Айтқанын ұрыс көреді.

*** Көрмесе де күндесе күле жүрсең, Қабақ шытса көңіліңе гүл егілсе, Өскеніңе өкінсе дұшпандарыңТез қартаяр себеп сол біле-білсең. *** Сәттілікпен басталса қадамдарың, Сезінесің ақыл-ой, санаң барын, Бұл жалғанда бағыңды жандыратын Айнымайтын сертінен адал жарың. *** Бір күндері жарыларсың ісінесің, Пәлеқордың мойныңа алма ісін сен, Бейтанысқа сырыңды айтпа құпия, Жарымеске жақындама түсінсең. *** Шатты-бұтты, жалған бөскен көп шығын, Шырғалаңнан шығарады тек шының, Көке мылжың килікпеске килігер, Көрінеді көп көзіне жексұрын.

*** Жалғыз шапқан жауынан жараланар, Жалғыз кеткен жат елге сараланар, Жас әйелге үйленген жеңілтек шал, Қайғы шегіп, қадірсіз дара қалар. *** Өмір жолы бірнеше сатылы екен, Бұл фәни өте шығар ғапыл екен, Қияметтің күні алыс қарап тұрсаң, Бәрінен де ажалың жақын екен. *** Тартсаң-дағы тағдырдың сан дүресін, Қалсам дейсің өмірде үлкен үлесім, Бар азапқа қиналсаң да білдірмей, Әрбір күні күлімсіреп жүресің. Бейғам кісі отырады ай қарап, Сабырсыздың уәдесі тайғанақ, Жағымпаздың күні түссе біреуге, Лас жерін сүюге бар аймалап.

*** «Қандай керім көздерім, Таласы жоқ өзгенің, Тіл өтеді түріме, Сосын күннен безгенім, Сосын түнде кезгенім»,- Депті байғұс жарқанат. Бұл бір мысал доым-ай, Құлағыл сал шошымай, Жарқанат боп сайрайды, Кейбіреулер осылай. *** Қарлығаш ұясына қайта келер, Бай өнер жасу тартпас, байтақ өнер, Жақсы ақын жазған сайын сүйсіндірер, Тапшы ақын бір айтқанын айта берер. *** Қолдан келсе, қолғабыс ет досыңа, Шама бермес іс тап келсе, шошыма, Бар күшіңді сарқа жұмса аянбай, Уақытыңды құр жіберме босына. *** Дейсің маған «Жомарт болып ерлердің, Таба алмадым қылығыңнан емге мін». Күйің жетсе, сыйлығыңды аяма, Қайтып келер қарыз болып бергенің.

*** Жұпыны өмір өте шығар жүдеумен, Тұрмыс, тірлік оңалмайды тілеумен, Қапелімде тарықсаң да ақшаға, Бере алмасаң қарыз алма біреуден. *** Көздің жасы су емес ағып тұрар, Жылы жүрек құрғатып, сауықтырар, Құлқын үшін қиянат үкілетсең, Ең жақын досыңды да жауықтырар. *** Азабымның иті көп арпылдаған, Өсек сөздің оты жоқ шарпымаған, Ұлым-жұлым жүрегім, үстім күйік, Болған сайын егесіп, қарқын алам. *** Үнемі уайыммен жүрсең қауіп, Кірбіңді сейілтеді ойын-сауық, Кемді күн кедергіге жүнжу бекер, Болғанмен тағдыр-сырқат, уақыт-тәуіп. *** Ар-аппақ, Дақ түссе, кетпейді, Ой-жүйрік, Ештеңе жетпейді.

*** Досымменен қаттыға барыспадым, Дұшпанымнан үн-түнсіз алыстадым, Екеуі де аз екен айналамда, Бәрінен көп көз көрген таныстарым. *** Келме өмірге қонақ болып тым жеңіл, Өзіңдейге жалбарынба, иікпе, Құлата алсаң қиын іске шын көңіл, Шығарады сені шырқау биікке. *** Біреуге байлық қайғы, бұта қайғы, Жалынсыз үрлесең де тұтамайды, Барында жастығыңның өнер үйрен, Өнерің өмір бойы жұтамайды. *** Суайттың алдауына нана көрме, Бұл тірлік әлі талай салар өрге, Тер төгер тауқыметін тіршіліктің, Қиын деп қатарыңнан қала берме.

*** Құр мақтанға елікпе, құр бекерге желікпе, Қу тілдіге алданба, құр мансапты малданба, Құр сайранға қызықпа, қол ұсынба бұзыққа, Жікшіл жанға жуыспа, жөнін айтқын туысқа. Болмашыға тырыспа, үйір болма ұрысқа, Құр жаманға жалынба, Жігеріңнің барында жанған оттай жалында! *** Берілсең беріл қиялға, Ұялмасқа ұялма, Ұялмасқа ұялсаң, Қаларсың әбден зиянға. *** -Ашудың кетпей ырқына, Бұғалық салу қиын-ақ. -Ашу да керек кей кезде, Кететін дұшпан «сыйын» ап. *** -Досың кім сенің? -Болжаман. -Дүниеде сол жаман. -Сенің ше? -Адамдар адалдықты қолдаған. *** Ащы суға алдандың, Есің кете құмартып, Солай өтсе қалған күн, Өле қалған мың артық.

*** Жігерсіз жүрер ұдай алаңменен, Ақындар жазар өлең қаламменен, Қоңсы қон басқалардың барлығымен, Алайда көрші болма сараңменен. *** «Бұтақтан бұтақ шығар бұраңдаған, Сұлудан сұлу туар сылаңдаған». Мынау кім құбыжықтай ұсқыны бар, Орнында тайғанақтап тұра алмаған. *** Көрінбейтін ешбіреу маңайынан, Аумай-тұғын дүздегі жабайыдан, Кім мынау үсті-басы алба-жұлба, Күзі ерте көрінген самайынан?! *** Кейбір дүмше молдалар, Тастамайды құманды, Жолының бәрі тұман-ды, Ісінің бәрі күмәнді. *** Сыбайың болса жақсы күн-айың, Көршіңменен ұрыспа болса егер Құдайың. *** Қиын істен қорықпа, Шектен шығып зорықпа, Зорықсаң да, мақсаттан,

Күдер үзіп, қорықпа. *** Тірлігін кешіп келем жалғаншының, Бітеліп көмейім мен қалғанша үнім, «Ақиқат, ақиқат» деп арпалысам, Өшірем өтіріктің жанған шамын. *** Қарасам, ағалар бар алтын панар, Сөзіне құлақ қойсаң, мейірің қанар... Ішінде ағалардың жаманы бар, Тыңдаған әңгімесін естен танар. *** Үйің –қамал, қорғаның, Балаң-самал орманың, Бөлінбес жартың ол-жарың. *** Құдайыңа да сенбейді, Құдасына да сенбейді, Өзіне де сенбейді, Ешкімнің айтқанына көнбейді. *** Жалғыз деме, Жанымды түсінер жұртым бар, Әлсіз деме, Тоқты қошқардай тұрқым бар.

*** Өнерліні күндеме, Өнерсізге үндеме, Талапкерді міндеме, Момын жанды жүндеме, Біреуді бекер тілдеме. *** Тіршіліктің шын сезініп тәттісін, Өмір сүру-әр адамға қатты сын, Мәнді өмір-ішіп-жеу мен той емес. Мәңгі өмір-сәнін тапқан сәтті ісің. *** Шүкір ынсап - қанағаттын қазығы, Тәулігіне бір үзім наназығы, Аз жегеннің ауруы да аз болар, Ашқарақтың астан болар жазымы. *** Баққаның шаруада түлік болар, Үй сәні асыл жиһаз, мүлік болар, Жан – жүйең кісіліктен адал болса, Байлығын ойран – ботқа, бүлік болар.

*** Кей кезде қара болар ақ дегенің, Жоғалар ізім – қайым тап дегенің, Қарап тұрсаң, өткінші көрген түстей, Көктемгі бұлт сияқты бақ дегенің. *** Тірлікте төс қағасын, ұрандайсың, Ән – күйсіз сауық – сайран құра алмайсын, Жисаң да дүниені тең-тең қылып, Байлықты байлап ұстап тұра алмайсын. *** Бағбанды бауда көресің, Батырды жауда көресің, Дәукесті дауда көресің, Арқарды тауда көресің. *** Жамағат жақсы адамды бас қылады, Үміт қып үлкен міндет тапсырады, Аңдыған абайсызда қас қылады, Ауру да түнге қарай асқынады. *** Жетпесе де дегбірсіздің шыдамы, Еске тұтсын мынаны, Асығыстық арандатып тынады, Қапылған іс қате болып шығады. *** Тіке айтудың түкке де жоқ керегі, Аңқау адам не айтсада сенеді, Қасқыр менен қасқыр болған қауіпті, Айлаң жетсе арыстанда көнеді. *** Мадақ болар үлкеннен де жастан да, Төбең жетер тәтті сөзден аспанға, Халқын қолдап шың басына жетсен де, Құрметті көтере алмай мастанба. *** Көкке апарар армандарды аңсаған, Көк келтірер шуақ пенен таң сәнін, Болмашыға қалғып кетпе тойынып, Сабырлы бол өскен сайын мансабың. *** Өлсең-дағы ар-намысты саттыртпа,

Ішің берме дүшпан менен жат жұртқа, Сырт адамның пиғылына түсінбей, Дандайсыма атақ пенен дақпыртқа. *** Неге керек құр жағыну, асатпақ, Бағы тайса арт жағынан тас атпақ, Қартайған соң қабілеттен қайран жоқ, Жасарыңды жас кезінде жасап бақ. *** Әдепті жан үлкенге басын иер, Еңбекқор жан табысты тасып үйер, Құр ақылды естіге айта берме, Көп қайнаған қазанның асты күйер. *** Шыдамды от жандырар шоқты үрлеген, Тау бұзар жігер-күшін өткірлеген, Ағайын жаттан жаман жырақтағы, Үйіне бір-бірінің көп кірмеген. *** Жарқырау Айға жарасады, Жомарттық байға жарасады, Саналы сөзбен санасады, Пейілді жоққа қарасады. *** Мойыма мойыны жуан жасқағанға, Мәз болма молдан үлес тастағанға, Жұмыста жалтақтамай өзіне сен, Бәрі қиын жұмысты бастағанда. *** Жарымайсын бөліп берген жартыдан, Құлан көнбес бұғалыққа тарпыған, Халал малдың азық болар барлығы, Арам малдың азап келер артынан. *** Жалқау іске ерінер, Билік қолға тисе де, Сұлу сұлу көрінер, Көне киім кисе де. *** Батыр қол бастайды, Ұстаз жол бастайды, Ақын жар бастайды, Наурыз жыл бастайды. *** Ақын щындық өмірдегі мазасыз:

Соғыс біткен жай өтпейді қазасыз, Жақсылықтар жарылқайды адамды, Құр кетпейді жамандықтар жазасыз. *** Барлық бәле басқа келген арақтан, Тәуелді етіп тек өзіне қаратқан, Харам астың қатері көп артында, Халал асты бұйрық қылған Жаратқан. *** Сақ сындырмас өмірдегі сынаққа, Жұмыс жаса жаныңменен ұнатта, Тірлік мәнітастай қатты тәуекел, Қызық қуып, бет алдына лақпа! *** Үлгі көрген үлкенге бас көрсетер, Сотқар бала ойнаса, тас көрсетер, Қартаймаудың себебі – екі-ақ нәрсе: Жақсы мінез, жақсы сөз жас көрсетер. *** Кек тұтпадым дұшпанымның айтқаның, Шын кешірдім алдағаның, сатқаның, Барымменен татулыққа тырыстым, Бірақ... бірақ достық пейіл таппадым. *** Жеңілмейсіңм жедел істе табылсаң, Сарғайасың ұзақ уақыт сағынсаң, Еске ұстағыш қабілетің жоғалар, Тәуекелде тауың қайтып, жаңылсаң. *** Шын ғашықтар бірін-бірі қимайды, Айырылса да ынтығуын тыймайды, Қайда жүрсін бірін-бірі қадірлеп, Өле - өлгенше жақсы көріп сыйлайды. *** Қонақ келсе, қабақ шытпа тарылып, Ашу келсе бұрқырама жарылып, Шаман келсе, қайырым ет әлсізге, Жомарт жанға жоламайды кәрілік. *** Барар тауын тұрса дағы мұнартып, Сапарға шық бел майысар жүк артып, Қалтырайтын жаман тайлақ болғаннан, Қайыспайтың жампоз болған мың артық. *** Кей әкім көзі түспей күпінеді,

Бүлініп, ыдырайды бүтін елі, Халқының игілігін талауға сап, Байлығын бөрідей жеп, бітіреді. *** Көңілдерге алтын шуақ төккізіп, Маңайыңа тек жақсылық жеткізіп, Жұбыңменен бақытты бол мәңгілік, әр күніңді шаттықпенен өткізіп. *** Мінездіні Құдайым да қолдайды, Тағдырына тек жақсылық жолдайды, Ұғыспаған, шығыспаған оңбайды, Кесір қылық, қатыгездік – зор қайғы, Тіршілікте түсіністік орнаса, Бұл жалғанда жаман адам болмайды. *** Көздерінен ұшқын – от атып тұрар, Дүниенің ажары – бақыттылар, Жақсылықтың таңдары ата берсе, Зұлымдықтың қарасы батып тынар. *** Өсек сөзге ұлағым кереңірек, Ойлы сөзді тыңдаймын тереңірек, Адамның әңгімесіз күні қараң, Бәрінен тұғынысу керекірек. *** Жақсылар жылпостарға алданып жүр, Жылпостар жақсы атақты малданып жүр, Бассыздар бастықтарға жалғанып жүр, Алғырлар ай далада мал бағып жүр. *** Іңгәләйсің, жетілесің, жетесің, Балалықтан жастық шаққа өтесің, Есейесің егдересің қартайып, Бұл жалғаннан тыр жалаңаш кетесің. *** Жалтақтап өскен ботамын., Жегенім тікен, от әнім, Мінезім дауыл теңізбін, Шайырым – шағын Отаным. *** Тарықпа қонаққа бер бар асыңды, Білдіртпе жағымсыз көз қарасыңды, Қылығын дөрекілеу кешіре сал, Кеткенше күліп жүрген жарасымды.

*** Сақтадым дәстүр-ырымды, Бабадан жеткен бұрынғы, Арнадым саған туған жер, Іштегі жұмбақ сынымды. ***

Екінші бөлім ӨЛЕҢДЕР ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТӘУБЕ Еңсесі биік ел-жұртым Ұл-қызын ер ғып жаратқан Ұлан кеңістікті ұстайын Ұғынықты ұрпақ таратқан Есептеп беріп еншісін, Еркінше түлік санатқан. Далаға байтақ дән қадап, Сапырып астық қамбадан, Алтын түс бояу жалатқан. Көңіліндей бейне адамның, Уәжін айтып заманның Құлқына көпті қаратқан. Қиянатсызды қыспаған, Ұлағаттыны ұштаған, Кісіні білген қабақтан. Сыйластықты қош көрген, Ниеті жөнді дос көрген, Ас ішкен бірге табақтан. Өзгеден өзін кем көрмей, Дүмбілзердеге дем бермей, Көрінген көркем санаттан. Еңсесі биік ел-жұртым! Төл түндігіңнен айналдым, Серпінді үніңнен айналдым, Еркін күніңнен айналдым, Еркіндігіңнен айналдым! Ақылсыз біткен құр басқа Бақыттың құсы қонбайды.

Салауат тірлік тұрғын Саналы пікір солмайды. Тәуелсіздік-қиын жол, Сүрінсең, әсте оңбайды. Еркіндіктен айрылсаңБәрінен де сол қайғы. Тәңірімнен сұранамКездестірмесін ондайды. Еңсесі биік ел-жұртым! Он жыл толған бақытың Мәңгілік енді болғай-ды. Деп ақының толғайды, Топ алдында толғатып, Туралап тілек жолдайды. Ақ тілекті деген бар Алла да жақтап қолдайды. Пендешілігі болмаған Пендесін әділ қорғайды. Еңсесі биік ел-жұртым, Өзің барды жырымның Гүлдері тіпті солмайды. Ажары ашық айбарлым, Төл түндігінен айналдым, Серпінді үніңнен айналдым, Тағы да тәубе! Жар сала Еркін күніңнен айналдым, Еркіндігіңнен айналдым!

ӘНҰРАНЫМ-АЙБЫНЫМ Жер бетінде ғажайып, әйбат халық, Көк байраққа бақытын байлатты анық, Еркіндік белгісіндей Елтаңбасы, Айтамыз Әнұранды айбаттанып. Кетеміз рухтанып шырқағанда, Туындап бойда қуат бұрқағанда, Сазымен сергітеміз санамызды, Іргені бейғам қымтағанда. Халықпыз жаман қылық жолатпаған, Сыйланып, тойлы жерде төр аттаған.

Салтанат, жеңістердің хабаршысыҰлы әуен жүректерге қонақтаған. Көмейде күмбірлейді бүлкіл өлең, Жасындай жай ойнатып күркіреген, Бұл әуен Желтоқсанда рух беріп, Ең алғаш ұлт түйсігін сілкілеген. Биік бол асқақтаған, Шаңырағым, О, халқым, бір өзіңе табынамын, Көк туым көк жүзінде желбірей бер, Шырқалып әрбір таңда Әнұраным! ҚАРАТАУЫМ-ДАРА ТАУЫМ Қаратауым – дара тауым сен менің, Көз алдымда кеңге тартып, көлбедің. Бауырыңда бала күннен ойнатып, Есейсем де құшағыңда тербедің. Етегіңде жатыр бұлақ жамырап, Бойы құрақ, мәуелеген жаны бақ. Қаратауым, күш дарытам өзіңнен, Көрген сайын жігерімді жанып ап.

Өр кеудеңді еміреніп сүйгенмін, Келіп тағы ғажайып бір күйге ендім. Паңдығыңнан парасатты пайымдап, Асқарыңнан асқақтықты үйрендім. Нұрға бөлеп, төңіректі ән қылып, Шығысыңнан сыланады таң күліп. Қаратауым, біз солғындап сөнерміз, Сен тұра бер мызғымастан мәңгілік! 4.АСТАНА Ән дарытып бойына, Күй сіңдірген Астана, Хор қызындай келбетті, Сүйсіндірген Астан. Ақ есілге таранып, Сылаңдаған Астана, Әсемдікті әйгілеп, Ұрандаған Астана. Пейілінен қазақтың Жаратылған Астана, Аспанымда азат Күн Дара тұрған Астана. Әрбір таңы шуақты, Арайланған Астана, Келешекке қуатты, Қарай қалған Астана.

МЕЙІРІМ ШУАҒЫН ТӨККЕН асығып жеткен Жаңа жылдың (Наурыз) жұртшылыққа арнауы Көз тартты сонадайдан сары белің, Туған жерге тұрпатыңнан танып едім. Бір мүшел артқа тастап қайта оралып Ортаңа келіп қалдым, қалың елім. Мен жыл ем мұң жолатпас қыз қылықты, Жолдарым жүре-тұғын қызғылықты. Көктемнің бүршік атқан ақ гүліндей Ұсынам ұлысыма ізгілікті. Деміммен жылы желді саз ғып айдап, Билетіп жас талдарды мәз ғып ойнап. Төріне туған жердің тіктім отау, Құстардың қанатына жазды байлап. Беткейдің нәркестеніп нұр-шық өңі, Бүлкілдеп тамырына жыр сіңеді. «Наурыз несібесін дарытқай» деп, Кемпір-шал күншуақта күрсінеді.

Балшықшы бақылдайды қайраңды асып, Басы бос бозбалалар сайранға асық. Сынасып сыпайылық сабақтарын Күледі қыз келіншек жайраңдасып. Бұл шақты сағынышпен дала күткен, Жететін жаңа күнге жаңа үмітпен. «Көжесін Наурыздың ішеміз» деп, Дегбірсіз шуылдайды бала біткен. Сызылтып бозторғайдың созған әні Кермиық қалғытады боз даланы. Шабысы тұлпарлардың елеңдетіп, Ойлантар түйелердің боздағаны. Күн мен түн әмпей-жәмпей теңелгендей, Мал мен жан қуанышқа кенелгендей. Жылу-қыз, салқын-жігіт ізет сақтап, Именіп иба-бақтан тең өргендей.

Айналдым табиғаттан тапқыр еткен, Нұр шуақ көңілдерге ақ гүл еккен. Жыл болып өздеріңмен жүздесерде Ақаусыз ниет бұрдым ақ тілекпен: Жойылсын жер бетінен жамандығын, әрдайым алдан шықсын амандығың. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, Тоғысар он сегіз мың ғалам бүгін. Жұмылса, жөнделмесің жөнген келер, Қай іс те қайрат жетсе, дөңгеленер. Халқыма бата арнадым, қабыл еткей, Деген бар «Батаменен ел көгерер».

УА ЖҰРТЫМ, ЖАРҚЫРАҒАН ЖЫЛ КЕЛЕДІ Армысың, ақниетті іргелі елім, Тілегім өзіңменен бірге менің. Шалқиын мұхиттайын тебіреніп, Желкенін желге тосып жыр-кеменің. Жыл таңы бүгін бөлек түрленеді Уа жұртым, есігіңді аш Жыл келеді, Ақ ұлпа сәби жылдың дидарында Қуаныш пен бақыттың тұр бедері. Жар салып жанға жайлы үн келеді, Үнменен күллі өмірім гүлденеді. Табиғат ұяң қалпы иба сақтап, Қыс көзін аппақ қармен сүрмеледі. Қаршы, арайланып ақ аспаным, Үйлесіп жаңа күнмен жарасқанын. Ақ көрпе қар жамылып, монтияды Үлбіреп ақ бөпедей ағаштарым. Бүлкілдеп тынбай ағып жылғалары,

Көгіме қадам басып Жыл барады. Дарытып құт-береке өміріме, Жаңа Жыл, жаңылмай жаз жылнаманы.

НАУРЫЗ ТӨЛІ Таң атты арайланып, Күлімдеп қарайды анық, Шопан тұр шырайланып, Қораға қарай барып. Жүректе жыр тұнады, Айнала құлпырады, Ішінде мама саулық Дүние бұлқынады. Мал қамы құптағаны, Құрылуы шыпталары, Шопанның қойытолғақ: Үрпінен сүт тамады. Қырқаның ала басы, Жылудан шала масы, Саулықтың мекіренген Көрінді шаранасы. Дейтіндей санаңды ұрпақ, Қылығын қалам құптап, Енесі өбіп жатыр, Баласын жалап-жұқтап. Маңайы қорғатқандай, Мейірім қол қатқандай, Ғажайып қой жаратылыс: Дүние толғатқандай. Қалайша толғанбайсың, Қияға қонғандайсың, Мынаны көріп тұрып, Жас сәби болғандайсың. «құлпырып сезімдерім Таусылып төзімдерім,- Деп шопан сыр айтады, Күндіз-түн көз ілмедім». Көктеммен қанаттасып, Науқанмен қабаттасып,

Төлбасы қалт-құлт етіп, Барады санап басып. Ниеті құлаған ай, Молшылық сұраған ай, Наурыз қошақаны Сүрініп, құламағай!

НАУРЫЗ КҮНГІ ТІЛЕК Жағымды үнің, Жанымды жасарт, іңгә жыл, Жеткізем алғыс Жүрегімменен мың да бір. Ақ тілектерің, Пәк тілектерің көгертіп Келешектерге Асықтырады жылмажыл. Қуанып жатыр өзіңді көріп барша жан, Төріме шықшы, Қонағымдайын қарсы алам. Өмірдің мынау тәттілігіне тамсантқан Қарызбын мәңгі, Борышкермін де мен саған. Ажарың ашық, Жанарың мөлдір әрдайым. Дидарың аппақ, Наурызда жауған қардайын. Жаңа Жыл, жаным, жүздескен нұрлы шағыңда Бар пейілімді жұртыма бүгін арнайын: Отбасы аман, шаңырақтарда күн күлсін, Жақсылық оты жаманның сағын сындырсын. Қарттарым сау боп, жастарым өсіп-жетіліп, Ел бағы үшін Қыруар істер тындырсын. Болмасын ұрыс, Көк зеңгір болсын аспаным, Жазыла берсін жаңа ғасырлық дастаным.

Үміттер үдеп, Дұшпандар жүдеп, мұңайып. Көбейе берсін, Шаттық күндерің, бастарың. Түгендеп алып, төрт маусымның да тізімін Жыл ауыстырды тағы да, міне, жүзігін. Ғасыр басында тағы да менің тілегімКөруге жазсын жас ұрпақтардың қызығын!

НАУРЫЗ (шалқыма) Шырайланды, нұр айналды, күлді таңның арайы. Көңіл шалқып, дене балқып, жаңғырды жан сарайы. Құсқанаты қыраулатып, көктем әнін бір аунатып, көкіректе жыр аунатып тырналар жүр тыраулатып. Төңірекке тартып өң (алтын шуақ манатым ең), Кел, Наурыз, құт дарытып, қарлығаштар қанатымен! Күн бүгін дара күткен, Сағынып дала күткен, Асыр сап жүгіреді, Мәзмайрам бала біткен. Құпия ашалық бір, Той – мейрам жасалық бір. Наурыз келбетімен Көк белдер жасанып тұр. Наурыз төрге келіп, Жылуын жерге беріп, Өмір тұр дөңгеленіп, Төрт түлік көмбеленіп, Барадытөлдер өріп. Ақ дәмін сезеді ерен, Тәп-тәтті-ақ көжелерім, Арулар су тасуда Толтырып көзелерін. Өткен жыл көнергендей, Күн мен түн теңелгендей, Ұлыс күн ырыс әкеп,

Көктеммен кенелгендей. Кел, көктем-Ұлық айым! Сырыңды ұғынайын, Саяңда тынығайын, Ақ шуақ нұрларыңа Армансыз жылынайын, Тұп –тұнық жаңбырыңа Шомылып жуынайын Елімді жағалап көр, Сайымды сағалап көр, Сөзіме салауат бер, Баршаға қанағат бер! Құт болып қоншы маған, Қыдыр бол жол сұраған, Ен байлық еселеніп, Еліміз болсын аман! О, ДАНЫШПАН ДҮНИЕ! О, данышпан дүние! Мен келемін, мен келемін. Құпияңды білуді Жөн көремін Кеудеме таусылмайтын қуат бердің, беймәлім қырларыңды меңгеремін. О, данышпан дүние! Жадыңа Енген едім, Сырыңа Сенген едім, Жанымды Емдеп едің, Көгіңде Күн сияқты Нұр шашып дөңгеледім. О, данышпан дүние!

Тірліктің Жөргегі едің, Талайды Тербеп едің, Ұямсың Саялайтын, Панамсың Сен де менің. О, данышпан дүние! Сан арман Өңгеремін, Әлсізге Дем беремін, Өзіңнен ажырамай қалғанды жөн көремін. ҚАЗАҚ ӨНЕРІНЕ Бабамның бай мұрасын бағамдатқан, Тағдыры тағдырымдай алаңдатқан. Халқымның өнерінде өрнектеліп, Жанымның кеңдігіндей далам жатқан. Сырыңа кеш қанықтым марқайғасын, Әр күні әсер үстер әр таймасым, Жылдардың жылжуымен жаңғырығып, Жасанып, жасаратын қартаймасым. Ғасырлар тозаңында көнермеген, Қаупім жоқ өнерге сес төнер деген. Кешегі керуен тартқан көшпелі елдің Көгерген көсегесі өнерменен.

Шамаңа, шебер болсаң, сүйене гөр, Шабытқа шарапаты тие берер. Сұңғыла сұлулықтан сыр ұқтырған, Табынам сиқырыңа, киелі өнер! ******* Қандай ғажап, қарап тұрсаң, би деген, Би дегенде біліп болмас күйге енем. Сұлулықты шын түсініп, білмейді Ұлттың биін жан-тәнімен сүймеген. Дәл осында қимыл деген, сый деген, Дәл осында мазмұн деген, ой деген. Сұлулықты шын түсініп, білмейді Ұлттық биге басын төмен имеген. КҮЙШІ ЖӘНЕ ДОМБЫРА Кезінде елге дүйім ардақталған Бұл тұяқ өнеге алған саңлақтардан. Безесе домбырасын бебеулетіп, Саумал күй төгіледі бармақтардан.

Күйші отыр шанағынан безілдетіп, Барады бал әуендер сезімге өтіп. Бой-жүйе сиқырланып күмбіріне Қалмады ешбір дегбір төзімде түк. Заматта куанасың, қайғырасың, Дәрмен жоқ қозғалуға ай құласын. Күйші отыр өмір жайлы сыр ұқтырып, Әйгілеп ата-баба бай мұрасын. Домбыра көмейіндей нар даланың, Бабалар даусын қосып салған әнін. Тыңдасаң, шежіреден саз төгеді. Ағытып күйөзеннің арналарын. Не деген жүрек тербер жасын күй ең, Домбырам, айналайын, асыл кием. Сыйдырған қос ішекке қазақ атын Үніңе құдіретті басымды ием!

АЛТЫН КҮЗ АЙШЫҚТАРЫ Жалғыз тырна Мазасыз мұңлық тырна, мұңды әуенің, Мұңайтты маң далада тыңдап едім. Қалыпсың үйіріңнен көзің жазып, Шеттеуден мен де төзім шыңдап едім. Тырнам-ай, әнің сазды тыраулаған, Жеткізіп сезіміңді тұр-ау маған. Қағілез қанатыңның сусылынан Жүректе ақ қауырсын жыр аунаған. Жалғызым, алыстадың назыңды айтып, Өлеңім өшті замат жазылмай түк. Жазықсыз жалғыз тырна қанатыңда Менің де бара жатыр жазым қайтып. Теңіз бен бала Бесігі бекем момақан теңіз нұрлана, Ұқсатты бейне толқынын сиқыр сырғаға, Ақ дидарыңа ақ қаймақ кештің сұқтанып, Шаттыққа шомып, жағада жалғыз тұр бала.

Ақ желкен қонған айдынның беті тып-тұнық. Сызыла қапты сабырлылықты ұқтырып. Шағылға сіңіп, шағала құстың шаңқылы Ымыртта жеткен ызғырық желден ықты бұлт. Жабағы бұлттар жаңбырдың жауар сесі ме, Салқындау қабақ танытты күздің кешіне. Жанары нәркес жағада жалғыз тұр бала, Томсарып жүзі, күткендей көктен несібе. КҮЗ Кеңісті қоныс, жұрт етіп Кәусардан «дәмін» татып ап, Көкжиек жоннан жылт етіп, Көш тартты бұлттар сатылап. Үдере қуып шуақты Үркітті суық-ақымақ. Үрпінен ешкі су ақты, Үмітсіз енді ақ лақ. Зергер күз әбден достасып, Зердесін бақтың жатыр ап. Зауалын айтып қоштасып, Зарлайды алтын жапырақ.

*** Бөтеке бүйір беткейі қырдың бөлекше, Қалыңы біткен шуласып әлек жел өпсе. Қайғытып келіп қиядан ілді қарақұс, Тырнағы қанды, аузында-арам өлексе. Қараша күйде қымыз аңқыған тұр күбі, Алтын жал тұлпар тұяғын сермеп ырғыды. Тобыр табынның қарасынан көз жазбай Жіті қадайды жылқышы жігіт дүрбіні. Тағдырдың төсі таз түскен бастай тұлдыр ақ, Әудемде ауылжанарда тұнды бұлдырап. Әкесін көріп алдынан тұра жүгірді Шоколад түстес шиеттей бала құлдырап. ҚЫРДАҒЫ КӨРІНІС (Осы бір күзгі шақ қандай!) Сорабы жолдың саралжым бояу жаққандай. Азаннан айқай жапанда жалғыз жылқы ауыл Тыныштық тапты сыланып көкте жатқанда Ай.

*** Шолпысын тағып Күледі кербез алтын Ай. Тұңғиық түннің Сүйектен өткен салқыны-ай. Сыланып жатыр уыз сәулемен сүт-дала, Ызғырық өті ақ тәнін ашып жарқырай. Кейуана қарттың деміндей леп өседі, Тоғайдың тұнжыр лыпасын еппен шешеді. Қап-қара бояу күйе жаққандай шабысып, Шалқар теңіздің шым тереңіне көшеді. АУЫЛДЫҢ МАДОННА ҚЫЗДАРЫ Шет ауыл шап-шағын. Ақ шағыл. Кешкілік. У-шуы жетеді алыстан естіліп. Батыста беймезгіл безерген ешкі бұлт. Түбітін көтеріп, қопсытты төске ұрып. Аулақта үйір мал ағылып көшеді, Ақ шаңдақ болыпты қара жол кешегі. Оңыпты өрістің жап-жасыл бояуы, Қалыпты беткейдің жұқарып төсегі.

Денеге жайсыздау қараша ызғары, Көңілсіз даланың сарнаған күзгі әні Оралып келеді жұмыстан құныспай Ауылдың қайратты мадонна қыздыры. *** Аулақта бұлттар жүзеді, Аспанның асты сия көк. Тырналар көшін түзеді Қиырға алыс қиямет. Зер таққан қырдың алабы, Қызыққа маңай бөленді. Алыстап құстар барады, Жүрекке құйып өлеңді. Сазынан оның наланы ұқ, Соққандай бейне қоңырау. Қоштасқан күз бен балалық Бұл да бір қимас өмір-ау. ҚАРАШАДА ЖАУҒАН ҚАР Қараша десеқараша, Ажары неткен тамаша! Сызылып сәуле төгеді Күн-сұлу елтіп қараса. Бағына түздің жараса Сән ала келді қараша. Жырлауға аппақ дидарын Бір теңеу қысқа араша.

ТАҢҒЫ САЗ Шығыстан сәуле сыланды, Шұғыла шашып құбылып. Еңістен түскен құлан-ды, Шалғайта тартты шынығып. Балқиды сұлу атырап, Құстардың әні бағалы. Сырғалы жасыл жапырақ Тынымсыз сыбдыр қағады. Сиқырлы саздар дүрия, Сұлулық төгіп құлпырды. Ақ қайың бейне жыр-ұя, Көңілде көркем сыр тұнды. Қыркүйек ашып қабағын Күлімдеп қырдан қарады. Қаңғыбас қаңбақ қауағын Қара жел қуып барады. *** Жетпесе де қырау қыс хабары әлі, Қабағы қырау күздің қабарады. Салдақы сайқал желдің сабалаған «Зәбірінен» сидаң тал сазарады.

Қарамайды күн бүгін күліп тіптен, Қатты ұйысып қалыпты бұлт тіптен. Жағада өскен жаз бойы жамырасып Қалың қамыс түтігіп, шіріп біткен. Тұнжыр торғай әлсіздеу сырнайлатып Бұта астында құнысты тұрмай жатып. Мезі қылған мінезі қарашаның Көңілсіз сәттерімді тұрды ойлатып. *** Етегін желпіп есіріп Екпінін дауыл үдетті. Баянын жаздың көшіріп, Бақ ішін замат жүдетті. Жел өті тоғай жалаңаш, Жоғалтты алтын теңгесін. Шұлғиды басын бар ағаш, Күз-батыр жеңе келгесін. Толқынын шашып дария Кілкиді қаққан зереңдей. Сулайды көзін қария Дәурен-ай, шіркін дегендей.

*** Жалаңаш жел жортады, Жалаңаш жел жортады, Уілдеген үнінен Үрегей дүз қорқады. Жалаңаш жел жортады Ойда бардай ортағы, Қырда бардай қарымы, Ұшырады сортаңын. Жалаңаш жел жортады, Дегендейін жер таны. Шөп басынан ұшады Ең даланың ерке әні. ЖАЙЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУ Асығып тағы келдім, арма жайық Өзіңде бір сұлулық бар ғажайып. Ескі әуен еске оралды ғайыптағы: «Су көйлек қойып едім талға жайып».. Бойымда буырқанып жыр қызынды, Ақ Жайық, ару Жайық бұр жүзіңді. Өзіңе ғашықтықпен келіп жүріп. Өзіме ғашық еткем бір қызыңды.

Қалайша қарамайын құмарланбай, Шырайың шыңға шабыт шығарғандай. Жағаңнан сапар шегіп кетсем жырақ, Көңілсіз күй кешемін сыңар жандай. Жүздіртсем ой кемесін айдыныңда, Ұмытам уайым мен қайғыны да. Жағаң тал, жамырасқан жасыл тоғай, Алыстан алақанын жайды ұлына. Армысың, ару Жайық күлімдеген, Толқының сезімімде дірілдеген. Тұңғиық тереңіңнен сыр іздеген, Жыр тыңда өзің жайлы бүгін менен!

КӨК Көк дөнен көлік, Көкшулан серік. Көк көңіл желік, Көк ойда-көрік. Көк зеңгір аспан, Көкможы маңай. Көк белден асқан Көк кептер ән-ай. Көк долы бұлақ, Көк жұлын арна. Көк желке қырат Көк тайғақ нарға. Көк қайыс қиыр Көк тұман шөккен. Көк соққан сиыр Көк іздеп кеткен. Көк қанат торғай, Көк бүйір шымшық, Көк мылжың болмай, Көкиіп қырсық. Көк жөтел жүгіртті Көксау желді де, Көкседі ымыртты Көк кеш келді де. АУЫЛ КӨРІНІСІ Шұбатылып түтін тұр, шұбатылып, Бозбаладан қалғандай бұзақылық.. Бозғыл тұман таң алды сызылады, Қалыңдықтай қоштасқан ұзатылып.

Қол салады қара шал қабағына, Ер салады ер жігіт жабағыға. Кетік тісін көрсетіп езуінен, Бала кетіп барады сабағына. Қара мая ыңырсып, қаздияды, Қарбалас топ жұмылып саз құяды. Қарлығаштар ұшады айналсоқтап, Мекен еткен былтырғы жазғы ұяны. Қызыл бұзау Құйрығын шаншып атып, Сұр ала айғыр Сауырын қамшылатып. Қырға тартты Шуда жол шиырымен, Шөп біткеннің Жанарын тамшылатып. Құлағында күмбірлі сырға ойнатып, Ақ жүзіне ақ таңнан нұрды ойнатып. Ару кетіп барады, ару кетіп, Аңсар болған көңілге мыңды ойлатып. *** Шөл дала. Сусыған құм. Лағыл аспан, Күн сүйіп, шуағынан жадырасқан. Мәз-мәйрам мұртын ширап шопан-ата, Беттеді отарына жамырасқан.

Өрістің сәуір-сұлу сәнін ашқан, Әнәугі ақ тақырдың табы қашқан. Құмдауыт көк шыланған адыр жонды Жағымды жас төлдердің әні басқан. Келмесе, қыр өмірін танымас жан, Жол тартпа жігеріңді жанымастан. Иітер игілікті-осы жайлау, Талайдың жарқыратып бағын ашқан. Шағылға түс әулеті сағым асқан, Сазына қара торғай тағы басқан. Дегендей төзімділік, төзімділік, Теңбіл көк теңселеді адыраспан. ШІЛДЕ КЕШІ Қара мая ыңырсып, Исінеді ымыртта. Маңай үнсіз, тымырсық, Ақ үй-бейне жұмыртқа. Шелек ілді білекке Әйел-үйдің киесі. Келіп әзер ретке, белін жазды түйеші. Сауын жеткен желіннен, Сарылдап сүт саулады. Жаңа түскен келіннен, Жаңа ай туған аумады.

Жамылғысын іргенің, Алғандайын түсіріп. Барқыт кешін шілденің, Түн келеді ысырып. ҰЛЫМ БАҒДАТҚА Сынамайды бала кезде сені ешкім, Талап қояр үлкен жігіт емессің. Есейген соң есің кірер, құлыным, Атың шығып, айдарыңнан жел ессін. Болар бала белгілі ғой талапты, Ажыратар ақиқат пен ағатты. Үміт құсын үкілетіп, Бағдатжан, Оқып жүрсің «4» пен «5»-ке сабақты. Көпке ұнайды ілтипатың, тәртібің, Күлкіменен көш тартуда әр күнің. Жүректердің жылуымен жайнап өс, Тағдыр саған сездірмесін салқынын. Жүйрік болсаң, ісінбесің алқымың, Шаптың екен, тұлпарлардай тарпығын. Уақыт деген қателікті кешпейді, Бәйгеөмірде сүрінбеші, алтыным.

Деп ойлама «ортаңқолмен теңестім», Ақыл алып, үлкендермен кеңескін. Ержеткендік үйренуден тұрады, Туғанынан текті болмас тегі ешкім. Қиындықтан беті қайтпас, шыдар ер, Отбасыңның бірі сенсің мұрагер. Алдамасын сенім бізді, жарығым, Ел сүйетін азамат боп шыға гөр! ҚАҢТАР-1 (суретке) Сұлудай көркем көңілі біткен айнаға, Ажары кіріп, жасанып жатыр айнала. Ауасы шымыр, аязы шыны қаңтардың Қылығы тосын, шырайы осы қайда да. ҚАҢТАР-2 Ақ кеме-тау түзілген көркем, Ақ желек бұлт –үзілген желкен. Ақ көйлек киген қалыңдық сынды Қаңтар дегенің күзіңнен көркем.

Ат шана ізі қыз бұрымыңдай, Таңданыс еттік біз бұрынғыдай. Қызыққан қысқа шаңғылы бала, Төбеден төмен ызғыды құлай. Әуендер қалған әнші-бұлақтан, Көзінен мөлт-мөлт тамшы құлатқан, Ирек те ирек көгілдір түстерМұржа түтіндері шаншылып атқан. Төңірек, маңай күміспен қақталған, Сықырлап аяз сыңсиды бақтардан. Қаңтар дегенің суретші екен ғой, Ағыл да тегіл ақ бояу ақтарған. СЕМЕЙ СЫНАҚ АЛАҢЫ ЖАБЫЛҒАНДА Тазалық жоқ ішкен суым, нанымда, өңімде-үрей, күнде дүмпу жадымда. Туған жердің тұла бойы тұл жамау, Мың кесепат бүлкілдейді қанымда.

Бір бұлқыныс байқалады қарында, Маңай толы түтін-тұман, сағымға. Қыршын кетіп, піспей солып қалуда Қыз-жігіттер қызғалдақтай шағында. Мұңды бір ән жол тартады жанымда, Бұрынғыдай гүлдемейді бағым да. Аспанымның айдыны да ақ тозаң, Мөлдір күліп атпай қойды таңым да. Арман-ойым, алаңдамай арында, Тоқтамай тарт тынысыңның барында! Құр сүлдері қасіретті жерімнің, Дөңгелейді көздің қара-ағында. «Бітті сынақ! Қайтадан оқ жарылма!»- Құлақ қоям күңіренген сарынға. Аласталар алапаты атомның, О, жүрегім, өрекпімдей дамылда!

ДОСТЫҚ Өмір мынау достықпенен шырайлы, Дос арқылы әрқашан да ұнайды. Достық жолы оңай емес бірақ та, Қиын сәтте адалдықты сынайды. Досым менің, таза болсын пиғылың, Күмбірлесін көкіректе күй-жырың. Қол созғанда көмектессең, жарайдыЕң қымбатты берген осы сыйлығың. АҚҚУ-АТА «Бекет аққу болып ұшып жүреді екен» (халық аңызы) Санамда сағымданды сағынышым, Түйсігім әйгіледі тағы күшін. Аққу боп қанат қақты Оғыландыға Бір жырдың жалынды отын жағу үшін. Айналған әлдеқашан аты аңызға, Аққу боп ұшқан дейді атамыз да. Талайға шарапаттан шуақ төккен Жариын мен де Сіздің батаңызға.

Пір-ата көкке тартып аспандаған, Айтыпты: арнасынан асқан жаман. Ғайбаттап асылықты, тасынуды, Жауынан қаймықпаған, жасқанбаған. Пиғылын Жаратқаным қабыл еткен, Күрескен өле-өлгенше әбілетпен. Үп демей өмір парқын тақуа жан Ақиқат жол іздеген әділеттен. Көңілінде, жаман көрсе, лай қапты, Тәңірден бір кешірім сұрай қапты. Мұңайса, ренішін ішке бүгіп, Иманды күй кешіпті лайқатты. Сұрықсыз қылықтарды самдай білген, Адамды мадихаттап, таңдай білген. Пәнсінген қарақтардан азар көрген Кінәсіз момын жұртын қамдай білген. Қамдаған шаруасы хасыл болған, Зайыры найзағай мен жасын болған. Кеспеті қасабалы мүкәммалдың Дағуа, дәрістері асыл болған.

Дінсізге дәйек тұтып тұра алмаған, Ділдіге дәріптейтін жыр арнаған. Пірәдар әулиенің атын атап, Батырлар шабуылда ұрандаған. Бүгінде барша білер парасатын, Әулие желеп-жебеп, қарасатын. Бекетке мен де бір жыр бағыштадым, Тағынса, тұмардайын жарасатын. Атаның асын беріп таратты анық, Жұмылып ортақ іске, жарап халық. Әр күні Бекет атам аққу болып Ұшып жүр төбемізде қанат қағып. ҚАРАТӨБЕ-ҚАСИЕТТІ ҚАРА ЖҰРТ Қаратөбем, Кие тұтқан қара бел, Ән-күйіне қосып сені салады ел. Өлеңімді мен де саған арнайын, Кінә тақпай бүгін қабыл ала гөр!

Ұлдарың көп арғымақтар ойнатқан, Жауларына көк сүңгіні бойлатқан. Ілтипатты қыздарың да аз емес Қылығымен кемеңгерді ойлатқан. Бәрі-сенен. Ақиқатқа таласпан. Ақындарың ел мақтаны жарасқан. Шотаныңдай жүрек жұтқан батырың, Жаңа жерге ауа қонар жол ашқан. Абылың бар жыр теңізі аумаған, Талай жерде Жұрттың жоғын даулаған. Соларды да бұл пәниден көшіріп Шіркін уақыт құстай ұшып, заулаған. Өлең-бәйге. Мен де атымды қосамын. Тарихтың абайласам жосағын: Қаратөбе, сенің ұлы перзентің Ақ сұңқардай жауға шапқан Досаның. Ұланың көп ұлағатты сандаған, Қарап тұрып соған шексіз таңданам. Қаратөбе,

қанша өзіңе келсем де Келбетіңе құмарым еш қанбаған. Пейіліндей қазағымның далиып Көсіле бер, Биіктей бер, маң далам! ЖИЫРМА МЕН ЖИЫРМА БЕСТІҢ АРАСЫНДА Балауса кезің тым албырт Қараушы ең ұзақ құмартып. Бейкүнә, таза қалпыңмен Көңіліме кеттің жүк артып. «Достастық, міне-серт» дедік, Дауыл ма едік, өрт пе едік. Есімде анық қалғаныҰяттан аттап кетпедік. *** Алқынып албырттықпен абайламай, Кеттің-ау қайта оралмай, қарайламай. Ойласам оңашада елестейді Жанарың жарқыраған шар айнадай. Ажарың айдын көлдің тұнығындай, Қос сырғаң алтын айдың сынығындай, Түсінбей таңданумен әлі жүрмін, Баладай бұртаңдаған қылығыңды-ай.

*** Сылдыр да сылдыр көк тұма Тыншымай баяу ағады. Жүрегің жиі соққылап, Құшақтап жаттың ағаңды. Елеспін қонған санаңда, Көңіліңде бәлкім қонақпын. Шашыңмен бетім жабам да Ерінге ерін жолаттым. Ыстығы бойды ерітті, Ұялдым қатты қысылып. Жан едің неткен көрікті, Ойымды жаттың түсініп. Кенезем кеуіп қаталап, Құмарттым сұлу мүсінге. Көзсіздік әлде махаббат, өңім бе, әлде түсім бе?!

ҰМЫТПАЙ ЖҮРСЕҢ... Тал бойың түзу пішінде, Қызғалдақ сынды, қарағым. Қызыл тыл тоғай ішінде Еліктей елтіп қарадың. Қарадың-дағы арбадың, (Қалайша түсті қармағың?!) Сыпайы ғана жымидым, әріге содан бармадым. Әріге содан бармадым, Сезініп пәктік салмағын. Ұмытпай жүрсең жарайды. Болмайды менің арманым. *** Құшақтап сені жыр ғып ем, Жүректі от қып тұрды дем. Жұлдызы болып ауылдың Жарқырап жүрген құрғыр ең. Құмарлық жеңіп сабырды, өткіздік күндер жағымды. өзгеден іздеп бақытты байлап та тындың бағыңды. Жігерлі қыз ең, ең алғаш Болыпсың мұңды жеңе алмас. Жабырқап жүрген жаныңа, Күйдемін жәрдем бере алмас.

*** Демеймін мен қаріппін, Махаббаттан тарықтым. Сүйген жүрек табылып, Алдан туды жарық күн. Бұрын жігер жасқаппын, Баянды іске баспаппын. Бақытымды құшқалы Аспандайын асқақпын. Мұхиттайын телегей, Қияндарға желеді ой. Махаббаттың бесігі Мол бақытқа бөлегей. Жақсы болсам, тап шынымЖұбыменен жақсымын. Егіз гүлді құлпыртып, Жайнай берсін жақсы күн! *** Жадымда гүл шақтағы қалды елесің, Кездессең әлі күнге нәр бересің. Өзіңе жылдар салып тағы келдім Жүздіріп сағыныштың сал кемесін.

Қысылма, қарсы ал енді қонағыңдай, Тұрайын қуаныштан мен арылмай. Делбеші, деміңменен, серпілейін, Жаратқан бәйгенің тор шолағындай. Жаттығың сезілмейді қанша болды, Көңілің беріктікке нанса болды. Құшақтар қала берсін ажыраспай, Жүректер ғашықтықтан жанса болды. Өзіңді менен басқа сағынар кім, Тағы да табысатын табылар күн. Қош енді, мәңгі ескірмес махаббатым, Жәннатта жүздесерміз тағы бәлкім?! *** Налымағын, қалқатай, налымағын, Шынымды айтсам, әдейі танымадым. Ұмыт қалған күндерді неғыласың, Жүзі тозған алмасты жанымағын.

Танымай-ақ өмірден біз өтейік, Кездеспей-ақ құр үміт күзетейік. Деген сөзің санама сіңіспейді: «Түзетейік, өткенді түзетейік». Сөк мейлі, бұл тоқтамды сөкпе мейлі, Қояйық жазғыруды өкпе-гөйді. Құлаған қайың ағаш баптағанмен, Қайтадан бүрін ашып, көктемейді. Үрлеме сөніп қалған ғашық отын, Іздеме жанды тілген жасын отын. Жалғыздық айдынында жүздіре бер, Қайғырсыз жүрегіңнің қасіретін. *** Көңілімде мың-сан ойлар, жүз күдік, Дегбірімді тұзақтайды ізгі үміт. Көк төсінде күлімдейді күміс ай, Дегендейін «жігіт болсаң, қызды күт».

Көктемгі қызғалдақ па ең, өртең бе едің, Отыңа неғып күйіп, өртенбедім?! Жүргенде дәтім бармай бір қарауға, Көзойнақ неге керек, еркем менің. *** Түңілсең, түңіле бер! Шамам жоқ шыдамдылық жібін өрер. Салық қып салқындықты сынасаң да, Шындыққа жүгіне гөр! Қайтейін өкпелесең. Сол бекемім, Морт сынбан болмашыға мен де тегін. Көтерген қылығыңды желге етегін, Арыңа адамшылық белгі етемін. Жүзіңді жүздессең де бұрма маған, Сенсіз де қойын-қоншым құрғамаған. Күнім жоқ, пәк күлкіңді ұрламаған, Енді хош! Қала кетіп, қырға барам.

Елтінжалға келіпті ерте көктем Бойыңда ұмыттырар еркің барын, Сездірер серіппедей серпін барын. Ғажайып Ғабең туған алтын бесікМіне, осы ел аңсары Елтінжалың. Аялап сәби шақтан еркелеткен, Көңілін нұрландырып, көркем еткен. Ғабеңнің жанға құяр жылуындай Келіпті Елтінжанға ерте көктем. Келбеті кемеңгердің елібіндей, Сындары салмақтының сеніміндей. Жасыны ақ алмастың жарқылындай, Жасылы жазираның көрігіндей. Шалғыны арғымақтың жалдарындай Жалдары құдыреттің бармағындай. Даласы пейілдінің шырайындай, Кеңдігі қазағымның арманындай.

Көлдері жанарлардың тұнығындай, Белдері сұлулардың бұрымындай. Желдері аламанның жүйрігіндей, Жолдары жылқышының құрығындай. Өрлері өрімшінің қамшысындай, Гүлдері қызыл қанның тамшысындай Құстары қиялдардың самғауындай, Тастары сақа асықтың алшысындай. Қырлары бекіренің білеміндей, Сілемі палуанның білегіндей. Орманы парсылардың кілеміндей, Таулары Тәңірінің жүрегіндей. Аңдары еркіндіктің еркесіндей, Биігі буралардың желкесіндей. Бұлттары ертегінің серкесіндей, Аспанның тарта жайған көрпесіндей. Елтінжал ежелден бар сыйласымдай, Тұр әлі тұла бойда күй басылмай. Барыңды Маңғыстауға ап мен кетейін, Қош енді, бауыр басқан қимасым-ай!

Махмут үйінің орнында Наурызды мүк басқан, тңды-қырау Махмуттың үйінің орны-мынау. Сәл қалыппын өтуге аңғармастан, Аңғалдықтан өлетін сорлымын-ау Анау Ботпай Бабаның баспанасы, Талайларды тойдырған асқан асы. Кенжетайдың бөлмесі бөлек тұрған, Айхай, дәурен құлдыртқан жасқа масы Жанарыңды жітілеу түсір ептеп, Қара жұрттан қалайша кісі кетпек?! Құлағыма Көнеден бір үн жетті: «Қоныс еткен бұл жерді Мүсіреп» деп. Соңынан да ізі қапты ісі көптіңкуә тастар, Келеді мүсін еткің. Есеней би сыйлаған қара қоныс Қасиетті мекені Мүсірептің.

Мақтан еткен самсаған Сибан елі, Ибасына жарасқан иман өңі. Елтінжалдың кең қолтық құшағына Құдайым бар жақсысын жиған еді. Елжірейді егінді Елтінжалың, Жүрегімді аунатқан толқын-жалын. Табындырған талайды киелі орын Ұмыттырды менің де еркім барын. Өз еркіме шыдамым әрең көніп, Тепкен қаннан беттерім сәл өңденіп, Қара жұрттың орнынан мен аттандым Бейне бір Ғабең болып, әлем болып! Ағаның алақаны Өмір лебі, Төңірегі той-думан, Балаң жігіт, алаң жігіт ой қуған. Көргеннен-ақ көркем сұлу кісіні Көңіл қарнын тойдырудай тойдырған.

Шын ұғынып шыдам менен төзімді Ерте тұрып, тым кешірек көз ілді. Қалам ұштап қолдауымен Сәкеннің, Жазу сырын сезудей-ақ сезінді. Тосылса да тастамады қаламын. «Шайқамады құр бекерге шалабын». Бала Ғабит дана Ғабит боп шықты, Ұмытпады алақанын ағаның. Шын жүйріктер іздемейді пайда құр, Жабыларда жабысқақ боп айла жүр. Алақанын ақ желкен қып керетін Жақсы ағалар бүгіндері қайда жүр?! Ғабеңнің Джокондасы Қос бұрымы қосыла тартқан, Жүйрік мініп, жосыла шапқан. Ең даланың ерке маралы, Жебе жанарлар тосыла баққанҒабеңнің Джокондасы!

Өр мінезін өсіп аңғартқан, Есеней бидің есін аудартқан. Алтын басына ақыл толтырып, Керей-Уақтың көшін оңдатқанҒабеңнің Джокондасы! Толыса түсіп айдай көрікпен Қарт жүрегін майдай еріткен. Бір қауым елді бүтіндей билеп, Бірліктің күйін таймай шерткенҒабеңнің Джокондасы! Жанының сұлу әлемі болған, Кемеңгерліктің дәлелі болған, Сибан елінің пір тұтынатын Дұғай да дұғай сәлемі болғанҒабеңнің Джокондасы! Талай жыл өтті таң күліп келіп, Әйел құдіретін ән қылып беріп, Ел анасына айналған ҰЛПАН Қала береді мәңгілік болыпҒабеңнің Джокондасы!

ЖАН АҒА

Мурсалинге Қалпың бар қарапайым, өзгермеген, Кісісің ешуақытта сөзге ермеген. Өзіңді сағынамын тағат таусып Мұңайып, жалғыз қалған кездерде мен. Балауса, жас кезіңнен болдың зерек, әлжуаз ініңді де көрдің демеп. Болмашы табысыма шын қуандың, Біз үшін отбасыңда орның бөлек. Беделің жатыр асып бір басыңда, Сыйлайды жамағат жұрт, құрдасын да. Шуағың бізге төккен суымайды, Жүре бер қызуы мол Күн қасында. Құдайдың мол жарылқап, демегеніЖанұяң жарастықты, өнегелі. Отырсың таусылмайтын қызық көріп, Аймалап сүйкімді қос немерені.

Көрмедің ешбіреуді әбігер қып, Сөзіңді жүрек тербер дәрі дер жұрт. Халқыңның ортасында өтеп жүрсің Киелі парызыңды дәрігерлік. Қайратты, қиындықтан тайынбасым, Жылдарың жақсылығын дайындасын. Жан аға, жарқырай бер алдаспандай, Құдайым абыройдан айырмасын. «ЖАҢА ӨМІРІМ»-ӘН ӨМІРІМ (Аудандық «Жаңа өмір» газетіне 60 жыл толғанда) «Жаңа өмірім»-ән өмірім бұл менің, Жыр ұқтырған, шын ұқтырған жыл демін. Жастығымның, мас күнімнің куәсі, Есейсем де мен өзіңмен біргемін. «Жаңа өмірім»-жан сырласым сыралғы, Сен ұяңнан ұшырдың сан қыранды. Талмас қанат, талап бердің бәріне, Қоса сыйлап төзім менен шыдамды.

«Жаңа өмірім»- жан тынысым, жарығым, Мен өмірді сен арқылы таныдым. Жантақ жедім түйе болып сен үшін, Елге бердім тәттісі мен мамығын. «Жаңа өмірім» кесіп айтар батымды, Өле сүйген жазушы мен ақынды. Тірліктану жайын сенен ұғындым, Көсіп алдым көл-көсір, мол ақылды. «Жаңа өмірім», жаңаша бір күйге енем, әлі өзіңнен жас баладай именем. Саған деген суымайды махаббат, Қартайғанша көп нәрсені үйренем. «Жаңа өмірім», жар сала бер дабылдап, Жақсылық пен жаңалықты қабылдап. Әділдіктің, адалдықтың досы бол, Мәңгі оттай алаулай бер жалындап!

БЕКБАУЛЫ АЙТТЫ ДЕГЕН СӨЗ – ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН ЖЕГЕН СӨЗ Таклим еттім сөзімді танып-білген Таң шапағын қарсы алдым жарық Күннен. Ислам дінін бір Алла тарапынан Мұхаммед ғалейһи уәс-салам алып келген. Сенеміз бір Алланың барлығына, Бірлігіне, мұстахаб жарлығына, Береміз куәлікті Мұхаммедтің Сахихында пайғамбар барлығына. Ғибадаттар парыз ғой жүректегіОйлағанда денеміз дір еткені. Иман, намаз, ораза, пітір, зекет, Қажылық бар-Хақ діннің тіректері. Бақыттың бүтін сыр бар енуінде, Ұлықтық соны ұстауға көнуінде, Исламды мойындап мұсылманша, Ақиқат дінімізге сенуінде. Болу керек бойында ар-иманы, Ұстау керек ділімен қағиданы, «Ла илаһи иллалаһу Мухаммадур расулуллаһи!» Білу керек осынау кәлиманы. Бұл кәлима болады «Тайбат» деген, Мұсылмандық тым араз ғайбатпенен, Мұсылмандық – шартқа иман келтіргенде, Аллаға ұнамайсың айбатпенен. Сенеміз әрқашанда бір Аллаға, Бір Аллада есепсіз тұр-ау баға, Жамандық та, жақсылық та қалауында, Құдіретті ол жоқтан бар құрауға да. Демеймін данасынып білем бәрін, Таклим –тілмен айттым Мұстахабдұрыс жөн Сахих-ақиқат

Сезінсең сиықсыздық, тұра алмаған. Ислахи іздесең Құранға сен, Алла сөзі мүтәкәллим- Құран Кәрім. Ешнәрсе оқымаған надан болар, Тұңғышы Пайғамбардың-Адам болар, Барлығынан абзалы –Мұхаммед ғалейһи уәс-салам, Осымен ең соңғысы тәмәм болар. Тірліктің тарауында сан із болар, Бұл пенде әр нәрсеге қарыз болар, Екі дүниеде бақытқа жету үшін Ілім іздеу баршаға парыз болар. Жамандар жақсыларға тор құрады, Еңбегін еш кетіріп сор қылады, Қараңғылық, надандық, алауыздық, Тафриқа халаф* пендені қор қылады. Адам ба кісілікті күзетпеген, Қисық пен қыңырларды түзетпеген, Ынтымақ, сыпайылық, құаттылық, Келеді ілімменен, ізетпенен. Біз жүрген бір Алланың құлымызғой, Құл болу – мұсылмандық діліміз ғой, Озалдан үмметіміз Пайғамбардың, Мұхаммед ғалейһи уәс-салам ұлымыз ғой. Жасымнан дін оқуын керек еттім, Көңілімнің қалауына көне кеттім. Шоңайда Тоқсанбайдың Моншасынан Перзент ем, есті сөзге ере кеттім. Демеймін басқалардан кереметпін, Өзімнен үлкендерді өнеге еттім, Дін жолы-өмірдегі ең дұрыс жол, Барынша білгенімді дерек еттім, Келеді ұрпақтарға бере кеткім.

АРУАҚТЫ АТАҒА АРНАУ (болған оқиға ізімен) Ислахи-пенделердің пайдасы Мүтәкәллнәмөзіне лайық * Тафриқа халаф – адамгершіліктен шығу

Иә, Жаратқан ием! Кемшіліктерімізді кешіріп, тілегімізді қабыл ет, тірілерімізді жарылқа, өлгендерімізге мейріміңді төк! Иә, Жаратқан Хақ тағала! Біздерді бәле-жалалардан, ауру – сырқаттардан сақта! Тек бір өзіңнен ғана пана іздейміз! Иә, бүкіл әлемді жаратушы жалғыз Алла! Бекбаулы атаға бағыштаған бәйтімді оқып беруге рахым ете гөр.

Тірлікте тағдырымда тартсам жапа, Кездейсоқ бөгеттіктен болсам қапа, Өзіңе жалбарынып жолым болды, Айналдым қасиетіңнен, Бекбаулы ата! Бала едім он төрттегі қиялым көп, Жан едім ешбіреуге зияным жоқ, Ауылда жүгіретін сайыс болды, Адуын жүйріктермен қоса шаптым, Арынды арғымақтай сияғым жоқ. Сенімді желмен бірге жетеледім, Бәрінен ілгері озып өте бердім, Қадамды қарқындаттым уақыт сайын, Мәреге тура тартып төтеледім, Жеткізбей өзгелерді кете бердім. Көрсетті әлдебіреу сұсын дара, Желкемнен жетіп қалды құшырлана, Итеріп терең сайға құлатқаны, Жазықсыз жол бойында сұлатқаны , Жүлдені иемдену үшін ғана. Шыққан ем шынығуды мақсат қылып, Дүрмекке ілескенді жақсы ат біліп, Кінәгер қылығына қиналмады, Бет-аузы күл сепкендей күлгін тартып, Алыстап кете барды сақ-сақ күліп. Шикілей түстім қастық шеңгеліне, Зұлым мәз бала күшке көнгеніне, Ол кетті жүлде қысып қолтығына, Мәз болып саулыққа сес төнгеніне, Есіріп, екіленіп «еңбегіне». Ессізде көп емес пе амал-айла, Әлде мұны зорлыққа санамай ма?! Екі езуі ыржиып құлағында,

Кешірім де сұрамай жөнін тапты, Әлде соны ерлікке бағалай ма?! Жарыстағы бұл бір жайт жетті ауылға, Ұрынғандай сезіндім от-дауылға, Құлағанда апанға қол сыныпты, Жаттым сол сәт атадан жәрдем сұрап, Жалбарынып жаныммен Бекбаулыға. Ойым жоқ-ты жазмыш тартар деген, Бейнетін аяқасты артар деген, Ауыл кезіп іздедік сынықшыны, Бекбаулының ұрпағы берді көмек, Ел сыйлайтын апамыз Шархат деген. Шархат апам бар затын алып келді, Тізгіндейін бейне бір әріптерді, Сүйектерді күл-талқан жымдастырып, Мінсіз етіп сынықты салып берді, Шеберлігін ғаламат халық көрді. Содан кейін сәт сайын болды жолым, Олжалыққа жарады өзім қолым, Саусақтарым икемге келді-дағы, Қуаныштан теңіздей тасып-толдым, Қасиетіне атаның ғашық болдым. Уақыт деген жылдам ғой санағанға, Асықпызмынаған да, анаған да, Ал өз басым тірлікте ұнатамын, Жақсылық жасағанды әр адамға, Не жетсін бір кәдеге жарағанға. Жақсыларсыз өмірде жоқ тау күнің, Жауларыма мылтықтай оқтаулымын, Бір оқиға айтайын болған жайдан, Демеймін «бостан-босқа өтт-ау күнім», Кәдесіне жарадым Бекбаулының. Мәз болып орынды іске халық жатты, Атаның қонақ үйін салып жатты, Сол кезде ұрпақтары келіп маған, Көгершін – көмегімді қажетсініп, Мейірбан жүрегімді жалындатты. Мұндайда текке қарап қаласын ба, Хамза мен Жиенбай бар арасында:

«Атаның құлыптасын көркемдеші, Арабша қаріптерді саласың ба ?» Деген соң жеделі іске кірістім мен, Бітірдім сол күн кештің шамасында. Ақ таста Бекбаулы аты ажаланды. Құлыптас та «қалайды тазарғанды», Аруақты атаның қасиетінен шебер болдым, Қолынан өнер тамған, Шежіресін өлкенің жазар мәңгі. Тірлікте тағдырымда тартсам жапа, Кездейсоқ бөгеттіктен болсам қапа, Өзіңе жанымменен жалбарынам , Демей бер қасиетіңмен, Бекбаулы ата!

ДАРАБОЗ (Атыраулық әнші Мекес ағаға) Жақсы болды келгенің, Кездесу мынау ең керім, Кендірін шешті керменің, Әуеніңмен тербедің, Айтқан сайын терледің, Сезімге тиіп селбідің, Ақ Жайықтайын селдедің, Көп екен, аға, көргенің, Тербедің, ерік бермедің, Өлеңнің салдың өрнегін, Әсем әнді әрледің, Дауылпаз құстай сермедің, Маржан сөз екен тергенің, Дәл өзіңдей әншіні, Сирек-ау менің көргенім, Жан біткенді үйіріп, Құшағыма кел дедің, «Өнер көзі-ел» дедің, Саяңа келген адамға Орның дайын төр дедің, Әлсізді әрмен демедің, Тәтті әуендерді теңдедің, Сәуесіздерге көнбедің,

Домбыраңды безеп үкілі, Сырларын аштың перненің. Көңілге сұлу ендің де, Көкіректерді кернедің, Кернедің, ерік бермедің, Төгіліп кетті сосын жыр Мақамымен терменің, Тербесін сені мендегі үн, Жырламай кету өзіңді Ақынмын деген ерге мін, Мекес аға, ал енді, Әннің алып жөргегін, Қалауымен халықтың Терме төгіп бер дедім...

ТУҒАН КҮНГЕ ТІЛЕК Саяға Жарым менің, сүйікті жарым менің, Бақытым басқа қонған, барым менің, Сен барда айналамның бәрі жарық, Сен жоқта құрығандай әлім, демім. Ақ нұрдан ақ таңдағы жаралғандай, Жүзіңнен жанға шуақ таралғандай, Ай болып ғарыш жаққа көтерілсең, Соңынан жұлдыз болып барам қалмай. Жан емен әуелден де қаны бұзық, Өзіңмен өмірімнің бәрі қызық, Сөзіңді маған деген естігенде, Кетемін қиялдардан әрі жүзіп. Сертке-серт, отбасына-баян дедім, Жақсыға құшағымды жаям дедім, Көңілдің көктемінде гүлдей жайнап, Жүре бер, Құдай қосқан Саям менің! Шайқалмас тұлғасымын тұрған үйдің, Кең жайып керегесін құрған үйдің, Жанымды жан түсінбей келе жатыр, Тек ғана сен түсінер Бірғалимын. Бар болсын, туған жерім, киелі елім, Күніне мен басымды иер едім,

Екі ұлым, екі қызым – бар бақытым, Қасымда өзің ғана сүйенерім, Сырым жоқ саған деген ашалмаған, Ынтығым қартайсам да басылмаған, Жан-жарым, жанымдағы тірегім сен, Мәңгілік-тек он сегіз жасың маған. БАЛАМА Жасыма, жаныма, жасыма, Жақын келші қасыма, Орынсыз ойнап, тасыма, Қабағыңды кіржитпе, Іс түссе де басыңа. Желікпе, жаным желікпе, Жақсыларға елікте, Әрекетсіз ерікпе, Сұрықсыз ойды сейілтіп, Айналдыр асыл көрікке. Қарадай ішің пыспасын, Сырттамасын тұстасың, Биікке самға ұшқасын, Даусызбен дауласпа, Таңда сөздің қысқасын. Келбетің көзім тойғандай, Кіреукені жойғандай, Тізеңе басты қойғандай, Қанша ақылды болсаң да, Іс істеме ойланбай.

ӘКЕ АҚЫЛЫ (Байғалиға) Боламын әрбір күні сен деп алаң, Жанымды күлкіңменен емдеп алам. Жарлылық қыссадағы жөнге бағам, Ақшадан бойыңдағы арың қымбат, Дұшпаның мақтанғанға сенбе, балам, Арақ пен темекіні ауызға алма, Ескертем осы бастан, кенже балам ! Шықпасын ешуақытта жаман атың, Шектеулі болсын ынсап, қанағатың, Жолдас қыл иман, ұят, адалдықтыБұл менің өзіңе айтқан аманатым. Ас, су менен қажеттіге жарыттым, Бойымдағы өнегені дарттым, Сендер үшін көңіл құлпын ағыттым Сендер үшін мен барымды сарықтым. Демедім мен сендер үшін «жалықтым», Өмір бойы күресемін, өлгенше Жанарымда жарқырай бер, жарық Күн!

Үлесі жылдың үлгімде, Елуден асып барамын, Бақытым биік бұл күнде, Қызығын көріп баланың. Сүреңсіздіктен қашықпын, Берікпін дәйім қалпыма, Жақсылықтарға ғашықпын, Адалмын туған халқыма. Барымды бердім баршаға, Ұсындым жүрек жылуын, Бергісіз жирма ханшаға, Таңдадым Беріш сұлуын. Отаудың болды қызығы, Өсіріп, бақыт ұл-қызын, Аялап әлі келемін, Қазақтың ару жұлдызын. ІНІМ ҮЙЛЕНГЕНДЕ Дәл бүгін гүлді реңім, Шуақты Күн жүрегім, Той үсті толғанамын, Ойымды білдіремін, Осы еді аңсағаным, Күттірді қаншама күн, Қанатым үмітті ақтап, Жайнады жан самалым, Ақ Қанат, ақ Самалым,

Рахат тапса жаным, Көңілім қартаймаса, Гүлденер бақшаларың, Сендерсің-ән дегенім, Сендерсің-сәулелерім, Түрленіп төрт құбылам, Бөленді сәнге менің. Өздерің нұр тілерім, Сендерге бір тілегімБолмасын кірбіңдерің, Шалқысын күлкілерің, Тасысын талаптарың, Күмбірлеп сағаттарың, Бақытты болыңыздар, Жарқырап қабақтарың! АЛТЫН ЖЕҢГЕМ АЛПЫСТА Алпысқа келіп қапты жасың, жеңгем, Жүрегің ақ қағаздай асыл жеңгем, Балаларың шеттерінен өнегелі, Өрлеген өрге қарай тасың, жеңгем. Сақтадың өз ұлтыңның салтын, жеңге, Атыңды ардақтайды халқың, жеңге, Бес мүшел мерейтойың құтты болсын, Кең сарай көкірегің алтын жеңге!

Бар затын қолындағы бөліп берер, Қуанса, мол күлкіге ерік берер, Өзіңнің қайда жүрсек нұр дидарың, Көңілге айықпастай көрік берер. Жеңеше, әнім де сен, жырым да сен, Басқаға дәл өзіңдей бұрылмас ем, Мәңгілік ағамыздың қасында жүр, Құлпыртып қызғалдақтай гүліңді әсем. Татыған талайлардың талғамына, Ұмытылған ұнамды мен алдағығы, Сен деген аыслдардың асылысың, Ілінген ағамыздың қармағына. Ағындап тамырыңда бұрқап қаның, Жеткіздің өмір әнін шырқап бәрін, Ақ адал ниетіңді Алла көрді, Көгеріп, көбеюде ұрпақтарың. Жоқ шығар бұл айтқанға таласарың, Сен жоқсың қатарында аласаның, Құдайым әлі талай ғұмыр берсін, Қасыңда аман болсын қара шалың!

Көргенде мен өзіңді түлеп кетем, Соқпайды ешуақытта жүрек бөтен, Сіздерге мәңгі бақыт тілеймін мен, Болмады туысқанда тілек бөтен! ЕЛ ҚОРҒАНЫ-ЕР ШОТАН Жанарыстан тараған Еңсегей бойлы ер елміз, Құдайға ғана сенерміз, Тап келсе жауды теберміз, Аңысын арттан көрерміз, Шаршамай жорық шегерміз, Қас үлектей желерміз, Жаңбырдай оқты себерміз, Жолда көшті қалдырмай, Жамандарға алдырмай, Атанға жүкті арттырып, Қомын мықтап тарттырып Дем етуге шеберміз. Қара бұлтты қақ бөліп, Көз аштырмас жарық болып, Күркірейміз сілкінтіп, Қаһарлансақ егер біз. Әуелден жерде Адай бар, Сүйсінген жайсаң талайлар, Достарында мерей бар, Қабағында арай бар,

Дұшпандары ығысып, Айбарынан абайлар. Сол Адайдың ішінде Мақтаулысы Жарысы, Жарқыраған әр ісі, Жанып тұрар намысы, Арымайтын шабысы, Жаңылмайтын қағысы, Түздің жортар бөрісі, Боз даланың Барысы, Берекеті ортаймай, Үзілмейтін табысы. Мете, Кще-үлкені, Дәулеталы мырзасы, Айтылатын ырзасы, Шаңырағы қонақжай, Ұзындау келер мұржасы. Жетімегі жетіскен Дайындаған асының Тәтті болар тұнбасы, Еліне арнап еңбегін, Қадірленген бір басы. Бағаланған базары Қарауда болған Назары, Бектемісі белденген, Тоқтамысы тоқтамай, Жауды көрсе желденген. Ал Назардың баласы Көңілінің жоқ аласы, Үлкен дінді терегі, Жайқалған жасыл желегі ШОТАН сынды ерім бар, Содан кейін көрінген, Жамандықтан жерінген Тұлпардайын тебінген Құдай берген керім бар, Осы жерде Майланды Айта-тұғын жөнім бар, Тастемірім бір бөлек,

Оған үлкен сенім бар, Осылардың ішінде Жаратылған асылдан, Талай жауды қашырған, Қалмақпен ұрыс қыздырған, Талай қамал бұздырған, Халық үшін туылған, Қынаптан қылыш суырған, Найзадайын шарт сынған, Айылды мықтап тарттырған, Көк сүңгісін шаншылтып, Қоңыраудың қақтырған, Арғымағын ытықтап, Садағын нарға арттырған, Қалтыратып хан тағын, Бітуажашы шаптырған, Орыстарды ойлантқан Кеудеге моншақ тақтыртқан. Еліне сауға сұраған, Аздан көпті құраған, Адайдағы ұлы адам, Кір қонбаған басына Шотанның 300 жасына Мен де бір бәйіт арнадым, Қайырлы қадам болсын деп Аталардың Асына.

II Екатеринаға хат немесе Сырыммен сырласыу «1785 жылы 21 шілдеде Қобда өзенінің бойында Кіші жүздің жирма бес руының батырлары мен билері бас қосып, II Екатерина патшайымға үндеу қабылдайды». (Әбіш Кекілбаев. «Дуадақ қонған боз төбе» (Ел мен ер хақынан рауаят) «Егемен Қазақстан» газеті. 16.09.2005 жыл). Үндеудің пікір-түйіні мынаған саяды: Кіші жүздің баласыЖанарыс ек жарасқан, Кезіміз жоқ келіспей, Болашағымызға таласқан.

Мақсатымыз-бірлік-ті, Татулықты қаласқан. Нұралы хан алайда Өз білгенін малданып, Жоғарыға жалданып, Төндіруде қара аспан. Халық еркін елемей, Байлығы артып бағы асқан. Тоналуда қайран жер, Тоналуда қайран мал, Жөні жоқ қой тайраңдар, Бұған мақал жүрмейді: «Ашуда да байлам бар». Ханда әділдік болмаса, Басқа адамды сайлаңдар. Ұнамайды Нұралы, Тиіп отыр лаңы, Жұрт тілегін жеткізсе, Естімейді құлағы. Алмасаңыз бір шара, Таусылды елдің шыдамы. Тақтан тайса Нұралы,сөзсіз бізге ұнары. Құр уәде шаршатты Ішінде жоқ құнары. Сізге сенер барша үміт, Жас өркендей талшыбық. Хош етсеңіз тілекті, Қандай бұйрық болса да Жасамаймыз қарсылық. Алыс кетпей әріге, Құлақ қойсақ кәріге «Аққа құдай жақ» деген, Бағынамыз бәріне. Патшайымның ұнаған, Ұлылығын танимыз. Мәртебесін ұстанып, Қамқорлыққа жаримыз, Бұйрығына бас изеп, Күш-жігерді жанимыз.

Еленбесе есіл сөз, Шыны керек, налимыз. Атаққұмар, ашкөздік, Алабөтен бүлдіру Нұралының бойында, Өз халқына өзі жау Не бар екен ойында?! Мұндай ханға сенім жоқ, Тас тығулы қойнында. Орындалмай әлі жүр Ауыр жүгі мойнында. Мансап, тақты бес күндік Сездіртпейді еш мінді. Өгей тұтқан өз елін Көгертпейді ешкімді. Адал адам арымас, Марғау маңын танымас, Нұралыдай найсаптан Ресей де жарымас . Қатыгез хан оңбайды Қаламаймыз ондай, Әбілқайыр тұқымы Шеттелмесе биліктен Еш келісім болмайды. Аш көздігі алапат, Қиянаты кесапат Құылмаса Нұралы, Көңіл тіпті толмайды. Құзіретті патшайым! Шартымызды қабылда, Шарт бүлініп, шағылма, Тұтқында жатып тұсалған, Аманатта ұсталған Қайран біздің ерлерді Қайтарыңыз ауылға!

Кете руының биі Көккөз үшбу хаттың мәтінін қауырсынды дәуіт қаламмен жазып бітірді. Жетпіс үш жастағы Сырым батыр мөрін басты. Осы кезде сексеннің сеңгіріндегі Адай Шотан баһадүр көзіне жас алды.

-Оу , ағасы, шау тартқаныңыз ба?!- деді Сырым ,- Батыр жыламайды, емен құламайды. Сар масақты саулатқан, жорықты түнді жарық қып, далада өртті лаулатқан, атқан оқты оздырған, делебені қоздырған, сөгілте қолтық создырған Күндеріңізді сағындыңыз ба?! Кәрілік жетпей қоймайды, тиген оқ өтпей қоймайды. -Ай, Сырым, жастығымда жалындадым, қапысы жоқ. Жанарыма шықтың іркілгені ол емес. Мен жазған хаттың қайраны болмайды-ау деп қайғырамын. Қара халықты қан қақсатқан ханның тақтан таятынына сенімім аз,-деді Шотан,- Сырымжан, жүрекке от болатындай, көңіл тоқ болатындай өлең өріп жіберші.

Байбақты Сырым бөгелмейді: Елдің бассыз болмағы Басқара білмес ханынан. Дау-жанжалдың болмағы Жүгініске келгенде, Төрелік бермес қазыдан. Байтақ жатқан халықтың Ханға нәсіп болмағы, Зиянды, құқсыз заңынан. Малсыз жарлы-жақыбай Байға нәсіп болмағы Заманының тарынан. Ерлердің сөзі тыңдаусыз, Айрылып болдық барынан, Атаңа нәлет Нұралы, Қолыңды билік құралы, Орыспен ауыз жаласқан Қызын беріп жарасқан, Үш Арыстың баласы Бағындырып алам деп, Шеңгелімді салам деп, Мансап үшін таласқан. Абылай сынды асылдан Садақа кеткір антұрған, Жұртыңы тиер панаң жоқ, Талайларды таңбалап, Тәніне салған жараң көп, Қатерің жоқ демейміз

Қарғыс атқыр Нұралы, Қастерін тіккен ада көп. Сыр төгейін ағам деп: Айтқаның дұрыс, Шотеке, Халыққа ханнан пайда жоқ, Оған қылар айла жоқ, Сіз болжаған мән-жайды Айтпаймын ұсақ, майда деп, Атқа қонар кезінде Сізді іздейміз «қайда» деп. Айтқанымды сезерсіз, Тіліңізді безерсіз, Тілегімді берерсіз, Хан азабын ел тартса, Өтініш жазып көрерсіз, Оған да тақа болмаса, Әлі де жорық шегерсіз, Келсең-дағы сексенге Топ алдында желерсіз, Болмаса егер құлағы, Ақымақ ханға не дерсіз?!

Эпилог Адайдың қалың қамы үшін, Жұртының тағдыр, жаны үшін, Кең түбекті кеулеген, Мыңғыртып жатқан малы үшін, Ақ сақалды ата үшін, Ақ самайлы ана үшін, Қара жұрт, қоныс, пана үшін, Сарп еткен ар мен намысың. Қос жанарын жайнатқан, Көнге суды қайнатқан, Белдеуге тұлпар байлатқан, Тасқа қылыш қайратқан, Мың-сан қолды қалмақты Қынадайын жайратқан, Жауына атқан жебесін Өндіршектен қадалтқан,

Айдалада аш жүріп, Ас ішпеген табақтан. Нөсердей сіркіреген Қара бурадай күркіреген, Құландайын дүркіреген, Ұйқысыз таңды атырған, Ұйыса келген қалмаққа Арыстандай ақырған, Аруағын шақырған, Тау сеоіндей сапырған, Оң келгенін құлатып, Сол келгенін сұлатып, Сояулы шөптей жапырған, Бір құдайға сиынып, Қара қанды өзенге Қалмақтарды батырған. Сөйтіп жауы қапылған. Қабырғалы халқы үшін Ойын ойға батырған, Найзаға үкі қадаған, Қаншырдай қатып жараған, Жүзі қайтпас шар болат, Қылыштың жүзін жалаған, Адырнасын асынып, Жебелерін санаған, Көк шоқпарын сайлаған, Айбалтасын қайраған, Алаңында ұрыстың Жаулары біткен жайраған, Құтылмаған айладан, Жер танабын қуырған, Жүрсе, ақ шаң суырған. Кеудесі ыстық өрт болған, Түн ұйқысы төрт болған. Мың-сан қалмақ шапса да Қас қаққанша жоқ болған, Құйрықтары боқ болған, Балдыры тасқа таймаған, Шапқан сайын жайнаған,

Үдере қашқан қалмақты Үреймен құтын ұшырып, Жеткенінше қалмаған, Бурадайын шайнаған, Айдаһардай жалмаған, Қос тақымы терлетіп, Биіктерге өрлетіп, Бауырынан бу шығып, Құйындай желіп парланған, Көк сауытын айыртып, Күшіген жүнді сұр жебе Күшіктейін сарнаған. Сөгілте қолтық создырған, Делебені қоздырған, Дүлдүлді демеп оздырған, Сонда да демі талмаған, Қалмағы түгілі, орысы «Күнәмді кеш» деп зарлаған, Жоқ-жітікті қамдаған, Қиянатқа бармаған, «Уәде – Құдай сөзі» деп Берген серттен танбаған, Жасықтарды «ез» деген, Пасықтарды тез деген Жігерлері жанбаған. Кек қайтармай дұшпаннан Құмары әсте қанбаған. Адай үшін қамыққан, Ас пен судан тарыққан, Сонда да уайым салмаған. Талай-талай ұрыста Майданға түсіп бәйге алған, Жатқа жерді алдырмай, Айлалы ерге айналған, Асып кеткен арнадан. Ата жауын шортанша Тырып еткізбей қамаған. Отыз бес жыл соғысып, Қалмақтардан оңбаған

Туған елін қорғаған. Талай қауіп төнсе де Далада басы қалмаған, Маңайлап жауы бармаған. Халқына теңдік сұраған, Жеріне еніп Адайдың Үстірттен ойға құлаған, Маңғыстауды маңдаған, Теңізде түбек таңдаған Назарұлы ер Шотан Үш жүз жасқа толғанда Бейбіт етті жан балаң, Құлақ қойған, ағайын, Қабыл алың ұнаса, Толғауымды арнаған. Көп айтты деп сөкпендер, Жазсам әсте тайсалман, Шотан атам ерлігін Жырласам тіпті тауыса алман. ТАҢДАНЫС (бір құрдасқа) Киіміңде жоқ бүтін, Кескініңде жоқ күтім. Аузың арақ сасиды, Көмейіңде көк түтін. Кісі үркетін пошымың, Қылығыңнан шошыдым. Баяғы әсем көркіңді Көре алмаймын осы күн.

БІРЕУГЕ Белгілі еді-ау танымың, Тақырдағы су едің. Өлшеулі еді қарымың, Түлкідейін қу едің. Местей шәртік қарының Ине айналмас тар еді... Дақпырт қылған «дарының» Хат жазуға бар еді. Тек өзіңді көтеріп, Елемеуші ең басқаны. Арсыздыққа ет өліп, Түзеліпті ас қамың. Шынын айтсам несі мін, Жан дүниең былыққан. Ұмытылар есімің Кісілікті ұмытқан. Толтырсаң да тоймадың, Тартынба енді, тартынба. Өзің қалып беймәлім, Ақшаң қалар артыңда.

ТАҒЫ ДА СОҒАН Бар танысың болыпты Бұл күндері бөтенің. Танымайсың талтаңдап Туыстың кім екенін. Мықтыларға мансапты, Желім бопсың жабысып. Жаның қандай қапқара, Жүрсің бірақ ақ ішіп. Арам ақша қалтаңда талтаңдай түс, талдаңда. Ешкім алға шықпапты, Сенің көмек арқаңда. Елдің ұлы емессің, Сүрткішсің жекенің. Азаматтар алдында Жылтырап тұр көтенің. Қаперіңе алмайсың Құдайдың не етерін. Қанша пісіп, толсаң да Қос қадам жер-мекенің. Жиған ақша-дәулетің, Тұрмас молаң басыңда. Тірлігіңе түкірдім, Еш туыс жоқ қасыңда. ҚАНАТЫҢ БЕРІК, ҚҰЗ ЕЛІ! армян ағайындарға:

«Жер-адамзаттың ортақ мекені» 1988 жылғы 7 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша 10 сағат 41 минутта Арменияда күшті жер сілкінісі болды.(ТАСС) Жаз еді жаным жайдары, Мәз еді жаным айна-ды. Естіп хабар қайдағы Бұзылды көңіл қаймағы. «Болсашы құлақ керең-ді..» Дедім де тыйдым өлеңді. Эфирден жеткен дабылға Сенбедім ұзақ мен енді. «Спитак» төмен шөгіпті, Айықпас азап шегіпті. Сілкініп қатты қара жер Қасірет күйге бөгіпті. Жерінде армиян қос қала, Жүрегінде қос нала. Қайысып белі қалыпты Топырақ құшып жастана. Арапат тауы айбынды, Еңсесін басты жай күнгі. Ахурян айтып азасын, Еңіреп Памбак қайғырды.

Жотасын сілкіп Базумның Ойраны соқты жазымның. Алапат кешіп Айастан, Сарнатты сордың сазын мың. ІНІМ ҮЙЛЕНГЕНДЕ Ең керегі бұл тірлікте адалдық, Қиындықта сыналады адамдақ. Ақылымда жеткізейін аз ғана, Үмітпенен қараған соң маған жұрт. Жүр қасыңда, әлде тіптен шетке кет, Бауырларға табысатын жоқ бөгет. Жұбайлыққа жарасады татулық, Жараспайды салқын тарту, өкпелеп. Әлі жассың үлбіріген, өндірдей, Өте көрме өмірден түк өндірмей. Отауыңның іші толсын қызыққа, Алып өткін әсте отын сөндірмей. Не жетеді ынтымыққа бірлікке, Тек сыйластық жарасады тірлікке. Мансап, байлық жолдас емес адамға, Туыс болсаң, тосырқама, сыр бүкпе.

Отауыңның желбіресін туы нық, Қалмаңыздар қабақ шытып, суынып. Ниетінде ағалардың қылау жоқ, Шын тілісең берем жүрек суынып. Біле – білсең, қамқоршыңның бірімін, Сайрай-тұрғын бақ құсыңның тілімін. Ал ағаңда еш алалық болмайды, Қалғандарын айтқызбай – ақ біл, інім! КҮЙДІҢ СҰЛУ ҚАРЛЫҒАШЫ «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі», күйші Роза Айдарбаева Роза-қыз әуен – гүлі түбектің, Жылу құйған Тереңіне жүректің. Саз төгілген Саусақтарың сиқырлы, Көңілдерге Күйлеріңмен гүл ектің. Төкпелеттің Домбырада сан күйді, Қызыуынан Жан балқыды, тән күйді Гүл шырайың әуендермен әдемі, Әр пернеңнен гүлдің иісі аңқиды.

Егіз күмбір қос ішектен парлайды, Кейде күліп кейде боздап сарнайды. Күйдің құсы өнер көгін өрнектеп, Тым қиянда жұлдыз болып самғайды. Ой-домбыра Алдамайды, сенемін, Қос ішегіегіз шумақ өлеңім. Кереметсің, сен Роза, баршаны Мәңгі айықпас ләззатқа бөледің. Өнер десе басымды иіп тұрамын, өнер менің Иманым мен Құраным. Ағындай бер арнаң толып тоқтамай, Күй көзінен жаратылған бұлағым! ЖЫР СЕРІСІ МЕН ЖЫР ЖЕГІСІ немесе өлең мен өресіздіктің арбасуы Светқалиға Жасау-жиhаз, Үй толы. Аула сәндә, терек көп. Жаман емес күй-қоңы Біреу келді дедектеп, Радиодан ақын үнін өшірді «Өлең неге керек?!» деп.

(Біз білмедік, Қай жобада көргені) Сәуемізді тергеді, балағаттап жерледі, Тек құлаққа келгені: «Жыр-шайтанның өрісі, еріккеннің ермегі». Ми қатпары

ми батпақтай мың қыртыс, Басқан ізікөлеңкелі, күңгірт іс. Сөздің парқын ұқпайтын, Құлқын-құдықтан шықпайтын, көкірегі көр соқыр, Үстемсіді үңгір тіс. Кенет... Кенет... Ойда-жоқта нұрға бөлеп бөлмені Ақын кіріп келгені. Жасын ойнап, жыр нөсері селдеді. Бес қаруын сайлап алып белдегі, Шәртік қарын, құр кеудеге сұстанып, тау көшкендей көлбеді. Осы сәтте маңдайында-топастықтың мөр-меңі, ажымдары-өрмекшінің өрмегі, көгілжімдеу сор-реңі, беті-құбыжықтың жөргегі, әжуадан әлемтапырақ жыр жегісі ақын айбынына шыдай алмай өлгені. Денесіне түк сезбестің ұшқын өлең-от түсіп, шымбайына шерлі жолдан шоқ түсіп, қасқағымда өрт өлеңге оранып, қара күл боп кетті ұшып. ... Көз алдындаҒайып болған құр мүсін. Кеңге салып әділеттің дүрбісін, жыр жегісін жаhаннамға жіберіп ақын отыр қалап өлең құрылысын, Көңілінде күмбірлеген күй басым, Шабыт селі шама бермей құйғасын.

Ақын! Сенің асқақтасын жырларың, Адамдарға қуаныштар сыйласын! ДАРАҚ Халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлына Қашағандай алыпқа іні болған, өлеңімен халыққа ірі болған. Ақындардың табынар пірі болған, Жүректерде жағылған нұры болған. Құламайтын дарақтың діңі болған, Жарқыраған шындықтың тіні болған. Жаманыңа адамның сыны болған, Қиып түсер қылыштың қыны болған. Өлең жолын қамшыдай өріп берген, Талантымен халқына көрік берген, Шежіресін тарихтың құйып алған, Бар асылын бойына түйіп алған.

Ерен пейіл елінің тілі болған, Ақындардың ең алып пілі болған. Алқалаған қауымнан сыйы болған, Жұлын-жұлын жырлардың миы болған Сәтекем. Ақын атын ұмыту-ұрпақтарға жат екен, Құдіретсің, құдіретсің, Сәтекем!

МҮГЕДЕК МҰНАЙШЫ ТУРАЛЫ МҰҢДЫ ӨЛЕҢ

(болған оқиға ізімен) Мелшиеді қара түн үмітті ұрлап, Бояуға қара түсті тұнып тұр бақ. Сүңгітіп қара көзін қара түнге Қайғысын қара жігіт ұмыттырмақ. Мазалап мыңсан ойлар мінгеседі, Өзімен өткен күннің тілдеседі Қорғансыз көңіліне бұлт қонақтап, Жас жігіт жанын жейді, мұң кешеді. Хаттарға алдындағы үңіледі, Үңіледі, жазғанға жүгінеді. Тығылып тамағына тас тұрғандай, Дертінің табылмастай бүгін емі. Айтқан жөн ақиқатын, құдай шынын, Жасамай қолдан арзан жыр-айшығын. Елеулі еңбегімен елге жаққан Бірі еді ауыздағы мұнайшының.

Жүретін өн бойынан қуат тасып, Жанының жазирасын шуақ басып. Кез болып кен орнында бір сұлу қыз, Көргеннен ғашық болды, ұнатты асық. Есті алды, қылықты қыз еліктірді, Жай жатқан бал сезімге желік кірді. Жас жігіт әп дегеннен болып ынтық Аруға жиі-жиі келіп тұрды. Жарасты жүздесудің бастамасы, Қыз-жігіт албырттықпен жасқа масы. Бірінсіз-бірі тіпті тұра алмады. Болды айқын бірін-бірі тастамасы. Сезілмей екеуінде уайым-қайғы, Ақыры бір түнеуден тайынбады. Ақ гүлін сүйгенше жұлып беріп, Дейді қыз: «Енді құдай айырмайды». Арада айлар өтті аралатып, Санаға сан жайларды саралатып. Жас жігіт ұшырады жол апатқа Қалаға көлігімен бара жатып.

Тартқандай үлкен азап жай оғынан Айырылды екі бірдей аяғынан. Төсекте домаланып қалды мұңлық, Шырқалмай шат күлкілі баяғы ән. Қыз кетті жігітті алдап, құдайды алдап, Іздеген құдайдан жақ, мұнайдан бақ. Жазыпты соңғы хатын күдер үзіп: «Махаббат мүмкін кейде лайланбақ». Сүйгені қатал екен қас қылғандай, Қылығы бекер екен мас қылғандай. Бір ауыз жылы сөзбен жұбатпапты, Маңдайын болды жігіт тасқа ұрғандай. Көнді де бейнеттің бар салмағына, Сүйеніп күнін кешті балдағына. Жыр жазды жүрегінің қаныменен, Мұң айтып махаббаттың жалғанына.

«Сау болсам атойлатып жүрер ем мен, Кезінде жеткізбейтін күрең ем мен». Деп жігіт өткен күнін сағыныпты, Ғашығын іздеп тапқан жыр-өлеңнен. Болған жай-аяғы аян, басы мәлім, Несіне бүркемелеп, жасырамын. Мұнайшы махаббатын сөндірмеген Жыр-өлең, қасиетіңе бас ұрамын. АБЫЛДЫҢ АҚ ЖОРҒАСЫ Балдай қыз ұзатылып бара жатқанда Абыл ақын көшті қуып жетіп, қимас қарындасына ақ жорғасын сыйлапты деседі. Ұсақта Көшкін ауылы. Сауырда-қыр. Әмбесі Әтембектің абыр-дабыр. Ұзатпақ Балдай қызын Арқа жаққа Бойжетіп үлбіреген шағында бір. Той сәті дөңгеленіп күн күледі, Маздайды ақ отаулар маңында нұр.

Пейілін аямаған ару Мамыр, Төңірек тамашасын салуда бір. Шаттықтың шаңырағын көтерісіп, Бұл тойда жігітте жүр, аруда жүр. Отауы қалыңдықтың жасау толы, Балдайдың құрбылары жанында жүр. Лекітіп алтын жүрек жел еседі, Әйелдер жиі-жиі кеңеседі. Қонақтар жетегінде тоқты–торым - Шашуы, шама келген берешегі. Таппаған ән менен күй, ырғақ тыным, Құлақтың шыры қанар тыңдап бүгін. Қартаң шал көлеңкеде күрсінеді: «Барады-ау бал-бұл жанған зырлап күнім». Балдайдың ұзатылар мұңы бардай, Адам жоқ төңіректе мұны ұғардай. Ақын қыз оңашада сездірместен Еңкілдеп жылап алды дымы қалмай

«Нұр төккен туған жердің таңы маған, Қыз едім түсінгенге жаны ұнаған. Жырымның дәмін татып, нәрін еміп, Ащысын сауығатын дәрі көріп,ъ Дәріптер дүлей еді Абыл ағам. Сыр ашып енді кімге шағына алам ?! Нарқы алтын, нар көтермес сөздерімді Неғылсын пұлын біліп, танымаған. Жан аға, жұлдызың боп тағылып ем, Көңіліңде аққуыңдай ағылып ем. Көрмесем, кездескенше сағынып ем, Тілекшім, соның бәрі көрген түстей, Тірлікте кім зыпты тәңірінен. Жаратқан қыз-ғұмырға бағынып ем, Барамын Арқа жаққа ұзатылып, Келіскен үлкендердің әмірімен».

...Той өтті сәніменен жарасымды, Қыз-қырқын, жігіт-желең таң асырды. Жиылып ауыл-аймақ жолға салды Кигізіп Балдай қызға бар асылды. Қас-қағым уақыт шіркін кетер өтіп, Құдалар төрт-бес түйе жетелетіп. Арбада ай сәулетті жас қалыңдық, Бет бұрды келген жаққа төтелетіп. Жанары мөлдір көлдің тұнығындай, Қабағы тас көмірдің сынығындай. Балдай қыз дидарында бар сұлулық, Ақтығы омыртқаның жұлынындай. Жол бойы көрді мұны Абыл ақын, Жөні жоқ дағдаратын, жаңылатын. Бекінді қоштаспаққа қарындаспен Болды енді өмір бақи сағынатын. Ақын қыз үміт еді осындағы, Аз еді басқа айтысқа қосылғаны.

Қимастық сезімменен көш кідіртіп, Жақындап жөн білісті тосылмады: -Тілекші болсын жолыңа Бекеттің аппақ батасы. Кетеріңді кеш білдім, Көңілімнің көп қапасы. Дүлдүл едім демікпес, Құмарым сөзге қанбаған. Жүйріктердің жүйрігін Додаға түсер таңдағам. Талайлар кеткен жеңіліп, Тәуекелдеп маңдаған. Өзіңсіз Балдай жырымның Алаулап оты жанбаған. Тәубеме талай келтіріп, Төрелікке жүгінттің, Боларсың бәлкім аңдаған. Жалғыз қалдым жабырқап, Балдайсыз кімге алданам?! Айтысымды доғарып, Үйден шықпай жан бағам.

Барған елің, шырағым, Қадіріңді білер ме?! Жол-жөнекей жетістім Бақытыңды тілерге. Періштедей, қарағым, Бет алыпсың жүрерге. Астымдағы ақ жорға Жетегіңе ала кет, Ескерткіш деп мінерге. Екі батыр егессе, Ойламайды өлмегін. Екі ақын айтысса, Кейде ұмытар көрмегін. Оның сойы мен емес, Хош, ендеше, шырағым, Сәтті болғай жол-жөнің! СҮЙІНҚАРАНЫҢ СЕМСЕРІ немесе Махамбеттің Сүйінқарамен Хиуадағы кездесуі. Қаймана халқы үшін қабырғасын сөккен Махамбетке, оның туыстары мен достарына патша өкіметі мен жергілікті билеушілерден қыспақ көбейді.

Батыр-ақын амалсыз Бұхар, Самархан асып, қарғыс атқан Хиуаға келді. Сәтін салып Адай батыры Сүйінқараға тап болды.

БЕТАЛЫС Атырау-Жайық аймағы Сөзінен сусап, пұлдайтын, Әзіреттен ант ішкен Ақынын шексіз тыңдайтын, Сертін екі қылмайтын, Тұяғы алтын тарлан боз Тұнжырамай сардиса, Тоқтау таппай зырлайтын, Үгітілген боркемік Сылбырлады сындайтын, Күміс мылтық қолға алған Батырларын жырлайтын, Келіспесе тұрмысы Сауық-сайран құрмайтын, Қауышқанда құшақтар Қабақ түйіп тұрмайтын, Жалғандыққа жаны қас, Көмейге келсе кесір сөз Таңдайы, кеуіп құрғайтын. Ата қоныс жеріне Аттандап сырттан жау келсе, Қара бұлттай күркіреп, Құландайын дүркіреп Қарақұрым көп халық Қылыштарын шыңдайтын, Жауын жеңбей тынбайтын. Жарқыратып маңдайын, Тақылдатып таңдайын, Жүрек жұтқан жандайын Бұлтқа жетпей сынбайтын. Найзаларын толғатып, Кірпік ілмес жол қатып Жаудың сырын ұрлайтын.

*** Жығылмас ақ туы бар Қайтпаған кектің уы бар Елі қалып барады, «Қымыздағы күректей Сонасы қоңыр үйректей» Жері қалып барады, «Шортандары бақандай, Бақалары атандай» Көлі қалып барады. Құт қонысы құлыптап, Зорлық қылған халқына Жауы қалып барады. Аптап соққан дауылдай, Нөсерлеткен жауындай Дауы қалып барады. Хан билерден торыққан, Сатқындықтан қорыққан, Жолбарыстай жорытқан, Ұзақ жолдан зорыққан Батпан білек батырым Хиуаға шыққанмен Қауіп алып барады, Құпиясы сан тарау, Сорабы ұзын мың тарау Із бен соқпақ, жолдарды Тауып алып барады.

ХИУАДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Күн бұлтты. Сұлбасы бар сынық айдың. Жел тымық.. Монтияды тұнық айдын. Тоқал там жағадағы жатағандау Панасы Би ақсақал Ыбырайдың. Қасында қос серігі-Берік, Рүстем, Болаттай мұқалмайтын ерік-күшпен. Жеткен соң жұмбағы көп Хиуаға, Махамбет осы жерге келіп түскен. Әлдекім ашып кірді дарбазаны, Сияқты саяқ шыққан қыр қазағы. Денесі шомбал тартқан ұсқынсыздау, Жүзінде сынағандай тұр мазағы. Сүзеген бұқадайын әлем-жәлем, Ісі жоқ басқаменен, сәлемменен. Бұрылып жан жағына қарамайды Дегендей «теңесемін әлемменен». Өзгені менсінбеді, көзге ілмеді, (Бейтаныс, бейуақытта сездің нені?) -Қайсыңыз Өтемістің Махамбеті? Дегені келгенінде сөздің деңі.

Махамбет деді «кімсің» сауалшыға, Еш үн жоқ екіленген хабаршыдан: -Өзіңді Сүйінқара күтіп отыр, Таусылды мырзаңыздан тәмам шыдам. Хабаршы көлігіне қонған екен, Аты да иесіндей шомбал екен. Жырығы ерінінің тілім-тілім, Жорықта қандай жазым болған екен?! Бұтында қайып тіккен құлын жарғақ, Быртиған саусақтары, жырым-бармақ. Көн беті көрт түйенің табанындай, Селт етсең, секемденсең, сырыңды алмақ. -Білген соң батырыңа сенерімді, Жеткіздім, айналайын, дерегімді. Махамбет шын ниетпен атқа мінді, Қасына қос жолдасы ере жүрді.

Ұзады он шақырым атты сапар, Қалды артта ақ мақталы, бақты шаhар. Ну жыныс, қалың қопа, шошаланың Ішінде үрей тұнып, жатты қаhар. -Міне, осы аялдаған шошаламыз, Көңілде кектестік жоқ, дос арамыз. Түсіңдер аттарыңнан алаңдамай, Ақ жүрек туыстықпен қош аламыз. Деп күлді жол басшысы қалбалақтап, Ілесті арт жағынан қалғаны аттап. Ошақта түнді жалап от маздайды, Отырған қара дәудің дамбалы аппақ. Келгендей ертегінің мысалынан, Қолында ұшқын шашып пышағынан. Иегін ұзынтұра қағып еді, Көп сарбаз шықты түннің құшағынан. Кемі жоқ зыр жүгірген қолбағыстың, Сияқты тұрғындары мол қамыстың. Кісінің қыран қабақ табанына Терісі төселінді жолбарыстың.

Қарады айбарланып алып адам, Жоп-жорта түр байқатты танымаған. Келгеннен үшеу болып жөн сұрады, (Жігерді азамат па жанымаған?!) Батыр ғой Махамбет те мәрт тілекті, Орынсыз дегізбеді қатты кетті. Сұрады кім екенін шақыртқанның, Тойдырды тәтті тілмен қарт жүректі. Сүйінқара сөйледі: -Әр таңды ізгі үмітпен атыртамын, Кездескісі келгенді шақыртамын. Құшақтап көрінгенді көріспеймін, Атандай аярларды бақыртамын.

Түбекте иесімін кең даланың, Жетпеді орыстарға емге амалым. Жұрт үшін бейнетті өмір кешіп жүрген Адайдың бір құдайы мен боламын. Жұрт айтады:қадірлі, Жанға жайлы мақам деп. Сыртымнан маған арнапты, Беріштен шыққан Махамбет. Қысқа толғап көрейін, Биіктесін мерейім. Мақтау жырдың бас жағын Өзім айтып берейін. «Белгілі туған ер едім, Беліме садақ асынған. Біріндеп жауды қашырған, Мен келелі қара бұлтпын Келе жаумай ашылман. Жаратылған дүлеймін Найзағай мен жасыннан». Жауап қатты емендей ер: -Сол Махамбет-мен! Білгеніңіз жөн. Жанды шүберекке түйіп, Ел үшін күйіп Жәңгірге тарттырған күйік,

Хан, билерден биік, Еліне сүйік, Жүретін басын иіп, әрқашан көтеріңкі иық, ініңіз де –мен! Айыңыз дамен! Күнінің демен!

Сүйінқара орнынан тұрды. «Пай-пай, бар екенсің-ау, сабазым!» деп сом тұлғалы Махамбетті құшырлана құшақтады: Ұятты көрсе именген, Жаманды көрсе жиренген, Жақсыны көрсе жадырап, Қобыздайын күйленген. Еншіні артық алмаған Ел аузына тигеннен. Жастайынан жебе ұстап, Сырғауыл атып үйренген, Қырғауыл атып үйренген, Қынды қылыш белінде, Сүңгілі найза қолында, Ерлігінен сый көрген, Беріштің ақ сұңқары, Шығарсың Қыдыр үйге енген. Жат өлкеде жүрсең де Сый-сияпат жасайын, Бата қылып сойысқа, Құлжанның етін асайын, Өзіңменен сырласып, Теңіздейін тасайын. Түн түндігін желпітіп, Өлең-жырға басайын. Ақ пісті. Қолға су құйылды. Махамбетке бас тартылды. Беріш жігіттері құрметке белшесінен батты. Қос батыр ұзақ әңгімелесті. Махамбет Исатайдың дос ниетті сәлемін жеткізді. Сүйінқара Махамбетті сұлтандардың сұмдықтарынан, Аллақұлдың айлакерлігінен сақтандырды. Қазақ-орыс атамандарының әккі қимыл-бағдарын баяндады. Шыға келді көкжиекке таң дарып, Махамбет тұр ақ семсерге таң қалып. Балдағында-өрнектері ғажайып, Қалды мұны Сүйінқара аңғарып.

Жас үлкейді, талай бел мен қыр асты, Кексе батыр сілтепсілтеп құлашты. Ақ семсердің жүзінен от ойнатып, Қасындағы Махамбетке сыр ашты: -Жақында мен жандаралдан хат алдым, Жазғандары жанға суық, қатал тым. Жауабым сол-«жауықпасын орыстар, Ал жауықса, келмес әсте жата алғым». Деген сөз бар кектескенге жалынба, Аллақұлдай илікпеймін залымға. Кенже ұлымды зынданға сап өлтірді, Күресемін дәрменімнің барында. Туған жерге қалса деймін тән-денем, Жауларымды жеңген сайын әлденем. Ел тілегі әуелден де бір мақсатАдайларға керек емес хан деген.

Махамбетжан, көрдің жаудың талайын, Уәдемді мен де беріп қалайын. Қиын шақта хабарыңды тез жеткіз, Аямайды бар көмегін Адайдың. Бүркіт біткен алғыр бола бермейді, Кейбіреулер айтқаныңа көнбейді. Қиын шақта Хиуада кездескен, Ұмытпаспын ұлық тұтар сендейді. Сапарыңда сәтсіздікке жолықпа. Қартайды деп мені бекер торықпа. Алтын қынап семсерімді сыйлайын, Серік болсын қол бастаған жорықта Қош бол, Махамбет інім! Махамбет Сүйінқараның бүкіл ерлік шежіресін арқалап бара жатқандай нақақ қан тимеген наркескенге ауық-ауық, айызы қана қарап қояды.

ЭКСПРОМТ Менің далам! Сенің балаң барлығы, Сезілмейді пейіліңнің тарлығы, Бөленемін мол бақытқа әр күні, Ойша шолып да арғыны. Сағат сайын мен шаттықтан тасамын, Перзентіңді дарқан етіп жасадың, Бұл тірлікте керегі жоқ тасаның, Достарыма құшағымды ашамын. Пейіліңнен көктемдейін гүл атам, Жүректері жылыларды ұнатам. Қорлық көріп, жылағанды жұбатам, Ата берсін шуақ құйып бұла таң. О, туған жер! Топырағыңда көктедім, Өзің болдың жастайымнан өпкенім, Сенің арқаң биіктерге жеткенім, Бұл өмірде еш арманым жоқ менің!

ҚАРАТАУ МЕН АЛАТАУҒА ОРТАҚ ҰЛ Техника ғылымының докторы, механик-ғалым Нұн Жұбайұлының жарық дүниеден өткенін естігенде. Отпан – тауда бұйра-бұйра бұлт көшіп, Шың басында Ақ желектер шықты өсіп, Баурайдың бұлақтары күрсінген, Құпиялау Тіл қатысты тылсыммен. Шатқалдардан жамырады жасыл үн, Қайран менің қайда кеттің, асылым? Дәл осы сәт Тұспал еттім ойылға, Кемел ұлын Кеңсай алды қойнына. Ақ бұлт жапқан тау егіліп жылады, Туғн ұлы Қыршынынан құлады, Алатауға басу айтты Қаратау, Ішін тартты Сарқылғандай бұлағы. ...Отпан-тауда Өсіп-өнген Нұн едің, Ғылым үшін соғып еді жүрегің, Қара тау мен Алатауға ортақ ұл, Ұмытпайды Есіміңді ұлы елің!

ҚАЗАҚ ЕЛІ Өлеңін жазған: Бірғали Байекеев Әнін жазған: Жалғас Кеңесов Тәуелсіздік – бар бақыты қолдағы, Бірлік, достық – бұзылмайтын қорғаны, Көк байрағы Күн нұрына шомылып, Жарқын іспен жарқыраған жолдары. Қайырмасы: Арайланған аспаны, Бөлінбейтін бастары, Таусылмайтын дастаны Жалындаған жастарыҚазақ елі осындай. Қалғымайтын қашаннан да қыраны, Жарқын өмір – жаңылмайтын ұраны, Ар мен намыс – қасиетті тұрағы, Туған тарих – сарқылмайтын бұлағы. Қайырмасы. Шұғылалы бүгіннен де ертеңі, Мекендеген, байтақ өлкені, Ұлдары бар өсіп жатқан өркені, Қыздары бар көркемдердің көркемі.

ТҮРКІСТАНЫМ - ТҰРАНЫМ Өлеңін жазған: Бірғали Байекеев Әнін жазған: Жалғас Кеңесов Аңыздар мен абыздаодың ордасы, Батырлар мен ақындардың жыр басы, Күллі түрік ұрпағының кіндігі, Кие төрі, тектіліктің жол басы. Қайырмасы: Көненің көзі, бабалар сөзі – Түркістан, Алаштың ары, иманы, бары – түркістан, Ерліктің елі, бірліктің жері – Түркістан, Даналар тұсы, батырлар күші – Түркістан, Түркістаным – Тұраным, арналады жыр – әнім, Түркістаным – Тұраным, арналады жыр –әнім. Төтеп берген ғасырлардың сынына, Куә болған шаттығы мен мұңына, Көк күмбезді, тайқазанды Түркістан, Аспанында – арайлы нұр, шұғыла.

Әулиелер, Иассауидың тұрағы, Діл мен діннің сөнбей-тұрған шырағыШежіресі таусылмайтын ТүркістанАлты Алаш, қазағымның жыр-әні. Қайырмасы: Көненің көзі, бабалар сөзі – Түркістан, Алаштың ары, иманы, бары – түркістан, Ерліктің елі, бірліктің жері – Түркістан, Даналар тұсы, батырлар күші – Түркістан, Түркістаным – Тұраным, арналады жыр – әнім, Түркістаным – Тұраным, арналады жыр –әнім. МАҢҒЫСТАУЫМ МАҢЫЗЫМ Өлеңін жазған: Бірғали Байекеев Әнін жазған: Шамшадин Сабытаев Қасиеттің кең түбек, баба далам, Әулиелер мекендеп аралаған, Бұл өлкеде би де өткен, ақын да өткен, Көмейінде жампоз жыр балалаған. Қайырмасы: Ән мен жырдың тиегі, Күй елі,

Ұрпақтарың сүйеді, Тек өзіңе қадірлеп бас иеді, Туған жерімМаңғыстауым киелі. Батырлары баһадүр жеңілмеген, Ғұмыр кешкен қайтпайтын сенімменен, Бабалары шежіре сөз қалдырып , Балалары еңбектен ерінбеген. Қайырмасы. Жабырларын жүйрікке санамаған, Дүлдүлдерін әспеттеп, даралаған, Достарыңның көтеріп мәртебесін, Дұшпанының жүрегін жаралаған. Қайырмасы. ӘНГЕ-ҚАНАТ, ӘЛЕМГЕ - ТЫНЫШТЫҚ Өлеңін жазған: Бірғали Байекеев Әнін жазған: Сағынғали Нұрғожаев Ән – адамның қос қанаты самғайтын, Өмір сырын биіктеткен барлайтын, Өнер деген-құдіретті серігі, Бүгінгі болашаққа жалғайтын.

Қайырмасы: Қанат керек әуенге Жыр таратар әлемге. Әнкөңілдің ажары, Таусылмайтын базары. Қанат керек әуенге Нұр тартар әлемге. Күй – жырыменен құлпырды бақ гүлі. Шарықтайды шалқар бақыт шаттығы, Нұрын төксін байтақ мынау әлемге, Сұлулық пен тыныштықтың ақ күні. Қайырмасы: Қанат керек әуенге Жыр таратар әлемге. Әнкөңілдің ажары, Таусылмайтын базары. Қанат керек әуенге Нұр тартар әлемге. ТОЙҒА ТІЛЕК Өлеңін жазған: Бірғали Байекеев Әнін жазған: Жалғас Кеңесов Сезімдердің жақындатып арасын, Екі жүрек тапты бүгін жарасым. Жаңа күндей жаңа өмірге аттанып, Қуантуда әкесі мен анасын.

Қайырмасы: Жарқырасын шамдарың, Арайлансын таңдарың, Жасымасын жандарың, Жас жұбайлар-ай! Жаңылмасын жақтарың, Асқақтасын аттарың, Арылмасын бақтарың, Жас жұбайлар-ай! Жолдарыңыз жатсын әркез нұрланып, Жақсылықпен, ақниетпен жырланып, Шаңырақты тек шаттыққа бөлеңдер, Махаббаттың шың-құзына бір барып. Қайырмасы. Өздеріңе қол соғамыз қош ала, Тойларыңның болған жері-осы ара. Кәрі-жастың айтатыны бір тілек: Мызғымайтын болсын мықты босаға!

ӘБІШ АҒА – ӘН АҒА

Өлеңін жазған: Бірғали Байекеев Әнін жазған: Майра Ізтұрғанова Тұлғаңыз батырлардың тұлғасындай, Сөзіңіз даналықтың сұлбасындай, Ойыыңыз мұхиттардың тереңіндей, Құнары асыл астың тұнбасындай. Қайырмасы: Мақтанышы өзіңсің Маңғыстаудай өлкенің, Көнелердің көзісің Көнермесем-көркемім. Өсем деген ұланға Өнегелі өмірің. Ұшам деген қыранға Қанат-сенің көңілің. Жаныңыз дарқандықтың өлшеміндей, Бағыңыз ертегінің семсеріндей, Жазылған том-том болып кітаптарың, Бүтін бір дүниенің бөлшегіндей.

Қайырмасы: Мақтанышы өзіңсің Маңғыстаудай өлкенің, Көнелердің көзісің Көнермесем-көркемім. Әбіш аға – ән аға, Нұр құясың санаға,ғибаратты ғұмырың Үлгі әрбір балаға. ӘНІМСІҢ, ЖАН АНА сөзі мен әні Б.Байекеевтікі Дүниеде сымбатты адам, Аяулы анам қымбат маған. Қайырмасы: Шет кетсем, аңсаған, Жетпейді жан саған. Жан анашым, мәңгіге. Өзің деп ән салам. Ақылыңмен дұрыстаған Тірлігіңнен тыныс табам. Қайырмасы. Аялаған балапанын Күндей ыстық алақаның. Қайырмасы. ТУҒАН ЖЕР Туған жертал бесігім Аңыздан жаратылған. Есімде қалды есімің, Еңкеймес дара тұлғаң.

Қайырмасы: Қалайша жасырамын, Әлпештеп асырадың. Сағынып, асығамын, Өзіңсің асыл әнім, Асыл әнім, туған жер! Самғайын айдыныңа Ақ қанат шағаладай. Жарасып байлығыңа Түрленер дала-маңай Қайырмасы: Жымыңдап тіл қатады Көгіңде жұлдыздарың. Шаттық ән шырқатады, Бақытты ұл-қыздарың Қайырмасы. ҮШ АТА Алты құлаш ақ найзасын өңгерген, Қайқы қылыш, сұр садақты меңгерген. Шотан атам туған жерге ту тігіп, Жауға шапқан ерлеріне дем берген. Қайырмасы: Қаратөбе төңірегі, Батыр ізі көрінеді. Қара жұрттың орынынан Ақын жыры төгіледі. Әулиелер рухымен Жүрекке нұр себіледі.

Махамбеттің өзі пікір алысқан, Өлеңдегі айбыны асқан арыстан. Абыл атам мәрттігінен таймаған, Жаратылған әділдік пен намыстан. Қайырмасы. Бодандықтың сырын бірден ұғынған, Долы күшке қарсы тұрған мығым жан. Досан атам егемен ел батыры Күлімдейді ескерткіш боп тұғырдан. САҒЫНДЫМ Жақын көрген, ақыл берген, Қарттарымды сағындым. Құрдастарым –сырластарым, Аттарыңды сағындым Еміренген , тебіренген, Шешелерді сағындым, Шаттандырған, аттандырған, Көшелерді сағындым. Қырға барған, тұнған арман Бала күнді сағындым. Көзі жанған сөзі қалған Қарағымды сағындым.

Қуат берген, шуақ берген Нәрлі күнді сағындым. Ауылдастар қауымдастар, Барлағыңды сағындым. МҰНАЙШЫЛАР ТУРАЛЫ Сыр бүгіп туған жердің қырқалары, Астында қара дария бұрқанады. Басынан мұнаралар жұлдыз саулап, Жүзінен адамдардың нұр тамады. Қайырмасы: Қиындықта тыңайған, Ырыс тартқан мұнайдан. Мұнайшылар дегенде Жүректерге құлайды ән. Сіңіріп өн бойына күн жарыған, Жүретін моторлардың тыңдап үнін. Мұнайшы – кен орнының кереметі, Қарасаң, бәрі батыр мұндағының. Қайырмасы: Мұнаймен көзін ашқан бұл ел тегі Өткені терең тарих, жыр-ертегі. Алда да еңбегімен жасандырар Мерейлі мұнайшылар бұл өлкені.

ҚОС АҚҚУ — Ақ айдын ай мүсінін тербетті ме?! — Жолықтым дәл өзіңдей келбеттіге. — Аққуым, білем ынтық екеніңді, — Тағы да ұшып келдім шөлдеп, міне. — Қайырмасы: Қос аққу ырғалайық, ырғалайық, Арайлы күн астында нұрланайық. Айна көл тұнықтығын лайламай Бақытқа қолд бұлғаған бір барайық. — Толқытшы жүрегімді, санамайын — Жаным-ау, қанатыңда паналайын. — Жүзе бер жанарымда сұлулық боп — Қарашық – Айдыныңда таранайын. — Қайырмасы. — Сен барда жолықпасын қайғы – мұңға, — Сен барда тағдыр жазбас айрылуға. — Қос аққу қос жанарда мөлдірейік, — Мәңгілік махаббаттың айдынында. Қайырмасы.

ЖЫЛ-БӨБЕК ТУРАЛЫ ЖЫР Әні С.Нұрғожаевтікі Бар табиғат жасанып түрленеді, Жанға жайлы ғажайып үн келеді. Көптен күткен сәулелі жаңа күннен Жүрек біткен құлпырып, гүлденеді. Қайырмасы: Жаңа жыл, жаңа жыл– Жыл – бөбек гүлдемек. Жаңа жыл, жаңа жыл, Жүздерде нұр бөлек. Еске салған ескірмес сан мұраны, Асыл сөзден ағылды ән бұлағы. Дәстүрлі мол халқымның шаттығы асып, Қуаныштан көл-көсір жанды бағы. Қайырмасы. Апаратын ең ізгі мұраттарға, Айналатын сарқылмас бұлақтарға. Тұр құдірет бүгінгі сәби жылда, Самала от боп құйылған шырақтарға Қайырмасы.

НАУРЫЗ Ашып тастап ақ ниеттің түндігін, Жарұылдасып жүздесетін күн бүгін. Көрісейік құшақтасып кәрі жас, Бөлісейік шырайлы өмір шындығын. Қайырмасы: Халқымның дәстүрі-Наурыз Адамның жас күні –Наурыз Дарытқан береке, Мерейлі мереке-Наурыз! Туған жердің асқақтатып аспанын, Төгілдіріп шежіре,жыр,дастанын. Жаңа күннің, жаңа жылдың куәсі— Наурызым жақсы үмітке бастадың. Қайырмасы: Жандардың шаттығы –Наурыз, Көктемнің ақ гүлі –Наурыз, Арлардың ақтығы, Сезімдер пәктігі –Наурыз! Кептер сынды ұшты самғап ақ тілек,

Көктем өңің нұрландырды тәтті леп. Ақ ниеттің, мол пейілдің мейрамы– Наурызым, тағы келдік бақ тілеп. Қайырмасы. Халқымның тағдыры –Наурыз, Достықтың ән-жыры–Наурыз, Бақыттың айғағы, Шабыттың қайнары–Наурыз. АРЫНДАЙ АППАҚ АДАМНЫҢ Әні С.Нұрғожаевтікі Тигізген өз халқына шапағатын, Маңына тенк жақсылық тарататын. Өзіңсің орны бөқлек өзгелерден, Барыңды ізгілікке жарататын. Қайырмасы: Абзал жан арындай адамның, Ақ тілек, ақ алғыс – саған мың.

От берген адамдардың жанарына, Куаныш қонақтатқан қабағына. Дәрігер болу бақыт бұл өмірде, Сүйсінген бақыттылар қадамына. Қайырмасы. Жанына мұң ұялап, қамалмаған, Әркімнің саулыңына алаңдаған, Дертіне дауа тауып сауыққандар, Өзіңе жыр арнаған ән арнаған. Қайырмасы. ҚАЛА ҚЫЗЫ БАЛҒАНЫМ сөзі мен әні Б.Байекеевтікі Аңсағаным, аппақ арманым, Күнде ойлаудан ешбір талмадым. Іңкәрім-ау, білмей жүрсің бе, Көп арудан сені таңдадым. Қайырмасы: Қабыл алшы өзің, ардағым, Тұмар етіп әнімді арнадым. Кездесетін енді бар ма күн, Қала қызы сұлу Балғаным?!

Ажарыңа қарап қанбадым, Жанарыңнан бір сыр аңдадым. Ғашықтықтың күйін отына, Үзілместей үміт жалғадым. Қайырмасы: Бейне гүл-гүл маңай, жан-жағың, Үніңменен әсем ән-бағың. Мөлдір сезім, төзім тең түсіп, Бола алмадың асыл жан-жарым. Қайырмасы. АҢСАУ сөзі мен әні Б.Байекеевтікі Күнімдей дара тұрған, Шуақтан жаратылған, Арайлы таң атырған жанатыңнан. Қайырмасы: Зырлады қаншама күн, Қайдасың, жан самалым? Іздедім, шаршамадым, аңсағаным. Сәбидей үлбіреген, Жүзіңнен нұрды көрем. Кездессең, күлдірер ең, бір жүрер ем. Қайырмасы: Есімнен танардаймын, Еш емін таба алмаймын, От болып жаңа алмаймын, алаңдаймын. Қайырмасы.

ЕСКІ ВАЛЬС әні Қ.Аманиязовтікі Жүректер үнсіз табысты, Жанарлар жымың қағысты. Кіршіксіз мөлдір қос сезім, Қосылып алға жарысты. Айналашы таңыма, Сақташы мені жадыңа. Аралап шырқау ғарышты, әуелеп арман әні ұшты. Тербетіп әуен ырғағы, Денеге дене жабысты, Сайранда бағыма, Кездесіп тұршы сағына. Жолдары неткен алыс-ты, Жоғалтты жылдар танысты. Еске алып сонау күндерді, Билейік ескі вальсті, Жолықтың тағы да, Гүл ектің жаныма, Күлімде, жадыра, Оралттың жастық шағыма. ЖАЙЫҚ ҚЫЗЫНА композитор Әбілахат Еспаевтың рухына сөзі мен әні Б.Байекеевтікі Жанымның жұмағындай, Таусылмас құмарымдай, сен сәулем!

Қайырмасы: Сүйетін әнім едің, «Жайық қызы», Сазыңа қанық едім, Сол әннің сиқырымен Өзіңді танып едім, дариға-ай! Шуақты шырайымдай, Аспанда нұр айымдай, сен сәулем! Қайырмасы: Бақытты шақтарымдай, Арайлы ақ таңымдай, сен сәулем! МӘРТЕБЕЛІ МЕРЕЙТОЙ әні С.Нұрғожаевтікі Шаттық есті шаңырақтан, ақ тілектер төгілді, Келген қауым, үлкен кіші, бәрі бірдей көңілді. Мерейтойдың мәртебесін жіберейік асырып, Жарастықты татулықпен жасантайық өмірді. Қайырмасы: Ей, туысқан, Аласармас тұғырдасың, Мақсат жолың бұрылмасын, Өсіп-өніп ұрпақтарың, Ұзақ болсын ғұмыр жасың!

Мерейтойдың иегері, сен де бүгін тартынба, Достарыңмен бірге ән сап, бірге билеп, жарқылда. Туған күннің тамашасын қызықтауӘлімсақтан дәстүрінде, қазағымның салтында. Қайырмасы: Тойларыңыз дүбірлеген тоқтамасын, таңға ассын, Әр күн, әр түн бақыт сыйлап алға бассын. Көңілдердің көк теңізі кемерінен шалқысын, Төл мереке барлық үйде баян тауып, жалғассын. САНДУҒАШЫМ, САЯ БАҒЫМ сөзі мен әні Б.Байекеевтікі Таңдағаным, танығаным, Пәктігіңе табынамын. Аз көрмесем дидарыңды, Аңсап, шөлдеп сағынамын. Жарық күнім, жаным менің, Сенсіз кемір әлім, демім. Өзіңменен өмір сұлу, Таусылмайды әнім менің.

Алақанда аяладым, Пейілімді аямадым. Көз алдымда құлпыра бер, Сандуғашым, сая бағым! ӘЛДИ ӘНІ әні С.Камешованікі Батып кетті ай мана, Маужырайды айнала. Ұйықтай қойшы, бөпешім, Бесігіңде жай ғана. Қайырмасы: Тынышталып жата ғой, Тәтті ұйқыға бата ғой. Мазаң кетіп қалды ма, Тербетейін алдыма. Ұйықта, жаным, ұйықташы, Көзің жұмып қалғы да. Қайырмасы: Ақ бесікте ырғал да, Бөле ғажап сырларға. Жыламашы жүрегім, Елің тыныш тұрғанда. Қайырмасы. ӘКЕ ӘЛДИІ сөзі мен әні Б.Байекеевтікі Айдай сұлу аппағым, Сендей бала таппадым. Бөленсін деп әлдиге Сазды өлеңдер жаттадым. Әлди-әлди, әлди-ай.

Өмірімнің өлшемі, Жүрегімнің бөлшегі. Жақсы адам болса деп, Армандаймын мен сені, Әлди-әлди, әлди-ай. Алдыңда көп өтеуің, Мықты болсын бекемің. Балапандай талпынсаң, Қанаттанып кетемін, Әлди-әлди, әлди-ай. Болашағым, жалғасым, Көгіңді бұлт шалмасын. Үміт оты әкеңнің, Өз қолында лауласын! Әлди-әлди, әлди-ай, Әлди-ай, әлди-ай.

Құлшар (күй аңызы) Ертеректе Адайдың Құлшар Бақтығалиұлы деген дүлдүл домбырашысы «Тасастау», «Қайнар» жерінде жоғалған малын қарап жүріп Табын руының бір үйіне тап болады. Іздегенін таппай, үміті сап болады. Атын тіздеп, бос тұсау салып жайылысқа қоя берген ол шеткерірек тігілген ақбоз үйдің табылдырығынан бас сұға бергенде, құрақ көрпе үстінде кесте тігіп отырған сұлу қызға сөзі сүрінеді. Елең еткізерлік сырттағы дыбыс та бұған білінеді. Бейтаныс жолаушы әуелі амандасып, жайлап басып, жайғасып қақ төрге ілігеді. Мән-жайды жеткізіп, түлеп, түріледі: Асықпай жолды санаймын, Жан-жағыма қараймын, Іздегенім үш түйе, Үйіне бардым талайдың, Өз ныспымды сұрасаң Мал қараған Адаймын Түйемді ешкім білмейді. Құлаққа сөзді ілмейді, Кейбіреулер міндейді, Кейбіреулер тілдейді, Қанша жерге барсам да Көре алмадым сіздейді. Ұзақ жолдан шаршадым, Өтіп кетті қанша күн. Шөлдің қатты қысқаны Бір шыны шай аңсадым. Жай біреуге санама, Қатуланып қарама, Қолдан келсе, қарағым Шай құйып бер ағаңа. Сұлу қыз қапелімде елп етпейді, жоқ іздеушіге жорта сынай қарап былай деп әзілдейді: Дәмеңізде дәмнен татпақ айып жоқ, Ойламаңыз астың бәрі дайын дап, Бір қолымды екі ете алмай жатырмын, Кез келгенге бере қояр шайым жоқ. Алып болды мазамды мал қараған, Бұл күнде бойжеткенге шал қараған, Жоқшының шөлін басар кісі емеспін, Адам ба өз деңдесін таңдамаған. Көзіңді айналаңа ашып қара, Құмарпаз қызыл шайға ғашық бала, Әуелі менімен танысып ал. Пернесін домбыраның басып қара.

Қолыңнан келсе, әсем күй тартып бер, Қапылмай, шеберлікпен асықпа да. Күй болса, бой-жүйеммен берілемін, Көлдегі аққудайын керілемін, Домбырадан мақұрым жігіттерге, Шайқайнатып беруге ерінемін. Қыздың шартын Құлшар да құп алады, қолдан келер қолқаға қуанады: -Қыз алдында қысылған өлім болар, Өнер қонған жігітке керім болар, Қарындас, күйге бере шайың болса, Бұйыртса, қанша ішсем де тегін болыр. Ағаңның әуселесін танып көрші, Жігерін от сөзіңмен жанып көрші. Шырағым, шамға тидің шыдам таусып, Шертетін домбыраңды алып берші. Сұлу қыз сыны жоқ домбырасын сипалай ұстап Құлшарға ұсынады, ұсынған ғұрлы қысылады. Өйткені жолаушының батылдау мысы бар-ды, айбарлы сұсы бар-ды, күйінің іші нәрлі. -Тамшы су татпасам да дүз даладан, Болсыншы үлбіреген қыздар аман. Кездерім өтіп кетті күй шерткенде, Ортасынан шығармай қыз қамаған,- деп әуелі «Қыз қамаған» күйін тартып бола бергенде, қолына ұршық ұстаған қыз шешесі сырттан келіп үй босағасына отыра кетеді. Қағыс біткенде күйші жүзіне қадала қарайды.

-Есенсің бе, қарағым, жарадың! Көріп жүрміз талайды. Жақсы-ақ екен талабың. Өзіңді өрен жүйрікке баладым, саңлаққа санадым. Аңазаң күйге ауғанда ашық екен қабағың. Дегенмен әлі де көп алар сабағың. Ізденісіңде ілік көрмеген тәріздісің. Өнерде қарыздысың. Жеткеніңе тойынба, мойында. Не бар сенің ойыңда? Бұлбұл домбыраның бір ішегін баса тарттың, екінші ішегін баса тарттың, екінші ішегін аша тарттың. Үстіңгі ішектің үнінде үлкен сырлар болушы еді, үнсіз қалдырдың. Талғам тұлпарын тақыр жерге шалдырдың. Әдемілер тұста әлсіз сыр алдырдың, Шебер тартудың үлгісін менен үйреніп ал. Анаңның жастайынан сүйгені бал, Ұнаса, көңіліңе түйгенін ал. Талайды күйімменен тербеп едім, Бос белбеу жамандарға ермеп едім. Өнерді қор қылатын жігіттерді, Менсінбес қыз кезімде кербез едім,-

деп өзінің шығарған «Кербез керік» күйін шертіп береді. Бағанадан бері айтыстың аңысын аңдып отырған қыз шыдай алмай керегеге сүйеле берген домбыраға жабысады, егіз ішек алма-кезек «таңдай қағысады.» Не жетсін күйге дала қалғытқанға, Орғытып, ортекедей қарғытқанға. Сағадан кібіртектеп шықпай қойдың, Шешеке-ау, саусақтарың шалдыққан ба?! Домбыра ап құйындайын дөңгелейін, Сазымен сырқаттансам емделейін. Шешеке-ау, домбыраңды бермен жалға, Жігіттің сыбағасын мен берейін, - деп, «Ат жортақ» күйін табан астында туғызып, тартып береді. Құрыққа түскендей хал кешкен Құлшар күйден бұлақ ағызған, тамыр тарқан аңыздан, аптығы басылып, алағызғанқыздан мұнысының мәнісін сұрайды. Шын-дығышертісі ұнайды. Қыз аздап мұңайды, сәлден соң тыңайды. Сұлулығы кереметқондырғандай Күн-Айды. Өткен бір оқиғаны ойша шолып, сәттерді сырып тастады олай-былайғы: Бұл ауылда жігіт жоқ тамсанбаған, Маған арнап күй тартып, ән салмаған. Сен сияқты бір нашар құрдасым да, Қырынжақтап мың келген, нансаң маған. Торы жорғасы астында түңілмеді, Адамның жүрегіне үңілмеді. Маңайлап күнде кешке мазамды алды, Айғайлап ат үстінде дігірледі. Тумасын деп бос өсек, жұртқа күдік, Сол жігітке кіжіндім сыртқа күліп, Жорғасын күй тілімен келеке еттім, Ұялды қылығына, зытты біліп. Жорға мініп жүрісі жарамастай, Тоңмойындық бойынан тарамастай, Құрдасымның сазайын бергенім бар, Сол сияқты кетерсің қарамастай. Қызының сөзін тыңдап, тартқан күйіне құлақ қойған кемпір: Бұл өмір, қарап тұрсаң, жарыс екен, Жастарға құпиясы таныс екен, Жасқанып тартыс күйден тартынбайын Жеңілу қартайсам да намыс екен, - деп «Келеке», «Түу, шіркін!» күйлерін домбырамен шала беріпті, өзін екеуінен артық дара көріпті. Қолындағы домбырасын Құлшарға ұсынып тұрып: Дегенде қонақ бала, қонақ бала, Ақылы жетпей-тұғын шолақ бала. Кемпір мен бойжеткенге күлкі болып, Домбыра тарта алмаған олақ бала. Ошаған тартқылаған балағынан,

Қар жауған қарап жүріп қабағынан. Түсем деп күй сайысқа әлің білмей, Бұзыпсың домбыраны сағағынан. Кеттің бе арланған соң батылданып, Қос күйші айтысқан соң жақын барып, Тағы да қылығыңды қайталасаң Қаламыз астыңдағ атыңды алып,-депті. Кемпірдің қатқыл сөзінен қатты сескенген Құлшар «Бұларды тартыс күймен жеңе алмаспын, шайына шақырса да келе алмаспын, ауылға жаяу қайтқан ұят болар, өлсем де айтқанына көне алмаспын», - деп үйден шыға жөнеліпті.

МАЗМҰНЫ:

Мейрамбай Қибасов Өлең болған өмірдің өрнектері Анама хат Арман жолдар Жүріп келем... Есеп бер Сыр Дара шың Туған жер Тілек Түлеген түбек. Түнгі дала Жаңа жылмен сырласу Сенсіз жерде... Ақжарма ақын Өмір Ақтау Ақ жаңбыр Күйші Бала шақ Мамыр айы Құрбыма Солдат сәлемі Солдаттар Геолог Мезгілге наз Отпан тауға ода

Бірғали Байекеев Бірінші бөлім Оңашада туған ойлар Афоризмдер Өлеңдер Екінші бөлім Тәуелсіздікке тәубе Әнұраным-айбыным Қаратауым-дара тауым Астана Мейірім шуағын төккен Наурыз төлі Уа жұртым, жарқыраған жыл келеді Наурыз күнгі тілек Наурыз О, данышпан дүние! Қазақ өнеріне Күйші және домбыра Алтын күз айшықтары Теңіз бен бала Күз Қырдағы көрініс Ауылдың мадонна қыздары Қарашада жауған қар Таңғы саз Жайықпен жүздесу Көк

Ауыл көрінісі Шілде кеші Ұлым бағдатқа Қаңтар-1 Қаңтар-2 Семей сынақ алаңы жабылғанда Достық Аққу-ата Қаратөбе-қасиетті қара жұрт Жиырма мен жиырма бестің арасында Ұмытпай жүрсең... Махмут үйінің орнында Ағаның алақаны Ғабеңнің джокондасы Жан аға «Жаңа өмірім»-ән өмірім Бекбаулы айтты деген сөз – Жұрттың қамын жеген сөз Аруақты атаға арнау Дарабоз Туған күнге тілек Балама Әке ақылы Інім үйленгенде Алтын жеңгем алпыста Ел қорғаны-ер шотан IІ екатеринаға хат немесе сырыммен сырласыу Үндеудің пікір-түйіні мынаған саяды: Байбақты сырым бөгелмейді: Эпилог Таңданыс Біреуге Тағы да соған Қанатың берік, құз елі! Інім үйленгенде Күйдің сұлу қарлығашы Жыр серісі мен жыр жегісі Дарақ Мүгедек мұнайшы Туралы мұңды өлең Абылдың ақ жорғасы Сүйінқараның семсері Беталыс Хиуадағы кездесу Сүйінқара сөйледі:

Экспромт Қаратау мен алатауға ортақ ұл Қазақ елі Түркістаным - тұраным Маңғыстауым маңызым Әнге-қанат, әлемге - тыныштық Тойға тілек Әбіш аға – ән аға Әнімсің, жан ана Туған жер Үш ата Сағындым Мұнайшылар туралы Қос аққу Жыл-бөбек туралы жыр Наурыз Арындай аппақ адамның Қала қызы балғаным Аңсау Ескі вальс Жайық қызына Мәртебелі мерейтой Сандуғашым, сая бағым Әке әлдиі Әлди әні Құлшар

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙