TELEGEI

Home

Әріп әлемі

Ермахан Шайхыұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әріп әлемі

Белгілі жазушы-публицист Ермахан Шайхыұлының бұл жинағы әріп әлеміне арналады. Автор қазақ әліпбиінде 42 әріп болса, соның 25-іне әріптерді ойната отырып ой құрап, дыбыс үндестігі мен сөз әуенін және мәтін мәнін шебер үйлестіре білген. Соның арқасында көне сөздер жаңарып, жаңғырып шыға келген. Мұны әдебиеттегі жаңа түр деп қабылдап, жылы да жағымды жаңалық ретінде жалпақ жұртқа жар салғанымыз жөн.

Аса мәртебелі _______________________________________
«Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселерімен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой
демектің бәрі ақымақтық» дейді дара да дана Абай. Бойыңнан

осы төрт қасиет табылсын. Аңсаған арман, діттеген мақсатыңа
жет. Бағың да, жолың да ашылсын. Ел мақтайтын Ер боларыңа,
Алты Алаштың атпал азаматы атанарыңа бек сенемін!
Бар бол, нар бол!

Ізгі ниетпен ___________________________
Ғұмыр бәйгесінде біздің
қазақ тілі өз бәйгесін алар!
Әлихан БӨКЕЙХАН

ТІЛ СЫНДЫРУ

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ
Алматы 2016

Шайхыұлы Е. Әріп әлемі: Тіл сындыру/ Ермахан Шайхыұлы – Алматы, «Аннұр Сапа», 2016. – 60 бет. ІSBN 978-601-80526-3-7 Белгілі жазушы-публицист Ермахан Шайхыұлының бұл жинағы әріп әлеміне арналады. Автор қазақ әліпбиінде 42 әріп болса, соның 25-іне әріптерді ойната отырып ой құрап, ды­ быс үндестігі мен сөз әуенін және мәтін мәнін шебер үйлестіре білген. Соның арқасында көне сөздер жаңарып, жаңғырып шыға келген. Мұны әдебиеттегі жаңа түр деп қабылдап, жылы да жағымды жаңалық ретінде жалпақ жұртқа жар салғанымыз жөн. Сондай-ақ осы жинақ қазақ тілінің байлығы мен құнарын тағы да бір дәлелдей түскен. Бұл кітап – тіл сындыруға, тіл ұстартуға таптырмас құрал. Әліппеге көмекші оқу құралы ретінде пайдалануға әбден болады. Сонымен бірге балаларға болымды да толым­ ды базарлық, татымды да тартымды тарту болары хақ. Бұл басылым балалар бақшасы мен орта білім беретін және жоғары оқу орындары­ ның оқушылары мен студенттеріне һәм жалпы оқырман қауымға арналған.

ӘОЖ 81 1

КБЖ 81.2-3

с Шайхыұлы Е., 2016

ІSBN 978-601-80526-3-7

с «Аннұр Сапа», 2016 ӘОЖ 81 1 КБЖ 81.2-3 Ш 18 Ш 18 , ,

1966 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.
1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік
университетінің Журналистика факультетін бітірген.
«Қазақ университеті» баспасында редактор, «Түркістан»

газетінде бөлім меңгерушісі, Түркістан қалалық әкімшілігі
Ішкі саясат бөлімінің бас маманы, «Түркістан» тынысы»
телеарнасының ең алғашқы директоры, «Дала мен қала»
газеті бас редакторының орынбасары, «Бикеш»,

«50 де 50», «Той-қазына» басылымдарының бас
редакторы, ҚазҰУ-дың журналистика
факультетінде аға оқытушы қызметтерін
атқарған. «Айқын» газеті бас редакторының

орынбасары – жауапты хатшысы болды.
Қазақстан Жазушылар және Журналистер
одағының мүшесі. Президент Алғыс хатының
және бірнеше медальдардың иегері. Балғабек

Қыдырбекұлы, Садықбек Адамбеков атындағы
және Алтын қалам сыйлықтарының лауреаты.
«Ауыз тие отырыңыз», «Бір түрлі кітап»,
«Қазіргі қазақ сатирасы», «Мынауың жынды

екен», «Жатыпатар», «Аққудың сыңары»,
«Шылдыр шүмек», «Ағынан жарылсақ...»
атты кітаптардың авторы.
Ермахан

ШАЙХЫҰЛЫ

Бұл еңбегімді әкем – Шайхы Әбдісаматұлы мен
анам – Назипа Шарафиқызына арнаймын.
Автор

Ермаханның ерекше еңбегі Ермахан – менің жақсы көретін қаламгер інілерімнің бірі. Оның жаңалық, жақсылық десе, елең ете қалып, жалпақ жұртқа жариялап, жар салып жүретінін көріп жүрміз. Қазақ баспасөзіне қосқан батпан-батпан үлесі бір төбе, байсалды, имандылық жолында жүрген жанның әзіл-қалжың жатақ­ ханасының балконында жантайып жатып алып, шуақты күлкіден шашу шашуы – қандай жара­сымды! Ал «Аққудың сыңары» кітабын оқып, азаматтығына, қаламгерлік қарымына риза болған едім. Ол кітап қос аққудай жарасқан жарларынан айырылған аяулы әйелдердің жан сырын шертіп, әсерлі жеткізе білуімен құнды. Бұрындары шыққан әзіл, сықақ шығармаларын тілеулестікпен оқып, ойша жақсы бағалап жүрген сатирик-жазушы Ермахан Шайхыұлының мына бір қызық дүниелерін – «Әріп әлемін» оқып шығып, ойға қалдым. Шынында да, Ермахан тауып кеткен екен. Әріптерді ойната отырып, әзілдің көрігін қыздырып, қазанын қайната түскен. Және бұл тек дыбыс қуалап, әріптерге елтіп кеткендік емес, мұнда біраз нәрсе бар. Әуелі, нағыз әдебиетке тән мәдениетті, әдемі, астарлы әзіл бар. Дыбыс үндестігі, сөз әуені бар. Және бір ерекшелігі – жазушы әр әңгімесін бір ғана әріптен басталатын сөздерді тізе отырып, белгілі бір ойға бағыттап, жүйелеп жазып шыққанда, туған қазақ тіліміздің тұнып жатқан байлығынан тағы да бір сусындағандай болдық. Көпшілік қауым біле бермейтін, білсе де есінен шығарып алған қаншама ескі сөздер, жергілікті диалект сөздер қайтадан ойнап, жаңғырып, жарқырап шыға келген! Бұл – осы әңгімелердің басты табысы. Жарайсың, Ермахан, ерледің! Қаламыңды еркін сілтеп, қанатыңды жая беруіңе қашанда тілектеспін! Баянғали ӘЛІМЖАНОВ, ақын, жазушы-драматург, режиссер, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері

Аса қамқор, ерекше мейірімді
Алланың атымен бастаймын
Ассалаумағалейкум, арыстандай айбатты, абадандай1
ар­дақ­ты, айдауылдай айбарлы, алдаспандай айбынды,

Алты Алаштың атпал азаматы – Айтмахан Абдраманұлы
Ахметжан!
Асқар Алатау аумағындағы Алматыдан арқар ауған
арқа­дағы Астанаға ауысыпсыз. Алматыда айбалта асынып,

ай­дарлы адам атанғаныңызбен, ажуашыл айлакер адамдар
айдаһардай аранын ашып, адымыңызды аштырмады. Адал
ағартушы, асыл адамзатты адуынды адамдар азғырып,
азап­тағаны айқын. Ал арайлы Астанада атақ-абыройыңыз

арта­тыны анық. Алайда айдың аманында ағайынды адас­
тырып, артынып-тартынып, абылып-сабылып арқаға ауға­
ныңызға ауылдың ақсақалдары, аймақтың абыздары,
ардақты ажа­ла­ры, айтулы азаматтары, ата-аналар, ажарлы

АЛТЫ

АЛАШТЫҢ

АТПАЛ

АЗАМАТЫ

абысын-ажындар айтарлықтай абыржулы. Ағымдағы азын-аулақ ақпаратты айбақ-сайбақ, ағал-сағал, айғыз-айғыз автографпен айшықта­ғанымды айыптамаңыз. Аманатты авиабайланыс арқылы ат­тан­дырамын. Алда-жалда аманатты алмасаңыз, айтарсыз. Айтпақшы, абжыландай адыраңбай адамдардан азаттық алғаныңыз айрықша абырой. Асылында, арандатушылардан аулақтағаныңыз абзал. Айыпкер-арызқойлар анықталып, айтыс-тартыс аяқталады. Айтақшыл арам адамдар айдаланы айкезбедей айналып, абыройдан, абиырдан айрылады. Айтса айтқандай, азғындарды аластағаныңызға ақсарбас атаңыз. Аспандағы айдай асыл азамат Айтмахан Абдраманұлы! Адал, ақылгөй, азулы ақсүйек адамсыз. Аса Асанқайғыланбаңыз. Ауыл-аймақтың арыстай, алпамсадай арлы азаматтары аламандап, Алматыға алдыратыны Аллаға аян. Абыройыңыз асқақтап, аспандасын! Айтқаным айдай анықталсын! Аумин! Аманатты А-мен айшықтаған Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 1 Қасқыр әуегінің көсемі Абадан

– Әй, Әмина! – Әу, Әлима әже. – Әудемде әбдестені2 әкелші. – Әзиз әжеме әбдестені әкелуге әлекедей3 әзірмін. – Әуеле, әкем! Әрдайым әжеңді әспеттейсің. Әрқашан әулетің әлейленсін! Әлләу Әкбар! – Әмин, әже! – Әзірет әулетіңді әлемге әйгілесін! – Әмин, Әлима әже! – Әкебас, әбдіредегі әмиянымды әперші. – Әзір, әже. – Әп-сәтте әкелдің, әкежан. Әрі әдемі, әрі әсем, әрі әселдей Әминама әйбат әшекей, Әйге­ рімдікіндей әліппе, әтір, әткеншек, әңгелек әперемін. – Әуреленбеңіз, әже. – Әрине, әуреленбеймін. Әжең әлі әлеуетті, әлді, әнжемді. Әнеугүні Әсия әумесер әреңәрең, әнтек-тәнтектеп4, әкімді әрекелеуге5 әрекеттенді. Әсия – әлимсақтан әуейі, әдепсіз, әңгүдік. – Әсия – әпербақан әже. – Әлбетте. Әркез әркімге әңкілдеп, әңгіреді , әкіреңдейді. – Әшіркүл әжеймен әмпей-жәмпей. – Әзелден6 әкей-үкей әм әріптес, әзәзіл әрі әздек. Әй-буу, әрнені әңгімелегенім әбестік. – Әй, Әмина, әнебіреу, ә-ә-әлгі... ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН ӘУЕЛЕТ

– Әсте, Әмір әкем... – Әй, Әмірмісің? – Әбдібектің Әмірімін, әже. – Әссалам... – Әлейкүмсалам. – Әл-қуаттысыңдар... – Әл-ауқаттымыз. Әйтеуір әлейім-тәлейім, әлім-берім7, әлек-шәлек, әбігер әлем. – Әлі әділқазымысың, әлде әккі әкімбісің? – Әлхамдиллә, әділ әкіммін, әділеттімін. – Әйдай, әйткенмен әкеңдей әйдіксің. Әсте-әсте әлемге әйгіленесің. Әруақытта әлеуметтің әлеуетін әуелетіп, әркез әлсіздерді, әлжуаздарды әспетте, әдепті әз әйелдерді әлпеште. Әсіресе әулие-әнбиелерді әлемге әйгіле. – Әумин, әже. Әманда Әкбардың әмірімен әлденіп, әдеміленіп, әрленіңіз. – Әмин, Әмір, әкем! Әңгімені Ә-мен әрлеген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 2 Дәрет алатын құман. 3 Сақадай сай. 4 Қалт-құлт етіп 5 Бүлік, лаң 6 Ежелден 7 Бірде олай, бірде былай Әбдесте

Бөгенбай, Болатбек, Болысхан, Бегімтай, Біләл, Батыр­жан, Бекназар – бәрі Бөкейхан Байтұрсынұлының бауырлары. Бұлардың бабалары – Бекарыс Бақкелдіұлы. Бұның бабасы баяғыда бай, бек, би, батыр, болыс болыпты. Бас-аяғы балғадай бұл батырлар – бас-басына бастық, байбатша болған бағландар. Бекзадалардың бетбейнесін баяндап берейін. Бөгенбай – бүгінде белгілі бір басылымның бастығы. Бұрын бірнеше баспаларды басқарған. Баспасөз беттерінде бірнеше батыл бастамалары басылды. Байсалды бәйбішесі Баршагүлден бес баласы бар. Бақыты баянды болсын, бұдан бөлек, бес баланы басыбайлы бауырына басты. Боздақтарының бәрі білімді, бәденді8. Бір баласы – бәдізші9. Бейбарысы бәйгені бермейді. Босағасына бекеуіл10. Болатбек – беделді бір биржаның басшысы. Бағамды, байыпты, бақуатты. Байғұс Бәтима бәйбішесі бедеу, бірақ балажанды болатын. Бақсы-балгерлерге барып, бір бала босанып, бақытқа бөленді. Бұйырса, барынша балалы болуға бел буды. Бүлдіршіні «Балапан» балабақшасына барады. Басқа-басқа, бұл бәйбішенің бітім-болмысы бөлек. Басжақсының11 барлығы – Бәтима бәйбішенікі. Басына бақ байлансын! Болысхан – бажыханада бақандай бажгер12. Балқа­ БИ-БАТЫРЛАР БАЯНЫ

диша бәйбішесі байының бабын біледі. Балдырғандары – бойдақ, бойжеткендері – болымды, биязы. Бай-манап бабалары бата берген. Балағат, бақастық, бақталастық, басбұзарлықтан бейхабар. Бегімтай – банкнот басатын баспахананың бастығы. Бес баласының бес баспанасы бар. Бау-бақшасы, бильярдныйы, бассейіні бөлек. Басында бағы бар Балжан, баспанасында байы болмағанда, бәйбішелерге барымен базарлатып бастаңғы береді. Базбіреулердей бақшаңдап, бақырып, бақылдап, байбаламдап, бажылдап, базданбайды. Бәрін боямасыз байымдап, бағамдайды. Біләл – Батағаның13 басшысы. Бақ-берекелі, бейнетқор, баталы бала. Бекіре баптайтын бекінісі бабында. Бет-беделі, бет-бедері бекем болсын! Балымша бәйбішесінің бірнеше бөбектері бар. Балдыз-бажалары баршылық. Батыржан – білімді, білікті банкир. Бет-бейнесі белсенділігінен беп-белгілі. Бар болғыр, барша бауырларына, бағусыз-қағусыз балдырғандарға барқадырынша байлығымен бөлісіп, бас-көз болды. Балақайларға базарлыққа байрақ, байдарка, банан, балмұздақ, батсайы14, батпырауық, байпақ, барабан, бауырсақ берді. Бәрекелді! Бірнеше бапандай15 балғындары бар. Банкісі банкрот болмасын! Бекназар – бетегеден биік, бесаспап базарком. Болмыс-бітімінде бекзадалық бар. Балауса бәйбішесінен бекбикелік16 білінеді. Боларда-болмай барлық балаларына «Болашақ» бағдарламасы бойынша Британияда білім бергізді. Бойжеткендерінің бірі – биші, бірі – балерина. Балиғаттағы бикештері бейуақта бөтен босағаға бармайды. Бақ-берекесі берік болсын! Бөкейхан Байтұрсынұлы бауырларының босағасына бақыт бұйырсын! Б-мен баяндаған Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 8 Ажарлы 9 Мүсінші 10 Жауапты 11 Ең таңдаулы дүние-мүлік 12 Баж салығын алатын адам 13 Балық өңдейтін зауыт 14 Қауын 15 Үлпілдеген ұлпадай 16 Ақсүйектің әйелі Батсайы

Ғабит Ғайсаұлы Ғафур, Ғаббас Ғаби­
денұлы Ғұбайдолла, Ғазиз Ғайыпза­
даұлы Ғалиакбар, Ғани Ғафуұлы Ғұмар

– ға­сырлас ғалымдар.

Ғабит Ғайсаұлы Ғафур – ғұлама ға­
лым. Ғұмыры ғибратты ғалымның ғылы­
ми-көпшілік, ғылыми-техникалық, ғы­
лы­­ми-фантастикалары ғаламат. Ғарыш,

ға­рышайлақ, ғарышжай, ғарышкер, ға­
рыш­тық, ғарышкерлік ғылымдары, ға­
рыш­намалары ғажап.
Ғаббас Ғабиденұлы Ғұбайдолланың

ғаламдық, ғайыптық ғазалдары ға­жа­
йып. Ғаббастың Ғайып ерен17, ға­йы­
бана18, ға­йыптық ғазалдары ғаламға
ғарыштады. Ғылымды19 ғалым.

Ғазиз Ғайыпзадаұлы Ғалиакбардың
ға­зауат20, ғарасаттық21, ғұрыптық ғақ­лия­
ла­ры22 ғанибет. Ғылыми ғимарат, ғибрат­
ха­на23, ғи­бадатханалар­ды ғи­бадат­тау –

ғұрпы.

ҒҰМЫРЫ ҒИБРАТТЫ

ҒҰЛАМА ҒАЛЫМДАР

Ғани Ғафуұлы Ғұмардың ғибадаттық, ғұламалық, ғұрыпшылдық ғылыми-зерттеулері ғы­ лым­паздарға ғибрат. Ғұмыры ғибратты ғасырлас ғұлама ғалымдардың ғазал, ғақлиялары ғылымға, ғаламға ғинаят24. Ғалам ғалымдары ғажаптанды25. Ғ-мен ғажайыптаған Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 17 Көзге көрінбей, демеу беретін пір 18 Жасырын күш 19 Білімдар 20 Дін жолындағы қасиетті соғыс 21 Діни ұғым бойынша, қайта тірілген адамдардың о дүниеде жиналатын орны 22 Өсиет, нақыл сөз 23 Кесене 24 Жақсылық 25 Таңданды Кесене

Дайрабай Досмырзаұлы, Дүйсенқұл Да­
ниялұлы,
Дархан
Дәулетиярұлы,

Дастан
Досанұлы, Дәрмен Дәулеткерейұлы, Дамир
Дінмұхаммедұлы, Дәуітбек Дулатұлы, Дүрәлі
Дулығаұлы – дәуірлік дос-жарандар.

Дайрабай Досмырзаұлы – дана да дара
депутат. Денелі, дидарлы. Даңқты, дақпырт­
ты, дәулеттілермен дос. Дүлей, дүмбілез,
даукес, дарақы, делқұлылармен дүрдараз.

Депутаттардың дарабозы.
Дәуіріміздегі девальвация26 дүйім депу­
татты дүрліктірді. Демократия дегенмен, де­
пу­таттардың дау-дамайға дәті дауаламайды.

Дағдарыс дамыған дөй державаларды да
діңкелетті. Дуалы диктаторлар да дегдар,
деркүмәнді.
Дүйсенқұл Даниялұлы – Делиде дипломат.

Дүниетанымы дамыған, дипломатиялық дә­
реже-деңгейі дардай. Дау-жанжалды дауыл­
датпай, достықты дамытуға дәйекті, дәр­
менді.

ДӘРІСІ – ДӘРУ,

ДӘРМЕГІ – ДАУА

Дархан Дәулетиярұлы – дырдай дәрігер, дерматология до­
центі, докторлық диссертациясы дайын. Дерттің диагнозын
дақпа-дақ, дәлме-дәл долбарлайды. Дәріханада дәрмене27, до­
лана, дерменеден дәрі-дәрмек дайындайды. Дәйім, дәрісі – дәру,

дәрмегі – дауа. Диеталық дәмханадан дәмденеді.
Дастан Досанұлы – депоның дардай директоры. Дағдарысқа
дейін Дастанның да, депоның да даңқы дүрілдеді, дүркіреді.
Депо директорына дұшпандары діңгірлеп, дікеңдеді. Дүлейлер

ділмарланды. Дүмшелер дікілдеді, дікектеді. Дару-дарымшылар28
дуалады. Дайынсыздар дандайсыды. Долылар долданды. Да­
рылдақтар дарылдады. Дарақылар даурықты, доңайбаттанды.
Дөрекілер дөкірленді. Дос-дұшпан дүрлігісті. Даугерлер де,

даукестер де дерек-дәлелсіз даурығып, далақтағандары даусыз.
Дастан дабдырады29, дамылсыз дайрақтады30, дедектеді. Ден­
саулығы дімкәстанды. Дәуде31, датқаларға дәлелді дәйектемелер
дайындап, діттегенін дөптеді, дәлелдеді. Даруғашы32 да, Дат­

қалар да Дастанды демеді. Депо директорының дәурені демде
дәуірледі. Дені дереу диланды.
Дәрмен Дәулеткерейұлы – даңқты да дарынды дирижер.
Даңғыр-дүңгір, даң-дұң, дағыра, дудыға33, дутар, духовой, джаз,

даңғыраға даңғайыр34. Дубайдағы дирижерлер додасының
дүлдүлі. Дамаск, Душанбедегі дүбірлі додалардың додагері.
Дамир Дінмұхаммедұлы – діндар, дін департаментінің дирек­
торы. Ділі, діңі – дүрдей, дыңдай35. Дін департаменті – диуана,

дәруіштердің дәнекері, демеушісі. Дамирдің дұғасы – дуалы да
дауалы.

Динар, доллар, ділдә, дүние-мүлікке дүрдараз. Дап-дайын дәруіш36. Дәуітбек Дулатұлы – дарынды да дара драматург. Драмалық дүниелері – деректі, дәйекті, дәлелді. «Дағдарыс», «Дәуірнама» деген дилогиясы дилы37. Дәуітбек даңқтан дәмелі. Декабрьдің дүйсенбісінде дала данышпандарымен, данагөйлерімен, дүйім дуанбасы­ лармен дидарласты. Дәуітбектің достары «Дарынды драматург» деген диафильм дайындапты. Диас датқа дастарқан даярлады. Дүрәлі Дулығаұлы – дәмата38. Дәулескер домбырашы. Доха, Детройт, Джакартадағы дода­ лардың дүркін-дүркін дипломаты. Дәмханадағы ду-думандарды, ду-дүрмектерді дүркіретіп, дүрілдетіп, дуылдатып, дүбірлетуге дәндеді. Дайым, думан-дырдуларда дәстүрді дәріптейді. Дүйсенбіде думан-той доғарылады, Дүрәлі де демалады. Дәуірлік дос-жоралар дулы да дүбірлі, дөңгеленген дүниеде ду-дулап, думандатсын! Д-мен дөңгелете дайындаған Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 26 Ақшаның құнсыздануы 27 Дәрілік өсімдік 28 Емші-тәуіптер 29 Абыржыды 30 Андағайлап шапты 31 Әйтсе де 32 Ханның қаладағы әкімі 33 Аспап 34 Шебер 35 Күшті, қуатты 36 Дүние қызығынан безген адам 37 Сүбелі 38 Асаба Дәрмене

Ержан Ернұрұлы Ернар – еңбекпен
ерте
есейген,
елге

елеулі,
еңбегі
еленген есіл ер. Егемен еліміздің еңбек
екпіндісі. Ежелден егістікте егін егіп,

ешқашан ешкіммен есептеспей, елден
ерек еңбек етті, ерекше ебсектеді. Ел­
дің ертеңіне елеңдеді. Ешбір ескерту
естіген емес.

Еңбекқор Ержан Ернар ерке-тотай,
елірме, ез, есепшіл, ебдейсіз, есерсоқ,
есалаң, езбе, езмалта, еміншек, есер
емес. Екібастан егдем39, егей40, елгезек.

Ешкімге едірейіп, ежірейіп, екіленіп,
еліріп, ежелеспейді41.
Егіндікте ешкісабақ, егеуқұйрық,
еш­кісасыр, ешкітал, есекқұрт, ешкі­

өлмес, есекмия, ешкібұршақ, ешкіемер
есепсіз екен, екі еселеніпті. Еңгезердей
еңбекшіл ер ежеғабыл, ебіл-себіл ебе­
лектеді, егейлесті. Ел ерлері елеңдеп,

елбесіп-селбесіп ебсектеді, елпеңдеді.

ЕЛ ЕРІН ЕСІРКЕСІН!

Есекмияның, ешкібұршақтың егістікте ендігәрі екі еселенуі – екіталай. Енді егін едәуір ен-тегінденеді. Елдің естияр ерлері, есті егейлері42 Ержан Ернұрұлының ерен еңбегін ескеріп, Елбегі43 етті. Емендей еңселі еңбекқор ер ерледі. Елі – еріне, ері – еліне елжіреп, еміренді, еметайы езілді. Егемен еліміздің ертеңі – Елбасымен, Еңбек Ерлерімен еңселі екенін ескерейік. Ендеше ел ерін, ер елін еркелетсін, есіркесін! Е-мен елеп-екшеген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 39 Үстем 40 Мықты 41 Тәжікелеспейді 42 Ығай мен сығай 43 Әкім Егеуқұйрық

Жидебайдағы жылқышы Жұмағұл Жұбанұлы
Жандарбек жаздың жанға жайлы жылысында
жылқыларын жайлауда жаяды. Жайдақ жерге
жылқы жайылмайды. Жұмағұлдың жайлауласы –

Жандос жылқыларын жапсарлас жайлас­тырды.
Жайлаудың жері – жәннаттай жанға жайлы. Жаз­
ғытұры жылқышылар жайлауға жа­та жабысты.
Жұмағұлды, Жандосты жаманда­ған жансыздар,

жадыгөйлер жағы жағына жұқ­пады, жала жапты,
жан-жақтап жанжалдасты. Жасаған жап-жасыл
жерді Жұмағұлға, Жандосқа жаратыпты.

ЖАЛҒЫЗДЫҚ

ЖАРАТҚАНҒА ЖАРАСҚАН

Жалпы, Жұмағұл Жұбанұлы – жүзі жарқын, жайма-шуақ, жайдары, жайсаң, жомарт жан. Жұртқа жалынып-жалпайғанды, жалбарынғанды, жағынғанды, жағымпаз­дан­ ғанды жарат­пайды. Жалғыздық Жаратқанға жарасқан. Жұмағұлдың жалғызсырайтын жөні жоқ. Жабы­ ғып-жабырқамайды, жансебіл. Жан-жары Жазира Жолтайқызы – жап-жас, жарқыл­ даған, жайраңдаған, жайдарман жан. Жақсы-жайсаңдармен жылы жымиып жүреді. Жұмағұл – Жазира – жарасымды жұп және жақсылы-жаманды жақын-жарандары, жора-жолдастары, жегжат-жұрағаттары, жиен-жиеншарлары, жалпы жанашыр жа­ мағаты жетеді. Жұмағұл жиын-тойларда жентті, жаубүйректі, жеміс-жидекті, жүзімді, жүгеріні, жержаңғақты, жал-жаяны жалап-жұқтап жақсы жейді. Жұмағұлды жазықсыздан-жазықсыз жазғыратын жаман-жәутік жайына жүрсін! Жылқышының жанұясы жетістікке жайлы жүріп, жақсы жетсін! Жұмағұл – Жазираның жарасымды жұбын Жаратушы желеп-жебеп, жарылқасын! Ж-мен желімдеген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ Жылқы

Забира Заттыбекқызы Зейнолла – заңгер, зайырлы44, зейінді. Заты – зипалы45. Зады46 – зада47. Зайыбы48 – Заңғар Замирұлы Заманхан – зергер. Зуһра, зеризаларды49 зерлейді. Заңғар – зерек, зиятты50, зиялы, зерделі. Задында, Зиягүл, Зина, Зибаш, Зейнеп, Зарипа, Зағипа – Забира Заттыбекқызының замандастары. Зиягүл – заңқой. Зымиян, зәлім, зуылдақ, зәнталақ, зәндем51, зиянкес, заржақ, зарлауық, зұлымдарға зәрлі, зарарлы. Зиялыларға зәрсіз, залалсыз, зілсіз. Зина зоологияны зерттейді. Зайыры52, зерттеуден зерікпейді. Зерттеу зонасы – зообақ. Зебра, зубр, зоркиіктерді зерттеп, зерделейді. Зибаш зауытта звеновой. Зауыт Зибаштай зәңгілерге53 зәру. Зейнеп – зәузатымен54 зоотехник. Зейнептің зүрияты55 зоотехниктіктен зауықты56. ЗАМАНДАСТАР ЗАМАНДЫ ЗОРАЙТАДЫ

Зарипа зарзаман, зобалаң, зұлматтағы заманхаттарды, зарқұмдарды57 зәуімен58 зерделейді. Зағипа – забойшы. Забой – залалды, зардапты, зәулі59 зона. Зағипаның зәуде60 зақымданбасы зайыр61. Зады, Зағипа Забойға зембілмен зулайды, заулайды, зымырайды. Зембілді зорсынбайды, зорықпайды. Забира Заттыбекқызының замандастары заманды зорайтатыны зайыр. Зиялы, зайырлы замандастар заузада62 зәулім зираттарды зияраттап, зияпаттады63. Зауым64 зікірленгендерің, зекеттегендерің зият65. Зайыры66, заматта зейнеттенесіңдер. З-мен зерлеген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 44 Білгір, білімдар 45 Сұлу, сымбатты 46 Тегі 47 Асыл 48 Жұбайы 49 Асыл тастарды 50 Сыпайы, ізетті 51 Сұм, айлакер 52 Тегінде 53 Ең төменгі лауазым 54 Әулетімен 55 Ұрпағы 56 Ынталы 57 Діни қисса 58 Арнайы 59 Қауіп, қатерлі 60 Ешбір 61 Айқын, анық 62 Мамыр айында 63 Қонақасы берді 64 Бір сәт 65 Артық, жақсы 66 Тегінде Зебра

Иманғали Икрамұлы, Ибрагим Исаұлы,
Игенбай Изатбекұлы, Идаят Имантайұлы,
Инаят Исалыұлы – иықтас , имандостар67.
Иманғали Икрамұлы – инабатты, иманды

имам. Иншалла, исі исламды имандылыққа
иландырып, игілікке иектеп, икемдеп, иман­
шартқа иілдірді, идірді. Иманғали – ислам
империясының императоры.

Ибрагим Исаұлы – ибалы, иманжүзді
ишан.
Илаһи,
Иранбақтың

игілігін
иеленсін!
Игенбай Изатбекұлы – иші, ихананың68
ие­сі. Инеліктей иліккіш, илалап интернетті

игерді. Ию-қию ит-өмірге икемделді. Ит­
жек­кенге итермелегендерді илеудей иледі.

ИМАНҒАЛИ – ИСЛАМ

ИМПЕРИЯСЫНЫҢ

ИМПЕРАТОРЫ

Идаят Имантайұлы – Италия, Иордания, Испания, Исландия, Индия инвес­ тициясын иемденген инвестор. Индустриялық-инновациялық игіліктерді илалап, икемдеп, игеріп, импорттауға итінді69. Идаят – иен инстинктің иегері. Инфляция итпектетіп70, итырықтағанмен, ипподромды иемденді. Инаят Исалыұлы – идеологиялық институттың инспекторы. Игі идеялардың иесі. Имандостарды идеясына иландыруға икемді. И-мен иіріп, иректеген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 67 Пікірлестер 68 Тері илеу зауыты 69 Ұмтылды 70 Адымын аштырмай Ислам

Кеше кешқұрым кереуетке
көл­денеңнен
керіліп,
көк­

жәшік­ке көгенделіп, көр­мей­
кеткір көзіммен «Күлімбикенің
күйеуі Кәрімбектің келешегі
кемел» кинокомедиясын көр­

дім. Кинокомедиялық киноның
кескін-келбеті келіспеген ке­
йіп­керлері – көкмылжың, кө­
гауыз, кекеш, кетік, кісікиік,

кербез,
кеудемсоқ.
Кадрден
көргеніміз – көбіне-көп ке­

леңсіз, кедір, көпірме, көбік кө­
ріністер. Кешіріңіздер, кәдім­
гідей кейіп, күмілжіп, күйіп
кеттім. Кейінгі кезде көгілдір

көкжәшікте кәріп көріністер,
көркемсіз кинолар, кем-кетігі,
кемшілігі
көптен-көп

кесел
кадр­лер көбелектей көлбеңдеп,
көбейіп кетті. Көрерменнің кө­

КЕЛІСІМХАТ

КИНОТАНУШЫ КӨКЕЛЕР!

ңілін көтеретін кинокомедия кемде-кем. Күнұзақ кертартпа, көңілжықпас, көзбояушылық көріністерді көруге көнтерілі көрермен көнді. Киногерлердің көпе-көрінеу кері кеткендеріне киелі көрермендердің көңілі күпті. Көрсетілімнің көбісі көккөзді көрермендерге көрсетіледі. Кірме көрерменнің кебін кидік. Келешекте күлкіге көмілген кесек-кесек көріністі кино­ комедиялар көргіміз келеді. Киностудиядағы кежегесі кейін кеткен кейбіреулердің, кедергі келтіретін кімкөрінгендердің кебісін кері кигізіп, кинокорпорацияның көлеңкесін көрсетпеу керек. Керек кезінде, керісінше кәсіби, кәнігі киногерлерді киностудияға кезек күттірмей көгендеу – келешегіміздің көсегесін көгертудің кепілі. Кабельді, кабельсіз кеңарналарды кеңейтіп, кеңформатты, кеңэкранды, кеңөрісті, кеңтынысты кинокомедия, киножарнама, киножылнама, киношежіре, кинобайқау кейіпті коммерциялық кешенді көрсетілімдерді кезең-кезеңімен көбейтіп, келісілген кестемен көрермендерге көрсететін кез келді. Көркемдік кеңес күзде, көктемде күллі кеңесшілерімен кеңесіп, келісіп, күлкімен көмке­рілген керемет кинокомедияларды көбейтуді көздесе, көрермендердің күдігі кесілмейтіні кәдік. Келісімшартқа келіссеңіздер, келешекте кинотуындыларда кемшілік кездеспейді. Көрермен көңілі кірлемесін, келбет-кепиеттерінен күлкі кетпесін! Кәнеки, кешікпей кірісейік! К-мен көгендеген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ Көкжәшік

Құрметті қызметкерлер!
Қансонардың қарсаңында қа­дір­
менді қонағымызды қоңырқай қо­
нақүйде қабақ қақпай қабыл­дауы­

мыз қажет. Қонақ – қым­бат­ты
қам­қоршымыз,
құрыл­тай­шы­мыз
Қалдан Қамбарұлы Қа­ра­бай­дың

құрдасы, қандасы. Қадірлі қона­
ғымыздың қасына құдасы Қон­
дыбай, құдағиы Қалдықыз, құда­
шасы Қаламқас, қатыны Қалима,

қызы Қыдыркүл, қарындасы Қа­
тира, қоңсысы Қалдыбек қо­сы­
лыпты. Құлақтарыңызға қорғасын­
дай құямын, қапысыз, қамсыз

қалмаңыздар. Құдайы қонақтарды
қазақы қонақжайлықпен қарсылап,
құда-құдағи, құдашаға қазы-қарта,
қозықұйрық,

қуырдақ,
құйрық-
жал, құйрық-бауыр, қымыз, қы­
мыран қойыңыздар.

ҚАЗАҚ ҚҰДАСЫН

ҚҰДАЙЫНДАЙ

ҚАДІРЛЕГЕН

Қондыбай құда – қағазбасты, қалам-қарындашпен қаруланған қарымды, қабырғалы қаламгер. Құда-құдағиға қылған қызметіміз Құдайдан қайтады. Қазақ қашанда құдасын Құдайындай қадірлеп, қастерлеген, құрметтеген. Қондыбай құда Қарағандыға қазанат­ пен, құдағи-құдаша қамзолмен қайтсын. Құрметті қолдап-қуаттаушымыз Қалдан Қам­ барұлы құдасының Қарағандыға қазұялы қамшысыз қайтпауын қалайды, қажет қылса, қатты қадағалайды. Қондыбай құда қиқар, қызбалау, Қалдықыз құдағи қазымырлау құсайды. Құданың Қыдыркүл қызына қолайна, Қатира қарындасына қолсағат, Қалима қатынына қашарды, Қалдыбек қоңсысына қозылы қойды қиыңыздар. Қалғандарының қолына қаржы-қаражат қыстырыңыздар. Қарсыласса, қоярда-қоймай қинаңыздар. Қоразша қоқиланып, қоқиқазша қоқаңдаса, қызбаланбаңыздар. Құдаларды Қарағандыға қауіп-қатерсіз, қауымдасып қайтарайық. Құдай Қалдан қожайынымызды құдаларға қарыз қылмасын. Қызметтеріңізді Қалдан Қамбарұлы Қарабай қашанда қайтарады. Қ-мен қиыстырған Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ Қамзол

Мұзафар Марғұланұлы Мардан –
маңайына мақтаулы манап, маңдай­
алды маман. Мінезі – майдай, ма­
мыражай,

марайма71,
мазалы72,
май­паң73. Мүсіні – мақаттай74, ма­
уыздай75.

Мамырда мереке-мейрам мол. Мұ­
зафар Марғұланұлы Мақаншыны ме­
кендеген майталмандар мен майдан­
герлерді

«Мәдениет
майданының
май­талманы»
медалімен

мара­пат­
тады. Мейрамда майдангерлер мәре-
сәре мамырласты.
Мағауия Мансұрұлы Мақаншының

марқасқалары мен машайықтарын,
мақ­таныштарын мәлімдеп, мадақ­та­
ды. Мағауияның мағлұмхат мәтіні –
мазмұнды, мағыналы. Мақалы мен

мәтелі мәнді.

МАЙТАЛМАНДАРДЫ

МАРАПАТТАДЫ

Майдангерлер мен майталмандар марқайып, масайрап, мәз-мейрамданып, ма­ саттанды. Марапаттаушылар Марат Мекемтасұлының майдангерлер мен майтал­ман­ дарды мақтаған мақаласына мәзденді. Мұндағы мәтінде майор Михаил Матвейұлының майтабан, маймақ, мылқау, мақауларды машиналарды майлауға мәжбүрлегені мәлімделген. Майданда малғұн, мақұлық мәнзелдес76 мәжнүндер77 мәремденді78. Мақаншыны мекендеген майдангерлер мен майталмандарды марапаттау – Мұзафар Марғұланұлы Марданға мәртебе. М-мен мөрлеген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 71 Жайдары 72 Жайлы 73 Биязы 74 Аюдың еркегі 75 Ірі, алпамсадай 76 Тәріздес 77 Жынды, есуас 78 Талқандалды Мақат

Нұрлыбек Нұртөреұлы Нұр­тас – нарқасқа ноян, нардай нөкер, нұсқалы, на­ мыс­қой нотариус. Нарботадай Нұрлыбек – нағыз нигилист79. Нарық на­ қыштарына наразы. Негізі, на­ дандарға, нақұрыстарға, нан­со­ғарларға, нарау-нәре­ гейлерге80, найсаптарға, нас­ тар­ға, наушылдарға81, наша­ қорларға, насыбайшыларға, нәмәрттарға82, нойыстарға, но­қайларға, ноқаттарға на­ лалы, нәумез83. Нұрлыбектің низамнама84 нұс­қасы – нұрлы, ноқталы, НҰРЛЫБЕК НҰРТӨРЕҰЛЫ – НАРҚАСҚА НОЯН

нақтылы, нанымды. Насихаты нашар. Нұрлыбек Нұртастың нәсіп, несібесі – нотариустікте. Нартұлғалы Нұржан Нұрханұлы Нұрмұхаммед – Нұрлыбек Нұртөреұлы Нұр­ тастың нағашысы. Нұрлыбектің нәті85 – Найман. Найманнан – Нұрмолда. Намазшыл Нұрмолда нәпіл намазға ниеттеніп, насаттаныпты. Нәпсісін нығыртқаны86 – нарлық87. Нұрмолдадан – Нұрхат. Нұрхаттың немере, неменелері нешеме?! Нұрқаттан – Нысанбай, Ны­ санбайдан – Нұрқабыл. Нұрқабылдан – Нұркен. Нұркеннен – Нұрбақыт. Нұрбақыт нақақтан-нақақ нәубеттенді. Нұрбақыттан – Нұрбақ. Нұрбақтан – Нұртөре. Нұр­ төреден – Нұрлыбек. Науша88 Нұрлыбектің нақсүйері – Набат – нәркес89, нәзік, назды, нақылшыл. На­ қылдары нәрлі. Нәсілі – ноғай. Намы90 – Набат Нармаханқызы Нариман. Нату­ ралистіктен нәпақаланып, нәрленеді. Нұрлыбек Набатқа наурызда некелесті. Некеқиярда Нұрлыбектің, Набаттың нағашылары, немерелестері, нәсілдестері нысапниеттерін немеурінмен91 нығайтты. Некелесу нұршашумен нәштеліп, нүктеленді. Н-мен нақыштаған Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 79 Қоғамдық норманы жоққа шығарушы 80 Әлсіз, нашар 81 Даушыл 82 Тексіз, жетесіз 83 Қапалы 84 Заң, ереже жинағы 85 Тегі 86 Ықтырғаны 87 Ерлік 88 Жас жігіт 89 Әдемі, сұлу 90 Арғы тегі, жөні 91 Заттай көмек Намаз

Омар, Оспан, Отарбай, Оймауыт, Орынбасар, Ора­ зақ, Орынбек, Орысхан, Оң­ғарәлі Ожауғалиұлдары Оңтүстік облыста орақ орды. Облыстың ойшаң, озық ойлы ояздары орақ оруды осыншалықты оң­ тай­лы орайластырды. Озат орақшылардың оптимистік, отаншылдық ойлары осы­ лай оңынан орындалды. Ошар­лы отбасының отаға­ сы Ожауғали Ошақжанұлы ондаған оғландарымен он­ жылдық олжаны оп-оңай, оп-оңды олжалады. Оллаһи, олда-білда, олар­дың, ойбууу, Ожауға­ лидың отбасы – оңды, отжігерлі, оразды92. Ол оқшау отбасының он оғланының омырауын он орденмен оқа­ лаған орынды. ОЗАТ ОРАҚШЫЛАР

Озат орақшылардың осынау озық оқиғасын Орда озаншылары93 одалап94, орамды ойлармен очерктегені – облыс оқырмандарына опалы95. Осындай ой-өрісті образдарды оқырмандар оқулықтан оқтын-оқтын оқығаны оңды. Ожауғалидың он оғландарын оқалауға орайластырған облыс орталығындағы отырысқа Осетиядан оқымысты Оғызәли, Омбыдан оқыған-тоқығаны орасан Омаш, Оралдан Олим­пиадашы Орманқұл, ойлампаз Орынша, ойшыл Ойса оралады. Ортадағы орынға оқу ордаларынан оқушылар, оқытушылар орнықты. Ол отырыста одыраймай, ожарланбай, оғаштанбай, ожыраймай, ойбайламай, ойқастамай, ойнақ­ тамай, ойрандамай, ойдағыдай отырыңдар, орны-орнымен овациялаңдар96, оркестрде ойнаңдар. Озат орақшы Ожауғали Ошақжанұлының оймақтай отауын оймалы ою-өрнекпен оқа­лаңдар. Ойбай, Ордабай, Олжас, Оңал, Оразақындарды оятыңдар. Олар Ожауғалидың отауына отын-су, ошақ ойластырсын. Оңтүстік облыс оғландары, ояныңдар! О-мен ою-өрнектеп орайластырған Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 92 Берекелі, бақытты 93 Жыраулары 94 Жыр арнап 95 Баянды 96 Салтанатты түрде ду қол шапалақтау Орақшы

Өмірғазы Өтешұлы, Өтеген Өтетілеуұлы, Өскенбай Өсер­ ханұлы – Өскеменнің өте-мөте өнерлі өрендері. Өсіп-өркен­ деген өлке өнерпаздарының өнегелі өмірбаянын өрелік. Өмірғазы Өтешұлы – өлеңнен өзгеше өрнек өретін өндірдей өнерпаз. Өзі өжет, өзгелерден өктем. Өтірік өлеңдерді өрмекшідей өрнек­ теп, өрелі өрген. Өлең-жыр­ лары – өзекті, өткір, өміршең. Өлеңі өрттей Өмірғазы – өсіпөнген Өрентайдың өбересі97. Өтпелі өмір өтер, өлең, өнер өлмейді, өшпейді. Өтеген Өтетілеуұлы – өнері өзгерек, өр-мінезді өрімші, ӨРІМДЕЙ ӨРЕНДЕРДІҢ ӨНЕРІ ӨНЕГЕ

өрмеші, өрнекші. Өзі – өп-өңді. Өскелең өспірім өңкей өрмелі өрнек өреді. Өрімдей өреннің өмірлік өнімдері Өскемен өңірінде өтімді. Өлкенің өкілетті өкілдері Өтегеннің өзегі өрілген өрнекті өнімдерін өйтіп-бүйтіп өзге өңірге өткізеді. Өрлі өскіннің өнері өркендеді, өрге өрледі. Өмірі өнермен, өнері өмірмен өрілген Өтегеннің өркені өссін! Өскенбай Өсерханұлы – өрелі өнертанушы, өзекжарды98 өлкетанушы. Өскемен өңірінің өнерпаздарын, өлкенің өткен-кеткен өмірін өлермендікпен өрнектеді. Өрелі өнертанушының өкіметке өтілі99 өтті. Өтемақысы өлшеусіз, өтеусіз. Өскенбай Өсерханұлы – өз өмірі өнер өлкесінде өткеніне өкінбейді. Өкшелес, өрелес өрен-жарандардың өмірі, өнері – өзгелерге өнеге. Өскемендіктер өрелі өрендерінің өнерлеріне өліп-талып, өліп-өшеді, өбектейді. Өйткенмен, өңшең өзімшіл, өкпешіл, өркеуде, өркөкірек өсекшілердің өзеуреп, өрекпіп, өңмеңдей өршеленгендері өкінішті. Өршіл өскіндердің өнері өрге өрлесін, өркендесін! Ө-мен өрнектеп өрген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 97 Шөберенің баласы 98 Озық 99 Еңбегі, жақсылығы Сегізөрім қамшы

Пірімбек Пернебайұлы Пұсыр­ ман – про­з­ашы, пуб­лицист. Пай­ ғам­­бардай пара­сат­ты, пайымды. Пат­шағарың пәниде пәк, пірәдар, пейіштің періш­тесіне, пендесіне пара-пар. Пісмілләлап пұлс­ыз пұш­ ман­дар­ды­100 пітір­леп­, п­и­далайды101. Пәруадігерді102 пір­лей­ді­, п­әм­лей­ ді103. П­ірімбек Пернебайұлының п­ье­с­а, поэма, по­в­ес­ть, пам­флет, пародия­л­а­р­ына патша-пади­ша­лар, пақыр­лар­дың пікірлері пайымды. Поэзия­сы­ның по­эти­ка­сы, пози­ц­ия­­ сы, палитрасы, паф­осы пары­қты. Прозаның патриархтары, порт­ фель­ді п­­ә­л­ен­ше-тү­ген­шелер Пірім­ бек Перне­бай­ұ­л­ы­­ның­ пьесасын пан­­сион­ат­та премьералауға пәт­­ уаласты. Пьесаның персонаждары – пай­ дақұмар, па­ра­­қ­ор,­ пәл­е­қор, пасық­ тар, перғауын, пәр­уана104, пері­лер, пә­лен-пәшту­андар, пара­з­и­т­тер. Пазылбек, Пердеш, Паңгерей – Пірімбектің перзен­т­тері. ПАТШАНЫҢ ПІКІРІ ПАЙЫМДЫ

Пазылбек – Павлодарда прокурор. Пошым-пі­шімі по­м­е­щик­тей, паң. Прокурорлық проц­ есте­р­д­е прин­цип­шіл. Паңсыған ­погондыларға, пәр­уай­сыз пақыр­ларға пысқыр­май­ды. Пердеш – полиция полковнигі, патриот. Пол­игон­да плащ-палатканы паналайды. Президент Пердеш Пірімбекұлына Пролетариат проспектісінде полктің парад­т­а­у­ын пәр­ мендеді. Премьер-министр, парламентшілер, партияластар, пресс-атта­шел­ер, папа­халы полковниктер, пропорщиктер пәрменінше парадтап, парқадарланды105. Паңгерей – педагог, пәруәр106, пединституттың профессоры, проректор, полиглот. Пірімбектің періштедей Перизаты – перзентханада педиатр. Пәруадігер Пірім­бек­ті Пери­ затқа парықтап, парлаған. Пысықтың пысығы. Пациенттерге пейіл, пиғылы пәк. Пыш-­пыш­ таған, пыштыңдағандарды пыштулап, піштулеп пышырады, піспек­тей­ді. Пәле­лі пәлектерге пысты107. Перизат практиканттарды процедуралық палаталарда пардалап108, пайдаланады. Пайғамбардай парасатты Пірімбек Пернебайұлының перзенттерін, періштедей Пе­р­и­зат­ын пұшпақтау – парыз. П-мен пышыратпай пайымдап, перделеген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 100 Қайғы-қасіретті 101 Құрбандық, садақа береді 102 Алланы 103 Зікір етеді 104 Жынды көбелек 105 Тыныштық тапты 106 Тәрбиеші, жетекші 107 Сұсты 108 Әдістеп, тәжірибеден өткізіп

Рахман Рахым – «Рауан» радиосының
рақымды, ризықты, райлы райсы109, режи­с­
с­ері. Редакциядағы рияшылдық110, рәсуа­ш­
ыл­­дық, репетсіздік111 рәуішті рет­сіз­дік­т­е­р­ді

реттеуші, реформашы. Репутациясы – р­и­я­­
сыз, рауалы112. Регио­ндағы репор­тер­лер­дің
ресми, рухани, романтикалық радио­­ро­
ман­с, радио­о­черк, радиоспектакль, радио­­

репор­таждарын редакциялайды.
«Рауан» радиосы – рационалды, рента­
бельді. Расымен, Рахман Рахым рег­ион­
дар­ды радиолан­дырды. «Рауан» редак­ция­

сының резиденциясы рабатты113.
Радиожурналистер рауаятты114, рәпат­ты,
репет­­ті райыстарына разы.
­Ра­су­л Разақ­ұлы – рухты, реңді, рауан­

ды115 рәсімшіл116 радиожурналист. «Рауа­н­»
р­ад­ио­сы­ның редакторы. Расында, Расул
Раза­қ­ұл­ының радиорепортаж, радио­очерк,
ради­о­пьеса, радиожурнал, радиоха­барла­

рына радиостанса, радио­коми­тет, редалқа,
редак­­ц­ия райыстары риза.

РАББЫМЫЗ

РАДИОЖУРНАЛИСТЕРДІ

РИЗЫҚТАНДЫРЫП,

РУХТАНДЫРСЫН!

Райымбек Рамазанұлы, Рахима Рүстем­қызы, Рабиға Рауанқызы, Рабия Рашид­қызы, Рәзия Ринатқызы – «Рауан» радиосының радио­журналистері, радио­комен­татор­лары. Редакция редакторларының радиоөнімдері – ритор­ икал­ы117, ритмді, р­ух­ты. Рақымшыл Раббымыз «Рауан» радиосының райыс, редактор, режиссер, радио­жур­налис­терін ризықтандырып, рухтандырсын! Р-мен реттеген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 109 Басшысы 110 Зымиян 111 Сүреңсіздік 112 Лайықты 113 Абатты 114 Ақылды 115 Нұрлы 116 Дәстүршіл 117 Шешендік өнер Радио

Саршатамыздың сенбісінде Слам­хан­ның Сұлтанханы сүйікті Сұлуш­ашы­ның Сары­­­ ағаш­тағы сіңлісі Сабинаныкіне сапа­р­лады. Саб­ина Сағатбеккеліні сәрсен­бінің сәтін­де сүт­кен­жесі Саматты сүнде­т­темек. Саматтың сүндеттойына Семейден ­С­е­р­ік­­қазы, Серікзат, Санат, Сейділла, Сейіт­­ жан­, Сарқаннан Санжар, Сәндібек, Сейіл­­хан, С­айрам­нан Сағындық, Сұлтан­әлі, Сәбит, Сарысудан Сәрсенбай, Сейсен­бек, Сенбек, Созақтан Созақбай, Сартай, Сат­тар­­хан, сол с­и­яқ­ты сайдақ-саңлақтар сабы­л­ады. Сәулетті салтанат сарайындағы сүндет­ той­­да сауықтап, сайрандауға сайқы­мазақ­тар, сал­-серілер сақадай сай. Сәт­жан Сыздықұлы – Сабинаның сүй­кім­­ ді саһары, сүйеушісі, сүйікті сарбазы. Сәт­жан – сарабдал, салмақты, сали­қалы, сайдауыл сардар, сақидың сақиы118. Сүй­рік­­­ САЛ-СЕРІЛЕР САҚАДАЙ САЙ

тей сұлу Сабинаға сапфирлі сақи­на, саф сағат, сапалы сырға, сәнді сара­фан, сап-сары самаурын сыйлады. Сәт­жан Саматтың сүндеттойында сақу­ат­ты сайыпқырандарды, сақа сайып­кер­лерді, сай­ рам­­паздарды, сайраншылдарды, сазгерлерді сайдақтап, сайысқа салды. Сакса­­фон, сырнайшылардың сазы сай-сүйекті сырқыратты. Стадионда сәй­гүлік­тер сай­ ысты, салым салынды. Сайыпқырандардың сайыста сағы сынбады. Салқар, самаладай салтанат сарайындағы сүндеттойда Сабина самбырлап, сарнап-сампыл­ дап сөйлеп, Сәтжанға самсам-қылыш, семсер, садақ, сайгез, сауыт-сайман, самұрық сый­ лады. Сабадай Сәнімгүл саданы сазарып, сазбеттеніп, сайқалданып, себеп-салдарсыз сан­дырақ­ тап, салғыласты. Сайдақыланып санаға сыймайтын сөз саптады. Сөйтіп Сәтжанның сақт­асы суыды. Сұңғат Сәтжанның сойылын соқты. Сәнімгүл Сабинадан салғаннан сәлем-сау­қат, сарқыт, сыбаға сұрады. Соңынан Сабинаны сіңлілері сауқымдады119. Сақар­шам сәресіне созылған Саматтың сүндеттойын Сауытбек сайтқа салды. Самат­тың сүндеттойынан соң, сиыр сәскеде Сүйіндік Сарыағаштағы сабантойды сәрсен­ бінің сәттісінен сенбіге сырғытты. С-мен сәндеп сүйкеген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 118 Мырза, жомарт 119 Әңгіме қылды Семсер

«Таң»
телекорпорациясының
те­ле­­жур­­на­л­исі, тау тұлғалы Төр­е­­
ға­л­и Т­әл­іп­ұлы ­Тәшен тамыры те­

рең, тар­ихы тағ­ыл­ым­ды Түркіс­
танда, т­ам­ыз­дың төр­тін­де туған.
Төреғали Тәліпұлы – тума та­
лант, тал­а­бы таудай тархан120.

Толғам-тол­ғау, төрт­тағ­ан, терме,
трип­тих, трак­тат, теле­­очерк, те­
летеатрдағы туын­дылар­­ының таң­
дамалысын т­оп­-тол­ық­ төрт том­ға

топтастырып, тип­о­графияда түп­
теді, таралымын т­и­я­нақтап, түген­
деді.
Төрт

томдық
таңдамалыны
теле­жур­налис­тиканың теоретик­те­
рі, тел­е­­визия­­ның тирандары, теле­

студия­ның текті­лері, телеарна тө­
ра­ғалары,
теле­дидар
төре­лері,

те­лестанса теке­сақалдары таласа-
тартыса талқыла­ды, тал­да­ды, тес­і­
ле тексерді.
Төреғали Тәшеннің тұрғылас-

тұс­тас­­тар­ы төрт томдықты төрт
тарап­қа, тоқ­сан тоғыз торапқа
тегін тарат­ты.­

ТӨРЕ ТҰҚЫМЫНА ТӘН ТҰЛҒА

Тележурналист Төреғали Тәліп­ұлы­ның түрлі телеарналардан тараған теле­репар­таж­дары, телеспектакльдері тат­ымды, тартымды. Тақырыптары тамаша. Теле­көрер­мен­де­р­ді тартып тұрады. Төреғалимен тере­зесі тең тележурналистер, тамам тізгіншілер таң­ыр­қайды. Тәлімтәрбиеге, тағылымға толы телехабарларға телекөрермендер табандап тел­­міреді, тобықтай түйініне тұщынады, таң­данады, тамсанады. Төтеннен төпелеген түйт­кілді топта­малары талапкерлердің талас-тартыстарында талай-талай топжарды. Төреғали Тәшен түркі тілдес туған-туысқандарға «Түрік», «Тұран» теле­ком­пан­ия­лар­ынан тар­а­ған туындыларымен танымал. Талай түркі тілдес туыстардың тіл­шіл­ері­мен­ тізе түйіс­ тіріп, телехабарлар таратты, тумалардың тыныс-тіршілігімен, тұрмысы­мен таныстырды. Түрік, Түркімен, Тува тілшілерімен тіл табысты, табақтасты, тат­у­лас­ты. Тегі, Төреғали – тіп-титтейінен тілмаш, тілалғыш, тауанды, табанды, тоқмейіл121, тал­ап­ты, тап­қыр, талғампаз, тәртіпті, тәрбиелі, тоқетері текті тастүлек. Тілім тасқа, Тәліптің тоқалы – Тоқсұлудан туған тоғыз түлектің тірегі, таянышы, тілек­тесі, тілеу­қоры. Тәкаппар, тілазар, тарпаң, телі-тентектерді тізгіндеп, тәк-тәктап тыйып тастайды, темекі тартқыз­­байды. Туған-туыс, тамыр-таныс, туажаттармен тату-тәтті тұрады. Тек­тен-тек тыраш­ та­нбай­ды, тығырыққа тірелмейді, тайсалмайды, тайынбайды. Тегінде, Төреғали Тәшен – төре тұқымына тән тұлға. Таяуда «Таң» телеарнасының төра­ ғалығ­ына тағайындалды. Түркістандықтар Төреғали Тәліпұлының толағай табыстарына тәнті. Торқалы той­ын­да тарту-таралғы табыстап, темір тұлпарды тізгіндетті. Тақырыпты Т-мен тізбектеп терген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 120 Атақ, дәреже 121 Қанағатшыл Телестудия

Ұзақбай Ұйықбайұлы – ұлағ­
атты, ұс­тамды ұстаз. Ұдайы ұлты­
мыздың ұлы ұжданын, ұлылардың
ұлағ­ат­ын ұлықтаушы. Ұстаздар

ұ­ж­ы­­мы­ның ұқсатушысы, ұйым­
дас­­т­ыр­у­шысы. Ұлттарды, ұлыс­
тар­ды ұйыт­қыдай ұйыстырушы.
Ұлаға­тты ұстаз Ұзақбай Ұйық­

бай­ұлы – ұлт­ ұясы – Ұлытаудың
ұла­ны.
Ұлар, Ұлан, Ұлас, Ұлықбек,
Ұ­л­бала, Ұл­жан, Ұлбике, Ұлғанай,

Ұл­тай, Ұлдай, Ұл­дыш, Ұлпа, Ұл­
фат, Ұрқия, Ұмсынай – Ұзақ­бай
Ұйық­байұлының ұл-қыздары. Ұл­
дары – ұлылы-кішілі ұлықтар. Ұп-

ұзын, ұп-ұяң. Ұл­а­ры – ұш­қыш,
Ұ­ланы – ұста, Ұласы – ұс­таз,
Ұлық­бегі – Ұлттық ұланда. Ұзақ­­
бай­дың ұрпақтары – ұлт­жан­ды,

ұқып­­ты, ұш­қыр, ұтқыр, ұғым­тал,
ұйымшыл.
Ұдайы
ұлты­мызды

ұран­дап, ұлықтайды.

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ

ҰРПАҚТАРЫ

Ұзақбай Ұйықбайұлы Ұлар, Ұл­ан, Ұлас, Ұлық­бек ұлдарын ұя­лас­­тырып, Ұлбала, Ұл­жан, Ұлбике, Ұлтай, Ұл­дайды ұзатты. Ұлағат­ты ұстаздың ұрпақтары ұл­ан-байтақ, ұлан-ғайыр ұлы ұяда ұйып, ұйысты. Ұлт­жан­­ды ұстаз ұры-қары, ұртты122, ұрыншақ, ұшпа123, ұрысқақ, ұр­көп­пе124, ұсақ­шыл, ұш­ қал­ақ, ұятсыздарды ұнатпайды. Ұлпа-отанымен125 ұлтжанды Ұзақбай Ұйықбайұлының ұясын ұдайы ұлықтайық. Ұрпақ­ тар­ы­мы­з Ұзақбайдың ұнамды, ұрангер ұлдарына ұқсауға ұмтылсын! Ұ-мен ұйқастырған Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 122 Бірбет 123 Тыз етпе 124 Есерсоқ, бөспе 125 Түп-тамырымен Ұшқыш

Үдербай, Үсен, Үмбетияр, Үсіп­бек, Үм­бетәлі, Үркімбай – Үлесханның үкілеген үрім­- бұтақтары. Үдер­байдың үйі – Үржарда, Үсен­дікі – Үш­аралда, Үмбе­тияр­ дікі – Үшқоңырда, Үс­іп­бектікі – Үсіктаста, Үмбетәлінікі – Үл­­біде, Үркімбайдікі – Үштөбеде. Үдербай – үбірлі-шүбірлі, үл­ де­лі-бүл­дел­і. Үй-жайы – Үржар­ дың үйегінде126. Үл­кен-кішілерді үшкіріп-түшкіреді. Үке­л­е­р­іне127 үйретері – үлгі-өнеге. Үсен – үйелмелі-сүйелмелі. Үй-жай­л­ары үйлесімді. Үлесхан­ ның үрім-бұтақ­тар­ы­на үйірімді128. Үйі – үнемі үйме-жүй­ме129. Үр­ дісті үйрететін үйірмелерге үйір. Үкім­ет­тегі үкімшіліктен үмітті. Үдемелі үдер­іс­тер­ге үйірсек. Үмбетияр – үйелменді. Үйірі­ мен үш­тоғ­ыз130, үйіршіл. Үшса­ йыс­тың үздігі. Үп-үл­к­ен үлек131. Үстемірдің үлпершектей132 Үн­­зир­ ҮКІМЕТТІҢ ҮЙІНЕН ҮМІТКЕР

асына үттің133 үшінде үйленді. Үлес­ханның үрім-бұтақтарымен үркердей үй­­лес­імді. Үмбетиярдың үшемдері – үшеу. Үсіпбек – үйлі-күйлі, үнемшіл,үйкүшік. Үбіғалидың үлдірдей134 Үриясын үкі­л­е­ді. Үсік­ тастықтарға үлгілі. Үкімі, үзірі – үстем. Үміті – үкілі. Үзеңгілестеріне үсі­н­і­п-қаб­ынып, үстемсиді. Үмбетәлі – үйлі-баранды. Үкіметтің үйінен үміткер. Үмітін үнемі үзбейді. Үкі­м­е­т­тегі үлесі үлпершекті135. Үркімбай Үлгілімалшыдағы Үбәйданың үлбіреген Үмігүлсіміне үйленді. Үй-мүл­і­ктері үйлесті. Үштөбедегі үйін үкелерімен үмеледі136. Үркімбай – үлкендерден үй­рен­гіш, үкелеріне үйреткіш. Үкелерін үй-жайларын үйтіп-бүйтіп үмелеуге үй­рет­еді, үйлестіреді. Үкіметтен, үлкендерден үрияттануға137 үнемі үндейді. Үгіт-наси­х­ат­ты үйіп-төгеді. Үлес­ханның үрім-бұтағын үздіксіз үгіттеу – үддеміз. Ү-мен үзбектеген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ. 126 Табиғаты қолайлы, шөбі шүйгін жер 127 Інілеріне 128 Жанасқыш 129 Опыр-топыр 130 Олжалы 131 Нар 132 Уылжыған 133 Ақпан айының 134 Ұлпадай 135 Қомақты 136 Асарлатты 137 Еркін болуға Үлек

Хабиба Хайдарқызы Хантөре –
хұснихатшы138.
Халфе Хафиз Ханифаұлы Халел­
дің «Хақ», «Хадистер», «Хатым»,

«Хазіреттер», «Халифалар», «Хақ­
на­зар хандығы», «Хансұлтан хәкім»,
«Хулагу хан», «Хасан ханзада»,
«Хауана», «Хадиша ханым», «Хан­

сұлу ханша», «Хижра» хикаяттарын,
хат-хабар, хабар-ошарларын хал-қа­
дірінше хрони­ка­лап, хұс­нилеп хат­
тады.

Хикаяттардың хатталғаны «Ха­
бар­дан» хабар­лан­ды, халық хош­
тады.
Хабиба Хайдарқызы халфе Ха­

физ Хани­фа­ұлы­ның хас хикаятта­
рын хаттағанына хоштанды.
Х-мен хұснилеп хаттаған
Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ

ХАС ХИКАЯТТАРДЫ

ХАТТАҒАНЫНА ХОШТАНДЫ

138 Көркем жазу өнерінің шебері

Шымкенттен шыққан шалқар ша­ бытты шай­ыр­лар, шалымды шабан­ доздар139, шалғыр140 ше­шен­дер шек­ сіз. Шабдан Шаханұлы Шерхан – Шымқаладан шық­қ­ан шағыр. Шы­ ғармалары – шынайы. Ша­быт­ты шақта шиырлағаны шәк­сіз. Шалғай-шалыс141, шып-шы­мыр шу­мақтары ша­б­ан142, шо­шақай, ша­ дыр-шайпау, шатақ­құмар, шал­дуар, шалдыр-шүлдір, шалжақ-шолжаң, шыр­тет­пе, шы­ғай­бай, шіренген ше­ неу­ніктер, шай­­тан­дарға шан­шар­дай, шан­шудай шаншылады, шұжық­тай шыж­ғырады, шыбықпен шық­пыр­ тады. Шәлдір-бүлдір, шәлкем-шалыс, шалдыр-шат­пақ­­тар­ды шимай­ламай­ ды. ШЫМКЕНТТЕН ШЫҚҚАН ШАЙЫРЛАР ШЕКСІЗ

Шынтуайтында, Шабдан Шаханұлы шар­тарап­ты шарласа, шұрайлы шығармалары шартарапты, шар­ай­на­ны шарпыды. Шырайлы Шымкент шаһарының шахы Шайхы Шәкәрім­­ұлы Шұға шахбибісімен143 шәрідегі144 ша­р­а­да Шабдан Шаханұлын шен-шекпендеп, шік­ір­ейт­ті. Шат-шадыман шарада шаһардың шахы Шаб­дан­­мен шаппа-шап шұрқырасып, шүйір­кел­есті, шау­қымдасты . Шараға шақырылған шабандоздар, шал-шақ­пыт, шал-шауқан шама-шарқынша шалықтады. Ше­б­ер­лер шаңқобыз, шертер шертті. Шымқаланың шахы – шапағатты, шарапатты шүлен145. Шәр­­інің шахы Шайхы Шәкәрімұлының шарапат-шапағатына шараға шақ­ы­р­ыл­­ған шайыр­ лар, шешендер, шоралар, шортандар, шонжарлар, шоңдар шек­сіз шүйір­кенді. Шүкір, Шабдан Шаханұлының Шығыста, шеткей-шеткеріде, шетелде шұғы­лалы, шуа­қ­ты, шырақты шәкірттері шексіз. Шашу­бай Шәдіұлы, Шәмші Шәкірұлы, Шәріп Шегебайұлы, Шернияз Шеру­байұлы, Шона Шорабекұлы – Шабданның шәкірттері. Шабдан Шаханұлының шәкірттері шабыттана шежіре шерткенде шетінен шебер. Шумақтан шашау шығармайды, шашыратпайды, шатып-бұтып шашал­май­ды. Шын­ды­ғын­да, шаһбаздарың146 шайқап-шайқап шумақтан шашу шаша­ды, шабысы, шабыты шыңға шырқайды. Шараптың шабыт шақырмайтыны шүбәсіз. Шаб-ағаң шәкірттерін шекесінен шерт­пеген­і­ мен, шараптан шектеді. Шабдан Шаханұлының шөбере-шөпшегіне шейін шешен, шайыр. Шымкент­тік шабандоздың шуақты шаңырағында шабыт шалқысын! Ш-мен шимайлап, шиырлаған Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 139 Өнердің хас шебері 140 Алғыр, зерек 141 Қисық-қыңыр 142 Жайбасар, жалқау 143 Шахтың әйелі 144 Қаладағы 145 Жомарт, мырза 146 Сабаздарың

Ыбырай Ыдырысұлы, Ырыс­
дәулет Ық­сан­ұлы, Ырыскелді Ыс­
қақұлы, Ы­смағұл Ыс­мат­қазыұлы –
ырғыздық ықпалды ығай-­сы­ғ­ай­лар.

Ыбырай Ыдырысұлы – ырысты,
ын­талы, ын­тымақты. Ырду-дыр­
дуға ынтызар Ырыс­баласын ыр­
ғалтып-жыр­ғалтты. Ырғыз­дық­тар­

мен ынты­ма­қ-бірлікті, ықыласы
ып-ыс­тық.
Ырысдәулет Ықсанұлы – ық­
тият­­ты,

ыза­сыз,
ынта-зейінді,
ымы­­рашыл,
ысқаяқ147,

ыл­дым-
жылдым.
Ылғи
ым­да­сып-жым­

дасып,ымыр­алас­а­ды. Ын­дыны148 –
ыңғайлы149.
Ыр­жақай, ысқит150, ысқақтау151,
ыр­­жың­­шыл, ылбырап, ылжырап,

ыбыл­жыған,
ың­қыл­дап-мыңқыл­
дап, ырбы­ң­­дап-жырбыңда­ған, ыз­
ди­ған­дарға ыс­қыр­ын­ып152, ытыр­­ы­­

н­ып153,
ыс­қыр­т­а­ды,
ышқынады,
ыз­бар­лан­ады.

ЫРҒЫЗДЫҚ ЫҚПАЛДЫ

ЫҒАЙ-СЫҒАЙЛАР

Ырыскелді Ысқақұлы – ырыс-бер­е­келі, ықыласты, ынта-жігерлі, ыр­ы­м­­шыл. Ық­ыл­ым­нан ызақор, ынжық, ыза­-кекшіл, ысырап­қор, ызғарлы, ызыңшыл, ырбаңшыл, ыр­жақ­шыл­­дар­мен ы­мыр­а­сыз. Ысмағұл Ысматқазыұлы – ырыс-дәулетті, ынсапты, ықпалды. Ырысбикесімен ыры­снесібиесін, ырыс-нәсібін ырғап-жырғады. Ынтымақшыларға ыстық ық­ыл­асы­мен, ынтышынтысымен ынтық. Ырғыздықтардың ықпалды ығай-сығайларға ықылас-ынталары, ықылас-ілтипат­тары, ықылас-ниеттері ыстық. Ы-мен ықшамдап, ынты-шынтысымен ысқыртқан Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 147 Тіс қаққан 148 Пиғыл, ниеті 149 Түзу 150 Өтірікші 151 Қулау 152 Сұстанып 153 Жиреніп Ысқырық

Ізетжан Ізқұттыұлы – ішкі істерде
ізші154. Із­гі­лік­ті, із­дем­паз, ізетті, ізшіл.
Ізсіз, іздеусіз, із-түз­сіз­дерді із­дей­ді.
Ішімдік ішпейді, ішіп-жемейді.

Ізтай, Ізімғали, Ілес, Іргебай, Інжу –
Ізет­жан­ның іні­-қарындастары. Ізетжан

– ізашар, іні-қар­ын­дастары – із­басар.

Інілері ірі, іргелі істерде ір­іктелді.
Ізетжанның іні­-қарын­дас­тарын­сыз іш­
кені – ірің. Іштей ішті-тыс­ты155. Ірге­
лестерін156 іліп-қақ­­пай­ды, ілініс­пей­ді.

Ізбай – іждағатты, ілгір157. Ізгі іс­
терді істеуге ің­кәр.
Із­імғали – Ізетжанның іштартатын
інісі, іскер. Іл­гер­іде істері ілгері-

кейінді ілбіді. Іле-шала іс-әрекет­­тері
ілгеріледі.
Ілес – ілім ізденуші. Ілім-білімсіз,
іс-міссіз,

іс­сапар­сыз
істері
ілгері­
лемейтін іспетті.

ІЛКІМДІ ІСТЕРІ

ІЛГЕРІЛЕСІН!

Іргебай – Ізетжанның ізіне ілесті, ілти­пат­ты, іп-ірі. Ір­ілі­-ұсақты, ірілі-уақты істері ілкімді. Інжу – ісмер, ісқұмар, ісшең, ісшіл. Іс-қимыл­д­а­ры іл­гері. Інжугүл, інжірге інжуандай158 іңкәр. Ізет­жан Ізқұттыұлының іні-қарындастарының іл­­кім­­ді, ізгі істері ілгерілесін! І-мен іліп-шалып, іркес-тіркестірген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 154 Із кесуші 155 Ымы-жымы бір 156 Көршілерін 157 Алғыр 158 Бойына інжу, меруерт жинайты теңіз мақұлығы Ісмер

МАЗМҰНЫ Баянғали Әлімжанов: Ермаханның ерекше еңбегі .................................................................................. Алты Алаштың атпал азаматы ........................................................................ Әлеуметтің әлеуетін әуелет .............................................................................. Би-батырлар баяны ............................................................................................. Ғұмыры ғибратты ғалымдар.............................................................................. Дәрісі – дәру, дәрмегі – дауа ................................................................................ Ел ерін есіркесін .................................................................................................... Жалғыздық Жаратқанға жарасқан ................................................................... Замандастар заманды зорайтады ..................................................................... Иманғали – Ислам империясының императоры ............................................... Келісімхат ........................................................................................................... .. Қазақ құдасын Құдайындай қадірлеген .............................................................. Майталмандарды марапаттады ....................................................................... Нұрлыбек Нұртөреұлы – нарқасқа ноян ............................................................ Озат орақшылар ................................................................................................... Өрімдей өрендердің өнері өнеге ........................................................................ .. Патшаның пікірі пайымды ................................................................................. Раббымыз радиожурналистерді ризықтандырып, рухтандырсын! .............. Сал-серілер сақадай сай ..................................................................................... .. Төре тұқымына тән тұлға .................................................................................. Ұлағатты ұстаздың ұрпақтары ........................................................................ Үкіметтің үйінен үміткер ................................................................................... Хас хикаяттарды хаттағанына хоштанды ..................................................... Шымкенттен шыққан шайырлар шексіз ........................................................... Ырғыздық ықпалды ығай-сығайлар .................................................................... Ілкімді істері ілгерілесін! .....................................................................................

«АННҰР САПА»

баспасынан жарық көрген кітаптар
«АННҰР САПА» баспасына тапсырыс беру үшін
+7 701 736 14 21
+7 707 105 51 04

байланыс телефондарына хабарласуға болады.

Теруге берілген күні 20.01.2016 ж.
Басуға қол қойған күні 18.02.2016 ж.
Шартты баспа табағы 3,75.
Таралымы 1000 дана. Тапсырыс №

Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы
«Курсив» ЖШС-де басылды.
Алматы қаласы.
«Аннұр Сапа» баспасының директоры –

Күлайша Ұзақбайқызы

ӘРІП ӘЛЕМІ. ТІЛ СЫНДЫРУ

Редакторы – Асқар Алтайұлы
Дизайнер – Мағауия Шайхы
Корректоры – Айнұр Нұржауқызы
Терімші – Гүлжан Сыдықова

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙