TELEGEI

Home

Толғаулар (Тұрсынхан Әбдірахманова)

Тұрсынхан Әбдірахманова

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Толғаулар (Тұрсынхан Әбдірахманова)

Тұрсынхан Әбдірахманова – өлеңдері бірнеше тілге аударылған ғалым. Ақын поэзиясына нәзік лиризм мен философиялық терең ой тән. Көркем аудармаға үлес қосқан ақын бірнеше шығармаларды қазақ тіліне аударған. Тәуелсіздік алғаннан кейін екі томдық шығармаларының жинағы жарық көрді.

ДАЛА ҚЫЗЫ

І

Сұлу қыз қара көзі күлімдеген,
Көтерсе, қою кірпік дірілдеген,
Қай ұлтта, қандай елде, қай заманнан
Ақындар қаламына ілінбеген!

Зеріңдей қыздың төккен сөздің сынын
Келтіріп арнаса да ақын жырын,
Бір сырлы, сегіз қырлы құдіретті
Жеткізіп айта алар ма қыз қадірін.

Шебер қол мінсіз қиып пішкен тондай
Қыз сынын келістірер бізде сондай,
Мақсат жоқ. Алдын ала, оқушы дос,
Кешірім, көкейіңе жүрсе қонбай.

Көңілде құлақ күйдей жүрген бір саз,
Тарихтан талып жеткен таусылмас наз,
Тоғысып толас бермес көк жойқын
Тербеді толқынымда деп құлаш жаз.

Жүрем деп арман етіп көкте күнді,
Жастық шақ білмеген кәп өткеніңді.
Көрейін мен де тізіп ақ маржандай
Саралап орғанымды, еккенімді.

Қабағын ұзақ шытпас секілді жаз
Қыз деген дүниедегі жарастық наз,
Нәзіктік атаулыдан тоғыса кеп
Жаралған деудің өзі болады аз.

Қыз — сәуле шұғыласы аймақты алған,
Қыз—шырақ әр кеудеде маздап жанған.
Мақсат—тау, қыз басына тігілген ту,
Көп көзді магниттей тартып алған.

Қыз—жастық жалынды оттай жанатын,
Махаббат өлімге де баратын.
Қыз—әдеп, сыпайылық үлкен-кіші
Құрметтеп ілтипатқа алатын.

Бүлдіршін бөбек балдырған қыз,
Көздердің жауын алып жандырған қыз.
Күйдіріп өзектерді өрттей шарпып,
Мықтының буынын ап талдырған қыз.

Көңілдер көгершінін ұшырған қыз,
Дәметкіш тамақтарды ісірген қыз.
Торғайдай жылан арбап қас қаққанша
Алдына топ еткізіп түсірген қыз.

Қалам ап ақын жазса, сөз басы қыз,
Жолаушы жолға шықса, «жолдасы» қыз,
Ел шауып, егес қылған найзагердің
«Байлаған қанжығаға олжасы» қыз.

Қыз десе, қылғынбайтын тамақ бар ма.
Керіліп бір иілмес қабақ бар ма?
«Көрпеге қарап аяқ көсілетін»
Кешелі – бүгінгі де қазақ бар ма!

Қыз десе арқалардың қозбағанын,
Үмітшіл көңілдердің тозбағанын,
Әйтеуір бөрік киген не түрліні
Көрмедік қызға қолын созбағанын.

Дүниенің сүйген жасқа қызда мәні,
Арайлы ақ сәулелі атар таңы.
Арманда айрылысса, аққуым деп
Ғашықтың кеудесінен шығар жаны.

Қыз десе, қалтаңдатып қалтақ басын,
Арситып арса-арса күр қаңқасын,
Көзінен сорасы аққан, үні тозған
Көтеріп бір алмай ма шал да ақ басын!

«Әлінің мінгендей - ақ пырағына,
Жұмақты нұсқағандай тұрағына» —
Қыз десе, ынжық шіркін ыржалаңдап,
Жетпей ме екі езуі құлағына.

Жаралған жетесінен жүрек батыл,
Қыз үшін жанын қинап, болар батыр.
Бор кемік бойын жимай борсаң қағып,
Сүмеңдеп қыз соңында өлмей ме ақыр.

Жалт етіп бір қараса, болып ырза,
Жұтайды шашып жиған малын мырза.
Көн жібіп, көктем шығып жаңғырғандай
Қыз үшін бермес саран болар мырза.

Дейді жұрт ете алмайсың алтынды жез,
Кім білсін адамына келмей ме кез!
Кесір қыз, кер маралдай керме иық қыз,
Қырсықса, ердің езі болмай ма өз!

Қақ жарып қара қылды берер талдап,
Әділде, Болашақты білер барлап
Кетпей ме кемел ақыл жолдан тайып,
Қиядан қыз құмар салса қармақ.

Болғанда құдіретті осы ғұрлы,
Келіскен торт құбыла, сегіз қырлы,
Үйіріп алмасы жоқ, үстем мерей
Неге өткен қыз атаулы болып мұңды?

Неліктен қыз туды деп қуанбаған?
Қуанса, қырық жетілеп ұрандаған.
Өз туған үйінде қыз неге қонақ?
Неліктен еркін сайран құра алмаған?

Неліктен «қызға тыйым қырық үйден,
Ол қалды есіктегі қара күңнен?»
Сансыз көз ізін бағып қылмыстай
Өз үйі неге абақты болған мүлдем?

Ата – ана тегі бірге болсадағы,
Неліктен қызын қазақ кем санады?
Қыз болып дүниеге келгені үшін,
Қалайша еркектен ол кем саналы?

Адам боп қара жерді басып жүріп,
Шешпеген өз тағдырын өзі біліп.
Үйде әке, ұзатылса ердің мүлкі,
Неліктен бір-біріне адам мүлік?

Барымта...
Жылқы алған, жау тонаған
Сауғалап бір-біріне, жол-жорадан.
Ат арты, найза ұшына қиып қызды,

Неліктен малға ұқсатып олжалаған?
Билетіп бірде елінің әлдісіне,
Билетіп бірде молда сәлдесіне,
Балуанның терін өтеп, не болмаса

Бестінің неге тікті бәйгесіне?
Мыңғырып, қайыстырып мол даланы,
Опырып түсірердей болса дағы.
Әйелден шашы қысқа есті қауым

Жан беріп, неге орнына мал алады?
Бұтақтың қонар талғап кұс басына,
Аң дағы шығар талғап құз басына.
Еркімен ұясына өзі қонса,

Ол неге мін болады қыз басына?
«Ақ бата» үкіміне көнбегенге,
Соңынан мал бергеннің ермегенге,
Құныкер кісі өлтіріп болғандай - ақ

Аямас өлім жаза берген неге?
Жақсыны жаттай сыйла деген қазақ,
Әркімнің көкейіне қонар сөз-ақ.
Аямай ең болмаса сол жақсысын,

Неліктен жаудай керіп берді азап?
Айталық Мамыр менен Қалқаманды,
Кермедім Көке найды алқағанды.
Бірақ та жақсысы үшін жақ аша ал май

Неліктен тығырыққа ел қамалды?
Немесе ал Ендік пенен Кебек ерді,
Шықпап па қысылғанда демеп елді?
Жарасып жар сүйгені жазығы боп,

Аямас елім жаза неге берді?
Сара ше он үшінде өнер қуған!
Қай ел бар қызы содан асып туған?
Түгесіп болмас айтып қыз есімін

Қазақтың кең даласын жаспен жуған.
Ілгері тізе берсем бітпес сұрақ,
Өз ауыл, өз үйінде жалғызсырап,
Ескен жел, аққан суға мұңын шағып,

Не керек қазақ қызы өтті жылап.
Қай күнде төреші еді істің ағы?
Шешті ғой адам құнын жігіт бағы.
Бар мен жоқ қай уақытта тең түсіпті,

Жалпылап қазақ қызы десем дағы.
Болғанмен көңілі қаяу, көзі жаста,
Мұң-зарын төккенімен тілсіз тасқа,
Баста отау, алдында мал бай қызының

Әрине, жоқ-жітіктен жәйі басқа.
Қауқиған қап-қара бір қауға сақал,
Жүрегі малға бейім, жанға қатал.
Шал алып, ана қойған аты қалып,

Әрине, аталмайды ол күң тоқал.
Көген бас ат арты күң малға келген,
Жастығын соныменен бірге көмген,
Жарымай кисе киім, ішсе асқа

Жері жоқ бай қызының азап көрген.
Бұл тағдыр — қорғансыздың несібесі,
Еншісі, жоқ-жітіктің ескі үлесі.
Тойымсыз тоғыз алса, обыр ісі

Мал - мал деп маңыраған кетіп есі.
Қарғысқа күпті болған байғұс елі,
Салмады қыз сорлыға қай кісенін?
Мес қарын бай мүлкіне иемденсе,

Қорлауы бір жағынан бәйбішенің.
Он үште - ақ ие болып бір отауға,
Жетпеген жүрек үнін тіл атауға.
Есепке қашан ана ілініпті,

Кім берер сұрағанға, сірә, сауға?
Немесе бесігінде атастырып,
Қояды көңілдерді бақас қылып.
Осыдан әмеңгерлік әуре туып,

Жатқаны ел арасын шатастырып.
Кетіп пе әсте қыздың мұң түрінен!
Қорлықтың таныс қой ол мың түрімен.
Көкірек сырлы сандық шерге толы

Шын шаттық естілмеген күлкі үнінен.
Түсініп жетпей жатып «қыз» есімін,
Аттайды сорлы байғұс кісі есігін.
Жалт беріп жастығы да сағын дайын,

Өтеді батуындай қыс кешінің.
Жалпылап, жығынды қып дейміз қазақ,
Ойласақ қазақ өзі болып па азат!
Екі оттың ортасында сол қазақтың

Кім айтар көрмеді деп жаны азап.
Қолынан қиып қызын масқараға,
Қай жаққа лақтырып тастар ана?
Еркімен қандай қазақ қыз береді

Қаратып бесіктегі жас балаға?
... Даландай көңілің бар, дарқан қазақ,
Болсаң да кеңімеген арқаң, қазақ!
Көзіңді күнге қарап бір ашпасаң,

Мен қайтып саған кінә артам, қазақ.
Ұйғарды «игі жақсы», көне бердің,
Сиқырлы саясатын төрелердің,
Ұқпады аңқау жаның, ақ көңілің

Ол теріс жетеледі, ере бердің.
Ысқырған аждаһадай би мен болыс
Оларға болғаны жоқ сенде оң іс.
Қайырған алдындағы қойы болдың

Белгісіз барар өріс, қонар қоныс.
Ақ көйлек аңқылдаған табиғатың
Исламның құп алғызды шариғатын.
Пір тұтып, айрылмадың секілді дәл

Бар-жоғың соныменен табылатын.
Осылай салып жылан қойыныңа,
Айналдың би мен бектің сойылына.
Оралды қыл арқан боп ақырында

Шариғат ұл-қызыңның мойынына.
Өзің мал олар үшін, атың адам,
Танымай ақ - қараны қалдың надан.
Би менен бектер сорып қан - теріңді,

Еңсеңді көтертпеді сонау заман.
Сол заман жүрегіңді тоңдырған да,
Сол заман ер ұлыңды қор қылған да.
Қауызын ашпай жатып ерте жұлып,

Сол заман қыз гүліңді солдырған да.
Сондықтан сор жайлады кең даланды.
Заманнан көрдің озбыр сен таланды.
Отыңның басын дағы билей алмай,

Мал алдың айырбастап өз баланды.
Қылмысты селдей қылып жүрсе жүзіп
Бәрібір шен-шекпеннің ісі түзік.
Қопарып көне күннің көң мен тоңын

Мынау деп көгендейміз несін тізіп.

ІІ

Октябрь таңы атты, түрілді түн,
Зіл басқан түсті иықтан қасірет - мұң.
Алғандай еркін тыныс қазақ қызы
Қашанғы ізгі арманы ғасыр боп шын.

«Қор болған күндіктегі күнің өтті,
Таны советтік жаңа өкіметті,
Әйелге бостандық»,—деп Ленин дана
Қол қойып шығарды өзі декретті.

Енді сен кем емессің, теңсің, — деді.
Өмірден алатын мол еншің,—деді.
«Советтік қоғамда әрбір асбасшы әйел,
Үкімет басқаратын сенсің», —деді.

Қуанды қазақ қызы қабақ ашты,
Ұмтылып, жаңа өмірге қадам басты.
От басы - ошақ қасын қойып енді,
Күреске әлеуметтік араласты.

Бірден - ақ қыс ызғарын жойғыза ма,
Көктемге көніп, қанат жайғыза ма!
Баянды атқан таңның болуы үшін
Күресте құрбан болды Айғыз ана.

Соғыстың азаматтық от дауылын өткеріп,
Қынабына кек қаруын салды да
Бейбіт іске берік қадам жасаған
Ілгері озып кетті ауылым.

Жиналып кешегі күң, жалшы жастар,
Жиналып жауыздықпен қаны қастар,
Қаласып ірге тасын жаңа өмірдің,
Жайраңдап шықты тұңғыш қарлығаштар.

Алма апай осы топтың төл басындай,
Секілді топ жұлдыздың ортасында ай.
Лениннен сабақ алған тұңғыш шәкірт,
Келіскен көрік, мінез қорғасындай.

Елемей біреуін де жар - қияның,
Танытты халқы үшін жан қиярын.
Қазақтың тұңғыш әйел коммунисі,
Белгілі қайраткері партияның.

Сол кезде-ақ тани білген бұл өлкенің
Көркейер болашағын, күн ертеңін.
Сондықтан тарих көшін өрге сүйреп,
Атқарды ол тапсырмасын Коминтерн.

Дария ақыл, дана көкірек, даңғыл сана
Оқ бойы көш басында жүрді дара.
Қазақтың маңдайына сыймаған жан
Анадай күллі әйелге болған пана.

Ыбырай мектебінен қанаттанған,
Орыстың ғылымынан ерте қанған.
Қазақтың оқымысты тұңғыш қызы —
Нәзипа талмай тізген сөзден маржан.

Семейде кеш өткізген Абайға арнап,
Тереңнен Абай сөзін түгел қармап.
Орыстың ғалымдарын тамсандырып,
Ақынның даналығын айтқан таңдап.

Журналист әйелдерден шыққан алғаш,
Досына тілі майда, жауына алмас,
Табатын Наз апалап әрбір тұстан
Арманы оқу болып талпынған жас.

Шырмаған жастайынан тор канатын,
Қалайда торды үзсем деп толғанатын.
Көгінде поэзия жарық жұлдыз
Секілді шықты жанып Шолпан ақын.

Көркейсе, гүлденсе елім, құлпырса өлкем,
Шаруасы, мәдениеті жайса өркен,
Көбейсе қатарым деп қанат қаққан
Нағима Арыққызы—тұңғыш нарком.

Еліне еңбегі зор сіңген талай,
Есімін мақтан етсек сияр қалай!
Сара апай төрінде өзі отыр бүгін
Тарихтан соғып алып сұлу сарай.

Басқарды тігіп бұлар Қызыл отау,
Бұл өзі мәні ерекше қызық Отау:
Үкімет, сот, прокурор — бәрі өзі,
Жаңаға жол нұсқайды сызып Отау.

Бұл Отау көпке әйгілі болды мектеп,
Өмірден қағажу қап жүрген шеттеп
Әйелдер пана іздеген Отауға кеп
Гүл жарған жауқазындай өсті көктеп.

Болмаған әсте Отаудың орта күні,
Қалың топ болашаққа жол таныды.
Жеткізген партия үнін бұқараға —
Саяси насихаттың орталығы.

Шығарған шыңыраудан әр ауылын,
Нар дайын көтергендер жүк ауырын,
«Су сепкен қанатымен қарлығаштар», —
Осылар риза еткен өз қауымын.

Әйелдер қозғалысын мықтап қолға ап,
Ескі әдет-салтты бұзып, тыңнан жол сап,
Дарытпай бойларына жау өсегін,
Намысын әйелдердің шыққан қорғап.

Үлгісі бұлар салған мол қанатын
Жайды да тапты талай қолғанатын.
Көріңді істе, оқу, өнерде де
Болғаны «байтал шауып бәйге алатын».

Салсаң да жасық өтпес қайрап қанша,
«Қайнатар қатын қазан қайраттанса»
Дейтіндер көзіменен көріп тынды
Әйелде болатынын қайрат қанша.

Көрді көз «құм жиылып тас болғанын»,
Көрді көз «құл жиылып бас болғанын».
Көрді көз кимешектер шариғаттың
Шыққанын талқан қылып тас қорғанын.

Қияға еркектерше - ақ қасқаратын,
Табылды қабілет ел басқаратын.
Қайда да керегіне жарап бақты
Отанның жаңа жайған жас қанатын...

Аттан деп қараңғылық қас жауыңа
Партия үндегенде жас қауымға,
Қос етек көйлек, талай қынай кемзал
Білімнің бас қойды көп бастауына.

Осылай ұлы дүбір «қансыз майдан»,
Қалдырмай қараңғы бұрыш канат жайған.
Шағында менің дағы байтақ өлкем
Ұқсады ақ сәулеге түскен айдан.

Күмбезін жас отаудың күнді құшқан
Көтеріп, күлімдеген күн шығыстан.
Теңеліп, терезесі тең ел болып,
Атанды дарқан далам ҚАЗАҚСТАН!

Гүлстан, Қазақстан, Ғажаптан —
Күні өтіп көні кепкен, ажары ұшқан.
Гүлденген болды аймақ ұл мен қызы
Ғарышқа құлашын тең жаза ұшқан!

...Жауыр ат, жалғыз сиыр әшкередей,
Қазекең қойып па екен әсте елей!
Тәңірге тандағы асын тапсырғанмен
Жаны оның болып па екен әсте кедей.

«Алты ауыз», «қонақ кәде» сылтауратып,
Өрістен жүрсе дағы жылқы аунатып,
Әйтеуір көктем көңілі күй төгілтіп,
Өткен ғой жүрегінен жыр саулатып.

Тәттімбет, Құрманғазы, Дәулеткерей,
Көрген ғой күй көркем дәулет - мерей.
Күйдірген күйкі заман аңызағы
Даласын көктем еткен күйге бөлей.

Біржан сал, үкілі Ыбырай, Ақан сері
Өлеңнің әрқайсысы құйған селі.
Мамырлап майда қоңыр ән ескенде,
Арқаның жете алмапты жібек желі.

Ән салған ақын Әсет арындатып,
Көктемгі көк жойқын ағындатып.
Шығандап, шыңнан шыңға ән өрлетіп,
Апарып көк аспанға дамылдатып.

Ал Майра «жүрген жері күнде жиын»,
Көр көңіл, көзді соқыр мүлде қиын —
Етсе де ән салуын, асқақ әнші
Көктемге бөлепті ғой түскен үйін.

Желдірсе желдірмесін ақын Иса,
Әміре ән боратып, нөсер құйса,
Депті ғой Сәкен аға:
«Тең келмейді!

«Мен бұлбұл» дегендердің жүзін жиса».
Қазақты дала халық, дана халық,
Күй қонып, ән дарыған дара халық
Депті ғой Ромен Роллан, Затаевич

Өнерін топ ішінен дара танып.
Міне, осы әнші халық, күйші халық
Қырық түрлі бір бармақтан күй шығарып,
Тасқынды тау өзені тәрізденіп

Өнердің дариясына құйды барып.
Халықтың қайта түлеп өлеңдері,
Жаңарып күйдің дағы көнергені,
Ұлттық түр жаңа сапа, мазмұн алып

Тоғысты бір арнада өнер кені.
Көтерген сол уақытта өнер туын,
Онда жас бүгінгі күн аға буын.
Ішінде ай маңдайлы Күләш бар-ды,

Келтірген көз алдыңа қырдың қуын.
Өзіне тыңдағанды табындырған,
Бұлбұлым бүгінгі күн сағындырған.
Жаршысы, жаңа өнердің қарлығашы

Жүйрікті жетем деген сабылды.
Октябрь таңы атқанда, алпыстағы —
Карт Дина Жайықтағы, алыстағы,
Салғызған заман күші кебежеге

Қолына домбырасын кайта ұстады.
Тасқынды «Тендік» күйі, «Жаңа өмір»,
Қалықтап қоңыр қаздай «Әсем қоңыр».
Шарықтап аспан кезіп қайтар болды,

Ілесіп «Бұлбұлға» еріп кеткен көңіл.
Төгілген саусағынан күй жаңбыры
Атанды ол күй анасы, күй Жамбылы.
Шығарды жасты есейтіп, қартты жас қып

Адамға Октябрьдің құйған нұры.
Буынсыз бұратылған биші Шара
(Қазақта би болып па, ол тың бір сала).
Сан сында сүрінбеген даңғыл дарын,

Алдына жан салмаған жалғыз қара.
Осылар жаңаға тың жол ашқандар,
Бөгетті бұзып қиын, әрі асқандар,
Бүгінгі Қазақстан өнерінің

Қолынан ірге тасын қаласқандар.
Көрсең сен шаруаның қай саласын,
Адам мен табиғаттың тайталасын.
Әйелдер еңбегінің жемісін сен,

Аузыңды толтырып-ақ айта аласың.
Біреулер қора-қора күтті табын,
Біреулер екті егін, күтті бағын.
Келіні Оңғар байдың Салиха апай

Ағызды колхозында сүт бұлағын.
Тағдырын өз қолына алған еркін
Қауымда жаңа жігер, жаңа серпін.
Жиырма жыл табандатқан Шекер апай

Басқарды Қазақстан парламентін.
Өмірдің өрмелеген асқарына,
Жұлдыз боп жарқыраған аспанында.
Ерлерін бесжылдықтар түгел тізсем,

Сыймайды нешеме он дастаныңа.
«Құдайға шүкір, жаман емес бүгін,
Ұл ұя, қыз қияда, теңесті күн!
Арқасы айналайын өкіметтің», —

Дегенін әжемнің мен сан естідім...
Осылай Қазақстан, ғажаптан
Күні өтіп көні кепкен, ажары ұшқан.
Гүлденген болды аймақ ұл мен қызы

Ғарышқа құлашын тең жаза ұшқан!

ІІІ

Қасқайып қалың жауға бел буатын,
Ер ғана шығарады елдің атын.
«Етектен ерін тартпас есті әйел», —
Дейді екен «шығаратын ердің атын».

Мәнісін болды қауым енді ұғатын,
Елімен табатынын ер мұратын.
Таусылмас тізсек санап әйелді де
Көтерген Отан даңқын, ел қуатын.

Тағдыры ұлы елінің сағы сында,
Ел деген ер азамат бағы сында,
Жүзінде ұстараның өмір - өлім
Айқасқан Ұлы Отан соғысында.

Қару ап қан майданға шеру тартып,
Түр демей алдымда опат, қия жар тік.
Аттанды қазақ қызы ермен бірдей
Халқының жауға деген кегін артып...

Өрт тұтап айналғандай көк жасынға,
Оқ түтеп дүние толып қорғасынға,
Жатса да жасқанбастан жүрді
Мәншүк Ажалдың анталаған ортасында.

Созылған неше күнге оқ бораны
Таппады саябыр еш, тоқтамады.
Қайтпайтын қайсар қыздың пулеметі
Тәрізді алынбас бір от қамалы.

Ышқынып, аунап түсіп жатқандай жер,
Жұтардай қарсы алдынан қазылып кер.
Айқаста ажалменен мерт болды ол,
Алынды жау қолынан бірақ Невель.

Күмбезі боларлықтай күнге кемер,
Көркейген қайта түлеп қазір Невель.
Мәнсия сол Невельдің төрінде тұр.
Қарайды ер тұлғасын қадірлеп ел.

Қан кешіп сол майданда толарсақтан,
Жауына жасын төгіп қорамсақтан.
Екі атпас көздегенін Әлия
Еліне ерлігімен болды мақтан.

Мәншүк, Әлия қос құлындай,
Арқамнан құлап түскен қос бұрымдай.
Жана алмай ерте сөнген қос жұлдызым,
Сирек бір сұлу батқан кеш құрымдай.

Көтерген қос батырым ел мерейін,
Ер демей бұл екеуін мен не дейін!
Советтік Шығыс түгел мақтан етсе,
Мен қалай жүректен жыр тербе.

...Майданнан кем түспеді тылда жұмыс,
Шындалған ел кегіне қайрат құрыш.
Әйелдер үйренбеген, игермеген
Қалмады бір мамандық, бірде-бір іс.

Тілейтін ер қайратын шамадан тыс,
Жатады өткеріліп не бір тың іс.
Майданның қажеті мен тоғысқан соң
Әр жүрек, Отан деген әрбір тыныс.

Бірі озық дейтіні жоқ, бірі кеміс,
Ерлікке жаралғандай әйел тегіс.
Әркімде іштей байлау, мол сезіну
Еңбексіз келмейтінін күткен жеңіс.

Сондықтан қажыр-қайрат канат жайған
Әр завод, әр ауылдың өзі майдан.
Ширады не бір сылбыр шұбатылған,
Ішпесе басы ауырып қалар шайдан.

Жеңіс деп не бір күйрек қайраттанды,
Құлпырды қайратты қайнап қаны.
Осымен өз бақытын жасады адам,
Халықтың қайта атты жайнап таңы.

Сарғая сабыр сарқып күткен көптен,
Келгенде жеңісті алып сонау көктем,
Еңбегін, әйелдердің мол үлесін
Алғыспен партия өзі атап өткен.

ІV

Соғыстың жойылды тез зардаптары,
Отаным қарыштады алға аттады.
Жарқырап туды талай жаңа жұлдыз —
Еңбектің батырлары, санда.

Тобында елім жеткен табыстардың,
Дей алар кім «әйелдер қалыс қалдың»,
Дабылдап туған Отан шақырғанда,
Алдында келген талай жарыстардың.

Төгіліп маңдайынан құйып терін,
Көркейтіп, гүлге бөлеп сүйікті елін,
Келеді менің дағы құрбыларым
Игеріп асудың не биіктерін.

Өткеріп бесжылдықтар, тың көтеріп,
Айды алып, Шолпанға асып ірге теуіп,
Өңірге сыймай таққан Алтын Жұлдыз
Келеді құшақ толы гүл көтеріп.

Таластай табиғаты сынды дала
Өсірген Еңбек Ері Сындыбала.
Молайтып береке қол ел ырысын
Ат басы ақ қантқа тұнды дала.

Таңданып, таңдай қағып, тамақ тамсап
Айтсам да емес, достар, сөзім жаңсақ.
Ойнайды темір тұлпар құлағында,
Көтеріп ел мерейін ару Кәмшат.

Қос жұлдыз омырауында гүл жанады,
Ол жайлы ән жазылып, жыр тарады.
Батыр ана және де Еңбек ері —
Еліміз мақтан етеді Ұлбаланы.

Жасынан көкірегіне қиял ері ұялап,
Ойындағы қиялы — елі, Болған жан
Әлемге әйгі еңбегімен ғылымның
Нәйла апай пионері.

Патшайым қай жерде не қазыналар
Жатқанын айтса барлап қазып алар,
АҚШ-та ғалымдардың шаршы тобын
Аузына қаратқан-ды марқұм Жамал.

Кешірім шындықты айта шыққаныма
Сезімді сенем қауым құптарына.
Әуезов ордасында от маздатты
Сүйікті біздің Ләйла Мұхтаровна.

Қосты ол үлкен үлес ғылымға да
Не дейін еңбегіне беріп баға.
Отырса ортамызда риза боп
Арқадан қағар еді-ау Мұхтар аға.

Сыпайы, кішіпейіл, созым қанша,
Көкейге құптарсыздар сөзім қонса.
Тағдырдан ұл тілеудің керегі не
Ләйладай ұлдан артық қызың болса.

Атымен мақтанам ба, мақтайын ба сияды,
Тыңдаушы топ шақ пайымда.
Саңлақтар сайысында сақ сындырмай
Шықты озып Шәмшия Бану Сәтпаева.

Ғылымды әр салада алға асырып,
Апаға сіңлі серік жалғас тұрып.
Төрт доктор бір ұядан қанат қақты,
Дәстүрін Қаныш аға жалғастырып.

Көгінде поэзия егіз қаздай,
Өлеңмен қолтықтасып жұбын жазбай.
Келеді маңғаз басып Мэриям ақын,
Қалпында жайма-шуақ жарқын жаздай.

Тамсанар тыңдаған жан бұлбұл үнді,
Өнерде Күләші боп бүгін күнгі,
Тірілткен Қазақстан бұлбұлы атын
Мақтансам сияр айтып Бибігүлді.

Қазақтың егіз қызы, қос Розасы —
Көркейген өнерінің қос қозасы.
Рымбай қызы, аты кіші Роза
Жүлдегер «басқа шауып, төске оза».

Ішінде мақтан етер тұлғалардың
Әйгілі шеберлері қыл қаламның—
Айша мен Гүлфайруздай сирек дарын
Сияр десе дара бір балаңмын.

Ақ бұлттай аспан кезіп күнге өрлеген,
Төгілтіп төккен күмбір күй пернеден,
Қазақтың композитор Ғазизасы
Табысы жоқ елінің күйге өрмеген.

Елінің қадамына ілесе алған,
Өмірден не қажетін тілесе, алған.
Қазақтың осылардай өскен қызын
Мен түгел санап бүгін түгесе алма.

Тойтарып тағдыр тезін тайталасып,
Есігін жаңа өмірдің айқара ашып,
Аттаған кеше ғана қазақ қызы
Шарықтап кеп бүгін айға да асып.

Сүйінер ол Отанның азаматы,
Алтынмен жазылатын адам аты.
Халықтың сүйіктісі қайтарылған
Октябрь арқасында қазақ аты.

Ол — ана ұл өсіріп, күнге ұшырған,
Ол—ару сүйгеніне гүл құшырға.
Халқының тағдырының күзетшісі
Серпін, тегеуріні түнді ысырған.

Мерейі таласарлық еркегіңмен,
Кем түспес өмірі бар ертегіңнен.
Келерлік барлап, байқап қабілет бар
Сөйлесіп болашағын, ертеңіңмен.

Осындай бүгінгі қыз, қазақ қызы —
Төл қызы Октябрьдің өз - ақ қызы.
Көзінде күлімдеген күн тұрғандай,
Жүзінен мәңгі өшкен азап ізі.

Бүгінгі Қазақстан, ғажаптан,
Күні өтіп көні кепкен, ажары ұшқан
Қолымен ұл-қызының көркейген ел
Ғарышқа құлашын тең жаза ұшқан.

ОБАЛ, САУАП, БОРЫШ

І

Естіген бала күнде анамыздан,
Мәңгіге алған орын санамыздан.
Адамға обал, сауап, борыш — парыз —
Құралған ғибрат сөз сан аңыздан.

Обал сол — не пайдалы зая кетсе,
Сауап сол — бей күнәға қызмет етсе.
Борышың өтелгені адал ісің
Себеп боп қоғам көші ілгері өтсе.

Адалдың туын әдейі жығу — обал,
Көзіңді қиянатқа жұму — обал.
Өзіңе азық малдың несібесі —
Бейсауат көк шөпті де жұлу — обал.

Жәбірлеп жазықсызды сөгу — обал,
Жамандық жас жүрекке егу — обал.
Жоқ болса жер үстінде тіршілік жоқ,
Бейсауат судың өзін төгу — обал.

Осындай обал, сауап түрлері көп,
Ісінде тұтқан адам ілгерілеп,
Тарынбай тағдырына, талайы өсіп,
Әр басқан қадамына гүл өрілмек.

ІІ

Үш тарау ізгілікте: обал,сауап
Әм борыш, ойда тұтып етсе тауап.
Үшеуі әрекетке басшы болса,
Әділет тұрар еді кетпей науат.

Үшеуі әр жүректе тепсе қоныс,
Ақталар адамшылық деген борыш.
Бұларға аттап өтпес ар қосылса,
Қол біткен атқарар еді тек қана оң іс.

Өмірдің өз заңы бар, амал қайсы,
Құзырың, өзгертетін шамаң қайсы.
Қоғам жоқ қайшылықтар күресінсіз,
Адам көп үшеуіне келер қайшы.

Пенденің тіршілікте борышы көп,
Ойымен келе бермейді әр ісі деп.
Әйтсе де жақсылыққа мұрындық боп,
Жүрерлік пейілді ерісі көп.

Кей-кейде қайсыбір іс қолдан келмей
Қалады билік деген ерік бермей.
Ондайда обал, сауап тұралайды,
Борыш та өз маңынан шықпайды өрлей.

Ізгілік, зұлымдықтың шығар кезі —
Ниеті, қарым-қатынас, ісі, сөзі,
Тоғысқан тұла бойы қайшылыққа
Адамдар әр өреде себеп өзі.

Біреуде күншілдік мол, бақталастық,
Бақастық жолын ғана тұтқан тас қып.
Болғаны үшін ғана одан артық
Өзгеге зұлымдықпен етер қастық.

Біреуге креслоның құзыры ерек,
Қыз сынды қызықтырғыш құрғыр, бөлек,
Қай күнде оны қиып обал жолын
Қуған бар сауап үшін беріп көмек.

Біреуді қызықтырады атақ, мансап,
Бұйырып кейбіреуге тиіп жаңсақ...
Бұл маңда обал, сауап борыш деген,
Жүреді жетімсіреп қарап жалтақ.

Әлсізге, қорғансыз, зиянсыз
Мықты бар, түстеп түгел тиятын ба.
Қолдары қалтырамай сұмдықтарға
Барады деп «зиялыны» қиярсыз ба.

Біреуде күн көріске табыну бар,
Ол тұста обал тауы шағылу бар.
Күнелткен табан жалап жарамсақ бар,
Атып кел, шауып көлге жаны құмар.

Осының бәрі себеп зұлымдыққа,
Мейлің ұқ мені, шырақ, мейлің ұқпа.
Қоғамдық, әлемдік те іс ақсайды,
Кез болса көңілі соқыр ұрда - жық.

Жеңген бір сәтте бойын зұлымдық дерт,
Бір залым мыңның ісін қылады мерт.
Дұрыстап тұтатпаған бір шырпыдан
Тұтанып кетуі оңай ғаламат өрт.

Не керек өмірде бар сан қилы адам,
Ақ көңіл біреу адал аңқылдаған.
Зымиян енді бірі, азамат аз,
Обал мен сауап ойлап жан қинаған.

Ізгілік күресінің кең алаңы —
Мәңгі айқас, қаусырған ғой ен ғаламды.
Мәңгі жоқ,
Күрес заңы қашаннан да

Жеңіліп бірі, жеңіп бел алады.
Деген ғой өмір — күрес, күрделі де,
Бұрады үрдіс жолын кім көріге!
Әуелден егіз дүние жылжиды да

Ізгілік, зұлымдық боп ілгеріге.

ІІІ

Табиғат мынау қанша ғаламат бар,
Жер ана өзі берген аманат бар.
Тағының табиғатқа зияны жоқ,
Адамдар тағысынан қалар дақ бар.

Оқып жұрт десін дей ме «пай, есіл ер»,
Бетінде Жұмбақтастың мол есімдер...
Ғасырларға атым кетсін деген сынды
Секірген тойғанынан кей есір.

Тұрғанды көзің көріп қозғаса да
Жетерлік, ғасырды үңгіп қазбаса да...
Қайсыбір есімдерді Көкше сөйлеп
Беріп түр тас бетіне жазбаса да...

Ақбөкен, ару елік, кербез марал,
Көргенде көңіл толар, көз қуанар.
Кеткендей ата кегі обалсынбай
Соларға оқ кезер көп сүзіп жанар.

Аңшылық дәріптеледі десіп ғажап,
Адамға ғажап шығар, тағы — азап.
Бұлғынды тазы талап, құралай көз
Күл болып оқ тиюден қандай ләззат?

Аңшылық—еріккеннің, тоқтың ісі,
Қажеті сай, көйлегі көктің ісі.
Еңбекқор қарапайым бара алмайды,
Емес ол күн көрісі жоқтың ісі.

Не халде, ел ырысы Балқаш, Арал,
Үңілсең жан құлазыр, жүрек талар.
Бұл дағы адам қолы өткерген іс,
Екпіндеп, еңсеріп тек билік барар.

Адамдар әрекетінде ойланар көп,
Көңілдер тереңінде қоймалар көп...
Кілті бар, ашатын батылдар жоқ,
Жау қашып кеткеннен соң қайдалар көп.

ІРІЛІК ПЕН ТІРІЛІК

Өмірде ірілік бар, тірілік бар,
Екінің мәнін ашсам, бірі құптар.
Тек тану, ғибрат алу — пенде ісі
Мирас қып кейінгіге ету ықпал.

І

Ой жібер ғаламға бір көр бұрылып:
Жер үсті — қилы тағдыр, мол тірілік.
Күнелткен түрлі жолмен жан иесі,
Ескі өліп, жатқан жаңа қор құрылып.

Ұшқан құс, жүгірген аң, жортқан жәндік,
Ойлайды ұрпақ қамын бізді таң ғып.
Жойылып кетпеу үшін жер бетінен
Күреседі бірін-бірі қызыл қан ғып.

Қатал заң—тағы заңы бәрі ұққан,
Болмайды ауытқыған жолдан ыққан.
Жекпе-жек өмір — өлім белдеседі,
Топ бастайды күш иесі жеңіп шыққан.

Мәселен, құлжа үйірге таласады,
Басшыға күші лайық жарасады...
Жеңгені тобын бастап, ұрпақ қамын
Мойынға ап, болашаққа жол ашады.

Көз жетіп күш сайысы тыйылған соң,
Жеңілген кәрі бұғы, үйір басы,
Жайылым, табын, өріс түгел беріп
Кетеді өмір заңы бұйырған соң.

Табиғат қандай ғажап бар ғаламы
Керемет заңдылықтан нәр алады.
Өмірге тек еңбектің қақысы бар,
Мен осы әділетке таң қаламын.

Және де осынау бір сырға түсін,
Тағылар таламайды ұрғашысын.
Күнделік керіс - майдан қырқысы жоқ,
Баянсыз қысқа өмірдің қырқасы үшін.

Өмірдің жан иесіне азаптары
Біте ме, осалдарға мазақтары
Үйірін сақтап қалған сан апаттан,
Болады дейді тағыл ардың ғажаптары.

Оларды от қармайды, құз қармайды.
Ақтүтек, сары аязды түз қармайды.
Бұлардың ірісінен, тірісін
Тілі жоқ болғаннан соң, із қалмайды.

ІІ

Бұлардан өзге адам қауымы бар,
Санасы биік, тірлігі ауыры бар.
Ақылы, ісі заңғар, ойы шыңырау,
Төңкерген дүниені дауылы бар.

Жаралып жер, адамзат аяқ басқан
Сәтінен бері бізге қарай асқан.
Шежіре сонары бар, алуан ғұмыр
Сөйлейді тартыс, тағдыр сырын ашқан.

Айналған есімдері сан аңызға,
Өшпес боп орын алған санамызда.
Ер туып, елін қорғап, ұя құрған
Өрбіген ұрпақ ата-бабамыздан.

Олардың да ұйтқы болған ірісі бар,
Ірілік дейтін мәңгі дүр ісі бар.
Өлді деп жер қойнына бергенменен
Әлі күнге арамызда тірісі бар.

Мәселен, тірі деймін Сократты,
Ілімін күллі ғалам тоқып апты.
Санап та, тізіп түгел түгесер кім
Тірілер қатарында жүрген атты.

Тірілік тірі жүру ғана ма, дос,
Ішкен мас, жеген ток боп көңілдер хош.
Тіршілік тірілікпен бірдей ме екен,
Пайымда мән - мәнісін ажырат, қос.

Тіршілік—мағыналы өмір үшін
Істеген әрекетің, өнімді ісің.
Тірілік ғарыш асып, болашақпен
Жалғасқан кейінгіге өлмес ізің.

Мұндайды даралаймыз, ірі дейміз,
Артына із қалдырған тірі дейміз.
Дарын бар, данышпан бар, күш бар асқан,
Көсем бар, ақыл-ойдың пірі дейміз.

Кемеңгер кемел ойлы даналар бар,
Сезімі сергек ақыл-саналар бар.
Дүние-ай, осыларға бөгет үшін
Жаралған шырмауықтай оралар бар.

Өмір—жұп.
Жұп—шытырман.
Саралап бар
Сырына жетуден көп тарамақ әр.

Адамның кеудесінде тұрған «МЕННЕН»
Туындар жақсы-жаман ғаламат бар.
Өмірде «Ірімін!» кеп,
«Тірімін!» көп,

«Көптің тек қарапайым бірімін» жоқ.
Санасып қадамдарын, адамдарын
Топ құрып жүру бірін-бірі күндеп.
«Ірімін», «Тірімін» сылтаулар көп,

Бұқпалап белге шықпай түлкі аулар көп.
Үміткер іріліктен дәреже көп,
Тау дайын көкірек көп, тек таулар жоқ.
Әсіре даңққа құмар қырсықтар көп,

Бұл дерттен айықтырар, ұшықтар жоқ.
Бір еңбек үшін өнбес атақ алып,
Сонымен ірі болмақ пысықтар көп.
Әрекет етеді әркім соған қарап,

«Ол алды, мен неге?..—деп қылып талап.
Жораға жүріп қанша уәлі ауыз,
Тер төкпей ірі болып тура қалады.
Қайсыбір дарынсыз «қызыр дарып»,

Кресло дейтін тиіп құзыр алып...
Өзі емес, лауазымы бәйгеден кеп,
Ірі боп шыға келеді бұзып-жарып.
Біреудің сүйеушісі, пірі мықты,

Сүйеуі барлар қашан сүрініпті!
Жүрсе де жан ауыртпай жатып ішіп,
Әкелді ұзақ жасы ірілікті.
Сондайлар бұзатын адамдарды,

Аударып әділеттен кадамдарды.
Тор құрып, тобыр жұмсап құлатады,
Еңбекпен ірі тұрған адал нарды.
Шынайы ірілік тек көпке бірдей

Тән емес, аңызға егін еккеніндей
Өткерер қол ісі емес, Ірілік жоқ,
Адам боп қадіріңмен өткеніндей.
Әрнеден пендешілік тыйылып бой,

Тәубаға, қанағатқа бұрылып ой.
Тоймас көз, тозбас көңіл ырқына ермей
Әдемі қартаю да ірілік қой!

БІР ҮЗІМ HAH

І

О, адамдар,
Көше нан, күресін нан.
Жатыр жайрап, көз салмай жүресің нән.
Еңкеюге ерініп, теуіп кетіп,

Кепиетті ісіңе бермейсің мән.
Бүгінгі ұрпақ!
Ісіңе қалам қайран,
Нанды қорлау осынша кенді қайдан?

Әрекетің ең басты нан үшін ғой,
Өмірінде болатын керіс - майдан.
Теуіп сонда кеткенің өз еңбегің Емес пе?
Не үйіңе келді тегін?

Өз басыңнан өтпесе, ата-анаңның
Өміріне ой жібер бір сәт шегін.
Олар өтті басынан не түрліні,
Үзім нансыз отырған болған күні.

Қан да кешті, тер төкті болашақ деп,
Молшылығың сондықтан нөпір міне.
Олай болса қайтеді абайласаң,
Адам, қоғам, ұрпақ деп қам ойласаң,

Бір тоқтың бір жоқтығы үйіргенде,
Өкінбес боп кейінге қарайласаң.

ІІ

О, адам.
Сен ұлысың жаралған нән,
Жан иесі, ғаламға таралғаннан.
Бірақ сол ұлылығың, нәндігіңнің

Тиегі — қолыңдағы бір үзім нан.
Бойында бұрқаған күш, тасыған қан,
Ақыл-ой, өнер, дарын, қабілет сан —
Бәр-бәрі үзім нанмен байланысты

Жүрегің аталатын шыбындай жан.
Ғ аламның тірлігі де бір үзім нан,
Кім бар бос үзім нанның құзырынан.
Өлер боп өзек талып тұрған шақта,

Жалғайтын өміріңді қызырың — нан.
Ендеше нанды әсте осал деме,
Нан болса ғана қуат қосар дене.
Ашылар бойындағы бар қабілет,

Топсасы тіршіліктің босар неге!
Әрине, нан болуы тағы өзіңнен,
Еңбекке әдеттеніп жас кезіңнен,
Тоқ күні астамдық қып ұмытпасаң,

Аш болып төккен күнді жас көзіңнен.
Ысырап етпесең нан мол екен деп,
Дарқандық баға асырар сол екен деп.
Бір тілім наным артық деп күпініп,

Өзгені ойламасаң қор екен деп.
Бойласаң бар мен жоқтың негізіне,
Өмірде бар құбылыстың егізіне.
Ешқашан ештеңенің баяны жоқ,

Мейлің сен кездес байлық теңізіне.

ІІІ

Ұлы да көп биік тұрған асқардан,
Батыл да көп қиындыққа қасқарған.
Не түрлі ғой адамдардың қауымы,
Жаманы жоқ мейманасы асқаннан.

Көтере алмай бүгін қарын тоқтығын,
Ұмыта қалып кеше көрген жоқтығын.
Жаман бар ма парықсыздан, кепиет
Бар болғансып көтерер бос шоқтығын.

Жоқ күні ғой үзім нанды қарақтап,
Бар етуден тайынбайды ол ар аттап.
Түбі қорлық ұрлыққа да барады - ау
Мәнісіне барып жатпай парақтап.

Ендеше, дос, үзім нансыз күнің жоқ,
Лақтырма отырмын деп бүгін тоқ.
Жер үстінде тірліктің ол тетігі
Болашаққа баратын үнің боп.

САЯСAT ТУРАЛЫ ТОЛҒАУ

І

Жердің үстін мекендеген
Түрлі-түрлі тіршілік бар.
Жан-жануар аталады
Түстеп, тізіп - кім сұрыптар.

Адамдардың қауымы бар
Ақыл-ой боп қоғамдасқан
Билік құрған басшысы бар
Танылады дарын асқан...

Патша дейді ондайларды,
Көсем дейді ел көгертер,
Әрекеті саясат деп
Аталады ел кенелтер.

ІІ

Саясат не екенін білдің бе, дос,
Айтайын, зейінің сал, аз құлақ тос.
Билікті мақсаты, мұраты ол
Қалың жұрт саясат деп даурығар бос.

Осыдан басталады керіс - майдан,
Күн санап өріс алып канат жайған.
Дақпыртпен ереуілдеп қосылады ел,
Жөңкіген қар суындай жылға - сайдан.

Топ құрып, тобыр жиып амалдан,
Бүгінді емес, әжеңді жамандайды.
Өзге қор, өзі жердің тәңірі боп,
Керісіп, кескілесіп табандайды.

Қонады бірі таққа жеңіп бағы,
Бәрі бір кұм асайтын тобыр жағы.
Арадан жем түсірмек пысық бастап,
Баяғы әнге басып шығар тағы.

Ал мұның пәлсапасы өмір - күрес,
Әйтеуір жиғызбайды әсте бір ес.
Өзара жердің үстін бөліп алып,
Бір-бірін іштен шалған теке-тірес.

ІІІ

Саясат құбылмалы ойдың құлы,
Құбылғыш ненің болсын жоқ қой құны.
Көтерген кеше аспанға құдайыңның
Бағасы жоқ бүгін бір тиын ғұрлы.

Қоғамдық меншік болып ой-арманы,
Белгілі бұқараның оянғаны.
Қанына құрбан болған күрескерлер
Ұмыт қалды Қызыл тудың боялғаны.

Бұл байлауы жоқ бұлақ сынды,
Көп сөзден құр көпірген құлақтанды.
Жасаған миллион қол құрылысыңды
Құрдымға бірдің қолы лақтырды.

Шығарды тұмандатып көпті жолдан,
Айыртпай адастырып оңды - солдан.
Саудаға салмасы жоқ сұғанақ қол...
Пайдада халықты жеп қалды молдан.

Лениндік қағидалар қалды жайға,
Өшіру тарихы кімге пайда?
Орталық өзі айналса мафияға,
Шұбырған момын халық барар қайда?

Ұраны демократия, жариялық,
Ақтарды бар қалпыңды жария ғып.
Қылмастан коммунистер қолы өткерген
Барады ұждан күйіп, ар ұялып.

Күйреді болашаққа деген сенім,
Ойласаң қадір - құны қалды ненің.
Қалайша нені қайта құру керек,
Толтыру керек еді қайсы кемі.

Өтірік Ленин деген ауызбенен
Сөзің тең қауырсынмен, қауызбенен.
Ісінде лениндік еш өре жоқ,
Осы ғой саясатта жауыз деген.

Опасыз саясат бір сайқал екен,
Көз жібер қандай мынау байтақ мекен.
Жерің, рух, тарих азып тозды,
Індеті кризистер жайша ма екен.

Газ, мұнай кетіп жатыр құбырменен,
Байланыс шетпен деген дүбірменен.
Түйме алып, түйе беріп жатқаныңды
Маңайың, жақын - жатта кім білмеген.

Қалды ма ұлында ұят, қызында ар,
Коммунист емес, елі нашақорлар
Атандың, шет елдерден асып түстің
Кірлетті Ленин атын комсомолдар.

Ел едік еңбекпенен күнін көрген,
Аузынан отан десе, жырып берген.
Саясат—салмағы жоқ домалақ шар
Килікті тұлдыры жоқ тұтар жерден.

Көп адам сергелдеңде болды пақыр,
Әр жерде дауыл боп жұрт толқып жатыр.
Оқыған библия, інжіл сәуегейлер
Болады деп хабарлап заман ақыр.

Жайлаған тапшылыққа қайран қалып...
Жүргендер жоқ бұрынғы жайраң қағып,
Болмасы заман ақыр белгілі, тек
Қорқамын сорлайды - ау деп қайран халық.

Шыңғырып тұрып, жылағым келді жылағым,
Даурықпа сөзден жаңғырып тұрды құлағым.
Бағыт жоқ айқын бағдарсыз бұлдыр бір ағым.
Болмайды біліп қай жаққа көшті бұрарын.

Адасып қалдым, әуелде сенген пірім ең
Деген соң шаруа сыбанып білек шығып ем.
Түңілдім көріп, ысырап халық ырысын,
Діңгегі сынып, діңінен бастап шіріген.

Түзелу деген мимырт та митың бір ырғақ,
Белгісіз нелер қайтадан қалай құрылмақ.
Ала кез болып кешегі тату көршілер,
Жұлқы сақалды біріне-бірі қырындап.

Желтоқсан...
Көкек намыстан туған... жәй ма ол іс?
Қаңтарың мынау, кәдімгі майдан—қан төгіс.
Солдаттар жауып, танкпен таптап, жанышып

Өз халқыменен соғысу деген жәйді өріс.
Дүние жүзі пролетарларының көсемі —
Ленин айтқан әділдік қайда кешегі?
Әр елдің билік берілмес болса өзіне

Революционерлер неге оққа төсін төседі?
Тентіреп шаруа тулақтай жер боп керегі...
Революцияға себептің бірі де сол еді.
Жер мәңгілікке берілме пе еді соларға,

Неліктен күйі түзелмей әлі келеді?

КЕМЕЛ БИ, КЕЛІСТІ ІС, КИЕЛІ КӨШ

Ел қазаққа кэш деген әбден мәлім,
Әркім айта алады талдап мәнін.
Өміріне бірге өріп, әнге бөлеп,
Жырға қосып келді ғой көштің сәнін.

Мен сөз етер кеш мәні мүлде бөлек,
Ел қазаққа бұйыртқан Алла жебеп.
Түркістаннан Арқаға әдейі арнап,
Киелі үрдіс жалғап шықса керек.

Қозғалуға орнынан үлкен себеп,
Ақтайлақ би — ел басы болса керек.
Мұсылмандыққа тереңдеп, елді ұйытып,
Хақ жолында халықты ұстау керек.

Осы және бар тағы үлкен себеп —
Заман ағымы, тұс-тұстан құрсау ерек,
Ойландырған жан-жақтан қоршап келе
Жатқан қамал, шіркеулер болса керек.

Тұс-тұстан кеп орнығып, қоныстанып,
Шұрайлы жер азайып, қоныс тарып...
Қорыққаны деп ұғады адамдықты,
Бірте-бірте аймағың орыс танып.

Бекініс салып қоршайтын жерің сенің
Бос жатыр ма еді ие боп алар тегін.
Іштен жайлап барады билеп-төстеп,
Дінге қауіп төнсе, кім ертең тегің!

Соны ойлап кемел би қам жасады,
Ой мен сөзі нақты іс боп жалғасады.
Елді дінге ұйыту, тін, ділін
Нық бекіту мақсаты алға асады.

Діні берік халықтың тін берік,
Кете бермейді уағыз өтірікке еріп,
Дін іргесін бекітіп, көпті ұйытып,
Келімсекке жібермеу тізгін беріп.

Осы мақсат биді көп ойландырды,
Шах Ахмет қазіретті ойға алдырды.
Уағда еткен пайғамбар әулетінен
Имам, қазірет шақыруды қолға алдырды.

Жасақтады үлкен топ жолға қамдап,
Ат-көлігін, адамын сай ғып, таңдап.
Көші - қонған қажет тамам етіп,
Іріктеді жігіттер өңшең саңлақ.

Ортаншы ұлы басшы етті Кеңесбайды,
Парасат - пайымда одан ер аспайды.
Айтулы топ аттанды Түркістанға
Киелі сапарға Алла қараспайды.

Бата беріп би өзі аттандырды
Жол мәнісін ескертіп сақтандырды:
Ізгі тілегі үшін ел қазақтың
«Алла төксін жолдарыңа хақтан нұрды!»

* * *
Бұл топты Түркістан да күткен еді,
Сапар сырын жария етпей бүккен еді.
Билеп тұрған сол шақта Қоқан ханы

Білсе, кедергі етерін ұққан еді.
Көш мәнісі тереңнен пайымдалып,
Ұлы үрдіс, киелі іс жайын танып,
Отыз шақты от басы пайғамбардың

Әулетінен отырған дайындалып.
Шахиахмет қазірет өзі бастап,
Сейіт, Берді қожа жастар қоштап.
Кеңесбайларға еріп қозғалды көш,

Сыйындыр Тәңірге ұлы мақсат.
Жайлау емес бағыты сауық-сайран
Іздеген көш бұл емес, бір құдайдан
Тілеп келе жатқаны — мұсылмандық

Рухын егу тапқанға ізет бойдан.
Қаратау асты, боз дала шөлді басты,
Қоқан қолы—кездескен жаудан састы...
Құдай қолдап, босатып Кенесары

Аягөз кеп мұсылмандық дәнін шашты.
Отыз жаңа үй тіктіріп Ақтайлақ би,
Мал да бөліп қарсы алды көрсетіп сый.
Имам, молда таралып мол найманға,

Қайғысы жоқ, қамы жоқ кешті тыныш күй.
Парызы мұсылмандық өткеріліп,
Өмірге нық орнығып кетті өріліп.
Мекке барып Қағбаға тауап етіп,

Қажылыққа да ерекше мән беріліп.
Сөйтіп найман мұсылман елі болды,
Игі дәстүрді, ілгері жалғап жолды.
Ислам тамыры терең кетіп,

Күллі әлемге іргелі ұлт мәлім болды.
* * *
Ұшырып бұлтты басымнан
Ысырып ойдың ауырын

Жадыраттың жанымды
Жаны ізгі, жайсаң, бауырым!
Көңілімді басқан күдіктің,
Күпісін шештің иықтан.

Кеңесіңе тәнті мен
Ақыл-ойымды ұйытқан.
Табылып жоғым түгел боп,
Жарылған жүрек сәт сездім.

Тереңнен қармап толғайтын
Сұңғыла ойлы от көзді.
Тұрпатың бөлек, туысың,
Алғырлығың көзге ұрып

Тұрады әр кез пайымың
Тектілігіңді сездіріп.
Көлгірлік деген жат маған,
Мақтауға сайма сөзімді.

Түйгенін айттым жүректің
Көп жылдан білем өзіңді.
Құл-Мұхаммед бабаңды
Түсіріп еске ой салдың

Тәлімін түйген бойына
Тыңғылықты, байсалды.
Орнықты ой айтып күдікті
Сейілттің бойдан ауырды.

Аллаға мырза мың алғыс
Бұйыртқан сендей бауырды.

28.05.2003

ТАҢДАДЫМ ӨНЕР АЛДЫ - ҚЫЗЫЛ ТІЛДІ

Әуелетіп халықтық әсем әнді,
Шырқасам да санамай аса мәнді.
Жұтындырып жүректен жыр төгілтіп,
Сөз сарайын салмақ боп құлшынғанды.

Жоғары деп санадым әннен жырды,
Абай, Ілияс, өр Қасым көңіл бұрды.
«Өнер алды қызыл тіл» деген халық,
Нақылы да толқытып ойда жүрді.

Үйреніп ап біреудің әнсымағын,
Жөн бе дедім өзімше нән сығаным.
Бір ауыз ән қысылса кім айтпайды
Соқыр көзден кім білмейді жас шығарын.

«Ұра берсе дегендей құдай да өледі»,
Ғұмырды арнап соңына түссе ерек.
Әртісі боп халықтың, қаһарман боп,
Шыға келуде де гәп болса керек....

Жүрегіңнен шығарып жүректерге
Жеткізе айтып, ұйытып, «шын-ау» дерге
Мәжбүр етіп, ойынды зерделеп,
Мойындатып «деп айтқан» дегізуге.

Ұмтылып ем, жеткен де тәрізді едім,
Әр сөзіме ерекше мән іздедім.
Қуыс өлең жазбадым құр жылтырақ,
Ұшып кетер үф еткен тисе демің.

Сөз өткірін іздедім мір оғындай,
Мағынаның да кеңі көл, бұлағында.
Ойдың мәнді тереңін дөп таңдадым
Сән сарайдың маздаған шырағыңдай.

Өлеңге өріп өмірдің мәнді қырын,
Ақыл қосар, ой салар ашып сырын.
Бес том еңбек сарайын қойдым салып,
«Ақ тіледім төккен деп Алла нұрын».

Осы көлемде еңбегім ғылымдағы
Ақтарар көп қыр-сыры мұның дағы.
Ілияс, Қасым, Хамит еңбектерін
Зерттеп аштым ғылымдық құнын тағы.

Пайымдады зерттеліп салалары:
Поэтика, тіл, стиль талай тағы
Образдар жүйесі, әдебиетке
Қосқан үлес, әкелген жаңалары.

Мақалалар, әңгіме, очерктер,
Бұлар дағы бір алуан, дара жіктер.
Зерттеушіге кезіксе тиянақты
Бір ғылыми еңбекке лайық жүктер.

Егіз өрдім өміріме ән мен жырды
Тұғыр болып екеуіне ғылым жүрді.
Бос өткен жоқ әйтеуір қысқа өмірім,
Қосақталып үш шок гүл шашты нұрды.

Үш салада осылай еңбек еттім,
Алғысына бөлендім риза көптің.
Ел басшысы бауырлар, жүрген ортам,
Апалап кеп иіліп сыйлап өтті.

Өнер, ғылым соңында өтті өмір,
Бірде тасу, кейбірде басу көңіл.
Тауқыметі тағдырдың, қоғамның да
Аз болған жоқ, шыдадым болып темір.

Бастан өтті жастық та, мастық тағы
Көре алмаған дұшпандық, қастықтағы.
Құдай берген бойымда қабілетті
Құрта алмай күйді кей бастықтағы.

Шыдап берді бәріне бұла жаным,
Сан шыңырау құрылды, құламадым.
Алып өтті бәрінен ән мен жырым
Өткерген соң тек Аллаға ұнағанын.

Әлі де Алла жетелеп жүріп келем,
Тауфиық, тәубаға ойымды бұрып келем.
Ел тұтқасы бауырлар, балаларыма
Жауқазынын жанымның үзіп берем.

Бағынады әлі де ән төресі,
Бұйырады сөйлесем сөз мәресі.
Өз бергенін Алла езі алмайды екен,
Кенді ізгі тозбайды жан денесі.

Арқасында Алланың жалғап өмір,
Кешіп келем, емеспін тек жан себіл.
Ән аялап, жыр жебеп, қунақтықпен
Әзір өтіп келеді сексен жеңіл.

Әлі де арман жоқ емес көкейкесті,
Нар бауырдан күтемін нар көк бесті.
Жалында ойнап көк бесті көсілтіп бір
Шырқап берсем деймін ғой «Жиырма бесті».

Кешіріңдер, бауырлар, жақсы, жайсаң,
Биікті іздеп әлі де құлаш жайсам.
Арманында пенде адам шек бола ма,
Көксемейді қай көңіл шуақ май таң!

Сол көп сынды арманды мен де пенде
Сүйенгісі келетін шуақ таңға,
Келер ұрпақ ұмтылсын биіктерге
Ұқсайық деп әжеміз Тұрсынханға.

26.06.2003 жыл

ТЫҢДАҒАН АҚЫН СӨЗІН АБЫЛАЙ ДА...

Қайран тіл, қайран сөз
Наданға қадірсіз

Абай

Қиқулап тырна сынды тыраулаған,
Жұртым-ау, қайда барады мынау заман!
Сауда мен саудагердің бәс артып,
Өнерлі бастан сыйлы күн аунаған.

Аруақты Ақ Орданың беріп төрін,
«Қызыл тіл — өнер алды» деуші еді елім.
Жетпеген жетесізге сөз төресі —
Жетім қап, жігер жасып, сынды - ау белің.

Той қылған думандатып жүрген жерім,
Ақынды еркелетіп елі Серім —
Дейтін хан көтеріп, қайран өнер
Кер кезең кез болғандай телім - телім.

Көтерген кеше ағалар Қара шаңырақ,
Саудагер құзырында тұр қаңырап.
Қаламгер емес, жалгер үйі атанып,
Сыртынан өтеді әркім құр таңырқап.

Жарандар сөз мәніне барып көрші,
Тереңдеп тарихын еске алып көрші.
Ғасырларды асып жеткен көне көзі,
Сөздерсіз өзіңді өзің танып көрші!

Алысқа бармай алшы Абылайды еске,
Бас болған қазақ деген ұлы көшке.
Биліктің буы оны жеңер менде
Қайтарған райынан сөз емес пе!

Тыңдаған ақын сөзін Абылай да,
Бөленген сонысымен абыройға.
Зерделеп ілтипатпен қаперге алып
Халықтың нақыл сөзін жиған бойға.

Пір тұтып тыңдаған ғой Бұқарды ол
Бағдарлап елдің көшін нұсқаған жол.
Әрине, әркім Бұқар бола алмайды,
Көсілген жерін таппай болады қор.

Халықтың ақын деген құлақ – көзі,
Көңілінде көкейкесті айтар сөзі.
Ол - көптің ақыл-ойы, абыройы
Тентекті түзейтін талқы, тезі.

Ұжым боп шығарған жоқ халық мақал,
Ол дағы ақын сөзі мір боп атар.
Ой салар, тебірентіп толғандырар,
Түбінде танығанға ғибрат жатар.

Ендеше, ей, бүгінгі билікті,
Сындырма сөз қанатын құйғып түлер.
Есімің, дұрыс ісінді ғасырлардан
Асырар ақын сөзі ту ғып тігер!

Тереңге кететін ол — тарихы
Қалпыңды, құз, түзіңді мол танитын.
Ізің ол—түсетін келер ұрпақ
Сыйынып рухына жол танитын.

Қорлама ақынды, ол ардың құлы,
Жетеді оған назар қабақ жылы.
Ұсынба тиын-тебен қайыршыдай
Байлығы оның мынау дүние сыры.

Өлеңі - жебеушісі, піріменен
Ақкөңілі көлеңкесіз нұрыменен
Жалғайды ақын өмір мәңгілікке
Бас кессе, кесілмейтін тіліменен.

Өлгенде өледі ақын намысынан,
Қолпаштап қой торыға тақ ұсынған
Дарынсыз бәсін айтып бағалаған
Шағында тұлпарлардың сағы сынған.

Шын ақын жағынбайды, жалынбайды,
Етпейді ішер асын, малын қайғы.
Тік тұрып, тізе бүкпей көз жұмады,
Елім деп өліп жатып жалындайды.

Ендеше ақын сөзін құлыптама,
Жабыла жүгірмеңдер құрық ала.
Төрешің болып Алла тергегенде
Алмайсың қаһарынан бұғып қала.

14.04.1994 жыл

БІРАЗЫРАҚ БҰҚАРША

Ағайындар-ау, бір ауық
Ашып қарасаңдар көзіңді.
Жеріңе кіріп алғандар
Дербестік құрып ерекше

Ығыстырып барады өзіңді.
Қазақтың елі кешегі
Қазақстандықтар елі боп өзгерді.
Ойланатын жарандар,

Оянып ел боп дауыстап,
«Билікті қайда барасың,
Келімсекке бел беріп?» —
Дейтін нағыз кез келді.

Ортақ Отан деген сөз —
«Жеріңе менің де қақым бар
Өтедім еңбек, төктім тер,
Ендеше алар ақым бар», —

Деп келімсектердің күні ертең
Талайлары тақылдар.
Ойла, Кім ұтып, Кім ұтылар.
Тамырын терең жайған соң

Таппассың шара құтылар.
Кімдердің ғана, бауырлар,
Орталығы жоқ бізде?
Ортақ Отан боп әркімге

Түсіп зымырап барасың
Ойлашы, қандай ғана ізге?
Балапанды санайтын
Кез келіп жүрмесін күзде.

Тоз-тозың шығып селдіреп,
Қақың болмай өз жеріңе
Қазақ болудан қалып,
Үндістер кебін сен киіп,

Сорлап та қалып жүрме!
Түбектен келген туысың
Қай атаңнан тарайды?
Теңіз асып келгендер

Қай жыртығыңды жамайды?
Тау елінен келгендер
Тал түсте тонап кеп - кеше
Сорлат па еді талайды.

Пана бол деп келгендер,
Панданы бүгін қарайды.
Тілім нан тілеп келгендер
Теңгермей бүгін қасқырша

Өз тауын іздеп, өзеуреп
Арқалап келген адамдай
Үйін сатып өзіңе
Сапырып доллар санайды.

Қон байып алғаны
Өмірдің сырын үйретіп,
Әкім болып өзіңе
Төбеңнен қамшы үйіріп,

Иіріп тұр талайды.
Шеттен келген миллиард
Түбіңе жетіп еліңді
Триллионда тонайды.

Теңіз асып төбеңнен
Түсіп кеп берер көмегін
Таптың сен қайдан оңайды?
Бай-кедей деп бөлінген

Сыйқы жаман мынау ортаның.
Ұлттық қалпың ой-санаң
Жаралған өзге қазағым,
Жарылқана алмай нарықтан

Тоз-тоз болып тентіреп,
Құрып кетесің бе деп қорқамын.
Ұлттық ерекшеліктен
Шаңырағың тек қалғаны,

Тілің, салт, әдет-ғұрпыңды
Қаперге жоқ алғаның.
Әлемдік бірізділік
Ұлттығыңды ұмыттырып,

Ұйытып болды арманың,
Көрмей көз жұмар ма бүгінгі ел
Халықтың бағы жанғанын.

3.11.1995

ЖӘКЕМШЕЛЕП ЖЫР ТОЛҒАП

О, ағайын, армысыз!
Құтты болсын мереке!
«Мерекелі болған соң
Елінде болар береке!»

Деп Гомер - Жәке өзі айтқан,
Емес ол әсте бос сөз айтқан.
Әкімдерге мың алғыс
Мерекені молайтқан.

Ой керек десем, Абай бар,
Сөз керек десем, Жамбыл бар.
Кенде емес қазақ өнерге,
Үлгім мол өңшең даңғылдар!

Аруағы жебеп, жебейді
Қолдайды сүйеп демейді.
Жәкемшелеп жыр толғап,
Ал тыңдаңдар, халайық,

Тұрсынхан ақын не дейді!
Сөйлесем, даусым саңқылдар,
Тірегім елім халқым нар.
Өрбітіп ойды өргізсем,

Қара түгіл хан тыңдар.
Қазақ деген елім бар,
Ұлан-ғайыр жерім бар,
Тең тұтып әлем таныған,

Қасқа мен жайсаң зиялы,
Ел тұтқасы ерім бар!
Таныған әлем таңбам бар,
Жер жарады Әнұраным!

Сескенбей дұшпан тұра алмас,
Сес қылып шықса Ұланым.
Көгімде тұр тәкаппар
Көк байрағым мызғымас.

Ұлттық салт, әдет-ғұрпыма
Таңданып ғалам иді бас.
Би мен бегі әлемнің
Өзі іздеп келіп сабылды.

Қойнауынан жерімнің
Кімге не керек табылды.
Күнкөріс іздеп топ-топ боп
Тобырдың басты ағыны.

Бай қазақ елі қайда деп
Еңкілдеп келіп ағылды.
Құмырсқадай шұбырып,
Құжынады жабылды.

Қара нөпір қонып,
Жан қалары табылды.
Арты не болар осының
Айналайын, бауырлар,

Бір ойлап қойсақ не қылды!
Келімсектер кердеңдеп,
Жалаңдатып қылышын
Талпынады төңкеріп

Тастайтындай - ақ бір тағынды.
Сол жеңі шатпақтап,
Қайырып ескі күйісін
Іздейтін сынды ең осал

Шалыс басқан шағыңды.
Масанов сынды міншіл
Жат ортаға жағынды.
Тыю көрмей осылар

Сындырды - ау, дүние-ай, сағымды.
Балаларым, бауырым,
Елім көрген тағдырдың
Бүгінгіден де ауырын,

«Шұбырынды ақ табан»
Ұмытарым сол ма еді!
Төңкеріс деп мақтаған
Мың тоғыз жүз отыз екі

Көгергенім сол ма еді,
Мен ұмытар сор ма еді!
Басқаға бас имен деп
Кемелді не көрмеді!

Жеткен соң жол бермес деп...
Жігерлілер жерледі.
«Карлаг», «Алжир» жерімде
Жүруге жол бермеді

Сыртым бүтін, іш түтін
Көкіректі запыран кернеді.
Түгесілмес тізбегім,
Айта берсем өңгені...

Ата көрген оқ жонып,
Сілкініп шықты ағалар
Ұмтылып өрге өрледі.
Ер сағы сынға түскенде

Ел намысын бермеді.
Жауға тиді жасын боп,
Төлеген, Мәлік, Қасым боп,
Бауеке жауды жапырып,

Москваны қорғады,
Сол еді тұңғыш фашистің
Тұмсықтан соққы алғаны.
Ерлігін оның үлгі етті

Теңгермейтін түгелдер
Тегі ғажап текті
Табынып басын иді кеп.
Үлгі еді қазақ қызына

Баян мен Еңлік, Қарлыға.
Әлия, Мәншүк жылжытты
Үрдісін жалғап алдыға.
Қақ жарып түсті майданда

Кей бөріктің алдына,
Елімнің даңқын асырды
Шығыстың байтақ көгінде
Қос жұлдыз болып жанды да!

Бұл ғана емес табысым,
Шүкіршілік Аллаға.
Әу еден құймақ, жауса да
Тоймайтын тойғыздым

Миллиард құйып қамбаға...
Өткенді санап не етейін
Ертеңде боп тұр көкейім.
Бүгінгі мынау нарықта

Тимей тұр оңай халыққа!
Өмірді екшеп, саралап,
Бауырлар, өзің парықта!
Береке-бірлік жоқ жерде

Азамат бағы жанып па!
Ақырын жүріп, нақ басып
Келер күніңді анықта!
Пана керек алдымен

Алдымен қазақ арыққа!..
Арық деген сөзімнің
Ерекше мәнін парықта!..
Еңбек түбі зейнет деп

Келдік қой соны танықта
Еңбек бер мынау халыққа!
Жасытып жас жігерін
Өз бауырыңды налытпа!

Атағын Тоқтар батырдың
Жалынып жаттан алып па!
Есіркеп ешкім берген жоқ
Еңбекпен шыққан жарыққа.

Асыл затын адамның
Еңбегімен анықта!
Ойыма биік дақ салып,
Жайсаңы деп жүргенде

Жараспас мінез танытпа!
Алматыға қарасам,
Танымастай өзгерді.
Қазақтықтан нышан жоқ,

Жарнамаларды жазылған
Оқып, ұға алмас кез болды.
Келімсек билеп кей істі
Жарылқанды мәз болды.

Ұлттық тіл ғылым, өнерде
Мен қуанар аз болды.
Әттең - ай, әттең, қорлығы
Ит екеш итінің зорлығы

Балам баспас киелі
Ескерткіш түбін ластап,
Аландарда орғыды.
Жеңілдеп алып тайраңдап

Арсылдап асыр салады
Аузында жоқ торлығы.
Намысымды таптады - ау
Өтті-ау, өтті - ау қорлығы....

Тәртіп керге сөйлесем,
Тұра қашады шошына.
Заң дейді... қалам тосыла
Тәуелсіздігім осы ма!..

Өз жер, өз елімде отырып
«Тәйт!» дей алмай тәйт
Келер күнім керемет
Деп қалай ғана айтармын

Алыс та жақын досыма!
Той күні бұлай сөйлесем,
Кешіресіздер, ағайын!
Тырнақ астынан кір іздеп

Дегем жоқ кінә тағайын.
Көзге ұрып тұрған жәйтке
Назарларыңды аударып
Билікті бауырларыма

Дедім біраз мұң шағайын.
Трайболизм деп қорыққанша
Қорқап қосы кесірден,
Есеге қолы жеткен соң

Ұлттық ісімді басқарып...
Ел менікі деп есірген.
Жәке айтса бұдан да
Ащы айтар еді-ау, ағайын!

Жөнім, жолым жіңішке,
Әрі қайда барайын!
Сөзім тамам осымен
Тойларың тойға ұлассын!

Аруағы қолдап бабамның
Береке-бірлік шың ассын!
* * *
Мен бұлай сөйлемесем, ақынмын ба!

Елімнің тел тарихы жатыр мұңда
Жырау жыр толғамай неден қорқам,
Пысықтар кетер мен бе тақымында!
Ащы шын тән жыраулар әулетіне,

Көз салу көптің көрген нәубетіне.
Бар шығар бір әділ жан оқырманда
Шытынып тура қарар ар бетіне.
Сондықтан жыр толғадым шындықты айтып,

Шынды айтпай өтірік мақтап тұрам қайтып.
Аруағы жыраулардың кешірер ме
Халықтың толғамасам күйін айтып.
Адамға жақсы-жаман келе ме айтып,

Жүйріктің сағы сынса, бағы қайтып...
Ер арып, өзек талып отырғанда
Бола алма жалпақ апай өтірік айтып.

17.07.1996 жыл

МОМЫННАН ЖАМАН ҚОРҚАҚ ЖОҚ

Момыннан жаман қорқақ жоқ,
Қу, пысық деген ат қайда!
Айлакер болмай атақ, жоқ,
Алдамшы болмай бак, қайда!

Абай

Айтып жатыр, жазып жатыр адамдар
Билік тілер, жан-жағыңа қараңдар!
Аздығыңды қалқан қыла бергенше
Ақылменен бірің онға жарандар!

Кімнен кемсің? намыс, жігер, санаң бар.
«Ақырын жүріп, анық бассаң, шамаң бар»
Білек сыбап, найза ұстап шықпай-ақ,
Айламенен алатын қамал бар.

Қара көзді бастық қылып қойма деп
Желкелеп пе деп қамала ойға кеп.
Билік алдың елің үшін пайдалан.
Тағатына құл боп қалып қойма көп.

Бірде тізе көрсетіп қал, бірде айла,
Ер боп туған елге ерлігін бұлдай ма?
Әрекетің, ақыл-санаң ел десе,
Адамдығыңды өзі-ақ, айтып тұрмай ма!

Түсінбесем өкпеле соныңды,
Жалтақтықпен қайнаттыңдар сорымды
Қазақ түсіп орнына өзге қонжияды,
Бауырым - ау, болып тұр ма қонымды.

Алматының Кеңесі бар қалалық,
Қазақтары тақыт бағып, қамалып
Отырғанда, келімсектер билеп ап,
Жастарың жүр сорына сор жамалып.

Жетім бұрыш тұрақты орын оларға,
Келімсектер қарамайтын обалға
Кеше ғана Сібірден кеп, тап бүгін
Қазақтарға үй жалданды ой, Алла!

Қызмет ету деген іс бар халыққа,
Келімсектер қолына алып, қалыпқа
Түсіріп ап түбегейлі билейді
Қазақ мұның байыбына барып па!

Қасіретін отыр мұның кеш біліп,
Жатыр қазір әрбір тұстан естіліп.
Үйсіз, күйсіз, жұмыссыз қазақтарды
Маңдарына жолатпайды осқырып.

Кадр деген бөлім бар әр орында,
Ол да түгел келімсектер қолында.
Үстел басында отырғанға мәзсің тек,
Жаралғандар халқымның мол сорына.

Неге іс беріп үйретпес қазақты!
Түсінбесе, нұсқа... көрсет азапты...
Қиынға сап, қинап жүріп ұқтырып
Мәңгүрт ал дайындап таза атты.

Талас,
Қорға,
Жіберме есе алып бер,
Сонда ғана ол санасар, ел, халық дер.

Жастарың тұр қаудай лаулап кетуге,
Қансыз күрес жолын айқын салып бер.
Олар осыны істеп отыр білесің,
Жым білдірмей жүргізеді күресін.

Айла құрған арамзаның келімсек
Қолдарында кетіп жатыр үлесің.
Міне осыны мен екеш мен білемін,
Білемін де қан жылайды жүрегім.

Билігім жоқ, күш-қайратта кеміген,
Құлар көкті қай қолыммен тіредім!
Айта берсем, кем орны толмайды,
Ел, жер, ұлтың күйреп болды мол қайғы

Қайыр тілеп келіп, есін жиған соң
«Жер менікі» деп басынып қорлайды.
Қазақ көп пе еді Қабанбайлар кезінде?
Қанша әскер еді Абылайдың өзінде?

Қос қыспақ еді қос өкпеден қысқандай
Тек шек жоқ-ты Отан сүйгіш сезімде.
Қорлауда бұл шек болар ма, тоқтар ма!
Түйір темір ғарыш асқан Тоқтарға...

Жөні мынау дейтін қазақ ұл туып,
Әттең дүние, намысымды жоқтар ма!
Ұлтым десем, ұлтшылдық боп шығады.
Еселі сөз айта алмай ел бұғады.

Жасық, Жалтақ, жігерсіз іс көзге ұрып,
Шарасыздан халық тағы сынады.
Қоқан-лоққы көрсетсе - ақысың,
Шешіміңнен жалт беріп тек шығасың.

Айдап алып кетердей - ақ келімсек,
Қосып қойған аласы мен құласын.
Тіл тағдыры шешілетін түрі жоқ,
Бітер істің он екіде бірі жоқ.

Мимырт қимыл, митың істер, салғырттық,
Істегеннен, істейік жыры көп.
Сорлы халқым, қалдың қандай қарғысқа,
Басыну мен қорлау көрем әр тұста

Ұсыныс көп, жең сыбанып шығар жоқ,
Еститінің: «жетпей жатыр, қол қысқа».
Сылтау етіп жетпейтінін аз ақша,
Ауыл, ауданды атай алмай қазақша,

Шет елдіктер келіп тағы «жарылқап»
Қайран жұртым, құрырсың азапта.
Сауда баққан осынау бір ортаның
Көлгірсіген көмегінен қорқамын.

Талай көмек көріп бақтық емес пе...
Түптегенде ойлап келген өз қамын.
Капиталист пайдасыз іс етпейді,
Үнемдейді өз байлығын ептейді.

Саған келіп қаржы құйса, үлесін,
Он есе ғып есірмей кетпейді.
Капиталистер коғамының заңы бұл.
Бұл заң құдай, бұған олар бәрі құл

Магнаттар жұтып жейді әлсізді
Әкесі ме, ағасы ма ол бәрі бір.
«Оян қазақ!» деп шақырды ағалар,
Шақырудан туатын мол шара бар.

Енді оянбас болсаң қайран сорлы елім
Жатың түгіл, жақын өзі – ақ табалар.
«Оян!» — деген найза, шоқпар ала бар,
Деген емес,

Бірлік соған бара - бар.
Іргеңді қос, сыналанып өтпесін.
Түңілсін ол жылы орыннан паналар.
Сонда ғана құтыласың бұлардан,

Ғасыр бойы болып келген улы арман.
Тақыт берме, қысар болсын белдігін
Қамбасын қақ,
Сыбағанды ап құнарған.

Желтоқсанда: дәт айтамын, сонымды ұқ,
Деген үшін,
Жаңа аланды қорым ғып.
Жібергені үшін тарттық аяқты...

Түпке жетер болмасыншы момындық.

20.10.1991 жыл

ТҮЛКІЛЕРДІҢ ЗAMАНЫ

Ғайыптан кеп
Орнатылды
Түлкілердің заманы,
Үзіп-жұлып,

Қым қырмалап
Ашылды елдің араны.
Ұрлық,
Қарлық

Қылмыс деген
Жайлады індет қаланы.
Ақша патша
Билеген соң

Ақыл-ойды, сананы.
Бар қайғысы
Мода киім,
Барлық қамы — тамағы.

Мәңгүрт Оттың басы
Сыйғызбас ата-ананы.
Қызда ұят,
Ұлда түйір

Намыс қалмай Қаланы
Қуыршақ басты
Мына өмірге
Имансыздар тарады.

«Абылай көп»
Билік құрған
Тек әрекет - амалы.
Абылайша емес Істен

Елге пайда шамалы.
Айла құрып,
Пайда іздеген
Ардан аттап

Жаманы
Түлкі бұлаң
Ағайынмен
Ашып болды араны.

Қабанбай мен
Бөгенбай жоқ
Бүрлі туған табаны
Бүрсіз табан

Тайғақтаған
Қай қамалды алады!
Жүректің мен
Білектің жоқ

Иемденер даланы
Жерің тозып,
Еліңде азып
Танымас боп барады.

Бұхар қайсы
Дәнекер боп
Жалғастырар араны?
Төле би жоқ

Тура сөйлеп
Таңдар ақ пен қараны.
Тұншығардай
Үн шығармас

Шың шығармас
Тіл тістеп,
Күйге ендік біз
Үйрендік біз

Жалап жазып жараны.
Болашағың
Тым – ақ бұлдыр
Сұрқай күннің жамалы.

Адастырып болды жолдан
Түлкілердің заманы.
Елге тұлға
Ардың ұлы

Болар деген саналы
Кей азамат
Мансап құлы
Болып, қосты наланы.

Елде кең,
Кей есті ұлды
Ербең байлар қамады.
Құдай білсін

Сырлап, шырмап
Қай сүрлеуге салады.
Күн алмасты,
Ала шұбар

Мұнар басты сананы.
Ел арасын
Ойсыратып,
Обыр ойып барады.

Береке қор
Көңілдер бор...
Табылар ма амалы?
Жаным жүдеп,

Зарым үдеп,
Парлап жасым тамады.
Дара тұлға
Жаратылған

Елім дейтін ғаламат,
Мазалайды Абылаймен
Қатар қойып жазар ат.
Мәңгүрт

Арылса бір
Сорлы халқым жаны арық,
Бөздей іріп
Тозған жұртым

Қалар ма бір
Жаңарып!
Қазағымның
Даласында

Арайланып туар таң!
Тек үзілме
Ел үміті
Арыларсың мұнардан.

28.08.1991

ДҮР

І

Күңіреніп орыс, қазақ бүгінгі
Бір ауыздан дейді дүние бүлінді.
Бүлінгенін біле тұрып билікті
Бәлсінеді «танып қой!» деп Дүріңді!

Дүр — лауазым, жеңіп алған билікті
Құзырымен елге нарық килікті,
Қыса келді ол қызыл шұнақ аяздай,
Баға аспанға көтеріліп құйғытты.

Алмаған жұрт нарық жайын парықтай,
Сенделісте дәл сең соққан балықтай.
Қоңы темен кәрі-құртаң зейнеткер
Қожырады мал ішінде арықтай.

Кеше үйінде патша еді, дара хан
Бүгін шақша басы айнымай шарадан,
Жұмыссыз қап жас балалы келіншек
Қайыр тілеп қалды жайып алақан.

Апыл-тапыл басқан сәби қадамын,
Қайыршы боп бастағанға наламын.
Қандай жаман жора келер ұрпақтың
Тағдырына төнген сынды қара күн.

Осыларға сүйеу болар азамат
Сөмке арқалап, қалталарды тазалап...
Тағы сынды түнде шығып жорыққа,
Тырдай тонап, бейкүнәні жазалап.

Көздерімен көріп тұрып бұл жайды,
Билікті кімге еңбегін бұлдайды?
Бұта ғұрлы панасы жоқ, елім деп
Өсіргенін не қыламын құр қайғы.

ІІ

Үкіметке келген Дүрім таласып,
Нарық - ұжмақ дедің кеше бал ашып.
Ұжмағың сол, ағайындар өз ара
Қан төгісті, ел дәстүрден адасып.

Сөйлегенде Дүрің ой хой егіліп,
Ел қамы деп қабырғасы сөгіліп.
Сөзіңді ісің маңайламай барады,
Жүрмесе игі абыройың төгіліп.

Кесем көкигенде дүр дейсің,
Д үр болудың мәні неде білмейсің.
Қой бастайтын серке ғұрлы қалпың жоқ,
Сөйтіп тұрып дүрдигенде пілдей сің.

Адастырып, шатастырып халықты,
Өңеш жыртып дәріптедің нарықты.
Нарық — баға құбылуы тоқтаусыз,
Қашанда ол туралатады арықты.

Нарық — жойқын өзен алға жөңкіген,
Бөгесін жоқ, тұрлауы жоқ ол кілең
Жайын сынды тек жұтар ма жалмауыз,
Бәсекелес болса әкесін де өлтірген.

Билікті мұның несін қаладың?
Қабылдамай ақылым таң қаламын.
Бүкіл елдің қолы емес бұл азап, сор
Нарық таңдайды жүргізе алар адамын.

Бұған бейім жылпос, жылмаң, алаяқ,
Алалығын азайтпайды ол аяп.
Қамти білер қалталының қолы ол
Адалдарға тиетін сом таяқ.

Төмендетпеу үшін ғана бағаны,
Неше түрлі сұмдық ойлап табады.
Ел қырылып жатсын мейлі аштықтан,
Нарық нанды өртей салады.

Міне осындай заман туды ғажайып,
Жұрт әбігер тыныштығы азайып,
Бейбіт, бейқам ел сорлады кінәсіз,
Атпай, аспай берді дүрлер жаза айып.

ІІІ

Адамдар кетті ғажап ұсақталып...
Барша дүние тұрған соң қыспаққа алып.
Ақша патша бұғаулап ұждан қолын
Парасатты кісендеп тұсау салып.

Көзді жұмып қарайды ар дегенге,
Нанғысыз сол дүниеде бар дегенге.
Алдау-арбау, ұят іс, қорлау, зорлау,
Бадырайып көрінеді әрнеден де.

Пысықтар жүр нарық деп уралаған,
Халық сорлап нарықтан тұралаған.
Кісі өлтіру, жол тонау, ұрлық-қарлық
Бой үйренді қылмысқа ұнамаған.

Тамтық қоймай дегендей тақиядан
Халық ығыр топтасқан мафиядан.
Тентіреп кеп тер төкпей бизнес жасап,
Миллионер көбейді жат ұядан.

Кім білмейді қиықтар дәндегенін,
Әкеліп пе ол түбектен әр керегін.
Қуырып беріп өзіңе өз бидайыңды
Байлық күреп тауып тұр бар керегін.

Асырып әкеп жүз есе өз құнынан
Өз өнімің болғандай олқы мұнан.
Қалаларың зорға түр батып кетпей
Шет елдердің көк теңіз ол-пұлынан.

Бұрын дүние көл-көсір қайда кетті,
«Жетпейді», «жоқ» дейтін айла жетті.
Қоймалардан, дүкеннен әкеп сатып,
Алыпсатар асырды айла гәпті.

Ақылы дал ел мәнін ұға алмайды.
Өз тауарын неліктен шығармайды?
Алық-берік, пайдалы сауда—желеу,
Бұл қалыпта ел тұйықтан шыға алмайды.

Қару беріп, орнына банан алып,
Астық беріп немесе анар алып,
«Ел қажетін өтеген саудагерім»
Ертең сені жүрмесін талап алып.

Серіктес те серіктес деген болып,
Жер байлығыңды жатыр шет ел сорып.
Капиталмен тәуелді етіп алып,
Шыға келіп жүрмесін қожаң болып.

Ағылшындар үнді елін жаулағанда,
Халқы еріксіз құлдардан аумағанда,
Соғыс емес, мол кірген сол капитал
Болатын жегідей жалмаған да.

Бұл таныс жай өзге елдер тарихынан
Кеше оянған Африка мол ұйқыдан
Яки одақ кешегі бауырласқан
Танылады талай жай ел сый.

Билікті мансабын бөлісе алмай,
Бір-бірімен күресіп жеңісе алмай
Нағыз тоқырау туып тұр — анархия
Іс қожырап ілгері өріс алмай.

Санап ары сый несін терем,
Кейінгілер білсін деп өлеңге өрем.
Тоғыз толға, тоқсан айт, кім пысқырды
Билікті бүгінгі бәрі керең...

20.01.1993 жыл

МҰҢ МЕН НАЛА

(Республика парламентіне қазақ әйелдерінің атынан ХАТ)
Кеңестің мәртебелі құрамына,
Халықпен үні бірге ұланына,
Миллион көкіректе жүрген ойлар

Жолдадым жетсе екен деп құлағына.
Түйіндеп әйелдердің мұңын айтам,
Зерттедім, көрдім көбін біліп айтам
Мен сіздер білмейді деп тұрғаным жоқ,

Әдейі назарларың бұруға айтам.
Бос сөз боп әйел құқы деген қалды,
Кім білсін не болады бұдан арғы.
Сайлаған, тандап, талғап қалаулылар,

Кімге айтам, сіздерге айтпай мұң мен зарды.
Тілегі, әйелдердің ақ ниеті —
Ана мен бала қорғау комитеті
Неге жоқ?

Уәделер тау еді ғой
Болады келер күннің қалай беті?
Ішінде күрек алған қалың көптің
Тең тұрып алпыс жылдай еңбек еттім.

Оқ жондым, бомба құйдым жеңіс үшін
Көмірін Қарағанды сел ғып төктім.
Соқа ұстап, егін салдым өгіз айдап,
Бас тарттым қай жұмыстан мен сор бейбақ —

Бәрін де жеңіс үшін деп атқардым
Ерлердің майдандағы қамын ойлап.
Бауырлар, сол еңбегім қайда қалды?
Теңгеру майдангермен жайға қалды.

Бүгінгі билікті қиналмай-ақ
Әдет қып алған ба бос сайрағанды.
Еңбектің төзбе едік қандайына,
Әйелдің бұйырмас боп таңдайына

«Сойылды бірге соғып, үлескенде
Құм асау жазылған ба маңдайыңа»
Мен және анасымын кеп баланың,
Немере, шөберелер — көп алаңым.

Жан сақтап келіп едік жетім-жесір,
Ашылды бүгін аузы көп жараның.
Жолдасым жаралы кеп дүние салды.
Шүпірлеп балаларым жетім қалды.

Арзандық молшылықтың аркасында
Оқыды азамат боп жетіп қалды.
Ойда жоқ килікті кеп нарық деген,
Ол жайлы санасқан кім халықпенен.

Құбылып құйын нарық үйіргенде,
Құладық кәрі-құртаң арық пенен.
Төрімнен қалғанында көрім жақын,
Құбылды сайтан болып зейнет ақым.

Алпыс жыл ала қамыт шешпегенде
Қалды анау жеңілдікке болмай қақым.
Ақшамды сақтап беріп жинақ банкі
Жасалған қамқорлыққа едім тәнті.

Бір мыңым тірнектеген екі теңге
Болған соң басым қатты әңкі-тәңкі.
Емес ем ақша қуған алыпсатар,
Дүние жинағам жоқ тізіп катар.

Қоймадан алып сатып байығанды
Деуші едім бір күн ондап құдай атар.
Саудагер онда заңға тартылатын,
Жатса да ұрлап, жетіп, артылатын.

Еңбексіз табыс тапқан құзғындардың
Алдында түпсіз шыңырау жар тұратын.
Бизнесмен болғаным жоқ қаппен алып,
Келгем жоқ доллар теңдеп шетке барып,

Аузынан балаларымның ақыр еже
Жырғаным бұйырмады, жүрмін налып.
Байыған халықты жеп қалта тоғы
Саудагер еді үйінде болмас жоғы.

Оны алмай кеңірдектен, бізді тонап,
Шырақтар, қателестің осы жолы.
Өз қалтам деп жүруші ем жинақ банк,
Қысылшаң күн туса деп қойған салып.

Оңдырмай сан соқтырды «сенген қойым»
Қайтарып бермей, қоям дегенде алып.
Көңілге тоғым мынау нарықтағы,
Сол бір ақшам еді банктағы.

Мұны алды, жұмыстан да қысқарды ұлым
Теңге анау аққан судай арықтағы...
Келінім мұғалім еді, қызым дәрігер,
Жоқ жайлап болмап едік мұнша әбігер.

«Салауат жоққа, барға қанағат қып»
Отыр ек сабыр сақтап, жер, танып ел.
Қиюы әр ісімнің қашты неге?
Кеше мол, бүгінгі күн тапшы неге?

Ел болдым егемен деп қуанғанда
Татқаным осыншама ащы неге?
Әйтеуір, бізге тағдыр келіп қырын,
Келіннің алып жүрген бұдан бұрын

«Поселок» деген атты желеу етіп
Қысқартты еңбегінің төрттен бірін.
Немерем мектепке ерте баратын,
Әдетте қалтасына салатын.

Бес теңгем жетпей қалды бірер шыны
Шәй ішіп бойын жылытып алатын.
Жетпеген, жоқ жайлаған тұрмыс болды,
Ел толы ұйымдасқан қылмыс болды.

Қайыршы қалың жұрты,
Шен-шекпені
Жасаған «қайрымдылық» үрдіс болды.
Бауырлар, кейінге бір көзің салшы,

Сор жылды отыз екінші есіңе алшы.
Негізгі күнкөрісін сыпырып ап,
Шұбыртып халықты аштан қырып алды.
Бүгінгі күнкөрісің — жұмыс, ақша,

Жұмыс жоқ, түп қалтаңды тағы қақса,
Барабар кәмпескемен іс емес пе?
Шарам жоқ өз атымен атамасқа.
Кешірім ащы айтсам, шамырқанып,

Нелер жоқ көп ішіне көрсең барып.
Бір қаулы дүниеге келе қалса,
Салмағы түсетіні қара халық.
Қарттарға әйел, ер деп бөлмей қара,

Бір дейтін тартқан бейнет, көрген нала,
Соғыста алғаннан бір кем еместі
Жүрекке рухани түскен жара.
Жұртыңды жарымайсың мың сан жаншы,

Алғаның онан тартып білсең тамшы,
Билікті ойланбасаң өкінерсің,
Көзіңе жұмыссыздық тиген қамшы.
Ісіне егемендік сәт тілеймін

Пәлесі аулақ болсын жат, дүлейдің.
Халыққа қабырғасы қайысқанға,
Жасаған жәрдем бер деп ақ тілеймін.

29.05.1995

ЖОЛДАС КЕШЕ МЕН БҮГІН

І

Жолы бірді жолдас дейді халқымыз,
Оған адал болу - Ата салтымыз.
Жолаушыны мүсәпір деп аялау
Бабалардан келе жатыр тартып із.

Кеше жаңа заман салты жолдастық
Болды
Мейлі шені үлкен ол бастық,
Еркек, әйел бәрі жолдас мақсат бір

Мұрат таспыз десіп аяқ тең бастық.

ІІ

«Жолдас!» — символ тіл ұшында жүретін,
Кім болса да үнге құлақ түретін.
Аты-жөнін атамай да жолдас деп,
Түсінісіп, хал - қадірін білетін.

Негізінде жататын бір жылылық,
Бұл өмірдің ортақ мәнін ұғынып.
Қоғам - керуен, біз керуенші тағдырлас
Кім кете алар тағдырынан бұрылып.

Мәңгілікке жалғастырған бір нәзік
Ар алдында сенім еді бізге азық.
Туыстықтай ажыратпас араны
Тізгіндейтін бәрімізді бір қазық.

Қоғам ортақ, тағдыр ортақ, талайың,
Шығар тауың, тілер тілек, маңайың
Түгел ортақ, айырма жоқ, мақсат бір,
Ашық, әділ айтылу шарт бар айып.

Кетер болса кемістігі молайып,
Бұрса кімді көпке ұнамас жол ғайып,
Түзулікке бұра алмаса кінәлі
Ұжымына тағылатын мол айып.

Бүгінгі күн өмір басқа, жөн басқа,
Сана басқа, барар бағыт, жол басқа,
Қоғамдасқан тағдыр емес мұратың,
Әркімнің өз шығар тауы бар басқа...

ІІІ

Бұлдай тұрып бәріне бар қақыңды,
Ойыңа алмай тегің, шыққан затыңды,
Туған ұжым арқасы деп бас изеп
Бағаладың бар ісінді татымды.

Араласып, пана ғып бір шатырды,
Жақыныңа баладың да жатынды,
Жолдас болып жаныңды үздің
Алик қып Алмас деген әкең қойған атынды.

Санамадың деп оны әсте қателік,
Бісмілләсыз босағанды жат елік
Аттады, оны жолдас дедің өмірлік
Отағасы бата берді әкелік.

Ақырында танымас боп ешкімді,
Өмірлігің қысқа боп тым ескірді.
Көзі қазақ, сөзі мазақ немерең
Бабасының дәстүрісіз ес білді.

Бұл, әрине, ортақ кезде мақсатың,
Шығатұғын ұжымыңмен жақсы атың.
«Менікі» деу бірге туады адаммен
Ондай шақта жолдас мәні басқа тым.

Бүгінгі күн өтеміз деп нарыққа,
Жақсылықты сел ғып аңқау халыққа,
Қалтасынан қарымтасыз меншіктеп,
Болдық білем жолдастықты танып та.

Қылыш ұстап, бишік алып жолдасың,
Ескі жолға түсті, ескі молдасын
Тауып дәріс алып жатыр тереңдеп,
Сен алаңсыз, һәм қауіпсіз бағасын.

Қаперге алмай ата салтын дана ізді
Көп қара көз бизнесмен боп қара үзді.
Бірге ішіп, бөлек кетіп «жолдастар»...
Сан аяулы азаматтар жан үзді.

«Болашақ» деп боздап жасты төгеміз,
Кімдер барады? Қандай сірә өреміз?
Жаны таза, дені сау бар қай ұрпақ?
Қай ұрпақпен сол ұжмаққа енеміз?

Таза жерің, таза аспаның басында
Бар ма жолдас адал, таза ашың да?
Бірге сойыл соқтың, үлеске ілікпей
Қалдың, Жолдас кетті, арақ қасында.

4.12.1994 жыл

САҒЫМ ТІРШІЛІК

Қоғамға ізгілік көмегі емес,
әділдік керек!

Мэри Уоллстоун Крафт

Сағым тіршілік сарғайттың - ау сен сананы.
Сарсаң қалып сәбиді, сымбатты ананы.
Сабырды сынап сарқыған езіп салмағың
Сындырар сынды тығырыққа әкеп қамады.

Ана мен бала сары ауру сынды жамалы.
Қайырымдылық көр бүгінгі күннің жаңа әні.
Қымыран ірітіп, қырсықты қолдан жасап ап,
Әкелдік үйіп қоғамға талай наланы.

Не шара бұған?
Қарапайымдарда не шара?!
Шарасы барлар сөз сапырады өз ара.
Жұмыссыз тастап, сыпырып банктегі ақшасын

Ашыққандардан ақыл іздеген бейшара.
Қайырымдылық қор — қайыршының күнкөрісі
Онымен кімнің, өседі дейсіз өрісі.
Еңсесін езіп,

Ерді еңбектен айырып,
Қылмыскер жасап, орынын еткен тор іші.
Өрімдей жастарға лықсыды толып түрмелер.
Жабылды неге

Кеніштер солар күн көрер.
Мафия өрлеуде, ұсақ қылмысты тізіп, санаймыз
Қияңа тершіп, қиналғандарды кім көрер.
Сылтауратамыз уақытша бәрі деп кепке,

Дені сау бала бара алмай отыр мектепке...
Ауруды бағып, сауды ауру ғып ертеңге
Өңкей кембағал құрсауларменен жетпек пе?!
Әрине бізді кім алып жатыр кеңеске...

Тек биліктің мәні — халықтың қамы, неге еске
Алынбай, жатқа жем беріп, тілді емізу
Ертеңді сол айтқан еліңмен қоса
Сатып жіберу емес пе!

Ауа лас, аспан, су лай сұрғылт, жер тақыр,
Қырсық, сор мынау қоғамға арнап кеп жатыр...
Зілзала, тасқын, өрт алып кейбір аймақты
Қыспақта қалды ырысы қашқан ел пақыр.

Ішінде ерек ана мен бала ең сорлысы,
Соларға ғана тигендей тәңір қарғысы.
Тәңірден емес, өмірден деймін күллі гәп.
Халық тағдырын танымаған деп ар ісі.

3.07.1995 жыл

АНАСЫНАН БАР МА ЕКЕН ҚҰЛ БОП ТУҒАН

Елім деген ерлерден ерік кетті
Құл-құтанның соңынан еріп кетті

Іслам Зікібаев

«Қазақ әдебиеті». 26.09.1995.
Құл-құтан деп қорлама, ол дағы адам,
Бектік, байлық іргесін сол қалаған.
Байға май боп, бойына қуат берген

Соның тері маңдайынан сорғалаған.
Анасынан бар ма екен құл боп туған?
Ол да ұл боп өмірге бұла туған.
Арамтамақтан тәуір ол азамат,

Ризығын адалдап термен жуған.
Құл ғып Алла ешкімді жаратпаған,
Адам ата, Хауа ана ар аттаған.
Шығарды Алла нұр бақтан ғибрат үшін

Болмасын деп құлқынын қарақтаған.
Кім байыды өзінің еңбегімен
Миллионерді аташы тері төгілген.
Күллі халық жасаған қоғам қорын

Билікті талап ап Вольво мінген.
Кім білмейді бұл халды бүгінгі күн
Иемденіп халықтың бүкіл мүлкін
Банктегі меншігін қоса тонап...

Енді аташы, бауырым, бек кім, құл кім?
Білгір маман, иесі кеше істің
Жалдамалы жұмысшы бүгін мүскін.
Кім түсірді бұл халге бұл немене

Құзыры емей саясат деген күштің!
Шұлық ұстап немесе базарда тұр,
Ұятынан өлердей азарға түр.
Мұның жанын, жүрегін қай билікті

Түсініпті, бұл қайсы назарда тұр.
Тең азамат, міне оны құл дейміз бе?
Саясаткер әкімді күн дейміз бе?
Сауда болып ер менен қыз намысы

Не себепті қорланды білмейміз бе?
Безбүйрек боп жаралған ана бар ма еді!
Ата-анаға қайрылмас бала бар ма еді!
Жағасынан ағасын алған бар ма еді!

Ар-намысын саудаға салған бар ма еді!
Қонаққа асын отырар арнап тегі,
Мейрімді атың әлемге бармап па еді.
Келімсекті тентіреп келген талай

Қанатының астына алмап па еді.
Осы дәстүр неліктен болды қараң?
Ағайынның арасы неге жаман?
Бір-біріне жат қылған қандастар

Кім орнатты, бұл қайдан келген заман?
Айтар едім...
Айтар ем тілім кесік
Жаныңды жеп жүреді миы тесіп.

Оңалтуға әрекет тағы да жоқ
Жұқпалы дерт тәрізді барады өсіп.
Билікті көпті азға бағындырып,
Күн көрісін барады сағым қылып.

Сейфуллиннің көшесін құл базары
Дегенді естіп налисың сағың сынып.
Сайлау бос іс. Өзді-өзін сайлап алған.
Беттің арын белбеуге байлап алған...

Ел азып, ер құлдыққа көгенделді,
Құдай білсін тағы не күтеді алдан.

АШЫҚ ХАТ ЖАЙЛЫ АШЫҚ ОЙ

Ел болса, ер туғызбай тура алмайды
Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды.

Иса Байзақов

Қайран ағалар,
Түкірігі жерге түспеген,
Шаруасы болмаған
Тірлікте күйкі іспенен.

Қаламы қолда
Мол пішіп, кесек тураған,
Қаласа көкте
Аузымен құс та тістеген.

Сонша жалынып...
Кешегі оқушың, ініңе,
Таянғансыңдар - ау
«Суға сүрінер» күніңе.

Әттең дүние, тумағаны ма бір
Бұқар, «Көш қайда барасың?»
Немесе,
Дейтін інілерім - ау мұның не?!

Бұл ненің жорасы?
Тең сөйлесуші ең ғой
Ұмыта алмағаның ба
Үш әріп, сонау тентекті.

Дос деген жылатып
Айтатын болар деуші еді...
Бұға сөйлейміз, қайдан алдық біз бұл кепті.
Ер туса ұлың ел бастайтыны кәміл ғой

Оң болса ісі көктегі тіпті тәңір қой.
Терісті түзе деп табына тілеп,
Мұның жанын, жүрегін қай билікті
Түсініпті, бұл қайсы назарда тұр.

Тең азамат, міне оны құл дейміз бе?
Саясаткер әкімді күн дейміз бе?
Сауда болып ер менен қыз намысы
Не себепті қорланды білмейміз бе?

Безбүйрек боп жаралған ана бар ма еді!
Ата-анаға қайрылмас бала бар ма еді!
Жағасынан ағасын алған бар ма еді!
Ар-намысын саудаға салған бар ма еді!

Қонаққа асын отырар арнап тегі,
Мейрімді атың әлемге бармап па еді.
Келімсекті тентіреп келген талай
Қанатының астына алмап па еді.

Осы дәстүр неліктен болды қараң?
Ағайынның арасы неге жаман?
Бір-біріне жат қылған қандастар
Кім орнатты, бұл қайдан келген заман?

Айтар едім...
Айтар ем тілім кесік
Жаныңды жеп жүреді миы тесіп.
Оңалтуға әрекет тағы да жоқ

Жұқпалы дерт тәрізді барады өсіп.
Билікті көпті азға бағындырып,
Күн көрісін барады сағым қылып.
Сейфуллиннің көшесін құл базары

Дегенді естіп налисың сағың сынып.

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ МОНОЛОГЫ

І

Қабылдаған Алланың бар құзырын,
Өмір атты уақыттың жаз-күзінің
Күллі нәрін сіңірген тал бойына
Тұғыры зор қазақтың нар қызымын.

Өз үйімде, оң жақта, болдым сыйлы,
Барша үлесі құрметтің маған тиді.
Аз күн қонақ, жат жұрттық жалқы елік деп,
Ілтипатын күллі ауыл маған қиды.

Еңбек етсем қоспады кір-қоқысқа,
Іс өткердім аймаққа болар нұсқа.
Ою-өрнек, зер кесте қол майысып,
Шеберлендім, әрнеге болдым ұста.

Мен бар жерде ұрыс-керіс дөрекі сөз
Сөйленбейді, ондайды тыяды тез.
Құрбы жан дер тіл қатса құрбылас,
Ойда тағлым тұрады, көңілде кез.

Үлгі-өнеге үйретті ауыл болып,
Жүрмес болар бойжеткен ұшып-қонып.
Қызда қылық болмаса, құр шырайдан...
Олқы өсіп, жатпас деп кемі толып.

Ойын-тойда жарасқан әзіл-сауық,
Қалжың үшін астарлы кетпей ауық.
Түп атасын өлтірмей ойын сөздің
Шын төресін бер деді орнын тауып.

Тағдырымды ата-анам өктем билеп...
Десе дағы, кеткем жоқ әсте күйреп.
Қорлауға олар ешқашан барған емес,
Қыздың жолы жіңішке болса да ирек.

Мен оң жақта осындай жайда өстім,
Қадарым үлбіреп ғұмыр кештім.
Санаспаған жәйім мен отбасымда
Жан болған жоқ, қира көз келмеді ешкім.

Ауыл болып осылай аялады,
Ақ тілегін, ақ бата аямады.
Ұшар құстың ұядан қамы да ойда
Ертең қонар орыны, сая бағы.

Ұстағанмен құдалық елдің салтын,
Қаперге алмай қалған жоқ жігіт нарық.
«Теңін тауып тек берді» айтса дағы
Бағаланбай қалған жоқ қолдағы алтын.

Кит киісті, үйірлеп қалың берді,
Той жасады шақырып дүйім елді.
Отау тігіп, қызметші, қосшы ертіп,
Тізілтіп мал алдыма салып берді.

Дәнекер боп жалғадық ел мен елді
Дәстүр етіп тұғыры үрдістерді.
Алыс-беріс жалғасып, жақсы ұғысып,
Ғ асыр асып жекжаттық өмірге ерді.

Бұл дәстүрді ел болып сақтап келді,
Елдік қалпын ардақтап ақтап келді.
Ұлт өресі танылып әр ісінен,
Елдік туы биігін жақтап келді.

Жау жапырып, игеріп сонша жерді,
Терезесін тең ұстап келген елді,
Қалың малға қыз сатты деген ұғым
Пау халайық, халқыма қалай ерді!

ІІ

Феодализм іргесі ыдырады,
Елес беріп азаттық қыдырады.
Капиталистік қатынас өмірге еніп,
Салт-дәстүрлер кейінге сырылады.

Өміріне халықтың сауда кірді,
Тауар-ақша қатынасы билік құрды.
Шашқа таққан қой теңге құзыры асып,
Мансапты ақша деп ынта бұрды.

Би, патшаға баланып теңгесі мол,
Тақ пен төрге төтелеп сол ашты жол.
Көктен тілеп, зәруін жерден тауып,
Дегеніне қу мен сұм жеткізді қол.

Салт-дәстүрге де теңге араласты,
Күйтте қайсы бір қара басты,
Осал аға, тін бос ата-анада
Ақыл азып, амалсыз сана састы.

Тағдырыма менің де әсер етті,
Қыз басына үйірді қасіретті...
Жоқты барға пенде ғып, «құда» етіп,
Қулық сауған жылпостар кәсіп етті.

Қарамай-ақ жасына, тұлғасына,
Бөрік киген әйтеуір сұлбасына...
Ойсыратып от басын тұрмыс билеп,
Қилы тағдыр орнады қыз басына.

Қазақ атты қалың ел ауылдағы
Көтере алмай еңсесін бауырлады.
Тауқыметі тағдырдың әлсізге ауып,
Әйел халы барынша ауырлады.

«Дейтін болсаң, ел қазақ, елдік құрам,
Түзу жолға ел көшін десең бұрам,
Бесігіңді түзе, әйел халін түзе!» —
Деп ұлы аға Әуезов тастады ұран.

Зиялылар қолдады, әкетті іліп,
Сөз қозғады ұрпақтың халін біліп.
Мен оң жақта осындай жайда естім,
Қадарым үлбіреп ғұмыр кештім.

Санаспаған жәйім мен отбасымда
Жан болған жоқ, қира көз келмеді ешкім.
Ауыл болып осылай аялады,
Ақ тілегін, ақбата аямады.

Ұшар құстың ұядан қамы да ойда
Ертең қонар орыны, сая бағы.
Ұстағанмен құдалық елдің салтын,
Қаперге алмай қалған жоқ жігіт нарық.

«Теңін тауып тек берді» айтса дағы
Бағаланбай қалған жоқ қолдағы алтын.
Кит киісті, үйірлеп қалың берді,
Той жасады шақырып дүйім елді.

Отау тігіп, қызметші, қосшы ертіп,
Тізілтіп мал алдыма салып берді.
Дәнекер боп жалғадық ел мен елді
Дәстүр етіп тұғырда үрдістерді.

Алыс-беріс жалғасып, жақсы ұғысып,
Ғасыр асып жекжаттық өмірге ерді.
Бұл дәстүрді ел болып сақтап келді,
Елдік қалпын ардақтап ақтап келді.

Ұлт өресі танылып әр ісінен,
Елдік туы биігін жақтап келді.
Жау жапырып, игеріп сонша жерді,
Терезесін тең ұстап келген елді,

Қалың малға қыз сатты деген ұғым
Пау халайық, халқыма қалай ерді!
«Дейтін болсаң, ел қазақ, елдік кұрам,
Түзу жолға ел көшін десең бұрам,

Бесігіңді түзе, әйел халін түзе!» —
Деп ұлы аға Әуезов тастады уран.
Зиялылар қолдады, әкетті іліп,
Сөз қозғады ұрпақтың халін біліп.

Менің мүшкіл күйім де қаперде боп,
Шығар күнді нұсқады түнді түріп.

ІІІ

Ескі өтті, өмірге жаңа келді,
Жаңалықты ол біраз ала келді.
«Ошақ басын таста, әйел, әлеуметтік
Іске аралас!» - деп ұран сала келді.

Әмеңгерлік, қалыңмал жойылды әбден,
Азат болдым мен дағы мүшкіл халде.
Еңбек торы жалына жармаса кеп
Азаматпен тең тұрдым берер пәрмен.

Топқа ілесер тұғырды көрмей місе,
Қоғамға ең белсенді болдым мүше.
Еңбек, өнер сайысын қалт жібермей,
Кей бөріктен озып кеп алдым есе.

Сан биікке өзімше талас құрдым,
Кей бөрікті шаңымда адастырдым,
Алтын жұлдыз жарқырап омырауымда
Ел бақытын аспанмен таластырдым.

Фашист қадам еліме басқанында
Үйкүшік боп қалмадым бас қамында.
Ер атанып қазақтың Қос жұлдызы
Жарқырадым шығыстың аспанында.

Маңдайына елімнің бақыт құсы
Болып қондым талайды жеңген мысы.
Қазақстан бұлбұлын әлем танып,
Сан сайыста биік тұрды ел намысы.

Бесігімді түзедім елмен бірге,
Өнерлі қыз, өндір ұл келді өмірге.
Ел қазақтың өсірдім жанкүйерін,
Ғылым, білім, өнерде бекіді ірге.

Толастамас толқыны теңіз өмір,
Дауыл тұрса теңізде кімге жеңіл!
Оқпаны көп, опасы жоқ дүние
Құзырына бағынып бермей ме әмір!

Кездеспеді демеймін әттеген-ай,
Өтті бастан зілмауыр көптеген жай.
Анам «Алжир», «Карлагта» азап шегіп,
Болған талай кез жасым кеппеген жай.

Мың тоғыз жүз отыз екі ұмытқаным жоқ,
Елден безіп есімде шұбырған топ.
Қандай қоғам халыққа ұжмақ бопты,
Ішкені мас дегендей жегені тоқ.

Кім көрмейді Алланың қосқан ісін,
Тағдырың боп түнертіп келсе түсін.
Үкіметке аударып асыра сілтеп...
Азар берген қазақтың белсендісін.

Тиіп тұр ма халыққа бүгін жеңіл,
Бастан кешпей отырмыз гәптер небір.
Қиындықты хан, қара мойындайды
Ақыл азып, тоқырап тозған көңіл.

ІV

Қайта құру деп бастап жариялылық,
Өре келін өзі ашып, жария қылып,
Сұмырай келсе дегендей су құриды
Жоқ орнады кешегі көл дария құрып.

Күн көрісі халықтың еңбек еді.
Ер атанып еңбеккер өрлеп еді.
Еңбегіне лайық ақы алып,
Бейнетінің зейнетін көрген еді.

Он жыл оқып сауатты адам болғам,
ВУЗ бітіріп дипломды маман болғам.
Қатарым қоғамға қажет жан боп,
Сан биікке еркекпен катар қонғам.

Бірі болып әр істе табандының,
Игермеген жоқ еді мамандығым.
Азаматтан қалма деп намыс қуып
Еңбек еттім, кім маған таға алды мін.

Осы қалпым нарық кеп өзгерді күрт,
Жұмыссыз көп тентіреп сорлады жұрт.
Миллиондар жасаған байлық бір-ақ
Күн ішінде таланды жоқ боп құрып.

Нарық солай халыққа азар берді,
Еңбек орным тамұқтай базар болды.
Қап арқалап жұлқысып жанталасқан
Әлсіздерге базар көр қазар болды.

Ата-анам ауылда қалды жылап,
Көзде жасым құрғамай болды бұлақ.
Коппен көрген іс қой деп төзім тауып,
Қайсарлық қып өзімше келдім шыдап.

Жазсам кешкен гәптерді бүгін бастан,
Нешеме том болар-ау, неше дастан
Жаман аты шықпаған қазақ қызы ем,
Көрген қорлық ойыншық кеше қастан.

Ең арысы жетім бұрыш, жатақхана
Бұйырмады, қиналдым таппай пана.
«Шалға тидім шарасыз» дегендейін,
Тағдыр қосса көнбейсің неге ғана.

Көтере алмай базардың ала қабын,
Амалсыздан қонақ үй жағаладым.
Тұншықтырып ұятты, арды өлтірдім,
Кездесіп қап қалталы ағаларым.

Нарық құйын, алмадым есті жия,
Бола алмадым қызға үлгі, ұлға ұя.
Көкек ана атанып, нәрестемді
Тастанды етіп сор басым бастым қия.

Кім кінәлі сорыма, кімнен көрем?
Ар тұралап, намыс қор, кетті терең.
Сор қалыңдап басымда бұлт ұялап
Тозған бөзден бұл күнде бағам төмен.

Қалай маған тіршілік ет дейсіздер?
Қайтып қана тығырықтан от дейсіздер
Тағдырымды тапсырған билікті,
Мақсатыма қай жолмен жет дейсіздер?

Білемін ғой өмірде мәңгі жоғын,
Тұрған жоқтық жойылар қадап оғын.
Қалай ғана көтерем ардың туын,
Айтып берші басшылар соның жолын.

10.02.1999 жыл

ҚЫЗЫЛ ПАТШАЛАР ТУРАЛЫ ТОЛҒАУ

Болуға патша неге құмар адам?
Не мықты азабынан тұралаған.
Алтын ғасыр орнатқан һарун
Рашид Біреуге ұнап, біреуге ұнамаған.

Дүниеде не болса, бәрі шартты,
Қоғам сөгіп жерлейді кейбір мәртті.
Жазғырмайтын Құдайды жан болмайды,
Сонда әулие дегенің кімнен артты!

Көз алдымыздан өтті небір мықты,
«Өткен — тамұқ, жақсы күн енді шықты», —
Деп даурыққан уәде, құрғақ ұран,
Қырқыстырып халықты жарға жықты.

Бір патшамыз халықты тапқа бөліп,
Бір туғанды қызыл мен аққа бөліп,
Қызыл қанға малшынған қызыл таққа,
Кеп отырды біреуі аттап өлік.

Жоқ-жітіктің болғансып жанашыры,
Аңқауды алдап, адалға айла асырды.
Құлақ жою, кәмпеске, продразверстка,
Титықтатқан ел аштан жан тапсырды.

Адам қанын ағызып етіп бұлақ,
Келген тақыт болмады ұзақ тұрақ.
Оқ кезеген дегендей оқтан өледі,
Оқпан қазып өзгеге өзі құлап...

Бір патшамыз қатыгез қолы қанды,
Түн жамылып ұнатты торығанды.
Ойы, ісі тең түсер тұлғалы
Айдар тағып, жапырып орып алды.

Бірақ жақсы атанды, ізін жапты,
Халық жеңіп соғыста, ол
Жұлдыз тақты.
Ең ақыры жерлеген күні оны

Қоштасам деп талайлар ажал тапты.
Осы патша бір әлек бастап кетті,
Озамыз деп АКД - тан азап шекті.
Өліп-талып атомға қол жеткізіп,

Соңына сор өзі өліп тастап кетті.
Жанды сақтап қалар бір дән қауыздай,
Атом жырын әлемге жайды аңыздай.
Қазақ жері түгелдей полигон боп,

Рак жұтты жұртымды жалмауыздай.
Ракета құрсанды кейінгілер,
Алапатын ойламай кейін келер.
Бүгінгі қашқақтап жан сақтамақ,

Таба алмай жүр алушы тегін берер.
Бір патшамыз әлемнің мінберінде,
Өңеш жырта шақырып ілгеріге.
Надандықтан мол алтын айып төлеп,

Қақалдырды халықты жүгеріге.
Енді бірі босандау болып алды,
Ел - ебелек бақпасаң, жайып алды.
Тамыр-таныс, пара алу, ұрлық-қарлық...

Пысықайлар, «милы» байып алды.
Бір патшамыз уағыз айта жүріп,
Ұжмақ жасап берем деп қайта құрып,
Отанын, ой-санаңды түгел сатты,

Тарих көшін көрге қайта бұрып.
Таң қаласың қалайша болғыш жолы,
Алшы - тәйке түскенде оңы - солы
Бірдей болып, құлатып берді оп-оңай,

Миллион қолдың құрғанын оның қолы.
Еңкейген карт, жасы да еңбектеген,
Күн көрерін таныған еңбекпенен.
Он баласын оқытып жесір әйел,

Жарқын еді жүзінен гүл көктеген.
Тірлік етіп отырған табыс күреп,
Азап шекті адамдар тұрмыс жүдеп.
Қалыпты өмір бұзылды құйын соғып,

Қоғам азды күн санап қылмыс үдеп.
Адамдар да қызық қой соған еріп,
Тоқырау деп құбыжық қып ат беріп.
Бүгін «коммунизм сол екен ғой» деп,

Жете алмай жүр сол күнге енді келіп.
Бір патшамыз бірде олай, бірде бұлай,
Деседі дүние оңалмас ол құрымай.
Түсте айтқан сөзінен кеште қайтып,

Жіпсіп жүреді бусанып, шалқып ұдай.
Қолыменен қолпаштап осы патша,
Көтерген соң өзімен тең түсті ақша.
Халық босып ақша деп зыр қағуда,

Бүгінгі күн белгісіз қайсысы патша!
Патша деген ендеше ұғым шартты.
Елі ұйып тыңдаған еске ал қартты.
Қамқор болса аймаққа ақыл беріп,

Патшаңыз сол дұрыс жолға бұрған халықты.
Тек біреулер бұл ақылды өзінше ұғып,
Бір-бірінің пысықтар көзін шұқып.
Жік шығарып, саясат атап оны,

Бірі желдеп жүреді, бірі ығып.
Мұндай кезде қалады момын сорлап,
Арсыз жеңіп арлыны, әдейі қорлап.
Шын жанашыр халыққа шетте қалып,

Дарынсыз жарылқап, құдай ондап.
Осыдан соң өмірге жемсауы кең,
Жұта берер талғамай жайынмен тең.
Бар менен жоқ пайда боп айқасады,

Күреседі махаббат ғадауатпен.
Аңдысады, әдейі топ құрайды,
Бай, мол адам өкілі боп құдайдың.
Билік алып, бір бірін патша сайлап,

Биіктейді иығына шығып айдың.
Қанат жәйіп билікті молдан қармап,
Біреуді алдап алады, біреуді жалдап.
Сеніміне халықтың кіріп алып,

Иіреді өргізіп, қойдай айдап.
Міне осы патшаңыз, патшалығың,
Табиғаттан басқаның бәрі шартты ұғым.
Бәрі пенде ас ішіп, дөң асатын,

Өткереді әрқилы өзі шақ күнін.
Барлап көрсек осы ғой күллі дәуір,
Біреу жеңіл өткерген, біреу ауыр.
Қоғам - табын, серкеге ере берер,

Қойшы тәуір болғанда қоңы тәуір...

9.01.1994 жыл

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙